TELEGEI

Home

Сипаттамалы лингвистика

А. Қ. Тұрышев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сипаттамалы лингвистика

А. Қ. Тұрышев - «Сипаттамалы лингвистика» шығармасы.

Түркітанушы – Ш. Уәлиханов Ш. Уәлиханов түркі тілдерін оның ішінде қырғыз тілін зерттеген. Ұйғыр, қытай тілдеріне де көңіл бөлген, жұмыста: Ш. Уәлихановтың түркітану саласындағы еңбегі жан-жақты ашылған. Ш. Уалиханов исследовал тюркские языки, в том числе киргизский язык. А так же интересовался уйгурским и китайскими языками. В работе широко анализируется роль трудов Ш. Уалиханова в тюркологи. Shokan Ualіkhanov researched the Turkіc languages, іncludіng the Kіrghіz language. Also he was іnterested іn the Uіgur and the Chіnese languages. The role of S. Ualіkhanov іn Turkology іs wіdely analіzed іn the work. Түркі тілін зерттеудегі Ш. Уәлихановтың еңбегі ұшан-теңіз. «Түркі тілінің салыстырмалы грамматикасының негізі» Ш. Уәлихановтан басталады десек, артық айтпаймыз. Шоқан Уәлиханов тек қана түркі тілдерін біліп қана қойған жоқ, шет тілдерін де үйренді. Бұнысы өзінің жазған еңбектерінен байқалып тұрады. «Жеті жұрттың тілін білген» – деп жазды профессор Ш. Сарыбаев. Шоқан Уәлихановтың аса бір мән беріп, терең зерттегені –қырғыз тілі. Ол «Ориенталистерді осы тіл мен таныстыру мақсатымен шағын сөздік жасап шығару ойымда» – деп жазды. «Манас» жырының бір бөлігін жазып алып, алғаш дүниежүзіне паш еткен де Шоқан Уәлиханов болды. Ал, М.О. Әуезов әдеби тұрғыда баға беріп, «Манас» жырының бірінші арашасы бола білді. Шоқан Уәлихановтың түркі тілімен таныстығы бала кезінен басталды десек, артық кетпейміз. Шоқан, әуелі, Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бұл схоластикалық мектепте тек шағатай тіліндегі орта ғасырлық әдебиет мұраларын оқумен, араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтап жатқа айтумен ғана айналысқан. Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» парыз болған. Бұл дәстүр ол кезде әлі ескірген жоқ еді, сондықтан Шоқан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген. Кейін Омбы кадет корпусында алған білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. «Оның үстіне корпуста шығыс тілдерінің класы да бар еді. Бұл класта түрік, монғол, араб, парсы тілдерін оқытқан». «Негізгі кластарда шет тілдері, оның ішінде шығыс тілдері: қазақ, татар, шағатай тілдері де оқып үйретілді». Бұның сыртында Шоқан Уәлиханов орыс, француз тілдерін еркін меңгерген. Ал, қытай, қалмақ тілдерін біліп, меңгеруі өз алдына бөлек әңгіме.Генеологиялық классификациясы жағынан қырғыз тілі шығыс ғұн тілдері, қырғыз-қыпшақ тобына жататындығын Н.А. Баскаковтың классификациясынан білеміз. Бұларада қырғыз тілін Абель Ремюза группасы деп атап, оған қазақ тілін қосса, В.В. Радлов қырғыз тілін қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдерімен бірге батыс группаға, Вамберги қырғыз тілін, ұйғыр, өзбек, қазақ тілдерімен бірге шығыс түркі тілдер тобына жатқызады. Профессор В.А. Богородицский өз классификациясында географиялық жағдайды есепке алып, қырғыз тілін қазіргі Орта Азия тілдерінің қатарында қарайды. С.Е. Малов қырғыз тілін ең жаңа түркітілдерінің қатарына қосады. Қырғыз тілінің Отаны Оңтүстік Сібірдің кең байтақ нулы, ормандарымен таулы Алтай, Саян, Тува /Тоба/ өңіріне дейін алып жатты. Тагор мәдениеті үстемдік етті. Орта Азиядан келген Гүн жауынгерлері жергілікті Оңтүстік Сібір этникалық топтарының даму тарихын, процесін тежеді. Мұның өзі халықтың этникалық құрамының түр-түсінің өзгеруіне жаңа қоғамдық және этникалық қарым-қатынастың пайда болуына себебі тиді. Көне қытай жазба деректерінде біздің дәуірімізге дейінгі І-ІІ ғасырлардағы түркі тілдес геньгун-қырғыздардың Үлкен Көл қазандығының Саян қыраттары арқылы солтүстікке қарай, Хакас Минусин аймағына көшіп, жылжи бастағандығы жазылған. Сөйтіп, динлиндермен түркі тілдес гянь-гундердің араласуы басталады. Гянь-гун деген қырғыз деген сөз екен. Кезінде қазақтарды да /киргиз-кайсак/ деуі тегін емес еді. Тарих бұл аймақта екі этникалық компонент: дилиндер мен гянь-гундердің болғанын, VІ-XІІ ғасырлардағы Хакас мемлекеті бұл – ертеректегі Гянь-гун мемлекеті /қырғыз/ жазып қалдырғанын дәлелдеп отыр. Олардың мекен-тұрағы Қырғыз-нұр деген көлдің маңы болғандығын да айтады. Сонымен, хакастардың түпкі атасы қырғыздар екен. ХІ ғасырда Оңтүстік Сібірде екі ірі тайпалық мемлекет құрылды. Алтайда түрік тайпасының басшылығымен Көне түрік қағанаты құрылды. Көне хакас қағанаты троцниктен /қамыстан/ жасалған қаламмен жазған. Өздерінің жазба харіптері де болған. Демек, қырғыз тілін алтай тілдерімен атап айтқанда хакас, тува/тоба/, якут/сақа/, сонымен қатар көрші отырған монғол, түнғұс, манжұр тілдерімен де байланысқа түскендігін байқауға болады. Мысалы, Абакан қаласы: аба-аю немесе қан-хан Астархан қаласы: асты қан немесе астарына келмейтін хан деп те ұғынуға болады. Асқыз: аш-қыз, Астана, Астархан /аст/ көне түбірден туған сөздер. Хакастар б әрпінің орнына п-ні, ж-ның орнына ч-ні, қ-ның орнына ғ-ны келтіріп айтады. Бір дегенді пір, жылан-чылан, жылқы- чылқы, құдағи біз дегі сияқты құдағи т.б. Түрік тайпасының тікелей мұрагері болып табылатын қазақ этнонимі көне түркі ескерткіштерінде аталмаса да сол түріктердің құрамында жүріп, бертін өзінің атын алған қазақ екендігі даусыз. Қазақтар біздің ойымызша XV ғасырда емес, сонау көне дәуірде пайда болған, бірақ қытай жылнамаларында басқа атпен жүрген. Жалпы, түркі тайпаларының бәрі қытай тілінде басқаша аталып келген. Бұл жөнінде сәл кейінірек тоқталамыз. Қырғыздар жаратылысы жағынан көне ел екендігі «Орхон-Енесей» ескерткіштерінде дәлелденді. Сол сияқты, көне түріктердің бір-бірімен соғысып, Оңтүстік Сібір еліне барғандығы туралы, Қырғыздарды жаулап алғандығыда айтылады. Мысалы: Көңмен аша қырғыз йерін етегі сүледіміз. Қамуғы беш отүз сүледіміз. Үй йегірмі сүңүшдіміз. Еллігіг елсіретдіміз. Қағанлығын қансыратдымыз ... Жиырма бес рет аттанып, жиырма үш рет соғысып, олардың басын халық етіп құрып, қаған сайлап, жері-суы иесіз қалмасын деп, аз қырғыз халқын жинадық деп жазады. Түркіттер көршілері көшпенділерге қарсы әрекетін күшейтті. Теріскейде Цигу мемлекеті жаулап алды. Қытайлар Цигу атынан Қырғыздарды ма, әлде чиктерді түсінді ме осы уақытқа дейін түсініксіз деп жазды Лев Гумилев. Қытай жылнамалары түріктер қоныстанған жер-су, ел, халық, тайпа аттарын өздерінің тілдерімен атап, жазып отырған. Бұл жөнінде, жоғарғы айтылғанға орай Н.Я. Бичурин: «Изменены в китайской транскрипции собственные имена: Асилань-Арслан, Сулимань-Сулеймен, Кюе-Кюль, Исесе-Иездегерд, Гусахэ-Хосроу, Истачжи-Ардешир, Ими Цюйдибо-Эмир-Кутейба, Улеге-Гурек, Фохумань-Вахшумань и т.д. тп. ... Укажем главнейшие: кыргызы Енесей-гяньгун /цзяньгун/, гэгу, цигу/кигу/, йегу, хакас, хакаяньсы, киликицзы, уйгыры-гаогюй, хойку, вейвуэрр» – деді. Лев Гумилев та Н.Я. Бичуринге сүйеніп отырған. М. Қашқари де Қырғыздар туралы дерек береді: «Қырғыздар Шынға жақын орналасқан. Онан бері жігіл, тохси, яғма, оғрақ, жарұқ, жомұл, таңұт, қытай тайпалары». Ш.Уәлиханов: «Алатау қырғыздарының тілі едәуір қарапайым болғанымен онда монғол сөздері тым көп кездеседі. Қазақтар ол сөздерді зорға түсінеді және де қазақтарға мүлдем жат сөздердің өте көп болуымен қатар, тіпті, түбірі бір сөздердің өздері де қырғыз тілінде өзінің мағынасына мүлдем қарама-қарсы, басқа ұғымда айтылады» – дейді. Сөйтіп, қырғыз сөздігін жасап, бірнеше сөздерді ұсынады. Олардың мағыналарын ашады. Қопмақ/түрегелу/ – бұл сөз қазақ тілінде де бар: қобып кетті, қобыды сияқты бірақ, сирек қолданылады – А.Қ/. Мұштамақ/Ұрмақ/, Саймақ/Шанышпақ/, Аяч/әйел-қатын/, чон/үлкен, ұлы/ т.б. Ш. Уәлиханов келтірген шоң сөзіне байланысты мәліметті М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан да ұшыратамыз. Мысалы: Бірің тоңып, бірің оң, жұмысы жоқ, Ойында түк кірмейді Кәкітай шоңның дегенде «шоңның» деген сөз қазақта жоқ. Абайға жүгінеді: – Қазақта «шоң» деген кісі аты да бар. Кісі болғанда Шоң, Торайғыр деген ағайынды екеуі бірдей суырылған шешен. ... Ал сол «шоң »деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес. Мына Ұлы жүз, Үйсін ақындарының шешендерінің ескі ырғақтарында да ұшырап отырады. Осы сөздің асыл түбі қырғыздан ба деп топшылаймын» – деп жауап береді. Ш. Уәлиханов келтірген «қалып» сөзі «халық айтса, қалып айтпайды» – деген мақалдың құрамында кездеседі. Демек, «қалып» сөзі қырғыз тілінде «өтірік» деген ұғымды береді, олай болса «халық айтса, өтірік айтпайды»–деп түсіну қажет. Инек үй /сиыр деген мағынада қолданған/ дейді, ал «Орхон-Енесей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» деген еңбекте/сиыр інгек/ деп түсінік берілген. Сондықтан, қырғыз тіліндегі «инек» сөзінің бәлендей айырмашылығы жоқ. Махмуд Қашқари сөздігінде сувалды: Әу сувалды – сиыр суалды деп берілген «әу» сөзі қазіргі қазақ тіліндегі шақыру одағайы «әукім-әукім» сөзінің құрамында сақталған. Ал, қырғыз тіліндегі «инек үй» -дің құрамындағы «үй» сөзі басқадай мағына алып, қазақ тілінде «үй» /там/ деген ұғымды берген. Бұл арадағы сөз басындағы и әрпімен жазу көне түркілік әдіс. Кейіннен оғыздар мен қыпшақтар а және ж әрпіне алмастырып айтатындығын келтіреді. Інгек сөзінің ін/г/ек// инек болып айтылуы да көнеден жеткен құбылыс. Е. Жұбанов: «Ежелгі түркі тілінде дауыссыз ғ/г/ дыбысы буын ұзартқыш элемент есебінде жиі қолданылған. Ғылыми әдебиетте «пратюркская долгота» – деп аталатын осы құбылыстың мысалдарын А.М. Щербак «Оғыз қаған» жөніндегі ежелгі аңыздан/қағар-қар/, орта ғасырдағы «Құдатғу білік» дастанынан /құлғақ-құлақ/, Махмуд Қашқари сөздігінен/қазынғұқ-қазық, ешгек-ешек т.б.» келтіреді. Қазіргі қазақ тіліндегі: құман-құмған, шаңырақ-шаңғырақ, киіз-кигіз, диірмен-тегермен, төгершік-тығыршық-тығырық сөздерінің әр өңірде әркелкі айтылу себебі де сол созылыңқы ғ/г дыбысының кейде сақталып, кейде түсіп қалуына байланысты – дейді. Г дыбысының кейде түсіп қалуы, үнді дыбысына біткен түбірге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда ұяң дыбыстың түсіп қалуы да заңдылық. Қазақ тіліндегі ассимиляциялану процесінде байланысты көк-көгі, ала көз-алагөз т.б. өзгеріске түсу заңдылығы бар. Ш. Уәлиханов қырғыздардың сөйлеген сөздеріндегі мынандай өзгешеліктерді байқаған: к әрпі қ болып естілетін көл//қол , б әрпінің көбіне үнді м болып өзгеретінін не керісінше д әрпінің т /дауыс/ тағып ш әрпін қазақтар сияқты тастап кетпейді татарша айтады. Екінші жақ бұйрық райының -ғын деген жалғауы бар / бізше барғын, келгін деген сөздердегі -ғын,-гін көне тұлға жүрнақ есебінде-автор сол секілді үшінші жақ болымсыз етістіктегі -лік деген демеулік шылауды етістіктің түбіріне жалғап айтады /келді ме?/ келелік т.б. Бұндай -лік//-лық, -лі//-лы тұлғаларын А.Н. Кононов өзбектік етістіктің қалау райына қатысты қарастырады. Мысалы: /унайлық/, борайлиқ,/берайлық/ т.б. Етістіктің қалау райы бірінші жақта тұрып, көпше түрде бірде –йық /барайық/, бірде -лық /баралық/ болып тұлғалануын М. Балақаев «жөнімен ауытқу» – дейді. Е. Жұбанов қысқарта келіп -лы//-лі эпос поэтикасында сақталған шылаулық -ды//-ты деп топшылауға келетіндігін айтады. Қ. Шаяхметов лық//лік аффиксінің екі функциялығын қарастырып, сөз жасаушылық және форма жасаушылық функциясын анықтайды. Сол сияқты Ш. Уәлиханов қырғыздардың сөз арасында иле деген демеулі шылау мен иймек көмекші етістікті қолдануы сол тілдің ерекшелігі екендігін, бір қызығы қазақ тіліндегі көптеп кездесетін араб-парсы сөздерінің қырғыз тілінде жоқ екендігін жазады. Тіпті күллі мұсылман халқы айтатын «ассалаумағалайкүм» деген сөзді «салау да салау мәлік» деп, «лағынет» дегенді «нанет» деп бұзып айтатындығын мысал қылады. Ал, «машаллах», «берек алла» сөздерін білмейді, олар ашуланғанда «қоқи» – дейді /бізде қоқиланып кетті деген сөз тіркесі бар – А.Қ/ мақтанғанда «учала» дейді, ал, риза болғанда «ауба» дейді екен. Ш. Уәлиханов көптеген: тұқсан, тоқсан, керемет, таш тартайын, майнекең болайын т.б. сөздердің мағынасын ашып, Алатау қырғыздарының көне түркі сөздерін сақтап келген деген қорытындыға келеді. Жоғарыдағы фонетикалық заңдылық қазақ тіліне де ортақ. Мысалы, дыбыс үндестігіне орай к, қ дыбыстары г, ғ дыбыстарына алмасуы немесе соңғы морфема б,п дыбыстарынан басталып, алғашқы морфема н дыбысына аяқталғанда, бұл дыбыс м дыбысымен айтылады да н әрпімен жазылады. Айталық: табақ+ы/табағы, серік+і/серігі, сабақ+ы/сабағы, Жанбай / Жамбай, Егінбай / Егембай, Тоғанбай / Тоғамбай, Жанпейіс / Жампейіс т.б. Қырғыз бен алтай тілдеріндегі соңғы созылма дауыстылар бірдей қолданылады: аа, әә, өө, уу, үү, ыы, ии. Қырғыз-алтай тілінде-саа, бээ, төө болса қазақ тілінде - сау, бие, түйе болып айтылады. Сол сияқты ерін үндестік заңы сөздің барлық буынында сақталады: алт. қырғ.-токум, қазақша тоқым; алт. қырғ.-төле, қазақша төле; алт. қырғ.-көрбөген, қазақша көрмеген. Бұндай жақындық алтай және қырғыз тілдерінің граматикасында да кездеседі. Қорыта келгенде, Ш. Уәлиханов қырғыз тілін тексергенде әр сөздің этимологиясына тереңдей барып, сол сөздің шығу төркінін қырғыздардың тегінен іздестіреді. Әсіресе, қырғыздардың шығу тегінің аңыз-дәстүріне көз жіберіп, «Манас» жырынан қырғыздардың келу трихын қарастырады. Ш. Уәлиханов түркі халқына байланысты ғылыми деректердің барлығын оқып, қарап шығып қорытынды жасап отырған. Мысалы, Н.Я. Бичурин кейде /Иакинф/ деп жазып отырған. Плано Карпини, И.Е. Фишер, А. Ремюза, Ю. Гагемейстер, Д. Языков көбіне қытай деректеріне сүйенгенін де байқауға болады. Сөйтіп, түркі тілдерінің саластырмалы грамматикасыын қазақ арасынан шыққан ғұлама ғалым Ш. Уәлихановтың да жазуға ат салысқанын қазақ елін тағы да бір сатыға көтеріп тастады. Осы уақытқа дейін бұл саланы басқа тілдегілерге еншілеп келгенімізді айтсақ, бұл арада Ш. Уәлихановтың еңбегі ұшан-теңіз. Олай болса, Шоқан Уәлихановтың тіл саласындағы еңбегін бағалап, осы саладағы зерттеу жұмысын жандандыру керек деп ойлаймыз. 2. Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарасы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларында тіл мәселесі жөнінде көптеген деректер кездеседі. Олар мағыналары жағынан алуан түрлі. Сөздің шығу тегі, мақал-мәтелдердің шығуы, ономастикалық атаулардың пайда болуы, сөз өнері туралы т.б. Ал, байырғы ескіліктер болып табылатын көне этномәдени лексика тіптен көп. Біз мұнда Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарасына ғана тоқталамыз. Оның себебі кейбір зерттеушілер Мәшһүр-Жүсіптің шығармаларын бір жақты (діни мистикалық) жағынан қарастырады да осы тұрғыдан келіп, ақын туралы діншіл, құдайшыл дегеннен аспай келеді. Оның үстіне Мәшһүр-Жүсіп жөніндегі пікірлері саналарын улап алған байырғы кеңестік дәуірдің елесінен айрыла алмай, ақынның ғұламалығына күмәнмен қараушылық әлі де арамызда ұшырасады. Мәшһүр-Жүсіптің ұлы Абайдан кейінгі шыққан дала кемеңгері екендігін мойындамай келеміз. Мәшһүр-Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы біліп қоймаған дүние жүзі тілдері, діндері жөнінде де мағұлыматы болған. Мысалы, «Дін туралы жер жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі-Құдайды бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед – бір деме – осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси, һубасқа түндей болды. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі-түрлі. Санағандар: «Мың шамалы түрі бар» – дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші-күншығыс Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. Сол сияқты Мәшһүр-Жүсіп ХІХ ғасырда «мәдениет» деген сөзді бірінші қолданған және мағынасын тура берген адам. «Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. Бұларды: «мәдени халық» – дейді, яғни «ғылымды жұрт» – дейді. Мәдениет – араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медени» – «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді (Ә. Нұрмағамбетов, 1990: – Б. 9). Демек, Мәшһүр-Жүсіп бұл – сөздің мағынасын тура қолданған. Қазіргі Республикамыздың Астана қаласына байланысты Мәшһүр-Жүсіп: «Патшалардың тұрған шаһарын: «Астана»; Егер ол су адам күшімен қазып қосылған болса: «Канал» – дейді. Осы жолдағы: Астана п. асетан: өткел, кірер қақпа, сарайға кіру, патша кіретін есік, – Астана – деген ұғымды білдіреді (Л. Рүстемов, 1989: – Б. 34). Канал түбір тұлғасы көне түркі лексемасы қанар, Абакан (үлкен су) құрамындағы қан <> қан. Демек, кан көне түркі тілінде ыдыс деген ұғымды білдірген. Орыс тіліне енген канал (су құятын ыдыс), кэда (көне түркі формасы kedіm `киім`), сандал (сандал – ағаш эпостық жырда кездеседі), новый (наурыз), да Москва, давай дегендегі да, давэй – (қытай тілінде – үлкен) қазақ тілінде дамолда (үлкен молда) дегенде қолданылады, ағылшын тіліндегі футбол (бұт-аяқ), шериф (сейіт // шәріп//шериф) т.б. көптеген сөздерді атап өтуге болады. Мәшһүр-Жүсіп: «Жетпіс екі тіл бар. Сол жетпіс екі тілдің ішінде ғараб тілінен асыл тіл жоқ. ... Онан соңғы тілде қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата – бабасының тілі болған қазақ тілін осы күнгі жүрген қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе еді: дін де осында, ғылым, білім де осында, әулиешілік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата – бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті. Не үшін ақжүрек болып, ақкөңіл болғандықтан бұған дәлел болуға Мығной, Мышнойдың бір сөзін тәбәрігіне сөйлейік» – дейді (М-Ж. 2007: 11 том. -Б. 73). Мәшһүр-Жүсіптің айтқаны Махмұт Қашқаримен үндестік тапқандай. М.Қашқари: «Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі» – деген (МҚ,1993: -Б.11.). Тіл мен дінді, ғылымды бір деп қарастырады. Мәшһүр-Жүсіп «Заты қазақтан болғаннан: «Әмір Темір көреген» – дейді. ...Жек көргендер: «Темірлан» – дейді» (9 т. -Б. 3). «Лаң» сөзі – сарт тілі. Сарт тілінде «лаң» деп ақсақты айтады. «Бір аяғының шолақтығы бар екен» – деседі (10 т. -Б. 3). Әмір Темірді кейде Ақсақ Темір – дейді. Лаң (ылаң) – түбір тұлғасының негізінде неологизм сөз ылаңкестік пайда болды. «Сүтке сүт қосылса, сүмесін (суымасын), // Сөзге сөз қосылса, демесін!»» – деген мақалдағы сүмесін негізінде дұрыс жазылған ол, суымасын деген сөз емес. С. Мұқанов: Малдың еті мен сүмесі (сүті) болады немесе «Сүме» ертерек кезде «желін, «емшек» мағынасында айтылады. Ет тауып жеуге мүмкіндігі жоқтар «малдың сүмесімен (сүтімен) күнін көрген» – дейді (СМ. ХМ. 1974: -Б. 107-110). Мәшһүр-Жүсіптің «Сары арқа кімдікі екендігі?» (1907: -Б. 4) нұсқасында: Бір шөкті түйені шөкімен алып шығыпты деген жолдағы шөкті – жүкті деп жазылып жүр. Шөк – түркінің көне сөзі. Л.Будагов: дж. шөке, шөк – 1) окружность груди верблюда – деп түсінік берілген (Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. І. Санктпетербургъ. 1869: -С. 497). Абай: Күн күйеу, жер қалыңдық сағынысты, Екеуінің құмары сондай күшті – деп Тәңір мен Ұмайды суреттесе, Мәшһүр-Жүсіп: Аспан көк – байы, Жер – қатыны дейді. Екі ақын да мұсылман дініне дейінгі мәдениетті Күн – Тәңір, Жер – Ұмай деп түсінген түркі жұртының мифтік образдарын жаңғыртып поэзияға арқау қылады. Мәшһүр-Жүсіп бірде: «қисыр» – фрынжи тілі: қазақша «Жеті пірің» – дейді. Еуропада болған жұрттар: «Мұның «қисыр» аталғаны – толғатып тұрған қатын өлгенде, іште тулап тұрған баланы жарып алып, ол бала тірі болып, жұрт билеп, патша болып, «Қисыр» атанған екен. Қазақшасы: «Жарып алды» – атанған. Сонда ол Қисыр мақтанғанда: –Мен басқалардай а...нан шыққаным жоқ! – деп мақтанады екен» – деп жазады. Кесарево сөзінің түбір тұлғасы кес болып шығады, Киев (Күйеу), Орел (Өржол), Керчъ (Керіс), Каспи (Кеспе), Двина (Диюана), Висла (Ұсылы), Дон (Дөң), Амур (Әмір), Енесей (Енесай) т.б. атауларды қазақшалап жазған. Мәшһүр-Жүсіп: «Қазақта екі сөз шешілмей жүр: бірі – «Ана тілі» - деген, бірі – «Әдебиет» – деген. Шешілмегеннің себебі: «ана тілі» – деген қазақтың бұрынғы қазақ болған күніндегі ескі тілі. Ол ескі тіл кімге қалды?! Жалғыз-ақ қатындарда қалды. Қазақтың ең алғаш көрген молдасы: сарт-сауан, ноғай-нопай. Олар өзі қазақ тілін дұрыстап білмейді. Өтіріктен оқытқан тілі мынау: «Әліп кез біра ләмға сәкін әл хи ғаз бір ха мумға сәкін алхам дәл пайңы ду алхам дү». Бала бұл айтып отырғанының оқуы қайсы, оқу емесі қайсы екенін айыра алмай миқата болды. Құдай онымен қоя ма?! «Менің айтқанымдай айта алмасын» – деп: «Қызыңа сәкей күнет бекем» – деп, тарс еткізіп басқа салып қалады. Ноғай үйреткенде: «Бит әлі алай түгел бит» – бұл бұлай, түгел деп сабайды. Сарттан оқығаны сарт тіліне еліктеді. Ноғайдан оқығаны ноғай тіліне еліктеді. Анан сұратқан орыстан оқығаны орыс тіліне еліктеді. Өзінің жергілікті тілінен айрылып қалды. Қатын ешқандай, ешкімнен оқыған жоқ. Бұрынғы ескі қазақ тілі қатында қалды. Осы қатын тілін дұрыс білетұғын қазақ жоқ демейін, саналамаса, нама қалған шығар. «Ана тілі» – дегеннің мәнісі – осы» – дейді (9 т. 2006: -Б. 317). Ақынның «қатын тілі» – деп отырғаны қазақтың байырғы тілі. Қатын ешқайда шықпайды, үйде отырады. Таза қазақ тілі де қатында сақталған. Былайша, айтқанда «қатын» тіл тасушы (носитель языка). Соған теңеп, қазақ тілі араласпаған таза тіл «қатын тілі» дегенге келтіреді. Тілдік құбылтудың бір тәсілі табу болып табылады. Эвфемизм – қазақ дәстүріндегі этномәдениеттің көне түрі. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да ұшырасады. Тіпті, Мәшһүр-Жүсіпті келіндері атын атамай Әтиім деген. Мысалы, Қазақта «Тас» – деген, «Тастыбай» – деген кісі аттары болған. Олардың келін-кепшіктері: «Тас» – деп, атай алмай, «Қайыршақ» – деп сөйлеп кеткен. Қазақта «Наурыз» деген де кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай: «Ұлы күн» – деп, «Ұлыстың ұлы күні!» – деп кеткен. «Ұлыс» – Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта «Ұлыстың ұлы күні» – Наурыз (8 т. Б. 56). Сүйретпе. Мәшһүр-Жүсіп те мынандай көне сөз кездеседі. Сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен (ҚШ, -Б. 29). Сабадан кейінгі суынға арналып көннен жасалатын ыдыс – сүйретпе. Оның түбі бұрышсыз жұмыр келеді. Сыйлы қонаққа сүйретпеден қымыз беру ерсі саналады – дейді С.Мұқанов (ХМ, -Б. 106). Бірақ, Мәшһүр-Жүсіп жазбасындағы Абылай Жарылғаптың аулына келгенде Маңқан бәйбіше – Жүктің артында сүйретпеде байдың сыбаға асы түнемел тұр еді – дейді (9 т. -Б. 73). Осы мысалға қарағанда сүйретпедегі қымызды сыйлы қонаққа да құйып берген сияқты. Талқы. Қатқан көнді жібітетұғын емен талқы бикемің біз боламыз! – деген екен (9 т. -Б. 289). Талқы – деген иленген қалың теріні жұмсартатын айыр ағаш, қолға қайда барса да алдында бір қиын қызмет бар дегені (Шәкәрім, – Б. 30). Соңғысы талқыға салды етістік мағынасындағы сөз – А.Қ. «Жүні жидіген теріні жайып кептіреді де, оның құрыс-тырыстарын жазу үшін «талқы» аталатын тістері кедір-бұдыр сайманмен созғылайды» – дейді С. Мұқанов (СМ. ХМ. -Б. 121). Орайы келген соң мына бір сөздің де мағынасын ашқанды жөн көрдік. Бағы. Мына заман қай заман бағы* заман, Баяғыдай болар ма тағы заман. Бағы – деген өзін-өзі билеп, хандарға низамға қарсы келгендер – деп түсінік берілген (Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. 1991: -Б. 26). Жаңа низам. Мәшһүр-Жүсіп: «Қылғаны хакімдердің бізге зорлық, Низамы тура келмес ісі сиып» немесе «Мың сегіз кеше алпыс тоғыздан соң, Халайық көрмеп пе едің неше түрді» – деп «Сары арқаның кімдікі екендігі» (1907) жазды. Қазақстан 1867-1868 жылдары реформаға даярланды. «Уақытша ереже» «Дала низамы» немесе «Жаңа низам» – деп аталды. Незам араб тілінде نظام [порядок, упрядочение; усторйство, регламент, система] – указ, закон, порядок, правило. «Дала низамына Екінші Александр патша 1869 жылы 21 октябрьде қол қойып бекітті. Комиссияның қырға шығуы, олардың «Уақытша ережені» күшпен енгізбек болуы бас көтерілістің басталуына себепкер болды. Көтерілісті сұлтан Ханғали Арыстанов, молда Дәуіт Асауов, би Азберген Мұңайтпасов, молда Ықлас Досов және т.б. басқарды. «1868 жылғы «Дала Низамына» қарсы көтерілген халықты патша өкіметі күшпен көндірмекші болғаннан кейін, ел «Тескен тау» өтіп кетеміз деп ата қонысты тастай үдере көшеді» – деп жазды Х.Есенжанов. Реформа діни мұсылмандар құқығын тежеді. Бұл туралы Мәшһүр-Жүсіп «Жаңа низам» шығарғанда өзінің ұсынысын жазды. Бірінші – партия қылу. Екінші – ұрлықты тыю. Үшінші – байлардың өзіне тоқтау жасау. Төртінші – ишан, қажы, қожа, молдалардың адасулығын жібермеу керек. Мәшһүр Жүсіптің сол уақыттағы ел ішінде, сыртта болып жатқан істен хабардар болып отырғанына саяси қырағылығына тағы да таң қаласың. Мысалы, төртінші мәселені қозғап отырғаны «Уақытша реформа» кезінде мұсылман дінбасылары орысқа қарсы үгітті күшейтті. Молдалар мен ишандар қазақ жерін вакумға беру керек деп шешті. Ел басқаруды бір ғана эмирге (Бұхар үлгісі бойынша) беру керек деп үгіттеді т.б. Бұл істерін Мәшһүр-Жүсіп сынады. Бесінші – «усул жадид» оқуын енгізу. Алтыншы – көшіп – қонуға рұқсат ету. Жетінші – далада от жағуды тоқтату (өрт болмасын дегендік – А.Қ.). Сегізінші – өлікті бұрынғыдағыдай кебінге орап шығару, жаназасын оқу. Тоғызыншы – қазақ өзінің Абылай заманындағы жақсы дәстүрін сақтау. Мінекей, Мәшһүр-Жүсіп «Жаңа низамға» осындай ұсыныспен шыққан (Л.З.Рүстемов. Казахско-русский толковый словарь арабско – иранских займствованных слов. – Алма-Ата, Мектеп. 1989. -Б. 218; Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. -Б. 275; Н.Д. Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 189; Қазақ ССР тарихы. Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957. -Б. 407-424; Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. -Б. 30-31). Зеңгі. Сиыр малының иесі. Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиетінің үлгісінде кездеседі. Әмір Темір Ташкентте «Зеңгі ата» – деген әулиенің үстіне күмбез салдырған – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Төрт түлік мал жайындағы шығармаларда Зеңгі баба сиыр иесі айтылады. Зеңгі баба бұл – Тәңір және Ұмаймен тығыз байланысты. Мұсылман дініне дейін болған мәдениет. Фетешизмнің қасиеттерін осы – Зеңгі баба бойынан табамыз. Төрт түлік малдың әр қайсысының иесі болған. Мысалы: Жылқының иесі – жылқышы ата (Қамбар ата), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі баба, ешкінің иесі – Сексек ата. Зеңгі сөзінің семантикасы әлі түсініксіз. Зеңгі – п. [ зенги: 1. негр, чернокожий; занзибарец; эфиоп; 2. негритянский] – 1. большой, огромный. Көтерген көкке мойнын Зерелі зеңгі зеңбірек (Д.Ә.); 2. негір. Саған үлкен емен ағашты суырып алып, барлық өзіне серік зеңгілерді ертті («М.б.т.»). ~ баба среднеазиатский «святой», ангел – хранитель крупного рогатого скота. Мәселен, жылқы түлігінің пірі – «Қамбар ата», қойдікі – «Шопан ата», түйенікі – «Ойсыл қара», сиырдікі – «Зеңгі баба» деген (Х.А.). Сонымен, зеңгі парсы сөзі сияқты мағынасы үлкен деген ұғымды береді. Зеңгі баба Үлкен сиыр. Қасиетті мал. Көне түркі тілінде сиырды іңгек (үй) – деген. Үй түгіндей кәуірді Кемекеңнің басынан Күншілік жерге апарып, Сүргітіп бір тастады (Манас). (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. – Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. – Б. 92; Л.З. Рүстемов. Казахско-русский толковый словарь арабско – иранских займствованных слов. – Алма-Ата: Мектеп, – 1989. – С. 121; А.Қ. Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // Ф.ғ.д., ғыл. дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. -Б. 88-89; М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. -Б. 40-41; Л.З. Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том І. Санктпетербургъ. Типографиія императорской академіи наукъ. 1869. - С. 607). Оқалы кебіс мәсі. Әйелдердің аяқ киімі. Оқалы кебісмәсі – алпыс сандық (Мәшһүр-Жүсіп., 75); Темір арқан болғанда, темір-кебіс (Мәшһүр-Жүсіп., 42); Кидім де кебісімді шықтым тысқа (Мәшһүр-Жүсіп., 168); Сықылды қаралдысы кебіс басы, Оты жоқ, болған күмбез – оның қасы (Мәшһүр-Жүсіп., 6); В.И. Рассадин: алт. кебис, шор. кемис, хак. кибіс, тув. хевис `ковер`, которые представляют собой заимствование средневекового монгольского слова kebіs `ковер`, зафиксированного в этой форме в старописьменном монгольских языке. Слова это широко бытует в современных монгольских языках: ср. монг. хивис, бур.хибэс, кам. кевес, ордос. кевис, дагур. кибэс, в диалектах Внутренней Монголии хевис `ковер`. Само же монгольское слова является не чем иным, как заимствованием др. -тюрк. kіvіz, kіwіz `ковер`, варианта др. -тюрк. kіbіz, kібіz `палас, кошма`. Со значениями `войлок, кошма` это древнетюркское слова в указанных тюркских языках сохраняется, дав закономерные для них фонетические рефлексы: алт кийис, хак. киис, тув. кидис. Таким образом, и здесь кебис монголизм, кийис и. т. п. - собственно тюркское слова (1990: 224). Л. Будагов: алт. кебісъ كبس 1) коверъ (конд. кемісъ, монг. кебесъ. кир. кябісъ = п. كغش хив. кебішъ كبش кандалы, наложить кандалы كبشسالمق(112) п. كغش кяфшъ (каз. произносять кявушъ, кяфшъ), колош (у персіянъ башмак съ высокими кабулками на подковкахъ, съ закорюченнымъ кончикомъ;надъваются на носки и охватывають три четверти ступни), кир. произносять кебісъ سارتلدقكبس родъ туфлей, كبستيكوكااوستا башмачникъ (1871: 112, 131). Ә.Б. Алмауытова кебіс-түбірі кеп (38), Кебіс атауының түбірі ки етістігімен байланысты (-ыс, -іс) сөз тудырудың өнімді моделі-деп қарастырады (1994: 38, 46). Нұрмағамбетов: Иран тілінде кебіс «кәфш» қалпында көрінеді (Пер. –рус. сл., 1983, 335). Иран тілінде «кәф», «кәфф» – аяқтың табаны деген мағына берген. Сол сияқты үнді, араб, ағылшын, фин, эстонтілдерінде «һоф», «кәпп», «кәппә» тұлғасында «табан» мағынасында қолданылған деп, бұл – сөзді Иран тілінен ауысып кебіс болған дейді. Оқалы кебіс – әшекейленген, оюланған аяқкиімді айтады. Бұған мына Рүстемовтың: кебіса. [كفش -кәфш. Обувь, башмаки, туфли] – узконосые колоши. Кебіс – мәсіп. узб. [كبس +маһси: сапожки без твердого задника и кабулка смягкой подошвой] – обувь – дейді (Рүст, 134). Мәсі– жұмсақ былғарыдан тігілген, өкшесіз, жұмсақ сірілі, жұмсақ ұлтанды аяқкиім (Оңдас., 145). Кебіс – мәсі сөздерінің қатар қолданылуының себебі, мәсінің сыртынан тозып қалмау үшін галош (калотка-кал//гал) киген содан болса керек. ОҚАзат – Жіпке күмістей, алтыннан орап тоқыған зер. Оқасын жерге төгілтіп (ЕрТарғын) (ҚТТС, 174). ОҚАЛЫ – Оқалы тон – оқа ұстаған қымбат тон. Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге (Абай) (АТС, 471). Радлов: оkkлы - в скій, тяжелый, толстый және в съ = 400 драхмъ деп түсіндіреді (1893: 998). Олай болса, ОҚАЛЫ КЕБІС – деген алтын жіппен көмкерілген, оюланған, не қымбат тастар тағылған аяқ киім – Мәсі.

Түйін. Біздің ойымызша, кебіс түркінің өз сөзі кеп түбірінен өрбіген аяқ киім атауы. Кебіс > кептірілген теріден жасалған аяқ киім. Боқмұрын білер кебімді (Манас, 288) кебімді ки тіркесіндегі кебім шығу тегі бір сөздер. Кебіс > кебін > кебеже >кеп > қап (қалып) сияқты жорамал жасауға болады. М.Қашқари оғиқ-оғұқ мәсінің сыртынан киілетін тері байбақ сияқты көне аяқ киімінің бір түрін атайды (МҚ., 96, 101). Сығзығ: мәсі не етік тіккенде екі тігіс арасына салынатын сақтиян, былғары. Тізілдірік етік, мәсі секілділердің тұмсығына сәндік, әсемдік үшін тағылатын теңгелер, бастырма қапсырма әшекейлер (МҚ, 96, 524, 539). (Проблема этимологии тюркских языков. – Алма-Ата, Ғылым. 1990. – С. 224. Л.З. Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. ІІ. САНКТ-ПЕТЕРБУРГЪ. 1871. – С. 112, 131; Ә. Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. – Алматы: Рауан. – 1994. – Б. 130, 131; Ә. Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. – Алматы: Жалын, 1990. -Б. 24; В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. І. Часть 2. САНКТ-ПЕТЕРБУРГЪ. 1893. -С. 998; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ том. – Алматы, 1961. – Б. 174; Абай тілі сөздігі. – Алматы, Ғылым. 1968. – Б. 471; Л.З. Рүстемов. Казахско – русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. – Б. 134; Н.Д. Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. – Алматы, Мектеп, 1984. – Б. 145). Сауыр етік. Тақасы ерекше аяқ киім. Өкшесі етігінің мыжырайып (Мәшһүр-Жүсіп., 88); Аяғыма кигенім шоңқайма өкшелі етік (Мәшһүр-Жүсіп., 125); Қара етігің қолпылдап, Тоғай кезбе келіншек (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Сары етігің салпылдап Сазды кешпе келіншек (22); Көн етігің көлпілдеп, Ауыл кезбе келіншек – Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиетінің үлгісінен алынған мысалдар (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Тон `жабу` сияқты эдик~этÿк `аяқ киім` деген мағынаны білдіреді ол көбірек `етік` деген ұғымда `башмақ, бәтеңке` т.б. қолданылады дейді Э.В.Севортиян негізінен `жабық аяқ киім, ерте заманда қысқа қонышты немесе етік` болған (ЭСТЯ, І7 320.). Етік лексемасының шығу тегін анықтау негізінен Г. Рамстедке тиеселі. Ол –еtük-ті маньжур тіліндегі еtи- `киіну, киімді киіп жүру` деп көне түркілік етістік түбірді еtü- қалпына келтірді,содан кейін барып оны *ät- (сол семантикада қарастыруы да мүмкін) түзеді. Сол сияқты тунгус-маньжур тілі эвен тілінде `сыртқы киім, киім` деген белгілі болды. Тунгус – маньжур тіліндегі `киіну` етістігі *тэту-платформасы маньжур және оған жуық чжурчжен тіліндегі эту-екінші формасының қаншалықты қашықтағынын байқаймыз. В.И. Цинциус осыдан келеді де түркілік анлауыт к- (тіл ортасы) манчж. Ø (дыбыс нөлге), түркі. кэт- ~ кэд- `үстіне киіу, киіну` – дейді. Жалпы мына түбір тұлғасы: уйғ., әт- `жабу, қамау, қадау`, лоб. ет- `қадау, жабу (кепке)`, тоф. эт-` жабу (есікті) кездеседі. Сайып келгенде, зерттеушілер маньжурлық эту- және түркілік әт- ~ эт- ‘фонетикалық-семантикалық ұқсастық бар екендігін, бірақ ол-гомогендік емес дейді. Көне түркі тілі киім (kejm) kedіm `киім, киіну`(< көне түркі. ked-`киіну`. М. Қашқари сөздігінде кет-`киіну` мағынасын берген. Көне түркі тілінде киім мағынасын жоғарыдағы «тон» сөзі ұғындырған. Хакас тілінде өтік `аяқ киім` деген мағына берген. Демек, кейбір зерттеушілердің кет- түбір тұлғасын тунгус-маньжур тілінен іздестіргені, монғол тілінен шығарғаны дұрыс емес. Кет> кэд >киім > этик >етік >кэта. Түркі тілінде етіктің бірнеше түрі болған: былғары етік, қысқа қонышты етік, шоңқайма етік, саптама етік, сауыр етік. Сауыр етік – етіктің бір түрі. Сауыр – малдың жаясының үстіңгі жағы (АТС, 530). В.Радлов: сауыры – 1) крупъ лощади; 2) шероховатая зеленая кожа (вставляемая главнымъ образомъ выше пятки ичига) – деп түсіндіреді. Сауыр етік – көгерген өңделген жұқа теріден тігіледі. Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев темір кебіс, кебіс мәсі, шоңқайма өкшелі етік, қара етік, көн етік, сары етік аяқ киімдерін қолданады (Проблема этимология тюркских языков. –Алма –Ата, Ғылым, 1990. – С. 150-151, 221-222; Абай тілі сөздігі. – Алматы, Ғылым. 1968. – Б. 530; В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том ІV. Часть 1. С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1911.-С. 235; Ә. Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. –Алматы, Рауан. 1994. -Б. 95-96; Ә. Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. –Алматы: Жалын. 1990. -Б. 23-24; А.Қ. Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. -Б. 238). Ақ кіреуке. Сауыт түрі. Ақ кіреуке сөгілді, Жалғай алмай келеді. (Мәшһүр-Жүсіп., 203); Көбе, кіреуке, сауыт бұлар мағыналары жуық сөздер. Көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің тұсын, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт; екіншісі – бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасалған түрі, кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнын түгелдей жабатын көбелер де жасалған (ҚСЭ, 5-том, 642-643). Ал сауыт – «садақ, қылыш, найза» т.б. осы сияқты қару-жарақтардан қорғануға арналған киім. Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір–бірінен өткізіп тоқылған тордан қысқа жеңді жейде түрінде жасалады. Сауыттың дулығасы, мойынды жабатын далбағай сауыт, қол сауыт, аяқ сауыт жеке тоқылады (ҚСЭ, 10-том, 63). Бұған қарағанда, сауыт – көбенің екінші түрін атайтын сөздің бірі, яғни көбе сөзінің синонимі. Кіреуке – ерте замандағы соғысқа киетін сауыт, оның басқа сауыттардан айырмасы кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден немесе көзеден істелген шарайнасы болған (ҚСЭ, 6-том, 181). Батырлар жырында: Бадана көзді кіреуке, Мұны саған береді, Баса келіп кисейші («Ер Тарғын»); Үстімдегі ақ сауыт, Ақ кіреуке бек сауыт («Ер Қосай»). (М-Ж. Көпеев. Екі томдық. 2-т. – Алматы, Ғылым, 1992. – Б. 203. Р. Сыздық. Сөздер сөйлейді. – Алматы: Мектеп. 1980. - Б. 70-71). Отау. Үйленген жастардың кіші үйі. Атасы басқа жау жеңге, Отауға салып тастапты. (Мәшһүр-Жүсіп., 28); Радлов: блая новая юрта жениха; аk отау іd.; отау баіазысы подарокъ жениха за показаніе ему новой юрты. Отауа тÿсÿ ночеваніе въ первый разъ въ новомъ Отау т.б. – деп түсіндіреді (1893: 1103). ОТАУ І зат. Жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген үй, кіші үй. Сүйіндіктің үлкен үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар, Асылбектің отауы болуға керек (М. Әуезов) (ҚТТС, 184). Отау лексемасы мен жасау сөзінің жасалу моделі бір. Мысалы, жасау – сөзінің түп – төркінін көрнекті этнограф Г.Бонч-Осмоловский «Свадебный жилища турецких племен и народностей. Л., 1926» – деген еңбегінде арабтың джис («приданный» мағынасында) және ау («үй») сөздерінің бірігуінен жасалған сөз деп түсіндіреді. Жасау (жас + ау) бірінші компоненті: jаш (жас) – 1) свжій, зеленый, сочный, влажный, св жее дерево (Радл., 1905: ІІІ, 240), jаs (ДТС, 245) – дегендегі жас (көк <көк өскін, көктеу) түркі тіліндегі көк ұғымымен байланысты – көк (жас) – от (көк шөп). Екінші компоненті: көне түркі тілінде «үй», «отау», «киіз үй» мағынасын білдіретін еv, eb, ef, üj, üv (ДТС, 189); ау – эвъ – дом (Буд., 1869: І, 215); осы түбірден өрбіген: ауыл//айыл//аал//авыл т.б. (Қайдар., 61) – үй бірігуінен «жасау» сөзі жасалған. Көктің синонимі от (жылқыны отқа қой, шөпті отау т.б.). От (өрт) алдамшы түбір тұлғасы сондықтан (отау) негіз бола алмайды. Демек, жасау мен отау семантикасы бір сөз болып шығады. jаш> жас > жасау > от > отау >отан (көк - тәңір). От (өрт) сөзінен туындаған үйдің иесі (отағасы) кейіннен пайда болған сияқты. От (өрт) – қаулап жану мен от (қаулап өсу) жағынан о баста семантикасы бір болуы мүмкін. Өйткені, тілімізде өртең және өркен мағынасы сәл де болса жуық сөздер сақталған. Jаs – (жасау) -«жаңа, су жаңа» (жаңа үй) – дегенді білдірмесе керек. Сол сияқты Отан сөзі вәтан парсы сөзі емес, түбір тұлғасы от болуы мүмкін. (М-Ж. Көпеев. Екі томдық. 2-т. –Алматы, Ғылым, 1992. -Б. 28; В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. І.. Часть 2. – С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1893. -С. 1103; В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. ІІІ.. Часть 1. -С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1905. -С. 240; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ том. –Алматы, 1961. -Б. 184; Л.З.Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. І. САНКТ-ПЕТЕРБУРГЪ. 1869. –С. 215; Наурыз. –Алматы: Қазақстан. – 1991. -Б. 64; Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, Ана тілі. 1998. -Б. 61.

Қорыта келгенде, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы бізге беймәлім лексеманы зерттеп халық игілігіне айналдыратын күн баяғыда туды. Бұл орайда, мәшһүртанушылар бір сыпыра жұмыстар жасауда. Алдымызда, Мәшһүр-Жүсіп шығармалар тілінің этимологиялық сөздігін жазу міндеті күтіп тұр. Сол сияқты, айтыстары, жұмбақтары, мақал-мәтелдердің шығуы (5 т. -Б. 94-103; 9 т. -Б.312-317) сияқты тың тақырыптардың тілін зерттеу де күн құрғатпайтын алда күтіп тұрған басты міндет деп есептейміз. Атсалысам деген шәкірттерге жол ашық. 3. Мәулен Балақаев және әдеби тіл Әдеби тілдің маманы. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуді алғашқы болып қолға алаған М. Балақаев десек жаңылыспаймыз. М. Балақаевтің қазақ әдеби тілінің тарихы туралы жазған еңбектері өте көп. Соның бірі – «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» – деген сүбелі еңбегі. Әдеби тілдің жалпы мәселелері – деген тараудың «Қазақ әдеби тілінің зерттелуі» – деп аталатын бөлімінде мына жайттарға тоқталған. Зерттеуші, әдеби тілдің – қоғамдық котегория ретінде алатын орынын айшықтап, ажыратып берген. Қазақ әдеби тілінің зерттелуі – қазақ тіл білімінің кенже қалған саласы дейді – М. Балқаев. Сөйтіп, оның зерттелмеуінің екі түрін жазады. Біріншісі, алфавит, орфография, терминология, грамматика, фонетика т.б. іс-әрекеттер қолға алынды. Екіншісі, қазақтың әдеби тілі халық тілі негізінде жасалып, екеуінің ара-жігі онша білінбей, сондықтан тағы да қандай проблема қалды деген немқұрайлылық пайда болды осы да әсер етті дейді. Тіл білімінің ілгері даму барысында стилистика, тіл мәдениеті, фонология, этнонимика, ономастика т.б. Осылардың қатарына әдеби тіл ғылымы да енді деп осы саладағы еңбектерді атап өтеді. Абай және Ыбырайдың әдеби мұраларының тілін зерттеуге, диссертациялық еңбектер, мақала жазуға көңіл бөлінді. Абайдың әдеби мұраларының тілі жайында Қ. Жұбанов, М. Әуезов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Р. Сыздықовалардың мақалаларынан басқа Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971) деген филологиялық тұрғыдан, тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылыми тұрғысынан жазылған елеулі еңбектер болғанын бірақ, бұлар М. Әуезовтің көркем әдебиет тілін зерттеуге қойған талаптарынан онша сай емес, тіл білімі мен әдебиеттану екі ғылымының бас қосып жазған нағыз ғылыми зерттеулердің жоқ екендігіне налиды. М. Балқаев тілші көркем шығарманы лингвистикалық тұрғысынан, ал, әдебиетші әдебиеттік іздену тұрғысынан қарастырады дейді. Бұл көтерілген проблема, күні-бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын айтуға болада. М. Әуезовтің сыны әдеби тіл мәселесі енді қолға алынған уақытта айтылған еді («Қазақ әдеби тілінің мәселелері, 1950 жыл»). Осы орайда, 1959 жылы 15-19 июнь айында Алматыда «Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдарының» қорытынды сөзінде М. Әуезов: тілшілер қатарынан екі адамды ерекше атап өткен олар – І. Кеңесбаев және жас ғалым Р. Сызыдықова. «Рабиға Сыздықованың сөзіне конференцияға қатысушылар айрықша ырза болды деп санаймын. Оның сөзіндегі бір ерекшелік: тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатар айтар орынды, кенеулі ойы бар және сол ойды таратып айта аларлық тіл құдіреті мейлінше жеткілікті екендігін аңғартады» – деп ті М. Әуезов. Әуезов көрегендігі, алысты алып та, шалып та алатын қарымдылығы Рабиға Сыздық апайымызды дуалы аузына алғандығынан байқалды, ұлы жазушы айтқанынан жаңылған жоқ, Рабиға апайымыз қазақ әдеби тілі мен әдебиеттің силі мен көркемдігін қатар жалғастырып, Балақаевтар көшін ілгері жылжытып келеді. Екінші мәселе, М. Балқаевтің «Социалистік Қазақстан» газетінің 273 санындағы «Көркем әдебиеттің тілі жайында» – деген мақаласы өзінің әділ бағасын тілшілер тарапынан ала алмай жүр. 1953 жылы М. Әуезовтің Балақаевтың мақаласына орай «Тағы да көркем әдебиет тілі туралы» – деген көлемді мақаласы жарық көрді. Мақала асқан зиялылықтың, мәдениеттің, ең алдымен білім жарысының (тілші мен жазушы) арасында тартысқа құрылған. Ұлы жазушы М. Әуезовтің «Абай» романының тілін тек қана сынай бермеген, ұтымды, шебер тілдік қолданыстарды құптаған, кейінгі жазушылараға үлгі тұтқан. Қазіргі замандағыдай екі адамның бірі-бірі даттап, тіл тигізіп, артынан сотқа жүгініп «моральдық зиян» өндіріп, күллі елге, қала берді шет жерге күлкі болып жатқан жоқ. Мақала осынысымен құнды, осынысымен ұрпаққа үлгі. Мақалада Балақаев көркем әдебиеттің тіліне қатты мән, талап қояды. Мысалы, «ну» сөзін «тоғай», «қарағай», «думан» дегендей бірқатар сөздермен ғана тіркестіріп, «ну тоғай», «ну қарағай»... деп айтуға болады, «ну шаш», «ну ел» деп айтылмайды. «Асау» деген сөзді «асау бие», «асау ат» деп көбінесе көлік малын білдіретін зат есімдермен тіркестіріп айтуға болды да, осл тура мағынасында «асау көлеңке» деуге болмайды. Бірақ көркем әдебиетте сол сөз әдетте тіркеспейтін басқа бір сөздермен де жанастырылып айтылуы мүмкін. Абай ол сөзді, мысалы, «жүрек», «Терек» сөздерімен тіркестіріп «асау жүрек, асау терек» деп Абайдың тілін үлгі қылады:

Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.

М. Әуезовтің көпшілікке белгісіз нөпір, нор, қыжыл мінез, еру, шеру («Ел еру болса, шаңырағына жоқшылық кеп шеру тартады»), дүрк көшті, өбектеу, дом боп жаралған ат сияқты ұмытылып бара жтақан сөздерді де біледі. Соларды жазушы «Абай» романында ескіліктің елесі ретінде орынды қолданғанын айтады. Ал, М. Әуезов өзінің жауабында: «Қорыта келе айтарым М. Балақаев мақаласы мойнына алған міндетін ада қыла алмаса да, бір елеулі керекке жарап отыр. Ол мақала өзі шешпесе де ойлану үшін, іздену үшін, деректі қорытындылар жасау үшін дұрыс қозғау салып отыр. Бұл мәселелерге жазушы жұртшылығы атсалысу аса қажет. ...Сондықтан да тілші мамандармен қатар қазақ жазушы, ақындарымыздың осы жауапты жайға атсалысуын тосамыз!» – деген екен. Неткен ұлылық. Неткен даналық десеңізші. Бұл да, қазақ әдеби тілінің дамуы үшін жасалған қам еді, болашақтың қамы еді. Бүгінгі күні М. Әуезов пен М. Балқаевтің мақалалары тарихи құндылыққа айналып, зерттеушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге үлкен үлгі-өнегеге болып, өзінің толық қанды зерттеуін, тарихи бағасын күтіп жатқаны да шындық. Балақевтің ізімен... XІX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші артысындағы әдеби тіл бір қыдыру зерттелді. Бірақ, М-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, Ақмола Мұхамедияров, Әбубәкір Шоқан-Керделі, Мақыш Қалтаев, Шәді Жaңгіров т.б. ағартушы ақындардың әдеби тілге тигізген ықпалы әлі толық анықталмады. Әдеби тілдің дамуына тек қана ақындар ғана септігін тигізген жоқ. Дала кемеңгерлері билер, шешендер, әнші-сазгерлер, күйшілер, жыршылар, ауыл арасындағы жай ғана құйма құлақ әңгіме шеберлері – бәрі де әдеби тілдің тасушылары болды. Сөйтіп, ғасырдан-ғасырға үзілмей келе жатқан жақсы дәстүрді (ауызекілік естімелі жадыны) өнерді сақтап, бабалар тілінің қаймағын бұзбай, шашау шығармай бүгінгі ұрпаққа жеткізді. XІX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдңы бірінші жартысындағы әдеби тіл үлгілері солай жетті. Солардың ішінде М-Ж. Көпеевтің шоқтығы анағұрлым биік болды. Абай Kұнанбаев пен Ы. Алтынсариннің әдеби тілдегі алатын орны жан-жақты зерттелді. Ұлы Абайдың төңірегіндегілерге тигізген ықпалы, әсері зор болды. Олар бірінің білмегенін бірі толықтырып отырды. Асылы, кең жатқан ұшы - қиыры жоқ қазақ жеріне бірді-екілі ақын-жырау, жыршылар аздық етеді. Олардың ішінде Абай секілді сұңғылалары да болды. Әлділердің тілі халық арасынан жол тауып жатты, көңілге сіңгендері әлсіздерді жұтып жібереді. Сөйтіп, ақындар, жыраулар, жыршылар арасында өз-ара тартыс, халыққа танылу жөніндегі күрес үнсіз жүріп жатты. М-Ж. Көпеевтей барлығы алысқа барып оқуға қолдары қысқа болды. Хат-хабар жаза алмады. Ауызекілік дәрежеде қалып қойды. Олар да ЖЖабаев сияқты жазба әдебиет пайда болған заманда өмір сүрсе, айтқандары қағаз бетіне түсіп, жоғалмас еді. Сондықтан да болар XY-ХVІІІ ғасыр ақын-жыраулардың кейбірінің айтқандары, жыр үлгілерінің тілі бірінен-бірі ауысып-түйісіп жататыны. Жалпы, М-Ж. Көпеевтің әдеби тіл тұрғысындағы әділ бағасы берілмеді. М-Ж. Көпеев XІX ғасырдың екі жартысымен XX ғасырдың бірінші жартысын жалғастырып жатқан алтын көпір. Сонау көнеден жеткен түрки, шағатай, араб-парсы т.б. тіл элементтерін XX ғасырға дейін бойына сіңірген, бергі зерттеушілерге жәдігер ретінде алып келген, содан барып жаңа жазба әдеби тілдің сапасы үшін күресіп, оның тазалығы үшін де ат салысқан. М-Ж. Көпеев шығармашылығының ізін Орта ғасыр мен Алтын Орда Қыпшақ дәуірінен іздеген абзал. М-Ж. Көпеевтің шығармашылық байланысын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасымен сабақтас қарастырған да тиімді. Екеуі де тағдырлас, құрдас, рухани жақын ақындар. Кеңестер дәуірі кезеңінде М-Ж. Көпеев шығармасының тіл білімі тұрғысынан зерттелмеуінің бірнеше объективті де, субъективті де себептері бар. Біріншіден, XІX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, тіл тарихындағы өте бір күрделі дәуір және түрлі тілдік жүйе ағымдарына толы болды. XX ғасыр басындағы кезең сол ғасырдың жалғасы болғанмен жаңару, іздену жылдары болғандығы ақын шығармаларынан белгілі. Оның үстіне М-Ж.Көпеевтің де, Шәкәрім Құдайбердиевтің де шығармалары Шығыстық дәстүрге, әрірек барсақ Орта ғасырлар қисса-әпсенелердің тақырыбымен үндесіп жатты. Екіншіден, билер көзқарасыретінде ескішіл псевдомиссиялық, панисламдық сарындағы ақындарға жатты. Олардың идеясы Кеңестік дәуір идеясымен сай келмеді. Yшіншіден, ескіше оқыған, діндар ақындар тобына ығыстырылып, шығармалары түгел аттарын атаудың өзі мұң болды. Қазіргі уақыт та, заман да басқа. Тіл білімі тұрғысынан ақын шығармалары зерттеліп жатыр. Оған теориялық қозғау салған, темірқазық болған тілші ғалымдардың – бірі М. Балақаев еді. Маман бәрін шешеді. Кеңестер Одағы кезінде «кадр бәрін шешеді» – деген сөз болған. Бұл сөз өзінің құндылығын бүгін де жойған жоқ. Оған өзіміз куәгер болып отырмыз. Қазақ тілінің теориясын, грамматикасын т.б. қай саласын болсын зерттеу өте қиын. Сондықтан болса керек қазақ тілін, математика ғылымымен тең қоятыны. Оның бір себебін ғана атап көрсетейік. Мысалы, сөздің түбір тұлғасын анықтауы үшін қаншама ғылыми анықтамалар, сөздіктер жылпы түркі тіліне қатысты барлық материалдарды сүзіп шығу керек. Көне заманға қатысты тілдік тұрғыда зерттелген қаншама әдебиетті қолдану керек. Бір әдебиетпен шектелу қалу мүмкін емес. Басқа ғылым саласындағы мамандар ренжімесін, салыстырмалы түрде алайық «Қазақ тілінен» қорғалған диссертациялар көп пе? Әлде әдебиет, философия, педагогика, тарих саласында қорғалған диссертациялар көп пе? Кім есебін алып жатыр. Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығында Мәшһүр-Жүсіптің, Иманғали Мәненнің, Жүсіп Жолмұраттың, Төлепберген Алдабергеновтің, Жұқаш Кәрібаевтің т.б. қолжазбалары сақталған. Қолжазбалармен жұмыс істеу үшін, ғылыми сипатын ашу үшін «қазақ тіл білімінің» бір саласы - «әдеби тілдің тарихын» маман өте жақсы білу керектігі мәлім болды. Мәшһүр-Жүсіптің тілі автономды емес, сонау көне түркі жазбаларымен және қатарласып келген ауызша әдеби тілмен-ақын-жыраулар тілімен тығыз байланысты. Айталық, иллә//ләкин//һәмма шылауларының даму заңдылықтары қандай? Мысалы: және шылауына дейін қандай шылаулар қолданылды, олардың даму заңдылықтары қандай? Мына: һәмма>һәм>әм>және шылауларының өзгеріске түсу заңдылықтары қандай? Мәселе – осында. Немесе, кейбір сөздер сыртқы тұлғасы жағынан ғана ұқсас, алдамшы болып көрінуі мүмкін. Айталық, Талас (өзеннің аты), тал (ағаш өсетін), талыс (ыдыс). Осындағы Талас (тал-су), тал (тұл дыбыстық варианты) талмен ысталған ыдыс деп ұғынғанмен олай емес, тал (тері-тұлмен, тұлыппен тығыз байланысты). Мінекей, көріп отырғандарыңыздай бұл жай ғана айтыла салған сөз емес, ұзақ зерттеудің нәтижесінде анықталған сөздер. Бірде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ескі нұсқасында «Тұла бойы» деп, ал жаңа нұсқасында «Тал бойы» деп жазылғандығын оқып қалдым. Әрине, соңғы нұсқасы түзелген. Түзелгенде «тал бойы» бүгінгі әдеби тіл бойынша алынған «тал» (өсетін ағаш) деп көпшілік ұғады, түзеткен адамда солай ұққан. Ал негізінде «Тұл» мен «Тал» бір сөз тек қана тілдің ұзақ жылғы даму барысында дыбыстық өзгеріске ұшырағандығын кәсіби тілші болмаса жай адам аңғармасы анық. Сол сияқты: жаужұмыр, жаубүйрек, жауқазын бұлар түбірлес сөздер. Түбір тұлғасы «жау». Енді «жау» түбірін анықтаймыз. Жау – етістік, жау – зат есім. Жау (враг) дегендегі «жау» логикалық жағынан келмейді. «Жаубүйрек» адамның организімі өзіне жау бола алмайды. Басқасы да солай әжетке жаратуға болады. Ал енді «жау» (жаңбыр) жаубүйрекке қатысы шамалы, демек, жауқазын мен жаужұмырдың түбір тұлғасы «жау» (жаңбыр) байланыстыруға болар еді, бірақ, бұл – алдамшы түбір тұлғасы ғана. Оны мына зерттеулер дәлелдейді. О баста түріктер өзін танымай тұрып, қоршаған ортаны таныған. Ол: жаужұмыр мен жауқазын, материалдық қажетін өтеген. Логика бұны құптайды. «Жауқазын» мен «жаужұмырдың» түбірін қазып алып, тағам ретінде пайдалануы мүмкін не емге қолданған. Демек, «май» алған. (Тобылғыны отқа қыздырып, әкем тырнағының сөгіліп кеткен көбесіне жағып отырғанын талай көргем). Бірақ, түрік «май» деген атын білмеген, оның орына «жақ» деген уәжін білген. Көзге көрінгені қимыл ғой. Атауы жылдар бойы тұрақталып, айтыла-айтыла «жаққа» айналған. Көне түркілер «жауды» «жақ» деген мәліметтер де жоқ емес. Осы «жақ» жылдар өте кейінен «жау» ретінде түзілген де, алғашқы мағынасы «жақ» пен «май» ұмытылған. Сөзіміз дәлелді болу үшін былай айтып көрелік: «майбүйрек», «майжұмыр», «майқазын» логика жоққа шығармайды. Бұл сөздердің алғашқы түбір тұлғасын қалпына келтірсек: жақ <> май > жау сияқты тілдің даму барысын, жолын көреміз. Мінекей, осылай көне сөздерің о бастағы түбір тұлғасын табуға болады екен. Сөз де тірі организм. Олар да бір - бірімен жай ғана тіркесе бермейді. Тіліміздегі күрделі сөздер: бала-шаға, жым-жырт, ұшан-теңіз, заң-закон т.б. Бір сыңары өзінің табиғаты жағынан туысы болып отырады. Ал оның түбір тұлғасын анықтау ұзақ зерттеудің нәтижесінде ғана мүмкін болады. Шаға – кішкене (қызыл шақа не ағаштың бүрі), жырт (шырт: шырт ұйқыда жатыр), ұшан (кеме, ал кеме теңізде жүзеді, ұшан-теңіздің құрамында жүр), заң (қытай тілінде закон). Мыс былқылдап еріген кезінде шал, Шөншіктен* ұсақ қара алды қырып (Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазмемкөркемәдеббас, - Алматы, 1961. -Б. 325). *Шөншік – шөптің басына шығатын дән, түтінін шығарып, түтікпен тартады деп түсінік берілген. Қаралық: Сен бұзау терісі – шөншіксің, Мен өгіз терісі – талыспын (Бұќар);Сүйел қолды қара ұста, Сайманды сал талысқа(Жансүгіров); Талыс -(тал+ыс) өгіз терісінің талдың жалынымен ысталған көнек (ыдыс). Қаз. талыс `ішіне біз, тарамыс т.б. салатын тері боќша` (Ильминский, 1861. С. 106 ); Л. Будагов: «алт. чöчу, монғ. цучігекъ(блюдечко, тарелка) шай ішетін боялған қытай ыдысы. Дж. جورتما шортпа ашыған сүтті құйып дайындайтын түбі шұңғыл ыдыс» – дейді (492, 493 бб). Талыс – смочка кожаная, в которую кладутся шило, тарамыс и др (Жанпейісов, 62). Тал // тұл (жесір) (тұлдау, тұлып, тал бойы // тұла бойы (фонетикалық вариант), тал түс, талақ//тылақ (тұл қысқа), бір тал шаш, тал (ағаш) семантикасы бір (даралығы жағынан) түбірлес сөздер. Тал (су – деген ұғымды берген) (Талас) өзеннің аты омоним сөздер алдыңғы талмен байланысы жоқ. Ал көне түркі тіліндегі шалаш, сал (сал жасады) деген лексемалар осы – талмен семантикасы байланысты болуы мүмкін. Енді шөншік ескілігіне келсек: Шөншік (1). Дорбашық. Қалташық. (Абай тілі сөздігі. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, – Алматы, -Б. 703). В. Радлов чöн 1) ссорь, щепка, мусоръ, грязъ, зерно, трава; 2) подходяшій, впору – постой я еще малъ, вырасту и одежда мнъ будтеь впору! деп түсіндіреді (сол кездің транскрипциясымен жазып отырмыз – автор) (Радлов: 1905: ІІІ том. 2 часть. -Б. 2047). Шөншік – теріден жасаған қалта (карман или торба, сшитая из кожи) Шев. ГО. (С. Аманжолов, 421); Чöн~шөн (шөн+шік) -шөн– кішкене; -шік (көлшік, үйшік) дегендегі кішірейткіш жұрнақ. Академик Р. Сыздық: «талыс, шөншік сөздерін қолданғанда ыдыс туралы емес, үлкен, кіші-көп, аз рулар туралы болып тұр» -дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, 2004: -Б. 456). Торсық <> көк (көн)<>талыс < мес (тері ыдыс) шөншік бәрі де теріден жасалған ыдыстың түрлері. Демек, шөншік – шөптің басына шығатын дән емес екен, теріден жасалған кішкене ыдыстың түрі болады. Мәтінге көңіл бөліңіз: шөншіктен ұсақ қараны қырып алады – деп анық жазылған. Осындай әлі мәлім емес сөздер қаншама. Қайталап айтамыз: оларды анықтау тек қана кәсіби маманның қолынан ғана келеді. Сол кезде мен жоғарыда айтылған сөздің әлі де құндылығын жоймағанын ұқтым. Бұдан шығатын қорытынды қазақ тілі және әдебиеті мамандары нақты қолжазбамен жұмыс істеп, тәжірибешіліктен өтуі қажет. Осы – ғылым саласына сағат санын да көбірек бөлу керек сияқты. 4. Cәйділ Талжанов және қазақ әдеби тілі С. Талжанов «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» – деген монографиясында С. Сейфуллиннің:

Адам – керуен, өмірі – жол,
Ешкімге жат із емес.
Жолмен көшкен керуеннің
Алды – арты да – біз емес

– деген керемет ойлы да, тарихи сабақ боларлық өлең шумағын алған екен. Бір ауыз осы шумаққа адамның күллі ғұмыры сыйып кеткендей. Абайша алсақ «Дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойныңа кірер денең» болып шығады. Бірақ та «Ешкімге жат із емес» – деген С. Сейфуллиннің философиялық ойы арыда жатқан сияқты. Сол – өмір жолында кімдер өтті емес, кімдер қалай өтті, мінекей, мәселе осында болса керек. Бұған толық жауапты тағы да Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» ал «шын дос басыңа іс түскенде танылады» – дегенді Сәйділдің аудармасынан табамыз. Әрірек барсақ Абайдан «Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым тап шыным» табамыз, берірек келсек «Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен сағанмұң шағамын» Мұқағалидан ұшыратамыз. Ақан Серінің жалғыз қалуы, Шәкәрімнің үйін оңаша тігіп алып, жеке тұруы бәрі-бәрі «бақсының жыны, баланың ойыны» емес, кемеліне келген, білімі толысқан адамның Дулатша «Су мүйіз болған танадай, Шыр көбелек айналам» – дегендей рухани жандарына азық іздеп, тыныштық іздеуі болып табылады.

Сәйділ Талжанов жанына тыныштық таппады, керісінше жау тапты. Олар «Сталиннің сыртынан теріс сөз айтты» – деп, бар-жоғы бір-екі жылдың ішінде қайыра соттатып тынды. Мәшһүр-Жүсіп айтады: «Тура сөйлеушінің жазасы нахақ өлтірілу. Бір адам турашыл болса, хақ сөйлеуші болса, оныңжанына сұқтанып, қас қылушы даяр тұрады» сол расталды. Демек, жоғарыдағы айтылған оймен Сәйділ арасында бір ұқсастық, сабақтастық бар екендігі әмбеге аян. Абайдың тұщы етіне тиген таяқ, Сәйділдің басына тиді. Ол – кімнің дос, кімнің қас екендігін ұғынып өтті де, Сәкеннің өлеңіне жүгінуге мәжбүр болды. Асылы, Елбасы Н. Назарбаевқа мың да, бір рахмет. «Мәдени мұра» болмаса, талай асылдарымызды, бетке ұстар ұлағатты жандарды ұлағаттағанның орнына өзімізді, оның ішінде «менді» дәріптеп Абай айтпақшы: «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес – дегендейәжібайшылдықты айыра алмай қалып, араласып кетіп, тірімізді ұлы деп асыра мақтап, мақтануға шақ қалған едік. Ештен кеш жақсы. Сондай адамның бірі емес, дарасы, үлгілі аудармашы, шын мәніндегі ауыз толтырып айтарлық ғалым, жазғың келмегенде жазатын, айтқың келмегенде айтатын, тумысынан талант иесі жазушы, еліне елеулі, халқына қалаулы ол – Талжанов Сәйділ Омарұлы. Сәйділ Талжанов жайында жазу маған өте ауыр тиді. Себебі, осындай тамаша адам туралы мәліметтің аздығы қатты әсер етті. Сәйділ Талжановтың тағдыры өте ауыр кезеңде өткенін біреу біліп, біреу біле бермейді. Бірінші рет С. Сейфуллиннің «Қызыл атын» орыс тіліне тәржімәлағаны үшін, екінші қайтара жоғарыда жаздық «Сталиннің сыртынан теріс сөз айтты» – деген жаламен 19 жыл Сталиндік лагерде өткізген С. Талжановтың тағдырымен, «Майлықара» – деген 16 жол өлең үшін 18 жылға сотталып, жер аударылған, тұңғыш қазақ актерінің бірі, Қазақстаның халық артисі, ақын – Шахан Мусин екеуінен ұқсастық тапқандаймын. Бұл – жайттар тек қана екі азаматқа қатысты еместігін де жақсы түсінемін. Біз Сәйділ Омарұлының барлық мұраларына тоқталуды мақсат етпедік. Мына төмендегі екі мәселеге айрықша көңіл бөлгенді жөн көрдік. Бірінші – қазақ әдеби тілінің жанашыры. Екінші – С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романын аударудағы шеберлігі. Қазақ әдеби тілінің жанашыры. Қазақ әдеби тілінің сөздік қорын кірме сөздер де құрайтыны белгілі. Әдеби тілдің бірнеше анықтамасы бар. Соның ішінде тілшілердің ойынан шыққан, ғылыми ортаға танымал ф.ғ.д., профессор, академик Р. Сыздықованың: «Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл – бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тисі, бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдеріндегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгілерінің болуы шарт емес»– дейді. Демек, әдеби тілдің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде (монғол, араб-парсы, орыс) кірме сөздері қазақ халқының өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты болмаса да қазақ тілінің лексикалық қорын байытып, әдеби тілімізге сіңіп кеткен, бөлінбес құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ елі өз басынан неше түрлі соғысты өткергені тарихтанбелгілі. Олардың бірінші мақсаты қазақ халқын тілінен айыру болып табылды. Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң, тіліммен» – дегені осындайда айтылса керек. Сәйділ Талжанов кірме сөздерге: монғол, арап – парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді жатқызады. Ғалым тілдік қабаттарды зерттемес бұрын мынаған назар аударған: Қазақ әдебиетінің иранмен байланысы; Қазақ әдебиетінің монғолмен ауыс – түйісі; Қазақ әдебиетінің арабпен байланысы. Содан кейін барып кірме сөздерге тоқталған. Ал орыс тіліне байланысты жеке төртінші тарауда «Орыс халқымен жақындасу кезеңдері» – деп аталып, үшке бөліп қарастырған. Тілдік қарым – қатынастар; Түркі тілдерінен орыс тілдеріне ауысқан сөздер жайлы; Орыс пен қазақ елі байланысының тарихи кезеңдері. Бұл түсінікті де алдымен иран, монғол, араб әдебиетін сүзіп шығып, өте бай тілдік материалдар жинаған сияқты. Содан кейін барып, тілдік талдауларға, этимологиялық зерттеулерді арыдан алып, әдеби байланысқа қатысты пікірлерден бастайды да одан кейін өзінің нақты тұжырымын жасайды. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Этимологиялық талдау жасағанда кейбір көнеден жеткен сөздерге бірден тілдік зерттеу жасау өте қиынға түседі. Ол үшін сол сөздің, лексиканың шығу тарихын, фольклорын, сол сөз өмір сүрген ортаны (заттық, рухани, мифтік) қатысын әдеби, тарихи тұрғыдан әбден қарастырып барып, лингвистикалық жан-жақты талдау жасалады. Мысалы, С. Талжанов орыс филологиясының көрінекті зерттеушісі Ф.И. Буслаев орыс әдебиетіндегі толғаулардың біразын көне ертектерден іздеген, кейбірін ежелгі санкриттке апарып теліген, бұл бағыт «Мифологиялық школа» деп атайды. Ф.И. Буслаевтің осы сыңаржақ пікірін жеріне жеткізе сынап, мансұқ еткен аты шулы сыншыларымыз Н.Г. Чернышевский мен Н.А. Добролюбов еді дейді. С. Талжанов 1858 жылы А. Вельтманның «Тарихи халық аңыздарының жинағы» («Свод исторических народных преданий») атты кітабына Н.А. Добролюбов рецензия жазғанын көрсетеді. А. Вельман филологиялық әдістері мына тұрғыда көрінеді: бір тілмен екінші тіл араласқанда (субстрат, суперстрат – А.Қ.) бөгде дауысты және дауысты дыбыстардың өз ара ықпалын, буын үдестігіне қатысты 4 түрлі тілдік жаңалық ашқанына да Н. Добролюбовтың назарынан тыс қалмаған. Еңбастысы V ғасырда болған ғұнның қолбасшысы Атилланы «Киевтің ұлы князі – орыс халқының патшасы» етіп шығарады, өйткені, ескі латын тілінде «гун» деген сөз «hunі» (хуни) болып жазылса, оны А. Вельман «chunі» (куни) сонан соң «chuenі» (куени) етіп орыс тілінде таяп әкеледі де, бұл енді «Кыяне», былай айтқанда «киевляне», ендеше бұлар Киев қаласының тұрғындары болып шығады деген тұжырымына сын айтқандығын тіліне тиек етеді. Сол сияқты А. Вельман, А. Гильфердингтің орыс тілінде айтылатын «амбар», «якшаться» дейтін сөздерін санкриттің «ambarjamі» (амбариами), «jaksh» (якш) сөзінен шығарған екен дейді. Нақты дәлелін айтқан Н.Г. Чернычевский, ол – А. Гильфердинг «амбара» санкрит тілінде коплю, собираю (қор, жинау – А.Қ). «Амбар» (дұрысырағы – анбар) бізге татар тілінен енген араб сөзі, алдыңғы сөзбен мағыналас «қазына» және «сандық» деген мағына береді ал, «якшаться» бүкіл шығыс Ресейде қолданылады және де сөздіктерде вологодтік деп берілген санскритің сөзі емес «jaksh» (якши (хороший) (жақсы –А.Қ.) ол да татар тілінен шыққандығын айтады. C. Талжанов Н.Г. Чернычевскийдің де «анбарды» араб сөзі деуі жаңсақ екенін, бұл – сөздің түбірі «анбар» – «амбар», «албар» парсы мен түркі тілдеріне ортақтығын айтады. Расында да үй шаруашылығына байланысты «албар» – үсті ашық, шөп үйетін үлкен қора. Мысалы: Албарда тұрған көк шолақ ат күректің тықырымен Егеубайды танып, жем іздеп оқыранып қойды (Б. Майлин. Шығ., -Б. 260). Парс. Һал – ворота, столб (ПРС, 1953) // Ш. Сарыбаев. Көкшетау облысы Щушинск, еңбекшілер аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 3 шығуы. ҚССР. ҒА. Баспасы. –Алматы, 1960. -Б. 57. В. Радлов: анбар [Tel. Krm. Kіr. Ad., = рers арабша] В.В. Радлов // Опыт словаря тюрксих наречий. Том. І. часть 1. Санктпетербургъ. Типографія Императорской Академіи Наук, 1893. -Б 243. Біздің пайымдауымызша, С. Талжанов «албар» лексикасының этимологиясын дұрыс анықтаған. Бұл – бір ғана ғалым түйінін шешкен сөздің тарихы. Ал мұндай сөздер қаншама десеңізші. С. Талжановтың көне қазақ эпосының ертегілерінің сілемін алыстан, сонау Шумер, Грек, Скандинавияның мифтері мен фольклорынан іздейді. Өзара салыстырмалы – сипаттамалы (диахронды – синхронды) талдама жасайды. С. Талжанов: «Мифология мен халыќтың ауыз әдебиеті өзара тығыз байланысады, алайда, әр елде, әр алуан күй шертіледі. Өйткені мезгіліне сай, жеріне, табиғатына қарай құбылып, түлеп отырады. Халық ойының өсіп-өрбу сатысы оның рухани ұғымына сай ілгері қадам басады немесе мешеулеп кейін қалады. Бәріне де саяси-экономикалық жағдай (орта) билейді» – дейді. Мұндай әдеби байланыстарды шумер тіліндегі «Гильгамеш», венгер-мадьяр тілінде «Гильгаміс» атты қисса (эпос) басты кейіпкер Гильгамеш (қазақша – Күлкөмеш – А.Қ.) өлімнен қашады, сонда да ажалдан құтыла алмай, жүз жиырма алты жасында дүние салады. Міне, сондай қисса «Кітаб – и дадам Қорқыт» оғыз, қазақ (түркі) тілінде ІХ ғасырда, яғни үш мың үш жүз жыл өткеннен кейін барып туады, ал ІХ ғасырда түстік Германия қиссасы (эпосы) «Фауст» пайда болады. Сол қиссаны дастан (поэма) етіп жазған Германияның үшінші ақыны Иоган-Волфганг Гете – екендігін ұзақ сарыла зерттегеннің нәтижесінде қолы жетеді. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дейтін қазақ аузындағы жүрген мәтел баяғыда көні қурап қалған Гильгамеш эпосынан алынбаса керек деп түйіндейді және нақты деректер келтіреді. Осы орайда, оқиғаның желісі сияқты 63 жасында жер астында хилаут-жай жасатып алып өлімін күтіп, күні – түні жатқан Қожа Ахмет Яссауидің «Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым» – деген өлең жолы еріксіз есімізге оралады. С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи-мемуарлы романын аударудағы шеберлігі. Аударма, оның мәдени-әлеуметтік ролі туралы да зерттеген С. Талжанов. Ол үсітіміздегі дәуірдің ІІІ ғасырындағы «Панчатантра» (Бес бәйіт) кейінгі аты «Кәлилә мен Димна» мен үндінің «Махабхаратысын» аударған Сәйділ Омарұлы екендігін еске салғанды жөн көрдік. Ол «Кәлилә мен Димна» иран тіленен тұңғыш араб тіліне аударған әл-Мукаф ұлы Абдулла, еврей тіліне Рабби Иоэль, грек тіліне Симеон Сифұлы, орыс тіліне Борис Волков латын тілінен аударып шығады. 1888 – 1889 жылдары өзбек, татар тілдерінде одан кейін монғол, малай тілдерінде аудармасы дүниеге келеді. 1816 жылы «Кәлилә мен Димна» Сильвестр де-Саси Еуропа жұртшылығына таныстырады. Қазақша нұсқасын – Сәкен Ғылманов пен Ғұбайдулла Ахметов тәріжімәлағанын келтіреді. С. Талжанов: «Аудармаға көңіл бөлу бүгін ғана туып отырған жоқ, бұл – ежелден келе жатқан тиянақты дәстүр. Ол ауыспай мәдениет кенересі көтерілмесе керек»– деген қанатты сөзі әлі де құнын жойған жоқ. С. Талжанов аударма саласында үлкен еңбек етті. Ол «Көркем аударманың түйінді мәселелері туралы» (Н.В. Гогольдің «Ревизор», «Өлі жандар» аудармасының негізінде) кандидаттық диссертация қорғады (1961), Ғылыми жетекшісі академик І. Кеңесбаевтың болуы С. Талжановтың талантты ғалым болғандығын көрсетсе керек. А.С. Пушкин, М. Горький, В.Г. Белинский, Ф.М. Достоевскийдің, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Добролюбов, Г.И. Серебрякова туындылары мен И.С. Тургенев хаттарының қазақша аудармасының жариялануы да С.Талжановтың қажырлы еңбегінің жемісі. С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Майлин кейбір шығармаларын орыс тіліне аударды. «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975) монографиясын жариялады. «Қазақ әдебиетінің дамуының тарихи дәуірлері және осы процесте аударманың ролі» – деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. С. Талжанов С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи – мемуарлық романын орыс тіліне аударды. Оның қазақ этнографиялық көріністерін нақты да, дәл түп нұсқадан ауытқымай тәржімәлағанына қайран қаласың. Мысалы, «Әупілдек» әңгімесіндегі: «Енді Қабибаның әнінен басқа ән естігіміз келмеді. Ойын қызды. Жұрт Қабиба әнінің әсерімен әуеленіп алды. Менің қасымдағы Ғалмыжан туғалы қазақтың мұндай ойынын, мұндай әнін естіген жоқ екен. Енді Ғалмыжанның есі шығып кетті... «Орамал», «Бұғыбай», «Мыршытдарды» ойнадық...» – деген сөйлемді мәтінді. Орыс тіліндегі «После пения Хабибы других уже не хотелось слушать. Вновь начались игры. Татарин Галимжан, оказывается, еще не видел таких забавных казахсиких игр и почти не слышал наших песен. А вокруг играли в «Орамал тастамак», «Бугибай», «Мыршим»* – деп аударма жасайды да, қазақтың ұлттық ойынын жеке – жеке жол астында түсіндіреді. «Народный игры. «Орамал тастамак» – бросание платка. Играющий держит кольцо во рту и бросает платок, кому пожелает (парень девушке и наборот). Тот, кому брошен платок, должен взять кольцо в рот и свою очередь бросить платок следующему избраннику. «Бугибай» – играющие стоят вокруг, держась за руки, и поют. Двое ведующих в центре вызывают на круг парня и девушку (обычно влюбленных или «заподозренных») и предлагают им выполнить какое – либо задание, обычно остроумное, либо просто спеть, сплясать. «Мыршим» – один из играющих прячет кольцо в рот. Ведущий наугат требует произнести слово «мыршим». Скрывающий кольцо должен выполнять какое-нибудь задание играющих и продолжать поиски кольца». Мінекей, кейбір орыс тіліне аударылған кітаптарда осындай этнографиялық ұлттық атаулардың аты аталғанымен орыс тілінде жатық түсініктемесі толық берілмейтіні өкінішті-ақ. Бұл да – Сәйділ Омарұлының аударма саласындағы аударуға қиын соғатын «лакун» мәселесін шешудегі өзіндік ерекшелігі болып саналады. Ал «Әупілдектің» сөзін орыс тіліне аударғанда қазақша нұсқасын оқып отырғандай әсерде қаласың. Аударманың құдіреті де дәл осындай болса керек. Сол сияқты «Бетбақта» («В голодной степи») Бетбақ даланың табиғатын, «Күрең атқа...» өлеңін де әсем нақышына келтіре аударған. «Вокруг непонятная растительность, которая встерчается только в Голодной степи: «мужгин», «туйекарын» (живот верблюда), «ит сигек» и подобные им травы и кустарники, названий которых многие даже и не слышали» – дейді. С. Талжанов «Ашай» мен «Ықылас күйі» әңгімесін қосып жеберіп аударғаны аңғарылады. Негізінде бұл – екі әңгіменің қазақша нұсқасындағы желісі бір сияқты. Сондықтан да С. Талжанов әр қайсысын жеке дара аудармай әңгіме желісін бұзбай бірге қосып аударғаны көңілге қонады. С. Талжанов «Тар жол, тайғақ кешу» романында кейбір аударуға қиындық соғатын, орыс тілді оқырманның түсінігіне ауыр тиетін мәтін ішіндегі этномәдени терминдерді атаулы күйінде қолданғанымен, соңынан қазақша анықтамасын қоса беріп отырған. Жалпы, С. Талжановтың қазақ тіліне қатысты ұлттық этномдени лексиканы жан-жақты зерттегені байқалады. Оны «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырындағы «Ертіс басы қара дін жерге кетті» – дегендегі «дін» бірлігіне қатысты талдауынан да аңғаруға болады. С. Талжанов «Тар жол тайғақ кешу» романын аударғанда мына төмендегі этномәдени лексикаға көңіл бөлген, олардың дәл анықтамасын берген. Мысалы: Саба – мешок из конской кожи, в котором приготовляется и держится кумыс. Уыки – гнутые деревянные жерди, образующие остов юрты. Шанырак – деревянный потолочный круг юрты. Тундик – верхнее отверствие юрты, дымоход. Кумалак – мелкие камешки, зерна, катышки и.т.д. в количестве 41 для гадания. Кумай – быстроногий сказочный пес, от которого никто не может улизнуть, якобы рожденный от скрещивания дикого гуся и гончей (Ә. Диваев, С. Мұқанов, А.Қ. Тұрышевты – қараңыз -автор). Каймак – сливки. Барымта – угон скота силой, вооруженный грабеж. Сороковина, сороковка – время с 10 июля по 20 августа, обычно самое жаркое. Тымак – меховая шапка с большими наушниками и наплечьями. Отагасы – хозяин очага, уважаемый старик. Жут – массовый падеж скота во время гололедицы. Курук – длинный шесть. Кебеже – сундук для продуктов. Абдра – сундук для вещей. Субе – филейная часть барана. Жанбас – тазовая часть барана, преподносится почетному гостю. Ұзақ жыл қазақ мәдениетіне сіңіп араласып кеткен кірме сөздер де этномәдени лексиканың негізін құрай алатыны байқалады. С. Талжановтың этномәдени сөздерді аударудағы бір ерекшелігі мәтін ішінде бұл – сөздерді келтіріп, жазып отырғанымен соңынан әр сөзге жете мән беріп, мағынасын ашып отырады. Мысалы: Аксарыбас – белая желтоголовая овца, по традиции приносимая в жертву в особо важных случаях, так же, как и светлолысая овца – бозкаска. Медресе – мусульманская религиозная школа. Муфтий – мусульманский правовед, толкователь корана, представитель высшего духовенства. Ахон – духовный чин, равный хазрету. Ахон имеет ученую степень. Кыбла – направление в сторону Мекки, куда обычно обращают свое лицо мусульмане при молитве. Ак жол – белая дорога; здесь в значении честный путь. Хаджи-еке – почетное обрачение к человеку, совершившему поломничество в Мекку. Зекет – религиозное налог. Ауыз –ашар – пища, приготовленная к вечеру, когда постящийся впервые за целый день раскроет рот. Мост – Сырата – по мусульманскому поверью покойники на том свете преправляются через мост толщиной с иголку. Кто пройдет, тот поподает в рай, а кто сорвется – в ад. Поэтому мусульмане приносят в жертву парнокопытных животных, чтобы верхом на них легче было перейти через мост Сырата в рай. Ассалаумагаликум! Уагаликумассалам! – Будьте здоровы! Мир вам! – арабское приветствие, вошедшее в казахский язык из корана. Кейбір діни этномәдени сөздер де, қазақтың өзінің төл этномәдени лексикасы да қолма-қол балама немесе калькалық тәсілмен аударуға келмейтіні көрінеді. Ол сөздерді аударғанда нақты мағынасын беру үшін сөйлемді аударма жасауға тура келеді. Бұл – қазақ тілінің аударма кезіндегі өзінің тілдік ерекшеліктерін көрсетсе керек. Сол сияқты С. Талжанов кітапты аударғанда көптеген жалқы есімдерге де тиянақты түсініктер беріп отыратыны, кейбір жай лексикаға да анықтама бергені орыс тілді оқырманның түсінігін жеңілдетеді: «Манап Шамиль» – псевдоним Сакена Сейфуллина. Асан – Кайгы – легендарный казахский ученный, давший характеристику всем географическим зонам Казахстана. Ходжа Насыр – Ходжа Насреддин, фольклорный герой, известный всем народам Востока. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар -еке, -қа, -ке, -тай, -жан қолданылатын сөздерге де түсінік береді: Бакен – ласковое и уважительное обрашаение младшего к старшему. К первому слогу имени добавляется «еке». Здесь Байсеит – ба-екен. Орекен – вежливое обращение к старшему Орынбаю . т.б. КейбірС. Сейфуллин жіберген бір – екі әнтек ағаттықтарды да толқытырып отырады. Қаржас – Айдабол, Сүйіндік руларына, Шоң, Торайғыр билеріне, С. Торайғыровтың поэмасына, Мұстафа Шоқай т.б. Сәкеннің туыстарын, аты аталмай кеткен адамдардың, өсімдік пен шөптердің түрлерін, көптеген аталымдарға дәлелді уәжін келтіреді. Сөз соңында, С. Талжановтың қай саладағы еңбектері болмасын бүгінгі күні алатын маңызы ерекше. Сондықтан да, қандай да қиыншылық болмасын, қайраты мен жігері жасымаған С. Талжановтың өмір жолы, шығармашылығы кімге болса да үлгі-өнеге бола алады.

«Назарбаев дәуірі» және қазақ әдеби тілінің даму тенденциясы Бұл мақала ертеректе жазылғандықтан деректерді өзгертпедік. Елімізде болып жатқан экономикалық реформа кірме сөздердің негізінде жасалған терминдер мен неологизмдерге, егеменизмдерге толығуда. Қазақстан егемендік алуына байланысты көптеген сөздер енді. 1991 – 2001 жылдар арасындағы экономикалық өзгерістерге байланысты енген сөздер Президент Н. Ә. Назарбаевтің публицистикалық шығармаларында көрініс тапты. Егеменді республиканың тарихы тікелей Н. Ә. Назарбаев есімімен байланысты. Демек, бұл – жылдарды «Назарбаев дәуірі» десек артық айтпаймыз. Тарихта жеке мемлекет басшысының есімімен тарихи оқиғалардың болғанын оқып – біліп жүрміз. Мысалы: Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы, Абылай аспас арқаның сары белі, Нұрсұлтанның нұрлы жолы т.б. Бұндай үрдістің әлі де болса қайталанатынына күмән жоқ. Қазақта туу туралы күәлік болмаған. Нәресте дүниеге келгенде белгілі бір ірілі-ұсақты оқиғаға байланысты теліп, ат тергеген. Мына, қара бала Сағындайдың асы болған жылы туған. Немесе, қасқа биенің құлындаған жылымен де есептей салған. Бұны айтып отырғанымыз ертең Егеменді елдің балаларын «Назарбаев заманында» туған деп айтатынымызға дау жоқ. Бүгіннің өзінде өткен оқиғаны Андропов заманы (араққа тиым салған жыл), Горбочев заманы (қайта құру), Қонаев заманы (коммунизм), Колбин заманы (желтоқсан оқиғасы), Назарбаев заманы (егемендік) жылы еді деп,қазірдің өзінде мөлшер, долбармен айтып жүргемізді көбіміз елеп, ескере бермейміз. Тарихи қоғамдық формацияның өзгеруімен мемлекет басқаратын тұлғаның қабаттаса келуі сирек кездесетін жәйттің бірі. Н.Ә. Назарбаев қоғамдық формация өзгерісімен қат-қабат келген тарихи тұлға.Бұл арада салыстырмалы әдістеменің жұмыс істеуі заңдылық қой. Ресейде ХVІІ ғасырдың бірінші жартысының үштен бірін І Петр патшаның есімімен байланысты және әдеби тілдің дамуын «Петровская эпоха» – деп бөліп алып зерттеу қалыптасқан. Қараңыз: (Горшков А.И., Ларин Б.А., Кавалевская Е.Г., Мещерский Н.А., Судавичене Л.В., Сердобинцев Н.Я., Кадькалов Ю., История русского литературного языка (хрестоматия). Болған өзгерістерді зерттеушілер І Петрдің елдің өміріне әкелген жаңалықтармен өлшейді. Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин «Историческая проза» – деген еңбегінде Петрдің тарихына жан-жақты талдау жасап, жылы-жылы пікірлер білдірген. Соның кейбіреуін ғана атап өтейін:

– Жаңа жылды 1 қаңтардан бастап белгілеу;

– Ұсақ мыс тиынды жасау туралы 15 мамырдағы жарлық;

– Кішірейтілген есіммен жазуға салынған 30 желтоқсандағы тыйым;

– 16 мамырда Троица күні СПетербургтің қалануы;

– І Петр Петербургте тұңғыш рет әскери кемені салады;

– Шет елге инженерлік, кеме өнерін үйрену үшін, сәулет өнерін меңгеруге және т.б. ғылымдарды оқып- үйрену үшін жас балаларды жібереді.

Бұл оқиғаның бәрі ХІХ ғасырда болған І Петрдің арманы реформа жасап, мешеу қалған Ресейді озық елдің қатарына шығару еді. Қазақстан Республикасы КСРО құрамынан бөлініп өз алдына отау тігіп, егемендігін алды. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың алғашқы кезеңі тарихта Елбасы Н.Ә. Назарбаев есімімен қалары сөзсіз. Ауызекі сөйлеу тілінде «Назарбаев заманы» (егемендік алған жыл) деген бір адамның өмір жолына, басшылығына байланысты тұрақты тіркестер қалыптасты. «Назарбаев дәуірі» – дегенде еліміз егемендік алғаннан кейінгі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды айтамыз. Барлық аймақтарда әлеуметтік – экономикалық оң өзгерістер болып жатыр. Шет елдермен тікелей байланыс күшейді. Қазақ тілінің жаңа сапада даму ерекшелігі келіп туды. Қазақ экономикасы қай саланы болмасын қамтыса, сол салаға байланысты қазақ тілінде терминдер, түрлі баламалар, сөздіктердің қажеттігі сезілді. Бұрын орыс тілі арқылы ғана басқа елдердің экономикасы мен мәдениетін танысақ, ендігі жерде сол елдің тілін меңгеру арқылы қарым – қатынасқа шығуға жол ашылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мынандай өзгерістерге ие болды:

– Наурыз – мейрамы жаңа жыл есебінде 22 – наурызда аталып өтетін болады;

– Ұлттық валютамыз теңгемізді шығардық;

– ов, ев – тардан құтылып, ұлы, қызы, тегі – деп аты-жөнімізді жазатын болдық;

– Астана белгілі мақсатқа байланысты Ақмола, қазіргі Астана қаласына көшірілді;

– Каспий теңізіндегі мұнай қоры игеріле бастап, тұңғыш өз әскери – теңіз флотымыз құрылды;

– Шет елге «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастар оқуға жіберілді, бұл бірен – саран ғана мысалдар. Толықтырып жазсақ: Латын харпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиін бекітті. Сөйтіп, әліпбидің реформаторы болды. Ал, айта берсек жаңалықтың ұшы-қиыры жоқ. І Петер мен Н.Ә. Назарбаевтың саясатының тарихи ұқсастығы ма, әлде кездейсоқтық па? Терең барып байыптасақ екеуі де өз туған еліне ұлттық мүдде тұрғысынан қарағандығын көреміз.

Қазақ тілінің хал-жағдайы Елбасы Н.Ә. Назарбаевті толғандырмай жүрген жоқ. Кейбіреулер бәрі тез-тез бола қалғанды аңсайды. Тіл саясаты оған көнбейді. Қазақ тілі күндердің күнінде, егемендігімізді алғандай бірақ күнде шешіле салуы да ғажап емес. Халқымыздың саны болашақта оралмандар есебінен 20 миллионға жетсе. Орыс тілділер талаптың күштілігінен мемлекеттік тілді өзінен өзі білуге тура келеді. Тілге деген қажеттілік, мәжбүрлік хал-ахуал тудырады. Бұл да Елбасының көрегендігінің арқасында жүзеге асады. Оралмандар қазақ тілінің шұрайын тасушылар (носителей языка). Сондықтан барлық тіректі соларға салу керек. Сыртқы фактор ішкі факторға қарағанда күшті әсер етеді. Ал, ішкі фактор тіл саясатын күнен-күнге күшейте берген дұрыс болар. Сыртқы фактор (оралмандардың көптеп келуі) ішкі тіл саясаты теңескен жағдайда тіл мәселесі өзінен өзі шешілетін болады. Тіл саясатына не жатады? Біріншіден, қазақтардың өздерінде ұлттық намыс болуы керек. Қазақстанды мекендеп жатқан 130 – дан астам ұлт пен ұлыс, этникалық топтар, тайпалар өкілдері өз тілдерін ғана біліп қоймай қазақ тілінің де қажеттілігін мойындап, сол тілдің дамуына ат салысулары керек. Қазақстан олардың ана тілінің дамуына қалай көмектессе, олар да қазақ тілінің дамуына солай қарымта қайтаруы керек. Қазақ тілі бұрынғыға қарағанда расында сәл де болса ілгері жылжыды. Жоғарғы деңгейдегілерден бастап (өкімет, үкімет, мәжіліс депуттаттары, әкімдер т.т.) қазақ тілінде сөйлей бастады. Бірақ, сөздің шыны керек кейбір чиновниктер ауру қалса да әдет қалмайдының керін келтіріп жүр. Президенттің өзі қазақ тілінде емтихан тапсырды. Бұл үрдіс төменгі буындарға жалғасады. Мемлекеттік хатшы (бұрынғы қызметі –А.Қ.) И. Тасмағамбетов мырзаның қазақ тілінің болашағы туралы айтып, қойған талабы дүбәрә лауазым иелерін шынымен састырып тастады. Қазақ халқына «егемен» сөзінің баламасы есебінде ие, иелік сөздері ежелден бар. Түркия елінде: егемен үлке, егеменлі жұмхурят, Улусал Егеменлік сөздері кеңінен қолданыс тапқан. Осыған орайлас 1991 жылы «суверен», «суверинитет» сөздерінің мағынасы егемен, егеменді, егемендік сөздері термин ретінде қалыптасып, тілімізге орнықты. Бұрынғы «Социалистік Қазақстан» газеті «Егемен Қазақстан» газеті болып құрылды. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін енген сөздерді «егеменизмдер» – деп атауды лайықты көрдік. Яғни, жаңадан енген сөздерді оның ішінде терминдерден бөлек, аралас тіркеске бейім сөздерді кіргіземіз. Бұл арада басын ашып алатын мәселе, термин – терминдерге басты қасиет дара мағынаға ие болу. Екіншіден, эмоциональды бояуы, экспрессивті қызмет дегендер болмайды. Тіл білімінде орыс тілінен енген сөздер арнайы сөз болып біраз зерттелген. Ал, интернационалдық сөздер зерттелмеді. Тіл білімі араб – парсы – иран. монғол тілдерінен енген сөздерді кірме сөздер – деп қарастырады. Содан әрі аспайды. «Қазақ әдеби тілінің ғылыми терминологиясын жасауда қазақ тілінде толық баламасы жоқ шетел және орыс тілдерінен кірген интернационалдық терминдер аударылмай қабылдансын деген принцип басшылыққа алынды » (Аханов 1993: 163-бет). Бірақ, кей жағдайда солай бола бере ме? Ә. Қайдаров: «...интернационалдық термин атаулары қазақ тілінде де қалыптастыру, тұрақтандыру қажет» – дегеніне қосыламыз (Егеменді Қазақстан №52 (20127) 1992). Аударуға келмейтін баламасы жоқ сөздерді аударудың қажеті жоқ деп түсінеміз. Бұл арада әңгіме басқа тілден енген сөздер мен төл сөздің тіркесі жөнінде болып отыр. «Аралас тіркес» – деген тіл ғылымында жоқ термин. Бұл терминнің ыңғайсыздығы да сонда тіліміз шұбарланып кетеді, қойыртпақтанып кетеді деген қорғанудан да болса керек. Бірақ, тілімізде ертеден орнығып, орын тепкен «атауы жоқ тіркес» қолданыс тапқалы көп жыл болды. Рас, орыс тілінен аударылған кейбір сөздерді бір сөзбен беру мүмкін емес. Кез келген орысша – қазақша сөздіктерді қараңыз. Әсіресе, техника саласындағы сөздерді аудару қиындық тудырады. Сол салада маманданған маманның қатысынсыз техника жабдығын аудару күлкілі жағдайға әкеледі. Тетіктің жұмыс істеу принципін білмеу, оның атқаратын қызметін білмей аудару да сәтсіздікке ұрындырар еді. Лингвистика күрделі сөз, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, шектеулі тіркес – дегендерді біледі. Және бірін – бірінен ажыратып – таратып та берген болатын. Мысалы, сөз тіркесі әрбір сыңарының мағынасы айқын және әрбір сыңарына жеке – жеке сұрақ қоюға болады т.б. (Сайранбаев 1976: 17 – 18 бет). Олай болса «аралас тіркес те» тілімізде қолданыс тауып жүр. Мойындайтын уақыт болды. Міне, осындай сөз тіркесін «аралас тіркес» – деген қолайлы ма, әлде «егеменизмдер» – деп қолданған қолайлы ма? «Аралас тіркес» – деп алсақ, қазақ халқына баяғыдан енген орыс, шет тілдерді қосуға тура келеді. Ол сөздердің кейбірі қайраңға шыққан шабақтай заман ықпалына шыдамай қолданыстан шығып та қалды. Демек, 1991 – 2030 жылдар аралығында енген сөздерді интернационализмдер демей-ақ «егеменизмдер» деген дұрыс па дейміз. Бұл термин жөнінде оқырман не дейді. Егемениздер дегенде, аралас тіркес пен терминдік тіркестерден бөлек сөздерді айтамыз. Ондай сөздер нарық эканомикасына байланысты көптеп енді. Және бұл сөздерді елбасымыз Н.Ә. Назарбаев шығармаларының тілі арқылы талдап, көрсетуге болар еді. Өйткені, ХХ ғасырдың соңы мен ХІХ алғашқы жылдарындағы енген сөздердің барлығы Н.Ә. Назарбаев шығармаларында топтасқан, көрініс тапқан. Шығарманың өзінен нақты мысалдар келтірсек, былай болады. Зат есімді тіркестер: экономиканы дағдарыстан шығару, қоғамдық организм, қазақ диаспорасы, лидерлер ұсынатын, ортақ вальюта, процесс өркениеттері, банк жүйесі, инфрақұрылымды дамыту, депутаттың корпусы, стратификациясына байланысты, инвесторымызға сенім артуымыз, консультациялар беру, авиация ұйымы. Кірме сөздердің зат есімнен вербиалдық әдіс арқылы жасалуы: қатынастарды реформалау, кәсіпорындарын конверциялаудың, экономикасын милитарландырылуынан, интеграциялануына, диверфикациялау, транзитті жүріп – тұруы, реформалау монополиясыздандырылуы. Екі сөздің бірігуінен жасалған сөздер: инфрақұрылым, этносаяси, компартиялық, геосаяси, космодром, технополитер, технологиялар, технопарктер, телекоммуникацияны, этнодемографиялық, геостратегиялық, биосферасын, Евразияның геосаяси картасы, гиперинфляция, партааппараттан, Ұлыбритания, этнография, этнодемографиялық. Көбіне анықтауыштық қатынастағы сын есімнен болады: тоталитарлық режимнің, стратегиялық мақсаттар, президенттік республика, концептуальдық бағыт, қатаң диалектика, тең принцип, державалық саясат, валюталық нарық, индустриялы елге айналуымыз қажет, концептуальдық тұрқы, демократиялық бейбітшілік, тарихи – этикалық терретороиясы, шовонистік пиғыл, коммерциялық құрылым, экономикалық апат, импорттық технологияларын, коммерциялық өнімді, ғылыми – техникалық потенциялына, интеллектілік меншік, нарықтық механизмдер, демократиялық және иммиграциялық саяаст жүргізу. Ономастикалық атау, географиялық жер атаулары: Жопония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гавана, Гонгонк, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Иран, Ресей, Қытай, Қазақстан, Арал – Тынық мұхиты, Каспий, Жерорта және Қара теңіз, Украйна, Белорусь, Өзбекстан, Франция, Англия, Мексика, Латын Америкасы.

Қысқарған сөздер: ФРГ, ТМД, АҚШ, НАТО, ОМОН, КСРО, ҚХР, БҰҰ. Н. Ә. Назарбаев шығармалары публицистикалық стилге жатады. Демек, айтайын деген ойы газет беттерінде, журналда, кезектен тыс шығатын кітаптар мен кітапшаларда, радио – кино тележурналдарда, қоғам арасында оқыған лекциларында көрініс тапқан. Публицистикалық стиль кітаби стильдерге қарағанда анағұрлым танымал түр. Ол қоғамның барлық саласын: саяси – идеологиялық, қоғамдық – экономикалық, мәдени және т. б. жақтарын қамтиды. Публицистикалық стильдің таралуына қоғамдық жалпы ақпараттың рөлі үлкен болса, насихаттауда – прессаның, радионың, кино, теледидардың да маңызы зор. Мұның жарқын мысалы Н.Ә. Назарбаев шығармалары бола алады. «Публицистический функциональный стиль, так же как и другой стиль языка, имеет свою специфическую фразеологию» – дегендей (Панфилов 1984: 192 бет). Н.Ә. Назарбаев шығармасында фразеологиялық көрікті ой, белгілі бір мағына беріп, сөзді астарлап жеткізудің нақты құралына айналған. Айталық, жұмыр басты пенденің (қарапайым қатардағы адам), көлеңкелі жақтары (орыс тіліндегі теневая экономика) – дегеннің баламасы ретінде бірақ (жаман қылықтары) дегенді білдірсе, қараңғы түнек (алды бұлдыр), тескентаудың ар жағында (алыс), табан жолымызды (сара жол) тың жол (бағыт, бет) деген ұғымды, қызыл кеңірдек (дау-дамай), қарманып жүріп (өзі ізденіп), мидай араласып (қарым-қатынас), құлқын сәріден (таң бозынан), күніміз қараң (хал-жағдайдың ауыр кезі), көкірек қағу (кеуде соғу) т. б. Тұрақты тіркестердің публицистикалық жанрдың өтімділігін, оның жүгін көтеретін жақтары да жоқ емес. Мысалы, домбыраның құлағында ойнауға, қағанағы қарық, сағанағы сарық, ілуде бір қол тиетін, арқа еті арша, борбай еті борша, еңбек ет те, міндет ет, тіл сүріндіретін, үш ұйықтаса түсіне де кірмеген, тамырына балта шапты, маңдай термен келетін, бәрінен жұрдай, жер аударылған, жазалылардың жолы, теориялық негіз, экономикалық жағдай, ауыр нәубет, дөрекі басшылық, қарақан бастың қамы сияқты да бүгінгі хал-ахуалға байланысты тіркестер пайда болды. Немесе фразеологизмдерді эмоционалды-экспрессивті сөз орайына икемдеп, келтіре қолдану бар. Мысалы, құлақ естіп, көз көрмеген, жан түршігерлік жағдай, жүрегіне жазылмастай жара салды, сайрай беріппін, нұрлы болашаққа, құлағымыз сарсыған, жел қуған қаңбақ – деген фразаның этимологиясы халықтың шешендік сөзінен жеткенін байқау қиын емес. Н. Ә. Назарбаевтың өзіндік сөз саптауы да жақсы танылады: сүтін талшық ететінбіз, ныспысын, кереғар, шатқалдарын, үйелмені, ауқат (кей жерде диалекті), жалға, жетімке, шынтуайтында, меселі қайтып, қарекетін кешіп, тәркілеу, қара қауесет, мықты қожалық, жедеғабыл, күстаналап, жалгерлік, ақылман, шаруагер, қырсық шалып т. б. Мақал-мәтелдерден: қазақша жеті атасын білмеу мүлде ұят («жеті атасын білмеген жетесіз») – дегеннің қара сөз үлгісіндегі түрі. «Асыра сілтеу болмасын, Аша тұяқ қалмасын», «Қазақ ауылын Қазан сыпырғышымен ұшықтаймыз» тарихи ұлттық намыс, заман тынысы сезіледі. Мынандай образды сөз тіркесі де бар: қолды сәл батырсаң, қабығында саусақтардың ізі қалатын (нан турасында) әңіме болып отыр немесе боп – боз болып, жыр сүйер қауым, қуатты тамырлар, бір нәрсенің салқынымен алмасты, жасөспірім, жәрмеңкеде, маған да бір нәрсе жұғыпты, еңбекақы, жедеғабыл, сұхбатта, ойысқанда, қатерлі көктем т.б. авторлық қолданыстағы сәтті сөздерді айтуға тиістіміз. Түйін. Қорыта келгенде, соңғы он жылда тіліміз шет тілінен енген сөздермен байыды. Жүре келе кейбір сөздер қолданыстан шығып, орнына басқа сөздер келеді. Ал, кей сөздер біздің заңдылыққа сай өзгеріп сөздік қорға енеді. Оны өмір дәлелдеп отыр. Тіліміз егемендік алғалы мазмұны жағынан, қолданыс өрісі жағынан өсті. Бұрынғы архаизм сөздердің мағынасы кеңіп, аясы өсті. Мысалы, әкім, ханымдар, мырзалар т.б. Кей сөздер келмеске кетті, мысалы, лениндік комсомол, пионер, октябяттар, учком, финотдел, райфо, горком т.б. Болашақта облысты – аймақ, республиканы -мемлекет, президент – елбасы деген сөздер ығыстырады. «Сөзжасам» термині өріс алады. Мысалы: төр (төрайым); төр + аға (төраға), төр + алқа (төралқа) т. б. Біз, Н. Ә. Назарбаевтың қазақ тіліне деген қамқорлығын шығармаларының тілі арқылы дәлелдемек болдық. Бұл алдағы істің мысқылдайы ғана. Дегенмен, 1991 жылдан бастап егемендік алған жылымыз ғасырда Н.Ә. Назарбаев атымен қалатыны шындық. Тек қана, тіл мәселесін ғана Елбасының атымен байланыстырмаймыз, әдет – ғұрып, салт – сананы да сол кісінің атымен тығыз байланыстырамыз. Нұрсұлтандар (жас балалар) Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен келгендер. Қазақтың ежелден қалыптасқан әдетінен, мына бала қай жылы туды десе, Нұрсұлтанның ел билеген заманында туған бала еді деп айтып жүретіннің куәсі боламыз. Осы жазғанымыз жеке басқа табыну емес, тарихты жете, шынайы, сене танығанымыз болар, Өзіміздің кім екенімізді тағы бір, жаңа заманның ой-жотасынан, басқа қырынан тану болар. Олай болса, тарихқа жіп тағып, одан әрі сабақтағанымыз болмай ма? Тарих пен тарихи тұлға бір болған соң, екеуін бөліп алып қарау мүмкін емес. Демек, барымызды бағалай білетін, көзі тірісінде айта білетін уақыт жетті.

Жұмағали Шәкенов және күрделі сөздер мен тұлғалар Ж. Шәкеновтің «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар» (1991) еңбегі ғалымның көп жылғы зерттеу жұмысының нәтижесі. Еңбектің І тарауы «Сөз, оның күрделі түрлері туралы» – деп аталады. Қос сөздер. Зерттеушілер күрделі сөздердің компоненттерін бір-бірімен байланысу тәсілі тұрғысынан екіге бөліп қарастырып, құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылғанын біріккен сөздерге, ал салаласа байланысып құрылғандарын қос сөздерге жатқызатынын бірақ та, тіл мамандары бұл туралы пікірлері бір жерден шыға бермейтінін, біріккен сөз болмаса, қос сөздердің таза лексикалық тұлға болу-болмауы жайында әртүрі ойлар айтылатынны тіліне тиек етеді. Бұл орайда, қайталама қос сөз турасында Н.К. Дмитриев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде грамматикалық жолмен жасалған форма болатынын [1, 45-б.] ал А.Н. Кононовтың еңбегінде: Екі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау, экспрессивті мағына білдіретінін келтіреді [2, 104-б.]. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаевтар «Қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы – қос сөздер болады» [3]. десе, профессор Ысқақов «... сөзді қайталап қолданудан... лексикалық түсінігі өзгермейді, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады» [4, 112-б.] дегенін, профессор К. Аханов қос сөздердің үстеме буынды түрлерімен басқаларын күрделі сөз деп қарастыратынын айтады [5, 45-б.]. Ж. Шәкенов қос сөздердің лексикалық тұлға болу-болмауы әлі де шешімін толық таба алмаған мәселе екендігін, қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әр түрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың да барлығын жоққа шығармайды. Ондай ортақ белгілерге: құрамындағы сөздердің сыртқы пішінін, дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымның болуы, білгілі бір сөз табына жатуы, сөйлемдерге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жататынын зерттеу барысында айқындайды. Ж. Шәкенов күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан артық сөзден де бола беретінін, ал қос сөздер құрамы екіден әрі аса қоймайтынын, күрделі сөздер компоненттері арасына басқа сөзді сыналып қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болатынын мысалдар арқылы: төсек-орын (төсек те орын); жақсы-жаман (жақсы да жаман); сөйлей-сөйлей (сөйлей де сөйлей); сарт-сұрт (сарт та сұрт) т.б. Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болатынын мысалы: биыл-биылғы, қолқап-қолқаптық, қоян-қоянша, аққу-аққудай, ән сал-ән салшы т.б. Қос сөз бойынан ондай қасиеттің байқалмайтынын, күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі, некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болатынын, ал қос сөздер олай етуге келмейтінін, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамағанын айтады.Мысалы: тарс-тұрс, ет-мет, шай-пай, у-шу, емін-еркін, тай-талас, қора-қопсы, киім-кешек, тері-терсек, әптер-тәптер, жүн-жұрқа т.б. дәлел болады дейді. Морфологиялық сипаты, яғни морфологиялық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болатынын. Мәселен: қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлердің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола беретінін, қосарлама қос сөздердің компоненттері сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян т.б.), және де қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, тері-терсек, көрген-білген, ұзынды-қысқалы, жата-жастана т.б.), немесе күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, күндіз-түні, аш-жалаңаш т.б.) жасалатынына, күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділеу болып келсе, қос сөздердікі бытыраңқы, ала-құла болып келетінін, фонетикалық жағынан қос сөздердің компоненттері буын, дыбыс жақтарынан үйлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отыратынын: емін-еркін, қалған-құтқан, есеп-қисап, олпы-солпы тәрізді сөздердің компоненттері екі: мең-зең, у-шу тәріздікі бір буыннан болатынын, абысын-ажын дегенде екі компоненті де бірыңғай дауысты «а» фонемасынан басталса, жүн-жұрқа дегенде бірыңғай дауыссыз «ж» фонемасынан басталып тұрғанын, қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайтынын, ал күрделі сөзде бұл кездеспейтінін анықтаған. Қос сөз құрамындағы сөздердің сөз табына қатынасына келсек, оның құрамында күрделі сөздердей емес, сөз таптары түлелдей кездесетінін мысалы: зат есім (жүген-құрық, жер-су т.б.), сын есім (үлкен-кіші, ащы-тұщы т.б.), сан есім (бір-екі, он-онбес т.б.), есімдік (қай-қайсысы, кімде-кім т.б.), етістік (жатып-тұрып, буынып-түйініп, келді-кетті т.б.), үстеу сөз де (ерте-кеш, әрі-бері т.б.), еліктеу сөз де (даң-дұң, шатыр-шұтыр, маң-маң т.б.), әр тарап сөз де (бар-жоқ), шылау сөз қатысты сөз де (көзбе-көз, ауызба-ауыз т.б.), одағай сөз де (шөре-шөре, аһ-уһ т.б.) кездесетінін, ал күрделі сөздің құрамында көмекші сөз болмайтынын жазады. Сөз соңында қос сөз мәселесі бұрында зерттелгенін, соған қарамастан оны лексикалық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеп, тілдің әр саласына жататын жақтарын аршып алмай, оны бір ғана құбылыс деп қарастыру дұрыс емес екендігін айтады. Күрделі сөз. Тарихи тұрғыдан алғанда күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөздердің еркін тіркесі болады. Осы грамматикалық категориядан лексикалық категорияға жататын күрделі сөздің пайда болуы, әрине, кездейсоқ, өзінен-өзі болатын жай емсетігін, күрделі және белгілі бір заңдылықтарға негізделетін, соның нәтижесінде пайда болатын құбылыс екенін, ондай заңдылықтардың бірі тілдің дыбыс жүйесі, екінші лексикасы, үшінші грамматикасы дейді. ІІ тарауда ғалым «Тұрақты тіркес пен еркін тіркес туралы»: Тұрақты тіркес құрамындағы сөздер еркін тіркесіндегідей бас-басына жеке-жеке емес, тұтасымен бір ғана жалпы мағына білдіреді, көп жағдайда ол мағына құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына қатысы болмай, одан мүлде басқаша мағынада болатынын, тұрақты тіркес лексикалық қана емес, грамматикалық жақтан да іштей бөліп-жаруға келмейтін тұтас бір ғана тұлға болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдейді. Еркін тіркес пен тұрақты тіркеске тән ерекшеліктерді түйіндей келе: еркін тіркес құрамындағы сөздер әр басқа мағына білдірсе, тұрақты тіркестегі сөздер тұтасқан бір жалпы мағына білдіреді, еркін тіркестегі сөздер жеке-жеке сөз табы болып, сөйлемге дербес мүше болса, тұрақты тіркестердің кейбіреулері түйдегімен бір ғана сөз табы орнына жүріп, соған орайлас сөйлемде бір ғана мүшенің қызметінде жұмсалады, еркін тіркес компоненттерінің орнын ауыстыруға, басқа бір сөзбен алмастыруға болатын болса, ал тұрақты тіркес компоненттерінің кейбіреулері болмаса, көпшілігінің орны бекем, оны тұрған орнынан арлы-берлі жылжытуға, басқа сөзбен алмастыруға үнемі келе бермейді, еркін тіркес құрамындағы сөздер, негізінен екпін сақтайтын болса, ал тұрақты тіркестегі сөздер бір ортақ екпінге бағынып, кідіріссіз, бір фразалық екпінмен айтылады, еркін тіркес сөйлеу, жазу үстінде туатын болса, ал тұрақты тіркес бұрыннан жасалып қойған, сол даяр қалпында қолдануға асады, еркін тіркесті басқа тілге сөзбе-сөз аударуға болса, ал тұрақты тіркестің кейбіреулері ғана болмаса, көпшілігі олай етуге болмайды – деген қорытындыға келеді. Зерттеуші, осы аталған айырым қасиеттер тұрақты тіркесте ғана болады деген ұғым тумау керектігін, өйткені құрылымдық-мағыналық, сондай-ақ грамматикалық тұтастық, оған қосымша жоғарыда аталған айрым қасиеттер біршама күрделі сөз бойынан да табылып қалатынын ескертеді. Тұрақты тіркес тұлғалары. Ж. Шакенов фразеологиялық оралымның қандай тілдік құбылысқа жататынын, олардың басқалардан қандай түбірлі айырмашылықтары бар деген бірнеше көзқарастарды атап өтеді. В.В. Виноградовтың фразеологиялық оралымды: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес деп үшке бөлетінін, және мақал, мәтел, термин сөздерді бұл қатарға енгізбегенін жазады [6, 45-б.]. Н.М. Шанский ...төртінші етіп фразеологиялық түсінік дегенді қосқанын және фразеологиялық орамға жататын тілдік тұлғалардың аясын кеңейте түсіп, оған кейбір термин сөздер мен мақал-мәтелдерді де кіргізеді - дейді [7, 201-б.]. Ж. Шакенов тегінде, мақал, мәтел, термин сөздерді фразеологиялық орамға қатыстыру мәселесі бұрында көтерілгенін жазады, атап айтқанда Л.А. Булаховский, А.И. Ефимов тәрізді тіл мамандарының еңбегіне жүгінеді [8]. Сол сияқты, Ларин мен Молотковтың фразеологиялық тұлғаларға идиома мен фразаны жатқызып, мақал, мәтел, термин сөздер мен нақыл сөздерді одан тыс құбылыс деп қарайтынын да айтып өткен [9]. Қазақ тіл білімін зертеушілер фразеологиялық тізбектер өздерінің жасалуы, фразалық материалы, грамматикалық байланысы, лексикалық мәні жөнінен мына төмендегідей ірі үш түрге бөлінеді: идиома, мақалдар, мәтелдер [10, 31-б]. Ал аталған оқулықтың 1962 жылғы басылымда «фразеологиялық тіркестердің құрамына идиомалар және басқа фразалық топтар жатады» деген (Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі»). Прафессор Балақаев пен Қордабаев тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген [11, 21-б.]. Проф. А. Ысақақ та тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі [12, 130-131-б.]. Проф. Аханов «мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық единицалардың қай тобына жатқызу өте күрделі мәселе» – екендігін айтады [13, 249-б.]. Ж. Шакенов фразеологиялық орам тұлғалары идиома мен фраза болатыны күман тудырмайтынын? Мәселе, мақал, мәтелдерді бұған жатқызарда фразеологиялық тұлғаларды басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда нені межелік белгі етіп алу керек деп, орыс тілшілері көбіне фразеологиялық тұлғалардың компоненттерінің тұрақтылығын, бүкіл тіркестің беретін жалпы мағынасы бөліп-жаруға келмейтінін, тұлғасының күрделі, құрылымы жағынан варианттары болатынын, сөйлеу үстінде құрастырылып жатпай, даяр, жаттанды қалпында ойдан шығарып айтқандай қолданылатынын, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көнбейтінін ескертеді. К.Аханов тұрақты тіркеске тән ерекшелік, біріншіден құрамындағы сөздердің орының тұрақты, бекем болуы, екіншіден, бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болатыны, үшіншіден, бір тілден екінші тілге аударылуы икемсіз, әсіресе оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайтыны дейді [14, 140-243-б.]. Проф. Кеңесбаев: «идиома тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айрылып қалады да, өзара жымдасып бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді. ...идиом категориясының мынадай белгілері болады: а) тұтас бір ұғым жеке сөздерінің ұғымынан алшақ кетеді де, жеке сөздер (компоненттер) өзінің дербес ұғымынан не жартылай, не мүлдем айрылып қалады; ә) бұл тізбектердің көпшілігі екінші тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді» – деп жазды [15, 205-207-б.]. Проф. М. Балақаев, Т.Қордабаев: «...олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса екіншісінің лексикалық мағынасымен байланысты болады» – дейді [16, 21-б.]. Ж. Шакенов осының бәрін қорытындылай келіп, тұрақты тіркес пен күрделі сөздер де лексикологияның қарайтын объектісіне жатып, екеуі де тілде атаулық қызмет атқарғанымен, бір-бірінен сегіз түрлі елеулі айырмашылықтары барын: 1. Екеуінің де төркіні сөздердің еркін тіркесі болғанымен, одан ажырап, басқа-басқа категорияға қалыптасуға әр түрлі процестер ұйтқы болған, мәселен, тұрақты тіркес тұлғаларына идиомалану процесі, ал күрделі сөздерге фонетикалық фактор мен лексикалану, идиомалану, делексикалану, грамматикалану процестері ұйытқы болған. 2. Екеуінің де қалыптасып қалған құрылым болғанымен, күрделі сөзге қарағанда фразеологиялық тұлғалардікі берік, бекем және де ол көп компонентті; оның құрамы күрделі сөздердей дербес мағынасы бар атаушы сөздермей шектелмей, оған көмекші сөздер де қатысады; олардың кейбіреулері сөз тіркесі, сөйлеммен де құрылымдас келеді. 3. Идиома, фразалар күрделі сөздердей тура, ауыспалы мағынада емес, үнемі бейнелі мағынада жұмсалады. 4. Тұрақты тіркес тұлғалары сөз табы болмайды, бірақ негізгі сөз табымен орайлас келіп, оның сөйлемдегі қызметінде жұмсалады. 5. Күрделі сөз басқа сөздің жасалуына негіз болу қасиетін белгілі дәрежеде сақтаған, ал идиома, фразалар да ол қасиет жоқ. 6. Күрделі сөздердің қолдану аясы кең, ол көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, оның бойындағы әр алуан қасиеттерін айқындайтын болса, тұрақты тіркес тұлғалары, негізінен, мінез-құлық немесе жеке затқа тән ерекше бір белгі-қасиетті білдіреді. 7. Идиома, фразалардың дені басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді, күрделі сөздердің жеке түрлері болмаса, көпшілігін басқа тілге аударуға болады. 8. Фразеологиялық тұлғалар сөйлем ішіне түскенде әуел бастағы түр-тұрпатын сақтайды, ал күрделі сөздер алуан түрлі қосымшалармен өзгеріп түрленеді – деп көрсетеді. Идиома мен фраза туралы фразеологиялық тұлғалардың жалпы ұғымы мән беретін мағынасына ой жіберіп, олардың бірі оны құрастырушы элементтердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, одан мүлде басқаша мағына білдіретіні, ал екінші бірлері керісінше, ондағы сөздердің бірі немесе екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны байқалады деп, фразеологиялық тұлғаларды өз ішінде екіге бөліп қарастырады. Ж. Шакенов идиомаға: тонныңішкі бауындай,қой азынан шөп алмас, үріп ауызға салғандай, мұртын балта шаппау, жүрегі тас төбесіне шықты т.б. олардың беретін ұғымы мен білдіретін мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағынасынан мүлде басқаша екені келтірілген мысалдардан да көрініп тұрғанын, оның беретін ұғымы құрамындағы сөздерге қатыссыз екені, ол ұғымды одан тыс басқа бір сөз немесе онымен мәндес екінші бір фразеологиялық тұлғалармен беруге келетіні де жоғарғы пікірлер бекіте түсетінін айтады да қой аузынан шөп алмас – момын; аузынан сөзі, үстінен бөзі түскен деп, төбесі көкке жету – қуану, қуанышы қойнына сыймау; жұлдызы оңынан туу – жолы болу я айы оңынан туу деген идиомамен беруге болатынын, және идиоманың фразадан басты ерекшелігі осы аталғандар болса керек дейді. Фраза. Фразаның беретін үғымы мен мағынасы оның құрамындағы сөздердің бірі болмаса екінші я үшіншілерінің мағынасымен ауыспалы, бейнелі, астарлы түрде болса да байланысты болады. Оған: ұрын бару, еркек кіндік, жүрегі айну, жылқы мінез, наркескен, қуанышы қойнына сыймау т.б. жатқызады да идиомаға қарағанда фразаның аясының кең болуы осыдан. Фразаға: қаба сақал, қолаң шаш, асқар тау, шалқар көл, ми дала, тас қараңғы, құба жон, қамыс құлақ, бөкен қабақ, құс тұмсық т.б. Тәрізді компоненттері біріне-бірі байлаулы, жұбын бұзбай үнемі бірге жұмсалатын сөз тізбектерін да жатқызуға әбден болтатынын, кйбір еңбектерде бұларды идиома, фразадан бөлек ерекше бір топ етіп қарайтынын, біздің ойымызша дейді Ж. Шакенов бұлар фразаның бір тармағы ретінде қаралуға тиіс екенін жазады. Фразаның идиомадан бір ерекшелігі оның құрамындағы сөздердің бірі немесе екіншісінің онымен мәндес басқа бір сөзбен алмастыруға келуі десек, бұларда да ол қасиет бар. Мысалы: ну орман – қалың орман, тап басу – дәл басу, даңғыл жол – сара жол, мерт болу – опат болу, сүліктей сору – сүліктей қадалу дегендер оған куә дейді. Осы орайда І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың: «...жеке элементтердің негізгі мағынасынан барып жасалған тізбек идиом болмайды, ол фраза болады» – деген тұжырымдарын қолдайды [17, 205-206-б.]. Мақал. Ж. Шәкенов мақал сөз тәрізді ұғым емес, пайымдауды білдіретінін, ол тілдік құбылыс ішінде сөйлеммен орайлас, құрылымдас дейді. Мақалдардың қалыпты сөйлемдерден құрылымы жағынан айырмашылығы жоқтығын, беретін мағына жағынан да олардың бір-бірінен онша алшақ кетпейтінін мысалдар арқылы дәлелдейді. Мақал беретін мағынасы жағынан да сөйлемдермен мағыналас келетінін Т. Қордабаев пікіріне сүйенеді. Мақалдағы әрбір сөз сөйлемнің белгілі бір мүшесі ретінде келіп, өз мағынасын сақтайтынын, мәтінде де одан сырта да тек сол мағынасында жұмсалатынын, ондағы сөздер бір-бірімен байланысу тәсілі жағынан да грамматикалық байланыстың қалыпты үлгісін сақтайтынын, мақалдағы сөздерді де сөйлем мүшесі, грамматикалық байланысына қарай талдау дәстүрге айналған болса, бұларды да қалыпты сөйлемдерше талдауға болар еді, әдетте олай талдамайтынын, бірақ та бұл айтылғандардан олардың бір-біріннен ешқандай да айырмашылық жоқ деген ой тумайды дейді. Мақалда екі түрлі ой беріледі, соған орай ол екі түрлі мазмұнда болатынын, тура мағынасы мақал сөйлем мен қалыпты сөйлем екеуінде бірдей ал, мақалға тек қана ауыспалы мағынасы тән болатыны айтылады. Сөйлемдегі сөздерді әдетте орынын ауыстыруға болады, мақалдардың сөздердің орыны бекем екені, сол сияқты мақалдағы синтаксистік байланыс белгілі үлгімен тіркескенімен, әбден қалыптасу нәтижесінде ол байланыстың мәні жойылғанын, ол сөйлем сияқты сөйлеу үрдісі үстінде құрастырылып жатпайтынын, мақал синтаксистік жағынан бөліп-жаруға келмейтін бүтін бір тұлға екендігін жазды. Мәтел. «...мәтелдер дербес (жеке) сөйлем болмайды, сөйлемнің бір мүшесі ретінде ғана қолданылады, ал «... мақалдар бір сөйлемнен де, көп сөйлемнен де құралады» деген пікіргі сүйенеді [18, 84-б.]. Ж. Шәкенов мәтелдер құрылымы жағынан сөз тіркестерімен ғана құрылымдас болып қана қоймай, сонымен қабат сөйлеммен де құрылымдас келетінін мысалдар арқылы: құрыққа сырық жалғап, тең-теңімен, тезек-қабымен, ұзын арқан, кең тұсау тәрізділерді сөз тіркесімен құрылымдас болады десек ағама жеңгем сай, көппен көрген – ұлы той тәрізді мәтелдер сөйлеммен құрылымдас емес пе. Тіптен мәтелге берілген мысалдарда: үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар тәрізді құрмалас сөйлем типтес түрлері де кездеседі дейді. Мәтел мен мақалдың айырмашылығын мазмұны жағынан қарастыру керек екенін, мәтелдің беретін мазмұны бұлжытпай турадан тура беретінін, ондағы ой ешбір қалтарыссыз, ол құрамындағы сөздердің тура мағынасынан туады деп ағама жеңгем сай ой құрамындағы сөздердің тура мағынасына бара бар, бүтін ой сол сөздерде берілген ұғымның жүйелі тіркесуінен туған, мәтелдің мазмұны ондағы сөздердің тура мағынасымен байланысты, соның жүйелі логикалық байланысынан пайда болады дейді. Мәтелде де кейбір сөздер ауыспалы мағынада тұруы мүмкін екенін, мәтел мақал тәрізді өмір шындығына талдау жасап, оны қорытындылап, топшылап, тұжырымдап жатпайды. Мәтелді қолданушы әдетте ойын бір оймен жалғастыру үшін жұмсайды, ол осындай дәнекерлік қызмет атқаратынын, бірінен екіншісіне ауысу үрдісінде естен шығармайық дегенді айтады. Түйін. Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен тұлғалар біршама зерттеліп, жаңа қырынан көрінуде. Заманның өзгерісіне байланысты бұрынғы кейбір шешімін таппай келген мәселелер қазір зерттеліп, тың деңгейлерге көтерілді. Оның жарқын көрінісі ретінде мына оқып, пайдаланылған ғылыми дерек көздерді көрсетсек те жетеді. Б. Адамбаев. Халық даналығы. «Мектеп» баспасы, 1976, 55-80 беттер. Тозған қазды топтанған қарға жейді. Алматы, «Рауан» 1991, 112-121 беттер. Т. Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, «Рауан» 1991, 208-225 беттер. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. Алматы, «Қазақ университеті», 1993, 91-92 бет. Әбдуәли Қайдаров. Халық даналығы. Тоғанай Т. Алматы, 2004. 549 бет. Б. Қасым. Күрделі аталым жасалымы: когнативті-дискурстық ұстаным (зерттеулер) Алматы, 2010. 381 бет. Б. Қасым. Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы аспектісі (ғылыми мақалалар) Алматы, 2010, 371 бет. Ж. Шәкенов сілтеме жасаған әдебиеттер тізімі төмендегідей.

Ұрпаққа болар өнеге (М.Серғалиевтің мерей тойына орай) Адамның көзі тірісінде айта алмаған ұлылықты, дүниеден өткен соң айтып жататынымыз бар. Бәлкім бұл дұрыс та болар. Мақтауға сараңқазақ халқы ақын-жырауларын, би шешендерінің, әнші-күйшілерін нағыз қызған дода үстінде айқайлап, бір көтеріп отырады да бетпе-бет келгенде аз сөзбен жайғана жақсы жақтарын сөз арасында кірістіре салған ғой. Сол әдет әлі де келе жатыр. Нағыз дос, жанашыр кемшілігін бетіне баса сынап отырған. Ал үлкендердің жөні бір басқа. «Мақтаусөзім менің жұмсайтұғұн малайым» – деп, Дулат Бабатайұлы айтпақшы ұлыға кішіпейілдік жарасады. Кейде мақтағанның жөні осы екен деп, елге онша елеулі емес адамныңөзін жер-көкке сыйдырмай көтеріп жататынымыз тағы да бар. Тыңдап отырып ұялады екенсің. Әркімніңөмірде азды көпті орыны болады. Оны сол адамныңөзі жақсы сезінсе керек. Бұл арада жақсылықты айту бір басқа да, тұрғызып қойып мақтау бір басқа. Тұрғызып қойып мақтау дегеніміз, мақтамен бауыздағанмен бірдей. Асылы, оқымыстылардың адамгершілігі қатып, семіп, қалғанымен емес, маңайына сәуле шашып, алып бәйтерек сияқты көлеңке түсіре білуімен шектелер. Ғалым не ғұрлым білімді болса, соғұрлым кішіпейіл болған ғой. Ұлықбектер, әл-Фарабилер одан қала берді шен-шекпені лауазымы жоқ Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр-Жүсіп т.б. қалай жер басып жүрген десеңізші. Маңайларына шәкірттері топталып, үйіріліп соңынан қалмай еріп жүрген емес пе еді. Кімнің айтқаны есімде қалмапты: «Інісін жасқап өткен аға өзінің артын өлтіреді, Ағамен жағаласқан іні өзіне ұят келтіреді». Осы рас та болар. Әрине, адамдардың бәрі бірдей етпен сүйектен жаратылған. Кемшіліксіз адам болмайды. Қоғамда әр саналы қайраткердіңөзінің орыны болады. Дегенмен, сол адамның орыны қызметіне қарай, халқына сіңірген еңбегіне қарай, үлес салмағына қарай айқындалады емес пе? Қанша кереметпін, мен бәріңнен мықтымын, көп білемін дегенмен сыншысы бәрібір халық болып табылады. Құр ғана кеуде соққанмен болмайды. Білім мен мінез сәйкес келгенде ғана ол – басқаға өнеге бола алады. Біз білетін сондай адамның бірі –ҚР. ҰҒА-ның академигі, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Серғалиев. Атағы да даңқы да, қызметі де таудай. Бірақ, кішіпейілдігінен бір танған жоқ. Үлкенге іні, кішіге аға бұл кісі кішіпейілдігінен тағынан тайып, беделінен айрылған жоқ. Қайта күн сайын мәртебесі өсе түсуде. Дайындаған шәкірттері де жерге қаратқан жоқ. Еліміздің түкпір-түкпірінде қызметтерін жалғастыруда. Алды өзінің жолын қуып, ғылымдықтыңқыры-сырын тануда, қажымай еңбек істеуде. Мырза ағаның бойындағы қазақтың кең даласындай дархандық, кішіге деген ілтипаттыққайдан дарыды десек «Өнеге» деген кітабын оқығанда, осы сұраққа жауап табамыз. Кітаптың мазмұны да ойлы құрылған. «Тәлім», «Ағалар», «Күлсек пе екен» бірден-бірге жалғасып, әуелгі желісінен айрылмай, оқырманды болған оқиға үстіне әкеліп, нақты объектілер мен субъектілердің іс-әрекетімен таныстырады. Сөйтеді де Мырзекең сол бейнелердің бірі өзі екендігін аңғармайды. Тамаша адамдардың келбетін келістіре отырып, өсіріп, өзінің де сұлбасы бой беріп, көк өрімдей жетіліп шыққан. «Ана тілін ардақтайық» тарауында әлемге аты мәшһүр болған Мұхтар Омарханұлы Әуезов жайында жылы-жылы пікір айтып, оның ұстаздық кейбір штрихтарында, біз біле бермейтін беймәлім жақтарына тоқталған. «Мұндайда ғалым Әуезов пен шешен Әуезов бірігіп, тұтасып, үлкен тұлғаға айналып кетеді» дейді Мырзекең бір сөзінде. Сөйтеді де Мұқаңның дәріс оқыған сәттерін, киім киісін, студенттермен қарым қатынасын, Үнді сапарынан алған әсерін, әсіресе Абай десе ішкен асын жерге қоятын, Батыс пен Шығыс, одан қала берді Еуропа мәдениетіне иек артқанын бүге шігесіне дейін айтып беретініне қайран қала отырып, өте нанымды, оқушыны сендіре дәл бере білген. Тілші ғалымның сөзді жеріне жеткізе майда, шұрайлы жазуы екінің бірініңқолынан келе бермейтін іс. Мұқаң сынды алып тұлғаны суреттеу үшін көзбен көріп естелік жазу аздық етеді, сол деңгейге орайлас білім де болғаны абзал. Ондай ұшан теңіз білім Мырзекеңнің бойынан табылады. Біздің Мырзекеңе шайқаса төгілмейтін сабадай сабырлық дәл осы Мұқаң сынды данадан ауысқан. Тіл білімінің кемеңгерлері І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, аға оқытушылар: Райма Муллина, Ыбрайым Маманов – алғашқы кафедра мүшелері болды, отау құрған жылымыз 1943 жылы кафедра меңгерушісі 36 жасқа әлі тола қоймаған І.Кеңесбаев еді деп, Мырзекең тебірене есіне алып, болған оқиғаның бүге шегісіне дейін жазып «І. Кеңесбаев …қазақ тіл білімінің сол кездегі Одақ көлеміне танымал болуына зор үлесін қосты» – деп ағынан жарылды. Аса ірі тіл теоретиктері Н. Сауранбаевтан, М. Балақаевтан, дәріс алып, оқығанын өзіне үлкен бақыт санайды. Академик І. Кеңесбаевтың мына: «…адамныңөзіне дәрежесі мен лауазымы танылып тұруы керек» деген сөзін үлгі тұтып, іс жүзіне Мырзекеңніңөзі де асырып келе жатқан жайы бар. Бұдан соң Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Б. Шалабаевтар 60 жылдары қорғап, профессор атақтарын алды, оларды да өзіме үлгі өнеге тұтамын дейді Мырзекең кітабында. Мырзатай ағаның асыл ұстазы ол – Мәулен Балақаев. Егер де Каз МУ-дің бұрынғы ректоры – Төлеген Тәжібаевтың студент, қазіргі ғалым Хабиболла Оспановқа жақылық жасап, көрегендік таныта білсе, рухани әкенің орнында болса, Мәулен Балақаевтың да Мырзатай ағаға жасаған әкелік қамқорлығы аз болмаса керек-ті. Әрине, Мырзатай аға айтпақшы «...ешкім де туған әкенің алдында, тіпті қатарлас тұра алмақ емес» бірақ та «рухани әке» деген шектеулі тіркес аспиранттардың сүйікті лексиконына айналды. Сөйтіп, Мырзағаң Мәулен ағаның арқасында диплом жұмысын жазып шығып, кафедраға қызметте қалады. Мәлен ағаныңұстаздық көрегендігі алдамаған екен, бала шәкірт: декан, кафедра меңгерушісі, профессор, академик болып бірақ шықты. Бұл кітапта көрнекті тіл мамандары: К. Ахановтың, Ш. Сарыбаевтың және К. Мұсаев, Ө. Айтбаев, С. Исаев немесе М. Томановтың, Б. Манасбаевтың, Р. Әміров, А. Айғабылов т.б қазіргі кафедра меңгерушілері мақтанышпен, жылы көңілмен еске алынып, жазылған. «Ұстаз – олардың ортақ аты» деген тарауда: студенттердің жай-күйі, сабаққа деген ынтасы, мамандық таңдаудағы олқылықтары жан-жақты әңгіме болады. Өзінің аяулы алғашқы білім нұрын еккен мұғалімдері Кәжікен, Сәрсен, Мұхитдин, Дүйсен, Әбілқайыр /Абық/, Күзенбай тағы басқалардың жарқын бейнесі А.С. Макаренко мен В.А. Сухомлинскийдің бірде кем соқпайтынын тіліне тиек қылады. Олардың тек қана өздеріне тән қылықтарын таза көңілмен сағына есіне алады. Ара-кідік ұстазы Әбілқайырдан сазайын алғанын да жасырмайды. Сол сәттегі апасы Нұриләнің ара түсіп, жаны шығып кете жаздағанын өте шебер жеткізеді. Алма кезек дерекке сүйеніп жазылған шығарма расында да оқырманын баурап, өзіне тарта береді. «Көңілдері – ақ айдын», – деген тақырыбында Мәлік Ғабдуллиннің батырлығы, ұстаздығы, әсіресе қол ұшын беруге жақын тұратыны ауыл ақсақалы мен оның екі немересі арқылы шынайы суреттеледі. Мәлік ағаның таза қамқорлықпен жасаған көмегі көбімізге сабақ болары белгілі. Ал ондай адамдар аз емес. Мысалы: мен де шет жағасын көріп қалған ұстаздарды осы орайда атап кеткенді жөн көріп отырмын. Олар: Ә. Қайдар, Р. Сыздық, М. Серғалиев, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Ә. Болғанбаев, Ш. Сарыбаев, Ф. Оразбаева, Ө. Айтбаев, Б. Қасым, Т. Әбідіғалиева, Т. Жанұзақов, Ж. Манкеева, К. Хұсайынов, Ә. Жүнісбек, С. Бизақ, А. Жұбанов т.б. «Жақсының жақсылығын айт ырысы тасысын, жаманның жаманын айт, құты қашсын» деген сөз осындайдан айтылса керек. Бұл жазғандарым да Мырзатай ағаның кітабын оқығаннан соң туған әсерім шығар. Академик Төлеген Тәжібаевтың азаматтық келбеті барынша жақсы ашылып, әдебиет теориясында (шарықтау шегі) дейді Төкеннің нағыз адами тұлғасы, Үндіске шыққан, тұрмысы сәтсіз аяқталған қазаққызының аянышты халін айтқан тұсында тәнтті боласың. өзі де жат жерде қаршадай қазаққызы, тұрмыс тауқыметінен алжа-алжасы шығып айналдырған 3-4 жылдың ішінде кәрі кемпір болып шығыпты деген әңгімесі кімді болсын бей-жай қалдырмайды. Мұндай оқиғаны естіп, жадына сақтап келер ұрпаққа жеткізген Мырзағаңның да тіл шеберлігіне қайран қалмасқа болмайды. Жазушы шеберлігі де осындайда көрінеді. Мырзағаң Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры Е.А. Бөкетовпен үш рет кездесіпті, сол үш мәрте кездесуде өміріне сабақ боларлық жәйттарды ойына түйіп қалған екен. Е.А. Бөкетовтың сабырлығы, байсалдылығы білімдарлығы әрине, Мырзекеңді өзіне баурап алды. Е.А. Бөкетовтың бір ауыз жылы сөзі, Мырзекеңе берген бағасы аяқсыз қалған жоқ, жемісін берді. Жаманның артынан бөз қалады, жақсының артынан сөз қалады расқа айналды. Е.А. Бөкетов болмаса, Шәкәрім қажыныңөліміне себепші болған Қарасартовпен кім сөйлесе алар еді, тарихтың тағы да бір парағы ашылмай қалар еді ғой. Мінекей жақсының артынан сөз қалады деген осы. Мырзатай ағамен жүздескенде еш уақытта кісіні жатырқап көрген емес, ылғи әңгіме үстінде, ылғи көргенін я болмаса естігенін айта отырады. Бәлкім кейінгілер құлақтарына құйып алсын дегені ме екен?Кім білсін? Атақты Мұқағали Мақатаевті қазақтыңқайсысы білмейді. Мырзекең Мұқағалиді айтқанда ерекше көңіл бөле, кітабында айрықша орын беріп, шынайы құрмет көрсеткен екен. Мұқағали өміріне қатысты бар тың деректерді көлденең тартып, басқа қырынан ашуға ұмтылған. Ақтөбеге барған сапарында тұңғыш тілші ғалымның бірі Құдайберген Жұбанов жайында, оныңұлы Есет Жұбанов туралы ой өрбіте отырып, профессор М. Арыновтың Ақтөбе педагогикалық институтында сіңірген еңбегін де шет қалтырмаған. М. Арынның азаматтық тұлғасын өсіріп, Ақтөбе өңіріне сіңірген еңбегіне баса назар аударған. Марқұмның өзі өлсе де көзі өлмейді, Мырзекең ол кісінің жасаған жақсылықтарын ұмытпай, тасқа таңба басқандай жазып берген. Кейбіреулер тірі кезінде шен-шекпеніне, атақ-даңқына қарап сыйласып, бұ дүниеден қайтқаннан кейін ұмытып кететіні бар ғой, ал Мырзакеңнің бұл – жазбасы үлкен адамгершіліктің, біле-білсек ұрпаққа мұра, тарихи ұмытылмайтын мәңілік ескерткіш. Кітабының соңын ала Құрманбек Жандарбеков бастаған өнер саңылақтарыныңөмірін сипаттап, дос – жолдас, аға буын арасындағы естеліктермен әзіл қалжыңдар шынайы жарасым тауып, өзінің шешімін айтқан. Айталық, жанрдың осы түрі, ежелден келе жатқан әзіл-қалжың араласқан бетімен елге танылуы соңғы жылдары ғана. Қорыта келгенде «Өнеге» кітабының сыр-сипаты осындай. «Өнеге» басқаға да өнеге. Нақты адамдар туралы ой толғам, естелік. Солардың тұрмыс харекетін көріп, өзіміздің де кейбір жайттар еске түседі. Мырзекеңнің «Өнеге» кітабы шежіре сияқты. Атақты тілші ғалымдардан бастап, техника, химия, математика одан кейін өнер қайраткерлері, жай ғана шаруа адамдары да қамтылған. Олардыңөмір салты, болмысы шынайы суреттелген. Кітап оқуға оңай соғады, тілі өте жеңіл, қарабайыр қойыртпақ емес. Және тым сұйықтатып, та жібермеген. Әр адам өзінің орнында. Әсіре боямаған. Сонысы да дұрыс болған, өйткені бұл адамдарды көзі көргендер әлі де арамызда жүр. Олар кейіннен, тым мақтап, асыра көтеріп жіберіпсіңдер деп жатса, не істейміз. Шығарманыңөтімділігі де шынайлығында. Қара бояу көп болса ондай шығарманы оқығың да келмейді. Мырзекеңнің ішке сақтап жүрген, сырға толы әңгімесі мұнымен бітпек емес. Мұнан соң да есте сақтаған эсселерін жариялай береді деп үміт артамыз. Ұлы адамдардыңұлылығы жарасады. Бұл кісілердің ешқайсысы қолдан қылық жасаған емес. Сонысы үлгі болса екен. Шынайы оқымыстының оқу соққан туа жағымды аңқаулығы болады, ол – өзіне жарасып, өң береді. Немістіңұлы ақыны Гете: «У великих людей, бывает великое недостаток» деген сөзі расқа айналса игі еді. Олай болса ұлылықұлылықты тудырса, өнеге өнегеге апарады. Демек, Мырзағаңның өнегесі өзінің заңды жалғасын табатынына мен кәміл сенемін. Соңында өзім бір екі ауыз сөз қоссам деймін. Мырзекеңмен мені таныстырған академик З. Қабдолов ағамыз. 1994 жылы кандидаттық диссертация бітіп «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының көркемдік ерекшеліктері» – деген тақырыпта жазғам. Зекең ағаға оқытуға апарғамын, ол кісі оқып болып, – Ал, Қара мұрт (меніңқара мұртым болушы еді Алматы да солай атайтын) мына жұмысың көбінесе тілге қарай ауысқан, тілдік деректер көп екен. Мен сені өзіңнің ағаң Арқаның жігіті Мырзатаймен таныстырайын деп, Мырзекеңнің кафедрасына жетектеп, алып келді. Әрине, Мырзекеңді сырттай өте жақсы білемін, еңбектерін, газеттен мақаларын оқып, қиып, жинап алып қоятынмын. Мырзатай аға сөзге келген жоқ. –Павлодардан келсе, о жаққа да тілшілер керек деген сөзі әлі есімде. Сөйтіп, Алматы ғалымдарының көрікті қыздырып, қазандағы сорпаны оңды-солды сапырып, қайнатып жатқан білім ошағына мен де қалай күп беріп түсіп кеткенімді байқамай да қалдым. Ғылымның ащы, тұщы дәмін татып, білім деген расында да еріккеннің ермегі емес, инемен құдыққазғандай екендігін өз қара басым төбемнен ұрғанда түсіндім. Сол уақытта ғылыми жетекшім Мырзекең менімен бірге болды. Әлі де айтылар, бір үзік сыр осындай еді. Олай болса, ұрпақ сабақтастығы өзінің жалғасын табатын болады.

С. М. Иcаев және қазақ тілі мәселесі Мұнда С.М. Исаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» – атты оқу құралына тілдік тұрғыдан сипаттама беріледі. Профессор Исаевтың грамматика саласындағы кейбір жаңалықтарына, тың ойларына жан-жақты екшеу жасалады. В статье дается анализ учебнику С.М. Исаева «Грамматика описания слова в современном казахском языке». РаскрываютсяидеиновизныИсаевавразделеграмматикиказахского языка. Thіs artіcle consіders the analyses of S.M. Іsayev’ textbook «The descrіptіon of a word іn the modern Kazakh language». New Іsayev’s іdeas іn the grammar part of Kazakh language are poіnted out here. Ұстазым, ҚР. ҒА. Корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болған Сейілбек Мұхаметжарұлы Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (Алматы, Рауан: 1998) жылы басылып шыққан оқулығын маған – «Ойлы да өрелі Айтмұхаметке Ұстаздық батамды беремін» – деп қолтаңбасын беріп тұрып, көзіме ойлана ұзақ қарағаны бар. Ол кісінің қарағаны маған «Сиясы кеппеген, су жаңа оқулыққа пікір айта алатын шамаң бар ма?» – деген сияқты көрінді. Ұстазым дейтіндей мен ол кісіден ұзақ жыл дәріс те алғаным жоқ, бас-аяғы үш-төрт рет қана әңгімелесуге уақыты жетті. Бірақ, неге екені белгісіз риясыз дос, көптен бері көріспеген аға мен інілік қарым-қатынаста болдық. Біреу кіре алмаған кабинетіне емін-еркін тоқтаусыз кіріп, шыға беретінмін. Шыны керек, Сейілбек ағаны білмеймін, ал өзім ол кісіні шексіз жақсы көрдім, әлі де жадымнан шыққан жоқ. Сондықтан да бірер – кездесудің өзі «ұстазым» дейтіндей ұлы сөзге барғызып отыр. Мақала Сейілбек ағаның көзі тірісінде жазылған еді, түрлі себептермен баспаға берілмеді. Атағы тауай, аты алты алашқа мәшһүр болған адамның кітабына құр жаяу бізге пікір жазу оңайға соқпаса керек. Ол кезде менің ғылыми атағым жоқ, шыны керек жүрексінген едім. Ендігі жерде бұл мақала оқырман көңілінен шығып жатса, аға алдындағы борышым азда болса орындалып, арқамнан бір жүк түскендей болар еді. Оқулық бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Грамматикалық категория». Үшінші бөлім «Сөздің морфологиялық құрамы». Төртінші бөлім «Сөзжасым және сөз тудыру тәсілдері». Бесінші бөлім: «Сөздерді топтастыру» – деп аталады. Бірінші бөлімде: Тілдің қоғамдағы алатын орны, коммунативті қызметі жан-жақты сараланған. Сөз және оның мағыналарының ерекшеліктері, тілдің ойды жарыққа шығару құралы екендігі, ойдың ең кіші единицасы сөйлем, сөйлемнің кіші тілдік единицалары сөз, сөз тіркесі т.б. екендігі нақты мысалдармен талданған. Сөздің фонетикаға, лексикаға, грамматикаға, морфологияға, синтаксиске де тікелей я жанама түрде тәуелділігі барлығы анықталады. Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы: түбір морфема, қосымша морфема арқылы лексикалық мағына және грамматикалық қасиеті ескеріле отырып зерттеледі. Түбірдің әдеттегі беріліп жүрген анықтамасының мәнін одан әрі терендете түсіп, түбірдің жеке тұрғандағы сөйлемдегі қасиеті, түбірдің өз ішінен туындайтын қасиеті емес, түбір жеке тұрғанда да белгілі бір мағына білдіре алады, ол түбірдің лексикалық мағынасы болып табылатындығын /күміс/ нақты зат атауынан басқа, неден жасалғанын, заттан гөрі нақты затқа қатыстығын, /тас/ нақты зат атауынан басқа, үйдің неден салынғандығын, затқа қатыстығын білдіріп, түбір білдіретін мағынадан басқа қосымша мағына, қатыстық мағына білдіретіндігін нақты көрсете білген. Бұндай ерекшеліктер етістік түбірден де байқалатынын, сөйлемдегі қолданысқа байланысты дыбыстық өзгерістерге түсіп, дамып отыратынын ашып жазған. Орыс тіліндегі түбірдің әр уақытта мағынасы бола бермейтіндігі де салыстырыла кеткен. Тіліміздегі сөз бен дыбыстың сәйкес келетін у/у/, и/и/ қарастырып, белгілі мәнді білдіретін айта келіп, сөздің басты тұрақты белгісі лексика семантикалық, грамматикалық қасиеті болатынына назар аударады. Сөздің лексикалық мағынасы мен контекстік келтірінді мағынаның өресін «жаман» сөзі арқылы жеткізеді. Айталық, «жаман», «нашар» сөздері контексте басқадай айналымға түсетіндігін, сөздің полисемиялық мағынасы көп болғанмен, сөйлемде қолданылғанда бір ғана мағынасы және бір ғана мәнде қолданылатындығын, керісінше бірнеше грамматикалық мағына болатындығын нақтылай түседі. Басқа оқулықтағыдай емес, сөздің грамматикалық мағынасына да кеңінен шолу жасайды. «Жалпы тіл білімінде» грамматикалық мағынаны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай профессор С.М. Исаев үш түрге бөліп қарастырады:

І Жалпы грамматикалық мағына;
ІІ Категориялық граммактикалық мағына;
ІІІ Қатыстық грамматикалық мағына.

Расында, граммактикалық мағына лексикалық мағынаны айқындайды, грамматикалық тұлғалар арқылы басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы пайда болатын туынды /жалпы/ мағына деп көрсетіліп келді. Сол сияқты граммактикалық мағынаның да лексикалық мағына сияқты сөйлеу процесінде, грамматикалық категория сипатындағы ауқымы активті екендігін бұлжытпас дәлелдермен бекітеді. Бұл ғылым саласындағы тың жаңалықтардың бірі екендігін айта кеткен жөн. Филология ғылымының докторы С.М. Исаев грамматикалық мағынаны білдірудің үш тәсілін /семантикалық, синтетикалық, аналитикалық/ басын ашып, орынды мысалдармен анықтай түскен. Грамматикалық категорияның; Грамматикалық форма/нысан/; Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі және нөлдік форма деп тақырыптарға бөліп, грамматикалық форманы сөз табының түрлі әрекетке түсуі арқылы көрінетінін ал, грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда, грамматикалық мағынаның үш түрінің бірі – категорялық грамматиканың мағына негізге алынатындығы басты кретерий болатындығы дәлелденген. Сөз формасы да оқулықта қалыс қалмаған. Оның грамматикалық формасы мен тығыз байланысты екендігі, А. Ысқаковтың пікіріне орай сөз түрлендіріу және форма тудыру ұғымдарының араласып кеткендігін тілге тиек қылған. Екінші бөлім. «Грамматикалық категория» – деп аталады. Грамматикалық категорияның өрісі бірнешеу ғана болып қоймай олардың іштей жіктелуін тағы да саралай түскендігі байқалады. Грамматикалық категория болудың алғы шарттарын біріншіден, бірнеше кемінде екі грамматикалық мағына болуы керектігі. Екіншіден, мағыналары тектес, ыңғайлас, мәндес, болуы керектігі. Үшіншіден, грамматикалық мағыналар қанша тектес, ыңғайлас, мәндес болса да бір-біріне қарама қайшы болуы. Төртіншіден, бөліне отырып бір тұтас болуы. Бесіншіден, сөздердің өзі белгілі грамматикалық мағына арқылы берілуі. Алтыншыдан, прадигмалық жүйе құру арқылы, мағыналық тұлғалық сәйкестіктің бір жиынтығы болатындығы бірнеше топқа бөлініп берілген. Грамматикалық категориялардың тілдік деңгейге қатысты шартты тілде морфологиялық категория; синтаксистік категория деп бөліп, олардан ара қатынасын, морфологиялық сипатын, ішкі құрылымын мәнін тың үлгіде жаңаша тұрғыда көрсете білген. Мысалы: сан-мөлшер, көптік категория, тәуелдік категория, септік категория, мұның өзі септік жалғаудың мағынасы мен қызметі, септік жалғаулар оның грамматикалық және көлемдік септіктерге бөліудің мәні деп қарастырып барып, жақ, жіктік категориясы, (жіктелу) сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері, етістік категориясының ерекшеліктері, етістіктің сабақтылық салттық категориясы, етіс категориясы, етістіктің болымды/болымсыздық категориясы, күрделі етістіктер, рай категориясы, шақ категориясы егжей-тегжейлі талданып оның іштейгі бөлінісі грамматикалық категория деген ұғымға тереңдей барып, теориялық тұрғындан ашып беруі дәлелді шыққан. Үшінші бөлім. Сөздің морфологиялық құрамы. Сөздің морфологиялық құрамы әдеттегідей лексикалық мағына қатысына байланысты емес, сөздің грамматикалық мағынасына байланысты 3 түріне қарай бейімділігін айта отырып, басқа сөздерге осы сипаттағы мағына үстеуге негіз болатын бөлшекті морфема деуге болатынын негізге алды. Сол сияқты лексикалық мағына білдірге алатын түбірдің морфологиялық құбылысын сараптап, лексикалық үлестік мәні барын көрсетеді. Сөйтіп, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның сыр сипатын екеуіне де ортақ белгілерін тән қасиеттерін зерттейді. Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан олардың ерекшелігін ескеріп, түбір морфема, қосымша морфема – деп бөліп алып, сөздің морфемалық құрамын мағыналық қызметін басқа қарынан көрсетушілігі бар/ омонимдік, синонимдік, антонимдік, моносемиялық, полисемиялық және олардың тағы даралық сипатының барлығын айқындайды. Осы жағынан келгенде сөздің морфемалық құрамы морфологиялық талдаудың жаңашылдық үлгісінде бой береді. Қосымшалардың жіктелуінде: қазақ тілінің қазіргі қолданысындағы айрым белгілері, мағыналық қызметі, семантикалық мән мағынасы т.т. «аффикс» деген термин дәл осы тұрғысында, дәл осындай сипаттағы түрімен таныта алмайтынын, яғни бірге бір келмейтіндігін жазады. Тілші ғалымдардың қосымшалардың мағыналық, қызметтік ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөліп, қолданылуының да өзіндік заңдылықтары бары талданудан қағыс қалмаған. Сөйтіп, қосымшалардың жіктелуінің теориялық үлгісін схемаға салып көрсеткен (қараңыз: 230 б). Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері, мағыналық жағынан екшеледі. Мысалы, сөзжасам қосымшалары лексикалық мағынаны білдіруін, ал сөзтүрлендіргіш қосымшалар «грамматикалық мағыналарды білдіруін анықтайды да сөзжасам және сөзтүрленім қосымшаларының бір тобы ғана мағына беріп: моносемиялық болып, екінші тобы бірнеше мағына беріп полисемиялық қосымша болып бөлінетіндігін қосымшалардың сөз ішіндегі қызметі арқылы дәлелдейді. Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері. Оның анықтамасы мен тіл білімінде алатын орны зерттеу объектісінің үш белгісі нақты беріледі. Біріншіден, сөзжасамның мәні мен сипаты, ерекшелігі анықтамасы. Екіншіден, сөзжасамға тән лексика семантикалық, семантика грамматикалық қолданысы, үшіншіден, жеке өзі лингвистиканың бір саласы бола ала ма? деген сауалдар тәңірегінде өрбійді. Сол маңайдағы сөзжасамның грамматикалық сипатын, морфологиялық принциптерін, лексикалық қабатын, тілдік процесс үстінде, тілдік факті ыңғайында қаралады. Сөзжасамның синтетикалық /морфологиялық/ тәсіл: біл+ім, тый+ым, түс+ім, келіс+ім, бұрал+қы, бүгін+гі, тоңазыт+қыш, желдет+кіш, бас+қыш т.б. Синтаксистік /аналитикалық/ тәсіл: айбалта, белбеу, көр+тыш+қан, үшбұрыш, бесжылдық, бүгін, биыл т.б. Лексикалық – конверсиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер тобы да көрініс тапқан. Лексикалық тәсіл басқа тілдерден енген сөздер жиынтығы жатса, конверсиялық тәсілге есім етістік тәрізді түрлі синкретизімдік тілдік құбылыстардың қалдық көрсеткішін жатқызады: тат /өсімдіктің, заттың сыртқы жұғатын түрі немесе көне түркі тілінде астың дәмі /және тат /ауыз тию, дәмін алу: астан тату/ т.б. Немесе конверсиялық тәсілдің субстантивтену /заттану/, адъективтену /сындық сипатқа айналу/, адвербиалдану /үстеуге айналу/, пронималдану /есімдікке айналу/, вербиалдану /етістікке айналу/ процестеріне де мысал келтіре отырып көз жеткізген. Сөзжасам үлгілерінің өнімділік, құнарлық сипатын бүгінгі өмірмен байланыстары қарастырғаны өте сәтті шешім болып табылады. Төртінші бөлім. Сөздерді топтастыру. Бұл салада грамматикалық топтар жөнінде сөз болады. Байырғы атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер дегендердің морфологиялық белгілері айқындалмағанын формальдықтың түрлену, түрленбеу сипаты әлі айқын еместігін, қысқасы морфологиялық белгілер сөздерді атаушы, көмекші, одағай – деп бөлуге негіз бола алмайтының зерттеп, тұжырым берген. Дәл анықтауда сөздерді топтастыру принциптері және сөз топтары деген таралым беріп, бүге шігесіне дейін талдаған. Сөз таптары бұрынғыдай 9 емес, 10 деп көрсетіліп барып, олардың тіліміздегі алатын орны, қызметі сараланған. Модаль сөздер – сөз табы ретіндегі ролі айқындалған. Қорыта келгенде, ҚР. ҰҒА. Корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Исаев Сәйілбек Мұхаметжарұлының аталмыш оқулығы тіл білімі саласындатын орны ерекше. К. Аханов, А. Ысқақов т.б. тілші ғалымдардың еңбектерінен кейін, бірнеше жылдар өтіп тіл мәселесінде қордаланып қалған проблемаларды шешуде табылмайтын құрал. Тілдің өте күделі саласы грамматиканың сан салалы, ішкі құрылымдық жүйесін бақайшағына дейін шағып, талдап берген, бұл зерттеу еңбек студенттер үшін ғана емес, жоғарғы оқу орнында қызмет жасап жүрген әріптестердің қолына түсе бермейтін көмекші әдістемелік оқулық деп білеміз. Бүгінгіге дейін морфология бөлімінде анықталмай келе жатқан, күманды, дүдамал грамматикалық мағына, грамматикалық форма тәрізді негізгі ұғымдарға басы ашылып, нақты бағасы берілген. Әсіресе, қазіргі заман ағымына байланысты дамып, жетіле түскен сөзжасам процесін тілдік құбылыс ретінде қарастырып, тың өріске, жаңа деңгейге көтере ғылымның жаңа объектісі деп танудағы оған сүрлеу салғаны, осы саладағы мамандарға немесе жас буындарға үлгі болмақшы. Бір сөзбен айтқанда бұл оқулық тәңірегіндегі келелі ойлар әлі де толастамақ емес.

Морфолог ғалым (Балқия Қасымның туғанына 60 жыл) Біз Балқия Қасымды 2001 жылдан білеміз. Бір жылдары Павлодар педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, одан кейін екі жоо-рыны іріленгенде бір-екі ай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. Сондықтан да Балқия Қасымның ғалымдығы туралы бір кісідей білеміз десек артық айтпаған болар едік. Оның үстіне жерлесіміздің осындай ғылым жолындағы жетістігіне қуанып, өзіміздің жүрек жарды көңілімізді осы – мақала төңірегінде топтастыруды жөн көрдік. Балқия Қасым тілші ғалым демек, бұл – жазылатын мақала да ғылыми мазмұнда болу керек деп ойлаймыз. Асылы ғалым адамның тұлғасы: не бітірді, не істеп жүр, қандай қызмет атқарып жүр деген сұрақтары, Отандық ғылымға қандай үлес қосты деген бір ауыз жауаппен өлшенсе керек. Жалпы, ғылым жолы қияметтің жолымен бірдей десек болар еді, бұл – сөздің мәнісін әріптес ғалымдар жақсы біледі. Балқия Қасым ғылымның қиын да, қызықты бергеніңнен берері аз, бірақ та құрметті және сыйлы атақ әкелетін жолға кездейсоқ келмеген. 1992 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер» – атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, ғылымға бір табан жақындады. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Диссертациялық кеңесінде «Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері» – деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, толық қанды ғалым атанды. Балқия Қасымның қаламынан 200 астам ғылыми мақалалар Қазақстан республикасы көлемінде ғана емес, шет елдерде атап айтқанда: Ресей (Новосибирск): Башқұртстан (Уфа), Татарстан (Қазан), Сақа (Якутия), Қырғыз, Қытай, Түркия (Стамбол), Польша жарық көрді. Жиыны оншақты монография, оқу құралы, оқу әдістемелік құралдар т.б. жоо-да, жалпы білім беретін мектептерде қолданылып жүр. Балқия Қасым қазақ тіл білімінің күрделі аспектілері болып табылатын: сөзжасам, морфология, семиаосиология, ономасиология, когнативті лингвистика, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесі, типтік оқу бағдарламалары, басқа ұлт өкілдеріне арналған оқулықтар т.б. тілдің салалары бойынша және де түркі тілінің күрделі мәселелеріне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халықаралық (жоғарыда атап өттік), республикалық теориялық – тәжірибешілік ғылыми конференцияларға қатысып, құнды баяндамалар жасады. Бірнеше аспиранттарға, магистранттарға ғылыми жетекшілік жасап, олардың алды эстафетаны жалғастырып түбегейлі ғылым жолына түсті. «Жоғарғы оқу орынының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері (2007), Ғылымдағы жетістіктері үшін, сіңірген еңбегі бағаланып «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» – деген төсбелгімен марапатталды (2008). Қазіргі уақытта Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақ тілі» практикумы кафедрасының меңгерушісі., филология ғылымдарының докторы., профессор. Күрделі сөздер мәселесін түркітанушылар, қазақ ғалымдары да қарастырды. Олар күрделі сөздердің өзіне тән белгілеріне, ерекшеліктеріне назар аударды. Расында да бұл – мәселе И. Гиганов, А. Казембек, В. Радлов, Н.И. Ашмарин, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, А.А. Юлдашев, Ф.А. Ганиев, М.И. Адилов, В.Г. Егоров, Б. Орузбаева, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, К. Аханов, М. Балақаев, Г. Жәркешева, Н. Оралбаева, Ж. Шакенов т.б. зерттеулерінде орын алды. Дегенмен, қазақ тіл білімінде күрделі атаулар мәселесі алғаш рет Балқия Қасымның еңбектерінде жан-жақты таратыла, жүйелі зерттеліп, негізгі теориялық қағидасы қаланды. Ғалымның қаламынан: «Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері» (Монография, 2000), «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым» (Монография, 2001), «Қазақ гарамматикасы» (Монография, телавторлық, 2002), «Күрделі зат есімдер сөздігі» (Сөздік, 1999), «Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы» (Оқулық, 1997), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер» (Оқу құралы, 1996), «Диктантар жинағы» (Оқу құралы, 1993), «Қазіргі қазақ тілі» (Оқулық, телавторлық, 2005), «Сөзжасам: семантика, уәждеме» (Оқу құралы, 2003, 2007), «Қазақ тілі» (Оқу құралы, телавторлық, 2003, 2007), «Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық жұмыстар» (Оқулық, 2007), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Оқулық, телавторлық, 2005), «Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасы (SYLLABUS) және әдістемелік нұсқауы (Оқу құралы, Кредиттік технологияға негізделген жоо-ның орыс бөлімдері үшін телавторлық, 2005, 2009), «Қазақ тілі» (Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасы бойынша деңгейлік тақырыптық сабақ жоспарының үлгілері, 2009) т.б. еңбектер жарық көріп, ғалымдардың, аспиранттардың, магистранттардың, оқытушылардың, мұғалімдердің, студенттердің қолына тиді. Филология ғылымының докторы, профессор Балқия Қасым тіл білімінің аса күрделі саласы, қазақ тілі (морфология) теориясына түбегейлі бет бұрды. Тіл білімінің морфология саласына кейбір тілші ғалымдарымыздың өзі байқап-байқап барады. Сондықтан да болса керек тіл білімі мен математика ғылымының арасына теңдік белгісін қоятыны. Сөз орайы келген соң айталық, кезінде ғалым Бектаев бастаған, А. Жұбанов қолдаған лингвостатистика компьютерлік лингвистиканың негізін қалады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мүйізі қарағайдай ғалымдары Ә. Жүнісбек, М. Малбақов, З. Барлыбаева т.б. өздерінің зерттеулерінде осы – салаға барып қалғандарын еңбектерінен, шәкірттерінің диссертацияларынан байқап қалып жүргенімізді неге жасырайық. Компьютер арқылы қазақ тілінің адам жете алмаған мүмкіншілігін (фонема, морфология, лексика) зерттеуге болатынына көз жеткіздік. Ол үшін тілші болу аздық етеді, математикалық (програмист) білімді қажет етеді. Мінекей, тіл мен есептің түйіскен жері осы. Мәшһүр-Жүсіптің (20 томдығының) сөз байлығын анықтау үшін және «Мәшһүр-Жүсіп тілі сөздігі», «Ұйқас сөздігі», «Жиілік сөздігі», «Әліпбилік сөздігі» т.б. толып жатқан мәселелерді зерттеу үшін лингвостатистикаға жүгінеріміз қақ. Тіл білімінің қай саласы болмасын «бастан жақты айырмайтын» сияқты бір-бірімен тығыз байланысты дүние. Б.Қасым қолға алған (морфология-күрделі аталымдарды) да осы мәселелерді зерттегенде сырт айналып кете алмайтынымыз да осыдан келіп туындайды. Олай болса, профессордың монографиялары осындайда қажеті барлығы сезіледі. Бұл – дегеніміз барлық жоо-на «Компьютерлік лингвистика» – деген ғылыми пәнді енгізіп, оның оқу құралы мен әдістемесін жасап, маман дайындауды қолға алатын уақыт кезек күттірмейтін мәселе екендігін көрсетеді. Тіл білімінің грамматикалық категория ретінде қаралатын я танылатын (күрделі аталымдар) грамматикалық құбылыс болып табылады. Күрделі аталымдардың жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағыналарды білдіретін дербес грамматикалық формалары болады. Мысалы, күрделі атаулар тілдегі барлық лексикалық бірліктер сияқты құрылымдық және мағыналық айқын тұтастықты білдіретін бір ұғымның атауы ретінде танылады. Осы белгісі арқылы сөз-лексема ретінде тіл жүйесіне енеді. Сөйтіп, күрделі атаудың бір қызметі зат пен құбылыстың мәнін білдіру болса, екіншісі – бір реалийлердің екінші реалийлерді айыратын, ерекшелейтін атаулық белгісі. Бұл – сөзжасам үрдісі мен заңдылықтары негізінде тілде жүріп отыратын заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі пайда болған күрделі атаулар – осы үрдістің нәтижесі. Б. Қасым еңбегінің басты жаңалығы. Қазақ тілінің күрделі лексикалық бірліктерін зерттеу тарихы әріден басталғанмен, қалыптасу заңдылықтарында әлі де ашылмаған, айқындалмаған тұстары бар өзекті салалардың қатарына жатады. Профессор Б. Қасым заттың күрделі атауларының қазақ сөзжасамының үлкен бір арнасы екендігін анықтап, өзінің зерттеу нысаны, негізгі ғылыми ұғымдары мен бірліктері, құрылымдық типтері мен үлгілері барын анықтаған. Күрделі атаулардың қалыптасу тарихындағы негізгі заңдылықтар, уәждеме теориясы тұрғысынан заттың күрделі атаулары сараланған, уәждеменің аталым үрдісіндегі қызметі көрсетіліп, қазақ сөзжасамындағы күрделі аталымдар біртұтас лексикалық бірліктер ретінде жаңалық болып енді. Заттың күрделі атауларының лексикалық бірлік ретінде теориялық негіздемесі жасалып, оның тіл жүйесіндегі алатын орыны айқындалған. Күрделі аталымдар әлемдік тіл білімінің соңғы жетістіктері деңгейінде ғылыми тұрғыдан танылды. Б.Қасым заттың күрделі атауларына қатысты мынандай лингвистикалық терминдер ұсынады: Уәж – жаңа атаудың қалыптасуындағы негізгі дәлелді белгісі. Уәждеме – жаңа атауды жасауға негіз болатын тілдік бірлік. Күрделі аталым – аналитикалық тәсіл арқылы түрлі уәждемелерден қалыптасқан заттық ұғымды білдіретін туынды күрделі атау. Уәжділік – күрделі атаулардың туынды мағынасын қалыптастыратын үрдіс. Уәжділік дәрежелер – (степень мотивированности) – заттың күрделі атауларының қалыптасуындағы, дамытудағы мағыналық өзгерістердің көрсеткіші. Ішкі мағыналық құрылым (внутренняя форма) – заттың күрделі атауларының мағынасын қалыптастырушы негіздер. Зерттеуші заттың күрделі атаулары сөзжасамның нысаны тұрғысынан қарастырып, оның жасалу жолдарындағы жалпы лексикалық мағынаны құрастырушы сыңарлардың мағыналық дәрежелері үнемі сақталмайтынын анықтап, соған байланысты заттың күрделі атауларының қалыптасуындағы құрастырушы сыңырлардың мағыналық дәрежелері тура уәжділік, жартылай уәжділік, көмескі уәжділік (уәжсіз) деп нақты көрсетілді. Бұндай классификация бұрыңғы морфологиялық еңбектердің бірде-бірінде кездеспейді. Заттың күрделі атауларының құрылымдық белгісі анықталып, оны құрастырушы сыңарлардың уәжділік дәрежелері және сөзжасамдық қабілеті, заттың күрделі атауларының тірек, ауыспалы сыңарларының сөзжасамдық әлеуеттік күші, қызметі, өнімділігі жан-жақты дәлелденген. Заттың күрделі атауларының мағыналарының қалыптасуындағы троп пен фигураның атқаратын қызметі де сараланған. Жалпы, білгілі бір сөз тобына тиісті (тән) бір алуан сөздер я олардың кейбір формалары өз орталарынан ада-күде қол үзіп шығып, басқа бір сөз табына ауысып, өз алдына дербес сөз болып қалыптасатыны белгілі. Бірақ, бұндай сөздер я түбірге жұрнақ қосу арқылы, я сөздерді не біріктіру, не қосарлау, не тіркестіріп құрау, не қысқарту арқылы тумайды; яғни олар морфологиялық тәсіл бойынша да, синтаксистік тәсіл бойынша да жасалмаған; демек, кейбір сөздердің я олардың кейбір формаларының өз тобынан бөлініп шығып, өзге бір грамматикалық топқа біржолата көшіп, өз алдына дербес сөз ретінде қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Сөздердің осылайша бір категориядан екінші категорияға көшу құбылыстарының ішінен қазақ тілінде көбірек ұшырайтындары – субстантивтену (заттың я зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), пронималдану (есімдікке айналу), адвербиалдану (үстеуге айналу) және вербалдану (етістікке айналу) деп аталатын үрдістер арқылы жүретінін ғалымдар А. Ысқақов, С. Исаевтар өздерінің еңбектерінде көрсеткен еді. Б. Қасым бұл – орайда осы – аталған процестерді қолданғанымен әрірек, теріңірек барып, сөзжасам мәселесінің бір саласы күрделі атаулар үлкен арнасы екендігін анықтаған. Жоғарыда айтылғандай, күрделі атаулардың өзінің зерттеу методологиясы, негізгі ғылыми ұғымдары, құрылымдық типтері мен үлгілері барлығы көрсетілді. Күрделі сөздер лексикалық бірлік ретінде танылады. Бұл – орайда ғалым сөзжасамға қатысты теориялық заңдылықтар мен принциптерге, заттың күрделі атауларын уәждеме және аталым теориялық тұрғысынан қарастырған өзінің алдындағы зерттеулерді де ғалымдық этиканы сақтап, атап өткен. Олар: Е.С. Кубряков, И.С. Улуханов, О.И. Блинова, О.Д. Мешков, М.Я. Янценецкая, Е. Жанпейісов, Л.Қ. Жаналина, К. Құсайынов, Б. Қалиев, А. Салқынбай т.б. Тілімізде күрделі жасалымдарды құрылымдық жағынан танып қою жеткіліксіз, өйткені мағына мен тұрпаттың тұтасуына қандай байланыс пен арақатынастар әсер етеді, не түрткі, негіз болады деген мәселені шешу бүгінгі лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі сөзжасам жүйесінде орын алатын лексикалық күрделі жасалымдардың қалыптасу үрдісін тілдің ішкі мүмкіншілігінің жүзеге асуы тұрғысынан қарастыру мазмұн мен тұрпаттың өзара арақатынасын дұрыс түсінуге мүкіндік беретінін байқаған. Туынды сөз (күрделі атау) – сөзжасамдық жүйенің кешенді бірліктерінен тұратын, көнеден келе жатқан түрлерінің бірі. Туынды сөз номинативтік бірліктер ретінде мынадай ерекшеліктерге ие: 1) сөзжасамдық құырылым және сөзжасамдық құралдар: сөзжасамдық типтер мен үлгілер; 2) уәждеменің (уәжділік) көпқырлығы. Күрделі атаулардың мағыналық дамуы қазақ лексикасының баюы мен түрлі жолдармен толығып отыруына байланысты. Бұрынғы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен кәсібіне байланысты қалыптасқан атаулар жаңа, соны сипат алуда. Мысалы, көк сөзінің мән-мағынасын, оның халықтық таным – түйсігіне сәйкес дамуын мына мысалдар арқылы дәлелдейді: көкбозат, көкқасқа, көксүңгі, көкжиек, көкпар, көкқұтан, көксеңгір, көкшешек, көктүйнек, көкжөтел, көкорай, көкжелек, көкмұздақ, көктайғақ, көкшыбық, көк бақа (жасық), көкала, көкбауыр, т.б. Көк лексемасы жалпы аспан түсімен байланысты түркі жұртына ұғым болып енген. Көк жермен астасып сағым, көк теңіз, көк (тері) көйлек (көк), керегенің көгі, көк шөп (от) бәрі – бір ұғым – көк. Жалпы, тіл білімі салалары бірімен – бірі өте тығыз байланысты (бас пен жақты айырмайтын сияқты). Күрделі атаулардың ішкі мағыналық құрылымының дамуы этимологиямен де тығыз байланысты. Сол сияқты кіріккен зат атауларының да кірігу тарихы ұзақ процесс. Оның ішінде ескілікті кірме сөздердің кейбірінің түбір тұлғасының бір елден, бір елге өтіп, ауысып басқаның сөзі сияқты қайта енген сөздердің түбір тұлғасын анықтау үшін әрине, этимологияға жүгінеміз. Ол сөздің түп-тұлғасы өзгергені соншалықты, басқа елдің сөзінен ажыратып алу да өте қиынға соғады. Мұндай сөздердің бір қатары зерттеудің нысанына ілінген. Профессор Б.Қасым әрине, көне күрделі сөздердің семантикалық құрылымын, күрделі атаулардың уәжденуі, уәжділік дәрежелерін, мағыналық дамуы, күрделі атулардың өзіне тән белгілерін және кіріккен кірме сөздердің кейбірінің о бастағы түбір тұлғасын, этимологиясын өте жақсы талдаған. Әрине, кейбір лексемалардың этимологиясына тым тереңдеп бармаған, ол бұл – зерттеудің нышаны емес, дегенмен, кірме кіріккен сөздердің бір сыңары, не болмаса екі сыңары да қай жағдайда этимологиялық талдауды қажет ететіні осы сүбелі зерттеуден аңғарылды. Солай болғанмен, бұл – мүлдем басқа әңгіме. Себебі, ғылыми жұмыстың әу бастағы зерттеу методологиясы мүлдем басқа (күрделі аталымдар). Егер этимологияға баратын болса, өзінің зерттеп отырған нысанынан айрылып қалар еді. Біз күрделі аталымдардың ішкі уәжінің этимологиямен де байланысы барлығын төмендегі бірер мысалдар арқылы аздап аңғартпақпыз. Бәлкім, кейінгі зерттеушілердің кәдесіне асып қалар деген ниетпен. Көк<Көйлек. Көйлегімен су алып, итке құйды (М-Ж., 49); Көйлектірін киісіп қалды сасып (М-Ж., 67). Е. Жанпейісов «көйлек» «көн» түбірінен шығуы мүмкін деген пікір айтқан болатын. Расында да «көн», «тері» – деген ұғымның орнына жүрген. Осы орайда М. Қашқаридің әмшән иленген тері, қозы терісі – деген сөзінің де қатысы бар. «Көннің» арғы тегі көкпен байланысты болуы мүмкін. Л. Будагов: көйлек – кир. тоб. кÿüлякъ тур.كوتكراكкөнірек, алт. кÿнекъ, ад. кöйнекъ, сокращ. кöйнэ, тур. осм. гöмлекъ كوملك, рубашка (въ кир. также женское платье) (Будагов, 161): 1) кöйнекъ 2) іöнÿкъ түр. от күймек (горячка). Көйлек сөзін жейдемен алмастырады. Желкілдек µзініњ шынашағын қанатып, ақ жейдесінің етегін жыртып алып, µзініњ орда жатқанын, «маған қырық биенің еті керек...» (М-Ж., 160); Шошып оянып, ұшып түрегеліп, үстінде боз жейдесі бар (М-Ж., 37); Арқам күнге күйеді, жейдем де жоқ (М-Ж., 46); Шыѓыршыѓы шірісе, Жегдедей* болмас панасы. *Жегде – жейде (Абыл, 171); Бөрігі жоқ, тақияшаңШапаны жоқ, жейдеше (Қобыланды, 143). М. Малбақов склон сөздігіндегі егде куйляк атауының дұрысы жейде көйлек болуы ықтимал. Себебі: бір өңірде жегде, екіншісінде жейде, үшіншісінде жиде аталғанымен, Қазақстанның қай жерінде де сол мағынасында – ерлер көйлегі ретінде қолданылғанын жазды. Көйлек `рубашка, рубаха. Бұл сөз барлық көне түркі тілінде фонетикалық өзгерістерімен кездеседі: қыр. көйнек, түркім., әзір., ұйғ. көйнәк, түр., кöjнöк//кöінäк. Осы мағынасында басқа фонетикалық варианты да бар: шағ. Кöңläк – кöңнöк, тар. Кöңнäк, кýlмäк, казан. Кÿlмäк (РСл, ІІ, с. 1239, 1479). Осыған жақын көне түркі ескерткіштерінде айтылады: М. Кöңläк, тз. Кöмлäк//коглак, хаутсма күнлек. Б.Орузбаева ұйғыр тіліндегі көнәк формасына көңіл аударады да көн түбірінің орнына көң-ді қалап алады (Словообразование в киргизком языке. Фрунзе, 1964: 90). Ә. Қайдар: көйлек сөзі көй түбірінен және -лек аффиксінен тұрады-десе, Е. Жанпейісов көнек `түйенің терісінен жасалған` (ыдыс) түбірі бізше көң `тері, шеберлердің жасағаны` – дейді. Р. Шойбеков: Өзбек әйелдері қаралы күні көккиеді екен, осы ғұрыпты «көк киді» – деп атаған. Б. Қарағұлова көйлек сөзінің кейбір түркі тілдерінде көйнек, көннек түрінде айтылатыны белгілі – деген. Көйлек //көйнөк // көйнәк // кöjнöк // кöінäк // кöңläк ~ кöңнöк // кöңнäк // кýlмäк // кÿlмäк // кöмлäк // конглак // күнлек и ойр. Кÿнек (ОРС, с. 100), г.-алт. күнек, чув. кене `рубаха, рубашка`. Қараңыз: (Е. Жанпейісов, 16) фонеткалық варианттың негізгісі ішіндегі ең көнесі көң/көн шығуы мүмкін (бұл арада н>ң және н >й қараңыз: Серебренников Б.А., Гаджиева Н.С. 72) Көйлек сөзінің этимологиясын талдаған Е. Жанпейісовтің материалдарын қараңыз. Тұрған-тұрған жерінде өліп қалуға бар көндімбай, көнтерілерді қойса керек (М-Ж., 1907). Былғарының орнына көн мен сірі (М-Ж., 76); Көн > көң <> көн > көй (Қараңыз: О перходе н>ң және н>й Серебренников Б.А., Гаджиева Н. С. 72). Кöñläк сөзіндегі көң / көн, көнәк мағынасы `тері`, біздің оймызша түбірі: кöjнöк / көйлек т.б. >көй<н>ң>й-деп әрірек апарамыз. Бұның куәсі кöjнöкчä = кöінäкчä `ердің астындағы терлік`; кöjнÿк = кöнöк `түйені сауатын көн шелек`; қырғ. Кööнöк = кöіläк `рубаха` (РСл, ІІ, с. 1241; 1243). Кöjnüк derledersah `тері қап`(Попе, 1938. С. 333); Салст.: кöнöк `шөңке` (МҚ. 1 том, 373 бет). Қазақ тілінің оңтүстік говорларында көнек лексемасы `көйлек, жейде` – деп аталуының да маңызы бар: Тойда құда, күйеуге табақ тартып, көйлек-көншек сияқты кәделерін алу (ҚТТС, 165). Бұл орайда, теріні `көк` дегені ойымызды айтқан едік: Қыз Жібек екпетінен құлады, Өксіп - өксіп жылады, Қыз Жібектің бетін кереге көгі жырады – деген жыр жолындағы `көгі` сөзі теріден істелген заттық бұйым. Бұл туралы мына түсінікті келтіргенді лайық көрдік: Палочки р шетки скр плляются ремешками изъ верблюжьей кожи, называемыми كوكкёкъ, гл.كوكتاوкөктеу скръпить такими ремешками (Л. Будагов, 1869. т. І. 164). Қазақ тілін туыстас және түркі тілдерімен салыстыру нәтижесінде көне түркілер әр түрлі жабу мен жабындыны оның ішінде көйлек – көншектерді мал мен аңның терілерінен жасаған. Сол сияқты `көйлек, жейде, кафтан, көншек` қалмақ тілінде (эпоста) цасма, халх. цамц, бур. самса, алт., леб., тел. чамча, чаг. джамджа, бар. цамца (Номинханов Ц.Д.) Орыс тіліне енген цамса (замша) `жұқа тері` жүн жағы сыртына қараған бұғы мен еліктің өңделген терісін атаған.

Жәмшік <> жәрмеңке.Сол кезде Антон жәмшік кіріп келді, Екенін Владимир біліп келді (Шәкәрім, 420); Антон жәмшік ысқырып жібергенде, Әлдеқайда ап кетті бақша қалды

(Шәкәрім, 421); Шәкәрім жәмшік лексемасын атқосшы, ат айдаушы сияқты қолданған. К. Аханов: Ямщик сөзі монғол тілініңям (почта станциясы дегенді білдіреді) және орыс тіліндегі -щик суффиксінің қосындысынан жасалған. Бұл сөзді жасалу тұрғысынан алғанда, орыс тіліндегі зеленщин, каменщик сөздерімен бір қатарға қоюға және олардың арасында белгілі бір ұқсастық бар деп тануға әбден болады*. Ям сөзі монғол тілінен орыс тіліне татар тілі арқылы енген екен де, оның туынды түрі ямщик орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, жємшік түрінде енген (Дмитриев Н.К. О тюркских элементах русского словаря. – Лексикографический сборник, вып. ІІІ, М., 1958, стр. 37). Жамбыға қатысты деректі келтірерлік: Түрліше салмақта, формада құйылған сом (кесек) күмістің ертеде ямб деп аталғанын В. Дальдің түсіндірме сөздігінен де, басқа материалдардан да кездестіреміз. Қырғыз тілінде жамбы – қытайша ақша орына қолданылған, салмағы мен формасы әр түрлі кесек күміс, ұйғырша ямб – қытайдың 52 сәрі (сәрі – 35 грамм) бағасындағы күміс кесегі (Уйг. -кит. -рус. лұғат.). Ал монғол тіліндегі юмбүү (юамбүү) – елу лан бағасындағы күміс, ауыспалы мағынада ямба дәреже, право, шен ұғымын білдіреді. Жамбы қытайша – юань және бао деген екі сөзден құралған. Қытай тілінде юяань [2] монета, ақша, бао [3] – құнды, бағалы. Яғни, құнды, бағалы ақша деген сөз. Қытайдың юаньбао атауы монғол тілінде юамбүү // юмбүү деп айтылады, ал бұл сөз ұйғыр тілінде ямбұ//ямбү, қазақ тілінде жамбы болып қалыптасқан деуге негіз бар. Жамбы атауы қазақ ортасына монғолдар ұйғыр, өзбек арқылы тараған болу керек. (Б.Б.) (ҚТҚЭС, 1966: 80). Л. Будагов: п. يامйам, ямъ 1) курьерская, запасная лощадъ, курьеръ, гонецъ отсюда въ русскомъ ямщикъ — يامجيكу Біанки). Жәмшік. Jат почтовая станция, почтовые лошади... jaтчыvonjat – чы ямщикъ (Рсл. ІІІ, 298, 311) В.Радлов: jам глиняная посуда для квашшенія кожи; jам 1) почтовая станція, 2) почтовыя лощади, съ открытой головой. Е.Жанпейісов йам (жам)-шы > ямщик > жәмшік // жемшік тұрғысында түсіндіруге болатынын айтады. С.Аманжолов: Жам – (шом): үйінді, бопыр, боқтық (мусор); Жамбыл – қорған, үкен бекініс (укрепленное место, крепость, курган) астын сызған-А.Қ. Ал ящик // жәшік //жәмшік сөзінің ықшамдалған нұсқасы болуы мүмкін. Осыған ұқсас батырлар атып түсіретін жамбы – деген сөз бар. Жамбы >юань - бао (қытайша) / /ямба (орысша) (жамбы) қазақша (күміс құйма) монғ sükа (балта) т.б мағыналары бар. Ал Будагов сөздігінде: джамбы, ямба – китайская серебр. монета – дейді (Будагов, 399). Біздің ойымызша қытай тіліне енген түрік сөзіне ұқсайды. Осы жамбы сөзі жар екіге бөліп түсіру, қақ жару ұғымымен байланысты сияқты. Салыстыр: өзеннің екі қапталы – жар. Жамбыл мен жамбы мағынасы жағынан көп жуықтайды. Жар ~ жам > жамшік <> ямчик > жам (жәмшік) монғол түбір тұлғасынан пайда болмаған. Жар (ор) синонимдері қазақ тілінің төл сөздері орыс тілінде ям тұлғасында өзгерген оған орыс тілінің -щик жұрнағы қосылып ямщик жаңа сөз пайда болған. Осы орыстың -щик жұрнағы ям-ға ешқандай қатысы жоқ жар-дың қазақылық фонетикалық өзгерісіне ұшыраған жәм тұлғасына қосылған -щик//-шік былайша айтқанда қазақтың өзінің төл жұрнағы сияқты. Жәм // жым тұлғасына -шік жұрнағы қосылып жәмшік сөзі пайда болған. Бұған жам>жар (қабырға) `өзеннің екі жағы жар` тығыз байланысы бар. Қызылжар, Үржар – деген қала бар. Жәмшік > жәрмеңке > жам > жар (тұрақ, қала). Жоғарыда айтылған жамбы (Жамбыл-қорған) қытай сөзінен шыққан деген пікір бар. Жамбы > жар фонетикалық өзгеріске түскен түріктердің төл сөзі болып шығады. Ал, жамбы (қытай сөзі дейді) (ілінген жамбыны ату) (қақ бөлу-жар, балтамен жар) жар етістігі негізінде шыққан сөз болуы мүмкін. Осы жар мен жар (өзеннің жары, қабырға жар) жар (қорған) тығыз байланысты. Жам аяқ – деген ыдыстың түрі де бар (ыдыс-аяқ бөлімін қараңыз). Жам (ыдыс) > жамбы > жамбыл > жам (қала). Бұл неміс тілінің сөзі. Немісше Jaһr – жыл және Маrkt – сауда деген сөз. Немістер жылында бір рет белгілі бір жерде ұлы жиын сауда ұйымдастырып, оны Jaһrмаrktдеп атайды екен. Немістерден бұл сөз поляк тілі арқылы орыс тіліне ауысқан, мұнда сөз соңында -а жалғауы қосылып ярмарка түрінде қалыптасқан. Орыс тілінде бұл сөз өткен ғасырларда қазақ тіліне ауысқанда, қазақ тілінің фонетикалық заңына сай жәрменке болып енген деген пікір орын алған (Н.Қ.) (ҚТҚЭС, 86). Түсінікті болу үшін яр //жар// ям // ор // оршы // ямщик сөзіне мән берелік. ЯМ-ям,-а,м. На Руси до 18 в.: станция на почтовом тракте, на к-рой сменялись проводниками, лошади и подволы, перевозящие государственные грузы, гонцов, послов [первонач. Cеление, отбывающее ямскую повинность]. Держать я. Стоять на яму с подводами. // прил. Ямской, -ая, -ое. Ямская повинность (натуральная или денежная повинность городских и сельских тягловых людей по содержанию яма, по поддержанию порядка на тракте). Ямская гоньба (стар.). Ямская изба. Я`МА – -ы,ж. 1. Углубление в земле. Ямщи`к-а,-м. Возница на ямских лошадях а также вообще возница. // пил. Ямщицкий, -ая,-ое (ТСРЯ: 1999. – 91, 28 с). Ямщик // Ямщиков орыс сµзі ретінде ономастика мєселесі бойынша ќаралды (Барандеев А.В. Новые книги по ономастике // Русский язык в школе. -Москва: Просвещение, 1990. №3. – С. 97). Ор // ора «яма» сөзіне көңіл бөлген (Ә. Қайдар, 1998: 274). Қараңыз: Баск, 1985. 108 –А.Қ. Л.З. Будагов: اط باشجي ад башжы, قوشجيқұшжы кучеръ, извозчикъ, ямщикъ, اط توتوجي ад тұтмқ илиاط باشي توتمق ад башы тұтмқ править лошадьми; اط باغوجي, قاراوجي ад бақғұшы, қараұшы конюхъ, кучеръ. Л. Будагов: кучеръ (құш + ер) құш (ат) ер (адам) түрік сөзі ат басшы, құшжы (көшір) атты көне түріктер құш // құс деген сияқты. Кощъ, кось, кушъ монг. хушъ – пара, пара лошадей, косат – один человкъ при спъшной зд берет двух коней, қосшы земленной заяцъ, тушканшик, қос ағашы дерево сросшееся въ одно отъ двухъ корней т.б. Объявляет айдаушы* Начинать байгы откуда; Началось борьба. Вот вышел* Рослый парень на пояну. Айдаушы* – распорядители во время скачек. Караван* – басши – предводитель каравана деп Тверитин түсінік берген. Осы айтылғанға қатысты М. Қашқари ЕL. ЕЛ: тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты болғандықтан, атты «еl – ел» деп те атайды. Ат бағарларды ( ат бапкерлерін ) еlbaшы: ел башы – ел басы» дейтіні сондықтан. Бұл «уәләят басы» деген сөз болса да, одан «ат бағар» деген ұғым аңғарылады – дейді. Ор//яма ямшик//жәмшік//көшір//көше семантикалық мағынасы бір сөздер екендігі көрінеді. Даяр ғой ат арбаны із бұруымен, Қанекей, көңілдегі көшір қайда?! (М-Ж., 133); Антон көшір атты айдап, бір ысқырып, Көзден ғайып болды да кетті сызып (Шәкәрім, 427); Тар көшені сағалап, Аяғын басып жүре алмай (Қобыланды, 81). Л.З. Будагов: тур. қожы кочи قوجي (съ венгер.) тел га, карета, көжйгі قوجيجيкучеръ көшы атае قوجي ايله въ карет , въ экипаж , далнан көжы صالنان قوجي коляска (фтйө), тарт таршау құшиле көшы دو يارشلوقوشيلوقوجي карета запряженная въ 4 лошади (на что им лъ право только султанъ) – дейді (транскрипциясын және аударған А.Қ.).

Қорыта келгенде, Б. Қасымның күрделі аталымдарға қатысты жазған қазақ тіл білімінде арнайы еңбек жоқтығын айтамыз. Қазақ тіл білімінде күрделі сөз морфологиялық құрамында сөз табының ішінде аналитикалық тәсілмен жасалған бір түрі ретінде қарастырылады. Зерттеушілер еңбектерінде қазақ тілінің басқа мәселелерінде (айталық этимология – А.Қ.) қарастыру барысында жол-жөнекей, ара-тұра сөз қылып отырады. Және де солай жазылып та, зерттеліп те келді. Ал түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ тіл білімінде күрделі атаулар, негізінен, морфологиялық және синтаксистік белгілері жағынан, яғни дәстүрлі құрылымдық жағынан жіктеледі де, сөзжасамның семантикалық аспектісі, оған әкелетін құрамындағы сыңарларының лексика-семантикалық байланыстары мен қатынастары назардан тыс қалып отырған еді. Күрделі атауларды лексикология, семасиология, ономасиология, этимология т.б. тұрғысынан әлі де зерттеу кенжелеп келеді. Шын мәнінде, бұл мәселе – сөзжасам мен лексикология саласымен шектесіп жататын және лексема ретінде танылып, соған әкелетін жол екендігін көрсеткен. Уәждеме және аталым заңдылықтары тұрғысынан шешілетін және бірнеше тілдік құбылыстардың тоғысқан заңды құбылысы екендігінде дау жоқ. Әрине, бұл мәселелер бірден толық шешімін таба салатын бір күндіктің мәселесі емес. Болашақ тіл білімінің көпқырлы (күрделі аталымдардың ішкі құрылымының, семантикасының этимологиямен байланысы) саласымен де байланыстырып зерттеу күн құрғатпайтын міндет болып табылады. Сонда ғана қазақ тілінің Б. Қасым негізін салған күрделі аталымдар жайындағы зерттеу өзінің көкжиегін кеңейтіп, тың, соны зерттеулерге бой ұрып, өміршеңдігін көрсетеді деген ойдамыз. Жілікті шағып, ғылымның майын ішкен нағыз ғалым (Рымғали Нұрғалидың 70 жылдығына арналады)

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалтырған...
Абай.

Әлқисса. Біз Р. Нұрғалиев деген ғалымның есімін алғаш 1977 жылы естідік. Әдебиет теориясынан тәжірибешілік жазғанда сілтеме жасайтынбыз. Ғалымның «Талант тағдыры», «Өнердің эстетикалық нысанасы», «Қазақ револоюциялық поэзиясы» т.б. ғылыми еңбектері мен монографияларын тауып оқудың өзі қиын болатын. Сол кезде Рымғали ағаны көз алдымызға өмірді көп көрген қария сияқты елестететінбіз. Тәйір ай, қазір ойласам қылшылдаған қырықтағы жас шағы екен. Кейін көргенде Рымғали аға сол баяғы баз қалпы, уақыт тоқтап қалған сияқты да біз өзіміз шау тарта бастағанымызды білмей қалдық. Сол уақыттағы Н. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында Рымғали ағамен кездесулер өтіп, бір-екі рет көргеніміз бар. Елеңдеген жастық шақпен талай нәрсені жазып алмай, құр қалғанымызды енді біліп отырмын. Қолда барда алтынның қадірі жоқ деген осы ма әлде? 1994 жылы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының тілі мен стилі» тексеру комиссиясынан өтпей қалғанда Қуандық Жүсіп – ВАК-та ағаң Рымғали бар емес пе, бармайсың ба? – деп ақыл айтқанда қырсығым ұстап бармай кетіп едім, артынан опық жедім. Барсам «өзім өзегімнен теппеуші» еді ғой деп ойлаймын. Тек қана ғалым ағаларым С. Исаев пен Б. Әбілқасымовтың алдынан не жазығым бар еді деп, өттім де қойдым. Кейін, Рымғали аға Астанаға көшіп келгелі жиі көретін болдық. 2008 жылы Баянауылдың «Сабындыкөлінде» ПМУ-дің демалыс үйінде Ерлан Арынның арқасында Зейнел-Ғабиден аға досымыз Жамал апайымыз бар демалуға бардық, сонда аға мен Қадиша жеңгей де рахаттанып дем алып жүр екен, жандарында жаңылмасам кішкене қыздары бар. Одан соң Мәшһүр-Жүсіп оқуларына бір келіп, шешіле сөйлегені әлі есімде. Аға өмірден қайтқанда, Қазақстанның Отандық ғылымы қаншалықты орыны ойсырап қалды десеңізші. Тіпті, жақында Еуразия университетінде қорғауға қатыстым, онда да Рымғали ағамның жоқтығы сезілді. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұжымы үш арысынан этнограф ғалым – Ақселеу аға, фольклорист ғалым – Болатжан және өте туған ғалым Рымғали ағадан айрылып қаламыз деген ой үш ұйықтаса, түсіне кірмеген еді. Әрине, маңдайлары жарқыраған, қазақтың мүйізі қарағайдай ағаларымызды бірінен бірін айырмаймыз. Дегенмен, әр нәрсенің өзінің орны бар деген. Алдыңғы ағалар туралы да кезі келгенде өзіміздің жүрек жарды сөзімізді айтармыз. Рымғали аға дүниеден озғанда қара жер қаққа айрылып кеткендей болды. Құлағымыз естіген сөзге сенгіміз жоқ. Теледидардан берген суыт хабардан соң ғана жүрек сене бастағандай болды. Бұқаралық ақпарат құралдары жайсыз хабарды еліміздің түкпір-түкпіріне естіртіп жатты. Жұрттың алды боп ең алдымен Елбасы Н.Назарбаев көңіл білдірген жеделхатын жіберді онда: «Белгілі әдебиетші-ғалым, ұлағатты ұстаз, абзал азамат Рымғали Нұрғалиевтің кенеттен дүниеден озуына байланысты аса ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Р. Нұрғалиев – кемел білім мен халқын қалтқысыз сүйген үлкен жүректің иесі еді. Ол бүкіл саналы ғұмырын туған халқын рухани тұрғыдан кемелдендіруге арнады. Оның қаламынан шыққан қомақты монографиялар мен зерттеу мақалалары оқырманды қашан да эстетикалық талғамының тереңдігімен, айтар ойының қанықтығымен, пайымдауларының тосындығымен баурайтын ғалым еліміздің ең басты жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп, Қазақ Совет энциклопедиясында бас редактор қызметін атқара жүріп, көптеген лайықты шәкірттермен рухани ізбасарлар даярлады...» – деп ғалымға құрмет, жоғары баға берілді. Ғалымға берілген баға, әдебиет ғылымына да берілген бағадай болды. Асылы ұстаздарға Елбасы айрықша көңіл бөліп, мән беруін – адамгершіліктің ең жоғары сатысы деп ұғынуымыз керек. Қазақстан Республикасының Үкіметінің де көңіл білдірген жеделхатын қайыра оқысақ, тіршілікте көңіл бөлмей жүрген көп жайтты аңғарамыз: «Қазақ ғылымы мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрағали дүние салды. Рымғали Нұрғали 1940 жылы 1 маусымда Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар аулында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, ол еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде бастап, кейін Қазақстан Жазушылар одағында қзымет істеді. Одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, профессоры, филология факультетінің деканы болды. 1986-1996 жылдарда Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясына басшылық етті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді. Р. Нұрғали қазақ театры мен драматургиясының тарихы, АБайтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және басқа қазақ әдебиеті классиктерінің ғылыми-педагогикалық қызметін әдеби шығармашылығы туралы іргелі монографиялық еңбектер жазды. Ол белсенді ғылыми – педагогикалық қызметін әдеби шығармашылықпен қатар алып жүріп, роман, көркем әңгімелер мен повестер жазды. Әлем және орыс әдебиеті классиктерінің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударды, өз еңбектері мен көркем шығармалары да біраз елдердің тілдеріне тәржімаланды. Р. Нұрғали республикадағы энциклопедия ісін дамытуға айрықша үлес қосты. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін ол бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болды. «Парасат» орденімен марапатталды. «Қазақстанның ғылымы мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді, ал 1988 жылы әдебиеттану саласындағы трилогиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Көрнекті ғалым, педагог, абзал азамат Рымғали Нұрғалидың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады». Сондықтан да Рымғали ағаның қысқаша ғұмырбаяны осы хатта берілгендіктен, қайталап әрі қарай жазбаймыз. Рымғали ағаның сүйікті газеті «Қазақ әдебиетінде» Рымғали аға туралы алғашқы жүрек жарды естеліктері жарық көрді. Еңбек Ері, жазушы Ә. Кекілбаевтың, академиктер С. Қирабаев, М. Жолдасбековтің, Абайтанушы Т. Ибрагимов, ф.ғ.д., профессор Б. Жақып, б.ғ.д., профессор Б. Шайкенов, белгілі қаламгер С. Оразбаев, сол сияқты Төлек Тілеухан, Қасымхан Бегмановтар Рымғали ағаны аз да болса, әр қырынан ашып, барынша ықшамдап ойларын тұжырымдай білген. Республикаға әйгілі ақындар Фариза Оңғарсынова, Нұрлан Оразалин өздерінің Рымғали ағаға деген көңілдерін өлең шумақтарымен жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин:
Қайран да қайран сыни пікірінің ақ семсері!
Қайран да қайран қазақ көркем ойының қара көрігі!
Қайран да қайран алаш жүректі адалымыз!

Қайран да қайран қазақ рухани көшінің қара нары!

– деген еді. Рымғали аға туралы осыдан артық қалай жеткізуге болады, біз де біле алмай отырмыз.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: Рымғали Нұрғалиевті «Іргелі зерттеулер мен құнды монографиялардың авторы, ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының дамуына айрықша үлес қосқан...» – ғалым деп атап өтіп «Академик Р.Нұрғали өмірінің барлық кезеңі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен тығыз байланысты болды. Институт ғалымдары дайындаған «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографиясы мен он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» негізгі тарауларын жазуға ат салысып, «Алаш қайраткерлері шығармашылығының мұрасының мәдени-рухани және ғылыми дамумен сабақтастығы» ғылыми жобасына жетекшілік етті» – деп жазды. Бұл – Рымғали ағаның істеген жұмысының теңіздің тамшысындайы ғана еді. Ал қалған еңбектері туралы басқа естеліктерде бірінің айтпағанын бірі жан-жақты толықтырып өтті. Республикалық «Казахстанская правда» газетінде: академик С. Қасқабасов, жазушы Ә. Тарази, танымал театр сыншысы Ә. Сығай, жазушы Р. Сейсенбаев, ф.ғ.д., профессор Қ. Алпысбаев, әдебиеттанушы М. Сұлтанбеков т.б. бір топ өнер, ғылым қайраткерлерінің Рымғали аға жайында қысқа, қысқа да болса нұсқа шынайы естелік ойлары жарияланады. Соның ішінде Рымғали ағаның ұжымы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жазған мына пікіріне көңіл аударсақ: «Свыше тридцати лет профессор Р.Нургали преподавал в Казахском национальном университете. Неоценимый вклад он внес и в развитие научно-педагогического потенциала кафедры казахской литературы ЕНУ им. Л. Гумилева, которую возглавлял последние десять лет. Его блестящие лекции слушали во многих университетах стран СНГ, в Америке, Германии, Франции, Англии, Чехии, Словакии, Венгрии, Турции, Иране, Индии, Китае, Корее, Монголии» – дейді. Адамға ең ыстық екінші үйіндей болатын ол – айтпаса да түсінікті ұжымы. Ұжым – кімнің болса да шыңдалып, өсіп шығатын ортасы. Ұжымсыз адам – ол аралда 27 жыл қалған капитан Робинзон Крузомен тең. Демек, Рымғали аға жайында ағынан жарылып жазған ұжымының бұл – естеліктері әлі де жалғасын табары сөзсіз. Ұстаздың бақыты сол – шәкірттері өзі біліп бір ауыз лебізін білдіріп жатса. Осы жағынан да Рымғали аға бақытты. Мысалы Жұмабай Шаштайұлының «Рымғали Нұрғалиев лекциясы» – атты мақаласын дем алмастан оқып шықтым. Рымғали ағаның психолог екендігіне қайран қалдым. Мақалада: Рымғали аға: – Сендер ұнатпайтын ақындарыңның есімін атаңдаршы қазір. Оның бүкіл шығармашылығын қолма-қол атап-атап берейін, – дейтін жері бар. Сонда Жүкең бір нашар ақынның есімін атап беріп, Рымғали аға «Жайлауда» – деген өлеңінің дымын қалтырмай талдап береді. Біздің ұққанымыз Рымғали ағаның жадының мықтылығы, әйтпесе, не көп, ақын көп соның бәрінің өлеңдерін есіне қалай сақтаған. Оның үстіне, Жүкеңнің болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болатынын қалай білді, психолог болмаса. Мінекей, бұл – Рымғали ағаның ашылмай жатқан тағы да бір қыры деп білеміз. Жүкең ұлы ұстазының ұстаздық бейнесін аша келе: «Рекең дәрісін қалай бастап, қалай аяқтайтынын сезбей қалатынбыз. Білгір адамдардың сөзіне құлақ асып, ой түйініне бойлаған мезет мынандай ой үрдісінің қайнар көзін қайдан тапты екен деп ынтығатының бар. Тап сондай дәлдік пен нақтылық Рымғали Нұрғалиев бойынан табылатыны есіңе түсіп қана қоймай, сол заманда талқыға салынбайтын тақырыпты елетпей қозғап, байқаусызда санаңа құйып тастайтын қасиеті шеберлікке жата ма, жоқ, өзіндік кісілігі ме, оны тап басып айыру қиын. Олай болатын себебі, бұл кісі дауыс әуенінің әр иірімін үзіп, үздігіп әуреге түспей, ой-пікірін лапылдатып әкетпей, байсалды да байыпты сарынынан жаңылмай, сөйлеген сайын бейнелер тіріліп, көз алдыңа сол қалпы елестейтін» – деп сонау алыс студенттік шағын еске түсіреді. Жүкеңнің суреттеуінен расында да стол басында ойланып отырған, Рымғали ағаның шынайы портреті көз алдыңа келеді. Бір күннен кейін іле-шала Еліміздің бас газеті «Егеменді Қазақстанда» белгілі қаламгер, жазушы., ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ардакүрең» – деген үлкен мақаласы жарық көрді. Түкең Рымғали ағаның мінезін тап басып, құтты айнытпай келтіріпті. Тура биде туған жоқ. Расында да Рымғали аға өте әділ және бет жүзіңе қарамай тура сөйлейтін еді ғой. Алмағайып заманда Түкеңді Шәкәрім арқылы састырған Рымғали аға ақыры өзінің айтқанынан таймайды. Сөйтіп, Түкеңді де болашақтағы расын айтуға қиын өнер ғылымға бет бұрғызады. Бірақ, мұны Түкең сол уақытта аңғармаса да өзінің осы мақаласында мойындайды. «Ойлап отырсам, менің балаң санама көркемдік талғам мен ойлау жүйесінің жүлгесін есіп берген де, жазушылықтың терең сырын түсіндірген де, адамдық тағдырдың қилы сәттеріндегі қиналысының куәсі де осы адам екен. Тіпті менің бойымдағы кейбір мінездер де осы Ардакүреңнен (Жәнібек, Несіпбек үшеуіміз Рағаңды осылай атайтынбыз) ауысқанын өзім де аңғарып қаламын. Мұны еліктеудің де, тәрбиенің де жемісі деп қабылдауға болар» – дейді Тұрсын ағамыз. Тұрсын Жұртбайдың да Рымғали ағаның дәріс оқыған сәттері айна қатесіз студенттік жадында жазылып қалыпты. Түкең: «Ал Рымғали ағаның оқыған лекциясын айтсаңшы. Алла, сөз бен білім дәл осылай қабысып та шығады екен-ау. Пафос қандай! Өзің де көтеріліп отырасың. Кейде бойыңды шымырлатып, кейде тітіркендіріп, кейде суытып, миыңның ішін шаңдатып кететін. Әдебиет теориясына келтірген мысалдарын алдындағы алақандай тілшеге қарап қойып:

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным,
Сексеннен асып тақағанда тоқсанға үзілді ғой жұлыным

– деп лапылдатып жібереді. Ілиястың теңеулерін Уолт Уитменмен, Поль Элюрамен, Пабло Нерудамен шендестіріп, қазақта мынандай ақын болған деп, Мағжанның «Түркістан», «Шойын жол» атты өлеңдерін жатқа айтатын» – деп Рымғали ағаның білімінің тереңдігін, өлеңдерді талдап қана қоймай, жатқа да оқи білетінін тіліне тиек қылады. Түкең әсіресе Рымғали ағаның докторлық диссертациясын қорғаған сәттерін де еш бүкпесіз жазған екен. Неге екенін білмеймін докторлық диссертацияны екі рет қорғамасам да, кандидаттық диссертациядан бір рет сүрініп кетіп, екінші рет тиянақ тапқанымды басында жазғанмын. Сондықтан да ғылымның Түкеңнің «ньюанстар ғылым, диссертация деген салада көп болады екен» дегеніндей, ондай құқайлар қазақтың қанына сіңіп алғанын тарихтан жақсы білеміз. Сонау Мәкеуге Ілияс Есенберлиннің үстінен бір вогон арыз барса, Грузин Домбадзенің артынан бір вогон шампанский барыпты деген әңгіме ел ішінде әлі күнге дейін айтылып жүргенін неге жасырамыз. Абайды сабаған қазақ, Шәкәрімді атқызған қазақ Рымғали ағаға неге қылышын сілтемесін. Өзінің ұлылығын бағалап, өнерлісін күте білмеген қазаққа не тәйірім. Сөйтеді де ғұламасының жүрегіне жара салады, ол айықпас дертке айналарын білсе де, айызы қанғанша сойып салады да, артынан аһ ұрып, өкініп жатады. Қазақ мінезі деген осы болар. Кім білсін?

Түйін. Түкең айтпақшы: Ең жас доктор, ең жас академик, ең жас лауреат болған ардакүрең де дүниеден өтті. Егер тірі болса, біріншімаусымда жетпісін ел болып, ағаны ортаға алып тойын тойлар ма едік. Шіркін. Тағдыр оған жазбады. Тағдыр отбасына көңіл айтуды жазды. Кеңестің бір отырысында жеңгеміз ф.ғ.д., профессор Қадиша Рүстембекқызы сағына және сарғая Рымғали аға жөнінде бірнеше мәрте еске ала сөйледі. Жалпы, мәжіліс Рымғали ағаға қатысты болмаса да артындағы ұжымы кафедра мүшелері, кеңес мүшелері, басқа да ғалымдар Рымғали ағаның тәлімін ауыздарынан тастамады, айта отырды. Кеңесте де, кафедра отырысында да Рымғали ағаның орыны үңірейіп бос тұрды. Бәлкім, топырағының әлі кебе қоймағанынан болар деп топшыладым. Дегенмен, орыны бар оңалар деген. Ағаның артында қалған «Рымғали» мектебінің шәкірттері жетерлік. Қисайған көшті түзетіп, әлі-ақ алып кетер. Уақыт расында да емші. Іштегі қайғы бірте-бірте қайтар. Бірақ, Рымғали ағаны енді ешкім қайтара алмасына көңіл де үміт те әбден сенді. Сол мәжілістен мен көңіліме: «жақсының жақсылығын айт ырысы тасысын» деген осы екен ғой деген сөздің растығына көзім әбден жетті.

Латын хәрпіне көшу мәселесі Латын алфавитін қабылдау туралы жер-жерде әңгіме болып жүр. Бұл арада, басы ашық әңгіме /латын әріптеріне негізделген жаңа қазақ әліпбиіне/ көшу туралы болып отыр. Атап айтсақ, бұл мәселе төңірегінде: Қазақстан Республикасы бұрынғы Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінде 1996 жыл, 21-ақпан латын әріпін компьютерде пайдалану жөнінде: Әлия Бөлеген, Гүлсім Бөлеген, Бөтен Төрехан, Әлмағамбет Төрехан, Мұрат Алатай өз жобаларымен таныстырды. Көрінекті ғалымдар: С. Қирабаев, А. Сейдімбетов, Р. Нұрғалиев, З. Ахметовтар латын жазуына көшудің пайдалы жақтарын айтты. 1996 жылы 6 наурызда Үкіметтің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде жаңа әліпбиге көшу жөнінде іс қаралды. Премьер-министрдің 1996 жылғы 16-сәуірдегі №176 өкімімен құрылған жұмыс тобы бейтарап қалды. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев теледидарда болған сұхбатта жазушы М. Мағауинге берген жауабында даел бұл мәселені көтеріп жатса, қолдап жатса біз қайда кетеміз – деп емеуірін білдірген болатын. 2006 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары (халқы-А.Қ.) Ассамблеясының ХІІ сессиясында «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездегі біз оны кейінге қалтырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа ие. Және де көптеген елдер, соның ішінде посткеңістік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстарымен шығуы тиіс» – деді. ҚР.ҰҒА академигі Әбдуәли Қайдаровтың «Латын әліпбиінің болашағы зор»– деген көлемді мақаласы да осы келелі істің басталуына түрткі болды (Ана тілі, І991 қой жылы, қарашаның 7- сі). Жуықта мемлекеттік қайраткер, жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Өркениет өзегі» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Онда: «Тарихи жазудың төрт жүз түрі болғанымен, бұл заманда соның жиырмадайы қолданыста жүргенімен, ең көп қолданылатын бес жазудың қатарына - әлем тұрғындарының 30 пайызы пайдаланатын латын, 10 пайызы пайдаланатын кирилица, 10 пайызы пайдаланатын араб, 20 пайызы пайдаланатын буындық-үнді, 25 пайызы пайдаланатын түбірлік-қытай жазулары жатқызылады. Ал қалған грек, еврей, эфиоп, гүржі, әрмен және басқа тілдерде жер шарының бар болғаны 5 пайызы ғана жазып – оқиды» – деген еді (Егеменді Қазақстан, №128 (24703) 17 мамыр, 2007 жыл). Біздің білетініміз өркениетті елдің қатарында көріну үшін, қатардан қалмау үшін, бүкіл ел компьютерлену сатысында отырғанда әлемдік еркін нарыққа ену үшін латын әрпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшу күнқұрғатпайтын мәселе. Біз бүгінгі әңгімемізде осы латын алфавиті қайдан келді, қалай пайда болды соған тоқталмақпыз. Содан кейін барып латын әріпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиі туралы сөз қозғамақпыз. Бұған оқырман айыпқа бұйырмас деп ойлаймыз. Гректер ең бірінші консонантты жазбаны пайдаланып келді. Біздіңғасырымызға дейінгі VІІІ-VІІ ғ.ғ. вокальды-дыбыстық жазбалар ұшырасыпқалады. Біздің дәуірімізге дейінгі 403 жылы архонды Евклидің кезінде Афинада классикалық грек алфавиті енгізілді. Классикалық грек алфавиті 24 әріптен тұрады. 17 әріп дауыссыздарды, 7-уі дауыстыны белгіледі. Гректердің негізгі жетістігі алфавитте дауысты дыбыстарды айқындайтын әріптерді ойлап шығарды: , . Екінші өзгерісі жазудың бағыты болды. Олар оңнан солға қарай емес, египеттіктер мен финикидіктер солай жазды. Керісінше солдан оңға қарай жазды. Жазбаның өзгеру бағытына байланысты әріптер төңкеріліп жазылады. Мысалы: >/гимель/ - Г /гамма/, м/ мен/, - м /мо/, - /реш/ -р /ро/т. б.

Бұдан әрі грек жазбасындағы алфавиттің жылма-жыл өзгеруі мынандай болды: Эллинистикалық /ІV-І ғғ. б.д.д/,римдік /б.д.д. І ғ- б.д. ІVғ/және византиялық аралық /ІV-Vғғ б.д./. Папирус жапырағы мен пергамент пайда болған соң тез жазу басталды содан барып диакритикалық таңбалар жетілді: альфа, вета, эта, псилон, иота, ни, омега т.б. Византиялық дәуірде әріпті белгілеудің екі түрі қалыптасты оның бірі: жазбалық (маюскульдік) және жол астында жазу (минускульдік). Батыс жазба негізінде латындық /римдік/ -алфавит-латындық қалыптасты, ал шығыс гректіктің негізінде /византиялық/ жазбалығында славяндық алфавитті криллица (берілген кестені қараңыз) және армяндық, грузиндік алфавит пайда болды. Латынша және латын әліпбиінің негізінде. Латындар, оған жататын римдіктер Рим қаласының негізін салды, жұртқа мәлім болып ірге тасы қаланған жылы б.д.д. 753-жыл. Тайпаның басын құрап бір тұтас халық деп /рорutus, Romanus/ деп атады. Оларды халықтық жиын мен сенат биледі. Шаруашылықтың бірлесе дамуы және мемлекеттің нығайуы жазбалықты ретке келтіруді қажет етті. Латын-римдік жазбалықтың пайда болуы оларды солтүстік көршілері – этрустар мен әсіресе оңтүстік көршілерінің жазбаларына қатты ықпалы болды. Классикалықлатын әліпбиі 23 әріптен тұрды. Түрлі таңбалар мысалы: u, v, і, j және жол астындағы әріптер орта ғасырда пайда болды. Мына әріптер: k, u, zгректік сөздердің шығуында ұшырасты. Ал, g әріпі тек қана и әріпімен қоса қолданылады. Кей сөздер былай оқылады: kv- Quadratum-квадрат, Qualіtas – качество. Батыс християндардың діни тілі ретінде және де ғасырлар бойғы жинақталған бай әдебиеттер мен ғылыми шығармалардың тілі ретінде-латын тілі – Батыс Еуропаға кеңінен мәлім болып, таратылды. Шешуші кезеңде бірегей жазу мен қағаздың пайда болуы, кітап басып шығару ісі қолға алынған негізінен ХІҮ ғ. аталды. 1441 жылы И. Гуттенберг әріп құймаларын қолдана отырып алғашқы кітапты басып шығарды. Іле-шала сол құйылған таңбамен Элия Донатаның (қысқаша латынша грамматикасы) бірнеше «донаттар» өз оқырмандарын тапты. Латын әліпбиі Шығыс Еуропа халықтарының жазбалығын қалыптастыруда үлкен әсер етті. Латын алфавитінің негізінде қалыптасқан еуропалық жазбалық жалпы VІІІ-ХV ғ.ғ қамтыды. Бұдан кейін-ақ испандық, партугальдық, ағылшын, француз алфавиттері Америка, Австралия, және де Азия, Африка елдеріне таралды. Бұрындағы мәліметте /1970/ жылдарда 70 шақты алфавиттер латын негізінде жасалып, оның 30-ы еуропалық, 20-сы азиялық, 20-шақтысы африкалық елдерде қолданылып келді. Латын алфавитіне негізделген бұл – алфавит толығымен классикалық латын-римдік жазбалық әріптерді сақтады. Олар бірді-екілі -і,w әріптері ғана. Біріншісі- і-ден, екіншісі- w, мына әріптің қосалқысы-v. Vәріпі сөздің басында қолданылып, сөздің ортасында иәріпі пайдаланылды. Орта ғасырдың соңын ала v орнына /в/, ал, и-дің орнына /у/ бекітілді. Дыбыстардың латын әріптеріне қарағанда анағұрлым көп болуы латын алфавитін жетілдіре түсуді қажет қылды. Бұл диакритика диакритикалық белгілерді немесе екінші сөзбен айтқанда илигатур енгізумен шектелді. Негізінде, тіл білімінің білгірі алфавиттерге реформа жасаған А. Байтұрсынов бұларды дәйекшелер, ноқаттар /қос/, үтір тағы басқа белгілермен ажыратқан еді. Қосалқы дәйекшелер латын әріптерін қолданғанда дыбыс маңызын айқындау үшін, дыбысты нақтылап алу үшін қолданды. Әсіресе дәйекшесі көп әріптер чехтік, партугалдық алфавиттер болды. Мысалы: чехтік әріптерде дәйекшелік әріптер: ç / /ч/ таңбасын, с/ ц/ таңбасын белгіледі. d` D / жіңішке /д/-ні, е /орыс тіліндегі е әрпіне сәйкес келді/ немесе е-э /и/ жіңішке /н/,r /рж/ дауыссызын белгіледі.т.б. XX ғасыр басындағы патшалық Ресей заманында қазақ тілінің дамуы тікелей қазақ халқының көрнекті ұлдарының бірі – А. Байтұрсыновтың /1873-1937/ есімімен тікелей байланысты. Ол 1910 жылдардан бастап қазақтың жазу таңбасын ретке келтірумен шұғылданды. Қазақ дыбыстарының табиғатына сай келмейтін араб таңбаларын алмау Ы, Е , И, О, Ұ, Ү дыбыстарына таңба белгілеу Қ / Г дыбыстарының басқа дыбыстар арқылы жасалған сөздерде алдынан дәйекшелер қою қажеттігін дәлелдейді. Сөйтіп, «Жаңа емле» – деп аталатын қазақ әліпбиінің негізін қалады. Бұл – І924 жыл еді. Осы әліппе латын графикасына көшкеннен 1929 жылға дейін пайданылып келді. Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында қазақ тілі оқытылмады. 1920 жылы осы олқылықтың орнын толтыру басты мақсат болды. Бұл мәселеде: X. Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгеров, Әбдірахман Байдилдин, Нәзір Төреқұлов (бұл кісі тікелей латын алфавитінің реформаторы болды) кеңінен атсалысты. Латынға көшу 1924 жылы шешім қабылданғанмен Қазақ өкіметінің «Қазақ жаңа емлесі туралы деректер» 1929 жылы жарияланды.

Бұл жазуды қазақ халқы 1940 жылы орыс графикасына көшкенге дейін қолданды. Криллица және криллиция негізіндегі алфавит. Криллица византиялық әліпбидің шығармашылық жаңадан өңделген нәтижесі болды. Демек славяндықтар грек-византия жазуын жай ғана қабылдай салмай, оны өз тілдеріне ыңғайлап, соның /ориганальный/ нұсқасын жасаған. Славяндық алфавит ІX ғасырдың соңы мен X ғасырдың басында графикалық екі түрде дамыды. 1. Кириллица / Константин Философтың екінші аты – Кирилл дегеннен алынғаң/2 /глаголица/ көне славян тілінің «сөз» деген мағынаны білдіретін «глагол» деген сөзінен алынған/. Жасалған азбука /харіц/ діни саясатын, ағартушылық қызметті көздеді. Ағайындылар Кирилл мен Мефоди тегі жағынан бұлғарлық /македониялық/ еді. Олар византиялық Солуни /қазіргі аты Солоники/ дүниеге келген, 862 жылы моравтық книязь Ростислав Византияға славян тілінде анық білетін, жақсы діни насихатшы керек деп өтініш қылды. Таңдау Кирилл мен Мефодиге түсті. Өйткені, Кирилл миссионерлік тәжірибесі мол оның үстіне славян тілінде әжептәуір сөйлеп беретін,славян харіпін жасаған ол екеуі дінге құлшылық ететін кітаптарды аударып, Моравияға сапар шегіп кете барды. Кириллица византиялық әліпби өңделген түрі болды дедік. Ал – гректіңжарлық жазбалары VП-VІІІ ғғ негізделді. 43 әріптің 19-ы алынды яғни 45 пайызы, ал қалған әріптер: буки, живете, зело, цы, червь, ша, шта, ер, еры, ерь, ять, юсы/екеуі/ сол сияқты йотталған а, у, э юсы және лигатура ук кірді. Мына әріптер: омега, фита, пси, кси, и - он сөздікті және ижица сандық нәтиже ретінде қолданылды, Кириллица қанатын кең жайып /бұлғарларға, сербтерге, мокедондықтарға/ тарады, Россия жерінде орыс жазбасы 1707-1710 жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл Петр І-дің реформасына байланысты болды. Ол азаматтық шриф пен жаңа әріптер ұсынды. Шынында, Петрдің есімімен тек қана Россияда алфавитте ғана өзгеріс болған жоқ, әлеуметтік-экономиканың барлық саласында елеулі қозғалыстар болды. Көптеген кітаптар сол жылы жарық көрді. Бұл туралы А.С. Пушкин тамаша жазды. Біздің де «Назарбаев дәуірі және қазақ әдеби тілі» атты ғылыми мақаламыз «Тіл білімі» журналында жарық көрген еді. І9І7-І9І8 жылдары, 17 қазан 1918 жылы Халық Комиссарлар Кеңесінің жаңа орфография туралы декреті қабылданды. Қазан төңкерісінен кейін еліміздің жер-жеріне жаңа мәдениет деген бас көтеріп, жаңа әліпбиге көшу саясаты бас көтерді. 20-30 жылдары енгізілген латын алфавитін тиімсіз деп тауып, 30 жылдардың ортасында латын алфавитін жарамсыз деп тапты. Ұлы қызыл империяның саясаты негізінде КСРО-ның бұрынғы барлық одақтас республикасы, оның ішінде латыштар мен эстондар латын негізде қалды. Армияндар, мен грузиндер өздерінің көне алфавитінде қалды. Сөйтіп, 1940 жылы қазақ жерінде өшпестей із қалдырды. Орыс алфавитіне негізделген қазақ әліпбиінде 41 әріп, оның 32-сі орыс графикасындағы да, 9-ы ғана қазақтың төл әріптері болды. Әрине, бұл алфавитте өзінің прогрессивті рөлін атқарды. Оны жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігі жарияланып жатқанда, өзіміздің қазақ әліпбиі болу керек-ті. Қазақ елі түрік құрамында жүріп – «түрік», «Орхон-Енесей», «Шағатай», «Ортағасырлық», «түркій», «Араб» графикасына негізделген «қадым», «жадид», «усул-жадид» бұл – жазуды соңғы рет А. Байтұрсынов өңдеді, өзгерісті басынан өткерді. Ал, «ойма» – жазудың жөні өз алдына бір бөлек әңгіме. Бірақ, бұл әліпбидің өзгерісі қазақ тілін құртып жібере алмады. Кеңес дәуірінде де қазақ тілі сақталып қалды. ІX ғасырдан келе жатқан әлі де ел ішінде араб графикасының негізінде оқи алатын, хат танитын көне қарттар бар. Діни, иманияттық тұрғыда араб тілін үйреніп, арабша оқуға ден қою керек. Түйін. Географиялық, әлемдік кеңістігінде орналасуымызға байланысты көрші Еуропа әлеміне қарайқол созу ләзім. Ол үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әліпбиімізге реформа жасап, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшу жөнінде демеу жасаса нұр үстіне нұр болар еді (кейінен 2025 жылдары латын әлбиіне көшу туралы сөз болды-А.Қ.). Түбі, 1990 жыл мен 2030 жылдар «Назарбаевтың дәуірі» болып қалатыны шындық. Орыс әдеби тілінде «Петровская эпоха» – деп І Петр есіміне байланысты тілін, әдебиетін, мәдениетін, әлеуметтік-экономикалық даму кезеңін күні-бүгінге дейін зерттеп жатыр. Біздің Елбасы екі ғасыр тоғысында келген, қазақ елінің маңдайына біткен тұңғыш – жарық жұлдыз. Ел басқару оңай ма, қиын ба, жақсы ма, жаман ба оны тек қана ел басқарған адам ғана біледі. Төменде отырып алып, жоғарыдағы сынау, ауызға келгенді айту оңай шаруа. Абай айтпақшы: «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын». Қазақ ең алдымен ел болу үшін бірінші: күншілдікті қою керек. Екінші: руға бөлінуді қою керек. Шыға бере бірін-бірі жамандағанды қою керек. Үшінші: біреудің артынан біреу ши алып жүгірткенді қою керек. Осы үш түрлі себеп күллі қазақты тоздыратын кеселдер мен кесірлер болып табылады. Бірді айтып бірге кеттік. Сонымен, бір ауыз сөздің тобықтай түйіні мынау: Дүниежүзілік кеңістікке бару үшін, тіптен Марстан су алып ішу үшін де латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі ауадай қажет-ақ. Қазақ елінің әлем алдындағы тағы бір тың өзгерісіміз, жылт етер жаңалығымыз жазуға реформа жасау болмақшы. Еліміздің буын-буынына қан жүгіріп, едел-жедел өзгерістер болып жатқанда бұл мәселенің көтерілуі заңдылық. Өйткені, оның алғы шарттары қаланып болды. Қаражат жоқ, баспа жоқ, даярлық жоқ деп аузымызды қу шөппен сүртіп үйренген халықпыз, нақты түртпек болмай, өзімізді қамшыламай орнымыздан бүгінгі күні тұра қоюуымыз қиынырақ болар. Мақала жазылған соң:Қазір үш тілді білу сасаты жүріп жатыр. Латын әліпбиіне көшсек ағылшын тіліне бір табан жақындаймыз. Қазақ тілінің қанат жаюына кеңінен жол ашамыз. Абайдың «Екінші қара сөзінде»: «Қазақ сартты көрсе кең қолтық деп, ноғайды көрсе оны боқтап күлуші еді, орысты көрсе жаман сасыр бас - деп сөйтсе, сарттың екпеген егіні жоқ, ноғайдың өзі: «шық сасық қазақ деп, үйінен қуып шығады. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз -деді емес пе?» Осыдан артық қандай сөз, қандай уәж керек қазаққа. Оян қазақ!!! Демек, піш-піш, гу-гу өсекті қуғанды қойып бір мүддеге, бір келелі іске ден қойып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын күн баяғыда туған. Сондай келелі істің, бірі ол «латын» әрпіне көшу болып табылады. Алдыңда үлкен сын тұр, ағайын! Дұшпанға күлкі, елге түрпі болмай сергектікпен қарайық. Нем құрайлы қарамайық. Бәрі солардың ісі, енді істейтін ештеңе қалмаған соң әліпбиге келіп тиісті – деп жүрмегін. «Келешектің ісін бүгінге қалтырмай, темірді қызған кезде соқ!» – деген, болашақтың ісін бүгін шешелік. Келер ұрпақтың алдында бұдан да күрделі мәселелер, бұдан да ауқымды жағдайларды шешетін күн туады әлі. Олай болса, Елбасы жасаған саяси реформамен қатар төл әліпбиімізге де реформа жасау керектігі күн құрғатпайтын өте күрделі проблема екендігі айтпаса да түсінікті.

Этномәдени лексика (Жамал Манкееваның 60 жылдығына арналған) Ж.А. Манкеева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» – деген монографиясында: «Олай болса, мәдениет арқылы өрнектелген ұлт болмысы тек тіл арқылы танылады» – деп нақты көрсеткен. «Этномәдениет» сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз. «Этнос» – тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық – тайпа, халық, ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез – құлық айқындалады. Этномәдениет – этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография – белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс – салт, әдет – ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Академик Ә. Қайдаровтың: «Зерттеу мақсатына байланысты қазақты «этнос» деп қараудағы мақсат – оны төмендету емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта) саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден – бір дұрыс жолы, кепілдігі» – деген сөзі зерттеудің бағыты дұрыс екендігін көрсетсе керек [1, 11]. Екінші компоненті «мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» – «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз пайда болған. Мәдениетті негізінен орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты қарстыратын көзқарас қалыптасқан. Қазақтар ХХ ғасырға дейін «мәдениет» сөзін қолданбады деген Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын оқымағаннан кейін айтыла салған. Тағы бір де Мәшһүр-Жүсіп «192? –ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке басылған «Еңбекші қазақ» газеті №2-нші нөмірінде: «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. «Сотқа сот қосылса -салмасын, сөзге сөз қосылса – демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан кім екенін жазам» – деген мәлімдеме жасайды (М-Ж. 8 том, 416-б.). Бұл – бір. Екінші – орыс отаршылдығы әне қазақта тіпті «мәдениет» (культура) деген сөзі де болмаған, жабайы халықта мәдениет қайдан болсын деп қасақана қолданылмаған термин. Расында да «мәдениет» терминінің орнына әдет – ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер де қолданыып келді. Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп бағайын (Қамбар батыр, 339). Тәрбие, әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр (Ы. Алтынсарин), хикмет, ғибадат, иман, ғылым сөздерін (А. Құнанбаев) пайдаланған. Мәдениет осы мағынасында Еуропаның әлеуметтік ойшылдарының сөз қолдану айналымына ХVІІІ ғасырда енді, дегенмен «мәдениет» деген ұғым туралы түсініктері ертерек қалыптасты. Ағартушылардың көзқарасы бойынша «мәдениет» «ақыл-ой» дегенді білдірді. Джамбаттист Вико (1689-1744), Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803), Шарль Луи Монтеське (1689-1755), Жан Жак Руссо (1712-1778) «мәдениет» қоғамдық орындардағы тәртіпте және саяси мекемелерде «ақыл-ой» ретінде айқындалады деп есептеді. Ол, ғылым мен өнер жетістігімен өлшенеді дейді. Мәдениеттің мақсаты мен жоғарғы ақыл – ой бір – бірімен сай келеді: ол – адамдарды бақытты ету. Бұл мәдениеттің концепциясы болды – эвдемоникалық* деген атпен аталды. *Эвдемонизм-этникалық бағыт, бақытты сезіну, ләззатқа бату (грек.eudaіmonіa) адам өміріндегі ең жоғарғы мақсат. ХІХ ғасырдың екінші жартысында «мәдениет» деген ұғым ғылыми терминге айналды. Ол қоғамның жоғарғы дамуы деген қағидадан арылады. Енді «мәдениет» – «өркениет» және «қоғамдық – экономикалық формация», «жаһандану» деген ұғымдармен түйіседі. Сөйтіп, «мәдениет» пен «өркениет» ұғымы қатар қолданылып келді. «Қоғамдық – экономикалық формацияны» ғылыми айналымға енгізген Карл Маркс (1818-1883). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіну негізін қалады. Көптеген жылдар бойы «мәдениет» пен «өркениет» арасы бірлікте қаралып жүрді. Тек қана алғаш рет неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) шекарасын салды. Басқа неміс философы Освальд Шпенглер (1880-1936) бұл екі ұғымды тіпті бір-біріне қарама – қарсы қойды. ХХ ғасырда «мәдениет» туралы ғылыми таңданыс мүлдем жойылады. Романтикалық бейне «мәдениетке» өте сирек шығармашылық нәр қосады. Рухани түсінік жөніндегі маңызын арттыра түседі. Оны күнделікті тұрмыс нормаларынан аршып алады. Француз философы Жан Поль Сартр (1905-1980): «Мәдениет ешкімді, ешнәрсені құтқармайды және ақтамайды. Ол – адам қолымен жасалады, одан ол өзінің бейнесін іздейді, өзін таниды, тек қана осындай қиын айнадан ғана ол өзінің бетін көре алатын мүмкіндікке ие бола алады» – деген [2, 12-б.]. Сонымен «мәдениет» туралы нақты анықтама жоқтың қасы. Бұл «мәдениеттің» көп мағыналығын білдірсе керек. Зерттеушілердің бағасы бойынша «мәдениеттің» мыңға жуық анықтамасы бар екен. Қазіргі заманғы мәдениетте: технология, шығармашылық, құнды концепциялық мәдениет таралған. Технологиялық көзқарас бойынша келсек, мәдениет қоғамдық өмірдің өндіріс саласын және қайта өндірудің белгілі бір деңгейін анықтайды. Шығармашылық концепция мәдениетті адам тіршілігінің нәтижесі мен өмір сүру тәсілі ретінде жалпы қоғамдық қозғалыстың көрсеткіші. Құнды (аксиологиялық) концепция мәдениеті өмір сүру моделінің кіршіксіз маңызын ерекше атайды – қоғамдағы орнын анықтайды ал мәдениет ондағы толықтырушы, дем беруші ретінде соны іске, шынға асырушы болып табылады. «Мәдениет» ұғымы туралы философиялық сөздікте былай деп анықтама берген: исторически определенный уровень развития общества, творческих сил и способностей человека, а также в создаваемых ими материальных и духовных ценностях[3, 292-293-б.]. Сондықтан да мәдениет әлемі, кез келген затты немесе құбылысты – табиғаттың сыртқы күшінің әсері емес, адамдардың өздерінің әрекетінің нәтижесі деп біледі, табиғаттың бергенін тек қана жетілдіруге бағыттайды, жаңғыртады. Қазақтың ұлттық мәдениеті туралы бірінші рет А. Байтұрсынов «Түркітанушылардың Бірінші съезінде» (Баку, 1926) жылы стенографиялық есебінде жан – жақты ашып көрсетті. Ол: «Көптеген заттар олардың (Еуропа мәдениеті – А.Қ.) жоғарғы мәдениетті тұрмысы, заттық мәдениеті сияқты рухани мәдениеті де біздің халыққа әлі жетпейді» – дейді [4, 424-б.]. М. Әуезов: «Ол күнде мәдениет жоқ, оның үстіне ісләм діні ескіліктің барлық белгісімен қатты алысты» – деп жазды (1927) [5, 19-б.]. М. Әуезов ұлттық мәдениеттің орнына «баяғы бағзы заман ескіліктері» тіркесін, М. Жұмабаев: «тәрбие», «ізгі құлық», «әдет» баламасын қолданады. «Мәдениет» сөзі «культура» – латын тілінде «жерді өңдеу», «табыну» деген ұғымды берген. Көшпелі түркі мәдениетінің айғағындай болған заттық, рухани мәдениеттің нақты көріністері жер жырту, егін егу сияқты, мыс балқыту, бау – бақша мәдениетінің түрлері, халық күнтізбесі ауыз әдебиетінде, тарихи жырлар лексикасында жақсы сақталған [6, 7-б.]. Мысалы: «Алпамыс», «Қобыланды: жырындағы: Құстың жүні мамық – ты, Арпа, бидай қабықты; Көлденең жатқан аңғарды Жерошақ құрлы көрмеді; Шала – пұла пісіріп, Мосыдан алып түсіріп; Дихан еккен егінді, Есен алса теген – ді; Бір ағаштың басында Көгертпедің екі алма; Бір таба піскен нанды алып, Балаға нанды бермекке; Жем қояды шөбімен, Ешбірін Шұбар жемеді; базары пышақ балдақы, Нәсілің сенің қалмақы; Жаңы піскен шиедей, Көргенің іші күйеді; Кіші бесін болғанда; наурыздан соңғы жаздаймын;Алтын теңге аттырып, Теңгені атып түсірген; Әулиеге ат айтып, Қорасынға қой айтып;Жазған хатты көрсе деп, Тасқа қалам басады; Ғайып ирен қырық шілтен Баланы қолдап демеді; Әліп таңба қыпшақтың, Атағы озған алаштан; «Көкпар» шауып күніге, Қыз ойнағын қып жатыр т.б. ҚКБС жыры Тверитин нұсқасында: Попросил он мать однажды Для него курмач* сготовить. Та, без слов исполнив просьбу, Позвала его покушать [7, 52].Тал бойынан тарыдай мін таба алмай («Қыз Жібек» жыры) т.б. *Курмач – жареная пшеница, просо – деп анықтама берген. ҚКБС жырын ең көне жырдың бірі деп есептесек, ондағы кездесетін «бидай» сөзі көшпенділерде мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығының да ерте заманнан дамығанын көрсетеді. «Қыз Жібек» жыры туралы да осыны айтуға болады. С.Е. Толыбеков: «Прогресс в земледелии был основан развития метриальной и духовной культуры всех народов. В этом смысле труд земледельца действительно был отцом богатства, а земля – его матерью» – дейді [8, 192-б.]. «Мәдениет» мәселесі екі түрлі жағдайда қарастырылады: зайырлы және діни. Құдай ілімі ретінде «культура» бұдан былай «мәдениет» «культ» бұдан былай «ғибадат етуге» қарай: сенім, дәстүр, шын мәніндегі жоғарғы тұрмыс, өзгеше иеге тағзым етуге бірте – бірте шыққан. Қазіргі заманның белгілі діни ойшылы А. Мень жоғарғы Иеге сену бүгінгі сияқты көне заманда да кез келген мәдениеттің ішкі тұтастығының өзегі болып табылған дегенді айтады [9, 77-б.]. Діндарлар осы қағиданы ұмытқан кісі мәдениетті адамбыз деуге мүлдем құқығы жоқ дейді. Сондықтан да болар «ғибадат» («культ») дыбыстық жағынан да мазмұны жағынан да «мәдениетпен» («культура») әбден сәйкес келетіні. «Культура» деген сөзді ең бірінші талдаған Н.К. Рерих (1874 – 1947-б.). Ол екіге бөліп қарастырды: «культ» – табыну, бас ию, «ур» – зайырлы өмір, жарық дүние. Н.К. Рерихтің ұраны «Әлем мәдениет арқылы» болса, өз кезінде «Әлем жарық дүниені бағалау арқылы» болмақ керек демек, адам жан – дүниесіндегі жарық дүниеге сенуі арқылы келмек керек деген сияқты ұғынады. Тарих басқаша діни көзқарасы мүлдем болмаған бірде – бір қоғамды білмейді. Мәдениет – дәстүр құндылықтары сіңген, адам түсінігі үшін заттық айғақ бар болса, сол жерден басталады. А. Меньнің сөзіне орайлас Толыбеков: «Казахи больше верили духу предков, чем богу. Эти два слова – арвах и кудай – они употребляли вместе как синонимы, причем на первом месте всегда стоял дух предков» –деп жазды [10, 195-б.]. Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» деген термин Римнің атақты философы, әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускулан кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. Номадизм – көшпелі түркілердің шаруашылық қызметінің аса маңызды саласы. Номадизм – кеңістіктегі адамдар тобының көшіп – қонуы. Номадизм – шөп жейтін малды көбейту, су және маусымдық жайылым (қыстау, күзеу, жайлау) көшіп – қону. Бұл дегеніміз – заттық, рухани мәдениеттің қайнар көзі. Тері илеу, киім тігу, тағам түрлерін жасау, ат әбзелдерін жетілдіру т.б. Көне Қазақстан аймағындағы көшпелі мал шаруашылығын б.д.д. 1-ші мың жылдыққа жатқызамыз. Соның негізінде мал шаруашылығының үш типін анықтаймыз: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Көшпелілердің озық мәдениеті А. Медоевтың «Гравюры на скалах» Алматы, Жалын, 1979 жылғы еңбегінде жан – жақты сипатталған. Онда ат (жылқы) көлік ретіндегі қызметі, өмір сүру динамикасындағы рөлі сипатталды [11, 20-21-б.]. Мал шаруашылығымен айналысқан түріктер әрдайым құдайлардың қоршауында болды. Сондықтан да олар малдың иесі бар деп түсінді. Мысалы: жылқы (Қамбар ата), түйе (Ойсыл ата), сиыр (Зеңгі баба), қой (Шопан ата) т.б. С.Е. Толыбеков: «Культ животных у кочевых народов, как одна из форм общественного сознания, надо полагать, не мог сразу исчезнуть даже после того, когда эти народы уже превратились в оседлых земледельцев или смешались с ними» – деген болатын [12, 197-б.]. Түріктер үшін құдай: күн кейіннен Тәңір мен Ұмай болды. Көшпенділер үшін доңғалақты арба көшіп қонып жүргенде үй-жай болса, жаудан қорғанатын қорғанның да рөлін атқарған. Қорғанның өз заңдылықтары болған. Ор (үй) қала есебінде жүрген. Түріктердің бұзылмас дала заңы құқық ережелерін сақтап отырған. Міне, осындай «ор» кейін «орда» да бір уақытта «тәрбие», «өнер», «ғибрат сенім» қатар жүрген. Сонымен жас түрікті полисте (қала) өмір сүру қағидасымен тәрбиелеген. Шыныққан түрікті, бала түріктен тәрбиелеп шығарған. Гректер мұны «пайдейя» терминімен (рaіs - бала) деген. Демек, «пайдейя» тәрбие, оқу, үйрену, кең ұғымда білім алу, білімді, мәдениетті дегенді білдірген. Полистің толық қанды мүшесі «техне» «саяси техне» дегенде мәні ашыла түскен. Түрік ат әбзелін жасауды, тері өңдеуді, мал шаруашылығына байланысты, кейіннен егін шаруашылығына қатысты «әліпбиді» өте жақсы меңгеруі шарт. Полис «әскери шынығу» азаматтық борышпен толығып отырған. Ол ұзақ жылғы тәжірибе жолы «схоле» арқылы келген. Грек ойшылы Геродот: массагеттер соғыстың екі әдісін біледі – садақ тартып та, найзамен де шайқасады; әдетте айбалтамен де қаруланған. Олардың заттары алтынмен мыстан жасалған бас киімдері, белдіктері және орамалдарыалтынмен безендіріледі. Олар аттарға арналған өмілдіріктерді де мыстан жасайды, керісінше, жүгенді, ауыздықты және құйысқанды алтынмен әшекейлейді – деп жазды (Геродот. Тарих 9-том. Аударған Ф.Г. Мищенко. М., 1888, 1-том, 113-114-б.) [13, 8-б.]. Есік көлі маңынан табылған «Алтын адам» Геродоттың алтынды ел дегенін тағы да әлем алдында дәлелдеп берді. «Сақ жауынгерінің үстіндегі киімінен табылған үлкенді – кішілі және әр түрлі пішіндегі 4 мың алтын әшекей бар ...» – дейді Кемел Ақышев өз сөзінде [14, 5-б.]. Ертедегі көшпенділер туралы жазған Геродот (Массагеттар), Старабон (Сақтар мен Массагеттер), Аммиан Марцеллин (Гундар) ешқандай егін екпейді, ешқайсысы соқа ұстап көрмеген, тек қана жылқы ұстайды, балық аулайды деп жазады. Кейінгі археологиялық қазба байлықтардың деректеріне сүйенсек ішінде дәні сақталған қыш құмыра табылды. Бұл дегеніміз жартылай отырықшылдық ертедегі көшпенділерде болған. Бәрі бірдей көшіп жүрмеген. Бір бөлігі алтын мен мыс балқытқан, қару жарақ соққан, ат әбзелдерін, тұрмысқа қажетті заттар жасаған. Ұсталар дүкен ұстаған онда егін шаруашылығына да байланысты заттарды жасап шығарған. «ін», «ұрық» дән егу мағынасындағы сөздер ерте кезде пайда болған. Осыған байланысты тағы да мына төмендегі мысалдарды келтіре кетсек артқы болмас: Екі күрек, екі үлкен кетпенменен,Және сегіз көшіңмен мес бере көр (ҚКБС, 40). Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей (ҚЖ, 70). Сол сияқты, заттық, рухани мәдениеттің көріністері боларлық: мылтық, қамшы, шапан, лашық, бұзау тіс қамшы, тоқсан саба, жөргек, қобы, қымыз, ақ орда, жыршы, мөр, сәлде, намаз, шолпы, найза, күмбез, сауын, ас, бәйге, көмбе, тақия, балта, етік, дүрбі, садақ, айыл, құйысқан, алтын тон, жүзік, шоқпар, сойыл, бөрік, балға, егеу, жалау, қарқара, шідер, бешпент, теңге, қара болат, тасаттық, бөстек, әже, інген, табақ, кілт, алтын сырға, білезік, көген, қанжыға, қылыш т.б. ұшырасады. Бұл сөздердің кейбірі көне дәуір белгілері болса, кейбірі бертін қосылған тіл қабаттары екендігі байқалады. Г.Н. Тверитин аударған ҚКБСжырында: би, текемет, марал, домбыра, шайтан, сүйінші, ас, қазан, сорпа, саба, бауырсақ, қазы, құрт, бақсы, қобыз, бәйге, жаулық, ақын, қалам, алтын тарақ, қылыш, найза, асық, қуырмаш, барымта, арқан, бешпет, ши; жер – су аттары: Алатау, Аягөз, Шоқ – Терек, Қызыл – Қия т.б. этномәдениет лексикасы кездеседі[15, 117-б.]. «Қыз Жібек» жырының [16, 1-49-б.] 1887 жылғы Мұсабай нұсқасындағы заттық мәдениет лексикасы: оймақ, қарындас, қостан әйкел тағынған, күміс қоңырау, повозка, алтын сая, алтынды ер, шар болат, орда, аса жұрт, зергер, мырза, бәйбіше, уық бау, домбыра, жібек, шатыр, қосақ, көш, орамал, бөз, күйме, ақ балдақ қылыш, бөрі, қалың мал, сүт, қымыз, берен, бек, шашақты қара ту, қосщы, ақ сауыт, қорамсақ, қозыжаурын оқ, саржаның кірісі, ақ сырық мылтық, жорға, ақ найза, тал оқ, өткір пышақ, ақ сүңгі, нөкер, дулыға, нар, түйе, ат-тон, көк арба, жезде, балдыз, мәстек, зеңбірек, ақ мата, солдат, темір киім, шідер, көмір, темір, жетім құлын, қауын, арақ, бал, ұшба қағаз, шоқтығы, масақты оқ, қоян, үзбелі сапты жете, алқа, алтын түйме, бедеу, жеңге, күйеу, аттың майы, бикеш, сәукеле, белбеу, бет моншақ, қоңыраулы найза, шарайна, қорамсақ, қозы жаурын оқ. 1900 жылғы Жүсіпбек Шайхыисламның [17, 49-122-б.] нұсқасындағызаттық мәдениет лексикасы: тоқты, қант, шай, қатын, тұрманы, таға, алуа, бал, құнан қой, жая, жал, кірекеш, жортуылшы, хан, уәзір, дөнен, көбен, қысырақ, қамшы, құлан, көйлек, сары мая, мұрындығы сары жез, бұйда, жібек, сазан, ауыздық, нөкер, шашбау, қымқап зерлі кілем, арқан, дүрия бешпент, алтынды кемзал жидеше, сым, күміс, жорға, торқа, қом, жағдан, жабдық, сандық, кебіс, гауһар, жауһар, пәуеске күйме, қошқар, найза, бөрі, қылыш, тұлпар, өмілдірік, ұршық, шам, қоңырау, арба, тройке, кебіс, сырға, балта, нар, оймақ, кетпен, сым, тары, дамбал, жасауыл, шыны, кіреует, қоян, құнан қой, сары май, сүмбіле, мырза, жезде, апа, ақ берен, саулы інген, марқа, тұйғын, қоржын, гауһар, лағыл, алтын, күзен, қобыз, жарақ, ат-тұрман, сауыт-жарақ, алтын балдақ, ақ семсер, қынап, бадана көзді кіреуке, тоғыз қабат көк сауыт, алтын сауыт көбе, қозы жаурын жебе, қорамсақ, садақ, кіріс, мылтық, білте, қорғасын, сауыт, кебіні, кереге, көгі, арқан, фірәнкі, шұға, мақпал, жасыл ту, шатырасы, көйлек, түйме, алмас, семсер, сәукеле, тебінгі, құйысқан, көбе, жебе т.б. Рухани мәдениет лексикасы: зекет, жайлау, оба, періште, мирас, сүйінші, тәңір, құм құйылсын көзіңе (қарғыстың түрі), тілі тимей ме?, әнбия, әулиелер, мінәжат, көл игесі Қамбар-ау, шөл игесі Қамбар-ау, Зылиха Жүсіп пайғамбар, пірі Биби Бәтима, хазірет Сұлтан, Баба түкті шашты Әзиз, баһар, көке, Ғайып иран қырық шілтен, бата аяқ, жеңгелік, айдай әлем, түс, жер бесік, асық ойнап, ахірет сапар, құрбандық, қызыр ілияс, қырық шілтен, мінәжат, сәжде, көк түскен жер тақыр т.б. Халық метрологиясы: қасықтап жиған мал, ділләсі, жамбысы, тоғыз, наурыз айы, айдық өткен нешесі, сәске махал, шолпанның туған жұлдызы, бір көш, қырық нарға жүк арттырып, алтынды шыны кеседей екі көзінің шарасы, ерте мен кеш, бесінде, сом алтын, наурыз, жазғы түскен сағым, алты арыс, шаңқай талтүс, іңірде шайтан көшкендей, ділдә, қараша, көктем, қыс, жазғытұрым, жүз мың ділдә, сегіз пұт, үш айшылық жол, қырық бес күндік ортасы, шөл жазира, бесін махал, намаздігер, алпыс қадам, бисағат күн, құс қонбас құла жапан, жұлдызы шыға, он сегіз мың ғалам, ғарыш пен күрсі, қырық күн тойын, отыз күн ойын, құбыла, жіңішке әйел жолы, замана, он бес құлаш ақ семсер, айналды жұлдыздары енді оңға. т.б. «Ер Төстік» ертегісіндегі: дәу қара қазандысуға сүңгіп алып шығатын Шалқұйырық ат, Төстік, Темір хан, садақ, тоғыз қабат кетпен, өрмек тоқу, темір таяқ, темір етік, мосы, бақыр, кереге басына ілінген көп сырға, Жылан Бапының ордасы, қайыс белбеу, сандық, егеу т.б. Бұл мысалдар, қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт; көшпенділер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген қалаға ғана тиісті сондықтан ол отырықшылардың үрдісі деп жариялау, түркі халықтарының мәдени түбірі арийлік архетипте жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесі – деп, қарауға үлкен соққы бола алады [18, 170-б.]. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі [19, 258-б.]: Қазанқап, Кендебай, сауыт – сайман, аузына құлып салынған зындан, алтын кебіс, Дарияның үстінен құстай ұшқан Керқұла ат, пұл, алтын құйырық, қоржын, алмас қылыш т.б. «Қобыланды батыр» жырындағы [20, 355-б.]: Тайбурыл, дәрі, түтік, алмас, күміс; «Алпамыс батыр» жырындағы: Байшұбар ат, сенім иесі Ғайып ерен қырық шілтен, Қызырәлі жәбірәйіл, Бабай түкті Шашты Әзиз т.б. Алынған мысалдар сонау алыс замандағы көшпенділер мәдениетінен сыр беретін негізгі айғақ боларлық кілтті сөздер болып табылады. Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана білген. Мұны көшпенділерге көрші халықтардың миф – аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты тұлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал, салт атты көшпенді скифтің метафорасы – кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік өмірден бас тартады. Бұл сарын шумердің «Гильгамеш туралы» жырындағы Гильгамеш (Күлкөмеш болуы мүмкін – А.Қ.) көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз. Шалқұйырық, Керқұла, Тайбурыл, Байшұбар т.б. іс-әрекеттері жылқының (жыл құсынан) қысқарған, әуелі ұшқан, кейіннен қос мекенді болған, бара-бара жерді мекендеген алып самұрық құстардың қалдығы, тұқымы болуы мүмкін. Аузымен құс тістеген, құстай ұшып, құспен жарысып, қанатты пырақ т.б. тіркестер жай ғана айтыла салмаған сияқты. Геродот исседондардың шығысында аримаспилер, одан әріректе «алтын қорыған самұрықтар» – «грифтер» тұрады дейді (Гередот. История. ІV, 16; «Вестник древней истории», 1947, №1, 298-б). Аримаспилердің көршісі «Алтын қорыған самұрық» және «қанатты иттер» тайпасы болған. Аристей және Геродот, кейіннен грек авторларының болжамында олардың елі алтынға бай болған, соны қорғау үшін жылқы кейіпінде бейнеленген аримаспилермен соғыс жүргізген. Неміс ғалымдары А. Гумбольдт және Л. Бек «самұрықтар» мекенін Алтай тауы деп жорамалдайды. Орыс саяхатшысы Н.А. Северцов «қанатты иттер» бейнесіндегі алып жыртқыш құс – құмай ол туралы шығыс деректерінде де айтылады дейді. Жазушы ғалым С. Марков құмай Азия алтынын қорыған ғажап та қатерлі грифтердің тірі бейнесі емес пе екен деп болжам жасап, оған осы күнге дейін Тянь-Шань қырғыздары арасында сақталған жұмыртқасынан күшіктер өрбитін самұрық – құмай туралы аңызды келтіреді (С. Марков. Земной круг. М. 1966, 22-б). Қазақтар арасында да италақаз туралы аңыз бар. Махмут Қашқари былай дейді: Барақ- жүндес аң иті. Түркілердің түсінігінше, бүркіт қартайған шағында екі жұмыртқа туып, басады. Біреуінен барақ күшік шығап, аңгер болады. Екіншісінен балапан шығып, қыран болады. Бұл сол бүркіттің соңғы тұқымы болады деседі (1993). Ә. Диваев, Қ. Халид, С. Мұқановтың еңбектерінде жақсы айтылған. М.М. Копыленко: «Среди этих эвфемизмов было и модифицированное найменование собаки ит-құс (`собака – птица` за котором скрывается неизвестная нам легенда)» /А.К. Ахметов, 1973, 7/ [21, 71-б.] – деп жазды. Сөйтіп ат мінген Керқұла атты Кендебай жерден босап, ғарышқа самғағанын бірақ біледі. Жер-ана Кендебайды қанша жібергісі келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Кендебайдың шексіз әлем алдындағы ала жіп тұсауы осылай кесіледі. Ер Төстік жер астындағы жылан Бапы ордасына «полис» еркін кіреді, жер үстіне еркін шығады «алып бәйтерек», «Шоқ терек» (ҚКБС) жырындағы үш әлемді «жоғарғы» аспан, «орта» кеңістік, «төменгі» жер асты өмірмен байланыстырады. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Ер Төстік осы үш өмірді көреді, ой елегінен өткізеді. Белгілі ғалым А. Сейдімбеков: «Сөз жоқ, мұндай ертегілердің ең алдымен кен қазған өңірде дүниеге келуі күмән тудырмайды. Байтақ дала төсін мекен еткен ұрпақ көшпелі мал шаруашылығының ырғақты жүйесіне түскенге дейін отырықшы болып келгені Андрон, Бегазы – Дандыбай мәдениетінің айғақтарымен айқын дәлелін тауып отыр» – дейді [22, 58-б.]. Кендебайдың (Кен + де + бай) өзі дүниеге келгенге дейін – ақ, зат материалдық дүниеге ие болған. Ер Төстік жер астына түскенге дейін – ақ шахтадан кен өндіріліп, алтын мен мыс балқытылып, құпия химиялық технологиясы көшпелі түрік мәдениетінің шырқау биік мәдениетін көрсететін ақиқатқа баяғыда айналған. Ә. Марғұлан: «Несколько позднее (ІV тыс. до н.э.) на основе неолитической хозяйственной традиции постепенно зарождается новая металлическая культура, совершившая переворот в жизни древних неолитических племен Казахстана» - деп жазды [23, 31-б.]. Бұл орайда, Кетпен, шот ап, ар қылдың жер қазуға, Жұмыс қылмай соқырдың күшіменен (Мәшһүр-Жүсіп, 126 б); Күрекпенен шоқ салса, Жақындамай сөнеді (Алпамыс, 207-б.); Садақ тартып үйренеді, тартқан садағытоғыз қабат кетпеннен өткізеді («Ер Төстік» ертегісі, 4-б.). Келтірілген мысалдағы қарамен жазылған лексика туралы Мұрад Аджи: Алысқа көз жүгіртсек мынаны байқаймыз қазіргі заман геологиясы және таулы істе көптеген

ұғымдар мен терминдердің әлем жаңалығы болып түріктерден ауысқанын мақтанышпен айта аламыз: кайло, бутора, кирка т.б. дейді [24, 169-б.]. А.З. Будагов сөздігінде: курекъ, лопата, лопатка (кость плечевая), кочегарка; китмэнъ, ключъ замочный; въ числ осданыхъ орудій, встр чаются это слова въ значеніи: заступа или лопаты: щиты, заступы, топоры; кетменъ, рыть заступомъ – деп түсініктеме берілген [25, 121, 173-б,]. Кетпенді тек қана қазу жұмысына ғана қолданбаған қалқан, қорған есебінде де пайдаланған. Кетпен – қорғанның кілті, қорғаныс қаруының түрі, бұл сөз қорғаныс және күрек түрінде кездеседі, Вамб. ағылшын. кетпен «қазу», «қорғаныс» деген мағына береді дейді тағы бірде (Будагов, 173-б.). Кетпен жауынгердің қару – жарағының бір түрі қалқан деген мағынада жұмсалған. Демек, Будаговтың анықтамасы өте дұрыс. Көркем әдебиеттегі этномәдени лексиканың мағыналары туралы Б. Хасанов: «Табиғаттағы пайдалы кендер мен бағалы минералдар және олардың әр түрлі өнімдері атауына байланысты метафоралардың ішінде ең көп қолданылатыны алтын және темір. Тұрмысқа қажетті құралдар мен жиһаздарға байланысты туған метафоралар да елеулі орын алады. Мысалы: балта, ұстара, қазан, қазық, шам, бесікт.б.» – дейді [26, 197-б.]. Ал, бау – бақша мәдениеті жөнінде: Р.Г. Ахметьянов: «Ряд земледельческих терминов русского происхождения в татарский язык были заимствованы в период западно – кыпчакского единства, например, арыш `рожь`, салам `солома`, сала `село`, которые имеют параллели в Godeх Cumanіcus и в языке армияно – кыпчакских памятников. О древности земледельческой традиции татар свидетельствует, на наш взгляд, и то, что имена существительные урак `серп`, сабан `сабан`, сука `соха` употребляются также в значениях соответственно `жатва` и `вспашка`. Почти все названия овощей в татарском языке (карбыз `арбуз`, кыяр `огурец`, кишер `морковь`, чөгендер`свекла`, торма`редька` и.т.п.) – древнего среднеазиятского происхождения» – дейді. Бұл дегеніміз, көне түркілерде бақша мәдениеті ерте заманнан бері дамып, ал славянь халықтары бау – бақшамен кейіннен айналыса бастағанын көрсетеді. Мысалы: Даңғыл, дабыл қақтырды, Кішміш, мейіз жегізіп Шұбар атты бақтырды (Алпамыс, 234) Өзім қаштым дермісің? Мейіз берсем жермісің (Қобыланды, 82), Бір ағаштың басында Көгертпедің екі алма (Алпамыс, 211); М. Қашқари армұрт: алмұрт – деп жазған [27, 125-б.]. С.Е. Малов: «Например, где же уйгурам на их солончаках знать и помнить название яблока – алма? И вот, у степных уйгуров, живущих близко к г. Сучжоу, вместо тюркского слова «алма» употребляется китайское «сагоза», но у горных уйгуров, проживающих дальше от крупного центра – города Сучжоу, сохраняется это слова «алма». У степных уйгуров, правда, сохраняется слово «алма», но с прибавлением «су» (вода) – «су» алма»– со значением уже «груша». Уйгуры, проживающие близко к Сучжоу, забыли название винограда, оно у них китайское «путо» (кит. путао), а у горных уйгуров виноград по тюркский – «узум» – дейді (Язык желтых уйгуров, 6 бет). Осы мысалдарда келтірілген кейбір лексика туралы заттық мәдениетке байланысты жазылған зерттеу еңбекте толық айтылады. Сондықтан да зерттеу жұмысқа қатысты ішін-ара бірен-саран ғана деректерді келтірдік. Ж.А. Манкеева: «Қазақ тілі лексикасының ең бір сүбелі қабаты – этнолексика. Оның бойында өткен өмір тарихын бейнелейтін әр түрлі саладағы сөз қазынасымен қатар халқымыздың өткендегі рухани да материалдық мәдениетінің көрінісі іспетті заттық мәдениет лексикасы да сақталған» – дейді [28, 27-б.]. Біздің тарихи мәдениетіміздің түп-тамыры алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Алғашқы қауым – адамның балалық шағы. Адамзаттың тарихының көп бөлігі алғашқы қауымдастыққа келеді. Американдық этнограф Л.Г. Морган (1818-1881) адамдардың пайда болуын («Көне қоғам», 1877) алғашқы қауымдастықты «тағылық» дейді. У.К. Ясперса схемасында әлем тарихында алғашқы қауымдық дәуір «тарихқа дейін», «прометтік дәуір» – деп атаған. Біз 200000 жыл бұрын тұрған адамдардың жан-дүниесі туралы ештеңе білмейміз. Дегенмен, тарихи даму өмір сүру барысында адамзат биологиялық және психофизикалық жағынан өзгеріске түскен жоқ. Содан бері бар жоғы 100 ұрпақ өтті. Біздің ата-бабамыз біз бара алмас дәуірде тобымен оттың маңында өмір сүрген сияқты. От және қару адамның адамға айналуының негізгі факторы болып табылады. Алла жаратқан жерде Адам ата мен Хауа ана пайда болды дейді аңыз. Алла адамды, жан-жануарды, аңдарды, егінді бір мезгілде жаратқан дейді тағы да. Адам көзі ашылғаннан бергі маймылдың өзгеріп адам болғанын көрген жоқ. Олай болса, адам маймылдан пайда болған деген жорамал теріске шығады. Ең алғашқы еңбек құралы 2,5 млн жыл бұрын пайда болған екен. Адамдар жасаған еңбек құралының материалынан археологтар алғашқы қауымдық әлемді: тас, мыс, қола және темір заманына бөлді. Көне заман тас дәуірі: (палеолит) (грек тілінде рalaіos – көне және lіtos– тас), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) – деп үшке бөлінеді. Тас дәуірінің хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан – 6 мың жыл бұрын қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және жоғарғы (кеш дамыған кезең). Тас дәуірді 4-3 б.з.д. мыңға созылған (неолит) қола ауыстырды. Артынан (4 б.з.д 1 мың жылдық жез (мыс) дәуірі созылды. Академик Ә. Марғұлан атап көрсеткендей: «жез» деген сөз (кейбір түркі тілдерінде – jaz, jäz ) санскрит, грек, латын, гот сияқты ерте дүние тілдерінде пайдаланылған (Археологические исследования в Казахстане, 1973. - С . 4-5). Мұның өзі бұл жерлерге «жез» сөз ретінде «экспортталуы» мүмкін емес, Орталық Қазақстаннан металл ретінде жеткізіліп, өз атын сақтап қалғанға ұқсайды (кейінгі кезеңде ғана «купрус» – деп атаған) [29, 14-б.]. Бұны темір дәуірі алмастырды. Полеолиттің аяқ кезіне қарай адамның қазіргі пішін – келбеті қалыптасты [30, 14-б.]. Во – первых, на рубеже среднего и верхнего палеолита заканчивается эволюция ископаемых гомонит и появляется «настоящий» человек – ҺomoSaріens [31, 142-б.]. Қазақстан аймағындағы ең ертедегі адам баласының құралдары Сарысу өзенінің бойында неополитикалық Бөрібас І, ІІ тұрақ табылды. Үңгір тұрағы Теректі әулие жартасқа, қабырғасына салынған суреттерімен және тағы аттардың, бизон мен барыстың суреттерімен таң қалдырды – деп жазды Ә.Х.Марғұлан [32, 20-б.]. Сол сияқты Жезқазғаннан темір дәуіріне дейінгі мәдениетке жататын көне адамның қаңқасы табытымен табылды. Ұлытауда қола дәуіріне жататын көптеген ескерткіштер атап айтқанда: Жанайдар, Тоғызбайкөл, Айбас – Дарасы, Едіге (Қорғантас), сол сияқты қола дәуіріндегі құрылыстар Ұлытау, Жанғабыл (Смырқон) Орталық Қазақстанның батыс шекарасынан айғақ боларлық көптеген заттар қазып алынды [32, 20-б.]. Жаман өзенге таяу Ортау жақта шығыс және солтүстік шығыс тау бөктерінде ерте дәуірдің үш кезеңі ерте, орта, кеш кезеңі (қола) ескерткіштері жақсы сақталғаны анықталды. Ортаудың терең үңгірлерінде қола дәуір ескерткіші сақталса, маңындағы орда – қорғандарды қосатын тас жолдар салынып, гранит тас төселгені анықталды. Демек, бұл материалдар көне Қазақстанда мәдениеттің ерте басталғанын көрсетеді. Отырықшы елде ұсталық дүкендер жұмыс істеген. Олар қару жарақ соққан, ат әбзелдерін жасаған. Көшпенділердің арбасын жөндеген. Көшпелі мәдениет таспен тері өңдеуді ойлап тапқан. Кейіннен қола, мыспен өңдеген. Неолит дәуірінде шаруашылықтың екі түрі: мал өсіру мен егін салу мәдениеті қоса дамыды. Қола, мыс өндірушілермен «полистармен» мал шаруашылығымен айналысатындар сауда жасасып, мал, аң терісімен айырбас жасасып тұрған. Көл, өзен жағасындағылар балық шаруашылығымен айналысты. (Адамзаттың палеолит заманынан 15-10 мың жыл бұрын ең бірінші қолға үйреткен аңы ит болды. Иттің шыққан тегі де қасқыр болған. Ит адамның ең сенімді досына айналды. Түз тағысы, дала баласы түріктердің қолына тез үйренді. Қасқырдың айға қарап ұлуынан «ұл» «ұлы» сөздерінің шығуы мүмкін. Одан «ұлыс» сөзі туындауы мүмкін. Бұл туралы Кляшторный budaragulusbudun тіркесіндегі ulus «халық», «ел» дегенмен мағынасы жағынан ешқандай қатысы жоқ дейді [33, 129-б.]. Е.Н. Жанпейісов «көне түркі ulus сөзі орыс тіліне ХІ ғасырда «волость» болып кірген. ULUS (ulus) > волость > болыс» – деп дыбыстық жағынан жаңғырған нұсқасын көрсетеді [34, 30-б.]. Ұлыманың күшіктерін түріктер «ұлы» деген. Тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызмет атқарған. Басқа бір рәміздер мен таңбаларға айналған. Мысалы, барыс (ібіліс) кейіннен көк бөріге алмасқан. Ата-тек тотем Көкбөрі жаугершілік пен еркіндіктің, батырлық пен қайсарлыққа шақырған символ болған. Бөрілердің өз ара қырқысып, жеміне таласы көшіріліп ұлттық ойын түрі «Көкпарға» түскен. Күн түрік дүниесі үшін құдай болды. Күн ұясына кіргенде оның орнын ай басты. Күннің жылылығын, нұрын түн мезгілінде ай атқарды. Айға байланысты: «Толық ай» сияқты адамның бет әлпеті толық болса, дөңгелек ай секілді жамалы, нұры – деген эпитеттерге ие болды. Әр айдың 14 түнін қырғыздар бедер «әдемі әлпет» – деп жазды (Будагов, 247-б.). Түн (қараңғылықтың) белгісі, зұлымдық тек қана түнде істеледі. Оған қарама-қарсы тұра алатын ізгілік иесі «ай». Бөрі екеш бөрі ай сәулесімен өзінің барар барысын, жемін аңдиды. Түз тағысы бөрілер ұлу арқылы бір-бірімен хабарласады. Ұзақты күн дала кезген түрік бұл құбылыстарды жадына сақтап, өздері тотем санаған бөріні айға табынған деп есептеп, өздерінің сенімдерін одан әрі күшейте түсті. Ай түрік үшін барар бағытын адаспай таба алатын, ауа райын болжай алатын қасиетті иеге айналды. Өлген адамның жаны ұшып, мәңгілікке кетеді деп ұқты. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналды. Өлген адамның басына ай таңбасын қойды. Жер астындағы өмір жер үстіндегі өмір арқылы көктегі (аспан, күн, ай, жұлдыздармен) тоғысып жатады деген ұғым болды. Аспан планетасына байланысты түріктің өзіндік таным сипаты көп болды және ол әр уақытта өмірлік тәжірибеден алынып отырды. (Жұлдызшылар, жаурынмен бал ашқандар, жорушылар) т.б. өмірден сабақ алғандар болды [35]. Оларды Л.З. Будагов: астрологъ, предсказатель – дейді [17-б.]. Өзінен кейінгі ұрпақтарына материалдық мәдениеттің қайталанбас үлгілерін қалдырған мемлекеттер дәуірлеп өсіп, кезеңі жеткенде күйреп өшіп те жатты. Көшпенді мәдениет те соның кейпін кешті. Көшпелі мәдениет ғаламат әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Әрбір ұлт мәдениеті бос кеңістікте емес, адамдардың қоршаған ортасында әрекет етеді. ХV ғасырда Еуразия даласында тарихи аренаға «қазақ» деген атпен көшпенділердің ұрпағы келеді. Олар көрші елдермен этносаяси, эномәдени қарым-қатынас орнатады. Тарихта «қазақ» есімі арқылы аталған ел әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Қазақтың заттық, рухани мәдениеті алыста антикалық тайпалар қойнауында жатыр. Қазақтар көшпелі тайпалардың ұзақ жылғы бірігу мен бөлінуі нәтижесінде тарих сахнасына шығып, кең байтақ жерге ие болып қалды. «Қазақ» көне түркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден-бір мұрагері болып табылады. Сондықтан да болар зерттеушілердің көбі көне еуразия көшпелілерінің тарихын зерттегенде қазақ мәдени әлемінен тірек іздейтіні. Расында да қазақ этнографиясы көшпенділер мәдениетін ашатындай құндылыққа өте бай. Қазақтың этномәдениеті ерте көшпенділердің – ұялмай көрсете алатын, айта алатын айнасы іспетті. «Қазақ» этнонимі туралы тұңғыш деректі «Қобыланды батыр» жырынан: Қызылбасқа жан тартқан, Қазақ десе оқ атқан; Қазақкөппін дегенде, Көппін деп айтар тілім жоқ ұшыратамыз [36, 64, 84-б.]. Одан кейін Міржақып Дулаттан таба аламыз. Ол: «Қазақ қырғыздың ата тегі туралы» атты еңбегінде Әбілқасым Фирдауси (940-1020) «Шахнамада»: «қазақ хандығы» деген ел көк теңіздің (Арал теңізінің) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел» – деп көрсеткен. Бұдан кейін «қазақ» 1245 жылы құрастырылған көне қыпшақ шығармасы (түркі-араб сөздігінде) кездеседі. М. Қозыбаев: «Қазақ» атауының даңқы қыпшақ одағы әлсіреген, қыпшақтан қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт т.б. болып бөліне бастағанда ғана әйгілі болды» – деп жазды [37, 2-б.]. Академик Н.А. Баскаков «қазақ» атауының орыс тілінде тұңғыш рет 1395 жылы жазылғанын көрсетеді. Көне қазақ мәдениеті жез материалының негізінде қалыптасып, неолит заманынан бастау алған идеясы жаңа сапаға ие болды. С.Ақатай: «В век компьютера нам трудно понять, что каждое изобретение, простое на вид, давалось древним нелегко, за каждым из них стоят не только огромные умственные и физические усилия человека, но лежит опыт тысячелетий» – дейді [38, 10-11-б.]. Сонымен мәдениетті тану үшін адамның әрекетін білу қажет. Қазақтардың мәдениеті тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы арқылы ғана танылады. Ал, оларды жоғарыда айтылған жайттар анықтайды. Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Адам тұрмысының маңызын түсінген сайын, мәдениет сол заттың мәнін, қажетін оның дамуын тездете түседі. Адам әлеуметтік болып жаратылмайды, шаруашылық қызметінің үрдісінде сондай болады. Білім беру мен тәрбие беру адамзат баласының маңдайына жазылған еншісі, мәдениеттің жоғарғы формасы ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдениет адамды, әрине, қоғамға бейімделуге, ымыраға келуге үйретеді. Қазақтар өзінің бастапқы мәдениеті қандай болса, сол мәдениеттен бастау алады да, өзінің замандастарынан тәжірибе жинай түседі. Және де сол қоғамның мүшесі ретінде сол мезетте оған өзінің қол таңбасын қалдырады, байытады. Мәдениетті болу үшін адам жеке басына байланысты формада болуы мүмкін: мектепке дейінгі оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда, саяхатта, отбасында, өзімен– өзі дайындалуында т.б. Мәдениетке ерекше рөл ойнайтын – радиоқабылдағыш, теледидар, баспасөз, компьютер т.б. бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтендіру үрдісін үздіксіз мәдениет пен адамның жеке басының бірлігінде қарастырған жөн. Бұл адамның жеке басының: мінез-құлқы, психикасы, темпераменті, оның менталитеті, ұлттық тәрбиесімен тығыз байланысты. Жеке бастың өзіне өзі есеп беруі жөнінде орыс философы Н.А. Бердиев (1874-1948) қызық тәжірибе жасады: ол – әлеуметтік үрдіспен және соның ізін ала бере мәдениет, өз ара күрделі антиномикалық (қарама-қарсылық) системасын құрайды дейді. Оның қарама-қарсылығы қарама-қарсылықта анықталады: 1) әлеуметтік пен жеке бастың тұлғасында; 2) мәдениетті нормалау және де сол бостандық, адамға (норма мен бостандық – екі полюс, мәдениеттегі екі күресетін бастаушы); 3) дәстүрлі мәдениет арасымен және оның жан-дүниесінде өтетін жаңғыру. Осы және тағы басқа қарама-қайшылықтар мәдениеттің барлығына мінездеме беріп қана қоймай оның дамуының көзі де болып табылады. Мәдениеттің негізгі көзін қарастыру арқылы оның ішкі құрылымының қандай екендігіне көз жеткіземіз. Мәдениеттің негізгі әлеуметтік құбылыс және әдеттегі негізгі құбылыс ретінде: статикалық мәдениет және динамикалық мәдениет деп екіге бөлеміз. Біріншісі, мәдениетті тыныштықта, өзгермейтінін және қайталайтынын мінездесе, екіншісі – мәдениетті үрдіс ретінде қозғалыс және өзгеріс үстінде көреді. Мәдениет базис элементінің екі түрі: заттық және рухани болады. Р.Г. Ахметьянов: «К этнокультурной лексике относятся, во – первых, названия природных явлений, характерных для той области, где живут носители данного (определенного) языка, во – вторых, лексика материальной культуры и, в-третьих, лексика духовной культуры, куда включаются: 1) термины родственных и семейных отношений, 3) слова относящиеся к духовной жизни людей (музыка, искусство, развлечения), образованию и воспитанию, 4) слова, харектеризующие людей в системе общественных связей и ценностей, 5) слова, относящиеся к мифологии, фольклору и обрядам» – дейді [39, 3-б.]. Заттық элементтің өзіндік құнын заттық мәдениет құрса, заттық еместі – рухани мәдениет құрады. Бірақ, олардың бөлінуі шартты түрде ғана болады. Көбіне шындық өмірде олар өте тығыз байланыста болады және өзара араласып тұрады. Заттық мәдениеттің маңызды ерекшелігі – оның өміршеңдігі емес, қоғамдағы заттық өмірі де емес, өндірілетін затта да емес, заттың қызметінде де емес. Заттық мәдениеттің бұл – қызметті адамның дамуына әсер ету көз қарасымен сипатталады. Адам баласының қандай мөлшерде талабы ашылып, мүмкіндік туатынын, шығармашылық мүмкіндігін, тума талантын айқындайды. Р. Г. Ахметьянов: «Термины метериальной культуры, как известно, отражают важнейшую сторону человеческой деятельности – производство материальных благ (пищи, одежды и жилища). Поэтому их разбор представляет первостепенную важность для изучения истории народа» – дейді [40, 170-б.]. Заттық мәдениетке кіретін: еңбек мәдениеті, заттық өндіріс, тұрмыс мәдениеті, топос мәдениеті өмір сүріп отырған жері (үй-жайы, қыстағы, аулы, қаласы), өзінің дене-мүшесіне деген мәдениетті құрмет, дене-шынықтыру мәдениеті. Заттық емес мәдениеттің құндылықтар элементін рухани статикалық мәдениет жағы құрайды: норма, ереже, тәртібінің нормасы мен үлгісі, заңы, рухани құндылықтар, түрлі әдет шаралары, дәстүрлер, символдар, мифтер, білім, идея, әдет-ғұрып, тілі, салт-дәстүрі т.б. Кез келген заттық емес мәдени нысандар заттық мәдениеттің араласқанын қалайды. Мысалы, білім алу үшін мұндай аралық делдал кітап болып табылады. Адамның шығармашылық еңбегімен, қолымен жасалған заттық және рухани шындық, «артефакті» – деп аталады (табиғи жасалған) [41, 50-б.]. Сонымен артефакті – заттық немесе рухани бағалылығымен құнды. Ол – табиғи емес, табиғат жасамаған, бұл үшін сапалы заттық материалдың нысанын, энергиясын, табиғаттың шикізатын қолданып, табиғаттың заңымен келісе отырып қимылдайды. Жіті байқаған кісіге адамның өзі артефакті класына жатады екен. Бір жағынан табиғат эволюциясының жемісі, табиғи өткен жолы бар, заттық тіршілік сияқты өмір сүреді, тіршілік етеді, ол – рухани және әлеуметтік тұрғыда өмір сүреді, жаратушы сияқты өмір сүреді қимылдайды, рухани байлықтың тұтынушысы және тасушысы болып табылады, сол сияқты табиғат «өзінен-өзі» жасауға қабілеті жоқ екендігі байқалады. Сонымен адам табиғаттың баласы ғана емес мәдениеттің де құлы, қаншама биологиялық тіршілік болса, соншама әлеуметтік, ал оның табиғаты қаншама заттық болса, соншама рухани болады. Адам өзі табиғаты жағынан сапалы табиағаттың өзінікі болып табылады, заттық бәрінен бұрын биологиялық-физиологиялық болса, сол сияқты рухани, заттық емес, неғұрлым жетілген мәдениетімен және интелектуальді еңбегімен, көркемдігімен, ғылымилығымен немесе техникалық шығармашылығымен белгілі болады. Бұнымен бірге адам өзінің табиғаты жағынан рухани-заттық тіршілік иесі, ол заттық мәдениеттен нәр алатын сияқты рухани мәдениеттің де артефактісі. Материалдық қажетін өтеу үшін ол – тамақты, киімді, үй-жайды, техниканы, материалды, ғимаратты, кешенді, құрылысты, жолды т.б. тұтынады және жасайды. Өзінің рухани талғамын өтеу үшін ол – көркемдік құндылықтарды, адамияттық, эстетикалық талғамды, саяси, идеялогиялық және діни мұраттарды, ғылым мен өнерді жасайды. Сондықтан да адам шығармашылығы барлық каналдармен заттық сияқты рухани мәдениет те жан – жаққа тарайды. Мінеки, біз адамды межелі, жүйелі қалыптастырушы фактор ретінде, мәдениетті дамытушы ретінде қарастырамыз. Адам мәдениетті жасайды, қайтадан жасайды және де өзінің дамуы үшін пайдаланады. Табиғи әлемнің, «мәдениет әлемі» – деп аталатын «екінші табиғат», «табиғи жасалған» адам өмір сүретін, архитекторы да, құрылысшысы да адамның өзі. Бұл – адам аяғы баспаған планетадағы шындық. Бұл –адам өмір сүріп отырған уақытқа дейін созыла беретін ащы шындық. Адамның объективті бағалы шындығы оның шығармашылығының тұтастығымен байланысты. Оның бағалылығы жүйелі мәдениеті типтенеді де негізгі үш бағытта жүреді: генезистік, құрылымдық, функционерлік. Генезистік және даму мәдениеті тұтас үрдіс ретінде өзінің бойында өткен құндылықтарды сақтап, қабылдап, трансформациялайды және құндылықтарды байыта отырып материалдың негізі ретінде мәдениетті болашаққа жеткізеді. Құрылымдық тұтастық мәдениеттің құны иерархиялық бейнемен жымдасып келсе, екінші жағынан теңдік дәрежені сақтайды оның бірі – орталық және фунтаментальді орынды алады, басқасы – екінші қатарда және қосалқы жағдайда болады, оның бірі – жалпы тотальді маңызы болса, басқасы – локальді және нақты болады. «Материальная культура, в другом смысле слова, – это человеческое «Я», переодетое в вещъ; это духовность человека, воплощенная в форму вещи; это человеческая душа, осуществленная в вещах; это метериализовавший и опредметившийся дух человека» [42, 52-б.]. Материалды мәдениет өзіне әр түрлі типтегі артефактіні қабылдайды, оның табиғи нысаны трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті, демек, зат, оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық қабілетімен өңделген, сондықтан ол – өте нақты, толықтай «homosaріens» ретінде адам қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик М.С. Каган бұл арада адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо фабер» (жетілдіруші) және т.б. – ал «хомо агенс» (әрекет етуші адам) деп алмастыруды ұсынды [43, 89-б.]. «Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен де ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды» – деген сөздің жаны бар [44, 35-б.]. Рухани мәдениет – кейбір мәдениеттанушылар мәдениеттің әр түрін атап, оларды тек қана заттық және рухани мәдениетке жатқызуға болмайтыны да болады дейді. «Разнообразна и богата духовная культура народа, составной частью которой являются многообразные формы народного поэтического творчества – фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песни, поговорки, загадки. Особое место занимают в поэтическом творчестве казахов героический и социально – бытовой эпос, айтысы. Эпический жанр, выступающий способом изустной передачи межпоколенной информации, возник в древности, втечение столетий обогащался, развивался и в основном отобразил условия кочевого быта, патриархально – родового уклада предков» – дейді [45, 101-б.]. Ата-бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл мұра ретінде қалды. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» – деп аталады. «Мұрагерлік» – ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын жағдайда ұйымдастырады. Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік материалдарды аз береді екен. Себебі, шуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық-тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен шуваштарда өзінің құнын ХІV – ХV ғасырларда-ақ жойған екен. Рулық-тайпалық құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған ата-бабаның ерлігін жырлайтындарда кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда – ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен шуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады екен [46, 184-185-б.]. «Мәдени мұрадан» басқа, мәдени статикаға «мәдени ареал» ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» – әр түрлі мәдениеттің ішінен ең маңызды сипаттары бір-біріне ұқсас болып табылып жататын географиялық аймақ. Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік «мәдени әмбебапты» – шығарады. «Мәдени әмбебап» – нормы, құндылық, ереже, дәстүр, қасиет бұлар географиялық орынға, тарихи уақытқа және қоғамның әлеуметтік құрылымына тәуелді емес. Американдық антропологтар жетпістен астам әмбебапты бөліп қарайды олардың арасында: жас ерекшелік градациясы, календарь, тазалықты сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, би, декоративті өнер, білім, этика, этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, мифология, күн (число), күштеу санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл – атап өткендей аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысынабайланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» – бұл біздің планетаны мекендеген барлық әр түрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әр түрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әр түрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол – «доминант мәдениеті» – деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» – «субмәдениет» – деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т.б. болып бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, өзін-өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл – қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60-70 жылдардағы жастардық қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда әлеуметтік құндылықты, моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп-жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың өз тілін, салт-дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видиокасетасын дәріптеуі т.б. қосар едік. Бұған орай А.В. Гулыга: «Человек трояким образом осваивает окружающий его мир – практически, теоретически и практически – духовно. Отличительной чертой практически – духовного (ценностного) освоения действительности является его эмоциональная насыщеннность» – деп жазды. Алаштың ұлттық идеясы – мәңгілік ел («Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына, Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығына орай). «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қазақ елін ықылым заманнан бері ойландырған. Аңыз ертегілерде, эпостық жырларда, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберлі, Бұқар, Шортанбай, Дулат т.б. жыр-өлеңдерінде әруақытта көрініс тауып отырған. Сондықтан да болар бұл ақын-жыраулаға пессемис, өткенді аңсайды, ескілікті жырлайды деген ат пен айдар тағылғаны. «Орхон» ескерткішінде: Өтүкен қойнауында отырсаң, Мәңгі елдігіңді сақтайсың сен, Онда түркі халқы тоқ – дейді [1, 8-б.]. Өтүкен қойнауы, түстіктегі Шұғай қойнауы, Жиделібайсын, Жерұйық, Жұмақ бәрі бірі-бірімен байланысты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының бастау көзі болып табылады. Бұл – «мәңгілік ел» атауларының тарихын бас-басына таратып жазу үшін арнайы мақала қажеттігі айтпаса да түсінікті. Қазақ елінің хандық тарихы да осы – Мәңгілік ұлттық идеясымен тығыз байланысты. «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», сияқты ерте заманда «Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, он сан Ноғай бүлгенде Орманбет хан өлгенде» – делінген бір заман болған екен. Сол заманда Қондыгер, Құбан, Қотан, Қоғам – дегендер болған екен. «Түгел сөздің түбір бір, түп атасы Майқы би» – деген бір би болған екен. Тоғыз ханды таққа отырғызған кісі екен дейді. Осылардың заманында қырық ханның бірі болған Қызыл Арыстан деген хан сол уақыттарда Бұқарада тұрып, уақытында Бұқараны түгел билеп, осы күнге бір өзіне он бес азаншы жұма күні азан айтатұғын мұнараны сол Қызыл Арыстан хан жасатқан екен деседі. Мінекей, осы Қызыл Арыстанның бір тоқалынан туған ұл баласы сауысқанның аласындай ала туып, бәйбішесі мен тоқалы бір-бірімен іштарлық қылып, сол баланы тапқан шешесімен Сырдариядан ары өткізіп жіберіңдер, өлсе, өлсін, өлмесе өз бетімен күнін көрсін дейді. Әлгі бала Майқы биге ұшырап: –Қаратаудан ары асырыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар болады. Қаракеңгір, Сарыкеңгір деген бұлақтар болады. Сол жайларды барып, ірге теуіп, салық салыңдар! Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар! – деп, Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашы боласыңдар! – деп батасын беріп, қоя берген екен. Баяғы ала баланы алашаға салып, хан көтереді. «Алаша хан» деп атын қояды. «Жауға жапқанда, Алаш!» десіп, шабайық! «Алаш» – деп ұран шақырады. Кеше: «Алаш – Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз «Алаш!» болғанда, Үш жүздің баласы Қазақ емес пе едік?!» – деп айтылған сөз сонан қалды дейді Мәшһүр-Жүсіп [2, –42-44-б.]. Демек, («Алаш» атауы-А.Қ.) ХХ ғасырда қазақ ұлтының балама атауына айналған [3, –398-б.]. «Алты алаш» – деп жалпы қазақ елін айтты. Ұраны «Алаш» болғаны белгілі. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жолындағы күрес – қазақ зиялылары, ақындары, жазушылары, қайраткерлері, күрескерлері барда ешуақытта тоқтамады. Осындай, саяси – ұлттық күрес нәтижесінде «Алаш», «Алашорда» атауы заңды, тарихи жалғасын тапты. «Алаш» партиясының құрылуына мынандай саяси-тарихи оқиғалар себепші болды. Мәшһүр-Жүсіп «Мың сегіз жүз сол алыс тоғыздан соң, Қор болып болмадың ба аяқ асты» – дейді. Мұны айтып отырған себебін, 1868 жылы қандай тарихи оқиға болып еді? Алдымен соны анықтап алайық. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдардың орта кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды. Патшалық өкімет отарлау жолымен қанауды күшейтудің төте әдісі деп, қазақ халқын басқарудың әкімшілік реформасын ойлап тапты. 1868 жылы «Уақытша ереже» қазақ елінің жерін, суын тартып алды, қоныс тарылды, көк жайлау арман болды. 1867–1868 жылдардағы «Ережеде» айтылғандай, реформаның басты міндеті: «Россия қоластындағы халықтарды бір басқарманың шеңберінде біріктіру, жергілікті ақ сүйектерді өкімет билігінен тайдыру, қазақ даласының бірте-бірте Россияның басқа бөліктерімен қосылуына жету үшін рулық негіздерді әлсірету» болып табылды. Қазақстанның оңтүстігін басқару жөніндегі «Уақытша ереже» бойынша екі облыс: Жетісу және Сырдария облыстары құрылды; Жетісу облысының құрамына Семей облысының Тарбағатай тауынан оңтүстік-шығысқа қарай біраз жері және бұрынғы Алатау округі кірді; Сырдария облысына бұрын Сырдария әскери шебінің командашысына бағынған аудандар, сонымен бірге Қоқан хандығының жаңағы Россияға қосылған уәлаяттары кірді. 1868 жылдың «Уақытша ережесі» бойынша төрт облыс құрылды; олар: Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары. Сонымен, Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторға бағынды. Облыстар уездерге бөлініп, оларды офицерлер басқарды. Уездер болысқа бөлінді, болыстар, өз кезегінде әкімшілік ауылдарға бөлінді, олардың басына сайланған ауыл старшиналары басқарды. «Сайланған» адам қашан да бай болып отырды. Сайлауда әдетте сатып алушылық, подлог, феодал жіктерінің тартыстары күшті болды. Қазақстанға Россия империясының құқық ережесі мен соты енгізілді. «Қара шығын» (салық) қара халықтың басына түсті. Халықтан харадж, танап, зекет алынды. Жер мәселесін шешуде үкімет өлкені отарлау мақсаттарын көздеді. Жазу-сызу орыс тілінде болды. Пара алу етек жайды. Ислам діні тежелді. Керісінше христиан дінін таратуға күш салынды. Қоныс тарылды, қысқасын айтқанда қазақ шауасы бір аяғын көтеріп, екінші аяғын қоятындай ғана жері қалды. 1867–1868 жылдардағы реформаға қазақ халқы қарап отыра алмады кей жерлерде қарулы көтеріліске шықты. Өкінішке орай, осы көтерілістің тарихи шынайы бет-пердесі ашылмай қалды. Патша өкіметіне қарсы шыққан батырлар бейнесі күні-бүгінге дейін нақты анықталмай келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ең алғаш қоныс аударғандар казак-орыстар болды. Ол Қазақстанға әскери бекіністер салуға кірісті. Олар қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алды. Казак-орыстар артықша дәрежеге ие болған әскери сословие еді. 1881 жылы оба ауруы жайлап, қарашекпенділер Қазақстанға жаппай қоныс аудара бастады. Ал, 1891-1892 жылдары Россия жерінде егін шықпай қалып, үлкен аштық болды. Шаруалар қозғалысы өршіп, арты қарулы қақтығыстарға апарды. Қарашекпенділер өз беттерімен лек-легімен қазақ еліне әкесінен қалған жердей қоныс аударып, үй салып түпкілікті тұрақтап қалды. 1891 жылғы «Ереже» патша үкіметінің кезекті қазақ елін, жерін қанау, отарлау саясатын жүзеге асыратын етіп, жазылды. Мысалы, 1895 жылғы «Шербина экспедициясының» жергілікті қазақтардың мүддесін ойлағанмен, басты мақсаты басы артық жер іздеу болды. Мәшһүр-Жүсіп осы тарихи уақытты дәл суреттеп берді: «Біздің қазақты үшке бөлсек, екі есесі жоқ есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер-су учаске деп алды, войско деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.

Жер-судан айрылып қалған соң,
Өз қонысынан ауған соң,
Еркекте ақыл қала ма?
Біреуден сауын сауған соң,

Ұрғашыда ақыл қала ма?

Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, ізбор деген қымбаттап, ел аралаған нашалник, шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын төлей алмай қаңғып кетіп, Питербор, Мәскеу барсаң, орыстың малайы – қазақ, Магаржи, Ербет барсаң, ноғайдың малайы – қазақ, Бұқар, Ташкент барсаң сарттың малайы – қазақ. Сол малайлықта жалғыз-жалғыз болып қаңғып кеткендер ауырса, кім сусын беріп, кім басына жастық қойып, оған иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе, кім жаназа шығарады? Осындай кекшіліктен тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық. Бір жерде бір қазақты мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып көміп, мұжық үйінде қаннен-хабарсыз тыныш отыра береді. Егер қазақ бір орыстікіне қарсы келсе, атқанын атып, айдағанын айдап, қазақты қойдай тізіп, қойдай көгендей бастайды. Патшаға оқ атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, шиноуликке, нашалникке ақша бергендер кісі өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып, кетіп жатыр... » – деп қазақ елінің басына түскен нәубетті ашына жазады [5, –111-124-б.]; [6, 6-б.]. Орыстың демократиялық мәдениеті патша өкіметіне қарсы күресте дамыды. Патша үкіметі қазақ даласына айдауға жіберген орыс революционерлері, орыс жазушылары мен ғалымдары қазақ халқының алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне тартты. Олар қазақ арасынан өздеріне лайықты шәкірттер, достар тауып отырды. П. П. Семенов-Тян-Шаньский, А. Н. Бекетов, Ф. М. Достоевский, С. Ф. Дуров, Г. Н. Потанин Шоқан Уәлихановтың жақын достары болды. Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов және басқалары Абайдың достары болды. Ыбырай Алтынсаринның да өз заманындағы орыс ғалымдарының арасынан жақын достары болды. Қазақстанға және онымен көршілес Сибирь аудандарына айдалып келген петрашевцылар, революцияшыл демократтар – Чернышевскийдің жолын қуғандар өздерінің жүректеріне патша өкіметі мен крепостниктік тәртіпке өшпенділік, ал өз төңірегіндегі езілген халыққа тілектестік пен қадірлеу сезімін сақтады, өздерінің айналасындағы адамдар арасында өз көзқарастарын насихаттады. 80-жылдары Абай айдаудағы революционерлермен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың идеялары бойынша тәрбиеленген орыстың революцияшыл интеллигенциясының өкілдерімен кездесті. Михаэлис те, Нифонт Долгополов пен Северин Гросстар да Семейге жасырақ кездерінде айдалып келген еді. Абайдың осындай өз заманындағы алдыңғы қатарлы адамдармен тығыз байланысы үлкен достыққа айналды. Жаз күндері олар Абайдың аулына қонаққа келіп жүрді, қыс бойы үнемі хат жазысып жатты. В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов сияқты ұлы революцияшыл демократтар Россияның езілген халықтарының бостандық жолындағы күресіне тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра қарады [4, 425-507-б.]. Қазақстанда социал-демократиялық үйірмелер мен топтар айдауда жүрген орыс ревлоюционерлерінің бастауы мен көмегі арқасында пайда болды. Қазақстандағы темір жол бекеттерінде социал-демократиялық ұйымдар құрылды. Олар Қазақстанда революциялық қозғалыстың өрістеуіне зор ықпал етті. Мұндай ұйымдар Қазақстанның ірі қалаларында да құрылды. Саяси жер аударылғандар үкіметке қарсы үгіт, үндеу-хаттар таратты. Астыртын баспаханаларда үгіт қағаздары басылып жатты. Социал-демократтар қазақ зиялыларын да осы шараға тартқан, үгіттеген, хаттар жіберген. Қазақ зиялылары Абай, Қойшығұлов, Науан Хазірет, Мәшһүр-Жүсіп т.б. біріне-бірі хат жазып, ақылдасқан көрінеді. Жалпы Ресей халқы сияқты, қазақ халқы да екіге бөлінген сияқты. Бірі байлар мен молдалар да, екіншілері кедейлер табы. Байлар партиясы да қарап жатпады, қазақ халқының құқын қорғайтын талаптар қойды. Мәскеу, Петербург т.б. қалаларында оқып жүрген қазақ зиялылары төңкерістің не екенін жақсы білді. Олар буржуазиялық ағымдағы партияның бағдарламасымен танысты, солардың талап, тілектеріндей ойда болды. Мінекей, осылар кейін «Алаш» партиясының белсенді мүшелері болды. Ағарту саласында ғана жүрген қазақ зиялыларының кейбірі төңкерістің не екеніне онша мән бермеген сыңайлы. Не болмаса, екі ұдай ойда жүрді. Мәшһүр-Жүсіп орыс-демократтардың, жазушы, ақындарының шығармаларымен, еңбектерімен таныс болған. Мысалы, В. Г. Белинскийге былай баға береді: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, – дейді, жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді, – дейді. –Бірақ тіршілік еш уақытта өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдеп я әлі күнге орнына, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» – деп сөйлеу керек» – дейді [7, 60-б.]. 1902 жылы патшалық жандармения Абайды тексеруге алады. М. О Әуезов: «Семейдің ояз, жандаралы бертін келіп, Абайды таныңқырай бастаған уағында, бұны патшалыққа қарсы ниет бар, саяси сенімсіз адам емес пе екен деп те қағыстырған көрінеді. Оның бір белгісі 1885 жылы Долгополов жандаралдан Абай аулына рұқсат сұраған уағында сезілген. Жандарал бұған рұқсат етумен бірге Семейдің оязы мен полиция бастығына қағаз түсіріп, артынан бақылау жасаңдар дейді. Аналар артынан «Долгополов Құнанбай аулына кетті, тапсырылған ісіңіз орындалды» деп жауап қайырады. Долгополов болсын, Абайлар болсын ол жылы ел ішінде астыртын бақылауда болған сияқты. Екінші, осы жөнінде бір елеулі факты 1902 жылы Абайдың аулына Семей қаласынан бір үлкен тексеру келеді. Бастығы Семейдің оязы Наброцкий болып, қасына пристав, урядниктерді, жәй стражниктерді ертіп көп қарулы топ болып келіп, Абай аулын қоршап тұрып үлкен тінту жасайды. Абайдың өзі отырған үйін әсіресе қадағалай тінтіп кеп, ақыры оның өзінің өнбойын да тінтеді. Содан Абай «іздегенің не?» – деп сұраған соң, аналар керек қылған қағазын айтады. Абай сонан соң Еркежанға: сенің қалтаңда еді ғой, бер мыналарға дейді. Еркежан шығарып береді. Сөйтсе поштамен келген бір хат екен. Семейден оны оқып, көріп жіберген екен. Абай ұлыққа көз қылғаны ма, жоқ шыны ма, әйтеуір сол хат жазушы жөнінде: «бұрын бір хат жазып еді, жауап бермеп ем. Менің ұлықпен теріс емес екенімді білмейді. Қоймай жаза береді. Өзі арабшалап жазады. Не қылған шайқы адам екенін білмеймін, қоймайды» депті. Қисынына қарағанда бұл хатты жазушы Мәшһүр Көпеев болу керек. Ол 1905 жылдың алдындағы қамдану жөнімен Абайға саяси мазмұнда хат жазып, тамырын ұстап көрейін деген болу керек. Бірақ Абай жағынан хатына жауап қайырмайды және тінту келгенде әлгіні айтады. Хаттың мазмұнын кейінде де ешкімге шешіп айтпаған» [8, 233-234-б.]. Е. Смайылов, Қ. Жұмалиев жолдастардың 9-класқа арнап жазған хрестама[тия] кітабындағы сөздерден үзінді: «Осы жағдай туралы 1901-1902 жылдары атақты Абайға да хаттар жазады. Жоғарыда айтылған патша үкіметінің көпшілік еңбекшіл, езілген бұхара халыққа істеп отырған саясат, қиянаттарын айта келіп: «Осы уақиғаларға қандай түрде болса да, қарсы шара қолдану керек! – деген ойын айтса да, Абай бұл хаттарына қай түрде болсын жауап қайырмаған, басқа ешкімге әшкерелемейді. Хаттарды тығып ұстаған!» – дейді. Мұнан кейін Семей қаласынан 1903 жылы полициялар келіп, Абайдың үйін тінткен. «Тінтіудің бас себебі – Мәшһүрдің жазған хаттары туралы» – деп айтады. Мәшһүр-Жүсіп бұл ойы туралы жалғыз Абай емес, әр жерде өзінің ниеттес, жақын, сырлас адамдарының бәріне де ақылдасып айтса да, бәрі де іштерінен: «Дұрыс!» – деп ұнатса, дегенмен патша үкіметінің бетіне қарсы шығуға бата алмайды. Мәшһүрге де: «Байқаңыз, сақтаныңыз!» – деген ақылдарын айтады. Достары олай дегенмен Мәшһүр-Жүсіп өз пікірінен қайтпайды, қажымайды. Өз қолынан келер қуат-күшті, қаруы қалам мен қағазды серік қылып, белсеніп жазуға кіріседі. 1900 жылдан бастап саясат жазушылығына қатысып, ел аралап, өзінің шамасы келгенше үгітін жүргізеді. Ноқта кесті, көнбіс, көк есек, көк етті, көнтерлі (көн терілі) болып қалған қараңғы жұрт көтеріліп, көмек бере алмайды. 1904, 1905, 1906 жылдары Мәшһүр-Жүсіп: «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тіршілікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» – деген саяси үгітті шығарма өлең кітаптарын жазып, 1907 жылы үшеуін де Қазан қаласындағы Хұсайынов баспаханасына тапсырып, үшеуі де басылып шығады. Бұл үш кітап басылып шыққаннан кейін қораға байлаған қарғылы сақ төбеттей Николайдың цензура тыңшылары сезіп қалып, Мәшһүр-Жүсіпті ұстамақ болып, емен талқы, темір қоршауға алмақ болады. Дегенмен қырағы көзді сезгіш Мәшһүр-Жүсіп күн бұрын алыстан сезіп, жылысып, ақша қарда айласы асып, сонардан құтылған алпыс екі айлалы алтайы қызыл түлкідей бұлаңдап, әр бір биік, құрғияларды ерте алып қойғандықтан, қолға түспей, халқына беделді, қадірлі, құнды, бағалы болған үшін, көпшілік халқы тасалып, бір жер емес, әр жерден әр дуанның халыққа беделді басты адамдары себептей болып, қоршаудан аман қалады. Мәшһүр-Жүсіп сөздерін тексеруге алғанда: «Патшаның басын жамандап, патшаға тіл тигізген жоқ екен», – деп тапқан. Басқа ұлық атаулыны жамандаумен, олардың қылмыстарын айтумен жазалы болмайды» – дескен. Солай аяқтап қалдырған дейді [9, 332-333-б.]. 1959 жылы 15-19 июнь айында өткен «Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдарында» Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына байланысты үлкен айтыс болды. Қ. Жұмалиев: «Бірер жолдастар: Мәшһүр-Жүсіп 1903 жылы Абайға екі рет хат жазыпты, онда революцияға шақырған екен. Абайдың үйін осы үшін полиция тінтіпті деген айтылып жүрді. Е. Бекмахановтың соңғы бір мақаласында осы туралы айтылыпты. Абайдың екі рет хат алуы рас, бірақ ол хаттарды Абай Баянауылдан, Мәшһүр-Жүсіптен алмай, Көкшетаудан, Қойшығұловтан (Біздің ойымызша Қосшығұлов -й//-с -А.Қ.) алған» – дейді [10, 294-б]. Хатта көңіл аударарлық Е. Бекмахановтың мақаласында Мәшһүр-Жүсіптің Абайға жазған хаты туралы сөз болады. М. Әуезовта осы хат жөнінде жазған. Демек, Абай мен Мәшһүр-Жүсіптің орыс-демократиялық төңкерісіне іш бұрғаны, саяси жұмыстарға араласқаны ақиқат екені айдан анық. Оның үстіне мына мәліметте Абайдың Қойшығұлов Шаймерденнен хат алғанын растайды: «1903 жылы А. Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н. Хазірет екеуі абақтыға жабылады. Қ. тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 ж. Шілдеде Қ. –5 жыл, Науанға – 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жібереді. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады»; Науан Хазірет туралы: «Медресе мен ұстаздың ел арасында үлкен беделге ие болуынан қорыққан патша үкіметі 1903 жылы арнайы тінту жүргізіп, көптеген діни кітаптар мен қолжазбаларды тәркіледі. Сондай-ақ осы оқу орнымен және «бүлікшіл мұсылмандармен» байланысы бар деп есептелген А. Құнанбайұлы мен С. Шорманұлы үйлерінде де жүргізілген. Тінтуден кейін Н. Таласұлы мен оның шәкірті әрі осы медресе мұғалімі Ш. Қосшығұл Сібірге жер аударылды» [11, 279-280, 321-322-б.]. Осы хаттағы аты аталып отырған Қосшығұлов Шаймерден 1874 жыл Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты, Қотыркөл елді-мекенінде туған. Бұхардағы медреседе білім алған. 1905 жылы Ә. Бөкейханов пен М. Сералин итжеккеннен босатып алады. 1906 жылы І Мемлекеттік Думаға депутат қылып сайланғанмен «орыс тілін» білмейді деген желеумен өтікізбейді. ІІ Думаға мүше болады. «Улфат» (Бірлесу) газетінің қосымшасы ретінде «Серке» газетін шығарады. 1907 жылы Бөкейхановтың тапсырмасымен Түркияға барады. 1931 жылы Кеңес өкіметі Петропавл түрмесіне жабады. 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады. Ал, екінші адам ол – Науан Хазірет. Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Көкшетау өңірінде туған. Жас кезінде Бұқарда, Бағдатта білім алған. Араб, парсы, орыс, түркі тілдерін еркін меңгерген. Оның шәкірттері Ақан сері мен Ш. Қосшығұловта болды. 1905 жылы Бөкейханов пен М. Сералиннің арқасында, Ресей Ішкі істер министрлігіне қоғамдық сұрау салып жүріп айдаудан босаттырып алады. Мінекей, қазақ зиялылары бос қарап жатпаған, Ресейде болып жатқан саяси төңкерістерге құлақ түріп отырған, саяси жер аударылған қуығын-сүргін көрген, Сібірден қашып келген жераударылғандармен араласып, Ресей жеріндегі саяси жаңалықтардан құлақдар болып отырған. Қазақтың көзі ашық азаматтары газет, журналдарды үзбей оқып, өздеріде патша өкіметінің қанаушылық існе наразы мақалаларын жазып, ой-пікірлерін білдірген. Қазақ арасындағы зиялылар бір-бірімен хат-хабар алысып, қазақ жұртын да патша өкіметіне қарсы көтеруге тырысқан. Дайындықтың негізгі себебі мен салдары жоғарыда жазылды. Сондықтан да қайталап жазып жатпаймыз. Р. Тоқтаров осы оқиғаны: «Осыдан бір ай бұрын Абайдың атына Көкшетаудан бір құпия хат келіп түскен еді. Хаттың сыртында: «Шәймерден Қосшығұл баласынан мағылұм» деген әуелі орысша, сосын арабша жазылған өзінің қолтаңбасы бар. Ішіндегі сөздері мешіт ұстайтын Науан хазіреттің атынан. Оны қысқаша мазмұндағанда мына төңіректе шығады: Қазақ өз еркімен Ресейге қарағалы, ортасынан лайланған дариядай, ел болудан қалып бара жатыр. Оған басты себеп – дін-мұсылман қауымының басы бірікпей тұрғаны. Дінсіз елге бойын түзер тірек, ойын түзер тілек те жоқ. Ендеше, қазақ даласының өзінен бір орталыққа бағынатын діни қазық, мүфти құрып алуымыз керек. Соған үш жүзге даңқы кетіп, жақсы аты жайылған Ібраһим Құнанбай ұғлы секілді адамның білек сыбана араласуы тілек етіледі» – деп суреттейді [12, 703-б.]. Роман көркем шығарманың жүгін көтергенімен тарихи оқиғалар негіз болған сияқты. Абайдың үйін жандармения тінтеді. Бірақ, ол хат табылмайды. Бұл оқиға романда орын алған. Петербургтегі 1905 жылғы 9 қаңтар бірінші орыс төңкерісінің басы болды. 1905 жылы Қазақстанда кадет партиясының мүшелерінің тобы пайда болды, бұл топқа буржуазияшыл қазақ ұлтшылдары Бөкейханов, Тынышбаев, Сейдалин және басқалары кірді. Бұл топ қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының келешектегі контрреволюциялық «Алаш» партиясының ұйытқысы болды – деп жазды тарих.

Мәшһүр-Жүсіп:
Бір мың тоғыз жүз жылдан асты бес,
Бес түгіл көрді алтыны тірі кісі.
Тиеді құлағыма еміс-еміс,

Октябрь он жетінші манифесі.
Немесе,
Түңілді естіген жұрт мұнан таза,
Дәнеңе жоқ білмегенге, білгенге аза.

«Мәнифест бар» деушілер тұтқын болып,
Кесілді еш себепсіз оған жаза –

деп Ресей жерінде болған оқиғалардан хабар береді. Қазақстан жұмысшылары да ереуілге, қарулы көтеліске шықты. Олар «Самодержавие жойылсын!», «Бостандық жасасын!», «8 сағаттық жұмыс күні жасасын!» деген ұрандар көтеріп шықты. Ресей шеткері аймағындағы ұлт азаттық көтерілістің өсуі патша үкіметін 1905 жылы 17 октябрьде «Манифест» жариялауға әкелді. «Манифесте» адамның қара басына ешкім тиіспеуге, ұждан, сөз, жиналыс бостандығын, заң шығару думасын халыққа «уәде еткен манифест шығаруға еріксіз көндірді. Бұл манифест бұқараны алдау болды, уақыт ұтып, революцияға шабуыл жасауға қажет болған айла болды, бұдан басқа ештеңе де емес еді. Манифест шығарумен бірге патша үкіметі қаражүзділік жасады, ұлт араздығын қоздырды.

Жиылыс, дума деген хабар шықты,
Қайратты ерлер барар оған мықты.
Бас қамын, жан пайдасын ойлаңыздар,
Тастасып партия мен араздықты, –

дейді, Мәшһүр-Жүсіп. 1905 жылы желтоқсан қарулы көтеріліс жеңілгенен кейін төңкерісшілер бірте-бірте кейін шегіне бастады. 11 желтоқсанда І Мемлекеттік думаны сайлау туралы заң шығарылды. 448 депуаттың ішінен шеткері аймақтан бар жоғы 14 оның 4-уі қазақ халқынан сайланды. Жалпы депутаттыққа: Семей облысынан – Әлихан Бөкейханов, Торғай облысынан – Ахмет Қорғанбекұлы Білімжан, Орал облысынан – Алпысбай Қалменұлы Қалмен, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы (Абайға хат жазған адам-А.Қ.), Жетісу облысынан – Молда Тайынұлы, сол уақытта Қазақстан құрамына енбейтін қазақтар қалың қоныстанған аймақтан Астарханнан – Бақыткерей Құлманұлы мен Дәуіт Санжыұлы Ноян-Тұндұт, Уфа губерниясынан – Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөре, кейінгі думаға да бірнеше қазақ зиялылары сайланған. Ә. Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан Мемлекеттік думаға депуттат болып сайланғанымен қатыса алмады. Себебі Дала өлкесі генерал-губернаторының жарлығымен, соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар түрмесінде отырды. Патша үкіметі дума арқылы шаруларды төңкерістен жырып алмақ болды. Мінекей, осы мәселе де ақын қаламынан тыс қалмады. 1906 жылы Семейдің социал демократиялық ұйымы еңбекшілерге мынадай прокламация жолдады: «Азаматтар! Патша үкіметі халықты алдап соқты. 17 октябьрдегі қураған манифесте ол Конститутция уәде етті, бірақ бізге қарсы пулемет пен мылтық жұмсалды, бізге бостандық береміз деп уәде етті, бірақ таңдаулы адамдарымызды түрмеге отырғызуда. Сомодержавиенің зұлым жендеттерінің атқарып жүрген жұмыстары: еркін ой – пікірді құрту, көтеріліс жасаған халықты ату болып отыр». Прокламация еңбекшілерді мынаған шақырды: «Бізге қосылыңдар, біздің қатарымызға, социал-демократияның қатарына, жұмысшы табының қатарына келіп сап түзеңдер, патшаның ауыр бұғауын, фабирканттардың, көпестердің және халық қанын сорушылардың бәрінің ауыртпалығын құртайық! Жойылсын бұлар! Біз самодержавиеге қарсы күреске шықтық, халықты ардақтайтын жұрттың бәрін ұрысқа шақырамыз!

Екібасты құзғынның тырнақтарынан басқа жоғалтарымыз жоқ.
Патша самодержавиесі жойылсын!
Демократиялық республика жасасын!

Жалпыға бірдей, төте тең және жасырын сайлау правосы жасасын! Халық көтерілісі жасасын!» – деп жазды [4, 524-532-б.]. І Мемлекеттік дума 1906 жылы 8 шілдеде таратылды. 1905-1906 жылы «Мұсылмандар партияларының қоғамы» І Мемлекеттік думанының құрамында мұсылмандардың парламенттік Фракциясы құрылды. Бұл фракция қазірде Ресей думасының алғашқы фракциясы болып тарихта қалды. Ә. Бөкейханов 1906 жылы 8 қаңтар күні тұтқынға алынады. Оны өзі: «В январе 1906 г., в связи с событиеми Дней свободы, в Семипалатинск был назначен болосной съезд. Меня арестовали на пути из Павлодара в Семипалатинск, в пос. Ямышевском, 8-го января» – дейді (Алихан Букейханов. «Выборы в степном крае» в книге «К десятилетию первой государственной думы» алынды: [Қ. Мұхамтеханов. «Ә. Бөкейханов» // «Семей таңы» газеті, №12 (16162) 17 январь 1990]. Түрмеден босап шыққан Ә. Бөкейханов Мұсылмандар фракциясының мүшесі, кадет партиясы Орталық комитетінің атынан сайланды. Сол сияқты А. Байтұрсынов, Б. Қаратаев т.б. ұлт-азаттық қозғалыстың жария түрлерін пайдаланып, Дума мінбесін іске жарата білді. Патша үкіметі кәдімгідей сескеніп қалды. Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылы басылып шыққан «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабы негізінен осы болған оқиғаларды қамтыды. Патшалық цензура кітапты зиянды деп тауып, қылмыстық заңның 129 статьясының 6 параграфы бойынша авторды жауапқа тартып, ал кітаптарынын шығаруға тиым салған, баспахананың иесі Ш. Хусайновқа 1034 статьяның 3 параграфы бойынша 12 мың айып пұл төлеткен. Кітапты орыс тіліне аударған Н.Ф. Катанов деген [13, 38-40-б.]. Мәшһүр-Жүсіп пен Ә. Бөкейханов ой-пікірлері, тіпті ұлттық идеялары да бір десе болады. Мәшһүр-Жүсіп Ә. Бөкейхановты өте жақсы білгендігін айтып өттік. «Алаш» өкілдерінің кейбірімен араласып, ой-пікірлерін бөлісіп тұрған. Мәшһүр-Жүсіп: «Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік: Теміршот Айтбакин, Моллағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамметәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» – дейді. Осы өмірі қысқа болғандар – бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев, – жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да – осы айтылғандардың біреуі» – деген еді. Тағы бірде: «Егіз, Тайым–Малай, Жәдігерден шыққан батырлар, заманында «Аталық» атанып, хандардың көші-қонын билеп, төстеп жүрген ерлер. Дайыр – төре, Бөкей – Дайырдың Дайыры. Барақ, Көшектің Барағының балалары «Қырық сан Барақ ханның елі» – атанған, Ташкентте тұрып ханлық қылған. Бөкей, Дайыр, Шығай, Ханбаба, Маман, Қанқожа. Бөкей ұрпағы: Жамантай, Құсбектер. Осы күнгі Әлихан Бөкейханов сол нәсілден» – дейді [14, 247-269-б.]. Осы мәліметтердің өзі-ақ Мәшһүр-Жүсіптің Ә. Бөкейхановпен қаншалықты аралас-құралас болғанын білдіреді. Ә. Х. Марғұланның «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» деген мақаласы Мәшһүр-Жүсіп қайтқаннан кейін 9 жылдан соң жарияланды. Заманның нағыз күйіп тұрған 1940 жылы жазылды. Мақала латын харіпінде жазылған. «Мәшһүр ақындығынан басқа ғалым адам, Күншығыс, араб, парсы, халқының тарихын, фәлсәфасын, жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған» – дейді. Ә. Марғұлан ақынды бала кезінен білген. Әкесі, Мәшһүр-Жүсіппен араласып тұрған. Ленингарад қаласында мемлекеттік университетінде оқып жүргенде жазған хаты Баянауылда «Жаңа жол» ұжымындағы мұражайда сақталуы мүмкін. Ал, хаттың өзі 1922 жылы төте араб харіпімен жазылған. Хатты Қабікен Машарапов Амангелді Омаровтың рұқсатымен көшіріп алғанын айтады. Хат «Қадірлі Молдеке!» деп басталған екен. Басында 28 март 1922 жыл, күні мен айы жазылған. Әлкей Марғұлан Мәшһүр-Жүсіпке «Қолыңызда қандай әдебиет жұрнағы бар, тегіс жіберіңіз. Оның ішінде өзіңіз айтқан Бұқар жырау, Абылай, Олжабай әңгімелері, Сақау ақын айтқан – «Қозы көрпеш», Тағы басқа көзге түспеген нәрсе болса тым жақсы. Қысқасы бар нәрсеңізді жіберіңіз» – деген өтініш бар. Хатта көңіл аударарлық: «Бұқар жырауды» Әлиханнан сұра деген екенсіз, о кісі қазірде Петерборда-Сіздің хатыңызды Әлекеңе көрсеттім. Білмеймін деді. Тегінде, Бұқар жырау о кісінің қолына түспесе керек – дейді де, «Оны сіз «Кенесары, Наурызбайды» Алдаберген баласы Зияштан ал деген екенсіз, Алдабергеннің өзі болмаса, Зияш менің білмейтін жігітім» – деп хатты аяқтайды. «Өзім кеше Петербордан шығып, Ташкенге демалысқа бара жатырмын. Бұл хатты сізге бірін Мәкеуден жаздым. Қош тұрыңыз. Адресім бұрынғы: Ленинград, Центр. Ул. Декабристов, 14, кв.1. Әлкей». Мінекей, хаттың қысқаша мазмұны осындай. Хатта Ә. Бөкейханов есімі аталады. Әлиханды танымаса, білмесе Мәшһүр-Жүсіп беталды «Бұқар жырауды» Әлиханнан сұра демес еді. Ә. Бөкейханов сол М. Әуезов, Ә. Марғұлан тұрған үйде тұрған. С. Мұқанов «Өмір мектебінде» Ленинград қаласына келгенін жазып: «Қақпасындағы жазуына қарасам ул. Декабристов екен. ... Әлкей осы үйдің екінші этажындағы терезесі қораға қараған, жарығы көмескілеу кішкене бөлмесінде тұрады екен. Үлкенірек бір бөлмесінде Әлихан Бөкейханов, қос қабат кішіректеу екі бөлмесінде әйелімен Мұхтар Әуезов пәтерде тұрады дейді. Әлихан командировкада екен» – деп жазады [15, 75-76-б.]; [16, 75-76-б.]. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттық азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс ұрпағы, Ресейдің либералдық демократиялық қозғалысының жоғары білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрінекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхаметовтер, Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары – билердің, батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды. Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара – шаруалардың, жұмысшылардың, қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отрашылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат етті, егеменді автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды [17, 30-б.]. Февраль революциясынан кейін 1905 жылдан бастап, негізі қаланып өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды.1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жасалды. Бұл октябрьде болатын социалистік революцияға тарихи қадам жасап қана қоймай, жол ашты. Февраль революциясы жұмысшылар мен шарулардың күш-жігерімен жасалса да өкімет билігі буржуазияшылдар мен байлардың қолына өтті. Уақытша өкімет құрылды. Екіншісі – Советтер социал-демократиялық өкіметі еді. Қазақстанда да осы үлгіде қос өкімет пайда болды. Менекей, қазақ халқын ресей империясының отарынан алып шығудың, көтерудің шынайы формасының басы сонау орыс буржуазиялық револоюциясынан бастау алған, керек болса, қазақтың қанында бар ұлттық рухпен баяғы да суғарылған, бесікте жатып елінің бостандық таңы үшін ойда болған, кешегі батырлардың «мәңгілік ел» үшін ізденген «Алты алаштың» Алаш идеясы 1917 жылғы төңкерісте одан әрі пісіп жетілді. Орыс іші бүлінді, қазақ ішінде ұры қары көбейді, елдің тынышы кетті, кісі өлтіру, тонау көбейді. Қазақтың белгілі зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Халел Ғаббасұлы, Жиһанша Досмұхаметұлы, Халел Досмұхаметұлы т.б. «Киргиз (қазақ-А.Қ.) атқару комитеттері құрылды». 1917 жылы наурыз-сәуірде облыстық қазақ съездері ұйымдастырылып, өткізіледі. Айталық, Семейде, Омбыда, Верныйда (Алматы-А.Қ.) қазақ шаруларының съездері өтті. Уақытшы өкіметті қолдауға облыстық және уездік Қазақ комитеттері құрылады. Қазақ зиялылары соғыс, жер мәселесі жөнінде толық ауыз бірліктері болмаған сияқты. «Бұл съездің шешімдерін қолдамаған делегаттардың бір бөлегі бөлініп шығып, бірте-бірте болшевиктердің позициясына көше бастады (Оралда – Б. Қаратаев, Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ақмолада – С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Қарқаралыда – Н. Нұрмақов, Ордада – С. Меңдешев, Ш. Бекмұқаметов және басқалар )» – деп жазды тарих [4, 14-б.]. Қалай болса да кей мәселе төңірегінде қазақ зиялылардың идеялық көзқарастары келіспеген сыңайлы. Әрине, көп партиялық қазақ зиялыларының саяси белсенділігін, ой-өрістерінің өскенін көрсеткенмен, олардың автономия құрып, өз ішінен партияларға бөлініп кетуінің өзі көп жайттарды аңғартады. Қазақ зиялыларының кейбірінің саяси күрестегі білімі, тәжірибелері аздық етуі я болмаса, сол уақыттағы орыс империясының бойласа құрық жетпейтін қулығы, жүргізіп отырған саясаты, іштен бүлдіру әрекеті әсер етуі мүмкін. 1917 жылы 29 ноябрьдің аяғында Қоқан қаласында «Түркістан автономиялы үкіметі» (Қоқан автономиясы) құрылғаны белгілі. Екеуі бір ғана автономия. Қоқанд қаласында өткендіктен Қоқан автономиясы деп те аталған. 22 қараша Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқанд қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше ІV съезд ашылды. Съезді М. Шоқай ашты, ол Ресей мен Түркістандағы саяси және экономикалық жағдайды сипаттай келіп, былай деп мәлімдеді: «орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық революцияны құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде. Қазан айындағы қантөгісті бастан кешірген Ресей мен Түркістан өз тағдырын өзі ойлауы керек. Азық-түліктің жеткіліксіздігі ашаршылаққа ауысу қатерін төндіріп, ауыр жағдайды асқындыра түсуде. Қалыптасқан жағдайдан қалай шығуға болады?» Бұл сұраққа съезд мына тұрғыда жауап қайтарды. Съезд Ұлы Ресей революциясы жариялаған негізде өлкені мекендейтін халықтардың еркін білдіре отырып, «Түркістанды территориялық жағынан Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялы республика» деп жариялады және Түркістан автономиясы нормаларын белгілеуді Құрылтай жиналысына тапсырды. Съезд Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқықтары барынша сақталады деп салтанатты түрде мәлімдеді. Съезд қазақ әскерінің, Кавказ таулықтарының және даланың ерікті халықтарының революциялық Оңтүстік-Шығыс Кеңесімен шарттық қатынастар жасасу туралы қарар қабылдады. Ресейдің Оңтүстігінен Түркістанға әкелінетін астықтың көлемін ұлғайтуды қарастырған съезд алдағы ашаршылықтан құтылудың осы қадамына үлкен үміт артты. Съезд Түркістан өкіметі – Уақытша Кеңесінің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңестің құрамына Бүкілресейлік құрылтай жиналысындағы Түркістан өкілдерінің санына сәйкес 32 адам сайланды, олардың қатарына Сырдария облысынан – 9, Жетісу облысынан – 6 адам болды. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М. Тынышбаев (ІІ Мемлекеттік думаның мүшесі, қатынас жолдары инженерлері Түркістан комитетінің мүшесі) сайланды. М. Тынышбаев қызметтен босағаннан кейін оның орнына М. Шоқай президент болып тағайындалды [17, 43-б.]. С. Сейфуллин осы тарихи оқиғаны былай сипаттайды: «Қоқанд. 2 декабрь, 27 ноябрде Қоқантта өлейет, мұсылман сиезі болды. Жерлі (жазылғаны солай – А.Қ.) Түркістан автономиясы жарияланды. Халық шаттықпен қарсы алып тұр. Уақытша ұлт мәжілісі-жаңа үкімет сайланды, январда Түркістанның учредительный собраниесі шақырылады. Үкіметтің уақытша тұратын орны Қоқант қаласы. Қайратден Болғанбайұлы». Баяғы «Қоқан автономиясы» деген осы. Қоқанда «Алаштың» біраз «оқығандары» сарттардың, ноғайлардың байларымен жиналып отырып, өздерін өздері барлық Түркістанның «үкіметі» қылып сайлап, автономия жариялаған. Үкіметтің бастығы: Мұқаметжан Тынышбайұлы, мүшелері Мұстапа Шоқайұлы және басқалар. Міні, бұл үкіметтерін «сайлағаннан» кейін Мұстапа Шоқайұлы Орынборға өздерінің «2-жалпы қазақ-қырғыз» сиезіне барған. Сиезде Жетісу мен Сырдария қазақтарының Түркістан автономиясына қосыла қоймағанын аңғартқан. Сүйтіп, ол «ерің» екі «үкіметке» мүше болған...» [18, 93-б. ]. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда өткен сиезде расында да Түркістан автономиясының министрі М. Шоқайдың баяндамасын тыңдаған. С. Сейфуллин съездің өту алғы шартын: 1917 жылы апрельдің 2-8-де Орынборда Торғай облысының сиезін жасады. Торғай сиезіне Орал, Ақмола, Семей, Сырдария, Бөкей облыстық комитеттерінен өкілдер шақырды. Торғай сиезінен бұлар өздерінше бірсыпыра ірі мәселелер қозғады. «Қазақстандық жалпы сиезі құрылысын» деп қаулы шығарды. Сиезге жоба жасап, шақырылатын уақытын, орынын белгілеуге сегіз кісіден бюро сайлады. Сайланған бюроның басы «Қазақ» газетінің шығарушылары: Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Қадырбайұлы болды. Сөйтіп, «Қазақ» газетінің жазушылары бас болып, Торғайдың облыстық жиналысында сиез шақырылатын бюро сайланып, «жалпы қазақ жиналысы» деп сиез құрмақ болды. Бюро кешікпей «Қазақ» газетіне «жалпы сиез болады» деп жар салды. Сиезді «Бірінші жалпы қазақ сиезі» – деді. Сиез Орынборда 1917 жылы июльдің 20-сы кезінде ашылмақ. «Қазақ» газетінде Қазақстанның әр облысынан сиездеріне қанша өкілдер шақырылғаны жарияланды. Іле Орынбордан телеграмм келді. Сиезде қаралатын мәселелерін қозғады. Қаралған мәселелер: Жалпы Россияның мемлекет құрылысы; Қазақ облысының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция мәселесі; Земство; Оқу; Сот; Дін мәселесі; Әйелдер мәселесі; Учредительное собраниеге даярлану; Жалпыроссияның мұсылман советі; Қазақтың саясат партиясын жасау; Жетісу оқиғалары; Жалпыроссия федералистерінің Киевтегі сиезіне қазақтан кісі жіберу, Петарбордағы оқу комиссиясына кісі жіберу. Міне, сиездерінде қаралатын мәселелер осылар – деп жазды. Жалпы тарихи мәселелер жөніне келгенде Сейфуллиннің деректерді сондай дәлдікпен, ұқыптылықпен жазғанына қайран қаласың, тарихшылардың жазғанынан бәлендей алшақтық жоқ екеніне көзіміз әбден жетті. Өзі айтқандай: «Үйткені мен бұл кітаптың көп жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім» – дегені дәл келді [18, 74-75, 6-б.]. Жоғарыдағы облыстық, уездік съездер «Бүкілқырғыз съезі (Жалпықазақ съезін-А.Қ.) өткізілсін» деген қаулы қабылдайды. Съезді жедел шақыруға себеп болған сол уақыттағы саяси хал-ахуалдың шиеленісуі болды. Елді аштық жайлайтынын білген қазақ зиялылары бас қосуды, автономды ел болуға тезірек ұмтылды. «І-ші жалпықазақ сиезі» киргиз-А.Қ.) Орынбор қаласында, 1917 жылы шілденің 21-26 күндерінде өткізіледі. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысады. Сиезде қаралған он төрт мәселенің бірі – қазақтың саяси партиясын, қазақ автономиясын құру еді. «Көріп отырғанымыздай, қазақтың демократияшыл жұртшылығын қазақ мемлекеттігі, демократиялық реформалар, ұлттың саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғышарттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. «Мемлекеттік басқару формасы» мәселесі бойынша съезд: «Ресейде демократияшыл федерациялық парламенттік республика болуға тиіс» – деп жазды; съезд қазақ облыстары «облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс» деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу қазақтары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Съезд өлке еңбекшілерін Жетісудің ашыққан қазақ халқына тез арада және шын мәнінде көмек ұйымдастыруға шақырды» – деп жазды архив материалдарынан алынған деректерде [17, 31-б.]. 1917 жылы ел-елге үгіт-насихатпен жаз-күз айларында «Алаш» өкілдері шықты. С. Сейфуллин – Бұл туралы 1917 жылғы ноябрьдің 21 дегі «Қазақ» газетінің 25 нөміріндегі, Бөкейханұлының Семейге қалай, кімдер күтіп алғанын жазған «Сарыарқа» газетінен көшірген мақаланы көріңіз. Ол газеттерге қарағанда Бөкейханды құрметтеп Семейден алдынан шығып сөйлеушілер:

Шайқы Мұсатайұлы.
Ахметжан Қозыбағарұлы.
Маннан Тұрғанбайұлы.
Сұлтанмақмұт Торайғырұлы.

Аймауытұлы. Тағы басқалар [18, 86-б.].

С. Сейфуллин мен С. Торайғыровтың жазғанында ешқандай өзгешелік жоқ. С. Торайғыровтың «Әлиханның Семейге келуі» (Сейфуллиннің жазып отырған газеті осы – «Сарыарқа» – А.Қ.) «Сарыарқа, 1917, 30 октябрь, №18, 1917, 13 ноябрь, №20» мақаласы жарияланды. Ә. Бөкейхановты Мұстақым Һәм Тарабев автомобильмен поездан күтіп алады. Шынжан Мұсатаев келгеніне құтты болсын айтып, Ахметжан Қозыбағаров, Мәнен Тұрғынбаев сөз сөйлейді. С. Торайғыров:

Көш бастаған еріміз!
Қуанышта еліңіз.
Төбеміз көкке жеткендей,
Көкіректен бүгін кеткендей,

Сізді көріп шеріміз.
Еліңіздің бұл шағын,
Алаш туын һәм бағын,
Көзбен көріп төленді,

Көптен бергі теріңіз.
Алаш туы қолға алған,
Қараңғыда жол салған
Арыстаным келіңіз! –

деп арнау өлеңін оқиды. Онан соң оқушылар атынан Аймауытов сөйледі: «Қараңғыдан қан жылап қаңғырған күнде басыңды алаш жолында құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес. Өміріңді жіберген жолың, біз інілеріне жағып қойған шамшырақ. Жасасын сүйреген алашың! Жаса сабазым! Онан соң басқалар тарапында сол реттес сөздер айтылып болған соң Әлихан ағай тұрып жұртқа қарап аман-сәлем құттықтауды қабыл алғанын білдіріп қысқа ғана сөйледі: «Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет! Бірақ ұғыну керек: бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісі. Жүз жылдан бері бостандық үшін атылған, асылған солар. Рахметті соларға бұрын айту керек. Бостандыққа қуансаңдар мені басшымыз деп айтқандарың шын болса міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: бишараны жемеуге партияны қойып бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге барлық күштереңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек. Міне, бостандық болғалы осыларды қылып отырған шығарсыңдар. Осыларды қылмасаңдар, бостандық өзінен-өзі сендерге түк әкеп бермейді». Бұдан соң жұрт ертең Алаш қаласына барып, Әлихан мен Әлімханның Сибирь съезінде сөйлеген сөздерін тыңдамақ болып тарады. ... Учредсобраниеде қазақтан барған депутаттар Россия патшасының автономия (Ауыздықсыз) болуын қолдау керек. Автономия үш түрлі: 1) қаны біргелік; 2) жері біргелік; 3) шаруасы біргелік. Қазақ жері біргелік автономияны қабылдап Сібірге қосылғаны пайдалы. Қазақ болып жеке автономия сұраудың әзірге кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған жоқ. Қай күні жүргізуге қарап, Сібірдің автономия сұрасаң, бөгет қылмайды: бұл Сібір съезінде жобаға кірілді. 2) Сібірмен қосылсақ, Россиядағы автономиялы халықтың бәріне сыбаға үлестіретін кең қазан – думада елеулі боламыз, табақ жылдам таратылады, кезек ерте тиеді, себебі: Сібір автономиясында қазақ қосылып көптік бар, елеулі әскер бар, елеулі білім мәдениет бар, елеулі ішкі Россияға кететін шаруашылық нәрселері бар... Бөлек автономия боламыз десек, надандықтан басқа түгіміз жоқ, бізге кең қазаннан сыбаға жылдам тие қоймас. Сыбағамыз Сібірдің шағын қазанынан жылдам тиіп отырар. 1915 жылдан бостандыққа дейін Россия думасында, біз тұрсын мәдениетті Сібір сөзін сөйлеуге де 3-4-ақ кезек келді. Ол қараңғы уақыт болғанымен де, ғибрат алмауға болмайды. 3) Сібір думасында якут, бурят басқа бұратаналармен қосылып, көпішілікті яки тең түсуді аламыз. 4) Қоныстас мұжық қазақтың жеке автономия сенің ішінде қалам демес, араларындағы қазақтар жерін оларға қалдырып кете алмас. Сібірге қосылуға мұжық даяр. Ал Түркістанмен бірге автономия алу қойны-қоншыңа тас толтырып, Ертіске сүңгумен бір есеп. Себебі: бізден қараңғылығы 10 есе, үлгі, үміт ете алмаймыз. Ташкент городской управасында сарттың гласныйлары, «обаға қарсы ем керегі жоқ» деп жасаған қаулылары автономия арбасына есек пен түйе жегіліп оңбайтындықты көрсетеді. Бұл заманда Бұхардың көзілдірігін киіп, сарт көзімен дүниеге қарайтын кісілеріміз жалпының көбі десек те болады. Сондықтан жоғарғы Ташкенттің соқыр гласныйлары қазақтан жолдасты көп тауып, бүктеп отыруын болжауға көп әулиелік керек емес – деген сөзін келтіреді.

Жиылған жұрт ақырында:
Алаш туының астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз!
Алаш деген ел үшін,
Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген ел үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын барымыз!
Жасасын, алаш, жасасын! –

деп тарқасады [19, 151-156-б.]; [20]. «Екінші қазақ-қырғыз сиезіне» қатысты Қ. Мұхаметханұлының «Жас алаштың» тілшілеріне берген сұхбатынан үзінді келтірелік: «Қазақ» (Орынбор) газетінде 1917 – жылы, қарашаның 14-і күні жарияланған хабарлама – мақаланың қысқаша мазмұнын келтірейік. «Заман жаманға айналды. Келешек қараңғы, қорқыныш зор. Осындай бүліншілік заманда, аяқасты болып, қорлықта қалмауымыздың қамын кеңесу үшін, екінші жалпықазақ сиезін шақыруға қаулы қылып, Орынбордағы оқыған қазақтар төмендегі жеделхатты қазақ облыстарына және уездеріне беріп отыр. Жеделхат сөзі: Бүкіл мемлекет қазір бетімен жайлып кетті. Кешікпей талан-тараж, қырғынға айналатын түрі бар. Алалық, алауыздық, біреуге біреу сенбеу күшейді. Әр адам, әр халық өз қамын ойлап, өзін-өзі қорғайтын күн туды. Бұл болып жатқан уақиғалардың түбі неге соғатынын жалпы қазақ артық сезе қоймайтын шығар. Бұл уақиғалардың түрі жаман. Қам қылмай, қол қусырып отыра берсек, алдымен қазақ халқы сорлайтын түрі бар. Соның үшін біз жанымызды, малымызды қорғау жайын ойлау керек. Өзімізді өзіміз қорғау үшін бізге жалпықазақ милициясын құру керек. Бұл мәселе шұғыл және аса зор болғандықтан, төменде қол қоюшылар, халыққа сенімді, құрметті ақсақалдарды, оқығандарды шақырып, өз күшімізбен қазақ милициясын құру жайын кеңесуге, жалпықазақ сиезін жинауға қаулы қылдық. Егер біз өзімізді өзіміз қорғай алмасақ, бүліншілік зорайып, қиыншылыққа айналғанда, қазақ халқы құрбан болады. Соның үшін милиция құрудың үстіне, сиезде қазақ халқының жұрттығын жоғалтпау үшін не қылу керек деген зор мәселе де қаралады. Алаш баласының басына бір сын күн туды. Өтінеміз, қалайда болса, 5 желтоқсанда Орынборға әр уезден жұртқа қадірлі екі ақсақалдан және әр облосной комитеттен екі оқыған кісіден жіберіңіздер»... Бұл жеделхатта айтылған, уез басы екі ақсақал және облосной комитеттен шақырған екі зиялының үстіне, айрықша жеделхат беріп, мынау кісілер шақырылды: «Ұран», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Тіршік» газеттерінен және жаңа ашылған қауымдардан бір-бір өкілдерден). Қазы Ғұмар (Омар) Қарашұлы, қазы Қайырша Ақыметжанұлы, қазы Ғабдолла Ешмұқаметұлы, Ақыметжан Оразайұлы, Қожахмет Оразайұлы, Құрмамбек Бірімжанұлы, Жаймұқамбет Жанқожаұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Басығараұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Халел Досмұхамбетұлы, Жаһанша Досмұхамбетұлы, Уәлихан Танашұлы, Бақыткерей Құрманұлы, Жанғожа Мергенұлы, Ешенғали Арабайұлы, Ораз Тәтіұлы, Шонан ақсақал, Отарбай қажы Қондыбайұлы, Ақыметкерей Қосыуақұлы, Нұрлан Қияшұлы, Нұрмұқамбет Сағынайұлы, Шәңгерей Бөкейұлы, Есенғұл қажы Маманұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Салық Қарпықұлы, Сапар Наурызбайұлы және Ілияс қажы Жанғараұлы. Сиез шақырушы комиссия мүшелері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сағындық Досжанұлы, Елдес Омарұлы. Осы шақыру бойынша сиезге Қазақстанның барлық сегіз болысынан өкілдер келіп, «Жалпы қазақ-қырғыз сиезі» 1917 жылы, желтоқсанның 5-13 күндері Орынбор қаласында болып өтті. «Сарыарқа» (Семей) газетінің 1918 жылғы, қаңтардың 25-і күнгі 29-санында сиез шақырушылардың, съезге келген өкілдердің аттары аталып, сиезде қаралған мәселелер және «Жалпы – қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы» жарияланды. («Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысын» төменде Сейфуллин мәліметі бойынша береміз-А.Қ.) [21]. Қ. Мұхаметханұлы айтқан адам аттары С. Сейфуллинде: Омар Қарашұлы, Ақмет ишан Оразбайұлы, Қожамбет Оразайұлы, Құлмамбет Қанқожаұлы (Жаймұқамбет Жанқожаұлы), Жүсыпбек Басығараұлы, Мұстапа Шоқай, Қалел Досмұқаметұлы, Жанша Досмұхамбетұлы, Ораз Мәтиұлы, Отарбай қажы Қандыбайұлы, Нұрмақамбет Сағынайұлы, Илияс қажы Жанғараұлы – біраз өзгеріспен жазылған [18, 88-89-б.]. ІІ қазақ қырғыз съиезі 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өтеді. С. Сейфуллин: «Жалпы Қазақ-Қырғыз сиезінің қаулысы» деген ұзын мағлұматты «Қазақ» газетінен көшірген («Сарыарқа» газетін айтады-А.Қ.). Оның басы былай басталады: «Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы». Съезге шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Сағындық Досжанұлы және Мержақып Дулатұлы. Съезге түрлі ұйымдардан және газеттерден мынандай уәкілдер келді: Мұртаза Нұрсейітұлы, Абдархман Мұртасынұлы, Әбілғазиз Өлкешұлы, Бернияз Кулейұлы, Әбілқамит Жүндібайұлы, Әбілғазиз Мұсаұлы, Қошмұқамет Кемеңгерұлы және Қайретден Болғанбайұлы. Арнап шықырылғандар: Бақыткерей Құлманұлы, Жанша Досмұқамбетұлы, Омар қази Қарашұлы, Әбіл қази Ешмұқамбет ұлы, Мәди Мақұлұлы, Қалел Досмұқамбетұлы, Есенғали Арабайұлы, Ақыметкерей Қосуақұлы, Уәлитқанұлы, Жанқожа Мергенұлы, Салық Қарпықұлы, Отарбай қажы Құндыбайұлы, Мұстапа Шоқайұлы және Ильяс Жанқараұлы. Съезд бастығына сайланғандар: Председателі Бақыткерей Құлманұлы. Серіктері: Әлихан Бөкейханұлы, Қалел Досмұқамбетұлы, Әзімхан Кенесарыұлы, Омар Қарашұлы. Секретарьлары: Дәулетше Күсепқалиұлы, Мержақып Дулатұлы, Сейдазым Кәдірбайұлы. Жиылысты ашылар алдында Әлихан: «Былтырдан бергі шаршы топта сөйлеп бәйге алған осы сиезге шақырылған, ардақты шешен Ораз ақсақал Тәтиұлы өлді. Жиылысты, марқұм Ораздың рухына дұға қылып басталық», – деді. Жиылған жұрт марқұм Ораздың рухына дұға қылып, кеңеске кірісті... Съезде қаралуға қойылған мәселелер: 1. Сібір, Түркістан автономиясы және Юговосточный союз туралы, 2. Қазақ-қырғыз автономиясы, 3. Милиция туралы, 4. Ұлт кеңесі, 5. Оқу мәселесі, 6. Ұлт қазынасы, 7. Мүптілік мәселесі, 8. Народный суд, 9. Аулное управление, 10. Азық-түлік мәселесі. Қаралған мәселелер туралы сиез қаулылар алып, пәлен миллион ақшы, пәлен мың әскер жиюға қаулы қылып, оларды әр облысқа бөліп салып, «Алашорда» үкіметін сайлады.

«Алашордасына» мына адамдар сайланды:
Бөкейліктен – Уәлихан Танашұлы.
Оралдан – Қалел Досмұқаметұлы.
Ақмоладан – Айдархан Тұрлыбайұлы.

Торғайдан – Ақымет Бірімжанұлы.
Семейден – Қалел Ғаббасұлы.
Жетісудан – Садық Аманжолұлы.
Сырдариядан – Мұстапа Шоқайұлы.

Облыстардан тысқары:
Әлихан Бөкейханұлы.
Жанша Досмұқаметұлы.
Әлімхан Ермекұлы.

Мұқаметжан Тынышпайұлы.
Бақыткерей Құлманұлы.
Базарбай Мәметұлы.
Отыншы Әлжанұлы.

Оларға орынбасарлыққа сайланғандар:
Ғайса Қашқынбайұлы.
Түсіпбек Жақыпбайұлы.
Ережеп Итбайұлы.

Сатылған Сабатайұлы.
Есенғали Қасаболатұлы.
Батырқайыр Ниязұлы.
Мұқыш Поштайұлы.

Сейілбек Жанайдарұлы.
Сәлімгерей Нұралиханұлы.
Омар Алмасұлы.
Сейдазім Кәдірбайұлы.

Аспандияр Кенжеұлы.
Астабыс Капитан Бегімұлы.
Есен Тұрмағамбетұлы.
Жанеке Сұлтанбайұлы.

«Алашордасының» бастығына:
Әлихан Бөкейханұлы.
Бақыткерей Құлманұлы және
Айдархан Тұрлыбайұлы, тасқа салынды.

Сайлаушы – Сайламаушы
Әлиханды 40/18
Бақыткерейді 19/39
Айдарханды 20/38

Сөйтіп, «Алашордасның» бастығына Әлихан Бөкейханұлы сайланды. Оқу комиссиясына:

Ахмет Байтұрсынұлы,
Мағжан Жұмабайұлы,
Елдес Омарұлы,
Биахмет Сәрсенұлы,

Телжан Шонанұлы сайланды [18, 90-92-б.].

Автономия мәселесі. Түркістан автономиясының министрі Мұстафа Шоқайұлы Түркістан автономиясы жайлы баяндады. Комиссия атынан Халел Ғаббасұлы ұлт автономиясы және милиция туралы баяндама жасады. Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кеткендігін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күйі нашарлауын және бұл бүліншілік біздің қазақ-қырғыздың басына да келуін мүмкін деп ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін үкімет керектігін ескеріп, сиез бір ауыздан қаулы қылды: Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі –халқы қазақ, қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі Автономия құруға;

ІІ. Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын.

ІІІ. Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын. ІV Алаш автономиясының мизамын Бүкілруссиялық учредительное собрание бекітеді. V. Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі, бүкіл мекемеде санына қарай орын алады. Алаш автономиясының қолында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт және мәдени автономия беріледі. VІ Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен, уақытша ұлт Кеңесі құрылсын: мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап, қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады.

VІІ «Алашордасы» халық милициясы.

VІІІ «Алашордасы» тез уақытта Алаш автономиясының құрылтайын шақыруға міндетті болсын. ІХ. «Алашордасына» сиез тапсырмасы: 1) Ұлт қазынасына қарыз ақша алуға, 2) Өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайын сөйлесуге, бірақ мұның шарттарын, бекітуші Алаш құрылтайы болып табылады. Х Ұлт құрылтайына «Алашордасы» автономия мизамының жобасын даярлап, кіргізеді. Сиез осындай қаулы қабылдайды. Одан соң, автономия қашан жариялау мәселесі сөз болады да, милиция мәселесіне тоқталады. Милиция мәселесі: Бұл мәселе хақында баяндаманы тексеріп қарап және осы күнге мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз, қазақты мұндай бүліншіктен қорғау үшін сиез төмендегі қаулыны қабыл етеді:

Ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс.

Қаулыда одан әрі: қай облыста қанша милиция болатыны, олардың еңбекақысы, қару-жарақ сатып алуға, т.б. қажетті қаржы мөлшері көрсетіледі. «Алашордасына» сайланған адамдардың аттарын атап, тізімін бергеннен кейін Алашорданың бастығын сайлау тәртібі берілген. (Бұл туралы жоғарыда жазылды-А.Қ.). Халықтық милиция және оқу комиссия Алашордасының шығынына жиылатын ақша әзірге ұлт қазынасы болып табылады.

Түпкілікті ұлт қазынасын, түзеу «Алашорданың» міндеті.

Азық-түлік мәселесін және өкілдердің бұл туралы берген мағлұматын сиез тексеріп, мынадай қаулы қылды:

Азық-түлік жұмысын сайланған земстволар ешбір тоқтаусыз өз қолына алады. «Алашордасы» әрбір облыстағы астықтың ұзын санын біліп, астығы жоқ жерге астығы мол облыстардан астық алып беруге міндеткер. Қырғыз-қазаққа сатып алынған астықты азық-түлік комитеттері тоқтатпас үшін «Алашордасы» қам қылады. Алаш автономиясы жақын арада жарияланатын болған соң, бағдарламада көрсетілген мүфтилік, народный сот, ауылнай управление сиезде қаралмай, кейінге қалды. Ел ішіндегі народный сот ешбір жұмыс бітіре алмайды және халыққа сенімді емес. Ел ішінде ұрлық күннен-күнге күшейіп бара жатыр. Соның үшін ұрлықты тиятын уақытша сот құру және соттың тәртібін түзету «Алашордасының» міндетінде. «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Жалпықазақ – қырғыз сиезінің қаулысының» негізгі мазмұны осындай. «Сарыарқа» газетінде, 1918 жылы, қаңтардың 22-сі күні жарияланған бас мақаласында Әлімхан Ермекұлы былай деп жазады: «...Желтоқсанның 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт отанды болды. Автономия – бізге өмірлік мақсат еді.Алыстағы жұлдыз еді. Іштегі дертті айта алмай, күрмеліп жүрген қызыл тіл бұл күнде дүние жүзін жаңғыртып, Алаш ұранын шақырып отыр. Алаш! Алаш! Көтер басты, уақыт жетті, сүртелік көзден аққан қанды жасты. Алаш автономиясына құран оқылып ат қойылғанда, жалпы қазақ съезінде ел ішінен келген қария ақсақалдардың еңіреп жылағаны болып еді. Ерлердей ұмтылып 6 миллион халқы, тұтас жері бар қазақ жұрты қарап отырып қалса, жұрттығын жоғалтып, өзін-өзі тірідей көмгені. Иншалла! Сенеміз: Алаш туының астына жиылмайтын қырғыз-қазақ баласы болмас, тігілген Алаш туын құлатпас, деп. Жасасын Алаш автономиясы! Әлімхан». «Сарыарқа» газетінің сол күнгі санында жарияланған Халел Ғаббасұлының мақаласынан: «...Ел басынан милиция қазметіне алынатын жігіттердің ат-тонын, сайманын тездікпен дайындап, айтқан жеріне жеткізу керек. Қазақ-қырғыздың уақытша үкіметі – «Алашорда» «Алаш» (қазіргі Жаңасемей) қаласына келіп, автономиясын жариялағаннан кейін, қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметіміз осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, неше-неше қиын-қыстау жерлерден бұл күнге дейін аман өтіп, тарих жүзінде жоғалмайтын біріктігін көрсеткен Алашұранын қазақ-қырғыз балалары мына өмір сынынан да аман-есен аяғын шалдырмай өтер деп сенеміз. Ғаббас:

Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді ешкімнің Алашты
Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз –
Жасасын Алаш, жасасын!

Сөйтіп, «Алаш» автономиясы жарияланып, уақытша Алашорда үкіметі құрылады. 1918 жылы қыс ортасында Семейде қазақ жігіттерінен милиция ұйымдастырылады. Милицияны басқарушы – офицер ретінде, Семей мұғалімдер семинариясының оқушысы –семинарист Қазы Нұрмұқамбетұлы тағайындалады. Бұл кезде Қазы, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев бәрі бір класта, 3-курста оқиды. Атты милицияларды жаттықтырып – ойнатып жүрген кезінде, большевик солдаттары, Қазыны атып өлтіреді. Осы уақиғаның ішінде болған Бейімбет Майлин «Сарыарқа» газетінде, 1918 жылы наурыздың 18 күні, жарияланған «Тұңғыш құрбан» атты көлемді мақаласында қайғылы халды және сол кездегі жалпы ахуалды толық баяндап береді. Сондықтан бұл мақаланы түгел келтірейік. Тұңғыш құрбан. Соңғы жалпы-қазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша, Семейде атты-жаяу милиция құрылған еді. Мұны соңғы кезде, большевиктер ұнатпай, «Ойныңды тоқтат, мылтығыңды бер» деп мінез көрсетіп жүрді. Оған біздің милиционер-қорғаушылар өз жүректерінде ұлт сақтаудан басқа ешкімге қастық қылатын ниеті болмаған соң, қарсы да келмеді, ойынын да тоқтатпады. 6 наурызда таңертең сағат тоғыз шамасында Алаш қаласында мылтықсыз ойнап жатқан атты қорғаушылардың жанына 10-15 солдат келіп, еш себепсіз мылтықты бір-екі басып қалады. Ешкімге оқ тимейді. Мылтық дауысы шыққан соң, бірлі-жарымды жігіт қашуға айналғанда, милиция бастығы, учительская семинария шәкірті Қазы Нұрмұқабетұлы жігіттерге айқайлап: «Қайда барасыңдар? – Жазықсыз өлсек өлейік, бірімізді қырмас» деп, тоқтау айтып, өзі орнында тұрады. Сол арада мылтық үсті-үстіне атылып, Қазының өзіне де, атына да оқ тиеді. Оқ жүректен тиген. Есіл жас сол арада жан тапсырды. Марқұмның жолдастары ботадай боздап, басын құшақтап, шуылдасты. Көрген, естіген жан қайғырды... Ертеңіне халық көп жиналып, жаназасы шығырылды. Алғаш Алаш жолында құрбан болған жас бағыланды ұмытпасқа белгі болып қалсын деп екі рет суретке басылды (бірі қанды киіммен жатқан халінде, екіншісі халық жаназа оқып сапта тұрғанда, табыттағы жатқанын). Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін, Шәкәрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі: «Әлеумет! Мына жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл өлген жоқ. Бұл бүгінгі және мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар, мына мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті.

Марқұмның аты да Қазы еді. Қазы – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті. Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ. Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. Мұның үй-ішінің міндеті седердің мойындарыңда, Бір кішкентай көзінің қарашығы (бір жасар ұл баласы) қалыпты. Соны тәрбиелеп адам қылу, бәріңнің – барлық Алаштың мойнына парыз. Және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар, Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде, мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан! Қадіріңді біліп құрметтей алмасақ, кешу қыл, қош! Қабірің нұрлы болсын! – деді. Жиылған әлеумет жылап-еңіреп жіберді. Содан кейін Міржақып Дулатұлы тұрып мынаны айтты:

Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабырді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді,
Тұрсыңдар бәрің жабығып?!

Жалғызы ма еді біреудің,
Тілеп алған зарығып?
Байы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жамыбылып?

Би мен бектің бірі ме ед,
Жылардай жұрты сағынып?
Хназада яки сейіт пе,
Қарашы шулар қамығып?

Жоқ, әлеумет,
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,

Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан да емес,

Бусанып жатқан жас қабыр
Иесін мұның айтайын:
Мақсұты ұлттың жолына,
Туын ұстап қолына,

Жас өмірін пида еткен,
Жар жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өлген данасы!

Жүректен жалғыз оқ тиген,
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны,
Аяулы жолдас, Қазы жас,

Қош бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың,
Қабыл болып құрбаны,
Алашты Құдай оңдасын!...

Жиылған халық қамығып, көңілі босап көзіне жас алды. Бұлардан кейін Райымжан (Мәрсекұлы), Жанғали қажы, Мұстақым (Мадыбайұлы) сөз сөйледі. Ақырында Қазының бірге оқып жүрген жолдасы Жүсіпбек (Аймауытұлы) еңіреп тұрып: «Жан бауырым, жолдасым! Қош бол, жасаған алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын! Талаптандың, талпындың, оқып қатарға кірдің. Бұл күнде мынадай мезгілсіз қазаға душар болдың, өкінбе. Ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін өлдің. Кеудеңде бір-ақ арманың кетті. Ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз оққа ұштың: тым болмаса ұлтыңның бақытының шетін көре алмай кеттің. Қош бауырым, жолдасым, қош, деп көзінің жасын тия алмай, сөзін әзер тоқтатты. Сөйтіп, 7 наурызда, бейсенбі күні Алаштың тұңғыш құрбаны баянды сапарына жөнелтіп, жұрты тарқасты. Сол күні біздің басшы азаматтар Қазының жолсыз өлгені туралы большевик бастықтармен сөйлесті. Олар: «Біз мұндай жұмысты істе деп, ешкімге бұйырғанымыз жоқ. Өз бетімен істеп жүрген бұзықтардың жұмысы», деп, оқ атқан солдаттарды айыптапты. Сонан кейін атушы солдаттар военно-революционный сотқа берілді. Қазы марқұм жасы 22-де, Семей уезі, Еңірекей болысында, Сыбан деген рудан еді. Жасынан кедейлікпен алысып, талабымен оқып келіп еді. Семейден екі класты школды бітіргеннен кейін, бірер жыл бала оқытып, пұл жинап алып, 1915 жылы семинарияға түсті. Оны ендігі жылы бітіремін деп жүргенде, ұлт тілегін зор көріп, бірге оқып жүрген жолдастарымен милицияға жазылды. Қыс ортасынан бері атты милицияны басқарып тұрушы еді. Марқұм ақ көңіл, талапкер, жігерлі, ұлтшыл жас еді. Ұлтшылдығын көрсетті, ұлтының жолында жанын құрбан қылды. Жасаған есесін толтырып, кейінгі жастардан орынбасар шығарсын. Басшы азаматтарымыз және областной қазақ комитеттері кеңесіп, марқұмның басына тас қоюға және жақсылай белгі-бейіт салуға қаулы қылды. Қазидың оқуға жасы жеткен бір інісі бар еді. Соны оқытуға степендия ашты. Кәрі ата-анасына және қатынбаласына жеті мың сом ақша бермек болды. Жастар ұйымы марқұмның жетісі толған күні жұртты шақырып, құран оқытты, дұға қылдырды. Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, тарихта аты қалар. Бір-ақ біздің бұдан үлгі алып, жүрегімізді соның жүрегіндей қылуымыз керек. Рухың шат болсын, шейіт болған Алаштың бір баласы! Біз де сенің ізіңде. Қош жолдасым!». Бейімбет (Майлыұлы). Қазының өлімі, Омбы қаласында оқып жүрген қазақ жастарын да терең тебірентті. Омбыдағы «Бірлік» атты жастар ұйымының басшылары: Смағұл Садуақасұлы, Қощке Кемеңгерұлы, Ғаббас Тоғжанұлы және Асхан Сайдалыұлдарының көңіл білдірген жеделхаттары «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы, сәуірдің 15 күнгі санында жарияланыпты: «От жанды, ұлт қанды, есіл қыршын жас Қазы бауырымыздың мезгілсіз қаза тапқанына өте қайғырамыз. Бірақ Қазының арманы жоқ, ұлт жолында тұңғыш құрбан болды. Жастарға жолбасшы жұлдыз, түпкі идеал болды. Біздер Қазиды және оның үлгілі жолын ұмытпасқа, Құдай алдында, ар алдында уәде бердік. Сол уәдеге бірінші негіз салу үшін 20 сәуірде қазақша ойын жасап, түскен саф пайданың жартысын, артта қалған бір жасар ұл баласының тәрбиесіне бермекші болдық. Және басқа уақыттарда жәрдем көрсетіп тұруға қаулы істедік. «Бірлік, қауымының жастары» [21]. Түйін. «Алаш» партиясының ұлттық идея жолындағы ұзақ күресі осындай қайғылы жағдаймен аяқталды. Қазақтың тұңғыш милиционері қаза тапты. «Алашорда» үкіметі қазақ елін тығырықтан алып шығар нұрлы жол іздеді. Қилы заманда адаспай қазақ халқын дұрыс бастай білу сол кез үшін ұлы ерлікпен тең болды. «Алаш» өкілдерінің, зиялыларының қандай да қиыншылыққа қарамастан елдің, халқының қамын ойлады. Келе жатқан апат – ашаршылықтың алдын алу жолындағы ізденістері тіпті керемет. Бұрынғы замандағы Алпамыс жырындағы «Жиделібайсын», Нұқ пайғамбардың кемесі қалған «Қазығұрт», Білге қаған, Күлтегін іздеген «Өтүкен қойнауы», Асанқайғы іздеген «Жерұйық» одан қала берді ақын-жыраулардың өткенді аңсап жырлаған жырлары, қазақ даласындағы дүркін-дүркін болып тұрған азаттық жолындағы көтерілістер бәрінің сайып келгенде бір ғана ұлттық идеясы болды ол – «Мәңгілік ел». Ұлттық идеямыз «Мәңгілік елге» жету, сақтап қалу жолындағы: жер, су, тіл, дін, тарих сияқты құндылықтарды баянды ету әр қазақ халқының басты және ең негізгі міндеті болып табылады. Сөз соңында, Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай, 1916 жылы Алаш көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығы, 2017 жылы «Алаш» қозғалысының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Алаш» зиялы-өкілдерінің құрметіне Астана қаласында «Алаш» аллеясы ашылып, барлық алашшылардың аты-жөні тасқа қашып жазылып, монумент соғылса. Большевиктердің қолынан бар жоғы 22 жасында оққа ұшқан «Алаштың» тұңғыш милиционері Қазы Нұрмұқабетұлына алашшылар басына белгі тас қоямыз деген еді ол арман орындалмады. Сондықтан да, тұңғыш милиционерге биік етіп ескерткіш қойып, оған «Бірлік» ұйымының жастары айтқан: «Жастарға жолбасшы жұлдыз, түпкі идеалболды» деген сөзді алтын әріппен ойып жазып қойса, ішкі істер министрлігі «Алаштың» тұңғыш милиция-офицері Қазы Нұрмұқабетұлының ерлігін насихаттап, арнайы кітап шығаруды, кинофильм т.б. іс-шараларды қолға алғаны дұрыс болар еді. Ескерту: Ай аттары тек қана қазақтарға ғана емес орыс ұлтының тарихына да қатысты: январь, февраль, март, апрель, октябрь, ноябрь т.б. айтылады, сондықтан бұрынғысынша орысша атаулары жазылды және революция тарихи атау қазақтың төңкеріс дегеніне, сиез, съезд, полтформа, социал-демократия, перашевшылар, интеллегенция, буржуазиялық т.б.аударғанда өзінің трихи құнын жойып алатын болған соң сол күйінде қалтырдық. Одан басқа да орыс-шет тілдерінен енген бұрыннан тарихқа белгілі, кісі аты-жөнін де бұрынғы әдебиетте-ұлы деп, кейде (-ев, -ов) тіркескен, солай жазылған терминдерді де аудармай бердік. Сол сияқты, Мәшһүр-Жүсіп дефис арқылы ал, бұрынғы әдебиеттерде дефиссіз жазылған.

Абай мен Мәшһүр-Жүсіптің ақиқатын кім айтады? «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қазақ елін ықылым заманнан бері ойландырған. Аңыз ертегілерде, эпостық жырларда, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберлі, Бұқар, Шортанбай, Дулат т.б. жыр-өлеңдерінде әруақытта көрініс тауып отырған. Сондықтан да болар бұл ақын-жыраулаға пессемист, өткенді аңсайды, ескілікті жырлайды деген ат пен айдар тағылғаны. Орхон» ескерткішінде: «Өтүкен қойнауында отырсаң, Мәңгі елдігіңді сақтайсың сен, Онда түркі халқы тоқ» – дейді [1, 8-б.]. Өтүкен қойнауы, түстіктегі Шұғай қойнауы, Жиделібайсын, Жерұйық, Қазығұрт, Ит өлген жер т.б. бәрі – бірі-бірімен байланысты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының бастау көзі болып табылады. Қоқыт ата осы ұзақ жолды, табу, іздену үстінде болды. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» философиялық- фразеологизм түркі дүние танымына жақын болып, әбден орнығып, «іздену», «қозғалыс» сияқты көрініс тапты. Сөйтіп барып, әр адамның жүрек түбінен орын алды. Қорқыттың сөзінен сол – жұмақ та алыс кеткен жоқ. «Мәңілік елдің» негізгі ажырамас атрибуттары: тіл, дін, тарих екендігі баршамызға белгілі. Ұлттық идея да сайып келгенде осы аталған мәселелермен толығады. Қазақтың атымен аталатын жерде көне заманнан бері қазақ халқы тұрады. Сондықтан, «жұмақты» сырттан іздемей, өз елімізден іздеген жөн. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманды» біреу жасап береді деп, қарап отырмай өзіміз бел шешіп, жеңді сыбанып жіберіп кіріскен дұрыс болар еді. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы да «Ұлы Далада» өркен жайып, қазақтың жерін басып, нанын жеп, суын ішіп отырған барша – халыққа ортақ болып табылады. Бұл – «мәңгілік ел» атауларының тарихын бас-басына таратып жазу үшін арнайы мақала қажеттігі айтпаса да түсінікті. Қазақ елінің хандық тарихы да осы – Мәңгілік ұлттық идеясымен тығыз байланысты. «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», сияқты ерте заманда «Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, он сан Ноғай бүлгенде Орманбет хан өлгенде» – делінген бір заман болған екен. Сол заманда Қондыгер, Құбан, Қотан, Қоғам – дегендер болған екен. «Түгел сөздің түбір бір, түп атасы Майқы би» – деген бір би болған екен. Тоғыз ханды таққа отырғызған кісі екен дейді. Осылардың заманында қырық ханның бірі болған Қызыл Арыстан деген хан сол уақыттарда Бұқарада тұрып, уақытында Бұқараны түгел билеп, осы күнге бір өзіне он бес азаншы жұма күні азан айтатұғын мұнараны сол Қызыл Арыстан хан жасатқан екен деседі. Мінекей, осы Қызыл Арыстанның бір тоқалынан туған ұл баласы сауысқанның аласындай ала туып, бәйбішесі мен тоқалы бір-бірімен іштарлық қылып, сол баланы тапқан шешесімен Сырдариядан ары өткізіп жіберіңдер, өлсе, өлсін, өлмесе өз бетімен күнін көрсін дейді. Әлгі бала Майқы биге ұшырап: – Қаратаудан ары асырыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар болады. Қаракеңгір, Сарыкеңгір деген бұлақтар болады. Сол жайларды барып, ірге теуіп, салық салыңдар! Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар! – деп, Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашы боласыңдар! – деп батасын беріп, қоя берген екен. Баяғы ала баланы алашаға салып, хан көтереді. «Алаша хан» деп атын қояды. «Жауға жапқанда, Алаш!» десіп, шабайық! «Алаш» – деп ұран шақырады. Кеше: «Алаш – Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз «Алаш!» болғанда, Үш жүздің баласы Қазақ емес пе едік?!» – деп айтылған сөз сонан қалды дейді Мәшһүр-Жүсіп [2, 42-44-б.]. Майқы бидің өзі жас баланы «Мәңгілік елге» аттандырады. «Ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар!» – деп өсиет айтып жібереді. Ежелгі дәуір ескерткіштерінің мазмұнымен үндестік табады. Демек, («Алаш» атауы-А.Қ.) тарихтың ұзақ сүрлеуінен өтіп барып, «ХХ ғасырда қазақ ұлтының балама атауына айналған» – деген сөздің жаны бар [3, 398-б.]. Бір ел «Алаш» деп те, «Қазақ» деп те аталып келді. «Алты алаш» – деп жалпы қазақ елін айтты. Ұраны «Алаш» болғаны белгілі. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жолындағы күрес – қазақ зиялылары, ақындары, жазушылары, қайраткерлері, күрескерлері барда ешуақытта тоқтамады. Осындай, саяси-ұлттық күрес нәтижесінде «Алаш», «Алашорда» атауы заңды, тарихи жалғасын тапты. Сөйтіп барып, «Алаш» партиясының құрылуына мынандай саяси-тарихи оқиғалар негіз, себепші болды. Мәшһүр-Жүсіп «Мыңсегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң, Қор болып болмадың ба аяқ асты» – дейді. Мұны айтып отырған себебін, 1868 жылы қандай тарихи оқиға болып еді? Алдымен соны анықтап алайық. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдардың орта кезінде Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталды. Патшалық өкімет отарлау жолымен қанауды күшейтудің төте әдісі деп, қазақ халқын басқарудың әкімшілік реформасын ойлап тапты. 1868 жылы «Уақытша ереже» қазақ елінің жерін, суын тартып алды, қоныс тарылды, көк жайлау арман болды. 1867-1868 жылдардағы «Ережеде» айтылғандай, реформаның басты міндеті: «Россия қоластындағы халықтарды бір басқарманың шеңберінде біріктіру, жергілікті ақ сүйектерді өкімет билігінен тайдыру, қазақ даласының бірте-бірте Россияның басқа бөліктерімен қосылуына жету үшін рулық негіздерді әлсірету» болып табылды. Қазақстанның оңтүстігін басқару жөніндегі «Уақытша ереже» бойынша екі облыс: Жетісу және Сырдария облыстары құрылды; Жетісу облысының құрамына Семей облысының Тарбағатай тауынан оңтүстік-шығысқа қарай біраз жері және бұрынғы Алатау округі кірді; Сырдария облысына бұрын Сырдария әскери шебінің командашысына бағынған аудандар, сонымен бірге Қоқан хандығының жаңағы Россияға қосылған уәлаяттары кірді. 1868 жылдың «Уақытша ережесі» бойынша төрт облыс құрылды; олар: Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары. ... Сонымен, Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторға бағынды... Облыстар уездерге бөлініп, оларды офицерлерден қойлыған уездік бастықтар басқарды, олардың көмекшілері әдетте қазақтың феодал шонжарларынан тағайындалды. ... Уездер болыстарға бөлініп, оларды сайланған болыс басқарушылары басқарды. ... Болыстар, өз кезегінде, әкімшілік ауылдарға бөлінді, олардың басына сайланған ауыл старшиналары болды. ... «Сайланған» адам қашан да бай болып отырды. ... Сайлауда әдетте сатып алушылық, подлог, феодал жіктерінің тартыстары күшті болды. ... Қазақстанға Россия империясының правосы мен соты енгізілді, сонымен бірге ішінара әдеттік право мен билер соты да қалдырылды, билер соты тежеліп, ел басқарудың жаңа системасына икемделді [4, 410-412-б.]. Мұнан соң: «Қара шығын» (салық) қара халықтың басына түсті. Халықтан харадж, танап, зекет алынды. Жер мәселесін шешуде үкімет өлкені отарлау мақсаттарын көздеді. Жазу-сызу орыс тілінде болды. Пара алу етек жайды. Ислам діні тежелді. Керісінше христиан дінін таратуға күш салынды. Қоныс тарылды, қысқасын айтқанда қазақ шауасы бір аяғын көтеріп, екінші аяғын қоятындай ғана жері қалды. 1867–1868 жылдардағы реформаға қазақ халқы бейжай қарап отыра алмады, кей жерлерде қарулы көтеріліске шықты. Өкінішке орай, осы көтерілістің тарихи шынайы бет-пердесі жан-жақты ашылмай қалды. Патша өкіметіне қарсы шыққан батырлар бейнесі түгелге жуық күні-бүгінге дейін нақты анықталмай келеді. Осы орайда, «Азаттық жолында» деген энциклопедия шықса тіптен, құба-құп болар еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ең алғаш қоныс аударғандар казак-орыстар болды. Олар Қазақстанның ең шұрайлы, өзенді-сулы, орманды, тоғайлы жерлеріне әскери бекіністер салуға кірісті. Мал шаруашылығымен айналысып, өзімен-өзі бейбіт отырған Қазақтардың шүйгін, құнарлы жерлерін тартып алды. Казак-орыстар артықша дәрежеге ие болған әскери сословие еді. 1881 жылы оба ауруы жайлап, қарашекпенділер Қазақстанға жаппай қоныс аудара бастады. Ал, 1891-1892 жылдары Россия жерінде егін шықпай қалып, үлкен аштық болды. Шаруалар қозғалысы өршіп, арты қарулы қақтығыстарға апарды. Қарашекпенділер өз беттерімен лек-легімен қазақ еліне әкесінен қалған жердей қоныс аударып, үй салып түпкілікті тұрақтап қалды. Осындайда Мәшһүр-Жүсіп: «Біреу біреуге: «соңымнан қалмастай атаңның құны бар ма еді?» – дейді ғой. Сондай-ақ, атамның құны болғаны үшін, жер-судан айырылып, қаңғып қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем, үйімнен кетер емес» – деген сөзі дөп келді. Басында жүйелі реттелген қоныс аударушылар артынан бей-берекет жаппай «жиделібайсынға» көшіп, алдынғы лекке қосылып, қатарлары күнсайын өсіп отырды. Бірін-бірі сүйреген келімсектер үздіксіз ағылып келіп жатты. Жай шаруалармен бірге аннан қашқан, мыннан қашқандар да толып кетті. Оларды санап жатқан адам жоқ. Келімсектер жай келген жоқ, өздерімен бірге жаман әдеттер – арақ ішу, темекі тарту, түрме, құлып салу, ашық-шашық жүру, ашына болу, тастанды бала, анадан боқтау т.б. әкелді. Тіптен, «талпақ танау» қазақтың «төрт түлік» малдың біріне айнала жаздап, қазақтың төрінен орын ала жаздағанын айтпасақ та болады. Бірақ, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының қазақ халқы үшін прогрессивті жағы да болғаны аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Мұны айтпасақ болмайды. Орыс халқының алдыңғы қатарлы интеллигентерінің қазақ халқына іш бұрып, жасаған жақсылықтарын жоққа шығаруға болмайды. «Кетпеннің екі жағы бар бірін бассаң, бірі басыңа тиеді». Демек, казак-орыстардың қазақ елін, халқын билеу мақсатында жасаған рухани-саяси істері, біржағынан қазақ елінің ілгерлеуіне, саяси-оқиғаларға араласып, жан-жағына қарап, көзінің ашылуына, газет, журнал, кітаптар шығаруына үлкен ықпалы болды. Қазақ таласа, теперішті көре, күресе, соғыса жүріп ой-өрістері өсті, оянды. Әйпесе, қымыз ішіп, ет жеп, арқасын кеңге салып, жағасы жайлауда жүрген, жайбарақат қазақтарды ұйқыдан ояту өте қиын еді. «Оян қазақ!», «Тұр қазақ!» сияқты ұранға айналған өлеңдер тумаған болар еді. Басқа ақын-жырауларды айтпағанда, Абайдың қазақтың осы мінезін сынаған өлеңдерін мысалға келтірсек те жеткілікті. Қазақтың жауы қазақ дегендей, ру-руға бөлініп алып, өзара қырқысып жатқан қазақтар А. Байтұрсыновтың «Малшы мен Маса» мысал өлеңін еске алайық: ұйықтап жатқан малшы оятуға келген масаны өлтіріп тынды. «Алты бақан алауыз болмай» тату-тәтті ел болу үшін оқыған, көзі ашық зиялылар қазақты қара түнектен құтқарудың барлық амал-тәсілдерін жасап бақты. Ата-бабамыз «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» – деген мақалдың өміршеңдігін баяғыда-ақ дәлелдеп кеткен болатын. Сонымен, 1891 жылғы «Ереже» патша үкіметінің кезекті қазақ елін, жерін қанау, отарлау саясатын жүзеге асыратын етіп, жазылды. Мысалы, 1895 жылғы «Шербина экспедициясының» жергілікті қазақтардың мүддесін ойлағанмен, басты мақсаты басы артық жер іздеу болды. Тіпті, осы – экспедицияға қатысқан Әлиханның да алғашқы сәттегіндей емес, Ресей империясының анық мақсатын танып, білген соң бұрынғы көзқарасы өзгеріп шыққанын тарихтан білеміз. Мәшһүр-Жүсіп осы тарихи уақытты дәл, және нақты-әділ суреттеп берді: «Біздің қазақты үшке бөлсек, екі есесі жоқ есебінде, ал қалайша жоқ десең, жер-су учаске деп алды, войско деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айрылды, суырша жонға шығып, жан сақтап жүр еді. Егінге лайықты деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.

Жер-судан айрылып қалған соң,
Өз қонысынан ауған соң,
Еркекте ақыл қала ма?
Біреуден сауын сауған соң,

Ұрғашыда ақыл қала ма?

Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан береке қашып, оның үстіне алым-шағым, земіскі, ізбор деген қымбаттап, ел аралаған нашалник, шиноликлардың жалдап мінген аттарының майын төлей алмай қаңғып кетіп, Питербор, Мәскеу барсаң, орыстың малайы – қазақ, Магаржи, Ербет барсаң, ноғайдың малайы – қазақ, Бұқар, Ташкент барсаң сарттың малайы – қазақ. Сол малайлықта жалғыз-жалғыз болып қаңғып кеткендер ауырса, кім сусын беріп, кім басына жастық қойып, оған иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе, кім жаназа шығарады? Осындай кекшіліктен тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық. Бір жерде бір қазақты мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып көміп, мұжық үйінде қаннен-хабарсыз тыныш отыра береді. Егер қазақ бір орыстікіне қарсы келсе, атқанын атып, айдағанын айдап, қазақты қойдай тізіп, қойдай көгендей бастайды. Патшаға оқ атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Орыстікіне, шиноуликке, нашалникке ақша бергендер кісі өлтірсе де, кешуі болып үйде қалып жатыр, ақша бермегендер сүттен ақ болса да, атылып, айдалып, кетіп жатыр... » – деп, қазақ елінің басына түскен нәубетті ашына жазады [6, 6-7-б.]; [5, 111-124-б.]; «Орыстың демократиялық мәдениеті феодалдық-крепостниктік езгіге қарсы, патша өкіметіне қарсы күресте дамыды. ... Патша үкіметі қазақ даласына айдауға жіберген орыс революционерлері, қазақ жерлеріне келіп қайтқан орыс жазушылары мен ғалымдары қазақ өлкесін зерттеп, қазақ халқын алдыңғы қатарлы мәдениет дүниесіне тартудың қамын істеді. Олар қазақ арасынан өздеріне лайықты шәкірттер, достар тауып отырды. П.П. Семенов-Тян-Шаньский, А.Н. Бекетов, Ф.М. Достоевский, С.Ф. Дуров, Г.Н. Потанин Шоқан Уәлихановтың жақын достары болды. Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов және басқалары Абайдың достары болды. Ыбырай Алтынсаринның да өз заманындағы орыс ғалымдарының арасынан жақын достары болды. ... Қазақстанға және онымен көршілес Сибирь аудандарына айдалып келген петрашевцылар, революцияшыл демократтар – Чернышевскийдің жолын қуғандар өздерінің жүректеріне патша өкіметі мен крепостниктік тәртіпке өшпенділік, ал өз төңірегіндегі езілген халыққа тілектестік пен қадірлеу сезімін сақтады, өздерінің айналасындағы адамдар арасында өз көзқарастарын насихаттады. ... В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов сияқты ұлы революцияшыл демократтар Россияның езілген халықтарының бостандық жолындағы күресіне тілектестік білдіріп, оны орыс халқының патша өкіметіне қарсы күресімен тығыз байланыстыра қарады» [4, 461-б.]. М.О.Әуезов Абайдың саяси көзқарасы туралы: «80-жылдары Абай айдаудағы революционерлермен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың идеялары бойынша тәрбиеленген орыстың революцияшыл интеллигенциясының өкілдерімен кездесті. Михаэлис те, Нифонт Долгополов пен Северин Гросстар да Семейге жасырақ кездерінде айдалып келген еді. Абайдың осындай өз заманындағы алдыңғы қатарлы адамдармен тығыз байланысы үлкен достыққа айналды. Жаз күндері олар Абайдың аулына қонаққа келіп жүрді, қыс бойы үнемі хат жазысып жатты. Абайдың достары оның өз бетімен білімін көтеруіне айрықша зер салып, іле көмектесіп отырды, оған кітаптар тауып беріп, оның сұрақтарына әрқайсысы 70-80 жылдардағы әртүрлі саяси топтарға және ағымдарға жататын адамдар болсадағы, олар бұл жерде, айдауда жүріп, ағартушылық қызметтің ролі мен қажеттігін бәрі бірдей жоғары бағалады. ...Чернышевскийдің шәкірті Михаэлис те, революцияшыл, халықшыл Нифонт Долгополов та, поляк революционарі Северин Гросс та революцияшыл-ағартушылық қызметті өздерінің ортақ мақсаты деп білді. Патшаның шет түкпірлерге айдауы жағдайында олар өз білімдерін жетілдірді, Қазақстан мен Сибирьдің тарихын, тұрмысын, табиғи-географиялық жағдайларын зерттей отырып, өздерінің қағамдық-публицистикалық және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарында үздіксіз өсе берді. Айдауда жүрген орыстар бұл арада халық ағарту ісінің алғашқы күрескерлеріне, мешеулікке қарсы күрестің жігерлі насихатшыларына айнала түсті. Михаэлестің жазған әралуан еңбектерінен, Северин Гросстың «Қазақ арасындағы әдеттік право» жайындағы зерттеуінен, антрополог Нифонт Долгополовтың шұғылданған қазақтардың этникалық типін зерттеуінен Абайдың алғыр ақылы өзінің дамуына мол қорек алды» – деп, жазды [7, 14-б.]. «Абайдың айдауда жүрген орыс-революционерлерімен ұзақ уақыт қатты дос болуы және араласуы, оның қазақ жастарына ықпалының өсе түсуі патша әкімдерін ойға қалдырды. Ол патша өкіметіне қауіпті адам деген хабар Семейдің соғыс губернаторына және қазақ өлкесінің генерал-губернаторына дейін жетті. Абайдың ауылына, онда болатын нәрселердің бәріне жасырын бақылау қойылды. Әділдіктің батыл жаршысы, отаршылық тәртіптің жаманшылықтарын әшкерелеуші Абай патша өкіметіне қауіпті адам бола бастады. Оның істеген істерінің бәрін енді приставтар, урядниктер, болыстар үнемі көз жазбай бақылап отырды. Абай мен оның жас достары артта қалған феодалдық негіздерге қарсы, рулық надан бақасшыларына және халықты езушілерге қарсы, патшаның әкімшілік орындарына қарсы күрес ашты. Әлбетте, Абайды патша өкіметінің қызметін адал атқарған қазақ феодалдары өте жек көрді. Олар Абайға қарсы үздіксіз, жиренішті қанды күрес жүргізді. Ашық қарсы шығуға бел байлай алмай, олар күрестің ең жауыз, сатқындық әдістерін пайдаланды. Абайдың келісімге келмейтін қас дұшпаны, ру ақсақалы Оразбай өз төңірегіне дала мен қала шонжарларының Абайға наразы өкілдерін топтастырды. Олар Абайдың достарын қудалап, оның өзіне де жала жапты: губернаторлардың, уезд бастықтарының, патша соттарының кеңселерінде Абай – «ақ патшаның жауы», «халық арасында іріткі салушы», «ата-бабаларымыздың ұстаған дәстүрлерін, тағайындалған праволарын және айтып кеткен өсиеттерін бойбермей бұзушы» делінген әртүрлі астыртын арыздар беріліп жатты. Осы арыздар бойынша Абай ауылында Семей полициясының басты адамдары келіп, тінту жүргізді. Бір күні тіпті жандарм отрядымен Семей қаласы полицмейстерінің өзі келіп, бүкіл ауылға тінту жасады. Ақырында, 1897 жылы өкімет басшыларының көрінеу жол беруімен Абайдың өміріне қастандық жасалды» – дейді М. Әуезов [7, 46-47-б.]. Мінекей, осының өзі-ақ Абайдың ел-ішіндегі саяси оқиғалардан бей-жай қалмағанын аңғартады. Керек болса, «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» Абай, Мәшһүр-Жүсіп, Науан хазірет, Ш. Қосшығұловтар т.б. хат-хабар алысып, хабарласып, байланыс жасап отырғаны айдан анық. Жалпы, саяси оқиғаның бет бұрысы, бұлардың саяси-ой өрісі, ой-арманы, істері осындай шешім қабылдауға еріксізден-еріксіз әкеледі. Абайдың ауылын 1885-97 жылдары бірінші рет патша полициясы тінту жүргізуі тегін-тегін емес. Одан кейін 1902 жылы жандарм тағы да тінту жасаған. Абайдың өлеңдерімен мысалы «Алашорданың» көсемі Әлихан 1886 жылдардан таныс болып, 1903 жылы өзінің жылы пікірін айтқанын білеміз. Демек, Әлихан Бөкейханов сынды демократтар Абайдың өлеңдерінен рухани ләззат алып қана қойған жоқ, шынайы ұлттық болмыстың қандай болуы керектігін сезінді. «Алаш қайраткерлері үшін А.-дың шығармашылық тұлғасы, негізінен, екі сипатта үлгі болды. Біріншіден, аса ірі ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұны Алаш қайраткерлеріне үлкен әдеби мектеп болса, екіншіден, А.-дың ойшылдығы оның ұлтқа рухани көсем боларлық тұлға екендігін аңғартады. А. айтқан қоғамдық, әлеуметтік, ағартушылық ойлар, ол жасаған әдеби бейнелер, көркемдік жаңалықтар алаштықтар үшін қазақ қоғамында, сөз өнерін де ілгері бастайтын құбылыс ретінде бағаланды. Ә. Бөкейханның «Абай (Ибраһим) Құнанбаев», А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны», М. Дулатовтың «Ибрагим ибн Құнанбаев», «Абай», С. Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», Р. Мәрсековтың «Қазақ әдебиеті жайынан» мақалалары, М. Жұмабаевтың «Алтын хәкім Абайға», С. Дөнентаевтың «Абайға», С. Торайғыровтың «Абайды оқы, таңырқа» өлеңдері Алаш қаламгерлерінің А.-ды ақын деп қана емес, жалпы ұлтқа тұтқа боларлық құбылыс ретінде танығандығын көрсетеді. Осылайша мойындау, тану А.-дың Алаш қозғалысының мәдени-рухани бастауында тұрып, Алаш қаламгерлеріне айрықша ықпал еткенін байқатады. А.-ды Ә. Бөкейханов Еуропаның үздік ақындарына теңеуі, А. Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» деп бағалап ... жазды [8, –5 б.]. Бұл пікірге қосарымыз Абайдың әділдігінде, қарапайым шаруа адмдарына деген ілтипаты ерекше болды. Әкесі туралы Турағұл естелікте былай: «Маған десе, малай, малшы, қызметкер қатыннан да болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып жақсы көріп, ойнап, қалжыңдап отырар еді» – деген. Абай 1900-1905 жылдардағы Қазақстанда етек алған революциялық, ұлт-азаттық қозғалысты көре алмады. 1905 жылғы 9 қаңтардағы көтеріліс бірінші орыс революциясының басы болды. 1904 жылы Абай патшаның тыңшыларынан, жандарымдардың тінтуінен әбден қажыды, мезі болды. Сөйтіп, ауыр сырқаттанып, дүниеден қайтты. 1902 жылы патшалық жандармения Абайды тексеруге алады. Оған себеп Абайдың астыртын саяси-құғын көріп, жер аударылған адамдармен сөйлесіп, пікір алысуы болды. М.О Әуезов: «Семейдің ояз, жандаралдары бертін келіп, Абайды таныңқырай бастаған уағында, бұны патшалыққа қарсы ниеті бар, саяси сенімсіз адам емес пе екен деп те қағыстырған көрінеді. Оның бір белгісі 1885 жылы Долгополов жандаралдардан Абай аулына баруға рұқсат сұраған уағында сезілген. Жандарал бұған рұқсат етумен бірге Семейдің оязы мен полиция бастығына қағаз түсіріп, артынан бақылау жасаңдар дейді. Аналар артынан «Долгополов Құнанбай аулына кетті, тапсырылған ісіңіз орындалды» деп жауап қайырады. Долгополов болсын, Абайлар болсын ол жылы жазда ел ішінде астыртын болған сияқты. Екінші, осы жөнінде бір елеулі факты 1902 жылы Абайдың аулына Семей қаласынан бір үлкен тексеру келеді. Бастығы Семейдің оязы Наброцкий болып, қасына пристав, урядниктерді, жәй стражниктерді ертіп көп қарулы топ болып келіп, Абай аулын қоршап тұрып үлкен тінту жасайды. Абайдың өзі отырған үйін әсіресе қадағалай тінтіп кеп, ақыры оның өзінің өнбойын да тінтеді. Содан Абай «іздегенің не?» – деп сұраған соң, аналар керек қылған қағазын айтады. Абай сонан соң Еркежанға: сенің қалтаңда еді ғой, бер мыналарға дейді. Еркежан шығарып береді. Сөйтсе поштамен келген бір хат екен. Семейден оны оқып, көріп жіберген екен. Абай ұлыққа көз қылғаны ма, жоқ шыны ма, әйтеуір сол хат жазушы жөнінде: «бұрын бір хат жазып еді, жауап бермеп ем. Менің ұлықпен теріс емес екенімді білмейді. Қоймай жаза береді. Өзі арабшалап жазады. Не қылған шайқы адам екенін білмеймін, қоймайды» депті. Қисынына қарағанда бұл хатты жазушы Мәшһүр Көпеев болу керек. Ол 1905 жылдың алдындағы қамдану жөнімен Абайға саяси мазмұнда хат жазып, тамырын ұстап көрейін деген болу керек. Бірақ Абай жағынан хатына жауап қайырмайды және тінту келгенде әлгіні айтады. Хаттың мазмұнын кейінде де ешкімге шешіп айтпаған» [9, 233-234-б.]. Абайдың саяси дүние танымы, көзқарасы алдағы деректерде, тарихи жадығаттарда барынша ашыла түседі. Абайдың ой-өрісі, арманы біртабан Әлихан Бөкехановпен рухани үндестік тапқандай болады. Керісінше, Әлиханда Абайдың өлеңдерін оқып, өзінің жанына жақын, мәңгілік іздеген ұлттық рухтағы шабыт пен жігер алады. Бір құлап, екі құлап қазақ деген қанатты пыраққа қайыра мінеді. Шыны керек, алаш төңкерісшілердің бәрі – Абай шығармаларынан рухани нәр алып, азаттық жолындағы ұзақ та қиын күресте шыңдалып, пісіп, жетілді, бір сөзбен айтқанда дайын болды. Әлиханның жаны жай табады, Абайдың өлеңдер жинағын қайтсем де шығарамын деп алдына мақсат қояды. Және де ол – арманын жүзеге асырды-да. «Алаш» партиясына Абай төңірегіндегі ақын шәкірттері де қатты көңіл білдіріп, қолдау көрсетті. Тіпті, қиын, қыстау кезде Әлиханның қасынан табылды. 1904 жылы Абай қайтыс болды дедік. Көкбай Жанатаев 1861 жылы туған. Кәмалитдин Мұхаметрахимов деген молдадан дәріс алады. Кәмалитдин Абайдың, Мәшһүр-Жүсіптің де ұстазы болған. 1870 жылдардан бастап Мәшһүр-Жүсіп сегіз жасынан он бес жасына дейін серік болады. Дін ғылымын, араб, парсы, түркі кітаптарын оқып, жақсы білім алады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін еркін меңгереді. Абай өлеңдерін 1880 жылдан, 1886 жылға дейін Көкбайдың атынан жазып жүргені белгілі. 1886 жылы Көкбайға қалжыңдап: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын» – деген екен. Көкбай Абай өлген соң:

Бұл күнде жалғыз қалдым Абай кетіп,
Тірліктің дәнекері бір нәрсе етіп...
Арманым Абайменен бірге кетпей,
Қалыппын тентек елді құр күзетіп.

Көнбеген Абайға да асау, долы,
Бұл елді алу қиын тез түзетіп, – дейді.

Көкбайдың арманы «Алаштың» бір деген азаматы Әлиханмен танысу еді. Оның реті 1905 жылы келеді. Қайым Мұхаметханов: «Көкбай 1905 жылы Семей қаласында Әлихан Бөкейхановпен танысып, сол жылдан бастап екеуі дос болып кетеді. Көкбай Әлиханды 1905 жылдан бұрын білетін еді. Абайдың көзі тірісінде, 1903 жылы орыс тілінде басылып шыққан, «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деп аталатын көп томды кітаптың, қазақ даласының тарихына арналған, 18-томында, осы кітапты жазушылардың бірі – Әлихан Бөкейханов, қазақ мәдениеті мен әдебиетін баяндай келіп, Абай туралы былай деген: «Наконец, как представителя нового течения в киргизской поэзии, следует назвать Кунанбаева («Кономбая» деп басылған-Қ.М.) – автор многих стихотворений изящных по форме и поэтических по содержанию (особенно описания природы). Этому же автору принадлежат хорошие переводы «Евгения Онегина» и многих стихотворений Лермонтова (который окозался наиболее понятным для киргиз), таким образом у Семипалатинских оленши (певцов) можно слышать, например, «Письма Татьяны» распеваемое, конечно, на свой мотив. Сөйтіп, Абайтанудың алғашқы қадамын бастаған Әлихан Бөкейханов болған. Бұл кітап Абайдың өз қолына да тиген және Көкбай, тағы басқа Абай шәкірттері де жақсы таныс еді. Сондықтан олардың Әлиханға деген қадір-құрметі зор болған. «1904 жылы, Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым», – дейді Ә. Бөкейханов («Қазақ» газеті, 1915 ж.ж. 18-қаңтар.). Абай дүниеден қайтқан соң, Ә. Бөкейханов ақынның өмірбаянын орыс тілінде жазып, «Семипалатинский листок» атты газетте 1905 жылы жариялаған. Содан екі жылдан кейін, 1907 жыл, сол мақаласы; «Абай (Ибрагим) Құнанбаев (некролог) деп аталып; «Записки Семипалатинского подотдела Запада-Сибирского отдела Императорского русского географического общества» деп аталатын кітапта Абайдың өмір тарихы, фота-суретімен бірге, екінші рет басылып шықты. Кәкітай мен Турағұл баспаға әзірлеген Абайдың алғашқы өлеңдер жинағының Петерборда, 1909 жылы басылып шығуына көмек көрсеткен тағы да Әлихан Бөкейханов болады. Әлихан Павлодар түрмесіне жабылғанда, оның пртфелінде, оғын Кәкітай тапсырған Абай шығармаларының қолжазбасы да болыпты. Оны дәлелдейтін архив документін келтірейік: «1906 г. января 10 дня г. Павлодар мне, мировому судье 2-го участка Павлодарского уезда, при посещении сего числа тюрьмы, арестованный по шифированной телеграмме ротмистра Рутлана из г. Омска Алихан Нурмухамедович Букейханов, содержащийся в Павлодарской тюрьме, заявил, что он просит об аресте его, довести до сведения прокурорского надзора... а также просит принять меры к сохранению рукописи на киргизком языке, имеющиейся в арестованном у него в портфеле, содержащей стихотворения, так она оценивается 5.000 рублей. Стихотворения эти принадлежат киргизкому поэту Кунанбаеву» (Госархив Омcкой области фонд 270, опись 1, дело 200, лист 10) [10, 9-б.]. Көңіл аударатын нәрсе, Әлихан Бөкейхановтың өте үлкен жүректі, адал азамат екендігі. Қараңыз, өзі түрмеде отырса да Абайдың қолжазбалары жоғалып кетпеуін уайымдап, 5. 000 рублға бағалап, прокурордың қатты қадағалап, қолжазбаның сақталуына аса жауапкершілікпен қарауын сұрайды. Өзінің қара басына қауіп төніп отырғанда мұндай кесек іске бару Әлихандай тегеуріні мықты, тамыры тереңге кеткен ұрпақтан шыққан адамның қолынан ғана келеді. Өскен ортасы, туған-шыққан тұғыры мықты болған соң, Әлихан не бір қиыншылықтардан қашпай, алға қойған мақсатын орындай білді. Өзі бастаған «ауыздықсыз» елді көргісі келген ұлттық идеясынан ешуақытта да басын алып қашқан жоқ, аяғына дейін шыдамдылық көрсетіп жетті. Бәйгеге басын тікті. Әлиханның қайсарлығы, ақылдылығы, білімдарлығы – әрине, кейінгі жастарға үлгі бола білді. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты да Көкбай және Абай шәкірттерін өте жақсы білген. ...1913 жылы Әлихан Бөкейхановқа арнап Көкбай өлең жазған:

Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,
Ұл тумақ сендей болып аз-ақ – тағы.
Өгіз өліп, болмаса арба сынып,
Өмірің өткен жансың азаптағы.

Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,
Тәңірім айрымасын талабыңнан.
Қалаған жоқ қоныс қонбай ақылыңа,
Қазақтың хан, қырғыздың манабынан.

Абылай, Бөкей менен Әбілфейіз,
Ерлердің елге еңбегі ұшан-теңіз.
Солардың тұқымынан оқыған көп,
Тегіне тартады екен ескі негіз.

Оқыған оқыса да әрбір қилы,
Қарны тоқ оқығанның басы сыйлы.
Оқу білім бермейді дуасызға
Әркімнің өз ойынша өзі милы.

Болмайды қалғанменен бала тұқым,
Құртпаймын ауызбенен елді мұқым.
Көксал мен Жәуетейді1 «төре» деген
Солардай толып жатыр қоқым-сұқым.

Анау бір Орынборда екі жігіт2,
Сенен соң жұрт солардан қылады үміт.
Қазақтың шаңырағын көтергелі
Болып жүр ойларында тамам ұлыт – дейді.

Көксал –Бөкей ханның өгей баласы. Халық көп уақытқа дейін оны «төре» деп танығысы келмеген. Жәуетей де сондай біреу. 2Орынборда екі жігіт деп, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовты айтқан. – Қ.М. [10, –54-56 б.]. 1917 жылы Алаш партиясы құрылғанда Шәкәрім, Тұрағұл, Көкбай бастаған Абай шәкірттері түгелдей Алаш партиясын қолдаған. Соның ішінде Абайұлы Мекайылда бар. Қ. Мұхаметханов: «Үш жүз» деген партия Алаш партиясына қарсы шығып, жалған хабар таратып, Алаш партиясын халыққа жексұрын етіп көрсетпек боп, әрекет жасап жатқан шақта, 1917 жылы «Сарыарқа» (Семей) газетінің 26 санында Семей уездік земствосының мүшелері, халыққа үндеу жариялаған. Үндеу жариялаушылардың ішінде Абайдың ақын шәкірттері; Көкбай Жанатайұлы мен Имамбазар Қазанғапұлы да бар деген [10, 56-б.]. С. Сейфуллин «Сарыарқаның» 26 нөмірінде бұлай дейді және мұны 206 нөмірінде «Қазақ» көшіріп басқан:

Газеттен: «Қазақтан шыққан арамзалар.

Бостандық болғаннан бері жұрттың көзі ашылып, қайда болса да ынтымақ бірлік табылып, қалың қазақ ішіне береке ұйытқысы орнағандай болып тұр еді. Қазақтан басқа ел қағынып, жүгенсіздік ұлғайып, азаматтарының соңына ерген жұртты арамза қулары азғырып, адастырып тұр еді. Бізден ұяттан кешкен, ардан безген арамзалар шығып, газет таратқан болып, ел ішіне әрекет шашқалы жүр. Алаштың туын ұстаған, асқар белдей ерлерімізді жанданған итке ұқсап, арамзалар қаппақ болып, жынын құсып, уын шашып жүр. Түрі адамға ұқсағанмен пікірі айуан сияқты адамдар. «Үшжүздің партиясы» деп атақ байланып, ұйтқысы болған «Алаш» партиясының адамдарын арам аузымен былғамақ болып жүр. Төрт аяқты қасқырға астыртын у салушы еді, мына оған деген у мынау: Үшжүз» партиясы – анық содырлы-сойқанды жүзі қаралар партиясы. Бұл – жұртқа келген үлкен дерт. Сөздеріне құлақ қоймай, өздерінен аулақ болып, сақтану – алаш балаларына борыш. Қазақтың баяғыдан бері аяқ астына басылып, көрген қорлығы, көрген зорлығы мен зомбылығы аз емес. Енді «Үшжүздің» қуларына айтамыз: елімізді ерпеңіздер (мүмкін ірітпеңіздер-А.Қ.), ел қылып ұстау сендердің қолдарыңнан келетін іс емес. Елде есін біледі, сендердің соңдарыңнан еріп, жарға қамалып жығылмайды. Халықты әуре қылмай, өлген мұжықтың қойынында қалаш табылатын болса, соны іздеп қараңдар! Біз Алаш партиясының соңынан ереміз; анық көш басшыларымыз сонда. Семейдің уезный Земствосының мүшелері: Ахметжан Аңдамасұлы, Жамшырбай Шөлембайұлы, Темірші Жүсіпұлы, Садық Дүйсенбайұлы, Құрмамбай Мұздыбайұлы. Бәйсеке Есіркепұлы, Майлыбай Есенбайұлы, Имамбазар Қазанғапұлы, Рағымжан Мәрсекұлы, Қалдыбай Будамбайұлы, Көкбай Шанатайұлы» [11, 96-97-б.]; қосымша қараңыз: [10, 56-57-б.]. Екі нұсқасын салыстырып қарағанда: Қайым Мұхаметхановта «Үш жүз» партиясы анық содырлы-сойқанды жүзі қаралар партиясы. – деген сөйлемнен бастап кеткен. Сол сияқты, Үш жүз-бөлек жазылған, партиясы деген соң сызықша жоқ, ертпеңіздер-ірітпеңіздер деп, ...анық көш басшыларымыз сонда деп аяқтаған. Абайдың атаған екі адамының бірі – Көкбай Жанатайұлы С. Сейфуллинде Шанатайұлы деп жазылған. Мәтінде бәлендей өзгерістер жоқ. С. Сейфуллин: Алаш партиясы. Семейде областной «Алаш» партиясының комитеті ашылған хабарын жазып едік. «Сарыарқаның» соңғы нөмірінде бұл туралы мынандай мақала басылды: «Алаш» партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер: Әлімхан Ермеков, Рақымжан Мәрсекұлы, Имам Әлімбекұлы, Ақметжан Қозыбағарұлы, Турағұл Құнанбайұлы, Қалел Ғаппасұлы, Сыдық Дүйсенбайұлы, Данияр Молдабайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, бұлардан басқа уез басы бір кісі кіруге орын қалдырылды... Комитеттің председателі Қалел Ғаппасұлы, жолдас Ақметжан Қозыбағарұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы, қазнашысы Анияр Моладабайұлы, құрметті председателі Әлихан Бөкейханұлы»... деп, «Қазақ» газеті «Сарыарқадан» көшіреді. Мінекей, «Алаш» партиясының Семейдегі уақытша комитеттің мүшесінің бірі болып – Турағұл Құнанбайұлы сайланған [11, 93-94-б.]. Қайым Мұхаметқанов: «Осы мағұлыматтың өзінен-ақ Турағұлдың саяси әлеуметтік қызметі, идеялық бағыты және істес болған ортасы, қарым-қатынас жасаған адамдары кімдер екені айқын көрінеді» – деген [12, 175-б.]. Енді Турағұл жөнінде қысқаша мәлімет мынандай. Қ. Мұхаметханов: «Әкесі өлген соң, немере ағасы Кәкітай Ысқақұлымен бірге, оның әдеби мұрасын жедел жинап, баспаға әзірлеу ісіне кіріседі. Ең алдымен Абайдың өлеңдерін, өмірбаяны туралы мағұлыматтарды, өздеріне бұрыннан таныс, Әлихан Бөкейхановқа тапсырады. ...Мақаланың соңында Ә. Бөкейханов «Оргиниальные соченения Абая и его переводы из Пушкина (отрывок из Евгения Онегина), Лермонтова и Крылова собраны его сыном Турагулом и в непродолжительном времени будут изданы Семипалатинским Подотделом императорского Русского географияческого общества под редакцией А.Н. Букейханова» деген. Бірақ, Ә. Бөкейханов айтқан кезде Абай жинағы шыққан жоқ. Турағұл мен Кәкітай жинап, баспаға әзірлеген Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы 1909 жылы Петербургта басылып шыққаны мәлім. Турағұл осы жылдары Әлихан Бөкейхановпен сонан кейін Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновпен жақсы танысып, сырлас дос, тілектес, ниеттес болып кетеді» – деп жазды [12, 174-б.]. 1922 жылы Семейде Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов тұтқынға алынғанда, Турағұл да түрмеге жабылып, төрт айдай отырып шыққан. Сонан кейін елмен араласпай, Ақшоқыдағы мекен-жайында жатып, жазумен шұғылданады. Аударма жұмысымен айналысады. Максим Горькийдің «Челкаш» атты әңгімесін қазақ тіліне аударады. Аудармасы 1925 жылы «Таң» журналында жарияланады. Неворовтың «Я хочу жить» деген шығармасын «Мен өмірге жерікпін» деп атап (Біз болсақ «Өмір сүргім келеді» дей салар едік) аударып, бастырады [12, 175-б.]. Абайұлы Мекайыл (Мекеш). (1884-1931) –Алаш қозғалысына қатысушы. ...1917 ж. Патша өкіметі құлағаннан кейін, Алаш партиясы жетекшілерінің ықпалымен жастардың «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымын құрып, төрағасы болды. Осы ұйым арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына сайлау науқанында Алаш партиясын қолдау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізді. Семейде «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік жасады. Елде кеңес өкіметі түпкілікті орнағаннан кейін қуған-сүргінге ұшырап, 1931 ж. Тобықты руының 70 адамымен бірге атылып кетті [8, 10-б.]. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың немере інісі, яғни оның туған ағасы Құдайбердінің ұлы. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп түйдей құрдас. Екеуінің туған – 1858 жылы, қайтыс болған – 1931 жылы бірдей. «... Алаш қайраткерлері «Шәкәрім ақсақал» деп атады. Қ. мен Алаш қайраткерлерінің арасында тығыз байланыс болғанын дәлелдейтін дерек аз емес. Мысалы, ұлттың саяси қозғалысының серкесі Ә. Бөкейханов 1907 ж. ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат етіп Қ.-ны ұсынған. Бірақ ақын өз орнын Т. Нұрекенұлына берген. Сондай-ақ 1905-1906 ж. Семейде Ә. Бөкейханның жетекшілігімен және қатысуымен өткен саяси жиындардың барлығына дерлік Қ. ұлт зиялыларының өкілі ретінде қатысқан. ... Ә. Бөкейхан 1914 ж. Мұсылман сиезіне қатысты сериялық мақалаларында қазақ тілінің мықтылығын дәлелдегенде, Абайдың қатарында Қ.-ның орнын айрықша атайды. «Қазақ» газетінде Алаш қайраткерлері Қ.-ның жарияланған кітаптарына оң баға беріп отырды. ... 1917 ж. Қ. Алаш қозғалысының жуан ортасында жүрді. Алаш партиясын құру және Алаш автономиясын жариялау шарасына даярлық ретінде обл.-тарда қазақ сиездері ұйымдастырылғанда, ақын өз өңірінде (Семей) 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен жиынға қатысып сөз сөйлейді. Қ. Алаш Орда үкіметі жарияланатын 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылады [8, 280-282-б.]. 1918 жылы Шәкәрім «Алаштың» тұңғыш милиционер, офицері Қазы Нұрмұқамбетұлы қаза болғанда қатты тебіреніп, сөз сөйлейді: «Әлеумет! Мына жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл өлген жоқ. Бұл бүгінгі және мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар, мына мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді. Қазы – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті. Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ. Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. Мұның үй-ішінің міндеті сендердің мойындарыңда, Бір кішкентай көзінің қарашығы (бір жасар ұл баласы) қалыпты. Соны тәрбиелеп адам қылу, бәріңнің – барлық Алаштың мойнына парыз. Және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар, Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде, мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан! Қадіріңді біліп құрметтей алмасақ, кешу қыл, қош! Қабірің нұрлы болсын!» – деп аяқтайды [13]. Мәшһүр-Жүсіп те орыс-демократтардың, жазушы, ақындарының шығармаларымен, еңбектерімен таныс болған. Мысалы, В. Г. Белинскийге былай баға береді: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, – дейді, жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,– дейді. – Бірақ тіршілік ешуақытта өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдеп я әлі күнге орнына, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» – деп сөйлеу керек» – дейді [14, 60-б.]. Қазақстанда социал-демократиялық үйірмелер мен топтар айдауда жүрген орыс революционерлерінің бастауы мен көмегі арқасында пайда болды. Қазақстандағы темір жол бекеттерінде социал-демократиялық ұйымдар құрылды. Олар Қазақстанда революциялық қозғалыстың өрістеуіне зор ықпал етті. Мұндай ұйымдар Қазақстанның ірі қалаларында да құрылды. Саяси жер аударылғандар үкіметке қарсы үгіт, үндеу-хаттар таратты. Астыртын баспаханаларда үгіт қағаздары басылып жатты. Социал-демократтар қазақ зиялыларын да осы шараға тартқан, үгіттеген, хаттар жіберген. Қазақ зиялылары Абай, Қосшығұлов, Науан Хазірет, Мәшһүр-Жүсіп т.б. біріне-бірі хат жазып, хабарласып, ақылдасқаны туралы қайталап жазсақ артық болмас. Жалпы Ресей халқы сияқты, қазақ халқының да саяси көзқарастары, болып жатқан оқиғаны қабылдап, түсінуі жағынан екіге бөлінген сияқты. Бірі байлар мен молдалар да, екіншілері кедейлер табы. Байлар партиясы да қарап жатпады, қазақ халқының құқығын қорғайтын талаптар қойды. Мәскеу, Петербург т.б. қалаларында оқып жүрген көзі ашық қазақ зиялылары төңкерістің не екенін жақсы білді. Олар буржуазиялық ағымдағы партияның бағдарламасымен танысты, солардың талап, тілектеріндей ойда болды. Мінекей, осылар кейін «Алаш» партиясының белсенді мүшелері болды. Ағарту саласында ғана жүрген қазақ зиялыларының кейбірі төңкерістің не екеніне онша мән бермеген сыңайлы. Не болмаса, екі ұдай ойда жүрген сияқты. Жалпы, қазақ зиялыларының да ой-өрістері, саяси түсініктері біркелкі болмаған сыңайлы. Бұл түсінікті де, бұл арада ешкімді айыптаудың қажеті де жоқ. Себебі, бұрын қазақ жерінде азаттық үшін ірілі-ұсақты күрес жүріп жатқанымен, жаппай, ұйымдасқан түрдегі төңкеріс жасаудың саяси тетіктерін, атап айсақ, партия құру, үгіт насихат жүргізу, газет шығару сияқты іс-тәжірибелері аздау болған сияқты. Ресейдің демократтары өздері адасқан қаздай саясаттан адасып, сеңделіп, бір бағыттағы бағдарламасын жасай алмай, халық екіге бөлініп алып, бастары қосылмай ақыры қызыл мен ақтың соғысына әкеліп соқтырғанын тарих жақсы біледі. Содан соң, әрине, қазақ зиялыларының жасап жатқан ісіне, тіршілігіне, қозғалысына бүгінгі күннің ой-жотасынан қарап, кәдімгідей қуанасың, олардың ой-өрістеріне, саяси өресіне сүйсінесің де тәнтті болады екенсің. Осындайда ойға түседі екен. Бұл оқиғаны «Алаш» интеллигенциясының іс-әркетімен мүлдем салыстыруға болмайды. Бірақ, басымнан өткен жағдай болған соң, айтуға реті келіп тұр. Қазақстан Республикасы егемендігін алғанда неше түрлі партиялар құрылып, оқығаны мен тоқығаны көп деген, менің өзім де қайсысы дұрыс, қайсысының бағдарламасы, бағыты дұрыс деп, қатты ойланғаным да шындық. Үгіт-насихат жүргізгенде, ойдың жетегіне кетіп, көңіл ары-бері толқып, өзімнің келе жатқан тура жолымнан адасып, тайқып кете жаздаған шақтарым да есіме түсіп отыр. Оны айтып жатқаным, ала-сапыран заманда, саяси төңкеріс жасауда онша тәжірибесі де жоқ, саяси күресте әлі шыңдала қоймаған қазақ төңкерісшілерінің, қазақ халқының ұйқылы-ояу, қалғып жүрген кезінде Қазақ елін тығырықтан алып шығамыз, «ауыздықсыз» ел қыламыз деген арман-мұраттарын қандай ерлікке баласақ та, қандай мақтауға, марапатқа лайықтасақ та, алтыннан мүсіндерін жасап ұлықтасақ та қадір-қасиеттеріне жете алар ма екенбіз? Қалдырған, жасап кеткен ісін бағалай алар ма екенбіз?. Әрине, бағалаймыз. Әрине, олардың аруақтарының алдында басымызды иеміз. Әрине, мәңгілікке оларға қарыздардар болып өтеміз. Ал, Қазақстанның егемендігі жайында сөз қозғасақ, ол ата-бабамыз негізін салып кеткен осындай күрестің, көзсіз ерліктің нәтижесінде келгенін елдің бәрі де біледі. Е Смайылов, Қ. Жұмалиев жолдастардың 9-класқа арнап жазған хрестаматия кітабындағы сөздерден үзінді: «Осы жағдай туралы 1901-1902 жылдары атақты Абайға да хаттар жазады. Жоғарыда айтылған патша үкіметінің көпшілік еңбекшіл, езілген бұхара халыққа істеп отырған саясат, қиянаттарын айта келіп: «Осы уақиғаларға қандай түрде болса да, қарсы шара қолдану керек! – деген ойын айтса да, Абай бұл хаттарына қай түрде болсын жауап қайырмаған, басқа ешкімге әшкерелемейді. Хаттарды тығып ұстаған!» – дейді. Мұнан кейін Семей қаласынан 1903 жылы полициялар келіп, Абайдың үйін тінткен. «Тінтудің бас себебі – Мәшһүрдің жазған хаттары туралы» – деп айтады. Мәшһүр-Жүсіп бұл ойы туралы жалғыз Абай емес, әр жерде өзінің ниеттес, жақын, сырлас адамдарының бәріне де ақылдасып айтса да, бәрі де іштерінен: «Дұрыс!» – деп ұнатса, дегенмен патша үкіметінің бетіне қарсы шығуға бата алмайды. Мәшһүрге де: «Байқаңыз, сақтаныңыз!» – деген ақылдарын айтады. Достары олай дегенмен Мәшһүр Жүсіп өз пікірінен қайтпайды, қажымайды. Өз қолынан келер қуат – күшті, қаруы қалам мен қағазды серік қылып, белсеніп жазуға кіріседі. 1900 жылдан бастап саясат жазушылығына қатысып, ел аралап, өзінің шамасы келгенше үгітін жүргізеді. Ноқта кесті, көнбіс, көк есек, көк етті, көнтерлі (көн терілі) болып қалған қараңғы жұрт көтеріліп, көмек бере алмайды. 1904, 1905, 1906 жылдары Мәшһүр Жүсіп: «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тіршілікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» – деген саяси үгітті шығарма өлең кітаптарын жазып, 1907 жылы үшеуін де Қазан қаласындағы Хұсайынов баспаханасына тапсырып, үшеуі де басылып шығады. Бұл үш кітап басылып шыққаннан кейін қораға байлаған қарғылы сақ төбеттей Николайдың цензура тыңшылары сезіп қалып, Мәшһүр Жүсіпті ұстамақ болып, емен талқы, темір қоршауға алмақ болады. Дегенмен қырағы көзді сезгіш Мәшһүр Жүсіп күн бұрын алыстан сезіп, жылысып, ақша қарда айласы асып, сонардан құтылған алпыс екі айлалы алтайы қызыл түлкідей бұлаңдап, әр бір биік, құрғияларды ерте алып қойғандықтан, қолға түспей, халқына беделді, қадірлі, құнды, бағалы болған үшін, көпшілік халқы тасалып, бір жер емес, әр жерден әр дуанның халыққа беделді басты адамдары себептей болып, қоршаудан аман қалады. Мәшһүр Жүсіп сөздерін тексеруге алғанда: «Патшаның басын жамандап, патшаға тіл тигізген жоқ екен», – деп тапқан. Басқа ұлық атаулыны жамандаумен, олардың қылмыстарын айтумен жазалы болмайды» – дескен. Солай аяқтап қалдырған дейді. ... Мәшһүр Жүсіп 1905-1906 жылдардан бастап, 1910 жылдарға дейін саясат жұмысына аянбай, қолынан келгенше кірісті» дейді [15, 332-333-б.]. 1959 жылы 15-19 июнь айында өткен «Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдарында» Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына байланысты үлкен айтыс болды. І. Жарылғапов баяндама жасады. Бірақ, баяндамасы күні-бүгінге дейін толық күйі жоқ. І. Жарылғапов Мәшһүр-Жүсіптің әдеби мұрасын алғашқы зерттеген адам. Қ. Жұмалиев: «Бірер жолдастар: Мәшһүр Жүсіп 1903 жылы Абайға екі рет хат жазыпты, онда революцияға шақырған екен. Абайдың үйін осы үшін полиция тінтіпті деген айтылып жүрді. Е. Бекмахановтың соңғы бір мақаласында осы туралы айтылыпты. Абайдың екі рет хат алуы рас, бірақ ол хаттарды Абай Баянауылдан, Мәшһүр Жүсіптен алмай, Көкшетаудан, Қойшығұловтан (Біздің ойымызша Қосшығұлов -й//-с -А.Қ.) алған» – дейді [16, 294-б]. Хатта көңіл аударарлық Е. Бекмахановтың мақаласында Мәшһүр Жүсіптің Абайға жазған хаты туралы сөз болады. М. Әуезовтың осы хат жөнінде жазғанын жоғарыда келтірдік. Демек, Абай мен Мәшһүр Жүсіптің орыс-демократиялық төңкерісіне іш бұрғаны, саяси жұмыстарға араласқаны ақиқат екені айдан анық. Оның үстіне мына мәліметте Абайдың Қосшығұлов Шаймерденнен хат алғанын растайды: «1903 жылы А. Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н. Хазірет екеуі абақтыға жабылады. Қ. тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 ж. шілдеде Қ.–5 жыл, Науанға–3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жібереді. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады»; Науан Хазірет туралы: «Медресе мен ұстаздың ел арасында үлкен беделге ие болуынан қорыққан патша үкіметі 1903 жылы арнайы тінту жүргізіп, көптеген діни кітаптар мен қолжазбаларды тәркіледі. Сондай-ақ осы оқу орнымен және «бүлікшіл мұсылмандармен» байланысы бар деп есептелген А. Құнанбайұлы мен С. Шорманұлы үйлерінде де жүргізілген. Тінтуден кейін Н. Таласұлы мен оның шәкірті әрі осы медресе мұғалімі Ш. Қосшығұл Сібірге жер аударылды» [8, 279-280, 321-322-б.]. С. Шорманұлының байланысы әлі зерттелген жоқ. Осы хаттағы аты аталып отырған Қосшығұлов Шаймерден 1874 жылы Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты, Қотыркөл елді-мекенінде туған. Бұхардағы медреседе білім алған. 1905 жылы Ә. Бөкейханов пен М. Сералин итжеккеннен босатып алады. 1906 жылы І Мемлекеттік Думаға депутат қылып сайланғанмен «орыс тілін» білмейді деген желеумен өтікізбейді. ІІ Думаға мүше болады. «Улфат» (Бірлесу) газетінің қосымшасы ретінде «Серке» газетін шығарады. 1907 жылы Бөкейхановтың тапсырмасымен Түркияға барады. 1931 жылы Кеңес өкіметі Петропавл түрмесіне жабады. 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады. Ал, екінші адам ол – Науан Хазірет. Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Көкшетау өңірінде туған. Жас кезінде Бұқарда, Бағдатта білім алған. Араб, парсы, орыс, түркі тілдерін еркін меңгерген. Оның шәкірттері Ақан сері мен Ш. Қосшығұловта болды. 1905 жылы Бөкейханов пен М. Сералиннің арқасында, Ресей Ішкі істер министрлігіне қоғамдық сұрау салып жүріп айдаудан босаттырып алады. Мінекей, қазақ зиялылары бос қарап жатпаған, Ресейде болып жатқан саяси төңкерістерге құлақ түріп отырған, саяси жер аударылған қуығын-сүргін көрген, Сібірден қашып келген жераударылғандармен араласып, Ресей жеріндегі саяси жаңалықтардан құлақдар болып отырған. Қазақтың көзі ашық азаматтары газет, журналдарды үзбей оқып, өздері де патша өкіметінің қанаушылық ісіне наразы мақалаларын жазып, ой-пікірлерін білдірген. Қазақ арасындағы зиялылар бір-бірімен хат-хабар алысып, қазақ жұртын да патша өкіметіне қарсы көтеруге тырысқан. Дайындықтың негізгі себебі мен салдары жоғарыда жазылды. Сондықтан да қайталап жазып жатпаймыз. Р. Тоқтаров осы оқиғаны: «Осыдан бір ай бұрын Абайдың атына Көкшетаудан бір құпия хат келіп түскен еді. Хаттың сыртында: «Шәймерден Қосшығұл баласынан мағылұм» деген әуелі орысша, сосын арабша жазылған өзінің қолтаңбасы бар. Ішіндегі сөздері мешіт ұстайтын Науан хазіреттің атынан. Оны қысқаша мазмұндағанда мына төңіректе шығады: Қазақ өз еркімен Ресейге қарағалы, ортасынан лайланған дариядай, ел болудан қалып бара жатыр. Оған басты себеп – дін-мұсылман қауымының басы бірікпей тұрғаны. Дінсіз елге бойын түзер тірек, ойын түзер тілек те жоқ. Ендеше, қазақ даласының өзінен бір орталыққа бағынатын діни қазық, мүфти құрып алуымыз керек. Соған үш жүзге даңқы кетіп, жақсы аты жайылған Ібраһим Құнанбай ұғлы секілді адамның білек сыбана араласуы тілек етіледі» – деп суреттейді [17, 703-б.]. Роман көркем шығарманың жүгін көтергенімен тарихи оқиғалар негіз болған сияқты. Абайдың үйін жандармения тінтеді. Бірақ, ол хат табылмайды. Бұл оқиға романда орын алған. Петербургтегі 1905 жылғы 9 қаңтар бірінші орыс төңкерісінің басы болды. 1905 жылы Қазақстанда кадет партиясының мүшелерінің тобы пайда болды, бұл топқа буржуазияшыл қазақ ұлтшылдары Бөкейханов, Тынышбаев, Сейдалин және басқалары кірді. Бұл топ қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының келешектегі контрреволюциялық «Алаш» партиясының ұйытқысы болды – деп жазды тарих.

Мәшһүр-Жүсіп:
Бір мың тоғыз жүз жылдан асты бес,
Бес түгіл көрді алтыны тірі кісі.
Тиеді құлағыма еміс-еміс,

Октябрь он жетінші манифесі.
Немесе,
Түңілді естіген жұрт мұнан таза,
Дәнеңе жоқ білмегенге, білгенге аза.

«Мәнифест бар» деушілер тұтқын болып,
Кесілді еш себепсіз оған жаза, -

деп Ресей жерінде болған оқиғалардан хабар береді. Қазақстан жұмысшылары да ереуілге, қарулы көтеріліске шықты. Олар «Самодержавие жойылсын!», «Бостандық жасасын!», «8 сағаттық жұмыс күні жасасын!» деген ұрандар көтеріп шықты. Ресей шеткері аймағындағы ұлт азаттық көтерілістің өсуі патша үкіметін 1905 жылы 17 октябрьде «Манифест» жариялауға әкелді. «Манифесте» адамның қара басына ешкім тиіспеуге, ұждан, сөз, жиналыс бостандығын, заң шығару думасын халыққа «уәде еткен манифест шығаруға еріксіз көндірді. Бұл манифест бұқараны алдау болды, уақыт ұтып, революцияға шабуыл жасауға қажет болған айла болды, бұдан басқа ештеңе де емес еді. Манифест шығарумен бірге патша үкіметі қаражүзділік жасады, ұлт араздығын қоздырды.

Жиылыс, дума деген хабар шықты,
Қайратты ерлер барар оған мықты.
Бас қамын, жан пайдасын ойлаңыздар,
Тастасып партия мен араздықты, – дейді Мәшһүр-Жүсіп.

1905 жылы желтоқсан қарулы көтеріліс жеңілгенен кейін төңкерісшілер бірте-бірте кейін шегіне бастады. 11 желтоқсанда І Мемлекеттік думаны сайлау туралы заң шығарылды. 448 депуаттың ішінен шеткері аймақтан бар жоғы 14 оның 4-уі қазақ халқынан сайланды. Жалпы депутаттыққа: Семей облысынан – Әлихан Бөкейханов, Торғай облысынан – Ахмет Қорғанбекұлы Білімжан, Орал облысынан – Алпысбай Қалменұлы Қалмен, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы (Абайға хат жазған адам-А.Қ.), Жетісу облысынан – Молда Тайынұлы, сол уақытта Қазақстан құрамына енбейтін қазақтар қалың қоныстанған аймақтан Астарханнан – Бақыткерей Құлманұлы мен Дәуіт Санжыұлы Ноян-Тұндұт, Уфа губерниясынан – Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөре, кейінгі думаға да бірнеше қазақ зиялылары сайланған. Ә. Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан Мемлекеттік думаға депуттат болып сайланғанымен қатыса алмады. Себебі Дала өлкесі генерал-губернаторының жарлығымен, соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар түрмесінде отырды. Патша үкіметі дума арқылы шаруларды төңкерістен жырып алмақ болды. Мінекей, осы мәселе де ақын қаламынан тыс қалмады. 1906 жылы Семейдің социал демократиялық ұйымы еңбекшілерге мынадай прокламация жолдады: «Азаматтар! Патша үкіметі халықты алдап соқты. 17 октябьрдегі қураған манифесте ол Конститутция уәде етті, бірақ бізге қарсы пулемет пен мылтық жұмсалды, бізге бостандық береміз деп уәде етті, бірақ таңдаулы адамдарымызды түрмеге отырғызуда. Сомодержавиенің зұлым жендеттерінің атқарып жүрген жұмыстары: еркін ой-пікірді құрту, көтеріліс жасаған халықты ату болып отыр». Прокламация еңбекшілерді мынаған шақырды: «Бізге қосылыңдар, біздің қатарымызға, социал-демократияның қатарына, жұмысшы табының қатарына келіп сап түзеңдер, патшаның ауыр бұғауын, фабирканттардың, көпестердің және халық қанын сорушылардың бәрінің ауыртпалығын құртайық! Жойылсын бұлар! Біз самодержавиеге қарсы күреске шықтық, халықты ардақтайтын жұрттың бәрін ұрысқа шақырамыз! Екібасты құзғынның тырнақтарынан басқа жоғалтарымыз жоқ. Патша самодержавиесі жойылсын! Демократиялық республика жасасын! Жалпыға бірдей, төте тең және жасырын сайлау правосы жасасын! Халық көтерілісі жасасын!» [4, 524-532-б.]. І Мемлекеттік дума 1906 жылы 8 шілдеде таратылды. 1905 1906 жылы «Мұсылмандар партияларының қоғамы» І Мемлекеттік думанының құрамында мұсылмандардың парламенттік Фракциясы құрылды. Бұл фракция қазірде Ресей думасының алғашқы фракциясы болып тарихта қалды. Ә. Бөкейханов 1906 жылы 8 қаңтар күні тұтқынға алынады. Оны өзі: «В январе 1906 г., в связи с событиеми Дней свободы, в Семипалатинск был назначен болосной съезд. Меня арестовали на пути из Павлодара в Семипалатинск, в пос. Ямышевском, 8-го января» – дейді (Алихан Букейханов. «Выборы в степном крае» в книге «К десятилетию первой государственной думы» алынды: [Қ. Мұхамтеханов. «Ә. Бөкейханов» // «Семей таңы» газеті, №12 (16162) 17 январь 1990]. Түрмеден босап шыққан Ә. Бөкейханов Мұсылмандар фракциясының мүшесі, кадет партиясы Орталық комитетінің атынан сайланды. Сол сияқты А. Байтұрсынов, Б. Қаратаев т.б. ұлт-азаттық қозғалыстың жария түрлерін пайдаланып, Дума мінбесін іске жарата білді. Патша үкіметі кәдімгідей сескеніп қалды. Қазақтың ақын-жазушылары да қарап отырмады, өздерінің өлеңдерінде, мақалаларында, шығармаларында Ресей империясының құйтырқы саясатын, әсіресе қазақ жұртына істеп отырған зымысқы, сұрқия істерін астыртын болсын, жазып қарсылықтарын білдіріп отырды. Патшалық цензурада ақымақ емес, шығып жатқан кітаптардың мәні мен мазмұнын тексере бастады. 1917 жылдың қазан айына дейін қазақ тілінде 900 астам түрлі мазмұнда басылып шықты. 457 кітаптың тиражы 2192235 данаға жетті. Қазанның баспа жөніндегі уақытша комитеті қазандық полицмейстердан баспадан іріктеп алған кітаптарға арест салуға рұқсат сұраған. Сөйтіп, көптеген татар-қазақ тіліндегі кітаптарға арест жасалған. 1913 жылы құпия түрде Қазан губерниялық жандарм басқармасы 5 наурыз күні Қазанның баспа жөніндегі уақытша комитетіне қазақ тіліндегі кітаптар «тенденциозными и преступными по содержанию» (ауд. «келеңсіздікті көрсетеді», «мазмұны аса қауіпті»-А.Қ.) – деген 17 кітаптың тізімін тапсырады. Соның ішінде Мәшһүр-Жүсіптің «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» («Пережитое нами в нашей долгой жизни»); «Қазақтың осы күнгі әңгімесі» («Настоящее желание казахов») («Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабының ішіндегі аты – А.Қ.) «қара тізімге» ілінген. Онан кейін патшалық жандарм кітаптарға қызығушылық танытып, айрықша қарауға ұсынылады. Мәшһүр-Жүсіптің «Хал-ахуалы», Байбатыр Ержановтың «Тұр қазақ!». Нақтырақ болу үшін орыс тіліндегі жазбасын келтіреміз: «Что касается книги М.Ж. Копеева «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», то, «усматривая в ней призники уголовного преступления по 6 п. 129 ст. Уголовного Уложения, выясненные переводами проф. Катанова, Комитет постоновил наложить на нее арест с привлечением автора к судебной ответственности по указанным статьям уголовного закона» (ЦГАРТ, ф. 420, оп. 1. д. 234, л. 54.) Арест на книгу Копеева был утвержден Казанской судебной палатой в ноябре 1913 г. Какие же признаки уголовного преступление были обнаружены в этой книге? В отзыве, составленном Н. Ф. Катановым, написанно: «В переведенных мною местах, взятых со старниц 3-7, 14-17, говорится: о дурном харектере прежде всего собственной казахской администрации, смотревшей на народ как на свою доходную статью, о русских переселенцах, дурно обаращавшихся с казахами, и о благодетельном свойстве. Манифеста 1905 г., осушившего слезы несчастных» ((ЦГАРТ, ф. 420, оп. 1. д. 237, л. 75.). Как видно из сказанного, автор спараведливо указывает на причины, породившие социальную неспараведливость по отношению к казахам, главными из которых Копеев считает колонизаторскую, гарабительскую политику царизма в крае и потребительское отношение к своему народу феодально-байской верхушки, передавшей интересы простых казахов и сомкнувшейся в деле гарбежа народа с царизмом. Все эти мысли и суждения отражены в книге «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» («Что мы видели на своем веку, прожив долгую жизнь») (Казань: тип. Шараф, 1907. 6000 экз., издание наследников Ш. Хусаинова). Были также запрещены и арестованы два издания книги «Хал-ахуал» («Положение и состояние»). Первое издание вышло в 1907 г. и было напечатано в типографии Казанского университетта, второе – в 1912 г. в частной руской типографии Б. Л. Домбровского тиражом в 3000 экз. Этот сборник, как и все другие книги Машхур-Жусуп Копеева, затрагивает острые социальные проблемы жизни казахского общества начала XXв. В декабре 1912 г. Казанский временный комитет по делам печати обратился к Казанскому губернатору с просьбой наложить арест на книгу «Хал-ахуал», отпечатанную в Центральной типографии тиражом 3000 экз., и привлечь к судебной ответственности издателей наследников Ш. Хусаинова по 3 п. 1034 ст. Уголовного Уложения. Арест на книгу М.Ж. Копеева был осуществлен Казанским полицмейстером, а в январе 1913 г. прокурор Казанского окружного суда уведомил комитет в том, что арест на книгу «Хал-ахуал» утвержден в распорядительном заседании Казанского окружного суда – деген тарихи мәліметтерді оқимыз [18, 38-40 с.]. Мұнан шығатын қорытынды. Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылы басылып шыққан үш кітабы: «Сарыарқаның кімдікі екендігі?», «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» негізінен 1867-1905 жылдардағы патша өкіметінің қазақтарға жасап отырған көпе-көрнеу қиянаттары ашық түрде жазылды. Патшалық цензура кітапты зиянды деп тауып, қылмыстық заңның 129 статьясының 6 параграфы бойынша авторды жауапқа тартып, ал кітаптарынын шығаруға тиым салған, баспахананың иесі Ш. Хусайновқа 1034 статьяның 3 параграфы бойынша 12 мың айып пұл төлеткен. Кітапты орыс тіліне аударып, анықтама дайындап отырған Н. Ф. Катанов деген. Мәшһүр-Жүсіптің кітаптары тек қана Құсайновтар баспасында емес, мысалы «Хал-ахуал» кітабының 1907 жылы шыққан нұсқасы бірінші рет – Қазан университетінің баспасында, ал, екінші рет 1912 жылы – Б. Л. Домровскийдің орыс жеке меншік баспаханасында басылып шыққан. Патшалық жандарм әр уақыттағы басылымын жіті қадағалап отырған. Және арест жасаған. Бұл – тек қана ақынның басындағы жағдай емес, көптеген қазақ зиялыларының да көрген құқайы еді. Мәшһүр-Жүсіп пен Ә. Бөкейханов ой-пікірлері, тіпті ұлттық идеялары да бір десе болады. Мәшһүр-Жүсіп шығармалар жинағында «Алаш» өкілдерінің барлығы дерлік аты аталып, істеген істері, жақсылықтары аталып отырады. Кейбірінің тіпті, шежіресін де жазған. Алаш» өкілдерінің кейбірімен араласып, ой-пікірлерін бөлісіп тұрған. Мәшһүр-Жүсіптің Ә. Бөкейхановты өте жақсы білгендігін айтып өттік. «Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік: Теміршот Айтбакин, Моллағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамметәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» – дейді. Осы өмірі қысқа болғандар – бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев, – жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да – осы айтылғандардың біреуі» – деп [19, 247-б.]. Мәшһүр-Жүсіп өзін де солардың қатарына қосады. Енді бірде: «Егіз, Тайым–Малай, Жәдігерден шыққан батырлар, заманында «Аталық» атанып, хандардың көші-қонын билеп, төстеп жүрген ерлер. Дайыр – төре, Бөкей – Дайырдың Дайыры. Барақ, Көшектің Барағының балалары «Қырық сан Барақ ханның елі» – атанған, Ташкентте тұрып ханлық қылған. Бөкей, Дайыр, Шығай, Ханбаба, Маман, Қанқожа. Бөкей ұрпағы: Жамантай, Құсбектер. Осы күнгі Әлихан Бөкейханов сол нәсілден» – дейді [19, 269-б.]. «Мәшһүр Жүсіп бірінші томның 358-бетінде мына сөздерді жазады: «Василий Васильевич Радлов жинағаннан, орысша басқаннан көшіріп алған, жазған Мәшһүр Жүсіп Көпейбаласы» – дейді. «Тарғын батыр», «Сайын батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақбала қыз, Қожаберділерді» – Бөкейханов Әлихан сонан көшіріп алып, бастырып жүр.»-деп жазады. Қазақ әдебиетінің бірнеше сөздерін егер Радлов жинап алмағанда, бұлардан бұл күнде тамыр қалмайтын еді», – дейді [20, 323-б.]. Осы деректердің өзі-ақ Мәшһүр-Жүсіптің Ә. Бөкейхановпен қаншалықты аралас-құралас болғанын білдіреді. Ә. Х. Марғұланның «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» деген мақаласы Мәшһүр-Жүсіп қайтқаннан кейін 9 жылдан соң жарияланды. Заманның нағыз күйіп тұрған 1940 жылы жазылды. Мақала латын харіпінде жазылған. «Мәшһүр ақындығынан басқа ғалым адам, Күншығыс, араб, парсы, халқының тарихын, фәлсәфасын, жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған» – дейді. Ә. Марғұлан ақынды бала кезінен білген. Әкесі, Мәшһүр-Жүсіппен араласып тұрған. Ленингарад қаласында мемлекеттік университетінде оқып жүргенде жазған хаты Баянауылда «Жаңа жол» ұжымындағы мұражайда сақталуы мүмкін. Ал, хаттың өзі 1922 жылы төте араб харіпімен жазылған. Хатты Қабікен Машарапов Амангелді Омаровтың рұқсатымен көшіріп алғанын айтады. Хат «Қадірлі Молдеке!» деп басталған екен. Басында 28 март 1922 жыл, күні мен айы жазылған. Әлкей Марғұлан Мәшһүр-Жүсіпке «Қолыңызда қандай әдебиет жұрнағы бар, тегіс жіберіңіз. Оның ішінде өзіңіз айтқан Бұқар жырау, Абылай, Олжабай әңгімелері, Сақау ақын айтқан – «Қозы көрпеш», Тағы басқа көзге түспеген нәрсе болса тым жақсы. Қысқасы бар нәрсеңізді жіберіңіз» – деген өтініш бар. Хатта көңіл аударарлық: «Бұқар жырауды» Әлиханнан сұра деген екенсіз, о кісі қазірде Петерборда-Сіздің хатыңызды Әлекеңе көрсеттім. Білмеймін деді. Тегінде, Бұқар жырау о кісінің қолына түспесе керек – дейді де, «Оны сіз «Кенесары, Наурызбайды» Алдаберген баласы Зияштан ал деген екенсіз, Алдабергеннің өзі болмаса, Зияш менің білмейтін жігітім» – деп хатты аяқтайды. «Өзім кеше Петербордан шығып, Ташкенге демалысқа бара жатырмын. Бұл хатты сізге бірін Мәкеуден жаздым. Қош тұрыңыз. Адресім бұрынғы: Ленинград, Центр. Ул. Декабристов, 14, кв.1. Әлкей». Мінекей, хаттың қысқаша мазмұны осындай. Хатта Ә. Бөкейханов есімі аталады. Әлиханды танымаса, білмесе Мәшһүр-Жүсіп беталды «Бұқар жырауды» Әлиханнан сұра демес еді. Ә. Бөкейханов сол М. Әуезов, Ә. Марғұлан тұрған үйде тұрған [21, 75-76-б.]. С. Мұқанов «Өмір мектебінде» Ленинград қаласына келгенін жазып: «Қақпасындағы жазуына қарасам ул. Декабристов екен. ... Әлкей осы үйдің екінші этажындағы терезесі қораға қараған, жарығы көмескілеу кішкене бөлмесінде тұрады екен. Үлкенірек бір бөлмесінде Әлихан Бөкейханов, қос қабат кішіректеу екі бөлмесінде әйелімен Мұхтар Әуезов пәтерде тұрады дейді. Әлихан командировкада екен» – деп жазады [22, 282-б.]; Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттық азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс ұрпағы, Ресейдің либералдық демократиялық қозғалысының жоғары білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрінекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхаметовтер, Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары – билердің, батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды. Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара – шаруалардың, жұмысшылардың, қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отрашылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат етті, егеменді автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды [23, 30-б.]. Февраль революциясынан кейін 1905 жылдан бастап, негізі қаланып өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жасалды. Бұл октябрьде болатын социалистік революцияға тарихи қадам жасап қана қоймай, жол ашты. Февраль революциясы жұмысшылар мен шарулардың күш-жігерімен жасалса да өкімет билігі буржуазияшылдар мен байлардың қолына өтті. Уақытша өкімет құрылды. Екіншісі – Советтер социал-демократиялық өкіметі еді. Қазақстанда да осы үлгіде қос өкімет пайда болды. Мінекей, қазақ халқын ресей империясының отарынан алып шығудың, көтерудің шынайы формасының басы сонау орыс буржуазиялық револоюциясынан бастау алған. Керек болса, еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін бостандық деген ұлттық рухпен баяғы да суғарылған, қанында ата-бабадан сіңген «ауыздықтаусыз» елге жету мұраты бар еді. Қазақтың тіпті, бесікте жатқан баласының өзі бостандықтың ақ таңын аңсады. Әрқашан да ойында болған, бір сәтке де есінен шығармаған. Кешегі ел қорғаны, жер қорғаны батырлардың «мәңгілік ел» үшін ізденісі зая кеткен жоқ. «Алты алаштың» Алаш идеясы 1917 жылғы төңкерісте одан әрі пісіп жетілді, төңкерісшіл қазақ интеллигенциясы тарихтың бұл қиын аумалы, төңкермелі заманынан үлкен сабақ алды. «Алаш» арыстарының іс-қимылын, үлгісін, тәжірибесін бойына сіңіріп, шынығып өскен ұрпақ «Мәңгілік ел» – ұлттық идеясы үшін 1976 жылы көтеріліске шықты. Сондықтан да кім-кім?? Нағыз «мың өліп, мың тірілген» қазақ, бостандықтың ақ таңы не екендігін өте жақсы жақсы білді. Қазақ сахарасында жүгірген аң да (әсіресе көк бөрі), көк аспанда қалықтап ұшқан құс та (әсіресе қыран бүркіт) бәрі-бәрі – ақын-жырау, күйші, әншілер де, қыл аяғы қойшы, жылқышы да қалың қазақ қыл бұғаудан босап, еліміз бодандықтан босап, «Егемендігімізді» алғанда көкірегімізде шермен болып қатып қалған жас ағып, қайғының қара бұлты серпіліп, тастай қатып су алып кеткен аналардың омырауы жібіп, иіген еді, басымыздағы бөрікті аспанға атқан едік. Басымызға бақ қонып, Елбасы таққа отырды. Басқа елмен терезесі тең, керегесі кең, босағасы берік, шаңырағы көк тіреген «жиделібайсын» еліне, жеріне айналдық. «Мәңгілік ел» орнатуға болатынына көзіміз де, төзіміміз де әбден жетті. «Мәңгілік ел» жолында жүріп өткен ата-бабалардың, батырлардың, зиялы қайраткерлердің төгілген тері, аққан қаны босқа кеткен жоқ. Олардың ғасырлар бойғы көксеген арманы орындалды. Жандары, рухтары жай тапты. Расында да «Егеменді Қазақстан» қазірдің өзінде, біз үшін Ұлы Далада – орнаған «Мәңгілік ел» болып табылады. Қанша ма? Қиыншылықпен келген «Егеменді» елді сақтап қалу, айылын босатпай баянды ету – тілін, тарихын, дінін, ділін білетін білімді, саналы, ақылды, тәрбиелі келешек, жас ұрпақтың өз қолдарында екендігін түсінгендері жөн.

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы «Олжабай» батыр бейнеcі
...Бұл байтақты шарлаған,
Толы бидің баласы –
Ер Олжабай жас екен...

Сақау ақын.
Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі.

Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейітке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде Орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейітке келіп, мал семіртіп отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Олжабай келеді. Әкесі Толы би-Айдаболдың немересі. Үргеніш, Қоңырат еліндегі нағашысына кеткенде, бәйбішесі Айбике босанып, күйеуі жоқта туған соң; «Бұл олжа бала» – деп, атын Олжабай қойған. Қап түбінде болат қылыш жата ма, Олжа бала, жас күнінің өзінен-ақ талпынып, алмастың асылындай болып өскен екен. Олжа албырт беті ме қатты, хан-сұлтанның балалары кездескенде, біріне-бірін түйеді екен. Бір кезде аста-тойда алдын бермей, жолды алып жүрген Құлынкөк атты қалмақтың жауы ел шапқанда, бірге алып кетеді. Толы би он төрт жасар баласын нағашысы Қаракерей Қабанбайға жіберіп, Нарқызыл аттың енесінен Тайбурылды қалауға сұратады. Олжа қасына ешкімді алмай, үйінде сүт еміп тұрған Тайкөкке отырып, қолына сарқамысты садақ алып: «Қаракерей Қабанбайдың елі қайсы?!» – деп, тартып кетеді. Олжа бала талай күн жүріп, нағашысының елін сұраумен іздеп келеді. Қалмақтың жаулары бар ма деп аңдиды. Бір күні елсіз қалың орманға кіріп, күні бойы ел таба алмайды. Күн қара, жаңбыр жауып, кеш түсіп, түн болады. Бала күн бойы жүріп шаршаған соң, бір ағаштың түбіне келіп түседі де, Тайкөктің аяғын тұсап, шалқасынан түсіп жатады. Әлден уақытта байқаса, аты осқырады. «Неге осқырады?» – деп, басын көтеріп қараса, анадайдан бір-екі от көз жалтырап жақындаған болады. Олжакеңнің қолында садақ пен сары ала қамшыдан басқа дәнеңе жоқ. Малдасын құрып, қамшысын бүктеп, бір қолына сары ала қамшы, садақ алып отыра береді. Әлгі от көз таянып қасына келсе, орманның ішінде жүретін бір қабылан екен. Олжекеңнің қарсы алдына келеді де, бүгесінен түсіп, көзін Олжекеңнен айырмай жата береді, тап бермейді. Олжекең де одан көзін аудармай қамшысын бүктеп, садағын қасына алып отыра береді. Түн қап-қараңғы: екеуі сол қарасқаннан күн шығып, сәске болғанша қарасады. Күндіз әлден уақытта қабылан тұрады да, артына бір қарап жүре береді. Қабылан кеткен соң Олжекең Тайкөктің тілін қатырады да, біраз шалдырып, ел іздеп жорытып кетеді. Келе жатса, бір су бойында бір қараша үй көрінеді. Үйге келіп, атын белдеуге байлап, кіріп келсе, үйде бір кемпір отыр екен. Олжекең екі күндей нәр татып, ел жүзін көрмеген.

Кемпір:

Е, балам, түсің қашып, түн қатып жүрген қай баласың? Еліңді жай шауып жалғыз қалған бала емессің бе? – дейді.

Кемпір:

Е, шырағым, ел руым Найман еді. Елімізді құба қалмақ шауып, солардың жосағынан қалып отырған жанмын, – дейді. Кемпір сәуегей балгер екен. Олжаға бал ашып: Шырағым, «ер-қанаты-ат» деген, тұлпарыңды әкеткен құба қалмақтың жауы. Сен бұрын тойға шықпаған албырт бала екенсің, бірақ аруағың күшті, жұлдызың жанып тұр. Бір кезде қайтсең де құба қалмақтан кек аларсың! – депті. Он төрт жасар Олжа нағашысы Қабанбайға барып, тартуға Тайбурыл мен ақ сауытты киіп қайтты. Қаракерей Қабанбайдың қартайған шағы екен. Олжаны үш рет иіскеп, бейіл салған екен. Олжекең ақ сауытты киіп, Тайбурыл мен нағашы қосқан бір жігітпен келе жатқанда, бір тайпа қырғыз еліне жолығады. Қырғыздың бір жақсы адамы Олжекеңнің түріне қарайды да, біраз әңгімелескен соң:

– Шырағым, «Аталы жұрт ару ел», – деген, «Елге ел қосылмаса да, адамға адам қосылады», – деген. Бұдан әрі Сақау ақын бір-екі шумақпен Олжабай жүріп өткен жерін, суын, тау тасын жырға қосады. [1,170-172-б.].

Олжабай батыр (екінші нұсқасы). Он сан Орта жүзге ұран Олжабай [дың] әкесі Толыбайдың (Толыбайдың) жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізләуге) азық-түлік пісіртіп алып: Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! – деп, аттаныпты: Мына белдің астында бір көл бар, сол көлдің басында бір ел бар. Сол елде бір батыр сенің биеңді байлап, сауып ішіп отыр. Бір биенің сүтімен бір тайпа елді асырап отырар, биеңді бере қояр ма екен? Өзіңді жазым қылар, уыз жас бала екенсің! Шырағым, жаным ашып айтамын, осы жерден қайтып кетсең де, жарар еді. Мал үшін талайдың қиып жүрген қу жалмауыз еді өзі, – депті. Уай, шеше-ай: «Бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді, Мал үшін жігіт адам қайда өлмейді?». Мен де: «қатынмын!» – деп, атқа мінгенім жоқ, «батырмын ғой!» – деп, міндім, – деп, атына мініп тұп-тура көлдің басында отырған ауылға қасқиып барып, құла бие байлаулы тұрған үйге түсе қалып, кіріп барыпты. Биені алып келген батыр үйде отыр екен. Олжабайдың түрін көрген жерден танып:

–Алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі болса, ал да, жүре бер, балам! – деп, жақсы сөзін айтып қала беріпті.

Олжабай биесін ноқталап алып, жетектеп жүре беріпті. Елсізде келе жатып, бір жерге түсіп, астындағы атын, жетектеген биесін оттатып, шылдырып алу үшін олардың аузын шөпке тигізіп, өзі шалқасынан түсіп қаннен-қаперсіз, дәнемеден уайымсыз жатып, ұйықтап қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанда жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы дуылдап, тамыр-тамыры қыбырлап, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқан соң, шошып басын көтермепті. Көзін ашып қараса, білектей сары шұбыр жылан кеудесінің үстінде-біресе қойнына кіріп, біресе мойнына оралып, біресе екі бұтының арасына барып, қойны-қонышын тегіс аралап жүргенін көріп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрсің ғой, егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-ақ қыршып тастайын!» – деп. Жылан аузына кірмепті, онан басқа денесінің бәрін түгел аралап болып, тамағының астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей, енесінің а...на кіремін деп кетті ме? – деп, – бәлемді, көрінсе, ұмар-жұмар қылайын!» – деп, басын көтеріп алса, басына ақ шалмалы бір қожа отыр дейді. Үстімде тіккен үйім жоқ, алдымда айдаған қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің басында қа...мша қақиып қатқаныңның басын аламын деп отырмысың, қожа?! Қожаның арсызы екенсің! – депті. Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін, өзіңнің бақ-талайыңмын. Сені дию, перілер: «Алып кетеміз!» – деп, он бес жыл аңдып еді, мен күзетші болып, алдырмап едім! Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүргенде қасыңда; жатсаң, басыңда болатұғын қайып-піріңмін. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім. Кеудең дәнемеден шімірікпейтін: «Деген байдың өзі, көк шолақтың көзі» – екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді, артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің аруағын керек қылма, өз атыңды айтып: «Олжабайлап!» – жауға шаба бер! Өзің түгіл, «Олжабай!» – деп, атыңды айтқанның алдынан пәле-жала, жын-шайтан серпіле берер! – деп, батасын беріп, ғайып болды дейді. Олжабайдың немересі – Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар, жоғарғы Қаракесек: Қарсұн, Керней-Қояншы, Тағай-тарапына бір барымтаға бара жатып, елсізде бір бес кісі жаяу жолығыпты. Сонда бұлар да: «Олжабайлап» – шауыпты, ол бесеуі де: «Олжабайлап» шауыпты. Ертеңнен кешке шейін соғысып, бірін-бірі ала-алмай, аттары болдырған соң, аттарынан түсіп:

–Бір-бірімізге қастық ойламасқа! – деп, малта жесіп отырып, жөн сұрасыпты. Сөйтсе, ол бес кісі Қа...шор деген елдің жолаушысы екен. Сонда бұл Арыстанбай айтыпты:

– Біз «Олжабай»-ладық, мен сол ер Олжабайдың немересімін. Ал, сендер неге «Олжабай»-ладыңдар? – депті.

Сонда олар айтыпты:

– Батыр Олжабай бір жаққа жорыққа бара жатып, біздің елге кез болып, бір үйге қонып жатса, бір бала көтермей жүрген әйел түнде қойнына кіріпті:

– Мен бормайымнан суым сорғалап жүрген жалаңбұт қу емеспін. Бала көтермей зарыққандықтан, аузына әлі жетпеген жамандардың «қубас» – деп, байымды мұңайта бергендігінен, тарыққаннан: «Мергеннен-сыралғы, батырдан-сауға», – еді. Бір атым оғын аямас, – деп. – Атың шыққан ер едің, аруағыңнан дәме қылып келдім, – депті.

Сонда Олжабай батыр айтыпты:

Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етекке етегімді ашып көргенім жоқ еді. «Болатымды боққа суармаспын!» – деген антым бар еді. Менде бар болса, сен бір ұл табасың, атын «Олжабай» қой! – деп, кіндігінен жүндігіне шейін қолымен бір сипапты да, жүре беріпті. Сонан кідірмей буаз болып, бір ұл тауып, атын «Олжабай» – қойыпты. Мен де сол Олжабайдың немересімін. Сонан бері елімізге бәйгеге ат қосса да, жауға шапса да, «Олжабай» – деген ат ұран болып қалған. Біздің: «Олжабай»-лап шапқан мәніміз сол!-депті. Бұрынғылардың өзі деген кісісінің қылып жүрген әулиешілігі қалай? Тұрсынбай батыр айтқан екен: «Арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ» – деп. Тәти ұлы Байкісі жиырма сегізінде өлген екен. Ол кісі һәм айтқан екен: «Арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ», – деп. Өз атамыз жетпіс үшінде өтті. Бұл кісі һәм айтқан еді: «Некесіз (некахсыз) әйелдің маңайынан өтіп көргенім жоқ» – деп. Ташкенбай молда һәм айтқан еді: «Алпыстан асқанша ұрғашыға жақындасудың не жұмыс екенін білмеуші едім» – деп. Олжабай батыр. (үшінші нұсқа). Бұл-тарих-шежіре. Ауыздан-ауыз алынған сөздерден жиналған. Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдан сөйлейік. Бұл Олжабай батырдың туысы – Орта жүз: Арғында он үш жасында «Айдабол би» аталған Айдабол – Күліктің Айдабол ұрпағынан шыққан. Айдабол бидің бәйбішесінен: Жанқозы, Малқозы, Кежеқозы. Ортаншы қатынан: Қарақозы, Бозқозы, Аққозы. Кенже тоқалынан: Қожакелді, Тайкелтір. Осының бәрі де өсіп-өніп, өзді ру ел атанған. Жалғыз-ақ бәйбішесінің кенжесі Кенжеқозы қыршын жас күнінде өліп қалып, атастырып қойған қалыңдығы оң жақта жесір қалған. Қайны – Үйсін: Қаратай батыр екен. Айдабол би Қаратай батырдың қызы тоқалынан туған: «Тайкелтірге алып беремін!» – деген соң, Жанқозы:

– К...ттесім жесір тоқал баласын алдырмаймын! – деп. –Тетелес інім Малқозының баласы Толыбайға алып беремін! – деп. – «Берсе, қолынан, бермесе, жолынан» – аламын! – деп, ту тігіп, қосын болып барған.

Қаратай батыр:

– «Құдай!» – дескен, құйрық-бауыр жескен» құдамсың. «Құданы Құдай қосады!» – деген. Арғындығыңа кетіп, аңғалдық қылып, бұл келісің қай келіс? «Жасанған қолыңнан, адасқан жолыңнан» қорықпаймын. Жол-жобадан адаспаймын! Көп жолдасыңды қайрып жібер, қосшы-қолаңшыңмен өзің қал! Біржолата ұзатып, алып қайт!» – деген соң, Қаратай батырдың «айтқанынына көніп, айдауына жүріп», жаз барған жолаушы қысқа килігіп қалып, қыс ішінде ұзатып алып қайтқан.

Қаратай батыр түйесінің басын жетектеуге Шанышқылыдан: Бөктік деген бір қызды алдырып, қызына «жетім» қылып, қоса берген. Жолда келе жатып осы екі қыздың екеуі де босанып, ер ұл [туған]. Шынышқылы қызы Бөктіктен туған баланың атын: «Бұған ат болуға осы отырған қос та жетер!» – деп, «Қосжетер» қойған. Аман-есен елге келген соң, «Еңбек қылып, барған, жүрген, тұрған бізге олжа болуға: «Олжабай» жарар!» – деп, Бөктікті, онан туған Қосжетерді Айдабол бидің босағасына байлап, Жанқозы әкесі Айдабол биден бата алған. Айдабол бидің толып жатқан көп баласының өсімі-өнімі де бір төбе, Жанқозының жалғыз өзінің өсімі-өнімі бір төбі. «Баталы құл арымас // Батасыз құл жарымас», – делінген сөз осындайдан айтылған. Айдабол бидің: Қожакелді, Тайкелтір – екі баласы бірдей құба қалмақ ханы Қалдан Шерінге олжаға түсіп кетіп, қалмақ қолында қалған.

– Ол екі бала өлді ғой, не тірі жүрсін? – деп, Айдабол мұнда қалған балаларына енші үлестіргенде, тоқал балаларына үлес-сыбаға қалдырмаған. «Болат пышақ қап түбінде жата ма?» – Тайкелтір аман келіп, еншіден құр қалғанын білген соң, жылап қоя берген. Сонда Айдабол би сасқан, ұялған:

– Мұндағыларға шөп кіндікті малды бердім, саған ет кіндікті адам қойдым. Сына-Бөктік, онан туған Қосжетер-сенің еншің болсын! Қара бауыр қылып ал! Менің кісілігім, бақ аруағым сенде қалады! – деп, батасын берген.

Сондықтан Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер) бір бауыр, бір ауыл болып, «Тайкелтір-Қосжетер (Қошжетер) атанған». «Он сан Орта жүзге ұран болған, Олжабай» батырдың әкесі Толыбайдың жұтта[н] қалған жалғыз құлашолақ биесі бар екен. Құлашолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, жау алып кетті. Он жеті жасар күнінде Олжабай құлашолақ-[ты] іздеуге екі қоржынның басын қақтаған жылан етіне лық толтырып алып:

– «Құс ұшпас, құлан жортпас» белдерден де асамын! Ұшқан құстың қанаты күйетұғын, жүрсе, аттың тұяғы күйетұғын шөлдерден де асамын! Құла биені жеті қабат жердің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! – деп, аттаныпты.

Өз үйінен шыққаннан соңғы көрген жарық сәулесі айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болыпты. Аптығып, асығып үйге кіріп келсе, бір сары қарын қатын отыр. Бір күбі быжылдап, ашыған айран тұр. Бір нәрсеге құйып ішуге қарамастан, күбі-мүбісімен басына бір-ақ көтеріпті.

Қатын үйрейі ұшып, қорқып, сүйсініп:

– Ішкенің ас болсын, бойыңа жұғымды болсын! Сұйық асты ішкеніңе мейрім қанды. Бұрын түзге шықпаған, жол жүрмеген бала екенсің. Қой-қозысы құрғыр, жоқ болса да, ешкі-лақ бар еді. Сауыны болғанда, саудыруға өздері келеді. Лақ емес, кебенек келгірдің бір семізін сояйын. Боғы мен қанынан басқасын қазан толтырып асып, алдыңа қояйын. Сұйық асты ішкеніңе айызым қанды. Тамақ жеген жесіңді көрейін! – деп жалыныпты.

Жоқ, бәйбіше, бір құлашолақ бие алдырып, соны іздеп таппай, көт басып отыруға мұршам жоқ! – депті.

Қатыны сөйлепті:

Осы үйдің есігінен анау көгеріп көрініп тұрған тау емес, «Қара үңгірдің қара жоны» – аталған көлденең жатқан бел. Ол белдің ар жағы-«Қарақоржынның сеңгір көлі» – атанған көл. Сол көлдің басында суатын жағалай қонған ел. Сол елді бір батыр сенің биеңді, құлынын арбаға байлап, сауып ішіп, бір биенің сүтімен бір тайпа елді асырап, биеңді бере қояр ма екен? Мал үшін талайдың желкесін қиып жүрген қу жалмауыз еді. Аузыңнан сүтің шығып тұрған уыз жас бала екенсің. Шырағым, жаным ашығандықтан айтамын. Осы жерден қайтып кетсең де, жарар еді.

– Уай, шеше-ай: «Бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді //Мал үшін жігіт адам қайда өлмейді?!». Мен де: «қатынмын» – деп, атқа мінгенім жоқ, «Батырмын ғой!» – атқа міндім! – деп, атына мініп жүре берді. Масасын ызылдатып, сонасын қожылдатып, белден асып, Сеңгір айналып (айланып), тұпа-тура көлдің суатына отырған ауылға қасқиып барып, құла биенің құлыны байлаулы тұрған арбаға атын байлап, үйге кіріп барды. Қазағыңша сәлем-мәлемді білмейді. «Амансың ба?» – мен жұмысы да жоқ:

– Мына құлынды арбаға байлап қойған [ы] несі? – дейді. Талай жауға ат ойнатып, талай шұңқырға қарыннан қазан қайнатып жүрген шонжар өз үйінің төрінде отыр екен.

Олжабай кескін түрін көрген соң:

– Балам, алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі болса, ал да жүре бер! – деп, жақсы сөзін айтып, қала беріпті.

Олжабай батыр биесін алып жетектеп жүре беріпті. Үйден шыққалы ұйқы деген неменің қайда кеткенін де білмейді, кірпік қағып, көзі ілінген жоқ екен. «Түлкі жортпас тумадан // Итқұс кезбес қолаттан» өтіп, осы жерден жанды қара жүре қалмас-ау дерлік, бедірейіп жатқан Бетпақдалаға шыққан соң, бір жерге түсіп[т]і. Астындағы атының: «Аунасын!» – деп, ер-тоқымын алып, «қунасын!» – деп, жүгенін алып, құла биенің ноқтасын сыпырып алып:

– Ұш, жануар, аяғың барғанша жүріп, оттай бер – деп, қоя беріп, өзі шалқасынан түсіп жата қалыпты. Сілесі құрып, ұйықтап, қата қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанда, жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы суынып, біреу буындырғандай буынып, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқанын сезіп, шошып басын көтермепті, қойнына кіріп, біресе мойнына оралып, біресе екі бұтының арасына барып, қойын-қонышын тегіс аралап жүргенін көріп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан, жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрген енеңнің ғана сі...ін-ау», егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-ақ қыршып тастайын!» – деп. Жылан аузына кірмепті. Онан басқа денесінің бәрін түгел аралап, тамағының астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей: «Енесінің а...на кіремін» – деп кетті ме? Бәлемді көрінсе, ұмар-жұмар қылайын! – деп, басын көтеріп алса, басында ақ шалмалы бір қожа отыр.

– Үстімде тіккен үйім жоқ. Алдымда айдап жүрген қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің басында қ....ямша қақиып қатқаныңның басын аламын деп отырмысың, қожа?! Қожаның арсызы-ақ екенсің! – депті.

– Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін. Өзіңнің бақ-талайың-Қайып-піріңмін! Сені дию, перілер: «Алып ктеміз!» – деп, он бес жыл аңдып еді. Мен күзетші болып алдырмап едім. Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүрсең қасыңда, жатсаң, басыңда болатұғын алмажайыңмын. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім, араладым. Кеудең дәнемеден шімірікпейтұғын: «Деген байдың өзі,//Көк шолақтың көзі»-екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді. Артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің аруағын керек қылма! Жауға шапсаң, өз аруағыңды көтеріп: «Олжабай! Олжабайлап» – шаба бер! Сары шұбар жылан болып, оқ бойы алдыңда ұшып отырамын. Өзің түгіл, «Олжабай! Олжабай!» – деп, атыңды айтқанның алдынан жау беттеп тұра алмай, қаша берер!» – деп, ғайып [қайып] болды дейді.

Олжабай батыр. (төртінші нұсқа). «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай!» – деседі. Бұл сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады. Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып жүрген күндерінде бірін-бірі танымайтұғын екі жау түзде кездессе, қай бұрын «Олжабайлап» шапқаны жойып, жеңіп алып кете береді екен. Бірінен бірі естіп, құлағы есіткен (естіген) қазақ жауға шапса: «Олжабай, Олжабай!» – деп шабатұғын болыпты. Қазақ орысқа қарамаған күнде Айдабол ішінде Құлнияз, Бабыр аталған екі ру елдің жылқыларын жау алыпты. Қарап отыра ала ма, тайлы-таяғына шейін қалмай, қуыпты. Сонда жауға шапқанда: «Құлболды, Құлболды-лап»-шауыпты. Жеткендерін «қызыл көтен» қылып түсіріп, қиратып барады дейді. Қуғыншылардың ішінде Құлнияз ұрпағы: Құнды баласы Байдалы бар екен. Аты жүйрік болмағандықтан, жігері құм болып, қуғыншылардың ішінде келеді екен. «Құлболды жолы қызыл-жосул қан болады!» – дейтұғын, «Олжабай, Олжабай!» – деп, шаба көріңдер! – деген соң:

Олжабай, Олжабай! – десіп шуласыпты.

Сөйтсе, Бабыр ішінде түбі-тегі сарт – бір биеші бие сауып жүрген-бір құлынды биеге жайдақ міне салып, шапқан екен. «Олжабай! Олжабайлап» барып, жауды жайратып, қалғаны тырым-тырақай қашып, жұрт жылқысын аман айырып алып қалыпты.

Жауды түсірген кім? Кім? – дегенде:

Бір биеші – делінгеннен: «Биеші» атанып, осы күнде соның ұрпағы: «Биеші балаларымыз!» – деседі. «Тоғайда Апайбөрі»-Қазанғап аулында төртті-бесті үй бармыз!» – дейді. Қазақ орысқа қарамаған күндерде Ертістің арғы жүзі «Қарағай», «Жақсылық» – деген – мен, жалпақ Сүйіндік жылқысын солай айдайды дейді. Жылқышылардың ішінде Шоң, Торайғырдың кенже інісі Қосдәулет бар, Сары деген таптан Ботай бар, Қаржас, Таластан «Төртқара» атанғанның бір қарасы Жаманқара бар. Өзге елдің жылқысы Ертістен әрі өтіп, Қызылтау-Қозғанның жылқылары Ертістің бер жағында жатып қалыпты. Қозған жылқыларын түп көтере жау алыпты. Қостарында арқандаулы тұрған аттарын міне сала жылқышылар қуды дейді. Сонда ішінде қу сақал бір қырқылжың:

Балалар, «Олжабай, Олжабай!» – деп, шаба көріңдер! – депті. «Олжабайласып», шуласқан соң, жаудан кісі топырлап түсе бастапты, жылқыларын да аман айырып алыпты. Қолға түскен жау кісісін атқа жайдақ мінгізіп, екі аяғын аттың бауырына қоса байлап, жылқымен бірге айдасып қайтыпты. Сонда қолға түскен жау кісісі:

Сендердің мана бізді қуған көп кісілерің қайда?! – деп қоймайды дейді. Осы шіркін не былшылдап отыр? Қос басына бесті-алтылы жылқышымыз. Ел жоқ, күн жоқ, көп кісі бізге қайдан келуші еді?! – десіпті.

– Ендеше мана біздің көзімізге күннің көзі, жердің жүзі кісіге толып кетті. Біздің батыр басымыз Наманай, Меңдеке батыр еді. Ол «Өзінің өз болғалы,//Көйлегі бөз болғалы» – бетін бұрып, тайсалып, жаудан қашқаны-ақ осы шығар! Ол қашқан соң, өзгемізде не үрей қалсын?! Жан тәтті ғой! Қайсың ұрып жығып, мені байлап алдыңдар? «Етімізге нәпіз етпесін (итмесін)!» – деп, өзіміз аттан құлап, топылдап түсе бердік. Мына отырған сендерге бұл жылқыдан бір тал қыл да бұйырмайтын еді! – депті.

Осы сөздер сол замандағы талайдың аузында әңгіме болып жүрген сөз ғой. Көктен маған Жебірейіл келіп айтып отыр дейсіңдер ме?! «Құлағының тесігі бар//Кеудесінің есігі бар» сисібе құлақ шалдар сөйлеп, сонан бірден бірге қалып, әңгіме болып, жеті атаға келген. Міне, мен сөйлеп отырмын. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» батырдың немересі Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар жоғары Қаракесек: Қарасұн-Керней, Қояншы-Тағай жағында жорықта жүрсе, елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сонда бұл Арыстанбайлар: «Олжабайлап!»-шауыпты. Ана бесеуі де «Олжабайлап!» - шауыпты. Ертеңнен кешке дейін соғысып, бірін-бірі ала алмай, аттары болдырған соң, титығы құрып, аттарынан түсіп: «Бір-бірімізге қастық ойламасқа!» – деп, құр жондарынан алып, малта тас түсіріпті. Олай қылғаны-елдескендігіне сенімді уәделері екен.

– Танысып, білісейік! – десіп жөн сұрасыпты.

– Біз-Айдабол-Күліктің Айдаболы: әкемнің аты-Дулат, өз атым-Арыстанбай, Дулат әкесі-батыр Олжабай. Мен бабамның аруағын шақырдым. Сендердікі не? Сен неге «Олжабайлайсың?» – депті.

Онда ол айтыпты:

– Жастықта сол өзің айтып отырған батыр Олжабай бір жорыққа бара жатып, біздің Шор Ұлытаудікіне қонады. Ұлытау өзі Ұлытау, Кішітаудың Ұлытауында туып, атын «Ұлытау» қойған екен. Өз заманында өзі Ұлытау қандай болса, сондай жан болыпты. Дүниенің жүзінде жалғыз-ақ кемшілігі-перзентсіз болыпты. Алған қатыны да өз тұсындағы әйелдің «Құлан қарауыл алғары қиғашы»-атаныпты, пұшпағы қанамапты. Олжабай батырға қос тігіп беріп, мандық көрпе жауып, ши құтыны бір шапанды бас шағына іліпті:

– Мынау-аруағыңа байлаған ақтығым. «Ертең киіп [кетсе], көзі бола ма?!//Тиіп кетсе, сөзі бола ма?» – деп, Олжабай батырдың қойнына кіріп барыпты. –Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаң бұт қу емеспін. Абысын-ажынның: «Пұшпағы қанамаған, Құдай қаламаған!» – деген сөзін не қылайын?! «Ұрыспас ұл, керіспес келін» бола ма? Аузына әлі жетпеген жамандардың: «Қу бас, шіркін!» – деп, байымды мұңайта бергендігінен, тарығып, зарығып: «Мергеннен-сирақ (сырағы), батырдан-сауға» – деуші еді ғой! Атың шыққан ер едің: «Бір атым оғын аямас!» – деп, аруағыңнан дәметіп келдім! – депті.

– Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етекке етегімді ашып көрген жан емес едім. «Болатымды боққа суармаспын!» – деген антым бар еді. «Жолыма жобалғы болар!» – деп, жоламаушы едім. Менде бар болса, сен бір ұл табасың. Атын «Олжабай» қой! – деп, кіндігінің жүндігіне шейін бір сипап жүре біріпті.

Қатын ертеңінде айта тұра келіпті:

– Қо...ғымен с...іп берген жоқ, қолымен тығып берген жоқ. Бір бала беріп кетті! – деп, бозқасқа сойып тарқатыпты.

Сонан кідірмей буаз болып, ер ұл тауып, атын: «Олжабай» – қойып, сол Олжабайдан туған Ханкелді-мына мен! Мен де – сол Олжабайдың лепес баласы-Олжабайдан туғам. Сондықтан біз де Олжабайды ұран қылып алғанбыз! – депті. Міне, бұрынғының әулие екендігі – осы. Өз заманындағылар: «Олжабай!» – деп жүрген, жүріп, қылып жүрген қылығы. Малайсары және Олжабай. Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай бағының ашылған, аруағының шашылған жорығы. Орта жүз: Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен. Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «Оттасын, жайылсын!» – деп, бұйдасын түріп, бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып: «Әуп! Әуп!» – деген дауыс естілген соң: «Дәу де болса, бұл жолбарыс шығар!» – деп, жұрт ду көтеріле шапқанда, Малайсары бір шұбар тайға мініп, олай-былай шапқылап жүрген бала-жұрттан бұрын абайсыз жолбарысқа барып қалғанда, жолбарыс шұбар тайдың құйрығынан алып, «Әуп!» – деп, аспанға атқанда, бала таймен бірге кетпепті. Жолбарыстың үстінде мойнынан құшақтап, ұйқы-тұйқы болып жүргеннің үстіне Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, баласын аман айырып алыпты. Осы Малайсары заманында ептейсіз ірі батырдың бірі болған.

Абылай мінгені-Айғайсары,
Айғайласып келгенде, жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туыңды ала, шаба гөр, Малайсары!

Абылай хан атақты, аруақты, бақты хан болған күнінде Уақ: Сары-Баянсыз, Балтакерей-Тұрсынбайсыз, Шанышқылы: Бердіқожа, Көкжарлы көкжал Барақ, Сырым-Малайсарысыз жорыққа аттанбайды екен. Сырым:

– Малайсары батыр қалмақ Қатысыбанның ханы Қоңтажының қолына тұтқындыққа түсіпті. Қалмақтың ханы ақбоз үйге кіргізіп, құда, күйеуше сыйлап күтіп: «Сірә, мұнымен елдеспей, бізге тыным-тыныштық болмас! – деп:

– Сені біз осы сыйлаған бетімізбен сыйлап аттандырайық. Сен тұңғышың Тілеуқабылды бізге «ақ үйліге» бер! Ақ мылтықтың ауызын жаласып, аттасайық. Бір-бірімізге жау болмасқа сенімді уәдеміз осы болсын!» – десіп, бұл баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек болып, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп, жаңа «уе» (уф) деп, демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп, Абылай хан келіп қалыпты:

Отырма! Атқа мін, жүр! – дейді ғой.
Малайсары:

Мені қой, мен бармаймын! «Қалмақпен жауласпаймын!» – деп, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтып едім. Антқа ұшырап қалармын! – дейді. Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің?! Жүр, сен бармасаң, болмайды! – деп, еркіне қоймай, ертіп алып, аттанып қалмаққа барған екен. Барса, қалмақ күн бұрын естіп, күтініп, – дүние дүние болғалы, жер, су болғалы жау беттеп кіріп, бұзып ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады екен, – тас-түйін болып, соған қамалған екен.

Сонда Абылай хан төрт бытырды жіберіпті:

– Қорғанды айналып [айланып] болжап келіңдер: бұзып кірер жері бар ма екен? – деп. Сонда Уақ: Сары-Баян жоғары ұмтылып, қорғанның үстінен үңіліп, ішіне қарай бергенде, дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай қайқайып қалғанын көріп: «Жығылды ғой» – деп, қалмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып, көре сала батырлар жалт беріп қашқанда, арт жағынан оқты жаңбырдай жаудырыпты. Сонда Абылай хан:

– Бір қанды ауыз мылтықтың ауызы Малайсарыға дөп келді-ау! Құдай-ай, сақтай көр! – дегенше болмай, Малайсарының сауытының жырық көт жігінен, шонданайдан оқ тиген екен. Жүремете сол қалмақ үш атыпты. Өзгелері дін есен, неше оқ болса, Малайсарыға тиіпті. Батырлар аман келгеніне-өзгелері қуанысқан екен, Абылай хан:

– Малайсары аман емес, аты кереңдеп қалды! – депті. Айтса, айтқандай, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен.

Қосына ап келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай хан:

– Өзге тамақты бұған бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады. Онан соң үйірге қосылмайды! – депті. Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді. Өзгелері күнде аттанып қорғанға бара береді. Бұрынғы хандар мұндай зор соғысқа барғанда, қосынды үш бөлек қылады екен. Бір бөлегін: Кезіуілші, – деп, оқшау бөлек алдында жүргізеді екен. Бір бөлегін «Тосқауылшы» – деп, ханды ортасына алып, орта буында жүреді екен. Бір бөлегін: «Салықшы» – деп, запас баққан аттарымен кейін арттарына тастайды екен. Олжабай бұрын есепке кіріп, қатарға қосылмаған күні болса керек. Әйтеуір сол жорықта бар, бірақ «салықшылардың» ішінде екен. Олжабай-ат жайған көп қазақтың бірі. Атын жайып, көйлек-дамбалын шешіп, қаннен-қаперсіз [қаннан-қабарсыз] ...қарап отырса, бір көк шолақ атты, көк шекпенді біреу-екі етегі жалп-жалп етіп, далақтап, екі көзі алақтап, атын басқа-көзге төпелеп [төбелеп], із өкшесі елсіз даладан шығып, дәнемемен ісі жоқ, Олжабайдың қақ қасынан шауып өте бергенде, Олжабай:

– «Немене, немене?» – деп, асығып-үсігіп қайда барасың? – деді.

Онда ол:

– Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай алтын қақпаны дал-дал қылып бұзып, жұртқа олжа үлестіріп жатқанда, олжадан құр қалайын ба? – деп шаба жөнеліпті. Олжабай батыр отыра алмай, ұшып тұра келіп:

– Уау, мына қалмақтың дал-дал болуы, мына қақпаның бұзылуы менің қолымнан болмақ екен-ау! – деп, тұра киініп аттанып: –Олжабай! Олжабай! – деп, шауып, жолында тұрған Абылайдың ала туын жұлып ала жөнеліп, қорғанға қорғаламастан қасқиып жетіп барғанда, бір қалмақ туды көздеп атқанда, қалмақтың ту ұстаған қолының қоспасынан тиіп, оны бір тікенек қадалған құрлы көрмей, ала туды Абылайдың өзіне бере салып, аттан түсе қалып, дарбазаны [даруазаны] шапқылағанда, қалайы-қорғасын құйып жасаған дарбаза саз балшықтай иленіп, қамалып жүрген қазақ сорлы, несін сұрайсың, қарқ олжаға батып, мәре-сәре болыпты.

Олжабай, Олжабай! – деп, тұсынан шауып өте бергенде, қозғала алмай жатқан Малайсары белін оратып таңдырып: Мына жауды Олжабай мұқатып алып, абырой аруақ Олжабайда қалатұғын болды. Мен құр қалам ба?! – деп, атқа үш мініп, үш түскен екен. Осы хабар Шүршіт патшасына естіліп:

Сол қақпа бұзған батырын маған жіберсін, көремін! – деп.
Барған соң құлжаның қос басындай оқтың үңірейіп тесіп кеткенін көріп:

Мына қолыңды оқ мынадай үңірейтіп кеткенде, қақпаны қалай шапқылап жүрсің?! – депті. Мен оқтың тигенін де, оның не қылып, не қойып жүргенін білдім бе екен?! – депті. Сонда Шүршіт патшасы сары ала ту, сауыт-сайман, дулыға, қалқан, сауытты ат мінгізіп, құшақтасып, дос болып, бұрынғы Олжабай емес, басқа бөлек Олжабай болып қайтыпты. Малайсары батырдың бір сөзі қала беріпті. Ол не десең, Абылай хан айтты ғой: «Қатқан сүр ет бере көрмеңдер!» – деп. Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күндіз далада қамалып жатыр. Түсте бірін, кеше бірін сойып тұратұғын қой-қозы бар ма?! Қызыл турам ет жұртқа жерік асындай болып, Малайсары бақыршысын шақырып:

– Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басыңды шауып тастармын! – деп, қаһарланыпты. –Ала қоржын қайда? Алып кел! Соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, менің құрығаным ғой, қаран суалғаным ғой! – деген соң, ала қоржынды алып, келсе, ақтарып қараса, бір қазы жатыр екен. Ортасынан тұтамдай кестіріп алып, астырып жепті. Абылай хан келген соң, көрсе, бұзылып, келіспей қалғанын көріп:

Ұрған екенсіңдер ғой! Сүр ет бердіңдер ме? – дегенде:
Қазының ортасынан беріп едік! – десіпті.

Енді болмады: жылғыз-ақ ілініп тұрғандығы шектің бүтіндігі еді. Ай бәрекелді-ай, келіспеді-ау! – депті.

Сонда Малайсары батыр айтқан екен: «Әзірейіл, шіркін, бұл қайда жүр өзі?!» – дей беруші едім. Ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен. Сөйтіп амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісіге бадырайып келуге оған да жан керек қой! – деген екен. Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп қойыпты. Олжабай және Жасыбай. Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау, Кішітау қыстап, Сұрқарасортыны жайлап, сол маңа[йға] орын теуіп жүріпті. Баянауылаға «Барлыбай» ұранды Бәсентиін [келіп] «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жұтынан тышқақ лақ өлтірмей, дін есен қалған екен. Олжабай батыр соны естіп,-өзге Сүйіндік-Ұлытау, Кішітауда,-төртті-бесті үйді соңына ертіп, Баянаулаға келіпті. Кісіден сұрап мал жей ме? Тоқты-торым, тай-тулақ, бұзау тайыншаны қуалып келіп жей береді. Барлық Бәсентиін біріне-бірі тығылып, Баянауланың бауырына жиылыпты. Бір байынікіне ту бие сойдырып, жиылыс қылысыпты:

– Осы бір төрт-бес үй қыстай маза бермеді. Ендігі жылы тағы осыны қылдады. Бұрынғылар: «Көп қорқытады, терең батырады», – дегені қайда? Қарасын өшіріп, көзін жоғалтып кетейік! – десіп отырғандарының үстіне Олжабай батыр өзі кіріп келіп:

– Сендер көшіп кетіп қаласыңдар. Біз айыр өркеш түйеміз жоқ, бауры сүтті биеміз жоқтықтан, тауда қаламыз. Тас кеміреміз бе, тау кеміреміз бе, үлеспеген еншіміз бар. Көш[ер] елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Еншіміз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер! – дегенде, үйдің оң жақ босағасына таяу отырған бір ұзын мойын қу ауыз:

«Біз өзінің қарашығын батырып, көзін жоғалтып кетейік!» – деп отырсақ, мынау не дейді? – дегенде, Олжабай батыр ұшып тұра келіп, жеке ауызын қынынан суырып ала ұмтылғанда, анау да жан ұшырып, қолға түспей, қашып шығыпты. Олжабай: Сендерге қолымды былғамаймын, қылышымды қандамаймын! Күні ертең тағала торы тай қалдырмай, түп көтере жылқыларыңды тиіп алайын да, күш-қайраттарыңды сонда сынарсың! – деп, кете қалыпты. Бәсентиін... түн ішінде алас ұрып, бүлініп, үркіп, көше қашып, Ертіс суына тоғытылып, ажалдысы суға кетіп, ажалсызы Ертістен әрмен [арман] өтіп кетіпті. Сол күндерде Бәсентиін деген рудан «Таз» аталған ұрпағынан Жасыбай батырдың беті қайтпай жүрген күні екен. Өзі мерген, өзі жаурыншы екен: Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қалмақтан босатып алған жерім еді. Мен Олжабаймен айтыспай, қара қанға батыспай, тастап көше қашпаймын! – деп, жалғыз үй қалыпты. Бір жаман жобалғы інісі бар екен. Ағасының малы болса, бағып; отыны болса, жағып, ас-суын қылып беру үшін қасында жалғыз-ақ сол інісі қалыпты. Баянаула тауының қалың ортасында бір көл бар. Сол көлдің күн шығысында бір тасты «Ту тіккен» – деседі. «Олжабай мен Жасыбайдың: «Айтысамыз!» – деп, ту көтерген жері» – деседі. Екеуі мұнан бұрын жүзбе-жүзге келісіп, бірін-бірі көріскен жоқ екен. Бірін-бірі көріскен соң, «ішпей мас, жемей тоқ» болып, өзді-өзімен тойысып (түйісіп), «ұрсамыз, төбелесеміз!» – дегенді қойысып, қоян-қолтық алысып, құшақтасып, дос болысты.

– Кел, екеуіміз осы Баянаулада жаталық, //Қойдай өріп жүрген: бұғы, бұлан, аладомбай, керкуданын аталық // «Жалғанды жалпағынан басып» Мерекеге баталық!//Бұл тауды: «Елсіз қалды, иесіз қалды!» – деп, қалмақ келеді. Кедергі болып, соның жолын тосалық! Бір асуының аузында мен жатайын! Бір асудың аузында сен жат! – деп, Шойындыкөлді басып өтетұғын жолдың асуында Жасыбай жатты да, «Торайғыр көлі» – деген көлді басып өтетұғын жолдың асуында Олжабай жатты. Ол заманда да қалмақ қосыны тау-тауға бекініп, тауға паналап жүреді екен. Жасыбай жаурын жақты. Жаурынға қалмақ қосыны Қызылтауға үйліп, төгіліп тосып қалғаны түсті. Қарауыл қарайтұғын тасына шықты. Қызылтауда бір тасқа шығып, қалмақ қарауылшысы да отыр екен. Бұл оны көрді де, ол мұны көрді. Үйіне келіп, жаурын жақты. Жаурынға қалмақ қарауылшысының көбіне айтып барғаны түсті. Ол айтқан екен:

Асудың ауызында бір жанды қара көрдім. Кісі екенін, құс екенін айыра алмадым. Ертең қарауылға тағы шығамын. Кісі болса, тағы отырады. Құс болса, бір жерде қозғалмай отыра бермес, ұшып кеткен шығар! – деп. Сол сөзі жауырынға түсіпті. Жасыбай қу сүйекті үгіп, күл қылып, бір ақ шүберекке түйіп, бір тулақтың пұшпағына байлап, қарауыл қарайтұғын тасына шығыпты. Шықса, қалмақтың қарауылшысы отыр екен. Күн қатты дауыл, уілдеп тұрған жел екен. Тулақты аспанға ұшырып, күлді шашылатұғын қылып қоя беріпті. Қалмақтың қарауылшысы қуанып, жүгіріп, көбіне барып айтыпты: Кешегі құс екен, аспанға ұшты, саңғып жіберді. Құс екенін сонан білдім! – депті. Қалмақта да жауырыншы бар екен. Жауырын жағып жіберіп, қарапты да, айтыпты: Ол құс емес, кісі. Өзі жаурыншы, өзі мерген. Біздің қарауылшы: «құс екен», – деп ойласын деп, тулақ ұшырып, күл шышылдырыпты. Ал, жалма-жан аттарыңды ерттеңдер! Ердің алдыңғы қасын аттың көтіне қаратып ерттеңдер! Жауырынға аттың басы түспейді, ердің қасы түседі. Қайтып кеткен екен! – деп, бейғам қалыңдар! – депті. Қалмақ өз жабдығын қыла береді. Жасыбай үйіне келе сала жауырын жақса, ердің қасы әрман қарапты.

– Бәлем, қашып кеткен екен ғой! – деп, бейғам жата беріпті. Жауырынға нанды да қойды. Сөйтсе, қалмақ түн бойы жүріп, түн қатып келіп, отыз мерген жез айыл мылтығын қатар ұстап тұра қалған екен: «Бәлем, енді көрінші! – Мың жаның болса да, көрейін!» – деп. Жасыбайдың ойында дәнеме жоқ, қаннен-қаперсіз (қаннан-қабарсыз) қарауыл тасына шыға бергенде, дәл өндіршектен көздеп, мұрттай ұшырыпты. Байғұс жаман інісі жан ұшырып: «Олжабай, қайдасың?» – деп, қашты дейді. Қалмақтың Олжабай-Молжабай ойында бар ма, асудан асып келіп, көлдің басына үйліп-төгіліп түсіп жатқанда, сары ала туы салбырап: «Олжабай! Олжабайлап!» келіп қалғанын бір-ақ көріп, топырлап қаша берді. Олжабай мұның алдына шығып, қайыра қайырып: «Қойдай иіріп қырмаған соң, не керегі бар?!» – деп, «Қалмақ қырған» – атанған дейді. Сонда Олжабайдың жолдасы – Төртуыл: Баймұрат деген батыр:

Сенімен төбелесер бір қалмақ жоқ. Қалған-құтқан болса, маған сауға бермейсің бе? – түсе қалып, шылбырынан ұстап, тұра қалған екен. Сонда Олжабай айтыпты:

– Жасыбайдың бір бармағының құны да толық жоқ! – депті. «Сонан кейін қалмақ Сарыарқаны көксеп, бері қарай басқан емес!» – деседі. «Қалмақтың тамақ қылып ішетұғын саймандары үйіліп-төгіліп көл басында қалғандықтан, «Шойынкөл» атанған, – дейді.

«Жасыбайдың дене топырақ моласы өткен-кеткеннің атының аяғының астында жиырма жетпеген күнімізде асудан бірге асқан сыйсыба (сисебе) құлақ шалдар: «Міне, Жасыбайдың моласы!» – деп, көрсетіп еді. Өзге жоғалса да, мола жоғала ма? Жаздыгүні жер қарада жүрген жандар көреді. Қазақ-әулие: бір ауыз сөзі босқа далаға кетпейді: «Жауырыншы жау алады// Есепшіні жұт алады!» Жасыбайдың өліміне себеп болған-өзінің жауырынына сенгендігі [Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары 9 том. «ЭКО» ЖШС. –Павлодар, 2006 жыл, 116-130-б.].

Түсініктер:

Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі. Олжабайдың әкесі Толы би-Айдаболдың немересі екен. Толы би үйде жоқта бәйбішесі Айбике босанып. Күйеуі жоқта туған «олжа бала» деп ырымдап атын «Олжабай» қояды. Он төрт жасында нағашысы Қаракерей Қабанбай батырдың Нарқызыл аттың енесінен туған Тайбурылды қалауға сұратады. Он төрт жасар Олжабай көп қиындықтар көріп нағашысы Қабанбайдың елін тауып, тартуға Тайбурылды және ақ сауыт киіп қайтады. Қабанбай қартайған шағы екен Олжаны үш рет иіскеп, бейіл салып, батасын береді. Мәтіннің соңында Сақау ақынның Олжабай жүріп өткен жер-су аттарын қосып айтқан сегіз шумақ өлеңі берілген. Әңгіменің соңында жазып алған Әлкей Марғұлан, Байбатшан, Сердәлі, Бекижанов Байбек аттары аталады. Серәлінің біраз ескертпесі берілген. Ши құты – құмыра сынбау үшін шимен қаптап іліп қойған ыдыс. Қыстау – күзеуден қыстауға келу.

Қараша1 жел тоқсан2 мен сол бір-екі ай
Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай (Абай).

1 Октябрь. (Қараша – қазақша аты.).
2 Ноябрь. (Желтоқсан – қазақша аты).

Байлар қыстаудағы үйілген шөбін үнемдеп көшпей ықтырма мен күзеуді паналап қыстың көзі қырауда қараша, желтоқсан айнына дейін отыруын айтады. Көктеу – көктемде мал жайылатын орын, мал төлдейтін мекен. Немере – ұлдан туған бала – немере. Қыздан туған – жиен. Қазақ бұл немере жиенін ағасының, інісінің немере, жиендерінен ерекшелеп «туған немерем», немесе «туған жиенім» деп атайды. Немере мен жиеннен туған ұрпақ шөбере және жиеннен туған жиеншар деп аталады. Бұл адамның үшінші ұрпағы. Бұлардан туатын төртінші ұрпақ –немене (шөпшек) және туажат дейді. Бұлардан кейін туатын ұрпаққа адам ғұмыры жете бермейді. Сондықтан аттары жоқ. Нағашы – Нағашы жұрт деп айтушыға шеше жағынан туысатын туысқандарды айтады. Шешесінің шыққан тегі, руы түгелдей нағашы болып келеді. Нағашысына жиендер әрдайым батыл келеді. Жиенқұрық – «Қырық серкешін» даулап алуға құқығы бар. Осы сөзге қатысты таға – дегенді қараңыз. Бәйбіше – үлкен әйел. Бәй+біше екі түбірден құралған. Бәй түбір тұлғасы бәйтерек, бәйтөбет, бәйшешек т.б сөздерде кездеседі. Бәй > үлкен. Біше – бике, бибі әйел. -ше әйел жынысын көрсетеін жұрнақ. Түркітанушылар бәйбіше <> байбіше > бег > бей, биг > бий; >бей > бий; > би: > би композициясын көрсетіп жүр. Бәй+бі+ше. Қылыш – ұрыс қаруы. Қылша мойыным талша, қылды қақ жарғандай, қылпылдап тұр деген сөз тіркестерінде қыл түбір тұлғасы кездеседі. Қыл тұлғасынан: қылыш, қылмыс, қылпылдап (өткір) қылған (қорамсақ (колчан) және қылышбау – күміс белбеу (С. Аманжолов); Қылшан – қыл «аттың қылы»; -шан редукциялық варианты (-шын//-шін) көгершын, буыршын, бүлдіршін) ал, -шан өзінің мағынасы бар белгісіз сөз) -шан//-чен «ыдыс» демек, қылшан о баста аттың қылынан тоқылған оқ салатын дорба (Ә. Қайдар). Демек, қыл+ыш қыл: (өткір, шапшаң, тез, көзді ашып жұмғанша) деген мағынаны беретін сияқты, ал, -ыш жұрнақ. Қылыш, наркескен, пышақ, селебе, ай балта т.б. шабатын, кесетін, тығып алатын қару түріне жатады. Олжа – Қазіргі уақытта оlza – олжа сөзі «тауып алған зат» орнына айтылады. Көне түркі тілінде «олжа» соғыста түскен табыс, пайда. Олжа > көне ол мен -жа түркі тіліндегі чык//чак-тың фонетикалық дамуының өткендегі ұмытылған, тұлғасын көрсетеді. Олжа <> жетім <> жесір <> құл көнелік тарихи сипатты семантикасы алыс жақындықты білдіреді. Соғыста қолға түскен `пайда, тұтқын`. Сарқамысты садақ – қамыстан жасалған садақ. Садақ – ату құралы. көне бір атауы – жақ. Қорамсақ – садақтың жебесін салатын қап. Садақ көне тұлғасын: сақ > сай > жай (бұхар жай) деп көрсетуге болатын сияқты. Сақ түбір тұлғасы қорам+сақ (сақ) жа+сақ құрамында сақталған. Же+бе, жа+й: же <> жа о бастағы түбір тұлғасы оқ деген ұғымды берсе керек. Жа түбірі саржа садақтың бір түрі құрамында сақталған. Оқ+лұқ (қорамсақ) (МЖ). Лұқ > лук (самострел) енген түрік сөзі деп топшылаймыз. Қорам мен қора түбірлес және мағынасы жағынан да дәл келеді. Жа компоненті көне йа сөзінің варианты (сөз басында й дыбысының қазақ тілінде ж болып келетіні белгілі) (Р. Сыздықова). Осы сөздің түбірін монғол тіліндегі саа тұлғасы деп табады (Ә. Қайдаров). Сары ала қамшы – Қамшының сабына байланысты айтылған. Сары жезбен қаптаған, әсемдеген. Қамшы – қам +шы (бақ+сы) екеуі бір түбір тұлғасынан шыққан. Түбір + қосымша. Қам түбір тұлғасы қамыт ат әбзелінің құрамында сақталған. Теріден жасалатын зат. Қам<>бақ > бағындыру, мойынсұну яғни сиқырлау, арбау дегеннен ұстаз үйрету ұғымына дейін дамыған. Екі варианты: қамшы, қамыт түбір тұлғасы бізде сақталғандықтан ешбір ұлттың бұл сөздерге таласары жоқ. Сондықтан түркі сөздерінің негізі, табан тірер тиянағы, тұғыры (фунтаменті) бар болса сол – лексема сөзсіз біздікі. Қабылан – 1. Жолбарыстан сәл аласалау, теңге шұбар түсті мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. 2. Ауысп. Ержүрек, батыл, адам. Қабылан қабақ – сұсты, түсі суық (ҚТТС, Арыс-2008 жыл, 444-б.). Сәске – Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары. Сәске – деп аталады. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез, сәске түс-түске жақындаған мезгіл, ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл.

Тілін қатырады (оттатты) – атты отқа қою, біраз шалдырып алу, отықтыру. Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Хабаршы суыт келгенде аттан асығыс-үсігіс түсе салып белдеуге байлай салады. Сәуегей балгер – бал ашатын, жорушы әулие адам. Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарекеңді алдырып: – Айдың, күннің сәтін сұрайды екен, сәуле көріп бер дейді екен. Мәшһүр-Жүсіпте болашақты болжай білген. Ашаршылық, наубат, соғыс, кеңес өкіметінің тарайтыны, алдымызда «боз торғай жұмыртқалайтын заман» болады деген. Осындай көріпкел, әулие адамдарды сәуегей балгер деп атаған. Олардың тағы бір қасиеті кісі емдеген, ауа-райын болжаған. Құс ұшырып, құсты қондырған. Исабек ишан аққу құсты қондырған. Ақ сауыт – ақ сауыт – ақ эпитет. Сауыт – «садақ, қылыш, найза» т.б. осы сияқты қару-жарақтардан қорғануға арналған киім. Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір-біріне өткізіп тоқылған тордан қысқа жеңді жейде түрінде жасалады. Сауыттың дулығасы, мойынды жабатын далбағай сауыт, қол сауыт, аяқ сауыт жеке тоқылады (ҚСЭ, 10 том). Бұған қарағанда, сауыт – көбенің екінші түрін атайтын сөздің бірі, яғни көбе сөзінің синонимі (Р. Сыздықова. Сөздер сөйлейді.). Қаракерей – Найманның керейін орта жүздің Керейінен ажырату үшін – қара керей деп атайды [Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). –Алматы: «Қазақстан», 1992., б. 92]. Мысалы: Найман ішінде Қаракерейден – Семіз найман (бес ата) - тарайды Қаракерей Қабанбай деген батыр шыққан. Телі – телі-тентек қос сөзімен бірге айтылады. Телі – 1. Төлі өлген малға сүті қайтып кетпеу үшін басқа төлді үйретіп емізу. 2. Біреулерге тән деп санау, лайықтау. 3. Ауысп. Біреуді біреуге қосу, меншіктеу (ҚТТС, 797 б.). Екі ананың (әжесі) тәрбиесін көрген адамға да айтылады. Абайды еркелетіп Телқоңыр деген. Қанды ауыз мылтықтың – бұрын бірнеше жауды атқан мылтық. Жаудың қанын мойнына жүктеген мылтық.

Мәшһүр-Жүсіп жинағандарында мылтықтың мынандай түрі де болған екен. Күлдірмамами. Кенесары: «Қараөткелге өрт саламын!» – деп, қамағанда, Қоңырқұлжа қарсы тұрып, ұрыс-соғыз қылған. Қараөткелде қамағанда Кенесары күлдірмамами деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшысы Баласайкесін атып, мұрттай ұшырған екен.

Шонданай – анат. Жамбастың шодырайып тұрған шығыңқы жері (ҚТТС, 921). Афоризм: Аталы жұрт ару ел; Аталы жұрт (аса жұрт) Ата – аб түбір тұлғасынан аба (абай), абзи, ота, ака, ате, ата > үлкен деген түркі тілдерінде мағына берген екен. Жұрт – ұзақ уақыт сақталып келген терминдік мағынасы – «ел, белгілі бір қауым, этникалық құрам, белгілі бір атымен аталған халық» деген мағынада (Р. Сыздықова). Аталы жұрт – көшелі жұрт. Ару – таза, кіршіксіз, пәк, әулие, игі мағыналары көне дәуірдегісі болып табылады. Ару мен аруақ сөздерін салыстырса көп мән ашылады. Бұл сөздің түп-төркіні өте тереңге кетеді. Ел – Л. Гумилев: Ежелгі түріктердің жеке мәселесін анықтау керектігін айтады. Ол жеке мәселе – түріктер өз мемлекетін атаған сөздің яғни «ел-иль» терминінің аудармасы екендігін атап өту керек – дейді. Бұл терминді С. Е. Маловтың ел сөзін «Тайпалар одағы» деп аударғанын, бірақ оған тағы да: «мемлекет, халық» мәнін беретінін. Радлов, Мелиоранский, Бартольд, Томсен мен Хирт те осы түсінікті ұсынғанын. Терминнің басқа түсінігін Бренштам ұсынған екен. Ол елді – «әртүрлі тайпалар ақсүйектерінің ұйымдық жағынан берік топтасқан, сонау» рулық қауымның қалған дәстүрлері бар, ақсүйектік құрылыс». «Аl» – мемлекеттік ұйымды білдіреді. Ел – жол ұғымының синонимі. Ел басшы – ақ жол көрсетуші, нұсқаушы, дұрыс бағыт беруші ұлы адам. Мақалдар: Қап түбінде болат қылыш жата ма; Елге ел қосылмаса да, адамға адам қосылады; Олжабай батыр (екінші нұсқа). Олжабайдың әкесінің құла шолақ биесін біреулер ұрлап әкетеді. Биені жас Олжабай іздеп шығып, жолда бір кемпірге жолығып ол биені бір батырдың байлап отырғанын айтады. Содан биесін алып келе жатып шаршап ұйықтап жатса бір шұбар жылан өне-бойын аралап, кіріп шығып жүр екен. Әлгі жыланның басын қыршып алайын деп көзін ашса ақ шалмалы қожа отыр дейді. Сөйтсе, қожа батыр Олжабайдың бақ-талайы екен. Олжабайды жын-перілер, дию алып кетпесін деп үнемі артынан еріп бақылап жүреді. Бірде Олжабайдың немересі Арыстанбай барымтаға бара жатқанда бес кісі жау жолығыпты бұлар «Олжабайлап», олар да «Олжабайлап» бір-біріне шауыпты. Содан екі жақта бітісіп, жөн сұрасыпты. Әлгі бесеуі «Олжабайлап» ұран шақырып шабуыл жасауының мәнісі: Батыр Олжабай бір жорыққа бара жатып осылардың еліне кез болыпты. Бала көтермей жүрген әйел түнгі уақытты аңдып барып Олжабайдың қойынына кіріпті. – Атың шыққан ер едің, аруағыңнан дәме қылып едім депті. Сонда Олжабай әлгі әйелдің кіндігінен жүндігіне дейінгі аралықты қолымен бір сипап жүре беріпті. Кейіннен әйел буаз болып, бір ұл бала тауып, атын Олжабай қояды. Бес жігіттің «Олжабай» деп ұран сап шапқанының мәнісі осы екен. Арба – түрік-монғол тілінде тек > дөңгелек, доңғалақ; Л.З. Будагов текерлекъ дөңгелек деген мағынасын көрсетеді. Нұрмағамбетов арба – араб тілінде «ғэрәбә», ал парсыша «әраб э» болып айтылатынын ескертеді. Біздің ойымызша тек «дөңгелек» алғашқы арбаның атауы болуы мүмкін. ...бір шебер кісі екі аяқты арба жасады. Арбаға: «Қаңқ-қаңқ» – деп ат қойды. Жүргенде, қаңқылдағанынна-оны жасаушыны «Қаңқылы» – деді. Бұл күнгеше ат қалды. «Қаңлы» деген жұрт-соның ұрпағы, жұрнағы (М-Ж, 8 том. 9-б.). Ізләуге – сол уақыттың жазба нормасы. Қазіргі күнгі әліпбиге салғанда іздеуге болып жазылады. Лашық – лапас екі сөз ұқсас түбірден туындаған сияқты. Баспана атауы. -Ла басқа тілден енген белгісіз түбір тұлғасы сияқты. Ал -шық, -пас сөз тудыратын қосымшалар. Сусын – суысын (суық, салқындатып қойған) содан шыққан сөз. Қазақтар салқындатылған ақ сұйықты сусын деген. Дауысты ы дыбысының суысып ықшамдалуының нәтижесінде сусын пайда болған. Шөлді қандыратын сұйық тағам (ҚТТС, 745 б). Боза, шалап, қымыран т.б. сусын қатарына жатады. Тайпа –Таптық қоғамға дейінгі тілі мен жері ортақ, рулық байланысы берік адамдар қауымдастығы, ірі этностық топ (ҚТТС, 774 б.). Уыз – уық түбірлес сөздер болуы мүмкін. У + ыз, у + ық түбір мен жұрнақтан тұрады. У деген сөз ежелден бар. Жыланның уы. Шөптің уыты. Мұнан шығатын қорытынды у түбір тұлғасы «алғашқы», «көк» деген ұғыммен тығыз байланысты. Атым Уыз, лақабым Қысырау! – деді (М-Ж, 8 том, 5-б.). Жалмауыз – жалма+ауыз екі сөзден тұрады. Жалман – қылыштың cабына таяу жалпақ жүзі ұшына дейін жіңішкере беретін жері (Радлов, Будагов). Жалма – жұту, түк қоймай жеп – құрту, сыпыру, тазалау. Жалма > құрту. Жалман > жүзі. Жалмауыз > маңайындағыны, алдындағы-артындағыны, түгел түк қоймай жалмап, жеп қою, көзін құрту. Жалмауыз мифизмдік демонологияға жатады. Қатын – ханның әйелі қаншайым, сүйіктісі. М. Қашқари: «ақ сүйек (хан, төре, бек қызы)» кейіннен «ерге шыққан әйел» дегенді білдірген. Қатын сөзін қат + ын түбір, қосымша деп қарастыру да жоқ емес. Кадак – тува тілінде апа, кадай – зайып, кат ие – қайын ене, шор, хакас тілдерінде кат – әйел деген т.б. жорамалдар бар. «Ердің қоры, жаманның қары күлкішіл», «жаман қар» дегендегі қар тұлғасы да әйел дегенді білдірсе керек. Ноқта – Ноқталы басқа бір өлім дегеннің мағынасы «Адамның басы Алланың добы» бір жалған өмір деген сөз. Қорқыттың «қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген философиялық түйінімен тығыз байланысты. Ноқта – жүннен тоқылады, теріден жұмсартып илеп жасайды, ауыздығы жоқ. Ноқтаны түрлі-түсті жіппен әдемі қылып малдың тұмсығының үстін қиып кетпейтін етіп тоқыған. Көбіне бұзау-торпақтарға, бота-тайлақтарға тағылады. Ноқ адам (ноқай) – дүң еткізіп айтып қалып, ұрда-жық адам. Ноқай ерік бермеуі жағынан ноқта сөзінің ноқ түбірімен ұқсастық табуға болатын сияқты. Екі сөз түбірлес болуы мүмкін. Ноқта түйе, сиыр малына да кигізеді. Қазақ «ноқта ағасы» деген үлкен, басшы мағынада қолданылады. С. Мұқанов: Ат басына ауыздықсыз кигізілетін тұрман – ноқта. Оған «шылбыр» бау ғана (ноқта болмаса, жүгенге де) тағылады да, тоқтағанда атты сонымен байлайды. Қазақта «ноқта ағасы» – үлкен, басша мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде көш алдына жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген. Содан «ноқта ағасы» атанған – дейді Оттық – от (көк шөп) от+тық түбір мен қосымша арқылы жасалған сөз. Малға шашылмау үшін азық салатын астау сияқты затты «оттық» – дейді. «От» дегені – «шөп». Малдың шөпті жеуін қазақ «оттау» дейді (С. Мұқанов). От сөзінен отау, отан, отағасы (шын мәнінде отты өшірмей сақтап отырған адам болған) сөздері пайда болған. Жетінші пайда-қазақта бір үйден бір үй от алатұған рәсім бар, даладан қазатұғын жерошақ деген бар (М-Ж., 8 том, 24-б.). От тіршіліктің көзі. Түркілер көк шөпті «от» деген. Жанған отты да «от» деген. Жалпы, екеуінің де алыс семантикасы күш, әл-қуат, жүрекке от беру, тіршілік деген ұғымға саяды. Демек, от > тіршілік, от > өмір. От<>от > өмір. Оттатып – от –деп көк шөпті айтады. Оттатып – жайып алу, біраз атқа шөп жегізіп алуды айтады. Сыйыр малына оттатып деген сөзді қолданбаса керек. Шырт ұйқы – шырт сөзі жым-жырт қос сөзінің құрамында фонетикалық өзгерісімен сақталған: ш//ж дыбысына алмасқан > шырт//жырт. Шырт ұйқы – жым-жырт сөзінің құрамындағы жырт сөзі осы – шырт. Тілдің ұзақ жылғы даму барысында ж дыбысы ш дыбысымен алмасқан. Бұт – қырғыздар көбіне аяқ дегенді бұт дейді. Футбол деген сөздің құрамындағы фут осы – бұт сөзі сияқты. Жын – шайтан – жын//жік. «Аруақ қартайса, жын болады», «Жер астынан жік шықты екі құлағы тік шықты» (М-Ж, 8 том, 99-б, 382 б ) мақалдың құрамындағы жік > жын. Мәшһүр Жүсіп: «Алланың шайтанынан, Адамның шайтаны күшті» дейді. Жын мен шайтан мифтік демонологияға жатады. Шайтанның ұзын құйрығы, екі мүйізі, басы ешкінің басына ұқсауы мүмкін. Жын көзге көрінбейді. Адамға кенеттен пайда болады. Жын жынысы жағынан әйел, ер бола береді. Жын кәрі, жас күйінде де кездеседі. «Жынын қаққан бақсыдай жым болды» дейді. Жынның жынын тек қана бақсы қағып алады. Жын адамның ашуланғанын, арақ ішкенін, жаман көңіл күйін аңдып жүреді. Сол уақытта білінбей, көзге түспей адамның көзін байлап, қараңғылап тастайды да миына кіріп алады. Ішінде жұдырықтай болып отырады. Сол мидың ішінен адамға билігін жүргізеді. Жын көбіне ескі қорымдарда, мола-зираттарда, елсіз қораларда, иен бұзылған үйлерде жүреді. Жын көзге көрінбейтін нәрсе. Адамдарды жындандырады, басын айналдырады, көзіне қан үймелетеді. Жын кірген адамның көзі қанталап, түк көрмей кетеді, ол адам не істеп, не қойғанын өзі де білмейді. Жынды тек қана бақсы-балгерлер ғана жазады. Жын шыны керек жаннан да мықты. Жын шайтаннан да күшті. Шайтан екі аяғы бар әйтеуір жүреді, отырады. Тісі ақсиып сыңсып жылайды. Ол өтірікші, жаман адамдардың қасында жүреді. Жынды мысық, жылқы, ит тез сезеді. Жын оттан қатты қорқады. Жын аттың тері сінген қамшыдан өлердей қорқады. Жын адамның басына кіріп алып, одан кейін жүрегінен орын алады. Шайтан үйде де, түзде де жүре береді. Көбіне елсіз, иен далада да шайтан жүреді. Жын түнде далада түнеп қалған адамға үйір болады. Жын да ең алдымен «дұғадан» қорқады. Жынның тілін – оқыған бақсы, балгер, дамолда, әулие-әмбилер, тәуіптер, қожалар, емшілер емдеп-жаза алады. Жынның достары албасты, марту, сөрел (албастының күйеуі), шайтан, көнаяқ, жезтырнақ, жалмауыз (көбіне кемпір), әзірейіл т.б. Жынды кісінің баласы жынды болып тумайды. Бірақ та ол балалар жаман нәрселерден қашық жүруі керек. Жын көбіне періште сияқты таза адамдарды аңдиды, соларды көбіне айналдырады. Аздап тамырын басып көреді де, артынан әбден көндіріп алған соң, өзінің айтқанын істетеді. Есі енді шығып аурайын деп жүрген адамды жазудың ең басты емі ол – құран оқу, ораза ұстау, қажылық, зекет беру, намаз оқу т.б. ислам дінінің қағидаларын ұстау, өзіне қатысты «дұғаларды» жатқа білу болып табылады. Жын иектеген адам көбіне көктемде қозып, көтеріліп аурады. Жынды адам далаға, түзге, молаға қашады. Ол – түнейтін (орын) күй талғамайды. Жын иесі, арқасы бар адамдарға үйір болады. Жын екі түрлі бірі – жаман – жынды (шын) жын, екіншісі – жақсы арқалы – жын. Емдегісі келетін, кейбір сөйлегісі келетін, кейбір өлең шығарғысы келетін, кейбір өнер қысқан адамдарды буып отыратын ол – арқалы жын. Бақсы-балгерлер адам емдемесе аурып қалатыны сияқты, кейбір арқалы адамдары да (көбіне бұлтты күні, желді күні) құрыстанып қалады, аруағы қысады. Кейбір желпініп, көтеріле сөйлеп, есіре есіліп кететін адамды арқасы бар дейді. Арқасы бар (иесі) адамды өзінің сүйікті мамандығын тауып, күш жігерін соған жұмсайтындай, дұрыс жолға салып жіберсе, ол өте жақсы адам болып шығатынына күмән жоқ. Егер де арқасы бар адамды дұрыс жолға салмаса арақ ішіп, жыны буып шын жынды болып кетуі мүмкін. Ие – өліктен қорқады, түнде моладан қорқады, жалғыз иен үйде жатса қорқады, кір, лас жерден, кір ыдыстан жиркенеді т.б. Сондықтан иені шошытып алмау керек, ие шошыса адам жынданып аурады жын иектеп алады да айтқанына көндіріп, айдауына жүргізеді. Жік//жынға қатысты: «Жік жерде қалмасын, ешкіге сарт сатамын» деген сөз қалған (М-Ж, 8 том, 223 б.). Бақ-талай – Олжабайды жын-періден, диюдан қорғап қасында еріп жүретін, ұйықтап қалса да қасында аңдып жүретін бақ-талайы. Сары шұбар жылан. Былайша айтқанда иесі. Бақ-талай – Абылай түсінде: –Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алдына келіп шөкті, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты – дейді. Қария: –Өзің көрген жолбарыс-өзіңнің бақ талайың. Бақ талайыңның жетіп жығылған жері – осы болғаны. Енді мұнан былай бақ талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері Абылай жүріп-жүріп сарттан өліпті!» – деген атқа ұшырамай, ұрыспай, соғыспай, осы жерден тып-тыныш қайта ғой! – депті (Мәшһүр-Жүсіп. 9 том. 76 б.). Барымта – cарымта. Жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы. Барымта – сарымта Барымталау немесе жасырын жолмен есе алу әдеті (ҚТТС, 110-б.). Сарымта – барымта алған соң, кек алу ретінде сарымта жасаған. Қарымта қайтару – сарымта деп аталады. Малта – Ал жылқышылардың жақсы көретін тамағы езілген құрттың қалдығы – малта. Жолаушылаған не мал баққан адамдар малтаны қалтаға сала жүріп, сусағанда, қарны ашқанда қорек етеді (С. Мұқанов). Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай (Ерулі атқа ер салмай: Махамбет). Мергеннен сыралғы – Сыралқы көне. Аңшыдан, егіншіден, т.б. кәсіпшілерден алынатын олжа, сый, үлес (ҚТТС, 764). Сыралғы ғ дыбысы қ дыбысымен алмасқан. Аң аулап келген олжалы мергеннен сыйлық сұрап алу. Батырдан сауға – Сауғаға жеңілген батырдың, тұтқындағы адамдардың өмірін, бас бостандығын сұрап алуға болады. Жеңілген жау –Сауға, батыр сауға – деп жан сауға сұраған. Сауға деген сөздің соға – (арап-парсы) сөзінен «сыйлық» мағынасында аңшы не батыр соғыстан оралғанда «олжа» алдынан шыққан кісіге не ауылдың қадірлі ақсақалына сыйлаған (Ә. Қайдар). Будагов сауға түбір тұлғасын «сау» дені сау, сауға бердім – сыйлық (сарқыт) бердім деп көрсетеді. Біздің ойымызша сау > сауға, сауғат, сауын лексемасы пайда болған сияқты. Сау + ға. Буаз – 1. Құрсағында төлі бар; туатын мал, хайуан. 2. қарап. Екіқабат, аяғы ауыр. Буаз болды бот. –дән тола бастады, бас алды (ҚТТС, 145). Бу – түбір тұлғасы маза бермеу, тыныш таптырмау деген мағынаны білдірген сияқты. Ал -аз (пи+аз) қосымша. Һәм – Һәмма (барша, күллі) сөзінің қысқарған түрі. Һәм араб тілінен бізге әм түрінде жеткен. Неке – Некаһ а. 1. Ер адам мен әйел адамның жұптасуы, отбасын құрауы, өз ара келісе отырып некелесуі Неке қияр – екі жасты жақындастырады. Талақ – екі жасты ажырастырады. Неке қиярда бата беріледі. Молда неке суын іштіреді. Бұл рәсімдер мешітте өтеді. Афоризм: Он сан Орта жүзге ұран болған; Бұтынан ет кет соң ат желмейді, мал үшін жігіт адам қайда өлмейді?; Болатымды боққа суармаспын; Арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ; Олжабай батыр (үшінші нұсқа). Олжабай батырдың ата-тегі туралы айтылады. Айдабол бидің бәйбішесінен туған балалар жөнінде жазылады. Одан әрі Олжабайдың он жеті жасында Құлашолақ атты іздеймін деп жолына екі қоржынның басын қақтаған жылан етіне лық толытырып іздеуге шыққаны, биесін тауып, иен далада ұйықтап қалғанда жылан қойын-қонышын аралап, көзін ашып алса ғайып-пірі алмажайын қожа екен. Сары шұбар жылан болып оқ бойы Олжабайдың алдында ұшып отырамын депті. Үшінші нұсқасының басқы оқиғасында ғана сәл айырмашылықтар кездеседі. Қалған оқиғаның екінші нұсқадан бәлендей айырмашылығы жоқ. Жесір – Қазақта жесір «әсир» деген сөз арабша «тұтқын» деген сөзден алынған. Ері жоқ әйел басы бос болғанымен қазақта өз ықтиярымен ерге бара алмай, ерінің жақындарының бірімен некеге тұруы керек. Бұл үлкен заң, халық дәстүрі. Қайын, қайынаға, әмеңгер түркі-парсы сөздері, ол сақтаушы, өз ықпалында басқалардан қорғаушы деген мағынаны береді [Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). –Алматы: «Қазақстан», 1992, 90 б.]. «Жетім» – Жалшылыққа, яғни қызметке бір адам қосып берген. Яғни берілген сыйлыққа алуға көмектеседі де сол адаммен еріп кетеді. Жетім кемпір, қыз, жас жігіт, келіншек т.б. сол ру елде сұраусыз қалған адам осы сыймен бірге кетеді екен [Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). – Алматы: «Қазақстан», 1992., 166 б.]. Олжа, жесір, жетім, тоқал, құл – семантика жағынан өте тығыз байланысты [А.Қ. Тұрышев. Мәшһүр Жүсіп – ілими жақ. 3 том. –Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2013., 388-466-б.]. Қазақ рәсімінде «жетім» болады, – деген соң, Қойлыбайға бір қыз сый қылған екен, және ит терісін жазып, алтындаған уағданама берген екен (М-Ж. 8 том. 205 б.). Тоқал – лексемасы «тоқал ешкі» тіркесінде қолданылады. Будагов «тоқал ағаш» деп (ұшар басы сынған) ағашты атайды. С. Толыбеков байлардың бірінші әйелі бәйбіше болады да, қалғандары тоқал деп аталған. Байдың кіші әйелдері көбіне жаугершілік кезде қолға түскен «жесір», «күң» есебінде болған. Олар көбінесе кедей отбасынан шыққан жандар болғандықтан «қалың малы» болмаған. Кедейліктің бірінші белгісі – басында қымбат сәукелесінің жоқтығы. Сондықтан да зерттеушілер (кіші әйел, екінші әйел) тоқал дегенді «мүйізсіз», «тұқыл» дегеннен шығарады [А.Қ. Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы. 1 том. –Павлодар: Кереку, 2008., 36-37 б.]. Кенже бала – Ұлдардың ең кішісі «Қара шаңырақтың» иесі осы кенже балаға тиеселі. Құйырық-бауыр – Құдалар келгенде жасалатын қазақтың дәстүрі. Құйырық-бауыр екі құданың біріне-бірі анты іспеттес. Оған келген құдалар жағы да куә болып құйырық-бауыр жеседі. Құйырық-бауырды салиқалы бәйбіше қара өлең айтып, құдаларға қалжың-әзіл сөз айтып, құдалардың аузын аштырып «аузыңды аш құда, тістеп ал ма бармақты» – деп өзі құйрық-бауырды асатады. Құйырық-бауыр әшейін құйрық май мен бауырды қосып жей салу емес. Толып жатқан рәсімі бар, үлкен құндылық. Қазіргі уақытта ғой құнын жоғалтып алғаны. Құйырық – адамзат баласының өмірге келген жері сондықтан ұрпақтары көп болсын деп құйырық май қосады. Бауыр – адам ағасының ең қажетті бөлігі бауырсыз тіршілік жоқ. Жақсы көрген туысын қазақ бауырым деген. Баурына теңеген. Демек, бауырды қосқаны енді мінекей туыс-бауыр болдық деген. Осылай құдандалықты заттай құндылықпен бекіткен. Қазіргі кезде құйырық-бауыр бере бастаса болды, құдалар жағы қалтасын ақтара бастайды, ақша беру керек сияқты болып тұратын әдет еніп кетті.С. Мұқанов: Піскен еттен үй иесіне немесе құдаға алдымен асататыны – бір тілім құйрық пен бауыр. Сондықтан құдаларды «құдай (уәде) дескен, құйрық-бауыр жескен» деп жақындастырады – деп жазады. Енші – 1. Бала жеке үй болып бөлек шыққанда, ата-анасы беретін мал-мүлік. 2. Иелігінде, меншігінде болу, тәнділік. 3. Ауысп. Міндет, борыш. Енші берді – баласына мал-мүлік бөліп бірді, бөлек үй етіп шығарды (ҚТТС, 227-б). Қара бауыр – асырап алған баланы айтады. Қара бауыр, тас бауыр деген тіркестер бар. Қара деген жат адамды айтады. Қара бауырға көбіне ұл берген. Қара бауыр қылып асырап алған адам туған әкесі сияқты жауап береді. Дала заңы қара бауырдың жағдайын сырттай қадағалап отырған. Күндебау деген де болған. Оған қыз бала да берілген сияқты. Құн орнына қарабауыр берген. Бірақ, бұл сирек жағдайда кездеседі. Құнға көбіне «жетім» атаған. Қарабауыр туыстық пен жақындықты нығайтатын «ант» сияқты дәстүр. Қарабауыр мен қарғыбау семантикасы жуық мәндес сөздер. Қарғы бау деп келінге берілетін қалың мал сияқты сыйлық. Қызға жіп тағу, ен салу (құлағына сырға салып кеткен). Екіншісі, екі рудың арасын бекіту, татуластыру мақсатында берілетін адам. Шөп кіндікті – шөп кіндіктіге мал берген. Ет кіндікті – ет кіндіктіге адам берген. Ет кіндікті – «қарабауыр», «күндебау» бәрі берілетін «олжа», «жетім», «жесір» мағынасы жағынан бір дәстүр - салт болған. Қақтаған жылан еті – ертеде батырлар жорыққа шыққанда жылан етін қақтап қоржынына салып алған сияқты. Ол ұзаққа шыдаған. Көне түріктер: жаужұмыр (буылтық-картоп-А.Қ.), жауқазын, сүйірік (қамыстың тамыры), тау жуа, қыр жуа, май қоға, қарға тұяқтың тамырын т.б. іске асырып, қазып жеген. «Қозы-көрпеш – Баян сұлу» жырында Қарабай буаз маралды аттырып екі қодағын үйге сілікпе қылып пісіріп жеймін дейді: Қодығын тыпырлатып бауыздайды, «Сілікпелеп үйге апарып бір жеймін» деп. Сілікпе – Ертерек кезде ет асатын ыдыстың аз немесе жоқ шағында, көшпелі елдер олардың ішінде қазақ етті сол сойылған малдың өз қарнына пісіріп жейтін болған. Қарынды бұзбай алады да, тазалап жуып, ішіне етті сыйғанынша толтырып, оған мөлшерлеп тұз салады. Онымен бірге сорпа қайнағанда бу шығып тұру үшін қарынның ауыз жағына қуыс қурай немесе малдың екі басы шабылған жілігін шығарып байлайды, сонан кейін ет салынған қарынды құмға көмеді де үстіне от жағады. Солай пісірілген, «сілікпе» аталатын ет көшпелі елдердің дәмді асының бірі болған (С. Мұқанов). Сілік (қағу) сілік (сілку, қағу) деген сөз де -пе (өкпе, сүзбе) сияқты сөздерді тудырушы жұрнақ. Мұны жазып жатқанымыз түріктер ең алдымен қоршаған ортаны таныған. Ортаны тани отырып сөз тудырған, өздері де жетіліп, ой-өрістері дамыған. Ашаршылық жылы төрт түлік малдың етін ғана жеп үйренген қазақтардың көбі – балықты (құрт) деп, шошқаны (доңыз) деп, суыр, борсық, қарсақ т.б. аңдарды (мысық) деп, адал құстардың (жұмыртқасын), етін арам деп жей алмай жиіркеніп, аштан қырылды. Күбі – іркіт пісетін, көже ашытатын, ағаштан жасалған ыдыс, бөшке (ҚТТС, 423). Күбі – ақ құйылатын ыдысы мен пісетін піспегі болады. Айран – Сүтті ұйытқы құю арқылы ұйытса, айран болады. Айран ашып кетсе «іркіт» дейді. Іркіттен «ащы» және «тұщы» құрттар қайнатылады. Ашыған айранды кенеп қапқа құйып сүзеді де, оған аздап тұз қосады. Оны «сүзбе» дейді (С. Мұқанов).

Ешкі – Ашатұяқты, күйіс қайыратын ұсақ мал және соның ұрғашысы (ҚТТС, 241). Лақ – 1. Ешкіні жасқа толмаған төлі (ҚТТС, 568 б). Ешкінің төлі лақ, бір жасқа толған, кестірілген еркегінің аты – серке, ұрғашысы – туша, кестірілген еркегі серке, кестірілмегені – теке, ұрғашысы – ешкі (С.М.). Сауын – Қарахан жұртқа сауын айтып, ат шаптыратұғын зор тамаша той қылды (М-Ж, 8 том, 5 б.). Хабар беру, жұртқа жар салу. Кебенек – Кебенек 1. Көне Малшылар аязда, жауын-шашында киетін жұқа киізден тігілген сыртқы киім. ІІ 1. Ешкіде болатын жұқпалы індет. 2. Экспр. Ешкіге айтылатын зеку, қарғыс. Кебенек келгір [тигір, алғыр] – кебенек індетіне ұшырағыр (ҚТТС, 373). Кебенек сөзі мәтінге байланысты анықталады. Кейбір зерттеушілер кебенектің киім түрін кеп `қалып`, `форма` кебін өлікті орайтын киім, мағынасы араб тілінен енген кірме сөз –кепін – дейді (қараңыз: Ә. Қайдарды). Шонжар – Бұрынғы кездегі үстем тап өкілдері: би, болыс, бай, сұлтан тәрізді ел басқарушы әкімдер (ҚТТС, 921 б.). Шоң – үлкен, дөкей, дәу – деген мағына берсе, жар – қолдаушы, медет деген ұғымды білдіреді. Жар сөзін «О жаратқан ием жар бола көр!» деген тіркестің құрамынан ұшыратамыз. Ң дыбысы мен н дыбысы алмасқандықтан шоң сөзі шон болып естіледі. Жүген – жүген мен жүгір лексемасын салыстырғанда түбір тұлғасы айқындалады. Көне йурі сөзінің әртүрлі фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде жүр > жүг > жүй > жүген сөзі қалыптасқан. Йүген сөзі жүг (-к, -й) түбір тұлғасы мен -ен (кіс+ен, түм+ен, бүй+ен) жұрнақтары арқылы жасалған. Жалпы одан да көне тұлғасы йік // йек болуы мүмкін. Алмажайын – - Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін.. Өзіңнің бақ-талайың-Қайып-піріңмін! Сені дию, перілер: «Алып кетеміз!» – деп, он бес жыл аңдып еді. Мен күзетші болып алдырмап едім. Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүрсең қасыңда, жатсаң, басыңда болатұғын алмажайыңмын. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім, араладым. Кеудең дәнемеден шімірікпейтұғын: «Деген байдың өзі, // Көк шолақтың көзі»-екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді. Артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің аруағын керек қылма! Жауға шапсаң, өз аруағыңды көтеріп: «Олжабай! Олжабайлап» – шаба бер! Сары шұбар жылан болып, оқ бойы алдыңда ұшып отырамын. Алмажайыңмын – Батырлардың иесі болған. Бір – бура, сары інген, жолбарыс, аю, жылан т.б. болып жүреді. Яғни, ғайып-пір деп аталады. Олжабайдың алмажайыны ол – қожа болып көрінген сары жылан. Абылай жауға аттанарда сары бура туының түбінде тұрып қай жаққа шабынса сол жақтан жау келеді екен. Қабанбай батырдың төрт алмажайыны бар екен Жидебай батырға сол алмайжайынның бірі «қызыл түлкісін» беріп кетіпті. Жидебай ұйықтап жатқанда төсінің үстінде «қызыл түлкі» жатады екен. Бір батыр ашып көрем деп көзінен айрылыпты. Афоризм: Берсе қолынан, бермесе жолынан аламын; Құданы құдай қосады; Жасанған қолыңнан, адасқан жолыңнан; Айтқанына көніп, айдауына жүрып; Болат пышақ қап түбінде жата ма?; Құс ұшпас, құлан жортпас; Түлкі жортпас тумадан, Итқұс кезбес қолаттан;

Мақалдар: Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас; Олжабай батыр (төртінші нұсқа). Айдабол ішінде Құлнияз, Бабыр аталған екі рудың жылқыларын жау алыпты. Жауды Олжабай, Олжабай деп ұрандатып шауыпты. Сөйтсе, Бабыр ішіндегі бір биеші жауға қоса шауып, ерлікпен жылқыларды аман-есен алып қалыпты. Бір биеші делінгеннен оның ұрпағы «Биеші» атаныпты. Келесі жолда Ертістің бержағында жайлып жүрген Қозғанның жылқыларын жау шауып алыпты. Сонда қу сақал бір шал: – «Олжабай», «Олжабай» – деп шаба көріңдер! – депті. Содан «Олжабайдың» атын есітіген соң жау кісісі топырлап аттан түсе бастапты. Одан кейінгі оқиға екінші нұсқадағыдай аяқталады. Грамматика: есіткен (әдеби норма: естірткен –А.Қ.) мана (әдеби норма-мына-А.Қ.) сөйтсе – солай етсе, анан соратон (анан соңыратын – сонан соң – әдеби норма). Күнгеше – күні шейіннің ықшамдалған варианты, әдеби нормадан ауытқыған 20-30 жылдардағы жазу үлгісі -ге+ше//-күнге шейін: – бұл күн+ге дейін (шейін) сияқты әдеби нормаға тұрақталды. Сол аттар күні шейін біздің қазақта айдың басында туған баланың атын «Айбас» қояды (М-Ж., 8 том, 15 б.). -Тұғын – танымайтұғын, шабатұғын, дейтұғын, шімірікпейтұғын, алмайтұғын, өтетұғын, қарайтұғын, шашылатұғын, ішетұғын, жүре тұғын, жаятұғын. Қазақ әдеби тілінің нормасында тұрған формасы сияқты тұғын да бірте-бірте жойылу процесі байқалады. Оның орнына ықшам тұлғасы қазіргі есімшенің (ауыспалы келер шақ) жұрнағына айналған -тын//-тін көбірек пайдаланылады. Е. Жанпейісов -тұғын формасының орнына қазіргі әдеби тілімізде -атын тұлғасы субстантивтеніп те, атрибут орнына да, шақтық мағынада да – бәрінде қатар аралас жұмсалып отырады дейді. Тұғын қосымшасының тұрған дегеннен ықшамдалғанын И. Ильминский, М. Терентьевтер де жоққа шығармайды (А.Қ. Тұрышев). Қызыл көтен – аттан түсірген соң, қашып кетпесін деп, шалбарының бауын, не белбеуін қиып тастаған болуы керек. Қол-аяғын байлап. Шалбары аяғының басына түсіп, жаяу алысқа ұзап қаша алмайтын қылған сияқты. Содан кейін қалған жауды ұстап әкелген. Қос – ең алғашқы баспананың түрі (шөп, талдың бұтағымен) жапқан. Әуел баста екі ағаштың басын қосып, артынан бірнеше ағаштың басын қосып баспана тұрғызған. Үш таяқтың басын қосып байлап жылқышылар қос жасаған. Үстін киізбен, не терімен жапқан. Кейіннен дамыған түркілер ақыл-ойдың жемісі ретінде киіз үйге дейінгі дәрежеге жеткізген. Етімізге нәпіз еспесін – жарақат тимесін. Етпесін (итмесін-ноғай-татар тілінде –А.Қ.) Сисібе құлақ шалдар – естіген, көргенін ұсақ әңгіме қылып айтып отыратын, өзі де не айтып отырғанын білмейтін, көргені жоқ шалдар сияқты. Сисібе деген кәртайған жастарын айтса керек. Былай қарағанда сисебе деген жағымсыз эмоция тудырады. Малта тас түсіріпті – қастық ойламасқа деп, бір-біріне берген уәдені шын мәнінде жондарынан малта тасты түсіру арқылы бекіту. Көйлектің ішіне салған малта тастың (арқасынан) екі жонының арасынан жерге сырғып түскенін айтады. Сөйтіп, ант беріп, анттасқан. Пұшпағы қанамаған – бала таппаған тұмса қатын. Қазақта терінің пұшпағы (қиығы) дейді. Пұшпақ – 1. Малдың, аңның сирақ терісі. Пұшпағы қанамаған – бала көтермеген, бала сүймеген (ҚТТС, 681 б.). Мандық көрпе жауып – енімен ұзыны тең ауыр көрпе. Ман – ескі салмақ өлшемі. Ман түбір тұлғасы -дық қосымша. Мандық деген сөз пайда болды. Шалма – 1. Басты айналдыра орайтын ендей мата, сәлде. 2. Түбіттен не түйе жүнінен тоқылған немесе матадан жасалған мойын орағыш (ҚТТС, 899 б.). Шапан – Астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырткиім (ҚТТС, 903 б.). Мелиоранский, Менгес: lapundza~ lapandza~lapyndza `жабқыш`, `жабу` (поп` на) олардың айтуынша бұл сөз jap- `жап` + + -ун аффиксінен құралған жауып деген өздік етіс < Japyn – жасайды деп т.б. варианттарын көрсетеді. Демек, шапан ж//ш дыбысына алмасып шап (жап) -ан (қаз+ан) жұрнақтары арқылы жасалған етістіктен зат есімге айналған сөз.

Итқұс – Ит-құс табу. Қасқырдың бұрмалап айтылған аты (ҚТТС, 361 б). Қу бас – жалғыз баласынан айрылып қалу, не бала мүлдем көрмеген, тұқымы жоқ, жалғыз қалған адам. Этнографиялық көрінісі: (қу тізесін құшақтап қалу). Абысын-ажынның – «ай дейтін ажа (ажо), қой дейтін қожа» – деген мақалдың құрамында ажын сөзінің түбір тұлғасы ажы~ажа (ажо) кездеседі. Абысын лексемасы да аба сөзімен байланыстылығын айтып жүр ғалымдар. Аб > аба > үлкен. Аба түбір тұлғасы әйел жынысына да еркек жынысына қатысты айтылған. Аб//аба сөзі әуелінде ұрғашыға қатысты айтылып, кейінен ерлерге көшкен сияқты. Ажын > ажы. Аба > ине > ота > она > ана > эже > әже > ате > әте > ажо > ажын. Сайып келгенде аб түбір тұлғасынан өрбіген сөз. Абыз // абысай // абысын т.б. түбір тұлғасы аб//аба. Жалпы алғанда абысын-ажын (қып-қызыл, сап-сары) қос сөздері сияқты жасалған. Мысалы аба-аба дегенге келтіруге болар еді. Афоризм: Өзінің өзі болғалы, Көйлегі бөз болғалы; Құлағының тесігі бар, Кеудесінің есігі бар; Құлан қарауыл алғалы; Ертең киіп көзі бол ма? Тиіп кетсе, сөзі бола ма?; Пұшпағы қанамаған, Құдай қаламаған; Ұрыспас ұл, керіспес келін бола ма? Малайсары және Олжабай. Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр адам болған екен. Малайсары жолбарысқа жабысып, арқасында жабысып жүргенде әкесі жолбарысты жарып ұлын аман алып қалған көрінеді. Бір де Сырым: Малайсары қалмақ ханының қолына тұтқынға түсіпті. Қалмақ ханы: –Малайсарыға сен тұңғышың Тілеуқабылды «ақ үйге» бала қылып бер деген соң Малайсары қалмақтың «ақ үйіне» Тілеуқабылды берем деп, ақ мылтықтың аузын жалап анттасыпты. Анттасып келіп үйіне кіргені жаңа ғана екен Абылай жүр қалмақтарға қарсы аттанамыз депті. Содан қалмақтың қамалын аламыз деп жанталасып соғысып жүргенде Малайсарының сауытының жырық көт жігінен, шонданайдан оқ тиген екен. Қалмақтың қорғасын мыс араластырып құйған қақпасын Олжабай батыр да бұзған екен. Қолына оқ тиіп жараланса да қақпаны бұзып, жауды жеңген екен. Сол сапарда Малайсары тиген оқтан мерт болыпты. Сүйегін елге әкеліп қойыпты дейді Мәшһүр-Жүсіп жазып алған нұсқасында. Дулыға – ашиқ, ашұқ дулыға, темір қалпақ (М.Қашқари). Дулыға – шлемъ (Радлов). Жыға – пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда (Абай). Тобықтының жығылған жығасын қайта тұрғызған Найманның бір шіріген жұмыртқасы (М. Әуезов). Жыға қисаяды екен, жыға жығылады екен. Егер жау жеңіліп қалса, жау жығасы жығылады, не жаудың жолы болмаған шақта, жау жығасы қисаяды (Қ. Мұхаметханов). Расында жығаның үш түрі: Жыға атауы түркі тілінде құс қауырсыны, асыл тасты алтын әшекей (екеуі де бас киімдікі) және бас киімнің тұтас өзі де осылай аталады. Будагов: құс қаурсыны, сұлтан киетін жиегі алтынданған шапка (жап+ка) жабудан шыққан-А.Қ.). шалма, шашты өріп желкесіне жіберіп бір уыс қылып байлап қою, кекіл, шашты бұйралап қою т.б. түрлерін келтіреді. Дулыға – соғыста батырлар киетін бас киім (темір каска). Мылтық – мыл + тық екі сөзден құралған. Мыл – (мылқау, мылжың) сөздерінің құрамында сақталған. Мыл дыбыс, дауыс дегенді білдірген сияқты. -тық оқ дәріні мылтықтың ұңғысына тығу сол арқылы оттықты тұтатып, атқан. Мыл ең әуелі мың болған сияқты. Оның себебі: мыңқылдама сөзінің түбірі мың//мыл -ң//-л дыбыстары ежелден ауыса береді. Кейбір зерттеушілер мылтық – түбірі «мылқ» одағайы дейді. Ақ мылтықтың аузын жалап – Қалмақ анты ақ мылтықтың аузын жаласады екен (М-Ж., 8 том, 20 б.). Сүр ет – 1. Ұзақ уақыт сақтау үшін, тұздалып сақталған ет (ҚТТС, 752). ІAZUҚ иазұқ: (жаздық ет-А.Қ.) сүр сүрленген иазұқ ет – күз кезінде әртүрлі татымдылықтар қосып кептіріліп қойып, көктемде жейтін ет (М. Қашқари). Махмұт Қашқари сөзіне қарағанда сүр ет (жазғытұрғы ет) қыстық (соғым) емес, күздік малдың етін қақтап, кептіріп, сүрлеп көктем айында жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында (өлі ара) уақытында жейтін ет. Сүр мен ұзақ өмір сүр тіркесіндегі сүру түбірлес сөздер. Мағынасы > ұзақ. Сүр > `ұзақ уақыт, жазғытұрғы, сәуір` деген мағыналары бар. Бақыршы – Малайсары батырдың аспасшысы. Қосын – екі ағашты қос /+/ = баспана. Қос + ын түбір мен қосымшадан жасалған. Әскер қосыны. Кемінде мың адам болған. Күрен (құр) баспана кейіннен сандық бірлікті білдірген күрен – (мың киіз үй).Қос // күр (құру, жасау) көне әскери уақытша тұрақ. Аң атып, құс атып, аң терісінен үй қылып алды (М-Ж., 8 том, 21 б.). Кезуілші – қазіргі сөзбен айтқанда барлаушы, қосынның алдында жүріп отырады.

Тосқауылшы – ханды ортаға адып, қорғап жүретін қосын.

Салықшы – батырлардың қосымша аттарын бағып, қағып жүретін адам. Олжабай жас уақытында «салықшылардың» қосынында қызмет еткен. Көйлек – көнлек > көйлек. Көн түбір тұлғасы «көк етіктіге бармай, көн етіктіні менсінбей», «көнек» т.б. сөздердің құрамында сақталған. Н дыбысы й дыбысына тілдің ұзақ жылғы даму барысында ауысқан. Көн+-лек қосымша. Дамбал – штан (іштон) құрамы жағынан түбірлес сөздер. Дам < тон болған. Тон+бал, ал штан сөзі іштон болған. Орыс тілінде штаны болып жүр. Іш+тон (штан) бұлар қазақтың ішкі киімдері. Дам//тон, тан//тон. Ту – тоұ (қырғ) – ду (қыт) ту, жалау, белгі т.б. мағынасы бар. Ежелде түріктер ту деп найзаның ұшына байланған аттың құйырығын айтқан, сабын алтынмен аптап, айналдыра қаптаған. Әскер қосыны алдында бір жауынгер көтеріп жүрген. Бөрлі байрақ тудың орнында жүрген. Ертеде ту байлау – рәсіміне аттың құйрығын байлаған. Кейіннен туға бөрінің суреті салынған байрақ көтерген. Қалқан – 1. Көне. Батырлар оқтан, найзадан қорғанатын соғыс құралы (ҚТТС, 464 б.). Кетпен – соғыс уақытындағы қорғаныс құралы, қалқан, қорғаныс, күрек мағыналарын көрсетеді (Будагов). Мысалы: Садақ тартып үйренеді, тартқан садағы тоғыз қабат кетпеннен өткізеді (Ер төстік). Қалқан <> кетпен қорғаныс құралы. Жерік – 1. Екіқабат әйелдің белгілі бір тағам түріне аңсары ауып, құмарлануы (ҚТТС, 299 б.). Жерік асының табағы. Қазақ қауымы ананы ерекше құрметтеген. Екіқабат ананы құрметтеудің көптеген белгілерінің бірі – оған арнап, мол салып табақ жасап, жерік асын апару. «Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса, асықты жілік, төс, ұлтабар салынып, үстіне жаңа соғылған болат кездік (пышақ) салып апару салты болған. Ондай табақ мол, үйеме болып жасалады. Сол сияқты жаңа түскен келіншектің бетін ашқан соң, оған өзіне жеке арналған «беташар» табағы тартылады» (Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 1994: 78 б.). Қоржын – Қоржын зат салатын сөмке (Потанин). Қоржын араб тілінде хурдж-ун: киім-кешек салатын мөшек. Екі қапталды ауызы бар сөмке, көліктің (малдың) екі жанына артып қояды (Рүстемов). Қоржын – Жолаушы жүргенде әртүрлі нәрсе салу үшін иірген жүннен тоқылған екі басты қап (ҚТТС, 522 б.). Қор > қымыздың қоры деген сөзде кездеседі. Қор жинап қою, жинап салу мағынасы жағынан сәл де болса келетін сияқты. Жын > ұсақ-түйек заттарды, көр жердегіні жинап салып алу деген мағынасы да келеді деген ойдамыз. Бұл тек қана жорамал. Сақтар, гундар ежелден мал шаруашылығымен айналысқанын білеміз, олай болса өздерінің шаруашылығы, ыдыстары, заттары болғандығын, олардың көне аттары болғандығын да еске алған жөн. Тұтам – Бүгілген саусықтар мен алақан арасындағы жұдырық бойы қуыс кеңістік, уыс. 2. Қолдың уысымен тұтамдап санаған өлшем. Бір тұтам – қып-қысқа, келте, аласа (ҚТТС, 827 б.). «Ақ үйліге» бермек болып, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайту – «ақ үй» қалмақтың ханы Қоңтажы қалмақтың резеденциясы. Елдесу үшін өзінің баласын кепілдікке біржолата берген. Ол үшін мылтықтың аузын жаласып ант беріскен. Қазақ елі үшін Малайсары тұңғышы Тілеуқабылды қалмақтарға беруге ант беруге келіскені жазылады. Олжабай және Жасыбай. Бәсентиін руының елі мен Олжабай батыр жер үшін сөзге келісіп қалады. Бәсентиін деген рудан «Таз» аталған ұрпағынан Жасыбай Олжабай батырмен достасып Баянаула тауының ортасындағы көлдің күн шығыстағы бір тауға айтысамыз деп ту тіккен жері «Ту тіккен» аталыпты. Екеуі қалмақтармен соғысып жүргенде Жасыбайдың өндіршегінен оқ тиіп мұрттай ұшыпты. Олжабай қалмақтарды қайрып алып қырған екен. Жасыбайды жұрт жүретін асуының үстіне қойыпты ол – «Жасыбай асуы» аталыпты. Мәтіннің соңында Бұқар жыраудың бірауыз сөзі беріледі. Абылай ханның баласы Әділді Шүршіт патшасына: «Ақ үйліге» бергені орысқа кеткен жерлер айтылады. Одан әрі Олжабай батыр жайында жазылған: Шідерті деген өзеннің басынан қыдырсаң, аяғына шейін Олжабай ұрпағы болады. «Денесін Әзіреті апарамыз!» – деп, денесін құрт-ірімшік жаятұғын сөредей сөре жасап, сөрелеп қойыпты. Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайында өздерінің жайлап жүретұғын жайлауларына қойыпты. Өлген жері – «Олжабай сөресі» атанған. Ол жер осы күнде «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай тамы» атанып, «Майлықара-Майданнан салт атпен тас тасып, тастан жасаған тамы бар. Олжабай батыр өзі өлерінде айтқан екен: Менің үрім-бұтағымның жау десе, көтені лүпілдейді; дау десе, көмейі бүлкілдейді! – деп. Естіген сөзімнен сөз қалмасын: «Естіген құлақтың жазығы жоқ!» – демеді ме?! [Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары 9 том. «ЭКО» ЖШС. –Павлодар, 2006 жыл, 116-131 б]. Түйін. Мәшһүр Жүсіп Жасыбай батырдың моласын жиырмаға жетпеген күнінде көрген екен оны сисебе құлақ шалдар: «Міне-Жасыбайдың моласы!» – деп, көрсетіп еді – дейді. Олай болса, Жасыбайдың моласы 1867 жылдары болған. Ал, Олжабай батырдың сүйегін Қожа Ахмет Яссауидің жанына апара алмаған. Содан Көкшетау маңайына Олжабайдың өзі жүретін жайлауына қойыпты. Өлген жері «Олждабай сөресі» атанған. Ол жер осы күнде «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай тамы» атанып, Майлықарадан салт атпен моласын салуға тас тасыған екен – дейді. Демек, Көкшетау маңындағы бүгінгі орысша аталған қаланың бірін Олжабайдың атына қайтару керек. Бар болса моласын Майлықара мен Көкшетау арасынан іздеген дұрыс болар. Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама – Ақтабан шұбырынды. Алқакөл сұлама. Жұттан, жаудан жаяу басын алып қашқан ел шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып қалады екен де, табандары таздың басындай жалтырап қалады екен. Жатқанда алқа қотан айнала жатады екен: «Басқа бөтен жат ру ұрлап жеп қоя ма?» – деп (М-Ж, 8 том,123 б.). Расында да шекараға таяу тұрған қазақтар алғашқы уақытта есін жиа алмай жоңғар-қалмақ шапқыншылығынан қашып, шұбап басқа жерге қоныс аударған. Ешқандай Алакөлге сұламаған. Алакөл Мәшһүр-Жүсіп жазып алғандай ала қотан деген сөз екендігіне сенеміз. Ала қотан деген ежелден келе жатқан сөз. Әкесі мен ұлы, әйелі мен қызы ала қотан араласып жатады. Ұл баланы сақтап қалуға қазақтар қатты мән берген. Арып-ашып келе жатқан қазақтар ала қотан ұзынынан сұлап біріне-бірі қарап, қол ұстасып, дөңгеленіп жатқан. Ол кезде жұт жеті ағайынды дейді, бір жағынан соғыс болып жатыр, екінші жағынан қатты жұт болып мал қырылып жатыр, адамдар ашыққан, бірін-бірі ұрлап жеп қоюға дейін барған. Тоқтық не дегізбейді, аштық не жегізбейді осыдан шыққан. Аш атасын танымас. Аш адам тырысқақ және ұрысқақ келеді. Бір күн аш адамнан қырық күн ақыл сұра ма? Себебі, аш адамның есте сақтау қабілеті жоғалады, Есі дерті тамақ болып тұрған аш адам саған мардымды жауап та бермейді. Алқа қотан – деген сөзді күін бүгінге дейін қолданып жүрміз. Тоқты-торым –Тоқты – Қойдың алты айдан асқан, кепеден үлкен төлі. Тоқты қошқар-күйекке енді түсе бастаған еркек тоқты (ҚТТС, 807 б. ). Торым – 1. Нар түйенің ботасы. 2. Тоқты, марқа т.б. Тоқты – торым дегеннің екінші мағынасы менсінбеу, қомсыну. Әй, әншейін тоқты-торым екен ғой – деген сөйлемнің құрамында ұшырасады. Қойдың төлі – қозы. Қойлар көктемсіз төлдемес үшін, қошқарға күз айларында күйек байлайды. Қыс туатын қозылар «арамза» аталады. Ол жүдеубас болады. «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» (кішкене мағынасында) деген мақал содан. Тоқты болған арамза – көбдік. Мезгілінен кішірек туған көрпеш немесе көпей. Балаға ат қойғанда «Қозы», «Көрпеш», немесе Қозы-Көрпеш қоятыны содан. Жарты жастағы қозы – марқа («марқайған»), яғни өсіп-жетілген деген ұғым осыдан туған), бір жаста «тоқты» делінеді. ...Екі жасқа келген еркек қойдың аты – ісек. Жасына жетпей қартайған адамға «жаман қой ісегінде қартаяды» деп күлетіні осыдан. Ұрғашы қой – тұсақ, қоздағаны саулық, қоздамағаны «ту қой» деп аталады. Тұқымдыққа жіберген еркек қой – қошқар, оның да кестірілгені – азбан (С.М.). Тай-тулақ – Арық-тұрақ, нашар жылқы малы (ҚТТС, 774 б). Тай – екі жасқа толмаған жылқы. Тулақ -1. Жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері. 2. Ауысп. Көп мінілген арық ат (ҚТТС, 820 б.). Тай-тулақ екі сөзден бірігіп, қомсыну, менсінбеу мағынасын беріп тұр. Мысалы, Жылқы малының төлі құлын деп аталады. Бір және бір жарым жастағы жүні түлейтін құлынды – жабағы, екі жасқа шыққанда – тай, үшінші жаста – құнан, төртінші жаста – дөнен, одан әрі бесті делінеді. Ал бестілердің еркегін – сәуірік, ұрғашысын байтал дейді. Одан әрі байтал биеге айналады да құлындамайтын байтал бедеу делінеді. Құлындап жүріп тоқтап қалған бие қысырақ аталады. Қазақ байталдарға қосып қысырақтан бөлек үйір жасайды. ...Ал кестірілген сәуірік ат, есейіп кестірілген айғырды «азбан» ...Алғаш құлындаған байталды қулық («қулық құлын жанды») деген мәтел сонан болар») деп атайды (С.М.). Бұзау-тайынша – Бұзау – сиыр, марал т.б. мүйізді малдың алты айға толмаған жас төлі (ҚТТС, 149). Бұзау-торпақ – сиырдың бір жасқа толмаған төлі (ҚТТС, 149). Тайынша – екі жасқа жетпеген торпақ (ҚТТС, 775 б.). Бұл арада көңіл аударатын тай, тайынша, тайлақ түбір тұлғалары бір «тай» деген. Торпақ – алты айдан бір жасқа дейінгі бұзау (ҚТТС, 813). Бұ+зау, бұ+қа, бу+ра деген сөздердің түбірі көне бұ дыбысы болуы мүмкін. Сойдырып – Сойып (соғым) – сой//соқ (жығу) түбірлес тұлғалар екендігі байқалады. Тілдің тарихи даму барысында ажыраған. Фонетикалық өзгеріске ұшырап, мына сөздер сияқты жасалған. Бауыздау – бағ – тұншықтыру, боғуз – тамақ деген мағынаны берген. Боғды – буындырды. Бағ=бағ>бау=бу. Демек, бауызда, буын, буындыр сөздерінің құрамындағы түбір тұлғасы дербес қолданылмайды. Бірақ, тарихи негіздер құрамында екі түрлі (бағ және бау) варианттары сақталған бір түбірден өрбіген сөз болып шығады. Бұғалық, бағла (бағ>бау, бағ>байла) лексемасында -ғ элизиға ұшыраған осылардың қатарына қосқан жөн сияқты. Жеке аузын қынынан суырып – қарудың бір түрі. Қандыауыз – деген де қарудың түрі бар. Өйткені қылыш та, наркескен де, кездік те қыны болғанымен шабатын қарудың аузы (ұңғысы) болмайды. Бірақ бұл арада жеке ауыз – деген қылыштың бір түрі. Ауыз дегеніне қарап ататын қару екен деп қалуға болады. Қылышымды қандаймын – Бекболат Абылай тастап кеткен қазанға сиырларды, жылқыларды сойып туын қандапты дейді. Түркілер шын мәнінде ең алдымен жауының қанына туларын қандаған (малған). Жеңіс әкеледі деген ырым болған. Сол сияқты қылышын да қанға малған. Оны – қылыш қандау – деп атаған. Айыр өркеш түйе – Бір я екі өркешті күйіс қайыратын ірі мал (ҚТТС, 830). Нар –1. Жалғыз өркешті, асыл тұқымды түйе. Нарқоспақ – аруана мен бураның буданы (ҚТТС, 613). Айыр өркеш түйе – екі өркеші бар түйені атайды. ...бір өркештісі: «нар», екі өркештісі «айыр» түйе, солардың арасынан (буданнан) шыққан тұтас өркештісін «қоспақ» деп үшке бөлінеді. Бір жастағы төлі – бота, екі жастағысы – тайлақ, үш жасарының еркегі – буыршын, одан әрі ұрғашылары – інген, еркегі – бура, нардың ұрғашысы – үлек (С.М.). Еру – еру болды –көшіп-қонғанда, жол жүргенде жолаушылардың жолда демалып, аялдауы. 0 Еру елдің ерулігі бар – еру қонған елге маңайындағы бұрыннан отырған ауылдың беретін ерулік дәстүрі (ҚТТС, 233 б.). Ерулігі – ерулік Жаңадан көшіп келгендерге ауылдастардың, туыстардың не көршілердің сыбағалы тамағы. 0 Ерулік берді – қонаққа шақырып, сый көрсетті (ҚТТС, 233 б.). Ерулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай (Махамбет). Ерулі ме? Ереулі ме? Ереуіл ме? Талай зерттеушілер басын қатырған еді. Будагов, Радлов: арулъ // ерулъ сөзінің трезвый, отрезвившійся (көне жазу-А.Қ.) бар екенін, және мағынасын ашып жазды. Барлық сөздердің түбірі бір сөзден еру өрбіген және бұл – сөздер Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында кездеседі [Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы. –Павлодар, Кереку. 2008 жыл, 111-115-б.]. Таға – Аттың тұяғына қағатын, доға түрінде соғылған темір // Етік өкшесіне қағылған темір (ҚТТС, 771-б.). Таға көне жазба ескерткіштерде туюг ұшырастынын жазады (Малов, Ш. Аюпов). Будагов: нәл, башмақтың табаны, түрлі аяқ киім, адамдардың, малдың тұяғын сақтайтын, таға т.б. мағыналарын көрсетеді. Таға – әдеби тілде таға «нәл»; таға-ны нағашы (шешесі жағынан) айтылады дейді (Аманжолов). Таға мен доға екеуі түбірлес сөздер. Жаурын жағу – Жасыбай батыр өзі мерген, әрі бал ашатын жауырыншы болған. Жаудың не істеп жатқанын жауырын жағып көріп отырған. Ту тігу – Жасыбай батыр мен Олжабай батыр кеуде қағысып ту тігіп дос болған. Ту тігу анттасудың бір түрі. Өзіне-өзі серт беру. Мысалы: –К...ттесім жесір тоқал баласын алдырмаймын! – деп. –Тетелес інім Малқозының баласы Толыбайға алып беремін! – деп. –«Берсе, қолынан, бермесе, жолынан» – аламын! – деп, ту тігіп, қосын болып барған. Қосын – жасақ туралы жазылды. Қосын барған жанына жауынгерлерін ертіп барған. Бұғы – аң. 1. Күйіс қайратын, сүт қоректі, айыр тұяқты, сала мүйізді ірі аң, тау, орман жануары (ҚТТС, 148 б.). Аладомбай – аң. Ала + домбай екі сөзден тұрады. Ала – біртектес емес, ала-құла түстер. Домбай – жабайы есек (ҚТТС, 204 б). Керкудан – Бір заманда Шынқыз келді. Діңгекке: –Хан келді, хан келді! – деді өзі. –Ханның атын ұстаңыз! – деді. Аттан түсті. –Ханның атын байла! – деді өзі. Өзі байлады. Аты – Керкудан деген аң екен, мүйізді болады екен (М-Ж, 8 том, 22-б.). Керкудан деген ханның мінетін қолға үйретілген аты. Мүйізді аң, қазір жойылып кеткен. Қарауыл, қарауылшысы – жау аяқ астынан келіп қалмау үшін қарауылға қойылған кісі. Қара + уыл түбір мен қосымшадан тұрады. Жасауыл (жас+уыл) сөздерінің жасалу моделі бір. Жасауыл мен жасақ лексемасының шығу тегі бір. Жас (ұл) жастар сөзінен шыққан сияқты. Жастардан құралған әскер құрамы. Жас > өскін <>көк. Жасау (жас+ау) сөзінің құрамындағы жас сөзімен мағынасы бір. Ау (ауыл) ау//ав//айыл (қырғ) > үй деген сөз. Жасау <>отау. Қараңыз: жоғарыдағы отау сөзінің жасалуын. Тулақ – 1. Жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері. 2. Ауысп. Көп мінілген арық ат (ҚТТС, 820 б). Жез айыл мылтық – атылатын қару, жез айылы бар. Айыл – Ер-тоқым ауып кетпес үшін малдың бауырын, шабын орап тартатын жалпақ қайыс (ҚТТС, 27 б.). Айылы бар арқаға асып алатын мылтықтың түрі болғаны.

Сары ала ту – қалмақтың туының түсі.

Шылбыр – зат. Жүгеннің, ноқтаның шығыршығына тағылған ұзын қайыс немесе жіңішке қыл арқан (ҚТТС, 1961: 504 б.). Шылбыр сөзінің этимологиясын зерттеушілер әртүрлі таратады. Танымал қарапайым жігіт деген мағынасын айтады (Малов). Кейбірі ру-тайпа, топтың таңбасымен байланыстырады: sylbur ~ cylbur ~ бау, атты байлайтын жіп (Корш) немесе арабшы, жалдамалы (Мелиоранский).т.б. Баскаков, Корш бұл сөздің түркі сөзі екендігін әсіресе, Корш шылбыр сөзінің ат әбзелі екендігін дөп басқан. Шылбыр – жүгеннің шығыршығына тағылған жіңішке қылдан есілген жіп (ҚТТС, 2008: 933 б.). Біздің ойымызша, шылбыр (шыл+быр) екі сөзден құралған. Оған себеп: шылбыр мен шылау (ат басындағы жүгеннің жаужайы) шылғи (бірыңғай иленбеген тері, қайыс) түбір тұлғалы сөздер. Ал шылбыр деп көбіне қылдан есілген жіпті айтады. Шыл (суға салып есілген) деген сөз де, быр (жүн-жүбір, қыл-қыбыр) сөздерінің фонетикалық өзгеріске түскен формасы сияқты. Сауға – Олжабайдың жолдасы Төртуыл - Баймұрат деген батыр: –Сенімен төбелесер бір қалмақ жоқ. Қалған-құтқан болса, маған сауға бермейсіз бе? – түсе қалып, шылбырынан ұстап, тұра қалған екен. Ширлолғы (монғ) широ – шанышқы, таяқша. Ширалга, сиралга, сыралғы: тұлға, адамның белінен жоғары жарты дене мүшесі, құстың малдың басына дейінгі жарты мүшесі (Будгов, 1869: 680 б.). В. Радлов: сауға – 1) кездескен жерде аңшының олжасынан алынған сыйлық; 2) ауыл адамдарынан патша қызметінде (почта т.б.) жүргендердің пайдасы үшін алынған жылу. Сауға сұрау – 1) басына бостандық сауға сұрау, 2) аңшының олжасынан сауға сұрау, «сый сұрау» араб-парсы сөзі соға «сый» алдарынан шыққан бірінші адамға не қарияға соғыстан түскен «олжаны» не «аңды» тарту т.б. (Ә. Қайдар). Сауға 1. Соғыстан түскен олжадан не ауланған аңнан берілетін сый (ҚТТС, 716 б.). Сауға < сау > түбір тұлғасынан сауға, сауғат, сауын т.б. лексемалар пайда болған.

Тай – екі жасқа толмаған жылқы (ҚТТС, 773 б).

Афоризм: Көшер елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар; Жалғанды жалпағынан басып, мерекеге баталық; Мақалдар: Көп қорқытады, терең батырады; Жаурыншы жау алады, Есепшіні жұт алады;

Қосымша мәтінің тілі:

Қошқар – Қойдың күйекке түсетін піштірілмеген еркегі (ҚТТС, 526-б.). Қошақан -1. Қойдың жас, кішкене қозысы. Қошқар мен қошақан сөздерінің түбірі > қош. -қар, -қан жұрнақ, -а сыналап енген фонема. Бура – Айыр түйенің келеге түсетін еркегі (ҚТТС, 146-б.). Буыршын –Аруана мен үлектен туған төрт жасар бура; інген бұзар (ҚТТС, 148-б.). Бура, буыршын, бұзау, буаз сөздері түбірлес болуы әбден мүмкін. Жәрменке – жәмшік сөзінің түбір тұлғасы бір. Жәр түбір тұлғасы негізінде жар болған: ә//а дыбысы алмасқан. Өйткені, жар деген қала деген мағына берген. Мысалы, Қызылжар, Үржар т.б. сөзінің құрамында сақталған. Жар орыс тілінде ям //яр (ор) деп аталған. Жәрменке – ярмарка, жәмшік – ямчик болып өзгерген сияқты. Ямчик // кучерь (құшер) түркі тілінде құш+ер (ат басшы. Ат-құш деп аталған. «Мамыр су бітімінен кейін қайтып қытайлар қазіргі Уржар қамалы маңынан «Тамды» дейтін жерге үй, қорған салып атын «Биар» қойды. Негізгі «бида йар», «бид» – қытайша – ақ, «йар» – түрікше – «жар», демек «ақжар», ол «бирға» айналған. Ол кезде үлкен, биік жарлар сол орында көп болып, онда түрліше «жар» аталатын ауыл, жер көп еді. Ақжар, пұшық жар, кіші жар, ұры жар, қысық жар, яки ирек жар сияқты т.б. жер атаулары болды» (Құрбанғали Халид). Жар ауылдарында бірнеше жыл тұрып, Керей дуанбасы Тұрлыбектің қолында бірнеше жылдар тұрған (М-Ж, 8 том, 307-б.). Көне қалалардың қабырғасын жар деген өйткені, саз балшықтан үйдің қабырғалары тұрғызылған. Сөйтіп, қала атауы жар деп аталған. Ал қала арасында жүретін ат басшы – құш+ер (ямчик) деген. Алысқа бармай-ақ ор > орда сөздерін алсақ та жеткілікті. Найзагер – соғыс қаруы. Найза+гер найза түбірі мен -гер жұрнақ. Найза сөзі мен назағай (найзағай) түбірлес ұшқын, найза сияқты ұшқындауынан мағынасы ұлғайған сөз. Найза, сүңгі түйрейтін, сұғатын қарудың түріне жатады. Көне түркі тілінде найзаны жыда деген.

Құба қалмақ – көне. Ойраттардың ерте кездегі аты (ҚТТС, 531-б.). Сөре – құрт жаятын жер. Қазақ заманында «Олжабай сөресі» атанған. Олай аталуының себебі, сүйегін ол жерге көмбеген, құрт жаятұғын сөредей сөрелеп қойған. Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайына қойған деседі (М-Ж, 8 том, 281-б.). Құрт пен ірімшік бұзылмас үшін жаз айларында «сөре» аталатын биікке жайылады да, күн көзіне кептіріледі. Кептірілген бұл тамақтар, әуе райының барлық жағдайында да бұзылмай шыдап, ұзақ уақытқа сақталады (С. Мұқанов).

Жолыма жобалғы болар – кесірі тиеме деген сөз.

Бұйда – түйенің мұрындығына тағатын есілген жіңішке жіп. Бұқа, бура, бұзау, бұйда лексемалары бір түбірден -бұ//-бу өрбігені байқалады. Олжабайдың елге сәлемі, басқа да сөздері. Олжабай Омбыда ауырып жатқанда, бір-екі жігіт үйір болып жүред [і] екен. Бір күні келіп, көңіл сұрап:

–Аға, біз сіздің елге қызмет арқылы баратын болдық, айтатын сәлеміңіз болса, ауырламаймыз, айта барамыз, – депті.

Сонда:

–Менің жазып беретін халім жоқ. Мен айтайын, өздерің жазып ал, – депті. Сондағы айтқаны мынау төмендегі:

–Орта жүз: Арғын аға ел еді. Арғынменен қай қазақтың баласы тең еді?! Мейрам сопы бір анадан жалғыз ұл еді. Мейрамның бес баласын сағындым, соған сәлем айта бар!

Қуандық пен Сүйіндік, Қаракесек, Бегендік пен Шегендік, салмағыңа тең келетін қазақ жоқ, туысыңды, тұрысыңды сағындым, соған сәлем айта бар!

Арғын, Найман туысқан,
Мәңгілікке бел байласып тұрысқан,
Жұртқа дастан атың шыққан,

Қайран ерлер, қызығыңды сағындым! Соған сәлем айта бар! Сары жетім, Шақшақ момын ел-ді, Шұбырпалы-Ағыбай, о да Арғынның ұлы еді. Ер асылын, жер асылын сағындым, соған сәлем айта бар!

Үш жүзді билеп өтті Абылай,
Ел бағына туып өскен ерлер қандай?!

Қазыбек, Жәнібек, Бөгенбай, Баян батыр, Қошқарбай, Қабанбайым, Ұса серек. Ноғайлыдан-Әз Жәнібек,-Тараншыда бас қосқанын сағындым. Соған сәлем айта бар! Қырғыз бенен қалмақты Сарыарқадан кетіріп, қазақ елін орнатқан қайран ерлер, қызығыңды сағындым, соған сәлем айта бар! Сарыарқаның тауы мен тасын, аққан суын, ағашын, көлін сағындым, соған сәлем айта бар! Ұрығымды сұрасаң, Қанжығалы; затымды сұрасаң, Бөгенбай. Бөгенбайдан Қошқар туған екен. Қошқардан туған қозы едім. Қозыдан сәлем айта бар! – депті. Түйін. Бұл – Олжабай, Сүйіндік Олжабай емес. Мәшһүр-Жүсіп өзінің жазу мәнері бар. Ол жазып отырып ұқсас жай болса, не ойына бір оқиға келіп қалса, сол жазып отырған мәтіннің ішіне не аяғына тіркей салады. Мұндай жайттар шығармаларында өте көп кездеседі, сондықтан да шежіренің ішіндегі атаға келгенде де бір ата басқа рудың ішінде жүруі мүмкін. Cондықтан да аса сақтықпен оқып, талдау керек. Мысалы, Олжабай Омбыда ауырып жатқанда, бір-екі жігіт үйір болып жүред [і] екен – деп басталады. Олжабай батыр Омбы ауруханасында жатпаған да көрмегенде. Содан кейінгі жастар батыр Олжабай екен деп шатастырады. Мына аурып Омбы ауруханасында жатқан аттас Олжабай да тарихты жақсы білетін адам. Ұзақ уақыт аурып жатып қалса керек еліне, жеріне деген сағынышын жолдаған. Ауруханада жатқанда көңіл сұрай келген жігіттерге елге сәлем айтқан. Омбыда аурып жатқан Олжабай: Ұрығымды сұрасаң, Қанжығалы; затымды сұрасаң Бөгенбай. Бөгенбайдан Қошқар туған екен. Қошқардан туған қозы едім. Қозыдан сәлем айта бар! – депті. Олай болса, бұл – Батыр Олжабаймен аттас – Олжабай. Руы Қанжығалы болғаны. Бұдан кейін Олжабайдың (екінші, үшінші, төртінші сөзі) Омбыда ауырып жатқандағы өсиеттері, афоризмдері айтылады. Екінші сөзі, сол Омбыда аурып жатқанда айтқаны: – «Адам баласы – Алланың добы» деген анық қой, // Басқа біткен бақ-дәулет жанып тұрған бір жарық қой! // Бастан кетсе, ол шіркін жарықтың өшетіні анық қой! // Артынан тұғырынан түссе, о да шын мүсәпір кәріп (ғарыб) қой! // Осы жүрген адамдар суда жүрген балық қой, // Балықты судан шығарсаң, өкпесін соғып жататыны анық қой. // Табиғатта бір Алладан басқаның өзгеруі анық қой!». Олжабайдың үшінші сөз, өзінің істеген істерін айтқаны. Жүректің нәпсіге айтқаны дейді:

– «Арыслан (арыстан) болып айға шап!» – дедің, шаппадым ба?, // «Бүркіт болып, таудан түлкі қақ!» – дедің, қақпадым ба?, // Қаршыға болып, көлден үйрек іл!-дедің, ілмедім бе?, // «Шортан болып, су түбінен балық сүз!» – дедің, сүзбедім бе?, // «Жеті басты жалмауыз болып, елдегі жақсы атты мін!» – дедің, мінбедім бе?, // «Сайрандап дүниенің төрт бұрышын кез!» – дедің, кезбедім бе!?

Олжабайдың төртінші сөзі, осы Олжабаймен бірге жай, мал біткен адамдардың да қашып жүргендеріне айтыпты:

Мен елімнен кеткенім жоқ ұрлықпен,
Не болмаса кісі өлтірген сұмдықпен.
Әлемге бірдей Әмір-ді,
Науқанды тарттық біз көппен.

Жанымда жүр жалпиып (жалығып),
Б...ққа алғысыз мал біткен.
Маған үлкен ұят қой:
Мен қалып елде, бұл кеткен.

Атаңа сенің рақмет, Осылармен бірге мені жөнелткен! [Мәшһүр-Жүсіп шығармалары, ЭКО» ЖШС. – Павлодар, 2006 жыл, 9 том. 116-133 б.].

Мәшһүр-Жүсіп және «Қалқаман-Мамыр»

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев:1721-нші жылда Ақтабан шұбырынды болды деп «Қалқаман-Мамырда» айтқан. Мамай тобықтының бір табының атасы, өзі Жұмағұл баласы, Мырза Мамай екі кісінің аты. Қабекең, Кеңгірбай биге қойлыған ат. Қабай дегенді Абай дегендей, Жуантаяқ тобықтының бір тап елінің аты. Қанжығалы Боқтыбайдың жасауын ұрлаған осы Мырза Мамай екен деседі. Көп Арғын шауып, талап алады деп, Найман ортасына ауып барған. Солай болғаны үшін Еңілік-Кебек жұмысы болған уақытта Арғынға беттей алмағаны осл. Тобықты Құнанбайдың бір шешелері Алтықатын атанған. Осы Алтықатын Өскенбайдың шешесі, Ырғызбайдың қатыны. Ырғызбай, Жігітек, Боқкөт – бұл үшеуі Олжабайдың балалары. Сондықтан бұларды үш Олжабай деседі. Бірі – Өскенбай тұқымы Құнанбайлар. Бұл Ырғызбайдан бері Жігітек тұқымынан он бір жыл Құнанбаймен қағаздасқан Бөжей шыққан, Базаралы, Бағаналы; Қарымсақ, Шопандар шыққан.

Бірі Боқкөт тұқымынан соқыр Оразбай шыққан.

Қаракесек Жарылғаптан шыққан Балта ақын өзінің бір немере қарындасын алып қашып Құнанбай еліне барып қатын қылған... Сөйтіп жүргенде бір күні Құнанбайдың үйіне кіріп барғанда Құнанбай былай деп өлең айтқан, екеуі құрдас екен:

Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар-құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Қарындасын қатын ғып алып қашып,
Ел аралып жүреді-ау арсыз мұңар.

Сонда Балта ақын айтты дейді:
Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар-құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Баласы әкесіне балта жұмсап,

Шешең жынды қатын ғой бәдік мұңдар!

Құнанбай дәнеме дей алмапты. Құнанбайдың үйінің сыртында тоғай бар екен. Сол тоғайдан Құнанбай бір бұрау алдырмай өсірген екен. Бір күні тоғай ішінде ағаш кескен дауыс естілген соң Құнанбай қолына балта ала жүгірді дейді. Ағаш кесіп жатқан әкем де болса, өзін ағаштай турайын деп барса, әкесі Өскенбай екен. Әкесін туралай ала ма, ұялып қалған екен. Құнанбай мен Балта ақын құрдас екен. Екеуінің жылы қой екен. Балта мен Шөже айтысқанда; Шөже:

– Әй , Балта, жылың қой, биыл келдің елу төртке,

Соңынан мұнан былай өсек ертпе, – депті.

Бала күнімізде естіген сөз еді, Тобықты ұраны «Маябоз» деп. Ол қалай ұран болған десек, былай деуші еді: - Бұрынғы заманда қазақ, қалмақ жауласқан күнде қалмақ жеңіп, қазақ қашып құтылған. Қояндай боз атқа мінген бір қатын қалмақтан қашып құтылып, қазаққа келіпті. Байы қалмақта өліп қалған. Мұндағы қатынға бай боларлық азамат аз. Танымал – танысы жоқ, осы қатын аяқсыз қаңғып қазақ ортасында жүріп, өзі буаз, екіқабат екен. Балгерлік-бақсылық қылып, дерт қарап, қақырғаны қаймақ алтын, түкіргені түйме алтын болып, ауру-сырқауды айтпай біліп, сұрамай танып, өз аяғы мен жүріп қарайтұғын болыпты. Мінгені қояндай боз ат, өзі күйлі, жуан, семіз, оның үстіне екіқабат, буаз болған соң, қай ауылға барса да «Маябоз» келеді дей бергеннен «Маябоз» атаныпты. Өзі босанып, ер ұл тауып, баласының атын Елатан қойыпты. Енді осындай түпсіз, тексіз бала пайда болып, оның аты Елехан болыпты. Елатан, Елехан егіз қозыдай болып өіспті. Ержете бастаған соң қызықты, сүйкімді, өнерлі болып, әркім қызыға бастапты. Бала қылып аламыз деп біреуінен біреуі қимай Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ төрт арыс Орта жүз таласыпты. Сонда бұлар көп ортасында сөзге байлау, матау қылып, «бәйгеге ат қосайық, қай атымыз озғанымыз алайық деп бәйгеге ат қосыпты. Арғынның ақ тобық аты алдында келіп, Арғын алып, мұның тұңғышы... ақ тобық аттың бәйгесіне келіп еді деп баланың атын «Тобықты» қойыпты. Бұрынғылар айтушы еді: «Ақсопының балалары Толыбай ұранды, Қанжығалы мен Маябоз ұранды «Тобықты» деп. Және қазақта бір сөз бар еді: Елетан елге тең елді, Ешкі қойға теңелді. Бұл Елетан деген кім дегенде Тобықтыны айтады деуші еді» – деп жазады (Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [1, 73-75-б. ]. ...Құнанбаев Ыбырай марқұм айтты ғой: Өмір дүние дегенің ағып жатқан су екен, Жүрген-тұрған жұмысың ойлап тұрсаң у екен», – деп. Және бір сөзі:

Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Өлсең сасық боларсың боқтан тағы.
Менімен сен теңбе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі ол баяғы, – дейді екен [1, 97-б.].

Арғын-тобықты шежіресі. Жанарыс-Қарақожа-Арғын-Мейрам (Момын деген тоқалынан)-Тобықты. Тобқытының екі баласы: Рысбек (Ырысбек), Дәулетбек [75] (75-деген осы кітіптың соңындағы түсініктердің рет саны-А.Қ.). Бұл Дәулетбек бір аста жаун таяқ ұстап, жерошақ басын қорығаннан, «Жуантаяқ» атанып [76] нәсілі де сол атпен атанды. Дәулетбектің үш баласы: Байқара, Байшора [77], Жиеншора. Байқараның екі баласы: Арқар, Бөкен, Байшораның балалары – Шығырбұға. Мұның үш баласы: Құдайқұл, Қожақұл, Андағұл. Андағұл баласы-Батбанақ. Батбанақ баласы-Қарабатыр. Жиеншораның төрт баласы: Абдал, Жұмық, Абыла, Жаржақ [78]. Абдалдың баласы-Ескене. Жұмықтың екі баласы: Нарымбет, Жиембет. Ескеннің үш баласы: Тәңірқұл, Жұмаш, Бектас. Нарымбектің үш баласа: Өтеғұл, Бердібай, Өтебай [79]. Өтеғұлдың екі баласы: Төлебай, Көрпе. Жиембеттің екі баласы: Құлсары, Тоқсан. Төлебайдың бес баласы: Қожакелді, Қара, Қожамбет, Жанқожа, Айтқожа. Құлсарының екі баласы: Құдайсүгір, Берсүгір. Тоқсанның екі баласы: Жәнібек, Тоғызқа. Тобықтының бір баласы-Рысбек, соның балалары: Мұсабай, Көкше, дадан. Мұсабайдың Үйсінге берген қызынан туған жиенінің аты-Құлық. Жоғары «Жуантаяқ» –атанған Дәулетбек, – бесеуін: «Бес атаның ұлы-Тобықты» – деседі. Көкшенің екі баласы: Топыш, Томан. Топыштың екі баласы: Башей (Бәши), Шобан. Томанның екі баласы: Қаракүшік (Қаракөшек), Балтай. Шобанның алты баласы: Нәзір, Бірит, Әлім, Жасыбай, Қарабақан, Турабай. Даданның үш баласы: Еснебақты, Дәулетбақты, Ақсақ. Есенбақтың екі баласы: Манас, Танас. Манастың үш баласы: Базарқұл, Кежебарақ, Тоқал. Дәулетбақтың екі баласы: Ейбескі (Ебескі), Қалау. Бұл Дадан-Тобықты Қарқаралы оязында (уезінде) екі болыс ел. Жоғары Мұсабай бидің екі баласы: Төленқожа, Сүйірбас. Бұл Төленқожаны Арғынның бір жақсы кісісі: «Мына бір жаман Тобықты», – дегендіктен, өзі де, тұқымы да: «Жман Тобықты», – атанды. Сол Төленқожаның екі баласы: Баянай, Шегір. Баянайдың екі баласы: Еспентай, Елібай. Епентайдың баласы-Текебай, Елібайдың баласы-Мұғал. Мұғалдың баласы-Жөкең. Мұның төрт баласы бар: Таз, Нұрке, Бірке, Ожар. Жоғарыда айтылған Шегірдің баласы-Байбол, шегірдің Қыпшаққа берген қызынан туған жиені-Жүзбенбет. Байболдың баласы-Бораншы, оның төрт баласы: есболат, Әлмәмбет, Айғана, Әбіл (Абыл) және асыранды баласы – Есім. Есболаттың асырап аалған баласы – Қайпберді, оның төрт баласы: Қошқар, Сеңгір, Бекей, Текзан. Әлмәмбеттің екі баласы: Кәдір (Қадір), Түбек. Айғанның екі баласы: Игілік, Ораз. Жоғары Мұсабай бидің бір баласы – Сүйірбастың үш баласы: Әлі, Сары, Қожаберген. Сарының бәйбішіесінен екі баласы: Мәмбеттей (Мәмбетбай), Үмбетей, Қатаған [80] қызы Қоңырбикеден туған екі Қожабергеннің екі баласы: Бегімбет, Жапал. Мәмбетейдің үш баласы: Тәңірберді, Тасболат, Байғазы. Тәңірбердінің бәйбішесінен: Базар, Сағындық, бір қатыны[нан] – Жапар [81], ең кіші қатынан: Тосбай, Төлек. Жоғары Мәбет сопының екі баласы: Боранай, Қабас. Боранайдың екі баласы: Жұмағұл, Қожан [82]. Жұмағұлдан алтау: Мамай, Мырза, Баян,сабай, Манай. Тобықтыны Өрдің (Ордың) қара ағашынан осы жерге шейін бастап [келген] Мамай батыр еді. Қанжығалы абыз Шумақ Боқтыбайдың жасауын ұрлап алатұғын мырза Мамайдың ұрлағандығы айқындалғаннан кейін, Арғын ортасында тұра алмай, өзіне ерген Тобықтыны ертіп алып, Найманға ауып кеткен. Боқтыбайдың жасауын ұрлағандықтан, бұл жақтағы қалың Арғынға жексұрын болғандықтан, Еңілік, Кебек те бұл жаққа беттей алмай жатқандығы – сол [83]. Жоғары Кішіктің бәйбішесінен: саңмұрын, Байымбет, тоқалынан: Әнет, Әйтек. «Әнет бабаң» – атанып, «Жеті жарғы» – атанған бидің бірі болған Сырдан ауғанда, «Ақтабан шұбырындыда» тоқсан жеті жасында жүре алмай, төбе басында отырып қалған – осы Әнет бабаң. Отырып қалған жері – әулиелі Қызылтау [84]. Артынан іздеп келіп, тірі күнінде тауып алып кеткен. Әулиелі Қызылтауда Әнет аты – жер аты болып қлаған елдің барып тоқтаған жері – Ұлы Ертістің белдеуі. Мамырдың атылған жері – «Мамыр көлі» – атанып қалған. Қалқаман-Мамырдың моласын күзетіп қалып, ақырында сол маңайда өлгеннен, көмілген жері «Қалқаман» атанып, «Қалқаман тұзы», «Қалқаман бекеті» – аталған. Бұл сөздің тарихы – Бәсентиін – Қойсары деген ел бар. Қойсарының балалары: Байзақ, Өмірзақ. Өмірзақ-Байзақтан-Байқожа жалқы. Байқожа ебдейсіз бай болған. Бір күн оның үйінде салт атты, сабау қамшылы өндрідей бір жас жігіт келіп қонған. Жөн-жобасын сұраса:

– Түбі-тегім жоқ, ұлсызға – ұл болайын. Жақсы болсам, «ұлым» деп, жаман болсам, «құлым» – дер, – деп, – әке-шеше іздеп жүрген жанмын, – дейді.

– Олай болса, сен маған бала бол, – деп, төбел бие сойып, төрткіл ошақ қаздырып, асықты жілік ұстатып, бала қылды, жылқы бақтырды. Байдың аулы Мамыр көлінің басында отыр екен.

– Атың кім? – дейді.

Атым-Қалқаман, – дейді.

Заманындағы жылқышының қақ маңдайы болды. Түн болса, ұйықтамайды. Өлең айтып, зарлайды да, жүреді. «Мамырдан» басқа айтар сөзі жоқ. Бұл Жәнібек батыр қырғыздан бір баланы қоржынға салып ап келіп, атын Бертіс қойып, онан Күреңше туып, онан – Олжабай. Олжабайдан – Айтбай, Айтбайдан-Сейітахмет, мұнан да балалары бар, ағайын-аймағы [да] бар. Сол заманда Рысбектен шыққан Жәнібек батыр қламақтан олжалап екі қыз алып келеді. Бірін тоқалдыққа өзі алады, бірін Байқожаға байлайды. Байқожа ол қызды Қалқаманға қосады. Ол қыздан туған баланың атын Байтілеу қояды. Байқожа Байқара шаңырағына ие болтұғын кенже баласы Жұмағұлмен еншілес қылып, малын екеуіне қақ бөліп береді. Қалқаман өзі өлгенде, осл жерге қойылып, «Қалқаман» атанады, көп ұлт болады. Түбі-тегін жан білмейді. «Мұнан бұл атақты аламыз» – деп, Бәсентиіннің не шонжары өзін сол жерге қойдырып, көрнекті там салдырған болса да, аталмайды. Қалқаман атын көптік қылып, ешкім тартып ала алмайды. Ат атанып қылған «Қалқаман тұзы», «Қалқаман бекеті» сол «Мамыр көлі» қасында бұл күнге шейін «мамыр көлі» атанып қалған. Қалқаманнан-Байтілеу, онан-Әжібай, онан-Сүлеймен қажы. Өзі: «Бұқа-Күбір» ішінде кімсің? – дегенде: «Қойсарымын» – дейді. Қалқаман өзі Жұмағұлмен замандас болып, еншіге бірдей болды. Жұмағұл баласы Жүсіп пен Әжібай бастас, тұстас болды. Әжібай баласы Сүйлеймен-Жүсіп балаларымен бастас, тұстас болды. Сүйлеймен қажы жалғыз үй емес, он шақты үй бар шығар. Әнет бабаңның бәйбішесінің бес баласы «Ақтабан шұбырындыда» қалмақтың оғынан өліпті, Бәйбішесінің Байболат деген баласынан: Балуан, Бақай деген екі бала бесікте екен. Балуаннан тұқым жоқ. Бақайдың үш баласы: Құрманбай, Жарылғап, Тоққожа. Бұлардан тұқым-жұрағат бар. Бұл – Әнет ұрпағы өсімі кем болған... Әйтіктің бәйбішесінен-Олжай, тоқалынан-Байбөрі, Қлақаман. Байбөрі «Бәкең» атанып, оның нәсілі мұнда жүз үйдей бар. Олжайдың үш баласы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Жігітектің бәйбішесінен: Кеңгірбай би, Сеңкібай; тоқалынан: Түлкібай, Қрасақбай, Күзнебай, Жолымбет. Айдостың төрт баласы: Ырғызбай, Торғай, Топай, Көтібоқ, – «Үш Олжаймыз» – десіп келеді [85]. Мәшһүр Жүсіп ескертпесі. Шәкәрім шежіре жазғанда, Тобықтыны дұрыстап жаза алмапты: «Жігітектің бәйбішесінен: Кеңгірбай би, Сеңгірбай» – депті. Және жазады: «Жоғары Ырғызбай – біздің төртінші атамыз» – дейді. «Абылай хан мен жолдас болған кісі, оның төрт баласы: Өскенбай, Үсір, Мырзатай, Жортар», – дейді. Бұл өзі шатасқан да, қағаз бетін орын алдырып толтырып, жан білмейтін жамандарын жазады. Дадан-Тобықты-Қараменде биді жазбайды. Өз заманымызда айдай әлем атын білген Гармамбетті жазбайды. Құнанбай – Бөжей – он бір жыл Құнанбаймне дауласуға жараған Бөжейді жазбайды. Айдай әлемге байлықпен атағы шыққан соқыр Ор [аз] ба [йды] жазбайды. Құнанбайдың Ыбырайы [Абайды] жолбарыс болып шыққанда, қасқыр болып шыққан: Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопаг, – бұл төртеуі қайдан шыққанын жазбайды. «Естіген құлақтың жазығы жоқ»: біз естіп едік: «Бірі қалса, мені өлтірмей тынбайды!» – деп, Ыбырай осы төртеуін түгел айдатты. Сондай болғаны үшін:

Апырым-ау, аты құрысын Абай деген,
Жылатты мұсылманды талай неген.
Абайың жақсы кісі болған болса,
Қасқырдай өз күшігін қалай жеген?! –

деп, «Осыларды айдатқанына айтылған сөз» – деп, – «Екі кәпірдің бірі – өзінің «үш Олжайы екен» – деп [86]. Біз естіп едік: Ырғызбайдың қатыны «Елти қатын» атанған. Ол қатын – Өскенбайдың шешесі екен, – деп. Бұл сөздің қайдан шыққандығы Қаракесек-Балта ақын Құнанбаймен құрдас екен. Өз ағайынының бір қызын алып қашып, қатын қылып, Құнанбай елінде көп жүріпті. Бір күн [і] Балта ақын Құнанбайдың үйіне кіріп келсе, Құанбай өлеңді қоя беріпті:

Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар-құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Қарындасын қатын ғып алып қашып,
Ел аралып жүреді-ау арсыз мұңар.

Сонда Балта ақын айттыпты:
Әуеде ұшып жүрген қара құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Баласы әкесіне балта жұмсап,

Жынды қатын тұқымы бәдік мұңдар! – депті.

Құнанбайдың үйінің сыртында тоғай бар екен. Құнанбай онан бір шыбық кестірмей қориды екен. Бір күн [і] ағаш кесіп жатқан бір балтаның тақ-тақ дауысы естіліпті. Құнанбай қолына балта ала жүгіріпті.

– Ағаш кескен әкем Өскенбай болса да, басын шабайын! – деп. Барса, әкесі Өскенбай екен, әкесін шаба ала ма баласы?! «Әкесіне балта жұмсап» – дегені сол екен. Және біреудің кейбір мінезін жақтырмай, сөйлегендерге: «Нармамбет қанша айтқанмен, Елти қатынның ұрпағы ғой» – дейді екен.

Осыны жазып отырған Мәшһүр де – «Елти қатынның» ұрпағы. Бесімнің бәйбішесі – Бөктік бәйбіше Қыпшақ: Қатықұлақ мергеннің қызы. «қақырғаны – қайма алтын, түкіргені – түйме алтын» болған, моласы Қызылтауда, Қатықұлақ мерген моласы Терісаққан бойында [87]. Бала күнімізде естіген сөз еді:«Тобықты ұраны «Маябоз» – деп. «Ол қалай ұран болған?» – деушіге, былай деуші еді:

–Бұрынғы заманда қазақ-қалмақ жауласқан күнде қалмақ жеңіп, қазақ қашып қашып, ажалсызы басын құрттап құтылған... Қояндай боз атқа мінген бір қатын қалмақтан қашып құтылып, қазаққа келіпті. Байы қалмақта өліп қалған. Мұндағы қатынға бай боларлық азамат аз, танымал-танысы жоқ осы қатын аяқсыз қаңғып, қазақ ортасында жүріп, өзі буаз, [е] кіқабат екен. Балгерлік, бақсылық қылып, дерт қарап: «Қақырғаны қаймақ алтын, түкіргені – түйме алтын» – болып ауру-сырқау жерге айтпай біліп, сұрамай танып, өз аяғы мен жүріп қарайтұғын болыпты. Мінгені қояндай боз ат, өзі күй[лі], жуан, семіз, оның үстіне екіқабат, буаз болған соң, қай ауылға барса да «Маябоз келеді»,– дей бергеннен, «Маябоз» атаныпты. Өзі босанып, ер ұл тауып, баласының атын:«Елатан», – қойыпты. Енді бір сондай түпсіз-тексіз бала пайда болып, оның аты «Елехан» болыпты.

Елатан, Елехан егіз қозыдай болып өіспті. Ер жете бастаған соң, қызықты, сүйкімді, өнерлі болып, әркім қызыға бастапты. «Бала қылып аламыз!» – деп біреуден-біреу қи [май], Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, – төрт арыс – Орта жүз таласыпты. Сонда бұлар көп ортасында сөзге байлау, матау қылып: «Бәйгеге ат қосайық, қай атымыз озғанымыз алайық!» – десіп, бәйгеге ат қосыпты. Арғынның ақ тобық аты алдын [да] келіп, Арғын алып:«Мұның тұңғыш [ы]... [A] қтобық аттың бәйгесіне келді, [келіп еді]» – деп, баласының атын «Тобықты» қойыпты. Бұрынғылар айтушы еді: «Ақсопының балалары: Толыбай ұранды, Қанжығалы мен Маябоз ұранды Тобықты», – деп. Және қазақта бір сөз бар еді: «Елетан елге тең келді, // Ешкі қойға теңелді».«Бұл Елетан деген кім?» – дегенде: «Тобықтыны айтады», – деуші еді. «Кіші жүз орысқа қарап қалыпты, Орта жүз де қарайтұғын сықылды», – деп естігнеде, дадан-Тобықтыдан шыққан Қараменде бидің Кеңгірбайға айтқан сәлемі:

Басынан Сырдан көшіп Орға келдік,
Табан тесіп, қалжырап зорға келдік.
«Құл (қол) алдынан құрулы талқы» – деген,
Бұл жаққа баққа келмей, сорға келдік!

«Сәлем, – де Кеңгірбайға, – кел, кетелік,
Мықты сабаз атанды терлетелік.
Дін – мұсылман жұртына бетті түзеп,
Аты жақсы дарядан әрі өтелік! – [2, 185-191-б.].

Тобықты шежіресінің жалғасы. Шәкәрім шежіресінде: «Тобықтының аты – таупықты (тауфиқты) екен» – дегені өтірік. «Тауфиқ» – араб тілі. Қазақ оны білмейтін күні балаларының атын «Боқбасар», «Итаяқ», «Құтаяқ» – қойып жүрген күндері. Екінші өтірігі – біздің аналарымыз: «Қатаған ханы хан Тұрсынның қызы екен – дегені Қатағанды шапқан, хан Тұрсынды өлтірген «Еңсегей бойлы ер Есім» қырық кісімен барып шапқан. Сонда қырық қыз олжаға түскен, хан Тұрсынның екі қызы олжаға түскен. Біреуін «Еңсегей бойлы ер Есім» өзі олжаға алған, біреуін «Шар жетім Шақшақ» – атанған Шақшақ батыр олжалап алып, баласы Қошқар батырға қосқан. Онан туған – ер Жәнібек. Дәулетбек деген қызы Алтай Тоқаның Тоқасы алған. Ол қыздан балаларының аты: Айыт, Қожабарған, Сатыпалды. Нұрбике деген қызды Шаншар тоқалдыққа алған. Мұнан туған балаларының аты: Тілеуке, Бертіс. Оразбике, Қоңырбике деген екі қыздың біреуін Байбөрі алған. Онан туған балаларының аты: Қойке. Және Байбөрінің: Қыдырәлі, Кедей деген балалары болған. «Қыдырәлі, Кедейміз, // Қойке келсе, не дейміз?» – деседі екен. Бұл екеуі Қойкемен бір туыса ма, жоқ, енелері басқа ма, – ол жерін айырып біле алмадым. Енді біреуін Тобықты алса, алған шығар: «Тұрсын ханның қызы екен» – дегені өтірік [2, 191-192-б.]. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Мәшһүр-Жүсіп жазбаларында өзімен тұстас ақын Шәкәрім туралы, оның «Қалқаман-Мамыр» дастанына өзек болған тақырып т.с.с. туралы қысқаша деректер орын алған: 1. «Тобықтыда: Кішеке, Самысты деген екі ағайынды туысқан елдің ішінде Әйтеке баласы Қалқаман-Кішеке таптікі, Көкенай қызы Мымыр-Мамбет деген таптікі. Екеуі ғашық-мағышы болысқан. Соған жүз (елу) жылдан артық жыл өткен шығар. Ғашық-мағшылытан ел аузында аттары қалысқан: Қалқаман мен Мамырдікі достында жұп деген сөзі жалғанда қосыла алмаған. Қосылса да, дәурен сүре алмаған. «бақытсыз Жамалдың» – «Саумал көліне тығып кеткенінде» – деген сықылды. Мамбет өсіп-өнді, бара-бара сол таптан бір бай шықты–Жылақара. Сол байдың он бесер жасар қызы Мамыр – әрі сал, әрі пысық, еркек шора... Басқа бала жоқ әлгі байда. Оны қыз деп, еш адам айту қайда: «Байдың көңілі жабырқап қала ма?» – деп, жұрт жүрді. «Құда боламыз!» – дей алмайды.

Ұл мен қыз айырылмай жүреді екен,
Мамырды жас күнінде біледі екен.
Ғашықтығын айта алмай, іштей жанып,
«Құрбымыз!» – деп, құр ойнап жүреді екен.

[Па] қыр жылқы бағады күнде барып,
Тымақ киіп, қолына құрық алып,
[Бар] ғасын Мамыр менен малда жүріп,
Бір аз сөз сөйлесіпті кез боп қалып.

Сонда қызға өзін сүйдірмекке.
Ғашық болса, оны да күйдірмекке.
...Мысал сықылды бір сөз айтты,
Көңіліндегі мақсатын түйдірмекке (аяғы сақталмаған)

(Мәшһүр-Жүсіп, 6-папка, 202 б.). 2. Атушылардың айтуына қарағанда, баяғы «Қалқаман-Мамырдың»-Қалқаманы осы күнгі «Қалқаман тұзы» бекет салынып, «Қалқаман бекеті» – аталған дейді. Неге десең, онда бір келіншектің аты Мамыр дейді. Мамырдың көмілген жері болғанда, Қалқаман соның моласын күзетіп қалған дейді. Қойсарыдан: Байзақ, Өмірзақ, Байзақтан-Байқожа. Қалқаман осы Байқожаға бала болған дейді. Сол заманда қалмақтан екі қыз олжаға түсіп, біреуін – Жәнібек алып, онан-Манамбай туған дейді. [Б] іреуін Байқожа Қалқаманға қосып, өзі қара шаңыраққа ие қылатұғын [ке] нже баласы Жұмағұлмен еншілес қылған дейді: «Бұл өзі затты тұқым [болма] йды – деп. Жұмағұлдан-Ақжан, мұнан-Жүсіп. Бұл атасының аты-Байсын, біреуін ұмытқан. Бұл ұмытылғанның аты-Байтілеу-Қалқаманнан. Мұнан-Әжібай, мұнан-Сүлеймен қажы: «Қойсарымын» – дейді. Осы күнде Бұқа, Күбір ішінде Қалқаманның өз моласы. Көп ұлт Бәсентиіннің қасқа жайсаңы, әдейі өзін сонда қойдырыпты: «Қалқаман-атты тартып аламыз!» – деп, ала алмапты. Сәмеке жабық өсиет қылып, өзін әдейі қойдырған, сонда да атағы шықпаған. Мұса, Секербай заманында «Жабықтың Мұсасы» – деп айтылып жүрді. (Мәшһүр-Жүсіп, 1176-папка, 48 б.) [3, 157-158-б. ].

Шәкәрімнің«Қалқаман-Мамыр» поэмасының тілі мен стилі Шәкәрім шығармаларының ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Әсіресе, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан қарастыру кезек күттірмейтін мәселе. Ал, Шәкәрімнің сөз қолданысын, стилистикалық түрленісін зерттеу өз алдына бір ғылыми жұмыс болып табылады. Әріден бастасақ, «Бұл болыстар ішінде өмірге бейімі бар, тілді-сөзді кісінің бірі Шұбар болатын. ... Бұндай жиындарда, кейде алға түсіп, бұрын сөйлеп жібереді. Өзге жастың қатарынынан озғындап келе жатқан омырауы да бар» – деп жазды М. Әуезов. Мінекей, Құнанбайдың жете туған ұлдарының бірі осы – Шұбар, Шәкәрімнің прототипі. Ұлы жазушы М.О. Әуезовтің көрегендігі дөп келеді. Шәкәрім алға түсіп, озғындап, омыраулап жетті. Қарасартовшылардың күні қараңға айналды. Бертіңге дейінгі өресіздік көрсеткендердің күлі көкке ұшты. Әділет осылай салтанат құрды. Шәкәрім өзінің тумысымен дүниені дүр сілкіндірді. Қажылық Шәкәрімнің діни бейнесін емес, адамияттық сұлбасын өсірді. Арабстаннан Шыңғыстау әлеміне дейін қап-қап кітаптар келіп жетіп, Еуропа мәдениетіне иек артты. Сөйтіп, өркениетті елден келген дуалы, рухани кітаптар қазақ зиялыларын дөп тауып, қайыра жалғасын шет елдерден іздеуге мұрындық болды. Жастарға Шәкәрім аталарының жолын жалғастыруға мүмкіндік туды. Шәкәрім енді Мұхтар болып төгілді. Сәкен Тұрысбеков болып күй шертті. Үнсіз ғана талай теперішті йығымен көтеріп жатқан жырықтық кәрі Семей жері, Толғанай болып зар илеп, толғанды. Бұл толғаныс – қызыл империяны өзі қазған көрге өздерін көмді. Шәкәрім аруағы қуанғанынан, бүгінгі өмірге дауыс сап келді. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Қазақ зиялылары тілін, дінін, тарихын зерттеуге кеңінен бостандық алды. Қазақ әдеби тілінің тарихы – тұтас елдің, халықтың тілін, мәдениетін танытатын тарихи құндылық, рухани байлық еді. Соның сәті енді келіп жетті. Бұл аралықта әдеби тіл тарихын зерттеу мәселесі де туындады. Бұл аралықта тіл де өсіп жетілді. Абай әдеби тілге септігін тигізіп, маңайын топтай білсе, Шәкәрім сусындай білді, әрі әкетті. Абаймен бірде жарыса, бірде қағыса ойы өсті, дамыды, томағасын сыпырып алысқа самғады. Әміре Шәкәріммен Франция жерінде көрісті. Мұхтар Мағауин аталарының ізін жалғастырып Еуропаға кетіп тынды. Асылында бірлі-екілі адам қазақтың кең байтақ жерінде әдеби тілді жасамайтыны белгілі. Фунтаменті жоқ кезде қалыптасқан тілді, қай уақытта тілдің пайда болғанын білмей тұрғанда, түркі тілінен бөлініп шыққан қазақ тілін келер ұрпаққа жеткізу мәртебесіне Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. ие болды. Заман ағымына қарай әдеби тіл түрленді. Сөзге сөз қосылды, өзгеше сипат алды. Бабалар тілі қазіргі тілден бірде-бір кем соқпады, бірақ сол тілді нақты қолға ұстағандай қып айғақтайтын жадығаты болмады. Біздің жадығатымыз да, мәтініміз де бай ауыз әдебиеті мен авторы белгілі белгісіз ақын-жыраулар және дала кемеңгерлері билер мен аузымен орақ орған от тілді шешендер. Ауызекі тілді естімелі жадылық дағдымен ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дүниелер. Бұлардың бәрі екінші әдебиеттенген бейнесін ХІХ ғасырда дүниелердің авторы болып табылады. Ауызша дамыған әдеби тіл синкертті болды. Ораакустикалық өнер миллиондаған жолдарды есте сақтап, жоғалмай әкелуге септігін тигізді. Жадылық қатты дамыйды. Бекболат Тілеуханов ол өнерді қағып алды. Шыңғыс Айтматов баға берген «Бекболаттың дауысы бабалар үні » жалғасын тапты. Шәкәрім «сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел» дегенді тез ұқты. Бірақ, обалы не керек кей қазақ бұл сөзді ұқпады, төркініне жетпеді. Крылов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп, Спандияр көп айтқан «Аққу, шортан Һәм шаяншылап» жатты, қай заман сұрқылтайлары ыңырсып, өз сөздері өздерінен аспады. «Су мүйіз болған танадай, шыр көбелек айналам» (Дулат «Абай жолында» Барлас ақын), «Жартасқа бардым, күнде айқай салдым, Одан да шықты жаңғырық» (Абай), «Айла таппай адастым, Қайғы артып мойныма» (Шәкәрім) дегендердің қазақи мінезге деген назы күшті болады. Бұның сырын әркім өзінше шешуге ұмтылды. Шәкәрім оңаша тарығып, философиялық ой тұңғиығына берілді. Ақанды еске алды. Ал, Ақан болса, Ж. Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» диуана болып қайта оралды. Барлығы да сөз қадірін сыйлайтын жандар еді. Бағасын түсіргілері келмеді, көрікті қыздыра үрледі. Ақиық ақын Қасым, өр тұлғалы Мұқағали, жүрегі нәзік Шәмші, дауыл сынды Нұрғиса елім деп еңіреп, халқым деп жырлап кеткен абзал жандар еді. Кезінде Ғабит аға Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен Жұбар Молдағалиев мазғұтшыл жолға түспеді, Шәкәрім үлгісі қайталанды. Шәкәрім ұрпақтарын жұрт сағынды. Олар алысқа кетті. Олжасты, Мұқтарды, Ролланды теледидардан ғана көретін болды. Өзі айтпақшы: «Бұл Абай саудагер ғой, ақыл сатқан» Шәкәрім өзіне қайырып алды, сөздің жалғасы ретінде «Тегін білсең аласың, бос береді» – дегендей, оқырман ақылды тегін алып,әжетіне жаратты. Әдеби тілдің нарқын түсінген жамағат Шәкәрімнен де үйретерлігі бар болған соң үйренді. Сөйтіп, Шәкәрім шығармалары әдеби тілдің нарқын жеткізген тасымал құралына айналды. Толстойдан бастап, көкжиекке көз жүгірткен Шәкәрім, Конт Авгус Контқа, одан қала берді Радииді шарлап, Қорқыт сарынынан үндестік тапқандай болды. Ойына ой, сөзіне сөз қосты. Солай заманынан оза шапты, қарабайыр қазақ елінің шоқтығы биік ұлы болды. Шәкәрім бейнесі күн сәулелі ұлылыққа ұласты, қолыңды созсаң жеткізбейтін рухы бай, сағым бойға айналды. Оның ұғымы менің ақылымды баурап, арбап алды. Маған Шәкәрімді түсіну қиынға соқты. Мен ұқпай қор болдым. Шәкәрім шықырды, ал мен болсам ой қуалап кеттім. Сол себепті де Шәкәрім шығармасы бүгінгі тақырыптың арқауы болды. Шәкәрімді ақтарғанда Шәкәрімнің тек өзіне ғана тән сөйленіс үлгісін танығандай болдық. Шәкәкімнің өзіндік тілі мен стилі қалыптасты. Бірақ, ақын оны білген жоқ. Өзін танытайын деп те ойлаған жоқ. Ауыз әдебиетін тауысы оқыған Шәкәрім дастандарын да сол үлгіде жазды. «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» лиро-эпостық поэмалар «Еңілік–Кебек», «Қалқаман-Мамыр» дастандарына әсер етті. Біз ұқсастығы неде деп типологиялық салыстыру жасамаймыз, тіліне тоқталамыз. Шәкәрім тілінің ерекшеліктерін Шәкәрімшығармаларының мәтінінен ажыратамыз. Шәкәрім стилінің табын тап басып айырамыз. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының тілі мен стилін қарастыратын боламыз. Бұл үшін Шәкәрім /шығармалары/ Алматы, «Жазушы» баспасы, 1988 жылғы басылымы алынды.Шәкәрімнің тілі әдеби тілмен араласып, ажар беретін тұсы да, алшақтап тың өрнектермен келетін тұсы да жоқ емес. Бірде Абай тіл өрнектерні танығандай болсақ, бірде кілт бұрылып басқа арнаға түсетін жақтары да бар. Дегенмен, Шәкәрім көбіне өзгеше толғаумен, басқаша жобамен өңмендеп жырлайтын тұсы да анықталып қалды. Бұл арада Абай мен Ыбырай, Мәшһүр-Жүсіп т.б. әдеби тілге сіңірген еңбектерін ешкім жоққа шығармақ емес, әркім теңізге құйған мұхит сияқты молынан келді, ауыз әдебиетінің тілін кеңінен меңгерді, соны жазба әдебиетінде басқа қырынан түрлей білді. Халық тілінен шығып, халық тіліне легімен келіп, лақылдай төкті. Сөйтіп, дара шығармашылық еншілік тіл мен стильге ие болды. Шәкәрім де үзеңгілес ентелей жетті, олай болса әдеби тілдің тамшыдай бөлігі Шәкәрімге де тиеселі болды. Шәкәрім қазақ тілін сақтап қалушы адам, көп оқып, тоқығаны бар ол басқа тілдердің баламасын қазақшалап жеткізген. Тілінің көне дәуір, орта ғасыр ескерткіштерінің тілімен, одан қала берді шағатай тілімен үндесіп келтін жағдайы да баршылық екен. Орыс тілінен енген сөздер, араб, парсы, монғол т.б. сөздер тобын да ұшыратамыз. Ендігі жерде жұмысқа тікелей тоқталамыз. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының тілінің фонетикалық ерекшеліктері: Н/Д онда – одан, Ұ/А мақсұт – мақсат, ҮӨ сүйтсек – сөйтсек, Т/Л махаббатты – махабатлы, Н/Д осынан – осыдан, Х/Қ хақ – қақа, А/ИА /Ы разымын – ризамын, М/Б мұны – бұны, Ы/И сыйыныпты – сиыныпты, С/Ш дұспандары – дұшпандары, Х/Қ рахымсыз – рақымсыз, Г/Қ гөр – көр, Д/Л Еділбайда – Елібайда, О/А оғат –ағат т.б. Бір айта кететін жағдай біз тарихи фонетикалық талдау жасамдық, дыбыстардың алмасу заңдылығын теориялық тұрғыдан зерттеуге тырыспадық. Негізгі мақсат Шәкәрім поэмасындағы фонетикалық сәйкестікке, дыбыс алмасуына көңіл аударту болып табылады. Сөз құрамындағы дыбыстардың орын ауысуы, немесе протеза. Есітпеген (283), есіттім (284), есітіп (285), ырық//ырқ, ыстық//стық, молда//молда, ұзайтып//ұзатып бұл құбылыстардың әсіресе, есітіп сияқты сөздердің түзілісінде өзіндік ерекшеліктері бар, көбінесе етіс котегориясымен тығыз байланысты. Оның райлық түрленісін Махмұт Қашқаридің етістіктерді зерттеген еңбегінен ұшыратуға болады. Сөздердің апшып, ықшамдалу тәсілі. Қалқаман/да/, ауыл/ды/, тоқты/ны/, бозбала/лар/, ұялам/ын/, іс/ін/, есіттім/мен/, тұрғам/ын/, ал/да/, иман/ың/, ест/і/и сала, тәңір/дің/, бұ/л/, ел/ім/, тану/таңды/, елім мені/, мойын/ды/ т.б. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауының ІІІ жағы. Арғынның ел ағасы, Бабаның өз атасы, Кішіктің бір ағасы, Киіктің шешесі, ханның ханшасы, Бабаның бір туысқан інісі екен, Әйтектің бәйбішеден жалғызы, сөздің шыны, байдың он бес жасар қызы, байдың көңілі (дерексіз зат есім), аулымның күн батысы, елдің көп жұмысы, қатынның құны, Қалмақтың бастаушысы, Бабаның баласы, Қалқаманның нәсілдері т.б. Сөздердің септік жалғауын қабылдау үлгісі. Бәйбішеден, елден, таптан, Мамырменен, жолдасқа, адамзатқа, махабатты, Қалқаманға, бастан, бақағанға, моладалардан, жамағатқа, ауылға, бабаннан, төркініне, қолымнан, Қалқаманды, көйлегінің, малда, адамда т.б. Күрделі сөздердің компоненттерінің әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауы. Сүйтсе/солай ессе/, бүгін/бұл күн/, әкеп/алпы кеп/, бүкшиіп/бүк пен иіп екеуі бір сөз, шише иіліп/, тәңір /таң мен іңір/ т.б. Жекеше форманың анайы түрі ІІ -ғын, -қын, -гін, -нін қосымшасының қосылуы: оқыған, тұрғандықтан, қор қылмағы/н/, көйлегінің т.б. Сілтеу есімдігінің септелуі: сол, бұл, соның, онан/одан/, оны, сонда, соны, саған, осынан/осыдан/, мұны/бұны/, ол, сол есімдіктерінің түбіріндегі л, н дыбысына айналады: оныменен, соныменен т.б. Дөң сөзі мәтін ішінде түрліше түреленеді.Тірідей дөң басында қалған өлмей (Шәкәрім). Ертіс басы қара дөң, Екі айрысына қумасам (Едіге) дөң сөзі үндестік тауып жатыр. Жалпы осындай көне сөздердің қолданылуы әріден келе жатқан құбылыс болса керек. Мысалы, -Ертіс басы қара дін жерге кетті, Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры) *Бұл өзі жаңғақ болса керек, дәл не екені ұғынылмады – деп түсінік берілген. Біздің ойымызша бұл – дұрыс түсінік болмаса керек. Дін бұл – Ертістің бойын жағалай өскен ағаштардың діні, тамыры. Биология ғылымында тін – флоэма-деген термин қолданылады. Осы дін сөзі басқа да мағына береді. Мұсылман мен кәуірдің арасын, бұзып дінді ашқан (Қазтуған), Шеп құрып соғысыпты қазақ, қалмақ, Қорқаққа оңай емес шепке бармақ (Шәкәрім), Шепті бұздым айқайлап (Ақтанберді) шеп сөзі дін сөзімен үйлесім тапқан. Әрі жалғаулығы: әрі би, әрі молда, әрі сұлу, әрі есті т.б. Үстеу: әлгі, күндіз, осылайша, бүрсүгіні, кеше, тез, түн. әлдеқашан т.б. Біржолата//біржола: Біржолата келген жоқ Мамыр саған (Шәкәрім). Ымдады//ишарат синоним сөздер. Ымдады бір жауабың болмай ма?-деп немесе Сол еді сөз ишарат қылғандығым (Шәкәрім). Эмоциялы-экспрессивті реңкі сөздер: солайша, еркекше, ойлашы т.б. Әдеби сыңар болып табылатын көйлек сөзі туралы. Бір жеңін көйлегінің жыртып алып (Шәкәрім), Боз үйге кіріп келсем көйлегің кір(«Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Жидеше: Орта бойлы дембелше, Алтынды кемзал жидеше («Қыз Жібек» жыры). Жидеше киім емес, жеңгесін Қыз Жібекті айтып тұрса керек. Жиде-ыстық жерде өсетін, жіңішке жапырақты биік жеміс ағашы және соның жемісі (ҚТТС-2008, -Б. 301). -Ша, -ше (жеңге-жеңеше) зат есімнің сөз түрлендіруші жұрнағы. Бас мүфти Ә. Дербісәлі: «Көйлек деген мағынаны білдіретін «chemіse» деген сөз арабтың «қамис» деген сөзінен алынды» – дейді («ЕҚ» №55-58 (26460). Біздің оймызшы, көк+лек>көн+лек>көй+лек>көк=тері > көк етікті менсінбей, көн етіктіге тап болды > көне+к (ыдыс)>қатқан көнді жібітіп>бәрі де теріден жасалған. Түркі жұрты жылқыны сойғанда, қылдықсыз өндірісті қолданған. Тұяқтарын сыпырып алып, аяқ (ыдыс) итаяқ сөзінің құрамында сақталған – аяқ жасаған т.б. Осы орайда, Сол арасын білуге ақылым шақ (Шәкәрім), Бенденің еш ақылын білмеймін-деп; Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры.Академик Ғ. Есім: ««akіl» – (ақыл) деген сөз шумер тілінде болғанныда таңым бар, мен бұл сөз бізге араб тілінен енген деген пікірде болғанмын» – дейді («ЕҚ» 2011 жылғы 24 қараша). Демек, түркінің төл сөздерін араб-парсы, монғол сөздеріне ой-жота, этимологиясын зерттемей жатып, байқап жатқызу керек сияқты. Шын//рас синоним сөздер. Бұл сөзім ертек емес, сөздің шыны; Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде (Шәкәрім)Сөзің рас, шырағым, бермен қара («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Рас//шын сөздері тұлғасы жағынан көне үстеу. Тәуелдеулі есім сөзбен я субстантивтенген сөзбен байланысты қолданылып тұр.Мәшһүр-Жүсіп тілінде кездесетін растылығын (рас+ты+лы+ғы+н) сөзінің синонимі шынға дерексіз барыс септікті сөз (субстантивтеніп барып септелген). Рас, шын сөздері адъективтену процесінің негізінде -ты, -ті туынды сын есімнің жұрнағы арқылы, сын есімге айналғанын байқауға болады. Шоқ сөзінің түрленісі. Ел жата қыз да келді шоқ қамысқа (Шәкәрім); Шоқ теректе сөйлескен қызды көрді..., Шоқ теректің түбінде ұйықтапжатқан («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Этографиялық мәні бар сөздер. Әрі сұлу, әрі есті екекшора* *Еркекшора-еркек балаша киінген қыз (автор). Қалқаман «Бастан қал»* – деп қызға келді (Шәкәрім). *Бастан-әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мла сойып, құрбыларын жинап ойнайды (автор). Белдеуде, ерттеулі, неке, төркін, бата, садақ, оқ, той, қамшы т.б. сияқты да көне сөздер ұшырасады. Соны айтып қамшы басты күрең атқа (Шәкәрім), Балға алды, қамшы егеуменен («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Балға, егеу бергі жыршының қосқаны емес, ата-бабамыз ежелден темірді қорыта біліп, іске асырғанының белгісі. Қамшы, қамыт, бақсы сөздерінің түбір тұлғасы қам, бақ (сыйқырлау, бағындыру, мойынсұну) мағынасы жағынан бір болғандықтан о баста бір мағыналы түбірден шыққан сияқты. Мұздай сөзі декөнеден жеткентарихи мұра.Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай (Шәкәрім), Бұл арада мұздай сөзі суып кетті (қорықты) деген ауыс мағынаға ие болып тұр. Кілеңбұздай кілшейтіп, көбелер киген өкінбес (Доспанбет), Бұдырайған үлкен шекелі, мұздай үлкен көбелі (Қазтуған). Бұздай//мұздай б//м дәрежесіне жеткені өз алдына, судай, шыттай киініп алыпты дегендегі судай, шыттай сөзіне дейін тұлғасы мүлдем өзгергенімен беретін мағынасы сол күйінде қалып қойған. Бұл арада анықтап алатын шыттай сөзі. Шыт (мата) деуге болар еді, бірақ мұздың шытынауы, жылтыры жағынан жаңа мағынаға жуық келген сияқты, осы жағынан о бастағы мұздың шытынауы шытқа (шыттай киініп алыпты) дегенге жұғысқан болуы да мүмкін. Қалай болғанымен шыттай десек те (жаңа) деген мағынасы білініп тұрады. Орыс тілінен енген сөздер: Семейпалат облысы,араб-парсысөздері:молла, ғұламасы, сопы, алла, шариғат, жамағат, шаһит т.б. қалмақ сөзі: Суан Рап. Дейтұғын көне формасы: Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке (Шәкәрім). Бейне теңіз дейтұғын көлген кетті («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). –Тұғын етістігінің «түн» күйінен өзгерпі, құйқылжымалы «түн» деген жалғау болған дейді Х. Домұхаметұлы. Баратын сөзі орта ғасыр әдебиеттерінде «баратұғын»-деп жазылған. Бұл жөнінде: Ә.Ибатов – тұғын /тұ/, -тын/-ты/ о бастағы «-тур» сөзінен өзгеріп барып қалыптасқанын айтады. –Турур-тур/-ур-жалғауы, қазақ тіліндегі «тұр» сөзімен бірдей.

Шақ котегориясының болымсыз түрі: кетпес, тентіретпес, етпес, көрмес т.б. Бүл тұлғасының түрленуі өзгеше. Бүлінер бір бала үшін (Шәкәрім). Құба-Құлмақ сықылды іштен бүлді* («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). *Бүлді – күйзелушілікке түсті деген мағынада-деп түсінік берілген. Біздің оймызша, осы жолдағы бүлінер етістігі о баста бүл болған.«Бүл болмасаң, күл бол» – деген мақалдың құрамында бүл сөзі сақталып қалған. Мұндағы бүл жазып жүргендей бұл емес, себебі екінші компонентегі күл сөзі ү дауысты дыбысы жазылғандықтан, бірінші компоненттегі сөз де бүл болыпжазылады. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы іштен бүлдітіркесі, күйзелушілікке түсті дегенен гөрі, іштен шалды, ішінен бүлдірді (Тазша Құба-Құлмақ сияқты бүлдіреді) деген мағына беретін сияқты. Сұраулық шылау көсемше жұрнағымен аяқталған сөзден кейін де тіркескен: Кетпей ме, шейіт болып оның жаны? т.б. Эпос поэзиясынна көшкен тіл өрнектері. Жүрелік шариғаттың жолыменен (Шәкәрім). «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырында: кетелік, етелік, тербетелік сөздері молынан ұшырасады. Бұл сөздердің құрамындағы -лық, -лік кейіннен -лы, -лі болып ықшамдалған. Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі (Шәкәрім) нұр+лы сөзі -лы жұрнағы арқылы түрленіп тұр. Біле+мі+сің. Сілтеу есімдігімен белгісіздік есімдігінің сұрау есімдігінің орнына жүріп ІІ жақтағы түрленісі. -Мы, -мі көне сұрау мағынасындағы демеуліктердің әсерінен сұрау есімдігіне айналған. С.Ж. Кудасов «Дана хикар сөздігінің тілінде» -мі демеулік деп берілген. Барасың тәңір алдына білемісің?; Деймісің қалмақ сені тентіретпес... (Шәкәрім). Табан-щөңгел бимісің елімде бір («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Дерексіз есімдер: ғұламасы, көңіл, ақыл, адамзат, махаббат, ырым, үміт, намыс, жігер, ишарат, ым, уақыт, ұят, зорлық, жамағат, шариғат, нәзір, қайғы, тәуекел, мінез, неке, бата, төркін, бейшара, рахым, әділет, шаһит, надан, нұр, қауым, есеп, нәсіл, дүние, заман, асық, анық, халал, оғатым т.б. Айтылатын мағына реңкіне, стиль талабына қарай болымсыздық мән беретін емес, жоқ сөздері де кеңінен қызмет атқарады:ертек емес, уақытым емес, дәнеме емес, жұмыс емес, іс емес, дұрыс емес, оңай емес, бала жоқ, арманым жоқ, қалғаным жоқ, алғаным жоқ т.б.

Одағай: ей, шіркін, оллаһи т.б.

Есім сөзбен етістікті тіркестер өте көп кездеседі: жүргені анық, үлгі айтқан әділ екен, көңілі жабырқап, айттырмай жүреді екен, айта алмай, кез болып қалып, үміт үзіп, өлмек жаман, жүрмесін жатпен таныс, сұрай сұрай келіп тұрмын, өсіп тұрмын, өзгеміз білмей қалып, көнбей жатып алды, өлтіргенмен жасырмаймын, қамшы басты, аурып кетіп қалды, қырын салды т.б. Қос сөздер: бара-бара, жеке-дара, көпе-көрнеу, ойнап-күліп, қыз-келіншек, қыз-бозбала, дап-дайын, жігер-намыс, бай-бәйбіше т.б. Біріккен сөздер: күнбатыс, бүрсүгіні, арғыкүн, бәйбіше, көзтаныс, біржолата, жүзіқара, ерекшора т.б. Сан есімдер: тобы кездесті, мың жеті жүз жиырма екінші жыл, жітінші, он бес, тоқсан, бес, екеуінен, бір, жеті, екі, үш т.б. Тұрақты тіркестер: төбемнен ұрғанымды, болды мұздай, басыпты қол, мойын бұра алмайды, қамшы басты, ат жаратып, ақ табан шұбырынды, табаны аппақ болып, болар іс болды, үміт үзіп, үміт етіп, садаққа ұшып т.б. Мезгіл ұғымдары: күндіз, бүгін, күн сайын, күнбатыс, бүрсүгіні, ертең, кеше, бір сағат, түн ішінде, ертең түсте, жаз шыға, уақыт т.б. Ру-тайпа аттары: Арғын, Кішік, Олжай, Орта жүз, Тобықты, Қанжығалы, Ұлы жүз, Еділбай, қазақ, Қалмақ т.б. Антропонимдер: Әнет, Мәмбетей, Байбөрі, Қалқаман, Мамыр, Хауа-Ана, Сәмеке, Көкенай, Абайға, Құнанбай, Сауан Раптан т.б.

Топонимдер: Сыр бойында, Бұхар, Хан Шыңғыс тауда т.б.

Алмастыру: екі асық, ұлы дене, екі қан, тентегім «телі» телі-тентек сөзінің құрамында кездеседі. –Анай әкесі кім?-дегенде, – Телі тентек депті. –Телі әкесі кім? – дегенде (Мәшһүр-Жүсіп), – кейде қолданылады. Телі сөзі тебіз күйінде де кездеседі: Тентек пенен тебізді бір қоймаңыз («Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры). Пэтикалық мәтіндеме.«Қалқаман-Мамыр» поэмасында баспадан ба, әлде автордан ба осы шығарманы баспаға беріп отырған, әйтеуір тыныс белгі, емілелік, орфографиялық олықылықтар кездеседі. Мәтіндеме ғылымын сол зерттеп отырған мәтінінен үзіп жұлып қарастырған дұрыс емес. Ол үшін мәтіндемелік жұмысты мәтінмен бірлікте жна-жақты қарастыру қажет. Мәтіндеме стильмен өте тығыз байланысты. Екеуінің арасы қаншалықты алшақ болса, соншалықты жуықтайтын да тұсы жоқ емес. Стиль мәтінге тығыз байланысты. Шығарманың тілінен стилі туындайды. Мәтіннен стильдің табын айырып алу оңай шаруа болмайды. Қилы жазылым шығарманың өңін боямайды, қайта солғындата түсері белгілі жай. Шәкәрім шығармаларының мәтіндемесін ең алғаш зерттеген де Қайым аға Мұхаметханов. Қайым Мұхамтханов Шәкәрім шығармалырының мәтіндемесіне ең алғаш «Қазақ әдебиеті» газетінде №11 (2086) 17 март, 1989 жылғы санында тыңнан түрен салды. Мақала газет көлемі көтермейтін болған соң ықшамдап басылған. Қайым Мұхамедханов осы мақаласында «Еңілік-Кебек» поэмасына да біраз қарастырған еді. Біздің қолымызда «Қалқаман-Мамыр» поэмасының бес басылымы бар. Оның екеуі газеттің бетінде жарық көрген, үшеуі кітапта жарияланған. Бір – поэма қолжазба күйінде жеткен. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын баспаға әзіолеп, алғы сөзін жазған Қ. Мұхаметханов. «Семей таңы» газеті, №79 (15730), 22 апрель 1998 жыл. Сәрсенбі Дәуітовтың алғы сөзімен жарияланған «Қалқаман-Мамыр» поэмасы «Қазақ әдебиеті» газеті, №30 (2952) 22 июль 1998 жыл. Шәкәрім Құдайбердиев /шығармалары/ өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құрас. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов /А.Құдайбердиев/ –Алматы, Жазушы, 1988 жыл. Баспаға 21.11.88 жылы қол қойылған. Шәкәрім /өлеңдері мен поэмалары/. Құрастырған, алғы сөзін жазған Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мұхтар Мағауин. «Жалын» баспасы, Алматы – 1988 жыл. Баспаға 31.10.88 жылы қол қойылған. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өлеңдері мен поэмалары. /Құрастырған және алғы сөзін жазған Сүйіншәлиев Ханғали/ Алматы «Рауан» 1990 жыл. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының қолжазбасы. Бұл қолжазба 1984 жылы 10 ноябрьде Аякөз ауданы, «Таңсық» совхозы, қазіргі «Тарлаулы» аулы ШҚО. Қарт педагог, марқұм Сұлтанаев Түсіптің қолжазбаларының ішінен көшіріліп алынды. Көптеген материалдарын қазір есімде жоқ студент кезімде Қайым Мұхаметхановқа апарып тапсырдым. Қазір де жеке мұрағаттарында сақталуы мүмкін. Қ.Мұхаметханов Түсіп Солтанайұлының бір жинаған мұрасын Уәліс Шондыбайұлына қатысты зерттеуде пайдаланғанын жазған еді. Бірақ, Түсіп Солтанов деп жазылып кетіпті. Уақыт өрнегі. «Жазушы» баспасы, 1988 жыл, 99-бет. Зерттеуде бұл басылымдарды қысқаша ғана шартты атаумен «Семей таңы» газеті, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жазушы» баспасы, «Рауан» баспасы, «Қолжазба» деп көрсетіп жазамыз. Кеткен олқылықтра мен қателерді мынау дұрыс, мынау бұрыс екен деп жатпаймыз. Ол-сол басылымдардың өзінің аятына. Төреші болудан аулақпыз, оқырман өзі сыншы бола жатар. Біз алынған мысалдарды бірінен соң, бірін рет-ретімен әдеттегіндей келтіріп бермейміз. Басылымдра бойынша алынған мысалдарды бірақ жазып беретін болмасыз. Сонда оқушының салыстыра тексеруге, әр басылымда қалай жазылғанына нақты көзі жететін болады. «Семей таңы» газетінде: Шәкәрімнің алғысөзіндегі «жоғалатын» сөзі «Жалын» баспасында: «жоғалатұғын» болып жазылған. Басқа басылымдарда алғысөз берілмеген. «Семей таңы» гезетінде: ғаділ, сопы, Қалқаманмен /мен/ шылауы бірге жазылған, ерек-шора деген сөзінің арасына сызықша қойлыған, Хауа ананы, адамды, Адамда бірде кіші, бірде бас әріппен жазылған, махаббат, мақсұтін, Сөйтсе дағы, Хауіп, күн батысы, Біржолата, оғатым, есіттім, хаһ, жамиғатқа, разымен, Бозжорға, естіп, хаһтағала, жүзқараның, халәл, тәңір, Ісім жөн, ырық, рақымсыз, «Алла» сөзі тырнақшаға алынған, бұл, О алла, хауіп, мәмбетеейлер, «М» кіші әріппен жазылған. Ей, одағайы өзгерген. Сол, шаһит, Байлапты, мұндай, сиыныпты, шуылдасты, разымыз, тамам, арғы, Шолағым, қарай гөр, Ей, еш нәрсе, Тұз-дәмін. Орта сөзі бас әріппне жазлыған, дұспандары, рақымсыз, хәһтағала, «үйге жүр» тарнақшаға алынған. ТОқта құрбым, Тобықтыны, Жаз шыға, Қалқаманды іздейміз, Елібаймыз, Суанрафтан, іздемеймін, қажы. «Қазақ әдбиеті» газеті: әділ, сопы, Қалқаманмен «мен» шылауы бірге жазылған, еркек шора сөзінің арасына сызықша қойылмаған. Хауананың бірге жазылған, Адамды, Адамға бас әріппен жазылған, махаббаттлы, мақсұтын, Сөйсе-дағы сызықша қойылған, Сөсе-сүйтсе болып жазылған. Қауіп /Қ/, күнбатысы сөзі бірге жазылған, Бір жолата, ағатым, естідім, хақ, жамиғатқа, ризамын, Боз жорға, естіп, хақ тағала, жүз қараның, халал, тәңірі, ісім жоқ, ырық, рақымсыз, «Алла» сөзі бұнда тырнақшаға алынған, бұ, О, алла, қауіп, күнбатысқа, Мәмбетейлер /М/ бас әріппен берілген, Әй, Бұл, шәйіт, Байлайды, мұздай, сыныпты, шуылдапты, «разымыз» тырнақшаға алынған, тамәм, арғын кіші әріппне жазылған, Шолағын қарай көр /г/, тырнақшаға алынбаған, Тоқта құрбыларым тырнақшаға алынбаған, тобықтыны кіші әріппен жазылған, «Жаз шыға Қалқаманды іздейміз» тырнақшаға алынған, Елібаймыз, Сыбанраптан, «Іздеймін» тырнақша қойылған, хажы. «Жазушы» баспасы: әділ, сопы, Қалқаманмен, ерекекшора бірге жазылған, Хауа-Ананы, махаббатты, Сүйтсе-дағы, бралық сөздер сүйтсе болып жазылған, қаіп, күнбатысы, Біржола, оғатым, есітіп, хақ, есіттім, жамағатқа, разымын, Боз жорға, хақ тағала, жүзіқараның, халал, тәңір, Ісім жөн, ырық, рақымсыз, Алла сөзі тырнақшаға алынбаған, бұл Оллаһи-деп жазлыған, қауіп, Мәмбетейлер бас әріппен жазылған, Ей, Бұл, шаһит, Байлапты, мұздай, сыйыныпты, шуылдапты, разымыз, тамам, арған, Шолағын қарай гөр /к/, Ей, еш нәрсе, Тұз дәмін, Орта бұл сөз бас әріппен жазылған, дұспандары, рақымсыз, хақ тағала, үйге жүр тыныс белгі жоқ, Тоқта құрбыларым тіркесі тырнақшаға алынбаған, Тобықтыны бас әріппен жазылған, Жаз шыға Қалқаманды іздейміз деп тырнақшаға алынбаған, Еділбай бріде Елібаймыз болып жазылған, Суан Раптан, қажы, іздеймін сөзі тырнақшаға алынбаған. «Жалын» баспасы: ғаділ, Мәмбетсопы бірге жазылған, ерекек шора бөлек жазылған, Хауа-Ананы, Адамға, махаббатлы, бас әріппен берілген, мақсұтын, Сөйсе, Қауіп, күн батысы, Біржолата, оғатым, естідім, есітіп, хақ, жамиғатқа, тағала, разымыз, Алла сөзі тырнақшаға алынбаған, бұ, Уа алла, қауіп, Мәмбетей бас әріппен жазылған, Әй, Бұл, шаһит, Байлап, мұздай, сиыныпты, шуылдады, разымыз, тамам, Арғын, Шолағын қарай көр /г/, тыныс белгі жоқ, Ай, еш, нәрсе бөлек жазылған, Дәм-тұзын, Орта сөзі бас әріппен жазылған, дұшпандары, рақымсыз, хақ, тағала, Ат қойд /ы/ а құдайлап (/ ы/ дыбысы түсіп қалған), үйге жүр тыныс белгі жоқ, Тоқта құрбыларым деген сөзден кейін тыныс белгі қойылмаған, тобықтыны кіші әріппен жазылған, Жаз шыға Қалқаманды іздеймін деп-деген, жолда ешқандай тыныс белгі жоқ, Елібайда, Суан Раптан, қажы. «Рауан» баспасы: әділ, сопы, Қалқаман мен, мен шылауы бөлек жазылған, еркекшора, Хауа-Ананы, махаббатты, Сүйтсе-дағы бралық сөздер сүйтсе – деп жызылған, Қауіп, күнбатысы, Біржолата, оғатым, жүзіқараның, халал, тәңір, Ісім жөн, ырқ/ы/ дыбысы түсіп қалған, рақымсыз, Алла сөзі тырнақшаға алынбаған, бұл, Оллаһи, қауіп, Мәбетейлер бас әріппен жазылған, Ей, Бұл, шаһит, Байлапты, мұздай, сиыныпты, шуылдапты, разымыз тырнақшаға алынбаған, тамам, арғын бұл сөз кіші әріппен жазылған, Шолағын қарай гөр ешқандай тыныс белгі жоқ, Ей еш нәрсе сөзі бөлек жазылған, Тұз-дәмін, Орта, дұспандары, рақымсыз, хақ тағала, үйге жүр тіркесі де тырнақшаға алынбаған, Тоқта, құрбыларым тыныс белгісі жоқ, Тобықтыны сөзі бас әріппен жазылған, Жаз шыға Қалқаманды іздейміз деп ешқандай тыныс белгісі жоқ, Еділбай, бірде Елібаймыз болып кеткен, Суан Раптан, қажы. Қолжазбада: Ей, сім жөн, қосылармын іш нәрсетпес айтылуы бойынша жазылған, Тұз-дәмін, Орта, дұшпандары, рақымсыз, қадағалам, үйге жүр деп, тоқта құрбыларым, тобықтыны. Жаз шыға Қалқаманды іздейміз деп, Кіші жүз елібайдың нағашысы, Сапиравтың, Бу, оллаһи, Бұл арада 8 жол түсіп қалған екен, Ей, бул, шәйіт, Байлапты, тағы да 4 жол түсіп қалған, сыйыныпты, шуылдайды, ризамыз, тамам, Арғын, Шолағын, қарайгөр т.б. Қолжазбада көптеген сөздер айтылуына қалай болса, жазылуы да солай болған. Кей жолдар түсіп қалған. Дегенмен, осы – қолжазбаларға қарағанда халық Шәкәрім мұраларын көзінің қарашығындай сақтаған, бірінен-бірі көшіріп жазып алып, өлеңдерін тығып оқыған. Түйін. Поманың мәтіндемелік зерттеуі көрсеткендей, Шәкәрім сөздерінің түрліше жазылуының, әріптер мен еміленің әр түрлі жазылуының теориялық қағидалары талданып жазылмады. Көріп отырғанымыздай ана басылымда былай, мына басылымда былай дегеннен аспадық. Дегенмен, болшақта шәкәрімтанушылар осы-олқылықтың орынын толтырып, толық қанды ғылыми, жүйелі мәтіндеме жасайды деген ойдамыз.

С. Торайғыров «Таныстыру» поэмасындағы «Алаш» тұлғаларының портреті Cұлтанмахмұт Торайғыров 1912 жылы қыста Троицк қаласындағы медреседе оқиды. Денсаулығы болмай қала төңірегіндегі қазақ ауылдарына барып бала оқытады. 1913-1914 жылдары Троицкіде шығып тұрған «Айқап» журналында хатшы болады. 1914 жылдары Баянауылда, Семейде болады. 1916 жылдың күзіне дейін Қотанқарағай, Зайсан жақта бала оқытады. 1916 жылғы дүрбелең уақытта Баянауылға, Семейге барып семинарияға түсе алмай, 1916 жылы қазан айында Томск қаласына барады. Онда барған себебі, бірінші – емделу, екінші – оқу, білім алсам дейді. Қарқаралының азаматы Әлімханды бұрыннан біледі. Сұлтанмахмұттан екі жас үлкен. Томскідегі технология институтының студенті. Ә. Ермеков: «Мен Сұлтанмахмұтты «Айқап» журналы бойынша бұрынннан білетінмін. Ол сол өзімнің ұғымымдағыдай жігіт болып шықты. Сұлтанмахмұт маған шу дегеннен-ақ ұнады, себебі ол алғаш көріп отырған адамым ғой, бірінші рет кездесуім ғой деп тартынбайды екен, ашық сөйлеп ішкі сырын саяси түсініктерін именбей жайып салып отырды» – деген. Ә. Ермеков Сұлтанмахмұтты «Айқап» жураналы бойынша және 1916 жылы бірінші рет кездескенін жазып отыр. Демек, Әлімхан Сұлтанмахмұтты да сырттай 1913-1915 жылдардан біледі. Шығармаларымен жақсы таныс. Ал, Әлімхан Әлиханнан 25 жас кіші. Әлиханды сырттай біледі. 1905 жылғы «Қарқаралы құзырхат» қазақ азаматтары Ресей патшалығына қойған талабымен де таныс еді. 1911 жылы «Айқап» журналындағы Ж. Сейдалиннің алғаш съезд ашу мәселесін көтерген мақаласына Б. Қаратаев, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, Е. Қасқаболатов пікірлерін білдірген болатын. «Айқапты», «Қазақ» газетін Әлімхан үзбей оқитын. Демек, Ә. Бөкейхановтың «Алаш» партиясы туралы ойымен ертеден таныс болатын. 1913 жылы М. Сералиннің редакторлығымен шыққан «Айқап» журналында, одан кейін «Қазақ» газетінде қазақ зилыларының оның ішінде Әлихан Бөкейхановтың да саяси мақалалары жарық көріп отырды. Мысалы, «Алаш» партиясының тұңғыш бағдарламасы «Қазақ» газетінде жарияланды. 1917 жылы «Алаш» партиясының атынан Ресейлік учредительный собраниеге «Ақмола әм Семей обылысынан» №5 тізім бойынша Әлиханмен бірге Әлімхан Ермеков депутат болып сайланды. Демек, Сұлтанмахмұт сырттай Әлихан Бөкейхановтың еңбектерімен жақсы таныс еді. Одан келіп, Бөкейханов идеясымен қаруланған Әлімхан Ермековпен Сұлтанмахмұт араласып, «Алаш» партиясының мақсат-мүддесімен, саяси бағытымен келісе отырып, Алаш» өкілдерінің көбімен бетпе-бет танысады. Одан соң «Таныстыру» поэмасында «Алаш» зиялыларының кескін-келбетін, саяси бейнесін жан-жақты суреттеп жазады. 1917 жылы ел-елге үгіт-насихатпен жаз-күз айларында «Алаш» өкілдері шықты. С. Сейфуллин – Бұл туралы 1917 жылғы ноябрьдің 21-дегі «Қазақ» газетінің 25 нөміріндегі, Бөкейханұлының Семейге қалай, кімдер күтіп алғанын жазған «Сарыарқа» газетінен көшірген мақаланы көріңіз. Ол газеттерге қарағанда Бөкейханды құрметтеп Семейден алдынан шығып сөйлеушілер:

Шайқы Мұсатайұлы.
Ахметжан Қозыбағарұлы.
Маннан Тұрғанбайұлы.
Сұлтанмақмұт Торайғырұлы.

Аймауытұлы. Тағы басқалар. [1, 86 б].

Сонымен, Cұлтанмахмұт Торайғыров ең алғаш 1917 жылы Әлихан Бөкейхановпен Семейге келгенде көріп танысты. Оны Сұлтанмахмұт «Сарыарқа», 1917, 30 октябрь, №18, 1917, 13 ноябрь, №20 сандарында «Әлиханның Семейге келуі» деген мақаласын жариялады. Әлиханнан кейін баяндаманы Әлімхан жасады. Әлиханды жалпы жастар атынан Сұлтанмахмұт:

Көш бастаған еріміз!
Қуанышта еліңіз,
Төбеміз көкке жеткендей,
Көкіректен бүгін кеткендей,

Сізді көріп шерімі.
Еліңіздің бұл шағын,
Алаш туын, Һәм бағын,
Көзбен көріп төленді,

Көптен бергі теріңіз.
Алаш туын, қолға алған,
Қараңғыда жол салған,
Арыстаным келіңіз, –

деп құттықтайды. Онан соң оқушылар атынан Аймауытов сөйлейді: «Қараңғыдан қан жылап қаңғырған күнде басыңды алаш жолында құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес, Өміріңді жіберген жолың, біз інілеріңе жағып қойған шырақ. Жасасын сүйреген алашың! Жаса Сабазым!». Онан соң басқалар тарапынан сол реттес сөздер айтылып болған соң Әлихан ағай тұрып жұртқа қарап аман-сәлем құттықтауды қабыл алғанын білдіріп қысқа ғана сөйледі: «Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет! Бірақ ұғыну керек: бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісі. Жүз жылдан бері бостандық үшін атылған, асылған солар. Рахметті соларға бұрын айту керек. Бостандыққа қуансаңдар мені басшымыз деп айтқандарың шын болса міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: бишараны жемеуге, партияны қойып бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге барлық күштеріңді ғылым жолында, бостандық арқасымен көгеру жолында жұмсауға керек. Міне, бостандық болғалы осыларды қылап отырған шығарсыңдар. Осыларды қылмасаңдар, бостандық өзінен-өзі сендерге түк әкеп бермейді». Бұдан соң жұрт ертең Алаш қаласына барып, Әлихан мен Әлімханның Сибирь съезінде сөйлеген сөздерін тыңдамақ болып тарады» – дейді. Біздің көңіл аудартайық деп отырғанымыз «Алаш қаласы» Семей қаласының жанындағы Заречная слабодканы «Алаш» қаласы деп атаған. Сол уақытта да ономастикалық мәселеге көңіл аударылған. 1917 жылы 29 шілдеде Заречная слаботка тұрғындары жиналысының «Алаш қаласы туралы» хаттамасы сақталған. Хаттама соңында төраға ретінде Р. Мәрсеков қол қойған. Алашорда төрағасы Ә.Бөкейханов Орынборға жіберілген жеделхатта: «Екінші қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша 24 июньде Алашорда «Алаш» қаласында іске кірісті» – деп жазған. 1917 жылы 19 қарашада Алаш қаласынының Думасында депутаттар сайлауы өткізілген. 21-22 қарашада осы Думаның алғашқы отырысында оның төрағалығына Б. Сәрсенов сайланды [2, 37-б.]. Қазақ-қырғыздың уақытша өкіметі «Алашорда» автономиясын жариялаған Әлихан Бөкейхановты Мәшһүр-Жүсіпте өте жақсы білген. Мысалы, «Егіз, Тайым – Малай, Жәдігерден шыққан батырлар, заманында «Аталық» атанып, хандардың көші-қонын билеп-төстеп жүрген ерлер. Дайыр-төре, Бөкей – Дайырдың Дайыры. Барақ, Көшектің Барағының балалары «Қырық сан Барақ ханның елі» – атанған, Ташкентте тұрып ханлық қылған. Бөкей, Дайыр, Шығай, Ханбаба, Маман, Қанқожа. Бөкей ұрпағы: Жамантай, Құсбектер. Осы күнгі Әлихан Бөкейханов сол нәсілден» – дейді Мәшһүр-Жүсіп [3, 269-б.]. Бұл да – өз алдына бөлек әңгіме.

Әлихан Бөкейханов «Алаш» жұртының өзін қарсы алғанына қатты тебіреніп: «Халық! Бұлай құрмет көрсетулеріңе лайық еңбегім сіңді деп мақтана алмаймын. Бұрын мұндай құрметпен қарсы алынып көргенім жоқ, сондықтан құрметтеріңе лайық жауап беруге тосырқап тұрмын» – деп жауап береді. Неткен! Кішіпейілдік. Әлихан бұған дейін жалпы қазақ-қырғыз өңірі түгілі, күллі Ресей еліне атағы мәлім болған еді. С.Торайғыров «Әлиханның Семейге келуі» мақаласында Әлихан Бөкейхановтың «Сібір съезі һәм учредсобрание туралы» баяндамасынан ұққанынша жазуға тырысқан: «Орыстың жері кең бір шеті мен бір шетінің арасы 12 мың шақырымға барады. Бұл кең жердің һәр жағына шашылып 105 тілмен сөйлейтін халқы бар. Бұлардың һәр қайсысының күн көрісі, ойлауы, дүниеге, шаруаға қарасы һәр түрлі. Рух психологиясының басқалығына жабайы дәлел мынау: қазақпен қоныстас мұжық, жер бөлісі сызықтан қазақ малы аттап өтсе, онан үлкен кінә жоқ деп ұғады; қазақтың басын қағып тастауға даяр тұрады. Ал қазақтың жеріне мал түссе, оны үлкен кінә деп мұжық ұққандай ұқпайды. Осындай тілі, жаратылысы, жаны бір-біріне бөлек халықтарға бір топ кісі қандай ақылды болса да бәрінің керегін біліп, бәріне лайықты заң жасай алмайды, лайықты заңды өздеріне өзі ғана жасай алуға мүмкін... Заң жасауға сеніп, сайлап жіберген депутаттары халықтың өздерімен бір есеп. Бұл депутаттардың һәр қайсысы «Заң ағашының» халқына келіспеген қисық жерлерін жонып, түзу ағаш шығармақ. Бұл «Заң ағашы» («Заң ағашы» біздің ұғымымыз бойынша – конституция деп ойлаймыз – А.Қ.) жонып түзулеп һәр халыққа қолайлы қылып шығаратын орын – учредсобрание атанады. Бұдан соң жұрт ертең Алаш қаласына барып, Әлихан мен Әлімханның Сибирь съезінде сөйлеген сөздерін тыңдамақ болып тарады. Учредсобраниеде қазақтан барған депутаттар Россия патшасының автономия (Ауыздықсыз) болуын қолдау керек. Автономия үш түрлі: 1) қаны біргелік; 2) жері біргелік; 3) шаруасы біргелік. Қазақ жері біргелік автономияны қабылдап Сібірге қосылғаны пайдалы. Қазақ болып жеке автономия сұраудың әзірге қолайсыздығы мынау: 1) автономияны жүргізіп әкетерлік кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған жоқ. Қай күні жүргізуге қарап, Сібірден автономия сұрасаң, бөгет қылмайды: бұл Сібір съезінде жобаға кірілді. 2) Сібірмен қосылсақ, Россиядағы автономиялы халықтың бәріне сыбаға үлестіретін кең қазан – думада елеулі боламыз, табақ жылдам таратылады, кезек ерте тиеді, себебі: Сібір автономиясында қазақ қосылып көптік бар, елеулі әскер бар, елеулі білім мәдениет бар, елеулі ішкі Россияға кететін шаруашылық нәрселері бар... Бөлек автономия боламыз десек, надандықтан басқа түгіміз жоқ, бізге кең қазаннан сыбаға жылдам тие қоймас. Сыбағамыз Сібірдің шағын қазанынан жылдам тиіп отырар. 1915 жылдан бостандыққа дейін Россия думасында, біз тұрсын мәдениетті Сібір сөзін сөйлеуге де 3-4-ақ кезек келді. Ол қараңғы уақыт болғанымен де, ғибрат алмауға болмайды. 3) Сібір думасында якут, бурят басқа бұратаналармен қосылып, көпішілікті яки тең түсуді аламыз. 4) Қоныстас мұжық қазақтың жеке автономия сенің ішінде қалам демес, араларындағы қазақтар жерін оларға қалдырып кете алмас. Сібірге қосылуға мұжық даяр. Ал Түркістанмен бірге автономия алу қойны-қоншыңа тас толтырып, Ертіске сүңгумен бір есеп. Себебі: бізден қараңғылығы 10 есе, үлгі, үміт ете алмаймыз. Ташкент городской управасында сарттың гласныйлары, «обаға қарсы ем қылу халықтың құдіретіне қарсылық кінә болады, ем керегі жоқ» деп жасаған қаулылары автономия арбасына есек пен түйе жегіліп оңбайтындықты көрсетеді. Бұл заманда Бұхардың көзілдірігін киіп, сарт көзімен дүниеге қарайтын кісілеріміз жалпының көбі десек те болады. Сондықтан жоғарғы Ташкенттің соқыр гласныйлары қазақтан жолдасты көп тауып, бүктеп отыруын болжауға көп әулиелік керек емес – деген сөзін келтіреді. Басқалар турасындағы сөздерін екінші уақытта жазармын. Әлихан, Марсенов, Қозбағаров, Әлімбеков сайлау туралы қыздыратын сөздер айтып, жиылған жұрт ақырында:

Алаш туының астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!

Былай тұрсын малымыз!
Алаш деген ел үшін,
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ел үшін,

Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын барымыз!
Жасасын, алаш, жасасын! –

деп, көңілі босап, қуаныштан көздеріне жас алып тарады [4, 151-156-б.]; [5]. С.Торайғыров «Таныстыру» поэмасында Әлихан Бөкейхановты былай суреттейді. Қара қазақ, Оқыған қазаққа (Негізінде Сұлтанмахмұт «Оқыған» деп жазған қазақты қосып отырған біз – А.Қ.) еліміздің маңдай алды көшбасшы адамдарын аташы дейді: Сонда Оқыған:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі?
Демейді қандай қазақ оны оң көзі?
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,
Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған;
«Көркейер қайткенде алаш» деген ойдан,
Басқа ойды өмірінде малданбаған.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай алашына қызмет еткен,
Болса да қылың тұман, қараңғы түн,
«Туатын бақ жұлдызына» көзі жеткен –

деп, Әлиханның жеті облыс қазақтарының ішіндегі жеке дарасы, темір торлы тас үйде қамауда болса да, зарығып бейнет көрсе де «болса да қалың тұман, қараңғы түн», «Туатын бақ жұлдызына» көзі жеткен дейді. Қара қазақ:

Басында ол қарағым тұр ғой дәйім,
Тек ұзақ өмір берсін бір құдайым.
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап пе еді,
Бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым!

Дулатов – күн, Байтұрсынов – шолпан, Бөкейханов – ай! Бірінен-бірін асырып айтуға бол ма? Қарап отырсақ, күн де, шолпан жұлдызы да, ай да тең. Қызметі жағынан бірінен-бірі артық емес. Аспан әлемінің сәні де, көрікі де осы – үшеуі. Қазақ адамзат баласын есімін күн мен шолпанға, ұлын-қызын айға теңеп, балап, еркелеткенде де осы – үшеуін қоса атап, қосып отырады. Күн мен ай, жұлдызсыз күні жоқ қазақ осы – үшеуі арқылы көрінеді. С. Торайғыров бұл – үшеуін шартты түрде ғана, үлгі ретінде мысалға алған. Әйтпесе, қазақтың алашшыл болған күні де, жұлдызы да, айы өзіне жетерлік. Ал, өлеңде – Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов қазақтың қараңғы күнін де жарқырап шайдай ашылған, күндей жарқыраған – күн мен жұлдыз және ай. Қазақтың бағына біткен тұлғалар. Бір туар азаматтары. 1918 жылы «Сарыарқа» газетінің бас мақаласында Әлімхан Ермекұлы былай деп жазады: «...Желтоқсанның 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт отанды болды. Автономия – бізге өмірлік мақсат еді. Алыстағы жұлдыз еді. Іштегі дертті айта алмай, күрмеліп жүрген қызыл тіл бұл күнде дүние жүзін жаңғыртып, Алаш ұранын шақырып отыр. Алаш! Алаш! Көтер басты, уақыт жетті, сүртелік көзден аққан қанды жасты... Алаш автономиясына құран оқылып ат қойылғанда, жалпы қазақ съезінде ел ішінен келген қария ақсақалдардың еңіреп жылағаны болып еді. Ерлердей ұмтылып 6 миллион халқы, тұтас жері бар қазақ жұрты қарап отырып қалса, жұрттығын жоғалтып, өзін-өзі тірідей көмгені. Иншалла! Сенеміз: Алаш туының астына жиылмайтын қырғыз-қазақ баласы болмас, тігілген Алаш туын құлатпас, деп. Жасасын Алаш автономиясы! Әлімхан [6]. Әлімхан азаттықтың атқан таңын осылай қуанышпен қарсы алады. Әлімханның қуанышы Сұлтанмахмұттың қуанышы. Алты миллион қазақтың қуанышы. «Алты мүлиөн қазақта болып па еді, Солардың түріне ерген әлеуметтен?» дейді Сұлтанмахмұт поэмасында. Олардың жүрек лүпілін, қуанышын – Қазақстан егемендігін жариялаған күнгі қазақ жұртының қуанышымен салыстыруға болар еді. «Алаш» арыстарының бостандық туралы өз сөздерімен айтсақ «ауыздықсыз» арманы, көре алмай кеткен асыл армандары орындалды. Ұрпақтары «Алаш» арыстарының салып кеткен сара жолымен келе жатыр. Білге қаған мен Күлтегіннің, Әлихан мен Сұлтанмахмұттың «Мәңгілік ел» үшін арпалысқан өмірлері зая кеткен жоқ. Кейінгі ұрпақтары қызығын көріп отыр. Шексіз бақыт, бас айналдыратын бақыт – қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман түріктердің мәңгілік арманы болған. Түріктер өмір сүрген жерлерді – Нұқ пайғамбардың кемесі қалған «Қазығұрт», Білге қаған, Күлтегін іздеген «Өтүкен қойнауы», түстіктегі Шұғай қойнауы, Алпамыс батырдың іздеген Жиделібайсыны, Асанқайғы іздеген «Жерұйық», Жұмақ одан қала берді ақын-жыраулардың өткенді аңсап жырлаған жырлары, қазақ даласындағы дүркін-дүркін болып тұрған азаттық жолындағы көтерілістер бәрінің сайып келгенде бір ғана ұлттық идеясы болды ол – «Мәңгілік ел» орнату. Ұлттық идеямыз «Мәңгілік елге» жету, сақтап қалу жолындағы: жер, су, тіл, дін, тарих сияқты құндылықтарды баянды ету исі қазақтың, осы қазақ жерінде туып өскен, қара жерін алшаңдап басып, суын ішіп жүрген басқа ұлттың өкілдерінің де басты және ең негізгі міндеті болып табылатынын ұғатын мезгілі жеткен сияқты. Қара қазақ, Оқыған қазақ – Сұлтанмахмұттың өзі. Әлімханмен дос, сырлас болған адам. Сенімді серігі. Алаштың зиялыларын бір кісідей білетін С. Торайғыров «Таныстыру» поэмасында «Алаш» зиялыларының тарихи галереясын жасайды. Оның ішінде Әлімхан Ермековтың портретін аудырмай келтіреді. Оқыған қазақ:

Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,
Келеді екінші боп бұл іретпен.
«Қазақта мұндай жігіт көрмедім» деп,
Ардақты қарт Потанин лепес еткен.

«Ақ жүрек, алғыр ойлы, адал жан» деп,
Тумай жатып жастарға даңқы кеткен,
Томдағы енженерлік сабағында,
Жетеді бір жылдан соң тәмамына,

Жеткізетін қолыңды ілім үстіне,
Бір түрлі биіктік бар талабында.
Қайдағы кем-кетікті нашармен дос,
Ұлық пенен байларды көрмейді қос.

Сорлымен соңғы нанын бөліседі,
Білгенін үйретуге алды әм бос.
Бір міні: танымайды бай ыңғайын,
Бар ынтасы – жақсарту нашар жайын.

Сорлымен сөйлесуге арланған да
Көп емес пе, көрсетіп не қылайын?
Жеттім де көкірек көріп әулиесініп,
Байларменен шанаға бірге мініп:

Қарапайым халықтар сөзін айтса,
«Уақытым жоқ» деп қолдарын сермей жүріп;
Кететінін көрдік қой талайлардың,
Тиеді кімге қайыр ондай жаннан?

Ермеков бұл мінезге – дұспан кісі,
Тоқтайын енді бармай онан әрман.
Сөйлеп кетсе қозғалар бойда жаның,
Тас болса да ерітер жүрек қанын.

Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
«Тусаң ту осылай!» дегізер бәрін жанның.
Ақ жүрегі, ақтығы, адалдығына
Бір ауыз қарсы айта алмай құриды әлің,

Халел мен Әлімханның алда екені
Биыл Семей сиезінде-ақ болды мәлім –

деп, Әлімхан Ермекұлы екінші ретпен келе жатқанын, Потаниннің өзі Ермекұлын қатты сыйлап, білімін бағалағанын поэмаға қосады. «Ақ жүрек, алғыр ойлы, адал жан», тумай жатып, жастарға даңқы кеткен, үлгі болғанын айтады. Томск қаласындағы сабағын тәмамдап, жуықта инженерлік мамандығын алатынын тіліне тиек қылады, мақтаныш тұтады. Сиезде сөйлеген сөзініне тәнтті болады. Оның қарапайым жан екенін, кедейлерге, нашарларға әруақытта болысып жүретінін, кеуде көтермейтінін, адалдығын сөз етеді. Қара қазақ:

Құп, балам, айтқаныңның бәрі де ырас,
Бізді де ұмсындырған сол екі жас.
Семейдің сиезінде байқадық қой,
Ол екеуін жарайды болуға бас.

Тұрғаны ырас екеуінің сөзге де ағып,
Шын сөзіне босамас жүйе нағып?
Семейдің сиезінде екеуі ғой,
Кісі тыңдар сөз айтқан құлақ салып.

Меніңше, Ермекіп деген бала
Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға,
Сөз білімін сынайтын жер ілгері,
Әзір кісі адал ғой жеке-дара.

Ермекіп адалдықтан сенгіш адам.
Біле ме ер қадірін, ат жүйрігін,
Бездірер ме деп қорқам қалың надан.
Өзі сеніп, басқадан көп алданса,

Адам қаны бұзылар осы арадан.
Ол әлі жап-жас бала кірленбеген,
Шынды айтуда тайынбайтын еш бендеден.
Түбінде көңілім түзу әзірге деп,

Алдап, арбап жүретін түрге енбеген – деп, жауап қайтарады. Ермекіп ол – Ермеков «Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға» дейді, аңқау, алданғыш, сенгіш адам. Барлық жұртты өзі сияқты адал деп ойлайды, ал сол жұрт – Ермекіптің «Біле ме ер қадірін, ат жүйрігін» – деп, қадір-қасиетін білеме екен? – дейді. «Кірленбеген», «көңілі түзу», «алдап, арбап жүретін түрге енбеген» сияқты теңеулі-метафоралармен айшықтайды. Бұдан әрі Қара қазақ пен Оқыған қазақ «Алаштың» бетке ұстар азаматтарын атап өтеді. Олар – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасұлы, Боштайұлы Мұқыш, Жақып Ақпайұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Нәзипа Құлжанова, Нұрғали Құлжанов, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. жан-жақты сипаттап, әр қайсысының жақсы-жақсы мінездерін, қазақ елі үшін тер төгіп, қанын да, жанын да аямайтынын жастардың кейбір албырт мінездерін де суреттеп өтеді. Мәшһүр-Жүсіп пен Ә. Бөкейханов ой-пікірлері, тіпті ұлттық идеялары да бір десе болады. Мәшһүр-Жүсіп Ә. Бөкейхановты өте жақсы білгендігін айтып өттік. «Алаш» өкілдерінің кейбірімен араласып, ой-пікірлерін бөлісіп тұрған. Мәшһүр-Жүсіп: «Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік: Теміршот Айтбакин, Молдағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамметәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» – дейді. Осы өмірі қысқа болғандар – бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев, – жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да – осы айтылғандардың біреуі» – деген еді [7, 277-б.]. Бұлардың ішінде «Таныстыру» поэмасында аты аталғандар да кездеседі. С. Торайғыров «Таныстыру» поэмасында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев пен тұңғыш алашшыл қыз – Нәзипа Құлжановаға айрықша тоқталады. Оқыған қазақ:

Олдарды қоя алмаймыз Абаймен тең,
Себебі: оқымаған, ілімі кем,
«Туыс талант Абайдан жиырма есе,
Олардың артығы бар» дей алам мен.

Абайды дейді биік бұлтқа жетті,
Ал ілімі жетуіне жәрдем етті.
Алты алашқа атағы айқындалып,
Сүйікті тағзым мінді, суретті.

Толстой онан биік, Күнге жетті,
Күн астындағы елдерге даңқы кетті.
Алса еді Толстойдың тәрбиесін
Абай да көрсетер еді сондай кепті –

деп, қамығады. Абайға дейінгі кәрі ақындардың талантына кім жақындар дейді. «Қобыланды», «Тарғын» жырларын жырлаған ақындарды «кәрі ақындар» дейді де, олардың тіл шеберлігіне, ақындығына басын иеді. Әттең, таланты, туысы керемет болғаныменен кәрі ақындардың оқып, білім ала алмағанына күйінеді. Абайдың деңгейі «биік бұлтқа жетті», «алты алашқа аты мәлім болды» деп, Толстоймен салыстырады. Толстойды «күнге жетті», «күн астындағы елге даңқы кетті» деп, Абай Еуропа білімі мен ілімін, тәрбиесін ерте алса, Толстойдан да Абай асып түсер еді ғой дегенді айтады. Абай өзін Толстойдың шәкіртімін деген. Мысалы:

Я Семей қаласы?
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой –

деген Абайдың сөзін қалай ұмытуға болады.
Шәкәрім:
Таңбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.

Жанымен сүйді әділет ардың жолын,
Сондықтан ол иесі терең ойдың – дейді.

Әрине, Абай да, Шәкәрім де орыс-еуропа шығармаларын түгесіп оқыды. Толстойдың еңбектерімен таныс болды, өзеріне үлгі етті оған дау жоқ. Мұнан соң Оқыған қазақ Шәкәрім туралы:

Құдайберді баласы Шаһкәрім,
Көп оқуы болмаса да, туысы кәміл.
Жазған шежіре, жайған үлгі арқасында.
Ертеден бұл алашқа аты мәлім.

Ерте ойлаған кісінің біреуі осы.
Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын,
Ақсақал бола алғандай осы кәрің – дейді.

Шәкәрім туралы көп жазуға болар еді, бірақ, бір адамның басына жетерлік жазылып та, айтылып та жүр. Әлі де жазыла, зерттеле берері хақ. 1918 жылы Шәкәрім «Алаштың» тұңғыш милиционер, офицері Қазы Нұрмұқамбетұлы қаза болғанда қатты тебіреніп, сөз сөйлейді: «Әлеумет! Мына жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл өлген жоқ. Бұл бүгінгі және мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар, мына мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді. Қазы – би деген сөз. Қазы билігін айтып кетті. Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың жоқ. Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. Мұның үй-ішінің міндеті сендердің мойындарыңда, Бір кішкентай көзінің қарашығы (бір жасар ұл баласы) қалыпты. Соны тәрбиелеп адам қылу, бәріңнің – барлық Алаштың мойнына парыз. Және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар, Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде, мұндай ұлты үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін өлсем арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан! Қадіріңді біліп құрметтей алмасақ, кешу қыл, қош! Қабірің нұрлы болсын!» – деді. Жиылған әлеумет жылап-еңіреп жіберді. Міржақып Дулатов өлең оқыса, Райымжан Мәрсекұлы, Жанғали қажы, Мұстақым Мадыбайұлы, Бірге оқыған жолдасы Жүсіпбек Аймауытов көзінің жасын тоқта алмай соңғы сапарға шығарып салып қоштасу сөзін айтады. «Сарыарқа» газетінде Бейімбет Майлиннің «Тұңғыш құрбан» мақаласы жарық көреді. С. Дөнентаев «Алаштың» алғашқы құрбаны» деген өлеңін арнады. «Алаш» өкіметінің тұңғыш милиционері, офицер Қазы Нұрмұхаметұлы 1896 жылы Семей облысы, Еңірекей елді-мекенінде дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері. Алаш сарбазы. 1915 жылы Семей семинариясына түседі. 1918 жылы қысында Семейдегі Алаштың атты әскеріне басшы болып тағайындалады. 1918 жылы 6 наурыз күні Алаш қаласында атты милицияның сарбаздарын жаттықтырып жүргенде қызыл әскер солдаттары атып кетеді. 1918 жылы 7 наурызда Алаш үшін жанын қиған тұңғыш құрбан ерекше құрметпен жерленеді [2, 324-б.].

Мұнан әрі Оқаған қазақ:
Ардақты бар Нәзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім,
«Оқыса, сондай әйел шығар еді» деп,

Оқығандар бағалар сөздің дәмін.
Неше күн қыдырсаң да таба алмассың,
Семейдің одан өтер адал жанын.
Ақкөңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын,

Ынтасы –жеткізбекке әйел халқын.
Және бар әйелге хас нәзік сезім,
Танитын бір көргенде-ақ істің парқын –

дейді. Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) 1887 жылы туған. Алаш қозғалысында қайраткерлігімен, білімімен, жалынды сөзімен көзге түскен қазақ қызы. Абай қайтыс болғанда он жыл толуына орай кеш ұйымдастырады. 1917 жылы Семей облысы қазақ сиезіне қатысып, төралқа құрамына енеді. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында мақалалары жарияланған. 1934 жылы қайтыс болады [2, – 283 б.]. Түйін. Әрине, С. Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасындағы аты аталған «Алаш» арыстарына дерлік тоқталып, жазып шыққан дұрыс болар еді. Бірақ бұл істі кейінгі уақыттың еншісіне қалдырдық. С. Торайғыров «Таныстыру» поэмасының бір кейіпкері. Қара қазақ, Оқыған қазақ осы – Сұлтанмахмұт. Оны жоғарыда айтып өттік. Осының өзінен-ақ Сұлтанмахмұттың кім екенін біле беріңіз. «Алаш» арыстарының саяси портретін басы-қасында жүрген, біте қайнап өскен, араласып тұрған, білімі мен оқуы, өресі сай келетін адам ғана жаза алады. Ол – Сұлтанмахмұт. Ендеше Сұлтанмахмұттың өзіне сөз берелік. Біздің қолымызда профессор Ермек Өтебаевтың кезінде баспасөзге жариялаған С. Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі сақталған.

Алаш туы астында
Біз –алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді
Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.

Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын Алаш бабамыз.
Туысқандық теңдік деп,

Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер.
Заң жасайтын орынға

Жұртпен бірге барамыз.
Қатардан орын аламыз,
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында

Өлсек, бірге өлдік біз.
Не жақсылық, не қайғы
Көрсек, бірге көрдік біз.
Ішкі жанжал-таласты,

Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз,
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз.
Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында,
Басқаға көңіл бөлмейміз.
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз,
Жасайды алаш, өлмейміз.

Жасасын, алаш, жасасын! [8]. Қараңыз: [9]; [10]; [11]. Осы өлеңінің өзі-ақ жиырма жетті жастағы жалынды ақынның кім болғанын көрсетеді.

М. Дулатұлы – шығармашылық әлеуіті
Қиянат кетпес тоқтаусыз,
Әділ сөз қалмас құптаусыз,
Күндердің күні болғанда,

Міржақып кетпес жоқтаусыз
Файзолла Сатыбалдыұлы.

Міржақып Дулат Торғайуезі (біркезде Қостанай округі, Наурызым ауданы) Сарықопа болысының бірінші аулында 1885 жылы, 25 қарашада дүниегекелді. (кейіннен тағыда Торғай облысының, Жанкелді ауданы, «Қызылбел» совхозы атанды). Міржақып руы – арғынның Мадияры. Байжұмардан – Сансызбай, одан туғандар: Ниязбек, Дулат (1849-1897). Дулат пен Дәмештен туған балалар: Асқар (1965-1938) Дулатов Асқар, Міржақыптың туған ағасы. 1929 жылы Міржақыпты тергегенде тергеуші қоймай-қоймай, қайта-қайта осы ағасын сұрап мазасын алады. 1937 жылы ұсталып, хабарсыз кетті. Қонысбай (Қошай), Зылиха, Қанипа, Міржақып (1885-1935), Ақыжан (1973 жылы қайтыс болды). Ұлы атасы Ниязбек атағы шығып, ел билеген кісі. Өзі шешен, мырза, барынша адал және дәулетті болған. Кезінде Меккеге барып, қажы атанған адам. Дулат, Міржақыптың әкесі ескіше оқыған, көзі ашық, көңілі ояу, ел ішіндегі дау-жанжалдан аулақ жүретін қарапайым кісі болған. Орташа шаруалы, қолынан келмейтіні жоқ, шебер, ұста болыпты. Міржақыптың әкесі 49 жасында қайтыс болған. Шешесі Дәмеш – Қараман еліндегі атақты байдың қызы екен. Ол ақылына көркі сай, домбырашы, әнші, бір сөзбен айтқанда «бір сырлы, сегіз қырлы» өнері жұрттан асқан, ақын, ұқыпты, мейірімді ана болған. Міржақып көп жайтта анасына тартқанға ұқсайды. Әсіресе, ақындығы сол анасынан алған қасиет болса керек-ті. Міржақыптың аулы күзде Сарықопаны бетке алып, қыстайтын. Қаз-қатар тізілген ауыл Қоңыр аулы өзенінің екі жағын ала орналасатын. Жаз шыға жайлауға көшіп, ата-мекен құт-қонысқа кететін. Міржақыптың тілі ерте шығыпты. Тілін төсеп сөйлеп жүрген Міржақып өсе келе анық сөйлеп кетіпті. Дәмеш шешесі кенже баласы Міржақыпты басқа балаларынан гөрі айрықша жақсы көріпті. Қаз тұрып, апыл-ғұпыл жүре бастағанда-ақ арқасынан түсірмей, ауыл сыртында молдадан оқып жатқан балалардың жанына апарады екен. Кішкене Міржақып шәкірттердің қағаз-қаламдарына жармасқанын көрген анасы: «Менің жанымда ержетіп, оқымысты болады, көрген аян түсім бар, сол келеді» дейді екен. Міржақып екі жасқа толғанда сүйікті анасы қайтыс болды. Міржақып бала кезінде аласалау, бірақ денесі тығыршықтай жұмыр, қимылы шапшаң болып өсіпті. Үстін таза ұстап үнемі ұқыпты жүріпті. Жастайынан әңгімешіл, ертегішіл, қисса-дастандарды тез жаттап алып, айтып жүретін. Мінезінде бір беткейлік өжеттілік, қайсарлық сезілетін, не бүлдірсе де жасырмай айтады екен. 8 жасында әкесіТорғайға барып бір татар молдасын жалдап, ағайындарының балаларын қоса оқытыпты. Бірақ, өкінішке орай алып келген молда өзі де онша сауатты емес, мардымды ештеңе сабақ бере алмапты. Міржақыптың өзі де кейін мойындап, ештеңе үйренбедім дейді. Мұны сезген әкесі 2 жылдан сол ауылдағы ашылған мектепке оқуға береді. Оның алғашқы сауатын ашқан, қазақша-орысша бірдей оқытқан ұстазы – Мұқан Тоқтабаев. Міржақып кейіннен былай деп жазған:

Школге беріп еді атам марқұм,
Заманның түрін көріп тарылатын,
Орыстың тілін біліп, хатын танып,
Біреуг еболмасын деп жалын атын.

Жалпы, Міржақып орыс-қазақ мектебінен өзі айтқандай жақсы білім алып шығады. Абай, Шоқан, Ыбырай, орыс классиктерінен-ақындарынан Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов т.б. ерте оқып танысады. Көкірек көзі ашылады. 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық училищеге түсіп, 1901 жылы 5 жыл оқып оны бітіріп шығады. Ауыл мұғалімі деген мамандық алған Міржақып қазақ балаларын оқытуға асығады. 1902 жылдан бастап мұғалімдік қызметпен айналысады, білімін көтереді. 12 жасында әкесі қайтыс болған Міржақып көбіне ағасы Асқардың, жеңгесі Зәуренің қамқорлығын көреді. Бұл мамандығына қоса Қостанайдың бір жылдық мұғалімдер даярлайтын курсын да бітіріп шығады. Оның қызыға оқығандары, Фердоуси, Ахмет Яссауи, Абу Фирас, Шиллер, Гете, Ломоносов, Пушкин, Лермонтов, Поль Верлен, Маржани т.б. Міржақып тергеушіге берген жауабында «1902-1907 жылдары Зайсан уезі Семей облысында мектеп мұғалімі болып, бала оқыттым» – дейді. (Жалын, №4, 1991). Ал басқа өмірбаяндық деректе Міржақыптың Семейде бала оқытқаны айтылмайды, керісінше алыс ауылдарда бала оқытты делінеді. Бәлкім, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен кездескен ізін жасыру үшін Зайсан уезінде болдым деді ме екен. Қалай десе, Зайсан, Семей жағында Міржақыптың болғаны анық. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына жолы түсіп барады онда Ахмет, Әлихандармен танысады. 1900 жылдан басталған жұмысшылардың ереуілдері Қазақстанға келіп жетті. Петербургтегі 9 қаңтардағы қанды оқиға Қазақстандағы жұмысшыларды бей-жай қалдыра алмады. 1904 жылы майда Омбыдағы социал-демократиялық партияның 14 мүшесі тұтқынға алынды. Ірі-ірі қалаларда жұмысшылардың бас көтерулері болып тұрды. 1905 жылғы, 17 қазан айындағы патша өкіметінің манифесі халықтың толқуын тоқтату үшін уақытша алдау саясаты болды. (Қазақстан тарихы, 1957). Патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалыстар күн сайын өсе берді. Патша манифесінің халықты алдау екендігін ең бірінші ашып, талдап өлеңге қосқан М.Ж. Көпеев болды. Ол «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» – деген өлең кітабында (1907 жылы) жазды. Сол үшін оны қуғынға салып, «Құсайыновтар» баспасы 12000 айып пұл төледі. Міне, дәл осы кезеңде қазақтың зиялы оқыған көзі ашық кісілері революциялық қозғалысқа үлес қосты. Қазақ жұмысшыларының арасында, дала шаруаларына үндеу қағаз таратты. Патша өкімітіне петиция тапсырды. Жер, су мәселесі аймақтық тұтастық мәселесі, орыс шаруаларын, казак атты әскерін қазақ жеріне енгуді тоқтату, әлеуметтік теңдік, бас бостандық сияқты өткір мәселе қойылды. М.Ж. Көпеев өзінің кітабында да осы мәселені қозғады. Мүмкін, 1906 жылы Ә. Бөкейхановтың Павлодарға келгені әсер етті. Қалай болса да, М-Ж. Көпеевті, А. Байтұрсыновты Міржақып Дулат білмеуі мүмкін емес. Осының бәрінің басы қасында болған Ахмет Байтұрсынов 1905 жылы революцияны Қарқаралыда қарсы алады. 4 жыл ұдайы патша өкіметінің саясатына қарсы Ахмет Байтұрсынов сынды саяси қырағы адам үздіксіз күресін жүргізе берді. 1907 жылы тұтқынға алынып, 8 ай Семейде түрмеде отырған Ақаң, бір жарым жылға әкімшілік жер аудару ретінде Орынборға жіберіледі. 1905 жылы Міржақып та ағасы Ахметтің саяси тәрбиесін көреді. Қарқаралыдағы ереуілге қатысады. Дәл осы кезеңде «Жұмбақ» деген мысал өлеңін жазды. Кейіннен, 1909 жылы жарыққа шыққан «Оян қазақ!» өлеңдер жинағына кірді. 1911 жылы қыркүйектің 19-да Орынбор губернаторы баспасөзі бас басқармасына жазған хатында («Оян қазақ!» – автор) және «Жұмбақ» мысалы жайында былай мәлімдеме берілген: «…өзінің мазмұны жағынан бұл ислам дінін ұстаушылардың жол бастаушысы және қазақтар арасында орыс өкіметінің саясатына қарсы наразылық тудырушы, сонымен қатар «Жұмбақ» атты мысалда ұлы мәртебелі императорды қаралайтын сөздер бар» – деп жазылды. 1905 жылы Оралда бес облыстың съезі болып өтті. Бұл съезде қазақ конституциялық-демократиялық партиясы құрылды. Съезд жұмысына: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулат, Ғ. Тоқай, Б. Құлахметов, Б. Қаратаев, Х. Досмұхаметов, М. Тынышбаев т.б. қатысады. 1905 жылы 25 желтоқсанда Орал қаласында шығатын «Пікір» газеті сол партияның программасын жариялады. Бұл партияның көптеген мүшелері 1917 жылы құрылған «Алаш» партиясының құрамында болды. (бұл турасында сәл кейінірек айтамыз). 1906 жылы Міржақып съезд делегациясы құрамында Санкт-Петерубрг қаласына келеді. 1907 жылы 28 наурыз күні Ш. Қошығұловтың қаражатына А.Ибрагимовтың басшылығымен «Серке» газетінің қосымшасы ретінде татардың апталық газеті «Ульфат» жарыққа шығады, бірінші санында Міржақыптың өлеңдері басылып шықса, екінші санында «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы жарық көреді. Мақала «Қазағым менің, елім менің!» деген сөзбен басталып «Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай да правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады. Чиновник, урядник, қарауылдар кедей қазақтарды ұрып-соғып малын-мүлкін тартып алды, ойына не келсе соны істеді… Бүкіл Россияны генералдарға бөліп берді. Соғыс жағдайын енгізіп, 87-статья бойынша әр жерлерде дала соттарын құрды. Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен-тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр немесе түрмелерде отыр» – деп жазды. Бұндай ашық түрде жазу, шын мәніндегі қазақ елінің маңдай алды патриоттарының қолынан келуші еді. Әлихан, Ақаң сілтеген жол, жалғасын тапты. Осы сөздері кейіннен өлеңге айналып, «Оян қазақ!» жинағына енді. Жандермерияның жасырын тыңшылары бұл мақаланың авторын іздестірді бүркеншік атпен жарияланған мақаланың авторын 1912 жылы Міржақыптың конфискеленген кітаптарын қарап, салыстырғанда барып анықталды. Сөйтіп, 1907 жылы жабылып қалған «Ульфат», «Серке» газеттерінің түгелге жуық сандары жойылды. 1913 жылы 15 мамыр бұл газеттердің соңғы ғұмыры болды. Бірақ, «Серке» салған жол, жалғасын тапты, миллиондаған жас өскіндер әділеттің ақ жолына түсті. 1909 жылы Міржақыптың «Оян қазақ!» өлеңдер жинағы Уфа қаласында «Шарық» баспасында жарық көрді. Сөз арасында айтатын бір нәрсе Міржақыптың «Оян қазақ!» деген өлеңі жоқ. Бұл кітабының аты еді. Тағы да басын ашып айтатын мәселе, бір кітаптарда «Олардың біріншісі – 1909 жылы Петербургтен Кәкітай бастырып шығарған Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Екінші – Крылов шығармаларын жедел аударып, тағы сол Петербургтен бастырып шығарған Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы». (Жылы көрсетілмеген екен, 1909 жылы шықты – А.Қ.). Үшіншісі – өзіміз сөз қылып отырған Міржақып Дулатовтың «Оян қазағы!» (Міржақып Дулатов. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1991). Расында солай ма? Біздің қолымызда Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы жарыққа шыққан үш кітабы бар. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» Қазан қаласы, Құсайыновтар баспасы және сол баспахананың кітап сататын магазинінде сатылған. Сондықтан да ең алғашқы кітап М-Ж. Көпеевке тиесілі екендігін айтуға тиістіміз. М-Ж. Көпеев қазақ елінің ауыр халін көре біліп, қазақ халқын бостандыққа, күреске, тәуелсіздікке үндеген, 1905 жылғы патша манифесінің өтірік екендігін де бірінші айтқан М-Ж. Көпеев. Ол қазақ халқын оянуға шақырды, бірігуге шақырды. Жердің орыс империясына кетіп жатқанын, орыс шаруаларының көптеп қоныстанып жатқанын көріп «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» кітабын жазды. Қазақ елінің бұғаудан құтылу жолын көрсетті. Ол бірігу, тату болу бұдан соң қарулы көтеріліске дайындалу онсыз бодандықтан құтыла алмайтынын түсінді. Түрік еліне иек артты. «Мұсылманшыл» фракцияны қолдады. Бұл жағынан М. Шоқай пікірімен үндес келді. М-Ж. Көпеев орыс империясына сенбеді. Көрші елдерді көп аралаған М-Ж. Көпеев қазақ елінің қамын ертеден ойлады. М-Ж. Көпеев «Сарыарқаның кімдікі екендігі» деген кітабында:

Бостандық болмақ болып әр руға,
Бас қосты бір ауызды боп тұруға,
Бір қазақтан басқа жұрт ыңғайланды
Бірігіп өз жынысымен жұрт болуға…

Асқынды болып жара жауырларым,
Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым,
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойла,
Қазағым, қайран халқым, бауырларым! –

деп, халықты ашық түрде патшалық орыс империясына қарсы көтереді. Тіпті думаға қазақтан адам жіберуді, 1869 жылғы патшалық реформаның да дұрыс еместігін айтып өткен. «Сарыарқаның кімдікі екендігін» оқып отырып, М-Ж. Көпеевтің Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Халел немесе Жанша Досмұхамедовтармен, Ш. Құдайбердиевпен байланыс жасамады, олармен пікірлес болмады деп еш уақытта айта алмаймыз. Жүсіпбек бауырымен байланыс жасасып, Петербургке дейін хат алмасып тұрғаны бар, М.О. Әуезовпен байланыста болғаны бар. Демек, М-Ж. Көпеев те Міржақып Дулатов бауырын білмеді десек, Міржақып оны білмеді десек ғайбат айтқандаймыз ба қалай?. Міржақып «Оян қазақ!» өлеңдер жинағында: М-Ж. Көпеев айтқан ойды бұдан да әрі ширатып, жастық көзқараспен қарастырады. Мысалы,

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп өрттен қашпай.
Һәр халық айға кетіп жатсадағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай… –

деп, Міржақып та елінің, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. Рухани ұстазы Ахмет Байтұрсыновтан да естігені, үйренерлігі болды. Ахмет Байтұрсынов:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? –

деп, жалқау қазақты сынға алады. Астарлы аллегориялық бұл өлең, әрине, патша өкіметінің саясатына қарсы келді. Олар бұл өлеңнің идеясын түсініп қойды, сондықтан 1909 жылы түрмеге жабылды. Ахметтің артынан патша жандайшаптары, жасырын тыңшылары ізін аңдып, қыр соңынан қалмаған. Демек, революциялық идея өлмеді, Міржақып реформатор ретінде жалғастырды. Қ. Кемеңгеров «Оян қазақ!» турасында: алғашқы шыққан Грибоедовтың «Горе от умасындай» – деп баға берді. «Оян қазақ!» жинағы Д. Ридтің «Дүниені дүр сілкіндірген он күн» деген кітабы сияқты қазақ елін дүр сілкіндіріп, ұйқысын шайдай ашып жіберді. Идеясы М-Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы айтылғандармен тұспа-тұс келіп жатты. Бұл дегеніміз Міржақыптың өзіндік ойы болмады дегендік емес еді. Міржақып та өзінің өткір пікірлерін: «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты», «Қазақ жерлері», «Таршылық халіміз жайында аз мінәжат», «Жесір даулары хақында», «Насихат ғұмумия», «Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға» деген сияқты өлеңдерінің өзінде-ақ айқындап берді. «Оян қазақта» Міржақып:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты… – деді.

Украинаның шығыстанушысы А. Крымский былай деді: «…Ақын, беллетрист Міржақып ауылдағы орыс мектебінің мұғалімі. Оның поэзиясы өз халқын оқу-ағартуға шақырған асқақ үн мен жігерге толы. Ол езілген халқына өзінің заңды правосын қайтаруды, жас ұрпақты жарқын болашаққа жеткізуді армандайды». «Оян қазақ» қолдан-қолға тимей ел ішіне таралады. Тіпті, ұзатылған қыздың жасауына қоса осы кітапты салатын дәстүр болған. 1910 жылы Міржақып Қызылжар (Петропавл қаласы - автор) барып тұрады. Себебі, «Оян қазақ!» кітабын ескі өкімет шам көріп, қазақтар оянып кетеді, қайта бас көтереді деп, қуғындай береді. Содан секем алған Міржақып Қызылжарға уақытша мұғалім болып кетеді. Онда, Жұмағали Тілеудинмен танысады. Ол қаламының желісі бар, жазушы еді. Міржақыппен осы қалада оқып жүрген атақты ақын Мағжан Жұмабаевқа да дәріс беріп, ақылын айтады. Кейіннен Міржақып, Мағжан, Жұмағали бірігіп түскен суретін ағасы Асқарға жібереді. 1910 жылы Қызылжарда тұрғанда «Бақытсыз Жамал» романын жазып, Қазандағы Каримовтар баспасынан шығарады. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман қазақтың ұлттық мәдениетін тағы да бір сатыға көтереді. Күллі түркі елінің мақтанышы болған бұл кітапты да жұрт іздеп жүріп оқиды. 1911 жылы «Айқап» журналының 9 санында Міржақыптың Семей қаласына келгені жазылады. 1911 жылы Семейге келгенде 2 маусым күні полиция Міржақыпты тұтқынға алып, алты жарым ай тергеуде отырады, 23 желтоқсанда Семей округінің соты Міржақыпты 1 жылға түрмеге отырѓызуға үкім шығарады (Қараңыз: «Семей таңы» 1989, №145 ғалым Қайым Мұқаметқановтың мақаласы). «Семей таңы» газетінде №240 (16140) санында Міржақыптың «Азамат» атты өлеңдер жинағы 1913 жылы Орынбор, Қазан қаласында басылған. Сонда «Алтынхан Кенжегүл баласының абақтыда жатып, болыстары Баймұрын Дұтбай ұғылына жазылған өкпесі» – деген өлеңнің жазылу тарихына Қайым аға Мұқаметқанов тарихи тұрғыдан түсінік берген – автор. Міржақып 1,5 жыл түрмеде отырды деп жазғаны сондықтан. Алты айын қосып есептеп жүр. Міржақыптың түрмеге қамалғаны ел ішіне толқу кіргізді. Зиялы кісілер бірден ынта беріп, назар аударды. Мысалы, «Уақыт» газеті, «Айқап» журналы Міржақып турасында егжей-тегжейлі жазып тұрды. Халық 2000 сом ақшаны кепілдікке жинап береді. Жандермерия бұл ақшаны алмайды. Міржақыпты босату жөніндегі ұсынысты да қабыл алмады. Міржақыптың кітабы ашық күні найзағай секілді болды. І, ІІ Дума таратылған соң «Оян қазақ!» татар, башқұрт, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қолына түспейтін құралға айналды. С.Мұқанов: «Оян қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл сол кездегі программа болды деуге болады» деді. Міржақып тек қана Россия, Орта Азияға танымал болған жоқ, Америка ғалымы Эдуард Олуорд құрастырып, редакциялаған «Орта Азия орыс билеген ғасырда» (Нью-Иорк, 1967) деген кітабында қазақ мәдениетінің реформаторы деп танылды. 1906 жылы Міржақыптың Ахмет Вели Менгермен түскен суреті жарияланған. Ахмет Вели Менгер түрік кезінде қазақ зиялыларының бірнеше кітаптарын алып кетіп, қайта бастырған. Заманынан оза туған қайраткер. Башқұрт тектес Міржақыптың досы бұл суретті архивке беріп, кейіннен Лондонда бір журналда жарияланған. Бұл сурет жариялық кезінде туған отанына қайтып оралды. («Социалистік Қазақстан» газеті, 9 ақпан, 1990). Сонымен, Міржақыптың Семей түрмесінде жатқанына қарамастан «Оян қазақ!» екінші рет басылып, Міржақыпты екінші қайтара соттау үшін шешім қабылданып кітаптың түгелге жуық нұсқасы тұтқындалды. Қазанның баспаханасы үлкен айып пұл тартты. 1912 жылы Міржақып Түркістан қаласына кетіп, Қарнақ қыстағында өзбек, қырғыз, қазақ ағайындарды паналайды. Түркістанда Садық Өтегенұлының үйінде тұрады. Қарнақта зиялы Қоңырқожа Коджаковпен танысады. Садық Өтегенұлы оқыған, Ташкентте мұғалімдік семинарияны бітірген қазақ оқығандарының бірі, газетте мақалалары басылып жүреді. Міржақып еліне кетерде ниеттес кісілері көп ақша жинап беріп қош-аманшылықпен жақсы шығарып салады. 1913 жылы Міржақып Орынборға келеді. Ахмет Байтұрсыновпен жолығып газет шығару ниеті барлығын білдіреді. Ә. Бөкейхановпен ақылдасқанда толығымен қолдайды. Қыр өлкесіндегі ағартушылық-демократтық бағыттағы тұңғыш биресми басылым «Қазақ» газеті дүниеге келеді. Редакторы болып Ахмет Байтұрсынов 1917 жылға дейін істейді. «Қазақ» газетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде қажеттерін батыл түрде жария еткен жадығаттар шығып тұрған. Алғашқы жылы 3000-нан астам жаздырып алып тұрушылары болған. Жабылар алдында газет тиражы 80000-ға жеткен. «Қазақ» газеті 1917 жылы шілде айында «Алаш» ұйымының ресми ұйымына айналды да, Торғай облысының Кеңестер съезінің шешімімен жабылады. М. Әуезов: «…Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болды» – деп жазды. М. Дулатов 1913 жылы Орынборда «Азамат» деген атпен өлеңдер жинағын бастырып шығарды. Кейіннен бірнеше мәрте «Оян қазақ!», «Бақытсыз Жамал» қайтадан басылды. Міржақыптың осы жылдары журналистік, публицистік дарыны жарқырай ашыла түсті. 1914 жылы Міржақыптың өмірінде өзгеріс болды. Ол Омбыға барып, өзінен он жас кіші қазақ қызы Ғайнижамалға үйленді. Мына жағдайды айтпасқа болмайды 1915 жылы Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова дүниеге келді. Гүлнар Міржақып әкесінің соңғы кездегі жадығаттарын көзінің қарашығындай сақтап, жария етуші асылдың сынығы. Тіпті, керек болса әкесінің мүрдесін сонау Сосновецке барып (Карилия) тауып, алып келді. (Қырғыздар да Ш. Айтматовтың әкесі Төреқұл Айтматовтың мүрдесі осылай табылды). М. Дулатов «Оян қазақтан!» бергі шығарған өлеңдерінің біразын «Азамат» кітабына енгізіп, 1914 жылы «Бақытсыз Жамал» романын қайта бастырып, 1915 жылы «Терме» атты жинақпен «Оян қазақтағы!» өлеңдерін Орынборда тағы да бір шығарып, өзінің ақын-жазушылық тұғырын жинақтап алған Міржақып енді ел қамына, ел ішіндегі түрлі әлеуметтік жағдайларды ашына жаза бастайды. М. Дулат қаламынан туған мақалалар ішінде әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет, дін, оқу-ағарту, тарих, бодандық мәселесі, халықаралық жағдай сияқты өткір мәселелер орын алады. 1914 жылы 23 маусымда «Абай» атты мақаласында Міржақып ұлы Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл болғанын орайластырып, көкейіндегіні айтып салады. Міржақып, қазақ мәдениетіндегі, әдебиетіндегі көш басшы Абайдың орны ерекше еді, деп тебіренеді. Сол сияқты татар ақыны Ғабдал Тоқай турасында жазған жүрек жарды мақаласы, 1915 жылы 31 қарашада этнограф, ауыз әдебиетінің жинаушысы Әбубәкір Диваев турасында қызықты мәлімет береді. Елдің ішкі өмірін көп жазды дедік, соның бірі: «1915 жылы, 15 наурыздағы (№112) газеттің санындағы «Дауқұмар», 1917 жылы «Жүзі қаралар» атты өткір фельетондарды атап өтуге болады. «Қазақ» газетінде Міржақып көтерген тақырыптар отарлау мәселесі, орыс шаруаларының қазақтардың шұрайлы жерін алып, қоныстанып жатқан жағдайлары, қазақ өмірінің ауыр халі өз жеріне өзі ие болмай қайдағы келімсектердің келіп, төрімізге шығып алып, өктемдік жасауы, әділетсіздік, ел ішін жайлап алған өсек, өтірік, арыз қойлық, дау-дұмай барлығы да орыс империясының салып отырған іріткісі екендігін көріп, біліп соны ашына отырып жаза берді. Бірақ патша өкіметінің құрығы ұзын, Міржақыпты уысыннан жібермей қадағалап, әр әріпін жіті көзқараспен оқып отырды. 1909-1915 жылдар Міржақыптың өсу, азамат ретінде қалыптасу кезеңі болды. Қатып, саяси жағынан пісіп жетілген Міржақып елі үшін қолына қару алуға да, қазақ елін соңынан ертіп, неге болса да баруға даяр болды. Бұл оның саяси бейнесінің өсуі еді. 1916 жыл. Қазақ халқының басына күн туып, «ат ауыздығы мен су ішіп, ер етігімен қан кешкен» жыл. Ұлт-азаттық көтерілістің басталған жылы. 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің шығарған жарлығы ел арасында үлкен әбігершілік тудырды. Ел ішіндегі патша өкіметіне мүлдем берілгісі келмейтіндер яғни «әскерге солдат бермейміз» дегендер, екінші, «бұйрықты орындауға мойынсұнғандар», үшінші, босқа қан төкпеуге қара жұмысқа баруға үндеді. Үшінші позициялы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов (негізі Мәшһүр-Жүсіп те осындай ойда болды-А.Қ.) басқарған қазақ либерал-демократиялық интеллегенцияның бір тобы екі сергелдеңге түсті. «Бізге сенгендіктен, Отанды қорғау үшін, – деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың орта шенінде халыққа арнаған үндеуінде, жұмысқа алу туралы бұйрық жарияланып отыр… Біз бұл туралы бірнеше рет айтқанбыз, тағы да халыққа сөз арнаймыз – бұл істен бас тартуға болмайды». Олар қарусыз халық, үкіметтің аяусыз шараларының құрбаны болады деп алаңдады. Сондықтан да 1916 жылғы Қазандағы үндеуінде «Сөзге құлақ салыңдар, босқа қан төкпеңдер, қарсыласпаңдар» деп жазды. Патша жазалаушылары көтерілісшілерді аяусыз қырып-жоя бастағанда, «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан интеллегенция топтаусыз халықты бұлайша жазалауға қарсы тұрды. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов басқарған қазақ интеллегенциясының делегациясы Батыс майданға аттанып, тылдағы орыс тілін нашар білетін немесе мүлде білмейтін жұмысшы қазақтарға жан-жақты көмек көрсетті. Делегация майданда буржуазиялық-демократиялық революцияға дейін барды. (М. Қозыбаев, Н. Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. Алматы, «Рауан», 1991). Расында да 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы ақпан-қазан революциясына қазақтардың даярлануы іспетті болды. 1916 жылғы көтеріліске қатысқандарды патша үкіметінің мұздай қаруланған әскері басып-жанышты. Еріксізден-еріксіз майданға әкетті. Бұл турасында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулаттың бағыттары дұрыс болды. 1916 жылғы қара жұмысқа барған қазақтар сана-сезім жағынан, саяси жағынан өсуші еді және көбісі қырылудан аман-есен болар еді. Қару ұстауға жарап, оң солын танып, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерісі кезеңінде сонша сансыз қырылмас еді. Дегенмен, Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Омар Шипин, Сейдахмет Ысқақұлы, Әбдіғапар ханның көтерілісі болды. Бұл турасында Ж. Аймауытов «Қартқожа» романы, М. Әуезов «Қилы заман», С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», С. Мұқановтың «Ботагөз» романы 1916 жылғы көтеріліске арналды. 1916 жылғы көтеріліске кедейлер ғана емес, байлар да қатысты олар ат, қару беріп, өздері халықты бастап шықты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс күллі қазақ елінің бас көтеруі болды. Оның жалғасы 1986 жылы желтоқсанға ұласты. Қайрат Рысқұлбеков Амангелді Иманов болып қайыра дүниеге келді. Бұл жылдары М. Дулатовтың атына көптеген сын айтылды. Әсіресе, Амангелді Имановтың өліміне байланысты мүлдем қате пікірлер кез болды. Бұл Кеңес өкіметінің қызылдардың қолдан жасаған кезекті арандатуы еді. Бұндай арандату айыптары кімге таңылмады, аласапыран заманда көптеген алаш арыстарына да тағылған екен «Замана трагедиясы» («Лениншіл жас» газеті. №166 (12703), 27 тамыз 1991 жылғы санын қараңыз – автор). «Бұдан бірер жыл Амангелді батырдың үлкен ұлы Шәріп Иманов Гүрнар әжеге «Әкемнің өліміне Міржақыптың қатысы бар» деп ауыр сөз айтты»... – деп жазды Ораз Қауғабаев. Сабырлы әже салиқалы уәжімен батырдың ұлына бұл нақтан жабылған жала екендігін байыппен түсіндірді. Батырдың ұлы түсінгендей болды. Гүлнар Дулатова Міржақыптың 1914 жылы «Қазақ» газетінде «Қара батыр» деген мақала жазғанын оның ерлігін елге танытқан ұстазы Жақаң еді. Тарихта өз шәкіртіне қол салған ұстаз болған емес. Әкесіне танылған нағыз жала, ұлы қиянаттың бірі сол болды деп жазды. Шын мәнінде Амангелдіні кезінде оқытып, оған білім берген Міржақып екенін жазады («Қазақстан мұғалімі» газеті, №10 (2202) 8 наурыз, 1990). Заман төңкеріліп, кімнің-кім екенін білмей жатқанда. Қазір солай ету керек еді деу айтуға ғана оңай. 1917-1920 жыл М. Дулат үшін күрделі жылдар болды. 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткізілген бірінші «бүкілқазақтық» съезінде Алаш партиясы құрылды. 1920 жылға дейін ол өзінің Алашорда өкіметі ретінде Қазақстан тарихында өзіндік орын алды. Бұл жылдары белсенді саяси бағыт жүргізді. Алашорда құрамының төрағасы болып Ә. Бөкейханұлы, М. Дулатұлы, Ғ. Омарұлы, М. Шоқайұлы, Х. Ғаббасұлы, М. Тынышбайұлы, Х. Досмұаметұлы, Ж. Досмұхаметұлы, т.б. кірді. Оқу комиссиясына: Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Телжан Шонаұлы сайланды. («Семей таңы» газеті №178 (16578), қыркүйектің 21-і, 1991). Алаш партиясы 1917-1920 жылдары төрт кезеңді басынан өткерді. 1. 1917 жылдың көктемінен, күзіне дейінгі кезең: Уақытша өкіметті қолдау, революциялық күштермен тиіп-қашты қарым-қатынас жасау, жергілікті өкіметті өз қолдарына алу үміті де болды. 2. Қазан төңкерісін Алашорда негізінен қабылдамады. Олар «ұлттық» автономия құрып, жаңа өкімет сайламақ болды. 1918 жылдың басынан, 1918 жылды жазына дейін Алашорда Кеңес өкіметін формальды болсын қолдап келді, ашық әрекетке бармады. Өздерінің құрған тактикасын өзгертіп Кеңес өкіметінің жергілікті ұйымдарына кейбір өз өкілдерін енгізіп жіберді, сөйтіп Кеңес өкіметін әлсіретуді ойлады. 3. Азамат соғысы басталғаннан кейін 1919 жылғы көктемге дейін алашордашылар көп ретте Кеңес өкіметіне қарулы қарсылық жасап бақты. Дутовпен одақ құрып, Колчакқа бағынды, арқа сүйеді. Басқа түркі халықтары мекендеген аймақтармен мұсылмандық қарым-қатынаста, байланыста болды. 4. 1919 жылдың көктемінен 1920 жылдың соңына дейін Қызыл әскерлер күш алып, шетел интервенцияларына қаша бастады. Қытайға, Америкаға т.б. жаққа өтіп кетті. Атаман Аненковты суреттеген Ғ. Мүсірепов «Ананың арашасы» Антоновтың бейнесі өмірден алынды. А. Әшімов ойнаған, Шәкен Айманов түсірген кинофильмі «Атаманның ақыры», «Трансібір оқиғасы» Атаман Дутовтың әрекеті тарихтан алынған, шет жерге қашқан ақ гвардияшылар еді. Міне, алашордашылардың қызылдар жағына шыға бастауы Алашордашылардың құрамын әлсіретті. «Алаш» партиясы тұйыққа тірелді. Оның үстіне Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің 1919 жылы 4 сәуірдегі қаулысына сәйкес Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасау және олардың өткендегі қызметі үшін қудалауға үзілді-кесілді тыйым салу жөніндегі қаулысының үлкен саяси мәні бар еді. («Социалистік Қазақстан» газеті, №112 (19587) 15 мамыр, 1990) («Алаштың» ақиқатын кім айтады? Қ. Нұрпейісовтің мақаласы) (проф. Т. Кәкішевтің мақаласын қараңыз - автор). Сөйтіп, Міржақып Дулат «Алаш» партиясының белді мүшесі болды. «Алаш» партиясының ІІ съезінде 25000-дық әскери (милиция) жасағын құру туралы қаулыны бекітті, бірақ, Алашордашылардың әрең дегенде 5000 жуық адамның басын қосты. Оның екі мыңы Орал өңірінен, 800-і Торғай, қалған екі мыңы Жетісу мен Семей облыстарынан жинақталған (қараңыз – В. Григорьев «Алашатың» ақиқатын кім айтады? деген айдармен «Кадеттер жолын ұстанған партия». «Социалистік Қазақстан» газеті, №111(19586), 13 мамыр, 1990). Міржақып Дулат тергеушіге берген жауабында «…біздің күшіміз тым аз еді, оның үстіне ойдағыдай жаттықпаған 400 шамасындағы кісі ғана» – деп жауап берді. («Жалын» 1991). Демек, 800 жиналған әскерден қалғаны осы-ақ. Міржақып Дулат «Алаш» атты әскерінің командирі болған. Бұл турасында Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатова: «1919 жылдың бас кезінде: «Міржақып әскерімен келе жатыр» деп сүйінші сұраған кісі келді… Алаштың көп қолды атты әскерін басқарып келе жатқан Міржақып інісі екенін әкеміз күні бұрын білетін (Әкеміз – Дулатов Асқар, ал Гүлнарға айтып отырған кісі Ботакөз Дулатов Асқардың қызы 1908 жылы 19 ақпанда дүниеге келген – А.Қ.). «Келген әскерлер өрімдей жас жігіттер екен. Әкем бұларды топқа бөліп, әр үйге жайғастырды. Ең қадірлі басшылардың бірі Ахмет Байтұрсынов жұбайы Ғайнижамалы, Гүлнарымен әкеміздің бажасы Ізтілеудің үйіне түсті. Сейдазым Қадірбаев, оның жұбайы Жаңыл, дәрігер Мұратбек Сейітов сестрасымен бірлесе егіп, ауруларды емдеп, үлкен көмек көрсетті. Бұлар Орынбордан қырға шығарда мол дәрі-дәрмек ала шығып, соның бәрін кәдеге асырды. Міржақып Дулат бастаған «Алаш» партиясының өкілдері қазақтарға осындай қамқорлық таныта жүрді. Тереушіге берген жауабында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтардың Колчактың 1918 жылы 4 қарашада берген Алашорда үкіметі таратылсын деген бұйрығын орындауға ниетті екені аңғарылды. Бірақ, Казак әскерлерінің штабынан тағы бір бұйрық түсіп, большевиктерге қарсы ұрысқа шығыңдар дейді, бұл пәрменге қарамай, Торғай уезінің шекарасына өз беттерімен қозғалғандарын айтады. Казак әскерінің генерал Дашкин, полковник Быковты өздері тұтқындап, қалған әскердің тарап кеткенін жазады. Жалпы, Міржақып Дулатов соғыс бағытын аңдып, нәтиже жоқтығын біліп, қызылдарға іш бұрғаны аңғарылады. 1919 жылы Міржақып әскері қызылдарға келіп қосылды. Әскери мүшелігіне бірнеше кісілер енді. Әскери комиссарлары Аманкелді Иманов болды. Алаштың бір топ әскері Торғайда қалып, Міржақыптар Шалқар жағына шығып кетеді. Алашордашыларға қызылдар сенімсіздік білдіргені шындыққа жуық келді. «Шындығы керек, арадағы шөре-шөре ақымақ жағдайда біз қалдық: бір жағынан ат құйрығын үзіп тындық, бір жағынан қызылдардың қарап жүріп еш кінәсіз сенімсіздігіне ұшырадық» – дейді Міржақып. Шалқарға қарай Аманкелді жасағы да шығу керек еді, Иманов Аманкелді алашордашылардың қарсылығынан бұйрықты орындай алмайтынын бірнеше күннен кейін барып Міржақыптар біледі. Шалқар, Ырғыз, Ақтөбе Кеңес үкіметінің жағына шығар кезде келіп қосылған алашордашыларға сенімсіздік келіп туады. Дәл осы арада Торғайда қалған алашорда әскерімен Аманкелді әскерінің арасында қақтығыс болып, Аманкелді мен Таранды байқаусызда өлтіріп алады. Бұл жағдайды Міржақыптар қайта оралғаннан соң ғана біледі. Есіл ер Аманкелді ақ пен қызыл арасындағы келеңсіз бір келіспеушіліктің құрбаны болады. Міржақып алашорда әскерінде болған соң Аманкелдіні Міржақыптар өлтірді деген нақақтан-нақақ жала жабылады. Түрмеде отырған, күні-түні тергеуде жатып, атылып жатқандарды білетін Міржақыпқа бәрібір тірі қалу мүмкін емес еді. Сондықтан Міржақып Аманкелді жайында анығын, дұрысын, ақиқат шындығын айтып отыр деп кәміл сенуге болады. Өлім аузындағы кісіге бәрібір, өтірік айтып қайтеді демек, Аманкелдіні Міржақып өлтіруі мүмкін емес еді. Расы бұл оқиғаның осындай. 1920 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті кешірім жасағаннан кейін қыркүйек айында Міржақып Омбыға келіп, түбегейлі Кеңес жағында жұмыс істейді. 1920 жылы Ташкентке келіп, Түркістан республикасының органы «Ақ жол» газетінде жұмысқа орналасады. Алаш көсемдері ретінде сенімсіздік алдынан шыға берген соң 1921 жылы Семейге келіп, губсотта судья қызметін атқарады. 1922 жылы Ә. Бөкейханов екеуі тұтқынға алынып, Семей түрмесіне жабылады. 1922 жылы Орынборға жөнелтіліп, ВЦИК-тің 1919 жылғы 4 сәуір Ленин мен Калинин қол қойған қаулысы бойынша босап шығады. 1922 жылы Міржақып Орынбордағы қазақтық халыққа білім беру институтына (КИНО) оқытушы болып орналасып, 1926 жылға дейін істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралған 4 жылы Міржақыптың шығармашылық жолындағы өркендеу дәуірі болды. 1922 жылы ол екі бөлімнен тұратын «Есеп құралы» оқулығын жазып, Ташкент қаласында бастырып шығады. Сол Орынборда «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазады. 1924 жылы Орынборда екі жылдық (жазған) «Қирағат кітабы», Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көреді. Тынымсыз журналистік, аудармашылық қызметі бұл жылдары өз жемісін берді. Міржақып шығармашылық шабыт үстінде болды. 1925 жылы Лениннің «Жаңа үнем саясаты», «1905 жыл төңкерісі», Г.Зиновьевтің «Ресейлік коммунистік партияның тарихы» атты еңбектерін аударып, Орынбор, Қызылордада бастырып шығарады. 1916 жылдан бермен қарай жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады. Бұның сыртында мерзімді баспасөзде дүркін-дүркін шығып тұрған әңгіме, очерк, фельетондары енді қалыптасқан қазақ журналистикасының негізін қаласа, соның маңында жүрген жастарға да үлгі-өнеге болды. Міне, осындай кемел шағында, республиканың мәдени іс-шарасына белсене араласып жүрген Міржақып Сталин, Голощекиннің кезекті науқанына ілініп, 1928 жылы 29 желтоқсанда қамауға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен алған ату жазасына кесілгенмен кейіннен 10 жыл абақтыда қамау жазасына алмастырылады. Міржақыптың артынан үрім-бұтағы, туыс-туғаны зор зардап шекті, қуғынға ұшырады. Ағасы Дулатов Асқарды 1937-нің зобалаңына ұшырап, хабарсыз кетті. Бұл турасында Гүлнар Міржақыпқызының «Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінен («Жұлдыз») толықтай оқи аласыздар. Ақырында Міржақыпты 1931 жылы 9 ақпанда Соловки лагеріне әкеледі. 1934 жылы Ақтеңіз-Балтық каналының құрылысында болып, 1935 жылы 5 қазанда Соловец лазаретінде қайтыс болады. М. Дулатов 58-ші статьяның 2, 4, 10, 11 тармақтары бойынша айыпталған. М. Дулатовтың қылмыстық ісін жан-жақты тексере келіп, Қазақ ССР-нің Прокуратурасы 1988 жылы 27 қазанда қылмыстық белгісін таба алмай нақақтан-нақақ жаланың құрбаны болған Міржақып сынды асыл азаматты толықтай ақтады. Әділеттің ақ нүктесі осылай қойылды. Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатова, Міржақыптың жиені медицина ғылымының кандидаты Нұрлан, журналист абзал азамат Мұрат Әсембетов Міржақыптың мүрдесін елге алып келу жөнінде істің ұйытқысы болды. М. Әсембетов, Нұржан Карель АССР-нің Беломор ауданы, Сосновец поселкесінде болып, Міржақыптың қабірін тауып, анықтап, 57 жыл бауырына қысып жатқан Карель жерінен Міржақыпты туған елі Қазақстанға алып келді. 1992 жылы 18 қыркүйекте өзі туған Торғай өлкесі, Жангелдин ауданы өзінің есімімен аталатын совхозға арулап қайта жерленді. Енді, Міржақыптың әдеби мұрасы жөнінде бірер сөз. Ақынның 1917 жылға дейін шыққан «Оян қазақ!» өлеңдер жинағында өзінің әуелдегі мақсат-мұратын айқындайды:

Бас қосып киргизский интеллегент,
Біздерге халықтың қамын ойлау міндет,
Культура деген сөзді на практике,
Етпейміз не себепті осуществлять?

Милләтлар цивилизованный озып кетті,
Оянбай енді жату не следует… –

деп, жазды Міржақып, өлеңінде парсы, араб, орыс сөздері араласқанмен мазмұны түсінікті, ойы өткір қазақтың басына түскен ауыртпашылықты, орыс империясының аяусыз қиянаты оқыған сайын барынша айқындала береді.

Қазағым көрмегенің әлі алдыңда,
Боларсың көне берсең мұнан жаман,
Босында аяқ, қолың қимылдап қал,
Бір күнде тыпырлауға келмес шамаң…

Өлеңнің мазмұны көңіл аударған оқырман Қазақтың ескі салтын арқа тұтатын, мал бағып, уайым-қайғы жоқ бос белбеу заманның жастарын сынағанын аңғарар еді. Заманның ығына қарай енді былай өмір сүру жарамас-ты деген үлкен философиялық ой түйеді. Көрші елдердің кейбірінің Еуропа мәдениетіне иек артып жатқанын, біздің қазақ баяғы сол өмірін әлі де аңсап, келмеске кеткен хандық дәуірді көксейтінін қайтерсің деген де идея айтылмай қоймайды. Міржақып қазақ тілін байытуда өте көп еңбек сіңірген, әсіресе, ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосты десек артық айтпаймыз. Өзінің алдындағы М-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев шығармаларының тілін, Абай шығармаларының тілін қолдана отырып, өзіндік әдіспен, өзіндің стилімен өлең арасында басқадай өңмен, басқаша құбылысқа орай тыңнан жол тауып отырғанын байқауға болады. Мысалы: араб-парсы сөздері: зарар, фарыз, һәмма, әмілһила, үшбу, рисәлә, кәдәри хәл, мұқтаж, фида, тәрік, милләт, жіһәт, қиял, ғибрат, хауса, жиһан, мәзһәп, ғұмұми, шәһәр, ғәжәіп, уә, ғәрәіп, чүнки, ғафил, һиммат, ахирает, хақыларымыз, сахара, хүкім, фақир, фітнә, уәғдә, рамат, ұғылы, хәжәт, мағишат, зарарат, қияфат, ғаләмәті, саяхат, фиғыл, шарафат, ғәдәті, фаш, инабат, фарасат, хафа, хасыл, афзал, зікір, мүхтәрәм, ғәжиба, ғәплескен, дәхида, мағриф, мәкүр, мәхкәм, хаким, харам, ұждан, фәһім, хияли, илтифат, мәсжіт, ғибалат, уәжиб, фазыл, уақыф, хуфияттан, уазифа, тақлидим, тәфһин, тәхрис, хилаф, сыйныф, нәмүнә, ғәйім т.б. қолданды. Орыс тілінен енген сөздері: интеллегент, культура, практика, осуществлять, цивилизованный, формынша, миллион, телеграмма, машина, берденке, бомба, мина, пистолет, револьвер, браунингтер, электрический, грамофон, телескоп, заводы, фабрикасы, газет-журнал, переводчик, пользы образования, волост, ауылнайлық, проход, телеграф, автомобиль, телефон, выборнайлық, мұжық, десятина, миссионер, духовный, никах, оязной, областной, собрание, расходын, земство, педагогия, кандидат, указной, , метрикасын, мекробларын, декарь, партия, т.б. ұшырасады. Араб-парсы сөздерінің ішінде ләкин, һәм, уә сияқты шылаулар кездеседі. Көне форма – тұғын/-тын, ты, ті ықшамдалған түрі де кездеседі. Үшбу// осы есімдігінің -лар көптік формасының да әрқилы қолданысы ұшырасады. Мысалы, затлар, оқытсалар// -са шартты рай мен көптік жалғауының келу үлгісі, орыс сөздерін қазақшалап қолдану үлгісі де кездеседі. Бір қарағанда Міржақыптың сөз қолданысы, әсіресе, араб-парсы сөздерін қолданып, өлең түзеу үлгісі М-Ж. Көпеевтің стиліне көп ұқсайды екен. Бұл оның мұсылманшылдық идеяны қолдап, түріктендіру саясаты жағында болғанын айғақтаса керек. Әдеби тілдің жеткізушілері көне формаларын қолдана отырып, қазақ сөздерін үнемі түзеу үстінде, татарша, шағатайша сөз қолданысынан тазарту үстінде болғанын да анық байқауға болады. Демек, Міржақып тек қана әдебиет көлемінде ғана еңбек сіңірмеген қазақ тілінің баюына, дамуына, тазаруына Абай салған үрдісті ілгері апаруға да зор үлес қосқанын айта кеткен жөн. М-Ж. Көпеев шығармасын өзіне үлгі тұтқан. Оны оқып қажетіне жаратқанын Міржақып шығармаларын оқығанда тағы да көз жеткізуге болады. Міржақып мұсылман дінін уағыздамады десек, әрине, қателесеміз. Өз өлеңдерінде дін мәселесін көтеріп, қалай насихаттау жөнінде де нұсқау, үгіт-насихат жүргізіп отырған. Мысалы:

Қазаққа дін хақында осы керек,
Мүбәда бұл секілді болса өрнек,
Духовный собраниеге біз қарасақ,
Дініміз қуат табар һәм бегірек…

Жазылып тәурихта қалсын аты,
Бұл істің жүрген болса кім жолында,
Дін үшін һәм халық үшін бейнет көрген,
Хор болмас жүрседағы қай орында… –

деп, дін иелері молда, ахун, сауатты болып, медреседе бала оқытқанда педагогика мәселесін ұмытпай ұштастыра білсе деген үміт артады. Жалпы, Міржақып теология ғылымын біліп, бала тәрбиесінен сырт алып қарамайды. Міржақып жастарды әр уақытта білімге, әділдікке, ынтымақтастыққа, шет елдердің озық технологиясына қарап, жақсысын ала білуге шақырады:

Найзамен түртсе де,
Жатырсың, қазақ оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, алла-ай! – дейді.

Кейбір уақытта Міржақып қазақ жастарының бойүйездігін көреді. Сондықтан Міржақыптың кредосы ұйқыдағы қазақты ояту. Абай да, М-Ж. Көпеев те осы арманды өздеріне мұра етіп кетті. Абай «Жартасқа бардым, Күнде айқай салдым, Одан да шықты жаңғырық» – деп қазақтың кейбір іш мінез топастығына налып кетті. Алашордашылардың сілкінісін Егеменділік алып, мұратына жеткен қазіргі кездегі қазақ жастарының ұлттық намысының оянуымен салыстыруға болады. Міржақыпты ел ішіндегі пасық сараң өз ойы өз бойынан аспайтын адамдар қатары да қатты ашындырды. Ол «Қазақтың ру басшыларына», «Пасық байларға», «Атқамінер сұмдарға» деген өлеңдерінде жап-жақсы сынап, мінеп өтеді. Мысалы:

Оянып, ойланып,
Өнермен жұмысың жоқ,
Ел кезіп, ет аңдып,
Есекше қарның тоқ… –

деп, кекеп мұқатады. Мұның ар жағында терең ой, үлкен алаңдаушылық, қазақ елінің болашағы қандай болады деген Міржақыптың өзіндік толқуы да жоқ емес. Елі үшін еңіреп туған ұл, елінің ғана қамын жеп, мұңын жоқтайды. Бұндай қатты қайрат тек қана Міржақыптың қолынан келетін іс екендігі тағы да бір дәлелденеді. Міржақып қазақ халқы үшін жаны аурады сол дерттің ащы уын шығару үшін бар өшін өлеңнен алып, күш-жігерін жұмсайды. М-Ж.Көпеев Міржақып үшін үлкен бір мектеп болды. Міржақып М-Ж.Көпеев шығармаларын оқып, өзіне көп пайдалы кеңесін ала білді. Мысалы:

Оралдан Әбубәкір молла шықты,
ОмбыданҚышақпайдайжорғашықты,
ТорғайдаАқмолдаменНұржанжатыр,
Шөз, Орынбай, Мәшһүр-Жүсіп о да шықты… –

деп, Міржақыптың М-Ж. Көпеевті өлеңге қосуы тегіннен-тегін емес-ті. Бұл арада біздің көңіліміз алдамаған екен. Тегінде, Міржақыпта Мәшһүр-Жүсіп Көпеев турасында бір-ауыз сөзі жоқ па екен деген үміт оты бізде болған, сол интуиция алдамаған екен. Міржақып дана рухани ұстазы М-Көпеев жөнінде бір ауыз сөз болсын өлең арнаған екен.Міржақыптың поэзиясы жөнінде өте көп айтуға болады. Келесі бірер сөз «Бақытсыз Жамал» романы турасында ой қозғамақшымыз. «Бақытсыз Жамал» үлкен тарихи роман деп жазды С. Мұқанов 1932 жылы. Расында да, «Бақытсыз Жамал» туралы қилы пікірлер айтыла бастады, профессор А. Крымский қазақ романының жарық көруін қуана құптап, «Қайғылы әйел тағдыры» деген белгі қойды. 1914 жылы роман орыс тіліне аударылған кезде, В. Горлевский: «… роман жүгі оған ауыр тиген, әңгіме өзегіне ой шындықты негіз еткен, халық тұрмысының жанды суреті бар…» – деп баға берді. Ахмет Байтұрсынов 1914 жылы 31 қаңтарда «Роман не нәрсе?» деген мақала жазып, жанр ретінде қалыптасуына кеңінен нақты мысалдармен тоқталды. «…Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды» – деді. 1928 жылы С. Садуақасов: «… Первый роман на казахском языке под названием «Бакытсыз Жамал» («Несчастная Жамал») вышел 1910 году…роман описывает жизнь угнетенный казахской женщины, продаваемой как вещь, за калым и имел огромный успех, доставив автору небывалую славу…» – деп, роман туралы ойын білдіреді. Романға Көкшетау даласында болған шындық оқиға негізге алынған. Роман оқиғасы Көкшетау облысының Айыртау ауданында орналасқан Саумалкөл Сұлукөл төңірегінде өтеді. Романның бас кейіпкері осы өңірде дүниеге келген. Жамалдың руы – атығай, Ғалидың руы – керей, Ақмола уезі Ақкөл болысында туып өскен. Жұманның руы – қарауыл, қазіргі Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Ақанборлық деген жерден. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» бойынша алғашқы пьесаны М. Жұмабаев Қызылжар сахнасында қойды. Міржақып Жамал мен Ғалидің жан дүниесін ашып, жалындаған сезім, ішкі толқыныстарын беруге тырысады. Сәрсенбай мен Қалампыр арасындағы естелік жарасы жарасым таппайды. Сәрсенбай 17 жастағы Шолпан есімді қызды алып, кейіннен нәрестелі болады. Атын Жамал қояды. Ақылды, көрікті Жамал Ғазиз деген молдадан хат таниды. «Сал-сал», «Қыз Жібекті» жатқа соғады. «Зарқұм», «Қисса уақиға Көр бала», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» т.б. ел ішіндегі жырды үйге кісі келгенде Жамал айтып отыратын. Байжан байдың таз ұлы Жұманға айттырған соң Жамалдың күйі бұрынғыдай болмады. Сәрсенбай түбі Жамалдың теңіне берем деген ойда болды. Бірақ, заман тезі Сәрсенбайлар сияқтылардың аяғын тұсап тастады. Жамал Жұманға барады дегеннен бастап көңіліне мұң, жанына жара түсті өзінің қайғысын тек қана өлеңмен айта алатын болды. Ғали мен Жамал шілдеханада танысқаннан бері екеуінде ақыл-ес қалмады. Бір-біріне өлеңмен мұңдасып, іштей түсінгендей де болды. Ғали достарының көмегімен Жамалды алып қашып, көңіл тұтқан Фатихолла байдың үйіне келіп паналайды. Кейіннен нағашыларының елінде аяқ астынан ауруы меңдеген Ғали мерт болады. Жұманға қайтып келген Жамалға Жұман күн көрсетпейді, күнде ұрып соғады. Жамал сол үйден қашып шығып қатты суықта тоңып, аяғы жан тапсырады. Қысқаша мазмұны осындай роман талай адамдарға үлкен сабақ болды. Қазақ ауылындағы ескілікке қарсы жазылған роман болды. Бұл романнан соң Көшімұлының «Мұңлы Мариям», Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С. Көбеевтің «Қалың малы», С. Торайғыровтың «Қамар сұлуы» жазылса, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Б. Майлин, С. Мұқановтар шығармаларында да қазақ қызының хал-тұрмысы көрініс тапты. Тіпті, М.О. Әуезов бұл тақырыпқа бірнеше мәрте әңгімелерін жазды. «Балқия» пьесасы – төрт актілі. Орынборда 1922 жылы жарық көрді. Жарасбай – дәулетті адам. Өлмес оның тоқалы. Олардың қызы Балқия оқыған көзі ашық қыз. Қасым Балқияға ғашық болады. Әкесі, Өлмес қызының бұл ойына қарсы адамдар. Балқияны Қасым алып қашады. Кейіннен Қасым мен учительдің тыныш өмірі, газет, журналды ақтарыстырып отырған Балқия суреттеледі. Тілмаштың арам ойы-ұрлап әкеткен ақшаны, затты Қасым мен Балқияның мойнына қоймақшы, сөйтіп пәленің бәрін Балқия мен Қасымға жаппақшы. Соңында полиция келіп, Қасымды тексеріп, алып кетеді. Қоштасып, жылап Балқия қалады. Пьеса ескілік пен жаңалық арасындағы күресті ашып көрсетеді, оқиға үнемі тартыс үстінде болады. Қасымның достары да бірнеше планда көрінеді. Жастар үмітін алдан күтеді. Түбі қазақ елінің көсегесін көгертетін де осы жастар екендігі осы пеьсада аңғарылып тұрады. Болашақ «Алаш» партиясының өкілдері де бұнда жоқ емес. 1916 жылдың алдындағы орыс империясының кейіпкерлері де бұл пьесада күні өтіп бара жатқанын, қазақ бұрынғы айтқанына көніп, айдауына жүре беретін қазақ емес екендігін түсінеді. 1902-1926 жылдары Міржақып аудармалармен шұғылданады. «Айтыс» М.Ю. Лермантов, Абу Ферастан «Терме» аударады (1915), «Гүл» А.С. Пушкин, «Шиллер» – Лермонтовтан, «Мерезден Құтқарды» Н. Анов екі актілі пьеса. Міржақыптың бұл аудармасы күні-бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Қайта жаңғыртып, театрларда қойса болар еді. Міржақып көбіне «Мадияр» деген псевдонимді қолданды. Қорыта келгенде қазақ әдебиетінің маңдай алды ақын-жазушысы, драмашысы, аудармашысы Міржақып турасында айтылар ой осындай. Бұдан да көлемді қылып жазуға болушы еді, оған берілген көлем бет, көтермегендіктен қысқарта жазуды мақұл көрдік. Дегенмен, негізгі ой біршама қағазға түсті. Келешек, жазылмыш жадығатта Міржақыптың шығармашылығын кеңінен талқыға салып, айтылмаған ойды сараптап өтерміз.

Сұлтанмахмұттың тілі «Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). «Түсімде», «Қымыз», «Бір балуанға қарап», «Тұрмысқа», «Ләнет бұлты шатырлап», «Адасқан өмір» дастанынан үзінді, «Кедей» дастанынан үзінді» [Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 7 том. – Павлодар: -Б. 207-213]. «Айтыс» – поэмасы: (Қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны... ). Павлодар педагогика институтының профессоры марқұм Өтебаев Ермек Өтебайұлының – Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы жазған зерттеу мақалаларында: «Торайғыр – Шоң», «Ұлағатты ұрпақ», «Торайғыр» деген сериялары 5 ақапан, 1991 ж. № 25 (11725), 6 ақпан, 1991 ж. №26 (11726), 4 желтоқсан, 1991 ж. №170 (11870), 5 желтоқсан, 1991ж. №671 (11871), 7 желтоқсан,1991 ж. №172 (11872). Сұлтанмахмұттану ғылымына қосылған сүбелі еңбек болып табылады. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ата-тегінен бастап, шығармашылық өмірінің ақырына дейін зерттелген бұл еңбек ақынның 100 жылдық торқалы тойына тартылған кәдесі іспетті. Өтебаев Ермек аталған мақалаларында С. Торайғыровтың «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақыны) поэмасын талдай келіп, ...саяси-идеологиялық шектеулерге байланысты ақын шығармалары сапынан оның ең көрнекті екі публицистикалық поэмасы «Таныстыру» (500 жол) және «Айтыс; қала мен дала ақынының айтысы (1036 жол) шығарып тасталды. Бұл поэмалар 1933 жылдан бері көпшілікке белгісіз болып қалып келеді»... деп, әділ бағасын береді. Сол сияқты әдебиетшілер Бейбіт Мамраев, Құлбек Ергөбековтер «Бұл – аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы, аяқталмауы – өкініш, алдағы уақытта «қарғыс таңбасынан» ағартып, ажыратып, әдеби процеске қатыстыра қарастырар ұлы нұсқаның бірі осы «Айтыс: қала ақыны мен дала ақыны» поэмасы десе, зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Арып Еспенбетов «Айтыс» поэмасынан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың суреткерлік құдіреті азаматтық бейнесі ашық көрінеді» – деп, ұлы ақын тұлғасын асқақтата ажарлай түседі. С. Торайғыровтың «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасы жайында бізге жеткен күн шуақты жылуы бар, пікірлер осындай. С. Торайғыров «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасында, қазіргі біздің Қазақстан Республикасының Конституциясына енген, еркіндік, теңдік, егемендік, бірлік немесе саяси бостандықты-дін, ар-ождан мәселесін, экономикалық негіздерді – жердің біртұтас, қазба байлығына қол сұғуға болмайтындарын, ең бастысы «Қазақ тілін» мемлекеттік тіл мәртебесі дәрежесінде көтеру, ел-мәдениетін жақсарту, мемлекетті басқару жүйесі – бір адамға елдің президентіне бағыну, конституциялық сот, ұлттың қарулы күштері сияқты көптеген күрделі мәселелерді 1919 жылы-ақ ақындық зерделілікпен әңгіме қылған. Осының өзі-ақ кемеңгер тұлғаның бейнесін аласартпай – шырқау шыңға шығара түскенін байқаймыз. Өз заманынан оза туған ақын, Егеменді ел болып отырған қазақ елінің «жаңа низамының» ірге тасын бұртын қалап, жөн- жобасын сызып кеткен десек, артық айтпаған болар едік. Замана ағысын, ақындық жүректің бұлқынысы арқылы сезінген С. Торайғыровтың «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасы, әлеуметтік саяси бет-пердесін ысырып, санау К. Маркстен бері жырлап, айтып тауыса алмай келе жатқан, қала мен дала арасындағы (деревня айырмашылығы) ара салмақты, түрлі қиыншылықтар мен қайшылықтарды бүгінгі заман талабына сай шешудің жолдарын көрсетіп қана қоймай, ақындық көзқарас тұрғысында келіп, өзіндік пайымдаулар жасаған. Ал, қазіргі таңда Қазақ елінің, егемендік алып, тәуелсіз мемлекет аталып отырғанда – ақын арманы шын мәнінде іс-жүзінде асып, келелі істер мемлекеттік тұрғыда шешіліп, жатқанын көргенде, С. Торайғыровтың көрегендік ұлылығына тағыда таң қалмасқа болмайды. С. Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасының жалғасы «Кедей» поэмасы болса, «Таныстыру» поэмасында қаланың да, даланың да жалпы қазақ халқының небір жайсаңдарының кесек тұлғалары қазақ өмірінің тыныс-тіршілігімен қабаттаса суреттелсе, «Айтыс: қала ақыны мен дала ақыны айтысы» поэмасында қазақ елінің я болмаса, «Таныстыру» поэмасындағы елім деп, еңіреп өткен ерлердің мақсат-мүддесі, ортақ ой-пікірлері жырланады. Осы орайда, профессор Е. Өтебаевтың «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын, қазақ зиялыларының портреттерінің галелериясын жасады» – деген пікірін өте сәтті шыққан деп, айтар едік. С. Торайғыровтың «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақындарының айтысы) поэмасы қазақ жазба әдебиетінде бұрын болмаған өз тұстарының інжу-маржаны шоқтығы биік тұрған шығарма. «Тақырыптық-көркемдік жағынан да бұл поэма (тағы да «Айтыс» екеуі) қазақ әдебиетінде жанрлық тың түр, жаңа пішін орнықтырған оның дәстүрін игі қуаттары поэзиямызда жалғасын тапқан (мысалы «Дала», «Мен қазақпын») ерекше атап айту қажет» – деп филология ғылымының кандидаты, доцент Қ. Шаяхметов атап айтқан. «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасы расында да, мазмұны жағынан, қозғап отырған идеясы мен түр-жанр жағынан болсын кейінгі толқынға үлгі өнеге болып, әдеби-тарихи процесте өзіндік ойымен, тың шығармалар қатарынан орын алмақ. «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» бір адамның аузынан айтылып, қала ақыны мен дала ақынын айтыстыра отырып, қоғамдық дәуірдің объективті шындығын жырлай отырып, қаладағы – даладағы қазақ өмірінің ауыр тұрмысын – оны жеңілдету жолдарын іздестіреді. «Таныстыру» поэмасында да қара қазақ пен оқыған қазақты бір- бірімен айтыстыра отырып, тарихи бір дәуірдің келбетін көрсеткен. Егер ақын «Адасқан өмір» – поэмасында қазақтың психологиясын нанымды суреттесе, «Кедей» поэмасында, «Кім жазықты?»- романында қала мен даладағы қазақ халқының сол кездегі қоғам, әлеуметтік тіршіліктің бейнесін, қазақ арасындағы түрлі тап, топ өкілдерінің тұрмысын, ауыр қал-жағдайын ашына жырлайды. С. Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасында «Алаш» партиясы мен Алаш орда үкіметінің бірегей азаматтарына саяси баға бере келіп, болашақ «Айтыс» поэмасының бет ашарын жасаған, ой-қазығын қаққан. Бұл екі поэма да тарихтың саяси сахнасынан «ұлттық» деген ат алып, ұзақ уақытта шығып қалды. Сұлтанмахмұттану ғылымына сүбелі үлес қосқан профессор Е. Өтебаевтың: «Партиялық сана сақшыларын шошытқан ақынға ұлтшыл, буржуазияшыл таңба басуға оның өз халқын жанындай жақсы көретіндігі себеп болды» – деген сөзі, шын мәніндегі ғылыми тұжырым еді. С. Торайғыровтың шығармашылық өмірінде 1917 жылғы оқиға ақпан төңкерісі мен іле-шала болған Қазан төңкерісі қатты әсер етті. Шынында төңкеріс деген аты ғана болмаса, заты жоқ, қанды қызыл қырғын екендігін, Қазақ елінің үстінен алай-дүлей жүріп өткен қызыл-ала құйын екендігін, жасыратыны жоқ енді біліп жатырмыз. Осы, қызыл-ала құйынға әуелі «Ұлы Қазан», одан соң «Кіші қазан» төңкерісі деп, ат беріп, айдар тақтық. Байды, құлақ баласын – дуракқа санап, малын, жерін тартып алып, өздерін «ит жеккенге» айдатты.

С. Торайғыровтың сөзімен айтқанда:
Ұлтшылдың, намысшылдық қарасы ұшып,
Ес-дерті болған онда шен мен шекпен.
Жол-жоба түзулікке тоқтау қалып,

Кім бар аяқ ас берсе, сол әкеткен.
Партия, жалақорлық, бақ күндестік,
Күнен күнге күшейіп орын тепкен.
Көбейген терін сатпай, телміргендер,

Жан аз боп еңбегімен егін еккен.
Мас болып партияға қызып алған,
Даланың табиғатын бұзып алған –

дегендей, ежелден қалыптасқан даланың ата дәстүрін, елді билеу саясатын бұзып, інісі-ағасының жағасына, баласы – әкесінің сақалына жармасып, алқымынан алды. Орыс империясының ұзақ уақыт қол астында болып, теперіш көріп жүрген қазақ халқының әлеуметтік топтарының бір бөлігі, орыс патшалығының сойылын соғып, күйін күйіттесе, енді бір бөлігі іштей орыс отаршылдығына қарсы алаштың, ұлттың сана-сезімі ойнаған аухатты адамдары болса, соңғы бөлігі әрине кедей тобы болды. Қысқа жіп күрмеуге келмей, қазақ халқының дүрде араз болып жүрген шағында 1917 жылғы қазан төңкерісі отқа май құйғандай, етек-жеңді жинатпай дүрілдетіп келіп, біртұтас ұлыс болып күнін көріп отырған қазақ елін «бай», «кедей» – деп екі топқа жіктеді де берді. Әуелден таптық санасы айқындалған С. Торайғыров қазақ халқын «бай», «кедей» табына бөліп, кедейлердің өмірінен атақты «Кедей», «Адасқан өмір» – поэмасын жазса, «Кім жазықты», «Қамар сұлу» романдарында профессор Ермек Өтебаев айтпақшы: «дүрбелеңге толы мазасыз кезеңдегі қазақ ауылының саяси-әлеументтік өмірін сипаттайды». Сөйтіп, С. Торайғыров ақпан төңкерісіне қатты қуанып, қазақ елінің еркіндігін аңсады, шаттығымен қуанышы мол шығармалары дүниеге келді. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне сенімсіздігімен қараған ақын – жүре бара кейін жақсылығы жоқтығына әбден көзі жетті. Профессор Е. Өтебаевтың мына бір пікірі көкейге қонымды: «партиялық, таптық, әлеуметтік күрес-тартыс оның судай тасыған көңілін қайырлатып тастады..., қазақ халқының орталық өкіметтерден ешқандай жақсылық көрмеуі жүрегін шайды» – дейді. Расында да, ақтың да, қызылдың да, момын қазақ жұртының үстіне қылышын үйіріп, ойран салуы, ақынның сүттей ұйыған көңіліне қаяау салып, сезімтал жүрегін жаралады. Көңіл-күйіне қатты әсер етті, мінекей, айтулы осы кезең, ақынның «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасының дүниеге келуіне себеп болды. Ақты ақ, қараны қара деп, қара қылды қақ жарып үйренген ақының қаламынан «Айтыс» поэмасының тууы, поэмадағы- хандар мен бектерді, бай мен билерді, ақ бәйбішелердің сән-салтанатын айтып, ел басқарудағы ұйытқылығын жырға қосуы кездейсоқтық емес. Қазақ халқының осын-ау ауқатты топтары біртұтас қазақ ұлысын құрады. «Биеден ала да, құла да туады» – демекші, атқа мінерлердің де бәрі бірдей болған жоқ, кемшіліктері де бір бастарына жетерлік. С. Торайғыровтың – «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасында – хандардың, бектердің, байлар мен билердің сән-салтанатын, тұрмыс-тіршілігін қаншалықты дәл суреттесе, соншалықты кейдейлердің ауыр-тұрмысынан да хабардар етеді. С. Торайғыровтың мақсаты – текті адамдардың харекетін марапаттау емес, болған-өткен өмірдің бояуын солғындатпай, дәл-шынайы түрде оқырманға жеткізу еді. Егер де – ақын басқа шығармаларында кедейлердің ауыр-тұрмысын қаншалықты дәл көрсетсе, соның сыртында тұрған дәулеттілердің пішін – тұлғасын неге шынайы жырламасқа деген ой туады. Ақынның, өмірдегі психологиялық паралеллизмді шебер пайдаланып, шындық болмысқа реалистік көзқараспен қарауы – басқа өзі тұрғылас ақындарда онша болмаған қасиет деп ұғамыз. С. Торайғыровтың байлар туралы «Кебеже қарын, кең құрсақ кемеңгерім», «Қайыры мол қайырымды байды да айтам» – деуі жоғарғы ойдың әсерінен туған пікірлер дегіміз келеді. Сонымен, діттеген жерімізге енді келдік. Мақаламыздың басында айтқандай С. Торайғыров «Айтыс: қала мен дала ақынының айтысы» – поэмасында өмірлік мәселені сөз етті дедік қой, енді қысқаша соған тоқталыс жасайық. С. Торайғыров, даланың заңды соты туралы , «Айтыс» – поэмасында айтып өткен. «Тура биде – туған жоқ» – дегендей, әділін айтқан билерді – «ақылды», «кемеңгер», «тапқыш», «шешен» – деп, патшаның оқалы сотына қарама-қарсы қойып оларды «шүлдірлеген», «дүңгірлеген», «тіл білмеген», «мекең», «мекапар» (тілмаш орыс) «шаштылар», «кәпірлер», «әзірейілдер», «қарғы сап, түймелері жарқырағандар», «надандар» – деп, теңейді де былай деп жеріне жеткізе сынайды:

Қаланың соты құрсын шүлдірлеген,
Түсіне алмай құлағым дүңгірлеген.
Ақ, қарамды тексеріп білмек тұрсын,
Қазақша жалғыз ауыз тіл білмеген...

«Қазақ өмірін білмейтін шаштыларға» дегендей, кешегі орыс отаршылдығының шынайы бейнесін оқып отырып, бүгінгі өмірдегі «шүлдірлегендер мен «шаштылардың» сұлбасының өсіп-жеткенін көреміз. Ел қорғаны батырларды дәріптеу-сонау ауыз әдебиетінен келе жатқан дәстүр. Сондай дәстүрлердің ізін суытпай жалғастырып, жырына қосқан С. Торайғыров. Ол «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы»- поэмасында қазақтың хас басшыларының бейнесін әдеттегідей ұрыс үстінде, шайқас үстінде көрсетпей, артына қалдырған жақсы істерін насихаттап, жырға қосу арқылы көрсетеді:

Ту алып, тұлпар мінген батырларым,
Жатқа жем қылмау үшін жақындарым!
Әрі би, әрі батыр, аңғал емес.
Күшіне серік қылған ақылдарын,

немесе,
Батырлар ант бұзбаған, сертте тұрған,
Күндеу жоқ, жолдасы үшін басы құрбан,
Сондықтан қорқып емес, сенгендіктен

Ел ұстап етегінен басшы қылған...– деп, батырлардың ақылдылығын, сертте тұратұғындығын, күштілігін-ондай ердің артынан елі де еретіндігін үлгі-өнеге етеді. С. Торайғыровтың қаламынан имандылық, дін мәселесі де қалыс қалмаған. «Айтыс» поэмасында:

...Байдан алса, нашарға тарататын,
Сағынбасқа бола ма, ел қамқорын.
Бай демей, әкім демей, көзге айтатын.
Істеген істерінің теріс оңын.

немесе,
...Өз жолын жұртқа жайып таратпаққа,
Мешіт сап, медресе ашқан әрбір елден

– деп, дін иелерінің, адамға имандылықтың, адамгершіліктің ұрығын егіп, тәлім-тәрбие беретіндігін айта келіп, жалғасын тауып жаңғырған «мешіт», «медресе» қызметінің тағылымын, сар даланың емшілерін тәуіптермен байланыстыра жырлайды. Жеке адамның қоғамдағы орны дегенде, еріксізден қазақ даласын мекен қылған халықтың еркелері – ақиық ақындары мен сал-серілері, жыршы-жыраулары еске түседі. С. Торайғыров бұларды «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмасында қазақ ұлтының арман-мүддесін айтушы – халықтың ойы мен ақылының басы-көзі деп қарайды:

Даламның ақындардын айтсам сізге,
Үлгіге сөз патшасын сонан ізде.
Миға тамақ, жүрекке сусын беріп
Данқы кеткен ақын көп бұл үш жүзде –

дей келіп,
... «Қазақтың өміріне айна болған»...,
Жауыздығын бетке айтып жұрт көзінше,
Жауызды өлтірер сөзбен түйреп.

Ол сонда ханды да айтар бұрынғы өткен,
Ерді де айтар халыққа қызмет еткен,
Қайры мол, қайрымды байды да айтар,
Айдын көлдей жұрт келіп жүзіп кеткен,

Суреттер дала көркін, еркіндігін
Ішінде өзі бірге өсіп жеткен
Айтады әділдердің жетілгенін,
Залымның қор болғанын қай ретпен –

деп, ақын сүйген халықты «Ақынға дүниесін берер халық» – дейді. «Айтыс» поэмасындағы сомдалған ақынның бейнесін – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өз бейнесі десек те, өзіне-өзі арнап соққан мәңгілік ескерткіш десек те қателеспейміз.

С. Торайғыров «Ана тілі туралы»:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минөтімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен құлыным, жаным деген.
Сол тілмен бірінші білгізілген,

Ана деген сүйгендік сөз әм менен – деп, қазақ тілінің ғасырлар бойғы құдыреттілігін жырлап, мәртебесін көтереді. Болашақ тілдің тағдырына налиды, қазақ елінің – мемлекеттік тілі, тек қана туған тілі – ана тілі болуы керектігіне баса назар аударады. «Ынтымақ, бірлік деген тірек бар ма? – деп күні бұрын елін бірлікке шақырған С. Торайғыров «Айтыс» поэмасында қала мен даланың мәдениетіне де қатты көніл бөлген -қазақ жұртының бөтен елдің кейбір жағымсыз қылықтарын бойына сіңіріп, еліктегеніне ақынның жаны аурады да озық елдің өнерін, ғылымын, білімін үйренуге шақырады. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» – дегенді мансұқ етеді. «Айтыс» қала ақыны мен дала ақынының айтысы поэмасында» С. Торайғыров ой алғырлығымен тағы да бір қырынан көрінеді, оның алдынала егеменді елдің, өз алдына тәуелсіз теңіз флоты, ұлттық темір жолы, әуе қатынасы, тіптен ұлттық ұланы болу керекті – деген көрегендігі әрине, ақынның ұлттық мүдде тұрғысынан ойлап – пішуінің жарқын көрінісі. С. Торайғыровтың:

Бар күшті жалғыз күнде жиятұғын,
Шырмалған темір жолмен ісің бар ма?
Қызығып, көз алартып қараушыға
От шашып найза ұсынған түсің бар ма? –

дейді де,
«Сен залым, сен зорлықшыл» – дегенменен,
Қарусыз қара сөзден дәнеме өңбес.
Құдай аққа жақ болған замана жоқ,

Күш жеңеді, надандық тіпті жеңбек, – деп айтқаны бүгіндері елімнің ән ұранындай естіледі. С.Торайғыровтың арманы жүзеге асып жатыр. БҰҰ мәртебелі мінбесінен сөз сөйлеп, Қазақ елін, бүкіл дүниежүзіне паш еткен Нұрсұлтан Назарбаев сияқты президентіміз бар – оның бәрі – С. Торайғыровтын бүткіл қазақ елін шарлап кеткен ой – қиялының, іс жүзіне асып жатқан жарқын көрінісі. «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» – поэмасы ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға аяқ басатын аспалы алтын көпір іспетті.Сондықтан да болар «ештен-кеш жақсы» – дегендей «Айтыс» поэмасы, қазақ әдебиеті тарихына, қайта келіп қосылған сарқылмас қазына, болып табылады. С. Торайғыров:

Бостандық дариясы былтыр тасып,
Жұрт кетті ақынға еріп араласып.
Сондай-сондай дәуірді кешіргенін,
Қазаққа әдебиетті берді ашып –

деген қағидасы, бостандықтың жарысы болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске түсірсе, «Жұрт кетті ақынға еріп араласып» – дегені ақынның бүгін де арамызда жүргендей әсер етеді. Ал, ақынның соңғы «Қазаққа әдебиеті берді ашып» – деген өлең тармағын, азат елдің әдебиеті қазақ халқына «Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысы» – поэмасын «берді ашып» – деп, ой қортынды жасауға болады. Баяндама С.Торайғыровтың 100-жылдық мерей тойында жазылып еді. Сондықтан да кейбір жайттарды өзгертпей бердік.

Сұлтанмахмұт шығармаларын талдау үлгісі Айт. Өлең 1914 жылы жазылған. Төрт тармақты, бес шумақтан тұрады. 11 буынды өлең. Силлабикалық өлең өлшеміне құрылған. Өлеңнің негізгі идеясы діни мейрам «айтты» суреттеу. Содан кейін, өлеңнің мәні мен мазмұны бай мен кедейдің тұрмысына арналған. Өлеңнің мазмұнынан бай, кедей және мұсылман өкілдерінің бейнесін көреміз. Ақын – мерекеге дайындалып жүрген: бала-шаға, жастар (жігіттер, қыздар, келіншектер), ата-ана, қожа-молда т.б. әлеуметтік топтардың суретін жан-жақты ашқан. Мысалы: киініп қыз, келіншектер жарқылдайды, шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға, бұраң бел жас сәулемді есіне ала, байлар да кердеңдейді алшаң басып т.б. Метонимия: жамандық ой, дәретпен жып-жылтыр қып бетті жуып, дорба асынған, аштықтан өңі кеткен, есігі ашық т.б. Этномәдени лексика: бәйшешек, сәулемді, сойған қой, қымыз, тиын, сәлде, он бес құлаш, сүрме, дорба, айт кездеседі. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 96. Алғыс. Өлең 1912 жылы жазылған. 1912 жылы ақын Троицк маңындағы қазақ аулына барып бала оқытады. Сонда қазақ ағайындарынан көрген жақсылығын өлеңге арқау етсе керек. Өлең екі шумақтан, он тармақты, 11 буынды. Бір шумағы алты тармақты да екінші шумағы төрт тармақты. Негізгі идеясы ағайынға алғыс айту. «Ағаларым» – деп отырғаны жалпының жалқысы – қазақ халқы. Өлең бата, тілек сияқты бағытта жазылған. Мысалы: Бақ пен тақ, жақсылықтан нұр құйлып, Өмірлі болсын бала-шағаларың!, Бір құдай тілегімді қабыл етіп, Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге – дейді ақын. Құдай – ақын ұғымында жарылқаушы, жоғарғы ие. Алланың нұрын ақын, нұр құйылсын, нұр жауғызсын тіркестері арқылы берген. Сұлтанмахмұт Алланың нұры арқылы өзінің барлық берер жақсылығын, тілегін айтып салады. Ақынның жаны, тәні, тілегі – жақсылық жасаған, халқының үстінде, халқы үшін «жан пида» дегенді мансұқ қылады. Халықтың ескіліктері аға, іні, бақ, тақ сөздерін орынды қолданған. Өлеңде: көп тиді паналарың, төбем көкке жетті сияқты фразеологизмдер де қолданылған. Кейде өлеңнің мотиві Мәшһүр-Жүсіптің «Ағайын» өлеңіне де ұқсайды. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 70. Арабшадан. Өлең 1912 жылы жазылған. Өлең екі шумақты, сегіз тармақты, 11 буынды. Ақын ислам дінін насихаттап, «Арбашадан» нәпсі, құдай, ашу, ақыл, дәреже, қадір-құрмет сияқты танымдық лексика таңдап алып, өлеңнің мазмұнын күшейте түскен. Мәшһүр-Жүсіптің: «Нәпсіңді атқа мінгізбей бақ, Міне қалсаң, желдіртіп, жортқызбай бақ....» – деген өлең жолындағы «нәпсі» дерексіз ұғымды деректі затқа айналдырып, «нәпсіңді шұғылдандыр, жатпа босқа» – деп суреттейді. Сұлтанмахмұт ұғымында «нәпсі» ол-ақыл, ашу. Ақын: ашуды қой, серік бол ақыл – досқа – дейді. Егер «нәпсіні» бетімен қоя берсең (ақылды, ашуды-А.Қ.) сені ол шұғылдандырып қылар шошқа – деп өлтіре сынайды. Шошқа күрделі метафора. Шошқа – надан, һайуан, ақылсыз адамдарға айтылатын жағымсыз сөз. Шошқа һайуаннан, шошқа лексикасына айналған қазаққа сіңімді болып кеткен кірме сөз. «Нәпсісіз» адам «шошқа» шошқадан лас һайуан жоқ, ит екеш ит те, қасқыр да шошқаға қарағанда анағұрлым қасиеті жақын ұғымдар. Шошқа адам көңілі әуліккен, әуесі (С.Т.) судай толқыған, қадір-құрметі асқан, дәрежесі өскенбір құдайдан соңғы «соңғы мен» – деген адам бейнесі. Шығарма философиялық тұрғыдан терең жазылған. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 63. Ауырмай есімнен жаңылғаным. Әңгіме. 1913 жылы жазылған. Шағын көлемді эпикалық жанр. Сюжеті әйел теңсіздігі. Қазақ аулының төңкеріске дейінгі ауыр тұрмысы. Басты кейіпкер Сұлтанмахмұттың өзі. Оқиға негізінен өзінің көрген білгенімен жазылған. Молдеке ол – Сұлтанмахмұт. Оқиғаның мазмұны мен, бірінші жақ арқылы өрбіп отырады. Мәнісі былай: 18 жастағы күйеуі өліп, кішкене балаларымен қалған, оның үстіне ер жетіп отырған бір ұлы қайтыс болған жас келіншек туралы. Жақын ағайындары әлгі әйелді қайын атасының інісі саңырау Жүсіпке бермекші. Әйелге зорлықпен неке суын іштіріп, некесін қиғызып әйел үстіне беруге қазақшылықпен дайындалып, шымылдық та іліп қойған. Әйел тұрмысқа шығуға қарсы болады. Әйел қайын атамның інісіне өлсем де бармаймын деп өлеңмен мұңын шағады. Мұны естіп тұру Сұлтанмахмұтқа ауыр тиеді де су-муымен аяқты аспанға бірақ атып, үйден шыға қашады. Әйел:

Жазаңды ақіретте құдай берсін,
Жер болып жетім-жесір жылай берсін.
Жиылып бәрің бірдей мені жеңген,
Ел-жұртым, қалай ерсің, қалай ерсің?! –

деген дауысы естіледі.

Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 198-202. Қожеке, келдіңіз бе көңіл сұрай? Өлең 1920 жылы жазылған. Бір шумақты сегіз тармақты, 10, 11, 12 буынды (сирек ұшырасады-А.Қ.) аралас. Айшықтаудың бір үлгісі – арнау үлгісінде жазылған. Оның ішінде сұрай арнауға жатады. Фольклор үлгісінде жазылған. Ақын бұл – өлеңінде Қожекеңе арнай отырып, жалпы жұртқа да мұңын шағады. Олармен іштей кеңеседі. Ақынның «жаман» аурумен аурып жатқан кезі еді. «Талапты жиырма сегіз деген жасым» деген бір жолы талай зерттеушілді әуре-сарсаңға салды. Бұдан кейін, кейбір зерттеушілер ақынның 1893 жылы туғанына да күдікпен қарады. Өлеңнің мәні қожаның Сұлтанмахмұт аурып жатқанда көңілін сұрауынан басталады. Өлең шумағы қысқаша мынандай теориялық талдаудан тұрады:

3 4 5
/Қожеке/, /келдіңіз бе/ көңілім сұрай?/ -а
2 4 4
/Менің/ адам болуым/ екі талай?/ -а

3 4 4
/Көп болса/ бір жұмалық/ өмірім бар,/ -в
3 4 4
/Байқашы,/ мына менің/ шамам қалай?/ -а

3 4 4
/Дерт күшті,/ тамағымнан/ жүрмейді асым/ -б
3 4 4
/Жастыққа,/ жөтел қысып,/ тимей басым/ -б

3 4 4
/Тағдырдың/ кездестім ғой/ кермесіне,/ ... в
3 5 4
/Талапты/ жиырма сегіз/ деген жасым/ . б

Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 154. Мұқышқа. Мұқыш Поштайұлына арналған. Өлең 1915 жылы жазылған, 6 тармақты екі шумақты. Әр бунақты ырғақ арқылы ажыратамыз. Мысалы:

/Жарқыным,//мұның қай екпін,/
/Шыдамадың дәйекпен./
/Отыз бес жыл//май алған,/
/Жатуға//жайлап таянған/

/Бір қу//мақұлық таңдапсың,/
/Шорманский паектен./

Троптың (құбылтудың) бір түрі кекесін, яки ирония (грекше eіroneіa – келемеждеу); тағы бір түрі – мысқыл, яки сарказм (грекше sarkasmos – масқаралау). Сұлтанмахмұттың бұл – өлеңі көбіне келемеждеуге құрылған. Мысалы: Шорманский паектен, казанский вогонге, тырнақша ішіндегі «тұлпардан», «сұңқардан» деген сөздер түгелге жуық Мұқышты ажуалауға арналған сөздер. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 123. Сұлтанмахмұт және Төгісов. Т. Әбдірахманов мақаласы. Мақаланың айтайын деген ойы Сұлтанмахмұт пен Көлбай Төгісов (Тоғысов-А.Қ.) «Үш жүз» партиясында болуы туралы. Оған түрткі болған Б. Кенжебаевтің «Сұлтанмахмұттың Көлбаймен бірігіп «Үш жүз» партиясын құруы» сөзі еді. Жалпы, Кенжебаев Сұлтанмахмұтты алашорданың көрнекті басшысы болған жоқ дегенді де айтады. С. Сейфуллин кітабындағы «Үш жүз» партиясының тізіміндегі Сұлтанмахмұт басқа Сұлтанмахмұт Абылаев дейді. Сұлтанмахмұт Төгісовпен байланысы болмаған, Сұлтанмахмұттың «Үш жүз» партиясына ешбір қатысы жоқ деген мәліметті келтіреді. Мақалада Көлбай Төгісовтың кім екендігі жайында да қысқаша айтылып өткен. Төгісов заң қызметкері. «К. Найманский» деген бүркеншік аты болған. 1915 жылы Уфада «Надандық құрбаны» деген тұңғыш пьеса жазған. Ақтамберді мен Көкей ақынның айтысын жазып алған. Біздің ойымызша, Сұлтанмахмұт 1917 жылы 21 қарашада Ә.Бөкейхановты қарсы алып, құрметтеп сөз сөйлеген. «Алаш» партиясының ісіне белсене араласқан. Оған дәлел «Таныстыру», «Айтыс» (Қала ақыны мен дала ақының айтысы) поэмалары мен өлеңдері. Ал «Үш жүз» партиясына келетін болсақ. «Қазақ» газетінің 1917 жылы 26 қараша, 252 нөмірінде Міржақып (лақап аты «Мадияр») Дулаттың «Үш жүздің қулары» деген мақала басылады сондағы тізімде «Үш жүздің» атынан деп тоғыз адамның ішінде Сұлтанмахмұттың аты да бар екені рас. Cұлтанмахмұт пен Төгісов жайындағы зерттеуді әлі де толықтыра түссе деген ойдамыз. Әдеб.: Төкен Әбдірахманов. // Сұлтанмахмұт және К.Төгісов. Жаңа ғасыр көгінде. Жазушы, -Алматы, 1969. -Б. 142-151. Б. Кенжебаев. Қазақ хылқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. Қазақ мемлекет баспасы, 1958 жыл. –Б. 115-119. С. Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу. Қызылорда. 1926 жыл. –Б. 85-102. Хадим, ескі оқу. («Анау-мынау»). Өлең 1912 жылы жазылған. 13 шумақтан тұрады. Оның біреу – бес, екіншісі – жеті, үшіншісі – екі шумағы алты, төртіншісі – он тармақпен жазылған. Көбіне жеті, сегіз буынды. Араб-парсы кірме сөздері: хадим (ескі оқу), жадит (жаңаша, төте оқу) А. Байтұрсынов негізін салған жазу-А.Қ. жадиттер (жаңаша оқитын балалар-А.Қ.), ая (ей) одағайы, талип (шәкірттер-А.Қ.), миллет, несие т.б. Гипербола: ат-тоныңмен жұтады, аузына егер сыйсаңдар, арқаларында ызғар тұр, Литота: Көрген күнің болар тар, метонимиялық литота: қойындарында тастар тұр, мұңайып солып қыздар тұр. Өлеңнің идеясы қазақтарды ояту, ұлттық намысын қайрау. Бұл – идеяның күні-бүгінге дейін маңызын жоймағанын айтуға тиістіміз. Қазақты басқа ұлттармен салыстыру арқылы бастарындағы азабын, бейнетін ашып көрсету. Негізінен бұл – идея Абайдың «Қара сөзінен», Мәшһүр-Жүсіптен бастау алады. Жастарды оқуға шақырады. Дерексіз ұғымдарды: көңілі соқыр, қойындарында тастар, жасты шіріткен шал сияқты сөз тіркестерін қолданады. Сұлтанмахмұт -тұр етістігі арқылы шумақтарды аяқтап, өлеңге өзгеше реңкі қосады. Өлеңнің соңғы тармағын: «Ұйқысын аш, көңілін аш, Алға қарай барып қал!» – деп ұранмен аяқтайды. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 59-60. Халима, кейіпкер («Жанқайдаәділеттііздейтұғын»). Өлең 1909 жылы жазылған. 69 тармақтан тұрады. 11 буынды өлең ұйқасы бір қарағанда дамыту, градация (латынша gradatіo – бірден – бірге күшейте беру) сияқты әсер бергенімен, оқи келе Е. Ысмайылов үлгісіндегі түйдектеу мен баяулату үлгісі де ұшырасып қалады. Мысалы өлеңнің алғашқы 16 жолы -тұғын етістіктің көне формасы арқылы, алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсетін үдерістер, екпін мен ырғақ бар. Айталық, іздейтұғын, көздейтұғын, үзбейтұғын, сезбейтұғын, кезбейтұғын, безбейтұғын, езбейтұғын, жүзбейтұғын, дейтұғын етістіктері. Өлеңнің сюжеті өлеңнің аты айтып тұрғанындай «әділетті іздеген адам». Тақырыпмәңгілік сұрақты мәселе қылып көтерген. Сол әділеттілікті іздеу жолында ақын, түрлі мағыналы қазақтың не бір әсем, маңызды, ойлы сөздері арқылы беруге тырысқан. Ақынның тіл шеберлігі осындайда көрінеді. Антонимдер: тірлік-өлген (С.Т.), әділет-арамдық, тұрақты тіркес: күдеріңді үзбе, арам ойдың, шайтан азғырса, арамдық теңізі, мылжың сөзді, ақтық жол, тең басқан төрт аяғын, теңіздей әлем, бата сөз, суша ағызып, соқыр сезім, албырт көңіл, ішінде ит өлігі, жүрек сыры, кім тінтіпті оның ішін, мал жанды, пұшпақты уқалаған, көзін жұмып, түнде жортқан, сырты сенде т.б.Мәні мен мазмұны мынада: Басқы шумағы әділеттілікті іздеген жанның мұңы айтылып келеді де, әділетсіз молдаға ойысады. Молда кедей мен момын түсетін тор болар дейді ақын. Жалпы, ел ішіндегі «молданың айтқанын істе ме, істегенін істе», «дүмше молда ел бұзар» – дегенді мансұқ қылады. Одан кейінгі ой-мазмұны қызға ауысады.

Сұлтанмахмұт қыздың суретін:
Соның бірі Халима молда қызы,
Бетке шықпай көмілген жүрек сызы.
Бай таңдамай, мал таңдап, неке бұзған,

Бұйырмай баталығы, дәмі-тұзы – деп, қыздың дертін, жолы болмаған махаббатың ащы болса да нақты ашады. Сайқал Жақып ебін тауып, қыздың басын дуалап, айналдырып, етегін, бетін ашқан. Балалығын бұзған. Жақып сияқты жігіттер қазір де қаншама қыздың сорына, обалына қалып, зарлатты десеңізші. Содан Халима қыздық белгісінен, бар абыройынан айрылып, іші үрлеген қуықтай бос қалған. Мінекей, ақын осы-тетікті дәл тауып, дөп басып «бетке шықпай көмілген жүрек сызы» – деп өлтіре сынайды. Бұл – қасірет жалғыз Халиманың басындағы қасірет емес, мыңдағын қазақ қыздарының да жазылмас жарасы еді. Қазақ қыздарының кейбірі осы себепті де опық жеп, алданып, ашынып, барар жер, басар тау жоқ «тесік моншақ жерде қалмас» қара нәсілді зеңгілерге, шүршіттерге тұрмысқа шығып кетіп жатқаны да өкінішті-ақ. Және де беті ашылған қызды алған жігіттің де өмірі өкінішпен өтері анық еді. Ақын Халима қыз арқылы, бай таңдамай, мал, байлық таңдаған Халиолладан артық көріп, малды, өңсіз, сұр Жақыпқа тұрмысқа шыққан қыздың бейнесін суреттейді. Халима ел ішінде қаңқу сөзге іліккен, ойнасты тәуір көретін қыз. Оны ақын: «Қыз ғой деп ойлаушы едік көріп сырттан, Шықты ғой қатын болып елді құртқан» – деп суретін келтіреді. Осындайда Абайдың:

Шу дегенде көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп,
Кімі паңдау келеді, кімі тантық –

деген ойымен үндеседі. Сұлтанмахмұттың бұл – өлеңі әлі де болса құндылығын жойған жоқ. Қазіргі ел ішіндегі келеңсіз көріністерді аямай әшкере етеді. Бұл – ақынның көрегендігі. Елін, қазақ халқын жаман әдеттен сақтандыратын шығарма болып табылады. Ең соңында ақын пәк махаббатты жақтайды, ту қылып көтереді. Мысалы: «Сүйіскен махаббаты одан жақын» – дейді. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. – Б. 37 – 38. Байбол, әдеби кейіпкер. «Кім жазықты» романынан. 1914-1915 жылдары өлеңмен жызылған роман. Өлеңмен жазылған романның қысқаша мазмұны мынандай. Тасболат жұрттан асқан бай, он бес жыл болыс болған, Мекке барған. Тасболаттың ағасы Жақып мырза онша дәулетті емес орташа бай. Тасболат орыс тілін білмейді, не баласы да оқымаған, сондықтан тіл білмесе болыс сайламайтын заң шығады. Тасболат Жақып ағасының баласы Жақанды болыс қояды. Жақан жағынып, болыстыққа кандидатты әрең алады. Тасболат не өзі орысша білмейді, не баласы орысша білмейді болыстық басқа біреуге кететін болған соң амалсыздан Байболды болыстыққа қоюға, сайлауға мәжібүр болады. Болыс болған Байбол орысша сауатты екі тілді де жүйірік біледі, оқыған адам. Ақын оны:

Оқуды іздеп еді Байбол жаста,
Мәз болмай, Жақанға еріп, ішер асқа;
Жасы жас, семинарияға былтыр кірген,
Өтірік «приговормен» толды жасқа –

деп суреттейді. Байбол Тасболаттан да оның ұлы Жақаннан да асып кетеді. Ел ішінде беделі өседі. Байбол шу дегеннен болыстықты жақсы көрмеді. Оқуды аңсады. Тасболат жай сөз арасында ғана жаны ашығансып: «Қонақ күт, оқып не бар саған!» дейтін. Жақан өліп, Тасболат бір баласы Әжібайды орыс оқуына оқытып еді. Сол баласын Байболдың орнына болыс қылмақшы болып, әрекет іздейді. Ел ішінде қатыны көп бір бай өліп, ол Қарт деген баймен араз болған. Араздық малдан басталған, өлген байдың ағайындары Қартқа азуын басып жүрген. Өсектеп, құн мал даулаған. Бұл үлкен дауға айналған басқа елдің жақсылары осы істі басамыз деп қолға алған тек қана болыс Байбол ғана араласпаған. Осы істен кейін болыс сайлауында Әжібай жеңіп, болыс болады. Байбол ағайындарын тыңдаймын деп достан да, жақыннан да айрылады. С. Сейфуллиннің: «Шырқ айналар шіркін тауық, қолыңдағы жеміңе» – деген сөзі еске түседі. Байбол шөбін жинап, малына қарап, жүре береді. Ел ішінде ұры-қара көбейеді, дау-дамай өседі. Байбол ізденіп, Омбыға барады. Әжібай Күлтай деген қызын Керейлерге беріп, және үш қызын оңды-солды тұрмысқа беріп ауқаттанды, малды болды. Болыстықты қайыра алды. Бірақ та Әжібайдың өзінің істегенін баласы Қабыш жалғастырды. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 129-182. Жақып, кейіпкер («Жан қайда әділетті іздейтұғын»). Өлең 1909 жылы жазылған. 69 тармақтан тұрады. 11 буынды өлең ұйқасы бір қарағанда дамыту, градация (латынша gradatіo – бірден – бірге күшейте беру) сияқты әсер бергенімен, оқи келе Е. Ысмайылов үлгісіндегі түйдектеу мен баяулату үлгісі де ұшырасып қалады. Мысалы өлеңнің алғашқы 16 жолы -тұғын етістіктің көне формасы арқылы, алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсетін үдерістер, екпін мен ырғақ бар. Айталық, іздейтұғын, көздейтұғын, үзбейтұғын, сезбейтұғын, кезбейтұғын, безбейтұғын, езбейтұғын, жүзбейтұғын, дейтұғын етістіктері. Өлеңнің сюжеті өлеңнің аты айтып тұрғанындай «әділетті іздеген адам». Тақырып мәңгілік сұрақты мәселе қылып көтерген. Сол әділеттілікті іздеу жолында ақын түрлі мағыналы қазақтың не бір әсем, маңызды, ойлы сөздері арқылы беруге тырысқан. Ақынның тіл шеберлігі осындайда көрінеді. Антонимдер: тірлік-өлген, әділет-арамдық, тұрақты тіркес: күдеріңді үзбе, арам ойдың, шайтан азғырса, арамдық теңізі, мылжың сөзді, ақтық жол, тең басқан төрт аяғын, теңіздей әлем, бата сөз, суша ағызып, соқыр сезім, албырт көңіл, ішінде ит өлігі, жүрек сыры, кім тінтіпті оның ішін, мал жанды, пұшпақты уқалаған, көзін жұмып, түнде жортқан, сырты сенде т.б. Халима өзін сүйген жігіт Халиолланы менсінбей Жақыпты таңдайды. Жақыпты Сұлтанмахмұт малды, қара сұр, тапал бойлы, баққа құмар, арам ойлы адам бейнесінде суреттейді. Халиманы Жақып алдап, өзінің арам ойын жүзеге асырған. Екі жүзді, М. Әуезовтің қызды зорлаған жағымсыз бейнесі Ақан болыс сияқты зұлым. Сұлтанмахмұт:

Халиолладан Жақыпты артық көріп,
Сүйгені таң қаламын қандай пішін.
Қара сұр адам еді, тапал бойлы,
Мал жанды, баққа құмар, арам ойлы –

деп Жақыптың суретін өлеңмен келтіреді. Бұл арада ақын, Жақып сияқты қыздың абыройын аяқ асты қылып, екі қабат етіп, алдап тастап кететін алаяқтарды ашына жазады. Қазақ елі осындай қулардан «қызығын қулар көріп, шыжығын адалдар көретін» жауапкершілігі жоқ, жігітсымақтарды өлтіре сынайды. Бұрынғы заманда қойнына қыз салып, тұқым алып қаламыз десе де жөйтінен қолымен бір тартып «асыл пышағымды, б.... былғамаймын» дейтін Олжабай батырлар қайдан тусын. Сұлтанмахмұт Жақып сияқты жігіттерден аулақ болуға, ұлттық намысқа кір келтіретін, санасыздарға қатты соққы береді. Қазақтың дала заңында ойнас жасаған қызға да, жігітке де жаза қолданып, өлтіріп те жіберген. Қодар мен Қамқаның өлімі т.б. еске түсіріңіз. Сұлтанмахмұт та дала заңының бір көрінісін былай суреттейді:

Қаладан ойнас байын білу керек,
Басына, қолға түссе, міну керек.
Өгізге теріс мінгізіп, ел қыдыртып,
Мойнына құрым киіз ілу керек –

деп жазды ақын «Кім жазықты» романында. Осындай ұлтты азғындықтан сақтайтын, келер ұрпақтың «ұмайдың» таза, пәк болуын қазақ заңы қатал қадағалаған. Ерекше заң шығарған. «Күнә» ар алдында кешірілмес, ауыр қылмыс болып саналған. Өйткені, «күнәнің» жүгін кейінгі ұрпақ көтерген. Ата-анаға, қала берді күллі руға намыс әкелетін жаман әдетті ақын-жазушылар үнемі жырға қосып, жазып отырған. М. Әуезов «Кім кінәлі?»– деген әңгімесінде Жақыптың Ғазизаға айтқан: «Бұл күнге шейін алам десем, сені қыз деп жүрген шығармын. Бүгін қатын екеніңді білген соң, маған да қара тиынға керегің жоқ!» – деп, қатты ұрып, сабайды да Ғазизаны үйден іш көйлегімен ғана қалтырып қуып шығады. Сұлтанмахмұт Жақыптың іс-әркетін суреттей отырып, «жақсылықты үйрен, жаманшылықтан жирен» – дегенді баса айтады. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 37-38. Жаңыл, әдеби кейіпкер. «Кім жазықты» романынан. Жанғабылдың қызы Жаңыл Әжібайдан жасы үлкен. Тасболат Әжібайды бес жасында, он бірдегі Жұмағұл байдың қызы Жәмилаға айттырып қойған. Әжібай Жаңылды Жәмиладан бұрын алады.

Ақын Жаңылды:
Ақылы аз Жаңылдың да оңып тұрған,
Мінезі құстай ұшып, қонып тұрған.
Сүйегі тым бос емес, іске тәуір,

Парықсыз дарақылау, бойы бұлғаң – деп суреттейді. Жаңылдың үстіне Жәмиланы да Әжібай әкеп кіргізеді. Үш-төрт жылдан соң Жаңыл бір бала табады. Жаңылдың бетінде жасында шешектен қалған дақ бар, ұсқынсыз болады:

Жаңылдың түскен жылы шешек шығып,
Бет-аузын кетіп еді бұжыр қылып.
Фельдшер әкеп жасында ектірмейді,
Демеді: «Басқа өмір қармалайын».

Әжібай қалада қыдырып үйіне келсе, Жаңыл бесіктегі баласын тастап төркініне қашып кетіпті, Бірақ, кейіннен төркіні «өз еркің ұрса, ұрысса» деп қайыра әкеп тастайды. Әжібай Жаңылды күнде сабайды. Әйелдің қызығына тоймаған Әжібай тағы бір қызды екі қабат қылып тастап кетеді. Жаңыл қыз тауып оның атын Күлтай қояды. Оған Керей елінің жігіті қарғыбау беріп, құда түсіп, басын байлайды. Жаңылды шешем дейтін жалғыз Күлтай ғана. Әжібай Керей елі көп мал берген соң қызы Күлтайды ұзатып салды. Одан кейін тағы үш қызын тұрмысқа беріп, қатты байып кетті. Үш қатын күнде төбелесіп, бірінің бірі шашын жұлып, басын жарады. Әжібайдың мұны көріп еті өліп кетеді. Жаңыл мен Зықыш өле-өлгенше өш болады. Зықыш пен Әжібайды татуластырған Әнуар мен Күлтай еді, оны Жаңыл көре алмай, іш құсамен жүреді. Олардың балаларына да алаңдайды. Қабыш сияқты тағы бір Әжібайдың өсіп келе жатқанына налыйды. Сұлтанмахмұт қазақтың әйел үстіне, әйел алған күндес заманды суреттейді. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 129-182. Зылиқа (Зықыш), әдеби кейіпкер. «Кім жазықты» романынан. Әжібай Жаңыл, Жәмиладан соң бір қызды екі қабат қып тастап кетіп, бай жердің қызы Зылиха (Зықышты) алады:

Қыздың аты Зылиха (Зықыш) еді,
Әжібай шат, таптым деп, өзі теңді.
Өткір, пысық, айыбы - өте надан,
«Әжібайды билер-ақ» деп халқы сенді.

Басында Әжібай мен Зықыш тату-тәтті өмір сүрді. Әжібай, Жәмилаға да, Жаңылға да бармады. Зықыш ол екеуін күндеп жүрді. Күндестің күлі де күндес деген шынға айналды. Әжібай сол баяғы желбастығын қоймады. Үйге келгенде қатындарына әңгір таяқ ойнатты. Әжібай жоқта Зылиқа жігіттермен көңіл қосып ойнас жасады, оның бұл ісін Жаңыл көріп қояды. Зықыштың содан былай құты қашып кетті. Ұрының арты қуыс деген осы болды. Зықыштың іші білінген сайын, Жаңылдың жаны кірді. Бір күні Зықыш босанып, жаңа туған баласын ішімен басып, тұншықтырып жатып алып өлтіреді. Оны көрген кемпір баланы алып, далаға апарып қарға көміп тастайды. Зықыш қотыр бұзау, арық-тұрақ жататын, сасық жерде жатады. Есіне баяғы Әжібайдың күйдім, сүйдім деген сөзі түседі. Қателігіне өкінеді. Әжібайдың босағасында ит құрлы жоқ, берген жуындыны ішіп, күнін көреді. Әжібай қатты сабап, аузын қан қылып, күрек тісін түсіреді. Жәмила Тасболатты күтіп, уақыт өткізеді. Жаңылға Әжібай мүлдем қарамайды. Зықыш бір баласымен әуре болады. Кейіннен Әнуар мен Күлтай Әжібай мен Зықышты татуластырады. Зықыштың ішкен-жегені бойына жұғып қайта оңала бастайды. Бұл – Жаңылға ұнамайды. Мінекей, осылай күндес әйелдердің өмірі жалғаса береді. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 129-182. Көшу, (1914) өлең. 10 шумақ, бір шумақ екі жолдан тұрады, екі жолы жоқ. Өлең 1914 жылы жазылған, 11, 12 буынды, аралас ұйқас. Өлеңнің айтайын деген ойы. Қыстайғы қыстауда отырған кедейлердің бейнеті. Мал қораларының маңы күрелмеген сасып жатыр. Көшуге дұрыс арбалары, жіптері де жоқ. Арбасының дөңгелектерін қораның ішін бөлу үшін қойған. Көшпешке амалдары жоқ, өйткені келесі жылға шабындық керек. Маңайдағы күл-қоқысын көшуге асығып, жеңіл болу үшін, жұмыс істемей, жерге көмбей-ақ, жеңіл көңмен жаба салған. Сиырларын арбаға жегіп, қайбір оңған арба оның өзі қиралаңдап, жолшыбай сынып, бейнет көруде. Байлар қатындарын сабап, бала шулап, ит ұлып, сиыр мөңіреп, бота боздап ауыл азан – қазан. Кедей ауылдың байы да оңды емес, шаруға қыры жоқ. Қазақ ауылдарының сыйқы осы. Мына 3 бунақтар бір – бірімен ырғақ тауып, ұйқас арқылы үндесіп, жымдасып жатыр.

3 5 4
Елжіреп/ қардың көңілі/ өкпек желге/ -а
3 4 4
Жер жібіп/ және тойып/ аққан селге./ а

3 4 4
Күн сайын/ күн күркіреп,/ көк дүркіреп,/ б
3 4 4
«Көш» дейді/ қыстай сасып/ жатқан елге./ б

Өлеңде дерексіз ұғымдар эпитеттің орына қолданылады: елжіреп қардың көңілі өкпек желге; күн күкіреп, көк дүркіреп; Метонимия: нашарлар көлік үшін жүріп қойған; Өлеңде сөз тіркестері: көштің қамы, шықса да ұлан қыстай, бел жіп, көш жүре келе түзелер. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 39-100. Қазақ халқының діни наным-сенімдері (С. Торайғыров шығармаларында келтірілгендері бойынша). «Қамар сұлу» романында Қамардың Бәйтек молда боқшасынан «Құласатіл масаилін» алып: «–Қана! Дастархан, неке... су, күміс салу керек... куә, - деп белсеніп, сыбанып жұмыла бастады» – деген жолда қазақтың ескі шариғатының өздері қолдан, ойдан қосқан лебі сезіледі. Айталық, неке суына күміс салу дәстүрі жолшыбай қосылған, молданың өзі алу үшін ойлап табылғаны көпе көрнеу көрініп тұр, дәстүрге ешбір қатысы жоғы байқалады. Тағы да: Бұл алдаушылар жауыздардың қайсы бірі басында дуа бар деп, қайсысы қызылды-жасылды тіл-сұқтай бірдеңе жабысқан, басын айналдырып тұратын сол деп, қайсысы тіпті дәнеңе де емес, жастық-мастық деп, Ахметпен желігіп, аруақты қорлағандай болды ғой, кешегі қара шаңырақтағы жарықтық бабаң Құттымбеттің аруағы тегін дейсің бе? Сол аруақ мұны тауып жатқан. Әне, Омарды соқты ма? Тағы қарап тұр, Ахметті соғады. Зиратқа түнетіп, шырақ жағып, құрмалдық союға керек... деп, жүзі жүз түрі ем айтып жатушы еді. Міне, бұлардың қайсысына болса да Нұрым мырза сүттей ұйып: – Пәле, пәле. Тіпті жөні бар; аруақ асыға ма, саса ма? Біз ұмытсақ та, жарықтықтар жебеп-желеп жүреді ғой, – деп арқасы шымырлап кетіп, тез мола басына түнетіп, талай ай мүйізді, аша тұяқтыларын құрмалдық қылып, жамбасы мен терісін емдеушінің өзіне ұстатса да жазыла алады. Онан соң үшкіру, түкіру деген нәрсе күнде нөпір. Қолында сандықтай құраны, алхам мен құлқуалла білетіндердің аузында дамылы жоқ. Емдеуші мұндай көп болар ма, үйге сыймай лық-лық етеді. Көбіне тиын түспесе де, «Бір тойған шала байлық» деп, өңмеңдей беруші еді... Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өкпесімен қағып көшіру ме, жынға орау, «қырық аяқ сумен ұшықтау», «бозбұға, сарбұға», жеті түрлі дәрі-дәрмектің басын қосып емдеу ме, не керек, әйтеуір, осылар секілді «қасиетті» қазақ емдерінен оллау ағлам қалғаны бар ма екен? Осы алынған мысалда қазақтың ежелгі ескілігі орын алған. Мысалы: неке суын іштіру, ішіне күміс салу, зиратқа түнету, аруақ шақыру, шырақ жағу, құрмалдық сою, құрмалдық сойып, жамбасы мен терісін емделушіге ұстату, үшкіру, түкіру, қорықтық құю, қара малдың өкпесімен қағу, жынға орау, қырық аяқ сумен ұшықтау, «бозбұға», «сарбұға» жеті түрлі дәрі-дәрмектің басын қосып емдеу, тамыр ұстау, тұмар алып үшкіру, жеті жылғы ту қойдың өкпесімен қағу, сары ешкінің қарнын құшақтату, жеті күн ұдайы зікір салу, басындағы дұғасын алу, қырық-елу жынның арасына отырғызып қою, төбесін шапқымен тесу, шаша, тырнақ, жібек т.б жіпке тізіп қанға бояп ішінен алып шыққандай әсер қалтыру, жеті қуыршақ, жеті қара тікен тұз, үш жылғы қара ту ешкінің сүйегімен көшіру, т.б. Әрине, Сұлтанмахмұт шығармаларында қазақ-ескіліктері туралы жадығаттар өте көп, соның ішінен кейбірін ғана теріп алып, ұсындық. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Екінші кітап, Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. Қалтан, әдеби кейіпкер. «Қамар сұлу» романынан. Жорға Нұрым Қамарды тоқалдыққа сұрап, кісі салады. Омарға Қамардың әкесіне екі ағасы Қалтан, Оспан бас-көз жоқ қайырлы айта келеді. Омарға Қасенді орысша шоқындырсаң шоқындыр, бірақ, Қамарды оқытып қоя алмаймыз, Нұрымның қай жерінен кемшілік іздеп отырсың деп, екі ағасы ақыл айтып ұрсады. Көбіне сөйлеп отырған ағасы Оспан, ал Қалтан онша үндемейді. Қалтан үндемегенмен дымы ішінде жүрген қу, залым Қамарды Нұрымға беруге қарсы емес. Сұлтанмахмұт:

Кәрі ағаң – Оспан, Қалтан құдай атқан!
Қамарды зар жылатып ұстап сатқан.
Болмасқа кетті Қамар ғаззи баурың,
Үміт жоқ, қайта шығар күні батқан –

деп, Оспанды да, Қалтанды да сатқын, Қамар қыздарын мал үшін айырбастап жіберген сұмдар, Омарды да сыртынан билеп, төстеген екі жүзді сайқалдар қатарына жатқызады. Нұрым Оспанның досы, бәрін істеп жүрген Оспан. Тіпті, Оспанның қатыны да Қамардың Нұрымға барғанына қарсы емес. Қалтан сол оқиғаның басында көрінгенмен, Оспан ағасы екеуі бір адам. Оспан кім, Қалтан кім бәрібір. Бірақ та, ең қауіпті үндемей істейтін адам ол – Қалтан. Оқиғаның нақты ішіне араласпаса да басы қасында жүрген, тығылып істейтін жаман жау. Ондай ашық іске көшпей тығылып, сыртынан пышағын қайрайтын жаман адамдар қоғамда қазір де бар. Сұлтанмахмұт осындай ішкі пікірі өзінде, беймәлім адамдардан қорқу керек, олардан сырт айналып жүру керек деген қорытындыға келеді. Сондықтан да Қалтан образы беймәлім күрделі бейне болып табылады. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Бірінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987 жыл. –Б. 69 - 127. Аппақай, әдеби кейіпкер. «Кім жазықты» романынан. Тасболат байдың Әжібай деген сотқар ұлы болады. Жұмағұл Жәмиланың әкесі. Тасболатпен құда болған. Әжібай – 5-те, Жәмила 11 айттырылған. Әжібайдың ағасынан қалған қайнысы Жаңғабыл бидің қызы Жаңылды 18-ге толар толмастан алады. Жаңылдан Әжібайдың бір баласы бар. Әжібай арақ ішкіш, қызға барғыш. Екі әйелі тірі жесір болып үйде отырады. Әжібай «Қызыл су» деген қаладағы Бейсен деген шалдың оның екі ұлы, бір қызы бар. Қызының аты Аппақай. Ұлының бірі оқыған – учитель. Бірі ішкіш аты – Жүсіп. Бейсеннің оқыған ұлы Аппақайды өзі сияқты оқыған қазақтың фельдшеріне берем деп жүрген. Қазақтың ғұрпымен Аппақай ды да бір жігітке айттырған, бірақ, Аппақай ол жігітті көңілі сүймеген. Сұлтанмахмұт Аппақай мен фельдшер жігіттің махаббатын:

Таныс боп фельдшер жүрген келіп-кетіп,
Ішкі ойы Аппақайды көңіл етіп;
Жүрегі Аппақаймен құп жарасқан,
Бірақ, сөз байланбаған уәде бекіп –

деп өлеңге қосады. Аппақай сұлу, хат таниды, сауатты ақылына көркі сай қыз.
Аппақай хат біледі, мінезі ашық,
Әнге ұста, домбыраға кеткен асып.
Азырақ орысша да сөйлесе алады,

Жасынан жүргендіктен араласып.
Жұрт аузы Аппақайды мақтаушы еді,
Қырынан бозбалалар жақтаушы еді.
Қолдары жетпесе де қоразданып,

«Басы бос емес... әттең... қап!» деуші еді – деп ақын Аппақайдың тамаша суретін өлеңмен өріп келтіреді. Әжібай Аппақайдың арақ ішкіш Жүсіп деген ағасын дос қылып алып, өзінің сөзін өткізбекші болады. Бірақ, ақылды Аппақай Әжібайды маңайына да жуытпайды. Өзінің сүйген жігіті фельдшерді аңсаумен болады.

Аппақай фельдшер келсе, бек қуанар,
Бір-бірін көздерімен қабыл алар.
Әжібай іштен тынып, іші күйіп,
Аңысын екеуінің байқап қалар.

Әжібай өзінің алған бетінен қайтпайтын, айтқанын істеп, талай қыздың басына су құйған болатын. Енді келіп, Аппақайға келгенде мысы құрыды, шын сүйетінін білді, басын тасқа ұрды бірақ, Аппақай алған бетінен қайтпады. Жүз шақырым қалаға фельдшер жігітпен қол ұстасып көшіп кетеді. Ақын, көп асқанға, бір тосқан дегенді айтқысы келді. Әжібай да етпен, сүйектен жаратылған жан, оның да жүрегі бар, сондықтан да ол да қыз сүю бақытына ие болуы керек еді. Бірақ, ол бақтан өзінің қылығымен айрылды. Өмір бойы опық жеді. Ондай жігіт сымақтар әлі де болса, ішімізде бар, мінекей, шығарма соларға үлкен соққы бола алады. Сондықтан да шығарманың тәрбиелік мәні зор. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987. – Б. 129-181. Ахмет, зиялы қауым бейнесін алғаш болып суреттеген Ахмет Мұхаммет пайғамбардың қысқарған есімі. Ахмат, Махмет, Махамбет, Могомет т.б. Араб тілінде мақтаулы, қалаулы, жақсы деген мағынада. Сұлтанмахмұттың әдеби кейіпкері. Қамардың әкесі Омарға үш-төрт атадан қосылады. Сарбас аулының Жәуке деген кісінің 21 жастағы ұлы. Жәуке өзі нашар өмір сүрсе де бар таянғанын жалғыз балам оқысын деп соның аузына салды. Жәукең жалғыз баласының арқасында аузы аққа тиіп, есіктегі басы төрге жетті. Ахмет Қамардың ағасы Қасенмен құрдас. Ахмет пен Қасен рушті сыныфтарын одын кейін иғдади сыныфтарын бітірді. Рушті – 5-7 кластар көлемінде. Иғдади – 10 класс көлеміндегі оқу. Ахмет пен оқуы жағынан тең ол – Қамар. Қамарды Ахмет сүйеді. Бірақ, Қасенмен бірге жүрген соң бірі аға, бірі қарындас есебінде сыйласты. Ахмет Қамарды ала алмайды себебі кедей жігіт малы жоқ. Қамар бара алмайды себебі байдың қызы. Қазақта махаббатпен үйлену салты әлі сіңіспеген салт. Ахмет пен Қамар келе – келе бірінсіз бірі бір минут көрмесе тұра алмайтын халге де жетті. Ахмет Қамарға өлеңмен хат жазады:

Қалам қас, мамық тамақ, уыз қойын,
Мөлдір көз, тілің бұлбұл, алма мойын.
Көңілімді көкке ұшырмай дауалатшы:
Алып-ұшып барады тұла бойым.

Қамар хаты ақырына дейін оқи алмайды, шыдамы жетпейді. Ішкі ойы Ахметпен бірге болғысы келсе де оған Қамар жол бермейді. Ахметке көңілін суытарлықтай хат жазады. Қысқасы екеуі біріне бірі араздасу, қоштасу хаттарын өлемен жеткізеді. Ескілік көлеңкесінде қалған Қасен, Омар, Ахмет ұрда, жық үстем тап өкілдеріне ештеңке істей алмайды. Ақыры Ахмет сол – үстем тап өкілдерінің қолынан қаза табады. Шығарма 1914 жылы жазылған ол – уақытта ел-ішінде бір толқынды күткен жай бар еді. Сұлтанмахмұт сол лепті толқынды жастардың бұлқынысы арқылы көрсеткісі келді. Жалпы Ахмет, ақынның прототипі екендігі байқалады. Ахмет дәрменсіз. Қанша оқыса да әлсіз. Жігерсіз. Қамарды алып қашуға дәті жетпеді. Жетпеген себебі ата-анасын, туыстарын ойлады. Ахметті бір жағынан жазғыруға да болмайды заман солай болды. Күллі іріп-шіріген қоғам солай құрылды. Әйел теңсіздігі деген болған жоқ. Қаншама әйел сорлы жылап еңіреп, сүйгеніне жете алмай бұл дүниеден өтті. Қамар мен Ахмет, Қамқа мен Қодар, Еңілік пен Кебек, тіпті қала берді Қозы мен Баян, Қыз Жібек пен Төлеген махаббаттары баянсыз болды. Ақ махаббат, пәк махаббат бар ма? Неге жастар өліп-өшіп, күйдім, сүйдім деп қосылады да бір күн болмай жатып ажырасады. Оны себе, тамыры неде? Алғашқы махаббат деген не? Жалпы, махаббат атаулының түбіне жететін алғашқы махаббат болар бәлкім. Сұлтанмахмұттың шығармасы осындай сұрауы бар да, жауабы жоқ күрделі мәселелерге жауап іздейді. Сондықтан да бұл – мәңгілік шығарма қатарына жатады. Себебі, ақ махаббатқа патшалық уақытта ескіліктің, үстем тап өкілдерінің кесірі тисе, кеңес өкіметі кезеңінде кейбір жастардың обалына қызыл жатахананың кесірі де тиді. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987. – Б. 69-127. Иманшарт, діни сауатын ашу, оқу түрі. «Кім жазықты» романында келтірілген. Сұлтанмахмұт:

Оқытқан «әліпсін-ә» надан молда,
«Иман шарт», «Әпитегін» беріп қолға.
Онда да тумыстағы зеректікпен
Үш жылда хат таныған шала-зорға –

дейді. Иманшарт араб сөзі. Екі компоненттен тұрады. Біріншісі – иман: вера – вера в бога, верование; доверие, честность. Екіншісі – шарт – шәрт араб сөзі. Условие, уговор, договор, кондиция, обязанность, обязательство, долг, испонение, условия, обязанности долга. Сыныптарда арабша оқылатын әліппе. Әдеб.: Рүстемов.Л.З. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских займствованных слов. Алма – Ата «Мектеп», 1989. – Б. 127-128. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. – Алматы, «Жазушы» 1987. – Б.129-181. Намаз, дін сөзі (ақын «Кедей» поэмасында қолданған). Намазсөзіненнамаздігер туынды сөз пайда болған. Би (биресми, бисаясат) араб-парсы тілінен енген буын үндестігіне қайшы келген сөздің алдынан келетін қосымша. Биараб-парсы тілінде өз алдына белгілі бір ұғымды білдіруіде мүмкін. Бесіннің сол мезгілде уақыты кірді, Орнынан намаз үшін Расул тұрды (Мәшһүр Жүсіп); Намаздігер өткенше, Намазшамға жеткенше («Қобыланды батыр» жыры); Намазын оқып шам жағып, Бұрынғы қылды әдетті («Алпамыс батыр» жыры); Бесінде жаумен алысып, Намаздігер болғанша, Алдырмай кетіп барады (ЌЖ); Сұлтанмахмұт:

Ораза, намазыңды, әсте қойма,
Құрбан шал, ақыреттің қамын ойла.
Пітір бер мезгілінен қалдырмастан,
Оразаның сауабын, жаным, жойма!

В. Радлов: намаз: 1) сабаһ намазы (таңертеңгі намаз); 2) ÿіlä (өлі намаз), бесін намазы; 3) екінді намазы (намезідігер); 4) ақшам намазы (намазышам); 5) пасык, кутпан намазы деп беске бөледі. Намазлік - 1) обучение; 2) назначение на должность. Л. Будагов: намазлыкъ – шкурка отъ дикой козы, или небольшой коврикъ, для совершенія молитвы. Намаздігер – вечерняя молитва (Будагов, 292); Третья из обязательных пятикратных молитв, творимая мусульманами на закате солнца, когда до захода солнца оставалось расстояние в два копья (287). Намаздігер–третья из обязательных молитв, творимая мусульманами на закате солнца, когда до захода солнца оставалось расстояние в два копья (ҚЖ, 287). (Е. Жанпейісов, 139 -141). Қосымшалар арқылы намаз(намаздігер) болып түрленіп мезгіл мөлшерін білдіреді. Намаз // нэмазъ п. намазъ (слова пехлевійское и зендское, озночающее собственно служеніе, поклоненіе): мусылмандардың 5 уақыт намазы. Таңғы намаз – күннің шығуына 45 мин. қалғанда; қыр. бесін намазы. Түскі мезгіл 1- ге таман; кешкі намаз – кеш бату мен күннің ұясына кірер мезгілі; ақшам намазы–(күннің ұясына кіргеннен кейін 20 мин); куптенъ (құтпан – А.Қ.) ұйқыға жатар мезгіл – 2 сағаттан соң (Будагов, 292); Құптан да уақыт метрологиясына жатады: Түн ортасы Намаздігер, намазшам, құптан, сәске ауғанда, Күні-түнін бір етіп, ұйқыға көзін үйретіп (Қ.Ж. 1887. 31); Естеміспен екеуі Қонып жатса бір тауда, Намазшамнан өткенде, Құптан мезгіл жеткенде («Қобыланды батыр» жыры); Намазшам еді күн батты. Құптанның болды уақыты (Мәшһүр Жүсіп). Түйін. Сұлтанмахмұт намаз сөзін діни мағынада қолданған. Намаз сөзінен намаздігер (түбір мен қосышадан тұрады) пайда болған. Намазлық-деп тері жайнамазды да айтқан. Намаз бен нама (шығарма) түбірлес сөздер болуы мүмкін. Намаз-пехлевин тіліне жатады. Екінтіге байланысты намаздегер нумеративі де ұшырасады. М.Қашқари ікінді – намазшам. Екінді намаздың уақыты – дейді (1997: 170). Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. – Алматы, «Жазушы» 1987. – Б. 35-66. Көк өгіз, (1912) өлең. Сұлтанмахмұттың мысал жанрымен жазылған өлеңі. 24 жолдан тұрады, 1912 жылы жазылған. Сұлтанмахмұт Тоқайдан екі мысалды ғана аударған. Негізінен Крылов мысалдарын үлгі еткен. Байтұрсынов, Алтынсарин, Көбеев, Мәшһүр- Жүсіп, С.Дөнентаев мысалдары сияқты, ақын мысалдары да екі әлеуметтік теңсіздікті суреттеген. Көк өгіз – ол адам. Сұлтанмахмұт көк өгізді суреттей отырып, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілікті күлкіге, келекеге, мазаққа, сықаққа айналдырып көрсетеді. Мазмұны бүкпелі, идеясы ащы, тілі мірдің оғындай өткір келеді. Көзге толық, денесі мол өгіз өзін өзі зор санап, ежелгі табыны сиырларды тастап, жылқыларға қосылады. Жылқыларды көп қасқыр қамайды. Жылқылар үркіп қашып кетеді де, өгіз көп қасқырдың қамауында қалып қояды. Көк өгізді өзінің тумалары сиырлары «мөшке» көмекке келіп, құтқарып қалады. Сұлтанмахмұт мысалының негізгі иедеясы бірлік, татулық. Әсіресе, ер жігітерге «бөркі бірдің намысы бір» дегенді айтқысы келді. Сұлтанмахмұт:

Әпендім, ой жіберсең бұл бір ақыл,
Бұрынғы кәриелерден қалған нақыл.
Жынысы басқа жылқылар тастап кетіп,
Бәледен өз жынысы құтқарды ақыр.

Көкке жетсе, өз жынысын қорламасқа,
Бек нықтап тәубе қылған өгіз батыр –

деп, достықты, ынтымақтастықты мансұқ етеді. Әсіресе, жігіттердің достықты бағалауға, аю сыбырлағандай «жаманмен дос болма» дегенді баса көрсетеді. Қазіргі уақытағы таққа отырса достық деген ұлы сезімді ұмытып кететін, тәкәппар пенделерге ескерту жасайды. «Басыңа іс түссе достарды сағала» – деген сөзді тағы да қайталап айтады. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» – деген мақалдың әлі де әжетке жарайтынын аңғартады. Мысал осы идеясымен де өзекті. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. Екінші кітап. Алматы, «Жазушы» 1987. – Б. 65. Жалаңаш баба / Құрбан қажы аузынан, қазақ елімен қырғыз елінің арасындағы жаугершілік кезеңінен аңыз әңгіме. Жиыстырушы Сұлтанмахмұт (1916). Оқиға қазақ, қалмақ соғысын қамтыған. Абылай хынның Жалаңаш баба деген диуанасы болады. Абылай жорыққа аттанарда осы – Жалаңаш бабадан ақыл сұрап отырады. Бір қатты соғыс болып қырғыздар қазақтарды қырып басын шауып, бір бас, бір шым салып келдімұнара тұрғызады. Абылай жорыққа атануға, қырғыздан өш алуға аттануға бата алу үшін Жалаңаш бабаны іздейді. Жалаңаш баба Абылайдың бата сұрарын біліп қашып кетіпті. Абылай бабаны Ертістің бойынан тауып алып бата сұрапты. Жалаңаш баба: –Кәпірге ататын бір оғым бар. Мұсылманға атпайын деп қашып едім дейді. Абылай: – мұсылман мұсылманның етін итке жегізіп, басын кесіп, шым салып келдімұнара тұрғызды. Жүрмесек, құдай алдында достық хақымды кешпеймін дейді. «Достық хақымды кешпеймін» деген сөзді ауыр көрген Жалаңаш баба бірге жорыққа аттанады. Қатты соғыс болып, қалмақтың Нәдір бала, Сәдір бала, Әтекең бастаған сегіз ұлды Жайылхан Абылай ғаскеріне шыдас бермейді. Абылай: –Жалаңаш бабадан көмек сұрайды. – Енді қайттім дейді. Жалаңаш баба: –Сәске көтерілгенше ол атса да сен атпа, ол шапса да сен шаппа; сенің оғың оларға сәске көтерілген соң дариды. Осы күні сағат оларға ауып тұр; қырылғаның қырыл да, қалғаның орныңда тұра бер! – дейді. Жалаңаш баба. Қалмақтар осылай иіріліп тұра береміз бе деп шабуылға шыға бергенде бір батырының аты тулап, ол батырдың ортан жілігі үзіліпті, оның үстіне Әтеке батыры Абылайдың сыйынып тұрған пірі күшті екен деп екі мыңдай әскерімен бөлініп, соғыспай еліне кетіпті. Сол арада сәске болып қалып, Жалаңаш баба жерден бір уыс топырақты алып, жауға қарай шашып, «ал, енді шабыңдар!» – дейді. Абылай әскері «қу адасқан тұман, құлан адасқан шоң болып» ат бауырынан қара қан аққан соғыс болады. Ақырында Абылай қалмақтың Сексен сегіздегі Жайылхан бастаған сегіз ұлымен қолға түсіреді. Расында да батырлардың өздері сыйынатын пірі болған. Абылайдың бір де Сары бурасы болған. Бура қайда басын қаратып шөксе Абылай сонда жорыққа аттанған. Осы оқиға Ұлы Отын соғысы уақытында да қайталанған. Мысалы, Лұқпан хакім мың жыл өмір сүрген. Сталин Ақсақ Темірдің сүйегін соғыс болып жатқан жерге алып ұшып сыйынған. Кейіннен мовзолейге миллион сом бөлген. Ақсақ Темірді арулап қайта жерлеткен. Шығыс хан Қытай емшісі Чан Чунь арқылы өмірін ұзартқан. Гитлер Тибет ламаларына дұға жасатқан т.б. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым. 1993. – Б. 147-150. Ақ Найман Ойсынбай, Сұлтанмахмұт жиыстырған билер сөзі (1918). Әңгіме 1918 жылы жазылған. Негізгі кейіпкері Найман Ойсынбай шешеннің шешендігі туралы. Ақ Найман Ойсынбай шешенді заманында Қамбар деген төре шешендігі үшін жанынан тастамайды екен. Ойсынбайдың туыстары Қамбар төремен жақындығын арқа тұтып ұрлық қылады. Ойсынбай «қой» деп туыстарына айта алмапты. Туыстары қуып келген, теңдік сұрағандарға зорлық қылып жібереді екен. Ойсынбайдың бауырларының қылған ісі асқынып кеткен соң, Қамбар Ойсынбайды бір шақырады, екі шақырады оған Ойсынбай бармайды. Қамбар үшінші шақырғанда барады, себебі Қамбар оны зорлап байлап, матап әкететінін біледі. Төре ашуланып: – Әй, сен шыңырақ көз! Екі шақырттым келмейсің. Керігейін деген екенсің деп ұрсады. Сонда Ойсынбай: –Мен келмейін дедім бе, тақсыр! Есік алды ұры болды, үйдің арты жыра болды, бай берке қонды, кедей шетке қонды, етек-жеңім боқ болды, кисем, киер тоным жоқ болды, боқ қылпыммен қалай сізге көріне аламын деп ұялып келмеп едім – деп жауап береді. Төре сонда ойланып отырып – отырып: «Рас айтады-ау құрғырың!». Ашуын тарқатып, тағы да қайран қылып жүрген екен деседі. Бұдан кейін де Ойсынбай талай билік төрелікке қатысып, шешімін берген екен. Әдеб.: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым. 1993. – Б. 164. Маса, А. Байтұрсыновтың шығармасы (ақын «Айтыста», тағы арнайы шығарма атымен сол жинақ туралы жырлаған). Сұлтанмахмұт «Айтыс» (Қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) поэмасында:

«Маса» тұсы елдігін қазақ жойған,
Ұмытқан, елдік деген сөзді қойған.
Мал секілді үрку мен қорқу болған,
Кезінде жат пышағы жанын сойған –

деп А. Байтұрсынұлының 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» атты өлеңдер және аударма мысалдар жинағының атын атап өтеді. Және де өзі де осы – өлеге ұқсас жыр нөсерін төгеді. Е. Өтебаев Сұлтанмахмұттың 1914 жылы жазылған Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына» деген төрт шумақ өлеңін жариялады. Жүсіпбектің айтуынша өлеңнің шығу тарихы жазылған. Әдеб.: «Айтыс» (Қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) // «Сарыарқа самалы» Павлодар облыстық газеті. №15 (12052) 6 ақпан, 1993. Е. Өтебаев. Жасасын алаш жасасын! // «Ана тілі» газеті, сәуірдің 25-і, қой жылы. Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына» // «Сарыарқа самалы» газеті, №144 (12027) желтоқсан, 1992. А. Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы, «Жазушы» 1989. –Б. 23. Есекқырған, астрономиялық атау («Кеше түндегі түс, бүгінгі іс» көркемдеу құралына айналған). Сұлтанмахмұт:

Шолпансып ерте туып Есекқырған,
(Сартты да соған сеніп құдай ұрған).
«Таң жақын, адаспаспыз жүрейік»-деп,
Талайдың басы айналып дымы құрған.

Сұлтанмахмұт ескілік атауы есекқырғанды өте жақсы білген. Осы космонимикалық түсінікті өлеңіне арқау еткен. Сарттар есекқырған планетасына сеніп, таң жақын екен деп құдай ұрып адасқан. Есекқырған астр. Юпитер планетасының қазақша аты (ҚТТС, 2008: 235). Есекқырған Юпитер букв. истребитель ослов, нар. в-ты: Сары жұлдыз желтая звезда; Жарық жұлдыз яркая звезда; Шабансары рыжи (Т. Жанұзақ, 2006: 387). Юпитер м. 1. астр. Итаршыға. Жеті жолды өлең. 1913 жылы жазылған. Қара шекпен лексикасы Абай, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында кездеседі. Патшалық ресей империясы қазақ елін жаулап, жерін, суын алғаннан кейін қара шекпенділерді (орыс мұжықтарын) ішкі ресей жерінен жаппай көшіре бастады. Олар әкесінің жеріндей иемденіп, егін егіп, бау-бақша салып, қала салды. Шекпен – бұл метонимия. Сұлтанмахмұт шекпен деп орыс мұжығын жазып отыр. Өлеңде ащы сарказмда жоқ емес. Қазақты сынап маймылға теңейді. Жаны ашиды. Біреудің айтқанын істеген адамды, ит сияқты айтқанына көніп, айдауына жүретін жағымпаз, құйыршық адамды итаршыға балайды.

Мысалы:
Көрсетсін қара шекпен еккен ісін,
Қиналып жан аямай жеккен күшін.
Шекпенге жұрт айтқан қандай алғыс,

Көрсетіп көз алдыма ашсын түсін.
Сонан соң маймыл тұрсын кім десе де,
Ықтияр, итаршының өзі білсін.

Итаршы 1. көне Кішкене, шәуілдек қанден ит. 2. Ауысп. Біреудің сойылын соғушы; жағымпаз, жарамсақ, құйыршық. Итаршы болды – жағымпазданды, жарамсақтанды (ҚТТС, 2008: 360). Қазақтың осы – жағымпаз қылығын қатты сынға алады. Итаршылар өмірде қазірде бар. Қоғамның аса бір жаман кеселі. Қазақ психологиясына итаршылық сіңіп алған. Сондықтан да өлеңнің мәні мен мазмұны, идеясы әлі де болса өлмейді. Зарқұм, қисса. Сұлтанмахмұт өз мақаласында қиссаның қазақ әдебиетінде алатын орнына тоқталған. С. Торайғыровтың «Айқап» жураналының 1913 жылғы 19-20., 22-24 сандарында басылған «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайында» деген сын мақаланың орны ерекше. Мақалада «Зарқұм», «Салсал» сияқты қисса-хикаяттары туралы батыл пікір айтумен қатар, сол кезде басылған өлеңдерден үзінділер келтіріп, олардың тілінің нашарлығын сынайды: «Нағыз шынын айтқанда қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десең тілдері бытбырық, бытбырық болмағандарының ағыны теріс, рухын тексерсек баяғы айтылған «қатын ойбай». Ал енді қазақтың сіріге жамаған былғарыдай қай жеріне апарып жапсырамыз? Мен тілімізге шала тілдердің шатасуынан, тілдің ағыны теріске бейімделіп, өріс алып кетіп бара жатқанынан қорқамын. Біз бұралқы сөз кірмей ұйысқан сөз болса ойбай мынау қазақша екен дейміз. Екі сөздің қыспағына жаңа сөздің қаймағын апарып қатарластырып қарасаң, ол ағын мен бұл ағынның арасы алты айшылық алысқа кеткендігі көрінеді» – деп жазды. Осы мақалада С. Торайғыров «Алпамыс» жырындағы қазақ халқының санасында ертеден бекіген қияал-ғажайып ертегілеріндегі мифтік элементтерді дұрыс байқай отырып. «...Міне, бұған қазақ отағасылары көздерін жұмып, нанып, мейірлері қанып, кеңкілдей түсіп, шұлғысып, мүлгісіп отырғаны еді» деп жырдағы кездесіп отыратын жетібас айдаһар, пері қызы, жалмауыз кемпір, дәу сияқты ертегілерге тән сөздерге назар аударды. Әдеб.: «Айқап» Құрастырушылар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, Алматы, 1995. –Б. 27-28

Мәшһүр-Жүсіп және Мұхтар Әуезов Ғылыми мақалада Мәшһүр-Жүсіп және Мұхтар Әуезовтың ара-қатынасы, рухани байланысы сөз болады. Құнанбай, Абай туралы Мәшһүр-Жүсіп жақсы пікірде болған, Абайдан мысал келтіріп отырған.Абай мен Мәшһүр-Жүсіптің хат алысқаны, 1905 жылғы буржуазиялық - демократиялық төңкеріске қатысы бар деген мәліметтер де айтылады. В сатаье рассматривается духовная взаимосвязь Машхур-Жусупа и Мухтара Ауезова. У Машхур – Жусупа было положительное отношение к Кунанбаю и Абаю, всегда приводил примеры по Абаю. Так же, о переписке Абая и Машхур-Жусупа, и о том что они имеют отношение к буржуазно-демократической революций 1905 года. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Мұхтар Әуезовті «Алаш» партиясының жас белсенді мүшесі ретінде біледі. Мәшһүр-Жүсіптің аталас інісі Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов гимназияда оқып жүргенде дос болған. «Екеу» деген бүркеншік атпен бірнеше мақала жазған еді. Мұхтар Әуезов Керекуге бірінші рет жиырмасыншы жылдардың ортасында келген болатын. Осы келгенінде Мәшһүр-Жүсіппен кездесуі де мүмкін. Мұхтар Әуезовтің Керекуге екінші келу жөніндегі себебі мен салдарын, Сұлтанмахмұттың зиратының басына барып тәу еткені туралы «Бұл жерде ұлылықтың ізі қалған» – деген мақалада жариялағанбыз, қараңыз [1]. Сондықтан да, М. Әузовтің Керекуге келген сапарына толықтай тоқталмаймыз. Оның үстіне Ж. Аймауытов Мәшһүр-Жүсіпке жазған хаттарында «Алаштың» маңдай алды өкілдерін жақсы жақтарынан атап өткен. Мұхтар Әуезов Мәшһүр-Жүсіптің ортаншы ұлы – Мұхаметәменді (Әмен) танымауы, білмеу мүмкін емес. 1916 жылғы көтеріліске қатысқан, ұйымдастырушылардың бірі – осы Әмен болатын. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы беделді кейіпкер. М. Әуезовтің «Қилы заман» (1928) романына материал жинап жүрген уақыты да осы кезеңге тұспа-тұс келеді. М. Әуезов 1920 жылы тамыз (августың) бесінде Семей Губеркомының қазақ бөлімінің бастығы болып тағайындалады. 1920 жылы 26 тамызда (август) В.И. Ленин мен М.И. Калинин Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары Советінің Автономиялы Киргиз (Қазақ) Советтік Социалистік Республикасын құру туралы Декретіне қол қойды. Соған орай Қазақстан Советтерінің бірінші (Құрылтай) съезін өткізу мәселелеріне байланысты даярлық жүрді. Семей Губеркомының жанынан сайлау комиссясы құрылды. Сайлау комиссиясы мүшелерінің бірі – Мұхтар Әуезов еді. Қыркүйек (сентябрь) өткізілетін Семейдің бірінші уездік съезіне Қазақстан Советтерінің бірінші (Құрылтай) съезіне делегаттар сайланды. Семейден сайланған он делегаттың ішінде Мұхтар Әуезов те болатын. 1920 жылы 4-12 қазанда (октябрь) Орынбор қаласында өткізілетін Қазақстан Советінің бірінші (Құрылтай) съезіне осы кезде қатты ауырып қалған Мұхтар Әуезов қатыса алмады. Бірақ, аяулы досы Жүсіпбек Аймауытов съезге делегат болып қатысады. Егер де М. Әуезов 1921 жылы Семей губерниялық халық сотын басқарса, Жүсіпбек Аймауытов оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, екеуі де «Қазақ тілі» газетін шығаруға барлық күш жігерлерін салады. 1920 жылғы Орынборда өткен тұңғыш съезге Керекуден делегат болып Мұхаметәмен (Әмен) Жүсіп те қатысқан болатын. Осы деректердің өзі-ақ Мұхтар Әуезов пен Мәшһүр-Жүсіптің бір-бірімен тығыз рухани байланыста болғандығын айғақтаса керек. Бұл арада бір ескеретін жай М. Әуезов, Мәшһүр-Жүсіп сияқты әулие-ғұлама ғалымды білмеуі мүмкін емес делік, ал Мәшһүр-Жүсіп Мұхтар Әуезовті білген бе, мәселе осында әрине, білгендігінде дау жоқ. Мәшһүр-Жүсіптің аталас інісі Жүсіпбек Аймауытов ақынға үнемі хат жазып тұрған. Онда «Алаш» азаматтарын да атап отырған. Оның үсітіне ортаншы ұлы Мұхаметәмен де делегат болып сайланды. Көзі қырағы, саяси сауатты Мәшһүр-Жүсіп ел ішіндегі хал-ахуалдан үнемі хабардар болып отырған. Сонау, 1869 жылғы реформаны, 1905 жылғы Ресей патшалығының жасаған «Қанды жексенбісін», одан қала берді «Манифестің» жалған екендігін, уақытша алдамшы екендігін білген Мәшһүр-Жүсіп, неге 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісті, 1917 жылғы орыс төңкерісінің залалын білмеске. Тіпті, Баянауыл жастары 1916 жылғы көтеріліске шыққанда тоқтау айтып, босқа қырылып қалатындарын айтып, ақыл айтқан да Мәшһүр-Жүсіп болатын. Бәрін, жазып жатпай-ақ «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» шығармасын оқыған адам Мәшһүр-Жүсіптің қаншалықты саяси сауатты болғандығының куәсі бола алады. Сондықтан да, Мәшһүр-Жүсіп 1917 жылғы «Алаш» партиясының бағдарламасымен және азаматтарымен толықтай таныс болғандығын, Боштаев Мұқыш Жұпарұлына арнаған өлеңінен де аңғардық. Ақын:

Өзіне бет берген соң патша құдай,
Ешбір жан дей алмаған: «Мұнан былай!»
Ақаев, Шәкәрім мен Нармамбеттер, –
Алдына бәрі бірдей келген сұрай – деп

Жанахмет Сәрсенбин, Торайғыровты, Есмахан Бөкейхановты, Ғаббасов Халлелді, Теміржан Сүбековтерді де өлеңіне қосқан. Мәшһүр-Жүсіп былай дейді: «Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік: Теміршот Айтбакин, Моллағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаметәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» – дейді. Осы өмірі қысқа болғандар – бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев, – жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да – осы айтылғандардың біреуі» – деп ақын өзінің де пірмұған болатынын білген сияқты [2, 277-б.]. Бұны тәппіштеп жатқанымыз, Мәшһүр – Жүсіптің ел ішіндегі саяси ахуалдан әр уақытта хабардар болып отырғандығын, өзі де сол уақиғалардың кейбіріне мұрындық болғандығын алға тарту еді. Мәшһүр-Жүсіп «Аспан, жер және адам жыратылысы туралы» шығармасында Платонды, Торайғыр биді, Виссарион Белинскийді, Михайл Баскинді, Дарвинді, Затаеевичті, Мұсабековті атап өтіп, айтқан сөздерін мысалға келтіріп, Мұхтар Әуезовқа ерекше тоқталады. Мұхтар Әуезов айтқан: «Босқа еріп жүрген ылғи соқыр» – деген бір ауыз сөзін айғақ ретінде алыпты. Мәшһүр-Жүсіп Жүсіпбекке жазған бір хатында: «Жүсіпбек! Сенің «Шернияз» деген театр кітабың бәйгеге түсіп, бірінші орын алып еді ғой. Жуырда сол тізімді «Ақ жол» газетінен оқып едім, сенің «Шерниязыңа» екінші жүлде, Мұхтар Омарханұлының «Қарагөзіне» бірінші жүлде, -деп жазыпты, неге?» – деп сұрапты. Сонда Жүсіпбек былай: «Мұхтар келешегі бар жазушы, жазу стильі маған ұнайды. Мен сондықтан оны қатты қадірлеймін. Ол қазір жоғарғы оқуда оқып жүр, қаражаты тапшы, сондықтан мен жас таланты қолдау мақсатында өзім бәйге ұйымдастырған алқаға арнайы хат жазып, бірінші бәйгеге берілетін қаражатты бергіздім. Мәшһүр ата! Сіз жазуды неге қойдыңыз, қызықты мысал әңгімелеріңізді болушы еді, маған жіберіңіз, баспаға дайындайын» – деп жауап хат жазады [3]. Хаттың мазмұнынан Мәшһүр-Жүсіптің ел ішіндегі болып жатқан жаңалықтан әрдайым хабардар екендігі аңғарылады. Әсіресе, жас ақын, жазушылардың шығармаларын «Ақ жол» т.б. газеттерден оқып, таныс екендігі де байқалады. Жүсіпбек екеуі жазысқан хаттарында өсек-аяң, ұсақ-түйек мәселелер емес, ел, халық тарихы, халқымыздың болашағы сөз болады. Жүсіпбектің жауабынан оның кішіпейілдігін, Мұхтарға деген сүйіспеншілігін, жастарды қолдап, әр уақытта қамқорлығын жасап, демеп отырғанының куәсі боламыз да, әттең-ай осындай үлгі-өнеге боларлық хаттар кейбір біздің де зиялы қауымның арасында 1905 жылғы алғашқы орыс буржуазиялық-демектариялық төңкерісі қазақ зиялыларын бей-жай қалтырмаған сияқты. Абайдың да жер аударылған орыс демократтарымен араласқанын тарихтан білеміз. Абай мен Мәшһүр-Жүсіп те осы болып жатқан мәселе төңірегінде хат алысып, хабарласқан сияқты. Өйткені бұл – турасында Е. Бекмахановтың мақаласында да айтылыпты. 1959 жылы 15-19 июнь айында өткен «Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдарында» Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына байланысты үлкен айтыс болды. Қ. Жұмалиев: «Бірер жолдастар: Мәшһүр Жүсіп 1903 жылы Абайға екі рет хат жазыпты, онда революцияға шақырған екен. Абайдың үйін осы үшін полиция тінтіпті деген айтылып жүрді. Е. Бекмахановтың соңғы бір мақаласында осы туралы айтылыпты. Абайдың екі рет хат алуы рас, бірақ ол хаттарды Абай Баянауылдан, Мәшһүр Жүсіптен алмай, Көкшетаудан, Қойшығұловтан алған», – дейді [4, 294-б.]. Е. Смайылов, Қ. Жұмалиев жолдастардың 9-класқа арнап жазған хрестоматия кітабындағы сөздерінде үзінді: «Осы жағдай туралы 1901-1902 жылдары Абайға да хаттар жазды. Жоғарыда айтылған патша үкіметінің көпшілік еңбекшіл, езліген бұхара халыққа істеп отырған саясат, қиянаттарын айта келіп, «Осы уақиғаларға қандай түрде болса да, қарсы шара қолдану керек!-деген ойын айтса да, Абай бұл хаттарына қай түрде болсын жауап қайырмаған, басқа ешкімге әшкерелемейді. Хаттарды тығып ұстаған!» – дейді. Мұнан кейін Семей қаласынан 1903 жылы полициялар келпі, Абайдың үйін тінткен. «Тінтудің бас себебі – Мәшһүрдің жазған хаттары туралы» – деп айтады» [5, 332-б.]. Сол сияқты Мұхтар Әуезов та Мәшһүр-Жүсіптің Абайға 1902 жылы хат жазғанын растайтын мәлімет келтірген: «Семейдің ояз, жандаралы бертін келіп, Абайды таныңқырай бастаған уағында, бұны патшалыққа қарсы ниеті бар, саяси сенімсіз Адам емес пе екен деп те қағыстырған көрінеді. Оның бір белгісі 1885 жылы Долгополов жандаралдан Абай аулына баруға рұқсат сұраған уағында сезілген. Жандарал бұѓан рұқсат етумен бірге Семейдің оязы мен полиция бастығына қағаз түсіріп, артынан бақылау жасаңдар дейді. Аналар артынан «Долгополов Құнанбай аулына кетті, тапсырылған ісіңіз орындалды» деп жауап қайырады. Долгополов болсын, Абайлар болсын ол жылы жазда ел ішінде астыртын бақылауда болған сияқты. Екінші, осы жөніндегі бір елеулі факты 1902 жылы Абайдың аулына Семей қаласынан бір үлкен тексеру келеді. Бастығы Семейдің оязы Наброцкий болып, қасына пристав, урядниктерді, жәй стражниктерді ертіп көп қарулы топ болып келіп, Абай аулын қоршап тұрып үлкен тінту жасайды. Абайдыңөзі отырған үйін әсіресе қадағалай тінтіп кеп, ақыры оныңөзініңөнебойын да тінтеді. Содан Абай «іздегенің не?» – деп сұраған соң Еркежанға: сеніңқалтаңда еді ғой, бер мыналарға дейді. Еркежан шығарып береді. Сүйтсе поштамен келген бір хат екен. Семейде оны оқып, көріп жіберген екен. Абай ұлыққа көз қылғаны ма, жоқ шыны ма, әйтеуір сол хат жазушы жөнінде: «бұрын бір хат жазып еді, жауап бермеп ем. Меніңұлықпен теріс емес екенімді білмейді. Қоймай жаза береді. Өзі арабшылап жазады. Не қылған шайқы адам екенін білмеймін, қоймайды» депті. Қисынына қарағанда бұл хатты жазушы Мәшһүр Көпеев болу керек. Ол 1905 жылдыњ алдындағы қамдану жөнімен Абайға саяси мазмұнды хат жазып, тамырын ұстап көрейін деген болу керек. Бірақ Абай бір жағынан хатына жауап қайырмайды және тінту келгенде әлгіні айтады. Хаттың дәл мазмұнын кейін де ешкімге шешіп айтпаған» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы [6, 233-234-б.]. М. Әуезов конференцияда жасаған қорытынды баяндамасында: «Ал өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып біздің дәуірге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілу шарт» – дейді [4, 358-б.]. Жалпы, М. Әуезов жеті баяндамаға, қосымша тоғыз баяндамашыға, жарыс сөзге қатысқан жиырма сегіз адамның сөздеріне қорытынды жасап, Мәшһүр-Жүсіп туралы оң пікірде болғаны байқалады. Сөз орайында айтуға тиістіміз І. Жарылғаповтың Мәшһүр-Жүсіп жайында жасаған баяндамасы кірмей қалған. М. Әуезов Абайды қалай жақсы білсе, Мәшһүр-Жүсіп те Абайды ғана емес, оның үрім-бұтағын да өте жақсы білгендігін шығармалар жинағынан оқып білеміз. Мәшһүр-Жүсіп айтады: «Бала күнімізде естіген сөз еді, Тобықты ұраны «Маябоз» деп. Ол қалай ұран болған десек, былай деуші еді: –Бұрынғы заманда қазақ, қалмақ жауласқан күнде қалмақ жеңіп, қазақ қашып құтылған. Қояндай боз атқа мінген бір қатын қалмақтан қашып құтылып, қазаққа келіпті. Байы қалмақта өліп қалған. Мұндағы қатынға бай боларлық азамат аз. Танымал – танысы жоқ, осы қатын аяқсыз қаңғып қазақ ортасында жүріп, өзі буаз, екіқабат екен. Балгерлік-бақсылық қылып, дерт қарап, қақырғаны қаймақ алтын, түкіргені түйме алтын болып, ауру-сырқауды айтпай біліп, сұрамай танып, өз аяғы мен жүріп қарайтұғын болыпты. Мінгені қояндай боз ат, өзі күйлі, жуан, семіз, оның үстіне екіқабат, буаз болған соң, қай ауылға барса да «Маябоз» келеді дей бергеннен «Маябоз» атаныпты. Өзі босанып, ер ұл тауып, баласының атын Елатан қойыпты. Енді осындай түпсіз, тексіз бала пайда болып, оның аты Елехан болыпты. Елатан, Елехан егіз қозыдай болып өспіті. Ержете бастаған соң қызықты, сүйкімді, өнерлі болып, әркім қызыға бастапты. Бала қылып аламыз деп біреуінен біреуі қимай Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ төрт арыс Орта жүз таласыпты. Сонда бұлар көп ортасында сөзге байлау, матау қылып, «бәйгеге ат қосайық, қай атымыз озғанымыз алайық деп бәйгеге ат қосыпты. Арғынның ақ тобық аты алдында келпі, Арғын алып, мұның тұңғышы... ақ тобық аттың бәйгесіне келіп еді деп баланың атын «Тобықты» қойыпты. Бұрынғылар айтушы еді: «Ақсопының балалары Толыбай ұранды, Қанжығалы мен Маябоз ұранды «Тобықты» деп. Және қазақта бір сөз бар еді:

Елетан елге тең елді,
Ешкі қойға теңелді.

Бұл Елетан деген кім дегенде Тобықтыны айтады деуші еді» – деп жазды (Мәшһүр Жүсіп Көпеев [7, 74-75-б. ]. Мәшһүр-Жүсіп Құнанбайдың тарихын айта отырып, Абай жөнінде де құнды мәлімет береді. «Тобықты: Олжабайдың үш баласы болған. Біреуі-Ырғызбай: «Үш Олжай» - деседі. Ырғызбайдың қатыны «Елти қатын» атанған. Құнанбай – осы Ырғызбай ұрпағынан. «Үш Олжайдың» бірінен – соқыр Оразбай, бірінен – баяғы Құнанбаймен он бір жыл қағаздасатұғын Бөжей шыққан. Онымен туысы бірге: Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопан – төрт ағайынды. Бірінен-бірі өтеді, көкжал, бөрі болғандар. Сол төртеуінің кенжесі – Шопан Құнанбайдың тоқалымен ойнас екен. Құнанбай керек те қылмайды, жұмысы жоқ. Ибрай (Абай) марқұм аңдиды екен. Құнанбайдың тоқалы Ибрайдың қолына бермес үшін бір ай көмбеге тығып сақтапты. Бір күні Ибрай марқұм әкесіне айтыпты:

–Мен жұрт бетіне қарай алмадым. Әр жерде бетіме шіркеу болды! – деп. Сонда, Құдай рахмет қылсын, Құнанбай айтыпты:

–Бұрынғылардың айтқаны: «Ұрғашының емшегі – елудікі, ауызы – алпыстыкі, асты – жетпістікі!» – деген. «Іннің түбі – өзімдікі, аузы – әлде кімдікі». Ас құйып ішуге адал ыдыс таба алмай, дағдарып жүрсің бе?– депті.

Ибрай түтін болып шығыпты, сонан кейін өзі болып, «Тасы өрге домалап тұрған» күнде сол төртеуін түгелімен айдатқан екен: «Бірі қалса, мені жер үстіне қоймайды!» – деп жазады [8, 154-б.].

Мінекей, осы әңгімеден кейін Абай туралы ел ішінде:
Апырм-ау, аты құрсын Абай деген,
Жылатты мұсылманды талай неген.
Абайың жақсы кісі болған болса,

Қасқырдай өз күшігін қалай жеген?! – деген сөзді жазып алған екен Мәшһүр-Жүсіп [9, 189-б.]. Бұдан Абайдың мәртебесі кемімейді. Шындықтан еңсесі одан әрі көтеріле түседі. Ел ішіндегі абыройы беделі түспейді. Мүмкін, үлкендердің арасында осындай әңгіме болған да шығар, оны мен ойымнан шығарып отырғаным жоқ. Тарихиққа қиянат жасамау үшін жазып алып отырмын. Мәшһүр-Жүсіпте де кінә жоқ. Естігенін жазып алып отырған ғой. Тарих үшін мына деректе құнды болар. «Дала уәлаяты» газетінде Мәшһүр-Жүсіп Абайды әкесі Құнанбайға ас бермеді деп кінәлаған мақаласы біршама талқыға азық болған еді. Кезінде А. Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны» – деген мақаласында Абайдан бірде бір мін таппаған соң «Жалғыз-ақ бір мін бар: ол мін өлең бунақтары тексеріліп, орнына қойлмағандық. Оның (оны-А.Қ.) оқығанда я әнге салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді. Мысалы, төселіп, желіп келе жатып, текіректеп кеткен сияқты. Бұл кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтарын, алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса түзеледі. Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын» [10, 301-б.] – деп Абайдың ұлылығын мойындаған еді. Бұдан Мәшһүр-Жүсіптің Абай туралы пікірі бөтен болған екен деген ой тумау керек. Мәшһүр-Жүсіп Абайды әр уақытта бағалап, ойлы сөздерінен мысал келтіріп, ұстаз, үлгі тұтқан. Бұл туралы бүгінгі мақалаға сыйдыра алмаймыз. Қараңыз:

Ақында Ақмола мен айт Ибрайды [Абайды],
Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды.
Өзгесін жинап салып, жауып-ақ қой,
Бай болмаған-бай болса, былғар сайды, –

дейді Мәшһүр-Жүсіп [5, 375-б.].
Немесе: «Құнанбаев Ыбырай марқұм айтты ғой:
Өмір дүние дегенің ағып жатқан су екен,
Жүрген-тұрған жұмысың ойлап тұрсаң у екен», – деп.

Және бір сөзі:
Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Өлсең сасық боларсың боқтан тағы.
Менімен сен теңбе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі ол баяғы, – дейді екен» [11, 97-б.].

Мәшһүр-Жүсіп Абайдың қарасөздерінен мысал келтіріп, афоримзмдерін т.б. көптеген жәдігерлерін жазып алған [ 8, 155-б.]. Тағы бірде «Құлболды әулиелері туралы» жазғанында Шорманұлы Мұсаның айтқандарын келтіреді: «Тобықты: Құнанбай – шыңнан шыққан қайнар бұлақ; Қыпшақ: Ыбырай – қажымас қара болат; Мұса – қабыршағы жоқ, қолға тұрмас жылмағай қара балық; Шыңғыс төре – орысқа жуық, дін-исламға суық. Құнанбай, Ыбырай, Мұса, - үшеуі қазақтың маңдайына қалай сыйып жүргеніне айран-асырмын!» – деген екен [ 9, 247-б.]. Мәшһүр-Жүсіп «Құнанбай туралы» жәдігердің екі нұсқасын келтіреді. Бірінші нұсқасында: Құнанбайдың әкесі Өскенбай дүйсенбі күні қыста қайтыс болған екен. Құнабай Көкшетау, Дуанатау аталған жерлер Қарқаралыға қарайтұғын Қаракесек: Қамбар қыстаулары. «Сегізауыл» – деген өзен бар. Құнанбай әкесіне асты Арғын ортасында беремін деп, сол жер «Сегізауыл» аталған. Келген кісілердің күтімі өте жақсы болған бірінен – бірі көмір сұрамаған көрінеді. Асқа жетпіс үй тігілген. Елге жыртыс тартылған, «жаназақы» деп төрт түйе берілген. Екінші нұсқасында: Құнанбай баласы Ыбырайға Алшынбайдың Жүсіп деген баласының қызын алып береді. («Абай жолындағы» Ділдә – А.Қ.). Құнанбай Алшынбаймен замандас болған. Құнанбай әкесі – Өскенбай, Тіленшімен замандас болды деп, тектінің тегіне тартпай қоймайтынын жазады. Мәшһүр-Жүсіп өзінің ата-тегімен Абайдың ата-тегін салыстырып отырады: Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Ибрай – Тұрағұл. Ақжігіт – Сермұхаммет – Көпей – Мәшһүр-Жүсіп – Мұхаметшарафи [9, 253-б.]. (Ортаншы ұлы Мұхаметәмен мен кенже ұлы Мұхаметфазыл – жазылмай қалған. Бәлкім әлі дүниеге келмеген болуы керек – А.Қ.). Мәшһүр-Жүсіптің Өскенбай мен Құнанбайға қатысты бір – екі тарихи деректерді оқырманның назарына ұсынуды жөн көрдік: «ЕЛЕТАН Өскенбайдың шешесі» – деген тарихи эпикалық әңгіме. Ауызша тарих арқылы жеткен дүниелерді қағаз бетіне түсірген Мәшһүр-Жүсіп бірақ, жазып алған жылы белгісіз. Шежіренің негізгі арқауы Өскенбайдың шешесі Елетан бәйбіше туралы. Шежіре Өскенбайдың шешесінің тарихымен құнды. Тобықты Құнанбайдың бір шешелері «Елетан (Елти) қатын» – атанған. Ақындылық, өлеңшілік – сонан үзілмейді деседі. Бұл Елетан (Елти) қатын – Өскенбайдың шешесі. Ақын Мәшһүрдің әкесі Көпей, оның әкесі Сермұхаммедтің әкесі – Ақжігіт абыз. Ақжігітті тапқан қатын Бөктік бәйбіше Қыпшақ: Қатықұлақ мергеннің қызы. Бұл бәйбіше де «Елти қатын» – атанған. Сексенбайдың шешесі, Елти қатын – Ырғызбайдың қатыны. Ырғызбай, Жігітек, Боқкөт үшеуі – Олжабайдың балалары. Сондықтан оны «Үш Олжай» дейді. Бірі – Өскенбай тұқымы-Құнанбайлар. Бұл Ырғызбайдан. Бірі – Жігітек тұқымы. Мұнан он бір жыл бұрын Құнанбаймен қағаздасқан Бөжей шыққан, Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопандар шыққан. Бірі – Боқкөт тұқымы, мұнан: «Соқыр» Оразбай шыққан. Біз естіп едік: «Ырғазбайдың қатыны «Елти қатын» атанған. Ол қатын – Өскенбайдың шешесі екен», – деп. Бұл сөздің қайдан шыққандығы Қаракесек-Балта ақын Құнанбаймен құрдас екен. Сонда Елти қатын жөнінде сөз айтылып қалыпты. Балта ақын отын шауып жатқан Өскенбайдың басын шауып тастайын деп барған Құнанбайдың әрекетін сынға алып, Құнанбайға:

Әуеде ұшып жүрген қара құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Баласы әкесіне балта жұмсап,
Жынды қатын тұқымы бәдік мұндар! – депті.

«ТӘКИЕ».Сонан кейін бұл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып: «қазақ тақиясы» деген тақия салдырып, ол үйді Құнанбай атына жаздырып, мұнан былай қазақтың келген хажы осында түсетұғын болсын деп, қазақтың өзінен ие болпы бір шайхы тұратны болсын деп (Мәшһүр-Жүсіп). М-Ж. Көпеев қолданысындағы «қазақ тақиясы», «тақия үй» тек қана ғаріп – ғасірлерді қабылдайтын тақия болмаған қажылыққа, ислам діні жолына түскен адамдардың да жататын-орны болған. Н.Д. Оңдасынов: Тәкие-1) кезбе, жиһанкез, қаңғырушыларды қабылдайтын үй, жай, орын; 2) дәруіштердің тұратын үй-жайы; 3) тірек, таяныш, сүйеніш – деп анықтама берген [12, 88-б.]. Б. Сапаралы: Сол қазақтан барған ақылдасып, Меккеден қонақүй салғызбақ болады. Қаражаттың көбін Мырқы берсе керек, басқа қажыға барғандар елге қайтқанда, Құнанбай қалып, екі айдай жатып, қонақүйді бітіріп, «ҚазақҚұнанбай тақиясы» – деп жағызып елге қайтады [13, 278-б.] дейді. Х. Маданов: Құнанбай, Мырқы, Досжан хазіреттердің 1876 жылы мекеге барып, одан өлеңмен жазылған шежіре алып келгенін жазады [14, 11-б.]. Тәкиені арғын Құнанбай салғандықтан бұл тақия бірнеше кісіден өтіп барып, кіші жүз Досжан халфеніңқолына өтеді (қараңыз: Х. Мадановты) демек, тәкиеніңсалынғаны шындық. Мекеде уықып үй салып, Пәтер қып, жаққан шырақты демей ме?(Абай, 238); Тәкие//тақия: ә/а (С. Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыстыќ жүйесі. 1999. – 43 б.). Сол сияқты: к/қ дыбыстырдың өзгерісінен қалыптасқан. Оның (тә+кие) тәжім ететін үй дейтіндей ислам дінімен ешқандай қатысы жоқ. Жалпы, барған адамдар жататын, қонақ-үй, жай. Енді бірде Мәшһүр-Жүсіп Шәкәрімнің шежіресіндегі: «Тобықтының аты – таупықты (тауфиқты) екен – дегені өтірік. «Тауфиқ» – араб тілі. Қазақ оны білмейтін күні балаларының атын «Боқбасар», «Итаяқ», «Құтаяқ» – қойып жүрген күндері. Екінші өтірігі – біздің аналарымыз: «Қатаған ханы хан Тұрсынның қызы екен – дегені Қатағанды шапқан, хан Тұрсынды өлтірген «Еңсегей бойлы ер Есім» қырық кісімен барып шапқан. Сонда қырық қыз олжаға түскен, хан Тұрсынның екі қызы олжаға түскен. Біреуін «Еңсегей бойлы ер Есім» өзі олжаға алған, біреуін «Шар жетім Шақшақ» – атанған Шақшақ батыр олжалап алып, баласы Қошқар батырға қосқан. Онан туған – ер Жәнібек. Дәулетбек деген қызы Алтай Тоқаның Тоқасы алған. Ол қыздан балаларының аты: Айыт, Қожабарған, Сатыпалды. Нұрбике деген қызды Шаншар тоқалдыққа алған. Мұнан туған балаларының аты: Тілеуке, Бертіс. Оразбике, Қоңырбике деген екі қыздың біреуін Байбөрі алған. Онан туған балаларының аты: Қойке. Және Байбөрінің: Қыдырәлі, Кедей деген балалары болған. «Қыдырәлі, Кедейміз, // Қойке келсе, не дейміз?» – деседі екен. Бұл екеуі Қойкемен бір туыса ма, жоқ, енелері басқа ма, –ол жерін айырып біле алмадым. Енді біреуін Тобықты алса, алған шығар: «Тұрсын ханның қызы екен» – дегені өтірік деп, Шәкәрімге дау айтады. Шәкәрім шежіре жазғанда, Тобықтыны дұрыстап жаза алмапты: «Жігітектің бәйбішеден: Кеңгірбай би, Сеңкібай» – депті. Және жазады: «Жоғарғы Ырғызбай – біздің төртінші атамыз», – дейді. «Абылай хан мен жолдас болған кісі, оның төрт баласы: Өскенбай, Үсір, Мырзатай, Жортар», – дейді. Бұл өзі шатасқан да, қағаз бетін орын алдырып толтырып, жан білмейтін жамандарын жазады. Дадан-Тобықты-Қараменде биді жазбайды. Өз заманымызда айдай әлем атын білген Нарманбетті жазбайды. Құнанбай – Бөжей – он бір жыл Құнанбаймен дауласуға жараған Бөжейді жазбайды. Айдай әлемге байлықпен атағы шыққан соқыр Оразбайды жазбайды. Құнанбайдың Ыбырайы жолбарыс болып шыққанда, қасқыр болып шыққан: Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопан, – бұл төртеуі қайдан шыққанын жазбайды (2007: 10 том. 189 б.). Бұл арада Мәшһүр-Жүсіп жоғарыдағы өлеңнің шығуына арқау болған оқиғаны жазып отырғанын аңғарамыз – А.Қ. (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 8 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. – Б. 59-60. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 9 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. – Б. 241-242. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 10 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2007. –Б. 36, 160, 191, 294. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. –Алматы, Ғылым. 1992. – 73-75. Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негзідері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 252). Қорыта келгенде, Мәшһүр – Жүсіп шығармаларындағы тарихи деректер Абайтану мен Шәкәрімтануда, Мұхтартануда таптырмайтын құнды мәліметтер болып табылады. Сондықтан да, бірімен бірі сабақтасқан рухани байланыстарды тамырын үзбей, тереңнен қазып, тарихтың абат бағына тереңірек сүңгіп барған жөн деп ойлаймыз. Ол үшін ғұлама ғалым – Мәшһүр-Жүсіптің «Қара месін» ұмытпай осы игілікті іске жарата білгеніміз, ақын алдындағы парызымызды орындап, ұлыны ұлықтағанымыз болар еді.

Сәбит Дөнентаевтің әдеби мұрасы
Қазақ біздің түпке жеткен надандық,
Надандықтың шеңгеліне қадалдық.
Сол еркенің арқасында болып тұр,

Болса бізде не секілді жаманды...
С. Дөнентаев

Сәбиттің өзінің айтуынша әкесі кедей шаруа болған. Бірақ, Дөнентай ескіше оқығандығы бар, көзі ашық, көкірегі ояу адам екен. Әкесі Сәбитті ауылдағы ескіше оқуға Мұхамбет-Садық дейтін молдаға береді. 1907 жылы Сәбит Маралды ауданындағы Нұрғали Жалеледдин оқыған тоқығаны көп молданың төте оқу жүйесіндегі татар медресесіне түседі. Сәбит өзінің зеректігімен ескіше тез хат танып: араб, түрік, парсы тілдеріндегі кітаптарды еркін оқитын халге жетеді. Павлодар қаласынан 18 шақырым жердегі «Құлатай қыпшақ» аулындағы, Қасым қажы Ертісбаев дегеннің жаңадан салынған медресесінде 1909-1912 жылдары пән жүйесі басым жәдитше оқиды. Онда Сәбит жаратылыс тану, география, тарих, есеп, әдебиеттік оқу сабақтарынан білім алады. 1913-1916 жылы бұрынғы Павлодар уезінде Ұрық болсында мұғалім болып істейді. Сәбит үш рет Семей, Омбы қалаларында болып, саяхат жасайды. Бұл оның ой өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болсында, төртінші ауылда «Құркөл» аулы (Қазіргі Павлодар облысы, Ақсу қаласы) Дөнентай отбасында дүниеге келген. Ғ. Әміров: «Ақсудың «Ертістің айрығында жіңішке өзенше» батыс жақ тоғай ішінде Сәбиттің шымнан салған шағын екі бөлмелі үйі болды» – деп еске алады. Сәбиттің білім алуына сауатының ашылуына туысы Сәния Ертісбаеваның көмегі зор болған. Оны Сәбитше айтсақ: «Дүние тану басқаша, сол кездегі көзі ашық қазақ азаматының бірі болған». Сәбиттің 1915 жылы Уфа қаласынан «Уақ-түйек» деген екі бөлек өлең кітабы басылып шығады міне, сол кітапты бастырып шығаруға жоғарыда айтылған әпкесі Сәния Қасымқажы қызы Ертісбаеваның еңбегі көп сіңеді. Сәбит орыс тілін еркін түсініп, орысша газет – журнал, кітаптарды көп оқыған әсіресе, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Белинский, Д. Бедный, В. Маяковский т.б. оқып қана қоймаған сөз арасында пікірлерінен үзінді келтірген. Жақын інісі Қ.Ақынжанов бір де: «– Сіз орысша көп оқымасаңыз да қалай үйренгенсіз?» – деп сұрадым дейді. – Сәбең маған жалт қарады да: «Орыс тілін мен Белинскийден үйрендім» – деді. «Белинскийдің анау тұрған кітаптарын оқығанымды айтамын» – деп, кітап полкасына саусағын нұсқады дейді. Енді тағы да сөзіміз дәлелді болу үшін қызы Сәулеттің: «Әкейдің жазу столы көнетоз кітап шкафының іші толы Пушкин, Лермонтов, Герценнің толық жинақтары және менің кейіннен зер сала жиі пайдаланған кітабым – «Малая советская энциклопедия» еді. Сонымен қабат Абайдың, Мұхтардың, Тоқайдың шығармалары мен Сәкен, Бейімбет, Ілиястың туындылары болушы еді – деп жазды. 30 жылдардағы зерттеу еңбектерде, оқулықтарда: «Сәбит – революциядан бұрын әдебиет майданына шыққан бұқарашыл ақынның – бірі» (М. Әуезов); «Октябрь төңкерісі алдындағы бұқарашыл әдебиеттің өкілі» (І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов); «Ұлттық қозғалыстың бұқарашыл қанатын ала шыққан ақын» (М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков); «Қазақстанда совет әдебиетінің тууына негіз болған бірнеше шығармалар берді» (І. Жансүгіров) – деген тұжырымдар көбірек кездеседі. С. Дөнентаев шығармашылығын дербес зерттеген арнаулы ғылыми еңбектер 40-жылдары көріне бастады. Бұл – ретте Е. Ысмайыловтың 1941 жылы «Халық мұғалімі» (№1-4) журналында жарияланған көлемді мақаласын атап өту қажет. Онда ақынның өмірі мен шығармашылығы толық талданып, жеке шығармалары бірсыдырғы дұрыс бағаланған. Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов жазған Қазақ әдебиеті (9 класқа арналған оқулық) Алматы, 1946 жылғы ақын мұраларына тиісті баға беріліп, жан-жақты байыпты, байсалды пікірлер айтылған. С. Дөнентаев сонда Сәбит Мұқанов тура «Өлеңнен қара сөзге шебер екені «Адасқандар» деген соңғы романынан да көрініп тұр» – деген екен. С. Машақов былай: «Сәбит жас кезінде татар әдебиетін көп оқыған. Әсіресе, «Уақыт» газетін, «Таң», «Шора» журналын үзбей оқып тұрған. Сәбит творчествосына татар әдебиетінің тигізген әсері болмай қалмаған тәрізді. Татар халық ақыны Ғабдолла Тоқай өлеңдерінің кейбірін Сәбит жатқа білетін. «Рамазан (ораза) айында шайтандардың азғыруы» деген Тоқайдың өлеңін Сәбит қазақ тіліне аударып, оны «Уақ-түйекке», одан кейінгі жинағында да енгізген. Татар ақындарының ішінен Тақашты, Дәрдмәндті (Закир Рамеевті) көбірек оқитын. Шайхзада Бабичтің өлеңін аса сүйсініп оқығаны әлі есімде. «Терең тамырлар» романын (татар тілінде) екі күндей бас алмай оқығанын өз көзіммен көрдім» – дейді. Сәбиттің өз айтуына қарағанда 1918 жылдары шамасында ол Сібірдің бір ақынының (фамилиясы Березовский болса керек) қазақ тұрмысынан жазылған поэмасын аударған. Бұл поэма түгелге жақын аударылып, бірақ баспа жүзінде жарияланбаған. Осы поэманың аудармасы елде Сәбиттің кітаптарының арасында қалып, сол бойы табылмапты. Сәбит өзінің көзі тірісінде Абдуллин Байқат деген туысына осы қолжазбаны ауызша тапсырған екен, ақырында поэма ұшты-күйлі жоғалған сияқты. 1916 жылғы патша үкіметінің маусым (июнь) жарлығына Сәби те, ағасы Уәлі де тізімге ілігеді. Екібастұздағы қара жұмыстан майданға алмайтын болған соң Сәбит жұмысқа тұрады (Екібастұзда өлеңін шығарады – А.Қ.), артынан іле әскерге алынып, ағасы жүрген Рига қаласының түбінде майданға жақын жерде окоп қазу жұмысында істейді. Екі баласы майданға кеткенде әйелі қайтыс болған Дөнентай үйінде жалғыз қалады. Осы уақытта өзі де қатты сырқаттанып жүрген әкесі сүйікті ұлына өлім халінде жатқандыған хабарлап хат жазады. Сәбиттің «Қайран атам» өлеңі осылай туған. Сөйтіп, Сәбит майданан келуінен алты ай бұрын әкесі Дөнентай қайтыс болады. Сәбит Семейде 1917 жылы мамыр айында мұғалімдер дайындайтын үш айлық курсқа түсіп оқиды. «Сарыарқа» редакциясында экспедитор болып қызмет істейді. 1919 жылдары Семейде М. Әуезовтан орыс тілі сабағынан жеке білім алады. 1919 жылы өз еліне Ақсу болсына қайтады., 1919-1920 жылдары ауылдағы ағарту, сот жұмысына араласады. 1924-1933 Семейде, одан Павлодарда қайтадан Семейде кеңес жұмысында істейді. 1931 жылы қылышынан қан тамып тұрғанда «Сталин өте қатал, менменшіл адам ғой» деп алғаш баға берген Сәбит Дөнентаев екенін екінің бірі біле бермейді. Сәбит Семейде жүргенде: Жұматай Забаев, Бөпебай Тұлғажанов, Рахымжан Жаманқұлов, Қадыр Тайшықов, Мұсатай Ақынжанов, Ғайса Сармұрзин, Тұрлыхан Хасенов, Ибади Матақов, Самат Нұржанов, Сақи Бейсенбаев, Бейсенғали Тайкіманов, Ғазиз Оспанов кейінен Дихан Әбілев бата алып, ақынның тәлім-тәрбиесін көргендер еді. Сәбиттің шығармашылық кезеңін ғалымдар екіге: 1) 1913-1917 жылдар арасы. Ақынның ағартушы демократ бағыттағы өлең, мақала жазып жүрген дәуірі. 2) 1917-1933 жылдар арасы. Ақынның Кеңес өкіметін, кеңестік идеяға суғарылған өлеңдері т.б; 1919-1923 жылдары ақын шығармашылық жұмыспен айналыспағандығын айтады. Біз бұған алып қосарымыз ақынның 1918-1920 жылдардағы алашордашылар ықпалы. Сәбит Семейде жүргенде Алаш қайраткерлерін білмеді, естімедік десек қателесіміз. Оның осы кезеңде жазылған «Қаулы», «Ұлтшылға», «Қайтып қарғыз алмайсың?», «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға», «Айналдырған құдайым-ай» өлеңдері нағыз ұлттық намыстың қайнауынан шыққан туындылар десек қателеспейміз. Сәбиттің төкерістен бұрын 1913-1917 жылдар арасында жазған өлеңдерінің мейлі тақырыбы жағынан болсын, мейлі көлемі жағынан болсын ең көрнекілері: «Заман кімдікі?», «Менің халім», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «Жер», «Қожа», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт», «Талап», «Жұмыскердің өкініші», «Жарық ағаш», «Жамила қыз», «Өгей ұл», «Екібаста» т.б. олардың ішінде мысал – өлеңдері: «Сұңқар мен қарағалар», «Ыбылыс пен шайтан», «Бозторғай», «Ұры мен баласы», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «У жеген қасқырға» т.б. Сәбит Дөнентаев: «Қазақтан шыққан білгендер, Халқыңды өрге сүйреңдер», «Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген», «Солардың арасында жасап тұрып, Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап өлген» – деген афоризмдерге айналған сөздер («Қазақтың білгендеріне», «Жер» өлеңдерінен алынды). «Ақыл» деген өлеңі дерексіз затты деректендіріп адамша (зат есімге) айналдырып сөйлетеді: Лирикалық бейне «– Бәрінде жалпақ жұрттың бірдеймісің, Шыныңды айт, қайда жүрсің, өзің батыр» дегенде, ақыл «– Белгілі тұрағым жоқ бір жерде тап, Кім жақсы тәрбие етсе, мен сонікі» – деп жауап береді. «Бірлік» өлеңінде халықтың «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» – деген мәтелді авторлық өзгеріске салып, стилистикалық экспрессивті – эмоциялық бояуын күшейте түскендігі байқалады: «Алтауың ала болып тұрған күнде, Асыңның аузыңдағы кетуін тос. Таласты алалық пен тастамасаң, Бір күні туған жерге айтарсың «қош». Сәбиттің ислам дінін насихаттап шығарған өлеңі: «Рамазан айында Ібілістің шайтандарға айтқаны» – деп аталады. Ал Сәбиттің «Қазақтарға қарап» – деген өлеңі бірыңғай дауыссыз дыбыстарға құралып аллитерация жасап тұр:

Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың қазақ.
Қарулап, қуатсызды қуаттандыр,
Құрдан-құр қампитқанша қарын, қазақ.

Қулардың құлқынына құм құйылсын,
Қайдағы құлдың қайғырт қамын, қазақ.
Қайтеді қайырлассаң қарындасқа,
Қасармай, қақырайып қырын қарап,

Құнан да, қадірден де қалдың құр қол –
Құнт қылмай қуып құлқын құлды қанап.
Қайғырып, қатып қабақ қамықпай құр,
Қимылда, құныңды қу қадағалап.

Қақпанға қапылыста қақтығарсың,
Қадамда қиқаңдамай қадақ-қадақ!
Қауым ең қорқақ қоян, қара қазан,
Қиының қисынар ма құдірет қалап?

Бұл – өлеңнің түгел шумағын келтіріп отырғаным тегіннен – тегін емес, айдарынан азаттық, теңдік рухының желі ескен өлең өзінің құнын бүгін де жойған жоқ. Айтылар ой, идея бүгінгі қазаққа да керек ой, идея. М. Дулаттың «Оян қазағын!», А. Байтұрсыновтың «Масасын» еске түсіретін өлең. Өзінің бастауын «Бұзауы өлген сиырдай, Жұртқа мөңіреп ой қайтты» (Дулат), «Адасқан күшік сияқты, Ұлып жұртқа қайтқан ой» (Абай) үздіксіз – жалғасын таба береді. Енді бір-екі ауыз сөз мақалалары, әңгімелері туралы. «Кекесінді қою керек», «Баспасөз күшейсін», «Газет көпке тарасын», «Тіршілікке назар салынсын», «Әуелі шаруа оңдалу керек», «Қолғабыс комитеті», «Әркім өз қотырын өзі қасу керек», «Есте болатын іс», «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігі қалай ұғу керек?», «Ұялып жүрмейік» т.б. түрлі тақырыптарға жазылған. Оның ішінде бүгінгі нарық заманына лайықты да ойлы мақалалары көркем мәні мен мазмұны көз тартады. Әйел теңдігі, ерлер мәселесі, шығын шаруа қожалығы, кәсіпкерлік, тілшілер, жастар тағдары т.б. толып жатқан қоғамды толғандырып жүрген өзекті мақалалар, әңгімелер болып табылады. Жалпы, Сәбит Дөнентаевтіңәдеби мұраларын әлі де болса, толық қанды жүйелі ғылыми зерттеу керектігі көрінеді. Айталық, Сәбит өлеңдерімен Абай, Шәкәрім, С. Торайғыров т.б. үндестігі. Сәбиттің уытты, ащы сатирасы, сарказмдары кімді болсын таң қалдырғандай. Сәбиттің грек мысалшыларынан бастап, орыс-еуропа мысалшыларын оқығаны айдан анық. Оның мысалдарын Крылов, Абай, А. Байтұрсынов, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Мәшһүр-Жүсіп мысалдарымен салыстыра зерттеу күн құрғатпайтын міндет. Ал әңгімелерін, фельетон, мақалаларын мәні мен мазмұнына қарай, тақырыбына қарай жүйелеп қарастыратын уақыт баяғыда жетті. «Баспасөз күшейсін» атты мақаласында С.Дөнентаев дүниежүзінде не болып жатыр, өз еліңде қандай жаңалық бар осының бәрінен хабардар ететін, пән, ғылым деген нәрсе өмірдің өркендеуі үшін керек болса, сол пәндерді, ғылымдарды көпке жеткізетін, тарататұғын да баспасөз екендігінде дау жоқ дейді. Баспасөз арқылы патшалар, саудагерлер, оқымыстыларды ғана насихаттап ал желдің, будың күшін пайдаланып, суда жүзетін, көкке ұшатын құралдарды шығарған көн қолды, көн терілі белді еңбекшілердің өздері не істеп, не қойғанын білмеуі өз алдына, дүниеге шығарған қызығын көлденең көк аттылар көріп отырды. Ендігі жерде еңбекшілерге де күн туды. Жұмыскер деген халықтың мұңын жырлайтын баспасөз пайда болды деп, Қазан төңкерісінің кейбір жетістіктерін оның ішінде «баспасөз жетісі» деген аталып өтіп жатқанын тіліне тиек етті. С. Дөнентаевтің «Газет көпке тарасын», «Тіршілікке назар салынсын», «Газет иесіне берілсін», «Газетке хабар жазушы жастарға» т.б. мақалаларында газетке қойлытын талаптар, жауапкершілік мәселесі көтеріледі. «Газет – айна болса, ол айнаны жасайтын тілшілер болса, айнаны дұрыс жасап шығу міндетін: аузы қисық болса, болсын, айна қисық болмасын!» – дейді. «Әуелі шаруа оңалу керек» деген мақаласында С.Дөнентаев қазақ жеріндегі партия мәселесін қозғайды. Қазақ партия дегенде өз арасындағы ру партиясын ғана ұғады. Тап партиясын айтам десең, коммунист дегенді қосасың. Ру партиясын айтқың келсе, қазақ дегенді қосасың. Ру партиясының мәдениетке, елдікке тигізіп келе жатқан зияны орасан екендігін, «пәлен атаның тұқымы көгерсін» дегеннен арылып «Еңбекшілер көгерсін!» деген сөз мақсат етіп алыну керек екендігін жазады. Жалпы мақала қазақ елін бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа шақырады. «Әркім өз қотырын өзі қасу керек», «Оқу – ойыншық емес» – деген мақалаларда оқу, ғылым, мұғалім мәселелері айтылады. Мұғалімдердің рөлі туралы айтылады. Оқу басты мәселе екендігіне тоқталады. Бұрынғы уақытта мұғалімдік оқушылардың ең Қап тауынан аса алмай қалғандарының ғана сыбағасына тиетін еді. Оның себебі оқу жұмысына үкіметтік ынтасы жоқ еді. «Бұл күнде бұрынғыдай емес, үкімет ынталы, халық мұқтаж десең де, жоғары айтқан себептер арқылы оқу жұмысына әлі еркін кірісіп болмай келе жатқандықтан, оқу қызметкерлерінің халдері бұрынғыдан ұзап кете алған жоқ» – деген сөзіәлі де маңызды болып табылады. «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігін қалай ұғу керек?», «Қалыңмал мен көп қатын алудың тарихы», «Қазақ әйелдері әм сауатсыздық», «Қазақ әйелдері туралы» – көбіне әйел теңсіздігі сөз болады. С. Дөнентаев қазақ әйелінің білім алып, сауатты болғанын қалайды. «Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмысқа, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Еуропаның еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа – бір, тұрмысы үйлеспейді – екі. ...Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді.» – дейді. Қандай көрегендікпен айтылған сөз. Ғылым кімде болса алып, тұрмыс жайындағыны өзіміздегіні өңдеп, еркіндікті мол енгізуіміз керектігін айтады. Қазақ шежіресіне көз салсаңыз ерлермен бірге жорыққа аттанып, еркектің серігіне жараған әйелдер баршылық. Ал дін көзілдірігімен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай болғаны айтпаса да түсінікті екендігін ашына да Иранның сөзінен нақты мысалдар келтіреді. С. Дөнентаев қазақтың ұлттық мәдениетінен қол үзбеуге шақырады. Дәстүрлі мәдениет пен бірге кірігіп кеткен ислам өркениетінің де жетістігінен пайдалану керектігіне назар аударады. «Қазақ осы күнде бұрынғы тұрмыстың әрқайсысынан бірте-бірте айрылып келеді. Мысалы: бұрынғыдай айт пен той, ойын-сауық жоқ жерлерінде тіпті жоқ та, бар жерінде сүлдері ғана бар. Бұрынғы уақытта бұлардың қайсысында болса да әйел аралас болатұғын: құда түскенде болсын, қыз ұзатқанда болсын, қазақ қатындарының күндіктері шағаладай болып, қаз-қатар отырып алып, құдалармен салғыласып жатқанын көретін едің. Шілдехана, қынаменделерде қыз-бозбалалар қарама-қарсы өлең айтысатын еді. Айттарда атқа мініп күйеулер қалыңдықтарын қуатын әдеттері бар еді» – деп жазды. С. Дөнентаевтің жазып отырған: күндіктер, шілдехана, қынаменде сөздері байырғы ескіліктер. «Бағай тоғаны» деген әңгімесінде: Алпысқа келіп қалған Бағай ақсақал «Жамшының» басжағында Қояншоқы деген төбенің түбінегі көзден қарасу ағады екен. Бағай бір қойға бір пұт бидай тауып алып, 2-3 шақырымдай жердегі биік дөңді екі ұлымен екі жыл қазып су ағызып, егін салып, 30 үйлі ауыл болады. Бағай тоған қазып жүргенде бір болыс ел мазақ етіп күледі. Кейінннен егін қаптап шығып, жаңағы күлгендер бидай сат деп жалынатын болған. Түбінде құдай бермейді, еңбек береді дейді С.Дөнентаев. «Еңбек тойдырады, еріншек жойдырады» деген мақалды келтіріп үлгі қылады. «Балқашқа көңіл бөлінсе». Балқаш көлінің бұзылмаған табиғатын сөз қылады. Экология мәселесін көтереді. Балқашты Пішпек тұсынан күнбатысқа қарай мекендеген 500-дей үй Қарқаралы уезіне қарайды. Балқаштың аяғындағы Алакөлдің жер майын (керосин, көк май, бензин) Жетісу адамдары саудагерлер пайдаланып жүр. Мұнда қара және сүттей ақ екі түрлі тұз өндіріледі. Балқаш маңында бұл айтылған май, кендір, балықтан басқа тас көмір, қорғасын, күміс кендері бар. Мінекей, осыларды өндіру керек, шағын кәсіпшілерді өркендету қажеттігін жан-жақты ашап жазады. «Наурыз мейрамы». Наурыз мейрамы дін мейрамы емес, ұлт мейрамы дейді. Бірақ, соңғы кезде наурыз мейрамы (ораза, құрбан айттары) сияқты орын теуіп алғандықтан, наурызды қадірі кетуде деп ашынады. Наурыз мейрамының ұлт мейрамы болғандықтан тарихи мағызы үлкен екенін. Тарихи мейрамды жандандырып, ұлт мейрамы ретінде кеңінен насихаттау керектігін айтады. Ақын, 1933 жылы ұзақ уақыт титықтатқан аурудан 23 мамыр күні 39 жасында дүниеден өтті. Ал 24 мамыр күні Семей қаласындағы қалың зираттардың ішіне жерленді. 1977 жылдары Семейде оқып жүргенде ақынға арналған поэзия кешінің еске алу сәтінде басында сан-мәрте болдық. Сөз соңында, С. Машақовтың ақынға арналған шерлі өлеңін келтіргенді мақұл көрдік:

Көз жұмып ақын жатыр алдымызда,
Артынан терең сырлы қалды муза.
Әрі ұстаз, әрі ағадай ақыл беріп,
Тар жерде сөз салатын аузымызға.

Далада өткен талай ақын ұл- қыз,
Көгінде көркем сөздің бейне жұлдыз.
Ішінен самсап тұрған көп жұлдыздың,
Жанған бірін танып қарап тұрмыз.

Жасыңнан әуес болмай жарқырауға,
Үңіліп ой тоқтаттың әр сұрауға.
Аз сөздің мағынасы көп, әрі терең,
Ескірмес мың қайтара айтылғанға –

деп ақын сөзі мың қайтара айтылса да ескірмейді дегеміз келеді. Олай болса, ақынның туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Абайшаласақ «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Артында өлмейтұғын сөз қалтырған» ол – Сәбит Дөнентев екенін тағы еске салғымыз келеді. Мына төмендегі әдебиеттер қаралды: Қ. Мұхаметханов. Әдебиет пен өнердің досы. // Семей таңы №98 (15000) 23 май, 1985. –Б.3. С. Машақов. Сәбит Дөнентаев.// Семей таңы №189 (15839) 1 қазан. 1988 жыл. Сәбит Дөнентаев. 21-кітап. Кереку – Баян кітапханасы, Павлодар. 2003 жыл. –Б. 3-33. 2004 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі. (Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші) –Алматы, 2003. –Б. 83-84. Сәбит Дөнентаев. Бозторғай. Алматы «Мектеп» 1989. Қ. Жұмалиев. С. Қирабаев. Қазақ әдебиеті. 10 класс. Алматы, Рауан. 1990. А.Қ. Тұрышев. 1976-1980 жж. Лекциялар дәптері. Ж.Кәткенова. Өңірден шыққан тұңғыш журналист. // Сарыарқа самалы. №71 (14264) 28 март, сенбі, 2008 жыл. А. Бәделханұлы. Сәбит – сатирик, журналист. // Республикалық рухани – имандылық тәрбие газеті «Руханият» №4 (52) 18 ақпан, 2005 жыл. Қазақ энциклопедиясы. ХХ ғасыр. Анықтамалық. Алматы, «Ана тілі» 2004 жыл. – Б. 102.Сәбит Дөнентаев. Ұрпағыма айтарым. Алматы. «Жазушы» 1989. –Б 303. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, «Білім» 1994. –Б. 308-315.Әдеби мұры және оны зерттеу. –Алматы-1961 жыл. –Б. 139 Б. Кенжебаев. Қазақ хылқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. Қазақ мемлекет баспасы. 1958. –Б. 221-239. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы1965 жыл. –Б. 443-493. Б. Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. «Мектеп» баспасы. Алматы, 1976. –Б. 212-231. Сәбит Дөнентаев. Ұрпағыма айтарым. Өлең, әңгіме, очерк, фельтон, мақала, естеліктер. – Алматы : «Жазушы», 1989. –Б.142-143, 145, 151, 250, 251

Ғ. Мүсірепов – қазақ әдеби тілінің проблемасы
Өзге сыныңа, мақтауыңа түгел қосылдым, тек «ұлы»,
«классик» деген сөздерді қоса көрме.
Ғ. Мүсірепов

Қазақ әдеби тілі туралы мәселе жазба әдебиеті пайда болғаннан бері айтылып, жазыла бастады. Түрік құрамында жүргенде де тіл тазалығы үшін күрес үнемі жүріп тұрды. Тілдердің генеалогиялық классификациясы бойынша, түркі тілдерінің батыс ғұн бұтағының Қыпшақ тобына қазақ тілі енетіні белгілі [1, 486-б.]. М. Қашқари: «Қырғыз, қыпшақ, оғыз, тохси, яғма, чігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түркі тілімен ғана сөйлейді» – деді [2, 11-б.]. Кейбір ұсақ түрік тайпалары түрік тілін әлімсақтан біледі, өздері басқа тілде сөйлейді деп жазды. М. Қашқари түркі тайпаларына кіретін негізгілерінің тілін зерттеп, түркі тілінің тазалығы үшін күрес жүргізді. Арнайы әліппе жасап, ретке келтірді. Бұл – Х – ХІ ғасырлар еді. Демек, қыпшақ тілі қалыптасқанға дейін ықылым заман өтті. Фунтаменті жоқ заманда қалыптасқан тіл үшін күрес әр дәуірде үзілместен болып тұрды. Түрік тілінің тазалығы ХV ғасырдағы қазақ этнонимінің ірге тасы білінбей қаланғаннан бергі қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне келіп ұласты. Басында шығу негізі бір тіл халықтармен ұлыстардың бірде бөліну, бірде бірігу үрдісінің негізінде өздерінің алғашқы шыққан тегін тауып алып жатты. Соның негізінде туыстас тілде бірігіп, өздерінің бастапқы қалыпын құрауға ұмтылып әрекет етті. Серпіліп, жиырылып жатқан көзге көрінбейтін атом молекулаларының структурасы жер бетіндегі түрік жұртының бөлініп, бірігу схемасы болды. Онсыз түрік жұрты жер бетінен құрып кету қауіпі туды. Қазақ елінің аталарға, ел-елге, ру-руға, жүзге бөлінуі түрік жұртынан тек қана қазақ халқы ғана еншілеп алып қалған дәстүр. Қазақ елі бөліне отырып, бірікті. Бұл қазақ елінің тілін, жерін сақтап қалды. Білінбей бөліне отырып, бірігу күні бүгінге дейін жалғасуда. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» қазақ елінің бірігуінің, тұтастығының ұраны болып табылады. Қазақ елі бөлінбеңдер деп қанша ұрандасада, іштей бөлініп шыға келеді, бірақ та оның қоғамға зияны тимейтіндей жағын қарастырады. Олар көпшілік арасынан өз қандастарын, руластарын тауып алып жатады да қолма-қол танысқаннан кейін ажарасады. Немесе, қолма қол танысқан бетте-ақ құда, құдағи, нағашы, жиен, бөле, бажа, қайнаға, қайын апа т. б. болып бөлініп шыға келеді. Бірақ, бұған кереқар: жерлестік, жолдастық, достық, әскери жолдас, сыныптас дос, судентік дос, қызметтес жолдас, жол-жөнекей танысқан жора-жолдас, біреудің біреуі арқылы білетін таныс т.б. толып жатқан тәсілдер өзара жең ұшымен байланысып жатады. Бұл көзге көрінбейтін жай ғана үрдіс болғанымен қазақ елінің бірігуіне әсер ететін әлеуметтік процесс. Үлкен институт. Мұның үстіне ауыл арасынағы болып тұратын ұсақ-түйек кикілжің, ара-тұра ағайын арасындағы ұрыс-керіс, өсек-аяң түкке тұрмайтын «насыбайға бола өкпелеп» қалатын қазақи мінез «ауру қалса да, әдет қалмайтын» тағы да бір жаман қылығымыз екендігін неге жасырамыз. Осының бәрі – Ғабит Мүсіреповтың «Этнографиялық» әңгімесінде көрініс тапқан [3, 23-34-б.]. Ғабит Мүсіреповтың «Этнографиялық» әңгімесі осы айтылған мәселенің түп-тамырын біле отырып, аурудың алдын алу үшін жазылған шығарма дейміз. Ғ. Мүсіреповтың жалғыз ғана осы-әңгімесі «Нобель» сыйлығына ұсынуға тұрады. Бұл-әңгімесі тек қана қазақ өмірін ғана суреттемейді, жалпы ғаламдану үрдісіндегі шағын ұлттардың, ұлыстардың жер бетінен тілі мен дінінің құрып, одан қалды өздерінің құрдымға кетіп, жұтылап бара жатқан жан-айқайы деп ұғамыз. «Жаңбыршы» аулы, «Атакем» бейнесі солардың нақты көрінісі мен тұлғасы деп білеміз. Ғ. Мүсіреповты қазақ әдеби тілінің тарихы әр уақытта қызықтырды. 1984 жылы 11-12 декабрьде Қазақстан Жазушылар одағының «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығарманың тілі» деген тақырыпта творчестволық конференция болды. Бұл конференцияда Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР Халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов баяндама жасады. Ғ. Мүсірепов «Орхон -Енесей» түркі ескерткішін тасқа қыпшақ қолынан түсірген. «Қыпшақ мемлекеті жаңа жыл қайрудың VІ ғасырыныда құрылған. Сол кезде оның көркем әдебиетке жататын тілі де бар» – дейді. М. Қашқаридің пікіріне сүйеніп «Мемлекет құрамында оғыз, қарлұқ сияқты әлденеше тайпалар болғанмен, ортақ тілі бір» дегенді де айтады. Қыпшақ тілінің түп тамыры жыл қайрудың ар жағында, ой жетпес әрі де жатыр дейді.Түркі тайпаларының шығу тегіне қатысты профессор Ә. Қоңыратбаевтың «Білім және еңбек» 1982, №9 санында жарияланған «Этнос» деген мақаласына, Қаржаубай Сартқожаұлының, академик Ә. Марғұлан деректеріне өзіндік пікір қосады. Бұл орайда, Бичурин, Малов, Кляшторный, Стеблева еңбектеріне табан тірейді. Қазақ зерттеушілері академик Ә. Марғұлан, түркітанушы А. Аманжолов, Әйтім Әбдірахманов, Қ. Сартқожаұлы, Шетін Жұмағұлов т.б. ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды. Бұдан әрі Ғ. Мүсірепов кейбір ақын-жазушы інілеріне тіл ақауына байланысты мін тағады. Тілші ғалым Ө. Айтбаевтың 24 апрель, 1984 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласын жақсы қырынан атап өтеді. Бұл орайда, «–Жер, сен адамға басыңды и!» О. Сүлейменовтің, «–Биіктік-кеңдік-тереңдік!» М. Шаханов, «Мен асылы тыныштық күйге түссем, Қайраңдағы балықтай тұншығармын» Ф. Оңғарсынова т.б. сәтті сөз қолданыстарына сүйсініп, қолдайды [4, 2-6-б.]. Академик (сол кездегі ҚССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының директоры) қазіргі тіл білімінің ірі ғаламы – Әбдуали Қайдаров қосымша баяндамасында тіл мәселесіне тоқтала келіп, Ғ. Мүсірепов шығармалар тіліне де талдау жасайды. «Ғ. Мүсірепов «Ұлпандағы» Тұрлыбекті: «Есеней ұрт мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақты адам еді», – деп суреттеуі қандай тамаша («Ұлпан», 29). Немесе ит екенсің, иттің етіндей жек көру, ит терісін басына қаптау, ит мінез, итше ырылдасу, иттік істеу, сияқты толып жатқан тіркестерде адам итке баланып, қылықсыз жақтарынан көрінсе, енді бір қолданыста ол мақтау, көтермелеу, немесе жақындығын, үлкендігін білдіре ішке тарта, өзімсініп сөйлеудің ыңғайында қолданылады. Мысалы: Артықбай батыр Сәдір батырды бар бейіл- ықыласымен қуана қарсы алып отырып: «–Батырым-ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де көретін күн болады екен-ау! Сен ит, он бес жыл бойы ат ізін бір салмай кеттің!». «–Ит-ау; қайда жүрдің, қайда жоғалып кеттің? – дейді. («Ұлпан…»). М. Әуезов, Қ. Мырзалиев, Ә. Кекілбаевтарды сөзіне арқау етеді. Тіл мәселесіне байланысты туындаған басты-басты 8 кемшіліктерді атап өтеді [5, 7-б.]. Ғ.Мүсірепов «Қазақстандағы әдебиет сынының жайы мен міндеттері туралы» – деген мақаласында: «Мен «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған екі мақалаға – профессор М. Балақаев пен жазушы М. Әуезовтың мақалаларына тоқталамын» [313-б.] – деп, профессор М. Балақаевтың әдеби тілдің тазалығын, оның обьективтік заңдылығы мен нормаларын сақтауды әділ талап етеді дей келіп, М. Әуезовты ақтай «Бірақ, құрметті профессор М. Балақаев М. Әуезовтың тіліндегі кемшіліктерді тіпті әдейі әсірелейтін сияқты және мейлінше әділетсіз қорытынды жасайды» – деп, поэзиялық лексика, жай лексика, шешендік, синтаксис деген М.Әуезовтың сөздеріне талдау жасасақ автормен үлкен айтысқа түсетін сияқтымыз дейді. Ғ. Мүсірепов Салтыков-Щедрин сатирасының тілі жайында үлкен еңбек жазылды онда жазушының тіліндегі публицистикалық, ғылыми-терминологиялық, кітаби-беллетристикалық және басқа лексика талданады деген уәжбен басқа да жазушылардың шығармаларының тіліне талдау жасайды [6, 297-325-б.]. Ғабит Мүсіреповтің айтып отырғаны «Көркем әдебиеттің тілі жайында» (М.Балақаев), «Тағы да көркем әдебиет тілі туралы» (М.Әуезов) бір-біріне жазған пікірлері жайында. Жазшы Мұхтар Әуезов пен тіл маманы Мәулен Балақаев екеуінің арасында жеке бастың емес, ұлттық әдебиетіміздің және әдеби тілдің болашағы үшін айтыс болып еді, сол туралы өз ойын ашық ортаға салды. Бұл айтыстың екі мақала [7, 1-12-б.]; [8, 272-289-б.] жарияланды. Қазіргі уақытта осындай үлгі боларлық үрдістерді көре алмай жүргеніміз де шындық екенін неге жасырайық. Әдеби тіл жайында А.Байтұрсынов: «Ауыз шығарманыанайы әдебиеттіауыз сөз деп қана атап, жазба шығарманы сыпайы әдебиетті ғана әдебиет деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебінде жүріледі» – дейді [9, 232-б.]. Демек, асыл сөз тілдегі әдебиет есебінде жүреді. Олай болса, ауызекі сөйлеу тілін де әдеби тіл есебіне жатқызамыз. М. Әуезов «әдебиет тілін алсақ, халықтың әдебиетке түсіп қалыптанған тілі» – деп [10, 250-б.]. А.Байтұрсыновтың ойын толықтыра түседі. Х. Досмұхемедұлы «Халық әдебиетінің тілінің формасы негізінен өлең сөз түрінде болып келеді» [11, 31-б.]; «Елдің қара тілі әдебиет тілімізге негіздікке алынды» [12, 91-б.] деген пікірлер қазақ әдеби тілінің тарихын жазуға түрткі болды. Ғ. Мүсіреповтың әдеби тіл туралы айтылған ойы ф.ғ.д, Дандай Ысқақовтың «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» деген мақаласында жақсы ашылды [13, 7-8-б.]. Ғ.Мүсірепов «Авгейдің ат қорасынан бастайық» деген мақаласы тіл тазалығына байланысты жазылған. Ғ. Мүсірепов райкомтұғын-тұғын формасының ықшамдалған түрін қолданғанды ұсынады мысалы, болатын, келетінауыспалы келер шақтың көсемшеге есімшенің -а+тын, -е+тін жұрнақтары арқылы жасалуын құптайды. Х. Досмұхаметов « -тұғындеген сөз-тұңкүйінен өзгеріп, құйқылжымалы-түндеген жалғау болған» – дейді [14, 85-б.]. -Тұғын формасы туралы Ғ. Мұсабаев, А. Ибатов, С. Исаев, Р. Сыздықова т.б. тілші ғалымдар өз ойларын ортаға салған болатын. Варианттар мен дублет сөздердің: шекейін//дейін, әне ерде//әне жерде, мін жер// мына жер, со//сол, жесей//же//жесеңші, ішшей//іш//ішсеңші т.б. Жіктің жалғауының қысқы түрінің жекеше жіктелу үлгісінің І жақ: барғам, жазғам, айтқам сөздерінің толық түрінің жіктелуін: барғаймын, жазғаймын, айтқамын -ғай тілекті қалау райының жұрнағын жалғау арқылы, айтқамын//айтқанмын, айтқаймын емес, ауызекілік сөйлеу дағдысындағы осы шақ үлгісін ұсынады. Оңтүстік//оңтұстық, солтүстік//солтұстық /түстік емес тұстық// түскиіз//тұскиіз деп жазылу керектігін ескертеді. С. Мырзабеков бұл өзгерістерді қысаң дауыстылар мысалы -ұ // -ү өз алдына бір сингармотип құрайды дейді. Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерінің саны сингармониялық варианттарынан әлдеқайда аздығын айтады [15, 131-б.]. Расында да -тұс//-түс, тұз//түз екінші сыңары аз кездеседі. Қайдан//қайдам соңғы вариантына келіспейтінін жазады. Н үнді дауыссызның айтылғанда үнді м болып естілетіні көнеден жеткен құбылыс. Мысалы, тіліміздегі мынандай//мынадай жазылу үрдісі белең алды. Ұқсап//құсап ауызекілік естілуі бойынша «құсап» сөзінен құсық исі келетіні жанға батады екен деп қатты айтты. Араб сөздері жазира/арал/, салауатты жыр // молда бейсенбі күні салауат айтқызады/, салиқалы сөзін Шахмет марқұм айтқандай – ухом сомнение, құлаққа жағымсыз, мағынасыз сөз, қоғами, сыни аравизм мен фарсизмге қарай «қоғами» құйрығын екі рет бұлғаңдатты деп тіптен ашына жазады. Мақамшылдық өнер//мақам құранды қалай оқудың сазы т.б. Ғабит Мүсірепов І. Жарылғаповтың «көрермен», « оқырман», «аялдама», М. Мағауиннің «ірінді су» (қақ аталатын, шалшық су, жайдақ су) «ірінді су» – деп, атауын құп көреді. Ғабит Мүсірепов жас інілері Ж. Рамазановқа, О. Бөкейевке сын айтады. І.Есенберлиннің «Қаһарын» кейбір кейіпкерлерге қатысты жерлерімен келіспейтінін, Кенесары көтерілісімен түсіндіреді. Жасырып не керек, бұл арада – жазушыға Кеңестік дәуірдің ықпалы, әсері болғаны да аңғарылып қалады. Ғ.Мүсірепов «Әдебиет тілі жайында» деген мақаласында С. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Әбдірахманов, Т. Қордабаевтардың газет-журнал беттеріндегі қазақ тілі жөнінде жазған мақаларын жөн көреді. Ақын інілері С. Қасиманов, Е. Кенебаев шығарған өлеңдерінің кей жолдарының сәтсіз екендігіне қатты ренжи отырып, ағалық сын ескертпесін жасайды. Ақын ағамыз Ғ. Қайырбеков те, Ғабекең сынының құрығына ілігіпті. Тілші ғалым Ғ. Мұсабаевтың «Емле-тілдің жаны» деген мақаласынағы теңеу жайында жазғанына риза еместігін білдіреді. Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров» деген еңбегін де арқасынан қағып, жұқалап ақырын сипап өтетін кезі де бар [15, 449-454-б.]. Бірақ, біздің байқағанымыз Ғ. Мүсірепов не айтса да, не жазса да қазақ әдебиетінің ұлттық дәрежесі тұрғысынан айтады және жазады екен. Ғ.Мүсірепов фонетика мәселесіне де ден қояды. «Амангелді, Қаракөз, Зілқара, Меңдіғожа сияқты адам аттарын Аманкелді, Қаракөз, Зілқара демей-ақ, естілу тұрпатында жазсақ қалай болар екен? Екі сөзден тұратын адам аттарындағы сол екі сөздің түбірі сақталса да, ол оқушы балаларға қ әрпінің ғ әрпіне айналатын реттерін бәрібір үйретуге тура келер еді ғой. К әрпі мен г әріптерінің арасында да осы бар» , «Сол өз кәсібімнің мүддесінен қарағанда маған қ-ғ, к-г әріптерінің арасында недәуір әңгіме бар сияқты көрінеді» – дейді [16, 572-581-б.]. Дыбыс үндестігі бойынша Аманкелді//Амаңгелді тоғыспалы ассимиляция заңы бойынша сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі қосылған сөз к қатаңнан басталып нқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, ңг дыбыстарына алмасады. Ілгерінді ықпалдың әсерінен: Қаракөз //Қарагөз сөз дауысты дыбысқа а дыбысына бітіп, келесі сөз к қатаңнан басталып қосылып тұрса онда ол ұяң ғ, г дыбыстарына Зілқара//Зілғара л үнді дыбысының әсерінен қ қатаң ғ ұяңға айналады [17, 160-б.]; [8, 24-25-б.]; [19, 11-15-б.]. Қорыта келгенде Ғ. Мүсірепов ана тіліміздің тазалығы үшін атсалысып бірнеше мақалалар жазғанын білеміз. Мысалы, «Асқындырып алмайық, достар!» /Қазақ әдебиеті/ мақаласыда тілдің өткір проблемасына арналған. Ғ. Мүсірепов әдеби тілдің қандай болу керектігін айта, жаза отырып өзі де әдеби тілдің дамуына, көркем тілдің түзелуіне үлкен еңбек сіңірді. Сондықтан да, Ғ. Мүсіреповтың тек қана әдебиеттегі орыны емес, қазақ әдеби тіліндегі алатын орыны да барынша айқындалып, одан әрі зерттеледі деген ойдамыз.

Ғ. Мүсірепов және көркем мәтіннің тіл ерекшеліктері Ғ.Мүсірепов шығармашылығы кеңес дәуірі кезеңінде, шын мәнінде, айтайын деген идеясы, ойы ашылмаған еді. Зерттеуші осы мақаласында сол олқылықтардың орнын толтырып, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығын жаңа қырынан көрсетуге тырысады. Ғ.Мүсірепов өз шығармасында тұңғыш рет капиталистік қатынасты суреттеген жазушы. Демек, жазушы айтайын деген ойын толық айта алмағаны байқалады. Бұған сол кездегі тоталитарлы режим кінәлі болды. Міне, осы мәселелер зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Во времена коммунистической партии творчество идея и мысль Г.Мусрепова не было достаточно. Все сторониие раскырыта. Исследователь в этой статье пытается покозать творчество Г. Мусрепова с другой стороны. Г.Мусрепов является первым писателем который написал про капиталистическое отночение. Видно что писатель не смог полностью выразить свою мысль, виной чему является тоталитарный режим. На такие проблемы обострил свое внимание исследовтатель. At the tіme of Communіsm, creatіve work, іdea and thought of Gabіt Musrepov was not uncovered. Іn thіs artіcle the explorer try to show us the creatіve of Gabіt Musrepov from other sіde. Gabіt Musrepov іs the fіrst wrіter that wrote about the capіtalіst terms. We see that through totalіtarіanіsm regіme fault the wrіter couldn`t express hіs іdea. And the explorer keened hіs іnterest on that kіnd of problem. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов «Елтінжал» деген жерде Қостанай облысы, Преснегорьков ауданы, «Жаңа жол» колхозында туған. Бірде деректерде: Солтүстік Қазақстан облысы деп көрсетілген. Туған жерім «Елтін жал» – деп, «Қысқаша өмірбаяным» // Қазақ әдебиеті газеті, №12 /2242/ 20 наурыз 1992 жылы жарияланды/. Шын аты өзі жазандай Ғабділ-Ғабит еді. Бұрын жазғандай шаруа семьясында емес, ортан қол отбасында дүниеге келген. Ұлы атасы Мүсіреп саятшы, әңгімешіл, күйші кісі болған. Кезінде, Есеней мен Ұлпанның қасында болып, өте сенімді серігі болған адам. Аңшылыққа құмарлығы осы – ұлы атасы Мүсірепке тартқан. Ғабділ-Ғабит Мүсірепұлы «Автобиографиялық әнгімесінде»: «Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын» – дейді. Бұл 1902 жылдың 22 наурыз күні еді. Яғни, «Озерный совхозы» «Жаңа жол» – Ғабит Махмұтұлының туған жері (Уақыт іздері, 207-209 б.). 5-6 жасында әкесі ауыл мектебіне оқуға береді. Қадімше молдадан хат таныған Ғабит өз бетімен қисса-дастандарды да оқуға халі жетіп қалады. Ботпайдың қызы Бәтима қобызшы, домбырашы өте жақсы ән салушы болған міне, осы кісінің шарапаты жас Ғабитке көп әсер еткен. Жастай ел ішіндегі «Сал-сал», «Қыз-Жібек», «Қозыкөрпеш-Баянсұу», «Көрұғлыны» т.б. жаттап, айтып жүрді. Сол уақыттың өзінде-ақ Ақан, Біржан сал, Ақанның күйлерін есітіп, көзқанық болды. Сөйтіп, біржаз, екі қыс ауыл молдасынан білім алған Ғабит «доңыз» жылының атақты жұтында көреді. 1919 жылы нағашысы Ғабитті сұрап алып кетеді. Обаған өзенінен балық аулап, күндерін көреді. Сол балықтың арқасында екі класты орысша оқуға да түседі. 1916 жылы қаңтар айында бірінші класты бастайды. Кейіннен ақын, ұстаз Бекет Өтетілеуовтен білім алады. Бекет Өтетілеуов (1883-1949) өмірсүрген. Ғабит Мүсірепов: «ұзамай ол орнынан алынып, мектепте белгілі оқытушы Бекет Өтетілеуовке көшті. Ондай жақсы оқытушыны менкейін де сирек кездестірдім» деп жазады. (Автобиографиялық әңгіме). Бекет Өтетілеуов «Дүниенің ісі ахиретке кетпес», «Жиған-терген» деген кітаптарын оқытып, орыс классиктері И.А. Крылов, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермантов, В.А. Жуковский, А.Н. Плеюев шығармаларын Ғабит Мүсіреповті алып қалып, қосымша айтып отыратын болды. Әдебиетке зейіні бар Ғабитке қосымша Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өлеңдерін де айтып жүрді. Оқуға зерек Ғабит сол қыста-ақ «Қанжар», «Терек», «Дұға» өлеңдерін жатқа оқып жүрді. 1917жылы Бекет Өтетілеуовтің көмегімен Преснегорьковская станциясындағы жоғарғы бастауыш мектебіне оқуға түседі. Күзінде бала Сәбит Мұқановпен кездеседі. Ғабит Мүсірепов: «Мен бірақ Преснегорьков жоғарғы бастауыш мектебін әлі күнге дейін үлкен алғыспен еске аламын» –дейді. «Мектеп директоры, әрі математик, әрі діндар Иван Михайлов, революциядан кейінгі директорымыз Яков Пономоров, оның әйелі, оқытушы Глафира Михайловна, әдебиеттен сабақ беретін поляк қызыма, латыш қызыма, ұмытып қалдым, Сильвия Михайловна, математикадан сабақ беретін, домаланған жас Татьяна Мариновна, –бәрі баяғы жас қалпында, бәрі баяғы құрметті қалыптарында көз алдыңа келеді» – деп жазды ұстаздарын еске алған Ғабит Мүсірепов (Уақыт іздері, 207-бет). 1917 жылдан 1992 жылға дейін осы мектепте оқуын жалғастырған Ғабит Мүсіреповтің саяси санасыда, білімі де толысып жоғарылай түсті. Бұл жылдар туралы: «Сонымен, айналасы алты жылға созылған мектеп дәуірінде...» – деп жазды өзінің оқыған жылдары туралы Ғабит Мүсірепов. Демек, Преснегорьковтегі жоғарғы мектепте Ғабит 6 жыл оқыған деуге дәлел бар. «Революция жылдары мен сонда болдым» – дейді Ғабит (Қысқаша өмірбаянында, сонда деп отырған Преснегорьковская станциясы – автор). 1921 жылы ақ бандылардың көтерілісі болғанда сол мектептің 20 шақты баласы Ақмола облысының оңтүстік партизандар тобына қосылып, ақтармен соғысты. 1923 жылы күзде Сәбит Мұқанов Ғабитті Орынборға әкелді. «Он жетінші жылдан бері Сәбит үлкен қалаларда, мен ауыл төңірегінде болдым да, ол менен «озып» кеткен екен» – деп жазды (Автобиографиялықәңгіме, 52-бет). 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыды. «Орынбор рабфагы (23-26 жылдар). Шынын айтқанда, бұл кезге дейін өткен жылдардың мазмұны оқуға ғана, басқа жағы жалаңаштау – деп жазды (Қысқаша өмірбаянында). Орынбор рабфагы Ғабиттің өсуіне үлкен үлес қосты. 1926 жылы рабфагтыңқабырға газетінде Ғабиттің алғашқы әңгімесі жарыққа шығып, кейіннен «Тулаған толқында» деген повеске айналды да, ең бірінші басылып шыққан еңбегі болды. 1927 жылы Омбыдағы ауыл шаруашылық институтына барып түсті. 1927 жылы күзде Қазақстан астанасы бұрынѓы Қызылордадағы қызметке ағасы Хамит, Қожабай көлінен, Лебяжі темір жол станциясына алып келіп, шығарып салды. Ғабит Мүсіреповтің әдебиет майданындағы ең бірінші ұстазы да Бейімбет Майлин болды. Рабфагтағы қабырға газетінде шыққан «Тулаған толқында» әңгімесін оқып, алғаш баға берген де Бейімбет еді. Рабфагта оқып жүргенде «Еңбекші қазақ» газетіне таңдап алған жеті жігіттің бірі Ғабит Мүсірепов болды. 1928-1933 жылға дейін Ғабит Сєбит Мұқановтың орнына Қазақ мемлекеттік баспаның бас редакторы болды. Бұл астананың жаңа Қызылордаға көшірілген жылдары еді. Осы кезеңде Ғабит Іляс Жансүгіров, Тайыр Жароков, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділдә Тәжібаев, Ғали Орманов сияқты атақтары белгілі бола бастаған ақын-жазушыларға да септігі тиді. Сөйтіп, Бейімбет, Сәкен, Ілияс, Мағжан, Міржақып, т.б. өз қатарлы замандас ақындармен үзеңгілес жүре, Ғабиттің де шоқтығы биіктей түсті. Бейімбетпен 1928 жылдан 1937 жылға дейін бірге жүрді. Ғабиттің Бейімбетке деген сүйіспеншілігі: «Майлин қатардағы қызметте жүрген жерде мен бас редактор бола алмаймын» – сөзінен білініп, кейіннен араға 7 жыл салып «Би – ағаң халық жауы болса, мен де жаумын» – деген қанатты сөзіне ұласты. Сәл шегінсек, 1923 жылы Ғабит рабфакқа келген соң Сәкен Сейфуллинмен жақындасып, Сәбит, Сәкен бәрі – бірге Орынбордағы Деевская 5 деген пәтерде тұрды. «Тулаған толқында» 1926 жылы Орынборда рабфакта оқып жүргенде ќабырға газетінде жарияланып, Бейімбет Майлин бірінші баға берді. Тұсауы кесілген Ғабиттің бұл шығармасы 1928 жылы повесть болып толықтырылып қайта шықты. 1929-1932 жылдары алғашқы әңгімесі жұртқа ұнаған соң бірнеше ұзынды-қысқалы әңгімелер жазды. «Тулаған толқында» 1916 жылғы халық дүрбелеңі, қазақәйелінің тағдыры, азамат соғысының аласапыраны бейнеленген. Бұл шығарма кей тұстары бас бостандығы үшін талпынған қазаққыздарының басынан кешкен қиын тағдырын суреттейді. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», С. Сейфуллиннің «Айша» повесімен сарындас. Жамал, Шұға махаббаттыңқұрбаны болып, бас-бостандық жолында құрбан болса, Шайза қыз сүйгені Біржанмен қол ұстасып, бас-бостандықтары үшін күреске аттанады. Бір жағынан С. Көбеевтің «Қалың мал» романын еске түсіреді. Жалпы «Қалың мал» романы осы ізбен жазылғанын анық байқауға болады. 1930 жылдары Ғ. Мүсірепов ауыл шаруашылығын коллективтендіру тақырыбына бірқатар әңгімелерін жазады. Бұл шығармасында суреткер реалистік бағыттағы шартты ұстайды. Алғашқы колхоздастару кезіндегі Сталиндік, Голещекиндік саясатты әшкерелейді. Крестьяндандыру саясатын ашына жазады. Империяның кезекті саясатын осы әңгімелері арқылы астарлы көрсетеді. Шындықты сол кездегі жазушылар мен ақындарға тән қасиет сияқты тым ашық айта алмайды. Дегенмен, ел ішіндегі аштықты, жоқтықты, байлардың тоз-таз болып кеткенін, ел ішіндегі құрылымның бұзылғанын санасы түсіне тұра коммунистік партияның тоталитарлы режимінің темір құрсауынан шыға алмады. 1916 жылы Ұлт азаттық көтеріліске арналған шығармасы да Ғ. Мүсіреповтың қазақ елінің тағдырына арналды. «Алғашқы айқас», М. Әуезовтің «Килы заманы» сияқты туынды еді. Бұл әңгіме де Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» сияқты халықтық туынды болды. Ел-ішіндегі қазақтардың ішкі шерін, бұлқынысын көрсетті. Ұлт-азаттық көтеріліске ат төбелідей кедей табынан ғана емес, байлар тарапынан да қолдау тапқаны кейінгі жылдары айтылып жүрді. Осы шындық Ғ. Мүсірепов тарапынан бастау алды. жалпы, Ғ. Мүсірепов қай шығармасында болмасын кедейлерді айта отырып, байдың тұрмысын теріс көрмейтінін аңғартып алады. Бұл сарын С. Мұқановтың «Өмір мектебінен де» байқалады. М. Әуезовтің «Абай жолында» байлардың сән-салтанаты анық суреттеледі, көрінеді. «Қосшалқар» (1928) әңгімесінде жазушының өзі бір кездегі балалық, балғын шағына қайыра оралады. Қосшалқардың өзі де, оны жайлаған адамдар да өзгеріпті. Жазушының ұтқырлығы Қазақстанның шұрайлы жерлерінің бірі – Қосшалқарды сондай тамаша қылып сүреттеген. Қосым байдың еншісіндегі Қосшалқардың әсем табиғатын шынайы жазған жазушы, осы өңірге ие болған Күсен сияқты адамдардың бір табының жан-жақты болған талпынысын жазады. Табиғатпен астасқан адам тағдыры жазушы мақсаты болды. Бұл шығарма да колхоздастыру сияқты кезекті коммунистік шарадан құр алақан емес еді. Дегенмен, оймен таласа келген шығарма колхозды ауылдың өміршең еместігін айта алмады. Сол дәуірдің ықпалында кетті. Бұл Ғабиттің қатесі емес, заман қатесі еді. Ғабит сол машинаның миллиондаған адамдары құсап тетігі, орындаушысы болды. Сөйтіп, Қосшалқар қиялдағы еркіндікті басқа қөзқарасқа айырбастап алды. Дегенмен, Ғабит алдына қойған Қазақстан Отан туралы, туған жер, ел туралы ыстық ықыласын ойдағыдай орындап шықты. Шығарманың үшінші жақтан баяндалуы да жаныр ерекшелігін айқындап, бүгін, кеше деген тақырып төгірегіндегі мәселені шешіп берді. Қосшалқар адамның өсуін, заман өзгерісін тап басып жігін айырып берген өткір шығарма өз бойында дәл осындай сарынмен жазылған шығарма жоқтың қасы. «Алғашқы адымдар» (Бір адым кейін, екі адым ілгері) (1930) Кеңес дәуірінің тағы бір қырын ашып көрсететін шығарма болды. Кеңес өкіметіне барынша қарсыласып баққан бай-құлақтардың істері дәл бүгінгі тұрғыдан қарағанда дұрыс сияқты болғанымен Ғ. Мүсірепов дәуіріндегі ықпалмен қарағанда дұрыс емес еді. Есілбайдың қазақ елін екіге бөлуге барынша қарсы болуы ол кезде түсініксіз ұғым еді. Есілбай бұл әрекетімен өзін Кеңес өкіметіне жау қылып көрсетті. Жау болып шықты да, Ғабит Мүсірепов те Кеңестік дәуірдің идеологиясына айналды. Көпшілігі заман илеуінде болды. Оған бұлар кінәлі емес еді. Қазіргі заман тұрғысынан ақты ақ, қараны қара деген соң-ақ, жаппай былай болу керек еді деп сәугелікке салындық. Шын мәнінде бұл – шығарма сол заман үшін таптырмайтын құны жоқ еңбек еді. Қазір де өз құнын жойған жоқ. Себебі, «Алғашқы адымдар» Кеңес заманындағы алғашқы қадамның тарихы іспетті еді. Тарихи оқиғалар көркем образдың шеңберіне түсіп, кеңдік ұғымында дамыды. Реалистік шығарма дейтініміз де сондықтан. Бір қайнауы ішінде кедей деген ұғымындағы таптың өкілдері Ақан мен қиналғанның да арманы, көптеген қазақтың арманы іспетті болды. Расында бай мен кедей деген екі ұғымдағы кісілер екі ұлттың өкілдері емес бір ұлт қазақтар еді. Бөліп берген Кеңес дәуірі болды. «Көк үйдегі көршілер» (1929). «Талпақ танау» (1930), «Шұғыла» (1930) іле-шала өмірге келді. Бұл жылдар Ғабит Мүсіреповтың өсу, үйрену дәуірі болды десек жаңылмаймыз. Жазушылық дәрежесі өте жақсы қалыптасқан Ғабит Мүсірепов кей оқиғаларды «Жаңа жол» аймағынан, өз ауылынан, қазақ өмірінен толықтырып отырып жазды. Тілі шебер, қай сөзге бай Ғабит Мүсірепов келешек романға да дайындық жүргізді. Оның романис ретінде қалыптасуына осы жазған әңгімелері қатты әсер етті. «Талпақ танау» колхоздастыру заманының нағыз бет-пердесін ашып берген шығарма. Мұсылман еліне шошқаның етін жеу күнә десек, «Талпақ танау» әңгімесінде орыс империясының кезекті арандатуы әңгіме болады. Қазақ жұртына өзіне жат шошқаны баққызу; алданған Сәден қарттың қолынан ғана келеді. Шығармада қолдан жасалған интернационализм де белең алды. Әпеннің; орыс қызы Марияны алуы өз отыңды өшірмеден әлде қайда алшақ тұр. Ғ. Мүсіреповтың дәуір тынысын сезіне жазған шығармасы солай жаса деген ойдың ауылынан алшақ кетті. Түбі солай болады деген сұңғыла ұғымының болашақ үшіннің қорқынышты лебі бар еді, бұл дүниеде. Ол шынға айналды. Шошқаның етін жеу, шұжығын тамсана отырып ауызға салу, басқа ұлттан қыз алу сияқты келеңсіз көріністердің алдын алу. Ғабит Мүсірепов ойынан дөп шықты. Бәлкім, Ғ. Мүсіреповтың айтар ойы астарлы шығар. Ол, осы жайттарды көрмей, білмей жазды десек қатты қателесеміз. Егер де Кеңес өкіметін жақтамаса, тың пікірмен қосылмаса Ғабит Мүсірепов баяғыда халық жауы болып атылып кете берер ме еді?Кім білсін? Кеңес дәуіріндегі бір тұтас шығармаларды, олардың бір топ авторларын алып тастасақ, қазақ әдебиетінен бір дәуір тынысы алынып қалар еді. Сонда, шындық қайда қалады? Шындық сол дәуір тынысын суреттеуде жатыр емес пе? Оқырман бұл шығармаларды қалай қабылдайды? Қазіргі идеологияға мүлдем жат шығарманы қалай оқыту қажет? Мәселе, осында. Егер де Ғабит Мүсіреповтің колхоздастыру кезеңіне арналған шығармасын алып тастасақ не қалады. Демек, шынайы шығарма заман тынысын дәл сол күйінде суреттеу біздің еншіміздегі талдау болмақшы. Бұл – шығармаларды Ғ. Мүсіреповше емес, бүгінгі заман үрдісінен, бүгінгі оқырман талғамы үрдісінен қарап талдау ләзім. «Шұғыла» ауыл белсендісі, істерге ісі жоқ адамның нағыз бейнесін ашып беретін шығарма. Қазіргі заманға өте дәл келеді. Колхоз тарап, құр өзі бастық болып қалған белсенділер қаншама. Есқожа әрең оятқан, ештеңемен ісі жоқ бастықтар қазір де бар. Тарап кеткен колхоз. Соның бірі – «Алып». Үш колхоздың үшеуі де тарап кеткен. Бұл – Ғабиттің қалай аман қалған шығармасы екендігіне таң қаласың. Кішкене ауылдың приказшигі өзі кедей ауылды алдап, бар нәрсенің бәрін тығып үлгерген. Алыпсатарлық, жемқорлық сияқты келеңсіз көрініс бұл ауылды да жайлаған. Ондай келеңсіз көрініс бүгінде бар. Бұның шет жағасын 1991 жылдары шынайы өмірден көрдік. Демек, Ғ. Мүсіреповтің көрегендігі алдынан шықты. Ғ. Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесінде кішкене ауылдың үлкен мәселесін көтере білген. Төтенше мен ауданнан келген уәкіл арасындағы тартыс та заман шындығын анықтауға мұрындық болған. «Шұғыла» бір қарағанда очерк іспетес шығарма. «Шұғыла» бұдан бұрынырақ жазылған Бейімбет Майлиннің «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» деген әңгімесімен әуендес. Жазушының «Шұғыланың» эпиграфы қылып «Көркем сөз шебері Би ағаңа арнаймын» – деуі тегіннен-тегін емес. Ол әрқашан Б. Майлинді үлгі тұтқан. «Шұғыла» – бәйге алған шығармалардың бірі. Қаламгердің басқа шағармаларынан оқшау тұратыны «Жеңілген Есрафил» (1939) әңгімесі қажырлы. еселеген еңбек жеңісі туралы хикая. «Ақмола – Қараталы» темір жолының едәуір үзігін жедел жалғап бітіру қамында күн-түн демей жұмыс атқарған бір шағын бригаданың еңбек жемісі. Әсіресе, жазушы бригадир, жас жігіт Есімді, тәжірибелі жол салушы жұмысшылар – Сөйтен мен Капицалардың басқаларға үлгілі істерін сүйсіне баяндайды. 1929 жылы Ғабит Мүсіреповтың басына күн туып қудалау басталады. Оған себепші: «Тулаған толқында», «Шұғыла», «Хан Кене» туралы ол-ол ма? «Қазақстан» баспасына бас редактор болып келгенен кейін бір жыл ішінде С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы, М. Әуезовтің «Қилы заман» романы басылып шығып, бұдан бұрын осы баспаның ізашары Қазақстан мемлекеттік баспасы «ұлтшыл» деген айып тағылып жабылып қалған болатын. Оның үстіне Бейімбеттің өзіне салсаң, осы екі шығарманы да басу керектігін ескертті. ҚАЗАПП – тың төңірегінде болған айтыс екі шығарманы да талқыдан өткізіп басу болып табылады. Жас Ғабит Мүсірепов ештеңені бүлдірмесе де сол уақыттағы «қырағылар» Ғабеңнің сңынан да қоңырау іліп қойғанды теріс көрмейді. 1930 жылдары басталған ашаршылық туралы дәл сол жылдары ашық айтыла алмады. Әдебиетте де некен-саяқ жазылды. «Бесеудің хаты» 1932 жылы шілде айында БК (б) П Өлкелік Комитетіне, Ф. И. Голощекиннің атына, республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М. Гатаулин, М. Дәулетқалиев, Ғ. Алтынбеков, Қ. Қуанышев хат жазды. Олар лениндік прнциптің бұзылғанын, байлар мен орташалар да соққыға ілінгенін, байлардың малының құрығанын, жалған колхоз құрудың әлі де жүзеге асырылып келе жатқанын, халықтың аштыққа ұшырағанын ашына жазды. Бұның жазасы ретінде Ғабит Мүсіреповті алты айға кемшілікті көре аласың, енді өзің түзе деп Бетпаққара ауданына жібереді. Бұл турасында профессор Т. Кәкішев Ғ. Мүсіреповпен болған сұхбатты магнитафон таспасына 1974 жылы жазып алып, «Жалын» журналында жариялады. Сол сияқты қосымша ретінде: «Егеменді Қазақстан» газетіне 2002 жылы 9 ақпан «Құпия сұхбат жазбасы», «Дүниеде ой айтылуы қиын, айтылған ой өлмейді» атты айдармен Т. Кәкішевтің алған сауал-сұрағы жарияланды. Қазақстан тарихы М. Қозыбаев, Н. Бекмаханова Алматы «Рауан» 1991 жыл, 151-бетте Ғ. Мүсірепов турасында дерек берілді. Қалтасында «төтенше өкіл» деген бір жапырақ қағазы бар Ғ.Мүсірепов Қазақстанды аралап барып, Қостанайға әрең жетеді. Бұл сапарда сұмдық оқиғалардың куәсі болады. Қаңырап қалған киіз үйлі көшелерді: Қарамысов, Ерназаров, Рошаль, Голощекин т.б. көреді. Ішінде дүние мүлік қана қалған жандар Ресей өтіп кеткен не жол бойы ақ қаңқа сүйектері шашылып тау-тау болып үйіліп қалған адамдар сүйектерін көргенде Ғ. Мүсіреповтің жаны түршігеді. Бұл турасында кейін Ғафу Қайырбековке айтып ол кісі «Елтінжал» деген кітабында қазақ халқының сол бір аянышты халін ашып жазады. («Қызыл қырғыны» Алматы «Өнер» 1993 135-бет) («Социалистік Қазақстан» газеті, 18 мамыр 1990 жыл. «Голощекиннің «кіші октябрі» деген мақала Валерий Михаилов. «Литературная Россия» 1990 жыл, 5 мамыр санында). «Отызыншы жолдың ойраны» ақын, жерлесіміз Мүбәрәк Жаманбалиновтің мақаласы («Қазақ әдебиеті» № 41 (2063) 7 қазан, 1988 жыл, («Қызылдар қырғыны», 112-418-бет) жарияланды. Ф. И. Голощекин құрығынан құтқарған, Мирзоян келген күн, құр ғана алдамшы екен. 1938 жылы қуғынының көкесі басталып, қазақ зиялылары жаппай халық жауы болып атылып кете барды. 1933 жылы Өлкелік партия комитеті атқарған уақытша дақпырт, редакторлыққа жіберілген қызмет бәрі-уақытша болады. Сәке, Ильяс, Бейімбет т.б. баспасөз бетінде ашық майдан ашылады. Жазғыштар аянбай аяусыз халық жауын әшкерлеп жатады. Көркемөнер істері жөніндегі комитетті басқарып жүрген Ғабит Мүсірепов 1937 жылы өзінің ұстазы Бейімбет Майлинді қалай соққылағанының үстінен түседі. Жапонияның шпионы деген жала жабылып, Бейімбетке айтылмаған сөз қалмайды. Орталық комитеттің көркем өнер комитетінің жұмысынан босаған ер жүрек Ғабит Мүсірепов аянсынба «Би – ағаң халық жауы болса, мен де жаумын» – деп қарап тұрады. Онымен қоймай бұл жиыннан ал қырып алыңдар дегендей қыр көрсетіп, есікті тарс жауып шығып жүре береді тек қыла Ғабит Мүсіреповке ғана тән ерлік еді. Өлімге басын тігіп, бұлай айту тек қана Ғабиттің қолынан ғана келуші еді. Кейіннен қулығын «үш» әріптен асырып Фадеевтің арқасында Москваға бірақ тарып, құзғындардыңтырнағанынан аман құтылады. 1938 жылы партия қатарынан шығарылып, өзі де қуғынға ұшырайды. Бұл Ғабиттің басына түскен екінші уақиға еді. 1924 жылы Сәкен Сейфуллиннің рекомендациясымен, Әліби Жангельдиннің демеуімен коммунистік партия қатарына өткен Ғабит Мүсірепов сол билетін жиырма жылдан астам уақыт қуып, әрең алады. 1938 жылдан бастап партия билеті үшін күрес басталады. 1945 жылы партия билетін қайтарып алу жөніндегі арыз жазғанда баяғы жандайшаптар қайтадан алдынан шығады. 1943 жылы М. Әуезовтің «Абай» романын талқылағанда Мүсірепов қатты қолдады деген әңгіме, оның үстіне 1944 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Желкелер неге қышыйды?» атты мақаласында кеңестік малшыларға жала жауып, оларды қазақтың ескі киіз-үйін, ою өрнегін көксеуші, жалпы ескілікті аңсаушы деп көрсетінді болады. 1954 жылы П. К. Пономоренко атына арыз жазады. Бірақ, өкінішке орай бұрынғы жаулары алдынан шыға береді. Араға біраз жылдар салып барып Ғабит Мүсіреповтың партиялығы қайыра қалпына келтіріледі, сатиралық «Ара» журналына бас редактор болып тағайындалады. (Медеу Сәрсекеев «Семей таңы» газеті, 1991 жыл 3-ші шілде), «Халық кеңесі» газеті, №56 (207) 1992 жыл, Жұмағали Ысмағұлов. Ғабит Мүсірепов 1930-1937 жылдың науқанынан аман құтылғанымен қатты зардабын тартты. «Аманкелді» пьесасын Бейімбет Майлин мен бірігіп жазды. Ғ. Мүсірепов айтады екен. Бейімбеттің тағдыры «Аманкелді» филімінің сәл кешігіп шығуынан болды. Егер де фильім ертерек шыққанда Бейімбет тірі қалар ма еді. Бұған себеп, Сталиннің өзі Аманкелді Имановты жақсы білген екен. Кейіннен Майлиннің фамилиясын сыздырып тастатып Всеволод Иванов пен Ғабит Мүсірепов қана қалады. Сөйтіп, 1938 жылы қазақтың тұңғыш көркем фильімі «Аманкелді» дүниеге келеді. «Батыр большевик Аманкелді» Б. Майлинмен бірігіп жазған очеркі 1936 жылы алғаш рет «Социалистік Қазақстан» газетінің 2, 4, 26, 27, 28, 30 шілдедегі, 1, 3, 10, 15, 16 тамыз, 16 қыркүйек және «Әдебиет майданы» журналында 1936 жылғы 7, 8 сандарында жарияланады. Сондай-ақ «Екпінді құрылыс», Қарағанды пролетарияты», «Ленин туы», «Социалды жол», «Большевиктік жол» газеттерінде басылып шығады. 1977 жылы «Уақыт іздері» кітабына енді. Суреткердің көркемдік ізденістерінің татымды жемістері деп оның М. Горький үлгісімен жазылған ана туралы үштік (триптех) шығармаларын ерекше атауға болады. Олар: «Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933) және «Ана кесімі айнымайды» (1942) аталған новеллалар шоғыры. М. Горький әңгімесі «Келді адам өмірге» деп аталса, Ғ. Мүсірепов оны «Адамның анасы» деп өзінше атап, бірден ана бейнесіне назар аударады. М. Горький үнімен сарындас жазылған ана махаббаттың құдіретті күшін паш еткен әңгімелерге жалғас, жазушы оқиғасы өз халқының өмірінен алынған ана құдіреті туралы әңгімелер тудырды. «Ананың анасы» (1934), «Ашынған ана» (1932), «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1948), «Ақлима» (1948), «Әмина» (1965), «Айгүл қойшының бір күні» (1964), «Айжан қойшының түндері» (1977), «Ана жыры» (1977), «Чудо» (1972) (Күләш Бәйсейітова туралы), «Ана» (Баубек Бұлқышевтің орысша жазғанын аударған Ғ. Мүсірепов (1965, 1967), Ғ. Мүсіреповтің 3 томдық таңдамалы шығармаларында жарияланды. «Атақты әнші Майра» (1981) «Ұлпан» роман (1974). Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері де өз алдына бір төбе түрлі қазақ өміріне арнайы жазылған. Қазақтың тұрмысы – этнографиясы өте тамаша суреттелген. «Этнографиялық әңгіме», «Автобиографиялық әңгіме», «Боранды түнде», «Екінші Би – аға», «Өмір жорығы», «Қыран жыры», «Аспанда болған жекпе – жек», «Жиырма төрт сағатта», «Қасқырды атқан қайсысы», «Тимка-Димка» т.б. Бұның ішінде «Этнографиялық әңгімесі» ала бөтен оқшау тұр. Қазақ елінің мешеу хал жағдайын көрсетеді. Төре тұқымының бір – бірінен қыз алып, «жеті ата» араластырмай тұқымының азып кеткендігін әлеуметтік мәселе қылып көтереді. Атекем сол ауылдың негізгі құртушысы өзі өлуге таяған сырты сау іші түтін бұл – адам сол ауылдың өлім себушісі іспетті. Ақылды әйел Қарашаш Ғ. Мүсіреповтің аналар бейнесінің ақылды бір кейіпкері сияқты Ғ. Мүсіреповтермен емін еркін сөйлесіп, жөн сұраған да осы кісі. «Жаңбыршы» аулының халі қазаққа үлкен сабақ болары тәлім-тәрбие болары хақ. Тұрмысы жүдеу, өзі азған, сөзге мән бермейтін ауыл, өз күйін өздері ғана күйіттеп, ештеңеден хабары жоқ. Ауылда бармен қанағат тұтып, мәдениет дегеннен жұрдай болған. Қазақтың ата дәстүрі жойылған ауыл, қойдың орнына «теке» жеп, қонақты күткеннің орнына өздерін күтіп үйренген баяғы төреліктің нышаны қалмаса да соны ұстап қалған ауыл. Бұндай адамдар арамызда әлі де бар. Байлық кеткелі қашан, дегенмен, байдың тұқымынмын деп кей шіркіннің шіренетінін қайтерсің. Дәл, Ғ.Мүсіреповтің «Атекемі» сияқты. Дүние мүлкі тозған, пышағы жоқ, өздері жүдеу, балалары шетінен ауру ауыл көрінісі,бетерінде баяғы «төреліктің» тәкәппар суық іздері ғана қалған. Бұндай көрініс Ғ.Мүсіреповті расында ашындырды. «Этнографиялық әңгіме» қазақтың тұрмыс-салтынан елес беретін, жаңа заманды қабылдаса да озық дәстүрден айнымай, қазақ дәстүрін жатсынбай жөнімен қолдан деген ұлы идея жатыр. «Жеті атасын» білмей «немерелер» үйленіп жатқан қазіргі заман адамдарына да ескертуі жоқ емес. Болашақ жастарына да үн қатады. Мәгүрттіктен сақтандырады. «Аспандағы жекпе-жек» Ғ. Мүсіреповтің өре биігін танытатын шығармасы. Орыс классиктері Пушкин, Лермонтов турасында оқиға төгірегінде өрбиді. Сомолет ішінде Лермонтовты атқан Мартыновтың шөбересі дегенмен танысып, Лермонтов төңірегіндегі талас-пікір төңірегінде оқиға дамиды. Мартынов дегеннің шөбересі барынша ұлы атасын қорғаштап бағады. Ғ.Мүсірепов байсалды уәждермен Лермонтовтың дуэлдегі қарсыласы Мартыновтың расында Лермонтовты атқанын сөйтіп, ұлы Ресейдің бір жұлдызын өшіргенін баяндап береді. Кейінен Мартынов шөбересі, Дантес шөбересімен кездесіп қалып сөйлеспей кеткенін тіліне тиек қылады. Жалпы, әдебиет төгірегіндегі әңгіме Ғ.Мүсіреповтің орыс әдебиетін өте жақсы білетінін дәлелдейді. «Автобиографиялық әңгіме» Ғ. Мүсіреповтің өмір жолын түгелге жуық болмаса да бір шама қамтыған. Ғ. Мүсіреповтің өмірбаянын оқи отырып қазақтың өмір тұрмысымен танысқандай боламыз. «Ұлпан» ұлы атасы Мүсіреп турасындағы кей шындықты ашса, бұл әңгіме өзі турасындағы шындықты жақсы суреттеген. С. Мұқанов турасындағы, Б. Өтетілеу турасындағы айтқандары түгелге жуық тарихи оқиғалармен дәлме-дәл келіп отырады. Ғ.Мүсірепов тарихи оқиғаларды тап сол күйінде түсіріп, шебер жаза білетін жазушы. Оның очерктері адамды өзіне қызықтырып, баулып алады. Сондай шығармалар қатарына: «Бошайдың үш қарасы» (1972)), Аттың сыны» (1949). Алғашқысы: Социалаистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев туралы болса, кейінгісі Совет Одағының маршалы С.М. Буденный турасында еді. «Жопон әсері» (1970), «Кездесулер» (1956), «Феномен-Феникс» (Қазақ әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев турасында), «Авгейдің ат қорасынан бастайық» (1976) т.б. Бұның сыртында, алғашқы Қазақ пролетарияттар жазушылар ассоциясының тартыстарын, ең алғашқы қиыншылықтар туралы. «Әдебиет айтысында «ҚазАПП-тың бүгінгі міндеті», «ҚазАПП жаңа дәуірде», «Баспасөз тәжірибесі», «Социалистік құрылыс дәуірі – түрі ұттық мазмұны пролетариаттық көркем әдебиеттің өркендейтін дәуірі» – деген шығарма, мақала жазды. Әрине, қазіргі заман тұрғысынан келгенде аттына заты сай келмесі белгілі. Бірақ, бір нәрсе айқын ол қазақ жазушыларының алғашқы қалыптасуы, ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне көшуі, жаңа жазба әдеби тілдің қалыптасуы т.б. мәселелерге дерек ретінде қарайтын туындылар екендігі. Тарихи құжат ретінде құндылығы бар шығармалар екендігін айтуға тиістіміз. Бұның ішінде Ғ.Мүсірепов мәселе қылып көтерген: «Айтыс қатарға қайта қосылды», «Қисық-сынға әділ төре», «Өсер әдебиетке өсер сын керек», «Қазақстандағы әдебиет сынының жайы мен міндеттері» т.б. Ғ. Мүсірепов үшін Абай бейнесі үлгі. Сондықтан да Абай туралы өте көп жазып, табынып өткені. Жалпы, Абайға кім үлгі тұтынбаған, кім Абай турасында жазбады дейсің, дегенмен, Ғ. Мүсіреповтің Абай турасындағы көзқарасы ала бөтен: «Абай», «Абай романы турасы», «Абай» – қазақ операсының жаңа белесі, «Абай» – Қарағанды қазақ драма театрының жаңа табысы» т.б. Ғ. Мүсіреповтің «Сәбит Мұқановқа хат», «Мен мақала қалай жаза бастадым», «Шығарма бәйгесі», «Жазушыдан екі ауыз сөз», «Мұхтардың хат туралы», «Революциялық қазақ поэзиясының көшбасшысы», «Совет әдебиетінің ұлы атасы», «Қазақ халқының атақты ері», «Орыстың ұлы ақыны М.Ю. Лермонтов», «Майданнан соққан жылы жел», «Алып ақын атамыз», «Халқымыз таныған жазушы», «Жоғарғы идеялық көркем әдебиет жасайық», «Назым хикмет» «Заманымыздың озық жазушысы», «Жамбыл», «Ақын туралы сөз», «Біздің классик», «Тәжік исскуствосын өркендету жолындағы кейбір ерекшеліктер», «Өмір талаптары», «Өнер туыстығы», «Ұлы сенім, жоғарғы талап», «Әдебиет тілі жайында», «Кино өнерінің келелі мәселелері», «Күресте туған ынтымақ», «Қос жұлдыз», «Судан халқының ер ұлы», «Украйнаның бәйтерегі», «Хасан Тахир Зухра туралы екі ауыз сөз», «Үлкен әдебиет», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Аға сөзі» т.б. бұл шығармалары түгелге жуық кеңес дәуіріндегі жеткен жетістіктерге арналады. Қазақ әдебиетінің өсу, өркендеу жолы сөз болады: С.Мұқанов, М.Әуезов сынды ақын - жазушыларымыздың әдебиеттегі сіңірген еңбектері үлгі етіледі. Туыс елдер әдебиетінің көкжиегі сөз болады. Алымы мен ауқымы кең жазушы тақырыбы қанасына сыймаған жайы бар. Басқа елдің әдебиеті арқылы қазақ әдебиетінің өсу дәрежесін де көрсету жазушыда жоқ емес. Қай тақырыпты алмасын тиянақты, тілі жатық, өткір, арасында мақтау ғана емес сындық дәреже де кездеседі. Ұлыны ұлы деп мойындау асылы Ғ. Мүсіреповтің тағы да бір қырын көрсетсе керек. Өсекке ермей, тураны тура деп айтатын, қара қылды қақ жарған әділдігін кезінде «қара құзғындарда» мойындап именгендей болып еді. Ғабит Мүсіреповтің шығармасы да жай еңбек адамымен қатар атағы әлемге паш болған адам бейнесі де ұшырасады. Өнер, ғылым, мәдениеттің қай саласы болсын олқы жақтарын көрсету, бағыт беру Ғабит Мүсіреповтің өзінің де ұлылығын көрсетсе керек. Ғ. Мүсірепов шығармалар тілі жайында да бір шама өз ойын ортаға салып, көркем әдебиеттің тілі қандай болу керектігіне қатты мән бергенге ұқсайды. Тілші ғалымдарға қойған талабы да күшті. Бұл – тіл туралы ойын кейіннен: «Өнер алды – қызыл тіл» деген айдармен Ғабит Мүсіреповтің «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі» деген тақырыпта шығармашылық конференция болып, баяндамасы жарияланды (Қазақ әдебиеті» газеті, №51 (1765) 21 желтоқсан, 1984). Бұл баяндама «Әдебиет тілі жайында» деген мақаласынан кейінгі тіл мәселесіне өткір келген үлкен туындысы, ғылыми талдауы десе болады. «Қыз Жібек» жырының негізінде Ғ. Мүсірепов 30-жылдардың орта кезеңінде «Қыз Жібек» атты музыкалық драмасын жазды. Кейін ол опера либреттосына айналды. Жазушы пьесасы Жүсіпбек Шайхысламов варианты бойынша түзілген. Тек жырдың арқауы болған әмеңгерлік салтын алып тастаған «Қыз Жібек» либреттосының желісінде де, кейіпкерлердің іс-әрекетінде де өзгешіліктер бар. Қосымша ретінде: Батсайы (Жібектің жеңгесі), Дүрия (Жібектің серік қызы), Қарлығаш (Төлегеннің қарындасы) алынды. Либретто бірден көштен басталды. Ортасындағы Жібекті қыздар тобы хормен өлең айтып қарсы алады. Бекежан келе жатқан көшке келіп, бірден Жібекке тисе сөйлейді. Содан кейін барып Төлеген мен Шеге келіп, өлеңмен Жағалбайлы елінен келгендіктерін жеткізеді. Екінші перде. Төлегенннің той жасауға қамдануы. Жібекке аттанғалы жатқан сәті көрінеді. Жырда Қарлығаш бейнесі жоқ, оны Ғ. Мүсіреповтің өзі қрсқан. Шешесінің Төлеген аттанғанда бата беруі де жырдағы жоқ оқиға. Үшінші перде. Төлегеннің жолынан тосып Бекежан жүреді. Төлегенді алдап-арбап пышақ салып өлтіреді. Төртінші перде. Жібектің түсі. Екінші сурет: Ақбоз ат жалғыз келе жатыр. Төлеген үстінде жоқ. Бекежан келіп Жібекке арыз-арманын айтады. Жібек биік жардан суға құлап өледі Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» жырын толық алуды мансұқ етпеген. Нақты оқиға тартысына оқтайлы жерлерін сахынаға лайықты өндеген. Мысалы, жырда Бекежан, Төлегенді Қосабаның түбінде атып өлтіреді. Жібекті әмеңгерлік жолмен Сансызбай өзіне қалыңдыққа алады. «Қыз Жібек» – Е.Г. Брусиловскийдің операсы. Либреттосы Ғ.М. Мүсіреповтікі. Алғаш 1934 жылы 7-қазан айында Қазақтың музыкалық театрында (қазіргі опера және балет театры) Қазан (октябрь) төңкерісінің 17 жылдығына қойылды. Басты партияларды СССР халық артистері Қ.Ж. Бәйсейітова (Жібек), ҚазССР-інің халық артистері Қ. Бәйсейітов (Төлеген) пен М. Ержанов (Шеге) орындады. Спектакльді қойған ҚазССР-інің халық артісі Ж.Т. Шанин; режиссері Бәйсейітов пен И.Г. Боров; суретшісі ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері – А.И. Ненашев; балетмейстері А.А. Александров; дирежеры ҚазССР-інің еңбек сіңірген артісі Ф.А. Кузьмич. «Қыз Жібек» пьесасының музыкасы мен либреттосы туралы Қ. Бәйсейітов «Он объяснил ему ( Он – деп, отырғаны Жұмат Шанин, ему – дегені, Темирбек Жүргенов – А.Қ.) что музыку для «Қыз Жібек» будет писать Брусиловский ... Таким образом, не успел Мусрепов написать либретто оперы «Қыз Жібек» как тут же приступили к созданию ее музыки» – деп жазды. Мұнда Қазақтың вокальдық және аспаптық шығармалары, халық композиторларының (Үкілі Ыбрай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері кеңінен пайдаланылған. Операдағы әсем сазды «Гәкку» әні Жібек бейнесін, «Ал-қарағай көк» Төлегеннің Жібекке деген сүйіспеншілік сезімін, ойнақы «Аққұм» Бекежан образын, терме әуендері Шегенің ариясын оның ақындық шабытын өткір мінезін аша түседі. «Гәкку» әні опера оқиғасының даму барысында 1-ақтіде Жібектің сұлулығын бейнелеуде, 2-актіде көңілді «Шашу» биінде, «Алтын қаз» көрінісінде, опера арияларындағы қыздар хорында, жетекші әуен (лейтмотив) ролін атқарады. 1968 жылы 27 қаңтарда ( январьда ) «Қыз Жібектің» 1000 – шы қойылымы болды. Режиссері ҚазССР-інің халық артісі Б. Досымжанов өнер мектебіне айналды. Бұған алғашқы орындаушылар қатарында болған ҚазССР – інің халық артістері Ш. Бейсеков (Жібек) Байсейтов (Төлеген), Қ. Жандарбеков (Бекежан), Ғ. Құрманғалиев (Шеге) т.б. қатысты. Дережері – ҚазССР-інің халық артісі Ғ.Н. Доғашев; суретшісі – ҚазССР-інің халық суретшісі Г. М. Ысмайлова болды. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-ші онкүндігінде «Қыз Жібек» жыры сахына саңылағына айналды. Жоғары баға берілді «Қыз Жібек» спектаклін артістер орындап жүргенде өзгертіп те жіберетін. Мысалы: «Бұрындар пьеса ылғи Бекежанның сөзімен бітетін, ал Қанабек Бәйсейітов «Қыз Жібек» спектакілін Жібек пен Төлегеннің бір-біріне ұмтылып, жақындай алмай, шымылдық жабылумен аяқтады», – деп жазды К. Кенжетаев Шара Жиенқұлова: «Сол сияқты халық әніндегі «Сармойын» – әуеніне жазылған Бекежанның ариясы Құрманбек Жандарбековтың орындауында «а-хоу» – деп, созып бітетін оны Құрманбек «ха-ха» – деп күліп бітірген» – деп еске алады. «Қыз Жібек» пьесасы және драмалық шығарма туралы көптеген жылы пікірлер әр жылдары айтылды. «Қыз Жібек» лиро-эпостан сахынаға, одан кино экранына бірақ шықты. «Қыз Жібек» фильмінің (1970) сценарийін Ғ. Мүсіреповтың жазғаны алынды. Қара сөзбен жазылған 2 сериялы көркем фильм 1971 жылы түсірілді. Төлеген – Қ.Н. Тастанбеков, Қыз Жібек – М.Қ. Өтекешева, Бекежан – А. Әшімов, Шеге – Әнуар Молдабеков, Сырлыбай – К.М. Қожабеков, Базарбай – К. Кенжетаев (ҚазақССР-нің қысқаша энциклопедиясында К.М. Кожабеков – Базарбайдың рөлін ойнады деп жаңсақ жазылған). К.М. Қожабеков – Сырлыбайдың рөлін орындаған. К. Кенжетаев былай дейді: «1971 жылы режиссер Сұлтан Қожыков мені «Қыз Жібек» фильміне Базарбайдың рөліне шақырды» Қаршыға – Ы. Ноғайбаев, кино режиссерлері С. Қожықов пен Виктор Пұсырманов, фильмнің суретшісі – Г.М. Ысмайлова болды». Кейіннен түскен бір деректе Қырғыздың белгілі кинорежиссері Мэлес Үбүкиеев: «Қазақ бауырларымның көңіліне келмесін «Қыз Жібек» фильмін түсіру туралы алғашқы идеяны берген мен едім. «Қыз Жібек» эпосы бойынша жазған сценарийім Қазақфильм киностудиясы басшыларына ұнады, олар менің идеямды қолдады. Бірақ, қазақ режиссерлері «Қыз Жібекті» Қырғыздың түсіруін онша қаламады, марқұм Сұлтан Қожықов қарсы болды. Мен әрі-бері ойланып, қанша қимасам да, қиналсам да «Қыз Жібекті» түсіруден бас тарттым, өйткені өз маржанын Қазақтардың өзі тергені дұрыс боларына көзім жетті. ...сонымен «Қыз Жібекті» С. Қожыков тамаша етіп түсірді ғой», – деп шындықтың бетін ашты. «Қыз Жібек» фильмі туралы пікірлер баспасөз бетін көрді: (Уақыт және қаламгер 1973, 18), (Ш. Елеукеновтің Замандас парасаты, 1977, 126-127), (С. Алпысовтың «Қазақ әдебиетіндегі» мақаласы 29 мамыр 1992, 7-бет), (Е. Жаппасұлының мақаласы «Қазақ әдебиеті» № 43 (2273) 23 қазан 1992, 13-бет). Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» кинофильмінің сценарийінде, лиро-эпостан көп өзгешелік бар. «Қыз Жібек» сценарийі бірден Ақ Жайықты кеңінен жайлаған Алты Шекті еліне қалың жау шабуыл жасаудан басталады. Эпоста Қалмақ елі, Қазақ жеріне басып кірсе, Ғ. Мүсірепов либреттосында махаббат жағдайын алдынғы планға қояды, бұл сюжет кинофильмде де көрініс тапқан. Кинофильмнің сценарийінде шабуыл жасаған Қалмақ елін атамайды. Ақ Жайық пен Ертіс бойын жайлаған Алты Шекті елімен оған шабуыл жасаған жау деп қана қояды. Ал, кинофильмде бұл оқиға көрсетілмейді. Осы жөнінде Асанәлі Әшімов былай дейді: «...соның кесірінен кинолентаның өнбойынандағы Бекежанға қатысты еркін қимылға толы тұстар мен қазақ жасағының Қорен қалмақ қолымен шайқасы, содан соң фильм ортасындағы Жайыққа ағып бара жатқан Жібектің желегін жат жерліктердің найзамен іліп алып ырылдасып жыртуы сияқты кадрлар көрермендерге жетпей қалды. Іленің бойындағы бір ай бойы түсірілген керемет көрініс қазақ-қалмақ шайқасы әрқашан мүлдем алынып тасталып, оның орнында жаудың шағын шолғыншы тобымен қақтығысып қалған шөре-шөре қазақ жігіттері ғана қалды» (Егеменді Қазақстан 8 мамыр 1997). Мұның себептерін былай түсіндіреді: біріншіден – социализм сарқыншақтары Бекежан тәрбиелі Төлегеннен рөлі басым болмауы керек, екіншіден – қазақ-қалмақ соғысындағы жасақтар саны «Александр Невский» фильміндегі әскерлерден көп болып кеткен, үшіншіден – суда ағып бара жатқан желек – ел ішіндегі бірлік, ынтымақтың символы – осындай түсінік елде болмаса, сыртқы сұктанған жау желекті дар-дар айрып жыртқандай ата-қонысты бөліп алады деген меңзеу еді. Оны цензура біліп қойды деп тебірене айтады. «Қыз Жібек» фильмі туралы айтқаны (Лениншіл жас № 97 1976) санында жарияланды. «Қыз Жібек» жырында Төлеген мен Шеге сән-салтанаты жарасқан көшке жолықса, фильмде Төлеген мен Шеге қайғылы қаралы көшке жолығады. Бұл көшіп бара жатқан азғана Алты Шекті елі еді. Кинофильмде жау жеңіліп, сүйінші сұрасқан қыз-келіншектер, оның ішінде Жібек те бар. Төлеген сүйінші – деп, сұрап қалғанда, атпен шауып бара жатқан Жібек қарамай-ақ зер белбеуін лақтырып жіберіп кете береді. Жырда Төлеген көп қызды аралай жүріп, күймеде кетіп бара жатқан Жібекті тауып, ғашық болады. Сценарийде Алты Шекті елінің басы Сырлыбай, Жағалбайлы елі көмекке келеді деп төбе басына шығып, күтіп тұрған сіті беріледі. Сол араға Төлеген келіп Сырлыбайға жолығады. Сырлыбай Төлененнің ақылдығына тәнтті болады. Төлегеннің сөзін естіп тұрған Жібектің көңілі бұзылады. Жырда бір ғана көш суреттелсе, кинофильмде екі көш бірі – қаралы, екіншісі – қайыра Ақ Жайыққа бейбіт жарасымымен кетіп бара жатқан көш салтанаты көрсетіледі. Қыз Жібек, Төлеген мен Бекежан жекпе-жекке шыққанда екеуінің арасына түсіп бітістіруі жырдағы жоқ дүниелер. Кинофильмдегі тігілген ақ отау, Төлеген мен Жібектің арасында жатқан зерлі белдік, той қамымен жүрген жұрт, осының бәрін – Ғ. Мүсірепов жырдан, халықтың салт-дәстүрінен алыс кетпей шынайы, көрермен үғатындай етіп экранға лайықтаған. Жалпы жыр мен киносценарийдің арасындағы желі бұзылмайды, ал оқиға – тартысы өзгеріп отырады. Жырдағы жағымсыз кейіпкерлер сол кездің идеялогиясына байланысты алынған. К. Кенжетаев былай деп еске алады: «Алғашқы редакциясында режиссер оны ұзын шапан киген, ұзын ақ сақалды қолында аса таяқ ұстаған етіп көрсетпек болды. Мен оған қарсы болдым. Себебі, Базарбай тек қана Қарабай емес. Ол Қытаймен, Византиямен, басқа да көп елдермен сауда жасайды, мал сатады, алтын-күміс алады. … ол тіпті болашақ қазақ капиталисті шығар … сондықтан оны басқаша көрсетуіміз керек… «Жібек» жыры өлмес мұраға айналды. Махабат ирикасына айналған драма облыстық, аудандық, сахынаның сәні болды. «Қыз Жібек» жырының атағы жер жүзіне жайылды. Ол туралы: («Қазақ әдебиеті» 29 мамыр 1992), («Семей таңы» /Бұрынғы Семей облысының газеті (№43 /16431/ 23 қазан 1991), (Қазақ әдебиеті» № 43 /2273/ 23 қазан 1992), «Егеменді Қазақстан» № 204-205 /20280/ 5 қыркүйек, 1992). Жібек пен Төлегенді қосып көптеген өлең, жырлар жазылды. «Сенбісің Қыз Жібегім» әні М. Нұрғалиевтікі, сөзі Ж. Қыдыралиевтікі, «Алматым менің» әні М. Сағалиевтікі, сөзі Н. Әлімқұловтікі, «Сәлем саған, туған ел!» сөзі Ш. Сариевтікі, әні К. Дүйсекеевтікі. «Қыз Жібек» жырының музыкалық фрагменттері жоғарғы, орта, арнаулы осы саладағы маманданған оқу орнындарында арнайы сабақ ретінде жүреді. «Қыз Жібек» жырының жаңа дүниемен жарасым тапқан көрінісі өнер сүйер қауымның тұрақты репертуарына айналған. Қазіргі кезеңдегі тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, «Қыз Жібек» операсын қойған жас актерлар жайында мерзімді баспасөз Амакелді Мұқановтың «Мәңгілік «Қыз Жібек» – деген, көлемді мақаласын жариялады («Қазақ әдебиеті» № 35 9 қыркүйек 1994). 1936 жылы «Аманкелді» туралы пьесса жазылды. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің басшысы халық қаһарманы Аманкелді Иманов туралы Қостанайға барғандағы сапарында Шолқасай деген жерде Аманкелдінің әйелін жолықтырып біраз деректер алады. Ғ. Мүсірепов Т. Кәкішевке берген жауабында Б. Майлинде атсалысқан. 1936 жылы Москвада өткен он күндікте Сталин: «Жоқ, ол емес, анау әлгі Тургайский комиссар, тургайский»–деп бір-екі рет қайталайды. Сөйтіп есіне түскенде, «Иманов» дейді. (профессор Т. Кәкішевтің жазбасынан) «Жалын» журналы, 1974 жыл. Аманкелді Орта Азия ішіндегі батырлардың бәрінен де әйгілі болған. Сталиннің әр батырды біле беруі шарт емес қой. Дегенмен, Аманкелдінің де осал болмағанға ұқсайды. 1939 жылы Ғ. Мүсірепов «Қозы көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын, 1941 жылы «Ақан сері-Ақтоқты» драмасын жазды. 1940 жылы 29 сәуірде М.О. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық Еңбек Қызыл Ту орденді драма театрында «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьессасы қойылды. Пьессаның үзіндісі алғашқы рет «Қазақ әдебиеті» газетінің 1940 жылғы 28 қаңтарында жарияланды. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырының 16 нұсқасының Жанақ нұсқасы таңдап алынды. Ы. Дүйсенбаев «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырының 6-ты нұсқасын жариялап, қисындық талдау жасаған болатын. Есет Жұбанов «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырының лингвистикалық ерекшеліктері туралы кандидаттық диссертация қорғады. 1994 жылы Тұрышев А.К. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырының стилі мен тілі атты кандидаттық диссертация жазды. Сонда, Ғ. Мүсіреповтің де драмасы туралы айтылды. 1994 авторефератты қараңыз. Ғ. Мүсірепов жырдың жақсы үлгілерін сақтай отырып, халықтық дүниеден алшақ кетпейді. Сахнаға айықтап тың бейнелер қосады. Мысалы, Жантық, Жарқын, «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры махаббат туралы, адамзаттың арасын жақындастыратын ерілі-зайыптылардың сүйіспеншілігін асыра дәріптейтін жыр. Ғ. Мүсірепов Қарабай, Жантық арқылы қоғамдық орындағы адамдар бейнесін аяусыз әшекерлейді. Қодар мен Қозы арасындағы тартыс араға түскен аса қауіпті жау Жантық бейнесі трагедияны одан әрі тереңдете түседі. Қозының шешесі Мақпал, Баянның шешесі Күнікей барлық аналар сияқты балаларына тек қана жақсылық тілейді. Қодар да ғашықтық иесі, дүлей күштің иесі болғанмен оның да ет пен сүйектен жаралған жан екнін Ғ. Мүсірепов еске салып отырады. Жыр үрдісіне құрылған драма аздап саясаттанып кеткен. Бай, кедей ұғымдығы тап тартысы қоса жүреді. Бұл заман ағысы үшін дұрыс тәсіл болғанмен жыр салмағы көтере алмас тәсіл еді. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы бай мен оның малын бағушы Қодар, Қарабай маңындағы Жантық, Жантас өздерінің күн көрісі үшін жүрген жандар. Жыршы кезінде махаббатты айтқанмен, келе-келе жырға біраз өзгерістер енген. Ғ. Мүсіреповтің тыңнан қосқан кейіпкерлері драмаға ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Қайта сахынағы лайықталып, көп жайттардың басын ашқан. Бұл кейіпкерден замана келбетін көреміз. Драма күні-бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сахынадан түскен жоқ. Себебі, Ғ. Мүсіреповтің шеберлігі. өлмес туынды жасады. Негізгі халықтікі болғанмен туынды Ғ. Мүсіреповтікі. Махаббат мәңгілік тақырып, бұрынғы заманның махаббаты, қазіргі заманның махаббаты деген болмайды. Махаббат бір-біріне ұқсас келеді. Ал, оқиға әр түрлі болуы мүмкін. Демек, осы мәселені Ғ. Мүсірепов бізге әдеби тұрғыдан тиянақтай шешіп берді. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» пьесасы орыс тіліне бірнеше-рет басылды. Мысалы: «Сборник современной художественной литературы», «М, 1941, С 275-338; Г. Мусирепов «Козы Корпеш-Баян сулу», пьесаса в 4-х дм М. – Л. «Искусство», 1945; «Песни казахских степей». Сборник произведений казахской литературы. М.Л. Детской гос.лит. изд. 1951, с. 237-300; «Пьесы советских писателей». Т. П. М. 1958, стр.65-124; Г. Мусрепов. Пьесы. Алма-Ата, Казгослитиздат, 1958. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 1948 жылы Таллин қаласында эстон тілінде кітап болып шықты. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 1950 жылы Москваның драма театрында «Махаббат дастаны» деген атпен қойылды. 1953 жылы осы пьесаныњ негізінде Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» атты киносценарий жазды. Сценарий бойынша түсірілген көркем фильм сол жылы экранға шықты. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьессасы еліміздің түпкір-түпкірінде қойылды, әлі де болса жалғасын табуда. 2002 жылы Павлодар облыстық Чехов атындаѓы музыкалық-драма театры «Махаббат дастаны» орыс тілінде қойып шықты. «Ақан сері-Ақтоқты» 1941 жылы жазылып, 1942 жылы 10 наурызда Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында қойылды. «Ақан сері-Ақтоқты» драмасында негізгі тартыс бас бостандығын, ой азаттығын көксеген жаңа туып келе жатқан жастар алынған. Ғ. Мүсірепов драманыңөрбуі үшін: Ақан, Ақтоты, Балта, Мәрзия, Жылкелді бейнелерін алған. Оқиғаны Науан қазірет, Жалмұхан төре, Сердәлі ақындар қатысады. Негізгі бейне сері Ақан, әнші Ақан бейнесіне ойысқан. Ақан сері өміріндегі, тарихи Ақанның дәл көшірмесін бере алған. Ойлы, сұлу, ел еркесі Ақан – Ғ. Мүсіреповтің драмасының бел ортасында жүреді де оқиға сол маңайда болады. Ақтоқты Ақан серінің сүйген қызы – ауыз әдебиетіндегі Баян, Жібек бейнелері сияқты ақылды, сұлу жанның ой-талғамын өз бойына сіңіре алған. Ғ. Мүсіреповтің жыр образдарындағы сомдалған қыздар бейнесі осы – Ақтоқты образын жасауда шебер пайдаланылған. Ақтоқты-сұлулықтың символы. Ақан бойында үлкен дарын бар, білім бар. Кең даланы керген асау толқын сияқты бұла күш бар. Бірақ, кейде мұңдасатын адам табылмайды. Оны Ақан қатыгез заманныңәрінен көреді. Ақтоқтыны Науан қазірет өзі сүймейтін Жалмұханға атастырған. Ақтоқты барғысы келмейді. Әке үкімі, бай табыныңөкімі оған қарамайды. Кезіндегі, С. Торайғыровтің «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі Ғ. Мүсіреповтің драмасынан алшақтық байқалмайды. Бұдан барлыққазаққыздары теңін таппады, атыстырғандары сәтсіз болды, тұрмысы түзелмеді деген ұѓым тумау керек-ті. Жалпы, қазаққоғамында айттыру жат дәстүр болып саналмаған. Мысалы, М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайды Ділдаға атастыру арқылы алдырған. Алшынбай мен Құнанбай ертеректе құда түсіп, құдандалы болып қойған. Дала заңы, әке үкімі сол орындалған. Дегенмен, Ғ. Мүсірепов бұл заңды білмеді демейміз, тарихи шындық расында солай болған. Ақан сүйген Ақтоқты айттырған күйеуіне кете барған. Ақан күйініп, ән де, күй де шығарған. Ақан басындағы трагедия бүгінгі жастар басындағы трагедия. Әрине, қазір айтылмаса да, жастар арасында ала құйын махаббат кездеседі. Жүріп жүрген жігітін тастап, я қызы тастап кету, тіптен ажырасу дегеннніңөзі қазіргі қоғамда болып тұратын құбылыс. Ақан мен Ақтоқты арасындағы ыстық ықылас, сезім бүгінгі кейбір жастарға жете бермейтін биіктік. Сондықтан да бұл шығарманың сондылығы, сондықтан да бұл шығарманың бүгінгі күнге керектігі. Өміршең шығарма жазу Ғабиттіңқолынан келеді. Оның ол ісімен дәлелдеді. 1. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» драмасы өзектес өзара байланысы бар, өнер жарысы іспетті. Ақан да өнер адамы. Әр нәрсені алыстан байқайды. Алыстан қыран сияқты шолады. Қиядағыны қыран көз тез шалады. Болмашы нәрседен нәзік жүрек тез талады. Ақан өмірден көрген соққы Ақтоқты қайғысына әкелді. Әрине, ауыл намысы Ақанға қарамайтыны белгілі. Ру, ата намысы махаббаттан да өктем тұратыны бар. Драмада ол да көрінеді. «Ақан сері-Ақтоқты» драмасына таптық көзқарас та, саясат та еніп кеткен. Кей жағдайларға оқырман, талғамы бар жастар келісе бермеуі де мүмкін. Заман ағымы, заман тезіне салған шығарма Ғабиттіңқателігі емес. Заманнның олқылығы. Дінге сену, имандылық мәселесі бүгінгі күні өрістеп тұрғанда Ақан мен Ақтоқты мешітпен, молда, қазірет алдында қарыздар болар еді. Сол уақыттағы құдайдан қорықпайтын пенделер Науан мен Жалмұхандар бүгін болса, көп нәрсені түсінер еді. «Аманкелді» пьессасы турасында бір-екі ауыз сөз. 1950 жылы жазылған пьессаның премьерасы 1952 жылы 2 қаңтарда өтті. Жазушы «Аманкелді» пьессада: Аманкелді, Тәуке, Пластунов, Логинов, Мұңайтпас, Жайнақ, Бану, сияқты халықөкілдерінің не бір қайраткерінің не бір қайраткерлерін көрсете білген. Бұған қарсы әрекет етуші топтың өкілдері: Алексей Логинов, Кенжеқара, Жапар, Тымақбай бейнесін де бір шама сомдаған. Ғ. Мүсірепов қазақ елін екіге бөлуге әмсе қарсы. Қазақ елін жалпы бөліп, ақ пен қызыл деп жіктеудің өзі әбестік. Қызылдардың саясаты әсер еткен. Ел іші бүлінген соң, кей оқымаған қазақ орыс империясының саясатына еріп, солардың сойылын соққаны рас-ты. 1916 жылғы көтеріліске бай да кедей де қатысты. Әсіресе, байлар жылқы, қару беріп, ер жігіттерді бастай білді. Орыстың мұздай қаруланған әскеріне құр қолмен қазақ жауынгерлері не істеуші еді. Аманкелді әскерінің көтерілісі 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласты. Ақпан төңкерісі қазақ даласына жылылық әкелді. Қызылдардың төңкерісі елді адастырды. Мал қырылды, байлар малын қызыл өкіметке бермейміз деп қырып салды. Не шет жаққа өтіп кетті. Ғ. Мүсірепов бұл жағдайды бізден жақсы түсінді. Жалпы, Ғ. Мүсіреповтің қай шығармасы болмасын бір нәрсе айтылмай қалған сияқты болады да тұрады. М.О. Әуезов шығармасында да солай, мысалы, «Қыз Жібек» жырын талдағанда «әмеңгерлік» мәселесін қозғағысы келетін сияқты болады да бұлт етіп басқа арнаға түсіп кетеді. М.О. Әуезовтің шығармасында, байқаған кісіге, бай мен кедей деген екі тапты онша айта қоймайды. Тек қана ақырын сипақтатып өте шығады. Ғ. Мүсірепов «Аманкелді» көркем фильімін түсірген тәжірибелері бар. Сол тәжірибе кәдеге асты. Халық батыры Амакелді турасында кезінде поэмалар жазылды. С. Шәріповтің «Бекболат» романы, 1916 жылғы көтерілістің шындығын ашып берді. Ж. Аймауыцтовтың «Қартқожа» романы, М.О. Әуезовтің «Қилы заманы» 1916 жылғы көтерілістің бет-бердесін, нақты суреттеп берді. Ғ. Мүсіреповтің шығармасымен өзектес туындылар қазақ елінің тағы да бір басына түскен ауыр халін суреттеп берді. «Аманкелді» пьессасы 1986 жылғы жастар көтерілісіне әсер етті. Аманкелді болып өмірге Қайрат Рысқұлбеков келді. 1986 жылғы оқиға қазақ елінің 1916 жылғы көтерілісіне елес береді. Бірақ, 1916 жылы қазақ елі жаппай көтеріліп, қолдарына қару алып көтеріліске шықса. С. Мұқановтың «Ботакөз» романындағы Амантай болып орманда әскер жинаса, 1986 жылы жастар өйте алмады. Дегенмен, тоталитарлы режімге қарсы тұра білді. Жастардың қаһарлы күші, айбырлы екпіні дүниені дүр сілкіндірді. Ресей империясының шаңырағы шайқалып, аяғы құрдымға кетті. Аманкелді салған сара жол зая кеткен жоқ, ұрпақ жалғастырды. Сондықтан Ғ. Мүсіреповтің бұл пьессасы мәңгілік туынды.Біржан Бердиев «Прием», И. Дәукебаев «Бекболат» қазақ өміріндегі алғайып заманның тынысын еркін көсілте көрсеткен Ғ. Мүсіреповтің шығармасымен өзектес туындылар болып есептеледі. Осы орайда Камунар Тәбидің шығармасын қалай айтпауға болады. Ұрпақ сабақтастығы жалғасын тапты. Өйткені бұл тек қана қазақ өмірінен алынып жазылған шығарма болғандығы. «Болашаққа аманат» XVІІІ ғ қазақ шаруалар көтерілісінің басшысы Сырым Датов (1712-1802) туралы пьесса. Бұл пьесса 1980 жылы жазылып, 1981 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Егер де, 1985 жылы ғана тоң жіберіп, ери бастағанын ескерсек Ғ. Мүсіреповтің орыс империясына қарсы отарлау саясатын әшкерлейтін пьесса жазу үлкен ерлік деп білеміз. Сырым Датов еркіндікті аңсаған өзінен кейінгі Махамбет, Кенесары көтерілісіне иек артты. Қазақ елі ежелден еркіндікті аңсап өтті. Ғ. Мүсірепов Қазақ елінің Егемендік алғанын көре алмады. Бірақ, сол егемендіктің алғы шартын қалап кетті. Оның пьессасы миллинодаған қазағым деген жанның жүрегіне қан жүгіртті, ой еркіндігін оятты, жігерін тасытты. Бұл 1990 жылғы Егемендікке алып келді. Ғ. Мүсіреповтің көптен күткен іштен тынған арманы орындалды. Келер ұрпақ соның өтеуі ретінде Ғ. Мүсіреповтің 100 жылдық мерей тойын үлкен мінберде, дүние жүзілік көлемде атап өтпекші. Жазушы арманы орындалды. «Таланттылар мен табынушылар» комедия. Орыстың драматургі А. Н. Островскийден аударған. Комедияның премьерасы 1949 жылы өтті. «Сараң» Мольердің 5 перделі шығармасын қазақшаға аударған. 1952 жылы премьрасы өтті. «Анатолий мен Клеопатро» В. Шекспирдің шығармасы қазақ тіліне Ғ. Мүсірепов 1973 жылы аударған. Ғ. Мүсірепов әр жылдары кеңес драматургтарын аударған. Олардың пьессаларын аудару үстінде өз ойын да қосқан. Я. Галан «Таң алдында», Л. Леонов «Шапқын», Симонов «Орыстар», А. Софронов «Москва мінезі», А. Штейін «Намысы заңы» т.б. Бұлардың ішіндегі ең тәуір деген аудармасы Л. Леоновтің «Шапқын» пьессасын жазушы оқырманға ұсынды. Аударманың түп нұсқасы Ғ. Мүсіреповтің архивінде сақтаулы. «Қазақ солдаты» романының жарыққа шығуы-ұлттық әдебиетіміздің тағы да бір сатыға көтерілуі. Қазақ халқының ана тіліне тұңғыш шыққан әскери роман оқырманды қатты қуантты. Академик сыншы М. Қаратаев: «Қазақ солдаты» романы туралы сөз ете келіп: «Қазақ прозасында ұрыстың суретін берген шығарма бұрын соңғы жоқтың қасы болатын. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы секілді құдіретті техника жұмсалған сұрапыл соғыста кездескен әрқилы ұрыстың алуан түрлі суреті бізде ұшты-күйлі болмаған. Міне, бұл ретте «Қазақ солдаты» көрінеу тыңға жол салды, көптеген өшпес оңды көркем суреттің үлгілерін жасады» («Шеберлік шыңында», 1963 жыл, 255-бет). Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиев. Ол Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Сұмағұлов. Бірақ, жазушы бір адамның образымен шектеліп қалмайды. Қайырғалидің бейнесі типтік бейне. Романның негізгі идеясы қазақ солдатының бейнесін жасау. Одан кейін барып халықтар достығын насихаттау болып табылады. Ғ. Мүсірепов қазақ солдаттарының шынайы қаһармандық бейнесін Қайрош арқылы аша білген. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әділетсіздікті де көрсетіп кеткен. Қайрош тек қана қазақтың маңайында біткен батыр ұлы. «Қазақ солдаты» романының өнбойында біз Қайырғалиді ылғи іздену үстінде көреміз. Ол өсе келе өзінің өміріндегі орнын іздеуге мықтап кіріседі. Романда Қайырғалидің мінезі айқын ашылған. Ол алдына белгілі бір мақсат қоя біледі. Және де қойған мақсатына жетпей тынбайтын қажырлы, жігерлі жас болып көрінеді. Мысалы: «Шеген анау өз жолын тауып алды, одан бұрын осы коммунада болғандардың талайы жоғарғы дәрежелі мектеп бітіріп, әр алуан істеп жүр. Олар ылғи хат жазып тұрады… Әрі дімкар, әрі жасқаншақ Бораш та өз жолын тауып түскелі жүр… Оның әні қазір бүкіл қаланың құлағына ілініп, Бораш жұрттың сағынып күтетін әнші баласы атанып бара жатыр... Бораш қазірдің өзінде-ақ Москва консерваториясына барып түсуге әзірленіп жүр. Мен төрт айға үйренуге «Қызылкрес» шаштаразына келдім. Өнер емес, өлім сияқты көрінеді». Бұл Қайроштың ойы. Демек, Қайрош алыстан ойлап, алыстан шалатын қасиеті бар екен. Алдына биік мәре қоя біліп, соған жету жолын қарастырады. Шаштаразшы – ол да мамандық. Қайрош бұл шаштаразды менсінбей айтып тұрған жоқ. Одан да жоғары дәрежеге шықпадым ау деген қамығу бар. Бір де ол: «Мен әр істі өз уақытында істеу керек деп ойлаймын. Қазір соғыс уақыты. Мен де өз орынымда сияқтымын. Қазір азамат борышы не деп сұраса, мен қару асынуда дер едім», … «Біреу сабақты өткен шығар, біреу өтпей-ақ жеткен шығар, онда да менің не жұмысы бар, мен басынан бастап түгел өткім келеді» – дейді Қайрош. Ғ. Мүсірепов Қайроштың аузына сөз сала отырып, қайрат, жігер дегеннің мағынасын тереңдете түседі. Жігерсіз ер жігіттерге үлкен сабақ боларлықтай ой тастайды. Ғ. Мүсірепов бас кейіпкерінің балалық шағынан бастап, өсу жолын бірте-бірте дамыта береді. Балалық шағы өзіне тән, қызығы, барлық әсем дүние өз ажарымен-сәнімен, әр баланы қызықтырарлықтай тамаша қылып суреттеледі. Қайроштың интернаттағы қылығы, шам сөндіргішті білмей іздеуі бәрі-бәрі қаз-қалпында шынайлығымен оқырман алдында қаз-қалпында өтіп жатады. Шеген бейнесі өзінің бояуымен, өзінің қолтаңбасы бар Қайрошпен бірлікте біте қайнасып өсіп, дамып келе жатқан бейне. Кей жағдайда Қароштың қол жетпейтіндей мансабы болды. Білеу темірге ұршықтай айналып, маңайын таң қалдыратын да осы Шеген. Интернатқа барайық, жаңа жол бастайық дейтін де осы Шеген. Бораш үшінші баланың мінезі. Ғ. Мүсірепов өз ара құрдас бейнелерді алмай, әрқайсысының әр жастары бар кейіпкерлерді таңдап алуы да кездейсоқ емес. Әр жастағы бала психологиясын бере білген жазушы өзі де психолог дерсің. Романның дамуы, шарықтау шегі, аяқталуы деген сияқты даму сатысы бар. Бұл саты тек қана образдар арқылы, олрдың тартыстары арқылы көрінеді. Ұлы Отан соғысы халықтар достығының көрінетін жері болды. Достық тек қана қиыншылықта ғана барынша ашылды. Политурк Верякин, лейтенант Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, Сәмед Абдуллаев, Василий Гришин барлығы да Қайырғалидің сенімді достары от пен жалынның шарпуында суғарылған бейнелер. Француз сыншы Андре Вюрсмердің: «Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» атты романы Совет Одағы халықтарының бас бостандығы дуірлік күресінің куәсі іспеттес. Кітаптың үштен бір бөлігі Октябрь күндерінде, Қазақстан тарихына, оның советтік шындыққа елді жанаса бастаған, алғашқы бесжылдықтарына аяқ басқан кезіне арналған. Одан соңғы тарауларда соғыс жылдары сөз болды… Кітаптың тіпті қиыншылығы мол солдат өмірін бейнелейтін тарауларының өзі шығыстың қызғалдақ гүлінің хош иісі аңқыған, «Мың бір түн» ертегілерінің лиризмі ескен тілмен жазылған» – деген сөзінен артып не айтуға болады. «Оянған өлке» Алғашқы рет 1952 жылы «әдебиет және искусство» журналының 1, 2, 3, 4, 5, 10, 11, 12 сандарында жарияланды. «Оянған өлке» романы орыс тілінде «Советский Казахстан» журналының 1954 жылғы 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарында, «Огонек» журналының 1958 жылғы 50-санында жарияланды. «Оянған өлке» романы Қазақстан тарихындағы өте бір маңызды және қызықты кезеңінде арналады. Қазақстанда алғашқы өндіріс ошақтары ашылып, жұмысшы табы пайда болады. Роман Қарағанды көмір бассейінінің табылуынан басталады. Қарағанды шахталарындағы Үспет, Ақбұйрат мыс заводтарындағы жұмысшылар өмірі, капиталистік нысанға қатысы жоқ. Дегенмен, келешек байдың енді малмен емес, ірі өндірістік орындармен өлшенетіні жөнінде болжауы бар. Расында, Ғ. Мүсіреповтің болжаулы ойы дөп келді. Қазақстан ірі өндіріст ошақтары бар, жеке адамдар қолына көшкен іргелі елді мекенге айналды. Игілік кіреге подряд алып ақша табушы, маңыраған мал мен қоса ірі өндіріс орындарының адамдарымен (капиталистерімен) байланыс орнатып, байлықты одан ары жақсартуға ұмтылған кісі. Игілік бай болса, қазақтарда жұмыс болады, жұмыс бар жерде аштық болмайды. Жалпы, Игілік ел қамын да ойлайтын адам. Бір басында кемшілігіде бар. Өзіне жұмыс жасап жүрген кедейлерге де тізесі батады, кей уақытта байлықтан маңайындағыны ұмытып кететін кездері де аз емес. Игілік әрекеті Бұланбай, Байжан, Сүгірәлі әрекетіне де әсер етеді. Жұман мен Игілік қоғамда өзіндік орны бар белгілі бір іс істей алатын, қайрат көрсете алатын адамдар. Жұман мыңғырған малымен, ақылымен ел таныған дәржеге жетсе Игілік мал ұстап қана қоймай, келген капиталистік қатынасты түсіне біліп, енді бұлай өмір сүруге болмайды дейтін кісі. Игілік жұмыс істеп үйренген жұмысшы мен мал соңында жүрген кедей арасында үлкен айырмашылық бар екенін сезінеді. Жалпы көргендігі бар, қиядағыны ерте сезетін зересі терең Игілік өндіріс орындарының ашылуын қолдайды. Капиталистердің көп болмағанын қалайды. Жұмысшылардың өсіп отырғанын қалайды. Жабай, Бұланбайдың баласы Нартай кей жағдайда Игіліктің өзіне де қыр көрсетеді. Содан барып, Игілік ауыл қазағы мына жұмысшылар емес деген қорытындыға келеді. Жұман Игіліктің қасында айласы төмен, ойы өз маңайынан аспайтын, тоңмойын, томырақ бейнесінде алынады. Жазушы капиталистік қатынаспен бірге ел ішіне келген қулық, сұмдықты, өсек-аяңды да тамаша ашып көрсеткен. Мысалы, Сейіт сияқты азаматтың кедейлену кезеңі көрсетілсе, керісінше, Омар сияқты, бұндай ортада өмір сүре алатын кісінің байи бастағанын көрсетеді. Мұндай қылық қазірде бой алғанын жасыруға болмайды. Қазақстан егемендік алған соң көптеген жай қоңыр адамдардың өздері байып ірі-саудагер, компанияның иесі, ірі өндірістің иесі атана бастады және атанды. Бұдан нені көреміз сол кісілердің іскерлігін, қолынан бір нәрсе келетінін, қоғамдық қатынастың алмағажайып әрекетін ерте түсініп бай болғанын көреміз. Олардың байлығы кедейлерге жаман болған жоқ, қосымша жұмыс көздері ашылды. Түріл саладағы өндіріс, жеңіл өнеркәсіп болсын сол жұмысшылар жұмыс істей бастады. Қазір адамдар жұмысынан айырылып қалмау үшін таза, әрі кешікпей әділ орындау сипатына ие болды. Ғ. Мүсіреповтің көргендігі тағы алдынан шықты. «Оянған өлке» бүгінгі егеменді елдің адамдары қалай бай болу керек соны көрсетіп беретін бағдар шам іспетті роман. Игілік қазіргі заманның байы. Сол уақыттың жексұрын адамы болғанмен, заманынан оза туған адам ретінде де қарастыруға болады. Сейіттің тым кедейленуіне кім кінәлі? Омардың кенеттен байи бастауына кім кінәлі? Қазіргі нашар өмір сүретін кісілерге не дейміз, өздері кінәлі екендігін неге жасырамыз. Жалқаулық, жұмысқа бейуездік, бұрынғы замандағындай өкімет қарайласады, өкімет әкеп береді деген заман өткелі қашан. Сондықтан «Оянған өлке» романы туралы пікір түбірінен қайыра қаралу керек сияқты. Тұрсынбай осындай өндіріс ошағы мен мал арасында жүрген адам. Бұл әлеуметтік жағдайда ондай адамдар категориясының пайда болуы заңдылық. Қазірде Тұрсынбайлар толып кетті. Демек, қоғамның қатынас енді қалыптасып келе жатқанында, етек жеңін жинай бастағанда аралық делдал кісілердің болуы табиғи заңдылық екендігі көрінеді. Жалпы бұндай кісілер қоғамда болған және бола береді. Қоғам сол адамдарға қарап түзелетін болады. Оларға қоғамның кемшілігі ретінде қарап, тәрбиелеу жөніндегі идея туындап отырады. Рязанов, Ушаков, Сикорский орыс-қазақ қарым-қатынасы нәтижесінде туған адамдар бейнесі, орыс империясының отарлап алу саясатынан негізінде пайда болған образдар. «Жат қолында» Ғ. Мүсіреповтің 1984 жылы жазылған романы «Оянған өлке» романының жалғасы Ғ. Мүсірепов араға көп жылдар салып жазды. Игілік, Ушаков, Кенжеқара, фон Штейін, Карно т.б. шетел капиталистері мен толығып, Игіліктің қатары өсе түсті. Игілік түбірмен өндіріс ошағына жақындады. Бұрынғы Сейіт қайтыс болды. Жұмысшыларға келген Назыкен Сейітпен үйленіп, қызды болған, Жабай бұрынғы Жабай емес, еңбек ақысын даулап алатындай дәрежеге жеткен азамат. Міне, осы сияқты «Оянған өлкедегі» кейбір бітпей қалған оқиғалар өз жалғасын тапқан сияқты. Қазақстанда капиталистік қатынас күшейді. Шет елдерден де қызығушылар табылды. Жастар жағы үйленіп, ел тұрмысына үйрене бастаған сияқты. Оларды шет елден келген капиталистердің қылығы қызықтырса, капиталистердің қазақтардың өте көп кен байлығы қызықтырды. «Ұлпан» XІX ғасырдың тарихын ашатын роман. 1974 жылы жазылып бітті. Есеней мен Ұлпан төңірегіндегі уақиға негізінен Есенейден басталады. Есеней мен Мүсіреп екеуінің қазақтың кең даласына қарап тұрғаны, Есенейдің осы жерді иемденіп қалсам деген дәмесі қылаң береді. Аға сұлтан Есенейге не айтса жарасады. Артықбай батырдың қызына көз салған да кәрі бура Есеней. Жалпы Есенейдің тарихы туралы С. Мұқанов та біраз жазды. Ғ. Мүсірепов екеуінде аздаған алшақтықтар бар. Романда Есенейдің жас кезінде Кенесары арасы ашылып, ушығып еді. Есеней соны кешіре алмады. Есеней алыстағыны қиядан шалатын, батыр өте ақылды адам. Кең даладағы еркін халықты орыс отаршылдығынан қаймағын бұзбай алып қалу үшін Есеней сияқты адам керек болды. Ғ. Мүсірепов Есенейді аспандата жырлады.Есеней 59 жасында зорлықпен Ұлпанға үйледі, содан өшіккен Ұлпан Есеней ұрпағынан өш алу мақсатында болады деп жазады С. Мұқанов. Есенейден туған жалғыз қыз Біжкенді Торсанға үйлендіреді сөйтіп Есенейдің бар байлығы Торсанға ауысады. Бұл турасында С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов жазбасында екі жікке айрылады. Дегенмен, тарихи фактірлерді романда жазу жазушының мақсаты емес, романда жазушының қиялы, ой еркі де шешіліп жатады бұл үрдістен келгенде Ғ. Мүсіреповтің шешімі өте дұрыс. Ғ. Мүсірепов Ұлпан бейнесін өзі жасаған аналар бейнесіне пара-пар әкеледі. Ана бейнесі Ғ. Мүсіреповте айнымайды, жамандыққа бармайды Ұлпанда сондай ақыл иесі. Күллі Есенейден қалған байлыққа, жерге, елге ие болып, сол елдің атын шығарады. Нашарға болысып, олардың үйленуіне, жоқ болса қарасып жағдай жасап отырды. Ауыл ақсақалдарының өзі Ұлпанға жүгініп, көп мәселені ақылдасып шешетін болған. Ғабиттің үлкен атасы аңшы Мүсіреп, сыбызғы тартатын Мүсіреп: «Боз інген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» сияқты күйлерді еркін тартады екен. Сол Мүсіреп Есеней мен Ұлпанның өле-өлгенше жақсы досы болып өтеді. Мүсіреп бейнесі М.О. Әуезовтің «Абай жолындағы» Ерболды еске түсіреді. Ербол да Абайдың сенімді досы бола білді. Мүсіреп те сөйтті. Мүсірептің Шынар қызға үйленуін де Ғабит шынайы, кіршіксіз ақ көңілмен жазды. 1928 жылы Ғ. Мүсірепов Ұлпан шешесінің басына барып құран оқытты. Онда қойылған құлып таста жазылған Ұлпан деген жазуды оқып көңілі толқыды. Сонымен бірге қатар жатқан үлкен атасы Мүсірепке, де құран оқытқаны бар. 1941 жылы Қызылжардан шыға бере машина жүрмей бір колхозға тоқтайды. Бір үй иесінің монша жағып, суға түсуін сұрағаны бар. Монша түсіп, балқыған тасқа су құйып тұрғанда жатқан тастағы жазуды оқиды сөйтсе бұл тастағы жазу «Ұлпан» болып шығады. Сол баяғыда Ұлпан басында қойылған тас екен. Романға қатысты кей уақытта осындай да жай болып қалады. Мұны да жастар біле жүрсін деп жазып отырмыз. Ұлпан шешемізге тікелей қатысы бар әңгіме. Қорыта келгенде әлемге аты әйгілі классик барлық саналы өмірін қазақ еліне арнады. Халқы ұлы жазушыны ұмытқан жоқ. Ғ. Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері атағын, алды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды, КСРО және Қазақстан жазушылар одағының басқармаларының секретары Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының және Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері болды. Отанымыздың т.б. медальдарымен, ордендерімен марапатталды. Мүсінші Төлеген Досмағамбетов Ғ. Мүсіреповтің тастан бейнесін қашап Кеңсайдағы зиратына қойылды. Алматы қаласындағы № 86 қазақ орта мектебі Ғ. Мүсірепов атындағы мектеп болды. Сол сияқты тағы да бір неше нақты іс-шаралар жасалды. Республикамыздың Халық жазушысы Ғ. Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерей тойды еліміз кеңінен ата өтті. Сөйтіп, заманымыздың асқар жазушысы Ғ. Мүсіреповтің кеңес дәуірі кезіндегі іс-шараларына, еңбектеріне қазақ халқы Егеменді елдің ұландары ретінде жақсы баға берсе, Ғабит Мүсіреповте елінің алдында шығармашылық есебін бергендей болды. Ғ. Мүсіреповтің қазақ халқым деп соққан жүрегінің дүрсілін, қазақ халқы сол қаз қалпында қабылдады. Олай болса жазушы мерейі үстем болып, елдігіміз бен ерлігімізді таныр айбарымыз, ұлттық мақтанышымыз Ғ. Мүсіреповтің қалдырған мол мұрасы мәңілікке жалғасып, жасай беретіні айдай анық.

Шахан Мусин (1913-1999)
Ей, Шаха,
Сұлу боп несіне тудың,
Түсе бердің ғой есіне қудың,

Тілесем деп ең еліңе бақыт,
Ілесем деп ең көшіне аққудың.
Тұманбай Молдағалиев.

Қазақстанның халық артисі 1913 жылы, 27-ші желтоқсан күні Ертіс өзенінің сол жақ жиегінде, Павлодар облысының Май ауданы, Үлкен-Ақжар дейтін ауылда дүниеге келген. Әкесінің аты – Мұса. (Мұса-Мусин – автор). Шахан Мусин «Әке азасы» деген өлеңінде; өзінің өмір баянын айтып өтеді:

Есімде бес жасымда атқа үйреттің,
Алтымда ертіп жүріп, жатқа үйреттің
Жөргекте, жеті жасқа жетпей жатып,
Күндіз-түн төте оқытып, хатқа үйреттің... –

дейді. Хат танитын сауатты әкесі, Әлімхан Қоянды жәрмеңкесіне барған сайын неше түрлі кітаптар сатып әкелетін. Оның ішінде: «Сал-сал», «Зарқұм» қазақтың ауыз әдебиетінен: «Алпамыс», «Қобыланды» т.б. кейінен Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпеев кітаптарын да әкеліп жүрді. Ауыл молдасынан «төте оқып» хат таныған бала Шахан Естайдың әндерін тоғыз жасында тамылжыта айтып, нақышына келтіріп домбыра тартатын.

Тарттырдың тоғызымда домбырамды,
Есімде Естайдың бір қоңыр әні... –

дейді Шахан өлеңінде. Аяулы анасын да ерекше жақсы көруші еді. Сондықтан да Шахан «Анам Биғайшаның өліміне» –деген жаныңды қайыстырар өлең шығарды:

Хош, анажан, хош анам,
Торқа болсын топырағың
Қоштасып тұрған төрт балаң,
Басыңда шам-шырағың... –

деп, егіледі. Шешесі Биғайша да суырып салма, әнші адам болғанға ұқсайды. Себебі, «Шахан, мен сенің атыңнан өлең шығардым, жазып ал», – дейді, сонда мына өлең шумағы туып, Шахан жазып алады:

Жерінің Ақжар деген керегі жоқ,
Басында жарып шығар терегі жоқ.
Өлеңім жалғыз айтқан жараспайды,
Жанымда Талмұхамет серігім жоқ.

Талмұхамет Шаханның әкесінің үлкен апасы Айсадан туған жалғыз ұл. Шахан екеуі дос, тату-тәтті өмір сүрді. Талмұхамет Ертіс өзенінің аржағында басқа ауыл, басқа аулада тұратын. Шахан Мусиннің ақын болып қалыптасуына әкесінің досы суырып салма ақын Нұрлыбек Баймұратов қатты әсер етті. Нұрлыбек халық ақыны, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері болған кісі. 1887 жылы, 6-желтоқсан Семей облысы, Балапан жерінде дүниеге келген. Павлодар облысының Май ауданында Бозара-Жалаңаш деген Ертіс бойында ұзақ жыл мекен еткен. Төлеу Көбдіков, Есенсары Құнанбаев, С. Әлімбеков, Р. Дүйсекев, Т. Әміренов халық ақындарының айтысы ұйымдастырылып, бәрі қатысқан. Міне, осындай ірі ақыннан кезінде Шахаң тәлім-тәрбие алған. Сондықтан да, Нұрлыбек ақынды аузынан тастамайтын Шахаң он бір, он екіде өлеңге ниеті ауып, арқасы қозып мына өлең шұмағын шығарды:

Шай алды жеті қадақ майға апам,
Қуанды кигендей бір шағи шапан
Қарындаш, қағаз, қалам болмаған соң,
Құр шайға қуанбады, сірә, Шахан.

Балалық шағын да қалған ауыл әсері есейе келе де көпке дейін ұмытылмады. Әсіресе, атқа мініп, бәйгеге шапқаны, палуандардың той үстіндегі күресі, ақын Нұрлыбектің төкпе өлеңі, жыры әнші Темірболаттың үні, айтпен той, алтыбақан, бозбалалардың, қыз-келіншектердің назды қылығы, ақсүйек ойыны мен қыз ойнақ бәрі-бәрі көз алдына қаздай тізіле қалады. Шахан алты жасында ат жалын тартып мінсе, жеті жасында атқа мініп, бәйгенің алдын алса, сегіз жасында ән салып таңдай қақтырса, тоғыз жасында домбыра тартып күй шертсе бұның бәрі-әкесі Әлімханның арқасы еді. Әкесі он бірінде орыс тілін үйретіп, келешекте бұл білімі аздық ететінін түсіндіреді.

Ауылдың аз оқуын он екімде,
Үйретіп, енді үңілтті келер күнге,
Келер күн көлден мөлдір, күннен жарық,
Күлімдеп бақыт нұрын берер күнге... –

деп, тебіренеді. 1926-1927 жылы 13 жасында Семей қаласындағы «Казкоммуна» дейтін қазақ-орыс орта мектебіне оқуға түседі.

Әкелдің бір шаһарға он үшімде,
Білмеймін мың үшін бе, он үшін бе?
"Шырағым Семей деген осы дедің...
Рахмет әкетайым ол үшін де.... –

деп, ақын жүрегі сол күнді еске алады. Осы мектепте қоймай жүріп, драма үйірмесіне қатысып, ән салып, қабырға газетіне өлеңдер жазып тұрды. Семей жас Шаханның өмірінде үлкен, ұмытпастай мектеп болды. Ол кезде қазақ зиялылары Луначарский клубына жиналып, ойын-сауық қоятын. Шахан Мусин оқылып жатқан Абай өлеңдеріне тәнтті болса, М.О. Әуезов сынды жас дарынның әңгіме, пьессаларына қызықты, ақын Иса Байзақов, әнші Әміре Кашаубаев, палуан Қажымұқан Мұңайтпасов, күміс көмей жез таңдай әнші Майра Улиқызы бір өздері бір дара мектептей еді. Осындай мектептен сусындап, білімін ұштаған Шаханға әлі де оқи түсу керек деген ой қылаң берді. 1929 жылы өзімен бірге жерлесі Шәкен Айманов та оқыды. Кәукен Кенжетаев: "Екеуі жасынан бірге өсіп, сонау Семейдегі Казкоммунада бірге оқыған. Сол кездің өзінде-ақ екеуі көптеген көркемөнер үйірмесіне қатысып, талай пьессаларда ойнаған», «Шәкен екеуіміз бір партада отырып, бір бауырсақты бөліп жеген дос едік» дейді Шахан» – деп жазды (Дархан дарын, 41-бет) Шәкен Аймановқа өлең шығарып:

Бір қарасам, мектептесім – Шәкенсің,
Біреулерге я артықсың, я кемсің.
Бір қарасам, ортақ өнер өрінен,
Сен мен үшін ұстазымсың, әкемсің –

дейді. 1930 жылы Шәкен Айманов Семейдегі Халық ағарту институытына оқуға ал, Шахан Мусин күзді күні Алматыға Ауыл шаруашылық институтына түседі. Алматы Ауыл шаруашылығы институтында оқып жүргенде: жаңа шыға бастаған «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында қызмет істейді. Сол жылдары «Пионер» газетінде, «Жаңа мектеп» журналында «Малшы бала», «Пионер маршы», «1 май», «Сырғанақ» деген өлеңдері басылып, оқырман қауым жылы қабылдады. Сол аралықта шын мәніндегі мәдениеттің ұлттық нышанын көріп, сергіп қалды. Әсіресе, Қалибек Қуанышбаев, Күләш Бәйсейітова, Шара Жиенқұлова (Жандарбекова) Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қанабек Бәйсейітов, Манарбек Ержанов, Иса Байзақов, Әміре Кашубаев т.б. қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштарын көріп, таң тамаша болды. Кейіннен осы өнер ордасына, ортасына өзі де қосыларын дәл сол уақытта білген жоқ еді Шахан Мусин. Және де Шәкенмен, Мәжитпен, Жұмат Шанинмен аралас-құралас жүретінін де білмеді. Тағдыр оларды басын қосты, бұл тұрасында сәл ілгерірек тоқталамыз. Шаханның болашақ арманына ой қосты, сахына өнерінде үлкен сабақ болып, өміріне өзгеріс енгізді, жүрегіне қозғау салды. 1931 жылы сүйікті әкесі Әлімхан қайтыс болып, үйінің тұрмыс харакетіне байланысты оқуды жалғастыруға мүмкіншілігі болмайды. 1931-1932 жылдары Семей облысы, Бесқарағай ауданы (аудан орталығы Семияр қаласы) аудандық атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарады. 1932 жылы май-июнь (мамыр, маусым-автор) айларында Ертіс өзенінің сол жағалауындағы ең бір алыс қыраттағы Ақбота ауданы «Майлықара» деген жерге, аудандық финанс бөлімінде істейтін әкесі Әлімханмен шамалас Темірхан деген кісімен еріп барады. 1926 жылы әкесімен еріп, атқа шауып, бәйге алған жерін көріп, оның үсітіне Темірхан ақсақал 1928 жылғы байларды Кеңес өкіметі қалай кәмпеске жасағанын айтып өткенде, жан-жарасы ашылды. Оның үстіне мына ашаршылыққа тап болып, көзімен көргенде жүрегі езілді. Сөйтіп, атақты «Майлы қара», «Наркомға хат» өлеңі туды. Мысалы:

Қамықпа, Майлы қара, қабағыңды аш,
Қаңғырған қорек іздеп аш-жалаңаш.
Ұл-қызың сүйретіліп Сібір кетсе,
Асырар, бөтенсің деп аластамас.. –

деп, алғаш шумақтарын да осыған жалғас қазақ елінің аштықтан босып кетіп жатқанын, ақ сүйек болып әр жерде шашылып жатқанын аянышты қылып суреттейді. «Наркомға хат» өлеңінде:

Көрші осыны, ағатайым-наркомым,
Өзің қаздың көрін тірі әкеңнің.
Баласы деп маған егер сенбесең,
Айтсыншы анау Голощекин крайкомың.... –

деп, өкініш сазы өзегін өртейді, бар жоғы 18-19 жастағы Шаханның бұндай өлеңі Кеңес өкіметінің қолшақпары Ф. И. Голощекиннің әрине, саясатына ұнамайды, жақпайды. Бірақ, дәл осы өлеңдері ешқайда басылмайды, және ешбір ресми орындарда оқылған жоқ. Дегенмен, пенделік кімде жоқ, Шахан Мусин жолдас-жора арасында жүргенде оқып, оны біреулер түртіп алып, кейінен өзіне пәле боларын білді ме, жоқ па оны бір құдай біледі. 1933 жылы Семейдегі «Социалды Шығыс» газетінде қызмет істеп, бірнеше өлеңдері: «Билесін соқа, билесін», «Біздің ферма», «Жапар комсомол», «Тарт керуенім», «15 жыл», «Жеңу табы», «Зейнелдің мұсылманша хатына», «Айман-Шолпан» т.б. жарияланды. 1933 жылы Семейге сол кездегі Алматыдағы ұлттық драма театрында дарынды жастар жинау мақсатына Ғабит Мүсірепов келеді. Ғабең Шәкен Айманов қатысқан «Арқалық батыр», «Зарлық» атты спектакльді көріп, оның ойнаған роліне риза болып Алматыға алып кетеді. «Шәкен 1933 жылдың 3 сентябірін (қыркүйек – А. К.) еш уақытта ұмытпаймын» – дейтіні содан.

(К. Кенжетаев Дархан дарын, 21-бет); ) Ш. Мусин, 47-бет).

Шахан Мусиннің өміріндегі ерекше «күн» өнер өріндегі «күн» болды. Бұл «күн», 1934 жылы 13 қаңтарда құрылған музыкалық драма театрының сапар шегіп Семейге келеді деген қуанышты хабары еді. Театр «Айман-Шолпан» спектакльін ала келді. Луначарский клубына ине-шаншар жер болмады деп жазды Ш. Мусин. «Айман-Шолпан» пьесасының авторы М.О. Әуезов, қоюшы режиссеріміз Жұмат Шанин, театрды ашқан директор Саттар Ерубаев, жұртты өз сөздерімен сүттей ұйытты. Саттар Ерубаев (1914-1937) Қазақстан Лениндік сыйлықтың тұңғыш иегері, «Менің құрдастарым» романың авторы (Қазақ жұмысшылары туралы бірінші роман-А.К.). сонымен спектакль басталып, қазақтың маңдай алды жұлдыздары бірінен соң бірі шыға келеді. Айман-Күлеш Бәйсеитова, Шолпан-Әйнеш Ерманов, Арыстан-Қанабек Бәйсейітов, Көтібар-Құрманбек Жандарбеков, Жарас-Манарбек Ержанов, ақындар ролінде – Иса Байзақов, Қусан Лекеров, әнші рөлінде Әмре Қашаубаев т.б. Мұқаңмен, Жұматпен дидарласып сөйлескені Шахан Мусинге ой тастады. Осы күннен кейін театрда ойнауды, сахнаға шығуды армандады. 1934 жылы Семейде осы күнгі Абай атындағы облыстық музыкалық драма театрының ірге тасын қаласып, шымылдығын алғаш ашқандардың бірі Шахан Мусин болды. Театрға баруына, бұндай ірі іске баруына ақыл кеңес айтқан ұстаздары Әлиакбар Төребаев, Дүйсебай Есенжолов болды. 1934 жылы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне Семей облысы бойынша делегат болып қатысты. Онда Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерді көріп, айтыс-тартыстарды естіп, Құдайберген Жұбановтың лепті сөзін тыңдап рухтанып, қанаттанып қайтты. Сьезден оралғанда әріптесі Ибади Матақов деген Шахан Мусинді жағалап, ондай бұндайын суыртпақтап, сұрап алып, ептеп қойын дәптеріне түрте берген екен. Шаханның үстінен ұйымдастырылған арызда «Майлықара», «Наркомға хат» өлеңінің желісі алдынан шыға береді, өсекшілер жеткізген жел сөз қою қара бұлтқа айналып, осындай өлеңдер шыққан деген желеумен Шахан Мусин 1936 жылы, 6 қаңтарда НКВД-ның кісілері түрмеге жапты. (Бұл турасында да сәл кейінірек-А. К.). Сонымен 1934 жылы Мусиннің басшылығымен Семейде театр ашылды. 1935 жылы Орынбек Бековтің басқаруымен «Айман-Шолпан» пьессасы сахнаға шықты. Мұхтар Әуезов пен Өтебай Тұрманжанов бар спектакльді өте жылы қарсы алды, жылы-жылы сөздер айтып, жақсы көңілімен қабыл алғандарын айтып, дем береді. 1937 жылға дейін (Ұсалғанға дейін – автор) Шахан Мусин мынандай рөлдерде ойнайды: І. Жансүгіров «Кек» – Бидахмет; Ж. Шанин «Шахта» – инженер Лазарев; Киршон «Астық» – Квасон; Б. Майлин «Майдан»; Б. Майлин «Жалбыр» – Жақып; («Документ» – Фархат;) (авторы көрсетілмеген – А. К.) М. Әуезов: «Еңлік-Кебек» – Есен; М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Арыстан. 1936 жылы 6 қаңтарда ұстап әкетті дедік. Бұл – Шахан Мусиннің 1-ші рет қамалуы. Сонда, ... «Түрме түндерінің» бастамасы өлең болып өрілді:

«Қанталап қара көзім, ыза кернеп,
Зауал түн әлдиіне аза тербеп
Кешегі кең даланың ерке желі,
Гуілдеп, тереземнен зар еңіреп

Отырмын: Темір есік, тас босаға,
Басымды тауға ұрып, тасқа соға.
Кеш елім, кеш туған жер, кеш Қособа!
О, шіркін, еркін өнер, ерке ақын,

Ерлік ет, күн ілгері, өмір алда
Еркіндік әлі-ақ туар ертең, жақын»... –

деп, ақын бостандықтан, болашағынан үміт күтеді, әділеттіліктің жеңетіне сенеді. НКВД-інің жан алғыштары келгенде Шаханның үйінде әкесінің Айса деген апасы, Темен, Ғалым інілері, Дариға қарындасы зар еңіреп қала береді. Шахан Мусинді Михаилов деген тергеуші ұзақ сұрақтың астына алады. Кеңес өкіметінің жауысыңдар, арандатушыларсыңдар, астыртын кеңес өкіметін құлату үшін контрореволюциялық ұйым құрып жүрсің деп айып тағып, нақақтан-нақақ күйе жағылып, 2 жыл шартты түрде кесіледі. Шахан түрмеден босатылысымен Құрманбек Жандарбеков Алматыда Опера театрына орналастырып, «Жалбыр» операсында Жақыптың рөлін атқарады. тембірлі, бритон – Шахаңды тыңдаған Айса Бармұрзина, Дүйсебай Есенжолов таңдай-қағып, сүйсініп отырады екен. 1997 жылы 2-ші рет Шахан Мусиннің үстінен арызқойлар маза бермей, баяғыдағы жазған өлеңдері алдынан шыға береді де 5 жылға кесіліп, Колыма аралынан бірақ шығады. Шахан Мусин «Түрме түндерін» жалғастырады:

«Түрме түні түнере,
Өңменіме төнуде,
Төнген сайын үдере,
Ойдан ойлар өруде,

Үнімді ұрлап жасырын,
Түпкіріне көмуде,
Түңілген жан асылын,
Көмуге де көнуде,

Күдігі көп көңілдің
Нұры сөйтіп сөнуде,
Күдері үзген өмірдің,
Көбі солай өтуде.

Жоқ! Мен өлмен, өлмеймін –
Арманымда сенім бар
Түтіксем тасқын селдеймін –
Арқамда туған елім бар».

Шахан Мусин 5 жылдың орнына 10 жыл отырып, ақыры 1946 жылы туған жер, өскен ортасына қайтып оралады. 1946 жылы күзінде өзі ірге тасын қалаған Семей театрына келеді. Мына, пьессалар мен Рөлдерде ойнайды: М. Әуезов «Абай» – Айдар; К. Симов «Под каштанами Праги» – Ян Грубек; Ә. Әбішев «Достық пен Махаббат» – Темір; Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Ақан; т.б. 1948 жылы сол баяғы әуенмен Шахан Мусинді қамап, Сібір өлкесіне 25 жылға кесіп жібереді. «Терезе» өлеңі Мусиннің 3-ші рет түрмеге жабылғандағы күйзелісін көрсетеді.

...Терезе анау, мен мынау,
Терезе тым биікте.
Көңіл қаяу, көз бұлау,
Телмірдім сол биікке.... –

деп ақын ширықса, соңғы шұмағында «Терезені» дос қылып сырласады:
...Ой-шежіре, жан-жырау,
Ойлыға уайым-ереже,
Терезе анау, мен мынау,

Жалғыз досым – Терезе.
(Семей, 1948, декабрь, Түрме) –

деп, жазғанмен қолтаңбасын қоймапты шерлі ақын, 1953 жылы Сталин өліп, Берия атылып, Шахан Мусин 1954 жылы босатылыпшығады. Колымада жүргендегі азабы адам айтқызғысыз басқа ұлттардың арқасында көп жақсылық көреді, үш рет өлім ауызынан періштесі қағып аман қалады. Түрмеде отырса да адамгершіліктерін жоғалтпаған кісілермен дос болады. «16 ауыз өлең үшін 18 жыл отырған ақын» – Сібірден келіп, «Жасөспірімдер мен балалар театрына» қызметке орналасады. М. Ақынжановтың «Ы. Алтынсарин» – Доброходовын; Есенберлиннің «Таудағы тартыс» – Асқар; Рахманов «Жүрек сырлары» – Ильхом; Назым Хикмет «Әпенде» – Әпенде рөлдерінде ойнайды. 1957 жылдан М. О. Әуезов атындағы мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту өрденді академиялық драма театрында істейді. онда: Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқтысы» – Ақан; Ғ. Мүсіреповтың «Сен қайтер едің?» – райком хатшысы; Ғ. Сыланов «Махамбет» – «Махамбет»; Ә. Тәжібаев «Көңілдестер» – Дәурен; Ә. Тәжібаев «Жалғыз ағаш орман емес» – Арман; С. Мұқанов «Ш. Уалиханов» – Чернышевский; С. Мұқанов «Ш. Уәлиханов» – М. Шорман; Қ. Мұхаметжанов «Бөлтірік бөрік-астында» – Сұңғат; Қ. Мұқаметжанов «Жат елде» – Джон Грей; З. Қабдолов «Сөнбейтін от»; З: Шашкин «Тоќаш Бокин», З. Шашкин «Ақын жүрегі» – Есен; З. Ақышев «Жаяу Мұса» Мұса (Жаяу Мұса бейнесі); К. Симонов «Келер кезек» – Штурман; Т. Ахтанов «Сәуле» –Сапар; Т. Ахтанов «Боран» – Қасболат; Куприянов «Вьетнам жұлдызы» – Денис Хартли; Макс Фриш «Дон жуанның думаны» – Диего; А. Пушкин «Шағын трагедиялар» – Моцарт; М. Әуезов «Абай» – Айдар; М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Елібек; М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Есен; «Қарақыз» – Сырым; «Қобланды» – Алшағыр барлығы 45 рөлдерде ойнаған екен, Шахан Мусин. 1955 жылдан бірнеше фильмдерге түседі: «Это было В Шугле» (1955); «Беспокойная весна» (1955); «Мы здесь живем» (1955); «Его время прийдет» (1957); «На диком береге Иртыша» (1958); «Тишина» (1958); «Однажды ночью» (1959); «Возвращение на землю» (1959); «Перекресток» (1962); «Крылья песни» (1966). 1954 жылы 20 жылдан соң аяулы досы, жерлесі Шәкенмен кездеседі. Шахан Мусинді Қ. Қуанышбаев, Ш. Хусаинов, Қ. Қарамысовтар жылы-құшақпен қарсы алды. 1955 жылы өмірінде бірінші кездескен кинорежиссері Мәжит Бегалин. «Бұл Шұғылада болып еді» кинофиліміне аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығының рөліне шақырады. (Это было в Шугле) экранға шыққан соң-ақ рөлдерге шақыра бастайды. 1956 жылы кинорежиссер Шәкен Айманов қойған «Біз осында тұрамыз» филімінде, 1982 жылы Әзербайжан Мәмбетовтің «Жаушы» (Гонцы) филімінде рөлдерде ойнайды. «Жаушы» филімінде Төле би рөлінде ойнаған Шахан үшін өмірінде үлкен белес болады. 1982 жылы Әзербайжан Мәмбетов қойған А. П. Чеховтың «Сүйікті менің ағайым» спектакілінде ойнады. Қолы қалт етіп босаса болды Ыдырыс Ноғайбаевпен әңгімелесуді ұнатушы еді Шақан. 1954 жылдары тың игеру басталып, Шахан Шахмет Құсайнов (киносценаридің авторы) «Біз осында тұрамыз» филімінің, операторы Марк Исакович Беркович, режиссері Шәкен Айманов болды, рөлде ойнады Асанәлі Әшімовтің еңбекқорлығына да Шақанқатты риза болып кетті. 1958 жылы Москвада өткен Қазақәдебиеті және өнерінің он күндігінде Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысы» қойылып, режиссері Шәкен Айманов кенеттен Ақан серінің рөлін Шахан Мусинге тапсырды, көрген талант алдамаған екен, Шахан Мусин ойдағыдай бұл рөлді де орындап шықты. Шәкен Аймановтың берген бұл-рөлі Шақан досының Москва сахнасындағы ойнаған тұңғыш рөлі болды. Шахан Мусин өте талантты ақын, тіпті, қай бірқарабайыр ақындардыңөзін артқа тастап кетеді. 1937 жылдың зұлматы туралы поэзияда кім бар десек ең алдымен Шахан Мусин ауызға ілгері әмбеге аян. Оның 1932-1937 жылдардыңқиын сәттеріне арналаған өлеңдері өз алдына бір төбе. Мысалы, «Майлықара», «Наркомға хат», «Түнгі боран», «Терезе анау, мен мынау», «Көсеміме», «Терезе», «Колыма, дүлей Колыма», «Колыма қысы», «Соғыңдар, қайта соқ!»-деді», «Колыма», «Гулак» Бір жендетіме», «Өлім», «Ертісім, менің Ертісім», «Түс», «Сібір түнінде», т.б. Шахан Мусиннің кейбірөлеңдері әке, ана, туған-жер, іні-туыс, дос-жора турасында да болып келеді. Мысалы, «Әке азасы», «Анам Биғайшаныңөліміне», «Мәдиге», «Қуаныш», «Арман», «Қырғыз досым Асқарға», «Ініме», «Өмір», «Өлең», «Өнер», «Өнер Маусымы», «Күй», «Домбыра» т.б. Шахан Мусинніңөзінің сүйген жарына, балаларына, жан-достарына арналған өлеңдері сыры мен сипаты жағынан алуан түрлі. Мысалы:

Мен ғана емес, өркені өскен ұлтыңның
Мәжитісің, солдатысың, ұлысың,
Жаңа өнерді хан көтерген жұртыңның
Жарға біткен жарқын тұңғыш гүлісің!

немесе,
Ардақты өз бауырым Кәукентайым,
Көл-дария дарыныңа табынамын,
Күн санап қайран өмір өткен сайын,

Өзіңді жас балаша сағынамын...

Бұндай достарына ағынан жарылып шығарған өлеңдері бір шама. Сол сияқты балаларына:

Балапаным, Мақпалым,
Сүйенішім, тірегім,
Сенсің менің мақтаным,
Сенсіңүміт жүрегім....

десе,
Кемелім, бүгін сенің туған күнің,
Шыр етіп, қиыр шетте сенің үнің,
Ұрпақпын тізгін ұстар» деген күні-ақ,

Айрылған жан сырымнан зар мен мұңын... – деп, балалары үшін жанын бере, жүрек түпкірінен соққан лүпілін өлеңге қосады. Шахан Мусин аяулы жары Рабиға апамызды ерекше аялап, мәпелеп өткен кісі. Оны Сыздық Рабиға Құтқожықызы да жасырмай кітаптың алғы сөзінде тамаша етіп, жазып өтті. Әсіресе, Шахан Мусин сынды қазақтың бір туар азаматына деген ыстық ықыласын төге білді. Рабиға апамыздың жазғаннын тебіренбей оқу мүмкін емес. Атақты батыр Бауыржан Момышұлыныңөзі Шахан Мусиннің адамгершілігіне «Басымды ием» деп кеткен сондықтан Шахан Мусин турасында әлі де болса ащы шындық айтылмай жатыр дейміз. Әсіресе, әдебиетпен өнердегі орны бағаланса. Ақын ретінде: С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, М. Дулат, М. Жұмабаев өлеңдерімен үндесіп жататын жері жоқ емес. Оның 1932, 1937, 1949, 1952 жылдары шығарған өлеңдері зұлмат уақыттың бет-бердесін ашып беретін өлеңдер. Алдыңғы толқындардың көбі сол Колыма болмаса да айдау, қуғын-сүргінді көрді, өкінішке орай олардың кейбір отты өлеңдері жас ұпаққа жетпеді. Шахан Мусин өлеңдерін мектеп оқулығына енгізіп, 1932, 1937 жылғы зобалаң тақырыбына байланысты оқытқан да жөн дейміз. «Асыл пышаққын түбінде жатпайды» Шахан Мусиннің жарқын бейнесі толық ашылар, ол туралы мәліметтер толықтай жарық көрер. Республика көлемінде ғылыми-тәжірбиешілік конференцияда өтер. Оған біз кәміл сенеміз. Шахан Мусин ағамыз жөнінде жазу оңайға түскен жоқ. Біріншіден жадығаттың тапшылығы. Екіншіден, ірі тұлѓа турасында жазу, не турасында жазу сияқты ой мазалап, қиналғанымыз рас-ты. Демек, Шахан Мусин біріншіден, тума талантты-актер, екіншіден, драма және кино актері, үшіншіден, ақын (оның ішінде 1932-1954) жылда зобалаңның шындығын көрсеткен бірден-бір дара ақын. Ең алдымен төзімді, қайратты қазақ азаматы. Қайым аға Мұқаметханов, Шахан Мусин, Бакболат Мұстафин т.б. ерліктері еш уақытта ұмытылмайды. Сөз соңында Шахан Мусинніңөлеңдерін толықтай талдап, оқырманға жеткізуге тапсырылған жадығат көлемі көтермейді. Сондықтан да біраз шектеуді жөн көрдік.

Зейін Шашкиннің «Доктор Дарханов» романының тілі «Зейн Шашкин принадлежит к тому типу писателей, которые рождаются в литературе нелегко и нечасто. Он обладал настойчивостью искателя, зананиями ученого, тактом и интуицией художника-реалиста. З. Шашкин внес зиначительный вклад в развитие современной казахской прозы в повышение ее художественного уровня».

Николай Анов.

Екеш. Қомсыну демеулігіне екеш шылауы ғана жатады. Ол тіркесетін сөзге қомсыну, кемсіту, тіпті кейде мұқату сияқты мағыналық реңктер үстейді. Бұл шылау көбінесе есім сөздерге тіркеседі де, олардан үнемі кейін, поспозициялық қалыпта тұрады [1, 402-б.]. Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді; Мысалы, сізді кәсіподақ бастығы жиналыс екеш жиналысқа да қатыспайды дейді (З. Шашкин) [2, 15, 29-б.]. Кеше ғана дене мұздатып, бет қаритын ызғарлы жел екеш жел де бүгін жұмсарып, торғындай мойынға оралып, Нұрланның толқыған қара шашын дударлай келемед етеді [5, 327-б.]. Еміс-еміс. Толымсыз көмекші етістіктер. Бұл топқа енетін көмекші етістіктердің саны көп емес. Оларға сөздіктен жеке сөз ретінде лұғаттық орын алғанымен, практикада (ауызша, жазуша тілде) я әуелгі (ер), я қазіргі (е) түбір күйінде қолданылмайтын жалғыз сөз -е етістігі ғана, ол негізден өрбіген формалардан сақталып жүрген шалағай еді (ер+ді), екен (ер+кен), емес (ер+ме+ес) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз ғана жатады. Бұл көмекші етістіктің е түбірінде қазір толық лексикалық мағына жоқ. Оның тек жоғарыда аталған еді, екен, емес, еміс-еміс формалары ғана болмаса, өзге парадигмалық формалары қазіргі тілден шығып қалған. Сөйтіп, бұл көмекшілер – мазмұны жағынан да, форма жағынан да шалағай, яғни, толымсыз сөздер. Бірақ лексикалық мағыналары да, грамматикалық формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде айрықша мол функция атқарады. Емес көмекшісі әуелдегі ер+ме+с формасынан пайда болған. Бірақ бұл форма өзі тіркесетін сөзге ешқандай да шақтық мән үстемейді, тек болымсыздық мағына үстейді, бірақ, қажетіне қарай, жақ формаларын қабылдайды. Мысалы: мен бала емеспін; сіздер көрген емессіздер т.б. Сөйтіп, бұл форма шақты білдіру қабілетінен айрылып, тек болымсыздық мағына білдіретін дәнекер сөз болып қалыптасқан. Ескерту: Қазіргі еміс-еміс (білемін, естимін) деген қос сөз әуелгі ер+міс (ер+міш) формасының қайталануынан туған сөз тәрізді [1, 262–264-б.]. Жүректің арғы түбінен еміс-еміс ренішті дауыс та естіліп қалады: «Ей, доктор, сенің іздеген гүлің осы ма еді?» [2, 29-б.]. «Қозы көрпеш-Баян сұлу» – жырында:

Қыл көпірден адамды айдар еміш,
Қылмыстыны тамыққа айдар еміш (Фролов нұсқасы).

Еміш-еміс варианты ұшырасады. Емес көмекшісі әуелдегі ер+м+с формасынан пайда болғанын Ысқақов жоғарыда айтты. -Міш жұрнағы мен е көмекші етістігіне жалғану арқылы дейді (А. Есенқұлов), ерміш (с) еміс-еміс үстеуі қалыптасқанға дейін сандаған ғасырларды басынан өткергенін жазады (Ғ. Нұрсүлейменов).

Тиеді құлағыма еміс-еміс, Октябрь он жетінші манифесі (Мәшһүр-Жүсіп). Емес болымсыздығы емес, емей, емегенде деген тәрізді тұлғалық өзгерістерге ұшырағаны байқалады. Есімшенің келер шағының -р жұрнағының орнына жүретін -с жұрнағы болымсыз -ма түрінен кейін жалғанады: е-ме-с. Осы түріне көсемшенің үнемсіз түрін жасайтын -й жалғасақ емей көмекшісі болып шығады [3, 33-34, 140-141-б.]. Кірме сөздер: З. Шашкиннің «Доктор Дарханов» деген романында кірме сөздердің түр-түрі ұшырасады. Заттық мәдени, рухани мәдени лексика деп екіге бөлуге болады. Мағыналық жағынан мына топқа бөлінеді: қоғамдық, үй-тұрмыстық, медициналық, әскери, ғылыми, техникалық, шаруашылық т.б. Кірме сөздер өз ішінде тағы да басқа шет тілінен еніп тұлғасы жағынан өзгеріп, сіңіп кеткен болып бөлінеді. Кірме сөздердің басқа екі түбірден жасалған үлгісі, сөз тіркесі арқылы, мақал-мәтелдер, өлең шумағы, қазақтың төл қосымшасын жалғау арқылы, тұлғасы өзгерген т.б. кездеседі. Мысалы: доминанто, магнит, лиха беда начало (мақал), институт, солдаттардың, анкета, пароходства, революция, коммунист, партия, округ, комитет, командировка, профессор, родился в сорочках (мәтел), офицер, сухар, книжник, трамвай, телеграф, палуба, матрос, гармон, автобус, рефлоктор, салфетка, пижам, камертон, клуб, концерт, кино-театр, коллега, шифонер, музыкалық, техникум, камертон, совхоз, облыстық ансамбль, тумбочка, рамка, люк, этаж, электр, стол, тост, бокал, автор, тумбочка, календар, кресло, коллега, командировка, колхозым, трактор, норма, бригада, газет, акт, телефон, комитетет, теория, аспирантура, диссертация, актерге, папа, черт с ним, комот, драп польто, прием, семья, архитектурасы, завод, паром, вахтер, пожалуйста, примус, минут, поезд, скучный, преферанс, гамбит, купе, станция, тамбур, экскалатор, фойе, партер, увертюра, музыка, мещандық, атомат, телеграмма, гастроль, анонимка, рюмка, репетиция, плен, факті, дурак, полковник, бабуся, диплом, автобус, тарелка, пенсия, папка, сволчь, паротокол, медовый месяц, документ, буфет, касса, мелиционер, стакан, билет, станция, костюм, душ, капитан, коттеж, стиль, секция, графин плита-пеш, шефповар, мода, вестибюль, я сделал, что мог, пусть те, что могут сделают лутчше! Платон мне друг, но истина мне дороже (мақал), черт возьми, миндаль, анекдот, кроваттың, инженер, атом, суттегі, бомба, грамм, тактика, конференция, купит котов в кошке (мақал), художник, революция, эгоист, гитара, романтика, геройлары, кино, роялі, конфет, случай, бюрократ, комбайнер, эстрада, трагедия, металлургия, цех, мартен цехы, бригадир, советінің, конверт, аллея, экс оффицио, офицер, пластмасса, почта, вальс, сфинкс, миллиард, граф, форточка, буфет, философ, не везет, секретарь, кино, легион, пионер, депутат, председатель, чемодан, честное слово т.б. Кірме сөздердің формасының өзгеруі: бай-құлақ, шананың, магазин, радиоқабылдағыш (тұлғасы бөлек сөздер) крауат, самауырын, кереует, машина, кроват, нәштеп (дилекті) т.б. Медициналық терминдер:зат, киім, аспаптар, құжаттар, біріккен түбірлі, қос сөз, басқа шет тілінен енген түрлері ұшырасады. Мысалы: аптека, рецеп, медсестра, санатори, фельдшер, барометр, спирт, организм, медицина, путевка, құлақ-мұрын, көмекей, дәрігер, доза, диагноз, студент, диспанцер, микроб, микробиология, ларингология, терапия, терапевт, нерві, көмей көрінетін айна, карточка, доктор, статоскоп, диагноз, облыстық денсаулық бөлімі, қотыр, емдеу, таз қотыр, өкпе ауруы, палата, клиника, рак, кеңірдек, фиброма, рецеп, антибиотика, стрептомицин, креазот, құлақ-шеке, операция, баранхоскопия, туберкулез, веропол, люминал, зонд, гипноз, папиллома, биопсия, лаборатория, ақ халат, отделение, корпус, рентген, очагтың, рентгенограмма, ларинголог, психоз, рентген сәулесі, психология, туберкулез емдейтін клиника; ассистенттер, люминал, донор, глюкоза, камфора, витамин «К», группа, пневмония, анатомдай мүше, микроп, ятрогенная болезнь, микроп, лейкоциттер, нетрофиль, лимфоцит, стетоскоп, плеврит, аппарат, пенициллин, сеанс, диагноз, флегманозный ларингит, трахотомия, новокаин, шприцы, иод, блокада, трубка, ренгенография т.б. З. Шашкин кітабында кірме сөздерге түсініктеме беріп отырған: лиха беда начало – басталуы-ақ мұң; сухар, книжник – қатыгез, кітапшыл; карточка – аурудың тарихын, емін жазған қағаз, бронхозкопия – кеңірдекті дүрбімен қарау; анонимка – ат қоймай жазатын жасырын сөз; көмекей ауруын емдейтін – ларинголог; мына бір сақинадай дөп-дөңгелек тесік – каверна – жарылған жара; сол жақ өкпенің тең жартысы қап-қара ісік, – мұны лобит дейді; екі өкпенің екеуі де бұршақ еккендей шұп-шұбар, мұның атын балалаған очактар дейді; Есіңде ме, вени, види, вици – келді, көрді, жеңді – латын мәтелі; Вот те на Юрьев день – Мә, саған Юрьевтің күні; Я.Так проходит слава мира – даңқ, атақ дүниеден осылайша өткен; Земский врач – Россияның ең түкпір жерлеріне барып, халық арасында қызмет істеген дәрігерлер; Кох құртының ұясы – Кох туберкулез құртын ашқан ғалым. Туберкулез құртын соның атымен атайды; Профузный – лақылдатып қан құсу; Циниктер – арыз адам; Ланцетті – дәрігерлердің пышағы; Конюльді – дем алатын қуыс темір; Озон – оттегінен де таза ауа; Закон сохранения энергии – қуатты сақтау заңы; Полноте – жетеді; Перкусия – саусақпен тырсылдатып, соның дыбысынан өкпенің ауруын айыру; О святая, простота – о, бейшаралық – деген мағынада; Тонометр – қан толқынын өлшейтін аспап; Реляскоп – Көмекей қарайтын аспап; Экс ювантивус – болжаумен емдеу т.б. Орыс тіліндегі өлең шумағы:

Глухие тайны мне поручены,
Мне чье-то солнце вручено
И все души моей излучины
Пронзило крепкое вино, –

Немесе;
Твое лицо мне так знакомо
Как будто ты жила со мной...
Медициналық диалог: Көршінің қызы Сағиламен танысу үлгісі:

Иә, құлақ па, мұрын ба?
Даусымның қарлығып жүргені...

Дауысына құлақ түріп байқасам, қарлыққаны шамалы. Маңдайындағы рефлокторды түзеп, қызды қарам-қарсы отырғызып қолына салфетка ұстаттым. Мына салфеткамен тіліңді ұста да, тарт, – дедім мен оған, жасы кіші болған соң «сен» деп еркін сөйлеп.

Тілімді жұлып ап жүрсем... – сылқ-сылқы күледі. Күлкісі жайлы да тартымды.
Онда орнына өз тілімді салам.

Ағатай, мен үшін сақау боп қайтесіз... –Бетіне үңіле қарадым, не қылған өткір де, ашық жан: Енді ол мені иірім судай дөңгелетіп, әкетіп барады.

Сен сияқты ақ жарқын қарындас үшін сақау болсам арманым жоқ. Сізді сақау ғып мұратыма жете алмаспын. Осындай жақсы сөз айтатын тіл өзіңізде-ақ тұрсын. – Қыз тағы жымиды [2, 21-б.]. Бұндай дилог үлгісі қазақ тілінде сирек ұшырасады. Медициналық термині аралас, ойнақы әзіл-қалжыңы жастық шаққа бек жарасып тұр. Бұдан біз З. Шашкиннің өзіндің қолтаңбасын көреміз. Ешкімге ұқсамайтын стилін байқаймыз. Онамастика: антропонимдер, топонимдер болып бөлінеді: Мағынасына қарай топтастырсақ: кірме ономастикалық атаулар, олар шет тілінен енген атаулар, қысқарған атаулар, жер, су, өзен, көл, тау, бұғаз, адамның әкесінің аты-жөні, жынысына қарай әйел, еркек т.б. болып бөлінеді. Мысалы: Павлодар, Бурабай, Қиыр Шығыс, Ертіс, Дархан, Ленин, Баянауыл, Ерейментау, Кереку, Ертіс, Коряков, Затон, Римде, Морзе, Бестужев, Москва, Приображенский, Сусанна Михайловна, Рим, Катулл, Князь Игорь, Сверлов, Смольный, Сталин, Генриетта Марковна, Львов, Ақмола, Кравцов, Жұмбақтас, Оқжетпес, Көкбұғаз, Ақбура, Павлов, Ялта, Симферополь, Победа (машина), Қырым, Дмирджи, Алушта, Ай-Тодор, Ай-Петри, Штокин, Мифодий Сергеевич, Лениград, Солтүстік Кавказ, Жетісу, Димтрий Фурманов, Алексей Иванович, ЦК партия (қысқарған сөз), Вирхов, Франция, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Майбалақ, Қотыркөл, Дәмеш, Нияз, Жұмбақ тас, Иван Петрович, Варвара Платоновна, Алексей Иванович, Түркістан, Дарханов, Гиппократ, Авиценна, Фракасторо, Лаэннеку, Кох, Степняк, Еңбекшілер, Қызылту, Макинка т.б. Сөздің еркін мағынасы: Түлкі жаға дарап пальто... Ақ боты... Пан-бархыт көйлек... Алтын жүзік... Алқа... Алтын сағат...; Жаз болса: үстінде гүлді жібек көйлек, қолда ақ биялай, аяқта сүт түстес туфли; қыс болса кигені: түлкі салған қаракөл пальто, аяқта ақ боты т.б. Эвфемизм: Ниязка, мен екіқабат боп қалыппын... – деп еңкілдеп жылап жіберді. Адамның балалы болғанын екіқабат сөзі алмастырып тұр. Дисфемизм кеміту, қорлау, жаратпау ұғымын тудырады: – Боқмұрын, шикі өкпе! – деді ол ызаланып орнынан тұрып. Сен де бір – ана қабырғада жорғалап бара жатқан шыбын да бір: басып қалсам жоқ боласың, бейшара! Баланытастай беріп, салым суға кетіп, сүмірейіп үйден шықтым. Сүмірейіп, кір-кір күйде жетіп барғаным өрескел көрініп жүрмесе? – Хайуан! Осындай «жер құрты» қайдан пайда болады? Бұл сөздер әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Боқмұрын, шикі өкпе, сүмірейіп, хайуан деген дисфемизмдер көркем шығарманың әрін арттыру үшін, ауыз екі сөйлеу үлгісін беру үшін кейіпкер тілінде қолданылады. З. Шашкин осы тәсіл арқылы кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін, ой-өрісін көрсетіп, нақты бейнесін жасаған. Көне атаулар: дирмен, жиһанкез, әзәзіл, азанда (дилекті), дәліз (дилекті), басымнан мәути алдырып, диван, шөлмек (диалекті), шарап, нәшіне (диалекті) т.б.

Ауыз екі сөйлеу стилі: көйлекшең, турсишең, турсишаң т.б.
Мақал-мәтелдер: қазақ байыса қатын алады, тар жол тайғақ кешу т.б.

Тілдік (сөздік) метафора: өмір шоқтығы, қуыс-қалтарысы, қара бұлт төнген, жаның рахат тауып, көк тұқылдың әлі күні үйленбегені, қайғы қасіреттің көлеңкесі, желдің қайдан соққаны, қара мысықтың барын сездім, тіліңе сақ бол, екі өкпемді қолыма алып т.б. Сөздің фонетикалық вариантары: мұрадыма-мұратыма, ғып-қып, шүберек-шүперек, гөр- көр, қазір-кәзір т.б. Теңеулі суреттеу: Аздан соң пыс-пыс еткен, иесінің өзі сияқты домалақ сары самауырынды көтеріп Сағиланың шешесі келді де: «мылжыңдап баланың басын ауыртып, қайдағыны айтасың, одан да сырқырап жатқызбайтын буыныңның ауруын сұрасайшы?» деп күйеуін зекіп тастады [2, 26-б.]. Иесі өзі көтеріп әкелген самауырын сияқты. Поезд зырлап, арқа жазығының апшысын қуырып келеді. Поезд доңғалағына оралған жел – матадай жыртылып, дырылдап рельс бойына десте-десте боп төселіп жатты. Зырлап келе жатқан поездың жылдамдығы жыртылған желмен салыстырылады. Синегдоха: Ауданда денсаулық бөлімінің бастығы бір бұқа бар, таңертеңнен кешке дейін аңдитыны қызыл желек. Мұрының ұшы қып-қызыл, дәуде болса арақтың құдығы шығарсың.Әнеугі қызыл мұрын сияқты біреу кездессе, дұрыс дұрыс қызмет істер саған!... З. Шашкин ауыспалы мағынада қолданылған бұқа сөзіне астарлы мән беріп, тартымды бейне жасайды. Синегдоха тәсілі арқылы сөздің мағыналық жағынан түрлендіріп, үлкен ықпал етеді. Бұқа сөзі тура мағынасынан басқаша айтылып, бүтіннің бөлшегі ретінде адам деген ұғымды бейнелеп тұрса, қызыл желек – қыз-қырқын деп түсінеміз. Арақтың құдығы – ішкіш, қызыл мұрын – жаман адамның бейнесі екендігі айтпаса да белгілі болып тұр. Қатар екі құбылысты бенелеу тәсілі: Мен де арқамды беріп, теріс айналдым: терезенің суық шынысына бетімді тақап, поезбен қатарласа жарысқан орманнан көзімді алмай тұра бердім. Зулап келе жатқан поезбен қатарласып келе жатқан орманның суреті көз алдыңа келеді. Адамның ішкі құбылысын бір құбылыс арқылы бейнелеу: Үйге келдім де, крауатқа етпетімнен құладым. Сол жатқаннан ертең сағат жетіде бір-ақ тұрдым; осыдан кейін аңғарғаным: шар айнаның алдына барғанда, самайымнан бір тал шаш таптым. Бүгін таңда ағарды ма, жоқ жолшыбай ағарды ма, әйтеуір іштегі қасіреттің таңба, білгісі-ау деп ұқтым. Адамның күйзелісін бір түнде ағарып кеткен бір тал ақ шаш арқылы көрсетеді. Бұл арада окказионалды мағыналы кездейсоқ пайда болған құбылыс деп ұғуға болады. Бір жағы синегдохалық құбылысқа жуықтайды. Құбылысты (күйзелісін) іргелес, шектес атаулы сөз арқылы беру тәсілін айтамыз. Түн. Жаңбыр сабалап құйып тұр. Шатырдан аққан су біреу краннан ағызғандай сарқырайды. Жаңбырдың қатты жауғанын, краннан аққан судан білеміз. М-Ж. Көпеевтің пікірі: «Ойында түйіткіл жоқ еркекті әйелі екінші біреуге таңып жазықсыз жазғырса, соған итермелеп, қыздыра түсті де. Егер еркек те әйелін жазықсыз қызғанса, о да сол адамға солай құмарта түседі», – деп Мәшһүр-Жүсіп айтты деген аңыз бар еді, сол рас секілді [2, 116-б.], [4].

Мінезді айтсаң жібектей,
Жаныңа рахат таптырған! –
деп осы елдің ақылды қазағының бірі Мәшһүр-Жүсіп айтқандай [5, 328-б.].
Жамбыл – Жамбыл болғанда, Жыр дауылы қозғанда

(Ақынның туғанына 170 жыл)

«Мен 1846 жылы Шу өзенінің мағындағы Жамбыл деген таудың етегінде қарлы қыста, қақаған аязда туыппын. Төбесінде жамбы тектес тасы болғандықтан тау аты Жамбы аталып кеткен екен. Ол Жамбы ертеде аса қадірлі қонаққа сыйға тартылыпты. Немесе жарыста озып келген аттың бәйгесіне тігіпті, әлде жеңген палуан алыпты, немесе айтыста озған ақынға беріліпті деген аңыздар бар. Әйтеуір ата-анам сол таудың атымен мені Жамбыл атап кетіпті» Одан соң ақын өзінің молдадан қалай оқығанын еске түсірді: «Шынымды айтсам, мен оның не айтып отырғанын түсінбеуші едім. Ол әсіресе арап әрпін түсіндіруге жоқ еді. Қалай оқиын одан, – деп сөзін жалғастырды Жамбыл, – жас шағымда оқығым келмеген, қайтейін, қашып кеттім!». Бұл әңгіме Жамбылдың барлық өмірбаянына кіріп жүр. Ақын өзінің жас шағында шығарған «Шағым» атты өлеңінде молданың қаталдығын, оған зығырданы қайнап, өзінің оқудан кетіп қалғанын көз алдында келтіре өлеңге қосты [1, 325-б.]. 1930 жылы Сәкен Сейфуллин Кенен Әзірбаев пен Жамбыл Жабаевты үйіне қонаққа шақырады. Кенен былай дейді: Жамбыл ұстазы Сүйінбайдан жаттап алған Жабай батыр туралы жырын айтады:

Он сан ноғай бүлгенде,
Ормамбет хан өлгенде,
Қырық жылдай атысқан,
Қызыл ханға батысқан.

Найзаменен соғысқан,
Қылышпенен шабысқан,
Айбалтамен қағысқан.
... Ноғайдан шыққан Жабайды,

Бес мың кісі қамайды,
Жабай алды найзаны,
Істеді талай айланы...

Жәкең, осылай сілтей береді, сілтей береді. Сәкен інісі Мәжит екеуі таң-тамаша болып, Сәкен әрең жазып үлгереді. Сәкен: – Сіздің әкеңіздің аты осы батырдың атынан қойылған ба? – дейді. Жамбыл: –Ой, ол біраз әңгіме ғой, – деді, Жәкең, – менің әкемнің азан қойған аты Жапа еді. Кейін бір жаугершілікте ерлік көрсетіп, көзге түсіпті. Содан қасындағы жігіттер ауылға келгенде «жауға кәдімгі Жабай батырша тиісіпті» депті. Содан Жабай атанып кетіпті [2, 463-465-б.]. Ол уақытта да молдалардың бәрі сауатты болмаған. Оны сол кездің ескі оқуынан білеміз. Тіпті, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов т.б. шығармаларынан да ескі оқудың бағытын, онша сауаты жоқ молдалардың қалай сабақ берген үлгісін кездестіруге болады. Қазіргі оқу мәселесі сол кезде де өткір болды. Қазіргі мұғалімдердің кейбірінің өз пәнін жетік білмейтіні жиі айтылып жүр. Демек, осыған қарап, молдаларды да сауатты және сауатсыз деп екіге бөлуге болар еді. ...Ақырында Жамбылдың қауіпі расқа шыққан. Әкесі молданың үйіне үш қой айдап апарып тастағалы бері оның көрген күні осы. ...Сабақ үстінде молда жиі қалғып кететін. Кейде ұйқыдан қатып қалатыны соншалық, ояна келе қанша ұйықтағанын біле алмай дал болатын. Үйдің ішін таңырқай бір шолып өтетін де, бойының құрыс-тырысын жазып, қатты жөткерінетін де балаларды үйді-үйіне тарататын. Өйткені ұйқысы қанған молда мұндайда ет жеп, шәй ішуге ықыласы ауып кететін. Ондай күндері шәкірттердің құдайы беріп қалатын. Сабақтан оңай құтылып кететін. Боқтыкөт шәкірттерін, әсіресе, бүгін көп ұстады. Молданың бір көзі жұмық та, екінші көзі ашық еді, оның не қалғып отырғанын, не мағынасы танық құран жәйлі қалың ой тұңғиығына шомып отырғанын біліп болар емес. Балалар бір-біріне қарасты да, жым бола қалды. Оқта-текте бетінің жыбыр ете қалғаны болмаса, молда сол мелшиген қалпы отыр әлі. Шәкірттердің тақаты таусылды. Үйге жорғалып кіріп келе жатқан кірпінің баласын байқап қалды Жамбыл бір кезде: Тышқаннан қорыққан молда кірпі ұстайтын. Сүйір тұмсығын жылтыңдатып, әрнәрсені жыбыр-жыбыр иіскелеп, жүн доп сияқты домаланған кірпі ат тұяғы жатқан жерге келді. Оған бие сүтін құйып қоятын молда. Осы кірпінің қырсығынан Жамбылдың бір мәрте көресіні көргені бар. Бір күні сабақта қалғып кеткен молданың салпы ерніне қонған бүргені көре салып, Жамбыл:

Уа, құдырет, масқара-ай,
Молданы қара басқаны-ай.
Кірпікшешен асырап
Тұяққа құйып сүт беріп,

Қасынан жүр тастамай.
Бүрге де ішіп ол сүттен,
Ерінге қонып патшағар
Молданың аузын ластады-ау, –

деп өлең шығарған болатын. Оны Мұқаш дереу ұстазға жеткізіп, соның кесірінен Жамбыл дүре жеді [3, 409-418-б.]. Жамбыл Мұқаштан да өшін алады. Кірпікшешенді Мұқаштың астына салып қойып, лақтай бақыртқаны бар еді. Жамбыл тентектігімен қоса талантты, жан-жақты, өте өнерлі бала болды. Жамбыл бала кезінен қобызға қосылып өлең айтып, ән салып дүйім елді аузына қарататын.

Мысалы:
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы.
Қозғалтпайды жон жағым,

Талай дүре соғылды.
Тарсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды,
Тілің ащы бала деп,

Қайнатты әбден сорымды –
деген шумақ әнімен, қобызға қосылып айтылатын [3, 409-418-б.].

Жамбылдың Әкесі Жапа Ыстыбайұлы өте еңбекқор, ер жүрек батыр, батыл адам болған екен. Жапаның өзі 1899 жылдың шамасында 87 жасында дүние салған. Қоқан хандығына қарсы (Жетісу өңірі ол кезде Қоқан хандығына қараған) халықтық күрестерде өжет ерліктерімен көзге түскен. Жамбыл оның үш ұлының (Тәйті, Жамбыл, Қоман) ортаншысы екен. Жамбылдың туған шешесі Ұлдан да өлең, жыр, ән-күйлерді қызықты әңгімелерді жақсы көріп ұнатып, өзі де елге айтып отырған. Жамбыл ешқайда оқып білім ала алмаған. 17 жасында оны ағасы Тәйті ауыл молдасына алып барғанын жоғарыдағы оқиғадан білеміз. Жамбыл жас шағынан ақындықты қалаған. Оның «Әкеме», «Сарыбайға» деген өлеңдерінен балалықтың жылы лебі еседі. Әкесі Жамбылдың ақындық жолға түскенін қаламайды. «Екейде елу бақсы, сексен ақын, болады жын қаққандай кешке жақын» деген аңызды есіне салып, «Сен сексен бірінші болып қайтесің» деген. Екей Жамбылдың шыққан руы. Шынында да бұл рудан талантты ақын-жыршылар, өнер иелері көп шыққан. Солардың ең атақтысы Сүйінбай ақын болған. Сүйінбай жырлары ел басшыларына жағынбай, шындықты айта білуіме, өткірлігімен, тапқырлығымен ұнаған және халық арасына кең тараған. Жасынан сөз өнеріне жетік, шыншыл, бір бет Жамбылдың алғашқы өлеңдерін Сүйінбай мақұлдап, оған бата берген. «Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпестей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес, жүрекпен жырла. Әрқашан әділ сөйлеп, адал бол», – дейді үлкен ақын жас шәкіртіне. Сүйінбай жолын қуған Жамбыл оны өмір бойы ұстаз тұтып, одан үлгі алған. «Жаныс ақынға» айтқан өлеңінде ол:

Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай – деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, – дейді.

Сүйінбайдан басқа да кездескен ақын-жыршылардан (Шөже, Майкөт, Бақтыбай, Жаныс, Тілеміс т.б.), әнші-күйшілерден (Оразалы, Мұраталы, Шашубай т.б.) және ел өмірінің тарихын, шежіресін білетін шешен қариялардан естіп жаттап алған өлең-жырлар, ән-күйлер, ерегі-дастандар, қызық әңгімелер, тапқыр сөздер, мақал-мәтелдер де Жамбыл үшін ақындық өнердің сарқылмас қайнары болады. Ақын шындықты, бір жағынан, өмірдің өзінен, адамдардың күнбе-күнгі тіршілігінен ұғынып сезінетін болса, екінші жағынан, халықтың теңіздей сарқылмас ауыз әдебиеті арқылы да таниды. Жамбылдың алғашқы кездегі бірқатар өлең-жырлары жастық өміріне байланысты жеңіл айтыс, немесе ақындыққа жол ашу түрінде келіп отырса («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға», Бөлектің қызымен, Айкүміспен қағысулары т.б.) енді бір қатар өлеңі қоғамдық тақырыпқа яғни Сүйінбай тағылым еткен жайларға арналады («Кедей күйі», «Жылқышы», «Сәт сайланарда», «Мәнке туралы» т.б.).

Ақын бірде:
Сары түнде сарылып, кірпік ілмей,
Салқын кезде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз, түні

Бұралқы итпен малшының сиқы бірдей –
деп жырласа, ал енді бір өлеңінде:
...Қыста қайырсыз жұт болдың,
Елге жүгіңді үйе бер.

Шығынмен де шаршаттың,
Енді қайтып күй енер? –

деп болыстыққа таласып, елге лаң салған Сәт сияқты байларды батыл шенейді. Ақын әлеуметтік теңсіздік мәслелерін қозғайтын өлең-жырларында байдың есігіндегі жалшының, жазы-қысы мал бағып, егін салып, кәсіп істесе де, еңбегі бір жанбайтын Қалқабай сияқты кедейлердің өмірін аяушылық сезіммен жырлай отырып, сол еңбекші халыққа қанды тырнағын батырған Сәт, Мәнке, Қадірбай сияқты болыс-би, байларды, пысық қуларды сатиралық өткір тілмен әшкерелейді. Ақын 20 жастан асқаннан кейін ел аралап жүріп, халық арасында, ойын-тойда өлең айтып, көзге түседі. Жамбыл Айкүміспен, Бөлектің қызымен, Қыдырма қызы Бұрыммен, Нұрбек қызы Сарамен және басқа да әнші ақын қыздармен кездесіп, кейбірімен әзіл түрінде айтысып, кейбірімен өнер жарысына түсіп айтысып, кейбірімен көңіл жарстығын білдіріп айтысып жүреді. Ол Бұрымды қатты ұнатып, оны алып қашады. Бірақ қыздың қайын-жұрты да, төркін жағы да мықты жуан байлар екен. Солар күш көрсетіп келгенде Сарыбай сияқты басшылар жалтақтап, Жамбылды қорғап қала алмады.

Сонда Жамбыл:
Айрылдым алғанымнан, қайран Бұрым,
Айдай ед толықсыған аппақ нұрың,
Алдандым, аяғымды шалыс бастым,

Білмедім жан ашымас аға сырын – деп, бір жағынан, сүйгеніне деген арманын шертсе, екінші жағынан өзіне медеу тұтқан Сарыбайдан түк жәрдем көрмеген ренішін білдіреді. Бұдан кейін Нұрбек қызы Сара жайында өзінің белгілі «Угай» атты әнін айтып, қалың елге жаяды. Бұл ән-өлеңдерде ақынның өз басынан кешкен жәйттері ғана айтылып қоймайды, еркіндікті, бас бостандығын көксеген қазақ жастарының арман-күйігі де жырланады. Жамбыл ақындығының үлкен бір асуы – оның айтыстары. Жамбыл 1881 жылы Құланаян Құлманбетпен, 1895 жылы Сарыбаспен, 1902 жылы Досмағамбетпен, 1909 жылы Шашубаймен айтысып, бұл айтысқан ақындарының бәрін жеңеді. Айтысқан ақын ел, ру тарихынан да, дүние, жаратылыс жайынан да, халықтың қоғамдық тіршілігінен де көп жайларды біліп, оны айтыс үстінде көркем тілімен жеткізіп айта алатын болуы шарт. Мәселен Жамбылдың айтыстарында Жетісу елінің тарихи өмірі, халықтың Жоңғарларға, Қоқан хандарына қарсы күрестері мол қамтылады. Бірақ айтыстағы жеңімпаз ақынға бұл да жеткіліксіз. Ақынның халық аузындағы ең өткір сөз қазынасын толық игеруі де қажет. Жамбылдан осы ерекшеліктер толық табылатын. Жамбыл қазақ тарихына байланысты әңгіме, жырларды, ауыз әдебиетінің сан-алуан үлгілерін білді. Ол «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қамбар», «Қобыланды», «Манас», «Шахнама» дастандарын жатқа айтты. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Саурық батыр» жырлары, толып жатқан ертегілер, «Мың бір түннің» салаларын, Сүйінбай – Тезек, Сүйінбай – Қатаған, Бақтыбай – Тезек, Құлманбет – Майкөт, Шөже – Орынбай, Біржан мен Сара, Сүйінбай мен Майлықожаның және өзінің айтыстарын да білген. Тоғыз ақынмен айтысып жеңген Құланаян Құлманбетпен айтысып жеңеді. Сонда Жамбыл:

А, Құлманбет, Құлманбет,
Ағып жатқан сумен кет!
Сумен кетсең ел ішер,
Судан шыққан бумен кет!

Онда да кесірің тиеді,
Қызарып батқан күнмен кет!
Күн де қайтып шағады,
Оттан шыққан күлмен кет!

Күлден ауру жұғады,
Қараңғы тұман түнмен кет!
Түн де қайтып келеді,
Асқаралы таумен кет!

Тауды да халық мекендер,
Кесірің жұғар, Құлманбет,
Қу пәлекет әрмен кет!
Таз Құлманбет сен болсаң,

Мен де алдыңа тартайын,
Мақтан қылар жайымды,
Арқаларсың уайымды,
Ел байлығын қаптатсам,

Болатын әлі-ақ тойың бар.
Жылқысының бір шеті,
Алматының өзенінде,
Бір шеті Қарақыстақ,

Тектің кемерінде,
Иесі болмас құданың берерінде.
Бұған қайтып жетерсің,
Жалған сөйлеп не керек,

Айтайын сөздің төтесін,
Жылқысының шетінен,
Жарамды атпен сабулап,
Он күнде әрең өтесің –

деп, өткір тілімен, шыншыл сөзімен жеңіп кетеді. Құлманбетпен айтысы – Жамбылдың ең көлемді және поэтикалық күш-қуаты мол айтыстардың бірі. Құлманбет бұл кезде (айтыс 1881 болған) Жетісу елінің аты кең тараған, айтыстың белгілі шебері еді. Айтыста көп жеңген жүйрік ақынды халық «Құлан аян Құлманбет» атаған. Осындай үлкен айтыста Құлманбет сияқты белгілі ақынды жеңген Жамбыл аты ел ішінде онан әрі кең жайылады. Жамбылдың «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» атты дастандары да халықтың арман-мұңын жырлауға арналған. Бұл шығармалардың идеялық негізіне халықтың шатты тұрмысы мен бақыты үшін күрескен ерлердің үлгілі істері алынады. Өтеген туралы халық аңызы Жетісу бойында көп жайылған. Сүйінбай, Майкөт сияқты ақындар оның сюжетін пайдаланып, өзінше жырлаған. Жамбыл аңыздың негізгі сарынын сақтап отырып, оған жаңа мазмұн береді. Оның Өтеген – қой үстінде боз торғай жұмыртқалайтын еркіндік заманды іздеуші, бақыт пен тыныш қоныс үшін күресуші. Аңыздың біраз мифтік жақтары (Өтегеннің батырлығының белгісі – қос мүйізді болуы, айдаһармен алысуы, жезтырнақпен кездесуі т.б.) Жамбыл дастандарында сақталады. Алайда мұны ақын бақыт іздеп ылғи жол үстінде жүрген батырдың ерлігін көрсету үшін алады. Батыр жауыздықтың бәріне қас, жетім-жесір, жылағанды жақтаушы гуманист болып суреттеледі. Асан қайғы, Өтеген іздеген Жерұйық, Алпамыс батырдың Жиделібайсыны, Білге қаған мен Күлтегіннің мәңгі елі сайып келгенде бүгінгі егемендік алып отырған Қазақ елі мен жері еді. Олардың арманы да еркіндік, азат елді көру еді. Дастан ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлардың үлгісімен шығарылған. Онда ел арманын арқалаған Өтегеннің Жетісу бойын анталаған патша мен хандардан аулақ тыныш қоныс іздеуі, сол жолда қиын-қыстау шақтарды бастан кешкен ерлігі дәстүрлі жыр үлгісінде жырланады.

...Келген кезде кезегі,
Дүние жүзін кезеді.
Қара қазан, сар бала,
Қамы үшін қамдана,

Қонысқа жер іздейді:
«Мен табамын – табамын,
Бұлақ аққан жерлерді,
Көгі көктеп, гүл жарып,

Құрақ атқан жерлерді.
Төрт түлікке ыңғайлы,
Толқын көлі, тоғайлы,
Көгінен нәубет, жерден нұр,

Құлап жатқан жерлерді
Жұт болғызбай, құт қонған,
Қой үстіне боз торғай,
Жұмыртқалап, бақ қонған,

Сүйікті қазақ халқына,
Ұнап жатқан жерлерді».

Өтеген іздеген Жерұйық табылмайды. Қайда барса «Қорқыттың көрі» алдынан шығады да отырады. Өтеген:

Қоныс таппай бұл елден,
Өтеген батыр жылады,
Балапандай талпына.
Ойын күңгірт басқандай,

Тілегі оның ұшқандай,
Алтын ойын мыс қылып,
Салы суға кеткендей,
Астында тұлпар аты өліп,

Ақырғы демі біткендей,
Састы батыр сарқыла... –

деп жыр осы арадан аяқталады да Жамбыл Өтегенге басу айтады. Сен моладан шықсаң, қайта оянсаң Жетісудың көркін көрер едің. Түріксиб пен Қарағандыны гүлденген Қазақ елін, құлдықтан арылған еңбекқор қазақ халқын көріп, арманыңа жетер едің деген ойды айтады. Жырдың кереметтігі Қазақстан республикасының ұлттық идеясы – мәңгілік ел мәселесі негізгі өзегі болып табылады. Өтегеннің арманының орындалғанын Жамбыл өзі жырлайды. Заманына сенеді. Жамбылдың, қайталып айтуға тура келеді: көрегендігіне, оқиғаны боларынан бұрын біліп, болжап отыруына таңқалмасқа болмайды. Жамбыл «Жерұйық» деп Қазақ елінің жетістігін айтады. Өтеген батырға «Мәңгілік ел» осы дейді. Осындайда әттең-ай, егер де Жамбыл Қазақ елінің өз алдына тәуелсіз ел болғанын көріп өтсе, жырды басқаша аяқтар еді. Дегенмен, Жамбыл өзінің діттеген ойын айта білді. Мақсатына жетті. Қазақ елінің бостандығына сеніп өтті. Сондықтан да ол көрегендікпен жырды былай аяқтады:

Құйылған, жолдас, нұрды көр,
Баққа шомған тау мен өр.
Осы бақ қонған таңымда,
Мағандағы, саған да!

Құлпырған жайнап жерді көр,
Құлшынған қайрат ерді көр.
Осы бақ қонған таңымда,
Маған да, жолдас, саған да!

Сұраншы батырды жырлауда Жамбыл тарихи деректерге сүйенеді. Қоқан хандығына қарсы халықтық күресте ерлік көрсетіп, орыс әскерлерінің көмегімен хандық езгіден елін құтқарған Сұраншы Хакімбеков Жетісу бойының аса сүйікті батырларының бірі болған. Оның есімі мен ерлігі Жетісуды бағындырған орыс генералы Колпаковскийдің рапорттарында кездеседі. Жамбыл бұл дастанда елдің батырды ардақтауын халықтың ізгі армандарымен байланыстырады. Жамбыл:

Жырламаймын десем де,
Таудан құлап тарғыл тас,
Ел тілегі қоймады:
Тарығып шығып көзден жас,

Қыспақ заман кездесіп,
Қайғы басып қарындас,
Тарыққанда сүйенер,
Ел батырын ойлады.

Ойламасқа болмады,
Қабағы түсіп қамығып,
Батыр ұлын сағынып,
Ескіні еске түстіріп,

Жырым еді сондағы – деп, Қазақтың байтақ жерін суреттейді. Жамбылдың жыр алдындағы сөзі эпилог іспетті. Әр жылдарда осы жырды таратып, Сүйінбай Аронұлының аманатын орындағандай болады. Елдің тарихын ұрпаққа жаңғыртып жеткізеді.

Таратқан Жамбыл жырды алып,
Жиырмада жырға жел беріп.
Немесе,
Бата берген Сүйінбай,

Жырдың тіккен туындай,
Айтқанда маған ақылды,
Жырла – деген батырды –
дейді. Жауға аттанған Сұраншының өзі:

Не босатып елді алып,
Не тұтқын боп мен қалып,
Халық үшін мен лақ,
Жау қолында өлейін.

Ақ сүт берген анам – ел,
Үлгі берген атам – ел,
Адалдығым ісіммен,
Бойдағы қару күшіммен

Балалық хақын берейін – дейді. Шығарма сюжеті нақты оқиғалар арқылы дамиды. Қоқан ханы Құдияр Жетісуға шабуыл жасап, елді қырып-жоя бастайды. Қорлыққа шыдамаған ел Сұраншы батырды іздетеді. Алыста, тау ішінде жатқан кедей батырға қос атпен кісі шабады. Сұраншы өз батырларын жинап, «құмырысқадай қайнаған» көп жаумен соғысқа шығады. Ақын Сұраншының осы тұстағы ерлігін зор шабытпен жырлайды. Дастанда дәстүрлі батырлық жырдың үлгісі жаңа мазмұнмен байытылады. Жырдың тағы бір жаңалығы – онда қазақ халқын Қоқан қол астынан азат етудегі орыс әскерлерінің пайдалы қызметі, азаттық жолындағы күресте табысқан қырғыз, өзбек еңбекшілерінің достық ынтымағы нанымды суреттеледі. Мұның бәрі Жамбылдың ақындық шығармашылығы алғашқы кезеңі халық өмірімен тығыз байланысты басталғанын көрсетеді. Ол шындықтың шабытты жыршысы, халықтың арман-мұңының жоқтаушысы болды. Түйін. Жамбыл Жабаев ауырханада ұзақ жатып 1945 жылы, маусым айының 22 күні қайтыс болды. Жамбылдың маусымның 24 күні өзінің туған жеріне жерленді. Жамбыл қойылған зират қоршалып, кең күмбезді мовзолей салынды. Жамбыл тұрған үлкен үй Жамбыл атындағы әдеби музей айналдырылды. Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша Жамбыл атында жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арнаулы шәкіртақы белгіленді. Жамбылдың мерей тойында ғылыми конференциялар өтікізіліп тұрады. Жақсы көркем шығармаларға Жамбыл атындағы бәйге-сыйлық тағайындалды. Жамбыл туралы кинофильм түсірілді. Жамбылдың шығармалар жинағы көптеген тілдерде үздіксіз баслып шығуда, ақынның өмірі мен шығармалары зерттеліп, ғылыми еңбектер жазылуда. Жамбылтану ғылым-зерттеу жұмысы жолға қойылған. Жалпы, орта білім беретін мектептерде де Жамбылтану жүреді. Міне мұның барлығы Жамбылдың артында қалған бай әдеби мұрасын меңгеру, игеру, халыққа адал қызмет істеген ақынның есімін мәңгілік есте қалдыру жолындағы күрделі жұмыстар болып табылады. Бұл Жамбыл өзі өлсе де тамаша құнды еңбегі, үлгілі ақындық дәстүрінің өлмегенін, оның мәңгі жасай беретіндігін көрсетеді. Жамбыл 15-16 жасында малшылармен бірге мал бағысып, шөп шабысып жүреді. «Кім де кім кешігіп келсе, бір қой сойыс, бір саба қымыз төлейді» – деп шөпшілер өзара бәстесіпті. Бір күні Жамбыл кешігіп келеді.

–Ал, қайда жүрсің, штраф төле! – дейді бәрі шу етіп.

–Бір қызық өлең айтсам, құтқарасыңдар ма? – дейді ол.

–Жарайды, айта ғой? – дейді көпшілік. Сонда бала Жамбыл кідірместен:

Жиналмай анау жерде шөп жатқанда,
Күйеуі сұлу қыздың кеп жатқан.
Шымылдық ішінде білдірместен,
Шыбышты шолақ қасқыр жеп жатқанда... –

депті де бәстескендерден құтылып кетіпті. Мұның мәнісі былай екен: Жамбыл танасына мініп ауылға барса, бір жақындарының үйіне күйеу жігіт ұрын келіп, ірге басып жатса керек. Күйеудің аяғы ақсақ екен. «Шолақ қасқыр» деп сол күйеу жігітті айтыпты [3, 309-б.]. 1940-жылдың июнь айында жазушылар Леонид Соболев, Мұхтар Әуезов, Әбділда Тәжібаев Жамбыл үйінде қонақ болып, ақындық дәстүр, импровизаторлық өнер жөнінде көп әңгіме-сұқбат құрады. Жамбылға өлең, жыр айтқызады. Кештің бір мезгілінде бәрі далаға шығып салқындамақ болады. Босағада жатқан кебіс таба алмай Жамбыл сипалақтап жатады. Соболев:

–Вот, Жәке, вот, – деп кебісін қояды.

–От болса, от, – деп Жамбыл кебісін киіп жатып:

Жігіт едім жасымда қысылмаған,
Көрсеткен жоқ тірі жан қысым маған.
Тар саңылаудан дәл соққыш мерген Жамбыл
Кең кебіс кие алмай пысылдаған, –

деп табан астында айта қояды. «Мінекей, импровизаторлықтың қас қағымдағы бір дәлелі», – деп бәрі таң қалысады [3, 313-б.]. Бір жолы Самсы аулындағы жегжаттары Жамбылды қонаққа шақырыпты. Ақынның соңғы әйелі Қанымжанның сол ауылдан екені белгілі. Көптен кездеспей жүрген құда-жегжаттар жиналып қалса керек. Бәрі Жамбылға өлең айтқызады. Өлең арасында әзіл-қалжың да айтылып жатады. Шай құйып, оған ұсына берген батылдау сөйлейтін, сұлушаш келіншек: Шай алып отырыңыз, кәрі күйеу, – деп оған қалжың тастайды. Сонда Жамбыл әлгі келіншекке қарап кідірместен былай депті:

Балдыз деймін, ендеше балдыз деймін,
Су жағалай біткен жалбыз деймін.
Жасым келді тоқсанның сегізіне,

Жездең қалай жатады жалғыз деймін? Жұрт қыран күлкіге батыпты. Әрқайсысы әр тұстан:

Өзіңе де сол керек!
Осындай от ауызды пәлеге тиісіп нең бар!

Жеңеше-ау, жайыңа отырмайсың бар?! – десіп, әлгі келіншекке бәрі дүрсе қоя беріпті [3, 313-314-б.]. Халық ақыны Шәкір Әбенов Жамбылдың қасында жүріп, біраз жыл ол кісіге көмекші болғаны белгілі ғой. Сол бір шақта, Яғни Шәкір Жамбыл ауылында жүргенде кезінде «ақынды Алматыға шықырып жатыр, апарып келесің» деген соң, бірде Жәкеңді Жазушылар одағына алып келеді. Одақтың басшысы Сәбит Мұқанов, қасында Ғабең бар (Ғабит Мүсірепов) Жамбылды оңаша алып, қалғандарын кабинеттен шығара бастағанда, Шәкір бір бұрышқа тығылып қалады.

Сәбең Жамбылға:

Тәте, Сталин сәлем айтып жатыр, «партияға кірсін» депті, не істейсіз? – дейді.

Жәкең:

Өй, сен мұнда екенсің ғой, шық, – деп Ғабең Шәкірді кабинеттен қуады. Есіктің алдында ошарылып тұрған бір топ ақын-жазушылар Шәкірден «анда не болып жатыр?» дегенде, «арақ әпермесеңдер айтпаймын» дейді. Басы Иса Байзақов пен Қасым Аманжолов болып Шәкірді сыраханаға апарып, көңілін жайлаған соң, «Жамбылға партияға түс деп жатыр» дейді.

Жәкең не деді?

Е, тәтең не деуші еді, бір ауыз өлең айтып, ауыздарын жапты емес пе, – дейді Шәкір:

Денем тақап қалғанда тотияға,
Бақыт құсы қонды басыма қапияда.
Тоқсанымда тоңқаңдап боқ жеймін бе?

Қызыңды... не ақым бар парияда! Мұндағы «тотия» деген сөз – «көрдің топырағы» деген мағынада. Шәкірдің репрессия құрбаны болуына бір себеп – осы бір ауыз өлең екен [4, 6-7-б.].

Еңсемнен жел соқса да теңселмен...
(Ұстазым Қайым Мұхаметхановтың туғанына 100 жыл)
Туған ел алтын бесік, ұшқан ұям,
Көз жұмылмай тұрғанда қайтып, қиям?

Тарта гөр Семейімнің топырағы,
Төстіктей жеріңе мен еркін сыям.
Қ. Мұқаметханов

Ғұмырын жазуға арнаған. Қайым аға: «–Мен 1916 жылы бесінші қаңтарда бұрын Заречная Слабодка деп аталған қазіргі жаңа Семейде дүниеге келіппін. Бұл жер 1917 жылдан 1930 жылға дейін Алаш аталып келді. Дәл бүгін солай атасақ, Семейдің рухы көтерілмей ме?! Мұхтар семинарияда оқып жүрген-ақ әкем Мұхамедханның туған інісіндей болып кетті де, мені жанына тым жақын тартты. Осы сыйластық үзілмей, ер жеткенде оның рухани інісіндей етті, – дейді. Қайым азан шақырып қойған есімі Ғабдулқайым. 1937 жыл «Шаттық толғауы» алғашқы рет Семейдегі «Екпінді» газетінде жарияланады. 1938 жылы Жамбылдың ақындық қызметіне 75 жыл толатын мерекесінің құрметіне арналып Семей облысы ақындарының бәйгесіне қосылып «Жамбыл» атты поэма-толғау жазып, бірінші орынды иеленеді. Сол жылы мамыр айында Алматы қаласында өткен Жамбылдың мерейтойына қатысады. 1938-39 жылдары көптеген өлеңдерімен қатар, әдеби сын мақалаларын: «Николай Островский», «М. Горький», «Семей облысы жазушыларының шығармашылығы» туралы жазады. Әсіресе, Семей облыстық қазақ театрына қойылған ойындарға сыныи көзқарастағы мақалаларын жазды. М. Әуезовтың «Шекарада», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», Қ. Сағыровтың «Ер Тарғын», Ш. Құсайновтың «Боран» пьесалары, осы пьесалар бойынша қойылған спектакльдер туралы, қазақтың тұңғыш кинофильмі «Амангелді», «Қазақтың тұңғыш ансамблі» сияқты мақалаларды жариялайды. 1939 жылы Е. Ысмайыловпен бірігіп жазған Семейдің Абай атындағы қазақ театрының шығармашылық жұмысы туралы үлкен мақаласы республикалық «Әдебиет және искусство» журналының тоғызыншы санында басылады. 1939 жылдан бастап Мұхтар Әуезовтың берген ақылы бойынша ол Абай мұрасын, оның айналасындағы ақын, әнші, ертегіші шәкірттерінің шығармашылығын жинаумен айналысады. 1938 жылы М. Әуезов 22 жастағы Қайым ағаға үш тапсырма берген екен: бірінші – Абайдың әдеби мектебі, екінші – Абай мұражайын ұйымдастыру, үшінші – Абай өлеңдерінің текстологиясын жазу. Бұл – үш тапсырма да орындалды. 1940 жылғы мақалалары «Абайдың әдеби мектебі» деген жалпы атпен жарияланады. Қайым аға 1939 жылы Қазақстан кеңес жазушыларының екінші съезіне Семейден делегат болып қатысады. 1940 жылы КСРО Жазушылар одағына мүше болып қабылданады. 1941 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, сол оқу орында әдебиеттен дәріс оқыды. 1941 жылы өзі жинап, зерттеп жүрген Әріп Тәңірбергенұлы жөніндегі еңбегін Алматы қаласындағы баспаға жібереді. 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде отан алдындағы борышын өтеді. 1942-45 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі. 1943-1944 жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы тіл және әдебиет институтының тапсыруы бойынша «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр» аталатын тарихи халық поэмаларын зерттеумен шұғылданады. Ежелгі әдебиеттен «Жүсіп-Зылыха», «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры жөнінде де ғылыми мақалалар жазады. Олар туралы көлемді мақалалары КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы «Қазақ әдебиеті тарихының» І-томына қосу үшін қабылдап алады. Қайым аға Абай шығармашылығын зерттеуден танбайды. Сол ізденіс нәтижесінде ақынның бұрын белгісіз болып келген тоғыз өлеңін Абайдың 1945 жылы шыққан шығармалар жинағына енеді. Сол жылдары ғалым – «Абай және Пушкин», «Абай және Лермонтов», «Абай және Крылов» атты мақалаларын жазады. 1950 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы жанындағы аспирантураны ойдағыдай бітіреді. Келер жылы Қазақтың мемлекеттік баспасына «Абай айналасындағы ақындардың шығармалар жинағын» тапсырады. Алғы сөзін М. Әуезов жазған бұл – кітап кейіннен таптырмайтын алтын қазынаға айналады. 1947-54 жылдары өзі жинап, құрған Семейдегі Абай музейінің директоры болды. 1954 жылдан бастап жоғарыда аталған оқу орынында ұстаздық қызмет істеді. 1951 жылы «Абайдың әдеби мектебі» деген тақырыпта Қазақ ССР Ғылым академиясы тіл және әдебиет институты мен тарих, археология және этнография институтының біріккен ғылыми кеңесінің мәжілісінде кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл – өз алдына жеке әңгіме. Мәркен Шайжүнісовтың «Абай үшін айдалған адам», Тұрсын Жұртбайдың «Арын жастан сақтаған», «Қайым-қиямет» мақалаларын оқығанда Қайым ағаға жабылған жаладан жаның түршігеді. Әділет әр уақытта жеңеді. «Аққа құдай жақ». Профессор Усанович: «Жас ғалым, бұл сіздің өміріңіздегі ең жауапты да, бақытты сәт. Күндердің күнінде ондаған ғылым кандидатын дайындаған қартаң тартқан ғалымның бұл сөзін есіңізге алып жүргейсіз, мен сіздің диссертацияңызбен танысып шығып, мынандай жөн сілтеймін: зерттеуіңіз өте құнды, ғылымға қосылған үлкен үлес болып табылады. Тек жасымаңыз», – деп қорғау үстінде батасын берді. Қазақ ССР Ғылым Академиясы мен Қазақстан Жазушылар одағының Президумы арнайы қаулы қабылдап: «1951 жыл көкекте Қазақ ССР Ғылым академиясының гуманитарлық біріккен ғылыми кеңесі Қ. Мұхаметхановтың «Абайдың әдеби мектебі туралы» деген саяси зиянды диссертациясын қабылдап, оны қорғауды жүзеге асырды. Бұл диссертацияда совет өкіметі дәуіріне дейін өмір сүріп, оның бас жауларына айналған буржуазияшыл-ұлтшылдар да Абайдың «шәріттері» деп мадақталады», – деп бағаланып, Қайымның ғылыми кандидаты атағы алынып тасталды. 1951 жылы 11 желтоқсанда Жазушылар одағының мүшелігінен шығарылып, ісі тергеуге берілді» – дейді ф.ғ.д, профессор Т. Жұртбай. Бұл арада диссертация қалай қорғалды, кімдер қарсы сөз сөйледі, кезінде баспа бетінде жарияланғандықтан жазып жатпаймыз. Бірақ та, профессор Усанов, ғалымдар З.С. Кедрина, академик М.С. Сильченконың оң пікір бергендерін атап өткен жөн сияқты. Мұхаметхановтың әдеби-зерттеу жұмысының көлемі соншалықты ауқымды. Әдебиет тарихынан зерттеу мақалалар, ғылыми-көпшілік мақалалар, әдеби-сын мақалалар, әдеби-тарихи очерктер – қысқасы, қандай тақырыпта жазбасын, үнемі ғылыми тұрғыдан қарап, тарихи шындықтан ауытқымай, ерінбей еңбек етіп, шегедей бекітіп жазады. Бұл нағыз ғалымға тән қасиет. Айталық, ғалымның Қазақ Совет Энциклопедиясының 12 томы туралы жазған әдеби-тарихи мақалаларынан («Семей таңы» газетінде 1977, 1978, 1980 жылдары жарияланған) және Бұхар жырау туралы жарияланған («Қазақ әдебиеті» газеті №№31, 32) үлкен әдеби-тарихи зерттеу еңбегінен-ақ көреміз. XІX ғасырдағы зиялы қауымнан Шоқан Уәлиханов, оның інісі Мақы, Шоқанның досы, татар ғалымы Хұсайын Файзыханов туралы, Ыбырай Алтынсарин, айтыс ақындары Орынбай, Кемпірбай, Шөже, Сәдір, жалынды ақын – Махамбет, фольклорист ғалым Ә. Диваев, XX ғасыр ақын-жазушылары Сұлтанмахмұт Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев, Ығылыман Шөреков шығармашылығын жан-жақты қарастырып, жазды. Орыс әдебиеті классиктерінен – Пушкин, Лермонтов, Крылов, Л. Толстой, Чехов, Достоевский, М. Горький, туысқан татар халықтар әдебиетінен – Ғабдолла Тоқай, Қаюм Насыйри, Шариф Камал, өзбек – Хамса Хакимзада Ниязи, түрікпен – Берді Кербабаев, қырғыз – Тоқтағұл Сатылғанов, армиян – Микаэл Налбандян, лезгин – Сүлейман Стальский, латыш – Ян Райнис, поляк – Адам Мицкевич, Қытайдың ұлы ақыны – Лу Синь т.б. қалам тартты. Дараматургия жанрына қалам тартып, «Перне» (1944), «Толқын» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), «Ер Білісай» (1974) атты пьесалар жазды. Қайым аға аударма саласында да жемісті еңбек етті. Әзірбайжан драмматургі У. Ғаджибековтың «Аршин мал алан», татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әфәнді үйленеді» пьесаларын қазақ тіліне аударды. Қазақ ССР Мемлекеттік гимнінің сөзін жазды. Қайым Мұхаметханұлы XІX ғасырда өмір сүрген ақын, жыраулар хақындағы, сондай-ақ, Абай айналасындағы атақты ақын, әншілер: Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы, Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шондыбаев, Әріп Тәңірбергенұлы, Әсет Найманбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Әбубәкір ақын Ақылбайұлы т.б. Сондай-ақ бағзы заман мұралары жайындағы көптеген зерттеулердің авторы. Ол Абай айналасындағы ақындардың шығармаларын құрастырып, хрестоматиялар, жинақтар шығаруға да көп күш жұмсады. Қайым ағаның көп жылғы арманы орындалып «Абайдың ақын шәкірттері» 1993 жылдан бері 4 кітабын жарыққа шығарды. Абайдың өз тәрбиесінде болған Әлмағамбет, Баймағамбет, Мұхаметжан, Бейсенбай сияқты әнші, өлеңші, жыршы шәкірттерін, Абай өнегесімен шығармаларын жазған Имамбазар Қазанғапұлы, Төлеу Көбідков, Нұрлыбек Баймұратов, Шәкір Әбенов, Спарғали Әлімбетов, Тәңірберген Әміренов т.б. Қайым ағаның қаламынан қағыс қалмаған еді. Қайым аға Абай шығармаларын жаңаша зерттеген Қазақстандағы бірден-бір текстолог-ғалым еді. Мысалы, «Абай шығармаларының текстологиясы» 1959 жылы жарық көрді. Сталиндік репрессия кезеңінің барша қиындығын бастан кешірген профессор-ғалым, зерттеуші өмірінің соңғы жылдарында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов іспетті қазақ әдебиеті тарихындағы орны орасан ұлы тұлғаларды ақтауда, олардың еңбектерін жариялауда айырықша еңбек сіңірді. Қайым аға еліміздің оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қайым ағаның өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі күшті болды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбай: «Қайым Мұхаметқанов та өзінің жеке және ғылыми өміріндегі «алғыс пен қарғысты» сол турашыл, адал мінезінен тапқан. Мүмкін, оның бұлай қалыптасуына үй-ішінің тәрбиесі де әсер еткен шығар. Семейдегі қазақтардың игі жақсыларының басы қосылған, Мұхаметханның шатырлы үйінен Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мәннен Тұрғанбаев бастаған ел ағалары үнемі дәм татып, талай-талай сұхбат құрған. Шәкәрім, Көкбай, Иса, Әміре, Мұхтар, Мағжан, Сәбит Дөнентаев ол үйдің өз адамындай еді. Бұлардың ішінде Мұхтар, Әміре, Исадан басқаларының барлығы да халық жауы болып ұсталды. Қайымның әкесінің үйінен қуып шыққан соң да «шәкірт бала» олардан ат тонын ала қашқан жоқ» – дейді. Расында, алаштың маңдай алды азаматтарының көбін Қайым Мұхаметханов сөзсіз көрді және тәлім-тәрбие де алды. Ғ. Сапаев өзінің мақаласында: «– Мұхтар есімі, – дейді Қакең, – ес білген бала кезімнен бастап маған қанық еді. Жас шағымда көп көрген Мұхаңның жарқын бейнесі, әлі қалам-қарындаш тимеген ақ қағаздай, бала көңілде сақталып қалыпты. – Бір күні біздің үй-ішіміз: «Бүгін қонақ келеді. Сыйлы қонақтар келді. Мұхтар келеді» десіп, әзірленіп жатты. Балаға одан артық не қызық бар. Қонақ келсе домбыра, гармон тартылады, өлең айтылады, ән шырқалады – мәз-мейрам боласың да қаласың. Сөйтіп, Мұхаңның үлкен бір топ жолдас, достарымен, Жаңасемей қаласындағы біздің үйде қонақ болып, көңілді бір мәжіліс құрғаны әлі есімде. Ол кезде мен жеті-сегіз жастар шамасында едім. Тегінде Мұхаң Семейде тұрған жылдары, жақын жолдастарымен бірге біздің үйде жиі болып отырған, – дейді. 1924 жылы Семейде Луначарский атындағы театр үйінде Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толғанына байланысты құрметті ескерткіш кеші жасалғанын, сол кешке үлкендермен бірге барып, «Қазақ әдебиетіне сіңірген Абайдың еңбегі» деген тақырыпта Мұхтардың жасаған баяндамасын, Абайдың досы, ақын шәкірті Көкбайдың ұлы ақын туралы естелік әңгімесін тыңдағанын, Абайдың әнші шәкірті Әлмағамбеттің, Әміре Қашаубаевтың ән салғанын айтады». 1925 жылы «Қаракөз» пьесасының театр сахнасында алғашқы қойылуы жайында белгілі қарт журналист Ғайса Сармурзин былай деп жазады: «Енді сол «Қаракөздің» қолжазба күйінде тұңғыш рет қалай қойылғанын айтайын. Семей қаласындағы қаратаяқтарды – қазақ зиялыларын жақсы білетін Мұхаң «Қаракөзді» ойнауға қатысатындарды өзі іріктеп алған екен. Соларды бер жақтағы (Жаңасемейде) Қайым Мұхаметхановтың үйінде жинатып, пьесадағы рольдерді әрқайсысының икемі мен дауысына, денесі мен кейпіне қарай, өзі бөліп берді» (Ғайса Сармурзин, «Өнеге» Мұхтар Әуезов туралы естелік. «Жазушы» баспасы, Алматы, 1975, 25 бет.). Мінекей, Қайым Мұхаметхановтың Әуезовтен ақыл-кеңес, тапсырма алып, өмірге жолдама алғаны, рухани таныстығы өз алдына, көріп отырғанымыздай олардың тамыр-таныстығы өте тереңге барады. Замана талқысы. Эпиграф ретінде алынған бір шумақ өлең жолдары Қайым аға (Ғабдұлқайым) 1951 жылы «халық жауы» атанып, 25 жыл сотталып, Қарлагтың (Қарағанды лагері) тар қапас, тас қамауда жатқандағы шығарған бір тілегі. Енді төмендегі Қайым ағаның жан жүрегінен шыққан, ағынан жарылып айтқан мына естелігіне көңіл аудармауға, тар қапаста жатқанда шығарған «Балаларыма» деген өлеңін тебіренбей, жүрегің ауырмай оқу мүмкін емес. Бұл – мыңдаған қазақ боздақтарының басына түскен ауыртпашылық, қасірет еді. Осындай тозақ отынан асыл ағаларымыз қалай ғана аман-есен қалғанына қайран қаласың. Не деген? Қайратты, шыдамды жандар! Лагерьден қайтып келген соң да «Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, балталасаң да айырылман» – деп Ақтанберді жырау айтандай, өзі бастап кеткен ісін аяқсыз қалдырмай, соңғы нүктесін қойып кетті. «Балаларыма» деген өлеңнің толық нұсқасын беруге тура келеді. Өйткені, бұл – өлеңде ақынның тар қапаста жатқандағы ойы, отбасы туралы, балалары нақты да, шынайы суреттелген. Ақын өзінің қара басын емес, көбіне жарын, балаларының тәтті қылығын есіне алады. Жалпы өлеңнің мәні-мазмұны жөнінде әлі де болса, ілгеріде толық тоқталамыз. Қайым аға айтады: «–Адал ниетпен тілеген ақ тілеуім қабыл болып, туған жер, өскен еліме аман-есен оралдым. Құдайға шүкір, әзірге, адам қатарлы өмір сүріп, жер басып жүріп жатырмыз. Мен айдалып кеткенде, тірі жетім болып, алты балам қалып еді. Ең үлкені он төрт жаста, одан кейінгілері: он екі, тоғыз, алты, төрт және бір жаста болатын. Енді бір балам іште қалған. Қарағанды лагерьлерінің қиын-қыспағында, ауыр азап тартып, жадап-жүдеп, арып-ашып, бір үміт, бір қауіпте, тағдыр таразысының үстінде қасірет шегіп жүрген шағымда, әсіресе шамбайыма батып, жанымды күйзелтетін өз қара басымның қайғысы емес, шиттей жас қалған балаларымның тағдыры, олардың анасының басына түскен тағдырдың талқысы еді. Бүгін жарық дүниеге келгеніме жетпіс бес жыл толған шағыма шүкіршілік етумен бірге, бастан кешкен өмірімнің ең бір қиын, ұмытылмайтын кезеңін еске алуды мақұл көрдім. Өйткені: өткен күнді еске алып, ескермесек, бүгінгі өміріңнің қадір-қасиетін терең түсіне алмайсың. Бұл туралы естелік әңгімемді кейінірек жарияламақпын. Лагерьде жүрген кездегі сезім-сырымды, көңіл күйімді білдіретін, бұдан 40 жыл бұрын жазылған «Балаларыма» атты өлеңімді тұңғыш рет жариялап отырмын» – дейді Қайым аға. Қазір бұл өлеңнің жазылғанына 64 жыл толып отыр (А.Қ.).

Сағындым да, сарғайдым да жүдедім,
Қайғы отынан өртенгендей жүрегім.
Көңіл қаяу, жүрек баяу соққанда,
Осы өлеңім дұғам менен тілегім.

Құлындарым сендерді ойлап сағынып,
Қалғандаймын кейде есімнен жаңылып.
Ұзақ түнде кірпік қақпай жатқаным,
Көкірегім қарс айрылып аһ ұрып.

Нені ойлаймын кірпік қақпай жатқанда,
Байлық, атақ, мансап пен бақ, мақтан ба?
Қаным қайнап, қапаланып күйем бе,
Дүние үшін ар, ұятын сатқанға?

Оларды ойлап: жанбаймын да, күймеймін,
Байлық, атақ, мансапқа бас имеймін,
Қайғы бұлтын серпіп тастар сендер ең,
Басқа менің сүйерім жоқ, сүймеймін!

Бір күндерде сағым қуып сандалдым,
Бала көңіл, алдамшы өмір, алдандым.
Табасына тап болғандай тағдырдың,
Шырмауына түстім келіп жалғанның.

Тастүлектей құлаш ұрдым қияға,
Өткен өмір өкінішке сия ма,
Торға түстім қанатымнан қайрылып,
Сендер қалдың, темірқанат ұяда.

Құлындарым есен-аман жүр ме екен,
Әкесінің бары-жоғы бір ме екен?
Мүсілимәм жасын төгіп, мұңайып,
Суретіме көзін сатып тұр ма екен?

Қазыбегім түстің екен не халға,
Араласып жүрсің бе әлде жаңжалға?
Тірі жетім секілденіп, қарағым,
Сенің дағы үсті-басың дал-дал ма?

Розошкам, екі көзің мөлдіреп.
Қағылса есік: «Әне, аға келді» деп.
Есік ашсаң: ағаң емес, бөтен боп,
Жүр ме екенсің қашан келер енді деп?

Қайран дүние-ай, өзегімді өртедің,
Жанам-күйем, шердің күйін шертемін,
Ойыма алсам, көзіме жас келеді,
Жәнібегім, айналайын, тентегім.

Көгершіннің баласындай Назымым,
Тірі жанға жоқ қой сенің жазығың,
Тар дүние-ай қыспағыңда тарығып,
Тыныс бітіп, тұншыққандай, қажыдым.

Бекет жаным, томпаң қағып жүгіріп,
Кейде жылап, кейде құлап, сүрініп,
Шаршап келіп: алдыма алып сүйгенде,
Қайғы бұлты кетуші еді түріліп.

Тасқа тиіп тасырқады табаным,
Жүрегіме тұр қадалып қаламым,
Дүниеге жаңа келген, нәрестем,
Мейірімсіз деме әкеңді, қарағым.

Жүрген күнде еркін басып өмірде,
Қолмен соқтым көріксіз көк темірді.
Күнім түн боп, жігер құм боп, жасыдым,
Жалғыздығым енді ғана көрінді.

Жүрек жара, аяқ ақсақ, бел жауыр,
Амалың не сұм тағдырға тас бауыр,
Құлындарым, көріскенше күн жақсы,
Бәрінен де сорлы анаңның күні ауыр.

Тіршілікте не көрмейді ғазиз бас,
Кейде шаттық, кейде қайғы, көзде жас.
Шаттығыңа әркім ортақ, дос та көп,
Қайғыңа ортақ, шын адал дос табылмас.

Қайғы отына бірдей жанып күйетін,
Ыстық жүрек, ақ көңілмен сүйетін,
Адал ана, асыл жарым ардақтым,
Қағыбамдай алдыңда бас иетін.

Жарым болып, жаман атақ тақпадың,
Ана болдың, Ана атыңды ақтадың.
Айнымайтын адал досым, бір өзің:
Фархинұрым, сенсің менің мақтаным!

Мақтанамын сенің биік жаныңа,
Мақтанамын адамщылық арыңа,
Отқа, суға түссең-дағы қажымай,
Жүрегіңде мені сақтағаныңа.

Қайғы бұлты төнсе дағы басыма,
Жасым жетпей ақ кірсе де шашыма.
Жалын сөнбес, жаным жас боп қайтармын,
Сүйген жарым, жабырқама, жасыма!

Ит боп үріп, мен ешкімді қаппадым,
Қастық жасап, кісіге оқ атпадым,
Алтын көріп, адал жолдан таймадым,
Сұғанақ боп, арам астан татпадым,

Мен ешкімнің таласпадым тағына,
Кең дүниеде жолым даңғыл деп жүріп.
Кез болыппын сүрінетін шағыма.
Карлаг, Теміртау лагері, Шілде, 1952 жыл. Қайым Мұқаметханов.

Қайым аға өзінің туған елін, өскен ортасын, отбасын, балаларын сағынғаны анық байқалады. Балаларын бірнеше рет «құлындарым» – деп емірене көзіне жас ала отырып еске алады. Ұзақ түнге кірпік қақпай ұйқы көрмеген ақын жүрегі шерлі. «Көкірегім қарс айрылып аһ ұрып» – дейді. Себебі ақын жазықсыздан-жазықсыз темірдей тәртіптің құрбаны болып отыр. Қайым аға: «Байлық, атақ, мансапқа бас имеймін» деп, өзіне-өзі серт береді. Және ол сертін өмірінің ақырына дейін орындағанын шәкірттері біздер жақсы білеміз. Балаларын ойлағанда Қайым аға: «Қайран дүние-ай, өзегімді өртедің, Жанам-күйем, шердің күйін шертемін» – дейді. Осыдан артық, осыдан артып қалай айтуға болады. Ақын өзінің жай-күйін, толғанысын дәл бере білген. Жан балапаны – Мүсілима, тентек сүйікті ұлы – Қазыбек, Ерке Роза туралы: «Розошкам, екі көзің мөлдіреп, Қағылса есік: «Әне, аға келді» – деп. Есік ашсаң: ағаң емес, бөтен боп, Жүр ме екенсің қашан келер енді деп?» үйдің-жайын нақты, өте дәл суреттейді. Розаның сәби сағынышын «екі көзің мөлдіреп» деген бір ауыз сөзге сыйдырады. Айналайыны – Жәнібегін «Ойыма алсам, көзіме жас келеді» – дейді. Ақын аға көзге көрінбейтін сағыныштың нәзік үнін өзінің ойынан үзіп алмайын дегендей ақырын жеткізеді. Көгершіннің баласындай Назымы – ақын үшін тіптен елден ерек көрінеді. «Тірі жанға жоқ қой сенің жазығың» – дейді де қояды ақын. Қайым аға қай баласын болмасын бірінен-бірін асырып, мадақтаған емес, жайымен ғана поэзия тілімен бір-бір ауыз сөзбен айтып өтеді.

Бекет туралы:
Тар дүние-ай қыспағыңда тарылып,
Тыныс бітіп, тұншықққандай, қажыдым,
Бекет жаным, томпаң қағып жүгіріп,

Кейде жылап, кейде құлап, сүрініп.
Шаршап келіп: алдыма алып сүйгенде,
Қайғы бұлты кетуші еді түріліп.

Жұбан Модағалиев: «Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген» десе, Қайым аға «Қайғы бұлты кетуші еді түріліп» – деп, «қайғының бұлтын түрілтеді». Асылы қазақ поэзиясында дерексіз затты деректендіріп, жандандырып суреттеу арыдан келе жатқан үрдіс. Сол үрдісті де Қайым аға жақсы қолданған. Мына сияқты өткір де, күрделі метафоралар: «Тастүлектей құлаш ұрдым қияға», «Торға түстім қанатымнан қайрылып», «Сендер қалдың темірқанат ұяда», «Жүрегімде тұр қадалып қаламым», «Қолмен соқтым көріксіз көк темірді» (гипербола), «Күнім түн боп, жігер құм боп жасыдым» (литота), «Кейде шаттық, кейде қайғы, көзде жас» (қарама-қарсы екі құбылыс) т.б. тәсілдерін шебер пайдаланған. Демек, осындай көркемдеуіш құралдарды қолдану әріден, ауыз әдебиетінен келе жатқан құбылыс. Қайым ағаның өлеңінің нәрін келтіріп тұрған мәні мен мазмұнын байытып тұрған осындай тілдік құралдар. Ақын сүйген жары Фархинұрды ерекше жырлайды. Ана алдында басын иеді.

Адал ана, асыл жарым, ардақтым,
Қағыбамдай алдында бас иемін,
Жарым болып, жаман атақ тақпадың,
Ана болдың, Ана атыңды ақтадың,

Айнымайтын адал досым бір өзің:
Фахинұрым, сенсің менің мақтаным! –

дейді. Ұстаз тәлімі. Қайым ағаны мен алғаш рет 1976 жылы бұрынғы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтына түскен соң көрдім. Ақ құба, орта бойлы, жұқа келген, өңді, сөйлегенде мұрынының екі ұшы қусырылып кете ме, әлде маған солай көрінді ме? Тып-тиянақты, мұнтаздай таза, селеу шашын жинақы тараған адам болатын. Ұсақ-түйек дүние затына қызықпайтын, кафедраның анау-мынау ісімен көп шаруасы жоқ, нағыз таза ғалым боп көрінетін. Өзінің дәрісін, тәжірибешілігін, шәкірттерін, кітабын, ғылымын ғана білетін еді. Жалпы, ол кісінің дәрісі қайсы? Тәжірибешілігі қайсы? Білмей-ақ кеттім. Сабағы өте қызықты өтетін. Қайран басым. Шыны керек. Қайым ағаның дәрісінен қашып кетіп те жүрдік. Студенттің «ертеңі бітеме» түнімен «қыздар» деген жорыққа шығып, таңертең сабаққа тұра алмай ұйықтап қаламыз, не сабаққа дайын болмаймыз. Тоқ етері сылтау көп. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген рас екен? Ағаның, ұстаздың асыл қасиетін, бағасын екінші, үшінші, төртінші курста барып түсіндік. Алғашқы жылдары «сынақ», «емтихан» дегендер жеңіл өтетін. Себебі, жаңа келген студенттер курстық, диплом жұмысын ғылыми тұрғыда қалай зерттеп, талдап жазу керектігін білмейтінбіз. Ұстазымыз басқа оқытушылар сияқты неше қоямын деп қиналып, басын қатырып жатпайды. Топ белсендісін шақырып алады да кімге «төрт», кімге «бес» ведмоске де сынақ кітапшасына да қонжитып береді. Сынаққа тіпті кірмейміз де. Бағаға тарлық жасамайтын. Кең болатын. «Мыңнан жүйірік, жүзден тұлпар» жиналып, озып келді – деп отыратын. Ер балаларды қайрап отыратын. Ғылымға баулып, өзіне тартып жүретін. Студенттер өзінің білім шамасын білетін болуы керек. Неге? «төрт» емес. Неге? «бес» емес – деп, бағаға ешуақытта дауласып көрген жан емеспіз. Ұстаздың қойған әділ бағасына қанағат тұтамыз. Өзімізден білімі артық студенттерді қатты сыйлайтынбыз. «Курстық» диплом, бақылау жұмыстарын ары-бері ақтарып, пайдаланған әдебиеттер тізіміне көз жүгіртіп, шамасы не жазылғанын біледі. – Ойпырмай! Керемет жазыпты. Түгел жазыпты – дейді де қояды. Аудиторияда ашуланғанда, не қатты риза болғанда «Беломорканал» деген папиросын езуіне қыстырып, ұзақ уақыт терезеге қарап, отырып қалушы еді. Неге? Ойланып отыр, терзеге неге қарап отыр? Біздің қаперімізге де кіріп шықпайтын. Сөйтсек, Қайым аға, лагерьдегі ауыр халін есіне алып, мұңайып қалады екен ғой. Кім білген?. Бірде қызық болды. Аудиторияда Қайым аға дәріс оқып отырған. Алқам-салқам, құтты диуана дерсің. Бір әйел оқытушы кіріп келді. Ай-шай жоқ. – Бірінші курстар қайда? деді де. Қайым ағаны көріп, – Уйбуй! Көтек – деп есікті тарс жауып, қаша жөнелді. Қайым аға: – Ә... ана қатын неғып жүр – деп жай ғана айта салып, бізге аздап көзін қысқандай, жымиып қарап отырды. Ол кісінің осы отырысы бізге сүйкімді көрінді. Қанша жалдар өтседе ұстазымның кіршіксіз осы – риясыз күлкісі көз алдымнан кетер емес. Ал, кеп күл бәріміз. О уақытта «қатын» деген сөзді айтуға ұялатынбыз. Қайым аға ғана ескінің сөздерін нақышына келтіріп қолданатын. Және өзіне жарасып тұратын. Тек қана «қатын» сөзі емес, қанша ма көне сөздердің мағынасы өзгеріп, бітім-болмысы өзгеріп, қазіргі кезде басқа сипат, басқа мағына, ұғым алып кеткеніне сөз ұғатын адамдар қатты қынжылады. Айталық, «жүрген аяққа жөргем ілігеді» деген мәтелдің «жүрген аяққа жүз грамм ілігеді» деп, өзгергеніне жылайсың ба? Күлесің бе? Амал жоқ ренжійсің. Іштен тынасың. Жалпы, Қайым ағаның көзі тірі кезінде мен-мен деген кейбір әдебиет зерттеушілерінің өзі айылын тартып, тізгігін тарта сөйлейтінін де көріп қалдық. Көне әдебиеттің білгірі, шешені, майталманы Қайым аға десем, жаңылмаймын. Әдебиетті де, тілді де қатар меңгерген ғалымдар некен саяқ болады. Ғалым-Қайым аға төрт аяғын тең басқан, шашасына шаң қонбаған білікті ұстаз, үлкен жүректі ғұлама. Асқан дарын иесі, ақын. Қайым ағаның алдын көрген, білім нәрімен сусындаған шәкірті ретінде қалай айтсам да жарасады деп ойлаймын. Қайым ағаның үйінде болдым. Жеңгейдің қолынан дәм таттым. Үлкен кабинетіне алып кірді. Төрге баса көктеп шыққаным жоқ. Босағада тұрып қалдым. – «Жоғарлат» деді Қайым аға. «Төрлет» деген жоқ. Соңғы курс студентіне осы ілтипатта жетіп жатыр. Ұзын столдың шетін ала отыра салдым. Қайым аға, көзінде қалың шынылы көзілдірік тағып алыпты. Онысы мұрының ұшына таман түсіп тұр. Маған көзілдіріктің үстінен қарады. Әдебиет туралы, зерттеушілер жөнінде көптеген әңгімелер айтты. Столының үсті толған сарғайып кеткен қағаздар, папкалар, қалың-қалың кітаптар. Көзім Будаговты, Радловты, т.б. кітаптарды шалып қалды. Қолына Абайдың ескі, оқи-оқи мұқабасы әбден тозған кітабын алып, қатты тебірене отырып шешіліп сөйледі. Абайдың ақындық мектебі, текстологиясы жан-жақты сөз болды. Мен де шала білген бірдеңкемді жарыса айтып қалып отырмын. Жалпы, ол кісі пікір талстырғанды, шынайы, шын сынды өте жақсы көретін. Әсілі, кісіні мұқият тыңдайтын. Ойын ақырына дейін айтуға мүмкіншілік беретін. Кетерде маған фота-суретін сыйға тартты. Қайым ағаның сол суреті біздің үйдің асыл мұрасы ретінде бағаланады. Сыртында 490050, г. Семипалатинск, ул. Карла Маркса, 155, квартира 12. Мухаметханову Каюму. Телефон 2-26-30 асты сызылған (А.Қ.). 25. V. 1984. Қолы қойылған. Жапсырылған, әлде өзім жапсырдым ба? Ойымда жоқ. Ғұлама ұстаз «ХV-XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінен» жеке алғанда бұлар әр ғасырдың пәндері болып табылады, дәріс берді. С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, М. Бөжей, Жиреншин, І. Жарылғапов т.б. әдебиетшілердің атын Қайым ағадан естідік. Кітаптарын кітапханадан іздеп, әуре болатынмыз. Ол уақытта бір ғана кітап көлемінде оқып, сабаққа дайындалып көр, оқудан шығарып жібереді. «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Әдеби мұра», «Әдеби мұра оның зерттелуі», Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» 1, 2 томы, «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1, 2 кітабы, «Алдаспан», «Қобыз сарыны», «Ақберен» т.б. көптеген сыни-монографияларды ақтарып, кемі оншақты әдебиетті қарауға міндеттісің. Оның үстіне жыраулар туралы өзіңнің ойыңды, пікіріңді батыл айтуға тиістісің. Және де жыраулардың жырын жатқа айтып, талдағанда мысалдар келтіріп, отырып талдайсың. Сол уақытта жаттаған жыраулардың жырын күні-бүгінге дейін білемін. Қайым аға тек шындықты ұнататын. Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Ақтанберді жырау, Тәттіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын, Шал ақын, Жанақ ақын т.б. өмірбаяны, жырлары жөнінде кейде асыра айтып, мына зерттеуде былай, ал мына монографиялық оқулықта былай депті дейміз ғой баяғы, білгішсініп. Сонда: – Пәлі! Ойпырмой! Тура қасында турғандай айтады ғой? Ә... деп, ақырын төмен қарап, мырс ете түсетін. О кезде жаспыз, албыртпыз. Шыны керек, дұрысы мен бұрысы қайсы ажырата алмай жүрген кезіміз. «Соқыр тауыққа бәрі бидай». Жазылған әдебиеттегінің бәрі де дұрыс сияқты көрінетін. Оны кейін ғылымға дендеп ене бастағанда түсіндік қой. Қайым аға жыраулар тілін зерттегенді жақсы көретін. Әсіресе, Махамбеттің 1910 жылы шыққан «Шаир» кітабына енген өлеңдерін бүге-шігесіне дейін талдайтын. Арасында өзіне-өзі риза ма? Әлде жырдың мәтініне, тіліне, мазмұнына риза болама екен? Әдемі күлкісімен рахаттанып, күліп алатын. Біздің ойымызша, жырдың, өлеңнің не бір ұрымтал, өткір айтылған тұстарына, көне сөздердің қолданысына аса риза көңілмен қарайтын сияқты. Айталық, Бұхардан: «Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын», шөншік – теріден жасалған қалта, біз, ине, жіп т.б. ұсақ-түйек салатын. Талыс – ұстаның саймандарын салатын ыдыс. Бұл – сөздердің этимологиясын Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілін зерттегенде тереңірек барып білдім. Қайым ағаны сөйлетейік: «Өлеңнің келесі жолдары бірінші кітапта «Тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ірітпей» деп берілсе, екінші кітапта: «Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей» деп берілген. Бірінші кітапта өлең жолдарының құрылысы, сөз образдары, ішкі логикалық байланысы дәлмен-дәл дұрыс та нанымды суреттеліп берілген. Тебінгіні терге шірітетін, терлікті сүттей ірітетін кім? –Жорық жолында ұзақ уақыт жүрген батыр. Екінші кітапта (1925): «Терлігі майдай ерімей» – деп, ақынның аса нанымды, айқын тұрған сөз образдары ақылға қонбайтындай болып, өрескел бұрмаланған. Шынында жабағыдан жасалған терлік (потник) аттың ащы тері сіңе-сіңе сүттің ірігені сияқты іриді (разлагается). Қалың жабағы терлік еріген май сияқты, сұйық затқа айналып кетпейді, іртік-іртік болып, іріген сүт секілді күйге түседі» – деп өте шынайы да, нанымды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп береді. Бірінші кітап – Махамбеттің «Шаир» (1910) жылғы кітапта жарияланған өлеңдері. Екінші кітап – Махамбеттің 1925 жылы шыққан кітапта жарияланған өлеңдері. Сол екі нұсқасын Қайым аға салыстырып барып, өзінің ойын тұжырымдап жазды. Жалпы Қайым аға Махамбеттің өлеңдері жарияланған 1939-1962, 1974 жылғы кітаптарды да пайдаланған. Қайым аға Махамбеттен: «Ерулі атқа ер салмай», «Темір қазық жастанбай», «Қу толағай бастанбай», «Еңку-еңку жер шалмай», «Тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ірітпей» т.б. сөз тіркестерінің қолданысын бүге-шігесіне дейін зерттеп, шығу тегін ажыратып, жіліктің майын шаққандай қылып түсіндіріп, миыңа құйып беретін. Қайым аға соңғы курста жүргенде: – Кімнің үйінде қандай ескі кітаптар, қолжазбалар болса әкеп тапсырыңдар деген соң. Атамның қоржынындағы бірнеше кітаптарды, қолжазбаларды алып келіп бердім. Ішінде «Біржан мен Сара», «Қыз Жібек» жыры, Уәйіс Шондыбаевтың «40 – Уәзір» т.б. ұмытпасам қолжазбасы болды. Ол кезде тізім жасау кімнің ойында бар дейсіз. Менің өскен ортам «Таңсық» аулы, Уәйіс Шондыбаев қолжазбаларына қатысты екі рет айтылады. Оның бірі – мынандай оқиға. Бұрынғы «Таңсық» совхозында, Аякөз ауданында «Қызылқия» орта мектебінде қызметте жүргенде сыйлы мұғалім, қадірлі апайым Жамал Кәрімова, Уәйіс Шондыбаевтың «Уақыт өрнегі» кітабын сыйға тартты. Ішіне: «Заманына сай еңбек етіп, еліне елеулі қадірлі болған ұстаз, ақылды әке, қажырлы азамат аяулы Түсіп атаның құрметіне ұсынамын!» Жамал. Таңсық депті. Одан кейін екінші бетіне:

Адамнан бөз қалады,
Асылдан сөз қалады.
Ел жүрегінде сақталған,
Жақсы әкеден көз қалады.

Жамал Кәрімова қолын қойған. Таңсық-Семей. 1989 февраль деп жазыпты. Мұны тәптіштеп айтып отырғаным. Жамал Кәрімованың жазып отырған кісісі – Сұлтанаев Түсіп менің рухни, тәрбие берген әкем. Манағы Қайым ағаға апарып берген қолжазбалар осы – Түсіп атамдікі. Бала кезімнен Түсіпті ата деп кеткем. Өйткені, ол кісінің қолына мен алпыс жасында келдім. Маған ата болып көрінді. Бұл басқа әңгіме («Көңілдің құтысы» мемуар, 2016 жылғы жазылған). Уйіс ақынның шығармаларын жинаған, баспаға әзірлеген, алғы сөзін, түсінігін жазған филология ғылымдарының кандидаты Қайым Мұқаметханов. Пікір жазғандар: М. Мырзахметов, Қ. Сыдық. Уақыт өрнегі: Өлеңдер мен дастандар. –Алматы: Жазушы, 1988. –104 бет, суретті. «Бұл кітапта ұлы көсем Ленинді, Ұлы Октябрь революциясының жеңісін, Совет өкіметін алғашқылардың бірі болып жырлаған халық ақыны, Абайдың талантты шәкірті Уәйіс Шондыбаевтың бұрын-соңғы табылған ең таңдаулы шығармалары топтастырылып отыр» – деп түсінік берілген. Кітап 1988 жылы Кеңес дәуірінің кесірткенің күшіндей күші қалған жылы шыққан. Ленин, Ұлы октябрь, революция, Совет өкіметі дәріптелетіні сондықтан. Бірақ та, Абайдың талантты шәкірті Уәйіс Шондыбаев деген бір ғана сөйлем бәрінің аузын ұрып тұр емес пе? Енді осы – кітаптың соңғы бетіндегі түсінікке келейік. «Бір қыздың уақиғасы. Бұл да жоғарыда айтылған, Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы қолжазбалар қорынан (Қ–522, №2 алынды. Өлең латын әрпімен қолдан жазылған. «Жинаған: экспедиция. 1935–1936. Жазып алған Әмина Нұғман». Және өлеңнің соңында латын әрпімен «Уәйіс» деп жазылған. «Бір қыздың уақиғасы» – әйгілі «Қырық уәзір» хикаясынан алынған шағын үзінді, көлемі 100 жол өлең. «Қырық уәзір» де, қырық уәзірінің ханға хикая айтатыны және ханның тоқал әйелінің 40 әңгіме айтатыны белгілі. «Бір қыздың уақиғасы» – «Қырық уәзірдегі» әйелдің ханға сөйлеп берген әңгімесінің қысқартылған түрі. Яғни, 1935–36 жылғы экспедиция адамдарына айтып беруші кісінің ойында жатталып қалғаны ғана болуы керек. Олай дейтініміз біздің қолымызда «Қырық уәзір» хикаясының екі қолжазбасы бар. Оның біреуі – Түсіп Солтанов (негізінде Солтанаев-А.Қ.) дейтін мұғалімнің жазбасы. Бұл кісі Уәйістің қолжазбасынан көшіріп жаздым деген. Т. Солтанов Аякөз ауданы, «Таңсық» совхозында тұрған. Солтанов 1900 жылы туған, жасы сексеннен асып, қайтыс болған. Түсіп қолжазбасындағы «Қырық уәзір» хикаясының көлемі 1500 жолдан астам өлең. Қолжазба тозыңқыраған, соңғы беттері жыртылып қалған. Осы қолжазбадағы өлеңмен Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми кітапхананың қорында сақтаулы Уәйістің «Бір қыздың уақиғасы» атты өлеңін салыстырып қарағанымызда, бірлі-жарым сөздері болмаса, ешбір айырмасы жоқ ». Дәл осы түсінік Қайым Мұхаметханұлының «Абайдың ақын шәкірттері» Екінші кітап. –Алматы, 1994 жылғы 318-319 беттерге еніп отыр. Ал, енді екінші оқиға: Уәйіс Шондыбаев қолжазбаларының «Таңсық» аулына қатысы мынандай. «Майдан Құрмашев (Уәйістің екінші ағасы Жүністен Қалмен (Халиолла) мен Балқұс туады. Балқұстан – Майдан Құрмашев (Уйістің жиені) туады... Уәйістің қолжазбаларын (әрине, толық емес) іздестіріп тапқан осы Майдан. Осы кітаптың –138 бетін қараңыз. Сонымен: «Майдан Құрмашев 11 қазан (1983) Шұбартаудан жазған хаты және «Уәйіс өлеңдерінің табылу туралы» деген қолжазбасын алдым. Белгілі әнші, марқұм Жәнібек Кәрменовтың «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласында Уәйістің әншілік өнерін ерекше атап, оның «Шұбартау», «Перуайым» атты әндері туралы жазған сөздері Майдан Құрмашевті ойландырады екен. Әсіресе, Жәнібек сияқты жақсы әншінің Уәйіс әндерін кемеліне келтіріп шырқағаны, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп Абай айтқандай, Майданның жүрегін де, ар-намысын да оятады екен. «Семей таңы», «Қазақ әдебиеті» газеттерде шыққан С. Жақыпов жолдастың Уәйіс туралы шағын хабары да көңілін алаңдатады екен. Газет «материалдары құлағымызды елең еткізіп, көңілде тынышсыздық туғызды», – дейді Майдан. «Халықтың аяулы азаматы, әнші-композитор, ақын Уәйістің өлеңдері мүлде еш жерде сақталмай қалуы мүмкін емес деген сенім оянды. Оның да өзіндік себебі бар еді. Ертерек кездерде шешем Балқұс Жүнісқызы (Жүніс Уәйістің) туған ағасы»; Көзімнің қарашығындай жаным, жанымнан соңғы жалғыз бауырым Қалменім (Халиолла) бүгінде тірі болса, «Молда ағамның» (Уәйістің жақын туыстары, ескіше сауатты болғандықтан, «Молда аға» деп атап кеткен. Ол өзі ешқашан модалықпен шұғылданбаған) өлеңдерін, әншілік өлеңдерін бүгінгі адамдарға жеткізер еді» – деп арман ғып айта беретін. Сонда, өлең-жырмен онша әуестігіміз жоқ біз – (Майдан өзі 1942 жылы туған екен. – Қ.М.) Қалмен кім еді, ол кісінің Уәйістің өлеңін жарыққа шығара алатынын қайдан білдіңіз? – дейтінбіз. Шешей көзіне жас ала отырып, аса бір сағынышты сезіммен Қалмен жөнінде мыналарды айтатын. Қалмен оқыған сауатты болды. 1933 жылдары мұғалімдік оқу бітіріп, «Қызылқия» мектебінде мұғалім, мектеп директоры болып қызмет істеді (Мен осы мектепте он жыл қызмет істедім-А.Қ.). Өзі өлең жазатын, домбыра тартып, ән айтатын. Молда ағаның өлеңдерін жатқа білетін. Оның бір чемодан кітаптарды, жазбаларды тығып ұстап жүретінін көзім көрді. Қу соғыс кімнің отын өшіріп, кімді қан қақсатпады. Соның бірі Қалмен болды. 1942 жылы соғысқа аттанды, содан қайтып оралмады. Соңғысында ұрпақ қалмады. Ал Қалменнің әйелі Дәуен, оның сол чемодандағы кітаптарын, жазбаларын сақтады ма, жоқ па оны айта алмаймын», – деп ауыр күрсінетін», – дейді Майдан, «Уәйіс өлеңдерінің табылуы туралы» деген жазбасында. Одан әрі Дәуенді іздеуі жайында баяндап, оның тұратын жерін анықтағанын жазады. – Сөйтіп, осы жаздың (1983 ж.) 5 июнь күні Дәуен апай тұратын Аякөз ауданының «Таңсық» совхозына (Менің балалық шағым, жұмыс істеген аулым-А.Қ.) жол шектім – деп «күдік пен үміт аралас күйде» «Таңсық» совхозындағы Дәуеннің үйіне келгенін, Дәуеннің екінші күйеуінен туған баласы, жігіт ағасы – Шәкердің жақсы қарсы алғанын, Дәуенмен кездескен кездегі көңіл күйлерін, Майдан терең сезіммен сипаттап жазған. Одан соң былай дейді:

–Әңгіме төркіні Қалменнің жазбаларына ауысқанда, арамызда ауыр үнсіздік орнап, екі жақты да бір түрлі күйзеліс биледі. Әлде не уақыттан соң барып, апай сол үнсіз күйі абдыра түбінде 41 жыл қасиетті тұмардай сақтап келген, сарғайған сары дәптерлерді қолыма ұстатты. Қолыма ұстатты да:

–Мә, ал қылқам, аманат етіп тапсырдым. Жазғаны көп болушы еді. Неге екенін қайдам, өзімен бірге біразын алып кеткен. Мендегі бары осы. Халықтың кәдесіне жарат деп, қимасынан айырылғанын жаңа сезгендей, көзіне ағыл-тегіл жас алды. Менің де дәптер ұстаған қолдарым қайта бүгілместей қатып қалғандай. «Шынымен мен бұл кісінің ешкімге білдірмей 41 жыл сарғайған дәптерлерімен бірге сарғая күткен үмітін үзгенім бе?» деген ой санамды билегендей.

– Ал, ал қалқам! – деген апайдың қайта шыққан үні қолыма жан кіргізіп, ойымды тоқтатты. Дәптерлерді алдыма алып, парақтап қарай бастадым. Дәптер – жетеу. Бірі – іс-қағаздар делосы, Халиолла Жүнісовке әр жылдарда берілген мінездемелер, жоғарғы оқу орынан келген шақыру қағаздары (Халиолла 1939 жылы Семейдің педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетіне сырттай оқуға түсіпті), партия мүшелігіне өту үшін жинақтаған кепілдемелер... Дәптердің бірі – Уәйіс Шондыбаевтың өз қолынан араб әрпімен жазылған өлеңдер. Барлығы 85 бет өлең. Осы қолжазбаны Қалмен арабшадан латын әрпімен дәптерге көшіріп, баспаға әзірлеген... Алайда, Халиолла бұл өлеңдерді баспаға бере алмаған. Оған қандай жағдайдың себеп болғаны белгісіз. Сонымен Уәйіс Шондыбаевтың әзірге біраз өлеңдерінің түпнұсқасы табылды», – дейді Майдан Құрмашев.

Уәйіс өлгеннен бері, 58 жыл бойы белгісіз болып келген, ақын қолжазбаларының сақталу және табылу тарихы осындай». Түйін. Шәкер аға Жүнісов «Таңсық» совхозында беделді, шаруашылық басшысы болды. Мен ауылда тұрғанда араласып тұрдым. Дәуен апаны да көрдім. Балажан, ақырын жүріп-ақ үй шаруасын бітіріп жүретін. Шәкер ағаның балаларының бәрі де оқыған. Бізде ауылдан көшіп кеттік. Арамыз қарым-қатынасымыз үзіліп қалды. Жуықта Шәкер ағаның бір сары ұлын жолықтырдым. Алматыда тұрады екен, өте мықты хирург дейді білетіндер. Мінекей, Қайым аға жазып кеткен Абайдың айналасындағы ақынның бірі – Уәйіс Шондыбаев туралы мен білетін бір үзік сырдың тарихы осымен тәмам. Тағы да есіме түсіп отырғаны. Сабыржан Ғаббасовтың туғанына 100 толған мерей тойын Аякөз ауданы конференция өткізіп, ат шаптырып, балуан күрес жасап, киіз үйлер тігіп, кеңінен атап өтті. Мерей той бұрынғы Ғаббасов совхозы, қазіргі Ақши аулында жалғасын тапты. Менің қайын жұртым Сыбан руынан Ғаббасов совхозының тұрғыны. Қайын атам ол кезде совхоздың кәсіподақ ұйымының дүрілдеп тұрған төрағасы. Әйелім Шәрбат екеуіміз ұстазымыз Қайым ағаны, бірге еріп келген қонақтарды үйдегі жайылған той дастарханынан дәм татуға шақырдық. Шәрбаттың бауыры Қайырбай үйленіп жатқан кез С. Ғаббасовтың – 100 жылдығына тура келген екен. Сабыржан Ғаббасовтың қарындасы да тойға қатысты. Сабыржанның қарындасы ақ құба, толықша келген әдемі әйел болып көрінді. Совхоз әдейі ұйымдастырған болуы керек. Балдызым Қайырбай мен Нұрипаны қазақтың ұлттық киімдерін кигізіп, сахнаға алып шығып, дүйім елдің алдында Қайым Мұхаметқанов: «Ұл туса атын Сабыржан қойыңдар» – деп, Қалмұқан Исабаев: «Қыз туса атын Айғыз қойыңдар» – деп, ақ баталарын берген еді. Бірі – Сабыржан Ғаббасовты, бірі – Айғыз Көшкінбаеваны (ақтар қылышпен шапқылап өлтірді-А.Қ.) жазған болатын. Расында да «уәде иман» деген, ырымдап, ұлдың атын – Сабыржан, қыздың атын – Айғыз қойдық. Дәм үстінде не бір қызықты әңгімелер айтылды. Әттең не керек, қазіргідей жазып алатын аспап та болмады, не фота-суретке де түспеппіз, тарихи тұлғалардан айғақты бір белгі қалмағанына қатты өкінемін. Бірақ та, осы – аяулы адамдардың қолына су құюға жарағаныма бақыттымын және мақтаныш тұтамын.

Қаратпа сөздердің түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жасалуы Қаратпа сөздер адамдардың қарым-қартынасынан басталады. Қаратпа сөз сөйлесіп тұрған адамыңа арнайы қаратыла айтылады. Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу бұл-үлкен тәрбиенің жемісі. Ғылыми жұмыста табу, эвфемизм сияқты қазақтың ескілікті наным-сенімі, салт-дәстүріне байланысты қаратпа сөздер тұңғыш рет зерттелім нысаны болып отыр. Болашақта осы – мәселені тереңірек қарастырып, дисфемизмнен жаслған қаратпа сөдер деп те алуға болатын сияқты. Ғылыми жұмыстың нәтижесі тың болғандықтан, ғылыми негізіне ғылыми жетекшілер оң бағасын берді. 1. Эпитеттен жасалған қаратпа сөздер. 2. Табудан жасалған қаратпа сөздер. 3. Эвфемизмнен жасалған қаратпа сөздер. 4. Дисфемизмнен жасалған қаратпа сөздер. 5. Жалқы, жалпы есімнен жасалған қаратпа сөздер. 6. Ертегілерде қолданылған қаратпа сөздер.

–Эпитет сөздері бар қаратпа сөздердің жасалу жолымен танысу;

–Осы орайда, эпитет жасалған қаратпа сөздер бізге ой тастады. Неге? Қаратпа сөздер табу, эвфемизм, дисфемизмнен тіркеспейді деген. Алға қойылған мақсатқа жетудің бір жолы теорияға қатысты мысалдарды теру арқылы дәлелдеу керектігіне көзіміз жетті.

1-тарау. Эпитеттен жасалған қаратпа сөздер.

– Мыстан әже, айтыңызшы, а?

– Әже деме, апа де.

– Иә, мыстан апа, айтыңызшы! (Дулат Исабеков. Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі).

– Енді ол қашан бітеді?

– Ертең, ұлы мәртебелі тақсыр!

– Кімге тиді?

– Ешкімге тиген жоқ, ұлы мәртебелім!(Дулат Исабеков. Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі).

Ескерту: эпитетен жасалған қаратпа сөздер де әдебиетте онша көп кездесе бермейтіні байқалды. Ең көбі жалқы есімдерге қатысты қаратпа сөздер екендігі жұмыс барысында анықталды.

2-тарау. Табудан жасалған қаратпа сөздер.

Сөйте ғой, күнешегім, – деді әжесі немересі үнсіз отырып қалған соң, – жер қара, күн жылыда ит-құс малға тие қоймас, ұзап кетер десең, аяғыңа шідер сал (Сәбит Мұқанов. Бақташының баласы). Жоқ. Бану қарындас, «жақсы» бала, «жаман» бала деген пікірге қосылғым келмейді (Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар»). А, құдай!.. А, құдай!..Я, сәт!.. Я, аруақ! Я, ақсарбас!... – дей бере, екі атты үстеріне жығыла-жығыла үйле түсті (М. Әуезов. «Көксерек»). Соңғы үзілісте Күдері: – Жақыпбек шырақ, қолың тисе, маған кіріп шықсаң, - дегенді ескертті (Мұқан Иманжанов.«Алғашқы айлар»). Жақыпбек оның маталып отырғанын сезіп, әңгіме бастауға өзі себепші болды. – Ақсақал, жай шақырдыңыз ба? – деп сұрады (Мұқан Иманжанов.«Алғашқы айлар»). Алғашқы аттанысыңмен құттықтаймын, Талғат! – деп Николай келіп ту сыртынан құшақтай алды. «Сәния! Саған хат жазбағалы көп болды» Ақырға рет ескертемін, – деп бастады сөзін, – машинадан адам өмірі әлдеқайда қымбат. Машинаны жасаған – адам, машинаны ұшыратын – адам. Адам болмаса мұндай машина жасай алмайды да, ұшпайды да. Түсіндіңіз бе, жолдас?

Ойланайын, жолдас полковник!

Ал, осымен риза боларсың, жолдас Талғат! Бейбіт күндерде тағы да кездесіп қалуымыз ғажап емес, үлкен отырыс сонда болар. Сен қай жерліксің, Талғат? – деді Сергей «осы қазақ болмас па екен» деген оймен.

Ол сыртқа шыққан бойда біраз кідірді де, қайтып кірді.
Ғафу ет, жолдас Луганский, менің сұрайтыным бар еді.

Нақ осы кезде: «Жарайсың, жолдас Бигелдинов» – деп сүйсінген дауыс Луганскийдікі болатын. Дәрігер операция жасағанда сіз менің аяғымды көрдіңіз бе, қарындас? – деді Талғат, бойшаң келген ақсары қызға. Бұлардың әңгімесін полктің даярлығын баяндауға алдарынан жүгіріп шыққан кезекшінің даусы бөліп жіберді:

Жолдас гвардия полковник! Жеңіс парадына жүрушілердің тобы дайын.
Митрофанов сапқа жақындап келді:
Сапарларыңды құттықтаймын, сұңқарлар!
Сау болыңыз, жолдас полковник!

Жолдастар! Полктің жауынгерлері мен сержанттары, офицерлері атынан Жеңіс парадына полк туын көтеріп өтуді полктің жақсы ұшқыштарының бірі, Совет Одағының батыры атағын екі рет алған гвардия капитаны Талғат Бигелдиновке(Сәуірбек Бақбергенов. «Талғат»).

3-тарау. Эвфемизмнен жасалған қаратпа сөздер Әй керең, сенен көрген қорлығым аз ба? Саңырау, ымдасам да келмейсің «саңырауға сәлем берсең атаңның басы дейді» деген рас болды. Саңырау, сақалыңды сатпай, еңбегіңді сатпадың ба? Саңыраудың қолына түспе деген сөз бар. Аузы жеңіл пәле, бер қара, осы сенің құтырып жүргенің кімнің арқасы білемісің а... Ұзын құлақ, сеған сеніп сыр айтуға болмайды, қазір айтқаның күллі ауылға жайылады, осы әдетіңді қоясың ба, қоймайсың ба? Ескерту: эвфемизмнен жасалған қаратпа сөздер онша көп емес екендігі байқалады. Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына жүреді. Бірақ, анайы, былапыт сөздерден қаратпа сөздер сирек жасалады. Мысалы, О енеңді ұрайын, әкең... бер қара. –Бүгін шөпке сен барасың.

4-тарау. Дисфемизнен жасалған қаратпа сөздер.

Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! – деп ауыл аңыз қылады. Бұл ауқытта Қадишаның қолы үйреніп алған таяғы күннен-күнге «жетім ит», «жаман неме!» дер көзге шұқып, жиі-жиі тие бастады (М. Әуезов. «Көксерек»). Енді өзіне-өзі сүйсініп: «Ал бәлем... (бәлем- этимологиясы пәле деген сөз). Шоқ... жат солай!» - деп тағы да екі-үш рет қара тұмсықтан періп-періп жіберді де, жүгіре жөнелді(М. Әуезов. («Абай жолы» роман-эпопеясынан: Қасқырмен айқас үзінді). 1) Ол, тегінде, құтылмасын білді ме қалай, мектепке тақай беріп, арсалақтап күліп, құлай кетті. «Қуғыншы» ай-шайға қарамастан, оны келген бетте умаштай бастады. – Ә, қоямысың, бәлем!.. (Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар»). Қуарған-ай, неңді алып ем?! Не жазып едім?.. бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? – деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті (М. Әуезов. «Көксерек»).

5-тарау. Жалқы және жалпы есімнен жасалған қаратпа сөздер.

Спандияр Көбеев «Шал мен балалар». Балалар шалды ажуа, мазақ еткілері келіп:

– Ата, неге сіз есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз, – дейді.

Сонда шал балаларға:

– Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң, қуанғаннан бақырады.

М.Әуезов «Көксерек»:

– Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба?.. – деп зарлағанда елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.

-Бала, малыңа ие болуға жарамайсың!.. Әй, сені иса жейді ғой. Сенің малыңды құртады ғой. Ие бол! – деген сөздерді айқыштап қоятын.

Әлсіз жетім:

Ағатай, жетіммін... – дей беріп еді, алакөз қайта жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті.

Сәбит Мұқанов. «Бақташының баласы» әңгімесінде:
Сөйте сал, балам, – деді ұйқыдан оянған әжесі.
«Қақпандағы қасқыр» әңгімесінде:

... Шамы сөнген қараңғы бөлмеде есенгіреп оянған шалдан бұрын балаға жауапты Бүбі кемпір қатты:

Немене, Жандосжан, немене? – деді ол.
Қар жауды, әже, шүйінші... Қар жауды, ата, шүйінші!
Жолымыз болады екен, балам! – деді қарт.

Сайын Мұратбеков «Жұсан иісі» әңгімесінде: Ойынның бір қызу шағында біздің «атаман» – Садық кілт тоқтай қап:

Әй, анау кім-ей? – деген.
Сансызбай Сарғасқаев «Шыбық» әңгімесінде:

1) Ауызғы бөлмеде ешкім жоқ. Таңданған Бақыт төргі бөлмеге беттеді. Ол енді есікті айқара ашты да, алға аттады. Бөлме іші жиналған, ешкі көрінбейді. Аң-таң болып тұрған кезінде оң қол жағындағы үлкен пештің артынан:

–Апа, сенбісің? – деген дауыс естілді.

2) – ... Жүр, Темір, бүгін демалыс. Барып қайтайық.

Темір тағы бір есінеп қалды. Сонан соң басын шайқады.

–Бармаймын дейсің бе? Түу, бәрібір босқа отырсың ғой, – деді Бақыт тізерлей отыра қалып, темірдің иығына қолын салып:

–Жүр, Темір. Ойнап барып, ойнап қайтамыз.

Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар». 1) Ол, тегінде, құтылмасын білді ме қалай, мектепке тақай беріп, арсалақтап күліп, құлай кетті. «Қуғыншы» ай-шайға қарамастан, оны келген бетте умаштай бастады.

– Ә, қоямысың, бәлем!..

2) Оның бұл сөзіне бала мән бермеді.

–Тұр, Сейтен! – деп, ол құс төсекте жатқандай тақырда рақаттана аунаған жолдасына бұрылды. Бұйра шаш орнынан ұшып тұрды.

4) Аула ішінде жылтырап жанған шам көрінді. Шамның жанында Банудың шешесі Ақық пен Күдерінің кемпірі Тойтық шай ішіп отыр екен.

– Ешқайда бармайсың. Баймұраттың тентек баласына ерем деп мүлде жаман болып барасың, – деген Ақық бәйбишенің дауысын естіп, мыналар тоқтай қалды.

– Бүгінше ғана, әжетай...

Ақық шешей дауысын көтеруді қойып, жайлап сөйледі:

– Ақылсыз болма, балам, әжесінің тілін ал, ерме оған, сені ол көргенсіздікке үйретеді... – Одан да төргі үйге бар да, сабағыңды оқы.

5) Жақыпбек оның маталып отырғанын сезіп, әңгіме бастауға өзі себепші болды.

«Жол үстінде»:

– Жігітсің, Сағит... мына суретіңді көрейінші?

Жүріңіз, мен сізге қызық көрсетемін, – деді
Қараңызшы, неге ұқсайды?
Сәуірбек Бақбергенов «Талғат»:

–Алғашқы аттанысыңмен құттықтаймын, Талғат! – деп Николай келіп ту сыртынан құшақтай алды.

– «Сәния! Саған хат жазбағалы көп болды»...

«Бұлбұл»: Дина есікке жақын келді де, ұялшақтап, іркіле қалды. Тоқтама, Дина! Кел, қарағым! – деген Құрманғазының салмақты дауысы ғана оны орнынан еріксіз қозғап, үйге қалай енгенін өзі де білмей қалды.

Тағы айтам, жұртым, тойларың тойға ұласып, көңілді бола берсін, халайық. Ендігі сөзімді Динаға арнаймын. – Дина, сен өзіңді өзің сыйла, өнеріңді құрметте, кәсіп емес, өнер деп ұқ домбыраны.

Құрманғазы басын оқыс көтеріп алды да:

–Халайық, ат мінгендікі, тон кигендікі деген мәтел бар, сондай-ақ, домбыра тарта білгендікі. Бердім домбырамды, бердім, бердім, бердім. Иелік ет, мұрагер! Бердім, бердім. Иелік ет, мұрагер бол, – Динажан – деп булығып барып, сөзін түгел айта алмай мүдіріп қалды.

-Иелік етем, мұрагерің болам, рахмет, ата! – деді Дина. -Нұралы! – деді Құрманғазы ең алдымен күйеудің ұсынған қолын ұстап, – Динаның қолындағы домбыраны қадірлеймін, Динаның өнерін құрметтеймін деген уәдеңді бер! Қоштасарда есте қалар жақсы сөзің сол болсын!

– Жақсы сөз, жігіттің сөзі, ризамын! Ал, Дина, Нұралы айтқан сөзді өзің де естідің ғой, өнеріңді тастама.

Дулат Исабеков «Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі»:

– «Қош бол, пап! Қош бол, мама! Жоғал деген соң мен жоғалуым керек!» – деп суға сүңгитін адамдай демін терең алып енді секіргелі жатқанда апан ішінен әлдене қозғалғандай болды.

Мен тым болмаса бүгін шу шығарып кетейін деп әдейі: – «Алдарчик, жаным, енді қашан көрісеміз» – дедім. – Есімде жоқ, тақсыр! Қазір мен қарап жіберейін, – деп көмекшісі қойын дәптерін суырып ап ұзақ іздеді де, ештеңе таба алмай оған қарады.

Жоқ екен, айтпапсыз, тақсыр».
Молдахмет Қаназов «Чика – Дабылдың баласы»:

Сарбала, көкеңе хат жазып бер. Елді сағынған шығар. Хабарын білсін, – деді жайраңдап Тәнзила.

Сүйінші, отағасы! Балалы болдың. Ер бала.
Бақытжан, сен қазақша білесің бе?
Тұр, Ертас, тұр, – деп жұлқылайды
Ертас, әй, Ертас! Сенің ауылыңда мынадай бала жоқ еді ғой.

Апа, қарашы, әнеки, «тимур командасы» келді.
Айналайын, үстіңді жырып кетпеді ме? Байқасайшы, – дейді.
Мін үстіне, Чика!

Балалар, біз осы ағаш егейік. Әскерден келген соң, көкеме көрсетеміз, – деді.

Апа! Ақбота! – деген дауыс естілді.
Қабанбаев Марат «Сурет салғым келмейді...»
Балалар, еһ, балалар! – Гуіл су сепкендей басылды.

Балалар, келер аптада жазға каникулдерің басталады. Бүгін сурет үйірмесінің соңғы сабағы. Енді сонау қара күзде бір-ақ кездесеміз... Ағай, ағай! – деді Әмзе әдейі аңқаусып. – Магнитофонды қайтеміз? Би билейміз ме? Жаңа ән тыңдаймыз ба?

Сабыр, балақай! Асықпасаң – арбамен қоянға жетесің.

Бүгінгі кезекші кім? Сәбира ма? Айналайын, парта басына бір-бір репродукциядан үлестіріп бере қойшы.

Ағай, ағай!
Иә, Ержан, жай ма?

Балам, еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей... – деп ақыл айтып мардымсынды.

Ой, көке! Кітап оқымағанның зияны осы...
Көке,пальто сатып алыңыз андағыға!
Шаршадың ба, құлыным? Кел, айран іше ғой.
Оу, батыр, болсаң енді рульді маған бер! – деп ағасы жерге түсіріп алды.

Шынында да, көкесі шақырды:
Әй, Ержан, бармысың, бадалғыр! (қарғыс, омалып бір жерден шықпағыр)
Балам, мынауың бөтен сиыр, – деді кұп-құболып.
Қойыңызшы, мама! Айта береді екенсіз.

«Шал мен балалар»:

Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба?.. – деп зарлағанда елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын. Бала, малыңа ие болуға жарамайсың!.. Әй, сені иса жейді ғой. Сенің малыңды құртады ғой. Ие бол! – деген сөздерді айқыштап қоятын.

Әлсіз жетім:

Ағатай, жетіммін... – дей беріп еді, алакөз қайта жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті (М. Әуезов. «Көксерек»).

6-тарау. Ертегілердегі қолданылған қаратпа сөздер
Бөдене мен түлкі
Досым, сен мені бір өлердей күлдірші, – дейді түлкі.
Досым, сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем, – дейді бөдене.

Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған күйеуі көріп:
Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, мен оны ұрып алайын.
Қотыр торғай
Торғай ашуланып:

Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп ешкіге келіп:
Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді.
Түлкі, тасбақа және кене
Түлкі:

Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер!
Ақымақ қасқыр
Қалың шидің арасынан бір қасқыр шыға келіп:
Е, жерік асым, қайдан жүрсің?

Күшік пен мысық
Қарны ашқан күшік тауда қаңғырып жүрсе, қасына қасқыр жүгіріп келіп:
Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің.

Осы мақалының жазылуына, мысалдарын жинауға біршама еңбек сіңірген қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.Т. Жұмаділова және оқушыларының да еңбегін атап өту дұрыс сияқты.

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Кенесары хан туралы (Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліске 180 жыл толуына арналған республикалық конференцияда оқылды. Тараз қ.) Кенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Кенесарының атасы Абылай (1711-1781 жж) атағы кеңінен барша халыққа мәлім болды. Қазақ елінің басына күн туған ауыр жылдары Абылай елдің басын қосуға ұмтылды. Ол өзінің барлық тәжірибесін патшалық Ресей, Қытай, Жоңғар мемлекетінің езгісінен алып қалудың қамын ойлауға жұмсады. Абылай қазақ елін шын мәніндегі басып алып, отарлап алу қасіретінен сақтап қалды. Қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан сақтап қалды. Левшин былай деп жазды: «Превосходя всех современных владельцев киргизких летами, хитростью и опытностью, известный умом, сильный числом подвластного ему народа и славный в ордах сношениями своими с императрицею Российскою и Китайским богдаханом, Аблай соединял в себе все права на сан повелителя Средней орды. Уверенный в своих достойнствах, он искусно привекал к себе приверженцев важностью своею и осторожным поведением, грозил врагам своею силою и признавал себя, смотря по нужде, то подданым русским, то китайским, а на самом деле был властитель совершенно независимый» [1, 208-б.]. Кенесары патшалық Ресейге жазған хатында атасы Абылай салған сара жолмен жүретінін ашық мәлімдеп отырды. Ол Абылайдың билігінде қазақтар еркін және бейбіт өмір сүргенін алға тартты. Абылайдың есімі Кенесары әскерінің әскери ұранына айналды. Кенесарының өсуіне әрине, әкесі Қасым сұлтан үлкен рөл атқарды. Патшаның ресми құжатында: «Во главе всех беспокойных стало семейство Касыма Абылайханова, которое по богатству, по родственными связами и по предприимчевости своей обладает огромным влянием на умы киргизов и почитает происхождение свое от хана Аблая за законное право на верховную власть над всею Среднею ордою» - деп жазылған [1, 209-б.]. Касым ХІХ ғасырдың 20 жылдары қазақ жеріне бекіністер салуға, казак әскерін орналастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Тіпті, батыс-сібір генерал-губернаторы Капцевке қазақ жеріне орыс отрядтарын орналастыру жөніндегі бұйырықтардың күшін жою жөнінде қатты айтты. Әйтпесе, мәселе қарулы жолмен шешілетінін ескертті. Не деген? Ержүрек жандар еді. Паташа Ақтау бекінісін салғанда Қасым сұлтан қарсылығын білдіріп, сес көрсетіп, өзінің ұлдары Саржан, Есенгелді және Кенесарыны 40 мың отбасы Алтын, Тоқа, Уақ т.б. Көкшетау жерін тастап Қоқан хандығының қарамағындағы жерге қоныстанған екен [1, 211-б.]. Кенесары Саржанның патшаға қарсы күресіне 1825 жылы қатысады. Кенесары Саржан қайтыс болғанға дейін, 1836 жылы өзін қарулы, қатардағы батыр ретінде ғана есептеді, билікке, басшылыққа таласпады. Шын мәнінде Кенесары көтерілістің көсемі, басшысы ретінде әкесі мен ағасы қайтыс болғаннан кейін ғана шықты. 1836 жылы Саржанды қастандықпен өлтіреді. Поковник Талызин: «желание захватить его было бесуспешно в течение почти 7 лет, наконец кокандский хан, во владениях коего кочевал Саржан, почуствовал всю тяжесть дурного поведения его и в отношении к ташкентцам, казнил с сыном в городе Ташкенте летом прошлого года» - деп жазады хатында. Кенесарының кіші інісі Наурызбай 1822 жылы туды. Ол кішкене кезінен әкесінің құрған әскерінің қасында болып, соғыс тактикасын үйренді, батырларды көріп жүріп өсті. Кенесарының көтерлісі кезінде Наурызбай ерекше шешуші сәтте соғысқа, ұрысқа қатысатын отрядты басқарды. Және ең қиын, шешуші соғыстарға қатысып, Кенесарының оң қолы болды. Қырғыз тарихшысы: «В боях он появлялся всегда на белом коне со светлорыжим отливом шерсти. В боевых схватках правую руку он всегда держал свободной, обнажая ее почти до локтя, а рукав спускал под туго затянутный ремень ...Наурызбай был грозой своих противников. Ни один киргиз не видел, чтобы он хоть раз действовал пикой двумя руками. Как правило, громадной тяжелой рукой, что говорило за его действительно богатырскую силу» - деп еске алады. Өзінің ер-жүректігімен халық есінде қалған Кенесарының қарындасы – Бопай. Бопай күйеуі Сәмекені, оның туыстары Сортеке және Досан Әбілхайырды көтеріліске қатысуға шақырады. 1837 жылы күйеуін және туыстарын тастап, 6-ты баласын алып көтерісшілерге келіп қосылады. Бопай 600 адамдық отрядты (отряд-әскери тактиканы жетік білетін ерекше құрама-А.Қ.) басқарады. Олар негізінен Кенесары әскерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көтеріліске қарсылық білдіргендермен де жұмыс жасайды. Бопай ірі-ірі соғыстарға қатысты. Бопай партизан құрамасының қатарында жаудың тылына бірнеше мәрте шабуыл жасады. Әбілғазы Кенесарының інісі 1821 жылы туған. Кенесарының кеңесшісі, ақылшысы, құпия мәселелердің аудармашысы болды. Әбілғазы орыс тілін өте жақсы білген, сауатты. Ол Кенесары ханға орыстармен жақсы, тату болуға шақырып отырды. Әрине, Абылайдың ұрпақтарынан шыққан ер жүрек батырлардың бәрін айтып шығуға болар еді. Оған таңды-таңға ұратын уақыт керек. Оған кейін тағы бір де тоқталамыз. Шыны керек Аманкелді батырды күллі қазақ біледі, тіпті Сталиннің өзі білген. Ал оның батыр әкесі туралы онша білмейміз. Кенесарының ерекше отрядын басқарған ол – Аманкелді Имановтың әкесі – Иман. Ол Қыпшақ руынан 1780 жылы туған. Иман Кенесары жасағына 1839 жылы келіп қосылды [1, 187-б.]. Кенесары жасағына қазақтың жүздерінен ең беделді, батырлары: Ағыбай – Шұбырпалы руынан, Жанайдар батыр – Сүйіндік руынан, Иман Дулатов – қыпшақ руынан Аманкелдінің әкесі жоғарыда айтылды, Жоламан Тіленшиев – Табын руынан, Бұғыбай батыр – Дулат руынан, Аңғар батыр – Атығай руынан, Басығара батыр – қыпшақ руынан, Жеке батыр – Арғын руынан, Жауке, Сұраншы, және Байсейіт батырлар – Дулат руынан (Ұлы жүз) т.б. айтылмай қалған батырлар қанша-ма? Енді Мәшһүр-Жүсіп шығармалары бойынша жазып алған Кенесары ханның бейнесіне тоқталамыз. «Кенесарының көтерілісі басталуы» – деген бөлімде Сол заманның жақсылары Қытай елшісіне және орыс елшісіне де сөйлесіпті. Иван Семеновичке де сөйлесіпті: «Жерімізге тимесең, балаларымыздан солдат алмасаң, саған қараймыз. Осыған уәде берсең, біреуіміз хабарласайық. Хабар өзімізден болсын» – деп қайтарады. Кенесарыға: «Өздеріміз бас қосып, кешікпей бір жауабын береміз» – деп, оған қорықаныннан осылай жауап қайырады. Кенесары бұлардың арам ойын біліп, еліне абара салып әскер аттандырып, «менің айтқаныма көнбеді деп» шауып алғаны, Атығай, Қарауыл, Қыпшақ, Керей бұл – жақтағысы «Кенесарының өзіне барамыз» – деп, Кенесарыға ауыпты. Россия әскер шығарса аяғының асында қаламыз деп, Атығай, Қарауыл, Қыпшақ, Керей жиналып, Айшуақ бай: «Бұған саспаңдар... Орыс тілін білетін, Қарағайлыдан келген Тұрысбекті жіберейік» – деп, әр рудан екі кісі жіберіпті. Қаруылдан Байғозы Тойғанайұлы, Жауардан Қыял, Ермек, Тұрлыбек Россияға жіберіпті. Олар тиіспеуге ит терісіне жазып уәде хат береді. Тұрлыбекті 7 дуанға советник қылып жіберген. ... Соған Россияға қарағанға биыл 1935 жыл, доңыз жыл, 98 жыл болды. Есеп қылғанға 1837 ит жылы тарихта Россияға қараған екенебіз – дейді Мәшһүр-Жүсіп. «Кенесарының қырғызға барған себебі» – деген бөлімде Ең алғаш қазақ орысқа қарап, дуан аузы ашылғанда Щоң би аға сұлтан-дуанбасы болған. Щоң би өлген соң, Шорман аға сұлтан дуанбасы болып сайланып шығысымен үйіне барап өлген. Ереймен тауының сыртында өліп көмілген жері «Шорман тамы» атанып қалған. Кенесары-Наурызбай көтерілісі - жұртқа апалаң-топалаң соннан кейін болған. Кенесары: «Қараөткелге өрт саламын!» – деп, қамағанда, Қоңырқұлжа қарсы тұрып, ұрыс-соғыз қылған. Қараөткелде қамағанда Кенесары күлдірмамами деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшысы Баласайкесін атып, мұрттай ұшырған екен. Тама: Танаш батыр бір шапанды майға бұлғап-бұлғап бір шетін отқа жындырып, найзаның ұшымен көтеріп барып, атып тұрған оқты керек қылмай, апарып тастай берген екен. Басқа жауға шапқан батырлардан оққа ұшыраған Қыпшақ: Басығара батыр оқ тиіп, қан майданда қала берген екен. Тама: Танаш батыр Басығарамен құшақтасқан дос екен: Өлсем, өлейін, Басығарамен сүйегім бір жерде қалсын! – деп, қайта шауып барып, Басығараның сүйегін алдына өңгеріп келгенде, Кенесары хан айтқан екен: Дос болсаң Тама-Танашпен дос бол!-деп. Көп заманғаша бұл сөз жұрт аузында қалды. Қараөткелге өрт салған күн-бір орыс мінген Қоңырқұлжаның боз арғымағы таңертең Қараөткелден шығып, күн бата Қызылжарға барыпты. Екі арасы бес жүз шақырым деседі. Орыс Ақтау, Ортауға қала салып, солдат тұрғызып, кзак-орыс қыстатып, сол жерге соғыс сайманын жинаған. Кенесары мұны да қамап, соғысқан. Кенесары қамғанда, қазақ та жоқ, казак-орыста та жоқ. Жүз солдат қатар тұрып, мылтық атып, маңайына жан жуытпаған. Сонда Кенесары да жүз кісісімен келген-қосшы-қолаңшы, салықтарын кейін тастап. Сонда бұл жүз кісі баялыш деген тарбық отынды шылбырға буып алып, ер басына бір арқа отынды алдарына салып, домалатып, соның тасасымен еңбектеп, атқан оққа қарсы келе жатыр – дейді. Сонда Қоңырқұлжа мидай соғысып жатқан әскерге қарап тұрып, Кенесарының өзін ұстап алайық! – деп жасырынып, бұғып тұрыпты. Жанайдар батыр атына міне салып, жаудың олайғысын олай, былайғысын былай жапырып тастап:

–Хан қайда? Ханқайда? – десе, хан жаяу солдаттың ортасында: «Қашпаймын!» – деп, жалғыз қалған екен. Жанайдар барып, атынан түсе қалып, ханды өз атына көтеріп салып, қоя берген де, өзі бір казак-орыстың атының құйырығынан шап беріп ұстап, әлгі солдатты аттың үстінен аударып тастапты. Қаша ұрыс салып, жөнеле берген екен.

Кенесары: «Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек – бес Мейрам өзіме қаратып, соңымнан ертіп алып, Шу, Қаратау аударамын!» – деп, Әлике: Байдалы, Сайдалы, Төменгі Алтайдың басшысы болған – Аққошқар: Сайдалыны, Сүйін, Жарқынды ертіп алып, Өр Алтай: Алдажұманға келіп, оны соңынан ертіп, Азынабай, Сапақ атанған-Азынабай байға келіп, орысқа қарап бағынып қойған Азынабай балалары-Тайжан қазы, Сейтен болыс еді. Болыстық, қазылықты керек қылған жоқ: Кенесарыға еріп ауды. Алтай: Алдажұман байлары түйе жүк артқан жамбыларын көлге, суға төгіп кеткен. Қаржас ауды. Орманшы да ауды. Баянауылда Боштай аға сұлтан – дуанбасы күні солдат алдырып, казак-орыс алдырып, Айдабол, Күлік қойдай қамап, иіріп, аудырмай алып қалды. Қоңырқұлжа Қараөткелге аға сұлтан – дуанбасы о да өз тілін алған қазақты, орысты арқа сүйеу, таяныш қылып алып қалады. Ауған ел Шуға, Қаратуға барғанмен, малы жерсінбей, баражатқанда, жолшыбай қашып, алақыстай Құдайдың құтты күні қашып, дамыл бермеген...Сонан соң Кенесарыға арман болған: «Арқадағы елді тілімді алдырып, аудырғанмен, Қаратау мен Шу мал қонысы бола алмағаннан, қайтып кетті-ау! Қырғызды босаттырып, Алатауды түгелімен алып, Қуандық, Сүйіндікті соған орналастырсам-ау!» – деп, Қырғызбен жауласқандығы түп-негізі мақсаты осы болған – дейді. Дегенмен, біздің оймызша, Кенесарының мақсаты мен мұраты жалғыз бұл -еместігі де түсінікті сияқты. «Кенесары жорығы» (бірінші нұсқа) Кенесарының Қамауға келгенін естіп (Іле мен Балқашқа құйған жерін «Қамау» – деген М-Ж.) Аякөзден әскер бастығы Нохалов (есауыл Нюхалов-А.Қ.) деген шығады. Кенесары Қамауды тастап Шуға қарай өрлеген екен. Бұл Қырғыздардың Кенесарыға қарсыласып жатқандығы – 1846 ыншы жыл екен. Нохалов Қызылағашты қыстап Қырғыз манаптарына: «Кенесарыға көнбеңдер, көзін жоюға тырысыңдар! Кенесары сендерге де, патша хүкіметіне де дұшпан. Біздің патша хүкметі сендерге күш-көмек беруге міндетті!» – деген мазмұндағы жат жазады. Нохалов әскерімен қақтығыстағы Наурызбайдың ерлігі былай суреттеледі. Қызылағашта жатқанда орыс солдаттары Ағыбай, Наурызбайды жігіт-желеңсіз бір ауылда қонақ болысып жатқанда қамап алады. Шалғынбай әкесі Бірәлі астында қояндай боз аты бар екен. Наурызбайға төніп жетіп барғанда, Наурызбай найзасын көтеріп, шаншуға дүрсе қоя берген екен. Сонда әлгі жауы найза тимей жатып-ақ боз аттан өзі ұшып түсіп қалды дейді. Мұнан әрі Мәшһүр-Жүсіп қазық, қырғыз соғысы тура айтады. Алатаудың теріскей жағындағы қырғыздар Кенесарыдан қашып, таудың басына шығармаған, асуларды бермеген, күнгей жаққа өткізбеген. Кенесары мен қырғыздардың соғыстары Алатаудың теріскей күнбатыс жағында – Қошшы, орта жерінде – Солты, күншығыс жағында Сарбағыс шапқан дейді. 1846 – шы жылы Піспектің төңірегінде қатты соғыс болыпты. Келе жатқан Кенесарыны тоқтатам деп Сарбағыс, Қалпақ батыр жауынгерлері қатты соғысқан. Соғыста Қарпақ батыр өлген, қырғыздар жеңіліп қашқан екен. 1947 жылы көктемде Кенесары көп қолмен келіп, Кекілік тауына орда тігіпті. Алатаудың теріскей жағындағы қырғыздарды шаба бастаған. Соғыстың ең үлкені Қызылсу, Самсада болған екен. Қырғыздың ханы Орман батыр Сарбағыс, Ферғанадағы, Ыстықкөлдегі қырғыздарға ат шаптырып сауын салған. Қырғыздың көп қолы Буаменен шыққан. Буаменен Кекілікке қараған далаға шыққанда ат құйырығына шөп байлап, қырғыздар жер дүниені бәрін шаңмен толтырған. Кісінің көбін, мөлшерін байқатпай, келген қырғыздар: «Не тігісімізбен жанқалмай қырылалық, не Кенесарыны жоялық!» – деп келген екен. Кенесарының қасында бір мыңдай қазақ, бес жүз мылтық қалған. Ержан қолға түскен. Ақауыз ат оққа ұшқан. Зеңбірек ортасынан үзілген. Кекіліктің Сеңгір деген жерінде қырғыздар Кенесарыны қамап алған. Таудан аққан бұлақтың басын бұрып, қамауда қалған қазақтарды сусыз қалдырған. Ас-сусыз үш күн соғысып, аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен. «Кенесары жорығы» (екінші нұсқасы) Ержан батыр туралы айтылады. Қарауылдан Бөгенбай қария, Жеті Момын, Ержанның қолға түскенін естірткен Кірібоз жайында сөз болады. Кенесарының ту тіккен жері Кекілік Сеңгірінен бес шақырым жер Майтөбе деген. Майтөбені қырғыздар «Қанды жер» дейді екен. Бұл – оқиға да Е. Бесмахановта құжат негізінде дәлелденген. «Кенесары жорығына қатысты екінші бір дерек» алдыңғы жазылғанды қайталайды. Кейбір сөздерінде ғана өзгерістер бар. «Кенесары жорығына қатысты үшінші дерек» Абылай хан, Ізден абыздың сөзі, Жанабыр туралы жазылған. «Кенесары жорығына қатысты төртінші дерек» Ағыбай батырдың ерлігі дәріптеледі [2, 169-180-б.]. «Кенесары кезіндегі Қоқан мен Ұлы жүз байланысы» – деген бөлімде Қоқанның сардары мен Қырғыздың және қазақ батырларының және өз ара достықтары жайлы да айтылады [2, 183-184-б.]. Мәшһүр-Жүсіп «Кенесары» – деген ұзақ өлеңде Абылай және Абылайдың баласы Қасым жөнінде айта келіп:

Бауыры Алатаудың тал мен терек,
Мінгені Жеке батыр-Көкше серек.
Аттанды он төрт мың шеру тартып,
Басы екен Кенесары бір зеңбірек –

деп, Алатауда болған соғысты суреттейді. Он төрт мың қолмен аттанған Кенесары ханның батырлығын паш етеді. Кенесары мен Наурызбайдың (Науан деп інісін еркелетеді).

Кенесары:
Науанжан, бұл айтқаның жүесіз ғой,
Қырғызға: «Абылайлап!» – тиесіз ғой!
Мен өлсем, артта қалар тұяқ бар ғой,

Сен өлсең, қара шаңырақ иесіз ғой – дейді. Не деген ерлік. Кенесары інісіне сен қайтсең де құтыл деп кеңес береді. Қарашаңырақ иесіз қалады – дейді. Дастанда Науанның Қызылауыз аты оққа ұшады. Сол уақытта үйсін Базақ өзінің мініп жүрген «Өркеші жоқ, мойны ұзын» Кертайлақ деген атын мінгізеді. Бұл – «Сейітбатталдың» соғысындай болады. Дастанда Бопының, Құдайменде, Ержан, Шұбырпалы Ер Ағыбай ерліктері кезек-кезек жырланады. Қырғыздың батыры Тағай келіп Наурызбайдан біздің елшіміз Жаманқараны неге өлтіргенін сұрайды? [3, 299-335-б.]. Бұл – оқиға жөнінде Мәшһүр-Жүсіп «Наурызбай туралы» – деген бөлімде толық жазған қара сөз үлгісінен мысал келтірелік. Наурызбайдың жылы қой еді., жиырма төрт жасында жұмысы бітті. Қырғызда «манап» дейтұғын болады екен. Манап болатұғын себебі: қырық жігітке қатын алып беріп, мал малдандырады екен. Соны манап қояды екен. Сонда қырғызда Жанқараш, Жантай да – екеуі де манап екен. Және Жаманқара да манап екен. Және Жанқабыл, Тілеуқабыл – аға-інілі екеуі де манап екен. Жаманқараны елшілікке келген кезде Наурызбай өлтірген екен.

Қол оқпен қозы жауырын қойып алдым,
Өгіздей жон терісін сойып алдым.
«Ханыма қырын қарап сөйлейсін!» –

деп, Бүйірін наркескенмен ойып алдым, – деген өлең де бар. Өздері: «Қашпаймыз!» – деп, қолға түскен соң, «Жаманқараның төлеуі» – деп, Кенесары ханды Жанқараш алған екен. Жанқабыл манапты соғыста Наурызбай өлтірген екен. Жанқабалдың ағасы Тілеуқабыл Наурызбайды алған екен. Тілеуқабыл Наурызбайға:

–Қаш! – деген екен.

–Бізге қашу – өліммен бір. Қашпаймын! - деп, қашпаған екен, «Тілеуқабыл манапта жазық жоқ екен» – депті [4, 13-б.].

Қырғыздың манабы Таған:
Науанжан, сенің өзің төресің ғой,
Қырғызға: «Абылайлап!»-тесің ғой.
Манабым Жаманқара сен өлтірсең,

Болыпсың сен де сондай, өлесің ғой! – дейді [3, 304-б.].

Мәшһүр-Жүсіптің тағы басқа «Абылайдан кейінгі хандар» – деген жазып алған қара сөз нұсқасында Тілеуқабыл Наурызбайға қаш дейді. Қашпаймыз! – десіп, қолға түскен соң, Жаманқараның бодауына Кенесары ханды, Жанқараш алған екен. Жанқабыл манапты соғыста Наурызбай тағы өлтірген екен. «Соны бодауына» – деп Наурызбайды Жанғабылдың ағасы Тілеуқабыл алған екен. Сол уақытта қырғызда Алатаудың күнгей бетінде Орманхан деген хан бар екен. Сонан қырғыздың манабына кісі жіберіп, ғақыл сұраған екен:

Бұлар қолға тірі түсті, қайтеміз? – деп. Сонда Орманхан айтты дейді: Кенесары, Наурызбай біздің қырғыз барып, соқтыққан жері жоқ. Өздері келіп қолға түсті. Оны манаптар: «Күшіміз асқандықтан болды!» демесін, Құдай мен аруаққа төрелердің өздері ұшырады, сонан болды деп білсін. Өздері өлтірмесін. Бұрынғының сөзі бар еді: «Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды, //Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды» – деп. Қайта өздері икемге келіп, ынтымаққа көнсе, күллі қырғызға хан көтерсін! Мен де хындығымды тастап, соны хан сайлауға қол қоямын! Егер де икемге келмесе, ынтымаққа көнбесе, күтіп, сақтап бақсын. Өз ажалынан өлмесе, менен ғақыл сұраса, өлтірмесін. Және қалған елін барып шаппасын, қатын-баласын олжаламасын! – дейді. Сонан соң қырғыз: Орман өз басы аман болған соң, аузына не келсе, соны айта береді, – деп, біздің Жаманқарадан артық па? – деп, Жанқараш: Өлтіріп тастаңдар! – дегенде, қылышпен шабамын деп, ең алғаш қол көтерген қырғыз қолын көтерген бойымен сіресіп қалды дейді. Оның өзінен әл кетіп, қақайып тұрып қалғанын білмей, жанында тұрған арсалаң бір есерсоқ қылышты жұлып алып, Кене ханды мойнынан шауып жібергенде, Кенесары ханның басы да жерге түсті, шапқан батырдың өзі де сылқ етіп, құлай кетті дейді. Қараса табанда жаны шығып кетіпті. Үйіне көтеріп алып барған екен, үй ішіндегі қатын-баласы жалп ете түсті дейді. Сонан соң қырғыз халқы Кенесары ханды өлтіргендеріне көп пұшайман болысты дейді. Сол өлтірушілердің тұқым-тұқымы бұл күнгеше оңбай бытшыт болып, тозып кетті дейді. (Төменде Е. Бекмаханов Мәшһүр-Жүсіп кейбір аңыздарды шындық ретінде қабылдаған деген-қараңыз-А.Қ.). Жантай өлтірген кеңестің ішінде жоқ екен. Өлтіргендерін де оңды ұнатпаған екен. Бас терісін сыдыртып, орыс жұртына жіберген екен. «Сол үшін тұқым-тұқымына наград берілді» – дейді. Расын да Кенесарының аруағы, басы елге оралмай тыныш таппасы да белгілі. Басқалар да тыныш таппасы, басын алғандардың ұрпақтары да бұ дүниеде жақсылық көрмесі бесенеден белгілі жай. Сенбесек, Ақсақ Темірдің қабірін ашқанда соғыс болатыны жазылыпты, және соғыс болды да. Кенесарының басы елге оралса, бұдан да жақсы «қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заман болатынына» жүрегіміз сенген сенеді деп ойлаймыз. Кейкі батырдың басы елге оралып, жақсылықтың бір нышаны жасалды. Кенесарының басы да күндердің күні елге оралатынына біздің сеніміміз мол. Жоғарғы үзіліп қалған әңгіменің жалғасы: Тілеуқабыл манап Наурызбайды інісінің бодауы үшін көп қырғыздың ортасынан жеке өз меншіктеп алды. Сонда қырғыздарға айтты дейді: Мұны өлтірсем, «Неге өлтірдің?» – демеңдер. Өлтірмесем, «Неге өлтірмей қойдың?» – демеңдер. Інім үшін маған бердіңдер ғой, ықтияры өзімде болсын! – депті. Үйіне барған соң: Төре, өлер інім өлді, сені өлтіргеніммен ол тірілмейді. Сені тайдай тал түсте жөнелтсем,тамам қырғыз соңыма түсіп, өзімді бұл Алатауда тірі қоймайды. Менің атымды мін, киімімді ки, сөйт те түнде қаш. Сені ешкім қуып жетіп түсіріп адмайды. Мен риза, Құдай риза, маған сенің өлмегенің керек! – дейді.

– «Кенесары, Наурызбай қолға түсіпті де, Кенесары өліп, Наурызбай қашып келіпті!» – деген сөз өлімнен маған ол жаман атақ. Менің ол абыройымен тірі болып, үйге барғанан да, өлгенім артық. Жиырма беске жеткенім жоқ, жүз жасаған -кісінің сүретұғын дәуренін сүрдім! Тіршілік пен бұ жылғанға менің арманым жоқ! – дейді.

Өлтіруге көзі қимай, Жаңғабыл Наурызбайды үш ай, тоқсан күн сақтапты. Ақырында Жаңғабыл өзі бір жаққа кеткенде, жанкүйері өлген қырғыздар қоқиланып келіп, өлтіріп тастапты дейді. Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге ұшыраған жоқ-десіп, мұны қырғыз жұртының өздерінің жиһан кезген, орыс қолына түсіп, жер аударылғандары айтысады. Болмаса, Кенесары Наурызбай қырғызға түскенде, мен туғаным да жоқ – дейді Мәшһүр-Жүсіп [2, 162-164-б.]. Әрине, Мәшһүр-Жүсіптің ел аузынан жазып алған нұсақаларының арасында тарихи деректермен алшақтық болуы мүмкін. Дегенмен, Мәшһүр-Жүсіп жазбалары т.б. сақталған жадығаттар – Кенесары, Наурызбайдың ерлікпен, қайсарлықпен, қазақтың нағыз ұлдары осылай жауға қасқайып, тұрып өледі дегенді тағы да мансұқ етті. Кенесары мен інісі Наурызбайдың ерлігін, өлімін қазақ халқы әлі күнге аңыз қылысып айтып жүр, және айта да береді. Жалпы, екі қас батыр бірін-бірі сыйлап, бірінің-бірі ер-жүректігіне, батырлығына сүйсініп, бас иіп, мойындауы адамгершіліктің ең асқан түрін көрсетеді. Мұндайда Қырғыздың манабы Тілеуғабылдың да ерлігі көрініп қалады. Мәшһүр-Жүсіп жазып алған нұсқасында «Кенесары-Наурызбай» дастаны (бірінші нұсқасы) мен «Кенесары-Наурызбай» дастаны (екінші нұсқасы) кейбір жолдары түсіп қалған. Біз негізінен қысқаша мазмұнына тоқталып өтсек дейміз. Дастанның негізгі идеясы қазақ-қырғыз соғысына арналған. Сондағы қазақ батырларыныңқайсар ерліктері жырланады. Кенесары мен Наурызбай қырғызға аттанбаққа қазақ елінен әсер жинағаны жырланады.

Көмекке:
Қоқаннан ауған көп Дулат,
Қара ағаштай ел келген,
Мәмбет ұлы Байзақ,

Балқожа, Медет ол келген – дейді. Наурызбай қырғыздардың бекінісін бұза алмай Бұғыбайды көмекке шақырыпты:

Ай, Бұғыбай, Бұғыбай,
Қорлық болды-ау, бұ қалай? –
деп, жігерге намысын қайрапты. Мына жағынан Олжабай батыр:

«Абылайлап» атой жасапты. Қырғыздарды аларда Тамының батыры – Құрман, Табын батыры – Бұхарбай, Дулат – Меңдібай, Шәкір мен Жәуке, Төлебай, Шұбыртпалы Ағыбый, Төртуылдан – жанайдар, Қарауылдан – Кенжетай т.б. ойран салыпты. Сөйтіп, Кенесары-Наурызбай қырғыздарды ойсырата жеңіп, Алатаудың күнтеріскей жағына асырып жіберіпті [3, 306-335-б.], [2, 184-214-б.]. Сөз арасында Кенесары хан мен Барақ төре туралы деректі А. Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар» оқи аламыз. Қорыта келгенде Мәшһүр-Жүсіптің ел арасынан жазып алған деректерімен Е. Бекмаханов, Е. Ділмұхаметов деректерін салыстырғанда әрине, тарихи дәлсіздіктер ұшырасады. Ауыз әдебиеті халықтық деректі жадына сақтағанмен, тарихи деректі сақтау жағынан міндетіне ала бермейтіні де белгілі жай. Дегенмен, Е. Бекмаханов т.б. тарихшылар ауыз әдебиетінің де деректерін қолданған. Кенесарының қырғыздарға шабуылы кезіндегі жер аттары, су аттары, көтерілістің болған аумағы төбе, қырат, тау т.б. тарихи деректерді қалпына келтіруге септігі тигені даусыз. Оны біз Ермұхан Бекмахановтың да, Елтоқ Ділмұхамтовтың та еңбектерінен де көреміз. Е. Ділмұхамтовтың «Қазақтардың Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдары болған көтерілісі» – кандидаттық диссертациясы, Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» – деген еңбегі қазақ еліне жеткен баға жеткісіз құндылық болып саналады. Е.Бекмаханов Кенесары туралы жинаған материалдарында Мәшһүр-Жүсіптің Кенесары жайлы жинаған деректеріне мынандай пікір айтады: «Ж. Копеев известный писатель и поэт демократического направления, знаток казахского фольклора. Он происходит из Каржасовской волости, Баян-Аульского района, Павлодарской области. Умер он в 1929 г. (Мәшһүр-Жүсіптің қайтқан жылында жаңсақтық кеткен ол – 1931 жылы 27 қарашада өмірден өткен-А.Қ.). Из описания Ж. Копеева мы впервые узнаем подробности о военной тактике Кенесары. Так, со слов очевидца – Жадыгер Смаилова, он описывает штурм Актауской крепости в 1838 году и характеризует отдельных батыров Кенесары, участвовавших в штурме, в частности, Тулебая батыра, за проявленную храбрость прозванного Кенесары «Жеке батыром». Ж.Копеев подробно описывает переход Кенесары в район Старшего жуза и преследование его отрядом есаула Нюхалова. Он излагает караткое содержание писем есаула Нюхалова киргизским манапам – Бурумбаю Баймұратову из рода Бугу, Орману Ниязбекову из рода Сарыбагыз, Жангараш Есынкееву из рода Солты и.т.д. и, наконец, названы фамилии султанов, присоединившихся к царским отрядам и участвовавших в преследоввании Кенесары. Исторически верно описывается последнее сражение Кенесары с киргизскими манапами и гибель самого Кенесары. Показана предательская роль султанов – Сыпатая и Рустема, перешедших на сторону противника. Копеев подробнее, чем кто-либо, описывает места сражений и перечисляет названия отдельных местностей, чего нигде больше не встречается. Но в своих комментариях и выводах Ж. Копеев допускает и ошибки. Кроме того, отдельные легенды, распространенные в народе, Копеев выдает за действительность. Он говорит, например, что «все убицы Кенесары, проклятые его священным духом, со всем потомством вымерли» [1, 47-б.]. Сөзімді Кенесарының мына сөзімен: «Біз достық пен ынтымақтықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді!» - аяқтағанды жөн көрдім.

Қауызынан аршып өлеңнің дәнін алдым... («Түнгі кітапхана» іс-шарасында Аманжол Шамкеновтіңтуғанына 90 жыл толуына байланысты оқылған баяндама) Ертіс өңірінде дүниеге келген Аманжол Шамкенов өзінің саналы ғұмырын елі мен жерін жырлауға арнаған. Олай дейтініміз. «Сырларым менің» өлеңдер жинағына «Студент сыры», «Жасыл жайлау», «Лирикалық өлеңдер», «Сағат», «Дала танысы», «Таңдамалы», «Жайлау таңы», «Тың дәптері», «Ертіс перзенті», «Жайлау күні» т.б. таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енген. Сондықтан да таңдамалыларының өзін: біріншісі – Студенттік шағы, екіншісі – Қазақ елі, үшіншісі – «Ертіс» ақынның туған, кіндік қаны тамған жері – деп шартты түрде үшке бөліп қарастырсақ қателеспеген болар едік. Басқа кітаптарында Қазақ елі кеңінен жырланған, әсіресе «Ертіс» өзені, өңірі ақын жырының негізгі кредосы іспетті екен. Ақынның студенттік шағы «Студент сыры» деген өлеңінде жан-жақты ашылған. Мына өлең шумағында:

Бір кезде тиіп көмегім,
Сүйсінер елің балаңа.
Сол үшін оқи беремін,
Сол үшін мені аяма! –

дейді. Не деген керемет сурет? Оқу туралы, кітаптың пайдасы туралы айтылады. Құранның бір аятында «Оқы, оқы!» – делінген. Мінекей, бұл – оқу қағидасы Аманжол Шамкенов өлеңінде жап-жақсы көрініс табады. Кітап ақынның досы. Кітаптан ақын өзінің жоғын іздейді. Кітап адамның көзін ғана ашпайды, көкірек көзін оятады. Анасына жас жігіт датын айтады: – «Аяма мені, Анажан – Оқудан шаршап келді! – деп. Ақынның оқуға деген құштарлығын осы сөзінен-ақ сеземіз. Кітап Аманжол ақынның негізгі – ақылшысы. Кітап ақын үшін жаны бар адам, көпті көрген көне ақсақал, ескінің көзі. Сөйтіп, ақын жансыз дерексіз затты деректендіреді. Кітап адам сияқты сөйлейді, ақыл айтады. Мұндай түрлендіру, әсіресе кітап болып сөйлеу поэзияда сирек кездесетін құбылыс. Кітап – өткір метафора. Аманжол Шамкеновтің «Академик қарай қалды», «Университет» – деген өлеңдері де «кітаптан» алыстап кетпеген, оқу, білім нұрына арналған. Демек, ақынның айтайын деген ойы, алдыңғы өлеңді идея жағынан байытып, мазмұнын кеңейте түседі. Бірақ та бір ерекшелігі өлеңнің сөзі салмақтанып, ширап, ақынның ойы өскен сайын, шәкірттің ойы да өсіп, өлеңнің де әр сөздері кесектене береді.

Мысалы:
Сөзімен таңғалдырды талай жанды,
Ойымыз нұр құйғандай арайланды.
Сүйсініп шәкіртіне өзі оқытқан,

Ақ шашты академик қарай қалды.

Академиктің шәкіртіне сүйсінуі, тәнтті болуы талай ғалымға үлгі өнеге. «Ақ шашты академик, шәкіртіне қарай қалды» дегенде академик жай қараған жоқ. Академик шәкіртіне «қарай қалды». Күнде өзі көріп жүрген шәкірті, кенеттен кесек сөзімен, мағыналы ойымен таңғалдырды. Енді мінекей, ойы өскен, жазғаны өте сапалы шәкірті алдында тұр. Академик шәкіртінің сөзіне мақтанып, сүйсініп, мейірлене әкелік қамқорлықпен қарады. Ия «қарай қалды» тіркесінде үлкен мән жатыр. Ұстазы шәкіртіне үлкен үмітпен, зор ықыласпен қарады. Болашағынан үміт күткендей аманатпен қарады.

«Университет» деген өлеңінде:
Алдымнан кенет ашылды
Ғажап бір нұрлы дүние!
Қопардым көне ғасырды,

Құлақ сап заман күйіне.

Ақын «университетті» жай ғана оқу орыны деп қарамаған. Университет ол – ғажап, нұрлы дүние, университет ол – көне ғасыр, көне заман. Архивтегі шаң басқан, сарғайып кеткен сирек қолжазбаларды ақын өзі қопарды. Қопарған – Мен. Ол – Аманжол Шамкенов. Күннің көзіне ашылған гүл сияқты ақынның алдынан білімнің есігі, қақпасы айқара ашылады. Жанды сурет. Есікті біреу ашқандай қылып суреттейді. Ақын соңғы жолдағы «күйіне» деген сөзге барлық салмақты салып отыр. Ол – заманның күйі. Ақын «күйіне» деген сөздің орынына «үніне» деген сөзді қолдануға болушы еді. Бірақ, «күйіне», «үніне» деген сөзге қарағанда анағұрлым әсерлі, анағұрлым шыншыл, ақын көненің желі есіп тұрған сөз екенін білген. Көне сөз «күй» адамның жанын баурайды, Қорқыттың, Асан қайғының, Құрманғазының жалпы бабалардың күй сарыны құлаққа жеткендей болады. Ақын заманның үніне емес, күйіне құлақ салады. Домбыраның дірілдеген үніне, дәуірдің күйіне назарын аударады. Ақын дәуір тынысын сезеді. Ұғады. Өлеңнің лейтмотиві «университет» ғасырдың үні, көне бабалардың сырын айтады, жеткізеді. Ақын – көне ғасырдың күйінен, тұнық суынан мейлінше қанып ішеді.

Мағжан Жұмабаев:
Толқынды толқын қуады
Толқыннан толқын туады,
Толқынмен толқын жарысад

Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен,
Жарысып жарға барысад –

деп, жырлағандай. Аманжол ақынның студенттік өмір кезеңін кез келген өмір жолында болған құбылыстан, кездейсоқ оқиғадан табуға болады. Өлеңнің өзінен табуға болады. Аманжол Шамкеновтың студенттік өмірі де толқын сияқты. Ия, Мағжанның толқыны ол – өмір болса, Аманжолдың толқыны да – өмір. Өмір ақындар үшін аққан өзен, бұлақтың тұнық суы. Өмір – өзен. Тіршілік. Толқын ол – үздіксіз, тынымсыз қозғалыс. Аманжолдың да өмірі – үздіксіз қозғалыс. Өмір. Сондықтан да ақынның студенттік өмірі – мәңгілік есінде қалған. Жалпы, студенттік шақ кімнің болса да есінде. Өйткені, ол адамның өмір кезеңінің ең бір ыстық шағы, күннің шуағындай кездері.

Ақын:
Бақшадайын төккен нұр,
Альбом ішін кездім мен.
Студенттік сонда бір,

Өмір барын сездім мен.

Көрдіңіз бе? Ақынның образын, осы – бір шумақ өлеңнен де іздеп табуға болады екен. Альбом – студенттік уақыттың сарғайған тарихы. Оның ішінде кім жоқ. Ақын да, жазушы да, жұмысшы да, қыл аяғы алаяқ та, бәрі-бәрі бар. Олардың тұрған тұрысы, киген киімі, бет әлпеттері, күлгені, жымиғаны т.б. мінездері де әртүрлі, көрініп тұрады. Қысқасы әртүрлі мінездер орын алған. Мұқағали айтпақшы: «Алдында алуан-алуан мінездердің, Амалсыздан келеді мың өзгергің» – дегені тура айтылған. Альбомда – осы отырған біз де бармыз. Аманжолдың өлеңі «альбом» сізбен біздің өміріміз. Альбом жастық шақтың сыры мен жыры. Оның ішінде ешкімге айтылмаған сыр жатыр. Оның ішінде ешкімге айтылмаған құпия жасырынып жатыр. Ол сыр – ақынға ғана мәлім. «Альбомда өмір бар». Талай рет жүректі өртеген, біреудің қол жетпес арманы болған арудың ізі жатыр. Сол альбомдағы қиылып тұрған ару, бәлкім қазір ана болған шығар, немерелері де бар шығар. Альбом ішіндегі мына бір қасы көзі қиылған өте сұлу ару – қазір біреудің жары. Сарғайып кеткен альбомның парақтарын аудара отырып, өзінің жастық шағын, сағыныш деген адамын ешкімге білдірмей іздейді. Кебісі ұрланған түннің белгісі есіне түсіп, көзін мұң шалады, арудың жан дүниесі бір уақытта жүдеу тартып қалғанға ұқсайды. Альбом деген – осы. Біреуді жылатады, біреуді жұбатады. Альбом – тарих. Ақын сол студенттік кездегі талай адамның өмірін альбомға сыйдырған, альбом арқылы адамның шынайы бейнесін бере білген. Адам да таулар секілді тозады, аласарады. Альбомдағы адамдар, оның ішіндегі не бір хас сұлулар беттерін әжім, самайларын қырау шалды. Не бір жігіттер қартайып, шау тартты, сары тісті, ақ басты шалдар болды. «Шамы неге сөнбейді» – деген өлеңінен де алдыңғы өлеңдегідей жастық шықтың жылы лебі соғады. Қаладан келген ару. Ұйқылы ояу. Елегізеді. Ақын да ояу. Ол да елегізійді. Тастай қараңғы түнде жаны жай таппай жүр. Неге? Екі ой бір-бірімен жарысады. Поэзия тілінде оны параллелизм – дейді. Ауылдың шетіндегі үйдің шамы сөнбейді. Оны – көрген ақынның да жүрек оты сөнбейді. Алаңдап қарай береді. Астанадан келген белгісіз арудың атын шартты түрде Шырақ – деп алайық. Аманжол да «шырақ» сөзі жарық ретінде алынған. Ақын барлық үйдің шырағы көрінбейді, тек сол үйдің шамы неге сөнбейді? – деп, өзіне-өзі сұрақ қояды да, өзі оған жауап іздейді. Өлеңнің мазмұны мен мәнінің ерекшелігі де осында:

Көрінбейді бір шырақ,
Көңілді ешкім бөлмейді.
Тек сол үйдің жылтырап,
Шамы неге сөнбейді?

Жоғарыда жаздық шырақ – ол қыз. Қыз – қырық шырақты. Қызға қырық жерден тыйым. Қыздың қырық жаны бар деген. Қыз қырық шырақты, себебі – ана атанады, дүниеге іңкәлаған сәбиді әкеледі, өскен соң әр баласы жеке-жеке шырақ жағады. Түтүн түтетеді. Шырағым – метафора. Оған ақыннан басқа ешкім көңіл бөлмейді. Шырақ көрінбей қалса ақын іздейді. Шырақ көрінбегенмен шамы жанып тұрады. Қыздың бұл дүниеде бар екенін, өшпей, түннің жарымына дейін жанып тұратын шам жарығынан білеміз. Шам ол – сезімді өртейтін қыз. Қыз – шырақ. «Қазақстан» – деген өлеңінде ақын – қазақ елінің не бір көрген қиыншылықтарын айтқым келмейді дейді. Өйткені, ақынға аштықты, төңкерісті, кәмпеске, отыз жетінші жылдың зұлматы соғыс т.б. еске алу, жазу өте қиынға тиеді. Ақынның жүрегі аурады.

Қайтем жырлап өмірдің зынданын,
Көшіп–қонған қасіретті құмдарын.
Қайтем жырлап қарт қазақтың сонау бір
Шерге толы жылжып өткен жылдарын, – дейді.

Ақын қазақ елінің қиыншылық көрген жылдарын емес, қазақ елінің жетістігін, тамаша заманын жырлайын, болашаққа үлгі болсын деп:

Жырлаймын мен заманның гүл бағын,
Құм орнына зәулім қала тұрғанын.
Жырлаймын мен бақыт күні көгінде,
Күлімдеген Қазақстан қырларын –

дейді. «Алматым» деген өлең шумағында:
Алатау соның бәрін байқағандай,
Бір шері оның-дағы тарқағандай.
Жерден тік көтеріп ап бауырына,

Қысуға келе жатқан қарт анамдай , – деп, Алматының сәнін, келбетін суреттейді. Алыс сапарларда жүргенде Алматы өзіңді аңсаймын, сағынамын дейді, ақын. Алатаудың аясына сыйып тұрған қарт Алматыны сағынады. Алатау ақын үшін жерден тік көтеріп алып, баурына басатын, маңдайынан сипап, еркелететін – зор тұлға, ақ шашты анасы. Отан – ана. Туған жер – туған ана. Туған жер, кіндік қаны тамған жер. Қазақ тілі – ана тілі. Не бір асыл заттар тек қана анаға теңеледі. Анаға ғана тән қасиеттер екенін білеміз. Ақын Алатаудың көрікті жерлерін, тамаша жасыл желегін суреттей келе, Алматыны бір сәтке де ұмытпайды. Алатау мен Алматы ақын үшін егіз ұғым. Тіпті ақын, ұлымның анасын, болашақ жарымды да сол Алматыда кездестірдім дейді.

Абайдың көшесіне теңдесер не?!
Тым ыстық көрініп ең ол кеш сен де.
Сүйікті ұлдарымның жас анасын,
Ең алғаш кездестіргем сол көшеде.

Көрдіңіз бе? Ақын қандай таза, жыры қандай таудан аққан бұлақтай мөлдір болса, ойы да сондай дақ түспеген ақ қағаздай таза. Балаларының анасын Абай көшесінде кездестірген. Ұлдарының анасын есінен бір сәтке де шығармаған. Сүйікті ұлдарымның «жас анасы» – деген екен ақын. «Жас ана» – әдемі, ойлы тіркес. Кімнің болса да жүрегін селт еткізбей қоймайды. Кімнің болса да жастық шағын есіне түсірмей қоймайды. Жастық шақтың ыстық сәттерін де тамаша қылып жеткізген. Туған жерін жырлауға келгенде Аманжол Шамкенов алдына жан салмайды деп ойлаймын. Жалпы, туған жер, кіндік қаны тамған жер десе, делебесі қозып, кім де болса шыдамсыздық танытары заңдылық. Қай ақын болмасын туған жерін жырламай қоймайды. Туған жер ақынның шыққан негізі, тұғыры. Қыран бүркіт туған жердің тұғырынан сонау қияға қанат қаққан. Алысқа қанатын сермеп, ұшқан. Айталық:

Кім сүймейді туған жерін, өз елін,
Өз елімнен бір жылылық сеземін.
Оған деген махаббатың шегі жоқ,
Шалқып жатыр бейне Ертісім – өзенім.

Сүйем ойлы ормандарын құлпырған,
Сүйем суын кіндік кесіп, кір жуған, –

деп, ағынан жарылған ақынның жүрек шері, мына біздерге де таныс, ыстық болып келеді. Демек ақын жырлаған «туған жер» мына сізбен біздің жер. Бірақ, сол жерде туып, кіндік қаны тамған адам үшін өз жері өте ыстық. Тауы да ыстық, талы да ыстық, тамы да ыстық, жаны да ыстық келеді. Аманжол Шамкенов ағамыздың туған жері өзіне ыстық. Сондықтан да ақын барлық сөз байлығын аямай төккен. Ертісті «шалқып жатыр», «сүйемін ойлы орманын» деп, тілі келгенше, өте әдемі суреттеген. Осыдан артық туған жердің қасиетін жеткізіп болмас. Осыдан артып, туған жердің көркін айтып болмас. Бұл – өлеңнен ақынның еліне деген сағынышы, махаббаты сезіледі. «Ертіс» – деген өлеңінде Ертіс өзенін жырлай отырып, сол бір ауыз –Ертіске туған жерінің барлық байлығын, табиғатын сыйдыра салады. «Ертіс» өлеңінен ақынның балалық шағын, әке-шешесі, туған-туыстарын, достарын, бабаларының ізін көргендей боласың. Ақынның көсіле шапқан шабытын, қуатын осы өлеңнен табасыз. Өлеңнен әркім өзін табады. Әркім өзінің туған жерін есіне алады.

Сүйем мен сені, Ертіс, – туған анам,
Көңілім қайда жүрсем ауар саған.
Құшақтап күміс көбік толқыныңды,
Жыр етер, талай әлі, сені балаң.

Ақын Ертісін жай ғана жырламайды «күміс көбігін құшақтап тұрып» жырлайды. Кәрі Ертістің тоқтап қалмай мұхитқа құятынын мақтанышпен күллі әлемге тағы бір паш етеді. Ақын Ертісті маған дейін жырлаған, мен де жырлап келемін, және жырлап өтеміз дейді. Ертістің көз сүріндірер табиғатын, сұлулығын әлі ешкім жырлап тауыса алмағанын тіліне тиек етеді. Ендігі кезек келер ұрпақта, «жыр етер, талай әлі, сені балаң» – дейді. Болашаққа сенеді. Жастарға сенім артады. Елін, жерін, суын, талын, бұлағын т.б. – жастарға аманат қылып тапсырады. Қорыта келгенде, Аманжол Шамкеновтың «Сырларым менің» жинағын оқығандағы қысқаша болса да ойымыз осындай. Ақынның қай жырының болмасын сыры терең, мазмұны бай. Өлеңдері тұнып тұрған көне сөздермен теңеулер, көркемдігінде шек жоқ. Талай жас талапкерлерге ақын өлеңдері үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ақын өлеңдерімен талай буын өсіп шығатынына, тәрбиеленетініне біз кәміл сенеміз. Ақынның «Аналар туралы балладасы», «Әкелер туралы ой», «Ұстазым» өлеңдері бірі – аналардың гимні, бірі – әкелердің гимні, бірі – ұстаздардың гимні деп теңеуге де болар еді. Біздің ұрпақ осы өлеңдермен өстік. Осы өлеңдерді әнімен қосып шырқадық. Шетке шыққанда осы – өлеңдердің әуені естіліп қалсақ, тағат таппаймыз. Біздің ұрпаққа бұл – өлеңдер өте ыстық. Қазіргі уақытта балаларымыз ұлттық құндылықтарға бей-жай қарайтындай көрінеді. Той-жиындарда даңғара батыстың жеңіл-желпі, әуені мен әндері айтылып, жастарды өздеріне тартып, биге еліктіріп тұрады. Ұрпақтар да делебесі қозып, құрық тимеген асау аттарша, жұлқынады-ай кеп. Көріп отырып, оған да қамығамыз. Дегенмен Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін» деген еді. Біз де жастарға сенеміз.

Мұрат Әуезовтің «Ділім» кітабын оқығаннан кейінгі ой...

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде М. Әуезовпен кездесу болды. Мен бұрын Мұрат ағаның кітабын оқыған едім. Анасы Фатима Ғабитованың да күнделігін қайта қарап шығуыма тура келді. Ал, Мұхтар Әуезовтің «Керекуге келуі» деген мақаламыз ертеректе «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланған болатын. Жаңылмасам Мұхтар Әуезов екі рет қалаға арнайы келген сияқты. Ал, классик Мұхтар Әуезовтің еңбектерімен мектептен, одан кейін институтта оқығанда тереңірек танысуға мүмкіндік туды. «Абай жолы» қазақтың ғана емес, күллі түріктің зор мақтанышына, құндылығына айналды. Сөйлеуші шешендердің ішінде Арман Қани («Жас ұланның» белді мүшесі), Ә. Әлпейісов «Жас тұлпар» дүбірі» кітабының авторы құнды пікірлер айтты. Мұрат Әуезовтің Арман Қаниді құшағына алып, баурына алып қысқаны тарихи-рухани сабақтастықтың шынайы көрінісі болды. Халқымыздың аса көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов Мұхтар Әуезовтің қабірінің басында былай деген-ді: «Бүгін қазақ әдебиеті көлденең бір жұтқа ұрынғандай... Ат тұяғын тай басар» дейтін ескі нақыл көркемөнер дүниесіне заң емес. Бұдан былай қақ ортамызда ойлып қалған Мұхтардың орнын өзінен қалған асыл мұрасы ғана толтырады. Мұхтар бізге орын қалдырған жоқ...». Дегенмен, жазушы, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қазақ елінің мәдениетін, әдебиетін көтеруде, дүниежүзіне танытуда елеулі қызмет атқарды. Сіңірген еңбектерін бағалап, атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы - деп, ұялмай айта аламыз. Мұрат Әуезов кітабын «Гілгәмеш туралы эпостан» бастаған екен. «Гілгәмеш» қазақтың көне Күлкөмеш деген сөзіне өте қатты ұқсайды. Өмірдегі екі стихия Энкиду мен Гілгәмеш образдары арқылы білінеді. Тәңір ортақ түркі халықтарының мазмұн жақындығы да байқалады. Мысалы жоқтау, түсінде қасқырды көру, түсті жору, ұлы дала арманы, Ұрық қаласының кереметі мен дала перзенті Энкидудың, Шамхат жезөкше т.б. эпостың нарқын өсіре түседі. Мұрат Әуезов «Гілгәмеш» эпосының кейіпкерлерін көшпенді түркі поэзиясының қаһармандарына ұқсатады да Ерен күш иелерінің қасиетін Қазтуған жырларынан іздейді. «Үш арыс» – деген үлкен мақаласында Н. Джусойдың «Ешбір ұлт әдебиеті басқа ұлттың тілінде дүниеге келген емес, дүниеге келгенмен, өмір сүре алмайды» деген пікіріне орай өзінің қорытындысын айтады. Ш. Айтматов, В. Быков, И. Друце, О. Сүлейменов сияқты қаламгерлерді өз ұлтының өкілі деуге ешкімнің де жүрегі даулай қоймас – дейді. Расында да Шыңғыс пен Олжас өз ұлтының ғана өкілі емес, басқа ұлттың да тілінде емін еркін жазады. Бұл күнде шығармаларын екі тілде немесе орыс тілінде жазатын жазушылардың қатары өскен болса, олардың шығармалары ұлт әдебиетінің игілігіне айналса онда жоғарғы пікірдің тайғанақ екендігіне, тұжырымға қайтадан назар аударуға тура келетінін айтады. Ұлттық әдебиеттің басқа ұлт тілінде өмір сүру мүмкіндігіне тоқталады. Әдебиетті бір тілден екінші тілге көшіру туралы емес, керісінше әдебиеттің екі тілде өркен жайуы, ал осы екі тілдегі өркен жайған әдебиетті бір ғана ұлттың әдебиет еншісіне жатқызамыз ба? – деген күрделі сұраққа жауап іздейді. Әр текті мәдениеттің тоғысуында оқшау типті жеке тұлғалар қалыптасатынын, оларды маргиналды тұлғал – деп, атайды. Маргинал тұлғалар белгі мәдениеттің өз ішінде және өзгемен байланыста дамуына ықпал ете алатын белсенді қайраткерлер ретінде өздерін тарихта талай дәлелдегенін тіліне тиек қылады. Тарих қойнауына көз салсақ, тілдік «жат болмыс» ықпалын талай әдебиеттің бастан кешкенін айтады. Орта ғасырдағы қытай әдебиетінің ықпалы жопон әдебиетін көкке көтеріп, Конрадттың ойынша әлемдік әдебиет тарихында тұңғыш рет «Гэндзги-моногатари» романдарының дүниеге келуіне мұрындық болғанын келтіреді. Иран халықтарының VІІІ-ІХ ғасырлардағы араб тілді әдебиеті мен кейінгі «алты ғасырлық даңққа бөленген» парсы-тәжік поэзиясы екі жақты әсер-ықпалға толы екенін, орта ғасырдағы түркі халықтарының әдебиеті, негізінен араб және жаңа парсы тілдерінде дүниеге келгенін мысал ретінде дәлелдейді. Мәдениеттер арасындағы тұрақты терең байланыстар жағдайында әдебиеттің өзге тілде де өмір сүре алатынын көрсететінін Н. Джусойдың тұжырымының қисынды жағы да жоқ еместігін, «Сыртқы ықпалды бастан кешкен мәдениет өз ішінде белгілі бір күрделі күйге түседі де, алдағы дамуына қуат жинап, нәтижесінде төл тілінің жаңғыра түлеген жаңа өмірі басталады» – деген, ойымен толықтыра түседі. Мәдениеттің өзара ықпал-әсеріне орай екіұдай табиғатымен беттесеміз. Мәселен, ағылшын тілді әдебиетке Свифт, Гольдсмит, Лоренс Стерн, Оскар Уайьлд, Бернар Шоу, Джордж Мур, Джеймс Джойс сияқты жазушылар берген ирланд этносы тек қана ХХ ғасыр басында «ирланд жаңғыруы» атанған мәдени-саяси қозғалыс барысында кейбір ілгерлеулер болмаса, бірнеше ғасырлар бойы ирланд тілінде әдебиет дүниеге келмеген екен. Бұдан әрі Мұрат Әуезов түркі тілдерінің өзінің тәжірибесі барлығын нақты мысалдар арқылы дәлелдейді. Сөз соңында «үш арыстың» Әлішер Науаии, Жүсіп Баласағұн және Тоныкөк сияқты, бері қойғанда үш «кеңесші» арыстың болғаны анық деп, олардың жүріп өткен өмір жолы жан-жақты сараланып, «пәтуасыз» еместігін өте жақсы талдаған. Мұрат Әуезов әкесі – Мұхтарды жылылықпен есіне алады. Әкесінің бала тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отырғанын, Ләйланы тарихқа қарай бейімдеп, кейіннен тарих ғылымдарының докторы атанады, Ернар дала құстарын жақсы көргенін оның студент кезінде жазған «Алакольский сюрприз» деген мақаласында, Алакөлдегі дүние жүзі құстанушылары зерттемеген шағаланың түрін тауып, оған түсінік берген. Дүние жүзінің ғалымдары Ернардың теңдесі жоқ еңбегін бағалап «Доктору Ернару!» деп басталатын хаттар жауып кеткендігін мақтанышпен жазады. Менің Мұрат Әуезов болып қалыптасуыма әкемнің сіңірген еңбегі зор дейді. Алматыда 50-60 жылдары тұратын қазақтардың саны он-ақ пайыз болған. Екі қазақ тіліндегі мектеп: бірі -қыздардікі, екіншісі – ұлдарға арналған екен. Мұратты әкесі №18 қазақ мектебіне алып бараған. Қытай тілін білуіне де әкесі себепкер болғанын жазады. Әкесінің көрегендігін: «Қытай тілінде қазақтың тарихына байланысты көптеген деректер бар, соны үңіліп зерделеу керек» – деген сөзінен-ақ байқауға болады. Мұхтар Әуезов Мәскеудің «Кунцево» ауруханасында жатқанда Мұратқа елге барып келуге кеңес беріп, Кәмен Оразалинге Абай өңірін аралатарсың – деп, хат жазады. Мұрат кейіндер әкесінің туған жері «Бөрліге» барып, аунап-қунап қайтты. Мұраттың сүйікті анасы Фатима Ғабитова – үш алыптың ұрпағын қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай жеткізген. Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар азаматтардың серігі болғанын, қанша қиыншылық көріп өзі де айдауда, қуғын-сүргін көрседе үш арыстың ұрпақтарын не бір қиын уақыттан аман-есен алып қалды. Фатима Ғабитовнаның күнделігінде көптеген оқиғалардың шынайы беті ашылған. Фатима анамыз, көзінің қарашығындай көрген Мұраты жөнінде елжіреп отырып жазған. Барлық балалары туралы, олардың әр қайсысының қасиеті, мінездері жөнінде тамаша баяндаған. Мұрат анасының қазақтың не бір інжу – маржан ауыз әдебиетін жинап, архивке өткізгенін, Біләл, Ілияс қолжазбаларын сақтап, біздің күнімізге аманат қылып жеткізгенін, кітапқа құмар қылып өсіргенін зор мақтанышпен жазады. Анасы «Жас тұлпарға» да демеу болып, Мәскеуге қазақтың жүз мақалдарын машинкеге теріп, оқуға беріп жіберуі Мұрат үшін маңызы тіптен үлкен болды. Қазақтың ұлттық рухани байлығы жас жігіттердің алған беттен қайтпауына жігер берді, қазақ тілінің тұнық суынан сусындап ішкен жастар, қазақ елі үшін жанын аямауға бекінді. Мұрат Әуезов «үш арыс» және басқалары туралы: «Олар бір-бірінің жеке басына ғана емес, отбасыларына да, балаларына да қамқорлық танытуды ұмытпаған» – дейді. Расында да алаш арыстарының өресі өте биік болған. Халықтың ұлт болып қалыптасуына үлес қосты. Бірінің-бірі балаларын жерге тастамай, аса қамқор бола білген-ді. «Әуезов» тақырыбы бойынша Катрин «Әлемнің кіндігі» кімде болса, әлемнің иесі де сол» деген тамаша түсінік берген екен. Қазақ елінің де қасіретке толы «кіндік дәуірі» деген терминмен айқындалатын жарық сәттерден тұратын өз ғұмыры бар екендігі, сол сияқты біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың орта шенінде үлкен кеңістіктерді жаулап алған атты көшпенділердің тарихи аренаға шығуына байланысты «әлем кіндігі» кеңістігі қалыптасты және оның тұтас көлеңкесінде, тарихи ауқымында «пайғамбарлар дәуірі» де пайда болғандығын, ХІХ ғасырдың екінші жартысында құдіретті болған көшпелі ұлы мемлекеттің мұрагері болған қазақ халқы, бұрынғы күш қайратынан айырылған халық ретінде көрінетінін жазды. «Кіндік дәуірдің» рухани өміріндегі құбылыстардың себептерін нақтылай отырып түсіндіру мүмкін емес деп санайтын Ясперстің әдістемелік қондырғыларына қарсы шығу рас еш мүмкін емес – дейді, Ясперстің Вебер гипотезасына байланысты өздерінің пікір алшақтығын байқатады. «Пайғамбарлар дәуірінде» көшпелілердің арасында Зәрдәш пайғамбар болғысы келсе де бола алмайтынын, себебі көшпенділер үшін барлық нәрсенің түсіндірмесі бар, ақиқаттың қарапайымдылығы, олар ақиқатты қалай іздеу керектігін тіпті пайғамбарлардың өзіне оқытып жіберуі мүмкін дейді. «Дініміздегі кейбір ерекшеліктер» – деген мақаласында Мұхтардың әкесі Омархан мен атасы Әуез, Бердіқожа одан әрі Бекет ата, Шопан ата секілді Ахмет Йассауидің әулие шәкірттері, ізбасарлары немесе Бақсайыс қожа, Қорасан ата сияқты қожалардың шежіресін жазып, қожалардың рухани ілімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі тарихи міндеттерін сараламаса Абайды түсіну қиын екендігін, себебі қараханид дәуіріндегі Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұнның шығармаларын Абай өте жақсы білген, демек, қожалардың түсінігі қазақтардың түсінігінен тіптен бөлек еместігін айтады. Арабтар дін тарату мақсатында VІІ ғасырда Орта Азия кеңістігіне жол тартқан. Пайғамбарамыз өмірден озғанан кейін қолбасшылардың түркі даласына дін таратпақ ниетпен бірнеше рет шабуылдап, бірақ қатты тойтарыс алғандықтан, межелі бір кезеңге дейін уақытша тоқтағанын, негізінде, тек мәдениеті тозып жатқан елге ғана күшпен дін тарату мүмкін екенін, ал түркі мәдениеті бұл уақытта материалдық та, рухани жағынан да берік болғандықтан, оларға қарулы күшпен кіру мүмкін емес екендігі де сөз болады. Тәңіршілдік деген – Көк Тәңірі дей отырып, бұл – көзқарастың қалыптасуына «көшпелілік» деген ұғымның жақын болғаны, оған себеп Мәскеуде оқыған жастар жандарына бостандық іздегенде де осы – Тәңіршілдікті балама ретінде алған көрінеді. ХХ ғасырды басы – көшпенділердің трагедиялық соңы дейді. Ия, Кеңестер одағы кезінде дін, тіл, тарих т.б. құндылықтар ауысып кеткен болатын. Әрине, санасы ұлттық идеяны кезген жастарға әсіресе, қиын болды. Мұрат айтпақшы, ұлттық сезім мен танымға пана іздеп жүргенде «көшпенділердің» тарихи болмысы расында да жастарға жақын болды. Тәңір қызыл коммунистің құрсауынан алып шығатындай көрінді. Жастар бостандыққа ұмтылды. Қазақ жастары Алаштың «ауыздықсыз» елді көргісі келгендегідей ойда болды. Тәңір – көшпенді халықтың философиясы. Мұрат Тәңіршілдік туралы пікірін ешбір қоғамға қарама-қарсы қоймағанын айтады. Тіпті Ахмет Йассауидің заманында араб елінен келген сопылар жергілікті дүниетаныммен санаса білген, Махмұт Қашқари ХІ ғасырдағы еңбектерінде «Аллаһ» пен «Тәңір» бір мағынада қолданғанын жазады. Ескі дүниетаным – отқа табыну емес, ол – табиғат философиясы дейді. Адамға жеке жол табу қиынның қиыны, адам мен ақиқат арасында, яғни құдаймен арада ешқандай делдел болмауы керек, Бекет атаның басына барып мешіт салу – өзіміздің әлі кім екенімізді білмегендігіміздің белгісі дейді. Бурханизм, оның ар жағында тұрған Тәңіршілдік – көшпелі халықтың үлкен рухани жетістігі. Өйткені жеріміз үлкен, адам саны аз. Сондықтан да біздер табиғатты әр уақытта көреміз де, сеземіз де. Табиғат өзін еске сала береді. Әсіресе, зардапты қатты шеккен Қазақстанның табиғатымен санасуымыз керек дегенді жазады. Біздің ойымызша, Құранда табиғатты: өзенді, суды, тауды, жеміс ағаштарын, күнді, айды, жерді, тіпті күн көру үшін тұяқты малды да Алла жаратқан, біз оған сенеміз, мұсылмандар үшін Алла ақиқат. «Алланың өзі де рас, Сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас...» (Абай). Мұрат Әуезов: «Дінге мәдениет пен қоса, білім керек. Сонда ғана ол толыққанды сенімге айнала алады» деген екен, біз де ойымызды осы жерге тоқтатқанды жөн көрдік. Ләйла Әуезова «Абай жолының» түпнұсқасын сақтап қалыпты. «Абай жолы» 1999 жылы дүниеге қайта келген. Туындыны орыс тіліне қайта аударған Анатолий Ким екендігін айтады кітабында Мұрат Әуезов. Негізгі эпопеяны тәржімелеуге Антатолий Киммен бірге аударманың жолма-жол тәжірибесін пайдаланып, мамандар Қайсар Жорабеков пен М. Тінімовті қосқан. Кейіннен Герольд Бельгер өзінің ақыл кеңесін айтып, салыстырып, қарап шыққан екен. Әрине, бұл жөнінде қалың оқырман біле бермейді. «Қазақ үшін тәуелсіздіктен қымбат ұғым жоқ» деген сөздің мағынасы да кеңінен ашылған. 1960 жылы құрылған «Есеп», «Жас тұлпар», «Жас қазақ», «Тың тұлпар», «Тайшұбар», «Жас ұлан» атты жастар қозғалыстарының қоғамдық ұйым ретінде атқарған іс-шаралары ел тәуелсіздігінің бір «уығына» айналды дейді. «Жас тұлпар» 1963 жылы құрылды. «Жас тұлпарға» уыздай жастар: Сара Тыныштықұлова, Аманкелді Сембин, Қорлан Рахымбекова, Ерсайын Тәпенов, Жамбыл Баспаев, Жеңіс Қойшыбаева, Мырзағали Шотбаев, Алдар Тұңғышбаева, Марат Сейдалин т.б. өздерінің үлестерін қосқан. «Ұлттық рух бізде күшті болды» – дейді Мұрат Әуезов. Сәбетқазы Ақатаев, Болатхан Тайжан, Мақаш Тәтімов, Мұрат Ғылманов, Болат Қарақұлов, Әсия Мұхамбетова сынды жастұлпаршыларды ерекше жылы сезіммен атап өтеді. «Жас тұлпарға» қатысқандары үшін жастар қуғын көрді. Дінмұхамед Қонаев «Болашағымыз – осылар» деп, алып қалаған. Сайым Балмұханов деген ірі ғалым, академик Германияға барғанда Мұстафа Шоқай бастап Түркістан легионына арнап шығарған басылым – журнал «Милли мәдениет» деген жураналды ұлтарақ қылып, аяқ киімнің астына салып, шекарадан алып өткен. С. Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев туралы мағлұматтарды оқыған. Сәкен мен Ілияс ақталған. Әсіресе, Мағжан өлеңдерімен жастар рухтанған. Осылай Балмұханов көзсіз ерлікке барған. 1986 жылғы оқиғада сағат Әшімбаев екеуі алаңда болып жатқан сұмдықты көзімен көрген, Камалиденовқа Сағат телефон соққан екен. Ол – «Время переговоров истекло!» – деген. Желтоқсан оқиғасына байланысты Сәбетқазы Ақатаев бір тізімді көрсеткен онда желтоқсанда құрбан болғандар, жапа шеккендер тізімі ме екен? Соны халықаралық ақпарат құралдарына қалай жеткіземіз деген мәселені ақылдасқанын айтады. Расында да сол тізім қазір қайда екен? – деген ой бізді де мазалайды. 1986 жылы 20 – 21 күндері Рымғали Нұрғалиев, Тұрсын Жұртбай бар, 5 жазушы, әдебиетші, Мәскеуге КСРО Жазушылар одағының пленумына барған Мұрат Әуезов «желтоқсан оқиғасына қатысты өзінің ойын айтқан» мінекей шындықты осылай шырылдап күллі әлемге паш еткен. Мұрат 1969 жылы «Қазақтың ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында диссертация қорғаған. Алматыға келгенде студенттермен жұмыс істеуге рұқсат жоқ деген. «Көшпенділер эстетикасы» деген жинағы баспадан шықпай жатып пышаққа түскен, туралған. Олжас Сүлейменовтің де «Аз и я» кітабы жарыққа шыққанымен, артынан барлық кітапханалардан жинап алынды. Қонаевтің бір ауыз сөзі Олжастың өмір сүру тағдырын шешті. Мұраттың «Аз и я» кітабы туралы жазылған мақаласы «Простор» верскасынан алып тасталды, Төлеген Тоқбергенов қазақшаға аударған нұсқасын қазақ басылымдары басуға жүрегі дауламады. Олжас Сүлейменов мақала туралы: «Аз и я» туралы естеліктер көп жазылды. Бірақ Мұраттікі ең жақсы талдау мақала еді» – деген екен. Мұхтар Әуезов көптеген шет елдерді аралағаны белгілі. Мұратта әке ізімен Иран, Сауд Арабиясы, Ресей, Қытай, Жапон, Үндістан т.б. елдеріне барып қайтты. Мекке, Мәдинаға барып, екі рет кіші қажылық (умра) зияратын жасаған. Мұрат Әуезов: «Бүгін мешітке баруға әзірленіп, шомылғанымда, бәрін мейілінше мұқият жасадым, мен арқылы, менің осында келуге мүмкіндігі болмаған ата-аналарымның ұрпақтары арқылы қаншама бабаларым осы әрекетке қатысты-ау деп ішімнен ойлап жүрдім» – деп жазады. Мұхтар Әуезовтің «Индия очеріктерінде» екі халықтың туысқандық байланысы сөз болады. Осы екі мемлекеттің рухани жақындығын Мұрат та іс жүзіне асырып жүргенін мақтанышпен айтады. Үнді тақырыбына Тахауи Ахтанов, ақын Әбубәкір Нілбаев та өздерінің туындыларын арнаған. Біз де Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері болған жерлесіміз Аманжол Шәмкеновті мақтаныш тұтамыз. Жопония барып баяндама жасаған Мұрат әкесінің 1918 жылы «Жопонияны» ал, 1957 жылы «Жапон күнделігін» жазғанын есіне алып, «М. Әуезовтің Жопонияда сөйлеген сөздері – шындап келгенде, оның Семей полигонына қарсы айтқан лағынеті. Қарғысы» – дейді. Мұрат Әуезовтің «Ділім» кітабы туралы алған әсерімізді ұзақты күнге айта беруге, жаза беруге болар еді. Дегенмен, әр нәрсенің басы мен аяғы болады. Кітаптың соңында Мұрат Әуезов «Латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиін» қолдайтынын, ақпарат алудың кең мүмкіндігі туатынын жазыпты. Жалпы, кітап танымы мен талғамы бар, өресі биік зиялы қауымдарға, оқырмандарға, студенттерге арналған. Кітапта дүниежүзінің мәденитеті мен қазақ елінің құндылықтары кеңінен сөз болады. Мұрат Әуезовтің білім көкжиегінің кеңдігіне, ойның жүйіріктігіне таңғаласың. Ақпараттар мен деректерді нақты айтып, жазғанына ішің жылыйды, не нәрсені жазса да індетіп зерттегеніне жаның сүйсінеді. «Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы» – деген осы.

Алаш лингвистерінің мүддесі
(Түбінде баланы әмрикеше оқытатын боламыз... Съез материалынан).

Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі 1924 жылы 12-18 күндері Орынбор қаласында өткенін білеміз. Сійездің қарауына 6 мәселе ұсынылды. Үшінші мәселе «Қазақша пән сөздер». «Қазақша пән сөздер» тақырыбына Елдес Омарұлы баяндама жасады. «Пән сөз» – деп, қазіргі кітаптарда, журнал, газет, пән (қазақ тілі, алгебра, физика т.б.) қолданыстағы ғылыми терминдерді, «жат сөз» – деп, кірме сөздерді (шет тілдерінен енген сөздер) атағаны көрінеді. Әрине, қаралып отырған пән сөздерін қазіргі пәндердің пән сөздерімен салыстыруға келмейді. Тіпті, ол уақытта қолданыста жоқ, қазіргі «диссертация», «монография», «оқу құралы», «әдістемлік» т.б. ғылым сөзі (ғылыми терминдер) қалыптасты. Шерубай Құрманбайұлы: «Термин» атауының өзі әр кезеңде ұлт тілінің түрліше аударылып, оның бірнеше балама нұсқасы ұсынылды. О баста қазақ терминологиясы дамуының Байтұрсынұлы кезеңінде «пән сөз» деп аталды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көрген алаш оқығандарының еңбектерінде, сол жылдардың мерзімді басылымдарында осы термин жиі қолданыла бастаған еді. ... Білім ордасы бекіткен терминдер сөздігі 1927 жылы Н. Қаратышқанұлының құрастыруымен «Пән сөздері» деген атпен жарық көрді» – дейді [1, 11-б.]; [2]. Ахмет Байтұрсынұлы, Қалел Досмұқаметұлы, Міржақып Дулатұлы т.б. еңбектерінде пән сөздердің жасалуының негізгі принциптерін олардың заңдылықтарын, сингармонизм заңына сүйеніп жасау керектігін баса айтып, жазып кетті. «Сөзжасам жұрнақтары» ол уақытта бұл – пән термині қалыптаспаған, тұрлаулы, тұрлаусыз сөз тудыратын жұрнақтар деп аталды. Елдес Омарұлы баяндамасында пән сөздерді қазақ тіліне алғанда түбірге (тұқылға-Е.О.) жұрнақтарды жалғағанда тұрлаулы және тұрлаусыз деп, дыбыс жүйесі жағынан екі түрге: түбірмен үндесіп, үндестік заңына бағынбайтын жұрнақтар деп бөледі. Нақты мысалдар келтіреді. Қазақша түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз шығарғанда – тұрлаулы жұрнақтарды пайдаланған жөн дейді. Үндестік заңына бағынбайтын жұрнақтар қазақ тіліне сіңіп кеткен жат жұрнақтар; олармен мәнілес түбірмен үндесіп жалғанатын қазақтың өз жұрнағы бар. Жаңа сөзді, түбірге жат жұрнақ жалғап шығарғаннан өз жұрнағымызбен шығарған артық. Пән сөзді өзі тілімізден таба алмаған күнде, иаурыпа қолданған латынша пән сөздерін алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, – оны тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек. Өйткені, жат сөздің асыл түрін бұзбай алсақ: Ондай сөзге қазақтың тілі келмейтұғын болады; Жаңа қазақ тілінің заңына келмеген сөзді, оған қазақша жұрнақ, жалғаулар жалғап өзгеруге де болмайды. Ондай сөз қазақ тіліне қазақтың өз сөзіндей болып сіңісе де алмайды, – бір түрлі ерсі сөз болып қалады деп жазды [3, 96-97-б.]. Сөйтіп, барып Елдес Омарұлы жат сөздің қазақтың өз сөзі сияқты сіңіп кетуінің 9 түрлі принциптерін көрсетті. Қысқаша айтып өттетін болсақ: 1. Қазақ тіліне кіргізген жат сөздердің бәрін де сол заңға келтіріп алу керек, – сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрін де бірыңғай жіңішкертіп, я бәрін де жуандатып алу керек; 2. Бас буыннан басқа буындарында жұмсақ «ә»-сі бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, «ә»-ні өзгертіп я «е», я жуан «а» алу керек («адабыиат» - «әдебиет»). «Кәміилә» барыс септігі жалғанғанда «Кәміиләге» емес, «Кәміилаға» болады; 3. Бас буыннан басқа буындарда «о», «ұ»-сы бар жат сөздерді кіргізгенде «о», «ұ» – ларды басқа бір дауысты дыбыстарға айналдырып алу керек (покров-боқырау); 4. Я болмаса сөз аяғындағы «ғ», «г», «д» – ларды мүлде жоғалтып жіберу керек (Оренбург-Орынбор); 5. Үздіксіздік заңына келмейтін жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, өзгертіп үздіксіз қылып алу керек (мәсле-мәселе, мұмін – момын); 6. Екпіні соңғы буыннан басқа буындарында болған жат сөздерді қазақшаландыруында тілін соңғы буынға келтіріп алу керек (Смара – Смар, Пуховыий-Бокебай); 7. Қазақша сөзде бір дыбыс қосарланып келмейді. Сондықтан дыбысы қосарланған жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде қатарынан екі қайтара айтылатын дыбыстың біреуін я мүлде жоғалтып жіберу керек, я болмаса орнына басқа бір дыбыс кіргізіп алу керек; 8. Тілінде жат дыбыстары бар жат сөздерді пән сөз қылып алғанда, оның жат дыбыстарын шығарып тастап орнына қазақша дыбыс кіргізіп алу керек; 9. Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде алынып, қазақ тілінің заңдарынша өзгеретін болу керек. Жат сөздерді жат жұрағымен алуға болмайтынын, жұрнағымен кірген сөз болса, оның сол жұрнақты түрін түбірге балап алу керектігін айтқан. Жарыс сөзде Нәзір Төреқұлұлы пән сөздерін қазақ тіліне алғанды теріс көрмейді. Пән сөздерді қазақ тілінен алу үшін, – оның осы «сөз жүйесі» сықылды мағына жағынан да қолайсыз, айтқанда құлаққа ерсі естіліп тұратын сөздерді пән сөз қылып алудың жөні жоқ: Қазақ тілінен лайық сөз табылмайтын болғанда, пән сөзді асыл түбірінен алу керек. Жана: Барлық қалықтардың бәріне ортақ, «Ыинтернатсионал», «домокыратиа» сықылды пән сөздерді өзгертпей, жалпы иаурыпаның айтып отырған түрінде алу керек. «Абтомобил», «телеграп» сықылды текінике сөздерін де сол жалпы иаурыпаның қолданған түрінде алу керек. Ондай сөздерді қазақшаға аударып иаурыпадан алыстатудың пайдасы болмайды. Нәзір сөзінің соңында ұмытылып кеткен ескі сөздерге қызығудың, қазақтың өз тілінде жоқ басқа түріктердің сөзіне де қызығудың қажеттігі жоқтығын, қазақтың ескі сөзінен, түріктердің қазаққа түсініксіз сөзінен иаурыпаның сөзін алған артық дейді [3, 101-б.]. Әрине, бұл – арада қазақтың ескіліктерін (лексикасын), түркі тілдес халықтардың сөздерін алмау керек дегендік емес, ескі пән сөздері ретінде, пән сөзге қатысты кейбір көне сөздерді алмайық деп айтып отырғанын аңғару қиын емес. Нәзір Төреқұлов заманның ағысына, ыңғайына байланысты айтқанын аңғарамыз. Ескі сөз дегенде, Сұлтанмахмұттың да заманның ығына қарай күйінгеннен «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайында» – айтқаны, осындайда еске түседі екен. Қайта бұрынғыларымыз «хикаят» болса да тілі қазақша, рухы қазақ рухына қарай бейім келгендіктен өзін сүйіндіруші еді – тілдің бұзылғанына, қайда қазақ тілі? Құр «қатын ойбай» – деп жаны күйінді [4, 202-б.]. Манан Тұрғанбайұлы баяндаманың толық еместігіне көңіл бөлді. Ол Елдостан пән сөздерін қайдан аламыз, не түрлі етіп аламыз, жат сөздерді алғанда кімнен аламыз, тіл іздегенде кімнен іздейміз, жат сөзді алғанда қалайша етіп аламыз? – деген сұрақтарға жауап күтіп едік. Елдостың айтқаны бұрыннан баспасөзде жазылып жүрген, Түркістанда дау болған мәселелер. Баяндама толық емес, қайта толықтырып жасауын сұрау керек деп, мынандай жоба ұсынған. Пән сөзін әуелі қазақтың өз тілінен іздеу керек. Одан табылмаған күнде басқа түрік қауымға кіріп кеткен сөздерден іздеу керек. Қазақтың өз тілінен да басқа түріктерден де табылмаған сөзді ғылымның шыққан елінен алуымыз керек – дейді [3, 101-102-б.]. Қалел Досмағамбетұлы өзінің сөзінде: Елдос жат сөздерді асылын өзгертпей алу керек дегені қате. Біз тілімізге жат сөз кіргізгенде, оның түбірін ғана кіргізуіміз керек, жаңа түбірі қазақ тілінің заңдылығына келтіріп, өзгертіп алуымыз қажет дейді. Жат тілдің жұрнақтарын алмай, жат тілінің түбіріне, қазақ тілінің жұрнақтарын жалғап сөз жасау керектігін айтады. Әр пәннің мамандарынан сайланған кемесіиелер болу керек деген ұсыныс енгізеді. Қалел Досмағамбетұлы өзі де «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» – туралы жазған болатын. Бұған сәл кейінірек тоқталамыз. Ишанғали Арабайұлы Пән сөзін қазақ тілінен, онан табылмаса жалпы түрік тілінен алуды қолдайды. Қазақ тілінде «лұғат» кітабын, біздің ұғымда «сөздік» шығару керектігін айтты. Соңынан Манан Тұрғанбайұлы баяндама толық емес, жаңадан баяндама жасасын десе, Ишанғали баяндама толық жасалды, Манан қанағаттанбаса оны Елдос қорытынды сөзінде айтуы мүмкін дейді. Қорытынды сөзінде Елдос Омарұлы Мананның сұрақтарына жауап беріп, қазақ тіліне жаңа сөздер кіргізгенде, ең әуелі ол жаңа сөздің қазаққа жат болмау, бұқараның тіліне ауыр болмау, құлағына ерсі болмау жағынан қарастыру керек. Түрік халықтарының бәріне ортақ жалпы түрік сөзі болмаса, түрік халқының кез келген біреуінде ғана бар сөзді алудың қисыны жоқ. Барлық халықтарға ортақ сөзді «жат сөзді» алған дұрыс, бірақ та қазақ тілінің заңдылығына келтіріп, қазақтың өз сөздеріне ұқсатып алу керектігіне тоқталды. Сіиез мынандай қаулы қабылдады: 1. Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен алынсын. Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде алынып, қазақ тілінің заңдарынша өзгеретін болу керек. Жат сөздерді жат жұрнағымен алуға болмайтынын, жұрнағымен кірген сөз болса, оның сол жұрнақты түрін түбірге балап алу керектігін айтқан. Негізінен жоғарыда айтылған соңғы 9-шы ұсыныс түгелімен қабылданды. 2. Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер, басқа түрік халықтарынан ізделсін, жалпы түрік сөзі жат тілдің әсерінен аман болса, ондай сөздерді жатырқамай алу керектігін; 3. Еуропа халықтарына сіңіп кеткен жалпы ортақ пән сөздер, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп пән сөз ретінде алынып, жат сөзге мағынасы дәл келетін қазақтың сөзімен, еуропа тілінен енген сөз екеуі қатар қолданылып, қай қолайлысы алынуы керек; 4. Қазақтың тілінен басқа тілден енген пән сөздер қазақ тілінің заңдылығына байланысты алынуы керек деп, өзі талқылаған заңдылықтарға сүйенеді; 5. Қазақ тіліне қабылдаған пән сөздерді әр пән мамандары тексеріп, әр пәннің өзі дербес комиссияда қаралуы керек; 6. Қазақша сөздер әлібби ретімен тізіліп, лұғат кітабы етіп шығару керек деген. Қаулыға қосымша Әлихан Бөкейханұлының қағаз бетіне кісінің аты-жөнін жазғанда, орысшаға еліктеп, әкесінің атына «оп» деп қосып жазу қалсын – деген ұсынысын қабылдап, кісінің аты-жөнін жазғанда, оның өз аты ғана жазылып, үкімет орындарының қағазында, кісінің өз атын аттас кісілердің атымен шатастырып алмау үшін, әуелі әкесінің аты жазылып, оған «ұлы» деген сөз қосылып, сонан соң өз аты жазылатын болсын – делінген. Күндізгі мәжіліс осымен жабылады [3, 105-106-б.]. Қалел Досмағамбетұлы сөз жасайтын жұрнақтың екі түрін: шын жұрнақ, шала жұрнақ деп бөліп, Шын жұрнақты сөзге қосып жазу керек, ал шала жұрнақты түбір сөзге жалғаспай сызықшамен жазу керектігін айтады. Қалел Ауропа сөздері соңғы заманда әдебиет тілімізге жапа-тармағай кіріп жатыр. Сондықтан бұлар туралы да біраз ғана сөз айтпақшымыз. ... Сондықтан Ауропа сөздерін орыстың айтуынша қолданып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Ауропа сөздерін ала алсақ, біздің білуімізше мынандай жолмен алу керек. Қысқартып беретін боламыз. 1) Ауропа сөздерін алғанда, сөзді қазақ-қырғыз тілінің заңымен өзгертіп, сіңуге қолайлап алу керек. Ауропа тілінен бізге әсері көп тиетін тіл орыс тілі, орыс сөздері ықтиярсыз қолдануға керек болатын дәуірде тұрмыз. Сондықтан орыс сөздерін қолданғанда өте сақтық керек; 2) Күнбатыс Ауропа сөздерін алғанда түбін тексеріп, шамадан келгенше сөзді түпкі иесінің сөйлеуіне жақындатып алу керек т.б. 3) Роман, герман сөздері жалпы айтқанда жуан айтудан гөрі жіңішке айтуды сүйеді. «Л» деген дыбыс бүтілдері де өнемейін жіңішке айтылады. Сондықтан ішінде «л» дыбысы бар Ауроап сөздерін жіңішкертіп айтқан сөздің түбіне жақын, қолайлырақ болады т.б. 4) Франсоз тілінде сөздің басуы (ударение) соңғы буынның ішіндегі дауысты дыбыстарда болады. Қазақ-қырғыз тілінде де осындай қасиет бар. Сондықтан Ауропа сөздерін өзгерткенде франсоз тілін үлгіге алсақ көп жеңілдік көреміз. Мәселен, латынша механійкус деген сөз орысша механический, фрасозша механик болады. Бұл сөзді қазақша механік деп алуға болады; 5) «Ауропа сөзін алғанда түбірін сингармонизмге көндіріп алған соң, жалғаулардың да бәрін сингармонизм заңымен жалғау керек. Алған түбірден туынды сөздерді өз тіліміздің заңымен тудыру керек», – дейді [5, 94-96-б.]. 1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезінің «Жат сөз қазақтың өз сөзіне ұсап қазақ тіліне сіңіп кететұн болуы үшін, – оны қазақ тілінің мынандай заңдарына келтіріп алу керек» – деген 9 принциптерінің 4-уін А. Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде өткен Бірінші Түрікшілер құрылтайында жасаған баяндамасында орысша жалпы келтіріп, атап өткен. Және терминология саласындағы толғандырып жүрген мәселелер туралы кеңінен шолу жасаған. Термин алуда әсер ететін факторлардың бірі – елдердің рухани мәдениеті, қарым-қатынасы екендігін сөз етеді [6, 417-425-б.]. 1924 жылғы съезде Міржақып Дулатұлы сөз сөйледі. Онда ол – «Қазақ жұрты өнерлі, мәдениетті болуына біз қарсы емеспіз. Жаңалыққа да, өзгеріске де қарсы емеспіз. Бірақ өзгерістің де өзгерісі бар. Күндердің күнінде латын әрпін қоладнатын болармыз. Латын түгіл, жұрт біткеннің бәрі шапшаң жазуға (стенография) түсуіне де сенемін» – деген еді [7, 323-б.]. Еліміз Латын әлібиіне негізделген «Қазақ әліпбиіне» ауысқалы жатқанда Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде баяндама жасаған Нәзір Төреқұлұлының баяндамасы бүгінгі күні де өзінің өзектілігін, маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Нәзір Төреқұлұлы Жаңа нәрсені халық жатырқайды екен деп тоқталудың да жөні жоқ. От арба мен от кеменің шығуына да қара халық бір кезде қарсы болған, бірақ осы кезде соларға өздері мініп жүр, осы кезде Ташкент пен Орынбор арасында отарбаға мінбей түйеге мініп келіп жүрген адам жоқ. Мәдениеттің жаңалығы, бет алысы халықтың пікіріне қарап жолынан тоқталмайды. Бұрын жұдырықтасып төбелесетүн жұрт қазір аспанда ұшып жүріп кимиенің ғазымен соғысатұн болды. Мен: латын жазуы күні бүгін алынбағанда да немістерше қабылдауымыз керек деймін. Немістер латын әрпін өз әліпбиіне бірте-бірте кіргізген, тым болмаса, біз де соны істелік сөйтіп бара-бара біраз жылдардан кейін латын әліпбиін қолданып кететін боларлық, бұл қиын емес. ... Латын жазуы бізге әрі жеңіл, әрі арзанға түседі; оңай нәрседен пайдалы нәрседен, арзанға түсетін нәрседен қашпау керек, мәдениет жолында бір адым да болса ілгері басатын жаққа ұмтылу керек – дейді [3, 82-85-б.]. Жарыс сөзде сөйлеген Міржақып латын мәселесін көтеру әлі ерте екенін, түрік әріптерін жеңілдетіп қолдана берейік десе, Елдес қазіргі түрік әліпбиін қолдана беруге, Қазанғапұлы Қанаш латын әріпін жақтайды, Қалел латын әліпбиіне қарсы бола тұра латын әліпбиінің жобасын жасағандығын айтады. Манан Тұрғанбайұлы әзірбайжандар латын әрпін жүзеге асыра алмай қайтадан түрік әліпбиіне түсіп отырғанын, Ишанғали Арабайұлы мен Ерғали Алданғарұлы да латын мәселесін қолдаған. Съезде тіл білімінің реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиі (түркі әліпбиі) деп алып отыр. Баяндамасында «Түрік әліббиінің түбі арабтан шықанымен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны араб әліббиі демей түрік әліббиі деймін» – деген. Қазақ-қырғыз білімпаздарының съезінде Ахмет Байтұрсынұлының жобасы қабылданды. Ал латын әліббиін алу деген сөзді орынсыз деп таныды. Съезд басталғанда Әлихан Бөкейханов жазу ережелерінің жалпы жобасы жайында таныстыруға Николай Иванович Бутковскиге берген болатын, ол орыс тілі жайында айтып өтіп, сөз арасында латын әліббиін алу керектігіне баса назар аударды. Жалпы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әлібиінің күні-бүгінге дейін қолданылып жүрген ережесін жасады. Дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп бөліп, араб әліббиіне лайықтап, зерттеп шықты. Қай әріпті алу керек, қай әріпті алмау керектігін де айтып кеткен. Қазақ тілінің заңдылығын араб әліббиіне заңдастырып, үйлестіріп әріп тауып, жоқ әріптерді дәйекше, ноқаттар арқылы жасады, емілесін қайыра жаңадан жасап шықты. Сондықтан да біз латын әліббиіне көшсек те қазақтың тілдік дыбыстық жүйесін, үндестік заңын А. Байтұрсынұлы жазып кеткендей бұзбай сақталуы керек деп ойлаймыз. «Латын әліббиінің» үлгісін қабылдаған да Ахмет Байтұрсынұлының тәжірибесін ескеру қажет, және де латын әріптеріне негізделген қазақ тіліндегі оқулықтар жазғанда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін оқып, пайдалану қажет. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз айында Баку қаласында Бүкілодақтық түркітанушылардың бірінші съезі өтті. Съезге Қалмақтар, қиыр күн шығыстағы Жақыт, анатол Түрік елінен, Неміс, Мажар профессорлары қатысып сөз сөйледі. Құрылтай қарауына 14 мәселе ұсынылды. 8-9 баяндама жасалды. Құрылтайдың негізгі көздегені латын әліббиіне негізделген латын әрпіне көшу мәселесі болды. Съезге атақты түркологтар Бартольд, Самойлович, Малов, Щерба т.б. қатысып кейбірі баяндама жасады. Түрік мәдениетінен баяндама жасап, сөз сөйлегендер Ольденбург, Крымский, Меньсел, Майсереш, Баруздин, Убайдуллин Әзиз, Шобан-зада, Кинко, Ибрайымұлы Әлжан, Аға-зада т.б. Түрік әліббиі туралы баяндаманы Мамед-заде, Шарапұлы Әлімжан, Алпарұлы, Төреқұлұлы, Бердіұлы, Омарұлы, пән сөздерінің жүйесі туралы Шобан-заде, Зиенат, Түрік тілі пән сөздері туралы Зайналы, Одабаш, Байтұрсынұлы жасады. Латын қарпын қолдаушы 7 баяндаманың екеуін ілім пәтуасы түрінде екі профессор жасады. Яковлев деген профессор латын қарпын не үшін қолдайтынын айтты. Арабпен латын қарпын салыстырып сөйлеген Шарапұлы Әлімжан болды. Латынға қарсы баяндама біреу-ақ болды. Тоқ етері латын әліббиінің артықшылығына құрылтайдың көзі жетті [8, 411-416-б.]. Бұл – съезд латын қарпына көшудің бастамасы іспетті болды. Қазақ өкіметінің «Қазақ жаңа емлесі туралы декреті» (латын) тек 1929 жылы ғана жарияланды. Қорыта келгенде. Қазақ, ағылшын, орыс тілді және компьютер тілін білетін лингвист мамандарды тартып, жобасын ұсынған мықты тілшілерге баяндама жасату қажет. Олардың жасаған баяндамасы қазақ тілі заңдылығанан қаншалықты алшақ кетпеді, біздің көзімізді жеткізуі керек. Бұл арада әрине, латын әріптерін алғанда, компьютердің ішкі мүмкіншілігін ескеру керек сияқты. Қазақстан республикасы білімпаздарының съезін өткізіп, «латын әліббиінің» қазақша нұсқасының қай нұсқасы тиімді екендігін баяндамашылар тілдік заңдылығын Ахмет Байтұрсынша, Нәзір Төреғұлша т.б. алашшыл зиялылардың талдауындай талдап, дыбыс ерекшеліктерін, жүйесін зерттеп, сингармонизм заңдылығына сүйеніп, дыбысқа әріп таңдағанда қазақ тілінің барлық заңдылықтарын ескеріп, нақты мысалдармен дәлелдеп шығулары керек. Қысқасы қазақтың дыбыстарын қабылданатын латын әліббиінің үлгісіне, қалпына салып тексеру қажет. Одан кейін отандық лингвистерден, түркологтардан құралған комиссия жасалған баяндамаларды қабылдап, тілдік тұрғыда сипаттама жасап, қайыра бір зерттеп, қазақ дыбыстарына таңдап алған латын әріптері дәл келе ме? келмей ме? – тағы да бір тілдік талдау жасап әріптерді қабылдаудың тілдік негіздемесін жасап, қаулы қабылдап, одан кейін барып нақты бір жобаны Елбасының бекітуіне ұсыну керек сияқты. Жалпы, Екі әліббиді «араб» және «латын» талдаған қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезінің үлгісі, жобасын негізге алған да артық етпейді деп ойлаймыз.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙