Шығыс шайырларының соңы – Шәді ақын
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жарылқасын Боранбаев
Жарылқасын БОРАНбаЕВ шығыс шАйырларының соңы – Шәді ақын Ø Тарихи-танымдық басылым Алматы “Бiлiм” 2014 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 Қаз Б 76 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Пікір жазғандар: Б.Сманов – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Л.Омарова – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Боранбаев Ж. Б 76 Шығыс шайырларының соңы – Шәді ақын: Тарихитанымдық басылым / Жарылқасын Боранбаев. – Алматы, «Бiлiм» баспасы, 2014. – 272 бет. ISBN 978-9965-09-817-8 Бұл кітапта Тәуелсіздік алғанға дейін терең зерттеуге қатаң тыйым салынып, қағажау көріп келген Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады. Сұлтан Шәді Жәңгірұлы – шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағыттағы дәстүрлі тақырыптарды жырлаған Орта Азияға есімі мәшһүр ғұлама шайыр. Келесі жылы ақынның туғанына 160 жыл толғалы отыр. Автор шәдітанушылардың бүгінге дейін шашырап келген зерттеулері мен пікірлерін қамти отырып, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты кейбір дүдамал деректерге өзіндік көз-қарасы мен ой топшылауларын білдіреді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 Қаз ISBN 978-9965-09-817-8 © Боранбаев Ж., 2014 © “Білім” баспасы”, 2014
СӨЗ БАСЫ «Әуелгі сөз «бисмиллә», Бисмилләсіз іс қылма! (Халық өлеңі) Біз, қазақ халқы, Тәуелсіздік таңы атқалы бері барымыз бен жоғымызды түгендей бастадық. Оның ішінде руханиятқа қатысты дүниеліктерді жинастыру оңайға соқпай тұр. Өтпелі кезеңде өмір сүрген ұрпақ әріден келе жатқан қоламтаға көмген шоқтай көмескі жәдігерлерді өшірмеуге тырысып, қайта аршып, үрлеп тұтатып, халық қажетіне жаратуға тырысуда. Біздің кейбір істеп жатқан тірліктеріміз осыған ұқсайды. Қорқыттың қара қобызын, Ықылас, Құрманғазының күй лерін, Дина, Тәттімбеттің мұрасын Тоқа бастаған талантты топ, Сүгірдің сырлы сазын Төлеген сақтап бүгінгі күнге жеткізбегенде, біздің домбыра-дәуреніміз де жартыкеш күйде қалар да ма еді, кім білсін? Бұл ретте Абайдың өлеңдерін жарыққа алып шыққан Алаш ардақтыларын еске алмауға болмайды. Ақжан Машанилар білек сыбана кіріспегенде, Әл Фараби бабамыздың қалдырған дүниелері, жатқан жері бізге белгісіз күйде араб әлемінде немесе өзбек ғалымы атанып, біржола қалып қойған болар еді. Сол сияқты біз сөз еткелі отырған тақырыпты бір ғасыр бойына ұмыттырмай, бүгінгі күнге дейін халық жадында жаңғыртып, Шәдінің иманигүл нәзира жыр-жауһарларының шырақшысы болып, қазіргі Тә уелсіздік таңына аман-есен жеткізген шәдітанушылардың да ересен, әрі жанқиярлық азаматтықтарына, олардың бойындағы бастарын бәйгеге тіккен өршіл ұлттық рух пен ұлтжандылық қасиеттерге тәнті қалмауға болмайды. Өйткені, кешегі кеңес тік заманда Шәді мұрағаты түгілі, атын атауға да қатал тыйым салынғаны тұтас арыстарымыз атаусыз келегені қазақ жұрт шылығына мәлім жағдай. Бүгінгі таңда бүкіл Орта Азияны жырымен сусындатқан,
Жарылқасын Боранбаев қазіргі кезде іздері көмескіленген, шалымы бөлек шағатай тілімен қоса, парсы, араб, өзбек, түркі, болса да, қазақ тілінде бұлбұлдай сайраған – Шәді Жәңгірұлының да халқымен толық қауышатын мезгілі де келіп жетті. Арғы түп-тегі Шыңғыс ханға барып тірелетін хан Абылайдың, Кенесарының тікелей ұрпағы сұлтан Шәді Жәңгірұлы көзі тірісінде төңкеріс жылдарына дейін-ақ он сегіз жыр кітабын шығарып үлгерген аса ірі ақын болған. Қазақ халқы ұлы жаратылысқа жатады. Осы бір қасиетін танытатын, тапжылтпай дәлелдей алатын, күмәнданушыларға бұлтартпайтын құнды деректер болуы ләзім. Орта ғасырда өмір сүріп, «Шығыстың жарық жеті жұлдызы» атанған алыптарды ХІХ-ХХ ғасырда қайтадан тірілткен, «Орта Азияның ойшылы, кемеңгері» атанған мұндай ақын түркі жұртында мыңдаған жылдар бойына болған емес. Ақынның негізгі ойлары жыр жауһарларына телінген, олар сол кезгі ең шұрайлы деп саналған шағатай тілінде жа зылғандықтан бізге түсініксіз тұстары да жетерлік екенін оқырман қауымға алдын-ала ескерткіміз келеді.
ДҮНИЕ ТӨРІ – ТУҒАН ЖЕР Адам баласының тал бесіктен жер бесікке дейінгі соқтық палы-соқпақсыз ғұмыр жолында небір ұлы таланттардың тұғырлы тұлға болып қалыптасуына көптеген факторлар әсер ететіні даусыз. Атап айтқанда, туған жер, ата тек, қоршаған орта, білім-білік, оқыған-тоқыған өмір сабақтары мен көргентүйген тәлім-тәрбие әсерінің ықпалы зор болатындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Сол себепті де «Шығыстың шайыры» атанған Шәді ақынның туып өскен қасиетті мекені – Созақ туралы толығырақ тоқталғанды жөн көрдік. Ежелгі қазақ даласының қақ ортасында қарт Қаратаудың теріскейіне орналасқан тылсым сырлы Созақ деген жер бар. Барлық дәлелденген ғылыми деректерде, Созақ жерін жалпы адамзат баласы тіршілік жаралғалы бері қарай жайлап келе жатыр делінеді. К.М. Байпақов жазған «Ежелгі Қазақстан тарихы» (Ежелгі заманнан біздің заманымыздың V ғасырына дейін) де аталатын мектеп оқулығында былай делінеді: «Біздің заманымыздың 140-40 мың жыл бұрын ежелгі адамдар Оңтүстіктің Қаратау жотасынан Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастаған». Қола дәуіріндегі петроглифтерде екі аяқты арбаны бейнелеу кең тараған. Қаратаудағы жартасқа салынған суреттердің ішінде 49 арбаның суреті бар. Бұл аса құнды жәдігер Шолаққорған селосынан 12 ша қырым жерде «Арпа өзен» деген жерде ғылыми тілде ол «Арпаузен тас суреттері» деп аталады. Ол жерден қазақ дала сындағы саны жағынан ең көп – үш жарым мың петроглиф табылғаны баршамызға мәлім. Созақ қаласының өте көне қала екендігін әлі күнге дейін «Тарса төбе» деген биік төбенің сақталғандығын байқауға болады. «Тарса» атауы парсы тілінде «Тарсақ», яғни «отқа табынушы» деген мағынаны береді. Ал енді Созақ шаһары дүниеге келмей тұрып, оның үйелменді орталықтары – Хенда-хордың
Жарылқасын Боранбаев (Хандегар) – Ақсүмбенің, қазіргі Ақбикеш мұнарасының бірге бой көтергені анық жайт. Қарт Қаратаудың теріскей бетіне бір қиырда жатқан кішігірім елді мекен – Ақсүмбе кезінде әлемге аты шыққан қала болыпты. Басынан бақ тайған, тек қана шошайған мұнара қалған, оның мән-жайын ел-жұрт өзінше топшылап, біресе Ақсүмбе, біресе Ақбикеш мұнарасы атандырған осынау қасиетті өлкенің тарихы тым терең. 1254 жылы Кіші Арменияның патшасы Гетум-І сонау Қарақорымда тұрып өмір сүріп, билік құрған Мөңкеге барып, дәрегейіне бас ұру үшін Созақ даласынан өтеді. Ұлы Жібек жолының солтүстік беткейіндегі сорабын таңдап алған. Бүгінгі таңда қаланың орны сақталған. Онда қазба жұмы сын жүргізген ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан табылған кера мика қалдықтарын ежелгі түркі тайпаларының ең ірісі, әрі ежелгісі кангюй (қаңлылардың) керамикасына ұқсастығын айтып, жазып кеткен. Хендахор қаласы бірте-бірте моңғол шапқыншылығынан кейін ежелгі аты-нан айырыла бастайды. Олар өздері осында келгенше асқақтай қарап тұрған мұнараға «Ақ сағым» деген ат береді. Моңғолшасы «Ақ Сүмэ». Бұл атау қазақтарға «кет, әрі» емес болатын. Қазақтар найзаның ұшын «сүмбе» деп атаған. Атақты шығыстанушы В.В. Бартольд осы Ақсүмбеге арнайы соғып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оның жазған шығармаларының 3-томында (Мәскеу, Ғылым баспасы, 1965 жыл) «Мұнараның бұлай аталуы бұдда дін-мәдениетіне байла ныстылығынан» деп атап көрсетеді (аталмыш кітаптың 226беті). «Зафарнамада» Темірдің Ақсүмбеде шатыр тігіп, түнеп шыққаны айтылады. Созақ елінің тағы бір тарих сахнасына шығу кезеңі – біздің заманымыздың 750-850 жылдардың аралығында, яғни мұсылмандық әлемінің қарт Қаратау теріскейіне аяқ басу кезеңі. Бұл кезеңнің соншалық есте қалуы – Созақ елі осы тұста көшпелі өмір мен отырықшы өмірдің шекара-шегінде тұрған бірден-бір өлке еді. Сол кезеңде Қарғалық – Баладж дейтін қамал-қала бар болатын. Мұсылман әлеміне аты мәщһүр Мұхаммед-Ханафиядан тарайтын Ысқақ баб осы қалаға табан тірейді. Ол сақ көсемдерінің бірі – Құмар бабамен байла-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны нысып, оның ұлы Бабай Түкті Шашты Әзізді қасына алады. Оның шын аты – Ықылас болады. («Қобыланды батыр» жырын қараңыз) Ысқақ баб – қазақ жерінде есімін қалаға берген алғаш ерен тұлға. Ысқақ Баб – Баба Ата қазақ даласына мұсылман дінін алғаш таратушы адам. Баба жолын XII ғасырда Қожа Ахмет Яссауи жалғастырады. Баладж қаласы – Баба Ата қаласы болып өзгертілді. Одан кейінгісі – Тараз қаласының Әулие Ата атануы. Бұл Баба Атадан кейін XIII ғасырда болды. Баба Түкті Шашты Әзіз әулие – Бүкіл халық ауыз әдебие тінде кездесетін танымал түркілік әулие. Шәді дүниеге келген Құмкент шәрінде жатыр. Қарабура әулие – Түркістанда жатқан Қожа Ахмет Ясса уидің қалдырған өз өсиетімен жаназасын шығарған адам. Саңғыл би – Шыңғыс ханның өз қолынан ұран (қоңырат), құс (сұңқар), таңба (ай) және ағаш (алма) алған адам. Кейіннен Жошының бас биі болған. Сүйегі Созақта жатыр. Бұндай мекендер сан ғасырлар бойына көшпелі өмір салтын ұстанатын қазақ халқына Мекке-Мәдине сияқты қасиетті орын болған. Осында ең атақты адамдарын осында әкеліп жерлеп отырған. Оны «Қараоба» деп атады. Бір-қатары Созақтағы Қарабура әулиенің маңына шоғырланды. «Оба» сөзі қазақта «қорым», яғни зират деген мағына береді. Ал енді Түркістанға апарып жерлеу рәсімі Қожа Ахмет Яссауидің Кесенесі біткеннен кейін ХІV-ХV ғасырлардан бастап, Түркістан әсіресе Қазақ хандығының астанасына айнал ғаннан кейін барып толық іске аса бастайды. Ұлан-ғайыр Созақ даласының екінші бір қиыры Бетпақда ламен шектеседі. Бұл өңір – өзіне тән мөлдір тұнба бұлақтары, өсімдіктері мен аң-құстары, ерекше оазисті аймақтары бар ерекше мекен. Бұл маңай қазіргі кезде еліміздегі аса бай уран қорының ошақ көзі болып отыр. Жер жағдайын жақсы білген қазақ сардарларының дені Бетпаққа бой таса-лаған. Мысалы, Шәді ақынның атасы – Кенесары ханның батырлары мұздай қаруланған орыс әскерінен он жыл бойы осы ұлан-ғайыр шөл дала Бетпаққа шегініп, құтылып отырған. Бұл жердің сырын, ой-шұқырын жақсы білетін қазақ халқына Қалдан Серен шабуылы кезінде де пана болыпты. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында:
Жарылқасын Боранбаев Қазақтар қаша көшіп ұрыс салды, Бетпақта адастырды қалмақтарды,– деген жолдар бар. Тұмар-Томирис патша Кирді осы Бетпақ шөліне алып шығып, сансыратып, Қаратау шатқалында оның басын алып, қан толы меске тоғытқан мекен. Александр Македонскийдің Шығысқа қарай жорығын бөгеген де осы ұшы-қиырсыз дала болатын. Созақ (Хұзақ) – орта ғасырдағы қаланың орны. Созақ туралы алғашқы дерек Кіші Арменияның патшасы Гетум І-нің монғол қағаны Мөңкеге 13 ғасырда баруы жайлы сапарнамасында кездеседі. 15-18 ғасырлардағы деректемелерде Созақтың Қаратаудың Солтүстік бау-райындағы ірі экономикалық орталық болумен қатар, ол Орта Азиядан Орталық Қазақстан арқылы Сібірге өтетін керуен жолы екендігі айтылады. Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарын 1946 жылы Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, 1947-48 жылдары А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізеді. Олар қаланың 6-ғасырда пайда болып, 19-ғасырға дейін өмір сүргенін анықтайды. Созақтың бұрынғы орны қазір Тарсатөбе деп аталады. 1456 жылы қазақ хандығы алғаш рет Созақ даласымен шек тесетін Шу бойында орнығады. «Созақ – алғашқы қазақ хан дығының тірегі болған» дегенді Әлкей Марғұлан жазып көр сеткен. (Қазақ ССР тарихы. 5 томдықтың 2-сі). Қаратаудағы қазақ тарихының тағы бір парағы «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» деп аталған қасіретпен 1723 жылы ашылады. Сол кезеңде дүниеде теңдесі жоқ аса зарлы, қасіретті «Елім-ай» атты өлең дүниеге келеді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлдіреп жас келеді. Созақтағы қалмақтарға ойсырата соққы берілген шайқас – «Таңбалы тас шайқасы» деп аталады. Осы шайқасқа бастанаяқ қатысқан Қожаберген жырау былай толғайды:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Тұсында Таңбалы тас болып шайқас, Қазақтар ата жаумен салды айқас. Қанды ұрыс екі жаққа қиын болды, Айнакөл жағасында қырғын болды. Орта Жүз, Кіш Жүз боп қарсыласып, Қалмақтан алты мың жан шығын болды. Осы арадан қазақтың ұлы хандары Керей мен Жәнібек бастаған ұлы көш өткен. Олар «Таңбалы тасқа» қолтаңба қалдырған. Қазақша мәтіні былай: «Қыпшақ, алшын, арғын, қараке сек, үйсін, табын иллахи қар рәсиге һамиша хаһа рахмет қыл сен алтауын; екінші түрде айтқанда, «О, Ием, үмітіне жету үшін осы алтауына рахметіңді бере көр!» Араб әрпімен жазылған. Тапқан А.И. Шренк пен Қ.Бекхо жин. Олар оны Л.Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алған. Оны «Записки Семипалатинского отдела русского географического общества», ( Вып.ХVІ. 16-927 г). жариялаған. Оны бізге жеткізген академик Әлкей Марғұлан. Міне, қара ңыз: «Тамғалы тас сыры». «Қазақ тарихы» журналы, 1993 жыл. №3, 28-бет. Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының «Созақтағы кеңес» тарауында Шәді төренің атасы – қазақтың соңғы ханының Созаққа соғып өту тарихы таңбаланған. «Со зақта қазақтың соңғы ханы Кенесары 1846 жылдың қысында Сызған жеріндегі, Шұқырой көлінің маңында қыстап шықты. Олар келер жылы қырғынға ұшырағанда, бірқатар төре тұқы мы Қызылкөл маңына келіп орнықты (Көне сөздерден)». 1864 жылдары Созақты Қоқан ханының атынан Кенеса рының бауыры Сыздық төре билеп тұрды. Дәл осы уақта Уәлидің үлкен баласы Шыңғыс сұлтанның белінен шыққан Шоқан Уәлиханов (Мұхаммед-Ханапия) орыс әскерінің
Жарылқасын Боранбаев құрамында, Әулиеата арқылы оған қарсы келе жатады. Деректерде Шоқан Әулиеата халқымен бейбіт келісімге келіп жатқанда,полковник Черняев зеңбіректен оқ атып жатады. Шоқан өзінің бейбіт қара халқына оқ атуға қарсы болып, шыдай алмай өкпелеп, әскерді тастап кетіп қалған деседі. Шоқан бұл қырғынның Әулиеатадан кейінгі кезегі – қол созым Созақтағы өз бауыры Сыздық төреге де жақындап қалғанын жақсы түсінеді. Осы сапарында ол Сыздық төре аулына жасырын түрде соңғы рет ат басын бұрады. Бәлкім, олар бір-бірімен ақтық рет бақұлдасқан да болар... Бізге Сыздық төренің соңғы деміне дейін Ресей отаршылдарына қарсы күрескен қаһарман адам болғаны тарихтан белгілі. Созақта сондай-ақ: Құлыншақ Кемелұлы – Шымкент облысы, Созақ ауданы, «Жартытөбе совхозында 1840 жылы туылып, 1911 жылы қайтыс болған. Шәді Жәңгірұлы – 1855 жылы Шымкент облысы, Созақ ауданы, «Құмкент» аулында туылып, 1933 жылы Өзбек ССР-і, Сырдария облысы, Қаратөбеде қайтыс болған. Сұлтанбек Қожанов – Алаш қайраткері, Ақсүмбеде 1894 дүниеге келіп, 1938 жылы қайтыс болған. Сондай-ақ, Созақта Шайхислам Бекжанов, Ибадулла Ақбергенов, Ісмет Кеңесбаев сияқты ғалымдармен қатар, Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сияқты шертпе күй шеберлері мен Тәкен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Асқар Сүлейменов сияқты сөз сүлейлері туыпөскен.
ШӘДІНІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР Шәді Жәңгіров (1855, Сырдария губерниясы Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуіті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865-1867), Қарнақ (1868-1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871-1876) медресе лерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тіл дерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тә жік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйші лерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жа ғынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше»
Жарылқасын Боранбаев (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені, ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қиссадастандарын жетік білген және діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп ұстады. Ол дінді – ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді. Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шә риф» дастанынан басқа, оның Ислам ғазауыттарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Ол «Назым Сияр Шәрифтен» басқа бұл салада «Имам Ағзам», «Ибраһим пайғамбардың хикаяты» секілді діни қиссалар жазды. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма желісі «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюже ті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме мазмұнына құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лироэпикалық дастанында сүйіскен екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адам-дардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кезде-сетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады. Осы айтылғандардан «тақтайдай» болып көрінетін Шә ді Жәңгірұлының өмірбаяны мен шығармашылығына
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны кешегі сүрен заман зобалаңы әсер етпей қалған жоқ. Сон дықтан біз бұл жинақта қолданыста жүрген ресми деректермен қатар, бұрын-соңды ұсынылмаған тың әңгімелерді қатар беріп отырмыз. Оқырман қауым екеуін салыстыра оқысын дегендіктен, ел аузынан жиналған деректерді де қаз қалпында ұсынғанды жөн санадық. Сондай-ақ, біз қолымызға берілген мүмкіндікті пайдала на отырып, бұрын-соңды жинақталып, бір жерге топтасты рылмаған «шәдітанушылардың» аса құнды зерттеулерін барынша қамтуды мақсат тұттық. Қазіргі әлемдік ақпарат көзі – ғаламтор беттерінде Шәді Жәңгіровтің өмірі мен шы ғармашылығы туралы көптеген мәнді де мағыналы материалдар берілген. Назарларыңызға «Отырар кітапханасы» ҒО-ның ғылыми қызметкері Төрежан Жүністің «Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы» деген мақаласын ұсынып отырмыз. «Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітап тарында «Шәді Жәңгірұлы» деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты «Шәді Жаһангирұлы» болып көрсетілгендігінде. Шәдінің әкесі Жәңгір – атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуіті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуіті ханымнан болашақ шайыр туады. Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Ғылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы «Мир-араб» медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы мең гереді. Өмірінің соңында «Молла» деген айып тағылып, қу ғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүние ден өтеді. Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес.
Жарылқасын Боранбаев Оның өмірі мен шығармашылығын Ә.Қоңыратбаев, Б.Кен жебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижан ұлы сынды ғалымдар зерттеген болатын. Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға), ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта, одан соң Бұхарада оқыды. Шәді – көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармалары ның басым бөлігі өзінің көзі тірісінде Орынбор, Қазан, Таш кент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді ақынның мұраларын көп зерттеген Немат Келімбетов: «...Ол жүз мың жолдай өлең-жыр жазды, соның жетпіс бес мыңдай жолы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты», – дейді. Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жа рыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы ұлттық академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын «Кі тап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қол жазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республи калық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана. 11-12 қараша, 2011 жыл институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгір ұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбала-рының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында «Сияр Шәрип», «Назым Чоһар Дә руіш», «Шайхы Барсиса», «Беташар», «Қамар-заман», «Атым тай» сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, «Хәзірәт Ескендір», «Тарихи Абылай хан», «Ибрахим Хали луллаһ», «Мұса Перғауын хикаясы», «Аһуал Қиямет» тәрізді тоғыз шығармасының баспаға берілгені айтылады. Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: «Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған» деген дәйекті келтірген. Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сия рун-наби) «Назым Сияр Шәриф» дастанын жазса, ислами фәлсафаға «Ахуал қиямат» дастанын, шариғат іліміне «Фикһ қайдан» шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) «Назым Ибрахим Халиолла», «Хазірет Мұса мен Перғауын», «Дәуіт уақытындағы рәйіс» сияқты дас
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны тандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О. Әуезов «...Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгіме лер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек», – деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз. Шәді өз заманының «кітаби ақындары» сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің «Шахнамасын» алғаш қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезін дегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар. Оған «Шәдінің болыс Қалменбайдан ат сұрап жазған» өлеңі дә лел: Жібердім «Шахнаманы» сауап үшін, Батыр мен балуан сөзі толған іші. Өзіңіз оқып көріп түсінерсіз, Ашылар естігеннің көңіл қошы. Көрмекке сол кітапты көтерілген, Төркініңнің ашкара қылды іші. Тым қуат моллаларға оңай емес, Сөздерін бұл кітаптың тез білісі. Бағзы жерлерінде бас тіллә бар, Молланың түсінетін әліб ісі, – деп, қаласа тағы бір қайтара жазып беретінін айтады. Мінбекке ағаңызға бір ат дәркор, Бес жаста, я алтыда болсын тілі. Толықтық, сұлулық пен семіздігі, Ұқсасын өзіңізге әр жүрісі, – деп ақысына бір жақсы ат сұраған. «Орақа–Күлше», «Чоһар Дәруіш» сияқты шығармаларымен әйел тағдырын, шынайы махаббат мәселесін көтерген ақын қазақтың той-томалақ тарында келіннің бетін ашуға арналған «Беташар» деген жыр да жазған. Шәдінің басты ұстанған мақсаты – шынайы махаббат, адал жар, шаңырағы шайқалмайтын отбасы. Осы жолда ол болашақ келінге ақыл-өнеге айтады.
Жарылқасын Боранбаев Құлағыңды салып тыңдап тұр, Келінжан менің тілімді. Әдептің жолын үйренбекке Жас кісіге ілімді. Айтқанымды ұғарсың, Егер болсаң сәлімді. Ақылсызға айтқан сөз, Далаға кеткен шығынды. Бәрі саған керек іс Тыңдасаң кейін жырымды. Жырменен қосып айтамын Бар насихат сырымды. Шәдінің көлемді шығармаларының қатарына «Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқымранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы» атты тарихи реалистік поэмасы мен қазақ тарихына арналған «Тарихнама» деген көлемді тарихи шығармасы жатады. Екі шығарма да тарихи желіге құрылған. Ақын Ресей туралы тарихи поэманы 1910 жылдары жазған. Шығарма ішінде Ресейді ежелден басқарып келе жатқан патшалар мен атақты қол басшылардың өз халқы үшін істеген ерліктері кеңірек қам тылған. Шәдінің осы шығармасы 1912 жылы Орынборда кітап болып шығып, халық арасына кең тараған. Бұл туралы 1916 жылы көтерілісшілердің алдында сөйлеген сөзінде Амангелді Имановтың: «Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз», – дегені ойымызды нақ тылай түседі. Шәдінің қазақ тарихына арналған «Тарихнама» поэмасы екі үлкен тараудан тұрады. «Шыңғыс ханның тарихы» атты алғаш жартысы 32 тараудан тұрса, поэманың «Абылай хан тарихы» деген жартысы 22 тарауды құрайды. Шәдінің осы бумадағы үш қолжазбасының жалпы көлемі – 31964 жол. Поэманың басында ежелде патшалық құрып, бұл күндері аттары аңызға айналған патшаларға тоқталады да, Оғыз хан, Қара хан тарихтарын өрбітеді. Ру тайпалардың шыққаны, қазақтың үш жүзге бөлінгені жайлы жәйттерді келтіреді. Шығармадағы оқиға барысы бірінен соң бірі өрбіп, хандарөмірінен көп мәлімет береді. Шәдінің бұл шығарманы жазарда қандай дерек-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ке сүйенгені жайлы Н.Келімбетов: «Мазмұнына, құрылысына қарағанда Шәді бұл дастанын Абулғазы Бахадурханның «Шежіре-и түрік» деген кітабының ықпалымен, соған елік теп жазған сияқты. Сондай-ақ «Тарихнаманы» оқи отырып, Мұхаммед Юсуфты «Тарихи Мухимханий» (ХVІІІ ғ), алғашқы нұсқасын Нуриддин Ахунд Мулла Тархад Самарханди жазған «Тарихи Рақимий», Мунис Хорезмий мен оның жиені Мухаммедриза Агахий жазған «Фирдаве уа-иқбол» сияқты күр делі тарихи еңбектермен Ш.Жәңгіровтың жақсы таныс бол ғанын аңғару қиын емес», – дегенді айтады. Шәді өзінің поэмасының «Қазақтың үш жүзге бөлінгені» деген тарауында: Ілгері рулардың хикаяты, Шығарған Абулғазы тарих хаты, – деп Абулғазының тарихымен таныс екенін аңғартады. Сондай-ақ Шәді поэма ішінде бізге аты белгісіз «Рузата Сафа» деген кітапқа да сілтеме жасайды. Бұдан ақынның осы еңбекті жазарда біраз кітапты қарап шыққанын байқауға болады. Шыңғыс хан өз күшімен шаһлық еткен, Уақытында онша түрлі іс көрсеткен. Хорасан, Иран, Тұран, Дешті қыпшақ, Һүндістан, Қытайға шейін үкімі жеткен, – деп, Шыңғыс ханның жасаған жорықтарына тоқталған. Шың ғыстың дүниеге қолына қан ұстап келгенінен-ақ, оның әлемді жаулайтынынан хабар береді: Темужин анасынан дүние енді, Бір қолдың алақаны жұмулы еді. Қатындар қызмет еткен қарағанда Ішінде ұйып қалған бір қан көрді. Шыңғыс қағанның ел қамын ойлап, өзі құрған патшалық тың іргесі шайқалмауы үшін балаларына әрқашанда бірлікте болыңдар дейді. Менен соң біреуіңізді патша қылып, Һүкіміне тұрыңыздар мойын ұсынып. Сіздерге ешкім дұшпан бола алмағай, Тұрады қол астыңа бәрі кіріп.
Жарылқасын Боранбаев Шәді бұл поэманы ұзақ уақыт бойы сарыла жазған. Ол әрбір оқиғаларға ерекше мән беріп, содан өзінше қорытынды шығарып отырады. Поэманың Абылай хан бөлімінде, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты – өшіп бара жатқан хан тарихын қайта жаңғырту, өткен тарихпен оқырманды таныстыру. Онда шайыр бабаларының ұмыт болып бара жатқан тарихын өзі жырламаған да кім жырламақ деп, өзін-өзі қайрап, содан күш-қуат алғандай болады: Белгілі Абылай хан қазақ ханы, Қаншасын патшалардың біледі оны. Бұл уақытта халықтарға мәлім емес, Жазылған Абылай ханның тарихтары. ...һәм өзім хан әулеті болған үшін, Айтпаққа көңілім кетті қылған ісін. Мойнына баласының лазым болар, Істемек атасының әр жұмысын. Осылай бабаларының шежіре-тарихын жырлаған ақын, поэманың соңын Кенесары ханмен аяқтаған. Ақынның осындай батыл қадамға барып, хандардың тарихын жырға қосуы, оның шынайы шайырлығынан, өткенге деген жанашыр, қам қорлығынан болса керек. Шәдінің діни дастандарының ішін дегі ең көлемділерінің бірі – «Назым Сияр Шәриф». Бұл дастан бастан-аяқ Мұхаммед пайғамбардың өмір жолына арналған. Ақынның бұл шығармасы өткен ғасырдың басын да Ташкент, Қазан қалаларында бірнеше рет жарық көрген. Кешегі кеңес заманында қайта баспа көрмеген. Бірақ, ара ға бірнеше жылдар салып, 1995 жылы Алматыдағы «Санат» баспасынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оңайбек Құдышұлының құрастыруымен қайта жарық көрді. Алайда, мұнда ақын еңбегі толығымен берілместен, құрастырушы тарапынан буын саны, сөйлем құрылыстарына бірқатар өзгерістер енгізіліп, едәуір қысқартылып берілген. Қазақ даласында пайғамбарды дәріптеп, оның өнегелі ғұмы рын жыр-дастанға қосушы ақын шайырлар аз болмаған. Түркі жұртына сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Иассауи: Он сегіз мың әлемге сәруар болған Мұхаммед, Отыз үш мың асхабқа раһбар болған Мұхаммед, – деп, пайғамбардың өнегелі істерін жырға қосқан. Шәді ақынның «Назым сияр шәриф» шығармасы шағатай
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ша жазылған. Сондықтан да, шығармада араб, парсы сөздері көп орын алған. Профессор Б.Кенжебаевтың пікіріне жүгінер болсақ, бұл тіл орта ғасырлық әдебиет тілі болған. Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, тың деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, артында қалған мұрасынан қалың оқырманды сусындатып, қана қоймай, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ғылым-білімінің ілгері жылжуына өзіндік үлесімізді қоса алсақ деген тілек, бұл біздің басты да негізгі ұстанымымыз. Алдағы уақытта «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы осы бағыттағы зерттеулерін жалғастыра бермек. Әрине, Шәді ақын туралы деректер толық жиналды деп айта алмаймыз. Әлі де ақын көзін көрген, онымен сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған. Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында тұрып,бүгінде бақилық болған Шүкірулла Әбдуат ақсақалдан Шәді ақын туралы мынадай деректер жинап алып едік. Сол мәліметті келтіре кеткеніміз артықтық етпейтін болар. «Ескi көздерден қалғандар үшiн Шәдiтөре Жәңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа ұрпақта тани бастады. 1930-жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден, туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақ тың бiрi болып жүрiп дүниден өткен, ескерусiз қалған қазақ тың бiрi. Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге: «Тақсыр, бiреу менi сұрай қалса, өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын», – деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қырағы да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насатты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұх-баттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан
Жарылқасын Боранбаев жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi «тақсыр, тақсыр» деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көр сетiптi. Сонда өзбектiң бiр қарясы: «Имамымыз қазақ бол ған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкәмнанда жоғары, өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойыпты» деген ой келiптi. Әбдуат би осы қарияға: «Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!» – деп Шәдi төренiң «Алты бармағын», «Назым Сияр Шәрифiн» берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. «Ой жамағат-ай! Дүниеден осында кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, лас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi» деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрыпты деседі. Сонда имам Әбдуат би: «Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы», – дептi. Сонда әлгi өзбек қария: «Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм», – деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейi мен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, мол даның бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен «төрт аяғы тең жорға», «мусәнниф», «шубһалы сөзге бастаған Шәдi», «жәннәти Шәдi» атанған кiсi. Қожа Ахмет Яссауидiң «Диуани хикметiнен», Сопы Аллаярдың «Сәбәтул әжизинiнен» кейiнгi көп танылған шығарма Шәдi төренiң «Назым Сияри Шәрiбi» – «Алтыбармағы» мен «Назыми Фиқһ Кайдани» болды. Қолымда “Назым Сияри Шәриф” бар. Есебi түгелдей. Ал «Назыми Фиқһ Кайдани» жұрнағы бар, бас жағы, сыртқы мұқабасы жоқ. Қариялар «Назым Фиқһ Кайданиды» да Шәдiнiкi дейдi. Солай болса солай да шығар, қариялар солай деп те жүруi мүмкiн. Ол жағын әдебиет зеттеушi ғалымдар анықтай жатар, мен қатардағы көп оқырманның, оның үстiне ескiше кiтаптарды ендi-ендi ғана танып оқып жүргендердiң
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны бiрiмiн. Қарапайым халықтың фуқараның (бұқара халықтың) бiрi ретiнде өз ойымды бiлдiрiп отырмын. Бұл талас тудыруы да мүмкiн, ал бiрақ мен өз пiкiрiмде қаламын. Шәдi шубһалы сөзге бастаған. Оның әр сөзiне дәлел, құжат бар. Онда ақиқат тарихи шындық бар. Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930-жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкіметiнiң құжатында «Әппәқ ишан мешiт медресесi» деп аталып кеткен. 1990-жылдардың аяғына таяу дүмшелер Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап, Шаян орталық мешiтi болып кеткен. Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейітжан мағзымға) ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Ал Әбдуат би Сейiтахмет ишанның iнiсi Әлмұхаммет мағзымның үлкен ұлы, Әппәқ ишанның немере iнiсi. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта одан соң Бұхарада оқыды». Ш.Әбдуатта мынадай да деректер кездеседі: «Шәдi төре Жәңгiрұлы. «Назым Сияри Шәриф» – «Алты бармақ» дастанынан үзiндi. Әзiретi Расулдың дүниге енгенi баяны және де кiтаптың жазылуына болған себеп туралы. (Шүрiлла Әбдуат «Арманда кеткен арыстар» (13-16 беттер). Шәдi төре Жәңгiрұлы. «Назым фиқһ Кайдани» (үзiндi). ((Шүкiлла Әбдуат «Арманда кеткен арыстар» 18-19 бет және 23-24 беттер. Ксерокөшiрме қаралсын)) Шүкiлла Әбдуат. «Пiр таптың ба, пiрадар?» қолжазбаның 68-71 беттерi. 2-шi фасыл. 5-шi шегiнiс Шаяндағы әзiздер өмiрiнен. Қосым ишанның Сейтахмет ишанның (Сейiтжан мағзым ның) Шәдi төренiң «Алты бармақ», «Назым Сияри Шарифтi» «назым ет!» – деп берген әмiрi жөнiнде өлеңмен жазған нақ лият. Шаяндағы әзіреттермен Шәдi төренiң, оның «Назым Сияри Шарифi» кiтабы арасындағы рухани туыстықтағы байланыс осындай Шәдi төре – Шаян – «Назым Сияри Шәрiп» – «Алты бармақ» арасындағы сабақтастық осы Шәдi төренiң «Назым Сияри Шариф» кiтабы Аллаһтың инаятымен оның сүйген құлдары оны сол күйiнше қайта бастыруды Құдай қаласа қолға алып отыр екен. Осыған шашар шашуым болсын деп, менiң һәдиям болсын деп
Жарылқасын Боранбаев осы хатты ауырып жүр едiм, әрең жаздым, қолым нашар шықты. Осы себептi де кейбiр қажет болады-ау деген жерлердi, ксерокөшiрмесiн жiбердiм. Редактор мырза менi түсiнер Аллаһ жар болса айығып кетермiн оған дейiн сiздер қолға алып отырған үлкен iстер тоқтамасын деген ниет едi менiкi. Хатты түгел өз қолыммен жазуға үлкендiк танытып, не жалқаулығым ұстап отырған жоқ саулығым болмай осының өзiн әрең жазып отырмын. Менi кешiрiңiздер Аллаһтың қайырымды құлдары, игi жандар. Сiздерге Аллаһ жар болсын». «Шәді – Ислам тарихын жетік білген ақын. Әрі оның діни дастандары Алланың қасиетті кітабы Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінің желісіне құралған. Ақынның қаламы нан туған «Хайбар» дастаны соның айғағы. Хайбар соғысының Ислам тарихында алар орны ерекше. Пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Дін үшін болған осы ғазауатты Ислам тарихшылар жарыса жазған. Бұл дастанда батырлық пен ерлікті жырлауды басты нысана етіп алған шайыр, хазірет Әлидің шайқаста көрсеткен ерліктерін айтып дәріптейді: Жебірейіл Расулға айтты: «Иә, Мұхаммед, Бір Құдай сәлем айтты сізге шексіз: – Жолына жолбарыстың туын беріп, Жіберіп жалғыз өзін осы мезет, Майданға жалғыз барсын Әли шерім. Тахсин ғыб құдіретімді көрсін менің!» Осы ғазауатта пайғамбардың жеңіс туын Әлиге ұстатқанын Әбу Хурайра риуаят еткен хадистерде де орын алған. Шығыс мұсылман әдебиетіне бір жола ден қойған ақынның шығармаларында жомарттық пен сақилықтың іздері де көрініс тауып отырады. Осы жолда ол «Харун ар-Рашид» пен «Атымтай» жайлы дастандарын жазған. Атымтай-діни хикаяларда пайғамбар заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген «Тай» тайпасының «Жомарт адамы» деп беріледі. Ислам әлемінде «Хадис ілімінің» әмірі атанған Исмағил Бухаридің «Сахи-хул Бухари» еңбегінде Ади ибн Хатим деген сахаба көптеген хадистер руаят еткен. Осы Ади Жомарт Атымтайдың баласы етіп көрсетіледі. Тіпті, Атымтайдың қызы Софана мұсылмандардың қолына түскенде, оның әкесі
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны нің атын естіген Пайғамбар «Әкесі жомарт адамнан жаман дық шығуы мүмкін емес» деп босатып қоя бергені жайында аңыздар да бар. Парсының атақты ақыны Сағди өзінің «Бостанында» Атым тайдың жомарттығын дәріптейтін жыр жолдарын бұлайша жазған: Шенидәм дәр әйиом-е Хотем кебуд, Ке бехил әндәрәш бод пойи чу дуд «Атымтайды» заманында, Желдей есетін жылқысы болғанын естідім, – дей келіп оның жалғыз атын қонағына сойып беретін жомарт тығын асқақ жырлайды. Шәді жомарттықтың нышаны ретінде «Атымтай» дастанын жазса, оған кереғар мәнде сараңдарды мұқату мақсатымен «Ка мал хан деген патшаның уақытында болған оқиға» деген шығар масын жазған. Мұнда басты кейіпкер етіп «Бақылсары» деген Сараңды алады (бақыл – араб тілінде сараң деген мағына береді). Бұл да қазақтың Шық бермес Шығайбайы сияқты біреуге бір нәрсе берсе, бірнеше күн міндетсініп жүретін сараң болады. Қызының бір диуанаға бір үзім нан бергені үшін, садақа берген қолын кесіп алып, адам аяғы жетпейтін айдалаға апарып тастайды. Серуендеп жүрген патша бір қолы жоқ қызды баласына әкеп қосады. Оң қолының жоқтығына нала болған қыз, Аллаға мінәжат еткенде, Жаратушының рахымы түсіп, қолы орнына қайта келеді. Шәді осы дастан арқылы пақыр мен мұқтажға көмектес кеннің сауабы Алладан қайтатынын айтады. Шәді төре адам баласын барша жамандыққа жетелейтін әзәзіл Ібіліс деп біледі. Әрі қарапайым адамға қарағанда діндар адамға Ібіліс тің жақын жүретінін айтады. Пайғамбардың «Ібіліске сауатсыз мың адамды азғырғаннан, бір иманды ғалымды азғырған артық» деген өсиетін басты назарға ұстайды. Шайыр осы тұрғыда «Барсиса» деген дастанын жазған. Шығармада Барсиса атты діндардың аяғын шалыс басып, шайтанның арбауына қалай түскені баяндалады. Бұл хикаяның негізі – Шайтанның айла-шарғысын көрсететін Ибн Жузидың «Талбису Иблис» (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбектен алған болуы мүмкін. Дастанда діндар Барсиса ертелі-кеш құлшылық етумен айналысады. Шайтанның азғырғанына да назар аудармайды. Алайда, Ібіліс оның осал жерін тауып, оған адам емдеу әдісін
Жарылқасын Боранбаев үйретеді де бір жас бойжеткенді талма ауруына душар етеді. Қыздың ата-анасы оны емдету үшін Барсисаның алдына алып келеді. Өмірінде үйленбеген сопы онымен зинақорлық жасап, ақырында қызды өлтіріп тынады. Барсисаны дар басына алып келгенде, Ібіліс пайда болып: «Егер маған сыйынсаң, мен сені өлімнен сақтап қаламын», – деп азғырады. Барсиса оның алдауына түсіп, оған сыйынады. Жоғарыдағы «Талбису Иб-лис» деген еңбекте бұл аңыздың негізін Хашыр сүресінің 16-аятымен бай-ланыстырған. Онда: «Олар шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: «Қарсы бол» деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: «Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын» деген еді», – делінген. Яғни аяттың мағынасы бойынша Ібілістің мақсаты адам баласын Алланың хақ жолынан айырып, өзіне сыйындырып, жаман жолға бастау. Ақын дастанның соңында: Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың, Зәрредей пайда болмай қалды кетіп. Осындай хиле қылып шайтан лағын, Ойлайды азғырмақты қайғы-қамын. Шайтанның алдауына кірмеңіздер, Халінен ғибрат алып Барсисаның, Әзәзіл бұл күнде де көп азғырар, Әр түрлі ой ойлатып иғуа қылар, Бір Құдай өз фазылымен сақтамаса, Мәкрінен еш адам жоқ мойын бұрар, – деп, Ібілістен сақтануға шақырады. Шайыр Исламның негізгі іргесі – «ақида» жайлы да қалам тербеген. Бір кітап ақайд деп ат қойылған, Ішінде хақ сипатын зікір қылған, – деп, Шәді өзінің «Ахуал қиямат» деген дастанын жазады. Ақида іліміне қанық шайыр әуелі Алланың субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Құранның ішін дегі Алланың жалғыздығын сипаттайтын «Ықылас» сүресінің мағынасын да ашады. Дастанда болмыстың, шайтанның, періштенің, адамның неден жаратылғанын айтады:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Жаратқан нұрдан Алла періштені, Болмаған көптігінен есеп саны. Алдына бәрі бірден жаратылған, Күнәдан таза қылған Алла оны. Дастанның екінші жартысы бүтіндей қиямет күнін суреттеуге арналған. Ақыр заман жақындағанда Яжуж-Мажуж қауымының шығатынын, Дажалдың адам баласын шыбындай қыратынын, сол кездерде күннің батыстан шығатынын айтады. Алланың қарғысын алған Ібілістің адамды соңғы демі қалғанша азғыратынын жырлайды: Өлмеске дыққаты жетіп бағзы пенде, Сөйлеуден тілі қалған сол мезетте. Кеселдің сол жағынан зохер болып, Көрініп шайтан лағын келген онда, Деп айтар: «Ислам дінін тәрк етіңіз, Екеу деп бір Алланы айтыңыз тез. Ол айтқан сөздерімнің бірін қылсаң, Кеселден сыххат тауып жазыларсыз». Шәді ақынның осы дастанының негізі Исламның атақты факиһы Әбу Мансур Мұхаммед Матуридидің «Таухид» еңбе гіне негізделгені аңғарылады. Шәдінің жазған шығармаларынан оның діни кітаптарды көп оқығанын көреміз. Оның дастандарында пайғамбар хадис теріне негізделген жыр жолдары да аз емес. Ол Исламның Алланың ақ жолына шақыратынын біліп, діни дастандары арқылы хақ дін-Исламды үгіттейді. Шайыр шығыс мұсылман әдебиетінде әділдіктің үлгісі ре тінде сурет-телетін «Ескендір Зұлқарнайын» туралы да дастан жазған. Ә.Қоңыратбаев: «Шәдінің ең алғаш жазған хикаяттарыны» қатарына «Ескендір Зұлқарнайыны» мен «Хикаят Әмір Хамзаны» жатқызады. Жастайынан шығыс мұсылман әдебиетіне жетік Шәдінің парсы классиктері жарыса жырлаған Ескендірге соқпай кетуі екіталай еді. Бұл тақырып Фирдауси, Низами, Әмір Хосрау Дехлеви, Жәми, Науаилардың шығармаларында орын алған. Олар тарихтағы шынайы Ескендірдің бетін бүркемелеп, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтерген. Ал, қазақ топырағында Тұрмағанбет Ізтілеуов, Абай, Ыбырай, Мағжандар да Ескендір жайлы шығарма жазып, оны дәріптеместен, қайта оған сын көзбен қараған.
Жарылқасын Боранбаев Алайда, Шәдінің Ескендірді қай тұрғыдан суреттегені біз ге белгісіз. Оның бұл шығармасы қолға түсе қойған жоқ. Осы орайда Немат Келімбетов: «Шәді Жәңгіров көп жазған, кітаптары көп басылған ақын. Оның кітаптарын түгел жинадық деп айта алмаймыз. Ақын өзінің «Назым Чохар Дәруіш» және «Хикая Харун ар–Рашид» деген кітаптарының соңында енді баспадан беріледі деген «Ескендір Зұлқарнайын», «Ахмад Жәми», «Әмір Хамза – Сақип-қыран» деген сияқты бірқатар дастандары да аталған. Бұл шығармалар бізге әлі белгісіз», – деуі біздің ойымызды нақтылай түссе керек. Шәді де Абай сияқты қазақ халқын дер кезінде сынап отырады. Абай өзінің екінші қара сөзінде «қазақты» ноғай, сартты сынаймын деп көштен қалып қойды», – деп налыса, Шәді төре де қазақ пен қырғыздың мешіт салуға салғырттығын айтып сынайды. Петроградта салынғалы жатқан мешіт құрлысына қазақ пен қырғыздан өзге мұсылман халықтардың, әсіресе, соның ішінде ноғай мен сарттың көмек бергенін айтып, қазақтың бай дәулетті жандарына қайырлы істен құр қалмаңдар деген ой айтады: Бір халықпыз қырғыз, қазақ қатар жатқан, Жақынбыз бір-біреуге ноғай, сарттан. Біздің де ішімізде өзгелердей, Байларымыз, сахилар бар дәулеті артқан. Көптікке аз емеспіз ешбірінен, Есепте алты миллон санға айналған Осындай қалың қол қойған қайыр іске, Біздерден жәрдем жоқ еш бөленген. Біздерге мұнан артық болмас ұят. Сол үшін хабар беріп жазамын хат. Ресейдің жиырма бес миллиондай мұсылманы бір мешіт ті бітіре алмаса, біздей Алланың пенделері үшін өлім дейді. Құдай жолына жұмсалған қайырлы істер ешқашан да өлмей тінін, қайта оның сауабын Алла беретінін айтып, Құранның «Бақара», «Әнбая», «Нәміл», «Қасас», «Мәйда» сияқты бірне ше сүрелеріне сілтеме жасайды. Бір есе бергенің он есе ғып, Сауабын ол пендеге берер тәңірі. Дәләлі осы сөздің құранда бар, «Әнғамның» сүресінде айтылады.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны деп, бітпей жатқан мешітке қол ұшын беруге шақырады. Қа зақтың не өзі ішіп-жемейтін, не өзгелерге бермейтін сараң байларын мінеп, оларға қарата қатты айтады. Байлар бар малы жерге сыймай жүрген, Мойнындағы парызын ада қылмай жүрген. Біреуге қайыр қылып бермек түгіл, Өзі ішіп-жемекке қимай жүрген. Құдайым хикмет берсін біздің халыққа, Қырғыз бен қазақ болып шыққан атқа. Мешіттің жәрдемінде кейін қалып, Жүрмесін күлкі болып ноғай, сартқа. Шәді жасы ұлғайып, пайғамбар жасынан асқан соң, өз ор тасының үлкенге өнеге, кішіге ақыл айтар қариясына айнал ған. Оның білімі мен діндарлығынан хабары бар ақсақалдар оған әр түрлі сұрақтар жазып, дер кезінде оның салиқалы жауабын да алып отырған. Оңтүстіктің бірнеше шайырлары Шәді төреге хат жолдап: «Ұлғайып барамыз. Жасымыз келген сайын күш-қуатымыз кеміп барады. Сіз көп оқыдыңыз. Осы жастықты ұстап тұру дың амалы бар ма? Біз өзімізше ақылдаса келе, жас қыз алып, жақсы жүйрік атқа мініп, ит жүгіртіп, құс салып серілік етсек, қысы-жазы қымыз ішіп, қазы-қарта, жал-жая жесек мүмкін пайдасы болар деген ойға келіп сізден кеңес сұрап отырмыз»,– депті. Сонда Шәді: Бір сұрақ беріпсіздер сіздер бізге, Берейік тапсақ жауап сөзіңізге. Ағарар сақал мен шаш бейнет көріп, Көрместік пайда болар көзіңізге. Жігітке жиырма бес жас ақыры отыз, Қырықта қылау депті кәрия сөзі. Елуде көктем өтіп айналар күз, Алпыста ақылы бүтін аң ауламас. Атсам деп ойлап тұрар көрінсе көз. Жетпіс жас қалайда да ерге еңбек, Кетіріп бет ажарың бүгілер тіз. Сексен жас оралмайтын қара қазан, Немене айтып, айтпай тоқсан мен жүз. Сарқылып аққан теңіз біткеннен соң, Пайдасыз жал мен жая, қымыз бен қыз», – деп жауап қайтарған екен».
ДІНИ БІЛІМ НЕГІЗІ – МЕДРЕСЕДЕ Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, бағзы заманнанақ қазақтың небір ғұламаларының бастапқы сауатын медреселерде ашқаны белгілі. Қазақ даласының жарық жұлдыздары, ислам мәдениетінің ұлы қайраткерлерінің (Отырар ойшылдары, Иассы ғалымдары, Тараз тарландары, Баласағұн ғалымдары) барлығы әріпті осындай діни білім ошақтарында таныған. 1910 жылғы есеп бойынша Жетісу өлкесінде 8 медресе, Түркістан түбіндегі Қарнақ шаһарының өзінде 4 медресе жұмыс істеген. Онда Шәді төре Жәңгіров (1855-1933) сынды қазақтың майталмандары дәріс алған. Кешегі хакім Абай да Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінде тәлім алғаны белгілі. Ақын-жазушылардың, білікті азаматтардың бәрі дерлік медреседе білім алып, дүнияуи көзқарасы қалыптасқан, ел қамын жейтін қайраткер дәрежесіне дейін көтерілді. Міне, осындай діни оқу ордасының біліміне сусындағандар ірі-ірі тарихи тұлғаларға айналды. Осыдан-ақ, медресенің қазақ халқының Шәді ақын алғаш оқыған Шаяндағы Аппақ ишан медресесі
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны тарихында қаншалықты рөл атқарғанын бағамдауыңызға болады. Атадан-балаға жалғасып келе жатқан бұл дәстүр ХХ ғасырдың басында үзілді. Бастапқыда кеңес өкіметі медреселерде білім алып жүрген балаларды кеңес мектебіне тарта бастады. Кейінірек аптасына бір сағат ғана діни ілім алуына рұқсат еткенімен, уақыт өте келе мұны көп көріп, біржолата тыйылды. Тек елімізде тәуелсіздіктің таңы атып, егемендік алғаннан кейін ғана ел-жұртымыз дәстүрлі діні мен мәдениетіне қайта бет бұрды. Шәді оқыған Қарнақ медресесіне кірер дарбаза Шәді білім алған Көкілташ медресесі
ЕСТЕЛІК ЕСКІРМЕЙДІ Сіздердің назарларыңызға Шәді ақын туралы Қызылорда қаласының тұрғыны Бектай Сүлейменовтың деректі естелігін ұсынамыз. «Қазақтың біртума ұлы ақыны, жазушы, ғұлама, ұстаз Шәді Жаһангерұлы жайлы деректерді жинап, оның туған жерін, туыстарын тауып, Өзбек жерінде жатқан қабірін ел азаматтарына көрсету үшін менің отыз жыл өмірім сарп болды. Ізденуім жемісті аяқталды. Шәдінің қазақ мемлекетінің берік те мыз-ғымас ірге тасын қалаған Абылай ханның тікелей ұрпағы екенін, көзінің тірісінде отыздан аса әртүрлі жанрда дастандар, өлеңдер, хикаялар, романда жазған деген деректердің бар екенін білдім. Ол кісінің ең соңғы кітабының жарық көргеніне де үшеуі кем жүз жыл болыпты. Тар жол тайғақ кешуде жүріп тағдыр тәлкегімен Шәді ақын Қызылорда облысының Арал қаласындағы түрмеге қама лып, түрме бастығының аяушылық жасауының арқасында ол кісі түрмеде «өлген» болып, Тәжікстанға қашырылып жібе ріледі. Аяулы ақын сол жақта жүріп өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылықта аянышты халде дүниеден озған. Биыл, 2011 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Шәдінің қайтыс болғанына 78 жыл, ал өмірге келгеніне 156 жыл болды. Осы жағдайлардың бүгешігесіне дейін қалдыр май Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мыр заға хат жолдап, «Шәді Қызылорда өңірінде бір «өлді», ал шын топырақтың бұйырған жері Өзбек жері болды. Ол кісі ні тірілткеніміз болсын, қайтадан Қызылорда өңірінде, қара жаттан көмек беріңіз, атақты дастаны «Сияр Шәрип» кітабын баспадан шығаруға» деп өтініш еткен едім. Көп ұзамай Шәді ақынның 2-3 кітабын баспадан шығару үшін алдын ала керекті қаржының мөлшерін шығаруға нұсқау түсті. Қуанышымызда шек болмады, өте асығыстықпен баспахана арқылы керекті қаржы мөлшерін анықтап, тиісті құжаттарды дайындап, Шәді
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ақынның екі кітабын СD – дискіге жазып, облыс әкімдігінен қуанышты хабарды тағатсыздана күттік. Көп күткен хабар да жетті-ау әйтеуір – «2012 жылғы облыстық бюджеттен бүгінгі күні мүмкіндіктің жоқ екендігін хабарлаймын» Бұл хабар бізге жеткенше Алматыдан – «кітапқа алғы сөзді Сіз жазыңыз» деген өтініш те жеткен еді, аңғал басым «асатпай жатып құлдық деме» деген аталы сөзді ұмытып кетіппін, қуаныштан жүрегім жарыла жаздап, кітапқа алғы сөзді жазып, онда облыс әкімдігіне, оның әкімі Болатбек Қуандықов мырзаға демеушілік еткендері үшін алғысымды білдіріп жеделдете Алматыға жібердім. Өкінішке орай жоғарыдағыдай келеңсіз жағдай орын алды. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей дейді біздің қазақ атам, сол айтқандай алдынала айтылған жылы лебізді қайтып алуға болмайды, өкініштісі бізді өтірік емексіткені болып тұр. Бұл кітап жарық көргенде әкім мырза Сіздің атыңыз тарихтан тиісті орнын алып, мыңдаған жылдар атыңызды әр заман-ның оқырманы кітапты ашқан сайын ілтифатпен оқыр еді. «Сияр Шәрип» дастанының негізгі сюжеті бұдан 1300 жылдан аса уақыт бұрын қазіргі заманмен салыстырғанда адамзаттың анайы әрі жартылай тағы кезінде жазылған. Соған қарамастан сол кездегі билік басындағылар кітаптың жазылуына, халық арасына кең тарауына ықпал етіп қана қоймай демеушілік те жасаған. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырда мемлекетіміздің ірге тасын қалаған Абылай ханның 300 жылдық мерей тойы атап өтілген жоқ, оның тікелей ұрпағы Шәді ақынның бір кітабын жарыққа шығарып, халық игілігіне ұсынуға бір-екі миллион теңгенің қаржысы табылмауы өте өкінішті-ақ. Ел аман болса халық арасынан Атымтай Жомарттар шығар, аяулы ақынымыздың бір шығармасын жарыққа шығарып Шәдіні халыққа танытар кез де туар. Отыз жылда Шәдінің Өзбекстандағы мүрдесінің жатқан жерін қазақ азаматтарына табыстадым, алла өмір берсе тағы бір жиырма-отыз жылда есіміз кіріп заман түзелер, мүмкін оған дейін менің де қолыма атамыз қазақ айтқандай «қарға тышар», қөбі кетіп азы қалды ғой, дүниеден озғаныңа жүз жыл толар қарсаңында, аруағыңнан айналайын Шәді аға артыңа аманат етіп тастап кеткен еңбектеріңнің жарық көріп халқымыздың рухани азығына айналарына бек сене бер. Құрметті оқырман қауым, Шәді ақынның атын мұсылман әлеміне паш еткен атақты «Сияр Шәрип» дастанына менің, қарапайым шаруаның, жазған «Алғы сөзін» танысуыңыз үшін
Жарылқасын Боранбаев сіздерге сол жазғандарымды бәз қалпында өзгертпей ұсынып отырмын: «Мен, қазір жасым жетпістен асқан зейнеткер, қарапайым шаруамын. Өзімнің сүйікті мамандығым – бағбандық бойынша неше түрлі ағаш көшеттерін өсіріп, Елбасының ұйғаруымен көпшілік халықтың қолдауымен елімізде өріс алып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасына өз үлесін қосып жатқан осы өңірге танымал қарт бағбанмын. Осы жасқа келгенде мен сыяқты қарапайым адамның ұлы ғұлама, ақын әрі ұстаз Шәді Жаһангерұлының қаламынан шыққан атақты шығарма – « Назым Сияр Шәрип» дастанына алғы сөз жазу мен үшін үлкен мәртебе, әрі мақтаныш. Қолымдағы бар деректерге сүйеніп қазақтың ұлан-ғайыр жерінде тарыдай бытырап кеткен үш жүздің басын біріктіріп қазіргі Қазақстан Республикасының негізін қалаған Абылай ханның тікелей ұрпағы Шәді ақын жайлы біраз мағлұматтар айта кеткенді жөн көрдім. Бізге жеткен шежіре бойынша Абылай хан өзінің үлкен қолбасшылығының, көрегендігінің, қазақ елімен көршілес жатқан елдермен жүргізген сыртқы саясаты мен айлалы дипломатиялық қарымқатынасының арқасында қазақ жерінде небір қырғын соғыстар болғанына қарамастан әскері сан жағынан да, қару жағынан да өте қауқарсыз болса да қазақ елін ауыр қырғынға ұшыратпай аман сақтап қала білді. Қазақ жеріне орыстар шабуыл жасай қалса ол үлкен дипломатиялық айланы пайдаланып Қытаймен достасты, ал әлдеқалай Қытай соғыс аша қалса, Ресейден қаружарақ сатып алып, Бұхара, Хиуа, Қоқан секілді мұсылман хандықтарымен одақтасты. Оның осындай қолбасшылығының, күшті дипломатиялық тәсілдерінің арқасында бүгіндері біздің ел бүкіл Әлем жұртшылығы таныған Қазақстан Республикасы болып қалыптастық. Хан Абылайдың көк байрағын еліміздің Туы еттік, ал оның бір ұрпағының атынан еліміздің батыс өңірінде жоғары білім ордасын аштық. Сайып келгенде осының барлығы ата-бабалар аруағына олардың артта қалған ұрпақтарының көрсеткен ыстық ықыласы, зор адамгершілік борышы деп білеміз. Бізге жеткен деректерге сүйенсек Абылай ханның ұрпағы былай болып тарайды. Оның үлкен ұлы Уәли, одан Шыңғыс, Шыңғыстан атақты саяхатшы әрі жазушы Шоқан туады. Екінші баласы – Қасым. Осы Қасымнан Есенкелді, Саржан, Құдаймеңде, Кенесары, Наурызбай туады. Есенкелдінің баласы Жәңгір, ал Жәңгірден Шәді туа-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ды, яғни Шәді Есенкелдінің немересі. 1847 жылы Кенесары хан қырғыздардың қолынан мерт болған соң, оның артында қалған тоқалы Мәуітіні Жәңгір әмеңгерлік жолмен алады. Мәуіті ханым өте сұлу, ақылды, домбырашы әрі ақын болған. Отырған жері той-думан, ойын-сауыққа толы болыпты. Міне, осы екеуінен болашақ ақын Шәді дүниеге келген жалғыз бала, Шәдіден кейін анасы құрсақ көтермеген көрінеді. Бізге жеткен деректерге қарағанда Шәді төре 1870 жылы, яғни он бес жасында Балжан дейтін төренің қызына үйленеді. Осы әйелінен Шәдінің Сүлеймен атты бір баласы болған. Сүлеймен төрт жасқа толғанда Шәді төре бұл әйелінен ажырасып, Қадиша деген «қараның» қызын алады. Бұл әйелі отызға келгенше құрсақ көтермеген, содан кейін Шәді төре үшінші рет тағы да Қадиша атты «қараның» қызына үйленеді. Араға бір жыл салып бұл әйелі құрсақ көтеріп, Нұрмағанбет атты ұл туады, келер жылы оған тетелес Райхан атты қыз баланы дүниеге әкеледі. Үшінші әйелі Қадишадан Сейіт дейтін ұлы болған. Үлкен баласы Сүлейменнің бір-ақ перзенті – Несібелі дейтін қызы болған. Екінші әйелінің баласы Нұрмағанбеттен – Әлкен, Сейтен, Мұхаммеджан дейтін үш ұлы болған. Міне, Шәді төренің ұрпақтары осылар. Алланың біздің жұмыр жерімізге жіберген ең соңғы діні – Ислам діні. Осы діннің негізін қалаушы, әлемнің ақырғы пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз. Ислам дінін дүние жүзі халықтары арасында таратудағы еңбегі өте зор. Бұл дін жер бетіндегі адамзатты тек қана жақсылыққа баулиды. Қазақ жерінде Ислам дінінен айырылып қалмас үшін көптеген зиялы қандастарымыз осы дінді қайта жаңғыртуға ел арасында үгіт – насихат жүргізіп қолдарынан келгенінше әрекеттер жасады. Солардың бірі – Шәді төре. Енді осы кісінің өмір тарихын қолға түскен мағлұматтардан біртіндеп жинап, туған-туыстарын іздестіріп, мүрдесі жатқан қабірін көрсетуді маған осыдан отыз жыл бұрын аманат етіп немере ағам Сейітқасым Жүсіпбекұлы тапсырған болатын. Сол аманатты мен араға отыз жыл салып барып орындадым. Енді шамалы өмір өткелдеріне тарихи шегініс жасайын. Менің әкем Сүлеймен Доғалақұлы бір атадан жеті ағайынды болған, солардың ішінде төртіншісі екен, атап айтқанда атамыздан Нұрмағанбет, Пірмағанбет, Тасмағанбет, Сүлеймен, Досмағанбет, Жүсіпбек, Сопбек туады. Кейін ержеткен соң қара шаңырақта Сопбек қалады. Сопбектің әйелі Балғын жеңгемізді мен апа дейтін едім, сол апамыз өте салихалы,
Жарылқасын Боранбаев мінезі ауыр,сөзге салмақты, ақынжанды әрі шежірешіл адам болатын. Жастық шақта оншалықты мән бермегеннің салдары ғой,осы апам өзінің жас кезінде екі рет Сыр елінің атақты ақыны Нартай Бекежановпен айтысып, екеуінде де жеңіп кеткенін маған бір-екі рет айтып, менің сол айтысты жазып алуымды өтінген еді, амал нешік қағазға түспей кетті, өмір бойы апамыз арамызда жүре беретіндей көріппіз ғой, дүниеден озғанда санды бірақ соғып қала бердік. Балғын апамыздың айтуынша, біздің әулеттің өмір тарихы былай басталады. Доғалақ атамыз шамамен 1860-65 жылдары сол дәуірде қазақтың арқа жағында билік құрған ханның қызымен көңілдес болып,бұл қылықтары білініп қалып, хан өзінің қол астындағы ру басыларымен ақылдасып атамызды таң ата тасборан жасап өлтіруге үкім шығарады. Атамызды киіз үйге қамап алдына екі жасауылды қойып үйлеріне тарайды. Түн ортасы ауа екі күзетші ұйқыға кеткенде Доғалақтың өзінен кейінгі інісі киіз үйдің керегесін көтеріп жіберіп, ағасын босатып алады да, содан туған елмен біржолата хош айтысып, екеуі екі атқа мініп, жетектеріне бір-бірден ат алып Сыр елі қайдасың деп тартып отырады. Сол кеткеннен туған еліне қайтып оралмаған. Сөйтіп екеуі Қызылорданың түстік бетіндегі Бірқазан маңайына қоныс теуіп, көп ұзамай екеуі де үйленіп балалы-шағалы болып Сыр еліне сіңісіп кете барған. Атамыздың арқадағы Қыпшақ елінің қай жерінен келгенін кейінгі ұрпақ біздер білмейміз. Жас кезімде отбасы тарихына оншалықты мән бермеппін, атеистеу болып өстім, ұят та болса айтайын жеті атамды білмеймін. Менің әкем Сүлеймен өз әулетінің ішіндегі ауқаттысы бо лыпты, ептеп қол өнері де бар екен. Жасы орта жастан ау ғанда балалары ержетіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондыр ғалы отырғанда көп ұзамай бәрінен де айырылады. Балғын апамның айтуынша ол былай болған екен. Әкем одан-бұдан құрастырып кәдімгі аңшы мылтығын жасай береді екен, кезек ті бір сондай мылтықты жасап болып нысанаға атпақшы болып үйден далаға шықса ауыл үстінен екі аққу ұшып барады екен. Мылтықтың шүріппесін басып қалса,бір аққу жерге томп ете қалады,ал екіншісі ауыл үстін екі-үш айналып қаңқылдап өз жөніне ұшып кете береді. Қазақтың салты бо йынша ақсарбас атап етін жұртқа таратып жібереді,бірақ сол аққу-құстың киелісі болса керек, содан көп ұзамай барлық ұлқыздары, әйелі дүниеден озып, атамыздың қарақан басы ғана қалады. Сөйтіп менің әкем пайғамбар жасынан асқанда анам
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Сәрсенкүл Құлмағанбет қызына үйленеді. Біз бір құрсақтан екі қыз, бір ұл өстік, мен кенжесі болатынмын. Әкем 1946 жылы Өзбекстанда қайтыс болды, ұзын, ақсақалды, қызыл шырайлы кісі болатын. Мені алдына алып отырып, «сен ірәт емес жүратсың, біздің руымыз Қарақыпшақ, оның ішінде Қыдыры боламыз, осыны есіңе сақта» деп отыратынын емісеміс білемін. Ол кезде менің жасым алтының маңайында болатын. Бұл отбасылық тарихты айтып отырғаным осы кітап арқылы «ел құлағы елу»демекші, Шәді төренің аруағы же беп-желеп Доғалақ атамыздың арқада қалған ел жұрты, бір замандағы бауырларының ұрпағы табылып қалар деген үміт қой. Ендігі сөзді Шәді төре маңайында өрбіткенді жөн көрдім, яғни бұл кісіге біздің әулеттің қандай жақындығы бар деп ойлап отырған боларсыздар,соның шежіресін шама-шарқымша айтайын. Әкемнің өзінен кейінгі інісі Жүсіпбек жастайынан діни бағытта өсіпті. Жүсіпбек ағам жас кезінде қазіргі Түр кістан қаласының маңындағы Қарнақ медресесінде оқиды. Қарнақ діни медресесін сол кезде Шәді төре ұстап тұр екен. Медреседе оқығанның арқасында Жүсіпбек ағай Шәді төренің сүйікті шәкірті болады, оқуды тамамдаған соң Қызыл орда облысының қазіргі Шиелі ауданындағы өзінің ауылында молда болады. Тарихтан белгілі қазақ шаруаларының өкіметке қарсы әйгілі Созақ көтерілісінен соң өкімет көте рісшілерді басып, қолға түскендермен бірге Шәдіні де Қызыл орда облысының Арал қаласындағы түрмеге әкеліп қамайды. Түрмеде адам айтса нанғысыз таңқаларлық көрініс орын алады. Күндегі әдетімен Шәді төре таң намазын оқымақ болып азан шақырғанда түрменің есігі өзінен-өзі ашылып кете берген. Бұл жағдай күнде қайталана берген соң түрме басшылығы Шәдіден айырылып қалармыз деп оны Арал теңізінің ортасындағы бір аралдағы түрмеге ауыстырады. Жасы жетпістен асқан кісіге бұл түрменің жағдайы ауыр соққы болып, аурулы-сыр-қаулы болып жүдеп-жадап кетеді. Түрме бастығы жас жігіт екен, қарт кісіге аяушылық танытып Аралға барып «бір мұсылманның үйіне барып жуыныпшайынып қайтыңыз» деп екі күнге (кеме екі күнде Арал қаласына бір рет қатынайды екен) жібереді. Кімнің үйіне барарын білмей келе жатқан қария бір ақ боз үйдің есігінің алдына келіп қисаяды. Үйдің ішінде екі-үш адам бір кітапты дауыстап оқып отыр екен, тыңдап қараса өзінің жазған кітабы «Сияр Шәриф» екен. Кітап оқушы кейбір жерлерін қате
Жарылқасын Боранбаев оқығанда тыңдап отырған Шәді оқтын-оқтын түзету жасап отырады. Сондай бір түзету жасаған кезде кітапты оқып отырған адам шамданып, «әй, сен кімсің мені түзететіндей» деп дауыстағанда, Шәді «осы кітапты жазған мен едім» дейді. Үй иесі бір мосқал тартқан әйел екен, дереу орнынан ұшып түрегеліп, Шәдіні құрметтеп төрге апарып отырғызады. Үй иесінің қадірлегені сонша, Шәдіні уақытының біткеніне қара май, жібермей қояды. Уәделі уақытта қайтып келмеген Шәді нің тағдырына мазасызданған түрме бастығы келесі кемемен оны іздеп Аралға келеді. Алдымен үйіне соғып анасына сәлем бергелі үйіне келсе, төрде мұнтаздай болып киінген Шәді төренің отырғанын көреді. Сонда анасы баласына – «мені сыйласаң бұл кісіні түрмеден босат» деп қолқа салады. Хош, сонымен бұл жас жігіт анасының бір ауыз сөзін сыйлап Шәдіні «түрмеде өз ажалынан өлді» деп есептен шығарып, оған қаражат беріп, екі қоржынның басын тамаққа толтырып Тәжікстанның пойызына отырғызып, тәжік еліне асырып жібереді. Шәді сонымен Тәжік елінің Ұратөбе деген елді мекеніне барып тұрақтайды. 1928 жылы ауылда молда болып жүрген Жүсіпбек ағама түрмеге қамалу қаупі келгенде менің әкем інісін алып, қолына түскен 5-6 түйесімен түн ішінде Өзбекстанға қарай тартып отырады. Келер жылы Өзбек елінің Жуан сирақ деген қыш лағында үшеуі табысады. Бұл әңгіме сол кезде Шәдінің өз аузынан шыққан сөз екен, кейін мен есейген кезімде Жүсіпбек ағам оқта-текте сол заманды еске алып айтып отырушы еді. 1933 жылғы ашаршылықта Шәді төре Ұратөбеден біздің әу лет отырған Жуансираққа келе жатқанында, аурудың, аштық тың салдарынан, межелі жерге 3-4 шақырым қалғанда, Қаратөбе деген қышлақта аяулы ақын есінен айырылып құлайды. Бұл 1933 жылдың қараша айының 12 жұлдызы екен. Шәдінің қасындағы кісілер Жуан-сирақтағы шәкіртіне хабар береді. Жүсіпбек ағай хабар жетісімен Қаратөбеге келсе Шәді төре нің әл үстінде жатқанын көреді. Самарқанға кетіп бара жат қан 4-5 керуенге ілесіп келе жатқан беті, қасында балашағасы жоқ, жалғыз әйелі бар еді деп отыратын ағай кейін сол күндерді еске алғанда. Осылай Абылай ханның асыл ұр пағы – ғұлама, ақын, ұстаз Шәді төре өзінің мәңгілік орнын өзбектің шөлейттегі қышлағы Қаратөбенің батыс жағындағы мазараттан тапты. Осы күннен бастап Шәді төренің қабіріне әкемнің Жуансирақтағы молда інісі Жүсіпбек иелік етіп, ба-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны сына белгі қойып, темір шарбақпен қоршап қойған болатын. Шәді төренің аруағына арнап Жүсіпбек ағай жалғыз ешкісін сойып шама-шарқына қарай ас беріп, құран бағыштаған, содан бері ол кісі атаусыз жатыр. 1950 жылдардың бас кезінде, ол кезде мен төртінші класста оқушы едім, талай рет атаммен (Жүсіпбек ағайды айтам) Шәді жатқан мазаратқа барып құран бағыштаған едік, менің міндетім мініп барған есекті мазараттың сыртында ұстап тұру болатын.Ол кезде мазараттың орналасқан жері ойлы-қырлы шөлейт жер болатын. Былтыр, 2010 жылы сол жерге барғанымызда жыпырлап жатқан қабірлер бульдозермен ысырылып, айналаның бәрі мақта плантациясына айналып кеткенін көрдік, тек қана темір қор-шаумен қоршалған Шәді төренің қабірі мақталықтың дәл ортасында аман қалғанына куә болдық. 1958 жылы елде әжептеуір саяси жылымық орнай бастаған кезде Жүсіпбек атамның баласы әкесін елге – Қызылорда облысының Шиелі өңіріне көшуге көндірді. Көшер алдында атам соңғы рет ұстазы Шәдінің басына барып құран бағыштамақ болған. Қасына жергілікті біраз қарияларды ертіп барса, қабірдің бір шеті үңірейіп құлап қалғанын көреді. Сол жерде қариялар ақылдаса келіп, қабірді ашып, тереңдетіп, мүрдені сол жерге қайта көмуге шешім қабылдай-ды. Қабірді ашқанда таңғажайып көрініске сол жердегі адамдардың бәрі куә болады, арада 25 жыл өткеніне қарамай, ашаршылық, тар заманда тізеден ғана тереңдікке көмілген Шәді төренің денесі сол қалпында ірімей-шірімей жатқанын көреді, сақал-мұрты, тырнақтары өсіп кеткен екен. Халық арасында «құранды көп оқыған адамның ішіне құран түсіп кетеді де, соның қасиетінен денесі бұзылмайды» деген сөз бар. Сол рас болғаны да. Бұл оқиғаны сол қышлақтың адамдары осы күнге дейін айтып жүр. 1980 жылы мен Жүсіпбектің баласы Сейітқасым екеуіміз Шәді төренің басына барып құран бағыштадық. Әдепкіде таба алмай көп іздедік, бір-екі сағат өткенде барып басына қойылған көк тасты тауып, ондағы араб әрпімен жазылған аты-жөнін оқып көңіліміз орнына түсті.Осы жолы қартайған ағам Сейітқасым маған осы кісінің қабірін туған-туыстарын тауып, оларға көрсетуді аманат етіп тапсырған болатын. Шәді төре туралы естігендерімді, білгендерімді, бала кездегі көргендерімді өзімше жазып газеттерге мақала берсем ешбірі баспады. Сонымен зырғып отыз жылдай уақыт өте шықты. Бір күні таксимен темір жол вокзалына келе жатсам, автокөліктің
Жарылқасын Боранбаев радиосынан Шәді төре туралы хабар беріп жатыр екен, аяғына дейін тыңдай алмадым, ілезде вокзалға келіп қалыппыз, таксиден түсуге тура келді. Хабардың берілген күнін, уақытын жазып алдым. Бұл 7 июль 2009 жыл еді. Кездейсоқ Қызылорда қаласының Тасбөгет ауданында тұратын Несібелі Ералина деген ханымнан Қазақ радиосы бастығының орынбасары Ләззәт деген қызметкерінің адресін алып, сол арқылы оншақты күн өткен соң Шәді туралы хабардың авторы Ғалым Есенсариевпен хабарластым. Қазақ радиосынан ар-найы келіп менен сұхбат алды, оны бірнеше рет эфирге шығарды. Соның нәтижесінде Шәді төренің туған жері, ауылдастары, туыстары табылды. Отыз жыл бойы ізденуімнің нәтижелі болып аяқталуына өз үлестерін қосқан Тасбөгеттік Несібеліге, Қазақ радиосының ұжымына, оның қызметкерлері Ләззәт пен Ғалым Есенсариевке шексіз алғысымды білдіремін. 2010 жылдың октябрь айының орта шенінде Ғалымға – «менің жасым жет пістен асып барады, бүгін бар адам ертең жоқ, мен әлде қалай олай-бұлай боп кетсем қай өзбектің есігін қағып Шәді төре нің моласын сұрайсыңдар, одан да маған кел екеуіміз барып Шәдінің қабірін тауып саған көрсетіп кетейін, сенде бір қазақтың баласысың ғой» дедім. Ол сөздің парқын түсінетін азамат қой, көп ұзамай Өзбек жеріне бес адамнан тұратын экспедиция ұйымдастырды. Қызылордадан мен, Алматыдан Ғалым, Шымкенттен Дүйсенбай Жақыпбеков, Созақтан Жанәділ Шарапов, Ташкенттен Айтбай Садыров деген азаматтар. Радио арқылы ұйымдастырылған хабарлар көптеген қазақ азаматтарының жүрегін оятқан болуы керек, солардың ішінде Алматыдан Атымтай Омаров деген кәсіпкер жігіт біздің экспедицияның барлық шығынына демеушілік етті. Бұл азаматқа да алғысымды білдіремін. Хош, сонымен Өзбекстанның Дештіабад қаласына да барып жеттік. Бала кезімде бірге ойнаған жолдастарымды – сол біз тұрған қышлақтың молдасы Шербек атаның балаларын, біздің атамның үйімен өте тығыз қатысып тұратын бір қойшы қырғыз азаматы болушы еді, соның баласы Қозы бек Көшмұратовты, Сейітқасым ағамның жан жолдасы болып кеткен өзбек Үммәталиев Қожамқұлдың отбасын тауып алдық. 1958 жылы елге көшерде Жүсіпбек ағам Шәді төренің қабіріне қарап тұруды өзбек молдасы Шербекке аманат етіп кеткен болатын, ал ол дүниеден озған соң қабірге Қозыбек иелік етіп, оқта-текте басына барып құран
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны бағыштауды өзіне парыз санапты. Міне, осы азаматтардың арқасында Шәді төренің қабірін келген күннің ертесіне тауып, аруағына құран бағыштап Дештіабадқа қайттық. 2010 жылы октябрь айының 14 жұлдызында Қожамқұлдың баласы Бақтиярдың үйінде 40-50 адамға тамақ дайындатып, Шәді төренің рухына арнап ас беріп, құран бағыштап, қатысқан әр адамға 1000 сомнан садақа таратып сол күні түс ауа елге қарай жолға шықтық. Шәді төренің қабірінің басына барып құран бағыштап болған соң, осы рәсімге қатысып отырған өзбек ағайындар мынандай әңгіме айтты. Мен жоғарыда айтып кеттім, Шәдінің жатқан мазараты ойлы-қырлы қышлақтан жырақта шөлейт жерге орналасқан еді деп. Бұл мазаратта жатқан қабірлер сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылықта елінен-жұртынан ауып, тағдырдың тәлкегімен күнкөріс үшін барған көбісі біздің қазақ бауырларымыз болатын. Соңғы рет 1980 жылы Шәді төренің басына зиярат етіп барғанымызда мазарат аумағы үлкен, бұта, шөп басып кеткен көлемі бірнеше гектардай болатын, ауқымды еді. Осы шөл аймаққа өзбек ағайындар 1993 жылы су әкеліп, келесі жылы егесі жоқ мазаратты бульдозер, скрепер сияқты сол кездегі алып техникалармен тегістеп мақта екпекші болады. Техника рульінде отырған шеттен келген басқа ұлттың азаматтары болса керек, өйткені, мұндай тірлікке өзбек ағайындар алтын берсең де бармайтыны бесенеден белгілі. Мазараттағы қабірлерді тегістеп Шәді төренің мүрдесі жатқан қабірге техникалар 15-20 метрдей жақындай бергенде қабірдің қай жағынан келсе де сына беріпті, бір емес бірнеше техника сынғаннан соң, механизаторлар дереу совхоз орталығына болған жағдай туралы хабар беріпті. Ілезде ел құлақтанып, Шәдіні білетін үлкен кісілер, қышлақ молдалары жер тегістеуді тоқтатыпты. Су келген соң қабірдің басына шынар ағашының көшетін еккен, қазір көлеңкесіне ондаған адам сыятын, көз ұшынан қөрінетін үлкен дараққа айналған. Қабірдің айналасының бәрі мақта плантациясы, автокөлік жүретін тасжолдан үш-төрт жүз метрдей жерде ну қамыстың ортасында темір шарбақпен қоршалған Шәдінің мүрдесі жатыр. Жергілікті халық Шәді төрені әулие санайды, басына барып зиярат етеді, өткенкеткен жолаушылар құран бағыштап өтетін көрінеді. Жоғарыда айтып кеткенімдей, Шәді төре таңертеңгілік намаз алдында азан шақырғанда түрменің есіктері өзінен-өзі
Жарылқасын Боранбаев ашылып кете бергені, денесінің дүниеден озғанына 25 жыл өтсе де сол тірі кезіндегідей бұзылмауы, қабірін тегістеуге жақындай бергенде қандай алып техника болмасын бұзылып жүрмей қалуы, Шәді төренің тегін адам еместігін, оның айтса айтқандай әулие екендігін және Алланың сүйген пендесі екендігінің белгісі емес пе?. Жақында Өзбекстаннан ыңғайсыз хабар келді. Осы 2011 жылдың октябрь айында Шәді ақынның қабіріне біздің эфирге берген хабарымызды естіген соң Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі азаматтар зиярат етіп барыпты. Шәдінің қабіріне Бақтияр, Қозыбек және сол Заамин ауданының әкімі де біздің елшіліктен барған адамдармен бірге барыпты. Біз барып кеткеннен кейін қабірді қоршап қойған темір шарбақ қолды болып кеткенге ұқсайды. Сол жерде Шәдінің басына ескерткіш қою жөнінде сөз қозғалса керек, сонда өзбек ағайындар егістіктің ортасына ескерткіш қоюға болмайды, қабірді егістіктен басқа жаққа көшіріп ескерткішті содан кейін қойыңыздар деген ұсыныс жасапты. Шәдінің мүрдесін басқа жаққа жерлейтін болсақ, тағыда өзбек жеріне емес, өзінің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданына әкеліп жерлеуге Ел Президентіне ұсыныс жасап, осыған ықпал етуін сұрап хат жолдадым. Осымен Шәді төре жөніндегі менің әкем мен ағаларымның өзінен кейінгі ұрпақтарына тастап кеткен әңгімелерін, өзімнің ой елегінен өткізген пікірлерімді тамамдаймын Бізге жеткен тарихи мәліметтерге жүгінсек 704-767 жылдарда өмір сүрген араб жазушысы Ибн Ысқақ «Алла елшісінің өмір жолы» деген кітап жазған, ал кейіннен ІХ ғасырда тағы да араб филологы Ибн Хишам осы дастанның түп нұсқасын толықтырып, қайтадан өңдеп мұсылман елдеріне кең тараған үлгісін жазып қалдырған. ХҮШ-ХІХ ғасырларда бұл дас тан Орта Азия, Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан және Кавказ елдеріндегі мұсылман халықтарының тілдеріне аударылып халық арасына кең тарап кеткен. Осы дастанның негізгі сюжетіне сүйене отырып әр заманда көзі ашық, көңі лі сара оқымысты адамдар өзінің болмысына қарай дастанды жаңартып отырған. Сондай ақындардың бірі Шәді төре де сол дастанның негізінде Орта Азия, Қазақстан, Парсы шы ғанағындағы мұсылман халықтарына ортақ Шағатай тілінде «Назым Сияр Шәриф» (парсы тілінен аударғанда Сияр-тура Шәриф – түзу, қасиетті деген мағынаны білдіреді) атты даста-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны нын өмірге әкелген. Қазақ халқы ақын Абай Құнанбаевты тек қазақ тілінде оқи алса, Шәдіні бүкіл Түркі әлемі оқи да түсіне білген, өйткені ол өзінің шығармаларын осы халықтарға ортақ тіл – шағатай тілінде жазған адам. Ол тек қана қазақтың ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтың ақыны әрі мақтанышы болған. Шәді ақын өзінің «Сияр Шәриф» деген дастанында Ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бүкіл өмірін (іштегі алты айлық кезінен көрге кіргенге дейінгі) өлеңмен жазған бірінші қазақ ақыны. «Сияр Шәриф» дастаны Шәді ақынды мұсылман елдеріне танытса, ал Шәді осы дастаны арқылы Орта Азия, Қазақстан, Парсы шығанағындағы біршама мұсылман халықтарына Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын өзінің өлең жолдарымен паш еткен ақын. Шәді ақын тағдыр тәлкегімен осы күнге шейін тарихтан өзіне тиісті орнын алған жоқ Ол көзінің тірісінде Қазан төңкерісіне дейін сол кездегі қазақ зиялыларының ішіндегі ең көп кітап жазған адам. Бізге жеткен деректерге қарағанда ол отыздан аса әртүрлі жанрда дастандар, шежірелер, өлеңдер, хикаялар, тіпті кейбір деректерде Ресейді 300 жыл билеген Романовтар династиясы туралы роман да жазып артына өшпес мұра қалдырған жазушы. Оның шығармалары 1914 жылға дейін Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларындағы баспаларда жарық көрген. Екі ғасырдың көзін көрген Шәдінің «Сияр Шәриф» және «Ахуал қиямет» атты кітаптары (атадан балаға мұра болып келе жатқан) менде сақтаулы еді, соларды Қызылорда облысының әкімі болған кезінде М.ҚұлМұхаммед мырзаға бердім, ал бір көлемді, қалың дәптерге жазылған қолжазбасы өзімде сақтаулы түр. Сіздердің қолда рыңыздағы атақты «Сияр Шәриф» Қожа Ахмет Яссауи атын дағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылы ми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, мәтінтанушы, шығыстанушы Төрәлі Қыдырдың тәржімалауымен баспадан жарық көріп отырған Шәді төренің бірінші кітабы. Шәдінің бұл кітабы соңғы рет Ташкент қаласында 1914 жылы баспадан шық қан. Осы жазылған алғы сөзден кейінгі бөлімнен Шәді Жәң гірұлының тар жол тайғақ кешумен өткен өмір жолдары мен шығармаларынан азды-көпті мағлұмат аласыз. Оның өмірі мен шығармаларын Кеңестік дәуірде зерттеген бірнеше ға лымдардың еңбегінде ақынның өмірбаяны бұрмаланып сол
Жарылқасын Боранбаев кездегі билік талаптарына сәйкестеніп кеткен. Шәді ақынның өмірін, шығармаларын зерттеуді, оларды жинақтап жарыққа шығарып, халық игілігіне жаратуды, біз бастап бердік, ал ендігісін кейінгі ұрпақтың еншісіне қалдырдық. * Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Қызыл көл деген шағын ауыл бар. Ежелден төре-төлеңгіттер мекен еткендіктен «төре ауыл» деп аталады. Кенесары хан қырғыз жерінде мерт болған соң, ханның ұрпақтары осында ауып келіп, қоныстанған. Кенесары ханның туған ағасы Есенгелдінің баласы Жәңгір Кенесары өлген соң кіші әйелі Мәуітіні жеңгедей алып, осы Мәуіті анадан Созақ жерінде 1855 жылы Шәді төре туғанын айтты. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген Шәді ақын. Майлықожа, Құлыншақ, Тұрмағамбет, Молда Мұса ақындар мен жиі қарым-қатынаста болып, жазбаша айтысқан. Шәді Пушкиннің «Мыс салт атты» поэмасын қазақшаға аударған. Кенесары ханның бел баласы, атақты Сыздық сұл тан 1910 жылы қайтыс болғанда, жаназасын осы Шәді төре шығарады. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың ше шесі Сақыпжамал Шәді төренің қарындасы болып келеді. Яғни Шәмші – Шәді төренің жиені. Шәді ақын да Шәкәрім қажы сынды зергер ұста болған. 1928-29 жылы кәмпеске кезінде Шәдіні кедей болса да, діншіл молда деп, Түркістан түрмесіне қамайды. Бірақ кезінде дәмдес-тұздас болған Сәкен Сейфуллиннің араласуымен босанып шығады. Шәді ақынның туысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Созақ ауданында тұратын республикаға мәлім күйші, биыл тоқсан жасқа келген Файзула Үрмізов ақсақал: – 1930 жылы жаз айы. Мырзабай даласы, Мыңбасты құды ғында отырған-быз. Шәді атам үш күн тілсіз, үнсіз, кеудесінде лепес тынысы бар, көзін ашпай жатып қалды. Ауыл қариялары дем салайын десе, басын шайқап жолатпайды. Үш күннен кейін бұрынғы сау күйі кітабын оқып, жазуын жаза берді. Осы құпиясын екі жылдан кейін Ташкент жаққа көшерінде менің әжеме айтып кетіпті. Әжем Шәдінің өлгенін естігеннен кейін Шәдінің құпиясын айтты. Шәдіге үш күндей қайберен қырық шілтендер келісе алмай таласыпты. Не үшін таласқанын біл мейді. Әлі үш жыл кемдігі бар деп тұрғызып жібереді. Шәді «бір жыл өмірім бар шығар. Менің жайым қазақ-өзбек шекара-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны сы Қаратөбе болар» деп кетіпті. Шәдінің қорымының басында шырақ жанып, сол маңдағы елдер басына түнеп, топалаң болған малдарын түнететін көрінеді, – дейді. Белгілі күйші Файзула Үрмізовтің айтуынша, 1938 жы лы жазда үйіне атақты ғалым Әлкей Марғұлан келген. Мақсаты Шәдінің қазақ шежіресін жазған қолжазбасын табу екен. Өкінішке қарай, қолжазба табылмайды. Ал енді Бектай Сүлейменовтың қолында Шәдіден қалған өте құнды дүние бар. Ғалым оны қолымен ұстап, парақтап көрген. Екі-үш түрлі сиямен маржандай етіп әдемі жазылыпты. Жақсы сақталған. Бірақ ескі араб әріптерімен жазылған соң оқып көруге ешкімнің сауаты жетпеген. Бұл кітапты Шәді шәкірті Жүсіпбекке берген. Жүсіпбектен Сейітқасымға, одан Бектайға өткен. Бұл Шәдінің шығар машылығын зерттеушілерге таптырмас дерек. Бәлкім бұл қазақтың аяулы ақыны Шәді Жәңгірұлының ең соңғы өлеңдері, мүмкін Әлкей Марғұлан қолына түсіре алмаған қазақ шежіресі де болуы мүмкін. Ал Шәді ақынның басына, туған жеріне ескерткіш қою, есімін, шығармашылығын қайта жаңғырту, бұл – кезек күттірмес дүние. Төре Ғали, «Айқын» газеті
ШӘДІ АҚЫННЫҢ ШЕЖІРЕСІН ШЫМ-ШЫМДАП ТАРҚАТҚАНДА Ақынның өмірі мен әдеби мұрасы туралы деректерде «Ол 30 шақты дастан, көптеген өлең-жырлар жазып, соларды көзі тірісінде 18 кітап етіп бастырып кеткен. Олар «Төрт дәруіш» (1913, 1914) қатарынан 2 рет басылып шыққан. «Назым «Сияр Шариф» әуелі Қазанда, (жылын таба алмадық) кейіннен Ташкенде 1914 жарық көрген). «Хикаят Қамырзаман» (1914 жылы басылыпты) «Хатым тайдың хикаясы», «Хикаят халифа Һарон Рашид» 1914 жылдары елге тарапты. «Хикаят «Орха-Күлше», «Харунның жер жұтқан оқиғасы» қалай болғанда да Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген. Көптеген дастандары қолжазба күйінде сақта лынған» делінеді. Бұл деректерде байқағанға біркелкілік жоқ. Белгілі ақын, ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясында көп жылдар бөлім меңгерушісі болған Әбілда Тәжібаев: «Көзіме «Төрт дәруіш» оттай басылды. Бұл Ташкентте 1900 жылы жарық көрген» деп көрсетеді. «Шәдітанудағы» оның өмірі мен шығармашылығындағы кездесетін кейбір сәйкессіздіктердің болуы заңдылық. Себебі, сол бір сүргелең жылдарда қалған көптеген құпия «қамбалар» әлі табыла қойған жоқ. Сол бір бұлыңғыр уақыттың бұралаң дары жұрттың біразын шатастыруда. Менің қолымда Созақ тың жыр жампозы атанған айтыскер ақын Құлжабай Төлеуов тен қалған аса құнды дерек бар. Бұны өле-өлгенше Құлыншақ Кемелұлы жайында материал жинаумен, жариялаумен болған Рысқұл Рысжанов дейтін Жартытө-белік азамат табыстаған. Сол асыл жәдігерге зер сап көрелік. Күндердің күнінде Құлыншақ Кемелұлы Шәді ақынға өлеңмен хат жолдапты. Үрметлі, саламат па, төре Шәді, Біртіндеп кетіп жатыр жас пен кәрі.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Төреден ақын Шәді шығыпты деп, Мақтап жүр сыртыңыздан жұрттың бәрі. Нағыз төре әулеті Сіз боларсыз, Арғы атаң – Хан Абылай, Кенесары. Баспадан «Сияр Шәріп» кітап шықты, Біреуі де тиген жоқ маған әлі. Сол үшін әдейі іздеп бармақшы едім, Сақтаған бірен-саран бар ма,кәні?! Хабарын жіберерсіз мүмкін болса, Кемелдің өлең жазған Құлыншағы! Ақын Шәді Құлыншақтай ағасына жылдамдата былай деп жауап қатады. Құлыншақ, асықпаңыз, барасың да, Барған соң, келмей сонда қаласың да. Жан кетер, сүйек қурар, ақыр бір күн, Барғанда.барамысың нағашыңа. Қазаннан «Сияр Шәріп» шыққаны рас, Қазақтың таратылды баласына. Жақында «Орқа-Күлше» тағы шықпақ, Келген соң, содан келіп аласың да. Келем десең, ағасың, кеп кетерсің, Отырмыз Жабыкөлдің жағасында. Ақындық та – бұл да бір қасиет қой, Осындай өлең жүрсе арасында. Хат жолдаған өзіңе Шәді төре, Құлыншақтай арнаған ағасына... Бұдан байқалып тұрғандай, сәлемдесу деп аталатын осы өлең нің бас жағы да жоғалып кеткен. Дегенмен айтылар ой толық сақталынғанына шүкірлік қыламыз. Екінші бір есте болатын нәрсе, «құлыншақтанушылар» оны 1911 жылы қайтыс болған деп көрсетеді. Ал енді «Назым «Сияр Шарифтің» 1914 жылдары Тәшкенде тек қайта жарық көргені белгілі. Міне, осындай әркелкіліктер әлі де болса, нақтылық үшін көп ізденуді қажет ететіні айтпаса да белгілі. Сол себепті де біз Шәді шайыр туралы төмендегідей қо сымша деректерді ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Шәді ақын Қазан төңкерісіне дейін-ақ баспадан шығарған кітабының саны, көлемі, оқырманының көптігі жөнінен Орта
Жарылқасын Боранбаев Азия халықтарының арасынан шыққан ақын-жазушылардың ешқайсысына дес бере қоймайды. Шәді ақын түпсіз терең дастан еді, Өнерде теңдесі жоқ асқақ еді. Шығарып отыз кітап қатарынан, Артына өнеге-сөз тастап еді, – дейді Ергешәлі Әбдіразақов деген ақын. Ол Шаяндық атақты Аппақ ишанның ұлағатты ұрпағы болып саналады. Қазіргі таңда да оның шығармаларын оқу үшін арнайы сауат керек. Себебі ақынның сөз қолданысындағы діни терминдердің өзінен тұтас сөздік құрауға болады. Осындай жағдайларға байланысты оның шығармалары там-тұмдап қана қайтадан жарық көре бастады. Ғұмырбаяны бір жүйеге түсірілмегендіктен әркім әртүрлі жазып жүр. Өткен ХХ ғасырдың соңында, дұрысында 1996 жылдары Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жыр жампозының жастық шағы, Оңтүстікке сапары туралы толғап, сондай-ақ осы өлкеден үлгі тұтқан ақындары туралы республика жұртшылығының есіне салғандай «Ана тілі» апталығында бірқатар сөз еткен болатынбыз. Осы әрекетімізді құп көрді ме, белгілі ғалым Әсілхан Оспанұлы («Шымкент келбеті» газетінің 4 қазан 1996 жылғы №40 саны) «Іште пікір өлгенше» айдарымен, «Жәкеңнің Күнгейлік ұстаздарын қашан кең танимыз?» атты жанайқай мақаласын жариялапты. Онда мынадай жолдар бар: «Биылғы жылдың басында Жәкеңнің (Жамбыл Жабаев деп біліңіз) Қаратау асып, Түркістан барған, Қожа Ақымет Жәсәуи кесенесіне зиярат еткен сапары жөнінен профессор Бейсембай Кенжебаевтың «Жарқын бейне» (1984), ақын Ғали Ормановтың «Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым» (1989), филология ғылымдарының докторы, белгілі әдебиетші Нысанбек Төреқұловтың «Жүз жаса ған бәйтерек» (1989) зерттеулері-не негіздеп ақын Жарыл қасын Боранбаев жазған көлемді мақаланы «Ана тілі» газеті екі бірдей санында жариялағанына қарамастан Мә делі-қожа, Құлыншақ, Майлықожалар өз шәкірті Жәкең нің туғанына 150 жыл толған торқалы тойының боса ғасына да «бара алған» жоқ. Оның орнына біздің Оңтүстік Қазақстанның облыс, қала, аудан әкім-шіліктері бастаған той әзірлігін жүзеге
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны асырған азаматтар мен мекеме-лер ататек салмақтылығы мен салиқалылығын салыстырғылары келгендей Жәкең өскен өңірдің Көкбастау жазығына Бәйдібек ауылының ақшаңқан үйлерін апарып тікті. Ауыл-елімізде Жәкеңнен тәлім алып, тәрбиесін көрген айтулы ақындарымыз бар еді-ау деп ойланған-толғанған жан баласы болған жоқ!», – деп жабырқайды бұл күндері әлдеқашан дүниеден озған автор. «Ертеде сенің ауылыңда болғанмын. Ол жиырма бес жасар кезім еді. О, шіркін, дүние, балалық-ай! Түркі станды қоныстап қалған Нұртаза есімді ағайын бар еді. Соның үйіне түстім. Оңтүстік ақындарын көрейін деген көңілде арман бар. Әсіресе, Шәді төреге жолықсам деймін. Үйіне іздеп барып едік, ол кісі үйінде болмай шықты», – депті Жамбыл Жабаевтың өзі белгілі ғалым Бейсенбай Кен жебаевқа («Жарқын бейне»). Дәл осы оқиғаны Жамбылдың хатшысы болған белгілі ақын Ғали Орманов та қазқалпында көрсеткен («Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым»). Сондай-ақ филология ғылымдарының докторы, «Қазақтың 100 би-шешені» кітабын құрастырған Нысанбек Төреқұлұлы да осы оқиғаны растаған («Жүз жасаған бәйтерек»). Белгілі қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» кітабында да осы оқиғаны нақтылайды. Шындап келгенде, шайырдың есімі бастапқы қалпын сақ тап айтқанда Шәді емес, «ШӘҺДІ» болып шықты. Кітап ашып қойылғаны байқалады. Түбірі – ШАҺ. Бірте-бірте ауыз екі тілде «Шәді» болғанға ұқсайды. Созақтық, Құмкенттік, түбі төре тұқымынан Бәйділда Айдарбеков дейтін ақын, зерт теушінің айтуынша, оның азан шақырып қойған аты – Сұл танбек болыпты (Молшылық үшін» газеті. 8-қаңтар 2005 жыл. «Атақты шайыр-ақын туралы не білеміз?») Бұл сирек есімді белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев «Әдебиет белестері» (188-бет) атты зерттеу кітабында «Шәһді Жәңгіров (1865--1931)» деп көрсетеді. Қазақта «Шәдіге» ұқсас «Мәді» дейтін атау бар. Мәді «Мәһді» дегенді білдіреді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Хандар кестесін» жасаған (1992 жыл. «Жалын» баспасы. Алматы.) Қойшығара Салға раұлы Шәді Жәңгірұлының түп-тегін былай таратады: «Шыңғысхан-Жошы-Тоқай-Темір-Үз-Темір-ҚожаБадағұл-Орыс хан Құйыршық хан-Құтужақ-Барақ-Жәнібек хан-Қасым хан-Мамаш хан-Таһир хан-Бұйдаш-Қожа Мах
Жарылқасын Боранбаев мұд-Тоғым-Хақназар-Шығай-Тәуекел-Есім (Еңсегей бойлы ер Есім)-Жәңгір(Салқам Жәңгір)-Уәлі-Абылай (Қанішер Абы лай)-Көркем Уәлі-Хан Абылай-Қасым-Есенгелді-Жәңгір (Жа һангир)-Шәді ақын. «Бір ғажабы сол Қойшығара Салғараұлы Шәді ақынның шын аты «Нұрмұхамбет» деп қадап айтады. Бұндай «Нұрмұхамед» (Қоқыш) Шоқан Уәлихановтың туған інісі ретінде де бар болып шықты. Ақын Шәді туралы деректер жинастырған оның жерлестері Байділда Айдарбеков пен Сәуле Бораншиева «Шәді Жәңгір ұлы жайлы не білеміз?» атты мақаласында (Созақ аудандық «Молшылық үшін» газеті, 1998 жыл. 10 шілде. №22-23) оның есімін былай деп береді: «Шоқан сияқты Шәді төре (Шын аты – Сұлтанбек) Жәңгірұлы да Абылайханның нәсілінен та раған ұрпақ». Рас, Шәді ақынды «Шәді төре» деп те атайды. Бұлай болатыны – оның түп-тегінің Абылайдан асып барып, сонау Шыңғысханға барып тірелетіндігінен. «Төре тұқымының» тарихта таңбалануы 1456 жылы Қазақ хандығының шаңырақ көтеруімен байланысты болды. Бұл жаңа мемлекетті құраған Керей мен Жәнібек және оның ұрпақтары қазақ халқын 5 бөлікке бөлді. Әуелі Үш жүзді жасады. Кейіннен бұны Хақ Назар хан мен Әз Тәуке «Жеті Жарғы-мен» біржолата бекітті. Хан сайлануға құқығы барларды «төре», «ақсүйек» атандырды. Бұны олар Шыңғысханның «Жаса» (Яса) Заңынан алды. Мемлекеттің Дін Орденін Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтарына тапсырды. Оларды «қожа» деп атады. Бұл екі сөз қазақтың ұғымына кереғарлық тудырмайды. Себебі «Төре» сөзінің түп-төркіні «Төрді», олар отыратын орынды білдіреді. Ал «қожа» сөзі имандылыққа ұйыған елдің «қожасы, билеу шісі» дегенге келеді. Бұған «қара халық» ғасырлар бойына мойынсынып келді. Қазақ хандары Керей мен Жәнібектен басталады. Солар дың ең бір айбындысы – Абылай хан. Хан Абылайдан отыз ұл болды деп айтылады. Солардың кенжесі Қасым сұлтан. Ол екі рет үйленген. Бәйбішесінен алты ұл туған. Олар – Саржан, Есенкелді, Ағатай, Бопы, Кішік және Кенесары. Тоқалынан тек бір ғана ұл Наурызбай туыпты. Бұлардың ішінде Ағатай тым ерте қайтыс болған. Кенесарының ұрпағы Құмкенттік Файзолла Үрмізовтің айтуынша, «Абылайдың баласы Қасымның бірінші әйелі Кіші жүз, Алтын дейтін рудан. Есімін ел Қант ана деп атапты. Ке-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны несары қайтыс болған соң, оның кіші әйелі Мәуітіні әмең герлік жолымен жеңгелей Есенкелдінің баласы Жәңгір алады. Бұлардан қазақтың аса көрнекті ақыны Шәді туады. Сонда Абылай-Уәли-Шыңғыс-Қасым-Есенкел-ді-Жәңгір-Шәді ақын болып тізбек құрайды. Қазақ хандарының арасында Салқам Жәңгір атанған баһа дүр болған. Ол Орбұлақ шайқасында ерлік көрсеткен. Оған 20 мың қолмен Самарқаннан Жалаңтөс жеделдете жетіп жәрдем берген. Міне, Кенесарының кіші әйелі Мәуіті мен Жәңгірдің жарасымды от басында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе-Сауысқандының қос бұлақ түйісер сазында 1855 жылы мамыр айында (кейде қыркүйек айы деп те айтылады) дүниеге келеді. Қыстың күні көшпелі өмір салтымен, Шудың аяғы Бөгенбай жалын қыстап, көктем шыға Жамбыкөл, Айнакөл, Ащыкөлді жағалай қонып, тір-шілік қылыпты». Бұл арада мынадай да қосымша дерек барын есте ұстаған жөн сияқты. «Кенесары және Сыздық сұлтандар» деген атпен кітап қалдырған Ахмет сұлтан Кенесарыұлы бізге бас қаша ақпар береді. Міне, оқып көрелік: «Кенесары хан қаза болғаннан кейін оның екі әйелінен сегіз ұл қалды. Қыздай алған бәйбішесі Күнімжан ханымнан Жафар, Тайшық, Ахмет, тұлдай алған екінші әйелі Жаңыл (кей-кейде Жағым деп те айтылады) ханымнан: Омар, Осман, Әбубәкір, Сыздық, Шығай (Жегей деп те айтылады). Хан қайтыс болған жылы (1847) Тайшық сұлтан жиырмада, Сыздық он, Ахмет бес жаста еді». Тарихи деректер Кенесарының Күнімжан дейтін бәйбіше сінің болғанын растайды. Ол 1844 жылдың ерте көктемінде орыстардың қолына тұтқынға түсіп, Тобыл қаласында бір бай татардың үйінде ұсталады. 21 наурызда Ор қамалына апарылады. 27 наурызда Орынборға Шекара комиссиясына құрметпен жеткізіледі. Кенесары ханмен арадағы келісімге сәйкес 1845 жылы көктемде кейін қайтарылады. Онымен бірге тұтқынға түскен 17 әйел-қыз балалар босатылсын дейтін шешім болады. Оларды Герн дейтін орыс әскерінің поручигі Кенесарының Ордасына дейін арнайы керуен-күзетпен әкеліп тапсырады. Осы қауышудан кейін, Кенесары қылыштасуды тоқтатады да, Арқадан Қаратауға қарай қозғалады. Он жылға жуық жорықтан шаршаған ол Созақ өңірінде біршама дем алады. 1847 жылы Ұлы жүз жеріне, Жетісуға қарай сапар шеккен ол
Жарылқасын Боранбаев өмірінің соңғы сәттерін өткізіп жатқанын білмеген еді. Оның қалай болғанын сол шерудің ішінде болған Нысанбай дейтін абыз ақын «Кенесары-Наурызбай» дастанында егжей-тегжей толғады. Шәді ақын өзі аса ірі қаламгер болса да, өмірбаяны өте жұмбақ жанға жатады. Ол Кенесарының екінші әйелі Жаңыл ханымнан туған Есенкелдіден өрбиді. Есенкелдіден Жәңгір (Жиһангер), Жәңгірден Шәді ақын. «Хан қаза болғаннан кейін олар барша халқымен Шудың саға жағына, Қаратау маңына, Түркістан қаласына қарай көшті. Сол жерде олар Кенесары ханның бала-шағалары, қы рық үй төлеңгіттерімен салық төлемеу шартымен, Қоқан хан дығына қарады. Бұл хандықты мұсылмандар Хұдаяр хан мен қыпшақтар билеуші еді. Кенесары ханның балалары Түр кістан хакіміне қарап, қоңыраттардың арасында тұрып жат ты. Балиғилыққа жеткенге дейін (ер бала 9-да, қыз-13-те ер жетеді, балиғ болады) ауылдарында молда жалдап сабақ оқы ды», - дейді Ахмет сұлтан Кенесарыұлы. Осы деректемеге қарағанда, Шәді де Алшынбай Әбдісат тарұлы дейтін ауыл молдасынан тәлім-тәрбие алады. Екінші бір байқалып тұрғаны – Кенесары хан ұрпақта рының көбіне Қарт Қаратау, Шудың сағасы, қазіргі Құм кент, Қызылкөл маңын көбірек үйірсектепті. Бұл өлке ресми құжаттарда «Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылы бұлақ болысы» деп аталды. «Алашқа мәлім болған Шәді ақын» деген мақаласында Файзолла Үрмізов бұл кезең туралы мынадай анықтама береді: «Шәді 19-10 жасқа дейін ауыл молдасында оқып сауат ашады. Әуелі Шаян медресесіне барып, Сейдахмет ишаннан, Аппақ ишаннан оқиды. Екі жыл оқып, елге оралады» дейді. Одан кейін Шымкент шаһарындағы Абдолла (Абдала деп те айтылады) Шәріп дейтін ғұламаның қолына түседі. 1886-1870 жылдар аралығында Ташкентке барып, одан әрман Бұқара медреселеріне жол тартады. Әйтсе де тарихи деректер басқаша да айтады. Мысалы, Аппақ ишан халыққа белгілі адам. Ол 1933 жылдың көкте мінде қазіргі Павлодар қаласында түрмеқамақта 70-ке қараған шағында қайтыс болған. Сонда ол 1863 жылы дүниеге келген болады. Бұл деректер нақты сияқты, себебі 1930 жылдың 30 сә уірінде «Совет өкіметіне қарсы бағытталған үгіт-насихат
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны жұмыстарын жүргізді» деген жаламен ұстап, тергелгенде «Аппақ ишан 66 жаста. Оның баласы Бахибулла 30 жасында туылған, інісі Сабыр 53 жаста» деп анық көрсетілген. Демек, бұл жерде Шәді ақын Аппақ ишаннан 8 жастай үлкен боп шығады. Екіншіден, сол Аппақ ишанға Шәді қыз ұзатып, өзі де қожалардан қыз алғаны тарихта таңбаланған. Тағы осыны қуаттайтын бір дерек Шәді білім алған Шаян медресесінің іргетасының қашан қалануы туралы болып келеді. Шүкіралла Әбдуат «Шаяндық әзіздер мәкраматтары» атты кітапшасында (Алматы, Қазақпарат – 2001) «Мешіттің ірге тасын қалау үшін терең ор қазып, оны бір палуан әр кездің ақысына бір лақ, не бір қозыдан алып тоқпақтапты. Сол кезде Аппақ ишан 12, Мәді мағзым 10 жаста екен» делінеді. Сонда бұл 1875 жылдарға келеді. Ал Шаян медресесі 1884 жылы толықтай біткен. Сонымен бұл қасиетті құрылыс 9 жылда толық салынған. Осыған орай біздер бұған дейінгі айтылған әңгімелерге біршама өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы Шаян мешіт-медресесі салынғанға дейін шағын оқу орны болуы ғажап емес. Себебі сол 1871 жылдары Жамбыл Жабаев осында келгенде «Құжыра» дейтін болыпты. Бәлкім, Шәді ақын тап осы жерде оқуы да мүмкін. Шаян медресесінде толықтай оқып білім алған Шәдінің қаламгерлік қуатына күш берген рухани Әлем туралы толық тай айтуды дұрыс көріп отырмыз. Мұхаммед Пайғамбары мыздың туысы, бауыры, әрі күйеу баласы Әзірет Әлі мен Бибі Фатимадан тараған 22-ұрпақ Мақтым Ағзам деп аталады. Шаһ-Бүзірік (Шаһ Бұлт – қазақша айтылуы Сабылыт) содан тарайды. Мақтым Ағзамның үшінші әйелі Бибі Айшадан Сыман деген туады. Бұл қожалар шежіресі бойынша екінші ұл-перзент. Біздің «Домалақ Ана» әулие деп жүргеніміз Нүрилә осы Сыман, кейде Әли-Сыман қожаның қызы боп шығады. Қожалар шежіресі былай болып келеді: 22. Мақтым Ағ зам. 23. Ысқақ қожа. 24. Шәдіқожа. 25. Үбайділла қожа. 26. Шайып-Сайып) қожа қазіргі «Сейіт» қожамыз дейтіндер осылар) 27. Шаһ Бүзірік (Шаһ Бұлт-Сабылыт) қожа, 28. Тұрсын қожа. 29. Бабақожа. 30. Әппаққожа. 31. Ысқаққожа. 32. Абдул лақожа. Енді біз айтар ойдың түйініне тақалдық. Осы Абдулладан тараған екі азамат Құлатай мен Қосым ишан атанып Қаратауға, Күнгей мен Теріскейге келеді. Құлатай әуелі Шаянда қалады,
Жарылқасын Боранбаев қазіргі медресе-мешіттің өзен жағындағы сайда әулие бұлақтың басына қосын тігеді. Қосым Теріскейге асады. Арада жылдар өткенде Құлатай інісін шақырып алып: «Шырағым, Қосым! Мен шаруа адаммын ғой. Мына жақта егінді көп салады екен. Тарлық қып жатыр, Сарыарқаның сар даласына мен барайын, ал сен егіншілікке бейім едің, Шаянға сен кел!» – деп орын ауысады. Сөйтіп Құлатай әулеті Теріскейде, Жамбыл облысы территориясына жайылады да, Қосым ишан Күнгейде қалады. Қосымнан Сайд Мұхаммед, Сайд Ахмет, Ахмет, Әлмұхаммед, Құрбанжан дейтіндер тарайды. Ақын Шәді Қосымнан тара ған Сайд Ахметтен оқиды. Сайд Ахметтің ұлы Аппақ ишанмен жолдас болады. Сайд Ахметті жергілікті халық Сейдахмет дей салады. Шаян мешітін осы Сейдахмет салдырған. Одан бір тағылымсөз қалған. Мешіттің орнын белгілеп жатқанда біреу жеңсік бермей «былайырақ-былайырақ» дей беріпті. Сонда Сей-дахмет ишан: «Көзбен көріп тұрғанды жаңылыс тырмасаңызшы!» деген екен. Сөйтіп, бір үйдің тұңғышы әрі кенжесі болған Шәдіні әуелде ауыл молдасы Алшынбай Әбсаттарұлына оқытады. 9 жасында 1864 жылдары Шаянға Сейдахмет ишанға мүритшәкірт етіп береді. Тегінде «төре мен қожа» өздерін ақсүйек санағандықтан бір-бірін жақын тартады.Сол себепті ақын Шәдінің келешектегі өміріне осылар үлкен әсер етеді. Екі-үш жыл осында оқығаннан кейін, Шымкенттегі Абдолла Шәріп дегенге барады. Жалпы 1870 жылдарға дейін Қарнақта, Ташкенде, Самарқанда, Бұхарда болып, тек қана діни сауатын ғана емес, әдеби білім алуға да талпынады. Шығыс шайырларының шығармаларымен тереңдей танысады. Шағатай тілін мүлтік сіз игереді. Арабша жазылған кітаптарды түпнұсқадан оқыр лықтай дәрежеге жетеді. Осы жылдары Шәдінің бойынан өлең жазуға деген құштарлық оянады. Елге хат жазғанда оның жолдарын жырмен көмкереді. 1870 жылдар әкесі Шәдіні шақырып алып, үйлендіреді. Балжан дейтін қызды атастырып алып береді. Осы Балжаннан туған Әлтиман деген қызын кейіннен дос-жаран боп жүргенде Шаянға, Әппақ ишанға ұзатады. 1877 жылы Шәді ақынның әкесі Жәңгір дүниеден өтеді де, шаруа бағып қалады. Көбіне кітап оқып, қисса-дастандар жазып ғұмырын өткізеді. 1916 жылы Нұрмағамбет, Сәтен дейтін ұл балалары қазқатар қайтыс болып қайғы шегеді. 1928 жылдары «ауданда-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны стыру», «кәмпеске» науқаны басталған соң, ел ішінде онша жағдайы болмайды. Кейбір деректерде әлдекімдердің көрсетуімен Өзбек станға, Марғұланға жер аударылған делінеді. Ал енді Шәді ақынмен әкелері тығыз байланысты болған Аппақ ишан тұқымдары, қазір Шаянда дін аман тұрып жатқан, Әбдуат биден тараған. Әбдіразақтың баласы қажы Ергеш (Зейінлабиддин) Әбдіразақов бұны басқаша айтады. Ол бізге ақын Шәді туралы өлшеусіз олжа сыйлаған бұл азамат арабша еркін оқып, шағатай тілінде жазылған дүние лерге біршама талдау жасай алады. Құран тілін біледі, шежіретарихтан, педагогика саласы мен өнерден де хабары бар үлкен жүректі азамат. Ол Өзбекстанда, Самарқан облысы, Жызақ ауданында туып-өскен, өзбекше тіл сындырған, 1960 жылдары Оңтүс тік Қазақстан облысының бұрынғы Келес ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы кеңшарға көшіп келіп, осындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тамамдаған. 19611965 жылдар аралығында Шымкент педагогика институтын тауысқан. 1978 жылы Шаянға келіп, аудандық Білім бөлімі нің әдіскерлік бөлімін тапжылмай 19 жыл басқарып зейнет керлікке шыққан. Сәл ертеректе, дәлірек айтқанда 2001 жылы, осы Ергеш Әбдіразақовтың бауыры Шүкіралла Әбдуат дейтін азамат Созаққа, Шолаққорғанға мені арнайы іздеп келіп, «Ақын Шәді мүлдем іздеусіз қалды. Оның саналы ғұмыры, жыр әле мі Шаян медресесімен байланысты» деп айтқаны, соған көмек болсын деп бірер жазған-сызғанын ұсынғаны бар болатын. Оның ойынша «Шәдіні жазу үшін әуелі ақындық, сонан соң бірнеше тіл білу, шежірені тарқата алу, тарихтан хабардар болу, жергілікті жердің жағдайын жақсы білу т.б. қасиеттер керек» екен. Қазақта «сәлемнің де сәті бар» деген сөз бар емес пе, бәлкім ішкі жан-дүние дайын болмады ма, енді-енді қолға қалам алғанда біраз нәрсенің қолдан сусып шығып кеткенін аңғардық. Шүкіралла Әбдуат та бақилық болыпты. Осы бір алмағайып кезеңде өзі өнерпаз, ауыз әңгіменің шын шебері, аталар жөнінде әңгіме айтса ағылып кететін Ергеш – Зейінлабиддин Әбдіразақов ағамыздың аман-сау ғұмыр кешіп жатқанына қатты қуандық. Ол ағамызға «ит мұрны батпас ну орман» шағатай тілінде жазылған Шәді
Жарылқасын Боранбаев ақынның жырларын оқытып алдық. Өзіміз білмейтін Құран тілін, сол замандағы қолда-ныста болған мыңдаған сөздердің мағынасын, қожалардың шежіре-тарихының түп-тамырын талдауға көп пайдаланғанымызды жасыра алмаймыз. Осы асыл азаматтың санасында жатталып, қатталып қалған көптеген тарихи деректерді әр сөзін ежіктей отырып жазып алдық, қол батпаған жерін өзіне түсірттік. Біздің мұндағы басты мақсатымыз – ақын Шәдінің ғұмырбаянын мейлінше қағазға дәл түсіру болды. Сөйтіп Созақ еліндегі әңгіме бойынша: «1931 жылы ауыл белсенділерінің көрсетуімен молда деп айыпталып, Марғұ ланға жер аударылған Шәді келер жылы ақталып шығады. Асан Қажыпұлы дейтін жиенінің қолында бір жыл тұрып, 1933 жылдың 12 қыркүйегінде 78 жасында қайтыс болады» делінген. Тағы бір дерек былай дейді. «Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген. Ол өзінің айтуынша, 25 жасында Оңтүстік Қазақстан облысына, Созақ, Түркістан қаласы, Шаян селосында болған. Бұл 1871 жылдарға келеді.Мырзатай Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» кітабының 30-бетінде былай дейді. «Оңтүстік өлкесіне, Түркістанға барған сапарында Жамбыл өзінің айтуына қарағанда жиырма бес жаста. Түркістанда қо ныстанып, орнығып алған Нұртаза деген ағайынының үйіне түскен ақын ә дегеннен-ақ Шәді төрені көргісі келеді. Оның үйіне арнайы іздеп барып, жолықтыра алмайды». Жамбыл Жабаевтың жеке хатшысы болған, белгілі ақын Ғали Ормановтың 1989 жылы басылып шыққан «Дастан ата» жинағының 139-бетінде және де 206-бетінде келтірілген мынадай өте құнды дерек бар. Әуелі Ғали Орма-новтың «Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым» атты күнделік жазбасын оқып көрелік: «20 июнь. 1939. Қопабай және бір-екі туысы келді. Қопабайға айтты Жамбыл: «Екеуміз ертеде Арысқа, Түркістанға барғанымыз есіңде ме?» Бұдан көрініп тұрғандай, Жамбыл Оңтүстік елін туысы Қопабаймен бірге аралаған. Енді осыны белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев «Жарқын бейне» деп аталатын естелігімен толықтырады. «Ертеде сенің ауылыңда болғанмын. Ол жиырма бес жасар кезім еді. О, шіркін, дүние, балалық-ай! Түркістанға қоныстанып қалған Нұртаза есімді ағайын бар еді. Соның үйіне түстім. Оңтүстік ақындарын көрейін
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны деген көңілде арман бар. Әсіресе, Шәді төреге жолықсам деймін. Үйіне іздеп барып едік, ол кісі болмай шықты...» Тағы бір деректі Құлыншақ ақынның жиені Әбділда Бағдәулетұлы былайша баяндайды: «Ол жылдары біз Түркістанда тұратынбыз. Ескі Икан көшесінің кіре бері сіндегі үлкен әуліміз болатын. Сүмбіленің аяқ кезі ғой деймін. Біздің үйге Құлыншақ ақын келіп түсті. Қасында екі жолдасы бар. Әлі есімде, біреуін Молда Мұса, қара мұртты, ұзын бойлысын Бұдабай десті. Ертесіне елге қайтамыз деп түстік жеп бола бергенде үш аттылы сау етіп түсе қалды. Егделеу кісіні Майлықожа десті, қасындағы жұпыны киімді екі жігітті танымадым. «Бұл – Жамбыл деген ақын» деп жанындағы бейтаныс жігітті таныстыра бастады». Осы дерекке ден қойсақ, 1855 жылы дүниеге келген Шәді ақын сол уақта бар болғаны 16 жаста болады. Жамбыл одан 9 жас үлкен. Себебі ол 1846 жылы туылған. Ақын Шәді Созақтық деректер бойынша «1870 жылы ауы-лына оралып, Балжан есімді қызбен шаңырақ құрады». Демек, Шәді ақын Жамбыл жиырма бес жасында Түр кістанға келетін 1871 жылдары жас келіншегімен Түр кістанға қоныс аударғаны байқалады. Себебі сол – Жам был оның үйіне арнайы іздеп барып, жолықтыра алмайды. Осы кезеңде ақын Шәдінің Түркістан қаласынан аса қашық емес, Қарнақ мешіт-медресесінен одан әрман білі мін тереңдеткені де ақылға қонады. Жалпы Қарнақ селосы зергерлікпен, білім ордасы болуымен бірқатар жерлерге танымал болған мекен. Мұнда атақты «Тайқазан» құйылған. Мекке-Мәдинадан қа жылық сапардан келе жатып мұнда Құнанбай тоқтаған. Мұх тар Омарханұлы Әуезовтің ата-бабаларын елге, Шыңғыстауға көшіріп алуға мәміле жасаған. Дәл осы Қарнақта Әбілқайыр ханға қол жұмсаған Барақ сұлтан у беріп өлтірілген. Кенесары ханның әкесі Қасым сұл танға да дәл осы Қарнақта үзеңгісіне у жалатылған. Кеңес үкіметі кезінде «Атабай ауылы» деп те аталғаны бар. Осы деректер Шәді ақынның Түркістан қаласында тұрып, шығар машылықпен айналысқанын білдіреді дейміз. Шәдінің ақындығын ең әуелі Сәкен Сейфуллин өте жоғары бағалаған. Әкесі Сейфолланың айтуымен 1920 жылдары Шәдімен танысуға арнайы келген. Бұл оқиғаны қазақтың бел
Жарылқасын Боранбаев гілі қаламгері Тәкен Әлімқұлов «Ел мен жер» кітабында хикаят етіп жазған болатын. Жазушы Еркімбек Тұрысовтың қаламынан шыққан шығармаларда да осы оқиға аталады. Созақтық әдебиетші Байділда Айдарбековтің де жазбасында жатық баяндалған. Шәді ақынның жақын туысы Файзолла Үрмізовтің естеліктерінде де айтылады. Сәкен Сейфуллин кейіннен өзі құрастырған әдебиет оқулығында арнайы атап өтеді. Қазақтың белгілі ғалымы Бейсенбай Кенжебаев Шәдінің соншалықты қасиетті адам, ғаламат ақын екенін білгенімен, заман талабына сай шығармаларын толық талдай алмаған. Себебі, Кеңестік кезең діни көзқарастарға өте қатал тыйым салғандықтан, шынайы ғылыми талдау жасауға жол берілмеген.
ШӘДІ АҚЫН ТУРАЛЫ АҚЫН ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ АЙТҚАНДАРЫ Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Әбділда Тәжібаев «Есімдегілер» деп аталатын естелік кітабында Шәді ақынға біршама сөз арнапты. Оқып көрелік: «Менің есімнен Шәді Жәңгірұғлы ешқашан шыққан емес. Қаршадайымнан хат танып, оқыған жырларымның көбі осы Шәді болғандықтан, оның аты маған сүтпен бірге сіңген қасиетті сөз секілді. Оның үстіне Шәді дастандарын бүкіл ауылға оқып беріп отыратын шешем сөздері де жадыма әбден қонған, қайта өшпестей болған ғой деп білемін. «Көп тіл білген білімдар кісі бопты. Әсіресе парсыша, арабша жетік білген» деп отыратын. Кейін өзім есейген соң, Шәді жайын кеңірек ойлайтын болдым. Оның көмілген екі сандық қолжазбасын іздеп Түркістан маңайын қазысқаным ды бұрынырақ жазғанмын. Одан да кейінірек Шәді қис саларының қайдан, қай тілден алынғанын білуге талаптана бастадым. Сөйтіп жүріп, 1941 жылы көктемде Ташкентке барыппын. Барыппын да алғашқы әрекетті Орта Азия Мем лекеттік университетінің іргелі кітапханасынан бастаппын. А.А.Семеновтің шығыс литографиясын түсіндіретін жазба ларын оқуға кірісіппін. Кітапханада бес күн сарылып отыр ғанда оқыған, естігендерімді едәуір жазыппын. Солардың ішінде Шәдіге байланысты нәрселерді молырақ біліп, көбірек көшіруге тырысыппын. 1. «Қиссасыл әнбийә». Бұл Шәдінің көп оқыған кітабының бірі ғой. Философия және дін мәселесі сөз етіледі. Негізі – Мұхаммед Пайғамбарға дейінгі ірі пайғамбарлар тарихы. Соңы – Мұхаммед Пайғамбардың өмірі, оның күресі, оның көкке көтеріліп, құдаймен тілдескені, тұстарына көрсеткен неше алуан хикметтері (ғажайыптары). Бұл кітаптың қара сөзбен алғашқы жазған авторы Ғират қаласында тұрған ғалым молда Мухин Қашафи екен. Біздің Шәді ең соңғы
Жарылқасын Боранбаев пайғамбарды бөлек алып, қазақша жырлаған. Барлық қызықты әңгімелерді еркін билеп, шебер жеткізген. 2. «Төрт дәруіш» – менің көзіме оттай басылды. Бұл да Шәді шығарған қиссалардың ішіндегі ең тамашаларының бірі ғой. Қақпасы жабылған қалаға кіре алмай бір түнді сырт та бірге өткізген төрт дәруіш әңгімелері бірінен-бірі өткен қызық. Талай қайырымды, қайырымсыз жандардың мінез, қылықтары, портреттері жазылады. Бұл да өлеңмен шағатай ша жазылыпты. Өзбек тілі десе де болады. Молла Әкмал хан аударған. 1900 жылы Ташкентте басылған. Шәді жырынан бөлектеу. «Төрт дәруіш» – мұсылмандар шығысында әбден мәшһүр, әркімдер жырлаған дастан. Бірақ оның негізгі авторы ХІІІ-ХІҮ ғасырда өмір сүрген Индия ақыны Әмір Хысырау деп болжам айтылады екен. Мен «Төрт дәруішті» қазақша жырлаған және өте қызықты жырлаған Шәлі болғанына қатты қуандым. 3. «Қамыр заман хикаясы» («Хикаят Қамыр заман»). Мұнда жазушы Сұлтан Шәді Жәңгірұғылы деп тура көрсе тілген. Мен бұған да қатты көтеріліп қалдым. Бұл белгілі парсы әңгімелерінің бірі. Шәді өзбекше өлеңмен аударған депті (А.Семенов). Дастанның көлемі де недәуір: 150 бет, парсы сөздерінің көбірек алынғаны болмаса негізінен қазақша жазылған қызықты, әңгімелі дастан. 4. Терме кітап. Мұның Шәдіге қатысы жоқ. Әйтсе де күн делікке түсіре кетуді мақұл көрдім. Кітап өзбек тілін зерт теушілерге арналған хрестоматия делінген. Оқып көрдім. Қазақтың көптеген мақал-мәтелдері қаймағы бұзылмаған қал пында алынған. Мен бұл кітапты өзбек пен қазаққа бірдей пайдалы, құнды нәрсе деп түсіндім. Сөйтіп мен бұл кітапты кітапханадан тапқаным «Қамыр заман» Шәдінің қолы қойыл ған кітап. Ал «Сияр Шәріп», «Орқа-Күлше» (түркіше,қара сөзбен жазылған), «Шар дәруіш» (түркіше, өлеңмен жазылған), «Қаһарман қатқыл» (түркіше өлеңмен жазылған) Шәдіге дейін жазылған кітап боп шығып, шығыс халықтарына таралған белгілі дүниелер екенін білдім. Шәдіні зерттеушілер (олар әзірге аз) бұл кітаптарды оқып салыстырулары керек. Сонымен бірге бұларды парсы тілінен де іздестіріп зерттеулер қажет екен деп түйдім. Бізде «Зар хұмә» деген қисса ел арасында көп тарап, көп айтылған ғой (жыраулар айтқан). Нағыз қара өлеңмен жазылған. Ұйқастары
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны да «ақырады», «бақырады», «шақырады» деген сияқты кілең бақырауық сөз-дерден құралады. Араб,парсы сөздері тіпті аз кездеседі. Мен бұл қиссаның да парсы тілінен аударылғанын осы жолы білдім». (29-31 беттер). Әбділда Тәжібаевтың «Есімдегілер» деп аталатын естелік кітабынан құнды-құнды тағы да мынадай деректерді таптық. І. Әбділда Тәжібаевтың Шәді ақынды ес білгеннен оқып, жаттап өскені, қадір тұтқаны. Оның анасы Айманкүлдің де Шәді ақынды ардақтағаны, бала-сына «Көп тіл білген білімдар кісі бопты. Әсіресе парсыша, арабша жетік білген» деп асыра бағалауы. 2. Шәді ақынның «Төрт дәруіш» қиссасының 1900 жылы Ташкент қала-сында жарық көруі (біздегі көп кітаптар 1909 жылдары шыға бастағанын есте ұстаған ләзім). 3. Осы жазылымнан біздер «авторы Сұлтан Шәді Жәңгір ұғлы» дегенді кездестірдік. Осы арқылы біздің, Созақтық, «Шәдітанушылардың» оның «сұлтандық» дәрежесін («төре лік» деп түсініңіз) оның есімі жасап Сұлтанбек деп жібергені бірден байқалады. Бұл сөздің дұрысы «Шәді төре Жәңгірұғылы сұлтан» болуы тиіс сияқты. 4. Әбділда Тәжібаевтың айтуынша, Шәді ақынның хикая жасағандары бұрыннан әдебиет әлемінде бар дүниеліктер екен. Оған дау бар ма?! Шығыстың жеті жұлдызы атанған шайырлар да Шығыстық аңыздарды түгел қайта-лап жыр лаған. Ұлы ақын Абайдың «Ескендір» поэмасы да Шығыстық мотивке құрылған. Бірақ Абай басқаша толғаған, бүкіл әлем жыршылары Ескендірден «әділ патша» жасамақ боп жатқанда, бір қу бас сүйек арқылы пәни мен бақидың өлшемін өзінше өрнектеген. Иә, бір ғажабы Созақ сахарасынан шығып парсы, араб тілдерін еркін меңгеруі, қылдан тайсаң қияпат әлемге жолы ғатын пайғамбарлар пайымы мен парасатын жыр тілімен жалпақ жұртқа жеткізе білуі оның сөз жоқ ұлы ақын-дардың қатарына қосатыны анық. Өзбек дейтін халық өнерде өте өркендеген ел. Олар кез келгенді асыл қазынаға балап, көздің қарашығындай сақтай бермейді. Ал олардың 1900 жылдары Шәді жырларын баспадан өткізіп, мәңгі өлмейтін құндылыққа балауы, ақын Әбділда Тәжібаев «...жазушы Сұлтан Шәді Жәңгірұғылы деп тура көрсетілген. Мен бұған да қатты көтеріліп қалдым!» «Біздің Шәді ең соңғы пайғамбарды бөлек
Жарылқасын Боранбаев алып, қазақша жырлаған. Барлық қызықты әңгімелерді еркін билеп, шебер жеткізген!» деп қуана қол соғуы осының дәлелі. Әбділда Тәжібаев «Есімдегілер» кітабынан бұрынырақ «Естеліктер» деген аса құнды дерекнама тудырған. Мұнда да Шәді ақынға үлкен орын берілген. Әсіресе, «Есімдегілер» кітабында өзі жазып қалдырғандай, Шәді ақынның қолжазбасын қалай іздегені де толықтай айтылады. «Мен шешеммен бірге кітап оқи жүріп, сол оқыған дарымның тірі авторы бар деп ойлаған емеспін. Мен барлық оқығандарымды «құран», «таурат», «інжіл» сияқты көктен түскен ғайыптың сөзіндей көретінмін. Бұл әрине, алғашқы балалық әсерден туған, ойға да әбден ұялаған сенімге байланысты болса керек. Біз Құранды Мұхаммед пайғамбарға жебірейіл жеткізген, әрбір сүресін біртіндеп жаттатқан деп үйрендік қой. Содан кейін бәрі «Құран» атты кітапқа айнал ған. Осы әңгімені мен ең алғаш «Сияр Шәріптен» оқыдым. Бірақ оны қазақшалап жазған Шәді Жәңгіров бізбен замандас тірі адам, кешегі нағашы атам Далдабайдың мейманы болған,менің әжемнің қолынан шай ішкен кісі екенін кейін білдім. – Шәдіні мен де көргенмін, қолына су құйғанмын, – дейді апам, – Жарықтық аса білгір, молла кісі екен. Біздің жаққа жеті-сегіз түйеге кітаптарын әкеп таратқан... «Орақ-Күлшесін» бір қой беріп көкем де алған, – дейді анам дәл бір кешегі күннің әңгімесіндей төндіріп. Ол заманда бүгінгідей баспа қайда, оның шығарған кітап тарын жер-жерге жеткізіп сататын арнаулы мекемелер қайда. Шәді төре қиссаларын Қазанда, Ташкенде шығарып, көпші лігін өзі таратады екен. Ғажап дастандар туғызған, бүкіл Орта Азияға мәшһүр ұлы шайырды Оңтүстік қазақтары да қасиетті, әулие адам деп таныған. – Басында Түркістанның сырма қалпағы, үстінде сырмақ желеңі бар, Шәді ақын орта бойлы, ықшам киініп, пысық жүретін кісі екен. Қасындағы жігіттері де ақынның қызметкер жәрдемшілері емес, сыйластарына көбірек ұқсайды екен. Шай ішіп, ас жегеннің арасында-ақ Шәді туралы үлкендеріміздің бұрынғы жорамал ойлары тіпті өзгерді. Ол әулие,молдалардан гөрі, өзіміздің кәдімгі тіршілік адамдарының біріне ұқсап шықты, – дейді апам. Сәлделі, тәспілі Шәдіні көреміз деп келгендер домбыра шертіп, әзіл-әңгімелерді айтып отырған думанпаз Шәдіні
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны көріпті. Шәді соқыр ақын, ақсақ қайыршы болып зарлайтын Есімнің күлдіргі өлеңдерін тыңдап, көзінің жасы аққанша күліпті. – Мұның қалай, қазірет? – депті Дәлдекең Шәдіні әзілге тартып, – Өзің қалпесің, өзің Есімнің «шайқымазағын» тың дайсың?! – Алла пендесін қайғыдан күйіп кетпес үшін, күлкісін де қоса жаратқан. Күле білмегеннің жылағанына да сенуге болмайды, – деді Шәді іркілмей жауап қайтарып. Сонда Есім беліндегі қызыл жібек белбеуін шешіп, басын дағы құндыз бөркімен екеуін Шәдінің алдына атып ұрыпты. – Енді өліп кетсем де арманым жоқ, төрем, жердегі Есім ді аспанға бір-ақ шығардым. Ал мына сыйлығымды жарық тығым! – депті көзін ақшаңдата ойнай жөнелтіп. Соншалық қисса-поэмалар жазған, парсы, шағатай әдебие тін жүйрік білген, бүкіл Орта Азия халқына ортақ тілде жаза білген Шәдінің өз тіліне де жүйріктігі орасан екен. Ол қазағының тілінен ғана емес, оның ақындық салты мен дәс түрлерінен де қол үзбеген екен. Керегінде дастандар жазған шайыр, керегінде төгіп айтатын,табанда айтысқа түсетін ақын бопты.Атақты Майлы Қожамен жол үстінде ұшырасып қалғанда Майлы атының басын тарта беріп: Шәді төре келеді жорғасымен, Құдай артық жаратқан ол басынан, – дегенде, Шәді іле жөнеліп: Пұл емес, өлең жиған дорбасымен, Әр сөзі құйылғандай қорғасыннан, – депті. Шәдінің бұл сияқты қызықты әңгімелерін түгел жинап алған шешем солардың бәрін маған да түгел айтып, түсіндіруге тырысатын. Сондықтан болу керек, мен қара танығаннан бастап Шәдіні сүйдім. Оның көптеген жырларын жатқа айтатын болдым. Мен де апам сияқты «Сияр Шәріптің» (Қысқаша «Сияр» дей саламыз) ұзақ-ұзақ салаларын, «Төрт дәруіш», «Орақ пен Күлше» хикаятын да түгел дерліктей жат қа айтушы ем, қазір көбін ұмытыппын. Апам маған парсы тілін оқытпағанына өкінетін. – Онда Жәмидің де «Орақ-Күлшесін» оқыр едің ғой! – дей тін.
Жарылқасын Боранбаев Көптеген қиссаларда, әсіресе дінді ғана уағыздауға ар налған «Салсал», «Зарқұм» сияқтыларында адам тек сенім нің құлы болып келеді ғой. Тіпті ғажайып қайрат жасай біле тін күштілердің өзі де мұраттарына дін жәрдемімен жетеді. Апам мені бұрпалға жуытпай, көбінесе Шәді салған ақын дық мектептің үлгілерін оқытты. Өйткені Шәді Шығыс клас сиктерінің дәстүрін қазақ топырағына көгертушілердің басы еді. Апама Шәді поэмаларының адамдардың ер көңілдіктері, ақ пейіл әділдіктері, биік армандар үшін ұлы қатерлерге бас байлағыштықтары ұнайтын. «Орақ пен Күлшенің» сүттей таза ғашықтығы, мен сол махаббат үшін екеуінің айнымай күрес кенін барынша таңданып, тамашалап айтатын. Шәді жазған дастандағы теріс мінез, теріс қылық жасайтын арам құлықтылар бейнелері қандай суреттелген. Батырлықтың қарсы жағы – қор қақтық күлкі етіледі, опасыздық пен даңқ құмарлардың қара пейілдері, қара ниеттері қарғалады. Атымтай жомарт сараң дықтарға шабылатын семсер секілді. Ал, ер басына күн туғанда, етігімен су кешкенде оның сүйген жары батылдық пен данышпандықтың небір үлгілерін жарқылдатуға дейін жетеді. Апам мені осындай бейнелерді тани білуге, оларды құрметтей білуге үйретті. Ұяда көргеніңді ұшқанда да істейсің. Кішкенеңнен ойыңа орнығып, миыңа кірген нәрсе мәңгі серігің болады екен. Мен әр нәрсені апамша танудан осы күнге дейін арылғаным жоқ. Шешеме мұндай ұқсастығымды ұсақ-түйектен бастап, талай реттерде көріп отырамын. Солардың ішінде мен оның Шәді Жәңгірұлымен таныстырғанына ырзамын. Шынын айт қанда мен Шәді арқы-лы бүкіл парсы, тәжік классиктерінің поэзиялық дәстүрлерін аз да болса танып қалдым. Адамның бойындағы илһамы нәзік махаббатын мәртебелеу Шәдінің ұлы ақындардан әкелген дәстүрі. Бақытты, бақыттылықты аңсау барын қашаннан білеміз. Бірақ «Бақыт» дегеннің не екенін көбіне түсіне алмай жүрміз. Шәді бақытқа әр кезеңде де айқын сипат беріп отырған. Оның жыр-лайтын бақыты да Низами, Науи қаһармандарының іздейтін бақытындай. Кейле ол қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, әмбеге бірдей кең, жарық дүние, кейде қара қылды қақ жарған, әділет тізгінін ұстаған парасатты батыр, ал кейде ұлы махаббат аспанындағы сөнбес күндей сұлу жар. Шәді де өз ұстаздары сияқты осындай бақыттарды табу жолында ат арытып, тон тоздырған тіпті
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны барлық өмірін сарп еткен ғажайып адамдарды жырлады,бізді де соларды құрметтеуге үйретті. Шәді дастандарындағы адамдар «Әсіресе, «Төрт дәру іш», «Орақ пен Күлше» сияқты шығармаларындағы) дін жағынан да,ұлттық нәсіл жағынан да жіктелмейді ғой. Кө бінесе оның адамдары мінез-құлыққа, адал-арамдыққа, даналық-ақылсыздыққа қарай жіктеледі. Ал қалың елден қақ жарып шыққан еңбек адамының тапқырлықтары оқушы халыққа қанат бітіргендей қуантып отырады. Біз төрт дәруіштің айтқан тамаша әңгімелері арқылы қанша мемлекет, қанша жұртты аралаймыз. Қытай, үнді, араб, иран тұрандарды кезіп, Шам, Мысыр, Бәсіре (Баср) қала ларын мекендеп өтеміз. Соның бәрінде игі жақсылар – досымыз, игісіз жамандар – қасымыз, соның бәрінде ғалым дық, өнерпаздық барлық жұрттың ортақ қуанышы, сөйтіп менің өмірді, өнерді танудағы бірінші мектебім Шәдінің ақындық парасаты, онымен қаршадайымнан ажырамас тай байланыстырған апамның тәрбиесі деймін...» Біз бұл жазылғандарға ерекше көңіл аудару себебіміз – Әбділда Тәжібаев тек қана үлкен ақын ғана емес, әрі белгілі зерттеуші Құлбек Ергөбек айтқандай «Бар буын ақынға аға болған» азамат ретінде де қадірлі. Оның үстіне филология ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясында жұмыс істеген, басшы қызметте болған зерделі жан. Осыған орай жан талайдың азу тісі батпаған Шәді туралы шешіле сөйлеуі біз үшін үлкен олжа. Замананың суық желін жонарқасымен қабылдаған аса ірі тұлғаның сол уақтардың өзінде-ақ жапсарын тауып, жанамалап болса да Шәді туралы көптеген құнды ойлар айтып кетуі бізді таңдандырады. Айтқанда да көсіп-көсіп айта білген ғой! 1. «Ғажап дастандар туғызған. Бүкіл Орта Азияға мәшһүр шайырды Оңтүстік қазақтары да қасиетті, әулие адам деп таныған». Әбділда Тәжібаев Шәдіге «Бүкіл Орта Азияға мәшһүр» дейді. Екіншісі «Бүкіл Орта Азияға мәшһүр ұлы шайыр» деп дамытады. Үшіншісінде: «Бүкіл Орта Азияға мәшһүр ұлы шайыр деп алып, «Оңтүстік қазақтары да қасиетті, әулие адам» деп таныған», – деп тұжырымдайды. Бұл сөзді Әбділда Тәжібаев Совет үкіметінің сеңі сөгілмей тұрғанда-ақ 1981 жылы айтып, жазып, кітап қып шығарған. Бұл сол кезеңде үлкен батылдық, бүгінгі күнде көрегендік болар еді.
Жарылқасын Боранбаев 2. Әбділда Тәжібаев атақты Майлы Қожаның Шәді ақынға берген бағасын орнымен айта біліпті. Иә, шынында да Шәді ақын «Құдайдың о бастан артық жаратқанын» ол сол заман адамдары түел мойындаған, сөзінен, жазғанынан ғибрат алған. 3. Шәді ақынның сөз тапқырлығын да көркем аша білген. «Мұның қалай, қазірет? – депті Дәлдекең Шәдіні әзілге тартып, – Өзің қалпесің, өзің Есімнің шайқымазағын тыңдайсың?! Сонда Шәді ақын суырыла былай деп тіл қатыпты: – Алла пендесін қайғыдан күйіп кетпес үшін, күлкісін қоса жаратқан. Күле білмегеннің жылағанына да сенуге болмайды! Міне, пайғамбарлық пайым деген осы емес пе?! 4. Әбділда Тәжібаев Шәді ақынның жазғанының бір жа ратқанмен, жақсылықтармен жалғасын тауып жататынын өте әдемі ағарған. «Шәді поэмаларындағы ер көңілдіктері, ақ пейіл, әділдіктері, биік армандар үшін ұлы қатерлерге бас байлағыштықтары, сүттей таза ғашықтықтары, махаббат үшін айнымай күресетіні, ер басына күн туғанда,етігімен су кеш кенде батылдық пен данышпандықтың небір үлгілерін жар қылдатып көрсетуі» оған мәңгілік мұратқа айналыпты. 5. Әбділда Тәжібаев мұнымен қатар Шәді ақынның жазған дарын оқи жүріп бүкіл парсы, тәжік әдебиетімен сусын дағанын жасырмайды. «Бақыт» туралы ұғымының ұлғайғанын айтады. Шәдіні Низами Науай сияқты ұлы шайырлармен теңестіреді. «Шәді өз ұстаздары сияқты осындай бақыттарды табу жолында ат арытып, тон тоздырған тіпті барлық өмірін сарп еткен ғажайып адамдарды жырлады, бізді де соларды құрметтеуге үйретті» деп ағынан жарылады.
ШАЙЫР ШӘДІ МЕН САЗГЕР ШӘМШІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ Әңгімені әріден бастасақ, ұлы сазгер Шәді ақынның туған жиені болған. Шәмші Қалдаяқовтың о бастағы есімі Жәмшид болғанын, кейіннен «Жәмші», ақыр соңы «Шәмшіге» айналғанын, көп адам біле бермес деп ойлаймыз Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанымыздың Әнұранының авторы, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов оңаша бір отырыста халық әнінің әуенімен ерекше ән салды. Анадан ақ сүт емдік, піскен емес, Күнәміз таудан үлкен, кішкене емес. Басыма қанша пәле түссе-дағы, Құдайым, кешем десең, ештеме емес! – деді де Шәкең күрсініп сала бергені... Өзі сырқаттанып, Түлкібаста ем қабылдап жүрген болатын. Қасында жазушы-драматург Оразбек Бодықов бар еді. Шәмшінің осы әнінен кейін ойымның сан-саққа кеткені рас... Арада жиырма жылдай уақыт өткенде бұл өлеңнің шын авторы «Ақын Шәді» екенін білгенде қатты таңырқадым. Баяғы Мағжан Жұмабаевтың аты аталып, түрі түстелмей тұрғандағы «Сен сұлу» деген өлеңінен әсем ән жасағандай, Шәдіні Шәкең білген екен ғой, керемет ән тудырғысы келіп толғанып жүрген болды ғой деп жадыма түйдім. Елтарихтың (Елдің тарихы деп біліңіз) айтуынша Шәмшінің әкесі күміс шапқан зергер болыпты. Оны Шәдіден үйренген. Шәді ақын 1916 жылғы аласапыранда күнкөріс, әрі қызығушылық ретінде біраз уақыт зергерлікпен айналысып, дүкен ұстапты дейді. Кейіннен Кіші жүз, Жағалбайлы руынан шыққан «қараның» көзі «төренің» Сақыпжамал деген аруына түседі. Ақыры бұл ұлы махаббатқа ұласып, Сыр бойына сіңіп кетеді. Қалдаяқ ол жақта да зергерлік өнерін қалдырмайды. Жақсы көрген перзентіне кітап
Жарылқасын Боранбаев ашып, әлемде жоқ Жамшид патшаның атын береді. Жамшид патша ақыр соңы «Ән патшасына», дұрысы «Қазақ вальсінің королі» атанады. Оның шығарған әні Желтоқсанның жалауы болып желбірейді, Тәуелсіз Елдің Әнұранына айналады. Қайран Шәкеңнің әлгі Шәді нағашысының бір шумақ өлеңін әкесі мен анасынан естіп, жаттап алғаны, оны ғұмыр бойына бойтұмардай сақтағаны байқалады. Міне, сол өлеңді оқырманға тұтастай таныстырғымыз келіп отыр. Ұлықмандай дүниеде мың жыл жүрсең, Жәмшидтей лауазымың дәурен сүрсең. Арасту, Апылатындай дана болып, Айтпастан жер жүзінің ғылымын білсең. Исадай Мәсхі-Лапас болса демің, Ғалидай отқа күймей тұрса тәнің. Аспанға підаң ұшып, қошқар түсіп, Смағұл Забиулла болса денің. Жыржыстай неше мәрте өліп тұрсаң, Дәуіттей отқа салмай дүкен құрсаң. Нұқнабит пайғамбардай дуа қылып, Дүниеде дұшпаныңның бәрін қырсаң. Рүстемдей сахибқыран болсаң батыр, Залзардай әрбір істе тапсаң ақыл. Ройттән Аспандияр болсаң-дағы Дүниеден өтсек керек бір күн ақыр! Әділ бол Наушаруандай атың қалса, Сахылығың Атымтайдай мағұлымланса. Тақтыңды Сүлеймендей жел ұшырып, Ынсы-жыныс һуш Тайыр тіліңді алса. Қарынбай болсаң ғаны дүниесі көп, Әм және Фархад-Шырын ғашықлар тек. Әлідей Асадулла болсаңдағы, Дүниеден қиял етпе өлмеймін деп. Қалмады сол ерлердің бір де бірі, Қаламыз бізлер нағып өлмей тірі. Амалсыз,лаж таппай өлсек керек, Алладан бұйрықты ажал келген күні. Алмаймыз неге ибрат өлгендерден, Көр қазып, жер астына көмгендерден. Осылай бірде бірің байқамаймыз, Қанша адам кетсе де өліп көргендерден. Бір күні біздерге әм нәубат жетер,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Көр қазып ағайындар кәпан етер. Дүниені машақатпен жинап жүріп, Баршасын мирасқорға тастап кетер. Сондықтан құдіретіңе салдым кеңес, Өзіңе сыйынған құл қайғы жемес. Басыма қанша сауда іс түскенмен, Жаппар-Хақ, ғапу етсең, ешнәрсе емес... Бұл жыр-тағылымның мән-мағынасын тамырлату үшін әуе лі, сөз жоқ, біраз жасқа барып қалған, өмірдің ащы-тұщысын татқан, әрі діни сауаты бар адам болмаса басқалардың шамашарқы жете қоймайды. Екіншіден, бұл жырдың тілі әбден мүжілген, тозған, мағы насы ауысқан, саздылығын, мақамын жоғалтқан. Біздің қол даныстағы әліпбиіміз көне сөздердің көркемдігін жойып жіберген. Оны әсіресе араби, парсыдан ауысқан атау сөз ырға ғынан байқауға болады. Тіпті айтар ойдың ауаны да өзгеріп кеткен деуге болады. Мысалы соңғы шумақта талдап көрелік: Анадан ақ сүт емдік, піскен емес, Күнәміз таудан үлкен, кішкене емес. Басыма қанша пәле түссе дағы, Құдайым кешем десе, ештеме емес! – дейтін қазіргі халық ауызында жүрген шумақпен мына төмен дігі мәтінді салыстырайық. Шәді былай айтады: Сондықтан құдіретіңе салдым кеңес, Өзіңе сыйынған құл қайғы жемес. Басыма қанша сауда іс түскенмен, Жаппар-Хақ, кешем десең ештеме емес... Ақын «Сондықтан құдіретіңе салдым кеңес, Өзіңе сыйын ған құл қайғы жемес» деп тәуба жасау арқылы, Аллаға мадақ айтады. Бұндағы Аллатағалаға өз еркімен құл болу мен тұт қынға түсіп құл болудың айырмасы жер мен көктей. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз да өз-өзін тегіннен-тегін «Құл Қожа Ахмет Яссауи» деп бекер атамаған ғой. Міне, осы «құлдықты» «Өзіңе сыйынған құл қайғы жемес» деп жұмсартады. Бұл Өмір мен Өлім философиясындағы үлкен жолайрық. Басқалай амал қалмаған сәт осы! Ендігі сөздің кезегін «Шәдітанушыларға» бергіміз келіп отыр.
«ҚАЗАҚ-ШЫҒЫС ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСЫ» Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы – ауқымды дүние, келелі тақырып. Сөз өнері мұраларының фольклор мен әдебиет тұтастығы сипатындағы үлгілері халықтың ежелгі замандардағы ата-бабалар мен кейінгі ұрпақтар арасындағы табиғи сабақтастықтың сақталуы үшін маңызды қызмет атқарғаны сөзсіз. ҮІІ-ХІІ ғасырларда ең жоғары өркендеу дәрежесіне жетіп, дүниежүзілік тарихи маңызға ие болған біртұтас араб-мұсылман мәдениетінің ықпалына басқа елдер сияқты қазақ сахарасы да ілікті. Араб-мұсылман мәдениетінің өзі көптеген әлемдік мәдени мұралардың көркем де озық үлгілерін өз бойына сіңіру арқы лы биікке көтеріліп, өзіндік өрнек қалыптастырған болатын. «Шығыс мұралары қазақ даласына әр түрлі жолмен келіп жетті. Біріншіден, олар халықтардың күнделікті қарымқатынастары арқылы ауызша түрде жетті. Екіншіден, бұлар қолжазба күйінде таралады. Бірақ шығыс сюжеттері қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арнасында жырланады. Сондықтан қазақ эпикалық дәстүрі бұған өз әсерін тигізбей қойған жоқ». Жалпы адамзат руханияты өзінің бастау-бұлағын шы ғыс әдебиеті мен мәдениетінен алғаны әдебиет тарихынан белгілі. Оған дәлел ретінде әйгілі шығыс жұлдыздары – Фирдоуси, Сағди, Физули, Низамидің бай әдеби мұраларының өзге халықтар әдебиетіне тигізген әсерін айтуға болады. Бұл дәстүр қазақ ақын-жыраулар шығармашылығын да айналып өткен жоқ. Шығыс халықтары әдебиеттерінің өзара байланысы және бір-біріне жасаған игі әсері түрліше деңгейде болды. Солардың бірі – көркем шығармалардың адамгершілік мазмұн-мағынасын, оқиға желісін, өрнек тәсілдерін түсіне, өрбіте қабылдау болып табылады. Соның айқын дәлелі ретінде Рудаки, Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, Саади, Хафиз, Жәми шығармаларын қазақ ақындары өзінше дамы-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны та жырлап, тыңнан толғап, «нәзира» дәстүрімен, халық арасына таратқан нұсқаларын айтуымыз керек. Абай шығыстық желіге «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» дастандарын жазса, Ш.Жәңгіров «Ескендір Зұлқарнайды», Т.Ізтілеуов «РүстемДастанды» жырлады. Бүгінде араб, парсы, үнді аңыз-ертегі лерінен келген «Мың бір түн», «Тотынаме», «Жүсіп-Зылиха», «Сейфүлмәлік», «Мұңлық-Зарлық», «Бозжігіт», «Шәкір-Шәкі рат» т.б. сияқты ғашықтық дастандар қазақ топырағында қай та түлеп, жаңарып, бай фольклорлық мұраларымыздың қата рын толықтырды. Қазіргі таңда шығыс, оның ішінде түркі халықтары көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсері мәселесі жан-жақты зерт тей түсуді қажет етеді. Әсіресе, қазақ әдебиетінің өзге халық тар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әде биетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осын дай рухани байланыс негізінен нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асқанын тарихы тереңде жатқан әдеби-фольклорлық мұрала рымыздан білеміз. Шығыс-қазақ әдеби және мәдени дәстүрлері тоғыса келе, қазақтың өзіндік ұлттық санасының кеңейе, тереңдей түсуіне игі ықпал жасады. Бұл орайда ұлттық сөз өнеріне негіз болған ақын-жыраулар ұстанған шығыстық дәстүрдің әдеби дамуда маңызды орын алғаны даусыз. Тарихтың тереңінен тамыр алатын жыр үлгілеріне жіті көз салар болсақ, ізгілікті таным тұрғысынан жыр толғаған дарын иелерінің баға жетпес құнды дүниелері бар екендігі айқын. Көне өркениеттің бесігі болған еліміздің негізінен оңтүстік өңірінен шыққан белгілі шайырларының шығармаларынан қазақ әдебиеті мен шығыстық әдеби үрдістің байланысын көре аламыз. Шығыстың ең үздік шығармаларын ел игілігіне айналдырған шайырлар халықтың жан дүниесін шығыстық қисса-дастандармен, ертегі-әңгімелермен байытып, адамға тән абзал қасиеттерді мойындау, халық тағдырымен қатар өрілетін рухани-адамгершілік мұратты мақсат тұту идеяларын көтерді. Сөз өнерін сан мыңдаған жылдар бойы жалғасқан дәстүр жалғастығы тұрғысынан зерттеу келелі мәселелердің бірі нен саналады. Сыр бойында Балқы Базар, Тұрмағанбет Ізті леуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Әлімбай Әлиасқаров, Әбзәли Егізбаев сияқ ты сауатты ақындар қазақ әдебиетіне жаңа леп, тың екпін
Жарылқасын Боранбаев әкелді. Бұл ақындардың шығыстық дәстүрлі тақырып тарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына қаза қы үрдіспен жеткізуі туралы мәселелер қазақ әдебие тінде бой көтерді. Бұл орайда ғалым Б.Кәрібозұлының «...Шығыс әдебиетінің дәстүрінде дүниеге келгенімен, маз мұндық, тақырыптық, пішіндік сипаттары жағынан төлтума туынды, қазақ әдебиетінің шығармаларына айнала отырып, туған әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес болып қосылады. ...Біздіңше, орыс, батыс әдебиеттерінің қазақ әдебиеті мен өнеріне шығармашылық әсер-ықпалын әңгімелеумен бірге, Шығыс халықтары әдебиеті мен өнерінің, әсіресе, оның клас сикалық әдебиеті дәстүрінің қазақ халқының әдебиеті мен өне ріне игілікті әсер-ықпалдарын да зерттеу-зерделеуді жүйелі түрде жүргізіп отырудың мезгілі жетті» деген пікірінің мәні зор. Қазақ әдебиетінде шығыстық дәстүр түпкі бастауын ертеден алғанмен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ерекше қарқынмен дамыды. Оның себебі, біріншіден, шығыстық білім алған ақындардың өз шығармаларына шығыстың классикалық туындыларын үлгі етуінде болса, екінші-ден, саяси-әлеуметтік жағдаймен байланысты дамуында болатын. Шығыс стиліндегі нәзиралық туындыларда адамдық, гума нистік ойлар негізгі мотивке айналған. Әйгілі шығыс шайыр лары жырлаған туындыларды нәзирагөйлік әдіспен қайталап, тың туынды жасаған қазақ ақындары жаңа дәстүр қалып тастырды. Сюжет шығыстық болғанмен, оны өзгертіп, тыңнан толғап, қайта жырлады. Дәстүр дегеніміз – еліктеу емес, даму – репродукция, яғни қайта жырлау деген сөз. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжеттті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар еді. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы «жауап» («жауап» – арабша «нәзира», ал парсы тілінде «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шырайлары мұндай туындыларды ешқашан да аударма деп те, еліктеу деп те таныған емес. Шығыс шайырлары көтерген ең басты идея – адамға тән
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны абзал қасиеттерді мойындау, қастерлеу. Ал бұл гуманистік әдебиеттің негізгі қаһарманы – жеке бас бостандығы бар, жан-жақты ерікті, азат адам, ғылымының сан түрлі салаларын игерген ғалым, шеберлігімен жұртты сүйсіндірген өнерпаз, парасатты, мейірбан жандар. Бұл ақындар – бүкіл әлем о баста адам үшін жаратылған, бар тіршіліктің қайнар көзі – адам, дүниедегі басқа нәрселердің барлығы да адамға қызмет үшін, оның бақытты болуын қамтамасыз ету үшін жаратылған дегендей қорытындыға келеді. Шығыстың гуманистік ақындары адамның моральдық тұрғыдан таза, кіршіксіз, әдепті, арлы, сыпайы, өнегелі, ұстамды болуын талап етті. Шығыстық медресе, мектептерде білім алған ақын-жырау лар бізде шығыстық дәстүрдің қалыптасуына зор үлес қосты. ХХ ғасырда шығыс әдебиеті мен өнерін игерген Арқада Мәшһүр Жүсіп, оңтүстікте Шәді Жәңгіров, Мәделі, Майлы қожа, батыста Ғұмар Қарашев, шығыста Жүсіпбек Шайхыұлы болса, Сыр бойында Балқы Базар, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп сияқты сауатты ақындар қазақ әдебиетіне тың екпін әкелді. Бұл ақындар шығыстық дәстүрлі тақырыптарды заманмен үндестіре жырлап, қазақ даласына қазақы үрдіспен жеткізе білді. Соның нәтижесінде шығыс әдебиетіндегі гума нистік, адамгершілік, ағарту-шылық сарындар қазақ әдебие тінде бой көтерді. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет әр қилы көзқарасты, сан алуан бағыттарды топтастырған, көп қырлы әдебиет. Қазақ қоғамы бұл тұста ауыр әлеуметтікэкономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың алдыңғы қатарлы перзенттерінің – оқыған азамат тарының әр түрлі көзқараста өсіп жетілуіне әсер етті. Қоғамдық ахуалды бағалаудығы түрлі көзқарастың әсерінен, қалыптасқан түрліше дүние таным ықпалынан әдебиеттегі сан салалы ағымдар келіп шықты. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет қолданған әдеби тәсіліне ұстанған бағыт – бағдарына қарай танылмай жүр деуге келмейді. Сөйтседе, Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған қазақ шығыс әдеби байланысына тікелей әсер еткен біршама қаламгерлердің туындылары әлі күнге дейін қолжетімсіз күйінде қалып отыр. Өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік болып жатқан кезде, бұл дәуірдегі ірілі-уақты ақын, жазушылар жаңа көзқараспен қайта қара-лып, дұрыс
Жарылқасын Боранбаев бағалануы керек. Сондай жаңаша бағалап, бағамдауды қажет ететін әдеби ағым өкілдері – кітаби ақындар. Бұлардың алды елуден асса, соңғылары төрт – бестен дастан жазған ерекше дәстүрлі өзгеше ағымдағы ақындар. Кітаби ақындар қоғамдағы ауыр саяси-әлеуметтік дағ дарыстың себебінен дүниеге келген жаппай орыстандыру, шоқындыру белсенді жүргізіліп, халықтың рухани байлығына шабуыл жасалып, халықтың ғасырлардан келе жатқан сені мі шайқалып, тұрған тұста, сол суық ызғарды замандаста рынан күн ілгері біліп, оның зардабын жан-жүрегімен сезі ніп, орысшылдыққа түрікшілдікті, шоқындыруға ислам дінін қарсы қару етіп күреске шыққан ақындар – осы біз сөз ететін кітаби ақындар. Бұл ақындарды өздері өмір сүрген кезеңінен бөліп қарауға болмайды. Олар өз дәуірінде қоғам қажет тілігінен туған, өз кезегінде міндеттерін адал орындаған ағартушы ақындар. Бұл ақындардың қай-қайсысы да білім алуды насихаттады. Білім алудың мағынасын тарылтып, жіберген соңғы жылдары бұл бағыт білім көзі деп мойындалмады. Бұлар жастарға, жалпы халыққа білім таратушылар, білім алуды, адалдықты, адал еңбекпен мал табуды, рухани тазалықтты насихаттаушылар. Рухани тазалықтың құралы – ислам моралі деп түсіндірілді. Исламның аты аталып, Алла мен пайғамбар сөз болған соң-ақ, бұл ақындарды халықтан алыстатуға күш салынды. Оларды идеялық әдеби көзқарасына қарай емес, саяси тұрғыда бағалау басым болды. Қисса – дастан қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дамып-қалыптасты. Онда түрік-ислам дүниесінің мол мұралары қамтылып, заман адамдарының зердесінде қазақ мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы бейнеленіп: «Әне, мәселе қайда?» дегендей, ой түрткі салынды. Түріктік-исламдық дүниелердің мәні мен маңызын түсінді-руді мақсат еткені үшін, оны жазған ақындарды «пантүрікшіл», «панисламшыл», – деп айыптаған кездер де болды. Әдебиетте саясаттандырудың салдарынан көп жылдар ғылыми-зерттеу нысанасына айналмады. Қиссадастан мәселесінің жалпы жағдайлары М.Әуезов (1959;1991), С.Мұқанов (1974), Е.Ысмайылов (1956; 1968), Қ.Жұмалиев (1958), Б.Кенжебаев (1973;1976), М.Ғабдуллин (1974), Б.Шалабаев (1961), Х.Сүйіншәлиев (1986) еңбектерінде сөз болды. Сондай-ақ М.Бөжеевтің, М.Бөжеев – З.Ахметовтің, М.Ғұ
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны марованың зерттеулері осы мәселені алғаш көтерумен құнды болды. Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаевтің еңбектерінде жүйе лене бастады. Қиссашы ақындардың бірі Шәді Жәңгірұлының шығармашылығын Н.Келімбетов арнайы зерттеу тақырыбына айналдырып, кандидаттық диссертация қорғады. Осы кездерде қисса-дастандарды жариялап жарыққа шы ғару жұмыстары басталды. Алғаш Ү.Сұхбанбердинаның құрастыруымен жарық көрген «Ғашық наме», «Қисса-дастан дар», кейін «Ғашықтық дастандар» және «Батырлық дастан дар» болып қайта басылып шықты. Сондай-ақ, Б.Әзібаеваның құрастырумен «Дастандар» екі томдығы жарық көрді. С.Қас қабасов, К.С.Матыжановтар құрастырған «В.В. Радлов жина ған қазақ фольклорының үлгілерінен» бірнеше қиссалар қосылды. Десек те бір замандарда ұмыт болған бұл ақын дардың шығармашылығын терең зерттеу болашақтың ісі болып қала бермек. Шығыстан алынған көшірме дүниелер ретінде қаралып, кітаби ақындар әдебиет тарихынан ысырылып тасталынған еді. Бұған елдегі саяси ахуал тікелей әсер етті. «ХХ ғасыр басында олардан қалған мұра 120 поэма еді», – деп М.Әуезов айтқан сол әдебиет қазіргі күнге дейін, өз деңгейінде танылып болған жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеуде, жете зерттеліп, әрі толық, лайықты орындарын таба алмай жүрген кітаби ақындар біршама. Олар: Ақылбек бин Сабал (Ақылбек Сабалұлы Тұрабаев), Шәді Жәңгіров, М.Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламов, Оразмолда, Баймұханбек Бейсенов, Мағаз Батырғалиұлы, Кашафуддин бин Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ғали Махмұдов, Нұржан Наушабаев, Ақмолла, Есенмолла, Абубакир, Ахмет Оразбаев, Жанұзақ, Тұрмағанбет Ізтілеуов т.б. аттары аталмаған яғни аттары көпке мәшһүр емес осы ақындарды бір мақамға салып, «ескішіл бағыттағы ақындар» деп сипай өте шығып жүрдік», – дейді ғалым Ө.Күмісбаев. Бұлардың ішінен Ш.Жәңгіров, Н. Нысанбайұлының шы ғармашылығына арналған диссертация қорғалды. Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса және Н.Нысанбайұлы, Ергөбек ақындар шығармашылықтарын топтастыра сөз еткен еңбекте жарық көрді. Әбубәкір Кердері, Ақмолла шығармашылықтары да зерттелді. Қалғандары – ақындар шоғырының ішінде аттары аталғаны болмаса, тікелей зерттелмей, тың жатқан дүниелер. Шығыстық сюжетке құрылған қазақтың қисса-хикаят
Жарылқасын Боранбаев тары қазақ әдебиетінің бір үлкен саласы болғандықтан, оның тарихи ізінде ұлттық жазба әдебиетіміздің қазына сынан іздегеніміз жөн. Қазақ арасына мол тараған шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық, батырлық сипаттағы әңгіме, өлең, поэма – дастандар «қисса» деген атпен басылып тарады. Қисса қазақ әдебиетінде әсіресе, кітап бастыру жұмысының жандана бастаған кезеңі ХІХ ғасырдың басынан бастап кең өріс алды. Сөз жоқ, қиссалық әдебиет қазақ әдебиетінің тақырыптық, сюжеттік арнасын кенейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен молықтыру ісіне себін тигізді. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі түрлі әдеби үлгі әр қилы саяси, тарихи себеп-тердің негізінде, түрлі жағдайда туып дамыды. Әдеби процесс шекара, шектеу дегенге көп бағына қоймады. Қазақ әдебиеті тарихын зертеушілер әлеуметтік бағы ты, мазмұны, идеялық көркемдік құндылығы жағынан қис саларды үшке жіктейді. Бірінші – негізінен дінді уағыз дайтын, исламның қағидаларын, діни ұғым-нанымдарды насихаттауға бағытталған. «Сал – сал», «Зарқұм», «Сейтбаттал» сияқты шығармалар. Екінші – көршілес елдермен басқа шығыс халықтарының ежелгі аңыз әңгімелері, халық романдары мен поэмалары және классикалық әдебиет өкілдерінің дастандары «Шахмаран», «Сейфулмәлік», «Бозжігіт», «Абулха рис», «Шәкір-Шәкірат», араб елінің ертегісі «Мың бір түн», үнді ертегісі «Тотынаме», шығыс жұлдыздары Фердауси, Физули, Науаи, Низами дастан етіп жазған «Шахнаме», «Ләйлі – Мәжнүн», «Таһир - Зуһра», «Фархат – Шырын», «Ескендір» секілді шығармалар. Үшінші – шығыс сюжетіне құрылған, бірақ қазақ әдебиетіне сіңісті болып, қазақ фолклорының дәстүрлерімен ұштасып төл шығарма сипаттас болып кеткен «Мұңлық – Зарлық» сияқты шығармалар. Шығыстық әдебиет туындыларының қазақ әдебиетіне на зира әдісімен жайылған түрі молшылық. Оларда ақын-жазу шылар өздерінен бұрын жасаған ақын шығармасының сюже тін негізге ала отырып, және ол шығарманы өз заманына, өз ортасына лайықтап қайта жырлайды. Шығыста бір ақын жырлаған тақырыпты келесі буында тағы бір ақын тағы бір әңгімелеу, тың дастандар шығару – ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл туралы академик – жазушы М.О.Әуезов: «Олар біреуінің тақырыбын, біреуі алуды заң ды жол еткен. Тек алдынғының өлеңін алмай және көбінше
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны алдыңғы айтқан оқиғалардың негізінде пайдалансада көп жерде еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығаратын болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталауын еш уақытта аударма деп танымау керек. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жыр мен жарысу есепті бір салт еді.», – дейді. Қазақтың ұлы ақыны Абай өзінен бұрынғы және сол дәуір дегі халықтық бай әдеби мұраларын, сонымен бірге шығыс елдерінен келген қисса-хикаяттарды немесе сол кезде шығып тұрған газеттерде басылған шығармаларды жақсы білген, кей сәтте өзінің творчествосында пайдаланып отырған. Мысалы: «Дала Уәлаты» газетінің 1895 жылғы 3-санында басылған «Тәкәппар әскер басы турасынан» деген әңгіменің сюжетін өзінің «Ескендір» поэмасына өзек етіп, дамыта жырлаған. Қорыта келе, айтарымыз – шығыс қазақ әдеби байланысы мен Шығыс тақырыбының қазақ әдебиетінде жырлануы жалпы қазақ әдебиеті тарихында маңызды сипатқа ие. Шығыстық дәстүр мен кітаби ақындар деп атаудан шо-шынудың қажеті жоқ. Тек оның ұғымын дұрыс түсіндіру керек. Кітаби ақындар шығыс әдебиетінен мол сусындап, жетік білген, оны қазақ ортасында қайта жаңғыртқан туындыгерлер. Б.Ш. Батырхан, PhD докторы, доцент Абай атындағы ҚазҰПУ
«ШӘДІ ЖӘҢГІРҰЛЫ ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАРЫНЫҢ АРАБ ӘДЕБИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ» Шәді төре Жәңгірұлы (1855-1933 ж.ж.) арабша хат танып, молдадан дәріс алған адам. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасындаақ «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһ-нама» секілді шығыс ертсгілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкентте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев өскері алған соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғүламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтып, бұдан кейін оқу оқымайды. Жеті жылдан соң әкссі Жәңгір қайтыс болады. Мұнан соң Шәді үй шаруасынан ұзап шыға алмай, кітап оқу, қисса, дастан жазу жұмыстарымен айналысады. Осы уақыттан бастап өлгенге дейін Шәді үй шаруасымен қоса жыр дастан жазумен айналысып жүріп 1933 жылы қайтыс болады. Шәді төре бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған шығармалары өте көп. Олардың кейбірін атап өтер болсақ: «Сияр-шәріп», «Фех-қайдан», «Ахуал-қиямет», «Назым Ахмет Жами», «Назым Ибраһим Халиолла», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Мұсаның таурат алғаны» т.б. Мына аталған дастандар Шәдіден бұрын араб әдебиетінде жырланған тақырыптар. Ал Шәді араб әдебиетінде бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған. Шығыс тілдерінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар жазған.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Шәді төре араб классикалық әдебиетіне басқа ақындардан да гөрі өте жақын болған десек артық емес сияқты. Сонымен қатар бұл кісі Кеңес өкіметі келген күндері де діни мәтіндегі дастандарын жаза берген. Осы себепті болу керек 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғұланға жер аудартқан. Бұл кісінің араб әдебиетіне көп жақын деу себебіміз, ақын ардақты әрі ең соңғы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өмірін өлең түрінде жазған. Ал араб әдебиетінің жаңа беті Ислам дінінің келуімен баста-лады. Ислам діні келіп араб әдебиетінің Исламға дейінгі көптеген үлгісі ескіріп қалды. Ислам дінін әкелуші ол Мұхаммед пайғамбар (с.а.с). Шәді төре Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ақ жолы жайында «Назым сияр шәріп» атты дастан жазған. Пайғамбар жайында жазған адамдар азда емес, жетерлік. Сонау заманнан бері пайғамбардың өмірі жайында көптеген қисса, дастандар жазылған. Ақын Шәді осы дастанында араб сөздерін көп пайдаланған. Оқиға араб жерінде болған ғой. Бізге бұл дастаннан керегі ақынның араб сөзін қалай қолданып жазғандығы ғана болар. Ақын кейбір араб сөздерін өз күйінде қолданған, кейбірін қазақша аудармасы бола тұрса да қолданған. Мәселен аталмыш дастанда: Аспан, Жер, Ғарыш-Күрсілі Лаухы ғалам, Сидырған жаннат, дозақ бәрін тамам, – деген жолдары бар. Осы жердегі «тамам» араб сөзі, қазақша біту, аяқталу деген мағына білдіреді. Мен ойлаймын осы жерде тәмәм сөзін ыңғайлы ұйқасу үшін қолданған. Ал одан бұрынғы «Ғарыш-Күрсілі», «Лаухы» сөздеріне тоқталар бол сақ. Бұлар араб сөздері, дәлірек айтсақ діни сөздер. әр бірінің кең, ауқымды мағыналары бар. Алдымен «Ғарыш» сөзіне тоқталайық. «Ғарыш» сөздікте патшалардың тағы деген ма ғынаны білдіреді. Арш яғни ғарыш шектен тыс үлкен жаратылыс, Аллаһтан басқа ешкім оны толық қамты-майды, яғни, Аллаһтан басқа ешкім ол жайында толық білмейді. Бірнеше періштелер оны көтеріп тұрады. Кейбір философтар Аршыны әлемнің барлық жағынан қоршап тұрған аспан деп айтады. Бұл сөз дұрыс емес. Демек Арш ол – Алла тағаланың тағы. «Күрсілі» бұл да араб сөзі. Ол екі баспалдақ орны. Алла тағла Бақара сүресінің 255 аятында былай дейді: «Оның Күрсісі көктер мен жерден де кең». (Аршы және Күрсі Ислам
Жарылқасын Боранбаев шариғаты бойынша ғайыб іліміне кіреді. Олардлың қандай екендігін тек Алла ғана біледі).[3] «Лау-хы» бұл да араб сөзі, сөздікте тақта деген мағына береді. Лаух сөзі де діни термин. Ислам дінінде бүкіл жаратылыстардың тағдыры жазылған тақта (лаухы) Лаухул-Махфуз деп аталады. Шәді төре жоғарыда атап өткен өлең шумағында жәй ғана араб сөздерін қолданып қоймаған. Ислам дінінің негізгі діни терминдерін қолданған. Бұл жәй ғана терминдер емес. Он кез келген адамның түсіне қоюы қиынға соға-ды. Себебі бұл сөздер жайындағы ілім «ғайыб іліміне» жатады. Яғни, олардың ұғымын, түр-сипатын Алладан басқа ешкім білмейді. Тек кейбір сипаттары мен белгілері Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың хадистерінде келген. Шәді төре бұлжайында сөз жүргізсе, демек ол кісі діни сауатты болғандығы. Әрі алдыңғы ақындарға қарағанда әлдеқайда сауатты деп айтсақ артық болмас. Шәді кей жерлерде: «Ілгергі нәбилермен пайғамбардай» - деп араб, қазақ сөздерін бірдей қолданған. Мүндағы «нәби» араб сөзі қазақ тілінде пайғамбар деген мағына білдіреді. Өленді жақсы ұйқассын деген бе, әйтеуір осы жерде екі сөзді бірдей қолданған. Шәді аталмыш дастанда араб сөздерімен бірге сөз тіркестерінде арабша қолданған. Мысалы: «Пайғам бар болмағына, иншалла, – деген қатардағы «Иншалла» ол араб сөз тіркесі. Қазақша «Құдай қала-са» деген мағына білді реді немесе солай аударылады. Шәді Жәңгірұлы да кітаби ақындар қатарынан болады. Шәді Шығыс шайырларына тән салт бойынша «Назым чәһар дәруіш» жөне «Хикаят Орқа-Күлше» және баска да дастандарын нәзирәгөйлік әдісімен жазған. Төрт дәруіш және Орқа-Күлше хикаялары Шығыс халықтары арасында көп тараған. Бұл дастандар араб, парсы, тәжік, өзбек, татар тілдерінде жарыққа шыққан. Шәді кезінде Шығыс, араб классиктері жырлаған тақырыптарды, сюжеттерді өзінше ой елегінен өткізіп, қайта қорытып, қазақ топырағына лайықты, өз оқырманына жақын етіп жырлаған. Әрине араб әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне бірден келе салған деп айта алмаймыз. Араб әдебиеті алдымен парсы, түркі елдеріне, одан кейін біздің әдебиетімізге әсерін тигизген. Араб Халифатын білмейтін адам жоқ шығар. Сол секілді жырлағандарда кем емес. Халифаларды жырлаған ақындар көп болған. Мәселен Харун Рашид халифа. Шәді бұл кісіні өз өлендеріне қосқан.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Бір патша болып еді мұсылманда, Халифа Харун Рашид еді намда. Шәді төре шығыс халықтарына тән жазбаша айтыспен де айтысқан. Оның Тұрмағамбет Ізтілеуовпен айтысқан жазбаша айтысы бар. Осы айтыстың түрі арабтарда да болған. Олар алғашқыда ауызша кейін Ислам келген соң жазбаша айтысатын болған. Дамып, өркендеп айтыстың бұл түрі біздің де жерімізге жеткен. Айта берсек ақын Шәді төренің қазақша аудармасы болса да араб сөздерін қолданған жерлері өте көп. Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірүлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жанжақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне сәйксс келетін шығармалар жазды. Мұның өзі, қазақ әдебиетін мазмұн, тақырып, идея жағынан көріктеу құралдары болып табылады емес пе? Ұ.Алиакбарұлы
НӘЗИРА ЖЫРЛАР ӘЛЕМІ ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде «ағартушылық» деп аталатын үлкен бағыт болды. «Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды» деді Ыбырай Алтынсарин. «Баламды медресеге біл деп бердім» деді Абай. Ұлы ақын рухани әлемнің олқы соғып жатқанын аңғарып қалғандардың алды болды. Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы. Жаңа өспірім, көк өрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы. Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы... Бұл арада Абай аса күрделі ой айтып отыр. Имандылық әлемі ұмыт болып бара жатыр деген алаңдаушылық көрінеді. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін «Бір Аллаға сыйынып» деген сөзбен бастағаны жаттанды нәрсе емес. Бұл жерде «әуелі иман, сосын білім» деген қағидат бар. Осынау салмағы қара жердей ауыр тірлікті иығымен көте руге бар ынта-жігерімен кіріскен ұлы ақын – Шәді Жәңгірұлы. «Халық ағартушылық» саласында Шариғат-Тарихат-Мағри фат-Хақиқаттың жолын түсіндіруге тура жол салған жұмбақ жан. Ол тек қазаққа ғана емес Орта Азия халқына да мәңгілік мұра қалдырған саңлақ. Таза жоқ тат шықпайтын күмісінен, Өзінің әркім риза жүрісінен. Бір шаттық, бір қапалық – екеуі егіз, Бірісі айырылмайды бірісінен...– деп төгілген жыр жолдарында қаншама пәлсапа бар. «Бір
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны шаттық, бір қапалық – екеуі егіз» дегенінде ақын не айтпақ болды деп толғана бастайсыз. Біреуді білмесе адам жобалайды, Бақ көшсе ақылына қарамайды. Ісінен бір істеген жазым тапса, Болды деп сол дұшпаннан шамалайды. «Жазмыштан-озмыш болмас» деген мысал, Бекер деп пікір айту жарамайды! Алланың адам басы добы деген, Қуса да қалай қарай домалайды! Ұлы ақын халыққа тағылым таратады. «Бақ көшсе, ақы лына қарамайды» дейді. Оны біреуден көру, мысалы дұш паннан, дұрыс еместігін айтады. «Жазмыштан-озмыш» жоқ, бәрі Аллатағаладан дейді. Бұндай сөзді әулие ақындар тол ғаған. Болғанмен қанша күші тіреуленген, Арамның әрекеті құралмайды. Хадисі Аплатондай болса дағы Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды. Ұлы ақынның, бәлкім, бұл айтқандарына қарсы уәж айтатындар табылар, әйтсе де жарық нұрды сүйген әлем бәрібір осы сөздің жаны бар екеніне әйтеуір бір ден қоятын кез келеді. Оған күмән болмауы тиіс. Себебі «Арамнан ас жеген» жанның оңғанын жарық дүние жалғанда жан адам көрген емес! Ит білер сыйлағанды надан білмес, Сөйлеген сөздің мәнін жаман білмес! Қабаған қанша арлан болғанымен, Атын атап ас құйған адамға үрмес. Жаманның қарны тойып,қамписа іші, Анасын әлдилеген «адам» білмес. Бұларға қылсаң достық жаның ашып, Түсінбей тағы өзіңмен болар күндес. Бұндай пайғамбарлық пайымдар ақылы асқан, парасаты мол ақындарда ғана ұшырасады. Ол өмірлік тәжірибеде әбден екшелген ойлардың жыр мәйегі десе де боларлықтай. Ақын ақырын айтады, ақырмай айтады, сендегі бар ақылмен өз ақылын қосып, тең бөлісуге тырысады. Сол себептен де оған сенесіз, келісесіз, басқалай тірлік жасай алмайсыз, әрине, ми
Жарылқасын Боранбаев болса, сана болса... Ондайлардың бар екенін ақын былай деп ескертеді: Осындай адамдардың әртүрі бар, Табандап жөн ісіңе, сірә, жүрмес. Дарымай қанша айтсаң да асыл сөздер, Айналып өз тобымен болар үндес Осындай ел ішінде аз ба адамдар, Айтқанмен жөн ісіңді сөз деп білмес! Кейбіреуде керенау мінез-құлық бар. Ақын осыны тап басып айтады: Шығып жүр әр халықтың талаптысы, Болып жүр талаптанған әлі-ақ кісі. Болғанмен жұрт ағасы-көп істері, Көнбейді мінін айтсаң жаратқысы. Осындай мағана көп сөзді ұғарлық, Үзілмес үмітпенен босқа бардық. Әйтеуір құлақ салған сөкпесін деп, Шамалы осылайша сөз шығардық... Десе екен мені де ақын, өлеңі – айна, Түсінсе сөзімде бар нелер пайда. Айтылған өлеңдегі мінін көріп, Түзейтін өз мінезін адам қайда?! Ақын Шәдіні тек Ислам іліміне байланысты ғана емес, әрқалай тақырыптарға да өлеңдер жазған. Оның 1913 жылы «Айқап» журналының №6 бетінде «Қазақтарға сәлем хат» атты ұлағатқа толы өлеңі жарық көрді. Бұл өлеңде шайыр халықты отырықшылдыққа үндейді. Тек үндеп қана қоймайды, жыр тілімен талдап түсіндіреді. Ол осы өлеңнің өзімен-ақ алға қарай алатындығымен, көріп келдігімен, әулиелігімен көзге анық шалынады. Ол осы ретте «Оян, қазақ» деп жар салған Міржақыптың ұстазы сияқты көзге шалынады. Ал бұндай ойды ұлы атасы Абылайдан алғаны байқалады. Хан Абылай өлер алдында үш арманым орындалмай қалып бара жатыр деп күрсінген екен. Ол «Елімді отырықшылыққа жеткізе алмадым, жер емшегін емдіре алмадым, білімді, сауатты жұрттың қатарына қоса алмадым. Бүткіл ғұмырым жортуылмен өтті» депті. Белгілі әдебиетші, ғалым, қаламгер Мұхтар Мағауин «Ай, заман-ай, заман-ай» кітабында Шәді ақын туралы былай дейді:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны «Шәді 1855 жылы Шымкент облысы,Созақ ауданы, «Құм кент» ауылында туылып, 1933 жылы Өзбек ССРі, Сырдария облысы, Қаратөбе ауылында дүние салған. Қазіргі таңда жатқан жері, басына қойылған шарбағы табылып отыр. Шешесі Мәуіті әнші, күйші, өлеңші болыпты. Шаян медре сесінде оқып жүргенде Шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттармен танысып, өзі де оған еліктеп, дастандар шығарады. Айтыстарға қатысады. Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі тәрізді ақындарды ұстаз тұтады. Ташкент, Бұқара медреселерінде оқып,білімін толықтырады. Шәкірт кезінде Фирдоуси, Жәми, Низами шығармаларымен, өзбектің, тәжіктің, демократ ақындары Зауки, Фуркат, Дониш өлеңдерімен танысты. Орта Азияның қалала рын, қыстақтарын аралайды. Үстем тап өкілдерін,дін иелерін шенеген сықақ өлеңдері ауыл арасына тарайды. Шәді Шығыстың көптеген ертегі-аңыздарын, жинақтарын нәзира түрінде жырлап, оларды Ташкент, Қазан, Орынбор баспаханаларынан кітап етіп шығарған. Олардың ішінде «Тарихнама» атты дастаны қолжазба күйінде сақталған. Ол «Хан Абылай» жинағына кіргізілген. А.С. Пушкин поэмаларының сюжетін де еркін аударып жырлаған («Полтаваның соғысын Пушкиннің бәйіт қылғаны» 110 жол). Оның қазірге дейін 27 шығармасы белгілі. 1. «Келіннің бетін ашатын терме». 2. «Қисса Бәрсиса». 3. «Назым шәкәр дәруіш». 4. «Хикая Халифа һарун-әл-Рәшид». 5. «Хикаят Хамарзаман». 6. «Хатымтай хикаясы». 7. «Россия патшалығында Романов нәсілінен хукмыранлық қылған патшалардың тарихы һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ хал-қының ахуалы». 8. «Қаруанның йөр ютқан уақиғасы». 9. «Төрт дәруіш». 10. «Назым сыяр Шәріп». 11. «Назым түркі Фини Қайдани» т.б». Байділда Айдарбеков Шәдінің жерлес, әрі бауыры халыққа көп тараған шығармалары: «Беташар», «Төрт дәруіш», «Харон Рәшид», «Ескендір Зұлқарнайын», «Қамар заман», «Ораққа Күлше», «Әмір-Хамзе Сақып», «Қыран Назым Хайбар», «Назым Ханшайымтай», «Назым Балғын бауыр», «Бақыт сыры» дейтін кітаптары болды, бұдан басқа діни тақырыпта «Сияр Шәріп»,
Жарылқасын Боранбаев «Фекқайдан», «Ахуал-Қиямет», «Назым-Ахмет Жәми», «Қазірет Мұса мен Пырғауын», «Қырық фары», «Мұса уақтындағы ға сыл» деп атап көрсетеді. «Шәді Совет үкіметін қуана қарсы алып, шабытты жырлар арнады. («Ленин», 1924, «Ұлы Октябръ», 1927). Колхозшы ларға, шахтерлерге арналған өлеңдері жергілікті баспасөзде жарияланды. Ақын творчествосы арнайы зерттелді», – дейтін мәлімет те бар (Н. Келімбетов. «Шәді ақын», 1974). Бұл жазылымда қайтадан қарайтын тұстар баршылық еке нін байқап отырсыздар. Себебі, сол Кеңестік жүйенің ырқына, ыңғайына жығылған «Шәді Совет үкіметін қуана қарсы алып, шабытты жырлар арнады» дейтін сөздердің түпкі растығына ден қою керек. Сондай-ақ: «Үстем тап өкілдерін, дін иелерін шенеген сықақ өлеңдері ауыл арасына тарайды» деп те айтылады. Бәлкім, солай болса солай болған шығар, ол бір ділден емес, тілден кеткен қателік болар деп ойлаймыз. Болмаса Шәді ақын: Жолда болса аяғың, Ақта болсын Діл. Қолың болса жұмыста, Зікірде болсын Тіл. Әр тарапқа көз кетсе, Шариғатта болсын Зіл!– демес еді шегелеп. Бұл аса қиын пәлсафалық өлең. Ақынның айтуындағы «Аяқтың жолда болуы, ол адамзат сапары бұлай болғанда, Діл-жаратылыс-ақ пейілге, тазалыққа, пәктікке құрылғаны жөн дейді ұлы ақын. Шәді ақын аса білімдар болғандықтан қай нәрсені жырласын, сөз қылмасын ақылдың, парасаттың, сыпайы сезімнің десте-десте толқынына орап бере біледі. Қай сөзінен болсын ұлылықтың, ұлағаттың нышаны көзге ұрады. Қаратау маңындағы «Қызылкөл» ауылының Шардарбек деген болысы Шәдіге: «Бөтен ауылдың әнші-күйшісымақтарын мақтап босқа сандалғанша, өзімен ағайындас, аталас мені мақтасын. Бір ауыз өлеңіне бір ат беремін!» деп сәлем айтыпты. Шәдінің болысқа жіберген жыр-жауабы былай екен. Шардарбек, ағайын ең асыл затты, Білерсің сынап айтқан саясатты.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны «Құйрығын жатқан жылан баспа» деген, Бұрынғы естіп пе едің нақлиятты?! – деп Шәді ақын айтар сөзге әдемі «кіріспе» жасап алады. «Ағайын ең асыл затты» деп көтермелейді де, «Білерсің сынап айтқан «саясатты» деп ескертеді. Содан кейін барып «Құйрығын жатқан жылан баспа» деген. Бұрынғы естіп пе едің нақлиятты?!» деп дауысын көтереді, шабысын үдете ді, ендігі айтылатын әңгімеге даярлана бер дегендей сес көрсетеді. Мақтасаң жақсы бір ат беремін деп, Білдіріп талай жерге нышанатты. Ағайын,сенің көңілің мұны сүйсе, Мен мақтап неғылайын бөтен, жатты?! – дейді ақын айтылатын сөз мағынасын, жыр жолдарын одан әрман анықтай түсіп. «Жақсы ат мінгіземін десең, ағайын боп келетін сені мақтамай, кімді мақтайын?» дейтін ой да елес береді. Бірақ ақын осы арада басқа бағытқа жалт бұрылады. Ол өзінің бір атқа бола жыр толғайтындардың қатарынан еместігін бірден байқатады. Міне, не дегенін оқып көрелік: Өзгеден «озғандығың» бұл емес пе, Балаңа естімеген қойдың атты. Ойлашы, атырабыңда ат қойған ба, Сәбиге жаңа туған «Мүңкір» атты?! Бұл аса ауыр сөзге жатады. Ислам әлеміне мәшһүр ақын, «Әй, сенің есің дұрыс па, неге жас сәбиге жан алғыштың «Мүңкір-Нәңкірдің» атын қоясың дегені бұл. Бұл сөздің артында, «Сен қарапайым жан емессің, болыссың, бір тайпа елдің басшысысың, өзгеден «озғандығың» осы ма дегендік қой». Дәл осы арада Абайдан да дәл осыған ұқсас өлеңді жолық тырғанда таңырқамасқа шамаң жоқ. «Мүкаммараз дегенің шайтан аты» дейді. Ақын Шәді білім мен білік саласында болысты бір бұқ палатып алғаннан кейін, айтар негізгі ойды одан әрман былайша өрбітеді: Ұрлықта, ояздықта еш мінің жоқ, Қазақ түгіл, зарлаттың ноғай,сартты! Осыдан кейін ақын жыр тізгінін біршама тартып:
Жарылқасын Боранбаев Ат берсең – жүні толық, жабыдан бер, Алмаймын жүні сұйық қазан атты – деп ескертеді. Одан әрман неге бұлай айтқанын түсіндіреді. Білмеймін, араз болып қаламыз ба, Ағайын, тату едік балдан тәтті. Сөзіме ойнап айтқан өкпелеме, Қояйын осы бастан мұндай шартты. Жалған сөйлеп, жан бағу кәсіп емес, Өлтірсең де айтамын ақиқатты. Түс болғанша түңлікті ашпай ұйықтап, Айнамен сақалдағы көрмей ақты. Болысым, менің айтқан осы сөзім, Ойланшы, құлағыңа қандай жақты?» Мақтайтын мендей адам таба алмассың, Қолға алып іздесең де қос шырақты?!
«НАЗЫМ СИЯР ШӘРІП» ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?» Философия ғылымының кандидаты, доцент Оңайбек Құдышұлы өзінің 1995 жылы Алматы, «Санат» баспасынан шығарған Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәріп» кітабына жазған «Сөз басы» деп аталатын анықтамасында біздің заманымыздың талабына сай келетін ойларды айта біліпті. «Біздің заманымыздың талабы» деген не нәрсе? Ол бұрынғы Кеңестік жүйе кезіндегі тұжырымдардан біршама бөлектеу келеді. Саяси көзқарас тұрғысында емес, адамзат баласының жасаған қазынасы ретінде қарастырылады. Бұл тірліктен зерттеушінің зияткерлік деңгейі көрінеді. Осы орайда Оңайбек Құдышұлының Шәді ақынның ең қиын шығармасына берген анықтамасын ден қойып оқып шықтық. «Шығыстың классикалық әдебиетінде, оның ішінде мұсылман әдебиетінде Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын баяндайтын көптеген шығармалар жазылған. Солардың ішінде баспа арқылы тараған тұңғыш туынды араб ақыны Вахидидің(743-823) «Китаби алмагози» дастаны еді. Бұдан соң бұл тақырыпқа Мұхаммедтің өмірін зерттеген белгілі араб тарихшысы Ибн Ысқақтың (704-767) «Алла елшісінің өмір жолы» («Сира ар-расул Аллах») атты кітабы жарық көрген. Ал ІХ ғасырда араб филологы Ибн Хишам (834 жылы өлген) дастанның осы нұсқасын толықтырып,өңдеп,кейін мұсылман елдеріне кең тараған үлгі-сін жазып шығарған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі не дейін) бұл шығарма Орта Азия, Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Кавказ мұсылмандары тілдерінде тәржіма ланған. Осы елдердің бірсыпыра ақын-жазушылары аталған шығарманың негізгі сюжетіне сүйене отырып, өздері шығарма жазған. Солардың бірі – Шәді төре Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәриф» атты дастаны. (Сияр – жол, шәриф – түзу, қа сиетті)».
Жарылқасын Боранбаев Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос, кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті, мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді, қанша рет некеленді, әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады. Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар. Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе, екіншіден, мұсылман ғалым дары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ «Нұр» сипатына ерекше тоқ талуы соны аңғартса керек. Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып, әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе, кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді. Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де «Назым сияр Шәрифтен» оқимыз: Ғабдолла Әмина атты әйел алды, Ибраһим тәртібімен некеленді. Әуелі кездескенде Ғабдолламен , Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті , Пайғамбар тумай жатып өліп кетті . Алланың әмірімен Мұхаммедті , Құрсақта анасының жетім етті. Ақынның мәліметі бойынша, соңғы пайғамбар Мұхаммед тің (ғ.с.) тумай жатып жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсін діріп айтқан емес. Мекке арабтарында сол кезде жас баланы көшпенділерге тәрбиеге беру салты қалыптасқан екен. Осы әдет бойынша жыл сайын олар келіп, Меккеден сәбилерді алып қайтады екен. Жан-жағын тау қоршаған, барлық жағынан санитарлық нормаға сәйкес келмейтін: ауасы тар, ыстық, сасық қалада сәби-лер өлімі 10 пайызға дейін жеткен. Неше түрлі адамдар келіп-кететін қалада әр түрлі жұқпалы аурулар көп таралған. Сондықтан шамасы келген отбасы ақыларын төлеп, сәбиле
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны рін сүті бар көшпенді әйелдерге өсіріп беруге берген. Бұл әдет жылына екі рет: көктемде және күзде жүзеге асатын. Көктем де Бату Саад тайпасының әйелдері қаланы аралап бала ала бастағанда сәби Мұхаммедті (ғ.с.) ешқайсысының алғысы келмейді, өйткені, оның жетім екенін біліп, оған уақытылы ақы бермейтін шығар, егер шешесі күйеуге шығып кетсе, мүлдем төлемейтін шығар, – деп, баланы алғысы келмейді. Сол уақытта ешқандай бала ала алмаған Халима, күйеуі Әл Харрус және бала алған құр-быларының алдында өзінше намыстанып, амалсыз Мұхаммедке (ғ.с.) сүт ана болады. Ол өлімді жан, ол қайдан білсін, Қандай адамға сүт ана болатынын, қандай адамға оның сүтінің керек болатынын? Халиманың Мұхаммедті (ғ.с.) әкелгендігі оған бақытбайлық, ырыс болыпты. Бұрын жоқтық көріп, үнемі қарыздан шықпай жүрген бұл отбасына ойламаған жерден береке келіпті, істері ілгері басып, ел қатарына қосылыпты. Мұхам мед (ғ.с.) те ешбір қағажу көрмей, өз ата-анасындай болып кеткен осы отбасының бір мүшесіндей сезініпті өзін. Алайда ойламаған жерден Мұхаммед (ғ.с.) сөйлеп, күтпеген жерден жүріп, тез өсіпті, бұл туралы дастанда : Расул өзгелерден тез ер жетті, Екі айда еңбектемей жүріп кетті. Сөйлеуге үш-төрт айда тілі кепті, Әуелі «Бисмиллә» деп сөзге кепті, Төрт айда балалармен жүріп кетті. Мұхаммед (ғ.с.) жасынан қасиет иесі еді, оның ең үлкен киелігі сонда – тілінің «Бисмиллә» деп шығып бірден Кали маға келуі дер едік. Біздің көпті көріп, көнектің түбін тескен ата-бабамыз: Әуелгі сөз бисмиллә, Бисмилләсіз іс қылма, – деп тегіннен-тегін айтқан емес, бұл жағдайды бір Алланың құдіреті деп білеміз, халқымыз: «Құдайсыз қурай сынбайды» деп біліп айтқан. Шәді Жәңгірұлының «Назым сияр Шәриф» атты дастанында пайғамбары-мыздың жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды. Қаншама кәпірлерді ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында
Жарылқасын Боранбаев қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел, әр қырынан жырлапты. Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шә риф» дастанынан басқа, оның Ислам үшін шыққан ғазауыт тарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Хайбар – жердің аты. Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл соғыстың Ислам тарихында алар орны ерекше. Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қас – Ібі ліс. Оның көз-дегені адам баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады. Әзәзіл Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің «Талбису Иблис» («Ібілістің айлакерлігі») деген еңбегі діндарлар арасына осы еңбектің желісіне құрылған. Шығармада Барсиса деген діндардың хақ жолында жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында айтылады. Шайыр осы шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісінің құлы болмауға шақырған. Шәді «Ахуал қиямет» деген дастанын жазады. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы сәтінен бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне сүйсінбесе амал жоқ. Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір әректтің о дүниеге апарар сенің еншінің екенін еске салады. Демек, адам баласы тіршілікте істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы түсінген кісіге имандылыққа шақырған жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз екенін аңғаруға болады. Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын «идея мызға жат» деп бүркемелеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә.Тәжібаев ашына толғайды: «Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені, көркем әдебиеттерді тану және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны қажет екен.». «Ештен де кеш жақсы» дейді ғой халқымыз, көп жылдай жабылып келген перденің беті ашылды, қазір Шәді Жәңгірұлы сияқты жұртын, жерін, дінін бар жанымен сүйген ғұлама жандарымыздың туындысын оқып, зерттеп, өз халқына терең түсіндіру қажет демекпін...» – деп тұжырым жасайды ол. Шынында да Қазақстан, Орта Азия және де орыстарға қа рап қалған мұсылман елдерінің бәріне ортақ ұлы кітап «Назым Сияр Шәріп» кітабы сол кезгі халықтың ой өрісіне, қиялына, түсінік-танымына төңкеріс жасаған дүние болды. Бұндай үлкен іске Шаян мешіт-медресесінің ғұламалары Сейдахмет ишан мен Аппақ ишанның үлкен әсері болыпты. Шәдінің ақындық қуатының әбден толысқанын білген олар, пайғамбардың өмірін қазақша қайталай жырлауды сеніп тапсырады. «Назым сияр Шәрифтің» әрбір жолын саралап, сынақтан өткізеді. Ондағы парсы, араб сөздерінің мәнмағынасын айқындауға көмектеседі, себебі бұл жай ғана өлең жазу емес еді. Ақын Шәді бұл ұлы шығарманы жазарда көп толғанады. Көптеген діни кітаптарды оқиды, жадына тоқиды. Қасиетті, киелі жерлерді аралап, зиярат етіп, Аллатағалаға сыйынып барып, біржола жазуға бекінеді. Орта Азияда тұратын барлық халық кедергісіз оқи алатындай шағатай тілінде жазуды мақсат тұтады. Араби сөздерді дұрыс мағынада жеткізу үшін бұл жақсы тәсіл еді. Жұрттың жадында тұруы үшін ақын Шәдінің екі шумақ шағатайша жазылған жыр жолдарын бергіміз келіп отыр: ...Иә, Алла, рахматың көп, Рахман атың, Әшкәре інс жанға ісмі затың. Фазылыңмен айтаққа ансан әйла, Достыңның мехраж барған хикаятын... Құдаға һайті биғат көп әдетті Фарште қос тиер әнс әйла жан. Дию-пері, жанды-жансыз барша мақұлық, Мәшғұл дүр бір Алланың зикри білән... Әбдуат бидің баласы Әбдіразақтан тараған ұрпақ Ергешәлі (Зейнілабид-дин) Әбдіразақовтың айтуынша «Назым сияр Шариф» Шаянда, мешіт-медреседе толық жазылып бітеді. Сейдахмет ишан өзі қарап шығып, рұқсатын беріп, қаражатын қолына ұстатып, Қазан баспасына, арнайы хат жазып, жаны-
Жарылқасын Боранбаев на 2 жігіт қосып беріп, кітап артып әкелуге 3 түйе жетектетіп жібереді. Арада 2 ай өткенде «Назым сияр Шариф» кітап боп басылып, елге, Шаянға алып келінеді. Бүкіл ел дүрлігіп алдынан шығады. Шаянның әзіздері кітапты қасиетті заттай көріп «Бисмилла» деп тауап етіп, парақтайды. Бүткіл ел бірі қой, екіншісі тай, үшіншісі жылқы, түйе жетектеп әкеліп, сол кітап лезде жұртқа тарайды. Зейіні мықтылар жаттап алып, отырыстарда заулатып айта бастайды. Кейіннен бұл кітап Ташкент қаласынан 1914 жылы араб әрпімен екінші рет басылып шығады. Мәди қожа Сейіт Ахмет қожа ибн мен Саит Ахмет қажы Сүлеймен қожа ұғылының Ғ.Х Ғарифжанов баспасында литография әдісімен жарық көрген нұсқасымен салыстыра отырып жарық көреді. Өзбектің зиялы қауымының өкілдері бір-біріне «Мәнда «Сияр Шариф бар!» деп мақтанатындай дәрежеге жетеді. Сөйтіп ақын Шәдінің есімі Орта Азия жеріне түгелдей тарап кетеді. Жұрт оны сыртынан әулие санайды. Ал енді тірі тіршілікте ақын Шәді өте қарапайым адам болыпты. Пайғамбар туралы кітап жазған ұлы ғұлама ақын өзі де сол ұлыларға ұқсас ғұмыр кешіпті.
«НАЗЫМ «СИЯР ШАРИФ» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚУАТЫ МЕН ҰРПАҚҚА БЕРЕР ӨМІРШЕҢДІК ТАҒЫЛЫМЫ Әуелі «Кіріспесін» толықтай беріп, біршама талдау жасап көрелік. Сонда ғана ақын Шәдінің күш-қуаты, шеберлігі, тіл кестесі, айтар ойының өрісі, түпкі мақсаты айқын көрінер деп ойлаймыз. Бісмілләһі Рахманыр-Рахим! «Бір кітап» Алты бармақ» қойған аты, «Сиярдан» алынғантын арғы заты. Шығарып бұл кітапты жария еттім, Мағұлым болғаннан соң рауаяты1 Төменде пайғамбардың есімдерін, Заруардан мейіріммен айттым бәрін. «Саллалаһу ғалайкіссәлем» деп Айтыңыз естігенде есімдерін. Я, Алла, бұл кітапты оқығанға, Тыңдаған ықылыспен барша жанға. Хақ Расул фазылыңмен рахым айлап, Жаннаттан нәсіп еткін мақшар таңда. Мехнат, бейнет, рахат – бәрін көрдік, Алданып дүниенің соңына ердік. Я, Алла, күнәмізді кешіргейсің, Патшалық көргендіктен әр іс қылдық.. Пайғамбар үммәтінің халін көріп, Қолынан үммәтінің тұтар келіп. Көпірден сүріндірмей өткізеді, Күнәкәр пенделерін жәрдем беріп. Мүбада қателікке тілім жетсе, Көңілім басқа жаққа пайым етсе. Фазылыңмен рахым айлап кешіргейсің, 1 Хикая, әңгімесі деген сөз
Жарылқасын Боранбаев Пәнденің іс, қимылы бұрыс кетсе. Ғаламнан он сегіз мың әуел бұрын, Жаратқан Мұхаммедтің Алла нұрын. Әуелі Жаппар Алла «Нұрым» деген, Хақында дәлел болды «Хадис» мұның. Аспан, Жер, Ғарыш – Күрсілі Лаухы Ғалам, Сыйдырған Жәннат, Тозақ – бәрін тамам, Ол нұрдың Фазылынан пайда болды, Жаралған он сегіз мың күллі Ғалам. Адамды топырақтан қылды бейне, Кіргін деп пәрмен етті жанды Құдам! Қараңғы, қорқынышты жай екен деп, Жан қорқып қарап тұрды кірмей мұнда. Расулдың нұр шырағын келді алып, Адамның маңдайына қойды апарып. Онан соң Хазіреті Адам ағзаларын, Ел керді бір мәртебе назар салып. Расулға Раушан нұры кірді келіп, Көп адам аң-таң қалды мұны көріп. Алланың әзелдегі құдіретімен, Нәубеттен бас Атаға келді өтіп. Мұхаммед Мұстафаның нұр шырағы. Ыбыраһым мекеніне тұрды жетіп... Ыбыраһым пайғамбарға Ұлы Баба, Ат қойған Ғалилим деп оған Алла. Ұл-қыздың мәртебесін нәсіп етіп, Киелі, қасиетті болған дана. Бибі Ажар, Бибі Сара зайыбы еді, Сарадан қазіреті Ысқақ жазып еді. Смағұл Бибі Ажардан дүниеге кеп, Халелден Расул нұры дарып еді. Ысқақтан көп пайғамбар туып-өсті, Баршасы ұрпағына жол көрсетті. Кезінде игілікті істер жасап, Бәрі де бұл дүниеден өтіп кетті.... Қосқанмен бір «Сиярға» сыймас бәрі Ақырғы пайғамбардың оқиғасын ...Сол күні Расул Алла дүниеге келді, Аспаннан бір нұр шығып сәуле келді. Үш адам бірге келді жүзі нұрлы, Киелі, қасиетті, сиқыр-сырлы.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Зәміріттен біреуінің легені бар, Біреуі күміс құман ұстап тұрды. Отырғызды Расулды легенге, Құманмен құйып суды шомылдырды. Құндақ қып біреуі әбүйірін жауып, Құшақтап бауырында ұстап тұрды. Мұнан соң қартаң тартқан адам келіп, Құндаққа пайғамбарды қойды салып. Мақшар қып құлағына сөздер айтты, Ешкімге білдірместен пайымданып. Бұл тұрған ишаратты әулие еді, Жәннаттың кілтін тұтқан уәкілі еді... Бұл ұлы дастан әуелі Аллаға мадақ айтатын кіріспемен ашылады. Онда жазылар кітаптың мақсат-мұраты да қоса берілген. Сондай-ақ мүнда «Хазіреті Расулдың дүниеге ке луі», «Расулдың бабасы Ғабдулмақлаптың оқиғасы». «Ғаб дулмақлаптың опат болуы», «Әбутәліптің Расулды Басраға алып барғаны», «Расулдың Хадишаға некеленуі», «Расулға пайғамбарлықтың келуі», «Әбубәкірдің дінге кіруі», «Расул дың құрайыштарды дінге тартқаны», «Хұрайыштардың Хабш жұртына елші жібергені», «Нәбүттің алтыншы жылын дағы оқиғалар», «Расулдың ғарышқа сапары», «Табим Хамри падиша хикаясы», «Пайғамбардың Мәдинеге сапары», «Хазіреті Расулдың үңгірді мекендеуі», «Расулдың үңгірден шығуы», «Расулдың Мәдинеге келуі», Мұхаммедтің Алладан хабар алғаны», «Расул ғалайкіссаламның ақырғы өсиеті», «Періштелердің хабар беруі», «Сөз соңы» сияқты тараулардан тұрады. Дастанда өте көнеден келе жатқан оқиғаларды жаңғырта пайдаланғандықтан, қазіргі таңдағы бұрқырап шығып жатқан пайғамбарымыз туралы деректерден бөлек дүниеліктерге ұшырасасыз. Екіншіден жай қарапайым сөзден, өлең тілі ұшқыр болғандықтан, еліттіріп, дүниені ұмыттырып жіберетін сыр-лы сезімге жолығасыз. Жалпы жыр әлемі-сөз кестесі емес пе?! Онда тіпті, жұртқа бұрыннан мәлім жағдаяттар айтылса да ақындық қуаттың арқасында мүлдем жаңа, әрі таңсық болып естілетіні бар. Дүниедегі ең қиын нәрсе-өлеңді, жырды жұртшылыққа қайталай түсіндіру. Онымен бәрібір іс тынбайды. Дұрысы сол адамның көңілін жайландырып алып, сол шығарманы өзінің оқуы, бал шырыннан дәм татуы. Рас,
Жарылқасын Боранбаев оқырман кейде әлдебір себеппен ішіне кіре алмауы мүмкін, дегенмен қандай нәрсені болмасын өз көзімен көріп, өз құлағымен естігенге не жетсін?! Пайғамбар алпыс үште сапар қылды, Опасыз дүние осылай тамам болды. Ай менен күн,жұлдыздар жарық бермей, Бір айдай қараңғы боп күйіп тұрды. Күюмен білінбеді күн менен түн, Хақ Расул сапар шекті дүйсенбі күн. Пайғамбар жер жүзінен кеткеннен соң, Дүниені содан бері пәле жеңді. Қайғыға ұшыратты сахабасын, Қалың ел қалайынша қайғырмасын, Шәрияр, сахабалар, бар періште, Қосылып оқыды Расул жаназасын. Жылады құрт-құмырсқа,жер менен көк, Тау мен тас,су мен ағаш күңіренді көп. Табиғат,бар мақұлық зар жылады, Пайғамбар жер бетінен кетті енді деп, Жаназасын шығарып көрге қойды, Өзі айтқан өсиетте жерге қойды. Алдынан жақұт, гауһар, алтын шашып, Періште,хор қыздары қылды тойды. ...Бұл қисса осылайша болды тамам, Сақтасын хақ тағала пәлелерден, Күнәсі көп пенде едік,біз бір надан! «Назым Сияр Шариф» осылай аяқталады. Шәді Жәңгір ұлының 140 жылдығына орай 1995 жылы «Санат» мемлекет тік баспасы бұл кітаптың ара-арасына түсіндірме негізінде ағылшын қаламгері Улъям Ирвингтің 1857 жылы жарық көр ген «Мұхаммедтің өмірі. Пайғамбарлар туралы кітап» атты шығармасынан алыныпты. Бір өкініштісі – 2005 жылы Шәді ақынның 150 жылдығы аталмай қалып қойды. Мемлекеттік тұрғыда қолға алынатын іс-шаралар жасалынбады. Ұлы ақынның туған жерінде де әзірге ауыз толтырып айтарлықтай ештеме жоқ болғаны өкінішті-ақ... Ежелгі қазақ даласында, Орта Азия халықтарында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың бірінші жартысында діни сауаты жағынан, ислам іліміне байланысты шығармалар
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны тудырушы ақындардың арасында Шәдіге тең келетін не діндар, не ақын болмады. Рас ұлы Абай ауыл молдасынан, Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінен, сондай-ақ өзөзінің ізденуімен бірқатар білімге, білікке қол жеткізгенімен, дәл Шәді ақындай Ислам Әлемінің түпсіз терең тұңғиығына толық бойлай алмай қалып еді. Оны ұлы ақын: «Қолымды мезгілінен кеш сермедім!» деп өкінген және де немере інісі Шәкәрімге барынша білім алуды өсиет еткен. Шәді ақынның «Төрт мазхабтың мадағы» дейтін тағылымжырын талдып көрелік. Әуелі «Мазхаб» деген не, соны түсіндіріп көрелік. Біздің қолымызда «Құран» бар және «Хадис» бар. Енді осыны түсіндіретін, бағыт-бағдар беретін ғұламалар бар. Біреулер айтады, бізге «Құран» мен «Хадис» болса жете ді, оған сөз қосудың қажеті жоқ дейді. Ал енді Уақыт тоқта майды. Өмір өзгеріске түседі. Жаңа территориялар, жаңа елдер, жаңа формациялар пайда болады. Мысалы «Құранда» Алла тағаланың үкім, парыз, уәжіп, сүннәт, мүстахиб, мүбах, харам, макруһ және муфсид деген атаулармен кездеседі. Олар дың дәрежесі де әрқалай. Құранды өз бетімен игермек бол ғандардың бірқатары шатасады. Парыз бен сүннәтті ауысты рып алса не болмақшы?! Қазір бірқатар ел жаназаны әртүрлі шығарады. Жиналыс жасап, марқұмның қандай адам болған дығын талқыға салатындар да бар. Қатын-балашағасы еңіреп жылап жатқанда, мына жағында дәм таратып, той-домалаққа ұқсату да кездеседі. Қалай еткен жөн болады?! Бұның бастапқы кезеңдеріндегі түсінігін енді табу мүмкін емес.Осыны білгендей Құранның Қаһр сүресінің 65-аятында Аллатағала ғұламалар туралы: «Біз оларға рахметімізді бердік және Ілім үйреттік», – дейді. Сол ғұламалар 4 мазхаб (ұстаным) жасап шықты. Адамзат баласын әуелі шың басына алып шығып, екі көзін таңып болған соң, енді төменге өзің түсе бер десе не болар еді, ал біз жол көрсеттік деп түсіндірді. Олар мыналар еді: 1. Ханафий мазхабының негізін салушы. Әһли зікірінің же текшісі, Куфа қаласынан шыққан сопы Әбу Ханифа Нұғыман ибн Сәбит рахматуллаһи (699-767). 2. Имам Мәликий мазхабының негізін салушы, Әһли зікірінің жетекшісі, сопы Имам Малик ибн Анас (712-795). 3. Шафи мазхабының негізін салушы, Әһли зікірінің же
Жарылқасын Боранбаев текшісі, сопы Имам Мухаммад ибн Ибирис Әш-Шафий (767821). 4. Ханбалий мазхабының негізін салушы, Әһли зікірінің жетекшісі, сопы Ахмад ибн Ханбал(787-854). Қазақтар осы Имам Ағзам Ханафий мазхабында. Бұл туралы Ұлы Шәді шайыр былай толғайды: Мазхаб боп өткен төрт Имам, Хақ жолына жалдап жандарын. Жария қылған дүниеге, Аят пен Хадис пәрменін. Әуелі Ағзам Ханифа, Нұғыман деп қойған нәмдарын. Жүз мәрте көрген түсінде, Раббасын Аршы Ағланың. Аспанда «Ағзам» атанды, Ажыратып патша жанжалын. Тақуалық артық қылар-ды, Қорқынышын ойлап Тағаланың. Имам Ағзам бір хажда, Ішіне кіріп Қағбаның. Бір аятын көтеріп, Біріне қойып салмағын. Құранды түгел тауысты, Ажыратпай жерден бармағын. Сироти үммат лақабы, Хабары бар-ды һәмманың. Адам мен Жын білетін, Меғражға Расул барғанын. Сол түні көрген Пайғамбар, Аспанда Ағзам аруағын. «Шырағы бол деп үмбеттің, Сол жерде айтқан,аңлағын! Хадистен хабар берер-ді, Аяны мен Алланың. Сахабаларға жолығып, Сұхбатын тапқан һамма оның. Сұраған еді олардан. Көңілімен көре алғанын. Иждиһат қылып шығарды,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Сұралмай кейбір қалғаны Хазірет Хызыр ладуннан Білерін барлық халдарын, Тәлім алған Ағзамнан, Мәселе етіп кем-тарың. Хазіреті Иса бұл уақытта Қылатын аспан сайранын. Тажалды кейін өлтіріп, Алғанда дүние жайларын. Үкімін ұстар барлығы, Мазхабын ұстар Ағзамның!» Ақын Шәді бірінші мазхабты айтып біткен соң, ендігі жерде екіншісіне ауысады. Екіншісі мазхабтың – Хазіреті Имам Мәлік-ті... Шаһары Йаман шәһәрінің Алдына оның барыпты. Мәдинеге келіп қайтадан, Тұрғаны оның анық-ты. Өзі де сонда туылып, Мәңгілік сонда қалыпты. Мазхабтың болып егесі, Шариат шамын жағыпты! Ендігі жерде үшіншісін талдай бастайды. Міне, оқып көрелік: Имам Шәфи үшінші – Мәліктен тәлім алыпты. Мағынасын қылып иждиһат, Ажыратқан еді жарықты. Бір мазхаб болып Хақ жолда, Басқарды қанша халықты! Төртінші мазхабты былай деп суреттейді: Ахмад Хамбал төртінші – Хақ жолға елді салыпты. Өз алдына мазхабтың Дәрежесін тауыпты. Мәртебесі бұлардың,
Жарылқасын Боранбаев Өзгеден биік болыпты. Өзгерместен төрт Имам, Ақырға дейін қалыпты. Ендігі жерде ғұлама ақын «Мазхаб» жайында түсіндірме жасайды. Айтқан екен төрт Имам, «Мазхабта болған амалда» – Осы айтылғандар хақында Қалдырмай берген хабарды. Аят, Хадис, ләбізден, Мағынасын оның алған-ды. Аллах Әмір-Мүңкірің, Кітапқа жазып салған-ды. Шариғат жолын көп айтып, Оқытты қанша адамды. Олардан қалған тахдімен, Хақ жолын тауып жетілді. Дүниеде болған кітаптың Барлығы олардан қалған-ды. Тура жолға көндірді, Біздердей ауам-наданды. Егерде олар ажыратып, Айтпаса харам-халалды. Білмес еді еш пенде, Хақ жолда жақсы-жаманды. Баршамыз адам нәсіліміз, Топырақтан жаралған. Мұсылман мен кәпір боп, Сол уақтан бері аталған. Жетпіс үшке бөлініп, Үмметі Расул тараған. Хадис бар бұл хақында: «Саруари Хар ду Сарадан, Куллуһум фин-нәр» - деп айтты. Өткенде Дарул фанадан, Мазхабта қылды пендесін, Бір Құдай өзі қалаған. Аты аталған төрт Имам, Олардың бәрін санаған. Әһли сүннәт уәл-жамағат, Сауабын бұдан және алған...
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Ақын осыны бір толғап алған соң, Имам Ағзам мазхабына қайтадан оралады. Соның мән-мағынасын түсіндіреді. Имам Ағзам мазхабы-- Бұрын еді һәммадан. Иштихад етіп әрбірі Шығарды кітап жаңадан. Қаншасы болды әулие, Нәпсімен кешіп хауадан. Машайықын төрт мың дер, Батиндық көзбен қараған. Шәкірттерін айтқанда, Есепте көп сандары. Кітапқа жазып салынған, Ұлықтардың аттары. Әуелгісін Зуфар дер, Муминнің керек аңлауы. Абу Юсуф Мұхаммад, Имам атын алғалы, Болып еді оларға Имам Ағзам пәрманы. Мәселеде мен айтқан. Айтылмай қалса қалғаны, Сіздерде түзеп жаз деген, Бар болса артық-кемдері Дәлелсіз болса айтқаным, Алмаңыздар және оны. Айыпсыз ғой бір Аллаһ, Хатасы көп пенденің Ижтихат қылды олар да Мәселені һәмманың. Бағзы бір жайда Ағзамға, Қарсы келсе айтқаны. Муштахиттікке олардың, Хақиқат еді барғаны. Рахметі хаққа ұлассын, Айтылған имам тамамы. Дүниеде кітап көп болды, Олардың жазған қаламы. Сөздерменен айтылған, Баршасы еді араби
Жарылқасын Боранбаев Шарият жолын білмекке, Ойлаған менен ауами. Оқымай оны біле алмас Түркі тілдес адамы. Тәлім алып молдадан, Дәріс оқып қылса талабы. Араб тілін білгенше Өтеді қанша заманы. Аз уақытта үйреніп, Алудың жоқ қой амалы... Ақын: «Дүниеде кітап көп болды, Оқымай оны біле алмас» деп түйіндейді. «Араб тілін білгенше, Өтеді қанша заманы» деп алып, неге осыншама жыр жазғанын, неге жазғанын, не үшін жазғанын түсіндіреді. Біздің «Шәдітануға» қалам тартқан әдебиет зерттеуші леріміз оны «Дастаншыл ақын» дейді. Шәді ақын тіпті қайқайдағы хикаяттарды кітап еткенімен оның руханияттық, исламдық ілімін ешқашан ұмытпаған. Ақында аса зор мақсат болған, қарапайым халықтың сол дастандарды тыңдау арқылы рухын оятуға, Имандылық Еліне сапар шегуіне қалтқысыз қызмет еткен. Ақын Шәді «СИРОТИ ҮММАТ» ЛАҚАБЫ» деген жырында былай де-лінеді. Міне, қайталай оқып көрелік: Имам Ағзам бір хажда2 Ішіне кіріп Қағбаның. Бір аяғын көтеріп, Біріне қойып салмағын. Құранды түгел тауысты, Ажыратпай жерден бармағын. «Сироти үммәт» лақабы, Хабары бар-ды һәмманың. Адам мен жын білетін, Мегражға (Пайғамбарымыздың Көкке көтерілгенін айтып отыр) Расул барғанын: Сол түні көрген Пайғамбар, Аспанда Ағзам аруағын. «Шырағы бол» деп үмбеттің», Сол жерде айтқан, аңлағын! – деп суреттейді. 2 Қажылыққа барғанын айтып отыр
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Бұл бір ғажап көріністі «Әбу Ханифа» мазхабының зерттеушілерінің бір де бірі айтқан да, суреттеген де емес. Бұны қазақтың ерекше шайыры ақын Шәді ғана шеберлікпен жырлаған. Шәді ақын және бұнымен тоқталып қалмайды. Оқып көрелік Шәдідей шайырдың «Әбу Ханифа» мазхабының шырайын қалай келтіргенін: Шәді былай деп толғайды: Хадистен хабар берер-ді, Аяты мен Алланың. Сахабаларға жолығып, Сұхбатын тапқан һамма оның. Сұраған еді олардан, Көңілмен көре алғанын Иждиһат етіп шығарды, Сұралмай кейбір қалғанын. Қазірет Қызыр ладуннан, Білерін барлық халдарын... Осындай тылсым сырға толы өлеңдерді, жырларды, дас тандарды қазақтың ұлы шайыры Шәді ақынның қалдыр ғанынан мақтаныш етеміз.
ҒҰМЫР ҒИБРАТТАРЫ Ақынның ғұмырының соңғы күндері тағдырдың таршы лығын көп көргендігімен тарихта таңбаланған. 1930 жылдары ол Шаяндық Ергешәлі Әбдіразақовтың айтуынша, әуелі Шу бойына барған. Оларды белгілі ақын Кенжеқожа қарсы алған, арнайы үй тігіп күткен. Бірақ олар Шу бойын жерсін бей, Өзбекстанға ауған. Кейін дүрбелең басылған соң, Келес ауданындағы «Қызыләскер» деген жерге орныққан. Бірқатары Шаянға оралған. Бұны Шүкіралла Әбдуат та өз жазған кітап тарында қуаттайды. Сонымен 1928 жылы жедел жүргізілген «аудандастыру» шаралары, сондай-ақ аса ірі байларды кәмпескелеу науқаны бұларды еркіне қоймайды. Біраз адам үйреніс пеген аймақта опат болады. Ақыр соңы бұлар Өзбекстанға үдере көшеді. Осы көштің ішінде ақын Шәді де болады. Әуелде барған, тоқтаған жер «Бұлыңғыр» дейтін жер екен. Бір қышлақтың іргесіне көшті доғарып, сол ауылда боп жат қан құдайыға барады. Әбдуайт, Әбдіразақ және Шәді ақын бірге жүреді. Басында дағарадай сәлдесі бар молда құран оқып отырып, аяттың бір жерінен қате жібереді. Абдуайт шыдай алмай: «Тақсыр, айып етпеңіз, Құранда бұл сөз былай деп айтылмаушы ма еді?!» деп қалады. Сол жерде отырған қариялар бұларға жалт қарап, мәнжайды сұрастыра бастайды. Шаян медресесінен тағылым алғандар Құран сөзінен іркілмейді, біршама әңгімелер айтады. Содан соң бұлардың арасында «Сияр Шәріпті» жазған шайырдың отырғаны да мәлім болады. Осыдан кейін бәрі қайтадан амандасып, қайтадан қауы шып, әсіресе Шәді ақынмен тым ерекше қалыппен сөз алмасады. Бұларды төрге отырғызады, қайтадан дастарқан жайылады. Ақыр соңы сол ауылдың ақсақалы: «Енді нағыз елдің егесі келді. Пәленшенің бос тұрған үйін жөндеңдер, соған орналастырыңдар!» – деп бұйрық беріп, ат-арба алдырып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны көшіріп апарып, біржолата орналастырады. Ассуын қам дайды. Шәді ақын сонда біршама уақыт болады. Кейіннен ағайынтуыстан хабар келді ме, Сырдария облысы, Шыназға жақын, Қаратөбе ауылына барып, жиені Асан Қажыпұлы дейтін аза маттың қолында 1933 жылы сол жерде қайтыс болады. Қазір жатқан жері табылып отыр. Басында шарбағы бар. Оны арнайы іздеп барып тапқан Созақ ауданындағы Аққолтық елді мекенінде дүниеге келген телерадиода журналист болып істеген Ғалым Есенсарыұлы. Шәді ақынның от басы туралы әзірге білетініміз, Әлтиман есімді бір қызын Аппақ ишанға ұзатқан көрінеді.Ол ертерек қайтыс болыпты. Қазіргі Қаратау қаласында Шаяндық Мәді мағзымның немере қызы Жәмилә Мәдіқызы (Нұрлақ қожақызы апамыздың есімі құжатта осылай деп көрсетілген) тұрады. Нұрлаққожа жездеміз Сейдахметпен бөле, екеуі де Құлатай ишанның үлкен ұлы Әбілдақожаға жиен. Ал Жәмилә апа Мәдіқызы-Нұрлаққожақызы Әбділда ишанның немересі Мусаннифханның (Бәкірдің) әйелі. Міне, осы апамыздың нақыл етуінше Шәді ақын қожаға күйеу екен. (Шүкіралла Әбдуат. «Әулиелер кереметі хақ», Алматы. 2006. 54-55-беттер). Бірде Мәді мағзым Ташкентке сапар шегеді де, қасына ақын Шәдіні ертеді. Бір байдың үйіне түссе, ол бұлардың Күн гей мен Теріскейден келгенін біліп, «Шәді дейтін ақын бар дейді. Ол өзі қандай адам. «Сияр Шәріпті» қалай жазған? Неткен ғұлама адам?!» деп қоймаса керек-ті. Сонда Шәді ақынды күйеусініп ойнайтын Мәді мағзымның жанына ерген тағы бір азамат, дәл сол дастарқаннан дәм жеп, жылы жымиып отырған Шәдіні айнытпай суреттепті дейді. Содан әлгі бай: «Айтып отырғандарыңыз мына жігіт емес пе?» деп таңырқап, жауабын алған соң, орнынан ұшып тұрып, тағзым жасап, қатты шаттанған екен. Соны өз көзімен көрген Мәді мағзым: «Ой, шіркін-ай, осы біз кімсің, Мәді мағзым боп жүргенімізге бірталай боп қалды. Ал енді жазғандары тұрғанда нағыз мәшһүр адам мына Шәді екен ғой!» – деп мойындапты дейді. Осындай нақылиятты бақшайыш қожа Сейдахмет Сейдуәлі де айтады. Қайбір жылдары елде астық болмай қалып, жетпіс түйедей жинатып, Шәді ақынға бастатып Арқаға, Қараөткелге жібереді. Қайтар жолда Шудың өткелінде бір қарулы жасақ
Жарылқасын Боранбаев оларды тонап алады. Содан Шәді ақын бір жарамды жігітке жағдайын айтады. Ол сол маңды жайлайтын, ұры-қарының ордасы болған бір байға баруға, көмек сұрауға кеңес береді. Бай ақбоз үйде іргесін түріп қойып, самалдап жатыр екен. Бұл «Ақын Шәдімін» дегенде, басын сәл-пәл көтеріп: «Онда «Сияр Шәріптен» толғап көрші!» дейді. Ақыр соңында орнынан қалбалақтай көтеріліп, қос қолын созып амандасып, кешірім өтініп, мал сойып, бар дүниесін тапқызып беріп, айыбына өзі мініп жүрген ақбоз атын күміс ер-тұрманымен сыйлап, басына құндыз бөрік, үстіне мәуіті шапан жауып, өзі қозы көш жерге дейін шығарып сап, елге дейін жеткізіп салуға жарамды жігіттер қосып берген екен. Ақын Шәді замандастарына өте сыйлы болыпты. Әсіресе Молда Мұсамен әзілі жарасыпты. Басында сәлдесі бар Молда Мұсаны бірінші рет көрген Шәді сынап көрейін деп, түк білмегенсіп: «Пірәдар молдамысыз, әлде қожамысыз, жоқ, ақынсыз ба?!» дегенде, анау айылын да жимастан: Молдалыққа қазаққа алдырмаймын, Өлеңге де көңіліңді қалдырмаймын. Бірдеймін Парсы, Түрік, Қазағыңа, Орысша да бірдеме балдырлаймын! – деген екен дейді.Содан бастап көңіл қимас дос, жолдас болыпты. Бірде Шәді ақын қарт Қаратаудың асуымен Түркістанға бара жатып Шоқтаста отырған Молда Мұсаның шаңырағына соғады. Сонда бір жағы ақын Шәдінің арнайы іздеп келгеніне қуанған, екінші жағынан іші пысса керек,сөз қағыстырайын деп, бір тоқтыны сүйреп келе жатып, бата сұрарда былай деп қалыпты: Келген кісі кетуші еді шай-нанменен, Не болмаса бір тостақ айранменен. Екі көзін жәудіретіп мал сойғызып, Қысастығың бар ма еді айуанменен?! – дегенде, Шәді ақын шек сілесі қата күліп, «Әй, тіліңе шоқ түс сін!» деген екен. Күндердің-күнінде ақын адам аңғырт әрі ақкөңіл, сәл-пәл бөспелеу болады емес пе? Түркістанның шайханасында шари ғатты айтып шайқап отырған Молда Мұсаны көріп, аз-кем тіз гінін тартсын дегендей Шәді ақын былай деген екен:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Халық алдында сөйлесең, Ор қояндай жортасың. Шариғат айту – қиын іс, Айыра алмасаң тортасын! Мұндай ұлық сөзді Шәді ақын Молда Мұса атанған адамға айтқанда, бүгінгі күндері әуелде Кеңес үкіметін құрған, «Дін – апиын!» деп жер-көкке жар салған, кейіннен зейнеткерлікке шыққан соң молда болған азаматтар шариғат туралы шамшырақ жаққандай болып сөз сөйлегенін көргенде «Шариғат айту қиын іс – Айыра алмасаң тортасын!» деп ескерткен Шәді шайыр қандай ұлы жаратылыс дейсің іштей. Шәді ақынның қолымызға үзік-үзік боп жеткен «Намаз» деген толғауын тұтас беріп отырмыз. Бір насиет айтайын, Мен намаздың хақында. Бір жылан пайда болыпты, Аспаннан таңғы жақында. Қалып кетті жыланның Жеті дүкен астында. Айбаты әттең асады, Жыланға қылмай қарсылық, Шаһардың халқы қашады. Шайқыға барды асығып, Шайқы келді жыланға. Қол көтеріп Аллаға, – Нәсілің кім, жануар? Қай жерлерге барасың, Дүкенді басып жатпаққа, Сәбәбің қалай боласың? – Періштелерден нәсілім, Аспанда менің жайларым. Барғын деген бір шаһарға, Алланың болып парманы. Таң мезгілі болғанда, Бұл шаһар келді кезіме. Бір бейнемаз көрінді, Шаһар ішінде көзіме. Көзімді жұмдым кезінде. Көргені құрысын,құдая, Оқ болып тиді көзіме!
Жарылқасын Боранбаев Қанатым сынды қайырылып, Дұға қылғын, ей, Шайқым, Қанатым бітсе қалпына, Пыр етіп ұшып кетейін. Барғын деген шаһарға, Алланың берген әмірін, Ертерек бажар етейін... Неткен ұлылық, ұлағаттылық десеңізші?! Айдаһар жылан бір бейнамаз үшін қаншама қасірет шегіп жатыр. Ал біздерде қаншасы бар олардың. Жылан байғұстың жалынғанын оқып көрелік: Дұға қылғын, ей, шайқым, Қанатым бітсе қалпына, Пыр етіп ұшып кетейін... Шәді ақынның шалқар теңізінен шөл қандыратын күн жақын қалды деп ойлаймыз. Себебі, сол салиқалы, діни де сауатты жас ұрпақ қаулай өсіп келеді. Олар біз сияқты кешегі көштен қалып қойған қоламтаны қайта тұтатпақ болып үрлеп әуре болмайды. Олар сөз жоқ, түпкі негізден қопара қарастыратын болар деп сенеміз. Менің қолыма әлдеқайдан «Шәді ақынның «Жұмбақтары» дейтін жыр жолдары ілікті. Мен бір жұмбақ айтайын, табасың ба, Таба алмай, жаласына қаласың ба? Дарияның ортасында бір қоңырқаз. Құйрығы шығып жатыр жағасында. «Бұл – «шөміш» депті ақын Шәді. Екіншісі былай екен: Мен бір сұмдық көрдім қазық аяқ, Орғып-орғып аттайды тазыдай-ақ. Кеудесінде қомдаған бір жүгі бар, Нар түйеге жапқан бір жабудай-ақ! «Бұл не?» – дейді де, «Шегіртке» деп жауабын қайтарады. Енді үшіншісін айтайық. Қырық күн шілде болғанда мұзы қатқан, Тапа тал түс болғанда күні батқан.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Құдайдың құдіретіне қыл тамаша, Бұл жұмбақты зерделеп адам тапқан... «Айна» дейді ақын бұл жұмбақтың шешуін өзі мәлімдеп. Біз бұл аса құнды деректерді Шәді ақынның бүгінгі көзі тірі ұрпағы Файзолла Үрмізұлының «Шежіре-дастан» кіта бынан алдық. Мұндай мысалдар Созақтық Есіркеп Өмірбековтің «Шежі релі өлке» деген кітабында да кітабында кездеседі. «Қалман бай болысқа» деген сәлемхатын қысқартып былай беріпті: Сәлем де Қалманбайдай інімізге, Осылай сау-саламат күнімізде. Көре алмай арманда боп кетеміз-ау, Тағдырда ажал жетсе бірімізге... ...Ағаңды дейтін болсаң «Үлкен кісі!» Інінің сыйлағаны жасы кіші. Хат жазып, сәлем жолдап отырғанда, Өзіңнен бір ат сұрау бар жұмысы! Ат берсең шым қаракөк болсын түсі, Тілдіктен басылмаған күрек тісі. Той, көкпар Қаратауда көп болады, Болмасын шабыстан да тым құрысы. Жылқыға ағаң үшін назар салсаң, Көңіліңе ұнап қалар бір дұрысы! Ептеп назар салсаңыз, осы өлеңдегі тіл өрнегі сұмдық сұлу көрінетіні рас. Әсіресе: Ат берсең – шым қара көк болсын түсі, Тілдіктен басылмаған күрек тісі... - дейтін жолдардың нақтылығы мен дәлдігін айтудың өзі артық. Ақын Шәдінің суреткерлігі сол өз «Автопортретінен» де айқын көрінеді. Шәдіні танымайтын адамдар бір жиында «Сияр Шәріпті» сауаты бар біреуге оқытып, көз жастары омырауын жуып, үнсіз қалыпта тыңдап отырады. Дастан біткен соң, жұрт дабырлай сөйлесіп, талқылай бастайды. Біреулер, өзі қандай адам болды екен. Қанша ғұмыр сүрді екен? Қай жерлерде оқыды екен? – деп аңыз етісіпті. Ақыры болмаған соң Шәді бір жөткірініп алып, былай деген екен: Ол өзі мұрны батық, қара кісі, Жасынан ғылым-ілім қуған ісі.
Жарылқасын Боранбаев Үстінде түйе жүнді боз шекпені, Басында көк сәлдесі – бір белгісі... – дегенде сол жиынға қатысқандар: – Бұл өзі... немене, өзін айтып тұр ма?! – деп таңырқап қалған екен дейді. Жыр Елінде Қыдыр Атадай белгісіз де, беймәлім ғұмыр кешкен Шығыстың ұлы шайырларының соңы Шәді ақын туралы әзірге айтарымыз осы боп тұр. Мұсылмандығымыз мәңгілік болса, Шәдінің де шырайы кіре берері анық. Ол қазақ поэзиясының Имандылыққа бастайтын Исламдық тарауының ұлы жырлаушысы! Бұған ешкім таласа алмайды. Шәді жазған жырларды жалау етіп миллиардтан астам дінисламды медеу тұтқан барша халыққа «Біздерде мынадай бар, мынадай бар...» деп мақтануға болады. Бұндай даналық дастан, «Сияр Шариф» сияқты жауһар жыр Орта Азия халықтарының бір де бірінде жоқ! Ақын Шәдінің қаламынан туған дүниелер тек Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани Хикметімен» ғана салыстыруға келеді. Созақ ауданында, Шолаққорғанда кезінде мектеп директоры, парторг қызметін абыроймен атқарған, мамандығы тарихшы Рысбек Бидаулетов дейтін қария тұрады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Аудандық Ардагерлер Кеңесін басқарған, Мекке-Мәдинаға сапар шегіп, қажылық міндетін өтеген. Әңгімелесіп отырғанда ол өте тағылымды бір әңгіме айтты. Қазақ радиосында бөлім меңгерушісі боп жүргенде белгілі сыншы, сөз зергері, созақтық Төлеген Тоқбергенов Рысбекті арнайы сонау Алматыдан арнайы іздеп келеді. Төлеген Тоқ бергенов сол совхозда тұрып еңбек ететін, сиыр бағатын пәлен деген адамды тауып беруін өтінеді.Оңашада әлгі адам ға Төлеген қолтығына қысып,жасырып алып келген Шәді ақынның «Сияр-Шәрібін» ұстатады да, қария оқып беріңізші деп өтінеді. Әлгі адам ең әуелі «Бісміллә» деп кітапқа тәуетіп алып, оқи бастайды. Бидаулетов Рысбектің маған айтқан әңгімесінің жан жүрегімді қозғаған жері мынау болды. «Сонда, – дейді, – мен болсам парторгпін, ал анау сиыршы, сәлден кейін әлгі адам еңіреп жылай бастады. Екі көзі жасқа толып, «Е, жарықтық-ай!» деп елселі шығады. Содан жасын сүртіп алып, қайтадан оқи бастайды. Мен адамзат баласына соншалық әсер ететін мұндай кітапты қайтып кездестірген жоқпын...»
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Шәдіден тараған ұрпақ туралы деректер кемшін. 1916 жылдары Нұрмағамбет және Сейтен дейтін қос ұлы қаз-қатар дүниеден өткені жайлы жоғарыда айтып кеттік. Біздің кейбір «қазақы» көзқарасымыз негізінен «жыр», «дастандардағы» әсершіл сезімге жиі-жиі бой ұра беретіні жасырын емес.Бұл «Шәдітанушылардың» арасында да молынан ұшырасады.Мәселен ,ұлы ақынның жылдары қуғындалуы,түрме төрін көруі,болса да қолжазбасын көміп,оның жоғалып кетуі сияқты эфсаналар. Шындығында Шәдіні халық қатты құрметтеген,ол өзінің Алладан бұйрық болған өлімімен өлгені анық.
ХАН АБЫЛАЙ МЕН АҚЫН ШӘДІ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ТОЛҒАМДАР Қазақ халқының өміріндегі ең «жұмбақ» құбылыс Хан Абылайдың тарихы болып табылады. Бұхар жырау әуелі «құл» едің, «сарт» едің деп сөгеді. Сөйте тұрып, сырқаттанып жатқанда: Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай. Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай, Үш жүзден бір-бір кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен жаның-ай?! – деп етегі жасқа тола тебіренеді. Орыстарға қырын қарап қалғанда Бұқар жырау зорға дегенде ашуын басып, оған патша Қызылжар қаласынан «Ақ үй» соқтырып береді. Өзі тұтқындап отырып, Қалдан Церен оны еліне отаулап қайтарады. Дәулеткелді байдың жылқысын, Төле бидің түйесін бағып жүріп, бір күнде «хан» атанады. 715 жылғы Талас бойындағы қырғыннан кейін араға пәленбай жылдарды салып барып, Қытайлармен қаймықпай қақтығысқа түсіп шекараны Шәуешектен өткізетін атақты «Мамырсу» бітіміне қол қойдыртуға мәжбүрлейді, Әмірсананы ұстап бер дегеніне кірпігін де қақпайды. 1756 жылдары қазақтарға 300 жылдай тыныштық берме ген, тіпті 1723 жылдары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұла ма жасаған» жойқын Жоңғар мемлекетін тарих бетінен біржо лата сызып тастайды. Қырғыздарды үш жүздің баласын жиып кеп, Алатаудан асырып салады. Ғұмырының соңында Қоқан дықтардың қоқаңдағанын қойдыртып, Шымкент, Ташкент, Са марқанға жорық жасап, олар шабылмай әупіріммен аман қа лады.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны 718 жылдары Тәуке хан қайтыс болып, бет-бетімен кеткен Үш жүздің басын қосады. Билердің өкімін шектейді. Алға батырлар мен абыз ақындарды шығарады. Өзі екі иығына екі жолбарыс отырған аруақты ер бола тұрып, Бөгенбай, Қабанбай сияқты батырларды алға оздырады. Уақ Баян батырсыз жорыққа шықпайды. Өзі ақылдың кені данышпан бола тұра қарауындағылардың айтқанын қалт жібермей тыңдайды Бұқар жырауды, Жалаңаш әулиені өте-мөте қадір тұтады. Тіпті Тәтіқара ақынның: Кебеже қарын, кең құрсақ, Артық туған Абылай. Көтере гөр бұл істі! Көп қытайдың жылқысы, Тұрымтайдай құнысты. Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорыққан жоқ Әншейін... еңкейе беріп жылысты... – деген сөзін есітіп, «Ойпырмай, енді елдің бетіне қарайтында ештемем қалмаған екен ғой, қайтып барып соғыспасақ болмас!» – деп, қайта шабуылдап, жеңіп, олжалы қайтқан екен. Өзі Қалдан Сереннің тұтқынында отырып, онымен шартқа отыруы, тепе-тең дәрежеде жасасқан мәмілегершілігі дипло матиядан терең мағлұматы барын білдіреді. Адамзат баласы ның тарихында бұндай оқиға болған емес! Оның елдің келешегін болжап кеткен көрегендігі қандай! Бұл үшін «Хан Абылай түсі» деген оқиғаны еске түсіріңіз. Бұдан да басқа таңғажайып қасиеттері көзге шалына беретін тұлғаның ғұмырбаянын әлі де толық білмейтініміз «бетімізге салық, көжемізге қатық» боп тұрғанын несін жасырайық. Кезінде сол хан Абылай туралы мөлдіретіп тұрып жыр лаған ақын Шәдіні оқымағанымызды неге жатқызуға болады?! Белгілі Абылай сұлтан – қазақ ханы, Қаншасы патшалардың біледі оны. Бұл уақта көпшілікке мәлім емес, Жазылған Абылайдың тарихтары. Һәм өзім хан әулеті болғаннан соң,
Жарылқасын Боранбаев Айтпаққа көңілім кетті қылған ісін. Мойнына баласының ләзім болар, Атқармас атасының әр жұмысын...– деп төгіледі ұлы шайыр «Тарихат» деп аталатын дастанында. Шәді ақынның даңқын халыққа кеңінен жайған туын дысы да осы – «Тарихат». (Абылайхан жайында дас тан) дер едік. Бұл шығарма ханның жастай жетім қалып, қаншама қорлық-зорлық көріп, арқа еті арша, борбай еті борша болып, істің ақырын бір Алла өзі қолдап, хан болуымен аяқталады. Осы туынды қай жылы жазылды, ол жағы белгісіз, Шәді Жәңгірұлының көзінің тірісінде еш жерде жарияланбаған, қолжазба күйінде тараған, тек 1993 жылы С.Дәуітұлы құрастырған «Абылай хан» атты кітапқа енген. Бұл қолжазба Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны Қасымов Нұрмахан дейтін қарияның қолында сақталыпты. Дастанда Абылай ханның әр түрлі жорықтарымен бірге, оның жекпе-жекке шыққан қиян-кескі сайыстарына дейін өрнек тапқан. Шәді Жәңгірұлының Абылай ханның өмірінен алып жазған дастаны тарихи шындыққа үйлесетіндігімен де, ханның биік парасатын, Асқақ арманын бере білуімен де құнды дүние. Абылай ел үшін, жұрт үшін жанын аямай еңбек етсе, халқы да оны алақанына салып аялады, құрметтеді, қадірледі. Хан қара Бұқараның арқасында ғана алтын таққа отырып, биік лауазымға көтерілді. Біз ХVIII ғасырды айтсақ, Абылайды атамай тұра алмаймыз, өйткені, сол заманға лайық Абылай Ханның өзіндік тұлғасы бар. Ханның қыруар еңбегі, ақыл-ойы, арман үміті Шәді Жәңгірұлының дастанында жан – жақты жырланған. Шәді Жәңгірұлы ел аралап, кітап таратқан, халықтың сауатын ашқан, өзі алланың ақ жолынан қылдай таймай, түзу жүріп, түзу тұрыпты. Аса еңбекқор ақын майшамның жарығымен ұзақ отырып, көп жазып, сарыла оқыған, сол жазғанын кітап етіп бастыру үшін орасан алыс жол жүріп, бір тынбай, қажыры мен қайратын қатар жұмсапты. Осы асыл қазынаны зерттеушілердің назарына ілікпеген көптеген түйінді мәселелер бар. Шәді ақынның үлкен шежіреші екені осы дастанынан анық байқалады. Міне, оқып, байқап көрелік:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Жошы хан біреуі еді төрт ұғылының, Шыңғыстан ажал жетіп өлді бұрын. Жошыдан сегіздейін бала туып, Артынан хан көтерді Бату ұғылын... Осы арада Бату өлген соң бір-бір жылдан хан болған Сар тақ пен Ұлақшынды айтпайды да, бірден Беркеге тоқталады. Беркенің інісі Тоқайтемірмен біріге отырып мұсылмандықты қабылдағанын айтады. Сөйтіп «Барака» «Береке» атанғанына куәлік береді. Бұл біздегі ғылыми айналымда жүрген «Дінислам Өзбек ханнан тарапты» деген тұжырымға тосқауыл бола алады. Шәді ақын Тоқайтемірден Өзтемірді таратады. Одан Том ған-Құтлықтемір-Әлітемір-Темірқұтлық-Мұхаммед ханЖақып сұлтан-Шуақ сұлтан-Махмұд сұлтан-ДінмұхаммедЖанмұхаммед-Иманқұлы-Абдолла хан-Нұрмұхаммед хан-Субханұлы деп барып ӘБУЛФАЙЫЗ ханға шығады. Мұнда бір ғажап сыр бар. Біздің зерттеушілер Хан Абылай дың басына қойылған тастағы жазудың мән-мағынасын ажырата алмай жүргеніне біраз боп қалды. Біздіңше, оның жауабын Шәді ақынның «Хан Абылай» дастаны бере алады деп ойлаймыз. Бұлар, әрине, қазақ сахарасындағы хандық тармағы емес, Бұхара, Самархан, Үргеніш жағы десек те болады. Біздің қолда бар тарих та осыны айтады, бірақ басқаша береді. Салқам Жәңгірдің Уәлибақы және Тәуке деген екі жарамды ұлы болады. Үргеніш жағындағы қайынатасы Қайып хан баласы болмай Уәлибақыны сұрап ап бауырына басады. Жәңгір хан Уәлиді берген солай, «Қария батагөй» деп көңілін қимай. Өзіме өзге ұлдарым жетеді деп, Ержеткенде келмей ме, қалса симай?! Уәлиді алып қайтты нағашысы, Арманға жетті бітіп бар жұмысы. «Ұлды – арқау», қызды- «бояу» дейді қазақ, Қызқонақ, ұлбайлаулы боп ырысы». Арада көп жылдар өткен соң, жекпе-жекте қалмақ әскері нің қолбасшысы Шарыштың басын қан майданда, жекпежекте шауып түсіргеннен кейін бұған дейін аты беймәлім жас
Жарылқасын Боранбаев батырды сол елдің ханы Әбілмәмбет Ордасына шақырып, мән-жайын сұрастырады. – Өзің бір жас баласың, жаңа талап, Таң қалып,ерлігіңе тұрмын қарап. Атың кім, әкең аты, елі-жұрты, Разы болдым саған, бер, баяндап! Бала айтты: – Абылай деген үлкен әкем, Атақты өзі батыр,жауға бекем. Соғыстың қасиетті бір перісі, Шақырдым, – деп жауымды жеңер ме екем?! Сол бабам батыр екен елден шыққан, Егескен жауын талай жерге тыққан. Жасқанып жалтақтамас жау дегенде, «Қанішер Абылай» деп елден ұққам. Ол өзі бір соғыста жаудан өлген, Жалғанда қысқа ғана өмір сүрген. Өз атын өзі ұрандап шақырмайды, Сондықтан бұл ұранды ел білмеген. Дейді екен Уәлибақы арғы атымды, «Қанішер Абылай» дер бергі атамды. Өз әкем Көркем Уәли деген кісі, Деп қойған «Әбілмәнсұр» өз атымды. Бұлардың бәрі түгел болған батыр, Соғыста әрбіреуі мыңға татыр. Әкем, атам, бабамдар жаудан өліп, Ішімде түгемейтін қайғым жатыр. ...Баланың Әбілмәмбет сөзін тыңдап, Бас изеп айтқан сайын отыр шындап. – Бір ұрпақ Уәлиден бар деуші еді, Сол тұқым осы екен деп тұр мойындап. Балаға былай деді Әбілмәмбет: – Атайды арғы атаңды Есім хан деп, Ертеде Есім ханнан Жәңгір туған, Жәңгірден Уәлибақы, Әз Тәуке деп. Тәукеден Әбілқайыр, туды Болат, Болаттан Сәмеке мен Әбілмәмбет, Әбілмәнсұр! Сен маған бауыр болдың,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Есіңе ал, ата жөнді, ұмытпай жат. Киіпсің, кебін кимей кебенекті, Білген жақсы, тегінде ата текті. Бауырына «бауырым» деп қатты басып, Көзінен сорғалатып жасын төкті. – Сипатың,ерлігің де тамаша екен, Туылып өскен жерің Алаш екен. Жасында нағашысы алып кеткен, Немере,үлкен ағам баласы екен! Екен ғой қабымыз бір, сабымыз бір, Қарағым,көрген ісің бір үлкен жыр. Құланның түзде туған құлынындай, Келіпсің туып-өсіп елден қиыр. Мен өзім Әз Тәукенің немересі, Сен болсаң Уәлибақы шөбересі. Уәлибақы Әз Тәуке бірге туған, Берейін мен тағымды, бол Иесі! Ат қойдым енді саған деп «АБЫЛАЙ», «Сабалақ», «Әбілмәнсұр» қалсын былай. Атаңның «Абылай» деген аты сөнбей, Жайнасын аспандағы от жұлдыздай». Осы ұлы екі тоғыс Үргенішке, Қайып ханға тіреледі де «ӘБІЛФАЙЫЗ» деген атаумен өрнектеледі екен. Демек, жие нін Жәңгірдің бір баласы Уәлибақыны алып кеткен соң, оған жаңаша ат-есім бергені байқалады. Оны бір ұлыстың би леушісі-кіші хан еткені де шындыққа саяды. Мысалы Әбіл мәмбеттің кезінде Абылай Көкшетауға хан сайланған емес пе?! Сонда біз Әбілфайыз ханды «Уәлибақы» деп қабыл дасақ, Шәді ақынның шежіре-тарихымен де, Хан Абылай дың ғұмырбаянымен де қабыса аламыз.Бұны ептеп қазақ тарихының түзетілгені деп білеміз. Мәселен, кейбір зерттеу шілер Абылайдың әкесін Түркістан қаласын билеуші етіп көрсететіні де бар. Ол қисынға келе қоймайды. Бұлай бол ған жағдайда Төлеби бабамыздың, болмаса Әбілмәмбет хан ның оны танымауы мүмкін емес қой... Ал Бұқар жырау болса шамырқанған тұстары: Қарсы менен Құзарда, Жалаң аяқ жар кешіп,
Жарылқасын Боранбаев Бөз тоқыған сарт едің. Шешеңді және сұрасаң, Қай алтынның буы еді? – деп төгілтеді. Ал енді Бұқар жыраудың Бұқарда туғаны, сол жақта туып өскені, медреседе білім алғаны белгілі. Демек, бұл айтылғандарда әлдененің «елесі» бар екені рас деп білу керек. Мұнан бөлек сонау Үргеніштен арнайы келіп, қазақ ханы Салқам Жәңгірдің бір баласын аттай қалап әкеткен соң Қайып хан да сол баланы атқосшы етіп пайдаланбайтыны да шындық емес пе?! 1912 жылы «Айқап» журналының 6-7-санында Азамат Алашұлы деген лақап атпен «Хан Абылай» атты дерекнама жарияланады. Кейіннен мәлім болғандай бұл «Азамат Алаш ұлы» деген белгілі қаламгер Міржақып Дулатов боп шығады. Сол мақалада мынадай аса құнды өлең жолын кездестірдік. Абылайдың атасы Әбілфейіс, Хан баласы төсенбес етке киіз. Аузы түкті жау жұрттан алым алып, Абылайға шықты ма екі мүйіз?! Бұл өлеңнен біз 1912 жылдары ел аузында жүрген «Абы лайдың атасы Әбілфейіс» дегенді тапқаннан кейін және оны сол Абылайдың ұрпағы сұлтан Шәді төренің «Хан Абылай» дастанынан тағы ұшыратқан соң, осында бір тылсым сыр, құпия, жұмбақ тарих тарамдалып жатыр деп білеміз. Дастанда айтылатын Әбулфайыз оған қастандық жасауға негіз қалаған Марайым атты уәзірдің іс-әрекетінде біз білмейтін оқиға өрісі бар тәрізді. Мұнан бөлек осы деректер бізге Абылайдың басынан хандық үзілмеген, батырлық, ерлік үзілмеген баһадүр екендігіне де куәлік береді. Оның 7-8 жасқа дейін-ақ көптеген Сарай ішілік этиканы, сауаттылықты, әскери ғылым тәсілдерін біршама меңгергендігін байқатады. Ол барлық жерде, қандай жағдайда болмасын өзінің хан тұқымы екендігін ұмытпаған, тіршілік талқысы қаншама төмендеткісі келгенімен іштей түлеп, рухын биіктете білген данышпан, көреген жан. Шәді ақын Абылайдың тарихын басқашалау беріп отырға нымен қызықты. Тіпі нанымды десе де болады. Мысалы Қа занғап Байболов өз дастанында Сабалақ ордаға кіріп келгенде,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Төле бидің орнынан тұрып кететінін біршама суреттейді. Ақыры бәйбішесі Төленің шапанын көрпеге жуалдызбен тігіп қояды. Ақыр-соңы Сабалақ ішке кіріп келгенде Төле би орнынан атып тұрғанда, көрпе де бірге көтеріліп, балада бір қасиет бары білініп қалады. Ал енді Оңтүстік өлкесінде туып өскен Шәді ақын бұл белгілі оқиғаны Дәулеткелді байға телиді. Шынында да Үш жүздің төбе биі болған Төле бабамызға бұндай көрініс жараспайды. Сол себепті де Шәді ақынның хан Абылай өмірін суреттеуі шындыққа басқалардан гөрі жанасады десек көп жаңылыса қоймаймыз. Дастан-таза тарихи шығарма емес, сол себепті онда кейбір оқиғалар өзгертілуі мүмкін. Тіпті, уақыт жағынан сәйкеспей де жататын жерлері кездеседі. Әйтсе де әрбір шығармада белгілі бір шындықтың ізі болмаса, ол халық қазынасына айналмайды. Көркемдік қуат та мол болуы тиіс. Ақын Шәдінің «Хан Абылай» («Тарихат») дастанында аса құнды кейіпкер бұрынырақ есімін атап өткен – ол хан Абы лайдың Пірі – Жалаңаяқ Әздер дейтін кісі. Бұл елді иманды лыққа ұйытудың тәсілі ретінде қолданылған болуы да мүмкін: Абылай жалғыз өзі отыр еді, Есіктен бір диуана кіріп келді. Иығына шашы түскен, жалаң аяқ, Иіліп күле қарап сәлем берді. Абылай диуананың түрін қөріп, «Сәлемін ап, түрекеп қолын ұстап, Касына отырғызды орын беріп». Хан айтты диуанага: «Ей, каландар!. Келгенде қайсы түрлі мақсатың бар?» «Әкеңіз Әбулфайыз Бұқар ханы, Марайым зұлымдықпен өлтірді оны. Өлімнен аман болып сіз қалдыңыз, Қырылып әулеңнің кетті бәрі. Дүниеге шыр-шыр етіп келген соң сен, Өзіңді желеп-жебеп жүруші ем мен. Атымды Жалаңаяқ Әздүр дейді. Шілтендер бұл қызметті маған берген. Оразбен сахараға өзін барып. Ер жеттің Дәулет байға душарланып.
Жарылқасын Боранбаев Сені бала етпекке ойландырдым. Көңліне көрген жерден мейрім салып. Қалмақтар қазақпенен ұрысқанда. Қашырып қайрат қылдың әжап сонда. Атыңды ұрандаған халыққа жайып, Қасында бір жүр едім әрбір таңда. – Жәнібек барша халыққа хабар берді, Өзіңді Көкшетауда хан көтерді. «Көңліне барлық жұрттың мейір салып, Айттырған бір ауыздан өзім едім. Барасыз Бұқараға сіз аттанып, Қайтуға әкеңіздің тақтын алып. Бұқарда Баһауаддин әулие бар, Бұныңды дұрыс көрмес ырзаланып. Әкеңіз шейіт болып Файыз өтті,. Марайым еш айыпсызды жазым етті. Жазасын бұл ісінің Алла беріп, Оған да көп ұзамай ажал жетті. Бұл уақта тақта отырған Бұқар ханы, Дәнияр аталықтың ұрпақтары. Шілтендер басын қосып маслихат қып, Дұғамен отырғызған таққа оны. Қай жерде патша, әмір яки бір хан, Болады дұғалардың жәрдемімен. Нағышпан Баһауаддин әулиенің Жарлығын келдім сізге айтқалы мен. Айт деді Абылайға әдейілей, Айтпасын әкем орнын аламын деп. Егерде тілімді алмай мұнда келсе. Басына бәле ұшырап, ренжір көп. Көңліңе бұл сөзімді ауыр алма, Қанағат ету керек қолда барға. Аз емес, өзің ойлан, қазақтардың Хандығын нәсіп етсе саған Алла!» Диуана бұл сөзді айтып қайтып кетті. Көңліне Абылайдың қайғы жетті. Косынның жақсыларын жинап алып, Есіткен сөзін айтып, кеңес етті. Кейбірі қайту жолын мақұлдады. Айтқанын шын болар деп ойға қалды.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қайтқанды өздеріне кемшілік деп. Баруға бағзысының көңлі барды. Дер еді: «Бұл диуана мұнда келіп, Айтуы әрнәрсені хабар беріп. Біздерді алдамақшы, иламенен, Тұрғаны Бұқардағы хан жіберіп, Болмаса бір диуана қаңғып жүрген Алдағы болмақ істі қайдан білген? Дүние алып патшасынан келген болар, Біздерді қайтармаққа осы жерден. Әуре боп мұнша жерге қосын тартып, Айналып елімізге барсақ қайтып. Диуана айтуымен келдік десек. Есіткендер күлмей ме мазақ айтып?» Баршаға бұл айтқан сөз дұрыс келді, Қайтуды кері қарай намыс көрді. Көшсін деп қосынына жарлық беріп, Бетке алып Бұқараны әзірленді. Бір жерге келіп қонды есен-аман, Ұйықтады алаңсыз барлық адам. Сол түні жатқан жерде іштері өтіп, Төсекте өліп калды бірнеше жан. Ал содан өлмей аман қалғандары, Қозғалмай ауру болып жатты бәрі. Әрқайсы өз басымен әлек болып, Ілгері қозғалуға келмеді әлі... Міне, осы оқиғадан кейін олар кейін қайтуды жөн көреді. Сол көрініс хан Абылай қырғыздарға аттанғанда тағы қайталанады: Хиуаға барғандағы сол диуана, Сол уақта Абылайға келді және. Шаш қойған жалаңаяқ неткен жан деп, Күледі көргендердің бәрі әмма. Жүреді жаяу жалғыз елден бұрын, Сөйлесіп білмес еді ешкім сырын. Хан көріп ықылас қылып жүрер еді, Ұмытпай ілгеріде көргендерін. Сол жерде бірнеше күн демін алып,
Жарылқасын Боранбаев Сөйлесті бір-бірімен мейірі қанып. Баяғы жалаң аяқ ханның пірі Қосынға өзі келді мағлұмданып. Жүреді жалаң аяқ әм жалаң бас, Қайрылып иығын жауып тұрарды шаш. Нәзірге әркім дүние берсе дағы, Ешбірін аламын деп назар қылмас, Бағзы уақыт жоқ болады кетіп қалып, Бағзыда келер еді мағлұмданып. Алдында адамы жоқ мезгілінде Оңаша жолығады ханға барып. Бағзылар уәли дерді көңлі кетіп, Бағзылар жынды дерді мазақ етіп Бұл жолдан диуана да қалмасын деп, Барады байғұс шалды қалмаққа ертіп. Майданға диуана да әр күн барып, Бір шетте отырады демін алып. Абылай әулие деп пірге есептеп, Сыйынып тұрушы еді жалбарынып. Майданға диуана да әр күн барып, Бір шетте отырады демін алып. Абылай әулие деп пірге есептеп, Сыйынып тұрушы еді жалбарынып. Алдына Абылайдын пірі келіп, Сөйледі мына түрлі хабар беріп. «Мен саған, колың көтер, бата берем, Жауыңды қашырасың, бүгін жеңіп Соны айтты, өз ұртына қолын салды, «Аттым деп бір мәртебе... «туф!» - деп қалды. Сол уақта майдан үсті тұман болып; Бір-бірін көрмейтұғын халге барды. Диуана көп ішіне кетті кіріп, Көрмеді одан кейін ешкім біліп. Қай жақтан шыққандығы мәлім емес, Айтарды «жау қашты!» деп хабар беріп. Осы бір тарихатты Мәшһүр Жүсіп Көпеевтен де табамыз. Абылай ханға серік болған Жалаңаяқ Әздердің өмірде болғандығын, сүйегінің қай жерде жатқандығының куәсі боламыз...
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны «Біздің қазақта атақты, даңқты үш батыр болған. Бірі Ер Едіге, бірі Қара Қыпшақ Қобыланды, бірі Тамадан шыққан Шора батыр. Бұл үшеуі өз бетімен көшіп-қонып жүрген жандар. Ұры қартайса сопы болады, Қары қартайса бибі болады. Бүркіт қартайса тышқаншы болады. Шал қартайса жасындағы Көрген-білгенін былшылдап, Ертекшіл болады дағы, – демекші, «Ер Едігеден естігенімді сөйлейін. Ер Едігенің сөзі» деп қариялар тақпақ қылып айтып отырушы еді. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен. Ел шетіне жау келсе, “Мен шығайын” дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен. Өзінен бір жас үлкен болса, Әзізім, сіз білесіз дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен. Өзінен бір жас кіші болса, Ботам, сен тұра тұр, Мен сөйлейін дер екен. Едіге дейтін ер дүрмін, Үзілмес жібек, кендірмін. Өзі білмегенге, Білгеннің тілін алмағанға, Еменнен шоқпар шекесіне, Шық еткізетұғын мен дүрмін, – дейді екен. Қазақ үш жүз деген атқа ілінбей, елдігі, жұрттығы көзге көрініп, білінбей жүрген күнде қазақ ортасында Бабай Түктес Шашты Әзіз делінген диуана болыпты. Қаратау маңайында Мыңжылқы деген таудың бауырында бір бұлақта дәрет алып,
Жарылқасын Боранбаев намаз оқуы үшін меншікті-мекен жай қылып жүріпті. Бір күні таңсәріден алаңқарақта дәрет алайын деп келе жатса, үш жалаңаш қыз суға шомылып, бір-біріне су шашысып ойнап жүріпті. Бұрын жалаңаш әйел көрмеген диуана қалпақтай түсіп, талып қалыпты. Манағы үш қыздың бірі де қалпақтай түсіпті. Сөйтсе олар пері патшасының қыздары екен. Аққу болып, сау екі қыз талған қызды көтеріп, алып ұшып кетіпті. Еліне, жұртына апарған соң, бақсы-балгерлерін жидырып, бал аштырған екен. Адамзаттан шыққан әулиенің назары түскен екен. Сол әулие өзі жазып босатпаса, басқаның қолынан келмейді деген соң, ұшқыр перілерді жұмсап, алдырыпты. «Тоқтылық тонауы жоқ» жалаң бұт, жалаң аяқ, кісі көрерлік түрі жоқ екен дейді. Құдай жұмысын түсіргесін амал бар ма?! – Мына қызымды жазып, оңалтып беріңіз, – депті. – Менің сенің қызыңда не ақым бар,өзіңде не ақым бар? Бұлар дәрет алатұғын суыма шомылып, суымды арамдап кетті. Және мен талып қалып, сол таң намазым қаза болды. Өмірімде бір намаз қаза қылған жоқ едім. соның орнын толтыр, – депті. – Олай болса, бір қара тоқты есебінде осы қызымды өзің ал, – депті. Қызын диуанаға қосып, екеуін бұлақтың басына апарып тастапты. Мынау қатынды болып оңған жері жоқ, анау байлы болып, не қызық дәурен сүрсін. Ұйқы-тұйқы, жиқы-қиқы, миқы-тиқы бір өмір-дағы... Диуана «баяғыдай жалаңаштанып денеңді көрсет» деп қиғылықты салыпты. Пері қызы өзге тілін алса да бұл тілін алмапты. «Еркек ашуланса, жаман болар» деген ғой, диуана тұра сала сабапты, тұщы етіне ащы таяқ өткен соң: – Менің жалаңаш денемді көрген соң өзің сілейіп қалатын едің. Оны білмедің, мен сенен бала тапсам, мендегі нұр, жарық сәуле сол балаға кете-тұғын еді. Сонан соң көруің керек еді, оған шыдамадың, асықтың. Енді мен саған жоқпын, сен маған жоқсың. Мен сенен екіқабат жүкті болған едім, еркек бала туамын. Туысымен бесікке бөлеп,осы судың басына алып келіп тастаймын. Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі болмақ, белгісі сол болар деді де аққу болып ұшып кете берді, – дейді. Диуана мұны елең қылып, күзетіп жүре ме?! Қыз баланы уәде бойынша бесігімен алып келіп тастап кетті дейді.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Үстінен кез болып тауып алған біреу Түркістанда ноғайлы ның ханы Тоқтамыс ханға апарып беріп, Тоқтамысқа асыранды бала болып, соның қолында өсіпті... Ер Едігенің тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен. Өзі өлерінде Ұлытаудың басында отырып, Кейқуаттың сөзінен құса болып, жарылып өлген екен. Сонда өлерінде айтқан екен: «Мені бұл жерге жер қазып көмбеңдер. Қорған тас қалап қойыңдар. Нұралынм жер үстінде бар болса, «Ат айналып қазығын, диірмен айналып шүмегін табар!» – дегендей бір табар. Сонда мені Қаратаудың бауырында «Қарақалпақ атасы» Созақтың «Қараобасының» қасына Бабай Түкті Шашты Әзіз атам бар, соның қасына апарып қойсын!» – деген өсиетімен денесін сонда апарып қойған екен. ҰЛЫТАУДА «АМАНАТ» қойған екен. Ұлытауда аманат қойған жайын «АҚ МЕШІТ ӘУЛИЕ» деп атап кетіпті. Бұл сөзді кеше Керейттен шыққан Сарысопының баласы Жалаңаяқ Әздер сөйлепті. Осы әулие де өзін сол жерге қойдырыпты. Күні кеше Қуандықтан шыққан арық Қоңырбай,Ай-қожа ишаннан халфе боп шығып, Ақпан бәйіштің Ақпанымен екеуі: – Бұл Жалаңаяқ Әздер біздің қазақтан шыққан әулие. Со ның сүйегін бұл жерге қоймаймыз. Сарыарқаға апарып, қазақ ортасына қоямыз деп сарт жұртымен дауласып, сол заманғы қазы, мүфтилерден хат-мөр алып, сүйегін Арқаға алып кетеміз деп, көрін ақтарған екен. Жалаңаяқ Әздердің сүйегі шірімей, сасымай, сап-сары болып көмілген қалпында жатыр екен деседі. Қол созып ала бергенде, ашық тұрған аспан алай-түлей боран болып кеткен соң,қойылған жерден қозғағанын құдай да болса әруақтың өзі болса да ұнатпады-ау деп қайта жауып, үстіне белгі тұрғы зыпты. Сонда арық Қоңырбай Ақпанға айтқан екен: – Мен сенен бұрын өлемін. Мені осы жерге алып келіп қойыңдар, – деп өзінің өсиет қылуымен Ақпан арық Қоңыр байды сол араға апарып қойыпты. Сол жерде Бабай Түкті Шашты Әзіздің барлығын Ер Едіге айтыпты. Ол екеуінің сол жерде екенін жалаңаяқ Әздер айтыпты. Жалаңаяқ Әздердің барлығын арық Қоңырбай айтыпты. Осындай біреуден біреуге мирас қалып келе жатқан сөз...»
Жарылқасын Боранбаев Бұл арада біздің назарға ұстайтынымыз, ғылыми айналымда жүрген Едігенің Ұлытауда емес, онда тек «аманатқа» қойылып, кейіннен оның сүйегі өз өсиетімен Созаққа, Бабай Түкті Шашты Әзіз әулиенің жанына ауыстырылып, қайта жерленгені және Жалаңаяқ Әздердің Бабай Түкті Шашты Әзіздің жанында жатқандығы, оны Шәді ақынның оны жеріне жеткізе жырға қосқаны... Жалпы, «Хан Абылай» дастанында біз бұған дейін білмеген, ғылыми айналысқа түспеген тың деректер аса мол. Соның бірқатарын келтірелік. Дастанда Хан Абылайдың Қытайға өз баласы Әділге бас татып, қалай елші жібергені толық баяндалады. Көптеген зерттеушілер әлі күнге дейін зерделей қоймаған Хан Абы лайдың ақырғы күндері, қалай және қай жерде қайтыс бол ғаны анық айтылады. Қазіргі кезде Хан Абылайдың басына қойылған тастың тарихын тарқатқан көптеген әңгімелер бар. Әсіресе «Абылай хан бин Сүйініш хан» деген жазуды әр саққа жүгіртеді. Мысалы Міржақып Дулатов Самарханға барғанда Абылай хан өзіне тас қаздыртыпты, сол тасты өзімен бірге алып қайтыпты дейді. Бұл, әрине қисынға келіңкіремейді. Тірі адам ешқашан бұндай тірлікке бармайтыны анық. Осындай аса қиын түйінді ақын Шәді де тарқатпақ болады. Есіттік Самарханда бар деп бір тас, Мәрмәрдай асылдығы, гәуһарға ұқсас. Патшаның Әмір Темір Хатам қызы, Ханымға атасынан болған мирас. Қолында ұстасының болса қалып, Сол тасты көп дүниеге сатып алып. Басына Абылай ханның қоялық-ты, Үстіне ныспысы мен атын жазып. Айтылған Самарханға адам барып, Мал беріп,мәрмар тасты келді алып. Болды деп үш жүз байтал айтады екен, Қымбатқа құлпы тасы бағаланып. Мәрмарға оймышталып хат жаздырды, Туғаны, өлген жылы айтылар-ды... Сонда мәрмәр тасқа түсірілген «Сүйініш хан» дейтін адам кім?! Біздер, бұл Хан Абылайдың өзіне ардақ тұтқан ұлы атасы Абулфайыз хан болар деп жобалаймыз. Ол-бір мезгілде-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны тарихи деректерде «Уәлибақы» деп те атанса керекті. Ал енді нағашысы Қайып хан бауырына басқан соң, сол кезгі рәсім бойынша оны сүйінішім болсын деп, «Сүйініш» деп те атамады ма екен деген ой туындайды. Бір мезгілде ресми «Абу-л-Файз» деп те аталуы мүмкін. Тіпті «Файз» сөзінің бір мағынасы қазақша «Сүйініш» емес пе екен дейтін де ойпікір туындайды.Мұндай ат ауыстыру ол заманда аса таңсық болмаған ғой.Мысалы «Абул-Мансур-Әбілмәнсүр-СабалақАбылай» боп бізге жеткен емес пе?! Бұл дерекке ден қоятын себебіміз «Сүйініш» сөзінің алдына «бин», соңына «хан» сөзі қосақталғаны соны меңзейді деп ойлаймыз. Ендігі жерде тарихи Абылай кім екенін, әрі Шәді ақын жырлаған Абылаймен салыстыратын боламыз.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ПІРІ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІР СӨЗ Абылай хан дәуірі адамзат тарихында Қазақ хандығы деген атаумен қалған қуатты мемлекеттің соңғы рет дәуір леп толысқан шағы болып қала бермек. Ш.Уәлиханов атағы алты алашқа мәшһүр болған атасы Абылайдың дәуірін «ер лік ғасырына» теңеді. Ақын-жыраулардың шығармаларын да қазақтың абыройы аспандаған, ұлыс ретінде толысқан, жан-жақтан жау анталаған заманда іргесін алдырмаған қуатты, бірлігі жарасқан ел ретінде жырланды. Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай! Көмекей әулие атанған Бұқар жыраудың осы толғауы Абылай ханның халық үшін қаншалықты қымбат болғандығын айғақтап отыр. Ал ғалымдардың зерттеу еңбектерінде бұл дәуір қазақ тарихының бетбұрысты кезеңі, қуаныш пен қайғы кезек алмасып отырған, қайшылыққа толы заман ретінде суреттелді. Атақты ханның тұлғалық қасиетін, қайраткерлік өмір жолын жан-жақты қырынан аша түсу мақсатын көздеген зерттеушілер оның жанында жүрген батырлары, билері мен ақыл-кеңесшілері жайлы, халықаралық саясаттағы дипломатиясына, шығу тегі мен жерленген жеріне, ел билеу дәстүріне қатысты мәселелерді көтеріп, жекелеген монографиялар арнады. Осы орайда ағылшын тарихшысы Норман Дэвистің «Адамзат тарихын кітаптың бір парағына сыйдырып жазуға да болады. Бір күндік шыбынның өмірін 40 том қылып шығаруға да болады», – деген пікірінің жаны бар екендігіне көз жеткізесің. Абылай ханның жанында бірге болған батырлар мен билер, жыршылар туралы зерттеу еңбектерінде жиі айтылады. Себебі, халық аңыз-әңгімелерінде, тарихи жырларда, орыс,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны қытай деректерінде олар жайлы деректер, мәліметтер көп кездеседі. Сондықтан зерттеушілердің назарына тез ілігіп, өздері зерттеп жүрген мәселеге қатысты кеңінен тарқатып жазуға септігін тигізеді. Бұл зерттеулердің барлығы Абылай ханның тұлғалық қасиетін әртүрлі қырынан аша түсері анық. Десек те пайдаланған деректік қоры мол болып, ғылыми әдістері мен тәсілдері мықты болғанымен, Абылайдай алып тұлғаны толық тани алмасымыз анық. Абылай ханның біз біле бермейтін, зерттеушілердің қаламы жете қоймаған тұстары әлі де көп. Абылай хан дәуіріндегі қазақ хандығындағы діни ахуал мен қоғамның ішкі рухани тұтастық мәселесі зерт теушілердің назарынан тыс қалып келеді десек артық айтқан дық емес. Әсіресе рухани салаға қатысты тұлғалар әулиелер мен пірлер жайлы зерттеу жұмыстары мүлде жоқ. Бұл бағытта іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізу алдағы уақыттың еншісіне қалып келеді. Хандардың, батырлар мен билердің пірлері болатыны бел гілі. Сонымен қатар Әбілқайыр ханның Мәмбет есімді ата лығы болғандығынан хабарымыз бар. Мүсірәлі сопы әзіздің баласы Қосымқожаны, Әбілқайыр ханның пірі болған дейді халық аңызы. Қосымқожа тек Әбілқайыр ханның ғана емес бүткіл Алты ата Әлімге қарасты ру-тайпаларға пір болған. Мүсірәлі сопы әзіз Тәуке ханның билігі кезінде үш жүздің пірі болған. Халық аңызы Мүсірәлі сопы әзізді жеті өлікке жан берген кереметтің иесі, әулие деп құрмет тұтады. Зерттеуші Жамбыл Омари өзінің Аталықтар әулеті кітабында: «Нияз аталық Абылайды тұрымтайдай ұл күнінен біледі. Ораз аталық Әбілмансұрды Үргеніштегі қырғыннан алып-қашып, Түркістандағы хан ордасының маңына келгенде алғаш кездескен, ақылдасқан адамының бірі Нияз аталық еді. Екі аталық өзгеге көрінбей жасырын сөйлесіп, әке-шешесі жат жерде қырғын тапқан жас ханзаданың тағдырын талқыға салған. Нияз аталық Әбілмансұрды төре тұқымына жақындатайын десе Абылай Қайып ханды 1718 жылы өлтіріп, мойнына қан жүктеп «Қанішер» атанған адам. «Қанға-қан» деп біреулер өлтіріп жіберсе өкініші кетпес, тұрымтайдай ұл «кісі болар кісіні кісесінен танимын, кісі болмас кісіні мүшесінен танимын» дегендей мүшесі де кісесі де «мен ертең осы елді алға бастайтын азамат боламын» деп тұр… Сол екеу ара мәжілісте жас ханзаданы елеусіз ғана бала қылып «Сабалақ» деген ат-
Жарылқасын Боранбаев пен Төле бидің қолында сақтауға келіскен еді… Бұдан былай Абылайдың үш жүздің билеушісі болған уақытына дейін Нияз аталық көмектесіп, қорғаштап жүрді», – деген болатын. Тарихта Абылай ханды жаудың қолынан алып қашып, Төле бидің немесе Арғын ішіндегі Дәулеткелді байдың қолына тапсыратын Ораз аталықтың есімі белгілі. Енді Жамбыл Омари Ораз аталық пен қатар Нияз аталықтың болғанын жазып отыр. Осы жерде аталықтардың қызметіне қысқаша түсінік бере кеткен артық болмас. Жамбыл Омаридың зерттеу еңбегінде: Аталық институты мемлекеттік билікті күшейту құралдарының бірі. Аталық ру-тайпалық құрылым мен саяси билік арасындағы дәнекер, хандық биліктің қазықтарының бірі. Аталық мансабын иеленген адам ел билеуші хан немесе сұлтанның ұстазы, кеңесшісі болумен қатар елшілік қызметті қоса атқаратын күрделі тұлға дегенге саяды. (Омари Ж. 6-12 беттер). Ал неміс зерттеушісі фон Кюгельман: «Аталықтар – Алтын Орда дәуірі кезінде, хан ұрпақтарының тәрбиешісі, әрі үйін қараушы қызметін ат қарған. Сонымен қатар ханға кеңесші болып немес сенімді өкілі бола алған. Кейіннен Орта Азия хандықтарында аталық тың қызметі үлкен өзгерістерге ұшыраған» Екі зерттеушінің пікірін қорытындылай келе, аталықтар қызметінің Орта Азия хандықтары мен Қазақ хандығындағы өзгеріске ұшырауының себебін діни фактордан іздеген жөн сияқты. Нақшбандия тариқатының жетекші рөлге шығуымен аталықтардың мансабы ұлғайып атқарушы билікпен ұласып кетеді. Абылай ханның жанында аталықтар болғанымен олардың қызметі нақтылы әрі шектеулі болған деп айта аламыз. 1740 жылдары Абылай ханның тарих сахнасына шығуы қазақ халқының басын біріктіруге, қайтадан қуатты күшке айналуына мүмкіндік берді. Абылай ханды жалпы қазақ дала сының мойындау себебі, оның қазақ халқының көне рухани жолы – Йассауийаны мойындауында жатты. Үш жүздің басы бірігіп, қуатты күшке айналды. Тарихшы З.Жандарбек өз ойын сабақтай келе: «Ясауи жолы және қазақ қоғамы» зерттеу еңбегінде, хандық дәуірдің бір ерекшелігі хан да қара да бағынатын пір болатын деген пікір айтады. Бұрынғы дін мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұтастығы бұзылып, шариғат жолы, тариқат жолы деп екіге бөлінді. Бұл йассауийа тариқаты өкілдерінің қоғамдағы ықпалын әлсіретті. Қазақ қоғамының
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ажырамас бөлігі, әрі қоғамдағы рухани тәрбиемен айналысушы әлеуметтік топ ретінде белсенді рөл атқарған қожалар өзінің дәстүрлі қызметінен шеттетілді. Қоғамдағы діни, рухани басшылық қожа әулеттерінің, йассауийа тариқаты өкіл дерінің қолында болды. Қожалар әрбір ауылда болып, сол ауыл көшсе көшіп, қонса қонып жүрді. Олар егін екпеді, мал бақпады. Халықтың тек діни, рухани тәрбиесімен айналысты. Абылай ханның аталықтарына қатысты мәселенің басы ашылды. Ендігі кезекте Ш.Уәлихановтың мына бір пікіріне назар аударғымыз келіп отыр: «Бұқар жырау ханның жанын дағы кеңесшісі ғана емес жол ашып отыратын батагөй ақса қалы болған. Жорыққа шығар алдында Бұқардан жолының болар болмасын, немесе шайқастың тағдыры қалай аяқтала тынын сұрап отырған. Қиын жағдайда қалғанда әскерге қуат дем беріп қана қоймай, жағдайдың қазақ жасағы пайдасына шешілуіне ықпал еткен. Абылай хан жоңғарларға қарсы жорықтарының бірінде Қанжығалы Жанатай батыр мен Бөгенбай батырды мың сарбазбен барлауға жібереді. Барлауға кеткен батырлардың ұзақ уақыт оралмауын жаман ырымға балаған Абылай Бұқар жыраудан батырларға не болғанын сұрайды? Сонда Бұқар жырау батырлардың көп олжамен оралатындығын болжайды». Мәшһүр Жүсіп бұл ойды былайша сабақтай түседі: «Қар жас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария бол ған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні «Көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шыға ды екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға айтқан екен: – Сенен бұрын жеті хан жебеледім, кеше еңсегей бойлы ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – деген екен. Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарекеңді алдырып, Айдың, күннің сәтін сұрайды екен, сәуе көріп дейді екен. Сонда Бұқарекең: – Сары бура келіп, сенің туыңның түбіне тұрып, пәлен жаққа қарай шабынды, – дейді екен. Сол айтқан жағына бет алып аттанса, шауып, жаншып алып келеді екен. Егер Сары бура келіп, туының түбіне шөгіп, мойнын салып жатып алды десе, аттанбайды екен». Шоқан мен Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған мәліметтері Бұқардың тек
Жарылқасын Боранбаев жырау ғана емес, Абылайдың сәуегейшісі, қиналған сәтте дем беруші әрі ақыл-кеңес беріп отыратын тұлға болғандығын көрсетеді. Алдыңғы пікірлерге қарағанда атқаратын қызметі жағынан аталыққа сәйкес келетін сияқты. Бірақ айырмашылығы суырыпсалма айтқыштығы. Ауызша деректердің бәрінде де Бұқарды жырау немесе Көмекей әулие деген атпен атайды. Абылай дәуіріндегі жыраулардың барлығы дерлік жорық жыршысы ретінде танымал. Үмбетей, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар бұл сөзіміздің айқын дәлелі. Бұқар жырау жыраулардың ішінде айрықша көзге түседі. Көмекей әулие атануы бекер болмаса керек. Бойындағы ерекше қасиетіне байланысты хан жанында отыратын жоғары лауазымды иеленген. Жырау – көне патриархалдық қоғамның перзенті еді. Сондықтан қазақ тың рулық қоғамы өзінің әу бастағы ерекшеліктерінен айырыла бастаған кезде жырау да аренадан кетуге тиіс болды. Қазақстанның Россияға қосылу дәуірінде өмір сүрген Бұқар шын мәнісінде жыраулық поэзияның ең соңғы көрнекті өкілітін. Қазақстан тарихының екінші томындағы мынадай жолдар бар. «Жергілікті әулиелер шеңберінде бейне бір дін жолында қаза тапқан киелі жауынгерлер елеулі топ құрайды. (Жалаңаяқ Әзер (авт – Әздер) әулие, Жылтырақ баба, Ұқашата және басқалар)». Жақша ішінде есімдері аталып отыр ған тарихи тұлғалардың арасындағы Жалаңаяқ Әздер әулие есімі қызықшылығымды тудырды. Соңғы екі тұлғаның бірі Жылтырақ бабаны қазақ-жоңғар соғыстары кезінде тапқан деген халық аңызы бар. Ал Ұқаш-ата, елге белгілі пайғамба рымыздың сахабасы болған Үкаша ата жайында болып отыр. Жалаңаяқ Әздер әулие жайында өкінішке орай мұнан басқа мәліметтер берілмеген. Біз осы тақырыпты тереңірек зерттеу барысында Жалаңаяқ Әздер әулие жайлы мәліметтер халық ауыз әдебиетінде сақталғаны анықталды. Ол мәліметтерде Жалаңаяқ Әздер әулиені Абылай хан өзінің пірі ретінде құр меттеп отырады. Пір сөзінің мағынасына қатысты энциклопедиялық анық тамаларда: «Пір – (парс. тілінде қария, ақсақал) сопылық ұғымдағы ақиқат жолды нұсқаушы, шарапатты рухани ұстаз, кәсіп иесін қолдаушы, батагөй ақсақал. Ақиқатты қалап, тариқат жолына түскен әрбір шәкірттің кемел Пір табуы шарт болған. Жол нұсқаушы Пір – рухани кәмелеттікке жеткен, ұстаздық жасауға өз Пірінен рұқсат алған, пайғамбардан
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны бастау алатын рухани жалғастықтағы адам» – делінеді. Анықтамада айтылған ойдан қандай қорытынды шығаруға болады. Пір болу үшін адам рухани кемелдікке жетіп, басқа лардың бәрі құрметтейтін деңгейге жетуі тиіс. Яғни белгілі бір талаптарға лайықты, әрі барлық жағынан шарттарға сәй кес келуі тиіс екен. Аталықтар жөнінде пікір айтушылар олар дың атқаратын қызметі жайлы айтқанымен, жеке бастарына қойылатын талаптар мен шарттар жөнінде үнсіз қалған. Аталық қызметін дін жолындағы кез-келген тұлға атқара беруі мүмкін. Пірге келгенде мәселе күрделене түсетіні байқалады. Өйткені тарихтан белгілі пірлердің бәрі жырларда болсын, ауызекі әңгімелерде болсын ерекше әруақты, кереметтер жасай алатын әулие адамдар ретінде бейнеленеді. Абылай ханның пірі Жалаңаяқ Әздер әулиеге қатысты аңыз-әңгімелерді бүгінгі күнге жеткізуші Шәді Төре мен Мәшһүр Жүсіптің шығармалары осы ойымызды қуаттай тү седі. Алдағы беттерде екі автордың шығармаларынан үзінді лер беретін боламыз. Абылай ханның тікелей ұрпағы болып келетін Шәді Төре Жәңгірұлы өзінің «Абылай хан» дастанында, Ташкент, Самарқан, Бұқараға жорығы кезінде алғаш рет Жалаңаяқ Әздер әулиенің Абылай ордасына келгендігін айтады. Абылай жалғыз өзі отыр еді, Есіктен бір диуана кіріп келді, Иығына шашы түскен жалаңаяқ, Иіліп күле қарап сәлем берді. Абылай диуананың түрін көріп, Әулие-қаландар деп көңліне еніп, Сәлемін ап, түрекеп қолын ұстап, Қасына отырғызды орын беріп. Хан айтты диуанаға е, қаландар, Келуде қайсы түрлі мақсатың бар. Ол айтты құлақ салып естіңіз, Бұл келген жұмысымды алай ізһар. Әкеңіз Әбілфайыз Бұхар ханы, Марайым зұлымдықпен өлтірді оны. Өлімнен аман болып сіз қалдыңыз, Қырылып әулетіңнің кетті бәрі. Дүниеге әкеңізден келген соң сен, Өзіңді тәрбиелеп жүруші ем мен.
Жарылқасын Боранбаев Атымды жалаң аяқ Әздүр дейді, Шілтендер бұл қызметті маған берген. Қалмақтар қазақпенен ұрысқанда. Қашырып қайрат қылдың ғажап сонда. Атыңды ұран қылып халыққа жайып, Қасыңда бір жүр едім мен де онда. Бұл жырда онан әрі Жалаңаяқ Әздер әулие Абылай ханға әулиелердің бәрі жиылып Бұқараны алам деп әуреленбесін, кері қайтсын деп жатыр дейді. Жыр желісі Қырғызға жасаған жорықпен ұласады. Жорық барысында Жалаңаяқ Әздер әулие қазақ жасағымен бірге жүреді. Сонымен қатар шайқас уақытында жекпе-жекке шығар алдында батырлар Абылай ханнан келіп бата сұрайды. Бата беру оқиғасы екі жерде кездеседі, және екеуінде де хан Абылай жалаңаяқ пірім жәрдемші болсын деп батасын аяқтаған. Бірінші жекпе-жекке шыққан батырға берген батасы: Толтырып Абылай хан жасқа көзін, Бірқанша қамқоршылық айтып сөзін. Бір құдай жәрдем болсын барғын деді, Тапсырып жалаңаяқ піріне өзін. Екінші ретінде Кіші жүзден шыққан Серке батырға мынадай бата береді: Кіші жүзі табын елден Серке батыр, Ашуы келгендіктен өңі қашып. Атына бір мәртебе қамшы басып, Алдына Абылай ханның жақындасып, – жәрдемің жалаңаяқ пірім болсын, Бар! – деді қолын жайып бетін басып. Екі батыр да жекпе-жекте қырғыздың батырын жеңіп шы ғады. Шәді төре Абылай хан дастанында қырғызға жорықтың оң нәтижемен аяқталуын Абылай ханның пірі Жалаңаяқ Әздер әулиенің әрекетімен байланыстырады. Майданға диуана да әр күн барып, Бір шетте отырады демін алып. Абылай әулие деп пірге есептеп, Сыйынып тұрушы еді көп жалбарынып Алдына Абылайдың пірі келіп, Сөйледі мына түрлі хабар беріп. Мен саған қолың көтер бата берем,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қырғызды қашырасың бүгін жеңіп. Өзі де ұрысқа енді тұрмай қарап, Майданға кіру үшін ойлап талап. Бұл жерге Хақ әмірімен келген едім, Болуға «жау қаштыға» саған себеп. Мұны айтып өз ұртына қолын салды, «Аттым» деп бір мәртебе «туф» деп қалды. Сол уақытта қырғыз үсті тұман болып, Бір-бірін көрмейтұғын халге барды Дастанда айтылатын деректерден қандай қорытынды шы ғаруға болады. Самарқан, Бұқара жорығында Абылай хан алғаш рет Жалаңаяқ Әздер әулиемен кездеседі. Сол кезде суінде әулие Абылайға бұған дейінгі жорықтарының бәрінде өзі желеп-жебеп жүргендігін айтады. Абылай хан шын мә нінде Жалаңаяқ Әздер әулиені оған дейін де білетін шығар. Бірақ Шәді ақын дастандағы оқиғаларды ширықтыра келіп, пірімен кездесуді Абылай үшін сәтсіздеу болған Бұқара жоры ғымен байланыстырған. Жыр желісінің осылай сабақталуы Шәді Жәңгірұлының рухани ұстанымына қатысты жайға да байланысты болатынын естен шығармауымыз керек. Негізгі және басты түйер ойымыз Абылай ханның пірі Жалаңаяқ Әздер әулие екендігін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында Абылай хан жайында ел аузында айтылып жүрген аңыз-әңгімелер мен тарихи жырлар молынан жиналып, бірнеше нұсқасы берілген. «Абылайдың қырғызға жорығында Садырбала деген басшысы маған үш күн мәулет берсін, әр таптан бір жақсы алып, өзім көрініске барайын. Тарту-таралғымен қонағасысын беріп, қайырайын!– деп, жайылып жастық, иіліп төсек болып қайырды да, қырғызға «Жиылсын» деп, кісі шаптырған. Бұлар бейғам жатқанда, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, жалғыз күнде қырғыздың үйіліп, төгіліп қалғанын бір-ақ біліпті. Сонда Созақта Жалаңаяқ Әшдер (Әудер) – деген бір әулие диуана бар екен, Абылайдың қосынына кез болған екен. Жалаңаяқ: Бұрын олай жүрсем де, былай жүрсем де, «Мынау Түркістанда Әмір Темір орнатқан ақ күмбездің иесі Әзіреті Сұлтан ғой» – деп соған сыйынып жүруші едім. Бұрынғының: «Мың өліден-бір тірі» – деп айтқаны бар еді, көрсет кереметіңді! – дегенде, Жалаң аяқ Әздер айтыпты: «Қырғыз деген жұртты диуаналықпен аралап жүргенімде,
Жарылқасын Боранбаев өзімнің май басқандығымнан туған лепес балам еді Садырбала. Оған қалай енді қаһар қылайын?!» – депті. «Ол бір бала да, мынау қазақ көп мұртың ғой, ел-жұртың ғой?! – дегенде, «Қап, қап, «Сөз тапқанға қолқа жоқ!» – деп еді, – деп сұқ қолын бір ұртына тығып, аузымен үш атыпты. Қырғыз бықпырт топалаң тиген қойдай ұйлығып, үркіп қашып беріпті де, қазақ көтінен қуып, Қара-балта, Соққылықтың асуына жеткенше талайын қырыпты. Абылай ханның хандықтың күш-қуатын қалпына келті руіне және қазақ-жоңғар соғыстарында жақсы нәтижелерге жетуіне қасында жүрген батырлар мен билердің, жыраулар мен рухани қайраткерлердің қосқан үлесі зор болды. Хандық дәуірдің соңғы рет толысып, қуатына енген кезі жайлы ой толғаған М. Мағауин «Орта Азияға жорығы 1765 жылы басталып, 1770 жылдары жалғасады. Қырғыз ұлысына қарсы жорық ашып, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, етекке түскен ағайынды Алатаудан асырып қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақта лып отырған шекарасын айқындайды…. өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізіп, Түркістан, Сайрам, Шымкент қалаларын қайтарып алады. Ташкентті бодандыққа түсіреді, бүкіл Оңтүстік өңірде гі атамекенді Қазақ Ордасының дәргейіне келтіреді. Бұл тарапта Абылай хан бекітіп кеткен межеден біз совет үкіметі жылдарында ғана айырылдық», – деп жазады. Ел тарихында үлкен маңызы бар жорықтардың сәтті аяқталуына осындай әруақты бабаларымыздың батасы мен дұғасының көп көмегі тиген. Мәшһүр Жүсіп атамыздың шығармаларынан ханның пірле рі жайлы тағы да мынадай мәліметтер кездеседі. «Абылай хан өлгенде, Созақ деген кентте Жалаң аяқ Әздер әулие үш күн, үш түн жылаған екен. Маңайындағы сарт-сауан: – Тақсыр бір қазақ өлді деп, мұнша неге бүліндіңіз? – дегенде. – Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында өлді-ау! Енді хандық қорғанда қалды. Сол үшін жылаймын деген екен. Осы Жалаңаяқ Әздер әулиенің нақтылы шығу тегі әлі анықталмады. Оның ұрпақтары жөнінде де еш қандай мәліметтер жоқ. Дүниеден қайтқаннан кейін жатқан жері туралы деректі Мәшһүр Жүсіптен аламыз. Күні кеше Арық Қоңырбай Айқожа ишанның медресесінен халфе бо-
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны лып шығып, жанында Байештің Ақпаны бар, «Жалаңаяқ Әздер» қазақтың әулиесі, мұның сүйегін Сарыарқаға апарып қоямыз» деп тамам сартпен дауласатын жері осы Созақ. Құдайтағаланың бұйрығы, көрді қазып қараса Әздердің денесі сол қалпында жатыр дейді, енді ала береміз дегенде алай түлей боран болып кетіп: – Қойылған жерден қозғағанын Құдай да болса, Аруақ тың өзі болса да ұнатпады-ау! – деп қайта жауып, басына белгі орнатқан екен. Сонда Арық Қоңырбай жанындағы Ақпанға: – Мен сенен бұрын өлемін деп өсиет етіп, оған да осы жерден топырақ бұйырған. Абылай хан жайлы әңгімелерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп Абылай ханның пірі ретінде Бегім шайхыны атайды. Бегім шайхының қатындар жайлы айтқан өлеңін жазып «Бұл кісі нің үрім бұтағы молда Жәдігер ішінде, Мейрам елінде Сұл танқожа, Дәулетқожа балалары. Сейітахмет Дәулетқожа ба ласы – қияметлік бір достасымыз еді. Ташкентте Бесағаш мәхалласында Әбілқасымхан ишан мешітінде бір қыс бірге тұрып едік. Кенжебай молда, Омар қожа, Сұлтанқожа баласы ноғай Ләшіммұхаммед Ахметов» – дейді. Бегім шайқы жайлы мұнан басқа зерттеушілер болмаса халық ауыз әдебиетінде мәліметтер кездестіре алмадық. Бұл мәселеге қатысты зерттеу жұмысы алдағы уақыттың еншісіне қалдырғанды жөн санадық. Өйткені Бегім шайхы Жалаңаяқ Әздер әулиенің шын есімі болуы мүмкін. Қазақ хандығының қуатты іргелі ел болуына рухани тұл ғалардың қосқан үлесі өлшеусіз еді. Әсіресе әулиелер мен пірлердің орыны басқа тұлғалардан бөлек тұрды. Бойында Құдай дарытқан ерекше қасиеті бар мұндай тұлғалар ха лықтың тәрбиешісі әрі ұлт руханиятының ұйытқысы бола білді. Абылай ханның жанында жүрген пірі Жалаңаяқ Әздер әулие жайлы азғантай ғана мәліметтің өзі осындай ой қо рытуға жетелейді. Хандық дәуірдегі рухани тұлғаларға қа тысты зерттеу жұмыстары алдағы уақытта кең тыныс табатынына сеніміміз мол. Нұрлан Мұсағалиұлы Дүкенбаев, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі
Жарылқасын Боранбаев Біз Нұрлан Мұсағалиұлы Дүкенбаевтың бұл жазғанын да толық қуаттаймыз. Осыған өз білгенімізді қоса кеткенді жөн санадық. Мұнда Әз Тәукенің Дін Әзіреті болған Мүсірәлі туралы сөз қозғалады. Қазіргі таңда Мүсірәлінің сүйегі Бабай Түкті Шашты Әзіздің жанында жатыр. Ғұ мырының соңында ол сонда шырақшылық еткен. Болса да кезінде «Жеті Жарғының» діни тарауларын сол кісі жазған екен. Екіншіден, автор «Жылтырақ баба» деген әулиені тілге тиек етеді екен. Бұл да қазір Созақ селосында, Созақ қамалқорғанының етегінде, Қарабура әулиенің күмбезінен 200 мет рдей жерде жатыр. Кейде халық бұл араға Хақ Назар хан да жерленген деп айтады. Өйткені, содан тау жаққа қарай созылған жазықты ел «Ақназар» деп атайды. Ұлы хан дәл осы арада Бұқардың Абдолла ханын Ақ Орда тігіп күткен екен. Тағы бір тың дерек, Мәшһүр Жүсіп Көпеев Жалаңаяқ Әз дерді Керейттен шыққан әулие деп таниды. Ал енді тайпа лардың тарихын таратсаңыз, оның түп-тегі Шыңғысханмен бірде дос, бірде қас болатын Керейлермен байланысты екенін көреміз. Заманалар ағысынды олар Орта жүз және Кіші жүз құрамында кездеседі. Орта жүздегісі Керей де, кіші жүз, Жеті ру тармағындағысы Керейт. Демек Хан Абылайдың пірі болған Жалаңаяқ Әздер әулие Кіші жүзге де, Орта жүзге де тиемел адам болып шығады. Ол әулие де дәл қазір Ба бай Түкті Шашты Әзіздің жанындағы «Қараоба» атанған қорымда жатыр. Мұны кітаптың көлемі көтермегендіктен одан әрі тарқатуды жөн көрмедік. Автордан.
ТАРИХАТ АБЫЛАЙДЫҢ АРҒЫ АТАЛАРЫ Белгілі Абылай сұлтан – қазақ ханы, Қаншасы патшалардың біледі оны. Бұл уақта көпшілікке мәлім емес, Жазылған Абылайдың тарихтары. Ойладым соның үшін көңліме алып – Тарихын кітап етсем мен шығарып. Әр кісі сонда, бәлкім, білер еді Ақырдың уақтығаша бақ; қалып. Әм өзім хан әулеті болған үшін, Айтпаққа көңлім кетті қылған ісін. Мойнына баласының ләзім болар Атқармас атасының әр жұмысын. Бұл жазылған Абылай ханның тарихаты, Үш жүздің баласының хикаяты. Абылайдың заманындай дұшпандарын Мұқатып көрген емес қазақ халқы. Әуелден айтылмаса қайсы бір іс, Ақырын оңай болмас жылдам біліс. Шыңғыстың хан ұғылы болғандығын Бұл жерде ләзім еді мәлім қылыс. Жошы хан біреуі еді төрт ұғлының; Шыңғыстан ажал жетіп өлді бұрын. Жошыдан сегіз дейін бала туып, Артынан хан көтерді Бату ұғлын. Бату хан заманында көп іс қылды, Жұрт ашып қосынымен тынбай жүрді. Русия пайтақыты Мәскеуді алып, Хүкіміне Малорус пен Польша кірді. Венгрия басып алды мемлекетін, Балқанның бағындырды тамам халқын...
Жарылқасын Боранбаев Албан мен Македония мүлкін алып, Адыраттың теңізіне барды жақын. Батудың жұрт алмақтан көңлі тынып, Дүниеден өтіп кетті мәңгі жүріп. Берке деп ат қойылған Жошы ұғлы Хан болды Батудан соң таққа мініп. Көңіліңе дос тұтар-ды Іслам дінін, Ойлар-ды кәлима айтып кірмектігін. Оңаша бір ғалымды шақырып ап, Сұрайды сауал етіп діннің сырын. Ол ғалым шариғаттың бұйырғанын Қалдырмай тәртібімен айтты бәрін. Ілгергі күпірліктің бәрі кетіп, Хақ нұры орын алды көңілінде оның. Кәлима тауһит айтып дінге кіріп, Қайтарды ол ғалымды сыйлық беріп. Ат қойған Тоқайтемір інісіне Мұсылман болғандығын айтты келіп. Тоқайдың көңлі кетіп тұрды дінге, Қосылды ағасымен болып бірге. Алла – бір, Мұхамед хақ пайғамбар деп, Шаһадат кәлимасын алды тілге. Шыңғыстың бар әулеті дінге кірді, Әуелі Тоқайтемір, Берке еді. Былайғы ел діннің жолын ашқаны үшін Беркеге «Барақа» деп есім берді. Бұл сөздің мағынасы бар біздің тілде, Айтылар халық аузында осы күнде. Ханымыз хақ жолына кіргендіктен, «Береке» деп айтады кірсе дінге. Халқына түсіндірді хақтың дінін, Дінге енді қанша адамдар алып тілін. Кейінгі Өзбек ханның заманында Мұсылман болған еді бәрі мұның. Жошының әулетінің тұрған жері – Дон, Еділ,Бұлғар, Қырым, Кавказ еді. Жетісу, Семей, Торғай, Ақмоламен, Бір шеті Хиуа, Бұқар мүлкі дер-ді. Үкіміне біреуінің тұрмай қарап, Әрбірі хан болуды қылды талап. Тақ үшін бір-бірімен дұшпандасып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Ажырасып кетпегіне болды сәбәп. Жазылған баршасының тарихы бар, Өзінің әулеттері біліп тұрар. Жошының Тоқайтемір атты ұғлы Өзіне тиген елге хандық құрды. Дүниеден Тоқайтемір өткеннен соң, Өзтемір орнын басып таққа мінді. Дүниеден өткеннен соң Өзтемір хан, Хан болды оның ұлы Томған болып. Одан соң Құтлықтемір хандық құрған, Одан соң Әлітемір хандық етті. Одан соң Темірқұтлық таққа өтті. Одан соң Мұхаммед хан патша болып, Одан соң Жақып сұлтан қолы жетті. Одан соң Шуақ сұлтан таққа мінді. Оның да Маңғышлаққа үкімі жүрді. Одан соң Махмуд сұлтан билік құрды, Хан болды Дінмұхамед Бұқараға. Одан соң Жанмұхамед хан болды, әне, Одан соң Иманқұлы дәурен сүріп, Одан соң Абдулла хан болды және. Одан соң Нұрмұхаммед хан болды кез, Одан соң таққа отырды Абдуләзиз. Одан соң Субханқұлы патша болса, Одан соң орнын басты Әбілфайыз. Әбілфайызды Марайым уәзірдің шейіт қылғаны Аттары жоғарыда айтылған бұл, Бағзысы бір-біріне ата-ұғыл. Інісін бағзылары уәли қып, Орнына отырмағын көрген қабыл. Атасы Субханқұлы рәһлат етті, Орнына он екіде Файыз өтті. Шарсабыз, Шаржуй, Ғират, Қаршығұзар, Самарқанд, Ходжентке үкімі кетті. Патшалық салтанатпен қамсыз жүріп, Дүниенің қызығына көңлі тынып, Бұқарада хандық құрып отырар-ды, Әр ұлын бір шәһәрге хәкім қылып. Иранда падиша еді біреуі және
Жарылқасын Боранбаев Қойылған Нәдірша деп есімі әне, Уақытында Саһіпқыран патша болып, Көп екен әскерінде қуат-шама. Бар еді атырабында патша мен хан, Халқына үкімі жүріп бағындырған. Өзіне бірнешесін бағындырды, Ұрысып жеңіп алды қайрат білән. Жаһангер болмақтықты әуес қылып, «Үкіміне Бұқараны кіргізейін, Әскермен басып барып күш көрсетіп». Мұны ойлап қауымына хабар қылды, Қаншама қызылбастан әскер жиды. Аспабын қаруменен даяр етіп, Бармаққа Бұқараға жолға жүрді. Есітіп Әбілфайыз Нәдір жайын, Үстіне әскер алып келмектігін, Өзінің атырабына хабар беріп, Ұрысқа даярланды жасап қамын. Сөйлесті Бұқар халқы кеңес құрып, Дұшпанман ұрыспаққа іште тұрып. Мекемдеп дарбазасын көмдіреді, Көңіліне Нәдіршадан қауіп кіріп. Нәдірша әскерімен келді басып, Сап түзеп Бұқараға жақындасып. Жасақпен Әбілфайыз іште тұрды, Қауіп етіп дарбазаны шықпады ашып. Мылтықты екі жақтан атып тұрды, Ажалы жеткендердің бәрін қырды. Тынбастан күндіз-түні мылтық атып, Бұқарды бір жыл қамап ұрыс қылды. Әскері Нәдіршаның бұлардан көп, Көптіктен тұрар еді қуаты кеп. Әр күні дарбазаны қамаушы еді, Қайтсек те дарбазаны ашып кіреміз деп. Әскері Бұқараның іште тұрып, Кіруге бермес еді оқ-тас атып. Тысқары бір мәртебе шығармастан, Ақуалын тұрар еді қиын қылып. Бұқара шаһарының азықтары, Таусылды ада болып тамам бәрі. Атыраптан сатып алып келетұғын,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Жоқ еді шығуына еш мәжалы. Ақыры лаж таппай халқы Бұқар, Патшаға Әбілфайыз арызданар. Дұшпанмен ұзақ тұрып ұрыспаққа – Азықтың таусылғанын етті ізһар. Деп айтты: «Нәдіршамен бітім жүріп, Сөз айтсақ, «қараймыз» деп біз білдіріп, Ішкері Бұқараға кіргізгенмен, Патшалық құра алмайсың мұнда тұрып. Көңлінде жаһангерлік һауасы бар, Қарадық деп айтқанды мақұл көрер. Шәһәріне Бұқараның зиян тимес, Мүлкіңіз өзіңізде бақи қалар». Халқының Әбілфайыз хәлін білді, Айтылған мүддағасын қабыл көрді. Асылдан нешетүрлі тарту алып, Барсын деп елшісіне хан бұйырды. Шәһәрдан беретінін айтып және. Бұл арыз мәлім болды Нәдіршаға. Талау менен өлтірмектен аман етті, Бұқара өлкесінің бәрін сонда. Аман-сау барған елші келді қайтып, Білдірді Нәдіршаның әмірін айтып. Шаһарға құрметпенен кіргізілер, Шаттығы барша жұрттың әбден артып. Нәдірге Әбілфайыз тағын берді, Халқы мен әскері оның үкіміне енді. Сөз айтып қайсы түрлі пәрмен етсе, Барша жұрт құлдық етіп тұрар еді. Шаһ болып Бұқарада Нәдір тұрып, Отырды әмірлермен сұхбат құрып. Бар еді Әбілфайыз ханда бір қыз, Ақ жүзі толған айдай – көрмекке көз. Бұл қызды алмақ үшін көңлі кетіп, Нәдірша жаушы салып, айтады сөз. Содан соң Бұқараның кәтталары, Жиналып, ақылдасып тәмам бәрі, Лажсыз айтқан сөзін қайтара алмай, Қыз беріп күйеу етті Нәдіршаны. Шаттығы Нәдіршаның елден өтті, Қызды алып, қазылары некелетті.
Жарылқасын Боранбаев Хиуаға әскерменен жүрмек болды, Көңіліне жаугершілік тағы жетті. Өзімен алған қызын кетті алып, Ұзатты Әбілфайыз ырзаланып. Марайым атты уәзірін берді қосып, «Қызымды апарып сал аман барып». Хиуаға Нәдір патша барды және. Хиуада ұрыспаққа жоқ қой шама. Алдынан тарту алып қарсы шығып, Халқының бағын етті бәрін әммә. Хиуаны әскеріне түгел беріп, Иранға жүріп кетті құмға еніп. Машад деп ат қойылған пайтахтына, Отырды жеңіспенен қайтып келіп. Марайым Нәдіршамен бірге отырды, Меһрамлар қатарында қызмет алды. Қызметі өзгелерден өтіңкіреп, Күнбе-күн мәртәбасы артық болды. Ақыры биіктігі асты сондай, Алдында Нәдіршаның ешкім тұрмай, Жатқызып жалғыз өзі тұрғызар-ды, Өзгені бұл қызметке керек қылмай. Нәдірдің асып кетті залымдығы, Халықтың ренжулі әрбір күні. Зорлық пен қиянатына шыдай алмай, Жүрер-ді өлтірсек деп қайтіп мұны. Ақыры әр тарапқа күш бөлініп, Ішіне ақ сарайдың адам кіріп. Кеңеспен оңша үйде отырғанда, Өлтірді Нәдіршаны қатил қылып. Орданың дүние-мүлкін таландырды, Ішінде Марайым сұм бірге жүрді. Қолына Нәдір патша атын жазған, Марайым мөрін ұрлап түсірулі. Шаттығы Марайымның әбден асып, Сол мөрді ақ қағазға алды басып. Артына қайтып содан қарамастан, Шәһәріне Бұқараның кетті қашып. Тездетіп Бұқараға жетіп келді. Файыздың сәлем беріп жүзін көрді.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны «Қыз бенен күйеу балаң саламат» деп, Иламен жалған сөйлеп хабар берді. Патшаның қыз-күйеуден көңлі қалып, Уәзірмен отырысты сұхбат құрып. Файызды иламенен өлтірмекке Бұзылды Марайымға қиял кіріп. Мир-Араб деп аталатын медресенің Бір молда отырар-ды ішінде оның. Сол өзі Марайымның жақыны еді, Жасырмай айтатұғын ішкі сырын. Марайым медресеге бір күн келіп, Молданың құжырасының ішіне еніп. Нәдірдің мөрін алып кеткендігін, Білдірді бастан-аяқ хабар беріп. «Орнына бұл жұмысым менің келсе, Бір құдай жәрдем етіп дәулет берсе, Қалаған мұддағаңды істер едім, Мен айтқан уәдеге көңлің сенсе». Молдекең қабыл етіп оның сөзін, Бел байлап даяр етті қызметке өзін, «Мен сенің айтқаныңды істейім» деп, Білдірді «сене бер» деп сыр мінезін, Марайым молдаға айтты « Даярланып, Үйіңе көпе-төсек, кілем салып, Ас қылып ұйықтамастан отырғайсың, Келейін қонақ етіп патшаны алып». Молдекең айтқан сөзін қабыл етті, Марайым риза болып шығып кетті. Нәдірша мөрін басқан ақ қағазға, Хат жазып, өз ойынша көп түзетті. Марайым сол бетімен шаһқа барып, Барша жұрт тарқаған соң кейін қалып. Әдеппен уақытын тауып арыз етті, Бір сөзді сынау үшін аузына алып. Деп айтты: «Арызым тыңда, ей, шаһияр! Мир-Араб медресесінде бір молда бар. Өзіме ілгеріден таныс еді, Келсін деп мейман болып қатты сұрар. Молданың тәтті болар тағамдары, Шақырғанға бару сүннәт пайғамбарға.
Жарылқасын Боранбаев Сіз мені мәртабамды жоғары етіп, Не болар бірге барып жесек соны! Сіз-біздің барғанымыз себебінен, Молда да болар еді аспанмен тең. Патшамен мейман болып отырдым деп, Халық ішінде артық абырой алар ем мен». Патшаға бұл айтқан сөз мақұл келіп, Мейманға бару ісін қабыл көріп. Күн батып кештің жүзі қарайған соң, Атпенен жүріп кетті жолға еніп. Екеуі екі қызметші қасына алды, Бұларды басқа ешкім білмей қалды. Көңілінде жамандықтан еш нәрсе жоқ, Молданың құжырасын патша барды. Молда да тұрған екен даярланып, Көтеріп ат үстінен патшаны алып, Төселген кілемдердің үстіменен Кіргізді құжырасына алып барып. Алдына неше түрлі тартты тағам, Қызметін қылып жатыр тынбай дауам. Марайым даяр етіп етіп қойған еді, Арамқор жаннан кешкен бірнеше адам. Есіктен сол бұзықтар келді кіріп, Патшаны қылышпенен өлтірді ұрып, Бірге келген қызметшісін тағы өлтірді, Бөлменің құлпын жапты мекем қылып. Қырық тоғыз жаста еді өлгенде хан, Халқына отыз жеті жыл билік құрған. Шейіттік дәрежесін тауып өтті, Наһақтан, Марайымдай зұлымынан. Бұл істі ешбір адам білмес еді, Марайым достарына хабар берді, Күн шығып аспан жарық болғаннан соң, Күндегі әдетімен Ордаға енді. Марайым өз жайына отырды өтіп, Патшаға сәлем бермек уақыты жетіп. Сарқарда, әмір, сардар бәрі келді, Күндегі өздерінің рәсімін етіп. Сол шақта шаһтың орны босқа тұрды, «Бұ не?» деп отырғандар ойлар еді.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Марайым өз қойнынан хат шығарып, Молдаға «оқып бер» деп әмір берді. Молдекең қол қусырып, тұтып іззәт, Білдіріп халайыққа айланы жат. Содан соң судыратып оқи берді, Мынадай мазмұнда екен жазылған хат. «Уа, күллі, Бұқараның адамдары, Сарқарда, әмір, сыпа тәмам бәрің! Бұл жазған пәрманымды естідіңіз, Нәдірша падишам деп білсең мәнін. Ілгері барғанымда Бұқараға, Бағындың уәде етіп бәрің әмма. Қыз беріп Әбілфайыз өтінген соң, Патша қып кетіп едім Бұқараға. Ал бірақ Әбілфайыз болды асы, Өлімге лайық еді бар жазасы. Ғазат қып соның үшін парман еттім, Қылышпен кесілсін деп оның басы. Қызметі Марайымның мақұл келіп, Жібердім Бұқараның тағын беріп. Үкіміне көнбесеңдер ырзаланып, Бұқардың күлін көкке ұшырамын. Аттанып әскеріммен өзім барып». Мұны айтып қағаз сөзін айлап тамам, Артына мөрін басқан деп уәссалам. Падишаның парманын есітеді, Орданың ішіндегі толған адам. Марайым осы сөзді қылып ізһар: «Нәдірша айтқан әмірін тыңдаңыздар, Баршаңыз ауызыңыздан білдіріңіз: Қай түрлі көңіліңізде мүддаға бар? Жазылған тағдырдағы ажал жетіп, Дүниеден Әбілфайыз ол да өттіләр!. Бұл сөзге отырғандар таңға қалды, Ойланып әр қиялға көңлі барды. Қылмаймыз айтқаныңды деп айтуға, Ханының өлгендігі мағлұмданды. Әм бәрі Нәдіршаның қайрат-күшін, Ілгеріде көрген еді қылған ісін. Аттанып әскерімен тағы келіп,
Жарылқасын Боранбаев Қорқады бітірер деп бар жұмысын. Соны ойлап отырғандар әуез бәріп, Нәдірша айтқан әмірін қабыл қылып, «Біз сізді Бұқараға хаһан қылдық, – Деп шулап қоя берді «Үкіміңе ендік!» «Патшамыз Әбілфайыз ажал жетіп, Дүниеден үшбу күні кеткен өтіп. Мөр басып Нәдір патша жарлық қылды, Бұқараға Марайымды қаһна қылып. Марайым заманы дүр үшбу заман, Үкіміне мойынсұнған болғай аман. Әміріне қайсы кісі қарсы келсе, Өзі өліп, дүние-мүлкі болар талан!» Мұны айтып атырабқа хабар салды, Доп атып, керней тартып, найын шалды. Патшаға Әбілфайыз ажал жетіп, Марайым хан болғаны мағлұмданды. Марайым қаһан болып таққа мінді, Қол қусырып әмірлер қатар тұрды. «Файыздың әулеттерін құртыңдар!» деп, Марайым жендеттерге әмір берді. Әбілфайыз патшаның әулеттерін, Дәптерге жазып қойған екен бәрін. Баршасын ұстап алып өлтірді оның, Файыздан туған еді бір жас бала, Қойылған «Абылай» деп аты ғана, Қолында анасының тұрар еді, Толмаған жарты жылға, туған жаңа. Анасы Абылайдың мұны естіп. Көңлінде қапалығы әбден өсіп, Баласын не қыларын білмес еді, Білінсе өлуіне көзі жетіп. Базарда кәрі кемпір етіп сауда, Себептен жүрушы еді сатып әр не. Іштегі әйелдерге сатар еді, Еш адам тоқтатпас-ты оны көрсе. Өзінің әдетімен кемпір жүріп, Қайтпаққа ханымдармен сауда қылып. Пәрәнжі басқа жапқан пердесімен, Ордадан ішкеріге барды кіріп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Анасы Абылайдың мұны көріп, Кемпірге оңашалап айтты келіп: «Бастағы пердең менен пәрәнжіңді, Қолдағы себетіңді маған беріп, Орнымда сәл кідіріп отырғын сен, Аз уақта қайта айналып келейін мен». Перде мен пәрәнжіні ханым киіп, Кемпірдей көрер көзге өзін қылып, Себетке ұғлын салып, үстін жауып, Ордадан тысқа шығып кетті жүріп. Кемпір деп көргендердің көңліне енді, Еш адам оның сырын білмес еді. Ораз деп аталатын аталықтың, Есігінің алдына ханым келді. Орекең қарт кісі еді жасы жеткен, Кезінде Әбілфайызға қызмет еткен. Алладан медет сұрап отырады, Қызметін сыпагерлік қойып кеткен. Алдына аталықтаң ханым барып, Бетінен пәрәнжі мен пердені алып. Өзінің хан ханшасы екендігін, Білдіріп атын айтып мағлұмдады. Деп айтты: «Менікі еді үшбу ұғыл, Қолымда тұрар болса өледі бұл. Баланы үйіңізге алып қалып, Білдірмей өзгелерге бір лаж қыл!» Аталық мұны естіп бек қайғырып, Баланы қолына алды бетін сүйіп. Деп айтты: «Бұл баланы сақтап қалам, Жолына жанымды да құрбан қылып». Ханымның перзентінен көңлі тынды, Кемпірдің дүниелерін қайтып берді. Марайым сол уақытта етті парман, «Файыздың әулетінен қалды ма жан?!» Молда айтты: «Дәптеріме қарағанда, Бір ұғлы өлмей қалды жаңа туған». «Оны да табыңдар!» деп әмір берді, Дамылсыз күндіз-түні іздеп жүрді. Хабары ешбір жерден шықпаған соң, Лажсыз іздемекті қоя тұрды.
Жарылқасын Боранбаев Марайымның хандық құрғаны Марайым қаһан болып таққа мінді, Бұқара өлкесіне әмірі жүрді. Ілгері Әбілфайыз рәсімін қылмай, Көңлінен іс шығарды нешетүрлі. Көбейтті бұқараға салықтарын, Талап пұл, баж, хираж бен үшір – бәрін. Мал баққан шаруаны қатты қысып, Зекеттен артық талап алды малын. Бау-бостан неше түрлі бақшалар бар, Бекерге егілмеген бос жер тұрар, Әуелі жай, сарай, рәста, дүкендердің, Бәрінен еселетіп пұл алдырар. Қайсы жер үй салынбай жатса құры, Ғимарат салушыға берді мұны. Шаһардың атырабында жай салмаған, Қалмады босқа жатқан жердің бәрі. Нағышпен Баһаруддин диуананы Сүйеу қып дос тұтар-ды көңліне әлі. Күнінде сәрсенбінің зияратқа, Бар еді баратұғын әдеттері. Сонымен бірнеш ай ортада өтті, Артықша халайыққа зұлмат жетті. Болғанда бір сәрсенбі Нағышпандыға, Зиярат етуге хан жүріп кетті. Бар еді бір әулие жолда тұрған, Уәлиқожа Ысқақ де аты айтылған. Көп жерлер атрабында босқа тұрған. Әр байлар өлік үшін дуал құрған. Марайым бұрыстау бір жолмен кетіп, Бос жерге көзі түсті назары өтіп. Атының басын тартып тоқтап тұрды, Көңліне әр нәрсені қиял етіп. Сұрады қызметшіден «Бұл жер қандай? Бос қойған не себепті үйлер салмай?» Қызметкер ханға айтты: «Әулиенің Жері ғой мұны тұрар ешкім алмай. Бос қылып берген бұған байлар ерік, Өлікті қоймақ үшін алып келіп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Ешкімге уаһиф жерге жай салдырмас, Бұларын халық та тұр қабыл көріп». Хан айтты: «Бар ма мұның шырақшысы?» «Бар!.-деді әулиені баққан кісі». «Алдыма тез келтір!»деп парман берді, Меһрамнан алып келді тез бірісін. Хан сонда шырақшыға қаһарланып: «Әмірімді тыңдаған соң құлақ салып, Бұл жерге және қайтып келедүрмін! Нағшпанд әулиеге өзім барып, Келгенше үшбу тұрған әулиенің Тегістеп бұзып қойғын жерін бәрін! Жер таппай отырғанда тірі кісі, Өтенсіз далада жүр кейбірісі. Өлікке мұнша жерді беріп қойған, Ақымақтық халайықтың бұл жұмысы. Қоймасаң солай бұзып әулиені Дарға асып өлтіремін бір күн сені! Аузынан шыққан сөзін ұмытар деп, Бұрынғы патшалардай көрме мені!» Мұны айтып әрі қарай жүріп кетті, Азары шырақшыға әбден өтті. Лажсыз ажалына мойынсұнып, «Не істеймін енді?» деп қиял кетті. Бекінсе бұзбақ қылып әулиені, Қорқады «жіберер деп атып мені». Бұзбаса зияраттан келгеннен соң, Үкім етіп өлтірмек патша, тегі. Артықша қапаланып қайғырды көп, Ойланды өз көңліне бір қиял кеп. Қолында Марайымның дарға асылып, Өлгенше, мазаратты бұзайын деп. Сол жерде бір кетпенді қолына алды. Алдына әулиенің жетіп барды. Дәрет ап, таза болып, намаз оқып, Сәждеге дұға оқуға басын салды. Содан соң әулиенің айтып атын, Білдірді болған істің ақиқатын. «Марайым парман етіп кетті, -деді, Бұзғын деп мен келгенше ғимаратын.
Жарылқасын Боранбаев Бұзбасаң, өлтіремін мен сені деп, Кетіп тұр ашуменен сөз айтып көп. Егерде сені үрмет қып бұзбай қалсам, Өзімді, күмәным жоқ, өлтірер кеп. Әулие, бар хақ болсаң, үшбу заман, Өлтіргін Марайымды қоймай аман. Бір пәле сол залымға ұшырасын, Бұл жолдан келгенінше қайтып маған. Керемет көрсетпесең зайыр қылып, Қабіріңді бұзамын кетпен ұрып, Қуатың құтқаруға жетпес болса, Қалайша мен өлмекпін қарап тұрып?!» Осылай әр нәрсені аузына алды, Сәждеге мінажат қып басын салды. Өлімнің қорқынышынан жылап жатып, Шырақшы көзі ілініп ұйықтап қалды. Түсінде анық болып көр жарылып, Ішінен бір ақсақал келді келіп. Деп айтты: «Ей, перзентім, көп жыламай, Азырақ шыдап тұрғын сабыр қылып. Қайтқанда зияраттан ол кәпірің, Өледі, тілегіңді құдай беріп». Ұйқыдан аян беріп, бұл түс көрді, Оянып жатқан жерден шошып тұрды. Қай түрлі бұл көрінген әдиса деп, Сол жерде отыра қап тәһсін қылды. Шырақшы осы ақуалды біліп тұрды, Хан келсе, бұзамын деп ойланулы. Марайым Нағышпанға зиярат қып. Жолымен Бұқараның қайтып жүрді. Жүрмекке қатарласып айып көріп, Меһрамдар келер еді артында еріп. Алдынан екі мысық шарылдасып, Дуалдан жерге түсті асып келіп. Марайым мінген аты үркіп қатты, Жоғары бір секіріп аспанға атты. Сол замат ат үстінен ұшқан залым, Жығылып, бар денесін зақымдатты. Жарылып бас сүйегі болды пара, Іштегі миға түсті қанды жара.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Сол жерде Марайымның жаны шықты, Шаһарға жеткізуге болмай шама. Тұр еді шырақшының зәресі ұшып, Көңліне нешетүрлі қайғы түсіп. Қасынан бірнеше адам шауып өтті, «Жығылып хан өлді!» деп айқайласып. Шырақшы мұны естіп бек қуанды, Әулиенің айтқанын да көңліне алды. Әмірлер Марайымды алып барып, Кебіндеп, намаз оқып, көрге салды. Бұқара шаһаріндегі қазы, ұлама, Сақарда, уәзір, садар, әмір және, «Бұл жұртқа кімді қаһан қоямыз?» деп, Отырып кеңес қылды бәрі әмма. Жоқ еді Марайымның артында ұғлы, Файыздың әулеті де өлтірілді. Бұл таққа отыруға кім лайық деп, Әр жерден сөз сөйленді әр не түрлі. Халықты үкіміндегі Бұқараның, Өзбек дер тоқсан екі баулы бәрін. Солардың арасында көптігімен, Маңғыттың тайпасы екен кәттәсы оның. Маңғытта болушы еді бір жақсы адам, Өзіне Данияр деп қойылған нәм. Би деген амал алып, туралықпен, Атағы шыққан еді елге тәмам. Қаршығұзар еді оның туған жері, Сол жерде әкім болып тұрар еді. Ордада мәжіліс құрып отырғанда, Бір адам көп ішінде былай деді: «Мен білсем, Данияр әка тура кісі, Туралық, әулиелік қылған ісі. Бұқара халық қамын ойламақта, Адамның ондай емес ешбірісі. Хан қылып Даниярды қойсақ нетер? Әр іске әділдікпен үкім етер, Патшаның әділдігі арқасында, Бұқара кедейлерге пайда берер». Бұларға «Қыдыр» еді хабар берген, Көрініп адам сипат болып келген.
Жарылқасын Боранбаев Данияр әулетінің Бұқараға, Хан болып сайлануын мақұл көрген. Әр жерден «ол рас» деп сөз шығар-ды, «Данияр тура адам» деп аузына алды. Бұл таққа отыруға сол лайық деп, Отырған елдің бәрі ырзаланды. Әскер мен тыста тұрған бұқараға, Бұл болған мәслихатты айтты және. Данияр хандығына ырзамыз деп, Сөз айтты бір ауыздан бәрі әмма. Қаршыға, сарқардалар жылдам барып, Құрметтеп Даниярды келді алып. Тағына Бұқараның отырғызды, Доп атып, дабыл ұрып, керней шалып. Данияр патша болып таққа мінді. Бұқара өлкесіне үкімі жүрді. Балаға тақтың нәсіп болмағанын, «Аталық» оңашада айтып жүрді. Бір күні Бұқараның адамдарын, Данияр сарайына жиды бәрін. «Қалайша менің нәсілім таза болып, Қутбада көтеремін патша нәмін?!» Алымдар патшаға айтты: «Балаңды Сіз, Ілімге ыжмыһаттап оқытыңыз. Одан соң Сейіт қожа әулетінен, Сірә да дұрыс болар алмаққа қыз. Егерде ол қыздардан туса бала, Патша деп ат қояды Құтбада, әне, Одан соң таза болып кетесіздер, Кейінгі әулетіңнің бәрі әмма». Шамырат Даниярдың еді ұғлы, Мүдәріс мектебіне берді оны. Қанша жыл медреседе тынбай оқып, Ілімді тәмам қылып, жақсы үйренді. Сол уақытта Даниярға ажал жетіп, Шамырат патша болды таққа өтіп. Шамырат тақуа еді көп паһизғар, Уақтында әділдікті қылды ізһар. Істерді Нәһи болған бәһрам етіп, Үлгі етіп шариғатты жүргізділер.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны АБЫЛАЙДЫҢ ЖАСТЫҚ КЕЗІ Әуелде жазып едім хабар беріп, Анасы Абылайдың алып келіп, Тапсырып аталыққа кетіп еді, Білдіріп тұрыңыз деп халін көріп. Аталық қолына алып сол баланы, Өз балам деп үйінде сақтады оны. Ықтият қылғаны үшін кеп уақытша, Білмеді қоңсысының ешбіреуі. Қолында аталықтың бала тұрып, Үлкейді бес-алтыға жасы келіп. Абылай өзі теңдес бабалармен, Ойнаушы еді тысқары шығып жүріп. Баланың бөлек еді әр формасы, Қарайтын назар салып көрген кісі. Баламен бірге ойнап жүргенде де, Тұрады бөлек болып әрбір ісі. Ойнайды балаларға хан қып өзін, Әркімге әкімдерше айтып сөзін. Сарбаздай балаларды басқарады, Ұқсатып үлкендерге өз мінезін. Әркім-ақ сұрағанда ол баланы, Аталық баласы деп айтады оны. «Ораздан мұндай бала тумайды деп, Бұл сөзге сенбеуші еді ешбіреуі Қоңсылас адамдары таңға қалып, Ойлаушы еді әр қиялды көңліне алып. «Бұл бала аталықтан туғандығын, Білмейміз неге,-дейтін,-хабарланып?» Ақыры көшеге де сөз жайылды, Әр адам қиялдады әрбір түрлі. Кейбіреу Әбілфайыз қырғынында, Бір бала өлмепті деп айтып жүрді. Сол бала өлмей қалған бұл болғай деп, Жүретін базбіреудің көңліне кеп. Күнбекүн халықтың бәрі хабарланып, Шаһардың адамы да есітті көп. Ораз да халықтың сөзін көптен біліп, Ойлайтын көңіліне хауіп кіріп. «Егерде патша бұдан хабарланса,
Жарылқасын Боранбаев Қояр,– деп – екеумізді бірге өлтіріп. Өкінбеймін егер мен өліп кетсем, Шейіттік дәрежеге жақсы жетсем. Мойныма қанын жүктеп өтемін ғой, Әркімге бұл баланы әлек етсем. Ішінде бұл шаһардың болмас тұрып, Патшаға хабар берер біреу біліп. Осындай көзге түспей тұрған шақта, Қашайын өлмейтұгын лаж қылып». Мұны ойлап бірнеше күн даярланды, Қамданып қаражатқа көп пұл алды. Патшаның қоластынан аулақ жерге Кетсем деп бөтен жұртқа көңлі барды, Сол кезде Түркістаннан керуен келіп, Қайтқалы жатыр еді жолға еніп. Аталық Абылайды қасына алып, Қосылып керуенмен кетті еріп. – Керуен бірнеше күн жолда жүрді, Ақыры Түркістанға барып кірді. Аталық оңашарақ бір бөлме алып, Ұғлымен екеулері бірге тұрды. Өлімнің өз көңлінен қаупі кетіп, Тұрады келгеніне шаттық етіп. Бұлардың неге келген әл-ақуалын Білмес-ті ешбір адам күдік етіп. Қолынан өнер, кәсіп келмес еді, Бар пұлын қалтадағы ішіп-жеді. Күнбе-күн қаражаты ада болып, Ішетін ауқатынан кемдік көрді. Ақыры қаражаттан тарыққанда, Аталық бір адамга айтты барып! «Бұл жұртта рәсім-әдет болады ма, Біреуден тамақ жейтін сатпай алып? Ол айтты: Бұл пікірің тура келмес, Бұл жерде ешкім пұлсыз тамақ бермес. Алыста қазақ деген бір халық бар, Оларға тамақ сату әдет емес. Олардың бай болады тамам бәрі, Көптіктен сахараға симас малы. Мейманға танымайтын қойын сойып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қонақтан пұл алмайды баршалары. Бір үйде жыл жатса да пақыр адам, Үндемей, ренжімей берер тағам. Тіктіріп қонағына кигізеді Бас-аяқ киімдердің бәрін тамам. Бір адам қызмет қылса малын бағып, Қызметі жақсы болса байға жағып, Ақысынан артық қып мал береді, Береді бойдақ болса қатын алып. Осындай сақы халық болған үшін, Кедейлер көп аралап барады ішін. Аз уақта көп дүние тауып келер, Мал бағып қылмаса да қол жұмысын». Аталық айтты сонда: «Көңлім кетіп, Баруға ойланғанмен қиял етіп, Не пайда, өзім тауып бара алмаймын, Баратын адамым жоқ оған ертіп». Әлгі айтты: «Ертіп мен-ақ барайын, - деп, Қазақтан мұнда жатыр керуен кеп. Мен сізді біреуіне дайындайын, Барасыз пұл шығармай, тамағын жеп». Ораздың қуанғаны әбден өтіп, «Қос, - деді – біреуіне дайын етіп». Қазақтың керуен басы адамына Әлгісі аталықты барды ертіп. Сұрады қай күндері жүрмек кезін, Одан соң аталықтың айтты сөзін. «Бала мен бұл қарт адам сіздерге еріп, Ойлайды жеткізбекке Арқаға өзін. Бұқаралық мүсәпірлер екеуі һәм, Жұмсауға жол қаражат пұлдары кем. Әлінен хабар алып ескеріңіз, Жетпеген қаражатқа бергін жәрдем». Оразға керуен басы: «Құлағың сал, Бір жүру болған болса көңлінде бар, Қосыма екеуіңді кіргіземін, Емеспіз қаражатқа біздер дәркар». Аталық мұны естіп бек сүйінді, Пәлен күн жүреміз деп уәде қылды. Бір байтал бар пұлына сатып алып,
Жарылқасын Боранбаев Екеуі керуенге барып кірді. Байталын қайта-қайта кезек мініп, Бірі мінсе, біреуі жаяу жүріп. Көлікке керуендер де мінгізеді, Бұлардың ақуалына рақым қылып. Керуендер сапар түзеп таудан асты, Дамылсыз бірнеше күн жолды басты. Қаншама асықтырып жүргенменен, Қазақтың сар даласы таусылмас-ты. Ол уақта Қаратауда елдің шеті, Таудың да елсіз еді теріс беті. ..) Бір жағы Арқа елінің Көкшетауда, Сол жақта басқаратын үкіметі. Бұл келген Қызылжарлық керуен еді, Сапардың ұзағынан бейнет көрді. Жолдарда дамыл алмай жүргендіктен, Арықтап ат, түйенің қаншасы өлді. Таусылды тамағы да тамамдалып, Мүмкін жоқ алуға да іздеп барып. Керуен ашып-арып жүдеу тартты, Ыстықта тынбай өзін жолға салып. Шаршады Абылай да аталықпен, Бағзы уақта болады тамақ та кем. Арықтаған байталы көтере алмай, Екеуі жүрер еді жаяу бір дем. Ақыры ұзақ сапар діңкелетті, Дененің баршасынан қуат кетті. Бір күні керуен басы адамға кеп„ Аталық бұл сөзді айтып мәлім етті. «Ағажан көп шаршадық ашып-арып, Жетесіз еліңізге қашан барып?» Ол айтты: «Он күн жүрсек елге жетіп, Одан соң отырамыз рақаттанып». Аталық тағы айтты: «Шаршадық біз. Және де арықтады байталымыз. Жақында сізден бөлек ел бола ма, Сол елге екеумізді қайтарыңыз». Ол айтты: «Бізден жақын елдер де бар, Бұл уақытта тұсымызда жақын тұрар. Дәл бүгін жаяу адам жүріп кетсе,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Ертен кеш болғанынша жетіп қонар. Қойылған Көкшетау деп жердің аты, Атығай-Қарауыл дер оның халқы. Ішінде неше алуан байлары бар, Артықша жақсы болған салтанаты». Бармаққа аталықтың көңлі кетті, Анықтап жүрер жолын дәл көрсетті. Керуеннің бастығымен қош айтысып, Бұрылып бұл екеуі жүріп кетті. Ол күні күн батқанша тынбай жүріп, Бір жерге түнде жатты дамыл қылып. Таң атып дүние жарық болғаннан соң, Қозғалды жүретұғын бетін біліп. Жемекке тамақ та жоқ, айтылмас сөз, Әйтеуір қуат беріп жүреді тез. Күн қайтып ұясына қонар шақта, Көп мал мен бір ауылға болады кез. Қараса айналаға назар салып, Жатыпты жердің жүзін көп мал алып. Қаншама ақ үйлерді сазға тігіп, Салқында отырыпты рақаттанып. Көнліне екеуінің шаттық енді, Қасына ақ боз үйдің жақын келді. Далада қызмет еткен бір адамға, Екеуі қонақпыз деп хабар берді. Ол адам мұны естіп қалды кетіп, Аз уақта кідірместен келді жетіп. «Меймандар, үйге кіріп отырғын» деп, Екеуін өзі бастап жүрді ертіп. Аталық сәлем беріп үйге барды, Төсекте бір қарт адам қарсы алды. Бұл үйдің егесі деп білгендіктен, Алдына жақын келіп қолын алды. Бай көріп екеуінің реңк-түсін, Жазды күн жаяулатып жол жүрісін. Құйдырып тойғанынша қымыз берді, Сұрамай қайдан жүрген, не жұмысын. Қорадан бір қозыны алып келді, Сойдырып қонақтарга етін берді. Сырбаз жеп, қымыз ішіп, демін алып,
Жарылқасын Боранбаев Екеуі есін жиып ақылға енді. Артына неше қабат төсек салып, Жатқызды ұйықтасын деп демін алып. Орнынан таң атқанда бұлар тұрды, Тынығып, рақаттанып, ұйқы қанып. Ол байдың Дәулет екен қойған аты, Алысқа байлығымен шыққан даңқы. Қайырлы жарлыларга болған үшін Сыйлайтын құрмет етіп тамам халқы. Айтылды аталыққа бір сөз байдан: «Сапармен келесіздер сіздер қайдан? Бұл елдің адамына ұқсамайсыз, Келгендей көрінесіз алыс жайдан». Аталық айтты сонда: «Жолаушымыз, Әуелі шығып едік Бұқардан біз. Себептен Түркістанга келіп тұрып, Бұл елдің керуеніне ұшырадық біз. Керуенмен бұл жерге де келдік еріп, Бұрылдық осы тұстан елді көріп. Арқада казақ деген халық бар деп, Кірекеш айтып еді хабар беріп. Қазақты асыра айтып мақтады көп, Жолаушы, ғаріптерге қайырлы деп. Шаһарда тұруымыз қиын болып, Ойладық күн көрмекке осында кеп. Алыстан жетіп едік ашып-арып, Аштық пен жаяулыққа бірдей қалып. Күндіз-түн тегін тамақ тойғанша жеп, Отырмыз ортаңызда рақаттанып». Бай айтты: «Қайсы түрлі өнерің бар? Қасыңда ер жетпеген ұғылың тұрар. Мал жинап, дүние тауып алмақ үшін Біреуге ойың бар ма қызмет қылар? Болмаса ауқатыңды біреу беріп, Өзіңнің тұрар болса әлің көріп. Тыныштықпен отырмаққа көңлің қандай, Дүниеден ажал жетіп кеткенше өліп?! Аталық айтты сонда: «Жасым жетіп, Қартайдым қол-аяқтан қуат кетіп. Жұмысқа ақы алатын шамам келмес,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Біреуге тұратұғын қызмет етіп. Ас ұстап, қымыз құйып, тамақ салып, Жараймын беруге де алып барып. Өлгенше ішіп-жеуден тарықпасам, Көңлім жоқ мал жимаққа, қатын алып. Қатпаған қабырғасы бұл ұғлым жас, Жұмыстың басын ұстап қызмет қылмас. Сүйтсе де құлын байлап, биені айдап, Шамасы келгенінше қарап тұрмас». Бай айтты: «Осы болса шын көңліңіз, Қозғалмай біздің үйде тұрыңыз сіз. Мал бағып қатты қызмет қылмаса да, Өскен соң әперейін ұғылыңа қыз». Аталық мұны естіп көп сүйінді, Түрегеп қуанғаннан құлдық ұрды. Ас-ауқат турасында қамсыз болып, Екеуі рақаттанып сонда тұрды. Аталық өз жұмысын істеп жүріп, Ет жасап, тамақ салып, қымыз құйып, Ұнады әбден сөйтіп Дәулет байға, Айттырмай атқарған соң бәрін біліп. Жылқыға араласты Абылай һәм, Құлынды байласады барып һәрдам. Биені алыс кеткен айдап келіп, Тұрады сауғандарга беріп жәрдсм. Екеуі осы түрлі кәсіп етті, Он беске Абылайдың жасы жетті. Қолына құрық ұстап атқа мініп, Жылқыны өзгелермен бағып кетті. Даладан келгенінде үйге барып, Астына отырады төсек салып, Еш нәрсе табылмаса, өз атының Тоқымын әкеледі шешіп алып. Әкеліп ішуіне берсе тағам, Тамақтың тауыспас-ты бәрін тамам. Төменге, есік алдына отырмастан, Жоғары өтер еді қойып қадам. Күндіз-түн әр мезгілде ұйықтағанда, Ұйықтаушы ед шалқасынан жатып сонда. Бүкпестен екі аяғын созып салып,
Жарылқасын Боранбаев Жіберіп екі қолын екі жаққа. Ешкіммен артық ойнап-күлмес еді, Тамақты бар адаммен бірге жейді. Қасында тұрғандарды босқа қоймай, Өз басы аш қалса да асын берді. Абылай тысқарыдан келсе кіріп, Қалушы ед бай орнынан бір ұмтылып. Ал байдың бәйбішесі мұның бәрін Абайлап отырар-ды тамаша қып. Байға айтты бәйбішесі бір күн келіп: «Тұрамын өзіңізден бір сыр көріп. Орныңнан не себепті козғаласыз, Абылай тысқарыдан келсе кіріп?» Бай айтты: «Хабарым жоқ менің әркез, Білместен абайламай айтасың сөз». Бәйбіше Дәулетке айтты: «Асықпасаң, Бұл ісің болар мәлім жақында тез. Қояйын үстіңізден жіппен іліп, Қозғалған боласыз да кетсе үзіп». Жіп ілмекке Дәулет бай көнді сонда, Айтқанын қатынының қабыл қылып. Екеуі осы сөзбен отырғанда, Абылай тысқарыдан келді сонда. Орнынан бай қозғалып, жіп үзіліп, Дәулет те мұны көріп қалды таңға. Бай айтты бәйбішеге: «Бұл қалай сыр? Көңліңе келгенін маған білдір». Бәйбіше байына айтты: «Жіп үзілсе, Баланың қасиетінің белгісі бұл». Сұрады Абылайдың әр не сырын, Жігіт те қалдырмастан айтты бәрін. Бай айтты: «Бұл баладан әр уақта – Жүремін асыл заттың көріп түрін. Бір қиял көңліме келді жаңа. Біз мұны өзімізге қылсақ бала, Ұстатып асық жілік белгі қылып, Той жасап хабар беріп жұртқа әмма. Бұл бала өскеннен соң жүрмес бекер, Күмәнсіз халыққа өзін басшы да етер. Қартайған екеуміздің уақтымызда,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Асырап, бағып-қағып пайда етер». Дәулеттің сөзін бәрі мақұл көрді, Баланы асырамақ көңліне енді. Мал сойып, неше қатар ақ үй тігіп, Той жасап күллі еліне хабар берді. Елінің бәрі келді хабарланып, Дәулет бай «Құран» кітап қолына алып: «Өзіме Абылайды бала қылдым, Алланың мейіріміне көңлім қанып. Бөтен сөз аузына алса қайсы бір жан, Ол адам досым емес, нағыз дұшпан. Ұстатып асық жілік Абылайға, Өз баламмен бірдей қып қоямын мен». Баршасы «құтты болсын балаңыз» деп, Бай менен бәйбішеге айтады кеп. Бәйбіше шашу шашып, жыртыс жыртты, Сол күні қанша дүние сарп етті көп. Аталық қуанады мұны көріп, Көңліне шамадан тыс шаттық еніп. Баланы адам қылдым деп айтар-ды, Ойлаған тілегімді Алла беріп. Балаға жақсы киім киіндірді, Қымбаттан жабдық салып, атқа мінді. Мұнан соң Абылайды көрген адам Дәулеттің баласы деп айтар еді. Дәулет бай баласына бек сүйініп, Ойлады үйлентудің қамын қылып. Найманның ішіндегі төрелердің Бір қызын алып берді таңдап жүріп. Ол қыздан ұғыл туды әз заманда, Баланың атын қойды Әділ нәмда. Сол Әділ елші болып Қытай барған, Кейінде Шәуешікке хан барғанда. Дәулеттің сақылығы артық еді, Бір қызды Оразға да алып берді. Қазірде Көкшетаудың атырабында Әулетін аталықтың көп үй дейді...
Жарылқасын Боранбаев АБЫЛАЙДЫҢ ҚАЛМАҚТЫ ҚАШЫРҒАНЫ Абылай жігіт болды құп ер жетіп, Жүретін садақ атып машық етіп. Ол уақта қазақтар мен қалмақтардың Жаулығы тұрған еді әбден өтіп. Қазақты бір жыл келіп қалмақ шапты, Түстеніп асықпастан қонып жатты. Қаншама қыз, келіншек, жесір алып, Есепсіз мал-дүниені алып қайтты. Қазақты қорғайтұғын биі, ханы, Бір адамы бар-тұгын Жәнібек нәмі. Бас болып Орта Жүзге жүруші еді, Барады шабылған ел хабар салды, Жиналып қазақтардың бәрі барды. Қосынға хан Жәнібек басшы болып, Қалмақты қуу үшін даярланды. Абылай барсам дер-ді қиял қылып, Дәулет бай жібермеді мұны біліп. Дейтұғын қара бедеу бір биені Жаратты білдірместен тілін буып. Көп қосын жүріп кетті ту көтеріп, Қалмақтың ізіменен құмға еніп. Артынан үш күннен соң қашып шығып, Қосынға Абылай да жетті келіп. Дамылсыз қазақ қолы жолды басты, Күйініп күні-түні ұйықтамас-ты. Қанша күн бұрын кеткен қалмақ жауға Бір күні қуып жетіп ұшырасты. Қалмақтар қазақтардың көріп қолын, Алдынан қатар тұрды тосып жолын. Ұрысқа екі жақ та даярланды, Саптардың бірдей қылып оң мен солын. Батырлар екі жақтан майданға еніп, Шаншады, шабысады қарсы келіп. Қаншасы өз жағына қайтып келмей, Майданның ортасында кетті өліп. Ақыры екі ту да қарсы жүрді, Аянбай бірін-бірі жойды, қырды. Сол жерде қазақ-қалмақ араласып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Артықша бір ғазабат ұрыс қылды. Бұл ұрыс қатты қызып шектен өтті, Қанша жан екі жақтан өліп кетті. Өлмекті, өлтірмекті елең қылмай, Батырлар жанын салып қайрат етті. Жүр еді Абылай да араласып, Жолында кез келгенін шауып, шаншып. Бұл менің еш көрмеген қызығым деп, Шаттығы көңліндегі әбден асып. Ақыры қалмақ қолы басым болып, Ұмтылды әр тараптан айқай салып. Майданнан қазақ қашып кейін бұрды, Қалмақтар қуды оларды қоқиланып. Артына қарамады ешбір кісі, Өзімен болып кетті әрбірісі. Абылай жау шетіне жалғыз шықты, Қазақтың намыс болып бұл жұмысы. Айқайлап тұрды сонда: «Талапкер!» деп, Дауысын алыс-жақын есітті көп. Атақты батырлардың намыстанып, Жиналды Абылайдың қасына кеп. Найзаға орамалын ту көтерді, Батырдың біреуіне оны берді. Артынан «Абылайлап» ұран тастап, Жас жігіт жанын салып ұрысқа енді. Қайрылып қасындағы қалған кісі, Ат қойды қарап тұрмай ешбірісі. Бәрі де «Абылайлап» ұран салып, Ұмтылды қорқынышпен болмай ісі. Абылай жауға тиді өзі бастап, Оң қолын түріп алған жалаңаштап. Аянбай жауды қырып ұрыс қылды, Қылышпен кез келгенін шауып тастап. Қалмақтың қай біріне қарсы келсе, Тақаттап тұра алмас-ты жүзін көріп. Саптарын қатар тұрған бұзар еді, Ішіне жалғыз өзі барып енсе. Талапкер батырлар да қарап тұрмай, Ұрысып жүр өлімді елең қылмай. Қалмақтар атын тартып тоқталар-ды,
Жарылқасын Боранбаев Қайратын батырлардың көріп мұндай. Айрықша бір ғазабат ұрыс етіп, Қосыңды қуды қазақ бұзып өтіп. Ентігіп еліргенін қойды қалмақ. Көңліне баршасының үрей жетіп. Артына кашқандардың көзін салды, Қараса, бір топ адам ұрысар-ды. Соларды айналшықтап анадайда, Тоқталып қалмақ қолы тұрып қалды. Қазақтар мұны көріп қуаттанып, Ұрысты қалмақтармен қайтып барып. Баршасы «Абылайлап» ат қояды, Ұранын талапкердің аузына алып. Қайраты Абылайдың әбден артып, Найза ұрып, қылыш шауып, садақ тартып, Тобына жалғыз барып кірер еді, Өзінің ұран қылып атын айтып. Майданнан қалмақ қолы бет қайтарып, Ойланды тоқтамаққа малға барып. Оған да тоқтай алмай өтіп кетті, Қорыққаны кете алмады бір нәрсе алып. Қазақтар ұзақ жерге қуып барды, Аударып қаншасының атын алды. Сұм жаудан кегін алып, көңлі тынып, Қуғандар көп олжамен қайта оралды. Баршасы қосын тұрған жерге келіп, Қуанды адамы мен малын көріп. Сол жерге аттан түсіп қонсын деді, Әскерге Жәнібек хан хабар беріп. Жайласып отырган соң демін алып, Сұрады бір-бірінен сөзге салып. «Бұл жауды әуелінде кім қашырды? Кім еді «талапкер» деп айтқан ұран?» Көбісі Абылайды білмес еді, Көргендер жан-жағына хабар берді. «Әуелі «талапкер» деп айғайлаған Шықпаған сақал-мұрты бала» деді. «Найзаға орамалын ту көтеріп, Шақырды «Абылайлап» дауыс беріп. Қалмақтың қосынына қарсы ұмтылды,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қол бастап жалғыз батыр ұрысқа еніп. Дүғадай «Абылайды» алып тілге, Артынан жауға кірдік біз де бірге». Осындай бір сөз айтып әрбір кісі, Білмейді ақиқатын ешбірісі, Лезде халық аузында ұран болып, Себеп не «Абылай» деп айтылысы? Абылай шыққан уақта шетке барып. Артынан қалған екен біреу танып. «Ол жігіт Дәулет байдың баласы» деп, Сөйледі әлгі жігіт аузына алып. Бұл жайдан Жәнібек хан хабарланды, Шақыртып Абылайды алдына алды. Келгенде өзі орнынан бір қозғалып, Тәһсін қып бұл жұмысқа, таңға қалды. Қарады бастан-аяқ назар салып, Тура екен асылдығы мағлұмданып. «Бұл бала Дәулеттікі емес» деді, Жәнібек ақсүйектік түрін танып. Шақырып білетіннен біреу және, Сұрады: «Кімдікі, - деп, - үшбу бала?». Ол адам бір шалменен келгендігін, Сөйледі білетіндер бәрі әмма. Сол жерде Жәнібекке қиял кіріп, Қанайын ақиқатын шалдан біліп... Бұл өзі ірі әулеттен болса керек, Жүрмейді жайша адамдар мұны қылып. Өз атын айтуында бір сыры бар. Көтеріп орамалын ту қылдырар. Тәж киіп, тақта отырған патша ханның Ресіміне әрекеті ұқсап тұрар. Көңліне осы түрлі қиял жетті, Қосынның қайтуына пәрман етті. Халқына шүйіншіге адам барып, Қазақтың қуанғаны әбден өтті. Жәнібек ордасына келді қайтып, Алдырды Аталықты хабар айтып. Қасына оңашада отырғызып, Сыйлады зипатпен тағам тартып. Жәнібек Оразға айтты: «Бұл баланы
Жарылқасын Боранбаев Әкелдің біздің жаққа қайдан оны? Білемін: үшбу бала сенікі емес, Өзіңе ұқсас болып формы келмес. Өзімнен туған балам дегеніңмен, Еш уақта бұл рас деп көңіл сенбес». Аталық мұны естіп таңға қалып, Ойланды: жасырғанмен кетпес нанып. Ақиқат шынын айтып құтылайын, ц Отыр ғой Абылайдың тегін танып... Артынан Ораз айтты: «Тыңдаңыз сіз, Айтуға бұл оқиға ғажайып сөз. Мағлұм әуелінен білдірейін, Аузымнан шықпап еді бұрын әркез. Бұқарда Әбілфайыз атты бір хан, Халқына билік құрып қанша тұрган. Марайым атты уәзірі дұшпандықпен Оңаша ертіп барып басын алған. Орнына содан кейін таққа мініп, Жіберді әулетінің бәрін қырып. Мен ханның «аталығы» болған едім, Жасымнан бірге жүргем қызмет қылып. Ұл бала туған екен ханнан дара. Анасы сақтауына болмай шама, Бұрыннан жолдастығым болған үшін, Білдірместен әкеліп берді маған. Сақтадым өз баламдай қолыма алып, Ақыры әркім білді хабарланып. Абылай Әбілфайыз ұғлы екен деп, Сөз бопты айтпақшылар шаһқа барып. Мен оны күні бұрын пайым еттім, Бұқардан баланы алып қашып кеттім. Мал-мүлік, бала-шаға бәрін тастап, Керуенмсн Түркістанга келіп жеттім. Арқадан жатыр скен керуен келіп, Олармен осы өңірге келдім еріп. Дәулет атты айтылған бай үйінде Ішіп-жеп отырамын бірге көріп. Дәулет бай Абылайды бала қылды, Той жасап мағлұм етіп, халқы білді. Сіз мұның затын танып сұрадыңыз, Сол үшін айттым, ханым, осы сырды».
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны АБЬІЛАЙДЫҢ ХАН БОЛҒАНЫ Ораздан хақ Жәнібек мұны есітті, Сүйініп қуанғаны әбден өтті. Үш жүздің баласына хабар беріп, Абылайды хан сайлауға көңлі кетті. Шақыртып Орта Жүздің қарияларын, Жинады ордасына елдің бәрін. Деп айтты: «Қариялар, есітіңіз, Қартайып күш-қуатым кетті менің. Төңіректе қатар жатқан дұшпандар көп, Әр қашан ел шабуда қалмақтар кеп. Ойда – орыс, қырда – қоқан, шүршітің бар, Қазақты ешбірі айтпас алмаймыз деп. Соларда бізден артық бір әдет бар, Үкіміне бір адамның қарап тұрар. Сол адам қайсы түрлі бұйрық етсе, Қайтармай айтқан әмірін қабыл кылар. Біз-дағы бір адамды хан көтерсек, Қай түрлі бұйрық етсе, соған көнсек, Айнала көп дұшпаннан сақтар еді, Әскермен, дүние-малмен жәрдем берсек. Бүл сөзді айтпақтағы бір мүддағам, Сіздерге білдірейін оны да һәм. Қашырып қалмақ жауды кек қайтарган, Жігіт бар ортамызда Абылай нәм. Баланың асыл екен арғы заты, Өзіме мәлім болды ақиқаты. Со күні көп қосынга ұран болган Өзінің Абылай деп қойған аты. Абылай бізге лайық хан болмақ та, Атасы да хан екен мінген таққа. Үш Жүздің баласына еге болып, Жібермес ер намысын бөтен жаққа. Баршаңыз мақұл десең қабыл көріп, Әр елге, әр руға хат жіберіп, Абылайды хан сайлауға шақырамын, Үш жүздің баласына хабар беріп». Баршасы бірден айтты: «Жақсы бұл іс, Абылайдың хан болғаны әбден дұрыс. Қазақтың баласынан табылмайды
Жарылқасын Боранбаев Қай күні соғыстағы қылған жұмыс. Ер екен, әр уақта соны қылар, Дұшпаннан сырттан тиген сақтап тұрар. Ұлы жүз, Кіші жүзге білдіріңіз, Ешкім жоқ Орта жүзде мойын бұрар». Жәнібек мұны естіп құрсанттанып, Шақырып бір молданы қасына алып, Үш Жүздің баласына хат жаздырды, Тілегін үлкендердің хатқа салып. Жазылған былай еді хат мазмұны: «Келер жыл пәлен айда, пәлен күні, Жиналып Түркістанда бас қосамыз. Жақсылар келсін сонда қалмай бірі. Баршасы мақұл десе қабыл көріп, Ортадан Абылайды хан көтеріп. Үкіміне мойын ұсынып ел болайық, Үш жүздің баласына ерік беріп». Үлы жүз: Үйсін, Қаңлы, ЬІсты, Дулат, Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Кіші жүз: Бай ұлы, Алшын, Тама, Табын, Бәріне жетіп еді жазылған хат. Әр елдің, әр рудың жақсыларын, Шақырды қалдырмастан жинап бәрін. Ұлы Жүз адамында ол уақта Төле би әділ еді – басшысы оның. Орта жүз адамына ол уақта, Қазыбек Қаз дауысты қойган нәмі. Кіші жүздің басшысы Әйтеке би – Қариялық даналықтан асқан бәрі. Жақсысын үш орданың алып тілге, Қауымы мадақтаған мезгілінде. Үш жүздің баласының қариялары Жиналды Жәнібек хан айтқан күнге. Өзі де Жәнібектің келіп еді, Жолығып әр бірінің жүзін көрді. Бәрінің Түркістанда басын қосып, Қазақтың қамын жеген кеңес құрды. Келгендер Абылайдың түрін көріп, Көргеннен кетер еді көңілі еріп. Хан болса халық кегін жібермес деп, Ойлады баршасына қиял еніп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Бас қосып бірнеше күн бірге тұрды, Сөйлесіп жұрткершілік кеңес құрды. Ақыры Абылайдың хан болуын Бәрі де бір ауыздан қабыл қылды. Әкеліп ақ киізді жазып салып, Үстіне отырғызды ханды апарып. Қолдасып әр рудың қариясы – Киізді ұстадылар бәрі барып. Ұлы жүз Төле биге жолын берді. Қазыбек Орта жүзден шыға келді. Әйтеке Кіші жүзден киізді ұстап, Біреуі Жәнібектің өзі де еді. Төртеуі төрт бұрыштан ұстап тұрды, Көтеріліп жоғары, таққа мінді. «Орныңыз құтты болсын, ханымыз», - деп, Аузынан барша бидің айтылынды. Дәулет бай елден ерек құрсан болып, Той қылды бір неше күн көп мал сойып. Қарияның баршасынан бата алды, Алдына әр бірінің ат, тон қойып, Русия, Қытай, Қоқан, Хиуа, Бұқар, Тәж киген сол елдерде патшалар бар, Абылайдың Үш жүзге хан болғанын Хат жазып баршасына білдірділар. Қойған баршасынан қағаз келді, Асылдан әр қайсысы саухат берді. Атыраптың хандарына қол қойдырмақ – Келетін ілгеріден рәсім еді. Хандығын Абылайдың халқы естіп, Баршасы жүрер еді шаттық етіп. Қазаққа дұшпандығын қоймағанның, Көңліне қайғы кірді, қорқу жетіп. Абылай барша жұртқа мағлұмданды, Артықша қазақ елі көп қуанды. Бір биі Орта жүздің ханға келіп: «Бізге айтар сөзің бар ма?» деп сұрады. Хан айтты: «Жақсыларым, есітіңіз, Бас болдық жас болсақ та сіздерге біз. Қазақтың күш-қуаты – ынтымақта, Ілгергі қариялардан қалған бұл сөз. Баршаңыз татулықты көңілге алып
Жарылқасын Боранбаев Тұрайық бір жағадан бас шығарып. Бір жеңнен ынтымақпен қол шығарып, Құрысын араздықтың бәрі қалып! Еліне біреуіңнің дұшпан келсе, Әскері басым болып, егер жеңсе, Жер алыс жете алмаймыз деп отырмай, Барыңыз қосын алып, хабар берсе». АБЫЛАЙДЫҢ ҮРГЕНІШКЕ БАРҒАНЫ «Айтарлық көңілімде бар жұмысым, Көп еді өз басымда көрген ісім. Ілгері жас кезімде ойда жүрген, Кегімді алсам деймін келсе күшім. Басыма бұл дәулетті Алла берді, Баласы үш Алаштың соңыма ерді. Шын дұрыс көрсеңіздер, - деді Абылай, Ойлаймын сол кегімді алмаққа енді». Мұны естіп, жұрт жақсысы арыз қылып, «Айтыңыз көңіліңізді сіз білдіріп. Дұшпаннан кегіңізді әпереміз, Аянбай қасыңызда біздер тұрып». Хан сонда, құлақ салып тыңдаңыздар, Айтайын жан сырымды көңілімде бар. Хан болған Әбілфайыз әкем еді, Үкіміне мойын ұсынған күллі Бұқар. Марайым атты уәзірі қастық етіп, Өлтірген апарған да әкемді ертіп. Баршасын әулетінің қырып салды, Әкемнің тақытының орнына өтіп. Жасырын анам мені алып келіп, Қолына аталықтың кеткен беріп. Мені де өлтіруге іздетіпті, Молданың дәптерінен атым көріп. Аталық жол азабын көріп қанша, Мені де алып келген Түркістанға. Ақыры екеуіміз қырға кеттік, Қаражат кемдік қылып тұруға онда. Халықтың ауызбірлік себебінен, Хан болып бұл дәулетке кездестім мен.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Басына еш адамның түспесінші, Бұрынғы қасыретім менің көрген. Халайық, қосынменен сонда барсам, Әкемнің Бұқардағы кегін алсам. Күнәсіз өлгендердің аруағы үшін, Қаншасын залымдардың отқа салсам!» Баршасы мақұлдады: «Әбден рас, Бұндайда адам қалай намыс қумас? Біреуден осыншама қорлық көрсе, Хан түгіл, қарашаңыз қарап тұрмас Жасайық бәріміз де қосын қамын, Барайық ұясына жауыздардың. Күнәсіз өлгендердің кегін жоқтап, Патшасын жазалайық Бұқараның. Кіші жүз Әйтеке айтты «Бір арыз бар, Біздердің бар еліміз төмен тұрар. Орыстың шекарасы Орынборда, Талай жұрт Үргеніште сауда қылар. Саудамен Хиуа барған қазақтарың, Ол жақтан кейін қарай аман келмес. Ханына арыз етсе барған кісі. Айтқанын тыңдамаққа болмас құшы. Өзінің көз алдында талағанмен, «Қой!» демес кәттесінің ешбірісі. Бұқар мен Үргенішке сіз барсаңыз, Айтарлық көңілімізде бұл арзамыз Ханына елшілікпен қағаз жазып, Сауданы тоқтатпа деп бұл айтар сөз. Бұл сөзді Хиуа ханы қабыл көрсе, Ешкімге тимесіне жарлық берсе. Мал сатып, сауда жасап қайтар еді, Біздерден бұдан былай әркім келсе». Хан айтты: «Уақтылы бердің хабар, Хиуадан саудагерге болса залал. Бұқарға Үргеніштің үстін басып, Аттану керек болды бізге барар. Ұлы жүз Алатауда алыс жері, Әскерін қиын шығар келтірмегі. Қасында өзінің де дұшпаны бар, Қоқанның қолтығында жатыр деді. Орта жүз, Кіші жүзден қосын алып,
Жарылқасын Боранбаев Әуелі Үргенішке бірден барып. Саудамен татулықта тұрмақ үшін, Ханына сөйлесейік кісі салып. Көрмесе оны қабыл Хиуа ханы, Алайық ұрыс салып сол қаланы. Біреуін әділетшіл әкім қойсақ, Әр уақыт елмен болар ынтымағы». Баршасы хан айтқанын қабыл көрді, Ұлы жүз жақсысына рұқсат берді. Төлемен бірге келген жігіттері, Ханымен хош айтысып жолға жүрді. Әйтеке Абылай ханға жақын келіп, «Бізді де босатыңыз рұқсат беріп. Қосынын Кіші жүздің жинау керек, Ертерек елімізге хабар беріп. Сыр Арал, Еділ, Жайық жеріміз бар, Тұрайық біздер сонда болып даяр.» Бұл сөзге Абылай хан ырзаланды, Айтылган уағданы қабыл алды. Кіші жүз жақсылары қайтып кетіп, Қасына қосын жинап даярланды. Қазыбек қаз дауысты, ер Жәнібек, Бөгенбай қанжыгалы, Қоңырат Мәмек, Уақтан – Сары, Баян, Қыпшақ – Шорман, Арғыннан – Жолай палуан, Науман – Төлек. Осы айтқан Орта жүздің жақсылары. Ханының алдына кеп сонда бәрі, Еліне қайтпағына рұқсат алды. Ұзамай қосын жинап келтіргелі. Қыпшақ пен сол уақта Қоңырат елі Сарысу, Сарықұдыққа жақын еді. «Алты айда бәрің сонда келесің», - деп, Күн кесіп Абылай хан жарлық берді. Тарақты, Арғын, Найман жақсылары, Еліне аман-есен қайтты бәрі, Бұл істен халық түгел хабарланды. Қаражат, ат-әнжамды байға салды. Жарау ат, мықты жігіт, қару-жарақ, Қалдырмай керектінің бәрін алды. Әлқисса, даярланып алты айғаша, Ат-көлік, азық жинап елден қанша,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Орта жүз жақсылары қосын жинап, Ақыры хан алдына келді барша. Қосынды Абылай хан шықты көріп, Көңліне бір айрықша шаттық еніп, Қарулы жігіттермен сөйлеседі, Жасылдан желбіретіп ту көтеріп. Арғында аты шыққан Олжай палуан, Сол еді ханның туын қолына алған. Қамалды неше жерде жалғыз бұзып, Ер еді ел-жұртына мағлұмданған. Жәнібек жүре алмады қосынға еріп, Білдірді қартайғанын ханға келіп. Абылай ырзалықпен рұқсат етті. Шын айтқан өтінішін қабыл көріп. Қосыны Орта жүздің жүріп кетті, Даланы көлденеңдеп қырқып өтті. Аттанып Абылай хан келеді деп, Төменде Кіші жүзге хабар жетті. Әйтеке бек куанды мұны есітіп, Кіші жүз жақсыларын қасына ертіп, Ханына қатар келіп сәлем берді, Атынан жерге түсті құрмет етіп. Хан көріп Кіші жүздің жақсыларын, Көрісіп, амандасып, сұрап халін, Бау-бақша, бала-шаға аман ба» деп, Сөзбенен ырза қылды елдің бәрін. Әйтеке, бастап билер атқа мініп, Ортаға ханын алып кетті жүріп. Бұрыннан Сыр бойында бір кең жайға Даярлап қойған екен үй тіктіріп. Түсірді тіккен үйге әкеп ханын, Тарақты, Арғын, Найман жақсыларын. Қосынды түгел күтіп мейман етті, Аямай төрт түліктен сойып малын. Бұрынырақ Қоңырат, Қыпшақ келіп еді, Олар да ханның келіп жүзін көрді. Бұрыннан даярланып тұрғандықтан, Кіші жүз қосынына бәрі келді. Бір жерге жұрт жақсысы қосып басын, Сөйлесті көңілдегі мүддағасын. Бір күні қолдың бәрі көшпек болды,
Жарылқасын Боранбаев Ханының әпермекке құн-қысасын. Кош-қосын барар еді жолды басып, Қызылқүм үстіменен шөлден асып. Амурдың дариясына келіп қонды, Шаһаріне Үргеніштің жақындасып. Сол жерде еру болып бір күн тұрды; Артынан бір молдаға хат жаздырды. Ханына Үргеніштің жазған сөздің Мазмұны болған еді мына түрлі: «Әуелі бір Аллаға һәмді би һад, Үкімінде Һажда әлем әр нешік зат, Ақырдың пайғамбары Мұхаммедтің Руһіне және айтамыз көп салауат. Одан соң хабар алып білгін, кәні, Абылай атым менің, қазақ ханы. Өз әкем Әбулфайыз хандық қылып Сұраған таққа отырып Бұқараны. Марайым атты уәзірі қастық қылып, Әкемнің көзін жойған сол өлтіріп. Орнына патша болған таққа отырып, Қалдырмай әулетінің бәрін қырып. Мен өлмей бір себептен тірі қалдым, Бұқардан Қазақияға қашып бардым. Қазақтар хан болыңыз деп айтқан соң, Мен мұны ырзалықпен қабыл алдым. Әкемнің көрген сұмдық қысасы үшін Аттандым, есітемін бұзық ісің. Малдарын қазақтардың талайсыңдар, Керуеннің аман қоймай ешбірісін. Соны естіп, орта жолдан мұнда келдім, Елшімен хүзіріңізге хат жібердім. Баршамыз түбіміз бір туысқанбыз, Өзбекпен татулықты дұрыс көрдім. Айтсаңыз әмірлерге хабар беріп: Қазақтар сауда жасап жүрсін келіп. Малына ешбір зорлық жасалмасын, Күпірлік ешқайсыңның көңліңе еніп! Біздің ел базарыңызда сатса малын, Көп болар әркімге де пайдасы оның. Әр түрлі келген малды сатып алып, Матасын да өткізер дүкендерің.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Егерде бұл сөзімді қабыл алмай, Көнбесең татулыққа құлақ салмай, Үстіңе әскерменен келіп тұрмыз, Шық бері, өкініште қапыл қалмай!» Осылай Абылай сөзін етті тәмам, Артына мөрін басты деп «уәссалам». Хиуаға елші болып жүріп кетті, Қаракерей Қабанбай деген адам. Алдына ордасының барды жетіп, Білдірді елшілігін мәлім етіп. Қызметкері «келсін» деген рұқсатымен Батырды хан алдына барды ертіп. Қабанбай сәлем беріп ханға келді, Қолына Абылай ханның хатын берді. Жиналған әмір, сардар ортасыңда, Ханыңыз қағаз сөзін оқып көрді. Ішіне бір бөлменің төсек салып, Елшіні отырғызды алып барып. «Ал бұны қайтеміз?» деп ақылдасты, Ордаға үлкендерін жинап алып, Баршасы сол арада пікірлесті, Бағзысы ұрыссақ деп қыр көрсетті. Айтқанын Абылайдың қабыл алып, Тұрмаққа тату болып көңлі кетті. Ханы да татулықты жақсы көріп, Елшіні өз алдына алып келіп, Астына жабдық салып ат мінгізді, Үстіне қымбат баға киім беріп. Хан сөзі: «Абылайдың айтқандарын Дұрыс деп қабыл алдық түгел бәрін. Хиуаға саудаменен қазақ келсе, Біздікі тигізбейді еш зиянын. Егерде зорлық көрсе қайсыбір жан, Өзіме мағлұм етсін сауда қылған. Мойнына қиянаты қойылғанды, Аяман, дарға астырып, көзін жоям. Мен сізді қайтарамын рұқсат беріп, Қасыңа бір сарқарда барады еріп. Біздерге Абылай хан мейман болсын, Қосынмен қасындағы мұнда келіп. Біраз күн ордамызда демін алсын,
Жарылқасын Боранбаев Баршаға достығымыз мәлім болсын. Бұқара шәһарына біздерден де
Қосылып жәрдем үшін адам барсын». Артынша Абылайға жазып бір хат, Елшінің қайтуына берді рұқсат. Қасына бір сарқарда қосып берді, Баруға басшы болып қылып үрмәт. Қабанбай Абылайға қайтып барды, Бірге келген сарқарда мағлұмданды. Хиуаға мейман болып келсін деген Сөзін де ойланбастан кабыл алды. Көшсін деп қосына әмір беріп, Аттанып Абылай хан кетті жүріп. Алдынан Хиуа ханы қарсы шықты, Хабарын келе жатқан бұрын біліп. Екі хан аттан түсіп амандасты, Есендік бір-бірінен хал сұрасты. Атына екеуі де қайта мініп, Шәһарға кіру үшін қадам басты. Патшалық бағы бостан бір майданға, Апарып Абылайды түсірді онда. Бұрыннан даяр қылып қойган екен, Қонаққа керектінің бәрін әмма. Қасына еріп келген косындарын Түсірді тіккен үйге тегіс бәрін. Неше күн қонақ етіп күтті солай, Есепсіз төрт түліктен сойған малын. Екі хан бірнеше күн бірге отырып, Сөйлесті халық қамын сұхбат құрып. Қазақтың керуеніне тимес болды, Қағазга екі жақтан мөр басылып. Сонымен бірнеше күн болып мейман, Бір күні көшпек болды Абылай хан. Қасына бір сарқарда қосып берді, Әскерге жол басшыға түнде аттанған. Бұқарға жүріп кетті құмды басып, Қазақтың саясаты жұрттан асып. Көшпелі Қарақалпақ деген елдің Үстіне келіп қонды жақындасып. Ешкімге бағынбастан мойын сұнып, . Өзінше жүреді екен хандық құрып.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Алдына тарту артып ханы келді, Абылайдың келгендігін жаңа біліп. Бұл ісін Абылай да мақұл көрді. Ханына қол қусырып сәлем берді. Біраз күн Абылайды мейман етіп, Тұруға тату болып көңліне енді. Ол ханда бір қыз бар-ды жасы ержеткен, Айрықша сұлулығы жұрттан өткен. Бұқар мен Хиуа ханы елші салып, Беруді бірнеше рет талап еткен. Жүр еді ешбіріне қызын бермей, Нашақор немелерді лайық көрмей. Өзіндей бейбіт елге хандық құрған, Адамның беретүғын теңі келмей. Сол қызын бергісі кеп көңліне алып, Білдірді Абылайға адам салып. Айтқанын Абылай хан қабыл алды, Күйеу боп қыз алуға ырзаланып. Той жасап бірнеше күн елін жиып, Қосты оны Абылай ханға неке қиып. Той өтіп құмар қызық тарқаған сон„ Ойлаңды, «кетсек екен енді жүріп». Абылай жалғыз өзі отыр еді, Есіктен бір диуана кіріп келді. Иығына шашы түскен, жалаң аяқ, Иіліп күле қарап сәлем берді. Абылай диуананың түрін қөріп, «Сәлемін ап, түрекеп қолын ұстап, Касына отырғызды орын беріп». Хан айтты диуанаға: «Ей, каландар. Келгенде қайсы түрлі мақсатың бар?» «Әкеңіз Әбулфайыз Бұқар ханы, Марайым зұлымдықпен өлтірді оны. Өлімнен аман болып сіз қалдыңыз, Қырылып әулеңнің кетті бәрі. Дүниеге шыр-шыр етіп келген соң сен, Өзіңді желеп-жебеп жүруші ем мен. Атымды Жалаңаяқ Әздүр дейді. Шілтендер бұл кызметті маған берген. Оразбен сахараға өзін барып. Ер жеттің Дәулет байға душарланып.
Жарылқасын Боранбаев Сені бала етпекке ойландырдым. Көңліне көрген жерден мейрім салып. Қалмақтар қазақпенен ұрысқанда. Қашырып қайрат қылдың әжап сонда. Атыңды ұрандаған халыққа жайып» Қасында бір жүр едім әрбір таңда. Жәнібек барша халыққа хабар берді, Өзіңді Көкшетауда хан көтерді. «Көңліне барлық жұрттың мейір салып, Айттырған бір ауыздан өзім едім. Барасыз Бұқараға сіз аттанып, Қайтуға әкеңіздің тақтын алып. Бұқарда Баһауаддин әулие бар, Бұныңды дұрыс көрмес ырзаланып. Әкеңіз шейіт болып Файыз өтті,. Марайым еш айыпсызды жазым етті. Жазасын бұл ісінің Алла беріп, Оған да ұзамай ажал жетті. Бұл уақта тақта отырған Бұқар ханы, Дәнияр аталықтың ұрпақтары. Шілтендер басын қосып маслихат қып, Дұғамен отырғызған таққа оны. Қай жерде патша, әмір яки бір хан, Болады дұғалардың жәрдемімен. Нағышпанд Баһауаддин. әулиенін Жарлығын келдім сізге айтқалы мен. Айт деді Абылайга әдейілей, Айтпасын әкем орнын аламын деп. Егерде тілімді алмай мұнда келсе. Басына бәле ұшырап, ренжір көп. Көңліңе бұл сөзімді ауыр алма, Қанағат ету керек қолда барға. Аз емес, өзің ойлан, қазақтардың Хандығын нәсіп етсе саған Алла!» Диуана бұл сөзді айтып қайтып кетті. Көңліне Абылайдың қайғы жетті. Косынның жақсыларын жинап алып, Есіткен сөзін айтып, кеңес етті. Кейбірі кайту жолын мақұлдады. Айтқанын шын болар деп ойға калды. Қайтқанды өздеріне кемшілік деп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Баруға бағзысының көңлі барды. Дер еді: «Бұл диуана мұнда келіп, Айтуы әрнәрсені хабар беріп. Біздерді алдамақшы, иламенен, Тұрғаны Бұқардағы хан жіберіп, Болмаса бір диуана қаңғып жүрген Алдағы болмақ істі кайдан білген? Дүние алып патшасынан келген болар, Біздерді кайтармаққа осы жерден. Әуре боп мұнша жерге қосын тартып, Айналып елімізге барсақ қайтып. Диуана айтуымен келдік десек. Есіткендер күлмей ме мазақ айтып?» Баршаға бұл айтқан сөз дұрыс келді, Қайтуды кері қарай намыс көрді. Көшсін деп қосынына жарлык беріп, Бетке алып Бұқараны әзірленді. Бір жерге келіп қонды есен-аман, Ұйықтады алаңсыз барлық адам. Сол түні жаткан жерде іштері өтіп, Төсекте өліп калды бірнеше жан. Ал содан өлмей аман қалғандары, Қозғалмай ауру болып жатты бәрі. Әрқайсы өз басымен әлек болып, Ілгері қозғалуға келмеді әлі. Арыз етті ханына жұрт жақсысы, Аурудан өліп кетті қанша кісі! Әскердін қалғанының іші кетіп, Қалмады жүруіне қуат-күші. Айтқаны диуананың рас келді, Көшкенге тілін алмай кесел берді. Осы көрген кызыққа ырза болып. Бұл жерден кандай болар қайтсақ енді Бұл сөзді Абылай да макұл көріп, Кайтуға рұқсат берді көңілденіп. Қосынның баршасы да кайта көшті, Бұрынғы келген жолмен кейін өріп. Неше күн тынбай жүріп Сырға келді. Қыстайтын Кіші жүздің мекені еді Әр кісі өз еліне тарасын деп,. Абылай қосынына жарлық берді.
Жарылқасын Боранбаев Ханының Қарақалпақ қыз бергенін, Бұрын да жазып едім тізіп бәрін. Ханымы үшінші алған осы болды, Айтады Қаражан деп атын оның. Қаражан алғаннан соң жүкті болды, Есепке тоғыз аймен он күн толды. Бір күні уақыты жетіп ұғыл туды, Баланың Уәлихан деп атын қойды. Одан соң және туды бір баланы, Ырымдап Шыңғысхан деп атады оны. Тарады екеуінің балалары Көкшетау төресінің тамам бәрі. Келген соң Үргеніштен Абылай хан, Қазаққа өзгелерден жақын тұрган Елдермен татулықты көңліне алды, Хат жазып әрқайсына мойын бұрган. Орысқа Тоғұм ұғлын елші қылып Жіберді дос болуға тату тұрып. Саудамен екі жақты тұрмақ еді, Қаласын Қызылжардың тез салдырып. Бұл кезде Қызылжарда бір сарай бар, Абылайдың «Ақсарайы» деп айтадылар. Бір шеті шекараның Орынборда, Жері екен Кіші жүздің сауда қылар. Ноғаймен, Башқұртпен де татуласты, Дұшпандық бір-біріне еш қылмасты. Хиуаға ілгеріде өзі барып, Сауданың Кіші жүзге жолын ашты. Ұлы жүз хан ордаға жақын тұрып, Көңліне тату тұрмақ қиял кіріп, Бағзы уақыт малдан зекет берер еді, Шаһәріне кіру үшін сауда қылып. Қытаймен емес еді тату сондай, Сүйтсе де тыныш еді дұшпан болмай. Қантөгіс арадағы бір тыйылмай, Жүр еді дұшпандығын қалмақ қоймай. Абылай хан болған соң таққа мініп, Қалмақтың хабарланды бәрі біліп. Қазақты аламыз деп ойланбады, Көңліне қонтайшының қорқу кіріп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны ЖОРЫҚ Мекені Қаратауда Қоңырат елі, Атырабы Түркістанның жүрер жері. Алатау басындагы манаптармен Арасы бітіспеген дұшпан еді. Қоңыраттың ішіндегі шыққан даңқы Қарияның Қазымәмек еді аты. Аталған Балабөген бір өзенде, Жаз жайлап отырушы ед оның халқы. Аттанып бір жыл Қырғыз қосын құрды, Өзеннен Аса, Талас өтіп жүрді. Хабарсыз Қазымәмек отырғанда, Бөгеннің басына кеп ту тігілді. Қоңыраттың елін шапты қона жүріп, Көп алды дүние, малын олжа қылып. Хабарсыз жатқандықтан халықтың көбі, Болмады ұрысуга қарсы тұрып. Манаптар ғапыл жатқан уақтын тауып, Көп дүние алып кетті елді шауып. Олжамен өз жұртына қайтып барды, Артынан еш нәрседен қылмай қауіп. Есітіп Қоңырат, Дулат ел шапқанын, Артынан аттанудың қылды қамын. Баршасы басын қосып ақылдасты, Қалайша қайтармаққа кектің жолын. Қария айтты сөзді аузына алып: «Манаптар өз еліне жетті барып. Жан-жақтың қырғызына хабар беріп, Тұрады біз барғанша даярланып. Аттанып барғанменен бұл жерден біз, Қорқақтап қаша қоймас тауға қырғыз. Ішіңде Алатаудың ұрысқан соң, Лажсыз кейін қарай қашадүрміз. Қырылып тау ішінде ажал жетер, Манаптың одан сайын қорлығы өтер. Бір жылда екі мәрте жеңілген соң, Сүйекпен кемшілігі бірге кетер. Бір молда қағаз жазсын алып қалам, Тездетіп жіберейік ханға адам.
Жарылқасын Боранбаев Орта жүз, Кіші жүздің қосындарын Өзіңіз әкел дейік мұнда таман. Осында біз тұрайық даярланып, Хан келсе екі жүзден қосып алып, Манаптан одан кейін кек аламыз, Көп болып елін шауып біз де барып». Бұл сөзді Қоңырат, Дулат қабыл алды, Беруге ханға хабар ырзаланды. Манаптан Қазымәмектің шабылғанын Білдіріп бастан-аяқ хатқа жазды. Кішілік сәлем айтып ғайыбына, Артына мөрін басты бәрі әмма. Ат қойған Бәйтелі деп бір батырға Қағазды алып бар деп берді және. Бәйтелі батыр еді жас өспірім, Алқына көп көрсеткен ерлік түрін. Арқаға жалғыз өзі жүріп кетті, Жолдас қып қасына алмай бірде-бірін. Арқаны көрмеп еді бұрын барып, Көңілмен бара жатыр жерін танып. Дұшпаны жалғыз жүргенде кезігер деп, Қауіп етіп ойламайды көңліне алып. Көп көріп жол бейнетін азарланды, Ақыры хан ордаға бір күн барды. Алдына құрметпенен басын иіп, Ханының іздеп келген қолын алды. Абылай хат мазмұнын оқып көріп, Артықша көп қапалық көңліне еніп, Халқының шабылғанын естіген соң, Жылады екі көзге жасы келіп. Қайғырып қапаланып артық сонша, Отырды тамақ ішпей үш күнгеше. Өздері шабылатын сияқты боп, Тұрады көңіл айтып ханға барша. Түрегеп үш күннен соң белін байлап, Ұрысқа бару үшін өзін сайлап. Орта жүз, Кіші жүздің баласына Хат жазды неше түрлі жарлық айлап. «Аттанып Қаратауға манап барып, Қоңыратта Қазымәмек елін шауып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Олжалап дүние-малын әкетіпті, Хабарсыз жатқанында уақтын тауып. Мөр басқан қариялардан қағаз келді, Не түрлі болған істен хабар берді. Ары мен малын іздеп халқымыздың, Аттанып бізге лазым барсақ енді. Бүл жарлық тиген заман тұрмай қарап, Жүруді етіңіздер жұрттан талап. Жау шауып елдің шетін жатқан кезде, Болмайды бармауына ешбір сәбәп. Астына құлындаған бие мінсін, Қос артып, саулық інген алып жүрсін. Жаз ыстық, қыс суыққа тоңбайтұғын, Үстіне қалың қылып киім кисін. Бір жылдық жол жабдығын даярлатып, Әр он адам жүрсін бір-бір қосты алып. Жарау ат, бес қарудың ешқайсысы Жүрмесін бірде бірі елде қалып. Он адам алсын және бір қызметкер, Қос тігіп, адам жалдап, азық берер, Байлардың міңдетіңде болсын деңдер. Жігіттер ат таппаса міну үшін, Жылқының аралатсын байлар ішін. Жүйрік ат, сұлу бие болса-дағы Айтпасын бермеймін деп ешбірісін. Ханының әгәрәкім алмай тілін, Біреуі орыңдамаса байлар мұның, Қосынның жабдығына жаратамын. Алдырып мал-мүлкінің қоймай бірін. Және де жұрт басшысы атқа мініп, Бітірсін бұл жұмысты өзі жүріп, Айтылған уәделі күн болғанша, Тұрыссын өз адамын даяр қылып! Қоңыраттан хат әкелген Бәйтеліні Жіберді өз еліне тездеп мұны. Олар да адам жинап әзір тұрсын, Үстіне барамын деп пәлен күні. Ол барып өз еліне хабар бсрді, Олар да қосын құруды ойлар еді. Өрдегі Орта жүз бен Кіші жүз де,
Жарылқасын Боранбаев Қосынның жүретұгын қамын жеді. Ханының айтқанының қылды бәрін, Байлары аямады дүние-малын. Жарар ат, жақсы жігіт, қару-жарақ, Елінде қалдырмады ешбірлерін. Әрбірі айтқан күнін шама қылып, Аттанып бет-бетімен кетті жүріп. Әр ру өз туымен келер еді, Біреуін болмас еді бірі біліп. Ханның да жүретұгын уақты жетті, Әскерге аттансын деп бұйрық етті. Көтеріп жасыл туын ортаға ұстап, Қарауыл қосынымен жүріп кетті. Бұрынғы аты айтылған жерге барып, Отырды қосын тігіп хабар алып. Орта жүз, Кіші жүздің адамдары Әр күні кеп тұрады мағлұмданып. Қосынның бәрі келіп түгел болды, Баруға Қаратауға қадам қойды. Көктемде көшкен бейне селдей болып, Күндіз-түн жүрер еді басып жолды. Сонымен бірнеше күн қырдан асты. Ешкімнен кез келер деп қауіп қылмас-ты. Сарысу, Жетіқоңыр, Шудан өтіп, Қаратау етегіне жақындасты. Есітті Қоңыраттар мен һәм Ұлы жүз, Алдынан басшылары шықтылар тез. Атынан жерге түсіп, қатарласып, Ханының қолын алды ұшырасып кез. Үш жүздің жақсылары амандасты, Көрісіп бір-бірімен хал сұрасты. Қосынның көптігі мен түрін көріп, Қуанышы келгендердің шектен асты. Бір жердің Қозыкен деп айтар атын, Жері саз, шөбі шалғын, күні салқын. Бұл жерге үй тіктіріп қойған екен, Ханы мен түсіруге келген халқың. Сол жерге құрмет етіп ханды апарды, Келгендер үйге түсіп құп демалды. Бүл күнде хан ордасын тіккен жерді,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны «Шаңлақ» деп ел ішінде айтылады. Жолықты Қазымәмек ханға келіп, Көрісті түрегеліп хан да көріп. Көңлінің азайтуға қапалығын, Көтеріп сөз сөйледі қуат беріп. Хан айтты: «Қайғырмаңыз жау шапты деп, Отырмыз алыс жерден бір жаңа кеп. Кегіңді дұшпаныңнан әпереміз, Батырар терең деген - қорқытар көп. Қазақтың бұзылмаса ынтымағы, Басынан ажырамаса берген бағы, Көшпелі манап түгіл, кегі кетпес Тәж киген патшалы жұрт болса дағы. Біздер көп кідірмейміз мұнда тұрып, Келмедік отыруға рақат құрып. Өздерің әзір болып тұрсаңыздар, Барайық Алатауға тездеп жүріп». Ханының Қазымәмек пейлін білді, Абылайға түрегеліп құлдық ұрды. Алдынан рұқсат алып тысқа шығып, Алысқа аттанбақтың қамын қылды. Бұрыннан тұрар еді даярланып, Жарарлық ат, адамның бәрін алып. Халқына Абылай хан жар шақыртты, «Аттансын, аттансын!» деп хабар салып, Есітіп барша қосын атқа мінді, Аттанып сол сағатта хан да тұрды. Бір жағын Алатаудың бетіне алып, Қосыны үш алаштың жолға жүрді. Хиуаға барғандағы сол диуана Сол уақта Абылайға келді және, Шаш қойған-жалаңаяқ неткен жан деп, Күледі көргендердің бәрі әмма. Жүреді жаяу жалғыз елден бұрын, Сөйлесіп білмес еді ешкім сырын. Хан көріп ықылас қылып жүрер еді, Ұмытпай ілгеріде көргендерін. Көп қосын барар еді қаптап жонды, Білмес-ті алды-арты, оң мен солды. Өзеннің Аса, Талас бойына кеп,
Жарылқасын Боранбаев Бұл жерде хан әмірімен еру болды. Жинады көп қосынның алды-артын, Таусылмай үш күнгеше келді әр күн. Абылай білмек үшін сұраған-ды Аттанған қанша екен деп жаугер халқын. Есепші хан әмірімен даярланып, Қосынның әр шетіне көрді барып. Есебін болжауменен білмек болып, Қарады атырапқа назар салып. Көз жетпес қарағанмен назар салса, Білмейді дәл есебін мұның қанша. Атырабын атпен жүріп шықты айналып, Жете алмас о шетіне жаяу барса. Санақшы анық білмей таңға қалды, Бағзылар жүз мыңдай деп болжалдады. Есітіп Абылай хан құрсан болып, Қосынның көптігіне көңлі толып, Жүруге қатар-қатар тәртіп берді, Дайындап алды-артына адам қойып. Өзенге жол үстінде барып қонып, Жіберсе оттау үшін атын қойып, Көкорай қалың шалғын болғанменен, Қалады шаңы шығып тақыр болып. Тұр еді манаптар да жансыз салып, Абылайдың келгенінен хабар алып. Аттанып сансыз қосын келеді деп, Хабарын өз жұртына айтты барып. Қырғыздың ол кездегі болған ханын Әтеке Жырық деуші еді қойған нәмін. Оң-солға ат шаптырып хабар беріп, Ханы оның айыр қалпақ жиды бәрін. Кемпір-шал, қыз бен қатын, жас баланы. Үй-мүлік, төрт аяқты мал-қараны Бір жерде қамал болып тұрсын дейді Ұрысқа кірмегеннің тамам бәрі. Бар еді Алатаудың бір қуысы, Суы мол, жері шалғын, үлкен іші. Аузы тар, сол араға әкеп қойды, Көрмейді сырттан келген ешбірісі. Қырғызда жеткілікті батыр адам,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Жиналды үйде отырмай бәрі тамам. Үстіме Абылай хан келмесін дсп, Алдынан қарсы шықты Әтеке хан. Косыннан екеуі де сап түзетті, Алды-артын, оң мен солын бірдей етті. Әлжуаз қызметкерді кейін қойып, Ұрысқа жарарлығы ілгері өтті. Қарады бір-біріне назар салып, Шамасын білу үшін хабарланып. Алды-арты, оң-солына көзі жетпей, Көп-азы білінбейді анықпа-анық. Қаншама екі жақтан ту тігіліп, Тұрады қызыл-жасыл түрге кіріп. Қырғыздар тартып жатыр сырнайларын, Ұрысқа қызықтырып елдің бәрін. Қазақтар босқа қарап тұрып қалды, Қолында болмаған соң ешбірі оның. Көңлінде талабы бар ер қызынып, Ұрыссам деп ойлайды жалғыз шығып. Бағзылар қайтсем аман қаламын деп, Қатардан тұрар еді кейін сырғып. Жаршылар жар шақырып айтады сөз: «Майданға барыңдар, - деп, - біреуің тез!» Батырлар сабыр етіп қозғалмайды, Қауіп етіп ажалға болуға кез, Жекпе-жек қырғыздардан біреу келді, Жайылмас Сарбағыштан – затым дейді! Дулыға, қалқан, сауыт – бәрін киіп, Айқайлап «шық бері!» деп, майданға енді. Бар еді Ұлы жүздің бір батыры Әлеке Алтынсадақ деуші еді оны. Қырғызды жеке шыққан көргеннен соң, Сыртына ашулана шықты түгі. Үстіне екі қабат сауыт киіп, Алдына Абылайдың келді жүріп. Баруға бата тілеп қол көтерді, Бөлініп өзгелерден жалғыз тұрып. Толтырып Абылай хан жасқа көзін, Бірқанша қамқоршылық айтты сөзін. Тапсырып жалаң аяқ –піріне өзін.
Жарылқасын Боранбаев Майданға ат ойнатып жігіт кірді, Әскері екі жақтың қарап тұрды. Тоқталмай екеуі де ат шаптырып. Найза алып бір-біріне жүз қайтармай, Қауіп етіп өлемін деп көңліне алмай. Екеуі екі жаққа өтіп кетті. Найзадан бір-біріне зиян болмай. Атының екеуі де басын бұрып, Айқасты аянбастан тағы ұмтылып. Үстіндегі сауыттан өтпеген соң, Найзалар ортасынан кетті сынып. Екеуі бір-біріне қолын салды, Кез келген жерден ұстап тартысады. Тілеуін қырғыз-қазақ бірдей тілеп, «Қуат бер батырыма» деп тұрар-ды. Аянбай ат үстінде көп жұлысты, Көрсетті екеуі де қайрат-күшті. Қайраты Әлекенің басым келіп, Жайылмас аттан ауып жерге түсті. Алдына Абылайдың жетіп келді, «Алыңыз олжаны» - деп әкеп берді. Хан айтты: «Көкшетауға жалғыз барған, Бәйтелі мұнда келсін, қайда?» - деді. Бәйтелі Абылайдан мұны естіп, Алдына аттан түсіп келді жетіп. Хан айтты: «Хабар берген қызметіңе Олжаны ал, саған бердім сыйлық етіп». Бәйтелі Жайылмасты алып қайтты, Қырғызға, ұрыстан соң, малға сатты. Орнына он адамның құнын беріп, Бәрінен Жайылмастың бағасы артты. Батырдың тұтқындығын көріп қырғыз, Сол жерде болып тұрды жылауда көз. Қабыл деп әйгіленген бір батыры Майданға ат ойнатып шықты жалғыз Тұр еді қазақтардың көңлі тасып, Жекеде жеңгеніне қайраты асып. Кіші жүз табындағы Сәрке батыр Ашуы келгендіктен өңі қашып, Атына аямастан қамшы басты.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Алдына Абылай ханның жақындасып. - Қолдаушың жалаң аяқ пірім болсын, Бар! - деді Абылай сонда бетін басып. Ханынан бата алған соң көңлі толды, Белдегі қылышына қолын қойды. Атының Сәрке батыр басын тежеп, Қабылға жалғыз тұрған қарсы келді. Қабыл да ақ найзасын колына алып, Сәркені ойланбастан шанышты барып. Найзаны Сәрке батыр тигізбестен, Жіберді қылышымен қағып-қағып. Қылышын қайта толғап қимыл қылды. Қабылдын бір мәртебе басын ұрды. Бастағы дулығасын кесіп өтіп, Төрт елі денесіне барып кірді. Жығылды Қабыл байғұс есін танып, Ортаға шыға келді Сәрке қарғып. Қырғыздың қалғандары ат қойысты, Екеуін жеңгеніне намыстанып. Қазақтың батыры да тұрмай қарап, Ұрысқа кіру үшін етті талап Қазақтар бір жағынан ат қойысты, Бір зиян тигізер деп алса қамап. Батырлар екі жақтан майданға кеп, Аянбай араласып ұрысты көп. Шаншысып, садақ атып, шабысады, Әйтеуір бірін-бірі қашырсақ деп. Біреулер құлап жатыр, біреуі өліп. Бағзылар қашар еді сыртын беріп. Алдынан қарсы шығып құтқарады, Қашқанға тұрғандардан жәрдем келіп. Он-он бес, жиырмадан ат қояды, Көп барсақ жеңеміз деп лап қояды. Отыз-қырық, елу-алпыс, жетпіс болып, Ақыры әр тараптан жүзге барды. Жүз-жүзден, екі жүзден ұрыс етті, Көбейіп ат қойғандар мыңға жетті. Далада бірі қашып, бірі қуып, Ұрыстың қаталдығы шектен өтті. Осынша ұрысқанмен көп зор беріп,
Жарылқасын Боранбаев Біреуін қашырмастан біреу жеңіп. Майданнан қашырғанмен қайрат қылып, Тоқтайды көп қосынға қайтып келіп. Ол күні өліп кетті қаншама жан Сайлардан су орнынан ағылды қан. Үш жүзге бұл Абылай хан болғалы Жоқ еді бұл сипатта ұрыс қылған. Өзінің тұрар еді іші жайнап, Ұрысқа кіру еді іші қайнап, Ұрысқа кіру үшін талап айлап. Бармастан жанымды аяп мен тұрғанда, Кім тәуір көрер деп өзінше ойлап. Көңліне осы түрлі күдік кіріп, Ат, анжам, қаруларын даяр қылып, Бағзы уақыт хан да барып қосылады, Майданға астындағы атын бұрып. Қазақтың жігіттері ханын көріп, Шетінен өзіне-өзі қайрат беріп, Қатардан кейін қалған тіріліктен, Жақсы деп кіріседі кеткен өліп. Бұл күні екі жақтан көп қырылды, Майданда талай боздақ өлтірілді. Ұрыстан Абылай хан қайтып шығып, Түбіне өз туының келіп тұрды. Кеш түсіп дүние жүзі болды қара, Қосынға қайтып қонды бәрі әмма. Таң атып күннің көзі шыққаннан соң, Сап түзеп нелер жасақ келді жаңа. Бір қырғыз Барқы деген атойлатып, Майданға өзі шықты ат ойнатып. «Ажалына асыққан қазақ болса, Жекпе-жекке келе ғой!» - дейді шатып. Есітті осы сөзді Найман елі, Әлібек бір батырдың атын дерді. Барқының айтқан сөзін есіткен соң, Айрықша намыс, қайрат көңіліне енді. Шар болат, белдік, қанжар, сауыттарын, Дулыға қалқанымен киді бәрін. Қол жайып Абылайдан бата сұрап, Ұрысқа баратұғын қылды қамын.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Дұғаға қол көтеріп Абылай хан, Келтірді қауіп етіп – көңіліне һәм. Майданға баруына рұқсат берді, Берсін деп жалаң аяқ пірім жәрдем. Бойына Әлібектің қайрат кірді, Атының қамшыменен басын бұрды. Найзасын оң қолына толғай ұстап, Қырғыздың батырына қарсы ұмтылды. Барқы да қарап қалмай ұмтылды тез, Кездесті бір-біріне темір мен жез. Қарсы кеп екеуі де найза салды, Өлімнен қорықпаған кісіден без! Найзалар бір-біріне тиді келіп, Жықпаққа қайрат қылды көп зор беріп Найзасы Әлібектің сол арада, Барқының сауытына кетті еніп. Батырдың денесіне найза кірді, Өзінің оңбайтұғын халін білді. Көп тұрса жығылуына көзі жетіп, Атының кейін қарай басын бұрды. Найзасы сағасынан кетті сынып, Бойына Әлібектің қайрат кіріп, Қылышын суырды да жалаңаштап, Барқының соңын ала кетті қуып. Таянды жететіндей жерге барып, Қалғаны мұны көріп намыстанып, Алдынан Әлібектің ат қойдылар, Ойланып өлтіруді ортаға алып. Қашпады бетін бұрып Әлібек те, Шақырып қайта-қайта жекпе-жекке. Соғысып жалғыз өзі жанталасты, Қылышын оңды-солды сілтеп көпке. Қазақтың батырлары мұны көріп Ұмтылды ажыратпаққа майданға еніп. Екі жақ бір-біріне қарсы ұмтылды, Аянбай бірін-бірі жойды, қырды. Дұшпаннан Әлібекті арашалап, Көңіліне батырлардың қайрат кірді. Тағы да ұрыс қызды араласып, Жазықсыз өзді-өзінің қанын шашып.
Жарылқасын Боранбаев Орнынан қозғалыспай тұрғандықтан, Біреуін жеңе алмады бірі басып. Осындай ұрыс болды кеш болғанша, Адамдар есебі жоқ қырылғанша. Сам жамырап, қараңғы түскеннен соң, Өзінің жайларына кетті барша. Таң атты арасында бір түн өтіп, Күн шықты жарқыраған нұр тербетіп. Сап түзеп екі қосын және шықты, Кешегідей кернейін гүрілдетіп. Майданға диуана да әр күн барып, Бір шетте отырады демін алып. Абылай әулие деп пірге есептеп, Сыйынып тұрушы еді жалбарынып. Хан айтты: «Енді бізге көмек келмес, Азық та табылар деп көңіліме енбес. Бұл жерде көп ұрысып жатып калсақ, Ақыры өзімізге пайда бермес». Халқына осы түрлі сөз айтып көп, Әмір етті «аянбастан соғысқын!» деп. Қазақтың қайраттанып бәрі қызды. Көңіліне ханның сөзі дұрысқа кеп. Бар еді неше қилы батырлары, Майданға бет-бетімен кірді бәрі. Әлеке, Алтынсадақ деп айтылған, Әлібек, Найман Төлек ерлік қылған. Шапырашты Наурызбай, Табын Сәрке, Қаракерей Қабанбай өңкей қыран. Жаппастан Өтетілеу, Есет – Тама, Бөгенбай Қанжығалы, Қантай және. Тарақты Көбек, уақ Сары, Баян, Қоңыраттан Бәйтелі мен Жаманқара. Алшыннан Абай, Арғын Олжай палуан, Жалайыр Жәтен батыр, Қыпшақ Шорман. Осындай батырлар бар мағлұмданған. Айтылған бұл батырлар ұрыс қылып, Жүреді қан майданға жиі кіріп. Халқына қайрат-күшін көрсетеді, Қай жерде жау көп болса, өзін ұрып. Алдына Абылайдын пірі келіп,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Сөйледі мына түрлі хабар беріп. «Мен саған, колың көтер, бата берем, Жауынды қашырасың, бүгін жеңіп Соны айтты. өз ұртына қолын салды, «Аттым деп бір мәртебе... «туф!» - деп қалды. Сол уақта майдан үсті тұман болып; Бір-бірін көрмейтұғын халге барды. Диуана көп ішіне кетті кіріп, Көрмеді одан кейін ешкім біліп. Қай жақтан шыққандығы мәлім емес, Айтарды «жау қашты!» деп хабар беріп. Пірінің хан есітіп айтқан сөзін, Толтырып қуанғаннан жасқа көзін. Орнынан ұстап тұрған туын қозғап, Халыққа биігірек көрсетті өзін. Желбірін хан туының қазақ көріп, Көңіліне баршасының қайрат еніп, Ат қойды «Абылайлап» ұран салып, Майданға бет-бетімен кірді төніп. Майданға Абылай хан жақын келді, Манаптар желбіреген туды көрді. Қазақтың жеңгендігі шын екен деп, Көңіліне біразының қорқу енді. Орнынан бәрі кетті көтеріліп, Болмады бір-бірінің халін біліп. Қашуға Әтеке хан бетін бұрды, Лажсыз тұрған жерден туын жығып. Манаптар сол бетімен қорқып, сасып, Далаға қамал тұрган барды қашып. Лажсыз кейін қарап тоқтап тұрды. Барар жер болмаған соң онан асып. Қия алмай қатыны мен жас баланы, Қазына-мүлік, төрт аяқты бар қараны. Өзінің бір басының қамын қылып, Қазаққа кете алмады тастап оны. Жиналды қырғыздардың бәрі келіп, Тоқтады тау шатына артын беріп. Мал-дүние, қатын-бала намысы үшін, Ырза болып осында кетуге өліп. Әкеліп Әтеке хан туын құрды, Ұрысқа қолын сайлап қатар тұрды.
Жарылқасын Боранбаев «Бұл жерден қашқаннан да өлген артық». Деп ханы әскеріне айтып жүрді. Сол кезде Абылай да келді басып, Тоқтады тау шатына жақындасып. Қазақтың батырлары ат ойнатты, Қуалап келгендіктен көңілі тасып. Қырғыздар бұрыннан-ақ қамын қылып, Қойыпты дарбазаға ор қаздырып. Мубада қазақ қолы қамар болса, Тоқталып ұрысуға іште тұрып. Үй ағаш, қазына, жасау, киіздерін Шеп қылып алып барып қойды бәрін. Алдына матап байлап қатар қойды Шатқалдың ішіндегі тамам малын. Қырғыздың барлығы да жаяу тұрды, Аттарын алдына ұстап қалқан қылды. Қазақтың шепке жақын келгеніне Оқ атып, іште тұрып таспен ұрды. Қырғыздар соғыс салды иласы асып, Қаншама ұрысқанмен жақындасып, Ат өтіп жүре алмайтын болғаннан соң, Баруы мүмкін емес шептен асып. Үш күндей ұрыс салды күндіз-түні, Қазақтар өте алмады бұзып мұны. Қырғызға ешбір зиян тигізбеді, Жүргенмен ат ойнатып тыста құры. Қазақтың ақылы асқан қарияларын Алдына хан Абылай жиды бәрін. Қамалға қандай лаж етеміз деп, Ойласты маслихатпен амалдарын. Бағзылар оны айтады, бағзы мұны, Қамалды бұзудың бұл көп деп түрі, Ауызбен оңайлатып айтса дағы, Ақылға келмес еді бірде-бірі. Хан айтты: «Бір қиял тұр маған кіріп, Қамалды бұза алмаймыз атпен жүріп. Қырғыздың тауларында ағаштар көп, Алдырсақ қосындарға тік қидырып. Жіп байлап бөренені домалатып, Жүргізсе тасасында бұғып жатып, Байлаулы ағаштардан оқ өтпейді,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қарсы жақ тұрғанменен мылтық атып. Оқ тиіп дәнеме етпес шеппен барса, Жеткен соң көпір қылып орға салса, Байланып матаудағы тұрған малын, Тез барып ордан өтіп бетіне алса. Ол жерден аш тұрған мал бірі қалмас. Одан соң екі қосын араласып, Ұрысар бір-бірімен кетпей қашып. Ақыры басым тұрып жеңер еді, Бақыт, өмір қайсысына болса нәсіп, Бір адам әр он атты ұстап тұрса, Дұшпанның қашқандығын пайымдаса, Аттарды иесіне алып барып, Әмірдің мінуіне әзір қылса. Ұрысып одан кейін атпен жүріп, Қосынның ар жақтағы бәрін қырып, Қамалған қазынасы мен қыз, қатынын Аламыз нәсіп болса олжа қылып». Қосынға жарлық жетіп айтылды сөз, Көп адам дайындады ағашты тез. Тоғайға халықтың бәрі қолын ұрды, Байланды даяр болып ашқанша көз. Біреуі оншақты атты дайын етті, Шөптерін домалатып жүріп кетті. Қырғыздың оқтарынан зиян көрмей, Алдында қазып қойған орға жетті. Ағашты орға тастап көпір қылып. Малына матап қойган барды кіріп. Айқайлап кейін қарай қуалады, Жібінің байлап қойған бәрін қиып. Қалың мал қырғыз жақты кетті басып, Тұрмады қайтарса да алдын тосып. Содан соң қазақ қолы кірді барып, Малдардың артыменен араласып. Алдынан манаптар да қатар тұрды. Аянып бет қайтармай ұрыс қылды. Қашқанмен құтылуға лажы жоқ, Қазақты жақындаған өлтіреді. Қылыш пен пышақ еді қарулары, Жұмсалмай найза, мылтық қалды бәрі. Көбісі бір-бірімен араласты,
Жарылқасын Боранбаев Ұруға болмаған соң еш имканы. Қырғыздан бұл ұрыста қазақ елі Көптікте әлденеше артық еді. Басынан манаптардың бақыт ұшып, Жеңістің Абылай жақтан тұрды желі. Әтеке Жырық атты қырғыз ханы, Байғұстың сол ұрыста шықты жаны. Ханы өліп, тіккен туы жығылған соң, Манаптар бетін бұрып, қашты бәрі... Ел шапты бұл арада үш күн жатып, Дүние-мал олжа болды шектен артық. Ол жолғы түскен малдың есеп-санын Пәлен деп айту қиын дәл болжамын. Абылай жинасын деп жар шақыртты, Қалдырмай қолға түскен олжа малын. Қосынның бұл жарлықты бәрі есітіп, Бір жерге алғандарын қойды әкеліп. Жиылған Қазымәмек қарияларды Келтірді өз алдына әзір етіп. Сол жерде Қазымәмек құлдық ұрып, Бір жерге жинап қойған малға кіріп, Қанша мал, жасау казына, жесір алды, Көргенін, ұстағанын қолы біліп. Халқының ар мен намыс кегін алып, Жайғасты жайларына қайтып барып. Абылай ордасына отырды кеп, Халқының қамығады көп қамын жеп. Айнала қоршап тұрған дұшпандардан, Бір зиян бұқарама тимесін деп. Абылай бітірген соң бұл сапарды, Ұлы жүз төресінен бір қыз алды. Сөке атты ол әйелден бала туып, Әулеті Алматыда тұрар бәрі. Және бір әйел алды осы жылы, Төркіні – төрелердің еді бірі. Ол қыздан Әлі деген бала туып, Құлжада анық болар тұратыны. Хандардың таусылмайтын жорығы еді, Зорлықтың қазақ, қырғыз зорын көрді. Кейіннен табысты да туысқандай, Төрінен татулыққа орын берді.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны АБЫЛАЙДЫҢ ҚАЛМАҚ СЕРІШ БАТЬІРДЫ ӨЛТІРГЕНІ Сол уақта қалмақтардың тұрған жері – Алматы, Қапалдан да беріде еді. Қазаққа қарағанда аз келмейтін, Ол дағы өз алдына халық еді. Бар еді неше жерде салған қала, Орнаған қыстақ болып бәрі һәмма. Үй тігіп, шаруа болып, малын бағып, Қаншасы жүруші еді көшіп және. Ұрысқа қайратты еді бәрі кілең, Аспаптан, әр қарудан еместі кем. Өзіне қылыш, мылтық керектісін Қытайдан тұрар еді алып әр дем. Өздерін қазақтардан мықты біліп, Кей-кейде мал алатын елге тиіп. Артықша ауыр қасірет келмеген соң, Қазақтар жүруші еді сабыр қылып. Қоймады шымшығанын, тырнағанын, Қысы-жаз, кісі малын ұрлағанын. Көңілінде қорқады деп ойлайды екен, Қазақтың артық шаруа қылмағаның. Осындай елдің іші жүруші еді, Мал алып неше мәрте азар берді. Жаз жайлау, қыс қыстауын тартып алып, Қазақты жер аударып қусақ дерді. Қалдан деп айтар еді қалмақ ханын, Бір туған екі інісі бар еді оның. Шырын деп біреуіне ат қойылған, Серіш деп айтар еді қалғандарын. Серіші батыр еді шыққан аты, Алысқа есітіліп кеткен даңқы. Серіштің атын айтып ауызға алса, Қорқады үйде отырған момын халқы. Бір жылы Серіш келіп елді шапты, Қыз, қатын, дүние, малын алып қайтты. Жан-жаққа шабылған жұрт ат шаптырып, «Келсін» деп қумақ үшін хабар айтты. Білдірді Абылай ханға біреу келіп, Жинады хан да қосын хабар беріп.
Жарылқасын Боранбаев Сол сапар бағанағы батырынан Әлібек бірге жүрді ту көтеріп. Қалмақтар шауып кеткен елге барды, Халқының хәлін көріп қайғылаңды. Шамалы жақын жердің адамының Баршасы даяр болып сәт тұрған-ды. Қосынын Абылай хан қасына ертіп, Ізімен жүріп кетті сапар етіп. Еліне барып қалмай жету үшін, Тез жүріп сабылады ат терлетіп. Алдынан барар еді барлау салып, Көрінсе, келмек үшін хабар алып. Қалмақты қонып жатқан тауып келді Барлаушы бұрын кеткен бірі барып. Мұны естіп қазақ қолы бек түйінді, Үстіне батырлары сауыт киді. Айқайлап «Абылайлап» ұран салып, Қалмаққа қонып жатқан келіп тиді. Бар еді қалмақтың да қарауылы, Ат қоймай тұрғанында көріп мұны, Қапысыз хабарланған олар-дағы Тұр екен даярланып калмай бірі. Қалмақтар ұран салып қарсы ұмтылды, Қазақтың қосынына жетіп тиді. Сол жерде қазақ, қалмақ араласып, Аянбай екі жағы ұрыс қылды. Қалмақтың қосынынан қазақ қолы Аз еді пәленбай жүз осы жолы. Сонда да ықтиятпен соғыс салып, Жүрер-ді көп жазылып кетпей тобы. Абылай ту түбінде қарап тұрды, Қан майдан төңірегінде ұрыс жүрді. Бұл ұрыс қатты болды шектен асып, Оқ атып, қылыш жұмсап, найза шаншып, Иә қорқып, иә сескенген ешкімі жоқ, Өлтірер бірі қуып, бірі шаншып. Қазақтар қайратына көп зор берді, Қалмақтың қарсы шапқан қаншасы өлді. Батыры Серіш тұрған ту түбіне Біразы сол уақта қашып келді. Бұл істі Серіш көріп ашуланып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Найзасын жарқылдатып қолына алып, Қазақтың бұзылмаған қосынының Ішіне айғай салып кірді барып. Серіштің келгендігін бәрі көрді, Бұрыннан батырлығын білуші еді. Тоқтатып аттарының басын тартып, Көңіліне біразының үрей енді. Қосынға Серіш батыр кірді жалғыз, Найзамен шаншар еді болғанын кез. Алдына қарсы келген қазақтардың Өлтірді бірнешеуін түйрелеп тез. Қазақтың қарсы келген қай бірісін Найзамен бір сілтеп-ақ бітірді ісін. Өз атын «мен – Серіш» деп айқайлайды Көрсетіп неше ықылым қайрат-күшін. Серіштің ұрысуы жалғыз кіріп. Үстіне келіп еді сауыт киіп. Етіне сауытынан өтпес еді Жүргенмен садақ, қылыш, найза тиіп. Лажсыз қазақ қолы атын бұрды, Қашуға кейін қарай қиял кірді. Қалмақтың әскерінің әруағы асып, Артынан қазақтардың қайта ұмтылды. Қазақтар өз туына барды жақын, Ешбірі ұрыспады тартып атын. Көз салып Абылай хан көріп тұрды Серіштен қашып келген мұнша халқын. Халқының пенде болган хәлін көрді, Көңіліне ашу-қайрат бірдей келді. Найзасын қолына ұстап, атып ұрып, Серішпен соғыспаққа бекімденді. Абылай ханды батыр Серіш танып, Артықша буырқанды қайраттанып. Алдынан көлденеңдеп қарсы шықты, Найзасын шанышпақ үшін қолына алып. Найза ұстап Абылай да қарсы ұмтылды, Аямай бірін-бірі перді, ұрды. Сол жерде екеуінің сауытынан Етіне найзалары өтпей тұрды. Екеуі екі жаққа кетті өтіп, Қайтадан қарсы ұмтылды қайрат етіп.
Жарылқасын Боранбаев Қаншама қарсы келіп шанышса дағы, Жықпады бірін-бірі ажал жетіп. Абылай қорамсаққа қолын салды, Серіштің кеудесіне нысан алды. Аяғын үзеңгіге тіреп тұрып, Садағын бар күшімен тартып қалды. Сажакөз сауытының қойған нәмі, Болаттан шығыршықтың еді бәрі. Абылай хан атқан оғы тесіп өтіп, Серіштің тілге келмей шықты жаны. Атынан Серіш жерге аударылды, Өлгенін қалмақтардың бәрі білді. Абылай қалмақтардың қосынына Найзасын қолына ұстап қайта ұмтылды. Қазақтың әскері де қуанып көп, Тиісті бір шетінен қалмаққа кеп. Сол уақта бір диуана пайда болды, Айқайлап анда-санда «жау қашты» деп. Таныды Абылай хан көріп мұны, Өзінің жалаң аяқ еді пірі. Көңіліне қалмақтардың қорқу кіріп, Баршасы кейін қашты бетін бұрып. Қазақтың қосыны да ажырамастан Келеді араласып ұрыс қылып. Қазақтан қыз, келіншек, алған малы, Тұр екен қамаулы боп тамам бәрі. Сол жерде тоқтап қалмақ тағы ұрысты, Кетуге көзі қимай тастап оны. Сол жерде қазақ, қалмақ араласып, Ұрысты бірін-бірі шауып, шаншып. Жұмысы өлтіруден өлімге ауып, Тұрар-ды қалмақ жағы кетпей қашып. Әлібек тұрған еді ту көтеріп, Біреуге ұстап тұрған туын беріп, Қамалға жалғыз өзі қарсы шапты, Көңіліне қуаныштай желік еніп. Қамалдың ортасына барып кірді. Алдынан қалмақтар да қарсы ұмтылды. Шапқаннан, шанышқаннан қауіп қылмай, Ту тұрған жерге қарай атын бұрды. Айқайлап қазақтардың батырлары,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Шорман мен Найман Төлек кірді бәрі. Әлібек тас қамалды жалғыз бұзып, Иіріліп туға таман кетті ілгері. Бір қалмақ тұрады екен ту көтеріп, Қылышпен Әлібек ер шапты келіп. Ту байлап ұстап тұрган ағашының Тоқталмай ортасынан кетті бөліп. Туының жығылғанын қалмақ білді. Әр жерден «жау қашты» деп ұрандады. Көңіліне қалмақтардың үрей қашып, Қашпаққа кейін қарай атын бұрды. Мал-мүлік, жесір қатын бәрі қалып, Қазақтар жау қашырды қуып барып. Қалмақтың колға түскен ат-шапанын Таудай ғып арттарынан келді алып. Өзінің мал мен мүлік қазыналарын Егесі танып алды тамам бәрін. Қосынның баршасына бөліп берді. Абылай қалмақтардан алған малын. Сол жерде демін алды бір күн жатып, Еліне ертесіне кетті кайтып. Қашырып, қалмақ итті жеңгендігін, Ілгері кеткендері білдірді айтып. Жұртына Абылай хан қайтып кетті, Пайтахты Түркістанға келіп жетті, Дұшпаннан өз халқының кегін алып, Онан соң таратуға карар етті. Қалмақтар өз еліне қайтып барып, Серіштің өлгеніне қайғыланып, Қалдан хан аза тұтып отырыпты, Неше күн төмен қарай басын салып. Халқының аза тұтып өзгесі һәм, Ханына көңіл айтады бәрі тамам. Серіштің қазаланған кез-қысасын Қалайша аламыз деп кеңес құрған. Қалмақта аты шыққан ер бар еді, Елінің қойған аты Қабыл еді. Садақты аңыратып тартқан кезде, Сауыттың екеуінен өткізер-ді. Бір күні Қабыл айтты Қалданға кеп: «Қазаққа мен жүремін кек кетпес деп.
Жарылқасын Боранбаев Серішті Абылай ханның өлтіргені Өзіме кемдік болды артықша көп. Дүниеде кемдік болмас менде мұндай, Бекерге жылауменен қарап тұрмай. Аттанып қазақтардан кек алайық, Ел шауып, еңіретейік тиіп жындай. Қазақтың елін шауып, алсақ малын, Көрерміз Абылай ханның сонда халін. Абылайды бір амалмен мен өлтірсем, Ішерміз Серіш үшін касық қанын». АБЫЛАЙДЫҢ ЖАУ ҚОЛЫНА ТҮСКЕНІ Бұл сөзді Қалдан хан да мақұл көрді, Қабылға «қамын қыл» деп рұқсат берді. Қабылды өздеріне бастық жасап, Қалмақтың көп әскері жолға жүрді. Осыдан Абылай хан да хабарланып, Бекінді бір қиялды көңіліне алып. «Ертерек ел шетінде отырайын, Аттанып аз адаммен өзім барып. Қалмақтар бұрын тисе елге келіп, Қаншама қатын-бала кетер өліп. Артынан хабарланып біз барғанша, Халқымыз қалса керек жәбір көріп». Көңіліне осы түрлі қиял келді, Қосынға «жиналсын» деп хабар берді. Жолдас қып аз адамды қасына ертіп, Абылай хан ел шетіне шыға келді. Жіберіп әр тарапқа баршыларын, Байқастап тұрушы еді жердің бәрін. Қалмақтың жол аңдыган баршылары Қазақтың ұстап алды бір адамын. Санына қыл бұрау сап қинады кеп, «Абылайдын жатқан жерін дәл айтқын» деп Қинауға шыдай алмай шынын айтты. Абылайды ел шетіне жатыр деп тек. Қалмақтар мұны естіп бек қуанды, Жібермей ол адамды басшыға алды. Сол жерден күн батқан соң атқа мініп,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Абылай хан жатқан жерге бәрі барды. Қазақтар жіберген соң баршыларын, Берер деп жақын келсе жау хабарын, Қосынға күзет қоймай жатыр екен, Далаға қуып тастап аттың бәрін. Қалмақтар жақын келіп біраз барлап, Ат қойды одан кейін «қалақайлап». Орнынан ешбіреуін тұрғызбастан, Барлығын қазактардың алды байлап. Абылай хан шатырында жатыр еді, Оянып ұйқысынан бәрін көрді. Мінер ат, қасында адам болмаған соң, Лажсыз хан да ұрыспай пенде болды. Қалмақтар Абылай ханның адамдарын Өлтірмей, ұстап алды тамам бәрін. Тездетіп өз еліне айдап кетті, Білдірмей жақын елге бір хабарын. Қалданға ат шаптырып шүйінші айтып, Аттаңды дамыл алмай күн-түн қатып. Абылайды тұтқын етіп алып барды, Қабылдың қуанышы шектен артып. Қалданның көп менмендік көңіліне енді, «Келтір, - деп, - Абылайды әмір берді. Қабылдың жалаң қылыш жендеттері Абылайды Қалдан ханға алып келді. Абылайға Қалдан айтты әуез қылып: «Серіштің қанын төктің сен өлтіріп. Артыңда мұндай сұмдық болар демей, Қалайша оғыңды аттың көзің қиып? Отырсың енді міне, болып пәнда, Лайық мен өлтірсем қысас қанга. Мен сені Ссріш үшін өлтіремін, Құтылар сылтау етіп сөзің бар ма?» Абылай хан айтты сонда: «Бәрі де рас, Еш адам ажал жетсе мойын бұрмас. Серішті жекпе-жекте өлтіргенмін, Әдеті қай елдің де қарсы тұрмас. Серішің жазықсыздан елді шапты, Дүние-мал, қыз, қатынын алып қайтты. Қалмақтың елді шауып кеткендігін Жанына халқы келіп хабар айтты,
Жарылқасын Боранбаев Артынан батырыңның хабар беріп, Жолықтым қан майданда қуып келіп, Сол жерде қазақ ханын өлтірмекке Ұмтылды Серіш өзі ұрысқа еніп, Өзімнің қосынымнан бөлініп тез, Алдынан қарсы шығып ұшырдым кез. Інісі Қалдан ханның Серішпін деп, Өз атын мәлім етіп айтпады сөз. Қазақтың батырының мен деп бірі, Қолдағы садағыммен аттым оны. Оғымның өткенінен өліп кетті, Өмірдің себеп болып біткендігі, Өзінің білдіргенде айтып атын, Қалмақта хандық құрған асыл затын, Оғымды өлмес жерден атар едім, Осылай іс қылар ем ойлап артын. Осындай інің Серіш ұрыста өлді, Өзінің кім екенін айтпап еді, Далада жайбарақат жатқанымда, Мені ұстап адамдарың алып келді. Бұл емес ойлағанға ердің ісі, Өлтірсең қан майданда келсе күшің. Хан түгіл қараға да лайық емес, Сен өзің жөні түзу сөзге түсін. Көңліңе қайсысы келсе мақұл, Ал енді ықтиярлы қалауың қыл. Аңсызда ұстап алып өлтіргенің, Ісі емес еркектердің мұны да біл. Егер де өліп кетсем үшбу заман, Шейіттік дәрежесі болар маған. Өлтірмей елге қайтып жіберсең де, Қазағым қас дұшпанын қоймайды аман». Осындай сөздер айтып неше түрлі, Абылай бетін бұрмай отыр еді. Абылайдың айтқан сөзін тамаша етіп, Қалдан хан «мәрт екен» деп ойлап тұрды. Қалданның әр нәрсеге көңлі кетіп, Түрмеге отырғызды алып келіп. Орданың жақсы деген адамымен. Сөйлесті содан кейін кеңес етіп. Халқына Қалдан айтты: «Серіш өлді
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Өлтірген хан Абылай өзі келді. Кек алып қайтарудың жөні қалай? Қай түрлі сөз айтасыз бәрің енді?» Қалмақтар Қалданға айтты: «Сіз білесіз, Дұшпанды алдыңызға келтірдік біз. О баста қалауыңыз қандай болса, Орнына соның бәрін келтіріңіз». Халқына Қалдан айтты: «Болса мұндай, Абылайды өлтірейік тоқтап тұрмай, Серіштің кегі менен өшін алсам, Қапалық, қайғым кетіп, көңлім тынғай, Абылайдың басын кессек біз өлтіріп, Есітер қазақтардың бәрі біліп, Онан соң біздерменен ұрыса алмас, Көңіліне ханы өлген соң қорқу кіріп, Қалданның Құлтай атты сарқардасы, Қалмақтың ханнан соңғы еді басы. Абылайды өлтіруге қосылмады, Көңлінің келмеген соң ризасы. Қалданға Құлтай айтты: «Әміріміз, Істерміз қабыл алып айтқанды біз. Ал бірақ бір күдік кеп отыр еді, Өзіңіз мақұл десеңіз айтайын сөз. Майданда ажал жетіп өлді Серіш, Тағдырдың жазуымен болар әр іс. Серішке білмегеннен оқ атыпты, Абылайдың уәжі, сірә, дұрыс. Һәм өзі уайымсыз жатқан жерде, Рас қой, қолға түсті болып пенде. Бұл дағы өзіңізге жақсы ат емес, Не дейсіз осы ақуалды білгендерге? Жақсы еді ұрыс салып кеткенде өліп, Көрсетті көзімізге мұнда әкеліп. Дәстүріне қалмақтардың дұрыс болмас, Өлтіру қапылыста ұстап беріп, Абылайдың бізге жақсы өлмегені, Өлтірсек Серіш үшін біздер оны, Қаншама қан төгіліп соғыс болар, Қазақтың қарап қалмас өзгелері. Нешеме есе артық қой бізден бұлар, Ханы үшін аянбастан ұрыс қылар.
Жарылқасын Боранбаев Қазақтың бәрі бірдей аттанса егер, Қалмақтың шамасы жоқ қарсы тұрар. Білесіз бұрыннан-ақ қазақ елі. Ешкімге тыныш жатқан тимеуші еді. Қалмақтар қоймай шауып мал алған соң, Қасқайып жаныменен қарсы келді. Абылайды қапылыста ұстап тірі, Түрмеге қамап тағы қойдық мұны. Серіштің өлгенінен кейін болмас, Қазақтың ханы ұсталған бұл сұмдығы. Абылайды алдымызға біз алдырып, Сөйлессек қайтер еді татулық қып? Мұнан соң бір-бірімізге тимес болсақ, Шартнама арамызға хат сыздырып? Құлтайың жігіт екен сөзге епті, Ханына адаспайтын жол көрсетті. Отырған қатардағы қалмақтарың, Әр жерден «бұл дұрыс» деп шулап кетті. Қалдан хан қиялданып көп толғанып, Отырды төмен қарап басын салып. Ақыры: «Айтқандарың болсын», - деді, Құлтайдың айтқан сөзін қабыл алып. Алдырып Абылай ханды сол араға, Бұл сөзді Құлтай айтты: «Маған қара! Лажсыз қолға түсіп отырған соң, Сенде жоқ құтылмаққа ешбір шама; Көңліне ханымыздың ашу кіріп, Ойланды жібермекке сені олтіріп, Біз сенің өміріңді сұрап алдық, Көпшілік осы отырған көп өтініп, Айтамыз шартнама қып енді саған: Халқына қайтып барсаң өлмей аман, Қалмаққа бұдан кейін дұшпан болып, Келмесін қазақтарың ойға жаман, Бұл түрлі шартнама етіп жазасың хат, Бересің айнымайтын уағда-ант. Сен егер осы шартты орындасаң, Халқыңа қайтарамыз беріп рұқсат, Хан айтты: «Неге керек осынша кеп? Сендерге жалынбаспын өлермін деп. Біз дағы тиіспейміз ешбіріңе,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Айтсаңдар сендер тату боламыз деп. Білесің өздерің де мұнан бұрын Шапқан жоқ қазақ келіп қалмақ жерін. Қалмақтар қазақтардың елін шауып, Олжалап алып кетті қатын-қызын, Жазайық осы түрлі шартнаманы: Ел шапса екі жақтың қайсылары, Айыбын мал-дүниесін қайтып беріп, Жазасын берсін елдің жақсылары, Егер де хан халықтың алмай тілін, Дүниесін кайтармаса алушының, Жыласа шабылган ел теңдік таппай, Жазасын хан көтерсін бәрін мұның. Малынан шабылған ел ажырап қалып, Артынан дұшпанының барса аттанып, Ханына я халқына айып айтпасын, Өзінен болғандығын мойнына алып». Осындай бірнеше сөз айтылынды, Бәрін де қалмақ ханы қабыл қылды. Шартнама аталатын қағаз жазып, Қол қойып екі жақтан мөр басылды. Артықша сияпат қылып Абылай ерге, Асылдан қымбат баға берді әр не. Ат-тонын өздеріне қайтып берді Абылаймен қолға түсіп келгеңдерге. Осылай қазақ, қалмақ уағда қылып, Абылай өз еліне кетті жүріп. Кейбіреу Абылай хан шықты дейді, Қолында қалмақтардың бір жыл тұрып. Кейбіреу: түсіп еді күзгі күнде, Қалмақпен бір қыс тұрды жайлап бірге, Қыс өтіп жер жүзіне көк шыққан соң, Көктемнің құтылыпты мезгілінде: Абылай жолдасымен келер еді, Жұмыстың ащы-тұщы бәрін көрді. Өзінің босанғанын білдірмекке. Ілгері бір адамын жібереді. Ол кісі тездеп жүріп ұшырып жан, Ордаға хабар берді, босанды хан! Ат, шапан сүйіншіге көп нәрсе алды, Ханым мен ордадағы балалардан.
Жарылқасын Боранбаев Қазақтың жақын жсрге жиналғаны Алдынан Абылайдың шықты бәрі. Босатып үзеңгісін, көзін сүртіп, Бұл сөзді айтып жатты етіп зары: «Абылай жұрт егесі, е, ханымыз! Қалмаққа тұтқын болып кеткенде сіз, Баладан атасы өлген жаман болдық. Үш жүздің басын қосқан бар халқымыз. Егерде келмегенде елге қайтып, Үш жүздің баласына хабар айтып, Жолыңа басымызды бермекші едік. Артыңнан іздеп барып әскер тартып. Тілегін халқыңыздың Алла беріп, Қуанттың баршамызды аман келіп, Біздерге тірі жүру қиын еді, Қалмақтың сіз кеткенде қолында өліп». Осындай жан қозғарлық сөздер айтты, Жастарын көздерінен домалатты. Ханының шылауында жаяу жүріп, Өзінің ордасына алып қайтты. Атырап қариясының бәрі келіп, Ханының жылап жатыр жүзін көріп. Қыс өтіп, болғаннан соң жаздың күні, Тіленіп үш алаштың қалмай бірі, Ханының қайтқанына насаттанып, Жасады ұлы тойды күні-түні. Әр елге сүйіншіге адам барды, Байлыққа барған жерде душарланды, Есіткен жанның бәрі қош қуанып, Барғандар неше жерден ат-тон алды. Ордаға хан алдына бәрі келіп, Әуелі үлкендері ішке еніп, Етекпен көзге сүртіп сәлем берді, Кемсеңдеп жасын төгіп, көңлі еріп, «Әуелден жұрт егесі, е, ханымыз! Кеудеде жан, күш-қуат сіз едіңіз, Жамандық хабарыңыз естілгенде, Өлгендер есебінде боп тұрдық біз. Тұрғанда жау қолында аз кідіріп, Үш жүздің баласынан қалмай жүріп, Бас беріп жолыңызда өлер едік,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Әйтпесе өлтірер ек бәрін қырып, Жыладық жалбарынып бір Аллаға, Ақ жүзін көрсеткін деп бір мәртеба. Біздердің көңілімізде болмап еді, Бұл уақытта көрерміз деп сізді және, Қарауыл айналасы ханның елі, Отырған Көкшетауға жақын жері, Келген жұрт түсетұғын бұрыннан-ақ, Неше жүз ақ үй тігіп қойған еді. Ішіне төсек салып, орын сайлап, Әр үйге саба орнатты бие байлап. Ханына халық жиналып келгенінде Етуге мейманшылық қойған ойлап. Жұртының қарт-қария жақсыларын Түсірді тіккен үйге әкеп бәрін, Неше күн келгендерді мейман етті, Әр үйге алып келіп сойып малын, Қуандық, Алтай, Төле-арғын бәрі, Орта жүз ақ Ордаға жақындады. Ат жетер жерлеріне хабар беріп, Ойланды несібені толтырғалы. Байлары қатар елдің хабарланып, Өзіне айтса да біреу барып, Семіз қой, семіз жылқы, саба қымыз Баршасын тойға керек келеді алып, Той жасап ықыласпен халықтың бәрі, Кетсе де бір адамның қанша малы, Қайырымды ханымызга садақа деп, Көңлінде ренжу жоқ, шат ажарлы, Ғаріптерге берілді қайыр-жәрдем, Қалмады сияпаттан алмаған жан. Қауіптен қанымызды сақтағын деп, Көп еді жарлы пақыр дұға қылған, Палуандар күрес бастап, ат шаптырған, Ақындарға өлең мен жыр айттырып, Неше күн ойын жасап той тарқатты. Қалаған, ойлағанның бәрін қылып. Бір күні тарқаған соң той қызығы, Арыз етті ханға келіп ел жақсысы. «Біздерге естен кетпес дақ боп қалды, Қалмақтың басынғандай бұл жұмысы,
Жарылқасын Боранбаев Барайық қалмақтарға тік аттанып, Алайық қона жүріп елін шауып, Қапылыста өзіңізді пенде қылып. Әкеткен қайтарайық кегіңді алып, Хан айтты: «Сөздеріңнің жөні де бар, Бұл бізге іс болған жоқ естен шығар. Сөйтсе де қалмақпенен арамызда, Іс болды бұдан былай сөзге тұрар, Қалмақпен сөз байластық уәде қылып, Шартнама қағаз жаздық мөр басылып, Дұшпандық бір-бірімізге жасамасқа, Дос болып мұнан бұлай тату тұрып, Осындай жасап келдік уәдені, Қайтадан бұзуға жоқ еш імкәні. Жаманат ақырында бізге келер, Келген соң елімізге бұзсақ оны, Қариялар ханына айтты: «Бұл сөз дұрыс. Сөйтсе де көңлімізге келді бір іс, Бұрынғы аталардан бір нақыл бар, Үстінде серт жүрмейді деген қылыш». Хан айтты: «Қалмақ қарап тұрмас бекер, Бұрынғы бұзықтығын тағы да етер. Көңлі өсіп тұрғандықтан көп кешікпей, Тағы да қазақ малын алып кетер, Артынан мал егесі қуып барса, Ханына арыз етіп мәлімдесе, Өзіне алған малын қайтып бермес, Қалмақтар бұйырғанмен ханы неше...» Арада бірнеше жыл кетті өтіп, Жауласпай тыныш отырды рақат етіп, Ұзамай қалмақ тағы атқа мінді Алмаққа қазақ малын көңлі кетіп, Әуелі бестеп-ондап жылқыны алды, Артынан мал егесі қуып барды. Барғандар малын сұрап бермеген соң, Ханына арыз айтып құн сұрады, Ұрыға жасауылын хан жіберіп, Тапсырды қайтарсын деп малын беріп, Ұрысы алған малын кайтармады, Сөзіне Қалдан айтқан карсы келіп, Артынан алған малдың қуып жетіп,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Жүргендс араласып ұрыс етіп, Қазақтың бір ретте адам өлді, Қалмақтар адал малын алып кетіп, Қазақтар Абылайға арыз етті: - Қалмақта ханымыздың кегі кетті, Артынан барғанменен есе бермес, Көрсеткен кемшілігі қатты өтті, Хан айтты келгендерге мұндай уәж: «Мөр басып мен берейін керек қағаз.
Малымды қайтарып бер деп арыздайын, Алдына Қалдан ханның барыңыз баз, Мұны айтып бір молдаға хат жаздырды, Жазған сөз болып еді мына түрлі. «Екі халық дұшпан болмай тұралық деп, Мөр басып шартнамада ант болынды. Мал алса екі халықтың қайсы бірі, Иесіне қайтармақшы болдық мұны. Жазаға хан алдында тартпақшы едік, Мал ұрлап иә көрсетіп алғушыны. Бұл уәде бұзылды да қалмақтар кеп, Қазақтан кісі өлтірді, мал алды көп. Алдыңа мал егесін мен жібердім, Барсаңдар қайтарғызып береді деп, Бұрын да арыз айтты қанша кісі, Бұрыннан өзіңізге мәлім еді, Мал алған ұрылардың бұл жұмысы. Сен тұрсаң шартнаманы рас біліп, Құны мен малын қайтар түгел тізіп, Ел шауып бұрынғыдай араз болмай, Екі жақ тыныш жүрсін тату тұрып, Егерде бұл сөзімді көрмей қабыл, Қазақтың қайтармасаң малдарын бұл, Тағы да қалмақ, қазақ жау болғаны. Біздермен ұрысатын қамыңды қыл, Абылай, бір елшісін етті даяр, Деп айтты: «Бұл хатты алып Қалданға бар. Қай түрлі жақсы-жаман сөз айтса да, Тездікпен жақын уақытта бергін хабар». Қалданға хатты берді елші әкеліп, Баршасын бастан-аяқ оқып көріп, Халқына қағаз сөзін мәлім етті,
Жарылқасын Боранбаев Қасына жақсыларын жинап келіп. Хан айтты: «Уәдеміздің бары рас, Ақыры зиян келер бұзсақ оны. Есептеп өлгеніне құн беріңдер, Ұрланған қазақтардың қайтсын малы!» Халқы айтты Қалдан ханға: «Тыңдаңыз Сіз, Қазақпен арада бар дәстүріміз. Қазақтар малға сатып, пұлын алған, Ұрыста қолға түсті пенде болып. Өлімнен аман еттік бос жіберіп. Қазақтар ханын бізден құтқарар ед, Қарызына он адамның құнын беріп. Жүр едік өзі біліп береді деп, Бермеді қанша уақыт өтседе көш. Сол үшін қазақ малын ап жатырмыз, Абылайдың құн баһасы көңілге кеп. Абылайды құтқарған берсін малын, Босатсын күллі қалмақ тұтқындарын. Содан соң өлгенінің құнын төлеп, Берейік малдарының қайтып бәрін. Халыққа Құлтай айтты: «Неғылған сөз, Жараспас бұзақылық мұндай мінез. Абылайды соғыста жеңіп пе едің, Қапыда ұстап алдың ұшырасып кез. Егерде соғыспенен ұстағанда, Дұрыс-ты айырбастап сатсақ малға. Болмаса құн сұрасақ болар еді, Абылай тұрғанында біздің қолда. Абылайды босаттық ырзаланып, Уәде-шарт жасадық, хатқа жазып. Ендігің не десең де дұрыс емес, Артынан мұны айтқаның дау шығарып. Берілген уәдені бұзсақ егер, Бұл істен халқымызға зиян келер. Өзінің қысас-кегін алу үшін, Абылай Үш жүзіне хабар берер. Одан соң пайдасы жоқ өкінгеннің, Кінәлі біз боламыз-уәде бердің. Осындай дау ұлғаймай тұрғанында, Қайтарып қазақтардың малын бергін». Қалмақтар Құлтайға айтты: «Мұның жалған,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Бермейміз бірін қайтып алған малдан. Құнындай он кісінің ақымыз бар, Қазақтар малымызды берсін қалған!» Елшіге Қалдан айтты етіп мәлім, «Есіткен бұл сөзіңді айтып барғын. Құны боп Абылайдың есептелсін, Мына жұрт қайтармайды алған малын. Бұлардың сөздеріне жауап берсін, Дұрыс көрсе алған малы бізде тұрсын. Айтқанға көнбейтұғын ойы болса, Өзінің не істесе де еркі білсін! Орнынан Қапыл атты біреу тұрып, Абылайдың хатын жыртты пара қылып. «Абылайға айт, содан кейін хандық етсін, Әуелі қарызынан ол құтылып!» Қалмақтың айтқан сөзін елші естіп, Алдынан Қалдан ханның қалды кетіп. Қалмақтан көріп-біліп, есіткенін, Білдірді Абылайға мәлім етіп. Абылай хан мұны естіп ашуланды, Шақырып бір жазғышты қасына алды. Үш жүздің баласына хабар беріп, Төменде айтқан сөзді хатқа салды: Деп айтты: «Ілгеріде сіздер келіп, Қалмақтың маған қылған ісін көріп. Аттанып жаудың елін шабайық деп, Баршаңыз айттыңыздар көп тіленіп. Осы айтқан әңгімені қабыл көрмей, Сіздерді қайтарып ем рұқсат бермей. Уәдені себепсізден қайта бұзып, Соғысу көңіліме дұрыс келмей. Қалмақтар содан бері көп мал алды, Артынан біздің елден адам барды. Ханына уәдесімен жолықса да, Қайтарып алған малды бермей қалды. Артынан мал алғанды жеткен қуып, Жүргенде араласып, ұрыс қызып. Қазақтан қалмақ жағы қапылыста, Кетіпті екі адамын және өлтіріп. Қазақтар маған келіп айтты мұны,, Хат жазып мен жібердім бір елшіні.
Жарылқасын Боранбаев Қалмақтар алған малын қайтып беріп, Әм өлген берілсін деп адам құны. Ханына хат беріпті елші барып, Алдына Қалдан ханның жұрт жиналып. Қазақтан алған малын бермес бопты, Әр түрлі шатақ-шатақ сөз шығарып. Жыртыпты қағазымды құм майдалап, Отырған ырза бопты Қалдан қарап, Мал берсін я жолынан калмасын деп, Аузымен хан айтыпты маған жауап. Дұшпаннан діні басқа хабар жетіп, Тұрғанда ел шетінің тынышы кетіп, Бұл өзі ағайындық жұмыс емес, Отыру не көрсек те сабыр етіп. Қамданып өткізсеңіз қыстың күнін, Жаз болып тастаған соң аттар жүнін, Қалмаққа қосын құрап аттанамын, Жарарлық ат, адамның қоймай бірін, Бұл сапар шығу керек көп қамданып, Тозбас тон, таусылмайтын азық алып. Он адам бір үй тігіп жүру керек, Қыстасақ керек болмақ ұзап барып. Қосынға адам берсін байлар жаңа, Ат-тонның аямасын бәрін һәмма, Қайратты жас жігіттер қап жүрмесін, Өзінде ат жоқтықтан болмай шама. Баршамыз үйден шығып пәлен жайда. Сол жерге айтқан күннен қалмай жетсін Арасы алыс-жақын болса қайда». Осындай жарлық беріп, жол көрсетті, Әр елге жаушылары алып кетті, Ханының қалғандары тілін алып, Аттанып жүрмекліктің қамын етті, Бұл жолы айттырмастан байдың бәрі, Ат-тонын аямады ешбіреуі, Қалмастан жігітінің бәрі жүрді, Қалмақтың қызықтырып олжа малы, Содан соң ұзақ жолдың жайын білді, Он адам ортасынан үй көшірді. Ас қылып, кірін жуып бермек үшін Әр үйге бір әйелден алып жүрді.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Құлынды бие, саулы түйелердің Қалдырмай айдап, артып жүрді бәрін, Қыс киім, көрпе-төсек тағы артылды, Аспаптың жолға дәркар қоймай кемін. Қыс өтіп, жаз түскен соң ат семіріп, Шығатын жауға қарай уақытын біліп, Уағдалы айтқан жерге бетін түзеп, Әркімдер өз жолымен кетті жүріп. Ханның да аттанатын уақыты жетті, Ат-анжам аспаптарын құп түзетті. Көтеріп жасыл туын колына ұстап, Халқына мына сөзді ізһар етті: «Намыстың жасыл туын ұстап қолға, Барамыз сапар шегіп ұзақ жолға. Қалмақпен діні бөлек ұрысамыз, Келер ме осы жұмыс біздің оңға? Көрейін өз көзіммен бір пал қылып, Асықты бұл дабылға мен иіріп, Жоғары атқылайын сонда нені Асығым білдіреді қалай тұрып? Асықтың бүгі, шігі, тәйке, алшысы – Бұлардың менікі емес ешбірісі. Дабылға төртеуінің бірі түссе, Қалмақтың оң болмақты барлық ісі. Егер де оңқасынан тұрса барып, Қайтармын көңілім тынып, қалмақты алып, Асықты осыны айтып иіргенде, Тұрарды халықтың бәрі назар салып, Домалап неше мәрте асық жүрді. Дабылға әр жағының бәрі тиді. Ақыры жиырылып тоқтаганда, Тік болып оңқасынан барып тұрды. Қуанды мұны көріп жиылған көп, Қалмақты олжа қылып аламыз деп, Сапарға тәуекелмен жүріп кетті, Ханның да уақты құштық көңліне кеп. Ортада бірнеше күн басып жолды, Уәде мен айтқан жайға барып қонды. Алды-артын жинап алып жүру үшін, Сол жерде бірнеше күн еру болды. Әуелі Орта жүздің қосындары
Жарылқасын Боранбаев Болған соң жері жақын келді бәрі. Одан соң Кіші жүздін қосынының Ханға кеп мағлұм болды тамам бәрі. Ұлы жүз баршасынан кейін келді, Өйткені шыққан жері алыс еді, Тасыған Талас пенен Шудан өтіп. Бетпақтың даласында мехнат көрді. Сол жерде бірнеше күн демін алып, Сөйлесті бір-бірімен мейірі қанып. Баяғы жалаң аяқ ханның пірі Қосынға өзі келді мағлұмданып. Жүреді жалаң аяқ әм жалаң бас, Қайрылып иыгын жауып тұрарды шаш. Нәзірге әркім дүние берсе дағы, Ешбірін аламын деп назар қылмас, Бағзы уақыт жоқ болады кетіп қалып, Бағзыда келер еді мағлұмданып. Алдында адамы жоқ мезгілінде Оңаша жолыгады ханға барып. Бағзылар уәли дерді көңлі кетіп, Бағзылар жынды дерді мазақ етіп Бұл жолдан диуана да қалмасын деп, Барады байғұс шалды қалмаққа ертіп, Қалмақтар тұрар еді біліп бәрін, Аттанып Абылай ханнын келмек жайын. Бір жерге жұрт жақсысы басын қосты, Өзінің ортаға алып Қалдан ханын. Әр жерден жұрткершілік сөз айтты көп, Қазақпен қандай жұмыс қыламыз деп, Ешбірі ұрысалық деп айтпасты, Көптігі қосынының көңліне кеп, Бағзысы ұрыспақты мақұл көрді, Көбісі қашу үшін тапты жөнді. Біразы қашмақлықты намыс қылып, Ұрыспақ осы жерде қарсы тұрып. Қозғалмай жайлы жерді жайлар едік, Қазақты жеңер болсақ біз қашырып. Сарыарқа бірақ бізге қоныс болмас, Қаншама қимасақ та қазақ қоймас. Қытайға жақын барып отыралық Діні бір сол болады бізге жолдас.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Көшсін деп білдірелік елдің бәрін, Ертерек алып кетсін қазына-малын. Артында жасақ жасап тоқталық, Жарарлық елдің жинап адамдарын. Қазақтар үстімізге келсе кіріп, Алдынан біз шығайық ұрыс қылып, Жеңсек те, жеңілсск те ештеме етпес, Ел ұзап, біз тіресіп калсақ тұрып. Қосынын қазақтардың егер жеңсек, Қашқан ел тоқтай тұрар хабар берсек, Ілгері қалыбында боп отырармыз, Тағы да Сарыарқаға қайтып келсек, Осылайша қалмақтар сөз шығарды, Жақсы деп ел көшкені айтыларды. Қалмақты Абылай ханның сесі басып, Қашпаққа көпшілігінің көңлі барды, Адаммен жан-жағына хат жіберіп, Білдірді көшпекіліктен хабар беріп. Бірінен-бірі қалмай үдерісті, Көңліне қалмақтардың үрей еніп. Жарарлық ат пен малдан қалды бәрі, Оңбады қашқан елдің ешбір жаны. Даярлап жау-жарағын тұрар еді, Әскері қазақпенен ұрысқалы. Үстіне қазақтар да басып келді, Қалмақты күтіп тұрган бәрі көрді. Хандары екі жақтың әскеріне Ұрыстың қамын қыл деп бұйрық берді. Оң-солын қазақ, қалмақ бірдей түріп, Түрар-ды қызыл-жасыл ту тігіліп, Жаршылар түрлі айқайды салар еді, Ұрысқа батырларды көп қыздырып, Әуелі қалмақтардан біреу келді, Сырым деп ат қойылған батыр ер-ді Майданда жалғыз тұрды ат ойнатып, «Жекпе-жек, жекпе-жек!» деп әуез берді. Қанжығалы Бөгенбай мұны естіп, Қайраты көңліндегі әбден өсіп, Қосыннан жалғыз шығып ат ойнатып, Қалмақтың қарсысына барды жетіп. Қолына екеуі де найзаны алды,
Жарылқасын Боранбаев Аянбай бір-біріне қарсы салды. Сауыты барлығынан зиян көрмей, Найзалар ортасынан сынып қалды Одан соң қолдарына ұстап қылыш, Бөрідей арпалысып бастады ұрыс. Шаппаққа Бөгенбайды талап етті. Ағзасын Сырым батыр ойлап дұрыс. Бөгенбай қолына алып өз қылышын, Ойланды һімлә қылып ұрмақ үшін. Сырым да қалқан тұтып қарап тұрды, Көрсетіп екі жаққа ерлік ісін. Қалқанға қата тиіп бұл ұрғаны, Кез болды қылышына аттың жалы. Атының алмас қылыш мойнын кесіп, Жығылды төңкеріліп құрып әлі. Орнынан тұрмақлықты етті талап, Бөгенбай қылыш ұрды төмен қарап. Астынан қолтығының өтіп кетті. Өмірі жас батырдың болды талақ. Сырымның өлгендігін қалмақ білді, Майданға «қалақайлап» бәрі ұмтылды, Қазақтың қосыны да қарап тұрмай, Майданға ұран айтып бұл да кірді. Ұрысты қазақ, қалмақ араласып, Оқ атып, қылыш шауып, найза шаншып. Бағзысы тура келіп тоқталар-ды, Майданнан шеткерілеп қайта қашып. Орнында қозғалмастан тулар тұрды, Қалғаны бел сыбанып жауға тиді. Сайларда адам қаны судай ағып, Аямай бірін-бірі өлтірер-ді! Жайына кеш түскен соң бәрі жатып, Майданға таң атқан соң келді қайтып. Қалмақтан Қабыл батыр жеке шықты. Өзінің мақтанышпен атын айтып. Қабылдың білер еді әркім даңқын, Қазақтың неше жерде шапқан халқын, Майданға ешкім жеке бара алмады, Бұрыннан естіген соң үрейлі атын. Абылай әскерінің пейілін танып, Шыға алмай тұрғанына намыстанып,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Майданға лажсыздан даярланды, Қабылмен соғыспаққа өзі барып. Таманың Есет деген батыры еді, Ханының даярлаған ісін қөрді. «Е, тақсыр мен барайын майданға,» - деп, Алдына қол қусырып жалғыз келді. Қос батыр бір-біріне қарсы жүріп, Ортаға жақындады атын ұрып. Қарсы кеп бет қайтармай найза салды, Аянбай сол арада қайрат қылып, Болаттан сауыттары екеуінің, Найзамен жыға алмады бірі-бірін, Қолына екеуі де қылыш алды, Найзамен жеңе алмайтын көріп түрін. Үргеніш барғанында Абылай хан, Қайтқанда хош айтысып ханы бірлан, Бір қылыш сонда бұған сыйлап еді! Өткірлік жайын айтып деп асфаһан. Есетке беріп еді ол қылышын. Бұл жолы танытар деп ерлік ісін. Қайратын өз халқына көрсетпекке, Қас батыр қылышының безеді ұшын. Қолына сол қылышты алып алып, Қабылды он иықтан шапты барып, Сол қолын қолтығымен бөліп кетті, Сауытын тоғыз қабат өтті жарып. Атынан Кабыл сырғып жерге түсті, Қорыққан қалмақтардың зәресі ұшты. Есет ер «Жекпе-жек!» деп тағы айқайлап, Көрсетті екі жаққа қайрат күшті. Қалмақтар тұра алмастан сабыр айлап, Ат қойды ұран айтып «қалақайлап». Алдынан Есет батыр қарсы ұмтылды, Ұрысқа қызбалықпен өзін сайлап. «Абылай бар қосынға жарлық қылып, «Қалмақпен ұрыс, - деді, - бәрің кіріп!» Қазақтар ұран айтып ұрысқа енді, Ханы жүр ортасында ту көтеріп. Қазақтар қалмақтарды қуып барды, Айқайлап «жау қашты» деп ұран салды. Қаракерей Қабанбай деген батыр
Жарылқасын Боранбаев Алмаққа туын тартып көңіліне алды. Қалмақтың қосынының жарып ішін, Көрсетіп құдіретін қара күштің, Қалданның желбіреген туын шапты, Көзге ілмей жауларының ешбірісін. Бөлініп ортасынан ту жығылды, Қабанбай Қалдан ханға тұра ұмтылды. Қалдан хан қорыққандықтан шыдай алмай, Атының қашпақ үшін басын бұрды. Қалмақтар жерге түскен туын көріп, Ханының қашқанына көңлі сеніп, Майданнан көтеріліп кашты кейін, Көніліне баршасының қорқу еніп. Қазақтың мәртебесі әбден артып. Сол жерде демін алды бір күн жатып. Үш жүздің баласының жақсыларын Шақыртты хан алдына хабар айтып, Жиналып кариялардың бәрі келді. Абылай хан халыққа қарап былай деді: «Ұрысып қалмақ жауды біз қашырдық, Айтыңыз, не істемек керек енді?» Есітіп жұрт жақсысы ханның сөзін, Ақылмен әр тарапқа салды көзін. Көңілі өсіп бәрінің көтеріліп, Сөз айтып көрсетер-ді ер мінезін, «Бармастан осы жерден кетсек қайтып, Жансыздар білдіреді қалмаққа айтып. Дұшпаны қайтқандығын білгеннен соң, Қуанар құрсанттығы әбден артып. Халқына тоқтасын деп хабар берер, Көңіліне баршасының шаттық енер. Таралып әскеріміз кеткеннен соң, Қалмақтар қонысына қайтып келер. Осы бетпен соңынан қалмай жүріп, Баралық Қытайғайша бәрін қуып. Құртайық бас қостырмай бытыратып, Қалмақты келместей бір мұңда жуып. І Шәуешік қытайлардың бар қаласы, Шөбі шалғын, ағын су сай-саласы. Даланы тыныштықпен жайлар едік, Сол болса қазақ, қалмақ шекарасы».
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Абылай қариядан мұны есітті, Көңіліне қайрат кіріп, шаттық жетті. Халқының қамын ойлап айтқан сөздіБаршасы әскерінің қабыл етті. Абылай тағы аттанды жолды бастап, Қай жерде білмейді жау ұшыраспақ. Бар еді Итішпестің Алакөлі, Толады атты адамға оң мен солы. Суының ащылығы зәрдей екен, Сол көлге қалмақтардың түсті жолы. Алыста жарқыраған көлді көрді, Бұрыннан ащылығын білмес еді. Босатып артқан жүктен көліктерін, Жіберді жарқыраған суға бәрін. Бәрі де адамының тойып ішті, Шөлдеген себебінен білмей дәмін, Аздан соң белгі берді іші жүріп, Қалмақтар жүріп кетті аз кідіріп. Адам мен төрт аяқты айуандардан Есепсіз набыт болды көп қырылып. Көмілмей бейшараның өліктері, Орнында сасып-шіріп қалды бәрі. Сол көлдің жағасында көрушілер, Деп айтар әлі жатыр сүйектері. Іледен қашқан қалмақ кетті өтіп, Бір жерде тоқтамастан аял етіп. Қазақтың бағзылары оза шапты, Ел шауып олжа алмаққа көңілі кетіп. Батырлар адам алып бір-екі жүз, Бөлініп көп қосыннан кетер-ді тез. Ел шауып бағзылары келер еді, Қалмақтың қашқанына ұшырасып кез. Бағзының қалмақ қолы өзін шауып, Жібермей тоқтатар-ды алдын алып. Бағзының өзі қашып келер еді, Ат-тоны аманына көп қуанып. Қашқанды қумас еді калмақтар көп, Артында көп қосыны жақын тұр деп. Ақыры Алатаудан арман өтті, Шәуешік қолтығына жақын жетті. Күндіз-түн дамыл алмай қашуменен,
Жарылқасын Боранбаев Қалмақтың арып-ашқан әлі кстті. Қашқанмен құтылмаққа таппады лаж, Артынан жау жетеді тұрса біраз. Көктемнің басынан-ақ көшіп еді, Қаңғырып қашуменен өтті бір жаз. Шабуылмен қанша дүние малын алды, Қазанның көбі кетіп, азы қалды. Алдынан Абылай ханның шығып бәрі, Жалынып жараспаққа көңілі барды. Тартуға есебі жоқ беріп малын, Жіберді Төлтай атты бір сардарын. Біздерді енді қумай тоқтасын деп, Айтатын мұддағасы бар еді оның. Қазақтың қосынына елші келіп, Өткізді тартуларын түгел беріп, Одан соң келсін деген рұқсатымен, Елшіңіз хаңды көрді ішке еніп, Абылайға әз ханының хатын берді. Молдалар ол қағазды оқып көрді... «Абылай, Әбілфайыз асыл затың, Шыңғысқа ата тарап барады атың. Үш жүздің баласына ұран болып, Хан болып дүнияға шықты даңқың. Ел едік қазақ, қалмақ қатар жатқан, Жақын ек қырғыз, татар, ноғай, сарттан. Қазақтың шетте жатқан тынышын алдық, Бұзықтық жұмыс шығып біздің жақтан. Біз тарттық жазамызды мұнша қашып, Шөл дала, қаншама өзен, таудан асып. Халқымыз қырылуга жақындады, Айрылып малдан шаршап, арып-ашып. Қашқанмен баратұғын жоқ жеріміз, Шығардық дұшпандықты көңілден біз. Қалмақтың надандықпен бұрындары, Күнәсін ғафу етіп кешіріңіз, Егерде болса бізге пәрмандарың, Орындап шығар едік тәмам бәрін. Жалынып, жалбарынып сұранамыз. Төкпеңіз күнәсізден қалмақ қанын, Осындай төменшілік сөз айтып кеп. Мөр басқан Қалдан өзі қарадым деп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Абылай мұндай сөзді есіткен соң. Қиналды аяушылық көңіліне кеп. Шақыртып жаршыларын алды да тез, Қосынға мына түрлі айттырды сөз. «Қазақтан ешбір адам мұнан кейін Тимесін зиян етіп қалмаққа әр кез. Мұнан соң шапса әркім қалмақ малын, Өлтірсе күнәсізден адамдарын, Иесіне малын түгел қайтарамын, Өлтіртем өлгені үшін төгіп қанын, Әлгі елші мұны естіп бек сүйінді Әділдік рақымына көңілі иіді. Хан айтты: «Өз халқыңның мінезінен, Арада жұмыс болды неше қилы. Қар жауды кете алмаспыз біз де қайтып, Бұл жерде өткізерміз қыстап жатып. Қытайға елші салып сөйлесерміз, Шартнама жараспаққа тілек айтып, Өзімен қатар көріп ол да мені. Сөзімді қабыл алса Қытай ханы, Ортада Шәуешекті шекара етіп, Жеткізем ұшпағына қазақтарды. Сөзіме менің айтқан құлақ салмай, Қайтарса елшілікті қабыл алмай, Қытайдың патшасымен соғысамын, Бұл жерден кейін қарай қайтып бармай. Келгенше бір жауабы аял қылып, Жайлармыз жаз түскенше мұнда тұрып. Қосынның ас-азығы ада болар, Отырсаң бостан босқа күн кешіріп. Айтыңыз ханыңызға қайтып барып, Егерде мақұл көрсе ырзаланып, Қазақтар ішетұғын ас-ауқатын. Бермекке уағда берсін мойнына алып. Бұл сөзді қош көрмесе қимай малын, Бітімді болмағаны көңілі оның. Одан соң арамызда жақындық жок, Қолынан әркім қылар ойлағанын», Мұны айтып қайтуына рұқсат берді, Еліне аман-есен елші келді, Абылай айтқан сөзі неше-түрлі ед
Жарылқасын Боранбаев Баршасын бастан-аяқ білдіреді. Қалмақтың ішіндегі не жақсысы Жиналып кеңес етті қанша кісі. «Мақұл» деп қабылдауы қиын болды, Қалданға ханның айтқан бұл жұмысы. Егерде «мақұлмын» деп көнсе тағы, Кетеді бар қалмақтың жарты малы. Көнбейміз айтқанына дегенменен, Жау болып ұрысуга келмейді әлі. Лажсыз айтқан шартты қабыл етіп, Бермекке ас-ауқатын көңілі кетіп, Әдейі Абылай ханды шақырады Ортада жақсы жерден жай көрсетіп, Қалданның жолығуға өзі келді, Халқының жақсылары қасында еді. Әдеппен қол қусырып тағызым етіп, Абылайға кішілікпен сәлем берді. Абылай ізет тұтып қалмақ ханын Көрсетті өз қасынан орнын оның. Дауыстап, амандасып хал сұрады, Артықша құрсант етіп келгендерін. Келгендер құрмет етіп ханға сонша, Әкелді жемек үшін сойыс қанша, Сөйлесіп мейманшылық қылмақ үшін, Келгендер тысқа шықты тамам барша. Үш жүзді үш тайпасы алды бөліп, Тұрмаққа жазға дейін сойыс беріп. Қалдан хан Абылайды өзі бақты, Жағдайын сұрап тұрды әр күн келіп. Одан соң қазақ, қалмақ араласты, Артықша жақындығы елден асты. Күндіз-түн біргелесіп жүрсе-дағы, Бір-бірін «сен кімсің» деп парық қылмас-ты. Бар еді ханның сұлу жалғыз қызы, Халима деп ат қойылған айдай жүзі. Бермекке Абылай ханға көңлі кетіп, Жіберіп бір адамын айттырды өзі. Айтқанын Абылай хан қабыл алды, Бармаққа күйеу болып көңілі бар-ды. Той жасап, мағлұм етіп бермек үшін Халқына Қалдан сонда хабар салды.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Әзірлеп бірнеше күн тойдың қамын, Аямай төрт түліктен сойды малын. Әуелі қазақтарға тағам тартты, Артықша құрмет тұтып жақсыларын, Артынан өз халқына тағам берді, Бәрісі «құтты болсын» ханға дер-ді. Қалмақтар жанған отқа табынатын, Әммасы мәжусидің дініңде еді, Хан қызы Халима айтты дінге кіріп. Хақты бір, пайғамбарды рас біліп. Өзіне Абылай хан халал етті, Шариғат бұйрығымсн неке қиып. Қазақтың бағзылары мұны көрді, Қалмақтан қыз алмақылық көңіліне енді. Айттырып көңілі сүйген қыздарды алып, Олжадан қалың малын беріп жүрді... АБЫЛАЙДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЕЛШІ ЖІБЕРГЕНІ Әлқисса, болғаннан соң бұл той тамам, Қамданды жібермекке Қытайға адам. Келтіріп бір молданы хат жаздырды, Алдына әзір етіп қағаз-қалам. Соңдағы Абылай ханның жазған хаты: «Әуелі бір Алланың рахман аты. Одан соң хәбибім деп ғарышқа жазған Мұхаммед пайғамбардың ісі нақты. Абылай Әбулфайыз ұғлыдүрман, Білсеңіз арғы тегім Шыңғыс сұлтан. Байтақты өз мекенім Көкшетауда, Бұл уақытта болып тұрмын қазаққа хан. Қалмақпсн ұрыспаққа қосын құрып, Жеткенше Шәуешекке келдім қуып. Ақыры қалмақпенен татуластық. Араға бітімдарға елші жүріп, Русия халқыменен бітім қылып, Шартнама қағаз жаздық елші жүріп. Ортада садахана жасап қойдық, Қызылжар атты шаһар біз салдырып, Қытаймсн татулыққа көңілім кетіп,
Жарылқасын Боранбаев Жібердім бір елшімді нөкерлетіп. Шәуешек шекарамыз болса деймін, Екі жақ сауда етпекке келіп-кетіп, Қытайдан Шәуешекке келсе керуен, Есептеп өзің алғын бажыны сен. Мен жақтан саудагерлер барар болса, Баж пұлын адам қойып алайын мен. Қытайға қисық келсе шартнама бұл. Елшімді қайтарарсың қылмай кабыл. Үстіңе әскеріммен келіп тұрмын, Етермін еркегін – құл, әйелін – тұл», Үш жүзден үш жақсы адам қасына еріп, Пежінге жеткін деді хатты беріп. Қалмақтан бір елшіні тағы қосты, Келсін деп болған істі көзбен көріп, Шапырашты Наурызбай дүр бірісі, Найманнан Барлыбай бар екіншісі. Елшіге Кіші жүзден қосылды кеп, Тамадан Есет батыр деген кісі. Бар еді Қалдан ханның бір сардары, Айтылған ілгеріде Құлтай нәмді? Әділге елшілікке жолдас қылып, Қалмақтар тарапынан жіберді оны. Қаласы Шәуешектің жақын еді, Абылай әкіміне қағаз берді. Елшілер рұқсат алып жолға шығып, Қытайдың қаласына барып кірді. Әкімге Әділ елші ұшырасып, Көрсетті оған жазған хатты ашып. Қағазда ылау басшы адам бер деп, Абылай жазған екен мөрін басып. Айтқанын қала әкімі қабыл көрді, Бір басшы ылау мінуге бұйрық берді. Почтаға байлап қойған аттан мініп, Елшілер күндіз-түні жүрер ерді. Ешбірі айтпас еді қарсылық сөз, Даярлап ат береді болғандар кез. Патша тұратұғын пайтахыты, Пежінге тынбай жүріп жеттілер тез, Патшаның ордасына барды жетіп, Білдірді елші екенін мәлім етіп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Патшаның келтір деген рұқсатымсн, Қасына меһарлары апарды ертіп. Алтынды сарайына алып келді, Елшілер қол қусырып сәлем берді. Абылайдың ұғлы екенін білгеннен соң, Падишасы жанынан орын берді Қолынан Әділ төре хат шығарып, Бачинге ізетпенен берді алып, Біреуге оқығын деп пәрман етті. Абылайдың қағаздағы мөрін танып. Оқыды тәржіманлар хаттың тілін, Аударды айтқан сөздің қоймай бірін, Бачин хан тілмаш салып көп сұрады Абылайдың тариқатын, тегін ,түрін. Тайсалмай жауап беріп Әділ тұрды, Шыңғыстың нәсілі екенін мағлұм қылды. Өлген соң Әбулфайыз Бұқарада, Абылайдың хан болғаны айтылынды. Русия дәулетімен тату тұрып, Үргенішпен дос болғанын айтты жыр қып. Әтеке Жырықты да өлтіргенін, Қашырып дұшпанының бәрін қырып. Қалмақты еңіретіп көп қуғанын, Күнәсін кешкендігін төкпей қанын. Татулық талабында келгендігін Баласы Абылайдың айтты бәрін. Елшіні жайлы орынға қонақ етті. Меһрамлар алдын бастап алып кетті. Алдына кұтбеклікке адам қойып, Құрметпен сыйлағаны елден өтті. Әміре, Әмірсана бар сардарын, Ордаға Бачин патша жинап бәрін, «Не істейміз?» деген сөзін көпке салды, Қалдырмай Абылай ханның айтқандарын. Патша айтты: «Қазақтардың қандай түрлі? Қайтеді ұрыс салып алсақ мұны? Татулықта пайда мен зиян бар ма? Осының лайық болар қайсы бірі?» Бірі айтты: Қазақтың жоқ шеп қорғаны, Үй тігіп көшіп жүрер елдің бәрі. Соғысып әскерменен алар едік,
Жарылқасын Боранбаев Орнынан табылмайды ешбір жаны. Дұшпанмен ұрысады көшіп жүріп, Бір жерден таптырмайды қоныс теуіп, Сол үшін патшалы жұрт түбегейлі, Қазақты ала алмайды пенде қылып, Бұлардың адамдары батыр сонша, Ұрысар бірі қалмай таусылғанша. Соңына күндіз-түні қалмай түсер, Жауының беті қайтып қашар болса. Өздері қатар жатқан көп халық дер, Еркегі мен әйелі шетінен ер. Елінің бір шетіне дұшпан тисе, Аттанып бәрі түгел жәрдем берер. Осындай қазақтардың ынтымағы, Сынған жоқ бұл уаққаша ешбір сағы. Абылай хан атыраптың бәрін жеңіп, Көңілі өсіп осы күнде тұрар тағы, Сөз айтып ақылдысы осы түрлі, Қазақпен шартнаманы дайын қылды. Елшіге інгам беріп қайтармаққа, Көңіліне Бачин ханның қиял кірді. Әділдің туыс етіп өзіне хас, Қазынадан қымбат баға берді бір тас. Өзге де қымбаттарын тағар еді, Жанарал, губернатор болғанға ұқсас. Ортада қанша шаһар жұрт бар еді, Бәрінің әкіміне қағаз берді. Жазғаны: «Қытайға Абылай ханнан, Біздерге елшілікке ұғлы келді. Қайтардым татулықты мен көрсетіп, Әр бірін өз үстіңнен кеткенше өтіп. Көңілін табу керек құрмет етіп. Егерде біз қазақпен бітімдесіп, Жіберсек жақындықпен құрмет етіп, Қазынаға мата сатқан саудагерге, Олардан кеп тұрады пайда жетіп. Қазақтың бай деседі тамам бәрі, Қой, түйе, жылкы, сиыр, баққан малы. Қайсы бір мемлекетпен тату тұрар, Сатса-арзан, алса-қымбат төлейді екен,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Базардың нарық бағасын білмес бұлар, Қытайлар арзан сұрап алар малын. Сатады қымбат пұлга маталарын. Әр жылы неше жүз мың мал сатады, Қытайға көп тиеді пайдасы оның. Қазақтан әр шаһарға керуен барар, Патшалық келгендерден бажын алар. Бай елден мұқтаждарын сұрап алып, Пақыр мен міскін-гаріп пайдаланар, Бұл сөзін патшасының әкімі естіп, Қазақпен татулыққа көңілі кетіп, Осылай мәмілемен тұрмақ болды, Айтқанын Абылай ханның қабыл етіп. Келтіріп қымбат баға қазына малын, Масаты, қамқа мауыт торғындарын, Зерлі тон, гауһар, жақұт асылдардан Қоржынға неше тоғыз салды бәрін. Түсетін жерлеріне үй тіктіріп, Әскермен қасында жүр өзі ертіп. Міндетін даярлап тұр аттарын һәм, Патшалық құрмстінен болмасын кем. «Қайсыңа дейді ханы – арыз түссе, Орныңнан шығарамын қоймай жылдам, Осындай хан атынан жарлық кетті, Елшінің қайтуына рұқсат етті. Қасына қарауыл боп бір жүрсін деп, Амалдар бір адамын қасына ертті. Пежіннен шығып кетті жолға кіріп, Әкімдер патшасының әмірін біліп, Алдынан қарсы күтіп алар еді. Әскермен көбі еріп жүрер еді, Елшіге мен жағамын қайтсем дер-ді. Ақыры осы түрлі сапарменен, Шәуешек қаласына бұлар келді. Кұрметті губернатор әбден артып, Неше күн мейман етті тағам тартып. Әкімге Әділ төре хатты берді, Тапсырган Бачин ханның сөзін айтып. Бұйрығын патшасының әкім көрді, Қазына кілтін ашып ішкері енді.
Жарылқасын Боранбаев Дәптердің есебімен баж салығын, Шығарып бір жылғысын екі бөлді. Жартысын арбаларға жүктеп салып, Әкімнің өзі жүрді ханға алып, Әкім мен Әділ төре Ордаға кеп, Жолықты Абылайға мағлұмданып, Тапсырды Бачин ханның жазған хатын, Баж бенен боқшадағы міраһматын. Қағаздан қариялар оқып көріп, Есітті болған істің ақиқатын, Көңіліне есіткеннің шаттық енді, Бачиннің бұл қылғаны достық дер-ді, Шәуешек әкіміне інгам етіп, Абылай қайтпағына рұқсат берді. Әкелген Шәуешектен етіп қазынаның, Төрт жерге тақсым етіп бөлді бәрін, Үш жүздің баласы мен һәм қалмақтар, Ұялмай алсын деді бұйырғанын. Баршасы түрегеліп құлдық ұрып, Артықша құрсан болып кетті жүріп. Сол жсрде Абылай хан қысты өткізді, Қалмақтың халқыменен бірге тұрып. Қар кетіп, сәуір туып күн жылынды, Көк шығып барша шөптің жаны кірді Ханының уәде берген уақытын санап, Қазақтар қайтамыз деп ойлар еді. АБЫЛАЙДЫҢ ЕЛІНЕ ҚАЙТҚАНЫ Бір күн хан қалмақтарға хабар беріп, Жиналды кәттасының бәрі келіп. Хан айтты: «Өзіміздің жұртымызға, Қайтпақтық көңілімізгс тұрар еніп. Тағы да біз кеткен соң көтеріліп, Көңілге айырылған қоныс кіріп, Айтқан сөз, алысқан қол – бәрін тастап, Жүрмеңдер басқа түрлі жұмыс қылып, Егерде дұшпандықтың ойлап түрін, Қазақтың ренжітсеңдер бірде-бірін.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қайта кеп үстеріңе ат ойнатам, Бұл менің ескерткенім күні бұрын. Айтатын және бір сөз көңілімде бар, Ойланып екі жағын тыңдаңыздар. Кейіннен сен қалмақсың, сен қазақсың Деп бөліп жүргеңдерің емес дәрһар. Қазақтың қосынынан қайбір кісі, Бұл елде тұрмалықта болса құшы, Өзіңде ықтияры тұрып қалсын, Ондайда қалғанының болмайды ісі. Қалдан хан Абылайдың пейілін көрді. Көңіліне бар айтқанын дұрыс көрді. Дайыр деп ат қойылған өз баласын Қызына жолдас қылып қосып берді, Құлтайды айтып едім бұдан бұрын, Сардар боп һәм елшіге барғандығын, Дайырға жолдас болып ол да ерді, Бар екен жақындығы ханға мұның. Қалдан мен нөкерлері атқа мініп, Абылайды ертіп шықты құрмет кылып. Екі хан қош айтысып ақырында Айрылып екі жаққа кетті жүріп. Қазақтар келер еді жолды басып, Қаншама судан өтіп, таудан асып. Жер ашып, дұшпандарын мұқатқанға. Мақтанып, көтеріліп көңілі тасып, Қыз алды қалмақтардан қанша кісі, Қыздардың жүкті болды кейбірісі. Бір жылға созылды деп айтады дүр Бағзылар Абылай ханның бұл жұмысы, Қалың қол бұл сапарда көп жыл жүрді, Жөнекей туған бала тіке тұрды. Кей бала ашамаймен атқа мініп, Келген деп кейінірек айтылынды. Бұл сөздің Алла білер ақиқатын, Қажет пе қыз баланың қарап артын? Қытай мен Шәуешекті шекара қып, Абылайдың қуғаны рас қалмақ халқын. Көп қосын дамыл алмай келер еді, Қазақтың шеті отырған жерге кслді.
Жарылқасын Боранбаев Әр ру өз жұртына тарасын деп, Абылай жар шақыртып хабар берді. Ханының жұрт жақсысы қолын алып, Аттарын жүріп кетті жолға салып. Абырой, артық олжа, мәртабамен, Отырды жайларына қайтып барып. Абылайдың қуанышы көпті сонша, Кеңейтті қандасының жерін қанша, Өзінің Ордасына қайтып келді. Қарауыл қосынымен тамам барша. Отырды кеңесінде алып адам. Ісіне Абылайдың ел сүйініп, Бәрі де отырар ды дұға қылып. Бар қазақ шын көңілмен дос тұтарды, Ата-ана, перзентінен де артық біліп. Бұл қазақ бұрын қанша кемдік көрді? Әр жылы қырғыз, қалмақ шабар еді. Жылаған кездің жасы қабыл болып, Абылайды аспандағы құдай берді. Қалаға қатар жатқан бір бара алмай, Жүруші ек малды сатып, мата ала алмай, Барғанда талап алып жіберер-ді, Көп көрдік қиянатты естен қалмай, Бұл уақта атыраптағы үлкен қала, Біздерге бәрі болды саудахана. Біз барып мал сатқанда қумақ түгіл, Қарауға бетімізге келмес шама. Баршасы ханымыздың күш-қуаты, Үш жүзге ұран болды оның аты. Теңдікке қолымызды жеткізеді, Қайырлы осылайша болсын арты. Осылай тілеу тілеп жүрер еді, «Құдая, аман сақта ханды» дер-ді. Мал десе аямастан бәрін беріп, Тоқтатпай айтқан жерге жеткерер-ді! Қалдан хан Абылайға қызын беріп, Көп адам шығып еді қасына еріп. Қайтпастан барлығы да тұрып қалды, Қазақпен бір болмағын тәуір көріп. Өзінің мәжусилік тастап түрін,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Ұстады мұнда келіп ісләм дінін. Уақтылы намаз оқып, руза тұтты, Ұмытпай бес парыздың бірде-бірін. Абылай хан бәріне де қыз әперді, Аз уақта баршасы да перзент көрді. Қазақтың ішіндегі жүрген қалмақ, Солардан тарап ксткен әулет еді... Қалмақ қыз келгеннен соң жүкті болды, Он күнге тоғыз аймен уақты толды. Бір күні ұгыл перзент дүниеге кеп, Қасым деп жұрт жиналып атын қойды. Жалғыз-ақ жүрер еді Қыпшақ құры, Қатыны бала таппай бірде-бірі. Қасымның бесігіне белгі салып, Еншілеп Қыпшақ сонда алды мұны. Абылай алған екен қатынды көп, Бағзылар сегіз дейді, бағзысы он деп. Ханымның бәрінен де құры болмай, Ұл мен қыз көбейді дүниеге кеп. Ұғлының мәлім емес анық саны, Бағзылар он жеті деп айтады оны. Бағзылар отыз ұғлы бар деп білер, Қарияның әрбір түрлі айтқандары. Үлкені перзентінің Дүрәділ хан, Кішісі, таласы жоқ, Қасым сұлтан. Уәли хан ақыл серік ұғлы еді, Қазақтың жастайынан қамын жеді. Орныма менен кейін отырсын дсп, Мөр басып Уәли ханға қағаз берді. Абылайдың заманында қазақтардан Қоныстан қайсысы болмады кем. Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап, Ұры-қары, телі-тентек болды бәрһәм Біреудің ұры келіп алса малын, Мойнына анық қойса алғандарын; Шариғат бұйрымын үкім қылып, Жендетке кестіреді қолын оның. Күнәсі қол кесуден кетсе өтіп, Дарға асып өлтірер-ді үкім етіп. Әр жылы Шәуешекке адам барып,
Жарылқасын Боранбаев Бір жылдық келер еді бажын алып. Есептеп қайтып содан берер еді, Қазнаға қойса дағы бұрын салып. Абылайды атыраптың патша, ханы Сауқат қып берер еді дүнияны. Ойлайды ханыменен жақын болсақ, Біздерге сатылар деп қазақ малы. Белгілі Шәуешек деп айтқан қала Ол болды Орта жүзге саудахана. Бір шеті Орта жүздің жақыңдықтан Тұрады Қызылжарға барып және. Кіші жүз Орынборға сатып малын, Алар-ды Руссияның әр товарын. Бағзысы Үргенішке барар еді, Алмаққа өзбектердің бұйымдарын. Ұлы жүз Қоқандықпен сауда етер-ді, Мата алып, малын сатып, келіп-кетер-ді. Сарттары тәртіпсіздік жұмыс қылып, Шаруаға кемшілік іс көрсетер-ді. Қоқандық шығар еді зекет бер деп, Бермекке халық жиналса алдына кеп, Шариғат бұйрығына қарамастан, Ойлар-ды артығымен алмақты көп, Айтар-ды салық бер деп бізге кәне, Ұлы жүз ризалықпен бермес қара. Құр айтқан аузыңдағы сөзден бөлек, Жоқ еді күш қылмаққа онда шама. Ұлы жүз тыңдамас-ты Қоқан сөзін, Қорықпай алартса да қанша көзін Ханға шағым айтпақпен қорқытады, Қоймаса деп қоқандық бұл мінезін. Абылай хан ештемеден хабарланбай, Болар деп халыққа зиян көңліне алмай, Аллаға тағат қылып отырар-ды, Ордадан басқа жаққа аштан бармай. Аллаға жасап күнде ғибадатын, Зікірмен аузына алар хақтың атын. Бұл берген нирматына шүкір етіп, Айтады күндіз-түні мінажатын.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны АБЬІЛАЙДЫҢ ӘЗІРЕТ С¥ЛТАНҒА ЗИЯРАТҚА БАРҒАНЫ Көп жылға Абылай ханның жасы жетті. Жетпістен деп айтады ілгері өтті. Өмірінде бір адамнан беті қайтпай, Қазаққа әділдікпен хандық етті. Бір жылы әр нәрсені көңліне алып, «Әзіреті Сұлтаныма өзім барып, Топырағын көзге сүртіп қайтсам» деді. Қазанын толтырсам деп пұл апарып, Көңліне бұл қиялы мақұл келді. Өзінің атырабына хабар берді, Жиналып қариялардың бәрі келіп, Сапарға талап еткен ханын көрді. Бата беріп қарттары неше түрлі, Жасы ағып кейбіреуі жылап тұрды. Халқының ықыласты пейілін көріп, Ханның да көңлі еріп бұзылар-ды. Хан айтты: «Қариялар, сабыр қылып, Дүғада болыңыздар мұнда тұрып. Ешқашан уайымға түспеңіздер, Келемін зиярат етіп аз күн жүріп. Өлген соң алыс-жақын бірдей бәрі, Тоқтатпас жақындықпен ешкім оны. Құшақтап отырғанмен алып кетер, Пенденің тағдырдағы келсе ажалы»... Уақытша Уәли ханға орнын берді, Өсиетпен және айтып көп сөздерді. Дұшпанға ар-намысын жіберме деп, Қалғаны Абылайдың соңына ерді. Мал айдап Түркістанға осы уақта, Аттанды Орта жүздің керуендері. Ордадан Абылай хан атқа мініп, Кідірмей күтіп тұрған жерге. келді. Керуен көшерінде кісі оздырып, Қояды қонар жайға үй тіккізіп. Алдынан бәрі түгел қызмет етіп, Абылай хан дем алады үйге кіріп. Қеруен сар даланы кесіп өтіп,
Жарылқасын Боранбаев Созаққа аялдады әрең жетіп. Қеруен шұбатылып келіп қонды Орнына бір ауылдың көшкен кетіп. Ол уақта иен дала Созақ жері, Көкорай шалғын, мөлдір бұлак еді. Жатқанда демін алып еру болып, Ойланды:Осы араны қышлақ етсе!! Дүкенге мата менен азық төксе. Шаруаға көп пайдасы тиер еді, Керегін жақын жерден алып кетсе. Қайтқанда Түркістаннан мұнда келіп, Дем алар жер екен-ау рақат қөріп. Бір шәһар салдырмаққа көңлі кетті Кейіннен Созақ жаққа ұста жіберіп. Ол уақта тұрған хәкім Түркістаңда Қожа еді Ақұлық деп қойған нәмда. Әр жылы қанша дүние тарту беріп, Достығын білгізер-ді Абылай ханға. Біреуі Орта жүздің Қоңырат елі, Аумағы Түркістанның жүрер жері, Қоңыраттың жақсылары Хәкімгс еріп, Алдынан қарсы шығып ханға келді Атынан жерге түсіп қатар тұрып, Ханына сәлем берді қол қусырып, Олармсн Абылай хан да амандасты, Сұрасып әрқайсының хәлін біліп. Әзіретке жер қалғанда жақын шама, Сол уақта Абылай ханның көзі түсті Салынған күмбез биік мұнараға. Абылай хан жүйрік атын отқа қойып, Жүрділар әдеп сақтап жаяуланып, Көзінен жасын төгіп барар ерді, Әулие хақтығына көңілі тойып. Ақыры Әзіретке бұлар келді, Мазардың тағзым етіп ішіне енді. Қабырға жүзін беріп қариялар Дұға қып тікесінен тұрар еді. Орнына зияратын құп келтіріп, Пақырға дүние берді қайыр қылып. Ілгергі айтқан шартын орындады,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қазанын ақшаменен һәм толтырып. Өзбекке Абылай хан шакыртты жар: Бар болса мұнда келсін талаптылар. Там салып, Созақ барып мекендесе, Қазынадан қаражаты таратылар, Әр жерден мұны естіп адам барды. Үй салмақ қаражатын ханнан алды. Жеті өзбек әуелінде ұйымдасып Созаққа зәулім-зәулім там үй салды. Арқада Созақ деген бір қала бар, Абылай хан заманында салған дүрлар. Көптігі бір мың үйдің шамасында, Мал ұстап талай халық тірлік қылар... ҚОҚАНҒА АТТАНУ Халықпен Абылай хан амандасып, Отырды бір-бірінен хал сұрасып. Хан айтты: «Зияратқа келіп едік, Тұз-дәмі осы жердің болып нәсіп». Төле би сонда ханға құлдық ұрып: «Ұлы жүз қорлықпенен күн кешіріп, Қоқанның тепкісінде жүріп жатыр, Сыртыңнан, хан Абылай, дұға қылып. Базарға біздің халық сатса малын, Бермейді саудагерлер пұлын оның! Әкімнен амал алған сарқардасы Көрсе де қойдырмайды бұл қылғанын. Арыз етсе Қоқанына қазақ барып, Айтқанын тыңдамайды құлақ салып. Мал сатып мата алғанның қанша пұлын, Қалады ықтиярсыз тартып алып. Әр жылы елімізге әскер барар, Бәрінен малымыздың зекет алар. Шариғат бұйрығына қарамастан, Көбейтіп жылдан-жылға артық салар». Хан айтты: «Білгенімде мен есітіп, Орта жүз, Кіші жүзге хабар етіп, Қоқаннан ар-кегіңді әпермеккс
Жарылқасын Боранбаев Қасыма келер едім қосын ертіп. Бұл жолы аз адаммен барғанменен, Болмаймыз қалалы жұрт Қоқанмен тең, Орта жүз, Кіші жүзге хабар қылып Келерміз құтқаруға қосын жиып». Түркістан қаласының іші-тысы Адамнан бос болмайды ешбір ісі. Таба алмай бірнеше күн жүрер еді, Адасып өз қосынан шықса кісі. Әскердің жиналған соң бәрі келіп, Абылай көшуіне жарлық беріп, Орта жүз, Кіші жүздің қосындары Аттанып жүріп кетті жолға еніп. Ұлы жүз ілгеріден жинап қолын, Ханының отыр еді күтіп жолын. Арыс деп аталатын бір өзеннің Басына жиналыпты сайлап орын. Төле би алып жүрді бастап ханды, Қосынға құрметпенен алып барды. Тіктіріп тоғыз қанат ақ орданы, Даярлап қойған екен сойыс малды. Түсірді тіккен үйге ханды апарып, Жайғасты рақатпен демін алып. Аттанып Абылай ханның келгендігін, Есітті Қоқан жағы хабарланып. Әулиеата, Шымкент, Сайрам қала Қоқанның қолында еді бәрі әмма. Бәрі де Абылайға қайран қалды, Хат жазып ортасына елші салды, Қазынаның қымбат дара асылдарын, Жіберді тарту етіп ханга бәрін. Елші айтты: «Тақсыр ием, хан Абылай, Билетті үш Алашты сізге құдай. Аттанып қосын жинап мұнда кепсіз, Қылмаққа Ұлы жүздің көңілін жай. Оларға жеріміз жоқ жәбір еткен, Алмадық еш нәрсесін хүкімдікпен. Қазақ, өзбек туыстай араласып, Келеміз күн кешіріп біздер көптен. Айтарлық өзіңізге бұл арызымыз:
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Дұшпан боп қазақтармен ұрыспаймыз Шәһарлардың билігі керек болса, Береміз қолымыздан кілтін біз. Қалаған әкіміңіз тұрсын мұнда, Тұралық қызмет етіп құлдығында. Елшінің майдалаған сөзіне елтіп, Сөйлесті қариялар кеңес етіп. Есебін ұрысудың таба алмады, Тұрған соң «бағындық» деп іс көрсетіп. Баршасы бітімдарды мақұл көрді, Қожалар бұл жерлерге белгілі еді. Үш Қожа үш шаһарды сұрамаққа, Мөр басып Абылай хан жарлық берді. Ілгері сұрап тұрған хәкімдерін, Орнынан түсірділер тамам бәрін. Және де тұрмасын деп бұйрық етті Ішінде шаһарлардың баршасы оның. АБЫЛАЙДЫҢ ТАШКЕНТ БАРҒАНЫ Ташкенттің Шымкент қала жолында еді, Әкімі хан алдына өзі келді. Ордаға Абылай ханды түсіргізіп, Неше күн бар қосынға тағам берді. Шымкентте демалыспен аз күн тұрып, Одан да кетті аттанып жолға жүріп, Ташкеннің фарманшысы Абылай ханнан Тұрар-ды жансыздардан хабар біліп. Абылаймен ұрыспаққа көңілі кетті, Бекітіп дарбазасын мекем етті. Шаһардың әр шетіне зеңбірек орнатып, Әр түрлі әскерінен сап түзетті. Ташкеннің төңірегіне қосын құрды, Рұқсатсыз ұрыспа деп хан бұйырды. Нақақтан мұсылманнан қан төгілмей, Мейірман болмақтығын ұғыңдырды. Ташкентті бірнеше күн жатты қамап, Қойған жоқ жау жағына артық талап. Тыстағы бау-шарбағын бұза берді,
Жарылқасын Боранбаев Қазақтың жігіттері тұрмай қарап. Сарттарға қиын болды бұл жұмысы, Бау бостан ағаштардың қырқылысы. «Не істеу керек-ті?» деп кеңес етті, Шаһардың ішіңдегі бар жақсысы, Бағзының ұрыспаққа ойы кетті, Бағзысы бағынбақты қабыл етті. Қожанияз дейтұғын бір қариясы, Бұл түрлі халық алдыңда сырын шертті: «Абылай жеті кентке бұрын келді, Ұрыспай жамиғаты түгел көнді. Әкімге қазақтардың бірін қоймай, Шаһарды қожаларға қайтып берді. Үкіміне бағынсақ біздер қарап, Өзгесі әкімдікті етпес талап. Өзбекті қайта орнына қойып кетер, Ұнатқан адамдарын көңілі қалап. Әйтпесе Қоқаңдағы ханға барар, Онымен мәжілісі қандай болар? Қоқанмен қайсы түрлі келіскенмен, Қазақтан өзбектерге тимес залал». Осындай берекет сөз аузына алды, Бәрі де мақұл көріп ризаланды. Аштырып дарбазаны, бағындық деп, Ташкенттен хан алдына елші барды. Елшісін Абылай хан қабыл көріп, Шаһарға елшіменен барды еріп. Хәкімі тіке тұрып қызмет етті, Төрдегі өз орынын ханға беріп. Ташкентте Абылай хан тұрды біраз, Сарттармен татуласты болмай араз. Шаһарға бір қожаны хәкім қойып, Қоқанға талап етті жүрмекке тез. Көшпекке жар шақыртып хабар берді, Қосынның бәрі көшіп жүрген еді. Ходжент деп аталатын бір шаһардың Үстіне Абылай хан басып кірді. Хәкім шықты алдынан тарту алып, Тілләдан тоғыз атқа жабдық салып. Абылай соның бәрін қайтып берді,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Осындай құрметіне ризаланып. Сырттағы бір бақшаға үй тіктірді, Абылай нөкерімен сонда тұрды, Алыста хабарланды Қоқан ханы, Жеткізді салып қойған жансыздары. Ходжентке Абылай хан келділер деп, Ханына мағлұм етіп айтты бәрін... Үш тайпа деп Қоқанды айтар-ды сөз, Бірі – сарт, бірі – қыпшақ, бірі – қырғыз, Солардың баршасына хабар берді, Алдыма кәтталары келсін деп тез. Қоқанның кәттасының бәрі келіп, Ханының тәуап етті жүзін көріп. «Бұл істе қандай әрекет керек?» – деді, Абылайдың келгенінен хабар беріп, Ханға айтты Әмірсана сардарлары: «Жұмыстың ықтияры сізде бәрі. Абылай қосын жинап келгенімен, Біздермен тіреспекке келмес әлі. Қазақтың мейманасы кетті тасып, Қалмақтан алғанына көп жерді ашып. Екінші мұндай қиял ойламасқа – Қылышпен қоймақ керек көңлін басып!» Хан айтты отырғанға: «Бекер бұл сөз, Ұрысып оңай емес қашырмақ тез. Абылайды қашпаған деп есітемін, Ілгері әр дұшпанға болғанда кез. Абылайды жеңе алмаған қалмақ, қытай, Қарудың соларда еді баршасы сай. Абылаймен соның бәрі тату болды, Қорқытып аламын деп қиялдамай. Абылай мұнда тұрмас хандық құрып, Келіссек, өз жұртына кетер жүріп. Халқымыз абад болып пайдаланар Қазақпен сауда істесе тату тұрып». Деп айтар бір руда Қанжығалы Бөгенбай батыр еді ердің намы. Ханына сәлемімді алып бар деп, Қоқанға елші қылып жіберді оны. Бөгенбай көп ұзамай кетті жүріп,
Жарылқасын Боранбаев Қоқанның бір шетінен барды кіріп, Бөгенбай сәлем беріп ордаға енді, Тақытында отырған хаңды көрді. Арада амандықтан сөз айтылып, Әдеппен Абылайдың хатын берді. Оңаша бір бөлмені даяр қылып, Жайғасты ханзада мен елші кіріп. Халқының қарауында қариясымен Сөйлесті Шерәлі хан кеңес құрып. Молдаға хат жаздырды деп шартнама, Өз мөрін ақырына басты және. Ілгергі Абылай ханның талаптарын Мақұл деп мойын сұнды бәрін һәмма. Хан көріп Шерәлінің жазған хатын, Мөр басып қабыл алған айтқан шартын, Көңіліне көлдей толқын шаттық енді, Құтқардым деп Ұлы жүз барша халқын. Төле би мұны естіп көп сүйінді, Ханына тура келіп құлдық ұрды. Отырған әрбір жұрттың тайпасынан «Жеңісің құтты болсын!» айтылынды. АБЫЛАЙДЫҢ САМАРҚАНҒА БАРҒАНЬІ Хан айтты: «Қоқанменен татуластық, Сауданың екі жаққа жолын аштық. Ұлы жүз ағайынды қорлап жүрген Сарттардың күш көрсетіп көңілін бастық. Бұл жерге сол себептен қалдық келіп, Көңіліме менің тұрар қиял еніп. Марайым иласымен кетіп еді Бұқарда Әбулфайыз әкем өліп. Өздерің мақұл көрсең, сонда барсам, Шаһаріне Бұқараның қырғын салсам, Атам мен өліп кеткен әулетінің, Қайтеді, жанын шауып, құнын алсам?» Баршасы ханның сөзін мақұл көрді, «Болсын деп айтқаныңыз», – жауап берді. Шаһаріне Бұқараның бармақ үшін,
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қосыны қазақтардың жолға енді. Айтар-ды бір шаһарды Самарқан деп, Абылай хан қонады қасына кеп. Хәкімі қарсы шығып сәлем берді, Қазынадан тарту алып есепсіз көп. Төсекке Абылай _хан да жатты еніп, Ұйыктады көзі ілініп рақат көріп. Шаш қойған бір диуана түсіне енді Бұл қызық сөзді сөйлеп хабар беріп, Деп айтты: «Тыңла мені, Абылай хан. Диуана Баһауеддин мен болармын. Аттанып « Бұқараға және қелдің, Шаппаққа ханын мұның көңілің ауған. Бұл жұртты алмайсың деп мұнда келіп Тіл алмай келемін деп қосындарың. Қаншасы оба тиіп кетті өліп, Тағдырда саған жоқ дүр Бұқар бармақ. Атаңның қысасы мен тақтын алмақ, Өзің һәм кейінгі әулеттерің, Бұйырған қазақтармен бірге қалмақ. Файз бен шейіт болған әулеттсрің Марайымның ақиқат өлтіргені. Машқардың майданына жиылғанда, Ақысын өзі сұрап алар бәрі!» Түсіне осы түрлі ықылым кірді, Төсектен Абылай хан шошып тұрды. Қосынның қарияларын жинап алып, Ұйқыда көргендерін мағлұм қылды. Қазақтың қариялары мұны есітіп, Көңліне баршасының қорқу жетіп, Отырды әулиенің тілін алып Қайтпаққа кері қарай көңілі кетіп. Абылай хан жауап бермей көп толғаңды, Ақыры лажы жоқ қабыл көрді. Қысасын алмағанға қапаланып, Қосынның қайтуына рұқсат берді.
Жарылқасын Боранбаев АБЫЛАЙДЫҢ ДҮНИЕДЕН ӨТУІ Абылай хан келер еді қапа болып, Қайтпаған кек-намысқа көңілі толып. Нөкерге қасындағы қарамайды, Бұрынды уақты құшлық сөзін қойып. Уақтымен тағамды да жемес еді, Осы менің тірлігім арам дейді, Ақыры қайғысының көптігінен, Ағзадан куат кетіп кесел енді. Сөйтсе де қайтатұғын жолмен жүріп, Бір жерде отырмас-ты аял қылып. Ташкенттің құсбегісі қарсы шықты Абылай хан келуінен хабар біліп. Ташкенде кесел болып жатты біраз, Дәрімен жазылуга болмайды лаж. Абылай хан қосынына хабар беріп, Шымкентке бармақ үшін көштілер баз. Шымкенттің әкіміне жетіп хабар, Жар салып жақсы жайды етті даяр. Қанша мың қой, түйені алып келді, Қосынның баршасына сойып берді. Бір мәрте бері қарап тәуір болмай, Кеселі ханның әрдам арта берді. Табылмай жазылмаққа ешбір себеп, Сабыр етіп Шымкентте тұрмай қарап, Қосынның көшуіне хабар берді. Жетпеске Түркістанға айлап талап; Ортада Арыс деген суға жетті. Сол уақта ағзасынан қуат кетті. Бойына осы өзеннің қоныңдар деп, Қосынның баршасыиа пәрман етті. Хан айтты: «Осы жерде корған салып. Сабыр етіп отырыңдар хабар алып. Дертіме қадыр құда шипа берсе, Бул жерден көшедүрмін саһатланып. Мубада тағдырдағы ажал жетіп, Бұл дүние бибақидан кетсем өтіпт Әзірет сұлтанымнын күмбезіне Апарып қойыңыздар кебіндетіп». Қазақтың мұны естіген қариялары;
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қосынның үлкен-кіші тамам бәрі. Көзінен баршасы да жасын төгіп, Ханына сөйлер еді айтып зарын. «Сіз хандық құрғаннан соң таққа мініп, Дұшпанның баршасына қарсы тұрып, Ар-намыс, кегіміздің бәрін алдық, Ұрысып, күш көрсетіп, қайрат қылып». Осылай үлкен-кіші зар жыласып, Артынып жұбанар-ды көңлін басып. Содан соң үй салмаққа қолын ұрды Лай жасап, балшық құйып, кесек тасып. Басынан бір төбенің қорған салды, Керекті қаражатын байдың алды. Арыстың өзенінде бұл уақытта. Бұл төбе «Ханқорған» деп аталар-ды... Жіберді әр руға ат шаптырып, Кеселін Абылай ханның мағлұмдатып. Әр күні жұрт жақсысы келер еді, Ханының көңілін сұрап, халін біліп. Өз жұрты Көкшетауға адам барды, Әйелдер, балалары хабарланды. Уәли хан Қарауылдың халқыменен Аттылы кісілерін жолға салды. Ордаға Уәлиді алып келді, Тәуси қып әкесінің жүзін көрді. Ханның да сол мезгілде әлі кетіп, Кеселі қатты батып жатыр еді. Сол жерде он екі айға жақын тұрды. Кеселден жазылмасын кәміл білді. Бір күні үш Алаштың қариялары Алдына Абылайдың барып кірді. Сол уақта Абылай хан есіне еніп, Азырақ жатыр еді дамыл көріп. Арыз етіп олар айтты: «Тақсыр ханым, Ауруға болады ма сірә, сенім? Жазылмай, ауырлады кеселіңіз». Хан айтты: «Менің дағы уақытым жетті, Бұл дүние опасыздық рәсімін етті. Адамнан мың, миллиондап туылған жан, Өлмесе, соның бәрі қайда кетті? Бұл өлім ілгеріден бізге мирас,
Жарылқасын Боранбаев Еш пенде уақты жетсе мойын бұрмас; Пайғамбар, патша, палуан, кедей болсын, Я сыйлап, я есіркеп рақым қылмас. Айтылған нақлият бар бұдан бұрын, Алмайды тірі кісі өлген тілін. Нақлият мен сіздерге айтқанменен, Кетерсіз орындамай бірде-бірін. Айтайын бір нақлият бүгін сізге, Сактаңыз, мақұл келсе көңіліңізге. Біржола бекінсеңіз жұрт болмаққа, Қараңыз өзіңізден озған халыққа; Баршасы бір адамның тілін алып, Шықпайды айтқанынан бөтен жаққа; Сіздер де бір адамға ерік беріп, Тұрыңыз әрне десе қабыл көріп. Осындай ынтымақпен тұрсаңыздар, Еш дұшпан жеңе алмайды сырттан келіп. Егерде бір ауызға тұрмай қарап, Әрбірің бет-бетіңмен кетсең тарап, Басыңнан бақ-дәулеттің ұшуына, Халайық, сол болар-ды үлкен сәбап. Ондайда көршілерден кемдік көріп, Кетер-ді қанжығасына тек өңгеріп, Басқаның құлдығынан құтылмассың, Замана ақыр болып кеткенше өліп. Бақ-дәулет – ынтымақта, жоқ күмәнім. Білдірдім сұраған соң сырын оның; Дүниенің опасы жоқ ойлап тұрсаң, Пайда іздеген таппайды ар-иманын». Жылайды елдің көбі тыста тұрып, «Сұлтаным, сұлтаным?» деп әуез қылып. Абылай хан қалима айтып жата берді, Ажалға бұйырықты мойын ұсынып. Жазылған мақпуздағы уақты болды, Жел соғып, тіршіліктің шамы сөнді. Ағзадан жанның құсы ұшып шығып, Бақидың мәнзіліне барып қонды. Әр жерден үлкендері бас көтеріп, Сөз айтты бір-біріне қуат беріп, Әкесі өткеніне көңіл айтты, Алдына Уәли ханның бәрі келіп.
Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны Қазыбек Қаз дауысты сөзді бастап, Көңілі еріп, тоқтата алмай көзін жастан, Деп айтты: «Басыңызды көтеріңіз, Қайғының көңліңдегі бәрін тастап! Әке емес Абылай хан жалғыз сізге, Атадан артық еді әрбірімізге. Жылаумен, қайғырғанмен, тірілсе хан, Өмірі өтер еді құр жылаудан... Ешбірі және қайтып келген емес, Ілгері жақсы-жаман өтті көп жан. Біз болдық рас жетім осы уақытта, Айрылып ханымыздан мінген таққа. Атадан қамқорлығы артық еді, Қазақ деп аталатын бұл халыққа. Атаңыз жас күнінде-ақ хандық құрып, Өткерген халқын бастап жолда жүріп. Біздерге басшылықты сөз айтыңыз Төсектен бас көтеріп сіз де тұрып». Уәли хан биіне айтты: «Бұл сөз рас, Балаға ата өлмегі болған мирас. Үш жүздің баласының басын қосып, Әкемдей халық қамын жеп ешкім тумас». Төле айтты: «Ханзадалық ісің бір сын, Уәли, сөзімізді сыйлап тұрсың. Қалғанын өздеріңіз біліңіздер деп, Ендігі болар істің жолын сыздың. Есіттік Самарқанда бар деп бір тас, Мәрмәрдай асылдығы, гәуһарға ұқсас. Патшаның Әмір Темір Хатам қызы Ханымға атасынан болған мирас. Қолында ұстасының болса қалып, Сол тасты көп дүниеге сатып алып; Басына Абылай ханның қоялық-ты, Үстіне ныспысы мен атын жазып». Орнынан бұл сөзден соң бәрі тұрып, Өлікті дәфан етпек қамын қылып, Суменен Абылай ханды жудырдылар, Сүйекке әр рудан адам кіріп. Табытқа алтындаған ханды салып, Намазын оқыдылар алып барып, Түркістанға жеткенше үш күндік жол,
Жарылқасын Боранбаев Қалаға жұрт жақсысы бұрын келіп, Сөйлесті қожаларга хабар беріп. Әзіреттің босағасынан орын қазды, Осылай болмақтығын қабыл көріп. Сол уақытта табытты алып келді, Өлікті қазған жерге салып көмді. Кешегі халық егесі Абылай ханға Қара жер қойынынан орын берді. Айтылған Самарқанға адам барып, Мал беріп мәрмәр тасты келді алып. Болды деп үш жүз байтал айтады екен, Қымбатқа құлпытасы бағаланып, Мәрмәрға оймыштатып хат жаздырды, Туғаны, өлген жылы айтылар-ды. Шығарған ортасынан көп дүниені, Шырақшы қожаларға берді оны. Ханымнан, сүлтанымнан айрылдым деп. Қазақтың жоқтап жатты тамам бәрі. Аза қып бірнеше күн сонда тұрып, Молдаға қатым құран шығарттырып, Түркістан бар халқына тамақ берді, Қазақтың Ас беретін рәсімін қылып. Үш жүздің жақсылары қосып басын, Жиналды сөйлеспекке мұддағасын. Орнына атасының отырғызды, Уалиді – мирасқорды, хан баласын. Көрісіп, көңіл айтып Уәли ханға, Қазыбек Уәли хаңды жүрді алып, Түсірді ордасына ханның барып, Жиналды Орта жүздің жайсаңдары, Уәлидің келгенінен хабарланып. Отырды көз – жылауда, көңіл – қамда Абылайды «қамқорымыз» деп айтарды Істеген жақсылығын тізіп және.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру