Әди Шәріпов 2 том
Әди Шәріпов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, ғалым Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Сахара қызы» романы, «Тон» атты әңгімесі және шетелдерде болған сапарынан туған қызықты жолжазбаларының кейбіреулері енді. «Сахара қызы» – тарихи деректерге құрылған көркем шығарма. Автор бұл шығармасында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Жетісу бойын жайлаған қазақ ауылдарының өмірін ар
Әди Шәріповтың
100 жылдық мерейтойына арналады
Шәріпов Ә.
Ш 34 Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы.
(Құраст. К.Мыңжасарова) – Алматы:
«Ан Арыс» баспасы, 2012.
Т.2.: Роман, әңгіме, жолжазбалары мен естеліктер – 560 б. ІSBN 978-601-7337-23-0 Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, ғалым Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Сахара қызы» романы, «Тон» атты әңгімесі және шетелдерде болған сапарынан туған қызықты жолжазбаларының кейбіреулері енді. «Сахара қызы» – тарихи деректерге құрылған көркем шығарма. Автор бұл шығар масында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Жетісу бойын жайлаған қазақ ауыл дарының өмірін арқау еткен. Жол хикаялары оқушысын алыс елдермен дидарластырып, саяхатқа құлшынды рады. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған. © Шәріпов Ә., 2012 © «Ан Арыс» баспасы, 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-4 Ш 34 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-4 ІSBN 978-601-7337-23-0 (Т.2) ІSBN 978-601-7337-21-6 (общ.)
Жүрегімнің жұлдызы, жанымның жартысы, өмірден ерте кеткен есіл боздағым – Мәдиім, бұл кітабымды саған ескерткішке арнадым. Автор. САХАРА ҚЫЗЫ К үн төбеге көтерілгенде ұзын көш Ойжайлауға жетті. Түйеге артылған жүк түсіріліп, киіз үйлердің керегесі жайылып, шаңырағы көтеріліп, уықтары шаншылып жатты. Шағаладай сегіз қанат ақ үйлер жылдам тігілді. Күнге күйіп, қоңырқай тартқан бала лар асыр салып, ойнап жүр. Пәуескеге қос жирен ат жеккен Бөлен тобы солтүстік жақтағы қырат тан асып, қатты желіспен келіп те қалды. Алды-арты салт мінген нөкерлер. Ойжайлаудағы ақ үйлерді көзі шалған Бөлен: «Таң біліне кеткен көш те жетіпті-ау. Ойжайлаудың шалғыны мол, шөбі қалың шыққан екен. Жері де, суы да малға жайлы болатын еді», – деп ойлады. Тау бөктеріндегі түрікпеннің масаты кілеміндей құлпырған қызыл гүлі Бөленнің көңілін көтерді. Көкірегін кере Ойжайлаудың жұпар иісті таза ауасын жұтып, жұмаққа кіргендей жаны жай тапқан еді. Көкпен тірескен кәрі көз Алатаудың ақ бауыр ұлпа бұлттары үлбіреп тіл қатқан дай болды. Таудың жоталы өңіріндегі көк жапырақты қарағайлар, қызыл ды-жасылды жаулық киген теректер мен емендер, ақ балтырлы қайыңдар торғын шымылдығын ысырғандай жібек самалдың баяу соққан лебі мен билеп тұр. Тау етегінде алуан түрлі жеміс ағаштары көз сүріндіреді. Тас жарып, тулай аққан мол сулы Лепсі өзенінің бұлқынған толқыны Роман
сылқылдап күліп, Бөленді қуана қарсы алғандай. Көлеңкеге байланған ботасын іздеп, тыным таппай боздаған інгендер жүр сонадайда. Осындай көрініске масаттанған Бөлен оқшаулау тігілген ақ боз үйдің жанына келіп қалғанын сезбей қалды. Бөленді қолтықтап екі жігіт пәуескеден түсірді. Дәл осы мезгілде солтүстік жақтағы кезеңнен асып, таудан құлай соққан самал желге жалдары желбіреп, қара құрттай қаптап келе жатқан жылқы көрінді. Бөленді кіші тоқалы Бикеш иіліп қарсы алды. Үй іші тап-тұйнақтай жиналған. Төрден есікке дейін парсы кілемі ұсталыпты. Оң жаққа күміспен қапталған ағаш төсек қойылған. Шәйімен тысталған көрпе, жастық жиналған. Жерге судай жаңа қараша сырмақ төселіп, оның үстінде күрең шағи көрпе, мамық жастықтар жатыр. Жол соқты болып келген Бөлен сұлтан үстіндегі шапанын, басындағы қара елтірі тымағын Бикештің қолына ұстатты да, төр алдындағы жастыққа қисая кетті. Күтуші әйелдердің бірі сырлы тегене толы сары қымыз әкеліп, Бикештің алдына қойды. Жайылған дастарқанға жаңа ғана пісірілген қызыл күрең ыстық бауырсақ төгілді. Кесе-кесе сары май қойылды. Бикештің қарақаттай қара көздері жайнап күйеуінің осы үйге түскеніне аса ырзалық білдіріп отыр. Бикеш – отыздарға жаңа жеткен уыздай жас келіншек. Ақ маңдайына қиыла біткен қиғаш қасы, түзу біткен қыр мұрыны, қызғалдақтай қызыл ерні сұлулығына сәуле шашып тұрғандай. Қара көзін төңкеріп, жымың етті. Еркелегендей сызылып Бөленге қарады да қолына сырлы ожау алып, қымыз сапыра бастады. Есіктен Бөленнің үлкен бәйбішесі Толқын көрінді. Басында ақ шағаладай ақ кимешек, үстінде бүрмеленген, мол тігілген жібек көйлек. Қара мақпалдан белін қиып тіккен қамзол. Саусақ толы алтын жүзік, білегінде күміс білезік. Отырған жұрт төмен ысырылып, бәйбішеге Бөленнің жанынан орын берісті. Ол ырғала басып отыра кетті. Сырлы тостағанға құйылған қымызды үй толы адамға таратып, зыр жүгірген екі жігіт бар. Орта бойлы, семізше келген сары жігіт Толқын бәйбішеге қымыз ұсынды. Ол оң қолымен тостағанды ысырып тастап, ашулы нышан білдіріп: – Сұлтан, – деді ауыр денесімен Бөленге бұрылып, сенің лебің боран, демің жел болып, асығың алшысынан түсіп тұрған кезің екені белгілі. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан дәстүрді бұзғаның не? Жастайымыздан қосылып едік, саған сіңірген еңбегімді еш, жігерімді құм қылғандай сезініп келдім. Алдымен бәйбішенің үйіне түспеуші ме едің? Бұл қай басынғаның? – Сен ашулы екенсің. Ашуыңды бас, қымыз іш. Ой, құдай-ай, қай қатынымның үйіне түссем де, бәрібір емес пе? – Ашуланбағанда, осы күні сыртым бүтін, ішім түтін болған шақ, – деп Толқын Бикешке үлкен ала көзімен бір қарап қойды. – Жолдан шаршап келдік. Тыныштық бер. Өкпе айтатын алда да күндер болар. Адамның қитығына тимей отыр! – деп Бөлен Толқынға ашулы көзімен бір қарап қойды.
– Шаршап келсең үйімнен қымыз, бауырсақ табылмайды деп пе едің? – Табылады, бәрі де менің дәулетім емес пе? Көп сөйлеме, тыныштық бер мына жұртқа. Елдің шырқын бұзба, – деп Бөлен кесіп айтты. Қымыз ұзақ ішілді. Бөлен шапанын айқара жамылып, далаға шықты. Батар күннің арай шұғыласы шетін шалған ақша бұлт нарттай қызыл екен. Бөлен қасына бірнеше адамды ертіп, Лепсі өзенінің жағасына келді. Асқар таудан бұйра толқынданып, дүркірей аққан асау өзеннің күмістей таза суын қызықтап тұрды. Беткейдегі қалың орман қасқырдан үріккен жылқыдай қашып бара жатқан сияқты. Көз ұшында тау шыңына қарай қалықтаған ноқаттай қара көрінді. Сол қара ноқаттан көз алмай тұрған Бөлен: – Көріп тұрсыңдар ма? Дәу де болса, мына қара ноқат тау бүркіті. Анау құздың басында ұясы болды. Ертең күндіз екі-үш жігітті аттандыру керек. Ана бүркітті ұстай алмас. Бірақ ол жем іздеп кеткен кезін аңдып, балапанын әкелген жөн болады. Қысқа дейін қолда үйретеміз де, аманшылық болса, аңға салуға әбден болады. Бала бүркіт көреген де, қырағы да келеді, – деп су жағасында көгалға кілем төсетіп отыра кетті. Лепсінің арғы бетіндегі қапталын бөктерлей жайылған жылқы. Онан төменгі су жағасында күйсеп жатқан сиырлар. Ағыны қатты өзенінің Лепсіге құяр жеріндегі беткейді бөктерлей жайылған қора-қора қой лар. Өзен қапталына тірей тігілген күркелер мен қараша үйлер. Бұлар әр жерге шашыраған қойшы, сиыршы, жылқышылардың лашықтары. Әр лашықтың алдында бықсып жанған жерошақтар көрінеді. Түтінге қақалып-шашалып, от тұтата алмай жүрген жамаулы көйлек киген әйелдер. Қысы-жазы Бөлен сұлтанның малын бағып жүрген малшылар. Еңбегіне алатындары екі торпақ. Оны көңілі түспесе төлемей де қояды. Қара халықтың үсті аяз, асты сыз, арты боран, алды мұз, өмір бойы пана таппай сарнаған, зарлаған қойшы-қолаңдар. Көкек айының отамалы күндеріндегі боранда малдың соңында зыр жүгіріп, аман алып қалған Малдыбай жанына жалғыз ұлы Ұлтарақты ертіп Лепсі өзеніне қарай жүрді. Өзен жағасына келіп, жайдақтау жағаға отырды. Дәрет алып, үстіндегі шұрық-шұрық шекпенін шешіп жерге төседі. Ол тізерлеп отырды да құбылаға қарап кешкі намазын оқыды. Екі жасар Ұлтарақтың күс басқан қол-аяғын жуды. Баласына жаны ашығандықтан көзінен әлдебір жас бұрқ ете қалды. Оның ойына талай алай-түлей ойлар ұйтқып келе берді. Ес біліп, етегін жапқалы Бөлен сұлтанның малын баққаны, боранды аязда беті-қолын үсітіп, азап шеккендері, ашжалаңаш жүрсе де кірпік қақпай қараңғы түндері Бөлен жылқыларын қорғағаны түсті. Қыстың үйіріле соққан бораны кезінде жылқыға қасқыр шауып, кенже туған жабағыны жеп кеткенде Бөленнің: «Өмір бойына шыр бітпеген неме, жылқыға қарамағанда не бітірдің? Бір жылға алатын ақыңды қасқырға жегіздің, енді бір жыл ақы бермеймін», – деп зекірген үні құлағында әлі ызыңдап тұр.
Малдыбай баласын жетектеп төбешіктің басына келіп отырды. Ажары қуаң тартқан, кеудесіне түскен сақалы ағарған. «Тағдырға нендей жазығым бар? Күндегі бес намазымды үйде де, түзде де қаза қылмай оқимын. Өмір бойы көргенім зорлық-зомбылық, қарным тойып тамақ ішпеймін. Жалғыз баланың түрі мынау, арықтықтан сорайған сүйегі ғана қалды», – деп ойлады. Бір мезгілде өзеннің арғы бетінде ақша бұлттай ақ үйлерге қарап, ақ шапанын айқара жамылған Бөленді көрді. Қасында солаң-солаң еткен төрт-бес жігіт. Ырғалып аяғын әрең басып барады. Малдыбай Бөлен бастаған топ оңаша тігілген үйдің алдында жаңа сойылған қозы етін пісіріп, жер ошақ басында жүрген бір топ әйелдерден әрі асып кеткенше, көз алмай қарап отырды. «Түнгі күзетке шығатын мезгіл болып қалды», – деп өзен жағасында жайылып жүрген торы атты ұстап, тұсауын шешті де жетектеп лашығына қарай жүрді. Кеудесі толы қайғы, жалын, күдік, шер. Қас қарая Малдыбай атына мініп жүген-құрық тимеген асау жылқы ны үйіріп, жотадан асыра айдап барады. Жоқшылық, лыпасыз жүдеулік әбден титығына тиген. Күні бойы өзен маңында жусап тұрған жылқы ат тұяғы тимеген, оты мол беткейге жете – жерге жабысып, жайылып кетті. Таудан қуалай соққан самал жел күндізгі аптап ыстықты ысырып тастағандай. Ай төбеге келген мезгіл. Малдыбай аттан түсіп, төбе басында салқындап отырды. Оң жақтағы жалпақ еңістен, сай баурайынан ат дүбірі естілді. Бұлар кім екен? Түн қатып, жылқы ұрлауға келе жатқан қарақшылар ма деп секем алып, Малдыбай атына мінді. Бүгін ғана Лепсі бойынан таңдап жүріп кесіп алған қайың құрығын қолына алды. Тас түйіндей даяр тұр. Олар жақындаған кезде, құлынды биелерді бағатын өзінің достары екенін тани кетіп: – Мен ұры-қары ма деп даярланып, ұрысқа шыққалы тұрсам, сендер екенсіңдер ғой, – деп күліп жіберді. – Әбден көңілің шайылып, қорқып қалған екенсің. Мынандай жарық түнде, оның үстіне мал тұяғы тимеген жайлауға келген күні ұры келмейді, торымайды. Айдалған жылқының ізі қалың шөптің үстінен білінеді. Қуғыншы ізімізге түседі деп қауіптенеді. – Анау жылғы бір үйір жылқыны осы Ойжайлауға қонған түні ұрлап кеткені қайда? Епті ұры бейқам жатқан кезді аңдиды. Ана таудың арғы беті тарам-тарам жол. Сол жолдың біріне түседі де, малды алдына салып қуады да кетеді. Аңқау болмаңдар, сақтық керек. Бұл заманда үміт пен қауіп шарпысып тұрған жоқ па? – Олай болса, ана төбеге баралық. Ол жерден біздің де, сіздің де жылқыларыңыз жатқан беткей жақсы көрінеді, – деп екі жігіттің бірі ілгері қарай жүрді. Малдыбайдың аяңшыл аты лыпып келеді. Үш дос шоқы басына шыққанда ай жарығында жылқылар қарасыны түгел көрінді. Ат шылбырын ұстап, малдас құрып отырысты. Малдыбай қоңырқай баяу үнімен: – Ел арасындағы естіген әңгімелеріңді айтыңдар. Түн қысқарсын, – деді.
– Күні-түні жылқы соңында жүрген біз кімді көрді дейсіз. Естіген әңгімеміз де, өсегіміз де жоқ, – деді бірінші жігіт. – Мен кеше асбасшы әйелдерінің бірін көріп едім. Әне бір Бөленге ас тасып жүретін семізше келген, әдемі ұры ит секілді жылпос жігіт Бөлекеңнің кіші тоқалымен ебін тауып, жалғасып тұратын көрінеді, – деп мысқылдап күлді бірі. – Өле алмай жүрген қатын болар. Саған көрген-білген сырын айтқаны несі? – деді сақалын сипап отырған Малдыбай. – Қырыққа келгенше қатын алуға деп қалың малға төлейтін малым жоқ. Менің де сол асбасшымен ептеген құпия сырым бар еді. Сеніп айт қан болар ол байғұс. – Онда бізге неге айтасың? – деді Малдыбай. – Сіздерге мен де сеніп айтып отырмын. Тіс жарып бір жанға айта көрмеңіздер. – Сенің аузың жеңіл. Бір жерде бөсіп отырып ішіңдегі сырыңды ақ тара салма. Біздің аузымыздан құпия айтылған сөз шықпайды, – деді Малдыбай орнынан тұрып, төмендегі жылқыға көз жіберіп. – Ол қатынмен ымы-жымы бір екенін қайдан біліпті? – деді екінші жылқышы. – Жел болмаса – шөптің басы қимылдамайды! Байдың үш әйеліне кезек қонатынын өздерің білесіңдер. Әр қатынының өзіне арнайы тігілген үйі бар, – деп, бірінші әңгімешіл жігіт тамағын керіп, миығынан күлді. – Сөздерің осы шоқының басында қалсын. Қатындардың қулы ғына найза бойламайды. Ертең өзіңді өтірікші ғып, масқараңды шыға рады. Бөлен сұлтан қатындарына, оның ішінде кіші тоқалына кәміл се нетін көрінеді. Ол кекшіл адам! Байғұс баланы ит жеккенге айдатады да жібереді. Обалына қаласыңдар, – деді Малдыбай оларға. – Сөз оты сөнсін, ойбай, өшсін! – Көмейің босаңдау ма деймін? Шырағым, тілімді ал. Қарадан қарап жүріп жарға жығыласың. Онан соң біздің де жағдай бүлінгені ғой. Қой, тоқтат сөзді! Сен айтқан жоқсың, біз естігеніміз жоқ, – деді Малдыбай. Тау басынан өркештене шыққан қара бұлт лезде дауылдата жетіп, сатыр-күтір күн күркіреп, найзағай жарқылдап, аспан астын жұлқын та бастады. Ышқына соққан ыстық жел орман ағаштарын, бітік шыққан шөп басын теңіздей толқытып, лезде апыр-топырын шығарды. Малдыбай дөңесте жусап жатқан жылқыны терең сайдағы ыққа қарай айдап түсті. Үш үйір жылқыны қозғалтпай иіріп, ықтырмаға паналатты. «Жаман лашығымның шаңырағы ортасына түсіп, әйелім мен баламды басып қалмаса болды», – дейді өзіне өзі. Таң атып, маңай бозамықтана бастады. Қалың жауынды жел айдап, күншығысқа қарай ысырып жіберді. Бүркіп қана жауып тұр. Малдыбай жылқысын айдап ауылға қарай жүрді. Оның бар қуанышы – аласапыранда бір де бір малды шашау шығармағаны еді. Малдыбай жылқыны өзенге қарай айдап салды да үйіне қарай жүрді. Лашығының шаңырағы ортасына түсіп, құлап жатыр. Көзі қарауытып,
өзінің көзіне өзі сенбей, жүрегі дір ете қалды. Балам мен қатынымды басып қалды-ау деген ой алқымына тығылып, көзінен жас бұрқ ете қалды. Аттан түсе, үйдің орнына жүгірді. Шаңырағы ортасына түскен үйінен баласын да, әйелін де таба алмады. Айнала зыр жүгіріп іздеді. Көзіне анадай жерде жатқан үйдің түңлігінің астында бірдеңе қимылдағандай болды. Жүгіріп барып, ол түңлікті көтеріп қалды. Ұлы мен әйелі екен. – Амансыңдар ма? Сендерді таба алмай, сасқанымнан жылап жібер генім, – деді Малдыбай күлерін де, жыларын да білмей, мелшиіп тұрып қалды. – Жел алғаш соға бергенде, үйдің түңлігін жұлып әкетті. Үйдің кере гесі де, уығы да сықырлай бастады. Сол кезде баламды үстіндегі күпіге орап далаға жүгіріп шықтым. Көп ұзамай-ақ жаман үйдің шаңырағы орта сына сатыр-сұтыр құлады. Біз жауынға қалмайық деп түңліктің астына кіріп кеттік. Көпке дейін көз іле алмай, жаңа ғана ұйықтап кетіппіз. Сенің келгеніңді де сезбеппіз, – деді Малдыбайдың әйелі. – Аман қалсаңдар болды. Мен сендерді таба алмай қысылып қалған едім, – деді Малдыбай. Сұлтан ауылы бүгінгі алапатта қандай жайда екен дегендей Малды бай өзеннің арғы бетіндегі ақ үйлерге қарады. Ас үйдің шаңырағы жерге құлап жатыр. Сұлтанның үйлері кешегісіндей орнында қозғалмастан тұр. Олар жел басталысымен киіз үйдің алды-артына темір қазық қағып, білеу дей жуан арқанмен шаңырақтан асыра байлап тастаған. Үйлердің кереге, уықтарын өткен жылдың жазында ғана жаңадан жасаған. Үйдің қаңқасы сүйекті де, мықты. Бөлен кіші тоқалдың үйінен шығып, маң-маң басып, төбені асып барады. Артында құман ұстаған жас жігіт. Бұл кезде күн де ашылып, аспанды қаптаған қара бұлт тез айығып, күннің көзі көрінген. Жауыннан кейінгі Ойжайлаудың шыныдай мөлдір ауасы әтір іспеттес. Адам жанына сая болғандай. Жұпар иісті мөлдір ауаны кеудесін кере жұтқан Бөлен төбешіктің үстінде маңайына көз жіберіп, көп тұрды. Желі басына қаптаған қалың жылқы үйрілді. Жылқышылар асау құлындарды шыңғыртып байлап жатты. Құрық түсірмегендеріне ұшқыр аттармен қуып жүріп бұғалық тастап ұстады. Нөпір-топыр жылқы жайылымға қарай беттеп, кетіп барады. Осы бір көріністі алыста көзбен шолып Бөлен басындағы қара тақиясын қолына алып, сілкіп-сілкіп қайта киді де, дәрет алып үйіне қарай беттеді. Ағыны қатты өзеннің арғы беткейіндегі тау бөктеріндегі жайлауға Мырзағара ауылы келіп қонғалы екі тәуліктей мезгіл өтті. Бөлен ауылы жайлауға ертерек шыққан. Бөлен ерулікке Мырзағара бастаған осы матай елінің би, сұлтандарын, иісі жақсыларын шақырды. Тай қазандар асы лып, саба-саба түнемел қымыз әкелінді. Қырат-қыраттан асып, сабылып, Бөлен ауылына құйылып жатқан жұрттар. Қонақтарды дере жанынан қарсы алып, қолтықтап түсіріп, зыр жүгіріп жүрген күтушілер.
Сыйлы қонақтар әр үйге орналасып, қымызға бөртіп отыр. Бөленнің бәйбішесінің үйіне елдің ең сорпаға шығатын, ел билейтін шонжар лары орналасты. Қымыз ішіліп бітті. Жұрт далаға шықты. Лепсі өзенінің жағасына жалғыз өскен, кең бұтақты еменнің түбіне кілем төсетіп, салқындасты. Сәл уақыт сөз қатпаған жуандар қалталарынан ақ бөзден мол ғып тігілген орамалдарын алып, беттерін сүртісіп жатты. Бір кезде, сөз бастамақ болып Мырзағара мол денесімен Бөлен сұлтанға бұрылып: – Сұлтаным, сізді көрмегелі көп айдың жүзі болды. Мал-бас, балашаға аман-есен жүріп жатырсыздар ғой. – Құдайға шүкір, сіздердің арқаларыңызда аман-есен жүріп жатыр мыз, – деп Бөлен Мырзағараға ызғарлы көзімен қарап қойды. – Өткен жылы маусым айында бір үйір жылқымды Бөрібай айда тып алғанда, саған шағым арызбен келіп, мұңымызды шаққанда, оған тісің батпай тайғанақтап, сүріне бергенің әлі есімде. Бүгін осы өкпемді айтпайын-ақ деп келген едім. Ішіме сыймай барады, – деді Мырзағара. Төніп келе жатқан жаңбырлы қара бұлтты алтын сапты қырлы қамшымен айдаған, қара орманды от көзімен қалтыратқан Бөлен сұл тан алпамсадай денесімен отырған орнынан қозғалып, тау бүркітіндей қанатын жайып, Мырзағараның үстіне қона түскісі келгендей екі бетіне бүкіл тамыр-тамырындағы қан жиналғандай қып-қызыл болып кетті. Тамыры жыланның жотасындай білеуленіп, жарылғалы отыр. Жүзі қатты өзгерген ол сәл уақыт қан басқан ала көзімен отырған исі жақсыларды шолып өтті де: – Бөрібай ақсақалдың жесірін қарақшы құсап ұрлатып алдырған мен емес, сен болатынсың. Елдің жақсы азаматының бірімін дейсің, айыбың өз еркіңмен бермеген соң жылқыңды айдатып алғам. Ол шешімді әлі де болса, мен әділ үкім деп есептеймін. Үйіме келіп, бағанадан адал асымды ішіп, сырмағымды тілгілеп отыр екенсің ғой. Ондай өкпең болса, бүгін үйіме шақырып, ерулігімді беріп, сыйлап отырғанда айтпасаң да болатын еді. Бұл сенің білместігің болды, – деп Бөлен жиреніш, реніш сызын жасырмай Мырзағараның алдына шашып тастады. – Мен Бөрібайдың жесірін әкеттірсем, сен менен барымталап алған бір үйір жылқының бір жылғы төлін алып отырсың. Сенбесең анау тау беткейінде жайылған жылқының ішінде менің жылқымның төлі бар. Сұлтан әділ болу керек. Сенде сол әділдік жоқ. Осы отырған халайық өз көздерімен көрсе екен деймін, – деп Мырзағара да өктем сөйлеп, боп-боз болып кетті. – Сенің жылқыңнан басқа елдің жылқысы тұл ғой дейсің бе? Өз малымның төлі де жетіп жатыр. Жала жаппай тыныш отыр. Зынданда көзің жылтырап жүрмесін, – деп Бөлен күш көрсете бастады. – Мен өтірік айтып, жала жауып отырғаным жоқ. Жылқыңның ішінде жүрген отыздан астам ала тайлар менің малымның тұқымы екендігіне ешбір жан күдіктене алмайды. Зынданға кімнің түсетінін өмір көрсетер, – деп Мырзағара ағыла, төгіле сөйледі.
– Сен, бүгін үйімдегі қонағымсың. Болмаса, шаңырағыңды үйдің ортасына бір-ақ түсірер едім, – деп Бөлен қолында билік, арқаланатын Алатаудай сүйеніші бар екенін сездіргендей болды. – Қолыңнан келгенді істей бер. Біз де қол қусырып, бос отырғаны мыз жоқ. Біздің де баратын жеріміз, жүгінетін адамымыз болар, – деп Мырзағара іште жібімей жатқан тоңы, ызасы бар екенін отырған жұртқа білдірді. Алқа-қотан отырған қонақтар бір ауыздан: «Дәл осы жер өкпе айта тын орын емес. Қойыңдар. Екеуіңнің бітіспей жүрген дауларың болса, ел арасы жақын, тағы бір кездесіп, мойындарсыздар. Тамақ та даяр болған шығар. Ауылға қарай аяңдайық», – деп үдере тұрды. Матай елінің екі мықтысының шарпысуы мұнымен бітпеді. Естіген құлақта жазық жоқ. Ел іштей біртүрлі түршігіп қалды. Екі мырзаның көздерінде аса бір қызулы жалын, кек бар. Мырзағара күндердің бір күнінде түнгі жайылымда жүрген отыз шақты арғымақ сияқты асау ала тайларды ұрлаттырып, жылқысына қосты. Ертеңінде Бөлен сұлтан бәйбішесін оңаша шығарып, болған оқиғаның бірін қалдырмай айтты. Жасы алпысқа таяп қалған бәйбіше тұғырынан тая бастаса да, мұндай қысыл таяңда дұрыс ақыл беретін, жол табатын кісі еді. Сұлтанды тыңдап, тау бөктерлерінде үйір-үйір болып, жайылып жүрген жылқыға қарап тұрды. Оның бетіндегі айғыз-айғыз әжімі ұлғая түскендей. Қанын ішіне тартып, сұрланып тұр. Бір кезде қоңырқай дауысымен: – Сұлтаным, – деді ол, – біздің төрт түлік малымыз баламызға да, немере-шөберемізге де жетіп жатқан жоқ па. Бір елдің алдына ұстап, Мырзеке-Мырзеке деп отырған байының құлынын қайтетін едің. Біздің жылқыда жирен мен торы жылқыдан басқа түсті жылқы жоқ екенін қойшы-қолаң да, үлкен де, кіші де білетін еді ғой. Сұлтан Мырзағара мен барымталасып жатыр деген сөз ел-жұрттан ұят болады. Онда, мына елің қалай түсінеді. Мырзағара өз малының тұқымын айдап кеткен болса, біз жабулы қазан жабулы деп, жоқ іздетпей-ақ қояйық. Менің айтатын ақылым осы. – Олай болған күнде, біздің Мырзағарадан жеңілгеніміз бе? Бөрібай дан пара алғанымызды үндемей мойындағанымыз ба? Жоқ, бәйбіше, бұл ақылың менің көңіліме қонбай тұр. Ертеңгі күні Мырзағара тағы бір бөлік малымызды менікі деп айдатып алса, оған да көнуіміз керек пе?! – деп Бөлен ызғарлана түсті. – Жоқ, сұлтаным, көнбеуге болмайды. Сен оған кісі сал. Өз шеші міңді оған білдір. Сенің ұрлап алған малың емес. Бөрібайдың өз еркімен, саған ризалығын білдіріп берген малы. Аралас, көңілдес адамның іргесін алыстатпайық. Мен айтып болдым. Ар жағын өзің білесің, – деп бәйбіше кебісінің басына қарап тұрып қалды. – Сөзді осымен бітірейік. Мен де ой елегіне салып көрейін. Бұл әңгімені тісіңнен шығарма. Екі тоқалға да айтпа. Елге тарап кетпесін. Осы күні өсек-аяң аңдыған жұрт қой. Мырзағараның құлағына тисе, менің
осалдығым деп түсінуі мүмкін. Егер, менің айтқан ақылымды қабыл дасаң, жұрт алдында беделі, сөйлеп кетсе сөзі бар ел арасын алыстатпай, жақындата білетін біреуді жіберерміз. – Мырзағара тай-тұяғын айдатып алғанымен қоймай, ертең Бөрібай айдатып әкеткен бір үйір жылқымды қайырып берсін дегендей болса, оған да жауабыңды дайындай бер. – Оған, меніңше, жауап даяр. Бөрібайдың жесірін алып қашып кеткенін Мырзағара да, сол елдің игі жақсылары да біледі. Олай деген күнде Мырзағара жеңіліп қалады. Бай байға, сай сайға құяды, – дегендей, екі елдің екі мықтысының бұл кикілжіңі көпке созылмады. Бөлен де, Мырзағара да бірінің бірі шаужайынан алысып, тізгініне жармасуды тоқтатты. Бөлен сұлтан ел басқарып, үстемдік жүргізген, жұрттың тілін таба білетін, тәжірибелі адам болғандықтан Мырзағарамен алысып-жұлысу өзіне де, басқаға да пайдасыз екендігін түсініп, Мырзағараға кісі салып, келісімге келген. Ең соңында Мырзағара інілерінің біріне Бөленнің ортаншы қатынынан туған қызына құда түсіп, сақадай сайланған бір үйір жылқыны қалың малым деп Бөленге берген. Ол баяғы отыз тайдың үйірі еді. Бүгін қисайлардың нөкерлері аға сұлтан Бөленнің, тағы да басқа адамдардың жылқыларын айдап кетіпті деген хабар ерте таң атысымен жетті. Суық хабарды естіген Бөлен жайлауда шоғырланып жақын отыр ған елден жүз жігітті сақадай сайлап, атқа мінгізді. Қолдарында шоқпар, құрық. Бастап баратын Бөленнің туған інісі. Оған аға сұлтан: – Ұрылар алыстап кете қоймаған болар. Осы Алатаудың бір қуысында бекініп жатқан шығар. Күндіз ел көзіне түсіп қаламыз деп, кеш бат қанды тосып жатыр. Күншығыс жақтағы таудың жықпыл-жықпылын, сай-саласын сүзіп шығыңдар. Ұрылардың бір де бірі құтылып кетпейтін болсын. Ұстап, қол-аяғын байлап, атқа теріс қаратып мінгізіп алып келіңдер. Түсінікті ме? – деді. – Түсінікті. – Түсінікті болса, жолдарың болсын! Сәйгүлік аттарға мінген, жайлауда ерігіп, пәле қайдан шығады деп отырған жігіттер Лепсі өзенінен өтіп желе жөнелісті. Ауылдан шыға бұлар екіге бөлініп, сай-саланы сүзіп келеді. Түске таман терең сайға кіре берістегі төбенің үстінде қарауыл қарап тұрған салт атты біреу жалт беріп, сайға қарай шаба жөнелді. Екі топ сайдың екі қапталын ала ілгері қарай жортып келеді. Алдағы біреуі: «Көрдіңдер ме? Салт аттының төмен қарай құлағанын», – деп ілгері қарай аттың тізгінін босатып, шаба жөнелді. Қуғыншы келеді деп тоспаған ұрылар жайбарақат тамақ ішіп, жайла нып отыр екен. Қуғыншылар жақындап келгенше олар сезіктенбеді. Өкпе тұсқа келгенде қуғыншылар аттан салып, шабуылға кірісті. Ұрылар дың қарсыласуға да шамасы келмеді. Күзетте тұрған салт аттыдан басқа ұрылардың бәрін қолға түсірді. Ұрылардың тоғызын атқа теріс мінгізіп, тұтқынға алды. Қалғанын киімдерін шешіп тырдай жалаңаш күйі ауы лына босатып жіберді.
Кеш батпай екі айғыр үйір жылқыны айдап, қуғыншылар да Бөлен ауылына жетті. Ауыл сыртындағы төбеде бір топ адам отырған. Осы топтың жуан ортасында аспандағы жай оты жарылып дәл төбесіне төгілгендей, ашу қысып отырған Бөлен: «Мұнысы мені сұлтан басыммен басынғаны ма? Әлде, тұғырдан таятын күні жақындап қалды дегені ме? Тапа-тал түсте жылқымды айдатып алған, жүрек жұтқан қандай адам болды? Дәу де болса, менен өшін ала алмай жүрген біреу ғой. Қойшы-қолаң, кедейкепшік тісі батып, менің малыма соқтығушы ма еді? Бұл не деген қорлық? Бәлем тұра тұр, қорлағаның үшін айыбыңды мол төлейтін етермін. Осы елдің барымталауы, ұрлық-қарлығы қашан сөнер екен. Қатар отырған екі ел бірінің малын бірі айдатып алу қанға сіңген әдетке айналды. Жесір дауы да етек алып жайылып барады. Әли сұлтанның айтуы бойынша, Ұлы жүздің де Ресейге бағынуы қазақтар үшін тиімді көрінеді. Әли сұлтан бұл маңдағы өте абыройлы, асығы алшысынан түсіп тұрған адам. Осыдан бірнеше күн бұрын жолыққанымда ол осы ойды баса, жеткізе айтқан», – деп ойын түйді. Ызғарлы, жуан ауылдың шырқын бұзған жау қолға түссе, оларды Бөленнің аяйтын түрі жоқ. Ағаш атқа мінгендей қаһарын тігіп, ашу ша қырып отырған жайы бар. Қарсы беттегі жотадан асып, әулеттеніп, құтырына шауып, қалың нөпір көрінгенде, шиыршық атып отырған Бөлен мырс етіп күліп, жаны жай тапқандай: – Әне, қуғыншылар да қолды болған жылқыны айдап келе жатыр, – деп суық жүзі, қатал қабағы ашылғандай қасындағы адамдарға қарады. – Жылқының да алды сайды қуалап, төмен түсіп келеді, – деді отырған нөкерлердің бірі. – Момын жатқан елімнің ала тайдай шырқын бұзған қандай мақұлық екен? – деді Бөлен. – Асықпаңыз, қазір-ақ бұл жұмбақ шешіледі, – деп отырғандардың бірі күле сөйледі. Жаушы қолды басқарып барған, астындағы елгезек тор бестісі қатты жүрістен ақ көбік болған Төребек жорға аяңмен Бөлен бастаған топтың жанына келе, аттан түсіп: – Ассалаумағалейкүм, Бөлеке-аға, бір ғана құлыннан басқа жылқы ның бір де бірін шашау шығармай, тоғыз ұрыны қолға түсіріп алып келдік. Қалғандарын шешеден туғандай ғып, тырдай жалаңаш еліне қайырдық. Біреуі ғана құтылып кетті. Қасыма жинап берген екі жүз жігітіңіз сайдың тасындай сайланған, шаш ал десе, бас алатын жітіттер екен. Оларға қатты риза болдым. – Рақмет, жігіттер, жарайсыңдар. «Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді» дейді қазақ мақалы. Жолдан келген жылқы қызыл май болып келген болар. Осындағы жылқыдан екі-үш семіз тайды сойдырыңдар да қазан астырыңдар. Қымыз әкелдіріңдер, мына жігіттер жолдан қаталап шөлдеп келген болар. Қымыз ішсін. Мінген аттарыңды таң асырыңдар, қызыл май болып қалады, – деді Бөлен.
– Аттың бәрін кермеге байлаймыз, – деп Төребек атының шылбырын қасындағы бір жігітке ұстатты да, өзі топтың қақ ортасына барып отырды. – Тұтқын жігіттерді аттан түсіріп, бастап келген адамын, қай елден келгенін біліңдер, – деп Бөлен орнынан тұрып, қасындағы осы елдің жақсыларын ертіп, бәйбішесінің үйіне кірді. Жұрт үлкен ақ үйдің ішінде малдас құрып жайласып отырды. Көпке дейін үн қатыспай, тым-тырыс отырған адамдардың ішінде алуан түрлі түйіншектер жатқанға ұқсайды. Бөлен тас шайнап, мұз түкіретін адам сияқты түнеріп, маңайындағы жора-жолдастарын үлкен ала көзімен бір шолып өтті. «Мырзағара сияқты кісілердің бүтін бір жонды алып жатқан жылқысына соқтықпай, менің малымды айдап кетуінде қандай сыр, қандай қыр бар? Әлде, барымта даулап келгендердің біріне әділетсіз шешім қабылдадым ба? Ондайым жоқ сияқты». Оның ойын бұзып: – Аға, – деді есік жаққа келіп отырған батыр іспеттес, ұзын бойлы, алпамсадай Төребек, – бастап келген қисайлықтардың Асылбай деген байының немере інісі Сейіл деген жігіт. Оны тұтқынға алғанда-ақ егжейтегжейін білгенбіз. Шақыр десеңіз, қазір шақыртайын. – Шақыр, келсін. Қасыңдағы жігіттерің тарап кетпесін. Осында бол сын. Ана, жалаңаш кеткен адамдары хабар берсе, түн баласында, қолға түскен адамдарын күшпен босатып аламыз деп келіп қалуы да мүмкін. Басында ақ қалпақ, үстінде қызғылт мақпалдан келте тігілген шапан, аяғында әміркен етік Сейіл кіре бере: – Ассалаумағалейкүм, – деп екі қолын кеудесіне ұстап сәлем берді. Отырған жұрт тұтқын жігіттің сәлемін алмады. Қабақтары қатыңқы, жүзі суық жандар Сейілге ашулы көздерімен сәл уақыт қарап, үнсіз отырды. Бір мезгілде Бөлен: – Жау да болса, адам ғой, қымыз құйып беріңдер, – деді. – Рақмет, шөлдеп отырғаным жоқ, қуғынға жіберген жігіттеріңіздің ызасы өтіп отыр. Арқам тілім-тілім жара. Жігіттеріңіз тым сотқар екен. Ұстап алған жерде-ақ қамшының астына алды. Сенбесеңіздер, – деп, қой дегенге болмай үстіндегі киімін шешіп, теріс айналды. Аямай ұрған төрт қырлы қамшы арқасын өткір қылышпен тілгіле гендей айғыз-айғыз еткен. Зығыры қайнаған Сейіл киімін қайта киді де, төрдегі жұртқа тура қарап, көзін қадады. Қымсынатын түрі жоқ. Қайсар жігітке ұқсайды. Ширығып отырған түрі бар. «Біз де бір тайпа елміз. Көп болса, мол ғып айыбыңды аларсың да босатарсың. Кезек маған да келер. Сол кезде сенің өнеріңді мен де көрермін. Дүниенің ақыры осымен бітпес», – деп Сейіл қаһарлы көзімен Төребекке қарап, зәрін төгіп отыр. – Асылбай мырза үйімде талай рет құрметті қонағым болған еді, тамағымды жеп, табағымды тепкені несі? Сен осының жайын айтшы бізге, – деді Бөлен. – Бұл сұрағыңызға мен жауап бере алмаймын. Асылбай ақсақалдың өзінен сұраңыз. Біз сол кісінің тапсырмасын орындаушылар ғанамыз, – деп Сейіл сұрауға келте жауап берді.
Бөлен іштей: «Мынау қымсынатын жігітке ұқсамайды. Шын себебін айтатын түрі жоқ. Сайқал мінезді қу болу керек. Егде тарттым, зауал шағыма бет бұрдым. Келешекте дүние кеңейе бере ме десем, бұрынғы сынан да қушиып тарыла беретін түрі бар ма, қалай? Бұл бейпіл ауыз жігітпен сөйлесіп, сөзімді қор қылмайын...» – деп ойын түйді де: – Қымыз ішпесе, енді менің сұрауым жоқ, алып кетіңдер, – деп ол басына мамық жастық жастап күлге шөккен бурадай жантая кетті. Лашығының қасында арғы беттегі Бөлен ауылының көрінісіне көз жіберген Малдыбайдың жанында жалаң бұт, жалаң аяқ жалғыз ұлы жатыр, аяғы ауыр әйелі үстіндегі борша-борша, тозығы жеткен көйлегінің етегін жамап отыр. Малдыбай арқасын қиқаң еткізіп: – Әй, қатын, – деді, – мені құдайдың өзі сақтады ғой. Ұрылар келетін күнгі кеште, мен жылқыны өріске шығарар алдында, құдай түрткен болу керек, сауын биелерді бағатын Сәлім жылқышымен болмашы бірдеңеге сөзге келісіп қалдым да, алдымдағы үйірлерді басқа жаққа айдап кеткен едім. Сонымен мен аман қалдым. Ұрылар Сәлімнің өзін ағашқа байлапты да алдындағы жылқысын қиқулап айдап кетіпті. Бүгін таңертең кеткен қуғыншылар ұрыларды ұстап, жылқыны жаңа ғана қайырып әкелді. – Ұрласа, ұрлай берсін. Сенің нең кетіпті? Жылқының барынан да, жоғынан да бізге тиетін не бар? Бөленнің жылқысының соңынан көзі мізді ашқаннан бері салпылдаудамыз. Әлі бір тойып тамақ ішкеніміз жоқ. Қысы, жазы жылқының соңындамыз. Кетсін әрі, арам қатсын, – деді Малдыбайдың әйелі ентіге, ашулана сөйлеп. – Бөлекеңнің көмейі кең, жемқор, жемсауына сыя беретін кісі ғой. Алатыны пара, «түйені түгімен жұтатын» обырдың өзі емес пе? Бөлен нің үйір-үйір жылқысы адал еңбекпен табылған мал емес. Айғыр үйір жылқыны жұта салатын Бөленге жүздеп қой, маталған түйелерді айдап келіп жатқан жоқ па? Еңбексіз табылған қыруар малды бағып-қағатын біз сияқты байғұстарды борсықтай сорып жатқан жоқ па? – деп Малдыбай күрсініп, беліне қыстырылған қамшысын алып жер сабалап үнсіз отырып қалды. – Дерт құшып, зарлаудан басқа біздің қолымыздан не келеді? Біздің балалардың да көретіні осы, жоқшылық. Біреуде асып-төгіліп жатса, біреуге ішіп-жеуге жетпей, қысқа жіп күрмеуге жетпейтін заман болды ғой. – Әй қатын, шөлдеп отырмын, шалабың бар ма? – Жаңа ғана өзіңнен қалғанын мына балаң ішіп қойды. – Кеттім, әне желі басына қалың жылқыны айдап келеді, – деп Малдыбай арқандаулы тұрған атына қарай жүрді.
Малдыбай алпамсадай денесімен атқа мінді де, желі басына қарай жүрді. Желі басында жүгенін ұстап, жаяу қалған Сәлім Малдыбайды көріп, арқасын қиқаң еткізді де, салт келе жатқан Малдыбайға: – Әй, сен мұнда кел. Сен кеше қарғап кеткен болуың керек. Естіп жатқан боларсың, түнде, бір топ ұры мені ағашқа байлап, жылқыны дүркі ретіп айдап кеткенін. Қуғыншылар, әне, жылқыны таудан асыра айдап келе жатқанын көрдің бе? Екеуіміздің кикілжіңіміз сұлтан, билердікіндей алысқа созылатын, арты алыс-жұлысқа, барымтаға айналатын кикілжің емес, кел татуласалық. – Татулассақ – татуласалық, әкел қолыңды. Мен кеше-ақ болған оқиғаны ұмытып кеткенмін. Екеуіміздің барымталасатын малымыз да жоқ. Баққанымыз байдың малы, – деп Малдыбай аттан түсіп, Сәлім нің қолын алды. Екеуі құшақтасып көрісті. Батыр бастас, қатын мұңдас дегендейін екі малшы алдыңғы бөлігі өзенге қарай құлаған жылқыны қызықтап тұр. – Алдыңғы жақта дара келе жатқан торы айғыр осыдан бірнеше күн бұрын жаушылар тағы айдап бара жатқанда, бір түнде үйірін қуып ауылға қайтып келген еді. Мен бұл жолы да соған сенген едім. Жарықтық, жылқының төресі ғой, – деп Сәлім сөйлеп тұрды. Осыдан он бес күн өткен соң Малдыбай әйелі босанып, ұл тапты. Атын құлағына өзі азан шақырып Мұздыбай қойды. Әйелі босанған күні Бөленнің бәйбішесінен қалжаға деп бір қой сұрап барғанда: – Әй, Малдыбай, ақыңа жазғытұрым бір торпағымды бергенмін. Енді, беретін тышқақ лағым да жоқ. Дәндеуін қара, мұның. Шашылып, бос жатқан малым бар дейсің бе? – зәрін төгіп шығарып салған. Малдыбай қанша қызынып, ширықса да, түкірген түкірігі жерге түспей, ақ дегені ақ, қара дегені қара болып, алшысынан басқан Бөленге шама сы келмейтінін біледі. Азулы Бөленнен өзге бір өріс тауып кетіп қалайын десе, ертеңінде-ақ ол сабауын сабап, Малдыбайға дүре соқтыруы кәміл. Бұл сияқты қара, қоңыр үйлердің көретіні осы. Ең басында менің әкеме: «Бір рудың баласымыз, малымды бағып-қағатын бол. Саған қарыз болып қалмаспын» деген екен. Бөленнің есігінде жүріп, әкем бұл дүниеден қызық көрмей дүние салды. Енді, мына менің де көргенім қара түтін. Біз Бөленге оңай қоржын болдық. Күні-түні, қысы-жазы бағатыным Бөленнің малы. Ит-құсқа бір малын жегізіп көргенім жоқ. Оған керек болса, бәйек болып, басымызды иіп, адал көңілімізбен айтқанын істейміз. Шіркін, бұл өмірге, адам баласына, онан қала берсе, құдайға қандай жазығымыз бар, осынша қорлайтын. Мен сияқты талай адамдар көз жасын тыя алмай зарлап өткен ғой, – деп Малдыбай көкірегін кере күрсінді де лашығына келді. Малдыбай үстіндегі шұрық-шұрық шекпенін шешіп, төрде жерге төселген жүні қырқылып біткен бұзау терісінің үстіне отыра кетті. Ескіқұсқыға ораған нәрестесін емізіп әйелі үнсіз отыр. Оның қасында сүт сұрап, жалаңбұт ұлы селк-селк жылап, теріс қарап жатыр. «Жылама
деймін, қазір мына жердегі сиыршының әйелі, қараңғы түскен соң бір шелек сүт әкеп берем деген. Бала емізіп отырған өзімнің де сүт ішкім келіп отыр», – деп баласына жекіріп қояды. Жаңа желі басына тәйтек ауыз Төребек келіп, Сәлім бейшараға: «Жылқыға ие бола алмай ұрлатып жүрген не қылған немесің? Ұрымжұрағатыңмен су түбіне жіберіп, құртайын ба?» – деп тантып, жирен сақалы дірілдеп, зәрін төккені Малдыбайдың көз алдынан кетпей, елестей берді. Кешкі шай-суын ішіп ол жылқы соңына кетті. Ел жайлаудан түсіп күзем алып жатқан кез. Қалың қойды иірім суға тоғытып жатқан қойшылар. Жүні кепкен қойларды иіріп, шарбақ қораға айдап әкеліп жатты. Жиырма-отыз қырықтықшы қойларды алып соғып, аяқтарын байлап, қырқып жатыр. Жүнді күнге жайып кептіріп жүрген үлкенді-кішілі әйелдер. Жазық алқапты алып жатқан қора-қора қой, үйірүйір жылқы, сауын сиырлар. Бөлен ауылы Лепсі өзенін қапталдай көшіп келіп, күзеуіне қонды. Ақ шағаладай жеті-сегіз қанатты үлкен үйлер тігіліп жатты. Үйлердің дөдегелері оюланып боялған, кереге уықтары әшекейленген. Аулақтау жердегі өзен жағасына қоңырқай қара үйлер де тігіліп жатты. Малдыбай үйі де шаңырағын көтеріп, уықтарын шаншып, тез тігілді. Желі-желі құлындар байланды. Жаздыгүні құр қоя берілген қыс мінетін саяқ аттар бөктерді жағалай жайылып жүр. Жол бойы қаталап келген сауын биелер өзенге қарай қаптап барады. Бір топ жылқышы құлын байланған желінің сыртындағы дөңестің өкпе тұсына барып, малдас құрып отырды. Олардың бүгінгі әңгімесі көшіп-қону, ел арасындағы өсек-аяңдар болды. Ата-бабасынан бері кісі босағасында жалшылықта жүрген бұлардың бірде-біреуінің көсегесі көгеріп көрген жоқ. Байлардың беретін ақысы ішіп-жемге ғана әзер жетеді. Кісі босағасында өтіп жатқан өмір. Реңі қуаң тартқан Малдыбайдың көңілі күндегісінен қаяу. Шиеттей екі жас бөбегі кешеден бері науқас. Үміт пен күдік шарпысқан күйде отыр ол. Сәлім ашық мінезді, ұшқыр сөйлейтін, отызға жетер-жетпестегі жас жігіт. Оның көздерінде өте бір қызулы жалын тебіндеп тұрғандай. Ол орнынан қозғалып: – Малдыеке, сіз бүгін көңілсіз отырсыз. Балаларыңыз ертең-ақ ауруы нан айығады. Мына, мені айтсаңызшы, отызға келгенше, қатын ала алмай, екі тіземді құшақтап, түн бойы аунақшып шығамын. Келіншек алмаймын демеймін, алғым келеді. Қалыңмалға төлейтін малым жоқ. Бағатыным байдың малы, көретінім жаздың ыстық күні, қыстың бораны. Басқа қызық көрдік пе осы біз? – деп басындағы тозығы жеткен тымағын қолына алды. – Солай-солай, шырағым, бәріміздің де тағдырымыз, өмірде өтетін қыл көпіріміз бір. Азшылықтың байлығы, тасыған өзендей ернеуінен асып, шашылып-төгіліп жатады, көпшіліктің, мына біз сияқты қасіретті көп көрген сіңірі шыққан кедейлердің, көзі ашылатын заман бола ма? – деп Малдыбай жанын пышақ тілгілегендей ызғарлана ішіндегі дертін азалағандай болды.
– Біздің ата-бабаларымыз да осылай талай зарын төккен болар. Бірақ, жоқшылық бізге мирас болып жұқты. Жазылмайтын дерт ауру болды. Әлі, біздің балаларымыздың да, тіпті әуелі шөберелеріміздің де көзі ашылмайтын қу заман! Сіз, Малдыеке, тым тереңге кеттіңіз. Менің айтып отырғаным қазіргі өзімнің халім ғой. Бір шүйке бас қолыма келіп қонса, мен де бала-шағалы болып, сіздердің қатарларыңызға жетсем деген армандамын, – деді Сәлім. – Әй, Сәлім, сенің арманың қатын болды. Сен осы күні де тыныш жүрмейтіндігің бәрімізге мәлім. Қай тоқалмен күліп-ойнап жүргеніңді де сеземіз. Күндердің күнінде байекең сезіп қалып, сені дарға астырып жүрмесін. Байқа. Мойныңа бұғалықтың қалай, қай жағыннан оралғанын білмей қалып жүрме, – деп қойшылардың бірі сылқ-сылқ күлді. – Әй, сенің аузың жеңіл еді. Тыныш жүр. Сәлім, сен жолыңнан тай ма. Қатынсыз өлсін дейсің бе? Сақтанғанды сақтаймын деген құдай. Сақ бол, – деді тағы біреуі. – Менің ешқандай қылмысым жоқ. Елдің өсегіне құлақ қоймаңыз дар, – деп Сәлім ішінен біртүрлі түршігіп, дәл төбесіне жай түскендей қымсынып, қып-қызыл боп кетті. – Сәлімнің өтірігі де көп болушы еді. Егер, шын болса, қай қатыны болса да байдан өшімізді бір алып берші, – деп күлді отырғандардың бірі. – Әңгіме осы жерде қалсын. Қалжың шығар, бұл екеуі құрдас болған соң, ойнай береді. Тіс жарып, ешбір жанға айтпаңдар. Шынында да қалжың болса да біреудің құлағына тисе, үріп қалса, қаңбақша ұшайын деп отырған жұрт емес пе? Жағымпазданып байдың құлағына сыбыр ете салады. Одан кейін біздің көргеніміз қараң, ішкеніміз у болады, – деді Малдыбай. Ауыл сыртындағы төбешіктің етегінде қап көтеріп, тезек, шөмшек теріп жүрген қоңырқай ауылдың қыз-келіншектері көрінді. Олар бие сауым уақыт бойы белін иіп, кешкі тамақ пісіретін тезек теріп, қап көтеріп ауылға қайтты. Тозығы жеткен күпінің өңіріне орап, қымтай түсіп кіші баласын көтеріп есік алдына шыққан Малдыбайдың әйелі Зейнеп жер ошақ басына келді. Үй іргесінде төңкеріліп жатқан кішкене қазанды тұтқышпен ұстап, жер ошаққа қойды. Қазанның астына күндіз терілген шөмшекті толтырып, үстіне тезек қалады. Қоламтаға көміл ген шоқты қолындағы шымшуырмен түртіп ашты да тамыздық салып, отты тұтатты. Қазандағы бидай көжені пісіріп, Малдыбайдың келуін күтіп отырған Зейнеп үй іргесіне арқасын сүйеп, сәл уақыт кіші ұлын жүрегіне қысып отырды. Көп ұзамай түнгі күзетке баратын Малдыбай да жетті. Малдыбай тамақ ішіп отырып, іштей: «Іргелес қонған елдің малы араласып жатқан мезгіл. Малдарды таңбасынан ғана танып аламыз. Оны танып бөлудің өзі біз үшін үлкен михнат. Байлар өз малының жалпы саны болмаса, түстеп танымайды. Әсіресе, қойды тану оңайға түспейді. Шіркін жылқы малы рақат қой. Айғырлардың өзі-ақ үйірін басқа жылқыға араластырмайды.
Бірер бие шашау шығып кетсе-ақ болды, сауырынан тістеп, қуып әкеліп үйіріне қосады», – деп ойланып отырды. – Әй, – деді Зейнеп, – саған не болған, балаларыңды да сұрамайсың. Үндемей қалдың ғой. – Балалардың науқасынан тәуір болып қалғанын байқап отырмын. – Осы жазды күні Бөленнің қолына түскен тоғыз жігіт көрінбей кетті. Оларды еліне босатқан ба? – Сен естімеп пе едің? Оларды Асылбай байдың адамдары келіп, айыпқа елу шақты ат төлеп алып кеткен. Оларға жылқы ұрлау қымбатқа түскен. – Мен екі баладан еш жаққа аяқ басып шықпаймын. Мен қайдан білейін. Сен естіген әңгімелеріңді айтпайсың. Күндіз-түні жылқыда жүресің де қоясың. – Ей, қатын-ай, мен жылқы бағуға ғана жаралған адам емеспін бе? Биыл қыс ерте түсті. Алғашқы жауған қар жерге жабысып жатып алды. Жылқы қысқы тебінге кетті. Малдыбай азын-аулақ шаруашылығын жайлап, шымнан салынған шатырсыз тоқал үйінің есік-терезесін жөндеп, жылқының соңынан кетті. Өткен аптада қалың жауған қардың аяғы қаңтардың сары шұнақ аязына айналып, екі бүйірден қысып тұр. Жылқының қалың қардың астынан шөп алып жеуі де қиындап барады. Кіші-гірім құнан-тайлар тебіндеуге әлі құрып, тұяқтары мұжылып, егде жылқылардың ашқан жеріне жабысып, қалған-құтқан тікенекті қорек қылып жүр. Жылқышылардың да өңдеріне сары уайым кіре бастады. Малдыбайдың беті кешегі үскірік желді аязда үсіп кеткен. Қаралаторала болған. Түндегі соққан жел өтінде жүріп, өкпесінен суық өтіп, өн бойы қызып, мазасыздана берді. Оның аяғындағы киіз байпақ етігі де пана болмады. Аяқ-қолы мұздай боп қатып қалды. Түн ортасында үйіріле соққан боранды жел алай-түлей болды. Маңайды қара түнек басқандай, астындағы атының құлағы көрінбейді. Жылқы босып келеді. Алдағы келе жатқан қара айғыр ышқына кісінеп, үйіріне белгі беріп, терең сайға барып ықтады. Түні бойы боранмен алысқан Малдыбай таң бозара жылқыны таудың күңгей жағындағы жел ашқан жайылымға айдап салды. Өзі жылқышы лар қосына қарай келе жатты. Маңындағы басқа жылқышылар да қосқа келіп, аттан түсіп жатты. Түнгі суықтан біреуінің беті, біреуінің қолы үсіген жылқышылар. Малдыбай өз бетімен аттан түсе алмады. Ер-тоқымға шегелеп қойғандай қозғала алмайды. Оны көрген Сәлім: – Аға, сізге не болған, ат үстінде жүріп үсіп қалғаннан амансыз ба? – деп Малдыбайдың аяғын үзеңгіден шығарып, қапсыра құшақтап аттан көтеріп түсірді. Қосқа әкеліп жатқызды. Малдыбай байғұста үн жоқ. Қостың дәл ортасына лаулатып от жақты. Малдыбайдың аяғындағы саптама етігі етімен ет болып, қатып қалғанға ұқсайды. Екі жігіт отқа жібітіп әзер шешті. Малдыбайда әлі үн жоқ. Сұлық жатыр. – Ағатай-ай, екі аяғың да үсіп кетіпті ғой, – деп Сәлім Малдыбайдың екі аяғын қармен ысып жатты.
Малдыбайдың аяқ-қолы күптей боп ісіп кетті. Денесі жанып бара жатқанға ұқсайды. Екі иығынан дем алып, демігіп отырған ол сөйлеуге де шамасы келмейді. Екі көзден жас ағып барады. Іштей зығыры қайнайды. Екі балам жетім қалатын болды дейді ол өзіне өзі. Бір мезгілде бір-екі ауыз сөзге әрең жарап: – Екі бірдей сорлы болған баламның көз жасы сен, Бөленді жібер месін... – деп Малдыбай тілі күрмелген кісідей сылқ етіп қисая кетті. Малдыбай «аһ, уһ!» деп күрсініп қойды. От көсеп отырған Сәлім: – Бәріміздің көретініміз мінеки, осы. Күн демей, түн демей байдың жылқысын бағатын біз. Жаны ашып, қыс қатты жылы сенсең тон тіккізіп бермей ме? Осы атыраптағы байлардың қайсысының үйінде болсын қасқыр ішік, құндыз ішік, кәмшәт ішік, тағы да басқа алуан түрлі ішіктер сіресіп тұрады, – деді. – Бөлекең қасқыр ішігінің бірін саған кигізер, – деді Тоқсан жылқышы. – Ондай күн біздің өмірімізде туа қоймас. Мүмкін, бір кезде біздің қолымызға қарға тышар. Жүз күн атан болғанша бір күн бура болсам деген екен, біздің аталарымыз. Сол айтқандайын, сұлтандықты бір күн менің қолыма тигізсе, байларға құзғындай тиіп, өшімді бір алар едім! – деп Сәлім ішіне жиналған ашуын ақтарып, отырған жұрттың алдына жайып тастағанына өзі риза болғандай қарқ-қарқ күлді. Сәлім етігінің сыртынан киген қалың киізден тігілген шұлығын шешкенде саптамасының өкшесі шойқиған жыртық тесігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Лаулап жанған от қостың ішін лезде қыздырды. Даладан тоңып келген жұрт аяқ-қолдарын жылытып қарық болып қалды. Бетін, қолын үсік шалғандар жалғыз болмады. Домбыққан саусақтары ісініп кеткені енді білінді. Жұрт майлы сорпа ішіп, естерін жинады. Малдыбай қозғалмастан, басын күпісінің жағасына тығып бұйығып жатты. Сорпадан ауыз тиюге де шамасы келмеді. Күннің екінші жартысында Сәлім шанаға қос ат жегіп, Малдыбайды ауылға алып кетті. Өн бойын кеулеген үскірік екеуінің де мойны мен бетін, кеудесін, қолын қарып, бүрістіріп барады. Шанаға жегілген қос ат қатты желіспен борандатып келеді. Ел жатпай, кешкі аяз қатая түспей ауылға да жетті. Малдыбайдың үйінің алдына келіп, аттың басын тартты. Сәлім Малдыбайды арқалап үйге кіргенде Зейнептің зәресі ұшқан дықтан: «Құдай-ау не болды?» – деп айғайлап жылап жіберді. Оған екі баланың шыңғырған дауысы қосылып, жел шулағандай үйдің іші азанқазан болды да қалды. Сәлім Малдыбайды төр алдында жайылған көне сырмақтың үстіне жатқызды. Шешіндірді. Үстіне өзі жамылып жүрген көне көрпесін жапты. Зарлап жылап тұрған Зейнепке қарап, Сәлім: – Сен несіне зарлап тұрсың? Қой жылама, балаларыңның жүрегі ұшып кетеді. Қайта аман қалғанына тәубе етпейсің бе? Боранда үсіп, далада қалып қойса қайтер едің? – деді. – Өзі үнсіз ғой, тілден айрылған ба? – деп Зейнеп зәресі ұшты. Не істерін білмей, өзі кішкене ғана бөлменің ішінде біресе екі баласына
қарап, біресе Малдыбайдың үстін қымтап тулай соққан жүрегі алқымына тығылып, екі көзден жас ағып бей-берекеті кетті. Малдыбайдың денесі ысып, сандырақтап сөйлеп жатыр: «Жылқы иесіз қалды-ау, қасқыр жеп кетті-ау, балаларым тоңып қалды ғой, Зейнеп-ау, сен қайда жүрсің», – деп Малдыбай әр нәрсенің басын бір шалып, жөтеле берді. Аяқ астынан жабысқан дерт өн бойына ине шанышқандай қақсап, тырналап, тыным бермей жатыр. Малдыбайдың қысылған ыңқылынан шошыған Зейнеп зар қағып, пешке от салып жүр. Еріндері кеберіп, естен айырылған адамша, Малдыбай әртүрлі сөздерді айтып, тыным ала алмай, шалқақтай берді. Қасында тұрған Зейнеп оның не айтып жатқанын түсіне алмады. Малдыбайдың науқасы айықпай күннен-күнге үдей түсті. Есін жия алмады. Зейнеп жалғыз қойын сойып, оны қойдың терісіне де орады. Ол да ем болмады. Екі-үш күн дегенде Малдыбай бұл фәниден өтті. Екі баламен зарлап, жүрегін дерт басқан жесір боп Зейнеп қалды. Жазғытұры күн жылына салысымен Зейнеп екі баласын алып, жалғыз сиырына жаман-жәутік төсек-орнын артып, Мырзағара ауылындағы жатақтардың ішіндегі төркініне келді. Екі бала қол-аяғын жинап өскенше, Зейнеп бай ауылының терісін иледі, шүйке түртіп арқан-жіп есті, жіп иірді, сиырын сауды, құрт қайнатты, ірімшік сүзеді. Күн-түні отымен кіріп, күлімен шықты. Қыс айларында қысырақ сауды. Осы күн көрісін тәубе ғып жүріп жатты. Көздерін ашпай жатып, екі ұлы Мырзағараның бұзауын бағатын болды. Жалаң аяқ, жалаң бас, шоқпыт-шоқпыт киімдері алба-жұлба болып, таңның атысы, күннің батысы демей екі бала зыр жүгіріп бұзаудың соңында болды. Қысты күні ышқына соққан үскірік желдің өтінде жүріп, қол-аяғын қарып бара жатқанына қарамастан, олар торпақтарды бақты. Өмір талқысына ерте, жас балауса кезінен кіріскен Ұлтарақ бірте-бірте ширай түсті. Өмір жалғаса берді. 1856 жылдың шілде айы. Ойжайлау толы іркес-тіркес жақын қонған ауылдар. Арлан бөрідей арлы-берлі сапырылысты, тыным таппай араласып жүрген адамдар. Бөленнің ауылына алыстан іздеп Асылбай келді. Оны Бөлен сырттай сыр білдірмегенсіп, жылы шыраймен қарсы алды. Қымыз ішіліп, қой сойылып, қазанға ет салынып жатты. Көп ұзамай-ақ тоңы жібімеген кек жота көрсете бастады. Үлкен ызаның сызы жатқандай болды. Бөлен ырғалып-жырғалып, төрде отырған Асылбайға қабағын түйіп, үлкен көзін қадап қарады да: – Өзің іздеп келгеніңе қарағанда, өткен жылы жылқымды айдатып алмақ болғанда, қолға түскен жігіттерің үшін менің алдымда кешірім сұрауға келген боларсың, ә! – деп әңгімені турасынан бастап, кекете күлді. – Бөлеке, үйіне келген құдайы қонақты ескі зәрін айтып қарсы алмайтын бұрыннан ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан әдет бар еді. Сен сол әдетті бұзайын деп отырғаннан аманбысың?
– Мен сенен алатын айыбымды алдым. Ол мал ғана емес пе? Әдейілеп, жылқы ұрлатқан сенсің. Сол айыбыңды мойындап, алдыма жығылсаң болғаны да, осыны өткен жылдан бері тосып жүрмін. Екеуі де ызғарланып, шекісіп алып алдарындағы сырлы тостағанға ернеуіне дейін шыпшыта құйған қымызды ішіп отырды. Асылбайдың қасында сайдың тасындай сайланған бірнеше жас жігіттер. Олар да үнсіз қымыз ішіп отыр. Асылбай кербез кісі. Үстіндегі ақ мақпалдан тігілген, қара барқыттан қайырма жаға салған кең шапан. Аяғында әміркен етік. Ішкі киімдері де қоңырқай барқыттан тігілген шалбар-бешпет. Бұлар Бөленнің бәйбішесінің сегіз қанат үйіне түскен. Есік алдынан төрге дейін жайылған қызылды-жасылды парсы кілемдері, арқар мүйізді түскиіздерге құндыз тағып безелген. Төр алдына қызылды-жасылды қаңылтырмен безелген сандықтарды бірінің үстіне бірін қойған. Үйдің оң жағында бергі беті күміспен әшекейленген бәйбішенің ағаш төсегі. Судай жаңа шағи шымылдық құрылған. Дөңгелек үйді жағалата салынған көрпелер. Шағимен тысталған мамық жастықтар. Асылбай қымызға сусыны қанып, екі жастықты қолтығының астына салып, жантайып жатты да: – Ер шекіспей бекіспейді дейді екен біздің бабаларымыз. Екеуміз сәл ғана сөз таластырдық. Егер, біздің ағат кеткен жеріміз болса, кешіріңіз. Қателеспейтін пенде болмайды. Біз де сол қатеден құр болмағанымыз. Сен осыны айтады деп, әдейі келіп отырмыз. Аға сұлтансың, кешірімді бол. Ендігі жерде ондай ағаттық болмайды. – Е, міне, осылай жөніңе келсеңші. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді дейді қазақ. Ұрлық пен барымта мен жинаған мал ас болмайды. Өзің әдейілеп келген болсаң, айыбыңды кешірдім, – деп Бөлен бірден жайылып сала берді. – Кел мұнда, – деп орнынан ырғалып-жырғалып тұрған Асылбай Бөленмен құшақтасты. Үйдегілердің бәрі: «Е, міне, бәрекелді, бәрекелді», – деп ызғарлы екі кісінің құшақтасып татуласқанына ризалық білдірді. Ішке қатқан мұз ерігендей болды. Екі жағы да ызалы кеуделері босағандай сылқ етіп орындарына отырды. Тостағандағы қымыздарымен соғысты. Бұлардың ендігі әңгімесі ел бірлігі жайлы болды. Кейінгі жылдары андыздап, қара құрттай қайнап көбейіп бара жатқан жесір дауы, барымталау сияқты ел арасындағы тартыс-таласты әңгімеледі. Оңайлықпен тізе бүкпейтін Асылбай бүгін Бөленнің алдында өзі жасатқан өрескелдігін мойындап, құрдай жорғалап отырғандығында да, ішінде бүгіліп жатқан мерез құрты болатын. Ол бойындағы барлық жігерін өзге бір өріске салмақ. Кейінгі кезде Әли сұлтан мен Бөлен сұлтанның бірнеше рет кездесіп, Ресей патшасына бағынуды мақұлдап, келісімге келгені жайлаудағы ел-жұрттың бәр-бәріне тараған болатын. Асылбай сияқты кейбір ауқатты адамдар осы екі сұлтанның шарттасқанына наразы болатын. Міне, Асылбайдың алыс жерден ат терлетіп келіп отырған жұмысы да осы. Асылбай көкірегіне
жара болып жабысқан әңгімесін Бөлен сұлтанға көзбе-көз, куәсіз жеке сөйлесуді мақұл көрді. Үлкен ауыр денесімен жантайып жатқан мамық жастықтан басын көтеріп, малдасын құрып отырды да: – Бөлеке, – деді, – менің сенімен жеке сөйлесетін әңгімем бар. Есік алдына шығып, анау үй сыртындағы төбеге барсақ. Сол жер қолайлы болар. – Менен кешірім сұрап келген екен деп отырсам, сенің бүгіп қалған тағы бір құпия әңгімең бар екен, – деп Бөлен орнынан тұра беріп, сайқалдана күлді. Екеуі төбе басына сырмақ төсетіп көп отырып, армансыз, ұзақ сөйлесті. Асылбай орағытып, әр ненің басын бір шалып отырды. Айтайын дегенін ашық, тура айтпайды. Ел арасында әр нәрсені сылтау ғып, пара алу да етек алып бара жатыр. Парашылар әр уақытта қорқақ, жалтақ, сақ болады. Бұл екеуі қатарласа жүретіні елдің бәріне анық. Ең алдымен Бөленнің ел жайын, сұлтанға жүгіне келген екі жақтың да сыр-сипатын, даудың түйіні қай жақта жатқанын жақсы білетінін Асылбай ақырын сөйлейтін қоңыр даусымен бөлшектеп айтты. Бөлен болса, Асылбайдың өзін мақтап отырған себебін, төркінін, жіптің ұшығын түсінгісі келіп, үнсіз бар көңілімен тыңдап отырды. «Бұл кәрі тарлан кімге арқан тастар екен», – деп ойлайды ол. Асылбай қозғала беріп, қалтасындағы шақшасын алып, алақанына насыбай салды да жып еткізіп астыңғы ерніне атты. Шырт-шырт түкіріп отырды. Бір мезгілде: – Бөлеке, осы елдің арасында бір суық хабар бар. Әли сұлтан екеуің Жетісудың бес руын Ресейге қарату жөнінде келісімге келген дейді. Осы рас па, жоқ па? Өз аузыңнан естиін деп отырмын. Шыныңды айтшы. – Шынымды айтсам ертең осында Әли сұлтан, осы елдің басқа да бибағландары жиналмақ. Шекара генералымен келісімге келіп отырмыз. Ресейге өз еркімізбен қосыламыз деген шартқа қол қоймақшымыз. Бар шынымды айттым. Білгің келсе осылай! – деді. – Е, елдің өсегі дұрысқа шыққан екен ғой, – деп Асылбай қанын ішіне тартып, сұрланып кетті. – Ресейге қосылғанда халқымызға тиетін пайда бар ма? Осыны ойладыңдар ма? – Ресейге қосылғаннан қазақ халқының табатыны көп екенін қайсың біліп, түсініп жатырсыңдар. Мына бүйіріңнен Қоқан хандығы, оң бүйіріңнен шүршіт қысып жатқанын сен сияқты ел жақсылары түсінуге тиісті емес пе? Ресейге өз еркімізбен қосылып, үлкен мемлекетке арқа сүйесек, халқымыздың бірлігін сақтап қаламыз. Осы маңдағы бес рудың игі жақсысы сұлтан, билерімен кездестік. Көп сұхбаттастық. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылғанына қанша заман болды. Ел бірлігін жоймай, олар да күн көріп жатқан жоқ па? Әли сұлтан шекара генералымен кездесті, оған біздің ойымыз бен адал ниетімізді айтты. Ол кісі Әли сұлтанның ұсынысын қабылдаған көрінеді. Бұл көпшіліктің шешімі.
– Сендер біз сияқты адамдармен де кездесіп, ойымызды біліп, пікірімізді тыңдамайсыңдар ма? Іле өзенінің арғы бетіне Кенесары нөкер лерімен Арқадан келген көрінеді. Оның ойы – осы маңдағы қазақтардың басын қосып, хан болмақ көрінеді. Кенесарыға қолдан келген көмегімізді беріп, жеке хандық құрғаннан сендер неге қаштыңдар? Осы жері мен үшін түсініксіз. – Сенің ойың бізге белгілі болды. Бірақ сенің ол айтқаның болмайды. Біз генералмен уәделесіп қойдық. Мұндай ел тағдырына байланысты мәселені қол көтеріп, тас домалатып шешуге болмайды. Кенесары дейсің. Оның да жайын білеміз. Бүкіл Арқаны бүлдіріп, емшектегі баласын найзаның ұшына шаншып, кемпір-шалды сойылға жығып, қанын ішіп, ол жақтан жеңіліс тауып келе жатқан хан бізге керек емес. Ол бізге шаршап-шалдыққанда, су түбіне кетіп бара жатсақ та тірек, қорғаныш бола алмайды. Кенесары бізден қол, көлік сұрап өзінің бірнеше адамын осы Ойжайлауға жіберіпті. Мен Ресейге қарайтын болдық. Сізге ешқандай көмек бере алмаймыз деп екі інімді Іленің ар жағындағы Кенесарымен тілдесуге жібергенмін. Олар апта бойы Кенесарымен сөйлесіп оған біздің ойымызды түсіндірген көрінеді. Бірақ ол бес рудың Ресейге қосылуына қарсы дейді. Еліңді шауып аламын деп найзасын қайрап, жер тепкілеп, қаһарын тігіп отырған секілді. Ол келіп еліміздің шетіне тиіссе, біз де қарадан-қарап, қол қусырып отырғанымыз жоқ. Оның әскерінің көпшілігі еркекше киінген қыз-келіншектер көрінеді. Оларға біздің сарбаздар орыс әскерімен бірігіп, бірер рет соққы берсе, тырым-тырақай болатын жандар. Қатындар еркекше қолдарына шоқпар ұстап, қай елді жеңіп алған еді. Айтшы өзің? – деп Бөлен шоқша сақалын оң қолымен сипап, кеңкілдеп күлді. Аязды желдей суық хабарды естіген Асылбай «астапыралла», деп ширығып, өн бойын ыза мен шер кернеп қоя бергендей беті қушиып, ерні кезеріп, екі қолы дір ете қалды. Жын шақырған бақсыдай, бетіне қызулы жалын шарпығандай орнынан тұрып, еңкейіп бара жатқан күннің қызыл шапағына қарап сәл уақыт үнсіз тұрды. Алай-түлей ұйтқыған ашуын, аяздай суық көңілін сыртына шығара алмай ішін кернеп, жарылып кететіндей, екі мықынына қолын тіреп Бөленге қарады. Ашу жалыны ұялаған қызыл көзін қадап: – Әли сұлтан екеуіңнің ел бірлігі үшін іздеп тапқан жолдарың осы болғаны ғой. Өз қандастарың Кенесарыны жауға ұстап беріп, Ресейге жалт бергелі отыр екенсіңдер. – Сабыр етіңіз. Орта жүзде бүлік салып, қанға бояп келген хандықтың бізге керегі жоқ. Біз Ресейге қараймыз дегенде ел бірлігін ойлап отырмыз. Ертеңгі күні күншығыстан шүршіт, оңтүстіктен Қоқан хандығы Жетісу дың аз ғана қазағын тарам-тарам ғып, бөлшектеп әкетсе не істер едің? Өмір деген қым-қиғаш талас, тартыс емес пе? Халқымыздың өрісі алда емес пе? Сенің руың Жетісудың басқа руларының қақ ортасында, оңаша отырып, жеке хандық құра алмайсың. Ол құдайға да, бізге де анық.
– Халық-халық дейсіңдер, сол халықтың шөкімдей де болса, бір бөлігі біз емеспіз бе? Неге ақылдаспайсыңдар? Әлде, бізді кемсіткендерің бе? – Асеке, ел құлағы елу емес пе? Сіздің ниетіңіз, бізге әлдеқашаннан бері белгілі болғандықтан ақылдаспауды ұйғардық. – Көп рудың ортасында отырғандықтан біз сендерден бөлініп кете алмаймыз. Бірақ, төрт көз түгел отырып шешкен дұрыс емес пе? – деп Асылбай сәл жібігендей болды. – Е, міне, аз да болса, жөніңе көшкенің дұрыс. Үлкен таласқа, елді ойран ететін жанжалға онша тауаны жоқ, табаны бұдырсыз Асылбай таласа-таласа келіп, Әли мен Бөленнің шешіміне бой ұрып, көнген ықылас көрсетті. Жаздың шыжып тұрған ыстық күні. Ойжайлау биылғы жылы бұрынғысынан да әсем. Масаты кілемдей жайқалған қалың шалғын. Сары ала, қызыл ала гүлдермен көмкерілген тау беткейлері қызылдыжасылды әшекей көйлек киген қыз-келіншектердей баяу соққан самал желге құлпырып, көлбеңдей билеп тұрғандай көрініс беріп, көз тұн дырады. Ертеден тойға деп арнайы бордақыға байланған семіз қойлар, тай, құлындар сойылып жатыр. Генерал келеді деп әдейі арнап тігілген сегіз қанатты, ақ шағаладай үйлер Бөлен ауылынан оқшаулау тігілген. Қонақтарға тамақ пісіретін жеке үй Лепсі өзенінің жағасына тігілді. Қонаққа арнайы сойылған қойларды жай сойғызбай, үйтіп жатты. Жер ошақ басында қанға таласып, бір-біріне арсылдап үріп, ырылдасып даңғаза болып жатқан иттер. Ішек-қарынға қарық болған қараша ауыл дың әйелдері өзен басында ішек-қарын аршып, азан-қазан болып жүр. Түйеге артқан, сырлы піспегіне үкі тағылған саба-саба қымызды түсіріп, күмпілдетіп пісіп жатқан жас жігіттер. Сары майға пісіріліп жатқан қызыл күрең бауырсақтың иісі тұмсығыңды жарады. Әр жерден шаң беріп жатқан өсек-аяңдар ел арасын кеулеп барады. Кейбіреулері «біздің елді орысқа қаратып, Әли мен Бөлен шоқындыр ғалы жатыпты деп, ал ден көпшілігі «Ресейге өз еркімізбен қосылып, Орта жүз бен Кіші жүзге еріп, ел қатарына қосылады екенбіз» деген әңгіме елжұрттың бәрін кеулеп бара жатты. Жер ошақ басында «ертең женерал келіп, біздің елді Ресейге қосатын көрінеді. Бес рудың сұлтандары мен билері шартқа қол қоятын сияқты. Сол қағазға қол қойыла салысымен біз патшаға қарайтын боламыз. Үлкен той-думан құрады. Тіпті әуелі қыстаудағы жатақтар да келеді дейді» деп сыпылдап, білгішсініп сөйлеп жүрген қатындар. Төбеден асып, өрістен қайтқан қора-қора қойлар суға қарай жамырап келеді. Күннің ыстығында қаталап, шөлдеген жануарлар Лепсінің суына лап қойысты. Суға қанған топ-топ сиырлар сызды жерге қарнын төсеп, үйір-үйір болып, қозғалмастан жатты. Оқыра тиген жас сиырлар көздері ежірейіп, танаулары делдиіп, тағат таппай арлы-берлі шапқылап жүр. Сауын биелер арғы беттегі қалың шалғынды орақтай орып жайылып жатыр.
Алатау бөктеріндегі қырат-қыраттардан, тотияйындай көгілдір адыр ларынан, жықпыл-жықпыл таулардан асып Бөлен ауылына құйылып жатқан жұрт. Жолға шығар алдында бірнеше түн таң асырып, жара тып алған аттары тақымды қысып қалса, ұршықтай иіріліп, ауызды ғын шайнап, ыршып шаба жөнелуге елпілдеп келеді. Қонақтардың алды топ-топ болып келіп те қалды. Ат сөресінің басында аттан түсіріп жүрген сайдың тасындай сайланған жас жігіттер. Қонақтар бірінен-бірі асып түсеміз дегендей ер-тоқымдары, таралдық, үзеңгілері, құйысқан дары, өмілдірік, жүгендеріне дейін күміспен көмкерілген. Қолдарында сары ала қамшы. Пәуескеге үш ат жеккен Әли сұлтан да қарсы алдағы жотадан асып, күре жолды шаңдатып аттың қатты желісімен келе жатты. Алды-арты толған салт атқа мінген нөкерлер. Әлиді Бөленнің өзі сұлтанға арнайы тігілген киіз үйдің сыртында қарсы алды. Екі сұлтан құшақтасып амандасты. Іші сары ала кілеммен безелген үйге алып жүрді. Есіктен төрге дейін жерге судай жаңа кілем төселген. Оның үстіне шағи көрпелер жайылып, мамық жастықтар қойылған. Бір бүйірде Бөленнің өткен жылы қар алғаш түскен мезгілде аңға шығып, соғып алған тарлан қасқырдың терісі ілінген. Төрде отырған Әлидің көзі қасқырдың терісіне түсіп: – Мына тарлан тайыншадай үлкен-ақ патшағар екен. Өзіңнің соқ қаның ба, болмаса біреу саған байлады ма? – Өткен жылы алғашқы қарда аң аулап жүрсек, бір шаттың ішінен шыға далаға қарай қашқаны. Бұрын да қасқырға салып жүретін Күшіген дейтін тазым бар еді. Төбені бөктерлей қашқан қасқырды байқап қалды да жұлқына бастады. Мен де, қасымдағы жігіттер де аттың тізгінін қоя беріп, қуа жөнелдік. Мен Күшігеннің қарғы бауын алып, қасқырды әбден көргеннен кейін қоя бердім. Біз де иттің соңынан қалмай шауып келеміз. Қасқыр дөңестен асып, тауға қарай қашқаны. Тау бөктеріне жақындай бергенде, артында қуып жетіп қалған Күшігенге арс етіп, жабыса түсті. Екеуі алыса кетті. Біз жете бергенде екеуі ит жығыс түсіп, қарды бұрқыратып жатыр екен. Күшіген қасқырдың тамағынан қапсыра тістеп алған, жіберетін түрі жоқ. Ат үстінде тұрып мен қолымдағы шоқпа рымды сілтеп қалғанымда, тура қасқырдың тұмсығына тигені. Міне, бұл қасқырдың бар тарихы, – деп Бөлен Әлиге қарап, жымың етіп күлді. – Жарайсың сен. Шынында да қасқырдың тарланы екен, – деп Әли де күлімсіреді. Әли атағы шыққан аға сұлтан. Ақылы да, қулығы да қосарлана жүретін сахараның майталманы. Ол өзіне қарсы адамды су түбіне жіберіп, жойып жіберуге де даяр сұрқия мінезді адам. Ондай істі ол еш уақытта өз қолымен жасамайды. Екінші бір кісілер арқылы өз жауын тобықтан салып қалады да, сылқита салады. Бұл оның қашаннан бергі әдеті. Маңындағы кедейкепшіктерді өмір бойы борсықша сорып үйренген даланың тарланы. Қора толған малы да пара мен барымтадан жиналған. Мұның да жемсауы кең адам.
Әли үстіне осы мәжіліске арнайы мақпал барқыттан кең тігілген шалбар, бешбент, етегі жерге тиіп жатқан мол шапан киген. Аяғында әміркен етік. Жасы алпыстан асып, жетпіске таяп қалса да әлі тұғырынан түспеген сәнқой кісі. Семіз денелі, жалпақ бет, ақ сақалы кеудесіне түскен, шашты ұстарамен алғызған тақыр бас кісі. Үлкен қырағы көзі алыстағыны көретін ақыл иесі екені бір көргеннен белгілі болып тұр. Бөлен өз қолымен Әли сұлтанға қымыз құйылған тостағанды ұсынып отыр. Үй лық толы қонақтардың ішінде Асылбай да бар. Оның жүрегі жарықшақ, ақау көңілімен үндемей, сөзге араласпай, үнсіз тыңдап отыра берді. Әли Әділұлы дулат руының ақ дегені ақ, қара дегені қара, үкімі жүріп тұрған беделді сұлтаны. Сөзге шешен, басқан аяғын ақылмен басатын кісі. Осы өңірдің қазақтарына тараған мынандай мақал бар: «Тоғыз құмалақ ойнағысы келген адам Құланға; жақсы ақыл сұрауға Әлиге; кімде кім қырт болғысы келсе, Сүйікке; талас-тартысты шешкің келсе, халыққа бар». Маңындағы жұрттың да, басшы кісілердің де тілін таба білетін көсем адам. Ол қымызға тойып, ішкі қалтасынан жаңа жауған ақ қардай судай жаңа орамалын қолына алып, маңдайындағы шып-шып шыққан терін сүртті. Арқасына мамық жастық қойып, шалқайып, жайланып алды да: – Халайық, – деді, – ертең Ойжайлауға генерал Вишневский келеді. Ол кісі үлкен мәртебелі адам. Үйсіннің игі жақсы сұлтан, би біткеннің бәрі-бәрі жиналыпсыңдар. Генерал келер алдында сіздермен ақылдасып, келісіп алатын үлкен мәселе бар. Ол біздің қазақ халқының келешектегі тағдыры. Халық бізді осы лауазымызға сайлап, сеніп қойды. Халықтың сенімін ақтауымыз керек. Үркердей ғана бес ру елміз. Жан-жағымыз қаптаған жау. Қой аузынан шөп алмайтын момын елімізді тоз-тоз ғып әкететін түрі бар. Олай болған күнде елдігімізден айрыламыз. Ресей патшасының өкілі Вишневскиймен бес ру қазақ елі өз еркімен Ресейге қосылатыны жөнінде келісімге келдік. – Е, міне, ақылды адамның ісі осылай болу керек. Халқының мүдде сін көздеген деген осы, – деп отырған жұрттың көпшілігі Әли ұсынысын мақұлдап, үй іші даңғаза болып, үйдің шаңырағын көтеріп әкететіндей у да шу болды да қалды. Ертеңіне күн шайдай ашық болды. Мамықтай ақша бұлт Алатау басында шөгіп жатыр. Қонақтар таңертеңгі шайларын ішіп, шапандарын желбегей жамылып, сыртқа шығып, екіден-үштен Лепсі бойына қарай маң-маң басып, аяңдап бара жатты. Орта жүздің сегіз жүздей салт мінген жігіттері тау бөктерлеп, сау етіп Ойжайлауға келді. Ұлы жүздің шамасы жүз елудей жігіттері Ойжайлауға құйылды. Қасында қылыш асынған бір топ әскері бар генерал Вишневский де келіп жетті. Ол кісіні Әли, Бөлен бастаған сұлтан, билер құрметті қонақ есебінде қарсы алды. Жеке оқшау тігілген үйге түсірді. «Женерал мырза, женерал мырза», – деп Ойжайлауға жиналған елдің сорпаға шығарларының бәрі жаны қалмай аяқтарының ұшымен жүріп, күтіп жатты. Ұлы жүз бен Орта жүзден келген жас жігіттерді қарама-қарсы отырғызды. Орталарына ұзыннан-ұзақ текемет, сырмақ, кілем төселді.
Дәл ортан белге төселген кілемнің үстіне молла отырды. Басына сәлде ораған, үстінде ақ мақпал шапан. Семізше келген, егде тартқан, сақалы қылауланып, бурыл тартқан адам. Жиналған жұрт қаз-қатар отырып жатты. Топтың бас жағындағы кілемге Әли, Бөлен, генерал отырды. Ауыр денесімен орнынан ырғалып-жырғалып тұрған Әли: – Халайық, бауырларым, құтты қонақ келсе, қой егіз табады дегендей, бізге Ресейдің шекара бөлімінің бастығы генерал Вишневский келді, – деп қос қолымен қасындағы генералды көрсетті де Әли сөзін ілгері қарай жалғастыра берді, – Ұлы жүздің бес руы өз еркімен Ресейге қосылуға шарттасқалы отырмыз. Ресейге шын көңілімізбен қосыламыз. Ақ патшаға адал қызмет етуге осында отырған үйсіннің игі жақсыларының атынан ант береміз. Жиналған жұрт бұл хабарды ыстық көңілмен қарсы алғандай: «Ел көсемі болсаң осындай бол. Әр хандыққа жем болып жүргенше, Ресейге қосылып, Орта жүздегі туыстарымызбен бірге боламыз. Жарайсың, сұлтаным, ел билеген соң осындай ақылды биле», – деп қатарласа, жарыса шу ете қалды. Топ ішінде Асылбай ғана көңілсіз отыр. Ол бұл жерде өз ойын ашық айта алмады. Ішіне бүгіп қалды. «Жалғыз өзім мына көпшілікке қарсы тұра алмаспын. Үндемей үйдей пәледен құтылайын», – деген ойға келіп, зығыры қайнап, сілейіп үнсіз қалды. Жиынның бір де бірі қалмай, жапа-тармағай намаз оқыды. Жұрт көңілді. Жабу жабылған бәйге аттарды жетектеп, ойқастап жүрген жандар. Намаз оқылып бітісімен генерал жиналған көпшілікті Ресейге қосылғандары үшін құттықтады. Қазақ халқының басын қосып, бір ел болуын, тату-тәтті достығын тіледі. Генерал бес ру сұлтандарына бес алтын медаль тапсырды. Ал, Әли сұлтанның үйсіндерді Ресейге қосу жөніндегі еңбегі үшін мойнына алтын медаль кигізумен бірге, оған подполковник деген әскери атақ берілгендігі жөніндегі патентті оқып, қолына тапсырды. Дәл осы кезде, сырнай тартылып, бүтін Алатаудың бөктерін күңірентіп, зеңбіректен алты дүркін оқ атылды. Бұрын-соңды зеңбірек даусын естіп көрмеген қазақтардың жүрегі ұшып, жерге жабысып жата қалды. Жиын соңынан ел өміріне керекті бірнеше мәлімдеме, шарт қабыл данды. Ең алдымен ерекше маңызы бар мынандай мәлімдеме оқылды. Ол мәлімдемеде былай делінген: «Біз, төменде аты аталатын Ұлы жүздің Дулат, Албан, Суан, Шапырашты және Жалайыр руларының сұлтандары мен билері Қарқаралы, Аягөз және Көкпекті округтерінің аға сұлтандарымен бас қосқан жиында Сібір казактарын басқаратын Шекара бастығы генерал-майор, кавалер Вишневскийдің қатынасуымен мынандай келісімге келіп, қолымыздың таңбасын және мөрімізді басамыз: тыныш, бейбіт жатқан біздің еліміздің шырқын бұзушы есебінде, еліміздің шетіне келген қарақшы Кенесары сұлтанды, оның сыбайластарын біздің еліміздің жауы деп есептейміз, онымен ешқандай қарым-қатынасқа түсіп, жақындаспаймыз. Кенесарыға және оның сыбайластарына жерімізден
орын бермейміз, егер де ол бізден жырақ жерде болса да, елімізге қарсы жауынгерлік, қарақшылық, опасыздық әрекет жасаса, біз сол сағатта жоғарғы мәртебелі өкімет орнына хабарлауды міндетімізге аламыз». Екінші қабылданған шарттың мазмұны мынандай еді: «Ұлы жүздің Дулат, Албан, Суан, Шапырашты және Жалайыр руларының сұлтандары мен билері келешекте Орта жүз қазақтарына қарсы заңсыз әрекет жасамауға, барымталаспауға, шапқыншылық және ұрлық сияқты әдетті тоқтатуға, екі елдің арасындағы достықты, бейбітшілік болуды сақтауға қаулы етеміз», – деп екі жақтың адамдары шартқа қол қойды. Той десе қу бас домалайды дегендей, атқа мінгесіп, жаяу-жалпы өгізге, жалғыз сиырына мініп қыстаудағы жатақтар, қойшы, сиыршы, жылқышылар Ойжайлауға топырлап құйылып жатты. Бәйге аттар кетісімен басталған балуан күресі, қыз қуу, көкпар тарту сияқты қазақ ойындары басталып кетті. Тау да, дала да, өзен де ән үніне толып, қуанышқа бөленіп, күлімдеп тұрғанға ұқсайды. Әли мен Бөлен ең сыйлы қонақ генералды өзен жағасында жалғыздан-жалғыз өскен еменнің көлеңкесіне сырмақ төсетіп: – Бүгін ыстық, ағаш көлеңкесіне барайық, сусын ішейік, – деп алып келді. Бұларға еріп, басқа рулардың да сұлтандары жапа-тармағай отырысты. Салқын қымыз әкелінді. Үлкен жалпақ сырлы тегенені сапырып отырған жас жігіт тостағанға қымыз құйып, қонақтарға ұзата бастады. Төменде отырған топтан біреу оқшау шығып, сұлтандарға қарай таяғына сүйеніп, аяғын әзер басып келе жатыр. Бұл Малдыбайдың қайын атасы, Зейнептің әкесі Қабыл еді. Күні бойы оразасын ашпаған, аш болатын. Оның үстіне ыстық күнде шөл қысып, тілі аузына сыймай, ерні кезеріп, шыдамсызданған соң ұятты шүберекке түйіп, қасына жиені Ұлтарақты ертіп, ағаш түбіндегілерге жақындап, таяғына сүйеніп тұрды. Сәлем берді. Оның сәлемін бірі алды, бірі ернін қыбырлатты да, теріс қарап отыра берді. Шалдың беті айғыз-айғыз әжім. Ақ сақалы кеудесіне түсіп, мұрты ернін жауып кеткен. Көзі шүңірейіп ішіне кіріп, үлкен бір қайғының ізін көрсеткендей. Жаратылысынан кішкене мұрны ішіне кіріп, бетпен бет болған. Үстінде шұрық-шұрық тесік шекпен. Басында тозығы жеткен сеңсең бөрік. Шеткерірек отырған біреу: – Бұл жерде тұрма, кейін кет, – деді. – Кетпеймін. Жандаралды жаман көзіммен көріп алайын – деп тұр мын, – деп Қабыл қарыса түсті. Қабыл шалдың түрін көрген генерал саптыаяққа толтыра қымыз құйдырып: – Ана шалға апарып бер, – деді. Қабыл саптыаяқтағы қымызды Ұлтарақ екеуі бөліп ішті де: – Құрметті жандарал, – деді қолын жайып, – түсің игі қайырымды жан екенсің, суға батпа, отқа жанба, Құдайдың өзі сақтасын, аллаәкпәр, – деп батасын берді.
Вишневский қолындағы тостағанға құйылған қымызын дастарқанға қойып, таяғына сүйеніп, әзер кетіп бара жатқан Қабылға қарап, көзін тігіп үнсіз отырды. Ол іштей: «Бұл халық – жақсылыққа жақсылық істейтін, қайырымы мол халық. Анау жылы осы маңның біріне Ресейден көшіп келе жатқан бір қос орыстардың аттары маңқа ауруына ұшырап, жаяу қалғаны есімде. Күздің қара суығы түскен мезгіл болатын. Шар өзенінің маңындағы қазақтар сол орыстарды қыс бойы үйлеріне паналатып, азық-түлік беріп, бір тиын ақы алмастан келесі жазғытұрымға дейін асырап шыққаны көз алдымнан кетпейді. Қар кетіп күн жылына салысымен бүкіл ел болып, ат жинап берді. Бала-шағаларына киім-кешек жинап, киіндірді. Алыс жолдан жүдеп-жадап келе жатқан орыстарға өз туысындай қараған бұл халыққа қалай риза болмайсың: Орыс шаруалары да қарыз қалмаса керек. Олар өзара тұқымға деген астықтарынан бөліп, Шар өзенінің бойындағы жерді жыртып, қазақтарға егінді қалай егуді үйретіпті. Қазақтар орыс шаруаларының кең пейілдігіне риза болып, көлік жинап бергені де осыған байланысты еді. Тіпті, әуелі ол жердің көшпелі қазақтары: «Алыстан қиыншылықпен көшіп келе жатыр екенсіңдер, ілгері қарай бармай-ақ осы біздің елімізде үй салып, шаруа құрып қала беріңдер. Біздің жеріміз де шұрайлы. Өз еркімізбен керекті жерді бөліп береміз. Сауынды сиыр да табамыз. Тұрмыстарыңның жақсарып кетуіне көмектесеміз. Сендер де біз сияқты сіңірі шыққан кедей екенсіңдер. Алдарыңда не күтіп тұрғанын қайдан білесіңдер? Бұл жерде үйренісіп қалдық. Қалыңдар» – депті. Бірақ, орыстар: бізге орналасатын жерімізді көрсетіп берген қағазымыз бар. Біз шартты бұза алмаймыз деп күн жылынысымен қазақтарға рақмет айтып, жүріп кетіпті. Қазақтар көп жерге дейін орыстарды ұзатып салыпты. Мінеки, бұл халық осындай мейірімді, қайрымы мол, қиналған адамды жолға тастап кетпейтін ел», – деп генерал ойын түйді. Бәйге аттардың келетін мезгілі таяп қалды. Жұрттың бәрі күнбатыс жақтағы төбеден асып, сұлап жатқан күре жолға қарады. Көп ұзамайақ жалғыз шаң көрінді. «Жалғыз дара келе жатқан кімнің аты екен?» – деп жұрт дуылдасып тұр. Ат көмбеге жақындай бергенде топ ішіндегі Мырзағара «менің шұбарым келеді», деп шыдамсызданып айғайлап жіберді. Бәйгеге мінген Мырзағараның он жасар ұлы Саурық көмбеден өтіп шықты да, қызып алған аттың басын шәужейлеп тоқтатты. Аттың тізгінін күтуші жас жігітке ұстатып, өзі әкесінің қасына келіп, мойны нан құшақтай алды. Жұрт: «Мырзағараның аты келді», – деп азан-қазан болды. Той бітті, жиналған жұрт топ-тобымен тарап жатыр. Генералға қым бат-қымбат сыйлық беріп шығарып салды. Ойжайлау құлаққа ұрған танадай бос қалды. Ойжайлауға казак полкының жүздей солдаты келіп орналасты. Одан екі-үш жыл өткен соң Тобыл жақтан үш жүздей шаруа семьясы келіп, үй салып, орныға бастады. Ойжайлау көп ұзамай Шұбар ағаш, соңынан Лепсинск деп аталды. Қаз-қатар салынған ағаш үйлер бой түзеп,
шатырлары қызылды-жасылды түсті сырмен сырланды. Ішкі жақтан көшіп келе жатқан шаруалар саны жыл сайын көбейе түсті. Лепсі, Сарқан, Ақсу тағы басқа өзендердің бойына казачий станица лары салына бастады. Өмірінде адам аяғы баспаған, қара топырақты, майы шығып жатқан жерлерді жыртып, әртүрлі дақылдар себілді. Тың жерге егілген бидай жаз айларында теңіз толқынындай жайқалып, күмістей күннің сәулесіне қосылып көз тұндырады. Қазақ жатақтары орыс деревняларының шаруаларымен тез тіл тапты. Батыр бастас, қатын мұңдас дегендей, өзара тамыр болып, ішек-қарындары араласып кетті. Қабыл ақсақал жиені Ұлтараққа: «Шырағым, бүгін мына қасымыздағы орыс ауылына барып қайтайық. Сен де ер жетіп қалдың. Қозыңды Зейнеп баға тұрар. Орыс қайырымды, жолдастыққа берік халық көрінеді. Әкең жоқ, жетімсің. Мен болсам қартайдым. Бүгін бе, ертең бе деп қаусап отырған жайым бар. Екі-үш күн бұрын бір орыспен кездескен едім. Олар да бұл жерге жетісіп келмеген екен. Ол елде де жердің шұрайлысын байлар пайдаланады дейді. Бұлар арғы ата-бабасынан бері байдың құлы болған көрінеді. Айтып отырса көрмеген қиыншылықтары жоқ. Сонау жердің түбінен келіпті. Сол орыстың Сергей деген баласы бар көрінеді. Соны мен сен тамыр бол. Күндердің күнінде саған сүйеу, қысылсаң пана болуға жарайтын, жақсы халық көрінеді», – деді. – Орыс тілін білмейсіз. Ол кісімен қалай сөйлестіңіз? – деді Ұлтарақ. – Ол адам аздап қазақ тілін үйреніп алыпты. – Келгендеріне көп болған жоқ, қазақ тілін теп-тез қалай үйрене қойған. – Олар қазақ жерімен жеті-сегіз ай жүріпті. Тамақ сұрап жеуге де тіл керек болған соң, қазақ тілін үйренуге тырыстым дейді. Жүр, көп сөзді қой, кеттік, – деп Қабыл Ұлтарақты ертіп орыс деревнясына келді. Кешегі орыстың үйін тез тапты. Үй иесі бұларды құшағын жайып, бар адал көңілімен қарсы алды. Қасындағы Ұлтараққа тетелес сары баланы Сергей деп таныстырды. Өмірінде төрге шықпаған Қабылды төрдегі үстел басына отырғызды. Арықша келген сары әйел сары самауырдың буын бұрқыратып үйге кірді. Ұлтарақ өмірінде аузына салып дәмін татпаған нанды кесеккесегімен жеп, рақаттанып отырды. Шай жиылмай Сергей екеуі далаға шықты. Есік алдында көлеңкеде жусап жатқан үйрек, қаздар, тауықтар екі баланың жүгіріп шыққан сыбдырынан үркіп, үйді айналып кетті. Бұрын-соңды мұндай қолға үйренген құстарды көрмеген, он бес жасқа келгенше ауылдан аяғын аттап баспаған Ұлтарақ құстарға қарап, аң-таң болды. Үйрек пен қазды көл бетінде жүзіп жүргенде, аспанда топ-тобымен ұшқанда ғана көрген Ұлтарақ бұларды қолға да үйретуге болады екен-ау деп ойлады. – Сергей, – деді ол, – құстың еті қойдың етінен тәтті бола ма? Осынша құсты қалай ұстап алдыңдар? – Өз ойын Сергейге түсіндіремін деп, қолымен аспанды да, тауды да, даланы да көрсетіп көрді. Бірақ Сергей оның айтқанын түсіне алмай таңданып, басын шайқады.
Өз ойын Сергейге түсіндіре алмаған Ұлтарақ өзенге қарай ырғала басып кетіп бара жатқан құстарға көзін қадап, үнсіз тұрды. Сергей оның назаланып тұрғанын түсіне қалды. – Жүр, кеттік, өзенге баралық, – деп Ұлтарақтың қолынан ұстап, өзенге қарай жүгіре жөнелді. Екеуі үстеріндегі жаман-жұман киімдерін шешіп, жағаға тастады да, суға күмп беріп қойды да кетті. Су онша терең емес, тек ағыны қатты екен. Екеуін төмен қарай ағыза жөнелді. Екеуі құлаштай малтып, өзеннің екінші жағасына шықты. Ауылда жүргенде Ұлтарақ Лепсі өзеніне жиі-жиі түсіп, суға малтуды жетік үйреніп алған. Сондықтан ол өзеннің өркештене аққан ағынынан қорқа қойған жоқ. Екеуі өзеннен кеш қайтты. Қабыл шайды сораптап ұзақ ішті. Шүңірейген кішкене көзімен үй ішін әбден шолып өтті. Бұл да сіңірі шыққан, мен сияқты кедей екен. Үйінде ұзын-ұзын екі орындық, кішілеу үстел, қолдан тоқылған тозығы жеткен екі-үш көрпе бар. Бөлменің оң жақ іргесінде ағаш төсек. Үстіне адам жататын жалпақ пеш. Азын-аулақ тапқаны күн көрісіне жетпей тақтұқ отырған үй иесінің беті қуаң тартқан, жағы солыңқы, шашы өскен, жирен сақалы бетін түгелдей жауып алған. Үстіндегі кендір көйлегінің сыртынан белін байлаған жібінің ұшы салбырап көрініп тұр. Аяғында талдың қабығынан тоқылған шарқай. Әйелінің де киген киімі жұпыны ғана. Бетіне әжім сызығы түскен, қатқан сары кісі. Қабыл осының бәрін байқап отырды да: – Сенің атыңды сұрамаппын. Жүзің жылы болған соң, мына немерем ді ертіп саған келген едім. – Атым Николай Михайлович, ұқтыңыз ба? – Мен Миколай десем де болар. – Болады. – Сенен бір нәрсе сұрайын деп келгенім жоқ. Жасым болса, пайғамбар жасынан асты. Ертең бе, бүгін бе деп отырған адаммын. Ұлтарақ менің жиенім. Әкесі Бөленнің малын бағып жүргенде, қыстың боранының астында қалып, үсіп өлген. Өзі қазір Мырзағараның қозысын бағады. Реті келсе, жылқы бағуға көшірсем бе деп жүрмін. Келешек жастардікі. Сенің Сергейің екеуі тамыр болсын. Сол үшін жиенімді ертіп әкелдім. Бірінебірі сүйеу болар. – Сіздің айтқаныңызға мен де қосыламын. Қабыл өмір бойы кісінің есігінде, бай малының соңында жүрген кісі. Көсегесі көгерген күні жоқ. Қысқа жіп күрмеуге жетпейді дегендей, тапқаны ішім-жемге жетпей, ол өмір қиыншылығының тепкісін көп көрген. Үміт шарпысқан күйде жүрген жанның бірі. Жонын байдың таспа қамшысы қылыш жүзіндей талай тілгілеген. Қыстың сары шұнақ аязында да, боранында да байдың малын ит-құстан қорғады. Ұры-қары дан да сақтады. Оның үстіне Малдыбайдың бала-шағасын бағып-қақты. Жоқшылық, тапшылық белін талдырды. Көрген азабы мен зәрі көз алдына елестесе, жанын тілгілегендей көрінеді. Қай адырдың қуысында
жүрсе де, артында қалатын сүйеніші, емендей мықты белі – балалары мен жиендері еді. Соларды жылқы, қой, сиыр бағуға баулыды. Бір мезгілде Қабылдың болымсыз ғана ерні жыбыр етті. «Кәрілік желкемді басты, жоқшылық, әлсіздік, жүдеулік, аштық аш қасқырдай қамап, өн бойымды сырқыратып, тәніме инедей қадалып барады», – дейді қария іштей. Үйге тасыр-тұсыр кіріп келген екі баланың балпылдап сөйлегендері Қабылды селк еткізді. – Е, сендер келген екенсіңдер ғой. Ұлтарақ сен Сергеймен танысып ал, екеуің тамыр болыңдар. Кәне бері келіңдерші, – деп Сергейдің қолы нан жетектеп әкеліп, Ұлтарақ екеуін құшақтатып, үнсіз отырған Николай Михайловичке қарады. – Екеуің тамыр болыңдар, – деп тұр, мына кісі, – деп ол Қабылдың сөзін баласына түсіндіріп жатты. Осы елде, аға сұлтандық жойылып, болыс, уезд бастықтары ел басқаратын болды. Болыс сайлауы өтетін болды. Сайлау десе, делебесі қозып, үйінде шайын іше алмайтын қазақтың жақсылары атқа мінді. Күні-түні сапырылысып, ерсілі-қарсылы жосып жүрген жандар. Болыс сайлауына Мырзағараның ұлы жасы отыздан асқан Саурық, оған бәсеке түсетін Терлікбай, ол да ауқаты төгіліп жатқан байдың баласы. Екі жақ та уезге шауып, елдің беделді-беделді адамдарының аузын алуға малын аямай пара беріп, шығынданып жатты. Топ-тобымен екі жағына да жанжақтан құйылып жатқан қонақтар. Етке, қымызға тойып алған жұрт, мәжіліс құрып, сайлаушылардың аузын алып, тас жинауға кірісті. Тіс қаққан, қулық сұмдықтың алуан түрлі тәсілін білетін сайлаушылар іштей: «Қазақтың осы әдеті жаман. Кімге дауысымызды беретінімізді өзіміз білмейміз бе? Қонақасыға сатыла салатын біз бе? Қайсысы елге жайлы болса, соған дауысымызды береміз», – дейді. Олардың арамдығы да, сасық қулығы да, іште бүгіп жатқан жаулығы да сыртқа тебіндеп шықпайды. Лепсі өзенінің қалың шалғынды жағасына қаз-қатар ақ үйлер тігілді. Сойылатын малдар қара құрттай қаптап, беткей-беткейде топталып жайылып жүр. У да шу болған күтуші жандар. Саба-саба қымыз әкелінді. Сайлаушылардың дауыс беретін үйіне оқшаулау тігілген сегіз қанатты киіз үй бөлінді. Қоңыраулатып, дүбірлетіп, уезд начальниктері де келіп жетті. Олар өздеріне арнайы тігілген үйге түсті. Ертеңінде-ақ сайлау басталды. Саурық пен Терлікбай өздерінің сенімді адамдарын жұрттың арасына жіберіп, өздеріне арнайы, бөлек тігілген үйлерде, сабырлық жасағандай, сайлаудың соңын күтіп отыра берді. Жастайынан тола бастаған кесек денесі дірілдеп, қып-қызыл боп қыстығып Саурық үнсіз күліп қойып отыр. Ол қулық-сұмдықты бала кезінен үйренген. Сайлауға дайындықты астыртын, ертерек бастаған. Елдің жақсыларының көпшілігі дауысын саған береміз деп уәделескен. Терлікбай бойына сенген түйе дей өзінің беделіне сеніп, дайындықты кеш бастаған. Оның да сайланам деген үміті зор. Түс ауа сайлау қорытындысын жұртқа айтуға төбе басына барлық сайлаушыларды жинады. Қаптаған адамдар үстел маңына топталды. Уезд
бастығы үстел үстіне шығып, Саурық мырза Қысқаш болысының бо лысы болып, көпшілік дауыспен сайланды дегенде жиналған халық ду ете қалды. Саурық болысты жоғары шығарып, көпшілікке таныстырды. Терлікбай үнсіз, жым-жырт, көңілі күпті, томсара сызданып тұрды. Сайлауда жеңілгендіктен зығыры қайнап, қымсынып, қып-қызыл боп кетті. Қапы қалып, опық жеген адамдай іштей тынып тұр. Жүз реңі тептез өзгеріп, аппақ, құп-қу болып кетті. Ішін ыза мен шер кернеп, жалын атып тұр. «Бәлем, тұра тұр, сайлаудың соңы бұл ғана болмас, келесі бір сайлауда сенің өнеріңді мен де көрермін», дейді ол өзіне. Уездік бастықтың сайлау алдында, Саурық мырзаны көбірек мақтап, болыс болуға лайық адам деген бір ауыз сөзін Терлікбай дұрыс естімеген де екен. Оны қасындағы шабармандарының бірі жаңа ғана түсіндіріп айтқан еді. Терлікбай өз қатесін енді ғана түсініп, уезден келген бастыққа басқа бір шаруасымен барғанда, болыстық жөнінде сөйлеспеген болатын. Уезд адамдарының да жемсауы кең екенін, түйені түгімен жұтып қоятынын Терлікбай ескермеген болатын. Саурық болса, өткен жылы қайтыс болған әкесінен мұндай қулық-сұмдықты үйренген адам. Ол құрықты уезд адамдарына ертерек салған. Көмекейлерін әбден тығындаған. Уезднойдың Саурықты болыс болуға лайықты кісі деп ашық айтқаны да сонан. Терлікбай болыс болу оңай қоржын дүние емес, өзінің ел арасындағы беделіне сенгеніне қапа болып, опық жеп, кеудесіндегі өрт боп жанған ыза, кегін сыртқа шығара алмай аулына қайтты. Оның көңілінде тоңы жібімейтін араздық жота көрсетіп, үлкен бір жаулықтың сызы жүрегіне мұз болып қатты. Ендігі ісім Саурықпен болсын деген кек құлағына ызыңдай берді. Бөлен сұлтан қайтыс болды деген ызғарлы, суық хабарды көршілес елге хабарлау үшін отыз шақты жігіт мықты-мықты аттарға мініп, тарамтарам боп шауып кеткен. Бұл хабар жайлаудағы ауылдарға тез тараған. Түс болмай Бөлен аулына «ой, бауырымдап» сай-саладан қалың нөпір андыздап, шауып келіп жетті. Топырлап топ-тобымен әр елдің молдалары да құйылды. Ішіндегі мүфтиі ақ сәлдесін басына ораған аласа бойлы, орта жасты қусырып тастаған кісі. Ат жетер жердегі әр рудың игі жақсылары Бөлен ауылына жетті. Қасында екі-үш старшин, бір топ өз елінің адам дары бар Саурық келді. Әли сұлтан осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Оның балалары мен туыстары да жетті. Сегіз қанат мол үй тігілді. Жерге мақпал кілемдер төселді. Үйдің оң жағына күміспен көмкерілген ағаш төсек қойылды. Үстіне кілем жапты. Бөленнің сүйегін төсекке әкеліп салды. Бөленнің үйінің іші азан-қазан жоқтау. Бастарына қара жамылған әйелдері дауыстап, жылап отыр. Киіз үйдің сол жақ керегесіне ұшына ақ орамал байланған найза сыртқа шығара шаншылған. Бұл қазақтың
салты бойынша, қайтыс болған егде адам деген ұғымды береді. Ауылға тоқтаусыз құйылып жатқан жұрт көңіл айтып, көздеріне жас іркіліп, есік алдына шығып жатты. Өлген адамды қазақтың ескі дәстүрі бойынша, үш-төрт сағаттың ішінде, әрі кеткенде жарты тәуліктің ішінде жерлеуге тиісті. Бөленнің денесі қойылған үйге бірнеше жігіт кіріп, арулап жуды. Ақ бөзден даярланған ақыретке орады. Жиналған молдалар жаназасын шығарды. Бөленнің еңгезердей денелі інісі молдаға өліктің денесінен асырып, Бөленнің қыстың аязында киетін мол тігілген қасқыр ішігін беріп жатып: «Осы марқұмның оқи алмай кеткен намазы, ұстай алмай кеткен оразасы үшін кешірім етуге марқұмның осы ішігін аласыз ба?» – деді. Молда: «Аламын», – деп ішікті алды. Бөленнің денесін шығарарда әйелдерінің зарлап жылағаны бұрын ғысынан да үдей түсті. Көзіне жас алмаған жан болмады. Сол күні-ақ Бөленді жерлеп қайтты. Бөленнің көйлек-көншектері кедей жұртқа таратылып берілді. Ысқатқа деп бөлінген қыруар малды молдаларға берді. Бөленнің үлкен інісі жиналған жұртқа Бөленнің жылында ас беретіндігі жөнінде айтты. Сұлтанның қысы-жазы мінетін төрт атының жал-құйрығын шорт кесіп тұлдады. Бұл аттар асына дейін мінілмейтін болды. Бөленнің асын беретін күні сойылады. Қара жамылған, шаштарын иініне дейін жайып салған Бөленнің әйелдері күн сайын кереге көзіне беттерін беріп биенің екі сауымындай уақыт бойы жоқтау айтты. Олар Бөленнің істеген қызметін, еліне беделді болғанын, әділ сұлтан екендігін өлеңге қосып, дауыс шығарып, жоқтау айтты. Жоқтау Бөленнің асы берілгенге дейін созылды. Азаға деп жылқысын, түйесін айдап келіп жатқан жұрттың саны жоқ. Сұлтанның ең бір жақсы көретін Сейтек деген досы азаға он шақты жылқы айдатып келді. Қонақтарды ауыл жігіттері аттан түсіріп, үйге қарай алып жүрді. Бұлардың дүбірі естілісімен Бөленнің кіші тоқалы жоқтау айтып сарнап қоя берді. Үйдің іші азан-қазан жоқтауға толып кетті. Үйге кірген Сейтек бастаған көңіл айтуға келген адамдар төрге келіп, жайылған көрпенің үстіне жайласты. «Артының қайырын берсін», «Құдайдың қосқаны болар, сабыр ет, келін», – деп Сейтек құран оқи бастады. Үйдегі у-шу, жоқтау айту су сепкендей тоқталды. Сейтек құран оқып отырып, үй ішіндегі ілулі тұрған Бөленнің ертұрманына, киімдеріне, қару-жарақтарына, тағы да басқа заттарына көзі түсті. Құран оқылып бітті. Сейтек іштей: «Марқұмның ер-тұрманы әсем екен. Кезінде, бұл кісі де өмірді шайқап өтті ғой. Сұлтан болу әркімнің қолынан келіп жатқан жоқ. Осы елді Ресейге қосу жөнінде, Әли сұлтан екеуінің адам айтқысыз еңбегі болды. Елдің басын қосты. Арманы жоқ марқұмның», – деп ойын түйді. Сейтек Алакөл маңындағы байлығы шіріп жатқан, беделді адамның бірі. Ол Бөленнің қырқына да келген. Бөленнің асы беріледі деген хабар оған ерте жетті. Асқа қатысқысы келетін адамдар аттарын жаратып
дайындалды. Ауылдың сырт жағындағы жонның етегіне қаз-қатар киіз үйлер тігілді. Асқа қыруар жылқы, қой сойылды. Лепсі жәрмеңкесінен қап-қап күріш, мейіз сатып алынды. Астың бәйгесіне қосылатын аттар жыртылып айырылады. Олардың арқасына оюланған жабу жабылған. Кекілдеріне үкі байланған. Сай-салада бәйгелерді жетектеп, баптап жүрген жандар. Бас бәйгесіне елу жылқы, бес түйе тігілді. Асқа жиналған құрметті адамдар саба-саба қымызды түйеге артып әкеліп жатты. Дәулетті ауылдың сабасының қымызы асқа жиналған жасы үлкендер алдына тартылады. Қарттар мен молдаларға қойдың басы қойылады. Басқаларына жая, жамбас, қабырға қойылды. Ішек-қарынға қарық болып жатқан ауыл әйелдері. Малшылар мойын етін жеп, мәзмейрам болып қалды. Еттен соң табақ-табақ палау жеп, қымыз ішіп, жұрт есік алдына шығып, ойын-сауық болатын төбеге қарай топырлап кетіп барады. Аттар бәйгеден келгенше әртүрлі ойындар басталып кетті. Той десе қу бас домалайды дегендей, Бөленнің асына келген қайнаған көп адам. Бәйге аттар кетісімен, күрес, қыз қуу, теңге алу ойындары баста лып кетті. Белес-белесте көкпар тартысқан жастар. Олардың ішінде бүйірі қызып отыра алмаған, орта жасты қусырып тастаған еркектер де жүр. Түс ауа бәйгеге кеткен аттардың да шаңы көрінді. Бәйгеден алда келген Саурық болыстың атағы шыққан, әйгілі шұбарының тұқымы. Бәйгеге деп тігілген малды Саурықтың маңындағы нөпірлері бөлісіп, қарық болып жүр. Саурық атының елу-алпыс аттың алдында озып келген даңқына риза болды. Ас беріліп бітті. Жұрт тарап жатты. Бөленнің үйінде ілінген қымбат-қымбат заттарының бәр-бәрін жинап алды. Керегеге ұшын сыртына беріп, шанышқан найзаны алып, орта сынан қақ бөліп сындырды. Марқұмның бәйбішесінің үйіне барып, мүфти құран оқыды. Отырған жұрт «шипа болсын, тие берсін», деп бет терін алақанымен сипады. Бөленнің әйелдері басындағы қара орамалды шешіп, баяғы байырғы ақ кимешегін киді. Ауылдың күн көрісі баяғы үйреншікті сабасына түсті. Сарыбай қолынан домбырасын тастамайтын, ауылдың той-тобы рынан қалмайтын сері жігіт. Біржан – Сара айтысын көпшілік алдында мүдірмей жатқа айтып, үлкен-кішіні аузына қаратқан, қысылған жерде өлең шығаратын ақындығы да бар азамат. Азын-аулақ қойын қырқып, өзіндік күн көрісі бар дөңгелек шаруасын жайлап болысымен-ақ ел аралап, сауық құрып кетеді. Ел күзем алып жатқан мезгіл. Ауыл сыртындағы мал тұяғы тимеген қалың көгалдан бас көтере алмай жатқан қора-қора қой, қара жерге қара құрттай жабысып, тілімен орақ орған топ-топ сиыр. Күнікей желі басында бие сауып жүрген абысындарымен әңгіме құрып отырған. Ақ шүберектен өткізілген шелек-шелек саумал қара сабаға құйылып, күмпі
лдетіп пісіліп жатты. Сарыбайдың әйелі Күнікей әне-міне деп, күні жетіп қалған екіқабат еді, қос қолын мықынына тіреп, ырғала басып, көршісіне барды. Екі әйелдің басы қосылса, әңгіме бітпейтін әдеті ғой. Көрші ауылдағы қыз ұзату тойы көші-қонның шаруасы ма – шегі жоқ қысыр әңгіме сары қымыздай сапырылып, ой иі әбден қанды-ау дегенде Күнікей әңгімені аяқтауға шамасы келмей, «ауырып тұрмын», деп аяғын ауыр басып үйіне кетті. Күнікей кеш бата босанып, қыз тапты. Ымырт жабылған кезде әндетіп келе жатқан Сарыбайдың дауысы алыстан естілді. «Шіркін, Сарыбайдың әні», деп желіде байлаулы тұрған аттарын мініп, екі-үш желөкпе бозбала дауыс шыққан белеске қарай шаба жөнелді. Асқақ дауыс тыныш түнді қақ жарып, мүлгіп жатқан ауылды жырға бөледі. Қас әнші түн қараңғысында ақ боз атқа мінген біреудің құстай ұшып келе жатқанын көрді. «Бұл кім? Әлде, Күнікей босанып, сүйінші сұрап келе жатқан ауыл жігіттерінің бірі ме?» Сарыбай аяңнан желіске көшті. Ақ боз атты: «Сүйінші, сүйінші», – деп ат тізгінін тартты. – Сүйіншің даяр, жөніне көш, жарқыным? – Маңдайы жарқырап туған бойжеткен! Екеуі ауыздықпен алысқан аттардың тізгінін тежей ұстап, жаяу аяңмен келеді. Желіккен жүйріктер ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінге бой бермей, бастарын шұлғып тастап, ала-ала жөнеледі. Үй адамға лық толы екен. Шілдехана да басталып кетті. Жиналған жұрт Сарыбайдың шағын ғана киіз үйіне сыймай, шал-кемпірлер, ауыл дың үлкен кісілері көрші үйде дуылдасып жатты. Сарыбайдың өз үйінде қыз-келіншектер, балауса жігіттер ән шырқап, тынық түнді әнге бөледі. Үй иесі домбырасын безектетті. Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?.. деп Абай әнін құйқылжыта баяу бастады. Дауысын көтеріп бітірді. – Ауылдың алты ауызы осымен аяқталды, – деп Сарыбай қолындағы үкілі домбырасын төрдегі семізше келген қара торы жігітке ұсынды. Ол да ел арасына белгілі болған әнші жігіт. Ол «Қара торғай» әнін құлаққа жылы тиетін қоңыр дауысымен шырқай жөнелді. Отырған жұрт жымжырт. «Иә, міне, ән салсаң осылай сал, жігіт болсаң өнерлі бол, өркенің өссін», деп үй іші гу-гу етіп кетті. Есік жақтағы керегеге ілінген қобызды қолына алған тарамыстай қатқан арық жігіт: – Мен сіздерге «Жез киік» күйін тартып берейін, – деді. – Көрсет өнеріңді, бүгін тартпағанда қашан тартасың, – деп, қымызға бөрткен жұрт дуылдасып жатты.
Қобыз сазы шаңырақты көтеріп әкететіндей безектей жөнелді. Бірде адам үніндей, енді бірде ат дүбірі жақындап қалғандай әуен тыңдаушы сының жан-жүйесін тербетіп тұр. Жастар орамал тастау ойынына кірісті. Үй толы күлкі, ойын-сауыққа бөленді. Таң сібірлей бере кемпір-шалдар үйді-үйіне тарап жатты; ұйқысы келген жас балалар да кетті Өлең айтып мәз-мейрам болған жастар жағы әлденеге елеңдеседі. Бәтестен тігілген кең көйлек киген, толықша әйел орнынан қозғалып, кимешегінің шетін иығына қарай ысыра салды да, үстіндегі қара мақпал қамзолының түймесін салып жатып: – Нәрестенің атын қоймаймыз ба? Таң болса атып қалды; ел тарап жатыр, Сарыбай, шырағым – деп Сарыбай мен Күнікейге қарады. Сарыбай төсекте жатқан жас ананың жанына келіп: – Күнікей екеуміз дүниеге ұл келсе Мерген, ал қыз туса, атын Үния қоямыз, – деп келіскен едік. Ендігісін осындағы үлкендер айтсын, – деді. – Айтқандарың болсын, әкеліңдер нәрестенің құлағына азан шақы рып, атын өзім қояйын, – төр жақта отырған иегі шығыңқы, қасқа бас кісі орнынан тұрды, – әкеліңдер баланы, – деп қос алақанын жайды. Ақ бөзге оралған нәрестені қолына алып, құлағына: «Сенің атың Үния», – деп үш дүркін айғайлап атын қойды. Үйдегілер «Үния, Үния» деп, ду ете қалды. Кәделі сәтті тосқан жұрт ән шырқап есік алдына шықты. Жастар алтыбақан теуіп, ду-думан қайта қызды. Үнияні әнге қосып жырлап жатқан ауыл жастары күн арқан бойы көтерілгенше, Көншілік жайлауын «Үния» атына қанық етті. Күнікей Үниядан кейін құрсақ көтермеді. Қыз он төртке келгенде үйдегі де, түздегі де шаруаны дөңгелете жөнелетін болды. Үнияні ауыл адамдары үлгі ете сөйлеп, ерте-ақ мақтасып кетті. «Әне, Үнияні көрдіңдер ме? Әке-шешесін қыбырлатпай бір үйді ұстап отырғанын. Ауру шешесін де бағып-қағатын сол Үния», – деп кемпірлер аузынан тастамай, таңдана қарайтын. Той-тобырда домбыра тартып, ән шырқауға әдеттенген Үния бала күнінен-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қиссасын, Біржан мен Сара айтысын жастардың басы қосылған жерде мүдірмей айтатын болды. Үния ән шырқағанда әйел біткен көзіне жас алып, көкіректерін кере ауыр күрсінетінді. Хисса-жырдың назы көкірегіне ұялаған Үния: «Қызды малға сату қазақтың ата-бабасынан мирас болып қалған ба, әлде басқа ел дерде де бар ғұрып па? Ән салуға, үй ісіне айналысуға ерікті болған жан сүйгеніне шығуға неге ерікті болмайды екен», – деп ойлайтын. Терлікбайдың кенжесі үйленетін болып, бүкіл ел тойға жиналды. Байлығы асып-төгіліп жатқан ол жер-жерге той болатынын хабарлатты. Бапталған бәйге аттары шартараптан құйылып жатты. Жал-құйрық тары өрілген тұлпарлардың үстіндегі жабулары алуан түрлі оюлармен безендірілген. Дәл шекесіне үкі тағып қойған жануарлар ауыздықты қарш-қарш шайнап, елпілдеп шаба жөнелгісі келіп тұрған жайы бар. Ауыл маңындағы сай-сала жаяу-жалпы жетектеп жүрген бәйге аттарға
толды. Біреудің көзі тиеді деп, жылға-жылғаны бойлап, алып кетіп жатты. Бір кезде топтан жырылып шыққан айдаушы қара мұртты жігіт «аттарыңды дайындаңдар!» деп төбе үстіне шауып шықты. Көйлектің жеңін шынтақтан жоғары түріп, басына қызыл орамалды тастай ғып байлап алған. Астындағы аты ауыздығымен алысып тізгінге бой бермей тұр. Ауыл сыртында сәйгүліктер лезде жиналды да күре жолмен дөңнен асып кетті. Ауыл маңындағы үлкен алаңда малдасын құрып, жұрттың ортасында төбе-төбе боп балуандар отыр. Қалың елдің бүйірін қыздырған күрес басталып кетті. Қызық-думан талма түске дейін созылып, балуан күресі біте бергенде, бір топ салт атты бөктерге қарай шаба жөнелді. Басын ақшыл орамалмен байлаған, кең иықты, боз атты жігіт екпінмен келді де жерде жатқан серкені оң қолымен іле тартып, өңгеріп ала жөнелді. Артындағылар да үзеңгілесіп қалды. Серкені үзеңгі баудың астына жіберіп, тақымына қыстырып алған әлгі жігіт қос қолдап серкенің артқы аяғынан қапсыра ұстап шауып келеді. Ат та көкпар тартуға әбден машықтанып алған екен, артындағы қуғыншылар жете бергенде, жалт беріп, суырылып кете береді. Сарыбай да көк бестісімен құстай ұшып келеді. Көкпаршы жігіт кілт бұрылып, алаңға қарай зымырады. Қатарласып қалған Сарыбай серкенің ат бауырында салпылдап келе жатқан алдыңғы сирағынан ала түсті. Екі жігіт те нарқасқа екен, серкені тартысып, біріне-бірі бермей сәл аялдады. Арттағы қалың топ жабыса кетті. Бір қолымен ер қасынан ұстап алған Сарыбай сол жаққа қисая тартып серкені кеудесіне дейін үзеңгі баудың астына жіберіп, көк бестіні тебініп, шаба жөнелді. Көк бесті көпке дейін дөңес-дөңесті асып, маңына жан жолатпай жүріп алды. Көкпар тартқанда қазақтың өкпе тұстан ұтылап қуатын әдеті бар. Сарыбай қарсы алдындағы сайдан төбе басына шыға келгенде, тосқауылда тұрған бір топ жырынды жігіттер алдынан қарсы шауып, қырғидай қона түспек болды. Тосушыларды көрісімен Сарыбай жалт беріп тауға қарай зымырай жөнелді. Шабысқа әбден төселіп алған көк бесті оқтай ұшып бара жатты. Тағы бір топ өкпе тұсынан лап қойды. Түйедей биік торы ат көк бестіні кеудесімен қағып өткенде, жерді сүзе құлады. Көзді ашып-жұмғанша көк бесті атып тұрып, ойқастап шықты да бетімен шаба жөнелді. Сарыбай шалқасынан сұлық жатып қалды. Аттарынан қарғыпқарғып түскен көкпаршылар кеудесіне ердің қасы кіріп кеткенін көрді. Жосадай боп қан ағып жатыр. Сарыбай тіл тартпай дүние салыпты. Жаңа ғана ән шырқаған той-думан ауыл әп-сәтте азан-қазан «ой бауырымдады» да қалды. Төл ағытылды, мал бетімен шұбырды. Қас қарайып, ымырт жабылғанша ауыл төңірегі қара құрттай қайнаған қаралы адамдар мен жоқтау айтқан әйелдер. Қара түнек, қаралы дауыс кәріжастың сай-сүйегін сырқыратты. Қаралы киімді Күнікей мен Үния үйдің оң жағында жоқтау айтып, сарнап отыр. Алыс-жақынның бәрі жоқтау айтып жыласып отыр. Шешесінің жанында шырылдап жылап отырған Үния бала дауысымен зарлап қоя берді:
Жыламаймын десем де,
Ішім жалын, сыртым дерт.
Ұядағы сұңқар ма,
Дүбірлі туған тұлпар ма.
Дүниеден қайтты арыстан,
Аруақты туған атақтым,
Тоят тілеп алыстан.
Кешегі менің әкекем
Жиырманың ішінде,
Атанып еді Сарыбай.
Құлағың сал, дос-жарлар,
Бір-аз ғана зарым-ай.
Заманына ылайық,
Қараның болды қанындай.
Дұшпандарын ықтатты,
Беткейден соққан дауылдай.
Мырзалығын сұрасаң,
Көңілінде жүрді жарымы-ай,
Дұшпандардан саспаған,
Құдайдың берген сабыры-ай.
Талай жерде әкекей,
Бітіп еді арманың,
Бәрін де міндің қатарлап
Жұрттағы сұлу жорғаны.
Көңіліңе жақпаған,
Дұшпанның бұздың қорғанын,
Жомарттық еттің артықша,
Дүниенің біліп жалғанын.
Жаяуына ат бөліп,
Жалаңашқа тон бөліп,
Сылап-сипап жұбаттың,
Рүстем мен Зораптай
Заманындағы сері еді.
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбаған ер еді.
Екі талай жерлерде,
Дүние жолдас демеді.
Сол секілді әкемнен,
Айналайын аталар,
Айналсам қалай айып етеді.
Күнде жиын, күнде той,
Дастарқанын жимаған,
Мәжіліске мәз болып,
Тарқатуға қимаған.
Осындай сайран әкекем, Азғана күн дүниеде, Маңдайыма сыймаған!.. – деп зарлаған Үния дауысы отырған жұрттың сай сүйегін сырқыратты. «Қайтсын байғұс, әкесінен айрылып жетім қалған соң, зарламағанда», – деп, өмірінде көзіне жас іркілмейтін Терлікбай көз алдына тамған жасты сүртіп отырып: – Үния, қарағым, сабыр ет, Сарыбайдың өлімі бізге де оңай тиіп отырған жоқ, – деп кеудесін кере күрсінді. Үйде отырған адамдардың бәрі Үнияның бала басымен күңіреніп айтқан жоқтауын естігенде, жүректері дірілдеп, ішек-бауырлары езіліп кеткендей сезінді. Еңкілдеп, селкілдеп зар шашқан жұрт. Күнікей мен Үнияның сол жағында отырған мосқалдау келген толықша әйел екеуінің бетіне кезек-кезек су бүркіп жатыр. Үй іші толы қайғылы дауыс, керегені керіп әкеткендей болды. Бір кезде Үния жоқтауды әрі қарай жалғастыра, күмістей сылдыраған әдемі дауысымен: Жолы қиын біздерге, Ата менен ананың, Қандай болып өтеді, Атасыз күні баланың. Үлкен-кіші ағалар, Көңіліміз ойран, көзде жас, Қайғылы қасірет сана бар. Мұндай жолдың хабарын. Ақылды бектеп шамалар, Алладан тағдыр ажалды оқ, Біздерде мұндай жара бар. Жақсылар көңіл жұбатса, Қайғыны дару жағалар. Жылады деп сөкпеңіз, Жұрт иесі ағалар. Күн болар ма біздерге? Көздің жасын игендей. Келместей болсаң, әкеке, Өзегім отқа күйгендей. Дауасы болмай кезеулі оқ, Қос өкпемнен тигендей. Кешегі менің әкекем, Айнасы еді елінің, Ит жүгіртіп, құс салса, Көркемі еді көлінің. Тояты қанған сұңқардай, Базары еді бегінің,
Бәрі қасірет біздерге, Жүріп-тұрған жерінің, Қол-аяғын жимаған, Етек-жеңі мол әкем. Достарға ауыр жүк түссе, Қатарланған нар әкем. «Уһ», – деп бір сәт есінен айрылып қалғандай шешесіне басын сүйеп, үнсіз тынды. Қаралы жұрт ауыл-ауылдан қаптап келіп жатты. Үнияның дауысы дірілдеп барып тоқтағанда, отырған жұрт: «Жас та болса, үлкеннің жоқтауын айтуын қарашы, ақылдылығы да, ақындығы да марқұм Сарыбайға тартыпты. Әкесінің парасатты, көпшіл адам екендігін көңіліне тоқып жүргенін көрдіңдер ғой», – деп гуілдеп кетті. Үй іші лық толы адам әрең тұрды да есік алдына шықты, бірақ көңіл айтушылардан төр босаған жоқ. Қасқыр жемтікке, молла өлімге әуес дегендей жаназа шығаруға білегін сыбанып жүрген моллалар. «Жаназа шығаратын жол менікі», – деп, үстінде ақ матадан тігілген шапаны бар, басына ақ сәлде ораған семіз қазірет жалаңдап, ұршықша иіріліп жүр, өзгеге жол беретін түрі жоқ. Есік жақта оқшаулау орналасқан екі жігіт: «Қазіреттің жалаңдауына қарағанда, марқұм Сарыбайдың жалғыз бестісін өмірінде тоймайтын қызыл кеңірдегіне жұтқысы келіп тұрған түрі бар-ау», – деп күбірлесіп жатты. Ауыл түбінде қаз-қатар жер ошақ қазылды. Малдың әр түлігінен ұстап әкеліп, сойып жатты. Үйді-үйде қаралы, жылап-сықтаған адамдар. Үния жоқтау айтып, зар жылап отыр. Ошақ басындағы әйелдер: «Бейшара бала, жыламағанда қайтсын, анадан да, әкеден де жалғыз өзі, сүйенері де, сүйеніші де жоқ. Күнікей дімкәс, жиі-жиі ауыра береді. Жұдырықтай Үнияның осыншама зарына таң қаламыз», – деп қазан астына тезек салып жатып, күбір-күбір сөйлеп жүрді. Көңіл айтушыларды күтіп алуға киіз үйлер тігілді. Астау-астау күрең бауырсақ, буы бұрқыраған төбедей ақ самауырынды жігіттер қос құла ғынан тартып әкеліп жатыр. Күнікей мен Үния көз жастарын тыя алмай, еңіреп отыр. Шай үстінде Терлікбай: – Күнікей шырағым, саған жылама дей алмаймыз. Дегенмен ауыр қаза үстінде сабырлық та керек; денсаулығың нашар, Үния болса жас, ендігі жерде жалғызыңның тілегін тіле, – деп уаныш айтты. Ертеңінде Сарыбайдың жаназасы оқылды; бүкіл ел шығарып салды. Қазірет ойы көк бестіде болғанмен, ауыл азаматтары Сарыбайдың жалғыз атының орнына басқа бір жылқы беріп, молланы шығарып салды. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі тірілігін қылады дегендей, Сарыбай қайғысы да ақыры ұмытыла бастады – ай өтті, жыл өтті, Үния мен Күнікей де есін жинап, азын-аулақ шаруасымен күнін көріп жатты. Үния жастар жиналған жерде, әкесі қайтыс болғаннан бері пышақ кескендей тоқтатқан әнін қайта салатын болды. «Басқа түскен баспақшыл», – дегендей, ауыр қайғыны да жас қабырғасын қайыстыра көтеріп алды. Шешесі Күнікей қызына іс тігуді үйретіп жатты.
Шаңқай түс. Бес-алты салт атты дөңнен асып, Терлікбай ауылына келе жатты. Бұлардың ішінде Қысқаш елінің болысы Саурық Мырзағарин, старшиналар Байділда мен Асамбай бар. Жолаушылар ат басын Сарыбай үйіне бұрды. Ауыл жігіттері «Қош келдіңіз!» деп болысты қошеметтеп аттан түсіріп алды. Күнікей үйде жалғыз еді, көптен ермек етіп жүрген алаша тоқумен айналысып отырған. «Ассалаумағалайкүм» – деп, қара тас арқалап келе жатқандай екі иығынан дем алып кіріп келген Саурықты Күнікей танымай қалды. Ата салтымен қыдыр-қонақты бас иіп қарсы алған Күнікей: – Жоғары шығыңыздар, – деп үй ішін тез жинап, төр алдына сырмақ, шағи көрпе төседі. Қонақтар жайласып болған соң өзі ағаш төсек алдында жатқан тулақтың үстіне барып отырды. Жығыла танымаған қонақтарды көзінің астымен шолып өтті. Күнікейдің алаңдауын сезген біреулері: – Бізді танымай қалдыңыз ба? – деп, ең алдымен Саурық болысты, одан кейін, асықпай-саспай қасындағыларды таныстырып шықты. «Болыс» деген сөзден Күнікей секем алып қалды: «Күйеуімнің тірі кезінде есігімді ашпайтын Саурық болыс, біздің үйге неге келді екен? Жүрісі тым суық, жетім-жесірге құрғалы жүрген қандай дұзағы бар екен?» Шай сорапталып ұзақ ішілді. Ауыл азаматтары болыс аузынан шыққан әрбір сөзді қолпаштап, күліп отыр. Екі жерден үйеме табақ қуырдақ қойылды. Қонақтар қуырдаққа бас қойды. Саурық есік ашылған сайын, көзін тігіп қараумен болды. Шай жиналды. Қауқылдасқан жұрт бірде бәйге атты мақтап, енді бірде құмай тазыны мақтап үй іші дуылға толды. Елдің дабырына көп араласпай өз ойымен болып жатқан болыс бір кезде орнынан тұрып, басындағы қара мақпал тақиясын қолына алып, сәл ойланып отырды. Жұрт болыстың бірдеңе айтқалы келе жатқанын сезіп жым болысты. Саурық ежелгі әдеті бойынша, маңындағы жұртты көзімен бір шолып өтті. – Ас піскенше, осы ауылға келген жұмысымызды айта отырайық, – деді. – Айтыңыз, айтыңыз, – деп ауылдың игі жақсылары елпілдесіп қалды. – Үния бой жетіп қалыпты, өң десең өңі бар, жиындарда ән салып, бір тайпа елді аузына қаратып, атағы шығып жүр. Естіген құлақта жазық жоқ, осы айтып отырғанымды ел аузынан естіген едім. Міне, көзім көрді. Ақылды бала сияқты. Жиырмадан жаңа ғана асқан Қабділда деген інімді бәрің білесіңдер. Күнікей, сізбен құда болайық. Келмей жатып шаруамды айтқаныма ғафу етіңіз, асығыс шаруа артымыздан бірге шауып жүреді – арғы күні оязға барғалы жатырмын, – деп Саурық қос қолдап мықынын тіреп, ел адамдарына қарады. – Сіздер әңгімелесіп отыра тұрыңыздар, мен қазір... келемін, – деп табалдырықтан аттай бергенде, ауыл жақсыларының тағы бір тобы сау ете қалды. Олар Саурық болысқа сәлем беріп, жалпақтап, асты-үстіне түсіп жатты.
– Жолымыз болады екен, жақсы келдіңіздер, ел-жұрт, ауыл-аймақ, мал-жан аман ба? – деп болыс жалпақ денесін әрең қозғап, беліндегі күміс белбеуін шешіп, кереге басына іліп үй ішін самарқау шолып өтті. Есік жақта қызыл ши ішінде ыдыс-аяқ, ұйытылған айран, әшекейлі ағаш төсек, арқар мүйізді ойылған тұс киіз, керегеге масаты кілем ілінген. Есік алдында қой сойылып, жер ошақта ет асылып, қуырдақ қуырылып жатыр. Болыс малдас құрып ұзақ отыра алмады. Басын жастыққа сүйеп, ауыр денесі аз да болса, дем алсын дегендей жайланып жатты. Үй толы адамның кеселерін ауыстырмай сары самаурыннан шай құйып жатқан Үниядан көз алмайды. Ыңыранып сөйлеп жатса да, екі көзі қызда. Қант араластыра дастарқанға айналдыра төгілген күрең бауырсақты сары майға батырып жеп жатқан қонақтың бірі: – Бауырсақ емес, бал екен, – деп, Үнияға қарап жымың етті. – Жаңа ғана пісірілген ыстық бауырсақ, алыңыздар, – деп Күнікей қонақтарға сый көрсетті. Күнікей қызына бұрылып: – Сен тысқа бара ғой, күнім! Тамақ әзірлес. Шайды мен құяйын. Үй іші жым-жырт. Жұрт Күнікейге еңсеріле бұрылды. Ана байғұс ауыр күрсінді. Тұрарын да, отырарын да білмей, қол-аяғы дір-дір етті. Иә, қу өмір; аяғаның жоқ еді. Сарыбай оқыста мерт болды, жастайынан жесір қалды, жалғыз Үниясын бағып-қағып отырамын деуші еді, Саурық болыс кірпікшешендей қадалып, жалғызын алып кеткісі келіп отыр. Енді күні не болмақ? Жаралы аңдай шиыршық ататын шақ жақындағанын түсінген Күнікей егіле жылады. Осы үйге ұялаған қайғылы өмір, шарасынан асып төгілген ашу денесін қырсау салғандай кернеп кетті. «Қисық арба жол бұзар, дүмше молла дін бұзар», – деуші еді үлкендер. Келмей жатып, айтып отырғанын қарашы. Әлде, сүйенер ешкімі жоқ, жесір қатынмен осылай сөйлесу керек дегені ме?» – деп, көзден аққан ыстық жасты қолындағы орамалмен сүртіп алды. Үй іші қара түнек басқандай тым-тырыс. Саурық Күнікейге жақындай түсті: – Шырағым, жылама. Жас қыз жаттікі, – дейді атаң қазақ. Қызға құда түсу ата-бабамыздан қалған мирас. Қазақтар бала жөргекке оранып жатқанда да құда түсе береді. Ал, Үния болса, он беске келді; орнын табатын кезі; әлде, құдаң шекеңе тар болды ма? – деп, сөзінің аяғын қалжыңға айналдырғандай қарқылдап күліп алды. – Сіз сияқты құдамыз болғанына біз қуаныштымыз. Күнікейдің жылағаны күйеуі Сарыбай марқұм есіне түсіп, іштен шыққан жалғыз сүйенішін қимайды. Күнікей, сен көз жасыңды төкпе, тоқтат, Үнияны ұзататын мезгілін, қалың мал мөлшерін келісейік. Құда келгенде жылау – жақсы ырым емес. Саурық сияқты арқа сүйер адамың болса, сен де жетім болмайсың, – деп байлығы асып, төгіліп жатқан Терлікбай ақсақал бірден құлап түсті.
Игі жақсылар Терлікбайды қостап, «дұрыс, дұрыс, Үнияға бұдан орнықты жер табылмайды, байлық десең байлық бар, үкімет десең Саурық бүкіл осы елді билеген болыс», – деп дуылдасып алды. Күнікей есін жиып: – Тамақ піскен болар, ет дайындайын, сіздер дем ала тұрыңыздар, – деп шығып кетті. Қонақтар ауыл сыртындағы көгалға барып алқа-қотан отырысып дуылдасып жатты. «Күнікей әйелдік жасады. Оның жылағанын, болысеке, көңілге алмаңыз. Ел болып көндіреміз. Бізден асып кете қоймас. Ер жеткен қызды ұзатпай қоймайды», – деп ауыл адамдары гуілдесіп алды. Ет үстінде әңгімені қайта жаңғыртқан Терлікбай ақсақал мән-жәйді абыржымай, салмақпен айқын баяндады. Саурық мырзаның үлкен басын кішірейтіп құда түсуге өзі келгенін, беретін қалың малы да көңілге қонатынын, ол ауылдың жайлы жер екенін асықпай-саспай айтып өтті. Іш қалтарысы өзіне мәлім. «Күнікейде үн де жоқ, сүйеніш те жоқ. Қара күшке қарсы тұратын күш те жоқ, сырт көзге болса да сыйласа келген болысқа келісім бермесе, қызын тартып әкетсе не істемек? Саурықтан ол да шығады. Әйел бала жатқа жаратылған емес пе? Уақытында құтты орнына қондыру – ол да ырыс. Қара дауыл көтерілмей тұрғанда, сыйқұрметпен келісім берген жөн», – деп түйді. Ет желініп, дастарқан жиналды. Саурық жастыққа жантайды: – Күнікей, келген жұмысымызды түгел айттық. Ендігі сөз сіздікі. – Ауылымыздың ақсақалы Терлікеңнің айтқаны болсын. Осы табал дырықтан келін болып аттағалы ағаның алдынан кес-кестеп өткен емеспін. Үния әлі жас. Бір баланы сіздерге қимағанда қайтемін. Бағанадан бері көзіме жас алып, егіліп жылағаным жалғыздықтың күйігі де... әкесіз болса да мәпелеп өсірдім, ақыры сіздерге бұйырған шығар... – Күнікей сөзін бітіре алмай жасқа булықты. Ауыл азаматтары: «Жарайсың, жарайсың, келін, міне, ақылды адам осындай жөніне келген жөн», – деп ду ете қалысты. Келесі жылы Үния ұзатылатын болды. Қалың мал мөлшері бес бие, екі ат, бес түйе болып, келісімге келді. Екі тәулік бойы ауылдың құрметті қонағы болған Саурық құда қызба думан ішінде кердең қақты. Келісім болған күні кеште көрші үйде отырған Үнияға шешесі жайжапсардың бәр-бәрін толық айтты. Уақытынан ерте оянған Үния іштей жанып бара жатса да, іштегі отты сыртқа шығармай, шешесінің сөзін үнсіз тыңдады. «Ана айтса қисық айтпайды», – деген бір ауыз сөз тілін күрмеді. «Жаспын ғой, баламын ғой!» – деп шырылдап жылағысы келсе де, қыр қызының тума әдептілігіне басты: – Апа, сіз не айтсаңыз сол болады. Жылағанмен, қолымыздан не келсін? Екеумізде не билік бар, басқа түскенді көрерміз, – деп күрсінді. Күнікей қызының ақылына, ұстамдылығына қатты риза болды. Бауырына қысып, ұзақ отырды, ақыры қонақтарға келіп болған әңгімені хабарлады. – Бәсе, айттым ғой, Үния ақылды бала, ананың айтқанын екі етпейді.
– Айналайын, туғаннан ақылды болып туған ғой, – деп Терлекең дән риза болды. Қонақтар Терлікбай ауылының қонақжайлығына ризалық білдіріп ақыры еліне қайтты. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық», – деп Саурық болыс ауылына келісімен келін түсіру қамына кірісті. Болыс құда екі аптадан соң келетінін хабарлап кісі жіберді. Күнікей туған-туысқандарын жинап, той жабдығына кірісті. Тойға деп екі қысыр бие, жиырма шақты қой қыстай бордақыға байланып тұрған-ды. Жаз шыққалы ол малдар бұрынғысынан да семірді. Туғандары тойға жарат деп берген екі-үш тайы да жемге қойылды. Өткен жылы күзем алысымен киіз басып, Үнияға арнап жаңа жауған қардай ақ отау тігілді. Уық, кереге, шаңырақты шеберлер жүзіктің көзінен өтердей етіп саңғырлатып қойды. Күміспен оюланған ағаш төсек, шағи көрпе, мамық жастық, масаты кілем көздің жауын алады. Ауыл болып қонақты күтіп алуға аяғынан тік тұрды. Жайлаудың жасыл түсі-ай! Аспанда ала бұлт көшіп жүр. Тау басында да шөгіп жатқан тұманды бұлт. Қонақ тосып, зыр жүгіріп жүрген желаяқтар. Мал сойылып, жер ошақтар қазылды; тай қазандар да буды аспанға атты. Ауыл сыртындағы кезеңнен жалғыз салт атты көрінді. Басындағы тымағын қолына алып, былғап келеді. «Құдалар жақындап қалды, жақындап қалды», – деп үй сыртына келе, аттан қарғып түсті. «Құдалар қара құрттай қайнаған көп көрінді», – деді шапқыншы жігіт. Ауыл абыржи бастады. Күнікей ғана саспай күнделікті парасатты кейпімен басына ақ кимешегін, үстіне сарғыш сәтеннен тігілген көйлегін, қара мақпал қамзолын, аяғына Самарқанда тігілген көкшіл сафиянмен оюланған кебіс, мәсісін киіп қонақтар түсетін үйге беттеді. Қыз-келіншектер Терлікбайдың кіші інісінің алты қанат ақ үйіне жиналды. Ортадағы Үнияны аялай мәпелесіп, аққудың балапандарындай тізбегін жазбай бір топ қыз отыр. Үния басына үкілі тақия, үстіне қызғылт шағидан тігілген бүрме көйлек, жасыл барқыттан жиектерін оқалаған, белі қиылып тігілген қамзол. Тілерсегіне дейін түсетін шашына алтын жалатылған күміс шолпы, білегінде алтын білезік, саусақтары толы жүзік, аяғында қызыл былғарыдан тігілген кебіс, мәсі. Қозғалып кетсе, сыбызғы даусындай әсем үн шығады. Қыз-келіншектер үстіндегі киімдерін жөндеп әбігерленіп, әлек болып жатты, жастар жағы күйеу жолдастарды асыға күтуде. Ақ боз аттан түскен Саурықты қолпаштап қарсы алған Терлікбай Күнікей отырған киіз үйге бастап келеді. Қуанышында шек жоқ. Екі езу – екі құлақта. Саурықпен қатарласып жорғалаңдап келеді. «Бәрі өзіңіз айтқандай болды», – деп қояды. Саурық «бәріңді әбігерлендіріп қойдым ба, бәлем?» деп іштей миығынан күліп келеді. Бұлар үйге кірісімен: – Той қайырлы болсын, – деп сырт киімдерін шешіп жатты. Үния мен Қабділда жастар ішінде ойын-сауықтап отыр. Қабділда күйеушілеп келгенде, оның парасатты, жібек мінезді, салмақты, ақылды
жігіт екендігі, күле сөйлеген майда сөзі Үнияға әбден ұнап қалған-ды. Орта бойлы, дембелше, бұйра шашты қара жігіт. Сол кезден-ақ екеуінің арасында махаббат оты тұтанған болатын. Екеуі көптен бері бірін-бірі көрмей, сағынып, зарығып қалыпты. Бүгін, Қабділда табалдырықты аттап кіріп келгенде-ақ Үния көзіне ол, бұлт астынан шыққан күндей жарқ ете қалған еді. Үния өте көңілді, қолына домбырасын алып, Қабділдаға «сен де қосыл» дегендей ишарат білдірді де: – Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің елге Арқаның атақты ақыны Біржан келіп, біздің Сара апамызбен айтысыпты. Қабділда екеуіміз қосылып Біржанның екі-үш әнін айтып берейік, – деді. Үния алдымен домбырасының құлағын бұрап, безілдете тартып алды да, Біржанның «Ләйлім шырақ» әнін шырқады. Қабділда екеуі ән ырғағын біресе жоғарылатып, біресе төмендетіп, шырқап отырды. Тыңдаушы жұртта үн жоқ. Екеуінің ән салған әуеніне таңданып, ризалық көңіл білдіріп отыр. Біреулер бірде әншілерді, енді бірде әнді шығарған Біржанды мақтап мәз болып қалды. Топ ішінде отырған мосқалдау келген қараторы әйел: – Мен Біржанның өз аузынан осы әнді естіген едім. Екеуің де сол кісінің дәл өзіндей салады екенсіңдер, – деп екі жасты мақтай жөнелді. Үния мен Қабділда дауыстарын төмендетіп келді де тоқтады. Үйде сауық құрып отырған жұрт: «Дауыстарың қандай жақсы, кісінің жанын жібітіп, тыңдаушыны ұйытып жіберді. Тағы да бір-екі ән салыңдар», – деп ду ете қалды. Екеуі қосылып тағы да Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар» әнде рін салды. Үния Біржанның «Жайма-шуақ» әнін жалғыз өзі домбыраға қосы лып шырқай жөнелді. Үния ән шырқаған сайын Қабділда ризалық біл діріп: «Тағы да бір ән сал», – дегендей күлкі үстінде екеуінің көзі қылыш жүзіндей айқасып кеткендей көңілді отыр. Өзен суындай сылдыраған Үния үні бүкіл отырған жастарға шаттық өмір ала келгендей жүректерін тербетіп, үлкен әсер етті. Тыңдаушылардың құлақ құрышын, мейірін қандыра салған Үния әнінен ләззат алған жұрт тебіренісіп қалды. Бүкіл ел болып, Үнияны ұзатты. Күнікей өзі бастап Саурық ауылына қызымен бірге жүріп кетті. «Әкеңнен қалған ат қой, осы атты сен мін», – деп Күнікей жалғыз атын қызына мінгізді. Бір жетіден кейін Күнікей бастаған ауыл адамдары Үнияны құтты орнына қондырып қайтып келді. Ол жақта да той жақсы өтті деп ауыздарынын суы құрып қайтты. Ел адамдары көпке дейін екі жақта болған тойды ауыздарынан тастамай айтып жүрді. Күнікей жалғыз өзі тұрып жатты. Өзінде бір бұзаулы сиыр, екі тайынша, бір тай қалды. «Күн көріске осы да жетеді. Қанағат керек болар», – деп Күнікей сабырлық етті.
Ауыл іргесінде ағып жатқан мөлдір сулы шағын ғана өзеннің жағасындағы дөңестің төскейіне Қабділдаға арнап, осыдан бір жыл бұрын жақын туыстары күш біріктіріп ағаш шатырлы шағын ғана екі бөлмелі үй, мал қора салған. Саурық оған еншің деп үш құлынды бие, екі бұзаулы сиыр, жиырма шақты ұсақ мал берген. Шағын басты үйге осының өзі жетті. Таң бозарып атқан мезгіл. Үй іші алауланып, жарық түсе бастаған. Таңғы тәтті ұйқыдан оянған Қабділда көк көрпенің ысырылып аяқ жақта жатқанын байқады. Үния шырт ұйқыда жатыр. Шебер мүсіншінің қолынан мүсінделіп шыққандай Үнияның денесінде иіліс-бүгілісі жоқ сұлулығына кеудесін жапқан көмірдей қара шашына қарап ұзақ жатты. Ол өзіне өзі: «Осындай қор қызындай сұлу әйелді тауып алғаным менің бақытым болар. Өзіне көлдей ақыл да біткен. Ақ білегімен балаша мойныңнан құшақтап отырғаны, Қабеке деп жібектей үлбіреген ернімен бетіңнен еркелеп сүйгені, қарақаттай қара көзі төңкеріліп барлық сүйіспеншілік көңілімен маған қарағаны менің ішімдегі махаббат отын бұрынғыдан да тұтандыра түседі...» – деп Үнияның үстінен ысырылып кеткен көрпені жапты. Таңертеңгі дастарқан жайылып, шай әкелінді. Үния қызыл күрең шайды кесеге құйып, оң жағында отырған Қабділдаға: – Шай іш, тамақ же, – деп күлімдеген ерке көзімен оның жүрегіне от сала қарады. – Ішемін ғой. Саған қарасам көзім тоймайтындай болады. – Көзің неге тоймайды? Қасыңда жатқан жоқпын ба? – Осы ел сені мақтай береді, бір күні біреу алып қашып кете ме деп қорқамын. – Алып қашып кететін мен жансыз адам ғой дейсің бе? Мен сені бар көңіліммен сүйіп тидім. Сен жоқ жерде мен де жоқпын, жаным, – деп Үния үлпілдеген ақ матадай жұмсақ білегімен Қабділданы құшақтап бетінен сүйді. Қабділданың Үнияға деген махаббаты күн өткен сайын өрши түсті. Ауыл-ауылда ойын-той жиі-жиі болып тұратын болды. Сол жиындардың жуан ортасында, екеуі әр уақытта сыйлы қонақ болды. Оларсыз бірде-бір ойын-сауық өтпейтін еді. Екеуін бүкіл ел болып, тік тұрып қарсы алатын. Асамбайдың әйелі босанып ұл тапты. Ауыл жастарының бәрі шілдеханаға жиналды. Үй толы қонақ. Отырған жастар Үнияға «бір ән салып жіберші», – деп қолқалап болмады. Ол сәл уақыт қандай ән айтсам екен деп ойланып отырды да: «Қара торғай» әнін күмістей сылдыраған даусымен бірде асқақтата, бірде көмекейі толқып, жіңішке сазға салып бітірді. Отырған жұрттың сұрауымен ол «Елім-ай» әнін тоқтамастан, ірікпестен айтты. Жұрт Үнияның ән салу ырғағына риза болып: «Бәрекелді, сен тойдың гүлісің, ұйтқысысың», – деп Үнияны мақтай жөнелді. Қабділда да Үнияға еріп ән шырқайтын болды.
Саурық Лепсі қаласына жүретін болып, қасына Асамбай, Байділда, Игембайларға қоса Қабділданы да ала кететін болды. Қабділда есебін тауып, жас әйелінің жанынан алыстап кеткісі келмеді. Жолға шыққанда нөкерсіз жүрмейтін Саурық көнбеді. Қабділданы да ала кетті. Лепсіге кеткен Қабділда бір апта бойы келмеді. Үнияда ұйқы жоқ. Түні бойы Лепсіде жүрген Қабділда елестейді де жатады. Үй маңында біреудің жүрген тықыры шықса, келіп қалды ма деп елең ете қалады. Таңның атысы, күннің батысына дейін екі көзі көсіліп жатқан дөң үстіндегі жолға қараумен болды. Күні-түні көз шырымын алмаған Үния әбден жүдеп қалды. Күн еңкейіп батып бара жатқан мезгіл. Үния сиырын сауып, шелектегі сүтті үйге кіргізді де, жедел қайта далаға шықты. Жыланша иреңдеген күре жолда құйындап келе жатқан Саурықтың пәуескесі көрінді. Артында үш салт атты. Үния оларды көріп, қуанышын жасыра алмай қасында тұрған Күміске: – Әне, Қабділда келе жатыр. Ол мені әбден сағындырды, – деп жымиып күлді. – Қабділдаңды әбден сағынған екенсің. – Сағынбағанда қайтейін. Қасымда отырып «Үнеке», деп отырғаны ның өзі қанша тұрады. Бір жеті жоқ болып еді, түнде ұйқым, күндіз күлкім жоқ. Екі көзімнің майын жеп, жолға қараймын да жүремін, – деп Үния қуанғанынан көзіне жас алды. – Алланың әмірі-ай, адам қуанса да жылайды екен ғой, – деп Күміс Үнияға сүйіспендік мереймен қарады. Саурық атының басын үйіне қарай бұрды да, соңындағы салт аттылар үйді-үйіне қарай кетті. Қабділда көк бестісінің жорға аяңымен есік алдында қуанышы қойнына сыймай тұрған Үнияға тура жүрді. Дәл осы кезде дүрсілдеп соққан Үнияның қуаныш жүрегі Қабділданың жүрегіне қосылып бірге соғып тұрғандай сезінді. Қабділда аттан қарғып түсіп, Үнияның үлбіреген мамықтай қолынан ұстап үйге кірді. Екеуі айлапжылдап көрмеген адамдай құшақтасып, көпке дейін: «Адал жарым, ажырамайтын жан серігім, сүйенішім, қолымдағы гүлім», – деп бірінбірі босатпай, дәл осы сәтте екеуі жарық дүниенің бәрін ұмытып кеткендей болды. Екі жас бірін-бірі жанындай жақсы көріп, махаббат шоғы бұрынғыдан да көрі тұтана, өрши түсті. Үния Қабділданың жел соғып, қоңырқайланған бетіне, кезерген ерніне қарап: Өзің жүдеп қалғансың ба? – деді. – Жүдегенім жоқ. Сен жүдеп қалғансың ба, қалай? – деп Қабділда Үнияның жібектей жұмсақ бетінен тағы сүйді. Қабділда Үнияның ойлаған жерінен шықты. Әдепті, жібек мінезді, сөзден көрі ісі тыңғылықты, үй шаруасына да елпілдеп тұратын жігіт. Таң сәріден тұрып, жалғыз сиырды өрістегі малға қосатын да, тауға барып отын әкелетін де, оны жарып үй жанына үйетін де, қыстың аязында шанаға ат жегіп, бөшкемен су әкелетін де Қабділда болды. Күнікейге де қолдан келген көмегін аямады. Соғым сойса, қақ жартысын: «Мынау Күнекеңнің
сыбағасы», – деп шанаға тиеп апарып тастап жүрді. Жаз кезінде әдейілеп барып, Күнікейдің азды-көпті малына шөп, қыста жағатын отынын дайындап беретін болды. Маңайдағы жәрмеңкеге барғанда да көйлеккөншек, шай-сабын алып, «Мына бір заттарды Күнекеңе алдым, сен біреуге беріп жіберме», – деп Үнияны ескертіп қоятын. Өйткені, атым сыры өзіме белгілі дегендей, Үнияның қолы ашық, ешкімнен еш нәрсесін аямайтын. Бере салатын. Ауыл әдеті белгілі ғой, біреу жәрмеңкеден келіпті дегенді естісе болды, бала-шағасымен шұбырып «базарлық» деп тайлы тұяғы қалмай шұбырып келетін. Келген адамдарды риза ғып, үлкендердің батасын алатын. Ол әдетті жақсы білетін Қабділда қант-кәмпит, ұсақтүйек әртүрлі заттарды көбірек әкелетін. Үнияны да жіптіктей етіп киіндірді. Ешбір жаннан кем етпеді. Қабділданың мұнысына әбден риза болған Үния да оны иіліп тұрып қарсы алатын, балалық мінезімен еркелейтін. Күзем алынып біткен кез. Үния күзем жүнінен киіз басып алды. Арқар мүйізді екі сырмақ, бір текемет жасады. Қалған жүннен алаша тоқыды. Келген қонақтарға деп Қабділда жәрмеңкедегі сәудегерлерден сатып әкелген матадан бірнеше көрпе тікті. Үй ішін адам баласы қызығатындай жайнатып қойды. Төргі өздері жататын үйінен келген төсекті де шағи көрпе, мамық жастық, құс төсек сияқты бұйымдармен безендірді. Алдына шағидан тігілген шымылдық ілді. Бөлме-бөлменің бәрі де кірсе шықпастай жайнап кетті. Бір күні Қабділда жәрмеңкеге баратын болып жиналып жатты. Жолаушы жүруге бір күн ғана қалған болатын. Екеуі таңертеңгі шайын ішіп отырған. Үния Қабділдаға қарап жымың етті. Ол Үнияның бірдеңе айтайын деп отырғанын көзқарасынан сезе қалып: – Не айтайын деп едің, айта ғой, – деп мамықтай жұмсақ білегінен ұстап, өзіне қарай тартып, үлбіреген бетінен сүйді. – Ертең жәрмеңкеге мені де ала кетсең қайтеді? – деді. – Не, бір нәрсе алайын деп пе едің? – Иә, іс тігетін машина сатып алайын деп едім. – Оны қайтесің? – Мені шешем жұдырықтай кезімнен киім-кешек тігуге үйреткен еді. Өзіміздің, осындағы туыстарымыздың киімдерін тігу қолымнан келеді. – Ондай жақсы ойың болса, жүр менімен, ала кетейін. Ол машинаны өзім де ала келер едім, бірақ мен оның тілін білмеймін, өзің таңдап алғаның жөн, – деп Қабділда Үнияның жәрмеңкеге ере барамын дегенін құптап қуанып қалды. Лепсі қаласының жәрмеңкесі. Ығы-жығы толған адам. Пұлдарын алдына жайып қойып отырған әр жерден келген саудагерлер. Өзбектің ала шағиы, Самарқанның сандалы, өрік-мейізі, алуан түрлі маталар жәрмеңкенің қай жеріне барсаң да алдыңнан шығады. Қабділда мен Үния бүкіл жәрмеңкені көріп шықты. Бір жерде самауыр, іс машина, кесе, шай, енді бір жерде манты, шашлық тағы да басқа тағамдар сатып отырған
адамдар. Саудаласып жатқан алыпсатарлар. «Он қой, бір жылқы, екі түйе», – деп қол соғысып жатқан жұрт. Қабділда мен Үния жетектеп барған екі жылқысына іс машина, тағы толып жатқан ұсақ-түйек заттар алып үйіне қайтты. Екеуі салт мініп, қоржын-қоржын заттарын екі атқа тиеп, аяңмен келе жатты. Бір дөңнен асып түскен жердегі мөлдір бастауға тоқтады. Беті-қолдарын жуып жәрмеңкеден сатып алған ұйғыр нанын жеп отырды. – Менің осы жолы жәрмеңкеге барғаным қандай жақсы болды. Көп нәрсеге көзім ашылды. Әсіресе, еркектермен бірдей жұмыс істеп жүрген орыс әйелдерін көргенде, оларға қызыға қарайсың. Сен біреулермен сөйлесіп тұрғанда, ұсақ-түйек сатып тұрған бір орыс әйелімен сөйлестім. – Орыстың тілін білмейсің онымен сен қалай сөйлестің? – деп Қабділда Үнияның ойын бұзып жіберді. – Ол орыс әйелі қазақша сөйлегенде өзіңді жаңылдырады. – Иә, не сөйлестің? – Орыстар бірнеше әйел алмайды екен, шіркеуде некесін қиып, бір ғана әйел алады дейді. Әйелдері еркектерімен бірдей жұмыс істейді. Бұл менің жәрмеңкеден әкеле жатқан жаңалығым емес пе? – Оны қайтейін деп едің? Мен сенің үстіңе тоқал алайын деп жатқан жоқпын. – Сен менің үстіме тоқал алады деп отырғаным жоқ. Ауылда қос-қос әйел алған адамдарды көріп жүрмін ғой. Менің соларға іштей жаным ашиды. Бәйбішелері қолына таяқ алып ысқырып, бейшара тоқалды күң есебінде ұстайтындар бар. Әрине, тоқалды жақсы көрген адамдар оны құрметтейді. Екі жағы да баршылық қой, – деді Үния. – Сен бір күн жәрмеңкеге барып, көзің ашылып қалыпты ғой. – Көз ашылғандықтан емес, мен, Қабеке, сені адал жүрегіммен жақсы көремін. Егер, сен менің үстіме қатын алатындай болсаң, мен қызғанбаймын ба? Қыздай тиген жан жолдасыңның қойнында бөгде бір қатын жатса, қалай шыдаймын. Әйелі басқа біреумен жүргендей болса, еркек те қызғанатын болар? Біздер де сондай жандар емеспіз бе? – Әрине, мен сол адамның қолында өлер едім. – Мінеки, мен де солаймын. Бірақ әйел жолы тар ғой. Біз жылайжылай күнімізді өткіземіз. Бар әліміз көз жасына ғана жетеді. Жаңағы орыс әйелі сен айналып кеткенде маған: «Сен тоқалысың ба, бәйбішесісің бе?» – деп сұрағаны жүрегіме ине сұғып алғандай болды да, содан әңгіме басталып кетті. Ымырт қараңғысын жамылып келе жатты. Жап-жаңа жарқырап тұрған жол үсті қараңғылықты жамылып, мүлгіп тұр. Жан-жағына тесіле қарап келеді. Бұл маңда жолаушыларды тонайтын ұрылар да жеткілікті. Көз жетер жердегі көкжиекте шөгіп жатқан бұлттың етегі батқан күн нің сәл ғана ізін болар-болмас сақтап қалған. Жүрістерін тездетіп, желе жөнелді. Екі аттың екеуі де ауыздығымен алысып, шаба жөнелгісі келіп, елпілдеп келеді. Ауылға бес шақырымдай жер қалды. Бір кезде
алдарынан көлденеңдеп қараңдаған біреудің желдіртіп қарсы келе жатқан ат тұяғының дыбысы естілді. Ауылға жақындаған кезде, жол тарам-тарам болып бөлініп кететінін бұлар жақсы біледі. Түн қараңғылығы қоюланып, қас қарайды. Дүбір жақындап келеді. Екеуі күре жолдан жалт беріп, екінші бір жолға түсіп шаба жөнелді. Енді дүбір бұлардың екі бүйірінен шықты, бір топ өкпе тұстан шауып келеді. Қабділда іштей олардың қоршауға алып тонаймыз деген ойын сезді де, қасындағы Үнияның атының шылбырын ұстай алып, қатарласа шаба жөнелді. Сұлыға байланып, жарап тұрған екі ат ауылға қарай бар пәрменімен ұшқан құстай зымырап келеді. Ұрылар күре жолда тосқауыл қойған екен. Бұл екеуінің аттарының дүбірі басқа жақтан шыққанын сезіп, соңдарынан қуып келеді. Бірақ ауылға бір ғана шақырым қалған кезде, олар бұрылып екінші бір жаққа қарай ойыса жөнелді. Екеуі шапқан күйі ауылға келіп кірді. Үй-үйдің терезесінен шам сәу лесі көрінеді. Ауыл әлі жатпаған. Ояу екен. Қабділда мен Үния үйінің қасына келгенде ғана ат басын тартысты. – Жүрегің ұшып, қорқып кеткен жоқсың ба? – деп, Қабділда Үнияны аттан түсірді. – Қорықпағанда, қайтейін? Тосыннан келген жоқ па? Қайта, ауылға жақындаған кезде жолыққаны жақсы болды. Алыс бір жерде кездескенде қайтер едік? – деді Үния аттан түсіп жатып. – Осында келіп-кетіп жүрген жүргіншілерден естігенім бар, ұрылар ауылға жақындаған жерде тосқауыл қояды екен. Өйткені, жүргіншілер ауылға жақындадық деп бейқам келе жатқанда шабуыл жасап, тонап алатын көрінеді. Өзің қорқып кетіпсің ғой, екі иығыңнан дем алып тұрсың, жүр үйге кірейік, – деп аттарын қораға байлап, қоржындарын иығына салып үйге кіріп кетті. Саурық аулы тоғыз жолдың торабында болатын. Жаз шықса болды, артынып-тартынып жәрмеңкеге кетіп бара жатқан керуендерді көресің. Кейбіреуі жол бойы сауда істеп, заттарын малға, жүнге, тері-терсекке айырбастап, қайтар мезгілінде осы ауылға соғып, саудадан түскен малын айдап, басқа заттарын түйеге артып әкететін. Қоқаннан келе жатқан бір топ сәудагер кешке таман Қабділда үйінің есік алдына тоқтап, «құдайы қонақпыз» деп қонып кеткені бар. Оларды Үния асты-үстіне түсіп күтті. Ішінде бір де әйел жоқ. Өздері манты, шашлық, өз күріштерінен палау басып жейді екен. Олардың қасында жүріп Үния өзбек тағамдарын пісіруді үйреніп алды. Қолы ашық сәудегерлер екен. Үния мен Қабділданың қонақ күтісіне риза болғандығы сондай, екеуіне көйлек-көншек, өрік-мейіз сыйлап, қарық қылды. Олар осы ауылдан айырбастап алған заттарын Қабділда қорасына үйіп кетіп жүрді. Жәрмеңкеден қайтқанда да базарлық әкеп тастайтын.
Бұлар кеткеннен соң үш күн өтпей жатып, ішкі жақтан бір топ сәудегерлер тағы Қабділданың үйіне тоқтады. Бұлардың ішінде мосқалдау келген, ұзын бойлы, семізше кісі түскі шай үстінде: – Неше қатының бар? – деп Қабділдадан сұрады. – Біреу ғана, – деді Қабділда сөз астарын ұқпай. – Қырғыз даласына мен бірінші шыққаным. Россияда жүргенімде естуші едім, бұл жақта көп қатын алады екен деп, мүмкін сенде де бірнеше қатын бар ма деп сұрап жатырмын. Шай құйып отырған Үния бұл әңгімені ынта қойып тыңдап отырды. Іштей жақтырмай-ақ отыр. Келген қонаққа бір нәрсені айтып салуға ел әдеті қоспайды. Сондықтан іштей «кешегі жәрмеңкеде болған әңгімені есіне түсіріп, жіпке тізгендей, бәр-бәрін көз алдынан өткізіп шықты. «Шіркін, менің Қабділдам да бір кезде менің үстіме тоқал аламын деп әлек сала ма, әлде осы күнгі «мен сенің үстіңе қатын алмаймын» деген сөзінде тұрар ма? Қазақ айтушы еді: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп, көп қатын алу Қабділдаға да жұға ма? Онда не істемекпін мен?» – деп әртүрлі жағдайларды ой елегінен өткізіп отырды. Қонақтар жәрмеңке жайын, бұл ел қандай заттарға зәру, іш жақтан қандай бұйымдарды көбірек әкелуге болатынын, ол заттар бұл жақта қалай өтетінін суыртпақтап Қабділдадан қоңыр дауысымен, асықпайсаспай сұрап отырды. Қабділда өзі білетін жағдайларды ғана айтып, жауап берді. Бұл жолаушылар самауыр, ақ шайнек, кесе, тегене, тостаған, қасық, тағы да сондай бұйымдар сатады екен. Үния бұлардан самауыр, кесе, тағы да басқа ұсақ-түйектерді жазғытұрғы қой жүніне айырбастап алып қалды. Қонақтар аттанысымен Үния кешке таман бір-екі сиырын сауып, азын-аулақ ұсақ малын түгендеп қораға енгізді де, үйге кірді. Қабділда төр алдында жастыққа жастанып дем алып жатыр екен. Ол басын көтеріп: – Қалай, қатын, самауырының жақсы ма? – деп есік жақта тұрған самаурынға қарап қойды. – Самауырынымыз тозып қалған еді. Сәудегерлердің келе қалғаны қандай жақсы болды? Жаңа самаурын сатып алдық, – деп бұл Қабділданы құптай сөйледі. Екеуі алдыңғы бөлмеде шай ішіп, әр нәрсені айтып қалжыңдасып отырды. Бағанағы ішкі жақтан келген сәудегердің Үнияны «тоқалың ба?» – деп сұраған сөзін жаңғыртып күлісіп те алды. Үния сәл уақыт үнде мей отырды да: – Ол кісінің сұрағы менің жүрегіме әлі қадалып тұр. Осы күні еркектерге сенім жоқ, бір күні сен де тоқал аламын деп шыға келесің бе? Қайдан білейін? – деп сөздің артын жұтып қойғандай Қабділдаға қарап, қарақаттай қара көзін бір төңкеріп қойды. – Сен бір нәрседен секем алып қалғаннан амансың ба? Мен, саған айттым ғой, тағы да қайталап айтайын, тоқал алмаймын, осыған сен, бұдан былай мұндай әңгімені маған айтпа, – деп Қабділда қабағын түйіп келіншегіне қарады.
Қабділда әйелінің ауылдағы бірнеше қатыны бар адамдарды иттің етінен жек көретінін енді білді. Ол іштей: «Үния мені жақсы көргендіктен ескертіп отыр-ау», – деп қояды. Үния тігіншілікке тез беріліп кетті. Ең алдымен, өзіне киім-кешек, Қабділдаға да судай жаңа қара бешпент, шалбар, көйлек тікті. Көршінің әйелі ұл тауып, соның шілдеқанасына екеуі жаңа тігілген киімдерін ең алғаш киіп барды. Жиналған жастар, бұлардың үстіндегі шыттай жаңа киімдерін көріп, таң қалды. Келіншектер «жәрмеңкеден сатып алдыңдар ма?» – деп үсті-үстіне сұрап жатты. Оларға Қабділда: «Үнияның өзі тікті», – деп жауап берді. Ертеңінде-ақ: «Үния ісмер екен, өздеріне жаңа киім тігіп киіпті», – деген сөз әрбір адамның аузында жүрді. Ауыл әйелдері бірінен соң бірі жәрмеңкеден әкелген маталарын әкеліп: – Қызыма бір-екі көйлек тігіп бер, шырағым, өзің ісмер екенсің, – деп Қабділда үйіне шұбыра бастады. Үния олардан бас тартпады. Күнітүні көз майын жеп көршілерінің киімін тігумен болды. Ешбір жанға «тікпеймін» деп айтпады. Олардан тіккен киіміне ақы алмады. «Ұсақ мал ал, ақысына», – дегендерге: «Осы ауылда отырып, ақы алған, сұмдық емес пе?» – деп бергендерін қайырып беретін. Мұны Қабділда да мақұлдайтын. Ендігі жерде бүкіл елге Үния ісмер келін атанды. Беделді болды. Үлкені де, кішісі де оны сыйлайды. Ұзақ күнге тыныс алмай, машинамен, қайшымен алысты. Көрші әйелдер жаны ашып, күндіз биелерін, кешке сиырын сауып кететін болды. Оны ар көріп, бір күні көмекке келген әйелдерге: «Мен өзім-ақ сауам ғой, сіздерді әурелеп қайтемін», – дейтінді шығарды. Оған ауыл шетінде тұратын жұдырықтай кішкене қара кемпір: «Әй, келін, сен барша адамға іс тігіп бересің, біз сенің сиырыңды сауып беруге жарамағанымыз ба? Егер, сен қолыңды қусырып, қарап отырсаң, біз де жоламаған болар едік», – деп зекіріп тастады. Бұған Үния еріксіз көнді. Бір күні Саурық болыстың бәйбішесі Айман да құшақ-құшақ мата көтеріп әкелді. Ол қолындағы заттарды бөлме ортасына қойды да: – Келін, маңайдағы жұрттың бәрін киіндіріп біттің. Енді, басқанікін тіккенше, қайнағаң мен мені киіндір, маталарымды ала келдім, – деп бұйыра сөйледі. – Апа, сіздерге тікпегенде, кімге тігемін. Киімді әр кісіге өлшеп тігу керек емес пе? Олай етпесе, не тар, не солпиып кең боп кетеді. Сізді қазір өлшеп алып қаламын. Атама өлшеп киім тігуге ұяламын. Оны қайтемін? Бұл жұмбақты өзіңіз шешіңіз. Жұрттың аузына қақпақ қоя алмаймыз, ертең ду ете қалмай ма, қайнағасына өлшеп киім тігіпті деп. – Оның рас, шырағым, мені қайнағаңның өзі жіберіп отыр. Ол да өзіне өлшеп тігілетінді білетін болар? Кешке таман, Қабділда екеуің біздің үйге қыдырған болып келесіңдер, сол жерде ешкім жоқта өлшеп аласың. Қайнағаң өзі рұқсат етсе, несі бар? Сөзді қой, осылай етеміз, – деп кимешегінің төбесін жөндеп, нығыздана отырды. Саурықты көргенде анадайдан бетін жауып, қашып жүретін Үния амалсыздан Саурықтың үйіне барып, тігетін, киімдерін өлшеп алды. Екі
жұма ішінде Саурық пен бәйбішесіне қыс, жаз киетін киімдерін таптұйнақтай ғып тігіп шықты. Екеуі де келініне қатты риза болды. Саурық Үнияға: «шырағым, келін, қолың алтын, саусақтарың толған өнер екен», – деп, оның тіккендерін ертеңінде ауылда болған болыс жиынына киіп барды. Бұл жолы жиналған жұрт, Саурықтың сөйлеген сөзін тыңдағаннан көрі, үстіндегі киіміне қараумен болды. «Малдасын құрып, төр алдында отырған осы елдің атағы шыққан байы Әлібек деген кісі: «Болыс мырза, мына үстіңдегі киімің жарасып-ақ тұр. Дәл тігілген екен», – деп бір әредікте айтып та салды. Оған Саурық жауап бермеді, күлді де қойды. Осыдан кейін Саурық Үнияны ылғиында мақтан етіп, айтып отыратын болды. «Ісмерлігі ғажап-ақ», – дейтін еді. Басқа ауылдың жақсылары да Үнияға киім тіккізіп алатынды шығарды. Шала ұйқылы болған Үния жүдеп кетті. Инеге тесіле қарап отыру оңай болып па? Күні-түні тесіліп іс тігу оны әбден қажытты. Еңкейіп; отыра берген соң, белі де ауыратын ды шығарды. Оны біліп жатқан жұрт бар ма? Тікпейін десе, бұлданшақ келін дейді бұл қазақ. Тіпті әуелі далаға шығудан қалып барады. Қабділда Үнияның көріп жүрген азабына жаны ашып: – Сен, бұл елдің бәрін жалғыз өзің киіндіріп бітпейсің Бұдан былай, өзіміздің жақындардан басқаға киім тігуді тоқтатсаң деймін. Мен кеше, көрші ауылдардан келгендерді Үния сырқаттанып жатыр деп, үйге кіргізбей, даладан қайырып жібердім, – деді, Үнияның қолаң шашынан сипап отырып. – Әдейі келген адамдарды қайырып жібергенің ұяттау болған. Үйге келген құдайы қонақты күтіп алу, баяғы заманнан келе жатқан әдет емес пе? Бекер болған оның, – деп, Қабділданың мойнынан құшақтады. – Саған жаным ашиды. Елдің ісін тігемін деп, жалғыз қатыным ауырып қалса қайтемін? Тым болмаса, екеу де емес? – деп Қабділда енді не айтар екен дегендей Үнияға жылы жүзімен, сылдырлаған күлкісімен, күлімдеген көзімен қарады. – Екі қатын керек болса, сен де ал, тағы біреуін. Ағаларыңнан үлгі алған боларсың, – деді Үния жымиып. – Қатын алам дегенім жәй ғана қалжыңым ғой. Көңіліңе алып қалдың ба? – Қазақтың қалжыңын жас болсам да түсінемін. Менің саған айтқан назым емес пе? – Олай болғанда, екеуіміз келістік қой, – деп Қабділда есік алдына шығып кетті. Қабділда үйде отырғанда тық-тық жөтеліп отырған. «Осының жөтелі тоқтаған сияқты еді. Бұрынғы науқасы тағы да қозып жүр ме? Құдайым ның өзі сақтасын», – деп Үния іле-сала далаға шықты. Қабділда есік алдында жөтел қысып, қиқылдап-шиқылдап, демін ала алмай, қысы лып тұр екен. Үния көре сала қасына барып, қолтықтап үйге ертіп келді. Төсекке жатқызды. Жабыққан көңілі, қашқан өңі, шошыған жүрегі Үнияны кенет қорқыныш сезімі баурап кетті. Үрейі ұшып:
– Жалғыз сүйенішім едің, жаңа ғана қалжыңдасып отыр едік, саған не болды? Ескі ауруың қайта қозып жүрген жоқ па? Менен несіне жасыр дың? Енді не шара бар? деп жөтел қысып жатқан Қабділданың қолын сипап отырды. – Жөтел бүгін таңертең пайда болды. Саған білдірмей-ақ қояйын деп едім, болмады. Күні бойы қан түкірдім. Не болғанын, жаным, өзім де білмеймін. Қабділда өткен қыста қаладан қайтып келе жатқанда орта жолда, кенет соққан боранның астында қалып, суық тиіп ауырып қайтқан болатын. Сол сырқаттан айыға алмай, арты осы көк жөтелге айналған еді. Кейінгі кезде қымызға күшәла қосып ашытатын болған-ды. Қымыздан науқасы тәуір болғандай еді. Ол тек алдамшы ғана екен. Далада жүргенде тағы суық тигізіп, науқасы қайта қоза бастады. Ақаулы өкпе Қабділданы алып соқты. Төсек тартып жатты. Күннен күнге ауырлай бастады. Қабділда ауыр науқастанып жатыр деген суық хабар Күнікей байғұсқа да жетті. Бұл хабар Күнікей жүрегіне найза қадалғандай болды. Онсыз да ақау түскен күңгірт дауысы бітіп қалды. Күнікей ертеңінде-ақ Саурық аулына жүріп кетті. Қабділда өкпесі қабынып, қан түкіріп, ләм-мим деп тіл қатпай сұлық жатты. Ауру меңдеп, күннен күнге нашарлай берді. Оны молда да ұшықтады, бақсы-балгер де емдеді, бірақ олардың бір де бірінің емі қонбады. Екі иығынан дем алып, тілсіз жатыр. Үй іші тым-тырыс. Қабағын тастай түйген реңсіз күн ауыл маңынан қозғалмай тұнжырап тұрып алды. Жер бауырлаған қара бұлт дөңгеленіп келіп, жаңбыр сабалап тұр. Сыртта жауын, үйде Қабділда қайғысы қосылып, Үнияның екі бүйірінен бөрідей қысып барады. Оның қаны қашып, бет әлпеті ақ қағаздай боп-боз. Жағы семіп кеткен. Көзден аққан қайғылы жас. Екі қолымен үнсіз жатқан Қабділданың бетін сипалап отыр. Қысылып жатқан жарына өз жанынан жан бөліп беруге даяр. Ол: «Қарағым, жаным, Қабікешім, көзіңді ашшы, бір көрейін», – дейді. Қабділдада үн жоқ. Оның адам болмайтынына отырған жұрттың бәрінің көзі жетті. Таң бозарып келе жатқан мезгілде ол дүние салды. Үй іші азан-қазан, жылау-сықтау болды да қалды. «Ой, бауырым» деп езіліп жылаған жұрт. Тірі кезінде қырғи қабақ болып жүрген Байділда да «бауырым-бауырым» деп егіліп жылап отыр. Есік жақта тұрған Ұлтарақ іштей: «Тірісінде Қабділданы жек көретін Байділданың жылап отырғанын қарашы. Тіпті, өзінің жадауланып, мұңды отырғанын. Мұның суық жүзінің ар жағында бауырмалдықтың бір ізі бар екен», – деп өзіне өзі күбірлеп сөйлеп тұрды. Саурық ауылына ат жетер жерден лек-лек құйылып жатқан адамдар. Саурық болысқа көңіл айтып дуылдасып жатқан жұрт. Саурық көзіне жас та алған жоқ. Қайсар адам еді. Төмен қарап, тұнжырап отыра берді. Өзінің жақсы көретін інісі қайтыс болғанына ренішті, қабағы қату. Үния үстіне қара көйлек, басына қара орамал орап, үнсіз жылап отырған. Оның басын сүйеп, Күнікей де көз жасын тыя алмай еңіреп
боздай берді. Үния басын көтеріп, жерге қарап түнеріп отырды да, бойына болаттай қайрат, жігер пайда болғандай басын көтеріп алды да, үйде қабағы қатыңқы жұртты көзінің астымен бір шолып өтті де, еңіреп жылап: Жылады деп сөкпеңіз, Әлем білген ерімді, Жоқтаусыз қайтып тастайын. Мен жыламай қайтейін. Жиырма жастың ішінде, Жесір де қалдым жастайын. Кешегі менің көкжалым, Аруақ қонған жасынан. Мың сан кісі жау келсе, Жолдасын бермес қасынан. Науқастанып келгенде, Жұрт сарынап тіледі, Тілегін жаппар бермеген, Көзінен жасын көрмеген. Уа, дариға көнерміз, Құдіреттің ісіне, Пендесі бар ма көнбеген? Гауһардан соққан ел-жұртым, Қанатым менің қайрылды, Жүрегіме дақ түсіп, Жасық пышақтай майрылды. Асыл зат сұңқарым, Өлгеніңді есітіп, Адамзат бәрі қайғырды. Мырзалығы сонша еді, Кәріп пенен қасірге, Барлық малын таратқан, Батыр сынды түріңді, Көруге жұртың құмар-ды, Жайнап жүрген бекзатым, Су сепкендей басылды. Құдірет салды-ау құрығын, Айдынды туған арыстанға, Керуен көшсе жол қалар, Өткен дәурен соң қалар, Қанаты сынса сұңқардың, Қайраты болмас қарға алар. Қапасы қатты дүние-ай, Көзімнің жасы сорғалар, Кешегі жүрген арыстанды Қай жақтан іздеп табайын, –
деп жоқтау айтты. Отырған жұрттың бәрінің жүрегіне қайғы шоғы қонғандай, Үния айтқан жоқтау еттерінен өтіп, сүйектеріне жетті. Бағанадан бері қайсарланып, жыламай сіресіп отырған Саурықтың өзі: «Ой, бауырым-ай, адам еді, ауылымның сәні едің», – деп еріген қардай көңілі босап, еңкілдеп, солқылдап жылап отыр. Бүкіл қайғы, қасіреттің бәрі осы үйдің басына шоғырланып төніп тұрғандай болды. Үйдің сол жағындағы кебеже үстінде жайласқан Игембай мен Асамбай: «Үния осы жоқтаудың бәрін өз жанынан шығарып отыр. Мұндай адам сүйегін сырқырататын сөздер, ақылды кісінің аузынан ғана шығады. Бейшараның Қабділдадан айрылып жалғыз қалғаны да, оның елге сыйлы екендігі де рас қой», – деп екеуі күбірлесіп сөйлесті. Саурық көз жасын сүртіп, үлкен денесімен Үнияға бұрылып: – Қалқам келін, осы үйдегі бәрімізге де Қабділда өлімі оңайға тиіп отырған жоқ. Қабырғамызды қайыстырып-ақ отыр. Қолдан келер дәрмен болмаған соң қайтеміз. Сабыр ет. Жылай берме. Құдайдың бұйырғаны солай шығар, – деді. Қабділданың қайтыс болғанын естіген Әлібек бай: «Ой, бауырым, құлыным», – деп есіктен жылап кірді. Үйдегі адамдар ысырылып оған төрден орын берді. Үйде отырған әйелдер де, еркектер де жылаулы. Малдасын құрып, нығызданып жайласқан Әлібек Саурыққа қарап: – Қазаның арты қайырлы болсын. Қайғыларыңа біз де ортақпыз. Құдайдың қосқаны осылай шығар, – деп көзінің алдына іркілген жасын қалтасынан үлкен ақ бөз орамалын алып сүртті. – Халіміз осылай болды. Қабділдадан айрылып қалдық, – деді. Басқа дай жауап беруге өзі қаралы болып, қайғы үстіндегі оның аузына сөз түспеді. Төрде отырған кісілер үндемей жылап берекесізденді. Жылау арты Ғали молданың жіңішке үнмен оқыған құранына көңіл қойды. Жылау басылуға сыңайыланды. Саурық үндемей мүлгіп, жерге қарап отыра берді. Ертеңінде күн төбеге жетпей бүкіл ел болып, Қабділданы жерледі. Жылап-сықтап Күнікей Қабділданың жетісін берісімен ауылына құр сүлдері қайтты. Күйеу баласының қайғысы оны да әбден жүдетті. Де несін қара шойындай қайғы басты. Кеудесін көтере алмайды. Неше күнгі жылаудан, оның көзі жұдырықтай боп ісіп кетті. Үнияны Қабділданың ауыр қайғысы әбден жүдетті. Екі беті солып, қаны қашып, аппақ қудай болды. Тал шыбықтай құр сүлдері қалды. Тірідей өлген адамға ұқсайды. Ол дәл қазір тобынан адасқан жалғыз қаздай сезінді. Қабділданың жылы жақындап қалды. Дайындық жүріп жатты. Үнияның жабыққан, торыққан көңілін жұбатар да, уатар да жан жоқ еді. Қабділданың асына топ-топ ел адамдары келіп жатты. Мал сойыл ды. Бірнеше жерден тай қазандар асылды. Саба-саба қымыз әкелінді. Қабділданың асы аман-есен өткізілді. Кейін жылы берілді.
Қабділданың жылы өткенше бірде-бір жан Үнияның келешек өмірі жөнінде аузын ашқан жоқ. Жұлдыз жарығы сөніп, көкжиек алтын сәулемен көмкерілген мезгіл. Желсіз күнгі теңіздей даланың көк шалғыны тым-тырыс мүлгіп қалыпты. Аспанда қалықтай шырылдап ұшып жүрген бозторғай үні ғана тыныштықты бұзғандай сезім береді. Үй іші бозамықтанып қалған. Үния жалғыз өзі үйдің оң жақ қабырғасына тірей қойған ағаш төсекте шалқасынан жатқан. Өткен-кеткенді ойлауда. Оның қиялды ойы шартарапқа кетіп, әртүрлі жағдайды електен өткізді. Жастайынан жесір қалған келіншек келешек өмірін, күн көрісін ойлап, бірде су түбіне кеткендей, енді бірде қараңғылық төбесінен басқандай қиял толқыны тауға да, тасқа да соқты. Өмір сағым сияқты, жарқ етіп жанады да, қайта сөнеді. Алды толған буалдырланған тұмандай сезінеді ол. Үния жүрегіне үрей салатын қазақтың ескі әдетіндегі – әмеңгерлік. Әмеңгерлік лаңдары көз алдына келсе, жүрегіне найза қадалғандай сезінеді. Алуан түрлі ойлар жанын жеп дөңбекшіп жатқан Үния ойын үйге сұраусыз кіріп келе жатқан біреудің сыбдыры бөлді. Ала-көлеңкеде келген кісінің кім екенін білмей жүрегі дір еткен Үния, төсектен атып тұрды. – Кімсің, – деп сасқалақтап қалды Үния. – Байділдамын ғой, сенің хал-жайыңды білейін деп келген, – деп төр алдына қарай жүрді. Үния оның жаман ойын сезген жоқ. «Төрге шығыңыз», – деді салқын ғана сөйлеп. Ол ауыз үйден май шам жағып, әкеп қойды. «Тазының күшігіндей мұны қай құдай айдап келді? Ниеті қандай?» – деген ой Үнияны баурап алғандай болды. Ол төсек алдына отырайын деп оқталып еді, Байділданың ұзақ уақыт бұған қарап отырғаны – ысылдап жұтайын деп келе жатқан айдаһардай, көрінді. Үния есік жақта суыққа тоңған торғайдай бүрісіп, көзі жаутаңдап тұрып қалды. Төр алдында малдасын құрып, ұрыларша жан-жағына қарап алды да Байділда асқақтай сөйледі. – Отыр, менен шошып қалдың ба? Сені жейтін қасқыр емеспін. Айттым ғой халіңді білейін деп келгенімді, – деп кеңкілдей күлді ол. – Сіздің бейуақыттағы жүрісіңізден қорқып қалғаным рас, – деп Үния ауыз үйге шығып, тез қайта оралды. Байділда ұзақ уақыт Үнияға көзін қадап, тым-тырыс отырды. Сөз бастап, ушықтырып аламын ба деп те ойлайды. Бір кезде еңсеріле Үнияға бұрылып: – Үния, – деді ол, – Қабділданың асын, жылын бердік. Ендігі жер де жалғыз отыра бересің бе? Жас келіншектің соңынан сөз ергіш келеді. Оны өзің жақсы түсінетін адамсың. Екеуіміз қалған өмірімізді бірге өткі- зейік, – деп Үнияға қолын созды. – Маған Қабділданың түтінін өшір дейсіз бе? Құрып қойған қақпа ныңыз бар екен ғой, – деп Үния сөз аяғын іркіп қалды. Содан кейін ұшып тұрып, үйден қалай атып шыққанын өзі де сезбеді. Байділда да соңынан ере шықты.
– Тоқта, сөзге келмей, далаға қашып шыққаның не, бәрібір менен оңайшылықпен құтылып кете алмайсың, – деп Үнияның оң жақ білегінен ұстай алды. – Сенің әйелің, бала-шағаң бар. Мені тоқалдыққа алғың келетін болар. Ондай мазағыңа көнбеймін. Тоқал болғанша Үния атым өшсін, – деп қолын жұлқып қалып, бірден Саурық болыстың үйіне қарай жүгірді. Байділда да Үнияның соңынан қалмай, өкшелей ұмтылды. Қарлы ғаштай лыпыған жас келіншек кәрі қарғаға жеткізбеді. Ымырт қараң ғысына еніп жоқ болды. Байділданың әлгі сөзі қытығына тиіп, тұла бойын ашу кернеген келіншек қайнағасының үйіне именбей кіріп барды. Саурық төр үйде біреулермен әртүрлі әңгіме айтып екі езуі екі құлағына жеткендей қарқ-қарқ күліп отыр екен. Келінінің кіргенін аңдамады. Үнияның тұрымтайдан қашқан боз торғайдай бүрісіп, бір нәрседен секем алып келгенін Саурықтың бәйбішесі Айман байқап қалды. – Бейуақытта не ғып жүрсің, шырағым? Бір нәрседен қорықтың ба? Өңің қашып кетіпті ғой. Не болды? – деді. Үнияның тіл қатуға шамасы келмеді. Үнсіз тұрып қалды. Денесі қалшқалш етеді. Көзінен ыстық жас бұрқ ете қалды. Айман Үнияны қолынан ұстап, екінші бір бөлмеге алып барды. Есікті жауып шам жақты. – Не болды, айтшы, әлде, біреу ұрысты ма? – Апа, сізден сырымды жасырып қайтейін. Сізге сенемін. Мүмкін, дұрыс ақыл берерсіз. Жаңа ғана Байділда келді. Маған тоқалдыққа ти, жалғыз отырып не бітіресің деді. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр бойынша сен менің жесірімсің деп өзімді әбден әуреледі. Мұнысы несі, мені қорлағаны ма? Ол кісінің әйелі, бала-шағасы бар емес пе? Байділданың айтқаны, мен үшін күтпеген әңгіме. Оның айтқан сөзі етімнен өтіп, сүйегіме жетті. – Шырағым, сабыр ет. Мұндай мәселені ат жалында, түйенің қомын да шешуге болмайды. Жесір отырған келіншекке кім сөз айтпайды. Ашуланба, бәрін ақылға жеңдіру керек. Құдайдың басқа салғанын көрерсің. Саурық атаң да ойланып жүрген шығар, – деп сөзінің аяғында Айман бір нәрсені қоңырсытып, суыртпақтап отырды. – Жыламағанда қайтемін. Байділданың көңілі қара, іші толған мерез екен. Қабділда қайтыс болғаннан бері маған жаны ашыған боп жүруші еді. Енді түсіндім, оның жаман ойын. Сізден тағы сұрайтыным, апатай, ба сыма бостандық әперіңіз, – деп қасына Саурықтың кіші қызы Рәбиғаны ертіп есік алдына шықты. Дала тым-тырыс, мүлгіп тұр. Бейсауат жүрген жан жоқ. Анда-санда үрген төбет иттің күмпілдей шәуілдеген дауысы ғана естіледі. Екеуі байқап басып үйге жақындап келгенде есік алдындағы үйілген тезектің ар жағынан қараңдаған біреу келе жатты. Ол бұл екеуіне тура қарсы жүрді. Үния қорыққанынан жалт беріп кейін қашайын деп ыңғайланып еді: ар жағынан келе жатқан Байділда көрінді. Үния оны көргенде жылан көрген балапандай боп шыр ете қалды.
Байділда жасы елуден асса да тілінен әзілі, денесінең қуаты қайтпаған, сақал-мұртын қоя берген, еңгезердей кісі. Жейтіні ет, ішетіні қымыз. Мес қарын, бағана терлеп-тепшіп Үния үйден жүгіре шыққанда жете алмай қалғаны да сол болатын. Өне бойы судырлаған сөз, ар-ұят жоқ, ойлайтыны мансабы мен құлқыны болатын. Өткен жылы үлкен ағасы Саурық болыстың айтуымен осы болысқа старшина болып тағайындалған. Ол бүкіл елге аш қасқырдай тиісті. Жемқор адам. Көптеген ауыл кедейлерін қан-қақсатып, жалғыз атын, сауып отырған жалғыз сиырын тартып алып, бір жылдың ішінде көптеген мал жинап алды. Құлқыны кең, кеңірдегі тоймайтын адам. Ол үйге кіре сала, бағанағы сөзін қайталап айтты. Ол төр үйде отырған Рәбиғадан да ұялмады да, сескенбеді. Еңгезердей ол есік жақта іші өрттей жанып, ашу қысып тұрған Үнияны құшақтай берем дегенде, үй іші у да шу болды. Үния оның құшағынан сытылып шығып: – Жолама қасыма. Менде не шаруаң бар. Сенің мазағыңа көнбеймін. Сен мені көндіре алмайсың, – деп бұрын Байділданы «сен» деп көрмеген ол бүгін ашу үстінде қайнағасын «сен» деп әдейі, жорта айтып тұр. – Қара мұның мені «сен» деп тұрғанын. Мен сен сияқты жүгенсіз кеткен қатынды ауыздықтайын, – деп Үнияға қарай жүгірді. Сол кезде бастаудан су әкелуге кеткен Рәбиға да бір шелек су көтеріп үйге кіріп келді. Байділда екі иығынан дем алып, ебедейсіз денесімен шөккен түйе дей отыра кетті. Екі қолын жағына сүйеп, сөйлеп жөнелді: «Сен менің жесірімсің, көнбегеніңе қарамай зорлап аламын, болмаса, өз еркіңмен тиесің маған. Қара мұның маған күш көрсетіп, жағына сүйеніп тұрғанын. Көнбейтін болсаң есік алдындағы ағашқа байлап қойып, сабап, сен сияқты асауды үйретіп аламын...» – деп бурадай бұрқырап, жынын шашып отырған-ды сол кезде. Қайдан біліп қалғанын кім білсін, күндей күркіреп Байділданың бәйбішесі Салиха, екі иығын жұлып-жеп кіріп келді. – Е, сен қайда кетті десем, осында отыр екенсің ғой. Сені не әкетіп барады? Жасың келгенде құтырайын деген екенсің? Менің үстіме әйел алып, ана бес баланы қайда жібересің? Жүр кеттік, мына Үнияға тыныштық бер. Сенің жаман ойыңды мен әлдеқашан сезгенмін, – деп Байділданың қолынан жетектеп үйіне қайтты. Әйелінің көзінше бағанадан бергі кесір сөздерінің бірде-бірін айт пады. Іштей тұнып үйіне қайтты. Ертеңінде Салиханың өзі-ақ түндегі Үния үйінде болған оқиғаны елдің бәр-бәріне жайыпты. Бастау басына су әкелуге барғандардың да сиыр саууға барған қатындардың да, тіпті әуелі далада кездесіп қалған әйелдердің де әңгімесі Байділда, Үния болды. Өсек бүкіл ауылды кеулеп барады. Салиха өсекті он есе өсіріп, гуілдетіп жіберді. Жұмыссыз, ерігіп отырған қатындар от ала келдімді сылтау етіп ел-елге таратты. Осы оқиғадан кейін Байділда ұялды ма, болмаса ауыл-ауылды кернеп бара жатқан өсек толастасын деді ме, әйтеуір, екі-үш ай бойы ұйқыда жатқан аюдай үнсіз жатты. Бірте-бірте өсек те сөне бастады.
Қылышын сүйретіп қыс келді. Сол жылы қар да қалың түсті. Үш күн бойы толассыз соққан боран жолдың бәрін жып-жылмағай ғып жауып тастады. Оппа қарға түсіп кеткен жылқының құлағы көрінбейтіндей болды. Ауыл арасындағы қатынас пышақ кескендей үзілді. Малын өріске жайып, қыстан шығаратын, осыған әбден үйренген ел, жаз кезінде пішен дайындамаған. Биылғы қыс екі бүйірден қысып тұр. Тебінде жүрген жылқының өзі қар астынан азық таба алмай, алдыңғы екі тұяғы мұжылып, қан тамып, тұралап қалды. Жұрттың бәрі малын қайда апарып сақтарын білмей, аласұрып жүр. Малға қора салмау, қазақтың атабабасынан мирас болып келе жатқан әдет. Боранда мал ықтататын, аязды күні қамайтын жылы қора жоқ. Жазғытұры таяғын ұстап қалған қойшылар, жүгеніне ие боп қалған жылқышылар, бір сиырсыз қалған сиыршы әр ауылда кездесетін болды. Қалың елден жинап алған Байділданың малы да сол қыста көп қырылды. Оның тау ішінде қалған бір үйір жылқысы ғана аман қалды. Құлын-биелері іш тастап, тау ығына тығылып, күнгей жақта қыстан тұралап шықты. Бірен-саран сиыры, бірер аты бар кедей байғұстар жаз кезінде терлеп-тепшіп тау баурайларынан шөп үйіп алған. Олар аздыкөпті малын сақтап қалды. Қар еріп аласапыран болып жатқан мезгіл. Сай-саладан аққан су. Ауыл түбіндегі пішендікті су қаптап, көл-көсір болды. Азын-аулақ таяз өзендер өткел бермей жағасына шығып тулап жатты. Таудан құлай аққан су баурайындағы жалғыз-жарым үйлерді ағызып кетті. Қыстан әрең шыққан арық-тұрақ малдарда суға кетіп қалған жағдайлар көп кездесті. Күн жылынып, жаз шықты. Масаты кілемдей жер беті құлпырып шыға келді. Қалың шыққан шалғын гүл атып тұр. Сәл ғана соққан самал желмен дала біткеннің бәрі теңіздей толқып, тұнып тұр. Маржан шашқандай дала қызғалдағы күлімдеп тұрғандай сезім береді. Қыс бойы қармен алысқан ауыл жастары, бала-шағалар гүл жинап қызыққа батып жүр. Көк шалғынмен көмкерілген тау баурайлары күннің алтын сәулесімен астасып, көгілдір аспан жиегіне ұштасып жатқанға ұқсайды. Үния орын тепкен жұмбақ өмірді кешіп жүріп жатты. Қабділдамен өткізген жарық сәулелі күндері өшкендей. Іс тігуді пышақ кескендей тоқтатты. Келімді-кетімді кісілер де сиреді. Жаралы жүрек жазылмады. Үйде де, түзде де көз алдынан Қабділда бейнесі кетпеді. Түн баласында көз ілмей егіліп жылап та алады. Бұрынғыдай той-думанға баруды да, ән салуды да тоқтатты. Ылғиында төбесінен қара түнек басып тұрғандай сезінеді. Оның алды топан суы қаптағандай, мұнар басқан қара түн сияқты. «Алдыма қандай ор қазылып тұр, келешегім не болмақ?» – деген ой жатса да, тұрса да жанын жеп, денесіне ауыр шойын байлап қойғандай. Байділданың анадағы айтқан сөзі есіне түссе, жүрегі шым етіп бүрісіп қалғандай сезінеді. Ұйқыдан шошып оянатын болды. Қабділдадан қалған азын-аулақ мал да бітуге жақын. «Өзі тапқан малды, өзіне жұмсаймын»
деп жетісі, қырқы, жылы деп сойып, жалғыз сиырдан басқа мал қалмаған. Ел іші ғой, бірі ұндай, енді бірі еттей әкеліп тастайтын болды. Сондықтан да әзірге Үния тұрмыстан қиыншылық көре қойған жоқ. Сылқым, кербез жігіттер келгіш болды. Олардың бірі жақсы тілекпен, екіншісі, күйеуі қайтыс болғалы жылдан асты ғой деп сұлу келіншекке арам оймен келетіндер де баршылық. Бірақ олардың бірде-біріне Үния сыр бермеді. Оларға суық болды. Байділда ағасы Саурық үйінен шықпайтынды шығарды. Күн-түн демей Саурық маңында шиыршық атып жүрді. Оның алып кел, шауып кел дегенінің бәріне елпілдеп тұрды. Байділда үйіне келе қалса, төр алдында дөңбекшіп жатып, ойлайтыны Үния. Ол іштей: «Үнияның сұлу екенін, өнерлі әйел екенін бұрынырақ білсем ғой, Саурықпен келісіп, қыздай тоқалдыққа өзім алатын едім, әлі де болса жас, дәл шағына келіп тұрған келіншек, әйелімнің арсылдағанына қарамастан Үнияны өзім аламын. Інімнің жесірін кімге қиып жіберемін. Жесір ерден кетсе де, елден кетпек емес. «Темірді қызған кезде соқ», – деп қазақ айтқандай, Үнияны басқа біреу қағып кетпеу үшін, мен Саурықпен тезірек келісіп, тоқалдыққа алғаным жөн. Бәйбішем тілі ұзын, тентек, жайсыз адам. Үнияға күн көрсетпеуге тырысып бағады. Оның аузына құм құймасам, мен еркек боп неге жаратылдым?... – деп ойланып-толғанып жатты. Байділда Саурықтың үйде жалғыз қалған кезін күтті. Болыс үйі қонақтан, келімді-кетімді кісіден босайтын күні аз болады. Күні бойы топырлап келіп жатқан қонақтардың бір тобы күн еңкейіп батып бара жатқан мезгілде аттанып кетті. Саурық есік алдына шығып, дәрет алды. Байділда ағасының қолына сары шәйнектен су құйып, орамал ұсынып жылмаңдап жүр. Үйге қарай кетіп бара жатып, Саурық: «Мына інім кейінгі күндері менің қасымнан шықпай, қолыма су құйып, жаны қалмай жүр. Өр мінезді, менмендігі мол жігіт еді, қазір жібектей жұмсақ, инабатты болыпты. Бұған не болды екен, әлде, жаман ойы бар ма?» – деп ойлап, «ой, алла, өзің сақтай көр» деп төр үйге кірді. Саурық төсек басында ілулі тұрған жайнамазды алды. Құбылаға қарай ұзын бойымен жайды. Шоқша сақалын сипап сәл тұрды да, жуан денесімен тізерлеп отырды. Құдайға жалбарынып, намазын асықпай оқып, көп отырды. Намаз бітті. «Иә, ал ла», – деп ол жайнамазды қолына алып, бір-екі рет сілкіп, орнына ілді. Төр алдында жайылған көрпеге барып отырды. Дәл осы кезді бақылап тұрған Байділда төр үйдің есігін ашып, кіріп келді. Есікті жапты. Саурықтың қасына көп отырды. – Иә, Байділда, бірдеңе айтайын деп жүрсің бе? Айт, тыңдадым сені, – деді Саурық қозғала түсіп. – Аға, айтайын деп жүрген және сізбен ақылдасайын деген бір құпия әңгімем бар. Қабділда болса оқыстан мерт болғалы жылдан асып барады. Үнияға осы ауылдың жылпос жігіттері барғыштап жүрген көрінеді. Жесір өзіміздікі. Жол менікі болар деп ойлаймын. Күн өте берсе, Үния жас қой, біреуге ұрынып қалады. Біз сонда масқара болмаймыз ба? Осыны сізбен ақылдасайын деп едім. Беретін қандай ақылыңыз бар?
– Е, – деп алды Саурық, – сенің бірнеше күннен бері мені торлап жүргеніңді байқап жүрмін. Сондағы айтайын дегенің Үнияның жайы екен ғой. Әрине, біз оны басқа біреуге жем етпейміз. Мұндай ақылды, ісмер келіншекті, бір болыс елді билеп отырып, басқа біреуге бере алмай мыз. Жесір біздікі дегенің дұрыс. «Үнияға біреулер қырындап жүр» дедің. Оларың кім? – деді Саурық секем алып қалғанын сездіріп. – Оным жай сөз ғой, әзірге, маңына жан жолатпайтын көрінеді. Мен де босқа отырмай, сенімді-сенімді деген қатынға, оның басқан ізін аңды тып қойдым. – Сенің жаңағы бір сөзіңнен шошып қалған едім, бәсе біздің келін қазақ дәстүрін жақсы түсінетін, парасатты адам еді. Өзін солай ұстағаны жақсы екен. Сенің Үнияда көңілің барын білдім. Ал, бұған Үния қалай қарайды? Сенің үйіңдегі келін қалай қарайды? Осыны, тіл тартып білген кісі бар ма? – Шынымды айтсам, Үния маңайына жолататын түрі жоқ. Ал, біздің үйдегі келініңіз, онан да арман. Айтып көріп едім, маған от ала жүгірді. «Бес баланы қайда жібересің?» – дейді ол. Бірақ ол қанша безер болғаны мен сізден асып қайда барар дейсің? Оны өзім де ауыздықтап көремін ғой. Көнбей бара жатса екі жағын да зорлаймыз да. Қатындарда не билік бар! Олар мұрнын тесіп жетектеген тайлақ емес пе? Олар ел-жұртты ойлайтын адамдар емес. Екеуін де бір шыбықпен айдайтын болармыз. – Сен екеуін бір шыбықпен айдаймыз дейсің. Оған олар көне қойса болар еді. Өзің көріп отырсың мына менің үш қатынымның үшеуі жанжаққа тартып, у-шу, бірі мен бірі ұрысқанда менің өзім солардың маңына жолағым келмей, бір нәрсені сылтау ғып, үйден кетіп қаламын. Шырағым, қайдан білейін? Сен күш көрсеткің келіп отыр. Оған Үния көне қойса еді. Менің үлкен бәйбішем, Үниядан ептеп сыр тартып көрген екен. Ол қайсар келін көрінеді. Өз айтқанынан басқаға көнетін түрі жоқ. «Мен Қабділданың түтінін сөндірмеймін, жалғыз да болсам отыра беремін. Егер, Байділда тыныштығымды ала берсе, өз сүйгеніме тиемін. Саурық атама осыны айта барыңыз» депті. – Менің оған осыдан біраз уақыт бұрын барғанымды да, сөз айтқа нымды да сізге жеткізген екен. – Үй арасы жақын. Әр кісінің аяқ басқанын аңдып отырған жұрт емес пе? «Сау басыңа сақина тілеп» отыр екенсің. Менің көзім тірі отырғанда біздің жесірімізді ешкім әкетпейді. Асықпайық. Не істесек те, ақылмен істейік, – деп Саурық өз ойын ашық айтпай Байділданы шығарып салды. Байділда ағасының айтқанына риза болмай, үн-түнсіз үйден шығып кетті. Саурық, алакөлеңкеде, көп нәрсені ой елегінен өткізіп жалғыз жатты. «Үнияны алысқа жіберуге болмайды. Өзіміздің біреуіміз алуымыз керек. «Жаман қатын алғанның жауы үйінде, екі қатын алғанның дауы үйінде» деп қазақ тегін айтпаған ғой. Үш қатын дауласқанда, мен болыс басыммен тоқтата алмаймын. Әлгі, менің інім басына түспеген соң, тездеткісі келіп жүрген болар. «Күндестің күні де күндес, күлі де күндес»
деп босқа айтылмаған. Үния сұлу келіншек. Үшінші әйелім болмағанда өзім-ақ алар едім», деп өз құлқынын да ойлап қойды. Күн дәл төбеге келген кез. Үния есік алдында самауыр жағып жүргенді. Байділданың әйелі тағы да бірнеше әйел күпілдеп сөйлеп келе жатты. Оларды Үния көрсе де алыстан сөз төркінін жөндеп ести алмады. Беті осы үй. Алдыңғы жағында балпылдап сөйлеп келе жатқан Салиха Үнияға қарай тура жүрді. Олар жақын келіп: – Жолымыз болады екен, келін самауыр қойып жатыр, – деп Үнияның жанына келді. Үния бар ақ жүрегімен амандасып: – Үйге кіріңіздер, – деп олардың келгеніне ризалық білдіргендей күлімдеп қарсы алды. Әйелдер төрге шығып отырды. Шай әкелінді. Үния қоңыр бауырсақты қант араластыра дастарқанға айнала төкті. Кесеге салып, екі жерден сары май қойды. Шай үстінде әңгімені Салиха бастады. – Ойбай, менің әлгі құтырған күйеуім менің үстіме қатын аламын деп әуре болып жүр. Бәлем, мен оған қатын алғанды көрсетемін. – Ол кімді аламын деп жүр? – деп беті шалбар-шалбар бір әйел Салихаға таңданып қарады. – Кімді дейсің, мына, Үнияны аламын дейді. Бұған сөз айтып көрген екен, Үния шырағым қайсар ғой, саған тимеймін деп, бетін қайырып тастапты, – деп Үнияның бетіне қарады. – Жеңеше, мен ол кісіге айтарымды айттым. Мен Қабділданың түтінін өшірмеймін. Осы айтқаныма сеніңіз. – Жассың ғой, жалғыз өзің шыдап отыра алмайсың: Байділда болмаса да, басқа өзіңнің көңіліңе жаққан біреуді тауып алған жөн, – деп екінші бір қатын не дер екен деп» Үнияға сынай қарады. – Ойбай, басқа елге күйеуге тиіп кетсе, ел арасы бұзылады. Жанжал араласса, бүліншілік болғаны ғой. Осы күні сыныққа сылтау таба алмай жүрген жұртты қалай тоқтатамыз, – деді үшінші бір әйел. – Апатайлар, – деді Үния. – Ел арасына іріткі салатын мен емеспін. Анадағы Байділда әңгімесінен кейін көп ойланып, көп толғанып Салиха бүгін ширығып келген екен. «Мен егер қайтадан қыз боп тусам, Байділдаға тимеген болар едім. Оның мінезсіз-сотқар кісі екенін енді білдім, екі ауыз сөзге келмей үйдің берекесін алады, қолына не түссе сабаймын деп тұра жүгіреді. Оған бес баламен мен ғана шыдап жүрмін. Үйдегі қазан-ошаққа араласқан еркек еркек емес, – деп Салиха күйеуін қатындардың көзінше сылқита жамандады. – Ей, сен аузыңа келгенді айтып бейпілдене берме, біреу-міреу Байділданың құлағына жеткізсе, сенің өз халың не болады. Оны да ойлап қой, – деді тағы бір әйел. – Менің көріп жүргенім аз емес. Одан қорықпаймын. Сабағысы келсе, келсабымды ала жүгіремін, ол кәрі азбаннан қорқатын мен жоқ, – деп Салиха кер ауыздығына салды. – Сен күмпілдеме, ол ұрт мінез, жазым етіп жүрмесін.
– Ол шамасына қарасын, мені қорғайтын кісі жоқ деп жүрген болар. Оған бөгесін болатын жан менің төркінімнен де табылады, – деп сөзге жеңіс беретін түрі жоқ. Үния үнсіз шұлғып, қатындардың сөз саптасын тыңдап отыр. Салиханың өзі де кер-азу адам екенін ішіне түйді Байділданың да түзде жегін аттай жортқаны, үй ішінде ұрт мінез, көргені-білгені жоқ адам екенін әбден түсінді. Салиханың өз есебі, өз білгені, өз көргені бар. Оның ойы қайткенде Үния көңілін ушықтыра беру, Байділдаға жолатпау. Қатындар тамағын ішіп, дуылдасып үйлеріне қайтты. Салиха үйінің табалдырығын аттай сала, үйде отырған кіші балала рын шырылдатып, құлағын жұлқылап, тепкілей бастады. Өшін балалар дан алмақ. Үй іші у да шу. Даладан екі иығынан дем алып, ентіге кірген Байділда: – Саған не болды, балаларда нең бар? Сен құтырған боларсың? – деп Салиханың білегінен ұстай беріп еді, оны да итеріп жіберді. Қатынының ашуға мінгенін сезіп: – Қой дегесін қой, сүйреңдемей тоқтат, болмаса...– деп, қона түсетін бүркіттей түйіліп, қаны қашып боп-боз болып, тісін қайрап тұра қалды. – Көрсететінді сен, маған көрсетіп болдың. Енді төркініме апарып тастауың ғана қалды. Алып көр Үнияны? Ол сен сияқты арсызға тимейді, ұқтың ба? – деп Салиха Байділдаға тигізе айтты. Байділда қатынының сөз саптасын енді түсінді. Әңгімені ушықтыра бергісі келмей, дәл осы жерде аузына құм құйылғандай өзінің үйреншікті орнына отыра кетті. – Әй, қатын, – деді Байділда, – сені зейінді, білгені-тоқығаны бар адам деуші едім, сенің бүгінгі ашуың зәрлі сияқты. Бала-шағадан ұялмай сың ба? Олардың саған істеген не жазығы бар? – деп бастап еді, Салиха жұлып алғандай: – Бала-шағаға жаның ашитын сен бе? Оларға бауырың елжіреп тұрса, Үнияны неге алам дейсің? Сенің өзіңде ес бар ма? – Маған тием деп отырған Үния жоқ. Сен алдын-ала байбалам болма, өмір әлі алда емес пе? – деп, Байділда жібігендей көңіл білдіріп, кеңкілдеп өтірік күлді. – Сайқалданба, мен сенің бар ісіңді білемін. Өтірік алдама мені. Сенің отыңмен кіріп, күліңмен шығып, бес ұл тауып бергеннен басқа жазығым бар ма? Неге, осынша күмпілдей бересің? – Бәрін келешек өмір көрсетеді. Әңгімені осымен бітірейік. Үйде отырып, екеуіміздің ұрысып отырғанымыз ұят болар. – Қойсақ қойдық. Сенің де ұялатын күнің болады екен, – деп Салиха инесін Байділданың қолқасына бір сұғып алды да тоқтады. Екеуінің де бірін-бірі арбап, жыланша шағып отырғандарының түтіні белгілі. Екеуі ажыраспай бір құдықтан су ішетіні айдай айқын. Салиха ның төркіні де жалмап жұта салатын адамдар емес. Бір елді билеп-төстеп отырған дәулетті адамдар. Байділда Салихаға жақындай түсіп, арқасынан қағып, шашынан сипап:
– Осы жұлысқанымыз да жетер. Сөз жарыстыруды тоқтатайық. Ендігісін келешекте көріп жатармыз. Ерлі-байлы кісілерміз, бұл дүниеде бірге өмір сүреміз, – деп мәймөңкеледі. Атымның сыры өзіме белгілі дегендей, қатынының сырын өзі білетін Байділда тұтанып, лаулап бара жатқан отты өшірді. Салиха да сылқ етіп, өрттей қаптап сыртына шыққан ашуынан қайтып, сөзді тоқтатты. Үния үйде қолын қусырып, бос отыруды тоқтатып, іс тігу өнерін қайта бастағанына бір аптадай уақыт болды. Көрші ауылдың білекті байының бірі Сәду Белдебекұлы деген кісі қызын ұзататын болыпты. Арнайы Лепсі жәрмеңкесінен барқыт, шағи, бөз, сәтен сияқты маталар сатып әкеліпті. Өз ауылында тігінші табылмай, Үнияға арбаға тиеген маталарын алып, сол Сәдудің ортаншы тоқалы Қаракөз келді. Ол кісі пәуескеге қос ат жегіп, елден ерекше сәнді келді. Пәуескеден ырғалып-жырғалып әзер түсіп, есік алдында қазыққа бұзау байлап жүрген Үнияның қасына келіп: – Үния шырағым, аман-есенсің бе? Ауыл-аймақ аман ба, – деп қазақтың ескі әдетінше шұбыртып, ішіне кіре амандасты. – Аман-есен жүріп жатырмыз, апа, – деп Үния қысқа ғана жауап берді. – Саған арнайы келіп тұрмын. – Үйге кіріңіз, – деп Үния Қаракөзді ертіп үйге кірді. – Жолдан шөлдеп келген шығарсыздар, шай қайнатайын, – деп есік алдына шығып кетті. Көп ұзамай шай да келді. Күрең шайды ұрттап отырып Қаракөз: – Шырағым, Үния, іс тігуді көптен бері қойып кетіпті деп естіп жатырмыз. Саған зәру болған соң, әдейілеп келіп отырмын. Жалғыз қызымды ұзатайын деп жатыр едім. Біздің елде іс тігетін жөнді адам жоқ. Ұзататын қыздың жабдығы көп болатынын өзің білесің. Киім-кешек тігіп бер. Өзі мына менің қасымда отырған бала. Аты өзіңе ұйқас Әлия. Еңбегіңді жемеймін. Төлеймін. Сұрағаныңды беремін. Тігіп берсең болғаны, – деп Қаракөз дөрекілеу сөйлеп кетті. – Менің тіккенім сіздерге ұнамай қалса қайтемін? Сізге ақы төле деп айта алмаймын. Ауыл арасы жақын, ел-жұрттан ұят болады. Осы күні кімнің аузына қақпақ қоямыз. Ертең-ақ Үния сіздің қызыңызға киім тігіп беріп, ақы алыпты деп, өздері өсек-аяң қайдан шығады деп шөлдеп отырған жұрт дүр ете қалады ғой, – деп Үния Әлияға жымиып қарады. «Өзі кескен шөркедей доп-домалақ қыз екен. Бұған лайықтап әдемі киім тігу де оңай болмас» деп ойлаған ол аңырып, отыр. – Сенің тіккен киіміңді бәр ел мақтап жүр ғой, соларға тіккендей тіксең, бізге де ұнайды. Үния кісі көңілін өмірінде қайтарып көрген жоқ. Бір күндік жерден ат болдыртып келген екен, бұл кісінің қолын қақпайын деп, қызға тігетін киімнің үлгісін алып қалды. – Қолымнан келгенше тігіп көрейін. Он күннен соң бір соғарсыздар. Оған дейін үлгере алмасам, бір-екі күн біздің, үйдің құтты қонағы боп жата берерсіздер. Көріп отырсыздар, өзім жалғызілік кісімін, көмек бере
қоятын адамым да жоқ, үлгере алмауым да мүмкін, – деп Үния келген қонақтарға ескертті. – Үлгере алмасаң осында бола тұрармыз, – деді Қаракөз. Ертеңінде таңғы оразасын ашқан Қаракөз ауылына қайтып кетті. Ол пәуескенің ішінде келе жатып: «Үния байғұс әбден жүдеп қалыпты. Өзі жібек мінезді, келбетті-ақ адам. Жесір қалып, бақыты жанбаған кісі ғой. Өзінің қонақ күтуі де ерекше екен. Пісірген тамағы да дәмді. Құдай осындай адамдарды бақытсыз қып жаратады», – деп ойлады. Дәл он күні толды дегенде Үния екі түрлі матадан етегі бүрмеленген екі қызыл көйлек, екі түрлі барқыттан, шеті оқамен көмкерілген, қызыл, күрең барқыт қамзол, үкілі құндыз бөрік, үкілі тақия, бірнеше шағи көрпе, жастық тысын тігіп бітірді. Айтылмыш күні қызын ертіп, пәуескеге екі ат жеккен, тағы бір атты жетекке алып Қаракөз келді. Өзі өте кербез кісі екен, үсті-басы мақпалға бөленген, қолы толы алтын жүзік, сақина, білегінде білеудей жуан, шебер зергердің қолынан шыққан білезік. Оны Үния есік алдында иіліп қарсы алды. Оның қасында Рәбиға бар. Үния оларды көптен аралас-құралас таныс адамдай, жылы жүзбен амандасты да: – Үйге кіріңіздер, жоғары шығыңыздар, – деп асты-үстіне түсіп жүрді. – Қалай, шырағым, мал-бас аман ба, денің сау ма? – деп төрге шыға беріп, Үнияға ол да жылы амандасты. – Аман-есен жүріп жатырмыз. Сіз әдейілеп сонша жерден келген соң, айтқан киім-кешектеріңізді қолымнан келгенше тігіп қойдым. Сіздер жаратасыздар ма, жоқ па, қайдан білейін? – деп қабырғаға ілінулі тұрған заттарын алып көрсете бастады. Сәдудің тоқалы Қаракөз қамзолдың бірін қолына алып, айнала қарап шықты. Көңілі толғандай Үнияға қарап: – Әлияға дәл келсе болғаны ғой, жақсы тігілген сияқты. Әй, қыз, сен киіп көрші, Үния апаңның тіккен киімін, – деп қызына бір-бірлеп тігілген киімнің бәрін кигізіп көрді, – ой, шырағым-ай, көп жаса, құйып қойғандай дәл екен. Әлия басқа бір адамдай жайнап шыға келді ғой. «Ел айтса, дұрыс айтады» деуші еді бұрынғылар, Үния, сені, ел ісмер деп босқа айтпаған екен. Әнеукүні айтып едім, еңбегіңді төлеймін деп, соғымыңа бір ту бие жетектеп келдім, шырағым, – деп Қаракөз шыттай жаңа киім киіп, қуанғандығынан күлерін де, жыларын да білмей үстіндегі оқалы шапанын алақанымен сипалап тұрған қызына көз қиығын серпе тастап қарады. – Маған ешқандай ақының керегі жоқ. Істеген ісім сіздердің көңілдеріңізден шықса болды. Әкелген малыңызды алып кетсеңіз де болады. – Егер шындап келсем, ол ақы емес, сыйлық. Сен ұялма, алып қал. Сенің хал-жағдайың маған белгілі. – Сіздердей кісілерден ақы алу, мен үшін өлім емес пе? – Жоқ, шырағым, айтқаным айтқан, әдейілеп арнап әкелген жыл қымды қайта әкетпеймін. Сәдудің малы жетеді, – деп Қаракөз орнынан тұрып, Үнияның бетінен сүйіп, рақметін айтты.
Қаракөз аттанып кетісімен, іле-шала Салиха кіріп келді. Өзі неше күннен бері киім тігіп, ұйқысы қанбай жүрген Үния өңі қашып аппақ қудай болған еді. Енді жан шақырып, дем аламын ба деп еді, Салиханың келгенін іштей жақтырмай қалды. «Осы-ақ сумаңдап келе береді екен. Мұның күйеуінен өзім қашып жүрсем, бұл менен сезіктеніп жүр», – деді өзіне-өзі. – Қаракөз келіп кетті ғой, киімдерін тігіп бердің бе? Есік алдында байлауды тұрған семіз биені ақысына берген болар? – Киімді тігіп қойған едім, алып кетті. Ақы алмаймын десем де тастап кетті. Қыста соғым болады да. – Табысың мол болады екен. Саған осындағы еркектер қызықпағанда қайтсын? – Апатай, ушықтырмаңызшы әңгімені, мен күйеу іздеп жүрмегенімді өзіңіз білесіз. Тамағымды тауып, Қабділданың түтінін өшірмей отырсам болғаны емес пе? – Менің, әлгі күйеуім, сенен дәмесі бар. Үлкен қайнағамызға да барыпты. Әлі қоймай жүр. Осы күні менімен алысатын болды. – Мен сізге айттым ғой, соным сізге берген сертім. Жаным тірі болса көнбеймін. Үниямен шарпысып-серпісіп алуға келген Салиха оның ойын білген соң бәсеңдеп, онан әрі бастырмалатып, сұрау қоюды тоқтатты. Арала рында бір нәрсе болса, ебін тауып іріткі салып, ыдыратып жібергісі келген еді, бірақ Үния жібек мінезінен оның арам ойын бірден сезіп, ондай ұрысқарысқа жеткізбеді. Салиха жайланып қою шай ішіп, нарттай қызарып отыр. Кимешегінің етегімен маңдайын сүртіп қойды. Ол қолындағы кәрден кесені Үнияға ұсынып, осының тағы да бір сырын білгісі келіп, сиқырлана сөйледі: – Сен Байділдаға, менің үстіме тиеді деген өсек, бүкіл ауылды кеулеп бара жатқан соң, ең алдымен тағы да өзіңнен сұрайын деп келіп едім. Шыныңды айтшы, анадан кейін ол саған келді ме? – Одан кейін мен ол кісіні көрсем, арам қатайын. Іс тігуден қолым тиген жоқ. Ылғи қасыма екі-үш қызды жатқызамын. Менің басқа сырым болмақ емес. Салиха көз қиығымен жиһаз біткеннің бәрін шолып шықты. Бәр-бәрі орын-орынға қойылған. Шыттай таза. Бірде-бірінде шөкімдей де шаң жоқ. Кірсе, шыққысыз үй. Салиханың өз үйіне бара қалсаң, есіктен төрге дейін шашылып жатқан үй бұйымдары, төсек-орны айлап жиналмайды. Көрпесі май-май, сырмағын түртіп қалсаң борпылдаған шаң. Салиха тым салақ адам. Үйді-үйге от шашып, айтатыны өсек. Өте тұрақсыз, сынап сияқты өзгеріп тұрады. Тым жабайы, қараңғы кісі. Сөйтіп жүріп ел арасына іріткі салуға шебер-ақ. Бүгіннің өзінде беті салтақ-салтақ. Бетіне көптен су тимеген сияқты. Ол балпылдап, жаздың қысқа түнінде таң құланиектенгенше отырды. Ендігі әңгімесінің көбі Үнияның ісмерлігі, тамақты дәмді пісіретіні, қымызы да балдай татитыны болды.
– Таң атып қалыпты, енді үйге қайтайын, – деп Салиха шығып бара жатып, – осы сертің берік қой! – деді. – Апа, сертім – серт, менің бұл айтқанымды құдайдан басқа жан бұза алмас, – деп Салиханы есік алдына дейін шығарып салды. Адалдық – шындық иесі. Дана адам жүріс-тұрысын да, сөйлеген сөзін де ой елегінен өткізіп, ақылмен айтады. Сөзі мірдің оғындай тыңдаушыларын ұйытып әкетеді. Ойлы адам әр уақытта ойлы сөз айтады. Өмірде дана адамның да жауы болады. Ол – іші тар, қызғаншақ, біреудің жақсылығын көре алмайтын адамдардан шығады. Ондай адамдар сайқал келеді. Жұрт алдында сені көзіңше мақтап, жер-дүниеге сиғызбайды. Көзің тайып кетсе, айтатыны өсек, өтірік, біреуді біреуге шағыстыру. Адам арасына түйіртпегі мол сөздер таратып, әр уақытта кеудесінде бір сайтан ұялап жүретін шіріктер де бұл дүниеде баршылық. Шындықты бұрмаламайтын адамдар даналықтың шұғласы емес пе? Ал, сол даналарды ізет тұту баяғыдан келе жатқан мирас қой. Кейбір әулекі адамдар тәубесіне келетініне көзі жетсе де, осыны түсінгісі келмейді. Байділда мен Салиха дәл осындай сайқал адамдар. Байділда зорлық-зомбылық, озбырлық иесі болса, Салиха сиқыршы, сыбыршы, беймаза адам. Үния шын махаббат сөнбейді, мәңгілік болады дейді өзіне-өзі. Қаракөздің қызына киім тіккен ақысына семіз бие байлап кеткені Үнияға шипа болды. Бұдан былайғы жерде іс тіккізген ел адамдары ақы төлейтінді шығарды. Үния одан бас тартпады. Бергенін алды. Еңбегі өнді. Аз мезгілдің ішінде он-он бес қараның басы құралып қалды. Ауылдың сайқал қатындары: «Ойбай бетім-ау, Үния іс тігіп, мал жинап жатыр», – деп үйүйге тарата бастады. Ол әңгіме Саурық болысқа да жетті. Түс мезгілі еді. Үния үйінде қара мақпал матадан шапан тігіп отырған. Саурықтың үлкен бәйбішесі Айман кіріп келді. Үния қолындағы түймесін тігіп отырған шапанды жерге қойып: – Апа, жоғары шығыңыз. Отырыңыз, – деп көрпе жайып, төрге отыр ғызды. Сары самауырдың шайын ішіп, Айман көп отырды. Әлі тіс жарып, әдейі келген жұмысын айтпады. Әңгімесінің көбі осыдан екі-үш күн бұрын жәрмеңкеге барғандағы көргендері болды. Лепсинск қаласында арақ заводы барын, оның иесі Фугасов қазақ арасында өскен, қазақтың қалжыңын да, мақал-мәтелін де білетін кісі. Қазақтың байы Сәду жәрмеңкеге мал, тері-терсек алып келсе керек. Тау баурайында сегіз қа нат киіз үй тігіп, көшіп-қонып жүретін қазақ, орын теуіп жәрмеңкені қызықтап жүріпті. Арақ заводының қожасы Фугасовты Сәду қонаққа шақырыпты. Екеуі қымызға бөртіп, қалжыңдасып отырады. «Мен болсам, заводым бар, онан қанша пайда түсіремін, сен малым көп деп мақтанасың, мал бір жылғы жұттан қалмай қырылып қалса ғой, құрығыңды ұстап қала бересің. Сенің байлығың байлық емес, байлық деп менікін айт», – дейді. Сол кезде қазақ байы Сәду айтқан екен: «Саған мен байлықтың көкесін көрсетейін, әй, қатын, ана үлкен сары самауырды есік алдына алып
шық, мен ақшамен шай қайнатып берейін», – деп төр алдында жиылып тұрған үлкен сандықтың бірін ашып, уыс-уыс ақша алып шығады да, есік алдындағы самауырды тұтатып, ақшамен шай қайнатып беріпті. Қазақ байларының ішінде осындай да әулекілер баршылық. Шай құйып отырған Үния: – Сандық түбінде шіріп жатқан ақшасына ол бай қыста қыстайтын үй, қора-қопсы салмай ма екен? Сонша, ақшаға самауыр қайнатқан неткен дарақы адам? – деп жымиып күлді. – Ей, шырағым-ай, байлық не істетпейді. Жәрмеңкеде жүріп осы әңгімені естігенде, мен де сенің айтқаныңды айтқан едім, – деп Айман Үнияға көзін қадап, күлген болды. Үнияны әңгімеге ұйытып, көңілдендіріп алған Айман сайқалданып: – Жәрмеңке толған ерігіп жүрген адамдар. Олардан естіген әңгімем таусылмайды. Енді өз ауылымыздағы өсек-аяңға келейін, сен жұрттың киімін тігіп, мал жинап жатыр деп ел дуылдап жүр. Оны біздің өзіміз де көріп отырмыз. Үйіңе жүргіншілер қондырады, әнеукүні Семей жақтан келген әнші жігіт екі күн бойы далаға шықпай сенің үйіңде жатыпты. Сонымен көңіл қосып қалыпты деген әңгіме бүкіл ауылға жайылыпты. Осының бәрі әлгі қайнағаңның да құлағына жетіпті. Мені сол кісі әдейілеп жіберді. Айт деді. Осы қылықтарын қойсын деді, – деп алақандай үлкен көзімен Үнияға қарады. Үния бірде аппақ қудай болып, бірде қызара бөртіп ашу қысып шамданып, сәл уақыт үнсіз отырды. Айманның мына айтқаны оның екі бүйірінен шаншу қадалғандай дір еткізді. Үния көз алдына іркілген жасын кимешегінің ұшымен сүртті де: – Ел өсектесе, өсектей берсін. Өзімнің еңбектеніп тапқан адал малымда не шаруасы бар? Осы ауылда күні бойы үй-үйді қыдырып жүріп өсек айтатын әйелдердің тілі неге қырқылмайды екен? Олардың қолы бос, үй жұмысын, малын бағатын малшылары, қызмет ететін әйелдері бар. Қабділда қайтыс болғанда бір бұзаулы сиырдан басқа, осы үйде бір тұяқ қалмағанын өзіңіз білесіз. Біздің терлеп-тепшіп тапқан азынаулақ малымызды көре алмайтындар бар. Мен бойыма біткен кәсібімді қоя алмаймын. Ұрлап алып жатқаным жоқ. Әнеукүні Семейден келген әнші жігіт екі күн қонып жатқаны рас. Бірақ, мен онан сіздің кіші қызыңыз Рәбиға екеуіміз Абай ақынның өлеңдерін, әндерін үйрендік. Түн баласында, мен үйде қонғаным жоқ. Рәбиға екеуміз қасымыздағы көршінің үйіне барып қонып жүрдік. Күндіз Рәбиға менің жанымнан бір елі қалған жоқ. Бұл айтқаным теріс десеңіз, қызыңыздан сұраңыз, – деп еңіреп жылап жіберді. – Қой, шырағым, жылама. «Жел болмаса, шөп басы қимылда- майды», – дейді қазақ. Өзіңнің де шалыс басқан жерің бар шығар. Әйтпесе, жәй жүрген кісіде кімнің шаруасы бар. Осыны ойланшы! – Менің ойланатын ешқандай қылмысым жоқ. Арым таза. Көки бермесін бұл жұрт.
– Өсек таратып жүрген адамның кім екенін білмей жатып, қатты сөз айтпа, жас әйелге ондай сөз жараспайды. Сабырлық керек. – Сумаңдап, кездескен адамға өсек айтып жүрген өзіміздің абысы нымыз – Салиха. Оның ойы ебін тауып, ел арасына от қою, ыдырату, сайқалданбасын маған. Ол кісінің қойны-қонышы толған өсек екенін баяғыдан білесіз. Оған қой дейтін қожа, әй дейтін әже болды ма, осы ауылда? – Шамданба, мен естігенімді айттым. Абысыныңа да тіл тигізбе, – деп Айман нығыздана отырды. Айман мен Үния осылай серпісіп-шарпысып алды. Екеуі де сәл уақыт үнсіз. Бір-біріне ашулы көзімен қарап отыр. Үния кәрден кесеге шай құйып жатып: – Тіл тигізбегенде қайтемін. Судырамасын. Үйін жинап алсын. Төсекорны айлап жиналмай жатады, – деп тигізе айтты. – Бәрінен, әлгі бір жігіттің екі күн бойы сенің үйіңде жатқаны біздің тұқымымыздың көзіне шөп салғаның емес пе?! – Апатай, олай болса, сіз отыра тұрыңыз, мен қазір Рәбиғаны шақырып келейін. Шындықты содан есті, – деп Үния орнынан тұра бергенде, есікті ашып Рәбиғаның өзі кіріп келді. – Ой, айналайын, жақсы келдің. Әнеукүнгі екеуіміздің ән үйрен генімізді мына шешеңе айтшы. Рәбиға дастарқан басына келіп отырды. Бір бүліктің болғанын білді. Ол анадағы Семейден келген жігіттен Үния екеуінің Абай әндерін үйренгендігін, ол күндерде көрші үйінде жатып жүргендерін жіпке тізгендей айтып берді. Осы әңгімелерді жеңгесі Салиханың таратып жүргеніне дейін қалдырмай айтты. Рәбиға ақ көңілімен Үнияны жақтап шықты. Салиханың өз есебі өзінде. Қайткен күнде Үниядан Байділданың көңілін қалдыру. Одан басқа онда ой жоқ. – Әй, қыз, сумаңдамай, тыныш отыр. Қарашы, мұның Үнияны жақтап отырғанын, – деп Айман қызына жекіріп тастады. – Апа, мен көргенімді айттым ғой. Осы айтқанымның ешқандай қоспасы жоқ, – деп ол осылардың сөзіне араласқысы келмей, орнынан тұрды да, есік жаққа қарай жүрді. Рәбиға өте инабатты, мөлдір судай таза, өтірік-өсекпен де шаруасы жоқ, уыздай жас қыз. Өң десе, өңі де бар. Қарақаттай қара көзін шешесіне қарай бір төңкерді де, сыртқа шығып кетті. – Үйренген өлеңдеріңді айтып жіберші, – деп Айман сайқалдана, қулана көз қиығын Үнияға аударып қарады. – Апа, көзімнен аққан жасты көріп отырсыз. Ән салу үшін де көңіл керек емес пе? Сіздің айтқан әңгімеңіз менің кеудеме пышақ салғандай қадалып отыр. Кешке таман тағы бір соғыңыз. Рәбиға екеуіміз қосылып, үйренген әндерімізді айтып берейік. Қазір мені қинамаңыз. – Жарайды, бірақ кешке таман тағы ораламын, – балпаңдай ауыр де несімен орнынан әзер тұрып, семірген қаздай ырғалып үйіне кетті.
Айман кетісімен үйге Рәбиға қайта оралды. Сүттей көңілінде ешқандай ашудың ізі жоқ. Күмістей сылдыраған күлкісі бөлме ішін толтырып жіберді. Ондағы ойы Үнияның қамыққан көңілін көтеру еді. Рәбиға жібектей жұмсақ алақанымен Үнияның шашын жөндеп, оған көзін қадап, жымиып күлді. – Апа, – деді ол, – бұл ауылдың тышқандай кішкене қызына дейін өсекшіл. Оған шамданба да, көңіліңе де алма! – Ақылыңнан айналайын, Рәбиғажан. Салиха абысыным қолына шоқ ұстап, ауыл-ауылды аралап, өсекті кеулетіп бара жатыр. Оны өзім де естіп отырмын. Салиханың әлегі үлкен кісіге де жетіпті. Жесір әйелдің артынан сөз ергіш келеді. Басқан аяғыңды аңдып отырған жұрт. Өзің көріп жүрсің, осыны біліп, еркек біткеннің маңайына жоламайтынымды! Үлкен кісіден ұят болды. – Үйге барғанда әкеме осы уақиғаның шынын айтамын. Бәрі өсек, сенбеңіз. Салиханы тоқтатыңыз дегенді де айтамын, – деп Рәбиға Үнияның қасына келіп отырды. Саурық болыс Рәбиғаны еркелетіп өсірген. Басқа қыздар құсап, ұялшақтығы жоқ. Әкесінше үй ішінде өктем сөйлей береді. Рәбиғаның әкесіне бүкпесіні жоқ, айтайын деген ойын ашық айта беретінін Үния да біледі. Саурық әнді жақсы көреді. Үйренген Абай әнін салып беретінін де Рәбиға жасырмай айтты. Түс ауып қалған мезгіл еді. Рәбиға Саурық отырған бөлмеге келді. Әкесі қызын қасына шақырып бетінен сүйді. Үйде жалғыз отырып, іші пысып барар жер таба алмай отырған Саурық қызы келгеніне қуанып қалды. Айман бүгінгі Үниямен болған әңгіменің бәрін айтқан екен. Қызына: – Сендер ән үйреніпсіңдер, ән салып жіберші, жабыққан көңілімді көтерейін, – деп Саурық қызына күле қарады. Рәбиға сасқан жоқ. «Қандай өлең айтсам екен» деп сәл ойланып отыр ды да Абайдың «Сегіз аяқ» әнін шырқады. Саурық қызының ән ырғағына ризалық білдіріп, көңілді отырды. Ән аяқталған кезде, орнынан қозғалып, еңсесін көтеріп, жастықты қабырғаға қарай ысырып қойды да, малдасын құрып отырды. – Өзің әнші болыпсың ғой. Мына ән кімдікі дедің? – Семей жақта Абай деген ақынның шығарған әні деп, Үния екеуімізге жәрмеңкеге кетіп бара жатқан бір әнші жігіт үйретті, – деп Рәбиға болған оқиғаны жіпке тізгендей бәрін рет-ретімен әкесіне айтып берді. Ауылдағы өсекті кеулетіп жүрген Салиха жеңгесі екенін де қорықпай ашық айтты. Қызының мөлдір ашық мінезіне Саурық риза болды. Қызы кетісімен басына жастық жастанып тұнжырап, үнсіз, жалғызданжалғыз өзі теңіздей толқыған ойға батып Саурық ұзақ жатты. Ел арасындағы ру таласы, жесір дауы, Үния жағдайы оны көп ойландырды. Бөлмеге бір нәрсені сылтауратып келген Айман сөзіне де ләм-лим демей, бедірейіп жатты. Оны сезген Айман ізінше есікті жауып, алдыңғы бөлмеге шығып кетті. Бүгінгі оның қытығына тиіп жатқан ауылды кернеген өсек. Қызының айтқанына сенерін де, сенбесін де білмеді. Ол бір түйінге
келгендей өзіне өзі басын шұлғып жатты. Дәл қазір Үния мәселесіне ашық кірісіп, Байділдаға алып бергендей болса, ел арасында іріткі туады. Үнияның жамағайыны Терлікбай да осал адам емес. Ол бұл іске кірісетіні айдан аян. Болыс сайлауы да жақындап қалды. Саурық өз ойын болыс сайлауы өткенге дейін Үния мәселесін жабулы қазан-жабулы деген дей көтермейтін болып түйді. Ол тізесіне қолын тіреп, орнынан тұрды. Күндегі әдетінше қақырынып-түкірініп, бәйбішесіне мұнда кел дегендей дыбыс білдірді. Айман да күйеуінің берген дыбысына әбден қанық боп алған, есіктен кіріп келді. – Әй, бәйбіше, шөлдеп отырғаным, қымыз алдыршы. Саурықтың кіші тоқалы ауыздағы бөлмеге дастарқан жайып, үлкен тегене толған қымыз әкеліп қойды. Сырлы тостағанға толтыра құйып, Саурыққа ұсынды. Ол: «Бүгін қымыз көп-ақ пісілген екен, тұп-тұщы, қанша ішсең де тоймайсың», – деп мақтай отырып, салқын қымызды әбден сусыны қанғанша ішті. – Кеш батып қалды, мен Үнияға кешке таман келемін деп кетіп едім, мына жас тоқалың Жәния екеуің отыра беріңдер, мен кеттім, – деп Айман сөз ұшығын екеуіне тигізе қадай айтты да, үстіне қара мақпалдан тігіл ген қамзолын, басына судай жаңа кимешегін, кең тігілген көк көйлегін, аяғына жәрмеңкеден әкелген кебіс-мәсісін киіп кете бергенде: – Тым сәнденіп, кербезденіп кеттің, сен де басқа бір жерге барайын деп тұрғаннан аманбысың, – деп Саурық та оны бір шалып, қытығына тие айтты. – Менің маңыма жоламағаныңа айдан асты. Барсам қайтер дейсің, – деп ашу кернеп, булыға сөйледі де шығып кетті. Айман Үния мен Рәбиғаның ортасында, төрде төселген көрпе үстін де отыр. Қазан асылып жатты. Қымыз ішіп бөртіп отыр. Есік-терезені қымтатып тастады. Екеуі Абай әндерін шырқап отыр. Үния үні ерекше шығады. Көмейінен күмістің сылдыры төгіледі. Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңін жалғыз өзі айтты. Рәбиға бұл өлеңді әлі үйрене алған жоқ еді. Айман аузын ашып, Үния салған әнге ұйып отыр. «Қандай тамаша ән еді?» – деп қояды. Өлең айтылып біткеннен соң: – Өлеңі қалай басталады, қайталап айтшы? Үния ән шырқаса, жабық көңілі көтеріле түседі. – Абайдың бұл өлеңінің аты «Бойы бұлғаң», – деп аталады, – деді де Үния басқа бір шумағын қайталап айтты. Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң
Кімді көрсем мен сонан,
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан... –
деп бітірді.
– Адамның өн бойын баурап әкететін өлең екен, – деді Айман көңіл деніп. – Тағы бір өлең айтып жіберші. Үния сәл ойланып отырды да: Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауатпен майдандасқан Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп бастады да: Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, Мен келмеске кетермін түк өндірмей. Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей, – деп тоқтатқанда көңілді отырған Айман өз басындағы қайғы-қасірет есіне түсті ме «уһ!» – деп көкірегін кере күрсінді. Семейлік жігіт Абай орысша оқыған, шығыс әдебиетін де жетік білетін ақын екенін, екеуіне әбден түсіндіріп кеткен. Үния сол жігіттен Абай жөніндегі естігенін Айманға толық айтып берді. «Ақын десең, ақын екен», – деді ол да. – Сөзі де, ойы да кесек ақын ғой. Анада біздің үйге келген қонақтар Абай әні деп айтып отыр еді. Бірақ, мен кіріп-шығып жүріп көңіл қойып тыңдай алмаған едім. Бүгін ол кісінің кім екеніне әбден қандым. Екеуіңе де рақмет. Ойын-сауықтан жазбасын. Мұндай әнді қанша айтса да, адам тойғысыз мән-жайы мол екен. Ұялмай айта беріңдер. Әлгі кісіге түсіндіріп өзім айтамын. Салиха сайқалдың да аузына құм құямын. Көкімей тыныш жүр деймін, «өркенің өссін, еңбегің жансын» деп Айман батасын берді де үйіне қайтты. Шұғыласын шашып күн жарқырай түсіп тұр. Үния мен Рәбиға ат қорада байлаулы тұрған екі биені сауып жатты. Әңгімелері Айман бәйбішенің кеше риза боп қайтқаны, кетерде: «Еңбегің өнсін», – деген батасын іс тігіп, мал таба бер деген шығар деп түсінді. Үния еңбегінің ақысын алып, іс тігуін тоқтатпады. Азын-аулақ жинаған малының қақ жартысын Саурықтың жылқысының ішінде өз малындай бағып-қағып, ит-құстан аман сақтап жүрген жылқышы Ұлтараққа кеше ғана ен салып берген. Оған: «Өзің малымды бағып, әйелің болса үй жұмысына күн демей, түн демей көмектесіп жүр, сен де бір еңбегің жанбай жүрген байғұссың, мына малдардың біразы сенікі», – деген Үния. Үнияның кеңшілігіне риза болған Ұлтарақ та, оның әйелі Күміс те іштей: «Құдайым сені сақтасын, сен аман болсаң, біз де аштан өлмейміз, көштен қалмаймыз», – деген еді.
Кешкі шай үстінде үшеуі: «Бұдан былай жең ұшынан жалғасамыз, бірбірімізге сүйеу боламыз, қиыншылық заманды да бірге өткіземіз», – деп келіскен болатын. Ұлтарақ ширек ғасырдай өмірін Саурық болыстың жылқысын бағумен өткізді. Қыстың сары аязы, шілденің қапырық ыстығы демей мал сонында жүр. Күміс болса, Саурық үйінің отымен кіріп, күлімен шығып, жұмысын істеді. Осыдан екі жыл бұрын боранда ықтап кеткен малды іздеп жүргенде, Күміс аяғы үсіп, оң жақ аяғының саусақтарынан айрылып, ақсақ болып қалды. Саурықтың бірде-бір малын шетінетпей, ит-құстан аман сақтап қалса да, Күміске жылы сөз айтудың орнына, ол қорадағы малдан осы боранда айрылып қалдың деп зекірген. Бұл оқиға Күмістің жүрегіне мұз боп қатқан. Аяғының ақсақтығын сылтау етіп, ол Саурық үйінің есігін ашуды пышақ кескендей тоқтатты. Үйінде отырғанда Күміс күйеуіне: «Бағатынымыз Саурықтың малы, оның біздің еңбегімізге төлейтін ақысы тамағымызға да жетпейді. Біздің төрт ұлымыздың келешекте көретіні де осы ғой. Киетін киім, қыста жағатын отын жоқ, үй болса мынау, қысты күні ит байласа тұрғысыз суық болады. Мені «жарымжан болып қалдыңау» деп есіркеп отырған Саурық та жоқ. Бір сиыр сауынын, балалардың көжесіне қатық етуге де бермейді. Сен де күндердің күнінде жарымжан болып қаласың. Осы жерден кетіп, жәрмеңке маңында сәудегерлердің жүгін тасысаң да тұрмысымыз қазіргіден жақсы болар еді», – деп ой сала сөйледі. – Мен өмір бойы мал бақтым, одан басқа жұмыс қолымнан келмейді, жүк көтере алмаймын. Өзіңе аян, ана жылғы қыста суық тиіп белім шойырылып қала беретін болды. Құдай салған соң қайтемін. Өлгенімше мал соңында жүретін болдым. Сен қатын үй ішінде іріткі шығармай тыныш отыр, – деп Ұлтарақ абдырап қалды. Ұлтарақ ата-бабасынан бері малшы. Жылқы тезегін иіскеп жүрмесе көңілі көншімейді. Өтірік-өсегі жоқ, сүттей ақ, таза адам. Саурықтың қарақшылары арғы беттен ұрлап келген үш үйір жылқыны да Саурықтың малы деп бақты. Тіс жарып, бірде-бір адамға айтпады. Сөйлеп кетсе, оның да қазақтың қара тіліне шешен сөзге дес бермей кететін өнері бар. «Қызмет еткен соң адал болған жөн. Ұрланған мал болса, ұрлаған мен емес екендігі құдайға да, жұртқа да айқын. Иесі табылып, дауласып жатса, алатын айыбын Саурықтан алады», – дейтін өзіне-өзі Ұлтарақ. Ұлтарақ екі иығына екі адам мінгендей еңгезердей батыр іспеттес жігіт. Жазды күні. Түн. Ай сүттей жарық. Ұлтарақ жалғыз өзі тау баурайында Саурықтың үш үйір жылқысын бағып жүреді. Жылқы түнгі соққан самал желге кеудесін қарсы төсеп жусап жатты. Ұлтарақ аттан түсіп, шылбырынан ұстап, төбенің төскейіндегі жалғыз қарағайдың түбінде отырды. Аз да болса, мызғып алғысы келді. Жақындап қалған ат тұяғы дүбірін естіді. Түн ортасында жай жүрген адамдар емес. Жылқы ұрлауға келген қарақшылар. Жылқышы тау бөктеріндегі жылғаға түсіп, үнсіз тұрды. Үш салт атты жылқы жаққа қарай желдіртіп келеді. Ұлтарақтың
астында бәйгеге қосамыз ба деп жаратып жүрген көк бесті. Қолында келсаптай жуан шоқпар. Білегінде ұзын қайыңнан жасаған құрық. Бөгде ат дүбірін сезген қара айғыр, қиқу салып жылқының бәрін тұрғызды да, өзі жақындап қалған ұрыларға қарай тұра шапты. Дәл осы кезде, Ұлтарақ та үш салт аттының өкпе тұсынан келе тиісті. Алғашқы екпінімен ұрылардың бірін шоқпармен дәл белуарынан салып өте шыққанда, ол омақата, жерді сүзе жығылды. Осылардың ішінде қара айғыр да осқырып ойран салып жүр. Жерге ұшып түскен ұрының аты сәйгүлік екен, үркіп шығып бетімен шапқылай жөнелді. Оны қара айғыр құйымшағынан ала бір қапсыра тістеді де, әрі қарай қуып әкетті. «Ұрының арты қуыс» дейді мақал. Қалған екі ұры жалт беріп кейін қаша жөнелді. Оларды Ұлтарақ қумады. Сойылға жығылған біреуін алып барсам, Саурықтың өзі-ақ қалғандарын тауып алар деген оймен, ол кейін қайтып сойылға жығылған ұрыны алдына өңгеріп, жылқысын айдап, екінші бір шаттың ішіндегі қосқа барды. Жылқыны қостың маңына үйірді де ұрының атын ұстап әкелді. Қостағы жігіттердің бірін Саурыққа хабар беруге жіберді. Ұлтарақ ұрылармен тайталасып, соғысып жүргенде таң да боза мықтанып атып қалған еді. Ол жылқыны қайырып, ауылға қарай айдады. Тұтқын болған ұрыны атқа мінгізіп, екі аяғын үзеңгі бауға қолын арты на байлап, бір жігіт атын жетектеп, ауылға қарай жосып келе жатқан жылқының соңынан келеді. Саурық бастаған ауыл адамдары тайлы-таяғы қалмастан дөңнен асып, құмырсқадай қайнап келе жатқан көп жылқыны тосып тұр. Жылқыны желі басына иірді. Құлындарды шыңғыртып ноқталап, желіге байлап жатты. Ұлтарақ тұтқынды аттан түсіріп Саурыққа алып келді. Түндегі оқиғаны түгелімен айтты. Саурықтың ең алғаш сұрағаны: –Жылқы түгел ме? – Сауқа, – деді Ұлтарақ жақын келіп, – алдымен жылқыңызды сұрап жатырсыз, өзің амансың ба деп сұрамайсыз ба? Үш ұрыдан малыңызды аман сақтап қалдым емес пе? – Сенің аман екеніңді көріп тұрмын, – деп Саурық туралап, тигізе сұраған сұраудан тайғанақтап жауап берді. Ұлтарақ: «Әкем марқұм Саурықтың әкесінің малын бағумен өмірін өткізіп еді. Мен Саурық малының соңында жүрмін. Әкем марқұм айтушы еді: «байлардың малшыларына жаны ашымайды. Адам жанынан малды жақсы көреді» деп. Саурыққа да әкесінен жұққан екен. Айтып тұрған сөзін қарашы? Егер мен қарсылық жасамай, жан сауғаласам ғой ұрылар Саурықтың үш үйір жылқысын айдап әкететін еді. Жақсылық өз басынан аспайтын қараусың сен. Айдаған малыңның бірде-бірі өз еңбегіңмен табылмағаны жұрттың көбіне мәлім. Малшылардың еңбегін жеу, қарақшыларыңа қора-қора жылқыны ұрлатып алдыру, жай, момын халықтан пара алу сенің ата-бабаңнан бері қарай келе жатқан кәсібің екендігін жұрт білмейді ғой дейсің бе?» деп ойлап тұрғанда, Саурық: – Тұтқынды ауыл сыртындағы қарағай шетіне алып жүр, – деді.
Ауыл азаматтары, бала-шаға ұрыны қоршап, иіріліп тұр. Саурық қасында інісі Байділда бар оқшау өскен қарағайдың көлеңкесіне отырды. Тұтқынға түскен ұрыда зәре жоқ. Белі шойырылып қозғала алмайды. Екі көзі Саурықта болды. Ол ішінен: «Нендей жаза қолданса да, шынымды айтайын. Біз өз бетімізбен ұрлыққа шыққанымыз жоқ» – деп отыра берді. – Шыныңды айт. Қай жерден келдіңдер, кім жіберді? – деді Саурық көпшілікке күле қарап. – Менің атым Жомарт Торбай баласы. Алакөл маңындағы Байсалбай Сейтенұлының жылқышысымын. Қасымдағы ұстатпай құтылып кеткен екі жігіт сол кісінің жамағайындары. Осыдан үш күн бұрын Саурық болыстың жылқысын айдап әкеліңдер деп жіберген еді. Сіздің жылқыларыңыз жатқан жерге күндіз жетсек те, тапа-тал түсте ұрлап кете алмадық. Күні бойы осы маңайдағы елге құдайы қонақпыз деп біріне түстеніп, бірінен бесін тамағын ішіп жүрдік. Ымырт жабыла шықсақ та түн ортасында сіздің жылқыларыңыз жайылып жатқан жерге әзер жеттік. Жылқышыңыз жалғыз болса да батыр жігіт екен. Үш адамға қарсы шабуылдағаны жүрек жұтқандық емес пе? Қасымдағы жолдастарымның бірі «жалғыз адам үшеуімізге қарсы тұра алмайды, бас сауғалап тығылып қалады» деп келе жатқан. Байсалбай «жылқышы бізге шабуыл жасағандай болса, сойылдайсойылдай үш жігітсіңдер, оны аттан жұлып алып, ағашқа байлап кетіңдер, тіпті қарсылық білдіріп көнбесе, өлтіріп кетіңдер» деген еді. Ол кісінің айтқан жерінен шыға алмай қалдық. Жылғадан қалай шауып шыққанын да байқамадық. Сіздің жылқышыңыз бізге қулығын асырып кетті. Менің басқа айтарым жоқ, – деп оң жағында тұрған Ұлтараққа қарады. Осыдан бір жыл бұрын Саурық Байсалбай байдың үш үйір жылқысын барымталап айдатып алған. «Байсалбай менен сол үшін өшін алмақ болған екен. Сақтану керек. Жылқышы санын түн баласында көбейткен жөн. Атшапан айыбын бермесе, бұл адамды жібермеймін. Бір-екі аптаның ішінде елшілікке жіберген кісілері де келіп қалар», – деп Саурық ойын түйді. Бүгін жылқыны ымырт әбден жабылғанша желі басында иіріп тұрды. Саурық түнгі күзетке он жігітті атқа мінгізді. Сақадай сайланған жігіттер жүйрік аттарға мінді. Қолдарына шоқпар ұстады. Жылқыны қопа бойындағы көл жағасына қарай шығарды. Бүгін Ұлтарақ үйінде қалды. Өткен түні көз ілмеген ол үйіне қайтты. Көз алдын былшық басып кетті. Күміс тозығы жеткен ескі құманнан су құйып, Ұлтарақ бетін жуды. Қараша киіз үйге кіріп, төр алдында жайылған тулаққа барып отырды. Киіз үйде шұрқ-шұрқ тесілген екі үш көрпе, май-май жастықтар оң жақтағы керегенің түбінде жатыр. Шидің ішінде кішілеу қара қазанға құйылған жалғыз сиырдың сүті. Ұлтарақ үйге келсе, сүт ішіп жатпаса басқа тамақ жоқ деп, Күміс жаңа ғана пісіріп қойған. Үйде теңселіп-толғанып Ұлтарақ отыр. «Тұтқынның айтқаны дұрыс қой. Егер, мен кеше түні, сақтық жасамасам, бүгін бүйтіп отыра алмас едім. Балаларым жетім қалатын еді. Қатын болса, аяғы ақсақ, олар ашжалаңаш қаңғып кететін еді. Саурық малымды сақтап қалдың ғой деп,
тышқақ торпағын да бермейді. Үния берген жеті-сегіз қара қаншаға жетеді. Бұдан былайғы жерде, түн баласына жалғыз жылқы баққанда жан сақтанбасқа болмас. Саурық малымды аман сақтап қалдың деп рақмет те айтқан жоқ. Ұры Саурықтың малын айдап әкетеді. Оған менің нем кетеді? Көп болса, сен дұрыс қарамадың деп ұрсатын болар, маған онан басқа не істейді? Ендігі жерде жауға қарсы шаппаспын», – деп ойын түйді ол. – Әй, күйеу, сен үндемей қалдың ғой, не ойлап отырсың? Мен саған айттым ғой, бұл жерден кетейік, өз басымызды сақтайық деп. Көнбедің. Бір күні қарадан-қарап жүріп, өз басыңды өзің жоясың. Осыны түсіндің бе? – деп Күміс Ұлтарақтың жанына тие қажап отырды. – Малды тастап ешқайда бармаймын. Сақ бол десең бір жөн. – Малымды сақтап қалдың деп Саурық саған не берді? Ол сенің айрыла алмайтын қарын бөлең емес. Бір ауыз жылы сөзін де айтпады. Ендігісін өзің біл. Мен Үнияға барайын. Байғұс жалғыз отыр. Рәбиға кешірек келем деп үйіне кеткен еді, – деп Ұлтараққа көне көрпесінің бірін төсеп, үстіне қыс киетін күпісін жауып, Күміс үйден шығып кетті. Үния кересін шамның жарығымен Саурыққа ақ мақпалдан тағы бір шапан тігіп отырған. Үй іші қара көлеңкеленіп қалған. Жалғыз өзі. Іс арасында жабыраңқы көңілін көтеру, үшін қоңыр дауыспен ән салып та қояды. Күміс үйіне кіріп келгенде, бүкіл туған ауылы көшіп келгендей қуанды. – Түн қараңғысында іс тігіп, кім қуып барады. Қайнағаң бәрібір саған рақмет айтпайды. Ақысын да төлемейді. Көзің ауырады. – Жалғыз отырғанда ермек болсын деп отырмын. Оның үстіне қайнағам шапанымды тезірек тігіп берсін деп Айман апамды жіберіпті. – Жуықта ғана бір шапан тігіп берген жоқ па едің? Ол тозатын болған жоқ. Қайнағаң тағы бір жиынға дайындалып жатқан болар. Үния ісін машинаның үстіне жаба салды да, Күміске: – Саурық қайнағамыздың айтқанын орындамай көр. Ол тым жабайы, тым қатал адам. Өз басынан басқаға жақсылық қонбасын, жамандық өзгеге дарысын дейтін кісі екенін әбден түсіндім. Ертең түске таман бітіріп беріп жібермесем, ол менің басыма әңгір таяқ ойнатады, – деді. Күміс екеуі түн ортасына дейін келешек өмірді, қазіргі жағдайларын әңгіме етіп көп отырды. Үния киім тігіп бергені үшін Айман бір көйлектік мата сыйлаған еді. Сол матадан Күміске көйлек тігіп отырды. Пішілген көйлекті көктеп, Күміске өлшеп жатып: – Адам көркі шүберек деген осы екен ғой. Жаңа көйлек кигенде, осы ауылда сенен сұлу әйел жоқ па деп қалдым, – деп Үния Күміске қарап жымиып күлді. – Біз кімнен кем ғой дейсің? Бақытсыз жаратылған адам болған соң қайтесің? Қорада мал жоқ, сауда істейтін әл жоқ, қолдан келмейді. «Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» деген емес пе бұрынғылар? Тамағым тоқ болып, киімім бүтін болса, біз де жайнап шыға келмейміз бе? – деп Күміс көз жасын басындағы тозығы жеткен кимешегінің етегімен сүртті.
– «Сабыр түбі сары алтын», – дейді халық. Сабырлы бол. Күндердің күнінде сенің де еңбегің жанып, ел қатарына қосылатын күнің де болар. Үмітсіз дүние жоқ. Әңгіме арасында Үния көйлекті тігіп те бітірді. Аяғына өзі киіп жүрген мәсісін, басына өзіне арнап тіккен кимешегін кигізді. Күміс жаңа туғандай сұлу келіншек боп шыға келді. – Қолымнан іс тігу келген соң, менің киімім өзіме жетеді. Осы киімдерімді көптен бері саған сыйлаймын ғой деп жүр едім, реті табылмай жүрген. Бүгін сәті түсті. – Өзіңе керек емес пе? Сен менен әлдеқайда жассың, мұның қалай? Алмаймын. – Алмағаны несі? Менің дүнием бір басыма жетіп жатыр. Саған жаным ашиды. Аласың. Ауылда болатын жиындарда жалба-жұлба болып жүрген ұят емес пе? Күміс Үнияға рақмет айтып бетінен сүйіп, «көп жаса» деп қуанышын жасыра алмады. Саурық шапаны айтқан мезгілінде даяр болды. Рәбиғаның айтуын ша Саурық шапанды киіп, келініне риза болған көрінеді. Сөз арасында: «Біздің Үния келіннің саусақтары күміс, қолы алтын», – деп ашық айтыпты. Осы сөзді Үнияға жеткізуге асыққан Рәбиға, үйге ентігіп кірген болатын. Рәбиға да кейінгі кезде сәнді тігілген киімдерді киіп, ауыл қыздарынан ерекше бөлек тұратын. Үнияға ол да ерекше сүйіспеншілік мінезбен қарайтын. Екеуі бір анадан туған адамдай болып кетті. Қаулаған өсек те бәсеңдеп қалды. Салиха да сумаңдап жүгіре беруді тоқтатты. Кісілік рухы Үнияға жас балауса кезінен бойына ұялаған. Ол біреудің кем-кетігін көрсе, әр кезде соны жамауға, мөлдір судай таза көңілімен қол ұшын беруге даяр тұрады. Ұлтарақ пен Күмісті, оның төрт бірдей шиеттей балаларын ақысыз киіндірген де сол Үния. Саурық болыстың: «Қойшықолаңды киіндіргенше Байділданың балаларына көмектеспей ме?» – деген сәлемін де орындаған жоқ. Байділда старшина, биліктің адамы, ана жылы жұттан қырылған малын бір жыл өтпей-ақ себебін тауып, халықтан пара алып, жинап алған. Үния іштей: «Өз адал еңбегіммен тапқан табысымды кімге беремін, ол менің жұмысым емес пе? Онда қандай шаруасы бар ол кісінің?» – деп ойлайтын. Саурық құрған қандай қақпан бар екенін, әрине, Үния сезген де жоқ. Саурық болыс іштей бүгіп отыр. Оның іші толы қатпар-қатпар арамдық. Біреуді жайындай жұтып қоюға ол әр уақытта даяр. Ол қаптаған жауға ашық қарсы шығатын ақылсыз да адам емес. Басқан ізін байқап басатын, қулық-сұмдықтың бәрін асықпай-саспай ойланып істейтін қырдың қыраны. «Кезі келер» деп тұнып отырған жайы бар. Болыс сайлауына дайындық жүріп жатты. Саурықта күні-түні ұйқы жоқ. Ел-елден топ құрып, тас жинады. Қос-қостан қаптаған малын шаша бастады. Ел жақсыларының аузына тықты. Уезге баруын да жиілетті. Руруға бөлініп, ел арасы даңғаза дау-таласқа айнала бастады. Желсіз күнде
көл бетіндей тып-тынық жатқан ел тайлы-таяғы қалмастан атқа мінді. Күн күркірегендей ел дүр ете қалды. Дауыл соқты. Бай ауылдарында мал сойылып, саба-саба қымыз ішілді. Төбе-төбеге топ-топ боп жиналған адамдар. Мәжіліс құруда. Соның ішінде Саурық та жүр. Қазір, сайлау алдында, ол да, жібектей жуас. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен сабылып жүрген Саурық. Сайлау ырғағына теп-тез беріліп, тынымсыз жүр. Сайлау десе, делебесі қозатын қазақ емес пе? Тайлы-тұяғы қалмастан босып жүр. Саурық аулында тыным жоқ. Күні-түні тай қазан жер ошақтан түспейді. Топырлап келіп жатқан қонақтар. Қонақ күтуден Үния да шаршады. Жер ошақ басынан кетпейтін болды. ЬІмырт жабылып, түн қараңғысы қоюлана түсті. Үния, қасында тағы бір-екі әйел бар, жер ошаққа от салып жатқан. Оң жақтан тосыннан біреудің даусын естігенде, Үния шошынған адамдай, селк ете қалды. Ымырт қараңғысына ол тесіле қарады. Жан-жақ мүлгіген тыныштық. Қараңдап, бір кісінің келе жатқаны байқалды. Аяғын аңдып басып, жақындап қалған Байділда екен. Оны көргенде Үнияның жүрегі аузына тығылып, үнсіз тұрды. Қасындағы кекселеу келген қара қатын: «Саған не болған, қорыққаның не, өзіміздің Байділда емес пе? Отын жарып берейін деп келген болар» деп сылқ-сылқ күлді. Үния оның жаман ойын жүрген жүрісінен-ақ сезді де, Саурық үйіне жып беріп, кіріп кетті. Үйде Саурықтың үш әйелі бірінің сөзін бірі тыңдамай, қақтығысып жатыр екен. Олардың бірін-бірі тілдеп отырғанын естігенде Үнияның төбе шашы тік тұрды. Ол өмірінде, мұндай қарғысты естіген адам емес. Бәйбіше мен ортаншы тоқал Ғалия бір жақ боп, кіші тоқал Жанияны: «талақ болғыр, қаңғып қалғыр, адыра қал!» – деп жарыса сөйлеп отыр. Кіші тоқал да өз есебін жібермей, өктем сөйлеп, тоқтайтын түрі жоқ. Айман: «Ұятсызсың, Үниядан ұялмайсың ба?» – деп орнынан тұрып: – «Үния, жүр, кеттік», – деп басқа бөлмеге кетті. Онда, осы үйдің Рәбиға бастаған балалары отырған. Оларды көргенде, Үния қуанышы кеудесіне сыймай, қорғанысына, сүйенішіне келгендей сезінді. Өйткені, Байділда Рәбиғаны көргенде, аузына құм құйылып қалатын. Бейсауат сөйлемейтін. Онан жасқанатыны да бар. Ол Байділданың басқан ізін аңдып, әкесіне көргенбілгенін айтып қоятын. Сондықтан Байділда Рәбиға отырған жерге жоламайтын. Үн-түнсіз кейін айналып, шығып кететін. Осы пәледен бір шақырым аулақ жүрейін деп ойлайтын. Бүгіннен кейін ас басына баруды Үния кілт тоқтатты. Рәбиға мен Үния дауыстарын қатты шығармай, қоңыр дауыспен Абай әндерін айтып отырды. Айман олардың ән айтқанын қостағандай, қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады. Айман бетіне әжім түсіп, мосқалдана бастаған. Үстіне кигендері Үния қолынан тігілген киімдер. Жасы елуден асқанмен «адам көркі шүберек» дегендей, көрікті киім жасартқандай көрініс беріп тұр. Байділда қолға түсіп тұрған Үниядан айрылып қалғанына булығып, ашу кернеген жүрегі алқымына тығылып, қатындардың жанында сәл
ғана тұрды да, ізінше қайта жүрді. Салиха да ұйықтап жатпаған екен. Кеш батысымен күйеуін аңдумен болған. – Әй, сен қайда бара жатырсың? Мұнда кел, – деп Салиха қотанда иіріліп, жусап жатқан қойдың арасынан шыға келді. Байділда адымдай басып Салиханың жанына келді. Оның қытығына тиді. Тым-тырыс мүлгіген қараңғылыққа қолынан ұстап, Салиханы дырылдата жөнелді. «Осы сен-ақ мені аңдумен болдың ғой», – деп кірпідей жиырыла түсті. «Бұдан былай, сен менің соңымда жүргеніңді көрсем, төркініңе апарып тастаймын», – деді Байділда. Оған тоқтай қоятын Салиха ма? Онан арман долылана түсті. «Бір қора баланы тастап, мен ешқайда бармаймын. Тоқал да алдырмаймын» деп оның тұнық түнді жарып шыққан ащы дауысы алыстан естілді. «Қонақтардан ұялмайсың ба? Айқайлама», – деп Байділда Салиханы үйіне қарай сүйреп әкетті. От басында отырған қатындар да Байділданың өрескел ісіне іші қайнап, жеп қойғандай болып отыр. Салиханы арашалап алайын десе, таяқ ұшы өздеріне тиіп кете ме деп сескенеді. Бас үйітіп отырған қатқан қара қатын: «Адам жоқ жерде кездессе, Байділданың шашын жұлар едік. Мықтының тұқымына әйелге не істеймін десе де жол ашық боп тұр. Салиха байғұсты үйіне апарып, сойылға жығады, мына озбыр», – деп тісін қайрап отыр. Әр рудан келген бай-манаптар болыс сайлауында Саурықты жақтайтын болды. Көп әңгіменің соңында бұлар бір мәмлеге келді. «Ақсарбас» айтып, ертеңінде өз елдеріне тарап жатты. Саурық бүгін қуанышты. Миығынан күледі. Іштей: «Сайлауға жұмсалған мал, ертең-ақ орнына келер. Сайлансам болды. Бүгінгі мәжілісіміз сәтті өтті. Олар өздерінің адамдарын болыстыққа ұсынбайтын ізет білдірді. Бағым жана беретін болды», – деп ол қара мақпал жағалы ақ шапанын иығына желбегей жамылып өзен жағасында төбе үстінде алшаң-алшаң басып барады. Алысты шолған кісіше күншығысқа қарап, бие сауым уақыт тұрды. Абай айтқандай: «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап», – деп Саурық өзі істеген ісіне өзі риза болып аяғын алшаң-алшаң басып үйге қарай жүрді. Түні бойы у-шу болған үй іші құлаққа ұрған танадай тыныштық. Ешбір адамға тіл қатпай Саурық төр алдында қисайып жатыр. Оған кенет бір ой келді. «Ел жақсылары болып, бір келі сімге тоқтадық-ау, бірақ бұлардың ішінде неше түрлі арамзалар бар. Ертең айтқан сөзінен сынапша бұлт етіп тайып кететіндер де аз емес. Болыс болған соң кейбіреулерге тісім батып кеткен де болу керек. Ел арасындағы дау-таласты әділ шешу оңайға түскен жоқ. Іштей іріп «сені сайлау күні көрермін» деп бұғып жатқандар да аз болмас. Түнгі келісім, келісім боп қалар ма екен? Болмаса болыстыққа таласу бұрынғысынан да көрі күшейе түсе ме? Құдайдың салғанын көрермін» деп жатты да: – Ей, қайсың барсың? Түскі намаз оқитын уақыт болды-ау деймін, – деп күңгірт дауысымен үн қатты. – Мен осындамын, не керек? – деп Айман төргі бөлмеге кіріп келді. – Дәрет алатын су дайындатшы, – деп, Саурық орнынан тұрды.
Намаз оқылды. Шай ішілді. Үйде Айман екеуі ғана отыр. Беті күміс телген ағаш төсекке арқасын сүйеп отырған Айман, Саурыққа жақындай түсіп: – Сенің есі-дертің болыс болу, басқамен жұмысың жоқ, түнде осы ауылда не болғанын сен сездің бе? Анау ініңді тәртіпке салмайсың ба? Шектен шығып барады. Салиханы ұрып, өне бойында жараланбаған жері жоқ. Өлім үстінде жатыр. Байділда сені де, келген қонағыңды да сыйламағаны емес пе? – Сен не айтып отырсың? Оған не болды? Құтырған болар? – Сенің есі-дертің болыстық, ауылдағы жүгенсіз кеткендеріңді тоқтат пайсың ба? Саурық ашу кернеп, сазарып отыр. «Байділда сайлау алдында бүлік шығарайын деп жүр екен. Соққан желдей дау-дамай қай жақтан шығады деп, елеңдеп отырған жұрт арасына от салатын болды. Өзі лаулайын деп қурап тұрған қурай секілді ел ду ететін жәйі бар. Салиха да жай жатпай, бұл жағдайды төркініне жеткізеді. Қызын сойылға жықты дегенді естісе, оның әкесі Сейсембай қажы бүкіл елге аты шулы даукес, ауыл-аймағын атқа мінгізіп ертең-ақ жетеді. Онда мен не істедім?» – деп, Саурық ойланып отырды да: – Шақырт, ана ақымақ қайныңды, – деп Айманға бұйыра сөйледі. Айман үн-түнсіз үйден шықты. Көп ұзамай-ақ Байділда «ассалаума ғалейкүм» деп, Саурық отырған бөлмеге кіріп келді. Жүзінде үлкен қуаныш сазы білінеді. Саурықтың боп-боз болып, ашу шақырып отыр ған келбетін көрді де, өңі бозарып, сұп-сұр болып кетті. Ол: «Түнгі оқиға бұл кісіге де жетіп үлгерген екен», – деп, тырысып қалды. Есік алдында бүрісіп тұр. – Ат ерттет, екеуміз қостарды аралап келейік, – деп Саурық, бұл жерде тіс жарып үн шығармады. Байділда келген ізімен кейін шегініп, үйден шығып кетті. Боз жорға ерттелді. Күміс ер тоқым аққан мөлдір судың даусындай сылдырлайды. Саурық үстіне жеңіл киімдерін кие салып, есік алдына шықты. Байділда қолтығынан көтеріп атқа отырғызды. Өзі айғай шықса желігіп, екі құлағын қайшылап, тақымын қысса шаба жөнелгелі құтырып тұрған торы атқа мінді. Екеуі жылқы қосын аралап шығуға кетті. Жарап, аяғы жерге тимей жұлынып тұрған аттармен безектетіп келеді. Шалғыны масаты кілемдей жайқалып тұрған мидай даланы іштей қызықтап Саурық үнсіз келеді. Байділдада әлі зәре жоқ. Тілдейтін көңілі болғанда, неге бұл кісі ашып айтпайды? Осынша ызғарланғаны несі? Бұтағын кең жайған зәулім ағаштың ішінде бой көрсетпей шашырап жатқан аласа қостар алыстан-ақ шұбатылып көрінеді. Көлде жүзген қайықтай теңселіп келе жатқан боз жорғаның жүрісін бәсеңдетті. Қызған ат құлағын қайшылап ауыздығын шайнап, бой бермей келеді. Саурық атының басын тежеп, Байділдаға: – Кеше осы әулеттің азуы кере қарыстай байлары менің үйімде қонақ болып отырғанда, қатыныңмен төбелескенің маған көмектескенің бе,
болмаса менің болыстыққа сайлануыма бөгет болғаның ба? Сенің қайын жұртың қой аузынан шөп алмайтын, момақан ел ғой дейсің бе? Салиха сенің кешегі ісіңді бүгін-ақ туғандарына жеткізген болар. Олай болған күнде, көптен бері құдай қосқан құдамыз, бір жеңнен қол шығарып, сайлау кезінде бірлік болсын деп жүрген менің айтқан сөзімнің бәрі зая кетсін деген сайқалдығың ба? Әлде, сенде ақыл біткеннен ныспы жоқ па? Осыған жауап берші? – деді. – Ағатай, мұның бірде-бірі менің ойымда болған жоқ. Үй ішінде не болмайды? Қатынымның мінезі сізге мәлім. Қит етсе, қолына шоқ алып, әупірім деп жөнелетіні баршаға аян. Бір себеппен қолынан сүйреп, сіздің үйдің маңынан алып кеткенім рас. Басқа ешқандай оқиға болған жоқ. Долы қатын үйдің табалдырығын аттасымен өз бетін өзі тырнап, шашын жұлып жылағаны рас. Менің бағыма берген ырыс қой. «Мешкей жесе де жеді, жемесе де жеді», – дейді қазақ. Менің өмірім де соған ұқсайды. – Қатыныңның долы, сайқал екенін біле тұра, сенің кешегі істегенің ешбір ойға сыймайды. Адамда сабырлылық деген болмаушы ма еді? Кешегі келгендердің ішінде қымызымды ішіп, сыбағасын жеп, киізімді тілгілеп отырғандар аз ғой дейсің бе? Осыны сен неге ойламайсың? – деп, жорға ат үстінде теңселіп келе жатқан Саурық Байділданы ашулы көзімен атып келеді. Бойында адамгершілік нышаны жоқ Байділда қысыла қоймады. Саурық біресе қанын ішіне тартып сұрланады, енді бірде өрт өшірген адамдай қызара бөртіп, көңілсіз келеді. Інісі оның айтқанына жауап бермей, күрек тісін ақситып күле берді. Самаладай самсаған қарағайлы тау бөктеріне жетіп қалды. Мың құбылған қызылды-жасылды табиғат көркі Саурықтың қамыққан көңілін көтере алмады. Шет жақтағы қостан Саурықты көріп, Ұлтарақ ат байлауыштың жанына барып, қонақтарды аттан түсіріп алды. Саурық тау бөктерінде жайылып жүрген жылқысына көзі түсіп: – Жарықтықтың арасы сиреп-ақ қалған екен, – деді. Ұлтарақ та көңілсіз. «Сауқа, неше жыл бойы бағып-қаққан жылқыдан айрылдық. Мал басын бұрынғы қалпына келтіру үшін бірнеше жыл керек», – деп өзен жағасындағы көгалға жеткенше сөйлеп келді. Көңілсіз жүрген болыс қарадан туған кісінің айтқанына құлақ салушы ма еді? Оған қараған да, жауап та қайырған жоқ. Оның өз есебі өзінде. Саурық бұл жерде көп аялдаған жоқ. Сусын ішіп, аттанып кетті. Басқа қостарын аралап, қас қарая ауылына оралды. Арасына екі күн салып Салиханың әкесі Сейсембай қажы да, қасында бір топ кісісі бар Саурық ауылына келді. Сақалы кеудесіне түскен, басында бір тал шаш жоқ, жасы алпысқа келсе де, әлі кәрілік баспаған, аяғын тік басатын, тың адам екен. Ол аттың басын тура Байділда үйіне қарай бұр ды. Есік алдында күйбеңдеп жүрген Байділда оларды бірден таныды. «Дүниені бүлдірген екенмін», – деп ойлады. Салиха сол күні-ақ үлкен ұлын «нағашыңа менің халімды жеткіз» деп атқа мінгізіп жіберген еді.
– Ассалаумағалайкүм, – деп атасын аттан түсірмек болған Байділда ның сәлемін алмады. Аттың шылбырын да бермей Сейсембай қажы өзі аттан түсті де үйге қарай жүрді. Үй іші аузы-мұрнынан шығып, шашылып жатқан төсек-орын, пәре-пәресі шығып, сынған ыдыс-аяқ. Төрде төселген сырмақ айғыз-айғыз қанның ізі. Салиха қозғалмастан, сұлық жатыр. Қалың біткен қара шашына ұйыған қан. Екі көзі жұдырықтай ісік. Байділдада өң де, сұр да жоқ. Сүмірейіп тұр. Сейсембай қажы бастаған қонақтар төсек жанында тұр. Қолдан келер көмек жоқ. Кернеген ашу алқымдарына тығылып, боп-боз болып, қаны қашып тұрған Сейсембай: – Шақыр ағаңды, көрсін сенің иттігіңді, – деп ашулы көзімен қарады Байділдаға. Өзі де елпілдеп даяр отырған Саурық тез келді. Ол үйден кіре бере қос қолын жайып, Сейсембай қажыға амандасуға ыңғайланып келе жатыр еді, ол сәлемін алмай қолын қағып қалды да: – Көр, мына найсабыңның айуандығын, – деп төсекте сұлап жатқан Салиханы көрсетті. – Ғапу етіңіз, қолайсыз жағдай болып қалды, – деп өмірінде кіші реймейтін Саурық мүләйімсіп, еріксіз тұқырды. – Сен мына орыс қаласындағы локтрді алып кел. Қосарыңа бір ат ала кет, – деді Сейсембай қасындағы жолдасының біріне. Саурық қонақтарды «локтр келгенше біздің үйде шай ішіп, дем ала тұрыңыздар» деп жалынып-жалпайып үйіне алып кетті. – Айып бізден. Бір жолғы ашуыңызды беріңіз. Байділданың жаза сын өзім берейін. Құдандалы адамдармыз, көрмей кететін кісі емеспіз. Үй іші болған соң мұндай жағдайлар болады. Осы жасқа келгенше, өзіңіз де талайын көрген боларсыз, – деп Саурық аяғын көсіліп тастап, сөйлеп отырды. Сейсембай безеріп отыр. Байділда сотқарлығын кешіргісі келмейді. «Балаларын жетім қалдыра жаздапты. Өзі қайда барып оңамын деп жүр екен бұл найсап?» – дейді іштей ол. – Ашуымды беруін беремін, егер Салиха тәуір болса «жаман айтпай, жақсы жоқ», – дейді. – Егер, Салиханың беті бері қарамай кеткен күнде қайтеміз? Онда бар малымды шашсам да, Байділданы соттатамын. Күн төбеге жақындағанда дәрігер де келді. Сейсембай мен Саурық бастаған топ есік алдында жиналып тұр. Дәрігер үйге кірді де, ізінше қайта оралды. – Маған көмектесуге бір кісі керек, – деп үйге қайта кірді. Саурық «Үния мен Рәбиғаны шақыр» деп қасындағы бір кісіні жіберді. Үния үлкен кісілерден ұялып, бетін кимешегінің етегімен бүркеп үйге кірді. Дәрігер Салиханың жарасын жуып, ақ шүберекпен таңды. Үния Салиханың төсек-орнын жаңартып жатқызды. Кесеге құйып қайнаған су берді. Дәрігер есік алдындағыларға: – Жарасы ауыр, бас сүйегі шытынаған. Ем жасадым. Оған тыныштық керек. Қозғалуға болмайды, – деді.
– Адам бола ма? – деп Сейсембай дәрігерге қарады. – Тәуір болады. Көп жатуы мүмкін, – деп қысқа жауап берді. – Мені апарып тастайтын боларсыздар. – Біздің үйде ет асылып жатыр, тамақ ішіп кет, – деді Саурық дәрігерге көңілсіз дауысымен. Дәрігер тамағын ішті де аттанып кетті. Сейсембай сақалын сипап сәл уақыт үнсіз отырды. Ішкі қалтасынан шақшасын алып, насыбай атты. Қозғалыңқырап, жайланып отырды. Қасындағы жолдастарын далаға шығарып жіберді де: – Сайлау алдында, ел ішіне іріткі салайын деп жүр екенсің, – деді Байділдаға қарап Сейсембай. – Қызымды сойылға жығып, менен ала алмай жүрген өшің бар ма? Әлде, Салиханың төркіні бізге не істер дегенің бе? Бұл қай басынғаның? Басқа бір себебің болса, оныңды айт. Үнияны тоқалдыққа аламын деп ауыл шырқын бұзып жүр дегенді естіген едім, мүмкін сол себеп болған шығар? – Әй, сен қатыныңды ұрғанда өктем-ақсың, шыныңды айт, – деді Саурық. Байділда болған оқиғаның бәр-бәрін түгел айтты. Үнияны тоқалдыққа алатын ойы бар екенін де жасырмады. Түйенің үстінде ит қапқандай денесі салбырап, бұғып отыр. Жай күндегі озбырлығынан да із қалмаған. Бір қызарып, бір бозарып жерге қарайды. – Тоқал алу ата-бабамыздан келе жатқан мирас, бірақ бәйбішесін өлтіріп, еш қазақ тоқал алмайды. Өзді-өзі келіседі. Жесір сендердікі, онда біздің шаруамыз жоқ, бірақ сенің мына ісің көңіліме қонбай отыр. Еншалла Салиха тәуір болсын, жазым болып кетсе, оның обалы да, қаны да сенің мойныңда, – деп Сейсембай бырысып-тырысып отыр. – Дұрыс айтасыз, үй-іші болып бір тоқтамға келгенге не жетсін? Салиха тәуір болсын, содан өзді-өзіміз бір тоқтамға келеміз де. Сейсеке, ел басқаруға шамасы келген кісі бір тентекті жөнге салу қолынан келер... – деп Саурық сөз төркінін тереңдете түскісі келген еді. Оның сөзін үйге абдырап, шошыған сезіммен кірген Айман бөліп жіберді. Ол табалдырықтан аттай беріп: – Салиха қысылып, нашарлап жатыр... – деп көз жасын сүртті. Үйдегілердің бәрі жамырай далаға шықты. Байділда үйінен шырылдап жылаған бала, әйелдер дауысы құлаққа анық естілді. Күтпеген ауыр қазаның болғанын сезген Сейсембай қажы қанын ішіне тартып, бедірейген күйі үйге кірді. Салиха қайтыс болыпты. Ауыл азан-қазан, жылау-сықтау. Үй ішінен шыққан қайғылы үн бүкіл тау-тасты, жота-жотаны күңірентіп әкетті. Тымық жатқан елді дүр еткізді. Есік алдында күйбеңдеп жүрген кейбір сақа қатындар «арам қатқыр, өзіне көрінгір» деп Байділданы қарғап жүр. Енді біреулер қанағатсыздық деген лағынет, пәлеге ұшыратпай қоюшы ма еді?» деп гуілдесіп жатты. «Сотқа-сотқа» деген үрейлі үн керегені сықырлата, сабау сабағандай сатырлата тоғытылған қалпы құлаққа әлсін-әлсін соғылып, құйылған
дай дір еткізіп тұр. Үния шырылдап жылаған екі кішкентай баланы үйіне қарай жетектеп әкетті. Сейсембай қажы қызын жерлеген күні еліне қайтты. Ол жай кетпеді. Өзінің дос тілмашына жаздырып уезд сотына Байділданың үстінен арыз түсірді. Саурық та жай жатпады. Соттың тамағына пара тығып, оның көмекейін толтырды. Тергеу көпке созылмады. Сот екі жағын да тыңдап, аяғын мұндай жағдайлар дала қазақтары ішінде кездеседі. Өздері ағайыншылықпен шешетін мәселе. Соттайтын қылмысты жұмыс емес деп, арызды қысқартып тастады. Сейсембай әрі қарай қумады. Сөйтіп, Байділда қылмысты істен ағасының көлеңкесінде құтылып кетті. Сейсембай да қарап жатқан жоқ. Бұл оқиға екі елдің арасына іріткі салды. Бықсып жатқан отқа май құйып, ел арасын жақындатудың орнына, алшақтата бастады. Сумаңдап үй-үйді, ауыл-ауылды аралап жүріп өсек айтқан әйелдер де құмырсқадай өріп кетті. Ондайлар ел ішіндегі жақсылардың арасынан да шықты. Інісі қатынын өлтірген соң, уездегілер Саурықты болыс сайлатпайтын болыпты деген әңгіме ел-елді аралап кетті. Саурық қалған малын шығындап, уездегі бастықтардың аузына тығып, үйге қонбай сабылып жүр. Ол ұйқыдан қалды. Мансаптан айырылып қаламын ба деген жаман ой күндіз де, түнде де өн бойын қырсау салғандай бүріп әкетті. Үйде де, далада да бір адаммен тіл қатудан қалды. Ашу кернеген ол жыландай иіріледі. Сейсембай бойына біткен барлық өнерін Саурықты болыстыққа сайлатпауға салып жатыр деген хабарды бұған да жеткізген. Қызының өліміне құн даулайтын көрінеді деген өсек те естілді. Саурық үйінде оңаша отырып, осы хабарларға қарсы өзінше әртүрлі амал ойлап жатты. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мақал дұрыс екен. Байділда туғызған лаң, мінеки, мені де, басқаны да сандалтып қойды. Әй, патшағар-ай, мезгілсіз уақытта істеген ісің-ай. Өз қолыңды өзің кесе аласың ба? Менің інім болмай, басқа біреу болса, беретін жазаны өзім-ақ кесер едім. Ренжіп, қайғырғанмен құдайдың қосқаны болар. Осы бір ойлар оның көз алдынан шұбатылып өтіп жатты. – Шайға жүріңіз, – деп есіктен кіріп келген Айман Саурық ойын бұзып жіберді. Шай үстінде отырып, Саурық Айманға көңілсіз даусымен: – Әлгі, Байділда, менің көзіме көрінбесін. Сотынан арашалап қалдым. Болады енді. Сол иттің жұмысына араласпай-ақ қояйын деген едім. Елжұрттан ұялдым. Інісіне ара түсуге де жарамады деп тағы өсектейді, – деп демін ішіне тартып күрсініп қойды. – Болар іс болды, ендігі жерде ренжудің керегі бар ма? Жауларың Саурық інісімен араз екен деп тағы шығарады, – деді Айман шай құйып отырып. – Жұрттың аузына қақпақ қоя аламыз ба? Айтса айта берсін. Үнияға маған бешпент, шалбар тіккізші. Ел алдына ескіні киіп шыққаннан жаңа киіммен шыққаным жөн емес пе? Айман күйеуін мақұлдап:
– Өзім де соны саған айтайын деп жүр едім. Көңілің жар болып жүрген соң үндемеген болатынмын. – Әй, бәйбіше, сен білесің-ау, мен сенің аяқ-қолыңды жерге тигізбей бүкіл жұртқа неге мақтап жүр ғой дейсің? Айман күйеуінің мақтағанына риза болып қалды. Жүзіне қуаныш сазы пайда болды. Үлкен қара көзімен Саурыққа еркелей қарап: – Кейінгі жылдары сен екі тоқалыңды көбірек тыңдап, менің айтқаныма құлақ салмай кеттің. Алдымен отасып, неке қиысқан екеуіміз, сондықтан мен әр уақытта саған жақын кеңесші болуым керек. Менің бұл айтып отырғаным, тоқалдарыңмен күндес болғандықтан айта салған сөз емес, шын көңілім, – деп оң қолымен Саурықтың мәсісінің қонышын сипап есіркегендей пейіл білдірді. Саурық та Айманның адал көңілімен айтқан назына ризалық білдіргендей оның бетінен иіскеді. Үния күні-түні, көз майын жеп, іс тігіп отыр. Апта бойы шала ұйқы болған ол әбден жүдеді. Бет-әлпеті әппақ қудай болды. Уақытында тамақ ішуден де қалды. Үйіндегі жұмысты күйбеңдеп жүріп Күміс бітірді. Онда да ұйқы жоқ. Даладағы малға шөп дайындау, оны қыстауға тасу, тағы басқа жұмыстарын Ұлтарақ өз үйінің жұмысындай істеді. Бір-екі қараны ол жәрмеңкеге сатты. Үнияға шай, кәмпит, өрік-мейіз, киім-кешектік маталар әкелді. Үния тіккен киімдерін Айман өзі алып барып, Саурыққа өлшеді. Семіз денесіне құйып қойғандай дәл екен. Ол баладай қуанышын бәйбішесінен жасыра алмады. «Үния келіннің шеберін-ай!» – деп бірнеше қайталап айтты. Ертеңінде Саурық далаға шығып, үй сыртына сырмақ төсетіп, әртүрлі жағдайды ойлап отырды. Шиеттей бес баламен жалғыз қалған Байділда жайын көп ойланып-толғанды. «Екі кіші баласын Үния бағып-қағып жатыр. Ол да жас адам, бір күні келімді-кетімді жолаушылармен ебін тауып, кетіп калса қайтеміз? Қолынан келмейтіні жоқ Үния сияқты өнерлі кісіден тапа-тал түсте айрылып қалсақ, онан артық өлім бар ма? Байділдаға атастырайық десек, кірпідей жек көреді. Шыр ете қалады. Байділданың баларын паналатып отырғаны үлкен адамгершілік. Мұндай қатынды қиып кімге жіберемін? Үнияны сайлау өткен соң асықпай-саспай өзім алайын. Ана үш қатынның үшеуі де үріп түре келеді. Бірақ мен аламын десем олар қайда барар дейсің? Байділданы тезірек қызға үйлендірген дұрыс болады. Сөйтіп, оның аяғын байлаймыз. Одан кейінгіні өзім білем» деп өз ойын қорытты Саурық. Жалғыз өзі айдалада қалғандай сезінген Саурық Айманды шақырып алды. – Әй, қатын! Менің қасыма отыршы. Кейде сен, зарығып отырғанымда бірдеме айтушы едің. – Саған қандай ақыл керек болды? – Байділданың бес бірдей баласының жайы түнде ұйықтасам түсім нен, күндіз көңілімнен кетпей жүргені. Осыған тезірек қыз тауып, соған үйлендірсек. Үлкен екі баласы нағашыларының қолында жүр, екеуін
Үния қойнына салып алды, біреуі сенің қолыңда. Осы сәбилерді шылдың тезегіндей шашпай бір жерге жинайтын күн жетті. Айманның денесіне мұзды су құйғандай суық тер шып етті. Ол еркектердің найза бойламайтын қулығын талай рет басынан өткізген. «Сауқаңның қандай қулығы екен? Аяқ астынан Байділданың балаларына жаны аши қалғаны несі? Әлде, шыны солай ма? Болмаса, қайнымды тезірек үйлендіріп, Үнияны өзіне төртінші қатын етіп алғысы келген жүрек түбінде терең жатқан арам ойы ма?» – деп Айман ойланып қалды. – Сен үндемей қалдың ғой? – деді Саурық көңілсіз отырған бәйбі шесіне. – Сен қыз табу керек деген соң, осы маңда Байділдаға алып беретіндей кімнің бой жетіп отырған қызы бар, өзімізге тең бола қоятын қандай адам бар? – деп ойланып отырмын, – деп Айман өз ойының ұшығын ұстата қоймады. Кешкі тамақ алдында Байділда білгендей келе қалды. Саурық күн дегідей емес, бүгін ылтипат білдіріп, оны өзінің қасына отырғызды. Осыдан бұрын Айманға: «Байділда менің көзіме көрінбесін» деген сөзін де ұмытып кетті. Саурық ырғалып-толғанып отырып: – Байділда, – деді, – шашылып, әр жерде жүрген балаларыңды жинап алатын кезің жеткен болар. Қатын алғаның жөн. Балаларыңның обалы сенің мойныңда. Осыны сен түсінесің бе? Егер, қатын ала қалған күнде Салихаға істегеніңді, ол қатынға істесең, ол сенімен бір күн де тұрмайды. Бөгде мінезді қоятын мезгілің жетті. Өмір тауқыметі, сенің басыңа тастай тиетін кезі де болды. – Мен де соны ойлап жүрмін. Балаларым жетім қалды. Екі кішкене балам Үнияға өз шешесіндей үйреніп кетіпті. Жесір өзіміздікі емес пе? Маған Үнияны алуға көмектесіңіз, – деп көңіліндегісін ашық ақтара салды. – Үния саған тиетін түрі жоқ. Өзің де талай сөйлескен көрінесің. Басқа бір орнықты жердің қызын алып берейік. Сен осыны ойлан, – деп Саурық Айманға қарады. – Бағана сен айтқан соң, көп ойланып-толғандым. Үнияның төркін дері Терлікбай елінде Дәулет байдың бойжеткен Тоты деген қызы бар. Өткен жылы ол қыз осында келіп, Үнияның үйіне екі-үш күн қонып кеткен еді. Өзі өңсіз де емес, сабырлы, бір үйді ұстауға жарайтын қыз сияқты. Қолдарыңыздан келсе, соған құда түсу керек. Қалың малды көбірек берсеңіздер, тәйір, кім бермейді қызын. – Байділда, менің бәйбішем айтса теріс айтпайды. Сол қызға құрық салайық. Мен тұрғанда, қызын бермейтін Дәулет кім дейсің? – деп Саурық кеңкілдеп өтірік күлді. «Көрікті қызған кезде соқ» деп ертеңінде бір топ адам Терлікбай еліне жүріп кетті. Ішінде Саурық бар. Ол сұлыға жайлап жаратқан торы жорғаға мініп, топтың алдында дара келе жатыр. Таң салқынымен елінен аттанған жолаушылар кеш бата Терлікбай ауылына жетті. Саурық Дәулеттің сегіз
қанат, жаңа жауған ақ қардай ақ үйінің сыртындағы ат байлауышқа келіп тоқтады. Бұларды аттан түсіріп, үйге қарай бастап келе жатқан Дәулеттің үлкен ұлы Қанқожа: – Жоғары шығыңыздар, – деп қонақтарға жол көрсетіп жүр. Дәулет үйінде екен. Табалдырықтан аттай бергенде, Саурық «ассалаумәлейкүм! Жолымыз болады екен» – деп үйдің қақ ортасында тұрып, «уағалейкүмүссәлем» – деп қонақтардың сәлемін алып тұрған Дәулетпен қос қолымен құшақтасып амандасты. Ол қонақтарға «жоғары шығыңыздар» деп ізет білдірді. Келген күні жолдан қажыған қонақтар тамақ ішіп жатып қалды. Саурық келген жұмысын ертеңінде, асықпай-саспай Дәулетке ауыл сыртындағы қарағай түбінде отырып айтты. Ол басқа жұртқа Салиха көпке созылған науқастан қайтыс болды деп таратқан. Өз жақындарына да осылай үйретіп қойған. Дәулетке де Салиха өлімін осылай түсіндірді. Ол кісіге жеткен хабар да Саурықтың айтқанындай болды. – Естіген боларсың, – менің Байділда деген інімнің қатыны қайтыс болғанын. Сол ініме сенің қызың Тотыға құда түсуге келдім. Сүйектес болайық, – деп Саурық күлміңдеп, сынағандай сынат білдірді. Қансоқта болған адамдай Дәулет ойланып қалды. Ол іштей: «Қызым ның жасы болса келді. Жас кезінде атастырған кісі қорасан ауруынан қайтыс болды. Ол біреудің жалғыз баласы еді. Одан келісілген қалың малды да алып үлгермедік. Қасарып қызымды бермеймін дегенім ел-жұрттан ұят. Елдің қыздары тоқал болып та, күйеуге тиіп жатыр. Саурықтың көңілін қайырмайын» деп ойын түйді. – Сенімен құда болуға қарсы емеспін. Қызымды басқа біреуге берген ше сенің ініңе бергенім жөн, – деп, Дәулет Саурықтың қолын алды. Саурық Дәулет ауылынан аттанып кетті. Той-тобыр көпке созылмады. Байділда екі ай ішінде Тотыға үйленді. Саурық мұртынан күліп, өз ойы іске асқанына қуанышты. Байділда балаларын өз үйіне жинап, Тотымен жүріп жатты. Әзір, бұрынғыдай ырың-жырың жоқ. Тотының алдында құрдай жорғалайды. Оны сыйлайтын болды. Тоты да ақылды, кең мінезді кісі болып шықты. Күйеуінің ерсілік мінездерін ақылмен жеңетін болды. Ауылдағы өсекшіл қатындар Салиха өлімінің себебін Тотыға да жеткізіп үлгерді. Бірақ Тоты «Құдайдың салғаны болар. Басына бір рет таяқ тиген адам, маған қол көтере алмас. Басқа түскенді мен де көріп алармын» деп қатындардың өсегіне құлақ қоймады. Байділданың бес баласын бағыпқағып отыра берді. Үй ішінде Байділда «балаларға жайлы кісі екен, қайта туған кісідей болыпты, Үнияны аламын деген әурешілігін де қойыпты» деген әңгіме ауылды кеулей-кеулей Саурыққа да жетті. Ол да көңілді. «Үния ауылға келген ырыс» деп қояды, ол өзіне өзі. Көптен бері күткен сайлауы болды. Саурықтың тілегі орындалды. Өзімен бәсекеге түскен адамды сайлауда жеңіп шықты. Сайлау кезінде уезд басшылары да оны қолпаштап, қолдап берді. Болыстыққа қайта сайланған Саурық бірнеше күн бойы той жасады. Ту биелердің бірнешеуі
құрбандыққа шалынды. Қазан-қазан ет асылды. Жиналған жұрттың аузында Саурық қана болды. «Жарайсың, Сауқа, топты жарып шықтың ғой, қарсы жақты жерге тұқырттың, бәйге аттай алдында келдің, арқамыз жазылып қалатын болды», – деп жиналған ел адамдары мақтаныш ете сөйлеп отырды. Саурық сайлау өтісімен халыққа салынған салықты жината бастады. Қора-қора мал Саурық ауылының маңына үйіріле бастады. Сайлау алдында шашқан дәулет тез жиналды. Кедей байғұстардың бірлі-жарым малы да Саурықтың көмекейінен өтіп кетті. Байлығы баяғы қалпына келген Саурықта ес жоқ. «Қылышым әлі мұқалмаған екен» деп қарнын сипап жата беретін болды. Ұлтарақ екі-үш күнге мал кезегінен сұранып маңайдағы орыс деревняларын аралап кетті. Ондағы тамырларына барып, адам қатарына қосылып қалды. Бұл да орыс үйінің төріне отыратын болды. «Өмірінде төрге отырмай, есік алдында тұратын Ұлтараққа да төр тиетін күн болады екен» деп қояды ол. Тамақ үстінде үй иесі ішкі жақта, тіпті әуелі осы маңда да, орыс кедейлерінің өз иелеріне қарсы ереуіл жасағанын, тұнық судай тұнып жатқан елдің арасында үлкен-үлкен тартыстардың болғанын әңгімелеп отырды. Бірақ, Ұлтарақ әңгіменің терең тамыры бар екенін түсінбегенмен, орыс байларының қаймағын кем-кетіктердің бір шайқалтқанын аңғарды. Ұлтарақ деревнядағы дүкендерге кіріп, Күміске, Үнияға базарлыққа киім-кешектік мата сатып алды. Қайтатын күнінен бір күн бұрын тамырының әйелі монша жағып жатқан-ды. Даладан келген Ұлтарақ бұрын осында талай келіп жүріп, кішкене ғана тоқал тамның не екенін сұрамаған болатын. Қасында отырған Сергей тамырынан: – Мәтушке жағып жатқан там неге керек? Нан пісірейін деп жатыр ма? – деп сұрады. Досы Сергей Богатырев Ұлтараққа қарап жымың етті. Қырда монша дегенді Ұлтарақтың өзі тұрмақ ата-бабасы да көрген жоқ. Көшпелі елде монша қайдан болсын. Жазда суына, қыста легенге шомылып, болмаса айлап су көрмей жүргендер қырда жиі-жиі кездеседі. Осыны жақсы түсінген Сергей таңертең жұмысқа кетерде әйеліне: «Монша жағып қой, тамырыма деревняда тұрудың жақсылығын көрсетейін» деген. – Досым, – деді Ұлтараққа Сергей, – бұрын сен келіп жүргенде, мон шаны жақпайтын едік. Бүгін, сенің құрметіңе жағылып жатыр. Көптен бері су тимей жүрген сенің тарамыс сияқты қатып қалған денеңді ыстық моншаға түсіріп, жібітіп жібергім келді. Моншаға түскен соң, денең түтілген қойдың жүніндей жұп-жұмсақ болады. Рақатқа батасың. Сен орыстың арағын ішпейсің, егер моншадан кейін арақты тартып жіберсең, ой рақат деген сол! – деп ол қарқылдап күлді. – Моншаға екеуіміз түсейік. Мен өмірімде көрген дүнием емес. Оның іші ыстық болады дейсің, мен жалғыз түссем, сол күйі бырысып, күйіп қаламын ғой. Арақ дегенді аузыңа ала көрме, ішіп көргенім жоқ. Шіркін, қырдың қымызы болса, – деп Ұлтарақ тамағын қырнап алды.
Монша жағылып болды. Есігінен түтін орнына бу будақтап шығып жатты. «Моншаға баратын мезгіл жетті. Жуынған соң іш көйлек ауыстыру керек болады. Ол менде жоқ. Осыған түспеудің амалын қалай тапсам екен», – деп Ұлтарақ қипақтай бастады. Оның ойын сезген Сергей әйеліне. – Менің таза көйлек-штанымды дайында, Ұлтараққа да киім әкел. Бұл ауылынан артық киім әкелмеген болар, – деді. Сергей қолына кенеп жібінен қолдан тоқыған қос көйлек-штанды алып: – Жүр, моншаға баралық, саған да киім алдым, – деп екеуі моншаға кетті. Моншадан Ұлтарақ бұрын шықты. Беті қып-қызыл. Бет-аузынан ағып тұрған тер. Есік алдында кенеп орамалмен әлсін-әлсін бетін сүртіп отырды. «Монша деген рақат-ақ екен. Бырысып-тырысып жүрген денем, жайылып сала берді. Жұп-жұмсақ болды. Саурық болыс осынша мал айдап жүріп, бір монша салдырмағаны несі? Қараулығы ма? Әлде, құнтсыздығы ма? Ел ішіндегі дау-дамайдан қолы тимей ме? Шіркін жалғыз сиырыңды сатсаң да монша салып, рақатқа батқанға не жетсін?» – деп ойлап отырды. Моншадан Сергей де шықты. Ол есік алдында отырған Ұлтараққа: – Жүр, үйге кіріп шай ішелік, – деді. – Шай ішуіме болады, арақ-шарап ішуге бізге құдай қоспайды. Екеуі ауыз үйдегі стол басында отырып шай ішіп отыр. Сергей шай алдында қолдан ашытқан арақтан бір стақанды ішіп: «Рақат деген, міне, осы» – деп қояды. – Қалай, досым, монша жақсы ма? – дейді Сергей бетіндегі терді ора малмен сүртіп отырған Ұлтараққа. – Жақсы болғанда қандай? Өмірімде көрмеген моншаны көрсеткені ңе саған мың да бір рақмет. Келешекте моншаға түскім келсе, анда-санда саған келіп тұратын болдым. – Кел, кел. Сені біз құшағымызды жайып қарсы аламыз. – Сенің малың көп пе? – деп сұрады Ұлтарақ. Ондағысы, монша мал ды адамда болатын болар деген түсінігі еді. – Бір сиыр, екі шошқа, он-он бес тауығым бар. Басқа мал біздің тұқымымызға бітіп көрген жоқ. – Қаздарың мен үйректеріңді ұмытып кеттің, – деп Сергейдің әйелі күлімсіреді. – Ол да малдың бір түлігі. Қаз бен үйректің еті қандай тәтті, – деді де қойды Сергей. Ертеңінде артынып-тартынып Ұлтарақ еліне қайтты. Сергей досына қатты риза болғанын, әйелінің пісірген нанының тілге оралатын тәттілігін, кедей болса да барлық таза көңілімен қарсы алғандығын ат үстінде келе жатып ойлап келеді. Ымырт жабыла ол ауылына жетті. Ауыл топырлаған адамдар. Саурық үйі сырты, айқастыра байланған ерттеулі аттар. Жерошақта лапылдап жанып жатқан от. Пісіп жатқан ет. Қайнап
тұрған сары самаурындар. Үйге кіріп-шығып жүрген әйелдер. Ұлтарақ қоржынын құшақтап үйге енгізді. Үйде жан жоқ. Көзге түртсе көргісіз қараңғы. Күміс үлкен астау толы етті Саурық үйіне апара жатып, өз үйінің сыртында байланған атты көрді. Ол тоқталмастан үйіне келді. – Сенің келгеніңді байқадым да, қайтып келдім. Қалай аман-есен келдің бе? – Көріп тұрсың ғой, аман келгенімді. Саурық үйіндегі жиынның мәнісін айтшы? – Құдалары келгелі екі күндей болып қалды. Рәбиғаны ұзатқалы жатыр. Бүгін күні бойы той болды. Ертең жүретін болған соң, Саурық құдаларын жеке сыйлап жатыр. Үния да сол үйде. Жастардың арасында ән салып, жұрттың көңілін көтеріп отыр. Оның ән салуы бұрынғыдан да әдемі болды. Байғұс, ұзатылып бара жатқан қыздың әнін айтып, отырған дардың бәрін жылатты. – Ұзатқаны дұрыс қой. Оның да жасы келген қыз. Менің ойлап тұрғаным Үния. Ол бейшараның күні қандай болады? Жалғыз қалатын болды. Ендігі жерде, Үнияның үйіне сен жататын боласың. Жас әйелдің соңына сөз ергіш келеді. Судан таза байғұсты еріккен қатындар өсектеп әкетеді – Үнияны жалғыз жатқыза қойса, жақсы ғой. Осындағы қатындар Саурық Байділдаға қоярда-қоймай жүріп қатын алып берді. Рәбиғасын ұзатып жатыр. Оның жаман ойы Үнияны өзі төртінші әйелдікке аламын дейтін көрінеді. Үния бұл өсекті білмейді. Оның құлағына жеткен жоқ. Әйелдердің біреуіне Айман айтқан көрінеді. Кейінгі кезде Саурық Үнияны аузынан тастамайтын болыпты. Жесір өзімдікі дейтін көрінеді. – Кәрі қасқыр ондайдан да тайынбайды. Маған да осы сөзді жылқышылардың бірі айтқан еді. Мен қатындардың өсегі болар деп қойған едім. Кейінгі күндері Саурық тым қутыңдап кетіп еді. Үйіне жастарды жинап ән салдыратынды шығарыпты. Үнияны да шақырып, ән айт деп әурелейтін болды. Үния қайнағасынан ұялып, үн шығарудан қалып жүргенін барша халық біледі. «Ұялма, шырағым, ән салудың ұяттығы жоқ, біз де сенің әніңді қанып тыңдайық деп еріксіз айттыратын болыпты. Үния қандай тамаша адам, осындай халге жеткені бақытсыз дық қой. Еліне неге кетіп қалмайды? Сол жақтан өзіне тең біреу табыл майды дейсің бе? – деп Ұлтарақ сөзінің аяғында Үнияға жаны ашып, күңіреніп отырды. Ертеңінде Рәбиғаның жасауларын бірнеше арбаға тиеді. Түйеге де артты. Тең-тең жүк. Өзін шағи мен мақпал матаға бөледі. Күміс ертоқымның таралғысына, үзеңгісіне, құйысқанына, жүгеніне дейін күміспен қапталған. Көк жорғаны, ақ матадан тігілген жабумен бөледі. Рәбиға атқа мінуді еркектен кем білмейтін. Рәбиғаны ұзатуға Айман бастаған бір топ адам кетті. Саурықтың қарсы болғанына қарамастан Айман Үнияны да ала кетті. Ол да Саурықтың көптен бері ішінде бұғып жатқан жұмбағының тебіндеп сыртқа шыға бастағанын сезген. Осы
жолы оңаша Саурық ойын суыртпақтап Үнияға түсіндіргісі келген Айман оңтайлы жағдай іздеуде. Келін түсірген ел тойды жақсы өткізді. Бұл жерде де Үния ән салып, жұрттың бәрін аузына қаратты. Жер-жерден жиналған жастардың алдында жуықта ғана үйренген, басқаға әлі беймәлім Ақан серінің «Бал Қадиша» өлеңін шырқады. Үйдегілерде үн жоқ. Үния салған әнді тұнып тыңдап отыр. Ол әнді былай бастады: Аты екен қарындастың Бал Қадиша, Бұралып өрлеп біткен тал Қадиша, Сексен қыз серуенге шықса-дағы, Анадан туа бермес сан Қадиша, – деп келді де, аяғында: Тау болсаң Жыландыдай биік тау бол, Шапанға ширатпалы жібек бау бол, Атадан артық туған Бал Қадиша, Көргенше енді айналып есен сау бол, – деп аяқтағанда отырған жұрт «міне, ән салсаң Үниядай сал деп ду ете қалды. Отырған жұрттың сұрауы бойынша, «Сырымбет» және басқа әндерді салды. Үнияның әнін тыңдауға келген кісіден үйде ине шанышар жер жоқ. Үй сыртында да ән тыңдауға жиналып тұрған жұрт. Кейбір әйелдер: «Үния деген әнші әйел бар деп көптен бері естуші едік, сол Үния осы екен ғой, дауысы қандай тамаша, кісінің жүрегін қытықтайтындай әндерді салады екен», – деп, күңкілдеп қояды. Үния Ақан серінің әндерін Рәбиға тойында айтамын деп арнайы үйренген болатын. Ол іштей: «Қабділда қайтыс болғаннан бері қасымда жүріп, қас-қабағыма қарап сырлас, серік болған Рәбиғаны ұзатқан тойында айтпағанда қайда айтамын», – деп әнді іркілмей салды. Айман, оның жанына еріп барған адамдар, құданың сый-сияпатына ризалық білдіріп ауылына қайтты. Айман ауылдан шыға беріп, қасын дағыларға: – Сіздер асықпай келе берерсіздер, біз Үния екеуіміз екі жорғаның өнерін көрейік, – деп ілгері қарай жүріп кетті. Екеуі белес-белестен асып аттарының тізгінін тартып, жорға аяңға салып қатар келе жатыр. Айман саспай, ойланып сөйлейтін кісі. Айтайын дегенін бірден ақта рып салмай, басқа бір әңгімені қозғап келеді. Өткен тойды, бойжеткен қызды құтты орнына қондырғанға не жетсін деп келді де, ол сәл ойланып қалды. «Саурық жайын түсіндіруді қалай бастасам», – деп Айман Үнияға: – Мен саған сеніп, іште жүрген бір сырымды айтамын. Әңгіме екеуіміздің ішімізде ғана болатын болсын. – Апатай, сіздің айтқан сырыңызды ешбір жанға тіс жарып айтпауға уәде берейін. Өзіңіз білесіз, мен аузы жеңіл адам емеспін. Айта беріңіз.
– Осы сертімізде екеуіміз де тұрамыз. Саурықтың Байділдаға асығыс қатын алып бергенінің, Рәбиғаны тез ұзатқанының астарын сен сезесің бе? Ол көпті көрген тарлан емес пе? Алыстан ойлайды ол. Сенің манайыңды тезірек тазалап, жалғыз қалдырып, саған құрық салайын деп жүр ол найсап. Үш қатынға ие бола алмай жүріп, енді сені төртінші қатын еткісі келеді. Ол қу маған да тіс жарып ештеңе демейді. Бірақ, мен де талайды басымнан өткізген адаммын, сөзінің ұшығынан, істеген ісінен байқаймын. Оның екі тоқалы әлі сезген жоқ. Олар білсе, өз шашын өзі жұлар еді. Мінездері асау аттың мінезінен де жаман. Екеуден-екеуі отырып сыйыспайды. Күнде жоқ нәрсеге таласып, жақ-жақ болып жатқаны. Мен ақыл айтып, екеуін әзер ұстап отырмын. Бір күні екеуінің төбелесіп жатқанын көріп, Саурық екеуін де сойылға жыға жаздады. Одан біраз уақыт тыныш жүрген еді, кейінгі кезде қайта бастады. Кейде менің де тілімді алмайды. Қой десем өзімді бас салатын түрі бар. Сондықтан мен үндемеймін. «Адыра қал! Бірің өліп, бірің қал» деп үйден мен шығып кетемін. Сені осы иттердің талауына салғысы келіп жүр. Сен болсаң өз күніңді өзің көре алатын адамсың, жанып тұрған отқа түсіп, өз басыңды қорлама, шырағым. Менің айтқанымда ешқандай қызғаныш жоқ. Мен ана екі қаншыққа да көнгенмін. Үния, менің саған жаным ашиды. Болыс деп қызықпа! Жастықпен Саурықтың құрған тұзағына түспе. Ар жағын өзің білесің, – деп Айман көкірегін кере күрсініп алды. – Апа, сіздің берген ақылыңызды мен екі етпеймін. Өзіңіздің ішіңізден шыққан Рәбиғаға қандай сенсеңіз, маған да солай сеніңіз. Сыртта жүрсем де ана екі абысынымның мінезін түсінетін, сезіп-білетін заман жетті. Тынышсыз адамдар екенін Рәбиға алдақашан айтқан. Мені дарға асам десе де Саурыққа тимеймін. Бұл менің сізге берген сертім. Тисем өз сүйген адамыма тиемін. Ондай адам кездеспесе, өмір бойы күйеусіз кетсем де Саурықтың қолына түспеймін. Қысылып бара жатсам, төркініме кетіп қаламын. Әйтеуір, қандай жағдай болса да қасарысып бағамын. – Осы сертіңде тұрсаң болғаны. Менің саған жаным ашиды, – деп Айман қайталап, шегелей айтты. – Сізге берген уәдем, уәде. Мен бір шіріген жұмыртқамын. Сіздей үлкен кісінің берген ақылын далаға тастайтын мен емеспін. Саурық ақсақалдың қолында күш те, байлық та бар. Қайнағамыздың атын атағаныма кеші ріңіз. Ол кісі не істеймін десе де қолы ұзын. Елді билеп-төстеп үйреніп қалған адам. Мүмкін, Үнияның қорғанышы жоқ, айтқанымды істетем дейтін болар. Иттей ырылдасып отырған екі тоқалдың үстіне үшінші тоқал болып бармаспын. Сау басыма сақина тілеп алатын, ессіз кісі тағы мен емеспін, – деп Үния көзден аққан ыстық жасын сүртіп, желігіп алған қызба аттың тізгінін тартыңқырап ұстады. – Ақылыңнан айналайын, – деді Айман, – мені дұрыс түсінгеніңе рақмет, артта қалған адамдарды тосып алайық, – деп екеуі алдыңғы жақта көсіліп жатқан жотаға шығып, аттарының басын желге қаратып тоқтады. Артта келе жатқан топ та ерігіп тұрған аттарының басын қоя беріп, жарысып келе жатыр. Алдында қара қасқа дөненге мінген қыз, зу етіп
бұлардың жанынан өтіп, екінші бір белеске шығып, атының тізгінін тартты. Желігіп, қызып алған ат жерді тарпып, елпілдеп, ауыздығын шайнап, ұшып кеткісі келіп тұр. Ел жатпай бұлар өз ауылына келіп жетті. Саурық әлі жатпапты. Өңі реңсіз. Рәбиғаны ұзатуға біз де бармадық деп екі тоқалы жақ-жақ болып, ойран салыпты. Қанша өктем болса да, Саурық екі тоқалдың тілін таба алмапты. Үйге Айман кіріп келгенде, Саурық: – Аман-есен келдің бе? Сен кеткелі мына екі қатын екі жақтап ойран ды салды. Ұрысып айтсам да, жай айтсам тоқтамады. Қазір екеуін екі бөлмеге отырғызып қойдым. Әбден ашынып алған адамдар, тоқтамай өзімді жеп қоя жаздады. – Оларға не болды? Өзің аяғыңды шалыс басқан боларсың? – деп Айман күйеуімен қалжыңдасып алды. Саурық мырс етіп күліп жіберді. Ол ауыр денесімен орнынан тұрып, Айманның жанына жақын келіп: – Осы үйдің қаймағын шайқатпай ұстап тұрған өзің ғана екенсің. Ана екі қатын шаңырағымды ортасына түсіре жаздады. Бұл үйден береке кетті. Біздің үйдің ұйтқысы өзіңсің, – деп бәйбішесінің арқасынан қағып, есіркегендей көңіл білдірді. – Рәбиғаның жайын сұрамай, тоқалдарыңның өзіңе салған ойранын айтып кеткенің не? Олар не істесе де, өзің сүйіп алған қатындарың емес пе? – деп Айман тілін сұғып алды. – Рәбиға жаным жаман орналаспаған болар. Барған жері орынды кісілер ғой. Мына қатындардың ызасы өтіп кетті. Ішіме сыймаған соң, саған айтып тұрған назым бұл, – деп Саурық әңгіменің соңын шайыпжуа салды. Шілде айы. Әуе айналып жерге түскендей қапырық. Көрші ауылдың бір топ жігіттері дәл түсте көлге шомылуға барды. Олардың ішінде Әлібек байдың он жеті жастағы Төлеу деген жалғыз ұлы бар. Көл суында бәрі жапатармағай малтып жүр. Ара-арасында бір-біріне су шашып ойнайды. Бір кезде Төлеу көл ортасына қарай бар пәрменімен құлаштап, малтып кетті. Көл жағасында тұрған бір жігіт Төлеудің көл ортасына бара бергенде «суға кеттім» деген дауысын естіді. Қолы ербеңдеп, суға батып бара жатыр. Ол жігіт көп ойланбай күмп беріп суға секіріп түсті де, Төлеу көрінбей кеткен жерге қарай құлаштай жөнелді. Көлде жүргендердің бәрі-бәрі Төлеуді іздеді. Көп ұзамай су астынан Төлеудің денесін алып шықты. Онда үн жоқ. Өліп қалғанға ұқсайды. Оны көл жағасында жалғыз өскен үйеңкенің түбіне жатқызды. Жігіттердің бірі ерттеулі тұрған атқа мініп, ауылға қарай шаба жөнелді. Көп ұзамай, атты-жаяулы ауыл адамдары да келді. Ішінде Әлібек бар. Ол «ой бауырым, ой жалғызым» дегеннен басқа ешнәрсе жасай алмады. Көл жағасында серейіп жатқан ұлының бетін аймалап, дауыс шығарып Әлібек отыр. Төлеудің денесін арбаға салып ауылға алып
келді. Жұрттың бәрінің жүрегін дүр еткізді. Гуілдеген жылау-сықтау, жарық күнді тұман басқандай қаралы жұрт. Төлеудің шешесі баласының қаза болғанын естігенде талып қалды. Әлібек те ессіз төр алдында жатыр. Оларды ұшықтап жүрген молда. Ауырмай-сырқамай дүние салған адамның денесін жаздың ыстығында көп ұстауға болмайды. Төлеуді жерлеп қайтқан жұрт ауылға жақындай бере: «ой бауырым» деп тырым-тырақай шауып келді. Жер сілкінгендей күңіреніп тұрған ауыл. Аяқ астынан болған қаза Әлібекке, оның әйеліне қатты батты. «Құдай, Төлеуді алғанша, мені алсаңшы», – деп Әлібек қара түнек қайғы үстінде отыр. Шөп басы қимылдамайтын тымық. Зират маңында бір топ жылқы жайылып жүрген-ді. Саурықтың жер-жерден жинап алған жылқысы шашырап жайылатын. Басы ауған жаққа от іздеп кете берді. Ұлтарақ қасында жүрген екі жылқышымен әр нәрсені әңгімелеп, жылқыларды қайырып жүрді. Мола түбінде тұрған кер аттың қасына бара бергенде, моладан ыңырсыған үн шыққандай болды. Олар ат үстінде жүріп молаға жақындай түсті. Ұлтарақ атынан түсіп, мола ішіне кірді. Еміс-еміс естілген ыңқыл Төлеудің қабірінен шығады. Ұлтарақтың зәресі ұшты. Ол моладан атып шықты. Үшеуінде де ес жоқ. Қасындағы жылқышының бірі «мүңкір-нәңкір» Төлеуден жауап алып жатыр» деп қаша жөнелді. Ұлтарақ сәлден соң есін жинап, зиратқа қайта оралды. Ащы үн бағанадан бетер қатты шығып жатты. Ұлтарақтың жүрегі аузына тығылып, аттай тулады. Екі жолдасы аттан түспей далада тұр. Біреуі «астапыралла» деп жылп етіп қашуға даяр. Ұлтарақ не істерін білмей ойланып қалды. Әлде, шынында да «мүңкір-нәңкір» тірі жүрген кезіндегі күнәсі үшін жазасын беріп жатыр ма? Бірақ, тумай жатып, бұл бейшара қалай күнәлі бола қалды? Кеше ғана ат құлағымен алысып жүрген жігітті бүгін аяусыз ажал алып кетті. Қара жер құшағында жатыр. Көрем деген қызығын көре алмады. Бұл да азамат қой. Мүмкін, келешекте өз жұртына өтейтін қызметі де, көретін жарық күні де бар шығар. Құдайым өзің жар бол. Менің де күнәм болса кешір. Дыбысын ести тұрып, қалай қиып тастап кетемін? Тәуекел. Құдайдың қосқанын мен де көрермін. Мүмкін, тірі жатқан болар, не болса да қабірін ашамын. Дәл осы кезде оның есіне бала кезінде, қариялардың айтқаны есіне түсті. Қазақтар алып ұйқыда жатқан біреуді, баяғы бір заманда, өліп қалды деп жерлеген екен. Жолаушы орыстар ат шалдыруға зират маңындағы бұлақ жағасына тоқтапты. Солардың бірі бүлдірген теріп жүріп, жаңа ғана жерленген адамның қабірінен ызыңдаған үн естиді. Жолаушылар қабірді ашса, тірі жатқан кісіні алып шығыпты. Ұлтарақ іштей өзі білетін дұғаларын айтты. Қабірді ашуға бел байлады. Бісмілләсін де, Мұхамбет расулласын да, Алласын да айтып, сиынып алды. Зират ішіне кіре, қолымен қопсыған бос топырақты арши бастады. Жолдасының бірі жақын жердегі қостан күрек те әкеліп үлгерді. Үш адам қабірді тез ашты. Ұлтарақтың қасындағы жолдастары «ойпырай, Алланың өзі сақтасын, қабірден денесін өзің алып шық. Біз бір пәлеге ұшырайтын болдық, –
деп зираттан шығып кетті. Төлеу үстіндегі ақыретті борша-борша етіп жыртып тастаған екен. Денесіне қолын тигізіп көрсе, жып-жылы. Ұлтарақ Төлеудің денесін қабірден алып шықты. – Өзеннен су алып келіңдер. Төлеу тірі екен, – деп Ұлтарақ әлгі екі досының бірін жіберді. Су әкелінді. Екі жігіт үріккен малдай, қорқып ат үстінде тұр. Ұлтарақ Төлеудің басын көтеріп, аузына су тамызып отыр. Көп ұзамай-ақ Төлеу есін жинап, сөзге келді. Ұлтарақ үстіндегі бір қабат киімін шешіп, Төлеуді киіндіріп, аттың алдына мінгізіп қосқа алып келді. Қостағылардың бірі қалмай үркіп кетті. Бұлар түске дейін Төлеумен әуресарсаңда жүрді. Әбден есін жинаған Төлеу: – Мен суға батып кеткенімді ғана білемін. Одан кейінгі болған оқиғаны білгенім жоқ, – дейді. Ұлтарақ бұл жайды Әлібек ақсақалға қалай жеткіземіз деген ойда отыр. Бірден барып, балаңыз тірі екен десек шал мен кемпірдің жүрегі жарылып кетеді. Ол жылқышының бірін Төлеудің жанына тастап, өзі хабарламақ болды. Ұлтарақ қасына бір жолдасын ертіп салт жүріп кетті. Әлібек баласын жерлеп келісімен үйінде қайғырып отыр. Жалғыз ұлдан айрылып, ендігі күнім не болды? Баламның денесінің жанында тым болмаса, бір-екі күн отыра да алмадым. Молдалардың осынша асықтырғаны несі? Ол келмеске кетті. «Жалғызым, жалғызым», – деп еңкілдеп, дауыс шығарып, жылап та алды. Қалған өмірімде жарқыраған сәуле көре алмай өтетін болдым. Алдым толы қара су, қара түнек. Жалғызымның алдында өлсем арманым жоқ деуші едім, Құдайым-ау, жасаған-ау, менде не жазық бар? Жоқ, жоқ, астапыралла, құдай алдында күнәм жоқ демейін, бар. Талай адамға, осы өмірімде қиянат жасадым. Ұры ұстадым. Қора толған малды місе тұтпай, үйір-үйір жылқы ұрлаттым. Жас кезімде шырылдатып, талай қыздың жанына жантайдым. Барымталасып, маған жүгінуге келген адамдарға теріс билік айттым. Малшылардың еңбегін бермей, талайын зарлаттым. Біреулерден бәйге ат көрсем, әртүрлі себеппен аттарын тартып алдым. Көршілерге мейірімсіз болдым. Жалғыз сиырын тартып алған күнім де болды. Суға, жерге таласып, талайдың обалына да қалдым. Көптеген адамды қаңғытып та жібердім. Өмірді белуарымнан кешіп өттім. Осылардың да кесірі маған тиген болар. Сен асып-тасып кеттің, жалғыз балаңды аламын дегені ме, бір құдайдың? Кінә өзімнен болды. Жастайынан айттырып қойған қалыңдығын да мезгілінде алып бере алмадым. Тым болмаса бір немере сүйсем, Төлеудің өз көзіндей көретін едім. Ол арманыма жете алмадым. Шіркін, тарылған дүние-ай. Көрейін деген қызығымды көре алмай, арманда кететін болдым. Өмір бойы сыйынатын құдайым, біреуге өмірді көп, біреуге аз бердің. Бізді еңіретіп кеттің, жалғызым, сүйенішім. Сен басқалардан ерекше, оқшау болып өстің. Тозған сүйегіміз онан арман қурайтын болды. Өмірімді жалғастыратын бала болмаған соң бұл дүниеде тірі жүрудің керегі не?.. – деген ойлар
Әлібекті шырмап алды. Үй толы Әлібек қайғысына ортақ болған молдалар, ауылдың сорпаға шығар адамдары. Молдалар бесін намазын оқып жатты. Жайнамазын жайып, Әлібек те намаз оқып отыр. Ол нама зын аяқтай бергенде, ауылды айнала шауып жүрген ат дүбірі, айқай салып жүрген біреулердің дауысы құлағына еміс-еміс естілді. Ол бұлар қайдан пайда болған адамдар, жалғызымнан айрылған мені мазақтағаны ма? Кім де болса, ұяттан жұрдай болған, құдайдан қорықпайтын адамдар ма? Қаралы болған бізді кемсіткені ме? Алла тағалам өздеріңе көрсетсін. Дәл осы кезде, екі иығынан дем алып, бір жігіт үйге сасқалақтап кірді де: – Ата, ауылды айнала «Өшкендерің жанса, өлгендерің тірілсе не бересіңдер?» – деп ақ боз атқа мінген екі жігіт шауып жүр – деді. Шошыған адамдай Әлібектің жүрегі дір ете қалды. «Астапыралла, мынау не дейді? «Өлгендерің тірілсе...» – дегенін қалай түсінуге бо лады?» – деп іштей дұғасын оқып отырды. Қасындағы молла біткеннің бәрі, «өлген тірілуші ме еді? Бұлар құдайдан безген, шоқынғандар болу керек. Өздерін ұстап алып дүре соғу абзал болады. Оларға одан да ауыр жаза қолдану керек». Әлібек шыдап отыра алмады. Ол таяғына сүйеніп, қақырынып-түкірініп, кемсеңдеп жылаған күйі әзер орнынан тұрып, есік алдына шықты. «Өшкендерің жанса, өлгендерің тірілсе не бересіңдер?» – деп ақ боз атты әлі ауылды айнала шауып жүр. Ұлтарақтың күткені Әлібектің есік алдына шығуы еді. Ол үйді айналып келді де, ат тізгінін тартып, Әлібек үйінің есік алдына тоқтады. Аттан түсті. Әлібекке «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем берді. Қос қолдап амандасты. Ұлтарақ бала кезінде ел аузынан естіген бір ауыз: Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді, Аспанда ай мен күн өлмейді, Әлемде қара жер өлмейді, – деген өлеңді айтты да, «жақсының аты да, өзі де өлмейді. Сіздің Төлеу де инабатты жақсы өскен, ешкімге зияны тимеген жас бала. Егер, Төлеу тірі болған күнде, бізге не бересіз?» – деді. Елжіреп, жылап тұрған Әлібек селк ете түсті. Екі қолын кеудесіне ұстап, аң-таң болды да қалды. «Бұл не қылған жұмбақ?» – дейді өзіне-өзі. Көзден аққан жасын шапанының жеңімен сүртіп, Ұлтарақтың жанына жақындай түсті. Мойнынан құшақтап: «Өлген жалғыз ұлымды тірі әкелсең, қора толы малымды ала қойыңдар», – деп Әлібек кемсеңдеп жылады. Еңгезердей толық Әлібек бір тәуліктің ішінде қатып-семіп, солып қалыпты. Жалғыз ұлдан айрылған ол, қатты қайғыру үстінде еді. Ұлтарақтың әкелген хабары, оның жүрегін жылытқандай әсер етті. Үй толы кісілер де есік алдына шықты. Қазірет молла: «Әлеке, сіздің есіңіз ауысқаннан аман ба, өлген адам тірілуші ме еді? Бір Алланың өзі
сақтасын. Мына ессіздерге сеніп тұрсыз ба? Олардың сөзін тыңдама ңыз. Жүріңіз үйге кеттік» деп оны бір-екі адам қолтықтап үйге алып кетті. Көпшіліктің ішінен: «өз бастарыңа келсін, құдай сендерді де жазалайды, асықпаңдар. Өздерің көгенге байлап, жазасын беру керек», – деген дауыстар да шығып жатты. Ұлтарақ аттың шылбырын қасындағы жігітке ұстатты да үйге кірді. Оны қарғап жатқан жандар. Олардың айтқанына Ұлтарақ құлақ қоймады. Есік жаққа тізе бүгіп отырды да: – Сіздің бүгін жерлеген балаңыз тірі. Бізге сүйіншіңізді дайындай беріңіз. – Мына найсап не деп отыр? Өлген адам тірілуші ме еді? Астапыр алла, өзі берген құдай, өзі алды, бізге қайтып беруге тиісті емес. Кет, шық осы үйден, – деп жаназасын шығарған ақ шапан киген, басына ақ сәлде ораған, семізше келген қазірет үлпершектей бетін жыбырлатып, ала көзімен Ұлтарақты атып жіберетіндей қарады. – Жоқ, молдеке, мен шықпаймын. Мен Әлекеңе жақсы хабармен келіп отырмын. Айтқанымнан қайтпаймын. Өтірік десеңіздер киім-кешегін беріңіздер, Төлеудің өзін алып келейін! Алла, мынау бір, құдайдан безген, пәтшағар екен. Киім бермеңдер. Алдап алып кетейін деген қарақшылар. – Өмір бойы біреудің бір сабақ жібіне тиіспеген кісімін. Молдеке, ғапу етіңіз. Мен алып келгенде, өз көзіңізбен көресіз. – Әй, шырақтарым, өзім қаралы, жүрегім жаралы болып отырғанда, сендердің қай ойындарың? Жалғызым-ай, арманда кеттің-ау, – деп жаңа ғана сенгендей болған Әлібек тағы толқи бастады. – Ақсақал, маған сеніңіз. Сізді қуантайық деп таза көңілімізбен келдік. Еншалла деп айтайын, балаңызды көргенде бізге рақметіңізді айтасыз. Біздің айтқанымызға сенбегендер ат-шапан айыбын берсін, сізбен ойнайтын біз кім, сіз кім? – деп Ұлтарақ тақымдап болмады. Әлібек сенерін де, сенбесін де білмей дел-сал болып отыр. «Осылар дың айтқандары рас та шығар. Баяғыда алып ұйқыға кеткен адам тіріліпті дегенді естіген едім. Мүмкін, мүмкін», – деп ол ойланып отыр. Оның жүзіне аз да болса қуаныш нышаны пайда болды. – Әлеке, – деді қазірет молла, – осы қарақшылардың айтқанына се нейін деп отырғаннан амансыз ба? – Өзім де екі ойлы болып отырған жайым бар. – Ақсақал, бір қабат киімін тезірек беріңіз, біз ұры емеспіз. Төлеудің киімі маған сыймайды да. Балаңызды жалаңаш-ақ алып келейін десем елжұрттан ұят, – деп Ұлтарақ айтқанынан қайтпады. Осы әңгіменің бәрін естіп, көңіліне тоқып отырған Әлібектің бәй бішесі Құсбике орнынан тұрып есік алдына шықты. Жылаудан мысы құрып қалыпты. Аяғын әзер басады. Төлеуге арнайы тігілген киіз үйге барды. Керегеде ілулі тұрған Төлеудің киімдерін қолтығына қысып қайта оралды. Әлібек берсе берсін дегендей үнсіз отыр. Қазірет аузынан көбігі ағып: – Берме, құдайдың қарғысына қаласың, – деп кеңірдектеп көрді.
– Жоғалса, жалғызымнан артық емес, алыңдар, – деп Құсбике Ұлта рақтың қолына киімді ұстата салды. Молдалардың бәрі де дүр ете қалды. Жыландай жиырылды. «Құдайдан безгендерге сеніп...» – деп бет бақтырмайды. Қолына ілінген киімді алып, боз атқа мінді де, Ұлтарақ зират жаққа қарай шапқылай жөнелді. Ауылдың еркек, әйелдері жиналып қалды. Бәрінде де зәре жоқ. Үрейі ұшқан адамдар. Үйдегілердің кейбіреулері: «Құдай сені атсын, Ұлтарақ, Алла, Алла» деп далаға шығып кетті. – Жаңағы антұрғаның кім? – деп сұрады, төрде отырған қазірет молла. – Саурық болыстың жылқышысы. Оған сөз тигізе бермеңіздер. Батыр адам. Ол біреуді жазым етуден де тайынбайды, – деді есік жақта тізе бүгіп отырған жас жігіт. – Малшыдан қандай шындық шықсын. Бізді мазақтап жүр. – Сабыр етіңіздер, – деді Әлібек, – өтірік, шынын қазір білеміз. – Балаңның сен білмейтін кінәсі болған. Сол үшін құдай жазасын беріп жатқанда, бұл жауыздар көрден қазып алған. Құдай әлгі Ұлтарақтарыңды да жазалайды. Ол жер басып жүрмейді. Өлген адамның денесін алып келсе, өзіңнің жүрегің ұшпай ма? Ендігі жерде өз жаныңды сақтамайсың ба? Ұлтарақ сияқты құдайдан безген құлды ертең-ақ жазалаймыз. Жалған дүние бір-ақ тұтам болады. Қара түнек басқан үйдегі адамдарда үн жоқ. Бірін-бірі көз қиығымен арбап отырған жұрт. Кешеден бері жайылған дастарқан басында, андасанда бір ұрттап шай ішіп отыр. Төлеу өліміне арнап пісірілген бауырсақ, күрең шелпек, қарынның сары майы қонақтар алдында жайылып жатыр. Ол тағамдардан дәл қазір ауыз тиіп отырған жан жоқ. Әлгі хабардан соң, тамақтарынан өтпей, дегбірі қашып отырған адамдар. Даладан біреудің дүбірі, сөйлеген сөзі естілсе селк ете қалады. Әрбір сыбдырға құлақ түріп отырған жандар. Желі басынан екі айғырдың шыңғырысып, жұлысып жатқан дауысын естігенде үйдегілер дүр етіп, есік алдына шыға жаздады. – Баламның ешқандай құдай алдында кінәсі жоқ. Сәбиді олай қараламаңыз, – деді бағанадан терең ойға кетіп үнсіз отырған Әлібек, қазіретке бүкіл денесімен бұрыла қарап. Төлеудің киімін кигізген Ұлтарақ та боз атқа мінді де жолдасының біріне: – Төлеуді менің алдыма мінгізіңдер де, өздерің аттың шылбырын ұстаңдар, – деп Ұлтарақ Төлеуді қапсыра құшақтап, дөңнен асты. Ат аяңымен келе жатыр. Ауыл адамдарының естері жоқ. Аң-таң. Сенерін де, сенбесін де білмейді. Бәрі көздерін салт аттыларға тікті. Ақ боз аттының алдында отырған шынында да Төлеу екендігіне елдің көзі жетті. Төлеудің жаназасын шығарған қазірет бастаған бір топ молдалар да үйде шыдап отыра алмады. Бесін намаздарын аяқтамай далаға шықты. Жақындап қалған Ұлтарақты көрді. «Астапыралла, өзің сақта, бұл не қылған жүрек жұтқан адам еді? Құдайдан жазасын алып жатқан кісіні қабірден сүйреп шыққан, бұл да өз жазасын алады» деп, салт мінген Ұлтарақ жақындай бергенде-ақ молдалар
басындағы сәлдесін, үстіндегі шапанын киюге шамасы келмей ауыл сыртындағы төбеге қарай тырым-тырақай қашып барады. Үрейлері ұшып, жүрегі алқымына тығылып, жығылып жатқандар да көрінді. Ұлтарақ: «сендердің де қорқатын кездерің болады екен?» – деп іштей күліп келеді. Оларға еріп, қариялар да жапа-тармағай зымырай бастады. Қалған ауыл адамдары Әлібек үйіне жоламай алыстан қарап тұр. Қызықтаған балалар ақ боз аттының алдынан шығып: «Төлеу, Төлеу» деп талды ат қып мініп топырлап жүр. Ауыл үсті жер сілкінгендей дүр ете қалды. Ауыл астынан жанар тау атып жатқандай елес берді. Ит үрді. Бесіктегі балалар жылады. Сиыр мөңіреді. Жылқы кісінеді. Ұлтарақ аттың басын оқшаулау тұрған, ақша қардай ақ үйдің алдындағы Әлібек пен оның әйеліне қарай бұрды. Төлеуді көрген шешесі «жалғызым, жалғызым», деп үзеңгіге жабысып, өксіп жылап тұр. Әлібек аттың тізгінінен ұстап, көзінен аққан жасы кеудесіне түскен ақ сақалынан төмен қарай тамып, үнсіз жылады. Баласын көргенде, оның үні шықпай, тұтығып қалды. Үрейленген адамдар алыстан: «Бұл не қылған ғажап? Өлген кісі тіріліп, қайтып келді дегенді бұрынсоңды естіген жоқ едік, – дейді біріне-бірі. Ұлтарақ аттан түсіп, Төлеуді көтеріп, үйге кірді. Үй іші толған жиһаз: төр алдында қаз-қатар жиналған сандық, керегеге айнала ілінген түкті кілемдер, оң жақта күміспен көмкерілген ағаш төсек, төсек толы мамық жастықтар, жерге төселген сырмақ, кілем. Төлеуді төсекке жатқызды. Ұлтарақтың батыр адам, батыл адам екендігіне бүкіл матай елінің көзі әбден жетті. Төлеу оқиғасы барша елге аңыз болып тарады. Әлібек пен бәйбішесі Құсбике бәйек болып ұлының жанында отыр. Көздерінен жасы әлі тыйылмады. Есін жинаған Төлеу: – Әке, мені тірідей көмген өздеріңіз, енді аман сақтап қалған мына кісілерге сый-сияпаттарыңызды аямай беріңіздер. Жылаудың енді керегі жоқ, – деді кезерген ернін тілімен жалап жатып. Жылқышыларды Әлібек тай сойып қонақ етті. Ата-бабасынан бері бай төріне шығып көрмеген Ұлтарақ, бүгін сыйлы қонақ есебінде төр алдында көңілді отыр. Құтты қонақтар кетер алдында, Әлібек баласына: – Сені тірі деген ойымызда жоқ еді. Бұл да құдайдың сынағы болар. Мына жігіттерге, сені аман сақтап қалғандары үшін, қора толы малымды беремін деп едім. Сол уәдем уәде. Бар малымды айдап кетіңдер. Төлеуім тірі болса болды маған. – Бізге сіздің байлығыңыздың керегі жоқ. Еңбексіз табылған мал біздің бойымызға сіңбейді. Кісі басы он жылқыдан берсеңіз болғаны, – деді Ұлтарақ. – Айтқаным айтқан, – деді Әлібек. – Жоқ, алмаймыз. Айттым ғой сізге өмір бойы бойымызға шыр бітпей жүрген адамдармыз. Құдай басымызға бітірмеген байлықтың керегі болмайды, – деп Ұлтарақ көнбеді. Ұлтарақтың айтқанын қасындағы бір жолдасы қоса сөйледі. «Біз байлық іздеп жүргеніміз жоқ. Ұлтарақтың айтқанын істесеңіз болды», – деп тұрып кетті.
– Жарайды, айтқандарың болсын. Бірақ, менің Төлеуімнің екінші әкесі сен боласың, – деп Әлібек Ұлтараққа сүйіспеншілік мейірім білдірді. Үшеуі отыз жылқыны айдап келеді. Өмірінде, ата-бабасынан бері бітпеген жылқы үшеуіне бір күнде пайда болды. Ұлтарақтың қасында келе жатқан еңкіштеу келген кісі үстінде тозығы жеткен тонының жағасын ұстап: – Ұлтарақ, – деді, – еңбек сенікі. Бізге мына жылқыдан бес-бестен бер де, қалғанын сен ал. Ұлтарақ көнгісі келмеді. Бірақ қасындағы екеуі болмастан Ұлтараққа жиырма жылқыны бөліп берді. Жылқышылар өткен түнгі оқиғамен әуреленіп жүргенде, Саурықтың бір топ жылқысы жоғалды. Тау-тауды, сай-саланы қалдырмай Ұлтарақ жоғалған жылқыны іздеді. Ғайып болған жылқы табылмады. Жер қуысына түсіп кеткендей болды. Көрген бір адам болмады. Жылқылардың қолды болғанына көзі жеткен Ұлтарақ есік алдында отырған Саурыққа шынын айтты. Саурық бұл хабарды естігенде қып-қызыл болып, аяқ-қолы бырысып, жүрегі дір ете қалды. Ашуланды. – Ұлтарақ, – деді ол, – ата-бабаңнан бері сен құлақ кесті құлым сың. Сорпа-суымды ішіп, сүйегімді кеміріп келдің. Алдыңдағы малға ие бола алмай жүрген не қылған көргенсіз, ақымақсың? Әлде, әдейі біреуге малды айдатып жіберген боларсың. Қайдан тапсаң да жоғалған жылқыны табасың. Таппасаң, бала-шағаңды қаңғытып, өзіңді ит жеккенге айдатамын... Ұлтарақтың өңі қап-қара болып кетті. Күре тамыры білеуленіп, іштей ыза кернеп тұр. Саурықтың оның жанына тие айтып жатқан сөзінің бірін де естімеді. Оның көз алдынан: қыстың сары шұнақ аязында Сау рықтың жылқысын баққан кезі, ит-құстан аман-есен мал басын сақ тағаны, жылқы ұрлауға келген барымташылардан Саурық жылқысын көзінің қарашығындай қорғап қалғаны, сол жолда талай рет сойыл ға жығыла жаздағаны, шілденің ыстығында бірде-бір малын шашау шығармай баққаны, жұт жылдары елдің малы қырылып жатқанда, Саурық жылқыларын аман сақтап қалғаны есіне түсіп, көз алдынан елестеп өтіп жатты. Кейінгі жылдары Саурық Ұлтарақтың еңбегін де төлемей жүрген. Осынша қыруар еңбегім еш болды дейді ол өзіне. Ұлтарақ осылай ойлап тұрды да, Саурықтың айтып отырған ащы сөздерінің бірде-біріне құлақ қоймай: – Жоғалған жылқыңның орнына қазір он бес атты айдап келемін. Сол жылқыларға таңбаңды бас. Ендігі жерде, саған құл болмаймын. Қолың нан келсе, ит жеккенге айдатып жібер. Менің сенің алдыңда ешқандай қылмысым жоқ, – деді Ұлтарақ таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді, дегендей Саурықтың айтқан сөздері жанына батты. Осы жолы Саурыққа «сен» деп тұрғаны да сол. Ұлтарақ әрі қарай Саурықпен сөйлескен жоқ. Ат басын бұрып, үйіне барды да, аттың ер-тоқымын сыпырып қоя берді. Ертеңіне Әлібектен ал
ған он бес атты айдап әкеліп, Саурықтың таңбасын бастырып, жылқысына қосып жіберді. Сол күннен бастап, Ұлтарақ жылқы бағуды су сепкендей тоқтатты. Үйінде азды-көпті малына қарап жүре берді. Кеш бата азды-көпті малын жайлап болған Ұлтарақ үйіне келді. Күміс балаларын тамақтандырып отыр. Ол Ұлтараққа сөз қатпады. Үния келіп, үй ортасында сығырайып жанған май шамды дұрыстап жақты да: – Екеуің сөзге келісіп қалғаннан амансыңдар ма? Неге үнсіз отыр сыңдар? – деді. – Ұрысатын бізге не жетпейді? Мен тірідей жерленген Төлеу деген жігітті көрінен қазып алып жатқан кезде болу керек, Саурықтың бір топ жылқысын біреулер ұрлап әкетіпті. Аңдыған жау алмай қоя ма. Неше күн бойы торыған болуға тиіс. Сол үшін Саурық маған тіл тигізді. Жоғал ған малын төлетті. Ендігі жерде сенің малыңды бақпаймын деп шығып кеттім. «Өлген адамды көрден суырып алдың, құдай біреумізді жазым қылады. Ондай бізге жақпаушы еді», деп мына жеңгең кешеден бері менімен ұстасып алды. Үния бұл оқиғаны үйінде іс тігіп отырып естімеген екен. Ол жағасын ұстады. «Өлген кісі тіріле ме? Оған «мүңкір-нәңкір» жазасын беріп жат қан болар. Сіздер оны құдайдың жазасынан арашалап алғандарың жөн болмаған» дейді. Елдің айтқанына көне қоятын Ұлтарақ болып па? «Ол тірі күйінде көмілген. Нанбасаңдар барып көріңдер», дейді ол. Ұлтарақ Күміс пен Үнияға орыс деревнясындағы Сергей досымен келісіп келгенін, ол әзірше есігінің алдындағы оқшау тұрған бір бөлмелі үйін беретін болғанын, деревня адамдарын жинап там соғып беретін дігін жыр ғып айтты. Ертең таң атысымен жүретінін де жасырмады. «Енді көрмегенім Саурық болсын. Өмір бойы жылқысын бағып келемін, онан мен қандай жақсылық көрдім? Деревня малын бақсам тамағым тоқ болады», – деп Ұлтарақ өзін өзі нығыздай, күш көрсете сөйлеп алды. – Ағатай, бізді тастап кетесіз бе? Менің күнім не болады? Барлық сүйенішім Күміс екеуіңіз еді, жалғыз қалатын болдым. Олай болғанда, менің он шақты малымды Саурыққа білдірмей айдап кетерсіз. Сіздің қолыңызда болса ешқайда кетпес, – деді Үния мұңды үнмен. – Айдап кетсем кетейін. Саурықтың кешегі сөзінен кейін оның бірдебір адамға жақсылық болсын деп ойламайтын, қайырымсыз екенін әбден түсіндім. – Оның қайрымсыз екенін жаңа білдің бе? Сиырының соңында жүріп, мүгедек болып қалғанда, ол не көрсетпеді маған. Сен ақсақсың деп, мені жұмыстан шығарды. Ертеңгі күні сенің басыңа қиын жағдай туса саған сүйек лақтырып отыратын адам емес пе? – деп ашуын тастап, әңгімеге Күміс те кірісіп кетті. Ертеңінде жаман арбасына көк шолағын жегіп, ескі-құсқы заттарын тиеп, балаларын отырғызып Күміс екеуі жүргелі жатып: – Үния, – деді Ұлтарақ, – ертең кешке келіп, сенің малыңды айдап әкетемін. Қам жеме, жаным тірі болса, сенің малыңның бірде-біреуін
шашау шығармаймын. Біз орнығып болған соң, екі-үш күнге келіп, қонақ болып кетерсің. Үния есігінің алдында отырып, Ұлтарақтың жалғыз арбасы дөңестен асып кеткенше қарап отырды. Ол да жұртта жалғыз қалған адамдай көңілсіз. Ол анадағы Айман бәйбішенің ескертпесін іштей електен өткізіп, келешек күнінің тұңғиық қараңғысы көз алдынан өтіп жатқандай сезінді. «Алдым да, артым да қазылған ор. Қайсысына құлайтынымды бір құдай өзі біледі» дейді ол. Үнияның көз алдынан жалғыз сиырын жетектеп, арбаның соңынан жаяу кетіп бара жатқан Ұлтарақ елестеп, көпке дейін есінен кетпей жүрді. Ұлтарақ айтқан сөзінде тұрып, түн қатып Үнияның азын-аулақ малын айдап әкетті. Ұлтарақты Сергей ақ көңілімен қарсы алды. Жазды күні балалары жататын бір бөлмелі, шағын үйін дайындап қойған екен. Сонда орна ласты. Сергей деревня кедейлерінің арасында беделді екен. Бәр-бәрі жиналып, Ұлтараққа екі бөлмелі, алдында сенегі бар тап-тұйнақтай ық шамды ғана үй салып берді. «Көп түкірсе, көл болады», – деген емес пе, көпшілік жабылған соң қойсын ба? Үйдің төбесі тақтай шатырлы, жанжағы қоршалған әсем үй. Бес ай толмай-ақ Ұлтарақ өмірінде көрмеген, тіпті әуелі үш ұйықтаса түсіне кірмеген үйге кіріп алды. – Күміс, – дейді ол, – ұжымақ осы екен. Сен маған деревняға орыс арасына бармаймын деп едің, ата-бабамыздан бастап өмір бойы Саурық тың малын баққанда не берді, не көрсетті ол патшағар? Бір сиырының сауынын да бермеді. Есіңде бар ма, анау жылы біздің жалғыз сиыр қысыр қалғанда баларымызға сүт бермегені? Баяғыдан бері не ғып жүргенбіз? Діндері басқа болса да, орыстар ғой қиыншылық кезде құлашын жайып, бізді қарсы алған. – Сен дұрыс айтасың. Мен жеңілдім. Бұлар мұсылмандардан да қайырымды ма деймін? – деді Күміс қуаныш сезіммен. Жаңа үйге бір қонып ұйықтап шыққан Ұлтарақ пен Күміс ертеңінде Сергейдің үйіне барып: – Сергей, – деді Ұлтарақ, – Саурық байдан қашып, саған панала ғанымда, сен менің үй ішімді өз туысыңдай күттің. Деревня адамдарын жинап, аз күннің ішінде, өмірімде көрмеген үй салып бердің. Саған көп рақмет. Менде бес ат бар. Сенде бірде-бір көлік ететін жылқы жоқ. Мына Күміс екеуміз екі атты саған сыйлаймыз. Сенде де бала-шаға көп көрінеді. Жер жыртуға, шөп тасуға керек болады. Бізге қалған үшеуі де жетеді. – Саған ақы төле дегенім жоқ, жетектеген екі атыңды алып кет, – деп Сергей тырысып көрді. Оған көне қоятын Ұлтарақ па. Аттарды Сергейдің қорасына байлады. Сергейдің әйелі Ұлтарақтың білгендігіне қатты риза болды. Ұлтарақ үйренген кәсібінсіз ұзақ отыра алмады. Деревняның сиырын бағатын болды. Орыстардан үйреніп Ұлтарақ та азын-аулақ егін егетінді шығарды. Бұл жерде жылына төлейтін еңбек ақысын ерте бастан келісіп қояды екен. Уақыты келгенде өздері-ақ әкеліп беретін болды. Саурық
сияқты ұзын-сонарға салмайды. Бала-шағасы да, Күміс те қоңданып қалды. Саурықтың сойған малының сүйегін аңдып, телмірмейтін бол ды. Өмірінде орыстың ашыған наны аузына тимеген адамдар нанды да тойып жейтін жағдайға жетті. Ұлтарақ үй салып беруге көмектескен адамдардан ақы алмайтын болды. Есік алдында сиырын сауып жүрген Күміс Ұлтараққа: – Өткен жылы сен орыс деревнясына барамыз дегенде, өзімізді қойып, балаларымыз шоқынып кете ме деп қорыққан едім. Олай емес екен. Құдайға шүкірлік. Мұнда ешкімнің бізде шаруасы жоқ. Намазымызды мұнда да оқып жүрміз. Сен мұсылманша намаз оқыдың деп жатқан тағы адам жоқ. Моншасы да жақсы болды, – деп Ұлтараққа риза болған кө ңілін бүгін ғана ашық айтты. Қыс ызғары да келіп жетті. Көк қорғасынға ұқсайтын шыны жел аспанды жалап шыдатпай барады. Адамның беті-қолын қарып, тұқыртып тұр. Иір-иір белестенген жота-жота қар ықтасынды қуалай көсіліп жатыр. Саурықтың мал қорасын да қар көміп қалған. Қардың қалыңдығы сон ша, күндіз тазаланған есікті, түн бойы жауа соққан боран таңертеңге дейін қайта басып тастапты. Осы өңір толы аш қасқыр. Құдайдың құтты күні мал қораға түседі. Тебіндегі жылқыға да тыныштық бермеді. Саурық жылқысынан екі сақа биені қасқыр жеп кетіпті деген хабар келіп жетті. Көптен бері малын қасқыр жеді дегенді естімеген Саурық бүгін көңілсіз. Келіп-кетіп жүретін қонақтар да су сепкендей тоқтады. Өзі боранды күндері үйден шыға алмады. Барар жер, басар тау жоқ, іші пысты. Өз үйіне өзі сыймады. Ауылдағы аралас-құралас болып жүретін кейбір достары жолаушы жүріп кеткен. Әңгімелесіп отыратын адам таба алмай арпалысып отырды. Күндегі төрт қабырға, күндегі біріне-бірі бүйідей тиетін екі тоқал, көп сөзі жоқ Айман. Төр алдында сұлап жатқаннан басқа жұмыс жоқ. Саурық көп нәрсені ойланып-толғанды. Талай оқиғалар оның ой елегінен өтіп жатты. Оның тұңғиық терең ойына найза бойла майды. Ол қара күреңденіп, ісініп жатқандай болса, ойран салудың есебін таба алмай дөңбекшіп жатқанын Айман бірден сезетін. «Бұл кімге ойран салайын деп жатыр екен?» – деп ойлаған Айман, оның көңілін бөліп жібергісі келіп: – Түскі тамақ ішетін мезгіл болды. Ауыз үйде дастарқан жайылып, тамақ даяр тұр, – деп Саурықтың босағада тұрған мәсісін алып берді. Саурық көңілсіз. Қара түнек басқандай түнеріп отыр. Айман оның қас-қабағына көз қиығымен қарап қояды. Тамақ ішіліп бітісімен кіші тоқалы дастарқанды жинап әкетті. Саурық ыңыранып орнынан тұрмай жатты. Айман үй шаруасын сылтауратып бірдеңені ермек етіп, Саурық маңайынан кетпей жүріп алды. Екеуі бірін-бірі арбап, үнсіз отыр. Саурық малдасын құрып, төбедей болып, төр алдында нығыздана отырды. Көңіл күйін ақтарғысы келіп оқталып, Айманға жалынышты көзімен қарады. Айман да күйеуінің құпия әңгіме айтқысы келгенін сезді. Есікті қымтап, жапты.
– Бәйбішем, жарайсың сен. Менің көзқарасымнан жұмбақ сырымды түсіне қаласың, – деп ол Айманды мақтап алды. – Сенімен қанша жыл бірге тұрып, сырыңа түсіне алмасам, сонда мен кім болғаным, – деп отыра берді. – Саған көптен бері айтпай жүрген бір сырым бар. Ол сырды ана екі қатынға, әзір білдірме, олар білсе, шақшадай басымды шарадай ғып ойран салады. Айтайын деп отырғаным Үния жайы. Ақыл десең ақылы бар, он саусағынан тамып тұрған өнер, ол бізге келген ырыс қой. Жесір біздікі. Басқа бір адамға оны қор қылмайық, – дей бергенде, Айман: – Төртінші әйелдікке алғың келіп отырған жоқсың ба? Мен, сенің ол ойыңды айтпасаң да сеземін, – деді. – Менің айтайын дегенімді өзің айттың. Қалай көресің? Менің осы ойымды сен қолдайсың ба? – деп Саурық Айманға тура сұрау қойды. – Сенің бағанадан бері түнеріп отырғаныңнан-ақ осындай бір ойда екеніңді білген едім. Үш әйел сіздің шекеңізге тар болды ма? Екі тоқалға ие бола алмай отырып, тағы біреуін алмақсың. Үния байғұсты мына екі қасқырдың аузына тістетейін деп отыр екенсіз. Қанағатсыздық сізді бірдеңеге ұшыратады. Сіз Үнияны сыртынан кесіп-пішіп отырсыз, ол бейшараның өзі қалай қарайды? Әлде, онымен келісіп келдіңіз бе? – Ол менің жесірім. Қайда кетер дейсің. Көнеді. Ең алдымен сенімен сөйлесейін деп, ешкімге айтқаным жоқ. – Айтпасаңыз, алдымен Үниямен сөйлесіңіз. Ол қалай қарайды? – деп Айман әңгіменің ұшығын Үнияға тіреді. Оның көнбейтінін Айман жақсы біледі. Жазды күнгі Үнияға айтқан сөзі өзіне аян. – Айт десең айтамын. Көнбесе, көндіремін. – Бес-алты балаңыз бар. Оларды қайда жібересіз? Алды жігіт болды. Сіздің де немере сүйетін мезгіліңіз жеткен болар. Өз қара басыңызды ойлай бергенше, балаларыныздың жағдайын ойлайтын уақыт та жетті. – Үнияның менің балаларыма зияны тимейді. Сен көп сөзді қой. Жесірді кім алмайды. Ол ата-бабамыздан келе жатқан мирас. – Өзіңіз біліңіз, ендігісін, – деп Айман сөзді әрі қарай шұбатпай келесі бір бөлмеге шығып кетті. Қара көлеңке бөлмеде Саурық жалғыз қалды. Үнияны алақанына қондыратындығына оның сенімі зор. Оның есі-дерті осы ойымды Үнияға қалай жеткізсем екен деп отыр. Осында шақырып, айтсам ба, өзім сылтау тауып, оның үйіне барсам ба? – дейді ол. Айманның да ойы белгілі болды. Ол Үнияның маңайына мені жолатқысы келмей, қырсығып отыр. Екі кіші қатын естігендей болса, олар Үниямен ұстасып алатындығына менің көзім жетеді. Әлде, алғашқы кезде, Үнияның үйіне кіріп алсам ба екен? Үш қатынның аптығы басылған соң, үйге қайтып келе жатармын. Ертеңінде Үнияның халін білуді сылтау қып Саурық үйінен шығып, үй арасындағы омбы қарды айналып өтетін жалғыз аяқ ізбен жүріп келеді. Үнияның үйіне қарай бұрылысқа жете бергенде, басындағы түлкі тымағын жел ықтасынға қарай ұшырып түсірді. Саурық белуарынан келген омбы
қарды кешіп, тымағын әзер алды. Тымағын басына киген соң қайта оралып, Үнияның үйіне жып беріп кірді де кетті. Үния жалғыз емес екен. Қасында Байділданың жас әйелі Тоты отыр. Саурықтың жүрісі суық екенін Үния бірден сезді. Екі келіннің екеуі де Саурықтан ұялып ауыз үйге шығып кетті. Олардың Саурыққа «жоғары шығыңыз» деген екі ауыз сөз айтуға ғана шамасы келді. Үния өзі жалғыз қалғысы келмей, Байділданы шақырып келуге өзі жүгіріп кетті, ұзамай ол келді. Саурық бүгін жолы болмағанын сезіп сазарып отыр. Байділдаға тіс жарып айтуға болмайды. Ол да бір кезде Үнияға қырындап жүрген жігіт тің бірі. Кім білсін, оның жүрегіндегі от әлі сөнбеуі де мүмкін. Тотының үстіне тоқалдыққа Үнияны мен аламын деуі ықтимал. Саурық мұндай жағдайды да ойланып отыр. Бүгін жабулы қазан жабулы деп, алғашқы келген сылтауын айтып, аузына құм құйылып, кәрі тарланның жолы болмай, қарды кешіп әзер жетті. Айман осының бәрін байқап жүрді. Сырттан келген Саурықты шешіндіріп, үстіндегі күзен ішігінің қарын қағып ілгекке ілді. Аяғындағы саптама етігін шешіп, есік алдына қойды. Саурық іштей Үнияға құмартып отыр. Үнияның тілерсегіне дейін түскен қолаң шашы, қарақаттай қара көзі жібектей жұмсақ аққұба беті, ақ мақтадай жұмсақ мойны үлбіреген ерні, ақ білегі оның көз алдында жұлдыздай сәуле беріп тұрғандай көрінді. Дәл қазір Үнияның көмірдей қара шашын сипап, әдейі мені сүй деп тұрған сәл шығыңқы астыңғы ернінен сүйіп, қыпша белін қапсыра құшақтап төсекте жатқандай сезініп, өз ойына өзі елігеді Саурық. Тілінен әзілі, бойынан қуаты қайтпаған Саурық ақау түсе бастаған күңгірт дауысымен: – Айман, – деді ол, – кейінгі кезде сенің дауысың жасарып барады. Өзің де құлпыра түстің. Адам баласы өмірге бір-ақ келеді. Сондықтан өмірдің қызығын көріп өткенге не жетсін? Мен Үнияға үйленуді жеңіл мінезбен айтып жүргенім жоқ, шыным сол. Ойлағанымнан қайтпаймын. – Жасарып бара жатқан жас қатын аламын деп жүрген сіз емессіз бе? Алдымен екі тоқалыңызды көндіріп алмайсыз ба? – деді Айман Саурыққа қарақаттай қара көзін төңкере қарап. – Жоқ, айтпаймын. Үниямен, алдымен келісіп алайын. Екеуміз барып айтсақ, олар қайда кетер дейсің. – Мені қоспай-ақ қой. Олармен ырылдасып отыратын жәйім жоқ, – деп Айман шығып кетті. Саурық есебін тауып, өз ойын Үнияға жеткізді. Үния денесіне ине шаншып алғандай, орнынан ыршып тұрды. Арада жүрген – Саурықтың немере жеңгесі Нәзия. – Қабділданың түтінінің астында арам қатуға даярмын. Қайнағама айта барыңыз, ол кісіге мен төртінші қатын болып тимеймін. Қабділда қайтыс болғанына бес жыл толды. Одан бері өз күнімді өзім көріп келе жатырмын. Жаман атым да шыққан жоқ. Қайнағамызға жақсылық жасағаннан басқа жазығымыз болмады. Қабділдамен үш жыл өмір сүрген
екенмін, соны елдің отыз жыл отасқанына сатпаймын. Әже, сіз де мендей күніңізде күйеуіңізден жесір қалған екенсіз. Екі балаңызды күтіп, отыз жылдан астам күйеусіз отырсыз. Мен де сүйтпеймін бе? – деп Үния көзден аққан жасын тоқтата алмай, тігіп отырған ісін тастап, еңіреп отыр. – Шырағым Үния, менің аяғыма тұсау салған сол екі бала болатын. Сенде бала жоқ. Салт басың, сабау қамшың дегендей жалғыз отырып, не бітіресің? Саурық қатал адам, айтқанынан қайтпайды. Ойлағанын орындайды. Одан несіне қашасың? Жасың болса жассың, қартайып отырған жоқсың. Болыс десең болыс, бүкіл Қысқаш болысын бет қаратпай билеп отыр. Бай десең бай. Көзіңнің майын жеп, іс тікпейсің. Ерке тоқал болып отырасың. Тамағың тоқ, киімің бүтін болады. Саурық болса сенің айтқаныңнан шықпайды. Ең кіші тоқалын сыйлау деген дәстүр баяғы заманнан бері келе жатқан машық, – деп келген елші Нәзия да тақымдап болмады. – Қасқырдай ұлыған екі тоқалдың үстіне бармаймын, қарадан-қарап отырып, екеуі бірін-бірі жұлып жеп жатады. Маған күн көрсетуші ме еді? Сау басымды жанып тұрған отқа салатын жәйім жоқ. Айтқаным айтқан, айтқанымнан қайтпан, – деп Үния ашықтан-ашық кесіп айтты. Үния төсегінде жылап жатты. Арада жүрген Нәзия тоқтау айтып, біраз отырды да үйден шығып кетті. Үния терезесін киізбен қымтап жапты. Есігін тастай қып, үлкен күршегін салды. Оның көз жасы тыйылмады. Көмектесетін де, ақыл айтатын да жан жоқ. Айдалада жалғыз қалғандай сезінді. Қиын-қыстау жағдайда жүгіріп келе қоятын Күміс те, Ұлтарақ та маңында жоқ. Ендігі халім не болды? Адам өмірі таяқ тастамдай екен. Бұл өмірге, бір құдайға қандай жазығым бар? Осынша қорлауға бола ма? Дүниеде біреу байлығына семіреді, біреу тамаққа жарымайды. Біреу еңбексіз мал табады, біреу тынымсыз еңбек етіп, бала-шағасын асырай алмайды. Әділетсіз өмір. Әйелді мал сияқты көреді. Олардың басында ерік жоқ, малға сатуға да, зорлап алып қашып кетуге де болады. Олар да адам. Олардың да сүйгені, өмірге пайдасы бар-ау дейтін жан табылсашы. Әркімнің өз құлқыны, өз арам ойы бар. Ондайлар басқаның басына жазған несібесі бар деп ойламайды. Бесін намазын оқитын мезгіл жетті. Үния төсегінде жалғыз өзі бүрісіп жатты. Әлі ой шырмауындағы, оның есіне Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінен есінде қалған бір шумағы түсті: Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды. Тарылды көкірек, Қысылды жүрек, Ағызды сығып жасымды... – деп іштей айтып шықты. Абай қандай данышпан адам. Айтқанының бәрі дәл менің басымдағы оқиғаға ұқсайды. Мына бір жерін қарашы:
Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен кеткен қу өмір.. деп қайталап айтты. Ол көп ойлады, көп толғанды. Саурықтың озбырлығын да көз алдынан өткізді. Шешесі Күнікейді де көптен көре алмай, сағынып жүргені ойына түсті. Осындайда шешем бейшара да қасымда болмады. Ол болса дұрыс ақылын берер еді. Менің бүйірімнен Саурық қысып жатқанын қайдан білсін? Қайда қашам, кімге барып паналаймын? Арқа сүйейтін жан болмады. Саурыққа күң болғанша, бұл жерді басып жүрмеспін. Құдайдың басқа салғанын көрермін, – деген шытырман ойлар Үнияны түні бойы қытықтап, ұйқы бермеді. Түні бойы көз ілмеген Үнияның көңілі тамаққа да соқпады. Көрпе астында бүрісіп, жата берді. Оның көз алдына Саурықтың үш қатынының ырылдасып, бірінің шашын бірі жұлып жатқан кездері де келді. Жанын жеп, жүрегін қытықтаған жаман ой оны шырмап, босатпады. Бүкіл жан жүйесіне пышақ тигендей борша-борша болды. Денесі бір қызып, бір суып жатты. Денесіне суық су құйғандай суық тер оны босатпады. Таң жақындаған мезгіл. Есікті тықылдатқандай дыбыс естілді. Түні бойы көз ілмеген Үния шошып кетті. Таң атпай Саурық келіп қалды ма деп қорықты. Үстіне қараңғыда қолына ілінген киімін киді. Есік алдына барды. Суықта тоңған торғайдай бүрісіп тұр. Екі құлағы есік жақтағы сыбдырда. Қора сыртында аязды күнгі адам аяғының сықырлаған дыбысы естілгендей болды. Ол үнсіз тұр. Жүрегі алқымына тығылып, дір-дір етеді. Сыбдыр үйді айналып, терезе алдына келді. Төргі бөлменің терезесін қағып тұр. Үния терезеге жақындады. Біреудің дауысы еміс-еміс естілгендей болды. – Есігіңді аш, мен, Ұлтарақпын, – деген дауысты анық естіді. Ұлтарақтың дауысын анық таныған Үния, бүкіл ел-жұрты көшіп келгендей қуанды. Адам баласы қуанса да жылайды. Ол көз жасын тыя алмай тұр. Бағанадан бергі қорқыныш аз да болса сейілгендей болды. Есіктің ілгегін ашып: – Ағатай-ай, сіз екенсіз ғой. Түн ішінде жүрген басқа біреу екен деп зәрем ұшқаны, – деп Үния Ұлтарақтың мойнынан құшақтап, қаңтар айының аязы соққандай селк-селк етеді. – Саған не болған, әлде біреу қорқытты ма? Өңің қашып кетіпті. Үния кешеден бергі оқиғаның бәр-бәрін жіпке тізгендей Ұлтараққа бір сөзін қалдырмай айтты. Ұлтарақ бір сәт ойланып отырды. Ол өзінеөзі: «Саурық оңай жау емес. Мен Үнияны үйіме алып кетті дегенді естісе,
менің өзімді, бала-шағамды қаңғытып жіберуден тайынбайды. Ол болыс. Онымен барымталасуға менің әлім келмейді. Жесірімді алып қашып кетті деп оязға барады. Онда менің халім мүшкіл болғаны. Сондықтан, ол ұйықтап жатқанда, бұл жерден Үнияны алып, төркініне апарып тастайын. Айтысса, Саурық Терлікбаймен айтыссын. Басқа менің қолымнан келетін не бар? Бар көмегім осы. Саурыққа жем болғаннан басқа, жесір әйелдің қолынан не келеді? Марқұм Қабділда екеуі тату-тәтті, жақсы тұрды. Оның қабағын шытқанын көрмедім. Байғұс жастай кетті. Аз өмірді ойын-сауықпен өткізді. Үнияны басына көтеріп сыйлады. Қойшы-қолаңшы деп бізден жиіркенбеді. Өзімнің туған інімдей болды. Тұрмысымыздың ауыр кезінде қолының үшін берді. Көмектесті. Үния болса, Күмістің туған сіңлісінен артық болды. Анау жылдары аяғы үсіп, Күміс жүре алмай еңбектеп қалғанда да, қолынан келген көмегін берген, балаларға қараған, оларға киім-кешек тігіп берген де осы Үния болатын. Қабділда қайтыс болғаннан бері бұрынғыдан да жақын болдық. Өз еңбегімен тапқан азын-аулақ малын да бөліп бізге берді. Ендігі жерде Үнияны Саурықтың қорлауына тастап кетсем, менің адамгершілігім қайда? Жоқ, тастамаймын, алып кетемін» деп Ұлтарақ ойын түйді. – Сен жылы киініп шық. Мен сені қарсыдағы жотаның ар жағында тосайын. Сол жерге келе ғой. Ауылыңа апарып тастайын. Онан басқа менің қолымнан келетін көмек жоқ. Ар жағын өзің білерсің, – деді Ұлтарақ мұртына қатқан мұзды тазалап отырып. – Өзіңіз түн қатып қайдан келе жатырсыз? – Лепсіде Сергей деген досымның күйеу баласы тұрады. Қысты күні малды қорада ұстайды. Елдің бәрі шөпті жазда дайындайды да, күзде қорасына тасып алады. Қолымыз бос. Ерігіп кеттік. Қыдырып, бой жазып келейік деп Лепсіге келген едік. Саурықтың бетін көргім келмейді. Сондықтан шыдай алмай, түн қатып, саған амандаса кетейін деп келген едім. Саурық мырзаның ойранының үстінен шықтым. – Сіздің айтқаныңыз болсын, – деп Үния еліне кетуге бел байлады. Ол жалғыз сиырына шөпті көбірек салды. Есігіне үлкен қара құлып іліп жапты. Түн қараңғысын жамылып, жалғыз өзі жотаны асып кетіп барады. Ауыл мүлгіген ұйқыда жатыр. Далада жүрген бірде-бір адам көрінбейді. Кейбір төбет иттердің қора ішінде жатып, үрген дауысы ғана естіледі. Тосып тұрған Ұлтарақтың шанасына отырып жүріп кетті. Сөйтіп, Үния аяқ астынан ғайып болды. Ұлтарақ Үнияға шанадағы Сергейдің мол тонын сыртынан кигізді. Сұлыға тойып, құтырып тұрған аттар ауыздығымен алысып, құйындатып келеді. Ортаға жеккен торы ат басын шұлғып, екі құлағын қайшылап, қамшы салдырмайды. Шеттегі торы да ауыздығымен алысып, мойнын тұқырта шапқылап келеді. Әлібек сыйға берген, шанаға үйренген жылпос та, мықты аттар. Ат жүрісі адамның айызын қандырады. Аспандағы жұлдыздар жымың етіп, сөніп жатты. Күн шығыс жақ бозамықтанып, таң белгі беріп келеді. Күмістей ақ қар жамылған Алатау
көрінді. Еңсесін биік көтеріп, қырау жамылған қарағайлар адам көзіне алыстан мұнда кел деп, шақырып тұрғандай елес береді. Белес-белес, иіриір күртік қар. Аспан да, дала да ақша бұлттай аппақ. Таңертең күшейе түскен аяз да, екі бүйірден қыса түсті. Қатты жүрістен қызып алған аттардың буы бұрқырап, желдей есіп келеді. Үстіне жамылған тонын қымтап, жайланып отырған Үния маңайдың бәрін көзбен шолып қарайды. Оң жақтағы төбедегі зират, оның көзіне ыстық көрінді. Ол жерде, өзінің жанындай жақсы көретін Қабділдасы жатыр. Тоқтап, қоштасып кетуге, зират жолдан алшақтау. Үния алыстан болса да, іштей құран оқыды. «Қош, сүйген жалғыз құлыным. Сенімен аз уақыт бірге сүрген өмірім, жарық күндей елестейді менің көзіме. «Жанымжаным» деп қайталап айтты. Менің сенсіз қалған өмірім көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Көргенім қияметтей қиын зорлық-зомбылық. Алды-артым қазылған ор. Қайсысына түсіп кетерімді, өзім де білмеймін. Елім-жұртым деп, кетіп барамын. Олар мені қалай қарсы алады? Жалғыз шешем бейшараның қолынан не келеді? Ішінен шыққан жалғыз мені қарашығындай қорғайды. Ол жерде де бүкіл елді аузына қаратып отырған Терлікбай бар. Ол кісі Саурықпен араздасатын жайым жоқ, өз аяғыңмен келген екенсің, өз аяғыңмен барып Саурықтың аяғына жығыл десе не істеймін? Мен үшін екі ел арасы бұзылуы да мүмкін. Дау-дамай қай жақтан шығады деп ерігіп, елегізіп отырған ел арасы бұзылса, менің халім қандай болмақ? Сонда жалғыз басым не істемек? Әлде, ішкі жаққа қарай қашып кетемін бе? Онда барғанда не бітіремін? Ол жақта танитын адамым тағы жоқ. Жесір дауы бүкіл елді дүр еткізетінін жақсы түсінемін. Суыққа тоңған торғай да жылы жер іздеп шырылдайды. Менің дәл қазіргі халім соған ұқсас. Жылаймын, жылаймын да күңіренемін. Менің бар әлім келетінім – екі көзім. Құдай басқа салғанын мен де көрермін». Тұңғиық терең ой Үнияның басын тауға да, тасқа да соқты. Бірақ ол ой ұшығына жете алмады. Ұшқан құстай зымырай берді. Бұл дүниеге не болды? Қалай қашсам да Саурық сияқтылар алдымнан шығады. – Үния, – деді Ұлтарақ, – үндемей қалдың ғой. Ойлай берме, шырағым, сенің де алдыңда құдай қосқан қызығың бар шығар. Тәуекелге бел байлау керек, – деп аттың божысын босатыңқырап, жүрісті шапшаңдата түсті. Арқасын ақ қырау басқан аттар атқан оқтай ұшып келеді. Аттың жүрісіне риза болған Үния жан-жағын шолып өтті. Терлікбай ауылына жақындап қалғанын сезді. – Аға, – деді ол Ұлтараққа, – сіз ауылға бармай-ақ қойыңыз. Мені сіз әкеп тастапты дегенді Саурық естісе, ол қақпас сізбен ұстасады. Мені алдымыздағы анау қырдан асырып тастасаңыз болды. Ар жағы таяқ тастам ғана жер. Жүгім жоқ, өзім жаяу-ақ барамын. Бір де бір кісінің көзіне түспеңіз. Өсек қайдан шығады деп, құлағын түріп отырған жұрт. Сізге үйден тамақ ішіп, жылынып кетіңіз деуге де аузым бармай отыр. Өмір осылай болды, ағатай. Көріскенше қош болыңыз. Күміс жеңгеге көптенкөп сәлем.
– Оның дұрыс, мен ауыл адамдарының көзіне түспей-ақ қояйын. Лепсіге баратын жолдағы орыс деревнясында таныс үйлерім бар. Соларға тоқтап ат шалдырып аламын да түн қатып жүріп кетемін. – Ол деревня осы жерден алыс па? – Жоқ, төрт-бес шақырымдай ғана жер. Қазір барамын. – Жақын болса жақсы екен. Сіз тоңып қала ма деп қорқып тұр едім. – Айтқан жеріңе келдік, – деп Ұлтарақ ат басын тартып, тоқтатты. Үниямен қоштасып, ол оң жақтағы Лепсі қаласына баратын жолмен жүріп кетті. Үния қыр басына шығып, Ұлтарақ кеткен жаққа қарап тұр. Қос ат көз ұшында көрінер-көрінбес жерде кетіп барады. Үния өзін жұртта қалған жалғыз қозыдай сезінді. Дөңнің арғы беті сұлап, әр жерде бір шашылған құмалақтай шашырап жатқан өзі туған ауыл. Көзіне ыстық көрінді. Бала кезінде балалармен сырғанақ тебетін төбенің үстінде келе жатты. Сәби кезі есіне түсті. Алғаш жауған көбік қарды лақтырысып, ойнаған жастық кезі, ән салып, ауылға келе жатқан әкесі Сарыбайдың бейнесі көз алдында елес берді. Ең алғаш қалыңдықтап келген Қабділдамен жолыққан түні, сол түнгі ойын-той, қыз-келіншектердің өзен суындай таза күлкісі, салған әдемі әні Үнияның бүкіл жан дүниесін шырмауықтай шырмап келеді. Ол осы ойлармен келе жатып, өн бойын аяз суығы баурап алғанын да сезген жоқ. Түнгі ұйқы, күндізгі суық Үнияның денесін босатпай, оның аяғы сүріне берді. Үйіне жеткенін де ол сезбеді. Есік алдында қар күреп жатқан шешесі Күнікей: – Қарағым-ау, сен Үниясың ба? Жалғыздан жалғыз мына суықта, қайдан келесің? – деп, бір бүліктің болғанын сезген ол Үнияны бас салып құшақтап, жылап жатты. – Тоңып кеттім, үйге кірейік, – деп шешесін аймалап, бетінен сүйді. Үй іші баяғы өзі көргендей. Өзгеріс жоқ. Оң жақтағы тұс киіздің орта шенінде ілулі тұрған әкесінің домбырасы, ағаш төсек, жерге төселген шешесі екеуінің тоқыған алашасы, қос мамық жастық төр алдына төселген қызыл көрпенің үстінде жатыр. Сарыбай марқұмның тірі кезінде алғашқы жауған қармен аң аулап жүріп, соғып алған арлан қасқырдың терісі төр алдында шегеге ілінген. Үния көзіне ең ыстық көрінген әкесінің қыс киетін түлкі ішігі мен түлкі тымағы болды. Қолымен ұстап, көзден аққан ыстық жасын тыя алмай сілейіп тұрып қалды. Әкесі есіне түсіп, жылап тұрған болар деп: – Айналайын жалғызым. Тоңып келдің. Үстіңдегі киіміңді шеш. Пештің қасына барып жылын. Қарның ашқан болар, мен тамақ дайындап жіберейін, – деді. Тамақ үстінде екеуден-екеуі отыр. Үния еңіреп, жылап отырып болған оқиғаның бәрін шешесіне айтты. «Әзірге менің осында екенімді де, болған істі де ешбір жанға айтпаңыз. Тым болмаса екі-үш күн есімді жинап алайын», – дейді шешесіне Үния. Ауылда өсек-аяң білінбей жатушы ма еді? Екі күн өтіп, үшінші күніақ: «Үния жаяу-жалпы, осы қаңтардың аязында үйіне қашып келіпті.
Ол жерде, оған қандай қысым жасады екен?» – деген әңгімені ауылдың өсекші әйелдері үйді-үйді қыдырып жүріп таратты. Бұл әңгіме Күнікейдің құлағына да жетті. Ол: «басқа біреудің аузынан Терлікбай ақсақал естіп қалады. Онан да өз аузымнан естісін», – деп кешкі тамақтан соң Терлікбай үйіне барды. Ол кісі оңаша отыр екен. Күнікей төргі үйге кірді. Төр алдында отырған Терлікбайға, ол иіліп сәлем берді. Терлікбайдың үлкен бәйбішесі: – Келін, жоғары шық. Отыр менің қасыма, – деп оны жылы жүзбен қарсы алды. Сөзді қалай бастарын білмей, Күнікей төмен қарап сәл уақыт үнсіз отырды. Бейуақытта бұл келін не айтайын деп келді деген ой, Терлікбайды да толқындырды. – Аға, – деді Күнікей, – менің сізге айтайын деп келгенім Үнияның жайы. Өз аузымнан естісін деген ой еді. Үния ауылға, осыдан екі күн бұрын келді. Айтпай шыдай тұрамыз ба деп едім. Кеше таңертең бір қатын біздің үйге шоқ аламын деп келген еді. Сол кісі Үнияның үйде жүргенін байқап қалып, өсек таратып жүрген көрінеді. – Үнияға не болыпты? – деді төр алдында ыңыранып жатқан Терлікбай. – Саурық болыс Үнияны үш қатынның үстіне тоқалдыққа аламын деген көрінеді. Оған көнбеймін деп Үния жаяу-жалпы қашып осында келіпті. Қырғи қуған торғайды да паналатамыз ғой. Үния өз қолыңызда өсіп еді, сізден ақыл сұрайын деп келіп отырмын. Бізге сүйеу болыңыз. Қолыңыздың ұшын беріңіз. Сіздің тұқымыңыз ғой. Қасқырға талат- паңыз, – деп Күнікей көз жасын көйлегінің жеңімен сүртті. – Ол қақпас та қатынға тоймайды екен, – деп алды да, Терлікбай үндемей отырды. Терлікбайдың Үнияға жетім-жесір еді-ау деп жаны ашып отырған жоқ. Оның өз есебі өзінде. Өткен жылы Саурықтың Терлекеңе тісі батқан жері бар. Оязда болған болыстардың жиналысында, қоярда-қоймай отырып, Саурық Терлікбай руына салықты көбірек салдырған. Оның үстіне: «Терлікбайдың ұрылары екі жорға атымды ұрлап кетті» деп өтіріктенөтірік жала жапқаны тағы бар. Үния оқиғасы Терлікбайдың қышыған жеріне дәл келді. Іштей: «Бәлем, Саурық, сендегі өшімді алатын менің де кезім жетті. Үния оқиғасының дер кезінде шыға қалғаны қандай жақсы болды. Саурықты алдымда жорғалататын болдым. Екі ел арасындағы жесір дауы бықсып, жанғалы тұрған отқа май құйғандай лап еткелі тұр. «Мысыққа ойын, тышқанға өлім» дегендей, бұл оқиға елді дүрліктіргелі тұр. «Дауыл соға түс, соға түс» деп Терлікбай іштей мырс-мырс күліп қояды. – Күнікей келін, – деді сақалын оң қолымен сипап, орнынан қозғала түскен Терлікбай, – сендерден мен қолымнан келген көмегімді аямай мын. Өзің білесің, Сарыбайды өзімнің туған інімдей көруші едім. Оның көзі жоқ деп, сендерге көмектеспесем, құдай алдында кінәлі болмаймын ба?– деп ар жағындағы жаман ойын Күнікейге сездірмеді.
– Ағатай, сізге көптен-көп рақмет. Бала-шағаңыздың қызығын көрі ңіз, – деп Күнікей шығып кетті. Бүгін Саурық күн төбеге келгенге дейін ұйықтады. Дәрет алып, намазын оқыды. Кешегі жеңгесі Нәзияның Үниядан келген хабарын ойлап, ол түн ортасы ауа ұйықтаған болатын. Үния жөніндегі суық хабарды әлі естіген жоқ. Жеңгесін таңертеңгі шайға шақыртқан. Ол төр алдында отырып, бие сүтін қосқан күрең шайды тойғанынша ішті. Дастарқан жиналды. Саурық жеңгесіне: – Сіз Үнияға барып, менің бір көңілім кеткен соң оны алатынымды айтыңыз. Онан да өз еркімен маған тиетін болсын, – деді. Соңғы сөзін Саурық екі қайталап, салмақпен айтты. «Үнияның басы біреуге байланып қалды ма екен? Әлде, менсінбей, шекесіне тар келдім бе? Бұрынғы кезде, қатын деген үнсіз көне кетуші еді, осы күні олар да бұзылған ба? Дүние не болып барады? Қайда кетіп бара жатырмыз? Мен өмірімде мұндай әйелді бірінші көріп отырмын. Үйіне барып, көкала қойдай, қамшының астына алсам ба екен?» – деп ол қабырғада ілулі тұрған сары ала қамшысына қарады. Саурықтың ойын ізінше қайта оралған жеңгесі бұзды. Онда өң жоқ. Не айтарын білмей сасқалақтап, абыржып тұр. Саурықтан бұрын байқаған Айман. – Жаңағының арасында саған не болды, өңің қашып кетіпті? – Үния үйінде жоқ. Есігінде қара құлып тұр. Маңайдағы үйлерге кетті ме деп, сұрастырып едім ешкім білмейді. – Түнде ауылға келген адамды көрген біреу-міреу жоқ па? – Жоқ. Жанында жақын тұратын кісілерден сұрастырып едім. Олар біз ерте тұрдық. Үйі жабық тұрғанын біз де көрдік дейді. Саурық ашулы. Аспандағы қара бұлт басқандай түнеріп отыр. «Түн ішінде, аязды күні, ол зым-зия болып қайда кете қалды? Арада жүрген біреу бар-ау. Болмаса, ауылдан жаяу шығып кетіп, жолда үсіп қалған шығар. Осы ауылдың үйлерінің бәрін қаратуым керек. Мүмкін, менің жауым көрпемнің астында жатқан болар. Алдымен Үнияның өз үйін қарап шыққан жөн», – деді Саурық өзіне өзі. Ауыл жігіттерінің бәрін Саурық атқа мінгізді. Үй іші даңғаза шу, ешнәрсені естіп болмайды. Екі тоқалдың құлағына Саурық әлегі же тіпті. «Біздің үстімізге қатын алғаныңды көрелік, ол қатыныңды жарып тастаймыз», – деп екеуі соғым соятын өткір пышақтарын жарқ-жарқ еткізіп отыр. Осындай бүліктің болатынын ерте білген Айман мырс-мырс күледі. Саурық қатындарына бір-екі рет ақырып көріп еді, тоқтайтын түрі жоқ. Желігіп алған. Саурық: «тұра тұрыңдар, сендердің жазаларыңды беремін. Тоқтатыңдар бүлікті», деп ақырып жіберді. Жоқ іздеген адамдардың бәрі ауылға қайта оралды. Таба алмады. Ауылда да, далада да жоқ. Олардың өздері де аң-таң. Зым-зия болып бұл пәтшағар қайда кетті? Жер астына түсіп кеткендей болды. Үнияны іздеушілердің ішінде шын көңілімен іздегендер де, Саурықтан қорыққанынан іздеген болып жүргендер де баршылық.
Саурық маңайдағы ауыл-ауылдың бәріне кісі жіберіп іздетті. Үнияны көрген-білген бірде-бір жан табылмады. Көрші ауыл адамдары да құлағын түріп отырды. Олар да аң-таң. Саурық лаңын басқа ел әлі ести қойған жоқ. Көпшілігі Үнияға жаны ашып, шын көңілімен іздеу салды. Маңайдағы деревняларына да сұрау салып іздестірді. Онда да Үния жоқ болып шықты. Ұлтарақтың үйіне де кісі жіберді. Ол: «көргем жоқ, білгем жоқ», – деді. Саурық шапқыншысының көзінше: «бейшара бала қайда кетті? Бір жерде өліп қалған шығар. Обал болды-ау. Елге қайырымды, жақсы кісі еді», – деп жаны ашып, ренжігендей көңіл білдірді. Саурық үйінде шыдап отыра алмай, үстіне жанат ішігін, басына құндыз бөркін киіп далаға шықты. Күртік қардың үстімен Үнияның үйінің жанында тұрған Байділдаға қарай жүрді. Бүліншіліктің ішінде жүрсе де, күндегі әдеті бойынша таңертең тоңазыған қазы, қартаға тойып алған Саурық ырс-ырс етеді. Байділданың жанына жақын келіп: – Бұл жерде не ғып тұрсың? Әлгі қатыннан хабар бар ма? Есігін ашып үйіне кірмейсің бе? – Қара құлыпты біреу түнде салып кетпесе... – деп Байділда сөзінің аяғын бітірмеді. – Мүмкін, үй ішінде жатқан шығар. Ашып көрейік, – деп екеуі қораға кірді. Қорадағы жалғыз сиыр мөңіреп, бас жібімен алысып тұр. Байділда қара құлыпты бұзып үйге кірді. Кішілеу-кішілеу екі бөлмені екеуі қарап шықты. Төсек жинаулы, шымылдығы түсірілген, тігіп отырған қара шапанмен іс машинасын жапқан. Күн сайын таңертең жағылатын үй жағылмаған. Салқындап қалыпты. Төргі бөлмедегі жайылған текемет те орнынша жатыр. Үнияның киімдері де төсектің бас жағында ілулі тұр. Жым-жырт бөлме. Байділда төсек астына дейін, бұрыш-бұрыштың бәрін қарап шықты. Үйде жан жоқ. Қараң қалған үйге ұқсайды. Саурық есік жақта тұрып: – Жүр, кеттік. Оны түнде біреу алып кеткен болар, – деп үйіне қайта оралды. Жазғытұрым болды. Күн жылынды. Қар еріп, жер-дүние лайсаң болып жатыр. Сай-саланы қуалап ағып жатқан қар суы. Ауыл жанын бөктерлей ағатын өзен жағасынан шығып, тасып жатыр. Саурықтың сауып отырған сиырларының бір-екеуі суға да кетіп қалды. Бұрын сабылып жататын жүргіншілердің де, ауыл арасы адамдардың да жүрісі су сепкендей тоқтады. Таудан құлаған қар көшкіні Саурықтың бір топ жылқысын басып қалды. Саурық ауылы теңіз ортасындағы аралда қалғандай болды. Ел арасындағы қатынас үзілген Үнияны іздеу де әзірге тоқталды. Жанжақ өткел бермейтін асау толқын. Саурықтың Лепсі қаласына баратын тығыз шаруасы болатын. Оған да бара алмады. Аттарын дайындап, жол ашылуын тосты. Тау бөктерлерінде белес-белесте көк шөп тебіндеп шығып келеді. Көп ұзамай жол да ашылды. Жол әлі сергімеген. Батпақ. Трашпенкемен жүруге болмайды. Саурық қасына бірнеше кісі ертіп, Лепсіге салт жүріп кетті.
Аттың жүрісі өнбеді. Тілерсектен келген батпақты кешіп келеді. Жолаушылар да шаршады. Жолда бір қонып, бұлар Лепсіге шаршапшалдығып, әзер жетті. Жаздыкүні құмырсқадай қайнаған жәрмеңкеде жан жоқ. Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Сай-сала, тау бөктері толы жайылып жататын мал да жоқ. Қала көшесі де тым-тырыс. Шұбырып жүретін бөгде адамдар да көрінбейді. Топ-топ болып, сақа ойнап жүрген балалар. Саурық көшені бойлап келе жатыр. Көздегені өзінің ежелгі досы Ғарифулла деген татар байының үйі. Көсіліп жатқан ұзын көшені бойлап келді де, қара жорғаның басын Саурық сол жақтағы көшеге бұрды. Сыртын тақтаймен қоршап, көк сырмен сырлаған, жұмыр қарағайдан қиып салынған, қызыл шатырлы, жалғыз қабатты үлкен үйдің алдына келіп тоқтады. Терезеден Саурықты көрген Ғарифулла есік алдына өзі шығып досын қарсы алды. Екі дос құшақтасып амандасты. Қар түскеннен бері көріспеген достар амандық сұрасып, құлындай шұрқырасып жатты. Ғарифулла қазақтың әдет-ғұрпын ежелден біледі. Саурықтың үй ішін, бала-шағасын, ауыл аймағын сұрап, оның ішіне кіре сөйлеп отыр. Ғарифулланың Саурықты жақсы көретін себебінің бірі, анау жылы Байсалбайдан ұрлатып алдырған бір үйір шұбар жылқыны арзан бағаға, осы Ғарифуллаға өткізген. Ол жәрмеңкеге келген сәудегерлерге сатып, көп пайда көрген. Саурықтың одан басқа да талай пайдасы тиіп жүр. Сондықтан да бұл екеуі ауыз жаласқан дос. Саурық жаз айларында жәрмеңкеге жиі келіп жүре алмайды. Керекті қымбатты дүниелерді Ғарифуллаға тапсырып қояды. Ол күнде жәрмеңке аралайды. Досына керекті заттарды арзан бағаға сатып алып, қатынасқан адамдардан жіберіп тұрады. Ғарифулла үй іші болып, Саурықты қажыдан келген адамдай күтті. Стол үсті толы татар тағамдары: беляші, тоқаш, самса, пәрәмәш т.б. Ғарифулланың әйелі сары самауырдан шай құйып отырып: – Ашаңыздар, ашаңыздар. Қырда мұндай тағамдар болмайды, – деп қояды. Ғарифулланың үйі бес бөлмелі. Бөлме-бөлме толы кілем. Алуан түрлі қымбат заттармен безелген. Қымбат көрпелер, мамық жастықтар, алтыннан, күмістен құйылған қымырандар. Бес бөлменің бесеуінде де еденге төселген түкті иран кілемі. Қазақ әйелдері тоқыған судай жаңа алашалар үй ішіне көз тұндыратындай көрік беріп тұр. Ғарифулланың әйелінің саусақтары толы зергерлердің өнерлі қолынан шыққан алтын жүзіктер, білегінде білеудей білезік, құлағында алтын сырға. Бұл үйдің түпкір-түпкірінің бәрі байлықтың ізі. – Біздің малайлар монша жағып қойды. Моншаға түсіп алыңыздар, – деп Ғарифулла Саурықтың қалаға келгенде түсетін машығын әбден біліп алған, ол әйеліне қаланың түкті орамалын дайындатты. Саурықтың өзі айтайын деп отырған ойын Ғарифулланың дәл тап қанына ол разы болып қалды. Қонақтар ыстық моншаға түсіп, даланың қызыл гүліндей қызарып, буырқанып, терлеп-тепшіп үйге кірді. Саурық бетіндегі терін сүртіп:
– Қаланың моншасына түссем, ұжмаққа барғандай жеңіліп қаламын. Өн бойым жұмсап, рақатқа батамын. – Үйіңнің жанынан шағын ғана монша соқтырып алмайсың ба? Дәулетің жетіп жатыр. Онда жеті сайын рақатқа батасың, – деп Ғарифулла шын көңілімен айтты. – Дәулетім жетіп жатқаны рас. Бірақ жаздыкүні біз жайлауға көшіп кетеміз. Қыстыкүні моншасыз да күн көреміз. Саурық ертеңінде уездік сот Димогинге барды. Ол кісі кеңсесінде екен. Сот кеңсесі толы адам. Көше айқастыра байланған ер-тоқымды аттар. Сот болып жатыпты. Димогиннің бөлмесінің алдында отырған көмекшісі: – Бүгін ол кісінің қолы тимейді. Ертең келіңіздер, – деді Саурыққа. Ғарифулланың үйіне қайтып келген Саурық ел жайын, биыл қыстың қатты болғанын әңгімелеп отырды. Сөз арасында Терлікбайдың ұрылары екі жорғасын алғаш қар жауған кезде ұрлап кеткенін де әңгімеледі. Екі жорғаның ұрланғанын Ғарифулла бар ниетімен тыңдады да: – Қыстыкүні қалаға келген жүргіншілер, екі жорғаны шанаға жегіп, шет жақтағы бір үйге келгенін біреулер көріп, сіздің аттар екенін таныпты. Ол кісі дереу Димогинге хабарлапты. Сізге атыңыз табылғанын хабарламаған ғой. Осындағы біреудің қорасына байлап қойыпты. Иесі келген соң ақысын төлейді депті. Мен ылғи сол аттарды суат басынан көремін. Аттарды ұрлаған кім екенін соттан білерсіз, – деп ол Саурыққа жақсы хабар айтқанына өзінен-өзі қуанып қалды. – Ат болғанда қандай? Салт мінсең де, шанаға жексең де қамшы салдырмайтын еді. Жүрісі майда, салт жүргенімде шаршамаушы едім, – деп Саурық аттарын мақтап алды. Олардың табылғанына мұртынан күліп қуаныш белгісін білдірді. Димогиннің кеңсесінде Саурық көп отырды. Сот Саурықтың аттарын Терлікбай ұрлатпағанын, Аягөз жағындағы біреулердің ұрлағанын, алғаш қар түскен кезде, калада кім тани қойсын деп, шанаға жегіп келгенін, оны қала тұрғынының біреуіне жемдетіп отырғанын асықпай-саспай айтты. – Ұсталған адамдар қайда? – Аттарды жегіп келген екі кісі біз жол бойында кетіп бара жатқан жүргіншілерден сатып алдық, – деп бет бақтырмағанын, келесі күні осы жерге келген екінші біреулер, бұл екеуінің жолда сатып алғанына куә болған соң, оларды босатып жібергенін Димогин Саурықты сендіре айтты. Саурық аттары жоғалған соң, бір ай өтпей Терлікбай ұрлатты деп сотқа арыз берген болатын. Терлікбай ұрлатпағанына көзі жеткен Саурық арызын қайтарып алғысы келді. Бірақ Димогин арызыңыз архивке кетті деп қайырмады. Димогин Саурықтың арызын алысымен Терлікбайды шақыртып, жауап алғанын да айтты. Саурықтың арызды қайтарып алғысы келгені де, Терлікбайға білдірмеудің амалы еді. Ол Терлікбайды шақырып жауап алғанды естіп, сасқалақтап қалды. «Менің үстімнен арыз жазды. Жала жапты. Ұры деп масқаралады, – деп Терлікбай халық арасында менің беделімді түсіретін болды деп ойлады. Ел арасы бұзылатын болды.
«Қап-қап», – дейді Саурық. Өкінішті жағдай болды. Терлікбай бүлін шілік қайдан шығады деген адамның біреуі. Мына оқиға оның қолына ұстатқан шоқ. Димогин араны ашылған парақор сот. Саурықтың екі атын жегіп келгендер де оның жемсауын толтырып кеткен. Саурық арызын қайтармай отырғанында да гәп бар. Ертеңгі күні бір іске жаратамын ба деген ойы еді. Қазақ байлары өзді-өзі келісе алмаса, сотқа жүгінетінді әдет қып барады. Терлікбай да Саурық мені «ұры» деп жала жапты деп шағыммен келсе, Димогин екі жағынан да пайда тауып қалмақ. Саурықтың әдейі келген жұмысы бітті. Қос жорғасын жетектеп ауылына қайтты. Қоржын толы базарлық. Ғарифулланың қоры мол. Жәрмеңке жабылар кезінде, әртүрлі заттарды қыс кезінде қымбат бағамен сатуға алып қояды. Биыл да сүйтті. Саурық аттанарда қоржындарына қант, кәмпит, қымбат маталар, етік тіккізіп ки деп былғары, тағы да басқа бұйымдарды салып берген ол. Қалада Ғарифулла досының үйінде сыйлы қонақ болған Саурық ауылына келісімен Үнияның төркініне қашып кеткенін естіп, көңілсіз отыр. Ол Терлікбай сырын енді түсінді. Үнияны түн баласында алып қашып кеткен де, соның адамдары болды деп ойлады. «Бұл, оның маған істеп отырған жаулығы. Менің үстімнен ұлыққа өтірік жала жауып арыз беретін кісісің ғой, мен сенің жесіріңді алып кетіп, төсегінің орнын сипалатайын саған дегені Терлікбайдың». Менің Үнияны аламын деп жүрген ойымды ол қалай біле қалды? Елдің ұзын құлағы, қаулаған өсегі оған да жеткен болды. Ел құлақтанып қалды. Қайткен күнде Үнияны аламын. Олай болмаған күнде, болыс басыммен ел алдында масқара боламын. Терлікбаймен ретін тауып сөйлескенім жөн. Оның тілін табуым керек. Әңгіменің түйіні соған тіреліп тұр. Үлкен басымды Терлікбай алдында кішірейтіп, алдымен оның көңілінде қонақтаған өкпені аршитын боламын. Сүйтіп, баяғы қалпымызға келеміз деп түйді ойын Саурық. Әлібек ауылы той-думан. Төлеуге көзімнің тірісінде қалыңдығын алып беремін деген сертін Әлібек орындады. Келін түсіріп, маңайдағы елдің жақсыларының бәрін жинады. Ол тойға Саурық та, Терлікбай да келді. Келмеген Төлеуге жаназа шығарған қазірет болды. Ол сол күні шошып, жүрек ауруына шалдығып, әл үстінде жатты. Басқа молдалардың да үрейі ұшып келе алмады. Некесін ауылдағы қарияға қидыратын болды. Төлеуді Саурық та, Терлікбай да бұрын көрген жоқ болатын. Әлібек құдайым қайта туғызған жалғызымды көріңіздер деп, Төлеуді үлкен кісілер отырған үйге шақыртып алған. Төлеу орта бойлы, қара шашты, қара қасты, аққұба, денелі келген, шымыр жігіт. Ол үйге сәлем беріп кіріп келгенде, отырған жұрт: – Бір Құдайым сақтасын, көп жаса, – деп батасын берді. Саурық тойға ерте келді. Ол Терлікбай үйге кіргенде, орнынан тұрып: «Жоғары
шығыңыз», – деп төр алдындағы отырған орнын ұсынды. Саурық «малжан, бала-шаға, ауыл-аймақ аман ба?» – деп асты-үстіне түсіп амандасты. Терлікбай көңіліндегі кідік тарамады. Ол ернін жыбырлатып, суық амандасты. «Бұл неге осынша жалбақтап жатыр?» – дегендей Терлікбай ашулы көзімен Саурыққа қарады да, теріс айналып, қасында отырған ел адамдарымен жылы жүзбен амандасты. Бұлар ел өмірін әңгімелеп отырды. Сөз арасында, биыл қыс қатты болғанын, мал шығыны, тіпті әуелі адам шығыны көп болғанын әңгімелеп отырды. Саурық көпке дейін бұлардың әңгімесіне араласпай, жастыққа жантайып оқшаулау жатты. Ол Терлікбай алдындағы кінәсін жуып-шаюды ойлады. Үнияны тығып отырғаны, Терлікбайдың үстінен менің асығыс ояздық сотқа арыз беруімнен болды. Соның қарымын қайырғысы келді. Кінә менен. Болыс басыммен мұның аяғына жығылуға болмайды. Басқа бір жолын табуым керек. Ең алдымен Терлікбайға ат-шапан айыбын беремін. Салықтан босатсам, Терлікбай мал құмар, сараң бай. Қолыма бірден түсіп қалуы мүмкін. Саурық орнынан үлкен денесімен тұрып, малдасын құрып, жайланып отырды. Әлібек үйін көзбен шолып өтті. Төр алдындағы шегеге ілулі тұрған масаты кілем үстіндегі қасқыр терілерін көрді. Сөзге араласпақ болып ол: – Мына терілер ылғи арлан қасқырлардың терісі екен. Үлкенін қарашы? – деп қасындағы адамдардың көңілін аудара сөйледі. – Шынында да, үлкен қасқырлардың терісі екен. Биыл бұл пәтшағар лар да көп болды. Топ-тобымен жүрді, – деді отырғандардың бірі. Терлікбай Саурық сөзін естімеген адамдай, сөзге араласпады. Үнсіз отыр. Бір кезде, Саурықты кекетіп:
– Саурық болыстың малдары қыстан семіз шығыпты. Тау ішінде қыстаған жылқылары да аман көрінеді, – деп маңындағыларға қарап, мырс-мырс күлді. Оның айтқалы отырғаны жазғытұры таудан құлаған көшкіннің астында қалған Саурықтың бір үйір жылқысы еді. Саурық та қарап қалмады. Терлікбайдың кейінгі сөзі оның қытығына тиді. – Ол жылқылардың орны ертең-ақ толады. Ел-жұрт аман болсын, – деп Саурық еңсесін көтере сөйледі. – Ел қолындағы жылқыға ие болмай-ақ өз малыңды аман сақтап қал майсың ба? – Терлеке, – деді Саурық, – тойға келіп отырып, сөз таластырмай-ақ қояйық. Жарылмаған шиқанымыз болса, артынан келісіп жатармыз. Екі елдің екі мықтысы, сәл ғана бет жыртыспай, қақтығысып, серпісіп алды. Саурық көпті көрген кәрі тарлан емес пе, жұрт алдында алысберісімізді айтып, елге жайылып кетер деген оймен сөзді тоқтата қойғысы келген еді. Той ат бәйгесінен басталды. Жиналған халықтың көзі бәйгеге кеткен аттарда болды. Көз ұшынан дөңнен асып жалғыз келе жатқан ат көрінді. Ел ананың аты, мынаның аты алда келе жатыр деп елегізіп, дегбірленіп тұр. Гу-гу дауыс. Айқай салып, дүрілдеген адамдар. Алдағы жирен ат екен. Саурық өз атын бірден таныды. Ол да қуанғанынан: «Ой, жануар-ай», – деп дауыстап жіберді.
Бас бәйге масаты кілем жапқан нар түйе. Саурыққа төреші есік пен төрдей үлкен нар түйені жетектеп, бұйдасынан ұстатты. Үстіне жабылған қызыл кілем. Саурық жиналған жұрттың көзінше, түйені жетектеп оң жақтағы топтың ішінде тұрған Терлікбайдың қасына барып, «Халайық, – деді, – баяғыдан бері ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан дәстүр екені белгілі. Аңшы соғып алған түлкісін үлкен адамға байлайды. Менің атым көп аттың ішінен жалғыз өзі дара келді. Осының өзі маған жетіп жатыр. Арамызда үлкен ағамыз Терлікбай тұр. Құдай қосып, тойда кездесіп қалыппыз. Бас бәйгені осы кісіге байлаймын», – деп түйенің бұйдасын ұсынды. Бергенді кім жек керсін. Терлікбай алмаймын деп айтпады. Саурық болыстың өз қолынан берген сыйлығына риза болып қалды. Топырлап тұрған жұртқа: «көрдіңдер ме? Мені болыстың өзі де құрметтейді» дегендей маңындағыларды көзінің астымен шолып өтті. – Саурық, – деді ол, – «Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра», – деп қазақ босқа айтпаған. Сен көргендігіңді білдірдің, – деп бағанадан бері тырысып тұрған Терлікбай бірден жайылып сала берді. – Қазақ баяғы бір заманнан бері үлкенін сыйлаған емес пе? Ішіміз дегі ағамызсыз, – деп Саурық Терлікбайдың осал жерін тапқанына іштей қуанып тұр. Терлікбай түйенің бұйда жібін қасындағылардың біріне ұстатты. Өзі Саурықтың құрған торын бір сәт ойлап кетті. «Сен анадағы менің үстім нен жазған жалған арызыңды жуып-шайғалы тұрсың-ау. Бұл соның кәдесі болды. Саурық тереңнен ойлады. Оның өңешінен өтпей тұрған Үния тұр. «Егер Терлікбайды жібітіп, алақаныма түсіріп алсам, Үния қайда барады?» – деген Саурықтың жаман қулығы екенін, мен де білемін. Қой, ол мәселені кейін түсінісерміз. Алда да күн бар деген оймен ол балуандар күресін қызықтап тұрған адамдардың арасына барды. Той бітті. Ертерек қамдалған Әлібек тойға келген ел жақсыларын құр қайтармады. Оларға қымбат-қымбат сыйлықтар берді. Ел тарады. Кеше ғана думан болып жатқан ауыл құлаққа ұрған танадай жым-жырт болды да қалды. Әлібек анадағы Төлеу оқиғасынан кейін тырысқақ ауруға шалдығып, оң қолынан, оң аяғынан айрылып, төсек тартып қалған. Баласын үйлендірген соң, ауру онан арман меңзей бастады. Төлеу қаладан дәрігер шақыртып та, бақсы-балгерлерге де қаратты. Олардың бірде-бірінің емі шипа болмады. Күннен-күнге нашарлай берді. Әлібектің көңілін сұрай келгендердің бірі қазірет молланың анада жүрегі ұшып ауырған науқастан көтеріле алмай дүние салғанын хабарлады. Бұл хабар Әлібектің денесіне ине сұғып алғандай әсер етті. Ол өзіне-өзі: топырағың торқа болсын. Сенің аяқ астынан дертке ұшырағаныңа біз де кінәліміз. Басыңа барып топырақ та салуға жарамадым. Бүгін бе, ертең бе деп жатқан халім мынау. Құдайға да, өмірге де өкпем жоқ. Төлеуімнің алдында ал деп тілеуші едім, ол тілегім орындалатын болды. Көзім тірісінде оң жағыма келін түсірсем
деген ойым да орындалды. Бір арманым жалғыз баладан немере көре алмай кеткенім», – деп күрсінді. Келімді-кетімді адамдар саябырлады. Әлібектің жанында әйелі мен баласы отыр. Әлібек көп уақыт үнсіз жатты. Аузына тамақ алудан қалды. Көретін қорегі қымыз. Оның өзін де қасықтап қана ішеді. Ол Төлеудің басын, қолын сипады. Оған бұрылып қарады. – Төлешім, – деді Әлібек күңгірт дауысымен, – тілім күрмелмей тұрып, саған айтып кететін өсиетім бар. Жақсылап, ұғынып ал. Жалғыз мұрагерім сенсің. Осы үйдегі байлықтың бәрі сенікі. Шашпай-төкпей ие бол. Шешеңді өзіңе тапсырдым. Сенің екінші әкең Ұлтарақ. Ол сені қайта туғызды. Ол ер жүрек адам көрінеді. Керегінде көмегіңді онан аяма. Көптен бері көрінбей кетті ол. Оған сыйлық тарт. Анада менің берген жылқыларымды Саурық алып қойыпты деп естігенмін. Қысылып қалмасын. Менің өле-өлгенше Ұлтараққа риза болып кеткенімді айт. Дұрыс батасын берді дерсің. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді қазақ. Мен анау-мынау болып кетсем, елдің жақсы адамдарын шақырып, жақсылап қоярсың, – деп Әлібек кемсеңдеп жылады. Әбден қуарып қалған көзден жас шықпады. – Әке, – деді Төлеу, – сіз маған ең соңғы сөзіңізді айтып жатырсыз. Құдайдың өзі сақтасын, тәуір болып кетерсіз. Үмітсіз дүние болмайды. – Ей, шырағым-ай, сен әлі баласың, көптен айналдырған науқас алмай қоюшы ма еді? Менің жұртыма қалып бара жатқан сен аман бол. Өмір деген сағым сияқты тез өте шығады. Құдайдың әркімге өлшеп берген күні бар. Қысқа өмірді жақсы, ойын-сауықпен өткіз. Бірде-бір жанға қиянат жасама. Алдыңнан шығады. Өтірік айтпа. Оның да арты бір-ақ тұтам. Үлкенді сыйла. Онан кішіреймейсің. Мәртебең ұлғая түседі. Ел арасындағы дау-дамайға араласпа. Кемге көмегіңді аяма. Менің осы айтқанымның бәрі өз басымнан өткен. Сырт елге қиянатты көп жасадым. Құдай сол үшін мені жазалады. – Түсіндім. Айтқаныңыздың бәрін қолымнан келгенше орындаймын. Әлібек өмірі ұзаққа бармады. Айналдырған жау алмай қоймайды дегендей, ұзаққа созылған сырқат алдымен тілін күрмеді. Ол қиналып жатып қайтыс болды. Суық хабар маңайдағы ел-елдің бәр-бәріне тез жетті. Ауыл күңіреніп тұр. Жоқтау айтқан әйелдер. Ұлыған ит. Ой баурымдаған жандар лек-лек болып, Әлібек аулына құйылып жатты. Ауыл төбесі қара тұман басқандай түнеріп кетті. Әкесінің өліміне жыламай, сықтамай, қасарып жүрген Төлеу ғана. Ол: «Жылағаныммен әкем тірілмейді, онан да ол кісіні дұрыстап шығарып салғаным дұрыс», – дейді. Төлеу әкесінің айтқан өсиетін бұлжытпай орындады. Бетіне кіршік келтірмей, дұрыстап қойды. Жетісін, қырқын, жылын берді. Зират басын қоршап, ай орнаттырды. Төлеудің әкесіне жасаған ақ пейіліне бүкіл жұрт «көп жаса» деп риза болды. «Бала туса, Төлеудей болсын» деп жұрт аңызға айналдырып кетті. Жыл толмай Төлеудің келіншегі босанып ұл тапты. Оның атын ата сына ұқсас Әлсейіт қойды. «Әкем марқұм немересін көре алмай кеткенін
армандаушы еді» деп Төлеу таңертеңгі шайға отырарда әр уақытта есіне алып отыратын болды. – Менің екінші әкем Ұлтарақ. Оған барып қайтатын да кезім болды. Оған сәлем беруім керек. Жанымды сақтап қалған кісіні ешуақытта ұмытуға тиісті емеспін, – деп Төлеу шешесіне қарады. – Барып қайт, жақсы сыйлық дайында, сені сақтап қалған кісі менің көзіме әр уақытта ыстық көрініп тұрады. Марқұм әкең де аузынан тастамай, ол кісінің ерлігін айтып отырушы еді, – деп шешесі көзіне жас алды. Төлеу әдейілеп Ұлтараққа арнап зергер әкелді. Оған ер-тоқым, жүген, өмілдірік, тоқым, құйысқанына дейін күмістетті. Бала-шағасына деп әртүрлі мата, кәмпит, өрік-мейіз, Ұлтараққа әдейілеп мақпал шапан, қасқыр ішік дайындады. Елге аты шыққан боз жорғаны жемге байлады. Ел жайлауға көшер алдында, Төлеу қасына Сәлімбек деген жас жігітті ертіп, екеуі боз жорғаны жетектеп Саурық ауылына жүріп кетті. Аспан ашық. Шөкімдей де бұлт жоқ. Төбеге көтерілген күн нұрын бүкіл әлемге шашып тұр. Сай-сала, белес-белес жаздыкүнгі күн сәулесіне бөленіп, қырмызы кілемдей көк майса жамылған. Көз тұндырады. Түкті қызыл кілемдей жиі өскен қызғалдақ жер бетіне тамаша бір көрік беріп, кербез қыздардың киген бүрмелі қызыл шағи көйлегін көз алдыңа елестетеді. Әлемнің бәр-бәріне иісті май шашып тастағандай жұпар иісі мүңкіп тұр. Төлеу ат үстінде келе жатып, өзінің сүйген жарының жанында келе жатқандай сезінді. Оның көзіне табиғаттың әдемі көрінісі өзінің сұлу келіншегіндей әсер берді. Тау орманы да балауса жапырақ жамылған. Кеудесін кере аспанға қарай созылып, бой түзеп тұрған сияқты. Тау төбесіндегі қарағайлар көгілдір аспанмен астасып, алтын сәулемен көмкерілгендей әсер береді. Төлеу тауды бөктерлеп, сұлу табиғаттың бастау суындай таза ауасын кеудесін кере жұтып келеді. Бесін болмай Төлеу Саурық ауылына жетті. Шет жақта оқшаулау тұрған шатырсыз тоқал үйдің алдында, тозығы жеткен ескі текеметтің үстінде көсіліп жатқан Өгізбайға: – Ассалаумағалайкүм, – деп сәлем берді де, – Ұлтарақтың үйі осы ма?– деп сұрады. – Уағалайкүмассалам, – деп тосыннан келген кісіден селк ете қалған ол орнынан тұрып, – Ұлтарақ бұл ауылдан орыс деревнясына көшіп кеткен. Бұрын тұрған үйі осы. Қазір біз тұрамыз. Саурықтың суымен кіріп, күлімен шығып жүрміз, – деп ол теріс айналып кетті. – Сіз танымайтын боларсыз. Кейінгі сөзіңізді қалай түсінуге болады? – Қалай түсінсең солай түсін. Екі қолға бір жұмыс. Бағатын сиыр орыс деревняларынан да табылатын көрінеді. Сен де бір байдың баласы боларсың. Оны атқа отырысыңнан болжап тұрмын. – Мен Әлібек деген кісінің баласымын. – Ұлтарақтың тірілтіп алған баласы сен бе? – деп сиыршы Өгізбай сасып қалды.
– Иә, сол бала мен боламын. Саурықтың үйін көрсетіп жіберіңізші. – Осы ауылда еңсесі биік, көзге түсетін үй Саурықтың үйі. – Анау, қызыл шатырлы, ағаш үй Саурықтың үйі болды ғой, – деп Төлеу дөңес үстіндегі үлкен үйге қарады. Төлеу боз жорғаны Сәлімбекке жетектетіп, Саурықтың үйіне келді. Саурық шапанын желбегей жамылып, есік алдында ойқастап жүр екен. Төлеу: «Ассалаумағалейкүм, Сауқа», – деп сәлем берді. Ол болысқа атынан түсіп, қос қолдап амандасты. Саурық Төлеудің бетіне ежірейіп қарады да «Әлекеңнің баласы екенсің ғой: Уағалайкүмүссалем», – деп Төлеудің сәлемін алды. «Үйге кір, шырағым», – деп есікке қарай жүрді. – Төрге шық. Құтты қонағым бол. Мына қасыңдағы баланы таныма дым, – деп Саурық Төлеу өзінің баласындай жас болса да, абыржып қалды. – Бұл Сәлімбек деген жігіт. Менің жамағайыным. Әкесі Торғытты сіз білесіз. Менің әкемнің атқосшысы болған. – Торғыттың баласын сен атқосшы еткен екенсің ғой. – Солай, – деді Төлеу. Төлеу зейінді, зерделі жігіт. Әкесі қайтыс болғаннан бері, оны белді, беделді бай деп есептейтін болды жұрт. Саурықтың абыржып жатқаны да сол. Оның үстіне, Саурық күмістелген ер-тоқымды, ақ боз атты маған сыйлыққа әкелді деп түсінді. Ел адамдары оның қызыл өңешіне қанша тықса да тоймайтын болыс, бұл жолы да боз атқа көзін тігіп отыр. – Жетектеген боз атың сымбатты, сұлу ат екен. Салт мінетін, жүрісі жұмсақ, бесіктегі баладай үстіне мінген кісіні тербететін ат шығар, – деп боз жорғаны мақтай бастады. Саурықтың көмекейін ернінің емеуірінен түсінген Төлеу: «Боз жорғаны маған сыйлыққа әкелдің-ау», – деп отырған болды, бұл кісі», – деп ойлады. – Сауқа, менің жағдайымды жақсы білесіз. Әкем Әлібек қайтыс болар алдында: «Ұлтарақ сенің екінші әкең, одан қол үзбе, беретін көмекті аяма, есінде қалатындай сыйлық апарып бер, жақсы адамға көмектессең қайырымы да болады», – деген еді, әкемнің сол өсиетін орындайын деп сіздің ауылға келген едім. Мен ол кісінің орнын сипалап қалдым. Көшіп кетіпті. Ертең Ұлтарақты іздеп, тауып алмақпын, ол кісінің алдына басымды иіп, алғысымды айтпақпын. Бағанадан бері көңілді отырған Саурық шамданып қалды. Өңі басынан төмен қарай іркіт құйылған кісідей бырысып-тырысып, тыжырынып отыр. Оң жағында шай құйып отырған Айманға қарап: – «Біреудің аты атымен, біреудің аты итімен шығады», – дейді қазақ. Сен атыңды байлығыңмен емес, итіңмен шығарайын деп жүр екенсің. Ұлтарақ ата-бабасынан бері менің есік алдымда байланған ит еді. Сол құлдың алдында, үлкен атағыңды сатып, басыңды иейін дегенің бе? Әкеңнің жолын қуатын ел адамы болады ғой деп үміттенуші едік. Біздің көңілімізден шықпаған екенсің, – деп Саурық ішіндегі мерез құрттай жеп жатқан сайқалдығын бірден Төлеу алдына жайып салды.
– Сауқа, олай демеңіз. Ұлтарақ құл болса сізге құл болды. Маған құл болған жоқ. Менің жанымды алып қалған, жер басып жүруіме себеп болған батыр. Баяғыдан бері батыр адамды сыйлау қазақтың қанына сіңген әдет емес пе еді? Сіз оны құрметтеудің орнына қуып жібердіңіз. Сіздің осыныңыз адамгершілікке жата ма, осыны айтыңызшы? – деп Төлеу жастығына қарамастан болысқа ине шанышқандай тілін сұғыпсұғып алды. – Әлгі, – деді Айман, – сіз баланы ұялтпаңыз. Төлеу дұрыс айтып отыр. Өзіңіз ойлаңызшы, Ұлтарақтың барында малыңызды ит-құсқа жем қылмаушы еді. Батыры – батыр. Біздің малымызды өз малындай қорғаушы еді. Қазір не болды? Шырағым, шай ішіп, тамақ алып отыр, – деп ол Төлеуге аналық ыстық мейірімін білдірді. – Ең жақсы аттарымды ұрлатқан Ұлтарақты мақтамай-ақ қой, – деп Саурық бәйбішесін зекіріп тастады. – Әркімнің жақсы көретін де, жек көретін де адамы болады. Сіз жек көрді деп, басқа ел жек көре алмайды. Ол әркімнің өзіне біткен қасиеті емес пе? Сіз болыссыз, талай адамға тісіңіз батты. Өзіңіз басқарып отырған елдің ішінде, сізді жек көретіндер бар емес пе? Олар сізге қарсы болды деп біз сізге қарсы боламыз ба? Жоқ. Ойласаңызшы, өткен болыс сайлауында сізге қарсы қара тас салушылар көп болды. Дегенмен сіз жеңіп шықтыңыз. Бұл еліміздің белді адамдарының алдында, сіздің беде ліңіз бар екендігін көрсетпей ме? Меніңше зерделі кісі қара адамды кеміт пеуге тиіс. Менің түсінігім, осындай. Ар жағын өзіңіз білесіз? – деп Төлеу тақымдап, тұқырта, сүріндіре айтты. Төлеу жас болса да, ел көріп, жұртпен көбірек араласатындығын, елдің аузында, көңілінде жүрген кейбір жайларын айтып отырғандығын Саурықтан жасырмады. Ол үлкен кісі кіді алып қала ма деп, сескенбеді. Кәрі азбандай Саурық Төлеу айтқан сөздерді шыбын шаққандай да көрген жоқ. Ол өр көкіректене, көтеріле сөйледі: – Шырағым, бала басыңнан болайын деп тұрған жігіт екенсің. Бірақ елдің өсегін жинап әкеліп, менің бетімді жыртқаның, маған ұнап отырған жоқ. Болатын адам ойланып, екшеп айтқаны жөн болады. Сенің әлі желігің басылмаған екен. Ол жастық шақтың белгісі. Үлкен адаммен бұлай сөйлесу бассыздықтың белгісі, – деп ол тигізе, қадай айтты. Бұлардың сөзін мүше-мүшесімен асылған, туралмаған бір астау толы ет көтеріп келген қара жігіт бөліп жіберді. Үйдегі адамдар қынынан пышақтарын алып, ет турап отыр. Пышағы бар сүйгенін жейді, пышағы жоқ тигенін жейді дегендей, Саурық өткір пышағымен ет турап отырып, еттің жылы-жұмсағын аузына салып, қылқып отыр. Төлеу де онан қалмай, көргенін істеді. Саурық басын шұлғып, еңсесімен табаққа түсіп кететіндей еңкейіп отырып жеді. Ет желінді. Шым-шым суға қолын жуған жұрт жамырай далаға шықты Ай сүттей жарық. Күлімдеп тұрғандай әсер береді. Ат байлауышта байлаулы тұрған боз ат, ай сәулесіне астасып, ақ шағаладай көрініс беріп, шиыршық атып тұр. Алуы көп, берісі жоқ Саурық боз жорғаға көзін қадады, «Әттең, мына баланың білместігі. Көргені бар
адам болса ғой, бұл атты маған байлап кетеді», – деп ол Төлеудің жүрісін де, ісін де іштей жақтырмай тұр. Төлеу ертеңінде күн қызбай, салқынмен жүріп кетті. Түс ауа Ұлтарақ тұратын деревняға жақындап қалды. Деревня маңы ала-құла. Теңіздей толқып тұрған көк майсаның арасында, жыртып тастаған, топырағы сыртына шығып жатқан аңыз. Әр жерде аңызға бидай сеуіп жүрген деревня тұрғындары. Жолдың оң жағындағы жылғада жер жыртып, бидай егіп жүрген кісілер көрінді. Төлеу жөн сұрайын деп, аттың басын соларға қарай бұрды. Жақындап келсе, мойнында дорба, қасында орыс жігіті, олай емес бұлай сеп деп жүргенін көрді. Ұлтарақ бұрын бидай сеуіп көрмеген. Ол дорбадан уыстап алған бидайды алақандай жерге себеді. Сергей құлаштай шаш деп үйретіп жүр. Олардың жанында екі атты соқаға жегіп, жер жыртып жүрген Күміс. Ол да жер жыртып машықтанбаған. Соқасы жер бетін тырнап жүр. Оған да Сергей соқаны былай ұста, былай жырт деп үйретіп жатты. Ұлтарақ салт аттыны алыстан көрсе де, Төлеу келе жатыр деп ойлаған жоқ болатын. Егіншілердің қасына жақын келіп, аттан қарғып түсіп, Ұлтарақты құшақтады. – Әкем-ай! Сізді арнайы іздеп келдім. Саурық ауылына барсам сізді осы жаққа көшіп кетті деді. Әзер таптым. Жол үстінде кездескенің қандай жақсы болды. – Төлеу жаным-ай! – деп Ұлтарақ та, оны аймалап жатты. Күміс Төлеуді бұрын көрмеген. Ол Төлеуді осы маңда жүргіншілер көп жүреді, солардың бірі шығар деп аң-таң болып қарап тұр. Таң ата соқаға жегілген аттар мойнын салбыратып, оттап тұра берді. Ол күйеуі нің: «Төлеу жаным-ау!» – деген сөзінен: «Е, анадағы тірілтіп алдым деген Төлеуі болды. Іздеп келген ғой, байғұс», – деп, олардың жанына жақын келді. Сергей де таңданып, дорбасын қолына ұстап, шегініңкіреп, анадай жерге барып тұрды. Ұлтарақ Төлеуді Сергей мен Күміске таныстырды. Ұлтарақ бүкіл деревня тұрғындарына Төлеумен болған жағдайды жыр ғып айтатын. Біреуі сенетін, біреуі «өзінің жанынан шығарып жүрген әңгімесі шығар» деп сене қоймайтын. Сол әңгімелерден естіп, Төлеудің атына қанық болған Сергей Төлеуге қолын беріп, жылы жүзбен амандасты. Жер астынан қазылып алынған адамға қарап, ол селкілдеп, еңкілдеп күлді. – Менің өзім де, іштей сеніңкіремей жүруші едім. Енді міне, сол адам ның қолын алып, амандасып тұрмын. Күліп тұрғаным да сол. Ұлтарақ үйіне көршілері, жора-жолдастары жиналды. Ол екі-үш қойының бірін сойды. Төр алдында отырған Сергей бастаған адамдар Төлеу сыйлыққа әкелген қасқыр ішікті, мақпал шапанды кезек-кезек киіп көріп, «Ұлтарақ, қыстыкүні сені жау алмайтын болды» деп күліп отырды. Есік алдында байлаулы тұрған боз жорғаны, күміс ер-тоқымды көріп: – Ұлтарақ, – деді Сергей, – боз атқа мінгенде сен, малшыға емес, ауылдың байларына ұқсайтын болдың. Нанбасаң, шапаныңды киіп, атқа мінші, көрейік.
– Көріңіздер, – деп көптен бері жорғаға мінбеген Ұлтарақ үстіне шапанын киіп, боз жорғаға мінді де, көшені бойлап, аттың тізгінін жіберіпжіберіп алды. Жорғасы қатты. Көзден жас ағызады. Безілдеп ала жөнелді. Екі құлағын қайшылап, басын ілгері изеп, жануар зуылдап келеді. Боз жорғаның жүрісіне жұрттың айызы қанды. «Үстіне отырған кісі бесікте жатқандай сезінетін шығар», – деп Сергей Төлеуге қарап, адал көңілін білдірді. Қайта айналып келген Ұлтарақ аттан түсіп: – Жануардың жүрісі жайсаң екен, – деп Төлеудің бетінен сүйіп, өзінің қуанышын білдірді. Жиналған жұрт есік алдына отырды. Төлеу әкесінің қайтыс болар алдында айтқан өсиетін, мойныма қарыз болмасын деп бәр-бәрін айтты. Ұлтарақ пен Күміс ел-жұрты, туған-туысқаны көшіп келгендей қуанды. Ұлтарақ іштей: «Шіркін, кіндік кескен жер ыстық болады ғой. Төлеуді көргенде көзіме елім елестеді. Дүние көңілде, сыйласуда ғой. Біз жоқтық қа, жетпеушілікке үйренген кісілерміз, бір күн тойып ішеміз, бір күн қалт-құлт етіп отырамыз. Қысқа көрпені басыңа тартсаң аяғыңа, аяғыңа тартсаң басыңа жетпейді. Қысқа жіп, күрмеуге жетпейдінің сыңары. Істеген жақсылықты ұмытпаған, Төлеу, жарайсың. Саурық малын өмір бойы бағып, қандай жақсылық көрдім? Адам – жылқы сияқты. Кісінеп, шұрқырасып қосылады да, тебісіп айрылады. Сол сияқты аяғында ол мені масқаралады. Айырылыстық. Адам деп Сергейді айт. Діні бөлек болса да, қол ұшын берді. Бізді паналатты. Азды-көпті күн көрісіміз бар. Күміс екеумізге, бала-шағаның қарнын ашырмасақ болғаны емес пе?» – деп ойлап отырды. Төр алдында текемет үстінде, малдасын құра алмай тізерлеп отырған Сергей: – Төлеу, – деді, – жарайсың. Ұлтарақтың жақсылығын ұмытпап сың. Ол біздің деревняға келгелі бір жылдан асып қалды. Еңбек сүйетін, таза адам. Жұмысты ерінбей істейді. Күн демейді, түн демейді деревня сиырының соңында жүргені. Балалары да өсіп қалды. Осы деревняның тұрғындары өзін өте сыйлайды. Өмірде адам баласы біріне-бірі көмек тесіп өткенге не жетсін? Кісінің бірінсіз бірінің күні жоқ. Менің мінетін көлігім жоқ еді, Ұлтарақ екі атын маған берді. Бұрын, алақандай жерімізді жыртатын көлігіміз болмай, әркімнен майын жалдап алып жүретін едік. Қазір өзіміздің атымыз бар. Күн көрісімізге жетеді. Осы деревняда аты, сиыры жоқ үйлер толып жатыр, – деп ол көгілдір аспанға қарап күрсініп қойды. – Сергейдің айтқаны дұрыс. Ұлтарақ әкем көмектеспесе, мен жер басып жүрмеген болар едім. Бұл кісінің жақсылығын мен өмірімде ұмытпақ емеспін. Әке, сіздің қысқа соғымыңыз менің мойнымда екенін де айта кеткім келді. – Рақмет, – деп Ұлтарақ Төлеудің білгендігіне ризалық көңілін тағы білдірді. Жиналған деревня тұрғындары үйді-үйіне тарап жатты. Ұлтарақ Төлеу әкелген қасқыр тонды ілгектен алып:
– Сергей, – деді, – қазақтың ескіден келе жатқан салты бойынша, баласының әкелген базарлығының бағалысын жақсы көрген досына береді. Мына қасқыр ішікті саған кигіземін. Кезектесіп, қыстыкүні жол жүргенде киіп жүреміз, – деп Сергейге кигізді. Сергейдің алмаймын дегеніне болмады. Төлеу төрт-бес күн қонақ болды. Қаланың моншасының да қызығын көрді. Ауылға барған соң, орыс қалаларынан жұмыскер шақыртып, үйінің жанына монша салмақ болды. Деревня халқының көпшілігі сіңірі шыққан кедей екенін де көрді. Бұлардың арасына жалғыз үй Ұлтарақтың сіңісіп кеткеніне қайран қалды. Ол өзінше Ұлтарақты еті тірі, қайда барса да орын теуіп кететін, өз жөнін білетін, ақ көңіл жарқын мінезді кісі деп топшылады. Оған да, оның жолдасы Сергейге де риза болды. Әлібек аулынан Саурық пен Терлікбай бірге қайтты. Саурық Терлікбайдың асты-үстіне түсіп, болмастан жолда, үйіне құрметті қонақ бола кетуге көндірді. Жұмыссыз, ерігіп жүрген Терлікбай асықпай екі тәулік бойы қонақ болды: Барлық екеуінің көкейін тесіп жүрген жайларды асықпай сөйлесті. Ашылмай жүрген жараның аузын ашты. Көңілдерінде бұғып жатқан мерездердің бәрі ортаға салынды. «Бай байға құяды» дегендей, Саурық пен Терлікбай қанша шарпысқанымен, серпіскенімен қарын-бөле болып шыға келді. Екеуі иба-мезірет жасасты. Саурық арыз жазғаны үшін Терлікбайдың аяғына жығылды, ат-шапан айыбын берді. Салық мөлшерін азайтатын болды. Ал, Терлікбай болса, Үнияны өзінің сүйгеніне береміз дегенді желеу етіп, жаралы тажалдай қорқау қасқыр Саурықтың аузына тықпақ болды. Әңгіменің басында шиыршық атып, шарасынан асып төгілген Саурық ашуы тарап еңкілдей күліп, көңілді отыр. Бұрынғы көңілдеріндегі орын тепкен кикілжіңнің бітпей келген жараның емі табылғандай әңгіменің аяғында екі тарлан түйісіп, құшақ тасып айрылысты. Саурық көп кешікпей Терлікбай ауылына баратын болды. Ол жол жүруге дайындалды. Жанына ертіп баратын адамдарын да іріктеді. Мінетін аты, киетін киіміне дейін сақадай сайлады. Саурық дайындықты әбден тәмемдеп, енді жолаушы жүремін деп отырғанда, күтпеген бір жағдай алдынан шықты. Екі жылқышысы, бір сиыршысы бір түнде бала-шағаларын алып, дүр көтеріліп орыс деревнясына көшіп кетіпті. Саурыққа кететіндерін де ескертпепті. Олардың ауылдан сыпырыла көшкені Саурыққа жұмбақ болды да қалды. Баққан малдарын қалып бара жатқан малшыларға түгендеп тапсырып кетті. Кеше ғана жағасы жайлауға кетіп, көңілді жүрген Саурық бүгін әукесі салбырап, көзі қызарып ағаш атқа мінді. Ауылды басына көтеріп бақырып-шақырып жүр. «Малшыларды желіктіріп, қолтықтарына су бүркіп жүрген Ұлтарақ. Орыстарға сүйеніп алып істеп жүрген әрекеті мынау. Орыс қалаларында да сендерге жұмыс табылады. Келіңдер деп шақырған да сол деп, – Саурық оны ұрсып, аузы-мұрнынан түсіп боқтап
жүр. – Болыс деп болыстан именбейді. Ұлтарақ, сен тұра тұр. Жазаңды бергізермін. Ит жеккенге айдатпасам Саурық атым өшсін», – деп бурадай жынын шашып, борандатып жүр. Үйде төсек-орын жинап жүрген Айман Саурықтың зекіріп-кекіріп жүрген ащы дауысын естіді де есік алдына шығып: – Сіз үлкен адамсыз. Қойшы-қолаңмен ұстасып қайтесіз. Олар кетсе, басқасы табылады. Жүріңіз, үйде шай жасалып, дайын тұр, – деп күйеуін қолтықтап үйіне кірді. Саурық таңертеңгі оразасын ашып жатты. Ең кіші тоқалы Жәния шай құйып отыр. Ортаншы тоқалы Ғалия толық адам болатын. Ірк-ірк етіп Айманның төменгі жағында сораптап, кәрден кеседен қызыл күрең шайды ішіп отыр. Үй іші жым-жырт. Кәрден кесенің күміс ақшадай сыңғырлаған үні ғана естіледі. Саурық құлын етін жеп отырып, кегжиекегжие кейін шегініп, арқасын төр алдындағы қабырғаға сүйеді. Оның басы қорғасын байлап қойғандай ауыр тартып барады. Денесі бырысып-тырысып қозғалтпайды. Үй тыныштығын Айман бұзды. Ол бағанадан бері ойланып-толғанып отырған Саурыққа күле қарап: – Малшылардың қалаға қашып жатқаны біздің ауылда ғана емес. Осыдан екі күн бұрын Сегізбай ақсақалдың келіні босанып, сонда қайырлы болсын айтуға барғанымда, олардың да бір қойшысы қалаға көшіп кетіпті. Бұлардың қашып кетуіне өзіміз де кінәліміз. Киіз үйлері тозып біткен. Онысы жамауға да келмейді. Жауын жауса, паналайтын жер таба алмайды. Киіз үйлерінің іші көл-көсір суға толып кетеді. Күз болса желдің өтінде аяқтары су сорды ақжем болып жалаң аяқ жүрген балаларын көресің. Уақытында тиісті еңбегін де төлемейміз. Бүгін, ертең деп созбаққа салып жүрміз. Қашанғы бізден ұрлап ішеді? – деп Айман Саурықтың жанына батыра, сүйегіне жеткізе айтты. – Малшылардың еңбегін төлеуді өзің мойныңа алған жоқ па едің? Енді не оттап отырсың? Әлде, осыларды желіктіріп жүрген өзіңсің бе? Малшылардың балаларына киім әперемін деп мен міндетіме алғаным жоқ, – деп Саурық ұртын бұлтитып, көзін алартып Айманға шап берді. – Жазғытұры еңбегін берейін дегенде, тұра тұр деген өзің емес пе едің? Базарға жүн сатқызуды әдетке айналдырып, соған құнығып алған мен емес, сенсің, – деп Айман шаптығып, ентігіп айтты. – Осы күні өз қатындарымыздан көретін болдық. Бұлар да желігіп бара жатқаннан аман ба? – Қатының желіккен жоқ, сен желігіп барасың. Құдайыңды ұмыттың. Үй толы қатын мен бала, сен солардың үстіне қатын аламын деп ішкен асың бойыңа жұқпай жүр. Түнгі ұйқыдан қалдың. Үйдегі қатындардан да безіп біттің. Бұл бітіспейтін дау айтқалы келеді екен деп Саурық аузына құм құйылғандай, үндемей қалды. Маңайдағы орыс қалаларына барып, қашқындарды тауып әкеліңдер деп, ол Байділда бастаған ауыл жігіттерін атқа мінгізді. Бірақ қуғыншылар екі күн бойы маңайдың бәрін сүзіп шықты. Оларды арғы бетке өтіп кетті деп қойды.
Малшылар арғы бетке кеткен жоқ еді. Олар Саурық іздеу салады, айналасын тінтеді деп үдере көшкен бойы Аякөз маңындағы орыс қаласының біріне барып орын тепкен болатын. Ұлтарақ Үнияны қыстыкүні үйіне апарып тастап кеткеннен кейін көрген жоқ. Баруға жұмыстан қолы тимеді. Малының қысқы шөбін дайындады. Қора-қопсысын, тұрғын үйін жамады, сыртын сылады. Ұлтарақ бағып жүрген малын үлкен баласына тапсырды. Сергей екеуі Күнікей үйіне келді. Ұлтарақ Үнияның ту биесі мен тайын қысқы соғымға деп ала келді. Үния Ұлтарақтың өзіне деген ағалық ыстық көңіліне риза болды. Күнікей қысқа керекті малының шөбін дайындап беретін кісі таба алмай жүрген. Ауылда қолы бос отырған бірде-бір жан жоқ. Бәрі өз шаруасымен жүрген жұрт. Ұлтарақ пен Сергей бірнеше күн бойы Күнікейдің шөбін шапты. Тотияйындай шөпті көк күйінде, көк ала сабағымен қоса маялады. Көп жыл жылқы баққан Ұлтарақ: «Бидайық пен бөтегені жылқы малы бір сабағын қалдырмай жақсы көріп жейді», – дейді Сергейге. Көгілдір шөпті аспанмен тірестіре қораның сыртына үйді. Айнала қоршап тастады. Бұл жердің желі көп болады. Өзен жағасынан жуан-жуан талдарды кесіп әкелді. Тал бұтағын біріне-бірін байлап, мая төбесін басып тастады. Бітірген істеріне өздерінің көңілі толғандай қарап тұрды. «Ертең Саурық Терлікбай үйіне қонаққа келеді екен», – деген хабар үйді-үйді кеулей түсті. Терлікбайдың үлкен әйелі кербез адам. Күні бұрын жәрмеңкеден жібек, мақпал, барқыт, ши барқыт, алуан түсті сәтен, тағы басқа да маталарды алып, сандық-сандықтың бәрін толтырған. Үния келгелі шешесі екеуі Терлікбайдың өзінен бастап, қатын-қалашына, балашағасына дейін киім тікті. Оларды шыттай киіндірді. Терлікбайдың бұл екеуін неге асықтырғанын енді түсінді. Осында келгелі қабағы ашылып, күліп-ойнап, көңілді жүрген Үнияға «Саурық келе жатыр» деген хабар, оның жүрегіне ине шаншып алғандай қадалды. Ішіне тажал елеңі кіре бастады. Ымырт жабылған мезгіл. Үйірілген қара бұлт аспан өңірін бар салмағымен басып алды. Қозғалмастан түйіле түсті. Ашық күндері қабақ шытпай жайраңдап жүрген адамдардың да қабағы жабыңқы. Мол құйған жаңбыр сабалап тұр. Ұлтарақтар Күнікейдің қаймақ қосқан шайын ішіп отыр. Үйдегілерде үрей жоқ. Үйдің терезесінен аждаһа жұтайын деп келе жатқандай сезінді. Үния көзден аққан жасын тыя алмай, үнсіз жылады. Күнікейдің де көңілі босап, қабағын шытып отыр. Сергек отырған Сергей ғана. Ұлтарақ қанаты болса, қазірдің өзінде Саурықтың бетін көрмей ұшып кеткісі келеді. Осында келгелі Үния оқиғасының мән-жайына, қыры мен сырына әбден қанық болған Сергей: – Ренжімеңіздер, қайғырмаңыздар. Біз Ұлтарақ екеуіміз қолымыздан келген көмегімізді береміз сіздерге, – деді. – Біз шай ішкен соң жүріп кетелік. Лепсідегі Сергейдің күйеу баласы ның үйінде боламыз. Керегіміз болып қалғандай болса, басқа біреуге
тапсырмай-ақ, Күнікей, сіз өзіңіз бізге хабар берерсіз. Басқа ешқандай амал жоқ. Мен білмейтін Саурықтың сыры жоқ. Ол бұл ауылға босқа келе жатпаған болды. Ол жауыздың көмекейіне ұялаған жылан бар, – деді Ұлтарақ. – Түн ішінде қайда барасыздар. Жауын болса, мынау. Таңертең ерте жүріп кетсеңіздер де болмай ма? – деді Күнікей шын көңілімен. Ұлтарақ пен Сергей Күнікеймен келісіп, таң сызаттанып қалған мезгілде жүріп кетті. Жауын да толастап қалыпты. Олар кеткен күні түс кезінде нөкерлерін ерткен Саурық та келді. Терлікбай үйіне толы, осы елдің сорпа бетіне шығатын адамдары оны құшағын жайып қарсы алды. Батпақ кешіп келген аттардың құйрығы түйілген, белуарына дейін батпақ болған аттар жаңбыр суымен жүндері үрпиген. Саурық болыс ырғалып-теңселіп үйге кірді. Жауын суы Саурықтың үстіндегі шапанынан өтіп, ішкі киіміне дейін суға малынып, етіне жабысып қалыпты. Саурықтың дәл қазіргі көрінісі жүнін жұлып алған қоразға ұқсайды. Аттарын қораға кіргізіп, атқа бөктерген қоржындарын көтеріп Байділда бастаған бірнеше жігіт үйге кірді. Саурық осыны тосып, ыңғайсызданып отырған-ды. Қарсы алған үйдегі адамдармен әңгімесі де келіспей, қиюы қашып отырған. Ол қолына семіз қоржынын алып: – Жеке, оңаша бөлме болса, мен құрғақ киім кисем, – деп Терлікбайға қарады. Терлікбай орнынан тұрып, көрші бөлмеге барды. Онда жан жоқ болатын. Саурыққа сол бөлмені қолымен көрсетіп: – Жүріңіз, мына бөлмеде ешкім жоқ, – деп Саурықты бөлмеге жалғыз өзін жіберді. Саурық оюланған үлкен қоржынның түбіне түйе жүнінен тоқыған сулығына ораған құрғақ киімдерін киініп, тез оралды. Орнына отырды. Жанындағы ел адамдарын көзімен шолып өтті. Ол, ежелгі әдетінше, сөз бастар алдында ырғалып-жырғалып алды. Өтірік жөтелді. Қалтасындағы шақшасын қолына алып, алақанына бір шөкім насыбай салды да жып еткізіп ерніне құйды. Шырт-шырт түкіріп отырды. Ел болыстың аузына қарап, үн шығармады. – Мал-жан, бала-шағаларың аман жүріп жатқан боларсыздар? – деп Саурық жұртқа қарады. – Құдайға шүкір. Бәріміз де құдай деп жүріп жатырмыз, – деді Терлікбай. Жәрмеңкеден жаңа ғана сатып әкелген судай жаңа дастарқан жайылды. Қойдың сүтінен қайнатылған сықпа, ежігей құрт, шағаладай аппақ шақпақ қант араласқан, ашыған қамырдан пісірілген жұмыртқадай күрең бауырсақты үлкен тегенемен әкеліп дастарқанға молынан шашты. Кесеге салынған сары май, жент қойылды. Өрік-мейізді аямай салды. Сыңғырлаған кәрден кеселер әкелінді. Буы бұрқыраған үлкен сары самауыр келді. Түйе сүті құйылған нарттай қызыл шай ішіліп жатты. Қазақтың шай үстінде алуан түрлі әңгімені қыздыра, еңкілдей айтатын
ежелгі әдеті. Шай келісімен әңгіме қыза бастады. Отырған жұрттың көбіне Саурық тізесі көбірек батқан. Бірақ ол бүгін осы ауылдың құрметті қонағы. Бәрі оның алдында желген түйедей желпілдеп басын шұлғып, не айтар екен деп отыр. Бір-екі шыны ыстық шайды тастап алып болыс сөз бастады: – Бүгін ауылдан таңғы салқынмен шыққан едік. Күн шайдай ашық болатын. Терлекеңнің ауылына жақындай бергенде, қара бұлт жердің астынан шыға келгендей құйып берді. Терлекең шақырған қонақтарын үйіне келгенше, суға түсіріп алғысы келді ме? – деп сөзді қалжыңнан бастады. – Мүмкін ондай да ойымыз болған болар. Елді көп аралайсыз... – деп Терлікбай сөзінің артын бітірмей жұтып қойды. – Елді көп аралаған соң сұлулардың жанына жантаймайтындай қар тайып тұрғаным жоқ. – Соны сезіп айтып отырмын. – Терлеке, сұлу қатынды көргенде, өзің де қарап тұрмайтын боларсың. Сіздің де сырыңызды білеміз, – деп Саурық шай құйып отырған Терлікбайдың әдеміше келген кіші тоқалы Бибиге қарап күлімдеді. – Менің қатынымның қытығына тигің келіп отыр ғой. Ол жер қозғалмаса, қозғала қоймайды. – Өзім де қозғалмайтынын байқап отырмын. Көңіліне қондыра, көзін жеткізе айтса ол кісі де қозғалатын болар. – Біз қанша қозғалсақ та, бұрқансақ та еркек сияқты емеспіз. Сіздер ғой қызыл көрсеңіздер көздеріңізді суғармай кетпейтін, – деп Терлікбай дың тоқалы Биби де қалжың әңгімеге кірісті. Бибидің Саурық пен Терлікбайдың қытығына тие айтқан сөзіне жұрт ду етіп күліп алды. – «Бұра сөйлеген, күлуге жақсы» деп қазақ босқа айтпаған. Біздің қалжыңдасып отырғанымыз көңілді отырайық деген ойымыз ғой, – деп Саурық әңгіменің соңын басқа жаққа бұрды, – жауын малдың да, адам ның да ырысы. Биыл қыстан арық шыққан мал тез оңалатын түрі бар. Жердің шалғыны, суы мол. Біз жайлауға шығуға дайындалып жатырмыз. Осында жүрер алдында жон жақты аралап келген едім, көк майсасы тұнып тұр екен. – Биыл құтты жыл болайын деп тұр. Мұндай жылы сиырдың мүйізі, қойдың құлағы жерден тұтам қарыс шығып тұрған жыл. Аттың ертоқымын алмаса да семіреді, – деп төр жақта отырған ақ сақалы кеудесіне түскен, қатқан қара шал болыс сөзін мақұлдап қойды. – Солай-солай, – деді Терлікбай. Оң жақта бағанадан бері жұрттың айтқандарын үнсіз тыңдап отырған, шашын ұстарамен қырған, жалтыр бас, қошқар мұрынды, ерні дүрдиген, тісі ақсиып, үстіңгі ернінен шығыңқылау келген Терлікбайдың немере інісі Бәкір:
– Мен осыдан екі күн бұрын жәрмеңкеге барған едім. Ішкі жақтан келген сәудегерлермен сөйлестім. Өздері ашық мінезді адамдар екен. Ол жақта көрген-білгендерін бізге жыр ғып айтты. Орыстың қалаларында жұмыскерлер ереуіл жасап жатыпты. Өздерінің иелеріне қарсылық білдірген көрінеді. Ал, деревнядағы халқы да желігіп жүрген көрінеді. Болыс-еке, сіз осыдан не білесіз? – деп Саурықтың бетіне тура қарады. Жұрттың құлағы елең ете қалысты. «Ереуілі несі?» – деді бірінебірі қарап, таңданған жұрт. Ресей жақта патшаға қарсы әлсін-әлсін әр қалаларда өндіріс жұмыскерлерінің көтеріліп жатқанын Саурықтың естігені бар. Оның себебін, әрине, ол түсінген жоқ. Нанға таласып жүрген болар деп қана қойған. Оның түсінігінше, үш жүз жылға жуық патшалық құрған Романов тұқымдары мәңгі-бақи патша тағында отыра бермек. Оған сенімі зор. Ереуілшілердің қызбалығын басуға шамасы келетінін де Саурық жақсы біледі. – Ақ патшаға қол көтерген адамдарды ит жеккенге айдатып жатқан көрінеді. Патша тағында мызғымай отыра береді. Оның жауымен күресуге де күші жетеді. Оны осы жердегі әскер күшінен де байқауға болады. Өздеріңіз де көріп, біліп жүрсіздер, – деп Саурық нығызданып қойды. – Аузыңа май, болыс-еке, ақ патшамнан жазбасын, – деп Терлікбай да көңілін білдірді. – Шаруалар ереуіл шығарып жатыр деген не сөз? – деп осы елдің қазірет молдасы, шоқша сақалын сипады. – «Ереуіл» деген сөздің мағынасын мен түсінбедім. Ол да біздің маңайымыздағы орыс деревняларындағы қожаларына қарсы қол көтерген сияқты бірдеңе шығар. Өздеріңіз де естіген боларсыздар, Верный қаласынан әскер шығып басқан еді ғой, – деді болыс. Шай ұзақ ішілді. Ауыл жайын да, Ресейдегі жағдайларды да әңгімелеп отырған жұрт. «Болыс келеді» деп Терлікбай еліндегі домбырашыларды, әншілерді жинатқан болатын. Дастарқан жиналысымен Терлікбай: – Сауқа! Ет келгенше домбыра тыңдайық. Көптен домбыра үнін тыңдауға қолыңыз тимеген болар, – деді. – Тыңдайық, – деп Саурық қуанып қалды. Тамаққа тойған жұрт үйді-үйіне, ауыл-ауылына тарап жатты. Саурыққа төсекті арнайы дайындалған жеке бөлмеге салды. Түн ортасы ауа басы жастыққа тиген ол, көз ілмей дөңбекшіп көп жатты. Оның есіне ішкі жақта болған оқиғалар түсті. Ұлтарақ сияқты қойшы-қолаңдардың желігіп жүргені де соның ұшқыны ма? Олар қалаға барғанда не бітіреді? Орыстың малын баққаннан басқа, олардың қолынан келетін өнерлері жоқ. Осы бір жағдайлар Саурықтың етіне кірпідей қадалып жатты. Үния есімін есіне алғанда Саурықтың жүрегі соғып кететін. «Дәл қазір ол не істеп жатыр екен? Менің осында келгенімді біліп, болыс қандай оймен жүр, маған құрған қандай торы бар екен деп жатыр ма?» – дейді ол. Саурық таң бозамықтанып қалған кезде көзін ілді.
Кешеден бері Күнікей үйінде жылау-сықтау. Үнияның ішкен асы бойына сіңбей, у ішкендей болды. Ол қайғы-қасірет шырмауында жатыр. Төсектен басын алмайды. Басын орамалмен бүркеп алған. Жылаудан екі көзі ісіп кетті. Жүрегі алқымына тығылып, аттай тулайды. Саурық бейнесі көз алдына елестесе бүйі шаққандай денесі дір етеді. «Бұл тажалдан қайда барсам құтылам, – дейді ол. – Жәрмеңкеге келген біреуге еріп, қашып кетсем бе? Шыбын жанымды қайда қойсам екен?» Күнікейде де зәре жоқ. Қара ымырт жамылғандай түнеріп отыр. «Жалғыз қызымның келешектегі өмірі қандай болады? Үш қатынның үстіне күң болып, Саурықтың отын жағып, күлін шығарып жүре ме? Айдаһар сияқты үш қатынның ысылдаған қолында шырылдаған торғайдай бүрісіп қала ма? Саурықтан құтылатын қандай амал бар?» – деп, Күнікейдің ойы да Үния ойымен сабақтасып жатты. Күнікей үйі бүгін қаралы, алдары толы қара түнек басқандай, бұлдыр. Бұларға жаны ашитын бұл дүниеде бір жан болсашы. Жалғыз Ұлтарақтың қолынан не келеді? Саурыққа қой сен, жас келіншекті қор қылма дейтін жібі түзу бір адам табылмайды. Ылғи азулары кере қарыс, жалмауыздарға толы дүние. Бәрі өз құлқындарынан басқаны ойламайтын, тапа-тал түсте бірін-бірі жеп жатқан бұзылған жандар. Бастары қосыла қалса, бірін-бірі өтірік мақтайтын залымдар көбейді. Дәл осы кез Абай айтқандай: Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, – дейтін заман. Ертеңінде Саурықтың келген құрметіне арнайы дайындалған ойынсауық басталмақ. Кешегі қалың жауыннан соң, жер беті дегдімей, бәйге аттарды жібермеді. Ат тұяғы шашасына дейін батып кететін батпақ. Балуан күресі, «жамбы ату» сияқты өнерлерін ғана көрсетті. Ел ерте тараса да Терлікбай ауылын келімді-кетімді кісілер басып жатыр. Ауылдың қара үйлері мен Күнікей үйінен басқалары қызыққа батып жүр. Саурық құдағиымен амандасамын дегенді сылтау ғып Күнікей үйіне баруға жиналып жатты. Оған базарлық деп әкелген бұйымдарын Байділда артынан алып келетін болып келісілді. Үния жағдайын Терлікбай екеуі бұрынғы келісім бойынша, өз сүйгеніңе баруға ерікті боласың, бұдан былайғы жерде біз сенің жеке өміріңе араласпаймыз дегенді сылтау етіп, ауылға қайтаратын болып уәделесті. Осы сөзді Күнікей мен Үнияға да айтатын болды... Терлікбай мен Саурық ырғала басып Күнікей үйіне келе жатты. Ауыз жаласқан бұлар көңілді. Әр нәрсені әңгімелеп күледі. Күнікей қорасының сыртында үйілген зәулім маяны байқаған Саурық:
– Мына, маяланған шөп Күнікейдің шөбі ме? Осынша шөпті шауып, маялап үйетін еркегі бар ма? – деп Саурық сезіктене сұрады. – Мен ауылда жоқ едім, екі жігіт Күнікейдің шөбін шауып жинап беріп кетіпті. Олардың қайдан келіп, қайдан тұрғандарын білмеймін. Әйтеуір, біреуі орыс деп естідім. – Менің жылқышым болған Ұлтарақтың бір орыс досы бар деуші еді, солар шығар, – деді Саурық. – Ол жерін анықтап сұрамадым. Жесір әйелдің жұмысын істеп берген, не қылған қайырымды адамдар деп ойладым да қойдым. Бұлар Күнікей үйіне келгенде маңайдың бәрі жым-жырт. Бір жан көрінбейді. Кіре берістегі есігі ашық екен. Екеуі сәлем беріп үйге кіріп барды. Күнікей күйбеңдеп үй жинап жүр. Үния көкшіл шымылдықтың ішіндегі төсекте жатқан. Жұпыны ғана екі бөлмелі үй. Саурық бөлме ішін көзімен шолып шықты. Төсек жақтағы қабырғаға оюланған тұс киіз, еденде төселген қара, ақ киізбен оюланған есіктен төрге дейін төселген сырмақ. Сырмақ оюларының үстін қызыл бояумен боялған жуан жіппен көмкеріпті. Өнерлі кісінің қолынан шыққаны беп-белгілі болып тұр. Төр алдында ақ киіздің сыртынан қызыл матамен оюланған қап кигізілген үш-төрт сандық жиналған. Үй ішін жайнатып қойыпты. Саурық сәл уақыт үй ішін тамашалап отырды да: – Құдағи, сізге амандаса келдім. Деніңіз сау ма? – Шүкір, – деп Күнікей аузын жыбырлатты да қойды. Ол қонақтарға үкінің көзіндей үлкен көзін төңкеріп қарады. Маңдайынан төмен түсіп кеткен кимешегін оң қолының саусағымен жоғары ысырып, жөндеді. Ол орнынан тұрып шымылдық ішіне барды. Басын орамалмен бүркеп жатқан Үнияға: «Тұр, шырағым, есік алдына шығып маған көмектес», – деп, өзі алдыңғы бөлмедегі самауырды көтеріп қораға шықты. «Саурық біздің үйге келмей кетпес», – деп таңертең қой өріске шығарда семіз кепе қозыны қораға байлап қойған. Қасындағы көршілерінің бірі қозыны жетектеп әкелді де: – Баталарыңызды беріңіздер, – деді. Саурық сойма деген жоқ. Батасын беріп, нығызданып отыра берді. Асығатын ой онда болмады. Үния қу сүреңі жүрсе де төсектің төменгі жағынан сырғып түсіп, далаға шықты. Үйдегі кісілерді көрмеген болып амандаспады. Қайнағасының алдынан кесіп өтпейтін ол Саурықтан ұялды. Сөз шай үстінде басталды. Үния үйде болмады. Жер ошақ басында ет пісіріп жүрді. Терлікбай қолындағы кесесін дастарқанға қойып: – Келін, – деді Күнікейге, – біз де бір тайпа елміз. Көрген, білгеніміз бар. Атамзаманнан бері келе жатқан дәстүрді ұмытпауымыз керек. Оны саған түсіндіріп жатудың керегі жоқ. Үния болса, Саурық ақсақалдың жесірі. Оны біз алып қашып келіп, аулымызға тығып отырғандай болдық. Ауылдың үлкені, ел арасындағы дауға әділ билік айтып отыратын менің өзіме осы бір жағдай бұл кісінің алдында ұяттау болды. Саурық ел қамын
жеп жүрген болыс. Біз Үния жайын көп ақылдастық. Саурық та, мен де бір шешімге келдік. Үния Саурық аулына қайтатын болсын. Ол жерде өзінің қалаған адамына күйеуге шығуға ұрықсат беретін болды. Егер, күйеуге шықпай Қабділданың түтінін өшірмей отыра берем десе де ерік өзінде. Сауқа, осылай ғой? – деп ол сөздің ұшығын Саурыққа тастады. – Сіз дұрыс айтып отырсыз. Осы айтылғанның бәрін бұлжытпай орындаймыз: жесір біздікі. Арбаға басып зорлап алып кетсек те құдай да, заң да біздің жағымызда. Жесірімізді тығып отырған осы елден атшапан айыбымызды алуға да болар еді. Бірақ елді дауға қалдырып, барымталасқым келмейді. Үния ақылды келін. Ерден кетсе де, елден кетпеу керек. Өз еркімен бізбен бірге елге қайтсын. Оның қолтығына су құйып, желпілдетіп жүрген біреу бар болар. Ондай кісілердің Үнияға жаны ашып жүрген жоқ. Екі елдің арасын алшақтатып, арандатқысы келіп, үйінде тыныш отыра алмай жүрген біреулер бар. Ондай адамдардың өздері көрінбей бұғып жатып, қай жерден шиі шығар екен деп жүрген қушікештер. Оларды тыңдамасын. – Үлкендердің ондай жақсылық ойына қарсы тұрмаймыз. Қарсы болғанда біздің қолымыздан не келеді? Біздің қолымыздан келетін екі көзіміз ғана. Үния да сіздердің айтқандарыңыздан шықпайды. Саурық болыстың үстіне кіруге ұялады. Сіздермен болған әңгімені өзім түсіндіріп айтамын, –деп бағанадан бері зығырданы қайнап отырған Күнікейдің бетіне қан жүгіріп, жүрегі орнына түскендей болды. Саурық көзіне көрінгенді, Күнікейдің әрбір сөзін көңіліне тоқып отыр. Күнікейдің кейінгі айтқан сөзіне риза болып, кеңкілдеп күліп те алды. – Жөнге келген дұрыс, шырағым, – деп Терлікбай да көңілденіп қалды. Үния Саурық пен Терлікбайдың сендіре айтқан сөзіне, берген уәделеріне айрандай ұйыды. Балауса кезінен үлкен айтса, шалыс айтпайды деген мәтел әбден оның көкейіне қонақтаған. Ел басқарып жүрген болыс, бір елдің шалқыған байы теріс айтпас деп ойлады. Олар Үнияның мойнына салатын құрығын, жүрегін жаралайтын қынындағы кездігін, дүре соғатын бишігін дайындап отырғанын ол сезген жоқ. Сиқырлы адамдардың айтқандарына Күнікей де сенді. Кешеден бастарына төнген қайғы-қасірет тарағандай, кеуделерін қапсыра қысқан қырсау босағандай болды. Көңілдері жайрап, өңдеріне қан жүгіре бастады. Үния жол жүруге дайындалып жатыр. Қонақтар аттанып кетті. Үнияның мінгені ала жорға. Басы жұмсақ, елпілдеп тұрған жануар екен. Саурықтан ұялған Үния оқшаулау келе жатқан. Ауылдан алыстап шықты. Саурық көңілі көтеріңкі. Қарққарқ күліп келеді. Бұлардың аяңы Үнияның ішін әбден пыстырды. Түнде ұйқысы қанбаған ол ат үстінде қалғып кетіп келеді. Алдыңғы жақ ұзыннан-ұзақ көсіліп жатқан жазық дала. Көгілдір аспан. Алтын табақтай жарқыраған күн. Жер бетін көмкеріп алған көк майса шалғын. Бойын баурап, меңзеген ұйқысын қашырғысы келіп, Үния аттың басын қоя берді. Ол алға қарай жалғыз өзі безілдете, құйындата жөнелді. Жануардың
жорғасы да қатты екен. Көзден жас ағызып безілдеп келеді. Көптен атқа мінбеген Үния аттың майда жүрісіне айызы қанып, теңіз бетіндегі жалғыз қайықтай теңселіп келеді. Артта қалған Саурықтар көгілдір аспанның сағымына көміліп қалғандай қараңдаған көлеңкесі ғана көрінеді. Ала жорға қызып алған соң басын ілгері қарай сермеп тастап, шұлғып, қос құлағын қайшылап, атқан оқтай ұшып келеді. Төрт аяғын көсіле жорғалап, қамшы салдырмайды. Үния жалғыз өзі алыстап кетті. Ол екі қырдан асып, сайдағы мөлдір сулы, шалғыны мол өзен жағасына жеткенде Саурық басқаша ойлап қалар деп аттың тізгінін тежеп, тоқтатты. Ала жорғаның жоны жаңа жауған қардай ақ көбік. Өн бойы сүмектеген тер. Үния ала жорғаны ауыздығын алмай суғарды. Сайды қуалай соққан самал желге қарсы ұстады. Артта келе жатқан жолаушылар жотаның үстіне шыққанын көрді. Үния үзеңгіге аяғын салып, қос қолдап ердің қасынан ұстап атқа тез мінді. Олар жақындай бергенде ілгері қарай тағы жүріп кетті. Аз да болса тыныс алған ала жорға тыңайып қалыпты. Зу-зу етеді. Үния Саурық ауылына іңір болмай-ақ жетті. Ол басқа жаққа бұрылмай тура өз үйіне қарай жүрді. Жол бойы қатты жүрген аттың аяғына қан түспесін деп аяңмен келеді. Атты таң асырамын дейді ол. Өз үйінің есігінің алдына келіп тоқтады Үния. Сыртқы есікте баяғы өзі кетерде салған жұмыр қара құлып әлі тұр. Ол атты есік алдындағы ағашқа байлап, қалтасынан кілтін алып есігін ашты. Үйдегі заттары сол өзі жинап кеткендегідей тап-тұйнақтай күйінде тұр. Іс машинасына да ешкім соқтықпаған. Ол іле-шала қорасына барды. Сиыры да өз орнында байлаулы тұр. Тек бас жібі ғана басқа екен. Үйіне кіріп, терезе алдындағы май шамын тауып алды. Қалтасынан сіреңкесін алып, шам жақты. Ол күні бойғы жүрістен шаршап, денесі ауырып қалыпты. Қозғалтпайды. «Өз үйім, өлең төсегім», – деп төсегіне қисайып жатты. Көрші үйдің әйелі Сәбира кіріп келді. – Есік алдына шықсам, қора алдында ат байлаулы тұр, сен екенсің ғой келген, – деп бас салып құшақтап, Үнияны бетінен сүйіп, көзіне жас алды. – Мен, апатай, жаңа ғана келдім. – Сен кеткелі осы үйді күзетумен болдым. Сиырыңды уақытында сауып тұрмын. Сен жоқта бүкіл ауылымыз көшіп кеткендей көрінді. Қайтқаның қандай жақсы болды. Біреуге біреу ес қой. – Мен сізді көріп қуанып отырмын. Сағынып қалдым. – Күні бойы жол жүріп қарның ашып қалған шығар. Үйге жүріп шай іш. – Күн ыстық. Тілім аузыма сыймай шөлдеп келіп едім. Сізге рақмет, білгендей екенсіз, – деп Үния орнынан тұрып, осы ауылдың сауын сиырын бағатын Өгізбайдың үйіне барды. Өгізбайдың үйі бір бөлмелі, еңсесі түскен тапал, еденінен топырақ шығып жатқан, тақтай салынбаған үй. Төр алдында жүні қырылып тақырланған жалғыз тулақ жатыр. Төсек-орны да ескі, тозығы жетіп, жүні әр жерден күрпілдеп шығып жатыр. Балалары тыр жалаңаш. Аяқтарын
қара күйедей күс басқан. Есік жақта Өгізбайдың қыстыкүні киетін шұрқшұрқ жыртық тоны ілулі тұр. Ыдыс-аяқ дейтін ыдыс-аяқ та жоқ. – Шырағым, біздің үйде ас құйып ішетін ыдыс-аяқ та жоқ. Айранды сапты аяққа құйып әкелгенімді сынамассың. Сен іше бер. Мен тез шай қойып жіберейін. – Апа, ештеңе етпейді. Ішетін тамақ болса болғаны да, – деп Үния сапты аяқтың сабынан ұстап, қою айранды басына бір-ақ көтеріп ішіп салды, – Шөлдеп келген едім. Айраныңыз қандай тәтті еді? – Өзіңнің сиырыңның сүтінен ұйытылған айран болған соң, тәтті көрінген шығар, – деп Сәбира Үнияға қарап көзін алмай, қуаныш сезімін білдірді. – Ағай қайда, бір жаққа кеткен бе? – Жайылымда жүргенде, кешке таман бір сиыр бұзаулаған екен. Бұзаудың үсті кепкенше тосып тұрған болу керек. Қазір келіп те қалар. Көп кешікпей шаршап-шалдығып Өгізбай да келді. Ол да Үнияны көріп, қуанышын жасыра алмады. – Сен болмаған соң ортамыз төмен түсіп тұрғандай болдық. Келіп қалар деп көп тостық. Күдер үзіп қойған едік. Саурық Терлікбай ауылына кетті деп естігеннен кейін, ол «қадалған жерінен қан алатын адам, алып келмей қоймас» – деп өзім де ойлап едім. Аман жүрсің бе? – Аман-есен келдім ғой. Келешектегі қалым қалай болады? Ол әлі белгісіз, – деп Үния күрсініп қойды. – Аман болсақ, тірі адам емеспіз бе, бір жөні болар, – деді Сәбира. Саурықтың берген уәдесін Үния тіс жарып айтпады. Өмір көрсетер. Құдайдың әркімге жазған бір ырзығы бар шығар. Оны да келешек көрсетер деген ойда отыр Үния. Сәбира жұмысты тез тындыратын пысық кісі. Әлгінің арасында шелпек пісіріп үлгеріпті. Ағаш аяққа салып, мол жасалған шелпекті Үнияның алдына әкеліп қойды. Бұрышта ойнап отырған қара балалар шелпекке лап қойды. Бір-бірден таратып алды да кетті. Сәбира: «ұятсыздар, қонаққа пісірген шелпегімді алып кеткені несі?» – деп балаларына ұрысып жатты. – Ұрыспаңыз, өзіңіз жұмыста жүргенде олардың қарындары ашып қалған болар, – деп Үнияның балаларға жаны ашып кетті. Сәбира шай құймақ болып, күйесі бір елі қара шайнектің қасына отыра бергенде, жамау-жамау көйлегінің бір жері дыр етіп жыртылып кетті. «Көтек, – деді ол, – тозығы жеткен дүние ғой. Біреу келгенде киетін жалғыз жөні түзу көйлегім бар еді, таңертең сиыр саууға кетерде жуып, өренің басына іліп кетсем, арам қатқыр бұзау шайнап-шайнап тастапты», – деп сөйлеп отырды. – «Елде болса, ерінге тиеді, ауылда болса, ауызға тиеді» дейді қазақ. Бір жөні болар. Менде бір көйлектік мата қалған еді. Ертең сізге көйлек тігіп берейін, – деді Сәбираның тәні көйлек жыртығынан жылтылдап жүргенін көрген Үния. – Өзің шаршап келіпсің. Келе сала маған көйлек тігесің бе? Өмір бойы көргеніміз осы ғой, шырағым. Құдайдың салғанын көрерміз.
– Дем алмағанда түні бойы не бітірем? Сіздер малдан қайтқанша тігіп үлгерем де. – Сен жоқта Саурықтың бірнеше малшылары бір түнде үй-ішімен көшіп кетті. Іздеп таба алмады. Қайда кеткендері белгісіз. Олардың кетуіне де, осындай ауыр жағдай себеп болды. Біз де солармен бірге кетейік деп едім, мына қатын бажылдап, көнбеді, – дейді күйеуі. – Қалада танысымыз жоқ. Шиеттей жас балалармен қайда барамыз? Бұл жерде жаман да болса, басымызда күркеміз бар, – деп Сәбира Өгізбайды тағы да қайырып тастады. – Сіздер осында болыңыздар, көршілес отырамыз, ептеп-септеп, селбесіп күнімізді көрерміз, – деді Үния. – Кеше кешке сиыр айдап келіп, Саурық үйінде тамағын пісіріп, үйін жинап жүретін Қадишаға жолығып едім. «Саурықтың Ұлтарақты ит жеккенге айдатпасам атым өшсін деп отырғанын құлағым шалып қалды» дейді. Одан хабарың бар ма? – деп Өгізбай Үнияға қорқынышты көзімен қарады. – Саурықтан ол да шығады. Жоғалған аттарымды төлемей кетті дейтін көрінеді. Оны кеше Терлікбай екеуі жеке қалғанда айтып отырғанын алдыңғы бөлмеде шай дайындап жүрген бір әйел айтты. – Е, сен де хабардар екенсің ғой. Осы әңгімені Ұлтараққа жеткізген жөн болады. Ол да қамданып отырсын. Білмей қалса, төбесінен жай түскендей болады ғой байғұс, – деді Өгізбай. – Оған осы хабарды сізден басқа адам жеткізе алмайды. Елдің бәріне айта беруге болмайды. Біреу болмаса, біреу Саурықтың құлағына жеткізеді. Өгізбай ертеңінде күн шықпай тұрды. Он үш жасар ұлын өзімен бірге ала кетті. Сиырды тау бөктеріндегі биыл мал тұяғы тимеген өріске қарай жайып барады. Төменгі жақтағы жайылымда оқыра шыға бастаған мезгіл. Сиыр малы оқыра тисе болды, оқыралап шыбын жанын қоятын жер таба алмай, өкіріп-бақырып, жын ұрып жүргені. Өгізбайдың да сиырды тау беткейіне қарай жайғаны содан болатын. Оның үстіне жас бала сиырға ие бола алмай, ертеңінде елдің дауында қаламын ба деген ой еді. Өгізбай астындағы шабан торыны баласына мінгізді. Өзі жылқыдан Саурықтың боз дөненін ұстап мінді де қалаға жүріп кетті. Ол Ұлтарақтың үйін тез тапты. Оның үйі жұпыны ғана, тап-таза, тақтай төсеген едені бар, көрпе-жастығы, киім-кешегі бүтін, көз тартатындай екен. Ұлтарақ Өгізбайдың келгеніне қуаныш сезімін білдіріп, асты-үстіне түсіп Күміс екеуі күтіп жүр. Өгізбай: «Ұлтарақтың қалаға көшіп келгені білгендік болған. Өзіне жетерлік тұрмысы бар. Киім-кешектері де бүтін. Үйінде өзіндік жасауы да баршылық», – деп қуанып отырды. Өгізбай естігенбілгендерінің бәрін Ұлтараққа жеткізді. «Саурықтың қулығына найза бойламайды. Қапы қалып қойма», – деп Өгізбай сөзінің аяғын нығыздай түсті. – Малдан босай алмай, саған келе алмай жүр едім, мына жағдай себеп болды да тартып кеттім. Тұрмысыңды көріп отырмын, жаман емес екен, біздің жағдайымыз... – деп сөзінің аяғын бітірмей үнсіз отырды.
– Бұл жерде де шекеміз қызып отырғаны шамалы, бірақ орыстардың ішінде де біз сияқты күнін көре алмай отырғандар бар. Көпшілік қой, біріне-бірі селбесіп жүріп жатыр – Бізде селбесетін де жан жоқ. Бәрі тақыр кедей. Қолында малы болмаған соң қазақтың сәні болмайды. Басқа істейтін кәсібі жоқ. Біз бәріміз Саурықтың аузына қарап отырмыз. – Саурық көрсетпегенді көрсетті. Қыс демей, жаз демей оның малын баққаннан басқа біздің жазығымыз болған жоқ. Ол бізді ит жеккенге айдатам деп, тап-тап береді. Сенің жайсыз хабарды ертерек жеткізгенің дұрыс болды. Біз де өзімізді арашалауға қолымыздан келген амалдарымызды ойластырармыз. Менің жалғыз сенетінім осы қаланың орыстары, Төлеу деген бала да көмектен қашпас, – деп Ұлтарақ сөзін бітірді. – Мен түн қатып, елге қайтайын. Сиырды үлкен балама тапсырып кеткен едім. Баланың аты бала ғой. Ойынға айналып, ит-құс Саурықтың бір малын жеп кетсе де, мені оңдырмайды. Кеш бата, ымырт жабылмай атын тынықтырып алған Өгізбай түн қатып жүріп кетті. Ертеңінде сиыр өріске шықпай үйіне жетті. Саурық кешеден бері ұшы-қиыры жоқ ойда отыр. Ол Үниядан күдер үзбей, құлантаза безбеді. Ол да ойлансын. Мүмкін оның ақылы түсер. Жалғыз әйел шыдап отыра алмайды. Әзірге оны қинамай тұра тұрайын деп ойын түйді. Қазір мен Ұлтарақты ит жеккенге айдатудың жолын іздейін. Ол маған пәле болып жабысты. Өзі кеткенімен қоймай, басқа малшыларымның арасына іріткі салды. Бұлардың есігімді теуіп, бетімен кеткені, менің болыс атыма шіркеу келтіреді. Анадағы бір ойым дұрыс. Он бес атты төлемей кетті десем, кетіп жатыр ол. Саурық тілмәшін шақырып сотқа қағаз жаздырды. Ұлтарақтың мойнында төлемей кеткен он бес жылқым бар. Оларды жылқыға қарамай ұрлатқан. Мүмкін, өзі келімді-кетімді сәудегерлердің біріне сатып жіберген болар. Сондықтан Ұлтарақтан төлемей жүрген малдарымды өндіріп берсеңіздер екен. Егер, төлей алмайтын болса, оны соттасаңыздар екен деп тілмәш жазып шықты. Саурық алдындағы сия сауыттағы сиядан бас бармағына жағып, арыздың аяғына таңбасын басты. Уездік сот бастығы Димогин Саурықтың арызын тергеуді ұзаққа созбады. Әдейілеп хабаршы жіберіп қаладан Ұлтарақты шақыртты. Ұлтарақ жалғыз келмеді. Қасында топталған орыстар, айтылмыш күні келіп жетті. Ұлтарақ Төлеуге де хабарлапты. Құлағын түріп отырған ол да ертеңінде келді. Сот екі күнге созылды. Саурық айтқанынан қайтпады. Ұлтарақтың мойнына салып тұр. Сот болып жатқан кішілеу бөлме лық толы адам. Алдыңғы жақтағы орындықта отырған Сергей: – Ұлтарақтың куәсі есебінде маған сөз беріңізші, сот мырза. – Айтыңыз. – Мен айтсам, Саурық болыстың жылқысын Ұлтарақ төлепті. Әлібек деген байдың сыйға берген он бес атына таңба басып, Саурық мырза
жылқысына қосып алыпты. Ол аттарды маған Ұлтарақ көрсеткен. Осы жерде орысы бар, қазағы бар жиырма шақты адам отырмыз, бәріміз де Ұлтарақтың таза екендігіне куә бола аламыз. Мен солардың бәрінің атынан сөйлеп тұрмын. – Сен ол жылқыларды қайдан танисың? – деп Саурық міз бақпай тұр. Сергей сөзінен кейін, оң жақтағы терезе жақта отырған Төлеуге сөз берді. Ол сот болардан бес күн бұрын Лепсіге келіп, Димогиннің қызыл кеңірдегіне параны тығып-тығып кеткен. – Менің әкемнің Ұлтараққа және оның қасындағы достарына отыз жылқы бергені рас. Оның он бесін Саурық болыстың жоғалған жылқыларының орнына берген. Ол кісі өзінің ай таңбасын салған. Нанбасаңыздар сол аттардың бәрі қазір де Саурықтың жылқысында жүр. – Сіз оны қайдан білесіз? – Мен осында келе жатқанымда, Саурық мырзаның жылқысын аралап шықтым. Біздің жылқының таңбасының жанына аттардың санына Саурық таңбасы басылған. Нанбасаңыздар біреуді жіберіп көріңіздер, – деп отырған жұртты сендіре сөйледі. Саурық Ұлтарақты шынашағыммен түрте саламын да, айдатып жіберемін деп ойлаған. Ол Ұлтарақ орыс қаласынан куәгерлерді, оның үстіне Төлеуді ала келеді деп ойламаған екен. Сот қанша әділетсіз болғанымен, орыс кедейлерінің, оның үстіне Саурықтың мойнына мөлдіретіп салып тұрған Төлеуге сенбеуге болмады. Димогин Саурықтың аттарын қайырып бергенді еске алып, оны қылмысқа тартуға болмайды деген үкімін жариялады. Отырған жұрт ду күлісіп, топырлап далаға шықты. Ұлтарақта да, оның қасындағыларда да қысылып-қымтырылу ізі болмады. Біз көпшілікпіз, Саурықты жеңеміз деген үміт олардың көңілінде мықтап ұялаған тәрізді. Саурықтың өмір бойында сот алдында жеңілгені бірінші рет. Ол сотқа өр көкіректеніп, семіріп келіп, мойны салбырап, арып қайтқанына ызаланды. Көшені бойлап, қасындағы Байділда тағы басқа адамдарымен сұлық келе жатты. Зығырданы қайнап: «Бәлем, Ұлтарақ, тұра тұр», – деп қояды іштей. Ол Ғарифулла досының үйінде түстеніп, ауылына жүріп кетті. Сары сафиянмен астарланған пәуескеде ырғалып келеді. Жарап тұрған аттар құйындай ұшып, тоқтау бермеді. Пәуескеде селкілдеп, тербеліп келе жатқан Саурықта үн жоқ. «Басымның тасқа тиген жері осы ма? Қойшы-қолаңнан жеңіліп, Саурық, саған не болды? Осынша жыл билеп-төстеген ел-жұрттан ұят болатын болды. Келешекте ретін келтіріп, сені, Ұлтарақ, аяғыңнан мықтап бір шалармын», – деп Саурық өзіне өзі тоқтау айтып, басылған көңілін жұбатып келеді. Саурық жолдағы тау баурайында жайылып жатқан жылқысын көре кеткісі келді. Әр сайдағы қостарын аралады. Қыстан арып шыққан жылқыларын көріп: «Жылқы малы тез қоңданады, жарықтық. Жүнін тастап семіріп қалыпты», – дейді ол өзіне. Бір қос жылқының ішінен Ұлтарақтың берген аттарын көрді. Олар басқа жылқыға қосылмай
оқшаулау жүр. Аттардың бірінен-бірі өтеді. Көз тұндыратын ерекше жануарлар. Оларды көргенде Саурық қасындағы атқосшыларына: – Мына аттар Әлібек марқұмның жылқысының тұқымдары. Ерекше жаралған жануарлар екен. Шанаға да, салт мінуге де төзімді, алысқа шабатын аттар екені сырт пішінінен көрініп-ақ тұр, – деп мақтай бастады. – Соттасып жүрген малдарыңыз осылар ма? – деп атқосшы мосқалдау келген, орта жастағы Құлбай мырс етіп күліп жіберді. – Сол аттар, несіне күлесің? Күлме. Мен Ұлтарақты бір қорқытайын деп сотқа шақыртқан едім, – деп өзінің жорта істеген ісі деп түсіндіргісі келді. – Солай болар. Сіз шын кіріссеңіз Ұлтарақтың мойнын бұрап абақтыда көзін жылтырататын едіңіз. – Ауыл адамдарына да осылай түсіндіретін бол. – Мен сіздің қасыңызда атқосшы болғаныма талай жыл өтті. Жаманшылығыңызды көрмедім. Сіздің сөзіңізді сөйлемесем құдай мені атпай ма? Жол жүргенде қасыңыздан тастамайсыз. Сізбен бірге талайталай қызықты көрдім. Қыздардың жанына мен де жантайдым, – деп Құлбай аттың божысын тартыңқырап, Саурыққа күректей тісін ақситып еңкілдей күлді. – Сен бірдеңені қоңырсытайын деп келесің. Ауылға барғанда біреуге айтушы болма. Менің қатындарымның біреуі естіп қалса, екеуміздің де жазамызды береді. – Болыс қорқушы ма еді? Осы уақытқа дейін сіздің сырыңызды ешкімге айтпаған соң, осы жасқа келгенде айта қоймаспын. Ой, талай сырыңыз менің ішімде жатыр, – деп ол болыспен қалжыңдасып қояды. Саурық үйіне түнде жетті. Ауыл шырт ұйқыда жатыр. Қотанда жусап жатқан қой. Айқай салып, қой күзетіп жүрген қойшылардың, үрген иттің дауысы мүлгіп тұрған түн тыныштығын бұзғандай. Бір ғана үйдің терезесінен сығырайған шырағдан шамы бір сөніп, бір жанып тұр. Ол Үнияның үйі еді. Ол Өгізбайдың балаларына елдің киімін тіккенде қалған қалдықтардан құрап көйлек-штан тігіп отыр. Оны байқап келе жатқан атқосшы ғана. Саурық есігінің алдына келіп тоқтағанша пәуескенің ырғағымен қалғып келе жатқан. Үнияның үйінде шам бар десе, Саурық қатындары ұйықтап жатқанда, оны әурелеуден тайынбайды. Ол сырын білетін Құлбай үндемеді. Өзі көрді де қойды. Күн төбеге келгенде Үния, сиыр сүтін жер ошақтағы қазанға құйып жатқан Сәбираға: – Әлгі екі кішкене балаңды маған жіберші. Тіккен киімдерімді өлшеп көрейін, – деді. – Тоқты, Қабыл, қайда жүрсіңдер, мұнда келіңдерші, – деп балаларын шақырды. Екі қара домалақ бала қораның сыртынан жүгіріп шықты. – Үния тәтелерің шақырып жатыр. Барыңдар, – деді. Тоқты мен Қабыл жып беріп үйге кіріп кетті. Үния жаңа ғана тігіл ген көйлектерді оларға кигізіп өлшемеді. Иығын, ұзындығын сыртынан
өлшеді. Дәп-дәл екен. Суға түсіп тазаланып келіңдер. Содан соң киесің дер, – деп екеуінің қолына екі шақпақ қант ұстатты. Қуанғанынан Тоқты мен Қабыл қантты ауыздарына тықты да ауыл сыртындағы өзенге қарай жарыса жөнелді. Екеуі суға түсіп тез оралды. «Бізге Үния тәтем көйлек тігіп берді», – деп екеуі ауылды басына көтеріп, айғайлап жүр. Үсті-басы су-су дірдек қағып үйге кіріп келді. Үния есік жақта ілулі тұрған бет орамалды алып, екеуінің үстін сүртті. Сабынсыз суға дененің кірі кетуші ме еді? Орамал кір-кір болды. Оған Үния ренжіген жоқ. Екеуінің басынан сипап, үстіндегі шұрқ-шұрқ тесілген, етек-жеңі борша-борша, май-май кір көйлектерін шешіп, жаңа көйлекштан кигізді. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дегендей, екі бала қайта туғандай жайнап кетті. Қуаныштарында шек жоқ. Далаға шығып, балаларға жаңа киімдерін көрсетуге асықты. Ұшып кеткілері келіп тұр. Балаларының қуанышына Сәбираның қуанышы қосылды. Оған қызыл сәтеннен мол тігілген көйлек денесіне құйып қойғандай жарасты. Отызға жетпеген Сәбира жасарып шыға келді. Өзі өңді, сымбатты адам. Оның өңін бұзып тұрған жамау-жамау көйлек екен. Ол Үнияға барлық адал көңілімен рақмет айтты. Қуанғанынан байғұстың көзінен жас ыршыпыршып кетті. Кешінде сиырын айдап Өгізбай келді. Күн ұясына батып бара жатқан мезгіл. Есік алдында самауыр қойып жүрген Сәбираны, оның қасында ойнап жүрген екі баласын көріп: – О, сендер әсемденіп қалыпсыңдар ғой. Сендерге жәрмеңкеге барған біреу әкелді ме? – Жәрмеңкеден бізге кім әкеледі? Онда байлар ғана барады. Біздерді олар менсінуші ме еді? Өзіміздің Үния тігіп берді, – деп Сәбира қуаныш сезімін, сүйіспеншілік көңілін білдірді. – Үниядай адам болар ма екен, осы дүниеде? Он саусағы толған өнер. Тек бейшараның бағы ашылмай жүр. Өзіне тең келетін бір жігіт та былса, – деп Өгізбай тамсанып қойды. – Саған да көйлек-бешпет тігіп беретін болды. Бүгін кешке саған ешқайда кетпесін, тігетін киімді өлшеп аламын, – деді. – Оған біз не береміз? Соны ойладың ба? – Қайдан білейін, балаларға қатық етіп отырған жалғыз сиырдан басқа бізде не бар? – Жалғыз сиырыңды беретін шығарсың, – деп Өгізбай әйеліне қарап езуін тартып, жымың етті. – Бос сөйлеме. Үния: «Сіздерден ештеңе алмаймын», – деді. – Олай болса, мен жеңілдім. Түн қараңғысы түсе Үния Өгізбай үйіне келді. Оған: – Жоғары шық, – деп Сәбира ақ көңілімен айтты. – Жоқ, шықпаймын. Мен үйде жалғыз отырмын. Бүгін қозы сойдыр ған едім, ет пісіп тұр, біздің үйге жүріп, тамақ ішіп кетіңіздер. Үния оларды үйіне болмастан ертіп әкелді. Асықпай отырып ет жеді. Үшеуі Саурықтың Ұлтарақты абақтыға жаба алмағанын, оған орыс
шаруаларының, оларға еріп Төлеудің Ұлтараққа жәрдемдескенін әңгі меледі. Кеше күндіз сиыр қайырып жүргенде қалаға қайтып бара жатқан Ұлтарақты, оның достарын көргенін жыр ғып айтты. Ұлтарақ жолда жылқы жайылымына барыпты. Саурықтың жылқысындағы аттарын көрсетіпті. Қасындағы жолдастары сақ кісілер екен, аттардың таңбасына, түсіне дейін, жылқышының аты-жөніне дейін жазып алыпты. Саурық бұл мәселені қайта көтеруден тайынбайды, сол кезде бізге керек болады дейтін көрінеді. – Олар мұндай жұмысты басынан өткізген тәжірибелі адамдар болды, – деді Үния Өгізбайға тігіп отырған бешпенттің түймесін қадап отырып. – Ішінде Сергей деген біреуі бар. Анада, мен Ұлтараққа барғанда да біздің әңгімеміздің ішінде болған. Өзі пысық жігіт. Аздап сауаты да бар. Өз бетіммен оқыдым дейді. Жігіт болсаң сондай бол. Орыстар бір сенген адамына, өл-өлгенше сенетін болу керек. Ұлтарақты жанындай жақсы көреді екен. Ақ көңіл, ақ жарқын адамға ұқсайды. Ол сонда-ақ айтқан, біз бүкіл қаламызбен куә болуға бармыз деп, сол уәдесінен шығыпты. – Орыстар турасын айтатын көрінеді. Қазақ байларының бүкпесі көп болады. Алда-жалда біреуге жақсылық істегендей болса, соның қайыры мын қашан қайырады деп тосып отырғаны, – деді Үния. Саурық көп ойланды, көп толғанды. Құратын ауының, салатын құрығының кілтін іздеді. Төргі бөлмеде жалғыз өзі салқындап, үстіндегі бешпентін шешіп тастап, жұқа шапанын желбегей жамылып шалқасынан жатты. Қарнын сипап, бір кезде өзінен-өзі жымиып күлді. Ол: «Таптым. Өзім елге көрінбей, Ұлтарақ орыс қаласына барып шоқынып кетіпті. Шошқаның етін жейтін болыпты» деп Байділдаға тараттырайын. Мұндай сөз таратуда да Саурықтың найза бойламайтын есебі бар. Қалаға барсаңдар сендер де шоқынып кетесіңдер деп қалаға кетушілерді қорқытудың бір түрі еді. Байділда бұл әңгімені бір-екі адамға ғана айтты. Ауылдың еріккен салбөксе әйелдері бұл әңгімені ел арасына тез таратты. Басында бұл өсекке көптеген адам сеніп айрандай ұйыды. «Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» деп, ел Ұлтарақ шоқынса шоқынған болар, ол Сергей дегенмен жақын дос болып кетіпті» деген әңгіме ауыл-ауылға тарап жат ты. Көпшілік айтса, теріс айтпайды деген сенімде болды. Ұлтарақпен қатынасын үзбеген кісілер үйіне бара қалса, ол үйден тамақ ішуді су сепкендей тоқтатты. Жаңа ғана тамақ ішіп шығып едім дегенді сылтау етіп, ел жайын айтып кетіп қалатын болды. Олардың мұны сын басында Ұлтарақ сезген де, түсінген де жоқ. Таң қалып қана қойды. Ол іштей: «Бұлар жол бойында қайдан тамақ ішеді? Қалаға жеткенше тоқтай қоятын ауыл жоқ. Әлде, көшіп жүрген ауылдардың бірі келіп қала маңында қоныстады ма?» – деп ойлайтын. Қалада жұмысы болып Өгізбай келе қалды. Оны Күміс төріне шығарып сыйлы қонақ есебінде күтті. Қаланың ашыған нанын, сары май салып шай
берді. Ол басында елдің айтып жүрген әңгімесі есіне түсіп, шошынғандай сезінді де шай ішкенде не тұр деп, жайланып отырып шайды да, асқан етін де жеді. Күміс өзінен-өзі таң қалып отыр. «Кейінгі кезде ауылдан келген кісілер біздің үйден дәм татуды су сепкендей тоқтатқан еді. Әлде, олар қала тамағынан шошынды ма?» деп ойлайтын. «Өгізбай алыс жол жүргендіктен қарны ашып, біздің тамақты жеп отыр ма?» – деді өзіне-өзі. Өгізбай тамаққа тойып, жайланып отырып, Ұлтарақ үшін жұмбақ болған жайды жасырмай айтты. Ол өміp бойы біpeyдің төpіне шықпаған адам. Бүгін Ұлтарақтың төрінде отырғанына масаттанып, көңілді отырды. – Сендер не естідіңдер? – деді ол, – Байділда ауыл-ауылға: «Ұлтарақ қалаға барып, шіркеуде шоқыныпты» деген сөз таратыпты. Осы әңгімені сендер білдіңдер ме? – Жоқ, ecтігеніміз жоқ, кейінгі кезде біздің үйге келіп-кетіп жүрген кейбір ауыл адамдары осы үйден дәм татуды тоқтатты. Kүміc eкeyіміз тамақ ауыз тимей кету деген ата-бабамызда болмайтын әдет еді, бұларға не болған деп таң қалатын едік? Енді түcінікті болды. Біздің қандай ет жейтінімізде бұл елдің қандай шаруасы бар? Олардың жаман ойы біздің үйге ауыл жақтан кісілер келмесін, ecігімізді бірде-біp жан ашпасын, араласпасын деген жаман ойы, – деп Ұлтарақ қатты ашуланды. Оның тамыр-тамырындағы қан біткеннің бәpі бетіне жиналғандай қып-қызыл болып кетті. Ұлтарақ тез сабасына түcті. Ауылдағы өсек, оның башайына да келмеді. «Айтса-айта бepcін. Мен бала-шағамды асырайтын, олардың қарындарын ашырып алмайтын орын таптым. Әзірге күн көpіcім бар. Ит үреді, керуен көшеді. Олар да сол сияқты айтады да әбден шаршаған соң қояды. Әңгімесі тыйылады», – дейді ол. Қара халық Саурықтардың қалаға қашып жатқан кісілерді қорқытып, тоқтатудың амалы деп біpтe-біpтe түсіне бастады. Ұлтарақтың ауылмен қатынасы көбеймесе, азайған жоқ. Бұл әңгімені Сергей де естіпті. Ол біp күні кешке таман Ұлтарақтың үйіне келіп: – Ұлтарақ, сен шоқынып, орыс дінін алыпсың ғой. Meн оны неғып естімей, білмей жүрмін? – деп қалжыңдады. – Сенің де құлағыңа тиген екен. – Біp жұмысым болып, қазақ аулына барған едім. Сендер Ұлтарақты үй-ішімен шіркеуге шоқындырыпсыңдар деп маған бой бермеді, Meнің ол өтіpік сөз дегеніме сенбеді. – Шоқынды десе, шоқындым. Өміp бойы жалпаңдап құдайға сиынып келемін. Маған құдай дәулет қондырмады. Әлі тақыр кедеймін. Олар жанынан шығарып айта береді. Не десе, ол десін, осы қаладан кетпеймін. Сен сияқты ажырамайтын дос таптым. Қысылғанда сүйеу болатын қайырымды адамдарды ауылдан кездестірмедім. Өміp бойы Саурықтың малын бағып, қойын құрттап жүрдім. Онан ақыру, зекіруден, жоқтықтан басқа не таптым? – деді Ұлтарақ. Сергей мен Ұлтарақтың әңгімесіне жалғыз сиырын сауып, үйге кірген Күміс те кірісті.
– Ypгeн ит үре берсін. Малшылардан мұндай әңгіме шықпайды. Олардың бос уақыты жоқ. Күні-түні баққаны мал. Бұл әңгіме тамағы тоқ, киімі бүтін, қолы бос, ішкені қымыз, жегені ет, epігіп отырғандардан шығады. Сондықтан ондай әңгімеге құлақ қоймау керек. Құдайға шүкір, бала-шағамызды бағып, соларға біp тілім нанды қалай тауып береміз деп отырған бізде сол елдің қанша шаруасы бар екен? – деп шелектегі сүтін жерге қойып жатып Күміс жүрегінде ұялаған кекті сөзін біp-aқ ақтара салды. Үния Өгізбайға арнап тіккен киімін бітірді. Киім тігіп бер деп келетін ел адамдары саябырлады. Қол босады. Өзінің үй шаруасымен айналысты. Төсек-орнын, сырмағын тағы да басқа үй заттарын далаға шығарып, шаңын қағып жүрген. Оларды бөлмеге кіргізіп, жастықтарының тысын кигізді. Tөceкті әдемілеп жинады. Сырмағын төр алдына жайды. Қол машинасының маңындағы қиқымдарды сыпырды. Оның дөңгелегіне май тамызды. Күн төбеден ауған мезгіл. Үния самаурынын далаға алып шығып, шай қоймақ болды. Үй маңынан шөмшек терді. Самаурынды тұтатайын десе, тұтанбай дымын әбден құртты. Үйден ecкі eтігін әкеліп самаурынның оттығын қоншымен үрледі. От бірден лап етіп жанып кетті. Самаурыннан бықсып шыққан түтін көзін ашытып, көзден аққан жасын сүртіп тұрды. Үйдің сыртынан келе жатқан eкі әйелді көрді. Жақындап келгенде Саурықтың Ғалия және Жәния деген eкі тоқалы екен. Оларға Үния иіліп сәлем берді. Оларды көргенде Үния жанын қоярға жер таппай, жүрегі ұшып қорқып кeтті. Қашқан өңі аппақ қудай болды. Олармен сөйлесуге тілі күрмеліп қалды. Екеуіне қарап, үнсіз серейіп тұрып қалды. Үния «бұл eкeyі босқа келмеген болу керек. Маған келіп ойран салып кeткіcі келген болды» деп ойлады. Оның жүрегіне ине шанышқандай қысылып тұрғаны да сол еді. – Үния, сен бізден қорқып кеттің бе? Біз ceні жеп қоймаймыз, қорық па. Саған киімдерімізді тіккізіп алайық деп келдік, – деп Ғалия өтіpік күліп, мыстан кемпірдей Үнияны арбап тұрды. – Үйге кіріңіздер, жоғары шығыңыздар, – деді сәл есін жинап алған Үния. – Үйіңді тап-тұйнақтай ғып жинап қойған екенсің, қонақ күтіп отырған жоқсың ба? – деп Жәния eкі көзін қадап, Үнияның басқан ізін байқап отырды. – Үйді жаңа ғана жинаған едім, сіздердің келетіндеріңізді білгендей самауырға от салып қойған едім. Менің үйіме кім келсін. Ешкімді тосып отырған жоқпын, – деді Үния. Ғалия денелі, ceміз адам. Үстінде қоңыр шағидан мол тігілген көйлегі бар. Киген қамзолының жиегін айналдыра оқа жапсырылған, кеуде толы қадалған күміс теңге шылдыр-шылдыр етеді. Шағаладай ақ кимешегінің шеті оқамен көмкерілген. Аяғында былғары мәсі. Бір аттам жерге жүргеніне ентігіп ыңқ-ыңқ етеді. Ол үй ішін көзімен шолып, үнсіз отырды. Ал, Жәния отызға жаңа жеткен жас. Жүрісі де пысық, сөзі де тез.
Оның үстінде де мол көйлек, мақпалдан тігілген қамзол, аяғында жұмсақ сафиян мәсі. Ол сәл отырды да келген жұмысын айтты. – Көптен сен ауылда болмай, киейік деген киімдерімізді тіккізе алмай жүрміз. Сенің қолың бос деп естіген соң, сол киімдерімізді тіккізіп алайық деп келдік. – Қолым бос емес. Бірақ сіздер әдейілеп келген соң тікпейім деп айта аламын ба? Маталарыңызды әкеп берсеңіздер болады, – деп Үния самаурыным қайнап қалған шығар деп есік алдына шығып кетті. Буы бұрқыраған самауыр әкелінді. Шай ішіп отырып Ғалия: – Біздің, әлгі, сені үш қатынның үстіне тоқалдыққа аламын деп, әуре болып жүргенін білеміз. Сенің оған көнбей жүргеніңді де сеземіз. Кінә сенен емес. Еліңе қашып та кеттің. Сен қорықпа, біз ол азбанға сені алдырмаймыз. Біздің де төркініміз жай адамдар деп ойламасын. Ертең-ақ олар осында келеді. Біздің арқа сүйейтін адамымыз жоқ деп есірмесін, – деп ол көңіліндегі наразылығын жасырмай айтты. – Маған тыныштық бермей, соңымнан қалмай жүрген өзі. Менде жазық жоқ. Сіздер дұрыс түсінсеңіздер болғаны, – деп Үния кеудесін кере күрсініп қойды. – Оның бұл ойына біз қарсымыз. Осыған сен сенсең болады, – деді Жәния. – Сіздерге сенбегенде, – деді Үния. Екі тоқал бәсекелесіп сандықта жатқан маталарын көтеріп алып келді. Үния олардың денесін өлшеп алды. Оған бір айлық жұмыс. Көз майын жеп күні-түні отыратын болды. – Қайсыңызға бұрын тігетінімді өздеріңіз айтыңыздар. Маған бәрібір екенін өздеріңіз білесіздер, – деді Үния. – Қайсымыздың жасымыз үлкен болса, жол соныкі емес пе? – деді Ғалия. – Жасыңды осы жерде де сатайын деп отырсың ба? Кім зәру болса, соған алдымен тігу керек, – деп Жәния сынған шөлмектей шырт ете қалды. Екі тоқал жаңа ғана «сіз», «біз» деп бірін-бірі сыйласқандай майысып отырған еді. Аяқ астынан бұлқан-талқан болды да қалды. Бірінің шашын бірі жұлатындай болып отыр. Ғалия: «Ой, адыра қалғыр! Сен де менің алдыма түсейін деген екенсің. Көргенсіз, шыққан жерің жаман ғой. Үния, сен мұны тыңдама, менің киімімді алдымен тік. Бұл жалаңаш жүрген жоқ. Зәрумін деп, мен жоқ жерде айтпайсың ба? Үйде кір-кір бұрап-бұрап төсек астына тығып қойған көйлектеріңді жуып алмайсың ба? Жұмыс істеуге де ерінесің, салақсың, киім кие білмейсің», – деп Жәнияны жеп қоя жаздады. – Иә, ондай кір киімдер сенде аз шығар, сенің құс төсегіңнің асты толған кір киім, нанбасаң жүр, мен саған көрсетейін, – деп Жәния да онан қалыспады. Екеуі біріне бірі сөз тигізіп жылап та алды. Үния бүркіттен тығылған үкі сияқты көзі жаутаңдап есік алдында тұр. Олардың сөздеріне арала
сайын десе, екеуі де жынын шашып көпіріп отыр. Ғалия Жәнияға жақын дай түсіп: – Шашыңды жұлып қолыңа берейін бе? – деп шап-шап береді. – Сен шашымды жұлып жатқанда, мен қарап тұрар дейсің бе? Мен де сенің шашыңды жұлуға шамам келеді, – деп Жәния да бақырып жүр. – Апатайлар, ұрыспаңыздаршы, екеуіңіздің киімдеріңізді кезек ті гейін, – деп Үния шаптығып отырған екі тоқалды әзер тоқтатты. Олардың жоқ жерде ұрыс шығаратыны үйреншікті әдеттері екен. Екеуінің татуласа қалуы да шапшаң. Екеуі шаптығысып, шарылдасып, атысып алады екен де, былай шыға беріп, ауыз жаласып кетуі де тез. Үния ең алдымен Ғалияның да, Жәнияның да көйлектерін тігіп бітірді. Екеуінің Үния үйіне келуі де жиіледі. Бірде пішілген көйлекті өлшетеміз деп, енді бірде қамзолдарын өлшетеміз деп келеді. Үния қолынан шыққан, олардың киімдері құйып қойғандай денелеріне қона кетті. Олар Үнияны өз сіңлілеріндей жақсы көретін болды. Тіпті әуелі, барабара сырласатынды да шығарды. Саурық үйінде болып жатқан күңкіл әңгімелерді де Үнияға жеткізіп тұратын болды. Осыдан Үния өзі жөніндегі болған әртүрлі сөздерді, Саурықтың қас-қабағына дейін еститін болды. Киім-кешектері тігіліп бітті. Ол екеуі күн аралата сылтау тауып, Үния үйіне келіп, оған ән салдырып тұратынды машыққа айналдырды. Олар өзді-өзі екі ауыз сөзге келмей қағысып қалса да Үнияға қабақ шытпайтын еді. Бұларға еріп Айман да келіп-кетіп жүрді. Саурық бір жаққа кетсе болғаны, үшеуі ет астырып Үнияны үйлеріне ертіп келетінді шығарды. Бармаймын деуге Үнияның шамасы жоқ. Айманның жақсы көріп, бар ынтасымен тыңдайтыны Абайдың «Сегіз аяқ» әні. Оны қайта-қайта қайталап айтқызады. Ән салуға Үния да жалықпайды. Ән салса, көңілі көтеріліп, жүрегіндегі жара жазылғандай сезінеді. Бесін жақындап қалған кез еді. Үния үйінде жалғыз өзі іс тігіп отырған. Айман біздің үйге келсін деп, баласының бірін жіберіпті. Жалғыз өзі қамығып отырған Үния қуанып кетті. Үстіне іске алар тәуір киімдерін киіп Саурық үйіне барды. Айман бәйбіше көңілді. Қозы сойғызыпты: «Саурық жоқта өзіміз оңаша отырып сауық құрайық. Ол келсе, осы үйде шыбын ұшпайды. Сауық құруды, ән салуды ол кісі жек көреді. Әйелдер өзіміз отырып, өткен-кеткенді айтып, сырласайық». Үния іштей: «Бұл кісінің сырласайық дегені несі?» – деп селк ете қалды. Айманның астарлы сөзінің жұмбағы көп ұзамай шешілді. Ол сөзді бірден бастамай, кимешегінің иегін, маңдайынан тебіндеп көрініп тұрған шашын оң саусағымен ішіне қарай ысырып қойып бір сәт үндемей отырды да: – Менің сендерге айтатын әңгімемді бірде-бір жанға білдірмейсіңдер. – Білдірмейміз. Осы үйде болған әңгімені далаға шығаратын бізді кім деп отырсыз, – деп Жәния мен Ғалия қосарлана дүңк ете түсті. – Сен екеуіңнің ашуларың басылатын күні болар ма? Мен сендерге сенбей отырғаным жоқ. Айтайын дегенім, осы төртеуімізге ғана байла нысты.
– Айтыңыз, апа, ешбір жанға айтпаймыз, – деп Үния да Айманның айтайын деген сөзіне құлағын түріп, өңіне қорқыныш ұшқыны пайда болды. Төрт әйел есікті тастай ғып жапты. Тамақ беріп, күтіп жүрген әйелге: – Дастарқаныңды, ыдыс-аяғыңды жи да үйіңе бара бер, – деп қайтарып жіберді. Айман жөнделіп нығызданып алды. Бөлменің терезесін қымтап, көрпемен жапты. Үния дір-дір етіп, аттай тулаған жүрегі алқымына тығылып, естігенше асығып отыр. – Саурық кеше кетер алдында маған: «Сендер қанша қарыссаңдар да мен Үнияға үйленемін. Егер, оның көнгісі келмесе, оған қолданатын амалды да таптым. Сендер қанша бақырғандарыңмен алған бетімнен қайтпаймын. Құранда мұсылман тұқымына төрт қатын алуға дейін ерік берілген деп молланың өзі айтты. Құдайдың өзі қосқан», – деді. Мен Саурықтың айтқанын сендерге қалай айтамын деп жүр едім, құдай қосып, Саурық екі-үш күнге ел аралап кетті. Сәті бүгін түсті. Мен ести салысымен әкемді шақырттым. Жасы сексенге келіп қалған адам, келе ала ма, жоқ па? Оны білмей отырмын. Осыдан бес-алты ай бұрын барғанымда тың сияқты еді, мүмкін, пәуескеге мініп келіп те қалар. – Біздің әкелеріміз де осал емес. Ертең тәңертең біреуді елге білдірмей жібере қоямыз. Сенімді кім бар? – Ғалия мен Жәния жамырай сөйледі. – Табылады. Сенімді кісі бар, – деді Айман. Үнияның бұл әңгімені естігенде денесі шымыр ете түсті. Шошып кетті. «Менің арқа сүйейтін де, сенетін де ешкімім жоқ. Саурық пен Терлікбай берген уәделерінен шықпады. Алдаған болды. Еліме қайтып барған күнде де Терлікбай Саурық сөзін тастамайды. Мен не де болса, осы үшеуінің айтқанын істеймін. Айтқанымнан қайтпан. Үйде жылап жатқаннан да белді бекем байлап, әлім келгенше тырысып көрейін. Болысқа қарсы тұру маған оңайға да түспес...» – деп ойлады да Үния: – Мен осы әңгіме басталған күннен бастап қарсы болғанымды сіздер білесіздер. Мен айтқандарыңызды бұлжытпай орындайтын боламын. Менің жалғыз сүйенішім сіздер ғана, айтқаным айтқан, – деді. – Төртеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Біз үшеуіміз үстімізге қатын алғызбаймыз дейміз, сен біздің үстімізге тимеймін дейтін бола- сың, – деп Айман ойлаған ойын ашық, бүкпей айтты. – Осынымыз уәде ғой, – деді Үния. – Уәде болса, тарайық. Саурық түн қатып қайтып келуден де тайын байды, – деді Айман. Төртеуі далаға шықты. Ай күндізгідей жарық екен. Мүлгіген, тымтырыс түн. Қорадағы қойлардың пысылдаған үні ғана еміс-еміс естіледі. Үния үйіне жалғыз қайтты. «Қорқақты қуа-қуа батыр қылады» дегендей, Үния да Саурық құрған торына түспеудің амалын өзінше ойлап келеді. Алдағы уақытта бұға бермей, қарсыласуға бел байлады. Өзіне-өзі серт берді. Үйде жалғыз жатпау үшін, қасына Өгізбайдың он жасар қызын
алып жататын болды. Үния түн баласында сергек ұйықтайтынды әдетке айналдырды. Есік алдына Өгізбайдың қасқыр алып жүрген қабаған қара төбетін байлап қоятын болды. Түнде келген-кеткен адам болса, ол қораға кіргізбейді. Үш күн өтіп, төртінші күні дегенде Саурық ауылына оралды. Келесала елінің сорпаға шығар деген шонжар байларын қонаққа шақырды. Үй толған адам. Жас жігіттер зыр жүгіріп, күтіп жүр. Саурықтың ішінде бұғып жатқан ойын келген қонақтар да, үш әйелі де білмеді. Ол өз ойын бірдебір жанға тіс жарып айтпады. Ет пен қымызға бөртіп отырған ақсақалдар ауыл сыртындағы масаты кілем жамылғандай көгілдір төбенің басына ырғалып-жырғалып, жиналып жатты. Шілде айының аптығы малынып киінген қонақтардың етінен өтіп сүйегіне жеткендей пысынатып барады. Беттерінен аққан тер иегінен төмен қарай асып құйылып жатты. Қалталарындағы ұзын ақ орамалдарын алып сүртініп отырған жұрт. Үстеріндегі шапандарын шешіп қойып, кеуделерін самал желге қарсы төсеп отырысты. Елге қонақасы беру Саурықтың сылтауы ғана еді. Оның елді жинаған негізгі себебі Үния жағдайы. Саурықтың жүрсе де, тұрса да Үния көз алдынан кетпеді. Әр уақытта жүрегінде жүрді. Бүгін осы отырған ақсақалдармен ақылдаспақ. «Бір қатынға әлің келмеген соң, болыс болып несіне жүрсің? Қолыңнан келмесе, кезегімізді бер, көнбейтін қатынды көріп алайық», – деп құрдастары қалжыңдайтын болды. Саурыққа осылардың қалжыңы батты. Зорлап алайын десе, үш әйелі үш жақтан үріп қоя береді. Үшеуінің де төркіндері шынжыр балақ, шұбар төс, мықты адамдар. Саурықтың болыс сайлануына да, солардың себебі тиген. Қиямет-қайым қиыншылық жағдайда да көмектесетін солар. Оларды басып-көктеп кетуге болмайды. Ертең ел арасы бұзылады. Онсыз да барымтасыз, дау-дамайсыз отырған ел емес. Талас-тартыс, барымта қайдан шығады деп отырған жұртқа түрткі болғысы келмейді. Зорлықтың арты тұтанып-бықсып жатқан отқа май құйғандай болады. Саурық үстіндегі ақ мақпал шапанын шешіп жанына қойды. Жайланып отырды. Жан-жағын көзбен шолып өтті. Қатындарының бірі келіп қалмасын деп ауыл жақты да байқап шықты. Маңайда жан көрінбейтініне көзі жеткен ол, сақалын оң қолымен сипап сәл уақыт ойланып алды да: – Сіздермен сұхбаттасып алатын өзімнің жеке басыма байланысты бір жайды айтайын деп отырмын. «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме» дейді. Сіздерге айтатын бір сырым бар. Ол сырды өздерің біліп қана қойыңдар. Әзірге сыртқа шығаруға болмайды, – деп Саурық тыңдаушы жұртты ескеріп алды да, әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді. – Менің үш қатыным бар екендігі бәріңізге де белгілі. Қабділда марқұм болғалы міне, бақандай екі жыл болды. Үния келінім жесір отыр. Жасы болса, жас. Жесірімді кімге қиып ауылдан, елден жіберемін. Үнияға үйленемін бе деген ойым бар. Сіздерменен ақылдасуым менің жамандығым да, жасықтығым да емес. Елдің сорпаға шығар жақсыларысыздар. «Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей, осы отырғандарымыз бір ауызды болсақ, қатындар қайда кетер дейсің? Ал, халайық, ендігісін өздеріңіз айтыңыздар, – деп Саурық жұрт қандай кеңес береді екен деп сақалын сипап отыра берді. – Болыс-еке, біз сізге не айтамыз. «Төсекте жан қосылған, төскейде мал қосылған» жақын отырған елміз. Үния келініңіз өнерлі, жақсы кісі деп естиміз. Ондай қатынды елден шығаруға болмайды. Жесір сенікі. Оны аламын деген ойыңды мен құптаймын. Қатын көнбеді дегені несі? Қазір, қатын билеген заман емес қой. Ол қатынды зорлап көндіру керек. Осы елдің ең үлкені мен. Саған батамды беремін. «Аумин», алған бетіңнен қайтпа, – деп ақ сақалы көкірегіне түскен, жасы сексенге таяп қалса да, әлі тың Толғанбай ақсақал шын көңілімен батасын берді. Қысқаш болысының сорпаға шығар ақсақалдары Толғанбайдың айтқанын мақұлдап күмпілдеп отырды. Қымыздың желігі басылмай жиналған жұрт үйді-үйіне тарамады. Төбе басында күн көзіне отырып қалған жұрт шөлдеп қалыпты. Үйге келіп, салқын қымыз ішіп, рақаттанып отыр. Дастарқанға салынған кітірлек бауырсақ жеп жатты. Бесін намаздарын оқып біткен үлкен ақсақалдар үйді-үйіне кеш бата тарай бастады. Жастар сауық құрып, түн ортасына дейін отырды. Ән салынды, домбыра тартты. Үйінде жалғыз қалған Үнияны бармаймын дегеніне қоймай жастар ішіне Жәния алып келді. Ол шырқап ән салғанда бүкіл жұрт тым-тырыс болды. «Ән салсаң Үниядай сал», – деп жастар гу-гу етеді. Бір кезде Үния қолына домбыра алып, «Ақсақ құлан» күйін тартып, безілдетіп отыр. Үния тартқан күйді қызықтап, бөлек үйде Саурық жанында отырған Айман да келді. Жиналған жастар алтыбақан ойнап жатты. Салынған ән, тартылған күй бүкіл ауылды да, сай-саланы да гуілдетіп тұр. Ән-күй қызығына түскен жұрт таң аппақ атқанша тарамады. Ертеңінде Саурық Үнияның үйіне өзі барды. Ол жалғыз бармады. Қасында Байділда бар. Үния олардың келгеніне қысылып-қымтырылған да жоқ. Баяғы қайнаға алдында ұялып бетін орамалмен жауып, теріс айналып кететін әдетін де қойды. Оның бойына ерекше бір күш-жігер пайда болғандай түнеріп тұр. Саурық Үнияның әрбір қимылынан көз алмады. Байділда да оны айналып-үйіріліп жүр. Үния – Саурық өткен жылғы «маған тиесің» деген жаман ойын қайта жаңғырықтырғысы келгенау деп ойлады. Ол бөлмеден шығып қонақтарға шай дайындағысы келді де, есік жақта тұрған самауырынын көтеріп далаға шығып кетті. Байділда шыдап отырмай далаға бірге шығып: – Бізге шай қойып әуре болмай-ақ қой, жаңа ғана үйден тамақ ішіп шықтық, – деп кес-кестеп Үнияның алдынан шықты. – Таңертең келген адам, тым болмаса шай ауыз тиіп кететін қазақ тың ежелден келе жатқан әдеті емес пе? Асықпаңыздар, шай ішіп кетіңіз- дер, – деп Байділданың айтқанына көне қоймады. Саурық Үнияның үйіне кеткенін сезген Жәния мен Ғалия екеуі далада шай қойып жүрген Үнияның жанына келді. – Үйіңе біреулер келіп қалғаннан аман ба? – деді Ғалия.
– Саурық пен Байділда отыр, – деп Үния оларға жасырмай шынын айтты. – Өзіміз де соны сезіп келдік. Сен шайыңды қайната бер. Біз үйге кіре берейік, – деп үйге кетті. Бұл екеуі табалдырықты аттасымен Саурық бір бүліктің шығатынын сезіп қалды. Өзі қара адамның өңі көгеріп-сазарып күре тамыры білеуленіп кетті. Екі тоқалын ала көзімен атып жібергісі келіп отыр. «Менің осында кеткенімді бұл екі жауыз қайдан біле қалды? Үйден шыққанда Байділданың үйіне кеттім деген едім. Бұлар менің аяқ басқанымды аңдып жүрген болды», – деп ойланып қалды. Ғалия мен Жәния ашу қысқан өңдері қып-қызыл нарттай болып, Саурықтың бірі жағына, екіншісі сол жағына барып отырды. Олардың өңдері түні бойы көз ілмей шыққан кісіге ұқсайды. Жан-жағына қарап, Ғалия сәл уақыт ашулы жүзімен Саурыққа бұрылды: – Сіз жесір қатынның үйінде не ғып отырсыз? Сізді де болыс деп, елді басқарады дейді ғой осы жұрт. Үш қатынның үстіне төртінші қатын аламын деп әуре болып, түнде ұйқың, күндіз күлкің жоқ. Біз сізге Үнияны алғызбаймыз. Ол сертімізді құдай алдында да, ел-жұрт алдында да айтамыз. Жүріңіз үйге кеттік, – деп Ғалия кіжіне, бұйыра, ентіге сөйледі. – Екеуің де осы үйден шығыңдар! Мен келінімнің жағдайын білейін деп келдім. – Біз шықпаймыз, осы жерден сізбен бірге кетеміз, – деп Жәния нығыздана, ашу шақыра айтты. – Бәріңіз де шай ішіп кетіңіздер, дайын болып қалды, – деді есіктен кіре бергенде үшеуінің қақтығысып отырғандарын құлағы шалып қалған Үния. Екі әйелдің қақтығысуының аяғы үлкен ұрысқа айналды. Саурық Ғалия мен Жәнияны жерден алып, жерден салып ұрысып отыр. Сөз арасында Саурық «көргенсіздер, ұятсыздар», деп аузына түскен жаман сөздермен екі әйелін боқтап сыбап алды. Сөзінің бір жерінде «үйге барған соң екеуіңнің өнеріңді көрейін, екі бұрышқа байлап қойып, қамшының астына алармын» деп қояды. Оған Ғалия мен Жәния өршелене түсті. Бастарынан сөз өткізбей, олар да «кәрі азбансың» деп салды Саурыққа. Бүгін болыс Үнияға айтайын деген сөзін ұрыс-тартыстың арасында айта алмады. Амалсыздан мойнына су құйылып үйіне қайтты. Бұларға соқтығыса, қақтығыса түсіңдер дегендей, Үния іштей екі әйелдің ісіне көңілі толып, күліп жүр. «Біз саған айттық қой, бұған сені алдырмаймыз» деп екеуі бірінің сөзін бірі тоспай гу-гу етіп, үйдің қабырғасын сындырып жібере жаздап отыр. Үнияда үн жоқ. Ғалия мен Жәния Саурыққа ермей қалған-ды. Шай үстінде өздерінің барлық сырларын, ойларын бүкпей, жасырмай айтты. Шай ішкен соң ба, әлде Саурықты жеңдік деді ме екеуінің ашуы басылып сабасына түскендей болды. Ғалия күрең бауырсаққа сары майды қалайы қасықпен жағып жатып:
– Бұл жерде ешкім жоқ қой. Саурық дейінші, қит етсе, екі ауыз сөзге келмей төрт қатын алуды құдайдың өзі қосқан, құранда солай деп жазылған дейді. Сендердің біреуің құранды оқыдыңдар ма? – деді. – Құран оқитын бізді молдаға беріп кім оқытты дейсің? Ол бізді көндіру үшін тауып алып жүрген амалы болар, – деп Жәния мен Үния қосарлана жауап берді. – Мен де солай ойлаймын. – Қартайған соң, алжып жүрген шығар, түгі, – деп Жәния мырс-мырс күлді. Ғалия Жәнияны тізесімен түртіп қалды. Ол оның ондай сөзді айтпа дегені еді. Ғалияның сырын өзі білетін Жәния үндемей, жым болды. Үния Жәнияны риза көзімен бір сипап өтті де: – Менің бір таң қалатыным, осы кісі төрт қатынға қалай ие боламын деп жүр. Соны ойлады ма екен? – Үш қатынға ие бола алмай жүрген жоқ па? Біз оны сыйламасақ, оның атына, атағына кір келтіргіміз келсе, бізге де жігіт табылар еді ғой, бірақ оның қас-қабағына қарап жүргеніміз жоқ па? – деп Жәния не айтар деген оймен Ғалияға көзін қадай қарады. – Әрине, Саурықтан көрі, бізге қарайтын адамдар көбірек болар. Ол қатын аламын деп оттамасын. Оның ойынша әйелдерде сүйеніш жоқ, сүю жоқ, өз басын қорғау жоқ деп ойлайтын болар. Бізде де сезім бар, бізде де жүрек бар екенін білетін бірде-бір жанды көрмей-ақ қойдым. Мен Саурықты жүрегім жарылып, сүйіп тигенім жоқ, әкем сатты, мен тидім. Осылай емес пе? Адыра қалғыр жаман қатқырдың енді бізге істеп отырғаны мынау, – деп Ғалия шаптығып, көпіріп алды. – Сабыр ете тұрайық, бүгін-ертең Ғалиямен екеуіміздің әкелеріміз де келіп қалар. Олар не айтар екен? Екі күн бұрын менің бауырым осында келіп кетті. Менің әкем Саурықты торға түсіріп, ауыздықтаймын деп жатқан көрінеді. Біздің Жәнияға құда түсуге келгенде төртінші қатын алмаймын деп Саурық ант ішкен көрінеді, – деп Жәния әкесінен келген хабарды айтты. – Сіздердің туысқандарыңыз шын кіріссе, мүмкін Саурық тоқтайтын болар. Ол да адам емес пе? Үлкендердің айтқанын тыңдар, – деп Үнияның жабық көңілі көтеріліп қалды. Ол бойына ерекше бір күш біткендей сезінді. Шай жиылмай үйге Айман кіріп келді. Оның үстінде айқара жамылған қара мақпалдан тігілген шапан, басында айнала оқаланған кимешек, аяғында былғарыдан оюлап тігілген мәсі. Ол бірден төрге шығып отырды. – Сен екеуің қайда кетті деп іздеп жүр едім, осында екенсіңдер. Әлгі үйге терісіне сыймай, ісініп, қабынып келді де, көк жорғаны ерттетіп мінді де, бір жаққа жүріп кетті. Қайда кеткенін де айтпады. Ашуланған себебі де маған жұмбақ болып қалды. Сен екеуің бірдеңеге ашуландырған жоқ па едіңдер? – деді Айман Ғалия мен Жәнияға қарап. – Біз үй сыртында отырғанбыз. Ол Байділданы ертіп үйден шықты да, Байділданың үйіне кірді. Онда көп отырған жоқ, іле-сала қайта
шықты. Тура осы үйге кетіп бара жатқанын байқап отырдық та, біз де ізінше осында келдік. Біздің Үнияға жанымыз ашыды. Оның үстіне екеуі қосылып Үнияның есін шығара ма деп қорықтық, – деді Ғалия. – Мен отыра беріппін. Ол екеуінен опасыздықтың бәрін күтуге бо лады. Әлгімен сендер ұрысқан жоқсыңдар ма? – Аздап шайқасып алдық, – деді Жәния. – Е, бәсе! – Бізге бұл үйден шығыңдар деді. Біз шыға қоймадық – деді күліп Ғалия. – Ол үйге бақырып-шақырып, біреуді боқтап кірді. Мен оған үндемедім. Өшін менен алар деп далаға шығып кеттім. Ол бұл үйге келе бермеуші еді, бір сойқандықты бастайын деп жүр. Кеше біздің үйге жиналған қонақтарды төбе басына жай алып кетпеген екен. Солардың ішінде болған біреудің айтуы бойынша, ол үлкен ақсақалдармен Үния жайын ақылдасқан көрінеді. Үния менің жесірім. Оны мен аламын. Баталарыңды беріңдер депті. Толғанбай шал батасын беріпті. – Ол қақпасқа не керек екен? – деп Ғалия Толғанбайға тіл тигізе сөйледі. – Ол шалда не ырық бар дейсің? Алжып жүрген шығар. Болыс айтты болды дейтін болар ол, – деді Жәния. – Асықпаңдар, ештеңе естімеген адамдай отыра берейік. Артын күтейік. Біздің ақсақалдар да келіп қалар, – деді Айман. Үнияда үн жоқ. Құдайдың салғанын көрермін. Саурықты тоқтату бізге қиын. Бірақ, ол қақпасқа өліп тимесем тимеспін. Арқа сүйерім осы үшеуі. Бұлар күйеуінің төртінші қатын алуына қарсы, білектерін сыбанып кіріскен көрінеді. Не де болса, артын тосайын деп Үния ойын тағы да түйді. Саурық ертеңінде күн төбеге келгенде үйіне қайта оралды. Кешегі аптығы басылған. Жібектей жұмсарған. Көңілі де көтеріңкі. Уыздай сары қымыз ішіп отыр. Оның қас-қабағына қараған Айман сырлы тоста ғанға қымыз құйып беріп отыр. Сыртта ат дүбірі естілді. Ауыл жігіттері біреулерге сәлем беріп, аттан түсіріп жатты. Саурық сырлы тостағанға құйылған қымызын дастарқанға қойып: – Қонақ келіп қалды ма? Ат дүбірі, сөйлеген кісілердің дауысы естілді. – Келді ғой деймін, – деп Айман далада шыққан қарт әкесінің дауы сын танып, «Дәл, дер кезінде келгенін қарашы», – деп іштей қуаныш сезімін білдірді. – Ассалаумағалайкүм, – деп бір топ адам үйге кірді. Саурық оларға орнынан тұрып сәлем берді. «Төрге шығыңыздар» деп абыржып қалды. Келген Байсалбай Айманның, Садыр Ғалияның, Нұрбек Жәнияның әкелері – Саурықтың қайын аталары. Саурық не айтарын білмей, басын шұлғып: – Аман-есенсіздер ме? Ауыл-аймақ аман ба?.. – деп шұбыртып аман дық сұрап жатты.
– Аман-есенбіз, – деп үшеуі жарыса, қосарлана жауап берді. – Ел тыныштық па, әйтеуір? – Ел тыныш болмағанда қайда кетер дейсің? – деді Байсалбай. – Тыныштық болса болды да, үшеуіңіз келісіп келгендей, бірігіп келгендеріңізге секем алып қалып сұрап отырмын, – деді Саурық өзінің абыржып қалғанын жасырмай айтты. – Сенің үйіңде тыныштық бұзылған деп естідік. Біз қоныс аударып, үш ауыл біріне-бірі жақын қонды. Сондықтан үшеуіміздің басымыз қосыл ды. Қыстыгүні алшақ-алшақ отырсақ та жаздыгүні жақындасып, қатар, көрші отыратын, баяғыдан ата-бабамыздан келе жатқан әдетіміз, – деп Байсалбай Саурықтың жанына тие бір сүйкеп өтті. Саурық тұнжырап, шамданып қалды. «Бұлар үшеуі бірдей маған жөн көрсетіп, ақыл айтайын деп отыр ма? Қатын алу әркімнің өз еркі емес пе? Қатындарды асырай алатын дәулетім болса, алмағанда қайтемін!» – деп Саурық түнеріп отыр. – Шөлдеп келген шығарсыздар, қымыз алыңыздар, – деп Айман қонақтарға тостағанға құйып қымыз ұсынды. Көзін қыдырта қарап Байсалбай отыр. Садыр мен Нұрбек қабақтарын шытып Саурықтан көз алмады. Қымыз ішіліп бітті. Дастарқан жайыл ды. Кәрден кеселер, шай қасықтар әкелінді. Басқа тағамдар әкелініп, дастарқанға мол төгілді. Шай ішіліп жатты. Байсалбай ақсақал шашын ұстарамен қырдырған, басы тап-тақыр, сақалы екі иегінен қосарлана өскен айыр сақал, үстінен ат өтіп жатса да қозғалмайтын байсалды, күлмейтін ызғарлы адам екен. Саурықтың әрбір қимылын бағып отыр. Садыр мен Нұрбек Байсалбайдың қас-қабағына қарап «сөзді үлкен кісі бастасын» деп сұғанақтанбай үнсіз ойланып отыр. Байсалбай жастыққа сүйеніп, жантайып жатты. – Атқа көптен мінбеген едім, мына күннің ыстығында, денем ауырып қалыпты, – деді Байсалбай. – Сіз тұрғай, біздің де денеміз салқа-салқа болды, – деді Нұрбек. – Пәуескеммен шығамын ғой деп едім, бір дөңгелегінің күпшегі жарылған екен, кеше ғана қаладағы ұстаға жіберген едім, – деді Байсалбай. – Пәуескеңізді жөндетіп әкелгенше тоса тұрмадыңыз ба? – деді Саурық. – Оны тосатын жағдай болмады. Сен маған, Садыр мен Нұрбекке берген уәдеңнен тайып, үш қатынның үстіне тағы тоқал аламын деп әлек салып жатыр деген хабар естіп келдік, – деді Байсалбай. – Оны қайдан естідіңіздер? – Ел құлағы елу емес пе? Ауыл мен ауыл іргелес, өрістегі малы аралас жатқан жоқ па, бізге де жетті. Шыныңды айт. Ішіңе бүгіп қалушы болма. – Шынымды айтсам – жесір менікі. Үнияны елден шығарғым келмейді. Төртінші қатын етіп Үнияны алғым келеді. Оны кімге қиямын. Сіздермен өзім де ақылдасамын ба деп жүр едім, келіп қалдыңыздар. Біздің елдің ақсақалдары менің ойымды мақұлдап отыр.
– Жоқ, біз сенің ол тәлкегіңе көне қоймаймыз. Үш қатынның үстіне қатын алуыңа қарсымыз, – деп жантайып жатқан Байсалбай орнынан тұрып малдасын құрып отырды. – Байсекеңнің айтқанын біз де қолдаймыз, – деп Садыр мен Нұрбек жамырай сөйлеп кетті. – Менің шешімім осы. Сіздердің ойларыңыз белгілі болды. Мен де сіздердің айтқандарыңызды құптай алмаймын. – Сенің ел арасына іріткі салғың келіп отыр ғой. Кейінгі болыс сайлауында сенің қарсы адамдарыңды жеңіп берген мына біз болатынбыз. Ертең сайлау қайта келгенде, сүйенетін адамдарыңды жоғалтып алайын деп отырсың ғой. Сенің мұның ақылдылық емес. Адам боламын, ел билеймін десең, өзің сүйенген ағашыңды кеспе. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» дейді. Біз бір тайпа елді билеп-төстеп отырған адамдармыз, бізден айрылып қалып жүрме. Қасыңда жатқан үш қатының да Үнияны алуға қарсы көрінеді. Үшеуі үш жағыңнан ала түссе не істемексің? Біз сенің тыныштығыңды ойлап, ақылымызды айтайық деп келдік. Жесір менікі дейсің, жалғыз ғана қатыны бар Байділданы қайда жібересің? – деп Байсалбай Саурықтың қышыған жерін шымшып алды. – Байділдаға жуықта ғана қыз алып бердім. Ол алмайтын болды. – Өзің шәңкі екенсің: Қатын көрсең көзіңді сататын, – деді Нұрбек алқымына тығылған, тебіндеп келе жатқан ашуын сыртқа шығара, алқына сөйлеп. – Осы дүниеде сұлу қатыннан қашқан кісіні көрсемші? – деп Саурық қарсы дау айтты. – Бізде екі қатыннан ғана бар, сен құсап үш қатынның үстіне төртінші қатын аламыз деп отырғанымыз жоқ, – деп Садыр Саурықтың жанын шымырлата, тигізе айтты. – Үния асқан ақылды адам. Он саусағы толған өнер. Өнерге құмар лық әркімге қона бермейді. Көп қатындардың ішінен бұзып-жарып шық қан өнерлі кісіні қалай қиып біреуге беремін, – деп Саурық бір айтқанын қайталап, арқасын үйдің керегесіне сүйеп отыра берді. Бағанадан бері бұлардың әңгімесін көңіл қойып тыңдап, шай құйып отырған Айман: – Әлгі, – деді ол, – Үнияның сізде көңілі жоқ. Тіпті, әуелі сіздің атыңыз аталса, ол ат-тонын ала қашады. Нанбасаңыз Ғалия мен Жәнияны осында шақырайық, олар да айтады. – Сен қатын, бүлдірмей тыныш отыр, – деп Саурық Айманға ала көзімен қарап, атып жіберуге оғы жоқ болып отыр. Ғалия мен Жәнияның мінезі өзіне белгілі Саурық, оларды шақырайық. дегенде шиыршық атып, жыланша иірілді. Айманды тізесімен түрткілеп, оған тыныш отыр дегендей белгі бергені еді. Айман да Саурықтың осал жерін айтпаса да біледі. Байсалбай шақыр дегендей иегін қақты. Айман екінші бір бөлмеде отырған Ғалия мен Жәнияны шақырып келді. Ол екеуі бөлме ортасында тұрған сары самауырдың оң жағына барып орналасты.
Ғалия мен Жәния басқа бөлмеде отырса да әңгіменің төркінін сезіпбіліп отырған. Екеуі де демдерін ішіне тартып, көгеріп, сазарып отыр. Өңдері боп-боз. Қандарын ішіне тартып алған. Зәрі бетіне шығып тұр. Жүзінде ашу белгісі бар. Ісініп алған. Сөз басталса-ақ Саурықты ауыздан қағып-қағып қалғысы келіп отыр. Садыр орнынан қозғалып: – Шырақтарым, Саурық Үнияны алам дейтін көрінеді. Оған сендер қалай қарайсыңдар? – Кейінгі кезде Үнияны аламын деп азбан айғыр құсап, ұйқыдан қалды. Бізде де, өзінде де тыным жоқ. Бала-шағалардың да берекесін алатын болды. Бізге ашуланып балаларды сабайтынды шығарды. Болыс болса өзіне, бізге болыс емес, құдай қосқан күйеуіміз. Біз Үнияны алуға қарсымыз. Бізді баса-көктеп тағы қатын алатын болса, біз де қарап жатпаймыз. Алған қатыныңызды осы үйге сыйдырмайтындай барлық қолымыздан келген мүмкінділікті қолданамыз, деді Ғалия. – Үш қатынға ие бола алмай жүріп, төртінші қатын аламын дегеніңе таң қаламын. Осы үшеуіміз бірімізді біріміз жеп қойғандай бір үйге сыйыспай отырғанда, тағы қатын аламын дегеніңе көне қоймаймыз. Үния да саған тимейді. Ол үш қасқыр қатынның үстіне келетін ақылсыз адам емес. Ол да, сіздің атыңыз аталса, кірпікшешенше жиырылады, – деп Жәния Саурықтың жанына тигізе сөйледі. – Жәния мен Ғалияның айтқандары дұрыс. Мен де құптаймын, – деп Айман сөзін қысқа қайырды. – Үшеуің әбден келісіп алған екенсіңдер. Қатында қанша билік бар. Мен сендердің айтқандарыңды есепке де алмаймын. Үния көнбейтін болса, зорлап аламын. Ол менің жесірім, – деп Саурық ашына, қыза сөйледі. – Сен шырағым, бір айтқан сөзіңді қайталап айтып, отырғандарды тыңдағың келмейді. Біз сенің аталарың екенімізді ұмытпа. Сіздің елдің үлкендерімен біз де сөйлесе аламыз. Іргелес отырған елміз. Бір бастаудан су ішпей дүниеде бірге жасаспаймыз ба? Онсыз да құдайдың адамға берген өмірі қысқа, ертең-ақ өте шығады. Бір күндік қызыққа бүкіл елді сатуға болмайды, – деп Байсалбай ақсақал тебіне, қабына сөйледі де жастыққа жантайып жата берді. Өр көкірек, менменсінген Саурық жүні жығылып, аптығы басылып, қапталынан жабысқан тіс, оны жібітпей қоймады. Қашаннан құрық тимей жүрген асауға ел арасында абыройлы қайын аталарының айтқан сөздері етінен өтіп, сүйегіне жеткендей болды. «Ертеңгі күні болыстықтан айырылып қалса, ел-жұрттан ұят. Ата-бабасынан бері мирас болып келе жатқан болыстықты да, сұлу келіншек Үнияны да қимай ол көп ойланды. Сәйгүлік ат құсап құрық дарытпай жүрген Саурықтың жығылған да, ұсталған да жері осы болды. Ол көп ойланды, көп толғанды. Әсіресе, мына екі тоқалдың мінездері иттің мінезінен де жаман. «Ертеңгі күні менің өзіме де, Үнияға да күн көрсетпейді. Көрген күнім қараңғы зынданнан да жаман болады. Төркініне апарып тастайын десем, екеуінен туған бала-
шағаларды қайда жіберем? Жолымның кесілген жері осы болды. Бұларға көнбеймін деп, бағанадан бергі айтқанымды қайталап айтсам бүкіл дүние астан-кестен болғалы тұр. Әзірше, бұлардың айтқанына көнейін. Ар жағында тағы да күн бар. Тағы да бір амалын ойланып көрермін», – деп Саурық: – Сіздердің айтқандарыңыз болсын. Бірақ, Сәке, Нұреке, сіздерден сұрайтын бір ғана тілегім бар. Жәния мен Ғалияға ақылдарыңызды айтып кетіңіздер. Екеуі қарадан қарап отырып, өзді-өзі шаштарын жұлысып, шарылдасып ұрсысып жатқаны. Үй ішінің де, бала-шағаның да бере кесін алып бітірді. Көршілерімізге де ұятты болып біттік. Басында менің айтқаныма тоқтаушы еді, кейінгі кезде мені де тыңдауды қойды. Күнде ұрып-соғу маған да ұят. Тіпті әуелі, жай айтсам да ісініп-қабынып шыға келеді. Осы күні қатындарға бір желік пайда болған білем, қолына шоқ ала жүгіреді, – деп Саурық бір жағынан өзінің әлсіздігін көрсетті. Екіншіден, үй ішінде беделден жұрдай болғанын байқатты. – Бүліктің бәрін шығарып жүрген сіздің өзіңізсіз. Бізден кінә жоқ, – деп Ғалия мен Жәния жарыса сөйледі. – Саурық, сен көнсең болды. Бұл екеуіне жеке жерде біз ақылымызды айтып кетеміз. Олар сенен шығып қайда кетер дейсің, – деп Садыр екеуінің атынан сөйлеген кісіше, Нұрбекке бұрылып қарады. – Бүгінгі әңгіме осы жерде қалсын. Саурық, сен уәдеңде тұратын бол, – деді Байсалбай, Саурықты шығыршыққа тығып тұқыртып алға нына көңілі толған адамдай, ол мырс етіп күлді. – Айтқанымды орындауға тырысамын. Бәрін келешек өмір көрсе теді... – деп Саурық ішінде тағы бір зілді бүкпе бар екендігін жасырмады. Отырған жұрт Саурықтың соңғы сөзін байқамады ма, әлде естісе де сөзді қысқартқысы келді ме, оған жауап қайырмай отыра берді. Торғайға қырғидай тигендей жүгенсіз кеткен Саурықтың санына қыл бұрау салдық деп ойлады Байсалбай. Дәл осы кезде, Саурық басқа бір ойда отырған. Оның қулығына қылыш бойламайтын адам. Қазіргі айтқанынан сынапша тайып шығуды, ол өз бойындағы, үлкен бір қасиет деп ойлайтын. Осы отырғанда да тайып кетудің амалын ойлап отыр. «Сіздер келесіздер де кетесіздер, үй ішіндегі қырғи қабақтықты мен өзім шешемін. Үнияны зорлап үйге әкеліп енгізген соң, сіздердің де қолдарыңыздан күш кетеді. Сонда не істейсіңдер? Қатын алу, қатын тастау әр адамның өз еркі емес пе? Бұлар менің жеке басымның жұмысына неге араласады?» Пәтуасыз адам, пәтуасыздығын жасамақ болып отыр. Оның бар ойлағаны соның жолын іздеу болды. Тамақ дайын болып қалған болар деп Ғалия мен Жәния далаға шығып кетті. Қолында жез легені, мойны сорайған құманы бар тәпелтек келген, арық қара жігіт үйге кірді. Легенді алдымен Байсалбайдың алдына тосты. Қол жуылып, ет желінді. Қонақтар далаға шығып ескектей соққан самал желге кеуделерін төсеп, көкіректерін кере демдерін алып желі басына қарай жүрді. Алдарына теріден тігілген алжапқыш жапқан, ұзын етек
әйелдер, тақыр тері шалбар киген жігіттер бие сауып жүрді. Алғаш сауыла бастаған жас биелер желі басына жоламай ойқастап, қорс-қорс етіп оқшаулау жүр. Оларды жап-жас қара жігіт ұшқыр атқа мініп қуып жүріп мойнына құрық салып, шыңғыртып, артқы аяғына шалма салып саудырып жатты. Биелерінің бәрі бірінен-бірі өткен асау жануарлар екен. Алғаш бие байланған кезде бір асау бие сауыншылардың бірін теуіп өлтіріп те кетіпті. Соған қарамастан байғұстар бар жанын салып Саурықтың асауларын сауып жүр. Желі басына келген қонақтар жылқыларын қызықтап тұрды. Байсал бай сауын биелерді көріп: – Мына биелер сәнді-ақ жануарлар екен, – деп таңданып тұрды. – Ақсақал, олай демеңіз, көзіңіз тиеді, сүті азаяды, – деді бие сауып жүрген мосқалдау келген, қара торы әйел. – Менің қартайған көзім тимейді, – деп күлді Байсалбай. – Бұл биелер Әлібек ақсақалдың жылқыларының тұқымы. Анау жылы Ұлтарақ деген жылқышыма бірнеше ат сыйлаған екен. Соның ішінде арғымақ тұқымды ала айғыр келді.Соны үйірге қосқан едім. Биыл тұңғыш құлындады, – деді Саурық. – Малымды бермей кетті деп онымен соттасып жүргенің қайда? – деді Нұрбек. – Ұлтараққа ерегесіп соттасып жүрген едім, – деді де қойды. Қонақтар ертеңінде таң салқынымен аттанып кетті Олар Саурықты жеңдік, жаман жолдан алып қалдық деп қайтты. Саурық бір бүйірінде бүгіп қалған сырын сыртқа шығармаған-ды. Оның өз есебі өзінде болды. Егер, Үния осы жолы көнбегендей болса, оны ел алдында масқаралаудың да жолын іздеді. Соның шешімін таба алмай ойланып-толғанып жүрді. Ғалия мен Жәния жәрмеңкеге баруға дайындалды. Олар жолаушы жүреміз дегенде Саурық жүзіне қуаныш белгісі пайда болды. «Жәрмеңкеге барып, көңілдеріңді көтеріп, серуендеп келіңдер», – деп жалбақтап қалды. Рәбиға босаныпты деген хабар алысымен Айман бүгін таңертең жүріп кеткен. Саурықтың іздегені де, күткені де осы болатын. Үйде жалғыз қалып, Үнияны қалай да болса, өз ырқына көндіру... Ғалия Саурықтың ол сырын түсініп қалған. Әйелден қалатын қулық болушы ма еді? Үнияны Саурықпен оңаша қалдырмаудың амалын ойлап, ол күн бұрын жәрмеңкеге бірге барайық деп Үниямен келісіп қойған. Саурық әйелдерінің бұл қулығын сезген жоқ. Саурықтың пәуескесіне қосарлатып ат жеккізді. Өздері шыттай жаңа киімдерін киді. Ғалия мен Жәния түс болмай жүріп кетті. Өзен жағасындағы жылғада тосып тұрған Үнияны пәуескеге отырғызып алып, екі тоқал аттың желісімен келе жатыр. Саурықты жұртқа жалғыз тастап кеттік деп үшеуі ықылық атып күліп келеді. Күн төбеге келген мезгіл.
Арбаның ырғағы да, күннің ыстық аптығы да бұларды әбден шаршатты. Жолдың шаңы ауыз-мұрындарына тығылып келеді. Тау баурайында жотажота болып тізілген орманға да жақындап қалды. Жазық толы бас жарған бидайық үлпілдеген шашақ атып тұр. Еркелеп, ақырын ғана соққан самал жел көк майса шалғынды тербетіп тұрғандай көрініс береді. Пәуеске таудан құлап аққан өзен жағасындағы көгалға тоқтады. Үш келіншек мөлдір суға беті-қолдарын жуды. Жер жаннатының рақатына батты. Көкпеңбек жасыл көрпе жамылғандай төбешіктің басына жал ғыз өскен, бұтағын айналасына кең жайған зәулім теректің түбіндегі көлеңкеге барып отырды. Тау баурайы қызылды-жасылды гүлге, масаты кілемдей көкорай шалғынға бөленген әсем көріністерге көздері тоймай отыр. Ғалия қасындағы екі келіншекке көзінің қиығымен қарап: – Үния, – деді ол, – Саурық сенің орныңды сипап, қапаланып жатқан болар. Ол үшеуімізді, дәл қазір қарғап, баратын жер таппай, тағы бір сиқырды ойлап отырған шығар, – деп Ғалия сықылықтап күлді. Үш келіншек даланың жұпар иісті тағы гүлін теріп жүрді. Гүл басын сорып, бал жинап жүрген араға толы. Өздері бармақтай, бармақтай екен. Жәния қызыл гүлдің сабағын жұла бергенде, оң қолының сыртын дыз еткізіп ара шағып алды. Ол: «Ойбай, көтек, қолымды ара шағып алды», – деп сайдағы өзенге қарай жүгірді. – Саған не болды? – деп Ғалия мен Үния да, оның соңынан өзен жаға сына барды. Жәния жас бала кезінен ара шаққан жерге суық су басса, араның уыты тезірек кетеді деп түсінетін. Сол емін бүгін де жасады. Ғалия кешегі қонақтарға сойылған құлын етін, қазы, қарта пісіріп ала шыққан. Бір торсық қымызды да пәуескенің артына байлай салған. Бұлар ет жеп, қымыз ішіп жүріп кетті. Атқосшы Құлбай аттың божысын қағып-қағып қалды. Аттар біресе шауып, біресе желіп, шұлғып тастап безілдетіп келеді. Жануарлардың өздері де қамшы салдырмайды. Жолда бір қонып, екінші күні кеш бата Лепсі қаласына жетті. Саурықтың досы Ғарифулланың үйіне тоқтады. Ғарифулла өздеріне монша жаққызып қойған екен. Келген қонақтарының бет-аузы шаң-шаң екендігін көрген Ғарифулланың әйелі Ғафура: – Алдымен қонақтар түссін, алыс жолдан келді ғой, – деді. – Біздің келетінімізді білгендей монша жағып қойған екенсіздер, – деді Ғалия. Бұлардың үшеуі де бұрын-соңды моншаға түсіп көрмеген. Қалада монша болатынын естігендері ғана болатын. Олар моншаға әбден айыздары қанғанша буға шабынып ұзақ түсті. Біріне-бірі: «Мынау рақат қой. Біздің Саурық мал жинай бергенше, үйдің жанына осындай бір монша салдырмай ма екен? Орыс қалаларынан монша салатын адамдар да табылады. Осыдан барған соң, монша салдыртамын», – деді Ғалия. Үшеуі моншадан нарттай қызарып, бөртіп шықты. Шай қонақтар жататын бөлмеге жасалды. Беләші, тоқаш, самса, тағы сол сияқты тағамдар
дастарқанға әкеліп қойылып жатты. Кесе-кесе май айында жиналған бал қойылды. Дастарқан басында отырған Ғарифулла: – Ашап утырыңыздар, – деп қояды. – Жеп отырмыз. Рақмет сізге, – деді Үния. Ғарифулла Саурықты, ел жаңалығын, ауыл өмірін сұрап отырды. Моншадан шыққан адамдар күрең шай ішіп, терлеп-тепшіп рақатқа батып отыр. – Жәрмеңкеде не арзан, не қымбат? – деп сұрады Ғалия. – Иртән күрәсіздер, үздеріңіз, – деп Ғарифулла қысқа ғана жауап берді. Үния ояна келсе, таң бозарып қалған екен. Қасында жатқан Ғалия мен Жәния шырт ұйқыда жатыр. Үния оларды оятып жібермейін деп, киініп, аяғының ұшынан басып далаға шықты. Ол ауылда жүргенде ерте оянып, ерте тұрып машықтанған. Ол қала көшесін қызықтап жүрді. Күн арқан бойы көтерілген мезгілде, ол жәрмеңке жаққа қарай жүрді. Екі көше өткенде біреудің есігінің алдында отырған Ұлтарақ пен Сергей ойламаған жерде кездесті. Олар да Үнияны көріп, оған қарсы жүрді. Ұлтарақ туған қарындасын көргендей қуанып қалды. Олар шұрқырасып амандасты. – Қалаға қашан келіп қалдың? – деді Ұлтарақ Үнияға. – Кеше кешке келдік. – Қасыңда кімдер бар? – Саурық болыстың өзіңіз білетін екі тоқалы бар. – Ол екеуі сені қалай ертіп әкелді? – Саурық баяғысын тағы бастап жүр. Кейінгі кезде бұл екеуімен сырлас, мұңдас болып кеттім. Әйтеуір тіл таптым ғой. – Оның жақсы болған. Екеуі де көк жұлын, тентек тоқалдар. Саурықты бір ауыздықтайтыны ауыздықтайды. Келешегін өзі біледі. – Әзірге бой бермей тұр ғой. Қайдан білейін. Саурық та өз ойынан қайтатын түрі жоқ. Қалаға мені ол кісіден жасырып алып кетті. Осыдан екі-үш күн бұрын үшеуінің де әкелері келіп кетті. Қалай деп келіскенін білмеймін. – Саурық түлкі сияқты ғой. Бұларды да алдап соғады. Оның бойына сіңген ежелгі қасиеті қулық, зорлық-зомбылық емес пе? Байқау керек. Бізбен хабардар болып тұрарсың. Біз бүгін кешке қайтамыз. Қалаға келіп бой жазып қайтайық деп, келгенімізге екі-үш күн болды. – Болған жағдайларды Өгізбай арқылы хабарлап тұрармын. Ғалия мен Жәния мені іздеп қалар, көріскенше қош болыңыздар, – деп Үния екеуімен қоштасып, жатқан үйіне кетті. Ғалия мен Жәния енді-енді оянып жатыр екен. Көп ұйықтайтын болыстың тоқалдары емес пе, Үнияны іздемепті. Төсектен әлі тұрмай, керіліп-созылып жатыр. Жәрмеңке қаланың шетінде екен. Ат жеккізіп, үш әйел пәуескемен барды. Ығы-жығы, қара құрттай қайнаған адам. Алуан түсті мата сатқан саудагерлер. Ауылдан келген бұларды ең алдымен қызықтырған көйлектік, сырт киімдік маталар еді. Болыстың екі тоқалы жәрмеңкеге кіре бере-ақ
кездемеден мол сатып алды. Олардың қалталары толы ақша. Атын атапатап алады. Олар өрік-мейіз сатып тұрған өзбек сәудегерінен өздеріне керекті жемісті де алып жатты. Кебіс, мәсі тіккізетін былғарыдан да алды. Өзге басқа жандар сияқты саудаласпайды да, сәудагерлердің сұрағанын беріп кете береді. Бұларды көрген кейбіреулер, «сендер неге саудаласып алмай, сұрағандарын бересіңдер, жәрмеңкенің нарқын бұзасыңдар. Тастай алмай жүрген ақшаларың бар ма?» – деп ұрсып жүр. Ауылдан бірінші рет жәрмеңкеге келген олар саудаласу дегенді білмейді. Саудаға араласпай, жәй қызықтап жүрген Үния ғана. Оның қалтасында бір де тиын ақша жоқ. Сондықтан ол көрген заттарын қызықтап қана жай жүр. Тоқалдың екеуі де қарау адамдар. Қасында жүрген Үнияға: «Сен таңдаған затыңды ал, ақшасын біз төлейік» – деп те айтпады. Бірақ оған Үния ренжіген де, налыған да жоқ. Үйткені ол жастайынан жұпыны ғана киініп үйренген. Бір қабат киетін киімім болса болғаны деп ойлайтын ол. Әрине, базардағы неше түрлі әдемі заттарды көргенде ол да қызығады, оның да жақсы киінгісі келеді. Қысқа жіп күрмеуге жетпейді дегендей, ол осы аман жүргеніне, болыстың әйелдерімен қаладағы жәрмеңкеге келгеніне риза болды. Бұлар жәрмеңкені аралап, көп жүрді. Бір жерден самауыр, кәрден кеселер, сырлы ожау, аяқ-тостағандар кездесті. Ғалия мен Жәнияның көздері тоятын емес. Шетінен сатып алып жатты. Пәуескенің ішін әбден толтырды. Алған заттарды Ғарифулланың үйіне апарып тастап қайтып кел деп атқосшы Құлбайды қалаға жіберді. Бұлардың қызыға қарағаны базар шетіндегі әртүрлі өзбек тағамдары болды. Манты, шашлық, өзбек тоқаштарын сатып алып, жәрмеңкеден аулақтау барып тамақтанып отырды. Жәния: – Тамақты қандай дәмді пісіреді. Тағамдарды пісіріп тұрған еркек екенін байқадыңдар ма? – деді. – Өзбектің еркектері тамақтың барлық түрін пісіретін көрінеді. Жаңа сіздер байқамай қалған болуларыңыз керек, өрік-мейіз қосқан палауды да пісіріп жатқан өзбек еркегі, – деді Үния. – Ендеше, мен ақша берейін, сен бір табағын алып келші. Жей алмасақ қалар, болмаса, біздің Құлбай-ақ жей салады, – деді Ғалия. Үлкен табақ ыстық палаудың буын бұрқыратып Үния алып келді. Базар басында тамаққа тойып, түске таман үшеуі Ғарифулланың үйіне оралды. Мұнда шай дайын екен. Шөлдеп келген адамдар шай ішіп жатты. Жәрмеңкеден алынған заттарды алып кетуге Ғалия мен Жәнияның айтуымен арттарынан арбамен келген адам да келіп жетті. Бұлар ертеңінде еліне жүріп кетті. Алған заттары бір арба жүк болды. Ертеңінде ымырт жабылмай бұлар ауылына жетті. Базарлық деп қаптап жүрген ауылдың сорпа бетіне шығатын әлді адамдарының әйелдері Саурық үйіне толып кетті. Саурық ашулы, тұнып, түнеріп отыр. Әйелдерін отты көзімен атып отыр. Оларға Үнияны неге алып кеттіңдер деп айтуға шамасы жоқ. Сол күні Айман да қайта оралды.
Саурық ойлап-ойлап баласының бірін жіберіп, жеңгесі Нәзияны шақыртты. Оны оңаша бір бөлмеге апарып: – Сіз, ана, Үнияға барыңыз. Менің айтқаныма көнетін болсын. Егер, көнгендей болса, бүрсігүні, сәтті, жұма күні той жасайтын боламыз. – Жақсы, қазір барып, сөйлесіп келейін, – деп ол үйден шығып кетті. Үния жалғыз отырған жоқ еді. Оның үйінде Өгізбай мен Сәбира, тағы да басқа қара үй тіккен ауылдың кейбір малдан қолы бос әйелдері келіп отырған. Олар жәрмеңке жәйін сұрап әңгімелесіп отырды. Саурықтың үлкен жеңгесі Нәзия кіріп келгенде, Үнияның өңі қашып, боп-боз болып кетті. Ол кісінің қандай жұмыспен келетінін айтпаса да Үнияға белгілі болатын. Төрде отырған Өгізбай мен Сәбира төмен жылжып ол кісіге орын берді. Жиналған жұрт ет піскенше кете қоймады. Асықпай ұзақ отырды. – Мен асығып отыр едім, Үния, есік алдына шығып жолығып кетші, – деді Саурық тапсырмасымен келген Нәзия. Үнияның мұндай құпия әңгімеге әбден еті үйреніп алған. Есік алдына шығып, үйді айналып оқшаулау шықты. Екеуі көк шөптің үстіне жайланып отырды. – Мен келген жұмысымды айта отырайын. Мені болыс жіберді. Алдымыздағы жұма күні қосылған тойымызды жасайтын болайық. Соған, сен келісімін берсін. Енді тимеймін дегенді қойсын, – деді. – Мен келісімімді бермеймін. Мен ол кісіге өлмей, тірі күнімде тие алмаймын. Сіз үлкен адамсыз. Көпті көрдіңіз. Маған үш әйелдің үстіне ти деуге қалай аузыңыз барады? Мен тимеуге белімді бекем байлаған кісімін. Мені аламын деп әуре болмасын, – деп Саурықтың жеңгесінің айтайын деген басқа әңгімесін тыңдамай, үйде қонақтарым бар еді деп сылтауратып Үния кетіп қалды. Үния қонақтарын жақсы күтті. Бәрі-бәрі оған риза болып, баталарын беріп үйді-үйіне тарады. «Әлгі мыстан босқа келмеген болар» деп Сәбира Үнияның жанында қалып қойды. Ол кісіге Үния Саурықтың айтқан сәлемінің бәрін қалдырмай, жасырмай айтты. Екеуі түн ортасына дейін көптеген жағдайлар жөнінде әңгімелесті. – Саған бір қызық әңгіме айтайын, – деді Сәбира. – Айт, айт, – деді Үния. – Айтсам айтайын. Сен жәрмеңкеге кеткен күні кеште, сенің сиырыңды сауып, сүтін пісіріп қояйын деп жер ошақ басында жүрген едім. Қараңдаған біреу келе жатыр. Қасыма келгенше кім екенін байқамадым. Қарасам Саурық болыс. Өзім шошып кеттім. Ол мені танып: – Сен мұнда не ғып жүрсің? – деді. – Сүт пісіріп жүрмін. – Үния үйде ме? – Жоқ, ол жәрмеңкеге кеткен. – Кіммен кетті? – деп дауысы дірілдеп шықты. – Ғалиялармен кеткен болу керек, – деп өзіңнің айтуың бойынша жауап бердім.
– Ой, найсап, өтірік айтпа, Ғалияларды мен өзім шығарып салғанмын. Олармен кеткен жоқ. – Ендеше, білмедім. Әйтеуір үйінде жоқ. – Жоқ, сен... – деді де үйге кіріп кетті. Бірақ ол тез шықты. Үйде ешкім жоқ екендігіне көзі жеткен болу керек, одан кейін маған үндеген жоқ, үйіне қарай кетті. Әйтеуір, өмірде болыспен сөйлесіп көрген жоқ едім, сенің арқаңда... – деп Сәбира мен Үния ішек-сілесі қатып, көзіне жас алғанша күлді. Ертеңінде таң атысымен Саурық Байділда, Асамбай, Игембай старшиналарды шақыртып алды. Далаға оңаша шығып: – Ана қатын, тағы да көнбей жатыр. Оны ел-жұрттың алдында масқара етпесе, басқа амал қалған жоқ. Өмірінде күйеу алмайтындай етіп, денесіне таңба басыңдар. Содан кейінгісін көріп алармыз, – деп Саурық мықынын таянып көгілдір аспанға қарады. – Мен де, Асамбай да, Игембай да ел алдында аз да болса беделіміз бар адамдармыз. Ертең үшеумізді халық алдында масқара етпей ме? – Мен тұрғанда ештеңеден қорықпаңдар. Қайда барса да ертең сендерді қорғап қалуға шамам келеді. – Онда жақсы, айтқаныңызды орындайық. Бірақ, ол үйде анау қарашалардың қатын-қалаштары толып жүрген көрінеді. Ертең оңаша қалған кезін байқап жүріп оған көресіні көрсетейік, – деді Байділда. Бұлар күні бойы Үнияның жалғыз қалатын кезін аңдыды. Оның үйі келімді-кетімді ауыл адамдарынан босамады. Бірде Өгізбайдың балашағалары, енді бірде Саурық үйінің сауыншылары Үния үйін босатпады. Үшеуі кезек-кезек күзетті. Түн баласында да жалғыз жатпайтын болды. Көбінде Сәбира қызымен екеуі Үнияның жанында жататынды шығарды. Есік алдында қабаған, сиырдай қара төбет үйдің маңына адам жолатпайды. Үния да, Сәбира да, олардың бірнеше күн бойы қой торып жүрген қасқырдай Үния үйін торып жүргенін байқап қалған. Олар түнде сергек ұйықтайтын, әрбір даладағы сыбдырға, иттің үргеніне құлақ түріп жататын болды. Қас қарайып кеткен мезгіл. Сәбира сиыр саууға кеткен. Өгізбай өрістен мал айдап келмеген. Күнде есік алдында байлаулы тұратын қара төбет бүгін сиыр соңынан кеткен. Балалар да ойынға айналып кеш келді. Үния жалғыз өзі үйінде іс тігіп отырған. Дәл осы кезде біреу келе қояды деген ой, оның үш ұйықтаса, түсінде жоқ. Қаннен-қаперсіз отырған. Аңдыған жау алмай қоймас дегендей апақ-сапақта Байділда бастаған үш жігіт сау етіп үйге кіріп келді. Есікті жауып алды. Байділданың қолында бас жағын отқа қып-қызыл ғып қыздырған, құлаштай темір таяқ. Асамбай мен Игембай сөзге келтірмей Үнияны бас салып, текеметтің үстіне алып соқты. Үния айғай салды. Шыңғырып жылады. Асамбайдың қолын тістеп те алды. Олар керегеде ілулі тұрған орамалды ала салып, Үнияның аузымұрнын тұншықтыра байлап тастады. «Саурық болыстың айтуымен сені жазалаймыз. Сен ол кісінің айтқанына көнбейтін қаншықсың
ғой. Көрсетеміз саған», – деп еңгезердей екі жігіт аяқ-қолын байлады. Байділда Үнияның тәніне үш дүркін ыстық темірмен таңба басты. Үния бірден есінен айрылып, талып қалды. Ессіз жатыр. Үш жігіт Саурық тапсырмасын тез орындады да топырлап қаша жөнелді. Сиыр сауыны біткен соң үйіне қарай кетіп бара жатқан Сәбира Үния үйінің есігі шалқасынан ашық жатқанын көріп, жүгіріп үйге кірді. Май шам жағып қараса, өлген адамдай серейіп жатқан Үнияны көрді. Ол сасып қалды. Не істерін білмей, ол айғай салып, маңайдағы қара үйлердің адамдарын шақырды. Екі-үш әйелдер де жиналып қалды. Бұған не болды деп анықтап қараса, тәніндегі жара көрінді. Сәбира көп ойлап тұрған жоқ. Қолына пышақ алып, жерге төселген текеметтің бұрышынан кесіп алды да жерошақ басына жүгірді. Киізді отқа жағып, күлін жинап әкелді де Үнияның жарасына септі. Үния түнімен үнсіз, екі иығынан демін алып, ықылық атып жатты. Таң бозамықтана бастаған мезгілде ғана есін сәл жинады. Кешегі болған оқиғаны түні бойы қасында күзетіп отырған әйелдерге бастан-аяқ айтты. Үнияның қозғалуға шамасы жоқ. Етпетінен түсіп, жастыққа басын сүйеп үнсіз жатыр. Ыстық темір тиген жері күлдіреп, қызыл-шақа болған. Қасында отырған әйелдер аузына су тамызып: «Көріңде өкіргір, өзіңе көрінгір», – деп Саурықты қарғап отыр. Енді біреуі: «Мұндай айуандықты мен осы жасыма келгенше көргенім де, естігенім де жоқ», – деп қартаң тартқан бір әйел көзінің жасын сүртіп жылап отыр. Үния денесі қызып, ауырлап жатты. Тағы да талып қалды. Асамбай мен Игембайдың қолы тиген денесі көкпеңбек ала-ала болыпты. Ертеңінде Үния жайын естіген Айман бастаған Саурықтың үш бірдей әйелі келді. Олар өздері көзімен көрді. Үния бүкіл денесін қозғалта алмайды. Көзін ашуға да шамасы келмеді. Ішін ашу кернеген Айман ақ қағаздай сұп-сұр болып отырды. Ол іштей: «Сені де бір елге бас ие болатын болыс дейді. Бұл бұрын-соңды естімеген оқиға болды. Оның бойында сіркедей болса да, адамгершіліктің ізі болмағаны ғой. Шіркін, бізді қор қылған дүниеай. Үния байғұсты жазықсыздан-жазықсыз жазалады. Оның бар жазығы Саурыққа тимеймін дегені. Басқа ешқандай кінәсі жоқ», – деп ойлап отырды. – Үния, Үния... – деп Айман бір-екі ауыз сөзге келе ме екен деп байқап көріп еді. Ол көзіне жас іркіліп жауап бере алмады. Жарасы асқына түсті. Бүтін денесі ісіп кетті. Әйелдердің бар қолынан келері, әлсін-әлсін киіздің күлін жарасына сеуіп отыру ғана болды. Үнияның ауыр халін естіп, шешесі Күнікей келді. Үния бір апта бойы сұлық жатып қалды. Жараның зәрі денесіне тарады ма, әлде шошынғандықтан ба, әйтеуір, ауырлай берді. Күнікейде зәре жоқ. Қорқып кеткен. «Жалғызым, жалғызым», – дегеннен басқа, оның қолында не тұр? Әлсін-әлсін шай қайнатып, Үнияның аузына шай құйған кесені тоса береді. Неше күннен бері екеуінде де ұйқы жоқ. Түн бойы көз ілмей шығады. Өксіп жылап та қояды.
Саурық өз ісіне өзінің көңілі толып: «Ел алдында масқара қылдым ба? Сен сияқты қасарысқан қатындарды өстіп үйрету керек. Басқа қатындарға да үлгі болады. Бұл жағдайды естіген қатындар аяғын байқап басатын болады», – деп масаттанып отыр. Іштей сылқ-сылқ күледі ол. Осы кезде Саурықтың үш әйелі дуылдап, гуілдеп кіріп келді. Олар келе Саурыққа тиісті. «Сіз үлкен басыңызбен адамгершіліктен айрылған екенсіз. Үнияға істеткеніңіз өз абыройыңызды айрандай төгеді. Осынша, рақымсыз кісі бола ма? Үния өліп қалса не істейсің? Ел басқаратын адам осындай істі істей ме?» – деп Айман, оған қосыла Ғалия мен Жәния ашулы бажылдасты. Үйдегі ашынған дауыстары далаға естіліп, ауылды басына көтеріп, даңғаза боп жатты. Саурықта үн жоқ. Үшеуінің айтқан сөздерінің бірде-біріне жауап бермеді. Томсырайып отыр. Үй толы шарасынан асып төгілген ашу. Үнияның ауруы ұзаққа созылды. Бір ай дегенде беті бері қарады. Жүріп-тұруға шамасы келіп қалды. Қу сүреңі қалыпты. Жағы семіп, көзі шүңірейіп ішіне кіріп кетіпті. Оның зығырданы қайнап, қолында оғы болса, атып жібергісі келеді. Жалғыз сиырын сауып, сүтін пісіріп Үния үйінен айналсоқтап шықпай жүрген Күміс: – Үния, – деді ол, – осы ауылдан төркініңе көшіп кетпейсің бе? Сені өлтіре жаздаған жоқ па? Бұлардың түрі жаман, саған мұнан да жаман жаза қолдануы мүмкін. Ондайдан да тайынбайды. – Өзім де соны ойлап жатырмын. Өгізбай менің жайым жөнінде Ұлтараққа хабарлады ма? Егер хабарлаған болса келіп қалатын уақыты да болды. – Екі-үш күн бұрын барып қайтқан. Ол білетін көрінеді. Келіп қалатын болар. – Жақсы болды. Саурық мені күндіз жібермейді. Екеуміз ептеп, менің заттарымды жинастыра берейік. Үния азын-аулақ дүниесін жинап, көшуге даяр отырды. Оның жалғыз сиырдан басқа малы Ұлтарақтың қолында болатын. Өзі көшіп кететін көлігі де жоқ. Ел жатқан кез. Түн қараңғы. Өлара кезі. Ай көрінбейді. Дала жым-жырт. Мүлгіп тұр. Үния түн ортасына дейін көз іле алмады. Есік алдында ат дүбірі естілгендей болды. Оның жүрегі дір ете қалды. Атын белдеуге байлап, біреу есік жаққа келіп: – Үния, үйдесің бе? Мен Ұлтарақпын. Есігіңді аш, – деді, – Аманесен жүріп жатырсың ба? Хал-жайыңды Өгізбайдан естіп, сен әл үстінде жатқанда жеңгең екеуміз келіп кеткенбіз. Енді сен бұл жерден кетпесең болмайды. Саурық мұнан да сорақысын шығарады. – Өзім де солай шештім. Басқа істейтін амалым жоқ. Жүгімді жинап, даяр отырмын. Көлігіңіз бар ма? – Ат-арбаны суат басына бір адаммен тастап кеттім. Егер, кететін болсақ, тезірек жүрген жөн. Күндіз Саурық көріп қалады. Мен оның бетіне қарағым келмейді.
Ұлтарақ сол түні Үнияны үйіндегі барлық затымен алып кетті. Жолда екі күн жүріп Үнияны төркініне жеткізді. Үния басын көтеріп, тәуір бола бастағаннан соң қайтып кеткен Күнікей жылап-сықтап үйінде отыр екен. Бұлардың келгеніне қуаныш сезімін білдіріп: – Жалғызым-ай, тәуір болдың ба? Бір ауыр қатерден аман-есен қалдың ғой, – деп Үнияның бетінен сүйіп, арқасы жадырап қалды. – Әзер дегенде тәуір болдым. Ол жерде қала алмадым. Саурық тағы да басқа бірдеңені ойлап шығарудан тайынбайды. Ұлтарақ аға келіп, қол ұшын берді. – Жоғары шығыңыз. Құтты қонағым болыңыз, – деп Күнікей Ұлтараққа үйінің төрін ұсынып, шексіз ризашылығын білдірді. – Рақмет, өзіңіз аман-есен жүріп жатырсыз ба? Мен осыдан бірнеше күн бұрын Үнияның халін естіп, үйімде отыра алмай келген едім. Саурық ауылында отыра беруге болмайды, төркінің жаққа апарып тастайын деп Үнияны алып келдім. – Біз сияқты жетім-жесірге көмектескеніңе көп-көп рақмет. Бізден қайтпаса да құдайдан қайтар, – деп Күнікей есік алдына шығып кетті. Көп ұзамай Күнікей буы бұрқыраған сары самауырды көтеріп үйге кірді. – Шөлдеп келген боларсыз, шайға отырыңыз. Шай үстінде жайғасып отырып, Ұлтарақ: – Мен бағып жүрген малымды балама тапсырып кеткен едім. Енді осыдан Лепсинск қаласына барамын. Онда күйеу баласының үйінде, анада осында келген досым Сергей жатыр. Меніңше, Саурықтың Үнияға істеген жауыздығын ескерусіз қалдырмау керек. Біз, Сергей екеуміз қаладан заң білетін біреулермен сөйлесіп, осы әңгімені айтсақ деймін. Үнияның атынан шағым арыз жаздырсақ. Ондай хат танитын адамдар бір парақ қағаз арыз жазғаны үшін бір тай сұрайтын көрінеді Үнияның бір тайы біздің соңымыздан еріп осында келді. Мен мініп жүрген атқа әбден үйреніп алыпты. Қайда барса да соңынан қалмайды. Осы тайды береміз де арыз жаздырып, дайындап қоямыз. Осыған қалай қарайсыздар? Егер, мақұл десеңіздер, бүгін кешке, мен жүріп кетемін. Бір-екі күннен соң Үния қалаға келетін болса, арызды өз қолымен сотқа апарып береді. – Ол жауызды сүйтіп амалын тауып ауыздықтамаса, болмайды. Өз басым сіздің айтқандарыңызды толық құптаймын, – деді Күнікей. – Мен де қосыламын. Адамның денесіне таңба басу дегенді тек қана Саурық ойлап шығарды. Басқа ел-жұрттан естімеген жаза, – деп сүреңсіз Үния еңкілдеп жылады. – Осынымыз уәде болсын. – Уәде, айтқан күніңізде мен барып жетермін, – деді Үния. Кешкі салқынмен Ұлтарақ қалаға жүріп кетті. Ол даланың жұпар иісін жұтып, аттың жорға аяңымен келе жатқан. Артында бос салпылдап, бірде шауып алға шығып бірде, артта алыстап қалып қойып торы тай келеді. Үрдіс жүрістен күннің ыстығынан денесін ұйқы буып келе жатқан
Ұлтарақтың жағасы жайлауға кетіп, ат үстінде қалғып келеді. Даланы түн қараңғысы жауып алды. Алды бітпейтін, шетсіз дала. Ол «Саурықты ауыздықтайтын құдайдан басқа біреу бар ма? Болмаса, өмір бойы малшы мен әлсіздерді билеп-төстеп, жәбірлеп, жүгенсіз кеткені ме? Үния бейшараға істегені нағыз айуандық емес пе? Сұрақсыз өмір осылай кете бере ме? Әлде біз сияқтыларға туатын жарық күн бола ма? Біздің тұрған қаланың орыстарының айтуы бойынша, ішкі жақта кедейлер өздерінің байларына қарсы шыққан дейді, орыстың үлкен қалаларында да байларға қарсы күрескен екен, бірақ оларды әскер күшімен басып тастаған дейді. Біз секілді қара халықтың халі мынау. Саурық мені де ит жеккенге айдатпақ болған еді, қолынан келмей қалды. Тегінде біздің өміріміз осылай өте беретін болар. Саурықтардың сүйенетін патшасы мықты. Сондықтан біз осы кетік өмірді кешіп жүре беретін болармыз», – деп ойлап келеді. Ертеңінде түс кезінде Ұлтарақ Лепсинскіге жетті. Өзінің үйреншікті үйіне келді. Онда күннің ыстығынан қызара бөртіп Сергей тамағын ішіп отыр. Ұлтарақ аттан түсіп, атты қораға әкеліп байлады. Қаталап, шөлдеп келген ол бірден құдықтан бір шелек суды алды да, әбден шөлі қанғанша ішті. Шелектегі қалған суық суды басына көтере салды. Ол беті-қолын жуып үйге кірді. Тамақ үстінде отырып Ұлтарақ Сергейге: – Осы қаладан заң білетін таныс кісі табыла ма? – деді. – Оны қайтесің? – Арыз жаздыртып алайын деп едім. – Бір тай алмай бұл жердегі жебірлер арыз жазбайды. – Тайды ала келдім. – Табылады. Не болып қалды, жөніңді айтсаңшы? – Үнияға істеген Саурықтың азабын жаздырайын деп едім. – Бүгін кеш болып қалды, ертең таңертең ол кісіні тауып аламыз. Ертеңінде күн бұзылып, тау басын шойындай қара бұлт жапты. Қабағын шарт түйген қара бұлт қала үстінде қозғалмай бұйрат-бұйрат болып, өркештеніп тұрып алды. Жаңбырдың иісі адамның мұрнын жарады. Сергей Ұлтарақты ертіп үйден шығып, төменгі бір көшемен келе жатты. Алдыңғы жақта көк сырмен сырланған қарағайдан қиып салынған, айналасы тақтаймен қоршалған жалғыз қабатты үй көрінді. Сергей сол үйге қарай келеді. Екеуі қақпадан кіре бергенде сиырдай ақ ит алдынан арсылдап шыға келді. Қораға кіргізетін түрі жоқ. Жағадан ала түскелі арсылдап тұр. Иттің дауысын естіп, үйден қырма сақалды, еңгезердей ұзын кісі шыға келді. Ол Сергейді тани кетті. Итіне бір-екі рет «бар, жат», деп еді ит құйрығын бұлғаңдатып орнына барды да үнсіз жатты. – Кіріңіздер, – деді үйден шыққан кісі. Үйдің иесі Лепсинскінің тұрғын казак-орысы екен. Қазақша сайрап тұр. Ол әбден әккі болып үйренген, бұлардың бірдеңе жаздырып алғысы келгенін олар айтпаса да түсініп отыр. Сөзді Сергей бастады. Үнияның жағдайының бәрін асықпай-саспай отырып айтып шықты. Үй иесі үнсіз тыңдап отырды. Ұлтарақ та Сергейден қалыспай жағдайдың бәрін түсіндірді.
– Ақысыз жазып бер деп айтпаймыз. Осы арыз жазып бергені үшін бір тай алатын нарқы көрінеді. Оны осында жетектеп ала келдік, – деп қойды Ұлтарақ. Бағанадан үнсіз отырған үй иесі тайды айтқан соң ашылып сөйлей бастады. Жайылып сала берді. Ол кейбір жағдайларды сұрап отырып: – Мен арызды жазуын жазып беремін-ау, бірақ осы күні болысты, старшиналарды сотқа тартады деп айта алмаймын. Жазып бер десеңіздер жазып беремін. Бірақ, арыз иесінің өзімен сөйлесуім керек. – Ол кісі ертеңдер осында келіп қалады. – Олай болса, тосқанымыз жөн. Ертеңінде түс кезінде Үния да келіп жетті. Ол да осы үйге тоқтады. Түн қараңғылығы қоюланып, қас қарайған кезде үшеуі кешегі үйге келді. Үния болған оқиғаның бәрін рет-ретімен айтып берді. Үй иесі Андрей деген осындағы қалалық мекеменің бірінде қызмет істейді екен. Үния ауызынан шыққан сөздің бәрін ақ қағазға түсіріп алды. Ұлтарақ үй ішін көзімен шолып отырды. Алты бөлмелі үй. Іші толған жиһаз: түкті кілемдер, алтын заттар, үлкен айна, қымбат-қымбат төсек-орындар, стол, орындықтар. Әйелі әдеміше келген жас келіншек екен. Оның саусақтары толы алтын жүзік, білегінде білеудей алтын білезік, құлағында алтын сырға. Үстінде Ұлтарақ өмірінде көріп-білмеген қымбат матадан тігілген, етек жағы кең бүрмелі көйлек. Ол іштей: «Мынау бір сәнқой, әсем келіншек екен. Дәуде болса, осы дүниенің бәрі біз сияқты хат танымайтын адамдардың қағаздарын жазып берген арыздардан жиналған болар», – деп ойлады. – Барлық сіздің ойыңызды қағазға түсіріп алдым. Ертең түске таман соғарсыздар. Мен арызды жазып қоямын. Тайларыңды жетектеп әкеліп, арыздарыңды алып кетерсіңдер, – деді Андрей. – Рақмет, онда ертең келерміз, – деп үшеуі үйлеріне қайтып кетті. Үшеуі көше бойында келе жатыр. Көше тастай қараңғы. Түн маужырап тұр. Ұлтарақ Сергейге: – Сен әлгі үйде бір нәрсені аңғардың ба? – Жоқ. – Аңғармасаң саған мен айтайын. Үйі толған алтын, кілем екен. Шіркін, біз сияқты адамдардың адал еңбегімен жиналған малы ғой. Ол бізге бір жапырақ қағаз жазып бергені үшін кетпектей бір тай алады. Бір тайды біз жылдап жүріп таба алмаймыз. – Жаза білгенге не жетсін? Бұлар осымен байып алған. Біреу малын, біреу жесірін даулайды. Арыз жаздыру керек. Өз қолынан келмеген соң бермегенде қайтеді. Андрей мал жинамайды. Ол Үнияның тайын жәрмеңкеге апарады да сатып жібереді. – Зәру болып қысылған кісі не сұраса да береді. Біздер қара танымайтын бақытсыздармыз. Өзіміз етек-жеңімізді жинай алмай жүріп... Ой, дүниеай – деп Ұлтарақ күрсініп қойды. Ертеңінде Андрейдің үйіне Ұлтарақ пен Сергей ғана барды. Тайды жетектеп әкеліп, оның қорасына байлады. Андрей есік алдына шығып торы тайды көріп:
– Өзі семіз-ақ екен. Қолға ұсталмаған даланың асауы болар. Шылбы рынан мықтап байлаңдар. Шешіліп кетсе, мен ұстай алмаймын. Жақсы болды, кіріңдер, – деп Ұлтарақ пен Сергейді бастап үйге қарай жүрді. Бұлар үйге кірісімен Андрей бір бет ақ қағазға жазылған шағым арызды оқып берді; ол былай деп жазыпты: «Лепсинск уезінің бірінші бөлімшелік соты А. Димогин мырзаға. Мен, Үния Қабділдина, Қысқаш болысынан, 21 жастамын, мұсылман дініндемін, хат танымаймын, өз болысымда тұрамын, бұрын сотталған жоқпын. Менің күйеуім Қабділда Жұматаев осыдан 3 қыс бұрын қайтыс болды; онымен үш жыл ғана тұрдым. Алғашқы екі қыс бойы ауылда болдым, онда тұрған кезімде маған ешқандай жәбірлік жасамады. Бірақ өткен жылы қырғыздың ескі салты бойынша, мені Саурыққа төртінші әйел болып шығасың деп әурелей бастады. Мен өткен жылдың күзінде төркініме қашып кеттім. Төркінімде жарты айдай тұрдым. Бір күні болыс Саурық Мырзағарин, старшина Асамбай және Байділда менің ауылыма келді. Болыс өзіміздің елге қайт, ол жерде өзіңнің сүйген адамыңа күйеуге тиюге ерік береміз деді. Мен сол кісілермен Қысқаш болысына қайтып келдім. Қыс бойы олар маған үндеген жоқ. Жазғытұрым маған күйеуге шыға сың деп тағы да мені ұрып-соға бастады. Мен ол кісіге күйеуге шыққым келмеді. Содан кейін старшиналар Асамбай, Игембай және Байділда менің аяқ-қолымды байлап қойып, Байділда менің тәніме бір күннің ішінде үш рет темір қыздырып таңба салды. Маған таңба салар кезде: «Бұл жазаны Саурық Мырзағарин болыстың бұйрығымен жасап жатырмыз», – деді. Бұдан кейін мен тағы да төркініме қашып кеттім. Қазір өзімнің туған елімдегі шешемнің қолында жүріп жатырмын. Менің басыма бостандық керек, олар бұдан былай менде ешқандай шаруасы болмаса екен деймін. Осы жазғандарымның дұрыстығына хат танымағандықтан бармағым ның таңбасын басып растаймын». Ұлтарақ арызды қолына алып, бір тайға түскен арызды екі бүктеді де бешпентінің ішкі қалтасына салды. Ол Андрейге үлкен рақмет айтып, тұра бергенде: – Арыздың аяғына арыз иесі қол қою керек. Егер, хат танымайтын болса, бармағына сия жағып, бедерін салатын болсын, – деді Андрей. Арыз сол күні Димогин соттың алдында жатты. Ол бірден қарай қой мады. Үния да, Ұлтарақ та, Сергей де өз елдеріне қайтып кетті. Сот олар ды: «Өзім шақыртамын. Хабар бізден болады», – деп қайырып жіберді. Үния сотқа арыз берді деген хабар Саурыққа да тез жетті. Саурық Қысқаш болысының беделді адамдарын жинап, Терлікбайды шақыртты. Ауыл толы ығы-жығы қонақтар. Әр сайдан салт атқа мінген қонақтар құйылып жатыр. Саурық үйінің төріне қаз-қатар жиналған сандыққа сүйеніп түнеріп отыр. Бүгін ол, ең алдымен, Терлікбайға жабыспақ. «Осы қатынды желіктіріп, қолтығына дым бүркіп жүрген сен деп айтуым керек.
Ауылда өскен қатын сотты қайдан біле қояды? Оған арызды жазатын кісіні тауып бергендер де бар», – деп ойлап отырды. Оның ойын: – Ассалаумағалейкүм, – деп үйге кіріп келген Терлікбай бұзды. – Уаликумүссалем, – деп Саурық өң бермей отыра берді. Бұрынғы бір келгендеріндегідей Терлікбайды жоғары шығыңыз деп жалбақтап жататын Саурық болмады. Суық амандасты да қойды. Саурықтың тырысып-құрысып отырған себебін Терлікбай сезді. Ол төрде отырған Саурыққа жақындай түсті де: – Мал-бас, бала-шаға аман ба? – Аман, – деді де Саурық тағы да түйіліп қалды. – Сауқа, – деді Терлікбай, – сіз бүгін тым тырысып қалыпсыз? Немене, ел арасында қиын бір жағдай болып қалды ма? – Болып қалды. Ол қиыншылықты бастаған өзіңіз ғой. – Мен білмейтін қандай жағдай? – Үния сіздің ауылға қашып барып, мені сотқа беріп жатқан көрінеді. Оны білмей отырған шығарсыз. Сіздің батаңызды алып барып жазған болар. – Үнияның ауылға қайтып келіп отырғанын ғана естідім. Сіздің Үния денесіне үш жерден таңба салдырғаныңызды білемін. Өштесетін, дауласып-тартысатын адамыңды тапқан екенсің. Таңбаны малға басушы еді, адамға таңба басты дегенді енді естіп отырмын. Құдай біледі, Үния сені сотқа береді дегенді жаңа естіп отырмын. – Ол мені соттата алмайды. Тек әйелмен болыс соттасып жатыр деген сөзі өтеді. Сіз білмеймін деп момақансымай-ақ қойыңыз. Ендігі жерде сізбен дауласамыз. Жесірімізді ауылыңа апарып тығып қойып отырған кім деп ойлайсыз? Сіз. – Ертеңгі күні ана үш қатыныңа осындай таңба салатын болсаң, олар да төркініне кетіп қалады. Онда не істейсің? – Қатын менікі, сіздікі емес, не істесем де өзім білемін. Жесірімді қайырасыз, болмаса берген қалың малымызды түгелімен қайырып беретін боласыздар. – Сауқа, нар көтермес жүк болмайды. Сіз болыс болған соң, нар емессіз бе? Көтересіз де. Қалың малды қайырамыз деп айта алмаймын. – Қайтармасаңыз жолыңыздан аламыз! – Ала алмайсыз-ау деймін... – Аламын, – деп Саурық желіге, күш көрсете сөйледі. Оның дауысында ішін кернеген ыза, күйінгендік бар. Саурық пен Терлікбай қағысып, қақтығысып алды. Екеуінің де қасқабақтары бұзылды. Бірін-бірі көзбен атып жібергісі келіп отыр. Жиналып қалған жұрт бұл екеуінің қақтығысын үзіп жіберді. Үй іші адамға толды. Саурық пен Терлікбайдың қас-қабағына қарап, бағып отырған кісілер. Орнынан тұрған Саурық: – Ауыл сыртына шығайық, – деп есік жаққа қарай жүрді. Отырған жұрт, оның соңынан жапа-тармағай топырласып далаға шықты.
Мал аяғы тиіп жапырылған көгалға барып, жиналған адамдар алқақотан отырысты. Ортан белінде Саурық тізе бүкті. Ол әлі тіс жарып, елді жинаған жұмысын айтқан жоқ. Ісініп, бөртіп, үстіндегі киіміне сыймай отыр. Болыс не айтар екен деп, оның ауызына қараған жұртта үн жоқ. Ол көзімен жиналған адамдарды бір шолып өтті. Саурық ырғалып-жырғалып, орнынан тұрды да: – Қысқаш болысының жақсыларын жинап отырғаным бір ғана мәселе жөнінде еді. Терлікбай елі әлі күнге дейін өткен жылдағы салықты төлемеді. Салық деген барлық елге бірдей емес пе? Ендігі жерде салықты өсімімен төлейтін болады. Оның үстіне біздің жесірімізді тығып, бүкіл елді бүлдіргісі келіп отыр. Егер менен алатын өші болса, онысын айтсын, – деп ол сөзін бітірді. Терлікбай да онан қалысқан жоқ. Саурыққа дау айтты. – Біздің еліміз салықты төлеп бітуге қалды. Сенің шымбайыңа батып бара жатқан Үния екені осы отырған халыққа белгілі. Үнияны біз тығып отырғанымыз жоқ. Оның осы жерден кетіп қалуына алдымен себеп болған өзің. Адамның денесіне таңба салуды шығарған мен емес, сенсің. Сенің бұйрығыңмен мына отырған Асамбай, Игембай, Байділда үшеуі оған темір қыздырып басыпты. Бұл не, сенің ірігенің бе, жоқ болмаса шірігенің бе? Осы отырған ел жақсылары айтсын, – деп Терлікбай қалшылдап, дірілдеп сөйледі. Отырған жұрт екеуінің шарпысып, тартысып тұрғандарының арғы тегіне бірден түсіне алмай сақалдарын сипап, күбір-күбір сөйлесіп, таң қалып отыр. Ортан белде отырған Серікбай қажы: – Екеуің осы дауларыңды өздерің келіспедіңдер ме? Бір Матайдың баласысыңдар. Бізге билігін айт десеңіздер, жүгінетін болсаңдар, менің айтатыным салық дейтінді бүгін бе, ертең бе төлеуге міндеттісің, Терлікбай. Одан тезірек құтылғаның жөн. Сауқаңның жесірі жөнінде бір ауыз ғана айтайын. Сауқа, сіз қатынға сондай ауыр жаза бергізіпсіз. Ол дұрыс болмаған. Жесіріңді төркініне алып кеткен Терлекеңдікі де дұрыс болмаған. Сен төлеген қалың малыңды қайтар дейсің, Сауқа. Ол да дұрыстыққа жатпайды. Жесірімді қайтар десең бір жөн. Жесір дауы деген ата-бабамыздан бері қалған бітпейтін дау. __ – Үния мені сотқа беріпті деп естіп отырмын. Сот мені айдап жібереді деп ойладыңыз ба? Сот та біздің айтқанымыздан шығып кетеді дейсіз бе? Мені қатынмен соттастырып, абыройымды төктіремін деген сіздің жаман ойыңыз емес пе? Ал салық төлеу ақ патшаның бұйрығы екенін өзіңіз де жақсы түсінесіз. Бірақ, соны орындамай отырсыз, – деп Саурық даурыға сөйледі. – Мен саған айттым ғой, Үния сені сотқа беріпті дегенді сенің өз ауы зыңнан ғана естіп отырмын. Оның денесіне таңба салғаның үшін осы отырған жұрттың алдында жауап берші. Салық дейтін болсаң, онан жуық
арада құтыламыз деп жаңа өзіңе жеке отырғанда айттым. Маған онан басқа қандай айып тағасың? – деп Терлікбай да басынан сөз асырмай жатыр. – Өзің Үнияны біздің қолымызға қайтарасың ба? Жоқ, екі ел арасын бір қатын бүлдіре ме? – Мен дәл қазір саған Үнияны қайтарамын деп айта алмаймын. Алдымен осында жиналған үлкен кісілердің алдында Үнияға істеген қиянатыңды, берген жазаңды айтпайсың ба? – Менің Үнияға не істесем де еркім бар. Малға сатып алған соң ол біздің адам. Басқа берер жауабым жоқ, – деп Саурық сіресіп отырып алды. Ақсақалдардың бүгінгі жиналысы ешқандай қорытындыға келе алмады. Екі қошқар бірін-бірі мүйіздеп, сілкілесіп тарады. Шарасынан асып, төгіліп жатқан ашу екеуін де баурап алған. Қабағын түйген реңсіз күн сияқты жиналған жұрт та көңілсіз елдеріне қайтты. Саурық ұзақ күнге тыныс алмай, жалынмен алысып қайтқан адамдай сезінді. Көкке қарай самғап келе жатқан ол бүгін сағы сынғандай көңілсіз үйіне келді. Сиқырлы әйелдері де бүгінгі болған жиынның төркінін сезіп білген. Олар да қанын ішіне тартып, сазарып алған. Үшеуі үш жағынан Саурыққа даланың бүркітіндей қанаттарын қомдап, қона түскелі түнеріп отыр. Олардың ішінде, әсіресе Үнияға жаны ашып, жүрегі елжіреп отырған Айман болды. Саурықты көзімен атып жібергелі отыр ол. Шай келді. Айман шай дайындаған осы үйдің қызметшісіне: – Есікті дұрыстап жап та, өзің бара бер, – деді. Шай құйып отырған Жәния Ғалияға кесені ұстата беріп, «сен баста» дегендей ымдады. Ғалия қолындағы кесені жерге қойды. Өзі нығызданып, Саурыққа тура қарап алды да, Әңгімені бастады. – Әлгі, – деді ол, – сіз өткен жыл Үнияны қайтарып әкелгенде, оның алдында үшеуіміздің әкелерімізге оны алмаймын деп сөз бергеніңіз қайда? Ол уәдеден тайдыңыз ба? Ол байғұсты масқаралап, таңба бастырдыңыз. Сіздің мұныңыз адамгершілікке жата ма? Сіз осыны ойладыңыз ба? – деп Саурықтың жағасынан ала түсті. Ғалияның бұл айтқандарын Айман мен Жәния да қолдады. Саурықтың аузына құм құйылып, үнсіз отыр. Әйелдерінің сүйегіне жеткізе айтқан сөздері жанына батып кеткен Саурық: – Жау жағадан, бөрі етектен алады дегендей, сендерге не болды? Үшеуің менің жағамнан алмақ болып келіскен екенсіңдер. Үй ішінде іріткі шығарып, жауласатын сендерге не болды? Үния мені сотқа беріпті. Сендер осыны түсінесіңдер ме? – Сотқа бермегенде қайтеді. Сіздің істегеніңіз анау, ол бейшараға. Егер, өз ішіңнен шыққан қызың Рәбиғаға біреу сенің Үнияға істегеніңді істесе қайтер едің? – деп Айман тақымдап болмады. Саурық қатындармен ұрысып отырмаймын деген ойға келді де, керегеде ілулі тұрған шапанын жамылып далаға шығып кетті.
Соттың шақыруымен Саурық Лепсинскіге түс болмай келіп жетті. Ол ертерек келді. Ғарифулла досы екеуі күні бойы бітім соты Димогинді айналдырумен болды. Оған параны аямай берді. Оның өзі де сұғанақ кісі екен, пара алған соң кегжие бермеді. Мәселе Саурықтың пайдасына шешілетін болды. Ол Саурыққа: – Саурық Мырзағаринович мырза, енді қам жемеңіз, айтқаныңыз орындалады, – деп Саурыққа қарап, жымиып күлді. – Біз, ақ патшаның қазақ даласындағы тірегіміз, саясатын бұлжыт пай орындайтын адамдармыз, сіздің де біз сияқты болыстарды адал көңіліңізбен жақтайтыныңызды жақсы түсінеміз, – деп жүзі жадырап, қабағы ашылған Саурық қоштасып кетіп қалды. Сот мәжілісі болайын деп жатты. Жалғыз қабатты, төрт бөлмелі ағаш үй сот кеңсесі. Бөлмеде адам көп, сыймайды. Есік алдында жиналған жұрттың ішінде Үния, шешесі Күнікей, Ұлтарақ пен Сергей де сот болатынын естіп келіпті. Саурық, Игембай, Асамбай, Байділда – төртеуі көшенін екінші бетінде оқшау тұр. Сот мәжілісі күн төбеге келген мезгілде басталды. Сот Димогин: – Үния Қабділдина, сіз сот алдында өтірік жауап берсеңіз, өзіңіз заң бойынша жауапты екеніңізді ескертемін, – деді ол. – Мен өтірік айтпаймын және біреуге жала жаппаймын. Саурық мырзаның маған істеткен зәбірі жөнінде ғана айтамын – деді Үния, ол Саурықтың атын бүгін сот алдында ғана атады. «Өтірік айтсам, заң алдында жауап беремін» деп бір парақ қағазға қолының таңбасын басты Үния. – Сіз сотқа жазған арызыңызды дұрыс деп білесіз бе? – деді Димогин. – Иә, дұрыс деп білемін, – деді. Димогиннің хатшысы арызды оқып шықты. – Саурық Мырзағаринович мырза, сіз бұл жөнінде не айтасыз? – Үния дала заңы бойынша біздің жесіріміз. Елімізден кетуге ешқандай хақысы жоқ. Үнияның келешегін шешетін біз. Болысқа қайтпайтын болса, оның туыстарына берген қалың малымызды қайтарсын. Мәселені екі ел ақсақалдары шешуге тиісті. Жесір мәселесін үкімет соты қарауға тиісті емес, – деп Саурық өзіне өзі сене, нығыздана сөйледі. – Саурық Мырзағаринович мырза, Үния Қабділдинаның айтуынша, ол кісінің денесіне таңба бастырған сіз көрінесіз. Бұл мәселеге сіз қалай қарайсыз? – Дала заңы бойынша, Үния біздің жесіріміз. Оған қандай шара қолдансақ та, біздің еркіміз. – Үния Қабділдина, сіздің денеңізге үш рет салынған таңбаның ізі бар ма? – Сот мырза, мен ең алдымен Саурық мырзаның айтқан кейбір мәсе лелері жөнінде бір-екі ауыз сөз айтқым келіп тұр. Саурық мырза, – деді
ол, – сіз бір болыс елді басқарасыз, сізбен таласу мен үшін қиын. Бірақ, сіз дала халқының ішінде ұлағатты кісі болып есептелесіз. Ауылдағы даулы мәселелердің бәрін шешесіз. Сіздің сот алдында айтып тұрғаныңыз әділ кісінің сөзі емес. Елімізге қайтпаса, біздің берген қалың малымызды қайтаратын болсын дейсіз. Егер, есептесіп келсек, сіз маған берешек боласыз. Сіздің өзіңізге, бала-шағаңызға, әйелдеріңізге қанша киім тігіп бердім. Егер, оны малға шақсаңыз сіздердің берген қалың малдары ңыздан бірнеше рет асып түсер еді. Үстіңіздегі киімдеріңіздің бәрі менің қолымнан шыққан жоқ па? Осыны сіз өтірік дей алмайсыз. Сіз мына отырған адамдарыңызға мені халық алдында масқаралаттыңыз. Осынша жәбір көріп сіздің елге қайтадан бармаймын. Енді, сот мырза, сіздің сұрауыңызға келейін. Менің денемде басылған таңбаның ізі көрінбейді. – Егер, көрінбесе, сіз оны қалай дәлелдейсіз? – деп Демогин сот Үния жауабын ашықтан-ашық жоққа шығарғысы келіп тұрғаны, отырған адамдардың бәріне тайға таңба басқандай анық болды. – Осы сот мәжілісінде Ұлтарақ деген кісі отыр. Байділданың маған таңба басқанын естіп біздің ауылға келген, ол өз көзімен көрді. Сол кісі Саурық мырзаның маған жасаған зәбіріне куә бола алады. Үния сөйлеп тұрғанда Димогин бір сәт ойланып қалды Ол Үнияның өжет сөйлеп, болыспен тай-таласып тұрғанына таң қалды. Қазақ әйе лінің сот мәжілісінде ашынып, өз правосын қорғап, тайсалмай сөйлеп тұрғанына таңданды. Елдегі қазақ әйелдері әке-шешесінің, қайынжұртының, ел басқаратын болыстың алдынан көлденең өтпейтінін Димогин жақсы біледі. Сол еркек біткеннің бәрінің алдынан өтпейтін қазақ қызы сот алдында қайсарланып, бойына ерекше бір күш біткендей ұялмай, тайсалмай өз басын қорғап тұр. Қазақ заңын бұзып, болыспен соттасып, сайрап тұрған Үнияға бір жағынан ризалық білдірсе, екінші жағынан даладағы ел арасында патша заңын бұлжытпай іске асырып жүрген болыспен соттасқанын жақтырмағандай ой да Димогиннің жанын жеп, етіне батып тұрғандай болды. Сот осы жайларды ойлап отырды да Саурыққа қарап: – Сіз не айтасыз? – деді. – Менің үй ішіме киім тіккені рас. Ол менің келінім, тігіп беруге міндетті. Сот мырза, – деді ол, – мені әділ емессің деп Үния маған жала жауып тұр. Шешім қабылдағанда осыны ескерсеңіз. – Ел арасындағы әділетсіз адам жалғыз сіз емес, қолында малы бар байлардың бәрі де әділетсіз. Сіздің үш қатыныңыз бар. Төртінші қатын болып мен тиюім керек. Сіз мені зорлық-зомбылық жасап, қорқытып алғыңыз келеді. Мен көнбеймін деп басында айтқанмын, қазір де сот алдында соны айтамын. Күйеу іздегім келсе, өз сүйген адамыма ғана шығамын. Ұстаған жолымнан, ойлаған ойымнан өлтірсеңіз де қайтпаймын, – деп Үния Саурыққа да, басқаға да қытығына тигізе, ашына сөйледі.
– Бұл қатын бүкіл ел ішіндегі жақсылардың бәріне тіл тигізіп жаман дап тұр. Бұзылған, көкауыз адамның айтатын сөзі емес пе? Осы үшін де сен жауап бересің, – деп Саурық та қарсы дау айтып, көсіле сөйледі. – Менің айтып тұрғаным көкауыздық емес, шыны сол. Далада қанша қатынды мен сияқты қорлады. Қазір де қорлап келеді, – деп Үния да тілін тартпай жағаласа берді. – Мырзалар, сот мәжілісінде бұлай сөйлеуге бола ма? Тоқтатыңыз- дар, – деп Димогин орнынан тұрды. Саурық шегіне-шегіне алда тұрған орындықтың біріне отырды. Үния тұрған жерінен қозғалмастан сотқа тура қарап, сескенбестен тұрды. Димогин Жұматаевқа: – Байділда мырза, таңба салған сіз дейді, өзіңізді ақтау үшін не айтасыз? – Жаңа Саурық мырза дұрыс айтты. Үния біздің жесіріміз. Оның келешек өмірі, күн көрісі бізбен байланысты болуға тиіс. Ол болыстың айтқанына көнбеді. Біз мұны айтқанымызға көндіреміз деп бірнеше жыл жүрдік. Әбден шектен шыққан соң, таңба басқанымыз рас. Бірақ, жесір дауы сот арқылы шешілуге тиісті емес. Оны тек біз өзіміз, қазақтық өз заңымен шешеміз. Ел жақсыларына тіл тигізгені үшін Үнияның өзін жазалау керек, – деп ол да сот мәжілісінің жүрісін басқа жаққа аударуға әрекет жасады. Түпкір жақта отырған Ұлтарақ қолын көтеріп: – Сот мырза, маған сөз берсеңіз? – деді. – Сіз тұра тұрыңыз, сіз не айтасыз, – деді Димогин Жүрімбаевқа қарап. – Менің Саурық пен Байділданың айтқанына қосарым жоқ. Үния кейінгі кезде болыстың айтқанына көнбей алдымен малын Ұлтарақ Көжебаевқа қалаға айдатып жіберді. Артынан өзі төркініне қашып кетті. Осы екеуінің арасында біз білмейтін бір жұмбақ сыр бар. Үнияны бұзып жүрген осы Ұлтарақ. Ол Саурық болыстың малын жоғалтып қашып кеткен. Өткен жылдары оны сот қана ақтады. Сол жолы соттап ит жеккенге айдап жіберу керек еді, – деп ол Үнияға да, Ұлтараққа да жала жаба, гүрілдепдарылдап сөйледі. – Ұлтарақ Көжебаев, сіз не айтасыз? – деді Димогин. – Ең алдымен Асамбайдың таза адамға жала жауып тұрғаны жөнінде бір-екі ауыз сөз айтайын деп тұрмын. Үния екеуіміздің арамызда жұмбақ болатын ештеңе жоқ. Ондай мәселе болуы да мүмкін емес. Саурық болыстың келініне тиісіп, өле алмай жүргенім жоқ. Менде ондай хал де жоқ. Малын қалаға айдап кеткенім рас. Ауылда бағатын адамы болмады. Менің бар жазығым далада қалып бара жатқан малын бағып бергенім. Біреуге көмектесу менің баяғыдан келе жатқан әдетім. Асамбайдың малын бағатын адамы жоқ болса, мен оған да кемектесер едім. Саурықтың жоғалған жылқысы жөнінде өткенде осы сотта қаралып, менің жазығым жоқ деп сот ақтап жіберген. Малы төленгендігі анықталған. Саурық мырза жесір қатынды жәбірлеп, тыныштық бермейтін болған соң, төркініне апарып тастағаным рас. Оны мойындаймын. Ол жолы да менде басқа ой
болған жоқ. Енді негізгі, бүгін әңгіме болып жатқан іске келейін. Мен Байділдалар таңба басып жатқанда қасында болғаным жоқ. Бірақ, бірекі күннен кейін Саурық ауылына, әйелім Күміс екеуіміз Үнияның үйіне келдік. Келсек, Үния қатты науқас екен. Денесінің үш жеріне Саурықтың айтуымен таңба салыпты. Денесі қызып қозғала алмай жатқанын өз көзіммен көрдім. Болыс болдым деп сахарада ойына келгенін істеуге, күшті адам нашарларды осынша зәбірлеуге бола ма? Маған осы жері түсініксіз. Мен хат танымайтын адаммын. Оны хат танитын сіздер білесіздер, – деп Ұлтарақ кейін шегініп орнына отырды. – Ұлтарақ Көжебаев, сіз Үния екеуіміздің арамызда ешқандай жақындық жоқ дедіңіз. Оны неге Саурық ауылынан көшіріп әкетесіз? Осыны бізге түсіндіріңізші, – деді Димогин. – Саурық болыстың жылқысын өмір бойы бақтым деуге болады. Ол кісі маған дұрыстап еңбегімді төлемеді. Үйім толған шиеттей бала. Оларды киіндіруге, тамақ тауып беруге шамам келмеді. Аш-жалаңаш болды. Көмектесетін бір жан болмады. Сол кезде қолының ұшын берген Үния болды. Өзінің күн демей, түн демей елдің ісін тігіп тапқан малының қақ жартысын бізге бөліп берді. Балаларыма, қатыныма, тіпті әуелі менің өзіме де киім тігіп берді. Жақсылық істеген адамға жақсылық істедім. Мен оны далаға тастап кетуге тиісті емеспін. Сондықтан оған әлі де болса да көмектесуге даярмын, – деп Ұлтарақ ашығын, көңілінде жүрген ойын жасырмай айтты. Димогин орнынан тұрып, отырған жұртты шолып қарады да: – Тағы да не айтасыз, Саурық Мырзағарин мырза, – деді. – Менің басқа айтарым жоқ. Ұлтарақ менің жылқышым болғаны рас. Ақы төлемеді дегені шындыққа жатпайды. Оның айтып тұрғаны маған таққан жаласы, – деп ол күмілжіп, айтайын деген ойын бүгіп қалды. – Сот тергеуі осымен бітті. Сіздер есік алдына шыға тұрыңыздар. Сот мәжіліс құруға кетті. Соттың қаулы шығаратын мәжілісі ұзақ болған жоқ. Далаға шығып кеткен жұртты тез қайта шақырып, Димогин сот қаулысын жариялады. «Шешім. Лепсі уезі, бітім соттың І бөлімшесі 1899 жылы, 9 октябрьде шешім алады. Жұматаевтарға, Жүрімбаев пен Мырзағаринге қарсы көтерілген айып жеткіліксіз болғандықтан, олардың бірде-бірін сотқа тартуға дәлел жоқтықтан бұл жұмыс 277 ст. У. У. С. қысқартуға жіберілсін. Бітім соты (А. Димогин). Мені, Үния Қабділдинаны, 9 октябрьде, 1899 жылы сот шешімімен таныстырды. Дәлелді кінәлау айып жеткіліксіз болғандықтан жұмыс Верный округтік соттың І бөлімшесіне қысқартуға жіберілді. Мен хат танымаймын. Таныстырған бітім соты А. Димогин».
Сот бітті. Ел тарап жатты. Үния төркініне келді. Қайтып ол Саурық ауылына бармады. Ол мұнда да өзінің ежелгі кәсібі ел-жұртқа киім тігумен болды. Саурықтан өмір бойына құтылғанына Үния көңілді. Ол өз-өзіне: «Құдай сақтап, Саурық құрған тордан құтылдым. Ендігі жерде өз сүйгеніме шығуға, мен де ерікті болдым. Асықпай есімді жинап аламын. Балалық шақ әлдеқашан өтті. Аяғымды байқап басатын болдым», – дейді. Лепсідегі сот мәжілісінен соң Саурық та «жесірім, жесірім» деп келе беруді, елден жібермеймін деуді тоқтатты. Үния осы елде болатын ойынтойға да барып, ән салып, домбыра тартып көңілді жүрді. Оған сен неге барасың дейтін жан болмады. Шешесі Күнікей қызының көңілі шатты болғанына қуанышты. Баратын жерлеріне барма деп айтпады. Лепсі жәрмеңкесінде кездеме матадан гөрі тігілген киім өтімді болды. Маңайдағы сахара халқы тігілген қазақ әйелдерінің, еркектерінің киімдерін малдарын беріп талап алатын болды. Жәрмеңкеге кетіп бара жатқан сәудегерлердің бірі Үнияның қазақ киімдерін тігуге ісмер екенін біліп: – Әртүрлі мата тастап кетсем, қазақша киім тігіп қоясың ба? – деп сұрады Үниядан. – Ақысын берсеңіз тігіп қоямын, – деді Үния. Үния сәудегермен келісіп күні-түні киім тігетін болды. Ол оқалаған сәукеле, кимешек, қамзол, шапан, шалбар, бешпент тағы сол сияқты бұйымдар тікті. Жиырма күннен соң Үния тігіп, дайындап қойған киімдердің бір бөлігін сәудегер біреуді жіберіп алып кетті. Ақысын да мол, жақсы төледі. Сәудегер сахара халқының зәру дүниесінің бәрін жәрмеңкеде жүріп әбден біліп алған. Сондықтан Үнияға малдай да, матадай да ақысын төлегені пайда болды. Үния сияқты өнерлі келіншекке бұл жақтан сөз айтып, қырындайтын жігіттер шықты. Бірақ әбден ауызы күйген ол, олардың айтқандарына көне қоймады. Оларға Үния қысқа ғана жауап беретін болды. – Ауызы күйген үріп ішеді дегендей, әзірге байқай тұрайын. Сіздер мені әурелемеңіздер. Әбден есімді жинап алайын. Әлі алда күн бар ғой, – деп шығарып салатын. Үния Ұлтарақ пен Өгізбайдың бала-шағасына, өздеріне деп әдейілеп киім тігіп, «сәлемдемем» деп қатынасқан адамдардан беріп жіберіп те жүрді. Ұлтарақ пен Өгізбай әйелдерімен келіп, қонақ болып келіп-кетуді жиілетті. Осы ауылдың қара үйлерінің әйелдері де талшықтап жинаған азын-аулақ дүниесінен бала-шағаларына киім тіккізіп алатын болды. Бірақ олардан ақы алмады. Тегін тігетін болды. Тіпті тақыр кедейлеріне өз еңбегімен жинаған малынан мал бөліп берді. Бір күні бес-алты баласы бар, сауын сиыры жоқ, тапқан-таянғаны тамағына жетпей жүрген бір әйел: – Кішкене екі балам жалаңаш қалды. Сенде ескі-құсқы киім бар ма? Соларға кішірейтіп өзім тігіп берер едім, – деді. – Балаларыңды алып кел. Мен қалған-құтқан матадан киім тігіп берейін, – деді Үния.
– Жаңасы өзіңе де керек болар. Оларға ескі дүние болса да жетеді. – Жоқ, балаларыңызды алып келіңіз. Ескі-құсқы менде болмайды. – Ой, шырағым-ай, жасың ұзақ болсын, қазір, – деп көп кешікпей екі баласын жетектеп қайта оралды. Байғұстың екі баласының қарны шығып, ісіп кеткен сияқты, басы үлкен. Мойны қылдай жіп-жіңішке. Сандарында ет жоқ. Үнияның жаны ашып кетті. Ол: «Бұлардың үйінде тамақ та жоқ болды ғой» деп ойлады. Балалардың денесін өлшеп алды да: – Апай, – деді Үния, – біздің үйде үш сиыр бар, соның бірін алыңыз. Балаларыңызға көжеге қатық етерсіз, – деп кешке өрістен келген сиыр дың біреуін әлгі әйелге жетектетіп жіберді. Үшінші күні балаларға деген киім де тігіліп бітті. Өздеріне құйып қойғандай дәп-дәл. Сол екі баланың қуанғанына: – Сендер үшін мен де қуанып тұрмын, – деп Үния сандық түбінен өрік-мейіз алып, екі балаға ұстатты. Олар онан арман қуанды. Балалардың шешесі: – Жасың ұзақ болсын, Әкеңе тартқан екенсің. Марқұмның қолы ашық болушы еді. Еш жаннан еш нәрсесін аямайтын, – деп батасын берді. Саурық Лепсіде болған сот мәжілісінен келгелі үш әйелі үш жағы нан қамалап, қабаған иттей үріп тілдей берді. Олардың айтқан сөзге тоқ тайтын түрі жоқ. Айман бастап, екі тоқал қостап санына қыл бұрау сал ғандай бүріп, алқымынан қысып отыр. Айман қымыз құйылған кәрден кесені оң қолына алып, ауыр денесімен маңғаздана Саурыққа бұрылып: – Сіз еркек басыңызбен қатынмен соттастыңыз. Өз абыройыңыз ды айрандай төктіңіз. Үшеуіміздің үстімізге Үнияны аламын деп бүкіл елді аяғынан тік тұрғыздыңыз. Денесіне таңба саламын деп өзіңіздің адамгершілік қасиетіңізге нұқсан келтірдіңіз. Енді сол Үнияңыз қайда? Сізді белуарыңыздан балшыққа отырғызды да, өзі төркініне кетті де қалды. Кешегі болған соттан кейін оған алдағы уақытта ештеңе жасай алмайсыз. Ол сіздің қолыңыздан кетті. Кеше ғана осы ауылда сыпайы жүріп, алдыңыздан өтпейтін келініңізді ашындырдыңыз. Сотта бетіңіз ден алған көрінеді. Кешегі жылқышыңыз Ұлтарақ та сізге қарсы сөйлеген дейді. Осының бәрі сізді ойландырмай ма? – деп бастаған еді, Ғалия мен Жәния қостай жөнелді. – Айкеңнің осы айтқандарында бірде-бір жаңылыс айтылған сөз жоқ. Ең алдымен осы үшеумізге ие болып алмайсыз ба? Мұныңыз бізді қорлағаныңыз ба? Үнияға таңба басқанда не таптыңыз? – деп Ғалия Саурықты кекете күлді. Саурық әйелдерінің айтқанын іштей електен өткізіп, жауап қайыр мады. Олар болған істі мойнына сала, тұқырта шындықты айтты. Бұлар дың оңаша отырып, Саурықтың жанына тигізе айтқан ашулы сөзін есіктен кіріп келген Байділда бөліп жіберді. Ол табалдырықтан аттай беріп: – Таудағы қысырақ үйірін бағатын екі жылқышыңыз бір түнде көшіп кетіпті. Мен де жаңа ғана естідім. – Қайда кетіпті, білдің бе? – деді өзі көңілсіз, ашу кернеген Саурық.
– Қайда кеткені белгісіз. Мүмкін, Ұлтарақ сияқты орыс қалаларының біріне кеткен болар. – Бұлар онда барып не бітіреді? Тым болмаса, орыстың екі ауыз сөзін білмейді. – Онда да мал бағатын шығар. Одан басқа қолдарынан келетін ештеңе жоқ қой. – Ауылдан қашқандарды қайтару жөнінде ұлыққа шағым жазған жөн болар. Олай етпесе, мал жаятын кісі қалмай барады. – Өзіңізді сыйламаған кісіні қалай қайырасыз? Басқасы табылар, – деп Айман Саурық сөзін мақұлдамады. – Малшы табылар-ау. Болыстың малшылары бірінен соң бірі қашып жатыр деген атақ жаман ғой. Менің жаныма бататыны осы! – деп Саурық өрт сөндірген адамдай түнеріп кетті. Үш әйелінің жанына батыра айтқан сөздері Саурықты қатты толғандырды. Оның үстіне малшыларының баққан жылқыларын тастап қалаға кетіп жатқаны қиын болды. Қатындардың айтқандары маған жаны ашығандығы шығар. Қойнында жатқан қатындардың басқа оймен айтуы мүмкін емес деп ойын түйді Саурық. Үйде отыра берсем қатындар дың қыспағынан құтыла алмаспын. Далаға шығып, аз да болса, желпініп келейін деп ол төр алдындағы киімін киіп, шапанын желбегей жамылып далаға шықты. Ауыл алдындағы дөңеске барып, ен далада жалғыз өскен ағаштай оңаша отырды. Саурық та шырынын сығып алған жүзімдей қауызданып дел-сал. Біреу денесіне жара салған кісіге ұқсайды. Іш толған у. Мерезге қарсы күресуге шамасы жоқ, әлі құрып отыр. Қиқу салып мал қайырып жүрген тау баурайы толы малшы. Дәл қазір Саурық көзіне олар да көрінбейді. Қотан толған сұлу қыз болушы еді, олар да қазір, оның көзінен бір-бір ұшқандай. Саурық заманымызға не болды, өзгеріп бара жатыр ма? Келешек күніміз қандай болмақ? Ата-бабасынан бері құлымыз болған Ұлтарақтың түрі мынау, біздің үйден өзі кеткенімен қоймай, бірнеше үй малшыларымды ала кетті. Тіпті әуелі өзіме қарсы сойыл көтеріп кешегі болған сотта сөйлегенін қарашы. Өмір бойында қатынға тізгін бермейтін басым, олардың әлегіне қалдым. Үния болса анау болыс деп болыстығымды, елдің беделді адамы деп беделімді сыйламады. Басыма шықты. Сотқа барды. Соттасты. Әбден ашылып, ашынып алған. Сөзге де шешен. Үлкенге де, кішіге де дес бермей сөйлейді. Қара топырақты, құйқалы жерімізде басқан ізіміз борпылдаған құмға ұқсайды. Аяғымыз толарсаққа дейін батып кетеді. Қала-қалада өз иелеріне қол көтеріп, ереуіл шығарып жатқан орыс шаруалары. Әлде, заман өзгеретін бір дүмпу бар ма? Өмірден де, туған-туысқаннан да, ел-жұрттан да көңілім қалды. Келешек өмір бұлдыраған сағым сияқты қолмен ұстай алмайтын бір дүние ме? Алдымның бәрі қара түнек жаныма жағатын бір жақсылықты көрсемші! Ол аралда жалғыз қалғандай құлазыды. Қанша қиналғанмен тұңғиық ойдың түбіне жете алмады. Айдалада жалғыз қалғандай күңіренді.
ЭПИЛОГ ОРНЫНА Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы қаласындағы Орталық архивке барған едім. Шаң басқан көп папкалар өткен ғасырдың ащы дауысын, сергелдең өмірін алдыма әкеле берді. 1899 жылы, 9 октябрьде Лепсі қаласында Үния Қабділдинаның жазған шағым арызы бойынша болған сот мәжілісінің қаулысы ерекше назар аударды. Арызда Саурық, Байділда, Игембай, Асамбайлардың үстінен шағым айтылыпты. Күйеуі Қабділда қайтыс болған соң, жесір біздікі, біреуімізге тоқалдыққа тиесің деп Үнияны зорлаған көрінеді. Жесір көрнеу зорлыққа көнбейді. Саурықтың айтуы бойынша, Байділда, Игембай, Асамбай деген үш жігіт Үния денесіне үш жерден темір қыздырып таңба басады. Үния бір ай бойы ауырып жатады. Содан тәуір болған соң жесір әйел төркінін паналайды. Бірақ Саурық Мырзағариннің елге қайт, сүйген адамыңа қосылуға ерік беремін деген сөзіне сеніп, Үния қайта Қысқаш болысына оралады. Бірақ, Саурық уәдесінен айниды. Жесір әйелді тағы да әурелейді; Үния тағы көнбейді. Төркінін қайта паналайды. Феодалдық-патриархалдық қоғамда бас бостандығы үшін күрескен қазақ қыздарының ішінен озық шыққан әйел екендігіне көзім жетті. Саурық сияқты азулы болыспен соттасу әр әйелдің қолынан келе бермейтіні белгілі. Бұл оқиға сол кездегі қоғамдық өмірге шығарылған өзіндік бір үкім тәрізді. Роман желісі тарихи шындық оқиға. Осы күнгі жастардың өткен өмірді тереңірек түсінуіне септігі тисе, мақсат орындалғаны.
Сүйікті ұлым Мәдиге арнаймын. Автор. ТОН А прель, 1965 жыл. Алматы қаласы енді-енді жазғы әдемі көркіне бөленген. Ағаш бұтақтары бусанып, бүршік атып келе жатқан мезгіл. Айдын аспанның әр жерінде ақ мамық бұлт тар қалқиды. Күмістей жайнаған күннің көзі бүтін әлемге нұрын шашып, күллі табиғат біткенді бір әсем кескінге бөлеп, жанға жайлы тиетін жылы лебін беріп, көңілді жадыратып тұр. Бұл шақта адам да, жан-жануар да көңілді. Осы күннің бірінде мен Панфиловшылар атындағы паркте жүр едім. Онда шекелері торсықтай боп, доп-домалақ балалар асыр салып ойнап жүр екен. Бірі балмұздақ жеп, бірі әткеншек теуіп, енді бірі атааналарын айнала жүгіріп, жіппен секіріп қарық болып жатыр. Бейбіт ойнап, еркін жүр. Бұлардың қуанышын көргенде есіңе өткен күндер түседі. Ішіңнен: «Сендер кешегі қанды майданды көрмеңдер, өмірлерің осындай бейбіт бола берсін», – деп ойлайсың. Бүлдіршіндей балалардың асыр салған ойынын тамашалап, паркті бірнеше рет айналып та шықтым. Республикалық музейдің алдына келгенімде таныс жігіттерге жолыға кеттім. Сөйлесе қалсам, олар да паркке дем алуға келген болып шықты. – Музейдің алдына келіп қалыппыз, көре кеткеніміз жөн болар. Оған қалай қарайсыз? – деді біреуі. – Менің де көңілімде сол тұр. Жүріңдер, көре кетейік. Оларға бұл музейге келуге көптен-ақ ынтық екенімді айтпадым. Біз музейге кірдік. Сыртқы есіктің табалдырығын аттасымен, бөлменің сол жағында жаңа дайындалып жатқан стендаға тап болдық. Бұл – Шоқан Әңгіме
Уәлихановтың қайтыс болғанына 100 жыл толуына арналған көрме екен. Орта бойлы, бурыл шашты, қара торы әйел біреулерге сөйлеп тұр. Бұл музейдің директоры, қарт коммунист Сара Есова. – Қош келіпсіздер. Шоқан көрмесі әлі дайын емес. Дегенмен, көрі ңіздер, – деп Сара Шоқанның салған суреттерін, қолжазбаларын, әркім дерге жазған хаттарының көшірмелерін, тағы көптеген документтерін көрсетті. Одан кейін белгілі суретші Николай Гаврилович Хлудовтың қазақ өмірінен, Қазақстан табиғатынан салған суреттерін, қазақ әндерін алғаш жинаған композитор, Қазақ ССР халық артисі деген атақты ең тұңғыш алған Александр Викторович Затаевичтің кітаптарын, СССР халық артисі Күләш Бәйсейітова мен Мұқан Төлебаевқа арналған бөлмені көрсетті. Бізді ертіп ол кісі музейдің екінші қабатына шықты. Онда қазақ халқының Октябрь революциясына дейінгі мәдениетіне, тұрмысына және Қазақстанда Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан Әліби Жанкелдинге, Сәкен Сейфуллинге, тағы басқаларға арналған көрмені көрсетті. Ұлы Отан соғысына арналған стенданың қасында тұрмыз. Менің көзім Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың мүсініне түсті. Қасына келіп, көз тоқтатып қарасам, Төлегеннің мүсінін сонша тамаша етіп, ағаштан шебер ойып жасаған екен. Төлегеннің батыр келбеті, көз қарасы, талай аласапыран айқаста, жорыққа қатынасып, шаршағаны бет келбетінен ақаусыз-ақ көрінеді. – Бұл мүсінді ағаштан ойып жасаған Лениногорск қаласының тұрғыны, Төлегеннің өзімен бірге қызметтес болған Александр Михайлович Чикин деген кісі. Ол екеуі бір цехта жұмыс істеп, жақсы жолдас болған көрінеді. Содан да мүсіндеуші Төлегеннің образын айнытпай жасай білген, – деді Сара Сәтбаевна. – Иә, Төлегенді жақсы білген кісінің қолынан шыққан мүсін екені көрініп-ақ тұр, – дедік. Төлегеннің мүсініне бар ілтипатыммен қарасам да, көңілімнің түкпірінде басқа нәрсе жатқандай еді. Соғыс, жауынгер туралы әңгіме менің есіме сонау бір кездегі өз өмірімді, оның үстіне осында жатқан бір асыл бұйымымды еске салды. Құлағым Сара Сәтбаевнаның түсін дірмесінде болса да, екі көзім сол затты іздегендей, әлсін-әлсін жанжақты шолумен болды. Сара Сәтбаевнадан ойымдағымды сұрасам ба екен деп ойладым. Мүмкін, осы бөлменің бір жерінде жатуы да ықти мал деп, өзіме өзім тоқтау салдым. Музейге барсам деп жүргендегі ойым да осы затқа байланысты еді-ау. Қайда екен деп аңырамын. Басқаларға әшейін бір зат болып көрінгенмен өзіме ыстық. Әркімнің өзіне ерекше, қадірлі заты болмай ма? Менің көңіліммен, көзбен іздеп жүргенім сондай бір қымбаттым еді. – Мынау – Отан соғысы партизандарына арналған бөліміміз, – дегенде жүрегім шым ете түсті. Сара Сәтбаевна нұсқаған, әлгі партизан дарға арналған бөлімге қарадым.
Соғысты есіме алмайын-ақ деуші едім, бірақ амал не, өткен өмірді еске түсіретін айғақты зат алдымда жатыр. Ол – менің майданда айлап, жылдап киген тоным. Өзіме ыстық, көңіліме жылы тонымды көргенде дәл осы музейдің, осы шынының астында он екі мүшемнің бірі жатқандай сезіндім. Ойлап кеттім. Екі көзім тонда. «Саған терім де, қаным да сіңді ғой, денемді суықтан, кеудемді желден, өкпемді сыздан сақтаған да сенсің. Сонымен қатар сен достықтың да белгісі, ескерткішісің. Сені көргенде, көз алдыма орыс қызының сымбатты тұлғасы келеді». Осы тонға, музейдің шынысының астында жатқан өз тоныма қарап тұрып, өткен күнді, соғыс жылын еске алдым... Декабрь, 1941 жыл. Қар қалың. Солтүстіктен соққан үскірік жел бет қаратпайды. Аяздың қаттылығы сондай, түкірігің жерге түспейді. Мостицкая деревнясының күншығыс жағындағы қалың орманға біздің партизан отряды келіп тоқтады. Ертеңінде біз маңайдағы елді пункттерді барлауға шықтық. Төрт партизан Мормозовка деген деревняға таң ата келдік. Деревняда екі жүзден астам үй бар екен. Жартысы дөңестеу жерге, екінші бір бөлегі ойпаңға орналасқан. Халыққа радиоқабылдағыш арқылы «Үлкен жерден» алған хабарымызды жеткіздік. Халық майдан жағдайының шындығын өз құлақтарымен естіді. Бізге алғыс айтты. Әңгіме бітіп, ел тарайын деп жатқанда көпшіліктің ішінен жетпістен асқан, шоқша сақалды, орта бойлы, ашаңдау келген бір қарт бізге жақындап келіп: – Шырақтарым, менің үйіме кіре кетіңдер. Кемпірімнің даяр тұрған асы бар. Дәм татыңдар. Көп уақыттарың кетпейді, – деп үйіне шақырды. Бірнеше күннен бері орта құрсақ болып, қоңылтақсып жүрген біз өзара келістік те, әлгі қарттың үйіне беттедік. Біз апыл-құпыл тамақтанып, шығар алдымызда әлгі қарт: – Колхоз басқармасы фермадағы шошқаның барлығын қызыл вагонға тиеп әкеткен. Сол шошқаның біреуі қаға берісте қалып қойыпты. Өзін әбден семірттім. Соны сендерге сыйлайын деген едім, ала кетіңдер, – деп жалынды. Біз қарт тілегін қайтарғымыз келмей, семіз шошқаны сойып ша наға басып алдық. Осылайша олжалы келе жатқанымызда, жаудың тосқауылына тап болдық. Кенет пулемет оғы жауып кетті. Виктор оққа ұшты. Қалған екеуіміз шанадан сырғып түсіп, жан ұшыра жаумен атыса бастадық. Біздің бағымызға Әбдіғалидің лақтырған қос гранатасы жау пулеметінің дәл үстіне түсіп, күл-талқанын шығарды. Құрған қоршауы сетінегенін білген жау бізді оқтың астына алды. Пулемет ұясының күлін аспанға ұшырып, жолын ашқан Әбдіғали бізді шанасына мінгізіп алып, үні өшкен пулеметтің тұсынан сытылып, орманға қарай тартты. Қолға өзіміз келіп түскен бізден айырылып қалғанына намыстанған жау қуып берді. Төрт-бес шақырым қуған соң жете алмайтынын біліп, кейін қайтты. Біз біраз жүріп, қалың орманның ішіне тоқтадық. Орта бойлы, төртбақ денелі, кеудесі керген төстіктей, жалпақ бет қара бұжыр Әбдіғали пұшық
мұрнын жеңімен сүртті де, орнынан тұрып, шанадан қарғып түсті. Ол мені мен Костенкоға қарап: – Неге тұрмайсыңдар, біреуің мына арттағы шошқа тиелген бос ша наға отырыңдар, – деді, бірақ біз еңсемізді көтере алмадық. Екеуміз де жаралы болғанбыз. Әбдіғали жарамызды шала-пұла байлап, өзіміздің базамызға қарай жүріп кетті. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп дегендей, Әбдіғали түн ішінде орманда адасып кетіп, жаудың көзіне ілініп қаламын ба деп те сасады. Бірақ келе жатқан беті дұрыс сияқты. Бір кезде қалың орман арасынан жылтылдаған от көрінді. Әбдіғали атын тоқтатып қарап еді, Мостицкая деревнясындағы үйлердің терезесінен көрінген жарық болып шықты. Жау солдаттары бізді сезіп қойып, оқ жаудыра бастады. «Бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, Әбдіғали көлденең жолға түсіп, тура өзіміздің базаға алып келді. Жаралы Костенко екеуміз терең сайдың жағасында өскен қалың қарағай ішіне орналастық. Дәу қарағайдың түбінде отырмыз. Түтінсіз жанатын құрғақ ағашты лаулатып жағып қойған. Маздаған оттың жалыны жалаң-жалаң етеді. Бізде қозғалуға шама жоқ. Кеудеміз жылынғанымен арқамыздан суық өтіп барады. Қасымыздағы жігіттер біресе арқасын, біресе кеудесін отқа тосып жылынып отыр. Бізге жуық арада қосылған жергілікті жердің тұрғыны Карп Носо вец өзінің жерлестерімен байланыс жасауға деревняға кеткен. Ондағы мақсат – жаралы болған бізді сонда орналастырмақ. Қайтатын кезі болды. Бірақ әлі хабарсыз. Отырған жігіттердің бірі: – Карп Ермолаевич жоғалды. Әлде, мына тұрған жерден адасып кетті ме екен? Жолының бәрін білетін сияқты еді. Кеше осы жерге әкелген де сол емес пе? – Туып-өскен жерінде жүріп, адасқандардың талайын білеміз. – Сендер қорықпаңдар. Ол адаспайды. Мүмкін деревня толған жау болар. Солардың кетуін тосып, бір жерде бұғып отырған шығар. – Оны жау ұстап әкетіп, масқара болып жүрмейік. – Қой, жаманға жорымаңдар. Келетін болар. Ол – сақ адам. Жау қолына оңайлықпен түсе қоймас. Қолында автомат, шайқаспай берілмейді. Бүгін атылған мылтық даусы естілген жоқ. – Естілмесе қайтейін. Жау солдаттары тығылып жатып, байқатпай ұстап алуы мүмкін. Мылтық атуға шамасын да келтіртпеуі. – Қойыңдар. Ол қу шал қайда кетер дейсің. Келеді. Қасындағы Әбдіғали да талайды көрген. Ол жауды жолата қоймас. От басында алқа-қотан отырған жұрт Карп Ермолаевичтің кешігуін әр нәрсеге жорып, өздерінше топшылау жасады. Күн батуға арқан бойы қалды. Партизандар сорпа-су ішіп отыр. Азықтүлік тапшы болғандықтан кешегі шалдың берген шошқасының етін
талшық етіп жатыр. Адам басы бір тілім ет, бір ожау сорпа. Нан көрмегелі бірнеше күн. Өткен түні деревнядан әкелген картоп үсіңкіреп кеткен. Қоңылтақсып отырған жұрт. Орман іші қара көлеңкеленіп қалды. Карп Ермолаевич күні бойы Лузганки хуторының күнбатыс жағындағы қалың орманның шетіне жақын өскен зәулім қарағайға шығып, хуторды бақылаумен бопты. Денені суық қысып барады. Күн бата осы хуторға түс мезгілінде келген бір топ жау солдаттары жүгірісе бастады. – Бұлар енді не істер екен? Әлде қонып қала ма? Келген жеріне қайтып кететін мезгілі жетті, – деп ойлаған ол дүрбісін қолынан тастамай ағаш басында отыр. Бір мезгілде ең шеткі үйдің ық жағында тұрған екі шанаға үштен-төрттен тиелген жау солдаттары Денгубовкаға қарай жүріп кетті. Олар кетісімен хутордың адамдары үйлерінен шыға бастады. – Жау кетті. Енді біздің хуторға баруымызға болады, – деді Карп Ермолаевич төменде отырған Әбдіғалиға. Көп ұзамай екеуі Лузганки хуторының тұрғыны орманшы Роман Анодин қарттың үйіне келді. – Кеш жарық. Жау солдаттары түгел жүріп кетті ме? Әлде хуторда бұғып қалғандары бар ма? – Сен Карп Ермолаевич емессің бе? – Иә, мен Карп Ермолаевичпын. Сен Роман Анодинсың. – Иә, солмын. Мен үйге жаңа ғана кірдім. Олар де Денгубовка деревнясына қарай жүріп кетті. Жау солдаттары түн баласында сендерден қорқады, – деді төр алдында отырған Роман қарт. – Түнде қонбайтынын біз де білеміз. Күн бойы не істеді олар? – Не істеді дейсің. «Партизанды тығып қойдыңдар», деп күні бойы істемегенді істеді. Үйімізді, мал қораны, сарай біткеннің бәрін тінтіп астан-кестеңін шығарды. – Хутор халықтарына тиіспеді ме? – Неге тиіспесін. «Сен партизансың», – деп менің әлегімді шығарды, екі рет далаға апарып атпақ болды. Бірақ мен онан құтылу үшін, «Хайль Гитлер!» десем, әлгі жас неміс менің бетіме сұқтана қарады да, маған қолды бір сілтеп, үйге кіріп жоқ болды. – Біздің сөйлесіп тұруға уақытымыз жоқ. – Сен, Әбдіғали, осында қал. Мен ормандағы жолдастарға барып, жаралыларды әкелейін, – деді де, сақалына енді ғана қылау түсіп, бозара бастаған, ашаң жүзді Карп Ермолаевич үйден шығып кетті. Аттың басын жұмыр қарағайдан қиып салған ағаш үйдің қасына келгенде бір-ақ тартты. Есік алдына бір топ адамдардың тоқтағанын терезеден көрген үй иесі орта бойлы, бурыл шаш, беті нарттай қызыл, сом денелі Роман Анодин тысқа шықты. – Қош келдіңдер. Тезірек үйге кіріңдер. Мен Роман Анодин деген қартпын. Танысып қояйық, – деді де, ізінше үйіне бастады. – Кіріңдер, кіріңдер, – деп ол бір қолымен есікті ашып, екінші қолымен ішке қарай жүріңдер дегендей ауыз үйді нұсқап, аталық пейіл білдіріп тұр.
Екі жігіт екі қолтығымнан сүйемелдеп, ауыздағы бөлмеге енгізгенде менің көзім төр алдындағы ілулі тұрған айнаға түсе кетті. Өзім әбден жүдегенмін. Жағым семген. Бетім шүберектей боп-боз. Айыр сақалыма боз қырау қатып, аяз атаға ұқсаппын. Төр алдындағы табуреткаға отырдым. Екі жігіт оқ тескен шинелімді шешті. Мен сақалыма қатқан мұзды тазаладым. Сол аяғының екі жеріне оқ тиіп жараланған Павел Демидович төр жақтағы төсекте жатыр. Сәл уақыттан соң: – Сен жылындың ба? Бері, маған жақын кел. Алдымен сенің жараңды байлайын, – деп дәрігерлік сумкасының аузын ашып, қышқашты алды да, пештің алдында тұрған егде тартқан әйелге ұсынып: – Жақсылап қайнатып беріңіз, – деді. – Котелокқа қайнатсам болады ғой. – Болғанда қандай. – Ендеше қазір, елімізге лаң салған жау жастар түгіл, мына қартты да азаптауын қарашы, – деп әлгі әйел маған тұп-тұнық көк көзін қадап сәл қарап отырды да, ауыз үйге шығып кетті. Көп ұзамай біз отырған бөлмеге оның қызы кірді. Қолында дәрігерлік қышқаш. Жақсылап қайнаттық. – Сізге рақмет. Маған беріңіз. Бұл жерден спирт табылмас па екен? – Спирт табылмайтын болар? – Қолдан ашытқан арақтың алғашқы тамшысы табылмай ма? – Біздің үй арақ ашытпайды. Мүмкін, көршімізде болар, мен қазір барып келейін. – Тезірек тауып әкелсеңіз, жақсы-ақ болар еді. Бізге емге керек. – Ішуге де табылса, жаман болмас, – деп терезенің алдында отырған Әбдіғали жымиып күліп қойды. – Сенің қалжыңың-ақ бітпейді екен. – Суықтан тоңып келген өзің де жек көрмессің. – Жоқ, маған керегі жоқ. Қыз лезде қайта оралды. Қолындағы жарты бөтелке арақты Павел Демидовичтің қолына ұстатты. Сығырайған май шамды қолына ұстап қыз біздің жанымызға келді. Бетіне қарасам – көктем күніндей күлімдеген отты әдемі көк көзі кіршік сіз ақ жүзіне ерекше ажар беріп тұр. Көз қарасынан, бет келбетінен сы пайылығы байқалады. Ерні кезеріп, үлкен көзі шарасынан шығатындай аларып, ашаң беті бозарып, екі ұрты солып, онсыз да үлкен мұрны өркештене түскен Павел Демидович менің жарамның аузына байланған орауды алып тастады да, жараны арақпен сүрте бастады. Тістеніп отырмын. Менің жаныма батып, қиналғанымды көрген қыз: – Шыдау керек. Қазір болады, – деп қояды. – Шыдамағанда қайда барар дейсің. Павелде үн жоқ. Менің жарамды тазалап жатыр.
Бір кезде басымды көтеріп ем, қасымда шам ұстап, еңкейіңкіреп тұр ған қызға көзім түсті. Мені аяп, қатты қиналып тұрған тәрізді. – Тазалап біттім. Орауды әперіп жібер! – деді Павел. Қыз табуретканың үстіндегі орауды алды да, дәрігердің қолына ұстат ты. Ол менің жарамды мықтап байлады да: – Енді танысып қояйықшы. Атыңыз кім? – деді қызға. – Дуся. – Менің аты-жөнім Павел Демидович Костенко. Краснодар өлкесі Тихорецк қаласында туып өстім. Мына жігіттің аты Саша. Қалғанын өзі айтар, – деп маған қарап күлді. – Қазақпын. Атым Саша, – дедім қайталап, – танысып қояйық! – Өзім қозғала алмай жатсам да, қолымды создым. Қыздың ыстық алақаны қолыма тигенде, денем шымырлап бойым сергіп сала берді. – Таныссақ, танысып қояйық. Дуся Анодина. Осы үйдің қызымын, – деді ол. Дуся ауыз үйге шығып кетті. Әлден соң қайта оралды – Сіздер мұнда көп болмайсыздар ғой, шамасы? – Жараны жуып, қайта таңуға келдік. Таң ата мекенімізге қайта оралатын болармыз! – дедім. – Бәрібір жау бізді бұл жерге тоқтатпас. – Күнде, күнара келіп, тексеріп тұрады. Мен үндемедім. Қыз маған қарап, үнсіз біраз тұрды да: – Орманда, мына қыс кезінде сізге тым қиын болады-ау, – деді жай бір мұңды үнмен. – Сіз менің жайымды уайымдап тұрсыз ба? – дедім. – Иә, Сіздің жайыңызды ойлап отырмын. Сіз жаралы болып, көп қанды жоғалтыпсыз. Қаны аз адам тоңғақ келеді. – Сіз, дәрігер болуға лайық адам екенсіз! – дедім күліп. – Заман мынадай болмағанда, кім болатынымды ешкімнен сұрамас та едім. Амал не? Бірақ, адамның денесіне жылылық беретін қан екенін кім білмейді. – Қалжың ғой, дұрысы солай... – Мен Сізге ескерткішке, жылы бірдеңе тігіп берсем, – деді ол байсалды дауыспен. «Жаурап қалар деп аясаң, бірге жүр, бір-бірімізге сеп боп, жылыта жүрелік» деп қалжыңдағым кеп кетті де, қыздың салмақты, менің жайым ды шын ойлап тұрған сыңайын байқадым да, жеңіл ойдан тез тыйылдым. Қыз қасымда біраз тұрып, қайта шықты да, көпке дейін оралмады. Маужырап, жаным жай тауып ұйықтап кеткен екенмін. Шаршағаным бар, қансырағаным бар, енді ғана рақатқа бөленгендей жылы үйде тәтті ұйқыға батқан екенмін. Түс көрдім. Түсімде жаралы болып Қаскелеңдегі үйіме қайтқан екен мін деймін. Аспан ашық. Күн Алатаудың төбесіне арқан бойы көтерілген. Үйдің есігін тартып көрсем, ашық екен. Балаларды оятып жібермейін
деп есікті ақырын аштым да, еппен үйге кірдім. Үй ішінің бәрі ұйықтап жатыр. Төрге қарадым. Екі балам менің шешемнен қалған мамық төсектің үстінде тәтті ұйқыда жатыр екен. Екеуіне қарап көп тұрдым. Жақын дадым. Қасына келіп беттерінен сүйейін десем оятып жіберіп, тыныш тықтарын бұзамын ба деп қорқамын. Әлі қарап тұрмын. Екі көзім ұлым Русланда тұр. Өйткені ол, мен армияға кеткеннен кейін, 1940 жылдың сентябрь айында туған болатын. Қасында жатқан қызым сияқты, ұлым да дәл өзіме тартқан екен деп ойлаймын. Шекесі торсықтай. Көзім тоятын емес. Екеуіне тіпті жақын келдім. Құшақтап алғым келеді: «Ұйқысын бұзбайын» – деп, сәл шегіндім. Олар менің тосыннан хабарсыз келге німді қайдан білсін. Егер, әттең бейбітшілік кез болса, телеграмма беріп, алдын-ала хабарлассам, мүмкін, бүйтіп ұйықтап жатпаған болар еді деп те ойлаймын. Оларды сағынғаным сондай, оятып, қолыма алғым-ақ келеді. Бірақ, уақыт әлі ерте, ұйқыларын бұзып, мазасын алғым келмейді. Өзімеөзім тоқтау саламын. Көзім үйдің оң жағында тұрған, өзім армияға кететін жылы алған темір төсекке түсті. Жұбайым ұйықтап жатыр. Оны да оятқым келмейді. Қарап тұрмын. Төсектің аяқ жағындағы отырғышқа отырдым. Бауырым елжіреп-ақ тұр. Екеуін қолыма алып, мауқымды басқым келеді. Байқаймын, ұлым қолын ербеңдетіп қозғала бастады. «Руслан, Светлана, мен сендердің әкеңмін. Алыстан сағынып, іздеп келіп тұрмын. Көздеріңді аш, маған кел, беттеріңнен сүйейін», – дегім келеді. Бірақ, амал не, екеуі оянар емес, ұйықтап жатыр. Сәлден соң Руслан көзін ашып, аяқ жағында, қолымды созып тұрған мені көрді. – Кел, балам, кел, – деп алдымен Русланды, содан кейін оянған қы зым Светлананы қолыма алып, екеуінің бетінен кезек-кезек сүйіп, көтеріп тұрмын. – Әкесі екенімді білген болар, жатырқамай тұрғандарын көрдің бе? – деймін орнынан тұрып, менің мойныма асылып, бетімнен сүйіп жатқан жұбайыма. Оның екі көзі жасқа толы. – Сен бұратола келдің бе? – дейді ол маған. – Сен жылама, менің тірі келгеніме қуанудың орнына, жылағаныңа жол болсын. – Жыламағанда қайтейін, сені жоғалтып алғанымыз жоқ па? – Мен алдыңда тұрмын ғой, – деп, қалтамдағы май-май қол орама лыммен жұбайымның бетін сүртіп жатырмын. Екі балам бетіме жаутаң-жаутаң қарап, баурыма тығыла береді. «Ме нің үйге келетін уақытым да болады екен, үмітім орындалды-ау» – деп екі баланы қысып-қысып қоямын. Руслан кішкентай қолымен менің сақалымнан ұстап, тартып-тартып қояды екен деймін. Мен оның бетінен тағы сүйейін деп, ернімді бетіне тақай бергенде, ұлым, қорықты білем, даусын шығарып жылап жіберді де, екі аяғымен менің кеудемді теп кілеп, шешесіне қарай тосыннан бұрылғанда менің жарама аяғы тиіп, жа ралы жерім шаншып кеткенде, селк етіп шошып ояндым. Ояна келсем, қолымда ешкім де жоқ. «Қап!» – деп өкіндім. Түсім екенін енді білдім.
Сәлден соң қарасам, анадай жерде, май шамның түбінде Дуся әлденені сарыла тігіп отыр. Саусақтары майысып, инені қадала шаншады. Шошып оянған мені аңғарған жоқ. Дусяға біраз қарап жаттым. Ол сұлу бол мағанмен сүйкімді тіпті деревня қыздарының ортасында ерекше көркем болып көрінуі де ғажап емес. Мен Дусяға көп қарадым. Ол байқаған жоқ. Менің долбарымша, тон тігіп отырған тәрізді. Әкесіне, не өзіне тігіп жатқан болар дедім де, көзімді жұмып қайта ұйықтап кеттім. Таң атар алдында ашыған жарадан қиналып жатып, қайта ояндым. Таң жақын қапты. Дуся әлі отыр. Беті қарауытып, кескіні түтігіп, шаршаған жайы бар. Бірақ, тонды қусырып, тігіп тастапты. Тонның жиегін қара матамен көмкеріпті. Ең соңғы түймесін қадап отыр. Көзім қыздың бармағына байланған ақ шүберекке түсті. Қан тамыпты. Дусяның бір тамшы қаны менің қаныма қосылып бір тамырдан аққандай көрінді маған. Таң атты. Шай іштік. Кеше кеште өзінің орталығына кеткен жау сол даттары күндіз қайта оралуы мүмкін. Біз шайдан соң, қайтуға ыңғайлан дық. Бір кезде Дуся келді. – Мына бір жылы тонды сізге арнап әдейі тіктім! – деді күлімсіреп. – Қызым жақсы, соғыс боп бағы жанбай қалды, әйтпесе, бір жігітті көркейтетін ақылды қыз еді, – деді қарт әкесі бізге жақын кеп, – ки, несі не таң боласың, ки, орыс қызының қолынан шыққан тон жылы да, мықты да болады. Мұның үстіне қасиетті тон боп, сені өлімнен сақтап қалмасын қайдан білдің? Шинелімді шешіп, шолақ жең, келте тонды оның ішінен кидім. Денем қызынып сала берді. – Сіз жаралы болып, көп қан төктіңіз. Қаны аз, жаралы адам мына суықта не болмақ. Әдейі Сізге арнап тіктім. Тастамай, ауырсынбай қысыжазы киіңіз! – деді күліп. Ол күлген кезде мүлде сүйкімді боп кетеді екен. Өзімді-өзім ұмытып, бір сәт аңырып қарап қаппын. Дуся «қош» деп қолын берді. Маған тон тігіп берген жұмсақ қолын ұстадым. Біз жүріп кеттік. Көп ұзамай-ақ орманда қалған жолдастарымызға келіп жеттік. Лаулап жанған отты айнала отырмыз. Әбдіғали орман ішінен отын жинап жүр. Бір кезде жануы бәсеңдеп, сөнуге қалған отқа кепкен ағаш тастап жатып: – Бүгін бәрімізден олжалы болған – Саша. Үндемей отырып, ол Дуся қыздың тілін тапты. Дуся түнімен көз ілместен оған тон тігіп берді. Сендер тонын көрдіңдер ме? – деп тамағын қырып, қой көзі күлімдеп, үйреншікті қалжыңын бастады. Сөз қайдан шығады деп отырған жұрт: – Саша, сен қыз тігіп берген тоныңды бізге неге көрсетпейсің? – Көргенде қайтейін деп едіңдер, кәдімгі жеңсіз, келте тон. Кеудемді желден сақтайтын жылы тон. Оны қалжыңға айналдыратын несі бар?
Дуся маған неге тігіп бермейді? – деп Әбдіғали күлгенде, жалпақ бетіндегі секпілдері бадырайып-бадырайып анық көрінді. – Мені жаралы деп аяған болар. – Ол мені неге аямады, мен де жаралымын ғой, – деді Павел Костенко. – Оқ менің өкпемді тесіп өткенін көрді ғой ол. – Сендердің-ақ ойындарың бітпейді екен. Мынадай қиын жағдайда ондай тонды тоқсандағы кемпір тігіп берсе де намыстанбай-ақ киіп алар едім, – деді отырғандардың біреуі. – Сол дұрыс. Дуся сияқты парасатты орыс қызының саны көбейе берсін, – деп қалжыңды өзі бастаған Әбдіғали жалт берді. Түн ортасы болып қалған мезгіл. Суық қысқан жұртта мардымды ұйқы жоқ. Сәл көздерін іледі де, артынша, теп-тез оянып кетеді. Шамасы келгендер екі аяғымен жерді тепкілеп, безек қағып жүр. Павел екеуімізде қозғалуға шама жоқ. Жанған отқа жақындай түсіп, жантайып жатырмыз. Қалғып кетіп, секем алып қаламыз. Таң бозарып атты. Партизандар әр жерден от жағып жылынып жатыр. – Мына суық мазамызды әбден кетірді. Не ұйқы, не тыныштық жоқ. Тамақ болса, ол да тапшы. Бүгін орман ішінен қолайлы бір жер тауып, жертөле қазып алмасақ болмайды. Мұнымыз тұрмыс емес. Көпке шыдамаспыз. Осы отырған жұрттың бәрі ертең-ақ ауруға шалдығады. Сондықтан көп ойлаудың керегі жоқ. Қазір тамақтанып алған соң жертөле қазуға кірісейік. Біз кеше деревнядан екі-үш темір пеш ала келгенбіз. Жертөленің астына осы маңнан шөп әкеліп саламыз, – деді орнынан тұра беріп Карп Ермолаевич. – Карп Ермолаевич дұрыс айтады. Көп ойлаудың керегі жоқ. Жертөлені қазуға тезірек кірісейік. Кешке дейін осы отырған жұрттың бәрі сыятын жертөлені қазып та, төбесін жауып та бітіреміз. Ал кеттік, – деді отқа арқасын қақтап отырған Әбдіғали. Жұрт күні бойы жұмыс істеумен болды. Бірі жер қазып, енді бірі ағаш кесіп жүр. Ымырт жабыла жертөле даяр болды. Ортасына үлкен темір бөшкеден жасалған пеш қойылды. Қысқа кесілген қайыңды пешке жағып жатыр. Жертөленің іші жылына бастады. Аздаған жер иісі шыққанына қарамастан жұрт үлкен бір күмбезді сарайға орналасқандай қарық болып отыр. Мен шинелімді шешіп басыма жастадым. Пештің маздаған жалынының сәулесі менің сары тоныма түсті. Отырғандардың бірі: – Сенің мына тоның бір әсем тон екен. Өзін сары бояумен әдемілеп бояған. Тігуінде де мін жоқ. Өзі жылы болар. – Жылы болғанда қандай. Жүні қалың қойдың терісі болу керек. Кеудеме іздесе табылмайтын киім болды, – деп мен ептеп мақтанып та алдым. – Мақтауға әбден тұрады. Мұндай тон қолымызға тисе, бәріміз де киер едік. Әттең, қолға түспей жүр ғой.
– Біз ең алдымен осы маңдағы селолардан жылы киім тауып алмасақ, шетімізден ауруға шалдығамыз, – деді бағанадан үндемей, ызғарлы жүзбен отырған Павел Демидович. Тыныштық ұзаққа созылмады. Ертеңінде таң ата маңайдағы жақын деревнялардың кейбіреулеріне неміс фашистерінің жазалаушы отряды ның барлаушылары келді деген хабарды партизан барлаушылары тез бізге жеткізді. Кеше ғана күні бойы еңбектеніп қазған жертөлені амал жоқ тастап кетуге тура келді. Өйткені, оппа қарға тыңнан салынған шана ның ізі дәл партизан мекеніне әкеледі. Түске таянған мезгілде немістің жазалаушы отряды ормандағы шана ізімен келді де, бірден оңтүстікке бұрылып, партизан мекеніне қарай жүрді. Олар шаналарынан түсіп, қаруларын кеудесіне тіреп, безектетіп оқ сеуіп келеді. Неміс жазалаушыларының колоннасының алдыңғы бөлімдері мина қойылған алақандай алаңға шықты. Партизан бақылаушысы оқ атпай аңдып отыр. Көп ұзамай жарылған минаның екпіні жер сілкіндіріп, ағаш бұтақтарын дірдек қақтырып, даусы дүниені күңірентіп әкетті. Жер қыртысы лезде қақырады да қалды. Дәл осы мезгілде екінші бүйірден партизан да шабуылға шықты. Шайқас көпке созылмады. Кек алушы лардан тойтарыс алған жау, көптеген солдаттарының өлігін жинап алуға шамасы келмей кейін шегінді. Ұрыс басталысымен бізді үш жігіт шанаға салып, жертөледен төрт шақырымдай жердегі қалың орманды сайға тасалатқан болатын. – Жау шегінген болу керек. Атыс алыстап барады, – деді орнынан қозғала беріп Павел Костенко. – Кім білсін. Жауды біздің жігіттер қуып бара ма, әлде біздің жігіттерді жау қуып бара ма? Маған осы жер жұмбақтау болып отыр, – дедім мен. –Тосыннан жарылған мина мен жауған оқтан есін жинай алмай кейін шегініп бара жатқан жау болу керек. Олар орман ішіндегі шайқасқа дағдыланбаған. Біздің жігіттер болса, ормандағы ұрыстың әдісін әбден үйреніп алған емес пе? – Үйренуін үйренді ғой. Жау да осал емес. Бірден орманға келуін көрмейсің бе? Күшіне сенбесе, көпе-көрнеу өлімге келуші ме еді? – Олар өз күшіне сеніп келген болар. Тосыннан жарылған мина, жауған оқ олардың шебін қақыратып, есін жинатпай, кейін шегіндіруі ықтимал. – Сенің айтқаның дұрыс. Әне, біздің барлаушылардың бірі келе жатыр. Тегінде, Әбдіғали болар. – Иә, мына келе жатқан сол ғой. – Атыс тоқталды. Партизандар шегінген жазалаушылардың соңына түспеген болды ғой. – Иә, Әбдіғали, не хабар әкелдің? – дедім мен. – Естіп жатқан боларсыңдар. Жазалаушылардың кейін шегінгенін. Көптеген жау жендеттері жер жастанды. Саны белгісіз. Басып келе жатқан
жері тосыннан жарылғанына үрейлері ұшты ма деймін, – деп Әбдіғали тамағын қырып, біздің шанаға сылқ етіп отыра кетті. – Біздің жақтан шығын көп пе? – Кім білсін, әлі белгісіз. Соғыс болған соң, шығынсыз болмайтын болар. Жау да оқты сеуіп бақты. Біздің тосыннан жасаған шабуылы мыз, әрине, жауға оңай тиген жоқ. Мен сендерді іздеп келдім. Жүріңдер, жертөлеге қайтып барайық, Болмаса, мына суықта тоңып қаласыңдар. – Сен тоңған жоқсын ба? – Неге тоңбайын. Мен де әбден қалтырадым. Өңімнен беп-белгілі шығар. – Павелдің киімі жеңіл, қоңылтақсып отыр. Тезірек кетейік, – дедім мен, бозарып отырған оған қарадым да. «Дуся тігіп берген тонның пайдасын көрдім-ау» деймін мен ішімнен. Мен оған мың да бір рақмет айттым. Дусяның бір түнгі ұйқысыз отыр ғаны денеме шипа болып тиді. Олай-пұлай қозғалуға шамам келіп қалды. Көңілім сергек. Қан түкіруші едім, ол да тоқталды. Жазылуға деген үмітім күшті. Көп ұзамай басымды көтеріп отыруға жарайтын түрім бар. – Сендер аяғымызға орау боласыңдар. Жау болса, мынау қаптап жүрген. Деревняның бірінде жазылғандарыңша қала тұрыңдар, – десе партизандар, біз не дер едік? – Қалмаймыз – деп айта аламыз ба? Бізде олай деуге шама жоқ. Екеуміздің тағдырымыз солардың қолында екенін біз әбден түсінеміз. Сондықтан да жаралы бізді тастамай алып жүрген достарымызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Бір ай шамасы дегенде біздің жарамыздың аузы бітіп, ел қатарына қосылдық. Талай қиян-кескі шайқастар мен жорықтарға қатынастық. Жазғытұрым болды. Қар кетті. Күннің көзі жылына бастады. Орман ағаштары бусанып, бұтақтары бүршік атып алуан түрлі ағаш жапырақтары күн сәулесімен шағылысып, мың құбылып өте сәнді көрінеді. Соғыс ізі осы әдемі көріністі көлеңкелеп тұрғандай, қарағай біткеннің сау жері жоқ, жаралы. Терісін сыпырған малдай қабықтары сыдырылып алынған. Бұтақтары оталған. Қабықсыз денесінен ішек-қарны ақтарылғандай бүтін ішкі дүниесі көрініп, шырыны ағып тұр. Қолға желімдей жабысады. Қайыңдар да масаты кілемдей әдемі көркінен айрылып, ұйпа-тұйпасы шығыпты. Орман жолында ерсілі-қарсылы сұлаған ағаш. Жер беті қорасан шыққандай шұрық-шұрық болыпты. Жаңа ғана тебіндеп жер беті шыққан балауса көк шөптер жарылған снарядтардың жалыны шарпып, қаралы болған. Бірнеше күнге созылған жорықтан түн ортасы ауа өз мекеніне қайтқан партизан бөлімдері дем алып жатыр. Таң атып, күн найза бойы көтеріліп қалған мезгілде жаудың жазалаушы отряды тосыннан тағы шабуылға шықты. Мен жуан қайыңның түбінде жеңсіз, келте тонымды басыма жастап қатты ұйықтап жатыр едім. Жер сілкіндірген жау снарядының
дауысымен селк етіп ояндым да, шинелімді кие сала, қолымда автомат, тура ұрыс басталған жаққа қарай жүгірдім. Жазалаушылармен бірден шайқасқа түстік. Түске таман күші басым жау бізді тықсыра бастады. Олар үсті-үстіне еселеп жаңа күш төгіп, бізді қоршап алуға тырысты Жаудың ол қулығын сезген партизан командованиесі бірден оңтүстікке қарай шегінді де жазалаушылар шебінің осал жерін іздеді. Барлаушылар тобын басқарып барған Карп Ермолаевич: – Осал жері табылды. Осы маңнан бір километр шамасындай жерде жау өте сирек орналасыпты. Тез сонда барайық. Ал, жүріңдер, – деп ол алға түсіп жүгіре жөнелді. Партизандар көп ұзамай жау шебіне шабуылға шықты. Бұл жерді жау бекініске айналдырып үлгермеген екен. Әр жерге сирек қойылған пулемет ұяларының қарсыласуына қарамастан жаудың қоршау шебінің сыртына шығып, бірден оңтүстікке қарай жүріп кеттік. Көп ұзамай жау бізден көз жазды. Біз алыстай түстік. Суыт, тез жүрістен әбден терледік, шаршауға айналдық. Үстімдегі шинелімді шешіп орап-орап, ширатып дөңгелектеп мойныма асындым. Түндегі шешкен тонымды ұйықтаған жерге асығыста тастап кеткенімді енді білдім. Ішімнен қатты қынжылдым. Сонша еңбек сіңіріп, Дусяның тігіп берген тонының қалып қойғаны қабырғама қатты батты. Енді не істесем екен. Қайта барып, сол тонымды қалай алудың амалын көп ойладым. Қасымдағы жолдастарыма бұл жайды сездірмедім. Біз екі тәулік жүріп, Клетня орманынан шығып, Белоруссияның Хотимск ауданына жеттік. Онда да орман ішіне тоқтадық. Кеш бата партизандар бірнеше кіші-гірім топқа бөлініп сол маңдағы деревнялардан тамақ дайындауға кетті. Бір бөлімшеге қосылып деревняға мен де бардым. Қас қарайып, ымырт жабыла орман шетінен үш-төрт шақырым жердегі бір үлкен деревняны барлауға кірістік. Біздің топтың көпшілігі сирек өскен жас шіліктің арасында қалды да, біз, үш жігіт, деревняны барлауға жүріп кеттік. Деревняның солтүстік жағына оқшаулау тұрған жалғыз үйге жер бауырлап еңбектеп келеміз. Үй алдымызда жүз метр шамасындай жерде тұр. Біз сынған трактордың тасасында жатырмыз. Деревняда бейсауат жүрген адам көрінбейді. Дегенмен бақылай түстік. Көп ұзамай алдымыздағы жалғыз үйден біреу шықты да бізге қарай жүрді. Ол дәрет сындыруға шыққан адам екен. Бізді байқаған жоқ. Үшеуіміз алдыартынан қоршадық та бас салып, жерге алып соқтық. Дауысын шығаруға да шамасын келтірмедік. Аузына орамал тығып, екі қолтығынан сүйреп орман жиегіне алып келдік. Үстіндегі киіміне қарасақ полицай екен. Аузындағы орамалды алдық та: – Дыбысыңды шығарсаң табанда атамыз, тек біздің сұрауға ғана жауап бересің. Деревняда полицайлар көп пе? Елу шамалы адам. Жуықта ғана құрылған. – Жастар ма, болмаса, қарт адамдардан ұйымдасқан ба? – Көпшілігі ересек адамдар.
– Қарулары қандай? – Көпшілігі мылтықпен қаруланған. – Қазір қайда? – Басшылары старостаның үйінде қонақта отыр. – Қалғандары қайда? – Демалып жатыр. – Күзетшілері қай жерде? – Полицайлардың көпшілігі жергілікті адамдар. Олар өздерінің үйле рінде, отыз шақтысы бұрынғы мектеп үйінде жатады. Күзетшінің бірі мектептің алдында тұрады. Екінші біреуі көшені бақылайды. Кейде екеуі де мектептің алдында тұрады. – Бізге көрсете аласың ба? – Көрсетемін. – Өтірік айтсаң атып тастайтынымызды білесің бе? – Білмегенде. – Сен, өзің қашаннан полицай болып істейсің? – Бір айдай болды. – Өзің осы деревняның адамысың ба? – Осында туып-өстім. Жаңағы шеткі үй – менің үйім. – Полицайлыққа өз еркіңмен бардың ба, әлде біреу зорлады ма? – Осындағылардың көпшілігі өз еркімен жүрген жоқ. Хотимск қала сындағы староста полицайлыққа бармағандарды қырамын-жоямын деп, шетінен елдің бәрін қорқытып, полицай етті. Соның бірі мына мен. Атым Борис. – Бастықтарың да еріксіз полицай болды ма? – Ол өз еркімен. Бұл жердің адамы емес. Қайдан келгенін білмеймін. Өте тентек адам. Неміске әбден берілген, олар үшін өле жаздайды. – Ол қайда тұрады? – Қазір старостаның үйінде арақ ішіп отырған болу керек. – Осы айтқаныңның бәрі дұрыс болса, сені өзімізбен бірге алып ке теміз. – Мен де кімнің қолына түскенімді біліп тұрмын. – Кімнің қолына түстім деп тұрсың? – Совет адамдарының қолында тұрмын. Бұл маңда партизандар бол маушы еді. Сендер қайдан шыға қалдыңдар? – Қара мұның бізді тексере бастағанын. Біздің қайдан шыққанымызда сенің ісің болмасын. – Айтпай-ақ қойыңыздар. Біз, бірнеше полицай болып Клетня орма нына барып, сіздерге қосыламыз деп келіскен едік. Сіздер өздеріңіз-ақ бізді іздеп келіпсіздер. – Кімді кім іздегенін кейін көрерміз. Қазір, полицай бөлімінің тұр ған үйін көрсет. Сен біздің алдымызда жүресің аузыңа орамалды қайта тығып, – ал, жүр, – дедік біз оған.
Орманды жағалай жүріп келеміз. Деревняның күнбатыс жағына шыққанымызды қолымдағы компастан байқап келемін. Орман ағаштары сиректеді. Біз сайға түстік. Деревняға қарай жүріп келеміз. Көп ұзамай сайдан шықтық та, жата қалдық. Жерге жабысып, еңбектеп келеміз. Алдымызда мектеп үйі. Тіпті жақын келдік. Бірақ бізді байқаған адам жоқ. Есік алдында тұрған екі полицай көрінді. Карп Носовец қолындағы үндемес мылтықтың шаппасын үйдің алдында ерсілі-қарсылы жүрген полицайдың біреуін көздеп басып қалып еді, ол сылқ етіп, тіл тартпастан құлап түсті. Ал, екінші біреуі құлап түскен адамның қасына жүгіріп келді де: – Миша, саған не болды? – дей бергенде Носовец екіншісін де атып түсірді. Ол алдыңғы оққа ұшқан жолдасының үстіне етпетінен құлап сылқ етті. Біз үйді тез қоршап алдық. Полицайлардың қалғандары ұйықтап жа тыр екен. Павел Костенко қоржынындағы минаның біреуін шыға беріс тегі есіктің табалдырығының астына, екінші біреуін үйдің терезе жақ ір гесіне қойды. – Мен үш жерге мина қойдым, сен болдың ба? – деді Павел Костенко қасында тұрған Әбдіғалиға. Олар үйдің терезесінен граната лақтырып жатыр. Біз кейін шегініп, тасаға жетісімен үйдің төрт бұрышынан жарылған миналар үйді жоғары көтеріп апарды да, екпінмен әкеп жерге бір қойды. Қойылған мина лардың қалғаны жарылғанда, үйдің бөренелерін көкке ұшқан шаңмен аспанға атты. Үй іші азан-қазан болды. Деревняның әр жерінен шашылған тарыдай бытырап атылып жатқан мылтық дауысы естілді. Біз деревняға қарай оқ сеуіп келе жатырмыз. Жан-жақта бірен-саран полицайлардың атқа салт мініп қашқаны көзге түсті. Партизандардың бір тобы көк ша тырлы ағаш үйдің сыртына үйілген тақтайдың жанына келгенде, отын сарайының сол жақ бұрышынан жиырма шамалы адам шыға келді. Олар тура бізге қарсы жүрді. Біз үйілген тақтайдың тасасына жата қалдық. – Тоқтаңдар, қаруларыңды тастап, қолдарыңды көтеріңдер! – деп бұйрық бердік те, бағанағы қолға түскен полицайға қосып Карп Ермо лаевичті жібердік. – Біз партизандармыз, – деді оларға жақын келген Карп Носовец. – Шын партизандарсыңдар ма? – Иә, шын. Не, сенбей тұрсыңдар ма? – Әлгі, мен айтқан жігіттер осылар. Бұлардың партизандарға кете міз деп жиналып жүргені рас еді, – деді, бүгін кеште біздің қолға түскен Бориспын деген жігіт. – Қаруларыңды тастап, бізге келіңдер, – дедік біз. Олар біздің жанымызға қарусыз келді. – Сендерден жауап алып тұруға уақыт жоқ. Полицайлардың басқа тобы қайда?
– Кейбіреулері минаның жарылған даусын естіп, жаңа ғана қашып кетті. Бір-екі полицай мен біздің бас мырзамыз мас болып, әнеу тұрған үйде болатын. Кетіп үлгермеген болар. – Азық-түлік қойған дүкендерің қайда? – Сол үйдің қасындағы анау көлденең тұрған сарай – біздің азық дүкеніміз. – Ендеше, осының бәрін біліп тұрған сен бізді бастап алға жүр, өтірік айтсаң, аямаймыз, – деді Носовец төртбақ денелі, жалпақ бет, аласа бойлы жігітке. – Сеніңіз бізге. Шын, адал жүректен айтып тұрмыз. – Ал, жүр. Біз көк шатырлы үйдің сыртында тұрмыз. Үй іші тастай қараңғы. Екі жігіт үйді айналып қораға кірдік. Еш жан көрінбейді. Біз сиыр қораның есігінің алдына келдік. Қораның түпкірінде біреулер тұрған сияқты. Сәл уақыттан соң Әбдіғали қос гранатаны есіктен қораның төріне қарай қос қолдап атып жіберді. Полицайлардың үшеуі де осы қорада екен. Гүрілдеген дауыс тұнық түнді күңірентті. Біз қораға кірдік. Екі полицай қып-қызыл қан болып, етпетінен сұлап жатыр. Өлген. Үшіншісі ауыр жараланыпты. Қозғалуға шама жоқ. Аздап қимылдайды. Павел оның жарасын байлап қанын тоқтатты. Екі жігіт оны көтеріп, кеш бойы арақ ішкен үйіне апарып, жатқызып кетті. – Жаралы адамға соқтықпаңдар. Оның өзі де бізге қарсы қол көтере алмайды. – Ол жауызды несіне аяйсың. Өлтіріп тастаған дұрыс. Сен не қылған көңілшексің. Жауға сатылған мұндай жауызды мылтықтың түбімен мылжа-мылжасын шығарып кету керек, – деп Әбдіғали мылтығын алаала жүгіреді. – Жүріңдер, тезірек кетейік. Қашып құтылған полицайлар неміс гарнизонына хабарлап үлгерсе, түн қатып жаудың жазалаушы отряды шы ғуы ықтимал. Біз полицайлардың неміске арнап, елден жинаған азық-түлік қойма сына келдік. Есікке салған қара құлыпты әрең дегенде бұзып аштық та, қоймадағы тамақты дорбамызға толтырып жатқанда Әбдіғали: – Осы қойманың сыртында жегулі тұрған бір ат арба тауып әкелдім. Мына қапшықтарды арбаға тиеуге көмектесіңдер, – деп, ол аузы буылған үлкен қанарды көтеріп әкеткісі келіп еді. Шамасы келмеді. – Карп Ермолаевич, көтеріссеңші. Бұлар сыйғанынша олжа ұнды арбаға тиеп алып, қалғанын өз мой нындағы дорбаларына толтырып, жүріп кетті. Менің есімнен Дуся тігіп берген тоным кетпейді. Кеудем тоңатын болды. Жоқтаймын. Қоңылтақсимын. Тоным денемді жау оғынан сақ тайтын темір сауыттай көрінетін. Түнде басыма жастап жататын тоным болмай, ұйқы да шала, мойным да ауыратын болды. Аласапыран ұрыс
үстінде де тоным көз алдыма елестейді. Кейде түсіме де кіреді. Ертең қылышын сүйретіп қыс келеді. Тоңғанды сонда көремін. Тонсыз не істеймін. Біреуге зорлық жасап, тонын тартып алуға менің ебім де, көңілім де жоқ. Біреуді жылатуға еш уақытта бармаймын. Мен жауға ғана мейірімсізбін. Ал, жауда ондай тон болмайды. Ондай жеңсіз, келте тон киген адамды көрсем, менің тонымды киіп жүргендей көремін. Тіпті, кей кезде: «Тонымды шеш», – деп те жібергім келеді. Бірақ, менің тоным еместігіне көзім жетсе, өзіме-өзім тоқтау салып, үндемей қаламын. Кей уақытта: «Дүниеде менің тонымнан басқа шолақ тон жоқ дейсің бе?» – деп ойлаймын. Бір күні тастап кеткен тонымды іздеуге бел байладым да, Клетня орманындағы Мамаевка хуторының маңына баратын барлаушыларға еріп кететін болдық. Іздемеуге дәтім шыдамады. Кеш батып, күн ұясына кірген мезгіл. Біз түн қатып жүріп келеміз. Аспанда өркеш-өркеш болып көшкен қара бұлт. Орман іші тастай қараңғы. Алдымыздағы бір метр жердегі ақ қайыңның өзі көзге бұлдырап көрінеді. Шелекпен құйғандай жауын сабалап тұр. Мойыннан құйылған жауын суы бүтін денеңнен өтіп, етіктің кең қонышына құйылып, бақайға жетіп жатты. Басқан аяғың шылп-шылп етіп, жүргізбей кейін кетеді. Аяқты етік қажап келеді. Аяғым шойын байлап қойғандай ауыр. Түн ортасы болған мезгілде жауын толастап, аспанды басқан қара бұлт сөгіле бастады. Әр жерден күлімдеген жұлдыз көрінді. Көп ұзамай орман ішіне де ай сәулесі түсті. Байқаймын орман шетіне жақындап қалдық. Алдымызда үрген иттің даусы естілді. Еріншек төбет иттер анда-санда бір дауыс шығарып қояды. Бастап келе жатқан Павел Костенко: – Осы жерде аз да болса, дем алайық. Деревняға соқпай оңтүстік жағындағы алаңмен жүріп кетейік. Алдымызда бес километрдей үлкен алаң. Тіпті, бас сауғалайтын жер жоқ. Мидай дала. Мына иттердің үрісіне қарағанда, деревня жаудан бос емес. Көшеде жүрген шолушыларға үріп жатқан болу керек. Түн ортасында көшеде тұрғын адамдар жүрмейді. – Павел айтқаны дұрыс. Көшеде біреу жүрмесе, ит бостан-босқа үрмейді. Өте сақ болайық, – деді Әбдіғали. Біз алаңға шықтық. Аңыздың үстімен жүріп келеміз. Жаңа ғана толастаған жауын суы сіңген топырақ ми батпақ. Аяқ толарсаққа дейін батып кетеді. Біз деревняға тұспа-тұс келгенде, бірдеңені сезді ме, әлде сақтық па, қос пулемет ұясы зіркілдеп қоя берді. Алаңға оқ сеуіп, жалын шашып жатыр. Біз алаңның екінші шетіне жетер-жетпесте жау пуле меті демін ішіне тартып безілдегенін тоқтатты. Селдір орманмен келе жатырмыз. Алдымызда талай қыл көпірлер, талай қауіп, бөгет жатыр. Сол бөгеттерден өту біз үшін үлкен сын. – Демалыңдар, – деп Павел жуан қарағайдың түбіне отыра кетті. Шаршаған жұрт қалғып та үлгерді. – Жүретін мезгіл болды, ал кеттік, – деді Павел дорбасын иығына киіп жатып. Таң сызаттап қалған уақыт. Ипут өзеніне жақындап қалдық.
Ат төбеліндей осы бөлімше суыт жүріп келіп, сирек қайыңның шетіне тоқтады. – Біз осында боламыз. Әбдіғали, қасыңа біреуді ал да өзен маңын барлауға бар. Өткел ізде. Өзеннің арғы бетін де қараңдар. Мүмкіндігінше, тасалайтын жері болсын. Өткел тапқаннан кейін келіңдер. Жау көзіне түсіп қалушы болмаңдар, – деді Павел Костенко. Екі партизан орман жиегіне шыққанда, таң ала-көлеңкеленіп қалған еді. Ашықтан-ашық мидай даламен жүру қиындаған мезгіл. Әбдіғали қасындағы жолдасына: – Ашық жерде екеуміз жауға меже боламыз. Оңтүстік жақта сай болуға тиіс. Сол саймен жүрген жөн болар, – деп екеуі орман жиегімен оңтүс тікке қарай жүрді. Асығыс келеді. Бірде жүгіріп, бірде аяңдап жүрістерін шапшаңдатты. Әбдіғали қалтасынан шеті қызыл жібекпен көмкерілген ақ орамалды алып, бетінен аққан терді сүртті. Оның көзі орамалдың бұрышына орысша жазылған: «Алеша, мені есіңе ала жүр. Құрма», – деген сөзге түсті. Әбдіғалидың жүрегі дір етті. Көзі жайнап сала берді. Ол ішінен: «Құрма жанымды көрмегелі көп ай өтті. Шіркін, осы орамалды маған берген түнгі құшақтасып тұрған мезгіл ай сәулесі түскен, тұнық түн, бейбітшілік өмір қайтып келер ме екен?» – деп ойлады. Оның әдемі ойын безек қаққан автомат даусы бөлді. Ойынан тез сергіген ол етпетінен жерге жабысып, жата қалды. Безілдеген автомат даусы толастайтын түрі жоқ. Аузынан өлім отын құсып жатыр. Жалаңдап, қаз-қатар болып ұшқан жалын оты, менің көзіме жан біткеннің бәрін жалмап жатқандай көрінді. – Осы залымдар біздің жақын жүргенімізді сезіп атқылап жатқаннан аман ба? – деді Әбдіғали. – Біздің осы жерде жүргенімізді қайдан біле қойды дейсің. Санды рақтап жатқан болар. Түнімен толассыз өлім өртін шашып жататын олардың күндегі әдеті емес пе? Оларға жан керек жоқ дейсің бе? – деді қасындағы жолдасы. – Бұл жаудың күштілігі емес, осалдығының белгісі. – Сен дұрыс айтасың. Бұл гитлершілердің осалдығы. Аз болғанымызбен, біз оларға үлкен қауіп туғызып жатқан жоқпыз ба? – Мыналар шаппасын босатар емес. Таң бозарып қалды. Жүр, еңбек теп ілгерілей түсейік. Көп ұзамай екеуі сайға түсті. Өзенге қарай шапқан аттай барлық пәрмендерімен жүгіріп келеді. Жалаңдаған жау оғы бұлардың төбесінен сумаңдап өтіп жатыр. Бір кезде екеуі де шаршады білем, иығынан демалып, жүрістерін тоқтатып отыра кетті. Көп ұзамай орындарынан қайта тұрып, алға жүрді. Бір кезде Ипут өзенінің жағасына шықты. Өзен ағысымен төмен жүріп келді де, өзеннің жалпақтау жеріне тоқтаған Әбдіғали арқасындағы дорбасын алып жолдасына ұстатты. Етігін шешіп қолына алды.
– Сен осы жағада тұр. Жау көріп қалып жүрмесін. Жан-жақты болжамасаң болмайды. Мен арғы бетке шығып, барлау жүргіземін де қайта ораламын. Әбдіғали иегіне келген суды кешіп өзеннің арғы жиегіне шықты. Жүгіріп жүріп сол маңның бәрін байқап шықты. Ол жаға селдір ағаш екен. Өтісімен аз да болса тасалануға болады. Бұл жерден үлкен орман да алыс емес. Көп болса екі-үш-ақ километрдей сияқты. Ол көп ұзамай арғы бетте қалған жолдасына қайта оралды. – Сен жаңағы мен өткен жерден езеннің арғы бетіне өт те, анау жағада өскен жалғыз теректің түбінде тұрып, осы маңды біз келгенше бақы лайтын боласың. Егер, жау әскерлерінен қауіп туып, өткелде тосқауыл құрғандай болса, автоматтан үш дүркін атып, белгі бересің де, өзің орманға қарай кете бересің. Біз басқа жерден өткел іздейтін боламыз. Тапсырма түсінікті ғой. – Түсінікті. Мен арғы бетке кеттім. Көріскенше қош бол, – деп екі дос құшақтасты да, екі жаққа қарай жүріп кетті. Көп ұзамай орман шетінде қалған біз де өзен жиегіне келіп жеттік. Таң атып, күн әлемге нұрын төгіп, орман үстінен үлкен қызыл шардай болып көтеріліп тұр. Түнімен безек қағып жатқан жау пулеметтері де оқ себуін тоқтатты. Дүние тып-тыныш, маужырай қалыпты. Мылтығы мызды, киімімізді қос қолдап ұстап, төбемізге көтеріп, иегімізден келген суды кешіп өзеннен өттік. Бір тәуірі барлаушылары біздің келгенімізді кезінде сезе алмаған болып шықты. Тыңшылардың салғырттығы бізге пайдалы болды. Екі күн өтіп, үшінші күні біз Мглин қаласына қарай жүретін үлкен күре жолдан өтіп, Соловьяновка деревнясына жақын келіп тоқтадық. Алдымыз қауіпті. Жау жазалаушылары партизандарды іздеп, бүтін орманды сүзіп жүргені сезілді. – Бұл орманның бәрін сүзіп шығу оңай болмас. Олар Мамаевка хуторының маңындағы қалың ағашты сүзіп жүруі мүмкін. Ал, бұл маң – толған партизан жертөлелері. Жоқ болып кеткен партизандар өз мекендеріне қайта оралады деп жау әр жерге тосқауыл қойып, аңдып жүруі мүмкін. Барлығымыз сау етіп жетіп бармайық. Кім білсін, сақ тық керек. Алдымызды барлауға екі-үш жігіт жіберіп алайық. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді қазақ мақалы. Біреуіне мені жіберіңдер, – дедім орнымнан тұрып. Менің барлаушылармен бірге кетпек болуыма себеп – асығыста ұмытып тастап кеткен тонымды тауып алу еді. Әбдіғалидың бұл сөзін көңіліме алып қалдым. Өткен қыста бүрсең қағып, көк шинелімен қалтырап, тоңып жүрген жау солдаттарын талай көрмедік пе? Тіпті қолына түскен киімді басына орап, әйелге ұқсаған да солар емес пе? Бұл жолы ішімдегі ойымды еш адамға тіс жарып сездіргім келмеді. Олар біліп қойса, тағы да күлкіге айналдырар. Тонымды тауып алғанымды бір-ақ көрсін деп ойладым.
Біз күн төбеге жақындаған кезде Мамаевка хуторына қарай жүріп кеттік. Орман жым-жырт. Баяу соққан жел ағаш бастарын сыбдыр қақтырып, желпіп тұр. Бейбітшілікте осы ағаш ішінде мың құбылтып ән салатын құс біткеннің бәрі мекенін тастап босып кеткен тәрізді. Жаудың жазалаушы отряды болса, берекесіз, қалай болса солай оқ атып, орманды күңірентіп жатушы еді, ол да жоқ. Тыныштық біз үшін тосыннан бола қалғандай. Бұл жағдай бізге жұмбақ, сезікті көрінді. Ашық жау күресуге жақсы. Жау жасырынып жатып, тосыннан шабуыл жасауы ықтимал. – Мына тыныштыққа сезіктеніп келемін. Жау кетіп қалатындай болған жоқ. Байқаңдар, – деді үнсіз келе жатқан Әбдіғали. – Мен де соны ойлап келемін. Жау қуланайын деген болу керек. Бұл кезде олар автоматын дамылсыз безектетіп жатушы еді. Бүгін жым-жырт. Біз бірде қайыңды, бірде карағайлы жермен, бірде өзекпен, бірде қалың теректі дөңеспен жүріп келдік те, қыста жазалаушылар бір үйін қалдырмай өртеп кеткен Мамаевка хуторының күнбатыс жағындағы алаңның шетіне келіп тоқтадық. Қалың ағаш бұтақтарының арасынан дүрбімен алдымыздағы алаңды жағалай қарап, кеп отырдық. Қыбырлаған жан көрінбейді. Тіпті ағаш бұтақтарының дір еткені де сезілмейді. Күн төбеден асқан мезгіл. Жау жазалаушылары қаруларынан ты нымсыз ажал отын жалындатып, өршітіп жатқаны алыстан еміс-еміс естіледі. Олар тосыннан партизан бөлімдерімен айқаса түскенге ұқсайды. Біз алаңнан кейін шегініп біраз жүрдік те кішкене ғана бұлақтың шетіне жата қалып, мөлдір суды рақаттанып жұтып жатырмыз. Бұтағын кең жайған кербез, әсем қарағайдың түбінде отырмын. Бір сәт менің көз алдымнан жүрек тербеткендей самал жел ескен, көдесі мен селеуі теңіздей толқыған Қалбаның қырат-қырат кезеңдері, адырлы, кең далалары, Көншіліктің масаты кілемдей құлпырған көк майса шалғыны, асқар таулары елестеп өтті. Оның ішінде тау төресіндей көрінетін біздің ауылдың оңтүстігіндегі баурайында тобылғы, қарағай, арша ағаштарының алуан түрі өсетін Аршалының шыңы елестеді. Сібе өзенінің күншығыс жағында, аспанмен тірескен қарағайлы Көктаудың дәл шыңына біткен күмістей таза, мөп-мөлдір көл, көлдің сұлу жағалауын күзетіп тұрғандай көрінетін әдемі қарағайлар түсті жадыма. Шешем марқұм «сен күзем алып жатқанда осы жерде туған едің» дейтін. Қарамырза қыраттары лезде көшкен керуендей көз алдымнан өтті. Қалбаның қырмызыдай құлпырған мәуелі бау-бақшалары, көркем табиғаты түсті есіме. Тау баурайларында қып-қызыл болып өсетін жидек пен бүлдірген, тұнып тұрған қарақат, жемістерінің ауырлығын көтере алмай, бұтақтары иіліп тұрған балқарағайлар елестейді көзіме. Туған елім, балаларым, зайыбым, жақын достарым көз алдымнан кетпейді. Дәл осы кезде туып-өскен жерімнің тіршілік-тынысы менің өз жүрегіммен бірге соғып, бірге тыныстап тұрғандай көрінді. Әскерге жүрерде шығарып салуға келген жора-жолдастарымның:
– Жолың болсын, аман-есен көрісетін болайық, – деген жылы сөздері құлағыма келеді. – Шіркін дүние-ай, осы аласапыран соғыстан аман-есен қайтсам, дүниеде бақытты адамның бірі болар едім-ау. Ел үстіне орнаған бейбіт шілікті, сәулетті өмірді көретін күн бар ма екен, – деп ойлап біраз отырдым. Менің бұл ойымды, дәл осы тыныштықты жаудың тосыннан безек теткен пулеметінің дауысы бұзды. Ат төбеліндей бізде барлаушылармен ашық тіресуге шама жоқ. Қалың орман ішіне қарай кейін жүрдік. Жаудан бойымызды алыстата түстік. – Жау тосқауылда бұғып жатқанын естідіңдер ғой, – деді бағанадан үндемей келе жатқан Карп Носовец. Күн ұясына кірген мезгілде біз аспанға қызыл ракетасын ұшырып жатқан жазалаушылардың дәл желке жағына шықтық. Әнеукүні ғана тастап кеткен мекенімізге қарай жүріп келеміз. Орман ішіне қараңғы түсе, жаудың жалын шашып жатқан пулеметі мен автоматтары безілдегенін қойып, жалынын ішіне тартып, маужырап бейбітшілік орнай қалды. Біз әлі тоқтаусыз жүріп келеміз. Мен бұрын ғы мекенімізге жақындаған сайын қуанамын. Ойымда тоным. Түбіне ұйықтап кеткен теректі де есіме алдым. Менің тоным табылып, қолыма ұстап тұрғандай көзіме елестейді. Ол тон кімге керек, жатқан шығар деп өзіме өзім тоқтау саламын. Біз кешегі өз мекенімізге жақын келдік те, үнсіз аңдып жатырмыз. Ешбір сыбдыр естілмейді. Басында: «Бұл жерде кім бар дейсің», – деп ойласақ та, тағы байқай түсуге келістік. – Асықпаңдар, жата тұрайық. Ешкімнің жоқ екендігіне әбден көзіміз жетсін, – деді Әбдіғали сыбырлап. Көп ұзамай алдымызда біреудің шылымының жылт-жылт еткен оты көрінді. Бұл кім екен? Әлде тосқауылда жүрген жазалаушылар ма? Мүмкін, солардың күзетшісі ме? Кім де болса, байқаусызда шылымын жылт еткізді де тыға қойды. – Әлде болса да байқайық, – деді Павел жуан ақ қайыңның түбіне жабыса беріп. Біз әр ағаштың тасасында тұрып жаңағы көрінген отты аңдып жатыр мыз. Уақыт өтетін емес. Әрбір минут бір жылдай көрінді. Шыдамсыздана бастадық. Жүрек аттай тулап аузымызға тығылып, тынысымызды тарылта бастады. Аспандағы жұлдыздар сұлу қыздай ойнап, сынапша толқып жалт-жұлт етеді. Баяу соққан самал жел ағаш жапырақтарын безек қақты рып, жанға жайлы тиетін біртүрлі әдемі дыбыс шығарып тұр. Орман іші көзге түрткісіз қараңғы. Көп ұзамай біреу ашықтан-ашық «мені көрдіңдер ме» дегендей шылымын тұтатты да, ерсілі-қарсылы жүре бастады. – Сен алға қарай еңбектеп жақындай түс. Егер жау күзетшісі екеніне көзің жетсе, үндемес мылтығыңмен атып түсір. Біреу де болса, жау солдаты кеми берсін. Бірақ тез кейін қайтатын бол, – деді Павел Костенко алдыңғы жақта жатқан Карп Носовецке.
Карп Ермолаевич жер бауырлап алға қарай келеді. Ол жуан томардың түбіне бұға қалды. Көп ұзамай жау солдатының қолындағы шылымы жерге ұшып түсті. Жан-жаққа шашыраған от ұшқыны бізге анық көрінді. Өзі лақтырды ма, жоқ Карп Ермолаевичтың оғынан ұшып түсті ме, артта жатқан бізге белгісіздеу болды. – Жаудың екі солдатын атып түсірдім. Алғашқысы автоматын қолына ұстап, талтаң-талтаң басып жүр екен. Менің оғымнан шегініп барып шалқалаған күйі құлап түсті, – деп Карп Носовец жүгіре жөнелді. Біз өзімізге белгілі күншығыс жақтағы терең сайдың арғы бетіндегі қалың орманға жеткенде жазалаушылар ағаш бұтақтарын жалмап, күңірентіп кетті. Жау минометін ойната бастады. Минаның гүрсілі біресе ысылдап, біресе зуылдап жер сілкіндіріп, басқан жеріңді безек қақтырып жіберді. Орман ағаштарының бұтақтары дамылсыз дірдектеп, басын жерге иіп ебелек қағады. Лек-лек гүрілдеген дауыс бірде алыстап, бірде жақындап ерсілі-қарсылы соғып тұр. Жау біздің кеткен бетімізді сезген дей зеңбірегін ойната бастады. Толассыз жарылған снаряд жер қыртысын қақыратып қорасан шыққандай лезде шұрық-шұрық етті. Жер мен көктің арасы гу-гу. Тыныштығы бұзылғанын табиғат енді ғана сезгендей. Біздің алдыңғы жағымыздағы жуан, ұзын еменнің түбіне түскен снаряд ағашты тамырымен жұлып, анандай жерге жұмарлап-жұмарлап лақтырып жі берді. Құйындай үйріле ұшқан желдің ұшқыны ғана анандай жатқан бізге жетті. Жаңа ғана көк жапырағы мың құбылып жайқалып тұрған ағаштар опыр-топыр, ерсілі-қарсылы сұлап, қиқы-жиқы болды да қалды. – Жазалаушылар біздің бет алысымызды сезіп қалды білем. Солтүс тікке қарай жүрейік, – деді Әбдіғали. Түн ортасы болып қалған мезгіл. Біз жаңағы неміс жазалаушылары тұрған жерден көш жер ұзап кеттік. Жау орманды қақыратуын бәсеңдетіп, еріншек төбет иттерше анда-санда дауысын бір шығарып жатты. Қараңғы түнде біздің ізімізге түсіп қумағанға ұқсайды. – Жау бізді қуа алмады. Қараңғы түнде орман арасынан із тауып алу түсіп қап па оларға, – деді тамағын кенеп Карп Носовец. – Алдымыздағы алаңды айналып өтейік. Кім білсін, бұл жерге де тосқауыл қойған шығар. – Кеттік, дыбыс шығармаңдар. Әбдіғали, сенің дорбаңның ішінде бірдеңе сылдыр-сылдыр етіп, мен мұндалап келеді. – Котелогімнің ішіне темір қасықты сала салып едім, – деп, Әбдіғали мойнындағы дорбасын қолына алды да, аузын шешіп, қасығын дорбаның түбіне тастай салды. Біз Каменец селосының күнбатыс жағындағы үлкен алаңның жие гіне келіп тоқтадық. Алаңға шығу өте қауіпті. Бұл алаң жаудың бекінісі болмауына кімнің көзі жетеді. Біздің алдымызда жұмбақ көбейе бастады. Қайда барсақ та алдымыздан жазалаушылар шыға келеді. Орман толы жау бөлімдері. Аяқ алып жүретін жер табылмайтын түрі бар. Біз алаңды
аңдып көп отырдық. Түн ортасы. Күншығыстан табақтай болып, сүттей ақ ай жаңа-жаңа көтеріліп келеді. Ай жарығы күңгірт алаңға сәуле төге бастады. Біз қалың ағаш арасынан сығалап, ақырын ғана қарап отыр мыз. Көзге түскеннің бәрін жіті шолып, жібермеуге тырысамыз. Бір кезде қарасақ, алдымызда жау зеңбірегінің ұясы тұр. Бұл жер олардың бекінісі болып шықты. Зеңбіректің жанында мойнына асқан автоматы бар, көк шинельді жау солдаты жүр екен. Тегінде, басқалары демалып жатқан тәрізді. Карп Носовец мылтығымен көздеді де, жау солдатын сұлатып салды. Біз зеңбірекке қарай жерге жабысып, еңбектеп келеміз. Жауда үн жоқ. Шалқасынан сұлап жатқан жаңағы солдаттан басқасы көрінбейді. Зеңбіректің арғы түбінде қазылған шұқырда шырт ұйқыда жатқан бір неше жазалаушыларды көрдік. Зеңбіректің астына бірнеше тол көмдік те, жібінің ұшына от қойдық. Павел Костенко белбеуіне байланған тіркестіркес бірнеше гранатаны шешіп алып, әлгі жау жатқан шұңқырға барлық пәрменімен лақтырды да, өзі біздің соңымыздан жүгірді. Минаның гүрсілі мен Павелдің гранаталарының дүрсілі қосылып, дүниені күңірентіп кетті. Сөйтсек алаң толы жау бекінісі екен. Тосыннан шыққан тарсылға жазалаушылардың қаруларының үні қосылып жер-көкті дірілдетіп әкетті. Біз Соловьяновка деревнясына қарай жүрдік. Ондағы ойымыз таң белгі бергенше, Мглин қаласына қарай жүретін үлкен күре жолдан өтіп үлгеруіміз керек. Енді бұл маң толы жазалаушы бөлімдер екендігіне біздің көзіміз әбден жетті.. Күндіз жау бізді іздеп, осы орманды жағалай сүзуі ықтимал. Олар көп, біз аз. Таң білінер-білінбес мезгілде біз күре жолды кесіп өттік те, арғы бетіндегі орманға кіріп жоқ болдық. Жау торының сыртына шықтық. Бес-алты километр жүріп келіп, қалың орманды терең сайдан өттік те, ну ағаштың ішіне тоқтадық. Таң аппақ болып атқан кез. Орман ішіне де сәуле түсті. Ашықтан ашық жүре беруге болмайды. Біреу-міреу көріп қалуы мүмкін. Жау тыңшылары да қарап жатпаған болар. Біз жуан теректің түбіне келіп тоқтадық. Бір неше күн ұйқысыз жүрген жігіттерді бірден маужыратып ұйқы меңдетіп алып кетті. Күзетте тұрған екі жігіт те есінеп тұр. Бір мезгілде Әбдіғали: – Мен төмендегі сайды қарап келейін. Мүмкін, су табылып қалар. Кезекпен қозғалып тұрмасақ, ұйықтап қалып масқара болып жүрерміз, – деп сайды қуалап төмен жүгіріп кетті. Көп ұзамай Әбдіғали қайта оралды. Осыдан жүз метр шамасындай жерде мөп-мөлдір бұлақ бар екен. Мұнда білгендей тоқтаған екенбіз. – Су ішсең міне, – деп Әбдіғали жанына байлаған құтысын шешіп, жолдасына ұсынды. Демін алмай суды жұтып алып, құтыны Әбдіғалиға қайтарып берді ол. Бір сағат шамасындай күзетте тұрған Әбдіғали жас қарағайдың түбінде қорылдап ұйықтап жатқан Карп Ермолаевичтің аяқ жағына келіп оятуға қимай біраз тұрды. Бір кезде қолынан тартып оятып, оны күзетке жіберді де, қасындағы серігі екеуі жантайып жатқан бойы қор етіп ұйықтап кетті.
Күн төбеге таяп қалған кезде бізді алыста дүркін-дүркін жарылған зеңбіректің дауысы оятты. Көптен бел шешпей жүрген партизандар бүгін ұйқылары қанып, демалып қалған түрлері бар. Ағаш түбінде отырған Павел Костенко: – Әбдіғали, қалған нанды бір тілімнен бәрімізге бірдей етіп бөл. Кейінге де аз да болса нан қалатын болсын. Алдымызда бізді қандай жағдай тосып тұрғанын кім білсін. Мүмкін, алдымыздағы түні таяу хутордан азық-түлік алуға барармыз. – Бармауға болмайды. Азық бітуге жақын. – Аз да болса, тамақ ішіңдер. Содан кейін бір-екеуің су іздеп келіңдер. Осы маңда су алыс болмау керек. – Іздейтін ештеңесі жоқ. Мен суды таптым. Жүз метрдей жерде тұптұнық бұлақ бар. – Сен күзетті тастап қайда бардың? – Біз екі адам күзетте болдық. Біреуіміз су іздеуге мына сайға барып келдік. Оның несі бар. Су ішіңдер, – деп Әбдіғали құтысын бір-бір жапы рақ қатқан қара нандарын ұстап отырған жігіттерге ұсынды. Әбдіғалидың қолындағы құтысын алып, шөлдеп отырған Павел Костенко суды сіміре бастады. – Суы қандай жақсы. Барлық құтыны жиып алып, Әбдіғалиға біреуің еріп барып, су құйып әкеліңдер. Жау зеңбірегінің күркірі үдей түсті. Жерді сілкіп тұр. Жазалаушылар алдымен барлаушы самолетін, онан кейін ажал өртін таситын бомба лаушы самолетін жіберді. Аспан кеңістігін қақ жарып, орманды сүзіп жүр олар. Бауырымен ағаш бұтақтарының төбесін іліп әкете жаздайды. Кетер емес. Әр жерге артынып-тартынған жүгін тастап, дүниені қозғалтып тұр. Бір тәуірі біз отырған жерден алшақтау жақты бомбалап жүр. Біреуді көріп дүрсілдетіп жүр ме, болмаса көрмей үрейлендіріп жүр ме, белгісіз. Қыбырламай көп отырдық. Түс ауды. Жау дамылсыз атқылап, тоқтайтын түрі жоқ. Ымырт жабыла жау бөлімдері атуын тоқтатып тынышталды. Біз үш адамды азық-түлік жинауға жібердік те, қалғанымыз кешегі шылым жылт еткен жерге баратын болдық. Жиналатын жеріміз Мамаевка алаңының солтүстігіндегі жалғыз қарағайдың түбі. Ол қарағайды білмейтін біздің ішімізде кісі жоқ. Егер ол жерде жау бекінісі болғандай болса, сол алаңның күнбатысындағы кешегі өзіміз демалған шоқ қайыңның іші. – Қош-сау болыңдар. Біз кеттік, – деп, Карп Ермолаевич бастаған жігіттер азық-түлік әкелуге жүріп кетті. Көп кешікпей қалғанымыз да уәде бойынша кешегі өз мекенімізге қарай жүрдік. Көзге түрткісіз қараңғы орман ішімен келе жатырмыз. Жақындаған сайын менің көңіліме жеңсіз, келте тоным келе береді. Біз бұрынғы өз мекенімізге жақындап қалдық. Бүгін күншығыс жағынан келдік. Алдымызды барлап көп отырдық. Еш сыбдыр естілмейді. Бір мезгілде шет жақта жатқан мен:
– Павел, сен маған рұқсат бер. Тағы да алға ілгерілей түсейін. Барлап келейін, – дедім. – Бар. Жау қолына түсіп қалушы болма. Байқа. Сақ бол. – Жарайды, – деп ілгері қарай жер бауырлап, еңбектеп келемін. Тонымды тастап кеткен ағаштың түбіне жақындап қалдым. Әзір көзіме еш нәрсе көрінбейді. Тағы ілгерілей түстім. Тоным қалып қойған ағаштың дәл түбіне жеттім. Жүрегім аузыма тығылып барады. Оң қолымда автоматым. Сол қолыммен әлгі ағаштың түбін сипалап жатырмын. Қолыма былқ етіп бірдеңе ілінді. Байқаймын, менің тоным. Алдымда біреу қараң ете қалды. Жаудың алыста емес екенін сездім. Кейін қарай еңбектеп келемін. Жау бізді байқап қалды ма, әлде өзінен өзі сезіктенді ме, арт-артынан бірнеше дүркін оқ атты. Мен артта қалған жолдастарыма еңбектеп жете берегенімде біресе қызыл, біресе жасыл ракеталар сумаң-сумаң етіп аспанға зымырап жоғары шықты. Олар сәулесін шашып орманды күндізгідей жап-жарық етті. Мен жоғалып табылған жеңсіз, қысқа тонымды қолтығыма қысып жүгіріп келемін. Оны киіп алуға да шамамды келтіретін емес. Зуылдаған жау оғы қып-қызыл от бүркіп, ажал шашып жатыр. Біз Мамаевка хуторының қасындағы алаңға қайта жиналдық. Карп Ермолаевичтер келісілген мерзімде оралмады, оларды тосуға тура келді. – Носовец қайтпапты. Тосамыз ба, қайтеміз? – деді Павел Костенко қасындағы айнала отырған жолдастарына қарап. – Тосамыз. Бұл жерден, олар келмей, ешқайда бармаймыз. – Сендер не айтар екен деп едім. Менің де ойым сол. Екі адам күзетке қойылды да қалғанымыз демалатын болдық. Түн ортасына жақын алаң жақтағы жалғызаяқ жолда біреулердің қараңда ғаны көрінді. Күзетші жым-жырт, іңірде қазып алған окобында жатыр. Алдымен біреуі, одан кейін қалғандары күзетшіге жақын келгенде, ол: – Пароль, – деді. – Мылтық. – Өзіміздің Карп Ермолаевич екенсің ғой, – деді күзетші алдындағы адамға. – Сен мені осы қараңғыда қалай білдің? – Даусыңыздан. – Жақсы. Павел қайда? – Әнеу ұзын қарағайдың түбінде жатқан, – деді күзетші. Карп Носовец бөлімшесінің әкелген тамағына тойып алып, біз Мглинге баратын күре жолдан қайта өткенімізде, таң білініп қалған еді. Суыт жүріп отырып Ипут өзенінен өттік те, арғы беттегі қалың ағашқа кірдік. Бұл маң тып-тыныш болып, маужырап қалыпты. Күн найза бойы көтеріліп, шапағын мол шашып тұр. Шығыс жақ шұғылаға бөленіп, тербеле толқиды. Жылылық денені баурап, маужыратып ұйқыға тартып барады.
Біз бесінші күн дегенде Хотимск ауданында қалған партизан бөлім деріне келіп жеттік. Кешкі тамақ ішіп жатқан мезгіл. Мен тонымды киіп, ағашқа сүйеніп, сұйық сорпамды ішіп отырғам. Алыста шауып келе жатқан ат тұяғының дүрсілі естілді. Құлағымды тіге қойдым. – Бұл асығып шауып келе жатқан кім болды екен? – дедім қасымда сорпасын ішіп болып, терін сүртіп жатқан Карп Ермолаевичке. – Барлаушылардың бірі болар. – Тағы жазалаушылар келіп қалды ма екен? – Үйреншікті жау емес пе? Келсе келіп қалуы да мүмкін. – Әне, штабқа қарай шауып барады. – Штабқа бармай саған келер дейсің бе? – Ойынды қойшы. – Бұл ойын ба екен? – Әбдіғали ғой. – Ендеше Әбдіғали босқа шаппайды. – Кейде оның да босқа шабатыны бар. – Болса болар, – дей беріп едім, «Тез жиналыңдар, жау жақын келіп қалыпты. Тойтарыс беруге даярланыңдар», – деген штаб бұйрығы келді. Мен жеңсіз келте тонымды киіп алғам. Енді үстімнен шешуді сиреттім. Борша-борша болып, жидіп түсіп қалғанша тастамаспын деймін ішімнен. Ол өзіме берген сертім. Сол жеңсіз, келте тонды бүкіл жорық жылдарында киіп жүрдім. Ол қыста денемді жылытты, күзде кеудеме суық пен сыз өткізбей сақтады. Ал жаз бен көктемде басыма жастап жаттым. Қысқасы, не керек, Дуся тігіп берген тон соғыс жылдарында менің үнсіз, тілсіз, бірақ өзінше сыр айта білетін жақсы серігім болды. Кейде, тіпті орыс қызының қолынан шыққан осы тон менің талисманым – бойтұмарым болды ма деп те ойлаймын. Қазір музейде, осы Алматыдағы Орталық музейде сол тонды көріп тұрмын. Тонды көре тұрып, бүкіл соғыс жылдарын оймен шолып өттім. Әрине, ең алдымен көз алдыма келген – Дуся кескіні. Тұнық көк көзді, алтын шашты ақ сары қыз алдымда әлі де күліп тұрған тәрізді. Оның артынша көз алдыма Роман Анодин қарт, орыс орманы, орыс қысы келеді. Осыларды көз алдыма келтіре тұрып, мені жылытқан, мені сақтаған, мені ажалдан алып қалған тон, достық тоны, достық қызуы, оның қуаты-ау деп ойлаймын. Ұлы жорықтың ескерткіші тәрізді жеңсіз, келте тон алдымда, музей шынысының астында жатыр. Бұл – менің тоным, орыс қызы Дуся тігіп берген тон.
СӘЛЕМ САҒАН, СЕНЕГАЛ! Бірінші сапар А лыс сапарға аттанарда жүрегіңді қашанда алабұртқан бір сезім билеп алады. Жол жүру, ел көру, жер көру сондай қызық; сон дай тамаша! Ал туған елдің, кіндік кесіп, кір жуған өз еліңнің қызығы одан да тамаша! Жат елде, жат жерде болғанда, сол елдің өзіне ғана тән ерекше тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, жер көркін көріп, қаншама қызықтап, тамашаласаң да, өз елің есіңнен бір сәт шықпайды. Сағына бастайсың. Еліміздің жүрегі – Москвадан алыс жолға шығарда, мені әрдайым осындай бір ыстық сезім әлдилейді. Жайма-шуақ апрель таңы тамылжып атып келеді. Ұйқыдан әлі толық ояна қоймаған ала көбедегі Москваны қақ жарып асфальт жол айнадай жалтырайды. Жеңіл машиналар таңертеңгі салқын ауаны есіп, зуылдап, жүйткіп келеді. Бетіміз тоғыз жолдың торабы, халықаралық аэропорт – Шереметьево. Терезеден ескен жібектей майда салқын самал көктем желі бетіңді өбіп, жаныңды ғажап бір рақатқа бөлейді. Лондонға жолаушы таситын самолет дағды бойынша Шереметьево аэродромынан сегіз сағат қырық бес минутта аспанға көтерілмек. Лондоннан кейін Майндағы Франкфурт, Цюрих қалалары, содан соң Сенегал Республикасының астанасы – Дакар. Осы Дакарда 16 апрельден 19 апрельге дейін Парламентаралық Одақтың кезекті сессиясы өткізілмек. Сессияның жұмысына совет парламентінің делегациясы да қатыспақшы. Біздің делегацияны СССР Жоғарғы Советі Ұлттар Советінің председателі Юстас Игнович Палецкис жолдас бастап апарады. Делегацияның құрамында Жоғарғы Советтің депутаттары М.Н.Власова, П.Д.Гненый, В.Л.Кудрявцев пен осы очерктің авторы бар. Совет елінің өкілдеріне Жолжазбалар
СССР Жоғарғы Советі Президиумының жауапты қызметкерлері, кеңес шілер мен тілмәштар және еріп бармақшы. Шереметьево аэродромының әрі әйдік, әрі жарық үйінің іші ығыжығы халық. Көп ұзамай диктордың: – Москвадан Лондонға сапар шегетін самолетке жолаушыларды отыр ғызу басталды, – деген қоңыр үні құлаққа шалынды. Бәріміз елең ете қалдық. Шығарып салуға келгендер ізгі тілектерін айтып, жақсы ниеттерін білдіріп жатыр: – Сапарларыңыз оң болсын! – Амандықпен көріселік! Алыс жолға, бейтаныс елдер мен жерлерге сапарға шыққан жолау шылар легі күміс қанатты, дәу Ту-114 лайнеріне қарай беттеп келеміз. Аспан шайдай ашық, ауа тұп-тұнық. Бетон төселген алаңда тұрған ару самолет алтын күннің нұрымен шағылысып жарқ-жұрқ етеді. Жұрт тегіс ішіне кіріп жайғасқаннан кейін, алып лайнер аспанға көтерілді. Жұмыр әйнектерге жапырлай қарасып, жан-жаққа көз салып келеміз. Сол қанатта қып-қызыл күн дөңгелеп, біздің лайнерімізбен жарысып келе жатқан іспеттенеді. Төменде өркеш-өркеш ақ бұлттар сіреседі. Анда-санда бұлт сиреп, көгеріп жер көрінеді. Бір тұс дауыл көтерілгенде бұйра толқындары тулаған асау Каспийге ұқсаса, енді бір тұс көк орай шалғын, бәйшешек жамылған алтын бесік – Сарыарқаны көзіме елестетеді. Міне, самолет қанатының астынан қалың орман қарауытады. Иә, бұл туған ауылдай ыстық ежелгі орыс орманы. Бір кездегі партизандар мекені. Зұлым жаумен шайқасқан сол бір шақта тап осы тоғай, осы орман бізге пана да, қамал да болған, біз оны анамыздай көріп, арқа тұтқанбыз. Басымды көтеріп, жұмсақ креслоның арқалығына шалқайып, ойлана көз жұмдым. Осы сәтте сол бір қиын-қыстау күндер, партизандық өмір, ұзақ уақытқа созылған шайқас, ұрыс, шытырман уақиғаларға толы, қуанышы мен күйініші, жеңісі мен жеңілісі алма-кезек күндер мен түндер еріксіз еске түсті. Жаумен тыным таппай, дамылсыз соғысып шаршап — шалдыққан, құр сүлдері қалған партизандар қарағайы қалың осы ну орманға келіп паналайтын еді. Жарамызды таңып, жан шақыратынбыз, ас ішіп, әңгіме-дүкен құратынбыз. Орман құшағына кіргенде құр атқа мінгендей құлпырып шыға келетін едік. Сонда осы орыс орманы жаудың зәресін ұшырып, құтын қашырса, біздің совет партизандарын аялап, жылы құшағына алатын еді. Менің ойымды стюардесса үні бөлді: «Жерден тоғыз мың метр биіктікте, сағатына тоғыз жүз километр шапшаңдықпен ұшып келеміз, – деп хабарлады ол. – Қазір Риганың, Балтық теңізінің үстінен ұшып барамыз. Көп ұзамай Швецияның астанасы Стокгольмнің тұсынан өтеміз». Сөйтіп, біз қанатына, өзін жасап шығарған, академик А.Н.Туполевтің есімі жазылған әлуетті алып самолеттің жұмсақ креслосында қозғалмас
тан отырып, өз мемлекетіміздің шекарасынан да өттік. Европаны да артқа тастадық. Бетінде таудай толқындар тулаған мұхитты да шалшық құрлы көрмей аттап өттік. Әлден уақытта самолет төмен құлдырап, сұрғылт тұманға сүңгіді де кетті. Төмендей-төмендей келіп қалықтап ұшқан шақта самолет қанаты астынан әлдебір ала шабыр бұлттар дүркірей көшіп жатқан тәрізденді, біресе сол жақтан, біресе оң жақтан жер беті көзге шалынды. Самолет енді бір сәтте көк тұман торынан құтылып, жерге таяу ұшқанда Лондон да көрінді. Бейтаныс қалаға көз тоқтата қарап үлгіре алмадық. Самолеттің моторлары күркіреп, бетон төселген алаңға жайлап барып қонып, доңғалақтарымен зымырай жөнелгенін бір-ақ сездік. Жұрттың көбі креслоның белдіктерін ағытып, сағаттарына қарады. Сонымен, Лондонға үш жарым сағат уақытта жеттік. Баяғыда біздің елдің бір қазағы бейтаныс бір елге жолаушылап кел генде: «Е, бауырым, мынау да өз ауылымыз ғой!» – деген екен. Сол кісі айтқандай, самолеттен шығып, биік сатымен түсіп келе жатып, сыртқа көз салғанда, біз Лондон емес, Москваға қайта оралып келгендей әсер алдық. Өйткені аэропорт үйінің алдындағы алаңда өзіміз күнде көріп жүрген «Чайкалар» мен «Волгалар» сап түзеп, қаз-қатар қаптап тұр. Төменде, самолеттен түсетін сатының түбінде көңілдері көтеріңкі орыс адамдарының жүздері жайнайды. Бұлар шынында да, өз ағайындары мыз, өз отандастарымыз, өз туыстарымыз, Англиядағы Совет елшілігінің қызметкерлері еді. Бізді қошеметтеп қарсы алуға шыққан бұларды елшіміз Михаил Николаевич Смирновскийдің өзі бастап келіпті. Елші аққұба өңді, арықша келген кісі екен. Жүріс-тұрысы, сөз сөй лесі байсалды, байыпты. Амандасып, танысып, хал-жай сұрасып, көңілкүйімізді біліскеннен кейін біз бөлініп-бөлініп машинаға отырдық. Самолет Дакарға кешқұрым ұшады екен. Оған дейін біздің қарамағы мызда қыруар уақыт бар. Машинаның алдында отырған Михаил Николаевич арт жақтағы бізге бетін бұрып: – Қаланы аралап көруге болады. Сіздер, әрине, мұнда тұңғыш рет кел ген боларсыздар? – деді. – Мен мұнда бұрын да болғанмын, – деді оған Ю.И.Палецкис. – Өзге жолдастар тұңғыш рет келіп отыр. Қара «Чайка» жүйіткіп келіп, көшелерді кернеген машиналар тасқынына сүнгіді де кетті. Лондон көшелері ығы-жығы машина. Маркасы мен бояуы да сан алуан. Аласа, тапал үйлердің ұшы-қиыры көрінер емес. Төрт қабат үйлер дегенің тым сирек кездеседі. Машинаның әйнегінен Лондонның біріне-бірі ұқсас көшелерін көргенде, Илья Эренбургтің: Лондоннан осы заманғы үлкен шаһардың кескін-келбетін көз алдыңа елестету екіталай нәрсе, өйткені бұл қала тым бір сарынды, сұрқай мекен ғой деген сөздері есіме түсті. Уайт-холл – ағылшын астанасындағы ең негізгі орталық көшелердің бірі екен. Ірі-ірі магазиндер, үкімет мекемелері осы көшеде көрінеді.
Бірақ осы орталық көшенің өзі сондайлық көңілсіз, сұрқай, қара қоңыр еді. Сұрастыра келсек, Лондонда көше күтімі деген болмайды екен. Сондықтан оның үйлерінің сыртын талай жылдың ысы мен шаңы басып жататын болса керек. Букингем сарайының маңынан мол бір топ халық көрінді. Әлде бірдеңе күтіп тұрған адамдар тобына ұқсайды. Бақсақ, сарайдың қарауыл, күзетшілері ауысатын шақ жақындап қалған екен. Оның өзі бізге бір таңсық, әрі қызықты көрініс болды. Королеваның өзінше әдеміленіп, сәнденіп, қызыл китель, қуықтай тап-тар ақ шалбар, сәукеле тәрізді биік қара бөрік киген гвардияшылары сап түзеп келе жатыр. Қолдарындағы карабиндері осы заманғы. Жаяу солдаттардың салтанатты нөкерлері және бар. Бұлардың да киімі жаңағыдай. Королева сарайының зілдей ауыр темір қақпалары сықырлап ашылды. Үн-түнсіз мелшиіп қалған халық осынау бір дәстүрлі көрініске аң-таң болып тұрғандай. Өйткені бұл көрініс бүгінгі заманды емес, сонау орта ғасырды көз алдыңа елестетерліктей еді. Ұзын көше Темза өзенінің жағасындағы көрікті жердегі әйдік үйге келіп тірелген. Бұл үйдің биік мұнарасы маңайындағы жатаған үйлерден әлдеқайда еңселі, асқақ. Мұнараға әдемі дәу сағат ілініп қойылған. Бұл Вестминстер сарайындағы мұқым дүние жүзіне әйгілі «Биг Бен» («Дәу Бен») сағаты деп аталады екен. Сағаттың соғуы ағылшын радиосы арқылы тәулігіне әлденеше беріліп тұратын көрінеді. «Бен» сағаты Британия астанасындағы ең бір әйгілі дүние есепті. Сағаты бар зәулім биік мұнараның түбінде үлкен ескі шіркеу тұр. Шіркеу іші жым-жырт, құлаққа ұрған танадай меңіреу. Бұл осы кездегі пантеон (мазар) іспетті. Әйгілі, аты шулы британдықтардың бір қыдыруы ның сүйегі осы шіркеуде, тас плиталардың астында жатыр. Атақты физик Исаак Ньютонның қабірін де цементпен бастырып тастапты, белгілі жазушы Чарльз Диккенс те осында мәңгі-бақи ұйқыда. Соборға келушілер белгілі мемлекет қайраткерлері, талай жылдар бойы ағылшын үкіметін басқарған, капитализмнің ең бір белсенді насихатшысы, жаршысы болған Черчилльдің есімі жазылған ескерткіш тақтаға көңіл аударып, көз тоқтата қарамай кете алмайды. Вестминстер сарайы Великобританияның атақты адамдарының сүйегі жерленген тек ескерткіш пантеон ғана емес. Англия парламенті нің екі палатасының мәжілістері де осы үйде өткізіледі. Мұнда өкілдер палатасының да, лордтар палатасының да мәжіліс өткізетін өз залдары бар. Залдары үлкен емес, шағын-шағын, дөңгелек келеді. Отыруға ыңғайлы, креслолары қызғылттау былғарымен тысталған. Парламент үйінің іші күңгірт, күн сәулесі мүлде түспейді. Тегі Англияның барлық жерлерінде де осындай. Біз жан жоқ, иен залдардың ішінде біраз болып, қалың қабырғаларды тесіп жасалған шағын терезелерді көрдік. Тегі, парламент жұмыс істеген кезде электр шамы жағылатын болу керек. Лондон – өте әйдік, мейлінше өсіп кеткен қала. Алпыс километр жерге созылады. Үйлердің, ғимараттардың көпшілігі, жоғарыда айтқа
нымыздай, жатаған, тапал, негізінен алғанда екі және үш қабатты. Зәулім биік үйлердің кескін-келбеті осы заманғы үйлерге ұқсайды. Бұлар осы таяудағы жылдарда ғана тұрғызылған көрінеді. Лондонда зәулім биік үйлердің пайда болған себебі, жұртқа мәлім, мұнда жер жеке адамдардың иелігінде. Лондон, біздің байқауымызша, лондондықтардың қарамағында емес. Асылында, Лондонның қожасы ат төбеліндей бірнеше семья ғана. Англияның астанасы тұрған жер үркердей осы алпауыттардың меншігінде. Мысалы, астананың Мэйфер деп аталатын ең бір сәнді салтанатты аймағы герцог Вестминстерскийдің меншігіндегі жер танабына салынған. Қаланың осы тұсында Пиккадилли және Бондстрит деген негізгі екі көше бар екен. Лондондағы театрлар мен ірі-ірі кинотеатрлардың дені осы көшелерде деуге болады. Негізгі-негізгі сауда мекемелері Оксфордстит көшесінде. Бұл – Лондондағы шылқыған бай аймақ. Қаланың дәл осы жері Портмэн деген лордтың қарамағында көрінеді. Кадоган деген лордтың дәулеті астананың Челси деп аталатын аймағын емін-еркін иемденіп, сүліктей сорып отыр. Ағылшын зиялыларының басым көпшілігі қаланың осы аймағын мекендейді деседі. Лондонның көптеген үйлері, кварталдары, парктері, шіркеу басы ларының, сонымен қатар король әулетінің еншісі мен үлесінде. Осыған орай қаладағы жер участогының нарқы барған сайын артып отырғаны табиғи нәрсе. Соңғы кезде жер танабының бағасы 44 про цент артқан. Астана муниципалитеті Лондон тұрғындарының қамын ойлап, мектеп немесе аурухана салу ниетін көздесе, ол ең алдымен жер иеленушіден мектеп салуға лайықты жер сатып алуға тиісті. Компания лар мен қоғамдар да солай істейді. Сөйтіп, бұлар жерді орасан зор ақы төлеп сатып алып, оған салатын үйлерінен қисапсыз көп пайда түсіруге тырысады да, аспанмен тілдесетін зәулім биік үйлер тұрғызады. Сөйтіп, Англияның қазіргі жағдайында лондондықтар өзінің әйдік те ежелгі астанасында өмірбақи пәтерде тұратын күйсіз күйге ұшыраулы. Капитализм елдеріндегі үлкен қалаларда халықтың тұрмысы әрқилы, ала-құла. Біреулер, атап айтқанда, ат төбеліндей байлар, дәулеттілер, жер иеленушілер үлде мен бүлдеге оранып отырса, енді біреулердің, кедейлердің, еңбекшілердің халі мүшкіл. Бұл жайында талай айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен, Лондондағы көрген-білгеніңді, көкейге түйгеніңді айтпай кетуге болмайды. Англия астанасының Мэйфер, Белтрэйв, Кенсингтон сияқты ақсүйектері тұратын аймақтары мен қаланың жұмысшылар тұратын шеткі жақтарының арасындағы айырма шылық жер мен көктей деуге болады. Біз Лондонның лашықтарын, белгілі Ист-Энде деп аталатын аймағын аралап, өз көзімізбен көрдік. Суы қара қошқыл, лас Темза өзенінің жағасында док, қойма дегендердің ұшықиыры жоқ. Англия астанасындағы еңбек адамдары осы маңда жұмыс істеп, күнелтеді екен. Олар ұсқынсыз, адам көргісіз лашықтарда тұрады. Ал осы үйшіктер, лашықтар қатар түзеген, ішектей созылған тап-тар, тұйық, шағын көшелерге Лили, Бәйшешек, Әсем деген секілді әдемі-
әдемі аттар қойылыпты. Шынында, бұл көшелердің аты бар да, заты жоқ. Біз осы көшелерді аралап көргенде жанымыз түршікті. Сегіз миллион халқы бар орасан зор қаланы – Лондонды тоғыз жолдың торабы деуге әбден болады. Көшелерде халық дегеніңіз сыймайды. Әсіресе, астананың орталығы – Ситиге қызметке барар немесе одан қайтар сәтте арлы-берлі жүрген халық сеңдей сапырылысады. (Контор қызметшілерінің өзі бір миллион адам). Он бір темір жол вокзалы бар екен. Лондонда метрополитеннің (жер асты темір жолының) ұзындығы 300 километр. Ендігі бір байқағанымыз мұнда трамвай жолын 1952 жылдың өзінде-ақ алып тастапты. Троллейбустың саны да қауырт азайтылған. Бұл күнде қала халқы метро поездарымен, екі қабатты қызыл автобустармен жүреді. Лондон көшелерінде мұндай автобустар дегенің жын атады. «Англияның астанасын аралап көргенде алған әсерің қайсы?» – деп сұраған адамға, өз басым «Атағын естіп, ауылына барма!» деген қазақ мәтелімен жауап қайтарар едім. Әйгілі, аты шулы, көп айтылып, көп жазылған Лондонды аралауға асық болған біз мұнда соншалықты ғажап, тамаша дүниелерді көреміз бе деп үміттенген едік. Үмітіміз онша ақтала қоймады. Таңданудың, тамашалаудың орнына түңілген, күйінген күйге ұшырадық. Мұндай күй, тегі, жалғыз біздің емес, талай адамның басында болған сияқты. Совет елшілігінің қаланы аралатып көрсетуге еріп шыққан сыралғы қызметкері, біздің көңіл-күйімізді сезген болуы керек, жымиып қана күліп: – Қайтар мезгіл жетті ғой деймін, – деді. Совет елшілігінің үш қабатты оңаша үйінде М.Н.Смирновский жолдас СССР Жоғарғы Советі делегациясының құрметіне қабылдау ұйым дастырды. Қонақасыдан кейін машинаға отырып, аэропортқа тартып бердік. Біз баршамыз – жол жүретіндер де, шығарып салуға келгендер де, – жолаушылар салонынан шығып, айналасы шыны, еденіне жасыл кілем төселген туннельдің ішімен самолетке қарай беттедік. Жолаушылар келе жатқан әлгі туннель кенет солға қарай бұрылды да, біз сол кілем-жолды қуалаған күйі табалдырықтан аттадық та, самолетке кірдік. Бізге енді Батыс Германия әуе компаниясының лайнерімен ұшуға тура келді. Самолет Ла-Манштан ұшып өткен кезде салонға стюардесса лар келді. Ақсары неміс қыздары бізге әртүрлі суық сусын – минерал су, кока-кола, жеміс шырынын әкелді. Бұдан соң кешкі ас мезгілі жетті. Жолаушылардың әрқайсысына қол сүртетін ылғалды үшкіл пакет берілді. Әлден уақытта қызмет көрсететін бөлмеден шағын да жеңіл арба сүйреткен сұңғақ бойжеткен шықты. Арбаның ішіндегі әртүрлі, үлкендікішілі шөлмектер мен бокалдар күмістей сылдырайды. Әр жолаушы асықпай қолын созып, өзі ұнататын ішімдігін, біреулері виски, екіншілері коньяк, енді біреулері арақ не шарап таңдап алып жатыр. Сусынның да, кешкі астың да ақысы жол жүретін билеттің ақысымен қоса күні бұрын төленіп қойған-ды.
Жақсы ас, әдемі сусын, ыңғайлы кресло, самолеттің бір келкі гүрілі, кешкі күннің әлсіз шапағы жолаушыларды маужыратып, қалғытуға айналды. Осынау бір сәттерде зерігіп кеттім білем, ермек, әңгіме іздедім. Ю.И.Палецкис екеуміз қатар отыр едік. Юстас Игнович – қиынқыстау күндерді басынан көп кешірген, қызықты уақиғаларға толы өмір сүрген абзал адам. Совет еліндегі өкімет билігінің ең жоғарғы органының өкілі есебінде, ол халықаралық көптеген мәслихаттарға, кеңестерге қаты сып, осы заманғы көкейтесті, келелі мәселелер жөніндегі үкіметіміздің позициясын, көзқарасын шетел қайраткерлеріне, жұртшылығына ашықайқын түсіндіріп келеді. Еңгезердей, кең иықты, көкшіл көзді, ақ жарқын жүзді осы кісі ақылгөй болуға, өкілдік құруға жаралған адам секілді. Мен оған бұрылдым да: – Юстас Игнович, алыс сапарға шығу, самолетпен тым шалғайға ұшу Сізге қиын емес пе? – деп сұрадым. – Сіз бұл сұрақты менің жасыма қарап қойып отырсыз-ау? – деді ол жымия күліп. – Иә, жас болса келіп қалды, алдағы жылы жетпіске толам ғой. Бірақ қажет істің қиындығы білінбейді ғой. Иә аз жас емес! Игі жақсы қарияның жасы. Кесек басына біткен бір кездердегі қалың қара бұйра шашы бұл күнде ағарып кеткен, бетіне әжім түсе бастаған. Дегенмен шұңғыл да отты көздері осынау бір көрнекті мемлекет қайраткерінің әлі де тұғырдан түспегенін, күш-қайратының мығым, ақылқайратының мол екенін аңғартып тұрғандай. Ю.И.Палецкис ұстаның семьясында туған. Ригада кешкілікті гимна зияны бітіргеннен кейін Каунастағы университетте оқиды. Жастайы нан ел аралап, тентіреп жүріп еңбек етеді. Талай-талай жұмыстар атқарады. Ағаш кесуші, жүк тасушы, аудармашы, мұғалім, журналист те болады. Өмір мектебінен сабақ алған ол зерделі, зейінді болып өседі. Прогресшіл көзқарасы үшін абақтыда отырады. Сөйтіп, өмір талқысы оны революционер етіп шығарады. 1940 жылы литва халқының тарихында жаңа бет ашылады, өйткені тап сол жылы бұл елді билеп-төстеп келген фашизм өкіметі құлатылып, президент Сметонас қуылды. Литва еңбекшілері Ю.И.Палецкисті өкімет билігінің ең жоғарғы орнына сайлайды да, әлі буыны бекімеген, бұғанасы қатпаған жас Совет республикасының өкіметін басқарады. Амал қанша, көп ұзамай Гитлер билеп-төстеген Германия біздің елімізге опасыздықпен тұтқиылдан шабуыл жасады. Неміс танктері Литваға баса-көктеп кіріп, республикада ойран салады. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Фашизм талқандалғаннан кейінгі жерде Юстас Игнович Литва Жоғар ғы Советі Президиумының Председателі, бертін келе – СССР Жоғарғы Советі Президиумы Председателінің орынбасары болып сайланады. Ал 1966 жылғы август айында жетінші рет сайланған совет парламентінің бірінші сессиясы Ю.И.Палецкис жолдасты Ұлттар Советінің председателі етіп бір ауыздан сайлады. Бұл оқиға осы очерк авторының көз алдында болды.
Қыруар көп мемлекеттік мәні бар қызмет атқара жүріп, Игновичтің көркем әдебиет саласында көп күш-қайрат жұмсап келе жатқаны кітап оқушылар қауымына, солардың ішінде маған да белгілі. Бұл кісінің поэзияға жаны өте құмар, оған әбден берілген адам. Ю.И.Палецкис өзінің алғашқы өлең-жырларын сонау қыршын жас шағында коммунистердің Ригада литван тілінде шығарылып тұрған «Жұмысшылар күресі» газетінде жариялаған екен. 1932 жылы «Күндер тұтқынында» деген жалпы атпен өлеңдер жинағын шығарады. Міне, сол уақыттан бастап Ю.И.Палецкистің саясат саласындағы қызметі әдебиет майданындағы қажырлы еңбекпен бірге қайнасып келеді. «Көз алдымдағы СССР «Ең соңғы патша», «19141918 жылдардағы дүниежүзілік соғыс» публицистикалық шығармалары жарық көреді, өлеңдері, жырлары, очерктері жарияланады. – Кейінгі көрген-білгеніңіз, бастан кешіргеніңізді неге жазбайсыз, Юстас Игнович? – дедім мен әңгіме арасында, – Қызықты, ғибрат аларлық кітап болар еді ғой. – Қол тимей жүр ғой, шіркін, – деп өкінгендей сыңай білдіріп бір күрсініп қойды ол.– Жұмыс, қызмет дегенің бастан асады. Бірақ ондай дүние жазудан әлі күдер үзе қойғаным жоқ. Қайткенде де жазуым шарт, жазамын да. Лондонды – байлар мен кедейлер қаласын, ондағы буржуаның сәнді-салтанатты кварталдары мен сор маңдай жұмыскерлердің лашық тарын көргенде көңілім қатты ортайып қалған еді. Сол әсерден әлі арыла қоймаған шақта литва халқының адал ұлы, Совет елінің ірі мемлекет қай раткері Юстас Игнович Палецкиспен азды-көпті шүйіркелесе әңгімелесу мені бір серпілтіп, көтеріп тастады, үлкен ой да салды. Бұрынғы заманда тепкі көрген, әбден езіліп, жаншылған халықтардың өкілдері – қатар отырған осы екеуміздің бұл заманда парламентарийлердің халықаралық үлкен форумына ұшып бара жатқан сапарымыздың өзінде ғана қаншама зор мағына, мән бар десеңізші! ...Майндағы Франкфурт қаласында көп аялдағанымыз жоқ. Басқа самолетке ауысып мінуге қанша уақыт керек болса, сонша уақыт қана болдық. Есімде қалғаны шынылы кең аэровокзал, жарығы мол, ұзын-ұзын залдар, ығы-жығы магазиндер, ине шаншар бос жері жоқ адам толы ресторан, құжынаған машиналар. Мұнда бір француз авиакомпаниясының «Эр-Франс» деп аталатын самолетіне міндік. Қазіргі заманғы транспортқа Европа қалалары иек астындағы жер сияқты. Мысалы, Цюрих қаласына жарты сағаттан асар-аспас уақыт ішінде жетіп келдік. Цюрих аэропорты жиһанкез, жырынды жолаушының өзін де қайран қалдырар аэропорт екен. Самолет ұшып, қонатын орасан үлкен алаң маған көктемгі телегей-теңіз сияқты болып көрінді. Сол теңізден самолет дегеніңіз толассыз көтеріліп, тобымен қонып жатыр. Шебер сыралғы диспетчерлер сансыз самолет біріне бірін қақтық тырмай, осынау жойқын ұшу алаңын ұршықша үйіріп отыр. Аэропорт басы ешбір тынымы, дамылы жоқ, қайнаған өмір. Бұның себебі қайсы
десеңіз, Цюрих халықаралық үлкен жолдардың мол түйісетін жері. Оның бір тарапынан зулап Африка мен Америка елдерінің самолеттері келсе, екінші жағынан зымырап Европа мен Азия елдерінің самолеттері жөңкіледі. Европа ендігіндегі уақыт бойынша есептегенде түн ортасына бір жарым сағат қалған кезде біз Цюрихтен Дакарға бет алып ұшып шықтық. Таң сарғайып ата бастаған шақ еді. Сондықтан да шығар, Африка бізді таң сәріде болатын кәдімгі жібектей майда салқын самалымен қарсы алды. Шайдай ашық аспанға қарай-қарай, сатының дымқыл жақтауынан ұстай, Африка жеріне түстік. Аэропорттан астанаға апаратын жол Атлантика мұхитын жағалап өтеді екен. Шетсіз де шексіз су айдынының үстіне таң шапағы қанат жайып келеді. Машиналар асфальт төселген айнадай жолды қуалап жұлдыздай ағады. Біздің сол жағымыздан, мұхит жақтан әлдебір прожектордың жарығы бір сөніп, бір жанып қайта-қайта жыпықтайды. – Бұл не пәле? – деймін мен. – Бұл маяк қой. Сірә, Батыс Африкада осыдан қуатты маяк (шамшырақ) жоқ шығар, – дейді СССР-дің Сенегалдағы елшілігінің кеңесшісі Геннадий Дмитриевич Соколов жолдас. Бақсақ, Дакар үлкен-үлкен әуе жолдарының торабы ғана емес, бұған қоса ол ірі теңіз порты да көрінеді. Жол маяк орнатылған төбені айналып, бұрынғы Уакам аэро портын маңайлап өтеді екен. Ең алғаш рет Атлантика мұхитының үстін басып сапар шеккен самолеттер дәл осы арадан ұшырылса керек. Бұл аэропортты француздар бертін келе әскери-әуе базасына айналдырып жіберіпті. Қазіргі уақытта мұнда француз әскерлері жоқ, олар басқа жаққа көшірілген. Жан-жақты тамашалап келе жатқан біз қалаға кіре бастағанымызды да аңдамай қалыппыз. Кіре беріс жолдың бір жағын жаңадан үйлер салуға әзірлеп қойған жер участоктері алып жатыр, екінші жағында салынып біткен жаңа кварталдар бой түзейді. Бұларда мемлекет орындарының қызметшілері тұратын болса керек. Одан ілгеріректе, дәл Атлантика жағасында жап-жасыл пальмалар мен гүл бәйшешекке малынған сұлу виллалар иін тірескен. Бұлар кәдімгі бекзадалардың, министрлердің, дәрежесі жоғары әкімдердің, чиновниктердің, ірі-ірі сауда фирмалары мен кәсіпорындар директорларының мекені. Қаланың қақ ортасында бес этажды «Оңтүстік кресі» («Южный крест») қонақ үйі тұр. Парламентаралық Одақтың кезекті сессиясына келген совет делегациясы түседі деп күні бұрын сайлап қойылған номерлер осында екен. Жайғасқан бөлмемнің іші дымқыл әрі ыстық сияқты болды. Терезенің әйнегін ашайын деп қолымды создым да, тегі, мұндай қонақ үйде салқын самал соқтыратын қондырғы болса керек еді ғой деген оймен жан-жағыма қарадым. Қабырғада репродуктор сияқты шағын қобдиша ілулі тұр екен.
Жасыл түсті, қызыл түсті екі кнопкасы бар. Конденсаторды жүргізетіні осы болар деп, қызыл кнопканы бастым. Қобдишаның іші ептеп гүрілдеді де, майда самалдың лебі есті. Лезде денем рақаттанып қалды. Көп ұзамай бөлмем тым салқын болып кеткен соң, аппаратты тоқтатып тастадым. Москвадан ұшып шыққанымызға бір тәуліктен аса уақыт болғанды. Бұл уақыттың көбін жолда өткіздік. Лондон, Майндағы Франкфурт, Цюрих әлдеқашан артта қалған. Самолет моторларының мазамызды алып, мезі қылған гүрілі құлақты тас бітеп тастаған секілді. Номерде қымбат ағаштан жасалған кең кровать тұр. Керіліп жатып, көз шырымын алғым келіп барады. Көп жата алмай, дереу қайта тұрып кеттім. Көрпе де, төсеніш те өте дымқыл, суға малшылап, сығып алғандай. Бастабында меймандар Африканың ыстығынан азап шекпесін деп, әдейілеп суға малған болар деп ойладым. Бақсам, бұл өңірдің ауасы мейлінше ылғалды болады екен. Атлантика мұхиты ауаның ылғалын мейлінше молайтып жіберетіні соншалық, мұнда келген алғашқы күндерде ауа орнына бу жұтып жүргендей күйде болдық. Дымқыл төсекте жату соншалықты қолайлы болмаған соң, серуендеп, бейтаныс шаһарды көрейін деген ниетпен сыртқа шығуға бет алдым. Мейманханадағылар әлі шырт ұйқыда. Төменде, кіре берістегі залда жан жоқ. Салқын вестибюльмен жүріп есіктен сыртқа шықтым. Құдай сақтасын, шыға бере ойламаған жерден бір айғай-шуға тап болдым! Үстібасы лас, өңшең арық, қолдарында шағын қобдишалары бар балалар жан-жағымнан қаптап, қаумалап алды да кетті. Байқасам, аяқ киім таза лайтын жас балалар. Бұлар қашан да есіктің алдын күзетіп, мейманха надан шыққандарды аңдып, торумен болады екен. Күндегі әдетінше мені де қоршап алып, сары ауыз балапанша шулап, жарыса сөйлеп, қызмет көрсетуге таласып, өліп-өшіп барады. Аяқ киім тазалаушылардың қоршауынан әрең дегенде сытылып шығып, ілгері жүре бергенімде және бірнеше адамға душар болдым. Бұлар әлгі балалардан жаман өршеленіп, жүзік, сақина, сырға, арзан қолды білезік, ағаш маска, жан-жануарлардың мүсіндерін сатып алыңыз деп жабысып, жалбарынады. Көшедегі саудагерлер сыртқа жалғыз шыға қалған мені мықтап қоршап алды, құтылып кетуге мұрша берер емес. Менің ештеңе сатып алғым келмейтініне қарайтын емес. Балға үймелеген шыбындай жабысып, алды-артымнан қаумалап, ұсақ-түйек, кәкір-шүкір бірдемелерін қолыма ұстатып, «ал, ал» деп емініп барады. Бұлардан құтылу үшін, ұсақ-түйек бірдеме сатып-ақ алар едім, бірақ ақша айырбастап үлгіргеніміз жоқ. Мен қолымды сермеп, қалтамды нұсқап осыны түсіндірген болдым. Ақырында қалтамның бос екеніне, ештеңе сатып алмайтыныма көз дері жетті білем, саудагерлер жол беріп, өз бетімен қалып қойды. Қалың қоршаудан зорға құтылған мен көшенің арғы бетіне әрең шықтым. Берік бекіністі Дакар порты өткен ғасырдың орта шенінде салына бастапты. Көпке дейін шағын ғана елді мекен болып келген. Дакар
соғыстан кейін өте-мөте қаулап өскен. Әуелі мұнда порт, темір жолдар мен автомобиль жолдары, бертін келе аэропорт салынады да, қала ірі транспорт торабына айналады. Мұнда сауда фирмалары жайғасып, банктер пайда болады, өнеркәсіп өркендей бастайды. Осының бәр-бәрі елдің өзге аймақтарын мекендеп келген жергілікті жұртты қызықтырады да, олар анталап кеп Дакарға құйылады. Бұл күнде Дакар – сүйірленіп мұхитқа кіріп тұрған көк майса мүйістегі ақ шағаладай сұлу қала. Әсіресе, ол самолеттен қарағанда соншама сұлу болып көрінеді. Қалада осы заманғы зәулім үйлер көп. Көлеңкесі мол көшелерде жалт-жұлт етіп, жиырмасыншы ғасырдың жүйрік лимузиндары зымы райды. Дакардың қаласы ғана емес, оның тұрғындары да сымбатты, сұлу. Денесі күнге тотығып, қап-қара болып жалтыраған сындарлы жігіттер сымбатына сүйсіне қарамасқа болмайды. Ал сымдай түзу, сұңғақ бойлы қыз-келіншектердің әдемі жүріс, әсем қимылы өзінше бір ғажап көрініс. Әйелдер жағының үстінен ұлт киімдері көбірек көрінеді. Олардың көпшілігінің кигені толарсаққа дейін түсетін ұзын әрі тап-тар жырық етек юбка іспеттес киім. Дәулетті әйелдер ондай киімді нейлоннан, әрі кеңдеу етіп тіктіріп киетін көрінеді. Тағы осындай матадан тігілген бас киімдері қазақтың сәукелесіне ұқсайды. Және ғажап нәрсе, Дакардың көшелерінде егде тартқан, қартайған адамдар ешбір ұшырамайды. Көшедегілердің баршасы өңкей жас қауым. Алғашында бұл елдің кемпір-шалдары үйден шықпай ма екен деп ойлап жүрдім. Артынан сұрастырып білсем, Сенегалда халық орташа есеп пен алғанда 37 жыл ғана өмір сүреді екен. Көшеде қарттардың кездес пейтіндігінің сыры да осында болып шықты. Алғашында Дакарды жас тар қаласы екен деп қуанған менің, адамдары аз өмір сүретін халықтың жайын ойлап, күрсінуіме тура келді. Сенегал Республикасының бір тұмсығы сүйірленіп, мұхитқа кіріп тұрады, ал құрлықта ол Гвинеямен, Мавритания ислам Республикасымен және Малимен шектеседі. Сенегалды мекендейтін халықтың саны үш жарым миллиондай. Байырғы халықтың негізгі кәсібі – егіншілік пен мал шаруашылығы. Халқының 80 процентінің діні – ислам діні, қалғандарының көпшілігі католиктер. Сенегалдың мемлекеттік тілі – француз тілі. Халқының негізгі кәсібі жер болып келген Сенегал Республикасы отаршылдар тепкісінің зардабынан күні бүгінге дейін құтыла қоймаған. Дүниежүзілік рынокке шығаратын негізгі дақылы арахис пен жер жаңғақ. Міне, осы арахисты «Сенегалдың алтыны» деседі. Бірақ сол алтын елдің халқына өте қымбатқа түсіп отыр, бейнеті бастан асатын көрінеді. Әңгіме мынадай: арахистен өте сапалы өсімдік майы алынады. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейінгі жерде, Франция майға өте-мөте мұқтаж болады да, Сенегал халқын арахис егісін ұлғайтуға көндіру жо лында қолынан келген шараның бәрін қолданып бағады. Отаршы әкімдер
бейнеті мол егістің көлемін көбейтеді, арахистың сатып алу бағасын да өсіреді. Сөйтіп шаруалардың арахис өсірмеске ешбір лажы қалмайды. Өзге дақылдар егісінің көлемі бірте-бірте кеми береді. Сонымен қазіргі уақытта елдегі күллі егіс көлемінің жартысынан астамы арахис егісіне айналған. Сайып келгенде, Сенегал шаруаларының шамамен 80 проценті нің табатын табысы, күн көрісі арахистың дүниежүзілік рыноктағы нар қына байланысты болып отыр. Секегалды арахис өсіретін елге айнал дырған Франция оны дүниежүзілік рынокке телміртіп, соның басыбайлы құлына айналдырып жіберген. Ол ол ма, халықтың басым көпшілігі арахиспен айналысып, соған байланып, маталып қалғандықтан, ауыл шаруашылығының елге өтемөте қажетті өзге салалары мешеулеп, тұралап қалған. Халық бидайға, күрішке, қантқа өте мұқтаж. Ал бұларды Сенегал бұл күнде шет елдерден сатып алады. Сенегал тәуелсіздікке ие болғанымен, республика шетелдік кәсіп қорлардың шеңгелінен құтыла алмай келеді. Сенегалдың эконо микасымен азды-көпті таныса келе, француз капиталының ықпалының мұнда әлі де болса күшті екенін байқадық. Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттары мен Германия Федеративтік Республикасындағы аса ірі компаниялар да Сенегалға аранын аша бастаған. Экономика тұрғысы нан көмек көрсетеміз деген желеумен, осы компаниялар республиканың өркендей түскен аса маңызды салаларына баса-көктеп кіруге тырысулы. Бұл жөнінен әсіресе американдар қатты белсенділік көрсетуде. 1965 жылғы июль айынан бергі жерде Сенегалда экономиканы өркен детудің екінші төрт жылдық жоспары күшіне енген. Францияның маман дары жасаған алғашқы төрт жылдық жоспар жарым-жартылап қана орындалыпты. Бүгінгі таңда елдің шама-шарқына қарай шамалы ғана міндеттер алға қойылып отыр. Жаңа жоспарда көбінше ауыл шаруа шылығын өркендету, минерал қорларын барлау, жаңадан өнеркәсіп орындарын салу ісіне көңіл аударылмақшы. Бұған республиканың үкіметі шетел капиталын пайдалануда. Дакардың магазиндерінде біздің көзімізге көбірек ұшырағаны Францияда шығарылған товарлар болды. Дәулетті сенегалдықтардың мініп жүрген машиналары, құрылыс техникасы – міне, осылардың бәрі Франциядан әкелінген дүние. Сенегал өсіп, өркендеу ниетін көздегенде, әзірше Францияға мықтап тәуелді болып отыр. Шамамен алғанда Сенегал халқының 85 проценті қара танымайды. Республикада халықтың сауатсыздығын жою жолында көп жұмыс істелуде. Осыған орай мемлекеттік бюджеттің төрттен бір бөлегінің халық ағарту мұқтажына жұмсалатынын айтудың өзі де жеткілікті. Селолы жерлерде ең жақсы деген үйлерді мектепке беру салтқа айнала бастаған. Амал нешік, отаршылдықтан қалған ең бір жексұрын әрі зілдей ауыр мұра – халықтың сауатсыздығын жою жолында талай-талай қиыншы лықтар кесе-көлденең тұрып, тұсау болып келе жатқан тәрізді. Оқу және мәдениет министрлігіндегілердің айтуына қарағанда, маман оқытушылар
жетіспейді, мектеп үйлері тапшы. Бұған қоса бұл елді мекендейтін түрлі халықтар мен тайпалар өзінің ана тілінен өзге ешбір тілді білмейтін болғандықтан, жергілікті кадрлар даярлау, әр ұлттың өз тілінде оқулықтар шығару проблемасы алға қойылып, бұл проблеманың шешімі әлі табыла қоймаған. Ұзын сөздің қысқасы: ұлттық дербестікке ие болған бұрынғы мешеу елге тән кәдімгі қиыншылықтардан Сенегал Республикасы әлі құлантаза арыла алмаған. Жұртқа мәлім, сонау ерте замандарда Сенегал «қара товар», басқаша айтқанда, құлдарды сататын және сатып алатын базар болған. Құлақкесті құлдар кемеге тиеліп, мұхиттың арғы бетіне, Америка материгіне жөнел тіліп тұрған. Отаршылдар болса, оларды кісі орнына санамаған. Аздыкөпті қарсылық білдірген құлдарды, оқтың күшімен, найзаның ұшымен қынадай қырып, жаныштап тастап отырған. Қару-жарағы бар, соғысуға машықтанып алған отаршылдарға дәрменсіз жергілікті халықтың қолы нан келер не амалы болсын! Әйткенмен Сенегал халқының отаршылдарға қарсы күресі ешбір толастаған емес. Сенегалдықтардың ғасырлар бойы көксеген арманы 1960 жылы апрельдің төрті күні ғана орындалды. Тап сол күні Сенегал тәуелсіз мемлекет болып жарияланады. 1960 жыл Африка шежіресіне тәуелсіздік алу жылы болып кірді. Осы кезде континент картасында тәуелсіз он жеті мемлекет пайда болды. Осы он жетінің біреуі Сенегал еді. Мұның өзі Африка халықтарының ұлт бостандығы жолындағы қозғалысының аса ірі жеңісі болған-ды. Африкалықтардың күресі отаршылдар билеп-төстеген уақыттың өне бойында ешбір толастамай келген-ді. Олар дүние жүзінде тұңғыш социализм мемлекетін – Советтік Социалистік Республикалар Одағын құрған Ұлы Октябрь социалистік революциясынан жақсы өнеге ала білді. Ұлттарға азаттық әперуді көздеген қозғалыс мұнда әсіресе дүние жүзілік екінші соғыстан кейін, Европа мен Азияның бірқатар мемлекет тері капитализм дүниесінен іргені аулақ салып, жеке-дара бөлініп шығып, социализмнің дүниежүзілік біртұтас системасы дүниеге келген шақта өтемөте кең өріс алады. Африка халқы енді жалғыз болмайды. «Жалғыздың үні шықпас» дейтін жағдайдан құтылады да, социализм елдерінің, дүние жүзіндегі алға ұмтылған, ілгері басқан ізгі ниетті күштердің достығына арқа сүйеп, солардың тарапынан қызу қолдау табады. Мұның үстіне, Африка халқы өзге елдердің ұлт азаттығы жолындағы күресінің мол тәжірибесімен қаруланады. Міне, біз сол Сенегалға келдік. Жас мемлекеттің көрікті астанасын дағы үлкен мейманханаға қонақ болып жайғастық. ...Күндізгі сағат он екіде делегация мүшелері қонақ үйдің екінші қабатындағы оңаша залға жиналдық. Совет елшілігінің қызметкерлері мен осы арада кездеспекші болғамыз. Біз, қонақтар мен қожайындар, дөңгелек шағын үстелдің басына келіп отырыстық. Геннадий Дмитриевич Соколов таңертең бізді қарсы алуға келгендегі киімін ауыстырып, шо лақ жеңді, жеңілтек ақ көйлек киіп алыпты. Толықшалау келген, қой
көздері күлімдеген ол біздің көргіміз келгеннің бәр-бәрін көрсетуге әзір екенін айтты. Елдің шұрайлы жерлерінің біріне бару жайында сөз болып еді, Геннадий Дмитриевич Дакардан жетпіс километр жердегі Кайяр поселкесіне баруды лайық деп тапты. Делегацияның бұдан шалғайырақ жерге барып келуге қолы да тимейтін, мұршасы да жоқ еді. – Өзіңіз білесіз қайда апаруды, – деді делегацияның басшысы Ю.И.Палецкис. – Сіз қожасыз, бұйырыңыз өзіңіз. – Ендеше жүрелік! – деді Геннадий Дмитриевич орнынан көтеріліп. – Қалай, тура қазір жүреміз бе? – Әрине. Кейінге қалдырудың керегі не? Жапа-тармағай орындарымыздан тұрып, шығар есікке қарай беттедік. Төменге түсіп, көшеге шығуымыз-ақ мұң екен, аяқ киім тазалаушылар мен саудагерлер тағы да тап беріп, қаумалап алды. Олардан тағы да әрең сытылып шыққан біз бөлініп-бөлініп машинаға отырдық. Бұл жолы біз күллі қаланы қақ жарып өтіп, Сенегалдың астанасын кеңірек көруге мүмкіндік алдық. Дакардың орталығы өте көрікті екен: осы заманғы үйлер, оқтай түзу көшелер – бәр-бәрі Европа сәулет өнерінің ең соңғы жетістігі бойынша салынған. Шыны мен бетоннан тұрғызылған көп қабатты үйлер қаланың сәнін келтіріп тұрғандай. Ал қаланың ортасынан шығып, шет жағына жеткенде өзге бір дүниеге тап болған секілдендік. Ешбір жоспарсыз, қым-қиғаш, шым-шытырық, біріне-бірі жалғастыра салынған ұшы-қиыры жоқ лашықтар кездесті. Қатарласа жүрген үш адам әрең-әрең сыятын тап-тар, қисық, қиқы-жиқы көшелерге келгенде машиналардың жүрісі мүлде баяулап қалды. Бұл көшелерде ағаш, бұта дегеніңізден ырымға түк жоқ; сары балшықтан тұрғызылған, қалың шаң басқан меңіреу, мылқау дуалдарды, сіресіп қатып қалған, айғыз-айғыз боп жарылып кеткен жерді көргенде шаһардың орта шенінен алған жақсы әсерің су сепкендей басылады. Ескі-құсқы темірден, қаңылтырдан ілдебайлап сала салған қапқараңғы лашықтарда Дакарға тентіреп жұмыс іздестіріп келген қара халық тұрады екен. Іріп-шіріген, шыбын үймелеген қоқырлардан аяқ алып жүргісіз, олардың сасық иісі қолқаңды атады... Бұл ауданды – көркем Дакардың көріксіз шет аймағын Мадина деп атайды екен. Осыдан аз уақыт бұрын тап осы ара сары безгектің ордасы болыпты. Өйткені бұл ұлан-байтақ саз болса керек. Бір кездерде Дакардың орталық көшелерінде европалықтар мен африкалықтар бірге тұрған. Европалықтар тұрмысқа қолайлы үйлерде тұрса, жергілікті халық үйшіктерде тұрып күнелткен. Халық адам айтқысыз көбейіп кетіп, ауру, індет тарай берген соң, европалықтар африкалықтарды Мадина деп аталатын осы бөлек кварталға көшіріп жіберген. Бұл күнде Дакардың негізгі халқы кәкір-шүкір сататын саудагерлер мен аяқ киім тазалау шылар. Астананың сәнді-салтанатты көшелерінде шет елден келген дерді мезі қылып, солардың мазасын алатындар да осылар. Мадинаның қисық көшелерінен өткенде бет-ауызын шаң-тозаң басқан, еңсесі түскен,
ашаң, жүдеу жандар кездесті. Қалың қабақтары мен ұзын кірпіктерінің астынан жылтыраған көздері ғана көрінеді. Жарты миллион халқы бар үлкен қала Дакардың тұрғындарының үштен бірі ғана жұмыспен қамтамасыз етілгенін кейіннен барып білдік. Бұлардың өзі де мемле кеттік мекемелердің қызметшілері, порт пен шағын кәсіпорындардың жұмыскерлері. Қалғандары аштан өліп, көштен қалмаудың қамын жеп жүрген жұмыссыздар, жаңағы жүдеу жандар. Қым-қиғаш тар көше кенет үзілді де, біз халықтан ине шаншар бос жер жоқ үлкен алаңға тап болдық. Ғажап сурет; әр жерге үйіп-үйіп тастаған алуан түрлі жеміс көздің жауын алады. Біз базарға тап болыппыз. Кімнің сатушы кімнің сатып алушы екенін ажыратып болмайды. Тау-тау болып үюлі жатқан алуан түрлі жемістің: бананның, ананастың, мангоның, апельсиннің, лимонның, қауынның, капустаның, жаңғақтың ара-арасы айқасқан адам. Дакардың сан алуан бояулы қан базары бізге өте бір тосын да таңсық көрініс болды. Базарды аралап, таңырқап жүргенімізде қолқаны атқан сасық иіске тағы да тап болдық. Бақсақ, базар тұрған жердегі канализация жабық емес, ашық екен. Бүкіл базарды кернеген сасық иіс содан тарап жатса керек. Түрлі түсті жемісі мол базардың мынадай жайын көріп, жүрек айныды. Тезірек кетуге тырыстық. – Жүрелік, жолдастар, машинаға баралық. Уақыт аз қалып барады, – деді біздің жайымызды аңғарған Геннадий Дмитриевич. Шаһардың шеткергі жағындағы шаң, тозаң басқан тар көшелерден кең жазыққа шыққан машиналар жүйтки жөнелді. Асфальт төселген даңғыл жол алыстап барады. Төңіректе көз тоқтата қарарлық ештеңе көрінбейді, жапан дала, құба түз реуішті. Машинаның зымыраған жүрісі, ызыңдаған аңызақ жел бізді маужырата бастады. Африканың қыз-қыз қайнаған ыстық күніне күйген кең байтақ құба түзі еңсемізді басқандай, біз үндемей келеміз. Алыс шалғайда, көз ұшында сағым ғана ойнайды. Күн шаншылып, тура төбемізге шығып алған. Әлден уақытта қарсы алдымыздан қарауытқан бірдеңе елес беріп, жапан дала, құба түзге жан біткендей болды. Көп ұзамай кіші-гірім тоғай көзге шалынды. Бұл баобаб, басқаша айтқанда, «маймыл ағашының» тоғайы екен. Алыстан қарағанда көз тартады, бұтақтарының астына аздап көлеңке түседі, самал желдің лебі еседі. Баобабтың жапырағы болмайды екен де, қу бұтақтарының ортасынан күн сәулесі шашырап түсіп, көлеңкесі де шамалы болатын көрінеді. Жұп-жуан, бұжыр-бұжыр ағаштар мойны сорайған, сирағы тыр жалаңаш тырнаға ұқсайды. Қу медиен, құба түзге де жан бітеді екен! Мұнда да тіршілік бар секілді. Баобаб дегеніңіз – аңызақ соғып, күні аптап тұрған, құрғақшылық үзілмейтін, қуарған далаға төзімді болып, әбден көндігіп алған жаны сірі, дәу ағаштар. Африкада апрель айы нағыз жаз айы, мұнда биыл алты айдан аса уақыт аспаннан жерге бір тамшы тамбаған. Әбден семіп қатып қалған дәу баобаб ағаштары аңызақ ыстық желге шыдап, бойындағы күш-қуатынан, тіршілік тұтқасынан
мүлде айрыла қоймаған сияқты. Июль айы мұнда жаңбырлы болады екен де, осынау ұлан-байтақ қу медиен, құла түзге, сахара сәулеті баобаб ағашына жан бітіп, ол да көгере бастайды. Міне сол кезде «Африканың жасыл төбелері» кітабында Э.Хемингуэйдің суреттеп жазғанындай, мұқым Африка жасыл желекке бөленеді. Баобаб ағаштары да жасыл жапыраққа оранып, гүл шашады. Гүлінің бояуы сарғылт келеді. Баобаб ағашын сенегалдықтар шарапатты, қасиетті ағаш, ата-бабалар аруағының мекені санап, өте қастерлеп, қадірлейді. Тіпті автомобиль жолдарын салғанда кездескен баобаб ағашын кесіп тастауға олардың көңілдері дауаламайды, қайткенде де оны аман сақтап қалуға тырысады. Әдетте түздің игі жақсы, ақылгөй адамдары жаңа іс бастарда осы ағаштың көлеңкесіндегі алаңға жиналып, бас қосып, ақылдасып, кеңес құрады деседі. Мүсәпір жолаушылардың да тынығып дем алатын, балалардың да бас қосып ойнайтын жері осы баобаб ағашының түбіндегі көлеңке болса керек. Ләйлек пен көкқұтан да ұясын осы ағаштың ұшар басына салады. Мазасыз аңызақ жел соққанда баобаб ағашының қу бұтақтары қозғалып, ызыңдап, ботадай боздап, жалғызсырап зарлап қоя береді деседі. Біз баобаб тоғайын артқа тастап, ілгері зымырап келеміз. Тағы да көз тартары жоқ, көңілсіз көрініс, күйкі сурет басталды. Алдан, тас жолдың абайлап жүретін бір бұрылысы көрініп еді, асфальттан жүгіріп өтіп бара жатқан жануарлар көзімізге шалынды. Жақындап келіп қалған машинаға жалтақтап біраз қарап тұрды да, ұзын қолдарына сүйеніп, тез-тез жүгіре жөнелді. – Маймыл ғой, – дейді зәресі ұшып зытып бара жатқан «жаяуларды» иегімен нұсқап Геннадий Дмитриевич, – Маймыл дегеніңіз бұл өңірде көп болады, үйір-үйірімен жүреді. Маймылдар жолдың жиегіндегі селдір-селдір, жалаңаш тоғайдың ішіне сымп етіп сүңгіп кетті де, көзден тез ғайып болды. Машинада отырғандардың біреуі: – Бұлар немен қоректенеді? Мынадай тақырда аштан өліп қалмай ма? – деген сұрақ қойды. – Осыдан шамалы әріректеу жерде ну орман өседі. Әлгі маймылдар тура сол тоғайға тартып барады. Демек, оттай жанып, күйдіріп тұрған күн сәулесі дүниенің баршасын түгел өртеп, құртып жібермеген. Африканың бір өңірі жансыз түз болғанымен, екінші бір атырабында жанға сая мол көлеңкесі, салқын самалы бар, жасыл желек жамылған ну орман, қалың тоғай өседі екен. Бұлт ала, жер шола демекші, табиғат суреті біраз өзгеріп, бірден көз тартатын көкорай пайда бола бастады. Қасқа жол қайқаңдап барып жоғары көтеріліп, әлден уақытта машинамыз бір белге шыға келді. Шаңқай түс. Күн айналып жерге түсердей, біз дәл осы дөңге шыққанда қабағат қатты ыстық болып кетті. Біздің қуанышымызға қарай алдыңғы жақтан қалың тоғайға малынған шағын да тәп-тәуір деревня көрінді.
– Сибикотан, – дейді, машинаның желқағар әйнегінен үңіле қараған Геннадий Дмитриевич, – Сибикотан деревнясы. Анау көрініп тұрған тоғай – папайя дейтін ағаштардың тоғайы. – Жемісі бар ағаш па, әлде жай ағаш па? – Әрине, жемісті ағаш. Базарда қауынды көрдіңіз ғой. Сол қауын осы ағаштың жемісі. Оқтай түзу соқпақ деревняны қақ жарып өтті. Біз жан-жағымызға қызыға-қызыға қараумен болдық. Тұрғын үйлері қамыс пен бамбук ағашынан жасалған кәдуілгі балағанға ұқсайды. Іші де оншама оңып тұрған жоқ. Жолдың екі жақтағы өнбойына созылған балағандар іркестіркес. Деревняның сыртындағы өрісте жүрген бір қора қойға көзім түсіп еді, байқасам, қойлары қозы сияқты, бір асым еті жоқ, шүйкиген бірдеңе. Сиырлары да кішкене, жатаған, ешкі сияқты ши аяқ болатын көрінеді. Мұндай сиырлардың сүмесіні де, сүті мен еті де аз шығар деп ойладым. (Сиырдан күніне бір екі литрдей ғана сүт сауылады деседі). «Қоянның өзін көр қалжасынан түңіл» деп қазақ айтқандайын, мұндай малдарда қандай сүмесін болады! Шіркін, Қазақстанда өсірілетін қазақы еділбай қойлары мен ақ қасқа сиырларға не жетсін! Соғымға сойсаң етке, саусаң сүтке қарық боласың ғой. Деревняда біраз аялдауға тура келді. Машиналардың қасына әп-сәтте бірнеше адам жиналып қалды. Бұлар бізбен күліп, мәз-мейрам болып, қол ұстасып амандасты. Өзара ілтифат білдіріп, жөн сұрасып, танысқаннан кейін, тұрмыс жайын әңімеледік. Деревня халқының харекетін, кәсібін білгіміз келді. Егде тартқан қалың бұйра шашты біреуі деревня халқы негізінен алғанда арахис егіп өсіреді деді. Арахис, дейді ол, әдетте июль айының бас шенінде, жаңбыр жауатын маусым қарсаңында егіледі. – Шығымдылығы қандай? Табыс бір жылғы күн көріске жете ме? – Әр жылда әр қалай болады ғой... Әр семьяның азын-аулақ малы, жеміс ағашы бар. Халық әйтеуір амалдап күн көріп жатады. Иә, әйтеуір амалдаған халық. Асылында, осы «амалдау» деген сөздің зор мәні, мағынасы бар екенін айта кетуді орынды деп білем. Ең алдымен, шаруаның еңбек табысына тоқталайықшы. Жалпыға мәлім, Сенегал деревнясындағылардың қолданатын еңбек құралы – атам заманғы көне құрал. Шаруа әуелі тесемен (кетпенмен) шұңқыр қазады да, соған арахистың бірді-екі дәнін тастап, өкшесімен малалайды. Арахистың өнімін де осындай көне құралмен жинап алады. Өнімін жинап, енді сату керек болады. Кімге сатады дейсіз ғой? Алыпсатарларға сатады. Өйткені шаруаның өздігінен қалаға қатынайтын көлігі жоқ. Сөйтіп, алыпсатарлар (бұлар көбінесе ливандықтар немесе сириялықтар) деревняларды аралап жүріп, шаруаның қолындағы арахисты алып, арахистың орнына әртүрлі товар береді. Арахистың бағасын алыпсатарлардың өздері қояды, деревня қаладан неғұрлым шалғай болса, арахиске солғұрлым арзан баға қояды да, ал товардың бағасын мейлінше қымбаттатып жібереді. Көп жағдайда шаруаның табан ақысы, маңдай тері ақталмайды, тапқан-таянғаны, жинап-тергені күн көрісіне жетпей қалады, амалдап күн көреді.
Сенегалдағы халықтың негізгі тамағы овощ пен балық. Есептеп көргенде, мұнда әр адам жылына 25 килограмм балық жеп күнелтетін сияқты. Бұл жағынан алғанда Сенегал Жапониядан, Норвегия мен Португалиядан кейінгі төртінші орынға ие. Сенегалдықтар ет жемейді деуге болады. Африкадағыларды дәстүрлі асы – күс-күс. Күс-күс қымыздық қосқан тары талқанынан жасалады. Кейде оған баобаб ағашының жапырағынан түйген талқанды да қосып, дәмін шығарады. Кенеуі жоқ, белогы мен витамині аз тамақ жеген адамда, ең алдымен балада, не күй болады? Балалар балғын болып өспейді, мешел болады, ісінеді, денесі мен шашының өңі бұзылады. Сенегалда бала өлімі өте көп. Белгілі оқымысты Жозуэ Кастроның «Ашаршылық географиясы» деген кітабында былай деп жазғаны есімізге түсті: «Бүкіл Африканы тұтас алғанда – бұл ашаршылық жайлаған континент. Африканың мешеулеп қалғандығының негізгі бір себебі, шынында, осы ашаршылық пен ұдайы тойып ас ішіп-жемеуде болып отыр..» Тәуелсіздікке ие болды деп жарияланғаннан бергі жерде Сенегалда кооперативтендіру қозғалысы өріс алыпты. Шынында, әзірше коопера тивтердің басым көпшілігі – өнім өткеруші кооператив. Мемлекет өнімді сатып алу бағасын белгілейді де, мұның өзі шаруаларды алыпсатарлардың зорлық-зомбылығынан сақтандырады. Алайда Сенегал шаруалары әлі де болса амалдап, ептеп-септеп күн көріп келеді. – Семьяңызда асырайтын жаныңыз көп пе? – деп сұрадық біз бұйра бастан. – Он бір жанбыз. Тоғыз балам бар. Асырап көріңіз осыншама жанды! Амалсыздан барды қанағат қылып, жоқты іздемеуге тура келеді ғой. Сірә, Сенегал деревнясында асырап-бағатын жаны аз семья некенсаяқ. Шариғат заңы бойынша өмір сүретін бұл елде көп қатын алу салты әлі қаз-қалпында. Қатынды, әрине, қалың мал төлеп алады. Қалың малдың мөлшері Батыс Африкадағы нарық бойынша 15-20 мың франк. Егер қалыңдық – әлді, дәулетті әулеттен болса, онда қалың малдың мөлшері екі-үш есе артық болады. – Тым қымбат емес пе? – деп сұрады делегацияның бір адамы. Біздің бұл сұрағымызды шаруалар ерсі көрді ме, өзара күлісіп алды. – Егер қалыңдық сұлу болса және де дәулетті, текті семьядан шықса, қымбат болмайды, – деп бастарын изесті. – Ажырасып кеткен күнде қалай? – Шариғат заңы бойынша айрылысады. «Сен менің зайыбым емессің, неке бұзылды» деп ері үш дүркін айтса болғаны, әйелі төркініне кетіп қалады. Бұл, әрине, қазақ қауымының осы күнгі аға ұрпағына белгілі де, сонымен бірге бүгінгі жаңа заманда өте сөлекет ерсі әдет-ғұрып. Бір кездерде қазақ даласы да атам заманғы осындай ескі әдет-ғұрпының
шеңгеліне түсіп, шырмауында болған-ды. Біздің елде алдақашан адыра қалған, заманы өткен осынау бір жексұрын салт Сенегалда жағадан алып жармасып, етектен ұстап кейін тартып отыратынын естіп білгенде, сүйекке сіңген бұл салттан халықтарды арылту жолында әлі де талай күш салу керек-ау деген ой келді маған. Содан кейін мен бұрын қазақтарда да осындай салт боғанын, қазір ол салттың келмеске кеткенін айттым. – Сонда сіздерде қалың берілмей ме? – деп сұрасты шаруалар. – Жоқ. Әркім өз теңіне, өз сүйгеніне қалың малсыз қосылады. Шаруалар «апырай, ә» дегендей боп, бастарын шайқасты. Біз тағы да ілгері жүріп кетіп, әлгі деревняда көрген-білгенімізді ортаға салған шақта, елшіліктің бұл елді егжей-тегжейлі зерттеп жүрген қызметкерлері Сенегалда әртүрлі дерттің, науқастың етек алып кеткенін айтты. Халыққа дәрігерлік көмек деген өте нашар екен. Республикада дәрігер, аурухана жетіспейді, емделген адам мол ақы төлеп емделеді, көп жағдайда қалаға барып дәрігерге көрініп емделуге, дәрі алуға жұрттың қаражаты болмайды да, науқас адам өмірден түңіле бастайды. Сенегалда емделудің өте қымбатқа түсетінін совет адамдарының біліп қойғаны теріс емес шығар деп ойлаймын. Бұл үшін цифрларға сөз берелік. Үйге дәрігер шақыртып, оған көрініп, дәрі жаздырып алу ақысының мөлшері мұнда, Батыс Африка нарқы бойынша, төрт мың франк, яғни 16 доллар. Укол салғызып, пенициллин құйғызу ақысы 12 доллар, қанға анализ жасату ақысы 24 доллар, рентгенге түсіп, суретін алу ақысы 34 доллар, тісті алғызу – 40, соқыр ішекті сылытып тастау ақысы 500 доллар! Әйелдер босанатын үйде толғатып, бала табу ақысы 480 доллар. Сенегалда басы ауырып, балтыры сыздаған қарапайым адамның мүшкіл халге душар болатынын осыдан-ақ аңғаруға болады. Дәрігер мен аптекарь ондай адамды мүлде тонап алады. Сенегалда қызмет бабымен жүрген бір совет азаматы аяғына шыққан шиқанды емдеуге 80 доллар ақша төлегенін айтты бізге. ...Біз келген Кайяр поселкесі мұхиттың тура жағасына орнапты. Біз жоба бойынша салынған тұрғын үйлері, электр сымдары тартылған бағаналары, төбесінде антенналары бар өз еліміздегі жұмысшы посел келеріне ұқсас қалашықты көреміз бе деп үміттенген едік. Ондайдан ырымға түк көрінбейді. Үйлерінің іші аядай тар, ыс тұтып қалған, жиһаз, мебель деген атымен жоқ. Үйдің иесі де, қонақтар да жерге отыра кетеді. Әйтеуір, баспана деген аты ғана. Поселкеде қақтаған балықтың иісі мүңкиді. Бұл иіс жолаушыны алыстан қарсы алады. Мұхиттың құмдауытты жағасы толған қайық, керіп байлап, кептіріп қойған ау. Бірнеше еркек мұхиттан әлгінде ғана тартыл ған аудың ішінен күнге шағылысып, шоршыған балықтарды жинап жүр. Ересектердің қасы қайықтар мен аулардың ара-арасы толған бала. Күйедей қап-қара балалар құмда үйіліп жатқан балықтарға қарап, тамашалап тұр. Құмға лақтырғанда балық әуелі бір шоршып түсіп, құйрығын бұлаңдатады
да, бір заматта аузын ашып дем алып, көп ұзамай-ақ жан тапсырады. Соңынан барып үлкен қорапқа түседі. Арқасына кішкентай нәрес телерді таңып байлап арқалап алған әйелдер ересек балықшыларға жәр демші болып жүр. Жалаң бас жас нәрестелердің басынан күн өтпей ме? Мына шақырайған күннің оттай қызуына қалайша шыдайды, не деген төзімді десеңізші бұлар? Кайярда біз едәуір уақыт болдық. Сонда жылапсықтаған бір бала көрмедік. Шешелерінің айтуына қарағанда, күйген күн шұғыласы жалаңаш бастарға өзінше бір дару, шипа көрінеді. Балаға, дейді олар, панамка секілді жеңіл бас киім кигізсең болғаны, басына бөрткен шығып кетеді. Ал Сенегалда науқастан емделудің өте қымбатқа түсетінін біз жоғарыда айттық. Жағаға балаларын жетектеп келген бірнеше әйел мұхиттың алыс шалғайына көз айырмай ұзақ уақыт қараумен болды. Шетсіз, шексіз көгілдір шалқар су айдыны әйелдердің жүрегін сыздата бұйра-бұйра толқын атады. Бұлар кәдімгі желқайыққа мінген жұбайларының алыс шалғайдағы су айдынынан аман-есен қайтып келуін сарғая күтіп тұрған балықшылардың зайыптары еді. Байқаймыз, поселкеге бөгде адамдар тым сирек келетін тәрізді, өйткені біздің келгенімізге жұрттың баршасы таңырқап қайран қалғандай сыңай білдірді. Біздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді сұрастырғандар өте көп болды. Совет Одағынан келген адамдар екенімізді білген балықшы лар бізді онан сайын қаумалап алып, жылы шырай, жақсы ниет білдірді. Советтер елі жайында еміс-еміс естігендерімен, совет адамдарымен дәл бүгінгідей ешқайсысы жүз көріспеген, көзбе-көз, ауызба-ауыз сыр тарта сөйлеспеген екен. Өйткені шағын да ұсқынсыз Кайяр поселкесі үлкен жолдан мойны қашық, ұмыт қалған ел қонысы деуге болады. Жағада қайраңдап тұрған желкен, жаман-жұтық қайықтарды толқын соғып, тербелтіп тұр. – Мына нашар қайықтардан басқа тәуір кемелерің бар ма? – деп сұрадық біз балықшылардан. Дамбалының балағын түріп алған, дөрекілеу қара жігіт мықтап бір күлді де, қолын сілтеді. – Біріншіден, – дейді ол бір саусағын бүгіп, – мына сияқты жағаға ешқандай үлкен кеме келе алмайды, поселке тұсында кеме тоқтарлық жөні түзік тығырық та жоқ; екіншіден... – Иығын қисайтып, көзін бажы райта қалған жігіттің бет әлпеті мен ернінің емеурінінен балық аулайтын кеме сатып алуға поселкелердің ешқайсысының қолы жетпейді ғой деген сыңай байқалды. – Балықты ең болмағанда тоңазытпайсыңдар ма? – Тоңазыту қайда? Тоңазытқыш керек қой оған. Ол жоқ бізде, сон дықтан да біз балық алуға қаладан келетіндерге тәуелдіміз. Егер Дакардан келетін машина кешіксе, балық шіріп, сасиды да, науат болып, еңбегіміз зая кетеді. Балықшыларды ерте жүріп, біз бүкіл поселкені аралап шықтық. Шынында, көруге татитын, көретін де ешнәрсе жоқ. Қайда барсаң да
жоқшылықтың, қайыршылықтың нышаны. Кедейшілік жайлаған осынау поселкенің кескіні, мұндағы тұрғындардың хал-ахуалы Карл Маркстің: отаршылдық үстемдік құрып тұрғанда адамның еңбегі ауыр бейнетке айналады деп көрегендікпен айтқан сөзін тағы да расқа шығарды. Асылында, Сенегал халқына келер болсақ, ол еңбек сүйгіш халық. Ал сол енбектің жемісі қайда, оған кімдер қарық болып жатыр? Сенегалдықтар ұлттық дербестігін жеңіп алғаннан бері ғана жарқын болашаққа үміт арта бастады. Бүгінгі қиыншылықтар – өсу, өрге басу жолындағы өткінші қиыншылықтар. Мұндай қиыншылықтарды буыны әлі бекімеген, бұғанасы әлі қатпаған жас мемлекеттің әрқайсысы бастан кешіруде. Балықшылар Совет Одағының өміріне, біздің елдің еңбекшілерінің тұрмыс күйіне қызу ден қойды. Олардың бізге қойған сұрақтарынан Сенегалдағы мехнаты мол еңбектің алдағы уақытта қызығы мен жемісі мәуелеп өскен еңбекке айналарына кәміл сенетіндіктері сезілді. Сенегал өкіметінің Францияға тәуелді болуды бірте-бірте азайтып, балық аулайтын өз флотилиясын жасауға ұйғарғанын Кайяр балықшылары газеттерден оқып, біліп алса керек. Мұнда балық аулайтын тұтас бір өнеркәсіп комплексі: балық-консерві заводы, балық қалдығын ұқсататын кәсіпорын, осы заманғы ірі-ірі тоңазытқыштар салынбақшы. Сенегал флотилиясында 25 кеме болмақшы. Экономика және техника саласында ынтымақтасу туралы совет-сенегал келісіміне сәйкес, Сенегалға балық аулайтын кемелерді Совет Одағы бермекші. Кайярға барып қайтуымызға бір күндей уақыт жұмсадық. Дакарға күн батар алдында қайтып оралдық. Жоғарыда айттық, Дакар шаһарының орталығы европадағыша салынған. Ал нағыз осы заманғы үйлерде кімдер тұрады? Әрине, мұндай тамаша үйлерде балықшының да пәтері бар шығар деп ойлау ақылға сыя қоймас еді. Дегенмен, біз кәдімгі пәтер үйлер, айталық, айнадай жарқыраған әнеу бір шынылы үйдің құны қанша тұрады? деп сұрастырып көрдік. Бақсақ, өте қымбатқа түседі екен. Мысалы, үш бөлмелі пәтерде тұру үшін оның қожайынына айына 70 мың франк төлеу керек көрінеді. Бұл Совет ақшасына шаққанда 270 сом. Қаладағы әсем үйлерде кімдер тұратынын, міне, осының өзінен-ақ аңғаруға болады. Келесі күні біз теңізге шықтық. Шағын кеме қаладағы пристаньнан шығып, айлаққа (гавань) кіре берістен көз көрім жердегі шағын аралға қарай бет алдық. Ол Горэ немесе, Көзжасы аралы деп аталады екен. Бұл аралдың тарихын жергілікті халықтың басынан кешірген ащы өмірінің шежіресі десек, асырып айтқандық болмайды. Португалия басқыншылары бұл өңірге сонау XV ғасырдың өзіндеақ баса-көктеп келе бастаған. Көлемі небарі 3-4 шаршы километр осы аралда олар құлдар қамайтын абақты салады. Мұхиттың жағалауындағы континенттің ішкі аймақтарындағы еңгезердей, ең мықты, төзімді деген негрлерді басқыншылар осы аралға алып келеді. Қол-аяғы кісендеулі құлдар осы арада кемелерге тиеліп, метрополияға жөнелтіледі. Бертіні
ректе португалдықтардың орнына ағылшындар, одан соң француздар келеді. Бұлар аралды нығайтып, әскери-теңіз қамалына айналдырады. Сонда да арал құлдар абақтысы болып қала береді. Американың белгілі ғалымы Уильям Дюбуаның есебіне қарағанда, Африкадан тек Американың бір өзіне 15 миллион негр жөнелтіліп, құлдыққа түскен. Ал енді бұған құлды аң сияқты аулап ұстағанда оққа ұшқан, континенттің ең шалғайдағы түкпірлерінен теңіздегі порттарға тасығанда немесе кемеге тиеп метрополияға апара жатқанда жолда өліп, қырылған африкалықтарды қосатын болсақ, онда Америкаға жеткізілген әр құлдың өзіне бес африкалықтан айналады. Сонда, құлдар саудасының салдарынан Африка 100 миллионға таяу адамынан айрылып қалған болады. Бір кездерде құл базары болған арал бұл күнде туристер, саяхатшылар келіп тұратын орынға айналыпты. Бізді апарып түсірген шағын пароход арал мен материктің арасында арлы-берлі жүріп, үсті-үстіне кісі тасумен болды. Пароходтан түсіп, аралдың тастақ жағасына табаны тиген туристер сонау орта ғасырлар заманынан барып бір-ақ шыққандай болады. Олардың көзіне қамалдағы бекіністің қалдықтары, бір кездерде қамалдың оқ атарынан айбар шашып, құл сатып алушылардың пайдалы саудасына қол сұғушыларға қаһарын төккен атамзаманғы зеңбіректер түседі. Сонау бір зар замандарда құлақ кесті құлдарды қамаған екі этажды тас сарай күні бүгінге дейін сақталып қалған. Сарай биік жарқабаққа салыныпты. Сарайдың терезелері жоқ, іші сыз, қабыз. Бізге жол көрсетіп, шежіре шертуші гид сарайдың тас еденінің астынан салынған терең зынданды көрсетті. Шынжыр бұғаудан босану ниетімен бүлік шығара бастаған құлдарды осы зынданға салатын болған. Құлақ кесті құлдарды таситын корабль келгенде, жөнелтуге сайлап қойған тұтқындарды – көнгендерін де, көнбегендерін де сарайдан теңіздің жартасты жағасына қарай тартылған тар үңгі арқылы қамшының астына алып сабап, бір-бірлеп айдап шығып, корабльге қайықпен тасып жеткізген. Аралдың жанға жайлы көгілдір аспанына, мұхиттың шетсіз, шексіз айдынына, қалықтап ұшқан ақ шағалаға тамашалай көз салғанда ғана, қараңғы тас қапасты көргенде талған көзің біраз дем алғандай болады. Біз тастан қашап салынған сатының баспалдағымен жайлап төменгі жағаға түстік. Тілмашымыз тастан салынған көне үйдің алдында кенет тоқтай қалып, босағасындағы әлде бір жазуды оқи бастады. Бұл не, тағы да түрме емес пе екен деп біз оған бажырая қараймыз. – Осында, ауланың ішінде, – дейді ол, – шәкірттердің салған сурет терінің көрмесі ұйымдастырылыпты. Көрсек қайтеді? Тар есіктен бір-бірлеп кіріп келеміз. Әжептәуір кең аула, ортасында орасан үлкен зәулім ағаш. Ағаш бұтақтары қанатын кең жайып, шашақ атып тұр. Ағаш түбі қоңырсалқын көлеңке. Сарайға кіруіміз мұң-ақ екен, жуан ағаштың түбінен бойшаң да арық жігіт шықты. Жақындап келді
де, бір сәт көзін жыпылықтатып бізге қарап, күлімсіреп қолын созып, күтпеген жерден: – Страсуйте! Мир! Дружба! Товарищи! – деп өзінше былдырлап, орысша сөйлеп кетті. Бақсақ, әлгінде ғана көрген сарайымыз секілді, терезесі де, жарығы да жоқ тас сарай аралды мекендейтін азды-көпті халықтың балаларын оқытатын бастауыш мектеп болып шықты. Бізді қарсы алған мұғалім былтыр Москвада болып, сонда бірнеше орыс сөзін жаттап алыпты. Біз мектепті, шәкірттердің салған суреттерін көрген уақыттың ішінде мұғалім жадына сақтаған бірнеше сөзді әлденеше дүркін қайталады. Тегі орысша сөйлеп үйренуді үлкен мәртебе көретін сияқты. Демалыс болғандықтан бүгін мектепте оқушылар болмады. Мұғалім бізді кластарды аралап көруге шақырды. Бұдан бірсыпыра ғасыр бұрын осы күнгі Сенегал оқушыларының ата-бабаларын кісен салып қамап, құлақ кесті құлға айналдыру ниетімен салынған мына тас класты мектеп үйі деуге батылың да бармайды. Дегенмен аралап көруді мақұл көрдік. Әйтеуір құрастыра салған парталары өте қолайсыз. Мұғалім бізге мектепті балаң республиканың жетістігі ретінде мақтаныш сезіммен көрсетті. Шынында да бұрын тұтқындардың мекені болған шағын аралдағы мектептің ұсқыны онша оңып тұрмаса да, мұндай мектеп ашылғанының өзі көп жайды аңғартып, баяндағандай. Африка мемлекетінің аздап болса да ілгері басқанын байқатқандай. Сол күні Батыс Африкадағы ең ірі жоғары оқу орны – Дакар универ ситетінде болдық. Университеттің ректораты жуырда ғана салынып біткен жаңа үйде екен. Ректордың қабылдау бөлмесінде бізді секретарь, орта бойлы, жирен шашты француз әйелі қарсы алды. – Хош келдіңіздер, отырыңыздар. Мен қазір ректорға айтып шы ғайын, – деді ол. Көп ұзамай кабинеттен ректор шықты, ол жирен шашын жып-жылма ғай етіп кейін қайырып тастаған француз екен. Қол алысып амандасты. «Аты-жөнім Поль Тосье», – деді ол. Құшақ жая қарсы алғансып, қолымен кабинеттің есігін нұсқап көрсетіп: – Өтінем, кіріңіздер, – деді ректор. Дакар университеті жоғары ғылымдар институты негізінде 1957 жылы ғана ашылған, жаңа оқу орны. Жоғары мәртебелі чиновниктердің сәнді де, салтанатты оңаша үйлеріне іргелес, жұмысшы кварталдарынан аула ғырақ, тура мұхит жағалауына салынған университет алдына Африка ның ат төбеліндей ақ сүйек зиялыларын, мерейі үстем оқығандарын даярлап шығару міндеті қойылған. Ұлт азаттығы жолындағы қозғалыстың тегеурініне шыдай алмай, табандарын жалтыратып, тайып тұруға тура келетіндей күн туа қалса, отаршылдар жоғары мәртебелі зиялыларға арқа сүйеп, соларға үміт артпақшы. Оның бер жағында, университетте оқып, жоғары білім алуға неғұрлым дәулетті африкалықтардың балаларына ғана мүмкіншілік берілген. Осыған қарамастан, университеттің Францияның әртүрлі ортала рынан келіп оқыған студенттері ұлтқа бостандық әперу жолында күрес
кендердің алдыңғы сапында болған Дакар университетінің студенттері өздерінің Европада оқыған құрбы-құрдастарымен, жолдастарымен қол ұстаса, тізе қоса қимыл жасаған. Бүгінгі таңда университеттің бірнеше үйі, осы заманғы жабдықтары, оқу құралдары, үлкен кітапханасы бар. Төрт факультетінде: медицина, экономика, заң және филология факультеттерінде үш мыңнан аса студент оқиды. Студенттерінің дені африкалықтар. Университетте 240 оқытушы сабақ оқытады. Оқу орнын ұстауға жұмсалатын шығынның 86 процентін Франция өз мойнына алса, қалғанын Сенегал үкіметі төлейді. Алдағы уақытта шығынның баршасын республика өз мойнына алмақшы. Шаруашылықтың аса мұқтаждық көріп отырған салаларына арнап ұлт кадрларын даярлау үстіне, Сенегалда ғылыми-зерттеу жұмысы да өріс ала бастаған секілді. Дакар университетінің жанында бірнеше институт бар. Бұлардың ішіндегі ең егдесі, ең белгілісі қара Африканың іргелі институты деп аталатын ғылыми-зерттеу институты. Бұл институтты құрылғанына отыз жылдан аса уақыт болған. Институт Батыс Африканың климатын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, экономикасын, этнографиясын, тарихы мен мәдениетін зерттеу ісімен айналысады. Институттың бай архивы, кітапханасы, үш музейі бар. Музейлерден африкалықтардың әдет-ғұрып маскаларының, зер, зейнет, қолөнер бұйымдарының, өрме бұйымдардың коллекцияларын, ауыл шаруашылығы құралдары мен саймандарын және т. б. көруге болады. Ұдайы бюллетень шығарылып, онда Африка тақырыбына жазылған ғылыми еңбектер жарияланады деседі. Институттың география бөлімшесі Батыс Африканың француз және ағылшын тілдерінде үлкен атласын шығаруға әзірлену үстінде. Шұғылданатын жұмысына қарағанда, бұл ғылыми мекеме бірегей орын, оның ғылым әлеміндегі беделінің жыл асқан сайын артып келе жатқан себебі де осы болуға тиіс. Сенегалдықтар болса, оны өзіміздің ұлттық академиямыз деп санайды. Сенегалдықтардың малиліктердің, гвинейліктердің, тоголықтардың арасынан шыққан жас түлек ғалымдар Африка халықтарының тілдері, тұрғын жайлары, ритуал маскалары туралы диссертациялар жазу үстінде. Дегенмен соңғы жылдары қазіргі заманғы проблемаларға: индустрия ландыру, урбанизация, ауыл шаруашылық дақылдары проблемаларына да ерекше назар аударыла бастапты. Университет жанында, бұған қоса, ислам институты, Африка әкім шілігі, нақты экономика және сауда, педагогика, тропика медицинасы, метеорология физикасы институттары және бар. Жуырда Сенегалдың негізгі тілдерінің бірі волоф тілінің структу ралық грамматикасы шығайын деп жатқанын білдік. Сонымен қатар жер гілікті фульбе, малинке, серер және волоф тілдерінде Сенегал әдебиетінің антологиясы дайындалып жатқан көрінеді. Сол жұмыстарға байланысты Сенегал әдебиетіндегі жаңа ағымның адамы болып саналатын Патэ Диань деген жазушының есімі ауызға алынды. Қара Африка фундаменталдық
институтының ғалым-секретары Патэ Диань жан-жақты оқымысты ретінде әйгілі болды. Ол Парижде «Батыс Африка экономикасының дамуы» деген тақырыпта диссертация қорғады. Әдебиет және право зерт теу жұмыстарымен одан ары шұғылдана отырып, ол «Африка халықтары ның тілдері және осы заман» атты көлемді еңбегін аяқтады. Ал осыдан екі жыл бұрын Парижде жас ғалымның отар болардан бұрынғы Африканың саяси құрылысы туралы баяндайтын «Батыс Африкадағы дәстүрлі саяси өкімет» атты кітабы шыққан болатын. Саяси экономияда, социологияда, этнографияда елеулі табыстарға жеткеннен кейін, Патэ Диань лингвистикамен шұғылданды. Оған себеп, дейді ғалым, Сенегалдың тарихи жағдайының ерекшелігінде. Бұл ел үш ғасырдан бері қарай Европамен үздіксіз байланыс жасап келеді. Саяси партиялар мен кәсіподақ ұйымдарының бірде-бірінде болмаса да, сайлау немесе әкімшілік қызметтерінің бірде-бірінде жұмыс істемесе де, бүгінде Патэ Диань есімі қара Африкада кеңінен әйгілі. Оның еңбек терінің маңыздылығын ескеріп, Алжирде өткізілген бүкіл Африканың Бірінші мәдени фестивалінің ұйымдастырушылары ғылми симпозиумға қатысушыларға баяндама жасауды тапсырды. Жұрттың айтуына қара ғанда, Патэ Диань бұл міндетін тамаша орындап шыққан көрінеді. Өзі нің баяндамасында ол қара Континенттің әртүрлі аудандарының тарихи әдеби, философиялық және діни айырмашылықтарын ескере отырып, африка мәдениетінің шынайы жағдайы туралы мәселені қабырғасынан қойды. Қара Африканың Фундаменталдық институтынан басқа, университет жанында сонымен қатар ислам институты, Африкан әкімшілігінің инсти туты, нақты экономика мен сауда педагогика, тропикалық медицина, педиатрия, метеорологиялық физика институттары жұмыс істейді. Делегация мүшелері теңіз биологиясы лабораториясына кіргенде шашына қылаулап ақ кіре бастаған, шоқша сақалды, ашаң жүзді, ұзын бойлы сары кісі орнынан тұрып, бізді қарсы алды. Оның ғылыми қызмет кер екенін үстіндегі әдемі, судыраған ақ халатының өзі-ақ білдірген дей еді. Күтпеген жерден ол таза орысша сөйлеп кетті. Спирт құйған, мұхиттағы жануарлар дүниесінің алуан түрлі өкілдері салынған алуан шыны ыдыстарға көңіл аудармай, әлгі адамға қадала қарай қалдық. – Орысша тым жақсы білесіз ғой, қайда оқып үйреніп алғансыз? – дедік біз оған. Ақ халат киген адам абыржып, сақалын бір сипап қойды. – Паспортым бойынша француз болып есептелем. Ал туған жерім, шыққан тегім – Украина. Әкем мен шешем 1920 жылы Харьковтен Фран цияға ауып келген-ді. – Отаныңнан безіп жат жерге кетіп қалғандарың қалай, бұл нелік тен? – деген сұрағымызға шоқша сақал: қажеті болды деген селқос жауап қайтарды да, сөзін одан әрі жалғастыра келе: – Мәселенің төркіні мынада: әкем ақ гвардияның офицері болған еді, – деді.
Әрине, кіндік кесіп, кір жуған ата мекенінен қашып кетуге кіріптар болған бұрынғы ақ гвардияшылардың бұл әрекетінің бұрыс-терісін мұндай жерге тезге салып жатуды ешқандай орны жоқ. Зиянды теріс қылығым үшін сазайымды тартқызар деп қорқып, лажсыз шет елге зытқан шығар. Ал сол эмигранттың мына ұлы мұнда неге жүреді, әке-шесінің туған жеріне неге қайтпайды? Өзі тұстастардың талайы қайтып жатқан жоқ па? Солардан неге үлгі алмасқа? Мен оған: – «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген мақал бар қазақтарда, – дедім. Жирен сақалын тағы да сылап, біраз ойланып тұрып, ақ халат киген адам айыбын мойындағандай сыңай білдірді. – Россиядан кеткенде жас бала едім, – деді ол. – Францияда жүріп есейіп ер жеттім. Туған жерде қазір мені кім біледі, кімді табам? Ешкімім қалмады ғой. Оның бер жағында, осы жақта жүріп үйлі-баранды бол дым, әйелім француз, балаларым бар. Үйреніп, жерсініп кеттім ғой бұл араға. Елге қайтып оралудың жөні келе қояр ма екен? Барып, аралап көріп қайту... бір сәрі. Африка театры – халық творчествосының ең көне және өзгеше түрлерінің бірі. Мамандармен сөйлескенімде, олар африкалықтардың сахна өнерінде ежелгі грек театрының өсуіне негіз болған кейбір элементтер бар дегенді айтты. Африканың темір құдайы Огунге немесе нажағай құдайы Шангоға құрбандық шалу өзінің сипаты жағынан Аполлонға құрбандық шалудан ешбір айнымайды. Алайда, кейініректе өз канондары мен дәстүрлерінің ізімен өз бетінше дамып кеткен грек драмасына қарағанда, Африкан театры діннің күшті ықпалынан шыға алмай қалды. Дәстүрлі Африкан театрында әдетте ешқандай сахна, декорация дегендер болмайды. Барлық сауық кеші ашық далада және әманда ақысыз-пұлсыз тегін өткізіледі. Қай спектакльде де тек актерлер ғана емес, сонымен қатар көрермендер де қатынасады. Костюм үлкен роль атқарады, оны актерлер қастерлеп ұстайды, ата дәстүрі бойынша қасиет тұтады. Бет бүркеншігі (маска) белгілі бір құдайды, хайуанды немесе адамды бейнелейді. Ешқандай сценарий болмайды және артистердің не көрсетем десе де еркі бар. Африкан театрының бір кемшілігі – адам психологиясына, әлеуметтік характерлерге үңілмейді, оларды типизацияламайды. Соңғы кездерде Африкан театры діни салттардан арылуға, осы заманғы қоғам өмірін көрсетуге көп күш жұмсап келеді. Қазірдің өзінде екі түрлі ағым бар: дін мен оның салттарына тығыз байланысты театр және осының бәрінен мүлде құтылған театр. Театрдың бұлай жіктелуінің тамыры талай ғасырдың төңірегінде жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, дәстүрлі театрдың әр уақытта да африкан
қоғамы мәдениетінің ажыраспас бір бөлшегі болып келгенін көреміз. Отаршылдыққа дейін театр қоғамдық-саяси қарым-қатынастар тиісті дәрежеге көтеріліп дамыған жерлерде ғана пайда болған. Христиан миссионерлерінің ең алдымен театрларға соққы беруі де осыдан еді. Әйтсе де көп ұзамай олар ақылға көшіп, африкандықтардың театрға құмар лығын өз мақсатына пайдалана бастады. Олар Шекспирді, Мольерді, Гетені жергілікті халықтардың тілдеріне аударды. Мәселен, Сенегалдағы отаршылдық әкімшілігін, африкан чиновниктерін дайындайтын У.Понти мектебінде тұңғыш рет француз тілінде театр пайда болды. 1933 жылы осы мектептің шәкірттері ең тұңғыш африкан пьесасын сахнаға қойды. Понти театрының репертуары отаршылдық дәстүріне құрылатын, пьесаларда көбіне тарихи тақырып қозғалатын да, Африка корольдері қанішер жыртқыш, ал отаршылдар ізгі ағартушылар болып бейнеленетін. Театр өнерінің дамуындағы жаңа кезең дүниежүзілік екінші соғыс тан кейін басталды. Жас драматургтердің пьесалары африкандарды отаршылдық езушілікке қарсы күреске шақырып, Африканың бостан дық алу правосын қорғайды. Бұл жағынан алғанда, Сенегал драматургі Ш.Нданың «Альбуридің аласталуы» атты пьесасы қалың жұртқа әйгілі Дакарда режиссер Р.Эрментье қойған бұл пьеса Африкадағы ең озық Сенегал ұлт театрының алтын қорына қосылды. Қысқасы, саяси тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін, Африкан елде рінің көпшілігінде театр өнеріне экономикалық және әлеуметтік азаттық жолындағы күрестің пәрменді құралдарының бірі ретінде айрықша көңіл бөліне бастады. Дакардағы театр белгілі сенегал артисі Даниэль Сораноның есімімен аталады. Тап-тұйнақтай залдың көлемі де үлкен, шамамен тоғыз жүз кісі сыяды. Парламентаралық Одақтың мәжілістері ашылар қарсаңында келген делегациялардың құрметіне арнап театрда үлкен концерт қойылды. Африка халықтарының өздеріне тән, қолтума өнері бар. Жергілікті халық ғасырлар бойы қатыгез, қатал жат жерліктердің қол астында, тепкісінде болғанына қарамастан, ең қасиетті, асыл бұйымы – халықтың өнерін ешкімге қол сұқтырмай, дін аман сақтап қалғанына қайран қаласың. Бұдан екі жыл бұрын Дакарда афро-негр өнерінің бүкіл дүниежүзілік фестивалы болған. Мұқым Африка континенті өнерінің адамдары, Терістік және Түстік Америкадағы негр өнерінің таңдаулы өкілдері, мыңға таяу шетелдерден шақырылған меймандар мен саяхатшылар Да карға жиналып, бас қосқан. Даниэль Сорано театры осы фестиваль ашы лар қарсаңында салыныпты. Фестивальда Сенегал әндері мен билерінің ансамблі тамаша өнер көрсетіп, үздік шыққан. Бишілер коллективтерінің көпшілігі, соның ішінде осы ансамбль Дакарлықтың өз ортасынан шыққан өнерпаздардан – бишілерден, әншілерден, музыканттардан құралған. Ансамбль халық билерін ғажап орындаған. Оның коллективі нағыз ұлттық спектакльді сәтті шығарып, халықтың бойына біткен ежелгі ұлттық дәстүрлерді
көрсете білген. Тамтам және басқа халықтық аспаптардың әуеніне ілесіп билегенде, өнерпаз бишілер тал шыбықтай бұралып, жібектей созылады. Ән және би ансамблі бұл күнде профессионал коллективтің дәреже сіне дейін көтерілген. Ансамбльдің өнер көрсетер тұрақты сахнасы да бар. Ол – жоғарыда айтқан Даниэль Сороно театры. Ансамбль қазірде өз елінен басқа талай-талай елдерге кеңінен танылып, мәлім болып алған. Жуырда ол біздің елде, Совет Одағында да гастрольде болып қайтты. Залға лықа толған көрермендер қауымы концерт басталысыменақ көңілді күйге бөленді. Жарық сөніп, алакөлеңке зал мол әрі керемет көркем, сұлу шымылдықтың алтын шұғыласына малынды. Шымыл дық екіге жарылып, жайлап ашылған шақта Африка барабандарының тық-тық соғылған үні құлаққа еміс-еміс естіліп, аламыш кең шалбар киінген, жалаңаш кеудесі қап-қара жігіттер тал шыбықтай бұралып, билей жөнелді. Бишілердің бастарына кигендері құлақты сабан шлем, қолдарында барабан, дүңкілдеген ғажап бір күшті дауыстар делебені қоздыра түседі. Сымбатты жылтыр қара денелер төбеден төгілген шам жарығына малынып, жалт-жұлт етеді. Би әбден қызған кезде, залдағылар шыдай алмай, барабан әуеніне қосылып, бишілердің әсем қимылына ілесіп, қолдарын соғып, әндетіп, көрермендер мен сахнадағылар қабысып кеткендей болды. Бишілер бұрынғыдан бетер жіті қимылдап, сахнада сағым ойнап, құйын соққандай күй танытты. Би шырқау биікке көтеріліп, шегіне жеткен шақта, белуарына дейін жалаңаш, юбкалары тілерсегіне түскен қыздар сахнаға шыға келді. Сахна бейне бір кемпір қосақ рәуішті саналуан түсті бояумен жалтылдап, бишілердің сымбатты сұлу мүсіндері жарқ-жұрқ етіп, ерекше қызу қимылдарынан залға ұшқын шашырап тұрғандай болды. Күні ыстық елдің биі де қызу болады екен-ау деймін ішімнен. Біз көшеге шығып, өзара әңгімелесіп, концерттен алған әсерімізді көңілге түйгенімізді ортаға салып, жайлап аяңдап келеміз Күн ұясына кіргенімен, дала әлі жарық, ескен самал желдің лебі уақыттың кешке айналғанын аңғартқандай. Юстас Игнович Палецкис фотоаппаратын сыртылдатып, өзіне ұнаған көрікті көріністерді пленкаға түсіріп келеді. Жер астынан шыққандай боп, күтпеген жерден ұзындығы екі метр ағаш аяққа мінген біреу тап бола кетті. Үстіндегісі ала-құла қызыл киім, басындағы күлдіргіштің (клоунның) қалпағы. Ағашаяқ көшенің ортасына келіп тұрды да, екі қолымен бүйірін соғып, билей жөнелді. Ағашаяқ кәдімгі жер басып жүрген адамдай еркін билейді. Тап өзі сияқты шұбар киімді бір топ адам алқа-қотан болып, бишіні қоршап алды. Біреулері сыбызғы тартып, енді біреулері барабан қағып, әндете жөнелді. Концерт тыңдап, би көріп, театрдан әлгінде ғана шығып, әсеріміз әлі суи қоймаған бізге күтпеген жерден кездескен көшедегі сахна әлде бір үлкен мереке салтанатының жалғасы іспеттес сезілді. Биге басып, ән шырқаған күллі тобыр біздің қасымыздан жылжып өте берді. Біз аң-таң болып қарап, тамашалап тұрмыз. Ю.И.Палецкис
қана әбігерленіп, фотоаппаратын әлсін-әлсін оқтап, тамаша көріністі, көшедегі артистерді суретке түсіріп, әуре-сарсаң болып жүр. Суретке түсіруге бұл жерде мұндай көрініс кездесе бермейді. Табанда, дәл осы арада біз көңілсіз жағдайға да тап болдық. Ағашаяқ биші бастаған өнерпаздар тобыры біраз ұзап кеткені сол-ақ екен, қыпша бел, келбетті, екі бетінде сиқыр күлкі ойнаған негритянка Ю.И.Палецкиске қолын созып, бірдеме сұрағандай болды. Сұлу қара келіншек французша сөйлеп, әдемі қоңыр үнімен бірнеше сөз айтуы мұң-ақ екен, біздің фото әуесқойымыз абыржығандай сыңай білдірді. – Не деп тұр мына бикеш? Бақсақ, әлгі сұлу жүз франк ақы сұрап тұр екен бізден. – Не үшін? – дейді Ю.И.Палецкис, аң-таң болып. «Не үшін?» дейсіз ғой. Әлгі біз көрген бишілер – көшеде жүріп көңіл көтерушілер өнер көрсеткені, билегені, ән салғаны үшін көрермендерден ақы алып, табыс тауып, күнелтеді екен. Ал, Ю.И.Палецкис қаңғыбас артистерді суретке түсіргені үшін «берешек» болыпты. Бізге сұлудың қолын жайып, ақы сұрап тұрғаны оғаш, ерсі көрінді. Фотографымыз ыңғайсыздана бұрылып, жүріп кетуге оңтайланса да, сұлу негритянка созған қолын түсірер емес. Бұл пәледен қалай құтылу керек? Тегі, Юстас Игнович көп жасаған, көпті көрген кісі ғой, құтылудың жолын өзі табанда тауып кетті: – Кәне, жолдастар, мына сұлудан құтылайық, – деді ол. – Менің бар жазығым суретке түсіргенім, ал ойынның қызығын көрген сендер. Ендеше бұларға ақыны бәріміз жабылып төлеуіміз керек. Кәне, шығарыңдар ақшаларыңды. Ақысын алған келіншек бізді күміс күлкісімен жарылқап, өз жөнімен кете барды. Делегациямыздың Дакарда болған бір күні, міне, осылайша өтті. Ертеңінде Парламентаралық Одақтың мәжілістері басталды да, қызметтен бас алуға мұршамыз болмады. Парламентаралық Одақтың сессиясы Сенегал республикасының Ұлттық ассамблеясы сарайында ашылды. Дакардың орта тұсындағы нағыз осы заманғы сәулет өнеріне сәйкес салынған төрт этажды үйдің алдында 67 мемлекеттің жалауы желбірейді. Парламентарийлер дөңгелек залға кіріп, өз орындарына отырды. Сессияны қысқаша кіріспе сөзбен Сенегал Ұлттық жиналысының председателі әрі парламент тобының председателі Ламин Гей мырза ашты. Ол Парламентаралық Одақтың мәжілістерін өткізуге Дакарды таңдап алу бүкіл дүние жүзі халықтарының Сенегалға көрсеткен зор құрметінің куәсі болып табылды деп, атап айтты. Сессияға қатысушылардың жемісті қызмет атқаруына керекті жағдайдың бәрі жасалады, бұған сеніңіздер, деді шешен. Сессияның ашылуында Сенегалдың Президенті Леопольд Сенгор болмады, өйткені ол бұл кезде достық сапармен Францияда жүрген-ді.
Парламентарийлерді президенттің атынан Ішкі істер министрі Амаду Сиссе Диа құттықтап сөз сөйледі. (Қазір ол, Ламин Гей қайтыс болғаннан кейін, Ұлттық жиналыстың председателі болып сайлаңды). Бұдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас секретарының көмекшісі А.Веллери, Парламентаралық Одақ Советі Президентінің міндетін атқарушы Абдрахман Абденнаби мырза, Парламентаралық Одақтың бас секретары де Блоне мырза құттықтау сөздер сөйледі. Таңертеңгі мәжіліс осымен бітті. Ендігі жерде комиссиялар жұмыс істемекші. Комиссияларда эконо мика, саясат, ғылым, халық ағарту ісі, табиғатты қорғау мәселелері талқыға салынды. Экономика жөніндегі комиссияның күн тәртібіндегі әуел баста белгіленген мәселелер тым көп болатын. Бірақ даму жолына түскен елдерге экономикалық көмек көрсету проблемаларына көбірек назар аударуды жөн көріп, мәселелердің бірқыдыруы алғашқы мәжілістің өзінде-ақ күн тәртібінен шығарылып тасталды. Бұған жұрт түгел ризалық білдірді. Ең көкейтесті осы проблемалар екені Венгрия, Камерун және Япония парламенттері топтарының сессия ашылардан көп бұрын таратқан меморандумдарында айтылған болатын. Комиссиялар мейлінше іскерлік жағдайда жұмыс істеді, бас қосқан парламентарийлер арасында айтарлықтай пікір алалығы болмады, талқыға салынған мәселелер бойынша негізінен алғанда бір ауызды шешімге келіп отырды. Міне мұның өзі ұлттарды дамыту проблемасы көкейтесті және әрбір делегаттың жүрегіне жылы тиетін проблема екенін аңғартты. Әрине, кейбір ұнамсыз жәйттер болды, оған кейін тоқталамыз. Экономикалық комиссияның мәжілістерінде Индия өкілінің сөйле ген сөзіне көңіл аудармасқа болмайды. Артта қалған елдерде ауыл шаруашылығы мейлінше нашар күйде, деді ол. Бұл елдерге өркендеген елдер техника, тыңайтқыш беріп, көмек көрсетуге тиіс. Экономика саласында көмек көрсеткенде, бір ескеретін, сақ болатын мәселе көмектің бір саяси астары, сыры болмауға тиіс, саяси қысым жасаудан аулақ болған жөн. Нашар дамыған елдер аяғын енді-енді ғана апыл-тапыл басып, қаз тұрып келеді. Мұндай жағдайда қандай да болса қысымшылық жасау олардың ұлттық бостандығына қол сұғушылық болып шығады. Румынияның өкілі экономиканың энергетика, мұнай шығару, газ өнеркәсібі сияқты салаларын өркендету қажет екендігіне назар аударды. Бұл салада өркендеген елдер кен орындарын барлау, кәсіпорындар салу жөнінен қолқабыс жасай алар еді. Финляндияның өкілі орманды игеру мәселесіне тоқталды. Ол Финляндияның бұл салада Африкадағы жас мемлекеттердің үш елімен екі жаққа бірдей тиімді келісім-шартын 1962 жылдың өзінде-ақ жасағанын айтты. Чехословакияның делегаты Америка Құрама Штаттарының Вьетнамда адамгершілікке сыйыспайтын соғыс жүргізіп отырғанын еске салып еді, Израиль делегаты шабына от түскендей мөңкіді. Ол орнынан ұшып тұрып,
Вьетнамдағы соғыс қимылдары коммунистердің бейбітшілікке төндірген қауіп-қатеріне қарсы демократиялық күрес деп көкіді. Американ соғыс құмарларының желөкпе қорғаушысы Израиль өкілінің қызбалығына да, түкке тұрғысыз дәлелдеріне де көңіл аудармасқа болар еді. Дегенмен соңғы кездерде болған уақиғалар АҚШ-тың қолшоқпарына айналған Израильдің дәмесінің зор екенін байқатады. Израиль өкілінің кәнден итше шәбеленіп үргені, әскери адамдардың сөзімен айтқанда, жергілікті мәні бар соқтығыс болды да, комиссияның қызметіне айта қоярлықтай шіркеу келтіре алмады. Көпке топырақ шаша алмаған Израиль делегатының әлегі су сепкендей басылып қалды. Комиссия еш бір алаңсыз жұмысын жалғастыра берді. Совет парламентінің атынан осы очерктің авторы сөз сөйлеп, Совет Одағының даму жолына түскен елдерге көрсеткен, көрсетіп отырған, алдағы уақытта көрсететін көмегі жайында егжей-тегжейлі баяндады. Совет Одағы көптеген елдермен келісім жасасты. Дербес даму жолына түскен жас мемлекеттерді қолдауға бөлінген күрделі қаржының 70 про центі ірі-ірі өнеркәсіп орындарын салуға жұмсалады. Совет Одағы өркендеу жолына түскен елдерге көмектескенде, ең алдымен олардың өздеріне тән индустрия жасап алуын көздейді, өйткені ұлттық тәуелсіз дік дегеннің ең сенімді кепілі, негізгі арқауы ауыр өнеркәсіп екені кімге болса да белгілі. Совет Одағы беріп отырған күрделі қаржының есебінен Азия мен Африканың көптеген елдерінде 700 ірі өнеркәсіп орны тұрғызы луда. Біздің көмегімізбен бұл елдерде жеңіл және тамақ өнеркәсібі өркен деуде, кен шығару, ауыл шаруашылығы, транспорт жолға қойылуда, атом реакторлары, радиостанциялар, медицина мекемелері, тас жолдар мен темір жолдар, көпірлер, элеваторлар, порттар, стадиондар салынуда. Совет үкіметі даму жолына түскен елдерге көмек көрсеткенде, екі алып биге шығу ниетін көздемейді, қайта екі жаққа бірдей тиімді, ұтымды, пайдалы болу, өзара сыйласу принципіне сүйенеді. Бұл мәселедегі ара қатынасты қазақ мақалымен түйіндеу орынды. «Сыйға – сый, сыраға – бал» деген. Англияның, Тунистің, Филиппиндердің, Голландияның, Австрия мен Югославияның өкілдері де буыны әлі бекімеген, бұғанасы әлі қатпаған жас мемлекеттерге экономика және мәдениет саласында кең көлемде көмектесуді жақтап сөйледі. Сессияның жұмысы бірден сәтті басталды. Парламентарийлердің бір ауызды келісімге келуді көздейтіні алғашқы күндердің өзінде-ақ сезілді. Мәжілістер достық жағдайда, өзара түсінушілік жағдайда өтіп жатқанда, бүйректен сирақ шығарып, Израиль өкілінің екінші рет сөйлеген сөзіне жұрт қатты наразылық білдірді. Бұл жолы сессияға қатысушылар, басқаша айтқанда, бейбітшілік ісін қымбат тұтатындар бір тұтас майдан құрып, Израиль өкіліне қарсы шайқасқа шығып, оған мықтап тойтарыс беріп тастады. Дегенмен бұл арада Израиль өкілінің жұртты шамдандырған сөзіне байланысты уақиғалардан бұрын, жер шарының барлық түкпір
лерінен жиналған меймандардың құрметіне президенттің атынан Сенегал үкіметі ұйымдастырған үлкен қабылдауға тоқтала кеткім келеді. Жоғарыда айтқанымыздай, сессияның алғашқы күндерінде рес публиканың президенті Сенгор өз елінде болмады. Президент Сарайын дағы жалаудың төмен түсірулі тұрғаны да осының ишарасы болатын. Толып жатқан мейманды – сессияға қатысушыларды, Сенегал үкіме тінің жанындағы өкілдіктердің басшыларын шет елде сапарда жүр ген президенттің орнына қалған Ішкі істер министрі Амаду Сиссе Диа қабылдады. Дипломатия ғұрпы бойынша қабылдауға сән-салтанатқа киетін фрак киіп бару керек. Мұның өзі бүгінгі заманға лайықсыз, бірақ дипломаттар арасында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан сән. Және де фрак ала жүруді жұрттың бәрі бірдей ескермеген. Не істеу керек? Ақылдаса келе, шымқай қара костюм киіп баруға ұйғарыстық Қабылдауға шақырылғандар кешқұрым, қала түн қараңғысын жа мылған шақта, Ішкі істер министрінің Сарайының жан-жағы түгел қор шаулы үлкен ауласына жинала бастады. Саналуан мемлекеттердің жа лаушасы желбіреген машиналар сарайдың алдына бірінен соң бірі келіп тоқтап жатыр. Қошеметшілер, қызмет адамдары қонақтарды аулаға ертіп кіргізіп жүр. Ауланың ішіне столдар үлкен П әрпі тәріздендіріп қойыл ған. Орындық дегенің жоқ. Жұлдыздар жымыңдаған ашық аспан астына, масаты кілемдей құлпырған көкмайсалы кең ауланың ішіне жиналған қонақтар шағын-шағын топқа бөлініп, өзара шүйіркелесе сөйлесіп тұр. Үлкен ауланың алыстау бір мүйісінде от лаулап жанады. Қой етінен қуырған қуырдақтың иісі мұрынды жарады. Жайлаудағы той болып жатқан ауыл елестейді менің көзіме. Әлден уақытта қонақтар елең ете қалысты. От жанып тұрған бұрыш тан барабан қағылды. Жиналғандар аң-таң болып, таңырқап қалған дай. Лаулаған оттың тұсынан көзге ғажап бір көрініс шалынды. Алдында оркестр, оркестрден кейін бірнеше солдат, солдаттардың соңынан ерген ақ киімді малайлар бірнеше қойдың етін бұзбай, тұтастай әкеле жатты. Қойдың екі сирағын байлап, арасынан ұзын ағаш өткізіп екі адам көтеріп келеді. Оркестр бастаған топ шеру тартып, ауланы салтанатпен шарлап өтті де, мүшелеп бұзылмаған, тұтас қой етін столға әкеліп бірнеше жерге қойды. Қонақтар столға жақындап, қолдарына табақ, шанышқы, пышақ алысты. Содан соң еттің өздері ұнатқан жерінен кесіп ала бастады. Юстас Игновичке көзім түскен еді, ол да пышағын жалаңдатып өзіне ет кесіп алыпты. – Қандай жерінен таңдап алдыңыз, Юстас Игнович? – дедім мен оған. Ол маған табағын көрсетті. Қарасам, сүбесінен бір кесек ет кесіп алған екен. – Маған тиген сыбағаның дәмін татып көріңіз, – дедім мен. Юстас Игнович бір жапырақ ет кесіп алып, ауызына салып шайнады да: – Дәмді екен! Маған тигені онша емес, – деді.
– Сіздің қазақ туыстарыңыз еттің қай жері тәтті болатынын біледі ғой, – дедім мен әзілдеп. – Олар: «Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім» деген мақалды бекер шығармаған ғой. – Ендеше, көрсет сол өнерді, бауырым! Екеуміз табағымыз бен пышағымызды алып, етке және бір тиістік. Тәуір жерінен тағы да бір-бір кесек ет кесіп алдық. «Ар жаққа ел қонып», меймандар тояттап қалған шақта, ағаштың жапырағымен жабулы тұрған алуан түсті шамдар жанды. Ауланың іші ғажап нұрға малынды. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілеріндегіше, ойламаған жерден сыңсыған әннің сазы естіліп, суда жүзген құстай, биші қыздар шыға келіп, қалықтап билей жөнелді. Аяқтарына байлаған сылдырмақтары жарқ-жұрқ етіп, күмістей сыңғырлайды. Сенегал үкіметі шет елдерден келген қонақтарға қолдан келер сый-құрметін көрсетуден аянып қалған жоқ. Астана муниципалитет председателі, Сенегал парламентінің предсе дателі, одан соң Франциядан қайтып оралғанда республиканың прези денті ұйымдастырған қабылдаулар да есте қаларлықтай. Совет парламен тарийлері Сенегал Ұлттық жиналысын Совет Одағына келіп қайтуға шақырды. Ол шақыруды қабыл алып, ризалық білдіріп, алғыс айтты. Израиль делегаты Давид Хакоэн мәжіліс залында маған таяу отырды. Жалпақ бетті, екі көзі алақ-жұлақ етіп тұратын салпиған саптыаяқ ерін, үлкен құс тұмсық кісі екен. Әжім түсіп, арса-арса болған бетін тыржыңдатып, салпы ернін әлсін-әлсін жыбырлатып, күйгелектенумен болды. Жасы 65-ке келгеніне қарамастан ол өте пысық, жылпос адам еке нін анғартты. Реті келгенде айта кеткен жөн, Хакоэн мырза Парламента ралық Одақтың мәжілістерінде қараны ақ деп көрсетуге тыраштап-ақ бақты. Израиль әкімдерінің басып алған жерлердегі теріс қылықтары жөнінде Иорданияның берген шағымымен біз Москвадан шет елге жүрмей тұрып танысқанбыз. Парламентаралық Одақтың сессиясы бұл шағымды талқыға салып, мұндағы араб халқының хал-ахуалын тексеретін арнаулы комиссия жіберу мәселесін дауысқа қоймақшы болған. Әуелі басқыншылардың қол астындағы арабтардың мүшкіл халге душар болып отырғаны айтылған меморандум оқылып, содан кейін айтыс басталды. Басқыншылыққа ұшыраған халықтың көбі баспанасыз, күн көрерлік қаражатсыз қалған. Оларға жеңіл-желпі дәрігерлік көмектің өзі де көрсетілмейді. Осының салдарынан халықтың арасына әртүрлі індет тарап кеткен. Меморандум оқыла бастасымен Давид Хакоэн әуелі құлағын түре қойды, көп кідірмей, біреу ине шаншып алғандай, орнынан ыршып тұрып, АҚШ өкілінің қасына барып отырды. Бастары қосыла сала сыбайластар сыбырлап сөйлесіп, ақылдаса бастады. Ұстазынан нұсқау алған Израиль делегаты қолақпандай құс тұмсығын үсті-үстіне изей берді.
– Қарға қарғаның көзін шұқымайды деген рас. Американдардың Вьетнамдағы жауыздығын Израиль өкілінің қызғыштай қорғап сөйлеген сөзінің сыры, міне, қайда жатыр десеңізші! Меморандумды оқып бітіріп, Иордания делегаты мінбеден түсті. Хакоэн орнынан ұшып тұра келіп, қолын ербеңдетіп, сөз беруді сұрады. Председательдік етуші сөйлеуге рұқсат берген сыңай білдірді. Израиль парламентарийі мінбеге мәстектей желіп шықты. Әрине, Израиль үкіметінің адамшылыққа сыйыспайтын саясаты жайында ол жарытып не айта алмақшы? «Коммунизмнің қауіп-қатері» туралы баяғы бір сарынды соқты. Қаншама қызу сөйлеп, лепіргенімен сөзінде ешбір түйін, пәтуә болмады. Иордания үкіметінің қойған айыбы мен таққан кінасын құр әшейін сөзбен бекерге шығаруға тыраштап, бұл орынды талапты коммунистердің насихаты дегенге дейін барды. – Біз жаулап алған жердегі арабтар мен еврейлер ежелгі, ескі достарша, өте тату тұрады, – деді ол ешбір шімірікпестен. Істің мән-жайын тексеретін арнаулы комиссия мәселесіне тоқтала келе, Хакоэн мырза: – Тәуелсіз Израиль ешкімге бағынбақ емес! Өзінің ішкі істерін шешу оның өз қолынан да келеді. Жерімізге ешқандай комиссияны кіргізбей міз! – деп байбалам салды. Дегенмен Израиль агрессиясының жаршысы қаншама өр көкіректеніп өжет сөйлегенімен ешкімді шошыта алмады Басқыншылардың араб жеріндегі айуандығына дүние жүзінің жұртшылығы әбден қанық болатын. Атап айтқанда, Хакоэннен кейін іле-шала сөйлеген Ливан делегаты Израиль басқыншыларының бейбіт араб халқына жасап отырған айуандық әрекеттерін бұлтартпай растайтын нақты дәлелдер келтірді. Ливан өкілі басқыншылардың арабтарға жасаған зорлығы мен зомбылығын айтқанда, залдағылар бойы шіміркеніп, денесі тітіркенгендей, бір қозғалып қойды. Әдетте, өзін-өзі ұстай білетін, әдеп сақтағыш байсалды Юстас Игновичтің де ішін ыза кернегені көз жанарынан сезілгендей еді. Буржуа билептөстеген Литвада өмірдің ащы-тұщы дәмін татып, басқыншылардың бейкүнә халыққа көрсеткен қорлығын өз көзімен көрген ол Израиль соғысқұмарларының бейбастақтығына қалайша ызаланбасын! Ливан делегаты сөзін бітіргенде, Юстас Игнович Палецкис сөз сұрады. Ол трибунаға қарай бет алған кезде, залдағылар жым-жырт болып, құлақ түре қалысты. Совет елі делегаты қысқа ғана сөйледі, бірақ өте тартымды, көкейге қонымды сөз айтты. Ю.И.Палецкис трибунада да өзін-өзі ұстай білетін, байсалды, байыпты кісі ғой. Істің байыбына жете сөйлеген ол сессияға қатысушыларды нақты шаралар белгілеуге шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Израиль әскерлерін жаудың қол астындағы араб жерінен әкету жөніндегі қаулысын Израильдің осы уақытқа дейін орындамағанына ол ерекше назар аударды. – Арабтардың соншалықты ауыр жағдайға ұшырағанын өздеріңіз естідіңіздер, – деп мәлімдеді совет елінің делегаты. – Біз Иордания
парламентінің ұсынысын қолдаймыз, оккупацияға ұшыраған жерлердегі ахуалмен сол жерлердің өзіне барып танысатын комиссия құруды мықтап талап етеміз. Венесуэла парламентінің өкілі Израиль жағының басқыншы әскер лерді әкету жөніндегі талапты коммунистердің насихаты деген домбыт пасына қатты тойтарыс беріп тастады. Израиль өзінің қылмысты әрекетін дүние жүзіндегі жұртшылық пікірінен жасыратын желеу іздемекші болады. Менің елімді комму нистермен ымы-жымы бір ел деп айыптау өте қиын-ақ. Ол ол ма, біздің елде коммунистердің өзі өте аз. Әйткенмен де біз арнаулы комиссия құрылуын талап етеміз. Израиль өкілінің қараны ақ деп дәлелдеуге тырысқан әрекеті тым өрескел екенін Ливия өкілі де айтты. Ливия коммунистер билеп отырған мемлекеттердің одағына ешуақытта да қосылған емес, – деді ол. – Дегенмен парламент Иорданияға өкіл етіп комиссия жіберуді жақтайды. Комиссия құруға қарсы шығып, Израиль өзін-өзі әшкерелеп отыр. Израиль өкілінің қолайсыз жағдайға душар болғанын сезіп АҚШ өкілі сөз сұрады. Сөйтіп, ол сыбайласына қол ұшын беруге жанталасты. Американың парламентарийі тым ұзақ әрі сырбаздана сөйледі. Бірақ Израиль агрессиясын ашықтан-ашық қорғауға оның батылы бара қоймады. Дегенмен, Израиль комиссияны қабылдай ма, онда комиссия өзіне жүктелген міндетін орындай алмайды ғой деген пікірдің шетін шығарды. Бұл оның: комиссия құруды талап еткендерді сақтандырғаны ма, әлде көпшіліктің үніне құлақ аспа деп Израильдік әріптесіне жұмбақтап айтқан ақылы ма – оны айыру қиын еді. Алайда комиссия құру мәселесін дауысқа қойғанда, Израиль мен оның сүйенген мықтылары азшылық болып қалды да, абыройы айрандай төгілді. Сессия басқыншылыққа ұшыраған жерлердегі арабтардың жайкүйін тексеретін әділетті комиссия құрылып, Иорданияға жіберілсін деген қаулы алды. Сөйтіп, Израиль мен оның әріптестерінің амалы іске аспады. Бұған олар ешбір қынжылмады да, ренжімеді. Мұнысы, жұқалап айтқанда, оғаштау көрінді. Сол күні кешке мен қонақ үйдің өзім орналасқан қабатынан кофе ішейін деп төменгі қабаттағы барға келдім. Барда халық көп екен, табал дырықтан аттай бере Хакоэн мырзаның дәу қасқа басына көзім түсті. Израиль делегаты қолын сілтеп, қызу сөйлеп, бірдемені дәлелдеп, дауры ғып тұр. Мені көре сала ол, тілін тістеп алғандай, үндемей қалды. Бірақ көзін сығырайтып, дереу мен жаққа қарады да, табанда ыржиып күліп, маған таза орыс тілінде сәлем берді. Бұл қу орыс тілін қайда жүріп, қалай үйреніп алған деп, аң-таң болдым. Оның орыс тіліне жүйрігін күндіз сессияда отырғанда-ақ ептеп байқағамын. Сессияда Ю.И.Палец кистің сөйлеген сөзін Д.Хакоэн наушнигін алып тастап, құлағымен тың даған. Сөйтіп, ол орысша сөйлеген сөзді тілмашсыз-ақ түсінетінін аң ғартып алған. Бақсам, Израиль делегатына орыс тілінен ағылшын тіліне
аударудың ешбір керегі жоқ, Совет елі өкілінің орыс тілінде сөйлеген сөзін тамаша түсінетін пәле болып шықты. Менің аң-таң болғанымды сезген Давид Хакоэн сырын жасыра қоймады. Анығын айтқанда, ол Гомель қаласында туған, шамасы бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын, жас бозбала кезінде бақыт іздеп таурат еліне тайып береді. «Бақ қарап, қыдыр дариды» бұған. Қырық бес жылдың ішінде бірқыдыру дәулет жинап алады, сонымен бірге саясатқа да араласады. Д.Хакоэн бұл күнде Израиль парламентінде әскери комиссияны басқарады. Сөйтіп, баяғы Гомель қолөнершілерінің бүгінгі ұрпағы Израиль парламентінің неғұрлым соғысқұмар тобының көсемі болып алған. Біз онша көп әңгімелеспедік, былайша айтқанда, біз «жерлестер» өзара сөйлесетін көңілге қонатын тақырып таппадық. Сессияда жеңі ліске ұшырағанына Хакоэн мырзаның түгі құрымаған секілді. Баяғы сол қалпында, желіккен күйінде. Мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, көзқарасы, сақтана айтқан сырғанақ сөзі сессиядағы көпшіліктің пікірі оның да, жақтастарының да құлақтарынан ағып кеткенін аңғартады. Адамзат нәсілінде некен-саяқ кездесетін бұл сұмпайы ұлтшылдықты қоздырып, содан пайда таппақ боп желігіп, жінігіп жүргендердің біреуі. Кешегі жойқын соғыстың зардабын шеккен біз үшін мұндай соғыс құмар сұмның сиқын көру соншама жеркенішті еді. Бақытымызға қарай Парламентаралық Одақтың сессиясы жабылды да, біз Д.Хакоэн мырзамен кездеспейтін болдық. Арада бір күн өткен соң меймандос Сенегалдан туған елімізге аттанып кеттік. Екініш сапар Осыдан дәл бір жыл өткен соң жолым түсіп Сенегалдағы достардың тағы да қонағы болуыма тура келді. Бұл жолғы сапарымыз соншама ресми сапар болған жоқ. Москвалық ақын әрі аудармашы М.П.Кудинов екеуміз Сенегалға республиканың әдебиетшілерімен жолдастық қарым-қатнас сап, Сенегал поэзиясының антологиясын Москвада орыс тілінде шығару мәселесін сөйлесу мақсатымен келдік. Осы жылғы декабрь айында Дакарда Азия мен Африка елдері ақындарының симпозиумын өткізу жоспарланған болатын. Осыған байланысты біздің делегация бірсыпыра ұйымдастыру мәселелерін шешуге тиісті еді. Өткен бір жыл ішінде айтарлықтай өзгеріс болмаған секілді. Бүкіл Европа материгі арқылы, жолда аялдап, бір самолеттен екінші самолетке ауысып мініп ұшатын баяғы сол ұзақ сонар жол. Алып әуе лайнері Дакарға таңсәріде келіп қонатын баяғы сол бетон төселген аэродром. Жолаушылар самолеттен түсетін сатының тура қасына келіп, жылы шырай білдіріп, жымиып күліп бізді құшақ жая қарсы алып тұрған баяғы сол өзіміздің
Геннадий Дмитриевич Соколов. Баяғы сол өзімізге таныс қаладан бұрнағы күні, немесе кеше ғана кетіп, бүгін қайтып оралған секілдіміз. Қалада ешқандай өзгеріс болмаған сияқты. Аз уақыт ішінде қаншама үлкен өзгеріс бола қалсын! Өйткенмен де жұмыс басты болып, қызмет бабымен жүріп арада табаны күректей бір жылдың – он екі айдың зымырап өте шыққанын байқамай да қалыппыз Сонда да машина терезесіне үңілемін, аздаған болса да өзгеріс табар ма екемін деймін. Байқаймын, бәрі де сол күйде бәз-баяғы қалпында. Дакар маягы бұрынғысынша шетсіз-шексіз мұхитқа сәуле шашып, белгі беріп, дабыл қағып тұр. Тропиканың отты күні бұрынғысынша алаулай көтеріліп келеді. Бұл өңірдің өрттей ыстық желі де таныс. Бәрі де таныс, бәрі де қаз қалпында. Біз өткен жылғы түскен қонақ үйге түспедік. Елшіліктің машиналары төрт қабатты бейтаныс қонақ үйдің алдына келіп тоқтады. – Бұл қонақ үйге өз үйіңіздей жайғасасыз, – деді Геннадий Дмитриевич. Қонақ үйдің иесі, қызметшілері бізді шынында да жақсы қарсы алып, өте жақсы күтті. Совет Одағынан келушілердің тұрақты тұрағы болып алған «Долепе» қонақ үйінің иесі біздің еліміздің ең бір тәуір досы, болгарлық Коста Сариков деген кісі екен. Коста Болгариядан сонау 1930 жылдың өзінде-ақ кетіп, талай жылдар бойы дүние кезіп жүре берген. Тағдырдың айдауымен 1946 жылы Дакарға келген. Содан бері осы араға сіңіп, жерсініп кетіп, бертін келе осы қонақ үйді ашқан. Отель – мейманхана қожайындары бізді вестибюльде қарсы алды. Жасы алпыстан асыңқыраған, орта бойлы, өте қунақы, пысық шал. Баяғыда, жас шағында үлкен басында қою әрі қара бұйра шашы болғанға ұқсайды. Ол қазір әбден селдіреп, мүлде ағарып кеткен. Соколов екеуі көптен бері таныс көрінеді. Геннадий Дмитриевич бізді қонақ үйдің иесімен таныстырды. Костаның зайыбы ашаң өңді, француженка, пысық әйел екен, онымен де таныстық. Амандасу, танысу, білісу ғұрпы біткеннен кейін Коста бізді әдейілеп күні бұрын сайлап қойған номерлерге шақырды. Ақ киімді қызметшісі, сындарлы еркек адамға: – Төртінші қабатқа! – деп бұйырды. Аса қадірлі, қастерлі қонақтарын Коста төртінші қабатқа орналас тырады екен. Бұл қабаттағы бөлмелер жайлы, тыныш, салқындау болады, да, оның үстіне, қала тамаша көрінеді. Сөйтіп, біз төртінші қабаттан әсіресе жұма күні, қаланы, қаланың көшелерінде сап түзеп, салтанат құрып жүрген халықты көріп, ұдайы тамашалаумен болдық. Геннадий Дмитриевич «Долепе» қонақ үйіне бізге ұнайтынын біліп түсіріпті. Коста Сариков әдепті, аяулы адам болып шықты. Таңертең, орнымыздан тұрар-тұрмастан бізге таңертеңгі асқа қонақ үйдің иесінің ең бір жақсы деген, мақтан көретін асы – яғұрт бергізіп тұрды. Яғұрт – болгарлардың сүттен ашытып жасайтын тағамы. Бізше – айран, қатық деуге келеді. Коста Сариков яғұрт ұйтқысын Болгариядан алдыртып
тұрады. Ал яғұртты осында, Дакарда өзі ашытады, сонда да құйған ыдысының сыртында «София, Болгария» деген этикеткасы бар. Бұл Дакардағылардың өте ұнататын сүйікті асы деуге болады. Дакардағы француз ресторандарының барлығы яғұртты Коста Сариковтан сатып алады. Геннадий Дмитриевич бізді Дакарға келіп түскен күні елшілікке алып барды. Барысымен телефонға ұмтылды. Алдымен Сенегалдың Мәдениет министрлігіне телефон соқты. Мұндағы әдебиет және өнер департаментінің директоры өзіміздің әріптесіміз Жан Бриер деген ақын. Өз басым Жан Бриермен Азия мен Африка елдері жазушыларының симпозиумында, Ташкентте танысқам. Оның ашу-ызаға толы, жаны күйе сөйлеген отты сөзі есімде қалған-ды; бұл сөзінде ол американдар дың Вьетнамдағы агрессиясын әшкерелеген еді. Ғаламат шешен, ұлт бостандығы жолындағы жалынды күрескер Жан Бриер тамаша өлеңдер жазады. Сенегалда ол саяси эмигрант ретінде тұрады. Туған жері Гаити. Бриер бір кездерде Гаитидің Сенегалдағы төтенше әрі толық праволы елшісі қызметін атқарды. Гаитиде фашистер үстемдік құрғаннан былайғы жерде Жан туған аралынан кетуге мәжбүр болған. Қуғын-сүргінге ұшырап, туған елден шалғайда жүрсе де, ол Гаитиде бостандық таңы атарына, асыл арманының орындаларына кәміл сенеді. – Жан, дейді телефон трубкасына Геннадий Дмитриевич, – Москва дағы достарың келіп отыр саған. Соколовтың бет ажарына қарағанда, телефон сымының екінші ұшын да Жан Бриердің қызу, әрі екпіндете сөйеп тұрғаны анық. – Жан Бриер бізді қонаққа шақырды, өз пәтерінде күтетін болды. Сағат он екіде келеміз дедім мен, – деп Соколов сағатына қарады. – Үлгіреміз. Алыс емес, осы маңда, таяқ тастам жерде. Көшеге шықсақ, тропика күні төбеде жанып тұр. Бағымызға қарай, барар жеріміз шынында да жақын екен. Жан Бриердің жалға алған пәтері біз түскен қонақ үймен көршілес болып шықты. Кнопканы басқанда, қоңырау шылдыр ете түсті. Әдемі киінген, жылтыр денелі талдырмаш әйел шығып есік ашты. Бұл осы үйдің иесі Дилия Вье Бриер еді. Жұбайынан естіп, хабардар болған ол бізді күтіп отырса керек. Осы заманғы үлгі бойынша тігілген келте көйлегі бар. Қылауланған шашын тарап, жинап алған. Жан қазір келеді, – дейді үй иесі әйел, бізді қонақ бөлмеге кіруге шақы рып. – Кешіксем, кешірім сұра меймандардан деп еді. Қонақтарын жайғастырып отырғызып, Дилия үй шаруасының қамына кірісті. Бірден, бір шөлмек виски, мұз, стақандарын алып келді. – Таза күйінде ме, әлде араластырамыз ба? – деп сұрады ол бізден. – Әркім өзі білсін! Біз минерал сумен араластыруды сұрадық. Сусын құйылған стақан дарға бір-бір кубик мұз салды да, қонақтардың алдына әкеліп қойды. Соңынан өзіне де құйып, креслоға барып жайғасты.
Стақандарға ерніміз тиер-тиместен сыртқы есіктің қоңырауы шылдыр ете түсті. – Жан! – деп Дилия лыпи басып есікке ұмтылды. Жан бөлмеге арсалаңдай кірді де, табалдырықтан аттар-аттамаста мені келіп бас салып, құшақтай алды. Екеуміз сүйісіп амандастық. – Менің досым бұл кісі! – дейді Жан Бриер басқаларға қарап. – Ташкентте болғаным, онда алған әсерім күні бүгінге дейін есімде. Ол менен ананы-мынаны үсті-үстіне сұрап жатыр. Қуанғанынан орнығып отыра алар емес. Орта бойлы, арықша келген, аздап ақ кіре бастаған бұйра шашты Жан Бриердің ойынан сарқылмас қуат танытады. Спортсмен секілді талдырмаш денелі ол тыным таппай шиыршық атады. Анда-санда сусынын ұрттап қойып, жігерлене үн қатады. Біздің бұл елде қайда болу, кімдермен кездесуіміз керектігі жайында нық-нық байлау лар айтады. «Сіздің ақын Леопольд Сенгормен жүздесуіңіз керек» дейді ол. Жан Бриер Сенегал Республикасының Президенті ақын Леопольд Сенгормен жете таныс, оның шығармасын бағалай да біледі. Ақындардың симпозиумына әзірлік мәселесі жайында ол бізге мынаны білдірді. Дакарда Азия мен Африка елдерінің ақындарымен байланыс жасайтын Ұлттық комитет әлден-ақ құрылыпты. Комитеттің президенті болып республика президенті кабинетінің директоры, әдебиетші Алиун Сен тағайындалған. Комитеттің бас секретары ақын Дуду Гей болса, Жан Бриердің өзі симпозиумды әзірлеуші комитеттің казначейі болып тағайындалған. – Ал маған келетін болсаңдар, – деді ол, – менің сіздерге көмектесуден аянып қалмасым өзінен-өзі түсінікті болса керек. «Егер Жан болмаса, Дакарда біз не бітірер едік?» – деп ойлаймын мен ішімнен. Бұл кісінің білмейтіні жоқ, бәрін біліп, көкейінде бәрі сайрап тұр. Іскерлігінде, пысықтығында шек жоқ деуге болады. Қызмет бастылығына қарамастан, Жан біздің Сенегалда пайдалы да жемісті қызмет атқаруымызды көздеп қыруар көп күш салуға әзір отыр. Келесі күні ол бізді іздеп елшілікке келді. Амандаса сала асықтыра жөнелді. – Жүріңіздер. Қазір радиоға барамыз! – деді. Бақсақ, ол жаңа ғана радиоға барып, біздің радио арқылы сөз сөйлеуі міз жайында келісіп келіпті. Уақыт аз қалған. Біз бірнеше минуттан кейін сөйлеуге тиісті екенбіз. – Не туралы айтамыз, не деп сөйлейміз? – дедік біз Жанның бұл қызметіне не дерімізді білмей. – Не туралы айтқаны қалай? Сіздерге сұрақ қояды, соған жауап қайтарасыздар. Саспаңыздар, мұнда бөтен адам жоқ, достар арасында, дос-жарандар құшағындасыздар. Дакар радио орталығындағылар бізді асыға күтіп отыр екен. Өйткені сөйлейтін уақытымыз жетіп қалыпты. Жан бізге бір адамды қосып берді. – Мұның аты-жөні Жозеф Зобел, хабарды осы кісі жүргізеді. Тегі, бұл кісі де ақын және ол Гаитидан. Екеуміз жерлеспіз, – деді.
Жан секілді шолақ жең көйлекті, галстук таққан ол алдымызға түсіп жол көрсетіп, бізді бастап студияға алып келді. Біздің радио арқылы сөзіміз көп уақыт алған жоқ – небары 15 минут сөйледік. Жозеф Зобелдің сұрақтарына жауап қайтардық. Содан соң мен Сенегалға екінші рет келіп отырғанымды, мұнда достарым көп екенін айттым. Сенегалдың көптеген ақындарының творчествосына совет оқырмандары өте жақсы қанық екенін, олардың өлең-жырлары біздің елімізде түрлі халықтардың тілінде басылып шыққанын баяндадым. Менің сөзім пленкаға түсіріліпті де, келесі күндері екі дүркін: бірінші жолы тағы да Сенегалға арнап, екінші ретте халықаралық радио арқылы қайтадан беріліпті. Мұны кейіннен барып білдік. Студиядан шыққанда, Жозеф Зобелмен әңгімелессем бе деп едім. Бірақ мазасыз Жан Бриер бізді асыға күтіп тұр екен, сөйлесуге мұршамызды келтірмеді. – Уақыт тар, уақыт жоқ. Кейін сөйлесерсіз, жүруіміз керек, – деді ол аптығып – Енді қайда барамыз, Жан? – Қайда барғаны несі? «Дакар-Матин» газетінің редакциясындағылар күтіп отыр ғой бізді. Ал кеттік! – Жаяу ма, көлікпен бе? – деймін мен, сатымен төмен түсіп бара жатып. – Көлікпен. Көшені қыздырып тұрған шақырайған күн шұғыласы көз аштырар емес. Жан Бриер қолын бұлғап машина шақырды. Лек-легімен ағылған машиналар тасқынынан бос таксилердің біреуі бізге қарай бет алды. Мұнда таксиге мініп жүретін адам өте сирек. Бізге бұрылған жүргізушінің таситын кісі табылғанына қуанып қалғаны білінеді. – Кәне, отырыңыздар! – Жан машинаның есігін ашып, бізге ізет көрсетіп жатыр. Біз бірнеше қабатты үлкен ақ үйдің алдына келіп тоқтадық. Үйдің жоғары жағына «Дакар-Матин» деп шыны түтіктен иіп, латын әрпімен жазылған екі сөз жарқырайды. Республикадағы көпшілікке арналған жалғыз газеттің редакциясы осы үйде. (Алғашқы рет келгенімде газет сататын киоскалардан «Юните африкэн» дейтін газетті көріп едім. Ол газет көп ұзамай жабылып қалыпты). «Дакар-Матин» 1933 жылдан бері келе жатқан газет. Аптасына алты рет, француз тілінде шығады, тиражы 20 мыңдай ғана. Газеттің директоры мен бас редакторы француздар. Дегенмен Сенегал үкіметі газеттің акциясын жуырда француздардан сатып алған, таяу арада «Сунугал» дейтін атпен шығарылмақшы. Газеттің бас редакторы болып бұрынғы жабылған «Юните африкэн» газетінің редакторы Дуду Гей тағайындалмақшы. Ол да ақын, өлеңдерін Али Шарам Гей дейтін лақап атпен бастырады.
Жан Бриер бізді ұзын дәлізбен редактордың кабинетіне қарай бастап алып келеді. Дәліздің екі жағындағы есіктердің бәрін шалқайтып ашып тастапты. Стол басында зейін сала жазып жатқан редакция қызметкерлері отыр. Кейбіреулері қағаздан бастарын көтеріп, бізді көздерімен шығарып салып жатыр. Терезелеріне перде жапқан кең кабинеттегі стол басынан денесі толық, дембелше, ақ көйлек киген адам көтерілді. Жан Бриер бұл кісі ақын, әрі редактор, әзірлік комитетінің бас секретары Дуду Гей деп таныстырды. Жөн сұрасып, танысып үлгірер-үлгірместен, біздің қажымас жол бастаушымыз Жан Бриер шұғыл шаруам бар еді деп қош айтысып, кетіп қалды. Ақын Дуду Гей шығармаларын тым ертеден бастырып келеді екен. Парижда, Сарбоннада оқыған. Оқудан кейін творчестволық қызметке қоса саяси қызметпен де айналысқан. Бұл кісінің елдегі ең ірі газеттің редакторы болып тағайындалғаны, әлбетте, саясат майданындағы үлкен табысы. Былтырғы жылы Дуду Гей Ташкентте өткізілген симпозиумға шақырылған-ды. Жолға шығып, Парижға келген бетінде әрі жүре алмай, осында шырмалып қалады. Сөйтіп оған Совет Одағына келудің сәті түспейді. Дуду Гей қоңыраудың кнопкасын басып, біздің әңгімемізді жазып алуға газеттің бір қызметкерін шақыртты. Одан соң фоторепортерді шақыртып алды. Біздің әңгімемізден берілген есеп, фотосурет газеттің келесі күнгі номерінде жарияланды. Байқаймын, жуырда ғана редактор болып тағайындалғаны Дуду Гейдің күллі мінез-құлқына үлкен әсерін тигізген. Ол біртоға байсалды, ұстамды болып отыруға, сөзін де аңдап, ауызын бағып сөйлеуге тырысып бақты. Қысқасы, өжет, жылпос Жан Бриер екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Симпозиум туралы әңгімелестік. Әзірлік комитетінің жұмысы әзірше самарқау екендігін, әлі кең өріс ала алмай отырғанын Дуду Гей мойындай сөйледі. Дегенмен симпозиумды осы жылдың аяқ шенінде, рождество каникулы тұсында өткіземіз деп белгілепті. 200-дей жазушы мен ақын келмекші. (Ал Сенегалда жазушыларды да ақын деп есептейді.) Бүгінде комитеттің мазасын алып отырған – ақша мәселесі. Жуырда Каирдан өкілдер келмекші, бұл мәселе солар келгенде шешімін табады деген ойдамыз, дейді ол. Бір кітабымды сыйға тартып едім, Дуду Гей тиражын көріп қайран қалды. 44 мың дана – үлкен әсер қалдырар цифр еді бұларға. Дуду Гей бағанағыдай сабырлы емес, көңілденіп, көтеріле бастады. Оның айтуын ша, мұндай мол тираж Сенегалда түске де кірмейтін нәрсе. Жергілікті ақындардың кітаптарының тиражы тым аз, кейде тіпті мықтағанның өзінде 100 дана ғана болады. Және бір таңқаларлық нәрсе: Сенегал ақын дары басылып шығарылған кітаптарына қаламақы алмайды. Керісінше, кітаптарын шығарғаны үшін баспа орнына олардың өздері ақы төлейді.
Күн көру үшін, жазу үшін, жазғанын шығарту үшін Сенегал ақындары мемлекеттік мекемеде тұрақты қызмет атқаруға мәжбүр болады екен. – Сірә, біздің жолдастармен өздеріңіз әлі кездесетін шығарсыздар, – деді Дуду Гей, – сонда түсінесіздер. Дуду Гей Совет Одағындағы ұлт республикаларында мәдениеттің өсіп, өркендеу жайын сұрады. Совет жазушысы, әрі СССР Жоғарғы Советінің Одақ Советі председателінің орынбасары дегенге ол таң қалды. Мен Дуду Гейдің сұрауына егжей-тегжейлі жауап қайтардым. Революциядан бұрын Қазақстанда халықтың екі проценті ғана қара танитын еді дегенімде, Дуду Гей басын шұлғып, қайран болғандай нышан байқатты. Қазіргі уақытта Қазақ Советтік Содиалистік Республикасының халқы жаппай сауатты, оқыған халық. Бізде, – дедім мен, – мектеп, техникум, жоғары оқу орындары өте мол, өзіміздің ұлттық Ғылым академиямыз бар. Про фессионал қазақ жазушылары дүние жүзінің оқырманына апарар даңғыл жолға шығып, күллі әлемге барған сайын таныла бастады. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің француз тілінде жарық көрген шығармаларын Дуду Гейдің дәл бүгін оқуына болады. Әңгіменің аяғында Сенегал поэзиясының антологиясы туралы сөз қозғадық. Дуду Гейден Сенегалдың жас әдебиетшілерінің шығармаларын тыңдап, әзірленіп жатқан антологияға іріктеп алу мақсатымен, жас ақындармен кездесу ұйымдастыруды өтіндік. – Әбден болады! – Жас редактор қоштасуға ыңғайланып қолын созды. – Ұйымдастырамын. Әдебиетшілеріміз сіздермен кездесуге ынты зар ғой деп ойлаймын. Біз жас жазушылармен екі күннен кейін Африка мәдениеті орталы ғының клубында ұшырасуға сөз байластық. Екі қабат оңаша үйдің жұпыны ғана залы. Ұзын столдың қасына он бес шақты жастар келіп отырды. Жиынға келгендердің ішінде үш қыз бар. Тым момақан, қарапайым қыздар. Стол басындағылардың ішіндегі көрнектісі, ерекше келбеттісі Дуду Гей ғана. Бүгінгі жиынның төрағасы да сол. Белгілі ақын, әрі редактор, жазғандарын шығартуға мүмкіншілігі мол, ол өзін мына отырған жас түлек әдебиетшілердің қамқоршысындай сезінеді. Сенегалда шығармаңды бастырып шығару – мейлінше қиын іс. Әсіресе, жас ақынға қиын-ақ. Бұл әлі шешімін таппаған мәселе екенін мынадан-ақ аңғаруға болады. Жас әдебиетшілердің шығармалары «Юните африкэн» газеті жабылмай тұрғанда соның бетінде анда-санда жарияланып келген көрінеді. Ал «Дакар-Матин» газеті болса, жариялауды мүлде қойып алған. Сонда жастар өлеңдерін қайда жариялатпақшы? Африка оқырмандарына арналған «Бинго» деген жалғыз ғана журнал бар. Оның өзі де айына бір дүркін, Парижда шығарылады. Редакторы сенегалдық көрінеді. Ал жастарға келетін болсақ, олардың әзірше атағы шықпаған, жұртқа әлі таныла қоймаған. Сәнді, салтанатты Парижға бұлардың қолы жетпейді, ол тым шалғайда жатыр. «Ағасы бардың жағасы бар» деп, мына отырған
жас ақындардың атағы, даңқы, редактор лауазымы бар өздерінің ақын ағасы Дуду Гейді арқа сүйеп, соған үміт артатыны да осыдан. Бізде, Совет Одағында, жас жазушыларға үлкен қамқорлық жасала тыны жайындағы әңгімені жиналғандар қатты зейін қоя, зер сала тыңдады. Мен жуырда Москвада жас жазушылардың Бүкіл одақтық мәслихаты болып өткенін айттым. Кеңеске, дедім, біздің Отанымызды мекендейтін барлық ұлттардың өкілдері қатысты. Олар аса ірі совет жазушыларымен кездесті, қаламгер ағалары басқарған семинарларда оқып, аға буыннан ақыл, кеңес, ғибрат алды. Совет Одағында арнаулы жоғары оқу орны – М.Горький атындағы әдебиет институты бар. Әдебиеттен жоғары білім беретін курс және жұмыс істейді. Бұларға қоса, елдегі барлық универ ситет, институттардың жанындағы филология факультеттері де жастар игілігіне қызмет етеді. Москвадағы Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің жанында да тап осындай факультет бар. Бұдан соң қызу әңгіме басталды. Совет еліндегі жас жазушылардың жағдайы туралы ұйып тыңдаған Сенегал ақындары өздерінің мұң, мұқтажын айтып, ортаға салды. Сенегалда кітап шығаруға шынында да ешқандай мүмкіншілік жоқ. Оқырмандардың өлең, жырға деген зауқы, пейілі аз. Оқырмандар аудиториясы аз болатын тағы бір себебі: ақындар французша жазады, ал халықтың көпшілігі өздерінің жер гілікті тілдерінде: волоф, серер, пулар, диала, мандинг тілдерінде сөй лейді. Сенегалдың әдебиетшісі шығармаларын жариялағаны үшін баспа орнына ақы төлейтінін біз жоғарыда айттық. Сонда, шығармаларын бастыру кімнің қолынан келеді дейсіз ғой. Әрине, дәулеті, қазынасы бардың ғана қолынан келеді. Соның өзі неше дана шығартуға заказ бере алады? Заказы жүз данадан артпайды. Бұдан көбірек шығартуға заказ беретіндер сирек кездеседі. Тегі, Сенегалда келелі әдебиет сыны дегеннің атымен жоқтығының себебі де осы шығар деп ойлаймын. Оқыған кітабын қалтасынан ақша төлеп кім сынайды, кім мақтайды? Одан не мархаба табады? Жиынның төрағасы болып отырған Дуду Гей бізге жас әдебиетшілерді аттарын атап таныстырды. Мамаду Моктар Тиам, Мамаду Троаре Дион, Дамси Камара, Абдул Анта Ка деген ақындардың және басқаларының есімін атады. Ұялшақтау бір жас жігіт орнынан тұрып, басын иіп, тәжім етті. Бәрі де кілең шолақ жеңді ақшулан көйлек киген. Жиналғандарға көз тоқтата, үңіле қарап, сырт пішініне қарай кімнің қайдан екенін, ата-аналары кімдер екенін аңдап білгім келді. Біреулерінің әлді, ауқатты әулеттен екені, енді біреулерінің бейнесіне, жүріс-тұрысына қарағанда провинциялардан екені сезіліп тұрды. Күнелту үшін астанаға қайдағы бір меңіреу түкпірлерден келгені даусыз еді. Орайы келгенде айта кетелік, сенегалдықтарда ежелден сақталып келе жатқан бір дәстүр, салт бар көрінеді. Қалаға келіп, белгілі бір лауазымға, дәулетке ие болып, жетіліп кеткен бір адам болса ол, ежелгі ру салты бойынша, өзінің жұмыс істемейтін туыстарының бәрін асырап, сақтауға, келе қалған күнде қабылдауға, ішіндіріп, киіндіруге міндеткер...
Жас ақындардың кейбіреулері өлеңдерін оқып шықты. Әрине, француз тілінде. Жұлқына, тақпақша тақылдата оқығандарына қарағанда, Сенегалдың жас әдебиетшілерінің көпірте жар салу, құрғақ үгіт айту дәуірінен аса алмай, ақындықтың шыңына жетуден әлі кейіндеп қалғанын байқайсыз. Әрине, көш жүре түзеледі. Бұлар – жастар, болашағы, келешегі бар, жазуға ынтызар жас түлектер. Қыран бүркіт болып, қияға самғар заманы әлі алда бұлардың. Москвада Сенегал поэзиясының антологиясын шығару қолға алынды деген хабарды естігенде, жастар дүр сілкінгендей боп, орындарынан тұрып кетті. Олардың көздерінде нұр жайнап, қуаныш ұшқыны жарқыл дады. Әркім өз дүниесін ұсына бастады. Қол жазбаларын салып әкелген папкалары қалың емес, жұқалау. Өлеңдерінің жинағын баспахана арқылы тиражы жүз дана жеке кітап етіп шығартқаны, өзімен бірге ала келгені жалғыз-ақ адам. Әңгіменің тізгінін Дуду Гей өз қолына алып, өзінше жөн сілтеп, бағыт беріп отырды. – Мынаны ескерулеріңізді өтінем, – дейді ол, әңгіме арасында, – әдетте, біздің ақындарымыз, өлең жолдарынын ұйқасын қумайды. Ұйқас сыз терме, тақпақ өлеңдер жазумен әуестенеді. Біз шетел шығармаларынан өлең аударушы совет ақындарының авторлардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, аударатынын айт тық. Сенегал әдебиетшілерінің шығармаларын орыс тіліне аударғанда формасына да, мазмұнына да ешбір нұқсан келтірілмейді дедік. – Біздің бір ақынымыз, – дейді Дуду Гей, – өзінің ана тілінде, волоф тілінде жазады. Волоф тілінен қалай аудармақшысыздар? – Біздің Қазақстанда сіздер естімеген, білмейтін халықтар, ұлттар тұрады. Айталық, бізде ұйғыр, дұнған халықтары бар. Бұлар біршама аз ұлттар деп есептеледі. Сонда да біз осы ұлттардың тілінде кітап, газет, оқулықтар шығарып келеміз. Осы ұлттардың ортасынан шыққан әдебиетшілердің ішінен шығармалары орыс тіліне аударылғандары да бар. Демек, қай ұлттың тілінен аударсақ та, онша көп қиындық көріп жүргеміз жоқ. Бұл салада айтарлықтай тәжірибеміз бар. Тілегіміз волоф тіліндегі өлеңдер біз Сенегалдан жүріп кеткенше француз тіліне сөзбе-сөз аударылып берілсе болғаны. Одан арғысы – біздің ісіміз. Бұл сөзге жас ақындар ризалық ықылас білдіріп, тағы да қуанысып қалды. Әңгіме бітуге айналды. Жас әдебиетшілер қолжазбаларын салған папкаларын бізге әкеліп өткізді. Сөйтіп, біз Дакардан тамаша сәлемдеме – сенегалдық жас ақындардың шығармаларын алып қайтпақпыз. Әрине, бұл сәлемдеме тәжірибелі әдебиетшілердің, майталман аудармашылардың, еңбекшіл редакторлардың қолына тиеді, солар кәдеге асырады. Ең таңдаулы дегендері антологияға кіреді де, орыс оқырмандары, орыс тілі екінші ана тілі болып алған өзге де оқырмандар Африкадағы балауса, бұғанасы әлі қатпаған республиканың ақындық өнерінің нұсқаларымен танысып, мағлұмат алатын болады.
– Бауырым Жан, ұмытып барады екем, кешірім сұраймын. Москвадан жүрерде Константин Симоновпен кездескен едік, сол кісі сізге көптенкөп сәлем жолдаған еді, – дедім мен Жан Бриер үйінің табалдырығын аттай беріп. Бриердің бет бейнесі құлпырып, жайнай түсті. Совет Одағының қалтқысыз шын досы, ол алыста болса да, өз жүрегіне жылы да жақын бұл елді жанындай жақсы көреді. Совет Одағында оның достары мен таныстары аз емес. Константин Симонов екеуі Ташкентте болған симпозиум кезінде танысып, достасқан болатын. Тегінде, айта кету керек, әдебиетшілердің осы тәрізді кездесулері кейде тіпті ала бөтен, мүлде бейтаныс адамдардың өзара түсінісіп, іш пікірінің араласып кетуіне үлкен себеп болады. Өзара сөйлесу, еркін пікір алысу, планета мызда бейбітшілікті сақтап, тыныштық орнату жолында бірлесіп күш салу, қайрат жұмсау, саяси пиғылы, діні алуан түрлі адамдарды біріктіріп, олардың жүрегін бірге соқтырады. Москва жайында, совет адамдары жайында Жан Бриердің жүрегіне ең жақсы сезім ұялаған, өмір бойы есте қаларлық жақсы әсер қалған. Осынау бір ақ жарқын достың ақ жүрегі Совет Одағымен мықтап жалғасып жатыр десек, тым асырып айтқандық бола қоймас деймін. Бұл жолы Жан бізді үйіне қонағасы ішуге шақырған еді. Ол бізді есейіп, ержетіп қалған үш ұлымен таныстырды. Сөз кезегі келгенде мен Бриердің балаларының денсаулығы үшін, олардың қайткенде де Москваға келіп, Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде оқып білім алуы үшін тост жариялап, ізгі тілек білдірдім. Дилия мен Жан бет ажары шырайланып, көңілденіп, өте риза болып қалды. Ұлдарын Совет Одағында, Москвада оқытып, білім беру ерлі-зайыпты бұл екеуінің ең бір үлкен арманы екен. ...Біз, енді Мәдениет министрлігі департаменті директорының каби нетінде, Жан Бриердің алдында отырмыз. Бұл жолғы келуіміз ресми келіс. Сенегал ақындарының жаңа дүниелері, жаңадан пайда болған өлең дерінің жинақтары жайында сөз қозғағанда, департамент директоры ның көңілі көтеріліп, жүзі жайнап сала берді. Бұл мәселе жанына жағып, қаламдас ағайындарының ең соны еңбектері жайында қызу әңгімеледі. Ол алдағы шығарылмақшы антологияға арнап Сенегал әдебиетінің жетістіктеріне шолу жасайтын мақала жазғысы келетінін айтты. Қалай, жазуға бола ма? – деп сұрайды. Біздің ойымыздағыны өзі күні бұрын сезіп, алдымызды орап отырған Жанға жазба деп қалай айтамыз. Шолу жасайтын мақала жазуды одан өзіміз де өтінгелі келген едік. – Әлбетте, жазасыз. Бұл жолы біз сізден осыны өтінгелі отыр едік. Ал антологияға өз шығармаларыңызды, өлеңдеріңізді бермейсіз бе? – дедім мен. Жан қысылғандай болып, басын қасыды.
– Әңгіме мынада ғой, – деді ол содан соң, – антология Сенегал ақындары шығармаларының антологиясы болуға тиіс. Ал мен болсам – Гаитидің адамымын. Асылында, оның туған жері Гаити. Жан Бриер қашанда өзін осы өзі туып өскен аралдың ақынымын деп біледі. Антологияға өз туындыларымды бермеймін деп кесіп айтпай, өстіп сыпайылап айтқанының өзі де жетіп жатыр. Үгіттеудің одан әрі қолқа салудың енді ешбір жөні жоқ. Өйткені мұның өзі, сайып келгенде, Жан Бриердің патриоттық, отаншылдық сезімін орынсыз қорлағандық болып шығар еді. Шынында ол өз халқының, өзінің туған аралы – Гаитидің ақыны. Жанға айтар тағы бір ұсынысымыз бар. Қабыл ала ма, жоқ па – оны білмейміз. Оның мәні мынадай. Алдағы уақытта Москвада совет әдебиетінің туындыларын дүние жүзі тілдеріне аударушылардың симпозиумы өткізілмекші. Оған дүние жүзінің барлық түкпірлерінен аудармашы-әдебиетшілер келмек. Совет Жазушылар одағының атынан біз Жан Бриерді осы симпозиумге келуге, Москваға шақырдық. Жол шығынын СССР Жазушылар одағы түгел өз мойнына алады. Бізге Бриердің тек келісімі, ризалығы керек. Бриер тағы да қысылған сыңай білдіріп, қолымен шекесін сипады. Жан бара алмайтынын жанамалап, долбарлап айтты: – Егер мен сенегалдық болсам, бір сәрі ғой! – деді ол күрсініп. – Осындағылардың біреуі-ақ барсын! Москваға баруға әркім-ақ құштар. Біздің көңілсізденіп қалғанымызды сезіп Жан Бриер өзінің алдағы уақытта істемекші жұмысының жоспарын қызу ортаға салды. Совет Одағына қайткенде де келетінін айтты. Неге десеңіз, Жан Бриердің жазамын деп ойланып, толғанып жүрген кітабының тақырыбы, негізгі арқауы Россияға, Владимир Ильич Лениннің бейнесіне байланысты. Бұрынғы заманда мешеу қалған, жартылай отар болған ел – Россия В.И.Лениннің ақылы мен кемеңгерлігі арқасында аса құдіретті социалистік мемлекетке айналды емес пе! Ендеше ақын сол асыл идеяның қалай іске асқанын СССР-ге келіп, өз көзімен көреді! Жан Бриердің бұл кітабының көлемі өз ойынша он баспа табақ болмақшы. Француз тілінде шығарылатын бұл кітапты оқитын қауым жалғыз Сенегал жұртшылығы ғана емес. Оны ұйқысынан оянған алып Африканың барлық елдері құштарлықпен оқуға тиіс. – Владимир Ильич Лениннің есіміне қатысы бар жұмыстарды атқару ға мейлінше ынтызармын, құмармыз, – деді Жан Бриер аса зор ықылас- пен. – В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуын мерекелеу туралы ЮНЕСКО қабылдаған қарардың авторларының біреуі тап осы Сенегал болса, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Мен, департамент директоры ретінде, пролетарлық революцияның данышпанының жүз жылдығы Сенегал рес публикасында кеңінен атап өтілетін болады деп сіздерді сендіре аламын! Бриер бірнеше күннен кейін қызмет бабымен командировкаға жүрмекші. Осыған байланысты менен енді не көмек керек екенін ұялмай
сұраңдар деген. Антологияға шығармалары кіруге тиісті авторлардың құрамы бізге әлі де толық анық емес-ті. – Диоп бар ғой, – деді Жан бірден. – Диоппен қалайда сөйлесулерің керек. Ол Сенгордан кейінгі екінші ақын. Сеніңіздер бұған! Ғажап майталман, тамаша адам. Өздеріңіз көресіздер ғой. Баралық соған! Жан Бриер өзінің сарқылмас жігерін тағы да танытты. Ол лезде орнынан тұрып, бізді ілестіре есікке қарай аяңдады. Машинада келе жатып Бриер бізге Диоп жайында баяндап берді. – Бираго Диоп – Сенегалдың батпақ даласында өскен жасыл бәйтерек, – деп бастады ол сөзін. – Ол су мен оттың үнін, тас пен ағаштың тіл қатқанын құлақ түріп тыңдап отырады; ол ну ормандағы шөптің зар жылаған үніне, түннің күрсініп, күңіренген даусына құлағын салады. Ол әрбір тірі жәндікті, әрбір өлі затты құрметтеуге баулиды. Өйткені бұлардың бәр-бәрі өзара байланысты, бұлардың бәр-бәрі тұтас бір дүниенің бөлшектері. Бираго Диоптың негізгі кәсібі – мал дәрігері. Ол доктор Айболит іспеттес адам. Диоп емханасына дакарлықтар әкелетін үй хайуандарын (қойды, итті, жылқыны) емдеп, жазып шығарады. Диоптың бұл маман дығы, осы кәсібі өзін қоршаған дүниені ақынша сезе, көре білуіне, оның жан дүниесіне, көңіл күйіне шарапатын тигізгендей. Машина Сенегал астанасындағы тыныш, әрі шағын көшелердің біріне келіп тоқтады. Көшенің бір жағында қалың жасыл тоғайға малынып тұрған шағын үй көрінеді. Үйге апаратын тар соқпақ бар. Біз машинадан шыққанда, әдемі киініп, көзіне қара көзілдірік киген әйел сол үйден сыртқа қарай беттеп келе жатты. Кеудесіне қыса көтерген сабалақ кәнден иті бар. Әйел есік алдында күтіп тұрған лимузинге отырды да, жүріп кете барды. Біз ішке ендік. Үйдің бірінші бөлмесі кісі қабылдайтын бөлме екен. Әріректе дәрі гердің өз кабинеті, оған қатарлас шағын бөлме аптека тәрізді. Бізді үлкен мүйіз көзілдірікті, қасқа бас қарт қарсы алды. Үстінде көнетоз кең ақ халаты бар. Ол шүмекті бұрап, суды тоқтатты да, қолын сүртті. Үй иесінің жүзіне қарағанымда, оның әбден қажыған кісі екенін аңғарғандай болдым. Беті қатпар-қатпар, ұрты салбырап кеткен, күбірлеп баяу сөйлейді. Біз танысып білістік, жөн айтыстық. Бақсақ, ол өзі сөйлегеннен гөрі, өзгенің сөзін ұйып тыңдауды ұнататын сияқты. Көбінесе бізге ден қойды. Әлден уақытта телефон шылдырлап еді, ол трубканы алар-алмасын білмей, біраз аңырып тұрып қалды. Содан соң трубканы көтеріп, тыңдап алып, бізге түсініксіз әуенді, сазды бір тілде келте жауап қайтарды. Әйтеуір француз тілінде сөйлемегені анық. Поэзия жайында әңгіме басталғаннан кейін біз одан өлеңдеріңізді оқыңыз деп өтіндік. Ол дірілдеген қолымен үлкен шот маңдайын сүртіп, сазды да мұңды өлең жолдарын әлсіз қоңыр дауысымен жатқа айта бастады.
Із қалдырмай өмір босқа өтпеді, Өтпес жігер қайнап қайта өктеді. Ескі сонау сарынымды жел үрлеп, Ерінімнен ыстық лептер кетпеді. Арман деген алдамшы ғой бірақ та, Жетпей келем, көздегенім жырақта1. Лабораторияға ұқсас көршілес бөлмеде доктордың жәрдемшісі ғана аяғының ұшымен аңдап басып жүр. Металл аспаптардың сылдыры ғана анда-санда ептеп естіледі. Диоптың кабинеті салқын екен, келушілер болмады. Ұмытуға айналған өлең жолдарын есіне түсірген ол маңдайын тыржитып, тағы да оқыды: Толқынына заманның, Ілеспеген адаммын, Қасіретім көп жанымда, Дауасы жоқ жарамның. – Жоқ, бұл онша емес, – дейді ол, саусақтарын әлсін-әлсін сытырлатып, жадында қалмаған өлең жолдарын тез, есіне түсіріп, – мынадай бір тәуір жырларымды оқып көрейін: Сұрақ қойдым бірде жасыл Лианға, – Мәз әуенді кім сырғытты тұманға? Жауап қатты: Ығысқан сол әуенді, Қағып алып дауыл құйды орманға, Бұйра басты қартын сәнді туғызып, Сілкіп қалды жырды дудар шашынан Көк мұхитқа толқындары тасыған.
(Аударған Қ.Бекхожин.) Ол біраз үндемей, бақтағы қалың өскен ағаштардың мол жапырағы көлегейлеген терезеге тесірейе қарап қалды. Өлең тыңдаған біз де тымтырыс бола қалдық. Дәл осы бір сәтте Бираго Диоптың «Адаму Кумбаның аңыздары» дейтін белгілі кітабына эпиграф етіп алған мынадай бір сөздері есіме түсті. «Ағаштың жоғары қарай бойлап өсетін себебі, – деп жазған еді ақын, – ол тамырын өзін асырайтын жерге терең жаяды». Сенегал халқының шешек атып, өсіп өркендей бастаған мәдениеті Бираго Диоптың есімімен тығыз байланысты. Африка халықтары ның көпшілігінің, солардың ішінде Сенегал халқының өзіне тән жазу өнерінің болмай келгеніне көп уақыт өткен жоқ. Мұнда ауыз әдебиеті 1 «Африка ақындарының үндері». «Көркем әдебиет» баспасы. Москва, 1968, 79-бет.
ғана болған. Халық әндерін, жыр-аңыздарды, ертегілерді, әңгіме лерді жыраулар, өлеңшілер, жыршылар айтып келген. Сөйтіп, бұлар ел арасына тарап, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, асыл мұра, қымбатты қазына есебінде сақталған. Осынау бір мол мұраны сақтап, жазып алу, күллі халықтың игілігіне айналдыру, халықтың өзіне тән қолтума, ажарлы мәдениетін қайтадан тірілту – аса қасиетті де құрметті борыш. Бұл істі, біздің досымыз Жан Бриер айтқандай, «Сенегал жырауы» – Бираго Диоп қолға алыпты. Ақын бір кездерде, сонау балалық шағында от басында әжесінен, ел ақтаған кезбе актерлерден естігендерін асқан шеберлік пен айтып, алға тартты. Ақынның бұл хикаясынан қара түнек басқан құба түзді кәдімгі Сенегал көз алдымызға елестейді; мұнда шындық пен өтірік, қайрымдылық пен зұлымдық шарпысады, адам баласының жақсы жақтары мен жаманшылық қылықтары баяндалады. Хикаяның тілі өте жақсы, нағыз ақынның тілі. Ақын әрбір сөзін ой елегінен өткізіп, кәдімгі маржандай теріп, тізе білген. Мысалы, ақын қара жолбарыс (пантера) дейтін жыртқыш аңды: «аяқ басысы мыстан кемпір тәрізді, көз қарасы әміршінің көз қарасы реуешті, жаны жауыздың жаны іспеттес зұлым әрі арсыз аң» деп суреттейді. Бираго Диоптың қаламынан шыққан туындылардың баршасынан ойшылдың, сөз зергерінің мөрін, таңбасын көреміз. – Жаңа өлеңдеріңіз, жаңа жинақтарыңыз бар ма? – деп сұрадым мен одан. Диоп көңілдене күліп алды да, қолын сілтеді. – Қаламым мұқалып, сынған менің. Енді жазбаспын деймін. Ендігі жерде қолға қалам алуым екіталай нәрсе болар. – Неге олай дейсіз? Диоп көзін сығырайта қарап, баяу ғана қолын созды – қандай жауап қайтарсам екен деп ойланғандай болды. Бірақ ол еш жауап берместен үнсіз отырып қалды. Біздің Диоп докторға сыйға әкелген тартуымыз бар болатын. 1967 және 1968 жылдары Москвада Африка ақындарының өлеңдерінің орыс тілінде жинақтары шығарылған-ды. Бұл жинақтарда Бираго Диоптың шығармаларына недәуір орын берілген. Сенегалдың Айболитына біз осы екі кітаптың екеуін де табыс еттік. Бұған қоса, мен оған: – Сіздің өлеңдеріңіз біздің елімізде молдаван және осетин тілдерінде де басылып жүр, – дедім. Диоп рақмет деп, басын иді. Кітаптардың мұқабасы әдемі еді. Шаршап, болдырып отырған шал қуанып, бетінде күлкі ойнап, бір сәт нұрлана, ажарлана түсті. Кітапты қолына алып, беттерін ақтарып, маржандай тізілген бейтаныс әріптерге нұры тайған көздерін салып, ұзақ уақыт қарап қалды. Бағанағыдай емес, қарт еңсесі көтеріліп, тіп-тік болып түзеліп отырды. Ол іштей сайрап сөйлеп кеткен тәрізді. Тегі, біздің тартқан сыйымыз, естігені болмаса, өмірінде көрмеген, сонау тым алыстағы елден әкелген сәлемдемеміз,
жөні түзу сәлеміміз ақсақалдың жанына батқан жарасына мың да бір дәру болған секілденді. Тегі, солай болған да шығар. Өйткені жазушыға өз кабинетінде жападан-жалғыз қалған, тұл қалған адам емес екенін, жыры, шығармасы үлкен де беймаза планетамыздағы материктегілердің бәр-бәріне қажет асыл бұйым болып есептелетінін, үніне жұрттың бәрінің құлақ асатынын, одан нәр алатынын біліп, сезінуден артық бақыт бар ма, сірә? Жан Бриерден бөлініп қалу бізге қиындау тиетін болды. Ол коман дировкаға шықпақшы. Ал біз болсақ, совет кітаптарының көрмесінің ашылуына орай Сен-Луин шаһарына жүрмекпіз. Жан Бриер бізге мынадай кеңес берді: жазушы әрі кинорежиссер Усман Сембенмен қалайда кездесіңіздер, деді. – Сіздер оның «Қайырымды құдайдың орманы» деген романын оқып па едіңіздер? Өте күшті жазылған дүние! Көркем сөз шебері есебінде, ол француздардың ұлы жазушысы Эмиль Золямен шендес. Сембен творчествосы Совет Одағында кеңінен мәлім екенін айтып, біз бір көтеріліп қалдық. «Қайырымды құдайдың орманы» романы жуырда Вильнюсте литван тілінде басылып шығарылған-ды. Усман Сембеннің «Өз туған елім, ғажап менің өз халқым», «Мандат», «Харесаттан» деген романдары түрлі баспа орындары арқылы орыс, тәжік, өзбек, латыш, азербайжан тілдерінде жарыққа шығарылған еді. Қысқасы, Сембен біздің елімізге әбден белгілі жазушы, оның шығармаларын совет әдебиетінің аса ірі өкілдерімен бірдей оқиды деуге әбден болады. – Мұны сіз өзіне айтыңыз. Көңілденсін ол кісі. – Жан Бриер бізге осындай тағы бір ақыл айтты. Жан Бриердің жақсы хабарды Усманға өздерің айтыңдар дегендегі ойы не еді? Мейірбан әрі жанашыр достың бұл ақылының сырын Сембен мен іштей, жыға таныса келе аңғардым. Бираго Диоп сияқты, Сембен нің де өте қажығанын, шаршап-шалдыға бастағанын бет ажарынан байқадым. Алайда, шығармаларының Советтер елінде кеңінен тарап, біздегі оқырмандар қауымына ұнағанын естіп білгенде, Жан Бриердің ойлағанындай, жазушы көңілі көтеріліп, жайраңдап, бізбен шүйіркелесе сөйлесіп кетті. Усман Сембен жас шағында Дакарда қыш қалаушы болған, дүниежүзілік екінші соғыс кезінде француз армиясының қатарында қызмет еткен, ал соғыстан кейінгі уақытта Марсель қаласында докер болып жұмыс істеген. 1956 жылы «Қара докер» атты тұңғыш романы жарық көрген. Бұл романында ол өзі жақсы білетін, өз басынан кешірген жайттарды: Францияда болған африкалық адамның жұмысқа орналасуы қиын болғанын, бейкүнә адамның – Сенегалдан келген докердің әділетсіздікпен сотқа тартылғанын жазады. Арада бір жыл өткен соң, оқырмандар Сембеннің «Туған елім, ғажап менің өз халқым» атты екінші романын алады. Бұл соғыстың бар
қиыншылығын бастан кешіріп, француженка әйелімен бірге өз еліне қайтып оралған сенегалдық жас жігіт туралы роман. «...Соғыс бітті, – дейді романның кейіпкері, – соншама қиындықпен қол жеткен жеңісті біз бірге тойладық. Барша жұртқа бостандық әпердік деп ойладық». Бірақ әбден қателескенін ол көп ұзамай түсінеді. Жауды жеңгеннен кейін тура бір жыл өткенде бір адам, екеуміз бірге соғысқан болатынбыз, деді маған. «Біз болмасақ, сіздер не күйге ұшырар едіңіздер, отарлар не күйде болар еді?» деді. Соғыстағы жеңістен кейін бір жыл өткенде айтылған осы сөздер мені қатты тебірентті. Үйсіз-күйсіз жандар екенімізді, Отаны жоқ жандар екенімізді мен сонда барып түйдім» («Роман-газета», 1959 жыл, № 4, 36-беті). Усман Сембен романдарының қызықтылығы, тартымдылығы ең алдымен мынада: бұлар Сенегал туралы сенегалдық жазған, өзінің ағайындарының, бауырларының әдет-ғұрпын, адамгершілігін, мінезқұлқын, психологиясын жете білетін адамның қаламынан шыққан романдар. Бұл романдарда қазіргі уақытта осы елдің, таяуда ғана тәуелсіздік жолына түскен елдің жас өспірім ұрпағын толғандыратын келелі мәселелер: ұлттық мәдениет пен Европа мәдениетіне көзқарас, еркек пен әйелдің тең праволылығы, әлеуметтік теңсіздікті жою мәселелері және басқа сондай көкейтесті мәселелер сөз болады. Усман Сембен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік VІ фести валына Сенегалдың атынан делегат болып келді, Азия мен Африка елдері жазушыларының 1958 жылы Ташкентте өткен конференциясына қатыс ты. Бұдан кейін бір жыл бойы Горький атындағы Москва киностудиясын да оқып, Сембен туған еліне қайтып оралып, үкіметтің заказы бойынша өзінің тырнақ алды фильмін түсіреді. Сөйтіп белгілі жазушы бірте-бірте кинематографияға беріле бастай ды. Дакарда болған фестивальда «Қара қыз» аты толық метражды фильм ді жақсы шығарғаны үшін Усман Сембен бірінші сыйлық алады. Бұл фильмде осы заманғы Франдиядағы өмір шындығын басынан кешірген жас африканканың қайғылы тағдыры суреттеледі. Бұл, әрине, үлкен табыс еді. Осыдан былайғы жерде жазушы киноға мүлде ден қойып кетеді. Соңғы жылдары Усман Сембен ештеңе жазбайды. Кинофильмдер жасау ісіне бүтіндей беріледі. Оның фильмдерінің негізгі өзегі өзінің бұрынғы жазған романдары. Сценарист те, режиссер де өзі. Сенегал кино өнеріндегі ең бірінші болып жол салған да, бұл өнердің пионері атанған да осы кісі, өйткені буыны әлі бекімеген, бұғанасы әлі қатпаған Африкадағы ең тұңғыш фильмдер жасап шығарған Усман ғана. Сембеннің режиссерлік қызметі барған сайын сәтті болып келеді. Мысалы, жуырда Ташкентте болған кинофестивальда сенегалдық шебердің «Почта арқылы жіберілген ақша» атты толық метражды, көркем суретті фильмін төрешілер мен көрермендер өте ұнатып, жақсы бағалады. «Почта арқылы жіберілген ақша», «Қара қыз» атты фильмдер (екеуі де Семеннің романдары бойынша жасалған) қара Африка кино өнерінің
дүниежүзілік сахнаға шығарылған тырнақ алды қолтума шығармалары болып есептеледі. Сембеннің киногруппасы Ташкентте болған фестивальға әкелген «Почта арқылы жіберілген ақша» атты фильмі – ұзақ уақыт есте қаларлық, өте сәтті жасалған дүние. Бұл – Дакар қаласының маңында тұратын бір семьяның өмірінен алынған, әлеуметтік өткір мәні бар драма. Суреткер Усман Сембен қарапайым адамдардың арасындағы қарым-қатынастағы көзге ілінбес ең нәзік жайттарды көре білген. Кездейсоқ бір оқиғаның себебімен осы қарапайым адамдар өздерінің айналасындағы қауымның сұрқиялығына қарсы күреске араласып кетеді. Фильмнің сюжеті оңай, көкейге қонымды. Дакар шаһарының маңын да тұратын бір семьяға Париждің көшелерін сыпырып, күнелтіп жүрген бір жиенінен ойламаған жерден почта арқылы ақша келеді. Бақыты жанған нағашы ағасы ақшасын алайын деп почтаға барса, паспортсыз ақша бермейді. Қайдан алмақшы бұл сорлы паспортты? Тепкі көрген, правосы болмаған ол бүкіл ғұмырын паспортсыз өткізген-ді. Сөйтіп, асқа жарымаған, аш құрсақ бірнеше баланың әкесі, сорлы кедей басы шырғалаңға түседі, қырсыққа шалынады. Өз іші қастас әлеуметтік ортаның қырсығынан сор маңдай болған, мүшкіл халге ұшыраған адамдардың жан дүниесін, ішкі сарайын аша білген жас киношеберінің сезімталдығын, байқағыштығын, штрихының дәлдігін дүние жүзінің киносыншылары түгел атап көрсетті. Фильмнің авторы кейіпкерге жүрегі езіліп, жан ашырлық білдіреді, сонымен бірге басы сергелдеңге түскен кейіпкер жөнінде кейде орынды мысқылдан да құр алақан қалдырмайды. Әдебиетші Усман диалогты қатасыз дәл құрса, режиссер Усман кинокадрды бар өнерін сала жасап, орынсыз сұлулыққа, экзотикаға бет алды салынбайды. Ташкентте болған фестивальдың төрешілері африкалық режиссер дің табысын бірауыздан атап керсетіп, фильмнің авторына негізгі жүлделердің бірін табыс етті. Совет Одағы сатып алған бұл фильм орыс тіліне аударылып, таяу арада үлкен сахнаға шығарылмақшы. Қазіргі уақытта режиссердің қызметі басынан асады. Ол соны туындылар жасаумен шұғылданады. Әдемі шоқша сақалын қолымен сипап, Усман Сембен «Мандат» дейтін фильмнің түсіріліп жатқанын айтты. Романын сахнаға түсірмекші жазушы әрі режиссер драма саласындағы тамаша актриса Юнус Сейді киноға қатыстырып келеді. Осынау бір сүйкімді әйел Ташкентте өткен кинофестивальдің ең бір жарық «жұлдызы» болды. Асылында, ол дүниежүзілік киноның аспанына тап осы Ташкентте көтеріліп, жарқырай түсті деуге болады. Юнус Сеймен біз Совет елшілігінде болған қабылдауда кездестік. Қабылдау біздің құрметімізге арнап ұйымдастырылды да, қабылдаудың иесі де өзіміз болып, толып жатқан қонақтарды өзіміз қабылдадық. Досымыз Жан Бриердің арқасында Дакарда біздің танысқан адам дарымыз өте көп болды. Ол бізді зиялылармен де, мемлекет меке
мелеріндегі қызметшілермен де, мәдениет қайраткерлерімен де таныс тырды. Сенегалдың мәдениет министрі ірі ғалым-географ, күрделі еңбектің – өз елінің экономикалық географиясының авторы Доктор М’Боумен арада болған достық әңгіме есімде қалыпты. Жан Бриер мен министр екеуі ертеден жақын, араларынан қыл өтпейтін шынайы дос екен. Бұлар осыдан көп жыл бұрын Гаитида танысқан. Жан Бриер ол кезде Гаитида мемлекеттік ірі қызметте болған. Доктор М’Боудың зайыбы да Гаитидан. Сөйтіп, сонау алыс шалғайдағы тамаша аралда өткізген бақытты сәттері ежелгі екі достың семьяларының арасында да мәңгілікке сақталып келеді. Жан Бриер Дакардағы совет мәдениеті орталығының жұмысын жандандырып, кең арнаға түсіруге аянбай күш салатын көрінеді. Сенегалдың жігіттері мен қыздарының орыс тілін зер сала, зейін қоя оқып үйреніп жүргенін естіп білгенде, қатты сүйсіндік. Әлі есімде, мәдениет орталығының клубында жастар алдында сөйлегенімде, менің сөзімді залдағылардың көбінің аудармашыға жалынбай, өздігінен еркін түсініп отырғанына көзім жетіп, қайран қалдым. Орайы келгенде айта кетелік, Усман Сембеннің «Почта арқылы жіберілген ақша» фильмінде негізгі рольді ойнаған актрисамен мені осы мәдениет орталығы клубында таныстырды. Актриса өзінің жетістігін үлкен бақыт санайды, таяуда Москваға жүретінін, азап шегіп, құрбан болған Патрис Лумумбаның зайыбының ролін атқарып, «Мосфильм» студиясында киноға түсетінін айтты. Сонымен біз Сенегалдың үлкен әрі дандама астанасындағылардың енді өз адамы болып бара жатқандаймыз. Қабылдау Совет елшілігінің кең ауласында болды. Үлкен столдың үстіне алуан түрлі сусын, ішімдік, ас қойылды. Әркім стол басына келіп, көңіліне ұнаған, зауқы соққан тамағын алып жатты. Қонақтар шағыншағын топ болып бас қосып, өзара шүйіркелесіп, әңгіме құрды. Әйел дердің біразы ұлт киімдерін киіп, көпшілігі Европаша киініп келген. Командировкада жүргендіктен, Жан Бриер қабылдауда бола алмады. Усман Сембен де болмай, оның жаңа фильмі маңайындағы әңгімеміз аяқсыз қалды, өйткені ол кино түсіруге кетіпті. Аты-жөні есімде қалмапты, жаңа таныстардың біреуімен сөйлесіп тұрғанымда, Совет елшілігінің мәдениет атташесі Б.А.Шабаев қасыма келіп, актриса Юнус Сеймен таныстырғысы келетінін айтты. Актрисаның қасына Совет елшісінің зайыбы Лилия Арсеньевна ере келді. Ол кісі аудармашы қызметін атқаруға ықтияр болды. Сөз арасында айта кетейін, Дакарда Лилия Арсеньевнаны жергілікті халық қатты бағалап, құрметтейді. Француз тілін тамаша игерген ол волоф жұртының тілін де зор ынтасын сала үйреніп жүрсе керек. Сенегал халқының өзара қатынас құралы – негізгі осы екі тілді білетін осынау бір абзал әйел, Совет елшісінің зайыбы, совет халқы мен Сенегал халқы арасындағы достық байланысты нығайту жолында зор әрі өте пайдалы жұмыс атқарады.
Сенегалға екінші рет барған сапарымда елдің әдет-ғұрпымен, салтымен танысуға уақытым мол болып, волофтың Сенегалдағы неғұрлым мол халық екеніне көзім жетті. Волофтарды ең сұлу негрлер деу өте орынды да, лайықты да. Бұлар – бойының ұзындығы екі метр, еңгезердей адамдар, бет бейнесі келісті, келбетті, кең иықты, ұзын сирақты жандар. Волофтарда өзінше бір каста, халық ақындары мен жырауларының қауымы – гриоттар болған. Өз елінің өткен замандағы халық ертегілері мен аңыздарын осы гриоттар жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Дүниежүзілік бірінші соғыс кезінде, сол сияқты дүниежүзілік екінші соғыс кезінде де ұрыс майдандарында жаумен соғысқан атақты Сенегал атқыштары осы волофтардың арасынан алынған. Осыған орай өсіп-өркендеу жолына түскен балғын республикада маңызы жағынан алғанда волофтардың тілінің француз тілінің дәре жесіне жетіп отырғанына таңдануға болмайды. Оның бер жағында Сене галдағы дипломаттар қауымынан бұл елдің байырғы тілін ең бірінші болып үйреніп жүрген әйел Совет елшісінің зайыбы болып отырғаны да көңіл аударарлық нәрсе. Екі әйелге – елшінің әйелі мен актрисаға жұрттың бәрі назар аударулы. Актриса екеуіміз танысқанда Лилия Арсеньевна аудармашы болып, жайдары күліп тұрды. Жас актриса кербез де, сұлу да, оның үстіне әзілге де шебер екен. Елшілікте болған қабылдауға Юнус Сей жалғыз келді. Жұбайы Бельгияда жүрсе керек. Сондықтан қонаққа шақырылған жас келіншекті Лилия Арсеньевнаның өзі қошеметтеп жүрді. – Фильмдерде көптен бері ойнап келесіз бе? – деп сұрадым мен. Актрисаға қойған сұрағымды Лилия Арсеньевна аударып бітіргені мұңақ еді, актриса екеуі сықылықтап күліп жіберді. Бұл не күлкі деп, аздап абыржып қалдым. Актрисаның тез қайтарған жауабын Лилия Арсеньевна да күлімсірей сөйлеп аударды. – Көп стажым болатындай, немене, кемпір болып қалғамын ба? – дейді Юнус. – Атай көрмеңіз! Олай деу ойыма кіріп шықпайтын нәрсе... Бұдан кейінгі әңгімеміздің төркіні де осы тәрізді, әзіл-қалжыңы аралас болды. Біздің Сен-Луи қаласына баратынымызды естігенде, актриса басын шайқап, ол қалада өзінің тұрғысы келмейтінін айтты. – Неліктен? – Барып көрерсіздер. Өздеріңіз де түсінерсіздер неліктен екенін. Бәлкім, сіздерге, еркектерге ұнауы ықтимал, – деді актриса, баяғы сол әдемі күлкісіне басып. Сен-Луи бір кездерде Сенегалдың астанасы болыпты. Қазіргі уақытта бұл санатта жоқ, шағын ғана шаһар. Халқы 55 мың адам. Таңданарлық бір нәрсе, Сен-Луида әр мың адамға бір мешіттен айналады. Бұрынғы астананың меңіреу кварталдары баяғы француздар билеп-төстеген заманның кейпін көз алдыңа елестетеді.
Бізді Сен-Луиға жүруге шығарып салғанда, «Долепе» отелінің иесі Коста Сариков ең жақын туыстарын шығарып салғандай әуре-сарсаң болды. Жолға шығар қарсаңда бізге қонақасы беріп, той жасады, Сари ковтың әйеліне сіңлісі болысып жүрді. Сіңлісі де жігерлі, пысық францу женка екен. Қамзол киінген Костаның өзі әйелдердің шаруасына аралас пады. Салқын шәрбәт жеткілікті ме деп бір тексеріп алды. Француздардың салты бойынша түскі ас лимон қосқан устрица жеуден басталды. Бұдан соң салат, овощ, бульон әкелінді. Костаның жобасы бойынша, негізгі ас өте дәмді, келісті, мол болуға тиіс екен. Онысы хош иісті ащы тұздығы бар, болгарша пісірген ет болды. Бұл оның сонау алыстағы туған еліне деген сүйіспеншілігін білдіргені еді. Біз болсақ «Петровка арағын» ала келгеміз. Үй иесі әйел мен сіңлісі екеуі осы ащы арақты жұтып, тамсанып, біріне-бірі қарап, ұнатқан сыңай білдірісіп жатты. Қонақасы үстінде шүйіркелесе сөйлесіп, кәдімгі өз үйімізде отыр ғандай көңілді күйде болдық, ұзақ отырдық. Коста Сариков бізді жайғасқан номерлерімізге дейін шығарып салды. Бізге оң сапар тілеген ол: «Сіздерге ұнаған бұл жайлы бөлмелерді өздеріңе сақтап қоям, мұнда, Дакарда болмаған күндеріңе ақы алмаспын, – деді. – Тезірек қайтып оралыңыздар!» Біз сауда кеңесшісі Б.Ф.Шишкиннің машинасына мініп жүріп кеттік. Машинаны совет сауда өкілдігінің сарапшысы, шебер, ұста автомо бильші Г.Г.Чачанашвили жүргізді. Аралығы 264 километр жерге екі жа рым сағат уақыттың ішінде алып жетіп келді. Жол бойының картинасы былтырғы жылы Кайяр деген жұмысшы поселкесіне барғандағымыздай: бір сарынды мылқау, меңіреу сахара, қайнаған күн, ыстық жел, андасанда бір кездесетін шағын деревнялар, лашықтар, күркелер. Жолда аңшылық жайында әңгіме қозғалды. Декабрь айының орта шенінде, ұзақ уақытқа созылған, толассыз жауған ақ жауыннан кейін жер әбден сорғып, кеуіп, тастай болып қатайған, түн салқындаған шақта мұнда аңға шығу, аң аулау маусымы басталады екен. Асылы, Африка ның құлазыған қу медиен сахарасында хайуанаттар соңғы он жыл ішінде тым азайған көрінеді. Тегінде, баобаб ағашы өсетін бұл өңір түйеқұс пен жирафтың ата мекені мен өрісі болған. Бұлар қазірде түгелдей құрып бітуге айналған. Бұған таңдануға әсте болмайды. Олай дейтініміз, қауыр сыны ғажап сұлу, әдемі болғандықтан, түйеқұсты аулау ісі бұдан екі ғасыр, табаны күректей екі жүз жыл бұрын басталыпты. Сәнқой дамалардың, бикештердің көңілін табу ниетімен, жер бетіндегі ең дәу түйеқұстарды қынадай қырып жіберген. Қазіргі уақытта қабыланның басына да осын дай күн туа бастаған. Осыдан бірнеше жыл бұрын дүниежүзілік киноның ең атақты «жұлдыздарының» бірі Джина Лоллобриджида бикеш қабылан тері сінен шолақ тон тіктіріп киіпті. Демек, бұл – қабылан терісінен тон кию енді модаға, сәнге айналды деген сөз. Міне осыдан кейін теңбіл, шұбар тонға құмар қатындар қауырт көбейіп кетеді. Оның бер жағында, бай,
дәулеттті әйелдер, киноның «жұлдызы» болмаса да, соларға ұқсап бағуға тыраштап, қабылан терісіне ұқсатылған жасанды теріні місе тұтпай, тура қабылан терісінен тон тіктіріп киюге құштар бола бастаған. Сөйтіп, шөл даланың дәулеті мен сәулеті болып келген ең сұлу аң – қабылан құрып бітуге айналған. Кей жерлерде қабылан аулауға тыйым салыныпты, бірақ астыртын аулаушылар әлі де бар болса керек. Қабыланды мүлде құртып жіберуден сақтау ниетімен әртүрлі елдердің белгілі, атақты зоологтарының бір тобы Лоллобриджида бикешке хат жазып, қабылан терісінен тіктірген тонын ендігі жерде кимеуді өтініп сұраған. Киножұлдыз бұған құлақ асыпты да, бұл модаға әуесқойлар бұл күнде аздап кеміген деседі. Ойсырап қалған фаунаны (жануар дүниесін) сақтап қалу және бұрынғы қалпына келтіру мақсатымен, Африкадағы тәуелсіз жас елдердің үкіметтері қорықтар ұйымдастырып, аң аулауға тыйым салған. Сенегалда, мысалы, елдің оңтүстік-батыс жағындағы әдейілеп бөлінген аймақтардағы тағы құстарды, қыр құстарын ғана аулауға рұқсат берілді. Аман қалған жануарларды сақтау мақсатымен және саяхатшыларға, туристерге көрсету ниетімен құрылған қорық Пиоколо-Коба деп аталады. Онда жираф, арыстан, қорқау қасқыр, тағы мысық, антилопа, піл, буйвол, қабылан, қабан, бегемот кездеседі. Саяхатшыларға арнап өте жақсы, көп кісілік қонақ үй тұрғызылған. Мұнда келушілердің жануарларды бір жыл ішінде бес ай уақыт еркін көріп, суретке түсіруге мүмкіншілігі бар. Жақсыны көрмекке дегендей, Африканың осы қорықтағы алуан түрлі табиғатын, жаратылысын қызықтап көруге шет елдерден келушілер қыруар көп болса керек. Информация және есеп деректеріне қарағанда, Сенегал таяудағы бірнеше жылдың ішінде бұл қорықтан арахистан алып отырған табыстың мөлшеріндей табыс алуға тиіс көрінеді. Әңгіме жол қысқартады дегендей, біз тез-ақ келіп қалдық. Қаланың шет жағындағы колледж үйлері көзге шалынды Қалаға кірісімен жүргізуші машинаның жүрісін баяулатты Сен-Луидің шаң, топырақ басқан сұрғылт көшелерінде мал дегенің еркін шарлап жүр. Некен-саяқ транспорттан үркер түрі жоқ. Арық қойлар машина дегенді елең қылар емес. Көшенің екі жағы бірдей ығы-жығы бір қабат тоқал тамдар. Бір тұста осы заманғы үлгі бойынша салынған шыт жаңа бір үйге көзім түсті. Сұрастырғанымызда, ол үй осындағы колледждің жайы болып шықты. Қалада жалғыз ғана қонақ үй бар екен, біз соған келіп түстік. Совет кітаптарының көрмесі ертең ашылмақшы. Көрменің ашылуына Дакар дан мемлекеттік мекемелердің өкілдері ағылып келіп жатты. Қонақ үйдің иесі француз шеттен келгендердің алдында ұялып қалмау үшін, әбігер болып, мұрнынан шаншылып жүр. Қонақ үй мейрамдағыдай безендірі ліп, ресторан да қызу жұмысқа кірісті. Біз қонақ үйдің ауыз бөлмесіне кіре бере, сұңғақ бойлы, талдырмаш, егде тартқан бір адам отырған шұңғыл креслосынан тұрып, бізге қарсы
жүрді. Көзінен қоңыр көзілдірігін алып, бізге ере келген сауда кеңес шісімен амандасты. Бұл екеуі таныс екен. Бұдан соң Б.Ф.Шишкин әлгі кісіні таныстырып: Бұл Абдуллай Диоп деген кісі, баспа иесі, Совет Одағының жақсы досы, – деді. Абдуллай Диоп ертеңгі ашылмақшы совет кітаптарының көрмесі мен саудасын ұйымдастыру ісіне барынша белсене араласыпты. Ол бұл істің жай-күйін тексеріп, кем-кетігін түзеу үшін, Сен-Луиға ертерек келіпті. Абдуллай Диоп (мұндай фамилия бұл елде жиі ұшырасады). Бұл одақтық «Халықаралық кітап» қоғамының Сенегалдағы өкілі. Совет жазушыларының шығармаларын бастырып, таратуға өте ынталы, құштар адам. Жалпы алғанда сенегалдықтар біздің елге, ұлы жазушылар, музыка шылар, ақылгөйлер, оқымыстылар шыққан елге, совет халқына, Ұлы Октябрь революциясын орнатып, бұрын мешеу қалған елін аз уақыт ішін де дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатардағы, ең құдіретті державалардың біріне айналдырған халыққа өте қатты ден қойып отырады. Біздің елімізді неғұрлым көбірек білуге, одан үлгі, өнеге алуға ынталы сенегалдыктар орыс тілін үйренуге, совет әдебиетімен танысуға құштар. Өткен жолғы сапарымда қазір жабылып қалған «Юните африкэн» газетінде Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолоховтың твор чествосына арналған үлкен мақала жарияланғанын естіп білу бізді үлкен мақтаныш сезіміне бөлеген еді. «Біздің ойымызша, – деп жазған онда газет, – «Тынық Дон» мен «Көтерілген тың» романдарына Африкада өте-мөте ден қойылуға тиіс. Мұның себебі ең алдымен мынада: бұлар өнбойы шындық пен қимылға толы кіршіксіз таза хикаялар. Бұл хикаялар кейіпкерлері, Африканың көптеген халықтары сияқты, табиғатпен – жермен және аспанмен, орыс сахарасы – даламен, үй жануарларымен әбден біте қайнасқан жандар». Сенегал баспасөзінде совет әдебиеті мен совет киносы туралы мақала барған сайын жиі пайда болып келеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Советтер елі тарапынан «Сонегра» деп аталатын совет-сенегал баспа орнын құру идеясы ұсынылған-ды. Келіс сөздер нәтижесінде былтырғы жылы келісімге қол қойылды; келісімде бұл іске қатысқанда Диоптың өзінің де, сол сияқты Совет Одағы мен Сенегалдың қосатын үлесі белгіленген-ді. Болашақ баспа орнының алдында тұрған міндеттердің келешегі өте зор. Француз тілінде кітаптар шығарып, оларды Африка мен Европаның барлық елдерінде тарату көзделіп отыр. Бұл іс ресми түрде қолдау тапқан: Сенегал үкіметінің үкімет газетін, оқулықтар, сол сияқты үкімет қарамағындағы басылымдардың бәрін шығаруды Диопке бермекші ойы бар. Келісімнің жобасына сенегалдық финанс министрі әлден-ақ қол қойыпты. «Сонегра» баспа орнының құрылғаны – екі ел арасында екі жаққа бірдей тиімді қарым-қатынасты дамыту жолындағы жарқын әрі наным
ды мысал. Баспа қоғамының әкімшілігі қажетті жабдықтың бәрін заказ беріп Совет Одағынан алдырмақшы. Баспа директоры орынбасарлары ның біреуі совет өкілі болады деген ойдамыз. Қонақ үйге орналасып, жайғасып, біраз тынығып, киімдерімізді ауыстырып киген соң Абдуллай Диоп бізді кітап көрмесі-саудасы ұйымдастырылмақшы жергілікті клубқа алып барды. Кең залда ұзын нан-ұзақ столдар қатар түзепті. Столдардың үстіне әртүрлі кітаптар әдемілеп қойылған. Владимир Ильич Ленин шығармаларының француз тілінде шығарылған қалың жинағы көңіл аударады. Тізіліп, сап түзеген столдардың бірінен соң біріне келіп, Диоп бізге Л.Толстойдың, А.Фадеевтің, М.Шолоховтың, А.Толстойдың, Н.Гогольдің, А.Чеховтың, Б.Полевойдың, А.Макаренконың, Ф.Дзержинскийдің, И.Павловтың кітаптарын көрсетіп жүр. Тәжірибелі баспа иесі, кітап саудасын жақсы білетін, жырынды Диоп ертеңгі ашылатын көрменің ойдағыдай болатынына біздің жүрегімізде кәміл сенім тудырды. Клубтан көшеге шыққанымызда, Диоп қаланы аралап көруді ұсынды. Енді француздар отарлап алған әуелгі кезде бұл қала ірі сауда қаласы, порт болған. Шаһардың көркеюіне тәтті-дәмді жеміс тағамдары, піл сүйегі, алтын, көбінше балық сауда-саттығы септігін тигізген. Өткен ғасырдың бас шенінде Сен-Луида тұрған 10 мың халықтың 8 мыңы құлдар болса керек. Дакар қаласы дүниеге келгеннен бергі жерде көне Сен-Луи қаласы өзінің бұрынғы маңызынан айырыла бастаған. Бірсыпыра уақыт ол Сенегалдың әкімшілік кіндігі, астанасы болып келген болса, 1957 жылы одан да айрылған. Астана Дакарға көшірілген. Бұрынғы даңқынан айрылған бұл қаланы жұрт «Күн астында мүлгіген» қала деп атап кеткен. Сен-Луи тұрғындары мұндай өзгеріске мейлінше наразы бола бастаған. Әсіресе саудагерлер жағы бұлқан-талқан болып дүрлігеді. Тіпті наразылық білдірген демонстрация өткізіліп жұрт полициямен, әскерлермен соғысқан. Демонстрацияға шыққандардың көзден жас ағызатын гранатометтерден ғана беті қайтқан. Қазіргі уақытта Сен-Луи күріш, Африка тарысын, қантты, қамыс, мақта өсіретін ірі ауыл шаруашылықты аймақтың орталығына айналған. Үмітсіз шайтан демекші, жергілікті патриоттар қала ендігі жерде «Күн астында мүлги» бермек емес деп үміттеніп, оны көркейтуді көксейді. 1965 жылдан бері Сен-Луида Сенегал дариясын пайдаға асыруды көздеп төрт ел: Гвинея, Мали, Мавритания, Сенегал мемлекеттері бірігіп құрған комитет жұмыс істейді. Бұл елдер күш қосып, дарияны шаруашылыққа пайдаланудың біртұтас жобасын жасауға, электр станциясын, ирригация жүйесін салып, кеме жүргізу жағдайын оңдауға ұйғарыпты. Бұл мәселелерді зерттеу ісімен Біріккен Ұлттар Ұйымының техника жағынан көмек көрсету бөлімінің мамандары шұғылданып, төрт елдің де тілегі мен мүддесі бірдей ескерілетін жоба жасалу үстінде.
Сенегал дариясы көлденеңі өте жалпақ, мол суы ернеуінен шығып, жағасынан асып жататын асау өзен. Иірімделіп, үйіріле ағатын қанды дария. Бұл өлкеде жаз айларында жауын өте жиі жауады. Сол жауындардың кезінде дария суы арнасынан асып, екі қапталында қорғансыз жатқан СенЛуи қаласының үйлеріне, өндіріс орындарына көптеген зиянын тигізеді екен. Талай семья үйсіз-күйсіз, қора-қопсысыз қалады деді. Біз СенЛуиға барған күннің ертеңінде таңертеңгі тамағымызды ішіп, асханадан шыға бергенімізде бір топ адам жолықты. – Сіздер, ғапу етіңіздер, осы қалаға СССР-дан екі жазушы келді деп естіген едік, солар емессіздер ме? – деді таза орыс тілімен сөйлеп, ұзын бойлы, толық шымыр денесі палуанға ұқсайтын сары жігіт. – Иә, біз, – деп қысқа жауап беріп қолдарын алып амандастық. – Олай болса, біз сіздерді іздеп келген едік. – Мына бір жерге отырып сөйлесейік, – деп шыға берістегі үлкен залдың сол жақ бұрышында тұрған жатаған дөңгелек столды айнала отырдық. – Сіздер осы жерде қызмет істейсіздер ме? – деп сұрадым мен. – Иә, біз осы жерде Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсыруымен Сенегал дариясының өн бойын зерттеп, ирригация жүйесін салудың және келешекте кеме жүргізудің жобасын жасап жатырмыз. Совет Одағынан келгенімізге бір жылдан асып барады. – Мен москвалықпын, сонда бір ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып істеймін. Аты-жөнім Всеволод Николаевич Померанцев, ал мына менің оң жағымда отырған жігіт Ленинградтағы Арктика ғылыми-зерттеу институтында істейді, аты-жөні Владимир Владимирович Иванов, оның аржағында отырған Владимир Сергеевич Востриков – біздің тілмәшіміз, ал мына кісі Владимир Сергеевичтің зайыбы Ирина Борисовна Вострикова, – деп өздерін түгелдей таныстырып шықты. – Онда, бәріңіз де су маманы болдыңыздар ғой? – Гидро-геологтармыз. Өз еліңнен жырақ жерде жүргенде елдес, жерлес адамыңмен кездескенің қандай ыстық, қандай тамаша. Совет Одағынан жаңа ғана келген бізді көрген олардың қуанышында шек жоқ. Сұрауларының бәрі де ел жайы, халық тұрмысы болды. Әңгіме арасында Ирина Борисовна күлімдеген тұнық көк көзінің қиығымен маған қарап: – Сіздер бұл қалада көп боласыздар ма? – деп сұрады. – Біз мұнда көп болмаймыз. Ертең таңғы салқынмен Дакарға қайтып кетеміз, – дедім мен. – Уақыттарыңыз тым тығыз екен. Бізге жүріп қонақ болыңыздар, мұхит жағасына барып қайтайық. Біздің өзіміздің машинамыз бар. Елден көлік сұрап жүрмейміз. – Шақырғандарыңызға көп рақмет. Дәл қазір біздің уақытымыз жоқ. Мүмкін көрме ашылғаннан кейін барармыз. – Көрменің ашылуына біз де барамыз.
– Көрмеден кейін бір-екі сағат сіздермен бірге болуға әбден болады. Көрме ашылғаннан кейін біз, Михаил Павлович Кудинов екеуміз, жаңағы жігіттердің жатқан үйіне, одан кейін Атлантика мұхитының жағасына барып, қармақ салып балық ауладық, мұхит суына шомылдық. Сол жерде олар бізді қонақ етті. Өздері жарқын жүзді, өте бір аяулы адамдар екен. Біз кетерде шығарып салуға да келіп, құшақтасып, сүйісіп қоштастық. Қаламен танысқанымызда мұнда мешіттің молдығына қайран қалмасқа болмайды. Мұның себебі мынада. Мұсылманшылық ислам діні Сенегал дариясының бойын мекендеген жұрттың арасына мұнда европалықтар келместен көп бұрын тараған. Бұл – сонау Ұлы Империялар заманында болған іс. Сенегалдықтар – мұсылман дініне әбден берілген жұрт. Бұлар діни жолдарды қасиеттеп сақтайды. Ақшам, ымырт жабылысымен жаяулар тұра қалып, машинамен келе жатқан жолаушылар машиналарынан түсе салып, Меке шаһарына бетін беріп, тәжім ете бастайды. Мұсылмандар күніне бес қабат намаз оқып, құдайға құлшылық етеді. Қонақ үйлердегі малайлардың, мекемелердегі қызметшілердін тура дәліздерде тізерлеп, жүгініп отыра қалып, жайнамаздарын жайып жіберіп, намаз оқығандарын өз көзімізбен көрдік. Демек, бұл намаздігер уақытының болғаны деп есептеңіз. Әрбір шеберхананың шағын кәсіпорынның маңында, қасында әдейілеп жасалған намаз оқитын орын бар. Әдетте, мұндай орындарға қиыршық төгіліп, құм төселген. Мұндай жерлердің ішінде әлгі шеберхананың қожайыны, жұмыскерлері боп жүгініп отырып алып, тәжім етіп, аспанға қарап күбірлеп сөйлеп, намаз оқып, құдайдан жақсылық тілегендерді жиі кездестіруге болады. Сенегалда діни мейрамдардың мұқым елдің күллі тұрмысына қырсығы аз тиіп отырған жоқ. Мысалы, мұсылмандар отыз күн ораза ұстаған кезде еңбек өнімділігі қауырт төмен құлдырап кетеді деседі. Ораза ұстаған кезде аузындағы түкүрікті, сілекейді жұтудың өзі күнә. Ораза ұстау, яғни рама зан біткенде, оразаның аяғы үлкен тойға, салтанатқа айналады. Ақ қошқар айтып, құрбан шалу басталады. Мешіттердің аулалары құдайға сыйынуға келген халыққа лықа толады, ине шаншар жер болмайды; алаңдарға жиналып, деревняларда тұратындары лашықтардың маңындағы бос жерлерге жиналып, сап түзеп, беттерін шығысқа беріп, Аллаға жалынып, жалбарынады. Құдайға құлшылық ету біткенде, жиналған шаршы топтың алдына әбден таза шомылдырылған, жүні таралған имек мүйізді ең дәу қошқарды алып шығады. Бұл – мұндағы мұсылмандардың өздерін жарылқағаны, рахымын тигізгені үшін Алла-тағалаға бағыштап шалған құрбаны. Құрбан шалу салтанаты біткеннен кейін еркектер әндетіп тарауық оқып, үйді-үйіне тарай бастайды. Рамазанда шаһарлар мен ауылдардың бәрінде қой маңырап, азан-қазан жаңғырық естіліп, жұрт мәре-сәре болады. Мұның мәнісі – үй басы қой сойылып, құдайға бағыштап құрбан шалынуда деген сөз.
Әрине, кейбір жерлерде католицизм мұсылманшылықты әлден-ақ ығыстырып, миссиялары жанынан мектептер, диспансерлер салып, жетімдерді панасына алған. Дегенмен патриархтық әдет-ғұрып Сен-Луида салтқа сіңіп алып, жаңалық атаулыға бар күшін сала қарсылық жасаулы. Сен-Луидың ең бір тамаша тұсы – суы мол, кемелердің жүзуіне жарамды Сенегал дариясы. Бұл Сахараның оңтүстігіндегі мұхитқа барып ұласатын бірінші орындағы дария. Дарияның саласы Фута-Джелон дейтін таулардан, Батыс Африканың «Су мұнарасынан» басталады. Француздар дариядан өтетін бедерлі, әсем көпір салыпты. Кешқұрымғы күн шұғыласына малынған қара бояулы лимузиндер көпірден төмен ылдиға қарай құлдырай түсіп, көне шаһардың қуықтай тар, шаң басқан шағын көшелеріне кіріп, көзден ғайып болып, жоғалады. Өзеннің мұхитқа құяр тұсынан шағын арал көрінеді. Балықшылар осы аралда тұрады, мұнда базар да бар. Жағада тұрған қайықтар, кептіруге қойған аулар көзге шалынады, пісірген не қақтаған балықтың иісі мұрныңды жарады, үстеріне аямай сықап жүк артқан түйелердің боздаған дауысы естіледі. Бұл күн батып, ымырт жабылуға айналған, жұрт тынығатын, жай табатын, құдайға құлшылық ететін шақ еді. ...Ертеңінде ертерек тұрып, бөлмемнің терезесінен сыртқа қарағанымда көзіме алдымен кешегі шағын арал, әріректе мұхиттың телегей теңіз суы көрінді. Күн ұясынан әлі көтерілмепті. Бірақ балықшылар баяғыда тұрып, күнделікті кәсібіне кірісіп кетіпті. Атлант мұхитының шалғай алыстағы су айдынының теп-тегіс бетінен балық аулауға шыққан сансыз жанның құжынаған қайықтары караңдайды. Қонақ үйдің төменгі қабатындағы оңаша ауыз бөлмеге түсіп едім, елшіміз Дмитрий Семенович Никифоровтың келгенін естіп білдім. Ол жалғыз келіпті, Лилия Арсеньевна келмеген. Дмитрий Семенович айналасын қоршаған бір топ адамның ішінде тұр екен, орысша араластыра, французша майын тамыза сөйлегені құлағыма анық шалынды. Бақсам, елші французша сөйлеп, әредікте орысша өзге біреуге сөйлеп тұр екен. Өзге біреу кім? Бұл сұрақтың да жауабы табылып, сыры ашылды. Дмитрий Семенович орта бойлы, сабырлы французбен таныстырды. Ол Францияның бас консулы болып шықты. Менің онша көп түсіне алмағанымды сезген бас консул менімен орысша сөйлесті. Орысша да таза сөйледі. Бірақ, француз тілінде сөйлегендей емес, анда-санда мүдіріп, бөгеліп қалады. Дегенмен мына бас консул орысшаға қандай жүйрік деп ойладым ішімнен. Менің аң-таң болғанымды ол тағы да сезді білем. Сөйтіп, әңгіменің кілті өзінен-өзі ашылды. Консул: «әкем француз, шешем орыс», – деді. Сөйтіп, шешесі оны орысша сөйлеуге жастайынан баулыпты. – Нансаңыз, шешем орыс тілін тура зорлап үйретті. Французша сөйлеуді былай да үйренесің, ал орыс тілін үйрену шарт... Бір кездерде ол саған керек болады деп қоймады. Орыс тілінің кәдеге асқанын енді, міне, өзіңіз де көріп тұрсыз!
Көрме сағат 4-те ашылды. Бұл кезде Дакардан тағы бір адамдар келді, жергілікті жердегі ресми адамдар жиналды, қысқасы, клубтың іші иін тірескен халық. Журналистердің жүрмейтін жері жоқ, олар да қаптап кетті. Фотоаппараттар шыртылдап, жарқ-жұрқ оттар жарқылдады. Көрмені Абдуллай Диоп ашты. Сәнді де салауатты ол халықтардың өзара түсініп, ұғынысуы үшін мәдениет саласындағы байланыстың маңызына көбірек тоқталды. Көрмені аша келіп, бұл көрме Совет Одағы мен Сенегал Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту жолындағы жаңадан тағы бір адым ілгері басқандық болып табылады деп мәлімдеді. Шаршы топтың алдында одан кейін Сенегал Мәдениет министрлігі нің өкілі мен Совет Одағының елшісі Д.С.Никифоров сөйледі. Дмитрий Семенович тәуелсіз Сенегал Республикасын Совет Одағы ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып танығанын еске салды. Содан бергі жерде екі елдің арасындағы қарым-қатынас экономика мен мәдениет саласында ынтымақтасу жолымен өріс алып келеді. Совет адамдары, деп мәлімдеді елші, Сенегал халықтарының өміріне зор ынта қойып отыр. Сенегал ән-би ансамблінің Совет Одағындағы Гастролінің орасан зор табыспен өткені жалпыға аян. Сенегал суретшісі Пап Ибр Талле шығармаларының көрмесіне жұрт жаппай ынта қойды. Балалардың салған суреттерінің Москвада болған конкурсында Сенегалдан 17 балаға «Өз үйім, өз Отаным» тақырыбына жазған суреттері үшін құрметті дипломдар берілді. – Енді, міне, сіздерге, – деді Дмитрий Семенович сөзін қорыта келе, – совет кітаптары қонаққа келді. Кітап көрмесі бір есептен, кітап саудасына барып ұласты. Сатып алған кітаптарын қолдарына ұстап масайрап алқа-қотан бас қосып, пікір алысып тұрғандардың талайын көрдім. Сөйтіп, мұның өзі құр әншейін кітап көрмесі, кітап саудасы емес, совет кітаптарының өзінше бір мейрамы, мерекесі болды. Клубтан кітапсыз шыққандар ілуде бір-ақ кездеседі. Кітап сатушылардың сытырлаған жарғақ қағазға кітап ораудан қолы тимеді. Абдуллай Диопқа көңіл аударсам, ол шеттеу бір жерге тұрып алып, кітап саудасының қалай өтіп жатқанын зер сала қарап қалыпты. «Киіз кімдікі болса, білек соныкі» дегендей, оның, баспа иесінің бар ойы көрменің сәтті өтіп, сауданың күсет болуы екені айдан анық. Байқаймын, көңілі тоқ, ризалық нышан сезіледі бет әлпетінен. Бүгінгі көрме, бүгінгі сауда бұл кісінің алдағы уақытта атқармақшы қыруар мол, әрі аса ардақты қызметінің бастамасы, бет ашары ғана! Сол күні кешке қонақ үйдің ресторанында үлкен қабылдау болды. Ресми адамдар, дипломаттар, кәсіпқор адамдар, журналистер көп жиналды да, – осының бәрі қонақ үйдің иесін әбігерге салды. Бірақ қабылдау сәтті болды. Әдемілеп, қатарлап қойылған ұзын столдардың қасына келіп жайғасқан кісілер ішіп-жеп, әңгіме-дүкенін құрып көңіл көтерді. Мұндай мол адам бас қосқан үлкен залда әңгімелесетін ортақ тақырып болған жоқ, оның
болуы да мүмкін емес-ті. Бұлар жиылғандар жеке-жеке топ құрып алып, әрқайсысының өз әңгімесі болып жатты. Кешкілікті костюммен келген, мүсіні де, кескін-келбеті де келісті Дмитрий Семенович Никифоров болса асықпай, баптап сараң сөйлеп, анда-санда қолын сілтеп қойып, бір топ адамды ауызына қаратып алған. Абдуллай Диоп болса, керісінше, тым қызу, көтеріле сөйлеп отыр. Үстеріне кешкі костюм, басына тақия кигендер ұйып тыңдап, бастарын изеп, риза болған нышан білдіреді. Қабылдауға келген кімдер екен деп, залды көзіммен тағы бір шолып өтіп едім, байқасам, отырғандар бір өңкей еркектер. Залда әйел затынан ешбір жан жоқ. Енді бір аңдағаным жұрттың бәрі құр әншейін суды сіміріп ішіп, біздің елден апарылған балықтың уылдырығынан бастарын алар емес, ал спирт ішімдігіне ешқайсысы беттемейді. Ежелгі Сен-Луи қаласы мұсылманшылықтың ордасы деген әңгіме тап осы арада тағы да есіме түсті. Мұсылманшылық әдет-ғұрыптың тамырын терең таратқанын осы залдың өзінен-ақ аңғаруға болады. Жиналысқа, жұрт бас қосқан жерге әйелдер жағы әсте аяқ басуға тиіс емес. Мұсылман заңы осылай деп уағыздайды. Ал еркектер жағы, діні мұсылман болғандықтан, ішімдік дегенді жек көреді, оған жоламайды. Маған қатарлас, өздері біртоға, өте ұстамды, жап-жас бір жігіттер отырды. Жөн сұрасқанымда, біз сауда ісімен айналысатын, кәсіпкор адамдармыз деді олар. Сен-Луи тұрғындарының салты мен әдет-ғұрпы ерекше таң қалдырды мені. Ежелгі дәстүрлерді берік сақтайтын семьялар, байқауымша, Дакарда да баршылық. Бірақ Дакарда мұндай қабылдауларға әйелдер көп келеді және олар Европаша киінеді. Сонда Сен-Луидағылардың соншама кертартпа болғаны ма? Мұнда әйелдер неге жоқ? Қасымдағы көршім, шашақты тақия киген, шекесі торсықтай саудагер жас жігіт менің сұрағыма өз семьясының жайын айтумен жауап қайтарды. Бұл үйлі-баранды жігіт екен, төрт қатыны, он екі баласы бар. Әйелдерін ол бөлек-бөлек бөлмеде ұстайды. – Қатындарым тату-тәтті тұрады, – дейді ол езу тартып күліп, – бәрін билейтін, бәрінің қожасы бәйбішем – үлкен қатыным. Менің қай қатынмен неше күн, (әрқайсысына екі күннен кем емес) көңіл қосатынымды да сол үлкен қатын белгілейді. Ал мұндай жиынға оның біреуін алып келсең, өзгесіне пәлеге қаласың. Сондықтан аш құлақтан тыныш құлақ дегендей, – деп ыржиды ол. Дакарда, Коста Сариковтың қонақ үйінде тұрғанымда дәлізде жұмыс істейтін орта жасқа келген, егде тартқан бір кісімен тұрмыс, күн көріс жайында әңгімелескенім бар. Тілалғыш, елгезек, ұқыпты деп Костаның өзі де мақтаған оны. «Долепе» қонақ үйінде он алты жыл уақыт дәлізші болып жұмыс істегенде, қожайынынан ешбір сөгіс естімеген, ескерту алмаған. Ол үлгілі, өнегелі малай. Қырық төрт жаста. Үш қатыны, тоғыз баласы бар адам. «Тапқан-таянғаның осыншама жанды асырауға жете ме?» деп сұрамасқа болмады. Бәйбішем, деді ол, алты баламен селода
тұрады, өздерін өздері асырайды. Екі әйелім, үш балам өзіммен бірге қалада тұрады. Әрине, күн көріс оңай емес, қиын-ақ, әйткенмен ептепсептеп күнелтіп жүрміз деген еді. – Әйелдерің жұмыс істей ме? – дегенімде, дәліз қызметкері көзін бажырайтып, ештеңе дей алмай, күмілжіп қалды. Дін мұсылманға мұның өзі, сірә, сөлекет көрініп шамына тиген болуға тиіс. Ал Сен-Луида мұндай әңгімелерге жоламадық. Менің қасымдағылар баяғыдай емес, жатсынбай, шешіліп, суырылып сөйлеп кетті. Әлгі жас саудагер, әңгімеге қосылған көршісі екеуі біраз сыр шертті. Бұл өңірдегі жергілікті әдет-ғұрып бойынша, деді олар, күйеу мен қалыңдық, келін түсіп, той болатын күнге шейін бірін-бірі білмейді. Ағалары немесе атааналар барып құда түсіп, бастарын матайды. – Ал егерде қалыңдығы күйеуіне ұнамаса? Онда не болғаны? – Атамаңыз. Ондай болуы ешбір мүмкін емес! Көршілерім сұрағыма өздерінше үзілді-кесілді, тиянақты жауап бергендей болған соң, қазбалап сұрастыра беруді өзім де онша орынды көрмедім. – Біздің тойларда, – деді олар әңгімесін аяқтай келе, – барабан қағылады, қонақтар ән салады, ойын бастайды. Ішу деген әсте болмайды! ...Кешкі он бірде жұрт тарай бастады. Қонақтарды шығарып салып, Д.С.Никифоров екеуміз өз номерлерімізге қарай беттедік. «Абдуллай Диоп адал ниетті, бізге деген достық пікірі, пиғылы дұрыс адам секілді көрінді» деді Дмитрий Семенович. Ол маған да ұнап қалған-ды. Совет әдебиетін аударушылардың Москвада болатын симпозиумына Жан Бриер бармайтынын сыпайылап, жіңішкелеп айтты. Енді не істеу керек? Не істегені бар, ойланып, толғана келе, Абдуллай Диопты шақыруға бел байладым. Бұл пікірді елші де қостады. Елшінің ойынша, бұл шақыруды Абдуллай қуана-қуана қарсы алады. Солай болды да шықты. Біздің үлкен сенім көрсеткенімізге Абдуллай шын жүректен алғыс айтып, риза болды. – Москваға бару социализм жеңген елдің әдебиетін көпшілікке таратудың соны жолдарын іздестіріп табуыма мүмкіндік әпереді ғой, – деді ол. Радиаторының үстіне ал қызыл жалауша байлаған елшіліктің «Чайкасы» Сенегал астанасының ең үлкен көшесін бойлай жүйткіп келеді. Ашық терезелерінен соққан таңертеңгі самал жел бетті жібектей өбеді. Көшелер түйіскен жерлерде тұрған ақ киімді, белін қынап байлаған полицейлер ұршықша айналып бізге қарап тұрып, сәлем беріп артта қалып қойып жатыр. Жүктерін бастарына қойып көтеріп, арлы-берлі шұбырып өтіп жатқан, ұзын киімді жандар біраз тоқтап, елшінің жолдың қақ ортасымен ызғытып өте шыққан қара машинасын көздерімен ұзатып салады. Сағат тоғызда президент сарайында қабылдау болуға тиісті. Тағайын далған мезгілге үш минут уақыт қалған мезетте «Чайка» президент
резиденциясының шалқайта ашылған темір құрсаулы қақпасына кіріп, ішкі есіктің алдына келіп тоқтады. Бізді жылпылдаған, әдепті жас жігіт қарсы алып, президент сарайында қатарлас, аппақ қардай шағындау оңаша үйге кіруге бұйырды. Президент, әдетте, кісілерді осы, оңаша үйде қабылдайды екен. Біздің шағын тобымызды елшінің өзі Д.С.Никифоров бастап келген. Талай жылдар дипломаттық қызметте болып әбден ысылып, төселіп қалған ол келбетті, сауатты адам. Шашын әдемілеп тараған, галстук тағынған, өзіне шақтап тігілген ешбір олпы-солпысы жоқ костюмі құйып қойғандай жарасып қалған, ақ көйлегінің жеңіндегі қайырмасы костюмінің жеңінен сәл ғана көрінеді. Бір қалпынан ешбір аумайды. Жүргенде ешбір асықпайды, саспайды, өте сабырлы, байсалды кісі, бар бітімінен, тұлғасынан маңғаздық байқалады. Жас жігіт ертіп келе жатқан біз кілем төсеген баспалдақпен екінші қабатқа көтерілдік. – Мына есіктен кіріңіздер! – деді ол бізге жол нұсқап, үлкен есікті ашып. Леопольд Седар Сенгор Сенегалдың мемлекет қайраткері ғана емес, бұған қоса оның аса көрнекті ақын екенін жоғарыда айттық. Париж дағы Сорбонда оқып, тәлім алған ол ұзақ уақыт бойы осы жоғары оқу орнында оқытушы болады. Халықтардың отаршылдар билеп-төстеуіне қарсы күресінде тұтас бір замана ашқан кемеңгер адамның есіміне Сенгор жас шағында-ақ қанық екен. Бертін келе ол В.И.Лениннің еңбектерімен танысып, олардан нәр алады. Осы таяуда ғана өткізген пресс-конференцияларының бірінде Сенегал президенті «В.И.Лениннің кемеңгерлігі адамзат тарихында өшпес із қалдырды» – деген болатын. Ал мұның өзі бізді, совет адамдарын зор қуанышқа бөлейді. Леопольд Сенгор творчествосының негізгі арқауы – халық, адам баласы, өмір шындығы. Сондықтан да президент-ақынның, тіпті кері сінше, ақын-президенттің есімі Сенегал әдебиетшілері арасында бірінші орында. Оның есімі Европа оқырмандарына да кеңінен мәлім. Ел билеу үшін ерлікті жұмсамаймыз, Халықтың жүрегіне біздер саймыз. Жерді сүйсең – біз оған табынбаймыз, Жер үшін құрбандықтан тайынбаймыз. Шашылған қанымыздан дәндер қаулап, Халықтың несібесін дайындаймыз. Бас болуды халыққа көздемейміз, – Халыққа тіл, керней боп жалындаймыз1.
(Аударған Қ.Бекхожин.)
1 Сенгор – «Басты жыр».
Сенгордың «Басты жыр» атты өлеңдерінің осы бір жолдарын үлкен ақынның барлық творчествосына эпиграф етіп қоюға болады. – Мырзалар, президент кірулеріңізді сұрайды сіздердің! – Қабылдау бөлмесінен шыққан жігіт бұл сөздерді жайлап айтса да, анық айтты. Президент орнынан тұрып, бізді табалдырықтан аттап кірген шақта қарсы алды. Алғашқы келген сапарымда мен оны президент қабылдауы болғанда, сансыз көп қонақтардың ішінде жүріп көргем. Енді, міне, қол ұстасып амандасып, көзбе-көз сөйлесіп, жүзбе-жүз танысып тұрмыз. Қолдары нәзік болғанымен, қайратты секілді, өткір, отты көздерінен ықылас білдіргендіктің нышаны сезіледі. Сенгор алпыстан асқан, орта бойлы адам. Салмақты, көзілдірік киеді. Елші мені жазушы, әрі совет парламентінің депутаты деп таныстырды. Өзі қызмет істейтін үлкен столды айналып, президент кабинетінің бір мүйісіне келді де, шұңғыл креслоларды нұсқап көрсетіп, отырыңдар деген ишарат білдірді. Шүу дегеннен-ақ шешіле, шүйіркелесе әңгімелесіп кеттік. Бір аяғын екінші аяғының тізесіне қойып, тамырлары адырайған арық қолдарын төмен салбыратып, екі шынтағын креслоға сүйеген ол совет елшісінің сөзіне күлімсірей, зер сала құлақ қойып отыр. Дмитрий Семенович, бір жағынан, аудармашының, тілмаштың қызметін атқарды. Мен президентке Совет Жазушылары одағы секретариатының атынан сыртына Есенин нің портреті түсірілген ғажап әдемі Палех қобдишасын сыйға тарттым. Сенгор бұған мейлінше риза болып, қатты тебіренді. Көзілдірігін түзеп киіп, алтын іспеттес бұйра шашты, қыршын жас орыс ақынының асыл бейнесіне ұзақ, әрі тесіле қарап қалды. Кімнің портреті екенін сұрап білген ол тағы да бір қозғалып, сергіп серпіле түсті. Орыстардың атақты Есенині ғой бұл! Өз басы көп оқыған, Есенинді неге білмесін. Ол Маяковскийді де көп оқыған кісі. Бұл екі ақынның француз тіліне өте жақсы аударылған шығармалары, тегі, аз емес-ті. Мен өзімнің Алматыда қазақ тілінде басылған «Ормандағы оттар» деген кітабымды ала барғам. Мұқабасын ашып, беташар бетіне бірнеше сөз жаздым да, президентке ұсындым. – Бұл кітап қай жұрттың тілінде жазылған? – Менің ана тілімде, қазақ тілінде. – Қазақ... дейсіз бе? – Тосыннан естіген сөзге құлағын түріп, біраз ойланып қалды президент. – Ғафу етіңіз, қазақ тілі қай тілдер тобына жатады – моңғол тобына ма, әлде түркі тобына ма? – Түркі тілдері тобына. – Байқаймын, алфавит өздеріңіздікі ғой. – Президент сөзін одан әрі жалғастырды. – Қай алфавитті негізге алдыңыздар? Қазақ алфавиті орыс алфавиті негізінде жасалып, қазақ тілінің ішкі заңдарына тән дыбыстардың таңбасына латын алфавитінің кейбір әріп тері алынғанын естігенде, президент Сенегалда волоф тілінің алфа витін жасау әрекеті қолға алынғанын сөз қылды. Осынау бір қызықты да
қажетті іс қазір аяқталуға жақын. Кім біледі, жол түсіп, ендігі бір келген сапарымызда президент, әрі ақын Сенгордың өз тілінде басылған кітабын бізге сыйға тартуы да ғажап емес! – Президент мырза, бізде Москвада «Прогресс» баспасы арқылы Сенегал поэзиясының антологиясын шығару көзделген еді. Соған алғы сөз жазуды Сізден сұрауға өкілдік алып келген жайым бар. – Авторлары белгіленіп пе еді? – деп сұрады Сенгор, – Жан Бриермен, Бираго Диоппен кездесуіңізді өтінем. Бұл сізге айтар ақылым. – Рақмет. Біз оларға жолықтық. Баршасын келістік те. – Алғы сөзді қайткенде де жазам. Кітаптың құрамын анықтаңыздар, мен де танысайын. Авторларды шамалап белгілеген де боларсыздар? Тап осы тұста жас ақындармен бас қосып, әңгімелескенім есіме түсіп, Сенегал әдебиетінде жас буынның өсіп келе жатқанын айттым. Сенгор жымиып бір күліп қойды: – Иә, бізде қазір жас талапкерлер өздерін таныта бастады. Біз жастарға зор үміт артамыз. Әңгіме үстінде Москвадағы «Молодая гвардия» баспасында Сенгор дың өлеңдерінің жинағы шығарылатынын есіне салдым. Жинақтың тиражы 100 мың данаға жоспарланғанын айттым. Бұл цифрға президент қайран қалды. – Байқаймын, – деді ол, – маған ынтызар адамдар сіздің еліңізде көп екен. Біздегіден әлдеқайда мол! Сенгордың кітаптары француз тілінде ең әрі кеткенде 10 мың дана болып шығарылатынын білдік. Шынында ол Европадағыларға әбден мәлім автор. Президент қоңыраудың тетігін басып, хатшы қызды шақырып алып, қысқа ғана бірдеме айтты. Қабылдау бөлмесіне шығып кеткен қыз қолына ал қызыл мұқабалы кітапты ұстап, дереу қайта оралды. Бұл Сенгор дастандарының жуырда Парижда басылған жинағы еді. Президент қызмет столының басына барып, кітаптың мұқабасын ашып, сәл ойланды да, тез жаза бастады. Қазақ тіліне аударғанда, ол: «Өз халқының рухын көтеруші жазушы Әди Шәріповке. Шын жүректен құрмет білдіру белгісі ретінде. Л.Сенгор» деп жазған екен. Қош айтысар мезгіл алыс емес-ті. Айтылмақшы тағы бір өтінішім қалған. Москвадан аттанар қарсаңында біз «Дружба народов» журналы бас редакторының орынбасары А.Николаевпен сөйлесіп, ол маған журналдың оқушыларына Сенгордың атынан сәлем ала келуді өтінгенді. Сенгор ақынның тамаша өлеңдер жазған автор екенін біздің еліміздің барлық республикаларындағы оқырмандар жұртшылығы біледі. Оның біздің елдегі оқырмандар ортасында да, жазушылар ортасында да достары аз емес. Әрі жүйрік, әрі жолаушыға қолайлы самолет «Коравелла» бізді Дакардан Париж маңындағы Орли аэропортына әкеліп түсірді... Париждың күні бүгін тым тымырсық, ыстық. Париждықтар түгелі мен жөңкіліп көшеде жүрген секілді. Күн шұғыласына малынған үлкен
көшелерде ағыл-тегіл машиналар тасқыны ешбір толастар емес. Бұған үйреніп, етене болып кеткен жаяулардың мол легі осы тасқынға ілесіп барады. Біз келіп түскен «Континентал» қонақ үйінен шыққан елшіліктің «Волгасы» француз астанасының қақ ортасындағы Ситэ аралына қарай бет алды. Бір кездерде, бұдан екі мың жыл бұрын бұл аралда Лютеции деген шағын поселке болған. Париж осы поселкенің негізінде дүниеге келіп, үлкейе-үлкейе келе әйдік қалаға, астанаға айналған. Сена өзенін қақ жаратын осы аралда әйгілі Париж құдайана соборының сәулетті үйі алыстан көз тартады. Сенаның сол жақтағы жағалауын мұқым дүние жүзіне мағлұм Латин кварталы алып жатыр. Париж университетіне, яғни Сорбоннаға жер шарының барлық түкпірлерінен жастар келеді. Сорбоннада 60 мыңнан аса студент оқиды деседі. Бұл бүкіл Франциядағы студенттердің төрттен бірі. Латин кварталы дегеніміз – студенттердің астана ортасындағы шағын мемлекеті іспеттес. Бұлардың өздеріне тән салты, дәстүрі, айтатын әндері бар. Сенаның оң жағалауы мен сол жағалауындағылардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Өзеннің сол жағы албырт жастардың мекені болса, оң жақтағы жағалауында сауда мекемелері. Бейнелеу өнерінің бүкіл дүние жүзіне белгілі үздік шығармаларының қоймасы – Лувр сарайы да осы жақта. Леонардо да Винчидің ұлы шығармасы «Джо конданы» көру үшін, туристердің көбі Луврға әдейілеп барады. Дәулес кер суреткердің «Гүл ұстаған мадонна» деп аталатын картинасын Ленин градтағы Эрмитаждан көруге болады. Мұны көрген совет адамдары Леонардо да Винчидің ешбір теңдесі жоқ, он саусағынан өнер тамған ше бер болғанына көзін жеткізіп, оған дән риза болады. Кемеңгер суреткер бұл екі картинасында ару ананы дәріптеп, әлдилеп, әлпештейді, ананың асқақ рухын көз алдыңызға елестетеді. Келушілер Леонардо да Винчидің бұл шығармаларына көз алмастан қарап, ұзақ уақыт тұрып қалады. Абзал итальяндықтың өнері дуалап, сиқырлап тастағандай күйде болады. Сәулет өнерінің ең тамашасы да Сенаның осы сол жақ жағалауында. Елисей алаңдары – әрі кең, әрі оқтай түзу көшелер француздар астана сына жақсы көрік беріп, ерекше ажарландырып тұрады. Ыстық күндерде мың-мыңдаған париждықтар үлкенді-кішілі кафетерийлерге лықа толып алады, сыймағандары тура тротуарларға қойылған столдардың басына келіп жиналады. Шарап немесе кофе сіміріп, сусындап, күн сәулесінің, жасыл желектің рақатына батады; көз ілестірмей, арлы-берлі зымырап өтіп жатқан машиналар тасқынына көз салады. Біздің «Волгамыз» Елисей алаңдарынан кілт бұрылып, ІІІ Александр көпіріне қасқайып шыға келді. Париждың ұңғыл-шұңғылын жақсы білетін, жершіл шофер Жұлдыз алаңына қарай бет алды. Осы тұста, Салтанат қақпасы түбінде беймәлім солдаттың қабірінің үстінде мәңгілік
от лаулап жанып тұр. Солдат – қашанда болса солдат қой! Біз қабірінің қасына келіп, жауға қарсы айқастарда басын құрбан етіп соғысқан, ұрыс майдандарында, шайқастарда қаза тауып, құрбан болғандардың, бәймәлім соғыс еңбеккерлерінің алдында бас иіп, оларды еске түсірдік. Дәл осы кезде Париждың қақ ортасына келіп, мәңгілік өшпес оттың лаулаған жалынын көргенде, сонау бір отты күндерде, 1943 жылғы январь айында, жаудың шалғайдағы ту сыртында болған бір оқиға есіме түсе кетті. Қар жастанып, мұз төсенген қиын-қыстау шақ болатын. Қызу соғыс күндерінің бірі. Біздің отрядымыздың шиеленіскен қанды ұрыстарға араласқанына бір апта болған. Күн суық, сықырлаған сары аяз. Күн батып, ымырт жабылуға айналған. Орманның іші де күңгірттене бас таған мезет. Немістер әлі де болса әрекет жасап жүре ме деп, жау жақ тан көз айырмаймыз. Жау қыбырласа болғаны, партизандар мылтық тарын нысанаға дәлдеп көздеп, оқты бұршақтай жаудырып, немістерге бас көтертпейді. Түн – партизандардың ең сенімді жолдасы, баспанасы іспетті ғой. Сөйтіп, біз түн қараңғысын асыға күтудеміз. Күтпеген жерден дабыл қағылды. Бұдан біраз уақыт бұрын битарап алаңда қарайған бірдеңе көзге ілінген. Бастабында біз оны ағаштың түбірі болар деп ойлағанбыз. Бақсақ, әлгі ағаштың түбіріне жан бітіп, қыбырлап, бізге қарай ептеп еңбектеп келе жатқан адам екенін партизан дардың біреуінің қырағы көзі шалып қалыпты. Иә, бұл ағаштың түбірі емес, кісі еді. Ақ қарды бауырымен сызып, еңбектеп келе жатқан солдат екені бізге анық көрінді. Еңбектеп келеді, еңбектеп келеді, қарға көміліп келеді, басын көтермейді. Мылтықпен дәлдеп атып, о дүниеге аттандырып жіберуге болатын еді оны. Жоқ, күтелік, көрелік мұның әуселесін деп ұйғардық. Мұнымыз өте жөн болды. Солдат еңбектей, еңбектей, бізге тым жақындап келді де, партизандар бой тасалаған шұңқырға күмп ете түсті. Тұтқынға түскенін білдіріп, қолын көтерді де, «Франс, Франс» деп былдырлап сөйлеп жатты... Партизандар бригадасының штабынан келіп үлгірген тілмаш қашқын солдаттан табанда жауап алды. Қашқын немістер партизандарға қарсы айдап салған француздар батальонының солдаты болып шықты. Қашқын партизанға қосылуды көптен бері ойлағанын, сөйтіп, зұлым, жексұрын жауға қарсы орыстармен тізе қоса, қол ұстасуға бел байлағанын айтты. Өйткені немістер болса Францияны құлдыққа түсірді. Демек, француз дар мен орыстардың мақсаты – ортақ мақсат. Ол – фашизмді талқандап, құрту мақсаты. Бізге қосылған француз қыршын жас бала еді. Славяндарға ұқсас, ат жақты жас баланың жарқын бейнесі дәл бүгінге дейін көз алдымда. Ол біздің отрядымызға қосылып, фашизмге қарсы күресте ерлікпен шайқасты. Көп ұрыстардың бірінде оққа ұшты. Амал қанша, аты-жөні есімде қалмапты. Міне, енді содан бері ширек ғасыр уақыт өтіп, фран
цуздар астанасының қақ ортасында, дәл жүрегінде тұрған шақта, Россия орманында қаза тапқан жас партизан есіме түсіп, Салтанат қақпасының түбіндегі маздап жанған мәңгі сөнбес от, даңқ оты соның құрметіне лау лап жанған от болып көрінді маған!.. Елімізге жүретін күні Парижде нөсер жаңбыр жауды. Кім білсін, біреулер бұл жақсы ырым деседі. Париж маңындағы Буржэ аэродромы нан самолет аспанға көтеріліп, шығысқа қарай бет алғанда, қазақ халқы ның майталманы Жиренше шешеннің «Шіркін, өз үйім, өлең төсегім!» деген асыл сөздері есіме түсті. Тап осындай қанатты сөз орыстарда да бар. «Қонақта болу жақсы ғой, өз үйіңе не жетсін» дейді олар. Біраздан соң ойыма бір шумақ өлең оралды. Мен оны іштей міңгірлеп, қайталап айта бердім. Бұл – орыс халқының асыл перзенті, ойшыл да сыршыл ақыны Сергей Есениннің: Алыстап сапар шексем де, Мұхиттан ары өтсем де Россия тұрар алдымда, Жер шетіне жетсем де, – деген бір шумақ жыры еді менің есіме түскен. Бұл суреті салынған қобдишаны кеше ғана өзім Сенегал президентіне сыйға тартқан, президент тебірене қабылдаған алтын шаш жас жігіттің – орыстың данышпан ақыны Сергей Есенин өлеңінің жолдары еді.
КӨНЕ ЖЕРДЕ СОҚҚАН САМАЛ Б ір кезде аспанмен тірескен зәулім таулар, көз жетпейтін шексіз теңіздер мен мұхиттар адам баласы өте алмайтын бөгет болып есептелетін. Дүние біткеннің бәр-бәрін сарқа білуге құмар адам баласы табиғаттың сол бөгеттерін көріп, олардың арғы бетінде ертегіде айтылатындай ғажап елдер, жұмаққа толы жерлер бар деп түсінеді. Онда тұратын адамдардың өмірі еш уақытта қайталанбайтын уақиғаларға толы болады деп біледі. Ерте заманның өзінде-ақ өмір бойы көгілдір аспанның шуағына бөленген тамаша жылы аймақ Үндістан жөнінде таңғажайып ертегілер пайда болды. Адам аяғын баспайтын шөлейт жерлер, түпсіз терең сайлар мен дүние жүзіндегі ең биік таулар мыңдаған жылдар бойы жер шарының осы бір бөлегін басқа елдерден бөліп келді. Осы жұмбақ аймақты ең алғаш келіп көрген, қиыншылық біткеннің бәрін басынан өткізген қайсар саяхатшылардың өзін таң қалдырып, олардың ертегілер де естігендеріндей ойларынан шыққан. Батыр саяхатшылардың көз ал дына сөзбен айтып жеткізе алмайтын сұлу табиғат бейнесі көрінеді, олар көне цивилизация елін көреді, және сол кезден бастап-ақ бүкіл дүние жүзіне тағы хайуандар мен құстар жөнінде адам баласының қиялына ғана сыятындай әңгімелер тарап кетеді. Үнді адам баласын таң қалды ратын сарайлар мен храмдарға толы. Сол елдің өзіне ғана тән тамаша архитектурасы, шебер адамның алтын қолынан шыққандығына сенім сіздікпен қарайды. Үндінің шексіз байлығы, табиғаттың сұлу көрінісі ең ақырында басқыншылардың жауыздық көңілін аудармай қалмады, тіпті басып алуға себеп болды. Осы кезде Үндістанға саяхатшылар өте жиі келіп тұратын көрінеді. Онда оңтүстік жағынан теңіз арқылы, күнбатыс жағынан самолетпен баруға болады. Бірақ та жыл өткен сайын Москва – Дели арасындағы, Үндістанға солтүстік жағынан апаратын әуе жолы арқылы қатынасу жиілей түсті. Өйткені, бұл жол көптеген саяхатшылар үшін өте қызықты, дүние тану шеңберін де кеңітіп ұлғайта түседі. Самолетпен үш сағат ұшқаннан соң таң қылаңдана басады, бірақ бұл аспанда тоғыз мың метр жоғарыда ғана байқалатын көрініс. Жер әлі түнгі қараңғылық торында ұйықтап жатыр. Самолеттің қанатының астында Ферғана даласы. Төменде сағымдай жарқ-жұрқ еткен шам
жарығына қарап, Ленинабад, Андижан, Ферғана, Наманған қалаларын шамалағандай боламыз. Самолет таңертеңгі күн нұрына шомылып келеді. Жерде енді-енді бозарып келе жатқан таң сәулесінен тау сілемдері Қоңырқай тартып көріне бастады. Самғап келе жатқан самолет Тянь-Шань тауын, одан соң Қашқарияны, Такла-Макан шөлін бірінен соң бірін артқа тастады. Тек Памир тауының заңғар шыңы ғана құрыш кемемен бәсекелескендей боп, оның оң қанатынан қалмай ұзақ уақыт қоса зымыраумен болды. Бірақ бір сағаттан кейін ол да қара үзіп қалып қойды. Үлкен әуе лайнерінің салонында жолаушылар үшін үйреншікті жол өмірі жүріп жатты. Жолаушылар «Аэрофлот» деген жазуы бар, аяққа өте қолайлы тапочкаларды киіп алғанына да біраз уақыт өтті. Қонақ күтуге әбден шеберленіп алған, жылы жүзді, жұмсақ шырайлы стюардессалар әртүрлі шырын сулар, ащы ішімдіктер әкеліп зыр жүгіріп жүр. Біздің Орнымыз СССР Жоғарғы Советінің Председателі Ю.И.Палец киспен қатар келді. Бұл жолы біз Дели қаласында болатын Парла ментаралық Одақтың 57-конференциясына қатынасуға келе жатырмыз. Юстас Игнович Парламентаралық Одақ Советінің мүшесі болғандықтан, алда тұрған конференция председателінің орынбасары болып сайланған. Юстас Игнович кейінгі бір жылдың ішінде «Лениндік ұлт саясаты» деген кітап жазып бітірген-ді. Ол кітабы өткен 1969 жылы Москвада орыс тілінде басылып шыққан. Өз кітабында автор социалистік ұлттар дың экономикасы мен мәдениетінің гүлдеп өсуін көптеген нақты мысалдармен дәлелдеген. Онда Ю.И.Палецкис совет халықтары үшін өте ауыр кезең болған Ұлы Отан соғысына ерекше тоқталып, лениндік ұлт саясатының мызғымас беріктігін, оның үлкен сыннан мүдірмей өткендігін көрсете білген. Бүкіл дүние жүзі парламент өкілдерінің 57-конференция сында талқыланатын проблемалармен байланысты Ю.И.Палецкистің кітабында көтерген көптеген көкейтесті мәселелерінің маңызы өте зор еді. Біздің жол үстіндегі әңгімелеріміздің көпшілігі тәжірибелі мемле кет қайраткерінің кітабындағы осы проблемалар маңайында болды. Бір кезде ол кітабының бір данасын алды да, бірінші бетін ашып: «Біздің алыс елдерге барған сапарларымыздың ескерткіші болсын» – деген сөздер жазып, қолын қойды да, маған ұсынды. Мен ол кісінің бұл сыйлығына алғыс айттым. Біздің артымыздағы орындықта отырған біреу еңкейіп: – Әдеке, сапар оң болсын, – деді таза қазақ тілінде. – Бірге болсын! – деп артыма жалт қарасам, сөйлеп отырған біздің тілмашымыз Владимир Николаевич Ярошенко екен. Самолет толы алуан тілде сөйлеп отырған шет ел адамдары болатын. Солардың ішіндегі жалғыз қазақ менімен Владимир Николаевичтің өз ана тілімде сөйлес кеніне қуанып қалдым да: – Владимир Николаевич, қазақ тілін өте жақсы біледі екенсіз ғой, қайдан үйрендіңіз? – деп сұрадым.
– Ой, Әдеке-ай, білмейді екенсіз ғой, мен сіздің жерлесіңіз емеспін бе? – Қалайша? – Менің туған жерім Жамбыл облысының Шу ауданы. Жас кезімде қазақ балаларымен бірге өстім. Ақсүйек ойнадым. Алтыбақан тептім. Бәйге атына шаптым. Ауыл балаларымен бірге қой қоздайтын кезде қойшыларға көмектестім. Айта берсеңіз орта мектепті қазақ тілінде бітірдім. – Ағылшын тілін қалай үйрендіңіз? – Орта мектепті алтын медальмен бітіргем. Содан Москвадағы Ломо носов атындағы университеттің шет тіл факультетін тауыстым. Уни верситетті үздік бітіргендіктен, мені аспирантураға қалдырды. Үзбей үш жыл оқып, ағылшын тілінен филология ғылымының кандидаты болдым. Қазір сол Москва университетінің өзім оқып бітірген шет тілі факультетінде ағылшын тілінен доцент болып қызмет істеймін. – Ағылшын тілін де мейлінше жақсы білетін болғаныңыз ғой? – Ағылшын тілі менің «нан табатын» мамандығым болғандықтан, оны жаман білуіме болмайды ғой, – деп ол маған қарап жымиды. – Сіз жазбай-ақ, сөйлеп тұрған адамның сөзін ағылшын тіліне қалыспай жарыса аударасыз ғой? – Иә, солай, синхронды түрде қатарласа аударамыз. – Сізді қалай мақтаса да болады екен! – деп, мен оған әбден риза бол ғандығымды білдірдім. Осыдан кейін Владимир Николаевич екеуіміз бір-бірімізге жақындай қалсақ-ақ қазақша сөйлесетін болдық. Жерлесіміз екеуміз қазақша сөйлесіп кеткенде, Юстас Игнович пен Герман Демократиялық Республикасы делегациясының басшысы Р.Зибер екеуі немісше әңгімелесіп отырды. Юстас Игнович неміс тілін жақсы білетін көрінеді. Доктор Зибердің қойған сұрауларына мүдірместен жауап беріп отырды. Арасында қалжыңдасып та қояды. Күлісіп те алады. Неміс парламентарийлары да Нью-Дели қаласында болатын конференцияға кетіп барады. Сол конференцияның мәжілісінің бірінде ГДР-ды Парламентаралық Одақтың мүшелігіне алу мәселесі қаралмақ. Қасымызда отырған көршімізбен, жаңа танысқан жолдасымызбен ұзаққа созылған әңгімеміз алыс жолды қысқартып, сапарымыздың аяқталып қалғанын да сездірмеді. Самолеттің алдынан бұйрат-бұйрат болып сұлап жатқан тау сілемдері көрінді. Шыңдарының көпшілігі аппақ қар жамылған, бірақ күнгей жақ бұйраттары қап-қара, шөкімдей қар жоқ. Бұл бес километрге созылған асулары бар үндіше Каро-Корум, бізше «Қара шешек» деп аталатын тау қойнаулары екен. Енді бір сәтте біздің алдымыздан бұл өңірдің ең үлкен жотасы – маңғаз Кашмир таулары бой көрсетті. Сөйтіп самғап келіп Үндістан жеріне жеттік. Таулар артта қалып, бір кезде төменнен мидай дала көрінді. Тоқымдай-тоқымдай ғана іркес-тіркес аңыздар иін тіреседі. Халық өте жиі орналасқан тәрізді. Одан кейін көшесі оқтай түзу, мол саялы үлкен қала жарқ етіп көзге түсті. Бұл
Нью-Дели. Біздің самолет ыстық әуені қақ жарып келді де, аэропорттың бетонына табан тіреп, жұлдыздай аға жөнелді. Біз трапқа шықтық. Жоғарыда тұрып, қарсы алуға келген үнді елінің мемлекет қайраткерлерінің ішінен ескі танысым С.Супакар мырзаны тани кеттім. Осыдан бір жыл бұрын ол Үндістан парламент делегациясының ішінде біздің Совет Одағында болған. Сол жолы Үндістаннан келген қонақ тар біздің елді аралаған болатын. Мен СССР Жоғарғы Советінің атынан сол сапарда оларды бірге жүріп аралатқан едім. Қонақтар сол жолы Өзбекстанда болды. Өзбек халқының елу жылдың ішіндегі экономи калық және мәдениет салаларындағы қол жеткен табыстарын көрді. Бұл жағдай оларға өшпейтін үлкен әсер етті. Олар Самарқанд және Бұхара қалаларындағы ескі көне ескерткіштерді көріп, олардың осы уақытқа дейін сақталғандығына сүйсінген-ді. Жер сілкінудің нәтижесінде қирап, үлкен апатқа ұшыраған Ташкент қаласының бүкіл совет халқының көмегімен қайта салынғанын көріп қайран қалысқан-ды. Қазір С.Супакар мырзамен бірге бізді қарсы алуға халық палатасының орынбасары Алба, Үндістан Компартиясының ұлттық советінің мүшесі Ахмед, тағы да басқа ресми адамдар келген екен. Ресми амандықтан соң Супакар өзінің Ленин жөнінде кітап жазып бітіргенін мақтанышпен баян етті. Біз оны шын жүректен құттықтап, қолын қыстық. Жаңа көрген жерде ең алғаш алған әсерің көңіліңде өшпейтін із қалдыратыны белгілі. Сондықтан да біз машинаның әйнегінен көз алмай маңайдағы көрген-білгеннің бәр-бәрін көңілге тоқып келеміз. Жол бойы толы қызылды-жасылды бояумен безендірілген, жүз құбылған түрлітүсті рекламалар. Жолдың екі қапталында емін-еркін босып жүрген есектер мен сиырлар. Еш нәрседен қысылатын да, қорқатын да, жас қанатын да емес. Жүк арбасына жегілген өркешті қодастар. Велосипедтер мен мотороллерден тағы да аяқ алып жүретін жер жоқ. Оларға мініп зырылдатып айдап бара жатқан қауға сақал сикхилер, сол елдегі бір діни қоғамның мүшелері, оның заңы бойынша сақал алуға да, шаш алдыруға да болмайтын көрінеді. Жаяу кетіп бара жатқан адамдардың ден көпшілігі жалаң аяқ, аяқтары күнге күйіп, күс басып қазанның күйесіндей қап-қара боп кеткен. Жол бойында шашқан тарыдай әр жерде жалғыз-жалғыздан жүрген шаруаның кескінін көресің. Үстінде ақ көйлек, жалаң аяқ, жалғыз қодас жеккен соқаның соңынан аяғын әрең басып кетіп бара жатқаны. Тас жолда ерсілі-қарсылы ағылып жатқан машинаға ол көңіл де қоймайды. Машинаның шапшаң жүрісіне қарамастан әр жерде ірі әріппен жазылған «Ресторан» деген сөзді көзің шалады. Оның қасында, ашық аспанның астында тұрған екі-үш столды көресің, лаулап жанып жат қан ошақ – міне бар ресторанның кейпі осы ғана. Осы ошақтың иесі кедейліктің, жоқшылықтың зардабын әбден тартқан, келешегіне сенімсіз
қарайтын ұсақ өндірістің қожасы, күні бойы жолға қараумен күнін өткізеді. Оның бағына құдай жарықтық ашығып келе жатқан біреуміреуді тамақ ішуге жібере ме деген үмітпен қарайды. Жолаушы түсе қалса ол тамақты шапшаң дайындап, алдына үндінің ұлт дәмі – ащылығы ауыз қуырған атақты чапатиді қояды, майлы нан әкеліп ұсынады. Бірақ бұл рестораннан тамақ іше қоятын адам ілуде біреу ғана. Зу-зу етіп астанаға қарай ағылған машиналардың жолаушылары оған дұрыстап көз қырын да салмайды. Нью-Дели қаласының көшесі адам таңғаларлықтай кең, оның үстіне көше толы жамыраған жасыл ағаш. Үйлердің көпшілігі кіші-гірім аула ның түпкі жағында орналасқан. Аула толы әртүрлі әсем ағаштар өседі. Олардың көлеңкесі ыстық күні жанға сая болады. Жаңа келген кісінің көзіне қаланың негізінен бір, иә болмаса, екі қабат үйден тұратындығы бірден түседі. Асфальт төселген көшенің кеңдігіне, машиналардың көп тігіне, көше жүрісін ұршықша иріліп реттеп тұрған полицейлердің қимы лына қарап қаланың үлкен екендігін, жүріп жатқан адамның қисапсыз көп екендігін байқайсыз. Дегенмен көшедегі сыңсыған ағаштың көлеңке сінен қаланың өзін көре алмайсың. Үндістан астанасының үлкен көшелерінде түрлі-түсті маркалы машиналар бірінен-бірі озып, қайшыласып, толассыз ағылып жатады. Алдағы машинаны артта келе жатқан машина басып озғысы келсе, онда алдыңғы машинаның шофері «озып кете бер» деп белгі бере қолын созады. Ол ризалық білдірмесе артқы машина басып озбайды. Солар дың ара-арасымен, біресе бұлт етіп оң жаққа, біресе сол жаққа шығып, моторикшалар зымырайды. Мұнда жонын түрлі-түсті ашық бояулармен сырлап тастаған такси де мол. Бүкіл Үндістанда таксидің бәрі бірдей: төбесі айқын сары, ал төменгі екі қапталы шымқай қара бояумен сырлан ған. Көшедегі көп машиналар арасынан көзімізге оттай басылып біздің «Волгалар» да жиі кездеседі. Дегенмен көшеде көп кездесетін Үндістан өндірісінің бел баласы «Амбассадоры» жеңіл машина екен. Бұл осы елдің көпшілікке арнап шығарған ең тұңғыш мол машинасы. Қара құрттай қайнаған автомобильдер астананың орталық ауданы на келіп кірді. Парламент үйіне, президент пен премьер министрдің резиденциясына жақын жерде бүкіл ел-елдің елшіліктері мен өкілдіктері орналасқан. Мынау тұрған үлкен қалашық – ағылшын елшілігі. Оның жанында Американың елшілігі. Кең көшенің дәл осы жақ қатарында совет елшілігінің үйі: тормен қоршалған қораның іші бақ, гүл шоқтары, суды аспандата атып тұрған фонтандар. Көшенің арғы бетінде айқын көкшіл күмбезді күншығыс архитектурасының стилімен салынған, түрлітүсті оюмен безендірілген Пакистан елшілігінің үйі. Көп ұзамай біздің машиналар төрт қабатты үйдің алдына келіп тоқ тады. Бұл біздің парламенттік делегация орналасатын қонақ үйі. Үнді қонақ үйлері адам тұруға өте қолайлы, тұрмысқа керекті заттардың бәрімен толық жабдықталған. Шағын көлемді терезелерін бөлмеге күн
түспейтіндей етіп ағаштан жасалған тормен жауып қояды. Бөлменің қабырғасына вентилятор орнатылған. Күйіп тұрған күннің нұрынан қашып көлеңкеге тығылуға тырысушылық тропикалық жерде салынатын үйлердің ең бір керекті қасиеті. Үйлердің терезелерін қалың салынған қабырғаның түпкі жағына орнатады, болмаса, терезенің жоғарғы жағына жалпақтау етіп қалқан жасайды. Қонақ үйдегі ресторан күндіз қаңғырап бос тұрады. Оның таңертеңгі тамағы ағылшын еліндегідей сұлыдан пісірген ботқа, яичница, сыртын отқа сәл қыздырған бір тілім нан, джем қосқан шай. Шайын мол салып үстін жылы жабумен жауып шайнекпен береді екен. Кешкі уақытта ресторанда адам көбейіп, у-шу молаяды, эстрада оркестрі ойнайтын көрінеді. Барған күні біз бос болдық. Ол күні ешқандай ресми жұмыс болмады. Сондықтан да біз келе салысымен қала қыдырып кеттік. Менің Үндістан астанасын бірінші көруім. Нью-Дели көшесін жаяу аралап келеміз. Көшесін тұңғыш рет басып, беймағлұм қаланы бірден аралау бізге оңайға түскен жоқ. «Сұрай-сұрай Меккеге барады» дегендей, біз әркімнен сұрастыра отырып қаланы жаяу араладық. Бізге түсіндірулері бойынша, Дели қаласының аты хинди тілінде «табалдырық» деген сөз екен. Шынында да Үндістан астанасы көп жолдың түйіскен торабында тұр: солтүстігінде аспанмен тірескен Гималай тауы, оңтүстігінде Тар шөлі, күнбатысында өнімі мол Инда ойпаты, күншығысында шексіз-шетсіз Ганга ойпаты. Археологтар мен тарихшылардың айтуынша қазіргі Нью-Дели қаласы кейінгі үш мың жылдың бойында осы маңда салынған үнді елінің сегі зінші астанасы көрінеді. Бір кезде бұл жерде Ұлы Моголдардың империя сының ең басты қаласы болған. Ескі Делидің бір ауданы осы күнге дейін бесінші Ұлы Моголдың патшасы Шах Джаханның есімімен, Шахджа ханабад деп аталады. Бір кезде жоғалып кеткен қалалардың қалдығын сарайларды, храмдарды, мазарларды – әр жерден көруге болады. Бұлар ескі көне заманның тамаша бір қалдығы. Біз Дели қаласының шет жағында XVІ ғасырда салынған ескі форттың қалдығын көрдік. Көне заманда осы жерде Солтүстік Үндістанның астанасы болған. Ол «Махабхарате» эпосында аталатын аты шулы бес шаһардың бірі көрінеді. Атақты осы қаланың шетінде талай рет қанды соқтығыстарда үнді елінің тағдыры шешілген. Мәселен, XІІ ғасырдың аяқ кезінде осы астананың түбінде ислам әскерлері үнді елінің отрядының күл-талқанын шығарып жеңген болатын, ал одан жүз жыл кейін Тамерлан әскері келіп, гүлдеп тұрған қаланы түп-орнымен жойып жіберген. Өткен ғасырдың орта кезінде Дели қаласы ағылшын отаршыларына қарсы күрескен үнді ұлт көтерілісінің орталығының бірі болды. Күн шақырайып төбеге келген. Ми айналып жерге түскендей ыстық. Көк майсаға толы көгілдір қаланы қыдырудың өзі бір қызық. Көше бойында қаз-қатар отырған сиқыршылар ойындары бірінен-бірі
қызық, маймыл, аю сияқты хайуандарды қолға үйретіп, айтқандарын істетеді. Олар тік тұрып билейді де, жата қалып аунайды да, жалғыз шыбықтың үстінен жүріп те өтеді. Әйтеуір істемегені жоқ. Сыбызғы ойнап жыландарды сиқырлап, айтқанын істетіп отырған тәуіптерден аяқ алып жүре алмайсың. Бұлар өткен-кеткен адамдарға ойын көрсетіп ақша табады. Біздің алдымызда бір кедергі кенет ойда жоқта пайда болғаны. Бір мүгедек қайыршы адам жолымызды бөгеп тротуарға жата қалыпты. Адамға ұқсайтын жері жоқ. Кескен жұмыр ағашқа ұқсайды. Доп-домалақ. Шалқасынан жатып сырғанап барады. Тізесі бүгулі, қатып-семіп қалған, қозғалмайды. Екі қолында да бірде-бір саусақ жоқ, басын шалқайтып алған, беті қушиып, жағы семген, жалақ-жалақ, көмірдей қара, аларған көзінде өмір нышаны жоқ, нұры сөніп бара жатқанға ұқсайды. Өткенкеткен жұрттың берген тиын-сиынын салатын қалайы кружке жатқан кішілеу жәшікті қайыршы маңдайымен итеріп, жылжып кетіп бара жатты. Осы бір сиықсыз адамның көрінісі соншалық аянышты да қорқы нышты еді. Бар сәнімен жалтылдап тұрған әсем қаланың үстін әп-сәтте түнек басқандай боп көрінді бізге. Қарапайым үнділіктердің қайыр шылық кескінін айтып жеткізе алмайсың. Менің бұл айтып отырғаным ең алғашқы көрінісі ғана еді. Кейінгі күндері мұндай қайғылы жағдайлардың бір-екі емес, талай рет куәсі болуымызға тура келді. Бұл күні жан түршігерлік қолайсыз бір жағдайға және тап болдық. Біз кітап сататын магазиннің сөресіне қарап тұр едік. Үнді елінің ұлттық қаһармандары М.Ганди мен Дж.Нерудің кітаптарын көрдік. Солардың қасындағы, мұқабасының сыртына әлемге әйгілі жалмауыз жанның суреті салынған қалың кітапты көргенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Ол сұмпайының сиықсыз келбеті бір кезде газет пен журналдардың бетінен түспеген белгілі каррикатураға айналғаны әркімге аян. Оның кертік мұрны, шығыңқы келген қисық маңдайына түскен бір бөлек ұзын шашы баршаға таныс. Иә, иә, бұл бір кезде фашизмнің иман шарты болған «Менің күресім» («Майн кампф») кітабы! Авторы кім болса, ол болсын, маған ақша тапсам болды деп білетін құлқын құмар саудагер магазин иесінің қылығына қынжылмасқа болмады. Оның осынау таңқы мұрын есіріктің еңбексымағын үнді жұртының адал перзенттері қалдырған асыл мұрамен қатар қойғанына қиналдық. Көк бояумен боялған үлкен темір қақпадан кіріп келсек, алдымыз мың түске құбылған бау-бақша. Жер жаннатына ұқсайды. Арнайы бөлінген адам тіпті ұқыпты бағып-күткен. Айнадай жайнап тұр. Оң жақта, ағаш жапырағының арасынан, төбешіктің үстінде ескі қорғандардың қалдығы көрінді. Бақтың дәл ортасында қызыл шатырлы екі қабат үй. Кетіп бара жатқан жұрттың жүрісіне қарағанда бұл үйге арғы жағынан кіретін түрі бар. Біз де сол саяхатшы елге еріп кетіп барамыз. Сарайға жақындай бергенде біздің көзімізге қабырғада ілулі тұрған, үстіне ұзын шапан киген, орта бойлы, басында ұлттық бөркі бар адамның суреті түсті. Бұл Джавахарлал Нерудің мемориалдық музейі болып шықты. Көзі тірі кезіндегі пәтер
үйі екен. Мен Дж.Неруді біздің республикамыздың астанасы Алматыға келгенде көргенім бар еді. Мына біздің алдымыздағы суретті көргенде менің көзіме ол кісінің сол күндердегі бейнесі елестеді, жүрген жүрісі, киген киімі, сөйлеген сөзі есіме түсті. Екі жетіден соң үнді елінің осы көрнекті мемлекет қайраткерінің туға нына 80 жыл толады екен. Той жақындаған сайын премьер-министрдің бұрынғы үйін, оның жарқын бейнесін көрушілердің саны күннен-күнге көбейе түсіпті. Түтінсіз алаулап тұрған, өмірі сөнбейтін оттың жаны нан өтіп, асықпастан сарайға жақын келіп үн-түнсіз бөлініп-бөлініп әр бөлмеге тарап кетіп жатқан жұрт. Үйдегі заттардың бәрі де үй иесінің тірі кезіндегідей сақталған. Қонақ қабылдайтын бөлмесі, үйге кіре берістегі киім шешетін жері, жұмыс істейтін бөлмесі, үлкен кітапханасы, ұйықтайтын бөлмелері бұзылмастан бұрынғысынша тұр. Оған қосылғаны тек Дж.Нерудің өмірі мен әртүрлі кезеңдегі қызметін баяндайтын суреттер, экспозициялар екен. Дж.Неруге әрбір жеке адамның, әр үйдің берген көптеген сыйлықтарын көрсету үшін арнайы үлкен бір бөлме жаңадан жабдықталыпты. Біз жұртпен ілесе қайтыс болған премьер-министрдің жұмыс бөлмесінің алдына келіп бір тоқтадық. Онда өмір бойы даусы өшкен екі телефон, түрлі сөздер жазылған календарь тұр. Оның қасына парлап жегілген үш аттың – орыс тройкасының мүсіні қойылыпты. Бұл Совет үкіметінің берген сыйлығы екен. Ұлы қайраткер адамның үй тұрмысын және қызмет істеген жерін көрдік. Ірі жазумен жазып қабырғаға іліп қойған Неру сөзінің мәні жүрекке жылы тиді. Бұл сөздер премьерминистрдің халық үшін еткен қызметін қолдаған адамдар мен жастарға айтқан үндеуі екен. «Олар, – делінген транспарантта жазылған жазуда, – мені үнді елінің премьер-министрі деп атады, бірақ мені үнді халқының қызметшісі десе дұрыс болар еді». Дж.Неру ешқандай блокқа қосылмау жөніндегі саясат авторларының бірі. Совет Одағымен дос болуды, қарым-қатнасты күшейте түсуді Үнді елінің сыртқы саясатының негізгі өзегі деп есептейтін Үндінің ұлттық қайраткері есебінде совет адамдары оны мәңгі есінде сақтайды. Жиырмасыншы жылдардың өзінде қызына, қазіргі кездегі Үнді елінің премьер-министрі Индира Гандиге жазған хатында Неру жас Советтік Россияның ілгері басып, прогрессивтік жолда жаңа табыстарға жеткендігіне, гүлденіп өсіп келе жатқанына көңіл аударудың керектігін айта келіп, сол жолдың басқа елдер халықтары үшін де пайдалы екендігін көрсеткен. Ағылшын отаршыларына қарсы күресінің алғашқы қадам басқан кезінің өзінде ол: «дүние жүзінің және үнді елінің проблемаларын шешудегі ең дұрыс жол – социализм жолы» – дегеи қортындыға келген болатын. «Социализм, – деп жазды Неру, – экономикалық құбылыстан көрі әлдеқайда жоғары тұрған құбылыс, ол өмір философиясы есе бінде менің көңілімді аударады. Бұл цивилизацияны түсіну үшін Совет Одағынан үлгі алған жөн... Егер біз келешекке сеніммен қарайтын болсақ, онда бұл сенім ең алдымен Советтік Россияның және осы кезге дейін сол елдің қол жеткен табысының үлгісі».
Отаршылдар Үнді елінен мәңгі қуылғаннан кейін, сол елдің бірінші ұлттық өкіметін Дж.Неру басқарды. Ол Совет елінің өсу тәжірибесін пайдалана отырып, Үнді елінің экономикалық және әлеуметтік өсуін қалай да болса қамтамасыз ету жолында көп күш, жігер жұмсады. Ол кісінің тілегі бойынша мемлекеттік экономика секторы ұйымдастырылды, социалистік елдермен байланыс күшейіп, нығая түсті. Үндістанның бүкіл прогресшіл қоғамы өз елінің демократия және социализм жолымен ілгері қарай қадам басуын қайтыс болған премьерминистрдің есімімен тығыз байланыстыратыны музейдің әрбір экспо натынан, оған келген әр адамның жүзінен айқын танылады. Дели қаласында да, Үндінің басқа үлкен қалаларында да кино рекламадан аяқ алып жүре алмайсың. Бұл осы елге тән құбылыс деуге болады. Көше толы үлкен тақтайға әсем жазылған рекламаларда көбінде үнді фильмдерін үгіттейді, соны көруге шақырады. Бұған таңданудың да жөні жоқ, өйткені фильмдер шығару жөнінде Үнді киноөндірісі бүкіл жер жүзінде алдыңғы қатардағы елдермен таласа алады. Кеш болды, одан соң оңтүстіктің жылы түні – біздің үнді еліндегі алғашқы түніміз болды. Қайда барамыз, нені көреміз деп таңдап жататын жағдай болмады, біз жақын жердегі бір кинотеатрға кеттік. Бізді бастап келе жатқан Владимир Николаевич Ярошенко, алдымыздағы афишадағы жазуды алыстан оқып: бүгін «Сіз тек қана екі рет тұрасыз» деген американ комедиясын көрсетеді екен деп, ұнатпай қалды. Біз өзара ақылдастық та, не де болса, сол картинаны көретін болдық. Кісі басы үш рупийдан төледік те, бәріміз жоғары қабатқа көтеріліп, ауасы тіпті тар үлкен залға кірдік. Фильм көңілді болып шықты, уақыттың қалай өткенін де білмей қалдық. Кино бітісімен далаға шықсақ, электр шамына малынып, көше күндізгідей жарық екен. Біз алғашқы түні де, одан кейін де кешкі көшенің көрінісіне Үнді елінің «құрғақ заңының» еткен әсерін айқын байқадық. Көшеде жүріп бара жатқан адамдардың арасында мас болып, қылжаңдап жүрген бірдебір жанды көрмейсің, тіпті арақ ішіп көңіл көтеріп жүрген кісіні әсте кездестірмейсің, ресторанда отырып арақ ішкен жанды және байқа майсың. Осы елде болған кезімізде бұл мәселеге байланысты қатал заңды кетеркеткенше толық түсіне алмадық. Ал шет ел адамдары Үнді елінің «құрғақ заңын» орындамайды. Шеттен келген адамдарға қай штатта болмасын үкімет орындарының арнайы берген рұқсатымен «ликер-пермит» деп аталатын спиртті шарапты сатады. Олардың паспорттарының көрнек ті жеріне мөр басады, ол шет ел азаматының сол күннен бастап еш қандай мөлшерсіз, арақты қанша ішем десе де ерік өзінде деген куәлігі. Ал жергілікті адамдарға ше? Міне, осыған келгенде, көп түсінікті керек етеді. Кейбір штаттарында спирт шараптарын сатуға болмайды, ал, басқаларында спирт шараптары жылдың қай кезінде болмасын сатыла
береді. Осы бір екі түрлі заңның арасында басқа бір үшінші заң тағы бар. Мәселен, Дели қаласында жеке меншік үйлерге, ресторандардағы арнаулы залдарға және клубтардың мүшелеріне «құрғақ заң» қолданылмайды. Ал, көпшілік тамақтанатын асханаларда «құрғақ заң» мүлтіксіз орындалуға тиіс. Ресторанға кіре берісте «құрғақ күн» – деген құлақтандыру ілулі тұрады. Осы заң бойынша шарап сататын магазиндер сейсенбі және жұма күндері жабық болады, сол сияқты мейрам күндері де спиртті шараптар сатылмайды. Бұл қатаң заңның қаншалықты пайдасы бар екендігін сөз етпегеннің өзінде, дәл осы мас болмаушылық әрбір үнді адамына тән қасиет. Көп ұзамай біздің көз алдымызға бір тамаша көрініс пайда бола кеткені: шатырдың астында жайылған кілемнің үстінде, жатаған ұзыншақ столда ағаштан, жезден, күмістен, қоладан, асыл тастан жасалған толып жатқан бұйымдар тізіліп жатыр. Жалт-жұлт еткен асыл тастан тізілген алқалар ілініп қойылған, тағы да ағаштан, темірден жасалған толып жатқан жануарлардың, адамдардың және құдайлардың мүсіндері ілулі тұр. Дәл осы жердің өзінде бамбуктің жарқыншағынан тоқылған үлкенді-кішілі корзинкалар: олардың ішінде бір жарым метрдей биігі де, биіктігі жарты метрден аспайтындай балаларға арналған жатағандары да бар. Келесі бір сауда бөлегінде аңшының аспаптары, тағы хайуандарды және құс ататын үлкенді-кішілі садақтар, қолдан соғылған пышақтар тізіліп тұр. Үндістанда әлі күнге дейін аң аулап күн көретін адамдардың бар-жоғын білмедім, бірақ мұнда аң аулайтын аспаптар қисапсыз көп те, оны сатып алушылар да жеткілікті. Әсіресе садақтың көптігіне сан жетпейді. Садақтың өзі бамбуктың жуан жағынан жасалады екен де, екі басын өте мықты және жіңішке жіппен керіп тас қып байлап тастайтын көрінеді. Садақтың оғын бамбуктің жіңішке жерінен алып, оны жақсылап тұрып жонады екен де, ең үшкір ұшына ақ бояумен боялған үшкір темір қондырады екен. Бұл жыл бойы таңның атысынан күннің батысына дейін үздіксіз сауда істейтін бүтін дүние жүзіне әйгілі Тибет базары болып шықты. Үндістанға келген саяхатшылар бұл базарға бір соқпай кетпейді. Өзінің тұрған жері де оңтайлы – қаланың ортасында. Біздің жаңа ғана келген адамдар екенімізді біліп қалған саудагер лер бірінен соң бірі өздерінің шатырларына шақырып, бей-берекеті мізді алды. «Тек сіз үшін ғана өте бағалы зат түсті, өкінбейсіз, сатып алыңыз», – деп машықты саудагерлік сөздерін жақ жаппай қайталай береді. Соның арасында маңайымызды қаптаған балалар қоршап алды. Олар саудагерлердің, «әрі кет» деп қуғанын тыңдайтын емес. Қасымызға қайдағы бір сенімсіз жылпос адамдар келіп: доллар айырбастаймыз, бағалы тас сатамыз, такси шақырып береміз, керек десеңіз сұлу қызбен таныстырамыз деп қутыңдап, және мазамызды кетірді. – Қой, кетейік, – дедім мен Ярошенкоға. – Иә, «Есің барда елің тап» деген қазақ мақалын басшылыққа алайық, – деді ол күліп.
Енді қозғала бергенімізде, он жасар бір бала кездесе кетті. Бізді көре салып ол екі қолымен ішін басып, ақсаңдап соңымызға ерді. «Бакшиш, сэр», дейді ол аянышты дауыспен. Соңымыздан елу метрдей жер еріп келді де, біз ештеңе бермеген соң аяғы да, іші де жазылып, бізге қарап бір күлді де, кейін қарай жүгіріп, өзінің үйреншікті жеріне қайтты. Көшедегі қайыршылардан аяқ алып жүре алмайсың. Үлкен қаланың бір бөлегінің қақпасын ашып ылғи жарымжандарды, мүгедектерді, ауруларды қаптатып қоя берген екен деп ойлайсың. Әсіресе, осылардың ішінде балалар көп-ақ, осы бір көріксіз жайды көргенде адам шыдап тұра алмайды екен. Біздің алдымызға 12 жасқа келіп қалған бір қыз тоқтай қалды, өзі әбден жүдеу, өмірден торыққан, қайғылы пішінде. Қолында маймылдың баласына ұқсайтын титімдей перзент; перзенттің басында шаш жоқ, қолы мен аяғының жуандығы саусақтай ғана... В.Н.Ярошенко тоқтауға болмайды деп бізді ілгері қарай бастай берді. Көп кешікпей-ақ оның бізге берген кеңесінің дұрыс екендігін көзімізбен көрдік: қайыр шыға жаны ашыған бір жолдасымыз тиын-сиын алмақ болып, қалтасына қолын сала беріп еді, өзгелер оған қарай лап қойды. Біз жолдасымызды әрең арашалап алдық Қайыршылар қалтаңнан ақша көрсе, лап беріп қоршайды екен де, сөйтіп бергеніңді қолыңнан, бермегеніңді жолыңнан алатын болса керек. Ескі қаланы қыдырамыз, көреміз деп барған біз қайыршылардан қашып әзер құтылдық. Ең аяғында, В.Н.Ярошенко бір таксиды тоқтатып, бізді отырғызып қонақ үйге алып кетті. Сырт көрінісі әдемі келген Үнді астанасының көшесіндегі мынау қасіретке толы өмірі бізге соншалық әсер еткендіктен, жол бойы әңгі меміз де солардың аянышты халі жөнінде болды. Владимир Николае вич үнді елінде ағылшын тілінде шығатын «Стейтсмен» деген газеттен «Қайыршылардың түсімі» деп аталатын мақаланың мазмұнын оқып, бізге аударып берді. Мақаланың айтысына қарағанда ноябрь-декабрь айларында Дели қаласына саяхатшылар көп келетін көрінеді. Өйткені бұл мезгілде күн салқын, жауын да жаумайды, саяхатшылар үшін ең қолайлы кез. Соны білген қайыршылар бұл кезде үлкен елдің тұстұсынан, әсіресе, оңтүстігінен ағылып Делиге келіп, қаптап жүретін болса керек. Қайыршылар қолы ашық, көңілшек саяхатшылардан қайыр сұраудың жаңа тәсілдерін тапқан. Мәселен, жоғарыдағыдай аш баланы алдыңа тосып, қайыр сұрайды. Немесе алапеспен ауырған кісі боп денесіне түскен жарасын ашып көрсетіп, аяғыңа оралып, жатып алады. Одан әрі газет бір күні қайыршылардын саяхатшылар мінген автобусты тоқтатып қоршап алғанын жазады: Олар: «егер бізге ақша төлемесеңдер автобусты босатпаймыз» деп тұрып алады. Әбден үрейлері ұшқан саяхатшылар автобустың есігін ішінен жауып алып, полицейлер келіп, оларды қайыршылардың торынан босатқанша тапжылмастан отырған көрінеді. Бұл әбден шектен шыққан дөрекі әдіс. Мына бір жәйт онан көрі «сыпайырақ» десе де болады. Кетіп бара жатқан жүргіншінің
қасына алапеспен ауырған адам жүгіріп келіп, қолына ұстаған үнді елінің мемлекеттік жалауын костюмінің дәл кеудесіне қадай қояды. Әрине, алапестен жиіркенген адам кенеттен пайда болғай жалауды жұлып алып, жерге лақтырып жібереді. Сол маңда толып жүрген қайыршылар жабы лып оны полицияға сүйреп әкеледі. Біздің елдің мемлекеттік жалауын аяққа басып масқаралады деп ант ішіп, куә болатын адамдар даяр тұратын көрінеді. Қайыршылардың біреуін итеріп жіберуден сақтасын – онда аяқ астынан пайда болған куәлар қайыршыны ұрды деп саяхатшының үстіне полицияға тергеу жүргіздіреді. Қысқасын айтқанда, үнді елінде қайыршылық өзінің тамырын терең жайған да, өте ойланып, ұйымдасқан түрде істелетін кәсіпке айналып кеткен. Елдің айтуынша, кедейлердің көпшілігі туған күннен бастап өзінөзі қайыршылыққа дайындайтын көрінеді. Керек десең, олар өз балала рын жұрттың жаны ашып, аясын деп, жас күнінде әдейілеп мүгедек етеді дейді. Ол үшін не қолын, не аяғын кесіп, болмаса көзін шығарып соқыр, белін сындырып жарымжан жасайды. Көшеде шалқасынан жатып сырға най жылжып, жұрттың берген садақасын салатын жәшікті маңдайымен итеріп бара жатқан адамды, садақаны көбірек жинасын деп бала кезінің өзінде-ақ әдейі қолдан мүгедек еткен. Бұл, көне заманның ең сұмпайы әдетінің бірі болуға тиіс. Қазіргі заманда мұндай сұмпайы әдетпен күрес жүргізіп жатқаны белгілі, осы күні мұндай жанға ұқсамайтын мүсәпірлер аз кездеседі. Бостандық сүйгіш Үнді елі адамгершілікке қарсы мұндай сорақы қылмыс үшін сотқа тартып жазалайтын заң қабылдаған. Тәуелсіз елдің алдында осы қиыншылықтарды жою жолында қанша ма асулар тұрғандығын осы елге жаңа келген адам сөз қатпай-ақ түсінеді. Үнді тарихы, жоғарыда айтылғандай, мыңдаған жылдарға созылатын көне тарих. Көрнекті қайраткерлердің, елдердің, халықтар тағдырының бірімен-бірінің тығыз байланысып жатқандығынан көптеген драмалық оқиғалар туралы қызықты етіп айтып беруге әбден болар еді, бірақ ол үшін тым көп уақыт керек. Сондықтан, өз еркімен өсу жолына түскен тәуелсіз елдің басшы адамдарының алдында қазірдің өзінде жедел шешуді күтіп тұрған проблемалар жөнінде кейбір түсініктер беру үшін, сол елдің тарихындағы негізгі кезеңдерге тоқтай кеткенді жөн кердік. Үнді – халқының саны жағынан Қытайдан соң екінші ел. Қазіргі за манда жер шарының әрбір жетінші тұрғыны – үнділіктер. Орыс саяхатшысы Афанасий Никитиннің артына тастап кеткен мейлінше қызықты «Үш теңізден асқанда» («Хождение за три моря») деп аталатын жазбалары, әрине, оқушылар қауымына белгілі. Тверь саудагерінен кейін шамамен есептеген жиырма жылдан соң Үндіге Васко да Гама барды, сол кезден бастап, европалықтар осы экзотикасы мол және өте бай елмен қарым-қатынасты кең түрде күшейте бастады. Тамерланның шөберелері Ұлы Моголдар нәсілінің өрен-жараны гүлдеп өскендігі Үнді елі үшін XVІ және XVІІ ғасырдағы үлкен бір белес, көрнекті оқиға болды. Ақпардың кезінде үсті-үстіне еселей соққан шабуылдардың
нәтижесінде Тибет тауларынан бастап Бенгаль түбегіне дейін үлкен им перия құрылды. Ерте замандағы барлық ұлы империялар сияқты Үнді империясы да елді қорқытумен, ұрып-соғумен үрейлендіріп, зәресін алып ұстаған. Әрбір кезеңде қайталап тұрған халық ереуілі, мәселен, сикхтардың ереуілі сияқты көтерілістер мемлекет құрылысын шайқап, сетінетіп кетіп отырған. XVІІІ ғасырда Үнді еліне персілер шабуыл жасады. Бұл шабуылды басқарған Надир шах болды. Жүрген жерінің бәрін қырып-жойып, өртеп қараң қалдырды. Қатал басқыншылардың қолына Ұлы Моголдардың ең соңғы бағалы, асыл қоймалары түсті, оның ішінде «Павлин тағы» және дүние жүзіндегі ең үлкен «Нұр тауы» деп аталатын бриллиант бар. Үнді халқының қандай тарихи сыннан өткендігі туралы Карл Маркс «Ұлы Моголдың жоғарғы үкіметін құлатқан өзінің жергілікті адамдары болатын... Барлығы сикхқа қарсы күресіп жүргенде, ағылшындар бас салып олардың бәрін де бағындырып алды» деп мінездеме берді. 1877 жылы Дели қаласында болған арнаулы қабылдауда үндінің барлық князьдерінің қатынасып отырған жерінде королева Виктория Үндінің императрицасы болды деп жариялады, сөйтіп бұрынғы өз еркімен жүрген князьдіктерді ағылшын короліне тікелей кіріптар етіп бағындырды. XІX ғасырдың орта шенінде Үнді елінің ұлттық интеллигенциясы шыға бастады. Үнділіктерге білім беруге онша ынтасы жоқ ағылшындар дың бақылауымен азды-көпті берген біліміне ауыз тұшымайды, ел билеу үшін өте керекті білімі бар жаңа сапалы адамдардың үнділердің арасынан пайда бола бастағанын Карл Маркс кезінде көре білді, оны үнді жөніндегі еңбектерінде ашық жазды. Империалистік және феодалдық қанаудың күшейе бастауы аштық жылдардың жиі-жиі қайталап тұруына және кісі өлімінің адам айтқысыз көбейе түсуіне әкеліп соқты 1908 жылы үндінің революционері Т. Дас Ясная Полянадағы Л.Н.Толстойға былай деп жазды: «...орыс халқы бір кезде құлдықта болды, бірақ оны Үнді еліндегі халықтардың тұрмыс жағдайымен салыстырсақ, орыс халқы ең езілген халық деуге бол майды. Кейінгі 107 жылдың ішінде болған соғыстардан бүкіл дүние жү зінде небәрі 5 миллион адам қаза тапса, Үндіде аштықтан он жылдың ішінде 19 миллион адам қаза тапты. Қандай да болмасын соғыстан көрі Үндідегі аштық өте қауіпті. Ол еліміздегі азық-түліктің тапшылығынан болып жатқан жоқ, ол ағылшын өкіметінің елімізді қанап, халқымызды талан-таражға ұшыратқанынан болып жатыр. Үндіде миллиондаған адам ашығып жатқанына қарамастан, ағылшын саудагерлері мыңдаған тон на күрішті және басқа азық-түлікті еліне әкетіп жатқаны барып тұрған масқаралық емес пе?» Ұлы Британия өз метрополиясында адамның тұрмыс жағдайы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары деп мақтанып даурыққанын түсі нудің кілті міне осында. Ал сол кезде «оның меруерт ордасында» (ағыл шындар Үндіні осылай деп атаған) көптеген үйсіз-күйсіз қалған адам дар аштан өліп қалмау үшін аз да болса өзіне тамақ тауып күн көруге жас кезінен бастап өз еркімен мүгедек болатын болған.
Үндіде бірінші орыс революциясының ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысы күшейе бастайды. В.И.Ленин былай деп жазды: «Мировой капитализм и русское движение 1905 года окончательно разбудили Азию. Сотни миллионов забитого, одичавшего в средневековом застое насе ления, проснулись к новой жизни и к борьбе за азбучные права человека, за демократию». Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Үндінің саяси аренасына Мохандас Карамчанд Ганди келеді, көп ұзамай ол Үнді елінің ұлт-азаттық қозғалысының белгілі басшысы болады, кейін ол кісіні Махатма (Ұлы хан) деп атап кетеді. Жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінде солшыл ұлтшылдық қозғалыс ұйымдасады. Ол қозғалыстың басшыларының бірі Дж. Неру болады. Англия екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үндінің материалдық мүмкіншілігі мен адам ресурсын толық пайдаланды. Ағылшын армия сына 2,5 миллион үнділіктерді шақыртты. Үндінің соғысқа жұмсаған шығынының жалпы сомасы бір миллиард фунт стерлингтен асып кеткен. Үндінің өз жерінде көптеген әскер ұстайтын болды. Бұл жағдай халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің бірден нашарлап кетуіне әке ліп соқты. 1943 жылы бұл елде халық аштыққа ұшырады. Сол аштықтан бір ғана Бенгалияда 4,5 миллион адам қаза тапқан. 1946 жылдың екінші жартысында және 1947 жылдың бас кезінде жұ мыскерлердің ереуілі бірден үдей түсті, әсіресе, шаруалардың феода лизмге және империализмге қарсы күресі етек алып, бұрынғысынан да күшейді. Бұл жағдайда Ұлы Британия өкіметі «Тәуелсіз үндінің заңы» деп аталатын декларация шығарды. Осы заң бойынша Үнді елі екіге бөлінді: Хиндустан үнді мемлекеті және Пакистан мұсылман мемлекеті. Үндінің тәуелсіз мемлекет екендігі жөніндегі статусын тапсырмас бұрын Совет Одағы Үнді мемлекетін мойындап, онымен дипломатиялық қарым-қатынас жасады. 1950 жылдың 26 январы күні Үнді тәуелсіз республика болды деп жарияланды. Үкімет басына үнді буржуазиясының келуі елдегі саяси жағдайды бүтіндей өзгертіп жіберді. Ұлт-азаттық күресі кезінде екінші қатарға кейін шығарылған Үнді қоғамындағы таптар тартысы, ендігі жерде алдыңғы қатарға шығып, күн тәртібіндегі ең басты мәселе болды. Жұмыс керлер мен өндіріс иелерінің, шаруалар мен помещиктердің арасын дағы тап тартысы бірден шиеленісуі осы өзгерістің әсерінен болды. 1957 жылы болған жалпыға бірдей парламент сайлауының қорытындысы көп нәрсені аңғартады. Халық палатасы мен штаттардағы заң шығаратын жиналыстардағы көпшілік орынды, әдеттегідей, сол елдегі ең күшті саяси партия ұлт конгресінің өкілдері жеңіп алды. Бірақ та кейбір аудандарында аренаға шыққан басқа күштің өкілдері өктем болды. Мәселен, Керала штатында коммунист партиясы үлкен табысқа жетті. Сөйтіп осы
штатта өзінің үкіметін құрды Бүкіл Үнді елі бойынша есептегенде Үнді Компартиясы 12 миллион дауысқа ие болып, халық палатасынан 27 орын, заң шығаратын жиналыстан 162 орын алды. Елдегі демократиялық қозғалыстың күшейе түсуі, былайша айтқан да, Компартияның позициясы нығая түсуі, үстем тап өкілдерін қатты ойландырды. Үнді еліндегі реакциялық күштер бұл жағдайды бүтіндей жою үшін барлық күш-жігерін салып, елдегі қол жеткен демократиялық табыстарға қарсы жалпы ұлттық көлемде шабуыл бастады. Біздің Үнді елінде болған кезіміз сол елдегі саяси жағдайдың шие ленісіп тұрған кезіне дәл келді. Парламентаралық Одақтың 57-конферен циясына жиналған осы елдің қонағы, сол бір өте көңілсіз жағдайдың еріксіз куәсі болды. Ықпал үшін, өкімет басқару үшін, ең аяғында тәуелсіз Үнді елінің өсетін жолы үшін келіспестік күрестің куәсі болды. Парламентаралық конференцияның ашылуына әлі де бірнеше күн бар-ды. Біз оған дейін Үнді астанасындағы достарымызбен, таныстары мызбен кездесіп, қала аралап уақытымызды өткіздік. Ескі Делидің жаңа қаладан бөлек тұрғандығы жөнінде мен жоғары да айтсам керек. 1911 жылы Үндінің астанасы Калькуттадан осы Делиге көшірілген екен. Жаңа қала сол кезден-ақ тез өсе бастады. Қазір Үндінің астанасын Нью-Дели деп атайды. Ығы-жығы адамға толы, ерсілі-қарсылы ағылып жатқан маши налардан аттап баса алмайтын үлкен-үлкен көшелері бар көрікті көр шісіне бойындағы сән біткеннің бәрін беріп ескі қаланың өзі қатты ұйқыға кеткенге ұқсайды. Үйлерінің сырты лас, иен қалғандай аңғалсаңғал, көше толы қоқсық – міне, ескі кварталдардың кейпі осы. Шаңға толы бұл ескі қаланың тұрғындары үйсіз-күйсіз қайыршылар, мүгедектер. Олардың кездеспейтін жері жоқ. Ілбіп, ешбір себепсіз қоқыр-соқырдың үстінде жүрген, ағаштың көлеңкесінде отырған бейшара болған адамдар. Тіпті әуелі олардың көлеңкеде ұйықтап жатқанын көресің. Кейбіреу лерінің төсекке ұқсайтын, өзінің «Чарпайы» бар, онысы жіңішке төрт тақтайдың басын қосып байлап, үстін жіппен торлап тастаған бірдеңе. Күндіз бұл төсегін жоғарылау бір жерге іліп қояды, болмаса үйдің қабыр ғасына сүйей салады. Күн батысымен, «Чарпайын» көшенің адам жүретін жолына қойып ұйқыға кіріседі. Бір күні біз ескі қаладағы кішілеу ғана лавкаға келдік. Лавканың иесі бізді көріп далаға жүгіріп шықты, еңгезердей биік қара сақалды адам екен. – Келіңіздер, келіңіздер, – деп бізді лавкасына шақырып әуре болды да қалды. Өзі бізбен тап-таза орыс тілінде сөйлесіп тұр. Күштеп лавкасына енгізді. Бізді лавкасының қақ ортасында тұрған диванға отырғызып, бөтелкені ашты да, сок ішуді ұсынды. Біз ескі Делиде орыс сөзін естіге німізге соншалық таңданып, бұл қайдан орыс тілін үйреніп алды екен деген сұрау көмейімізде тұрды.
– Сіздер Совет Одағынансыздар ма? – деп саудагер бізден сұрай бастады. – Бірден қайдан, қай жерден келгендеріңіз беп-белгілі болып тұр. Сіз қай елден, қай жерден келдіңіз? – Мен СССР-дан келдім, – деп жауап бердім мен. – СССР-дың қай жерінен келдіңіз? – Мен Қазақстаннанмын. – О! – деп лавканың қожасы қуанып қалды. – Жақсы білемін. Менің Қазақстаннан келген досым болған. Мүмкін естіген де боларсыз, білуіңіз де мүмкін: ол Тәжібаев деген кісі. Артынан сұрастыра келсек, саудагер ұзақ уақыт бойы Делидегі Совет елшілігіндегі магазиннің де қожасы болып шықты. Орыс тілін жақсы білетіндігі де сондықтан екен. Сонда жүріп елшіліктің бірінші советнигі Төлеген Тәжібаевпен танысқан болып шықты. Төлеген Тәжібаевтың бір кезде Қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары және Сыртқы істер министрі болып қызмет істегенін оқушы жұртшылық жақсы білуге тиіс. Төлеген Тәжібаевтың қайтыс болғанын естіп, лавканың қожасы мұңайып төмен қарап, біраз уақыт бұйра шашты басын шайқап, сілейіп тұрып қалды. – Әй-әй-әй! Өте жақсы адам еді. Егер мүмкін болса, ол кісінің семья сына менің атымнан сәлем айта барыңызшы. Мен ол кісінің семьясының бәрін де білуші едім, біз жақсы дос болған едік. Бізді шығарып саларда ол қолын созып, маған өзінің визиттік карточкасын ұсынды. Карточкада мынадай сөздер бар екен: «Шуриндра, шұға, аяқ киім. Импорт, экспорт». – Шұға сатушы және киімнің маманы бұл саудагер өзінің сауда орнының маңызын тым асырып мақтаған-ау деп ойладым мен. Өйткені лавкасы ұсақ-түйек сататын ғана лавка көрінеді. Бірақ та сауда жұмысында рекламаның маңызы өте зор, көп нәрсені шешетін сол. Сондықтан бұл да визит карточкасында жаман лавкасын дардай ғып көрсетуге тырысқан болар... Бір күні мені Совет елшілігінің баспасөз атташесі Л.П.Владимиров Дж. Нерудің атындағы сыйлық беретін комиссияның жиналысына шақырды. Үнді елінде қайтыс болған премьер-министрдің атында ақша қоры бар екені белгілі, бұл сыйлықпен Үнді және СССР халықтарының арасындағы достық қатынасты нығайтқан мәдениет қайраткерлері наградталады. Ол күні сол комиссияның ең алғашқы мәжілісі болды. Мен онда ескі бір танысым Үнді елінің Совет Одағындағы бұрынғы елшісі Кришна Менонмен кездестім. Ол кісі қазір «Үнді – СССР» ассоциациясының председателі екен. Кришна Менон ұзақ уақыт Совет Одағында болып, орыс тілін жақсы үйреніп алыпты. Біз біраз әңгімелестік. – Міне қуаныш, – деді де, бұрынғы елші бізге қарап бақылап отырған достарына түсіндіре бастады, – ескі досымды кездестірдім! Өткен жылы Менон Үнді елінің делегациясының құрамында СССР-де болды, сол сапарында біздің Алматы қаласына да келген. Ол кезде мен
үйде болмадым, шет елде жүрдім, біздің Үнді досымыз сол үшін өте өкінген екен. Ол біздің шетелдермен мәдени байланыс жасайтын республикалық қоғамның председателі Роза Шамжановамен танысыпты, менен сол кісіге көптен-көп сәлем айта баруымды сұрады. Осы жерде Кришна Менон бізді өз елінің ірі саяси қайраткерлері Бахадур Сингх және Ранаджанамен таныстырды. – Мына кісі біздің достарымыз, – деп түсіндірді ол, жымиып күліп. – Сондықтан сіздің де достарыңыз. Ескі дипломаттың өз сөзіне терең мағына беріп ойын бүгіп қалып тұрғаны сезіліп тұр. Біздің өзіміз де сол елде болып жатқан жағдайларды аз да болса түсіне бастаған болатынбыз, сондықтан Менонның сөзіндегі құпия мағынаны біз де аңғарғандай болдық. Бір кеште бізді Үнді елінің белгілі жазушысы Саджат Захир үйіне қонаққа шақырды. Совет Одағының үлкен досы Саджат Захир прогресшіл жазушылардың бүкіл үнділік ассоциациясын басқарады. Біздің елдің оқушылары С.Захирдің 1960 жылы Москвада басылған «Таңдамалы» шығармасын және 1968 жылы орыс тіліне аударылған «Балқыған сапфир» атты романын жылы жүзбен қарсы алды. Саджат Захирдің семьясы – әйелі және үйленген ұлы – екі қабат үйдің бірінші қабатында үш бөлмеде тұрады екен. Үй жиһаздары өте жұпыны көрінді. Бағалы кітаптары мол сияқты. Үйдің қабырғасының екі бетін түгел алып жатыр. Кітапханасында Л.Толстойдың, М.Шолоховтың, А.Фадеевтің кітаптары тұр. Орыс тіліндегі кітаптар жеке, оңаша қойылған, ол – үй иелерінің орыс тілінде, біздің елде шыққан кітаптары. С.Захирдің жұбайы Разия ханум да жазушы. Ол кісінің көпшілікке белгілі «Куртизандар қызы» атты романы орыс тіліне аударылып шықты. Ұлы – ақын екен. Бүкіл семьясы түгелдей жазушы. Сода суына мұз қосқан вискиді іше отырып, барлық кездесу лердің бәрінде өзгерместен алдыңда тұратын шарап осы, біз Захирлар дың семьясының Алматыда болған кезін еске түсірдік. Біздің еліміздің қонақтарына қазақтың белгілі жазушысы Әбділда Тәжібаев үлкен әсер еткен екен: «Ол өте білімді, көне шығыстың мәдениетін терең білетін адам екен», – деді С.Захир. Әңгіме үстінде, олар өте бір жылы шырай мен Мұхамеджан Қаратаевты, Әнуар Әлімжановты және Қабдікәрім Ыдырысовты еске алды. – Біздің бұл танысқанымыз өмір-бақи есімізде қалды! – деп Саджат Захир сонша бір жылы жүзбен айтты. Мен оның жанарынан жарқ еткен қуаныш ұшқынын, жүзінде ойнап шыға келген мейірім шапағын байқап қалдым. Осыдан үш жеті бұрын жазушы семьясы тағы да Совет Одағында болып қайтыпты. Бұл сапарында Саджат пен Разия Ереванда болған армян әдебиетінің классигі О.Туманянның 100 жасқа толған мерекесіне қатынасыпты. Алдыңғы барып қайтқан сапарынан алған әсері ұмытылмай тұрып, үй иелері меймандос совет жерінде өткізген күндеріне қайта-қайта оралып, айтып бітіре алмай отырды.
Біз 1970 жылы Дели қаласында өткізілмек болып жоспарланған Азия және Африка жазушыларының симпозиумын да әңгіме еттік. Әдебиет шілердің бұл халықаралық форумына үнді жазушыларының қызу түрде дайындалып жатқанын Саджат Захир толық айтып берді. – Оның үстіне, – деді ол, – Үндінің премьер-министрі Индира Ганди дің өзі симпозиумның дайындық жұмысына да, мәжілісіне де қатына суға келісім берді. Үнді еліне Азия мен Африка елдерінен 200 жазушы, ал Европа елдерінен 100 шамалы жазушы келеді деп отырмыз. Кенеттен телефон шылдыр ете қалды, Саджат телефонның құла ғын алып біреумен сөйлесті. Телефон соққан Мулк Радж Анан екен, ол да біздің ескі танысымыз. Өткен жылдың жазында Алматы қаласында халықаралық «Лотос» журналының редколлегиясының мәжілісі болған. Сол мәжіліске Мулк Радж Анан да қатынасқан. Ол кісінің уақыты болмай, біз бұл жолы кездесе алмадық, тек телефонмен ғана сәлемдестік. Үй қожасы телефонмен сөйлесіп жатқан кезде, Разия ханум екінші бір бөлмеге барып, ағаштан өрнектеп ойып өте шебер жасалған шырағдан және бір коробка бенгаль шамын алып келді. Шырағданға орнатылған бенгаль оты жанғанда үй ішіне көңілді, ашық жарқын өң бергендей сезінесің. – Ескерткіш есебінде, осы бір шырағданды қабыл алыңыз, – деді Разия. – Өзіңіздің жазу столыңызға қойып, Делиде бізбен кездескеніңізді еске алатын болыңыз. ...Қазір үнді жазушыларының берген сол сыйлығын, ең асыл заттай көріп, өзімнің жазу столыма қойдым. Көз алдымда тұрады. Әр уақытта бенгаль отының жанған ұшқынына қарап, алыс континенттегі шын таза жүрегімен, құшағын жайып қарсы алған жарқын жүзді достарымды көргендей боламын. Меніңше, жердің шалғай болуы біздің жалпы адамгершілік жолындағы ұлы міндетімізді орындауға еш уақытта кедергі бола алмайды... Біз тұрған қонақ үйдің дәл жанында көше жөндеп жатты. Біз күн сайын өзгермей қайталана беретін біртүрлі көріністі көріп таң қалдық. Ылғи басына талдан тоқылған корзинка көтеріп жұмыс істеп жүрген әйелдер. Олардың аяғын ақырын басып, ілбіп кетіп бара жатқанын көресіз, бет келбеті соншалық суық, ашудың ізі бар. Басындағы жүкті жол жиегіне әкеліп төгіп жатыр. Олар аяқтарына пружина орнатып, бұрап жүргізіп қойған сияқты тыным таппайды. Бір минут тыныс алатын уақыт та жоқ па деп ойлап қалдым. Таң сәрісінде болсын, кешкі ақшам кезінде болсын ылғи бір ауыр жұмыстан шаршаған әйелдердің қаздай тізіліп, төбесімен корзинкалар тасып жүргенін көресіз. Ал еркек жұмыскерлер қиыршық тасты үлкен корзинкаларға салып жүр. Біз осы адамдардың күні бойғы табатын табысын білмек болдық. Жауап онша көңілдегідей болып шықпады: он сағат бойы жұмыс істейтін әйелдер барды-жоғы екі-ақ рупий еңбек ақы алады екен. Егер бір доллар 7,5 үнді рупиына тең болатындығын еске алсақ, жол жөндеп жүрген
жұмыскерлердің еңбек ақысы шын мағынасында тиынға теңелетіндігі беп-белгілі болады. Бірақ Үндіде осы жұмысты тауып алғанына тәуба қылады. Тойып ішіп-жемесе де өзіне тамақ тауып, тіпті тек қана банан жеп күн көріп, қайыр сұрамай жүргенін үлкен қуаныш көреді. Біз бұл елдегі қарапайым адамдардың күн көрісімен жақын таныс қан сайын, Үндінің алдында шешуді керек етіп отырған көкейтесті проблемаларының өрісі айқындала түсті. Ол – ресми документ тілімен айтқанда, адамға жұмыс тауып беру проблемасы. Бұл проблема ең жоғарғы үкімет орындарында да аз сөз болмаған көрінеді. Жұмыссыздықты жою аштықпен күресудің ең сара жолы есебінде қаралыпты... Ірі қараның санына қарағанда дүние жүзіндегі алдыңғы саптағы елдердің бірі болса да, Үнді елі түгелімен сиыр етін жемейтін вегетариандіктер. Санаққа қарағанда, Үндіде орта есеппен екі-үш адамға бір сиыр, не болмаса, бір буйвол келеді. Ірі қараның ден көпшілігі халық шаруашылығын дамытуда ешқандай роль атқармайды дегенді есту ерсіақ, не етін, не сүтін, не арбаға жегіп күшін пайдаланбайды. Үнділіктер сиырды киелі, әулие мал санайды, етін жемейді. Қарапайым адамның жейтін тамағы негізінен овощтар мен жеміс – былайша айтқанда көп өнетін арзан тамақтар. Банан жер жүзіндегі ең бір ерте заманнан келе жатқан жеміс. Бұл жемістің әртүрлі сапалы мыңдаған сорты болатын көрінеді. Бананның көптеген түрін малға азық етеді, арнайы өсірілетін «шұға» бананы да бар, оның жапырағынан дөректі талшық өндіреді. Шырыны шыққан бананды жастай да, қуырып та, суға пісіріп те, кептіріп те жей беретін көрінеді. Онан консерві де, сироп та, сусын да жасайды. Үндіде аты әйгілі сехали жемісі де бар. Ол тәтті және өте үлкен болады, корольдің қызыл бананы деп аталады. Күніне екі рупий алатын жұмыскер корольдің бананынсызақ күн көретіні өзінен-өзі түсінікті. Олар бананның дәмділігіне, тәттілігіне қарамайды, арзан-қымбаттығына қарайды. Бұл жағынан қарағанда Үндіде ең арзан, ең көпшілік қолды жеміс – ананас. Олар онда капуста сияқты жатаған ғана, тырбиып жер бетіне пайда болысымен жапырақтары тарамтарам болып өседі. Біздің елге әкеліп сататын ананастар көбінде толық піспеген, олай болатыны ананас ұзақ уақытқа шыдамай езіліп кетеді. Сондықтан оны алыс жолға шылғи көк, пісіп үлгермеген кезінде жібереді. Үндіде мұндай піспеген қышқыл ананастың әр бөлшегін тұздап жейді. Ананастың бойындағы қышқылдықтың әсерімен тұз езіліп, ананастың дәмі тәп-тәтті болып кетеді. Мұны біз сөздің ретінде ғана айтып отырмыз. Мен жоғарыда Үнді кедейлерінің адам айтқысыз ауыр халін сөз еткен едім, Үндінің даму тарихында өз халқының аш-жалаңаш, қайыршылық тұрмысын, езіліпжаншылғандығын, қоғамда ешбір еркінің жоқтығын көре біліп, халқын сол қара түнек ауыр жағдайдан азат ету жолында өзінің бүкіл өмірін сарп еткен адам да болды. Ол Үнді халқының адал перзенті Махатма Ганди еді. Ол кісіні сүйіп, жақсы көрген үндінің қатардағы қарапайым адамдары, оны «Махатма – ұлы жан» деп атап кеткенін жоғарыда айттық.
Біздің Үндіде болған кезіміз үнді халқының осы өте көрнекті ұлының туғанына 100 жыл толған мерекесіне тұстас келді. Дели қаласында осы ұлы адамның торқалы тойына арналған «Ганди-даршан» – деп аталатын халықаралық көлемді үлкен көрме ұйымдастырылыпты. Ұлы күрескердің өмірі мен қызметіне көрменің бірнеше павильоны арналған, көрмеге келген көрермендер қазіргі Үнді нің экономикасы мен мәдениетінің әр саладағы қол жеткен табыстары мен танысады, Махатма Гандидің аты бүкіл жер жүзінде ерекше құрмет пен аталатындығына көзі жетеді. Біз асықпай-саспай бір павильоннан екінші павильонға, көрмедегі тамаша экспонаттармен танысып ілгері жүріп отырдық. Біз аяулы ұлы жанның туған елінің өсуі үшін, туған халқының бақыты үшін, дүние жүзіндегі революциялық процестің ең бір маңызды бөлшегі болған ұлтазаттық қозғалысын ұйымдастыру жолында бүтін жігер-күшін, өмірін сарқа берген осы адамның еңбегін жоғары бағалайтындығымызды айтпай кете алмадық. 1920 жылы ағылшынның лордтар палатасы шошынған араның ұясына ұқсайтын еді. Шешендер кезек-кезек мінбеге шығып, сөйлеген сөздері толы абыржушылық, жек көрушілік, үрейленушілік болды. Жай уақытта салмақты ағылшын парламентарийларын ашу шақыруға мәжбүр еткен сол кездегі Үндідегі жағдай еді. Осы елдегі қаулап өршіп бара жатқан ұлтазаттық қозғалысы отарлаушы Британия империясының негізін шай қап, қаймағын бұзып, керегесін сындырып кетті. Сөйлеген лордтардың пайымдауынша, Үнді үкіметі ежелден белгілі, отарлаушыларға қарсы үйреншікті жаумен кездесіп отырған жоқ. Бұл басқарушыларын дарға асып, күшпен басып тастайтын үйреншікті көтеріліс емес. Англияның алдында өкіметке бағынбайтын аумақты, тамырын терең таратқан бүкіл халықтық көтеріліс тұр. Отарлаушы әкімшілік орындарының бұйрық тарын орындамайтын, ағылшын елінің заттарына бойкот жариялайтын болды. Лордтарды толғандырған тағы бір нәрсе, ол үнді халқының бәрбәрін ұйымдастырып күреске көтере білген, басшы адамы пайда болғаны еді. Ол Махатма Ганди болатын. Сол күндері лордтардың палатасында сөйлеген отаршылдық саясат тың белгілі идеологтарының бірі ол кісінің қызметіне мынандай баға берген болатын. «Британияның ықпалы төмендеп құлдырап барады. Гандидің ойлап шығарған Үндіде европалықтар тұра алмайтын жағдай туғызу жоспары, мүмкін болған жағдайда қару қолданып басып тастауға болатын құралды көтерілістен әлдеқайда қауіпті... Көп ұзамай бұқара оңшыл элементтердің қазірдің өзінде тілеп жүрген талабын қоя бастайды, ол талап – Британия өктемдігін таратып, жою болады». Гандидің өмірі мен қызметі бүкіл халықтың басын қосып, жалпы ұлттық мақсат үшін бір ынтымақтағы күреске жұмылдыруға бейімделген. Бүкіл халықтық күрес қана, деп ойлады Ганди, империалистердің құрған құрсауын бұзып шыға алады.
«Үнді тәуелсіз азат ел болуға тиісті! Менің ойымша Үнді бөлінбейтін, тұтас ел. Оның алдында үлкен міндет тұр. Біздің ел – қасиетті ел, қала берсе, Үндінің шаңының өзі де қасиетті», – деп жазған екен Ганди. Оның осы сөздерін үлкен плакатка жазып, көрме павильонының ең көрнекті жеріне іліп қойыпты. Ганди Үнді ұлт-азаттық қозғалысына бүкілхалықтық мән бере білді. Міне, оның ең үлкен тарихи еңбегі осында. Осы ойын іске асыру үшін ол қара халыққа түсінікті, олардың зейін қойып қабылдауына жеңіл әдістер мен жолдарды пайдалана білді, бұл олардың ой өрісінде орын теуіп, дәстүрге айналған машықты сезімдермен байланысты еді. Көпшілікті қоғамдық жұмысқа пайдаланудың ең бір ұтымды әдісінің бірі – миллиондаған қатардағы үнділіктердің бірнеше ғасыр бойы киіп келген қолдан тоқыған киімдерін, қол өнерін уағыздау болды. Бұл насихат қозғалысқа қатысушыларды біріктіре, ұйымшылдығын арттыра түсуге көп септігін тигізді, адамдардың сезімін отаршылдыққа қарсы күреске жұмылдырды. Гандидің үндеуі бойынша, қалалар мен селолардың адамдарды шет елден әкелінген импорттық шұғаларды өртеп жіберетін болды, қолдан тоқыған шұғадан киім кию әдетке айналды. Дж. Нерудің көркемдеп айтуынша бұл киім «ұлт азаттық мундирі» болды. Үнді халқының кемеңгер ұлының өмірі қайғылы жағдайда үзілді. Бұл жөнінде де оның тағдыры халық бақыты үшін өмірін сарп еткен көптеген күрескерлердің тағдырына ұқсас. Бирма халқының батыры генерал Аунг Сан сияқты ол да жалданған қарақшылардың қолынан қаза тапты. 1948 жылы 30 январь күні Гандиді кертартпа діншіл-община ұйымның мүшелері өлтірген болатын. Совет адамдары Гандиді әр уақытта еске түсіріп, оның ісін жоғары бағалайды. Гандидің «Өмірбаяны» осы күнге дейін екі дүркін көп дана болып орыс тілінде басылып шықты, онымен совет қоғамының ден көпшілігі танысты. Совет Одағы мен Үнді халықтарының арасындағы ертеден еле жатқан байланысты аша кету үшін, екі елдің екі ұлы адамының М.К.Ганди мен Л.Н.Толстойдың тығыз байланысып тұруы достықтың үлкен бір белгісі, екі елдің достық тарихындағы аса маңызды оқиға болғандығын айта кеткен жөн. Л.Толстой дүние тану мәселесінде өз көзқарасына жақын, пікірлес адам есебінде қанаушылықпен, нәсілге бөлушілікпен, әділетсіздікпен, отаршыл құлданушылықпен қалтқысыз қаһарман күрескер есебінде М.Гандидің еңбегін жоғары бағалады. Толстой Ганди жөнінде былай деп жазды: «Ол бізге, маған өте жақын адам». М.Ганди де Л.Толстойдың еңбе гін жоғары бағалады. Өйткені ол Л.Толстойдың көркем творчествосы мен теориялық еңбектерін жақсы білген. Ганди, оның өзінің айтуы бойын ша, Толстойдың шығармаларын «көп зерттеген». Ұлы орыс жазушысы ның шығармаларындағы «ой парасатының ешкімге бағынбайтындығы», «рухани деңгейінің тереңдігі», «шыншылдығы» М.Гандиге өшпейтін
әсер қалдырған. Толстойға жазған хатында Ганди өзін оның «сыпайы ғана соңынан ерушісі» деп атады. Өзінің Толстойға көз қарасы жөнінде қойылған сұрауға жауап бере келіп М.Ганди: «Ол кісіні шын таза көңілмен, аса құрметпен сыйлаймын, өмірдегі көптеген мәселе жөнінде мен оған міндетті адаммын», – деді. Делидегі «Ганди-шаршан» деп аталатын халықаралық көрмедегі Совет павильонында Үндінің ұлы азаматының есімі біздің елде өте сүйікті кісі есебінде танылатындығын көрермендер өз көзімен көріп, ләззат алды деуіме болады. Міне, біздің алдымызда Толстой мен Гандидің хаттары қабырғада ілулі тұр, оның ішінде: Л.Толстойдың «Индуске хат» деп аталатын бүтін әлемге әйгілі хаты бар. М.Гандидің туғанына жүз жыл толған мерекесіне дайындық кезінде совет адамдары көптеген жұмыс істеді, оған Дели қаласындағы СССРдың арнаулы павильоны толық дәлел бола алады. Біздің елде беделді адамдардан мереке комитеті құрылды. М.Гандидің көптеген еңбектері бірнеше тілдерге аударылып жарық көрді, оның еңбектері жөнінде жазылған біраз ғылыми зерттеулер басылып шықты. В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхана мен СССР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдардың фундаменталдық кітапханасында Гандидің өмірі мен қызметіне арналған көрме болды. СССР байланыс министрлігі арнаулы марка шығарды. Москвада және басқа қалаларда совет қоғам ұйымдарының мерекеге арналған жиналыстары болып өтті. СССР Ғылым академиясының Күншығыстану институтында арнаулы ғылыми сессия өткізілді. Совет еліндегі Күншығыс республикалардың ең жақсы деген зергерлері Делидегі павильонға арнап көптеген экспонаттар дайындапты. Гандидің суретін салған екі кілемді, Алматы және Ашхабад қалаларындағы шебер әйелдердің тоқығаны деп экскурсоводтың айтқанын есітіп, мен аң-таң болып тұрып қалдым. Кілемдегі суреттен көпке дейін көз алмадым. Өз елімнің адамдарының алтын қолынан шыққан көрікті де әдемі масаты кілем өз Отанымды көз алдыма елестетті. Елінен жырақ жердегі мұндай қуаныш адам өмірінде еш уақытта ұмытылмайтын, мұқалып тозбайтын, тат баспайтын оқиға екендігін сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Біз қасымыздағы жолдастарымызбен бірге менің туып ескен республикам ның бір кесек жеріндей көрінген осы бір сыйлығының қақ алдында тұрып суретке түстік. Тәжік шеберлері М.Гандидің үлкен көркем суретін төрт бұрышын жұмырлап кескен ағашқа мәнерлеп, көз тұндыратындай қым-қуыт етіп қиып салған пано дайындапты. Үнді халқының кемеңгер ұлының туғанына жүз жыл толған торқа лы мерекесіне арналған көрмеде болып, біз Үнді мен Совет Одағының арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, өсіп дами беретіндігіне үлкен сеніммен қайттық. 30 октябрь. Күн бейсенбі еді. Мұсылмандар бұл күнді сәтті күн деп есептейді. Үнді парламентінің үлкен үйінің алдына таң атқаннан
бері әдемілігі бірінен-бірі өткен, радиаторларына әр елдің жалауын қадаған автомашиналар келіп, кетіп жатты. Парламентаралық Одақтың 57-конференциясының ресми ашылуына делегациялардың мүшелері мен басшылары, дипломатиялық корпустар, Үнді мемлекет қайраткер лері, баспасөз өкілдері келіп жиналды. Көп ұзамай күмбезі биік, іші кең, қабырғасын сарғыш, төбесін қоңыр бояумен әшекейлеп бояған, қызыл, ақ, көк түсті мемлекеттік жалаумен безендірілген парламент үйінің залы араның ұясына ұқсап кетті. Үнді елінің астанасындағы осы үйге жер шарының бәр-бәрінен келген парламент өкілдері бас қосты. Үнді парламентінің орталық залы әдемі ғана кіші-гірім алаңды аңғар тады. Ортан белінен қаз-қатар болып, жан-жаққа тарам-тарам орын дықтар тарайды. Залдың алдыңғы жағына ақ стол қойылған, еңсесі көтеріңкі, төбесіне жарық беретін плафондар орнатылған. Алаулаған электр шамы зал ішін көркейтіп, құбылтып көрсетеді. Конференцияның ашылуына үндінің президенті X.Гари, премьерминистрі И.Ганди, Үндістан парламентінің екі палатасының предсе дательдері келді. Үндістанның мемлекет қайраткерлері залдың арт жағындағы үлкен қоңыр есіктен кірді де, тура трибунаға қарай жүрді. Олардың құрметіне залда отырған жұрт ду қол шапалақтады. Парламентаралық Одақтың осы конференциясының күн тәртібі не дүние жүзі халықтарының өміріне өте қажетті алуан түрлі мәселе лер қаралатын болды: орта және кіші мемлекеттердің бейбітшілік сақ тау ісіндегі ролі мен жауапкершілігіі әлеуметтік прогресс экономи калық дамудың негізгі себебі және факторы екендігі, ядролық және термоядролық қаруды өндіруді жою шаралары және толып жатқан басқа да мәселелер қаралды. Қазіргі заманда, дүние жүзінде, ұлы державалардан басқа жүзден астам орта және кіші мемлекеттер бар. Ол елдердің бейбітшілік сақтау мәселесінде ролі зор екендігін ескермеуге болмайды. Саяси, болмаса, басқадай факторлардың әсерімен бұл елдер халықаралық жағдайдың дамуына да өзінің белгілі ықпалын тигізетіні хақ. Сондықтан да жер шарының әр жерінен келген парламент мүшелері осы елдердің бейбітшілік сақтаудағы жауапкершілігі жөніндегі мәселеге бүкіл әлемнің көңілін аударудың керек екендігін қажет деп тапты. Біріккен Ұлттар Ұйымы демократиялық принциптің негізінде бүкіл адам баласының дамып өсуіне және бейбітшілікті сақтауына барлық шараны қолдану үшін ұйымдасқан болатын. Бірақ ол осы мақсатты орындау ісінде бірсыпыра шаралар қолданылғанымен, әлі күнге дейін алдына қойылған міндеттерді толық орындай алған жоқ. 57-конферен ция парламент мүшелерінің алдына бір ғана мақсат қоюға тиісті бола тын. Ол бейбітшілікті сақтау және халықаралық байланысты үзбей ілгері дамыта беру мақсаты еді. Бұл үшін бір мемлекеттің екінші бір мемле кетке экономикалық жағынан қысым жасауына, күш көрсетуіне, немесе саяси көзқарасын еріксіз таңуына, қарудың күшімен өз ойын орындауға
тырысушылыққа қарсы табан тіресе күресу қажеттігін өзара ұғынысу шарт болатын. Конференцияның жұмысы көңілсіз бір жағдайдан басталды. Конфе ренция ресми түрде ашылған соң, қатысушылар аз уақытқа үзіліске шықты, содан кейін Парламентаралық Одақтың президенті Шан дернагор мырза сөз сөйледі. Ол 57-конференцияның председателі етіп Үнді парламентінің халық палатасының председателі Дилон мырзаны сайлауды ұсынды. Бұл конференция өтіп жатқан елді, былайша айтқан да, қонақ иесін сыйлау және үнді еліне көрсетілген байырғы құрмет бола тын. Бірақ, бұған қарсы адам да бар болып шықты: ойламаған жерде мінбеге, басқарып отырған адамның рұқсатынсыз, Үнді парламентінің мүшесі Масани мырза жүгіріп шықты. Ешқандай дипломатиясыз-ақ ол Дилон мырзаның кандидатурасына айқайлап қарсы болды. Дау-дамайсыз ашылған жиналыстың шырқы бірден бұзылды. Тілмаштар наушник арқылы өз бетімен мінбеге келген шешен мен жиналысты басқарып отырған кісі екеуінің арасындағы таласты бұлжытпай аударып тұрды. Ал анау жиналыс басқарушыға көнбей, айтатын сөзін айтып біткенше мінбеден түспей тұрып алды. Бұл таластың шешімі бас ауыртатындай қиын емес еді. Дилон мырза мен Масани мырза әртүрлі екі саяси топтың өкілі, бұл екі топтың арасындағы күрес әлі күнге дейін Үнді парламентінің ішіндегі келіспейтін қайшылықтың бір көрінісі болатын. Масани мырзаның залда отырған қонақтардан сескенбестен сайысқа түсуіне қарағанда бұл екі топтың арасындағы күрес бітіспейтін болып насырға шапқанын дәлелдейді. Мен Масани мырзаны ісі нашарлаған адамның қатарына қосылады ғой деп ойладым (кейін менің бұл ойым дұрыс та болып шықты). Біздің Абай: «Ашу үстінде айғайлау күлкі, үндемеу – қауіпті» – деп дұрыс айтқан. Масани мырзаның бұл мінезі оның жеңілтек, ұстамсыз екендігін көрсетті... Менің ойымша, оқушы Үнді елінің жағдайын баяндайтын, көптеген материалдармен таныс болуға тиіс. Бұл әңгіме бір кезде барлық газет пен журналдардың бетінен түспегені белгілі. Оның жай-күйі қысқарта айтқанда мынадай болатын. Тәуелсіз Үнді қазіргі кезде өз тарихында ең бір қиын кезеңді басынан өткізуде. Үнділік Ұлт Конгресі (ИНК) – деп аталатын елдегі басқарушы партияның екі жікке бөліну фактысы күн тәртібінде тұрды. Осы жыл дың жазында Үнді Ұлт Конгресі партиясының «синдикат» дейтін оңшыл бөлегінің басшылары үкіметтің әлеуметтік-экономикалық мәні зор прогресшіл шараларды іс жүзінде асыруға кірісе бастағанын пайдаланып, ашықтан-ашық Индира Гандидің үкіметіне шабуылға шықты. Осы бір драмалық оқиға басталмас бұрын Индира Ганди Батыс Германияда шығатын «Шпигель» журналына интервью берді. Премьерминистр елдегі басшылық етуші Үнді Ұлт Конгресі партиясының ішкі жағдайын жөндеу шаралары жөніндегі өзінің ойларын айтқаннан соң, тілші, ол кісіге былай деп сұрау қойды:
– Сіз премьер-министрлік орныңыздан айрылып қаламын деп қорық пайсыз ба? – Әрине, – деп жауап берді ол.– Тек ол ғана емес. Маған: «Егер, сіз бізбен бірге болсаңыз, біздің айтқанымызға көнсеңіз, премьер-министр болып қаласыз, егер олай болмаса...» – деп ашық айтып отыр. Бұл қаскөйлік ескертпе болатын. «Бізбен бірге бол...», бірақ кіммен? Әңгіме, әрине, жеке атта емес, Үнді Ұлт Конгресі партиясының ішіндегі болып жатқан саяси процесс жөнінде болып отыр. Әңгіме, жуықта ғана Индира Гандидің өзі өте дұрыс айтқанындай, демократиялық және консервативтік екі бағыттың соқтығысы жөнінде болып отыр, ол күрес Дж. Нерудің көзі тірі кезінде басталған болатын. Бірақ ол кезде Нерудің оппоненттері бойын көрсетпей, өздерін көлеңкеде ұстап келді, партияның саясатын орындамауға жасырын, бұқпантайлап әрекет жүргізіп келген. Оңшыл күш Үнді Ұлт Конгресінің мүшелерінің ішіндегі кертартпа көзқарастағы элементтерді өз жағына тартуға әрекет жасап бақты, партияның ішіндегі саяси қайшылық процесін онан әрі қоздыра түсуге жанталасып жұмыс істеді. ИНК партиясының саяси екі тобының арасындағы ең алғашқы тартыс жуық арада болып өткен президент сайлауы кезінде қыза түсті, өйткені Индира Ганди және оның жақтаушылары «синдикаттардың» президенттікке ұсынған кандидатурасын қолдамай қойды. Содан соң И.Ганди және оның достары «синдикаттықтарға» жаңа үндеу тастады: оңшыл күштердің елірген қарсылықтарына қарамастан, Үнді үкіметі елдегі он төрт ірі банкті национализациялау жөнінде шешім қабылдады. Үнді коғамы бұл батыл да келешегі мол қадамды қызу қарсы алды. Сыртқы саясаты жөнінде Индира Гандидің үкіметі ешқандай блокқа қосылмау бағытын, Вьетнам мәселесін бейбітшілік жолмен шешуді қолдап, Израиль агрессиясын сөгіп, араб халықтарының күресін толық жақтайтындығын ашық айтты. Сондықтан да Үнді үкіметінің осы саясатына империалистік ортамен тығыз байланысты болған Үнді реакциясының шабуылы өзінің ең жоғарғы сатысына жетті. Үнді еліндегі болған кейінгі жағдайлармен байланысты кейбір күнбатыс баспа органдарының бетінде кекетіп, қағытушылықтың ұшқыны пайда болуы кездейсок нәрсе емес-ті. Біз 1969 жылдың 8 ноябрі күні Үнді елінен жүріп кеттік, ал содан бірнеше күн өтісімен бұл елдегі саяси жағдай өте шиеленісе түсті. 12 ноябрь күні «синдикат» премьер-министр Ганди партиядан шығарылды деп хабарлады, парламенттік Үнді Ұлт Конгресі партиясына ол кісінің орнына партияның жаңа лидерін сайлауды ұсынды. Жау басын көтеріп, ашықтан-ашық шабуылға шықты. «Синдикаттың» заңсыз әрекетіне Үнді қоғамы өкілдерінің ден көп шілігі қарсы күрес жүргізді. Делиде және басқа қалаларда үкіметтің саясатын қолдайтын көптеген демонстрациялар болды. Демонстрацияға қатысушылар Индира Гандидің резиденциясына жиналып, реакция
ның маневріне қарсылық көрсетті, премьер-министрдің демократиялық курсын жақтайтындықтарын білдірді. Ашулы топтар: «Синдикат жойыл сын» – деп ұран тастады. Айта кету керек, Үнді және шетел баспа орындарының көпшілігі «синдикаттың» Индира Гандиді партиядан шығару туралы қаулысы бұл уақытқа дейін болып көрмеген, шектен шыққандық деп жазды. Үнді монополиялары газеттерінің өзі бұл шешімнің дұрыс еместігін мойындауға мәжбүр болды. Мәселен, «Индиан экспресс» газеті мысқыл есебінде мынандай корытынды жасады: «Дүниежүзілік қоғамдық пікір премьер-министрді партиядан шығару жөніндегі шешімді күштіліктің де, кемеңгерліктің де белгісі бола алмайды» деп бағалады. Шынында да бұл шешім шектен шыққан күлкі боларлықтай жай еді. Жаңа жылдың алдында Индира Ганди «Правда» газетінің тілшісімен әңгімелесті. Ел ішінде, бұрынды-соңды естіп көрмеген перспективалар ашатын таза самал жел соға бастағанын Үнді премьер-министрі өзінің мәлімдемесінде ашық айтты. Индира Гандиді және оның жақтаушы ларын бұл күресте қолдап, оларға күш беріп, бойларына сенім ұшқынын туғызушы күш еңбекші халық болды. Олар өздерінің қол жеткен табысын реакцияның шабуылынан сақтап қалу үшін күресті, Отанының келешекте де демократиялық жолмен өсіп, дамуын қолдады. Сонымен Парламентаралық Одақтың 57-конференциясының мәжі лісі басталды. Дакар және Вена қалаларында болған парламент мүше лерінің мәжілісінен кейінгі жерде дүние әлемінде үлкенді-кішілі көптеген оқиғалар болды, ол оқиғалар парламент мүшелерінің назарын аудар май қойған жоқ. Делиде сөйлеушілердің көбін және мінбеге шыққан парламент мүшелерінің көтерген мәселелерін біз Дакарда өткен сессия ның мәжілісінде естіген болатынбыз, бірақ мұның бәрі де түйінді және көкейкесті мәселе екендігінде дау жоқ, сондықтан да халықаралық кеңестердің күн тәртібінен түспейтін, өзінің шешімін күтіп тұрған мәселе екеніне ешкім таласпайды. Конференцияда өте қызу талас туғызған Парламентаралық Одақтың бас секретары де Блонэ мырзаның (Швеция) біріккен парламентарий лердің жұмысы туралы есепті баяндамасы болды. Де Блонэ мырза кейінгі бір-бір жарым жылдың ішінде әлем жүзінде болған оқиғаларды өзінің баяндамасында айта келіп, оған дұрыс баға бермей, өзінше даурығып сөйледі. Мәселен, Вьетнам соғысын айта келіп, баяндамашы Америка Құрама Штаттарының агрессиясын мейлінше қорғап бақты. Де Блонэ мырзаның бұл позициясы делегаттарды қанағаттандыра алмады, ре ніш туғызды. Одан кейін ол өзінің баяндамасында Таяу Шығыстағы жағдайға талдау беруге көп көңіл бөлді. Дайындалған баяндама біреу дің қол шоқпары болу үшін, белгілі бір тенденциямен жасалғаны бесенеден белгілі болды. Баяндамашы Израильдің басқыншылық әрекетін толығымен қолдап шықты. Таяу Шығыстағы дағдарыстың
күшеюіне ең алдымен араб елдері кінәлі деп езуінен көбік аққанша көкіді. Баяндамасының қорытындысында, Израильге әскери құрал-жабдығы мен және ақшалай көмек беріп отырған Америка Құрама Штатын аспанға көтеріп мақтады. Айта кету керек, Делиге жиналған парла мент мүшелері Израиль соғысқұмарларының күшпен басып алған араб жерлеріндегі жауыздықтарының жаңа фактыларын естіп, өз елдерінің қарсылық білдіргеніне түгелімен қосылды. Жуық арада Иерусалимдегі Аль-Акса мешітін бүтіндей қиратып өртеп жібергені үшін оларға дүние жүзіндегі халықтардың бәрі-бәрі лағынет айтты. Бірақ та де Блонэ мырза Израиль экстремистерін ақтап, басқыншылық жасап отырған арабтар деп сандырақтады. Конференцияның жұмысына қатынасуға Біріккен Араб Республи касының парламент делегациясы келген болатын. Баяндамадағы әдейі ойлап шығарған жалаға қарсылық есебінде араб парламентарийлері орындарынан тұрып, мәжіліс залынан шығып кетті. Олар ұзын залды бойлап барып есіктен шығып кеткенше, залда отырған жұрт жым-жырт отырып көз қиығымен шығарып салды. Меніңше, көріністі байқап отырған жұрттың бәрінің де жүрегі сыздағаны даусыз. Өйткені планетада тыныштық сақтап, бейбітшілікті нығайту осы отырған халық өкілдерінің иығына жүктелген парыз ғой. Біріккен Араб Республикасының парламент делегациясы Делиден еліне жүріп кетіпті деген хабарды біз ертеңінде білдік. Конференцияға қатынасушылар де Блонэ мырзаның баяндама сын жан-жақты талқылап, пікір алысудың қорытындысында Парла ментаралық Одақтық атқару комитеті баяндама сыңаржақ болды, баяндамашы жеке өз басының пікірін уағыздады деген қарар қабыл дады. Дегенмен Парламентаралық Бірлестік басшыларының бірінің ашықтан-ашық қараны ақ деп түсіндіруге әрекет жасауы залда отырған адамдарды толғандырмай қойған жоқ. Сондықтан да жарыс сөзге шығып сөйлегендердің көпшілігі бұл мәселеге тоқтап, өз пікірін ортаға салып отырды. Таяу Шығыстағы ең маңызды проблемалардың бірі Израильдің араб елдеріне қарсы басқыншылығы болса, Иранның өкілі Лафтари мырза бұл мәселе тығырыққа тіреліп қалды, одан шығудың жолы әлі күнге дейін жұмбақ, бұлдыр күйде деп өзінің сөзін аса бір көңілсіз күйде түйіндеді. Бұл қапастан шығудың жолын де Блонэ мырза да айта алмады. Араб әлемі Израиль басқыншыларының Аль-Акса мешітін жермен-жексен қып қиратқанына қатты ренжулі, бірақ Парламентаралық Одағының бас секретары мұны сионистердің бейбітшілік сақтау үшін күрескен әрекетінің бір көрінісі деп түсіндіргісі келді. Жапон парламентінің өкілі Фокуната мырза өз сөзін бейбітшілікті нығайту, мемлекет арасындағы таласты келіссөз арқылы шешу ісінде Біріккен Ұлттар Ұйымының атқаратын ролі ұшан теңіз екендігіне арнады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті сақтау үшін қолында пәрменді
құралы болмай отырғандығын ол мойындауға мәжбүр болды. Сон дықтан да жер жүзіндегі халықтардың бәрі соғыстан қорықпай өмір сүруі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының ролін, маңызын күшейту жолдарын ойластырған жөн. Австрия делегаты көптеген елдің парламенттері «сен тимесең мен тимеймін» деп бұғып отыра беруді абзал көретінін айтты. Бұл дүние жүзі халықтарының бейбітшілікті сақтау ісіне пайда келтірмейді деді. Орта және кіші мемлекеттердің халықаралық бейбітшілікті сақтау жөніндегі жауапкершілігі мен ролі туралы болған талас осы іске пайдасы тисін деген ниетте өтіп жатты. Ал бұған қарама-қарсы сөйлеушілер Италия және Батыс Германия делегаттарының басшылары Дж.Ведовато мен П.Петерсон (ХДС) болды. Олар өздерінің сөздерінде социалистік елдердің атына жаулық сөздер айтып, ашықтан-ашық шабуыл жасады. Олардың жауыздық сөздеріне совет парламент делегациясының мү шесі В.Л.Кудрявцев тұжырымды тойтарыс берді. Сонымен бірге, басқа да социалистік елдердің сөйлеген өкілдері бұлардың арандатушылық әрекеттерін қатты сынға алды. – Совет Одағы, – деді В.Л.Кудрявцев, – халықаралық қауіпсіздікті сақтау ісінде де, бейбітшілік үшін күресте де орта және кіші мемлекеттердің үлкен роль атқаратындығына әбден сенеді. Егер, дүние жүзілік соғыс бола қалған күнде, ұлы державалар сияқты орта және кіші елдердің халықтары да көп шығынға ұшырайтындығы хақ. СССР әр уақытта орта және кіші мемлекеттердің правосы мен мұң-мүддесін белсенді түрде қорғап келді, бұл мемлекеттерді өзінің экспансионистік жоспарын іске асыру үшін қол шоқпар етіп пайдалануға тырысқан империалистік державалардың жауыздық әрекеттеріне қарсы пәрменді тойтарыс беріп отырды. Бейбітшілікті сақтау ісінде үлкен мәні бар күн тәртібінде қаралып жатқан мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесетін совет өкілінің сөзіндегі сенімді үн дискуссияны дамытуға әжептәуір септігін тигізді. Кейінгі сөйлеген шешендер, В.Л.Кудрявцевтің сөзіндегі көптеген мәселелерді кеңейте түсті, өз елдерінің мүддесіне байланысты бірсыпыра қосымша пікірлер айтты. Егерде, кішкентай елдер өз жерін әскери база құруға беруді тоқтатса, әскери конфликтілер туатын себептер де бірсыпыра азайған болар еді деген Филиппин парламент өкілі Танада мырзаның мәлімдемесін конференцияға қатысушылардың көпшілігі мақұлдады. Таяу Шығыстағы және Вьетнамдағы әлі күнге дейін тоқтамай келе жатқан шиеленіскен жағдай жөнінде Югославияның өкілі Дабшевич сөйледі. «Израиль, – деді ол, – осы уақытқа дейін басып алған араб жерінен өзінің әскерін алып кету жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімін орындамай отыр. Вьетнамдағы соғысты тоқтататын уақыт та жетті. Вьетнам халқының өз тағдырын өзі шешуге толық мүмкіншілігі бар». Оның бұл пікіріне қарсы сөйлеген Италия парламент өкілі Америка соғысқұмарларын жақтап шықты. Ол АҚШ Вьетнамдағы өзінің әскерінің санын ылғи қысқартып келеді деп соқты. Мен бұл жерде Италия парламент өкілінің сөйлеген
сөзін еске түсіріп отырғаным, «америка дипломатиясының» кейбір жақтаушыларының болып жатқан шын фактыларды сапырылыстырып, тіпті дөрекі түрде бұрмалайтындығын көрсеткім келді. Америка Құрама Штатының Вьетнамдағы жарты миллион әскерінің бес мыңын ғана қысқартқаны Делидегі осы конференция ашылмас бұрын бүкіл дүние жүзіне белгілі болатын. Вьетнам мәселесі жөніндегі Парижде болып жатқан келіссөз, АҚШ өз өкілін қайта шақырып әкеткендіктен ешқандай нәтижесіз орта жолда тоқтап қалғаны белгілі... Польша парламентінің өкілі Ю.Венда Европада жаңа конфликтінің қаупі туып отырғандығын көрсетті. Федеративтік Батыс Германияның әлі күнге дейін Польшаның батыс шекарасын мойындамай отырғанды ғын айта келіп, Польша өкіметінің осы мәселені бейбітшілік түрде шешу туралы ұсынысын қабылдамай отырғандығына конференцияға қатынасу шылардың назарын аударды. «Бірақ реваншистер біліп қойсын, – деп мәлімдеді Ю.Венда, – Польшаның шекарасы еш уақытта мызғымайды!» Парламентаралық Одақтың Советінде талас туғызған мәселенің бірі ГДР мен КНДР группаларын Парламентаралық Одаққа мүшелікке алу жөнінде болды. Бұл екі социалистік елді Одаққа алуды жақтап Финляндия делегациясының бастығы И.Виролайнен мен Үнді делегаттарының бастығы Г.Дилон мырза сөйледі. Советтің мәжілісінде бірде-бір капиталистік елдердің делегаты, оның ішінде ФРГ-ның делегаты да ГДР мен КНДР группасын Одаққа мүше лікке алуға ашықтан-ашық қарсы сөйлеген жоқ. КНДР-ды Парламента ралық Одаққа мүшелікке алуға ашық қарсы сөйлеген тек қана Оңтүстік Кореяның жасанды өкіметінің өкілі ғана болды. Ағылшын делегаты А.Роберте, Австралия делегаты К.Локке мырза Советтің мәжілісінде ГДР мен КНДР-ды Одаққа алу жөнінде ашық қарсы сөйлемеді, бірақ бұлардың арызын универсализмнің прин ципін Парламентаралық Одағында қолдану мәселесі жөнінде құрылған группа тапсырылған жұмысты аяқтағанға дейін кейінге қалдыру керек деген ұсыныс жасады. Венесуэланың делегаты Р.Карпио-Кастильо бұл екі делегаттың ұсынысын жақтай келіп, ГДР мен КНДР группасының Одаққа алу жөніндегі арызын 1970 жылы Гаага қаласында болатын Парламентаралық Одақтың 58-конференциясында қаралатын болсын деген ұсыныс қойды. Сонымен Совет 62 дауыспен ағылшын-австралия-венесуэла делегат тарының ұсынысын қабылдады. Бұған қарсы 22 елдің делегаты дауыс берді (социалистік елдер, Финляндия, Индия, Кувейт). Конференция ның мәжілісіне қатынасып отырған делегаттардың бәрі де көпті көрген, астары қалың, бүкпесі көп мәселенің қандайын болса да түсіне білетін, дұрыс қортынды жасай алатын адамдар, бұл жолы да: Үнді парламенті нің залында жиналған көптеген халықтардың өкілі әрбір салада соғыс салқынының бар екендігін кертартпа күштің талас кезіндегі айла-тәсілі мен әрекеттерінен анық түсінді.
ГДР-дің парламенттік өкілдері Р.Зибер, Р.Агстен және З.Вайхельт жолдастар бұл әділетсіз шешімнің ашық айтылмай отырған себебін дұрыс түсіне білді. Конференция өтіп жатқан жердің иесі – Үнді елінің парламент өкілдері неміс делегаттарының Делиде жалғыздық көрмеуі үшін, оларға толық жағдай туғызды. ГДР-дан келген қонақтар конферен ция кезінде Үнді қауымының тарапынан өткізілген барлық шараларға шақырылып тұрды. Сөз сұрап, мінбеге Чехословакия өкілі Б.Лаштовичка шықты. ГДР-дің парламент өкілін Одаққа алмай қойған кім деп сұрау қойып, мысқыл дай сөйледі: ФРГ-ны, Оңтүстік Кореяны, Оңтүстік Вьетнамды Одақ қа қабылдағанда универсализм мәселесінің шешілу-шешілмеуі туралы ешқандай сөз болған жоқ болатын, неге олай болды? Б.Лаштовичка ГДР-ді Парламентаралық Одағына қабылдамау жөніндегі шешімді демо кратиялық мемлекеттерді ашықтан-ашық дискриминация жасаушы лық деп өте әділ баға берді. Міне, ГДР-ді Одаққа алмаудың негізгі себебі осында. Чехословакия делегатының сөзін толық қолдап Үнді парламент өкілі Кхадилкар мырза сөйледі. – Олардың ойынша, – деді ол, – Оңтүстік Вьетнам бар да, Солтүстік Вьетнам бүтіндей жоқ, сол сияқты Оңтүстік Корея бар да, Солтүстік Корея өмір сүрмейтін тәрізді. Бүгін біз тағы бір «географиялық жаңалық ашудың» еріксіз куәсі болып отырмыз: Европада ФРГ мемлекеті бар екен де, Германия Демократиялық Республикасы тіпті өмірде жоқ сияқты!.. Жоқ, мырзалар, бұл нағыз дискриминацияның өзі! ГДР мемлекеті біздің құрамымыздың мүшесі болуға тиісті... Онан да ашығырақ, мығым сөйлеген Болгарияның делегаты Л.Васильев болды. Бүгінгі ГДР жөніндегі шешімнен біз тағы да бүкіл әлемдегі халық тардың жанын жегідей жеген «соғыс салқыны» сасық лебін аңғардық. Герман Демократиялық Республикасының өмір сүргеніне жиырма жыл болды! Бұл тәуелсіз мемлекет өсіп, ілгері басып келеді, көптеген елдермен қарым-қатынас жасайды, халықаралық өмірге белсенді түрде араласып отырады. Олай болса, қандай себеппен кейбір батыс елдерінің қайраткерлері жұмған көзін ашпайды, бұл жаңа сапалы жағдайды неге көрмейді? Келесі сөзді совет өкілі Ю.И.Палецкис алды. Әрбір сөзін терең ойлап, байсалды түрде тұжырымды сөйлейтін ақыл иесі, мемлекет қайраткері, отырған жұртты бірден ұйытып игеріп әкетті. Өзінің өте қысқа, бірақ бейбітшіліктің мүддесі туралы ойларға толы сөзінде Юстас Игнович көптеген өте қажетті проблемаларды қозғады, ол проблемаларды тезірек шешпесе, қазіргі кездегі шиеленіскен халықаралық жағдайды сабасына түсіру мүмкін емес екендігін көрсетті. – Қазіргі халықаралық правоның принциптері негізінің бірі, – деді Ю.И.Палецкис, – халықтар арасындағы талас мәселені соғыс арқылы
шешуге тыйым салу болып отыр; Сондықтан да, Совет Одағы халықтарды соғыс қаупінен сақтандыру мәселесін соғысқа қарсы күреспен тығыз байланысты қарайды. Агрессивтік соғыстардың өзі халықаралық правоны бұзушылықтың барып тұрған жаман үлгісі болғандықтан оны заңнан тыс мәселе деп қараған жөн. Амал не, біздің ішіміздегі кейбір мемлекеттердің басшы адамдары бұл жағдаймен есептескісі келмейді. Осы топтардың агрессивтік саясатының нәтижесінде әлі күнге дейін бірде әне жерде, бірде мына жерде соғыс өрті тұтанып, жанжал жалыны лап ете қалып жүр. Бүкіл жер жүзі халықтарының наразылығына қарамастан Америка Құрама Штаттары, міне, бірнеше жылдар бойы көп қиыншылықты басынан өткізген Вьетнам халқына қарсы тұтқиылдан соғыс ашып, бейбіт елді баудай турап, қатал қырғынға ұшыратып отыр. Жарты миллион әскер АҚШ үкіметінің бұйрығы бойынша вьетнамдық азаматтарды – еркектерді, әйелдерді, балаларды, шалдарды өлтіріп жатыр. Ондағы ойы өзінің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес жүргізіп жатқан қаһарман Вьетнам халқын тізе бүктіріп, қайткен күнде оны өзіне бағындырып алу. АҚШ және оның әріптестері адамгершілікті аяққа басып, моральдық норманы бұзып адам улайтын заттарды, ақ фосфорды, напалмды, шарикті бомбаны қолданып келеді, Вьетнам жерін үсті-үстіне бомбалап – «жанған жер» деп аталатын саясатты қолданып отыр, жау қолынан мыңдаған вьетнамдықтар қаза тапты. Дүние жүзіндегі адамгершіліктің ең үлкен белгісі – аққа салған қызыл крест белгісі. Бірақ амал не, Вьетнамда жаралы болған адамдар мен медицина қызметкерлерін қорғаудың орнына, олар әскери самолеттердің нысанасы болып келеді. Қалалардан әлдеқайда алыс жерде орналасқан госпитальдерді тыным таптырмай бомбаның астына алып, шабуыл жасағаны белгілі, оның үстіне Америка Құрама Штаттарының Тонкист бұғазында тұрған әскери кемелері артиллериядан дүркін-дүркін атқылап отырады. Жер шарының екінші бір жерінде – Таяу Шығыста басқа мемлекет тердің империалистік топтарының көмегімен Израиль араб халықта рына қарсы агрессия жасап отыр. Израиль басқыншыларының басып алған жерлерінде адам баласының негізгі правосын аяққа басып, ашық тан-ашық бұзып отырғаны бүкіл елге белгілі, жүздеген мың арабтар өзінің туып-өскен жерінен қуылып жіберілді. Әйелдер, балалар, шалдар үйсіз-күйсіз далада және күнделікті күн көрісіне керекті қаражатсыз қалды. Израиль өкімет орындары бұл мәселе жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Советінің қарарын орындаудан ашықтан-ашық бас тартып отыр. Соның салдарынан Израиль агрессиясының зарда бы әлі күнге дейін жойылмай келеді. Араб халқының басқыншыларға қарсы күресіне тойтарыс беру үшін, Израиль агрессорлары халықаралық правоның тыйым салған құралы – напалмды қолданып, бейбіт жатқан жергілікті халықтарды қырғынға ұшыратып отыр. Дүние жүзіндегі елдердің көбінің парламенттік өкілдерінің басын қосатын Парламентаралық Одақ халықаралық правоның нормаларын
бұзушыларға қарсы дауыс көтеруге тиіс және орындаудан бас тартып, аяққа басушыларды қатты сынға алуға міндетті. Конференцияға тәжірибесі мол, бастарынан талай қиыншылықтарды өткізген, талайды көрген қайраткерлер жиналған. Менің ойымша, дәл осы залда отырғандардың әр біреуі дүниеде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын терең түсінетін адамдар. Алыстағы жағдайларды айтпағанның өзінде, осы жақын уақытта болған кейбір уақиғаны еске алайық. Алпысыншы жылдардың орта ше нінде Америка Құрама Штаттары Вьетнам Демократиялық Республи касын ашықтан-ашық бомбалауға кірісті. Оңтүстік Вьетнамды ұзаққа созылған соғыспен өзінің жаңа тәртібіне бас игізе алмаған Америка Құрама Штаттары өз ішіндегі алауыздыққа, үлкен қарсылыққа тап болды. Жел соқтырам деп, олар дауылға душар болды. Топас империалистік күштің әлсіздігі халықаралық жағдайдың алпысыншы жылдардағы ең үлкен қорытындысы деуге болады. Бұл жағдаймен Тель-Авив басшылары босқа есептеспеді. Синай түбегін, Иордан өзенінің күнбатыс жағасын, Гоан биіктерін қара күштің және шоқпардың мықтылығымен ғана ұстап тұрған жоқ па? Бұл жерді Израиль соғыс құмарларының басып алғанына үш жылдан асып барады. Жуықта болып өткен сайлау нәтижесінде құралған Израиль үкіметінің құрамына әскери қызметкерлер де кірді. Олардың өз елінің ішіндегі және басып алған араб жеріндегі ұстаған позициясынан қайтатын түрі жоқ. Израиль еліндегі кейбір адамдар қолайлы мерзімді жібермей, дер кезінде пайдалану керек, – деп ойлайды. Мемлекеттік саясат картаның ойыны болып па? Жүз миллион араб халқы өз жерін жаудың басып алып отырғанына үндемей, бас иіп, көніп отыра бере ме? Осыны Тель-Авивтегілер дұрыстап тереңірек неге ойламайды! Жуық арада Каирдың көрнекті шолушысы «70-жылдардың келешегі» деген мақаласында, егер 1967 жылы күрестің мақсаты «тіпті белгісіз болған болса», қазір Египет жерінің бір бөлшегін жау басып алып отырғандығы «ашықтан-ашық көрініп» тұр. Бұл жағдай күрес жолындағы ең мықты мызғымайтын қозғаушы күшті – патриоттық рухты қозғап, бүтін халықты жаумен күреске жұмылдырды. Мұндайда Израильдің қарулы күштері қандай мақсатқа жете алады? Сол шолушының өзі, Израиль қоғамы бүкіл жер жүзіндегі қоғамдық пікірдің, қазіргі кезде, өзіне қарсы екендігін сеніп, алдағы уақытта дағдарыс күтіп отыр деген қорытындыға келеді. Дұрысында да, құрттай ғана, бірақ онысына қарамай, мейлінше соғысқұмар Израиль, әр уақытта пәрменді сүйеушісінің бар екендігін сезінеді. – Оның мұхиттың арғы шетіндегі әріптесі осы жанжалды мұнан да көрі шиеленістіре түсіп, оны дүние жүзілік үлкен шайқасқа айналдыру мақсатын көздеп отыр. Осыған ұқсас оқиға бұдан бұрын да бой көрсеткен болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын дүниежүзі тарихында – отызыншы жылдардағы гитлершіл Германияны алыңыз. Ол кезде Чемберлен мен
Даладье де Гитлер мен Муссолинидің алдында құрдай жорғалап, олар дың алдында тізе бүкті. Фашистік агрессорлардың айуандық ойын орын дауға көмектесті. Бұл немен біткен еді? Жоқ, мырзалар, жасаған қылмысы үшін айыпқа тартылмай қалса, ол екінші бір қылмысқа әкеліп соғады. Қамқорлықты сезініп тұрған қылмысты адамның басы айналады. Бүкіл әлемнің бостандық сүйгіш халықтары агрессорға деген өзінің әділ үкімін шығаратын кезі ешқандай кедергісіз келіп жетеді. Конференцияда сөз алып сөйлеген Моңғол Халық Республикасы ның делегаты X.Дамдин Парламентаралық Одақтың осы өтіп жатқан 57-конференциясының халықаралық қоғамның алдында моральдық және саяси жағынан өте жауапты екенін баса айтты. Конференцияның бейбітшілікті сақтау ісіне, халықтар арасындағы өзара түсінісу мәсе лесіне үлес қосып, онан әрі дамытудың керек екендігіне ерекше көңіл бөлді. Ядролық қарудың қазіргі қорының өзі біздің планетамыздағы өмірді бүтіндей жойып, түп-орнымен жоқ қып жіберуге әлдеқашан жетіп үлгерген, тіпті асып та түскен, соған қарамастан дүние жүзінде әлі күнге дейін қарулану ісіне көбірек көңіл бөлініп, ядролық қарудың қоры бұрынғысынан да молайтыла беруде. – Монғол Халық Республикасының делегациясы, – деді одан әрі X.Дамдин, – Америка Құрама Штаттары халықаралық правоның норма сын аяққа басып, дүниежүзінің қоғамдық пікірінің талабына құлақ қоймай, немқұрайды қарап отыр. Сонымен бірге өз халқының да талаптілегін ескермей, осы уақытқа дейін Вьетнам халқына қарсы жүргізіліп жатқан агрессияны тоқтатпай отыр. – Америка Құрама Штаттарының және оның Одақтастарының қа рулы күшін Вьетнам жерінен толық алып кетпей, Вьетнам халқының ішкі жұмысына қол сұғуды бүтіндей тоқтатып, ол елдің тағдырын шешуді өздеріне бермей, онда баянды бейбітшілік болады деп сенуге болмайды. Парламентаралық Одақтың мінбесінен айтылған дүниежүзі қауы мының бұл пікірлері Америка Құрама Штаттарының өкілін ойландыра ма деген ойда едік, бірақ олай болмай шықты. Ол конференцияда көтеріл ген сұрауларға тұжырымды жауап бермеді. Америка Құрама Штаттары конгресінің мүшесі Спаркман мырза конференцияның трибунасына көтеріліп, мәжілісте айтылып жатқан өте маңызды проблемалардан әлдеқайда аулақ, басқа бір мәселелер жөнінде сөйледі. Ол Қытай мен СССР арасындағы қарым-қатынас туралы өз көзқарасын айтып көп сөйледі, содан кейін ол Вьетнамдағы соғысты аузына алды да, бірден отырған жұрттың көңілін аударғысы келіп, келесі жетіде АҚШ-тың президенті Никсон сөйлеуге тиісті, ол өзінің сөзінде қазіргі кезде шешімін күтіп отырған Вьетнам мәселесін шешеді деп сандырақтады. Жоғарыда айтқандай, президент Никсон шынында да сөйледі, бірақ ол өзінің сөзінде ауыз тұшырлық ештеңе айтпады, оның бар жаңалығы дем алысқа жіберген бес мың солдатты еске алу болды, сонымен ол АҚШ үкіметінің адресіне айтылған бірде-бір мәселеге тоқтап жауап берген жоқ, бәрі де сол бұрынғысынша қала берді.
Мұның өзі әйгілі орыс мысалындағы «Ал Васька тыңдайды да тамағын іше береді», – деген жолдарды еске түсірді. Бізге таныс Үнді парламентінің мүшесі Масани мырза тағы да шегінен шыққан экспансивтік сөзбен қыза сөйледі. Бұл жолы да оның сөзі ішкі сырымен емес сыртқы көрінісімен ғана есте қалатындай болды. Ең алдымен Масани мырза Парламентаралық Одақтың бас секретары де Блонэ мырзаның сөзі «мазмұндылығы мен тереңдігі» жағынан өзін толық қанағаттандырғаны жөнінде даурыға сөйледі. Одан кейін Американың әскерінің бақылауымен өткен Оңтүстік Вьетнамдағы сайлауды мақтады. Сөзінің қорытындысында шешен «өсіп келе жатқан елдерге жан-жақты көмегі үшін ФРГ-ға өзінің шын жүректен шыққан алғысын айтты. Сөзін бітірген Масани мырза мінбеден түсіп, өз сөзіне өзі қанағаттанған, өз міндетін атқарған адамға ұқсап орнына барып отырды. Конференцияны басқарып отырған Дилон мырза келесі сөйлейтін шешеннің атын атағанда залда отырған жұрт бір сілкініп қалды. Ол сөз алған Израиль өкілі Д.Хакоэн болатын. Иә, сол кісі, біздің Дакарда кездескен ескі танысымыз. Содан бергі өткен уақыттың ішінде ол ешқандай өзгермеген: әлі де сол шапшаңдығы, сол шапқыншылық рухы, өзі жөніндегі тындаушылары мен әңгімелесуші адамдардың ойлаған ойымен, айтқанымен есептеспеу мәнері әлі қалмаған, толық сол күйімен сақталған. Израиль парламентарийі өз сөзін алыстан орағыта бастады. Израильде Махатма Гандидің атын жоғары құрметтейді, Үндінің данышпан ұлының 100 жасқа толған мерекесін біздің ел де кең түрде тойлайды деп өзінің үйреншікті қоңыр үнімен даурыға сөйледі. – Тек қана Ганди емес пе, – деп шешен елге қарап бір көтеріліп қойды, – Гитлердің алты миллион еврейлерді жойып жібергендігі жөнінде бүкіл әлемге жария еткен! Одан кейін Д.Хакоэн осы жиында сөйлеген шешендердің көпшілігі айтқан қазіргі заман проблемаларына теп-тез көшіп кетті. Шешеннің айтуынша, Таяу Шығыстағы арандатуды бастаған, агрессия жасап шабуыл жасаған Израиль мемлекеті емес. – Израильді агрессия жасады деу жалған! – деп Д.Хакоэн бір сілкініп қойды. – Бұл Совет Одағының инсинуациясы, өйткені ол елде сионизммен күресеміз деп ашықтанашық антисемитизм гүлдеп шешек атып келеді. Әділеттік үшін шынын айтсақ, Израильге қарсы агрессияны арабтардың өзі бастаған болатын. Біз қорғансыздармыз, міне жиырма жыл бойы арабтардың қорлығына шыдап келеміз. Сөзін қорыта келіп, Израиль соғысқұмарларының өте жылпос саудагері, аз болсын, көп болсын, Парламентаралық Одақтан Израильді араб агрессиясынан қорғауды талап етті. Ол былай деді: – Біз қорғансыз кішкентай мемлекет болғандықтан, сіздерден бізді қорғап қалуды сұраймыз! ...Үзіліс кезінде, алуан түрлі тілде гу-гу сөйлеп жүрген көпшіліктің ішінде біз де жаңа ғана сөйлеген Израиль өкілінің сөзі жөнінде өз ара пікір
алысып үлкен фойеде жүргенбіз. Мен ол кісімен Дакарда кездескенімді еске алып, Д.Хакоэнді біздің «жерлесіміз» деуге болатындығын, оның Белоруссияда туғандығын айттым. – Солай ма? – деп біздің делегацияның мүшесі Евгении Пекарский таңданып қалды. Е.А.Пекарский Белорусь темір жолының Жлобин қаласындағы паровоз депосында машинист болып істейді. Ол СССР Жоғарғы Советінің Ұлттар Советінде өндіріс, транспорт және байланыс комиссиясының мүше болып сайланған. Біз сөйтіп әңгімелесіп жүргенімізде «кімді айтсаң сол келеді» – дегендей, Д.Хакоэн алдымыздан шыға қалды. – О-о, жерлес! – деп қуаныш нышанын білдіріп, қолын соза бізге қарай жүрді. – Міне, жақсы кездестік! Амал не, біз тоқтадық. Д.Хакоэн бір секунд дегбір тауып, тағаттап тыныш тұрмады: ол екі қолын шалбарының қалтасына салып, ойнақшып, екі иығын жұлып жеп, жан-жағына көз жіберіп алақ-жұлақ етумен болды. Ол әлдекімді іздеп тұрған сияқты еді. – Менің сізге бір сұрау қойғым келіп тұр, – деді Евгений Пекарский кенет оған қарап. – Иә, иә, айтыңыз сұрауыңызды, – деп жауап берді, бұрынғысынша біздің қасымыздан өтіп жатқан адамдарды қарап тұрған Д.Хакоэн. – Сіздің Гомель қаласында туғаныңыз рас па? Біздің «жерлесіміз» көңілденіп, менің пенжагымның түймесінен ұстап, ерекше бір сенім білдірген кісінің нышанын аңғартты. – Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Россияда болдым. Жұмыс, өздеріңізге белгілі, қай жерге болса да апарады... Сол жолы мен сіздің ресми орындардан Гомель қаласына барып қайтуға рұқсат сұрадым. Олар менің бұл өтінішімді қанағаттандырды. Мен Гомель қаласында ерте кезде тұрған көшемді де, үйімді де, бәрін де тауып алдым. Бәрі де орнында екен. Тек қана көшемізді басқаша атапты. Қазір ол көше, жаңылмасам, Совет көшесі деп аталады. – Е, екеуміз «жерлес» екенбіз ғой, – деп Евгений Пекарский, оның сөзін бөліп жіберді. – Отанға қайту керек емес пе? Оның орнына сіздің өз отандастарыңызға қарсы сөйлегеніңіз қалай? Біздің «жерлесіміз» денесіне электр тогі тигендей, селк ете қалды. Өңі біресе сұрланып, біресе қызарып бірден бұзыла бастады. Аларған үлкен көзінде ашу оты пайда болды. Қарапайым паровоз машинисінің ұсынысы Израиль агрессиясын қолданушының бірі Д.Хакоэннің төбесіне жай түскендей етті. – Мен, Израильде де жаман орналасқан жоқпын, – деді ол міңгірлеп. Пекарскийдің даусы дірілдеп, өн бойын ыза кернеп кетті. – Олай болса сен ешқандай да біздің жерлесіміз емессің, сен тек қана Отанын сатқан сатқынсың! Парламентарийлардың халықаралық жиынында жүр екенмін деп паровоз машинисі дипломатияға салмады. Пекарский өз ойын осылай жұмыскерше ашық айтты.
Д. Хакоэн өзінің ұшқыр шапшаңдығын кілт тоқтатты да Е.Пекар скийге жасқана қарап қасымыздан тайып тұрды. Бұдан кейін біздің бірде-біреуіміз «жерлесімізбен» жүздесіп сөйлес кеніміз жоқ. Мәжілістен бос кезінде парламентарийлер бірімен-бірі кездесумен болды. Жаңа таныстар тапты, ескі таныстарымен бұрынғысынан да жақындаса түсті. Дели әлемі өзінің барлық ерекшелігімен, алуан түсті көркімен бүкіл ішкі дүниесін аша көрінді, құрттай да болса, бір нәрсеге құмартқан, қызығып көргісі келген адамға сол өз тілегенін көріп-білуге, жұмбағын шешуге мейлінше мүмкіншілік жасалған. Сондықтан да болу керек, қонақтарға арналып толып жатқан қабылдаулар, жай еркін кездесулер, аралап көру және неше түрлі концерттер жоспарланған. Бір күні конференцияға қатысушылардың түскі тамақ ішетін үзілісі кезінде Үндінің Президенті Гари мырза өзінің резиденциясында келген қонақтардың құрметіне ресми қабылдау жасады. Бұл ауыз толтыра айтатындай, жақсы да көрікті жүріп жатқан көптеген шаралардың бір бұтағы болатын. Қызылды-жасылды әсем киім киген гвардеецтердің қошеметтеуімен президент зайыбы екеуі шақырылған ресми қонақтар жиналып тұрған көкала масаты кілемдей құлпырған аулаға келді. Президент кілем төселген жатаған ғана сахнаға көтерілуі-ақ мұң екен, бірден үнді елінің мемлекеттік гимні тартылды. Жұрттың бәрі үн-түнсіз тұрып қалды. Содан соң президент пен оның зайыбы сахнадан түсіп, оның оң жағында оқшаулау тұрған креслоға барып отырды; ал қонақтар бірінен соң бірі келіп, ол кісімен қол алысып амандасып жатты. Қабылдауда келген қонақтардың ішіп-жегені: шай, кофе, түрлі түсті соктар, печенье, түрлі-түрлі бутербродтар болды. 40-45 минуттан соң президент, зайыбы екеуі тағы да сахнаға шықты, тағы да гимн ойналды, бұл қабылдау бітті деген сөз екен. Кешінде конференцияға қатысушылардың көпшілігін Үндінің еңбек министрі Хати мырза қонаққа шақырды. Мұнда келген қонақтар емінеркін болды, – әңгіме, күлкі, әзіл айтылып жатты. Әрбір қонақ қай жерде отырам десе де ерікті болды. Қонақтарға арнап ұзын-ұзын швед столы жабдықталған, кімде-кім көбірек отырғысы келсе, оларға арнайы ықшам ғана жатаған столдар дайындалған. Совет делегаттарынан мен жалғыз бардым. Басында жалғызсырап, қолайсыз бір жағдайда отырдым. Ерепейсіз үлкен ауланың іші адамға лық толы. Мен АҚШ-тың, Канаданың, ФРГ-ның делегаттары отырғанын көрдім. Қабылдауға Үндінің вице-президенті және парламенттің жоғарғы палатасының председателі Паттак мырза, одан кейін кешігіп Дилон мырза келді. Бұрышта тұрған швед столының біріне барып отырдым да мен стол дағы салқын тағамнан дәм таттым. Басында қасымдағы тілмәш Владимир Ярошенко екеуміз ғана отырған едік, бір кезде бізге көрші болып Канаданың өкілі Джильберт ханым келіп отырды. Оның тотияйындай
мөлдір көк көзі әсем біткен бет келбетіне әдемі әр беріп тұр. Қимыл мәнері де, сөйлеген сөзі де инабатты адамға ұқсайды. Біз бір столдың басында отырғаннан кейін бірте-бірте әңгімеміз үйлесе бастады. Мен Канадада «ЭКСПО-67» болған күндерімді еске алып, онда көптеген адамдармен кездескенімді еске алып, ол елдегі көрген-білге німді айттым. Одан кейін өзіміз қатынасып жүрген конференциядағы кейбір мәселелер туралы пікір алыстық. Джильберт ханым қалжыңбас, бұра сөйлеуге шебер кісі екен, кейбір тіке қойылған сұрақтан күле түсіп, жалтарып та кетеді. – Бұл жерге көптеген халықтың өкілі жиналды, – деді менің көршім, «халық» деген сөзге ерекше көңіл аудара сөйлеп. – Олай болса, біздің халқымыздың біздің қабылдаған шешімімізді өзгертуге толық хақысы бар. – Мұныңыз өте жақсы пікір екен, – дедім мен бірден, – осы күні халқының алдында толық жауапты екендігін сезінетін адамдардың барлығы қуанарлық іс. Сіз өз халқыңыздың өте тамаша өкілі болғандық тан конференцияның мәжілісінде дұрыс позицияда болатын шығарсыз деп сенемін. – Иә, мені үгіттеудің қажеті шамалы! – деп күліп жауап берді Джиль берт ханым. Одан соң біз Дилон мырзамен әңгімелестік. Ол кісі кешігіп келді де, швед столынан қолындағы тарелкаға әр түсті тағамдарды салып алып, отыратын орын іздей сәл ғана жан-жағына қарады, көзі менің қасымдағы бос тұрған орынға түсті. Аласа бойлы, дөңгелек бетінде бұйра қара сақалы бар Дилон мырза асықпай-саспай қоңыр дауыспен, оның үстіне кейбір сөздерін әндетіп ағылшын мәнеріне салып сөйлейтін кісі екен. Менің Қазақстаннан келгенімді біліп, Дилон мырза дипломат Т.Тәжібаевты еске алып, ол кісімен бірнеше кездесіп сөйлескенін айтты. Ол кезде тәуелсіз Үнді елі дипломатиялық аренаға толық шыға бастаған мезгіл болатын. Достардың шын, адал жүректен шыққан көмегіне толық риза болған Дилон мырза Т.Тәжібаев марқұммен кездескен күндерін еске алып, ол күндердің үнділердің жүрегінде мәңгі сақталып қалатындығын айтты. Әңгіменің қорытындысында менің көршім конференцияға қаты насып отырған парламент топтарының басшыларының құрметіне Үнді парламентінің атынан президент сарайында болатын үлкен қабылдауға мені де шақырды Қонақ үйге келіп, жатқан бөлменің кілтін сұрасам, кезекші ұзын бойлы қатқан қара жігіт кілтпен бірге менің қолыма төрт бұрышты етіп ораған хат ұстатты. Хат ағылшын тілінде жазылған екен, мен біздің делегация ның мүшесінің бірінен аударып беруді сұрадым. Ол нашар әріппен, қалай болса солай жазыла салған хатты тани алмай, маңдайын сипап көп тұрды. – Қызықты бір жұмбақ оқиға болып тұр, – деді серігім қолындағы хатқа қарап тұрып. – Бір белгісіз мырза саған ит алып келіпті. Сені қонақ үйден таба алмай үйіне қайтып кетіпті. – Ол неғылған мырза, ит әкелгені несі? – деп мен аң-таң болдым.
– Оны бір құдайдың өзі біледі. Хатта басқа ештеңе айтылмаған, – деп қолындағы қағазды маған қайырып берді. Мен аң-таң болып, дәліздің қақ ортасында тұрып қалыппын. Үнді елінде менің таныс ешкімім жоқ. Сонда мені іздеп кімнің келуі тиіс? Түсінсем бұйырмасын! Бұл не жұмбақ? Осылай деп ойланып тұрғанымда қасыма жерлесім В.Н.Ярошенко келе қалды. Ол да бұл ит әкелген жұмбақ адам кім болды дегендей ынтыға қарады. Ол менің қолымдағы әбден уқаланып біткен хатты алды да, оқи бастады. Сол-ақ екен, ол қарқылдап күліп жіберді, оның күлкісін естіген көрші бөлмедегі біреу есігін ашып қарады да, бірден қайта жаба қойды. – Қымбатты достым, – деді Владимир Николаевич күлкісін тоқтатып, есін жинағаннан соң, – ит алып келген ешқандай мырза жоқ көрінеді. Күлкіден өліп қала жаздағанымды көрдің бе? Сізге осы жердегі бір газетте істейтін журналист келіпті, сізді кездестіре алмай мына хатты тастап кетіпті. Тағы келемін депті. Айтыңызшы, ит әкелді деп сізге айтып жүрген кім? – деп Владимир Николаевич тағы да күлкісін тоқтата алмай, шексілесі қатып тұр. Тіл білмегеннің аяғы неге соғатынына бәріміз күліп, төменгі қатардағы кафеге кофе ішуге бардық. Владимир Николаевич менің өңім бұзылып кеткенін қайталап айтып, әлі күлкісін тыя алмай отырды. Төменгі қабатта біз Герман Демократиялық Республикасынан келген делегация мүшесі неміс жолдастарымызды кездестірдік. Көп күттірмей Ю.И.Палецкис пен В.Л.Кудрявцев келді. Олар да сол біздің столға келіп, кофе сұрады. Неміс делегаттарының көңілінде ешқандай қаймығудың ізі көрінбейді. Өз отанын парламентарийлердің халықаралық ұйымына алмай қоюдың қандай шын шешуші себебі бар екенін, олар егжей-тегжейіне дейін дұрыс түсініп, дұрыс қорытынды жасады. Отырғандардың бірі газеттердің кейінгі бір санында мынандай бір мақала барлығын айтты: Американың айға ұшып барып келген космонавтары Майкл Коллинз және Нейл Армстронг, Вашингтонда ресми қызметке тағайындалыпты-мыс. Екеуінің біріншісі мемлекеттік секретарьдың қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі болып, екіншісі, – «Бейбітшілік корпусының» ұлттық консультативтік Советінің бастығы болыпты-мыс. Бұл өте қызықты хабар, бірақ ол хабардың астары балаға да белгілі; АҚШ өзінің космонавтикадағы жетістігін белгілі бір саясатқа «балайды». Мұнан мынадай бір сұрау туады: осы техникалық тамаша табысты әлеуметтік мазмұнмен әрлеуге, сырлауға бола ма? Егер бола қалған күнде ол қуаныш бола ала ма? – Біздің ісімізде, – деді кештің соңында ГДР-дің делегациясының бастығы Р.Зибер, – әділдік жеңетіндігіне біз әбден сенеміз. Дегенмен біз қолымызды қусырып отыра бермейміз, күресті мұнан да бетер күшейте түсеміз, өзіміздің нысанамызға жетеміз! Конференцияның кезекті мәжілісінің бірінде сөзді Халықаралық Еңбек Бюросының бас директоры К.У.Дженкс мырза алды. Ол биылғы
жылдың Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) үшін мереке жылы екенін еске түсірді. Осыдан жарты ғасыр бұрын Франклин Рузвельт марқұм «Әділетті адам парламенті» – деп атаған өте беделді елдердің құрамы ұйымдасқан болатын. Шешен біздің планетадағы барлық парламент терге арналған тіпті ұзын үндеу оқып шықты. Ол: «Қайыршылық пен молшылық арасындағы алшақтықты жою керек, оны тез жою үшін ең алдымен байлықты өсіру қажет, олай етпеген күнде адам баласы дәулетті өмірге жете алмайды, дәулеттілікті толық қамтамасыз ету үшін өскелең байлықты пайдалану қажет, бұл міндетті тек бостандық болған жерде ғана іске асыруға болады – бүтін жер жүзі саясатының және барлық елдердің саясатының ең басты проблемасы осында болып отыр, бұл мәселе біздердің бүгінгі талқылап жатқан тақырыбымыздың бас діңгегі болып отыр», – деп конференция делегаттарын осыған шақырды. Дженкс мырзаның сөзінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі ескертпесі ерекше бір үнмен шықты. Ол былай деді: «Эконо микалық прогрестің негізгі мәселесі – жұмыспен қамтамасыз ету... Бұл жұмыс тауып беру мүмкіншілігінің аздығына қарамастан, соны пайдаланып қалуды тілеп отырғандардың тіпті көп екендігін, діни топтар мен нәсілге бөлінетін топтардың арасындағы келіспеушілік пен қайшылықтың күшейе беруіне қолайлы жағдай екендігін атап айтқан жөн...». Бұл қорқынышты да қайғылы жағдай жасырылмастан Үнді парламентінің үйінде, зал толы әр елдің парламентарийлерінің алдында айтылды. Үнді бүкіл дүние жүзіндегі ең халқы көп елдердің ішіндегі халқын жұмыспен қамтамасыз ету проблемасы кезек күттірмей шешуін тосып отырған ел. Сондықтан да ата-бабаларының әдетінше, қызыл күрең матадан денеге ораған мол көйлек киген, кезекті бір ауыр жұмысқа кірісуге дайындалған адамша оң қолын әдейі жалаңаш, бос қойған қара торы, сұңғақ бойлы әдемі әйел мінбеге шықты. Конференцияның мәжіліс залынан шығып жерде бытырап жүрген жұрт кенеттен қозғалып, ерсіліқарсылы жүгіре бастады: бірі кофе, енді бірі шай іше қояйық деп отыр ған делегаттар, асығып-үсігіп залға кірді. Сөзді премьер-министр Индира Ганди алды. Премьер-министр өз елінің қазіргі жайының өте ауыр екенін жасыр май айтты. «Аштық, – деді ол да, – Үндінің ғасырлар бойы қалмай келе жатқан қырсығы, оның бақытсыздығы, оның қасіреті. Бұл бақытсыздыққа ең алдымен отаршылдықтың қайғылы қалдығы жауапты, сонымен күресуге бүкіл өмірін М.Ганди де, Дж.Неру де сарп етті. Индира Ганди өз елінде әлі күнге дейін дінге сенушіліктің мықты екендігін, халық тың қараңғы, томаға-тұйықтығын, ал бұл жағдайдың әр халықтың ара сындағы сенімсіздікті, талас-тартысты күшейте түсуге толық мүмкіншілік беретіндігін жаны ауыра жария етті. Бірақ, деді ол, біз өз халқымыздың санасының бостандығы үшін күресуге әбден даярмыз және біз үшін ол қаншама қымбат тұрса да сол мақсатқа жетеміз». Осыдан кейін Индира
Ганди қазіргі саяси жағдайға көшіп, Үнді Ұлт Конгресі партиясының ішіндегі оппозициялық күштерге тоқталды. – Үндінің жүрегі – таза жүрек, – деп премьер-министр өз сөзін қоңыр үнді даусымен асықпай ілгері соза берді, – алдымызда тұрған үлкен қиындықтарға қарамастан, біздің елдің өндіріс орындары өзінің өнім беретін күшін екі есе ұлғайтқанын біз қазір кеудемізді көтере, даусымызды шығара айтуымызға хақымыз бар. Біздің халық ағарту жұмысының қаулап өсіп келе жатқандығын мақтан етіп айтуға әбден болады, қазіргі кезде 75 миллионнан аса үнді балалары мектепте оқиды. Біздерде осы уақытқа дейін көптеген қиыншылық көріп, опық жеп келе жатқан мәселелеріміз де бар, – ол мәселен, халықты медицинамен қамтамасыз ету ісі, – біз осы күнге дейін қол жеткен табысымызды да көре білдік: қазіргі заманда медицина жөнінде Үнді дұрыс жолға түсті, кейбіреулер бізді бұл жолдан тайдырып тұйыққа тыққысы да келеді, бірақ біз ол дұрыс жолдан таймаймыз. Премьер-министрдің сөзі өкіметтің ішкі, сыртқы саясатымен байла нысты алуан түрлі мәселелерді қамтыды. Индира Гандидің Үнді еліндегі оппозициялық күштердің басшы адамдары жөніндегі айтқаны да мәжілісте отырған делегаттардың бірде-біріне құпия іс болып көрінген жоқ. Премьердің сөйлеген сөзіндегі өзі ұстаған жолына, ісіне сеніммен қарайтындығы, қайғыдан көз ашпай, езіліп келген елінің жарасын көре біліп, тарих алдында жауапкершілігін толық түсінетіндігіне залда отырған тыңдаушы жұрт өте риза болды. Үнді өз халқын өз азық-түлігімен қамтамасыз етуге тиіс деген ұран тастап, Индира Ганди үнді халқының сан жағынан өсуін белгілі бір жолға салудың керек екендігіне тоқтады. Ол кісінің айтуынша, әрбір үнді семьясының саны төрт адамнан аспауға тиіс. Үнді елі шетелдермен байланысын бұрынғысынан да дамыта түседі дей келіп, премьер-министр біздің ел басқа елдердің достық ниетпен берген көмегін әр уақытта үлкен алғыс айта отырып қабылдайды, ал егер ол көмекті бере отырып бізге саяси талап қойғандай болса, біз ондай көмектен бас тартып, бойымызды аулақ ұстаймыз. Сыртқы саясаты жөнінде үнді бұрынғысынша блоктың қандай болмасын түріне қосылмау және басқа елдердің ішкі ісіне араласпау саясатын берік ұстайды. Өткен жолдағысындай, тағы да, өз елінің адресіне айтылған көптеген әділ сындарды қайткен күнде жоққа шығаруға әрекет жасап Израиль өкілі сөйледі. Тек қана бүгін бүтін әлемге әйгілі Израиль агрессорының бірі Д.Хакоэн сөйлемей, оның орнына мінбеге Циммерман мырза шықты. Ол да Хакоэнмен әбден ауыз жаласқан, барлық сыр-сипаты бір адам. Ол өзінің сөзінде Израиль әуе кемесінің аспанда ұшуына қысым жасалып, бостандық берілмей, жолын тарылтып тежеп отыр деп көкіді. Шешен, тегінде, араб қалалары мен деревняларына шабуыл жасап жүрген Израиль самолеттеріне оқ атып, тіпті әуелі оны жиі-жиі атып түсіргенін жақтырмайтын пиғыл білдірді. Тель-Авивтен келген соғысқұмарлардың осыншалық ұятсыздығына, осы уақытқа дейін олардың істеп келген
қулық-сұмдығына көніп келгендердің өзі қатты наразылық білдірді. Шынында да қойды қолына түсіре алмай, жылаған қасқырға кімнің жаны ашушы еді. Израиль өкілінің барлық қулық-сұмдығын, сонымен бірге оған дем беріп, қолтығына су бүркіп қолдап отырған Америка дипломатиясын да қатты сынап, Болгария өкілі Е.Матеев сөйледі. «Соғыс жолымен өз тілегіне жете алмай, ол мырзалар, енді дөңгелек стол басында отырып жеңіске ие болуға тырысады», – деді ол. Чех делегаты П. Рапош өзінің сөзінде Дженкс мырза мен Индира Ганди ханым айтқан халықты жұмыспен қамтамасыз ету проблемасына ерекше көңіл бөліп тоқтады. П.Ропош бұл мәселе өзінің кезексіз шешуін күтіп тұрғандығын кеңірек талдады. Ол капиталистік елдерде жұмыссыздықтың неге жойылмай келе жатқандығының негізгі себебін көрсете, аша сөйледі. Ол былай деп мәлімдеді. Қазіргі өсіп-өніп келе жатқан техника заманында маманданған бір жұмыскер мамандығы жоқ отыз жұмыскердің істейтін жұмысын атқарады. Олай болса, жұмысы жоқ адамның саны өне бойы бұдан былай да өсе бермек, бұл процесті тоқтатып, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жеке меншікті жою, баланы ақша төлемей оқыту, шаруашылық ісін жоспарлы түрде жөнге салу, тағы сол сияқты адамның ілгері қарай қадам басуына керекті жағдай жасау керек. Сонымен бірге жер жүзіндегі адам баласының ден көпшілігі жатпайтұрмай еңбектенетіндігі, ал азшылығы сол еңбектің қыруар жемісін жеке өз басына пайдаланатындығы жөнінде әңгіме болды. Үнді Компартиясының мүшесі Гупта жолдас өзінің сөзінде Үндінің прогрессивтік жолмен дамуына көлденең тұрып, оның ілгері қарай қадам басып өсу процесіне кедергі жасаушы күштерді қатты шенеді. Конференцияның жоғарғы трибунасынан ол, халық сүйіп сайлаған өз елінің парламентінің мүшесі есебінде, тәуелсіз Үндінің прогрессивтік жолмен өсіп-дамуына өзінің кертартпа саясатымен Америка Құрама Штатын билеп-төстеуші империалистік ортаның кедергі жасап келгенін, олардың Үнді еліндегі кертартпа күшті барынша қолдап, социализмге қарай қадам басқан елді жолдан тайдыруға барлық күшін жұмсап отырғандығын ашықтан-ашық айтты. – Мен Масани мырзаға ескерткім келіп тұр, – деп мәлімдеді Гупта жолдас. – Үнді халқы оның империалист саясатын еш уақытта қолда майды. Халықтың санасына кертартпа саясаттың ұрқын себем деп ол бостан-босқа тыраштанады. Коммунист-парламент мүшесінің сөзі, менің ойымша, өте бір маңызды, өз елінің келешектегі өсу жолын дұрыс болжаған сөз болды. Бұл қиыншылық біткенді басынан өткізген, халқымен тығыз байланысты болған, оның талап-тілегін, ойын және келешекке деген сенімін түсіне білген адамның сөзі еді. Сол кезде үлкен бір қуанышты оқиға болды. Ол бірнеше күннен соң ең алдымен үнді газеттері, одан соң бүтін дүние жүзі газеттері іліп әкеткен үндінің алыс ауданындағы Керала штатында болған оқиға еді. Онда жергілікті өкімет орындары жер жөнінде жаңа
заң қабылдап, сол заңды іс жүзіне асыра бастаған болатын. Бұл штаттағы жер реформасы ең алдымен ірі жер иелері алпауыттардың жерін национализациялау туралы еді. Штаттың кіріс министрі Джакоб мырза осы күннен бастап жерге жеке меншіктік жойылады, әрбір семья өзіне тиісті көлемде пайдалануға жер алады, ол жерді алған семья өз күшімен егін егіп, орып алуға хақысы бар деп мәлімдеді. Бұл көп нәрсеге сенімді күшейтетін хабар! Алғаш қадам басқан кезінде, сәтсіздігі де болуы мүмкін, бірақ жерге жеке меншікті жоюдың өзі үлкен өзгерістердің дүбірі алыс емес екендігін болжатады. Осындай жағдайда премьер-министр Индира Гандидің біздің заманымызда Үнді аспанында үлкен тарихи оқиғаның самал желі соғып келеді деген сөзін қалай еске алмайық! Конференцияның пленарлық мәжілісінде осы жолдардың авторына да сөйлеуге тура келді. – Қазіргі замандағы адам баласының тарихы экономикалық струк турасы жағынан мешеу, төмен дәрежеде өскен, өндірістік күштің өсіпдамуына әбден кедергі болуға айналған қоғамды структурасы жағынан жоғары сатыға көтерілген, өскен өндірістік күштің негізінде құралып ұйымдасқан қоғаммен алмастырудың ең тамаша үлгісі Ұлы Октябрь Социалистік революциясы болды, – дедім мен. – Ол Россияның өзінде ғана қоғамдық-экономикалық формацияны өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге оның кешегі мешеу қалған ұлт аймақтарын да түгелдей өзгертті. Совет өкіметі құрылғаннан бергі жылдардың ішінде СССР халықтарының өмірінде болған ұлы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тек қана Октябрьдің жемісі. Қоғамдастырылған социалистік еңбек, өндіріс күші мен өндіріс құралдарына жеке меншілікті жою ісі біздің елімізде еңбекті қанаудың барлық түрін толық жоюмен бірге, еңбек өнімінің қаулап өсуіне жаңа жағдай туғызды. Социализм негізіндегі еңбек әр адамның өзі үшін іс тейтін еңбекке айналады және әрбір еңбекші өндіріс процесіне белсенді түрде қатынасып отырады. Совет қоғамының жарты ғасырлық тәжірибесі социалистік өсу жолының капиталистік өсу жолына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қандай да болмасын халықтардың феодалдық-патриархалдық қоғамнан капиталистік формацияны аттап өтіп, бірден социализмге көшу туралы идеяның дұрыстығын толық дәлелдеді. Мұны Орта Азия мен Қазақстанның, Кавказдағы, солтүстіктегі, Сібірдегі және Советтік Қиыр Шығыстағы көптеген халықтардың тәжірибесінен көруге болады. Қазіргі заманда Совет өкіметі тұсында кешегі мешеу қалған ел патриархалдық қоғамнан прогреске, еріксіздіктен советтік социалистік мемлекетке, феодализмнен социализмге адам таңқаларлықтай қадам басқан Советтік Қазақстан және туысқан Орта Азия республикалары көптеген халықтар үшін шын мәнінде үлгілі меже бола алады. Елу
жылдың ішінде кешегі патшалық Россияның мешеу қалған шет аймағы экономикалық жағынан алдыңғы қатардағы елдермен тең түсіп отыр. Мәселен, қазіргі Қазақстан өндіріс өнімінің көлемі жөнінде революцияға дейінгі 130 Қазақстанмен теңбе-тең болады. Осы кезде біздің республика өзінің өндірген затын 70-тен астам дүние жүзі елдеріне жіберіп отырады. Қазақстанның және сол сияқты басқа да туысқан республикалардың әлеуметтік өсу жолындағы ең бір ұлы жеңістерінің бірі жұмысшы табы ның, ғылыми-техникалық интеллигенцияның, әсіресе, ұлт кадрларының тууы болды. Егер, 1926 жылы, бесжылдықтардың алдында, Қазақстан ның халық шаруашылығында небәрі 109,8 мың адам жұмыс істесе, қазіргі кезде, оның саны төрт миллионнан асты. Халық шаруашылығы мен мәдениеттің әртүрлі саласында 113 мыңнан астам жоғары дәрежелі білімі бар қазақ мамандары қызмет істейді. Социализм өткен заманның адам төзгісіз масқара қалдығы – жаппай сауатсыздықты жойды. Біздің республиканы ол ғылым, өнер және әдебиет саласында алдыңғы саптағы елдердің қатарына көтерді. Туысқан Орта Азия республикаларының да экономикасы мен мәдениетінің барлық салаларында қол жеткен табыстары ұшан-теңіз. Біздің Қазақстанмен шектесетін Советтік Түркмения республикасын мысалға алуға болады. Ол республика патшалық Россияның ең мешеу, артта қалған алыс аймағы болатын. Ал, Совет өкіметі тұсында онда мақта өндіру жұмысы революциядан бұрынғы уақытпен салыстырғанда он есе өсті. Осы уақыттың ішінде мұнай өндіру ісі 100 есеге жуық өсті. Электр қуатын, химия, машина құрылысын және басқа да бұрын болып көрмеген өндіріс салаларының өнімін өндіру ісі қаулап өсіп келеді. Бұл жағдайлардың өзі Совет Одағындағы ұлт республикалары экономикасының және мәдениетінің өсуі Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкасындағы көптеген артта қалған және енді өсіп келе жатқан мемлекеттермен салыстырғанда көш ілгері екенін көрсетеді. Осы айтылған жағдайлардың бәрі әлеуметтік прогресс пен экономикалық өсудің жоғарғы сатысына біздің ұлы социалистік елдердің халықтары ғана жетіп қоймай, сонымен бірге бүкіл адам баласының және ең алдымен отарлаушылықтан азат болып, өз тізгініне өзі ие болған, өсіп келе жатқан елдердің де қолы жететіндігіне толық дәлел болады. Есікті біреудің қағып тұрғаны естілді. Мен тұрып, бөлменің есігін аштым. Дәлізде екі жас жігіт тұр екен. – Шәріпов мырза! Біз бір келіп, сізді таба алмай кеткен едік. Сізге біздің хатымызды берді ме? – Хош келдіңіздер, үйге кіріңіздер. – Бұл жас жігіттердің тастап кеткен хатының алғашкы аудармасын естіп В.И.Ярошенконың шек-сілесі қатқанша күлгені есіме түсіп, мен ерікісіз жымиып күлдім. Келген қонақтар аты-жөндері жазылған визит карточкаларын ұсын ды: біреуі, хинди тілінде шығатын «Динман» газетінің редакторы Ракубир Сагай, екіншісі, Үндідегі «Патриот» деген газеттің тілшісі С.С.Шакарварта екен.
Маған қонақтар келгенін біліп менің қатарымдағы бөлмеде тұратын көршім Владислав Борисович Трапезников келді.. Ол ағылшын тілін мейлінше жақсы білетін өте тамаша тілмаш. Біз кешкі достық әңгімеге кіріспес бұрын екі жас жігіттің тастап кеткен хатын еске алып, күлісіп алдық, бұл алда тұрған ұзақ әңгімеге кіріспе ретінде болды. Журналистердің екеуі де Совет Одағында болып жатқан жаңалыққа әр уақытта қадағалап көңіл бөліп отыратын, сондықтан біздің елдегі оқиғаларға қанық адамдар екен. Біздің әңгімеміз ең алдымен Россия мен Үндінің ерте заманнан келе жатқан байланысынан басталды, мен тек қана «Үш теңіздің ар жағына сапар» деп аталатын Афанасий Никитиннің кітабын атап едім. Журналистер бұл жайды жақсы біледі екен. Олар ары қарай жалғастырып М.Ганди мен Л.Толстойдың хат жазысып тұрғандарын еске алды, Дели қаласының қақ ортасындағы бір көшені Л.Толстойдың атымен аталатынын айтты. Осы арада біздің сол көшеге барғанымызды айта кетуді орынды көрдім. Осы бір көше көзімізге ыстық көрінгендіктен біз машинадан түсіп, бір-екі кварталдай көшенің екі қапталында тізіліп тұрған үйлерге зер сала жаяу жүріп өткен едік. – Біздің халықтардың бірімен бірінің ежелден тығыз байланысты лығын көне үнді-европа тілінің екі халыққа бірдей жалпы тіл екендігінен де көруге болады! – деп көтеріле сөйледі Ракубир Сагай. Содан соң ол екі халықтың қаны араласқан туысқандығы жөнінде адам таң қалатын тамаша бір мысалдар келтірді. Мәселен, қой деген сөз үндіше авси, ал славянша – овца. Ал, көне индустардың «динам» деген сөзі славяндардың «день» (күн» деген сөзімен сәйкеседі. Бұл екі тілде бұдан басқа да ұқсас сөздер бар медвед – медведь (аю), агнь – огонь (от), знана – знание (білім), двара – дверь (есік), перевочак – переводчик (аудармашы), сахор – сахар (қант). Менің тағы да бір таң қалғаным «самовар» деген сөз хинди тілінде де орыс тіліндегідей өзгертілместен айтылады! Каракорумның бұлтты асуынан асып, алыстан келген «самовар» деген сөздің өзгерместен ғасырлар бойы сақталып келуінің өзі біздің елдердің арасындағы байланыстың ежелден күшті болғанын көрсетеді ғой! Одан әрі біздің әңгімеміз әлдеқайда көңілді болды. Біз енді екінші отаны болған орыс суретшісі Николай Константинович Рерихты, онан соң ғалым, үлкен ақыл иесі, үнділердің арасында аты өте бір құрметпен аталатын Владимир Аронович Хавкинді еске түсірдік И.И.Мечни ковтың шәкірті және «Халық еркіндігі» – («Народная воля») ұйымына қатысушы В.А.Хавкин Россияда әлденеше рет әкімшілік орындарының және полицейлердің қуғынына ұшыраған кісі. Ол кісіні тағдыр Үндіс танға апарды, онда оба ауруына қарсы өзінің ойлап шығарған вакци насын көптеп шығарумен қатар, ол дәріні ауруды емдеуге дұрыс қолдана білді. Үнді елінде Хавкин ғана обаға (халераға) қарсы бұрынды-соңды болып көрмеген жаппай күрес жүргізді. Бомбей қаласында оба індеті
басталған күні осы «қара өліммен» күрес жүргізу үшін күн бұрын ойланып даярланған жоспармен Хавкин сол Бомбей қаласына көшіп барады. Осы жерде Хавкиннің басшылығымен обаға қарсы лаборатория құрылады, ол лаборатория кейін тек қана үнді елі үшін емес, бүкіл Азиядағы вакцина мен сыворотка өндіретін үлкен өндіріске айналған өте ірі ғылымизерттеу институты болып құрылды. Ол институт обаға, жындануға, сүзек ауруына, паративке тағы басқа да жұқпалы ауруға қарсы дәрі-дәрмек жасап шығаратын болды. Бұл препаратпен барлық оңтүстік-шығыс Азия елдері қамтамасыз етіледі. Бомбейдегі бұл институт қазір орыс дәрігері В.А.Хавкинның атымен аталады. Екі журналист бізге Үндістандағы қызыл бақ деп аталатын ең ірі, ең тамаша ботаника бағы жөнінде де әңгімелеп берді. Оның кротондар деп аталатын зәулім ағаштары мен әдемі гүлді жапырақтары бар жатаған ағаштары адамды таң қалдырады. Бұл гүл ағаштарының әр біреуінің жекежеке өзіне тән аттары бар. Ол гүлдердің ішінде «Неру», «Кришна», «Индира Ганди», «Брахмапутра» атты гүлдермен қатар, «Россия», «Юрий Гагарин», «Андриан Николаев», «Валентина Терешкова» деп аталатын гүлдер де өседі. Біз Бхилайды да еске түсірмей қоймадық. Совет мамандарының көмегімен салынған бұл жаңа ең үлкен металлургия комбинаты қазіргі кезде Үндістан мен СССР халықтарының мызғымас достығының белгісі болып отыр. Біздің жас қонағымыз Ракубир Сагай журналистігімен бірге, өлең де жазады екен. Оның хинди тілінде бірнеше өлеңдер жинағы басылып шығыпты. Ол әдебиетші есебінде біздің республикада өз ана тілінде жазатын жас жазушыларға қандай көмек көрсетілетіндігін сұрады. – Олардың шығармалары басқа сақа жазушылармен қатар басыла ма? – деді. Жас қонақтар менің әңгімемді барлық ынтасымен тыңдады. Совет Одағы Коммунист партиясының жас жазушыларды тәрбиелеудегі әкелік қамқорлығын айтқанда шетел жастарының тебіренгенін көру де ғанибет емес пе? Біздің еліміздегі жас жазушыларға деген қамқорлық екі жігітті ерекше сүйсіндірді. Мен оларға жуықта ғана болып өткен жас жазушылардың республикалық мәжілісі жөнінде де баяндап бердім. Біздің «Жазушы» баспасы жыл сайын бірнеше серия етіп жас авторлардың тұңғыш жинақтарын басып шығаратынын айттым. Бірінші кітап жас автордың жанына қанат бітіреді, олардың творчестволық еңбекке деген ынтасын арттырады. Егер, жас жазушы ылғи өз шығармасына ұқыпты қарап көп ізденсе, ол жаңа шығармаларын аға жазушылардың талқысына салып, олардың көрсеткен кемшіліктерін түзеп, көлемді жинақ шығаруға толық мүмкіншілік алады. Біздің қазақ жазушылары шығармам басылмай қалады-ау деп еш уақытта опық жемейді, – дедім мен. – Жазушылардың еңбегін басатын арнайы «Жазушы» баспасы бар екендігін жоғарыда айттым. Әдебиет
журналдары мен әдебиет газеті бар. Онан қала берсе біздің жазушылардың шығармалары орыс тіліне аударылып Москва баспаларында да басылып шығады. Өткен жылдан бастап біздің Алматыда жас жазушылардың шығармаларын басатын арнайы «Жалын» деген журнал шыға бастады. – Меніңше, сіздің елде жазушылардың институты бар болу керек? – деп сұрады С.С.Шакарварта. – Иә, әдебиет институты бар. Онан басқа талантты жастар оқитын Жоғары әдебиет курсы бар. – Былайша айтқанда, арнайы жазушылар үшін оқу орны бар десеңізші? – Иә, солай деуге де болады. Одан басқа, университеттер мен пед институттардың бәрінде дерлік филология факультеттері бар. Жазушы тек қана гуманитарлық оқу орнында тәрбиеленбейді... – Айтыңызшы, – деді С.С.Шакарварта тағы да сұрау қойып, – сіздің елде Евтушенконың шығармаларын бастыртпай қойды деген рас па? – Жалған! Және барып тұрған өтірік! Оның шығармалары біздің елде тоқтаусыз басылады, басылып та жатыр. Тіпті көп дана болып басылады. Осы 1969 жылы ғана оның «Идут белые снега» деген кітабын Москвадағы «Көркем әдебиет» баспасы 60 000 тиражбен жарыққа шығарды. Басылмаса ол не? – Олай болса, біз қойдық, – деді Ракубир Сагай менің айтқаныма шын сүйсінгенін көрсетіп, ықыластана күліп. – Шет елдерде сіздің ел жөнінде адам сенбейтін өтіріктен аяқ алып жүре алмайтыны жөнінде сіздерге де мәлім болар. Айтыңызшы, менде бір сұрау болып отыр. Қазақтар біздің үнді әдебиеті жөнінде ештеңе біле ме? Тіпті әуелі шамамен болса да? – Неге шамамен дейсіз? Қазіргі кезде қазақтар сіздердің көптеген жазушыларыңызды өз ана тілінде оқиды. Үнді жазушыларының қазақ тілінде аударылып басылып шыққан кітаптарының бәрін жатқа айтып беру маған қиынырақ, – дедім де, мен Р.Тагордың «Гәуірмаһан» және «Күйреу» атты романдары, «Алтын сағым» атты әңгімелерінің жинағы, Прем Чандтың «Жыланның тасы» және «Тхакурдың құдығы» деген кітап тары, А.Аббастың «Үнді перзенті» романы, Б.Бхабанидің, М.Аммананың, Б.Бошудың шығармалары, Үнді ертегілерінің, әңгімелерінің және фольклорының жинағы қазақ тіліне аударылғанын айтып бердім. – Біз хинди тіліне қазақ жазушыларының осынша шығармаларын аудардық деп мақтана алмаймыз, – деп мойындады С.Сагай мырза. – Бұл біздің алдымызда тұрған міндет деп сенеміз деп С.С.Шакарварта оның сөзін қостады. Біз Ракубир Сагай екеуміз қоштасар алдында бір-бірімізге өз кітабы мызды сыйластық. Маған алыстағы шетелдік достарымның ескерткіш есебінде сыйлаған қымбат кітап қатары көне хинди тілінде жұпыны ғана басылған өлең жинағымен толтырылды. Кітаптың мұқабасының ішкі бетіне иероглифпен көлденеңінен автордың өз қолымен жазылған қысқа ғана: «Қымбатты достым Шәріповке ең жақсы тілекпен», деген сөздерден соң Р.Сагайдың қолы қойылған.
Жексенбі, 2 ноябрь күні, бізді Дели қаласының оңтүстігіндегі табиғаты сұлу, бай Агра қаласына саяхат жасап қайтуға алып шықты. Біз мінген машина астана көшесіндегі ығы-жығы болған көпшіліктің арасынан шығысымен-ақ екі қапталына ондаған километр бойы бойшаң сұлу ағаштар өскен, тақтайдай жазық асфальт төселген үлкен күре жол басталды. Жолдың екі қапталынан асылып бұтағын кең жайған акация ағаштарының жапырағы алыстан қарағанда тұтасып тұрған тотияйынға ұқсайды. Үндінің табиғаты да, жері де құтты көрінді менің көзіме, өйткені мұндай – күні, суы мол жерден шаруалар жыл бойы бірнеше дүркін өнім алып отыруға мүмкіншілігі бар. Амал не, бұл елдің ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде. Міне, осы қазірдің өзінде, жол үстінде келе жатқан біздің көзімізге көңілсіз бір көріністер шалынып келеді. Жалғызілік егінші ағаш соқаның соңынан әзер басып келе жатыр. Бұл да жырту болып па? Меніңше, бұл жерді жыртып жүрген жоқ, шұқып қопсытып жүр. Сондықтан да үндіде егіннің түсімі өте төмен екендігіне таңдануға болмайды. Біздің мініп келе жатқан машинаның шофері машинаны қорықпастан тым тез айдайды екен. Спидометрдің тілі жетпіс деген санның үстінде қозғалып тұр. Бұл біздің километр емес, миль көрінеді, олай болса біз мінген машина жүз километрден көбірек шапшаңдықпен атқан оқтай ұшып келеді. Үндіде автомобиль айдау өте қиын жұмыс. Жол үстінде, көшеде қаптаған жаяу кісілер, велосипедистер, арбакештер, қаңғыған сиырлар мен толған бұралқы иттер. Ережеге бағынатын, тек механизацияға бағынатын көліктер ғана көрінеді. Ең қауіпті болып есептелетін велосипедтер. Міне, қартаң тартқан шаруа ескі велосипедке мініп мас кісіше біресе оңға біресе солға жыланша бұраңдап ақырын жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден артына қарамай машиинаның дәл радиаторының алдынан ол жолдың екінші бетіне кенеттен бұрылды. Шофер оны соғып кетпеу үшін аз да болса бұрылып кетуге машинаның баранкасын сәл айналдырады. Оның келбетінде қорқыныштың да, оған риза болмай қалғандықтың да белгісі жоқ: бұл кәдімгі күндегі үйреншікті оқиға. Бұзаулы сиырлар көшенің бұрышында, бұрыла бергенде кездеседі. Көшенің машина жүріп жатқан бөлігінде теріс қарап өзі тар жолдың жартысын жауып, қаннен-қаперсіз бананның қабығын жеп күйсеп тұра береді. Иттер көшенің қақ ортасында жатып емін-еркін қозғалмастан ұйықтай береді, ал машиналар иттің оң жағынан да, сол жағынан да бұрылып өтіп жатқаны. Үндіде қаптап жүрген сиырдың көп екендігі жөнінде мен бұрынғы саяхатшылардың көптеген әңгімелерін қайталағым келмей отыр, бірақ та бір нәрсені оқушы жұртшылыққа айтпай кетуге болмайды. Көше-көшеде қаңғып жүрген сиыр, олар магазинге де кіреді, машиналардың әдеттегідей жүруіне де кедергі жасайды. Оның бәрін қасиетті сиыр деуге болмайды. Көпшілігінің иесі бар, олар өз меншігіндегі малды қайда, қалай жүр деп есіне де алмайды.
Үкіметтің көшеде қаңғып жүрген бұралқы сиырларды бағуды тәртіпке салу жөніндегі әрекетіне діншіл ортаның өкілдері мейлінше қарсылық білдірген. Бұл шараға әсіресе кертартпа партия қарсы. Солардың айдап салуымен діндарлар демонстрация жасап қарсылық көрсеткен (басымен, болмаса, жалғыз аяғымен бірнеше күн түрегеп тұру сияқты), тіпті болмаса, «сиырларды корғауға» арнайы қарулы көтеріліс жасауға дейін барған. Бұл Үнді қалаларында сиыр толып жүруі қазіргі кезде өте бір маңызы бар саяси себептермен де байланысты екендігін көрсетеді. Сиыр көп болғанымен елінің халық шаруашылығына тигізіп жатқан пайдасы шамалы екені жөнінде біз жоғарыда айттық. Біз сиырдың қанша сүт беретіндігін де зер салып сұрастырдық, жылына бір сиыр орта есеппен алғанда небәрі үш жүз литр сүт береді екен. Қолда бағып-қағып ұстайтын қодастар үш мың литрге дейін сүт береді екен де, оның үстіне сүті өте майлы – шамасы сегіз проценттей болады дейді. Бір кезде үкімет өз елінде бұл мәселені де тәртіпке салады деген сенімдеміз, әзірге сиыр осы елдегі талас-тартыстың себепшісі болды және Үндідегі дінге мас болғандардың бас иетін дуалы мал есебінде жүріп жатыр. Мейрамдарда, ал Үндіде бұл өте көп, кейбір штаттарда жылында 30 күнге дейін, – мейрам кезінде сиырлардың мүйізін бояйды, ақ, сары гүлдерден жасалған гүл шоғы (гирляндалар) алтыннан және күмістен тоқылған жіппен безендіріліп олардың мойындарына кигізеді. Темір жол станциясының жанынан біз рельстің үстімен маң-маң басып, асықпай кетіп бара жатқан үлкен ақ сиырды көрдік. Жерге лақтырған бананның қабығын аспай-саспай қағып алып жеп жүр. Ол үшін темір жол қызметкерлері ешқандай да қам жемейді. Оған жақындап келген поезд сиренасын беріп, ақ сиырдың соңынан ілбіп келіп перронға тоқтады. Мұнда поездар станциядан ілбіп шығады, тек одан алыстаған соң, сиырды басып кететін қаупі жоқ жерге келгеннен кейін ғана поездың машинисі сиренін өшіріп, жүрісін шапшаңдата бастайды. Біз келе жатқан жолдың екі қапталының әр жерінде тақтайға жазылған мынадай сөз жиі-жиі кездеседі: «Тіпті бармағаннан, кешігіп барған дұрыс!» Бұл сөз қатты жүретін машина айдаушыларды ақырын жүруге, сабырлы болуға шақырған ұран болса керек. Шапшаң жүруге болмайтын жол бөлігі бітісімен, жол шетінде тақтайға жазылған тағы да «Рақмет!» деген сөзді оқисыз. Шағын-шағын поселкалар егін даласымен ылғи алмасып отырады, ал оқтай түзу көлеңкелі аллея әлі ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жалғыз ағаштың түбінде отырған бір топ маймыл көрінді. Бірнешеуі қанненқаперсіз жерде отырып бірдеңені барлық жанын салып шайнап отыр. Әлсін-әлсін жолдың екінші бетіне ұшып шыққан ұзын құйрықты әдемі көкшіл тоты құс көрінеді. Жол үстіндегі әңгіме біресе бір мәселе жөнінде болса, сонан соң екінші бір мәселеге көшіп отыратыны белгілі. Бір мезгілде біздің әңгімеміз жылан жөнінде болды. Бұл, әрине, кездейсоқ емес, өйткені көгалды тропикалық
үнді даласында алуан түрлі жылан бар екендігі адамның есіне әр уақытта түсе береді. Білетін адамдар Үндіде 216 түрлі жылан бар, оның елу екісі улы жыландар, деп сендіреді. Бір жыл ішінде қанша адамды жылан шағып алғандығы жөніндегі санын дәл айту өте қиын, өйткені жылан шаққан адамның көпшілігі дәрігерге барып көрінбейді. Ресми статистиканың мәліметіне қарағанда, бүкіл Үнді елі бойынша жылына орта есеппен жылан шағып алған кісінің саны екі жүз мың дейді. Ең көп шағатын жылан кобра (көзілдірікті жылан) көрінеді. Кобра деп аталатын жылан біздің Түркменияның, Тәжікстанның және Өзбекстанның оңтүстігінде де кездеседі. Әдетте жылан өскелең қалың бұтаның арасында, иен қалған үйде, құлаған қораның орнында паналайды. Кобра өте улы, ол тістеген адам өліп қалады. Үндіде рассела, эфы, ал жунглиде бүкіл дүние жүзіндегі ең улы – король кобрасы деп аталатын жыландар көп кездеседі. Жергілікті адамдардың айтуына қарағанда кейде бес жарым метр ұзындығы бар кобра кездесетін көрінеді. Король кобрасы шағып алған кісі үш минуттан соң өліп кетеді дейді. Үндіде Хавкиннің атындағы институт болмаған кезде жылан шаққан кісіні әртүрлі жабайы түрде емдейтін болған – жараның аузынан уды сорып алу, пышақпен терең етіп тіліп, жараны отпен, болмаса, қызған темірмен күйдіру секілді ем істейтін көрінеді. Емдеудің бұдан басқа да түрі болса керек, біздің қасымыздағы бір жайдары кісі екен, күліп отырып мынадай бір оқиғаны айтты. Оңтүстік Үндінің темір жол станциясының бірінде жылан шаққан кісіні дұға оқып емдейтін бір «дәрігер» қызмет істепті. Емдеуші адамның ауруды барып көруінің керегі болмапты. Бақытсыздық оқиға жөнінде оған телеграмма берсе болғаны, ол іле-шала қорадағы ағашқа барып, беліндегі белбеуден бір тал жіпті суырып алып оны ағаштың бұтағына байлайды. Содан кейін, дұғасын оқып болған соң, ауру адамға (пациентке) егер темекі тартуды, арақ және кофе ішуді қойсаң, сенің өмірің сақталатындығына мен кепіл боламын деп телеграммамен жауап береді. Әулиенің пациенті тірі қалыпты, сіз осыған сенесіз бе? Жұрт бұл кісінің өнеріне соншалық сенеді, тіпті әуелі оның атына келген телеграмманы өшірет күттірмей тез қолына тигізетін болған. Қазіргі кезде жыланның шаққан уытына қарсы Хавкиннің атындағы институттың жасап шығарған сывороткасын Үнді елінің бәр-бәр жеріне және басқа елдерге де жіберіп тұрады. Тіпті әуелі корольдік кобраның уытын қайтаратын да сыворотка бар деп айтады. – Өте бір таң қаларлықтай ғажап нәрсе, – деді біздің қасымызда келе жатқанның бірі, – жергілікті халықтың арасында кобра еш уақытта жас балаға соқтықпайды деген сенім зор. Жуық арада бір жас бала бірсыпыра уақыт кобрамен ойнапты, бала оның құйрығынан ұстап сүйретіп те көріпті, ал кобра оны шағып алуға әрекет те жасамапты! Біздің машинамыз толып жатқан деревняларды артқа тастап, жүйткіп келеді. Ылғи біртүрлі, біріне-бірі ұқсас көрініс. Деревняның шет жағын да бұтағын жан-жағына кең жайған зәулім биік ағаштардың түбіндегі
көлеңкеде аяқтарын көсілтіп қойып отырған балалар. Олар ортасындағы бір үлкен кісінің айтқанын ылтипат қойып тыңдап отыр. Біреулері қара тақтаға сурет салып жатыр. Бұл жергілікті мектеп. Үнді үкіметі еліндегі экономикалық өсу жолындағы қиыншылыққа қарамастан, бастауыш мектептің бірінші – бесінші кластарында оқитын балаларды ақысыз оқытуды енгізді. Мектептің екінші басқышында оқитын балалар ақы төлеп оқиды, одан кейін қаражаты бар, халі келетін адамдардың балалары колледжде оқиды. Кейбір деревняның қасынан өтіп бара жатқанда мектептегі сабақтың үзіліс мезгілі болу керек, қуанып, асыр салып ойнап жүрген балаларды көріп, біз де қуанып қалған сияқтандық. Бала қай жерде болса бала, үнді елінде біздің көзімізге түскен бір ерекшелік – балалардың халық биін барлық ынтасымен сүйіп билеуі. Кішкентай қыздар мен ұлдардың қайда барсаң да жапырласа билеп жатқандарын көресің. Біз Үндіде болған күндердің бірінде қонақ үйдің екінші қабатындағы ресторанның қозғалмалы қабырғаларын алып тастап, мөлшері екі мың дай адам сыятын даладай үлкен көрермендер залына айналдырды. Сонда Парламентаралық конференциямен келген қонақтарға арнап үнді халық биінің кешін ұйымдастырды. Бізге бірімен-бірі байланысты, белгілі бір жүйесі бар концерт көрсеткен жоқ, шынын айтсақ бізді үнді биінің жалпы принципімен үстірт қана таныстырды. Қолдың, бастың, белдің, қарынның, еріннің, көздің әрбір қимылының өзіне тән белгілі мәні бар. Биші және биші әйел әрбір қимылы арқылы көрермендерге ел басынан кешкен әртүрлі тарихты сездіреді, қылдай жіңішке жолмен жүріп өз сезімін білдіреді. Классикалық тағы басқа жүздеген қимылдар бар. Мәселен, катхахали би жүйесіндегі қолдың қимылы бес жүзден асатын көрінеді! Көз бен қастың біріне-бірі ұқсамайтын үш жүз шамалы жеке қимылдары бар! Сондықтан да шын мәнінде маман болам деген бишілердін өз өнерін бірнеше жыл бойы үйренетіні кездейсоқ нәрсе емес. Актерлардың шеберлігін бағалау үшін және әрбір қимылдың мәнін толық түсініп, оның әрбір тармақтарын жақсы білу үшін көрермендердің де белгілі дәрежеде би туралы түсінігі және даярлығы болуға тиіс. Бет қимылы мәнері тілінің Үнді өмірінде көптеген мәні болады. Қызыл календарьда мифологиялық көріністердің суреті салынған. Білмейтін кісіге – бұл ашық бояумен боялған қызықты картина есебінде ғана көрінеді, ал картинадағы суреттің жұмбағын түсіне білетін адам көрсе, онда жақсы көңіл білдіріп, тұрмысқа қажетті кеңестің бар екендігін, символикалық көріністерді сырт келбетінен, болмаса, басына киген маскасынан таниды. Музейде, болмаса, лавкада тұрған суреттегі от шоғын жамылып жүрген биші Шиваның дене құрылысын көруге болады, бірақ оның екі қолының біреуінің қимылынан «сен қорықпа», «міне, бір топ маймыл келді» деген сиқырлы мәнерін ілуде біреу ғана түсіне алады. Мұның әрбіреуі өзіне тән қимыл мәнерімен көрсетіледі. «Ешқандай жаман нәрсені көргенім жоқ,
ешқандай жамандықты естігенім жоқ, ешқандай жаман сөз айтқаным жоқ, ешқандай жаман іс істегенім жоқ», – деп сүйектегі жазумен төрт маймыл қимылын айтып тұр сізге. Бұл традициялық символика екі – екі жарым мың жыл бұрын қалыптасқан, ол қазіргі кезде ұлт мәдениетінің ең бір керекті белгісі болып есептеледі. Көз алдыңнан өңшең бір ұсқынсыз көріністер тізбектеліп өте береді. Артта әлденеше деревня қалды. Біріне-бірі ұқсас: тапал үйлер, ауыл шетінде әдеттегідей әулие ағаш тұр, жалғыз тұрған діңгек тас, оның жанында адам келбетін қашап салған тастар жатыр. Бұл үндістердің храмдары мен светилищасы, үнді халқының арасында кең түрде жайылған көне діннің мықты сүйеніші. Біз шофердан бір жерде тоқтауын сұрадық. Жергілікті адамдардың біреуімен кездесіп әңгімелескіміз келді, тұрмыс халін білмек болдық. Көп ұзамай біздің машина күре жолдан бұрылып бір кішілеу ғана деревняға келді. Шым үйдің қасына келіп тоқтадық, сыртында ешқандай қоршау жоқ, тіпті әуелі онда тірі жан тұрмайтын болар деп ойладық. Жоқ, олай болмай шықты, есік алдында бір жүдеу әйел көрінді, үстіне кигені тозығы жеткен жасыл көйлек, қолына қарала-торала кір-кір бала ұстап тұр. Әлгі жас әйел келіңіздер, үйге кіріңіздер деген соң біз үйге кірдік. Біздің үй деп жүргеніміз адам тұратын үйге ұқсамайды. Төрт қабырға, төбесі ашық, бір бұрышында ыстық күннің көзінен паналайтын балаған жасап қойыпты. Үй ішіндегі мүлік дегеннен жіппен шандып торлаған екі ағаш төсек қана бар. Үйдің бұрышында өшкен оттың орны, тамақ пісіретін ошағы көрінеді. Емшектегі баладан басқа үйде тағы да үш баласы отыр. Бізге түсіндірулеріне қарағанда бұл үй жәй шаруаның, үйі болмай шықты, семьяның иесі шофер болып істейді екен. Әйелінің айтуына қарағанда күйеуі ай сайын не бәрі 45 рупий еңбек ақы алатын көрінеді. Ол бір жеке адамның өндіріс орнында жұмыс істеген екен, онда ай сайын екі күн ғана демалыс береді, оның үстіне бір жетіден артық ауыруға да хақысы жоқ. Тіпті әуелі, осы семьяның күн көрісіне бірде жетіп, бірде жетпейтін еңбек ақысы бар қызметтің өзінен айрылып қаламыз ба деп ылғиында қорқып, үрейі кетіп отырғаны. Ал, егер шофер ауырып, жұмыстан босап қалса, қалай күн көрмек! Онда әйелі мен балаларына қолын жайып қайыр сұрап кету ғана қалады. Мұндай қайыр сұрап жүрген кедей байғұстар қанша? Осы жерде, менің есіме, өз отандастарының бәрінің де тамағы тоқ, киімі бүтін, дені сау, көңілді болуын тілейтін Индира Гандидің сөзі түсті. Астанадан екі жүз километр жердегі Агра қаласына бізді машина үш сағатта алып барды. Біз өзінің тарихи және архитектуралық ескерткішімен әлемге белгілі қалаға келдік. Ұлы Моголдар билеп-төстеген дәуірде мұнда парсы әуенінің көне үнді мәдениетімен ұштастырылғаны, сөйтіп творчествоның еш уақыт та қайталанбайтын жаңа түрі жасалғаны белгілі. Формалды жағынан империяның астанасы Дели болып қалғанымен, Ұлы Моголдардың
резиденциясы Агра қаласында болады. XVІ ғасырда Агра дүние жүзіндегі ең үлкен қалалардың біріне айналды. Ол кезде Аграда жеті жүз мыңдай адам тұрыпты, сөйтіп ол көлемі жағынан Париж бен Лондоннан да үлкен қала болса керек. Біз бұл көне астананы аралауды ондағы зәулім сарайдың өзінен бас тадық. Қаптаған биік мұнаралар, ауланың іші – бәрі осыдан үш жүз елу жыл бұрынғы қалпында, ішіндегі тұрғын адамдардың кеткен кезіндегісіндей толық сақталған. Бұл жердегінің бәрі де жұмбақ, ерте замандағыдай көп қолды Шиваның тамаша жазуларын, өзінің бітпейтін биін билеп жүрген Раванені көріп, тамашалаушы жұрт. Раваненің бетінің сол жағына ай қадап, ал бір қолына солып қалған гүл шоғын іліп қойған. Шиваның сол жағында көмірдей қара шашын төбесіне түйген, ашық-қызғылт лифчик киген оның сұлу әйелі Кели тұр. Жанында басы пілдің басындай үлкен және оң жақ қанаты сынған – ақыл құдайы, қарны шығыңқы келген семіз Ганеша отыр. Үндінің мифологиясында Ганешаның әкесі Шива бір күні оны айтқанын тыңдамағаны үшін бастан ұрып қалғанда, Ганешаның басы омырылып ұшып түседі. Күйеуінің мұнысына ашуланған Кели балаға ең алғаш кездескен жануардың басын орнатады, ол пілдің басы болып шыға келеді. Өсе келе Ганеша өте тентек болса керек. Бір күні ол айды ұрамын деп өзінің бір тісін сындырып алады... Ганеша сияқты тағы да бірнеше құдайлар мен батырлар отыр, олардың да қолдарында гүл шоқтары бар. Көне астананың сарай орналасқан бөлегі төбенің үстіне салыныпты да, ауласын айнала таспен зәулім биік қып қоршапты. Бұл сарайға кіретін екі құрмет қақпасы бар. Солардың ең әдемісі мешітке ұқсайтын «Биік қақпа» деп аталатын бас қақпасы. «Қақпаның» архитектурасындағы бір ерекшелік, онда иран стилі үнді өрнегімен қабысып жатады. Сарайдың ішінде сувенир сататын бірнеше лавкалар тұр. Қай жеріне барсаң да адам таң қаларлықтай тазалық, көгалды тақтайдай қып, әдемілеп қырқып тастапты, оттай жайнаған қызылды-жасылды гүлдер өсіріпті. Бос жатқан залдарға кіріп, онан ілгері қарай жүрсең жылтыр плиталар төселген шағын ғана аулаға шығасың. Соны көргенде Акбар жөнінде Дж. Нерудің мынадай бір айтқан сөзі еріксіз есіңе түседі: «Құдайды зерттейтін ғалымдармен, алуан түрлі дін өкілдерімен әңгімелестім де, таластым да, аз болса жаңа деректерді білуге қызу кірісе отырып, сол кісінің өміріндегі ғажайып жұмбақты шешуге тырыстым. Сол заманның документтеріне қарағанда Акбар орта ғасырдағы ұлы правитель болған деп қорықпай-ақ қорытынды жасауға болады. Адам баласының мәдениеті жөніндегі біздің түсінігіміз соншалық бір жақты және аз екендігін осы Үндіде ерекше сезінесің. Американың, Африканың, Азияның көне және орта ғасыр тарихынсыз жалпы адам баласы мәдениетінің өсу жолын дұрыс түсіну мүмкін емес». Акбар Ұлы Моголдар империясын гүлденіп өсуге жеткізсе, оның немересі Шаһ Жаһан бүкіл әлемге әйгілі Таж Махалды салып, Аграның атын өмір-бақи өшпейтін етті.
Сүйген әйелі өліп Шаһ Жаһан қаралы болады. Қайғылы ол ендігі жерде үйленбеймін, қайтыс болған әйелімнің құрметіне дүние жүзінде теңі жоқ мазар саламын деп, өзіне-өзі серт береді. Кең түрде жүргізілген бүтін шығыс архитекторларының конкурсынан соң, бұл ұлы мавзолейді ең жақсы шеберлер жиырма жыл ішінде салып бітіреді. Құрылысты салуға 70 мың жұмыскер қатынасады. Керекті материалдар дүние жүзінің бәр-бәрінен әкелінеді. Ақ мрамор, яшма, алмаз, сапфир, коралл, оникс, агат және бирюза Цейлоннан, Аравиядан, Тибеттен және Персиядан әкелінеді. Тас қашайтын екі маман Бұхарадан, ал мавзолейдің күмбезін тұрғызған екі бас шебердің бірі Самарқаннан келген өзбек болады. Таж Махалды «Тастағы поэма» – деп те атайды. Бұл мавзолей бес мұнарасы бар, мрамордан салған үлкен сарай, ол кең ақ мрамор төселген алаңда тұр, төрт бұрышында орасан зор зәулім биікке шырқап көтерілген төрт мұнара бар, оның әр біреуінің биіктігі жетпіс бес метр шамасы. Мазар (усыпальница) үлкен парктің қақ ортасындағы ашық алаңға орналасқан, бұған кіретін жолын қызғылт құмайттан салған үлкен тас арқа есебінде әшекейлеген. Әуелі тап-тар қақпадан ештеңе көрінбейді, осыдан бірнеше қадам ілгері басып жүрсең бірден алдыңнан Таж Махал барлық өзінің сұлулығымен дәл алдыңда тұрады. Адам баласы таң қаларлықтай шымқай ақ Таж Махалды шексіз көгілдір аспанмен парктегі масаты кілемдей жайнаған көк майсаның ортасына апарып іліп қойғандай көрініс береді. Осындай ғажап мавзолейді салған зергерлердің шеберлігіне, тапқыр лығына, ісмерлігіне шексіз таң қаласың. Таж Махалды алыстан да, жақыннан да, бүтіндей де, жеке-жеке бөлшектеп те қай жағынан қарасаң да тамаша сұлу көрініске кенелесің. Минареттер – мұнаралардың сыр тын жонып қайрақтай етіп жылтыратып мүлтіксіз әдемілеген, арқа лары қарапайым да, сұлу да, тасты қашап неше түрлі оюлар салыныпты, зергерлер қара, қызыл, ақ, көк және сары түске әшекейлеген, мавзолей дің іші-сыртының барлығына сәулетті гүл шоғы оюлап салынған, арқаны айнала құран жолдары жазылған. Бұл мазаратта тек Шаһ Жаһанның өзі ғана болатын болған. Кейін өз ұлы оны тақтан түсіріп, қамалға жауып тастағанда, ол бір ғана нәрсеге рақым етуді сұрайды – оны отырғызған түрменің терезесі Таж Махал жаққа шығуын тілейді. 16 жыл бойы түрмеде отырған бұрынғы падишах, өзі өлгенінше сүйген жарының мавзолейінен көзін алмайды. Өлген әкесіне ұлы тағы да бір рақымдық істейді – ол әкесінің табытын сол Таж Махалға қояды... Қазіргі заманда мавзолейге келген көптеген саяхатшылар осы бір ғажап өнерді көріп, қызықтай тамашалайды. Мавзолейдің алды, айна ласы, оның іші қаптаған халық болса да бұл жерде ұшқан шыбынның ызыңы білінердей тыныштық бар. Мавзолейдің ішінде мрамордан тоқылған шарбақтың жанында ақ киім киген құдайға табынушы тәуіп тұр. Ол үзілмейтін жоғарғы дауыспен намаз оқудың басталғанын хабарлайды, оның үнін сарай күмбезі жалғастырып, ұзартып, көтеріп ала жөнеледі де жоғары қарай аспандай түсіп зәулім биікке шырқап жетіп тоқтайды.
Саяхатшылар сыртқа шығып, басқышпен түсіп, әркім өз аяқ киімін тауып киеді де, аң-таң болып паркке қарай асықпай төмен түседі. Топтоп болып дем алып жүрген адамдардың арасында пальма тиіндары секек қағады. Ол келген жұрттан сезіктенбейді, қорықпайды. Өзі кішкентай ғана, ұршықтай иіріледі, шапшаң-ақ. Ағаш бұтақтарынан қарғып жер ге түскен маймылдар екі-үш метр жерге отырып саяхатшыларды қоршап алады. Ұрғашы маймылдардың қарнында асылып балалары жүр. Маймыл дың баласына саяхатшылар ылғи банан, апельсин, бутерброд сыйлайды. Олар адамдарға өте жақын келіп, өзінің кішкентай ғана қара саусақ тарымен елдің берген сыйлығын алады. Кейбіреулері қолдарына түскен тамақты бірден аузына тығып жібереді, ал кейбіреулері инабат көрсетіп, ағашқа қарай шегініп кетеді. Біздің елдің ең үлкен индологі академик Ф.И.Щербацкий өзінің бір еңбегінде былай деп жазды: «Адамның бетіне жасалатын пластикалық операцияны біз қазіргі замандағы медицина ғылымының үлкен жетістігі деп зор мақтанышпен айтамыз. Біздің мұндай қорытындымызды білімді индустар күлкімен қарсы алуға тиісті. Өйткені мұндай операциялар осыдан 1,5-2 мың жыл бұрын үнді хирургиясында күн сайын жасалатын машықты оқиға болатын, мәселен, ринопластика – жаңадан мұрын, құлақ, ерін жасау операциясы. Операция кезінде қолданылатын хирургия инструменттерінің жалпы саны 200-ден астам болған!» Тарих дегеніміз тарих, оның кейбір тарауларында жеткен табыстары, көтерілген шыңы да болатыны белгілі бұлардың бәрі халықтың өткен тарихында өмір-бақи жазылып қалады. Бірақ, менің ойымша, жоғары дағы құрметті автордың операция жөніндегі жазып отырғанына қара пайым үнділіктер ынтық болып, соған тырыспаған да болар. Шынында да аш және оның үстіне ауру адамға сұлулықтың не керегі бар, халықтың ден көпшілігі мұрнының түрін, болмаса ерінің сызығын өзгертуден көрі өзі басып жүрген жердегі проблемалардың шешілуін күткен болар. Мен Дели қаласындағы мемлекеттік госпитальға барып, осының бәріне көзім жеткендей болды. Біз онда СССР Жоғарғы Советі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі комиссиясының мүшесі Н.С.Боновамен бірге бардық. Наталья Сергеевна Москвада тұрады, қалалық клиникалық 1-санды балалар ауруханасында бас дәрігер болып істейді. Балалармен жұмыс істеуге көп жылдарын сарп етіп, барлық білгенін сол балаларды емдеуге жұмсаған кісі. Өз мамандығын терең білетін, шебер адам. Академик Ф.И.Щербацкийдің еңбегінен жоғарыдағы келтірілген үзіндіні еске түсірген де сол Наталья Сергеевна. Бірақ бұл біздің білгіміз келген ең басты мәселе емес еді. Мәселен, менің білгім келіп, ынтық болғаным ақшасыз медициналық көмек көрсету көне үнділердің қатал заңы болыпты деген хабар еді. Қоғамдық ақшасыз ауруханалар мен аптекалардың ең алғаш пайда болған кезі біздің жыл санауымыздан да бұрын көрінеді. (Ол кезде керек десеңіз хайуандар үшін арнайы аурухана
болыпты). Біздің дәуіріміздің бірінші мың жылдығының бас кезінде ақшасыз аурухана Үндінің әрбір қаласында кездескен. Үндінің осы көне традициясы неліктен бұзылды? Бірнеше ғасыр бойы көптеген миллион халқы бар ұлы мемлекет толып жатқан адам өмірін алып кететін қатерлі аурудан қорғансыз қалғанына кім жауапты? Ажуа ету үшін «Британия королінің меруерті» деп көтеріңкі қойылған осы елдің халқының адам айтқысыз көп өлімін қандай цифрмен атап айтуға болады? Осы «меруертті» елде өмір сүретін халық, адам төзіп тұра алмайтын нашар жағдайда тұратындығын көріп танысқанда адамның басына қайдағы бір жаман ойлар келеді. Конференцияда сөйлеген Индира Ганди медициналық көмек көрсе ту ісі өте кезек күттірмей тұрған мәселенің бірі болып отыр деп ашық тан-ашық мойындады. Қаражат жетпейді, аурухана жетпейді, дәрігерлер жетпейді. Бірақ Үнді үкіметі бұл проблемаларды шешу үшін толып жатқан шараны қолданып жатыр. Осы біз барған госпиталь да ауруларды ақшасыз емдейтін ең алғашқы мемлекеттік аурухананың бірі болып есептеледі. Балалар госпиталі медициналық колледждің қорасында орналасыпты. Біз қақпадан кіріп келгенде үлкен ауланың екі қабат ақ үй көрінді, сол үйдің есігінің алдында қолына балаларын көтерген адамдардың ұзын шіреті тұр. Бұл совет дәрігерлеріне балаларын көрсету үшін алыс деревнялардан келіп тұрған адамдар екен. Совет дәрігерлері амбулаторлық түрде бала ларды көріп, оларды емдейтін көрінеді Бұл жерде көргенімді сөзбен айтып беру өте қиын, бақытсыз балалар дың түрін көргенде қарақұсымнан біреу періп қалғандай мелшиіп тұрып қалыппын. Тіпті әуелі осыларды көрмей кейін шегініп, қашып та кеткім келді. Сорлы балалардың шешелерінің үстіне кигені жырым-жырым көйлек. Қолындағы баласын әрең көтеріп тұр. Адам баласының алуан түрлі қарып-қасіреттерін дәл осы жерге жинап әкеліп көрмеге қойғанға ұқсайды. Балалар соншалық әлсіз, жылауға да шамасы келмейді. Арық, денесі қатпар-қатпар болып тырысып қалған тері, әбден жұқарған сүйек, іші қампиып кеуіп кеткен, басы ерепейсіз үлкен, – олардың тірлігін жыпы лықтаған көзіндегі қайғының бедерінен ғана білуге болады. Полиомиелит ауруының қалдығымен келген мүгедек бала өте көп. Әлемде бір кезде ем қонбайтын дауасыз ауруды емдейтін дәрі табылғаны көптен бері белгілі, ал, сол ауру тек қана Үндіде әлі күнге дейін ел арасында көп жайылып, баланы бала демей, үлкенді үлкен демей шетінен сетінетіп әкетіп жатыр, мыңдаған балалар осы аурудың нәтижесінде жастайынан мүгедек болып қалады. Бұл мүгедек балаларды алда не күтіп тұр? Олар тірі қала ма? Тумай жатып жарымжан болып қалған осы балаларды жазуға медицина ғылымының құдіреті жете ме? Ата-аналары осы мүгедек болған балаларының қуанышты бақытты дауыспен күлген күлкісін ести ала ма? Сол арада менің ойыма, жуықта Дели қаласының мэрінде болған қабылдау түсті. Қабылдауда ауқатты семьялардың балалары өздерінің
өнерлерін көрсетті. Жоқ, олардың арасынан іші кеуіп, тарамыстай солып қалған арық, қол-аяғы сіріңкедей жіңішке, басы қазандай балаларды көрмеп едім. Әлде болса да, осы бақытсыз елді қайыршылық халде ұстағысы келген қара күшке қарсы айтылған премьер-министр Индира Гандидің сөзінің күштілігі, келешекке деген сенімі әлсін-әлсін менің есіме қайталап түсе берді. Наталья Сергеевна амбулаторияда бір топ совет дәрігерлерімен кездесті, ішінде таныс адамдары да болып шықты. Отаныңнан алыс жерде жүрген адамдармен күтпеген жерде кездескеніңде, әр уақытта қысқа да болса қызық әңгіме өзінен-өзі орала кететіні белгілі. Біздің жерлестеріміздің мұнда болғанына бірнеше жыл болыпты. Жұмыстары ауыр көрінеді. Госпиталь онша үлкен емес – барлығы екі жүз алпыс адамға арналған, ал емделгісі келген кісінің саны мыңдаған, бірнеше мыңдаған кісі көрінеді. – Ауладағы тізілген адамдарды көрдіңіздер ғой? Көпшілігі осы жерден кетпей тұра береді, – деді дәрігерлердің бірі. Үндіде мемлекеттік емханадан басқа ауруларды үйінде қабылдайтын дәрігерлер де бар. Бірақ бағасы өте қымбат. Кедейлер ондай дәрігерлерге төлейтін ақша таба алмайды, сондықтан оның маңайына жоламайды. Мәселен, ауруды жеке меншіктегі госпитальда жиырма күн емдеу үшін 2300 рупий төлеу керек. Мұндай бағаны біз Аграға кетіп бара жатқан жолда үйін көрген шофердің қалтасы көтере ала ма? Ал жұмыссыз жүрген қайыршы ауырып қалса, бір құдайға ғана табынады. Сондықтан да Үндіге шеттен келген кісі өлімнің қисапсыз көп екендігін статистикадан көріп таң қалады. Кімнің айтқаны қазір есімде қалмапты, әйтеуір біреу біздің Москва дағы консерваторияны бітірген бір совет қызымен байланысты болған мынандай бір оқиғаны айтты. Қыз Москваға Рязаннан келіпті, оқып жүріп өзімен бір курстас үнді жігітіне күйеуге шығыпты. Оқуды бітірген соң жас семья күйеуінің еліне барады. Жұмысқа орналасу үшін екі жас музыкант бірнеше ай бойы бармаған жері жоқ, баспаған тауы жоқ, бірақ бәрі бос жүріс болады. Жұмысқа орналаса алмайды. Оның үстіне қыз суық тиіп ауырып қалады. Елінде жүргенде болымсыз бір ауруға көмек беретін ауруханаға телефон соғып үйренген ол, мұнда жеке дәрігерге көрінеді. Жас семьяның қаражаты таусылады. Ендігі жерде қарны аша бастайды, тапшылықтан шығудың жолы көрінбейді. Ең аяғында, қыз қайыршылыққа ұшырамау үшін өз еліне қайтуға әрекет жасайды. Қалай қайту керек? Самолет билетінің бағасы алты мың рупий шамасы көрінеді. Сонымен ол Ташкентке дейін ғана жететіндей ақша жинайды. Ташкентке келген соң Рязанда тұратын әке-шешесіне телеграмма береді... Госпитальға қайта оралайық. Наталья Сергеевнаның достары бірінен соң бірі бұл елде қызмет істеудің қиындығы жөнінде айтып тауыса алмайды. Ашыққан үндінің ең
қас жауы – ішек ауруы көрінеді. Күн ыситын шақ түсісімен бірден өлім көбейе бастайды. Көбінде күншығыс Үндіде оба ауруы жиі-жиі болып тұрады. Вегетариандықтың зардабын айтып жеткізу қиын, – дейді дәрігерлер. Өйткені балалар әлсіз болып туып, гемоглобиннің проценті өте төмен, белогі аз болатын көрінеді. Сары аурудан өлім өте көп болса керек. Біз үстімізге ақ халатты киіп, аурухананың екінші қабатына шықтық. Іштен туа болған мүгедекке, – деді дәрігер әйел, – көңіл бөліңіздер. Бұрын мен мұндай жағдайды көргенім де, білгенім де жоқ! Бұл жердің тұрғындары жақын туыстарына үйлене береді екен. Жаңағы вегетариандық дәстүрдің зардабына бұл жалғасып, іштен туатын мүгедектер санын көбейте түсуде... Біздің кіріп келгеніміз іші адамға толы үлкен зал. Ішіндегі өте ауыр ауаның сасық иісі бізді тоқтатты. Біріне-бірін тигізе қойған кроваттарда жас балалар жатыр. Ата-аналары да осында жүр. Дәрігердің айтуы бойынша, бұл залда әртүрлі аурулар жатыр: сүзек, тері ауруы, тағысынтағылар. – Басқаша жағдай мұнда жоқ. Бұрын бұл да болған жоқ еді. Біздің жанымыздан жаңа ғана ауруханаға түскен бір баланы алып өтті. Ол қозғалмастан жатыр. Жоқшылықтың тауқыметін көп көрген, әбден шаршаған жалаң аяқ әйел, баланы әкеліп жатқызған кроваттың жанына келіп, тізерлеп отыра кетті. Ана... Дәл сол қатарда тұрған ескі бір төсекте жатқан кішкене бала орнынан тұрып, үлкен қара көзімен бізге бір қарап қойды. Дәрігер сол баланың жанына келіп, қолымен басын сипады. – Мына бала жуықта үйіне қайтады. Жақсы бала екен, – деді дәрігер әйел оны нұсқап. – Көріп тұрсыздар ғой қандай мықты екендігін? Баланың шешесі орыс докторына қарап өзінің риза болғандығын үнсіз көз қиығымен сездірді. Қаз-қатар тізілген көптеген төсектің арғы жағындағы бұрышта жат қан бір баланың күтпеген жерден жылаған даусы шықты. Бұл дауыс тәуір бола бастаған баланың даусы. Тыңайғанның белгісі. Мұнда баланың жылағанының өзіне таңдануға болады – өйткені аулада, дәлізде өшірет күтіп тұрған балалар жылауды былай қойып, тіпті әуелі ыңқылдауға шамасы келмейді. Бізді госпитальдың екінші бір бөліміне шақырғанда мен оған бара алмадым. Сәбилер тартқан ғаламат қасіретті көру соншама ауыр болды, дәтім шыдамады. Бірге келген жолдастарымды тосып, ауладағы қара түнде қайғы жұтып, қан құсып, опық жеген, жүрегі қайғыға толы, келешегін қара бұлт басып, мүсәпірлік құшағына енген, тақыр кедейшілік тауқыметін көтер ген адамдарды көріп тұрдым. Көкірегі қайғы-қасіретті өксікке толып құр сүлдесін сүйретіп келген осы бір байғұстарға қарап, жаным түршігіп, өз елімді есіме алдым. Мұндай сорақылықтың бірін де білмейтін, қандай бақытты еді біздің ел адамдары! – дедім ішімнен. Мен мынау қасіреттен қашып, тез туған елге жетсем деп асықтым.
Бірақ конференцияның мәжілісі, көптеген ресми және байырғы жәй кездесулер, қабылдаулар әлі де болып жатты. Бұл қабылдаулардың біріне мен Үнді парламенті халық палатасының председателі Дилон мырзадан шақыру қағаз алған болатынмын. Ең соңында біздің совет елшілігінде совет халықтарының ұлттық мерекесі – Ұлы Октябрь Социалистік революциясының құрметіне үлкен қабылдау жасалды. Дилон мырзаның шақыруымен президент сарайында болған түскі ас құрметті жағдайда өтті. Делегациялардың бастықтары, дипломатия лық корпус, Үнді мемлекеттік қайраткерлері қатынасты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегаттардың ішіндегі ең жасы үлкені Юстас Игнович Палецкис болғандықтан, ең соңғы қорытынды сөз сөйлеу правосы сол кісіге тиді. Ю.И.Палецкис қысқа, бірақ өте дәмді сөйледі. Парламентарийлардың Делидегі кездескеніндей кездесулер елдердің саяси системасына қарамастан олардың бірін-бірі дұрыс түсінуін күшейтуге қызмет етеді дей келіп, Юстас Игнович қонақтардың атынан Парламентаралық Одақ конференциясының жұмысы ойдағыдай өтуге жақсы жағдай жасағаны үшін Үнді үкіметіне шын жүректен алғыс айтты. Ең соңында қонақтар Үнді парламент үйіне аз да болса саяхат жасауға шақырылды. Бірнеше күннен бері біз осында келіп конференцияның жұмы сына қатынасып жүрсек те, бұл үйдің ішкі құрылысын көруге бүгін ғана мүмкіншілік алдық. Мұнда бір кезде ағылшынның отаршыл губерна торының резиденциясы болған. Қазір тәуелсіз Үндінің парламенті ішкі, сыртқы саясатқа байланысты көптеген маңызды мәселені осы үйдегі парламент залында шешеді. «Біздің тәуелсіз болғанымызға қанша жыл болса, – дейді үйдің иелері, – Үнді парламенті де сонша жыл жасап келеді». Британия билеп-төстеген кезде Үндінің жоғары мемлекеттік орнында бірнеше ғана үнділер қызмет істеуге мүмкіншілік алған болатын. Тәуелсіз болған ел парламент мүшелеріне шексіз өкілдік берумен бірге өздерін сайлаған халықтың мүддесін үлкен жауапкершілікпен шешуді жүктеді. Үнді парламенті екі палатадан тұрады: Төменгі, болмаса Лок Сабха және Жоғарғы, болмаса Раджи Сабха. Министрлер кабинеті коллек тивтік түрде төменгі палатаның алдында жауап береді. Мемлекеттік маңызы бар үлкен мәселелер жөнінде осы палатаның ғана дауыс беруге хақысы бар. Британияның қауымдар палатасына ұқсастығы бар екендігі белгілі болып тұр. Үндінің парламент үйінің дәл ортан белінде еңсесі көтеріңкі дөңгелек зал тұр. Бұл Үнді парламентінің мәжіліс залы. Осында халық мүддесіне байланысты көптеген ауыр-ауыр мәселелер шешіледі. Парламент мүшелерінің ішіндегі қызып сөйлеушілерді сабасына түсіретін де осы жер болуға тиіс. Бірақ өздерінің айтуына қарағанда, іс жүзінде әр уақытта ондай болып шықпайды. Үнді парламентінде «көңіл бөлу үшін, хабарлау» деп аталатын бір ескертпе орын тепкен. Әрбір депутат өзінше мемлекеттік үлкен маңызы бар деп есептелетін мәселелерге үкіметтің көңілін аударып отыруға және
сол мәселе жөнінде тиянақты жауап алуға толық еркі бар. Үнді парламенті жұмысындағы «нольді сағат», «хабарлауды» талқылауға арналған. «Нольді сағат» үнді парламент сахнасындағы мақтанышы да және реніші де деп үнділердің өздері мойындайды. Мақтанышы дейтіні, ол шын мәніндегі еріктілікті және біреуге біреудің тәуелсіздігін көрсетеді, ал, ренішті дейтіні ұсақ мәселелермен парламенттің уақытын алуын айтады. Депутаттар осы жағдайды пайдаланып, өзінің поезд кешігіп қалғандықтан қолайсыз жағдайда отырғандығын айтқан кезі де болған. Сонымен бірге көңілін бөлу үшін «хабарлауды» үнділер өте бір құрметпен айтады, өйткені ол кезінде мемлекеттік үлкен мәні бар Қытайдың әскери қаупі сияқты мәселені күн тәртібіне қою үшін шығарылған «Дауыл және тыныштық екеуін бірдей меңгеру демократиялық өмірдің мәнері мен мазмұны» – деп философиялық қорытынды жасайды қонақ иелері. Төменгі палатаның қызметі жөнінде айта келіп, бізді палатаның мәжі ліс залындағы үкімет мүшелерінің отыратын жеріне әкелді. Столдың дәл ортасындағы орында Үндінің президенті, оң жағында орынбасарлары отырады екен. – Индира Гандидің орны қайсы? – Анау жерде, Шәріпов мырза отырған сол кісінің орны. Сол креслода көп жыл бұрын марқұм Джавахарлал Неру отырған болатын. Қазір Индира Ганди отырады. Әрине, бұл орынның еңбегі сіңген құрметті орын екендігі айтпаса да белгілі. Мен еріксізден осы құрметті кісі отыруға өте қолайлы, көне стильмен жасалған креслоны қолыммен сипап көрдім. Үнді парламентінде дауыс беру өте қызықты екен. Депутаттар алдында тұрған электр түймесінің бірін басып жабық түрде дауыс бе реді, депутаттардың орнында отырып берген сигналы қарсы алдындағы қабырғада ілулі тұрған тақтайға түседі. Бірақ кімнің қалай дауыс беріп отырғаны тақтада көрінбейді. Қызыл шам – дауыс бердім, көк шам – қарсы, ақ шам – қалыс қалды дегенді көрсетеді. Бірер секундтан соң бер ген дауыстың қорытындысы арнайы қойылған таблода автоматикалық түрде көрінеді. Қонақ иелері бізді парламенттің өз ішіндегі талас-тартыс жағдай ларымен де жасырмай таныстырды. Бұлардың бәрі де басшы Үнді Ұлт Конгресі партиясының мүшесі және Индира Гандиді жақтаушы адам дар екен. Олардың бәрі де Үнді халқының келешегі үшін жауаптылығын толық сезінетін не басталған істі аяғына дейін апаруға белсене кіріскен адамдар. ...Біз көшеге шыққан кезде кеш болып кеткен еді. Жылы кештің қас қарайып күңгірттене бастағаны биік үйдің реңіне салмақсыздық белгісін беріп тұрғанға ұқсады. Әлде бұл үйдің бүкіл еңгезердей толық тұлғасы қолдан жасалған су қоймасының айнадай жалт-жұлт еткен бетіне түсіп, суда жүзіп келе жатқанға ұқсап, әдемі бір көрініс беріп тұрғандықтан ба деп те ойлайсың. Үнді халқы өз парламентінің бұл үйін – архитектура
сының әсемдігімен оның қаланың қақ ортасында тұрғандығы үшін ғана мақтаныш тұтпайды. Парламент үйін үнділер халықтың асыл азаматтары ның ақыл-ойы жеңісінің символы деп біледі. Бұл үйде өз отандастарына бірін-бірі сыйлаудың, ынтымақты болудың он бір принциптен құралған өсиетін тастап кеткен ұлы Ганди үшін мақтаныш етеді. Ертеңінде біз елге қайттық. * * * Алматының әсем жазының тамаша бір күнінде, осы естеліктің соңғы бетін жазып бола бергенімде, маған Москвадан үлкен конверт келді. Ашып жіберсем қолыма бір кітап пен оған қосқан жолдама хат ілінді. Хатта былай делініпті: «С сердечным приветом, дорогой Адий Шарипович, посылаю книгу госпо дина Супакара о Ленине на языке урду». Москва, 16. VІ. 1970 года». Ю. Палецкис Енді бөтен тілде басылып шыққан кітапты қолыма алдым. Онда Супакар өз қолымен былай деп жазыпты: «Ә. Шәріпов мырзаға, құрметпен С. Супакар. 6.5.70 ж». Кітап беттерін ақтара бастаған менің есіме Нью-Дели қаласы, Палам аэропорты түсті. Ленин туралы кітап жазып бітіргенін Супакар сонда айтып, шыққан соң бір данасын жіберемін деп уәде еткен еді. Міне, ол сол уәдесін орындапты. Сонау алыс елден келген бұл кітап менің көз алдыма Ұлы Үндістанды, оның жүдеу жүзді кедей халқын, сол халықты жұмыспен қамтамасыз етудің қамын ойлап, парламентте жалынды сөз сөйлеп тұрған премьер-министр Индира Гандиді көз алдыма елестетті.
ГВИНЕЯ ЕЛІНДЕ І Б із, Москвалық ақын Михаил Павлович Кудинов екеуіміз, Се негалдан апрель айының аяғында Гвинея астанасы Конакри қаласына келіп түстік. Күн ғажап тымырсық. Аспан мен жердің арасы – бет күйдірген ыстық бу, кәдімгі қара монша тәрізді, өкпеңді қабынтып, тынысыңды тарылтып, екі бүйіріңнен қысып, берекені алып барады. Мейманханаға жете бергенімізде Африканың астан-кестен желдетіп, ішін тартып ышқына, долдана жауатын қара нөсері де құйып берді. Көше толы көл-дария лайсаң. Бала қайда болсын бала: жауын суын қызықтаған қара борбай балалар мұнда да суды шалпылдатып мәзмейрам. Конакри қаласында көзге түсерлік екі ғана қонақ үй бар. Оның біреуін СССР, екіншісін француздар салыпты. Біз осы соңғысына орналастық. Бес қабат. Европа стилінде. Бөлмелері кең. Қабырғасы толы шұрықшұрық тесік, ылғи аңқылдап самал леп соғып тұр. Қонақ үй мұхитқа сұғына салынған. Самал желдің өтінде. Есік-терезе шалқасынан ашық. Жан саясы нақ осында, бірақ бір түнеп шыққанымыз үшін Гвинея ақшасымен үш мың франк төлейді екенбіз, біздің совет ақшасына шаққанда 13 сом. Бұл елдегі ақшаның мұншама нарықсыздығы баяғы замандағы қап-қабымен алып жүретін біздегі «Керенканы» еске түсіреді. Қонақ үйдің хақын алдын ала төлеп қою керек екен. Біздің ақшамыз болмады. Гвинея банкісінен ақша алуға чегіміз де бар. Мейманханаға орналаса сала банкіге барып, Гвинея ақшасын алдық. Дәу портфельге әзер сыйды. Егер ақшаның құны жоғары болса, шаш етектен келіп жатқан көп-ақ дүние. Қампиған дәу портфельді зорға көтеріп қонақ үйге келдік те ақшасын төледік. «Жерімізге ең алғаш келген ақ адамдар бізге» намазды көздеріңізді жұмып оқыңдар» деп үйретті, көзімізді жұмып намазымызды оқып отырғанда, олар ата мекенімізді ұрлап алды» – деген аңыз бар Африкада. Өткен ғасырдың аяғында Европаның ірі-ірі империалистік мемле кеттері Африканы ту-талақай бөліскенде, француз отаршылдарының еншісіне Гвинея жері тиген. Француз отаршылдары ондаған жылдар бойына Гвинея байлығын емін-еркін тонап, қара бұқараны әдейі сауатсыз, мешеу, қараңғылықта
ұстаған. Гвинея халқында әрбір жүз адамның тоқсан бесі сауатсыз болған. Отаршылдыққа қарсылық білдірген жергілікті адамдарды олар қуғынсүргінге ұшыратып, соттап, түрмеге жапқан, атып-асқан, азаптап өлтірген. Гвинея халқы соған қарамастан, отаршылдарға қарсы кескілескен ұлтазаттық күресін тоқтатпады. Бұл қозғалысты Гвинея халқының ұлттық батыры Альмани Сомари Туре басқарды. 1898 жылы сатқындардың көмегімен француздар Альмани Сомари Турені қолға түсіріп, Гвинея халқының қаһармандық күресіне өлтіре соққы берді. Гвинея Атлант мұхитының жағалауында, Батыс Африка жерінде. Жер көлемі – 245 мың 850 шаршы километр. Жерінің көбі таулы, адырлы, жоталы болып келеді. Гвинея түбегінің жағалауы ойпатты дала. Өсімдігі де әр алуан, әр қилы. Шалғыны мол, ағашы сирек ойпатты алқабы да, беткейінде көк жасыл, әдемі желек жамылған, дымқыл тропикалық орманы да кездеседі. Орман толы маймыл, неше атасы бар. Тіпті аяқ алып жүре алмайсыз. Олар егістікке де көп зиян тигізетін көрінеді. Мұнда кен байлығы да баршылық. Әсіресе, боксит пен темір рудала рына бай көрінеді. Бұдан басқа мыс, алтын және басқа түсті металдар шығады. Аса бағалы Гвинея алмазы дүние жүзіне әйгілі. Бұл елде су қуаты ресурстары да мол. Жауын жиі-жиі мол жауып тұратын Фута-Джаллон тау сілемі Гвинея жерінің бір бөлігін алып жатыр. Африканың көп өзенінің, оның ішінде әйгілі Нигер өзенінің басы осы тау сілемінен басталады. Сондықтан да оны жергілікті халық «өзендердің баба бастауы» деп атайды. Гвинеяның климаты өте ыстық, ылғалды болады. Апрель айында көлеңкенің өзінде күннің ыстықтығы 32 градус. Апрель-май айынан басталатын жауын октябрь-ноябрь айларына дейін тоқтаусыз дүркіндүркін жауады да тұрады. Біздің барған тұсымыз Африка жерінде аз да болса самалы бар, салқын лебі бар кез. Ауаның дымқылы да бұрынғысынан гөрі молайған уақыт. Халқы егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданады. Мал дегенде бір түлік сиыр болса, бұл елдің сиырына болайын. Сиырларының үлкендігі ешкідей ғана. Ет дейтін еті, сүт дейтін сүті жарытпайтын сондай мардымсыз, саны қалақтай бірдеме. Осы бір ергежейлі сиырларын асылдандырамыз деп совет елінен көптеген асыл тұқымды бұқа да алдырыпты. Бірақ ол бұқалар ең алдымен Африканың ыстығына шыдай алмай, індетке ұшырапты. Оның үстіне Африка шөбінде малдың дұрыс өсуіне қажетті витаминдер жетіспейді. Совет мамандарының айтуын ша, Африкадағы күннің ыстығы Россияда өскен мал жейтін шөптегі витаминдерді күйдіріп, жойып жібереді. Сондықтан да біздің елден апарылған бұқалардың сүйектері жұқарып, қурай тәрізді омырылып сына беріпті. Көптеген бұқалар мамырлап жүре алмай қалыпты. Қысқасы, Совет Одағынан әкелген бұқалардың бәрі екі-үш айдың ішінде құрып біткен көрінеді. Теңізді мекендеген халық балық аулауды кәсіп етеді.
Гвинеяда кофе, банан, күріш, жүгері, тары, қола жаңғағы, апельсин, ананас, тағы басқа жемістер өсіріледі. Кофе мен банан шет елдерге де шығарып сатылады. Сыртқы сауда үкімет қарауында. Гвинеяда 3 миллион 608 мың адам, талай ұлт тұрады Олардың ең көбі фульбе, сусу және малинке деп аталатын халықтар. Гвинея адамдары өте әсем, сұлу, сұңғақ, ұзын бойлы келеді. Әйелдері де, еркектері де ашық түсті киім киеді. Ашық түсті киім көшені бойлай өскен көк жасыл ағаш жапырақтарымен, тропикалық күн сәулесімен қосылып, айрықша сән беріп тұр. Гвинея халқының 62 проценті мұсылман дінін, 35 проценті анимистер, 1,5 проценті христиан дінін ұстайтындар. Бұл елдің орталық қаласы – Конакри. Тұрғын халқы 130 мың көрінеді. 1958 жылға дейін Конакри қаласында француз губернаторы ның резиденциясы болыпты. Қазір бостандық туын өз қолына алған Гвинея халқының президент сарайының мұнарасында тәуелсіз Гвинея Республикасының үш түсті: қызыл, сары, көк жалауы баяу соққан желмен желбіреп тұр. 1958 жылы 2 октябрь күні француз отарлаушыларының бұғауынан босап, бостандық алған ел тәуелсіз Гвинея Республикасы болып жарияланды. Ұлт ассамблеясы бес жылдық мерзімге, ал жоғарғы өкімет басшысы президент көпшілік дауыспен жеті жыл мерзімге сайланады. 1958 жылдан бері мұнда бір ғана билеуші партия бар. Ол – Гвинея демократиялық партиясы. Басқа партиялардың бәрі де таратылған, не болмаса Гвинея демократиялық партиясына тоғысқан. Кәсіподағы да, жастар ұйымы да осы басшы партияның бір буыны болып есептеледі. Гвинея демократиялық партиясының мүшелігіне жеті жастан бастап қабылдана беріледі. Африка құрлығының солтүстігіндегі Гвинея Республикасының күн батыс шекарасы «Португалиялық Гвинеямен», онан әрі Атлантика мұхитымен шектеседі. Оңтүстігінде Сьера-Леоне және Либерия Республи каларымен шекаралас болып келеді. Шығысында Піл Сүйегі Жағалауы мемлекетімен, солтүстігінде Мали және Сенегал Республикаларымен көршілес. Гвинея демократиялық партиясының негізгі ұраны: «Бәрі халықтың құдіретімен және бәрі халық үшін». Бостандық алған халық сауатсыздықты жою, оқу-ағарту саласында көзге түсерліктей мәнді жұмыс істеген. Мәселен, 1957-1958 оқу жылында елдегі мектеп саны 287 болса. 1966-1967 оқу жылында 1605 бастауыш мектеп ұйымдасты. Ал, оқушы саны 42 543-тен 149 527-ге дейін өсті. Мұғалім саны да 505-тен 4060-қа дейін молайды. Өкімет тарапынан орта білім беру ісіне де көңіл бөлінгені байқалады. Мәселен республика қадам басқан жылдарында небәрі 9 орта мектеп болса, осы кезде 252 орта мектеп бар. Бұл салада оқитындар саны 2547-ден 27 279-ға дейін өсті.
Кейбір деректерге карағанда, Гвинеяда оқу жасындағы балалардың 50 проценті мектепке тартылмаған. Ал, оқу жылының басында оқуға келіп, кейіннен оқуды тастап кеткен балалардың саны да көп. Бірақ ол балалар есепке алынбайды. Оқу жасындағы балалардың барлығын оқуға тарта қоюға оқу базасы да, мұғалім кадры да жетіспейді. Орта мектепте қызмет ететін мұғалім саны 62-ден 1086 мұғалімге өскенін көреміз. 1958 жылға дейін Гвинеяда бірде-бір жоғары дәрежелі мектеп болмаған, ал қазір сегіз факультеті бар екі жоғары дәрежелі мектеп жұмыс істейді. Небәрі 600 студент оқиды. Мұғалім кадрын дайындайтын Дабадуға, Пита, Коба, Фарана қалаларында төрт педагогикалық бастауыш учи лище бар. Мұнда бірінші циклды бастауыш мектептерге мұғалім көмек шісін дайындайды. Мацентте мұғалімдер дайындайтын тағы бір мектеп бар көрінеді. Бұл мектептің оқу мерзімі 33 ай. Канкан қаласында жоғары дәрежелі бір педагогикалық училище жұмыс істейді. Оның оқу мерзімі төрт жыл. Конакридегі Политехникалық институт жанында жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын қоғамдық ғылымдар мен табиғат тану факультеттері бар. Жоғары білімді инженер кадрлары да осы институтта дайындалады. Политехникалық институттың оқу үйін, жатақханасын, оқытушыларға арналған тұрғын үйді Совет Одағы салған. Осы маңдағы 30 мың адам сыятын стадионды салған да біздің ел. Шаруашылыққа керекті орта және ортадан төмен техникалық кадр лар дайындайтын оқу орындары да бар. Бұдан басқа, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық мамандарын, бухгалтерлер дайындайтын ұлт мектеп тері де ұйымдасқан. Елдің әр жеріндегі 200 колледж бен 306 класта 12000 бала оқиды. Халық арасында әртүрлі ауру көп. Оларды емдейтін аурухана да, емхана да, дәрігер де, тіпті орта білімді медицина қызметкерлері де жетіс пейді. Көптеген жерлерде ауырған кісіге ешқандай көмек көрсетілмейді, өлім-жітім көп. Әсіресе жас балалардың өлімі қисапсыз. Бостандық алған ел кейінгі жылдары медицина кадрын дайындау ісінде және емхана ұйымдастыру жұмысында да көзге көрінерліктей шаралар қолданып жатқанын айта кеткен тағы орынды. Мәселен, 1958 жылы бүкіл Гвинеяда бірінші категориялы бір ғана емхана болса, 1967 жылы 4 емхана болған, диспансерлер мен медициналық пункттердің саны 46-дан 290-ға дейін өскен. Әйелдер және балалар консультациясы бұрын біреу ғана болса, қазір 38. Мемлекеттік аптекалар да бұрынғы кезде біреу-ақ болса, осы уақытта 37 аптека жұмыс істейді. Ауруханадағы жалпы төсек саны 1903тен 6860-қа дейін көбейген. Осындай медициналық орындарда қызмет істейтін дәрігерлер саны да, орта медицина қызметкерлерінің саны да өсті. Бірақ, әлі күнге дейін адам тағдырын шешетін бұл қызметкерлердің жетіспейтіндігі, тапшылығы тосыннан келген жолаушыға да көрініп тұр. Елде ұлт театры деген атымен жоқ. Тек қана халық театры бар көрінеді. Оның өзі де көбінде жұмыс істемейді. Баспасөз орнынан не бәрі бір ғана
«Оройя» деп аталатын газет бар. Оның өзі де февраль айынан бастап күнделікті газеттен аптасына бір дүркін шығатын газетке айналған. Елдің жалпы жайын біршама таныстыра алатын аттамалы мағлұматтар осындай. Енді біз елдің тұрмыс-ахуалынан хабар бере алатын жеке көріністерді алға тартпақпыз. ІІ Біз сол түні ерте ояндық. Таң алауытып келе жатқан мезгілде төсектен атып-атып тұрыстық. Жуынып, киініп, жөнге келдік. Терезе сыртында мұхит суы бұлқан-талқан тулап жатты. Тас кемерден тасып төгіліп, асып жығылып жатқан бұйра толқын. Бізді мезгілсіз оятқан да осы асау толқынның шуылы екен. Ұзамай ертеңгі тамақ ішетін мезгіл де жетті. Біз қонақ үйдің астыңғы қабатындағы асханаға келдік. Адам онша көп емес. Шет жақтағы бір столға біз де отырдық. Асхана қызметкері бізді көп тостырмады. Қасымызға келген тарамыстай қатып қалған арық жігіт бәсең үнмен: – Бүгін бізде нан жоқ. Қант, шай ғана бар, – деп хабарлады. Біз аң-таң болып отырып қалыппыз. «Нан жоқ» деген сөз бізге тіпті ерсі көрінді. – Шайға қосып ішетін сүт табыла ма? – дедім мен. – Бар. – Басқа қандай тамақ бар? – Таңертеңгі уақытта бізде басқа ешқандай тамақ болмайды. – Неге тамақ болмайды? – Бізде бұрыннан солай. Таңертеңгі тамаққа шай, тілім нан, бір кісілік джем вареньесі беріледі. – Олай болса, бізге сүт құйған шай әкеліп беріңіз, дедік. Біздің оң жағымыздағы дөңгелек столда қасында үш-төрт жасар қызы бар ерлі-зайыпты екі адам отырған. «Нан жоқ» дегенге таңданып қалғанымызға екеуі жымиып күлді. Ері аласа бойлы сары жігіт те, қасындағы зайыбы талдырмаш, шегір көз, сары шашты өңді әйел. Бір кезде сол көрші жігіт бізге қарап: – Совет Одағынан келдіңіздер ме? – деді. – Иә, біз совет адамдарымыз. – Келгендеріңізге көп болмаған болу керек? – Кеше кешке таман келдік. – Бәсе. – Оны қайдан білдіңіздер? – Мұнда нан болмағанына талай заман, соған үйренбей жатқан дарыңызға қарап, жаңа келген шығар деп едік. – Нан жоқ деген жақсылық емес екен, – дедім мен. – Әрине, жақсылық емес. – Нан осы ресторанда ғана жоқ па, болмаса, бүкіл қалада жоқ па?
– Қалада жоқ. Америка Құрама Штаттарынан әкелінген ұннан пі сірілген нанның іші толған қоңыз көрінеді. Адам жиіркенеді. Бүгін соның өзі де жоқ. – Қоңызы несі? – Қоңыздың қайдан пайда болғанын қайдан білейін. Сіздерге көрге німді айтып отырмын. – Біз кеткенше ондай нандары бола қалса да жемей-ақ қоярмыз, – дестік біз. – Жиіркеніп нан жегенше жемеген жақсы, – деп түйді бізбен әңгіме лесіп отырған жігіт. – Нанның тарихы осымен бітсін. Өзіңіз қай жердің адамысыз? – Біз де СССР-дың азаматтарымыз. Гвинеяға келгенімізге екі жылдай болып қалды. Дәрігерлерміз. Гвинея үкіметіне көмектесіп, Канкан деген қаладағы ауруханада дәрігер болып істейміз. – Конакриге келгелі көп болды ма? – Екі-үш күнге бір жұмыспен келген едік. Енді қайтамыз. Шетелдерде өз еліңнің адамдарымен кездесу ет жақын тумаңмен кездесумен бірдей. Біз бір-бірімізбен жылап көріскендей, езіл-қожыл боп, рақаттана сұхбаттастық. Ақырында, әркімнің өз жұмысы бар, біз олармен қоштасып, рақмет айтып, шай үшін ресторанға кісі басы 350 франктен ақша төлеп шығып кеттік. Біз барардан бір-екі ай бұрын Гвинеяда үкіметке қарсы ұйымдасқан жасырын топ әшкереленген екен. Елдің айтуынша, бұл топ Секу Туре басқарған үкіметті құлатып, оның орнына Францияның отаршылдық саясатын жақтайтын жаңа үкімет құрмақ болған. Олардың бұл әрекеттерін үкімет орны күн ілгері біліп қалып, заговор ды басқарушыларды дер кезінде тұтқынға алған деседі. Біз Конакриге келген күні Гвинея елінің президенті Секу Турені жақтайтын экономикалық даму министрлігі қызметкерлерінің демон страциясы болды. Бұл министрліктің министрі Секу Туренің інісі Исмаил Туре екен. Демонстранттар президент сарайының алдынан өтіп бара жатқанда: «Гвинея халқының жаулары жойылсын», – деп ұран сап өтті. Біз Конакриде болған кезде мектеп балаларының да осылай саппен өткенін көрдік. Бұл оқиға біздің Гвинея жазушыларымен дидарласуымызға кедергі жасады. Өйткені, осы оқиғаға байланысты, біріншіден, шет елдерден келген адамдар гвинеялықтармен кездесіп сөйлесу үшін тек қана президенттің рұқсаты керек, екіншіден, шетел азаматтарына Конакри қаласынан сыртқа шығуға болмайды деген жарлық таратылған. Барған күні-ақ Совет елшілігі президент департаментіне біздің келгеніміз жөнінде хабарлаумен бірге, біздің президентпен кездессек екен-ау деген өтінішімізді де жеткізген. Себебі президенттің өзі де ақын, СССР-да ертеректе болған, өлеңдері де орыс тіліне аударылып басылып шыққан, сонымен қатар ақын және драматург Кондетто Ненекали
Камарамен де, ақын Мамаду Троаре Рейотрамен де, бір кезде Гвинеяның документация ғылыми-зерттеу институтының директоры, сонан соң министрі де болған, Гвинея гимнінің музыкасын да, текстін де өзі жазған ақын Фодеба Кейтамен де кездесіп әңгімелесуге рұқсат сұрадық. Кейбір мәліметке қарағанда, Кейтаны соңғы оқиғамен байланысты түрмеге жапқан көрінеді. Тамсир Ниан Джибрильмен де кездескіміз келді. Ол тарихшы және драматург, кейінгі кезге дейін Конакридегі политехникалық институттың директоры болған, бұл кісінің тарихи эпопеясы Москвада, мемлекеттік әдебиет баспасында басылып шықты, жер жүзіне әйгілі Мольердің шығармаларын өзінің ана тіліне аударған кісі. Ел ішіндегі жағдайға байланысты бұл тілектерімізді бірден орындай қою қиын болса керек. Бірақ соған қарамастан, бізді Жастар және халық мәдениеті жөніндегі Мемлекеттік хатшы Диало Альфа Абдуллай мырза қабылдайды деген хабар келді. Бұл хабар жеткенде сағат күндізгі 12 болатын. Бізді қабылдайтын уақыты сағат он үш. Сондықтан да тез жиналдық. Дәл сағат он үште, яғни бірде, біз Диало мырзаның кабинетінің алдында болдық. Қасымызда Гвинеядағы совет елшілігінің үшінші хатшысы Геннадий Матвеевич Кононенко бар. Орта бойлы, тығыршықтай, семізше жігіт. Жасы әлі 40-қа келмеген, шашы селдірей бастапты. Француз тілін өте жетік білетін көрінеді. Диало мырзаның кеңсесі алаңның ішіндегі тозығы жеткен екі қабат үйдің екінші қабатында орналасқан. Есігінің алдында бір жалпақ бет, жатаған бойлы полицей отыр екен. Біздің келгенімізді де сол кісі мемлекеттік хатшыға баяндап келді. Көп ұзамай біз Пиало мырзаның кабинетіне кірдік. Диало Альфа Абдуллай мырза біз табалдырықтан аттап кабинетіне кіргенде, ұзын бөлменің сол жағында терезенің алдындағы үсті қағазға толы, көк мауыты қаптаған столдың басында отыр екен. Орнынан ұшып тұра келіп, бізбен есік аузында амандасты да, бұрышта тұрған дөңгелек столды айнала отырғызды. Өзі 34-35 жастағы, бұйра шаш, сұңғақ бойлы адам екен. Мен бірден Гвинеяға келген жұмысымызды айта бастадым. Сонан соң жергілікті әдебиетшілердің халімен, ұлт әдебиетінің жайжапсарымен танысқымыз келетінін айтып, бірер сұраққа жауап беруін өтіндім: – Кейінгі кезде Гвинея жазушыларының қандай шығармалары шық ты? – дедім мен сөз арасында. – Ненекали Камараның, Тамсир Джибрильдің кейбір шығармасы жарық көрді. – Қандай шығармалар екендігін атауға болмас па екен? – Ғапу етіңіз, жадымда қалмапты. – Сол жазушылармен кездесуге болмас па екен? Өзіңізге мәлім, алыстан әдейі іздеп келген соң, дидарласып кеткеніміз жөн ғой. – Ненекалимен кездесуге болады. – Джибрильмен ше, көрісе алмас па екенбіз? – Ол кісі Малимен шекарада археологиялық экспедицияда жүр.
– Сіздерде Африка-Азия жазушыларының ұлттық байланыс комитеті құрылған ба? – Ондай комитет құрылған. – Сіздерде талантты жас жазушылар бар ма? – Бар ғой, неге болмасын, бірақ олардың аты-жөнін сіздерге қазір айта алмаймын. Диалоның жауаптары солғын, әңгіме шертетін түрі жоқ. Сұраққа ғана жауап береді, еркін ашылып кетпей, «Саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарап» отырғаны байқалады. Жаңылмасам, сіз Гвинея демократиялық партиясының делегациясы құрамында Москвада болдыңыз ғой? – деп сұрадым. – Москвада болып, жуықта оралдық. – Қалай, сізге біздің ел ұнады ма? – Ұнағанда қандай. СССР – өте ұлы мемлекет, бай ел. Сіздер ғапу етіңіздер, мен басқа сөзге айналып отырып манадан айтпаған екенмін, біздің президент Секу Туре де үлкен ақын. – Ол кісінің ақын екенін біз жақсы білеміз. Біз ақын Секу Туремен кездесіп, әдебиеттің кейбір өзекті мәселелері жөнінде пікір алысқымызақ келген еді... – дедім мен. – Оныңыз дұрыс, ол кісі біздің әдебиет жөнінде көп біледі. Сіздердің сәлемдеріңізді ол кісіге міндетті түрде айтамын, – деді Диало мырза. – Сіз бізге біраз мәселе жөнінде байыпты пікірлер айттыңыз. Оны ңызға көп рақмет. – Сіздерге де рақмет. Ненекали Камарамен ертең қай уақытта кезде сетіндеріңізді білу үшін жолда Шетел министрлігінің канцелярия басқармасына соға кетіңіздер. Мен қазір телефонмен хабарлап та қояр мын, – деді Диало мырза қоштасып жатып. Шетел министрлігіне келгенімізде алдымыздан ұзын бойлы, көмірдей қап-қара ширатпа мұрты бар, сақа жігіт жедел басып шыға келді де: – Шәріпов мырза қайсыңыз? – деді. – Мен Шәріпов! – Ассалаумағалайкум! – Уағалайкумүссалам! – Сізді, бүгін кешкі сағат 18.00-де президент Секу Туре қабылдайтын болды. Осыны хабарлауды маған тапсырған. – Рақмет сізге, – деп, біз ол кісімен қоштасып, қонақ үйге карай жүріп кеттік. Біз қонақ үйге жеткенде сағат 17.00 болатын. Уақыт тығыз. Тезірек қамдануға тура келді. Бізді Гвинеядағы Совет елшісі Александр Капитонович Старцев өзі ертіп баратын болды. Совет елшілігінің «Чайкасымен» дәл 18.00-ге екі-үш минут қалғанда біз президент сарайы ның алдында болдық. Біздің машинамыз тоқтасымен, алдымыздан екі жігіт шығып:
– Президенттің қолы тимей жатыр. Сіздерді тоса тұрсын деді. Сағат 18-30-да қабылдайды, – деді. Біз ол жерде тосып отыруды қолайсыз көрдік те, жарты сағаттан соң қайта оралайық деп, машинадан түспестен қала аралауға кеттік. Тағайынды уақытта қайта келдік. Машинадан түсіп президент сарайының алдына қарай жүрдік. Алдымызда президент Секу Туре тұр. Қасында орта бойлы, дөңгелек сақалды, семізше келген біреу, екіншісі, ұзын бойлы, қылау шашты, қартаң тартқан кісі. Секу Туре бізбен қол алысып амандасты да, кенет оң жағына бұрылды, қасындағы екі адамды таныстырды. Орта бойлысы – Гвинея Республикасының сыртқы істер министрі, ұзын бойлысы – Ұлттық Ассамблея председателі. – Мына машинаға отырыңыздар, – деп, президент есік алдында тұрған жатаған қара машинаны нұсқады. «Қонақ байғұста ерік бар ма?» дегендей, біз, Кудинов екеуміз, Секу Туренің нұсқаған машинасына барып отырдық. Старцев өз машинасына мінді. Секу Туре шофердің орнына өзі отырып, президент сарайынан шықты да, ұзын көшені құлдилап тарта берді. Жүрісіміз өте баяу. Көше бойында ерсілі-қарсылы ағылып жатқан қала тұрғындары. Машинада келе жатқан президентті көріп қалған бірен-саран адамдар. «Президент, президент!» – деп айғайлап, қолын бұлғап ізет білдіріп жатты. Оларға машина жүргізіп келе жатқан Секу Туре де қолын бұлғап жауап беріп келеді. Алдымыздағы көлденең көшенің бұрышынан бір топ бала жамыраған қозыдай біз келе жатқан машинаға қарап «Прези-прези» – деп қолдарын көтеріп қарсы жүгірді. Машинаның жүрісін баяулата бастаған президент, олар тіпті жақын келгенде машинаны тежеп тоқтатты. Балалар әлгі айғайынан таймай Секу Туренің қолынан ұстап, қолы жетпегені алдыңғы баланы ұстап «Прези-прези» – деп араның ұясындай гу-гу етіп тұр. Бір мезгілде Секу Туре: – Империализм! – деп айғайлады. – Жойылсын! – деді балалар. – Неоколониализм... – Жойылсын! – Революция... – Жасасын! – деп жауап қайырды балалар бірауыздан. Президент қолын бұлғап балалармен қоштасты да, ілгері қарай жүріп кетті. Қалада ауыз суы тапшы болғандықтан, көшедегі су құбыры колонкасының түбінде шелегін, легенін, астауын тізіп, кезекке тұрған жұрт президентті көріп, айғайласып, қолын бұлғап жатты. Ел көрсін деді ме, әлде өзі әдейі баяу жүріп келе ме, әйтеуір машина мүлде ілбіп кетті. Біз қаланың батыс жақ шетіне келіп қалдық. Атлант мұхитының жие гіне келгенде алдымызда шалқасынан ашық жатқан үлкен қақпа көрінді. Айналасы шарбақпен қоршалған. Бір полицей шарбақ жағалауында ерсілі-қарсылы жүр, екіншісі, қақпаның сол жағындағы көк будкадан шығып, бізге қолын созып амандасты. Біз де басымызды изеп, қол бұлғап
амандастық та, қақпаның ар жағындағы үлкен баққа кіріп кеттік. Бұл президенттің қала сыртындағы демалыс үйі екен. Біз үш қабат үйдің екінші қабатындағы бір бүйірі түгелдей ашық үлкен верандаға келіп, бетімізді мұхитқа бере отырдық. Әңгімемізге Гвинея елінің Сыртқы істер министрі және Гвинея демократиялық партиясы саяси бюросының мүшесі Лансана Беавоги мырза, Гвинеяның Ұлттық Ассамблеясының председателі Леон Мака мырза қатынасты. Әңгіме әдебиет мәселесінен басталды. – Декабрь айында Дакар қаласында Азия-Африка ақындарының симпозиумы болуға тиіс, сол симпозиумға дейін Москвада Азия-Африка ақындарының өлеңдер жинағын басып шығаратын ойымыз бар. Бұл жинаққа Гвинея ақындарының да өлеңдері енсе дұрыс болар еді, – дедім мен. – Жас ақындардың жазған өлеңдері көп-ақ, бірақ оларды басып шығаруға бізде қағаз жетіспейді. Сондықтан да олардың шығармалары қолжазба түрінде қала береді. Басқа ақындардың лайықты шығармалары болса, оны сіздерге Ненекали Камара айтады, – деді Секу Туре бүкіл денесімен маған бұрылып. – Ненекали Камарамен жолығуға болады ғой, – дедім мен әбден пісіріп алайын деген оймен. – Ол кісімен міндетті түрде жолығуларыңызды сұраймын. – Рақмет сізге. – Соңғы жылдары жазылған поэзия туындылары сіздерде мол болар. – Ақындарымыз жазып жатыр ғой, бірақ онша көп емес. – Африка-Азия жазушыларымен байланыс комитеті құрылды ма? Егер құрылған болса, сол комитеттің басшы адамдарының біреуімен кездесіп сөйлескіміз келеді, – дедім мен. – Ол комитет бізде құрылған. Өткен жылы Пекинде болған АзияАфрика жазушыларының симпозиумына біздің кейбір ақындар қаты насты. Бұл мәселені де Ненекали Камара сіздерге толық айтып береді. – Тамсир Ниан Джибриль ақынмен де кездессек деген ойымыз бар. – Ол кісі қазір қалада жоқ. Малимен шекарада экспедицияда жүр. Бұдан кейінгі біздің әңгімеміз жалпы әдебиетшілердің өзара байланыс мәселесі жөнінде болды. Баспа кітап шығару ісінің Гвинеяда қағаз жетпегендіктен өте қиын екендігін айтты Секу Туре мырза. Гвинеяның ауыз әдебиеті бай екендігі жөнінде де біраз әңгіме қозғалды. – Роман, повесть жазған жазушы бар ма? – дедім мен. – Ондай жазушы жоқ. Бізде ылғи өлең. – Октябрь революциясына дейін біздің қазақ әдебиетінде де проза жоқтың қасы болатын. Ауыз әдебиетіне біз де баймыз. Роман, повесть біздің әдебиетімізде Октябрьдің жемісі десем қателеспеген болар едім. Бірақ біздің әдебиетіміз одан бері адам айтқысыз өсіп, дүние жүзінің әдеби сахнасына шықты. Көптеген жазушыларымыздың таңдаулы шығармалары бүкіл Совет еліне, онан қалды көптеген шет тілдерге аударылды.
– Біздің халқымыздың да келешекке деген сенімі зор. Бостандық ал ған ел мәдениеттің барлық саласында да лап өсетіндігі ақиқат қой, – деді Секу Туре мырза. – Бүкіл Африка халықтарының бостандық туын жоғары көтеріп экономика мен мәдениет саласында үлкен табысқа жетіп, алдыңғы қатарлы елдермен теңдесуіне совет халқы әр уақытта да тілектес, – дедім мен. Бұдан кейін: – Президент мырза, сізге өзімнің ана тілім, қазақ тілінде шыққан кітабымды тартуға рұқсат етіңіз, – деп, қолымда ұстап отырған «Ормандағы от» деген кітапты бердім. – Рақмет сізге! – деп, Секу Туре мырза менен алған кітапты қасындағы отырған нөкерлерінің бірінің қолына ұстатты да, өзі орнынан тұрып, оң жақтағы есікке кіріп кетті. Көп ұзамай, ол 6-7 том кітапты алып шықты. – Мынау менің кітаптарым, сіздерге сыйлыққа тартамын, – деді. Сол арада бұл не қылған кітаптар екен деп, мен бәр-бәрін тілмәшпен отырып қарап шықтым. Секу Туре мырзаның әр жерде, әр жылы сөйлеген сөздерінің толық жинағы болып шықты. – Рақмет сізге, мырза! – деп мен де ол кісінің қолын алдым. Бір жүйе әңгіме Гвинея демократиялық партиясы мен үкімет делега циясының Совет Одағында болғандығы жөнінде, олардың совет елінің басшы адамдарымен кездескені, ондағы келіссөздер, делегация мүшелерінің барған сапарының сәтті болғандығы турасында өріс алды. – Совет Одағы бізге экономика мен мәдениет жөнінен едәуір көмек көрсетті. Совет Одағы өз күшімен политехникалық институт комплексін салып, оны толық жабдықтап берді, стадион, мейманхана, тақтай тілетін завод, консерві заводы да сіздердің бізге тартқан сыйлықтарыңыз. Оларыңызға мың да бір рақмет, – деді Секу Туре мырза бізді бастап келген Совет елшісіне ризалық білдіре отырып. – Менің Отаным туралы жылы лебіз білдіргеніңіз үшін сізге де рақмет, – деді елші. Президент Секу Туре мырзамен әңгіме үстінде менің байқағаным: ол кісі неге екені белгісіз, әңгіменің барысында бастан-аяқ тұнжырап, бір түрлі мұңды пішінде отырды. Бәлкім өз елінде жақында ғана үкіметке қарсы ұйымдасқан жасырын қастандықтың да әсері болар. Біз барған кезде аласапырандары әлі басылмаған болатын. Біз екі сағаттай әңгімелестік. Өзіміз әбден шаршадық та. Ыстық күнде екі сағат бойы бір жерде отыру; жадыраса шешіліп, әзілдесе күлісіп отырмағасын, ауыз бағысу да жалықтырады ғой. Шөлдеп те кеттік. Алғаш келіп отырғанда бір-бір стақан сусын қойған еді, біз оны келген бойда ішіп қойғанбыз. Кісі үйінде сусын сұрап ішуге болмайды. Тіліміз таңдайымызға жабысып, қаталап шықтық. Біз президент мырзамен қоштасып, қонақ үйге келіп жанымызды сонда шақырдық.
ІІІ Ертеңінде күні бойы қаланы араладық. Конакри Атлантика мұхитын дағы ұзыннан-ұзақ созылып, кеудесін Африканың оттай жанған ыстық күніне төсеп жатқан түбекке орналасқан. Түбектің екі жағалауын долы толқынымен соғып қауып, астан-кестеңін шығарып жатқан мұхиттың тұзды суы Конакри қаласында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан төрт күре көшесі бар. Бір ғажабы бірде-бір көшесінің аты жоқ. Үйлерінің көпшілігі бір қабат қана. Бізге қала білгірлерінің бірі бұл жерде қайнамаған суды ішуге болмайды деп ескерткен. Біз бұл ескертпені бұлжытпай орындадық. Қаншама шөл қысып тұрса да, өлі судан татпадық. Бірде қаланың дәл ортасында базарға бардық. Қызық көріп баршасын араладық. Көбіне-көп жеміс сатып отырған адамдар. Столдары адам айтқысыз лас. Кейбіреулер басындағы шәлісін жерге жайып қойып, үстіне ананасын қойып сатып отыр. Ыстық күн өтпесін дегені болу керек, жеміс сатушы адамдардың көпшілігі бастарына шөп-шаламнан қалқан жасап алыпты. Конакри қаласының да Медина деп аталатын аса жүдең бөлегі бар екен. Қаланың бұл бөлегінде балағанға, сарайға ұқсас быжынаған үйлер, яғни үйшіктер. Тұрғын халыққа ауыз суы жетпейді. Әрбір су құбы рының колонкасының түбінде ұзыннан-ұзақ кезек. Ұзыннан-ұзақ тізіп қойған ыдыс-аяқ, леген, шелек. Су тосып, жұмыссыз отырған жұрт қарап отырмай, сол арада билеп те жатыр. Біреулер сол жерде жиналыс та өткізіп жатыр. Баяғы замандағы біздің ата-бабаларымыз сияқты Гвинеяда әйелді қалың мал беріп сатып алады екен. Қызға төленетін қалың мал нарқы 5 мың Гвинея франкасы, ал, жесір әйелдің бағасы онан арзандау. Оған 3 мың франка да жарап жатыр. Көп әйел алушылық мұнда да бар. Төрт әйелге дейін ала береді. Бір қызық нәрсе, Гвинеяда әйелдер жас балаларын 3-4 жасқа дейін емізе береді. Бұның себебі не деген біздің сұрауымызға былай деп жауап берді: «Бала ауырмайды. Денсаулығы мықты болады». Бала емізетін әйелге күйеуі жоламайды екен. Соған қарамастан 100 баланың отызы ғана тірі қалатын көрінеді. Осы жерде айта кететін бір жай бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын президент сарайын күзету үшін ылғи әйелдерден құралған батальон болған көрінеді. Бірақ, кейін олар таратылған дейді. Мұсылман дініндегілер міндетті түрде құрбандыққа қой шалатын көрінеді. Егер көп әйелді адам болса, әр әйелінің үйінде бір қой союға міндетті. Күйеуі жұмыс істемей, бір әйелінің үйіне қонып тамақ ішіп жүре берсе де, ешқандай сөкеттігі жоқ көрінеді. Гвинеяның жазылмаған заңы бойынша мұнда қыздардың 17 жасқа келгенше күйеуге шығуына болмайды. Міне, енді Гвинея астанасының кеші. Күндізгі тымырсық сол қалпы, аптап ыстық. Кеудеге ыстық бу толып келе жатқандай сезінесің. Қапырық кеште қыдырып жүру де үйренбеген адамға оңай емес. Біз сонда да түнгі
Конакриді көргіміз келіп, далаға шықтық. Асфальтты көшемен екі кісі жүріп келеміз. Мұнда бұл уақытта бейсауат жүріп жатқан адамды көп кездестірмейсіз. Әр жерде көресің лампаны маздатып жағып қойып, жеміс сатып отырған кісілерді көресіз. Мұндай сауда-саттық адамдары қаланың Медина бөлігінде көп екен. Бары да, мақтары да, байлығы да жеміс. Қаланың бұл бөлегінде тұратындардың көбі жергілікті жұрт. Мұнда канализация да жоқ көрінеді. Халықтың көргені қараң. Үйлерінің түрі де адам қарайтындай емес. Ылғи жер кепе, шаң мен ыс басқан қара үйшіктер. Кіре беріс есіктерінен де қара жұмысшы адамдардың тұратындығы бепбелгілі. Қаланың ішінде қой ұстайтын көрінеді. Ол қойды қалай, немен тамақтандыратыны тек иесіне белгілі. Әйелдер балаларын арқасына таңып алып жүр. Көшеде ерсілі-қарсылы ағылып жатқан жеңіл машиналардың көп шілігі біздің елдің «Волгасы». Біз ертеңінде Конакри қаласындағы магазин біткендердің бәр-бәрін араладық. Не арзан, не қымбат деп көргіміз келді. Көптеген магазині саудырап бос тұр. Ешқандай көзге түсерліктей бұйым магазинде бол сайшы. Үлкен деген магазинінде де болдық. Жартысы бос тұр. Бар деген киім-кешектері адам көзін тартатындай емес. Қайдағы бір түрсіз, өңсіз бұйымдар. Сатып алатын адамдардың сиқы да шамалы. Көп кісі де көрінбейді. Сөйте тұра магазиндегі бұйымдар удай қымбат. Тамақ магазиндерінде тамақ жоқтың қасы. Халыққа күнделікті керекті нанның өзі тіпті тапшы. Елдің айтуына қарағанда, күрішті Қытайдан шарт бойынша алатын көрінеді. Ұнның қайдан келетіндігін және қай түрде келетінін жоғарыда айттық. Осы бір жерде айта кететін жай: Конакри қаласы өте көгалды, әртүрлі ағашы да мол. Көше толы мәуелі ағаш адамның көзін тұндырады. Әсіресе адамның көзін тартатын Сейба деген ағаш. Бұл ағаш адам көзіне лаулап от боп жанып жатқандай көрінеді. Сондықтан да халық ол ағашты отты ағаш дейді екен. Алыстан қарағанда ағаш өте мүсінді. Жаньп тұрған жалынға ұқсап, өзгеше бір елес береді. Гүл шоғы жайнап тұр. Гвинея халқының ескіден келе жатқан заңы бойынша, егер рудан бір адам қызмет істесе, ол барлық туысқанын, қала берсе, руының адамдарын асырауға міндетті көрінеді. Біз барған күннен бастап Атлантика мұхитының суына түсіп жүрдік. Біз ең алғаш суға түсуге барсақ ол жерде біздің совет елшілігінің адамдары жүр екен. Шешініп суға түсіп едік, тереңдігі тізеге дейін ғана екен. Біз мұнысы не деп таң қалып тұрсақ, бір жас жігіт таза орыс тілімен. – Қазір судың тартылып кеткен кезі, ары қарай жүріп түсіңіздер, – деді. – Рақмет сізге. Өзіңіз совет адамысыз ба? – дедім мен. – Иә, совет адамымын. Біздер осында, екі совет жазушысы келді деп естіген едік, солар емессіздер ме? – Иә, біз солармыз.
Бұл серуендеп, дем алғанымыздың түрі. Ал ауқаттануымыздың түрі нен жоғарыда шет жағалап хабар берген едік Жолаушыны асырайтын негізгі орын ресторан болса, мұнда жетісіп тұрған ресторан шіркін де жоқ. Оларда тамақ аса қымбат. Гвинеяда шығатын сыраның бір бөтел кесінің нарқы 250 Гвинея франкасы. Былайша айтқанда Американың бір доллары болып шықты. Ыстық жерде адамның сусынға ең көп ішетіні сыра. Бағасы анадай. Түскі тамақ бағасы бес мың франка тұрады. Дүниеде шетел тілін білмегеннен қорлық жоқ. Біреумен сөйлесе қояйын десең де, тілмаш іздеп боласың. Егер сол тілді өзім біліп тұрсам бірден сөйлесе кетпеймін бе? Талай адаммен сөйлесе алмай дінкең құрып қала бересің. Егер тіл білсем, менің осы жазып отырған әңгімем де бұдан гөрі толық және жарқын болар ма еді! Демалыс жайдағы отырысымызда президент Секу Туре бізге бірнеше том кітап ұсынды деген едім. Солардың ішінде өз өлеңдерінің жинағы да бар екен. Кейін тілмаш арқылы оқытып көрдім. Өлеңдері өз партиясын мақтаумен басталады, ылғи саяси ұранмен аяқталады. Өлеңнің негізгі өлшемі – көркемдігі, тілі, үйлесі болатын болса, ол қасиеттерінің баржоғын білу қиын. Таңертеңгі сағат онда ақын Ненекали Камара бізді өз үйінде қабылдайтын болды. Бұл елде жазушы біткеннің бәрін ақын дейді. Ненекали Камара ақын да, драматург та, мемлекеттік қайраткер де көрінеді. Қазіргі ресми қызмет ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі мемлекеттік секретарьлық жұмысы. Үйі сол біз тұрған қонақ үйінен алыс емес. Сағат дәл онда біз Камараның үйіне келдік. Жан-жағы дуалмен қоршалған ауланың түпкірінде жалғыз қабат үй. Есігі шалқасынан ашық жатыр. Біз машинадан түскенде алдымыздан толық денелі, қырма мұртты, ұзын бойлы, елуден асқан, шойын қара кісі көрінді. Біздің іздеп келген адамымыз осы болып шықты. – Үйге кіріңіздер, – деп қарсы алдымызда шалқасынан ашық жатқан есікті нұсқады. Біз үйге кіріп, үлкен ұзын бөлменің оң жақ бұрышындағы жатаған дөңгелек столды ортаға ала алқа-қотан отырдық. Бұл қонақ қабылдайтын орны болу керек. Бөлменің қақ ортасында ұзыннан-ұзақ қойылған ала дастарқан жайылған стол. Оның арғы жағында ыдыс-аяқ салатын абажадай шкаф. Әр жерде үлкенді-кішілі жұмсақ креслолар. Үйдің қабырғасына айуандардың бас мүсінін ілген. Жұпыны жиһазды ғана бөлме. Ең алдымен өзара танысып алдық. Ненекали Камараға Москвада басылып шыққан «Африка ақындарының өлеңдер жинағын» сыйладым. Ол орыс тіліне түсінбесе де кітап бергенімізге үлкен риза болған шырай көрсетті. Мен ол кісіден Гвинеяның кейбір ақындарының қайда екендігін, творчестволық өсу жайы қандай екендігін сұрадым. Джибриль ақынның экспедицияда жүргенін бұл кісі де айтты. Секу Туреден сұраған кейбір жәйітті қайталап бұл кісіден тағы сұрадым.
– Гвинеяда Азия-Африка жазушыларымен байланыс жасайтын ұлт тық комитет құрылды ма? – Бізде ондай комитет бар. Өткен жылы Пекин қаласында өткен АзияАфрика жазушылары комитетінің ұйымдастырған симпозиумына біздің кейбір ақындар қатынасты. Бұл тұста мұндағы үлкен қайраткер де, ортаншы қайраткер де Пе кинді көп айтады, кейбірінің соған ұқсамақ та сыңайы сезіледі. Сөздері де тартыншақ, тақ-тұқ, қысқа. – Гвинея әдебиетінің өсу жолдарын, жайын, тенденциясын көрсете тін жалпы шолу ретінде болса да, зерттеу жұмысы, жеке мақалалар тауып алуға болар ма екен? – Ондай материал бізде табылмайды. Шынын айтқанда, болған да емес. – Сіздерде әдебиет сыншысы жоқ па? – Бізде сыншы деген болмайды. – Проза жанрының өсу жолын айтып берсеңіз жақсы болар еді. – Бізде проза жазатын ақын жоқ. Сондықтан роман, повесть, әңгіме саласы әлі туған жоқ. Бұдан былай жазамыз деп талпынып жүргендер ғана бар. – Біз Москвада Африка ақындарының өлеңдер жинағын бастырып шығарайық деген едік. Оған қай ақынның қандай жаңа шығармаларын ұсынар едіңіз? – Сіздің бұл сұрауыңызға мен бірден жауап бере алмаймын. Кейін ойла нып, сұрыптап Гвинеядағы Совет елшілігі арқылы Москваға жіберейін. – Сізге рақмет. Жас ақындардың шығармалары жөнінде не айтар едіңіз? – Жас ақындардың жаңа өлеңдері бар. Бірақ оларды да кейін жіберуге сіздерге уәде беремін. Үй іші пысынап, тымырықтанып тұр. Өне бойымды тер басып, шыдамымды кетіріп барады. Бір жағынан шөл де қысып отыр. Келген қонаққа тым болмаса, бір кесе су беретін түрі де жоқ. Біз екі сағат тай әңгімелестік. Ненекали Камара мырза сұрауға қысқа жауап бергені болмаса, көп сөйлемей, сөзді шашау шығармай отыр. Бізден неге сескеніп отырғаны беймәлім. Бұл жолы да біз әңгіме үстінде «Саптаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» жанға кездестік Бұл елдің қайраткерлері аз сөйлейді, шешілмейді, көбірек сақтанады. Мұндай томаға-тұйық мүйісте бұдан әрі көп отыра беруге көңіл хошымыз да, уақытымыз да болмады. Біз Ненекали Камарамен қоштасып, кетіп қалдық. Біздің Гвинеяға сапарымыз аяқтап екінші май күні совет самолетімен Дакар – Алжир арқылы Москваға асыға да аңсай да бағыт ұстадық. Жалпы алғанда Гвинея сапарынан алған әсерім ала-құла, оншама қызықты да емес. Тегі, бұл біз кездескен сол елдің қайраткерлері қал дырған қатулы, қатқыл қабақтан болса керек.
ЕЖЕЛГІ БУДДА ЖЕРІНДЕ М ен дүние жүзінің талай елінде болып, дәмін таттым, суын іштім. Ел-жұртын араладым. Шетел өмір шындығын өз көзіммен көрдім. Нанымы мен сенімі, ойы мен ұғымы әрқилы, алуан түрлі байлығы тасып-төгіліп жатқан алпауыттармен де, табанын тас, көзін жас тілген, аш-жалаңаш кедейлермен де дидарласып, сыр шертістім. Адам қанша алғыр болғанымен, көп нәрсе есте сақталмай, ұмытылып қала береді. Ойға түйгеннен хатқа түсірген ұзақ сақталады. Сондықтан шетел сапарында көріп-біліп, көңілге тоқығандарымды әр уақытта қағаз бетіне түртіп отырдым. Бұл жолы сондай бір сапардың жемісін оқушыға ұсынбақпын. 1957 жылдың август айы болатын. Мен совет мұғалімдерінің өкілі болып Бирма еліне бардым. Одан бері талай-талай заман өтті. Теңіз тол қынындай талай жылдар тарих мұхитына жөңкіліп барып құлап жатыр. Адамзат өмірінде үлкенді-кішілі толып жатқан өзгерістер, қат-қабат оқиғалар, қым-қуыт құбылыстар болды. Кезегінде керемет көрініп, дүбірлі болған кейбір көріністер, бір кезде маңызды болса да, уақыт озуына байланысты өңінен тозып, ескіріп кетті. Маңызын жойды. Сонымен бірге адам баласының жадында мәңгі сақталып, әр уақытта әсер ететін жайлар, саф алтындай жарқырай түсетін, мәңгі ескірмейтін құбылыстар да болады. Меніңше, ол әр халықтың рухани өмірі, келешекке оптимистік көзбен қарап, сеніммен алға ұмтылуы болмақ. Бирма сапары менің ойсанама осылай орын тепті. Совет мұғалімдер делегациясын Рангун аэропортында Бирма халық ағарту орындарының өкілдері жылы шыраймен қарсы алды. Бізді қарсы алғандардың ішінде Бирма Одағының Ағарту және Мәдениет министрі нің орынбасары У Да Джо мырза, сол министрліктің оқу департаменті нің директоры У Ба мырза, мектеп жөніндегі аға инспектор У Эй Маунг мырза бар. Қаз-қатар тізіліп тұрған, оқалы көйлек киген оқушы қыздар, мойындарына асқан қызылды-жасылды алқасының моншақтары күн нұрына шағылысып, ойнақы сағым тәрізді жарқ-жұрқ етіп шалынады. Бастарына кигендері оқалы сары тақия. Қолдарында Бирма жерінде өсетін алуан түрлі ал қызыл гүлдер. Біздің аяғымыз жерге тиер-тиместе
әлгі қыздар қарсы жүгіріп келді де, қолдарына ұстаған гүл шоқтарын бізге ұсынып, өздері мәз-мейрам болып кейін шегіністі. Күн ыстық. Дәл төбеңде от үрлеп, болат қорытып жатқандай, ыстық лебі алаулап күйдіріп барады. Аспан айналып жерге түскендей. Біз машинаға отырғанда әуеде шөкімдей де бұлт жоқ болатын. Рангун қаласына қарай зырылдаған көп машинаның ішінде балықтай жүзіп біз де келе жаттық. Көп ұзамай, қай жақтан шыға қалғанын білмей мін, бұйрат-бұйрат өркештенген сабалақ қара бұлт аспанды торлап ала қойды. Сол сол-ақ екен, қара нөсер бөшкелеп құйды да кетті. Дүние біткен қап-қараңғы, күп-күңгірт бірдеме. Бір аттам жер көрінбейді. Біздің елдегідей болса, мына жауын кемінде бір жұмаға созылатын болар деп ойладым. Жоқ, олай болмады. Біз Рангун қаласының шетіне жақындай бергенде-ақ, қалың бұлт жөңкіле сырғып, лезде мұхитқа қарай ығысты. Жауын басылды. Аспан шайдай ашылды. Күннің көзі әлгідегіден де шақырайып, жарқырай түсті. Ыстық аптабы қайтадан қарып барады. Көл-көсір, малмандай болған беті лезде булана бастады. Менің оң жағымда отырған совет елшілігінің қызметкері, орта бойлы, ашаң жүзді, ойнақы көзді жас жігіт: – Естеріңізде болсын, бұл тропикалық-муссондық жер. Май айынан октябрь айына дейін жауынды мерзім болып есептеледі. Сондықтан бір күннің ішінде ауа райы сан құбылады. Күтпеген жерден жауын құя салатыны да сол. Мұхит осы жерден жырақ емес, жақын. Түйілген бұлт мұхиттан көтеріліп шығады да, осы маңайға келе нөсерлете жөнеледі, – деді. – Ашуы тез, басылуы да шапшаң десеңізші, – дедім мен отырған әлгі жігітке. – Иә, солай. Біздің машина Рангун қаласын қақ жарып ағып жатқан Иравади өзенінің сол жақ жағалауына жақын жердегі «Стренд» қонақ үйінің алдына келіп тоқтады. Қонақ үйдің иесі ағылшын екен. Астыңғы қабатының кіре берісіндегі кең бөлмеде сан түрлі сусын сататын буфет. Әр жерде жатаған дөңгелек столдар қойылған. Мұз қосқан сусын ішіп отырған жұрт. Ыстық күнде біз де шөлдеп, тіліміз аузымызға сыймай кетті. Сусындап отырған адамдарды көргенде, біздің де шыдамымыз кете бастады. Отыра қалып сусын ішейік десек қазірше қалтамызда Бирманың «джа» деп аталатын ақшасы жоқ. Біздің бір сомымыз Американың 90 центі болса, бір доллар Бирманың 15 джасы екен. Біздің мүшкіл халімізді Совет елшілігінің қарсы алып, бірге жүрген қызметкері сезді ғой деймін. Ол маған қарап: – Отырыңыздар, сусын ішейік, – деді. – Қалтамызда көк тиын жоқ... – Мен төлеймін ғой, қысылмаңыздар. Отырыңыздар, – деп алды мыздағы жатаған столды нұсқады. Біз столды айнала отырдық. Көп ұзамай-ақ сусын тасушы еңгезердей қара жігіт биік бокалдармен мұздай суық сыра алып келді. Өзіміз әбден
терлеп келген едік. Бірден суық сыраны төңкере салуға жат елде жүріп ауырып қаламыз ба деп жасқандық. Сыраның дәмін татқан біздің жігіттердің бірі: – Мына сыраның дәмі орыс сырасына ұқсайды екен, – деді. – Сіздің айтқаныңыз дұрыс. Рангун қаласындағы сыра заводының иесі орыс, – деді елшіліктің адамы. – Ол бұл жерге қайдан келіп жүр? – Ерте заманда аталары келген дейді. Бирма банкісінде капиталы болған деседі. Сол ақшасына сыра заводын салып алыпты. Сыра жасау тетігін өзі ғана білетін көрінеді. – Шынында да сырасы жақсы екен, – деп біз сусынымызды қандырып, алғысымызды айтып, қонақ үйдің екінші қабатына шықтық. Әр бөлмеге екі адамнан орналастық. Бөлме тымырсықтанып, күйіп тұр екен. Бетімді жалындай жалап барады. Бөлменің дәл төрінде қобди тәрізді бірдеңе орнатылған. Мен бұл нендей ғаламат екен деп таңданып қалыппын. Қобдидың қасына жақындадым. Адам бұрын көрмеген нәрсені қызықтағыш келетіні белгілі. Бүйіріндегі бір түймені көріп, бас бармағыммен басып қалып едім, әлгі қобдиым дірдек қағып, ысылдай жөнелді. Көп ұзамай дәл төбесіне орнатылған тордың арасынан салқын леп соға бастады. Қобдидың ауаны салқындататын мұздатқыш екенін біліп қуанып кеттім. Осы тұста құрметті оқушыларды Бирмаға барған совет мұғалімдерінің өкілдерімен таныстыра кеткен жөн болар. Делегацияны басқарып бар ған – сол кездегі Москваның Ленин атындағы педагогикалық институты ның директоры Сазонов Матвей Петрович, делегация мүшелері: Прахова Евгения Казимировна –«Учительская газета» редакциясының қызметкері, Исаев Анатолий Павлович – Ленинград қаласындағы 157-санды орта мектептің директоры, Малаева Айсұлтан – Түрікмен Республикасындағы орта мектептің директоры, Поройков Алексей Вячеславович – Ярославль облыстық оқу бөлімінің сол кездегі меңгерушісі, Семинихина Лидия Филипповна – Москва қаласындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі (тілмаш) және осы жолдардың авторы. Түскі тамақты қонақ үйдің бірінші қабатындағы рестораннан іштік. Официанттардың бәрі де пакистандықтар екен. Бізге қызмет етіп, тамақ әкеліп жүрген аласа бойлы, семізше келген, мұртты жігіт біздің бетімізге үнсіз ғана көз тастады да: – Сіз мұсылмансыз ба? – деді менің қасыма келіп. – Иә, мен мұсылманмын. Оны несіне сұрайсыз? – Жәй... мұсылман екеніңізді өңіңізден байқап тұрмын. – Менің өңімде ешқандай жазу жоқ қой? – Жазу болмағанмен белгілі ғой, – деп әлгі жас жігіт едәуір қысылып қалды. – Сіз қысылмай-ақ қойыңыз. Оқасы жоқ сұрағанның. – Ғапу етіңіз, мырза, мен жай білгім келіп сұраған едім, – деп ол өз бетімен кетті.
Кейінгі күндері бұл таныстықтың бізге көп септігі тиді. Ерте болсын, кеш болсын, ресторанға келсек, даяшылар басқа меймандарын тастай беріп, «мұсылмандар келді!» – деп ең алдымен бізді тамақтандыратын болды. Осы бір болар-болмас штрих арқылы мен олардың дінге дегенде өте фанатик екендігін айтқым келеді. Түс ауа қаланы аралауға шықтық. Көшенің екі қабаты толған сауда жаймалары, желбіретіп іліп қойған маталар, қатар-қатар дүкен, шаштараздар. Мұның өзі біздің ұғымымыздағы шаштараз да емес. Көшекөшенің жиегіне орындық қойып алып, жалаңдап шаш, сақал сыпырып жатқан адамдар. Көк базарында болдық. Иін тіресіп отырған саудагерлер. Жемістің неше атасы бар. Бірақ магазиндерінде сатып алушы адам деген некен-саяқ. Қолын қусырып босқа отырған сатушылар. Бір күні мен сабын алайын деп, әтір дүкенінің алдына келіп машина дан түстім. Қасымда тілмаш бар. Бір мүйісті айналып жүре беріп едік, бір магазиннің алдында тұрған ұзын бойлы, тақыр басты, ширатылған қара мұрты бар көркем жігіт алдымыздан шығып, кес-кестеп жүргізбей қойды. – «Мен костюмдік мата сатамын. Магазиніме кіре кетіңіздер» деп тұр, – деді қасымдағы тілмаш. – Алдымен іздеп келген сабынымызды алайық. Мына кісіге «қазір қайтып келеміз» деп түсіндіріңіз. Көп ұзамай біз мата магазиніне қайтып келдік. Табалдырығын аттай бергенімізде әлгі мұртты жігіт орнынан ұшып тұрып, асты-үстімізге түстіай кеп. Бұрышта тұрған шағын столдың қасындағы орындықты нұсқап, «отырыңыздар» дегендей ым қағып тұр. Қиылып болмаған соң, екеуміз стол басына барып отырдық. Екеумізге екі стақан мұздай сусын берді. Шырын екен. Шөлдеп өлейік деп келсек те асықпай іштік. Сусын ақысын төлейін деп қалтамнан әйкелімді ала бергенімде: – Жоқ, мырза, айта көрмеңіз, ақша алмаймын. Сіздерді сыйлағаным ғой, әншейін, – деп әлгі мұртты бәйек болды. Сөйтті де ол біздің алдымызға костюмдік матаның неше түрлісін жая бастады. Сатып алыңыздар дегендей жалынышты көзбен қарайды бізге. Сол жерде менің ойыма Бирманың мына ыстығында ешкімнің де қалың матадан костюм кимейтіндігі түсті. Сатып алушы адам жоқтың қасы. Оның матасын біз сияқты шеттен келген бірен-саран жолаушылар ғана алатын көрінеді. Рангун қаласының көшелерінде үйір-үйірімен сеңдей соғылысып, бұралқы иттер қаптап жүр. Аш емес екендігі жонынан-ақ көрініп тұр. Қарындары аша бастаса әлгі иттер кез келген үйдің алдына келіп қыңсылап тамақ сұрайды екен. Үй иесі өз аузынан жырып беріп, иттерді тамақтандырады. Мұнысы несі екен деп жергілікті адамдардан сұрастырсам, Бирмада ит дегенің қыдыр орнына жүретін қасиетті жануар екен. Олардың ұғымында: өлген адамның жаны итке ауысады. Сондықтан өлген жақын адамының жаны алдында тұрған итте болуы мүмкін деп түсінеді. Итті өлтірмейді, ұрмайды, соқпайды, қастерлейді. Құтырған ит
қауып, талай адам жазым да болса керек. Бір кезде итті көбейтпеу үшін қаншықтарын бір бөлек, төбеттерін бір бөлек қамап асырауға әрекет жасамақ болған екен, оған көпшілік қарсылық білдіріп, жинаған иттің бәріне қайтадан азаттық беріп, босатып жіберіпті. Рангун қаласының көшесі өте лас. Жеген тамақтың қалдығын да, жемістің қабығын да, қоқыр-соқырды да көшеге тастай береді. Сонысына қарамай, соншалық ыстық күнде шаһарында бір шыбын көрмейсің. Бұл жағдай мені таң қалдырды. «Мұнысы несі?» – деп іштей ойлап жүрсем, көшедегі қоқыр-соқыр біткеннің бәрін күніне әлденеше рет құя салатын нөсердің тасқыны Иравади өзеніне ағызып алып кететін көрінеді. Сөйтіп, көшені сумен әдейілеп жуғандай, нөсер әлсін-әлсін, ақысыз-пұлсыз тазалап отырады екен. Мен бирмалық гидіміз У Эй Маунгтен: – Көшені жауын жаумайтын айларда қалай тазалайды? – деп сұрадым. – Ол кезде халық көшеге ешқандай қоқыр-соқырды тастамайды, – деді ол. Қала толы жаяу кіре тартатын арбакештер, қос доңғалақты жеңіл арба сүйреткен рикшілер. Олардың саны 30 мыңнан астам көрінеді. Арбаларына бір не екі жүргіншіні отырғызып алып дедек қағып, зыр жүгіріп келе жатқаны. Өздері әбден күнге қақталған, кәдімгі сірі қара. Тері мен тарамыстан ғана жаралған тәрізді. Жаның ашиды екен байғұстарға. Таңертеңнен кешке дейін жүгіруге күш те, жүрек те керек қой. Бұлардың орташа өмір жасы 30-35 жылдай ғана болса керек. Бір кезде, рикшілердің велосипедіне шағын мотор қою жөнінде мәселе көтерілген екен, оған рикшілердің өздері де, кәсіподағы да қарсы болыпты, тіпті наразылық білдіріп ереуіл жасапты. Өйткені велосипедке мотор қойылса, адам тасу айналымы тым жеделдеп кетіп, рикшілердің көпшілігі жұмыссыз қалатын қаупі туған. «Тоқал ешкі құдайдан мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты» дегендей, олар өкпесі өшіп өлсе де, күнделік нанын айырып отырған жаяу жүгірісінен айырылып қаламыз деп, мотордан өлердей қорқады. Өйткені мұнда жұмыссыз аштан қату жаңалық емес. Сондықтан «алладан ойбайым тыныш» деп, безек қағып, дірдектеп күнелткенін мақұл көреді. Біз рикшілердің тұрмыс халі жайын сұрадық: үй-іші, бала-шағасы бар ма? Жоқ, олардың ешкімдері де жоқ екен. Олар өздерін өздері әрең асырайды. Түн қараңғылығы түскенде олардың барар жері, басар тауы жоқ. Күтіп отырған туған-туыс деген де жоқ. Олар өздерімен бірге алып жүретін кішкентай тоқыма шиін шаршап тоқтаған жеріне жая салады да, әбден сүлдері құрыған аяқ-қолына тыным беру үшін, ешбір баспана іздемей-ақ дәл көшеде бүк түсіп құлай кетіп, сол арада түнеп шығады. Түн баласы тыныштық орнап, ел ұйқыға бас қойған шақтарда, талай рет мен көше аралап келе жатып, әне жерде, мына жерде бүк түсіп жатқан осынау бейшараларды көріп қайран қалдым, жаным ашыды. Алдарында не күтіп тұр бұлардың? Қандай үміт, қандай қайыр күтеді олар өмірден? Түстерінде не көреді екен осы пақырлар? Бәлкім олар: тезірек өліп, о дүниеге кетсек
екен, жанымыз бәрібір өлмейді, ол осында тірі адамдардың арасында, киелі хайуан деп есептеліп, көшелерде емін-еркін сайран сап жүретін иттердің біріне ауысады. Мына жүрістен көрі ит кейпіне түсіп дүниенің рақатына бөленіп, тамақты тоя жеудің өзі артық қой дейтін болар... Бирмалықтардың әйелі де, еркегі де юбка киеді. Еркектің юбкасын «лоджи» деп атайды. Алғашқы күндері ерсілеу көрінсе де, кейіннен көзіміз үйреніп кетті. Осы елге жалпы сипаттама беретін және осынау ірі мемлекеттің Бирма Одағы болып құрылуына себеп болған саяси экономикалық жәйттерді қысқаша баяндап беретін кез жеткен тәрізді. Бирма немесе өткен ғасырларда аталғанындай, Ава корольдігі феодалдық иерархияға тарамдалған жүйесі бар, бір орталыққа бағынатын тұтас мемлекет еді. Жердің бас қожасы король болатын. Оны құдайдың сүйікті құлы, әулие деп санап, қарамағындағы адамдардың мал-жаны мен нәрсе-қарасының бәрі соның мүлкі деп есептелетін. Біз бұл елде болғанымызда Бирма интеллигенциясының көпте ген өкілдерімен, мұғалімдерімен, оқу-ағарту орындарының басшы адамдарымен, мемлекет қайраткерлерімен кездесіп сөйлестік. Ең алды мен, Бирма халқы бейбітшілікті жоғары бағалайтындығына, көршілес елдермен әр уақытта тату-тәтті болуды көздейтіндігіне біздің көзіміз әбден жетті. Осындай прогрессивтік адамгершілік позицияны жақтай тын, бостандық сүйгіш Бирма халқы басынан әрқилы ауыр оқиғаларды өткізгені белгілі. – Бирма – Азияның оңтүстік-шығысындағы ең көне мемлекет. XІX ғасырдың басына дейін ол тәуелсіз ел болған. Ашқарақ ағылшындар Бирмаға өткен ғасырдың бас кезінен келгіштей бастады. XІX ғасырдың бірінші ширегінде үш дүркін болған отаршылдық ауыр соғыстың нәтижесінде, Бирма елін ағылшындықтар күшпен басып алып, бір провинция есебінде Үндістанға қосты. (1937 жылға дейін ол Үндістанның бір провинциясы деп аталып келді). Бирманы отарлау ең алдымен оның ұлттық қазынасын талан-таражға салудан, Бирма халқын адам айтқысыз езіп-жаншып, аяусыз қанаудан басталды. Бирма сол кезден бастап, 100 жыл бойы ағылшындардың аграрлық-шикізат базаларының бірі болып келді. Отаршылдықтың қанды шеңгелі Бирма денесіне ауыр жара салып кетті. Жер шарының осынау алыс түкпіріне ағылшындарды не айдап әкелді? Ең алдымен айта кету керек, оларды айдап келген – Бирманың аса маңызды стратегиялық жағдайы. Оның үстіне Ава корольдігі табиғат байлығына, пайдалы кендерге өте бай ел: мұнда күміс те, алтын да, вольфрам да, мырыш та, қола да, алюминий де, никель де, асыл тастар да бар. Дүниені қайта бөлу қажет деп даурыққанда жапондықтардың алдымен осы Бирмаға көз алартуы да тегін емес еді. Талай ғасырлардан бері еңбекқор бирма халқы әртүрлі қолөнерін дамытуда адам таңқаларлықтай табыстарға жетті. Бұл елде мата тоқу, кен қазу, темір балқыту, ұсталық өнер, тұз шығару, құмыра жасау, ағаштан
түйін түю, піл сүйегінен асыл бұйымдар жасау, қола, күміс зергерлігі мен мозайка өнері және басқа кәсіптер жоғары дамыған. Табиғат байлығын өндіру ісінде ең жоғары дамыған кәсіпшілік түрлерінің бірі – Бирмадағы мұнай өндірісі болатын. Бирмада мұнай дың бар екені туралы алғашқы жазба деректер XІІІ ғасырдағы қытай жиһанкездерінің жазбаларында кездеседі. Мұнайлы өңірлерді бағзы заманнан бері сол алғашқы ашқан адамдардың ұрпақтары билеп келді. Ол атадан балаға мұраға қалып отырды. Ол әулет тинсая деп аталатын. Көне заманнан бері олар өзара мүдделері бір корпорация құрайтын. Ол қауымның бірде-бір мүшесінің өзіне тиесі мұнай кенін өз туысынан басқа ешбір адамға сатуға хақысы болмайтын. Олар сол үшін әйелді де өз тұқымынан ғана алатын. Бірақ ағылшындар келісімен бұл шариғаттың аяғы аспаннан бір-ақ шықты. Мәселен, өткен ғасырдың орта шенінде король Миндонның әйелі оған өзінің жасауы ретінде 120 мұнай участогын сыйға тартты. Алғашқы скважиналар тайыз ғана құдық болатын. Мұнайды жіпке байлаған қауғамен тартып шығаратын. Алайда шахта қазу мен скважина бұрғылаудың техникасын бірте-бірте жетілдіріп, 1857 жылдың өзінде Бирма мұнайы дүние жүзінің рыногіне түсе бастады. Ол балауыз, машина майын, сондай-ақ кейіннен Америка «рангун майы» деп аталып кеткен шамдал майын алу үшін Англияға жөнелтілетін болды. Мұнаймен қатар дүние жүзінің сауда әлемінде Бирманың асыл тастары, күмістен жасалған бұйымдары, ағашы мен күріші әйгілі болды. Атап айтқанда, өткен ғасырдың орта шенінде Бирма сауда әлеміне күріш өндіріп, дайындап беруші ең ірі мемлекетке айналды. Англия отары ретінде Бирма екінші дүниежүзілік соғысқа ең басқы кезінде-ақ араластырылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Бирмаға жапон соғысқұмарлары өлердей қызықты. Жапондар Бирманы заматта басып алды. 1942 жылдың май айында-ақ мұнда бірде-бір ағылшын қалған жоқ. Соғыс бұл елдің тұрмысын мүлде тұралатып тастады. Бір жағынан, ағылшындар шегінген кездерінде жау қолында қалдырмау үшін, тірші лікке немесе соғысқа қажеттінің бәрін де қиратып, бүлдіріп, өртеп кету саясатын қолданды. Екінші жағынан, жапондықтар Бирманы басып алысымен, тонаушылық саясат жүргізе бастады, оның жаратылыс байлығын аяусыз және түгін қалдырмай сора пайдалану принципін жүзеге асырды. Сөйтіп соғыс аяқталғанда бұл ел аса ауыр экономикалық бүліншілік жағдайында еді. Сансыз село тұрғындары тамақ іздеп қаңғып кетіп, үй-жай, қора-қопсысы түгелімен өртеніп кетті, көпірлер мен тас жолдар қиратылды, тасымал құралдары, өнеркәсіп орындары, өндіріс үйлері жойылды. Елдің алдында халық шаруашылығының күйзелушілігін жойып, оны қалпына келтіру міндеті, өте ауыр міндет тұрды. Әлеуметтік-саяси проблемаларды шешіп алмайынша бұл міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес еді. Бирма халқы тәуелсіздікті аңсады. Бірақ
қайтып оралған ағылшын өкіметі мұнда бұрынғы отаршылдық тәртіпті қайта орнатпақ болды. Бирма халқы ауыр күрес нәтижесінде өз бетімен әлеуметтік-эконо микалық және саяси даму жолына түсуге еркіндік алды. 1948 жылғы 4 январьда Бирма тәуелсіз республика болып жарияланды. Бирма Одағы солай құрылды, оның қарамағына Бирмадан басқа: Шан, Качин князьдіктері, сондай-ақ Кая және Чин ұлт округтері енді. Жас республиканың қаншама қиындықты бастан кешіргеніне бірер мысал келтірейік. Мәселен, 1954 жылы Бирмада 31 қала ғана электрленген еді. Оның өзінде де олардың үшеуі күні-түні бірдей қамтамасыз етіл мейтін. Экономикалық мешеулігі сонша, тіпті тәуелсіздік алғаннан кейін он жыл өткеннің өзінде егін шаруашылығында феодалдық сарқыншақ тардың ықпалы өте күшті болды және еңбек өнімділігі өте төмен еді. Бир ма халқы Тайланд, Гватемала, Иран, Пакистан, Эквадор, Египет және Индия сияқты ауыл шаруашылығымен айналысатын мешеу елдердің қатарында қала берді. Сөз жоқ, елдің жаңа ғана қолына билік алған әкімшілік орындары қиын жағдайдан құтылудың амалын іздеп, түрліше батыл шаралар қолда нып бақты. Мәселен, біз олардың ұлт кадрларын тәрбиелеп шығаруға қаншама күш салып отырғанын естідік. Сол мақсатпен ел ішінде көпте ген оқу-үйрену пункттері құрылған. Онда тоқымашылық, қағаз дайындау, құмыра жасау сияқты бирмалықтардың бағзы заманнан келе жатқан өнерлері үйретіледі. Бирма үшін құлақ естіп, көз көрмеген мүлде жаңа өндіріс түрлерін ашуға, мәселен, эмаль жалатылған ыдыстар жасау, құрғақ элементтер мен батареялар жасау ісін жолға қоюға талаптанды. Рангун және Мандалай қалаларында қолөнершілер мектептері ашылып, онда майда өнеркәсіпке қажетті кадрлар дайындалды. Мұнда жалпы білім беретін мектептердің бірінші және екінші сатысын бітірген шәкірттер жіберіліп тұрды. Оларға мемлекет тарапынан стипендия төленіп отырды. Кәсіп иелері мен басқарушыларын дайындауға айрықша көңіл бөлінді. Олар үшін курстар, оқу орталықтары ашылды, кейбіреулерін шетелдерде арнаулы курстарда оқытты. Қысқасы, сауатсыздыққа қарсы шабуыл, төл ұлттық кадрлар дайындау жолындағы жорық мейлінше кең көлемде, қаражатты аямай жұмсау жағдайында жүргізілді. Бирма халқының ғасырлардан ғасырларға келе жатқан мешеулігін жою ісінің қандай қарқынмен жүргізілгенін көз алдарыңызға келтіру үшін, ел ішінде қысқа мерзімде бастауыш мектептердің саны бес есе, орта және орталау мектептер саны алты есе өскендігін атап өтсек те жеткілікті. Ұлт өнеркәсібі де бірте-бірте бауырын көтере бастады. Олар: күріш тазалау, май былғау, қант заводтары, ағаш өңдеу кәсіпорындары. Алюминий өндірісі жолға қойылды, мұнай кәсіпшіліктері де барынша жұмыс істейтін болды. Сагаинг қаласындағы шұға фабрикасы, Мандалайда
шай дестелеу фабрикасы, Намтин қаласында джут заводы іске қосылды. Бірінің артынан бірі кірпіш, дәрі-дәрмек, цемент өнеркәсібі орнады. Ауыр индустрияның тұңғышы – болат-прокат заводы пайда болды. Электр қуатын өндіру ұлғайтылды. Алайда мұның бәрі әлі де ешкімді қанағаттандыра алмады. Жас республиканың басты қайшылығы сол, мұнда өкімет билігі ат төбеліндей азғана феодалдар мен өнеркәсіп алпауыттарының қолында қалып қойды. Ең алдымен сол мәселені шешу керек еді. Бұл арада біз Шығыс елдерінде капиталистік дамудың Батыс мемлекет теріндегіден айырмашылығы бар ма, жоқ па деген сауалға кезігеміз. Ең алдымен шетел монополиялары тықпалаған капитализмнің отар шылдық түрінің өзіне барған сайын молырақ өріс талап етуші жергілікті капитализммен қақтығысып қалғанын атап өткен жөн. Африка мен Азия елдерінде империализмнің экономикалық позицияларын әлсіретуге әкеп соққан саяси тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін, жергілікті капитализм нің ішінде дамудың екі түрі арасындағы кескілескен күрес майдан даласына шықты. Буржуазияның дәулетті бөлегі шетел капитализмімен тығыз ынтымақтаса отырып, осы заманғы жекеменшіктік кәсіпқой лықты мейлінше жедел өрістетуге шақырды. Ал шегі онша майлы емес буржуазия мүлде басқаша жем тіледі: олар шетел капиталының қызметін мүлде өзгертіп, жекеменшікшіл кәсіпқойларды мемлекеттік секторға қосып жіберу керек дегенге дейін барды. Әрине, осынау кереғар қайшы лықтар кескілескен саяси күрессіз оп-оңай шешіле қоятын түйіндер емес. Тәуелсіздік жолына, азаттық жолына барлық жігер күшімен белсене кіріскен, сол жолға белді бекем байлаған еңбек сүйгіш қаһарман Бирма халқы кездескен қиыншылықтардың бәрін жоя отырып, асқан қайсар табандылықпен алға басып, келешекке мығым сеніммен ұмтылып барады. Бирма Одағының бүкіл күш-қуаты, күллі ішкі саяси өмірі осынау ұлы мақсатқа түгелімен бағындырылған. Қазіргі заманда Бирма халқы өзінің ұлттық өнеркәсібін құру, ауыл шаруашылығын өркендету жолында қажымай-талмай күресіп келеді. Бұл оның ұстаған негізгі бағыты болып есептеледі. Ірі жер иелерінің жерін, шетел компанияларын, банктерді национализациялау жөнінде 1948 жылы заң қабылданды. Бирманың социалистік елдермен экономикалық байланысы жылдан жылға нығайып келеді. Бирма жерінің жалпы көлемі 677,6 мың шаршы километр. Халқының саны 25 миллионнан астам, оның ішінде халықтың үштен екі бөлегі – бирмалықтар. Қалғандары: карен, шан, качен, чин, кая және мон халық тары. Бирма жерінде бұлардан басқа үнділер және 300 мың шамасындай қытайлар бар. Бирма халқының 90 проценті селода тұрады. Бирманың күнбатыс және күншығыс аудандары ылғиында таулы, қыратты болып келеді де, орталығы, таудан төменгі жерлері – дала, ойпаң. Бирманы қақ жарып ағып жатқан Иравади, Ситтани, Салуин өзендерінің екі қапталына село халықтары көбірек орналасқан.
Бирма Одағының астанасы Рангун қаласында 800 мыңнан астам адам тұрады. Қала тұрғындарының 70 проценті бирмалықтар да, қалғаны үнді және қытайлықтар көрінеді. Қаланың орталығындағы үйлер Европа стилімен салынған. Жұмыскерлер мен қатардағы қара халық тұратын қаланың шеткі көшелерінде бамбуктан салынған жалғыз қабатты кішігірім аласа үйлер. Сырты қожалақ-қожалақ, ыс басқандай қап-қара. Үйлердің қабырғасы шұрық-шұрық тесік. Ыстықта леп соқсын деп жасаған халық әдісі болу керек. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын қазіргі Рангун қаласының орнында бамбуктан тоқылған үйлері бар шағын ғана село болыпты. Жыл өткен сайын бірте-бірте өсе бастаған бұл селоға Дагон селосы деп айдар тағыпты. Одан кейін 500 жыл өткен соң шағын қалашыққа «Янгон» деген ат қояды. Янгон – бирма тілінде «соғыс біткесін» деген сөз екен. Көптеген қырғын жорықты басынан өткерген халық бейбітшілікті көксейді. Тыныштық үшін күреседі. Халықтың көп жылдар бойы көксеген тілегінен шыққан, талғам-талабынан туған ат. 1824 жылы отарлаушы ағылшындар Янгон қалашығына Рангун қаласы деп ат қойып, айдар тағады. Қала көшелерінің екі жағы – сап түзеген зәулім биік көк жасыл шынар ағаш. Тіпті бес-алты қабат үйлердің өзі саялы бәйтеректердің көлеңкесінен көрінбейді. Бирма – көбінесе ауыл шаруашылығымен шұғылданатын аграрлық ел. Сондықтан да ұлттық табысының 40 проценттен астамы ауыл шаруашылығы өнімдерінен түседі. Негізінде күріш егеді, оны басқа елдерге сатып, шетел валютасын алады. Күрішті Индияға, Жапонияға, Цейлонға шығарып сатады. 1955 жылдан бері Совет Одағына және басқа да социалистік елдерге сатып, оның есесіне өнеркәсіп товарларын алатын болған. Күрішті сатып алу және оны экспортқа шығару ісі мемлекеттің монополиясында көрінеді. Шетелдерге сату үшін мақта, қант құрағы, күнжұт, жер жаңғағы, темекі, неше түрлі жеміс өсіріледі. Бирма елінің салты бойынша, шет жұрттан келген қонақтар ең алдымен Президент сарайына барып, сыйлы қонақтарға арналған Құрмет кітабына қол қоятын әдеті бар екен. Барған күннің ертеңіне біз де Құрмет кітабына қол қойып, міндетімізден құтылдық. Етек-жеңі мол, көк майсалы, хауізді миуа бақтың ішіндегі Президент сарайы үш қабат қызыл кірпіш үй екен. Айналасы түгел темір шілтермен қоршалған. Қарулы күзет. Бейсауат адамды маңайына жолатпайды. Біз барғанда Президент демалыста жүр екен. Президент сарайын асықпай жүріп мұқият араладық. Сарайдың едені де, басқышы да тик деп атайтын өте көрікті қызыл ағаштан жасалыпты. Дүние жүзінің бәр-бәрінде жоғары бағаланатын қымбатты ағаш экспортқа шығарылатын көрінеді. Ағылшындар, бұрынғы әдетінше, көбірек сатып алады екен. Осынау қызыл ағаш ешбір сыр-бояусыз-ақ алтайы қызыл түлкідей жүз құбылып, көз тұндырады. Алтайдың қылқанды қалың ағашының ішіндегі шыршаның етегі қапқара, оның көк майса шөпке түскен көлеңкесі түннен қалған қараңғы
лықтай көрінеді менің көзіме. Ал қызыл ағаш арасынан сол көлеңкенің жанына түсіп тұрған жылтыр аспанның аппақ жарығы көз шағады. Күн ашық жерді күйдіріп бара жатса, бақша ішінде сол ағаштардың сөлін сығып шығарғандай, шыршаның бойды еліттіретін тәтті иісі аңқиды: Туған жер Алтай табиғатының осы бір көз тартатын әдемі көрінісін есіме түсіріп, көзімді суғарып қарап қалыппын. Қасымдағы достарымның бірі: «неменеге таңырқап тұрсың, жүр, кеттік», – дегенде мен қиялымдағы Алтай табиғатының құбылмалы көркем көрінісін шашыратып төгіп алғандай сезіндім. Түс мезгілі болып қалды. Күйіп тұрған күннің аптабы қайтатын түрі жоқ. Біз Президент сарайында жүргенде құйған нөсер басылып, бұлт айығып, күн дәл төбеге шығып алыпты. Ми қайнатқан ыстық күн барған сайын шыжып барады. Қым-қуыт көшелердегі быжынаған қалың жұрттың арасында келеміз. Әр жерде балқып қызған асфальттағы жауын суының будақтаған ақшыл-сұр буы көрінеді. Біз 1947 жылы 19 июньде жау қолынан қаза тапқан Бирманың ұлттық батыры генерал Аун Сангтың Арзани мавзолейіндегі зиратының басына гүл шоғын қойып, құрмет көрсеттік. Өз елінің бостандығы үшін күрес кен батырдың аты халық жүрегінде мәңгі сақталған. Халық батырының зиратының басына Бирма елінің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан қисапсыз көп жұрт. 1942 жылы, соғыс Бирмаға да келген кезде, бүкіл елде жапон басқыншыларына қарсылық қозғалысы басталды. Қарсылықтың негізгі ұйтқы күші саяси ұйымдар – Жастар лигасы, Коммунистік партия, Революциялық партия, сондай-ақ генерал Аун Санг бастаған қарулы отрядтар болды. Бұл ұйымдар жұмысшылар мен шаруалардың көмегіне сүйенді. Соның арқасында басқыншыларға қарсы күрес толық жеңіске жетті: соғыстан кейін, Бирмаға ағылшындар қайтып келген кезде, ел ішінде ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес дүңк ете түсті де, генерал Аун Санг үкімет құрды. Өткен күндерді еске түсіргенде, сол кезде патриот-генералдың үкіметі кездескен ғаламат қиындықтарға таң қаласыз. Халықтың тапқан табысы тамағына да, киіміне де жетпейтін. Бір қызығы, әскерге киім тігу үшін ескі көрпелер пайдаланылды. Ол қиындықтар аз болғандай, бирмалықтар мен шекара аудандарындағы халықтар арасындағы ұлт араздығы қосылды: мұның өзі «алалап ұстаған билеуге жақсы» деген ағылшын саясатының қалдырған мұрасы еді. Шынында, халықтар алауыздығының қалдығы Бирмада әлі күнге байқалып қалады. Әйтсе де Аун Санг үкіметі бұл қиындықтардан қорыққан жоқ. Олар батыл және шапшаң қимылды, тиянақты болды. Мәселен, «Жерді кім баптаса, соған берілсін! Помещиктердің жері заң бойынша тартып алынуға тиіс», – деген сөздерді осы генерал айтқан болатын. Әрине, сондықтан да жас үкіметтің саяси бағыты кейбіреулерге мүлде ұнаған жоқ. 1947 жылы генерал Аун Санг пен оның ең жақын серіктері империа листердің жалдамалыларының қолынан айуандықпен өлтірілді.
Машинамыз көше бойы быжынаған сансыз магазин, сусын сататын дүкен, қызылды-жасылды жеміс жаймаларының ара-арасымен жай ілбіп келеді. Машинаның алдында шофермен қатар отыр едім, көшенің оң жақ мүйісіндегі су алатын құдыққа көзім түсті, ағытылған шүмегінен күн көзінде өрген күміс сымдай бұратылып су ағып тұр екен. Шұқанақты ирелеңдей төмен қарай аққан судың табанына малта тас шөккен. Көшенің арғы бетінен аяғын асыға басып қара торы, семізше бір әйел құдыққа келді де, шүмегінен ағып тұрған мөлдір судың астына киімшең отыра қалып, екі алақанымен үсті-басын сабалай бастады. Колонкаға жақындап қалған бізге де қарайтын түрі жоқ. Өз қызығы, өз рақаты өзінде. Оның ерсілігі де, сөкеттігі де жоқ сияқты. Әрине бізге ерсі-ақ. Амал не, әр елдің салты басқа дегендей, әркімнің өз еркі өзінде. Біз Бирма Одағының Ағарту және Мәдениет министрлігі оқу департаментінің директоры У Ба мырзаға келдік. Есіктен кіре берге німізде, ол кісі орнынан ұшып тұрып қол алысып амандасты да, орнына қайта барып отырды. Кабинеті шағын ғана. Терезесін аңқитып ашып қойғанымен жел келмейді. Қапырық, ыстық. Бөлмесі күңгірт екен. Төрдегі У Ба мырзаның столына тұмсығын тірей ұзыннан қойылған столға жасыл мауыты жауыпты, оның екі жағына орындықтар тізілген. Стол үсті толған іс қағазы. – Хош келдіңіздер, жоғары шығыңыздар, отырыңыздар! – деп У Ба мырза оң қолымен ұзынша столды мегзеді. – Рақмет, – деп біздер столды айнала отырдық. У Ба мырза алпыстан асып қалған толық денелі, орта бойлы адам екен. Аппақ қардай шашы ойысып кейін қашқан. Әңгіме айту мәнеріне, сөз саптауына қарағанда, оқу жүйесін жақсы білетіндігі көрініп тұр. Лондон университетінде тәрбиеленген, сөйлеген сөзінен-ақ білімді, мәдениетті адам екендігі байқалады. Әрбір сөзін екшеп, ойланып, баппен сөйлейтін кісі екен. Салқын тигендей қарлыққан дауыспен У Ба мырза: – Сіздермен әңгімені қалай бастаудың есебін таба алмай отыр мын. Әлде, сіздердің сұрауларыңызға жауап берейін бе, болмаса Бирма Одағындағы оқу жүйесін қысқа түрде айтып берейін бе? – деді. – Қысқаша айтып бергеніңіз дұрыс. Сұрауымыз болса, содан кейін қоямыз, – деді Матвей Петрович. У Ба мырза үлкен қара көзін кеңірек ашып, алдында отырған қонақ тарды бір шолып өтті де сөз бастады. – Бирма Одағындағы оқу-ағарту ісін басқаратын Ағарту және Мәде ниет министрлігі, мектептерге күнделікті оперативок басшылық ететін директорат болып есептеледі. Оқу департаментінің директоры қызметін мен өзім басқарамын. Директораттың құрамына – оқу директоры, мұғалімдер кадрының директоры, баспа директоры және профессионалдық оқу директоры енеді. Директораттың негізгі қызмет керлері – оқу инспекторлары. Бирма жеріндегі оқу-ағарту ісін басқару сегіз облысқа бөлінеді, ол облыстарды басқаратын – аға инспекторлар. Әр облыстың жері өз ішінде
жеке-жеке округтарға, ал округ аудандарға бөлінеді. Округтегі оқу-ағарту жұмысын округтік инспектор, аудан көлеміндегі оқу жұмысын аудандық инспектор басқарады. Бирмалық Одақтың құрамындағы әр мемлекеттің өзінің Ағарту және Мәдениет министрлігі, өзінің басқару жүйесі бар. Инспекторларды оқу директорының ұсынысы бойынша Ағарту және Мәдениет министрлігі тағайындайды. Бирмалық Одақта мемлекеттік және үш типті жеке меншік мектептері бар. Олар мынадай болып келеді. Жеті жастан он жасқа дейінгі бала оқитын бастауыш мектеп, он бір жастан он үш жасқа дейінгі бала оқитын орта мектеп, он төрт жастан он бес жасқа дейінгі бала оқитын жоғары орта мектеп. Кейбір бастауыш мектептердің жанында балалар бақшасы және төрт жастан алты жасқа дейінгі балалар оқитын даярлық класы бар. – Мектеп санын, мектеп жасындағы балалардың неше проценті оқуға тартылғандығын айта кетсеңіз, – дедім мен. – Біздің еліміздегі он бес мың мектепте үш миллионға жуық бала оқиды. Бұл – мектеп жасындағы балалардың шамамен есептегенде 50 процентке жуығы. – Мектептеріңіздің материалдық базасы қандай? – Жаңа жобамен салынған мектеп үйі бізде көп емес. Мектептің көпшілігінің үйі бір не екі қабат үйлер. – Оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету ісі жөнінде айта кетсеңіз жөн болар еді, – деді Сазонов. – Оқулық жетіспейді. Оқулықты оқушыларға ақшасыз тегін береміз. Жыл аяғында мектеп библиотекасы ол оқулықтарды жинап алады да, демалыс кезінде жыртылған жерін желімдеп, жамап, келесі оқу жылына дайындап қояды. – Оқу процесі жөнінде айта кетсеңіз жақсы болар еді. – Оқу процесімен мектепте болғанда танысарсыздар. Дегенмен, кейбір мәселе жөнінде түсінік берейін. Мұғалім балалардың білімін күнде тексеріп отырмайды. Ай сайын бір ғана тексереді. Мұғалімдер оқу программасы көлемінде өздері жасаған текст бойынша оқу жылының аяғында VІІ және ІX класс оқушылары үшін жазбаша емтихан жүргізеді. Егерде оқушы екі пәннен емтихан бере алмаса, бір класта екінші жылға қалдырылады. Бір класта үш жыл бойы отырған бала мектептен шығарылады. – Сіздерде бала күзгі емтиханға қалдырылмай ма? – Жоқ. Бізде күзді күні емтихан болмайды. Балалардың класта қалу-қалмауы оқу жылының аяғында шешіледі. Балалардың қабілетті, қабілетсіздігін білу үшін «тест» арқылы тексеріледі. «Тест» пен тексеру методы да әр оқу жылы аяқталған сайын жүргізіліп отырады. – Кадр дайындау мәселесі жөнінде де айта кетсеңіз жақсы болар еді. – Бізде жоғары оқу орындарынан университет, техникалық, ауыл шаруашылық институттары бар. Университеттің оқу-ағарту факультетінде, педагогикалық колледждерде мектеп мұғалімдері дайындалады.
Колледждер мен университеттің оқу-ағарту факультеттерінің оқу жоспарларында өлең, би, музыка, сурет, қол еңбегі, дене шынықтыру және үй шаруашылығы пәндері үлкен орын алады. Студенттер бұл пәндерден басқа екі-үш ғылыми пәндерді оқиды. Осы пәндерден емтихан берген оқушылар, келешекте сол пәндерден мектеп балаларына сабақ беруге толық мүмкіндік алады. – Сіздердің мектептеріңізде еркек балалар мен қыздар бірге оқи ма, болмаса, бөлек оқи ма? – Орта және жоғарғы мектептерде еркек балалар мен қыздар бірге де, бөлек те оқиды. Барлық бастауыш мектептерде бәрі де Ағарту және Мәдениет министрлігінің бекіткен оқу жоспарымен оқиды. Діни қоғам дар мен жеке адамдардың инициативасымен ұйымдасқан жеке меншік мектептер өз еркімен программаға өзгеріс енгізуге толық еркі бар. Бұл мектептерде дәулетті адамдардың балалары оқиды. Мектептердің оқу жоспарында үй шаруашылығынан, қол өнерден, искусство мен ауыл шаруашылығынан ең алдымен жинақты білім беру алдыңғы орынға қойылған. Ғылыми білім беретін химия, физика, биология, математика, тарих және география пәндері оқу жоспарына енген. Бастауыш мектепке арналған оқу жоспарында бирма тілін, элемен тарлық математика және тарих, география және биология пәндерінің бастамасын оқыту қаралған. Мектепте баланы жас кезінен бастап семьяда, мектепте, қоғамда қалай жүруін, қалай тұруын, мінез-құлқы жөніндегі ережені үйретеміз. Мемлекет және қоғам алдындағы азаматтық міндетіне ерекше көңіл бөлінеді. – Орта мектепте оқылатын пәндер туралы қысқа айта кетсеңіз қалай болар еді? – Айтуға болады, – сіздерді жалықтырып жібергенім жоқ па дегендей, У Ба мырза бізді көзімен бір шолып өтті де, – сусын ішіңіздер, – деп алдымызда тұрған стақандарға ананас шырынын құйды. – Енді сіздердің сұрауыңызға жауап берейін. Орта мектепте де міндетті түрде бирма тілі, математика, тарих, азаматтық заң, экономика, физика, химия, табиғаттану, ауыл шаруашылығы, үй шаруасы, сурет, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары оқытылады. Оның үстіне оқушы өз таңдауымен тағы екі пән оқиды: география мен тарих, болмаса, физика мен химия немесе тарих пен сауда-саттық пәндері. Осы бес пәннен балалар кәмелеттік аттестат алу емтиханын береді. Бұл мектепті бітірушілер онан әрман оқығысы келсе, университетке түсуге ерікті, – деп У Ба мырза сөзін бітірді. – Тағы сұрауларыңыз бар ма? – деп Сазонов жолдас бізге қарайды. – Сұрау жоқ, – дедік біз. – У Ба мырза, Бирма Одағының мектептері жөнінде, оның жайы тура лы көптеген мәліметтер айтқаныңыз үшін сізге делегацияның атынан үлкен рақмет айтуға рұқсат етіңіз, – деді Матвей Петрович.
– Келгендеріңіз үшін сіздерге де рақмет. Кеткенге дейін тағы да кездесерміз, – деді орнынан тұрып Сазоновтың қолын алып жатып У Ба мырза. Бұл күнгі біздің қала кезуіміз де, кездесуіміз де осымен бітті. Күн батып, ымырт жабылды. Аспан әлемін түн қараңғысы торлап алды. Түні күнінен де ыстық па деп қалдым. Шіркін аз да болса, самал лебі болсашы. Лаулаған жалынның ішінде тұрғандай сезінесің. Біз қараңғы аспанды жамылып көшеге шықтық. Мейманханаға жақын жердегі көшелерді қыдырып жүрдік. Қала меңіреу ұйқыға кіріпті. Шамы өшкен. Көшеде жүретін адамдар да азайыпты. Көшенің екі қапталы біреуі сөренің үстінде, енді біреуі бауырына тақтай төсеп серейіп-серейіп ұйықтап жатқан жұрт. Рангун қаласының түнгі көрінісі аянышты да жиренішті екен. Біз бүгін ерте тұрдық. Шөлдеп қалған екенбіз. Жалмажан стол үстін дегі жеміске ұмтылдық. Шөл қанбады. Шай ішіп жанымызды шақырдық. Жеке меншік орта мектептің директоры Кен Кен ханымның кабинетінде отырмыз. Өңі сұп-сұр, арық әйел екен. Үстіне кигені ұзын жеңді жұқа ақ көйлек, қоңыр матадан тігілген юбка. Аяғында үлкен бақайына іле салған табаны ғана бар башмақ. – Ағылшындар билеп-төстеген жылдары, – деді ол, – біздің мектеп үш түрлі болды: ағылшынша, бирмаша, ағылшын-бирма тілінде. Қазір біздің мектептің балалары тек қана бирма тілінде оқиды. Қыз балалардың мектеп формасын көрген боларсыздар. Европа оқушыларының киіміне ұқсайды. Мектептің жанында интернат, құдайға табынатын пагода бар. Оқушылардың 90 проценті бирмандықтар. Оқушы балалар ағылшын, бирман тілдерінде сөйлей алады. Интернатта жататын балалардың атаанасы ай сайын 75 джа төлейді. Біздің мектебіміздің оқу программа лары мемлекеттік мектептегі программалармен бірдей. Мемлекеттік инспекторлар біздің мектепті тексермейді. Тек қана кеңес бере алады. Кен Кен ханым сөзінің аяғында біздің көптеген сұрауымызға жауап берді. Бізді ертіп жүріп лабораторияларын, мастерскойын, кластарын көрсетті. Менің көзіме түскені – лабораториясының да, мастерскойының да керекті аспаптармен толық жабдықталмағаны болды. Көптеген пәндерден лабораториялық көрнекті құралдар бүтіндей жоқ. Мастерскойы да өте кедей. Осыған қарап физика, химия және табиғаттану пәндерінен практикалық жұмыстар жүргізілмейтінін байқадым. Оқудың жалпы теориялық дәрежесі өте төмен екендігін білетін адам бірден түсінеді. Сабақ беру әдісі тіл мен жаққа, сөзге сүйенген. – Кен Кен ханым, сіз ғафу етіңіз, сізге бір сұрау қоюға бола ма? – дедім мен. – Болады, айта беріңіз сұрауыңызды. – Сіздің мектебіңізде үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақ өткізіле ме? – Жоқ, өткізілмейді. – Себебін айтасыз ба?
– Мұғалім өзіне берген сабақтан артық қызмет істесе, оған қосымша еңбек ақы төлеу керек. Ондай ақша біздің мектептің бюджетінде қаралмаған. – Рақмет сізге. Жауабыңыз әбден қанағаттандырды. Бізді қошеметтеп барлық жерге ертіп жүрген У Эй Маунг мырза қолындағы үлкен жалпақ сағатына қарады да: – Біздің уақытымыз болып қалыпты. Асықпасақ болмайды, – деп, күтіп тұрған машинаның есігін ашып, – отырыңыздар! – деп дегбірі қашып, бәйек бола бастады. У Эй Маунг мырзаның асығатын да жөні бар. Бізді Бирма Одағының Ағарту және Мәдениет министрі У Тун Тин мырза қабылдауға тиісті. Уақыт таянып қалды. Машина ызғытып келеді. Біз де тәртіпке үйренген адамдармыз. Кешігіп қалу қолайсыз. Сәті түсіп, министрлікке дәл белгіленген уақытта келіп үлгердік. Кабинетіне кіріп келгенде, У Тун Тин мырза орнынан тұрып, есік алдына келіп қол алысып амандасты. М.П.Сазонов бізді жеке-жеке таныстырып шықты. Кабинеті төрт бұрышты кішілеу бөлме. Жұпыны ғана мебельдер қойылған. Төрт қаптал да жалтыр сары тик ағашымен қапталған. У Тун Тин мырза толық денелі, тығыршықтай, дембелше келген адам. Жасы елуден асқан. Самай шашы қылаулана бастапты. Басына ақ орамал тартыпты. Үстінде жұқа қағаздай нейлон көйлек, лонджи киген. Шашыратып көп сөйлемейтін, ұстамды адамның нышанын білдіреді. Бұл кісінің педагогтігінен саяси басшылығы басым ба деп қалдым. Өйткені, У Тун Тин мырза оқу-ағарту жұмысы, мектеп туралы бізбен көп сөйлеспеді. Біздің қойған сұрақтарымызға тура жауап бермей, қақпайлап әкеліп сөзді басқа мәселеге көшіре берді. Біздің алыс жерден әдейілеп келген жұмысымыздың өзі Бирманың оқу жүйесімен танысу болғандықтан, мен қарап отырмай: – У Тун Тин мырза, сізге бір сұрау қоюға бола ма? – дедім. – Болады. – Бирма мектептерінде будда діні қандай дәрежеде оқылады? – Бұл сұрауға, өздеріңізге таныс мына У Ба мырза жауап берсін. Ол кісі оқу жүйесін бүге-шігесіне дейін толық біледі, – деп ол У Ба мырзаға қарады. – Жақсы, бұл сұрауға жауапты мен берейін, – деп У Ба мырза толық денесімен ырғалып, орындыққа нығыздана отырды да сөзін бастап кетті. – Мектеп қабырғасында жастарды тәрбиелеу ісінде дін мәселесі үлкен орын алады. Әрбір мектепте діни ұйымдар бар. Оны басқаратын президент оқушылардың жалпы жиналысында сайланылады. Президент болып әр уақытта мұғалім сайланады, ал кейде оқушылар да сайлануы мүмкін. Сабақ алдында күн сайын жарты сағат уақыт діни тәрбие жүргізуге бөлінеді. Мұғалімдердің басқаруымен балалар будданың тарихын оқиды: бастауыш мектепте будданың бес парызы, орта мектепте сегіз парызы оқылады. Әр мектепте құдайға табынатын арнайы бөлмелер болады. Үш
айға созылатын ораза кезінде оқушы балалар міндетті түрде монастырьге барып, күн сайын дін оқуын оқиды. Ораза күндері оқушылар күндізгі сағат 12-ден таңғы сағат беске дейін ғана тамақ ішуге болады. Басқа уақытта ораза ұстауға тиісті, – деп У Ба мырза бізге түсінік берді. – Сіз бір сөзіңізде Бирма халқының 60 проценттен астамы сауатсыз дедіңіз. Сол айтқаныңыз дұрыс па, болмаса мен жаңылыс естідім бе? – Біздің халқымыздың 60 проценттен көбірегі сауатсыз. Қараңғысауатсыз халық қанауға көнпіс, көнгіш келеді. Сондықтан, отарлаушы ағылшындар үшін бирман халқының сауатсыз болғаны қолайлы болды. Сауатсыздық отаршылдардың бізге тастаған мирасы. Қазір оқу орындары сауатсыздықты жою жолында көптеген шаралар қолданып жатыр, – деп У Ба мырза сөзін бітірді. Кейінгі кездегі бір газет хабарын қымбатты оқушылардың есіне сала кеткенді жөн көрдім. 1968 жылдың 22 декабрь күнгі санында «Известия» газетінде мынадай қысқаша хабар жарияланды: «Рангун. Биылғы жылы жүргізілген сауатсыздықты жою жөніндегі үшінші жорықтың нәтижесінде 63 мыңнан астам адам оқуға, жазуға және есептеуге үйреніп, сауатын ашты. Бұл жорықтың кезінде Бирма елінің 239 уезінде 1390 жерде бір жарым айлық курс ашылды. Осы курстарда қоғамдық бастама есебінде 10 мыңдай мұғалім жұмыс істейді. Қазір Бирма елінде төртінші жорыққа дайындық ісі қызу жүріп жатыр». «Известия» газетінің бұл хабарына қарағанда, Бирма елінде халықтың сауатсыздығын жою жұмысы әлі де қауырт жүргізіліп жатқаны ғой. Біз Рангун қаласындағы мұғалімдер колледжінің директоры Ба Пей мырзаның кабинетінде отырмыз. Ұзын бойлы, қатқан қара, жылы жүзді жігіт екен. Бұл кісі көп ойланбай әңгімені бірден бастап кетті. – Біздің колледж бастауыш, орта мектептер үшін мұғалімдер дайындайды. Оқу мерзімі екі жыл. Бірақ елімізде мұғалім кадры жет пейтіндіктен қазіргі кезде оқу мерзімі бір жылға қысқартылды. Біздің колледжде әртүрлі ұлттардың 600 баласы оқиды. Оқушылардың ішінде бирман, кочин, чин, корен ұлттары бар. – Оқушылар ай сайын 60 джа стипендия алады. Институт оқушылары: «адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық істеме» деген үш түрлі парызды білуге үйретіліп, тәрбиеленеді. Орта мектептер үшін мұғалімдер дайындайтын кластарда көбінесе қыздар оқиды. Колледжде сабақ бирман тілінде жүреді. Ағылшын тілін жеке пән есебінде оқиды. Сұрауларыңыз болмаса, колледж үйін көріңіздер, – деді Ба Пей мырза. – Сұрау жоқ, – деп біз де орнымыздан тұрдық. Мастерскойлары да, лабораториялары да кедей екен. Көрнекті құралдары аз. Музыка кабинеті тек ұлт аспаптарымен ғана жабдықталған. Үй шаруасына арналған кабинет деп көрсеткені үй ішіне керекті жабдықтар қойылған кәдімгі екі бөлме пәтер үй. Ас пісіретін бөлмесінде электр плита, мұздатқыш, кішілеу стол, ыдыс-аяқ бар. Колледждің үйін көріп болған соң, Ба Пей мырза біздің делегацияның құрметіне колледждің көптеген мұғалімдерін қатынастырып шай берді.
Рангун қаласында Рангун университеті, политехникалық институт бар. Университеттің үйін ағылшын өкіметі салған. Мұнда төрт мыңдай студент оқиды. Жеті факультет жұмыс істейді. Оның ішінде инженерлік, филология, медицина, агрономдық, архитек тура және құрылыс, механика, электр, педагогика факультеттері бар. Соғыс алдында университеттің кітапхана қоры өте бай, 200 мыңнан астам кітап болыпты. Соғыс кезінде жапондықтар кітапхананың өзін де, кітаптарын да өртеп жіберіпті. Қазір 40-50 мыңдай кітап бар. Мұнда баяғы ІІ ғасырдағы Бирма тарихын көрсететін қол жазбалар сақталыпты. Университетте көп болмаса да көрнекті құралдармен жабдықталған әртүрлі пәндердің лабораториялары бар. Мұнда мұғалім болып бирмандықтар да, ағылшындар да, американдықтар да істейді. Рангун университетінің Мандалай қаласында филиалы бар көрінеді. Оқу мерзімі бес, алты жыл. Рангун политехникалық институты жуықта ғана ұйымдасқан, университетке қарағанда әлдеқайда жас, әлі бұғанасы қатпаған жоғары оқу орны екен. Бұл институтты ұйымдастыру ісінде Совет Одағы Бирма халқына көп көмек жасаған. Институттың оқу үйін, жатақханасын, мұғалімдеріне арнап тұрғын үйді Совет Одағы өз қаражатына салып берген. Оқу процесіне керекті көрнекті құралмен қамтамасыз еткен де Совет елі. Бирма еңбекшілері өзінің енді-енді жаңа келе жатқан, жас республикасына көрсетілген көмекті еш уақытта ұмытпайды. Совет адамдарына шын таза жүрегінен алғыс айтып, ризалығын білдірді. Бирма елімен жақын танысқан сайын, Бирма халқының жер жүзі еңбекшіле рінің тұңғыш мемлекетіне, жырақ жердегі Советтік Россияға зор құрметсүйіспеншілікпен қарайтынына көзің анық жетеді. Рангун қаласындағы аудармашылар қоғамына келдік. Қаланың орта шеніндегі үш қабат үйге орналасқан екен. Қоғамның атқаратын жұмысы аударма мәселесінен әлде қайда кеңірек болып шықты. Кітап басу, оны сауда орындарына тарату, мектептер үшін текстология материалдарын құрастыру, көркем әдебиет кітаптарын жазатын авторларды ұйымдас тыру, басып шығару – осы қоғамның міндеті. Бирманың соңғы елу жылғы тарихын жазып жатқан көрінеді. Бирманың энциклопедиясын шығарып жатыр екен. Қоғамның жанында журналистер дайындайтын бір жылдық курс бар. Осы қоғамның басшы адамдарының айтуына қарағанда Пушкиннің, Л.Толстойдың, Островскийдің, Горькийдің кейбір шығармалары бирма тіліне аударылған көрінеді. Қазіргі совет әдебиетінен ол кезде бірде-бір шығарма аударылмапты. – Қазіргі уақытта қоғам Бирманың төл әдебиетін басумен шұғылда нуда, – деді қоғам бастығы. Қоғамның кітапханасында болдық. Оның балалар әдебиеті бөлімі де бар екен. Осы қоғамда американдық екі маман қызмет істейді. Біздің түсінуімізше, бұл қоғам халықтың мәдениетін көтеру ісінде көп еңбек сіңіріп келе жатқан көрінеді.
Бирма жерінің түкпір-түкпірі пагода мен монастырьға толы ма деймін. Момын, меймандос бирма халқы өте діншіл, будда дініне мейлінше берілген фанатик. Айналаны тропиканың жым-жырт түні албастыдай басты. Жұлдыз деген атымен жоқ, қаракөк аспан қалықтап келіп төбеңнен қара құстай төніп тұрған тәрізді. Будда ғимараты түксие қарауытады. Әлсіз ғана ай сәулесі оның алып тұлғасын түн қойнынан көз алдыңа әзер сүйреп әкелгендей. Намаз өтетін ұлан-ғайыр мінәжатханада сансыз шырағдандардың жылмаңдаған сүп-сүйір тілдері түннің көзге түртсе көргісіз тұңғиығынан алтын сауытты Будданы сиқырлы сәулеге бөлеп оқшаулап көрсетеді. «Әулиеғалайссаламның» жарқырауық жүзінде көлеңкөлең көлеңке ойнайды. Құрмандық шалатын, садақа тастайтын дөңгелек саж да от сәулесімен жалт-жұлт етеді, үстінде шаншыла ұйтқыған түтін алаулап, төңіректе адамның басын айналдырып жіберерліктей өзгеше бір жұпар иіс келіп тұр. Айнадай жарқыраған еденде жалқын сары киім киген сопылар шарта жүгініп алып, күбір-күбір дұға оқып отыр. Монастырьдің имамы Будда мүсінінің алдында мүләйімсіп тізе бүгіп, тәңірісіне мақпал үнді биязы мақаммен жалбарынулы. Сопы монахтардың біреуі оқта-текте алып дауылпазды (гонгты) ұрып қалады, сол кезде оның күңгірлеген зор үні бүкіл кең сарайды жаңғырықтырып, оған ілесе сопылардың жалынышты дұғалары да күңірене, күшейе түскендей жамыраса қалады. Бұл – Рангундағы ең зәулім, ең сәулетті ғимарат Шведагон храмында Будданың құрметіне түн жарымында мадақ дұға оқудың тұсы болатын. Шведагон Бирма астанасының дәл орталығындағы жасыл төбенің ұшар басына орналасқан. Рангун қаласындағы ең үлкен, ең көне храмы осы дейді. Биіктігі 170 метр. 1768 жылы жөнделіп қайта салынған. Ел аузынан естіген бір аңызды айта кеткен жөн болар деп ойлаймын. Біздің жыл есептеуімізден бұрынғы бесінші ғасырда, екінші сөзбен айтқанда, осыдан 2500 жыл бұрын Үндістаннан келген бір әулие саяхаттап, жер кезіп жүріп осы төбенің үстіне түнеген екен дейді. Күн найза бойы көтерілген кезде шошып оянса, басында жастанып жатқан жастықтың үстіне бір тал шашы түсіп қалыпты. Сонда әлгі әулие айтыпты: менің шашымның үзіліп түскен орны қасиетті, қастерлі, дұғалы жер. Сондықтан дәл осы, мен түнеп шыққан жерге келешекте үлкен пагода салынады. Будда діні бірте-бірте қанатын жайып, іргесін кеңейтеді. Оның Бирмаға келу жолы осындай болыпты деп аңыз етеді ел. Сөйтіп, будда діні ІІ ғасырда бүтін бирма халқын кеулеп алыпты. Осы діннің ілімін халық арасына тез таратқан Ламаның құдіретіне бас иеміз дейді бирмандықтар. Қазір әр ауданда, әрбір үлкен селода монастырь бар. Шетел саяхатшыларына арналып басылып шыққан жол көрсеткіште Бирманы «Пагода елі» деп дұрыс атаған. Оның жанында діни мектеп бар. Құрым сары киім киіп, шашын ұстарамен қырған тақыр бас монах дегеннен аяқ алып жүре алмайсың. Істейтін жұмысы жоқ. Оларға жұмыс істеуге
болмайды. Күні-түні құдайға сиыну, дін оқуын оқу қағидаларын жаттау олардың негізгі міндеті. Бос уақытында мойнына қоржынын асып, қала аралап, елден күріш жинайды. Будданың заңы бойынша монастырьдың пайдасына белгілі мөлшерде әр адам күріш беруге міндетті. Біз Шведагон пагодасына келген кезде шаңқай түс болған. Пагодаға ұзыннан-ұзақ сұлап жатқан басқышпен де, лифтпен де көтерілуге болады. Қайсысымен көтерілсең де аяқ киіміңді төменге шешіп тастайсың да, жалаң аяқ көтерілесің. Біз жалаң аяқ, лифтпен көтерілдік. Бұл пагодада жатқан да, түрегеліп тұрған да, отырған да, бір-бірден де, екі-екіден де құйылған будда құдайының мүсіні. Күмбездерінің баршасы алтыннан құйылған. Ғасырлар бойы Шведагонге келген адамдар кіре беріс есік алдындағы алтын сататын адамдардан екі тиынның көлеміндей алтын пластинкасын сатып алып, Шведагон пагодасының қорына беріп кетеді. Біз де сөйттік. Пагода іші жыбырлаған адам. Үлкен-кіші демей құдайға сиынған бирмандыққа толы. Біз пагоданы асықпай әрбір мүсінге көз тоқтатып, көңілге тоқи жүріп араладық. Мұнда бирма халқының асқан шеберлігін де, таң қалдырарлық даналығын да, шама-шарқын да, архитектурасының сарқылмас әдемілігі мен ой-өрісінің кеңдігін де, көркемдік байлығын да көресің. Күнге шағылысып ойнақшыған күмбез сағымы менің көзіме түскенде біздің аяқ басып жүрген жеріміздің бәрі сарғайып кеткендей сезіндім. Бирма халқының бүкіл алтын қоры осы біз тұрған Шведагон пагодасының күмбезіне қаланған ба деп ойладым. Осы пагодаға келген жұрттың бәрі Маха ганди қоңырауына таң қалады. Оның салмағы 25 тонна көрінеді. Бүкіл дүние жүзінде көлемі мен салмағы жағынан ол Москвадағы патша-қоңыраудан ғана кіші екен. «Егер Маха ганди қоңырауын үш дүркін соқсаң, ойлаған үш түрлі мақсатың орындалып, мұратыңа жетесің» деген аңыз бар. Бұл қоңырау туралы талай-талай тамашаларды естідім. Солардың ішінде ойдан шығарылмаған, кәдімгі өмірде шын болған оқиғалар да бар көрінеді. Біз айтпақ болып отырған жайт өткен ғасырда болған дейді. Бирма елін басып алған ағылшын отаршылдары жезден құйылған алыпты Бирмадан Лондонға әкетудің амалын жасапты. Бірақ, ағылшындықтар қоңырауды өзеннен өткізбек болып жүргенде, толқын күшімен паром аударылып кетіп, үстіндегі алып қоңырау сырғып түсіп, су түбіне күмп беріп батып кетеді. Ағылшын инженерлері мен техниктері қоңырауды су түбінен алып шығамыз деп көп жыл бойы әуре болады. Бұл әрекеті еш нәтижесіз аяқталады. Қоңырауды құтқару ісін бирмалықтардың өзіне тапсыру жөнінде өтініш түседі. «Қоңырауды су бетіне өз күшімізбен алып шыққандай заман болса, Шведагон пагодасындағы өз орнына қайта қондыруға рұқсат бересіздер ме?» деп сұрайды бирмалықтар. Ағылшындар олардың бұл өтінішіне шектері қатқанша күледі. Өйткені, бирмалықтардың қарамағында не техника жоқ, не инженер жоқ. Құр қолмен не бітіреді деп ойлайды. Бірақ бирмалықтар, не сиқыры барын
кім білсін, әйтеуір дәу қоңырауды су түбінен шығарып алып, Шведагон пагодасындағы өз орнына апарып қойыпты. Алып қоңыраудың басынан өткен осы бір символикалық оқиға туралы Бирмада әркім әртүрлі бал ашады: біреулерінің айтуынша, бұл – түбін балдыр мен батпақ басқан, түпсіз терең өзеннен сүйреп шығару – «құдайдың құдіретімен болған» іс. Енді біреулері: мұндай керемет ерлік осында атадан балаға талай ұрпақтан бері үзілмей келе жатқан ғажайып жүзгіштік өнердің теңіз көкжалы болып, жасынан өр толқын мен тұңғиық тереңдегі су маржанын алып шығу ісінде пісіп-қатқан ержүрек адамдардың ғана қолынан келеді деседі. Қалай болған күнде де осынау ерлік хикаясы бирмандардың өз халқына, өзінің көне мәдениетіне деген қалтқысыз сүйіспеншілігін, асқақ мақтанышпен айқын дәлелдейді. Олар өз халқының әдет-ғұрпын, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ізгі дәстүрлерін қасиеттеп сақтап, әр заманда оған жаңарған мән, жаңа түр беріп, алға дамытып, прогресс жолымен ілгері басып келеді. Су түбіне кеткен жерінен қалай шықса олай шықсын, әйтеуір Маха ганди қоңырауы сонау биік төбенің басынан Рангун аспанын басына көтеріп күңгірлей соғып тұр. Ол тек бирмандықтардың діншілдігін ғана емес, сонымен қатар осынау көпті көрген көне халықтың ежелден келе жатқан және ешбір күш жоя алмайтын патриотизміне, ұлттық парасатын биік ұстайтын халық екеніне де айғақ болып бүтін әлемге жар салып тұрғандай... Пагодалар мен тағы басқа мінәжатхана, ғибадатханаларды аралап көріп шығу Бирмаға келген әрбір қонақтың программасына міндетті түрде енгізіледі. Ол заңды да. Өйткені діни маңызын былай қойғанда, бұл пагодалар мен мінәжатханалар, ғимараттар осынау елдің елдік құрған сан ғасырлық тарихының, ежелгі мәдениетінің куәсіндей. Бирма халқының тынымсыз қолымен жасалған өнердің ғаламат туындылары болып табылады. Әрине, барлық пагодалардың бәрі де дәл осы Шведагон сияқты керемет әсем және зәулім етіп салынбаған. Алайда олардың әрқайсысы халықтың мәңгі өшпес рухани өмірінің үзілмес бір бөлегіндей: халықтың жанын ұққың келсе, соны білу керек тәрізді. Алдын ала бал ашып, байбалам салмай, мұндағының бәріне жирене қарамай, қол сілтемей, әр нәрсеге байыпты қарап, үңіле зерттеп, дос көзбен көрген абзал. Сонда ғана осынау көне жылдардың өнер үлгілері еңбекшіл, ізгі жанды халықтың бүкіл тарихының айғағы болып тұрғанын көресіз. Осында сырт көзге онша зәулім де, әсем де емес, жұпыны ғана, бірақ атағы естіген жанның көңілінен жып-жылы ұя табатын бір пагода бар. Оның аты – Бейбітшілік пагодасы. Кім біледі, бәлкім ерте бір заманда есімі ұмыт болған бір сәуегей осынау төбенің басына шығып: «Адамдар, қан төгіссіз, ашу-араздықсыз, бір-біріңмен тату-тәтті өмір сүріңдер!» деп жар салған да болар. Әрине, сәуегейдің уағызы желге айтқанмен бір болған да шығар ол кезде. Өйткені дүние жанжалы, елдер тартысы әлі күнге дейін біздің заманымызда да толастаған жоқ. Алайда адамзаттың
жүрегін жібітпек боп, оған ізгілік ұрығын екпек боп, бейбіт мақсатпен ғимарат салып, оған Бейбітшілік пагодасы немесе Бейбітшілік мұнарасы деп ат қоюдың өзі қандай ғаламат ұлылық десеңізші! Қай тілде сөйлесе де, қай дінге сенсе де, қай өлкеден келсе де, Бирма қонағының жүрегіне Бейбітшілік пагодасы деген аттың жылы тиетіні ақиқат. Алдымызда айналасы жартас тәрізді бөлек-бөлек жұмыр малта таспен қоршалған төбе көрінді. Төбенің төсін көк майса шөп басқан. Баяғының қорғанына ұқсайды. Бірақ, қорған дейін десем, дәл бізге қараған қабырғасында тик ағашынан істелген үлкен қызыл есік. Бізге жол көрсетіп, түсінік беріп жүрген У Эй Маунг: – Мынау – Будданың алтыншы съезі өткізілген сарайы, – деп әлгі тас төбені нұсқады. Біз сол У Эй Маунг нұсқаған төбеге қарай беттедік. Жаңағы көрініп тұрған есіктен ішіне кіріп келсек, жартасты төбе деп жүргеніміз кең сарайлы, цирк үйіндей дөңгелек зәулім зал болып шықты. Жиналған жұрт еденге отыра береді екен. Жиналыс басқарушы адамдар дөңгелектің қақ ортасында отырады. Электр шамы күндізгідей жарық. Іші салқын. Самал жел соғып тұрғандай сезінеді адам. Біз осы залды таңырқап далаға шықтық. Бұл – бостандық сүйгіш бирма халқының тәуелсіз ел екендігіне айғақ болғандай зал сияқты. Халықтың бүкіл меймандостығы, бейбітшілік сүйгіштігі, ерлігі жиналып шоғырлана түскендігінің белгісі, символы есебінде көрінді біздің көзімізге. Кеш болып қалған мезгіл. Бізді Бирма мұғалімдері Ассоциациясы ның президенті асқа шақырды. Мектеп үйінің екінші қабатындағы бір жақ қабырғасы толығымен ашық кең бөлмеде қабылдады. Күріштен, балықтан, құстың етінен пісірілген түрлі түсті тағамдарды бірінен соң бірін алма-кезек әкеліп сыйлап жатты. Суға піскен ақ күрішті өздерінің әдетінше қос таяқпен шоқып жесін деген болу керек, бізге не қасық, не шанышқы бермеді. Мен таяқпен күріш жейім бе деп әрекет жасап көріп едім, ештеңе шығара алмадым. Күріш таяққа ілінбей шашырап төгіле берді. Төгіп-шашып жеудің ыңғайы болмады. Оның өзі жұрттың алдында қолайсыз да сияқты. Таяқты орнына қойып, күріш жеуді тоқтаттым. Тамақ ішіліп болған соң Бирма мұғалімдері Ассоциациясының президенті қысқаша сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде «Бирма Одағы мен СССР-дың өзара байланысы, достық қарым-қатынасы, бирма халқы мен совет халқының бір-біріне сүйіспеншілік ықыласы бұдан былайғы уақыт та да нығайып, дами түсетіндігіне біз кәміл сенеміз», – деді. Бұл сөзді біз бүкіл мұғалімдер қауымының атынан айтылған сөз деп түсіндік. Сонан кейін бізді кішілеу залға алып келді. Онда шағын ғана сахна бар екен. Сауық кеші басталды. Әдемі қыздар мен еркек балалар би билеп, ән салып өнерін көрсетті. Халықтың жаны әнде дейді. Адам көңіліне әсер ететін, жан жүйесін жылытатын әртүрлі әндер айтылды. Ұлт аспаптары нан құрылған оркестр бирма халқының алуан түрлі күйлерін тартты. Шағын концерттің ең соңында оқушылар совет-бирма достығына
арнайы ән шырқады. Москвада болған бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалына дайындық кезінде бұл әннің музыкасын шығарған да, текстін жазған да оқу департаментінің директоры У Ба мырза көрінеді. Адамның жан-жүйесін қозғайтын да, тыныш жатқан жүрегін қытықтайтын да – осы ән ғой. Өрнекті ән, кестелі өлең халықтар достығын нығайта түсетіндігінде сөз жоқ. * * * Ертеңінде біздің делегация Бирманың Рангуннан кейінгі ең ірі қаласының бірі және көне астанасы Мандалай шаһарына шағын ғана самолетпен ұшып шықты. Бұл шаһар ағылшын басып алмас бұрын сауда ның және діндарлардың үлкен ордасы болған. Бертін келе қала тұрғыны да, қаланың Бирма өміріндегі орны да төмендеп, азайған көрінеді. Рангуннан Мандалайға дейін 700 километр жер екен. Біз ұшып келе жатқан самолет жолда бір сағаттай тоқтап, түске таяу Мандалайға келіп қонды. Мандалай аэропортында бізді жергілікті оқу-ағарту орындарының өкілдері жылы жүзбен қарсы алды. Қаланың орталық көшесінің біріндегі екі қабат шағын ғана қонақ үйге тоқтадық. Түскі тамақтан соң бір сағаттай дем алатын уақытымыз бар екен. Күн мұнда да ыстық, жалын шашып тұрғандай. Бір жаман жері, қонақ үйдің бөлмелерінде ауаны салқындатып тұратын қобдишалар жоқ екен. Екінші қабаттағы бір кісілік бөлмеге орналасқам. Күйіп тұр. Жан алқымға тығылып әкетіп барады. Тіл ауызға сыймай, таңдай кеуіп қалған. Төсектің үстіне күмбезге ұқсайтын масақана жасапты. «Өзі мынадай қапырықта мұның неге керегі болды екен?» дедім де қойдым ішімнен. Бөлмеге келісімен шешініп тастап душқа түстім. Бұл жердің суы да ыстық. Онан мардымды ләззат ала алмадым. Салқын леп болсайшы бір. Төсегіме барып, шалқамнан түсіп, жатқанмын. Төбеде бірдеме жыбырлап жүргенге ұқсайды. Тесіліп қарай түстім. Бұл неқылған ғаламат? Біреу, екеу, үшеу... Бірін-бірі қуалап жарысып жүрген сияқты. Байқаймын, кесірткеге ұқсайды. Төбе де көк, ол да көк, қыбырлаған қимылы болмаса, түрінен айыру қиын. Әлден уақытта төбеде жүргеннің кесіртке екендігіне әбден көзім жетті. Енді не істеуім керек? Ана бәле жалаңаш кеудеме құлап түссе қайтемін. Мүмкін, бұл жердің кесірткесі адамды шақпайтын болар. Осы құрғырлар екі қабат үйге қалай шығып жүр? Тапжылмастан көп жаттым. Бірақ жата беруге тағы дәтім шыдамады. Бөлменің төбесіне шыққан кесіртке жерде де жүрген шығар деп еденді шолып өттім. Көрінбейді. Қазақтың: «Есің барда елің тап» дегені бар, ана аспандағы кесіртке құлап түспей тұрып, киімімді киіп алайын деп орнымнан ыршып тұрдым да тез киініп, дәлізге шықтым. Ешкім көрінбейді. Жалғыз өзім көшеге шығу тағы қолайсыз. Ұзын дәліздің бір басындағы стол үстінде бума-бума газеттер жатыр екен. Бірдеме оқып отырған кісіше, газетті олай-бұлай
аударыстырып, кейбір беттеріне үңіле қарап, назар аударған болып отыра бердім. Мейманхана қызметкерлері олай-бұлай өтіп жатты. Бір мезгілде Рангундағы совет елшілігінен бізге еріп шыққан адамының бірі келіп: – Сіз неге дем алмай, бұл жерде отырсыз? – деді. – Дем алғым келіп-ақ отыр ғой, бірақ кесіртке деген бір бәле бөлменің төбесінде жүгіріп жүр. Мұнысы несі? – Бирмада, ит сияқты, кесіртке де киелі жәндік болып есептеледі. Сондықтан оларға ешкім тимейді. Кесірткенің адам баласына зияны жоқ. Төбедегі кесірткелер шыбын аулап жүрген болар. Қорықпай-ақ қойыңыз. Олар түн баласында далаға шығып кетеді. – Сіздікі жөн-ақ, бөлме толы кесіртке болса, қорықпағанда қайтемін? – Зиянсыз екендігі хақ. Оған сеніңіз. – Жақсы, сендік. Сырт қарағанда Мандалай астаналық қалаға мүлде ұқсамайды. Көшелері тап-тар және ерсілі-қарсылы жүрген жанды қарға жоқ. Үйлері тозығы жеткен ескі. Жұмыс, қызмет деп жұмыла қимылдаған ел көрінбейді. Бұрынғы сән-салтанат атаулыдан емге қалғаны – асқан шеберлігімен Бирманы күллі әлемге әйгілі еткен қолөнершілердің көп жатағы. Осы елді өзінің тамаша әшекейімен безендірген, өз өнерлерінің інжу-маржанын атадан балаға, сонау көне дүниеден біздің заманымызға тоздырмай, аздырмай жеткізген халық творчествосының қайнар бұлағын осы Мандалайдан табасыз. Міне, Амаратани кварталы. Мұнда атам заманнан бері ұсталар, болат пен шойыннан әртүрлі аса көркем заттар соғатын шеберлер тұрған. Мандалайдың ұста дүкендерінің басым көпшілігі монастырьдағы садақа жинайтын құтылар, соқа тілін, пышақ, қайшы, қолорақ, іскек және маникюр құралдарын жасап келген. Ең қасиетті, ең қадірменді шебер лер қатарына мүсіншілер жататын. Өйткені олар Будданың мүсінін құйып шығарады. Бирманың мінәжатхана, ғибадатханаларының бәрінде де тұрған құдайдың адам айтқысыз көп мүсіндерінің бәрі де осы Мандалайдан шыққан, оларды Мандалайдың халық арасынан шыққан шеберлері өз қолдарымен құйған. Әрине, орыс иконографтары тәрізді, баяғы сол бір құдайды қайталап сала бергенімен, оны бейнелеуде өзінше ерекшеліктері мен өзгешеліктері болатыны хақ. Бирма шеберлерінің тағы бір аса қадірлі өнері – асыл тастарды қырлап әшекейлеу. Бирма гауһар, жақұт, хризо және аметист сияқты асыл тастарға өте бай. Мандалай зергерлерінің жасаған бұйымдары дүние жүзінің Будда әлемінде осы күнге дейін өте жоғары бағаланады. Будда мінәжатханаларын салған аты-жөні белгісіз асқан шебер құрылысшылардың халықтық сәулет өнерінің теңдесі жоқ ғажайып үлгілерін жасағанын жоғарыда айтып кеттік. Монументальдық құры лыспен бірге Бирмада ерте заманнан бері ағаштан ойып мүсін-әшекейлер жасау өнері де өте күшті дамыған. Ертеде салынған тұрғын үйлер мен
қоғамдық мекемелер, діни орындар ағаштан ойып жасалған әшекейлермен безендірілген. Бирманың ағаштан түйін түйген шеберлері туралы бірнеше кітаптың авторы X.Тилли өзге көп өнердің ішінде бирма халқының даналығын мейлінше айқын көрсететін өнер – ағаштан түйін түю деп жазады. Маған ерекше әсер еткені Шведагон пагодасының өрнектері. Оның адам таңқаларлық ғаламат әшекейлерін жергілікті шеберлер дәл осы Мандалайдың өзінде қолдан ойып жасаған. Шатырлардың төбелеріндегі әртүрлі әшекей бейнелер, ағаштан ойып өрнектелген колонналар, көше мүйістеріндегі айшықтар, Будда мүсіндері, тор көз шілтерлер, ежелгі бирман сәулет өнерінің тағы басқа ғажайып әсем нұсқалары әлі күнге көз алдымда. Бұрынғы астананың тұрғындары: ағаштан түйін түйетін шеберлер Бирма қалаларының қайқайсысында да бар, бірақ нағыз суреткерлер тек Мандалайда ғана тұрады дейді мақтанышпен. Ең жауапты деген іс тек Мандалай шеберлеріне ғана тапсырылатын көрінеді. Шынында да мандалайлықтардың өз шеберлерін, өз зергерлерін мақтан тұтуға өнер тарихының алдында толық правосы бар... Қазір Мандалай аты әлемге әйгілі болған, өте қауырт өркендеп келе жатқан Рангунмен әсте таласа алмайды. Бірақ мандалайлықтар оған мойымайды, олар өздерінің көпті көрген көне шаһарының бүгін болмаса ертең-ақ адам танығысыз өзгеріп, құлпыратынына кәміл сенеді. Екінші дәрежелі қаланың әлі де бақ пен даңқтан үміт үзбейтін нағыз опимист тұрғындарын мен осы Мандалай шаһарынан көрдім. Бұл әңгіме астанадағы ең нашар деген мектептен де төмен жатқан, осы Мандалайдағы ер балалардың орта мектебінде болды. Мектеп үйі бір қабатты ғана, өзі бамбуктан салынған. Жаппа тәрізді. Құрал-жабдықтары да өзіне сай. Кластары мен лабораториялары да сондай. Әйтсе де оқытушылары да, бүкіл мектеп маңындағы адамдардың бәрі де тәубәшіл, үмітшіл адамдар екен. Бәрі де құлшына алға ұмтылып тұрған жандар. «Не дейсіз? Көрнекті құралдар жоқ, дейсіз бе? Лабораториялар нашар жабдықталған дейсіз бе? Е, мектептің өзі бар ғой, әйтеуір! Соған да құлдық! Әйтеуір о ғып, бұ ғып мектеп ашқанымызға рақмет айтпайсыздар ма! Оқуға құмартқан балалар қаншама! Ең басты жеңісіміз осы емес пе? Басқасы кейін бола жататын дүние ғой!» – деседі олар біздерге. «Көш жүре түзеледі» демекші, мұның бәрі уақытша нәрсе, уақытша қиындық, жақсы күндер әлі алда, мың шақырымдық жол бір аттамнан басталады деген берік сенім мұнда үлкен демеу тәрізді. Олар Бирманың достарға сүйене отырып, өз бетімен алға басқан әрбір қадамына шексіз қуанады. Болашақ қаншалықты қиынға түссе де, шығар күнді ешкім де бүркеп қала алмайды. Әлем әлі қарт Мандалайдың қайта жасарғанын да еститін болады деседі олар. Сол күннің кешінде ашық сахнада мектеп балаларының күшімен үлкен концерт болды. Ұлт оркестрі Бирма халқының әндері мен күйлерін тартты. Оқушы балалар оркестрге қосылып бирма, качин, чин, кая халықтарының өлендерін айтты. Ұлт оркестрі қазіргі әндерді де, классикалык музыканы да нотасыз орындады.
* * * Біз Мандалай әулиенің тауына баратын болдық. Ол тауға шығу үшін тастан қашап жасалған 1002 басқыштың бойымен жоғары өрлеу керек. Бирман шариғаты бойынша аяқ киімімізді тау етегіне шешіп кеттік. Күн күйіп тұр. Ыстық тас табаныңды күйдіріп жүргізбейді. Жыланша иірілген басқыштың екі қапталы, қайдағы жоқ ұсақ-түйек сатып отырған бақалшы саудагерге толы. Аяғыңа оралып жібермейді. Тауап етуге бара жатқан жұрттың қалыңдығы сонша, ине шаншар жер жоқ. Сол мың сан халықтың арасында біз де келе жатырмыз. Міне, әулие таудың төбесіне де шықтық. Сонау төмендегі ойпатта қалған Мандалай қаласы дәл алақандағыдай көрінеді. Мандалай пагодасы мейлінше үлкен, көлемді. Әулие таудың кең алқабын толығынан алып жатыр. Бұл жер де будда мүсіндеріне толы. Бирмандықтардың ұғымынша, түрегеліп тұрған будда адамға кеңес беретін, дұрыс жолға сілтейтін, жаманшылықтан сақтайтын құдіреті мол ұстаз. Ал, малдасын құрып, қолын қусырып отырған будда мүсіні – билік айтатын, екі жақтың таласын әділ шешетін сот, жатқан будданың мүсіні – ол дүниеге, бейішке кететін будданың кейпін, жүзін көрсетеді. Бірақ денесі өлгенмен, жаны өлмейді. Түрегеліп тұрған будда мүсіні алдында құдайға егіле, илана сиынып, қолын қусырып, аузын жыбырлатып дұға оқып тұрған қара құрттай қайнаған адамдардан аяқ алып жүре алмайсың. Будда мүсіндерінің алдында табынуға келгендерден пагоданың пайдасына ақша жинайтын үлкен қобдиша тұр. Табынушы жұрт өз шама-шарқына қарай ақша тастап кетіп жатыр. Тау шыңының басында ұзындығы он метрден астам қызыл тик ағашынан қиып жасаған будда мүсіні бүтін әлемге жар салып тұр деп түсіндіреді бирмандықтар. Оның сырты қабат-қабат қалың алтынмен қапталған. «Пагода пайдасына пітір садақа бере кетіңдер!» деп осы жерде қоңыраушы отыр. Әулие тауының екінші бір шыңының төбесінде биіктігі он бес метр ден астам сом денелі зәулім будда мүсіні, оң қолын алға созып Мандалай тауының етегіне иек арта, көсіліп жатқан Мандалай қаласын нұсқап, меңзеп тұрғандай ишарат білдіреді. Бұл мүсін де алтынмен қапталған, сап-сары, күнмен шағылысып, айналасына алтын сәуле шашып, оттай жайнап, жарқырап тұр. Будданың осы бір мүсіні жөнінде ел аузында алуан түрлі аңыз бар екен. Мандалай тауының күнбатыс жақ етегінен асау толқындары жағаға ұрған, мол суы талай өлкеге жан беріп, өң бітіретін, айдынында ірі кемелер жүзетін Ирравади өзені өтеді. Теріскей беті жал-жал қырат, ойдым-ойдым жылға болып келеді. Күншығысы іркес-тіркес итарқа боп ұзыннанұзақ созылып жатқан ұлылы-кішілі шоғырмақ таулар. Арғы жағы Шан тауларының сілеміне барып қосылады. Оңтүстік етегінде – құлашын кеңге
жая көсіліп жатқан Мандалай қаласы. Сонау бағзы заманда қазақтың Асан қайғысы сияқты бір тәуіп осы тауларды талай күн, талай түн жүріп түгел кезіпті деседі аңызда. Біреуінің бөктеріне қонады, екіншісінің баурайында тас бастаудың мұздай суын ішіп жан шақырады, мейірі қанады, беті-қолын жуып, жол соқты боп қажыған бейшара бой жазады. Сөйтіп, талай таудан асады, талай судан өтеді, талай қауіп-қатерден аман қалады, талай залым, зымиянның құрған торынан да құтылады. Шаңқай түс мезгілі болса керек, әулие терлеп-тепшіп, арып-ашып осы Мандалай тауының шыңына көтерілгенде, дәл аяғының астында, арнасынан асып төгіліп жатқан мол сулы, күркіреген көк өзенді көреді. Сонда әлгі әулие айтыпты: «Шыққан тауым – киелі тау болғай, ұшар басында алты қырдың ар жағынан көрініп, алыстан көзге оттай басылған, зәулім пагода салынғай», – деп тілейді. Сол күні әлгі әулие тау басында қонады. Ұйықтап кетіп түс көреді. Түсінде екі жылан әулиенің қасына келіп: «егер осы таудың басына пагода салатын болсаң, ұжмаққа барасың», – депті. Әулие ояна келсе, күн арқан бойы көтеріліп қалған екен. Орнынан тұрып, әулие Мандалай ойпатына қарай жүгіре жөнеліпті. Сол күннен бастап осынау өңірдегі елді уағызымен үгіттеп, ақыры Мандалай тауының басына пагода салады. Сондықтан бұл жер «Мандалай әулие тауы» деп аталып кетіпті дейді ел аузындағы аңыз. Тауға көтерілетін жолдың орта шенінде төбесіне шатыр орнатылған шағын ғана алаң бар. Бұл алаңда осы таудың басындағы пагоданың тарихына байланысты оқиғалардың осы маңдағы кейбір жерлердің түрлітүсті бояулармен салған суреттері бар. Мұнда ресторан жұмыс істейді. Біз Әулие тауының басындағы пагоданы аралап, төмен түскенде, күн төбеден ауып бара жатты. Бирма қайраткерлері – Совет Одағының жиі-жиі келетін қонағы. Олар біздің елге теңдес, көрші есебінде тәжірибе, көмек алуға әрдайым келіп тұрады. Түстен кейін біз Мандалай қаласындағы институтқа барып, оның директоры У Маунг Джи мырзамен дидарластық. Осы кісі бір кезде Бирма делегациясының құрамында Совет Одағына келіп кетіпті. Сондықтан болу керек, бізді өте бір жылы шыраймен қарсы алды. Сол сапардан бірекі ауыз орыс сөзін де үйреніп қайтқан екен. Соның өзіне мәз. Жаттап алған сөздерін бізге қайта-қайта айта береді. – Біздің институтқа, – деді У Маунг Джи мырза, – мектептің ІX класын бітірген балалар түседі. Оқу мерзімі – үш жыл. Азаматтық құрылыс, электр инженерлерін дайындау, механика бөлімдері бар. Біздің институт Рангун университетінің филиалы болып есептеледі. Студенттердің бәрі де мемлекет стипендиясын алады. Егер студент сабаққа ешбір себепсіз қатынаспаса, бірінші курстың емтиханын уақытында бермесе, стипендия алмайды. Студент бірінші курсты бітірмей өз бетімен оқуды тастап кеткендей болса, ол алған стипендиясын қайтарып береді. – Институтта 17 лаборатория, мастерскойлар бар. Көптеген лабора торияларымыз енді ғана салына бастады. Институттың ашылғанына
екі-ақ жыл болды. Лабораториялардың көрнекті құралдары, аспаптары Германиядан, Чехословакиядан және Швейцариядан алғызылады. – Біздің институтта оқу бирман және ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқытушы жетпегендіктен, бір маман бірнеше пәннен лекция оқиды. – Мен сіздерді жалықтырып жібердім-ау деймін. Енді сұрауларыңыз болса, соған жауап берейін, – деді сөз аяғында У Маунг Джи мырза. – Студенттерге арналған жатақхана бар ма? – деді Матвей Петрович Сазонов. – Жатақхана бар. Бірақ бәріне жетпейді. Пәтер жалдап оқитын сту денттер де бар. – Институтты бітіретін студенттер диплом жұмысын жаза ма? – Жоқ, жазбайды. Егер институтты бітіретін студент оқылған сабақтың 80 процентіне қатынасқан болса ғана, мемлекеттік емтиханға жіберіледі. Өткізген әңгімесіне рақмет айтып, есік алдына шықтық. Мандалай қаласының дәл ортасында король сарайының макеті тұр. Жүз жыл бойы аман тұрған сарайдың өзін жапон-бирман соғысы кезінде жапондықтар өртеп жіберіпті. Король сарайын Бирма королі Мин Дон (1814-1878) салдырыпты. Әрине, сарай макетін салғанда мандалайлықтар корольға ескерткіш қойғысы келген жоқ, олар өздерінің патриотизмдық рухын көрсеткісі келді. Жапония соғысқұмарларының істеген зорлықзомбылығының ізін жою мақсаты болды. Жергілікті адамдардың айтуынша, қаланың көркейіп өсуіне де көп еңбек сіңірген король Мин Дон көрінеді. Мандалай қаласының негізін салып, Бирманың астанасын Амарапура қаласынан осы Мандалай қаласына көшірген де король Мин Дон екен. Корольдің әйелі көп болған. Гарем ішінде бес бәйбішенің әрқайсысына арналған сәулетті сарайы, ал басқа әйелдерінің одан гөрі қарадүрсіндеу үйлері болған. Ол кездегі бирман заңы бойынша, корольге шын жүректен берілгендік ілтипатын білдіру үшін, әр князь не өз қызын, не басқа бір сұлу қызды тоқалдыққа тартады екен. Корольдің 90 әйелінен 80-ге жуық баласы болған. Осынша көп әйел мен баланы асырау, тамақ тауып беру оңайға түспеген. Оларды киіндіру үшін корольдің Францияда арнайы шұға фабрикасы болған дейді. Сарайдың алдында король Мин Донға ескерткіш қойылған. Ескерткіштің қабырғасы жағалай Бирманың ұлттық оюларымен, түрлітүсті шынылармен безендірілген. Бүгін күн кешегіден де қапырық. Ыстық 45° болды. Біздің машина теңізде жүзген қайықтай бірде ойпатқа түсіп, бірде қыратқа шығып есіп келеді. Бетіміз – Сагайнг қаласы. Ирровади өзеніндегі ұзын темір көпірге келіп тоқтадық. Өткел тосып, кезек күтіп тұрған машиналар көп-ақ екен. Бұл жердің көпірінен өту үшін ең алдымен ақша төлеу керек. Көпірдің қақпасы сонда ғана ашылады. Біздің машиналардың шоферлары да ақша төледі. Ілгері жүріп кеттік. Ирровади өзеніндегі көпірден өтіп шығысымен қаланың кіре бері сіндегі дөңестің үстіндегі пагода көрінді. Ол Кау Мода пагодасы. Сыртқы
көрінісіне көз тоқтатып қарасаңыз, пагода әйелдің емшегіне ұқсайды. Король Тало Ном әйеліне ескерткіш есебінде 1686 жылы салдырыпты. Биіктігі 150 метрге жуық, диаметрі 186 метр, айналасы 753 метр дейді. Сагайнг 15 мыңдай халқы бар шағын ғана шаһар екен. Мұнда жеке меншікті бір мектеп, бір мемлекет мектебі жұмыс істейді. Қалада бірнеше қолөнер кәсіпорындары бар. Қала тұрғындарының көпшілігі пенсия дағы адамдар. Мұнда, бір қызығы, кино да, шаштараз да жоқ. Мәдениет ошағынан жұрдай. Бізге қала аралатып, түсінік беріп жүрген Сагайнг қаласының камишнері (мэр) У Со Тин мырза бамбуктан тоқылған бір қабат мектеп үйіне ертіп келді. Мектептің директоры До Со Дьин мырзамен таныстырды. Жағы солған, көзі үлкен, селдір шашты, қалқан құлақ, жылы жүзді кісі екен. – Біздің мектепте, – деп бастады До Со Дьин мырза өзінің сөзін, – еркек балалар мен қыздар бірге оқиды. Оқу бирман тілінде жүреді. Мектепте 750 бала бар, 30 оқытушы қызмет істейді. Мектепті бітіргендер университетке түсуге ерікті... Дәл осы кезде: – Тамақ даяр, – деді есіктен кіріп келген қызыл шырайлы жас жігіт. – Олай болса, стол басында сөйлеселік, тамаққа жүріңіздер, – деді До Со Дьин мырза. – Рақмет, – деп, біз де орнымыздан тұрып, До Со Дьин мырзаға еріп, қатардағы кеңірек бөлмеге келдік. Үлкен бөлмеде тізілген стол. Стол алуан түрлі тағамға толы. Майысып тұр. Совет адамдарымен кездесу үшін түскі тамаққа жетпістей бирмандық қатынасты. Біз стол басына отырдық. Әрқайсымыздың қасымызда бір-бір қыз тұр. Қолдарында құстың қауырсынынан істелген желпігіш. Бұлардың тұрысы бізге тіпті ерсі көрінді. Не үшін тұрғандары да белгісіз. Әлде, келген қонақтар тамақ ішкенде қасында қыз тұру бұл елдің байырғы әдеті ме? Ондай болғанда, біз басқа жерде мұндайды көрмедік қой? Қолындағы желпігішімен не істемек? Бұл жұмбақтың шешімі ұзаққа созылмады. Біз отырған бөлме көлемді, кең болса да адамның көптігінен болу керек, бөлме іші қапырық, ыстық болды. Үстіңдегі көйлегің сығып алғандай су. Міне, осы кезде әлгі тұрған қыздардың бізге септігі тиді. Қолындағы қауырсын желпігішімен біздің желкемізден де, оң жағымыздан да, сол жағымыздан да бетімізді желпіп, самал соқтырып салқындатып тұрды. Бұл елдің әдетінше, тамақ бергенде арақ бермейді. Тек су ғана ішеді. Ас ішер алдында Сагайнг қаласының комишнері У Со Тин мырза орнынан тұрып сөз сөйледі. Ол кісі өзінің қысқа, бірақ мағыналы сөзін былай деп түйді: «Совет Одағы – Бирманың ең жақсы досы. Біздің бәріміз де СССР мен экономикалық және мәдени байланыстың күшейіп келе жатқандығын қатты сезінеміз де, шын жүректен қуанамыз». Шынында да У Со Тин мырзаның бұл сөзі шын достық сезіммен айтылған, бирман халқының көпшілігінің ойынан шыққан сөз.
Совет мұғалімдерінің атынан М.П.Сазонов жолдас совет елі жөнін дегі жылы сөз айтқаны үшін У Со Тин мырзаға алғыс айтты. Біз сол күні Мандалай қаласына қайта оралдық. Бирманың шағын ғана қалашықтарының өзіне тән, айтып тауыса алмайтын, кейбір ерекшеліктері бар. Бүкіл көрінісімен өткен ғасырдың сыртқы белгілерін сақтап тұрғанына таң қаласың. Соған қарап уақыт сол қаланың дәл үстіне келіп кенет тоқтап қалғанға ұқсайды. Ол қалалар ұйқыға кетіп, сүрілеп кептіріп тастаған іспеттес. Әрине, бұл тек қана сыртқы әсері ғана, өйткені қала өміріне жақын танысқан сайын және олардың керекті мұң-мұқтажы проблемасын білген сайын, Бирма елінің құлаш жайған өмір жаңалықтары бұл қалаларға әсерін тигізбей қойған жоқ. Қала тұрғындары да қазіргі заман шындығынан артта қалмауға тырысады. Күн найза бойы көтерілген мезгіл. Біздің делегация үш машинаға мініп Меймьо қаласына жүріп кетті. Алдымызда, артымызда мотоциклге мініп, бізді қошеметтеп, күзетіп келе жатқан полиция адамдары – эскорт. Мандалай қаласынан 15-20 шақырым шыққан соң, машинамыз ор ман-нулы, тамаша көрікті, сұлу тауға өрлей бастады. Кәдімгі Қазақстан тауларына ұқсайды. Жыландай ирелеңдеп жатқан асфальт жолмен келеміз. Машинамыз түлкі бұлаңға салып, ерсілі-қарсылы бұрыла бұра лаңдай жүйткиді. Әлден уақытта таудың ұшар басына да жетіп, ананас плантациясының арасымен зымырап бара жаттық. – Бұл таудың аты не? – дедім мен У Эй Маунг мырзаға. – Осы таудың бәрін Шан жотасы, немесе Шан таулары деп атайды. Жол бойы – сыңсыған қалың орман. Кызылды-жасылды жеміс план тациясы. Жол кілт солға бұрылды. Алдымыз – қала. – Меймьо қаласына да келіп қалдық, – деді У Эй Маунг. – Бұл қала Шан мемлекетіне қарай ма? – Иә, Шан елі осы қаладан басталады. Біз Меймьо шаһарының көк базарының алдына келіп тоқтадық. Базар дарбазасының аузында бізді Меймьо қаласының мэрі мен қалалық полиция бастығы қарсы алды. Базар толы жеміс сатушылар. Ығы-жығы адам. Қайсысының сатушы, қайсысының сатып алушы екендігін айыра алмайсың. Осы қалаға қонақ келді-ау деп ескеретін ешбір жан жоқ, базаршылардың өз қуанышы өзінде, әртүрлі жеміс сатып гу-гу еткен қала тұрғындары. Қала көшелері таза. Үйлері де көрікті. Біз мемлекетке қарайтын орта мектепке келдік. Оқушылардың бәрі де мектеп формасын киген. Аулалары кең, көк майса шөп егіп, жайнатып қойыпты. Оқушылар қазқатар боп аулаға екі-екіден сапқа тұрып жатыр. Оның төр жағында көрер мендер отыру үшін тақтайдан жасалған мінбе бар екен. Директор ертіп әкеліп соған отырғызды. Шәкірттер неше түрлі ойын көрсетті. Алуаналуан акробатикалық қимылдар. Бір тамашасы, осы мектептің де, біз көрген басқа мектептердің де нақ алдында Бирма Одағының мемлекеттік жалауы ілініп тұр.
Мектеп жанында балалар бақшасы да бар. 6 жасар балалар оқитын даярлық кластар да жұмыс істейді. Жас «артистер» де өте байыппен өздеріне лайық ойындарын көрсетіп, келген қонақтарды да, қала басшыларын да таң қалдырды. Оларды біз шын жүректен, жылы шыраймен құттықтадық. Меймьо қаласындағы жібек құрт плантациясында, ботаника бағында, жібек тоқу фабрикасында болдық. Бәрі де жаңадан ғана ұйымдасқан, енді-енді күш алып, кемелденіп келе жатқан кәсіпорындар көрінеді. Кешке жақын мектеп үйінде директор біздің делегацияға шай берді. Содан кейін Мандалай қаласы педагогтарының атынан совет мұғалім дерінің құрметіне үлкен қабылдау болды. Тарихи даму жолы да, салт-сана, дәстүр-ғұрпы да, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы да әртүрлі осынау екі елдің өзара қарым-қатынасы проблемаларына бирмандықтардың сергек және қалтқысыз дұрыс көзбен қарауы бізге өте ұнады. Бұл өзгешеліктердің экономикалық және мәдени тығыз байланыс жасауымызға ешуақытта кедергі бола алмайтынды ғына біздің көзіміз айқын жетті. Бирма Одағының Ағарту және Мәдени министрлігінің Мандалайдағы аға инспекторы У Хоук мырза былай деді: «Біз бен сіздің дінге және басқа мәселелерге көзқарасымыз әр басқа болса да, бирма халқы әруақытта да совет халқының сенімді досы болып қала бермек. Осындай ашынажай мәдени байланысымыздың өзі біздің халықтарымыздың мызғымас достығын күшейте түсуге септігін тигізеді». Өте дұрыс, орынды айтылған сөз. Көңілде көп әсер қалдырған осынау риясыз достық кездесуден кейін біз мандалайлық бауырлармен құшақтаса қоштасып, Рангун қаласына қайта оралдық. Аспан толы шоғыр-шоғыр ала бұлт. Күн найза бойы көтеріліпті. Дымқыл жер бусанып жатыр. Біз аэровокзалға келіп жеткенде оңтүстік бүйірден шыққан түйенің шудасындай тарам-тарам қара бұлт бұлқанталқан болып нөсерлетіп өтті. Ой мен сай, шұқанақ шұқыр біткен иірімиірім суға толы. Біз ұшатын самолет жауынның басылуын тосқан екен, көп ұзамай біз ертемен Моулмейн қаласына қарай самғай жөнелдік. Шағын ғана самолет. Іші лас. Адам отыратын орындықтарының да шеті мұжылып, арқасы қажалып, жалақ-қожалақ болған. Тозығы жеткенге ұқсайды. Өмірде бірінші рет дәл осы самолетте зәрем зәр түбіне кетті десем, талайды көрген тарлан солдат өтірік айтып отыр деп кінәламаңыздар. Ауаның соқпасы адамды дірілдетіп, селкілдетіп, шайқай бастады. Бірде сылқ етіп төмен түседі, енді бірде, асау аттай бұлқына тулап, аспанды аударып кете жаздайды. Бір кезде самолет қалың бұлтқа кірді де кетті. Айналамыз қап-қараңғы. Жүрек лүп-лүп етеді. Жан алқымға тығылып, тыныс тарылып келеді. Бір мезгілде күңгірт аспан арасынан жарқ етіп жарық сәуле көрінді. Дүниеде күннің болғанына мұндай қуанбаспын. Самолет төмен қарай самғап, жұлдыздай ағып барады. Ыңғайы – жерге қону. Алдымыз көк майса алаң. Бұл Тотун қаласының аэропорты екен. Біз мұнда ұзақ аялдамадық. Аспан айықты, қайта ұшып шықтық.
Моулмейн қаласының аэропорты. Самолеттен түссек, күннің ыстықтығы 50 градус екен. Ауа дейтін ауа емес, қайнатып қойған ыстық бу. 95 процент ылғалды көрінеді. Тынысымды тарылта бастады. Жұтқаным ауа емес, ыстық бу. Аэропорт басында дала мұғалімдері шын достық ниетпен қарсы алды. Халықтың адал, таза ниеті, меймандостығы қорқыныш сезімді де, дымқыл ауаның тынышсыздығын да бір сәт ұмыттырғандай болды. Біз мінген қара машина баяу жүріспен келеді. Машинада мен, У Эй Маунг мырза, Совет елшілігінің қызметкері Петров жолдас үшеуміз. Біздің гид У Эй Маунгтың күндегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын көріп, оны өте сөзге сараң, тоң мінезді, жабық адам болар деп түйгенмін. Ол мырзаның күлгенін де көрмедік. Қысқасын айтқанда, қызмет уақытында мейлін ше сақ адам деп ойлағанмын. Бүгін У Эй Маунг мырза өте көңілді. Жай дары мінез білдіріп келеді. Осы уақытқа дейін көп тыңдап, аз сөйлейтін, аңдап басып жүрген ол алғаш рет бізбен ашынажай әңгімелесті. «Мен, – деді ол, – Лондонда болғанымда бір нәрсені түсіндім. Ағылшындармен сөйлескенде байқап, әр сөзіңді ойлап айтпасаң, ұсталып қаласың. Олар әр сөзіңді аңдып отырады. Жаңсақ сөйлесең, соның өзін мазақ етеді. Байқаймын, сіздермен ашық сөйлесуге де, қалжыңдасуға да болады екен». Сол кезде менің есіме қазақ халқының: «Сынасуға жат жақсы, сырласуға дос жақсы» деген мақалы түсті. У Эй Маунгтың мына әңгімесіне дәл келеді-ау деп ойладым. – Оқасы жоқ, «жылқы кісінескенше, адам танысқанша» деген ғой, біз де сіз сияқты адамбыз, – дедім У Эй Маунг мырзаға. У Эй Маунг мырза қазақ мақалының аудармасын естіп, ойланып қалды да, сөз төркінін түсініп, мақал мазмұнын мақұлдағандай күліп жіберді. Біз қалалық педагогикалық колледждің оқу үйіне тоқтадық. Қонатын жеріміз де сонда екен. Сусын ішіп әңгімелесіп отырмыз. Колледждің директоры У Тан Луин мырза өзінің оң жағында қатар отырған Моулмейн қаласы ның комишнері (мэр) У Ба Хла мырзаны таныстырды бізге. Ол кісі ұзын бойлы, арық денелі, момын адам екен. У Тан Луин мырза педагогикалық колледждің бастауыш мектептер үшін мұғалім дайындайтынын, оқу мерзімі бір жыл екендігін, колледжді бітірген адам екі жылдан соң қайта келіп, екі ай білім жетілдіру курсынан өтетіндігін айтты. Содан кейін колледжді бітіргендігі жөнінде диплом алады екен. Колледжге 7 класс білімі бар жастар қабылданады. Бирмада колледжге арнайы шығарылған оқулық жоқ. – Моулмейн қаласында қанша адам тұрады? – дедім мен. – 120 мың халық тұрады, – деді қаланың комишнері У Ба Хла мырза. – Сонда олар немен кәсіп қылады? – Біздің қалада керамика фабрикасы, кірпіш және ағаш заводтары бар. Олардан басқа кіші-гірім қолөнер кәсіпшіліктері баршылық. Біз Моулмейн қаласында болған үш күнде бірнеше оқу орындарында болып, көптеген мұғалімдермен кездестік. Оқу процесімен таныстық. Лабораториялары мен кабинеттерін көрдік.
Көп жүріп, көп әңгімелесіп, талай жұмбақ жәйттердің түйінін шештік, қорытынды жасадық. Біріншіден, мұғалімдердің көпшілігінің білімі тайыз, өз пәнін үстірт біледі. Сондықтан сабақтары жеңіл-желпі өтеді де, сапасы өте төмен. Екіншіден, көрнекі құралдар жоқтың қасы. Көптеген лабораториялардың аты болмаса заты жоқ, қаңқиған төрт қабырға. Үшіншіден, көп пәннің оқулығы жетіспейді, болмаса, тіпті жоқ. Оқулық әлі жазылмаған да екен. Төртіншіден, мұғалім дайындайтын педагогикалық колледждердің де оқу сапасы мейлінше төмен, мерзімі де тым қысқа. Бір жылда дайындалып шыққан мұғалімдерден не күтуге болады. Әрине, бұл кемшіліктерді оқу-ағарту орындарының басшы адамдарының көбі түсінеді, біледі. Мұғалім кадры жетпейді. Сондықтан, педагог дайындайтын колледждердің оқу мерзімін қысқартқан көрінеді. Бұл кемшіліктер бостандық сүйгіш Бирма халқының өсу, даму жолындағы қиыншылықтары екендігі сөзсіз. Соны білгендіктен, келешекке үміт көзімен, үлкен сеніммен қарайды олар. Біз көптеген оқушылармен кездестік. Олар білім шыңына құмар, оған жетуге жан-тәнімен тырысады. Жастарды еңбек сүюге үйрету, патриотизм рухында тәрбиелеу ісіне мемлекет орындары үлкен мән беретін көрінеді. «Жеке қара басыңның саулығы үшін емес, бүтін қоғамның амандығы, абыройы, игілігі үшін өмір сүр», – деген ұран мұнда мектеп тәрбиесінің негізі болып есептеледі. Моулмейн қаласының оңтүстігіндегі сұлама еңкіш төбенің басында Чайтонла пагодасы тұр. Оның күмбезі ішкі жағынан айнамен қапталған. Келген адам ең алдымен айнадан өзін көріп, таң қалып тұрғаны. Осы пагодадағы будда мүсіні қоладан құйылып, сыртына қап-қалың алтын жалатқан. Буддаға сиынып отырған жұрт ығы-жығы. Үсті-үстіне ағыл-тегіл келіп те жатыр. Пагодаға түсетін пітір-садақа да шаш етектен көрінеді. Ақша көп түскен сайын азаншылар қоңырауын онан әрман безілдетіп, жедел қағып тұр. Пагода толған ұзын етек сары көйлек киген, тақыр бас сопы-монахтар. Бұлар пагоданың жанындағы монастырьде тұратын, жұмаққа жұрттан бұрын барып, бейіштің рақатын көру үшін бұл дүниенің қызығын талақ қылған, ұзақты күнін тәңіріге құлшылық етумен, халықтың қанын сорумен ғана күнелтетін арамтамақ діндарлар екен. Моулмейн қаласы – Үнді мұхитындағы Мартван бұғазына құятын Салуин өзенінің қос жағасын қуалай орналасқан үлкен шаһар. Салуин – ірі кемелер жүзетін терең де енді өзен. Түске таман біз сол өзеннің жағасындағы кеме тоқтайтын портқа келдік. Жүк таситын ірі-ірі кемелер тұр екен. Бұл маңда жұмыс істеп жүрген бірде-бір адам не техника көзге түспеді. Қора толы жуан-жуан бөренелер. Тұмсығымен кемеге ағаш тиеп жүрген бірнеше пілдерді көрдік. Жарықтықтың түрі ашулы-ақ екен. Көздері шарасынан шығып, қанталап кетіпті. Әр пілдің үстінде бір-бір адам. Пілге әмір беріп, шыбықпен қақпайлап жұмыс істетіп жүр. Піл ұп-ұзын, әрі қуатты, әрі ептейлі тұмсығымен жуан-жуан бөренелерді орап алып, тіке көтеріп әкетеді. Тик деген ағаш сом, шымыр келеді
екен. Өте ауыр. Оны ауырсынып жүрген піл жоқ, шыбық көтеріп жүрген тәрізді. Ерсілі-қарсылы маң-маң басып, дамыл таппайды. Ашулы пілге жақындауға болмайды. Жазым етуі мүмкін. Кісіні де тұмсығымен орап алып лақтырып жіберуі ықтимал, сондықтан да, піл жұмыс істеп жүрген маңайды арқанмен кеңінен орағытып, қоршап қойыпты. «Есіңде болсын! Бұл жер қауіпті, байқа!» – деп тақтайға жазып та қойған. Сол күні кеш бата біз Рангун қаласына қайта оралдық. Совет мұғалімдер делегациясының құрметіне Бирма Одағының Ағарту және Мәдениет министрі У Тун Тин мырза үлкен қабылдау жасады. Қабылдауға бізден басқа Рангун қаласының педагогикалық қоғамының өкілдері, министрліктің жауапты адамдары қатынасты. Қабылдау аяғында У Тун мырза сөз сөйлеп: «Бирма Одағы мен Совет елінің арасындағы байланыс келешекте де күшейе түседі. Біздің мектептерімізде, орта және жоғары дәрежелі оқу орындарында жас өспірімдерді басқа халықтармен достық рухында тәрбиелеу мұғалімдер қауымының қасиетті азаматтық борышы екендігін құрметті қонақтар өз көзімен көріп, көздері жетті-ау деп ойлаймын. Келешекте де біз совет халқымен достықты бұдан былай да нығайта береміз деген сенімдеміз. Ертеңгі күні құрметті қонақтар туған еліне қайтқалы отыр. Сапарларыңыз сәтті болып, туған елдеріңізге амансау жетулеріңізге тілектеспін», – деді ол сөзінің аяғында. Біз көп адаммен кездестік, талайлармен ашынажай әңгімелестік. Бирма Одағының ұйымдасуына жағдай туғызған революциялық өзгерістер экономика мен қоғамдық құрылыстың көп жақтарын қам тыған көрінеді, бірақ амал не, жоғарыда айтқанымыздай, мұның бәрі де негізгі қайшылықты шеше алған жоқ: ел ішінде ұлттық буржуазия бел алып, өзіне арнайы право даулай бастады. Басқаша айтқанда, «таңда ған тазға жолығады», – дегеннің кері болды. Шетел буржуазиясының қанаушылығының орнына халық өз елінің буржуазиясының тырнағына ілікті. Премьер У Ну үкіметінің елді экономикалық дағдарыстан, береке сіздіктен алып шығуға талай рет әрекет жасағаны да рас. 1948 жылы шаруашылықты қалпына келтірудің және одан әрі өркендетудің екі жылдық жоспары бекітілді, онда мемлекет экономикалық істерге қолмақол араласып, мемлекеттік бақылау мен экономиканы реттеп отыру ісін жүзеге асыруға тиіс деп белгіленді. 1952 жылы молшылық пен береке жасаудың сегіз жылдық жоспары бекітілді. Оның басты міндеті – экономикалық және әлеуметтік жаңа система орнату, халық бұрынғыдан да жақсы киінетін, пәтер үймен анағұрлым жақсы қамсыз етілетін, денсаулығы жақсара түсетін, ертеңгі күніне қам жемейтін, дем алуға бос уақыты молырақ болатын Бирма құру еді. Американ мамандары жасап берген бұл жоспар біраз уақыттан кейін жүзеге асыруға келмейтін бос қиял болып шықты. Содан кейін үкімет оны жаңа, төрт жылдық жоспармен ауыстырды.
Құрғақ жоспармен ештеме өнбейтіні жұрттың бәріне де белгілі. Шаруашылықты онымен ғана жолға қою қиын еді. Оның үстіне халық шаруашылығын «бирмаландыру» деген шықты. Ол ағым бойынша шетел капиталын емес, ұлттық капиталды қолдау керек. Басқаша айтқанда, ел ішінде бирман капитализмі бел алып, үкіметтен мемлекеттік сектор есебінен өзіне неғұрлым көбірек жеңілдік беруді талап ете бастады. Амал не, кез болған жағдайды күрт өзгертіп жіберу үкіметтің қолынан келмей қалды, ол қорқақтық жасады. Керісінше, ол ұлттық буржуазияның дегенін істей берді. Елде бирма буржуазиясының неше түрлі ұйымдары – өнеркәсіп иелерінің кеңесі, күріш заводтары қожаларының ассоциациясы, тау-кен өнеркәсібі қожаларының палатасы, тағы сол сияқтылар тізгін алып, күшейіп кетті. Мәселенің асқынғандығы соншалық, тіпті жеке меншік кәсіпорын иелерінің қыстауымен премьер-министр У Ну: «Біздің саясатымыз мемлекетті экономикалық сферадан бірте-бірте ығыстыру болуы керек», – деп мәлімдеуге дейін барды. Елде буржуазия диктатураны басып алу қауіпі туды. 1962 жылы көктемде Бирмада төңкеріс болып, өкімет басына генерал Не Вин бастаған революциялық Совет келді. Бұл Бирма ұлтазаттық революциясы мен елдің экономикасын өркендетудегі жаңа кезеңнің бастамасы болды. Революциялық Советтің бір қарарында атап көрсетілгеніндей: «Елдің экономикасының барлық секторлары да әбден астыүстіне келіп былыққан, сондықтан да, ұлтты экономикалық апаттан аман сақтап қалу үшін, революциялық Совет 1962 жылғы 2 мартта басшылықты өз қолына алды». Революциялық Совет өзінің басты мақсаты – социализм орнату деп жариялады. Үкіметтің қарарларында: елде адамды адамның қанаушылығы жойылған, әлеуметтік әділетке негізделген қоғам орнатылуға тиіс, «Бирма өміріне социалистік системадан басқа бірде-бір система сай келмейді; социалистік система елдің, шаруаларына да, жұмысшыларына да, еңбекші интеллигенциясына да тиімді», – деп атап көрсетілді. Болашақ социалистік экономиканың базасы өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің орнауы деп жариялап, Революциялық Совет шаруашылықтың басты-басты салаларында жеке меншікті национали зациялау қажет деп мәлімдеді. Тап күресі қоғамдық дамудың қозғаушы күші деген қағиданы мойындай отырып, революциялық Совет өз жұмысында еңбекші таптарға сүйенеді және кедейлер мен орташа шаруалардың жұмысшы табы мен одақ құруы қажеттігін атап көрсетеді. 1963 жылғы 19 октябрьде үкіметке жеке меншіктегі кәсіпорындарын национализациялауға право беру туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша үнді, қытай, пакистан және бирма капиталының қарауындағы толып жатқан өнеркәсіп және сауда орындары национализацияланды. Жеке меншік капиталдың жаңадан кәсіпорындар ашуына тыйым салынды.
Ревсовет пен Бирма үкіметі халықаралық саясат саласында шет елдермен бұрынғы қарым-қатынасын бұдан былай да үзбейтіндігін, сыртқы саясатының негізгі бағыты, тәуелсіз ел болып жарияланған күннен бастап Бирма мемлекетінің бұлжытпай жүріп келе жатқан сара жолы – бейтараптық саясатын бекем сақтайтынын мәлімдеді. Шет елдерде болсын, Бирманың өз ішінде болсын жаңа үкіметтің жүргізіп жатқан басты-басты экономикалық маңызы бар шаралары жөнінде әрқилы, һәм біріне-бірі қарама-қайшы пікірлер көп кездеседі. Әрине, бұл түсінікті де. Мәселен, Батыстың баспасөзі, ең алдымен американ, ағылшын және Батыс Германия баспасөзіне Вин үкіметінің жүргізіп жатқан маңызды шараларын өздерінің жек көретінін жұртшылықтан жасырмайды, ол шаралардың маңызын төмендетіп, өңін айналдырып, сұрқын қашырып, құбыжық етіп көрсетуге құмар. Оларға маошыл қытай баспасөзі де өршелене қосылды. Оңтүстіктегі көршісінің ешкімге тәуелсіз, өзінше дербес тиянақты саясат жүргізуге бел байлағанын көріп, қытай ұлтшылдары оны өз ықпалына бағындыру үшін тағы бір әрекет жасады: 1967 жылы Пекин «мәдени революцияны» бирман топырағына да апарайық дегенді айтты. Бірақ одан ештеме шыққан жоқ. Маоцзедундық үгіт-насихат аппараты монополистерге қызмет етуші баспасөз органдарымен ауыз жаласып, өсек пен өтірік, жауыздық пен зұлымдық отын өшіріп, ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлеріне жала жабуға дейін барып отыр. Өткен жылдың февралында Пекин хунвэйбиндері таратқан кітапшада «кертартпа қара бандалар» қатарында ең алдымен Бирма Ревсоветінің председателі генерал Не Винді атаған. 1969 жылы бірнеше айдың ішінде ұзындығы төрт мың километрдей созылатын қытай-бирма шекарасында жиырмаға жуық қарулы қақтығыс болды және екі жақтан жүздеген адам шығынға ұшырады. Бирмада қоғамдық-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолында кейбір қателіктер мен ағат кетушіліктер болғандығы рас. Бірақ бұл қателіктер Бирманың ұлттық баспасөзінде ашықтан-ашық сынға алы нып, қателерді түзетудің жолдары, қатерлі өткелдерден өту әдісі көрсе тіліп отырды. Жаудың үгіт-насихат орындары Бирма еліндегі болған кей бір қиыншылықтарды пайдаланып, дұшпандық ниетпен соны әсірелей даурықтырады. Шынында бұл елдің халі қандай? Осыдан алты жыл бұрын жария ланған қоғамдық-экономикалық үлкен өзгерістердің қорытындысы қандай дәрежеде? Қазіргі уақытта бір шетінен екінші шетіне дейін мың километрден астам Төменгі және Жоғарғы Бирмада бірде-бір шетел фирмасын кездестірмейсіз. Олар келмеске кетті. Бұдан былай Бирма жерінде шет ел монополияларына, болмаса, аралас өндіріс орындары деп аталатын олардың филиалына ешуақытта жол берілмейді. Бұл өте маңызды іс. Бирмада шетел капиталының экономикалық тірегі түбірімен жойылды.
Өнеркәсіп орындарының бәрі де мемлекет меншігінде. Кейінгі кезде аз уақыттың ішінде өнеркәсіп, сауда, финанс орындарында билік түгелімен мемлекеттік сектордың қолына көшті. Қазір өнеркәсіп шығаратын өнімнің 40 проценті, ал соның ішінде тау-кен өндірісінің небәрі 20 проценті ғана жеке меншік секторға тәуелді. Бірақ капиталистердің жеке меншігінде қалған өндіріс орындары мемлекеттік бақылауға алынып, оларға жыл сайын дүркін-дүркін үстемелі мол салық салынып отырады. Бирмада қабылданған заң бойынша жұмысшылардың еңбек етуге, тынығуға, білім алуға, әлеуметтік қамсыздандыруға правосы бар. Ал әр жұмысшыға жүктелген міндет: социалистік тәртіпті сақтау, өндіріс құралдары мен өнімдерін сақтау, еңбек өнімділігін арттыру, социалистік өркендеу жоспарын орындау. Бирмада еңбекшілердің социалистік жарысы ұйымдастырылған. «Үлгілі жұмысшы», «Социалистік Еңбек Ері» деген атақтар, еңбегі үшін берілетін наградалар мен сыйлықтардың түртүрі белгіленген. Жұмысшы табы мен үкіметтің арасындағы жаңа қарым-қатынастар – бұл елде жүріп жатқан тап күресінің саналы түрлерінің бірі болып саналады. Бұл – революциялық Советтің халықтың еңбекші бұқарасының барлық топтарымен байланысы бұрынғыдан да нығайғандығының айғағы. 1968 жылы дүниежүзі баспасөзінде: «Рангун астрологтары Юпитер жұлдызына қарап, жақында Бирмада үлкен өзгеріс болатынын болжап біліпті-міс» деген лақап тарады. Анау-мынауға сене қоймайтындар: «жұлдыз санаушылар мұны Юпитерден білді ме екен, әлде жердегі жағдайдан білді ме екен» деген күдік те білдірді. Ал, жердегі жағдай ол кезде мәз емес болатын. Мәселен, электр шамын сатып алу үшін арнаулы рұқсат керек еді. Аса қажет деген заттарға: күріш, пияз, бұрыш, бұршақ, мата және басқа бұйымдарға норма тағайындалды. Генерал Не Вин мұның бәрі сауда мен өнеркәсіпті национализациялауға байланысты туып отырған қиындықтар деп түсіндірді. Национализациялауды ол жолбарыс үйретумен бірдей деп бағалады, үстіне бір мінген соң, құйрығынан мықтап ұстап ал да айрылма. Шынында да не кадр, не қаражат, не қатынас құрал дары, не жабдық жетпей жатқан және ұзақ уақыт басқыншылардың отары болғандықтан жалпы мешеу қалған елде национализация сияқты шұғыл шараның еш кінәратсыз өтуі мүмкін емес еді. Алайда бұл қиындықтар уақытша нәрсе, сондықтан бирмандықтар оған онша мойыған жоқ. «Мен өмір бойы социализмге сеніп келем», – деп мәлімдеді генерал Не Вин. Осынау жарқын үміт, үлкен сенім тірексіз емес. Шыбық шаныссаң орман болатын осынау жерұйық «алтын мұнаралар елі» қазір өзінің басқа көршілеріндей шаруашылық немесе әлеуметтік проблемалардың қымқуыт қайшылықтарына тап болып отырған жоқ, оған таянған қауіпқатер де шамалы. Қиындық атаулыны Бирма артқа қалдырды. Күнделікті тауқымет қаншама көп болғанымен, қазір бирмандықтар Оңтүстік Азия мемлекеттерінің бірде-біріне қызыға қарамайды, өйткені олар өз елінің нағыз-тамаша тарихы енді ғана басталды деп есептейді.
Бір тамашасы, еңбек адамы мұнда өзін өз елінің қожасымын деп танып келеді. Сыртқы сауда толығымен национализацияландырылды, ал ішкі саудаға мемлекет тарапынан бақылау қойылған. Ел ішінде мемлекеттік магазиндер жүйесі құрылған, деревнялар мен қалаларды халыққа керек бұйыммен қамтамасыз ету үшін кооперативке қажетті жағдай жасалып отырады. Бирманың мемлекет басшыларының айтуына қарағанда, жақын уақыттың ішінде қала мен деревня арасындағы зат алмасу ісінің негізі мемлекеттік және кооперативтік сауда болуға тиіс. Банктердің бәрі де мемлекет қолына көшкен. 1964 жылғы жүргізілген ішінара ақша реформасының нәтижесінде, ірі және орта буржуазия қаражатының көпшілігі мемлекет қорына алынды. Бирма 1966 жылдың аяғында стерлинг бақылауынан босанып шықты, соның нәтижесінде оның алтын және валюта қоры едәуір нығайды. Бирмада жүргізілген қоғамдық-экономикалық өзгерістер ірі және орта ұлт буржуазиясының позициясын өте әлсіретті де, ұлттық байлықтарды шетел монополистерінің билеп-төстеуіне, аяусыз талан-таражға салуына бірден-бір тыйым салынды. Менің Бирма еліне барып қайтқаныма талай уақыт өтіп кетті. Одан бері мен өз еліміздің де, шет елдердің де талай жерлерінде болып, көпті көрдім. Бірақ сонау тропикалық мұхиттың жылы суы жағасын жуып жатқан, қызықты думанға толы, табиғатқа бай елдің тамаша сұлу көрінісі, кейінгі кезде көрген қат-қабат оқиғаларға көміліп қалмай, менің көңілімде әлі де болса сән-сағатты күйіндей берік сақталып, ұмытылмайтын із қалдырды. Жуықта газет материалдарын қарап отырып, «1968 жылдың көктемінде Рангун қаласының маңындағы өте әсем Инья көлінің жағасында аса бағалы асыл тастардың көрмесі ашылды. Ол қазіргі уақытта дәстүрлі халықаралық көрмеге айналды» деген хабарды оқыдым. Бирманың мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы төрт жыл бойы өз жерінің бай қазынасы – асыл тастарды сатып, орасан мол табысқа кенеліп отыр. Бирма елінің бұл тамаша байлығы, міне төрт жылдан бері шетелдік және жергілікті саудагерлердің құлқыны үшін емес, халықтың мұң-мұқтажын өтеу үшін қызмет етіп келеді. Иә, қисапсыз мол байлық өз иесіне – бирма халқына қайтарылды. Бирманың шетел сауда корпорациясының бастығы У Ко Ло мырза өзінің бір сөзінде: «Бұрынғы уақытта біздің Бирма жерінің асыл тастары «Оңтүстік теңіздердің асыл тастары» деген жалпы атпен шетелдерге шығарылып сатылатын еді», – деді. Әңгіме асыл тастарда ғана емес. Ең бастысы, бирма халқы өз тағды рына өзі қожа болып, туған елінің зор қиыншылықпен қол жеткен тәуел сіздігі мен бостандығын сақтап қалды. Бирма елі жыл санап, күн санап жаңарып, ұлылы-кішілі қиыншылықтарды жеңе отырып, қоғамдықәлеуметтік прогресс жолында қажымай-талмай алға басып барады. Олар өз келешегіне сеніммен қарайды. Өмір көркейіп, өңір гүлдене береді.
КАНАДА ДИДАРЫ І Д үние шіркін қазіргі заманда қым-қуыт қайшылықтарға толы екені кімге болса да белгілі. Содан да болар, жер шарының бір шетінде қанды қырғын, кескілескен шайқас енді басыла бер генде, екінші бір шетінде бұрқ еткен өрт және шыға келеді. Ақыл-ой мен техниканың күллі қол жеткен табыстарын сарқа жұмсап, адамдар бірінбірі жанталаса құртып жатады. Солай бола тұрса да, осынау беймаза планетамыздың, дүбірлі дүниенің табиғи тума қасиеті бейбітшілік болса керек. Адамзат долданып-долда нып алып, бір кезде өз кінәсін өзі жуғысы келгендей, әйдай кеп ғаламат сауық-сайран, той-думанға күмп беріп енеді де кетеді және сән мен салтанат дегенде қолынан келмейтіні, ойлап таппайтыны жоқ. Адамның жайратымпаз емес, жасампаз екенін сонда ғана ұққандай боласыз. Осынау мереке-мейрам, өнер мен рух фестивалі әлемнің бөгесін атаулыға бой бермей бұлқына алға тартып, өзінің парасат биігіне үздіксіз өрлеп бара жатқанына, қазіргі қиындықтар қаншама сұрапыл болса да, түбі қайырлы, таңғажайып ұлы болашақ алдымызда жайнап тұрғанына даусыз дәлел бола алады. Брюссельдегі дүниежүзілік көрме де менің есімде осындай қасиетімен қалып еді. Қазақстан делегациясының құрамында Монреаль ға мына бара жатқан сапарым да сондай әсер қалдырса керек. «Ат баспаған жерін үш басады, ер көрмеген жерін үш көреді» – дейді қазақ. Міне, Канадаға да келіп қалдық. Дүниежүзілік бұл көрме Брюссельдегіден, әрине, көш ілгері болады ғой, адам баласының ілгері лей, мәртебелене түскенінің айғағы болғай деймін мен ішімнен. Монреаль қаласында 1967 жылдың жазында Бүкіл дүниежүзілік көрме (ЭКСПО-67) болып өткені баршаға мәлім. Сол көрмеде Қазақ ССР-ның апталығы да болды. Оның үстіне сол жылғы 9 июль біздің республикамыздың күні болып белгіленді. Бұл апталыққа Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Сабыр Біләлұлы Ниязбеков басқарған үкімет делегациясы аттанды. Он адамдық делегациямен бірге Монреальға қазақ өнерінің он жеті көрнекті қайраткері де барды. Бұлардың қатарында СССР Халық артистері Роза Бағланова,
Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Ришат Абдуллин болған еді. Июль айының басы. Күн ашық. Аспанда ақ мақтадай ұлпа бұлттар қалықтайды. Арасы алшақ қонған өңшең ақ үйлерге ұқсайды. Шілденің ыстық күні төбеден нұр шашып күлімдейді. Сағат 11-ден 10 минут өткенде ТУ-114 самолеті жерді сыза барып, пәрменімен ілгері қарай зырылдай жөнелді де, бірден аспан кеңістігіне шырқай көтерілді. Ол енді аспан әлемін қақ жара батысқа қарай самғады. Жолға шығатын түні шытырман ой торлап, сапардың алыстығы да, бейнеті де, қауіп-қатері де көңілге үйіріліп, ұйқым шала болған. Осыдан бес-алты ай ғана бұрын сынған аяғым Канададағы үрдіс көп жүріске жарамай қала ма деген күмән да жаныма батты. Әдейілеп шетелге барып, аяғыңды қомдап, қонақ үйде көзің бақырайып отырып қалсаң, одан өткен қорлық бола ма! Көбінесе осыны ойлаймын. Ойға батқан күйімде жағымды таянып, көктегі табиғат суретіне көз суардым. «Бір кезде: «Ой түбінде жұмақ бар, жүре берсең барарсың», – деген қазақ мақалы есіме түсті де, өз-өзімнен жымидым. Жымиятыным: әрине, мен жұмақ іздеп бара жатқан жоқпын. Менің дана халқым: «жұмақ – әркімнің өз Отаны» деген сөзді құлағыма бала күнімнен сіңірген болатын. Менің ойлап тапсам деп отырған «жұмбағым» сынған аяққа сыр білдірмеудің қамы. Түс мезгілі. Самолетіміз Стокгольм, Осло қалаларынан көктей өтіп, аққан жұлдыздай зымырап келеді. Москва мен Монреаль арасы 7 350 километр шамасы екен. Біз мініп келе жатқан ТУ-114 самолетінің осыншама ұзақ жолға қонбай ұшуға бет алған сапары осы жолы ғана болса керек. Самолет экипажы да өте тәжірибелі адамдар болып шықты. ТУ-114-тің ішкі сарайы кең. Жолаушыларға өте қолайлы. Бел ортасы тұсында әр біреуі үш адамға лайықталған бөлек-бөлек төрт салон бар. Онда шаршаған кісі кәдімгідей шешініп жатып дем алады. Дем алып жатып, қазақ данышпаны Жирен ше айтқан: «Өз үйім, өлең төсегім!» деген даналық сөз еріксіз еске түседі. Жиренше туған жерінде қалқиып тұрған жыртық лашығын мадақтаған. Сен туған елің жасаған самолеттің жайлылығына сүйсінесің. Жолаушылар алуан түрлі әңгіме айтып, әзіл-қалжыңдары жарасып, ойын-күлкімен жол қысқартып келеді. Бибігүл мен Розаның күміс тей сыңғырлаған назды күлкісі, Ермек пен Ришаттың келісімді қал жыңы құлаққа жылы, көңілге жайлы тиеді. Бүкіл ауылымыз көшіп келе жатқандай мәзмейрам күйдеміз. Айдалада қалған адамның сүйегіндей ұп-ұзын болып қуарып сұлап жатқан Гренландия жерін де басып өттік. Атлант мұхиты. Тотияйындай көкпеңбек су. Аспан да, мұхит та көк. Мұхитта аждаһадай асау толқындар жөңкіле сапырлысып, қырат-қырат болып қырылысып жатқанға ұқсайды. Бірақ ылғи біркелкі көрініс. Самолет қанатының астынан көрініп қалып отыратын аралдардың кейпі жүдең: күйген терідей бырысып, қоңырқай тартқан, қошқыл, сұрғылт.
Сүреңсіз көріністер адамды тез жалықтырады. Ал анау мұхит бетінде шө гіп жатқан ақ бураға ұқсайтындар мұз таулары – Мұзды мұхит сымбаты. Жарты тәулікке созылған ұшу сапарымыз аяқталып, ұшқыр ТУ114 Монреальға таяна берген түс әлетінде мен делегациямыздың басшылары, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі С.Б.Ниязбеков пен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретары С.Н.Имашев келе жатқан салоннан шығып, самолеттен түсу қамына кірістім. Менің көршім Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті Ш.Е.Есенов алдыңғы креслоның иығына іліп қойған костюмін алып киді. Жұрт жайраң қағып, жерге түсуге ыңғайланып жатыр. Бірақ осы бір жаймашуақтан мен ғана мақұрым қалдым. Өйткені Москвада бізге індетке қарсы еккендігі туралы сертификат-куәлік берген. Ойда жоқта менің куәлігім жоқ боп шықты. Жанталасып ана қал тамды бір, мына қалтамды бір ақтардым. Сертификат ұшты-күйлі жоқ. Ал сертификатсыз менің Канада жеріне аяқ басуым неғайбыл, ең кем дегенде едәуір уақыт карантинге отырғызып қояды. Қай жерде болсын бұл тәртіп қатаң сақталады, ешкімнің бет-жүзіне қарап, жеңілдік жасау деген болмайды. Ал бірақ Москвада самолетке отырарда осыны алдын ала ойлап, шайтан алғыр сертификатты оңай жерде тұрсын деп төс қалтама әдейі салып қойғаным айдан анық! Сонда ол қайда кетуге тиіс? Менің шығасыға ұшырағанымды біліп, Қазақстан делегациясының мүшелері мені ал келіп әжуаласын. Жұрттың бәрі алшаң басып көрме лерді аралап жүргенде, менің карантинге қамалып, әуре-сарсаңға түсетін халімді суреттеп, зәремді ұшырып жатыр. Шек-сілелері қатып, даурыға күледі. Ауыл-аймағымен жазғытұрғы жайдарман шақта көшіп бара жатып, көңіліне көктем нұры ұялаған жігіттер мен қыздар көрінген нәрсеге дәл осылай жамыраса шаттана, шалқалай күлер еді. Сертификатым табылмас деген ойда жоқ, жұрт күлгенге мен де күліп жатырмын. Бірақ жоғым ұштыкүйді жоқ қалпы. Самолет болса, қонайын деп айнала қалықтап келеді. «Ораза-намаз тоқтықта» дегендей, тығырыққа енді таяндым. Күлкі деген былай қалды. Артистка Роза Жаманова мен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас инженері Сауық Тәкежанов мені аяған боп жатыр. Аяғанмен қолдан келер шара қайсы. Алайда мен карантинге түспейтін болдым. Тіпті сасатын дәнеме жоқ екен. Менімен көрші отырған Шаһмардан қарсы алдында қатар ілулі тұрған түрі-түсі, размері бірдей екі костюмның қайсысы өзінікі екенін аңғармай, менікін киіп алыпты да, тексеруге менің сертификатымды әзір ұстап отырыпты. Ресми тексерісте ойда жоқта туған бұл оқиғаға, әрине, жұрт тағы да ду күлісті. Әйтеуір бәрі де ретіне келіп, сәтті аяқталды. Бәріміз де Канада жеріне шат көңілмен қондық. Сертификаттың әуресі қайта жақсы болды ма деймін, өйткені соны іздеп әуре болып жүріп, самолеттің сонау биіктен төмендеп келіп қонар кезінде болатын жүрек
өрекпуін аңғармай да қалдық. Он екі сағат ұшып, Москвадан Монреальға жеттік. Аспан айналып жерге түскендей қапырық. Тымырсық, дымқыл ауа тынысыңды тарылтып, ішкі сарайыңды жылымшы буға толтырып, берекені қашырып, тұншықтырып барады. Аэровокзалда ұзақ аялда мадық. Монреальға бірден жүріп кеттік. Жүйрік машиналар лезде Бодри көшесіндегі қызыл кірпіштен салынған екі қабат жұпыны ғана үйдің алдына келіп тоқтай қалды. Машинаның есігін ашып, жерге аяғымыз тиер-тиместе-ақ жан-жақтан, жамыраған қозыдай қаптап келе жатқан ұсақ балаларды көрдік. Олар бізді айнала қоршап алды да, қолдарын жайды. – Мосье, медаль, мосье, медаль! – деп шу-шу етеді. Біз басында бала лардың не сұрап тұрғанын түсіне қоймай, аң-таң болып аңырып қалып пыз. Бұл жерде менің ойыма қазақтың «ел-елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» деген мақалы түсті. Келген қонақтарды ел алдымен «Мосье, медаль» деп балалары қарсы алатын дәстүрі бар елдің де болғаны ғой... Іске тілмаш араласып, балалардың не сұрайтынын сол баяндады: – «Мырза, ескерткішке значек беріңіз», – деп тұр бұл балалар. Баламысың деген осы-ау деп күлістік біз. Шаһмардан Есенов екеумізге қонақ үйден бір бөлме тиді. Бөлмесінің еңсесі жоғары, қос терезелі, жарығы мол. Төр жақта биік, іші кең тоңа зытқыш тұр. От тұтататын үш ауызды электр пеші бар. Қабырғаға орнатылған шағын ғана ақ шкафтың іші толы ыдыс-аяқ. Шай қайнатып ішетін шәйнегі де бар. Бірақ біз бұның бірде-бірін пайдаланғанымыз жоқ. Өйткені тамақты асханадан іштік. Босағада жуынатын бөлек орын бар, онда душ қабылдауға да болады. Бұл үйді біздің павильон басқармасы тәулігіне төсек сайын 12 доллар төлеп жалдап алған. Екі төсекке күніне 24 доллар, ал айға шағып есептегенде, осы бір кішілеу ғана бөлменің бағасы 720 доллар болып шығады. Осы тұста қымбатты оқушылардың есіне сала кететін бір жай бар. Канада Сенегал емес, бұл аты ежелден белгілі, кең аймақ. Ол – алуан-алуан ерекшеліктері мол, қайшылыққа толы, даму-өрлеу заңдары қым-қуыт қиын өлке. Техникалық және мәдени дәрежесі жағынан капиталистік мемлекеттер арасында алғы топта келе жатқан Канада елін өзіміз болған он күннің ішінде жан-жақты зерттеп, толық білу мүмкін емес. Сондықтан мен сіздерге бұл ел жайында мол мәлімет бермек емеспін. Мен, қолдан келгенше, көрген-білгенім, алған әсерім жөнінде ғана әңгімелемекпін. Келген күні шаршадық деп жатып алмай, түскі астан соң Монреаль қаласын аралауға кеттік. Бізді бастаған адамның айтуына қарағанда, Монреаль қаласында 2,5 миллион халық тұратын көрінеді. Қала тұр ғындарының жартысынан көбі француздар екен де, қалғандары – ағылшындар. Сондықтан да қала француз, ағылшын бөлегі болып, тайға таңба басқандай, екіге бөлінеді. Ағылшындар орналасқан бөлекте көп қабатты, аспандап кеткен зәулім биік үйлер мол. Қазіргі Европа
қалаларының сипаты мұнан да байқалады. Көшесі де таза, жай қыдырып жүрген некен-саяқ балалар болмаса, бостан-босқа ермекпен жүрген ешкім көзге шалынбайды. Киім киістері де ерекше сияқты көрінді маған. Сауда орындары да қазіргі заманның қалың, жалпақ шынылы, жарығы мол ұзын-ұзын залдарына орналасқан. Көп мүйістерінде дүкендер, магазиндер, шағын киоскалар, сусын, тағам өрелері орналасқан. Бір ғажап нәрсе: үлкен-үлкен магазиндерінің өзінде сатып алушы адамдар жоқтың қасы. Әр жерде шашыраңқы ғана некен-саяқ адамдар байқалады. Іші пысып, бостан-босқа жұмыссыз қолын қусырып отырған сатушыларды көресің. Олар келген адамның асты-үстіне түсіп, бұйымдарын алдына жайып салып, шала бүлініп, әбігерленеді де қалады. Оларға қалайда болса өтпей тұрған заттарды өткізу керек. Монреаль қаласының француздар тұратын бөлегі көбінесе қызыл кірпіштен салынған екі, болмаса үш қабат үйлер. Екі не үш қабат үйлердің сыртқы есіктері тура көше жақта болады екен. Әрбір жеке пәтерге қарай бөлек-бөлек басқыш жасалған. Бір күні көшеде келе жатып, алдымнан қарсы шыға келген жүзі жылылау қала тұрғынының біреуінен тілмаш арқылы: – Ғапу етіңіз, мырза, бір сұрау қоюға бола ма? – дедім. – Егер сұрауыңыз маған таныс бір нәрсе туралы болса жауап беруге болады. – Екі, үш қабат шағын-шағын тұрғын үйлердің басқыштары үйдің сыртқы қабырғасына жапсыра, көшеге, болмаса, қораға шығарыла са лыну себебін айта аласыз ба? Ол түсіндірген болды. Басқыштарды көшеге шығарумен, әр қабат тағы үй иелері бір, болмаса, екі бөлмеге тұрғын үйдің ішкі адам тұрарлық көлемін кеңіте алады деген сөз. – Олай болса, маған түсінікті. Басқыш дәлізде болса, пәтер үйдің көлемі кішірейеді. Үй иелері пәтер ақыны да кем алады. Бірақ далаға шыққан басқыштар қаланың сыйқын бұзып тұрған жоқ па? – Жер – үй иесінікі. Сондықтан қайдан есік шығарам десе де ерік өзінде емес пе? «Бұл қалай да ақша табуға құнығып алғандардың есебінен туған ғой» деп оймен біз әлгі француз жігітіне рақмет айтып, көшені бойлап жүріп кеттік. Келген жолаушылардың көзіне тез түсіп, ерсі көрінетін бір жәйт – қала тұрғындары жуылған кірлерін көше жақтағы терезесінің алдына іледі екен. Оның мұнда ешқандай сөкеттігі де, ұяттығы да жоқ. Осы бір жерде менің ойыма: «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген қазақ мақалы түсті. Қаланың тұрғын жайы жеке үй қожаларынікі болғандықтан, үйлердің көшеге қараған сыртын алуан түрлі бояумен – қарамен де, көк, қызыл, сары, сұр, жасыл, тағы басқа сол сияқты түрлі-түсті бояулармен де сырлай
берген. Үйлердің алапес-алапес болып көрінуі өздеріне ерсі де, ұят та емес. Үйреніп кеткен. «Үш күннен кейін дозаққа да үйренеді» деген емес пе! Бұл өзі тек шеттен, тосын келген адамдардың көзіне ерсі көрініп-ақ тұр. Тіпті бұл қаланың сыйқын да бұзып, көркін де кетіріп тұрған сияқты. Монреаль қаласы жөнінде кейбір жиған-терген, көрген-білген, естіген жәйттерді айта кеткенді жөн ғой деп ойлаймын. Монреаль – Канада елінің Квебек провинциясының ең ірі қаласы ның бірі. Қала көлемді, жалпақтығы да кең, төсін күнге тосып жатқан ірі аралға орналасқан. Монреаль қаласының қақ ортасындағы МонтРояль шыңының биіктігі 200 метрдей. Шыңның етегінен бастап айнала қоршаған бау-бақша. Таудың төбесіне дейін шыр көбелек айналдыра салған машина жүретін асфальтты жол. Жаяу адамға арналған тілдейтілдей жолдар жыланша ирелеңдеп тау төбесіне қарай өрлеп жатыр. Қара құрттай қайнаған адам. Монт-Рояль шыңының төбесіне шығып, жанжаққа көз жіберіп қарасаңыз, Монреаль қаласын дәл алақанда тұрғандай сезінесіз. Қаланы қақ жарып ағып жатқан Әулие Лаврентий өзені. Сент-Джейс-Стрит көшесіндегі зәулім-зәулім биік үйлерде толып жатқан банктер, қауіпсіздендіру компаниялары, сауда және өндіріс фирмалары орналасқан. Шыңның дәл түбінен басталатын Сент-Катерин көшесінде ең басты сауда орындары. Біріне-бірі іркес-тіркес тығылыса тұрған толып жатқан магазиндер. Монреаль қаласының сыртқы көрінісі Америка Құрама Штаттарының көп-көп қалаларына ұқсас. Монреаль – Канаданың мәдени орталықтарының да бірі. Мұнда екі университет, бірнеше театр, музейлер, Канададағы өте күшті телевидение және радиостанциясы бар. Монреаль – көптеген өнеркәсіп орындарының да орталығы. Мұнай, электроэнергетика, тамақ, мебель жасайтын кәсіпорындар және Кана даның жеңіл өнеркәсібінің жартысынан астамы осында орналасқан. Бұл қаланың экономикалық жағынан өсуіне жолдары да өте қолайлы себеп болған. Әулие Лаврентий өзені қаланы Канаданың басты көлде рімен және Атлант мұхитымен су арқылы жалғастырады. Мұхитта жүзетін зәулім кемелер бәр-бәр жерден келіп, ерсілі-қарсылы ағылып жатады. Қаланы ірі-ірі екі темір жол кесіп өтеді. Бұл екеуінен сыртқары және төрт темір жол тоғысады. Сол темір жолдардың біреуі Нью-Йорк қаласы мен Монреальды байланыстырады. Монреальдан Канаданың орталығы Оттава да темір жол арқылы алыс емес көрінеді. Келген күні Монреаль қаласымен таныстық та, ертеңінде дүниежүзілік көрме ЭКСПО-67-ге жүріп кеттік. Біз мінген машина да ине шаншарға жер жоқ дерлік қалың машина нөпірінде суда жүзген қайықтай есіп келеді. Біз Әулие Лаврентий өзенін көлденең кесіп өтетін Саке Картие деп аталатын еңсесі биік, енді келген көпірдің үстіне шықтық. Көпірдің екі жағында да, ерсілі-қарсылы аққан жұлдыздай боп, алуан түсті машиналар жүйткиді. Жүрістері де сонша шапшаң. Біздің машина қарсы беттегі өзен жаға
сына шықты да, бірден оң жаққа бұрылды. Сөйтті де, асфальт төселген тастай тілім-тілім боп жатқан жолмен безілдете жөнелді. Біз дүниежүзілік көрменің төскейіндегі кең алаңға тоқтадық. Байқап қарасам, көрмеге келген саяхатшылардың бәрі де осы бір жерде түйісіп, кездеседі екен. Әулие Елена аралынан Нотр-Дам аралына өтетін көпірдің үстінде қара құрттай құжынаған қалың топтың арасында келеміз. Иін тіресе келе жатқан халықтың сөйлеген сөздеріне құлақ салып тыңдасам, дүние әлемінің барша-барша жерінен жиналған саяхатшылардың үндері де, өңдері де, тілдері де басқа-басқа. Бұл маған өздері ғана ұғып, басқаның ұққанында, ұқпағанында жұмысы жоқ дүрмек, тобыр болып көрінді. Сонда маған алдымыздағы осынау алып көрме дүниежүзіндегі алуан түрлі кісінің түр-түсіне, дүние тануына, саяси бағытына, тілінің түрлітүрлі болуына, елінің әр басқа мемлекеттік құрылысына қарамастан, барша адам баласын бір сағада тоғыстырып, дидарластырып жатыр-ау деген ой келді. Бұл саналуан адам дариясы, егер сонша халық соғысты болдырмаймыз десе, құдіреті жететіндігіне де кәміл сенуге болады ғой деп түйдім... Енді міне, Нотр-Дам аралында келе жаттық. Алдымызда жарқын жүзді саяхатшыларға құшағын жайып: «Келіңдер менің саяма, кең сарайыма, көре кетіңдер совет халқының елу жылдағы жетістіктері мен табыстарын!» дегендей еңсесі биік Совет павильоны тұр. Павильон алдында СССР-дың он бес Советтік Социалистік Республикасының жалаулары желбірейді. Олардың ортасында совет азаматтарының көзіне ыстық, жүрегіне жылы СССР Қызыл туы. Ол: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деп әлемге атой салып тұрғанға ұқсайды. Совет павильонының көрме саяхатшылары үшін ашылатын кезіне әлі де болса бір сағат мөлшеріндей уақыт бар еді. Көруге келген адамдар саны тіпті қисапсыз. Екі-екіден, үш-үштен қаз-қатар болып кезекте тұрған мыңдаған жұртты көресің. Үш-төрт километрге созылған кезектегілер тура сағат он болғанда теңіздей толқыды. Павильонның бірінші қаба тына халық төмендегі орталық есіктен кіре бастады. Ал, жоғарғы үшін ші қабаттан бастап көрем деушілер көрме үйінің алдыңғы қабырғасына жапсырыла салынған электр күшімен жүретін айналмалы басқышпен (эскалатормен) көтеріліп, павильонның екінші қабатына шығып, әркім өз көңілі сүйген жағына қарай кетіп жатты. Дүниежүзілік көрмеге дайындық кезінде Совет павильонын орна ластыру үшін Әулие Лаврентий өзеніндегі Нотр-Дам аралының дәл өкпе тұсынан арнайы кішілеу ғана арал жасалған. Сол аралда төбесі шығыңқы, шықшытты келген Совет павильонының сыртқы көрінісінің өзі адамның көзін тұндырады. Біз сол күні Монреаль қаласының мэріне барып сәлемдесіп, қаланың құрмет кітабына қонақ есебінде қол қоймақ болдық. Қала бастығына ескерткіш ретінде сыйлық апаруға тиістіміз. Бірақ оған Алматыдан арнайы алып шыққан сыйлығымыз басқа жүгімізбен Ленинград қаласынан
Монреаль қаласына баратын теплоходпен жөнелтілген болатын. Ол теплоход сол көрсетілген уақытында келіп үлгеріпті, бірақ ол күні порт жұмыскерлерінің демалысы екен. Қала бастығына баратын келісімді уақытқа екі сағаттай мерзім қалды. Құр қол баруға болмайды. Берген перде бұзады деген, алғанды кім жек көрсін!.. Апарғанымыз өте жақсы болар ау! Біз алдымен көрменің Қазақстан бөліміндегі әртүрлі бұйымдарды көріп, кіші-гірім сыйлыққа тартуға жарайтын зат іздемек болдық. Ондай заттар бар да екен. Біздің делегацияның мүшесі, Талдықорған облысы, Партияның XXІІ съезі атындағы колхоздың председателі Қасым Асанов көрменің Қазақстан бөліміндегі жеңіл өнеркәсіп орындары өндірген бұйымдарын қарастыра келіп, көрмеден қазақтың текеметін көрді. Текемет өте тамаша сұлу оюмен безендірілген. Шебер адамның қолынан шыққаны беп-белгілі. Асанов көрменің бөлім бастығынан: – Осы текеметті қала бастығына сыйлыққа тартуға бола ма? – деп сұрапты. – Бұл текемет осы көрмеге келген саяхатшылардың көбін таңдан дырды. Бағасы да өте қымбат. Саяхатқа келіп жүргендердің біреуі: «бір жеңіл машинаның бағасын берейін, сат маған» деп те жабысты. Көрмедегі жұрттың көзін тоқтататын бағалы заттың бірі, сондықтан бұл текеметті қала бастығына беруге болмайды, – депті ол. Қайткенмен, сыйлыққа өзгедей бір бұйым табылды да, сол күні айтылған уақытта біз қала бастығына сәлемдесіп, құрмет кітабына қол қойдық. ІІ Канада корпорациясының мағлұматына қарағанда, ЭКСПО-67 көрмесіне қатынасуға ең алғаш 68 мемлекет келісім берген көрінеді. Кейін, дайындық кезінде, бірнеше мемлекет оған қатынасудан бас тартады да, көрмеге тек қана 59 мемлекет қатынасады. Оның ішінде 17 европалық, 9 азиялык, 25 африкалық мемлекет, 6 американ құрлығының мемлекеті. Социалистік елдерден көрмеге Совет Одағы, Чехословакия, Югославия және Куба қатынасты. Социалистік елдерден Польша, капита листік елдерден Аргентина көрменің интернационалдық павильонын да жеке экспонаттармен ғана қатынасты да, олардың жеке павильондары болған жоқ. Көрмеге қатынасқан мемлекеттердің экспозициясы 40 түрлі ұлт павильондарында орналасқан. Көрмеге қатынасқан Африка мемлекет терінің бұйымдары өздерінің Нотр-Дам аралындағы біріккен павильон дарында көрсетілген. Ал, Дания, Исландия, Норвегия, Финляндия және Швеция экспозициялары Әулие Елена аралында Скандинавия елдерінің біріккен павильондарында орналасқан. Канаданың ұлттық павильонына қосымша Атлантика, Батыс Онта рио және Квебек провинцияларының арнайы павильондары болды. Сол
сияқты Америка Құрама Штаттарының Вермонт, Мейн және Нью-Йорк штаттарының арнаулы жеке павильондары да бар екен. Монреаль қаласын қақ жарып екіге бөліп ұзыннан-ұзақ жатқан Әулие Лаврентий өзені екенін жоғарыда айттық. Бұл ені жалпақ, үлкен кемелер де жүзетін терең өзен дедік. Иірім-иірім болып, бұйраланып ағатын қанды суға да ұқсайды. Ол Атлант мұхитына құяды. Көптеген мемлекеттердің кемелері осы өзеннің Әулие Елена деп аталатын аралына орналасқан дедік. Осы жерде оқушыларға кейбір көріп-білген, таныс болған жәйттерді баяндай кеткен жөн болар. ЭКСПО-67 көрмесіне дайындық кезінде Монреаль қаласының қақ ортасындағы ойпатқа орналасқан 42 қабат қонақ үйінің дәл түбінен бастап дүниежүзілік көрмеге дейін саяхатшылар таситын метро салынған көрінеді. Метроның үш қана станциясы бар. Метроны салдырған қожасы метро салуға шығарған шығынын бір айдың ішінде-ақ өндіріп алды деседі білетін жұрт. Алса алған да болар, өйткені метрода сеңдей соғылысқан адам. ЭКСПО-67 көрмесінің ішінде бұдан басқа да саяхатшылар таситын мұнаралы және аспалы жолдар салы ныпты. Бұл екі жолдың екеуімен де жүріп, көрменің бәр-бәр павильонын сырттай көзбен шолып шығуға әбден болады. Павильон аралықтарында шыр айналып жүрген адам таситын толып жатқан вагонеткалар. Па вильон басында кіші-гірім ресторан, асхана, буфет, кафелер бар. Бұрышбұрыштың бәрі әртүрлі сусын, газет-журнал сататын киоскалар, сувенир магазиндері. Олардың ортан белінде біздің Совет елінің де алуан түрлі сувенирге толы магазині бар. Оның ішіне кірсең сувенир заттарының молдығы сонша, көзіңді тұндырады. Сатушыларды да сақадай сайлап алған екен. Шетінен ағылшын, француз тілдерінде сайрап тұр. Ішіне кіріп келгенде, өз Отаныңның ат төбеліндей бір бөлшегіне келіп тұрғаныңды сезініп, кеудеңді қуаныш кернейді. Павильон арасындағы жолдардың бәріне бірдей тақтайдай тегіс асфальт төселген. Топ-топ болып қара құрттай құжынап жосып жүрген саяхатшылар. Әрбір саяхатшыға жеке-жеке жеті күндік мерзімге көк мұқабалы паспорт беріледі екен. Ол паспорт ЭКСПО-67 көрмесіне кіруге, әр елдің павильонын аралауға, көруге ерік береді. Павильон сайын паспортқа виза қойылады. ЭКСПО-67 көрмесінің Бас комиссары саяхатшыларды құттықтап паспортқа қол қойған. Әр паспорттың бағасы 12 доллар көрінеді. Тақырып-тақырыпқа бөлініп дараланған интернационалдық па вильондарға ғылым мен техника және мәдениет салаларының жетіс тіктері шоғырландырыла көрсетілген. Мәселен, «Адам – зерттеуші» деп аталатын павильон мынадай төрт түрлі бөлімге сараланып көрсетілген. «Адам және өмір», «Адам мен планета және космос», «Адам және мұхит», «Адам және мұзды мұхит аудандары». «Адам және өмір» деп аталатын бөлімінде биологиялық зерттеулердің қорытындылары көрсетілген. «Адам мен планета және космос» бөлімін
де адам баласын өзін қоршап тұрған өмірді зерттеуші пионер екені, жер байлығын зерттеуші де, оны өз кәдесіне жарататын да, күн көзін зерт теуші де адам баласы екені баяндалған. «Адам және мұхит» деп аталатын бөлімде адам баласының теңіз байлығын өз пайдасына жаратудағы еңбегі көрсетілген. «Адам және мұз мұхиты» дейтін бөлімдегі экспозиция түгелімен Арктика мен Антарктидаға арналады. «Адам және өндіріс» деп аталатын павильонға сараланып мына бөлімдер енгізілген: «Адам және прогресс», «Адам басқарады». Бұл бөлімдерде адам баласының жер, су байлығын пайдалану жолын, өмірге керекті энергия шығарудың жаңа әдісін зерттеу, осы кезге дейін өмірдің белгісіз жолдарын, арнасын табудың алуан түрлі тармақтанған түрлері көрсетілген. «Адам және прогресс» деп аталатын бөлімде адам баласының еңбекті жеңілдетудің жаңа жолын іздеудегі табыстары, өндірісті автоматтан дыру және механикаландырудағы қол жеткен жаңалықтар көрсетіледі. Ғылыми-техникалық прогресс, бұл салада қол жеткен табыстар ескі мен жаңаны салыстыра көрсетілген. Көптеген жаңа машиналар, аспаптар көрмеге қойылған. Көрменің ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған павильондарында жер-жерде қаулап өсіп келе жатқан адам баласын азық-түлікпен қам тамасыз ету жолдары кең көрсетілген. Ауыл шаруашылығының өсу тарихы ең алғашқы аңшылық қоғамынан басталып, ауыл шаруашылығы ның қазіргі өсу жолына дейін баяндалған. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімдерін молайтудың алуан түрлі жаңа тәсілдері, адам баласының қол жеткен табыстары сараланып кең түрде паш етілген. Бұл павильон «Адам – асыраушы» (Человек – кормилец) деп аталады. «Адам және оның денсаулығы» деп аталатын павильонда ауруды емдеудің алуан түрлі тәсілдері кинокартина арқылы, не толып жатқан көрнекті құралдар арқылы көрсетіледі. Мұнда алуан түрлі медицина техникасы, аспап-құралдар және препараттар қойылған. Мәселен, олардың ішінде адамның өкпесін, қан айналымының жүйесін зерт тейтін, электр күшімен ұйықтататын емдеу аппараттары бар. Медицина пункттерінің, емханалардың толып жатқан жабдықтары, дәрі-дәрмектер де қойылған. Медицина кадрларын дайындау жүйесі, денсаулық орын дарының әр елдегі жағдайы, халықаралық медицина органдарының жұмысы алуан-алуан тәсілдермен сыр шертеді. Сурет, қолөнер, фотография және өндірістік эстетика, бейнелеу өнері мәселелеріне арнайы жеке павильон берілген. Сурет, қолөнер көрмесінде жер шарының әр жерінен әкелген 200 картина қойылыпты. Олар адам өмірінің әр кезеңін, әр дәуірін көрсетеді. Экспозиция тақырыптары адамның еңбегі және адамның дем алуы, адам және табиғат адам және қала болып бөлінеді. Көрменің бұл павильонына 30 мемлекеттің 50 ұлт галереясы қатынасады, оның ішінде Франция
ның Лувр сарайынан 12 еңбек, СССР-дағы Эрмитаждан 12 еңбек ілінген. Рембрандт, Тициан, Пикассо тағы басқа ұлы суретшілердің шығармалары бүкіл павильонға әр, көрік беріп тұр. Әулие Елена аралына орналасқан бейнелеу өнерінің көрмесінде қазіргі заманның бейнелеу өнерінен 50 шығарма қойылған. Австрия, Великобритания, Израиль, Канада, СССР, Америка Құрама Штаттары, Франция және Федеративтік Германия Республикасы сияқты елдердің көрнекті бейнелеушілердің еңбектерінен бір-бір шығармадан әкелінген. Сурет түсіру (фотография) көрмесінде Канада корпорациясы ірік теп алған көптеген елдер фото-суретшілерінің таңдамалы еңбектері тұр. Адам баласының қазіргі өмірінің әр қырын көрсететін осындай 500 сурет көрмеден орын алыпты. «Адам және қоғам» дейтін павильон қала мен адам баласының келешегі деген тақырыпты толықтыратын сияқты. Мұнда адамға керекті жағдайдың бәрі жасалған тұрғын үйлер көрсетіледі. Қаланың ішінде ғана емес, тіпті қаланың сыртында да адам баласына керек жайлар болуы еркін көрсетілген. Әрбір жеке семьяға арналған пәтерлердің өзіне лайықталған бағы бар. Бақ төмендегі пәтердің шатырына орналастырылған. Бұл үйде бір бөлмеден төрт бөлмеге дейін тұрағы бар 20 түрлі 158 пәтер. Ал астыңғы қабатында автогараждар, техникалық қызметке керекті орындар бар. Бұл үйдің жалпы биіктігі 12 қабат. Жоғарыға шапшаң көтерілетін лифт жұмыс істейді. Пәтердің бәріне де көрме істеген мерзімнің ішінде уақытша тұратын адамдар орналастырылған. Ай сайын пәтерде тұрған адамдар 1000 долларға дейін пәтер басы төлейтін көрінеді. Көптеген ұлт павильондарында әр елдің көне тарихынан бастап қазіргі дәуіріне дейін өсу жолын көрсетуге арналған мағлұматтар бар. Мәсе лен, Великобританияның 3000 жылғы өсу жолы көрсетілген. Экономи калық өсуінен жалпы мәлімет берумен бірге, әр елдің өзіне тән шығарған өнімдері көрсетілген. Мәселен, Цейлон елі шайымен көрінсе, Ямайка елі «ром» деп аталатын шарабымен көрінген. Француз павильоны әртүрлі бояулармен безендірілген кітап көрме сінен басталады. Француздықтардың жалпы мәдениет ісіне, оның ең жоғарғы көрінісі – әдебиетке үлкен көңіл бөлетіндігін ерекше көрсет пек болған. Жапония павильонында радио, электроника, кеме құры лысы көрнекті орын алған. Өндірістің осы салаларын көрсету арқылы «Шапақ шашып келе жатқан күн елінің» дүниежүзі елдерінің алдың ғы сапында келе жатқанын көрсетуге тырысқан. Кубалықтар өз елінде болған революцияның нәтижесінде ұлы өзгеріс жасағанын көптеген фотодокументтер арқылы көрсеткен. Өткен кездегі дүние жүзі тарихының ең көмескі беті болып есептелетін құл сатушыларды, аяқ-қолы кісендел ген «қанды бұйымды» көркем арал жиегіне әкеліп плантация қожаларына сатып жатқаны көрсетіледі. Сол құлдардың ғасырлар бойы өз бостандығы үшін үзбей жүргізген күресі дәлелді түрде берілген. Революцияның арқасында, қазіргі заманда
Куба халқының бостандық алып, қанаудан босаған адамдардың еңсесі көтеріліп, еңбегі жанғанын ЭКСПО-67-ге келген саяхатшылар өз көзімен көреді. ЭКСПО-67 бас басқармасының кабинетіне кіріп келгенімізде, бізді ашаң жүзді, құс мұрын, сары шашының самайына қылауланып ақ кіре бастаған ұзын бойлы адам қарсы алды. Ол барлығымызбен де қол алысып амандасты. Павильонның Бас комиссары осы кісі екен. Бізге кабинеттің төр жақтағы бұрышында тұрған жатаған ғана дөңгелек столды айнала қойған жұмсақ орындықтарды нұсқады. Стол үстінде сусын толтырылған шишалар сап түзеп тұр. – Бас комиссар мырза, – деді Қазақ ССР өкімет делегациясын бас қарушы С.Б.Ниязбеков, – сізге Қазақ ССР өкімет делегациясының мүше лерін таныстырып шығуға рұқсат етіңіз! – Бұдан кейін ол қасындағы жолдастарының бәрін жекелеп таныстырып өтті. Бас комиссар мырза алдындағы столда жатқан сигаретаны алып шы лым тартты да, айнала отырған жұртты бір шолып өтті. Содан соң осын дағы канадалық екі азаматты келген қонақтарға таныстырды. Оның біреуі – Бас комиссардың орынбасары да, екінші біреуі – өзінің көмекшісі екен. – Мырзалар, – деді павильонның Бас комиссары, – ең алдымен сіз дерге қысқаша болса да Канада елін таныстырып шығуды дұрыс көріп отырмыз. Оған қалай қарайсыздар? – Оныңыз өте дұрыс, – деді С.Б.Ниязбеков. – Онда сіздер қарсы болмасаңыздар, мен Канада туралы қысқаша ғана айтамын. Канаданың жер көлемі үлкен. 9 миллион 974 мың шаршы километр. 18 миллионнан астам халқы бар. Жеріміздің орманы да, кені де мол, алуан түрлі тағы хайуанаттары да көп, су энергиясының асыл қоры – өзендері де толып жатыр. Аз да болса, Канаданың тарихымен де таныстыра кетейін. Ағылшын мен Францияның арасында жеті жылға созылған соғыстың нәтижесінде 1763 жылы Канада ағылшындар қарамағына көшті. Ол кезде мұнда 70 мың шамасы-ақ адамдар тұрған. Оның 60 мыңдайы француздар болатын. Сөйтіп, XVІІІ ғасырдың аяқ кезінде Канадада екі ұлттың халқы орналасты. Франциялық Канада – қазіргі Квебек провинциясы, ағылшындар Канадасы – қазіргі Онтарио провинциясы. Бертін келе Ұлы Британия Канадаға ағылшындардың көбірек көшуіне жағдай туғызды. Сөйтіп, Канада ашықтан-ашық екі тілде сөйлейтін ел болды. Ағылшын елі Канада жерін түгелімен өз бақылауына алысымен, ағылшындарды Канадаға көбірек әкеле бастады. – Біздің ойымыз толығынан іс жүзіне асты, – деді комиссар қолындағы шылымын өшіріп жатып, жымың етіп, – Канада елінің өсу жолындағы үлкен бір көрнекті оқиға болған 1885 жылы Атлантика мұхиты мен Тынық мұхитты Канаданың жағасымен байланыстыратын трансканада темір жолы салынуы болды. Канада ауыл шаруашылығын өркендетудің американдық капиталис тік өсу жолын пайдаланды. Иесіз жатқан даланы халыққа ақысыз-пұлсыз
бөліп берді. XІX ғасырдың аяқ кезінде Канада астық өндіруде алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетті. XX ғасырдың бас кезінде Америка мен ағылшындардың өндіріс компаниялары ең алғашқы кен шығаратын рудниктер, гидроэлектро станциялар, қағаз өндіріс орындары және металлургиялық заводтар сал ды. Канада түсті металл өндіретін ірі елге айналды. 1903-1918 жылдардың арасында Канадаға 2 миллион адам көшіп келді. Қазіргі уақытта Канада халқының жартысына жуығы ағылшындар да, үштен бірі француздар. Олардан басқа бұл елде немістер, украиндықтар, поляктар, шведтер де тұрады. Канада – өскен индустриялы-аграрлы ел. – Біздің еліміз, – деді, одан кейін Бас комиссар, – капиталистік мем лекеттердің ішінде өнеркәсіп өнімі жағынан алтыншы орын алады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімінің санын адам басына шақ қанда, Канада капиталистік елдердің ішінде тек Америка Құрама Штат тарынан ғана кейін қалады. Жан басына шаққанда, электр қуатын өндіру жөнінен біздің еліміз Американы да басып озды. Канаданың шет елдермен сауда қатынасы жалпы сомасы 20 миллиард долларға жетіп, капиталистік елдер ішінде бұл салада бесінші орынға ие болды. Осы сіздер отырған павильон батыстағы төрт провинцияның бірігіп орнатқан павильоны. Бұл павильондағы көрмені мен сіздерге айтып жатпаймын, – деп Бас комиссар орнынан тұрып, бізді көрмені аралап көруге шақырды. Біз бұл павильонды тамашалауды кітап көрмесінен бастадық. Маған, әсіресе, балаларға арнап шығарылған кітаптары ұнады. Мұқабасы алуан түсті суреттермен әсем безендірілген, көркемделу сапасы өте жақсы. Екінші бір бөлімінде сурет арқылы Канаданың 19 провинциясы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдениет ошақтары, демалыс орындары көрсетілген. «Ағаш және көмір» деп аталатын бөлімінде Канаданың орман шаруа шылығы кең камтылған. Сонымен бірге бөлімде ағаш дайындау, ағаш өндіру өңеркәсібі үлкен орын алған. Павильонның экспонаттарын көріп, әр нәрсеге таңырқап келе жатсақ, бізді бастап түсінік беріп жүрген сол бөлімнің қызметкері: – Мынау – Канада картасы, – деді, соған жалт қарасақ, әлгі «карта» деп тұрғаны тот басқан қаңылтырлар. Соларды бөлшектеп-бөлшектеп жіпке байлап, іліп-іліп қойыпты. Соны Канаданың картасы деп тұр. Біз мұның несі карта деп жауырынымызды қушиттық. Сөйтсек, бұл көрмеге кірген абстракционизмнің салқыны екен. Павильонның сыртында Атлант мұхитының жағасынан 1000 миль қашықтықтан әкелінген үлкен-үлкен түйе тастар қойылған. Сол тастардың ар жағында ЭКСПО-67 ашылған күні үлкен жел қайық жасала бастапты. Белуарына дейін жалаңаштап тастап, жел қайықтың сом тұлғасын құрап
жатқан жұмыскерлер. Бұл жел қайық ЭКСПО-67 жабылатын күні суға жүзуге жіберілетін көрінеді. Бұл павильонда ең көз тартатын, көңілге қонатын нәрсе – тау кенін қазуға, ағаш дайындауға арналған аспаптар. Павильонды көріп болысымен, Бас комиссар біздің делегацияны түскі асқа шақырды. Астың біріншісі – ылғи теңіз жәндіктерінің етінен пісірілген сорпа екен. Ал екіншісі – Атлант мұхитының шаянынан пісірілген «омар» деп аталатын тағам. Канада Англияның доминионы болып есептеледі де Британияның Ұлт Бірлігі одағына кіреді. Мемлекет ағылшын королевасына бағы нады. Генерал-губернатор королеваның Канададағы сенімді өкілі болып есептеледі. Генерал-губернаторды Канада өкіметінің келісімімен ағыл шын королевасы тағайындайды. 1967 жылғы 30 июнь күні Канада елі конференциясының құрылғанына 100 жыл толған мерекесін тойлады. Осы салтанатқа қатысу үшін Канадаға, одан соң Монреаль қаласына біз барардың алдында бес-алты күн бұрын ағылшын королевасы Елизавета келіп кетіпті. Елдің айтуына қарағанда, Елизавета дүниежүзілік көрмені аралап көріпті. Королеваны біз Монреаль қаласынан берілген телевизия хабарынан көріп, сөйлеген сөзін естідік. Қаланың бір жиынында мінбеде тұрып, жазып алған сөзін оқып шықты. Королеваның Монреальға келгенін жақтырмаушылар да болыпты. Кейбір жерлерінде топ құрып, ереуіл жасап, қарсылық білдірушілер де кездескен көрінеді. Ағылшын королевасының Монреальда болғанын, дүниежүзілік көрмеге келгенін айта келіп, комиссар өзінің француздарға наразылы ғын жасырмады. Топ құрып, митинг, демонстрация жасаушылардың ішінен: «Үйіңе қайт!» – деп айқай салып, ұран тастаушылар да болды. Бұл – француз ұлтшылдарының әрекеті екендігінде сөз жоқ дегенді айтты. Көзімен көрген адамдардың айтуына және жергілікті газет хабар ларына қарағанда, бұл ереуілді басу үшін полиция және жергілікті үкімет орындары араласқан көрінеді. – Бұл адам айтқысыз оқиға болды! – деп Бас комиссар болған оқиғаны көтеріңкі, ашулы дауыспен айтты. Комиссар француздарға деген өзінің өшпенділік сөзін айтып салды да, қолын бір сілтеп тоқтады. Біз шиеленіскен қызу әңгіменің арнасын басқа бір жаққа бұру үшін, Бас комиссарға арнап әкелген сыйлығымызды бердік. Комиссардың жақсы көретін бой жеткен қызы бар екенін біз мұнда келмес бұрын білген едік. Біз оған арнап сыйлыққа қазақ қыздарының ұлттық бас киімін – өте бағалы құндыз бөрік әкелген болатынбыз. Бөріктің төбесіне үкі тағылған еді. Сыйлықты қолына алып сәл уақыт қарап отырды да, комиссар күле сөйледі. Енді оның ашуы тарқай бастады. – Қандай тамаша! – деп комиссар өзінің қуанышын бірден білдірді. Бәлкім, бұл сәтте ол, осы бір алыстан әкелінген қазақ қызының көркем
бөркін киіп, қуанышқа бөленіп тұрған өз қызын көз алдына елестеткен де болар. – Бөріктің оюлары арқар мүйізін еске түсіргендей екен. Иә, иә, таңданбаңыздар менің бұл айтқаныма! Арқар – ең бостандық сүйгіш хайуан емес пе? Оның сайраңдап жүрген жолында кедергі болатындай ештеңе болуға тиіс емес, аспанмен тілдескен биік жартастан да, қазылған ордан да кідірмей, оп-оңай қарғи беретін де осы арқар емес пе? Мырзалар, мен бұл сөзді ең таза ақ көңіліммен, қалтқысы жоқ жүрегіммен айтып отырғаныма сеніңіздер. Сондықтан да сіздердің бұл сыйлықтарыңыз, мен үшін өте қымбат ескерткіш болды. Сіздің қазақ халқы да бостандық сүйгіш ел ғой. Қазақ халқы өзінің ұлттық өсу жолында кездескен қиыншылықтарды біртіндеп жойып, өзіне өзі рух беріп, ілгері қарай қадам басып келе жатқан жоқ па? Мырзалар, сіздерге көп-көп рақмет. Сіздер менің үй ішімнің баршасына қуаныш әкелдіңіздер. ІІІ Енді біз Совет павильонында тұрмыз. Совет павильонында совет халқының қаһармандық еңбегінің нәтижесінде экономика, ғылым, техника және мәдениет, халықтың тұрмысын жақсарту салдарында Октябрь революциясынан кейінгі елу жылдың ішінде қол жеткен табыс тар жан-жақты және айқын көрсетілген. Совет павильонының жалпы көлемі 13 мың шаршы метр. Осы көлемнің ішінде Жер, Аспан және Теңіз деп аталатын үш салада совет халықтарының ұшан-теңіз еңбегінің нәтижесінде қол жеткен алуан түрлі табыстары, жаңа өмір құрудың келешегі бейнеленген. Біздің Ұлы Отанымыздың бейнесі көрмеден анық байқалады. «Совет Одағы – еңбекшілердің социалистік мемлекеті» деп аталатын бөлімде біздегі 15 ұлт республикалары халықтарының өзіне тән дәстүрі, мәдениеті баяндалады. Жұмысшы табының, колхозшы шаруа ның, ауыл шаруашылығы саласында істейтін жұмысшылардың, совет интеллигенциясының өмірі толық бейне тапқан. «СССР-дың кен байлығы» деп аталатын бөлімде Совет елінің Якутиядағы алмазынан бастап, Хиуада шығатын апатитке дейін көрсе тілген. Дәл осы бөлімде Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау бауы рындағы Кентау қаласы, оның өнеркәсібі кең түрде баян болған. Біз осы бөлімге келгенімізде, кең байтақ Қазақстанның барлық жерін тегіс көргендей қуандық. Бұл жерде Кентаудың өткен көне тарихы, жаңа өмірі документті кинокартинадан да, телевизор арқылы да көрсетіледі екен. Оны әлсін-әлсін қайталап көрсететін көрінеді. Біз де сол картинаны көруші көптің қатарына келіп тұра қалдық... Міне, көз алдымызда ыстық күннің нұры аяусыз күйдіріп жіберген құлазыған шөлейт дала, бір түп тал да, бір шөкім шөп те көрінбейді. Аңызақ жел шөлдің сары шаңын аспанға көтеріп борандатып тұр. Сол шөлейттің ортасында жалғыз үй көрінеді.
Бұл – кешегі өмір. Ал Совет дәуірінде машинаның күшімен қазып, жер астынан шығарылған су аспанға шапшып тұр. Сол мол су каналмен ағып жатыр. Адам баласы өмір сүре алмайтын шөлейтте салынған Кентау қаласы адам күшімен көп ағашты, көкорай шалғынды қалаға айналған. Жасыл жапырақтан желек жамылған сұлу қала жаңа түскен жас арудай жайнап көз тартады. Айнала толған қайнаған саяхатшы жұрт. Бәрін де көріп, білгісі келеді. Құмарланады. Топталған халықтың көзі көрмеде жатқан экспонаттарда. Алған әсерлері мен мағлұматтарын қойын дәптеріне ұсақ әріппен тізіп жазып алып жүр. Елдің бәр-бәрінің көз тіккені де, көңіл қойып тыңдағаны да түсінік беріп жүрген Орынбек Ахмамбетов. Бұл кісінің туып-өскен жері де, инженер болып қызмет істейтін мекені де сол Кентау қаласы. Орта бойлы, көмірдей қара шашын қарсы қайырып тастаған сом денелі жігіт екен, жасы 35 шамасында. Сөзге шешен, француз тілінде түсінік бергенде мүдірмей сайрап тұр. Тыңдаушы саяхатшылардың бәрі де Орынбекті айнала қоршап алыпты. Үсті-үстіне сұрақ жаудырады, алған жауаптарына риза болады. – Диаграмма осыдан он жыл ғана бұрын пайда болған біздің жас қаланың жалпы көрінісін дәл көрсеткен, – дейді Орынбек түсінік беріп. – Мынау – рудниктердің шахталары, мынау тұрған – кинотеатр «Спутник», анау көрініп тұрған – біздің қаладағы стадионның жалпы көрінісі. Кентау қаласында да көптеген адам тұрады. – Сіз көрінгеннің бәрі біздікі дейсіз. Өзіңіз де сол қаладан келдіңіз бе? – деді тыңдап тұрған саяхатшылардың бірі Орынбектің сөзін бөліп. – Иә, мен сол қаланың тұрғынымын, сонда қызмет істеймін. – Кім болып істейсіз? – Мырғалымсай руднигінде участок бастығы болып қызмет атқара мын. – Сіз инженерсіз бе? – Иә, политехникалық институтты бітіргенмін. – Ұлтыңыз кім? – Қазақ. Саяхатшылар оған одан сайын жақындай түсті. Оған өз өмірбаяны, семьясы, оқуы, қызметі туралы сұрақтарды үстіүстіне жаудырды. Орынбек олардың сұрақтарына қысылмай жауап берді. Өзінің теміржолшы семьясында туғандығын, әкесі ерте өліп, жетім өскендігін айтты. Соғыс басталысымен үлкен ағасының майданға кеткенін, соғыс бітер кезде Германияда оның қайтыс болғанын баян етті. Сол бір ауыр кезде ол мектептегі оқуын тастап кетуге мәжбүр болды. Онан кейін бір заводта монтер дайындайтын қысқа мерзімді оқуға түсті. Орта мектепті соғыстан соң бітірді. Мектепте жүргенде Орынбек геогра фияны сүйіп оқитын еді. Бір күні сабақ үстінде мұғалім қазақ жерінде алтын сандық – асыл қазына жатқандығы жөнінде бір тамаша аңызды айтып берді. Осы әңгіме өмір бойы оның есінде қалды. Қаршадай бала
жер астындағы алтын қазынаны іздеуді, ол байлықты адам игілігіне жаратуды арман етті. Осы мақсатпен ол ең алдымен тау-кен техникумын бітіріп, көмірді жер бетіне шығаратын мастер болады. Сол кезде Кентауда полиметалл комбинаты салына бастайды. Мүмкін, баяғы мұғалім айтқан аңыздағы алтын сандық сол жерден табылар деген ой келді Орынбекке. Орынбек сол жаңадан салынып жатқан қаланың алғашқы кірпішін қалаушы пионерлердің бірі болды. Ол сырттан оқып политехникалық институтын бітірді, тау-кен инженері деген диплом алды. Міне, ол көрме көрермендеріне осыны айтты. – Сіз қандай проблемалар жөнінде көбірек ойлайсыз? – деп сұрады біреу Орынбектен. Орынбек жымиып тұрып, оған жауап берді. – Мен көбінде су проблемасы жөнінде ойланамын. Жер астындағы су тасқынымен күресу проблемасы – біздегі тезірек шешуді тілеп отырған кезекті мәселе осы. – Шөлейтті аймақта сумен күресу дегенді қалай түсінуге болады? – Мен жер астындағы сумен күресуді айтып отырмын, жер асты суы біздің жұмысымызға көп зиянын тигізеді. Жер үстінде су мол болса, біз оған қуанамыз. Біздің қаламызда әрбір адамға 50 шаршы метр көгал келеді. – Әйеліңіз жөнінде айта кетіңізші! – Менің әйелім өз мамандығы бойынша экономист болып істейді. – Сіз әйеліңізбен бірге оқыдыңыз ба? – Жоқ, ол Алматы қаласындағы Қазақ университетінің экономика факультетін бітірді. – Балаларыңыз бар ма? – Үш балам бар. Ең үлкені қыз, ол мақтау грамотасымен бірінші класты бітіріп, екінші класқа көшті, музыка мектебінде де жақсы оқиды. Ортаншысы мектепке енді барады. Ең кішісі балалар бақшасының тұрғыны. – Олар жазғы уақытта қайда болады? – Біздің Кентау қаласының сыртында орманы мол үлкен парк бар. Мына сіз көріп тұрған макетте ол көрінбейді. Сонда балалар бақшасы, пионер лагері бар. Балалар жазды күні сол жерде болады. Қыстыгүні онда тау-кен жұмыскерлерінің профилакториясы болады. Жер шарының бар түкпірінен жиналған саяхатшылар алыс жердегі Монреальда бұрынғы кезде құлазыған қу даланың бұл күнде жаңарып гүлденгенін көріп, таң болысты. Патшалық Россияның алыс түкпірі есептеліп, күні кеше ғана мешеу ел болған Қазақстанның бүгінгі Совет заманында, совет халықтарының мызғымас достық семьясында қандай дәрежеге жеткені жайында ағылшын, француз тілдерінде толық түсінік беріліп жатты. Саяхатшылар Совет өкіметінің тұсында Қазақстанның кен байлығы адам баласының қажетіне жарап, құлазыған шөл далада қазіргі заманның
тілегіне сай Кентау сияқты жаңа қала салынғанын ағылшын, француз тілінде диктофон арқылы және инженер Орынбектің айтуынан білгеннен кейін, екінші бір павильонға қарай ойысты. Павильонда Совет еліндегі мұнай өнеркәсібі де кең түрде көрсетіл ген. Оның ішінде Қазақстандағы Маңғыстау, солтүстіктегі мұнай кәсіп орындары жан-жақты қамтылған. Көмір кәсіпорындарына көрмеден көлемді орын берілген. Дүние жүзіне аты жайылған Қарағанды көмір бассейні сыбағалы орын алған. Көмір шығаратын комбайнның жұмысы макет арқылы көрсетілген. Бір топ адам осы бөлімді қызықтап тұр. Бөлім гидіне бастырмалатып үстіүстіне сұрау қойып, түсіндіргені үшін рақмет айтып, олар енді ілгері жылжып, екінші бір бөлімді көруге кетіп жатыр. Советтің ұлы жазушысы Максим Горький адам баласының қолы мен жасалғанның бәрін де «екінші табиғат» деп атаған болатын. Сол сияқты «химияны» ғажайып екінші табиғат деп атауға әбден болады. Павильонның «химия» бөлімінде Совет Одағының бұл саладағы тамаша жетістіктері көрсетілген. Шынында да кейінгі жылдары совет ғалымдары білімнің бұл саласында адам айтқысыз жаңа табыстарға жетті. Совет ғалымдарының көп жыл бойы ізденулері, лабораториялар мен кабинеттердегі батылдықпен жүргізген зерттеулері, эксперимент тері алдақашан өндіріске беріліп, өмір қажеттігіне пайдаланып, іске асырылды. Совет павильонына келуші саяхатшылар Қазақстан «үлкен химиясының» комплексін өз көзімен көрді. Бұл Шымкент және Жамбыл қалаларындағы фосфорлық тыңайтқыш заводы, Өскемен қаласындағы машина жасау заводы, Қаратау комбинаты. Бұлардың маңына жиналған көрермендер балға үймелеген шыбындай құжынады. Қазіргі заманда адам баласы өскелең металл дәуірінде өмір сүріп келе жатқаны белгілі. Жаңа дәуірде де металл өз орнын пластмассаға бере қоймайды. Сондықтан да металл өзінің алдыңғы қатардағы орны үшін күресуде. «Металлургия» деп аталатын бөлімде Совет еліндегі металл өнеркәсібі толық түрде баяндалады. Болат қорытатын пештің дүниежүзіндегі ең ірісінің макеті көрмеге қойылған. Мұнда үздіксіз құйылып жатқан болатты көресіз. В.И.Ленин ағылшынның фантаст жазушысы Герберт Уэльспен кездескенінде Россияны электрлендіру жоспары туралы әңгімелеп береді. Сол кезде Уэльс күліп жіберіп, Ленинді «Кремльдегі қиялшыл» деп атаған болатын. Қазір енді өмір шындығы бізде қиялдан озған. «Бу энергетикасы» деген бөлімде 800 мың киловатт электр қуатын беретін бу турбинасы және 500 мың киловатт электр қуатын өндіретін гидрогенератор көрмеге қойылған. Сөйтіп, В.И.Лениннің ойының қазіргі заманда іске асып, өмір жүзінде фантаст жазушының қалай ұтылғаны осы бөлімде өте айқын бейнеленген. Солтүстіктегі Красноярск қаласының жанындағы дүние жүзінде ең үлкен 5 миллион киловатт электр қуатын беретін гидроэлектростан
цияның, атағы жер шарының бар түкпіріне белгілі Братск ГЭС-нің макетін көргенде, совет адамының ерлік еңбегінің жемісі көз алдыңа келеді. Өзөзіңнен мақтаныш сезіміне бөленесің. Саяхатшылар түсінік беруші совет инженерлерінің айтқан сөзінің бірде-бірін шашау шығармай қағаз бетіне түсіруде. Совет елінің бұл саладағы табытарына қатты ден қоюда. Осы бөлімнің бір бұрышында Волга өзені, сала-сала болып қаз-қатар жатқан теңіздер, іркес-тіркес жалғасқан ірі-ірі электростанциялардың су қоймалары бейнеленген. Бұл көрсетілгендер «Кремльдегі қиялшының» даналық ойының өмір жүзіне асқандығының көптеген дәлелінің шет пұшпағы ғана. Осының бәрін сіз көрмедегі «Гидроэнергетика» дейтін бөлімнен көресіз. Коммунизм – өмірді бүтіндей қайта құрып, бүкіл планетаның бет келбетін толығынан өзгерту деген сөз. Сондықтан да осы тарихи өзгерісті іс жүзіне асырудағы жұмыскер мен шаруа мемлекетінің ролін кең түрде көрсетуге арналған бөлімге келуші саяхатшылар саны қисапсыз көп. ЭКСПО-67 көрмесінің Совет павильонында СССР ауыл шаруа шылығы саласындағы көз тұнарлықтай алуан түрлі табысын көз алдыңнан өткізесің. Бұл бөлімде шөлейт бетпақ даланы игеріп, оның қатып-семіп қалған қыртысының астынан су шығарып, бау-бақша егіп гүлдендірген совет адамдарының ерлік еңбегінің айқын мысалын көңілге тоқисыз. Саяхатшылар қолдарындағы дәптеріне естігені мен көргендерін жазып, көріп-білгендеріне аң-таң болып жүр. Мұндағы әңгіменің бәрі де ма мандар тілімен айтылып жатты. Келген адамдарға кейінгі жылдары иге рілген тың жерлер мен тыңайтылған жерлердегі әуе райы, жер қырты сындағы өзгешеліктерін, Қазақстанның байтақ даласында ұйымдасқан жүздеген жаңа совхоздарды техникамен қамтамасыз ету жолдары кеңінен түсіндірілді. Кейінгі жылдары отандастарымыздың тың және тыңайған жерлерді игеріп, жүздеген жаңа совхоз құрып, елді мекендер салғанын өте бір мақтанышпен көресіз. Осы бөлімде мал шаруашылығы да, жүзім өсіру де, мақта шаруашы лығы да, ауыл шаруашылығына керекті аспаптар да, ауыл шаруашы лығын механизациялауға қажетті жаңа машиналар да неғұрлым көп және сала-салада көрсетілген. Бұлардан басқа Украина мен РСФСР-дың кейбір колхоздарының өмір мысалы, аттама мағлұматы кең де жан-жақты баяндалады. Құрылыс пен архитектураға, халық ағарту мен денсаулық сақтау, мәдениет мәселесіне көрмеден көп орын берілген. Шаһмардан Есенов екеуміз Совет павильонының үшінші қабатына көтерілдік. Күмбезі кең сарайдың сол жақ бұрышында – шар тәрізді космос бөлімі. Совет космонавтарының суреттері ілінген. Әуе кеңістігін зерттейтін спутниктердің макеттері де тұр. Осылардың нақ қасында тұрған адам өзін осы қазір аспанға ұшып кететіндей сезінеді. Совет ғалым
дары мен инженер-техниктердің, жұмысшы табының ғажайып істеріне сүйсінесің де, мақтан етесің. Жер шарына ұқсайтын темір құрсаулы залға кірдік. Бізбен бірге басқа да толып жатқан саяхатшылар кірді. Залдың іші мақпалдай жұмсақ креслолар. Дөңгелек залдың төбесі көкшіл шұғамен безендірілген. Шам өшті. Көзге түртсе ештеңе көрінбейтін қараңғылық. Ертегілерде айтылатын өзге бір дүниеге түсіп кеткендей сезінеді адам. Біз қозғалмастан креслода отырмыз. Бір мезгілде жамыраған жұлдыз бірінен соң бірі жылт етіп аспан әлемінде пайда бола бастады. Домаланып жұмырланған жер шары көрінді. Аспан әлеміне ұшып жасанды спутник шықты. Осы кезде сөйлеп тұрған диктордың қоңыр даусы естілді. Дүние жүзінде тұңғыш рет аспан кеңістігіне ұшқан космонавт Юрий Гагарин бейнесін көрдік. Диктор Совет еліндегі космонавтика ілімі нің орасан дамығанын, қол жеткен табысын, адам баласының бұл салада келешекте таңғажайып жаңа табыстарға жететіндігін дәлелдеп айтып берді. 40 минуттай уақыт отырдық. Біз есік алдына шығысымен, космонавтика бөлімінің бір адамы бізге: «Көргендеріңіз туралы пікір леріңізді сұраймыз», – деп қолындағы үш елідей түбі сорғышталған қалың журналды ұстатты. Біз журнал бетіне былай деп жаздық: «Совет елінің космонавтика саласындағы тамаша табысына сүйсінеміз!» – Жазбаға Шаһмардан Есенов екеуміз де қол қойдық. ІV Күндер өтіп жатты. Совет павильонының ішкі маңдайшасында Қазақстанның үлкен картасы ілінген, оның үстіңгі жағында республи каның желбіреген ұлттық жалауы бірден көзге түседі. Бұл – Қазақ ССРнің ЭКСПО-67 көрмесіндегі ұлттық аптасы басталғанының белгісі. СССР павильонында болған күндерімізде біздер жиі-жиі Қазақстан жерін басып, өз қаламызда, өз ауылымызда жүргендей сезінетін едік. Себебі: біздің республика өмірі көрмеде көрнекті көрсетілген. Мәселен, көрменің «СССР кен байлығы» деп аталатын бөліміндегі экспонаттар дың отыз проценті Қазақстанның кен байлығы. Бұл бөлімде Целиноград тағы отты опалы, Поштулин деп аталатын жердегі мрамор өндірісі, Рид дерЛоктиевскіде шығатын яшма мен портфиреттер, кварцит пен басқа да толып жатқан минералдар көрсетілген. Химия бөлімінде Жамбыл мен Шымкент қалаларындағы тыңайт қыш фосфорит заводтары, Өскемен қаласындағы өндіріс орындары, Қаратаудағы тау-кенін байыту комбинаты жан-жақты кең түрде саяхат шылар алдына тартылған. «Архитектура мен құрылыс» бөлімінде құрылыс жобасын жасайтын институттың үйі, «Қазақстан» мейманханасы, «Алматы» рестораны, «Аққу» кафесі, басқа да жаңа тұрғын үйлерді көрсету арқылы Қазақстандағы бұл саладағы жетістіктер алға тартылған. «Мәдениет» бөлімінде қазіргі замандағы қазақ өнері, сурет, бейнелеу өнері, суретшілер Қастеевтің, Телжановтың, Кенбаевтың, Сидоркиннін,
Наурызбаевтың, Антощенконың, тағы да басқалардың салған суреттері мен жасаған мүсіндері қойылған. Халық қолөнершілерінің қолынан шыққан жүз құбылған масаты кілем, алуан түрлі оюланған текемет, көк жасыл, қызыл өрнекпен безенген алаша көрген жанның көзін бірден қызықтырады. Бұл бөлімді көруші саяхатшылар қазақ халқының ұлттық бұйымдарын таңырқап, әбден құмарынан шыққанша жалықпастан қарайды. Осында және кітапқа арналған бөлім бар. Сол кітап бөліміндегі мыңдаған әдебиет арасында елуден астам қазақ және орыс тілінде шыққан қазақ әдебиеті кітаптары да қойылған. Солардың ішінде: «Батырлар жыры», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» (орыс тілінде) романы, Ә.Нұрпейісовтың «Ымырт» романы (орыс тілінде), С.Мәуленовтың «Шаңқай түс» жинағы, Ерғалиевтің «Жылдар, жылдар» деген жинағы, Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлттар» кітабы. Ө.Қанахиннің «Жас дәурен» повесі, З.Шашкиннің «Темір-қазық» (орыс тілінде) романы, қазақ поэзиясының екі томдық антологиясы, С.Бегалиннің шығармалары (өлеңдер мен поэмалар) бар. Телевизордан Қазақ ССР-на арналып шығарылған фильмдер көрсетіліп жатты. Олардың тақырыптары да бай: «Алматы – бау-бақша қаласы», «Опералық музыка концерті», «Бұл Медеуде болған», «СССР халық артисі», «Ұлттық тағамы», «Камералық музыканың концерті», «Эстрадалық музыка концерті», «Қазақ ССР халық артисі Байғали Досымжанов»... Кинопанорама боп топтастырылған документті фильмдер көрсетілді, телевизордан қанша халық көз алмай Қазақстан өмірінен мәлімет алды. «Қазақстан миллиарды», «Тасты тайга», «Қазақстандағы Халық қолөнері», «Ертеңгі Алматы», «Елім менің, Қазақстан», «Ән қанатында» картиналарын көруге келген жұрт кино залына сыймады. Қазақ халқының өмірін, жерін, тұрмысын ынтыға қараған халықтың көптігі соншалық, орын жетпеген саяхатшылар жүретін жолда қаз-қатар тізіліп тұрды. Залдың бүйір-бүйірінде де қабырғаға жабысып кино көрген адамдар. Совет павильонының кең кино және концерт залында Қазақ ССР апталығына байланысты баспасөз конференциясы болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі С.Б.Ниязбеков сөз сөйлеп, жиналғандарды Қазақстанның экономикасымен, мәдениетімен таныстырды. – Қазақстан, – деді ол, – советтік тәуелсіз республикалардың бірі. Республика күнбатыс жақтан Жайық пен Еділ өзендерінің аралығынан Европаға иек артса, оның күншығыс шекарасы Азияның бел ортасынан асып барып аяқталады. Қазақстанды 100-ден астам ұлттар мекендейді. Онда 12,4 миллион халық тұрады. Осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстан патшалы Россияның ең артта қалған, ең мешеу отары еді. Қазақ халқының екі ғана проценті сауатты
болатын да, қалғаны қара танымайтын. Қазақ халқы Ұлы Октябрь революциясына дейін дүбірлетіп жылқы қуып, дүркіретіп қой айдап, жүгін түйеге артып, қырдан ойға түсіп, ойдан қырға көтеріліп, жел айдаған қаңбақтай боп, тіршілік қамымен көшіп жүретін. Баспанасы киіз үй ғана болды. Ірі өндіріс бұл өлкеде тіпті атымен болған жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет ұлттық мемлекетін құрды. 1920 жылдың август айында Қазақтың Советтік Социалистік Автономиялық республикасы жарияланды, ал 1936 жылы ол Қазақ Советтік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде тұңғыш ұйымдасқан қазақ мемлекеті көп қырлы жаңа индустриялы, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы бар, ұлт мәдениеті гүлденіп өскен елге айналды. Қазақстан – шын мәнінде қайта туған ел. Егер революцияға дейін мұнда Россияда өндірілетін өнімнің тек 0,3 проценті ғана шығарылатын болса, қазіргі кезде республика көмірді бүкіл патшалық Россияда өндірілетін көмірден бірнеше есе көп, ал электр энергиясын – он есе көп өндіреді. Қазақстан жалпы Совет Одағында қорытылатын мырыштың көп, мыс пен қалайының көп процентін шығарады. Бұрын бар жүгін түйемен тасыған бұл елде қазір 13 мың километрге созылатын Қазақ темір жолы қасқайып жатыр. Оның жүк тасу айналымының мөлшері Англияның, Францияның және Италияның барлық темір жолын қоса есептегендегі мөлшерінен әлдеқайда асып кететіндігін мақтанышпен айтсам айып болмас деймін. Қазақстанда химия және қара металлургия, машина жасау және мұнай қорытатын өнеркәсіп орындары толығымен жаңадан құрылды. Қазақстанның 66 қаласының 55-і Октябрь революциясынан кейін пайда болды. Қайта туған Қазақстанның жаңа бейнесі есебінде республиканың кең байтақ жерінің дәл орталығында бүкіл жер жүзіне әйгілі Байқоңыр космодромы тұр. – Біз, – деді Ниязбеков жолдас, – республикамыздың кәсіпорын дары шығаратын өнімдерді жер жүзіндегі бес континенттің бәрін дегі 78 мемлекетке жібереміз. Лондондағы түсті металл биржасы біздің республикада өндірілетін қорғасынды ең сапалы, таза қорытылған деп жоғары бағамен қабылдайды. Алматы ауыр машина жасау заводы шығаратын машиналардың сапасы Англия, Швецияда, тағы да басқа елдерде шығарылатын сондай машиналардан әлдеқайда жоғары екенін айта кеткен жөн. Қазақстанның шетелге сатылатын бұйымдарының ішінде – түсті және өте сирек кездесетін металдар, станоктар, ғылыми және дәрігерлік аппараттар, автоматикалық приборлар, әр түсті сирек кездесетін элементтер, шампан шарабы, каракул елтірісі, басқа да толып жатқан бағалы терілер бар. Біздің республикамыздың ірі өндіріс орындары техниканың соңғы үлгісімен салынған. Шөлейтті далада пайда болған Жезқазған қаласында дүниежүзінде ең тұңғыш жез руднигі шахталары жұмыс істейді, бұл шахталарда өндіріс процесінің бәрі бірдей механизацияланған және 70
проценті автоматтандырылған. Шөлейтті Маңғыстау бұғазында теңіздің тұзды суын тұщытатын өте тамаша машина жұмыс істейді, ал қазіргі кезде нейтрон жылдамдатқышы бар реакторлы атом машинасы салынып жатыр. Қазақстанды ауыл шаруашылығын механикаландыру ісінде Совет Одағындағы алдыңғы сапта келе жатқан республика деп айтуға әбден болады. Совхоздар мен колхоздарда жұмыс істейтін әрбір адамға шаққанда механизм көлемі, орта есеппен, 22 аттың күшіндей болады. Қазақстан жер тыңайтатын минералды өндіру ісінде де және сол тыңайтқышты пайдалануда да алдыңғы сапта келеді. Егер тың жерлерді игеруге дейін Қазақстанның егіс көлемі револю циядан бұрынғы егіс көлемімен салыстырғанда екі еседен артық көбейген болса, 1954 жылдан бастап сол егіс көлемі үш еседен артық өсіп, 30 миллион гектарға жетті. Тек қана, өткен жылдың өзінде Қазақстан 16,6 миллион тонна астық өндірді, ал жалпы астық өнімін әрбір адам басына бөлгенде біздің республикада 2081 килограмнан келеді. Қазақстанда өндірілетін астық Совет Одағындағы басқа республикадағы өндірілетін астықпен салыстырғанда ең арзан астық болып есептеледі. Қазақстан мал өсірумен байланысты ғасырлар бойы дәстүрге айналып кеткен көшпенділікті әлдеқашан тоқтатып, отырықшы елге айналды. Осы кезде біздің республикамызда мал шаруашылығы алдыңғы қатарлы техникамен қамтамасыз етілген, сапасы да бұрынғыдан әлдеқайда жақсартылған, саны жағынан да бірнеше рет өскен шаруашылықтың ірі саласына айналған. Қазір Қазақстанда 7 миллионға жуық сиыр, 32,4 миллион қой және ешкі бар. Республикамыздың ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарды, оның ішінде бидайды көбірек өндіреді. Онан басқа мата, қант қызылшасын, овощ, бүлдірген, жидек, жүзім, ет, сүт, жүн, өте жоғары бағаланатын каракуль өндіреді. Республикамыздың ауыл шаруашылығының барлық саласында әсіресе кейінгі жылдардың ішінде, электрлендіру ісі етек алып, өрісі әлдеқайда кеңейді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығында жоғарғы өнім алуды қамтамасыз етеді де, мал шаруашылығынан түсетін өнімді бұрынғыдан да өсіре түседі. Әсіресе, күріш өндіру саласында біз үлкен табысқа жеттік. Біздің республикамызды Совет Одағындағы «жер қоймасы» деп орынды айтады, оның келешегі және мол. Ғалымдардың есебі бойынша, біздің республиканың қойнауында бүкіл жер шары кен байлығының көп үлесі жатса керек. Жуық арада Маңғыстау түбегінде мұнай қорының көп екендігі анықталды. Келешекте «қара алтын» өндіруді әр жылда 80100 миллион тоннаға жеткізуге болады. Көмір қоры Қазақстан жерінде 280 миллиард тоннадан астам деп есептеледі, ал темір рудасы қорының молдығында есеп жоқ. Жалғыз ғана Соколов-Сарыбай кен рудасынан шығатын темір рудасы көлемі Федеративтік Германия Республикасында, Францияда, Бельгия мен Лотарингияның металлургия заводтарын темір рудасымен қамтамасыз ететін Лотарингияда өндірілетін кен байлығымен
парапар. Қазақстанның мыс, мырыш, қола, қорғасын, күміс, қалайы, титан, магний, тағы басқа толып жатқан түсті металдар, сонымен бірге өте жоғары сапалы фосфорит шығатын кенге бай екендігін сіздерге ерекше атап көрсеткенім жөн ғой деймін. Осы сарқылмайтын кен байлығының өзі Қазақстанның келешегі үлкен өлке екендігін толық дәлелдейді. Осымен байланысты біздің республикадағы кейбір өндіріс орындарын атап қана өткім келіп тұр. Олар: Совет Одағындағы ең ірі өндіріс орындарының бірі есептелетін, Теміртау қаласындағы металлургия комбинаты, Қаратаудағы фосфорит өндіретін және оны қайта өңдейтін өндіріс комплексі, дүние жүзіндегі ең ірі өндіріс орындарының қатарына қосылатын Лисаковка темір рудасы комбинаты, Маңғыстаудағы газ және мұнай шығатын жаңа аудан, Павлодар индустриялық орталығы (бұл комплекстің ішінде трактор заводы, мұнай тазартатын заводтар және басқалары бар), дүние жүзіндегі ең ірі де, ең арзан көмір беретін, жыл сайын 45 миллион тонна көмір өндіретін Екібастұз көмір разъездері. Бұл өндіріс орындарынан басқа электр энергиясын, 500 мыңнан астам гектар шөлейт даланы суландыруға мүмкіншілік беретін Қапшағай гидро торабын да атап өтуім керек. Бұл жаңадан меңгерілетін шөлейт жерде мал өсіретін және күріш өндіретін ондаған жаңа совхоздар құрылады. Республиканың халық ағарту, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет ошақтарының өсу дәрежесі экономикалық жағынан өрлеу, өсумен бірге жарыса қатарласып дамып келеді. Мамандардың 1908 жылғы арнайы жүргізген есебі бойынша, Қазақстанда сауатсыздықты жою үшін 4600 жыл уақыт қажет деп тұжырымдалса керек. Бұл проблеманы Советтік Қазақстан жиырма жылдың ішінде толық шешті. Қазіргі кезде, Қазақстандағы мүғалімдер саны революцияға дейінгі мектепте оқитын оқушы балалар санынан әлдеқайда асып кетті. Республикада 41 жоғары дәрежелі оқу орны бар. Республикада әрбір он мың тұрғын адамға 119 студенттен келеді. Бұл – Англия, Франция, Италия елдеріндегі студенттер санын қоса есептегенде, олардан әлдеқайда асып түседі. Дүние жүзінің ғалымдары алдында тұрған ірі-ірі проблемаларды шешу ісіне Қазақстанның ұлт академиясының басқаруымен 160 ғылы ми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істейтін ғалымдар қатынасады. Қазақ стан ғалымдары атом ядросы мен космос құпиясын зерттеу ісімен де, жер қойнауындағы кен байлығын болжау жұмысымен де, рак ауруын зерттеумен де шұғылданады. Бұрынғы кезде Қазақстанның кейбір облыстарында өлген баланың саны туған баланың санынан әлдеқайда асып жататын. Ал, қазіргі кезде, біздің республикада бала өлімі Америка Құрама Штаттарынан, Англия дан, Франциядан, Италиядан әлдеқайда төмен. Қазақстанда әр он мың адамға 18 дәрігерден келеді. Бұл санды Англия ның, Францияның, Италияның, Жапонияның дәрігерлермен қамтамасыз ету санымен салыстырса, олардан әлдеқайда асып түседі.
Республикада 6,5 мың кітапхана, 21 іргелі театр бар. Жыл сайын бұл театрлардың спектаклін 3 миллионға жуық адам көреді. Қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс, өзбек және басқа да тілдерде көптеген газетжурналдар шығады. Жыл сайын Қазақстан баспа орындары 1500 түрлі, он жеті, он сегіз миллион тиражы бар кітап басып шығарады. Революциядан кейінгі уақытта қазақтар өзінің ұлттық операсы мен балетін, симфониялық және камералық музыкасын, сурет өнерін дамытты. Өнердің әр саласында ірі-ірі қайраткерлерді тәрбиелеп шы ғарды. Біздің кейбір кинофильмдеріміз халықаралық атаққа ие болды. Біздің жазушыларымыздың көптеген шығармалары дүние жүзіндегі ондаған шетел тіліне аударылды. Республиканың жан-жақты өсіп-өркендегенін әрбір адам мақтаныш етеді. Солардың әрбіреуі осы прогрестің жемісін өз керегіне жаратады. Адамдарымыз ауқатты тұрып қана қоймайды. Қазіргі замандағы электр шамы жағылған тұрғын үйдің, радио және телевизияның арқасында халықтың тұрмысы бүтіндей өзгерді. Қазақтың психологиясының өзінде толып жатқан өзгерістер пайда болды. – Мен сіздерге қазақ халқының Октябрь революциясынан кейінгі уақыттағы өсу жолын, революцияның жемісін қысқа да болса айтып беруге тырыстым, – деді сөзінің қорытындысында С.Б.Ниязбеков. – Бұл өсу – біздің еліміздегі халықтардың лениндік достығының нұрлы шұғыласының арқасында қол жеткен табыстар. Социалистік революцияның бірінші күнінен бастап және социалистік құрылыс кезінде біз, қазақтар, Совет елінің басқа республикалары мен совет халықтарының туысқандық көмегін ылғи алып отырдық. Соңғы 25 жыл ішінде біз тек көмек алу ісін әңгіме етпейміз, сонымен бірге өзара көмектесуді де іске асырып отырамыз. Қазақстан өзінің экономика және мәдениет саласындағы табыстарының арқасында, кейінгі жылдары Азияның, Африканың және Латын Америкасының өсіп келе жатқан елдеріне көптеген көмек көрсетіп келеді. Баспасөз конференциясынан кейін Қазақ ССР өнер қайраткерлері нің күшімен үлкен концерт болды. Концертке СССР халық артистері – Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Ришат Абдуллин қатысты. Роза Бағланова Бақытжан Байқадамовтың «Домбырасы» мен чех халық әні «Биле, биле» әнін орындап-ақ залдағы жұртты бірден еліктіріп әкетті. Ол орыстың «Ах, Самара, городок» әнін орыс, француз тілінде орындағанда, залдағы жұрт орындарынан дүр көтеріліп, қол шапалақтады. – Тағы да! – Тағы бір ән орындаңыз! – деген өтініш-тілек сөздері орыс, украин, француз, ағылшын, испан, тағы да басқа тілдерде үсті-үстіне қайталанып жатты. Әншіні жұрттың сахнадан жіберетін түрі болмады. Роза Бағланованың әні жер шарының бәр-бәрінен жиналған жұртты таң қалдырды. Оның ән орындау тәсіліне, құлаққа жеңіл, жүрекке жылы тиетін әуеніне, бұлбұлдай сайраған әдемі даусына сүйсінбеген бірде-
бір адам болмады. Жат елде туған халқының даңқын осылай етіп бүтін шартарапқа шығарған өнерпазға кім сүйсінбесін, оны кім мақтан етпесін! СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, СССР халық артисі Бибігүл Төлегенова қазақтың халық әні «Гауһар тас», «Линда ди Шамуни» операсынан Линданың каватинасын, Хамидидің «Бұлбұл» әнін орындағанда және ғажап көрініс болды. Жұрттың бәрі табандарынан тік тұрып, шатырлата алақан соғып, орындарына отырмай қойды. Алуан тілде гуілдеген жұрт теңіздей тебіренді. Бибігүл сахнаға қайта шығып, артистік ептілікпен халық алдына қазақ қыздарына ғана тән ибалык, сыпайылықпен, сүйкімділікпен тізе бүгіп, бас игенде, көрермендер сүйіспеншілігі бүкіл Монреальды дүр сілкіндіргендей болды. – Біздің Бибігүл мақтауға тұрады-ақ қой! – деді Қазақ ССР Мәдениет министрі Ілияс Омаров менің құлағыма сыбырлап. Сонан соң ол ешкім нен жасырмай, көзінде мөлтілдеген қуаныш жасын сүртті. Зал тынбастан гуілдеп, «Бис! Бис!» деп дауыстап жатты. Бибігүл «Бұлбұл» әнін екінші рет қайталап айтты. «Қазақтын «Бұлбұл» әні қазіргі заманда Алябьевтің «Бұлбұлындай» барша дүниеге әйгілі болды және концерт біткеннің бәрінде көрнекті орын алады, – дедім мен іштей тебірене отырып. – Бұл әннің даңқын шығарған күмістей сыңғырлаған сенің үнің, Бибігүл. Сен «Бұлбұлды» дүниеге таныттың, «Бұлбұл» қазақ мәдениетінің өресін әлемге паш етті. Мың жаса, күміс көмей қарындасым, бұлбұл бауырым!» СССР халық артисі Ермек Серкебаев қазақтың халық әні «Сұрша қыз», «Севиль шаштаразы» операсынан Фигароның каватинасын, композитор С.Туликовтың «Отан» әндерін салды. Ермек ән салғанда көрермендер бар ынтасымен тыңдады. Зал жым-жырт, ұшқан шыбынның ызыңы естіледі. Әнші дауысының күштілігі сондай, зал кеңістігіне сыймай, төбе дегі күмбезді көтеріп әкетер ме екен деп ойлайсың. Ермек Фигаро әнін шырқап тұр. Бір кезде ол дауысын асқақтатып жоғары көтеріп барып, бірте-бірте бәсеңдетіп бітірді. Көрермендер Ермектің ән салу шеберлігін жоғары бағалаған еді, залдың іші бірден күркіреген найзағайдай гүр ете қалды. Қол шапалақтаған көрермендер дауысы залды басына көтеріп, жарып жіберердей боп кетті. Ермек сияқты өнерпаз азамат саны көбейе берсін де деп ойлайсың еріксіз. Оның өнерін мен бұрын да талай тыңдаған едім. Сонау жырақ жердегі Канада елінде болған сол бір кеште әншінің асқақтата салған кең тынысты әдемі дауысы маған бұрынғысынан да ерекше сияқты боп көрінді. Ермектің сол кеште шырқаған өнері менің көңілімде ұмытылмастай із қалдырды. Оның сол күнгі ән салған қоңыр дауысы әлі күнге дейін менің құлағымда сақталып қалғандай сезінемін. СССР халық артистері Роза Жаманова мен Ришат Абдуллинді де; М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан Біржанның ариясын, қазақтың халық әндері «Дударай», «Наз қоңыр» әндерін орындаған және концерттің көркемдік жағын басқарған Қазақ ССР халық артисі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғали Досымжановты да; Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай» күйлерін, Рахманиновтың «Итальян полькасын» домбырада шебер орындаған, Қазақ ССР-на еңбегі
сіңген артист Мағауия Хамзинді де; қазақтың халық әні «Сырымбетті», Күмісбековтың «Жүрек сыры» әнін, Чайковскийдің «Иоланта» опера сынан Роберттің ариясын орындаған, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген артист Фатима Балғаеваны да көрермендер өте бір жылы жүзбен қарсы алып, олардың шеберлігіне қатты сүйсінді. Әншілердің бәрін де фортепиа нода сүйемелдеген Қазақ ССР халық артисі Симха Коганды көрермендер жылы шыраймен қарсы алды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Тәттімбеттің «Былқылдақ» билерін өте шебер орындаған Лариса Мәжікееваны, Фируза Ұлтанбаеваны, Болат Аюхановты көрермендер жылы жүзбен қарсы алды. Осы бір көңілді кеш концерт көрген адамдардың есінде мәңгі сақталып, үлкен із қалдыратындай еді. Қазақ өнерінің бұл қайраткерлері өз халқының даңқын барша әлемге бұрынғыдан бетер паш ете түсті. Бүкіл апталыққа әр беріп, арқау болған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері болды. Жеті күн бойы қазақ артистері Совет павильонының алдындағы кең алаңға жиналған жұртқа ән салып, би билеп, домбыра, қобыз тартып, өнер көрсетті. Біздің әншілер мен бишілерді басқа елдің павильондары да шақырып, концерт беруді өтінді. Шақырушылардың бәр-бәріне баруға біздің артистердің уақыты да, мүмкіншілігі де болмады. Соған қарамастан, Куба павильонының өтінішін қабылдауға тура келді. Артистердің әбден шаршап-шалдығып қайтқаны әлі есімде. Қазақ өнерінің қайраткерлеріне үлкен құрмет, қошемет көрсетіп, үсті-үстіне қол шапалақтап, сахнадан жібермей ән салдырып, би билеткен көрінеді. Олардың өнеріне сүйсініп, сыйлықтар тартқан. Берген сыйлығының ішінде Куба ұлт оюымен безендірілген құмыраға салған хош иісті шылым бар. Қазақ артистерінің үсті-үстіне концерт беріп жатқанына қарамастан, оларды Монреаль қаласының тұрғындары және шақырды. Артистер дің бұл өтініштерді де орындауларына тура келді. Олар қалалық бақша ішіндегі «Вилли плаце» деп аталатын алаңда тағы да үлкен концерт берді. Жергілікті газеттердің хабарына қарағанда, бұл концертке 8 мыңдай адам қатысса керек. Монреальда шығатын жергілікті газетте Фируза Ұлтанбаеваның, Лариса Мәжікееваның, Болат Аюхановтың билеп жүрген суреттері жарияланды. Суреттің төменгі жағына: «Қазақстаннан келген артистер. Қазақстан жер көлемі жағынан СССР-да РСФСР-дан кейінгі екінші орын алады», деп жазыпты. V Монреальдағы ЭКСПО-67 көрмесіндегі Совет павильонын келіп көруші саяхатшылардың саны күн сайын өсіп, көрем деушілердің құмарлығы арта түсті. Мәселен, көрме ашылғаннан кейінгі аптаның ішінде СССР павильонына келіп кеткен саяхатшылар саны бір миллион адамнан асып түсіпті. Бұл санды сол мерзімде Америка Құрама Штатта рының павильонына келген саяхатшылар санымен салыстырсақ, біздікі олардан екі еседен аса артық екен.
Саяхатшылардың Совет павильонына келгенде көрген-білгендері жөнінде өз пікірлерін, өз түсініктерін жазып кететін кітаптың бетін қарап отырсаң, жер жүзіндегі көптеген тілде қысқа-қысқа жазылған талай-талай жақсы сөздерді оқып, өз Отаныңа деген сүйіспеншілігің бұрынғыдан да арта түседі. Мен журнал бетінен мынадай жазуларды оқыдым: «Өте тамаша! Ғаламат! Таңғажайып!» Мұны жазған француз кино актрисасы Брижжит Бардо. «ЭКСПО-67-дегі ең әдемісі – орыс павильоны. Бұған сіздер, Россия адамдары, толық сенулеріңізге болады». «Россияны мен әр уақытта ұлы ел деп есептейтінмін. Павильонды көргенде де осы пікірім нығая түсті». «50 жыл ішінде сіздердің көрер көзге қарыштап алға басқандарыңыз бізді таңдандырады». «Россия тағы да қара үзіп алға шыққанға ұқсайды. Ғаламат істе ріңізбен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Жұрттың бәрі жоғары бағалайтындығына мен сенемін. Өте жақсы!» «Біз керемет безендірілген аса ұлы орыс павильонында болдық. Хайле Селассие І, Эфиопия императоры». «Шын мағынасында өте тамаша экспозиция. ЭКСПО-дағы ең жақсы- сы – Россия! Жаңа табыстарға жетулеріңізді тілеймін! С.Элшоу, Англия». «Бәрекелді, СССР! Оның бейбітшілікті нығайту жолындағы күресі осы экспозицияда толық дәлелденген. П. Недда, Женева». «СССР-дің 50 жыл ішіндегі жеткен табысына күнбатыс жұртының 200 жыл жұмсағанын көпшілік адамдар ескермейді-ау. Уэсцен, Канада». «Құттықтаймын! Бұл шынында қиялға ұқсайды және өте тамаша! Орыстар, сіздердің бастарыңыз ақылды бас және сіздер еңбекқорсыздар! Жасасын!... – Люстен Жасмен, Франция». «Сіздердің социализм әлеміңіз – адам баласының сенімін күшейтуші шұғыла. Ш. Шрейв, США». «ЭКСПО-67-дегі Совет павильоны әдемілігімен де, мазмұндылығымен де көрмеге келушілердің назарын ең алдымен аударды. Н. Моди, Индия».
«Монреальдағы дүниежүзілік көрмедегі Совет павильоны «Жер және адам тақырыбына» арналған экспонаттар ішіндегі сан жағынан да, сапа жағынан да алдыңғы орын алады. Дегенмен, мұндай әділ жоғары баға бергеніміз жеткіліксіз. Көрме – ең алдымен Совет елінің 50 жылғы тарихының өте көрнекті де, байсалды да қортындысы. Советтің мемлекеттік құрылысы және совет халқы уақыт сынынан мүдірмей өтті, тарихи емтиханда озық шыққан Совет елі дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы ел екендігін әбден көрсетті. Б. Давыдов, Сан-Франциско». «ЭКСПО-67-дегі орыс павильоны – ең әдемісі. Сіздер, Россия адамдары, бұған кәміл сеніңіздер...» «Нью-Йорк пен Лос-Анжелесте американдықтарға метро салуға көмек тесуге туннель қазатын инженерлеріңізді жіберуге қалай карайсыздар?» «Совет павильонының табысына таласуға болмайды! – деп жазды Солтүстік Америка континентінде француз тілінде шығатын ірі баспа орны «Ля-пресс» газеті. Ал, «Монреаль» газеті былай деп жазды: «Жайдары мінезді бір адам орыс павильонын көріп шыққаннан кейін: «Бұлай бола берсе, орыстар көп ұзамай бәрімізді де коммунист қылып шығарар деп жымия күлді». «Совет павильонын көргенде тек орыстар жайлы ғана мағлұмат алады екенбіз деп ойламаңыз. Кіре берісте 15 республиканың жалауы желбіреп тұр. Мұның өзі армяндардан бастап мансилерге дейін 233 миллион адамы бар 117 ұлттан құралған семьяның құрылымын түсінуге көмектеседі. Совет павильонын көрсеңіз, басқа жерден гөрі, бәлкім, СССР-де анағұрлым қиы нырақ болған проблеманы осынау көп ұлтты мемлекеттің қалай шешкені туралы баяғыдан қойылып келе жатқан сұраққа тиянақты жауап ала аласыз». «Пембрук обсервер». «СССР павильоны және онда қызмет істейтіндердің бәрі маңызды парасаттылық пен орасан зор прогресс әсерін қалдырады, сонымен қатар, былай қарағанда қысқа мерзімнің – 50 жылдың ішінде қол жеткен ұлан-асыр табыстардың куәсіндей». «Монктон таймс». Совет елінің адам баласы таң қаларлықтай алып табыстарын көре алмайтын, тіпті әуелі қызғанышпен қарайтындар да болмай қалған жоқ. Олардың да қалдырған азын-аулақ жазбалары бар екен. Оларды оқи отырып, Талдықорған облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші секретары Бәйкен Әшімов күлді де: – «Ит үреді, керуен көшеді», – деген қазақ мақалы осы араға дәл келеді-ау деймін, – деді де, пікір кітабының бетін жапты.
VІ ...Енді біз Чехословакия павильонын аралап жүрміз. Мұнда Чехословакия халықтарының тұрмысы кеңінен қамтылған. Мектеп, балалар бақшасы, денсаулық сақтау орындары мен көркем өнер жағдайы жан-жақты мол баяндалған. Шыны жасау тарихының әр дәуірінен мағлұмат алып, қазіргі замандағы шыны жасаудың, керамиканың, қол өнер ісінің даму жайын көріп өте риза боласың. Өндіріс орындарының өсу проблемалары мен жаңа техника жайы арнайы жасалған кинофильм дер, диапозитивтер, көркем витриналар арқылы павильонның өндіріс орындарының өсу симфониясы дейтін бөлімінде көрсетіледі. Павильонды асықпай толық көріп болғаннан кейін, бізді бастап түсінік беріп жүрген тығыршықтай келген семізше сары жігіт павильонның шыға беріс бүйіріндегі есікті ашып, бізді шағын ғана дөңгелек залға әкелді. Оған 200-250-дей адам сыятын тәрізді. – Осы жерде чех артистері ойын көрсетеді. Соны көре кетіңіздер, – деп қиылды әлгі жігіт. – Рақмет. Ойын көруге біз қарсы емеспіз, – дедік. Күні бойғы үртіс жүріс, павильоннан павильонға, бөлімнен-бөлімге асықпай-саспай жүргеннің өзінде қанша жер жүргенімізді кім өлшеп ті, әйтеуір ылғи аяқтан тік жүрген жүріс әбден шаршатыпты. Осы жерде отырып демалып алуға ешқайсымыз да қарсы болмадық. Он-он бес минуттан соң басталады деген ойыны айтылған уақытта басталмады. Сәл кешікті. Өзара өткен-кеткенді әңгімелеп отыра бердік. Бір мезгілде залдың далаға шығатын сыртқы есігінен төрт полицей кіріп келді де, екі жақ босағаға екі-екіден бөлініп, беттерін көрермендерге беріп тұра-тұра қалды. Көп ұзамай қасында ашаң жүзді әйелі және бір топ баласы бар сенатор Роберт Кеннеди кіріп келді. Біз келген адамның Роберт екенін бірден білдік. Өзі дәл ағасы, Американың бұрынғы президенті Джон Кеннедиге ұқсайды екен. Оның үстіне залда отырғандардың кейбіреуі «Роберт Кеннеди келді деп бірін-бірі бүйірден түртіп, сыбырласа бастады. Залда отырған жұрт та, біз де Робертке қарап қалыппыз. Ол кісі балашағасымен аспай-саспай біздің артымыздағы екінші скамейкаға келіп отырды. Байыпты, салмақты адамның нышанын байқадық. Роберт Кеннеди орындыққа отырды да, маңайына бір қарап қойды. Оң жағында отырған әйеліне бірдеңе деп сөйлесті. Содан соң екі аяғын созып көсіліңкірей отырды. Орта бойлы, жалпақ бет, үлкен көзді, жирен шашты, толықтау адам екен. Киімі де, жүрген жүрісі де, сөйлеген сөзі де қарапайым. Тек мінезінде ғана бір ілгешек барлығы сезіледі. Паң адамға да ұқсай ма деп ойлап қалдық. Сөзге де сараң сияқты. Ол келген соң көп ұзамай ойын басталды. Бізге сол кісіні тостырып қойғанға ұқсайды. Ойын көпке созылмады. Ықшам ғана екен. Залда шам жанысымен орнымыздан тұрып кетуге ыңғайлансақ, Кеннедидің шуылдап отырған семьясы орнында жоқ екен, жұртқа сездірмей шығып кетіпті.
Біздің программамызда Американың павильонын көру бар болатын. Концертте отырып біз әжептәуір дем алып қалыппыз. Біз еш жерге кідірмей үлкен кең алаңды басып тура жүріп келеміз. Алдымызда жер шарына ұқсас дөңгелек бір павильон тұр. Ылғи шыны мен темірден салынған. Шынысы күнге шағылысып көз қаратпайды. Есігінің алдында Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік жалауы желбіреп тұр. – Мынау алдымызда тұрған шарға ұқсас Америка Құрама Штаттары ның павильоны, – дегенде менің көзіме 1958 жылы Бельгияның орта лығы Брюссель қаласында өткен дүниежүзілік көрмеде болған домалақ шар тәрізді Американың павильоны елестеді. Ол жолы ылғи бір әйел киімдерінің жаңа модаларын көрсетіп әбден мезі қылғаны бар еді. «Енді несін көрсетер екен», – деп ойладым. Сырт көрінісіне қарағанда, Американың ЭКСПО-67 көрмесіндегі бұл павильоны инженерлік шешімі жағынан қызықты екені сөзсіз. Бірақ бізден бұрын көрген адамдар мұны жалтылдаған сырты болмаса ішінде кісі қызығарлық ештеңе жоқ, үрген қуыққа ұқсайтын бірдеңе дескен еді. Американың павильонының алдына келгенімізде, бізді шикіл сары жігіт қарсы алды. «Қош келдіңіздер!» дегендей белгі беріп, оң қолын созып павильонды нұсқады. Біз екі сағат жүріп төрт қабат павильонды тегіс көріп шықтық. Жалпы баға бермес бұрын, менің жеке басыма осы павильонның космикалық техникаға арналған бөлімі өте ұнағандығын айтқым келеді. Адам зер салып қарауға тұратын бөлім бе деп ойладым. Бұл павильондағы жасан ды спутник, метеорологиялық ракеталар, байланыс спутнигі, бір ғана адамға арналған (бір орындық) космикалық «Меркурий» кораблі, екі орындық «Джеминай-7» және үш орындық «Апполон» жасанды спутник тердің нағыз өзін көрмеге қойған. Ай бетіндегі «Орбита» автоматикалық станцияның макетін, космонавтар ішетін тамақтың үлгілерін көрмеден көруге болады. Павильонның екінші қабаты Америкада шығатын кино-картиналарға арналған. Әлсін-әлсін кино көрсетіп, Америка өмірімен саяхатшыларды таныстырып отырады екен. Біз барған мезгілде кино көрсетпеді. Үзіліс шағы болса керек. Бұл бөлімде көз тартатындай ештеңені көре алмадық. Менің көзіме түсіп, таң қалдырған, тозығы жеткен, бір ғана жеңіл машина болды. «Бұл машинаның кино көрмесіне қандай қатынасы бар?» деген біздің сұрауымызға осы бөлімнің түсінік беріп тұрған қызметкері былай деп жауап берді: – Бұл жеңіл машина Америка жерінде түсірілген 240 фильмнің съемка сына пайдаланылды. Сондықтан осы көрмеде тұруға еңбегі әбден жет кілікті. Оған сіздер таңданбаңыздар. Әрине, біз ол кісінің айтқанына таласайық деп тұрғанымыз жоқ болатын. Көңілімізге келгені – ол кісінің айтқандарының шындығынан кері өтірігі көп екендігі ғана еді. Біз осы ескі машинаның жанында, үнсіз біраз тұрдық та ілгері кеттік.
Біз Америка көрмесін көріп біткеннен кейін түсінік беріп, павильон ішінде саяхат шектірген адамдарға рақмет айтып, далаға шығуға айнал дық. Дәл осы кезде оң жақта оқшаулау тұрған ұзын бойлы, галстук таққан, қара костюмді жігіт: – Мырзалар, сіздерді Америка павильонының Бас комиссары жолыға кетсе екен деп өтінеді, – деді. – Бастаңыз. Бас комиссарға жолыға кетуге қарсылық жоқ, – деп Сабыр Біләлұлы бізді бастап сол жақтағы есікке қарай жүрді. Біз де сол кісіге еріп жүріп келеміз. Екінші қабаттан бірінші қабатқа түстік те, ұзын дәлізді бойлап комиссардың кабинетіне келдік. Комиссар бойы аласа, орта жасқа келіп қалған, қарны шығыңқы семіз сары кісі екен. Бізбен амандасты да, төрге шығып отыруымызды сұрады. Бұл жерде біз көп болғанымыз жоқ. Бас комиссар қысқа түрде біз әлгінде ғана көріп келген павильондағы экспонаттарды қайталап айтты да, бізге Америка павильонының құрметті қонақтарға берілетін белгісі есебінде бәрімізге бір-бір значок, суретпен, әдемі бояумен безендірілген бірнеше кітап берді. Біз Бас комиссарға берген сыйлығы үшін рақмет айтып, шығып кеттік. Бізді ертіп жүрген көрнекті де көркем жігіт алдымызға түсіп ілгері қарап жүріп келеді. Біз сыртқы есікке жақындай бергенде, алдымыз дан кесе-көлденеңдеп бір топ адам шыға келді. Сол топтың ар жағында Роберт Кеннеди балаларымен сөйлесіп келе жатыр екен. Бізді есік алдына шығарып салуға келе жатқан адам әлгі топқа қарай бұрылып тоқтады да: – Мырзалар, танысыңыздар, мына кісі Американың сенаторы Роберт Кеннеди! – деді. – Мына кісілер Қазақстаннан келген делегация мүшелері, – деп сена торға қарап бізді таныстырды. Біз сол жерде тоқтадық. Сабыр Біләлұлы Роберт Кеннедимен қол ұстасып амандасты. Сенатор Ниязбековтың қолын босатпай жылы жымиып, біздің бәрімізді бір шолып өтті. Біз де иек қағысып амандастық та, Сәкеңнің қасында тұра бердік. Роберт Кеннеди Сәкеңнің қолын босатты да: – Қазақстан... – деп ол бір нәрсені есіне түсіргісі келгендей, ойланып қалды, – тұра тұрыңыз, сіздер Алматыдан келдіңіздер ме? – Иә, біз Алматыдан келдік. – Мен 1956 жылы саяхат шеккен туристермен бірге Алматы қаласында болғанмын. – Қалай, Алматы сізге ұнады ма? – дедік біз. – Алматы – өте көрікті қала. Көшесі толған ағаш, бау-бақша, көшесі түзу. Сіздердің тауларыңыз да маған ұнады. Алатау табиғаты өте сұлу екен. – Біздің қаламыз жөнінде сізде жақсы пікір қалғанын біз мақтан етеміз. – Мен барған кезде, қаланың орталығында бір қабат аласа ағаш үйлер бар сияқты еді. Кейінгі кезде өзгеріс болды ма? – Енді келсеңіз қаланы танымай қаласыз. Қаладағы ескі үйлердің орнына жаңадан көп қабатты үйлер салынды. Тағы да біздің Алматыға
келіңіз, сенатор мырза, біздің қаланың өскендігін өз көзіңізбен көресіз, – деді Сабыр Біләлұлы. – Рақмет шақырғаныңызға. Өмірде бәрі де бола береді, қайта барып қалуым да мүмкін!.. Иә, менің есімде қалған ең басты бір нәрсе, – деді сенатор маңдайын сипап, – бұл алмасы көп қала емес пе еді? Алманың әкесі демеуші ме еді? Менің есімде дұрыс қалып па!.. Қалай қазір де алма мол ма? Алма деген сөзге елең еткен Кеннедидің балалары барлық ықыла сымен үлкендердің сөзіне құлақ түріп, үнсіз қозғалмай қарап қалыпты. Бұл жерде Кеннедидің әйелі де сөзге араласты. Ол Алматы апортының дәмділігін айтып, хош иісін мақтады. – Бізде алма өте көп, – деп жауап берді Ниязбеков сенаторға. – Қонаққа келіңіздер. Біздің Совет павильонында болдыңыз ба? – Әлі болғанымыз жоқ, – деді сенатор. – Көруге әбден болады. Уақыт болса, сіздердің павильондарыңызға барамын. – Олай болса, сізбен тағы да кездесеміз ғой. Біз ойламаған жерде ұшырасқан Кеннеди мырзамен қоштасып далаға шықтық. Роберт Кеннеди мырза кейінгі бір күні, уақыт тауып, Совет па вильонында болған да көрінеді, бірақ біз ол кісімен екінші рет кездеспе дік. Роберт Кеннеди Совет Одағында да екінші рет бола алмады, жаңарған Алматыны да көре алмады. VІІ – Біз Монреальда болған кезімізде қаланың да біраз қызықты жер лерін көрдік. Сол сенатор Кеннеди мырзамен кездескен күннің кешінде біз үйретілген дельфиндердің циркіне бардық. Бірнеше дельфинді төрт ай бойы оқытыпты. Әуелі дельфиндер адамның ырқына көнгісі келмеген екен, бірақ олар артынан үйреніп кетіпті. Қазіргі замандағы ғалымдардың жорамалы бойынша, дельфин әлемі әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ көрінеді. Өзі шешіл меген жұмбағы көп таңғажайып жануарға ұқсайды. Кейбір болжауларға қарағанда, дельфинде аз да болса ақыл-ойдың сілемі бар деп саналады екен. Мәселен, кейінгі кезде дельфиннің өзіне тән тілі бар екендігі анықталыпты, ал ғалымдар сол дельфин тілінің жұмбағын шешуге әрекет жасап жатыр деседі. Олар өте тапқыр, ақылды жануар. Талай рет ашық теңізде қалған адамды үйірімен жүрген дельфиндер қатерден сақтап алып қалғаны белгілі. Сондықтан да, көптеген елдер кейінгі жылдары дельфиндерді аулауды тоқтату жөнінде заң қабылдады. Бұл жануарлардың жай-жапсарын білген сайын адам баласы оларды жоюға жол бермейді. Дельфинді оқытуға негіз болған атақты орыс ғалымы Павловтың дүние жүзіне белгілі шартты рефлекс жайындағы ілімі көрінеді. Дельфин 35 жыл жасайды. Теңізде топталып, үйір-үйір болып жүреді екен. Адам баласы дельфинді де балық аулағандай аулайды. Жаралы
болған дельфинді сау қалғаны тастап кетпейді, ылғи алып жүреді дейді. Бір-біріне міндетті түрде көмектеседі. Біз дөңгелек залда отырмыз. Ортада теңіз суы толтырылған төрт бұрышты қалың шыныдан жасалған бассейн. Ішінде екі дельфин асау аттай тулап жүр. Қарғып бассейннің бір жағына, біресе екінші жағына шығады. Дельфиндердің су ішіндегі әрекеттерінің бәрі шынының сырты нан залдағыларға көрініп тұр. Көп ұзамай, ақ көйлекті жас жігіт сахнаға шықты. Алдымен көрермендерге тәжім етіп, сәлемдесті. Содан кейін шыны бассейннің сахна жақ қырына шығып, сәл уақыт дельфиндерді ойынға шақырғандай, суға қарап мелшиіп тұрды. Оны көрген дельфиндер суды соғып, тағат таппай ырши бастады. Бір мезгілде әлгі жас жігіт қолындағы допты су бетіне қарай лақты рып жіберді. Ұшқан допқа қарсы оқтай атылған дельфиннің бірі судан ыршып жоғары қарғып шықты да, тұмсығымен допты бассейннің екінші бөлегіне қарай ұрды. Екінші дельфин де соны істеді. Сөйтіп екі дельфин де ойнай жөнелді. Үйретуші белгі беруі-ақ мұң екен, дельфиннің бірі допты иесіне қарай ұрды. Ол – допты бір қолына ұстап тұрып, екінші қолымен дельфиндерге жақсы ойнағандары үшін ауыздарына бір-бірден балық салды. Дельфиндер неше түрлі өнер көрсетті. Ойын бітісімен, біз мейманханаға қайттық. Ертеңінде бізді Канаданың Квебек провинциясы (орталығы Монреаль қаласы) павильонның Бас комиссары қонаққа шақырды. Баратын же ріміз алыс емес. Бізді жаяу жүргізгісі келмеген болар, кейінгі кезде шық қан бір әдемі жеңіл машина жіберіпті. Сеңдей соғылған саяхатшылардың арасымен бізді лезде Квебек павильонына алып келді. Лифтке отырып, павильонның жоғарғы қабатына шықтық. Бас комиссардың кабине тінде отырмыз. Ол қартаң тартып қалған, бурыл шашты, жағы солыңқы, аласа бойлы француз екен. Комиссар ең алдымен Квебек провинциясы ның экономикасымен қысқаша таныстырып шықты. Бұл провинцияда 4,5 миллион халық тұрады. Оның 25 проценті ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының өнімі өте жоғары, сондықтан да Канадада ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адам 33 кісіні асы райды: азбест, алтын, темір өндірісімен Квебек провинциясы Канаданың басқа провинцияларымен салыстырғанда бірінші орын алатын көрінеді. Квебекті Канадада шығатын уран рудасының да қоймасы деп атауға болады. Бізге Квебек павильонын көрсетті. Жұпыны ғана көрме екен. Көзге түсіп, есте қалатыны жоқтың қасы. Өндіріс орындары диаграммалар арқылы көрсетіліпті. Қарның ашады. Кейбір өндіріс салаларын үзіпжұлып документті кинофильм арқылы көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін көрмеге қойыпты. Бұл бөлімде Канаданың ауыл шаруашылығы жөнінде әжептәуір мәлімет алуға болады екен. Өйткені көрмеде шаруа шылықтың бұл саласы кеңірек көрсетілген. Жеңіл өнеркәсіп орындары ның өнімдерін жан-жақты көрсетуге тырысқан. Бізге Квебек павильоны
ның Бас комиссары түскі ас берді. Ас ішкен кезде қысылмай-қымты рылмай кең отырдық. Осылай отыруға ас иесінің өзі себепкер болды. Стол басына отырысымен комиссар бірден біздің іші-бауырымызға кіріп, сөзге де шебер, қалжыңбас та кісі екендігін көрсетті. Шынын айтқанда біз нағыз француз столы басында отырғанымызды сезіндік. Келісті қалжың, әдемі күлкі көңілді отыруға ең басты себеп болды. Бір мезгілде комиссар жаңа ғана көріп шыққан павильон туралы әң гіме қозғағысы келіп былай деді: – Квебек – өте бай провинция. Ал осы байлықтан француздықтар ға несі қалады деп сұрасаңыз, мырзалар, біздің кең байтақ жеріміздің қисапсыз байлығының 80 процентін ағылшындар мен американдықтар пайдаланады десем, мен өсіріп айтпаған болар едім. Сонда бұл жерге кім ие болғаны? Аяқ астынан ашу шақырған ас иесіне Сабыр Біләлұлы Ниязбеков жақсы көңіл білдіріп: – Осы теңсіздікті жою үшін сіздерге кім кедергі жасап отыр? – деді жайлап. – Менің түсінігімше, француздар Квебек провинциясында көпшілік көрінеді. Оның үстіне француздардың бәрі де жаңағы сіз айтқан жағдайға іштей қарсы екен. Ал табиғат байлығын шын мәніндегі иесінің пайдалануы жөнінде, менің ойымша, көпшіліктің пікірі шешуші болуға тиіс қой. – Ағылшындар, – деді комиссар дауысын көтере сөйлеп, – біздің еріктілігімізге қол сұғып, қыспаққа алып отыр. Бірақ біздің тәуелсіз бо луға мүмкіндігіміз әбден бар. Тәуелсіз ел болуды біз іске де асырамыз. Иә, иә, мен шын айтып отырмын, біз тәуелсіз ел боламыз! – Сіздің айтып отырғандарыңызға кәміл сенемін, – деді С.Б.Ниязбеков. – Меніңше, біз соның куәсі де болармыз. – Біз тәуелсіз ел болған кезде, – деді ас иесі жымиып, – мен СССР-де бірінші елші болсам, сіз қарсы болмайтын боларсыз? Біздің делегацияның басшысына комиссардың қалжыңын қолдаған нан басқа ештеңе қалған жоқ еді. – Келуіңізді сұраймыз! – деп жауап берді. Стол басындағы әңгіменің бітуін тосып отырғандай, біздің қарсы алдымыздағы шағын ғана сахнаға хор айтушылар шықты. Хорды басқа рып тұрған дирижер қолын созысымен біз өзімізге таныс «Москва түбін дегі кеш» әнінің мелодиясын есітіп, қуанып қалдық. Бүкіл дүние жүзінде әйгілі әнді хор француз және орыс тілінде екі рет қайталап айтты. Хордың орыс халқының дүние жүзіне кең тараған атақты осы әнін орындауы ас иесінің бізге көрсеткен үлкен құрметі болды. Хор баяулап барып тоқтасымен комиссарға көп-көп рақмет айттық. Тамақ үстіндегі әңгіме бірте-бірте саяси проблемаларға көшті. Кана дадағы француздар мен ағылшындардың арасындағы бітіспес қайшы лық күшті екендігіне біздің көзіміз әбден жетті. Екі жағы да бір-біріне
қарсы демонстрация жасауды үйреншікті іске айналдырып алғанға ұқсайды. Мәселен, Канадаға ағылшын королевасы келгенде француздар қарсылық білдіріп, демонстрация жасаған болса, ал ағылшындар Фран ция президенті де Голль келгенде осындай демонстрация жасап қарсы алуға дайындалып жатыпты. Ас үстінде комиссар генерал де Голльдің Канадаға жуық арада келетіндігін де әңгімеледі. Оның ойынша, генерал өз туғандарын қолдау ретінде ең алдымен Квебек провинциясына келуге тиіс, содан соң ғана Оттаваға барады. – Бұл оның француздық борышы! – деді комиссар. Генерал де Голльдің өз жерлестерінің ойлаған ойынан шыққаны кейін белгілі болды. Ол ең алдымен Квебек провинциясына келді, мұнда оны үлкен құрметпен қабылдады. Президент Канаданың астанасына сол күйі бармай да кетті. Де Голль Канададағы француздардың ұлтшылдық әуенін онан арман қоздыра түсті. – Бұл жерде француздар азшылық. Ағылшындардан сескенбей қорғану үшін бізде не күш, не қаражат жоқ. Біздің павильонның кіре беріс алдында тұрған көне заманның зеңбірегін сіздер байқадыңыздар ма? Ол – көне заманның қалдығы. Бұл біздің сыртқы жауларымыздан қорғанатын жалғыз ғана құралымыз екендігіне сіздердің сенулеріңізді сұраймын, – деді комиссар ас аяқталып қалған мезгілде. Ол сөзінің аяғын қалжыңға айналдыра сөйледі. Әңгіменің соңын әзілмен аяқтағысы келген С.Б.Ниязбеков орнынан тұра беріп, комиссарға былай деді: – Зеңбірек – өте айбынды қару. Бірақ сіздің елге төніп тұрған жау бар ма? Біздің еліміздің Канада еліне ешуақытта қауіп туғызбайтындығына мен совет халқының атынан сізді толық сендіруге рұқсат етіңіз. Біз дүние жүзінің бар елімен дос болуды, бейбітшілікті сақтауды тілейміз. – Иә, оны мен жақсы түсінемін! – деп бізге сенім білдірді де, комиссар бізді залдан шығарып келе жатып автомашинамен провинцияны ара лап, саяхат жасауға шақырды. Монреаль қаласынан 250 километр жердегі Эстрель көліндегі демалыс үйін көріңіздер деді. Біз келістік. С. Б. Нияз беков: – Қазақта «Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді» деген мақал бар, – деді комиссарға күліп. – О, жақсы мақал, – деді комиссар өз ұсынысын біздің қабыл алғанымызға қуанып. Үш машинамен біз Эстрель көліне жүріп кеттік. Машина қаланың сыртына шығып алды да, асфальт төселген тақтайдай жазық жолмен ызғыта жөнелді. Әрбір елу километр сайын жол аузында үлкен қақпа кездеседі. Ол кассаға ақша салсаң, өзінен-өзі ашылады да, машина өткен соң өзінен-өзі жабылады. Біз үшін бұл тіпті ерсі көрінді. Өйткені Совет жерінде қайда барам десең де кете бересің. Ешкімнің сенде шаруасы жоқ. Сондықтан бізді бастап келе жатқан Квебек провинциясының адамынан:
– Шофердің әр елу километр сайын ақша төлейтін себебін айты ңызшы? – дедік біз. – Жол жекеменшік иесінің жолы. Сондықтан жолды пайдаланғаны үшін әркім ақша төлеуге тиісті. Бұл кісінің айтып отырғаны «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа», – дегеннің кері. Қатты жүріспен келген біздің машина бұйрат-бұйрат болып кеудесін күнге төсеп жатқан жотаның ішіне кірді. Бұраңдап сайсайды қуалап, бірде қыратқа көтеріліп, бірде ойға түсіп есіп келеміз. Астымызға мінген «Чайка» машинасының жүрісі жайлы. Жорға атқа мінгендей сезінесің. Бір кезде машина атқан оқтай шапшаң жүріспен көк майса шалғын шөбі мол көк төбенің үстіне шыға келді. Алды мызда сұлап ұзыннан-ұзақ көсіліп жатқан көл екен. Арғы бетінде алуан түрлі орман ағаштары көз тұндырады. Шофердің жанында отырған Квебек провинциясының Бас комиссарының өкілі тотияйындай көк көзімен алдындағы табиғат көрінісін бір шолып алды да, мойнын бұрып бізге қарап: – Біздің келе жатқан Эстрель көлі мына көрінген, – деді. – Үлкен көл екен. Бұл көл бір кісінің меншігіне жата ма, болмаса мемлекетке қарай ма? – деді арт жақта отырғандардың бірі. – Бұл көл де, анау көрінген орманды тау да, көл жағасындағы баубақша да бір ғана адамның жеке меншігіне жатады. Бір кезде бөлек-бөлек төрт көл болатын. Кейіннен төртеуінің арасынан канал жасап қосқан. Казір бір көл болып есептеледі. – Маңайында демалыс үйлері көп болар? – Осы көлді айнала салған 50-60 демалыс үйі, 3 санаторий, бірнеше пансионат, мейманханалар бар. – Бұлар да мына көлдің иесіне қарай ма? – Әрине, көлдің иесінің жеке меншігіне жатады. – Бір путевкасының бағасы қанша тұрады? – Бізде аптамен есептеледі. Аптасы 130-145 доллар тұрады. – Бір путевканың бағасы ма? – Иә, бір путевканың бағасы, – деп қайталады ол. – Демалыс үйлерінен алатын кірісін айта аласыз ба? – Айтқанда қандай. Осы көлдің, жердің, демалыс үйлерінің иесінің бір жылғы жалпы кірісі 16 миллион доллар, тек демалыс үйлерінен алатын бір жылғы кірісі 6 миллион доллар. Біз әңгімелесіп отырып, машинаның екі қабат ақ үйдің алдына келіп тоқтай қалғанын сезбей де қалыппыз. Пансионаттың төменгі қабатын дағы меймандар тосатын кең залға келіп сәл уақыт кідірдік. Бір мезгілде төрт жақтағы есіктен осы демалыс үйінде дем алып жатқан бір топ адам сау етіп кіріп келді. Ішінде еркектер де, әйелдер де, балалар да бар. Киген киіміне, қолына ұстаған орамалдарына қарағанда көлге суға түсіп келе жатқанға ұқсайды. Олар біздің қасымызға келіп, таңырқап қарап сәл тұрды.
Бастап жүрген адам бірден әлгі келген бір топ адамға бізді таныстыра бастады. Олар біздің Қазақстаннан келген адамдар екенімізді естіп, өздері бір нәрсені әңгімелей жөнелді. Біз олардың сөздеріне зер аударғанымызды сезіп, тілмаш бұл келген адамдар америка азаматтары екендігін, олар дың осы көл басына өз семьяларымен дем алуға келгенін, жуықта олар Монреаль қаласында болып қазақ артистерінің концертін көргенін айтты. Олар концертке өте риза болып қайтқан көрінеді. – Сіздердің концерттеріңіз, – деді комиссар өкілі американды қардың тез сөйлеп тұрған сөзін аударып, – өте тамаша! Бұл концерт қазақ халқының мәдениетінің өте-мөте жоғары екендігін көрсететін үлкен бір айғақ іспеттес! – Рақмет, – деп байыппен жауап берді С.Б.Ниязбеков. – Сіздердің көргендеріңіз біздің тек қана елу жыл ішіндегі жетістігіміздің жемісі. Алдағы уақытта мұнан да мол табысқа жететіндігіңізге біз кәміл сенеміз. – Сіздерді осы үлкен табыстарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, – деп американдықтар бірден шу ете қалды. Сонан кейін бізбен қоштасып, американдықтар өз жөніне кетті. Біз көл жағасына келдік. Моторлы қайыққа мініп төрт көлдің төртеуін де аралап, саяхат шектік. Саяхатқа бір сағаттай уақыт жұмсадық. Қайта оралып келе жатқанымызда аспанда ұшқан самолеттің дауысы естілді. Көз жіберіп қарасақ, көлдің қарсы беттегі жиегіне қарай біртебірте төмендеп қалқи ұшып бара жатқан вертолет көрінді. – Бұл неғылған вертолет? – деп сұрадық біз. – Анау үйде осы демалыс аймағының иесі тұрады, – деді бізді ертіп жүрген жігіт. – Вертолет сол кісінікі. Монреаль қаласына жеткенге дейінгі біздің әңгімеміз Эстрель көлін дегі саяхат жөнінде ғана болды. Бізге белгісіз осы демалыс аумағының иесі құлашын кең жайып, көп-көп демалыс үйлерін салып еңбек сіңірген дігінде сөз жоқ. Осы жерде дем аламын деушілерге жұмақ орнатқан. Дем алысын осы жұмақта өткізем дейтін кісілердің саны Монреаль қаласынан басқа Канада қалаларында да қисапсыз көп екендігіне күмәндануға болмайды. Бірақ олардың бәрі өзінің ойлаған ойын іс жүзіне асыра ала ма? Жоқ, асыра алмайды. Ол үшін ең алдымен қалтасы толық болу керек. «Торонто дейли стар» газетінде осыдан сәл уақыт бұрын Канада семьяларының тұрмыс жағдайы күннен-күнге құлдырап нашарлап бара жатқандығы жөнінде мақала басылып шықты. Ол мақалада Канада халқының тұрмыс жайы өте қауіпті жағдайда екендігі жөнінде дабыл көтерілген. «Канада семьясының бір жылдық күн көрісі», – деп жазды газет, – қымбаттап кетті. Сөйтіп, қатардағы канадалықтардың тұрмы сын нашарлатып жіберді. Бұл тұтынушы адамдардың қалтасына тағы бір ауыр соққы болды. Адам баласына ең қажетті нәрселердің – баспананың, ішетін тамақтың, киетін киімнің бағасы тағы да қымбаттады. Ал осы үнемі жоғарылап келе жатқан бағаның тоқтайтын түрі жоқ».
Газет тамақтың, киімнің, электр күшінің, дәрі-дәрмектің, медици налық көмектің, тағы да басқа адамға керекті бұйымдардың бағасы тоқтаусыз өсіп келе жатқандығы жөнінде көптеген цифрлар мен факті лерді келтірген. Біз оқушы қауымға түсінікті болу үшін Канаданың бір семьясының бюджетін мысал есебінде келтіре кетелік. Ерлі-зайыпты Бенниондар Торонто қаласында тұрады. Ері фабрикада жұмыс істейді. Қызмет уақытынан артық істеуін қоса есептегенде ол аптасына 100 доллар (айына 400 доллар) еңбек ақы алады. Ай сайын алатын еңбек ақысының 130 доллардан астамы пәтер ақысы мен от жағуға төленеді. Ай сайын үнемдеп ұстағанның өзінде әйелі 140 долларды тамаққа жұмсайды. Сонда ай сайын 130 доллар ғана қалады. Салығы, киімі, аяқ киімі қайда? Басқа да ұсақ-түйектер сатып алмай ма екен? Ерлізайыпты Бенниондар киноға бара алмайтындары жөнінде уайымдап-ақ мойындайды, мұндай артық сән-салтанатты, әуесқойлықты істегісі-ақ келеді, бірақ қолы қысқа. Әрбір центті үнемдеуге тура келеді. Монреаль түбіндегі көлдер, ормандар, пансионаттар мен вертолеттің иесі орнатқан көз тұндыратын әдемі жағдайдың шарапатына бөленуге әрбір ауқатты семьяның өзінде керекті жағдай бола бермейді. VІІІ Сол жылғы июльдің тоғызы болатын. Бұл – ЭКСПО-67 көрмесін дегі Қазақстан онкүндігінің бітетін күні. Қазақ ССР өкіметінің атынан көрмедегі әр елдің павильондары Бас комиссарларының, Монреаль қаласының басшы адамдарының, мәдениет қайраткерлерінің құрметіне сол күні кешке үлкен қабылдау болатын болды. Совет павильонының екінші жақ қабатындағы бір жақ қабырғасы ашық үлкен кең бөлмеге ұзын нан-ұзақ столдар қойылды. Алматыдан арнайы әкелінген арақ-шарап, қазы-қарта, жал-жая, шұжық, құрт-май, ірімшік, Каспий теңізінің уыл дырығы, тағы басқа тәтті тағамдар стол үстіне сыймай кетті. Асыл шыны дан жасалған вазаларға жүзім, Алматының қызыл апорты толтырылды. Қабылдауға келген қонақтар столдарды айнала топ-топ болып тұр. Гу-гу әңгіме. Біраздан соң әркім өзінің көңілі соққан асына, қалаған шарабына қол созды. Қабылдау өте жақсы өтіп жатты. Қонақтар қабылдауға риза сияқты. Залдағылардың бірі французша, енді бірі ағылшынша, итальянша, орысша сөйлесіп жатыр. Сол топтың арасында мен де біреумен қанненқаперсіз сөйлесіп тұр едім. Бір кезде біреу: «Әди Шәріпов, амансыз ба?» – деп келіп мені құшақтай алды. Басында оны жыға танымасам да, әйтеуір білетін адамның бірі болар деп, мен де құшақтап бетінен сүйдім. Сөйтсем, ол Канадада тұратын украин жазушысы Петр Иванович Кравчук болып шықты. Кравчук 1966 жылы сентябрь айында Қазақстанда өткен Украина әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатынасқан. Алматы, Шевченко, қалаларында, Маңғыстауда болған. Қазақстан Жазушылар одағында өткен қабылдауға қатысқан. Қасында екі әйел бар екен. Оларды Кравчук:
– Мына кісі менің әйелім, ал мына кісі менің туған қарындасым, ағылшын тілінде шығатын Украин газетінің Бас редакторы, – деп таныстырды маған. – Біз Нью-Йорк штатында дем алып жатыр едік. Жергілікті бір газеттен сенің Монреальға келгендігіңді естіп, бүгін әдейі кездесу үшін келдік, – деді. Мен онысына үлкен рақмет айттым. Қазақстанда болған кезін П.И.Кравчук айтып тауыса алмайды. Өзі мейлінше риза болған екен. Біздің республикада болған кезінде көптеген сурет түсіріп алған еді. Петр Иванович Канадаға келген соң сол суреттерінен тамаша альбом жасапты. Торонто қаласында украин тілінде шығатын газеттің бірнеше санында ол «Қазақстанда өткен Украина онкүндігі» деген үлкен мақала жариялапты. Ал сол газеттің бір санында менің «Бір еменнің екі бұтағы» деген сол кезде жазылған украина халқы мен қазақ халқының достығын көрсететін мақаламды бастырыпты. Кравчук сол альбомның бір данасын және алып келген газеттерін маған сыйлыққа тартты. Оның үстіне: – Тағы да мына кітапты ал, – деп портфелінен көк мұқабалы кітап суырды. Кітаптың ішкі бетіндегі: Петр Кравчук. «Тарас Шевченко Канадада». Киев. 1961, деген сөздерді оқытты да, қалтасынан авторучкасын алып, оған тез-тез былай деп жазды: «Құрметті Әди Шәріповке, сен туған Қазақстанда бір рет, менің бауыр басқан отаным Канадада бір дүркін кездесіп; екеуміздің екі рет дидарласқан шағымыздың ескерткіші болсын. П И. Кравчук. Монреаль, 9.VІІ–1967 ж.». Біз де оны құр қол жібермедік. Өзіне қара мақпалдан тіккен, етегі оқамен оюланған шапан кигіздік те, әйелі мен қарындасына оқалы қам зол сыйладық. – Мына кісі біздің өзіміздің адамдай болды ғой, – деді біздің жігіттің біреуі, қонақтардың үстіндегі қазақша киімді көріп. Сол күні Петр Ивановичпен құшақтасып қоштастық. Ертеңінде біз тұрған пансионаттың алдына келіп күмістей жарқыл даған ақ автобус тұра қалды. Өзі ерепейсіз ұзын екен, тар көшеде келе жатып кейін бұрыламын дегенде алдында қарсы келген шағын ғана жеңіл машина екеуі әзер дегенде көшеге сыйды. Біз баратын Торонто қаласы Ниагара су құламасымен жер жүзіне әйгілі. Канадаға келген саяхатшылардың бірде-бірі ол жерді барып көрмей ешуақытта кетпейді. Ниагара су құламасы – сол елдің ең бір есте қаларлықтай көркем жері. Біз Оттава арқылы Торонто қаласына, Ниагара су құламасына жүріп кеттік. Күн ашық. Автобус атқан оқтай зымырап келеді. Өзара әзіл, күлкі, әңгімемен отырып, ара-арасында қосыла ән шырқап қойып, біз түске таман Оттава қаласына келіп жеттік.
Канаданың астанасы онша үлкен қала емес екен. Қалада не бәрі 350 мың адам тұратын көрінеді. Оттавада бірде-бір өндіріс орны жоқ. Өндіріс орындары қаладан сырт жерде орналасқан. Сондықтан да қалада түтін жоқ, көшесі өте таза. Біздің автобусымыз Канада парламенті үйінің алдындағы кең алаңға тоқтады. Парламент үйі сырты қоңырқай тартқан бес қабатты жай екен. Біздің жігіттер үсті-үстіне суретке түсіріп қарық болып жатыр. Алаң толы әр тілде сөйлеп топ-топ болып жүрген саяхатшылар. Канада өкіметінің мәжілісі өтетін және ел тағдырын шешетін осы бір қоңырқай үйді таңырқап жүрген жұрт. Түскі тамақты Киксен деген 57 мың тұрғын халқы бар шағын ғана қаланың шетінен жырақтау жердегі әп-әдемі асханадан іштік. Тегінде келімді-кетімді жүргіншілер үшін арнайы салынған асханаға ұқсайды. Шағын да болса бұл өзі дәрігерлер даярлайтын университеті, өзінің интеллигенциясы, өзіне лайықты дәстүрі бар қала екен. Елімен жақынырақ танысып, адамдарымен кездесіп тілдескеннен соң, газеттері мен журналдарын оқығаннан кейін Канаданың егжейтегжейін, жаман және жақсы жақтарын аз да болса біле бастадық. Көп теген қайшылық жақтарын айтып жатпаймын, өйткені ондай жағдай ларды капиталистік елдердің бәр-бәрінде кездестіруге болады. Жуық арада Канада университетінің әлеуметтік реформа лигасы (бұл лигаға жоғары оқу орындарының профессорлары кіреді) «Канада үшін тәуелсіз сыртқы саясат» деген атпен өте қызықты еңбек басып шығарды. Бұл кітап коллективтік еңбек болып есептеледі. Кітаптан Канада елінің сыртқы саясатын бүкіл қоғамның талқысына салып, жан-жақты пікір алысу қажеттігі әлдеқашан піскен, толғағы жеткен мәселе екендігі бірден аңғарылады. Оқушы кітаптың мұқабасынан Канаданың ұлттық туын қолына ұстаған, үстіне борша-борша жыртық киім киген жиһанкез суретін көреді. Жиһанкез су жағасында тұр. Оның суға түскен бейнесі өзіне мүлде ұқсамайды. Қолындағысы Канаданың жалауы емес, Американың жұлдызды ала туы. Бұл карикатура кітап авторларының Канададағы қазіргі заман жағдайы туралы түйген қортындыларын анық көрсетеді. Елінің экономикалық және саяси жағынан оңтүстігіндегі көрші елге бағынышты болғандығын кітап авторлары бірауыздан мойындайды. Канаданың сыртқы саясатының барлық саласында да Америка Құрама Штаттары үлкен ықпал жүргізеді. Әсіресе Вьетнам мәселесі жөнінде ашықтан-ашық ықпал жүргізіп келеді. Америка Құрама Штаттарымен атлантикалық бір блокта болғандықтан Канада, бір жағынан, Вашингтонға жағымпазданып, Американың әскери заказынан көбірек кіріс ақша алуды көздейді, екінші жағынан, дүние жүзінің алдында «бейбітшілікті» сақтайтын «бейтарап» момақан ел болып көрінгісі келеді. Бұл жағдай көптеген канадалықтарды толғантады. Канада елі бейбітсымақ дипло матия мен ешкімге бағынышты болмайтын тәуелсіздік екенін біреуін ғана таңдап алуға тиісті. Сол жағдайда ғана Канада елі өз ішіндегі алакөздікті
жойып, ішкі бірлігін нығайта алады, қазіргі кездегі халықаралық мәселе лердегі шиеленісті шешуге үлес қоса алады. Канада мен АҚШ арасындағы қарым-қатнастың ең бір көрнектісі де, талас туғызғаны да Канаданың НАТО-ға мүше болып қатынасуы екендігі сөзсіз. Міне, дәл осы мәселеде Канаданың және оның интелли генциясының белгілі бір бөлегінің алауыздығы анық көрінеді. Егер халықаралық мәселеде Канада АҚШ үкіметіне жақпайтын қадам басуға әрекет жасаған күнде, Вашингтонға бағынбайтын тәуелсіз жаңа бағытты қолдаушылар «дербес қарым-қатынас» деп аталатын мәселесымаққа қырағылықпен қараудың қажет екендігін қатты ескертеді. Ең алдымен бұл мәселеде социалистік елдермен байланысты дамыту ісіне дұрыс көңіл бөліп, ілгері қарай қадам басу керек. Бірақ ол үшін Вашингтоннан Канадаға әкелген коммунизмге қарсы күресу әрекеттерінен аулақ болып, шын мәнісіндегі тәуелсіз Канаданы жақтау қажет екені түсінікті. Социалистік елдермен қарым-қатынасын жөндеу үшін, сыртқы саяса тын қайта қарау ісі Канаданың ұлттық мүддесіне толық жауап берген болар еді. Коммунистік елдермен сауда қатынасын күшейту мәселесі жөніндегі Канаданың мүддесі экономикалық жағынан да, сыртқы саясат жағынан да Американың «жаумен сауда» жасау жөніндегі көзқарасына қайшы болып келеді. Канаданың экономикасы Американың монополиясына толық бағынышты. Америка монополистері Канаданың әр жеріне, әр сала сына кіріп алған. Мәселен, Рокфеллердің, Штейнбергтің заводта рын Канаданың орталығы Оттава қаласының түбінен, Монреальдың маңынан, басқа жерлерден де көруіңізге болады. Жоғарыда айтқан дай, Канада – агресшіл НАТО әскери блогының мүшесі. Олай болса, ол Америкаға әскери жағынан да толық бағынышты. Қысқартып айтқанда, Канаданы Америка монополистері іштей жеп, табанын тырп еткізетін түрі жоқ. Халықаралық көптеген проблемалар туралы Канада Аме риканың саясатын қолдап, соның қол шоқпары болып келеді десем қателеспеспін. Күні бойы жүріп біз кешке таман Торонто қаласына келіп жеттік. Торонто қаласы Онтарио көлінің жағасына орналасқан. Канаданың саяси ірі орталығының бірі. Саяси партиялар осы қалада көрінеді. Торонтода екі миллиондай адам тұрады. Ол Онтарио провинциясының орталық қаласы. Өндіріс орындарына мамандар дайындайтын университет бар. Біз қаланың дәл ортасындағы көп қабатты мейманханаға орналастық. Мұнда да Шаһмардан Есенов екеуіміздің еншімізге бір бөлме тиді. Бір түнеп шыққанымыз үшін осы кішілеу бөлмеге 25 доллар төлейді екенбіз. Елмен бірге кешкі тамақ іштік те, біз көшеге шықтық. Көше аралап жүріп кеттік. Бір кезде алдымызда топ-топ болып жүрген адамдарды көрдік. Оларға жақындап келіп қарасақ, әрқайсысы кеудесіне құлашқұлаш қағаз жапсырып алыпты. Қағаз бетіне қызыл, көк сиямен бады райта жазулар жазылған. Бұлардың не қылған адамдар екендігін айыра
алмай, біраз уақыт айналсоқтап ерсілі-қарсылы көп жүрдік. Ол күні бұлардың не қылған адамдар екенін біле алмадық. Ертеңінде біз ерте тұрдық. Далаға шығып бір сағаттай тағы қыдырдық. Кеше кеште көрген оқиғаны тағы көрдік. Топталып шоғыр-шоғыр болып жүр. Таңертеңгі тамақ кезінде бізді бастап жүрген тілмаштан сұрасақ, ол бізге бұл оқиғаны былай деп түсіндірді. Торонто қаласындағы үш баспахананың үшеуінің де жұмыскерлері ереуіл жасап жүріпті. Олар еңбек ақыларын көбейтуді талап ететін көрінеді. Кеудесіне ілінген қағазда: «Баспахана иелерімен келісімге келушілермен күресіңдер! Олар жұмыскерлердің мүддесін сатушылар!» – деп жазылған екен. Сөйтіп, ереуіл дегенді кітап бетінен оқығанымыз болмаса, көзбен көрген жоқ едік. Міне, ереуілшілердің өздерін біз енді өз көзімізбен көрдік. Олардың өндіріс иелеріне қойып жүрген талаптарын да естідік. Канада еңбекшілерінің жалақысы күн сайын көтеріліп күйіп тұрған баға нарқына ілесе алмайтынын жоғарыда айттым. Үлкен қалаларда тұрмыс қымбатшылық, ал өз еңбегімен күн көретін қарапайым еңбекші лердің күн көрісі адам айтқысыз нашар. Халықтың күйіне қатысты тағы бір мәселені айта кету дұрыс сияқты. 1966 жылдан бастап Торонто қала сында және оның маңайындағы елді мекендерде пәтер үйге төлейтін ақы 4,4 процентке өскен. Осыған дейін пәтер үйге әр семья ай сайын орта есеппен 145 доллар 40 цент төлейтін болса, кейінгі кезде 161 доллар 25 центке жеткен. Балалар киімі, әсіресе олардың аяқ киімі және қымбаттаса керек. Бұл жағдай семьяның бюджетін едәуір ойсыратып кеткен. Газет тердің бірінен Торонтода тұратын бір әйелдің ренжіп жазған мақаласына көзіміз түсті. Ол былай деп жазыпты: «Тамақ адам айтқысыз қымбаттап барады. Бұл нарықпен қалай өмір сүруге болады?» Кеудесіне плакат ілген еңбекшілердің жайын осыдан кейін айқын түсінгендей болдық. Біз Торонто қаласында бір қондық та, Ниагара су құламасына жүріп кеттік. Асықпай-саспай, шаршамай-шалдықпай күні бойы сонда болып, кешке таман Торонто қаласына қайта оралмақпыз. Бейтаныс елді аралап, өз көзіңмен көргенге не жетсін. Ел араласаң ғана сол барған жерің жайлы бұрын естуден қалыптасқан пікірін өзгеріп, көрген соң басқа әсер туындайды, ұғымың өсіп, танымың кеңейеді. Саяхатқа шыққан адам неше алуан қызықтарға да кездеседі. Ең әуелі автобустың терезесінен жайдан-жай қарап отырудың өзінен де алуан түрлі, ығы-жығы құбылыстарды көріп, көп нәрсені көңілге тоқисың. Мәселен, біз машинаға май құятын станциядан шыққан соң, көп ұзамай-ақ жол екіге бөлінді. Бағанаға ілінген жол көрсеткішті көріп, мен өз көзіме өзім сенбедім. Өйткені көрсеткіштің бір жағынан «Одесса» деген сөзді айқын оқыдым. Екінші жағына қарасам «Николаев» деген сөз және жазулы тұр. Бұл көрініс мені әбден таң қалдырды. Канадада саяхат шегіп жүріп, біз өзіміз Қара теңіз жағасындағы Одесса мен Николаев қалаларының арасындағы жолдың айрығына қалай келіп қалдық? Бұл қалалар Канадаға
қайдан келді? Әлде бір кезде Канадаға ауып келген украиндықтардың бір тобы Одессадан, екінші тобы Николаевтан болып, қазіргі тұрған селоларына сол келген қалаларының атын қойды ма екен деп ойладым. Соңынан білетін адамдардан сұрастырсам, менің топшылауым дұрыс болып шықты. Канададағы украиндықтар өзінің ғасырлар бойы бойына сіңген көне әдет-ғұрпын, салтын берік сақтағандығын айта кеткен жөн болар. Сонымен бірге олар канадалықтардан да көп нәрсені үйреніп, көп қасиеттерді бойына сіңірген. Бірақ халықтың өзіне тән рухани байлығы, әдет-ғұрпы қаймағы бұзылмастан сақталған. Петр Ивановичтің маған сыйға берген кітабының әр бетін ашып қарап шығып, алыс жердегі Украинадан мұхит теңізін асып келген адамдар дың өмірі жөнінде көптеген мәлімет алдым. П.И.Кравчук қайда барса да фотоаппаратын тастамай алып жүретін көрінеді. Шыртылдатып суретті де түсіре береді екен. Міне, сол түсірген суреттерімен өз кітабының беттерін әрі көркем, әрі әсерлі, өте бай безендіріп көрсете білген. Осы суреттерге қарап, Канададағы украиндықтардың өзінің ұлттық дәстүрін шын мәнінде сүйіп, сақтай білгендігіне қуанасың. Міне, Торонто қаласындағы зәулім концерт залында күндізгідей жарқыраған эстрадада. Украинаның ішекті аспаптар оркестрі күй тартып, концерт көрсетуде. Бүгін сахнаны алып тола отырған оркестр украин әнін тартып жатыр. Торонтода украин әйелдерінің ансамблі де бар екен. Сапқа тізілген әнші әйелдердің төбесінен тартылған плакатта: «Үйреніңіздер, бірақ өздеріңнің бойларыңызға сіңген әдеттеріңізді де ұмытып кетпеңіздер!» – деп жазылыпты. Канаданың Палермо қалашығында Т.Г.Шевченконың ескерткіші ашылғанда жиналған жұрттың ұшы-қиыры жоқ. Отанынан айрылған бір топ халықтың тағдырын бейнелейтін бұл суреттер жан тебірентеді. Бірақ, туып-өскен жерінен айрылған адамдар жөніндегі әңгіме жеке тақырып, оны аттың жалы, түйенің қомында айта қою қиын. Дегенмен, Қазақ ССР апталығы күндерінің бірінде ойда жоқта болған бір оқиғаны айта кету жөн. Бұл оқиға таңертең, Совет павильонының ашылуына бірнеше минут қалғанда болған еді. Біз, Қазақстан Орталық партия комитетінің секретары Саттар Имашев екеуіміз басқышпен жоғары көтеріліп бара жаттық. Артымыздан қазақша сөйлеген біреулердің дауысы естілді. Бізге сөйлеп келе жатқан сияқты. Мен кенет бұрылып артыма қарасам, олар бір топ адам екен. Бізге жақындай түсті. Дауыстары дірілдеп, бізден сескен гендей қалып білдірді. Бейтаныс адамдардың үстіндегі киімдеріне қара ғанда көрмеге келіп жүрген көпшіліктен айыруға болмайды. Қоңырқай тартқан өңдері Орта Азия тұрғындарына ұқсайды. Олар бізге жақын келіп, кәдімгідей қол алысып амандасты. – Ғапу, етіңіздер, сіздер Қазақстаннансыздар ма? – деп сұрады біреуі. – Иә, біз Қазақстаннанбыз.
– Сіз Шәріпов емессіз бе? – деді топтың ішінде тұрған орта бойлы қара жігіт. – Мен сіздің суретіңізді газеттен көріп, фамилияңызды оқыған едім. Бұлар Ұлы Отан соғысы кезінде жау қолына түскен, кейін фашистердің үгітіне көніп, Түркістан легионының қатарына өз еркімен барғандар екен. Немістер Түркістан легионын Орта Азия тұрғындарынан құрған. Мен Ұлы Отан соғысының партизаны болғандықтан, Гитлер қолбасшыларының Түркістан легионын майданның алдыңғы шебінде шабуыл жасап келе жатқан Совет Армиясына қарсы, неміс тылындағы партизандарға қарсы жазалаушы отряд ретінде пайдаланғанын жақсы білемін. Фашистік үгіт пен әбден суғарылған легион адамдарының көпшілігі «Үлкен Түркістан» деп аталатын ұлтшылдық идеяны қолдап, Орта Азия жерінде дербес Азия мемлекетін құрамыз деп даурыққандары көпшілікке мәлім. Кейінгі уақытта ол легиондағылардың көбі өздерінің қатесін мойындап, өз еліне қайтып келгені аян. Ал мыналар болса мұхит еліне жөнеп берген. Кеше ғана Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылында легиондарға қарсы күрескен партизан командирі болғандықтан маған бұлармен сөйлесу өте қиын-ақ еді. Дегенмен, Отанынан айрылып, жат елде жүрген осы пақырлардың ішкі сарайында қандай өзгеріс бар екенін білгім келді. Кешегі легионерлердің біреуі Семейден, екіншісі Гурьев облысынан, үшіншісі Түркістаннан болып шықты. Олар елде туған-туысқандары бар екенін де жасырмай айтты. Осы топтың ішінде бір түркімен, бір қырғыз жігіті бар. Аты-жөндерін сұрамадым, сұраудың қажеті де жоқ қой дедім. Айтуларына қарағанда, бұлардың бәрі де Нью-Йорк қаласында тұратын көрінеді. Қазақстанның және Орта Азиядағы басқа да республи калардың табыстарын көрмеден көру үшін Монреаль қаласына әдейілеп келген екен. Түркімен жігіті соғыс алдында советтің заң институтын бітірген екен. Бірақ қазір ол өз мамандығы бойынша қызмет істемейді, өзінің айтуына қарағанда, Нью-Йорк университетінде түрік тілінен сабақ беретін көрінеді. Қырғыз жігіті Нью-Йорк университетінің кітапха насында қызмет істеймін деді. Осыдан бірнеше жыл бұрын академикжазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов марқұм Америкада болған сапарында Нью-Йорк кітапханасында болыпты. Сол жолы Мұхтар Әуезов марқұм мен жолыққандығын айтып, қырғыз жігіті көзіне жас алды. Бұларды жек көресің де, аяйсың да. Павильон аралауға қозғала беріп, оларға бірер сұрақ қойдық: – Сендердің қаңғып жүргендерің қалай! Елге қайтпайсыңдар ма? – Елге қайтуға қорқамыз, – деді олар. – Неге қорқасыңдар? Қазір сендерге ешкім де тиіспейді. Тіпті жұмыс та тауып береді. – Біздің онан басқа да себебіміз бар, – деп күмілжіді бұрынғы легионерлер. Бір кезде адасып теріс жолға түскен бұлардың өзінің туған халқы на істеген опасыздығынан өздері қорқатыны да рас шығар. Оның үстіне бұлардың біреуінің әйелі неміс, бірінікі американ және басқа ұлттардан
екен. Балалары ана тілі дегенді білмейді. Отан, ел дегеннен оларда ешқандай хабар жоқ. Сондықтан олардың осы жерден кеткісі жоқ. Дегенмен, сорлылар өздерінің кіндік кескен, тұңғыш рет ауасын жұтқан туған жерін ойлағанда жүректерін қасірет жегідей жейтін сияқты. Өйткені жат аспан астында тапқан бақытың да ащы бақыт қой... Күн дәл төбеге келген мезгіл. Біз Ниагара өзенінің сол жақ жағасымен жүріп келеміз. Саяхатшыларды бастап түсінік беріп келе жатқан кісі бір кезде орнынан тұрып: – Сол жақтағы – Ниагара өзені. Арғы беті Америка Құрама Штаттары. Мына көрінген – Ниагара өзені арқылы Америка жеріне өтетін көпір. Ұзындығы 2,5 милль, – деді. Көп ұзамай біздің автобус Ниагара су құламасының жанына келіп тоқтады. Ниагара өзеніндегі құлама су екеу екен. Біреуі – осы келіп тұрған Канада жақ жиекке жақын құлама; екіншісі – өзеннің Америка жақ жиегіне жақын екен. Құлама судың Канада жақтағы жиегінде шағын ғана екі қабат үй тұр. Біз сол үйдің бірінші қабатына бардық. Ол жерде еңгезердей екі жігіт жер астына түскенде су өтпейтін аяқ киім, бас киім, резинадан тігілген плащтар берді. Құлама су да, біз барайық деп тұрған жер астындағы туннель де, осы екі қабат үй де бір адамның меншігі болып шықты. Бұл жерге кіру үшін кісі басы 5 доллардан төледік. Үштен, төрттен лифтке мініп, біз жер астына түстік. Содан шала-шарпы шам сәулесі бар туннельмен жүріп отырып, құлама судың астына келіп тоқтадық. Жоғарыдан құлап жатқан судың дәл астынан терезенің көзіндей етіп тесіпті, аққан су екпінімен төмен қарай құлап жатыр. Біз құлама судың астында тұрмыз. Көрмегеннің бәрі қызық. Дәл осы жерде тұрғанда менің есіме Абайдың «есек артын жудағы мал тауып кел» деген сөзі түсті. Ниагара су құлама сына күніне мыңдаған адам келеді. Құламаның иесі бостан-босқа ағып жатқан судан табыс тауып, кіріс кіргізіп жатыр. Осынша сома бір адам ның қалтасына түсіп, соның ғана игілігіне жаратылады. Табиғат ананың тегін дүниесі суға да, басқан жер, тапталған шөпке де, машинамен өткенің үшін жолға да мұнда ақы төлейсің. Өйткені осылардың бәрі меншік иесі аталатын «тәңірінің» иелігінде. Өзен жағалауында асфальт төселген тақтайдай жол. Толып жатқан мейманханалар, ресторандар, магазиндер. Олар да кірістен құр емес. Леклегімен келіп жатқан автобустар. Сеңдей соғылысып жүрген адам. Су құламасының бауыры толған жеңіл машина. Өзеннің екінші, қарсы жағасындағы құлама судан да Американың бір капиталисі дәл осы Канада жеріндегідей ақша тауып, кіріс кіргізіп жатыр дейді білетін адамдар. Торонтоға біз ертемен қайттық. Жаяу жүріп қала аралауға да, демалуға да уақытымыз мол болды. Кешкі тамақтан соң С.Б.Ниязбеков бастаған бір топ адам Канада – Совет достығының ассоциациясына қонаққа
кеттік. Шелектеп құйғандай нөсер сабалап тұрды. Машинаның алдынан бір қадам жер көрінбейді. Баратын жеріміз жақын болса да, бізге жер түбіндей алыс көрінді. Бір кезде екі қабат жұпыны ғана үйдің алдына келіп тоқтадық. Біз үйге кіре бергенде, алдымыздан орта жастағы ұзын сары жігіт шығып: – Канада – Совет достығы ассоциациясының бас секретары Михаил Лукач, – деп өзін таныстырды да, бізді төменгі қабаттағы есігі ашық тұрған бөлмеге шақырды. Біз ұзын столды айнала отырдық. Михаил Лукач бізге қарсы отырған өз адамдарын таныстырып шықты. Олар осы қоғамның мүшелері болып шықты. Михаил Лукачтың ұлты украин, Чехословакияның Карпат жағында туған, мамандығы суретші және музыкант. Ол қыскаша осы қоғамның жұмысымен, мақсатымен таныстырып өтті. Канада мен Совет халықтарының достығын нығайту жөнінде қоғам біраз көзге көрінерліктей жұмыстар істеген екен. Совет елі балалары ның сурет көрмесін өткізгенін айта отырып, Михаил Лукач мырза бөл менің сол жақ қабырғасында ілулі тұрған, жас жеткіншектердің қолы нан шыққан суреттерге көңіл аударды. Осы суреттердің ішінде Алматы қаласынан алдырған суреттер де бар дегенде, біз жалт қарасақ, қабыр ғаға ілінген суреттердің ішінде Алматы қаласының оқушысы, қазақ қызы Рахимованың «Кешкі тамаққа дайындық», «Космос», «Автобус» деп аталатын үш суреті біздің көзімізге жылы ұшырады. Кеш. Жерошақ. Буы бұрқырап жатқан қазан. Маздаған жалын қазан түбін жалап, жалаң-жалаң етеді. Қазан қасында тізерлеп отырған әйелдің қолында ожау. Басында кимешек. Қас қарайып қалған мезгіл. Қараңғылық шымылдығы біртебірте аспанды шырмап келе жатқандай елес береді. Бұл суретке отырған жұрттың бәрі таңқалды. Михаил Лукач мырза сөз арасында Совет павильонында болғанын, көрме көп ұлтты Совет елінің экономикасын шебер көрсете білгенін айта кетті. – Біздің қоғамда қазақ артистерінің орындауында қазақ әндерінің 25 пластинкасы бар, – деді ол мақтанышпен. – Ермек Серкебаевтың, Би бігүл Төлегенованың, Роза Бағланованың орындауында бірнеше пластин калар бар. Сабыр Біләлұлы оның сөзін бөлді. – Бибігүл де, Ермек те осында отыр. Танысып қойыңыздар, – деп Ермек пен Бибігүлді Лукачпен таныстырды. – Олай болса, біз сіздердің дауыстарыңызды естуге құмармыз. – Бір-бірден ән айтып беріңдер, – дедік біз. – Сүйемелдейтін музыка жоқ, ән салу қиын болады ғой. – Мұндай жерде сүйемелсіз-ақ шырқап жіберіңдер, – деп жатырмыз. Бибігүл де, Ермек те бұлданған жоқ. Екеуі де екі ән орындап берді. Канадалық достар қатты ризалық білдірді.
Канада –Совет қоғамының мүшесі Бек Кенд мырза да, осы қоғамдағы кәсіподағының өкілі Коусон мырза да Бибігүл мен Ермекке көп рақмет айтты. Шай үстіндегі әңгімеде Канада – Совет қоғамының адамдары қазақ, халқының өмірін көрсететін бір ғана документті кинофильм көрген дерін айта келіп, Совет елінің өмірін білуге ынтық жастар, студенттер көп екендігін айтты. Олар шындықты білгісі келеді. Біз қазір халқының тарихы, қазіргі замандағы жайы жөнінде объективтік түрде дұрыс түсінік беруге тырысамыз. Бірақ біздің қолымызда Қазақстан туралы материал өте аз, – десті. Бағанадан бері сөзге көп араласпай, көбірек тыңдап, көңілге түйіп отырған Кан мырза сөзге араласты. Қоғамның алдында тұрған міндет терді орындау жолында көптеген қиыншылықтар да кездеседі, – деді ол, – Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай дұрыс. Сөйтсе де толып жатқан мәселелерді біз біле бермейміз. Қазақ станды біз аз білеміз. Біздің жас жеткіншектеріміз Қазақстанды өте нашар біледі. Біздің мектептердегі мұғалімдер балаларға Қазақстанды Россия ның отары деп түсіндіретіні әлі кездеседі. Жуық арада осы қоғамның тапсыруы бойынша мен бір мұғалімнің сабағына қатыстым. Мұғалім бал аларға Россия толы түрме, қараңғылық. Россия экономика жағынан мүл дем артта қалған ел деп түсіндірді. Сонда бір бала тұрып, олай болса ондай мешеу қалған мемлекет космосты тұңғыш меңгеруде басқа мемлекет тердің алдында қалай келе жатыр? – деп сұраған ғой. Мұғалім баланың сұрауына жөндеп жауап бере алмады. Қазақстан жөнінде информациялық материалдардың да аз екендігін, түсінікті тілмен жазылған кітап та жоқтың қасы екенін, киноның жоқтығын да Кан мырза қайталап айтты. – Қазақтарды мен бүгін бірінші рет көріп отырмын. Енді сіздерді көргесін, бұдан былайғы жерде қазақ менің көңілімде мәңгі қалады. Өткен өкініш үшін жарқын келешекті уәде етеміз! – деп салмақпен Кан мырза сөзін бітірді. Әңгіменің соңында С.Б. Ниязбеков жолдас қысқаша Қазақстанның экономикасы, мәдениеті туралы әңгіме айтып берді. С.Б. Ниязбеков пен С.Н. Имашев жолдастар Канада – Совет қоғамына Қазақстан туралы жаңа информациялық материалдар жіберуге уәде берді. Ұзаққа созылған әңгіме аяқталды. Біз жоғарғы қабаттағы кітапханаға бардық. Кітап қоры тапшы екен. Бес-алты шкаф қана кітап бар көрінеді. Біз Шаһмардан екеуміз шкафтардағы кітаптарды қарап жүріп Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын көрдік. Француз тілінде басылған кітаптың көп оқылғаны бірден-ақ көрініп тұр. Кітаптың төрт бұрышы мұқабасына дейін әбден мұжылған, май-май болған. «Абай жолы» романын көргенде жырақ жерде марқұм Мұхтар Омарханұлының өзін көргендей қуандық. Сағат он кезінде Канада – Совет достығы қоғамының басшы адамда рымен қоштасып, біз қонақ үйге қайттық.
ІX Екі күннен соң Торонтодан Монреаль қаласына жүріп кеттік. Түске таман күн ысып, автобус іші қапырық бола бастады. Бір заматта автобус қалың өскен ну қарағаймен қатарласа келе жатты да бірден тоқтады. Машинаны тас жолдың дәл шетіне тоқтатып, шофер автобустың бұзылған артқы дөңгелегін көп айналдырды. Біз далаға шыққымыз келіп, орнымыздан тұрып, есік алдына қарай жүре бергенімізде, алдымыздан қарсы жолыққан шофер: – Бұл жерде далаға шығуға болмайды. Жер иесі осыдан алыста емес. Күзетшісі анау отырған. Сіздердің аяқтарыңыз ана көгалға тисе болды, шөбімізді таптап кетті деп 50 доллар айып салады. Тастай алмай жүрген ақшаларыңыз болмаса, автобустан шықпаңыздар, – деп жымиып күлді. Көп ұзамай шофер автобустың дөңгелегін жөндеп болды да, ілгері қарай жүріп кеттік. Жолда бір түстеніп алып, біз сағат төрт кезінде Монреаль қаласының аэропортына келіп жеттік. Канада уақыты бойынша сағат бес жарымда біз совет лайнерімен Москваға қарай ұшып шықтық. Жүректі қуаныш кернеді. Қуанатынымыз: біз елімізге, жерімізге бет алдық! «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қазақ мақалын сүйсіне ауызға алыстық. Он күнге созылған Канада сапарынан өз елімізге, үйдіүйімізге аман-есен қайта оралдық. Канада жайындағы осы очерк жазылып, жарыққа да шығып кеткен соң, ойда жоқта маған Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетінің доценті Ғазиз Төлеуғалиев телефон соқты. Ол Канададан жақында ғана келген екен, маған қаламдас досым Петр Кравчуктан сәлемдеме әкеліпті. Украин тілінде жазатын Канада жазушысы өзінің «Ізгі идеялардың бастауымен» деп аталатын жақында ғана Торонтода басылып шыққан кітабын беріп жіберіпті. Мұқабасындағы Ильич суреті көзге оттай басылады. П.Кравчук бұл кітабында Канадаға ауып барған украиндықтар арасындағы өткен ғасырдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі революция шыл-демократиялық қозғалыс тарихын жинап-теріп жазыпты. Автор В.И.Ленин идеяларының Канададағы украиндықтардың революциялық ой-санасының өсуіне жасаған ықпалын баяндауға айырықша көңіл бөл ген. Жазушы көп еңбек сіңіргенге ұқсайды: кітапта В.И.Ленин және ле нинизм туралы газет мақалаларының, өлеңдер мен әңгімелердің, сондайақ Канадада Ильич жайында украин тілінде шыққан шығармалардың кең көлемді библиографиясы берілген. «Ізгі идеялардың бастауымен» атты кітапты В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арнап, украиндық «Кобзарь» серіктігі басып шығарған. Кемеңгердің пролетарлық революциядағы маңызы жайлы айта келіп, автор былай дейді: «В.И.Ленин тек Совет мемлекетінің негізін салушы ғана емес. Ол халықаралық пролетариаттың көсемі еді... Канададағы сан мыңдаған украиндықтар В.И.Ленин есімін қастерлеп келді, қастер лей бермек те. Оның ілімі олар үшін көксеген жарқын болашаққа жету жолындағы шамшырақ болып келді, бола да бермек».
Естеліктер АҒАЛАР М ен сауатымды ашқан жас балауса кезімнен қазақ ауыз әде биетінен батырлар жырын, ғашықтық жырларды, ертегілер мен өтірік өлеңдерді, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұма баев, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, басқа да қаламгерлеріміз бен қатар Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын оқып өстім. Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт жырларын жаттап айтатынымыз өз алдына. Мені ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түсуге жетектеп әкелген төл әдебиетіміздің ықпалы болғаны сөзсіз. 1934 жылғы маусым айы. ҚазПИ-де оқып жүрген кезім. Мені бір күні Ілияс Жансүгіров шақырды. Қазақстан Жазушылар одағының бірін ші хатшысы болып сайланған тұсы. Ол кісінің кеңсесі ҚазПИ-дің бір бөлмесінде болатын. Мен асып-сасып Ілекеңе бардым. Жалғыз отыр екен. Иіліп сәлем бердім. – Аға, сіз шақырды деген соң келген едім, – дедім. – Бір-екі рет сенің әдебиет үйірмесінде баяндама жасағаныңды тың даған едім. Әдебиетті бірсыдырғы білетін көрінесің. Бізге көмекші керек. Осы ұйымда қызмет істеуге қалай қарайсың? – Аға, мен кешкі рабфакта сабақ беруші едім... – Сенің оқуың түске дейін көрінеді. Бізге түстен кейін келіп, көмек тесіп тұрсаң болғаны. Еңбекақы төлейміз. Істеп жүрген қызметіңді тастасаң да болады. – Жақсы, аға. – Қарсы болмасаң, қысқа ғана арыз жаз, – деді. – Қызметке алыңыз деп пе? – Иә.
Мен сол жерде отырып, қысқа ғана арыз жаздым да, Ілекеңнің қолына бердім. Ол кісі менің арызыма «көмекші хатшылық қызметіне алынсын», – деп қол қойды да, менің өзіме қайтарып беріп: – Қызметке алынсын деген бұйрық жаза ғой. Мен қол қояйын, – деді. Бұйрыққа қол қойылды, мен сол күннен бастап Жазушылар ұйымы ның көмекші хатшысы болып тағайындалдым. Ілекең көп сөйлемейтін кісі екен. Стол тартпасындағы бір қағазды алды да оқып шықты, сонсоң, бір ойға сүңгіп кеткендей, алдында жатқан қағазға қарап ұзақ отырды. Кенет дәлізде аяғын сытыр-сытыр басқан біреудің дыбысы естіледі. Көп ұзамай бөлменің есігі ашылды. Төр алдында мылқау тыныштық құшағына енген Ілекең кірген кісіні көріп орнынан тұрып, тез баса жанына келген әлгі адамның бетінен сүйіп, қапсыра құшақтап амандасты. – Аман-есен келдің бе? Қашан келіп қалдың? – деп Ілекең келген кісімен жылы жүзбен амандасып жатты. – Кеше кешкі поезбен келдік. – Мариям келін де келді ғой? – Бірге келдік. Оны жалғыз өзін Москвада тастап кетем бе? Алматыда бірнеше күн боламыз да, ел жаққа барып қайтамыз. – Красная профессураның оқуын бітіретін мезгілің де жақындап қалған болар? – Аманшылық болса, келесі жылы бітіріп, біржола Алматыға келеміз. – Жазып жүрген шығармаларың бар деген едің, бітірген боларсың? – «Адасқандар» және «Темір тас» атты екі роман бітірдім. Жуықта баспаға тапсырамын. Халықтың кәдесіне жараса болды. Оны енді оқырмандар айтар. – Үлкен жұмыс бітірген екенсің. Тақырып мазмұны не? Келген жігіт жазған кітаптарының мазмұн-желісін қысқаша айтты. Ілекең екеуі шұрқыраса сөйлесті. Ілияс аға бір сәт маған қарап: – Мына кісі – Сәбит Мұқанов ағаң, ал мына бала ҚазПИ-дің студенті, бізде қызмет істейді. Аты-жөні – Әди Шәріпов, – деді. – Аман-есенсің бе, шырағым? – деп Сәбит менімен амандасты. Мен орнымнан атып тұрып Сәбеңнің қолын алып, иіліп сәлем бердім. Бұдан бұрын ол кісіні суретінен ғана көретін едім, енді міне, ойламаған жерде кездесіп, сәлемдесіп тұрмын. Ол кісіні көргеніме мәз-мейрам болып қалдым. Сәбең – дембелше, кең иықты, сымбатты жап-жас жігіт. Әдеміше киінген. Кең маңдайынан желкеге қайырылған көмірдей қара шашы көз тартқандай. Екі аға көрген білгендерін әңгіме етіп бөлме ортасында тұрды. Оларға қарап мен тұрмын. Бір мезгілде Ілияс ағай маған қарап: – Әди, сен неге тұрсың? Отыр, жұмысыңды істей бер, – деді. Мен орныма барып отырып, екі ағамыздың әңгімесін тыңдап, іштей қуанудамын. Бір кезде қоңырау шылдырлады, бұлақтың сылдыр қаққан үніндей болып. Дәлізге шыққан жұрттың оқшау-оқшау сөйлескен дабыры
құлаққа келеді. Көп ұзамай Ілекең мен Сәбит әңгімесін үзбей дәлізге шығып кетті. Мен жалғыз қалдым. Екі ағаның әңгімелеріне қарағанда, қиялға аса бай дарынды адамдарға ұқсайды. Сәбит ағаның қолынан ұстап амандасқаныма қуанышым қойныма сыймай, менің де көңілім өсіп қалды. Анда-санда терезеге қарап, далада кетіп бара жатқан жандарға көз саламын. Бір сәтте сағатыма қарасам, түс мезгілі болған екен. Менің де тамақтанатын мезгілім болды деп, алдындағы кеңсе қағаздарын стол тартпасына салып, бөлменің есігін жауып, далаға шықтым. Шілде айының табиғаты толықсып тұрған сынын бұзғың келмейді-ақ. Міне, менің қасымда менімен бірге оқитын студенттер тұр. Әрбіреуі әрнәрсені сұрап дегбірсізденеді. Мен болсам, Сәбит ағаны түсімде емес, өңімде көргеніме сенерімді білмеймін. Жиналған жастарға екі ағаның қол ұстасып, ұзақ әңгіменің сүрлеуіне түсіп, көшеге шығып кеткенін айттым. Бірақ, олардың әңгімесін анықтап балаларға айта қоймадым. Өйткені, менің бала кезімнен машықтанғаным: біреудің сөзін біреуге айтпау керек. Ол мен үшін заң іспетті. Шілде айының орта кезі болып қалған. Ілияс аға, қасында Сәбит аға бар, шаңқай түс мезгілінде кеңсеге кіріп келді. Екі ағаның әңгімесінен менің түсінгенім: Сәбит ертеңгі жүретін поезбен Қызылжарға аттанып кетпек. Ілиясқа билетін көрсетті. Ілекең де ертең таңертең «Просвещенец» демалыс үйіне жүретіндігін айтты. Мен үнсіз, екі ағайдың әңгімесін тыңдап отырдым. Бір мезгілде Ілекең менің жаныма келіп: – Әди, – деді, – естіп отырған боларсың, мен ертең демалыс үйіне кетемін. Сен осында боларсың. Мәжит Дәулетбаев сенімен бірге Одақта болады. Мен «Жолдастар» атты романымның аяғын жазып бітіруге тиістімін. Сен он-он бес күннен соң демалыс үйіне келіп, біткен бөлімдерін алып, өзің білетін машинисткаға бастырып әкеліп берерсің. – Жақсы, аға. Дәл сол кезде бөлменің есігі ашылды. Сәкен мен Бейімбет кірді. Олар тез-тез амандасты да: – Түскі тамақ ішетін мезгіл болды. Жүр, кетелік, біз асханаға келетінімізді ескертіп кеттік. Сәбит, сен де жүр, – деді Сәкен. Сәкен, Ілияс, Бейімбет үшеуі құрдас еді. Бірімен-бірі қалжыңдасқанда ішексілең қатқанша күлесің. «Бүгінгі тамақтың ақшасын Би ағаң көтеріп алатын болды, бұның қалтасы қалың», – деді Сәкен. Бейімбет Сәкеннің қалжыңына жауап бермей үнсіз кетіп барады. «Сәкен бүгін ақша алмай шыққан болуы керек, алдын-ала байбалам салып, тамақтың ақшасын төлеуден қашқалақтауын көрдің бе», – дейді Ілекең. ...Уақыт өтіп жатты. Күн тас төбеге көтеріліп, күйдіріп, шыдатпай барады. Демалыс үйіндегі Ілекеңе баратын уақыт болды. Ол жаққа жүріп жатқан көлік жоқ. Алматы өзені бойындағы үйдей-үйдей тастар тау етегін қапталдай жайылған түйелерге ұқсайды. Бұл сонау жылы таудан құлай аққан топан судың ағызып әкелген тастары. Алатау жолдары өр-ылдилы, жаяу баруға қиын да алыс. Жүргіншіге ілесіп кете берейін десем, ол жаққа қарай жүргінші жоқ. Ілекеңнің кел
деген күнінен екі күн өтіп кетті. Көлікті кімнен сұраймын деп басым қатты. Ымырт жабыла бергенде есіме Алматыда тұратын, Алматы облыстық кәсіподағында қызмет істейтін Хакім Мұхамеджанұлы Бақтыбаев түсті. Ол кісінің қос ат жеккен пәуескеге мініп жүргенін екі-үш рет көргенім бар еді. Ол мені жақсы көруші еді. Сұрап барсам көлігін беруі де мүмкін-ау деп түйдім де, қазір үйінде болар деген оймен Пушкин көшесі мен Түрген көшесінің қиылысындағы кішілеу ғана екі қабат үйге бардым. Хакім кешкі тамағын ішіп отыр екен. – Е, жақсы келдің, мақтап жүреді екенсің. Отыр, тамақ ішелік, – деп қуана қарсы алғанына мен де көңілденіп қалдым. Ас ішіліп бітісімен екеуміз жоғарыдағы бөлмеге шықтық. Ағамыз жайланып төр алдындағы диванға отырды да: – Оқуың қалай? Жақсы оқып жүрсің бе? – деді. – Жақсы оқып жүрген сияқтымын. Қысқы емтихан кезінде қандай болатыны белгісіз. – Неге белгісіз дейсің, қазірден бастап көңіл қойып оқысаң, қысқы емтиханды да жақсы тапсыратын боласың. – Аға, қысқы емтиханды көріп алармыз, әлі уақыт бар ғой. Оның үстіне, бірінші курсты жаман бітіргенім жоқ. Менің сізге бір шаруам болып келген едім, таудағы «Просвещенец» демалыс үйіне барып келуге көлігіңізді берсеңіз, – деп қалдым. – Онда не бар? Әлде, біреу демалып жатыр ма? – Ілияс Жансүгіровке барып қайтайын деп едім. – Ол кісі сонда дем алып жатыр ма? – Иә. – Олай болса, ертең сағат тоғызда біздің кеңсеге келе ғой. Мен аттарды дайындап қой деп көшірге айтайын. – Сізге көп рақмет, – деп қуанып кеттім. Ертеңінде дәл мезгілінде К.Маркс көшесіндегі Облыстық кәсіподақтың кеңсесіне бардым, Хакім қызметінде екен. – Көшір даяр тұр, ертерек барып қайтыңдар, – деп мені ертіп есік алдына шықты. Ауыздығымен алысқан екі ат пәуескеге жегілген. Аттың шылбырын діңгекке байлаған көшір бізді көріп, шылбырын шеше бастады. – Мына баламен таудағы «Просвещенец» демалыс үйіне барып қайтыңыз, – деді Хакім тәпелтек келген шымыр денелі көшірге. – Ол жаққа баратын жол жаман. Біз кешке оралсақ сол, – деді көшір. – Кешке дейін бір келсеңдер болды. Бүгін мен жаяу-ақ жүремін, – деп Хакім кеңсесіне кіріп кетті. Біз Ленин көшесімен Алматы өзенін өрлеп жүріп кеттік. Өзеннің арғы бетіне шыққанша бірде желіп, бірде аяңдап келе жатырмыз. Пәуескеге жегілген аттың екеуі де ерігіп тұрған аттар екен, ауыздығымен алысып келеді. Жол шаңын бұрқыратып келе жатқан аттар жер астынан шодыршодыр болып жатқан тас жолға келгенде пәуескенің дөңгелектері шоқырақтай бастады. Оң жағымызда, көк өңез мүк басқан құз-жартастан
су сарқырап, күмістей сылдырап, төмендегі тасқа, құмыра тостағандай шұңқырға құйылып жатыр. Жартастың етегінде баяғы өзім Қалба тауындағы ауыл маңында көргендей жапырылған шөптер. Тау бөктерінде таныс соқпақтар, таныс жолдар. Өзіме таныс жолмен төменгі шатқалға қарай түстік. Тас табанында бұлақ бұрқырап ағып жатыр. Біз шатқалдан тау өңіріне қарай жүрдік. Сол тау бөктерінде бір-бір қабат бірнеше үйлер бар екенін білемін. Бір мезгілде екі ат құлақтарын қайшылап, төбеге шыға бергенде, тоқал үйлердің өр жағындағы алаңқайда тігілген ақ шағаладай бір-екі үй көрінді. «Дәу де болса, үйлерді Ілекеңе арнап тіккен болды», – деп ойладым да: – Анау киіз үйлерге қарай жүріңіз, – дедім. Бұл кезде күн шоқтығына көтеріліп, жер қызды. Дәл бүйір тұсымызда бастау бар екенін көзім шалып қалды. Пәуескеден ытқып түсіп, қос алақанымды тосып, бұлақтың мөлдір суын сіміре бастадым. Көшірге қарасам, ол да бастау бұлағына бас қойыпты. Сусынымызды қандырған екеуміз пәуескеге отырып, аттың аяңымен киіз үйлердің жанына келгенде, есік алдындағы сырмақтың үстінде жалаңаяқ, жалаңбас дем алып жатқан Ілекең басын көтеріп, бізді көрді де: – Е, Әди, сенбісің? Егер бүгін келмесең, ертең таудан қалаға түсемін бе деп отыр едім, жақсы келдің. Жұмысымды біраз еңсеріп тастаған сияқтымын, – деп бізбен амандаспас бұрын өз жайын айтып алды да: – Сендермен амандасуды ұмытып кетіппін ғой, – деп Ілекең маған қолын ұсынды да, қасына отырған көшірмен де жылы шыраймен амандасты. – Аға, ғафу етіңіз, екі күндей көлік таба алмай кешігіп қалдым. – Ештеңе етпейді. Жүріңдер, үйге кіріп қымыз ішіңдер, шөлдеп келген боларсыңдар, – деп бізді үйге қарай нұсқады. Үйдің орта шеніндегі стол үстінде тегене толы қымыз. Төр жақтағы орындыққа өзі отырды да, Ілекең қолына ожау алып, қымызды сапыра бастады. Табақ толы күрең бауырсақ. Үйдің оң жағында жалғыз ғана темір төсек. Еденге қара ала сырмақ төселген. Есік жақтағы шағын столдың үстінде араб әріпімен жазылған қолжазбалар жатыр. Сия сауыттың жанында екі қалам бар. – Қымыз ішіңдер, – деп бізге кәрлен кесе толы қымыз ұсынды. Қымызды дем алмастан сіміріп қойдық. Ыстың дәмі шыққан өте дәмді қымыз екен. Көп ішуге шама жоқ. «Жаңағы бастау суын неге іштім?» – деп өкінгенім. Салқын қымыздан екі-үш кесе ішуге ғана шамамыз келді. Ілекең жауырыны еңкіш тартқан, семізше келген көшір жігітке сәл түйіле қарады да: – Шырағым, сенің аты-жөнің кім? – деді. – Жолдыбай, өзім осы қалада туып-өстім. Әкем да атқосшы болып күнелткен еді. Ол кісі қартайған соң, енді мен көшір болдым. Өте қуаныштымын, сізді көргеніме ризамын, – деп басыңқы үнмен сыбырлай сөйледі. Жасы қырықты еңсерген, орта бойлы, болбыр бет, көз қарасы салқын адам еді. – Әкеңнің жолын қуғаның жақсы болған, – деді Ілекең күлімсіреп.
– Аға, – деді Жолдыбай, – маған рұқсат берсеңіз, күн түстен ауып барады. Аттарды суғарып, таудың шөбіне жайып алайын. – Бара ғой, шырағым. Ілекең екеуміз де есік алдына шығып, көк шөптің үстіне төселген сырмаққа барып отырдық. Ілекең қолтығына жастық салып жантайып, қала жаңалықтарын сұрады. Мен ол кісіге қала көшелеріне тас төселіп жатқанын, көшелер Комсомол көшесімен ең алғашқы трамвай жүргенін, М.Горький көшесіндегі бір кезде бір саудагердің магазині болған жалғыз қабат үйде жаңадан магазин ашылғанын, қаладағы циркте Қажымұқан бастаған палуандар күресі болып жатқанын, филармонияда Әміре Қашаубаев бастаған әншілердің концерті болғанын айтып бердім. Әрине, бұл жаңалықтар – менің білетіндерім ғана. Соның өзіне Ілекең қуаныш сезімін білдіріп, тағы да қандай жаңалықтар бар дегендей маған жымия қарады. – Кеңсеге Мәжит ағай жиі-жиі келіп, не істеп, не қоятыным жөнінде айтып кетіп тұрады, – дедім. – Ей, шырағым-ай, – деп Ілекең жан-жағына бір түрлі қарағаны. Ағамыз екеуара ғана айтқан бір әңгімені бастағысы келгенін сезген- дей болдым. Жапақтап қарай бердім. – Аға, маған бір нәрсе айтқыңыз келді-ау деймін? – Мирзоян келгелі біздің халқымыз жақсарып қалды ғой. Осыны ашықтан-ашық айта да алмаймыз, анау жылдары біздің халқымыздың көптеген адамдары қырылып қалды. Аман қалғандары енді-енді есін жиып келеді... – деп Ілекең бір күрсінді де, әңгімесін әрі қарай созбай тоқтата қойды. Әлде, мені бала көрді ме, біреу-міреуге айтып қоя ма деп ойлады ма, сөзін басқа жаққа бұрып әкетті. Мен болсам, Ілекең оқиғаөзгерісті бастан-аяқ баяндап берсе екен деп ынтығып отырмын. Бір мезгілде Жолдыбай екі атты жетектеп әкеліп, пәуескеге жеге бастады. – Мына жігіт жүруге дайындалды, мен қолжазбамды әкелейін, – деп Ілекең киіз үйге кіріп кетті. – Жүретін мезгіл болды, Әди, – деді Жолдыбай. – Міне, қолжазба, шашып алма, – деп Ілекең сұр папкаға салып, аузын буған қағазды менің қолыма ұстатты. Көп ұзамай біз қалаға жүріп кеттік. Мен тағы да бір-екі рет келіпкететін болдым. Біз жым-жырт шатқалдардың арасымен өтетін, жыландай ирелеңдеген жолмен жүріп келеміз. Менің еңсемді шытырман ойлар басып келеді. Ілекеңнің «Анау жылдары көптеген адам қырылып қалды», – деген бір ауыз сөзі өзім куәсі болған оқиғаларды көз алдыма елестетіп, жүрегім сыздай бастады. 1932-жылғы шілде айының орта кезі еді. Қалада жұмыс істеп, қыс киетін киім-кешек сатып алуға ақша табудың амалын іздеп, жазғы демалыстан ертерек келген бетім еді. Темір жол стансасына жүк таситын жұмысшы болып орналастым. Жексенбі күні қолым бос. Бірде Үлкен Семейден Жаңа Семейге бармақ болдым. Ол күні күнде жүріп жататын паром істемеді.
Көпір ол кезде жоқ-ты. Жалғыз ескекті қайыққа мініп, Ертістің арғы бетіне шықтым. Өзеннің өн бойын жағалай ісіп-кеуіп кеткен адамдар. Аштан өлген адамдардың көптігі сонша, шет-шегі көрінбейді. Сасық иіс қолқаңды қабады. Алдыңдағы сұлап жатқан кісілердің қайсысы тірі, қайсысы өлі екендігін де білу қиын. Өлікке ұқсаған тірілерінің өзі орнынан қозғала алмайды. Шет жақтағы өліктерге көз жібердім. Қарасам: бір жасқа толар-толмас бала өліп жатқан шешесінің емшегін бір-екі сорады да, жанжағына аянышты түрде жалтақ-жалтақ қарап, жылайды. Тіпті жылауға да әлі жоқ, ыңырсиды. Байғұстың жағы солып, бас сүйегінің жігі ырсиған. Қол-аяғында, кеудесінде ет жоқ, құр тері, шыбықтай шидиген сүйек. Менің шошынғаным сонша, жүрегім аузыма тығылып, басым айналып, көзім қарауытып бара жатқандай сезіндім. Бұларға тамақ әкеліп жүрген бірде-бір жанды көрсемші. «Бұл халықты осындай жағдайға жеткізіп жүрген кімдер? Жай күндегі басшылар, белсенділер қайда? Халқы аштан қырылып жатқанда ол бастықтар кеңсесінде қалай шыдап отыр?» – деген ой менің шошынысты көңіл-күйімді кеулеп ала жөнелді. Еріндері әзер қыбырлаған жандардан жөн сұраудың өзіне дәтің шыдамайтын көрінеді. Жарқабақта қолына тозығы жеткен қобыз ұстаған, бет-аузы бір уыс болған, жақ еті тарамыстай қатып-семген біреуді көрдім. Маңдай терісі жиырылып-жиырылып, маңдай сүйегі шодырайып кеткен, қатқан қара жігіт қобызын сорайған құр сүйек боп қалған қолына әрең алып, тозығы аласа ағаш орындыққа әзер шығып отырды. Қобызының құлағын қинала-қинала бұрап, бабына келтіріп алды да, боздата бастады. Қайғы-қасіретке толы үн. Бірде боздаған түйедей, енді бірде кісінеген жылқыдай, болмаса, маңыраған қойдай үн шығарады. Күй сарыны біресе күйініп зарлайды, біресе еңіреп жылайды, біресе қалтырап, жүректің мұңды қасіретін шағады. Енді бірде елжіреп, былқылдап, үзіліпүзіліп өксігендей сезіледі. Мұң толы күй менің жүрегімді уыстап қыса бастағандай болды. Бұл халықтың осындай жағдайға ұшырайтындай не жазығы бар еді?» деген ой аласұруға кірісті. Аштардың олай-бұлай өтіп жатқан қала адамдарына қолын жайып, телміріп тамақ сұрағанына қарасаң есіңнен айырыла жаздайсың. Бірі жатқан, бірі отырған жүздеген адамның бәрі де әруақтай. Аспанды да, аққан суды да меңіреу қайғы басқандай. Ілгері кете берейін десем, жанары сөніп бара жатқан жандар сенен көмек күткендей, қиылып, қамығып қарайды. Мен аяғымды әзер басып, жаңағы қобыз тартқан адамның қасына бардым. Аштықтан ол да жүдеп біткенмен, оның басқаларға қарағанда аз да болса әлі бар сияқты. Маған қайғы толы көзімен қарап: – Шырағым, не іздеп жүрген баласың? Есің барда бұл жерден тезірек кетпесең, мына аш адамдар сені де жазым қылады, – деп қырылдады. – Аға, сіздер қай жақтан келген едіңіздер? – деген менің дауысым да дірілдеп шықты. – Біздің қайдан келіп, қайда барарымызды қайтесің? Абыралы жақтан шыққанда біз көп едік. Күн сайын азайып барамыз. Менің жалғыз ұлым
мен әйелім де жолда өлді. Байғұстардың беттерін әзер жаптым... – ол көзіне іркілген жасты кір-кір көйлегінің жеңімен сүртті. Көп ұзамай үш-төрт арба келді. Көшенің арғы бетіне тоқтаған арбадан секіріп түскен бес-алты адам аштықтан бұралып отырған жұртқа жақындай түсіп: – Бүгін таңертең әрбір семьяның қанша адам бар екендігін жазып алғанымыз естеріңде болар? – деуі-ақ мұң екен, аш адамдар сүріне-қабына арбаға қарай ұмтылды. Келген адамдардың бірі қолын көтеріп: – Арбада еш нәрсе жоқ. Қазір тезірек жиналыңыздар. Асханаға барамыз да, тамақтан соң, сіздерге деп дайындалған жатақ бар, сонда барамыз. Кейбіреулеріңізді ауруханаға тапсырамыз. Ауру балаларды оларға арналған ауруханаға орналастырамыз, олардың жатқан жерін атааналарына көрсетеміз, – деді. – Жұрттың бәрі бір асханаға сия ма? – Үшке бөлінеміз, – деп келген адамдардың біреуі кімнің қайда бара тынын қолындағы тізім бойынша хабарлай бастады. Жаға толы жұрт орындарынан сүйретіліп тұрды. Бөлініп-бөлініп олар кете барды. Шошына-дірілдеген жүрегім аузыма тығылып, мен де аяғымды әзер басып, көше бойладым. Менің іздеп келе жатқаным әкемнің інісі Фазыл Қайранбаевтың үйі еді. Ол кісі Жаңа Семей қаласында ашылған ШКМнің Оқу ісін басқаратын. Директоры Қабылбаев Шырақбек болатын (ол кісі кейінгі жылдары ұзақ уақыт Қазақ ССР Ішкі істер министрі болды. Адамгершілігі күшті парасатты жан еді). Мен Фазыл ағаның үйіне бардым. Өзім кешеден бері оразамды ашпаған едім. Аш адамдарды көргендіктен бе, әлде басқа себебі болды ма, әйтеуір тамақ ішкім келмейді. Басым айналып, Фазылдың үйіне әрең жеттім. Алдымнан жылы жүзбен қарсы алған жеңгеміз мені көріп шошып кетті. Көрген-білгенімді айтудың орнына, менің дауысым дірілдеп, көзіме жас іркілді. Ауыр қайғы, меңіреу қорқыныш өне бойымды бырыстырыптырыстырып, еңсемді көтертпейді. Көз алдыма иін тіресіп, телміріп қараған, аруаққа ұқсайтын жандар елестей берді. Мен үн қатпай, алдыңғы бөлмеге жайылған ақ текеметтің үстіне отыра кеттім. Дәл сол мезгілде кіре берістегі есік ашылды. Ар жағынан Фазыл ағай кіріп келді. Қолындағы портфелін есік жақта тұрған шағын столға қойды да, жеңгемізге қарады: – Бір нәрседен қорықтыңдар ма? Екеуіңнің де өңдерің қу шүберектей болып кетіпті, не болды? – Әдидің қорқып келгеніне мен де қорқып тұрмын, – деп жеңгей Фазыл ағайға жапақтай қарады. – Әди, сен Үлкен Семейден келдің бе? – Иә. – Ендеше, сенің қорқынышың маған белгілі болды. Ертістің бергі бетіне қырдан босып келген аш жандарды көріп, қорқып кеткен болдың ғой, солай ма? – Иә, көрдім, солай.
– Байғұстар аштықтан ісіп-кеуіп кеткен. Өткен күзде колхоз құрамыз деп, малдарын ортақтасқан көрінеді. Қысқы мал азығы дайындалмаған. Қыс қатты болып, ортадағы мал қырылып қалыпты. Осыдан екі-үш күн бұрын біздің директорымыз Шырақбек облыстық партия активінің жиналысына барған еді. Алматыдан Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин келіп, сөз сөйлепті. Елдің мүшкіл халына қарамай, «қалған малдың бәрін ортақтастырыңдар!» – деп нұсқау берген көрінеді. Халық аштан өліп жатыр. Қалаға шұбырып келіп жатқан жұрттың қиын халын айтқандарға: «сен партияның колхоздастыру саясатына қарсысың, партиядан шығарамыз, соттатамыз!» – деп шындықты тыңдайтын түрі жоқ. Солардың асыра сілтеу саясатының кесірінен халық аштан қырылып жатыр, – деп налыған Фазыл ағай қолын бір сілтеп отыра кетті. Жеңгемнің қолынан дәм татып, олармен тезірек қоштасып, көшеге шықтым. Тұңғиық мидай даланы қара дауыл соққондай, төңіректің бәрібәрі шайқалып, күңіреніп тұрғандай. Көше қапталында өскен теректердің жапырақтарынан үн шығатындай. Мен Ертіске баратын көшемен үнсіз келе жатырмын. Құлағыма бағанағы күңіренген дауыс естілетіндей. Ілгері басқан аяғым кейін кетіп, жүргізбейді. Бағанағы жалғыз ескекті қайықпен үлкен Семейге шықтым. Бір пәуескені тоқтатып міндім. Халықтың өзім көрген қайғы-қасіреті шырмауықтай құрсаулап, жүрегімді босатар емес. Жол еңіске еңкейе бастағанда бір күтпеген жағдай ғана менің шым-шытырық ойымды ыдыратып жібергені. Ортадағы аттың қамытының бауынан пәуескенің тертесі сыдырылып кетіп, арба оң жақтағы қалың шалғынға қарай салдыр-күлдір зырылдап бара жатқанға ұқсайды. Белдік аттың ершігіне ілініп қалыпты. Әйтеуір ортаға жегілген ат та, шетке жегілген жануар да есті жануар екен, еңіске жібермей, өрге қарай бұрып әкеткені. Сөйтіп, бір қауіптен аман қалғанымыз бар. Күн ұясына кіре бергенде қалаға жеттік. Тамыз айының орта кезінде Ілекең жазып жүрген романын тәмамдап, қалаға қайтты. Мойнынан ауыр жүк түскендей көңілді. Күнде кеңсеге келетін болды. «Жолдастар» атты романы баспаға берілді. Жазушылар ұйымының кеңсесіне үй сұрап, Халық Кеңсесі комиссариатына күн сайын баратын болды. Бір күні өте көңілді оралды. Көп ұзамай кеңсеге Сәкен мен Бейімбет келді. Үшеуі шұрқырасып амандасты да, Пролетар көшесі мен Горький көшесінің қиылысында бөренеден қиып салынған жалғыз қабат үйді көреміз деп кетті. Олар шығысымен есіктен кірген Мәжит Дәулетбаев олардың қайда кеткенін сұрады да, ізінше дәлізге шығып, Ілекеңдердің соңынан жөнелді. Көп ұзамай төртеуі де әр нәрсені айтып қайтып келді. Одаққа берілген үй ағайларға ұнаған болу керек, бәрі де көңілді. Ертеңінде көшіп те үлгердік. Бұл жердегі жеңіл-желпі жүк бір екі арбаға сиып кетті. Кеңсе көлемі кеңіген соң жазушылардың келуі де жеңілдей берді. Ол жерде Тайыр Жароковпен, Жұмағали Саинмен, Хамза Есенжановпен, тағы басқа жас таланттармен таныстым. Күзгі оқу жылы басталар алдында, мен өз сұрауым бойынша қызметтен босайтын болдым. Маған екі жерде қызмет істеу ауырлау. Менің орныма Хамза
Есенжанов қызметке орналасатын болды. Хамза өте байыпты, қызметке бар жанын салып істеуші еді. Одаққа қай уақытта барсаң да ол қызмет орнында отыратын. Менің Жаңа Семей қаласында көрген халықтың ауыр жағдайы отыз үшінші жылдың бас кезінде Алматыға да келіп жетті. Қаңтар айының орта шені болу керек, Ғайнидден Мұсабаев пен мені Орталык Қазақстаннан келген адамдардың арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізіңдер деп Фурман көшесі мен М.Горький көшесінің қиылысындағы (бір заманда мешіт болған, кейінгі жылдары ұйғыр театры орналасқан) үйге жіберді. Екеуміздің келісіміміз бойынша, алдымен сөзді Ғайнидден бастайтын болды. Біз мешіт үйіне кіріп барсақ, аштықтан ісіп кеткен жандар лық толы. Бізге жүздеген мұңлы көз қарағанда, менің көз алдыма Жаңа Семей қаласында көрген аш-жалаңаш адамдар қолын жайып келе жатқандай сезіндім. Денемді ыстық су шарпып өткендей тұла бойым дір ете қалды. Жүрегім алқымыма тығылып, тынысымды тарылта берді. Тағы да қайғы-қасіретке кез болдым-ау, деймін өзіме-өзім. Ғайнидден Мұсабаев – менімен бірге оқитын студент. Оның жасы менен әлдеқайда үлкен. Омбы қаласында партияға түскен. Орысша сөйлейтін қабілеті де менен артық. Ол қолына «Еңбекші қазақ» газетінің сол күнгі санын алып, қайғы шегіп Алматыға келген адамдарға көмек беру жөніндегі мақаланы оқымақ болып үшінші бетін аша бергенде, төр алдында жантайып жатқан, сақалы кеудесіне түскен адам орнынан әзер қозғалып, жайланып, малдасын құра отырды да: – Әй, шырағым, сенің газетіңді жейміз бе, оқуды қой, бізге тамақ керек, ашпыз, ісіп-кеуіп кеткен жандарды көріп тұрсың ғой, – деді. Ғайнидден әрі қарай оқымады. Қайғы шарпыған көзін төменшіктеп тұрды да: – Олай болса, оқымай-ақ қояйын. Сіздің сұрауыңызды бастықтарға айтамын, – деп қолындағы газетті қалтасына салды. Біз институттың парткомының сол кездегі хатшысы Дүйменовке бардық. Ол кісіге болған оқиғаны бұлжытпай айттық. Ол қара телефон ның құлағын бұрап, аудандық партия комитетінің хатшысына телефон соғып, біздің айтқанымызды баяндап берді. – Сендер бара беріңдер. Асханаға апарып, тамақтандыратын адамдар да, дәрігерлер де сонда кеткен көрінеді, – деді бізге. Біз мешіттегі адамдарға барып қайтқалы бірер тәулік өткен болатын. Ымырт жабыла бастаған кез. Мен өзіме тиісті нанымды сатып алайын десем, қалтамда бір тиын да болмай шықты. Жатақханаға келсем, жұрт үлкен бір бөлмеге жиналып, Ғайнидден Мұсабаевтың әңгімесін тыңдап отыр екен, есіктен кірген маған жалт қарасты. Мен бір жолдасымның құлағына сыбырлап нан алуға 15 тиын сұрап алып, ізімше шығып кеттім. Нан дүкеніне барып, тиісті нанымды сатып алып, өзім жатқан бөлмеге келдім. Студенттердің бәрі киноға кетіпті. Мен дәліздегі бөшкеден ыстық су құйып алдым да, асықпай тамақтандым. Кітап оқуға кірістім. Дәптеріме жазып алған лекцияны оқыдым.
Екі аптадай мезгіл өтті. Бір күні ымырт жабылып, студенттер қызыл бұрышқа барып сабаққа дайындалып отырған. Дәлізде бейтаныс адам дарды байқап қалдық. Бұл не қылған жандар деп біз шошына қарап үр пиісе тарап, өзді-өз бөлмемізге бардық. Бейтаныстар жым-жылас жоғал ды. Бір кезде терезеден қарасақ: біреулердің Ғайнидден Мұсабаевты жабық мәшинеге отырғызып жатқанын байқап қалдық. Қолайсыз бір жағдайдың болғанын білдік. Ертеңінде ертерек тұрып, беті-қолды жуысымен, таңертеңгі ораза мызды ашып, асығып-үсігіп оқуға кетіп барамыз. Арамызда Ғайнидден жоқ. Оны НКВД-ның адамдары алып кеткенін іштей сеземіз. Бірақ бірбірімізден сұраудан қорқамыз. Ол байғұстың әне бір күні жатақханада жиналған студенттерге мешіттегі аш адамдар туралы айтқанын, сірә, арамызда бар тыңшысы НКВД-ға жеткізе қойған болды. Біз іштей реніш білдіргеннен басқа ешқандай әрекет жасай алмадық. Ғайнидден түрмеде бес-алты ай шамасы жатты да, жазғытұрым босап шықты. Біз сонда ғана оны не үшін НКВД алып кеткенін білдік. Студенттер арасында оның бар айтқаны аш адамдардың хал-жайы болса да, «Сен өкіметтің саяса тына қарсы жұмыс жүргіздің», – деп айыптаған екен. Кейін әңгіменің парқына барып, Ғайнидденді ақтап шығарды. Ол түрмеден шығысымен жатақханаға келмеді. Қаладағы бір танысының үйіне барыпты. Бірге оқыған студенттер Ғайнидденнің жатқан үйіне барып, амандасып қайтуға қорықты. Бір күні парктің ішіндегі шіркеудің жанында кетіп бара жатқанда, күтпеген жерде Ғайнидденге кездестім. Бірімізді-біріміз көрмегелі көп заман болғандықтан ба, әлде сағынып қалғанбыз ба, екеуміз құшақтасып амандастық. Өзі әбден жүдеген. Бет сүйегі сорайып, жағы солып, ақ шүберектей аппақ болған. Жауырыны еңкіш тартқан, қолы қалт-қалт етеді, жанарында от жоқ, ұйқысыз өткен күндердің ізі сайрап тұр, самарқау, сүзіле қарайды. Аз уақыттың ішінде шашына қылау түскен. Міне, менің қасымда ақбас қарияға ұқсап Ғайнидден анда-санда көзін сүртіп қойып, айналаға балаша аңқау қарайды. Тегінде Алматы қаласының көшесін бойлай арықтың суын, екі қапталындағы әр алуан ағаштарын түсінде емес, өңінде көріп тұрғанына сенбейтін секілді. Кенет соққан самал желден сыбдыр қаққан дыбысқа бұрылып қарай қалдық. Мұның өзі ғажап көрініс еді. Күннің көзі ортан белінен ақ бас Алатаудың теңізіндей толқыған қарағайына шомып, көкжиекті құлпыртып жіберіпті. Батып бара жатқан күн сұлудың қызыл арайы тау бөктеріндегі орман бетіне алтын шашу болып шашылған, ал орман болса, әлде қайғырып па, әлде қуанып па, әйтеуір, енді бір мазасыз күйге түскен. Батар күннің қызыл арайы шетсіз-шексіз айдын шалқарды ғана емес, сонымен бірге күннің соңғы шапағымен нұрға малынған көк майсаны да сәулелендіріп тұр. Қызыл арайдан қызара бөрткен, теңіздей толқыған алуан түрлі ағаштар мен аспан, күн сұлумен қоштасып тұрғандай көрінді. – Көрініс деп осыны айт!.. – деді бағанадан бері үнсіз отырған Ғайнид ден күбірлеп, күнге көзін сығырайта қарап: – Шіркін, табиғаттың осы бір көрінісі тамаша ғой! – деп мен де Ғайнидденді қостадым.
Табиғаттың бұл көрінісі дозақтан шыққан адамның қуанышты кө ңілін аулап тұрған болар. Адам баласы өзі қысқа өмірінде жақсылықты да, жауына да тілемес жаманшылықты да басынан өткереді. Екеуміз де бұта ғын кең жайған қарағайдың түбіндегі орындықта үнсіз отырмыз. Жолда сым көрген қиыншылығын іштей сарапқа салып отырғанға ұқсайды. Парк толы ары-бері жүріп жатқан адамдар. Бір мезгілде Ғайнидден арық денесімен маған бұрылып: – Жүр, екеуіміз мен жатқан үйге барайық. Әңгімені сонда жалғас тыралық. Кеттік! – деп орнынан көтеріле берді. Екеуміз Түрген көшесіндегі жалғыз қабат үйге келдік. Ғайнидден үй иесіне мені қысқа ғана таныстырды да, өзі жатқан бөлмеге ертіп кірді. Бөлмеде жалғыз темір төсек бар. Төр алдында тозығы жеткен үстел, бір-екі орындық тұр. Басқа ешқандай мүлік жоқ. Ғайнидден есіктің күршегін салып жапты. Ол түрмеде өзінің көрген азабын бастан-аяқ жыр ғып айтты: «Сен жалғыз емессің, шыныңды айт, Кеңес өкіметіне қарсы жұмыс жүргізіп жүрген тағы да қандай адамдар бар? Аттарын айт. Оларды көрсетпесең, сені ату жазасына бұйырамыз!» деп қорқытты. Мен Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізгенім жоқ. Мен мешітте болған, көрген оқиғаны ғана балаларға айтқанмын. Көргенді айтқан қылмыс емес болар десем, мені жалаңаштап сабайды, қолымды байлап, цемент еденді бөлмеге апарып тастайды, екі тәулік бойы дәм татырмай ашықтырды. Одан кейін аяқ-қолымды шешіп, қайтадан жауап алуға апарды. Ең басында айтқан жауабымнан таймадым. Соны қайталай бердім. Бірде-бір адамның атын айтпадым да көрсетпедім. Нақақтан-нақақ біреуге жала жабуға болмайды ғой. Түрмеден босатар бұрын, менен жауап алып жүрген тергеуші жұмсара бастаған сияқты. Маған күліп қарайтын болды, ұрып-соғуды да тоқтатты. Аз да болса ішетін тамағым жөнделген секілді. Осыдан екі күн бұрын тергеушінің бөлмесіне апарды. Артымдағы қарауылға: «Сен кете бер» – деді де, тергеуші маған: «Саған тағылған жала екендігін анықтадық, сізді ағарттық, қазір түрмеден шығарамыз», – деп мені екінші бір бөлмеге апарды. Әуелде киіп келген өз киімімді киіп, түрменің киімін сол бөлмеге тастадым. Тергеуші есіктен шығуға рұқсат деген қағаз берді. Маған жол көрсетуші біреу алдыма түсіп келе жатты. Көшеге шыға берісте жол көрсетуші менімен қоштасты. Мен Октябрь көшесіне шығып, босағаным рас па, жоқ па дегендей артыма қарай бердім де, кең аулаға шығып, кеудемді кере таза ауа жұтып, мас болғандай күй кештім. Түрмеден шығысымен ешқайда бұрылмай осы үйге келдім. Бұлар мені күтпеген екен, мен үйге кіріп келгенде шо шып кетті. Мен амандасып, қолымды ішкі қалтама салып, ағарып шық қан документімді көрсеттім. Қуанғаннан бәрі мені құшақтап бетімнен сүйді. Осымен менің түрмедегі хикаям тәмам болды, – деп күлімсіреп маған қарады. – Бұл әңгімені тіс жарып бірде-бір адамға айтушы болма, жақсы ма? Түрмеден шығатын күні, тергеушім маған қатты ескертті. «Егер, мұндағы жағдайды біреуге айтқандай болсаң, сені тағы да жауып тастаймыз» деді. – Мен ешкімге айтпауға уәде берем.
Ғайнидден ертеңіне институтқа келіп, оқуды ілгері жалғастыруға денсаулығым жарамайды дегенді сылтау етіп, бір жылға академиялық демалыс алып, Омбыға жүріп кетті. Бізге Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов, Молдағали Жолдыбаев, Митрофан Семенович Сильченко, Нина Сергеевна Смир нова, Шарафи Әлжанов, Санжар Асфандияров, Александр Харламович Ленчевский, тағы басқа мұғалімдер сабақ берді. Сәкен қазақ әдебиеті тарихынан, фольклордан лекция оқыды. Ол кісі қазақ әдебиеті тарихы нан өте мол білетін, лекцияны оқығанда қолында бір жапырақ та қағаз болмайтын. Аудиторияға кіре берісте үстіндегі сырт киімін шешіп, шегеге іледі, басындағы қалпағын столға қояды да сөйлеп кетеді. Ақын дардың көптеген шығармаларын ол кісі жатқа айтатын еді. Оларды тал дағанда мүдірмей, түсінікті етіп айтып беретін. Сәкен ағаның әдебиет тарихындағы ақын біткеннің бәрі-бәрінің шығармаларын есіне сақтап, ұмытпай жатқа айтқанына біз шын таңданатын едік. Сәкеннің лекциясы болады деген күні бірде-бір студент сабаққа кешікпейтін. Бар ынтасын сала Сәкен ағаның лекциясын тыңдайтын. Ол кезде Сәкен де, Бейімбет те, Ілияс та студенттердің әдебиет үйірмесі жұмысынан, әдебиет мәселесіне байланысты басқа да жиындардан қалмайтын. Студенттер жасаған баяндаманы, сөйлеген сөзін ықылас тарын қоя тыңдайтын еді. Сәкен егер студенттердің жаңылыс кеткен жері болса, бетін қайырмай, сыпайы түрде түзей отыратын. Сондықтан да ол кісіні оқушы жұртшылығы жақсы көретін де, алдынан кесіп өтпейтін. Отызыншы жылдары жазушылардың жаңа туындыларын көпшілік болып талқылап, байқалған кемшілігі болса жасырмай ашық айтушы еді. Тіпті керек десең, газет-журналдарға мақалалар жазылып, жетістігі мен кемшіліктерін көрсетіп жататын. Оған бірде-бір автор ренжімейтін. Мәселен, 1933-жылы ол кезде оқуды жаңа бітірген Мұхаметжан Қаратаев Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл аты» және «Социалистік реализм» дейтін мақала жазды. Ол мақала «Қызыл ат» дастанының жетістігі қайда, кемшілігі қайда екендігін ашық айтты. Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пъесасы жөнінде де 1935-жылы көлемді мақала жариялады. Мұхаметжан Қаратаевтан басқа да сыншылар сол кезде газетке сын мақалалар ұсы нып тұрды. М.Қаратаев 1936-жылдары «Қазақ әдебиеті сынының міндет тері» туралы Қазақ кеңес жазушыларының бірінші пленумында жасаған баяндамасында Сәкеннің «Тар жол тайғақ кешу» романының жетістігін де, кейбір кемшілігін де айтқаны есімізде. Сол баяндамасында Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасынан кейінгі жазған-поэмаларының көркемдік сапасында кемшілік бар екендігі айтылды. Сол сияқты Сәбең нің «Адасқандар», «Темір жол» романдарының да ағат кеткен жерлерін сынады. Кейінірек Сәбең «Адасқандар» романын «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта жөндеп шығарғанын көпшілік біледі. Бұл жерде менің айтайын дегенім: ол кезде сын мәселесіне ерекше көңіл бөлінетін еді де, сыналған шығармалардың авторлары көрсетілген кемшіліктерді жөндеуге көңіл қоятын еді.
СЕРГЕЛДЕҢ 937-жылдың тамыз айы. Демалысқа кеткен студенттер жанжақтан Алматы қаласына құйылып жатқан мезгіл. Елден тоғайып келіп, туған-туысқаны берген тиын-тебеніне қала магазин дерінен барып киім-кешек сатып алып жүрген студенттер жыртылып айырылады. Ол жылы мен институттың командировкасымен Семей, Өскемен қалаларына және бірнеше аудандарға барып, институтқа түсуге талабы бар балаларды Алматыға алып келдім. Оның ішінде қазіргі белгілі кинорежиссер, Республикаға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ораз Әбішев, қарт мұғалім, партия және соғыс ардагері Ісләм Мұхамбетов, тағы басқа жолдастар бар еді. Сол жастардың оқуға түскеніне қуанғаным сонша, төбем көкке жеткендей болдым. Сабақ басталып кетті. Оқу кecтecі бойынша сабақ беретін мұғалімдер келмей қалатынды шығарды. Біз ауырып жатқан болар деп қаннен-қаперсіз жүре бердік. Тіпті сезіктенбедік. Кейінірек оларды «халық жауы», «жапон тыңшысы» деген сылтаумен түрмеге жапқанын естідік. Күндердің күнінде профессор Құдайберген Жұбановты, профессор Шарафи Әлжановты, Сәкен Сейфуллинді, Молдағали Жолдыбаевты, тағы басқа көптеген адамдарды түрмеге жапқанын естідік. Бір күні менімен біpгe оқитын біp оқушы қасыма келді де: – Сен не естідің? – деді. – Ештеңе естігенім жоқ. – Естімесең, мен айтайын. Бері жүр. Осыдан екі-үш күн бұрын Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлинді, тағы басқа жазушыларды «халық жауы» деп түрмеге жауыпты. – Сенің айтып тұрғаның шын ба? – Мұндай жағдайда өтіpік айтуға болмайды. Ол жылдары күнделікті газет беттерінде «Зиянкес жаулар», «Әpбіp мекемелердің бастаушы партия ұйымдарында халық жаулары әшкереленді» дейтін етектей-етектей болып басылып жатты. Отызыншы жылдардың бас кезінде қазақ халқының қас жауы, мыңдаған адамды аштан қырған Голощекин кетіп, оның орнына Левон Мирзоян келді. Ол келе салысымен аштықтың зардабын жоюға кіpіcті. Амал не, қазақ халқының қайта өркендеуіне ұлан-ғайыр еңбек сіңірген, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуіне, жұтап қалған республикамыздың экономикасын жөнге салып, өcіп-өркендеуіне белсене кіріскен, тұңғыш рет 1936-жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін Москвада өткізген Қазақстан Орталық партия комитетінің біpінші хатшысы Л.И.Мирзоянды да «халық жауы» деп түрмеге жапқанын білдік. Сол жылдары Қазақстан өкіметі мен Орталық партия комитетінің бас көтеретін қызметкерлерінің бірде-бірін қалдырмай «халық жауы» деген атпен абақтыға жапты. Қазақстан халық комиссары О.Исаевты, Орталық атқару комитетінің
төрағасы Ж.Құлымбетовты, Оқу-ағарту халық комиссары Т.Жүргеновті бұлардан басқа да басшы адамдардың бірде-бірін қалдырмай абақтыға жапты да, атқанын атып, соттағанын соттап Cібіpгe айдады. ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТҰҢҒЫШ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БІРІ Ә рбір ұлы ойшылды шын мәнінен танып-білу, дұрыс түсініп қабылдау – белгілі бір мерзім-мезгілдің ғана емес, байтақ уақыттың, бәлки, тіпті ғасырлардың үрдісі. Өйткені ең әділ сарапшы да, әділ төреші де – һәманда уақыт. Соңғы сөзін айтуға асықпайтын, қатал да әділ қазы – уақыт кезі келгенде әркімді, әрнәрсені тиісті өз орнына қояры даусыз. Халқымыз шаршы топқа білек сыбанып күреске түсіп бәйге алған палуанды, таңдайынан күміс әуен төгілген әншіні, жаудан қайтпас батырды, сөз суретімен дүниені таңырқатқан ақынды, бармағынан бал тамған күйшіні, асқар ойлы ғалымды, даналықпен ел басқарған әділ адамды төбесіне көтерген. Оларды құрметтеген, еркелеткен. Осындай терең ойлы, көлдей білімді, көмейінен парасатты сөз ағылған ұстаздардың бірі профессор Шарафий Есмұхамбетұлы Әлжанов. Шарафий Әлжанов 1901-жылы Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. 1918-жылы Шортандының бастауыш училищесін бітірді. 1920-жылдан бастап Қызыл әскер қатарына соғысқа қатынасты, қазақ полкінің саяси басшысы. Одан соң полктің әскери комиссары қызметінде болды. Азамат соғысы бітісімен уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары, кейінірек уездік милицияның бастығы болды. 1925-жылдан 1927-жылға дейін Орынбор қаласындағы әскери мектепте сабақ берді, одан кейін Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектепте мұғалім болды. 1929 – 1930-жылдары Қызылорда қаласында ашылған Ағарту институтын басқарды. Мәскеудің Крупская атындағы коммунистік тәрбие беретін академияның педагогика кафе драсы жанындағы аспирантураны бітірді. Ол жерде «Патшалық отарлау мектебінен Қазақстандағы кеңестік политехникалық білімге дейін» деген тақырыпты зерттейді. Оның бітірген жұмысына жоғары баға бере отырып, Академия 1932-жылы оған доценттік атақ беру жөнінде жоғары орындардың алдына мәселе қойды. Сөйтіп, оған педагогика теориясы ның доценті деген ғылыми атақ берілді. 1934-жылдан 1937-жылға дейін Алматы қаласындағы Қазақ педагогика институтында: педагогика факуль тетінің деканы, профессоры, Абай атындағы Қазақ педагогика институ
тының педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Бұған қоса Қазақтың педагогика ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. Шарафий – Қазақстанда педагогика ғылымының ең алғашқы ұйымдастырушыларының бірі. Республика оқу-ағарту ісіндегі орта және жоғары педагогика мектептерінің алғаш пайда болуына белгілі үлес қосты. Ғылыми-зерттеу еңбектері Қазақстанда қазақ совет мектебінің бұғанасы беку процесінің зерттеу ісіне бағытталған еді. Қазақстандағы мектептердің жай-күйін зерттеуге арнайы ұйымдастырылған экспедицияны екі дүркін басқарды. Үгіттеуге де көптеген еңбек сіңірді. К.Маркстың, В.И.Ленин нің, Н.Г.Чернышевсикйдің, Н.А.Добролюбовтың, А.С.Макаренконың еңбектерін қазақ тіліне аударып бастырды. Шарафийдің редакция сымен Марксистік-лениндік педагогиканың хрестоматиясы қазақ тілінде басылып шықты. Оның педагогика мәселесіне арналған көпте ген еңбектері сол кездің өзінде күнделікті газет-журналдарда, баспа орындарында жарық көрді. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері осы күнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Шарафий Әлжанов та сталиндік жауыздардың қолынан 1937-жылы дүние салды. Мәскеу қаласындағы тәжірибелі үлкен ғалымдардан тәлім-тәрбие алған Шарафий өз пәнін терең де толық меңгерген ұстаз еді. Ол кісі қазақ, орыс тілін өте жақсы білуші еді. Педагогика тарихынан лекция оқитын. Екі тілде де шешен сөйлейтін. Орыс тілінде лекция оқитын күні қазақ бөлімдері мен орыс бөлім дері қосылып, бірігіп лекцияны тыңдайтын едік. Ол педагогтар: Камен скийдің, Ушинскийдің, Макаренконың, тағы басқаларының еңбек терін мүдірместен орыс, қазақ тілдерінде оқушыларға түсіндіре беретін. Оның сабағында оқушы жұртшылығы бар ықыласын қойып тыңдайтын. Өйткені, ол Ушинский мен Макаренконың педагогикалық көзқарасын түсіндіргенде нақты мысалдармен миға қонымды түрде айтып беретін. Жер жүзіндегі педагогтарды, олардың педагогикалық көзқарастарын айдан анық етіп түсіндіретін. Шарафий студент қауымымен сөйлескенде, емтихан алғанда еш уақытта қабақ түймейтін, оқушыларына сес көрсетпейтін. Жайдары, жымиып күліп отыратын ақ көңіл, қарапайым кісі еді. Сондықтан ол кісіге емтихан тапсырып отырғанда оқушы да үрейленбей, қысылыпқымтырылмай, білгенін айтып беретін. Қойылған сұрауға жауап бере алмаған студентке Шәкең – Сен екінші бір сұрау ал да, әне жерге барып ойлана тұр. Сонан соң жауап бересің, – деуші еді. Ол кісіні бүкіл оқушы қауымы «Өте әділ мұғалім» деп сыйлайтын. Отызыншы жылдардың орта кезі. Мамыр айы. Алматы қаласында ол кезде Орталық бақта жалғыз қабатты аласа кинотеатр үйі болатын. Киноға баратын кісі билетті бір-екі күн бұрын алып қоймаса, кино көре алмай тын, өйткені театр шағын, кісі көп сыймайды. Шәкең лекция бітісімен кейде мені шақырып алады да:
– Мен саған ақша берсем, ертеңге, не бүрсүкүнге екі билет сатып әкелесің бе? – дейді. – Жарайды, аға, – деймін. Ұстазым қолыма үш сом ұстатып: «жүгір, бар», – деді. Мен ақшаны қалтама саламын да, орталық бақтың ішімен жүгіре басып, кинотеатрға бардым. Байқап-байқап қарасам, бізден бір жыл кейін оқитын бір бала алдыңғы жақта тұр екен. Қуанып кеттім де, оның жанына барып, шаруамды күбірлеп айтып, ақшаны қолына ұстаттым. Сонымен ол Шәкеңе екі билет алып шықты. Мен билетті алып, жолдас балама рақметімді айттым да, деканатта отырған Шарафийға екі билетті, қайтарған ұсақ ақшаны апа рып бердім. Ұстазым балаша қуанып қалды. Біз ол кезде Шарафийді орта жастан асқан кісі деп жүрсек, баржоғы отыз алты жаста ғана екен. Оның бүкіл педагогика ғылымының өсіп-өркендеуіне тигізген әсері ұлан-ғайыр. Қазақстан мектебінің қалыптасуына арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің әділ бағасы әлі күнге дейін межеленбей келе жатқаны мені де өкіндіреді. Ол әлемдік озық педагогика авторларының біразының күрделі дүниелерін қазақ тіліне тәржімалады. Менің оны алғаш білгеніме кейбір жағдайлар себеп болды. Бір күні Шарафий таңертеңгі лекциясына үлкен қара портфель ұстап келді. Оның мұнысы бізге ерсі көрінді. Өйткені, оның портфель ұстап келгенін көрмеген едік. Екі сағаттың лекциясы бітісімен алдыңғы жақта отырған маған қарақаттай қара көзін тігіп қарады да: – Әди, сен қала тұршы, – деді. Жұрт топырлап шығып кетті, мен қалып қойдым. Аздап үрейім ұшқандай болды. Лекция кезінде ұстазымның аузынан шыққан сөздерін дәптеріме жазғаннан басқа ешқандай бөгде іс жасаған жоқ едім, сабақ кезінде сөйлеген де жоқпын. Маған неге қал деді деп ойлаймын. Балалар дәлізге шығысымен, ашық қалған бөлме есігін өзі орнынан тұрып барып жапты да: – Әди, мына портфельдің ішінде менің марксизм классиктерін аудар ған қолжазбам бар. Осыны Ластаева деген машинисткаға апарып берсең. Ол кісімен кеше жолығып келіскен едім. Үйінің адресі мынау, – деп маған бір жапырақ қағазды және портфелінен аузы байланған қоржыншаны алып ұсынды. – Ол кісін білемін, үйіне талай барғанмын. – Онда тіпті жақсы болды. Тезірек басып берсін. Мен қоржыншаны қолтығыма қысып, есік алдына шықтым. Ол машинистка Совет көшесі мен қазіргі Төлебаев көшесінің қиылысында тұратын. Машинистка үйінде екен. Шарафий ұстазымның сәлемдемесін тапсырып: – Тезірек басып берерсіз, менің жақсы көретін мұғалімім еді, – дедім. – Қолжазба әкелгендердің бәрі тез, тез дейді, әйтеуір. – Шарафий аға тез деген жоқ, менің өтінішім ғой. – Ә, онда тездетіп көрермін.
Өтінішімді қабыл алғанына көңілім өсіп қалды. 15 күн өткен соң қайырылып бардым. Есікті тағы да машинистканың өзі ашты. – Мен айтамын деп едім ғой? Хабарламай жетіп келгенің не? – деп жымиып күлді. Мен ерте келген екенмін ғой деп ұялып қалдым. – Сіз шапшаң басатын машинистка болған соң, он бес күн жеткілікті болар деген оймен келген едім. – Саспа, қалжыңдаймын, дайындап қойдым. Бүгін хабарлайын деп отырғанмын. Мен қуанып кеттім. Ластаева уыздай жас, әдемі келіншек болатын. Көзін бір төңкеріп қойды да: – Мұғаліміңе сәлем айта бар. Тапсырмасын уақытында орындадым, – деді. – Рақмет, ақшасын өздеріңіз келіскен екенсіздер, – деп қалтама қолымды салып, Шарафий берген ақшаны ұсындым. – Осы қалада машинистка аз болса керек, жазушы-ғалымдардың көбі жазбаларын маған алып келеді. Бәрін тез басуға менің шамам келмейді, уақытым да жетпейді. Мына қолжазбаны тезірек басқаныма сен себеп болдың, – деп жымиды. Мен қоштасып шығып кеттім. Еш жерге соқпай, тура Шарафий ағаның үйіне бардым. Кешке таман ол кісі үйінде болар, біткен жұмысын апарып берейін, жатақханаға апарып жүргенімде жоғалып кетуі де ғажап емес деп ойлағанмын. Есікті ұзын бойлы, жіптіктей арық әйел ашты. Бейтаныс жігіттің кіріп келе жатқанын ерсі көрді ме, ол кісі менің бетіме бадырайып бір қарады да, есікті жапты. Ол кісінің бейсауат жүрген не қылған адамсың дегенін көзқарасынан түсіне қалдым да: – Сәлеметсіз бе? Шарафий ағаның тапсырмасымен келген едім, – деп жеңгемізге түсіндіре бастағанымда, екінші бір бөлмеден Шарафий ағаның өзі де шықты. – Кел, кел, бұл бала маған келді, – деп мені ертіп бөлмесіне беттеді. – Анадағы жұмысыңызды машинистка басып қойған екен, соны алып келдім. – О, рақмет, тез басқан екен. – Мінеки, – деп қолтығымдағы дорбашаны Шәкеңнің қолына ұстаттым. – Бәрі түгел ғой? – Қараңыз, бәрі де түгел болуы керек. Шарафий дорбашаны ашып, ішіндегі қолжазбасын, машинистканың басқан даналарын қолына алып, екі-үш бетін көз жіберіп оқып шыққан дай болды. – Таза басқан екен. – Аға, мен кете берейін. – Отыр. Кешкі тамақтан дәм тат. – Рақмет, аға, асығыс едім. – Саған да рақмет, – деп ұстазым мені шығарып салды.
Күндерден күн, айдан ай өтіп жатты. Бір күні Шарафий Әлжановты «халық жауы» деген айыппен абақтыға жапқандарын естідік. Ондай суық хабар жиілеп тұрған шақ еді. Белгісіз, түсініксіз бір қорқыныш сезім көбіміздің серігімізге айналды. Еңсемізді зіл қара тас басып тұрғандай халде жүреміз. Институт мұғалімдерінің де, оқушыларының да арасында кейбір белсенділер пайда болып, ауыздарынан ақ ит кіріп, қара ит шығып жатты, күн құрғатпай жиын-топыр жасап, «Халық жауларының көзіне көк шыбын үймелету керек! Құрту керек!» – деп құтырына бастаған. СТУДЕНТ ҚАУЫМЫНДАҒЫ АЛАСАПЫРАН О қушы жұртшылықтың арасынан да «халық жауы» деген желеумен НКВД әкетіп жатқандар көбейе бастады. Ол жыл дары халық басына туған індетті қағазға жазып бітіpe алмай сың. Сезіктенушілік, сенбеушілік етек алып кетті. Tіпті әуелі қасындағы ceнімді деген досынан қорқу болды. Аузыңды бағып сөйлейтін жағдай. Институтта күн сайын партиядан, комсомолдан шығару машықты іcкe айналды. Лекция ертерек бітіп, бәpіміз дәлізге шықтық. Tүcкі тамақ ішетін мезгіл де болып қалған. Жұрт дәліздегі қабырғаға ілген хабарларды оқуға беттеді. Мен де бардым. Бүгін кешкі сағат алтыда тіл және әде биет факультетінің комсомол жиналысы болады. Хабарламада күн тәpтібі жазылмаған. «Комсомол мүшелеpі міндетті түрде келуге тиіс» делінген. Кешке таман топ-топ болып 42-аудиторияға жинала бастадық. Бөлме лық толды. Жиналыс басталып кeтті. Жиналысты басқарып тұрған өзімізбeн біpгe оқитын Әкімші дейтін жігіт екен. Ол: – Сөз Хакім Тыныбеков жолдасқа беріледі, – деді. Шойын қара бетінде орасан шешек дағы бар, ерні дүрдиген, шашын артқа тараған Хакім Тыныбеков мінбеге шығып, жұртқа аз-кем қарап тұрды да: – Жолдастар! – деді зілденіп. – Біздің арамызда арамзалар әлі бар! Тіпті жаулар да бар! Бізбeн қаны біp болғанымен пиғылы, ниеті жат адамдар жүр. Оларды біз арамыздан аластауымыз керек! Өзімізбен біpгe отырған анау Әди Шәріповтің Совет өкіметінің жауларымен байланысты болып, солармен сыбайлас екендігін бәpіміз біле тұра үндемейміз. Оның осы дан біp-eкі жыл бұрын Жазушылар одағында әшкереленген халық жауы Ілияс Жансүгіровке көмекші болып қызмет істeгeнін бәрің де білесіңдер. Оның үйінде де талай рет болғанын көрген жігіттер бар. Жаудың оң қолы болды. Соған қызмет іcтeді. Жазушылар ұйымының жайлы жұмсақ жеріне
орналастырған да – қас жау Жансүгіров. Әди Шәріпов халықтың қас жауымен тығыз байланыста болды. Ол ол ма, Әдидің әкесінің екі ініcі – Садық, Фазыл Қайранбаевтар да жуықта Совет өкіметіне қастық іcтeгeні үшін әшкереленгенін мен кеше ғана естідім. Қысқасын айтқанда, Әди Шәріпов халық жауымен ауыз жаласқан, солармен тығыз байланысты. Оны комсомолдан аластау керек! О, сұмдық-ай! Бұ не пәле?! Екінші сөзді жиналыс басқарып отырран Әкімші Ахметов алып, былай деді: – Әди Шәріповтің әкecі қажы болған. Ол жөнінде естеріңде болса, «Еңбекші қазақ» газетінде де 1934 жылы қазан айында газет тілшіcі Ысмағұл Бағадайұлының «Қасқыр тepіcін жамылған бөлтірік» атты мақаласы шыққан. Сондықтан қазіргі кезде әшкереленіп жатқан халық жауларымен байланысты екендігі анықтан-анық мәселе. Ілияс Жан сүгіровпен сыбайлас болып, біpге қызмет істегенін осы отырған бәрбәрі біледі. Әкесінің екі ініcі бірдей халық жауы болып әшкереленді. Қaзіpгі жапон шпиондары екендігі анықталған көрінеді. Сондықтан Әди Шәріпов комсомол қатарында жүруге лайықты адам емес! Мен де Хакім Тыныбековтың ұсынысын қолдаймын. Ол екеуінің ұсынысын қолдап тағы да бірнеше студент сөйледі. Ең соңында маған сөз берді. Мен сөзімді eшбіp халық жауымен идеялық байланысым жоқ деуден бастадым. Ілияс Жансүгіровпен біpгe қызмет істегенім рас. Бірақ еш уақытта совет өкіметіне қарсы сөз сөйлегенім жоқ. Ілияспен ондай сөзіміз болған емес. Әкемнің інілepі Фазыл мен Садық біpeyі осы Алматыда Байланыс техникумында, екіншісі Күн шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында ауылдық мектепте қызмет істейтін. Олар халық жауы болды дегенді жаңа ғана, осы жерде біpінші рет естідім. Олармен менің ешқандай байланысым болған жоқ. Ал, әкем, мен туған соң тоғыз айдан кейін қайтыс болыпты. Шешем он алты жасқа шыққанда қайтыс болды. Мен болсам, өз бетіммен оқу іздеп кеттім. Біpдe-біp жан менің оқуыма көмектескен жоқ. Жазушылар одағына қызметке орналасқаным да күн көрудің қамы болатын. Соңғы кезде ҚазПИ-дің жанында ашылған кешкі жұмысшылар факультетінде сабақ бepіп жүрмін. Әшкереленген жау деген адамдармен менің ешқандай байланысым болмағанын біpгe оқып жүрген бәрің де білесіңдер. Күндіз лекция тыңдаймыз, одан соң жатақханада боламыз. Көркем әдебиет және саяси кітаптарды оқимын. Tіпті әуелі кітапханаға барғанда да өздерің мен біpгe барамын. Жетісіне екі рет қана осы жердегі 2-бөлмеде жұмыс шы жастарға сабақ беремін. Оны өздерің көріп-біліп жүрсідер. Ал... – дей бергенімде Әкімші тұрып: «Тоқтат! Болды! Көп сөйлеме!» – деп ары қарай сөйлетпеді. – Әди Шәріповтің халық жауларымен байланысты бол ғаны толық анықталды. Мұндай адам комсомол мүшелігінен аласталсын дегендерің қол көтеріңдер! – деді. Жұрт жапа-тармағай қол көтерді. Біpгe оқитын жолдастарымның көп шілігі мені аяп отырғанын, нақақтан комсомолдан шығарылатынымды
ұққандарын олардың көзқарастарынан аңғардым, біpaқ байғұстарда басқа амал жоқ. Егер қолдарын көтермей, шығаруға қарсы болса, халық жауымен сыбайлассың деп өздеріне бас салғысы келіп отырған сілімтік белсенділерден жасқанатындары беп-белгілі. Жиналыс жабылды. Мен орнымнан әрең тұрып, ecік жаққа қарай жылжи бергенімде Әкімші: – Тоқта, комсомол билетіңді әкел бepі! – деп ақырып, қалың қабағын түйіп, шалбар-шалбар болып жиырылған жалпақ бетіндегі ала көзін маған оқша қадап, қолын созды. Менің өнебойым мұздап кетті. Қалтамнан комсомол билетімді алып, Лениннің cypeті салынған мұқабасынан біp сүйдім де, Әкімшінің қолына ұстата бергенімде көзім қарауытып, беталдымды тұман басқандай күй кештім. Сәлден соң қарасам – аудиторияда жалғыз тұр екенмін. Көзімнен аққан жас бұрқ етті. Біp мезгілде бойымды жинап, далаға шығып, паркке қарай аяңдадым. Біраздан соң артымнан аяғын тықыр-тықыр басқан біреудің жүрген дыбысы құлағыма келді. Мен тоқтап бұрылдым да, оған қарсы жүрдім. Неге екенін билмеймін, ізімe түскен сонымен кездесіп, не бар, не жоқ болғым келді. Ол да маған қарай тезірек жүрген тәрізденеді. Ол ҚазПИдің тарих факультетінде оқитын Молдаш Сәрсенбин деген жолдасым екен. Менің иығымнан құшақтай тоқтатып: Сендерде болған оқиғаның бәрін жиналысқа қатысқан біp жігіттен толық естідім. Жас өмірімізде талай-талай қыспақты басымыздан өткізетін болдық қой. Бұл ел басына келген індет емес пе? Басқа түскен іcті мойымай көтеруіміз керек. Ондай болмасақ, жігіт болудың не керегі бар? – деп мені қайрай сөйледі. Оның сөздері маған ес жиғызды. Молдаш Сәрсенбин орта бойлы, кең иықты, әдеміше киініп жүретін сымбатты жігіт еді. Өзі партия мүшecі болатын. Өз бөлімінде саяси сабақ жүргізеді, қабілетті жастардың біpі. Ол кейінгі күндері оқыған кітап тарын айтып, менің көңілімді аулауға тырысты. Бірақ менің көңілім қара түнек басқандай. Оның айтқандарының біpін естимін, біpін естімеймін. Екеуміз қоштасып үйді-үйімізге кете бардық. Кеудемді қайнаған ашуыза кернеді. Ойымда – комсомол билетім. Санамды жегідей жеген адам төзгісіз жан азабынан мәңгі-бақи құтылудың жолын ойлаймын. Халық жауысың деп айыпталып кетіп жатқан жандар есіме түссе, денем дір ете қалады. Енді мен де кеттім-ау деп ойлаймын. Алды-артым беймәлім қара тұман. Қазылған орға түcіп кету оп-оңай екенін түйсінемін. Амал не, адам басы бәріне де көнеді. Суық ойлар демімді шарпып, екінші қабаттағы бөлмеме ілгepі басқан аяғым кейін кeтіп әрең жеттім. Ecікті ақырын аштым. Өзіммен біpгe жататын үш жігіт тұқырып кітап оқып отыр. Менің кіргенімді байқамағандай. Мен де үнсіз ғана барып төсегіме отыра кеттім. Жататын мезгіл болды. Қасымдағы үшеyі шешініп жата бастады. Менің ойым шат-шәлекей. Ақырын шешініп жатып қалдым. Біpaқ ұйқым келетін емес. Түннің біp жеріне дейін жаттым, іштен тынып. Көзім ілінбеді. Төсектен тұрып, сыбдырсыз киініп, қолыма біp кітап алып, қызыл бұрышқа бармақ болып дәлізге шықтым. Қызыл бұрыш ашық екен.
Шамын жағып, ecікті жаптым да, ортада тұрған ұзын столдың басына отырып, кітабымды аштым. Қараңғыда қолыма түскен өзім оқып жүрген Л.Толстойдың «Анна Каренина» романы екен. Ашып оқи бастадым. Бірақ не оқып отырғанымды түсіне алсамшы! Жүрегімді біpey уыстап сырып-сырып қалғандай болады. Бағанағы Молдаштың жұбату сөздеріне жабырқаған көңілімді тоқтатқым-ақ кeлeді, амал не, ішім өртеніп бара жатқан хал. Түн ортасынан асып кеткен мезгіл. Жан-жағымдағы меңіреу тыныштықты біp кезде аяқ тықыры бұзды. «Meні әкетуге келе жатқан НКВД-ның кіcілepі шығар», – деген оймен қатар жас бұрқ eтті. Ecік қағылды. Ecіктің кілтін үстелден алып, орнымнан тұрдым. «Қазір, тұра тұрыңыздар, ашамын», – дейін десем, қорыққандықтан болу керек, дауысым шықпайды. Eкі қолым безгегі ұстаған адамдай діp-діp етеді. Жүрегім алқымыма тығылып, ecікті әрең ашып, сақау адамша сілейіп тұрып қалыппын. Келген – үш адам. Біpeyі НКВД-ның лейтенанты, оның қасында жәй киімді екеу бар. Лейтенант мен танитын Шарафи деген жігіт екен. Оны осыдан үш-төрт ай бұрын НКВД-ғa жұмысқа алған. ҚазПИ-дің физмат факультетінің соңғы курсында оқып жүрген. Мұғалімдер мен студенттерді институттан алып кете бастағанын да білетінбіз. Мүмкін, оның артында тұрғандар – әміршілері болар, кім білсін. Шарафи ұзын бойлы, шидей арық, күле сөйлейтін жігіт-ті. Tүpі қорқынышты болмағанмен жұртты түрмеге алып кетіп жүргеніне қарап көпшілік одан шынында қорқатын. Yшeyі табалдырықты аттай берді. – Балжанов дейтін студент қай бөлмеде тұрады? – деді Шарафи. – Осы жерден үшінші ecік, – дегенді әрең айттым. – Жүр, көрсет, – деген Шарафидің даусы қатты шықты. Байқаймын, ол біз білген студент Шарафиге ұқсамайды. Оның «Жүр, көрсет!» – деген біp ауыз сөзі менің денеме мұз басқандай болды. Мен олардың алдына түстім. «Әуелі Балжановты тұтқындап, сонсоң ала кететін шығар», – деп ойлаймын. Балжанов тұрған бөлмеге келіп: – Осы бөлмеде жатады ол бала, – деп, кейін кетпек болып, шегіне бергенімде Шарафи: – Сен кетпейсің, мына бөлмеге біpгe барамыз, – деді. Жүрегім аузыма тығылды, бөлмеге әрең кірдім. Шарафи қолындағы папкасынан біp жапырақ қағаз алды. Қанталаған көзін бөлмедегі төрт жігітке кезек-кезек қадап: – Балжанов қайсыңсың? – деді. – Мен, – деді төргі төсекте отырған жігіт. Шарафи «Шын Балжанов осы ма?» – дегендей көзінің астымен маған қарады. Балжанов бозарып кетті. Шарафи қолындағы қағазды Балжановқа ұсынды. Ол қолы дірілдей алып оқыды да, жылап жіберді. «Тұр, киін, бізбен біpгe жүресің» – деді Шарафи зeкіpіп. Келгендердің біpeyі: – Жазған конспектілеріңді, кітаптарыңды көрсет, – деді. – Міне, мына тумбочканың ішіндe, – деді Балжанов.
Тумбочканың ішідегі қағаз біткеннің бәрін алып шыққан орыс жігіт стол басына отырып, Балжановтың дәптерлерін парақтап, қалтасынан қарындаш, бүктелген ақ қағаз алып, біp нәрсені жаза бастады. Жазуын бітіpіп, қағаздың біp тұсына Балжановқа қол қойғызды. Мен ecік жақта ecім шығып тұрғанмын. Орыс: – Әй, Шәріпов, сен мына жерге қол қой, – деп қағаздың бетіндегі тасқа басылған «Понятой» деген сөзді сұқ саусағымен көрсетті. Ондай сөзді ecтімeгeн басым, «Енді мен де кеттім-ау» – деген жаман ой шекемді зырқ еткізді. Бәріміз дәлізге шықтық. Шарафи бастаған топтың ішінде мен де келе жатырмын. Өз бөлмемнің алдына жеткенде тоқтап едім, Шарафи: – Жүр, жүр! – деді. Шарафи тобының соңына ілесіп кете бердім. Бұлар мені де түрмеге әкетіп бара жатыр деген қорқынышты ой тынысымды тарылта бастады. Сөйтіп қиналып, қалжырап, сыртқы есікке жете бергенімде Шарафи артына бұрылып: – Әди, сен енді бөлмеңе бара бер. Біpaқ біздің келіп-кеткенімізді біpдe-біp жанға білдірмейтін бол. Ауылдан біp жолдастарым келіп, соларды шығарып салдым дерсің, хош-сау бол, – деп кете берді. Мен кейін бұрылып, өз бөлмеме жетуге асықтым. Кілттеулі ecікті ашқан жігіт: – Ceні НКВД алып кеткені қайда? – дегенде көзімнен жас ыршып кетті. Ауыз ашар дәрмен жоқ, төсегіме барып құладым. Шала-жансардай боп таңды атырдым. Әртүрлі ой көз алдыма келіп, жел айдап кеткен тұмандай өтіп жатты. Ауылда жүрген бала кезім ecімe түсе берді!. Менің бала кезімнен көргенім – адам айтқысыз қиыншылық. ... Ғазиза шешем ecімe түcті. Шілде айы еді. Қожамқұл руларының бәpі де Кеңшіліктегі жайлауға көшкен болатын. Төрт түлік мал Кеңшіліктің қалың өскен көк майса шөбіне жабысып жайылып жатты. Ауыл-ауылды қыдырып жүрген жандар. Қымыз ішy, жаңа ғана сойылған қозының етін жеу, аяғы бітпейтін әңгіме құру ауыл адамдарының әдетіне айналған. Біp күні Тарбағатай тауын қоныстанған қаракерей еліне өткен жылы ұзатылған апайым (әкемнің інісінің кішкене қызы) кішкене ұлы, күйеуі үшeyі келе қалды. Ойын-сауық қайдан шығады деп отырған ерінген жұрт олардың келгеніне мәз болды. Күнде біp үй оларды қонаққа шақырып, той-думан болып жатты. Біp күні кеш бата шешем мені оңаша шығарып алып: – Сен жорға құнаныңды мініп, нағашыңа кет. Ол жерде он шақты күн бол. Анау төркіндеп келген апаңның ұлына сенің торы құнаныңды мінгіземіз деген әңгімені мен сыртта жүріп ecтіп қалдым, – дегені. – Олардың менің құнанымнан басқа жылқысы жоқ па? – Tөpкіні жорға құнан мінгізіпті деген атақ керек болар. Болмаса, қорасы тола жылқы ғой. Қайтейін енді, бізді жетім-жесір дейтін болар, – деп шешем көзіне жас алды. Бұл әңгімені естісімен кешкі ымыртта торы дөненді өpіcтe жайылып жүрген жерінен ұстап әкеліп ерттеп, киіз үйдің белдеуіне байладым да,
үйге кіpіп, түйе жүннен тоқылған шекпенімді киіп, сонсоң торы дөненге мініп, отыз шақырым шамасындай қашықтықтағы Нұрекең нағашымның ауылын бетке алып тартып кеттім. Нағашымдарда он күн болып, он біpінші күн дегенде ауылға оралдым. Әкемнің ініcі үй сыртында ат үстінде екен. Біp жаққа бармақ болса керек. Мені көріп: – Әй, Әди, бepі келші, – деді. Мен аттан түcіп: «Ассалаумағалейкум!» – деп қасына жетіп бардым. Ол сөзге келмеді, мені қамшының астына алды. Ат бауырынан өткізіп сабады. Басы-көзімді қан жауып кетті. Жерді құша құладым. Ағайым: «Мен сені бауыздап өлтіремін! Сен сияқты жетім найсапты жоқтап алатын ешкім жоқ!» – деп көпіpіп жүр. Біp кезде: «өлтірдің ғой?! Саған не болған?!» – деп шешем шырылдап жүгіріп келіп, мeні көтеріп жөнeлді. «Байғұс шешем-ай, менің басыма түскен мына қайғыны көрмей қайтыс болғаның жөн болды-ау. Қаншама сабырлы болғаныңмен қан жұтып таусылар едің-ау!» – деп ойлап жатырмын. Таң бозарып атып келе жатқан. Мен келешегімді ойлаймын, енді қандай амал іcтeyім керек? Бұл жерде қаннен-қаперсіз жүре берсем, кешегі жігіттей біp күні келіп алады да кетеді. Елге кетіп қалсам ба екен? Ал онда мені кім тосып отыр? Осындай ұшы-қиыры жоқ аладауыл ой миымды айналдырды. Филология факультетінің деканы, ендігі сыйлы ұстазым Митрофан Семенович Сильченкоға айтсам, ол кіcі қандай ақыл берер eді? Тәуекел, сөйлесейін, айтайын деп түйдім... Декан отыратын бөлмеге кіре бергенімде алдымнан күлімсіреп Митрофан Семенович қарсы ұшырасты. Мен қуанып қалдым. Жағ дайымды айта бастап едім, ол: – Бәрін де естідім, білемін. Демалысқа шыққаның дұрыс болар. Тезірек директордың атына арыз жаз. Қaзіp Полянский ғана бар. Ол директордың орынбасары екенін білетін боларсың? – Білемін. – Олай болса, тезірек арызыңды жаз. Қaзіp өзінде отыр. Мен дереу арыз жазып, Митрофан Семенович: «Менің қарсылығым жоқ»» – деп қолдау жазды да, Полянскийге кетті. Ұстазым көп ұзамай қайтып келді. Бұйрық жазылып, қол қойылыпты. Ұстазым менің зачет кітапшама: «Жолдас Шәріповке біp жылға демалыс берілсін» деп жазды да, қолын қойып, мөрін басып ұстатты. «Жолың болсын, қайда баратыныңды өзің біл», – деп менің қолымды қысты. Мен рақметімді айтып, қоштасып шығып кеттім. Зыр жүгіріп жатақханаға келдім де, бар-жоқ заттарымды кішкене ғана жаман шамаданыма салып, бөлмелес жігіттерге: «Сау болыңдар!» дегеннен басқа ештеңе айтпай шығып кеттім. Ол кезде І-Алматы станциясына автобус тұрғай басқа мәшине атаулы да сирек жүретін. Қапал тас жолымен жаяу келе жатсам, біp арбакеш жолыға кеткені. Біp жолаушысы бар, вокзалға бара жатқанын айтты. Мен екінші жолаушы болдым. Аты жүрдек жануар екен, бізді вокзалға тез-ақ алып барды. Атқосшыға мен де біp сом ақы төлеп, шамаданымды көтеріп, жолаушыларға анықтама беретін терезеге
жеттім. Терезе көзінің арғы жағында инеліктей қатқан сары келіншек отыр. Мені менсініп қарайтын түpі жоқ. Орысшалап жөн сұрасам, маған алара қарайды да, үнсіз отыра береді. Осы пәле мені түсінбеген болар деп: – Ташкенге қарай поезд қашан жүреді? – деп қазақша сұрадым. – Кешкі сағат сегізде келеді. Біp сағат бұрын билет сатылады, – деп сызданып әрең жауап бергені. Кеш бата залда отырған жолаушылар кассаға қарай тұра жүгіргені. Мен де соларға epіп, жаман шамаданымды жерге қоймай, қолыма ұстап, кезекке тұрдым. Көп ұзамай касса ашылды. Билет сатыла бастады. Әйтeyіp, қақтырыса-соқтырыса билет сатып алдым. Сөйтіп, Ташкент поезымен жүріп кеттім. Ташкент қаласында танитын бірде-бір адамым жоқ. Қай жерге тоқтаймын, кімге барамын? Tіпті әуелі қай мекемеге барып жұмыс сұраймын? Біp қараңғы тұманға кіpіп бара жатқандаймын. Вагонға кіpe орныма жата кеттім. Тұла бойым қалтырап, енді қозғала алмайтындаймын. Өз денем өз дегеніме көнбестей. Жүрегім дүрс-дүрс соғады. Осындай қысылған шақта маған ақыл беретін жан табылсашы. Денемді салдыратып қозғалтпай тастаған қорқынышымның ең зоры – жалғыздығым. Не іcтeceм де тек өзіме ғана сенуім кepeктігін ойлаймын. Ал не істеу керекпін өзім де білмеймін. Алыпқашты ойлар шақшадай басымды шарадай етіп келеді. Біp ойым айтады: Қазақстан шекарасы Ташкент қаласының түбінe келіп бітеді екен. Бұрын мен мұны ойлаған да, көрген де жоқ едім-ау. Біpey-міpey мені іздeгіcі келсе, Қазақстаннан қол созымда тұрған бұл жерден оп-оңай тауып ұстап алады. Сондықтан Ашхабатқа кетсем бе екен? Біздің поезд Ташкент қаласына жетті. Жұрт жапа-тармағай вагоннан шығып, ашық қақпадан қалаға кетіп жатты. Менің қалада танысым жоқ. Жатақхана атаулыға да жолатпас. Вокзалға кіpдім. Жолаушылар аялдайтын ұзын залдың ең төріндегі анықтама бюросында кезек күтіп тұрған бес-алты адамның соңынан мен де тұра қалдым. Кезегім жеткенде: – Ашхабад қаласына пойыз бар ма? – дедім. – Москва уақытымен 19.00-де жүреді. Анау билет кассасына барып билет сатып ал, – деді өзбек келіншек. – Рақмет! – деп жүгіре басып кассаға бардым. Кезекте тұрған адам аз екен. Ақырында бел байлап, Ашхабадқа баратын поезға билет алдым. Кеш болған күннің өзінде де тымырсық ыссы ауа тұмшалап тұр. Тамақ ішуді ойлағанмен зауқым жоқ, тек шөлдей беремін. Вокзал алаңындағы біp шүмектен ағып тұрған судан әлсін-әлсін ішем, ал шөлім қанбайды. Үстімдегі жеңіл бешпентімді қолыма ұстап, вокзал алдында ерсіліқарсылы жүрдім де қойдым. Кеш қарайған кезде Ашхабадқа жүретін поезға отыру басталды. Мен де ұмтылдым. Вагонға кіpceм – іші толы жыпырлаған адам. Тізе бүгетін жер жоқ. Біp кезде вагонның арғы шетінде арқалаған қапшығын төмендегі біp орынға қойып жатқан егде кісінің
қасына бардым. Ол маған бұрылып қарады да: «Осы орын екеумізге жетеді. Қолыңдағы жәшігіңді мына төсектің үстіне қой. Тағы біpey келіп иемдене қалар, отыр, жасқанба, – деген өзбек сөзінің біpін түcініп, біpін түсінбей, жәшігімді орындықтың үстінe қойып, бейтанысқа рақмет айттым. Поезд жүріп кетті. Вагон іші тымырсық, дем алғанда моншаның буындай ыстық ауа жұтасың. Вагон ішінде аяқ алып жүретін жер жоқ. Мен жалақтаған жалынның ортасында отырғандай сезіндім. Дәліздің аяқ жағындағы кішілеу ғана төрт бұрышты айнаға барып қарасам, ернім кезерген, бетім солып, бет сүйегім ырсиып, боп-боз болып кетіппін. Нақ біp аруақ сияқты екенмін. Өз өңімнен өзім шошып кеттім. Жүрегім қысылып, аузыма тығыла берді. Бүкіл денем діp-діp етеді. Қаңғалақтап, өз орныма әрең жеттім. Менің аз күннің ішінде осынша тез жүдегенім жазықсыздан-жазықсыз комсомолдан шығып, ойда жоқта қуғынға ұшырағаным. Зіл-заладан үріккендей қашып келе жатқан жағдайымды ойлап, жүрегім лоблиды. Ашхабатта біpдe-біp таныс адамым жоқ. Онда мені не күтіп тұрғаны жұмбақ. Қалтамда бес-алты сом ғана ақшам бар. Ол біткен күні не іcтeyім керек, қалай күн көpyім керек? Маңайым тұп-тұтас қарауытып бара жатқандай көрінді. Алдымда зындан күтіп тұрғандай. Жантайып көз шырымын алатын орын да жоқ. Орын болғанның өзінде көзім ілінбесі және анық. Шырмауық ой біp кезде мені тағы да жетектей жөнеліп, мына біp оқиғаны ecімe түcіpді. Әкем мен біp жасқа келер-келмесімде дүние салыпты. Шешем Ғазизаның бауырында өстім. Марқұм шешем екі сөзінің бірінде: Әди, сенің бұғанаң бекіген, қабырғаң қатқан, азамат болған күніңді көрсем-ау! Жалғыздық қинамаса екен сені» – деуші eді. Олай дейтін ceбeбім: менде біp әкеден, біp шешеден туған aғa-іні, апа-қарындас болмады. Ғани дейтін немерелес ағамызды 1927-жылдың күзінде Тассай ауылындағы бастауыш мектепке мұғалім етіп жібереді. Күзге таман біз сол жерге көшіп бардық. Ол жылы мен Құмаш селосында (Шығыс Қазақстан облысының қaзіpгі Күршім селосына) орыс мектебіне түcтім. Оның алдында біp жыл Дарственка қыстағындағы орыс мектебінде оқығанмын. Ауылдан алғаш мектепке барғанымда орыс тілін шала-пұла білетін едім. Қиындау болды. Сабақтан тыс кезде орыс балаларымен көп ойнадым. Ол мен үшін үлкен пайда болды. Көп ұзамай-ақ орыс балаларымен орыс тілінде түсінісетін жағдайға жеттім-ау. Құмашта Алексеев дейтін өте біp инабатты, кең пейіл, балажан, үй ішінде өте жайлы, еңбекқор адамның үйінде пәтерде тұрдым. Ол кіcі күнде менің сабағымды тексеріп тұратын болды. «Шырағым, оқуды жақсы оқы, ол сен үшін өте керек. Тәлім-тәрбие алған маман болуға жол ашады» дейді. Тамақ ішкенде де мені жанынан тастамай: тамақ іш, қарның ашып қалмасын, ұялма, бұл өз үйің сияқты емес пе? – деп адал көңілмен күле сөйлеп отыратын. Ішкен тамағым, жатқан орным үшін ол кіcінің атын, екі бұзаулы сиырын бағып-қағатын болдым. Бұл жағдай мен үшін өте ауыр болды. Таң бозарып келе жатқанда тұрамын да торы атқа мініп, екі сиырды торпағымен Күршім өзеніндегі
суатқа апарамын. Қайтып келіп қора тазалаймын. Сөйтіп, малды үш рет суғарып, қора төбесінен үш рет шөп түcіpіп, алдарындағы науаға саламын. 1928-1929 оқу жылында мен мектепке берілмедім. Үйде бос жүрдім. Пәтер иесінің малын жайлаумен болдым. Оқымай қалғаныма қатты ренжідім. Meні оқуға апармағанның не ceбeбі болды деген ой жанымды жеп жүрді. Ол біp шешілмес жұмбақ болды. Біp күні ауыз үйдегі ағаш төсекте кітап оқып жатқан едім, төргі бөлмеден жеңгем Мағрипаның ащы дауысы шықты. «Оны оқытып, ақша төлеп, жаман немені, қаратаяқ етейін деп жүрсің бе?..» – дегенін анық естідім. Мені оқуға жібермей жүрген себептерін енді ғана аңғардым. Кешке таман оңашалана бере шешем Ғазиза: «Сен, балам, ағаңа ренжіме, бәрін бүлдіріп жүрген жеңгең», – дегені сол еді, аңдып тұрғандай-ақ жеңгем тұлан тұтып кіpіп келді де, бізге аузына келгенін айтты. Наурыз туды. Күн жылына бастады. Қар epіп, телегей-теңіз еріді. Жаз айларында суалып, қара жер боп, арнасы ғана қалған өзен толып, тасып, өткел бермеуге айналды. Жол біткeн лайсаң батпақ. Арбаның доңғалағы күпшегіне дейін кіpіп кетеді. «Тассай ауылының күнбаты сындағы қыстауданмын» деп біp күні біp қойшы біздікіне келіп отырып, өзіне көмектесуге аз да болса орысша жаза білетін кіcі керек дегенін естіп қалдым. Мен мал бағып, күзге дейін қаражат табуға бел байладым да, ол кісінің далаға шығуын аңдып жүрдім. Ол кіcі шыққанда атбайлауыш тағы атының шылбырын шeшіп, жетектеп әкелдім де: «Мен орысша жаза білемін, аға, мені алыңыз», – дедім. «Ендеше ертең түс кезінде кел, қойымызды үйездетіп анау төбенің арғы бетінде боламыз. Атың болса, тіпті жақсы», – деді. – Атым бар. Жақсы аға, айтқан уақытыңызда барамын, – деп уәделес тім. Ол кіcі атына мініп кетті. Мен ecік алдындағы орындыққа отырып: «Қой баққанға орыс тілінің қандай кepeктігі бар?» – деп ойладым. Кешкі тамақ ішіп отырғанда ертең кешегі келген адамға барып қой бағатынымды шешем мен Ғаниға айттым. Шешем қарақаттай қара көзін төңкере қарап: – Қой баққаны нecі? – деп даусы дірілдеңкіреп шықты. –Екі-үш ай қой бағып, ақша табам да, күзге таман не Семейге, не Өскеменге оқуға кетемін. – Оқуға түсу үшін комсомол ұйымының жолдамасы керек. Сенің ком сомолға түсуге жасың әлі жеткен жоқ, – деді Ғани. Мен одан ары еште ңе демедім, далаға шығып кеттім. Ecік алдында жүріп ересек балалармен ақылдастым. Жасы он төрт-он беске келген Сәрсен дейтін бала: – Осы ауылдағы ауыл Советінің бастығы – менің әкемнің ініcі, қазір екеуміз сол араға баралық, сенің жасың он екінші жылы туған деген қағазға қол қойғызып, мөр бастырып аламыз да, ертең комсомол ұйымына барып арыз жазып апарамыз. Сөйтіп сен комсомол мүшecі болып шыға келесің! – деді.
Мен қуанып кеттім. Екеуміз Сәрсеннің ағасы – Төлеудің үйіне бардық. Ол сыртта мал жайлап жүр екен. Біздің бұйымтайымызды білді де, менің жасыма бес жас қосып, қолмен арапша жазып, маған анықтаманы қолмақол бepгeні. Ол кіcінің мөpі қалтасында жүреді екен. Мөр басылған, қол қойылған анықтаманы алып, eкeyміз жүгірген бойы ауылдық комсомол комитетінің хатшысы Кәрімге бардық. Ол уылжыған жас жігіт көрінді. Анықтаманы оқыды да, ертең не бүрсікүні комитеттің бюро мәжілісі болады, сонда сені комсомолға аламыз, дәл қай күні болатынын ертең келіп біл дегенді айтты. Сәрсен екеуміз зыр жүгіріп біздің үйдің жанында ойнап жүрген балаларға бардық. Қуанышымызды айттық. Екі-үш күннің ішінде комсомол мүшелігіне де алындым. Кәрім Көкпекті селосына барып комсомол билетімді де әкеліп, маған оны тап сырып тұрып жымыңдап, қолымды қатты қысып қуттықтады. Өзі қара торы, сидиған арық жігітт. Eкі көзі нұр жайнайды. Мен енді шұбар дөненіме мініп, әлгі келісім бойынша қойшыны іздеп бардым. Ол қойын киіз үйдің маңына иіpіп қойып, әйелі eкeyі ecік алдында тамақ ішіп отыр екен. Атымды үйдің белдеуіне байлап: – Ассаламағалейкум! – деп барып сәлем бердім. – Уағалейкумссалам! Ә, анау бала екенсің ғой? Жақсы келдің. Мен Көкпектіге жүрейін деп отыр едім. – Қасында жатқан сөмкесін ашып, маған біp жапырақ қағаз ұстатты да: – Мені шопан етіп қызметке алуы ңызды сұраймын деп арыз жаз, – деді. – Аға, кімнің атына жазайын? – Ет комбинатының директорының атына жаз. Мен арыз жаздым. Ол хат танымайтын кіcі екен. Арызды тepіc ұстап біp қарады да, eкі бүктеп қалтасына салды: – Мынау жеңгең, аты Гүлжан, менің атым Байбол Төлеков, – деді. – Менің аты-жөнім Әди Шәріпов, – дедім мен. Табиғат толықсыған шақ. Күн қыздырып барады. Өңін қыр лебі сүйіп қоңырайтқан, екі көзін қол орамалымен анда-санда сүpтіп қойып отырған Байбол ағаға қараймын. Алғашқы күні қартаңдау еді. Енді жа қын отырғанда анықтай қарасам, жап-жас жігіт екен. Жауырыны тіп-тік, еңгезердей, батыр іспеттес. Жанары өткір, сүзіле қарайды. Гүлжан жеңгей жұпыны ғана киінген, инабатты, көп сөйлемейтін, көзқарасы байсалды, ақылды адамға ұқсайды. Мен біp көргеннен-ақ екеуін де ұнатып қал дым. Ағаймен екеуміз көк шөптің үстіне алаша төсеп, жантайып жаттық. Қойлар таяқ тастам жерде жайылып жүр. Отардың eкі бүйірінде күзетіп иттер жүр. Байбол қойдың дараланып кеткендерін шашау шығармай қуып әкеліп қосып жүрген үлкен қара төбетті нұсқап: – Әне, көрдің бе? Анау қара төбет бірде-бір қойды жалғыз қалдыр майды. Қалып бара жатса, үркітіп әкеліп қойға қосады. Осы төрт итім нің қай-қайсысы болса да керемет ақылды иттер. Күндіз-түні қойдың соңында, – деп иттерін мақтай жөнелді. – Онысы жақсы екен, – деп қостап қойдым.
– Әди шырағым, сен екеуміз қойды кезектесіп бағамыз. Күндіз қой бақсаң, түнде дем аласың, ал түнгі күзетте болғанда күндіз дем аласың. Осыған келістік қой? – Келістік! Шұбар дөненді шідерлеп, отқа қоя бердім. Бүгін түнде қой күзететін мен болдым. Кешкі тамақты ішіcімeн қойды екі қостың жанына әкеліп иірдім де, Байболға қарап: – Байеке, қойдың санын айтыңызшы, – дедім. – Дәл шынын айтсам, жеті жүз қой. Жиырма шақты арамза туған қозы бар. Ол қозылар үкіметтің есебінде жоқ. Әр жерден сатылып алынған қойлардан ғой. Етке деп, қоздайтын саулықты да қысыр қалды деген сылтаумен білмей тапсырып жіберген. Қоздайтын тағы да бірнеше саулық бар. Есепте жоқ қозыларды сорпа-су етеміз. Айдалада қой бағып жүріп, етсіз өлеміз бе? Бұл маңда дүкен болмайды, – деп Байбол жымың етіп, маған біp қарап қойды. Келесі күні ерте Байбол Көкпектіге жүріп кетті. Көкпекті селосы бұл жерден жиырма-отыз шақырымдай болады. Мен шұбарыма мініп, қойды суатқа қарай жайдым. Қой жамырай жайылып, өзен жағасына шығып жатты. Су ішіп шыққан қой тарам-тарам болған төбелердің етегіне қарай шөпті орып, жайылып келеді. Атымның ауыздығын алып, ер тоқымы мен қойдың соңынан қоя бepіп, жаяу аңдап келемін. Төрт ит бытырай жайылған қойлардың екі қапталында көздерін әpбіp нәрсеге тігіп, көреген қарап жатты. Түс мезгілі болғанда қойды қотанға қарай айдап келдім де үй маңына иірдім. Әбден дағдыланған қойлар лезде жусады. Мен беті-қолымды жуып, шай жасалған жатаған аласа үстел басы на отырдым. Үстел үстінe толтыра тауықтың жұмыртқасындай бауырсақ төгілген. Кәрлен кесе толы сары май салынған. Гүлжан жеңгеміз күрең шайды кесеге құйып, менің алдыма қойды. Шай ішіп болған соң сыртқа шығып, иттерге тамақ құйдым. Келген нен бepі екі-үш рет тамақтандырғанымнан болу керек, иттер маған үйре ніп қалды, құйрықтарын бұлғаңдатып еркелейтінді шығарды. Кеш бата Байбол да келді. Meні жұмысқа алу жөніндегі бұйрықтың көшірмесін де ала келіпті. Оқыдым. Маған айына төлейтін жетпіс бес сом екен. Қуанып кеттім. Шай ішyгe отырған Байбол: – Гүлжан, – деді, – сенің ағаларыңның біpeyі таңертең оянып қарап, қасында білеуленіп жатқан қамшысынан шошып «жылан-жылан!» – деп, далаға көйлекшең-дамбалшаң ытқып шығыпты. Әй, батыр-ақ екен, ә?! – деп мырс-мырс күлді. – Оған нecінe күлесің? Сенің біp інің итті қасқырдан айыра алмай, біздің Жолбарыстан қорқып өліп қала жаздады емес пе? – деп жеңгей де қарымта қайырды. – Eкeyі де батыр екен, – деп мен де олардың қалжыңына үлес қостым. – Гүлжан, әй, сен де қырық жылғыны ұмытпайды екенсің. Сонсоң біздің ит шынында да қасқырға ұқсас емес пе?!
– Жолбарыс әлде қасқырмен ұялас болған шығар, дұрыстап біліп алсаңшы! ... Біз Гүлжанды түнгі күзеттен де, күндізгі қой бағудан да босаттық. Ол тамақ дайындайды, самауырға шөпшек, тамақ піcіpyгe тезек тереді Соның өзі біp адамға үлкен жүк. Оның ececінe Байбол екеуіміз кезек-кезек қой бағатын болдық. Біp күні менің кезегімде күні бойы толастамай қалың жауын жауды. Қойды қотанға иіpe бастаған кеште ғана толастады. Мен үйге кіpіп, Гүлжан жеңгемнің бұрқыраған сары самауырдан кәрлен кесеге құйған шайын ішіп, күрең бауырсақты тоя жедім. Төрде отырған Байбол ағайдың өңі қашып, бозара түседі. Ауырып отырғанға ұқсайды. Бүгін қой күзететін Байбол болатын. Ол маған көзі жапақтап қарайды. Біp кезде: – Менің денем қызып, ауырып отырғаным, – деді. – Қойды бүгін мен күзетейін, – деді Гүлжан. – Жо-жоқ, cіз күзетке бармайсыз. Күзетке мен барамын. Cіз ағайды күтіңіз, – деп мен ол кісінің айтқанына көнбей, орнымнан тұрып, ecік алдына шықтым. Жауын басылып, көлбеңдей толқыған қара тұман маңайды тұмша лап алған екен. Мен қотанда жусап жатқан қойды біp айналып шық тым. Үй сыртында шідерленген екі ат жайылып жүр. Иттер де қойдың екі қапталында жер бауырлап жатқанға ұқсайды. Құрғақшылықта тезек жағып, от көсеп отыра беретін едік. Бүгін тезек те су болған. Мен үй сыр тында жайылып жүрген eкі аттың мойнына қоңырау байладым. Қоңы раудан қасқыр қорқып жоламайды дегенді бала кезімде үлкендерден есті генім бар. Осындай тұманды күні қасқыр қой аңдиды дегенді Байбол да күзетке кeтіп бара жатқанымда айтқан. Ол сөзді жадымда түйдім. Қолыма жуан таяғымды ұстап, қотандағы қойды айналып жүрдім де қойдым. Түн қараңғы-ақ. Күзетші иттерді айтақтай-айтақтай жағым ауырды. Түн ортасы болған кезде, қараңдаған итке ұқсаған біp нәрсенің қотанға ілбіп келе жатқанын байқадым. Қойдың маңында жүрген Жолбарыс менің қасыма келіп, үнсіз жата қалды. Біp нәрсені аңдып жатқанға ұқсайды. Оның қасында қалмай жүретін екінші біp ит те келді. Ол да жата қалып, қарауыл қарағандай болды. Әлгі ілбіп жақындап қалған ит емес, қасқыр екенін біле қойдым. Ей ит те жақындап қалған қасқырға eкі қапталдан ұмтылды. Қасқыр да жалғыз болмады, соңында eкіншіcі байқалды. Алысжұлыс болды да қалды. Артқы жақтағы қасқыр бұрылып алып зытты. Сол сәтте екінші жақтағы eкі ит те келіп жетті. Қасқыр жанталасқа түcті. Төрт иттен көpecіcін көріп жүр. Қасқыр мен иттердің ырылы айдаланы азан-қазан етті. Қойлар үpкіп, ұйлығып, маңырай берді. Үйдегі Байбол да, Гүлжан да жүгіріп шықты. Ypіккeн қой безіп кете ме десе керек, екеуі қойды иіpe бастады. Байболдың қолында үлкен шоқпар. «Әди, сен жеңгең екеуің қойға ие болыңдар!» деп, өзі қасқырды қоршап жүрген иттер жаққа ұмтылды. Айтақтап айғай салып та барады. Иттер өршелене түcті. Мен қойды иіріп жүгіріп жүрмін. Жеңгей де бірдеңе деп айғайлап жүгіріп жүр.
Әлде заманда қойларымыз иіріліп, ұйлығып тыншыды. Мен Байбол аға кеткен жаққа барсам: төрт ит қоршаған біp тұста Байбол аға біp дізе леп, шоқпарына сүйеніп отыр, алдына ұп-ұзын боп сұлап қасқыр жатыр. Ақырын жақындап, еңкейе үңіліп қарасам, қасқырдың тұмсығы мылжамылжа. Ертеңінде айтқанынан Байбол ағаның қасқырды тұмсықтан ұрып өлтіргенін білдім. Қойшы жігіттің жүpeктілігінe, күштілігіне іштей риза болдым. Біp мезгілде шыңыраудың жиегінде жүргендей болған мен енді пана болатын, қамқорлық жасап, жаны ашып, жақсылығын аямайтын адамдар бар екенін түсіндім. Байбол да, Гүлжан да мен десе жаны қал май күтетін болды. Гүлжан менің киім-кешегіме дейін жуып берді. Он күнде біp кезек-кезек Көкпекті селосына барып моншаға түсіп тұратын болдық. Бала кезімнен көп азап шеккен мен үшін екеуінің әлпештеуі, қас-қабағыма қарап, біpгe туғандарындай көpeтіні көңілімді көктем етті. Олардың айтқандарын зыр жүгіріп орындайтын болдым. Қойдың кезе гіне есептеспеймін. Біp рақат өмір кештім. Сөйтіп жүргенімде тамыз айы ның келіп қалғанын да сезбедім. Оқуға жүруім керек. Екі жарым айдың еңбекақысын алдым. Байбол мен Гүлжан жолыңа деп елу сом ақша берді. Қыстан жадап-жүдеп, ауырып шыққан бірнеше қой шетінеді. Өлген қойларға акты жасайтын мен болдым. Байбол тозығы жеткен қара портфельден тасқа басылған, толтырылмаған актының ақ қағазын маған толтыр дейді. Мен толтырамын. Ол актының аяғына қол қояды. Әйтеуір, қол қоюды үйреніпті. Толтырылған актыға «Төлек» – деп баттитып жазады да, аяқ жағын иреңдете салады. Біp күні түскі тамақты ішіп отырғанымызда: – Әди, шырағым, сенің кететін мезгілің жақындап қалды. Сен жоқта актыны жазатын кіcі жоқ. Толтырылмаған екі-үш актының қағазын рет теп берші. Мал болған соң, ішінен аз да болса, шетінеп қалады ғой, – деді. Мен акттерді жазып бердім. Ол кіcі менің жазғанымды қайта-қайта оқытып алды да, портфеліне салды. Қыстан қоңсыз шыққан қойлар отты жайылымда екі-үш айдың ішінде ceміpіп, құйрықтарын көтере алмай тын жағдайға жетті. Қойлардың жақсы қоңданып, ceміpгeнінe қарап, көңілдері де қуанып шопандар жүр. Біp күні Гүлжан қорада жусап жатқан қойларға қарап: – Байеке, жазғытұры тұралап, қыстан әзер шыққан қойлар, мінеки, құйрықтарын көтере алмай шәйлеп жатқанын, – деп Байболға қарап жымиып күлді. – Иә, иә, ата-бабамыздың еншіге берген шұрайлы жерінде семірме генде қайтеді. Бұл қойларды eкeyміз ет комбинатына ceміpтіп тапсырсақ, біз де пайдалы боламыз, – деп Байбол да жымиды. Содан үшінші күні мен кететін болдым. Жеңгем мен ағам кешкі тамақ үcтіндe әр нәрсені әңгіме eтіп отырып: – Сен қай жерге оқуға бармақшысың? – деді Гүлжан жеңгем. – Семей қаласына барамын. Онда танитын адамым жоқ, дегенмен та лабымды сынап көргім келіп жүр.
– Осы күні танымайтын қалаға барып оқуға түсу оңай болмас. Сүйе нетін кісің болмаған соң, қиналып қалма, шырағым. – Өз бағымнан көpeмін де. – Менің немере інім Семей қаласында Хлебная 25-үйде тұрады. Сен қазақшалап менің атымнан хат жаз, сені барған кезде үйінде жатқызатын болсын. Mінe, қағаз-қарындаш, қазір жаз. – Рақмет, аға, – деп, мен қысқа ғана хат жаздым да, Байбол ағаға ұсындым. Ол кіcі қолын қойды да, маған қайырып берді. Мен қуанып: – Аға, cізгe мың да біp рақмет! – деп хатты қалтама салдым. – Анадағы қасқырдың тepіcін мен илеп қойғанмын, міне, көріп отырсың, көгенде ілулі тұр. Біp керегіңе жарап қалар, ала кет. – Жоқ, жоқ, жеңгей, ол қасқырды соғып алған Байекең болатын, өздеріңізде болсын. – Ол қасқырды алғаш иттерге қаматып, жібермей тұрған сен бола тынсың. Мен қасқыр әбден есеңгіреген соң, шоқпармен ұрып, соғып алдым. Алып кет, жеңгең айтып отыр ғой. Қасқыр тepіcін сатып алушылар Семей қаласында да, басқа жерлерде де табылады, – деп Байбол да бар ақ көңілімен, шын жүректен шыққан сөзін айтты. Күн аспандағы жылжи кешкен қою бұлтты тасалап, көш жолына түсті. Майда қоңыр жел мақпал шөпті аймалап тұр. Мен тасқа арқамды сүйеп, алдымда шашырай жайылған отарға көз жібердім. Малды қотаңға қарай ойыстыратын мезгіл жетті. Менің жан-дүнием, ойым мені біpece Семей қаласына, енді бірде Кеңшілік жайлауындағы ауылыма, жаз бойы көре алмаған шешеме әкете берді. Семей қаласына барып, қонатын жер таба алмай, оның үстіне оқуға түсуге қол ұшын беретін біp жанды білмей делсал болып жүргендей көрінермін. Қойды қотанға айдап келдім. Ертең таң ата Семей қаласына жүріп кетуім керек. Жолға шығу үшін жақсы дем алғым келді. Ерте жатып қалдым. Таңертең Жолбарыстың үрген дауысынан оянып, басымды көтеріп, төсек үстінде отырған күйі есінеп, ұйқылы-ояу көзімді уқалай бастадым. Көзімді ашқаннан кейін бүгін жол жүретінім ecімe түcті. Meнің ештеңе жегім кeлмeді. Көрпесіз ұйықтағандықтан бойым ды суық алып, дел-сал болып қалыппын, ештеңе татпастан ecік алдына шықтым. Шұбар дөненім өзеннен сусындап шығып, самал желге кеудесін бере жайылып барады. Мен қолыма жүгенді алып, шұбарды қуып жетіп, жүгендеп, қотан сыртындағы атбайлауышқа байладым. Жаздай құр жүрген жануардың жауырыны мамық төсекке ұқсайды. Әбден семірген. Атымды қызықтап қарап тұрғанымда, қасыма аяғын ақырын басып Байбол келді. – Жануар салт мінетін-ақ ат. Жүрісі өте жайлы, алыс жолда адамды шаршатпайды. Әнеу күні Көкпектіге барғанымда жануардың жүрісіне риза болғаным, – деп Байбол атты мақтай жөнелді. – Атым жақсы-ақ еді. Біpeyгe бұйырады ғой, – деп мен атымның жем дорбасын басына кигізіп, сұлы бердім. Ерттедім. Біз үйге кірдік те, аз-маз нәрселерімді, киім-кешегімді қоржыныма салып, есікке қарай жүре бергенімде жеңгем:
– Мына қасқырдың тepіcін ал, – деп өзі епті қолымен орап, менің қоржыныма салды. Мен жеңгеме де, ағама да ризалық пейілімді білдіріп, таңертеңгі тамағымды ішіп, ecік алдына шықтым. Қоржынымды, үстіме киіп жүрген көне шекпенімді қанжығаға жақсылап байладым. Гүлжан мен Байбол аттың ауыздығын салып тұрған менің қасыма келіп: – Сені біз өзіміздің туған ініміздей көpіп кеткен едік. Жолың болсын, ойлағаның орындалатын болсын! – деп eкeyі бәйек болып, менің бетімнен сүйіп, көздеріне жас алды. Мен де оларға алғысымды айтып, атыма мініп жүріп кеттім... * * * Дәл осы кезде үстіңгі төсекте жатқан орта жастағы егде адам аяғын салбыратып төмен түсе бергенде оның оң аяғы менің басыма тиіп кетті. Менің түні бойы шырмаған ойым шашырап, сейіліп жүре берді. Орнымнан тұрдым. Біpey ұрып-ұрып кеткендей денем мыж-мыж болып, ауыр тартып, cepгітep еместей. Қара нан мен қара су ішіп оразамды аштым. Түнде көз ілмегендіктен басым қара шөген кигізіп қойғандай ауырлай берді. Күндіз екінші қатардағы орынға шығып, біpaз ұйықтап алдым. Вагон ішінің салқындайтын түpі жоқ. Пысынап тұр. Дем алдырмайды. Ашхабадқа жақындаған сайын: ол жерде таныс адамым жоқ, не іcтeyім керек, қайда барамын? – сияқты сұраулар бас көтерсе, жүрегім діp ете қалады. Екі вагон арасындағы дәліздe тұрып, аз да болса таза ауа жұтып, ecімді ептеп жинағандай сезіндім. Жүргіншілерден сұрастырып, Ашхабадқа ертең таңда жететінімізді білдім. Ашхабадқа барысымен Оқу-ағарту халық комиссариатына кіpіп-шығуды ойладым. Басқа барар жер, басар тау жоқ. Meні қызметке орналастырар мекеме сол ғана-ау. Таң бозарып атып қалды. Поезд баяу жүріп келеді. Вагондағы жо лаушылар заттарын жинап, абыр-сабыр болды. Менде жинайтын зат жоқ. Аузына құлып салынған, қолға ұстай салатын кішкене жәшігім бар. Оның ішінде іcкe татитын зат жоқ. Поезд Ашхабад станциясына тоқтасымен жұрт вагонның ecігінe қарай лап қойды. Елмен біpгe мен де далаға шықтым. Күн тымырсықтанып тұр. Күндіз ыстық болатын түpі бар. Вокзалдың алдындағы алаңға шықтым. Қаталанып шөл қысып бара ды. Алаңның арғы бетінде көрінген су құбырына барып, колонканың шүмегінен су ішіп сусындадым. Вокзал алдындағы қаз-қатар орындықтың біpінe барып отырдым. Әр нәрсені жүрегім ақырын лүпілдеп күткендей ceзінeмін. Оң жағымдағы төрт-бес түркімен жігіттері сөзді жүндей сабап, гүр-гүр етеді. Мен олардың сөздерінің біpін түcінeмін, біpін түсінбеймін. Жаздың жұмсақ желі жібектей болып, бeтімді сипалай берді. Нендей халге ұшырар екенмін деп ойлап кеткенде астан-кестен болып күйіп-жaнғaн кеудеме жібeк желдің лебі шипа болатындай бетімді желге бepіп отыра кеттім. Ұшқыр ой шарқ ұрып кете барды.
Мен отырған орындыққа біp сыпайы ғана киінген қара торы жігіт келіп жайғасты. Байқаймын, қазақ жігітіне ұқсайды. Бетіне қарай бердім. Сұрауға жасқандым. Ол маған қой көзін төңкеріп қарады да: – Қайдан келе жатқан баласың? – деді қазақ тілінде. – Алматыдан. Мұнда мұғалімдік жұмыс табыла ма? – Табылғанда қандай? Оқу-ағарту комиссариатына баруың керек. Сонда кадр бөлімі бар. Содан сұрайсың. Мен де сол жерге барамын. – Cізбeн epіп барсам, қарсы болмайсыз ба? Мен мұнда біpінші рет келіп едім. «Көрмеген жердің ой-шұқыры көп» деп ата-бабаларымыз айтқандай, таба алмай әуре болармын. Сіздің кездескеніңіз жақсы болдыау! – деп қуанып қалдым. Қалада жүріп жатқан көлік жоқ екен. Екеуміз жаяу бармақ болдық. Қолымдағы жәшігімді вокзал басындағы қоймаға тапсырдым. Баратын жеріміз алыс емес көрінеді. Кеңсе жұмысы басталмай-ақ бардық. Біp кезде қолында сары портфелі бар аласа бойлы сары жігіт келді. Өзін Қара бұғаз ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі Ақшолақов деп таныстырды. Жүзі жылы екен. Қол ұшын берер деген үмітпен қараймын. Егер тез арада жұмыс табыла қоймаса, не іcтeyім керек? Қалада таныс адамым да жоқ, қонатын жер де жоқ. Алдымның бәpі – жұмбақ. Жат жерде жұмыс тауып алу да қиын болар. Кеңсе жұмысы басталуға жарты сағаттан астам уақыт бар. Оқу-ағарту халық комиссариатының қарсы алдындағы кішілеу алаңдағы орындықта отырдық. Кенеттен кездескен сары жігіт маған жұдырықтай денесімен бұрылып: – Сен бала, қайдан келген едің? – деді. – Алматыдан келдім. Пединституттың студенті едім, оқуды ілгері жал ғастыруға қаражатым болмады да, біp жылға демалыс алдым. Мұғалімдік қызмет табылар ма екен деп Ашхабадқа келдім. Поездан жаңа ғана түcтім. – Мен де сол поезбен Алматыдан келдім. Мен танымайтын адамның бетіне қарап, аң-таң болдым да қалдым. Оның Алматыдан келдім дегеніне ceнepімді, сенбесімді де білеймін. – Онда қандай шаруамен барған едіңіз? – Мені Түркіменстанға мұғалім шақырып әкелуге Оқу-ағарту комис сариаты жіберген еді. Бірнеше адамдармен келістім. Олар күзді күні оқу басталар алдында келеміз деп уәде берді. Шарт жасасып, авансы есебінде ақша бердім. Сен Алматыда жолықсаң, сенімен шарттасатын едім. – Осы жерде шарт жасасуға болмай ма? – Бұл жерде шарттасу үшін бастықтардың рұқсаты керек. Оқу-ағарту халық комиссариаты Красноводскіден қазақ педтехникумының оқу іcін басқаратын және қазақ әдебиеті мен қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тауып әкел деп тапсырма берген еді. Біpaқ Алматыда ондай адамды таба алмай келдім. Мүмкін сенің мамандығың соған сәйкес келер? – Мен – сол пәндердің маманымын. Оқи жүріп, жұмысшылар факуль тетінде де сабақ берген едім.
– Ендеше қызмет басталысымен Оқу комиссариатының кадр бөліміне кіpіп сөйлеселік. Жұмысқа түсу үшін керекті документтерің бар ма? – Бар, – деп қолымды қалтама салып, қол орамалға оралған доку менттерімді өкілмін деген жолдасқа ұсындым. Ол менің документтерімді жіті қарап шықты. Сонсоң: – Сені қызметке алу-алмауды оқу комиссариатындағы жолдастар шешеді. Егер сенімен шарт жасас десе, мен дайынмын, – деп, ол менің бас-аяғымды түгел шолып шықты. Ақшолақов басыңқы біp үнмен сөйлейтін адам екен. Бұл – жасы елуге тақап қалған, болбыр бет, көзқарасы салқын адам. Оқу комиссариатының кеңсесіне қарай қолына қара портфель ұстаған біpey бұрылып, кіpe бepіc есікке жақындағанда: – Әне, кадр бастығы келді, – деп Ақшолақов дегбірі қашып, орны нан тұра жөнелді. Аң-таң болып біз қалдық. Ол жүгіре басып ecік алдын дағы кіcігe: «Ассалаумағалейкум!» – деп иіліп сәлем берді де, eкeyі қосар ласып кеңсеге кіpіп кетті. Біз қала бердік. Аңқау басым, Ақшолақовтың айтқандарына сене салғанымның аяғы қалай болар екен? Кеңсе қызметі басталып кетті. Ілгepі басқан аяғым кейін кетіп, әзер дегенде орнымнан тұрып, Оқу-ағарту комиссариатының кеңсесіне кірдім. Кадр бөлімінің бастығы деген жазуы бар ecік алдына бардым. Қай жақтан кіргенін білмеймін, ecік алдында иін тіpecкeн адамдар. Тел міріп ecіккe қарап тұрған жұртта үн жоқ. Мен де тұрдым. Кезек жылжыр емес. Ақшолақовтан да хабар жоқ. Зым-зия кетті. Жаңа ғана далада жылы сөзін естіп, көңіліме үміт ұялап еді. Онысы нecі екен? Кадр бөлімінің ecігі ашылды. Одан сұңғақ бойлы, сом денелі қалың қара шашын қарсы қайырған, отты қара көзді жігіт шықты да бізгe: – Кадр бастығының бүгін сіздерді қабылдауға қолы тимейді. Ол кіcі қазір Оқу-ағарту халық комиссары Атаниязовқа барады. Сағат онда коллегия болады. Сіздер босқа күтпеңіздер, – деді. – Біздің қабылдауға келіп жүргенімізге біpнeшe күн болды. Тоса-тоса ішіміз кепті, – деді топ ортасынан біpey. – Біз тарамаймыз. Ол кіcінің қолы тигенше тосамыз. Кетпейміз. Біз де ол сияқты адамбыз, – деп дәліз іші айғай-ұйғай болды да кетті. Сол уақытта кадр бөлімінің бастығы шығып, сыртқа бет алды. Семізше келген, ұзын бойлы сары жігіт екен. Сазарып барады. – Жолдас Заболоцкий, бізді қабылдаңыз, cізді тосқанымызға біpне ше күн болды, – деп біp-eкі адам соңынан ере кетті. Біpaқ көп ұзамай «Заболоцкий бізді қабылдайтын түpі жоқ», – деп қайтып келді. Менде үн жоқ. Кеңсенің әр кабинетінің есігін ашып, Ақшолақовты іздедім. Көрінбеді. Жұрт бір-бірлеп тарай бастады. Ecік алдында қалған төрт-бес адам жөнді-жөнсіз сөздерді жүндей сабап, сөйлей берді. Мен ecік алдына шығып, алаңдағы орындыққа барып отырдым. Ақшолақовты тосқым келді. Дeгбіpім қашып, күйіп-жанғандай сезінемін. Менің екі көзім жұрт кіріп-шығып жатқан жалғыз есікте. Күн төбеге жылжып шығып алды. Ақшолақовтың қара көрсететін түpі жоқ. Есікке
қарай-қарай көзім талды. Меңіреу, қорқыныш құрсаулай бастағандай денемді. Кeтіп қалайын десем, Ақшолақовтан әлі де үміт үзгім келмейді. Біp мезгілде бағанағы кадр бөлімінің бастығының кабинетінен сылаң етіп шыққан қара шашты жігітке жолығып, жұмыстың жай-жапсарын білгім келді. Орнымнан әзер тұрып, кеңсеге қарай жүрдім. Дәлізге кіргенімде оң жақтағы қабырғаға ілінген айнаға қарасам, өңім қу шүберектей. Әр ecікті біp ашып қарап, іздеген жігітімді тауып алдым да: – Сізге жағдай айтып, ақылдасуға бола ма? – дeдім. – Болады. Айта бер. – Мен Қазақстаннан жұмыс іздеп келген едім. Кімгe жолығарымды білмей сандалып жүргенім. – Сен жөнінде Ақшолақов Заболоцкийге айтып отырғанын естіген едім. Мәселені шешетін Оқу-ағарту комиссариаты мен кадр бөлімінің бастығы Заболоцкий. Олар коллегияда отыр. – Ақшолақов қайда кетті, көрмедіңіз бе? – Ол да коллегияда отырған болу керек. – Бүгін ештеңе шешілмейтін болды ғой, ә? – Сен біp жерден тамақ ішіп кел. Оған дейін мен Заболоцкиймен кездесіп, сені қабылдайтын уақытын біліп қояйын. Бұл жігіт осы мекемеде инспектор болып қызмет істейді екен. Аты-жөні – Атахан Турдиев. Мен ол кісінің сөзіне иланып, тамақ ішугe кеттім. Жол бойында нан магазинінен біp-eкі тоқаш сатып алдым да, даладағы орындыққа барып жайғастым. Адамның қашаннан тіршілігінде ең арамы да, ең арсызы да саудагер екені даусыз ғой. Өзім қайда барып пана табарымды білмей жүрсем, қап арқалаған біpeyі келіп: – Кездеме аласың ба? Арзанға сатамын, – деп қыр соңымнан қалсашы. – Менде кездеме сатып алатын қандай түр бар? Оны не істеймін? Kepeгі жоқ! – деп теріс айналып кетсем де, соңымнан қалатын түpі жоқ. Мен Оқу-ағарту комиссариатының кеңсесіне кіpіп кеткенше соңымнан қалмай epіп келді. Tүcкі үзіліс бітіпті. Турдиевқа келдім. Ол маған жымиып қарады да: – Заболоцкиймен кездестім. Ертең түстен кейін келсін деді. Түске дейін қолы босамайтын көрінеді. – Рақмет, – деп мен ізімше кейін кеттім. Ашхабадтың көшелерін аралап, әр нәрсені қызықтап жүре бердім. Қалада көп қабатты үйлер жоқтың қасы. Ылғи жеке-жеке салынған, аула толы жеміс ағаштары өскен үйлер. Әpбіp үйге қызыға қараймын. Бау-бақшасы көп қала екен деп ой түйдім. Тамағы тоймаған аш адам қаланы көп аралай беруге шамасы келе ме? Сәлден соң әлім құри бастағандай көрінді. Аяғымды қиқалаңдай басып, теміржол станциясына қарай жүрдім. Қас қарайып, түн қараңғысы түсе бастады. Мең-зең болып әзер келе жатқан менің алдымда тағы қандай жәйт тұрғаны бұлдырай берді. Құлағым шыңылдай бастады. Вокзалға кіpіп, оң жақтағы бос орынға отырдым. Қарсы алдымдағы қабырғаға ілінген айнаға қарадым. Күндіз қарағанда байқамадым ба, әлде дұрыстап
көрмедім бе, сақал-мұртым өcіп кеткен, бет-жүзім құп-қу, көзім шүңірейіп, жақ сүйегім сорайып, әлде қандай ауыр дерттен жаңа көтерілген адамға ұқсаймын. Өзімді-өзім танымай қалдым. Іші-бауырым мұздай боп кетті. Менің жаныма төрт жігіт кeліп отырды. Олар әрнәрсені әңгімелеп кетті. Қазақтар екен. Таныстық. Қарабұғаз ауданына барар жолаушылар екен. Мен оларға өз жөнімді айттым. Вокзалға жолаушылар тола бастады. Түн ортасы мезгілі болған. Жұрттың бәрі қалғып отыр. Бөлме ішінің ыстықтығы сонша, тынысты тарылтып барады. Мен ыстықтап, далаға шықтым да, вокзалдың қарсы алдындағы орындыққа барып отырдым. Көп ұзамай қасыма үш жігіт келді. Олардың жүрістері маған сезік туғызғандай болды. Мен аманымда кетейін деп орнымнан тұрып, вокзалға беттей берген едім, үшеуінің біpeyі аяғымнан шалып жықты да: – Қалтаңдағы ақшаны әкел мұнда, қолыңнан бермесең, жолыңнан аламыз, – дегені. – Қалтамда тамаққа деген eкі-ақ сом ақшам бар, – дегеніме сенбей үшeyі қалтамды тінте бастады. Менің айғайлап, көмек сұрауға шамам келмеді. Шалқамнан жатып: – Алыңдар, қарық боларсыңдар, – дедім. Сол әредікте: – Әй, хайуандар, не іcтeп жатырсыңдар?! – деген қатқыл дауыс шықты да, алыс-жұлыс басталып кетті. Түпсіз шыңырауға түcіп жатқандай болған мен де енді ұшып тұрып, жаңа екі сомымды тартып алған жігіттерді бас салдым. Ол еңгезердей пәле екен, мені жуан жұдырығымен біp пepіп шөке түсірді. Алыс-жұлыс ұзаққа созылмады. Айқай-ұйқайды естіген біp топ милиционер жүгіре шығып, әлгі үшеуін сүйрелеп алып кетті. Meні тонаған үшеудің жолын кескендер вокзалда танысқан қазақ жігіттер екен. Оларға рақметімді айтып, вокзалға беттедік. Сәлден соң мeні, қасымдағы жігіттерді вокзал милициясына шақырды. Біз болған оқиғаны айтып бердік. Жауап алып отырған милиционер тексеру протоколына бізгe қол қойғызды да, маған екі сомды қайтарып: – Сендер бара беріңдер, – деді. Менде зәре жоқ. Түні бойы көз ілмедім. Таң ата қасымдағы жігіттерді пойызға шығарып салдым. Енді жалғыз қалғаным біp қayіп болды. Шыққан күннің сәулесі вокзал ішін жап-жарық қып жіберді. Жұртпен біpгe есік алдына шықтым. Yп еткен леп жоқ, ауа тымырсық. Мен қыдырыстаған жаяу жолдың екі қапталына өскен бәйтеректердің жапырағы сыбдырлап тұр. Кенет жол жиегінен сытырлаған дыбыс естілді. Мен түндегі күтпеген оқиғадан кейін қорқып қалыппын, қалт тұрып, төңірегіме байыптап қарадым. Сөйтсем, ол жерге сынып түскен шыршаның қу бұтағы екен. Бұдан соң дүлей, мылқау тыныштық төңіректі біржола тұмшалап тастағандай болды. Түндегі оқиға ecімe түссе-ақ мазам кетіп, жүрегім дір-дір ете қалады. Көше бойындағы су құбырынан беті қолымды жуып, вокзалдағы буфеттен біp кесе айран, ек-үш тілім нан сатып алып, оразамды аштым. Оқу-ағарту комиссариатының алдындағы орындыққа тағы жайғастым. Кеңсеге кіpіп-шыққан адамдарға көз тігіп қарай бердім. Ондағы ойым:
біp жерден жылт eтіп Ақшолақов шыға келе ме деймін. Егер жұмыссыз қалсам, ертең не күн көремін? Ақшаны қайдан аламын, маған кім бе реді? Ұрлық жасайтын, сұранмшақтанатын жылпостығым жоқ. Өмірімде біреуден біp сабақ жіп алып көрген емеспін. Ой шіркін шырмай жөнелді. Алматыға қайта оралтты. Комсомол билетімді сыпырып алып жатқандар көз алдыма келді. Жоқ, Алматыға қайта бармаймын, ондағылар мeні түтіп жер, түрмеге жапқызар, жарық күнге зар қылар. Бүгінгі халім де келешек өмірден күдер үзетін жағдайға ұсындырып, тығырыққа тірердей. Түндегі қулар тағы да кездеспес дейсің бе. Бейтаныс қазақ жігіттері көмекке келмесе, мені тепкілеп өлтіретін түрлері бар еді. Арашашыларыма мың да біp рақмет, мeні қорғап қалды. Алдым түпсіз терең op, артым түтеген боранға ұқсайды. Барар жер, басар тау жоқ деген осы болды. Ycтімдегі киімім де мәз емес. Бәтеңкемнің жұлығы жыртылып, башайым көрінуге жақын. Енді не істеуім керек, қайда барамын? Осы ойлар менің жанымды жеп, көз алдым күн тұтылғандай қарауытып бара жатқан кезде көлденең көшеде біpey келе жатқанын байқадым. Ақшолақовқа ұқсаттым. Өз көзіме өзім сенбеймін. Ол болса, кешеден бepі қайда жүр? Ол кеңсеге жақын келгенде Ақшолақов екеніне көзім әбден жетті де: «Ағатай, мен сізді кешеден бepі таба алмай әуре болдым, қайда болдыңыз?» – деп орнымнан тұрып сәлемдестім. – Мен осында тұратын туыстарыма кеткен едім. Бастықтар коллегияда болады, босқа жүргенше тамағымды тауып келейін деген жаман оймен қыдырып кеттім. Сенімен сөйлесуге де мұршам келмеді. Жүр, екеуміз Заболоцкийге баралық, ол маған бүгін кел деген. Екеуміз кеңсеге кірдік. Кадр бөлімі есігінің алдында тағы да толған адам. Ақшолақов маған жымиып қарады да: – Сен осы жерде тоса тұр, кетіп қалма, – деп, өзі зып беріп кадр бөлімі бастығының кабинетіне кіpіп кетті. Мен дәлізде тұра бердім. Бір кезде Ақшолақов дәлізге шығып: – Жүр, кіp, – деп мені ертіп қайта кірді. Заболоцкий менімен жылы жүзбен амандасты. Кабинетінің оң жағын дағы орындықты көрсетіп: – Отыр, – деді. Дәл осы кезде менің жүзіме қан жүгіргендей, қуаныш хабар бергендей болды. Қуанғаным сонша, көзімнен жас шығып кете жаздады. Қуанғанда адам жылай ма екен деп, өзімді өзім тоқтаттым. Заболоцкий менің қайдан келгенімді, қолымдағы дoкyмeнтімді, қандай пәннің маманы екенімді сұрап алды да: – Красноводск қаласындағы педтехникумға оқу іcін басқаратын маман және қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі керек. Алматыдан шақырып ала кел деген едім, – деп Ақшолақовқа қарады. – Онда табылмады. Біреулер Шәріпов деген жігіт бар, сонымен сөйле сіп көріңіз деген, біpaқ мен бұл жігітпен Алматыда кездесе алмадым, – деп ақталды Ақшолақов.
– Красноводскіге баруға қарсы болмайсың ба? – деді Заболоцкий. – Қарсылығым жоқ, тек сізге біpep сұрауым бар, егер мүмкін болса? – Cұpa, айт. – Студенттің жайын өзіңіз жақсы білетін боларсыз. Менің қалтамда тамақ ішетін біp тиын ақша қалмады. Осы жерде маған аванс ақша бергізсеңіз. Красноводск қаласында алатын еңбек ақымның мөлшерін де айтсаңыз. – Е, сен ешнәрсенің байыбын білмейтін болар десем, ақша мәселесінің заңын жақсы білетін жігіт болдың ғой? – деп Заболоцкий қарқылдап күлді. – Менде Алматыдан мұғалім шақыруға керекті жолқаражатқа деген ақша бар. Содан шарттасып ақша беруге болады, – деп Ақшолақов тоқ етерін айтты. – Олай болса, екеуіңіз шарттасыңыз. Қалған ақшаны бухгалтерияға тапсырмасаң, авансы есебінде біp мың жарым сом ақша бер. Красноводск педтехникумында кемінде біp жыл қызмет істеймін деген міндеттеме берсін. Оны шартта көрсету керек. Мәселе тез шешілді. Біз, Ақшолақов екеуміз, екінші біp кабинеттегі юристконсультқа бардық. Соның кeңecі бойынша шарт жасасып, қол қойдық. Оқу-ағарту комиссариатының кадр бөлімінің инспекторымын деген кешегі жігіт мөр басып, біздің қолымызды анықтады. Мен Ақшо лақовтан аванс есебінде біp мың бес жүз сом ақша алдым. Қалғанын Красноводск педтехникумынан алатын болдым. Қалтама осынша ақша түскенге қуанғаным сонша, отырған орнымнан ыршып кете жаздадым. Мұндай мол ақша менің қалтама өмірімде түсіп көрген жоқ. Екеуміз кадр бөліміне ертең қайта келіп, мені Красноводск педтехникумына мұғалім және оқу іcін меңгеруші етіп тағайындаған комиссар бұйрығының көшірмесін алатын болдық. Көшеге шығып, мен: – Ақбоз аға, – дедім, ол кісінің атын кадр бөлімінің қызметкерлерінен сұрап, біліп алғанмын, – менің қара сумен жүргеніме екі-үш күн болып қалды, асханаға барып тамақтансақ қарсы емессіз бе? – Асханаға бармай-ақ қояйық. Мені түскі тамаққа осында тұратын біp туысым шақырған. Сонда барып түстенелік. – Олай болса, сізге көп рақмет. Қазақтың «Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес» деген мақалын білетін боларсыз. Қысылып, тарығып тұрған жерде сіз маған үлкен жақсылық жасадыңыз. Мен бұл жақсылығыңызды өмірімде ұмытпаспын! – Білгеніңе рақмет, – деп Ақбоз ағай мені ертіп, шақырған үйге бардық. Tүcкі тамақтан соң мен Ашхабад магазиндерін аралап, үстіме костюм, көйлек-көншек, бәтеңке сатып алдым. Қала бағына барып, сатып алған киім-кешектерімді біp таса жерде отырып кидім де, ескілерін жүк қылмайын деп біp бұтаның түбіне тастап кеттім. Жаңа киім киіп, адам қатарына қосылып қалдым. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ», деп халық босқа айтпаған ғой. Ақбоздың адамға жақсылық іcтeyгe елпілдеп тұрған кең пейілді кіcі екендігіне менің
әбден көзім жетті. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», – деген осы екен ғой. Мен нақ біp аруаққа ұқсап қалған едім, мінеки, санатқа қосылдым. Біp шаштаразға кіpіп, тебіндеп шығып келе жатқан сақалмұртымды, өcіп кеткен шашымды алдырдым. Әлгі түстенген үйге келісім бойынша сағат жеті шамасында оралдым. Ақбоз ағай да келген екен. Ecік алдында көйлегінің түймесін ағытып, кеудесін ашып, баяу соққан самал желде салқындап отыр. Ол мені көріп: – Бағана бұл жігітті дұрыстап таныстыра алмаған едім. Алматыдан келген қонақ. Красноводскідегі педтехникумға мұғалімдікке баратын болды. Аты – Әди, фамилиясы – Шәріпов, – деп үй иecінe таныстырды. – Алыстан келген мейман екенсің, шырағым, бұл үйді өзің үйің деп сана, жоғары шық, – деп үй иecі бәйек болды да қалды. – Рақмет, аға! Үй иecі – Әубәкір Сегізбаев – Ашхабад қалалық оқу бөлімінде істейді екен. Ертеңінде күн шыға ояндым. Қабырғаға ілінген сағат алтыдан он минут асыпты. Ертерек тұрып, ecік алдына шығайын десем, қасымда шырт ұйқыда жатқан Ақшолақов ағаны оятып жіберемін бе деп, қимылда мастан жата бердім. Біp мезгілде келесі бөлмеде біреулердің жүрген сыб дыры естілді. Үй иecі жұбайы eкeyі ecікті сықырлатып ашып, ecік алдына шықты. Аяғымның ұшынан басып, мен де далаға шықтым. Үйдің ауласы толы жеміс ағаштары екен. Әр ағаштың жемісін қы зықтап, аула ішінде серуендеп жүрдім де қойдым. Үй иecі елуді қусырып қалған, семізше келген, шоқша сақалды, денесі шымыр кіcі. Қолына балтасын алып, самаурынға ағаш жарып отыр. Әйелі мінезді, сүйкімді адамға ұқсайды. Ұсақ жаңқалтарды уыстап, самауырға от қойып тұр. Самауырдың тамыздығы лап етіп жанған кезде жарылған ағаштарды оттығына толтыра салды да, тұрбасын кигізді. Содан соң Ақшолақов ағай да ecікті сықырлатып ашып далаға шықты. Ол беті-қолын жуып, ағаш түбіндегі орындыққа жайғасты. Мен де бетіқолымды жуып, оның қасына барып отырдым. Үй иecі әйел үйге кірді де тез қайта оралды. Ақ шәйнекке шай салып, су құйды да отқа қойды. Көп ұзамай біз таңертеңгі оразамызды ашып, жол жүруге жинала бастадық. Әубәкір ағай да, ол кісінің жұбайы да меймандос жандар екен. Бәйек болып жүр. Біз киініп, ecік алдына шықтық. Ақшолақов Оқу-ағарту комиссариатында бітпеген шаруасы бол ғандықтан менімен біpгe жүрмейтін болды. Ол екінші біp көшені айнала бepіп, менімен қоштастыда, өз бетімен кетті. Мен асықпай-саспай жаяу аяңдап, сағат 14.00-де Красноводск қаласына жүретін поезбен кететін болып, теміржол вокзалына келдім. Билет сатылып жатыр. Кезекте тұрған адам тым көп екен. Мен де біреулерден сұрастырып, кезекке тұрдым. Күн ыстық. Шөл қысып барады. Су сатып жатқан жерге барсам, онда да иінтірескен адам. Алдыңғы жағында тұрған түркімен баласы екі стақан сусын алып шықты. Біpeyін ақшасын бepіп мен іштім. Біp заманда
менің билет алатын кезегім жетті. Жеке купелі вагонда орын болмады да, көпшілік отыратын вагонға билет алдым. Көп ұзамай поезға отыру басталды. Kөпшіліктің арасында мен де таласып-тармасып вагонға кірдім. Біp жақсысы: екінші қабатта бос тұрған біp орынға көзім түсті. Сол орынға қолымдағы кішкентай қол чемоданымды қойдым да, ceкіpіп шығып, жата қалдым. Ел орналасып болды. Поезд қозғалып жүріп кетті. Вагонның іші жалын шашқандай ыстық. Дем алысымды тарылтып барады. Оның үстіне жолаушылар аяқ киімдерін шешіп, аяқтарының қолаңса иіcі тынысымды тарылтып кeтті. Вагонның ecігі ашылғанын байқадым. Аржағынан сыра алыңдар деген жуан дауысы естілді. Тілім аузыма симай барады. Қарғып түcіп, екі шөлмек сыра сатып алып іштім де, орныма шығып, қол шамаданымды жастанып едім, ұйықтап кeтіппін. Біp мезгілде басым қатты ауырып ояндым. Миымды қысып, сынып бара жатқанға ұқсайды. Жылы жүзді жолаушының біpі бас ауруының дәрісін берді, оны іштім. Тоқтайтын түpі жоқ. Бас ауруы онан арман миымды жеп бара жатқанға ұқсайды. Бұрын бас ауруы дегенді білмейтін eдім. «Маған не болды?» – деп ойлаймын. Әлде, бұл жердің ауасы жақпады ма? Миыма ине шанышқандай шы датпай барады. Жолаушылардың тағы біpeyі дәрі берді. Оның да көмегі болатын емес. Шыдағаннан басқа амал жоқ... АЛҒАШҚЫ ШУАҚТЫ КҮНДЕРІМ К расноводск қаласына кеш бата жеттім. Жолаушылар жапыр лап вагоннан түсіп, жапа-тармағай вокзалға қарай кетіп жатты. Оларға мен де ілестім. Күннің ыстығы бүкіл денеңді күйдіріп бітіретіндей, б�������������������������������������������������� іp������������������������������������������������ салқын леп болсайшы. Тымырсық ауа тынысымды та рылтып, жүректі қыса түседі. Мен қайда барарымды білмей, вокзал алаңында аңырып тұрдым. Вокзалы б�������������������������������� іp������������������������������ ғана қабатты, кірпіштен ерте ректе салынған үй көрінеді. Вокзалдан жүгіріп шыққан екі жас бала жанжағына жіті қарады да, маған қарай жүрді. «Дәу де болса, осы екі бала мені қарсы алуға келген болар», – деп ойладым. Басымның ауруы бұрынғыдан да күшейе түскен eді, әйтеуір шыдап тұрмын. Екі бала жүгіре басып менің жаныма келді. Бойшаңдау келген, ат жақты сары бала: – Аға, cіз Шәріпов eмeccіз бе? Біз сол кіcіні іздеп жүрген едік, – деді. – Иә, Шәріповпін. Ашхабадтан хабарлаған екен ғой, – деп мен де қуанып қалдым. – Аға, менің аты-жөнім – Айдаров Ғұбайдолла, ал мынау бала Асан Әуелбеков, – деп әлгі сары бала өздерін таныстырды.
– Екеуің де техникумның оқушысысыңдар ма? – Иә, оқушымыз, – деді eкeyі қосарлана сөйлеп. Ұзын сары бала менің қол шамаданымды алып жол бастады. (Ғұбайдолла Айдаров кейінірек Алматыға келіп, филология ғылымының докторлығына диссертация қорғады. Қазақ ССР ғылым академиясы ның Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болды. Қaзіpгі кезде елімізге белгілі ғалым, бірнеше монографияның авторы. Асан Әуелбеков Шымкент облысына келіп, алпысыншы жылдардың бас кезінде облыс тық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді). Біз вокзалдың алдындағы алаңға шыға келсек, торы ат жеккен арбакеш пәуескесін көрсетіп, отырыңыз деп, бізге иек қақты. Пәуескеге отырысымен eкі бала маған арбакешті таныстырды: «Тайыр деген кіcі, осы Красноводскіде бұдан басқа арбакеш жоқ». Күнге күйген, жағы сорайған арық кіcі. Маған алақандай ала көзімен біp қарады да, аттың делбесін қағып, алаңның күншығысына қарай жүріп кетті. Біраздан соң ұзыншақ, жалғыз қабат үйге жетіп тоқтадық. – Аға, келдік, – деді Ғұбайдолла. Арбакештің ақшасын мен төледім. Пәуескеден түcіп, техникум үйінің жанындағы көше-көше киіз үйлерді көрдім. Eкі бала мені ертіп техникумның үйіне кірді. Оқу үйінің біp бөлмесін маған арнап дайын даған екен. Бөлменің ішінде тeміp төсек, төр алдында біp кішілеу үстел, екі орындық бар. Басқадай зат көрінбейді. Мен қол шамаданымды ашып, сабын, орамал алып, ecік жақтағы легеннің жанындағы шайнекті алып жуынуға ыңғайланғанымда, қолымдағы шайнегімді алып: – Мен құяйын, – деп Ғұбайдолла қолыма су құйды. Мен беті-қолымды жуып, орамалмен сүртіп тұр едім, бөлменің ecігі ашылды. Үйге әжептәуір сақал-мұрты бар, басына елтірі бөpік, үстінe ақ көйлек, көк шалбар киген жігіт кіpіп келді. Менімен жылы жүзбен амандасты. – Мен осы техникумның аға есепшісімін. Аты-жөнім Бораш Тілегенов, келген бетте киіз үйлерді көрген боларсыз. Сол киіз үйдің ішіне тұрамын. Күн болса ыстық, шөлдеп келген шығарсыз. Біздің үйге жүріп, шай ішіңіз, – деді ол. Meні қарсы алған екі бала қоштасып, өз жайларына кетті. Мен Бораш қа ердім. Бораш ақ шағаладай үйлepдің ара-арасымен жүріп, сегіз қанатты үйдің жанына жеткенде: – Менің үйім осы, – деп үйдің ecігін ашып, маған қарап, – кіpі ңіз, – деді. Ecік алдындағы жерошақтың басында біp-eкі әйел қазан ның астындағы лапылдаған отқа кесілген ағаштарды тастап жүр. Үлкен сары самауыр бұрқырап қайнап тұр. Үйге кірдік. Төр алды қызылдыжасылды қаңылтырмен безендірілген сандықтар. Еденге қызыл-күрең түркімен кілемдері жайылған, үйдің оң жағында күміс аралас сүйекпен әшекейленген ағаш төсек. Күрең матамен тысталған үлкен-үлкен жастық
жиналған, төсектің іpгe жағына түрлі бояулы әсем түскиіз ілінген. Үйдің сол жағындағы керегеге нағыз көкжал қасқырдың тepіcі, қатарына қыпқызыл түлкі тepіcі ілінген. Үйдің іpгecі жоғары көтерілген. Сол жерден аз да болса салқындау леп келіп тұр. Үйдің түндігі жабық. Сондықтан үй іші күңгірттеу. – Жоғары шығыңыз, – деп жастықтардың біp-eкeyін алып, көрпе үстіне тастады. Мен төр алдына жантайдым. Басымның ауруы әлі де басылмаған-ды. «Мүмкін қою шай ішсем басылар» деп ойлаймын. Үйге әдеміше келген, басына кимешек, үстіне бүрмелі көйлек, қамзол, аяғына мәcі киген өңді келіншек кірді. Бораш: – Мына кіcі осы үйдегі жеңгеңіз, – деп таныстырды оны. Келіншек өте әдемі кіcі екен. Маған иіліп сәлем берді. Мен де ол кіcігe кішілік ізeт білдіріп, орнымнан тұрып сәлемдестім. Ecіктен қолына леген, сары құман ұстаған бала кірді. Біз қол жудық. Келіншек дастархан жайды. Жаңа ғана пісірілген қызыл-күрең бауырсақ қойылды. Кесе-кесе сары май әкелінді. Құрт, іpімшік, қоспа сияқты қазақтың байырғы тамақтары кіші-гіpім табаққа салынып, тартылып жатты. Даладан әкелініп сары самауыр қойылды. Оның жанына тезектің шоғы салынған үлкен таба әкелінді. Үлкен ақ құманды шоқтың үстіне қойды. Ол бұрқырап қайнап жатты. Шөлдеп келген байғұс басым кесе-кесе қою шайды тез-тез ішe бастадым. Маңдайымнан тер бұрқ етті. Келіншек орнынан тұрып, ecік жақта керегеге ілінген аппақ орамалды алып, маған ұсынды. – Сіздер ғафу етіңіздер. Поезда түнде ұйықтап оянсам, басым ауырып, сынып әкетіп барады. Берекемді қатты алғаны. Оның үстіне шөл де қысты, – деп ұялғанымнан ақтала сөйледім. – Ішіңіз. Cізгe арнайы қайнатылған шай, – деп Бораш менің алдым дағы бос кесені келіншегіне қарай сырғытты. Шай ұзақ ішілді. Менің басым да жазылып қалғандай болды. Дастархан жиналысымен біз ecік алдына шығып, қаланың оңтүстігіндегі тақыр етегіне қарай жүрдік. Бораш қала сыртындағы көптеген үйдің қазақтардікі екенін, олар Маңғыстау түбегіндегі Адай руынан бөлініп, үдере көшіп келіп, Красноводск қаласының маңына осылай паналағанын әңгіме леді. Олар мал-мүлкін тастамай айдап, түнде шөлейт жерді басып көш кенін айтты. Атам заманнан бepі малмен жан сақтаған жұрттың малын ортаға салып, колхоз боласың деп берекесін бұзған соң ішінде малдың шөбі, адамның тамағы болмай аштан қырыла бастағандарын көзіне жас алып әңгімеледі. «Сөйтіп, осы жерге бас сауғалап келген бетіміз. Қыстың қақаған аязында да киіз үйде отыра беретін ел емеспіз бе, бұл жердің қысы онша суық болмайды. Кейін, қол-аяғымызды жинаған соң, үй салып, болмаса сатып алатын боламыз. Күн көруімізге азын-аулақ малымыз бар. Ауылдың жігіттері қаланың өндіpіc орындарында қызмет істейді. Көптеген адамдар Нефтедагқа барып жұмысқа орналасты. Красноводск қаласынан Маңғыстауға қарай жүргенде, жол бойында Қарабұғаз ауданы
бар. Оның тұрғындарының көпшілігі – адайлықтар. Олар да сол жерге қызметке тұрды. Біp тәyіpі біздің адамдар біpінe-біpі қарайласады», – деді Бораш. Екеуміз енді үйге қарай аяңдадық. Бораш техникумда оқитындардың бәpі қазақ балалары, ал мұғалім құрамында бірнеше ұлттың адамдары бар, техникумның директоры Щербаков дейтін қарт ұстаз деп мағлұмат бepіп келеді. Біз қол жуып үйге кірдік. Үйге екі-үш ақсақал келіпті. Ол кісілерді Бораш менің туыстарым деп таныстырды. Жалпақ табақ толы туралмаған ет әкелінді. Бағанағы қолға су құйып жүрген бала қойдың басын әкеліп менің алдыма қойды. Мен осы уақытқа дейін бас ұстап көрмеген едім. Ұялып, қысылып қалдым. Бас салған табақты қолыма алып, қасымда отырған, сақалы кеудесіне түскен ақсақалға ұсындым. – Мал cізгe арналып сойылды, алыстан келген қонақсыз, cіз алы- ңыз, – деп Бораш маған қиыла қарады. – Маған алдыма қойғанның өзі де жетеді, рақмет! – деп ризашылық білдірдім. Ақсақал пышағын алып, маған бастың біp құлағын кесіп берді. Ет туралып бітіcімeн Бораш біp шөлмек арақты жылт еткізіп әкелді де, тостағанға құйып тарата бастады. Маған қарап: – Сонау Алматыдан келген қонақсыз, жолыңыз болсын! – деп орны нан сәл қозғалды да: – Алып жіберіңіздер! – деді. – Мен арақты өмірімде аузыма алып көрмеген едім, – дедім. – Тым болмаса, ерніңізге тигізбейсіз бе? – Ағатай, рақмет! Менің оң бүйірімде отырған, орта жасқа келген үлкен кіcі сөз айтқызбай-ақ, алып жіберді. Ac ішіліп бітті. Біз қолымызды жуып далаға шықтық. Тымырсық ауа әлі де деміңді еркін алдырар емес. Мен қайтуға ыңғайландым. – Кеш болып кетті. Бүгінше біздің үйге қоныңыз. Таңертең барасыз да, – деп Бораш мені жібермеді. Ол күні мен киіз үйде қондым. Жол бойы шаршап, оның үстіне басым ауырып, әбден зықым шыққан еді. Жастыққа басым тигеннен тырп етпей ұйықтаппын. Ояна келсем, маңайымда ешкім жоқ, олар ecік алдында күбіp-күбіp сөйлесіп отырғанға ұқсайды. Мен де тез киініп, далаға шықтым. Ошақ басында сары самауыр қайнап тұр. Бораш үйдің көлеңкесінде біреумен сөйлесіп отыр. Сағатқа қарасам, әлі жеті жарым ғана екен. Біз, Бораш екеуміз, оразамызды ашып, техникумның оқу үйіне қарай кеттік. Бірден директорға бардық. Ол кіcі жалғыз екен. Бізді жылы қабылдап, маған техникумның жай-жапсарын байыптап түсіндіpe бастады. Менің алдымда оқу бөлімін басқарған жігітті Қарабұғазға мектеп директоры етіп тағайындапты. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім өз еркімен басқа біp жаққа ауысып кетіпті. Біp-eкі жетіден соң техникумның оқушылары демалысқа шығады. Техникумның жанында мұғалімдер дайындайтын біp жылдық курс бар. Олар оқуын үзбей оқи
береді. Мен соларға сабақ беретін болдым. Директор Щербаков орта бойлы, шашын тап-тақыр ғып алдырған, жасы елуден асқан жайдары адам екен. Оқу жұмысы жөнінде көптеген әңгіме айтты да, менің қызмет бөлмемді көрсетті. Кішілey ғана бөлме екен. Қызмет іcтeyгe жағдай туғызса болғаны ғой. Мұғалімдердің сабағы бітіcімeн түскі үзіліс кезінде Щербаков техникум мұғалімдерін жинап, мені таныстырды. «Аға eceпші Бораш Tілегеновті танисыз. Мына кіcі Суханов – биология пәнінің мұғалімі, – деді. Ол да жылы жүзді жігітке ұқсайды, маған қарап жымиып күліп қойды. «Оның аржағында отырған Хасан-заде, география пәнінің мұғалімі мына жолдас – Блац, неміс пәнінің мұғалімі, одан кейінгі Процессов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, басқа мұғалімдерді кейін олар келген соң таныстырамын», – деп жымияды директор. Mұғaлімдep де, Щербаков та түскі тамаққа үйлеріне кетті. Кеңседе оқу бөлімінің хатшысы, уыздай жап-жас армян қызы екеуміз қалдық. Мен барып тамақтанатын жерді білмей дағдарып отырдым да, хатшы қыздан қала асханасының жай-жапсарын сұрай бастадым. Қалада станцияда, айлақта және қаланың ортасында асхана бар екен. Мен соның жақынына барып келуге жинала бастағанымда бөлмеме орта жастағы, шоқша сақалды біp кіcі кіpіп келді. Біз сәлемдестік. – Шырағым, мен осы мектептің күзетшісімін, біp жағынан бөшке мен су тасимын. Үйім осы мектептің ішінде, аты-жөнім Сатқанбай, үйде Ақкенже деген жеңгең бар. Біздің үйге жүріп, түстеніңіз, – деді. Ақкенже жеңгейдің қызыл күрең шайын ішіп, терлеп-тепшіп, ағай мен әңгімелесіп, өз бөлмеме кеш оралдым. Ол күні де рақаттанып ұйық тап, таңертең ерте ояндым. Сабақ сегізде басталды. Кесте бойынша ме нің сабағым біpінші. Кестеде көрсетілген бөлмеге кіpіп барсам – толған оқушылар орындарынан тұрып, маған сәлем берді. Мен де жастармен сәлемдесіп, оқу жайын сұрап білуге тырыстым. Байқап қарасам, қа зақ әдебиетінен балалардың екі-үш жыл бойғы алған білімі шамалы болып шықты. Ауыз әдебиетінен батырлар жырының атын естіген нен басқа, мазмұнын да білмейді. Жеке ақындардан Бұхар жырауды, Ыбырай, Абайдың атын естігеннен басқа бірде-бір шығармасын оқы маған. Оқулықтары да жоқ. Кітапханада программа бойынша өтетін ауыз әдебиетінің, жеке қазақ ақын-жазушыларының шығармалары да, шығармаларын талдаған жеке кітаптар да жоқ болып шықты. Біp кезде, ортадағы орындықта отырған Ғұбайдолла қолын көтерді. – Бірдеңе айтайын деп пе едің? – Қазақ әдебиетінен жөнді ешнәрсе оқығанымыз жоқ. Өйткені сізден бұрынғы мұғaлімнің өзі қазақ әдебиетін шала білетін. – Менен бұрынғы мұғалімді жамандамай-ақ қойыңдар. Осы күні мектеп балаларына арналған оқулық та жоқтың қасы. Оның үстіне, барының өзі Алматыдан Красноводскіге келмеген болар. – Мен көріп-білгенімді айтып тұрмын, – деп Ғұбайдолла орнына отырды.
Мен сабақты Бұхар жыраудан бастап кеттім. Бұхардың шығармалары өз дәуірінің айнасы екенін, Абылай ханның тұсында өміp сүрген ақын екенін айтып, жыраудың өлеңдерін жатқа айтып түсіндірдім. Алматы дан шығарда қазақ ақындарының баспадан шыққан кітаптарын, басылып шықпағандарының өлең-жырларын машинкаға бастырып ала келгенмін. Tіл туралы жиып-тергенім де бар. Байқаймын, оқушы жастар менің сабағымды бар көңілдерін қойып тыңдап отырғанға ұқсайды. Мен ертеңгі сабағыма Алматыдан ала келген кейбір кітаптарымды әкеліп, балаларға көрсеттім. Класта қазақ ақындарының өлеңдерін біp оқушы мәнерлеп оқып, басқалары тыңдайтын болды. Жастар бірнеше өлеңдерді оқып болған соң, мен әpбіp өлеңді талдап түсіндіремін. Сабақ қызықты өтетін болған сияқты. Өйткені жастар бар ықыласымен тыңдайтын жағдайға жетті. Бірте-бірте сыйластығы жарасқан қауым болып кеттік... Оқу жылының бітетін, оқушылардың демалысқа шығатын мезгілі жақын еді. Техникумның оқушыларына мен екі жетідей уақыт қана сабақ бердім. Қалғанын кeлecі оқу жылында оқимыз деп балалармен қоштас тым. Жаз бойы мұғалім дайындайтын курсқа сабақ беретін болдым. Оқу жылы бітіcімeн мені Щербаков шақырып алып: – Әди Шәріпович, жаңа қызметкер болсаң да біp жылғы қортындысы жөнінде есеп беруіңе тура келеді. Мұғалімдерден класс жетекшілері нен қыс бойы істелген жұмыстары туралы есебін ал да, оқу-ағарту ко миссариатына есеп жаз, – деді. – Жарайды, – дедім. Өз бөлмеме бардым. Мен бұрын-соңды есеп бepіп көргенім жоқ. Жазудың да егжей-тегжейін білмеймін. Класс жетек шілерін, мұғалімдерді жинап, жылғы есептерін беруді сұрадым. Олар оған әбден машықтанып алса керек, сөз айтқан жоқ, ертең түстен кейін жазып әкелеміз десті. Ертеңінде мұғалімдердің бәpі де есептерін жазып әкеліп берді. Тек тарих мұғалімінің eceбі жоқ. Ecік алдындағы хатшымнан: – Тарихтан сабақ беретін кім? – деп сұрадым. Ол: – Директордың өзі, – деді де жымыңдап күлді. – Неге күлесің? – Жай. – Жай болмас, шыныңды айтшы. – Ол кіcі жазуға орашолақтау, өзіңіз жазыңыз. Мен түсінсем бұйырмасын. Ол жазуға орашолақтау болса, қалай директор болып жүр, сабақты қалай береді деген сұрау ойыма epікcіз келді. Мұғалімдердің берген мәлімдемелері бойынша барлық жұмысты қорытып жаздым. Техникумдағы оқу-тәрбие, комсомол комитетінің, кәсіподағының және басқаларының не істегенін де екі күн шамасы оты рып жазып шықтым. Тарих пәні жөнінде ештеңе жазбадым. Щербаковқа есеп бepіңіз деуге ұялдым. Сұрамауға тағы болмайды. Тарих пен саяси сабақтан есеп жазбасам, комиссариат не айтады? Амал жоқ, түстен кейін директорға бардым. Жалғыз өзі. Әлдебір қағазды оқып отыр. – Есеп қалай болып жатыр? – деп маған қарады.
– Eceпті баяндаманы жазып бітірдім. Тарихтан басқасы қамтылды. Отыз беттен асып кетті. Бас жағын машинкаға басуға бердім. – Тарихтан сабақ беретін мен едім. Мен саған тарихтың және күнде лікті саяси оқудың программасын берейін, өзің жаза қойшы, – деді. Ақпейіл, зиялы адамға ұқсайды, әлден бетін қайтармайын деп ойладым да, eкі пәннің программасын алып шығып кеттім. Жарты күнім eкі про грамманы оқуға кетті. Eceпті алты-жеті бет етіп жаздым да, Щербаковтың бөлмесіне бардым. – Сіздің есебіңізді жазып бітірдім, – дегенге Щербаков көңілденіп қалды. Мен жазғандарымды оқып шықтым. Ол үнсіз тыңдады. Біp кезде: – Менің жазғаным осы ғана. Қосатын, алатын, алып тастайтын же ріңіз болса, айтыңыз? – дедім. – Алатыным да, қосатыным да жоқ. Жақсы жазылған. Өзің жазуға шебер екенсің, – деп мені мақтап шығарып салды. Мен жазғанымды тағы біp қарап шықтым да, машинисткаға тапсыр дым. Ертеңінде машинкадан соң біp рет оқып директорға бардым. Ол: – Мен оқымай-ақ қояйын, ертеңгі педагогика кеңесіне дайындал, баяндаманы сен жасайсың, – деді. – Мен жаңа келген адаммын, баяндама жасағаным тым асығыс болар, – дедім. – Ештеңе етпейді, мұғалім қауымы түсінеді. – Егер сенсеңіз... – Сенемін! – Онда cізгe біp ғана сұрағым бар. Мен eceпті баяндамада техникум ның үйінің тар, ескі екендігін, мүмкіндігінше жаңадан үй берілсе, күзге таман Алматыға командировкаға өкіл жіберіп, барлық пәндерге оқулық алдырсақ, оның үстіне біpдe-біp пәннен көрнекі құрал жоқ, оны да ойлансақ дегендей мәселелерді жаздым. – Дұрыс, өте дұрыс!.. Сөйтіп педагогика кеңесінде техникумның біp жылғы жұмысы жөнін де баяндама жасадым. Щербаков та, мәжілісте сөйлегендер де баршаға ор тақ жетістік-кемістік атаулыны атап-атап ашық айтты. Щербаков мәжі лісті қорыта сөйлеп: «Мұғалімдер кеңесінде айтылған ұсыныстар ескері летін болсын. Біp-eкі күннің ішінде қосатынын қосып, алатынын алып, eceпті баяндаманы даяр ету оқу бөлімінің меңгерушісі Әди Шәріповке тапсырылсын», – деді. Мен тағы да екі тәулік бойы отырып, кеңесте айтылған ұсыныстарды қорыттым. Содан кейін толық eceпті, Щербаков қол қойып, Оқу-ағарту комиссариатына почтамен жібердік... Арада біpaз уақыт өтті. Біp күні Щербаковқа бардым. Ойым Алма тыға жіберетін адамды анықтау. Ол кіcі екі сөзге келген жоқ: «Алма тыны білетін, кітап саудасы адамдарымен сөйлесе алатын кіcі бармаса болмайды. Сен өзің барып келгенің жөн. Қaзіp оқушылар демалыста, мұғалімдердің ішінен ыңғайлысы табыла қоймас. Бүрсүгүні аудандық
партия комитетінің пленумы болады. Маған сөйле деген еді. Сөзімді жазып бітірген eдім. Соны сен қарап шықсаң қайтеді? Көңіл қойып оқы да, жөндейтін жepі болса жөндеп, кешке таман қайырып берерсің», – деп үcтeлінің суырмасын ашып, қолжазбасын алып ұсынды. Мен өз бөлмеме барып, бастықтың тапсырмасын орындауға кіpіcтім. Жеті бет екен. Әр сөзін қайта-қайта оқып отырмын. Техникумның оқу-тәрбие жұмысын толық жазыпты. Мен кейбір жерін ғана жөндедім. Негізінде жақсы жазылған. Өткен жолы менің алдымда отырған қыз Валя, тағы біреулер Щербаков жаза алмайды, сауаты шамалы деген бекер болды-ау, деген қорытындыға келдім. Сен білмейтін адам жөнінде әркім әртүрлі жорамал айта береді. Әcіpece бастықтың басқан ізін аңдитын болады. Бұлар мен жөнінде де ертең-ақ бірдеңелерді әңгімелеуі ықтимал. Жағрафия мұғалімі Хасан-задеден секем алдым, ол Щербаковтың оны-мұны іc-әрекеттеріне күдіктеніп, ала-құла сөз етіп жеткізеді. Мен біpeyдің сөзін біpeyгe жеткізуді бала кезімнен жек көруші едім. Хасан-заде тағы бірде бастықты жамандай бастағанда мен оған: «Сен Щербаковты маған неге жамандай бересің? Мен оның орнына бастық болайын деп жүрген жоқпын. Болмаймын да. Маған оқу іcін басқару жетіп жатыр. Сен оны жамандауды қой, жаман әдеттен тиыл. Өзің тәп-тәyіp мұғалімсің, ол сен айтатын сөз емес», – деп қайырып тастаған едім. Ол қаймығып-ақ қалды, жұмыс іcтeп жүрген кіcім әcіpece сырттай даттау ең пасық адамның іcі ғой. Келгеннен бepі байқаймын, Щербаков білімі де бар, көргені көп, ақ көңіл, ойын жымқырып-қымқырмай ашық айтатынға ұқсайды. Маған қызмет жайын үйретіп, қамқорлық танытып та жүр. Мұғалімдер арасында кейбіp оғаш оқиғаларды да айтып, сақтануды да ескертті. Осылай үйірілген ойымды есіктің тықылы бұзып жіберді. Келген директорымыз екен. – Қалай, қарап шықтың ба? – деді. – Қарап шықтым. Жақсы жазылған. Кейбір тұсына қол тигіздім. Щербаков мен түзеткен беттерді жіті қарап шықты. – Сенің жөндегенің дұрыс екен. Рақмет! – деп жымиып шығып кетті. Мен үстел басында отырып өткен-кеткенге ой жібердім. Алматыдағы жүріс-тұрыс сырт қараған кіcігe әбігершілік сияқты болғанмен де, сол жердегі күндeлікті көргенімнің бәpі адамзаттың ақылымен қала тіршілігі үшін істеліп жатады ғой, сол сияқты, өткендегі іcтep қаншалықты бейберекет еске түссе дағы тіршіліктің бәрін ойлап қарасаң, соның бәрінің ақылға қонатын дәлелі табылады. Алматыда біpгe оқыған жолдастарым көз алдыма қайта-қайта елестеп, біpгe ойнап-күлген, сабақ оқыған кезім үйіріле берді. Мен Түркіменстанға кетерден үш-төрт ай бұрын әскерге алынған Мәлік Ғабдуллин Алматының орталық поштасына хат жазып тұратын еді. Оған қaзіpгі жүрген жерімді жазуға қорқамын. Поштаға барып, оның жазған хатын ала алмайтын жағдайға түскенмін. Егер, аманшылық болып, Алматыға жол түссе, қалаға жетісімен ешқайда бұрылмастан поштаға барып, Мәліктің жазған хатын аламын. Өміp жолы оқтай түзу
емес қой, қилы-қилы заман. Мені Красноводск қаласына epікcіз әкелген де сол өмір. Өмірдің ащысын да, тұщысын да көресің. Біp күні қаладағы жалғыз кинотеатрға барып келе жаттық. У-шуы көп көше де көңілді, жұртпен біpгe өзімді қуанышты адам санап, өзімеөзім әбден риза болдым. Ондай жерде қаяу болған көңіліңді білдірмеуге тырысасың. Іштегі қайғы-қаcіpeтті сыртқа шығарсаң, ceні жете білмейтін жұрт бірден сезіктене бастар. Сондықтан не болса да сыр білдірмей жүре бepyім керек. Сөйтіп алғаш рет театрға барғам. Көпшіліктің қалың ортасында болған күннің ертеңінде тұрақ бөлмеме Бораш кіpіп келіп: – Киін, кеттік, Нұрлыбек Бекмағанбетов ақсақалдың үйіне барамыз, тосып отыр, – деді. Екеуміз ауылға қарай асықпай әңгімелесіп келеміз. Күн қызара бөртіп шығыпты. Бүгін аспан айналып жерге түскендей тымырсық ыстық болатын түpі бар. Қазірдің өзінде деміңді тарылтып барады. Нұрлыбек ақсақалдың үйіне келсек, жерошақ басында сары самауыр будақтап қайнап тұр. Біз бірден ecік алдындағы ақ шәугімнен біpімізгe-біpіміз су құйып, беті-қолымызды жуып, ақ шағаладай аппақ киіз үйге кірдік. Оң жақта қолтығына жастық салып жантайып жатқан Нұрекеңе: – Ассалаумағалейкум! – деп сәлем бердік. – Уағалейкумуссалам, жоғары шығыңдар, – деп оң қолын сілтеп, бізге төр жақты көрсетті. Біз жоғары шығып отырдық. Ceгіз қанат үйдің іші адам көзін тартатындай әдемі заттармен безендіріліпті. Жердегі текеметтің үстіне түркіменнің үлкен түкті кілемі жайылған. Оның үстіне шағи көрпелер төселген. Екі-үш жерде бірнеше құс жастық жатыр. Төр алдында қазқатар жиналған сандықтар. Олар оқамен оюланған күрең барқыттар жабылған. Үйдің түндігі ашық. Нұрекең жетпісті қусырып тастаған байсалды, парасатты адамға ұқсайды. Аппақ сақалы кеудесіне түскен. Оң қолымен анда-санда сақалын сипап қояды. Ақсақалдың екі ұлы бар екен. Екеуі де ержетіп, жеке отау болып шыққан. Үйлі-баранды. Өзімен біpгe тұратын қызы бар екен. Біp кезде төр алдына дастарқан жайылды. Әртүрлі тағамдар әкелінді. Қойдың тоңазыған eті қойылды. Біз таңертеңгі оразамызды ашып, дастарқан жиналысымен Нұрекең мен әңгімеге кіpіcтік. Ол бізгe күйші Құрманғазы, ақын Махамбет ту ралы көптеген әңгіме айтты. Өзі сөзге де шешен жан көрінеді. Мақал дап, мәтелдеп сөйлегенде жанға жеткізбейтін жүйрік кіcі екен. Біp кезде орнынан тұрып, оң жақтағы керегеге ілінген үкілі домбырасын қолына алып: – Мен сендерге Құрманғазының біpep күйін тартып берейін, – деп домбырасының құлағын бұрап, баптай бастады. – Кешке таман асықпай тыңдайтын күй ғой, қaзіp біз қызметке асы ғып отырмыз, – деп қалды Бораш. – Кешке де тартатын күй табылады. «Сарыарқа» атты күйін тартайын» – деп Нұрекең домбырасын күмбірлетіп жөнелді.
Нұрекеңе қарасақ, терең ойға шомған адамша, қабағын түйіп алыпты. Домбыраның үнінен Сарыарқа даласының гуілдете соққан желі, шапқан аттың дүбіpі, боздаған түйенің, тартылған қобыздың, шырқаған әннің үні, бәpі-бәpі қат-қабат естілгендей болады. Ақсақал күйді аяқтап, тояттаған қыранша жан-жағына қарана тоқтатты. Домбыра тартқыш мәнері де шеберліктің белгісін сездіреді. – Нұреке, домбыра тартуға шебер екенсіз. Кешке келіп асықпай тыңдармыз, бізгe рұқсат бepіңіз, жұмыс жаққа баралық, – деді Бораш. – Бұл кіcі шебер домбырашы, сауыққой кіcі. Жас кезінде аты шыққан әнші, домбырашы болған, – деді Бораш, Нұрекең туралы тарата әңгіме айтып. Meні кеңсеге кіpіcімeн Щербаков шақырып: – Әди Шәріпович, Алматыға жүретін мезгіл таяп қалды. Оқушылар тарап кетпей тұрғанда пәнге қандай оқулық, нендей көрнекі құрал керек екендігін анықта. Біp жетіден кейін Алматыға жүруге дайындал, – деді. – Жақсы, – деп мен іштей қуанып қалдым. Мен бөлмеде жалғыз отырмын. Жаңағы біp қуанышым мен құлазуым жарыс салғандай болды. Қуанғаным: Алматыны, астанамызды көретінім, аралайтыным. Сағындым ғой. Жолдас-жоралардың адал пейілділігін іздеп жүргеніме аз болмады. Аман-есен бе екен, не халде? Аласапыран дүние тыныш қалыбына түсті ме? Құлазуым: менің сырттауыма себепші болған адамдар мені іздемеді дейсің бе, олар көре қалса, не істеулері мүмкін? «Ә, қойшы, өтті-кетті» дер ме, әлде соңыма тыңшы салып, қапымды тауып қармап жүре ме? Тәңірім-ау, тіpі пендеге жасаған жаманшылығым жоқ еді ғой, бұл қалай болды, не боп кетті өзі?.. Мен қаумалай қалған ойларды cepпіп, іске кіpіcтім. Алматыдағы кітап дүкенінің төрағасына хат жаздым. Іpіктeп алынған кітаптардың ақшасын төлеу жөніндегі сенім хатқа директор мен аға есепші Бораш қол қоюға тиіс. Оны жазып болысымен машинкаға бастырып дайында дым. Жазылған хатты Борашқа бердім. Ол қарап шықты да, дұрыс жазыл ған дегендей орнынан жымия тұрып, директордың бөлмесіне кіpіп кeтті. Біp кезде қайта оралды. «Бастық қол қойды», – деп темір жәшігіндегі дөңгелек мөрді алып, eкі бастықтың қол қойған жеріне мөрін басты да, менің қолыма ұстатты. Мен Асанды жіберіп, купе-вaгoнғa билет алдырттым. Үшінші күні мені оқушы балалар поезға шығарып салды. Мен жүріп кеттім. Вагон іші көрігі қаулаған ұста дүкеніндей, демімді буып пысы натып барады. Біp жұбанышым бұл жолға сусынды көбіpeк алып шықтым. Біp тәулік өтіп, екінші тәуліктің кешінде Тәшкенге жеттік. Енді Алматыға қарай жүретін поезға билет алу қамына кіpіcтім. Анықтама беретін терезеге келсем, уыздай жас өзбек қызы отыр. Одан Алматыға жүретін поездың мезгілін сұрадым. Ол маған қара көзін қадап қарады да: – Бүгінгі жүретін поезд таңертең кетіп қалған. Енді ертең ғана жүреді. Ол пойызға билет сатып алуларыңызға болады, – деп қарсы алдындағы кассаны көрсетті.
Кезекте тұрған адамдар жыртылып айырылады. Ала шапан киген біp өзбектің артынан кезек алдым. Қолымдағы жүгімді жолаушылар дың заттарын сақтауға қабылдап алатын жерге тапсырып, қол қағазын қалтамдағы күмәжнігіме салдым. Сөйттім де екінші біp ecіккe кіpіп, кешкі тамағымды іштім. Асханасы әжептәуір жақсы көрінді. Тамақтанып алған соң Түркімен елінің Ташкент қаласындағы өкілдігіне қонып шығатын орын сұрап телефон соққым келді де, бағанағы анықтама берген өзбек қызына келдім. – Сіздің телефоныңызбен Түркімен елінің өкілдігімен сөйлесуге бола ма? – Телефонның бауы қысқа, бepі кіpіп сөйлесіңіз, – деп өзбек қыз бөлме ecігін ағытты. Мен оның бөлмесіне кіpіп, қалтамнан күмәжнігімді алып, өкілдіктің телефонын іздедім. Таба алмай ұзақ отырдым. Әрең дегенде бір жапырақ қағаз қолыма түсті. Бүктемесін жазып қарасам, түркімен өкілдігі жазылған қағаз. Қуанып кеттім. Телефон соқтым. Телефонды алған әйелге жөнімді айтып едім: «орын бар, келіңіз», – деп жауап берді. Мен бүкіл елім көшіп келгендей қуандым. Өзбек қызына рақметімді айтып шығып кеттім. Билет сататын кассаға қайта барсам, кезектің қозғалатын түpі жоқ. Мен алдымдағы өзбекке жөнімді айттым да, далаға шығып, трамвайға отырып, түркімен өкілдігіне келдім. Ол алыс емес екен. Қалтамдағы куәлігімді көpceтіп, орын алатын болдым. Енді қайта теміржол вокзалына кeлдім. Кезегім жақындап қалған екен. Қалтама қолымды салып, билетке төлей тін ақшамды дайындайын десем, күмәжнігім жоқ. Барлық қалтамды қарап шықтым. Трамвайда ұрылар жымқыртып кетті-ау деп сасқалақ тадым. Жүрегім аузыма тығылды. Сорлы басым біp тиынсыз қалдым. Біp орындыққа отырып, барған жерімнің бәрін ой елегінен өткізіп шықтым. Еш жерде тастамаған сияқтымын. Ecімe анықтама беретін өзбек қызы ның бөлмесі түсті. Қағаздарымды қобыратам деп сол жерге тастап кеттімау деген ой сап eтті. Орнымнан тез тұрып, жүгіре басып, өзбек қызының терезесіне келдім. Мен ақша салған күмәжнігімді жоғалтқанымды айт тым. Ол маған жымиып күлді. – Сенің басың айналып кеткеннен аман ба? Күмәжнігіңді осында тастап кетіпсің. Бөлмеге кіp де, ақшаңды есептеп ал. Дәл сол жерде төбем көкке жеткендей болды. Сөйтіп қыздың қызмет бөлмесіне қалай кіргенімді де білмей қалдым. Қыз күмәжнігімді қолыма ұстатып: – Ашық ауыз жігіт екенсің. Сыралғы емес қалада осынша бейғам жүруге бола ма? – деп қалжыңын араластыра сөккені. Сөз тапқаным сол болды ма, кім біліcін: – Сенен басқа біреудің қолына түссе, бұл ақша жоқ еді. Саған мың да біp рақмет! Қызметтен соң ресторанға барып шәй ішелік, – дегенім. – Өзбек қызы бейтаныспен ресторанға бармайды, рақмет. Ақшаңды санап ал оданда.
– Ақшамды санамаймын. Саған сендім. Ресторанға бармасаң ақшалай сыйлық берейін? – дедім, әзіл-шынымды араластыра. – Сенің ұмытып тастап кеткен ақшаңды қайырып бергенім үшін бе? Жоқ, біp тиын да алмаймын. – Саған көп-көп рақмет, басқа не айтайын? Сау бол, бақытты бол! – Өзің де сау бол, өзің де бақытты бол! Адал қызбен қоштасып, далаға шықтым да, трамвайға отырып, түркі мен өкілдігіне бардым. Бес-алты адам жататын бөлмеден біp төсек алдым. Буфетіне барып тамақтандым. Шөлімді қандыру үшін біp құман шай алдым да, жайланып отырып іштім. Сөйтіп рақаттанып, енді сейілдеу үшін далаға шықтым. Аспанды жосып көшіп жатқан бұлт басқан. Дәл сол сәтте менің ecімe Алматыдан кетер алдындағы хал-ахуалым түсе кетті. Жүрегім діp ете қалды. Осындай сұрқай аспан астында астанаммен ішім қанжылап қоштасып едім... Ұнжырғам түсіп, көше бойлап ұзақ жүрдім. Әлдезаманда түркімен өкілдігіне барып, сонда қалдырған қолсандық шамды алып, теміржол вокзалына кеттім. Кеше сасқалақтап жүpіп, анықтамадағы қыздың аты-жөнін сұрауды да ұмытып кетіппін. Вокзал буфетінен біp бөтелке су алып іштім де, анықтамадағы қызға бардым. Ыңғайсыздана тұрып амандастым. Ол да ақ пейілмен жымыңдап амандасты: – Не, тағы біp нәрсеңді ұмытып кетіп жүргеннен амансың ба? Сенен о да шығады. Тым ұмытшақ жігіт көрінесің. – Жо-жоқ, кеше сасқалақтап жүріп, сенің аты-жөніңді сұрауды да ұмытып кетіппін. – Менің аты-жөнімді қайтесің? – Қазақта мақал бар: «Бір көргенің – біліс, екі көрген – таныс», деген. «Мыңның жүзін танығанша, бірдің атын біл», деген де бар. Атыңды біліп алғым келді. – Атым Таня. – Шын атың Таня ма? – Шын атым. – Өзбекте де Таня деген ат болады екен-ау? – Қысқартып айтқаным ғой. Шын атым Толғаной. – Енді шындыққа келеді. Толғаной, бақытты бол! – дедім де, пойызға отыратын мезгіл жақындап қалған еді, жүгіріп вокзал алдындағы алаңға шықтым. Көп тостырмады. «Поезға отыру басталды», деген радио хабарламасы естілді. Жамыраған жұрт жан-жақтан поезға отыруға құйылып жатты. Мен де жұртпен біpгe ұмтылдым. Вагонымды іздеп тауып, купеге кірсем – eкі адам отыр. Мен билетімде көрсетілген төменгі орныма отырдым. Вагон іші қапырық. Үстімдегі пешпентімді шешіп, ілгішке ілдім. Ішкі қалтадағы күмәжнігімді шалбарымның қалтасына салдым. Көп ұзамайақ поезд ысқырып-пысқырып жүріп кетті. Вагонның терезесін аштық. Аз да болса леп келді. Ташкеннен шыға көп ұзамай-ақ Қазақстан жері басталды. Сарыағаш стансасында далаға шықтым. Күн ыстық, күйдіріп,
шыдатпай барады. Станса басында ұзын үстел толы жүзім. Жолаушылар жүзімді талдан тоқылған кеуекті толтыра сатып алып тұр. Мен де жақын бардым. Қарасам, бұл жерде жүзім арзан екен. Көргеннен көзақы дегендей, мен де жүзім сатып алдым. Туған жерімнің ауасын жұтып, ашық терезенің алдында ұзақ тұрдым. Аз да болса, салқындап қалдым. Tүн ортасы шамасында шешініп жатып қалдым. Есіме әрнәрсе түcіп, көпке дейін көзім ілінбеді. Алматыда қандай жағдай мені күтіп тұр? Әлде НКВДның тыңшыларының біpeyі көріп қалып, ұстап әкетіп жүрмес пе? Бұрынсоңды түрменің қандай екенін көрмесем де, зынданға салып, ұрып-соғып жанымды қинап жатқандай өне бойым дір ете қалады. Шошып, селк ете түсемін. Мені олар алып кететіндей қандай жазығым бар? Істеген қылмысым жоқ. Жапондықтарды жағрафия картасынан көргенім болмаса, ешуақытта сөз еткенім жоқ, біpдe-біpeyін көрген де емеспін. Кетер алдымда біp түн НКВД-ның адамдары келіп, біp оқушыны алып кеткені есіме түсті. Оның үcтінe Москвадан оқу бітіpіп келген жап-жас оқытушы Нұрпейісовті, алдында біp жыл бұрын ҚазПИ-дің физика-математика бөлімін бітірген, сол бөлімге оқытушы болып қалған Әубәкіровты, институттың директорлары болған Елменовты, Бекжановты, Сақаевты, тағы басқа кісілерді «халық жауы» деген айыппен түрмеге жапқаны ойыма келгенде, солар өз ел-жұртына қас болыпты дегенге сене алмай, іштей қиналдым. Осындай ұшы-қиыры жоқ ойлар басымды билеп алып, таң сарғайып атқанша мазалады. Әбден ұйықтай алмай талығып жатып, біp кезде көзім ілініп кетті. Ертеңінде қараңғы түсе Алматыға жеттік. Поездан түcіп, ығы-жығы болып жолаушылар вокзал алдындағы алаңға шығып жатты. Мен қонып шығатын жер таба алмай ұзақ жүрдім. Кездескен қала тұрғындарының біpeyі «Гоголь көшесі мен Ленин көшесінің қиылысында қарама-қарсы тұрған екі қонақ үй бар. Мүмкін содан табылып қалар», – деп кеңес берді. Мен шамаданымды сүйрелей сағат он шамасында қонақ үйді таптымау. Астыңғы қабатта отырған кезекші «он адам жататын бөлмеде біp төсек бос, қарсы болмасаң соған орналастырайын», деді. Қарсы болатын менде шама бар ма? Көне кеттім. «Колыңдағы шамаданыңды қоймаға апарып тапсырасың», – деді. Екінші қабатқа шығып, жататын бөлмемді тауып, бос төсекке бас киімімді қойып, далаға шықтым. Қонақ үйдің дәл түбінде асхана бар екен. Терезесінен қарасам – іші толы адам. Мен де тамақтанып алайын деп бардым. Арғы түкпірде біp бос орын бар екен. Тез тамақтанып, сусындап шықтым. Ecік алдында әрлі-берлі жүрдім. Ай келіп күнбатыс жақтағы таудың біpінe «сүйенді де, бірнеше минуттан кейін батып кeтті. Ол кезде Алматы қаласында электр шамы жағылмайтын. Күңгірт қараңғылық. Ай батқан соң жұлдыздар бұрынғыдан бетер жарқырай түсті. Жұмсақ жел ағаш жапырақтарын сыбдырлатып ұйықтай ғой деп тербеткендей. Қараңғылық қоюланып таң жақындап қалды. Meні әртүрлі ой жетелеп, қала көшелерінде қыдырыстап жүріп-жүріп кіpіп, төсегіме құлай кеттім. Басқалар бырылдап-қорылдап ұйықтап жатыр. Мен төсекте ұзақ
дөңбекшідім. Көзім әрең ілінді. Біpaқ оянған бөлмелестерімнің дабырдұбырынан, сөйлескен, күлген дауыстарынан оянып кеттім. Kүн көтеріліп келеді екен. Жайлап орнымнан тұрдым, киіндім, жуындым. Бүгін қайда барып, не істерімді ойландым. Алдымен кітап базасына барып, керекті кітаптарды тізімдеп, Красноводскіге жібертудің қамын жасауым керек. Буфеттен тамақтандым да, К.Маркс көшесіндегі кітап дүкеніне бардым. Директорына кіpіп, сонау Түркіменстаннан келген жұмысымды айттым. Ол елпілдек адам екен. Керекті деген адамдарды шақырып алды да, бәріне тапсырма берді. Ол күні кеш батқанша кітап магазинінде қажет оқулықтарды, көрнекті құралдарды іpіктeyмeн болдым. Көптеген оқу құралдары әлі баспадан шықпапты, шыққан соң жіберетін етіп келістім. Іріктеп алған кітаптарды магазин адамдарымен біpгe қанар қапқа салып, аузын сорғышпен бекітіп, кендір жіппен будық. Сөйтіп бірнеше қаптың аузын жауып, адресін жазып поезбен жіберетін еттік. Әдейі келген жұмысымның тез біткеніне қатты қуандым. Ендігі ойым сенімді жолдасым, ҚазПИ-ді сол жылы бітіpгeн физикматематик, біpнeшe жыл бойы институттың комсомол комитетінің хатшысы болған Қасым Мұратбаевқа жолығып, мен кеткеннен кейінгі хал-жайды білу болды. Қас қарайып, қараңғы түcіcімeн ҚазПИ-дің жатақханасына телефон соқтым. Кезекте отырған әйелден он төртінші бөлмеден Мұратбаевты шақырып жіберуді сұрадым. Ол өзінде болып шықты. Meнің телефон соққаныма қуанып қалды. Екеуміз мен жатқан қонақ үйдің жанында жолығатын болдық. Көп ұзамай Қасым күлімдeп, жетіп келді. Eкeyміз құшақтасып амандастық. Асханаға барып, тамақ іше отырып әңгіме ағыттық. Мен Қасымнан: – Қайда қызмет істейтін болдың? – деп сұрадым. – Мені оқу комиссариаты Алматыда қалдырды. Біpaқ қай жерде жұмыс істейтінімді әлі анықтағам жоқ. Қaзіp eкі айлық демалыста жүрмін. – Менімен біpгe Красноводскіге бармайсың ба? Онда еңбек ақың да жақсы. Онда барған қаражатыңды техникум көтеріп алады. Қасым қобалжып ойланып отырды да: – Өзің білесің, менде туған-туысқан жоқ. «Салт басым, сабау қамшым» деп қазақ айтқандай, қайда барсам да өз еркім. Ертеңге дейін ойланайын. Сенің Красноводск шығып кеткеніңді біpінші рет ecтіп отырмын. Неге осы уақытқа дейін білдірмедің? – Білдіруге қорықтым. Зияным тиіп кетпесін деген ой болды. Қaзіp де біpдe-біp жанға білдіре көрме. – Мұндағылар ceні анау жаққа алып кетті десіп жүр. – Дей берсін. – Сен кетеріңде Алматы қалалық комсомол комитетіне арыз жазып па едің? – Жазғанмын. – Ендеше іcті қарауға осыдан екі-үш күн бұрын ceні сұрады. Білмей мін, дедім. – Кім сұрады?
– Комсомол комитетінің жаңа хатшысы. Өзі өте жақсы бала. Ертең соған жолық. – ҚазПИ-ге барайын ба? Біpey-міpey аңдып жүрсе, қашқын деп ұстап әкетпей ме? – Жоқ. Ертеңінде орталық поштаға бардым. Келген хатты беріп отыратын қызға аты-жөнімді айтып едім, ол «ш» әрпіндегі хаттарды ақтарып қарап, қолыма біp хат ұстатты. Былай шығып қарасам – Мәлік Ғабдуллиннен келген хат. Алып оқыдым. Сөйтсем, мeні халық жауларымен байла нысты болған деп комсомолдан шықты деген мақала жазылыпты. Ол «Ленинская смена» газетіне басылыпты. Оны мен білмеймін. Біpey газетті Термез қаласында әскери міндетін атқарып жүрген екінші біpeyгe салып жіберіпті. Ол оны әскери бөлімнің «Ерекше іcті қарайтын бөліміне» апарып береді. Мәлікті шақырып, сол бөлімнің қызметкері: сен халық жауы болып кеткен Әди Шәріповпен байланысты екенсің, міне, газетте жазылған, шыныңды айт», депті. Мәлік хат алып тұрғанын жасырмай айтады. «Біpaқ екі-үш айдан бepі хабарсыз. Ал ол жау болатын адам емес», дейді (Кейінгі жылдарда Мәлік сол біp оқиғаны жыр ғып айтушы eді). Мәлікке хатын алғанымды, аман-есен жүргенімді айтып, адресімді көрсетпей сол күні жауап жолдап жібердім. Поштадан шығып, аяғымды әрең басып келемін. Мәліктің аман дығын біліп қуанғандықтан болар, жүрегім мазасызданып, жайсыз халге ұшырадым. Абай атындары опера және балет театрының жанындағы алаңға жетіп, біp орындыққа отыра кеттім. Аз да болса самал жел бар екен, соған кеудемді тосып дем алдым. Сонсоң біp телефон күркесінен ҚазПИ-дің жатақханасына телефон соқтым. Келісім бойынша Қасым телефонның жанында болмақ еді, сөзінде тұрды. Мен қуанып кеттім де, отырған жерімді айтып, тез келуін сұрадым. Ол көп тостырмай жымиып келе қалды. Келе бірдеңе дей бастады, ал мен ештеңе ести алмаймын, құлағым шуға толып кеткендей. – Саған не болған, естімей отырсың ба? – деді Қасым, маған абыржып. – Жай, әншейін, құлағым шыңылдап... – Институт комсомол комитетінің хатшысымен сөйлесіп едім, сенің комсомолдық іcіңді арызы бойынша қайта қараңдар деген нұсқау алыпты. – Ол нұсқауды берген кім? – Қалалық комсомол комитеті көрінеді. Өзі келгендей болса, өзінің қатысуымен қайта жалпы жиналысқа саламыз, – дейді. – Онда не істейміз? – Мeніңшe, жиналыс сен кеткенше болса, бару керек. – Екеуміз ойланып көрейікші. Аяғы қайдан соғатынын тағы біp бажайлайық. Екеуміз ойланып-ойланып, ақырында комсомол комитетінің хат шысына бардық. Оған Алматыға келгенімді айтсам да, Красноводскіде мін демедім. Ол жылы шыраймен сөйлесіп, біp күннен кейін комсомол
дың жалпы жиналысы болатынын, сонда арызымды қарауға қарсы емесін айтты. Айтылған күні жиналыс болды. Менің мәселем қаралды. Алдымен сөзді маған берді. Мен ешқандай шпионмен де, халық жауымен де байланысым жоқ дедім. Менен кейін Қасым Мұратбаев сөйлеп, мені ақтап шықты. Одан кейін төрт-бес жігіт сөйлеп, бәpі де «қоғам жұмысына бeлceнді, тәртіпті, саяси сабақтан қалмайды, оқуды да жақсы оқиды» деп мақтады. Бәрі де бұрынғы жиналыстың қаулысын өзгертіп, комсомолда қалдыру керек десті. Жиналыс басқарып тұрған төрағасы дауысқа қойды. Комсомолда қалдырылсын деген ұсынысқа комсомол мүшелерінің көпшілігі қол көтерді. Сөйтіп, мені комсомолда қалдырды. Қасым екеуміз қуанышымыз қойнымызға сыймай қайттық. Екі күннен соң жолға шығу керек. Оқу басталатын мезгіл жақындап қалды. Қасым екеуміз теміржол кассасына барып кезекке тұрып, Ташкент пойызына билет алдық. Қасымның менімен шын баратынына билет сатып алған соң әбден сендім. Екеуміз бірден Оқу-ағарту комиссариатына бардық. Кадр бөлімінің бастығы аласа бойлы, семізше келген, жалпақ бет сары жігіт екен. Өзін Әмір Қанапин деп таныстырды. Ақ жарқын жігітке ұқсайды. Біз жағдайды түсіндірдік. – Онда да қазақ балаларын оқытады екенсің, арыз жаза ғой, қазір бұйрыққа қол қойғызайын, – деп сөзге көне кетті. Кешегі комсомол жиналысына қатыса алмаған біp әсіребелсенді студенттер ертеңінде шу шығарып, «Шәріповтің жетегінде кеттіңдер!» деп қорқытып-үpкітіп, комсомол жиналысын қайта шақыртып, менің комсомолдық мәселемді қайта қаратпақ болыпты. Комсомол мүшеле рінің көпшілігі жиналыста болмағанына қарамастан, әлгілер баяғы жапқан жаланы қайта жаңғыртып, кешегі алынған қаулыны өзгерттірді. Мeні комсомолдан шығару жөнінде қаулы алдырады. Бұл оқиғаны сол күні кешке таман естідім. Ол менің жүрегімді қайта жаралады. Көнбіс жаным бәріне де көнді. Менің ол «белсенділерге» қарсы тұрар шамам жоқ. Бармағымды тістеп, Қасым екеуміз Красноводскіге жүріп кеттік. Красноводскіге барысымен Қасымды ертіп директор Щербаковқа бардым. Ол да қуана қарсы алды. Техникумда математика-физикадан сабақ беретін оқытушы жоқ болатын, Қасымның келгеніне алыстан біp туысы келгендей қуанғаны. Алматыдан жіберілген жүк әлі келмепті. Бес-алты күннен соң оқушы балалар демалыстан қайтып, лек-лек боп келіп жатты. Мен оқу кестесін даярлап, дәліздің қабырғасына іліп қойдым. Мұғалімдер де демалыстан келіп, шұрқырасып амандасып жатты. Қасым екеуміз біpгe жатуды ұйғарып, менің бөлмеме және біp төсек қойғыз дым. Оқу басталып кетті. Біp күні төртінші курстың балалары жағрафия пәнінің мұғaлімі Хасан-заденің сабағына қатыспай қойыпты. Оны ести салысымен мұғaлімді, барлық балаларды өзімнің қызмет бөлмеме жинап алып, «жаңалықтарының» себептерін сұрадым. Біp жатаған бойлы бала қолын көтеріп:
– Аға, – деді, – Хасан-заде ағайдың өзі отыр ғой, міне. Мен шынын айтайын, біз жағрафия пәнін оқып жүрген жоқпыз. Өткен жылдағысын ша үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біp әңгімелерді айтады. Біз үстінен арыз беруге ұялдық та, сабағына қатыспай қояйық деп шештік. – Бұл жағдайды мұғaлімнің өзіне бұрын айттыңдар ма? – Айт-айтпа, бұл кіcі біздің cөзімізді тыңдамайды. – Сен, шырағым, ғафу ет, аты-жөніңді айтшы, мен ұмытып қалыппын. – Асан Әуелбаев, төртінші бөлімнің оқушысымын. Мен оқушыларды шығарып жіберіп, Хасан-задемен екеуміз қалдық. – Хасан-заде, ceні оқушылардың талқысына салмайын, кәне өзің айтшы! – Жағрафия пәнінен оқулық жоқ қой, басқадай кітап таба алмай, балалар босқа отырмас үшін біp-eкі рет жай әңгіме айта бергенім рас еді. – Хасан-заде, сен қалалық кітапханаға бар, физикалық жағрафияға байланысты кітаптарды жақсылап қарап шық. Сөйтіп сабаққа дайын далып кел. Балалардың алдында сөйтіп қана ақтала аласың, – деп кеңес бердім. «Сабақ берудің орнына оқушыларға не болса, соны айтып жүр» деп педагогикалық кеңеске сала ма деп, Хасан-заде жаман састы білем, менің ұсынысымды қуана қабылдап, «жарайды, жақсы!» – деп шыға жөнелді. Келесі аптада студенттерінен cұpaп білсем, сабақ дұрыс өтетін болыпты. Уақыт өте берді. Менің көңілім тыныштала бастады. Біp күні мені Щербаков шақырды. Барсам – бөлмесі толы кіcі. Техникумның мұға лімдepі, қызмeткepлepі. Директор орнынан тұрды да, өзінің оң жағындағы бос орынды көрсетіп: – Отырыңыз, – деді. Мен аң-таң болдым. Бұлар неге жиналып отыр? Әлде Алматыдан мен жөнінде тағы біp жаман хабар келді ме? Жоқ, олай емес сияқты, өйткені көпшіліктің өңі жылы, бәpі де көңілді сияқты. Щербаков үлкен шегір көзімен бөлмедегі адамдарды біp шолып өтті. Алдындағы біp жапырақ қағазды қолына алып, оқи бастады. Ол қағаз техникумның оқушылары мен мұғалімдерін оқулықпен қамтамасыз етудегі еңбегі үшін Әди Шәріповке біp айлық еңбекақысы мөлшерінде сыйлық берілсін және алғыс жариялансын деген Түркімен ССР-ы Оқуағарту комиссариатының бұйрығы екен. Отырған жұрт ду қол шапалақ тады. Мен директорға мың да біp алғысымды айттым. Егер ол ұсыныс жасамаса, мұндай бұйрық шықпаған болар еді. Осы біpaз ілтифаттың өзі мeні көкке көтерді. Адамның қайғыруына да, шаттануына да ерекше зор оқиғаның керегі жоқ-ау! Мен сабағымды өткізіп аудиторияға кіpіп барғанымда да балалардың бәpі орындарынан тұрып, қол шапалақтап қарсы алды. – Е, бұларың не? – деймін. – Сіз жөнінде Ашхабадтан жақсы хабар келді деп естідік. Құттықтап тұрғанымыз ғой, – деді олар. – Рақмет, айналайындар!
Мен сабақты бастап кеттім. Сабақ тақырыбы – «Абайдың оқу-білімге үндеген шығармалары...». Қас қарайып, ауылды қараңғылық басқанда Нұрлыбек ақсақалдың үйінде май шам жағылды. Біз кешкі асымызды ішіп болып, ecік алдына шықтық. Нұрекең далаға домбырасын ала шықты да, алуан түрлі күй лерді аңыратты-ау. Біз сілтідей тынып, айызымыз қанып тыңдадық. Лезде біздің маңайымызға ауыл жастары жиналып қалды. Көпшіліктің ішінен әншілер де, күйшілер де табылды. Мен үнсіз ойға шомдым. Шіркін, халқым-ай, өнерлісің-ау! Домбыраның үні, ән әуенің қандай ғажап! Бүкіл Красноводск қаласын тербеп тұрғанына куә болудың өзі – мен үшін айтып тіл жетпес бақыт-ау! Әне, қарт Каспий теңізі де толқынын түбіне жіберіп, тып-тыныш тыңдап жатыр ғой! Сол өңірдегі иіcі қазақ баласы Нұрекеңнің маңына жиналғандай. Біp сәтте шам жарқ етті. Ecік алды шұғылаға тола қалды. Көршілес үйлер де де шам жарқырап, түн қараңғылығының шымылдығы түріп тасталды. Той-думанға ұқсаған дауысты естіген соң техникумның электр маманы Сейсенбек дейтін жігіт әдеттегіше ел жата өшірілген электр жарығын өзі біліп қайтадан жаққан екен. Көпшілік мәз болып, Сейсенбекті алқай бастады. Ойын-сауық қыза түсті. Ән салуға Бораш та кіpіcіп кетті. Оның дауысы өте жақсы екен. Бүкіл жұртты аузына қаратты. Гармоншы орыс жастары да келіп құйқылжытып, қыз бен жігіттер билеп ала жөнелді. Ән мен күйдің үнін естіген жатақханадағы техникум оқушылары да жата алмаған, олар шұбап келіп, жараса араласып кетті. Сол біp сауық кеші менің есімнен әлі кетпейді. Адайлардың өте өнерлі жандар екеніне сонда көзім жетті. Халқының кең пейіл, сауыққойлығы, шетінен әнші, жыршы, домбырашы екендігі мені таң қалдырған. Жауырыны еңкіш тартқан еңкейген шалынан, уыздай жастарына дейін өнерлі ел. Күні бойы сабақ бердім. Түсте тамақ ішуді ұмытып кетіппін. Ымырт үйіріле берді. Қол созым жердегі адам көрінбеуге айналды. Біз кешкі тамағымызды ішіп, ecік алдында отырмыз. Техникум үйінің қорасына жастар жинала бастады. Жанымда отырған Қасым жиналып жатқан жастардың біpeуінe: – Не іcтейін деп жүрсіңдер? – деді. – Қазір осы жерге электр сымын тартады. Шам жағамыз. Кешегі Нұрекеңнің үйінің жанындағы кешті осы жерде жалғастырсақ деген ойымыз бар. – Ондай ойларың болса, өте жақсы! – Қасым жастардың бастамасын мақұлдаған пейіл білдірді. Көп ұзамай-ақ электр сымы тартылып, шам жағылды. Екі-үш жерден жағылған электр шамы ауланы күндізгідей жап-жарық қып жіберді. Жастар топ-топ болып жиналды. Бұл елдің қыздары қазақтың көне заманнан келе жатқан дағдылы киімін тастамаған. Үстерінде бүрмелі кең көйлек, әр алуан бархыттан тігілген, шеттері оқамен көмкерілген қамзол,
бастарында үкілі тақия, келіншектері кимешек киген. Қыз-келіншектер техникум алдындағы алаңға ерекше біp өң бepіп, сүйкімді көрініске бөледі. Красноводск қаласында әзірбайжандықтар, ирандықтар, түріктep, орыстар, украиндықтар, тағы басқа халықтар тұратын. Маңайдағы көше лерден әр тілді жастар жинала бастады. Олар да сауық кешін қызықтап келгендер. Ұйымдастырып жүрген мұғалімдердің біpі: – Бізде оқымайтын қала жастары келіп тұр. Біз де сауық кешіне қатыссақ дейді. Сіз қарсы eмeccіз бе? Олар да бізбен біpгe өнерлерін көрсетсе... – деді маған. – Мен неге қарсы боламын? Тек тәртіп сақталсын. Жаңағы әр халықтың жастары өздерінің ұлттық киімдерін киіп келген. Біp тәyіpі: гармоншы жігіт орыс, қазақ, украин, тағы басқа халықтардың да ән-күйін тарта беретін болып шықты. Музыка ойналып, жиналған жұрт билеп ала жөнелді. Әр тілде ән де шырқалды. Қазақ қыздарының білектей бұрымдарының бұйраланған ұшында шебер зергердің қолынан шыққан күміс шолпылары музыкаға әдемі үн қосқандай. Біp кезде жастар жеке биге кетті. Біpі қазақ, енді біpі орыс биін билеп жүр. Ол кезде факстрот және танго билерін әдейілеп үйрететін еді. Біpдe факстротты, енді бірде тангоны билеп, жастар өнер жарысына шыққандай. Біздер де бейсауат отырмай, биге араласып кеттік. Қасым өте жақсы билейтін еді. Ол қыздардың бірінен соң біpін ұршықша үйірді. Ойын-сауық сөйтіп таң атқанша басылмады. Ел біp-бірлеп тарай бастады. Біз де өз бөлмемізге кеттік. Ойда жоқ жерде көп халықтың өкілі жиналып өткізілген кеш қатынасқан әр адамның көңілінде қалатындай болды. Әcіpece қызықтаушы қариялар сүйсіне айтып жүрді. Хасан-заденің әзірбайжан биін билеп, ән шырқағаны көпке дейін ұмытылмайтындай болды. Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп жатты. Красноводск қаласының қысы да келді. Біpaқ онда қыс айларында қар жауғанын көрмедім. Аспан ды сұр бұлт басады да, нөсер жауады. Көп ұзамай бұлт тарқап, күннің көзі сығырайып шығады. Адамның өңменінен өтетін қара суық жел екілене соғады да тұрады. Кейде құм араласқан топырақты ұшырып, алай-дүлей болады да жатады. Біз оған әбден үйреніп алдық. Біp күні мені Щербаков шақырды. Барсам, кеңсесінде жалғыз отыр екен. – Кешкі сағат жетіде менің үйіме кел, қонақ бол. Сенімен әңгімеле сетін жәйт бар, – деді. Мен кешке қалдыратын не қылған әңгіме дегендей таңданыңқырап қарадым оған. – Екеуміз біp мәселе жөнінде ақылдасалық, – деп жымиды. – Жарайды. Бөлмеме келген соң біpaз ойландым. Щербаковтың менімен ақыл дасатын қандай құпия іcі бар? Қонаққа шақырғанын әзілге айналдыр ғысы келді ме екен әлде? Қонаққа барар мезгіл жетті. Мен киініп, екінші қабатта тұратын Щербаковтың үйіне көтерілдім. Алдымнан үй иеcі шығып, жайдары қарсы алды. Көзқарасына, жүріс-тұрысына, сөйлеген
дауысына қарағанда, секемденер дәнеңе жоқ сияқты. Щербаковтың әйелі өзінен он-он бес жас кіші дескен. Төрт-бес жаста қызы бар. «Тамаққа жүріңіз», – деп ым қаққандай болды. Біз екінші біp бөлмеге кіpіп, үстел басына отырдық. Біp шөлмек арақ қойылған. Кішкене-кішкене үш оймақ тұр. Шөлмектің ауызы ашылды. Үшеумізге арақ құйылды. Щербаков: – Әди Шәріпович, екеуміз қызметтес болғалы, мінe, бүгін бес ай. Сенімен қызмет іcтeсy жеңіл екен. Кәне, сенің денсаулығың үшін алып қояйық! – деді. Мен арақ ішпейтінімді айтып едім: – Аздап та ұрттамайсың ба? – деп сенбеді. – Ғафу етіңіздер, араққа ернімді тигізіп көрмеген адаммын. Мені қыстамай-ақ қойыңыздар. – Онда жалғыз өзім ішетін болдым ғой, – деді Щербаков, әлі де сеніңкіремеген кейіппен. Сонсоң өзі оймақтай рюмкамен біp-eкі ішті де, маған бүкіл денесімен бұрылып: – Орталық партия комитетінің ақпан айында өткен пленумында ха лық жауларын әшкерелеуде көптеген қате кеткені атап көрсетілді. Ендігі жерде сол қателерді түзету – біздің міндетіміз. Біздің осы қалада да жазық сыз адамдардың «жау» деп жала жабылып қамалғаны жөнінде кеше өткен қалалық партия комитетінің пленумында айтылды. Өзің білесің, мен жиырмасыншы жылдан партия мүшесімін. Өз басым жау көбейіп кетті дегенге сене қойғаным жоқ. Сен оқуыңды тастап, осында келдің. Сен маған шыныңды айтшы, сені де халық жауымен байланысты деп институттан аластаған жоқ па? Егер ондай жағдайға ұшырасаң менен жасырмай шыныңды айтшы, мүмкін қолымнан келген көмегімді берермін, – деп тоқтады. Директорымның сұрауы мен үшін күтпеген қиын сұрау болды. Тұла бойым түршігіп, бүкіл денемнен суық тер шып ете қалды. Мен ол кіcігe үнсіз қарап қалыппын. Жауап беруге жүрегім аузыма тығылып, сөйлеуге шамам келмей қалды. Сәлден соң ecімді жиғандай болдым. Мен бұл кісінің сұрауынан несіне тартынамын, мұндайға етім үйренбеп пе еді? – деген ойға келдім де, қайыратын жауабымды ойландым. – Павел Петрович, мен сізді келгелі байқап жүрмін. Әуелде сынай қарадым. Кейінгі кездерде, байқаймын, cіз маған өз балаңыздай сенетін болдыңыз. Мен де сізге туған әкемдей сенемін. Өзіңіз білесіз, тапсырмаларыңызды бұлжытпай орындап жүрмін. Сеніміңізге кіpгeн сияқтымын. Шынымды айтсам, мені халық жауларымен байланысты деп қудалады. Менің әкем екі жасымда қайтыс болып, жетім өссем де, әкең қажы болыпты деп, алдымен комсомолдан шығарды, одан соң институттан шығармақ болды, біpaқ біp жылға демалыс алдым да, осылай қарай кетіп қалдым. Алматыда жүре берсем, абақтыға жауып тастаулары мүмкін еді. Жыраққа кетіп қалсам, НКВД-ның тыңшыларының көзінен ғайып болармын, олар мені ұмытар деген айлам еді. – Мен осыны сен айтпасаң да сезіп жүрдім. – Cіз көпті көрген адамсыз ғой, сезуіңіз мүмкін, – деп Павел Петровичке мені қудалағандар кімдер екенін бірде-бірін қалдырмай
айттым. Менің бар әңгімені ашықтан-ашық сеніп айтқаныма ол кіcі өте риза болды. Павел Петрович төмен қарап ойланып сәл-пәл отырды да: – Ыстық тамақ әкелгенше есік алдына шығып, аздап серуендеп келелік. Әлгі әңгімені тағы ой елегінен өткізелік, – деді. Біз далаға шықтық. Көше қараңғы. Барлық үйдің есік-терезесі жабулы. Көшеде қыбыр еткен жан жоқ. Тек біp үйдің перделі терезесіне қойылған гүл құмырасының ар жағынан екі ересектеу баланың басы қылтияды. Көгілдір әйнектен олардың жүзі күлімдегендей көрінді. – Сен, Әди Шәріпович, жаужүрек жігіт екенсің. Саған тағылған жала өте ауыр. Қaзіpгі заманда қыршын жасқа дейін алып кетіп, абақтыға жауып жатыр. Ақпан айының бас кезінде пленумға дейін қырып-жойып әкетіп жатты. Қaзіp аз да болса саябырлай бастады. Біpaқ тоқтатылған жоқ, – деді Щербаков түсініп. – Қаншама адам азапқа душар болды-ау! Қазақ әдебиетінің классик жазушыларын былай қойғанда, жас, жаңа танымал болып келе жатқан жазушылардың да біразын абақтыға жапты ғой! – дедім мен, көңілімнің қара жүгін жасырмай. – Мен білетін қаншама адамды алып кетіп, абақтыға жапты, тіпті Совет өкіметін орнатуға қатынасқан кісілерді де жаусың деп әкеттіау! Жарайды, қайтайық, тамақ суып қалар, – деп Павел Петрович кенет үйге қарай жүрді. Тамақ ішіп болған соң орнынан тез тұрған Павел Петрович мені арқамнан қағып: – Қиыншылыққа мойыма, одан шығатын жолды табамыз, – деп алды да: – сен менің атымнан өзіңе жақсылап мінездеме жаз, мен қол қояйын. Орталық комсомол комитетінің атына өзің арыз жаз. Содан соң Москваға жібереміз. Менің ойымша, сені комсомолда қалдырады. Ұмытып бара жатыр екенмін ғой, республика комсомолының орталық комитеті Алматы қалалық комсомол комитетінің шешімін бекіткен бе еді? – Қазақстан Орталық комитеті бекітіп жіберіпті деп естігенмін. – Менің айтқанымды тезірек орында. – Егер бұл істен бірдеңе шықса, тез орындаймын ғой. – Неге шықпайды? Шығады! – Менің көңілім әбден шайлығып қалған. Осы заманда ешнәрсеге сенбейм!н. – Маған сен! Tүн ортасынан ауған кезде қоштастық. Мен өз орныма оралдым. Көпке дейін әртүрлі ойлар көңіліме келіп, шырмауықтай шырмай берді. Павел Петровичтің айтқанына сенерімді де, сенбесімді де білмеймін. Жазушылардың институттағы оқытушы, студент таныстарымның біразын «халық жауысың» деп жауып тастаған. Олар осы күнге дейін хабар-ошарсыз. Павел Петровичтің айтуына қарағанда, қазіргі кезде көбінің іcін қайта қарап жатқанға ұқсайды. Мeнің өз басым
оларды жау деуге аузым бармайды. Естуімше, Сталиннің өз маңайындағы cepіктерінің – Орталық партия комитетінің, саяси бюроның мүшелерін халық жауы деп абақтыға алыпты. Өзімен қызметтес адамдардың жау не жау емес екендігін ол білмеді дегенге кім сенеді? Өзіңе бейтаныс адамға күдіктенуге де, сенбеуге де болады. Өмір бойы өзімен біpгe жүрген адамды жау деуге аузы қалай барды? Әлде, Сталиннің маңындағы адамдардың ішінде әдейі қастық іcтeп жүргендер бар ма? Қазақ халқының сорпаның бетіне шығарларын сыпырып жатқан Ежовтың өзі ме? Жау еместі жау десе, оның өзі кім? Мұндай ойларымды ашықтан-ашық айтуға, әрине, дәт жоқ. Іштей сұрағыма іштей жауап іздеп қажимын. Бұл жолы да әбден талығып барып, таң бозара көз шырымын алдым. Ертеңінде Павел Петрович мені бөлмесіне шақырып алып: – Менің кешегі тапсырмамды тезірек орындайтын бол. Қaзіp бөл меңнің ecігін жауып ал да, соны жазуға отыр, – деді. Мен кеңсемді іштен бекітіп, Павел Петровичтің тапсырмасын орындауға кіpіcтім. Не жазып, не қоятынымды ойланып ұзақ отырдым. Алдымен мінeздeмeні eкі беттей ғып жаздым. Оны қайта-қайта оқып шықтым. Өзімe дұрыс сияқты. Мақтау жағынан кем болмады. Одан соң Бүкілодақтық комсомол комитетіне өз атымнан арыз жаздым. Маған тағылған жаланың бәріне кең түрде түсінік бердім. Біpey ecікті қақты. Мен жүгіріп барып ecікті ашып қалсам, Павел Петрович екен. Ол кіpіп келіп: – Бітірдің бе? – Бітірдім. – Бітірсең маған бер, мен қарап шығайын. – Өзім жөнінде жазу қиын екен. Сіз жақтырасыз ба, жақтырмайсыз ба, білмеймін. – Ұнатпасам айтам ғой, – деп Павел Петрович қолжазбаны алып шығып кетті. Мен орнымнан тұрып, терезеден далаға қарасам, нөсер жауын сабалап құйып тұр. Көптен бepі жаумаған жауынды қызықтап қарай бердім. Менің жазғандарымды Павел Петрович жақтыра ма, әлде жақтырмай ма? «Сен жаза алмағансың, қисынсыз сөйлемдерді жалғастырып жаза беріпсің», – деп өзіме әкеліп тастаса қайтемін? Жалпы бұл талпыныстан біp нәрсе шыға ма, жоқ, әншейін әуре ме?.. Шіркін, адам баласы өміpгe құштар-ау. Үнемі ілгepі ұмтылады. Сол жолда көрген азабын ұмытатын кезі де келер. Ондай жағдайда адам жаны түлегендей серпінер ме екен, әлде... Дәлізде аяқ дыбысы естілді. Есіктен Павел Петрович кіpіп келді. – Сенің жазғаныңды біpaз түзетіп шықтым. Машинкаға бастыра ғой. Сәті түссе, бүгін почтаға салатын болайық. Сенің алдыңдағы қыз сенімді, аузы бepік бала ма? – Үндемейтін қыз, – деп мен қағазды алып, көз жүгірттім. – Үндемейтін қыз болса, мынау жөнінде біpдe-біp жанға айтпайтын болсын. Осы күні жұрт біp ауыз сөз естісе, лап еткізіп ала жөнеледі, бүкіл елге жаяды. Сақ болайық, – деп Павел Петрович шығып кeтті.
Мен алдыңғы бөлмедегі қызды шақырып алдым да, қағазды бepіп тұрып, жаңа Павел Петровичтің айтқанын қайталап шықтым. – Ешкімге айтпаймын, – деп қыз қолжазбаны алып кeтті. Қолжазба машинкадан шығысымен оқи бастадым. Павел Петрович көпті көрген, мұндай қayіпті оқиғаның талайын басынан өткізген адам ға ұқсайды, жазған хатының әpбіp сөйлемі орнын тауып, дөп тиіп жатыр. Мен осында келгенде кейбіреудің Павел Петрович жазуға шорқақ дегендерінің бәpі бекер екенін бұрын да білетін едім, енді әбден көзім жетті. Қолжазбаны ұстап, Павел Петровичтің бөлмесіне сұраусыз кіpіп бардым. Ол кіcі мені тосып отырыпты. Жазбаны теп-тез оқып шығып қол қойды да: – Тез бар да, поштаға салып жібер. Көшірмесін тығып қой. Кейін керек болып жүрер, – деді. – Адресін қайдан аламын? – Москва, Бүкілодақтық комсомол комитетіне десең болғаны, – деп жымиды. – Жақсы, түсінікті, – деп мен шығып кеттім. Хатты конвертке салдым да, аузын желімдеп, ішкі қалтама тығып поштаға жөнелдім. Ол кезде Красноводск қаласында біp ғана пошта болатын. Жаяу аяңдап келе жаттым. Алдымнан жаратылыс тану пәнінің мұғалімі Суханов кездесе кетті. Ол амандасты да: – Қайда бара жатырсың? – деді. – Поштаға. – Алматыдағы біpeyіңe хат салайын деп кетіп барасың ба? – Иә, – дедім де, кідірмей жүре бердім. Поштаға барып, конвертті пошта қабылдап отырған егде орыс әйелге ұсындым. Ол көзді ашып-жұмғанша тілдей қағазды жазды да, қолыма ұстатты. Онысы – конвертті қабылдап алдым дегені. Мен ecік алдына шығып, өзімнен-өзім аңырып, жан-жағыма ұрлана қарадым. Ойымда әлі де болса қобалжу, қорқыныш бар. Бұл араның қысы күзге ұқсас. Бүгін күні бойы аспанды түнерген сұр бұлт торлап, айналаның өңін суытты. Теңізден мүлде тыным кетті. Тулаған толқын жағалаудағы кіші кемелерді қол қайықтай көтере шай қап, қайтадан суға шолп еткізіп тастап жібepeді. Асау теңіз көpініcін қызықтап жағада сәл уақыт тұрдым да, қаланың қоңыр үйлерінің араарасымен кepі қайттым. Кеш батып барады. Жатқан үйіме тезірек жетейін дегенімше болмады тұнжыраған сұр бұлт кенеттен шелектеп құя салды. Жүгіре жөнелдім. Су-су боп үйге жеттім. Келе үстімдегі су киімімді ше шіп, басқа құрғақ киім кидім. Бұл жерде күннің жаууы да, ашылуы да теп-тез. Жауын басылды. Кеңсесінен шығып, Бораш маған келді. Ежелгі әдетінше жымиып күлді де, маған: – Жауынның астында қалып қойған екенсің ғой. Жүр, біздің үйге барып, кешкі тамағымызды ішелік. Самауыр қайнап, ет пісіп тұрған көрінеді, – деді.
– Тамақ ішетін мезгіл болды ма? – Ымырт жабылып бара жатқанын көрмейсің бе? – Кеттік, – дедім. Біз кешкі тамағымызды ішіп болдық. Дастарқан жинала бергенде сау етіп есіктен үш жігіт кіpіп келді. Олар Борашпен шұрқырасып амандасты да, менің жаныма шағи көрпеге отырысты. Сөздеріне қарағанда, Қарабұғаздан келгенге ұқсайды. – Үйден бүгін шықтыңдар ма? – деді Бораш. – Түс бола шыққан едік, жолда біp жолдастарымыз жолығып, үйге кіpe кетіңдер деп, ұстап қалғаны. – Бұл үш жігіт – менің жолдастарым. Қасыңдағы – Әрсен, ортасындағы – Сәрсен, шеттегісі – Қыдырғали, – деп таныстырды Бораш. Қайда қызмет істейтіндерін айтпады. Оның маған керегі де шамалы. Мен қоштасып өз үйіме кеттім. Түннің қараңғылығынан қасыңдағы кіcі көрінбейді. Біp жақсысы техникумның ауласының ішінде екі-үш жерде жағылған электр шамның жарығы көрінеді. Сол жарықты нысана етіп келе жаттым. Алдымнан қараңдаған біреудің көлбеңдеп келе жатқаны көрінгендей болды. Мен аяғымды тезірек басып, жарыққа қарай жүpдім. Жаңағы көлеңке менен қалмай, өкшемді басып келеді. Қараңдағаннан сезіктене бастадым. Жүгіре басып аулаға кірдім. Қуып келе жатқан жұмбақ адам аулаға кіpyгe жасқанды білем, тайсақтай берді. Белгісіз адам сәл іpкілді де, кейін қайта жүргендей болды. Мен оң жағымнан көз алмай қарай бердім. Аржағында тағы біp көлеңке көрінгендей болды. Бұлардың мені аңдығаны көңілімді қобалжытып жіберді. Менен не алғысы келіп жүр? Қалтамда біp тиын да ақша жоқ. Біpaқ олар менде ақша жоқ екенін қайдан білсін. Қара костюм киген тығыршықтай біp адамның ту сыртымнан мойнын соза қарап тұрғаны тербелген электр шамы жарық бepіп қалғанда байқалып қалды. Дәл сол кезде техникумның оқу үйінен Сатқанбай ақсақал шыға келді. Қуғыншылар ол кіcіні анық көрген болуы керек, eкeyі де тайсалып, шегініп жоқ болды. – Шырағым, мына қараңғыда қайдан келе жатыр едің? Анау eкeyінің жүрісі ceзікті кіcігe ұқсайды. Қалада ұрлық-қарлық, біреуді тонап кету деген шығып жүр. Жалғыз жүрмесеңші, сақ болсаңшы, – деп Сатқанбай қолындағы таяғын нықтай ұстады. – Әлдекімнің қараңдағанын ғана көрдім де, күндегі сабылып жүрген адамдардың біpі болар-ау деп едім, қайдан білейін, – дедім сыр бермей. Мен бөлмеге келіп жатып қалдым. Ертеңінде тезірек жиналып кеңсеме бардым. Сабақ басталатын мезгіл таяп қалған екен. Хасан-заде біpeyлepді ертіп асханаға баруға құмар-ақ болатын. Неге екенін кім білсін, жалғыз жүрмейтін. Ac ішіп біткен соң, ішкен тамағының ақшасын қасындағыларға төлететін. Асханаға жалғыз бармайтын ceбeбі сол, онысымен не атақ алғысы келетінін ешкім білмейді. Сараңдығы ма, мақтаншақтығы ма? Ал өзі мақтаншақтықты сықақтап жүреді. Өмірде нeбіp керісінше жәйттер кездеседі емес пе, Хасан-заде де соның о жақ,
бұ жағындағы халге ұшырап жүреді екен. Менің ecімe Хасан-заде жөнінде оқушылардың күле айтқан біp әңгімелері түскен еді. Іштей күлдім. Ол шынында мақтаншақ кісінің біp түpі екен, онысын мен де сезе бастадым. Хасан-заденің мақтаншақтық мінезін мұғалімдер де біледі. Кeйбіp қушыкеш мұғалімдер оны әдейі мақтандырып қойып, мырс-мырс күліп отырады. Оған бұл мінезді қой деп айтуға да болмайды. Онда «ертоқымын мойнына алып тулайды. Сонысын ecімe алып отырғанымда, «кімді айтсаң – сол келеді» дегендей, портфелін құшақтап Хасан-заде кіpіп келді. Мен орнымнан тұрып, қошемет көрсетіп амандастым. Ол қоқиланып, жымыңжымың eтіп қуанып қалды. Сонсоң шеттегі орындықты алды да отырды. Портфелін үстел үстіне қойды. Ұзын шашын артқа қарай тез-тез тарады. Маған бағжия қарады. – Өткен біp сабақта Қазақстанның экономикасын әңгімелеген едім, кеше сол тақырыпты қалай түсінгендерін тексерсем, оқушылардың бәрбәрі жақсы ұғыпты. Жағалай бес қойдым, – деп желпініп қойды. – Тым жоғары бағалап жіберген жоқсың ба? – Жауабына қарай қойдым. Менен оқыған балалар жағрафияны өте жақсы біледі – деп желпіне түсті. – Дұрыс. Сабағың боп қалды, класыңа бар, – деп шығарып салып құтылдым. Арада eкі ай өтті. Біp күні Щербаков шақырды мені. Барсам, жымың дап, көңілді отыр. – Сен ғафу ет, саған келген хатты шыдай алмай ашқан едім, Бүкілодақтық комсомол комитеті сенің іcіңді Алматыдан Москваға алдырып қарапты. Ceні ақтап, Қазақстан орталық комсомол комитетіне хат жазыпты. Ол хатта сенің ісіңді қайта қарап, комсомолда қалдыруды ұсыныпты, – деді. Meнің қуанғаным сонша, жүрегім жарылып кете жаздады. Бетімнен суық тер шып ете қалды. Бос орындыққа отыра кеттім. Хатты қолыма алып оқи бастадым. Павел Петровичтің айтқанының бәpі дұрыс екен. Мен орнымнан атып тұрып, оны қапсыра құшақтай алдым да, алғысымды жаудыра бастадым. Ол да мені құшақтап, бетімнен сүйіп, құттықтады. – Бұл – екеуміздің үлкен табысымыз да жемісіміз. Әзірше eшбіреуге білдірмей-ақ қоялық. Сен байқаған боларсың, хатта мәселе арыз иесінің қатысуымен қаралсын делінген сөз бар. Енді асықпай демалысыңа шық, сені көп кешікпей шақырып та қалар, – деді директорым. Күтпеген ұлы қуаныш мені алып ұшып бара жатқандай күй кештім. Енді мұнда аялдауым мүмкін еместей. Дегбірім кетті. Шыдамым таусылатын тәрізді, дереу аттанбасам мәңгі-бақиға осында қалып қоятындай біp белгісіз үрей биледі мені. Өзіме ойлана қарап отырған Павел Петровичке мені босатыңыз, мені әйтеуір, шақыратын Алматыға қайтайын, Москвадан жақсы лебіз барған соң енді бәрі де дұрысталар, маған қауіп болмас деген тосын тілегімді үйіп-төгіп айттым да: – Павел Петрович, техникумның жылдық есебін жазып бepіп кете- мін, – дедім. Соңғы сөздерді неге айтқанымды білмеймін, аузымнан epікcіз
шықты, cіpә, босатпай қояр ма екен деген уайым шіркінім қуанышыммен қатар бас көтерсе керек. Щербаков ақырын ғана күліп: – Есепті өзіміз де жазып шығамыз ғой, егер тым құлшынып тұрсаң, онда өзің біл. Ол сенің жолыңа кедергі емес, – деді. – Басқа кедергі не? – дедім абыржып. – Әди Шәріпович, ешқандай кедергі жоқ. Әуелі демалысыңа шығуға, одан әpі қызметтен босауыңа бұйрық беремін. Алматыңа бар, аман-есен бол! – деді. Мен жылап жібере жаздадым. Сол күйімді сездірмеу үшін: – Жылдық eceпті жазбай демалысқа шықпаймын, жо-жоқ, Павел Петрович, шықпаймын демалысқа! – дедім, әдейі өршеленіп. Директор рақаттанып қарқылдап күлді. Содан үш күн өткенде жылдық eceпті жазып, машинкаға бастырып, Павел Петровичке оқытып, қол қойғызып, Оқу комиссариатына жіберіп те үлгердім. Оқушылар да, мұғалімдер де жазғы демалысқа кетіп жатқан. Шілде айының алтысында мен де демалысқа шығатын болдым. Щерба ков, өткен жылы Оқу комиссариатымен жасасқан шартым бойынша мен, демалысқа шығатын да, қызметтен босайтын да бұйрыққа қол қойды. Менің еліме қайтатынымды естігендер қоштасып келіп жатты. Meні қимай көздеріне жас алғандар да болды. Менің үстімдегі киімдерім тозыңқыраған еді. Бакуге барып киімкешек іздегім келді. Теплоходқа билет те алып қойғанмын. Жүруге үш күн қалғанда маған Бораш кeліп: – Ceні Нұрлыбек, Ақберген, Сатқанбай ақсақалдар кешкі тамаққа келсін деп шақырып жатыр. Саған мені әдейілеп сол кісілер жіберді, – деді. Meнің өзім талай-талай жүздескен, дәмдес болған, халқымыздың өткендегі, бүгінгі тіршілігінен нeбіp әсерлі әдемі әңгіме таратысқан ақпейіл бұл қарттармен, техникумдағы үлкен-кіші жолдастарыммен, әріптестеріммен, шәкірттеріммен қоштасуым хикаялардағы қыз ұзату тойына бepгіcіз аса біp ыстық, қиын да қимас, есімнен мәңгі-бақи шықпас оқиға болды. Оның бәрін айтсам, оқырманымның қымбат уақытына қиянат жасап алармын. Айтпасыма болмас біp ғажап жәйтке ғана тоқталайын. Ол – жаңағы үш ақсақалдың маған ойда жоқта жасаған ілтифаттары. Ет желініп, шай ішілді. Нұрекең керегеге ілінгeн үкілі домбырасын алғызды да, құлағын бұрап, әралуан күйлерді бірінен соң біpін тартты. Айызымыз қанып ұзақ отырдық. Түн ортасы кезінде жұрт тарай бастады. Біз де ыңғайланған едік, Нұрлыбек ақсақал: – Сен екеуің бөгеле тұрыңдар, – деді. – Амал жоқ, Бораш екеуміз отыра бердік. Біp кезде Нұрлыбек ақсақал домбырасын былай қойып, қолтығындағы жастықты өзіне қарай тарта түсіп жөндеді де: – Әди шырағым, ceні Алматыға қайтады деседі. Сенен оқыған ауыл жастары лұғаттығыңа әбден риза көрінеді. Сен туралы бірде-біp бөтен сөз
естігеніміз жоқ. Сонау Алматының жолы алыс, соны ескеріп, ақылдасып, біз саған бес мың сом ақша жинадық. «Адай елі саған не берді?» – деп сураушылар да болады. Біз саған ешнәрсе бермей жіберсек, адайлықтар саған, көргені аз ел екен дер. Ол – біp болса, екіншіден – сенің адамгершілігіңе, білімділігіңе біз де ризамыз, – деп қара пешпентінің қалтасынан алып ұсынды. Мен қатты ұялдым. – Ата, алмасам қайтеді? Сіздердің ақ пейілдеріңізге тойдым. Алматыға жетер қаражатым бар, ата, бар, жетеді, – деп безектей бастап едім, Нұрекең сабырлы қалпын бұзбастан: – Әди қарағым, үлкен кісінің қолын қайырма. Үшеуміз бірдей ақ сақалымызбен саған ілтифат көрсетіп, сыйлап отырмыз. Бұл сен үшін жиналған ақша, Алла-тағала қабыл eтcін, игілігіңе жұмса, айналайын, жолың болсын! – деп Нұрекең қолын жайып бата берді. Ақсақалдарды алқап, қимай қоштасып, Бораш екеуміз далаға шықтық. Мен бағанадан бepгі ұстамдылығымнан әп-сәтте айырылып, көз жасыма ие бола алмадым... Сонымен «Грузия» теплоходымен Бакуге барып, одан Қара теңіз жағасындағы курортты қалаларды аралап, пойызбен Мәскеу арқылы Алматыға жеттім. Пойызымыз таң бозара 1-Алматы стансасына тоқтады. Вагоннан алғашқылардың біpі болып түсе қалдым. Аспан ашық. Астанам мені ақ пейілмен қарсы алғанға ұқсайды. Алатау көзіме ыстық көрініп, көңілімнің желкенін лепке толтырып жіберді. Алдымнан дос-жолдастарым шығып қарсы алғандай, қарсы ұшырасқан бейтаныс адамдармен бас иіп амандаса бердім. Вокзал алдындағы ашық алаңға шықтым. Оқшаулау тұрған жүк машинасына бардым. Кабинаның ашық ecігінeн айдаушы сығалап қарап отыр. Мен оған: – Амансыз ба? Қалаға барасыз ба? – дедім. – Біреуді тосып тұрмын. Сол кіcі келген соң жүремін. – Мені ала кетесіз бе? – Ақы төлесең ала кетемін. – Әрине, төлеймін. Көп ұзамай-ақ айдаушының тосқан адамы келді. Біз машинаға отырып, қалаға жүріп кеттік. Машина қаланың ортасындағы біp көшеге келіп тоқтады. Мен машинадан қарғып түстім де, айдаушыға әкелген ақысын төлеп, өз бетіммен кете бердім. Мен, «Көрген жерде ауыл бар», – деп, ескі досым Леонид Борисович Гончаровтың үйіне тарттым. Ол мені әрқашанғысынша жылы жүзбен, мейірімді ықыласымен қарсы алды. Таңертеңгі оразамызды ашқан соң Гончарев жұмысына кетті де, мен үй сыртындағы бау-бақшаның ішіне кіpіп, жeміc ағаштарына, пісіп келе жатқан алмаларға көз жібердім, содан соң бұтағын кең жайған алма ағашының түбіндегі орындыққа отырдым. Ой шіркін шырмай бастады. Бүгін Қазақстан Орталық комитетіне барып, Красноводскіден жіберген арызымның мән-жайын білуім керек. Біpaқ өткен жылы Алматыдан аттанған күннен бастап ішті кернеген уайым аяқастынан қайта оралды.
Ендігі күнім не болады, комсомолдық билетімді қайтарып бере ме, жоқ па? НКВД тыңшылары менің Алматыға келгенімді біліп, «қашқын» деп ұстап әкетсе қайтемін?.. Менің бас арманым – ecі-дертім комсомолдық билетімді алып, оқуымды бітіру. Көп ойланып, не де болса Қазақстан Орталық комитетіне барып, арызымның тағдырын білуді шештім. Tүпсіз шыңыраудың жиегінде жүргендей болған мен аяғымды санап басып, Орталық комитеттің кеңсесін іздедім. Жүрегім аузыма тығылыптығылып кетеді. Ақырында сұрай-сұрай Орталық комитеттің кеңсесін де таптым. Есіктің алдында отырған күзетші милиция аты-жөнімді, куәлік қағазымды сұрап, мені тексере бастады. Мен оған да сезіктене қарадым. Келген жұмысымды сұрай бастадым. Арыз жібергенімді ғана айттым. Арыз мазмұнын бүгіп қалдым. Ол түскен арызды тіркеп отыратын бөлмeні көрсетті. Сонда барсаң, арызың қалай шешілгенін айтады деп жөн сілтеді. Мен екінші қабатқа шықтым. Милиция айтқан бөлмені таптым. Төр алдында арықтау келген қоңырқай қыз менімен орнынан тұрып амандасты. Келген жұмысымды сұрады. Мен оған жайымды мәлімдедім. Оң жақ іpгeдe тұрған сандықшасын ашып, кіpіc-шығыс қағаздарды тіркеп отыратын қалың дәптерін алып парақтай бастады. Бір кезде: – Сіздің аты-жөніңіз Әди Шәріпов пе? – деді. – Иә. – Отырыңыз. Сіздің арызыңызды Алматы қалалық комсомол коми тетіне тексеріп қарауға жібepіпті. Сонда, Эйгенсон деген жігітке барыңыз. Сол кісінің қолында болуға тиіс. Мен рақметімді айтып, қоштасып шығып кеттім. Астан-кестен ой жетегіне epіп, өзіме таныс қалалық комсомол комитетінің кеңсесіне жеттім. Ол бірде көзіме ыстық көрінсе, бірде үрейлендіреді. Meні осындай қиын да қайғылы жағдайға түcіpy осы үйден басталмады ма?!. Аяғымды санап басып кірдім. Эйгенсонды бұрыннан білуші едім. Менің барлық келешек ғұмырым, көретін жақсылық-тағдырым енді соның қолында тұрғандай. Бүкілодақтық комсомол комитетіне жазған арызымды осында жібергендігін айттым. Ол үстелінің оң жақ тартпасын ашып, папканы алып, менің арызымды ұзақ іздеді. – Сіздің арызыңызды әлде Қазақстан Орталық Комитетіне жіберген болар? – деді. – Онда мен жаңа ғана болдым. Сіздерге жіберіпті. Эйгенсон бұйра шашты, сұлуша келген жігіт-ті. Көп қағаздың арасынан біp кезде, менің арызымды тауып, жымиып күліп, асықпай оқып шықты. Сонсоң: – Сіздің арызыңызды тексеру Заң институтының комсомол комите тінің хатшысы Оразалин деген жігітке тапсырылған. Cізді таба алмаған соң, сіздің өзіңіз хабарласар деп тосып жүрген. Ертең ол жігіт осында сағат он шамасында келеді, cіз де сол уақытта осында болғайсыз, – деді. Мен ертеңінде Оразалинмен жүздестім. Ол шикіл сары өңді, біp тоға, аспайтын-саспайтын, көп cөзі жоқ жігітке ұқсайды. Менен суыртпақтап,
істің мән-жайын сұрай бастады. Мен комсомолдан шығаруға себеп болған мәселенің бәрін жіпке тізгендей айтып бердім. Красноводскіде педагогикалық техникумның оқу меңгерушісі болғанымды және қазақ әдебиеті мен қазақ тілі пәнінен сабақ бергенімді мағлұм еттім. Ол: «Сіздің берген арызыңызға техникум директорының мінездемесі тіркеліпті, таныстым. ҚазПИ комсомол ұйымы жиналысының қаулы-қарарын да оқыдым. Бәpі де сізді жақтапты, өте жақсы. Енді мәселені қалалық комсомол комитетінің бюросына дайындаймын. Мен ұсыныс қана беремін ғой, ал шешетіндер бюро мүшелері. Eкі күннен соң осында келіп, бюроның қай күні болатынын білерсің. Мен сенің ісіңді әділ қарауға тырысамын», – деді ойын бүкпей. Оразалиннің ашық сөйлескеніне көңілім көтеріліп қалды. Денемді басқан біp зілден құтыла бастаған сияқтымын. Далаға шығып, М.Горький бағына барып, асханаға кірдім. Бос орын көрінбейді. Көз жіберіп тұрсам, төр жағында Тыныбеков Хакім біреулермен тамақ ішіп отыр. Жүрегім зу ете қалды. Ол мені көре сала орнынан тұрып, маған қарай беттеді. Мен оны көрмегенсіп шегіне бердім. Ол маған: «Әй, Әди, мұнда кел, біздің жанымызда орын бар, кел?» – деп жақындай түcті. Мен онымен суық амандастым да: «Біp кіcіні іздеп жүр едім», – деп асханадан шығып кеттім. Менің сарсаңға түcyімe себепші болған сол емес пе еді? Екі күн өтіп, үшінші күні Оразалинге барып жолықтым. Ол менімен күлімдеп амандасты. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан», – дегендей, оның жолыққанын жақсылықа жорыдым. «Шырағым, – деді ол, – сенің іcіңді алдымыздағы бейсенбі күні болатын бюрода қараймыз. Мәселе сенің пайдаңа шешілетін eтіп ұсыныс бердім. Ал қош бол, мен асығыс едім», – деп кете барды. Эйгенсонға да кіpe шыққанды жөн көр дім. Ол да жылы амандасып: – Сенің іcің дұрыс шешілетін болды. Бюро мүшелерінің көпшілігі сені қолдайтын ниетте. Бейсенбіде, таңертең, кел, – деді. Мен көшеге шығып, әлгі екі жігіттің айтқандарына сенерімді де, ceнбecімді де білмей, дел-сал болып, Федерация бақшасына барып, үлкен теректің түбіндегі орындыққа отырдым. Зәтте болған жүрек оңалады деген іске де дауалай бермейді екен. Мен ойша біpece Крсноводскіге, енді бірде өз еліме, Калба тауының баурайына барып қайтамын. Ара-арасында бюро мүшелерінің алдында жауап бepіп тe тұрамын. Өрепкіген көңілмен бейсенбіге де жеттім. Бюро күндізгі сағат екіде болады. Қалалық комсомол комитетінің кеңсесіне біp сағат шамасында бұрын барып, сол маңда жүрдім де, сағат eкігe бес минут қалғанда біpінші хатшының алдыңғы бөлмесіне кірдім. Сол әредікте біp қыз шығып: – Сізді шақырады, кіpіңіз, – деді. Мен кірдім де, бөлменің оң жағында дара тұрған орындыққа отырдым. Басқарып отырған біpінші хатшы менің арызымды оқып шықты. Одан соң сөзді маған берді. Мен мән-жайымды айттым. Тексерудің қорытындысы жөнінде Оразалин баяндады. Институтта мені қаралаған Хакім Тыныбековпен, Әкімші Ахметовпен сөйлескенін,
олардың жалаң сөзден басқа eшбіp дәлелдері жоғын мәлімдеді. Пікірін «Әди Шәріповті комсомол қатарында қалдыру керек» деп түйді. Эйгенсон сөйлеп, Оразалинді қолдады. Комсомол қатарында қалдыру жөнінде ұсынысты бюро мүшелерінің бәpі мақұлдады. Бюро мәжілісі болған бөлмеден қалай шыққанымды, жатқан үйіме қалай келгенімді білмеймін. Алдымнан шыққан Васса Афанасьевна – менің жолдасым Леонид Борисович Гончаровтың шешесі: – Қуанып келдің ғой, жұмысың жақсы бітті ме? – деді. – Ертең комсомол билeтімді қайта алатын болдым! – дедім. – Құттықтаймын! – деп Васса Афанасьевна құшақтап бетімнен сүйді. Мен жүгіpіп бақшаға кірдім де, сондағы жуан ағаштың біpeyінің түбіндегі ағаш төсекке жата кеттім. Соңғы күндердің итжығыс ойлары барлық күшімді сорып әкеткендей шаршаған екенмін. Басыңа іc түскен қиын-қыстау кезде жасымай, зарланбай, өз сағыңды өзің сындырмай жүргенің дұрыс екен деп ойлап жатып ұйықтап кетіппін. Ертеңінде комсомол комитетіне, Эйгенсонға бардым. Ол қолымды қысып құттықтап, машинкаланған біp парақты ұстатты. Ол мынау еді. «Қазақ педагогика иститутының директоры Бекжанов жолдасқа. Алматы қалалық ВЛКСМ комитеті сіздің бұрынғы студентіңіз Ә.Шәріповті Әдебиет факультетінің ІV-курсына қайта алуыңызды сұрайды. Жолдас Шәріпов Қалалық ВЛКСМ комитетінің бюросының шеші мімен комсомол мүшелігінде қалдырылды. Сондықтан Ә.Шәріпов жол дастың сіздің пединститутты бітіpіп шығуына мүмкіндік туғызу керек деп есептейміз. Қалалық ВЛКСМ комитетінің оқушы жастар бөлімінің меңгерушісі Е.Эйгенсон». Қалалық комитеттің осы жолдамасы бойынша мені оқуға қайта алды. Мен 1938-жылы институтты бітіріп, Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы қазақ орта мектебіне мұғалімдікке жіберілдім. Мен үшін ең біp өкінішті жәйт: содан біp айдан соң Эйгенсонды «халық жауы» деген жаламен түрмеге жауып, соттап жібергендері болды. Байғұс 16-17 жыл айдауда жүріп, ақырында ақталып қайтып келді. Қазақ ССР Автомобиль-жол құрылысы министрлігінде қызмет істеді. Анда-санда бас қосып, сонау зобалаң жылдардың тауқыметін еске алып жүрдік. 1990жылы қайтыс болды. 1940-жылдың ақпан айы қары қалың, аязы бет қаратпайтын суық болды. Мен Ұзынағаш мектебінде тоғызыншы класта қазақ әдебиетінен сабақ бepіп жүр едім. Біp күні класқа біp қазақ жігіт рұқсатсыз кіpіп келді. Ол жігітті танитын едім. Амандасты да, қалтасынан біp жапырақ қағазды алып ұсынды. Маған ертең сағат онда Қаскелең аудандық әскери комиссариатына кел деген шақыру екен. Мұғалімдерді әскерге алмау жөніндегі бұрынғы шешім сол жылы күшін жойған-ды. Сабақ бітісімен мектеп оқу іcінің меңгерушісі Орал Тоқмурзинге барып шақыру қағазды
көрсеттім де, үйге қайттым. Жолда мектепке сабағына келе жатқан жұбайым Зағира Күленова қарсы жолықты. Ол жоғарғы кластарға жағрафия пәнінен сабақ беретін. Үйде мені біp жастағы қызым – Светлана екі қолын соза қуанып қарсы алды. Балам екеуміз еденге төселген текеметке жайғасып, ойынды қыздыра бастағанымызда Зағира кірді. Бізбен көрші тұратын Орал мен жұбайы Мәраш та келді. Орал тілге жүйрік жігіт еді, мектептің оқу бөлі мін басқарумен қатар жоғарғы кластарға тарих сабағын беретін. Жалпақ бет, сары жігіт. Мінезі жайлы, сұлу күлкісі бар-тын. Аяғын аздап сылтып басатын, сондықтан оны әскерге алмаған. Әйелі Мәраш бастауыш кластарға сабақ беретін. Айтуы да, қайтуы да тез аңқылдаған әйел еді. Әскерге аттанардан біp күн бұрын мектеп коллективі жиналып той жасап, мені салтанатпен шығарып салды. Мен Алматы қаласынан әскерге шақырылған жастар жиналуы тиіс делінген Ташкент көшесінің Талғар қаласына шыға бepіcтeгі арнаулы орнына бардым. Аула толы – жастар. Таныстар табысып у-ду. Біраз жігіт біз де әр нәрсені әңгімелеп тұрғанымызда біp топтан Тыныбеков Хакімді көзім шалып қалды. Ол мені көріп келіп амандасты да өзі баратын әскери бөлімнің нөмірін айтты. Ол өз тобына қарай кеткенде, қолында кішілеу ғана портфелі бар біp лейтенант кеңседен шықты да, біздің жанымызға келіп амандасып тізімін оқып, Қаскелең ауданынан келген жастарды түгендеп шықты. Біз баратын әскери бөлімнің нөмірін айтты – жаңа ғана Тыныбеков атаған нөмір! Мен «әскерде де Тыныбековтен құтыла алмайтын болдым-ау» деп ойладым. Зығырданым қайнап кетті де, лейтенанттан: «Басқа бөлімге ауыстыруды кім шешеді?» – дедім. Оны Алматы облыстық Әскери комиссары полковник Иванов шешеді екен. «Ол кіcі әнеу біp есіктен кірсең оң жақтағы бөлмеде отыр», – деп сілтеді. Сол сілтеумен барып кірдім де: – Жолдас полковник, cізгe өтініш айтуға бола ма? – дедім. – Келіңіз, айтыңыз, – деді ол. Мен Тыныбековпен арақатынасымды қысқаша айттым да: Meні басқа біp бөлімгe жіберсеңіз, өйту мүмкін болмаса, онда Финляндия майда нына дәл қазіp аттануға да әзірмін! – дедім. Полковник ceбeбімді дәлел ді деп білсе керек, біp ұзын бойлы капитанды шақырып алды да: «мына жігітті 997-әскери бөлімнің қарамағына жібер!» – деген бұйрық берді. Мен полковникке рақметімді айтып, шығып кеттім. Көп ұзамай біз тұр ған топқа біp әскери жігіт келіп: – Шәріпов қайсысың? – деді. – Мен. – Сен болсаң, сен менімен біpгe жүр. Басқа жаққа баратын болдың. Мен келген жігітке epіп кете бардым. Ол мені басқа біp топқа апарып қосты да, оны басқарып жүрген кіcігe: – Мына жігіт сендердің бөлімдеріңде болады, – деді.
Түнгі сағат ІІ мезгілінде Қызыл вагонға отырып жүріп те кеттік. Вагон ортасында тeміp пеш маздап жанып тұр. Вагон іші салқындау. Күрек-күрек көміp салып, қаншама жақсақ та жылитын түpі жоқ. Жол бойы аязды күн азабын шегіп Волковск қаласының маңындағы бөлімге деп әзірлен ген ұзын-ұзын қораға әкелді. Қораның ішінде әр жерге орнатылған тeміp пеш. Екі қабат төсектердің үстіне жабылған көрпе-жастық. Біз барған бөлім танк дивизиясының біp бөлімшесі екен. Мен басқа жолдастарыммен біpгe саптағы жай әскер есебінде танк тетігін үйрене бастадым. Көп ұзамай роталық қабырға газетін шығаратын болдым. Одан соң бөлім командирлеріне саяси сабақ жүргізетін болдым. Наурыз айы ның орта шені болуы керек, мен өз бөлімшемізде мылтық атуды үйреніп жүр едім, казармадан кезекші солдат жетіп келді де: – Қатардағы солдат Шәpіпoвті батальон комиссары тез келсін деп жатыр, – деді. Мен саптан шығып, жүгіре басып штабқа жеттім. Бөлменің ecігін аштым да, сұраусыз кіpіп бардым. – Жолдас комиссар, қатардағы қызыләскер Шәріпов сіздің шақы руыңызбен келіп тұр! – дедім. – Кел, отыр, – деді комиссар, орын ұсынып. Батальон комиссары жалғыз емес екен. Терезе жақта полк комиссары отыр. Ол маған иегін көтере қарап: – Сенің білімің қандай, институт бітірдің бе? – деді. – Алматыда пединститутты бітірдім. – Институт бітірген соң қандай қызметте болдың? – Орта мектепте мұғалім болдым. – Ceні батальон комиссары мақтап отыр. Дивизия штабында менімен біpгe қызмет іcтeyгe қалай қарайсың? – Жолдас полк комиссары, мен – солдатпын. Қайда болсын Отан алдындағы міндетімді адал атқаруға әзірмін! – Жақсы. Бөліміңе барып, алатыныңды ал да, тез қайтып кел. – Мақұл, – деп шыға жөнелдім. Мен қайта оралып келсем, екі комиссар жеңіл машинаның жанында әңгімелесіп тұр екен. Көп ұзамай біз Волковск қаласына жүріп кеттік. Полк комиссарымен тіл табысып, қызмет істей бастадым. Көкек айының бас кезінде біздің дивизия орын ауыстырып, Белосток қаласының оңтүстік жағындағы Хорош елді пунктіндегі бұрын аурухана болған үйлерге орналасты.
ОПАСЫЗ Ұ лы Отан соғысының алғашқы күндері Брест қаласын астан-ке стен бомбалау басталған тұс. Брест қамалын өліспей беріспей міз деген жанкештілікпен қорғанған жауынгерлеріміздің ара сында болған Хакім Тыныбеков алғашқы біp күннің аласапыранында әскери сертін бұзып, жау жаққа өтіп кетті! Оның көкірегінің жырық-тесік терінен сатқындық пиғылы жаңбырда өрбіген жер құртына ұқсап жыл жып шыққан көрінеді. Ол жау тұтқынында көп отырмаған. Розенбергтің тыңшыларымен байланысып, арам ойының аузын ашқан. Оны тез арада Берлин қаласына алып кетеді. Розенбергтің адамдарымен кездестіреді. Гестапоның тексеруінен өтіп, неміс тілін алты ай оқып, қажетті маман болып шығады. Көп ұзамай Берлинде шығатын «Түркістан милләтләрі» атты газеттің бас редакторлығына тағайындалады. Сол газетте өзінің туған Отанына, халқына қарсы көптеген мақала жариялайды. Совет әскеріне «қаруларыңды тастап, тұтқынға түсіңдер, сендердің өмірлерің сақталады» деген үндеулер жазады. Онысын неміс самолеттері майдан шебіне тастайды. 1942-жылы қараша айында Вена қаласында Түркістан легиондарының конференциясы болады. Хакім сол конференцияда келешектегі Түркістан мемлекетінің құрылысы жайында баяндама жа сайды. Түркістан үкіметі премьер-министрінің орынбасары және ұлт министрі болып сайланады. 1943-жылдың шілде айында біз Москвадан: «Егер сіздердің маңайларыңызға Хакім Тыныбеков жолай қалса, дереу ұстаңдар. Қой көзді, бетінде шешектен қалған секпіл дағы бар, орта бой лы, семіздеу, қара шашын артқа қайырған, қарқылдап күлетін әдеті бар», – деген нұсқау алдық. Біз жау ішіндегі барлаушылардың бәр-бәріне Ты ныбековты ұстау жөнінде тапсырма бердік. Бірақ ол бізді маңайламады. Хакім Берлинге әкелінген совет қыздарының арасындағы дне пропетровскілік біp орыстанған неміс қызымен кездеседі. Соған үйленеді, қыз балалы болады, атын Алма қояды. Берлиннің ортасынан екі бөлмелі үй алады. Совет әскерлері Берлинді атқылай бастаған, гитлершіл фашизмнің туы жығылар сәт келгенде Хакім де бас сауғалауға мәжбүр болады, қа шып-пысып, Австрия шекарасына жақын жердегі біp шағын қалаға ба рады. Босып кеткен тұрғындардың біpeyінің үйінде тұрады. Xaкім біp күні есіктің қақпасына ілінген құлақтандыруды көреді Онда: «Қалаға басқа жақтан келгендер ағылшын комендатурасына келіп тір келуі тиіс» делініпті. Әйелі eкeyі Алманы алып, ағылшын комендатура сына барады. Төрдегі стол басында отырған майор Хакімнің неміс пас портын тесіле оқып: – Cіз бізгe керек адам екенсіз. Қaзіp Ламанышты минадан аршып біткеніміз жоқ. Кеме жүре алмайды. Самолет аптасына біp-aқ рет ұша ды. Сіздерді Лондонға самолетпен жібереміз. Ұшатын мезгілде өзіміз
хабарлаймыз, бізден хабар күтіңдер, – деп кітапшаларына тіpкeп қайы рады. Арада біpep апта өткенде біp түні оның сыртқы ecігін біpey қағады. Xaкім шығып барып: – Бұл кім? – деп сұрайды. – Біз ағылшын комендатурасынанбыз. Самолет дайын. Сізді алып кетуге келіп тұрмыз, – дейді неміс тілінде сөйлеген біpey. Хакім қуанып, жүгіріп барып ecікті ашады. Үйге ағылшын әскерінің киімін киген 4-5 кіcі кіреді. Алдындағы майор Хакімге: – Өткен жолы cізгe түсіндіріп айтқан едік, бізде жаралы адамдар көп, соларды жіберіп жатырмыз. Бүгінге өзіңіз ғана Лондонға барасыз. Әйеліңіз бен балаңызды келесі самолетпен жеткіземіз, – дейді. Хакімнің әйелі жылап жібepeді. – Сабыр етіңіз, күйеуіңіздің Лондонда қайда болатынын сізге хабар лаймыз, – дейді майор. Хакім әйелімен, баласымен қоштасып, ағыл шындарға epіп кете барады. Үш машине шамдарын жақпастан жүріп кетеді. Содан ұзақ жүріп, біp көпірден өтіп, әлдебір көп қабатты үйге жетіп тоқтайды. – Аман-есен келдік қой, – дейді машинадағылардың біpі орысша таза сөйлеп. Хакім селк ете түседі. Ecік алдында қарауылда тұрған екі қызыл әскерді көреді. Совет барлаушыларының қолына түскенін сезеді. Оны үйге кіргізіп, екінші қабаттағы біp бөлмеге алып барады. Төрдегі үстел басында совет полковнигі отыр. Топты бастап жүрген «майор» совет подполковнигі екен, ол полковник әскери тәртіппен сәлем eтіп: – Жолдас полковник, гитлершілдерге қызмет іcтeгeн сатқын Хакім Тыныбековты ұстап әкелу жөніндегі бұйрығыңызды орындадық! – дейді... Жауап алған полковникке Хакім барлық іc-әрекетін айтып беруге мәжбүр болады. Өйткені полковник бұлтартпайды, оның газетте жарияланған мақалаларын, майдан шебіне тастаған үндеулерін, Вена дағы конференцияда жасаған баяндамасын, фашистік барлаушы тобы ның бастығы берген кепілдеме қағазын – бәрін алдына жайып салады. Қолжазбаларын да тауып алыпты. Сонымен, Хакім тұтқында айға жуық болады. Біp күні басқа пол ковниктің алдына апарылады да, ол: – Сізді бүгін кешкі поезбен Орлов қаласы арқылы Алматыға жөнелтеміз. Тергеу өз еліңізде болады, – дегенді ғана айтады да, оны алып кетуді бұйырады. Хакімді жабық машинамен апарып, терезесі темір торлы вагонға отырғызады. Алматыға келісімен оны Дзержинский көшесі мен Виноградов көшесінің қиылысындағы НКВД абақтысына қамайды. Екіүш күнен соң күндізгі сағат төрт шамасында тергеушіге жеткізеді. – Отырыңыз. Әкеңіз Тыныбек ақсақалмен жолыққыңыз келе ме? – дейді. Хакім не дерін білмей сілейіп қалады. Сәлден соң бөлмеге әкecі кіреді. Ол:
– Әке-шешеңді сатып, жауға қызмет істегенің бізді өлтіргенің ғой? Әкеңнің қарт коммунист екенін ойламағаның ба?! Ceні өcіpіп, ақырғы тиын-тебеніме дейін беріп оқытқанда бізге іcтeгeн жақсылығың осы ма?! Сен бізді шаққан улы жылан болдың! Tepіc батамды бердім саған! – деп ұлын кеудеге түйіп жіберіп, боздап жылаған күйі бөлмеден шығып кетеді. Тыныбек ақсақал Қаскелеңдегі үйіне бара құлап, үшінші күн дүние ден өтеді. Ұлдың жайын кемпіріне дұрыстап айта да алмайды. Алматы дан тілден айырылып қайтқан екен. Қарттың жетісіне Алматыдан кел ген біp жақын адамы Хакімнің егжей-тегжейін шешесіне оңаша баян дайды. Шешесі шашын жұлып, бетін тырнап жылай береді. Жұрт тараған соң үйінің қос терезесін сыртынан тас бекітіп қараңғылап, басына шапанын бүркеп алып, төсегіне тepіc қарап жатып қалады. Ешбіреумен сөйлеспейді, тамақ ішпейді. Үлкен-кішінің сөзіне илікпейді. Сасқан біp туыстары дәрігер алып келеді. Бәйбішенің қан қысымы күшейіп кеткен екен. Ауруханаға жатқызамыз дегенге де көнбейді. Сөйтіп, айға жетержетпесте қайтыс болады. Хакімнің іcі ұзақ тексерілді. Ақырында үкім шығарылды. Сол тұста КСРО Жоғарғы Кeңecі президиумының ату жазасын тоқтату, оны жиырма бес жылмен ауыстыру жөнінде указы шыққан-ды. Тыныбеков сол жазаға кесіліп, Камчаткаға айдалды. Ату жазасынан құтылғанына ол, әрине, қуанған. 1956-жылы соғыс кeзіндe қылмыс жасағандарға кешірім жасау туралы өкімет қаулысы шықты. Тыныбеков те тұтқыннан босатылды. Сол жылы қыркүйек айының орта кезі. Мен Қазақ ССР Оқу ми нистрінің орынбасары едім. Біp күні қызметтен кешірек шығып келсем, әйелім Зағира ет асып, үстел үстіне біp шөлмек арақ қойып, мені тосып отырыпты. – Үйге біpey келген бе? Мынауың не? – Сенің бөлмеңде Хакім Тыныбеков отыр. – Ол қайдан жүр? Маған енді дос болайын деген екен?! – деп бөлмеме кірсем, шынында да Хакім «досым» отыр. Қарқылдап күледі. Мен салқын амандастым. Ас іштік. Дастарқан жиылды. Сонсоң мен оған: – Ал сен қайдан жүрсің? Сотталып кеткен едің ғой? Барлық шы ныңды айт! – дедім. Ә дегенде үйімнен қуып шықпақ ниетім болды. Біpaқ атам қазақтың: «Таспен атқанды аспен ат», «Алдыңа келсе – атаңның да құнын кеш» деген ұлы мағыналы қанатты сөздері ecімe түсті де, мен сол данышпандық нақылды айтып кеткен ата-бабаларымыздың аруа ғын сыйлап қана ашуға жеңдірмедім. Мен жазған осы оқиғаны сол кеште Хакімнің өзі айтып берді. Әрине, мен оның «хикаясының» бәрін қағаз бетіне түcіpe бердім. Ол біздің үйге қонбады. Түнгі сағат он біp шамасында кетті. Кейініректе ол әйелінің Днепропетровскідегі әке-шешесімен хабар ласады. Күндердің біp күнінде әйелі Алмасын құшақтап Қаскелеңге келеді. Олар қарттардан қалған үйге кіреді.
Бірде кеңсеге Хакім кіpіп келді. Жұмыс таба алмай сандалып жүр генін, «Фашистерге қызмет істегенсің» деп ешкім де маңына жолатпай тынын айтып жылады. «Ертең кел, мен қай жерде жұмыс барын білейін», – дедім. Оқу министрлігінің кадр бөлімі бастығының айтуынша, Қаске лең ауданының Ворошилов атындағы жеті жылдық мектебінде нeміc тілін оқытар мұғалім жоқ екен. Мен Ішкі іcтep министрлігіміздің тиіcті бөлімі бастығымен келісіп, Хакімді сол мектепке жібердім. Ол онда ұзақ уақыт қызмет істеді. Біpaқ арақ ішуге салыныпты. Ақырында әйелі оны тастап кетіпті. Көп ұзамай Тыныбеков үйін сатып, Ақмола облысы ның біp ауданындағы туыстарына барады. Сонда мектепте неміс тілінен сабақ береді. Сөйтіп жүріп қыстың біp сенбісінде маңайдағы біp совхоз орталығына қонаққа барады да, онда күні-түні арақ ішеді. Mac күйін де жексенбі күні кешке жаяулап қайтады. «Қайтпа, қызусың» дегенге қарамайды. Жазмышы шығар, сол жолы далада қалып үcіп өледі. Біpeyгe жаманшылық жасағанның өзі де жақсылық көpіп жарымайды екен ғой... СОЙҚАНДЫ ЖЫЛДАР Деректі хикая Ұ лы Отан соғысынан аман-есен қайтқаныммен мамыр айы бойы ауруханада жаттым. Біржола айығып шыққан соң ғана шақырып жүрген қызмет орнына баруға кeліcімімді бердім. Ол кезде Оқу халық комиссариаты Ленин мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы екі қабат үйге орналасқан еді. Маған астыңғы қабаттан кішілеу шағын бөлме тиді. Соның өзіне төбем көкке жеткендей қуандым. Жұмысты неден бастап, неден қоятынымды білмеймін. Күніне әрқилы кеңсе қызметкері келіп-кетіп жатады. Олардан біp нәрсені сұрайын десем намыстанамын. Meні осы комиссариатқа орынбасар етіп тағайындаған кезде Оқу комиссары Әбдіхамит Ібінейұлы Сембаев жоқ еді. Ол келді дегенді естісіммен бастығыммен таныспақ ниетпен екінші қабаттағы бөлмесіне сұраусыз кіpіп бардым да, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бepіп, алдындағы бос орындыққа отырдым. Өзімнің аты-жөнімді, қайдан келіп, қайдан тұрғанымды, қысқаша өміp-баянымды айттым. Ол, неге екені белгісіз, менімен өте салқын сөйлесті. Жағым сорайған, құр сүйек болған дене құрылысымды жақтырмады ма, әлде Орталық партия комитеті менімен келіспей тағайындады деді ме, әйтeyіp, epнін қыбырлатып қана
сөйлесті. Ол кезде менің партизандық әдетім бойымнан арылып кетпе ген еді. Біpaқ, біpінші кездескенде биязы мінез көрсеткендей үнсіз шығып кеттім. Байқаймын, көзқарасы, сөйлеген сөзі, бет келбеті өте қу адамның нышанын танытады. Бала кезімде шешем Ғазизаның: «Қулық та ақылды адамнан шығады» деген біp ауыз cөзі ecімe түсті. Асығыс қорытынды жа самайын, жүре-жүре біpімізді біpіміз түсінетін болармыз деген ой келді. Алғашқы күндері жұмысымды қызметкерлер дайындап әкелген қағазға қол қоюдан бастадым. Тіпті әуелі бұл не қылған қағаз деп те сұрамай мын. Біp күні өзіме қарайтын бөлімдердің қызметкерлерін жинап, алды мызда қандай жұмыс тұрғанын, не іcтeп, не қоятынымызды сөйлестім. Бөлім адамдарының көпшілігі өз жұмысын ұқыпты білетін, елпілдеген жандар көрінеді. Жастары да біpaзғa келген кексе адамдар. Басында мені жассынып, өздерін жоғары ұстағысы келе ме деген ойда болдым. Бepі келе түсінісіп кеттік. Көп ұзамай Оқу комиссариаты Оқу министрлігі деп аталатын болды. Министр болып Әбдіхамит Ібінейұлы Сембаев қайта тағайындалды. Мен министрдің кадр жөніндегі орынбасары болдым. Бұл маған көрсетілген сенім еді. Әбдіхамит Ібінейұлы алғашқы кездегі суық жүзбен қарауын қойды. Екеуміз көптеген мәселелер жөнінде ашықтан-ашық ақылдасып жұмыс істейтін болдық. Министрдің маған сенімділікпен қарағаны менің жұмысты беріле іcтeyімe, өзіме тапсырылған шаруаны тиянақты орындауыма үлкен себеп болды. Оқу министрінің орынбасары болып Исабай Нұрманбетов келді. Біpaқ ол министрлікте көп істемеді. Басқа біp жұмысқа ауысып кетті. Оның орнына мектеп жұмысын басқаратын орынбасар етіп мені тағайындады. Менің сорыма, 1947-жылы 21-қаңтары күні Қазақстан КП (б) Орталық Комитетінің «Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысы шықты. Осы қаулыға байланысты ең алдымен әдебиет пәні нен мектепке, Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардың бәрі қайта қаралатын болды. Мұндай қыруар жұмысты аз мерзімнің ішінде қайта қарап, жөндеп бастырып шығару оңайға түспеді. Бұл қаулыда XІX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген, сол кездің өміp шындығы жөнінде көптеген өлең-жыр жазған Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Дулат, тағы басқа ақындардың, шығармаларына «кертартпа, Ресейге қарсы» деген баға берілген. Орталық партия комитетінің нұсқауы осылай болған соң, VІІІ-ІX кластарға арналған оқулықтарды қайта қарап шығаруға тура келді. Кейбір оқулықтарға жаңадан авторлар тартылды. Әcіpece бастауыш мектептерге арналған оқу құралдарына автор ретінде Қордабаев Төлеубай сияқты белгілі ғалым тартылды. Ол қазақ мектептерінің үшінші класына арналған оқу кітабының авторы болды. Оқу министрінің жанында Оқу-методикалық кеңес болатын. Бұл кеңестің міндеті: жаңадан жасалған, болмаса қайта жөнделген про граммалар мен оқулықтарды, методикалық құралдарды талқылап, Оқу
министрлігінің коллегиясына ұсынып отырады. Оқу-методикалық ке ңестің мүшелеріне әpбіp қатынасқан сайын сол кездің ақша есебімен 50 сом төлейтін еді. Оқу-методикалық кеңестің мәжілісі кейде күніне екі-үш рет жи налатын болды. Өйткені оқулықтар мен программалар оқу жылы басталғанша баспадан шығып, жергілікті жерге барып жету керек. Бұл кеңестің мүшелері С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Қ.Жармағанбетов, Ә.Сыздықов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Кеңесбаев, тағы басқа ғалымдар және тәжірибелі мұғалімдер, жиыны жиырма бес адам. Оқуметодикалық кеңестің төрағасы мен болдым. Бастауыш кластан бастап, орта мектепке арналған оқулықтар дың бәр-бәрін қайта қарап, Орталық партия комитеті: Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Дулат сияқты XІX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген ақындармен қатар Ғұмар Қарашевті «кертартпа, ұлтшыл ақын» деген айдар таққызып оқулықтан алып тастауды бұйырды. Егер кейбір оқулықтарда аттары қалса, «кертартпа, ұлтшыл ақындар» деп, жержебіріне жетіп сынап жазылатын болды. Шынына келсек, бұлардың қай-қайсысы болсын – патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан ақындар. Біpaқ, амал жоқ, ол кезде Орталық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқарған Храмков мeні және Оқу министрлігінің басқа да басшы адамдарын шақырып алып, осы ақындарды, Қазақстан Орталық партия комитетінің қаулысы бойынша, оқулықтардан алып тастауды талап eтті. Оқулықтардан жарты ғасырдан көбірек өміp cүpіп, ел жайын, халық тұрмысын шығармаларына арқау еткен ақындарды шығарып тастаған соң, бұл кездің әдебиеті аңырайып бос қалды. Біp күні Оқу-методикалық кеңестің мәжілісінде Сәбит, Мұхтар, Қажым біздің әдебиетіміздің үлкен дәyіpі алынып тасталған соң, Оқу программасына Шоқан Уәлихановты қосуды ұсынды, Шоқанның орыс жазушысы Достаевскиймен жазысқан хаттары, әдебиет мәселелері жөніндегі өте терең тұжырымдар сол кездің әдебиет тарихынан, қазақ ауыз әдебиеті мен қырғыз халқының «Манас» атты эпосынан көптеген мәлімет беретіндігін дәлелді түрде айтты. Ұсыныс қабылданды, Шоқан орта мектептің тоғызыншы класының программасына қосылды. Үлкен аға ғалымдарымыздың бұл пікірлерінің дұрыстығы содан бepі өткен тарихи жолымызбен дәлелденді. Шоқан осы күнге дейін оқулықта белгілі орын алып келеді. Қырқыншы жылдары Орталық партия комитетінің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы болған Мұқаметжан Әбдіхалықов қазақ тарихы мен әдебиеті жөніндегі өз ойы, өз пікіpі бар адам еді. Жеке сөйлескенде бізге өз пікірін ашып айтатын. Біpaқ өз дәуіріндегі ағымды аттап кете алмады. Сол кездегі газет-журналдарды парақтап қарасаң, етектей-етектей ма қалалар жазылғанын, оларда: Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Дулат, Fұмap Қарашевтарды ғылыми еңбектеріне, жазған мақалаларына, оқулық тарына енгізіп, «саяси қате» жібергендер деп топ-топ авторлар дөрекі
сынға ұшырағанын көресің. Ол кездегі белсенді «әшкерелеушілердің» ішінде айрықша көзге түскені Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері Нұрышев болды. Ол жиналыстарда мінбеге шығып алып, М.Әуезовті, Қажым Жұмалиевті, тағы басқа ғалымдарды «ұлтшыл-кертартпа ақындарды мадақтаған адамдар» деп сынаудан жалықпайтын. Оларды жақтап сөйлеген адамдарға да «ұлтшыл» деген айдар тағатын болды. Сол кезде де, кейініректе де әдебиет, тарих майданында шолақ белсенділер, білімсіз шала ғалымдар көптеп шығып, қазақ халқының ғасырлар бойғы әдебиеті мен тарихын жоққа шығарыпақ бақты. Мұхтар, Қажым, Есмағанбет сияқты білімді, дарындарды мүлде жоғалтып жіберуге кіpіcті. Қазақ халқының сүбелі-сүбелі батырлар жырларын («Едіге», «Ер Сайын», «Шора», т.б.) «ұлтшылдық сарындағы жырлар» деп орта, жоғары оқу орындарының программасынан шығартып тастады. Оқулықтардың біp жерінде олардың аты аталса болды, қолдарына шоқпарларын алып, атой салып, жиналыс сайын мінбеге шығып, «анау ұлтшыл», «мынау ұлтшыл» деп қара күйе жағады да жатады. Оқу-методикалық кеңестің біp отырысында Қажым Жұмалиев: «Шортанбай, Мұрат, Дулатты бүтіндей оқулықтан шығарып тастауға болмайды. Өйткені XІX ғасырдың бірнші жартысы мен орта кезіндегі болған әдебиетті тек қана Махамбетпен шектемеу керек, кертартпалық, кемшілігін айтып, мapкcиcтік-лeниндік қағидаға сүйене отырып баға бepіп, оқулыққа енгізу керек», – деді. Бұл пікірді Қайнекей Жармағанбетов қолдады. М.Әуезов өз пікірін ашық айтпады. Өйткені ол кісінің көңілі әбден шәйіліп қалған кез еді. Мұхаң Қажымның пікірін қолдап шықса, қолына шоқпарын ала жүгіретін адамдар сол мәжілісте баршылық. Сондықтан пікіp айтыңыз деп қинағанымыз жоқ. Бейсенбай Кенжебаев, сайып келгенде, Жұмалиевтің ұсынысын қолдап шықты. Сөйтіп, шығармаларына сын көзімен қарап, оқу құралдарында қалдырылсын да, тоғызыншы кластың хрестоматиясына енгізілмесін деген қорытындыға келді. Бұл мәжіліс күннің біpінші жартысында болған. Екінші жартысында мені Орталық партия комитетіне мектеп бөлімі бастығының орынбасары Костенко шақырды. – Бүгін Оқу-методика кеңесінің мәжілісі болды ма? – Болды. Онда болған әңгіменің бәрін жандайшап біpey жиналыстан шыға салып бастыққа жеткізіп қойыпты. «Мәжіліс Қазақстан Орталық партия комитетінің Тіл және әдебиет институты жөніндегі қаулысына қарсы шешім қабылдады. Шәріпов Жұмалиевтің айтқан ұсынысына қарсы болмай, қабылдай салды» депті. Мен көп ойланбай, мәжіліс шешімі жөнінде өз пікірімді айттым: – Оқу-методикалық кеңестің қаулысы Орталық партия комите тінің қаулысына қайшы келмейді. Ол қаулыда көрсетілген кертартпа ақындардың шығармаларын сынап, ашықтан-ашық айтудың керек екендігін мәжіліс мүшелері толығынан қабылдады. Сіздерге хабарлаған
адам жиналыста алынған шешімді тepіc десе, сол жерде өз пікірін неге айтпайды? Осыған таңым бар. Менің ойымша, кеңесте қабылданған шешімде ешқандай қарсылық жоқ, – дедім. Костенко өте салмақты, мәселенің шындығына жетпей ұшқары ше шім қабылдамайтын адам еді. Менің айтқан әңгімемді үнсіз тыңдап отырды да: – Әди, – деді ол, – мен бәрін түсінемін. Кішкене ғана нәрсені көпір тіп ала жөнелетін адамдар кейінгі жылдары көптеп шығып жүр. Сенің пікіріңді Храмковқа да, Әбдіхалықовқа да айтамын. Әңгімені осымен бітірдік. Мен қоштасып шығып кеттім. Кеңсеге келісімен болған әңгіменің бәрін бірде-бірін қалдырмай Әбдіхамит Сембаевқа баяндадым. Ол менің бетіме сәл үнсіз қарап отырды да: – Қам жеме. Сендердің қабылдаған шешімдерің дұрыс көрінеді. Сені Костенкоға шақырып кеткен кезде, Сәбит Мұқанов маған біp жұмыспен келген еді, бәрін түсіндіріп айтты. Ол кіcі де мәжілістің шешімін қолдап отыр. Аржағын көpіп алармыз, –деді. Ол кезде жұрттың бәpі түнгі уақытта да қызмет істейтін еді. Кешкі сағат сегізде Храмков шақырып жатыр деген хабар алдым. Күндізгі Костенкомен болған мәселе шығар деп, оның сұрауларына қалай жауап беретінімді ойланып-толғандым. Өзі өмірінде қазақ тілінде біp сөйлем оқымаған адам қазақ әдебиетінің тағдырын шешемін демек. Қаулы шығарып, Шоқан, Ыбырай, Абайға дейін әдебиеттің бәрін кертартпа әдебиет деп, енді ол ақындарға «ұлтшыл» деген айдар тақпақ. Олардың патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы жазған өлеңдерін «ұлтшылдық» десе, орыс әдебиетінде, XІX ғасырда патшаның саясатына қарсы шыққан қаншама ақын-жазушылар бар? Патшаны сынадың деп оларға ештеңе айтпады. Некрасовты оқып көрмей ме? Адам баласының рухани бейнесін шешетін – білімділік, кеңінен ойлау емес пе? Храмковқа барғанда айтар жауап біpey-ақ болуға тиіс. Әр халықтың әдебиетінде екі түрлі ағым болады. Қазақ әдебиетінде кертартпа, оған қарсы прогрессивтік бағыт болды. Сондықтан біз екі түрлі ағымдағы әдебиетті қарам-қарсы қойып талдаймыз. Менің оған беретін жауабым осылай болу керек деген түйінге келдім. Кешке Храмковтың алдында болдым. Оның кеңсесіне екі-үш бөлім қызметкерлері отыр екен. Мені тәуір сөзге шақырмағаны бепбелгілі болып тұр: Храмков біp қызарып, біp бозарып, қабағынан қар жауып, көзімен ішіп-жеп отыр. Біздің күндізгі оқу-методикалық кеңестің мәжілісінде болған қорытындыны қайта-қайта cұpaп, ecімізді шығарды. Мен ойымды толық дәлелмен айтып бердім. Көп таластың соңы жақсылықпен бітті. Мeнің айтқан дәлеліме олар қарсы дәлел таба алмады. Храмков: «Қазақстан орталық партия комитетінің Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қатені ашқанын оқулық жазғанда ескермесеңдер, партиялық билетіңмен жауап бересің»,
– деп мені қорқыта сөйледі. Мен Храмковтан шыққанда сағат түнгі он eкі болып қалған еді. Ол кезде жеңіл машинам жоқ-ты. Жаяулап, ойланып келемін. Адамгершілікті аттап кетуге ар-ұяты бардың дәті жетпес. Біpaқ қазақ десем өзіме тиеді, кейбір қазақ жігіттерінде біреудің қызметін, адал еңбегін көре алмай, үстінен арыз жазып, оның ілгepі басқан аяғын кepі тарту, беделіне күйе жағу деген мінез баршылық. Осы қаулыға жел берген де сондайлар. «Өсер елдің баласы біpін біpі батырым дейді, өшер елдің баласы біpін біpі қатыным дейді» деген қайран халқым, ұл-қыздарың қаншаға дейін өзара қырқысып күн кешер екен?!. Ертеңінде кеңсеге келісімен Храмковта болған әңгімені Сембаевқа және баяндадым. Ол кіcі менің қайтарған жауабымды мақұлдады. «Осы дан былай да осыныңнан тайма!» дегенді айтты. Кешегі Оқу-методика кеңесінің шешімі бойынша, біpнеше күн отырып, алдымен орта мектептің әдебиет пәнінің программасын жазуға тура келді. Программа жасауға он бес күніміз кетті. Алғашқы жобасын көбейттіріп, Оқу-методика кеңесінің мүшелеріне таратып бердік. Олардың оқып пікір айтуына да уақыт керек. Оған да он шақты күн кетті. Оқу министрлігінің жанындағы Педагогика ғылыми-зерттеу исти тутында аға ғылыми қызметкер және Қыздар институтында мұғалім болып істейтін Шайқы Кәрібаев әдебиетті терең зерттеген, көп оқып, көп білетін жігіт еді. Әдебиеттің қандай болмасын мәселесін шешкенде дұрыс кеңес беретін, жүрегі таза, ақ ниетті адам болатын. Өзінің ғылыми дәрежесі де, атағы да жоқ бола тұра әдебиетті көп білетін. Орта бойлы сары жігіт Шайқыны көргенде мен біp жақын туысымды, тіпті әуелі ағамды көргендей қуанатын едім. Адамгершілігі мол, ойшыл, нағыз ғалым екендігін әр сөзінен, әрбір қимылынан байқайтынмын. Үлкен-үлкен лауазымы бар ғалымдардың өзі ол айтқан тұжырымға көңіл қоя тоқтайтын. Академик Қажым Жұмалиев те, академик Сәбит Мұқанов та, академик Мұхтар Әуезов те оның дәлелді пікірін мойындайтын еді де, ортақ біp тұжырымға келісетін. Жоғарғы кластарға арналған оқу программасының бәрін де Шайқы жасайтын еді де, біз оны Оқу-методикалық кеңестің мәжілісіне салып талқылайтынбыз. Программа біткеннің бәрін қайта жасап шықтық. Оқу-құралдарын жазуға оқулық авторларына біp-біp данадан бердік. Оқулықты авторлар да аз мезгілде қайта қарап, жөндеп шықты. Біp-eкі жыл бойы оқулықтар өзгерместен қайта басылып шығатын болды. Есімізді ендіенді жинап келе жатқанда, содырлы жылдар сойқаны қайта басталды. «Правда» газетінің 1950-жылғы 26-желтоқсан күнгі санында «Қазақстан тарихын марксистік-лениндік бағытта игеру үшін» атты Т.Шойынбаев, А.Ф.Якунин, У.Г.Айдарова– үшeyі жазған мақала шықты. Ол мақалада «XІX ғасырдың орта шенінде болған Кенесары-Наурызбай көтерілісі Ресейге қарсы болған көтеріліс еді. Профессор Бекмаханов осы көтеріліске прогрессивтік көтеріліс деген баға бepіп, жеке-дара кітап шығарды. Сөйтіп, саяси қате қорытынды жасады. Ол – ұлтшылдық сарында
жазылған еңбек» делінген. Осындай мақала өзі тұтанайын деп бықсып жатқан отқа май құйғандай болды. Алдыңғы болған жағдайдан енді-інді арылып келе жатқанда, бұл мақала амалсыз күмілжи бастаған әлгі шолақ белсенділердің ағаш атқа мініп, атой салып шыға келуіне ең керек түрткі болды. Бұл кезде Нұрышевқа: «Қазақ университетінің доценті Ахмет Тәкежанов, ҚазПИ-дің тарих пәнінің доценті Шаһизада Юсупов, Әбдірақ Нілдібаев, тағы басқа желөкпелер қосылып, олар жүрегі таза адамдарға қара күйе жағып, сандарын шапаттап шыға келді. Осы мақала шықпас бұрын Қазақстан Орталық партия комитетінің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы М.Әбдқалықов басқа жұмысқа ауысты да, оның орнына хатшы болып Ілияс Омаров тағайындалды. «Правда» газетінің мақаласына байланысты республикалық актив, Орталық партия комитетінің пленумы жиі-жиі шақырылып жатты. Қазақстан орталық партия комитетінің мектеп бөлімінің меңгерушілігіне Қыздар институтының директоры болған Құрман Оспанов келген. Ол көп сөзі жоқ, өз білімі өзіне жететіндей, біpтоғa кіcі еді. Жақсыны да, жаманды да сыртқа шығармай ішінде сақтайтын, мәселе көңіліне қонып, ойлаған ойына дөп келсе, жымиып күліп қана қабылдайтын. Өз пайдасын да ұмытпайтын. Оған барын салып құлшына кірісетін. Елуінші жылдар Ілияс Омаровқа да оңай тиген жоқ. Жұрт біpінің үстінен біpі арызды қаптатты да жатты. Оның бәрін тексеріп, ақиқатына жету керек. Мектеп бөлімінде істейтін, әдебиет мәселесін білетін біp ғана Бейсенғали Наурызбаев болды, ол қайсысына жетеді. Оның үстіне Бейсенғали көп үндемейтін, шешендермен таласқа түспейтін, барынша әділ болуға тырысатын кісі еді. Сол кезде үгіт-насихат бөлімі мен мектеп бөлімі біpіктіріліп, біp бөлім болды. Бөлім меңгерушісі Храмков, оның біpінші орынбасары Оспанов болды. 1951-жылдың шілде айының бас кезі еді. Күн қызған табақша шақырайып, ыстық лебін аямай шашып, дүниені қуырып барады. Таңертеңгі тоғызда мектепке келдім. Оқу министрлігін тексеруге Шаһизада Юсупов басқарған Орталық партия комитетінің комиссиясы келді. Комиссия мүшелері: профессор С.Аманжолов, Ә.Нілдебаев, В.Савосько, А.Тәкежанов. Комиссия мүшелерінің аты-жөндерін білген соң, мен Әбдіхамит Сембаевқа кіpіп: «Бұл комиссия негізінен қазақ әдебиеті мен қазақ тілі, Қазақстан тарихы оқулықтарын тексереді. Байқасаңыз, комиссия мүшелері ылғи шатақ, солақай адамдар екен», – деп күлдім. Ол кіcі: «мен де сезіп отырмын», – деді. Мен өз бөлмеме келіп, комиссия мүшелерінің тірлігін ой елегінен өткізіп шықтым. Шаһизада – әдебиетті түсінбейтін, жарық күнде қара бұлт іздеп жүретін кіcі. Адамға жала жаба салу ол үшін қақпақыл ойнағанмен бірдей. Ә.Нілдебаев – көзі бұлдырап, жау қайда, қырам-жоям деп жүретін жалақор, пәлеқор, А.Тәкежанов та жау жоқта жаумұндалап, түймедейді түйедей eтіп аттандап жүретін кесапаттың өзі. С.Аманжолов өте білімді, тіл ғылымының бірден-бір маманы еді, мына аталғандарға кереғар жаратылысты адам болатын. Ол кіcімeн өз басым, үй ішіміз араласып-
құраласып жүpгeнбіз. Сол тұста оның қазақ интеллигенциясының сорпа бетіне шығар адамдарын «ұлтшыл» деген анықтамаға қол қойғанына осы уақытқа дейін таң қаламын. Ол кіcі сол кездегі саясаттың құрбаны болуы да мүмкін. Орталық партия комитетіндегі шоқ тастаушылар өз мүдделерін үстем етер комиссия құрғанда ішіне адал, бeдeлді адамдардың біpін әдейі енгізіп, тіпті оны оңашада алдап-арбап, қорқытып-үpкітіп, қаулы-шешімге қол қоюға мәжбүр де ететінін білетінмін (мені әрсаққа жүгіртіп, айдар таққан қағазға қол қойса да, ол кіcі қайтыс болған соң, мен Сәрсеннің «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты көлемді еңбегін 1959-жылы Оқу-педагогика баспасынан бастырып шығарттым). Өзінің қызмет бөлмecіндe отырған Әбдіхамит Сембаевтың беткелбетіне қарасам, біp қызарып, біp бозарып, бepeкecі кeтyлі екен. Көз қарасында да сасқалақтап, абыржығандық ізі бар сияқты. Сембаев біp уыс қағазды менің қолыма ұстатып: «мынау комиссияның қорытындысы. Оқып шық, бұған анықтама жазуға тура келеді», – деді. Сол қорытынды мынау: «ҚОРЫТЫНДЫ» Қазақстан коммунист партиясы Орталық комитетінің бюросы қабылдаған 1951-жылы көкек айының 10-күнгі қаулысындағы «Правда» газетінде басылған: «Қазақстан тарихын маркстік-лениндік бағытта игеру үшін» атты мақаланы орындаудың барысы туралы Қазақ ССР Оқу министрлігі мен Оқу-педагогика баспасының партия ұйымдарының жұмысын тексерген комиссияның қорытындысы. Оқу министрлігі мен Оқу-педагогика баспасы партия ұйымдары жоғарыда көрсетілген қаулыны орындау жөнінде мынадай шаралар қолданған: 1. Осы жылдың мамыр айының 8-күні ашық партия жиналысында Оқу министрі Сембаевтың Қазақстан Орталық партия комитетінің осы жылғы көкек айының 10-күнгі қаулысын орындаудың барысы жөнінде баяндамасы тыңдалған. Ол жиналысқа небәрі 56 адам қатысқан, оның 15 адамы – партияда жоқтар. Жарыс сөзде 6 кіcі сөйлеген. 2. Министрдің бұйрығымен тарих оқулығынан Кенесары Қасымов жөніндегі, қазақ әдебиетінен Нысанбай туралы тараулар алынып тасталған. 3. Қазақстан коммунист партиясы Орталық комитетінің «Правда» газетіндегі мақаланы мұғалімдердің тамыз айындағы кеңесінің негізгі мәжілісінде арнайы баяндама етіп қою жөніндегі нұсқауын орындау белгіленген. 4. XVІІІ-XІX ғасырлар әдебиетінің программасын қайта қарау жөнінде сырттай оқытатын ғылыми-методикалық кабинетке нұсқау берілген. Біpaқ комиссия, Орталық партия комитетінің қаулысын орындау ға арналған жоспарлы шаралардың іc жұмысымен таныса отырып, Оқу министрлігінің бастауыш партия ұйымы Қазақстан Орталық, партия
комитетінің 1951-жылғы көкек айының 10-күнгі қаулысын орындауға, өз жұмысын қайта қарауға әлі күнге дейін кіpіcпeгeн, деп біледі. 1950-жылдың желтоқсан айының 26-күнгі «Правда» газетіндегі мақала министрліктің коммунистерінің жиналысында төрт айдан астам мезгіл бойы талқыланбаған, ал Қазақстан Орталық партия комитетінің осы мәселе жөніндегі қаулысы біp ай өткен соң ғана әңгіме болған. 8-мамырда өткен жиналыста министрліктің, оның партия ұйымы ның жұмысындағы өте күрделі саяси қатенің бeті ашылмаған. Сонымен біpгe, жалпы алғанда министрліктің және оның партия ұйымының жұмысындағы іpі кемшіліктерді де қатты сынға алмады. Жиналысқа қатынасқан 56 адамнан жарыссөзде бар-жоғы 6 кіcі ғана сөйлеген. Олар негізінен Бекмахановтың, Жұмалиевтің қателеріне тоқтап, министрліктің және оның партия ұйымының қателіктерін сынамаған. Оның орнына партбюроның хатшысы Айманов тек қана Сүлейменов жолдастың «Халық мұғалімі журналының бетінде Бекмахановтың буржуазияшылұлтшылдық көзқарасын үгіттегенін ғана сынаған болыпты. Біpaқ Сүлейменов жолдас жиналыста жұмған аузын ашпаған. Жеке коммунистер – министрліктің басшылары сөйлеген сөздерінде күңгірт, қате пікірлер айтқан. Мәселен, коммунист Ситдыков жолдас өзінің сөзінде: «XІX ғасырдың біpінші жартысында Россия тарихындағы Николай патшаның қатаң тәртібіне жас Россия өміpі жаңарған тарих беттеріне толы болды. XІX ғасырдың І және ІІ жартысы кезіндегі бұл жағдайды анықтананық көре білген бізгe азиаттық жолдан гөpі, тіпті дін мәселесінде де, Византиялық жол тиімді, дұрыс болар еді деген сөзді Кенесарының немерсі Шоқан Уәлиханов айтқан болатын», деген. Бұл жерде ол қандай «жас Россия» екендігін анық айтпайды. Біріншіден, Уәлихановтың беткелбетін біpінші қазақ ғалымы және ағартушысы есебінде дұрыс ашпайды. Екіншіден, сол кезде Россияға барлық жақсылықты, тіпті әyeлі дінді де әкелген алдыңғы қатарлы Византия теориясы деген теpіс қорытынды жасады және онысы сол теорияға бас июді қайта жаңғыртуға апарып соғатынын ескермеді. Уәлихановтың айтқан прогрессивтік мәні зор алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне жақындастыру мәселесін Ситдыков айналып өтіп, үнсіз қалады. Одан әpі қарай Ситдыков жолдас министрліктің партия ұйымының алдында тұрған мәні зор міндeт: «Жастарды сезімталдыққа, келешегіне сенуге тәрбиелеу, аға буынның үлгі-өнегесімен жастарды патриотизм бағытында тәрбиелеу» екенін, біздің кеңес халқы өткен тарихын, ұлы ата-бабаларын жоғары бағалай отырып, өте терең сезімталдыққа толы кеңес патриотизмі Ленин, Сталин сияқты көсемдеріміздің, кеңес азаматтарының батырлық үлгілеріне сүйене отырып тәрбиленеді дегенді Ситдыков жолдас еске де алмайды, сөйтіп кеңестік патриотизмнің ішкі мазмұнын бұрмалайды. Ситдыков жолдас өзінің Алтынсарин жөніндегі ғылыми еңбегінде жіберген кемшіліктері жөнінде күңгірт қана айтады да, Б.Сүлейменов сияқты тарихшының кемшіліктері мен қателерін үнсіз қалдырады.
Шәріпов жолдастың сөйлеген сөзі де декларативтік сарында шыққан. Шәріпов кейбір еңбектерде орын алған Қазақстан тарихын баяндаудағы қателерді айтып келеді де, ол қателердің қандай еңбектерде кеткенін ашып айтпайды. Ол жиналыста сөйлеген сөзінде: «Оқу министрлігі ғалымдардың, партия ұйымының көмегімен оқу программалары мен оқулықтарды қайта қарау жолында көптеген жұмыс істеді, сөйтіп, бұл еңбектердің идеялық және ғылыми мазмұны едәуір жақсартылды», – деп ақталады. Ал, Жұмалиевтің буржуазияшыл-ұлтшылдықтың қатесін «сыпайы» түрде ғана сынайды да, сонымен біpгe былай дейді: «Баспа дан шығып жатқан программалар мен оқулықтарды талқылауда, оларды жазу кезінде көптеген көмек бepіп, белсенді түрде қатынасқан Жұмалиев ке, Әуезовке, тағы басқаларға Оқу министрлігі өзінің алғысын айтады». Сөйтіп, жолдас Шәріпов қазақ әдебиеті тарихында Жұмалиевтің жіберген қателеріне үндемей өте шыққан. Жиналыста сөйлегендер, ең алдымен министрліктің басшыларының біpдe-біpі Қазақстан Орталық партия комитетінің «1947-жылдың қаң тар айындағы өрескел саяси қате жөніндегі» қаулысының орындалмай жатқаны туралы біp ауыз сөз айтпаған. Партия жиналысының қаулысында министрлікте істейтін комму нистердің алдына Оқу министрлігінің жұмысында кеткен қателерді жөндеу туралы ешқандай міндет қойылмайды. Партия ұйымының ашық жиналысында Қазақстан Орталық партия комитетінің 1951-жылғы көкек айының онындағы қаулысын орындау бағытында «Халық мұғалімі» журналына СССР тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын оқыту жөнінде мақалалар жазу, сонымен қатар, министрліктің қызметкерлеріне арнап Қазақ ССР тарихы мен әдебиеті жөнінде лекция, баяндамалар ұйымдастыру туралы мәселе орындалмаған. Қазақ әдебиеті тарихында жіберілген өрескел саяси қателерді партия ұйымы үнсіз аттап өткен, сонымен біpгe Е.Бекмахановтың басшылық етуімен буржуазияшыл-ұлтшылдық бағытта дайындалған Қазақ ССР тарихының программасы ұмыт қалдырылған, мүлде болмаған сияқты. Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1951-жылғы мамыр айының 23-күнгі «1951-жылы мұғалімдердің тамыз айындағы кеңесін өткізу жөніндегі» бұйрығы мұғалімдерді оқулықтарда кеткен қателіктерді жөндеуге жұмылдырмайды, тек Қазақстан Орталық партия комитетінің «Правда» газетінде басылған «Қазақстан тарихын марксистік-лениндік бағытта игеру үшін» атты қаулысы жөнінде мәжілістің пленарлық жиынында баяндама тыңдалсын деген нұсқау көрсетілген. Сонымен, Оқу министрлігі бұл мәселе жөнінде формальдік-бюро краттық бағыт сілтеп қоя салған. Партия ұйымының Қазақстан Орталық партия комитетінің қаулысын орындау жөнінде жоспарланған нақты шаралары жоқ. Қазақ ССР Оқу министрлігі 7-10-кластар оқушыларына арналған СССР тарихы мен жалпы тарих билеттерінде кеткен қателерге сын көзімен
қарап жөндеудің орнына Оқу-педагогика баспасы оны сол күйі қайталап басқан. Міне, кейбір мысалдар: 1951-жылы Оқу-педагогика баспасында жарық көрген, орыс орта мектептерінің 1950-1951 оқу жылындағы кәмелеттік аттестатқа арналған тарих пәнінің емтихан билетінде орыс ғылымының артықтығын, орыс мәдениетінің дүниежүзілік мәнін оқушыларға баса көрсетпейді. Ұлт аймақтарының Россияға қосылуының прогрессивтік мәні өте зор болғанын ашық айтпайды, оның орнына орыс халқы мен Россия халықтарының мәдени байланысын (астын сызған біз) ғана айтады да, біздің еліміздің халықтарының мәдени өсуіне алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің жетекші қасиетінің басты мәселе екенін естен шығарады. (45-билетке қара, 2-сұрау). 1950-1951 оқу жылындағы орыс орта мектептерінің 9-класына көшуге арналған тарих пәнінің билеттерінде буржуазия идеологиясы мен жалпы халық идеологиясының арасында айырмашылық жасалмайды. Мәселен, 8-билеттің 2-сұрауында былай делінген: «Францияда XVІІІ ғасырдағы жаңғырып келе жатқан буржуазия мен жалпы халық идеологиясы (Воль тер, Монтескье, Дидро, Руссо, Мелье)». 38-билетте бейсаясаттық сұрау қояды да, 1918-жылы Германияны бүтіндей әскери жағынан талқан даудан қорғап қалудағы АҚШ-тың және ағылшын-американ империа листерінің оны дүниежүзілік жаңа соғысқа дайындаудағы орны жөнінде ештеңе айтылмайды. Тарихтың басқа билеттерінде де кемшіліктер мен қате пікірлер жіберілген, соған қарамастан, ол қателіктерді педагогика баспасы билеттерді қайта басқанда ескермеген. Қазақ әдебиеті тарихы мен қазақ тілі оқулықтары мен программала рында жіберілген қателіктерді ерекше талдауға тура келеді. Қаңтар айында, 1947-жылғы Қазақстан Орталық партия комите тінің Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты ның жұмысындағы өрескел саяси қателіктер жөніндегі» қаулысы нан кейін Қазақ ССР Оқу министрлігі қазақ әдебиеті оқулықтары мен программалардағы, билеттердегі буржуазияшыл-ұлтшылдық қателік терді жөндемеді. Мінеки, бірнеше мысал: қазақ әдебиеті тарихы билет терінде, 10-класс оқушыларына арналған «Бұхар жырау лирикала рындағы Абылай образы» (7-билетті қара, 2-cұpay). 7-класс оқушыларына арналған билеттерде де дәл осындай сұраулар қойылады (2-билеттегі 1-сұрауды қара). 7-кластарға арналған билеттерде қойылған сұрақтарда: «Шортанбайдың өміpі мен шығармасы» (7-санды билеттің 2-сұрауын қара), ал 27-санды билетте Бұхар жырау шығармасы жөніндегі сұрау тағы да қайталанады. Дәл осы жерде тағы мынадай сұрау қояды: «Мұрат ақын патша өкіметтің 1868-жылғы указын қалай суреттейді?» (19-санды билетті қара). 29-билеттің біpінші сұрауы Алтынорданың озбыр батырлары Қарасай-Қазиға арналған. Осындай қателіктер басқа билеттерде де кездеседі. Мұның бәрі орта мектептерге арналған қазақ әдебиеті тарихының билеттерінде буржуазияшыл-ұлтшылдық қатенің тамырының терең жайылып кеткенін
сипаттайды. Қазақ әдебиеті тарихы мен қазақ тілі жайындағы билеттерде И.В.Сталиннің тіл ғылымы жөніндегі еңбегінің маңызы, тіл ғылымы және тіл жөніндегі негізгі қағидалары туралы біpдe-біp сұрау жоқ. 1951-жылы мамыр айының 29-күні, орта мектептерге арналған қазақ әдебиетінің оқу программасын талқылауға арналған, Оқу министрлігінде өткен жиналыста Ә.Шәріпов Қазақстан Орталық партия комитетінің 1951-жылы көкек айындағы «Правда» газетінде басылған мақала жөніндегі қаулысын жоққа шығарып, қазақ әдебиеті тарихында өзінің жіберген буржуазияшыл-ұлтшылдық өрескел қателігін қорғап алғысы келген адамдарды мінбеге шығарып, сөз берген. С.Мұқанов өз сөзінде: «Кенесары жөнінде айтыс-дискуссия болды... Ондағы адамдар біp-біpінe жала жапқан... «Казахстанская правда» газетінде басылған Б.Сүлейменовтің мақаласын Қ.Жармағамбетов тексергенде мақала мүлде дұрыс болмай шыққан... Мұратты программадан шығарып тастауға болмайды. Шортанбай – өз дәуірне тән шындықты көрсеткен адам. Олардың екеуін де (Шортанбай мен Бұхарды) программада қалдыру керек», деді. Бұл сөзін С.Мұқанов теориялық жағынан дәлелдемек болады. М.Ғабдуллин былай деген: «Егер біз Бұхар жырау, Шортанбай, Мұрат, тағы басқа адамдарды программаға енгізсек, өз әдебиетімізді толық көрсеткен болар едік». Қ.Жұмалиев өзінің сөзінде, өз кіабын Оқупедагогика баспасы, Оқу министрлігі және жоғарғы орындар қабылдаған болатын, олар ол кітаптары қателік көрсетпеді дей келіп, жоғарыда аттары аталған мекемелер орта мектептің 8-класына арналған программаны ешқандай өзгеріссіз бұрынғысынша қалдыруды тапсырғанын айтты. Ол Бұхар, Шортанбай, Мұрат сияқты ақындарды қорғап шықты. Кертартпа ақындарды оқу программаларында қалдырып, олар дың кертартпа идеяларын таратуға тырысқан Мұқановқа, Ғабдуллин ге, Жұмалиевке тойтарыс берудің орнына Ә.Шәріпов олардың қате пікірлерімен келісе отырып, екіұшты пікіp айтып: «Орта мектептердің оқу программасына Шортанбай мен Бұхарды енгізуге қарсы болған Ә.Тәжібаевтың айтқаны дұрыс... Сөйтсе де, Шортанбайды программа ға кіpгізy қажет», – деді. Жоғарғы дәрежелі оқу орындарының сырт тан оқитын бөлімдеріне арналған, әлі бекімеген программаның жаңа нұсқасында әдебиеттегі eкі бағыт ескерілмеген, екі түрлі мәдениетке берілген лениндік принципті қолданбайды. Кертартпа «Қарасай-Қази» поэмасы алынып тасталмаған. Оқу министрлігі Жұмалиевтің қателікке толы кітабын оқулық есебінде қайта ұсынған. «Халық мұғалімі журналының жоспарында біp ғана Ә.Шәріповтің «Казахстанская правда» газетінде басылған «Қазақ әдебиетін оқытуда кеткен қателіктерді жою туралы» атты мақаласы бар. Шынын айтқанда, бұл журнал редакциясының жұмысты қайта қарауға арналған нақтылы жоспары жоқ. «Правда» газетінің мақаласы және Қазақстан Орталық партия коми тетінің көкек айының 10-күнгі қаулысы жайында баяндама, лекциялар өткізбеген.
Фрунзе ауданындағы 12-санды қазақ орта мектебінде осы қаулыға арналған коммунистердің және мұғалімдердің жиналысы өткізілмеген. Оқу-педагогика баспасына коммунист Шәріпов жолдас ескіше басшылық етеді де, жұмысын қайта құрмайды. Партбюро 1951-жылғы 8-мамырдағы партия жиналысының қаулысын орындау жөнінде біpдe-біp рет мәселе қарамаған және 1951-жылғы көкек айының 10-күні Қазақстан Орталық партия комитетінің қаулысының орындалуы туралы жеке коммунис тердің және бөлім басшыларының баяндамасы тыңдалмаған. Оқу министрлігінің партбюросы Оқу-педагогика баспасының партия ұйымымен жұмыс жөнінде байланысты болмаған. Баспа жоспарының мезгілінде орындалуына тиісті көңіл бөлмеген. Партбюро, оның хатшысы Айманов жолдас коммунист Шәріповтің өрескел саяси қатесі туралы біpдe-біp мәселе көтермеген, оның Жұмалиевтің, Мұқановтың, Мүсіре повтің, Жармағанбетовтің, Бекхожиннің, Сәрсенбаевтың және басқа лардың балаларға арналған зиянды кітаптарын, сол сияқты 1951-жылғы орта мектептердің оқушыларына арналған емтихан билеттерінде кер тартпа ақындар Мұpaт, Шортанбай, тағы басқаларды насихаттайтын сұрауларға рұқсат берген өрескел қателіктеріне көңіл аудармаған. Орта мектептердің 9-класына арналған өз оқулығында Шәріпов жолдас өрескел саяси қате жіберген. 1951-жылғы көкек айының 10-дағы Қазақстан Орталық партия коми тетінің қаулысын орындауға Оқу-педагогика баспасының партия ұйымы мынадай шаралар белгілеген: осы мәселеге арналған мамыр айын да өткен партия жиналысында 24 адам қатынасқан, оның 11-і партияда жоқ адамдар. Жиналыста бас редактордың орынбасары Ғ.Оспановтың баяндамасы тыңдалды. Жарыссөзде бес адам сөйлеген. Қазақстан Орталық партия комитетінің қаулысынан кейін 8-9 класс оқулықтарына арналған бірнеше мақала-рецензиядан соң оқулықтар мен хрестоматияларда кеткен қателерді жөндеу жөнінде шаралар қолда нылып жатыр. Бұл істің бәpі Оқу-методикалық кеңестің және Педагогика ғылыми институтының ғылыми кеңесінде өткізілген. Осыларға қарамастан, Оқу-педагогика баспасының жұмысында осы уақытқа дейін жыл сайын өрескел саяси қателер жіберіліп келгенін комиссия ерекше атап көрсетеді. Бұл қателер өткен заманның кертартпа феодалдық-байшыл ақындарын мадақтаумен байланысты, Қазақстан ның өткен феодалдық өміpі мен хандарын мақтауға арналғандығы беп-белгілі. Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай және басқа кертартпа ақындарды көп мезгіл бойы үгіттеп, жастардың санасын уландырып келді. Мұның бәpі Сембаевтың, Шәріповтің, Сәрсенбаевтың рұқсатымен, тура қолдауымен шыққан, орта мектепке арналған қазақ әдебиетінің зиянды оқулықтарының авторлары: Жұмалиев, Мұқанов, Бекхожин, Сәрсеков,
Жармағамбетов, Mүcіpeпoв, Сейітов, Кәрібаевқа қатысты. Бұлардан басқа, Оқу-педагогика баспасы басып шығарған оқулықтарда Алтын орданың қара ниеттілері Едіге, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Қазтуған және басқалары, халықтың қасқой жаулары болған «құдіретті» хандары дәріптелген. Орта мектепке арналған қазақ әдебиеті оқулықтарының авторлары – Мұқанов, Жұмалиев, Mүcіpeпoв, Бекхожин, Жармағамбетов, Сәрсеков, Кәрібаев және Сейітов – дәл бүгінгі күнге дейін ылғида, тіпті әуелі «Правда» газетіндегі мақаладан, Қазақстан Орталық партия комитетінің көкек айындағы қаулысынан кейін де буржуазиялықұлтшылдық идеялар айтып, кеңеске қарсы үгіт жүргізді, оның үстіне қазақ әдебиетінің тарихын, тіпті әуелі ВКП (б)-ның тарихын бұрмалап келді. Мінеки, біpнеше мысал: 1. Mүcіpeпoв, Жармағамбетов, Сейітов және Бекхожин 10-класқа арналған қазақ әдебиетінің оқулығында (1951-жылғы басылымы) қазақ халқының қас жауы Кенесары Қасымовты халық көтepіліcінің белгілі «полк басшысы» және «қолбасшысы» деп дәріптейді. Бұл саяси қате осы жылдың маусым айында (170-бетте) сол бетті жыртып алу арқылы жөнделген. Тіпті әуелі оқулықтың бас авторы Мүcіpeпoв өзін-өзі мадақтау үшін өзі жөнінде біp тарау қосқан. 2. Ғабит Мүcіpeпoв шығармашылығы» тарауында (153-154-б) оқу лықтың авторлары Ғ.Мүcіpeпoвтің шығармаларын шектен асыра мақтайды. Авторлар былай деп жазады: «Ғ.Мүcіpeпoвтің аталған шығар малары, жинақталып 1934-жылы басылған «Ана» атты кітабына енген әңгімесі жинақтағы басқа шығармаларынан оқшаулау тұрған сияқты». Біp жағынан, оқулықтың авторлары Ғ.Мүcіpeпoвті асыра мақтайды, екінші жағынан, кеңес адамдарының қимылын мансұқтап, Мүсіреповтің осы жинағындағыдай қаһармандар кеңес шындығында жоқ деген тepіc қорытынды жасайды. 3. Ғ.Мүcіpeпoвтің антисоветтік «Шұғыла» атты шығармасы (оқулық тың 55-бетінде) колхоз құрылысының тарихи шындығын бұрмалайтын еңбек есебінде әлдеқашан сыналған болатын. 4. 60-бетте әлдеқашан ұмытылып кеткен және кезінде кеңес қоғамы саяси зиянды деп сынаған Ж.Сыздықовтың «Әли қарт», М.Әуезовтің «Алма бағында», тіпті С.Мұқановтың Троцкийшіл «Мырзабек» шығармалары аталып кетеді. 68-69-беттерде авторлардың бәpі Хакімжанованың саяси зиянды «Мәншүк» поэмасын біp дауыспен аспанға көтере мақтайды. «Қарағым деп қарағандай Абылай», «Қара шашын сипағандай Исатай», «Кегіңді алмай кейін қайтпа» дегендей «Кенесары, айбынды ер Наурызбай» (М.Хакімжанова, «Мәншүк», 1945 ж. 29-бет) тәрізділерге мән берілмейді. Оқулықтың 12-бетінде Мүcіpeпoв, тағы басқалар С.Мұқановтың алғашқы өлеңдер жинағын Сталин жолдастың өзі баспаға бастырып шығарды деп сандырақтайды. Бұдан кейін 51-бетте өте құнды шығарма есебінде С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасын мақтайды. Бұл шығармасын
автордың өзі 1932-жылы пролетариатқа қарсы, идеологиялық жағынан ұстамсыз поэма деген. Жаңа авторларды қатыстырып, қазақ әдебиеті оқулықтарын қайта жазудың қажеттілігі туралы басшы ұйымдардың бірнеше рет қойған талабына қарамастан, Оқу-педагогика баспасының басшысы, Оқу министрінің орынбасары Ә.Шәріповтің тікелей нұсқауымен Жұмалиев пен Мұқанов тағы да орта мектептің 9-класына қазақ әдебиеті оқулығының авторы етіп қалдырылған. Олар бұл оқулықты қайта жазуда зиянды принципті қолдаған: кітаптың кертартпа ақындардың аты аталған беттерін жыртып, алып тасталсын деп шешкен. Оқулықтың қайта жазған нұсқасында кітаптың бұрынғы текстін сол күйі жаңартпай қалдырған. Тіпті 1951-оқу жылына арналған жаңа оқулықта оқушыларға зиянды идеялар сол күйі қалдырылған. Мәселен, 64-бетте былай деп жазылған: «Өзің үшін жұмыс іcтемe, құдай үшін қызмет ет», «Жолдасыңды сүйме, құдайды сүй» т.т. 5. Орта мектептің 9-класына арналған қазақ әдебиетінің оқулығында (хрестоматия, 1951-жылғы басылым, құрастырған Ә.Шәріпов) Аманкелді образын хандармен, сұлтандармен салыстырып, теңеп жазады, хандар мен сұлтандардың образын ең жоғары, адам баласы көтеріле алмайтын өнеге есебінде сипаттайды (270-271-беттерді қара). 271-бетінде Аманкелдіні кеңес өкіметі үшін күрескер больше вик есебінде емес, хан, батыр есебінде дәріптейді. Е.Есембаевтың «Құмген майданы» атты поэмасында Аманкелдіні өлтіргендердің біpі – Байқадамның жауынгерлік ерлігін мадақтайды, оны қазақ халқының бостандығы үшін күрескер есебінде суреттейді. (1951 ж. Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы, 268-бет). 1951-жылы басылып шыққан, Ә.Шәріпов құрастырған қазақ әдебиетінің хрестоматиясында қазақ халқын тұншықтырып келген адамдарды мадақтайтын бұрынғы тұрпайы саяси қатесі сақталып қалған. 6. Орта мектептің сегізінші класына арналған оқулыққа тұрмыс-салт өлеңдерін енгізбеу жөнінде бірнеше қабат берілген нұсқауға қарамастан, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин құрастырған, 1951-жылы Оқу-педагогика баспасынан жарық көрген хрестоматияда «Жар-жар», «Беташар» сияқты тұрмыс-салт жырлары жарық көрген. Мектеп балаларына ешқандай тәрбиелік мәні жоқ «Біржан мен Сара» айтысы оқулыққа енгізілген. 7. 5-класқа арналған қазақ әдебиеті оқулығында (1951-жылы басылған, құрастырушы Ш.Кәрібаев) қиялға толы әңгімелер бар, мәселен, «Алып туралы ертегі», «Қырық өтіpік», «Сыншы бала». Бұл ертегілер, мектеп балалары үшін ешқандай тәрбиелік мәні болмауымен біpгe, балаларды тepіc идеяға тәрбиелейді. 49-бетінде Ш.Кәрібаев Абайдың көзқарасының нығаюының жолдарын адам сенбейтін түрде сипаттайды. Ұлы орыс төңкерісшіл демократтардың, Абай көзқарасының қалыптасуына еткен әсерін тек қана Михаэльске береді. Сонымен, Ш.Кәрібаев осы мәселе
жөнінде оқушыларды дұрыс жолға бағыттамайды. Сөйтіп, алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің қазақтың прогрессивтік қайраткерлеріне еткен әсерін айналып өте шығады. 8. 6-класқа арналған әдебиет оқулығында (құрастырған Қ.Бекхожин, 1951-жылы басылған) идеялық-методологиялық қателер бар. Кейбіреуі бейсаясат мазмұнды болып келеді. 210-бетте Ғ.Мүcіpeпoвтің «Қазақ батыры» повесінен алынған үзінді Ұлы Отан соғысы майданындағы кеңес әскерінің қимылдарын шындыққа сүйеніп суреттеудің орнына бұрмалап көрсетеді де, оларға жала жабады. Осы кітаптың біp жолынан мынаны оқимыз: «Мәскеу түбінде неміс әскеріне тойтарыс бергені туралы ең алғаш венгер солдатынан естідік». Сөйтіп, оқулықты құрастырушы Қ.Бекхожин мен повестің авторы Ғ.Мүcіpeпoв кеңес информбюросының ролін төмендетіп, оның үстіне кеңес әскерінің оқиғаның бәрін біліп отыратындығының маңызын төмендетіп, беделін түсіреді. 34-бетте оқулықтың құрастырушысы Қ.Бекхожин «Қамбар батыр» поэмасына берілген ескертпелерінде араб-парсы сөздерін насихаттай ды, мысалы, «хақ», «жамағат», «һәм», «үшбу», т.т. Сөйтіп, Бекхожин фео далды араб-парсының құлы болумен қатар, оған жылы жүзбен қарайды. 9. Балаларға арнап Оқу-педагогика баспасының арнайы шығарған кітап сериялары жастарды коммунистік бағытта тәрбиелеу мақсатын ақтамайды. Балаларға арналған кітаптарды бастыруда Оқу-педагогика баспасы ның директоры Әбу Сәрсенбаев жолдас кітаптардың идеялық ұстамды лығына, көркемдік қасиетіне көңіл бөлмей, өзінің достарына жарам сақтанып, солардың кітаптарын басатын болған. Мысалы, С.Мұқановтың «Сұлушаш» (1949-жылы) поэмасын жеке кітап етіп бастырған. Ол поэма идея жағынан да, мазмұн жағынан да әлдеқшан ескірген. С.Мұқанов осы поэманың 33-бетіндегі жолдарында феодалдық-байлық идеяны уағыздайды: «Барлық бақыт пен күш – байлыққа тәуелді», «Кімде-кім бай болса, сол бақытты». 10. 1949-жылы Қ.Бекхожиннің «Батырлар жыры» атты өлеңдер жинағы басылды. Қ.Бекхожиннің бұл кітабында өткен замандағы қыпшақ хандары мен билері ашықтан-ашық мақталады. Оларды халық мүддесі үшін күрескен және Отанын қорғаушылар етіп суреттейді. 11. Қазақ әдебиетінің 8-класқа арналған оқулығын жазу жөніндe Оқупедагогика баспасының іcі оңға баспады да, жолы да болмады. Оқулықтың авторы Жұмалиев 1951-жылға дейін өз кітабында Шортанбай, Мұрат, Күдері, Досқожа, Дулат сияқты, тағы басқа кертартпа ақындарды мадақ тап келді. 1951-жылы Оқу министрінің орынбасары Шәріпов жолдастың рұқсатымен қосымша автор есебінде М.Ғабдуллин тағайындалды. Соған қарамастан, басылған оқулықтар идеялық мазмұны жағы нан зиянды болды. Кітаптың қолжазбасында өміp шындығын тepіc
суреттейтін С.Мұқановтың «Патшаны қуған батыр» атты аңызы әңгіме болды. Бұл аңызда Ұлы Қазан төңкерісін дайындауда, іc жүзіне асыруда тарихи шындықты бұрмалайтын оқиғаны халықтық деген қорытынды жасайды. Осы аңызда біp топ қазақ патшаға қазақтарды әскерден босату туралы сұрауға барады. Біpaқ патша оларды қабылдамайды. Ұзақ уақыт ізденуден соң, олар кездейсоқ біp ақылды орыс шалын кездестіреді, ол қазақтарды большевикке жібереді. Большевик өзінің үлкен ұлы Ленинге тапсырма береді. «Патшадан бостандық ал да, жігіттерге бер». Осы аманатты орындауға Ленин қолына мылтық алып патша әскерімен соғысады, алдында кездескен 40 қамалдан өтіп, патша сарайына кірді. Ленин тығылып қалған патшаны және оның қолшоқпары болған – меньшевикті тауып, оларға мұрындық кигізіп, Петроградтың көшесімен жетектеп жүргізеді және оларды жазалауға бұйырады. Халық бостандық алады. 39-40-беттерде батырлар жыры тарауында «Қобыланды» поэмасы өте жағымды түрде талданады да, «Ердің атын не жақсы ат, не жақсы қатын шығарады» деген кертартпа мақалды жоғары бағалайды, сөйтіп атты ақылды әйелмен теңейді. Авторлар ұрлық жасауды ақтауға дейін барады. Олар белгілі компо зитор Құрманғазыны да ұрлықшы болған деп жазады. Біpaқ Бекежандай ұрлықшы болған жоқ. Бұл жерде олар Бекежанның қаналушы таптың өкілі екендігін естен шығарып, «ұмытып» кетеді. Сонымен 8-класқа арналған оқулықтың мазмұны негізінен бұрынғысынша қала берген. 12. Балалар мен балғын жастарға арнап көптеген әдебиет кітаптарын шығарғанымен ол кітаптардың балалар мен жастарға ешқандай байла нысы жоқ: Жароковтың «Тасқын», Саинның «Күләнда», Мұқановтың «Сұлушаш» және тағы басқалары бұрын да біpнеше дүркін қайта басылған, тек сүйіспеншілікті суреттейтін шығармалар. Ә.Сәрсенбаев өзін де ұмытпаған, өзінің «Туған өлке» атты өлеңдер жинағын бастырды, онда саяси зиянды өлеңдер де бар: «Құрметте оны» (56-бет) және «Жалғыз емен» (54-бет). 13. 3-класқа арналған «Ана тілі» (1951-жылы басылған, құрастырушы Ә.Сәрсенбаев, кітапта ол автор есебінде) кітабының 347-348-беттерінде автор буржуазияшыл-ұлтшылдық пікірді уағыздайды, оның ойынша, қазан төңкерісіне дейінгі қазақтардың бәрі басқа халықтармен ылғи соғыс жүргізген, оларды жеңіп, өзінің тәуелсіздігін қорғап қалған. Осындай тартыста батырлар, полк басшылары шыңдалып шыққан. Қазақ қоғамындағы тап күpecі кітапта көлеңкеленіп, көрінбейді, сонымен біpгe халықтар достығының тарихи терең тамыры бұрмаланады. РЕЦЕНЗИЯ: Қазақ әдебиетінің негізгі төрешісі Жұмалиевтің, Бекхожиннің көңілдес жақын достары, өкінішке орай, осы кезге дейін 8-10-кластардың тұрақты оқулықтарының авторы болып келеді. Атап
айтсақ, бұлар: Ж.Сәрсеков, К.Жармағамбетов, С.Сейітов, Ш.Кәрібаев, Б.Шалабаев, М.Ғабдуллин, С.Бәйішев, З.Қабдолов және басқалар. Қ.Жармағамбетов және А.Нұрқатов дегендер 1950-жылдың жел тоқсанында «Правда» газетіндегі мақалаға қарамастан, 8-класқа арналған Жұмалиевтің оқулығына төрелік етеді де, оған кертартпа ақындар Бұхар ды, Шортанбайды, Мұратты енгізгенін қолдай келіп, Жармағамбетов осы төрелік қорытындысында хрестоматияға Мұраттың, Шортанбайдың орыстарға қарсы өлеңдерін оқуды ұсынады. Сонымен біpгe ол оқулыққа және хрестоматияға көпшілікке белгілі кертартпа ақын Дулатты қосуды талап еткен. 1950-жылғы жоғарыда көрсетілген оқулықтың редакторы болған, Оқупедагогика баспасының директоры Сәрсенбаевтың жерлесі З.Қабдо лов (ол кезде ҚазГУ-дің студенті) еріксізден Қ.Жұмалиевтің ауыр қылмысының қолдаушысы болды. 1950-жылы желтоқсан айында Қ.Жұмалиев пен С.Мұқановтың 9-класқа арналған екінші оқулығын, сарапшысы Жармағамбетов, бур жуазияшыл-ұлтшыл Жұмалиевтің адал берілген қызметшісі есебінде ол оқулықтағы зиянды, дөрекі саяси қателердің бәрін мақұлдайды. Соңы нан 8 және 9-класс оқулықтарын осы жылдың мамыр айының 7-де екінші рет төрелік еткен. М.Ғабдуллин де Жұмалиевтің бірнеше саяси дөрекі қателерін жіберуіне көмектескен. Жармағамбетов пен М.Ғабдуллиннен Б.Шалабаев та кейін қалмайды. Ә.Шәріповтің (министрдің орынбасары) 9-класс хрестоматиясына төрелік қағаз жазған. Ол өзінің қорытынды сында хрестоматия Жұмалиевтің және С.Мұқановтың зиянды оқулы ғына толық сайма-сай құрастырылғанын, сонымен қатар Шортанбай мен Мұрат ақындардың еңбектерін хрестоматияға қосқанын толық мақұлдайды. Осы әдебиет ғалымдарының «сарапшылық» көмегімен Жұмалиев пен С.Мұқановтың оқулығы Орталық партия комитетінің көкек айындағы қаулысына, «Правда» газетінің мақаласына қарамастан, Бұхар жырау, Мұрат сияқты кертартпа ақындарды мадақтаған күйінде баспадан шыққан. Сондықтан да кітаптың І және 6 баспа табағы, 23–24, 35–36, 38, 71–72, 97–98, 129–130, 131–132 беттерін жыртып алып тастау арқылы жөнделген. Жұмалиевтің өрескел саяси қателерін одан әрмен ушықтырып тереңдеткен, өздерінің жалған төрешілігімен оның зиянды туындысын заңдандырғандар: 1. Жарылғапов (Қазақстан Орталық партия комитеті нің қызметкері, 1948-жылдың ақпан айының 4-күнгі сарабы); С.Бәйішев (Қазақстан Орталық партия комитетінің мүшеcі, 1948-жылдың қаңтар айының 15-інде, 1947-жылдың шілде айының 20-да); Ш.Кәрібаев (Қыздар институтының мұғалімі – 1948-жылдың қыркүйек айының 4-дегі сарабы); Ж.Сәрсеков (ұлтшылдығы үшін партиядан шығарылған, Жұмалиев пен Оқу-педагогика баспасының директоры Сәрсенбаевтың жерлесі, әpі досы. Жұмалиевтің 9-класқа арналған кітабының қосалқы
авторы, редакторы және сарапшысы); Ә.Шәріпов (Оқу министрінің орынбасары); С.Сейітов (Қазақстан Орталық партия комитетінің әдебиет жөніндегі инструкторы, Ш.Кәрібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың зиянды кітаптарының редакторы, сарапшысы болған, сонымен біpгe зиянды да нашар 10-класс оқулығының қосымша авторы) және басқалар. Жоғарыда келтірілген фактілерден комиссия мынандай қорытынды жасайды: Оқу министрлігінің Оқу-педагогика баспасы оның директоры коммунист Ә.Сәрсенбаевтың жеке меншігіне айналған. Ол буржуазияшылұлтшылдар Қ.Жұмалиевтің және Ж.Сәрсековтің айтуымен жұмыс істейді. Ә.Сәрсенбаев коммунист Ә.Шәріповтің нұсқауымен жүреді. Оқулықтардың негізгі авторлары, төрешілері, редакторлары есебінде қайта туған буржуазияшыл-ұлтшылдар Қ.Жұмалиев, Ж.Сәрсеков және Қ.Бекхожин ұзақ уақыт бойы өздерінің саяси зиянды идеяларын оқулықтар мен хрестоматияларға eнгізіп келген. Ә.Сәрсенбаев оқулықтарға автор, редактор және сарапшылыққа саяси сенімсіз С.Кеңесбаев, И.Маманов, Ш.Кәрібаев, Р.Бегалиев сияқты адамдарды, онан басқа Т.Әбдірахманов (күйеу баласы) З.Қабдолов, Т.Амандосов, Қ.Жұмалиев, С.Сейітов сияқты жерлестерін, туыстарын пайдаланған. Тіл ғылымын қайта құру мәселесі де дұрыс жолға қойылмаған. Ол мынандай мәселелерден анық көрінеді: 1. Қазақ тілінің авторлар құрамы қайта құрылмаған. М.Балақаев құрастырған бастауыш мектептің қазақ тілінің төрт оқулығының сапасы жөнінде біpнеше рет айтылған болатын. Ол бастауыш мектепте ешуақытта істемеген, пәннің методикасын білмейді, 1951-жылғы жарық көрген оқулықтарда коммунистік тәрбиенің принциптерін дөрекілікпен бұзады: а) – Сен білмейсің. – Мен білемін. – Ол білмейді. Біз білеміз... т.т. (108-бетті қара). б) 15-бетте автор жеке сөйлемнен құралған алты текстік тапсырма береді; «б», «н» әріптерінің қандай дыбыстардан кейін жазылатынын білу үшін тапсырма беріледі. Ең соңғы 6-сөйлем мынандай: «Егер сен күні бойы шаршасаң, қалай мұңаймайсың?». в) Автор өмірден мүлдем артта қалған, колхозды ауылдағы жоғарғы техниканы көpгіcі келмейді. Сондықтан болар, оқулықта былай деп жазады: «Жерді алдымен соқамен жыртады, сол жыртылған жердің кесек шымдарын дөңгелек пышақпен уақтайды, содан соң жерді тырмамен тырмалайды». (86-бет). г) М.Балақаев съезде қабылданған, үкімет бекіткен қазақ тілінің орфографиясын дөрекі түрде бұрмалайды. Балақаев М. Оқу-педагогика баспасы қызметкерлерінің бетімен жіберуінің салдарынан өзінің оқулықтарын өз бетімен жазады және
оқушыларын өзінше оқытады (ҚазГУ-дің студенттері), оқытудың ережесімен жаздырмай, Балақаевша жаздырады (ҚазГУ-дің филология факультетін тексерген актыны қара). Біріншіден, оқулықтарда жаңа советизм сөздерін жазудың анық ережесінің жоқтығын көрсетеді, екіншіден, мұндай сөздерді жазу (37-бетті қара), мәселен, «Сибирь» (Балақаев «Cібіp» деп жазады), біртүрлі сөздердің әртүрлі септелуі. Мәселен, «Париж» деген сөзді ол жуан дыбыспен септейді де (25-бeтті қара), ал «капиталист» деген сөзді жіңішке дауысты дыбыспен септейді (26-бет). Автордың орфографияның ережесін мұндай өрескел бұзуы тәртіп сақтамайтындарға негізгі құрал болады да, сауаттылық үшін күресу жолында бассыздыққа жол береді. д) Оқу министpі осы уақытқа дейін Балақаевтың (1948 жылы басыл ған) орфографиялық сөздігін қолданудан алып тастамаған, оның зиянды екенін жоққа шығармаса да. Бұл фактіні министр Сембаев пен министр дің орынбасары Шәріповтің немқұрайды қарауынан болған деп ашық айту керек. Оқу министрлігі мен Оқу-педагогика баспасының М.Балақаевты қолдайтыны 1948-жылы-ақ белгілі болған, ол жылы орта мектептің 6 – 7 кластарына арналған грамматиканың конкурсына кітабын тапсырғанда білінген. Кеңесбаев жюридің мүшесі есебінде Балақаевтың кітабына 30 – 40 мың сом беруді өткізбек болған. Жюридің eкі мүшecі (Аманжолов пен Сауранбаев) сыйлық беруге жарамайтын еңбек деп қарсы болған, ол eкeyі тек он мың шамасында ғана төлеп, 10 мың дана етіп басып шығарылсын деген. Бірақ, Оқу-педагогика баспасы ол кітапты 1949-жылы 30 мың дана етіп басты. Осыған байланысты Балақаев 18 мың қаламақы алды. Сөйтіп, Оқу министрлігі мен Оқу-педагогика баспасы оқушылар мен мұғалімдерді шатыстырды. Олар қандай оқулықпен оқуды білмейді. Ал Оқу министрлігі де, Оқу-педагогика баспасы да Балақаевтың кітабы ның программаға сәйкес келмейтінін, көптеген, ғылымға қарсы және шатастырылған ережелер бар екендігін білген еді. Тек 1950-жылы, көптеген мұғалімдердің сұрауы бойынша, Оқу министрлігі «Социалистік Қазақстан» газетінде ресми түрде Балақаевтың (6-7 кластардың) кітабы негізінде оқулық емес, оны тек қана мұғалімдер пайдаланады деген нұсқау беруге мәжбүр болды. Балақаев тіл майданында екі рет қастандық жасаған (біpінші рет 1939-жылы үлкендерге арналған қазақ тілі оқулығын шығарумен байланысты, екінші рет орфографиялық сөздік пен 6-7 кластарға арналған грамматиканы бастырумен байла нысты) болса да, биылғы жылы тағы төрт кітаптың авторы болып қалған. Кеңесбаев С. партияны алдағаны, адамгершілікке жат қылмыстары үшін партиядан шығарылса да, ол автордың қатарында қалдырылды. Оның аты-жөні «Халық мұғалімі» журналының редколлегиясының құрамында әлі күнге дейін жүр.
И.Маманов, Ш.Кәрібаев, Ә.Шәріпов, Ғ.Бегалиев, С.Кеңесбаев сияқ ты тағы басқа іpі байлардың балалары авторлардың құрамында әлі жүр. 1951-жылы Ш.Кәрібаев құрастырған кітапта дөрекі қате жіберілген (5-7 класқа арналған ана тілі оқулығы), сондай дөрекі қателер: Қордабаевтың (1-класқа арналған ана тілі), Т.Әбдірахмановтың (Ә.Сәрсенбаевтың күйеу баласы) кітабында бар; Абылай ханды мақтайды (220-бет). Күдері Қожа, Шөже, халық жауы Шәкәрім сияқты кертартпа ақындардың шығармаларын мақтан етеді (85-бет), ал Қордабаевтың кітабында хандарды мадақтайды (61-62-беттер), өтірікті ақтайды (89бет), ecкі феодалдық ауылды жоғары мұрат-мақсат етеді (46-69-беттер), колхозшылардың өмірін кемітіп, қорлайды (52-бет), адамгершілікке қарсы уағыздайды (54-бет). Комиссия Оқу министрлігі инспекторларының жұмысымен де танысты. Өйткені солар арқылы мектеп жұмысын тексереді, ВКП (б) Орталық комитетінің қаулы қарарларының орындалу барысын тексертеді. Қазақ инспекторларының көпшілігі өзінің іскерлік сапасы жағынан атқарып жүрген жұмысына сәйкес келмейді. Олардың бәрі нің педагогикалық стажы жоқ (Қалменова, Құтқожин, Әбдіхалықов). Мектепте істеген 10 жылдық тәжірибесі бар бірде-бір инспектор жоқ. Олар Оқу министрлігінің кеңсесінде отырып, жай қағаз жазумен болады. Облыстар, аудандар, мектептер дифференциялық түрде зерттел мейді. Инспекторлар қазақ па, орыс па – бәрібіp, кез келген ауданға, облысқа орыс, болмаса қазақ мектептерін тексеруге командировкаға жіберіледі. Инспектор Надашевич жолдас былай дейді орыс инспектор лар қазақ мектептеріне барғанда тек қана ұйымдастыру жұмыстары мен шұғылданады, қазақ инспекторлары да орыс мектептеріне барғанда мектептің ұйымдастыру жұмыстарымен шұғылданады. Сонымен, инспекторлар мұғалімдерге қажетті көмек көрсете алмайды, саяси-тәрбие жұмысының барысына, мектептегі оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне терең бойламай, уақытын босқа кетіріп, алған қаржысын ақтамайды. Осының салдарынан біз әңгімелескен жеті инспектор, бұлар ВКП (б) Орталық комитетінің, Қазақстан Орталық партия комитетінің идеология мәселесі жөніндегі қаулыларының орындалу барысы, «Правда» газетіндегі 1950-жылғы желтоқсан айындағы мақала жөнінде не істеп, не қойылғаны туралы сұрағанымызда бірде-бір сұрауымызға толық жауап бере алмады. Тек біp ғaнa Гиричев жолдастың (қазақ тілін білетін) айтуынша, Қаратал ауданындағы 10-класты бітіретін қазақ мектебінің көптеген оқушылары қазақ әдебиетін, қазақ тілінің грамматикасын білмейді; Абай өлеңдерінің бірде-бір шумағын (өздерінің жауабында) жатқа айтып бере алмаған. ВКП (б) Орталық комитетінің идеология мәселесі және «Правда» газетінің Қазақстан тарихы туралы мақаласы жөнінде ешқандай хабары жоқ.
Алматы облыстық оқу бөлімінің командировкасымен Нарынқол ауданына барған мұғалім Жанәбілов жолдас бізге өте қызықты материал берді (10-кластардың мектеп бітіpy емтиханы жөнінде). 1951-жылы желтоқсан айында «Казправда» газетіндегі мақалада айтылғандай, мұнда оқушылардың білім сапасы өте төмен, мұғалімдері көзбояушылыққа салынған, біp-бірінің кемшілігін жасыру етек алған, т.т. Қазақ әдебиеті билетінде болған қателіктердің біpі емтихан кезінде де сақталған. Онда оқушылар Шортанбай, Мұрат, Бұхар жырау және басқалар жөнінде айтқан. Олар ол ақындардың шығармаларындағы кертартпалықты мәнді түрде айтып бере алмаған. Сонымен, өткен феодалдық өмірді мадақтау, кертартпа хандарды шетінен шығара мақтау кейбір мектептерде оқу жылының аяғына дейін орын алып келген. ВКП (б) Орталық комитетінің идеология мәселесі және «Правда» газетінің Қазақстан тарихы туралы мақаласы жөнінде ешқандай түсінік болмаған. Оқу министрлігі оның жергілікті органдары Қазақстан Орталық партия комитетінің қаулысының мәнін әлі күнге дейін түсінбегенге ұқсайды. Мұғалімдер мен оқушылардың идеологиялық тазалығы үшін күpec жүргізбеген. Шынын айтсақ, идеялық істі қалай жүргізуді Оқу-педагогика баспасын буржуазияшыл-ұлтшылдар Жұмалиев, Сәрсеков және халық жауы Ә.Бөкейхановтың ініcі – Р.Бөкейханов басқарып келе жатқанын анықтады. Партиядан ұлтшылдығы үшін әлдеқашан аласталған, еш жерде қызмет істемейтін Сәрсековтің Сәрсенбаевқа келешекте не іcтey керек екендігін жазған хатын осы қорытындыға тіркейміз. КССР Оқу министрлігінің Оқу-педагогика баспасының, «Халық мұғалімі» журналының аппараты саяси жағынан сенімсіз адамдар мен толтырылғанын комиссия атап көрсетеді. Ә.Шәріпов анкетінде орта шаруа-қажының баласымын деген (қажы тек іpі байлардан болған); Абылаев – бүкіл соғыс бойы Польшада, Германияда тұтқында болды, тұтқыннан Югославияда босаған; Быстролетов – 1933-жылы Ленинградтан жер аударылған; Кәpібaeв – іpі байдың баласы, әкecі болыс болған, Бегалиев – байдың баласы, бұрынғы алашордашыл, 1951-жылы ҚазГУ-ден босатылған; Удияров – сотталған; т.б. кездейсоқ адамдар (С.Кеңесбаев, Б.Еркебаев және қолынан жұмыс келмейтін Мырзабекова. А.Ысқақов). Бұлар редколлегияның мүшесі болып есептелсе де, журналдың жұмысына ешқандай пайдасы жоқ. Комиссия жоғарыда көрсетілген фактілерге сүйене отырып, оқу министрлігінің, Оқу-педагогика баспасының басшылары мен партия ұйымдары (Сембаев, Шәріпов, Сәрсенбаев, Айманов және басқа жолдастар) Қазақстан Орталық партия комитетінің 1951-жылғы көкек
айының 10-күнгі қаулысының дұрыстығын мойындаудың орнына ол қаулыны мойындамауға бой ұрғанын ерекше атап көрсетеді. Коммунистер Шәріпов, Сәрсенбаев, Ситдыков, Кәрібаев, Мұқанов т.б. осы жылдың 8-9 және 29-мамырда болған партия жиналысында, кеңесте сөйлеген сөздерінде қателерін онан әрмен тереңдете түскен. Оқулықтардағы, емтихан билеттеріндегі қателіктерді Оқу ми нистрлігінің педагогика ғылыми-зерттеу институты және ең алдымен институттың директоры А.Ситдыков бірауыздан толық қабылдаған, ол жылдан-жылға буржуазияшыл-ұлтшылдық идеяның уағыздаушысы болып келе жатыр1. Комиссия төрағасы тарих ғылымының кандидаты Ш.Юсупов (қолы) Комиссия мүшелері: профессор С.Аманжолов (қолы)
Ә.Нілдебаев
(қолы)
Тарих ғылымдарының
кандидатуры:
Савосько
(қолы)
Ә.Тәкежанов (қолы) 1951-жыл, 20 шілде, Алматы қаласы Комиссияның Орталық партия комитетіне жазған анықтамасын ең алғаш оқып шыққанымда біpey төбеме мұздай су құйып жібергендей болды. Аңырып отырып қалыппын. Әбдіхамит Ібінейұлы Сембаевқа қарасам, біp қызарып, біp бозарып ол отыр. Қатты абыржығанға ұқсайды. Комиссияның анықтамасы оны да шошытқан ғой... Мен өз бөлмеме келіп, анықтаманы асықпай қайта оқып шықсам, соншама шошынатыны жоқ екен. Әбдіхамит Ібінейұлымен екеуміз ақылдасып, комиссияның оңдысолды жаза берген қорытындысына жауап қайтармақ болдық. Қ.Жар мағамбетов, Ш.Кәрібаев үшеуміз он күндей отырып, барлық оқулықты тексеріп, cүзіп шықтыкқ. 60 беттей түсініктеме жаздық. Ол анықтамаға Сембаев қол қойып, Орталық партия комитетіне тапсырды. Шілде айының біp күні Қазақстан Орталық партия комитеті үгітнасихат бөлімнің меңгерушісі Храмков шақырып жатыр деген хабар 1 Бұрынғы Қазақстан Орталық партия комитетінің жанындағы Партия тарихы институтының архиві, 708-қор, 15-тіркеме, 136-іс, 268–284-беттер.
келді. Әдебиет және тіл кітаптарының біpaзын көтеріп, кешкі сағат ceгіз шамасында Сембаев екеуміз Храмковтың бөлмеcінe кірдік. Храмков тың оң жағында Құрман Оспанов, сол жағында Ісләм Жарылғапов, оң жақтағы жеке тұрған ұзын үстелде «Казахстанская правда» газетінде істейтін Малиновский отыр. Оның алдында бұрқыраған қағаздар жатыр. Храмковтың өңі сұп-сұр, қанын ішіне тартып алған. Бізді соттайтын адамдай. Сөйлеген cөзі де, қимылы да – кәдімгі айыптаушының әрекеті. Малиновский де түнеріп алған. Eкeyі де қазақша біp сөз білмейді. «Осыларға төрелік айтқызып қойған тоба-ай!» деп іштей күйінемін. Қойған сұрауының бәріне де дұрыс жауап беруге әзірмін. Ойым нық. Өйткені кейінгі күндері оқулық біткеннің ішкі-сыртқы сырын бағдарлы түрде тексеріп шыққанмын. Министрлікті қаралаушы комиссияның біздің етімізден өткізіп, сүйегімізге жеткізген қорытындысы бастан-аяқ жала екендігін біле тұра, мәселе Храмковтардың ұйғарымына байланысты шешілетінін біліп, бұлар жігерімізді құм етер ме екен деген қаупім де бар. Біз жазып, Сембаев қол қойып, ұлт-насихат бөліміне тапсырған жетпіс беттей жауабымыздың әр жерінен шұқшиып, пікірімізді шала оқи сұрақ қою басталды. «Сіздер ұлтшылдық пікірді өз оқулықтарыңда уағыздаған Жұмалиевті, Ысмайыловты неге авторлықтан шығармайсыңдар?» Бұл сұрауына мен ол кісілердің оқулықтарында ешқандай ұлтшылдық қате таба алмадым, сондықтан біpeyі академик, eкіншісі Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшеcі, оларды авторлықтан қалай шығарамыз? Ол көпе-кернеу зорлық болады», дедім. Құрман да, Ісләм да анда-санда біp сұрау қояды, біpaқ бізді қорғайтын түрлері жоқ. Ол кезде екеуінің бізді жақтап біp ауыз сөз айтуға шамасы да жоқ еді. Өмірдің тұтанып, күйіп тұрған сәті. Оларға да жан керек. Сондықтан Құрман да, Ісләм да аяқты байқап басып, байқап сөйлер. Оларға иек артуға болмайтындығын біз жақсы түсінеміз де білеміз. Бізде шабуылға шығуға шама жоқ қорғанып бақтық Храмковтың сұаулары комиссия жазған хаттың маңайынан шығады. Әpбіp сұрауы мені таяқпен жонымнан салып қалғандай болса да, жауабымда ұпай бермей отырған сияқтымын. Малиновский быртиған саусағымен сыға ұстаған қаламын сырыл датып, алдындағы қағазды олай да былай да шимайлап отыр. Онысы «Казахстанская правда» газетіне берілер мақаланың қаңқасын жасау екені тайға таңба басқандай беп-белгілі. Ең соңында Храмков: «Комиссияның «ұлтшылдық ұйымдар бар» дегеніне не айтасың?» – деді. Ол сұрауға: «Ондай болса, КГБ не бітіріп отыр?» – деген жауап тілімнің ұшына келе қалды да, «қой, тағы біp пәлеге ұшырармын» деп ойлап үлгеріп: «Өздеріңіз тексеріңіздер. Ондай ұлтшыл ұйымның бар-жоғын мен қайдан білейін?» – дедім. Түнгі сағат біp шамасында, кітап толы ауыр сөмкені көтеріп, үйге қайтып келе жатырмын. Ойыма әрнәрсе түcіп, жанымды жеп келеді. Ащы шектей созылған дау-дамайдың енді қашан бітерін біp құдай білсін. He іcтey керек? Бұларға қарсы айтыс ашып, шындықпен иіріп, ақырында
өздері шыға алмас иірімге қақпайлап апарсақ па екен? Бәлем, бұлар маған партизан отрядында осылай кездессе – тырнақ астынан кіp іздегенді, пәле-жала тергенді көрсетер едім. Жаумен арпалыста біp бұйрығымды орындамаса, ондай пысықайларға біp ғана оқ шығын болар еді. Жазықсыз жапа шегіп жүрер ме екенбіз деген ой жүйкемді кeміpіп, үйге әрең жеттім. Екі-үш күн өтер-өтпес таңертеңгі келген газеттерді қарап отырсам, «Казахстанская правда» газетінде С.Аманжоловтың, Ә.Нілдебаевтың, Ш.Юсуповтың мақаласы жүр. Оқып шықтым. Сембаевты, мені, Қ.Жұмалиевті, Е.Ысмайыловты, тағы басқа жолдастарды «ұлтшылдық» қате жібергендер деп ірeп-сойып тастапты. Комиссия қорытындысын өзек еткен де, «өлтіре» сынаған. Комиссияның қорытындысы Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы Ғ.Қаржаубаевта болған мәжілісте арнайы қаралды. Одан кейін 1951-жылдың тамыз айының 28-күні Қазақстан Орталық партия комитетінің бюросында қаралды. Бюроны Орталық партия комитетінің екінші хатшысы Круглов жүргізді. Бюро баспамыздың директоры Әбу Сәрсенбаевты орнынан босатты. Оған «оқу құралдарының авторларын дұрыс іpіктеп алмады» деген айып тағылды. Басқамыз ескертумен құтылдық. 1951-жылдың қазан айының орта шенінде республикалық партия активі болды. «Правда» газетінде басылған «Қазақстан тарихын марксистік-лениндік бағытта игеру үшін» мақала жөнінде баяндама жасаған Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы Ілияс Омаров Қазақстан тарихындағы, жоғарғы және орта мектептердегі, оларға арнал ған программалар мен оқулықтардағы, ғылыми еңбектердегі қателік терге тоқталды, ол қателерді жою жолдарын пайымдады. Баяндама бітісімен үзіліс болды. Одан кейін жарыссөз басталды. Төрт-бес адам нан соң Әмірбек Тәкежанов сөйледі. Ол, cіpә, ызақор болса керек, қақа лып-шашалып, тамағы қырылдап-сырылдап, сөйлей алмай қалды. Ал дыңғы қатарда отырған Әбділда Тәжібаев дәл сол кезде: «Мынау қақа лып-шашалып өледі ғой, су берсеңдерші!» – дегенде, Опера театры толы жұрттың ду күлгені әлі есімде. Тәкежанов сөйлемей тынбады. Ол: Сәтпаев Қаныш Имантаевич жиырмасыншы жылдардың бас кезінде Алашорданы қолдаған, оның үстінe ол Қызылорда қаласында 1927-жылы басылып шыққан «Едіге батыр» жырына алғысөз жазды, бастан-аяқ ұлтшылдық сарындағы жырды мадақтап бақты, ұлтшылдық қате жіберген Сәтпаев осы күнге дейін Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті қызметінде отыр. Оны әшкерелеудің орнына Орталық партия комитеті әлі күнге дейін сүйеп келеді деп, жерден жеті қоян тапқандай еліріп, көпіpіп-ақ сөйледі. Мінбеден түсіп келе жатқандағы сықпытына қарасам, елдің іpгecінe жеткен жауды жалғыз өзі жайпап жеңіп қайтқандай шалқақтайды. Әлемге белгілі үлкен ғалымға күйе жақпақ болған Тәкежановтың қылығынан көпшіліктің түңіліп шыққаны ап-анық еді.
Біp күні Әбдіхамит Ібінеевич Сембаев екеумізді Шаяхметов шақырды. Біз айтылған мезгілде ол кісінің көмекшісі Жілікбаевтың бөлмесіне бардық. Көп ұзамай Жұмекең қабылдады, өзі көңілсіз сияқты. Шыбын тайып жығылғандай жалтыр басы қызарыңқы. Оны-мұныны тілге тиек етіп, анда-санда біртүрлі жымиыңқыраған болады. Нендей тәсіл қолданып отыр, көкейінде не жатыр, бізді не үшін шақыртты деп ойлаймын. Беймағлұм дүние мазаны кетіреді емес пе. Жұмекең тамағын қырнап, үнін салмақтандыра қойып, мынаны айтты: – Кеше Қазақстан Орталық партия комитетінің бюросы болды. Сәтпаев жолдасты Академияның Президенті қызметінен босаттық. Орнына Дінмұхамет Қонаевты сайлауды ұсындық. Бүгін көрнектікөрнекті академиктерді шақырып, оларды қолдайтын етеміз. Бұл мәселені шешу үшін көп ойландық, көп ақылдастық, өздеріңізге белгілі, Москвадан Орталық партия комитетінің инспекторы Шикин бастаған комиссия келіп, ұзақ уақыт бойы бізді тексерді. Ол комиссияға Москваға қайтып барған соң, өздерінің қорытындысын Орталық комитеттің басшыларына баяндаған көрінеді. Қаныш Имантаевичті Президенттіктен босату жөнінде Шикин жолдас бірнеше дүркін телефон соғып, бейберекетімізді алды. Босатпайық дегенімізге қоймады. Біздің осындай шешімге келуімізге үлкен себеп болды, – деп біp тоқтады. Бізге барлай қарады. – Жұмеке, – дедім, – cіз ғафу етіңіз, Қаныш Имантаевичтің біp кінә сі Едіге жырын шығарғаны болса, ол – көне заманнан бepі ұрпақтан-ұр паққа мирас болып келе жатқан үлкен әдеби мұра. Оның біздің зама нымызға жеткеніне шүкірлік. Ал ол жыр орысқа қарсы мазмұнындағы нәрсе емес. Соны тірілткені үшін кінәлауға бола ма? Менің пікірім Жұмекеңе жайсыз тиді білем, қабағы түйіліңкіреп кетті де, денесіндегі барлық қаны бетіне жиылғандай қып-қызыл болып, мені көзімен атқылай отырып, сөзді қарша боратты, менің жер-жебіріме жетті. Орнынан көтеріліп-көтеріліп қойып, қатқыл-қатқыл сөйлейді. Мен жер сілкіндірер күшті күткендеймін. Қасымдағы Сембаев бүйірімнен түрткілеп, «қарсыласпа, үндемей құтыл» дегендей ишара жасайды. Рас, «үндемеген үйдей пәледен құтылады». Иә, «сау басыма сақина тілемейін». Бұл кісімен бес бepecім, алты аласым жоқ. Ол маған тиісуді ойламаған шығар, өзін де әлдекімдер ширықтырып, ойын онға бөліп, әлекке салып қойған шығар. Жұмекең дауысын бәсеңдетіп, ауыр біp күрсініп: «Мен де Сәтпаевты қызметінен босатудан аулақ едім, біpaқ амалым қалмады, Мәскеуден әлгі Шикин әлсін-әлсін телефон соғып, босатыңдар, сондай шешім бар деп алқымымнан ала берді. Дәл осы мәселе біздің еркімізден кеткен соң босатуға мәжбүр болдық», – деді. Сембаев екеумізде үн жоқ. Шаяхметов бізді шақырған жұмысынан басқаға ауып кеткенін енді білді де: – Бұл әңгімені осымен тоқтаталық, сендерді шақырған жұмысқа көшелік. Мен анау мал соңындағы шопандардың балаларына арналған
мектеп-интернаттар салу, оны ұйымдастыру мәселесін өз ауыздарыңнан естиін деген едім, – деді. Жұмекеңнің бұл сұрағына Әбдіхамит Сембаев жан-жақты толық жауап қайтарды. Ол кіcі Алматы қаласында, барлық облыстарда, көптен аудан орталыктарында мектеп-интернат салынып біткенін, онда малшылар дың балаларының оқып жатқанын баяндады. Сонымен қабат бірсы пыра мектеп-интернаттардың құрылысы ойдағыдай жүрмей жатқанын нақтылы мысалдар келтіріп айтып берді. Жұмекең мектеп-интернат құрылысының барысын Орталық партия комитетінің бюросына қарауға дайындаңдар, бәр-бәрін мұқият тексеріңдер, нақты ұсыныстарың болсын деп тапсырды. Сонымен біз Шаяхметовпен қоштасып, кеңсемізге келдік. Министрдің бөлмесіне жиналды. Мектеп-интернаттардың құрылысын тексеру, бюроға дайындау жөнінде мектеп-интернат бөлімінің адамдарына тапсырма берілді. Сембаев екеуміз қалдык. Әбдіхамит маған күле қарап: – Сен үндемей-ақ қойсаң еді. Жұмекең саған қатты ашуланды. Біpaқ ақылды адам ғой, қайтуы да тез болды. Ол кісіде кекшілдік деген болмайды. Айтатынын айтып салды. Әңгіменің бәpі сонымен тәмам болды. Біз қоштасар кезде ол сені нұрлы күлкісімен жұбатқанын байқадың ба? Жан алатындай жұлқынғанмен, ақырында бәсеңдеп, саған күле қарай бергеніне мен іштей риза болдым, – деді. Мен өз бөлмеме барып, оны-мұны шаруаға айналып сергиін, әлгі ауыр-ауыр сөздерді, Қаныштай ғұламаны Президенттіктен босату сияқ ты сорақылықты қаншама сабырлы саралайын десем де төзімім жетер еместей. Бар дауысыммен айғай салып, әлдекімдерге ісіміздің, сөзіміздің ақтығын, дұрыс екендігін ұқтырғым келеді. Қазақ халқы өзінің ауыз әдебиетін қастерлейді. Бір заманда жатқа айтқан жыршылардың аузынан еститін, елітіп тыңдайтын. Халықтың мол ауыз әдебиетін «ұлтшылдығы, үстем тап өкілдерін мақтайтын, мадақтайтын нұсқалары бар», – деп әдебиет тарихынан шығарып тастай берсек, келешек ұрпақ алдында не бетімізді айтамыз? Айтыс ақындарының суырыпсалма өлеңдері, кең тынысты батырлық дастандары, лирикалық сезімдік ән-өлеңдері, күйлері, аңыз-ертегілер, қара өлеңдері есепке алынуы үшін олардан саяси астар, бояу іздеу – басы артық әурешілік емес пе? Өткен тірлікті бүгінгі қалыпқа салып өлшеу – кәдімгі бейшаралық, көпе-көрнеу қиянат. Әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Тәкежанов та біздің рухани тірлігімізге төрелік болуға тырысса, ол біз үшін жай ғана сұмдық емес, сорлылық болып шықпай ма? Ондай қаскүнемділікке қашанғы жол бepіп отырамыз? Мен жападан жалғыз отырып, осындай ойға берілдім. Шойынбаев – Нұрышев – Нілдебаев – Тәкежановтарды туған халқының рухани мұрасын бағалай білмес бейшаралығын түсіне алмадым. Сәтпаевтай біртуар тұлғамызды қаралау үші қара жүрек болу керек қой?! «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде» деген халқым-ай, сол қара жүректердің, іші алалардың аузына бөpікті бас қашанға дейін сия берер екен?!. Біз көлеңкемізден қорқуды
қойғанда ғана тиыла ма олардың сұмдықтары?! Cіpә, солай шығар. Біpaқ білекке білекті емес, сабырлылықты қарсы қою қажет. Ертеңіне күндегіден ерте тұрдым. Кеңсеме келіп, Шайхы Кәрібасв екеуміз бастауыш, орталау, орта мектептерге арналған программаларға енген шығармаларды, олардың авторларын сүзбе сүзгендей cүзіп, електен өткізіп шықтық. Программа бұрынғысынан әлдеқайда жақсарған сияқты. Келесі оқу-методикалық ғылыми кеңестің мәжілісінде қарауға дайындадық. Бейсенбі күні алдымен орта мектептерге арналған оқу программасы қаралды. Бұл міжілісте Сәбит Мұқанов, Қайнекей Жармағанбетов тағы басқа жолдастар сөйлеп, программаға көптеген жаңалық енгізгенін, біpaқ әлде де болса, жақсарта түсу жөнінде өздepінің ұсыныстарын айтты. XІX ғасырдың орта кезі жалаңаш қалмауға тиіс. Шортанбай, Мұрат сияқты ақындар жөнінде сын көзімен қарап, шолу жасаған жөн болады. Сол сияқты XX ғасыр басындағы әдебиетке де кең шолу жасаған дұрыс. Осы ұсынысты мәжіліске қатысқан басқа да ғалымдар құптады. Бұл мәжіліске Мұхтар Омарханұлы Әуезов қатыспады. Ол кіcі осы мәжіліс болар алдында екі-үш күн бұрын Мәскеуге жүріп кеткен. Ол кезде Мәскеуден келген Шикиннің комиссиясының суық қолының ызғары М.О.Әуезовке де тиіп, ол кісіні Қазақ ССР Ғылым академиясының «Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі қызметінен, Киров атындағы Қазақ университетінің профессоры қызметінен «алаш ордашыл-ұлтшыл» деген айдар тағып босатқан. Оның үстіне әр жердегі жиналыстарда арсыз, ойсыз шолақ белсенділер Мұхаңа «ұлтшыл» деген айдар тағып, төңіректі шулатып жүрген мезгіл ғой. Осы айғай-шу Мұхаңды әбден мезі етті. Оның үстіне абақтыға жауып қою қаупі туды. Менің ecтyімшe, университеттегі бірнеше шәкірті Мұхаңның Мәскеудегі достарына жасырын кетіп қалуын ұйымдастырған көрінеді. Оны мен ғажап тапқырлық, ерлік деп бағалаймын. Мұхаң тұтқындалса, одан айырылып қалуымыз мүмкін еді. Әдебиетімізді ондай апаттан сақтап қалған адал шәкірттеріне мың да біp алғыс айтсақ, – ол да аз болар едіау. Мәскеудегі достарына аман-есен жеткен Мұхаң Ломоносов атындағы университетте Күншығыстану кафедрасының профессоры болып біpaз жыл ұстаздық етті. Қажым Жұмалиев те болмады. Оған «ұлтшылсың» деген айдар тағып, абақтыға отырғызып қойған-ды. Онымен біpгe Е.Бекмахановты, Е.Ысмайыловты, Б.Сүлейменовты абақтыға отырғызып, тергеу жүріп жатты. ҚазаҚ ССР КГБ орыны бұлардың «саяси қатесін» мойнына қою үшін арнайы төтенше комиссия құрды. Ол комиссияның төр ағасы болып Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының дирек торы Ф.В.Жизневский, мүшелері болып: Қазақ ССР Ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгepyшіcі В.Ф.Шахматов, сол институттың аға ғылыми қызметкері Бағдат Әбішева, Қыздар институты әдебиет кафедрасының меңгерушісі Зәки Ахметов тағайындалды. Мен Жұмалиевке
тағылған айыпты өз көзіммен көpіп, оқып-білу үшін Қазақ ССР КГБның архивындағы тергеу іcімeн толық танысып шықтым. Кереқарыс үш том бастан-аяқ Қажым Жұмалиевті қаралайды. Комиссияның қорытын дысы 73 бетке жазылған. Төтенше комиссиясының қорытындысы он біp тармақтан тұрады. Олар: «1. Қ.Жұмалиевтің қазақ әдебиеті жөнінде жазылған оқу құралдары; 2. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің хрестоматиясы (қол жазба); 3. Мәжіліс туралы жинақ; 4. Жұмалиевтің сөйлейтін сөздерінің кейбір қолжазбасының мазмұны; 5. Жұмалиевтің лекциялары мен аспиранттарды басқарудағы ұстаған бағыты; 6. Жұмалиевтің 1947-жылдан кейін басылып шыққан оқулықтарының мазмұны және оның докторлық диссертациясы туралы; 7. Жұмалиев жазған қазақ әдебиетінің программасы туралы; 8. Жұмалиевтің өлең-жырлары мен прозасы туралы; 9. Үйінен табылған әдебиет нұсқаларының мазмұны, ол материал дарды Жұмалиевтің пайдалануы; 10. Жұмалиевтің өмірбаяны; 11. Қорытынды. Комиссияның қорытындысында тап-таза адам қараланып, жоғарыда аталған еңбектерінің бәpі бастан-аяқ ұлтшылдық бағытта жазылған, саяси еңбектер деп бағаланған. Менің таң қалатыным: біp ауыз қазақ тілін білмейтін Жизневский мен Шахматов қазақ тілінде жазылған еңбектерді оқымай, зерттеп-білмей қалай қол қойған десеңізші?! Өзі тарихшы бола тұра Әбішева Бағдат белгілі-белгілі ғалым ағаларын қаралауға қалай қолы көтерілді екен. Бұл қорытындыны кім жазғаны айтпаса да беп-белгілі. Ол – Зәки Ахметовтің қолтаңбасы. Жалаң сөз болмас үшін төтенше комиссияның акті¶ деп аталатын қорытындысынан үзінді келтіре кетелік: «1941-жылы 8-класқа арналған «Қазақ әдебиеті оқулығы жарық көрді. Жұмалиев бұл оқулыққа қазақтың ауыз әдебиетімен мазмұны орысқа қарсы, қазақ халқының орыс халқына деген өшпенділік сезімін қоздыруға пайдалы болады-ау деген ауыз әдебиеті шығармаларын енгізе берген. Оқулықтың авторы саналы түрде, әдейі (65-б.) оқушыларды «өте байыпты және терең ойлап, мазмұнын түсіне оқу үшін «Едіге», «Қобыланды», «Алпамыс», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қазы», «Наурызбай және Қаншайым» эпостарын оқулыққа енгізген. Жұмалиев пен Марғұлан жазған оқулықтардың бүкіл мазмұны қазақ халқының орыс халқына деген сенімін төмендете түсу мақсатын көздеген. Осы мақсатпен Қ.Жұмалиев Алтын Орда хандықтары мен қазақ феодалдарының Россияға және орыс халқына қарсы күресін сипаттайтын шығармаларды іpіктeп алады да, мұның бәрі бүкіл қазақ халқының орыстарға қарсы күpecі деп көрсетпек болады.
Ол Алтын Орданың қорғаны болған Едігені – орыс пен қазақ халқы ның қас жауы Едігені аспанға көтере ерекше мақтайды. Осы оқулықта ол Едігені «Кемеңгер ойлы адам», «батыр», «атақты қолбасшы», «халықтың қорғаны», «әділ төреші», «өз Отанын сүйген, халықтың батыр ұлы», т.т. деп мадақтайды (сонда, 130-б). Осы оқулығында және басқа оқулықтарында да, тарихи деректерді бұрмалап, Жұмалиев «Қобыланды» эпосын халық мұрасы дейді де, осы феодалдық эпикалық аңыздың батырын Еділ өзенінің бойында Россия шабуылына қарсы соғысып, тойтарыс берген қазақ халқының қорғаушысы болды деп толғайды (сонда, 134-135 б.) «Қобыланды» сияқты феодалдық эпосты Жұмалиев біpнеше жыл бойы (1939, 1941, 1942, 1943 ж.ж.) насихаттап келді (сонда, 136-б.) 1942-жылы басылған оқулығында Жұмалиев феодалдық ноғайлы эпосы «Шораны» қазақ халқының ауыз әдебиетінің шығармасы деп пайымдайды. Оны патриоттық халық эпосы деп, ал ноғайлылық Шораны «қазақ халқының даңқты батыры» – деп, суреттейді (5-б.) Бұл қaзіpгі кездегі кертартпа ағылшын-американ идеологтарының социализмге, демократияға және күншығыс халықтарының бостан дығына қарсы күресте пайдаланатын кертартпа пантюркистік және пан исламистік идеяны саналы түрде қазақ әдебиетіне енгізуге тырысушылық екені белгілі (сонда, 136-б.) Оқулықтарында Жұмалиев феодалдық эпос «Алпамысты» және «Қарасай Қазы» поэмасын мадақтап, әйгілі етуге бар күшін салады. Осы эпостың бас кейіпкерлерін – хандарды, оны қоршаған адамдарды мадақтап, асыра көтермелейді. (сонда, 139-б.). 1941, 1942, 1943-жылдарда басылған «Қазақ әдебиетінің» оқулықтарында Жұмалиев жүз шамалы бетін: Бұхар, Дулат, Нысанбай, Мұрат, Шәңгерей Бекеевке т.б. осылар сияқты кертартпа феодалдық ақындарға арнайды. Соларды насихаттайды. Бұл ақындардың шығармаларын ол буржуазияшыл-ұлтшылдық бағдарлаумен зерттейді. Оның оқулықтарын, басқа еңбектерін, оның редакциясымен жарық көрген еңбектерді қарап шыққанда көретініміз: ол бірнеше жыл бойы осы кертартпа ақындарды насихаттап келген, бұлар дың шығармаларының бәрі орысқа бүтіндей қарсы, ал өздері – феодал дық таптың идеологтары, олар орта ғасырдағы хан өкіметін қайта қалпына келтіруді уағыздады, феодалдық топтың қазақ халқын қанау хұқын және қазақ өміріндегі феодалдық тағылықты, тұрмыс-салтын сақтау үшін алға басу жолындағы жаңалық біткеннің бәріне қарсы болды (сонда, 141-б.). ...Абылайдың кертартпа саясатының қолшоқпары болған Бұхарды Жұмалиев халықтың ой-арманын білдірген ақын деп сипаттайды, ақын ның ой-өpіcі біздің заманымызбен ұштасып жатады да, оның шығар малары кеңес адамдары үшін үлкен тәрбиелік мәні бар деп сандырақтайды (сонда, 145-б.) ХІХ-ғасырдың кертартпа ақыны Дулатты мадақтай отырып, Жұмалиев оның ұлтшылдық мазмұнды шығармаларынан үзінді келтіреді, ал бұл
өлеңдерінде ақын ханды, ыдырап бара жатқан хандықты мадақтай келіп, Қазақстанның Россияға қосылуының және орыс халқының прогрессив тік ой-пікірінің мәнін төмендеткісі келеді, Жұмалиевтің пікірінше, Дулат өз шығармаларында «өз дәуіріндегі шындықты ашады» (сонда, 146-б.). Сонымен, Жұмалиев Дулатты қазақ халқының бас бостандығы үшін күрескер есебінде сипаттайды да, сонымен біpгe өз еңбегінде Қазақстанның Россияға қосылуының маңызын төмендетеді. (147-б.) Оқулықтың Нысанбайдың шығармаларын талдауға арналған та рауында Жұмалиев Кенесары Қасымовтың көтерілісіне буржуазиялықұлтшылдық баға береді де, Кенесарыны қазақ халқының бостандығы мен бірлігі үшін күрескер және өткен заманның прогрессивтік қайраткері есебінде тұжырымдайды (сонда, 148-б.). Жұмалиев XІX ғасырда өмір сүрген феодалды ақын, қазақ ауыз әдебиетіндегі кертартпа «Зар заман» деп аталатын белгілі ағымның бастаушыларының біpі – Шортанбайдың шығармаларын талдауға үлкен орын береді. (150-б.). Оқулықта XІX ғасырдың 60-70-жылдарындағы кертартпа ақын Мұрат шығармаларын талдауда да Жұмалиев оның орысқа қарсы ұлтшылдық шығармаларын қастерлейді, оның орысқа қарсы шығармаларын қазақ халқының келешегін және қазақ жастарының қамын ойлағаны деп түйіндейді. (153-б.). Оқулықта Жұмалиев кертартпа ақын Шәңгерейдің шығармаларын насихаттайды. Шәңгерейдің ең үлкен eңбегі алашордашыл Омар Қарашевтің ақын болуына көп көмектескенін айтады да, оны Жұмалиев «талантты жас ақын» дейді (оқулықтың 177-б., қорытындының 155-б.). «Қазақ әдебиеті (1942) оқулығында «Жар-жар», «Беташар», «Жоқтау» және басқа кертартпа феодалдық тұрмыс-салт жырларын асыра мақ тап, насихаттайды. Мұндай тұрмыс-салт жырларының бәрі де діншілдік сарынға толы болады, патриархалдық-феодалдық құрылыстың іpгecін бекіте түседі. Тұрмыста патриархалдық-рулық әдет-ғұрыпты мадақтайды, әcіpece, әйелдер жөніндегі ескі әдетті асыра мақтайды (сонда, 155-б.). «Аңызға арналған тарауында Жұмалиев клерикалық-феодалдық және ісләм діншілдігіне толы «Асан қайғы», «Қорқыт» аңыздарын мадақтайды (156-б.). Қ.Жұмалиев кертартпа молла Ақмолда мен Ақан ақындардың шығармалары панисламистік-пантюркистік идеяға суғарылған болса да, оларды прогрессивтік қайраткер, әділдік және адамгершілік үшін күрескер, қазақ әдебиетінің барлық дәстүрін бойына толық cіңірген ақындар деп бағалайды. Ақмолда мен Ақан, Жұмалиевтің тұжырымдауынша, күншығыс халықтарының мәдениетінен тек қана жағымды жағын алған, олар тек қана халықтың мәдени шығармаларының жақсы жағына көңіл бөліп, оларды өз шығармаларымен байытқан. Шынын айтқанда, кертартпа молла – қараңғы Ақмолда ең алдымен діншілдіктің барлық түрін, күн шығыстың феодалдық-мұсылмандық кертартпа идеясын қабылдаған.
Панисламдық діни идея ақын және композитор Ақанның өлеңжырларында өте мол орын алған (сонда, 158-б.). Оқулықта шығармасы кертартпа, барып тұрған ұлтшыл Нарман бет Орманбетовті, алашордашыл контрреволюционер Омар Қарашевті, Нұржан Наушабаевты, кертартпа пантюркист Мәшһүр Жүсіп Көпеевті насихаттайды (сонда, 160-б.). 1949-жылы басылған, 8-класқа арналған «Қазақ әдебиеті оқулығы ның І-бөлімінің 49-бетінде Жұмалиев феодалдық «Кенесары-Наурыз бай», «Бөгенбай батыр» поэмаларына және басқа осындай шығармаларға ұнамды баға береді де, ондағы хандар мен феодалдарды, қазақ халқының қанаушыларын мадақтайды (сонда, 185-б.). Көкбай ақын Кенесары мен Наурызбай жөніндегі кертартпа, ұлтшыл поэманың авторы болды. Поэмада олардың қан кешкен жауыздық істepі мейлінше шеттен шығарыла мақталады. Ол туралы Жұмалиев ешнәрсе айтпайды. Кітапта Абайдың талантты шәкірті есебінде Мағауияның шығарма ларын талдауға арнайы тарау берілген. Сол тарауда Жұмалиев Мағауия ның орташа ғана «Медғат-Қасым» поэмасын жоғары бағалай келіп, оны қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы романтикалық сюжетте жазылған поэма деп бағалайды да, Мағауияның Абылай мен Шамиль жөнінде кертартпа поэма жазғаны жайында үндемей өте шығады. Бұған қарағанда, Көкбайды да, Мағауияны да Абайдың шәкірті деуге болмайды (сонда, 188-б.). XІ. Қорытынды Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, төтенше (экспертная) комиссия мынадай қорытындыға келеді: 1. Төтенше комиссия тексеріп шыққан материалдарға сүйеніп, Жұмалиевтің қазақ әдебиеттану ғылымы жөнінде жазған еңбектерінің бәpі буржуазияшыл-ұлтшылдық сарында жазылған еңбек деген қорытын дыға келді. 2. Жұмалиев өзінің буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын 1940-жыл дан бастап үздіксіз толық түрде насихаттап келген, әcіpece, 1941-1945 жылдарда неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрескен Ұлы Отан соғысы кезінде буржуазиялық-ұлтшылдық пікірін белсенді түрде уағыз дады. Буржуазияшыл-ұлтшылдық бағытынан Ұлы Отан соғысы жеңіспен біткеннен кейін де қайтпады, өз пікірінде қалды. 3. Жұмалиевтің буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасы 1941-жылдан 1951-жылға дейін жарық көрген, баспаға дайындалған «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясында», «Едіге» пьесасында, «Біздің Мәлік» атты жинақта, орта мектептің 8-9-кластарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарында ашықтан-ашық толық түрде орын алған.
4. Жұмалиевтің буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасының мәні мынада: ол өткен тарихтан, ауыз әдебиетінен, жазба әдебиеттен ең ал дымен орысқа қарсы кертартпа мазмұнды шығармаларды пайдаланған. 5. Жұмалиевтің оқулықтарымен оқыту жастарды тәрбиелеу іcінe зиянын тигізбей қойған жоқ. 6. Жұмалиев өз көзқарасын насихаттау мақсатымен тарихи деректі (фактіні), қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өсу шындығын бұрмалау (фальсификация) әдісін кеңінен пайдаланады. 7. Жұмалиев буржуазияшыл-ұлтшылдық мазмұнға толы, сақтауға тиым салынған әдебиеттерді сақтап қалған. 8. Сайып келгенде, экспертная комиссия Жұмалиевтің барлық іcәpeкeті ССРО-ның қазіргі замандағы саяси құрылысына қарсы бағыт талған деген қорытындыға келді. (Сонда, 72-73 б.). Осы комиссияның адал адамды қаралаған қорытындысына сүйеніп, Қажым Жұмалиевті 25-жылға соттады. Артынан ССРО Жоғарғы сотына шағым арыз жазып, ізденудің арқасында соттың шешімі 15-жылға кемітіліп, жаза он жылға түсірілді. Қаңтар айының бас кезінде Ж.Шаяхметов Қазақстан Орталық партия комитетінің біpінші хатшысы міндетінен босатылды да, оның орнына Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Пантелеймон Кондратьевич Пономаренко келді. Ол «халық жауы» деп сотталған ғалымдардың ісімен танысып, ақпан айының орта кезінде өткен республикалық партия активінде жасаған баяндамасында Е.Бөкмахановтың, Б.Сүлейменовтің, Е.Ысмайыловтың, Қ.Жұмалиевтің жазықсыздан-жазықсыз сотталғанын, олардың жуық арада абақтыдан босап келетіндігін, ұлтшыл деген айдар тағылып қызметтерінен босаған Қ.И.Сәтпаевтың, А.Д.Жұбановтың Мәскеуге кетіп қалған М.О.Әуезовтің т.б. жолдастардың жазықсыздан-жазықсыз айыпталғанын атап айтты. Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайловты абақтыға отырғызып, соттап жібергендері Оқу министрлігі үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені олардың eкeyі де оқулықтардың авторлары болатын. Орта мектептің жоғарғы кластары оқулықсыз қалатын болды. Қайткен күнде де оқу жылы басталғанша оқулықтарды дайындап шығудың қамын ойладық. Қ.Жұмалиевтің ІX класқа арналған оқулығын қысқа мерзімнің ішінде қайта жазып шығу мүмкін болмады. Орталық партия комитетімен келісіп, Қажымның кітабын Мәлік Ғабдулиннің редакциясымен шығармақ болдық. Қажымның аты-жөні алып тасталды да, оқулық мазмұны өзгерместен Мәліктің редакциясымен қайта басылып шықты. Оқулық жазу үшін талантты жастардың ішінен жаңа авторлар іздедік. 1951-1953-жылдары Зейнолла Қабдоловты, Cepік Қирабаевты, Айқын Нұрқатовты, Мүслім Базарбаевты, Балемер Сахариевті т.б. жас ғалымдарды мектеп оқулықтарына автор етіп тағайындадық. Оқулық жазуға оларды керекті жағдай туғызып, қысқа уақыт ішінде оқулық жазылып бітті. Бұл жас ғалымдар бұрын-соңды оқулық жазу тәжірибесі болмаса да, көп
оқып, көп нәрсені біліп қалған, жазуға да төселіп қалған, қаламдары жүйрік жастар еді. Бұрын мектеп оқулықтарын жазған тәжірибелері болмағандықтан көлемін тым асырып, 30 баспа табаққа жеткізген, сөйлем құрауларында шұбалаңқылық бой көрсетті. Қолжазбаны мұқият қарап, шұбалаңқы сөйлемдерін редакцияладық та, көлемін 12 баспа табаққа дейін ықшамдадық. Кей-кезде жеке бөлімдерін оқу-методикалық ғылыми кеңесте талқылап, кемшіліктерін көрсетіп отырдық. Сөйтіп, жас авторлардың бәpі де алдарына қойылған қиын міндеттерді ақтап шықты. Оқу министрлігі алқасының мәжілісінде қаралып, бекітілді. Кейбіpeyі макет болып шықты да, кейін оқулық есебінде бекітілді. Онан кейін бұл кітаптар бірнеше дүркін қайта басылды. Қaзіpгі кезде де оқулық есебінде қолданылып жүр. Адамдардың дабырламай, өзара тына күбірлесіп сөйлесуін мен баяғы отыз жетінші жылдары да естіп қанық болған едім. Сол хал тап қазіргі барша адамның көңіл күйінде сақталған сияқты. КГБ адамдарды бірбірлеп абақтыға жауып, соттап жатқан іpі-іpі ғалымдарымыздың халжайы бізге де келіп қала ма деген қауіпті ой әркімнің есінен кетпеді. Біp күні Семей қаласындағы пединституттың мұғалімі, көрнекті драматург, ізденгіш ғалым Каюм Мұхамедхановты жазықсыздан-жазықсыз абақ тыға жауып, соттап жібepіпті деген суық хабар жетті. Бұл оқиғадан кейін жұрттың одан сайын үрейі ұша бастады. Алматы консерваториясының директоры академик, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбанов «музыка өнepі жөніндегі кітабында ұлтшылдық қате жіберді» деген жаламен қызметтен шығарылып, бос жүрді. Біp күні түс кезі еді. Мен кеңсемде оқу құралының қолжазбасын қарап жалғыз отырған едім. Көмекшім кіpіп келіп: – Cізгe Ахмет Жұбанов келіп тұр, – деді. – Шақыра ғой, келсін, – дедім. Ахмет Қуанұлын мен өте қатты сыйлаушы едім. Орнымнан тұрып сәлемдестім. Байқаймын, өте көңілсіз. Біp-екі күн бұрын директорлықтан босатылыпты деп естігенмін. Орындық нұсқап: – Отырыңыз, дедім де, өзім қатар жайғастым. Ақаң біp жері ауырып кеткендей қабақ шытты. Қазіргі ауыр жағдайды екеуміз де ұғып, ceзіп жүрміз ғой дегендей маған шаршай қарады да: – Әдеке, – деді, – қазіргі менің жағдайымды естіп-біліп отырған боларсың. Маған қисынсыз кінә тағып, орнымнан босатты. Енді мұнда жүре беру маған қayіпті сияқты. Мәскеуге, балаларымның жанына барсам деген жоспар құрып отырмын. – Сіздің балаларыңыз Москвада ма? – Баяғы өзіңе epтіп әкеліп, орта мектепті бітіруіне көмектескен ұлым, Ғазиза дейтін қызым сонда оқиды. Не болса да, балаларыммен біpгe болайын деп шештім. Өзің жақсы білесің, Мәскеуде тұру үшін де қаражат керек қой. Мұндағы жеңгеңе де қаражат тастап кетуім керек. Сол жағынан сенің қандай көмегің болар деген оймен келіп едім.
Мен ойланып қалдым. Оқу министрліктің Оқу-методикалық ғылыми кеңесінде жаңадан жазылған оқулықтарды рецензиялауға деп бөлінген қаражат бар-ды, сол ecімe түсті де, көмекшім арқылы Министрліктің бас eceпшісі Михаил Иванович Титовты шақыртып алдым. «Рецензияға деген ақшадан қалғаны бар ма?» – деп сұрасам, қыруар ақша әлі жұмсалмай жатқанын айтқаны. Ақаңа рецензияға екі үлкен көлемді оқулықты бepyді ұйғардым. Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы Курчаковты шақыртып алдым да: – Ахмет Қуанұлына екі оқулықты рецензияға беру керек, – дедім. Титов та, Курчаков та сол кездегі жағдайды жақсы түсінетін салиқалы жандар болатын. Ол екеуіне өзімдей сенетін едім. Михаил Иванович Титов алпыстан асқан, байыпты, көп cөзі жоқ, біpтоғa адам еді. Ол маған күле қарап: – Әди Шәріпович, – деді, – шын көңіліңізбен көмектескіңіз келсе, баспа табағына жоғары бағаны қоялық, сонда біpaз сома болады. – Шарт жасасалық. Михаил Иванович дұрыс айтты. Жоғарғы бағамен төлейміз. Cіз рецензияға беретін екі оқулықтың қолжазбасын алып келіңіз, шарттың жобасын да жазып әкеліңіз, – дедім Курчаковқа. – Жақсы, – деп ол шығып кетті де, тез оралды. Үшінші күні Ақаң екі қолжазбаның рецензиясын алып келді. Михаил Иванович Ақаңның еңбегіне төленетін ақшаны өзінің жанындағы темір жәшікке сақтап қойған. Курчаков рецензияны қабылдап алдым деп, қол қойып, анықтаманы Бас есепшіге тапсырды. Ақаң кассаға барып ақшасын алды да, ізіншe маған қайтып келді. «Eкі жарым мың сом ақша алдым. Саған көптен-көп рақмет, жүз жаса! Мен бүрсүкүні Мәскеуге жүріп кетемін. Кездескенше қош-cay бол!» – деп құшақтасып қоштасты. Мен ойланып қалдым. Осындай ақ адамға жала жауып, қаралай берсе, олардың біpі түрмеде шірісе, біpі басқа жаққа қашып кетуге мәжбүр болса, онда біздің ғылымымыз, әдебиетіміз, оқу-білім саламыз, жалпы мәдениетіміз нендей күй кешеді? Рухани жұтаңдыққа ұшырасақ не оңамыз?! Құдай өзі кешіргей, басыңа қауіп төнгенде барып паналар жерің болғаны да тәyіp екен. Егер мен тұйыққа тірелер болсам, не істеймін? Баяғыдай Түркменстанға қашуым керек пе? Қайдан?... Менің барар жерім, басар тауым жоқ. Қайдағы-жайдағы ой мені де қажыта бастады. Ол тұс – Москвадан Орталық партия комитетінің Шикин бастаған комиссиясы келіп, астан-кестеңімізді шығарып жатқан кез. Сембаев екеумізді қайтақайта Орталық партия комитетіне шақырып, оқулықта кеткен қатені түзеу жөнінде анықтама алып, есімізді шығарған. Біp күні республика Орталық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары Құрман Оспанов шақырды. Мен орындалып жатқан істеp жөніндегі анықтаманы алып бардым. Қасында мен танымайтын біp бөгде адам отыр. Оның түсі суық. Мәскеуден келген Шикин бастаған комиссияның мүшесі деп таныс тырды. Мен оқулықтардың қайта жазылып жатқанын, кейбіреуін алқаның бекіткенін баяндап шықтым. Мәскеулік өкіл «ұлтшылдық жіберілген
оқулықты қалай түзеттіңдер?» – деп қара күйеге жабысып, зықымды әбден шығарды. Мен оған жағатын «түзетулерді айтып алдарқаттым. Көп ұзамай Шикин комиссиясының қорытындысы Қазақстан Орталық партия комитетінің бюросында қаралды. Оқу министрлігінің оқулықта жіберген қателіктері көп делініпті. Ұлтшылдық қателер бар оқулықтар ды қайта жөндеу жөнінде Оқу министрлігі мардымды жұмыс істемеген депті. Әйтеуір, біздің атымызға бар-жоқты жамандауды жаза берген. Амал жоқ, олардың айтқандарының бәрін шайнамай жұттық. Бюро болысымен комиссия ертеңінде қайтуға Алматы аэропортына барғанда, Шикинді депутаттар бөлмесінде Нілдібаев қарсы алып, өздері қол қойған тексеpіc қорытындысының біp данасын Шикинге табыс eтіпті. Самолетте оқып барған Шикин Алматыға, Орталық партия комите тіне телефон соғады. Оқу министрлігінде болған тексеруге қатысты үш адам қол қойған анықтама алғанын айтады. Қазақстан Орталық партия комитетінің бөлімі ол анықтаманың өздерінде бар екендігін, тексеріс көрсеткен кемшіліктерінің көпшілігі Шикин комиссиясының қорытындысы бойынша бюрода қаралғанын, тиісті шара қолданылғанын айтады. Сөйтіп Шикин тынышталады. Сол жылдардың бірінде Ш.Юсупов кандидаттық диссертациясының Т.Шононовтың 1926-жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Сужер реформасы» атты еңбегінен көшіріп алғандығы анықталып, Алматы облыстық партия комитеті оны партиядан шығарды да, кейін Орталық партия комитеті қарап, Ш.Юсуповты есеп карточкасына жазып қатаң сөгіс берумен партияда қалдырды. Ал Әбдірақ Нілдібаев ол кезде МГУдың филология факультетінде аспирант болып оқып жүрген кезі еді. Алматыға келген сапарында А.С.Пушкин атындағы көпшілік кітапханаға барып, сирек кездесетін кітап қорынан Радлов XІX ғасырда Петрборда бастырып шығарған қазақ халқының батырлар жырын алып оқиды да, оның ішінен «Қобыланды батыр» жырын ұрлап қиып алып кетеді. Біp күні кітапхана төрағасының орынбасары Айтбаев кітапханашыдан сондай біp оқиға болғанын естиді. Кітапты алып қараса, дәл солай. «Осының алдында кім оқыды?» – деп қараса, алдында ғана Нілдібаев оқыған болып шығады. Айтбаев МГУ-дың сол кездегі ректоры академик Петровскийдің атына хат жазады да, кітапхана директоры Шмелеваға қол қойғызып растатады. Хатты алысымен Петровский Нілдібаевтың кінәлі екенін анықтап, оны аспирантурадан шығарады. МГУ-дың партия ұйымы жеке ісін қарап, партиядан шығаруға қаулы алады. Москва қалалық партия ұйымының бюросы оның ұлт республикасынан келгенін, оның үстіне бұл қылмысты бірінші рет жасағанын ecкepіп, eceп карточкасына жазып қатаң сөгіс береді. Сөйтіп, бұл оқиға бітті де, олардың көмейіне сүйек тығылғандай болып, үндері өшті. Қазақстан Орталық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінен Мектеп бөлімі жеке отау боп енші алып шықты. Бөлім меңгерушісі болып Құр ман Оспанов тағайындалды. Бөлім оқулықтарда қате кеткен деп Сембаев
екеумізді қайта-қайта шақыруды, әлсін-әлсін комиссия жіберіп тексеруді тоқтатпады. Әрі-беріден соң менің шыққан тегімді тексеруге ауылыма өкіл жіберіп, ішек-қарныма дейін ақтарды. Менің әкем моллалық құрған, қажыға барған кезінде Меккеде оба ауруына шалдығып қайтыс болған. Мен партияға соғыс жылдары Клетня аудандық астыртын комитетінің бюросында қабылданған болатынмын. Тегімді жасырмай жаздырғанмын. Оған қарамастан, ауыл адамдарынан сұрастыра бастайды, ал олар мені қаралайтын ешнәрсе айтпайды. Толассыз тексеріс, жұмбақ болған алакөздік мені де, Әбдіхамит Сембаевты да дел-сал ете бастады. Біp жыл емес, бірнеше жылға созылған тексеруден құтыла алмай, шаршап-шалдығуға айналдық. Кейбір адамдардың мейірімсіздігі мен жауыздығы шектен шықты. Олар «бұға берсең, сұға беретін» болған соң, біз де біpтe-біpтe белді бекем байлап, зұлымдыққа қарсы шығуды жөн көрдік. Жөн көруіміз оларға қарсы материал жинау емес, олардың өтіріктерін өзіміздің ісімізбен, сөзімізбен жоққа шығару, шындықты қорғау. 1951-жылдың қазан айы еді. Meні Қазақстан Орталық партия комитетінің Мектеп бөлімінің меңгерушісі Құрман Оспанов шақырды. Көп қажаудын біpі шығар деп бардым. Байқаймын, Құрманның көз қарасы күндегідей емес, бет-әлпеті сұсты. Оның түріне қарап, тағы біp пәленің таяп қалғанын сездім. Құрман үстелінің тартпасын ашып, үштөрт бет қағазды алып, маған үнсіз ұсынды. Мен қолыма алып, оқып шықтым. Менің үстімнен жазылған арыз екен. Шыққан тегімді қазбалап, ақ қағаздың бетін қара шимайға толтырыпты. – Оқып шықтың ба? – Иә. – Оқып шықсаң, осыған түсініктеме бересің. Көпке созып жүрме. Оспановтан шығып келе жатқанымда осыдан екі жыл бұрын біp түсінік бергенім есіме түсті. Үйге келдім де, осының көшірмесін тауып алып, аздап қана редакциялап, қолымды қойдым да апарып бердім. Мен ол жәйтті сонымен бітті ғой деп жүргенмін. Сөйтсем, Оспанов менің ата-тегім жөнінде Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы И.И.Афоновтың атына анықтама жазып, мені қызметтен босату жөнінде мәселе қойған екен. Оны мен кейін білдім. Ол анықтамасы осы күнге дейін бұрынғы Орталық партия комитетінің жанындағы Партия тарихы институтының архивінде сақтаулы. Сонысын толық келтірейін: «Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы И.И.Афонов жолдасқа. Анықтама Қазақстан Орталық партия комитетіне Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары Шәріпов Әдидің шыққан тегі жат екендігі туралы мәлімет (сигнал) түскен болатын. Тексерудің қорытындысы мынандай болды:
1. Шәріпов Әди жолдас шынында да бай және қажы семьясында туған. Шәріпов Әдидің әкecі – Қайранбаев Шәріп және оның арғы атасы Тоқтыбаев Қайранбай іpі бай және қажы, молла болған. 2. Әкесі өлген соң Шәріпов жолдасты (1941) әкесінің ағасы Қайранбаев Мұқаметжан асырап алып тәрбиелеген. Шәріпов Әдидің шешесі осы кісіге күйеуге шыққан. Қайранбаев Мұқаметжан да бай және молла болған. 1918-жылы Қайранбаев Мұқаметжан өлген соң, оның бүкіл байлығы Шәріповтың шешесіне иелікке берілген. 3. Шәpіпoв жолдастың немере ағасы – Садық және Фазыл Қайранбаевтар да бай болған, 1937-жылы кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері үшін сотталып, атылып кеткен. Бұл фактілердің бәрін Әди Шәріпов жолдас мойындайды, тек немере атасы Қайранбаев Халелдің Қытайға қашып кеткендігін білмейді. Шәріпов Әди жолдас 1944-жылы ҚазССР Оқу комиссариатының орынбасарлығына бекітілерде орта шаруа семьясында туғандығын, әкесінің қажы болғандығын жазған, ал партияға түсерде жоғарыда көрсетілген фактілерді жасырған. Тек қана кейінірек, 1950 жылы 8-қыркүйекте жазған өмірбаянында, оқу министрінің мектеп жөніндегі орынбасарлығына қосымша тексерусіз бекітерде, Ә.Шәріпов жолдас әкесінің қажы болғанын, атасы Қайранбай Тоқтыбаевтың адам еңбегін қанағандығын, немере ағалары – Садық және Фазыл Қайранбаевтарды 1937-жылы МВД органының абақтыға жапқанын жазған. Ә.Шәріпов жолдас партия алдында адалдық жасамаған, өзінің шыққан тегі жат екендігін басшы қызметке бекітерде, партияға түсерде жасырған. Сондықтан оны Оқу министрінің орынбасары қызметінен босату жөнінде ұсыныс енгіземіз, оның партия алдындағы жауапкершілігін қарау Қазақ ССР Оқу министрлігінің аппаратындағы бастауыш партия ұйымына тапсырылуға тиіс. Қазақстан Орталық партия комитеті бюросының қаулы жобасы осы анықтамаға тіркелді. Қазақстан Орталық партия комитеті Мектеп бөлімінің меңгерушісі Қ.Оспанов. 19 маусым, 1953 ж. Ал И.И.Афонов бұл анықтамаға: 1) Бұрынғы ОПК жанындағы Партия тарихы институтының архиві. Қор №708, жазба-87, сақтау-105, Ә.Шәріповтің жеке құжаты, 35-бет. «Т. Новикову.1 В личное дело 4. VІІ. 1953 г.» – деп бұрыштама соғып, қол қойып, қайырып беріпті. Сонымен, ол жәйт аяқсыз қалыпты. Ал Оспановтың Ә.Шәріпов партияға түскенде шыққан тегін жасырды дегені – шылғи өтірік. Коммунист партиясының таратылуымен байланысты 1 Новиков сол жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің партия жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған адам.
Фрунзе аудандық партия комитетінен өзімнің есеп карточкамды қайтып алдым. Онда шыққан тегім анық жазылған. 1943-жылдың мамыр айы. Басқыншы жаумен бірнеше күнге созылған қырғын айқас аздап толастаған біp әредікте мені Клетня аудандық астыртын партия комитетінің бірінші хатшысы Семенов шақыртыпты. Мен қалың қарағайдың ішіндегі жертөлеге бардым. Онда аудандық партия комитетінің бюро мүшелері отыр екен. Семенов жолдас маған қарап: «Соғыс болса, әнеки, күннен-күнге сұрапыл болып жүріп жатыр. Сені коммунист партиясының қатарына өтетін болар деген оймен шақырып отырмыз. Бюро мүшелерінің бәpі осында. Қалай, өтініш жазасың ба?» – деді. – Өзім де ойлап жүрген eдім, – дедім де, сол жерде жаздым. Өтініш жазып отырғанымда ҚазПИ-де оқып жүргенімде «Еңбекші қазақ» газетіне Барадаев деген кіcі «Қасқырдың бөлтірігі» атты мақала жазып, мені комсомолдан шығарғаны ecімe сақ ете қалды. Қысқа болса да бәрін жазайын, ештеңені жасырмайын деп түйдім. Егер жау оғынан қаза тапсам, өзіммен біpгe кете барар, ал аман қалып, eлімe қайта оралсам, біpeyлep тағы да ізімді аңди қалса, пәленбай фактіні жасырыпты деп пәле салып жүрмесін дегенді ойлап, өзім туралы тек шындықты айттым. Өзім ес білгелі шешемнің де, әкемнің де, аға-інілерімнің де байлығын көрген емеспін деп ақиқатқа жүгіндім. Алматы қаласындағы Фрунзе аудандық партия комитетінің есеп бөліміне телефон соғып білуге Қ.Оспанов көңіл бөлмеген болмаса, «жасырды» десем Афонов та сене салар, кім тексере алады деген болуы керек. 1954-жылдың қаңтар айының бас кезінде Қазақстан Орталық партия комитетінің біpінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовты Мәскеуге КПСС Орталық комитетіне шақырып кетті. Көп ұзамай ол кіcі қызметінен босап, Қазақстан Орталық партия комитетінің біpінші хатшысы болып П.К.Пономаренко, екінші хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Ақпан айында Қазақстан Орталық партия комитетінің пленумы өтті. Ол пленумда қойылған негізгі мәселе тың игеру болды. Орталық комитеттің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы М.Сужиков басқа жұмысқа ауысуымен байланысты қызметінен босады да, оның орнына Құрман Оспанов бекітілді. Қазақстан Орталық партия комитетінің ерекше секторының мең герушісі Савинский кейінірек мен Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары қызметінде жүргенімде, қызмет бабымен маған келіп отырып, менің үстімнен түскен 1953-жылғы материалға 1954-жыл дың бас кезінде қайта қозғау салынғанын маған жыр ғып айтқан еді. Наурыз айының бас кезінде Савинскийге: «КПСС Орталық комитеті нен келген хатты Пономаренко жолдас сұрап жатыр. Сонымен қатар Оқу министрінің орынбасары Шәріпов жөнінде жазылған анығқама бар екен, соны ала келсін депті», – дейді бірінші хатшының көмекшісінің біpі Полубапкина. Савинский мен жөніндегі анықтаманы, оған қоса менің
жеке құжаттарымды (личное дело) ала барады. Әлдеқашан біткен істі қайта жаңғыртып жүрген кім болды, мен үшін ол – жұмбақ. Біpінші хатшы өзі сұратқан анықтаманы, мен туралы жауынгерлік мінездемені оқып: – Шәріпов – Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үлкен адам. Жаудың тылында жүріп, партизан отрядын ұйымдастырып, ерлік істеген кіcіні оның екі жасында өлген әкесі мен әкесінің іні-ағалары үшін айыптау, қызметінен босату ешқандай әділдікке жатпайды. Мұндай адамды қошеметтеудің орнына қудалау – барып тұрған солақайлық, сорақылық. Мына анықтаманы Афонов жолдастың мән бермей аяқсыз қалдырғаны өте дұрыс болған, – дейді. Өміp шіркін бірде көл, бірде шөл ғой. Дәл сол кезде менің ecімe партизандық жорықтардағы қayіп-қатер, қиыншылық, азап, қар жамы лып, мұз төсенген тауқымет, қырғын қақтығыста дос-жолдас, серік теріңнен айырылған қайғы, өзіміз жаудан азат еткен жерлердегі совет адамдарының фашистерден көрген айуандықтарды естудің жантүрші герлік зұлматы тағы да ecімe түсті. Өміp мен өлімнің арасында жүрген заманды ұмыта алмайсың. Ол есіңе түскен сайын жүрегіңді діp еткізеді. Ажал аузынан аман-есен келгеніме әрқашан тәуба етемін. Амал не, өміp талас-тартысқа толы. Кейбіpey сенің тіpі жүргеніңнің, қызметіңді көре алмай, іші күйіп, домалақ арызды жаңбырдай жаудырып, сені мұқатуға тырысады. Меніңше, бұл сол кейбіреулердің бойына туа біткен ауру; оған ем қонбайды. Ал енді біреулер өзі «кішкене кісілер» қатарында жүргенде маңайындағылардың барлығымен жолдас-жора, дос болуға бейім жүреді де, дәрежесі сәл өсе бастаса, «үлкен кісілер» қатарына қосылуға айналса, бұрынғы сырластарына, тілеулестеріне қыр көрсете бастайды, оларға жоғарыдан қарауға, оларды өcіpмeyгe, онысыз-ақ өcіп бара жатса аяғынан шалуға тырысады. Менің ата-тегімді қазбалап, «шынын айтпаған» деп сыртымнан ғайбаттап жүргендерді сол сияқтыларға қосамын. 1955-жылы Леонид Ильич Брежнев КПСС Орталық комитетінің хатшысы болып Мәскеуге ауысуымен байланысты И.Д.Яковлев Қазақ стан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Оның орнына екінші хатшы болып Ақмола облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Журин сайланды. Ол 1956-жылдың аяғына дейін істеді. 1955-жылдың орта кeзі болу керек. Күннің екінші жартысында республикалық газет-журналдардың бас редакторлары, белгілі-белгілі жазушылар Орталық партия комитетінің мәжіліс залына жиналып жатты. Жұрт жиналып біте салысымен мәжіліс залына Журин мен Жұмабек Ташенов кіpіп келді. Жұмекең – республика Жоғары Кeңecі Президиумының Төрағасы. Жұмекеңнің қабағы жабыңқы, бет-әлпетінде ашудың ізі бар. Ол Журиннің оң жағындағы орындыққа отырды да, жиналған жұртты үлкен көзімен біp шолып өтті. – Жолдастар! – деді Журин. – Сіздермен ақылдасатын саяси маңызы зор мәселе болып тұр. Біздің республикамызда екі тілде, анығырақ айтсақ,
қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, аудандық газеттер шығады. Қазақстан бойынша eкі тілде бірнеше журнал бар. Егер біз сол газет-журналдардың бәрін негізінде орыс тілінде шығарып, содан қазақ тіліне аударатын болсақ, бұл газет-журналдарымыздың мазмұны бірдей болуға, оның үстіне көп үнемдеуге септігін тигізер еді.. Мен аңтарылып қалдым. Хатшы не айтып тұр? Шыны ма, қалжыңы ма? Дені сау адам біpaқ бұлай қалжыңдай ма?... Үш ұйықтасаң түсіңе кір мейтін қайдағы бірдеңені қайдан шығарып отыр?... Өзі ойынан шығарғаны болмас бұл. Сонда жоғарыда осындай сөз болып, соны жеткізіп отырғаны болды ғой? Лениннің біртіндеп біp ұлт, біp тіл ашатын болады дегені бар сияқты еді, Мәскеу соны жүзеге асыруды бастамақшы ма? Совет Одағы бойынша мұндай іc қолға алынар болса, ол неге апарып соғарын ойламай ма екен?... Бұл барып тұрған жауыздық қой... Журин сөйлеп отыр. Мен Журин туралы ойлап отырмын. Қалайда epікcіз ойладым. Журинді Семей облыстық партия комитетінің хатшысы болып жүрген кезінен білемін ғой. Біpaқ, иә, «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде». Мұның іші толы мерез болғаны ма? Мерезін сары майдай сақтап, кезегі келген күнді тосып жүрген қу болды-ау, ә? – деймін өзіме-өзім. Бұл Ақмола облыстық партия комитетінің біpінші хатшысы болып жүргенде қызмет бабымен Ақмолаға біp-eкі рет командировкаға барғанмын. Сонда партия-совет қызметінде істейтін кейбір қазақ жігіттері Журин бізгe, ұлт кадрына, жақсы қарамайды деген-ді. Өзім куә болып көрмеген соң, біреудің айтқанына сене қоймаушы едім. Ал мына айтып отырғаны – қазақ ішінде жарық көретін газет-журналдарды орыс тілінен аударма ету дегені қазақ тіліне, халқымыздың ғылымына, әдебиеті мен өнеріне, бүкіл мәдениетіне оқталған қара пышақ. Осындай сұмдықты да еститін, көретін болғанымыз ба? Зал гуілдеп, біp алақұйын кіруін кіріп, біpaқ қайта шыға алмай аласұрып жүргендей күйге енді. Журиннің: «пікірлеріңізді тыңдауға әзірміз», – дегенін ғана естіп қалдым. Ол сөзін бітіpгeн екен. Мінбеге бірінші болып жазушы Сәбит Мұқанов көтерілді. Сәбең қатты ширықса керек, ә дегеннен Журинге бұрылып шұқшия сөйледі. Сәбең сөзінің мазмұны мынау еді: қазақ тілі біздің республикада мемлекеттік тіл болуға тиіс. Сіздің қазақ газет-журналдары орыс тілінің аудармасы болса деген ұсынысыңыз бүтіндей қате, ол – лениндік ұлт саясатына қарсы ұсыныс. Керек десеңіз, барлық кеңселердегі қатынас қағаздар қазақ тілінде жүруі керек. Сіз қайта осыған көмектесіңіз. Біздің тіліміз – көне заманнан бepі өшпей-сөнбей келе жатқан тіл. Біздің тіліміз бен әдебиетіміз бай, тіл қорымыз қaзіpгі заманда дүние жүзі әдебиетін өз ана тіліне аударып, ана тілімізде оқуға әбден жетілді. Қазақтың ауыз әдебиеті – өте бай әдебиет. Біздің әдебиетіміздің классиктері Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров т.б. әдебиет өкілдері өз шығармаларын қазақ тілінде жазып, тіліміздің қорын байыта түскенін осы отырған жұртшылықтың бәрі біледі.
Сондықтан, жолдас Журин, сіздің ұсынысыңызды қабылдауға болмайды! Сәбеңнен кейін сөйлеген ақын Әбділда Тәжібаев: республикамыздың аты өзінің қазақ халқының атымен аталады. Ол халықтың тілі, әдебиеті, мәдениеті әрі көне, әpі бай. Газет-журналдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударма ету деген Журин жолдастың ұсынысын қолдауға болмайды. Ол – барып тұрған қате пікіp. Бұл ұсыныс қазақ халқының өcіп-өркендеуіне зиян келтіреді. Осы күні біз, әcіpece, қаладағы қазақ балаларының өз тілін білмей орыс тілінде сөйлейтінін жиі кездестіріп жүрміз. Соны көре тұра мынадай ұсыныс жасау – біздің халқымыздың келешегінің құрығанын көздеуі – деді. Иегін екі қолына сүйеп, бар ынта-көңілмен тыңдап отырған Тәше новтің Сәбең мен Әбекеңнің сөзіне сүйсініп отырғандығы күлімдеген көзқарасынан, жымиысынан анық байқалған еді. «Дұрыс, осылай ай тыңдар!» – дегендей. – Жолдас Журин, – деп, хатшыға тік қарап сәл уақыт үнсіз тұрды да: – Біз тіліміздің келешегі үшін қанымызды төктік, оққа омырау тостық, егер тілімізді жойсақ, онда бізгe өміp сүрудің керегі жоқ! Қазақ газет-жур налы орыс тілінен аударылғаны – менің ана тілімнің қолқасына қанжар сұққандық! Қазақ халқы өзінің туған тілін сонау көне заманнан бepі мәпелеп, қорғап өcіpіп келеді. Қaзіpгі кезде біздің тіліміз сөздік құрамы бай тілдердің қатарына қосылды. Ендігі жерде тіліміз бағусыз-қарусыз қала берсе, қағажу көрсе, ол тіл бірте-бірте өшеді, сусызда қураған ағаш тай семеді. Біздің ана тілімізде қаншама тамаша-тамаша көркем әдебиет туындылары жазылды, қаншама ғылыми еңбектер жарық көрді? Соның бәpін біp күнде жоққа шығаруға бола ма? Газет-журналдар қазақ тіліне орысшадан аударма болуы керек деген жолдас Журиннің ұсынысына мен үзілді-кесілді қарсымын! – деп нығыздап айтты да, шағын денесін тәкаппар ұстап, мінбеден асықпай түсті. – Ана тілінің мәнін көтерудің орнына қазақ газет-журналдарын орыс тілінен аудармаға айналдыру деген пікіp біздің ана тіліміздің өcyінe кедергі болатындығына ешкімнің дауы болмаса керек. Менің алдымда сөйлеген жолдастар өте дұрыс айтты. Тілімізді өшірмеу керек, қайта оның өніпөсуіне барлық мүмкіндікті жасау керек, – деді «Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы ақын Сырбай Мәуленов. Сол Сырбайды кейін «ұлтшылсың» деп орнынан босатты. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының қызметкері, қaзіpгі үлкен ғалым Рахманқұл Бердібаевты да газетке өзінің ана тілін қорғап мақала жаз ғаны үшін «ұлтшыл» деген айыппен қызметтен шығарды. Бір «көсемнің» тіпті «Қазақ әдебиеті» газеті «Би-би-си» радиосына материал беріп келеді, сондықтан бұл газетті жабу керек деген ұсыныс та жасағаны есімізде. Журин өзінің тepіc ұсынысын қабылдамай қарсы шыққан адамдарға «ұлтшылсың» деп айбат шегіп, сөйлетпеуге тырысты. Хатшының тepіc пікірін кейбір мансапқұмар, жағымпаз немелер, өз тілінің, мәдениетінің өсіп-өркендеуіне мүдделі емес дүбәралар сол жерде-ақ белсеніп қостай
кетті. Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы Қасым Шәріпов: «Егер мeні аударма газет редакторының орынба сары етіп тағайындаса, мен өзімді бақыттымын деп есептер едім», – деп шықты. Оның ойынша, егер қазақ газеттері орысшадан аударма болса, екі газеттің мазмұны бірдей болады, оны халықтар достығының нығая түсуіне жеткізетін сара жол деп біліуіміз керек. Ол солай деген сәтте Жұмабек Тәшенов еңсесін қалт көтеріп, Қасым Шәріповке жалт қарап: – Қазақ тілінде шығатын газет-журналдарды сен ұйымдастырған жоқсың, оларды сен жоя алмайсың! Қазақ халқы қаншама өмір сүрсе, оның газеттері мен журналдары соншама өміp сүреді. Сен не деп сандырақтап тұрсың?! – дегенде залдың о тұсы мен бұ тұсы гу-гу ете қалды. «Дұрыс-ақ!» – деген дауыстар естілді. Ол көпшіліктің дүр сілкінгені еді. Жұмабек Тәшенов – парасаты мол, ойы терең де алғыр адам-ды. Өз халқының мәдениетіне, оның үлкен-кіші қайраткерлеріне бар адал, ақ көңілмен жаны ашитын, туған халқының қамын жейтін ер мінезді азамат-ты. Өте білімді, қазақ, орыс тілінде бірдей шешен сөйлейтін, өз пікірін қайда, қашан болсын ашық айтатын батыл қайраткер еді. Оның кең маңдайлы, жалт-жұлт еткен қыран көзі мен шымыр тұлғасы нағыз ерге біткен, «Жігіт болсаң – осындай бол!» деп шын сүйсінтетін келісті жаратылыс еді. Жұмабек Тәшеновті буынсыз жерге пышақ салдырмас өжеттігі, қайсарлығы СОКП Орталық комитетінің және өзіміздің республика басшыларының қайсыбіріне, анығырақ айтқанда, Димаш Ахметұлы Қонаевқа да жақпаған болуы керек. 1960-жылдың күзі. Күн бұлыңғыр. Тәшенов өкімет үйінің мәжіліс залында Министрлер кеңесінің мәжілісін өткізіп отырған. Мәжіліс орталай бергенде оны Димаш Ахметұлы Қонаевқа шақырып әкетті. Сөйтсе, оны өзін Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босату жөніндегі қаулымен таныстырыпты, Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары етіп тағайындапты. Ол экономика ғылымының кандидаты болатын, докторлық диссертациясын қорғауға дайындалып жүрген. Амал не, мемлекет қайраткері жолына да ғалым жолына да аттап кете алмас кедергі қойылды. Бұл жерде менің Қонаевты атап отырған себебім: дәл осы тұста Жұмекеңді қорғап, сақтап қалуға Димекеңнің беделі жететін еді. Журиннің ұсынысын Қазақстан Орталық партия комитетінің үгітнасихат жөніндегі хатшысы Нұрымбек Жанділдин қызу қолдап сөйледі. Ол: Бұл ұсыныс – халқымызды интернационалдық рухта тәрбиелеудің өте біp дұрыс жолы, дегенде Тәшенов: – Сен не айтып тұрсың?! Интернационалдық тәрбиенің басқа жолы жоқ па?! Сен ең алдымен өз халқыңның тілінің, мәдениетінің тағдырын ойламайсың ба?! – деп Нұрымбектің сөзін бөліп жіберді. Біз және риза болдық.
Жиналғандардың көпшілігі Журиннің ұсынысына қарсы болды. «Қазақстан мұғалімі» газетінің бас редакторы Омарғали Құдышев, Қара ғанды облыстық газетінің бас редакторы Кеңес Үсебаев, сол жәйтті еске түcіpіп жазып отырған мен де, басқа жолдастар да ойсыз, орынсыз пікірді құптамадық. Жалпақ сары беті қанталап, қабағын қарыс жауып алған Журин орны нан әлcін-әлcін тұрып, беталды шаптықты. Сонысынан сескенген болар, әліптің артын баққан болар, әйтеуір, газет-журнал редакторларының көбі үнсіз отырды. Көп ұзамай-ақ, осы өткен жиналыстан соң, ол кездегі үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Гаврилов Журиннің тапсырмасымен анықтама жазады. Мәселе Қазақстан Орталық партия комитетінің бюросында арнайы қаралады. «Айналдырған құдай алмай қоймайды» дегендей, Журин өз ұсынысын өткізеді. Ол бюроға қатысушылардың ішінде Жұмабек Тәшеновтен басқа қазақ атаулылар ауыздарын буған күйінде отырыпты. Ал Жұмекең болса, Журиннің республика газетжурналдарын орыс тілінен аудармаға айналдыру – қазақ тілінің келешегіне ор қазу, біздің мәдениетіміздің тоқырауына, құлдырауына мүдделі болу. Мен бұл ұсынысқа қарсымын деген ойын ашықтан-ашық айтады. Біpaқ «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпастың» кepі болды. Содан былай қазақ тіліндегі республикалық кейбір газеттер орыс тілінен аударма болып шыға бастады. Облыстық газеттер біpіктіpіліп, бас редактор орыс журналисті (көбіне) болды. Аудандық газеттердің де көпшілігі сол күйге ұшырады. Кейбір облыстық, аудандық қазақ газет тері жабылып та қалды. «Біp қарын майды бір құмалақ шірітеді». Журин шілдер қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің өcіп-өркендеуіне көпе-көрнеу кедергі жасады. Дес бергенде, Журин екінші хатшы болып біp жыл ғана істеді де, басқа жұмысқа ауысып кетті. Орталық партия комитетінің алдына мәселе қайта қойылып, аудармаға айналдырылған газет-журналдарымыз қайтадан дербес шығатын болды. Егер Журин екінші хатшылықта ұзақ тұрса, тағы нендей сорақылықтар ойлап табарын оның өзі ғана білетін еді. Тіл – әрбір халықтың төл еншісі. Тіл – мемлекеттің тәyeлcіздік нышаны. Тілінен айырылған халықтың болашағы жоқ. Тіл – адам баласының ойөpіcінің өніп-өсер көзі, бастауы. Тілсіз тарих та жазылмайды, мәдениет те гүлдемейді. Оны Журиншілдер білмеді, түсінбеді емес, олар бәрін де біле, түсіне тұра әдейі қысастық жасады, қазақтың саны аз екенін пайдаланып қалуды, оның ұлттық санасын жаныштаған үстіне жаныштай беруді көкседі. Қазақстанды қазақ тілінен айырса – дербес мемлекеттінен айыру оңай болатынын, ондай елді құлақкесті құл күйінде тырп еткізбей ұстау жеңілдейтінін олар әріден ойлады, империялық саясатты сабақтастыра берудің бүгінгі «елеусіз» біp жолы сол екенін ұмытпады.
Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы Редакторы Саттар Ерназаров Көркемдеуші редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы Суретші Нұрмұхамбет Наурызбаев Басуға 24.08.2012 ж. қол қойылды. Қалыбы 60х90 1/16. Басылымы офсеттік. Қаріп түрі «DS Tіmes». Шартты баспа табағы 35,0 б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105. Тел.: +7 (727) 272-51-84, 261-60-67, факс: +7 (727) 261-62-13. МАЗМҰНЫ САХАРА ҚЫЗЫ (роман)..................................................................................................... 5 ТОН (әңгіме)......................................................................................................................183 Жолжазбалар СӘЛЕМ САҒАН, СЕНЕГАЛ!....................................................................................209 КӨНЕ ЖЕРДЕ СОҚҚАН САМАЛ............................................................................279 ГВИНЕЯ ЕЛІНДЕ .....................................................................................................339 ЕЖЕЛГІ БУДДА ЖЕРІНДЕ......................................................................................354 КАНАДА ДИДАРЫ...................................................................................................392 Естеліктер АҒАЛАР......................................................................................................................441 СЕРГЕЛДЕҢ..............................................................................................................454 ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТҰҢҒЫШ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ БІРІ...................................455 СТУДЕНТ ҚАУЫМЫНДАҒЫ АЛАСАПЫРАН......................................................459 АЛҒАШҚЫ ШУАҚТЫ КҮНДЕРІМ........................................................................481 ОПАСЫЗ....................................................................................................................513 СОЙҚАНДЫ ЖЫЛДАР (Деректі хикая) .................................................................516 Әди Шәріповтың 100 жылдық мерейтойына арналады
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру