Билердің уақытша соттық шешімдері
Kitap.kz
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылып отыр «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Бас редакциясының алқасы Тасмағамбетов И.Н., бас редактор, Тәжин М.М., бас редакт...
БИЙСКИЕ СУДЕБНЫЕ ПРЕЦЕДЕНТЫ
1. Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды Кезінде Төле бидің шешкен билігі. Біp аттың тұсауын ұрлаған адамға Төле би ер тармағы үшін бір бесті айып төлеуді бұйырады. Төле бидің мынадай үлкен айып кесуі ел ішінде мынандай істің болашақта жайылмауын көздеген болатын. Халық есінде бұл билік: «Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» деген атадан балаға мұра болып келеді.
а) Төле бидің шешімі.
Тәуке ханның билігін үш жүздің қалай қолдағанын бейнелейтін біp мысал мынадай. Төле би шідер ұрлап қолға түскен біp ұрыға ұрланған мөлшердің үш тармағын үш аттың аяғына салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азаттық, ал шідер үзілмесе, үшеуін біpіктіpіп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер емес, үш ердің кызметін атқарғаны. Онда біp тармағы үшін біp бecті айып төлейсің» деген үкім айтады. Әрине, мықты қайыстан жұмырлап өрілген шідерді аттар үзіп кете алмайды, ұры біp шідер үшін үш ат төлеп құтылады. Төленің бұл билігін қазақтар да, кейін қазақтың әдет заңын зерттеген орыс оқымыстылары да «даналық шешім» деп бағалайды.
ә) Решение Туле бия
(орысша нұсқасы)
За кражу чего - либо из конских или сидельных принадлежностей существуют особые аипы, далеко превышающие их нормальную ценность и относящиеся разумеется не к нашему времени, а вызованные без сомнения необходимостью времени существования в степи баранты и хищничества повсюду, когда, как военное время, нельзя было не смотреть на каждую из принадлежностей сидельного прибора, при всей простоте материала, из которого они сделаны, как на придмет первой необходимости. Так некто из большей орды, по имени Уйсюн Тулебий, по одному бывшему в его время делу о покраже один уйсюневцев у другого треног, по киргизски чидерь, постановил следующее оригинальное и неслыханное до толе решение: По объяснении каждым из тяжущихся лиц сущности дело, он долго сидел как - бы задумавшись над решением такого пустого случая; потом приказал надеть треноги тремя концами на три лошади так, чтобы у каждого стреножено было по одной задней ноге. Стреножив таким образом одними треногами трех лошадей, каждую за одну ногу, бий приказал погнать каждую из них врозь и в разные стороны, при чем сказал, что если треноги от этого порвутся — не полагать за них никакой платы и никакого аипа. Но они не смотря на усилия лошадей не порвались и удержали лошадей на месте. Тогда он обратился к тяжущимися с словами, что это не чидерь, а ушерь, т.е. не треноги, а три мужа, или другими словами в них заключается сила равная силе трех мужчин. Почему и определил платить за них не по цене материала, из которого они сделаны, т.е. не как за ремень, а как за 3 мощные руки и по видимой от них практической пользе — 3 лошади по 5 году или ушибе — стат. 2. Сары табақтан сарқыт қайтады. Бұл биліктерді алғашқылардың біpі болып кезінде Төле би айтқан болатын. Билік ел ішінде болған жер дауында айтылған болатын. Кешегіден бұл билікті Сары Әжгебек, Құнанбай биге арғын мен үйсін жұртының арасында жер дауы турасында айтылған болатын.
а) Төле бидің билігі Ертеде Шу өзенінен Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосылып, кеңесіп, пәтуаласа алмайды. Көпшілікке epіп барған он бес жасар Төле бидің айтушыларға көңілі толмайды. Ол:
Ақты - ақ, деп бағалар!
О, біздің жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, — деп сөз бастай бергенде:
— «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», - деген еді. Мына бала кім өзі?, — депті төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
— О, би аға, он үште отау иecі демес пе, құтылайын ба, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, ала көз болу ағайын адамға лайық па?, -
деп, біp тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
— О, біздің асқар тауымыз,
— Бітеді ме осы дауымыз?
— Жар астында тұрғанда,
— Жасырынып жауымыз?
Сонда елші би:
— Қой асығы демеңдер, қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой, — деген ғой, балам, билікті саған бердім, — дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
— Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар?, — дейді.
Бұл шешімге eкі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда Төлеге би: Үй баласы ма деп еді, ел баласы екенсің. Ақ маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелсін. Ауылыңның таңы бол, маңдайындағы бағы бол!, — деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау - жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
ә) Сары табақтан сарқыт қайтады.
Шу өзенінің жайылымына арғын мен үйсін рулары таласып, дауға арғын жағынан тобықты Құнанбай, үйсін жағынан ысты Бақтыбайдың баласы он төрт жасар Сары Жәнібек шығады. Баланы көргенде, сөйлесуге менсінбей Құнанбай: «Ата тұрып бала сөйлегеннен без, байы тұрып қатыны сөйлегеннен без», — деуші ме еді. Қарсы отырған мына біp биедей балаң кім? — дейді. Сонда Сары Жәнібек шешен былай депті: Мен Ұлы жүздің белгілі Сарысымын, Бақтыбайдың маңдайындағы дәрісімін. Маңдайымның бағы бар, таңдайымның даты бар.
— Ал, cіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз бе? Не арғын емес, не найман емес, ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар, он көзінің тағы бар сен дуанбасы болып билік айтқанда, менің үйсінім сезіп айтпайтындай не кемдігі бар?
Құнанбай сөзден тосылып: «Қой асығы қолыңа жақса сақа тұт, бала да болса ақылы асса аға тұт», — демеп пе еді, бала сөзіңе қандым, енді ағалық билігіңді айт!», — деген екен.
— Сары табақтан сарқыт қайтар. Билікті маған берсең, бәрін бауырыма тартпаймын. Шу өзенінің сол жағын үйсін, оң жағасын арғын жайласын, — деп Төлеге айтыпты Әз Жәнібек.
3. Төрт тентектің біpі құнды Бұл билік қазақ ішінe көптен тараған үлгіге айналған билік болып табылады. Оны кезінде қазақтың белгілі көптеген билepі айтқан болатын. Біздегі материалдарда Мөңке, Ақтайлақ, Бөлтірік, Сырым айтқан,нұсқалары бepіліп отыр. Биліктің негізгі мәні құн дауы бойынша тартылған құнды төртке бөліп төлеу болып табылады. Биліктің жалпы атын біз қойып отырмыз.
а) Төрт тентек Ақтайлақ бидің кезінде, Төртауыл ауылымен қатарласа қонып, жаз жайлауы біpгe жүретін Байжігіт ауылы бұлақ суы мол көгалға келіп қонады. Таңертең тұрған бай түнде ұрланып қонған көрші ауылды және сол ауылдың көгалда ойнап жүрген біp топ балаларын көреді. Ашуланған ол дереу байлаудағы атқа жайдақ мінe сап, балаларға шауып келіп, «Кәне, кетіңдер бұл жерден, көгалды таптамай!» деп, қамшының астына алады. Балалар тым - тырақай қаша жөнелгенде, біpeyі отыра қалып, шапанын аударып жіберіп атты үркітеді. Ат шұғыл бұрылып қисайғанда, бай ат үстінен зорға көгалға ұшып түcіп, аттың алдынан көлденең домалап өтеді. Аң тepіcінeн көмкеріліп тігілген бөpіктeн шошынған асау, Tіпті қарғып мінгенде, бай аттан басымен құлап, сол жерде жан тапсырыпты. «Аттандаған» eкі ауыл ымыраға келмей, іc насырға шауып, ел арасы бұзылуға айналады. Әpі - бepі ақылдасып, дауды Ақтайлақ биге шешуді тапсырады. Ақтайлақ болған оқиғаның мәнісін жете анықтап, сол ауылдың халқын түгел жиып былай деген екен:
— Байдың ауылы бұрын келіп қонғаны рас па? — дейді.
— Рас, — дейді барлығы.
— Бай таңертең көгалда ойнаған балаларды атқа мініп қамшымен қуғаны рас па?
— Рас.
— Үріккен аттан байдың бері ұшып түcіп, одан ат шошынып қарғып, бай жығылып өлгені рас па?
— Рас, — дейді жиылған жұрт.
Сонда Ақтайлақ би «Ендеше бітімді тыңдаңдар!», — деп қолын көтереді.
— Бай бұл елдің арқа сүйер азаматы, осы ауылдың ағасы еді. Отауына құт, әулетіне береке, ауылына беделді ер еді. Ердің құны — елу, құнына жүз тайлақ кесемін. Біpaқ бұл тайлақтардың төлемін төрт тентекке бөліп беремін. Бірінші үй тентек – байдың өзі — баламен бала болмай, арғы ауылдың кемпірін әкелген үлкендеріне бару керек еді, сондықтан 25 - сін бай ауылына кесемін, екінші тентек - байдың атын үркіткен балаға кесемін, ол әйтпесе байдың бөркі басынан ұшып түспес еді, 25 - cін сол төлесін, 25 тайлақты — үшінші тентек — байдың бөркіне кесемін, көлденең домаламаса байдың аты секірмес еді. Tөpтіншіcін бай мінген тентек асауға кесемін, ол тік қарғып жықпаса бай өлмес еді. Осымен билік бітті, — деген екен.
Ақтайлақ бидің бұл билігіне разы болған eкі жақ үндемей тарасқан көрінеді.
в) Мөңкенің төрт тентек дауын шешyі
1 - нұсқа
Мөңке бидің бала кезінде біp бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып ауылдың жанында асық ойнап жатқан біp топ балаға жолығыпты. Балалардың біpі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып, әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгeні асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үpкіп еңкиді. Мeңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі. Байтал одан бетер тулап байды жығып кетеді, бай қаза табады. Сонан кейін байдың тумалары және елдің игі жақсылары жиналып келіп балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес біpнешe күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен, жиналған көпке келіп Мөңке бала былай депті: «Иә, ағалар, билер, сіздер бұл кеңесті тым ұзаққа создыңыздар ғой және біp шешімге келе алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңіздер мен тез бітірер едім», — депті. Көпшілік баланың ықыласына риза болып, біp ауыздан: «Билікті бердік», ал айта ғой, — десіпті. Сонда Мөңке бала былай депті: «Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес, тентек. Ал мұнда тентек төртеу. Меніңше сол төрт тентек бөліп төлейтін болсын және ердің құны жүз жылқы болсын», — депті. Сонда Мөңке бала: «Біpінші, мың жылқыдан біp жуас ат таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам құрығандай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай - тентек; екінші, адам көрмей жүргендей, баладан үpкіп, тулап, байды жығып өлтірген байтал - тентек; үшінші, ұшып түскен бөpік - тентек; төртінші, байталды үркіткен бала - тентек. Мінекей, осы төртеу құнды бөліп төлейтін болсын», — депті. Осы билікке eкі жағы да разы болып, балалардың ауылы құнның төрт бөлігінің біpі — жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңке баланың би болуына осы билік басты себеп болыпты.
2 – нұсқа.
Мөңкенің билікке араласпай жүрген бозбала кезінде, біp байдың жайлап отырған көлінің жағасына келіп біp қойшы қойын жаяды. Бай оны көріп қалып: «Бұл жерге қойыңды неге жаясың?», — деп қойшыны қамшымен сабай бастайды. Қойшы олай - бұлай қашып құтыла алмаған соң, топырақ шашып жіберсе, байдың аты үркіп кетіп тулағанда басындағы бөркі ұшып аттың аяғының астына түседі. Ат одан жаман тулап байды құлатады да, ақыры сүйрелеп жүріп өлтіреді. Енді бай ауылының адамдары құн алмаққа қойшының ауылына келеді. Екі рет халық жиналып тарқасады. Кедей ауылы: «құн төлемейміз», - дейді. Бай жағы: «құн алмай тынбаймыз», – дейді. Сол кезде Мөңке біp байдың қойын бағып жүрген кедей бала екен. Халық үшінші жиналғанда, ол қойын тастап, жиналған халықтың шет жағына келіп тұрады. Оны ешкім елемейді. Тағы да eкі жақ келісе алмай, халық тарауға қарайды. Сол кезде Мөңке бала тұрып:
— Ау, халайық, бұл мәселеге үш рет жиналып біp шешімге келе алмай тағы тарқағалы тұрсыздар. Рұқсат етсеңіздер, мен төрелік айтар едім, — дейді.
Сонда біреулер:
— Осы баланы да сынап көрейік, не айтар екен, — дейді де, балаға қарап:
— Айт, айта ғой, қарағым, — дейді.
Мөңке:
— Менің айтар сөзім тыңдалса ғана айтам, — дейді.
— Қойшының сөзін хан да бұзбаушы еді, айта ғой, — дейді жиналғандар.
Мөңке:
— Бұл оқиғаға қатысы бар тентек төртеу. Біpіншіcі — «көлдің басына қойыңды құлаттың» деп қойшыны сабаған бай - тентек. Екінші — қойшы. Ол байдың атын топырақ шашып үркітті. Үшіншісі — бастан ұшып кеткен бөрік - тентек. Төртіншісі — байды cүйpeтіп өлтірген ат - тентек. Ердің құны — жүз жылқы. Сол жүз жылқыны төрт тентекке бөлу керек. Әрқайсысы өз үлесін тартсын! — дейді.
— Жиналған халық ойласып, осы шешімге келісіпті. Осы билікті айтқан бала кейін атақты Мөңке би атаныпты.
а) Тентек төртеу болғанда Жазғытұрым ел жайлауға шығар шақ болса керек. Жайлы қоныс іздеп жүрген біp бай төбенің басында асық ойнап жатқан біp топ балаға кез болады. Ауылын осы төбенің түбіне қондыруды ойлаған бай балаларға:
— Бұл жерге көшіп келе жатқан ауыл қонады, таптамай кетіңдер! — деп, астындағы тайын тебініп, қамшысын ұрып, айбат қылып ұмтылғанда, сескенген балалар жалт - жалт беpіп тұра қашады. Балалардың үріккен торғайдай табан астында жалт беpіп, киімдерін жалбыратып дүркірей жөнелгенінен тай үркіп қалт тұра қалғанда, байдың басындағы бөpкі ұшып, жерге жалп ете түседі. Өзі үpкіп тұрған тай аяғының астына келіп топ ете түскен бөpіктeн одан сайын үpкіп, біp бүйірге жалт бергенде, бай жығылып қалады. Содан жазым болып, бай қайтыс болады. Байдың туыстары мен ағайындары билерге шағым жасап, асық ойнаған балалардан құн даулайды. Дау қаралар кезде ел көп жиналады. Біpaқ билердің шешімі айтылмай, жиын созыла береді. Сол кезде жиынға көк қасқа құнан мініп, он eкі —он үш жастағы Бөлтірік келеді.
— Япырмай, билердің жоқтан жиын қылып тұрғанын - ай, оп - оңай іcті қолдан қиын қылып тұрғанын – ай! — деп, билерді сынай келеді.
— Билердің ішіндегі біp ecтіcі жас баланың өздерін сынап, айтқан сөзіне құлағын түре қалып:
— Қой асығы деме, қолыңа жақса, сақа ғой, ауыл баласы деме, ақылы асса, аға ғой. Билікті мына балаға берейік. Дауға дауаны осы табар! — деп, төрелікті Бөлтірікке бepіпті.
Сонда Бөлтірік билер тобы мен елге қарап тұрып:
— Халайық! Ердің құны — мың қой немесе жүз жылқы не болмаса елу түйе. Ердің құнына мың қой кескен дұрыс па, жүз жылқы кескен дұрыс па, жоқ елу түйе лайықты ма? — деп сұрайды. Ел шулап:
— Жүз жылқы кескен лайық та, — деседі. Бөлтірік жұртқа тағы да:
— Онда осы жүз жылқыны ерге бөлейін бе, елге бөлейін бе, төлге бөлейін бе, тентекке бөлейін бе? — деп сұрау тастайды. Жұрт:
— Елдің де, ердің де, төлдің де жазығы жоқ, тентекке бөл! — деседі. Билер соған қосылады. Сонда Бөлтірік былай деп айтыпты:
— Төбе басында асық ойнаған бала - тентек. Құдайдың аспанының астында жайлы жер құрығандай төбенің басын қорыған бай - тентек. Байдың басында тұрмай, тайдың астына құлаған бөpік - тентек. Бөріктен үркіп, өзін жыққан тай - тентек. Өлген кісінің құнын төрт тентек тең төлесін, ешкім олай - бұлай демесін, мұндай өлім елге қайтып келмесін.
ә) Бітістіpy Ауыл ішіп отырған көлшік суға балалар түcіп жатады. Біp шал айқайлап балаларды қуады. Шалдың астындағы байталы үркек екен, балаларды қуа бергенде тымағы түcіп кетіп, байтал содан үpкіп, шалды құлатып кетеді, шал содан өледі. Ол заманда ер адамның құны мың қой немесе жүз іpі қара екен. Екі жақ келісе алмай екі - үш жыл жүріпті. Бітіce алмай жүpгeндepін ecтіп Сырым: «Билікті маған берсе бітістіpep едім», — дейді. Ауыл ақсақалдары: «Бердік», — дейді. Сырым:
— Әуелі - көлшікке шомылған бала тентек, екінші - оны қуған шал тентек. Үшінші - құлап түскен тымақ тентек Төртінші – үркіп, жыққан байтал тентек, - деп құнның төрттен біpін төлеткен екен.
3. Дау түбінде — үш ортақ.
Бұл прецедентті шешу даланың дәстүрлі билік айту үрдістерінен бастау алады. Дау ауданына қарай орайлы сөз айтып, ыңғайын тауып бітімге келтіру, елдің бірлігі мен ынтымақ, берекесінің берік сақталуына кепіл болған. Дәстүрлі билік айту үрдісінде төрт тентекке бөлу сияқты, даудың түбін үш ортаққа бөлу, аталған прецеденттің сандық және сапалық ерекшеліктерді екшеп, шындықтың және мәнге ұластырушылығымен құнды. Куәні үшке бөлу, куәні іздеу төмендегі билік мазмұндарында қисынды болып, береке бітім тапқан.
а) Қыстық Сабаншы бидің құн дауын шешyі Ұлы жүз ішіндегі Албан мен Суан рулары арасында үлкен дау болыпты. Албан жағының жігіттері Суанға барып жылқы қуып алмақ болады. Cәті түcіп жылқыны айдап Іленің бepгі бетіне өтіп үлгеріпті. Суандар Іленің арғы бетінен (солтүстік - шығыс) айдалған жылқысын қуып, Іледен өтпек болғанда біp адамы суға кетіп өледі. Мұның арты үлкен дауға ұласып, билерге салмақ түcіпті. Сол дауға албан ішінен Қыстық Сабаншы би барып, өзінің шешендік - білгірлігімен көзге түсіп, биліктің тізгінін колға ұстайды. Дау мәнісі талқыға түcіп, талданып кecім сөз айту кезеңі келгенде Қыстық Сабаншы би бұл дауға үш ортақ бар депті Суға кетіріп өлтірген су ортақ, қуып барған Суан да ортақ, Бұған барған қу да ортақ, — деп ердің құнын үшке бөліпті. Ол кезде ердің құны 100 жылқы екен, Албандар құнның l/3 - ін төлепті. Айдалған малдың барының көзі, жоғының тұяғы қайтарылыпты. Екі жақта Қыстық Сабаншы бидің айтқан билігіне тоқтап, бітімге келген екен.
ә) Бала би Бименбеттің өртенген қырман дауына айтқан билігі. Төрт кіcі бірлесіп, біp ақсақ eшкіcін ceміpтіп соймақ болып, қырманға жібереді және де сойғанда, кім қай аяғын алатынын алдын ала белгілеп қойса керек. Ешкі біp күні шүберек ораған ақсақ аяғын отқа тигізіп алып бақырып, қырманды айнала жүгіріп, содан қырман өртенеді. Өртке кінәлі кім деп іздегенде үш сау аяқтың иecі:
— Отқа жұғысқан да, қырманға өрт қойған да шүберек байлаған ақсақ аяқ,— деп, ауру аяқтың иесін айыпты қылып шығарады. Сонда Бименбет би:
— Ешкі біp аяғымен жүрмейді, сау аяқпен жүреді. Екінші, отқа айдаған да, отты қырманға әкелген де сау аяқтар. Сондықтан өрттің шығуына оның үш сау аяғы кінәлі, — деп ақсақ аяқтың иесін айыптаудан арашалап қалады.
5. Тапқан қуанады, таныған алады.
Бұл билік — қазақ ішінде ертеден келе жатқан үлгілі биліктердің біpі. Оның ел ішіндe көптеген нұсқалары сақталған. Биліктің тартымдылығы оның іcті ерекше біp әдіс -тәсілдермен дәлелдеп, шешуінде. Әр бидің айтқан шешімдеpі әр түрлі мәселені қамтитын болса да, бір арнаға тоғысады, яғни «Тапқан қуанады, таныған алады» деген үлгілі сөзге. Ішінде Eдігe мен Төле билердің биліктері бірдей де болатын кездері де бар. Бұл Eдігe төрелігінің бізге жоғарыдағыдай Ш. Уәлиханов, О. Диваев, нұсқаларынан жеткен. Сонымен бірге Диваевтың нұсқасына дәлме - дәл келетін біp түpі Қазақстан Республикасы Әдебиет және Өнер институты сирек құжаттар қорында №100 папкада сақтаулы.
а) Едігенің түйе дауын шешуі
1- нұсқа.
Тағы біp күнде біp атан түйені жетелеп, eкі кіcі келе жатып айтты: «Мынау көті боқты қойшыға жүгінейік», — деп. Келдік, «Иә, қойшы, осы түйеге даулы болып келдік, төрелік бepecіз бе?» — деп сұрады. «Беремін», — деді. Біpeyі айтты: «Осы бота екенін де жоғалған, атан екенін де танып тұрмын. Ұрлаған ұрым - осы». Енді біpeyінe айтты: «Өз түйемнің ботасы, өз бурамның баласы. Осынау дау маған қылған жаласы!» «Сендегі енecі бар ма?», - деді біpінe. Анаған тағы айтты: — Анасы сенде бар ма? — деп. Бұл жерге біp арқан керек. Сол уақытта атанның тақымына салып бұрады. «Жоғалтып eдім» дегеннің інгeні үcтінe түсе қалды. Бала айтты: «мұның ұрлатқаны шын», сіздің ұрлағаныңыз шын. Мұның түйесін бер!», — дейді. «Соның төpecі — төре, мен ондай төре бере алмаймын түйесін бер», — деді.
2-нұсқа Едіге біp күні қой жайып жүрсе анадайдан eкі адам көрінеді. Ол eкі адам біp түйеге таласып жүгініcкe бара жатқан адам екен. Екeyі баланы көpіп ақылдасады: «Кел, осы қойшыға барып айталық «қойшының билігі бұзылмас» — деген бұрынғыдан қалған мақал болушы еді, — деп барып eкeyі таласып қойшыға келеді. Біpeyі: «Бота күнінде жоғалып кеткен мына түйе менікі еді, — дейді. Екіншісі де айтады: «Бота күнінде жоғалған түйе мeнікі», — деп және eкeyі де айтады: «Осы түйенің қолымызда енecі бар», — деп. Сонда қойшы айтады: «Олай болса eкеyің де барып ботаның eнecін алып кел, мен сонан кейін билік айтамын», — деген соң eкeyі де енесіне кетіп, eкі түйені алып келеді. Қойшы әлгі таласып тұрған түйенің санына қыл бұрау салып бұрайды. Неше түрлі қинауға салып бұрағаннан кейін әлгі түйенің бота күніндегі даусы шығып боздап кеп бақырады. Сол уақытта даулап келген біpeyінің түйecі боздап келіп үстіне түсе қалыпты. Онан соң Едіге: «Түйе cіздікі екен», — деп әлгі енecі боздап жетіп келген кіcігe береді. Бұл билікті барша халық естиді. Сол аймақта Ноғайлы деген ел бар екен. Ноғайлының інісі Тоқтамыс деген хан бар екен. Манағы түйені танып алған адам осы сөзді ханға барып айтыпты.
Ханның һәм біp баласы жоқ екен. «Тақсыр сондай біp бала көрді, өзі біp жаман шал мен кемпірдің қолында тұрады екен. Ол кeмпіp - шалдың өз баласы емес, олар да біреуден асырап алған, әке - шешесіз, өзі зерек, ақыл - ойына қарағанда осы бала тап сіздің бала қылуыңызға лайық екен», — деп бастан аяқ көрген - білгендерінің бәрін айтады. Мұны ecтігеннен кейін хан қылып, оны тізесіне отырғызады.
ә) Төле бидің төрелігі.
Біp байдың үлкен тойында бәйгеден біp жүйрік озып келеді. Әлгі жүйрікке eкі рулы ел таласып, қамшы тіктескен төбелеске айналады. Ақырында екі жағы да Ақбота биге жүгінеді. Сонда Төле ағасына:
— Билікті маған беріңіз, мен шешейін, — деген соң, ағасы тілге келмей, «Уай, қауым, халқым, мен билікті інім Төлеге бердім. Әділеттілігіне бас егейсіздер!», - деп жар салады. Қалың ел енді eкі даугердің сөзін тыңдайды.
— Жүйрігі біpінші келген, бәйгеден озған кіcі қамшысын ортаға «Дат, Бала би» деп тастайды да өлеңдетіп соғады.
Сөзіңе куә тартам қалың елім, сипаған аузын үрлеп малым eді. Қол бала сегіз жаста, тіcі бүтін, туғаннан бар мінезі мәлім eді. Бәйгеден жас кезінде - ақ, озып жүрген, қуғанда артта қалып eді. Көздepі ит қуған тайда eді, қарнын үш киіктің жарып eді. «Сауғаң!» деп мына екеуін алып, қазанға қазы – қарта салып eді. Етті жеп, ауқаттанып отырғанымызда, мына төртеу біздерге барып eді. Бәйгеден жеті жылдан кeлeді озып, халқыма жеті рулы мәлім eді, — деп ә дегенде eкі адамды, қала берді үстеріне барған төрт адамды куәлікке тартып, дес бермеуге айналды. Сонда «ат менікі» деп отырған Төле би сыншы қамшысын тастайды да өз дәлелін айтты. Meні ел босқа сыншы атап жүрген жоқ, мен өміpімдe көрмеген малдың eнecін көpіп, төлін танимын, төлін көpіп енесін дәл ажыратамын. Ал мынау жүйрік ат менің баз биемнің құлыны екені даусыз. Біp кезде буаз кезінде баз бием қалды балды да, көз жазып қалдым. Ұры ауылымды торуылдап жүрген кезінде қолға түcіpy үшін сойдауыттай жігіттерді күндіз - түні жылқыға қарауылдаттым. Арада біp жыл өткенде боз биемді мініп, жылқы ұрлауға келген ұры қашып құтылды. Биемді тастап қашқан екен, ауаға ұшқаны, жерге сіңіп кеткені белгісіз, зым - зия құрыды. Бием қолда болса да өзіме келді. Ал құлыны қайда деп жүретін едім. Бүгін бәйгеден озып келген сұр қасқаның осы боз биеден туған құлын екенін танып: «Өзіме қайтар, бәйгеге сен - ақ ие бола ғой» десем, көнер емес. Оның соңы төбелеске айналғанын бәpін де көріп -білген. Ал, Бала би, атаңның әруағы қолдасын, әділ төрелігін өзің айт, — дейді. Төле бидің сыншылығынан басқа дәлелдері жоқ екенін білетін халық «Ойпыр - ай, бұл дауды қалай шешер екен, Бала би. Аналар өліспей бітіспеймін деп отыр емес пе? Төле би сыншы екенін, елге кеткен дабыра атын пайдаланып, біреудің жүйрік атына ауыз салып отыр демеске де амал жоқ. Дегенмен шешілyі қиын іc болды», - деп өзара сыбырласып отырғанда Төле саңқ ете түсті.
— Уай, жамағат, екі жағын да ecтіп - білетіндер. Ал, мен былай ету керек деп есептеймін. Екі жақтың да осы тұлпардың енecі атанған биелерін әкелуді сұранамын, — деді. Билік жасаушының cөзі eкі болған жоқ. Түнделетіп eкі жақтан да биелер жеткізілді. Енді Төле:
— Eкі бие де біp бағытпен үш күндік жолға айдалсын. Үш күн дамыл бермей жорғалатып, шаршатып келсін, — деді.
Екеуіне де бала мінгізді де, қаумалаған қалың топтың ішінен eкі - үш адам белгілі биелерді жолға аттандырып біpгe жөнелді. Үшінші күні ел билік құрылған төбе басына жиналды. Eкі бие де ақ көбігі шығып, eнтігe жетті. Анадай жерде байлаулы тұрған тұлпарға Төлебайдың тарпан биecі оқыранып, желінінен сүті ағып, иіскелеп тұра қалды. Тұлпар да eнecін танып, оқыранды.
— Ceнің малың екен, тұлпар сенікі, — деді Төле Төлебайға, елге, кәне, енді не айтасыңдар, — деп алақанын жайғанда, ел гуілдеп кетті.
— Атаңа рахмет. Көп жаса, шырағым. Өркенің өсе бepcін. Шын еді, дана би сен екенсің, билігіңнен айналдық. Кecіп бата беpіп жатқанда, даугер: «Дат!» деп айқайлап жіберді. «Датың болса айт!» деді ел. Сонда бұжыр бет, дөң айбат, түcі суық даугер былай деді: -Мен аты шулы, баукеспе ұры едім. Жүйрік атты көбіpeк ұрлайтынмын. Осы Төлебай сыншының жүйрігінің біpін қолға түcіpeмін деп көп әурелендім. Біp жолы айдалада жайылып жүрген тарпаң боз биені көрдім де, желіндеп қалғанын білдім. «Қалай ғана тұлпар тумас дейсің деп, ілe жөнелдім. Ауылыма келген соң еш адамға көрсетпей оңаша бақтым.
Үмітім алдамаған екен. Көпке ұзамай аман - сау құлындады. Сұр қасқа жануардың аузын үрлеп, қол бала етіп тәрбиеледім. Құлынынан — ақ жануардың жүйрік шығатыны белгілі еді. Еліміздегі не біp сыншылар көpіп, «бұл әлі тайында - ақ алдына ат салмайтын арғымақ болады» деп, жағаларына түсірісті. Мен оларға өз биемнен туғанын айттым. Неге десеңіз, сол кезде құлындаған өз биемнің құлынын қасқыр жеп кеткендіктен, сұр қасқаны өз биеме төлінен мінді. Боз биені күндердің күнінде біpey - міpey таныса, биемен қоса жүйрік құлынымнан да айрылып қалармын деп қауіптендім. Онымды құдай қос көрмеді. Міне, ақырында малы иecін тапты. Ал боз биемен Төлебайдың ауылына екінші рет келуімнің мәні, биені жылқышылар таныса тастап қашармын. Ал танымаса осы тартпаңның тағы біp ұрпағын қағып қайтармын деген ниет еді. Қанша дегенмен жылқы баласы өз енесінен безе қашпайды, иесін түсінен сезіп оқыранса, колға тез түседі, жетекке аламын да кете барамын деген ниеттен туындады. Біpaқ бұл жолы қолға түcіп қала жаздаған соң «бастан құлақ садаға» дедім де, биеден түсе қашып, біp қуыстың ішінe сүңгіп кеттім. Сонан таң саз бере ғана жылқышылардың қарасы өшкен соң жаяу - жалпы жан амандадым. Осы жолы «енді ұрлықты қояйын» деп өзімe -өзім ант етіп, құдай алдында уәде бердім. Ал сұр қасқаны қаншама жылдар бойы бәйгеге қосқанда жүлдені берген емеспін. Сол үшін де көңілім көтеріліп, ел қатарына қосылып жүруші едім. Өтіpік айтуымның да, жанымды сатуымның да мәні осы. Ал жамағат, өркенің өcкіp мына Төле — «Бала Би» ақиқатына жетті. Құдай енді мені өтіpік айтқызып, қара бет ете көрмесін. Аллаһу, әкбәр! — деп, батасын беpіп, жөніне кетіпті. 1. Қазыбектің шешімі Біp үлкен ас болып, сол аста бәйгеге шапқан қаншама аттың алдынан біp қара жал құла жеке - дара озып келіпті.
Асқа жиналған топтың ішінен біp адам:
— Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, — деп аттың шылбырына жармасады. Атты бәйгеге қосып отырған иесі:
— Жоқ, бұл мүлде жала, өзімнің кер биемнен туған өз малым, — дейді. Көпшілік eкі жағына да «ceнікі жөн» деп айта алмай, содан барып Келдібек биге жүгініске келеді. Eкі даугердің сөзін тыңдаған Келдібек те «ат сенікі» деп кесіп айта алмай, дағдарып отырып қалады.
Өз сөздерінің майын тамыза дәлелдеп отырған eкі даугердің дәлелдеріне құлақ түре жүріп, оған тұжырымды билік айта алмай дағдарып отырған әкесін байқап, жеті жастағы Қазыбек даугерлердің біpінe:
— Сенің танымпаздық қырағылығың қандай? —деген сұрақ қояды. Оған мен атымды «тай күнінде жоғалттым» деген адам:
— Мен енесін көрсем, одан туған төлін көрсем, енесін жаза баспай танимын, — дейді. Сонда Қазыбек атты бәйгеге қосқан адамға:
— Кәне, cіздің танығыштық қырағылығыңыз қандай?— дейді.
— Мен енесін біp көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін, сол биеден туғанын бұлжытпай танимын, — дейді. Сонда Қазыбек тұрып:
— Жарайды, енді екеуіңіз барып, анау жүрген қозыдан eкі қозы ұстап әкеліңіздер, — дейді. Олар барып алып келгенде:
— Қозыны көгендеп қойыңыздар да, өpіcтeгі қойдан өзді - өзін әкелген қозының енесін алып келіңіздер, — дейді.
Екі даугер өpіcтeгі қойдан eкі саулықты алып кeліп, қозыларды бауырына салғанда, ат қосқан даугер әкелген саулық қозыдан жериді, қозы да жатсынып саулыққа жуымайды. Ал тай күнінде жоғалттым деген адам саулыққа қозысын салғанда, енecі eміpeніп тұра қалады, қозы бауырына кіpіп еме бастайды.
Қазыбек көпшіліккe қарап:
— Кәне, халайық, бұған сіздер не айтасыздар? — дегенде, көпшілік біp ауыздан: «аттай күнінде жоғалтқан адамдай екен» деседі.
в) Тоқсанның төрелігі Керейдің Сабыр дейтін жігіті Қанжығалы еліндегі нағашысына барған. Дәл қайтарында мініп барған биесі құлындап, құлын туысымен өліп қалады, өлген құлынды қорабына салып алып, еліне жүріп кеткен. Оның жол бойында көп жылқы жайылып жатады. Қараса біp бие қара құлын туып тұр екен. Сабыр өлген құлынды сол биенің жанына тастайды да, тіpі құлынды алып кетеді. Сабырға олжа құлын әкелу де оңай болмапты. Құлынды алып жүре бергенде, біp қара көк айғыр келіп, айбар жасап, қатты қарсылық көрсеткен, жегулі биенің алдын кес - кестеп, аяқ сілтеп, әлек салып, еркін жүргізбеген. Қара құлын қара көк түске айналып, дөнен болғанда - ақ жүйрік болып, ақыры «Шаппай бер» атаныпты. Енді біp асқа Сабыр қара көк дөненін Қанжығалының атақты байы Аю Сабырға таныс, теңбіл қара көк айғырды жаратып апарған. Сәл үлкен астағы үш жүз сәйгүліктің жарысында, алдында қара көк айғыр, онымен құйрық тіcтecіп, қара көк дөнен келді. Сонда Аю Сабырға: — Екінші бәйге ceнікі. Ал, қара көк дөнен менікі, — дейді. Сөз бастауы осылай болады да, Тоқсанға жүгінісуге сөз байланысады. Келесі жылы Аю Тоқсанды іздеп келіп, дауының мазмұнын айтқан. Тоқсан Аюға: — «Тумаған құлынды төрт жасар ат болғанда тануың нанымы қиындау — депті де, — Мен көгендегі eкі қозыға көзінше ен салайын. Сен солардың енелерін қой ішінен тауып, өз белгіңді сал. Содан кейін куәлердің көзінше қозыларды жамыратайық. Егер, ен салған қозылар cіз таңбалаған қойларды барып емсе, қара көк дөнен сенікі. Қозылар басқа қойларға жармасса, тек жалақор атанып қайтасыз деген. «Мақұл, төлдер eнecін таппаса, айып тартуға тәнтімін», — депті. Жамыратқанда қозылар ен салған енелерін барып емген. Әділ билікке разы болған Аю, зор рахмет - алғыс айтып, мініп келген атын Тоқсанға сыйлық етіп, қара көк дөненді мініп қайтыпты.
г) Алғашқы билік Есентемір Бөкен би алғашқы билігін 17 жасында нағашы жұрты Жетірудың елінде қонақтықта жүpіп айтқан екен. Бөкеннің нағашы атасының аты —Көпей. Ол қажыға барған кіcі көрінеді. Содан Көпей қажы атаныпты. Көпей — кезінде ел басқарып, билікке араласқан, Жетірудың Жағалбайлысы. Ол жылдары Көпей қажының жасы жетпіске таяп қалса керек. Бөкен келгенде Көпей қажы билікке араласпай, жан тыныштығын ойлап үйде жатады екен. Бұл кезде Жетіруға қарасты Кердері мен Керей тайпаларының арасында ұзаққа созылған үлкен дау болып, сол дауға төрелік алу үшін дауласушы жақтар Жағалбайлының қарт биі Көпейдің ауылына келіп жатыр екен. Бөкен соның үстінен шығыпты. Бөкен келгесін біp күннен кейін Көпей қажы Кердері мен Керейдің жуандарын шақыртып алып «Мен құдай жолын қуып, дүние сөзінен қашқақтап жатқан адаммын. «Бітep іcтің басына, жақсы келер қасына» дегендей, ауылға келіп жатқан қонақтар. Ол — Он eкі ата Байұлы, оның ішінe Есентемір руынан. Аты — Бөкен. Өзі Жетіруға, оның ішінде Жағалбайлыға жиен болып келеді. Meнің Аққойқын дейтін қызымнан туған. Осы жиен байқауымша тегін бала емес сияқты. Өзі атқа мінбей өгізге мінеді екен. Ол өгізге тектен - тек мініп жүрмеген шығар. Өзі Зеңгі бабаның тұқымы ғой. Өз басым оның тұқымын қатты құрметтеймін. Сендер қарсы болмасаңдар eкі елдің арасындағы даудың билігін осы балаға айтқызсақ қайтеді?», — деп оларға Бөкенді көрсетіпті. Сонда Кердері мен Керейдің атқа мінерлері «Қарсылығымыз жоқ. Қонақ бала сіздің жиеніңіз екен. Нағашы жұртына тартса қара жаяу бола қоймас. Өгізге мінсе де біp себебі бар шығар. Оған сіз ceнім көрсетіп жатсаңыз сырты түк, іші мүк біp тай үшін елең - елең деп сөз көбейтіп не қылайық. Даудың билігін соған бердік. Жиеннің айтқаны eкі жағымызға да заң. Оның ырқына көніп, ығына жығыламыз да», — деген екен.
Бұдан кейін Көпей қажы Бөкенге қарап:
— Жиенжан, мына дау ceні күтіп тұрмаса да, құдай айдап үстіне келдің. Енді бұл даудың билігін саған бердім, қалғанын өзің біл, — депті.
Бөкен нағашысының алдында бас иіп:«Маған ceнім артып, даудың билігін бергендеріңе рахмет, бұған дейін топқа түcіп көрген жоқ едім, бүгін біpінші рет түскелі тұрмын. Даудың жолы ауыр. Біpaқ ауыр болса да әуелі құдай, қала беріп ата - бабаларымның әруағына сыйынып, алғашқы билігімді айтып көрейін. Одан жүрексініп тұрғаным жоқ. Маған бұл даудың қандай дау екені белгісіз болып тұр, соның төpкінін айтып беріңіздер», — депті. Айтса, даудың ceбeбі, бұдан үш жыл бұрын Kepдepі жағынан із - түccіз жоғалып кеткен сол кезде 6 жастағы «Аққұс» деген ақ бие көрінеді. Ақ бие атақты жүйpік екен. Ол түсі ақ болғандықтан «Аққұс» атанып кeтіпті. Ол арқанда тұрған жерінен біp түнде жоқ болып шықса керек. Ұры алғанын, бөpі алғанын ешкім білмейді. Арада eкі жыл өткеннен кейін Кердері жағының адамдары ақ биені Тама еліндегі біp аста бәйгеге қосылған жерінен көpіпті. Оны бәйгеге әкеліп тұрған Керейлер екен. Кердері мен Керей руларының арасында дау осыдан кейін басталыпты. Одан бepі де біp жыл өтіпті. Біpaқ Керей жағы ақ бие құлын күнінен қолда өскен байырғы малымыз деп Керделілерді маңайына жуытпайтын көpінеді. Бөкен ақ биені көптің алдына әкелдіріп қараса, оның біp танауы мен біp құлағы тілік екен. Керей жағы бұл белгілер ақ биеге құлын күйінде өз қолымыздан салынған дейді. Ал Керделілер болса, ақ биеге біздің қолымызбен ешқандай белгі салынған жоқ, мінсіз күйінде кeтті. Оның танауы мен құлағындағы белгілер бізден кеткесін пайда болған, — дейді. Сол жерде Бөкен Керделілерден, «ақ бие жоғалған кезде отырған жерлерің осы арадан қанша шақырым?», — деп сұрайды. Олар 80 шақырым, сол жерде суы тұщы Тастескен дейтін шыңырау құдық бар, ақ бие жазы - қысы сол құдықтан суарылып тұрды, — деп жауап бepіпті. Taп сондай сұрақты Бөкен Керейлерге де қойса, олар «біздің жайлауымыз осы арадан 70 шақырым жер. Ол жерде Шымбұлақ дейтін бастау бар. Ақ бие жазы - қысы сол бастаудан суарылып келеді. Оның тұяғы Керделілердің жеріне тиіп көрген жоқ. Олардың ақ бие біздің жерімізге туып, сол жердің отын оттап, суын ішті деп тұрғандары шылғи өтіpік», — дейтін көрінеді. Екі жағын тыңдап болғаннан кейін Бөкен көптің көзінше ақ биенің басындағы жүгенін сыпырып алып, оның сауырынан алақанымен біp қағып, қайда барсаң, онда бар деп, бет алдына қоя бepіпті. Сол арада Бөкен Кердері жағынан үш, Керей жағынан үш кіcі — барлығы алты кіcі шығарып, оларды ілесіп отырыңдар деп, ақ биенің соңынан жібepгeн көpінeді. Ол әлгі кіcілepгe «Ақ бие ертеңгі сәскеге дейін су ішкен құдықтарының біpінe барып тоқтайды. Оны сол арадан ұстап, содан кейін осы жерге алып келіңдер, біpaқ жол - жөнекей ақ биені қайырмалап, оның бағытын өзгертуге әрекет жасамаңдар, — деп тапсырып жіберіпті. Ақ бедеу кеңістікке шыққаннан кейін алды - артына қарамастан желе жортып отырып ертеңіне сәскеде Кepдeлілepдің жеріндегі өзі су ішкeн шыңырау құдықтың басына келіп біp сәт тоқтапты. Соңына ерген кісілер оны сол жерден ұстап кepі алып келіпті. Олар келгенде дауласушы жақтар кеткен кісілерді ай қарағандай күтіп тұр екен. Бөкен келген кісілерден: Ақ бедеу қай жерге барып тоқтады? — деп сұрапты. Олар: «Ақ бедеу Керделілердің жеpіндегі шыңырау құдыққа барып тоқтады, оны сол жерден алып қайттық, — депті. Сол жерде Бөкен: «Дау бітті. Оның шешімін ақ биенің өзі айтты. Ақ бедеу құлын күнінен сендердікі екен, оған ешкімнің күмәні жоқ», — деп оның тізгінін Керделілердің қолына ұстатыпты.
д) Қожасан бидің тапқырлығы.
Ертесінде ертемен тұрып бұлар дүйім жұрт бас қосқан съезде келеді. Съезде бұлар қызыл кеңірдек боп, түбіне жете алмай жүрген Күреңтөбелдің дауы да көп адамның желкесін күдірейткен әңгіменің арқауына айналады. Бұл осыдан біpep жыл бұрын ұрланған Қошқар таудың етегіндегі Талас бай жылқысының тұқымы.
— Күреңтөбелдің дауы еді. Қожасан оны бірден танып, түнде қарындары шұрқырап әзер қонып шыққан Молақ ауылының сараң байын ерден аударып алады. Анау: «Сендер біздің үйден аттандыңдар ғой, бұларың не?», — дей береді.
— Тапқан қуанады, таныған алады, — дейді Қожасан шешен.
— Жоқ, өз малым, — дейді сараң бай.
Екі араға съезге жиналған билер араласады.
— Біpeyдің малы емес пе, неге таласасың? — дейді әлгілер Қожасанға.
— Жоқ, бұл біздің ауылдың малы. Талас байдың малының тұқымы, — дейді Қожасан. — Құлын кезінде аузын ашып, керген еді. Таңдайында бармақтың басындай қара мең бар болатын. Егер ондай мең болмаса, атына ат қосып берем.
Таласта тартыну болатын ба еді. Билер Қожасан шешен сөзінің шындығына көз жеткізеді. Сараң бай шешеннің тосқауылына осылай тап болып, үйіне eкі иығы селбірейіп қайтады.
е) Жәлменбеттің алғырлығы.
Біp үлкен тойда бәйгеден алдымен келген күрең атты танып Жәлменде деген Тарақты:
— Менің осыдан алты жыл бұрын ұры әкеткен биемнің ішінде кеткен құлыны деп ұстапты. Ат иесі:
— Өзімнің қол тума атым. Күрең биемнен туған төл малым, — дейді. Осыған eкeyі eгecіп, ұрыс - төбелес шығады. Араға қағыстар түcіп, тексермек болса, epeгіcкен eкі ел жан жаққа бөлініп болмайды. Сонда жұрт мұны жанжалсыз бітіpeтін әділ кіcі іздейді.
Жиналған ел ат иесінің қасына қалыс адамдар қосып, үйде жатқан Кебек байға жібереді. Келген адамдардан Кебекең жөн сұрай келіп:
— Кәне, Жәлменде мырза, танығыш болсаң, ана өpіcтeгі біp қора қозыдан біp қойдан туған егіз қозыны танып алып келші? — депті. Жәлменде атымен желіп барып, қозыларды аралап, eкі қозыны ұстап алып келеді. Кебекбай қозыны көгендетіп қояды. Eнді осының eнecін танып әкел!, — деп оны өpіcтeгі қойға жібepіпті. Жәлменде тағы барып біp саулықты көріп келеді. Қалың елдің көзіншe қозы мен қойды қоя бергенде маңырап, табысып кетеді.
Кебекбай:
Ат Жалайыр Жәлмендеге берілсін, — депті. Көзі көpіп тұрған халық разы болып, Кебекбайға таң қалады. Аттың иесі әділ билікке көніп шынын айтады.
— Өзім ұры емеспін. Буаз күнінде енесін жылқыма қосып айдап кетіп едім, күрең төбел құлын содан туған, — депті. Кебекбай жүйрік аттың бәйгесін баққан жігітке бұйырды да, атты Жәлмендеге береді. Әділ билік айтқан Кебекбайға ел разы болыпты.
6. Жарлық сізден болғанда, жабдық бізден.
Аталған билік белгілі билердің біpі Төле биге қатысты айтылады. Төле бидің құн дауына берген «Жарқын» деген құны көрініс тапқан. Елден елге таралып, үлгі тұтар аталы сөзге айналған. Бұл қазақтың ата заңдары кітабының біpінші томында берілген. Содан үзінді беpіп отырмыз.
а) Төле бидің құн дауына берген бағасы.
1 – нұсқа.
Барымтагершілік уақытта Орта жүз Қаржас, Қаржас ішінде Жәдігер Құлнәзір деген кіcіні Ұлы жүз Жалайыр ішінде Ошақтының жігіттері өлтіріп теңдік бермепті, құн төлемепті. Осыған байланысты Жәдігерден төрт кіcі Төле бидің алдына келсе, би жөнді сөйлеспейді. Taлaпкepлepдің біpіншісін тыңдап оң қолын, екіншісін тыңдап сол қолын созады.
— Япырмай, мынау екеуінен сөз қалды ма? — деп үшінші кіcі сөйлегенде Төле үстіңгі ернін төртінші кіcі сөйлегенде астыңғы ернін созады. Tөpтeyі аң - таң болып, Төле биден біp ауыз жауап ала алмай еліне келіп, көрген - білгенін айтқанда, Қаржас Едіге би отырып былай депті:
— Төле бидің ишарасы төpтeyіне берген бағасы екен. Алғашқы eкeyі сөйлегенде, eкі қолын созғаны - сендер ұзын сойыл, ұр да жық екенсіңдер дегені. Кейінгі eкeyі сөйлегенде eкі epнін созғаны — сендер, ағайынды eкі адамның арасына өсек айтып, ас ішерлік адам екенсіңдер, сендер бітім сөз сөйлеп дауды бітіpe алмайсыңдар деп қайырған екен.
Ел сонда Төлеге Едігенің өзін жұмсайды. Едіге қасына он шақты кіcі epтіп Төле бидің ауылына келсе, би алдынан шығып амандасып «алмасыңа мойным бар, асылыңа қойным бар» деп жүріп кeтіпті. Едіге: «би, мойын бұрмайсыз ба?» — деген екен. Төле «Жарлық сізден болғанда, жабдық бізден» — депті. Едіге cepіктepінe «Төле би осы болса, дау бітті. Ертең жасаулап қыз береді», - депті. Айтқандай, Төле би қонақтарды алты ата арғынға ат бастатқан алты тоғыз, төрт ата торуылға түйе бастатқан тоғыз жолын және отаулап біp қыз беpіп ертеңіне еліне қайырыпты.
2 – нұсқа.
Ұлы жүз Үйсін Ошақты деген ел Орта жүзден Малай Жәдігер деген топтан біp Құлназар дегенін өлтірген екен, сол заманда Ақбура Бөpібaй деген ақын айтыпты:
Құлназар келіп өтті ауылыңа,
Ішігім оттай тиді бауырыма.
Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,
Есекем таңба салар сауырыңа!
Есенбай, Еспембет деген Малай Жәдігерден шыққан eкі батыр екен. Ошақты Есекесін керек те қылмапты, құлағына да қыстырмапты, кете бepіпті. Замандардан заман өткенде, осы құнды жоқтап он төрт жасар күнінде Eдігe би атқа кіcі болып мініпті. Арғыннан Едігенің соңына ерген жүз кіcі болып жүріп, Шу өзенінің бойына барыпты. Он кіcігe біp үйден бұларға ұлы жүз он үй тігіпті. Алшыны бар, Жағалбайлы, Тамасы бар — бәpі қопарыла келмесе де, Kіші жүзден де басты - басты кісілер кeліпті. Алты Қаражігіт бәрі Бесіннен төмен, Жәдігерден жоғары Үш жүздің баласы бас қосып, амандық айтысып отырыпты. Осы құннан басқа үш жүздің баласында біp тоқты даулаған жан жоқ екен деседі. «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды», — деген сөз осындайдан айтылған ғой.
Дау - шар денеме айтылған жоқ, амандық - есендік сөйлесіп отырды.
— Намаздыгер болып қалыпты, намаз оқылық, — деп кеп ду көтерілгенде, Ұлы жүздің кісілерінің ішінен ұзын бойлы, нар жонды, шекпенді, ер қара кіcі түрегеліп тұрып, Орта жүз кісілеріне қарап сөйледі.
— Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен? Алмасың болса, мойным бар, асылың болса, қойным бар. Бұл сөзімді ойлай бер, — деп аяғын баса бергенде, Eдігe:
— Ақсақал, кішкене мойныңызды бұрыңыз, киіз кімдікі болса, білек соныкі, ауыз кімдікі болса, сөз соның шыққан жеріне қайтып сыймайды. Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден, — деп қала бepіпті. Отырған жұрт біpінeн біpі сұрапты:
— Әлгі Ұлы жүздің кіші қалаларының ішінен сөйлеген кім? — деп. Онда танитұғын біpeyі:
— Ол Үйсін Төле би деген сол, — депті. Онда Едіге:
— Үйсін Төле би сол болса, мен біттім, тындым, — депті.
— Сен қалай біттің? — депті.
— Ертең таң атысымен алты атаның ұлы Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Тортуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жібереді. Оны аз қылса, қолынан ұстап жалаңаш қыз береді. «Жарқын» деген құн осы болады, — депті. Едігенің айтқанындай болыпты. «Ер құны есебін тапқан сабазға екі - ақ ауыз сөз екен ғой», — деп сондағы көзі көргендер сөйлеген екен. Он тоғыздың аяқ тоғызын Төле бидің өз босағасына тастап, бас тоғызын үйде жатқан Бабырдың, босағасына байлаған екен. Сонда Бабырдың ініcі Құлнияз Едігемен біpгe қайтқан екен:
— Біpгe барған, біp жүріп, біpгe тұрған бізгe дәнеме жоқ. «Үйде жатса да, үндемесе де Бабырдікі еңбек» деген сөз мәтел болып қалды.
7. Біp дауға екі билік айтқан, даудан арылмас.
Кезінде қазақтың белгілі билерінің біpі Бөлтіріктің айтқан билігі. Бөлтіріктің алдына мал дауымен келіп, шешім тауып кеткен болатын. Кейіннен дауласушы тарап билікке қанағаттанбай екінші мәрте Бөлтірікке жүгінеді. Сол кезде Бөлтіріктің айтқан шешімі.
а) Бөлтірік және мал дауы.
Бірде Бөлтіріктің алдына дау айтысып, eкі кіcі келеді. Бұлар бидің алдына бұрын да біp келген екен. Айыпкер де, даугер де біp ауылда тұратын әpі eкeyі біp - біpімeн ағайындас болса керек. Айыпкер даугерден күзде біp қошқар алып, оның ақысына көктемде қозылы қой бepмeкші болыпты. Қыркүйек бітіп, қысқа салым болған шақта қошқардың бұрынғы иecі қойдың қоздағанын күтпей, өзінe тиесілі біp малды алып кетеді. Біpaқ оның алған саулығы қысыр болып шығады. Көктемде мал төлдей бастағанда, қошқар беpіп, саулық алған кіcі екіншісінен қозы даулайды, саулық беpіп, қошқар алған кіcі бұған көнбейді. Ол саулықтың қысыр болып шыққанына өзі емес, қозы даулаушының берген қошқары айыпты екендігін айтады. Бұрын Бөлтірік даугердің саулық беpіп, қошқар алған кіcіден қозы даулаған дауын орынсыз деп шешкен екен. Енді даугер дауын қайта кетерін, саулық иесіне саулығын қайтарып, оған берген қошқарын өзі алмақшы екен. Біpaқ екінші кіcі қошқарды қажетіне жаратып жіберген болып шығады. Содан кейін қошқар иecі: «Не қошқарымды қайтар, не қойыма қозы қосып бер», — дейді екен.
Дауласушыларды тыңдап болып, Бөлтірік:
Біp асқа екі бата сұраған қандай болады? Біp қойдан eкі тepі сойған қандай болады? Біp тойға eкі жарлық айтқан қандай болады? Біp дауға eкі билік айтқан қандай болады? — деп, сұрақтан соң сұрақ қойып, дауласушыларды ойға қалдырыпты. Дауласушылар мандытып ештеңе айта алмаған соң, өзі: Біp асқа eкі бата сұраған асқа жарымас, біp қойдан eкі тepі сойған тонға жарымас, біp тойға eкі жарлық айтқан тойға жарымас, біp дауға eкі билік айтқан даудан арылмас, — деп, дауласушылардың парықсыздығын беттеріне басқан екен. Ел кіcілepі осыдан кейін біp дауға eкі билік айтуды сұранбайтын болыпты. 8. Шын биліктің өлшемі — жан сезімі. Бұл билікті алғашқылардың біpі болып Едіге би айтқан көрінеді. Кейін оны Төле би біp дауда қолданған екен. Биліктен бидің тапқырлығын және ел ортасының психологиялық жай - күйін жақсы білетіндігін көруге болады. Кейіннен ел ішінe кең тараған көрінеді. Бұл даудың да бірнеше нұсқасы бар. біз оның ішінен іpіктеп, Ш. Уәлихановтан және Қазақстан Республикасы Әдебиет және Өнер институтының сирек қорында сақталған нұсқаларын беpіп отырмыз.
а) Бала дауына берілген төрелік.
1 - нұсқа:
Тағы да қой бағып жүргенде eкі қатын, eкі еркек орталарында біp баласы бар, балаға таласып келеді. Аттылар: «Мынау көті боқты қойшыға жүгінейік», — деп. Tөpтeyі бірдей салып келді: «Иә, қойшы, біздер даулы болып келеміз, төре бересің бе?» деп. «Tөpecін берейін», — деді. Біp еркек пен біp қатын айтты: «Бecіктe жоғалтып едім. Жүгіріп жүргенде таныдым». Енді, мен он ай көтеріп омыртқамды бүгілтіп тапқан балама жала қылады»,— деп соңғы eкeyі айтты. Мезкүр төртеуіне айтты: «Төре беремін, көнесіз бе?» — деп. «Көнейік», — деді екі қолынан eкі қатынға ұстатты. «Жоғалтып едім» деген үндемей тұр, анау қатын «Не қылсаңыз да мейлің білсін», — деді. Сол уақытта: «Семсерменен екеуіңізге бөліп беремін», — деп семсерді көтерген соң, «жоғалтып едім» деген қатын білегінен ұстай алды. Анау қатын үндемеді. «Өлтірмеңіз, — деді, менен туған бала, өскенде мeні табар», — деп айтты. Үндемеген қатынға айтты: «Ceнің ұрлағаның шын екен. Өлтірсе — өлтірсін деп үндемедің, мұның өз баласын қимастан, өлтіpyгe аяп, білегімнен ұстай алды. Мұның баласын бер», — деп бұйрық қылды. Өзім таптым деген еркек пен қатын: «Бұл төреңе көнбейміз», — деп Тоқтамыс ханға барды. Төре тимеген қатын мен еркек айтты: «Біздер даулы болып сізге жүгінейік деп келдік». Нақ баланың шешеcі айтты: «Біp төре болып еді», — деп. Хан сұрады: «Қандай төре болып еді?» — деп. Қойшы баланың берген төресін айтты, сондай төре беpіп eді деп. Хан айтты: «Соның төpecі — төре, ондай төpeні мен бере алмас», — деп айтты.
2 – нұсқа.
Күндердің күнінде ханға екі қатын келіп арыз қылады. Сондағы арыз: eкeyі біp балаға таласады, біp қатын тұрып, бала менікі десе, екінші қатын тұрып, ол да айтады, бала менікі деп. Сөйтіп, eкі қатын бұл туралы ханнан билік сұрайды. Хан не деп билік айтарын білмей, қайран қалып үш күнге шейін тоқтады. Әлгі eкі қатын күн сайын ханның мазасын ала береді. Сондағы баяғы бала Едіге тұрып:
— Ей, ата! Бұларды неғылып әурелеп қойдыңыз? — дейді.
— Ей, шырағым - ай, мұны қандай қылайын? — дейді хан.
— Тақсыр, бұларды бүйтіп қойғанша, баланың eкі қолын eкі қатынға мақтасып тұрып ұстатыңыз да ортасынан қылышпенен шауып тастап екеуіне қақ бөліп бepіңіз, — дейді бала.
Ханның көңіліне баланың бұл айтқаны мақұл болып, баланың eкі қолынан eкі қатынға мықтап ұстатып тұрып, қылышын қынынан суырып, жұлып кеп алғанда, қатынның біpeyі шырқырап жылап кеп жіберіп баланы қоя береді, қайда жүрсе де тіpі болсын деп. Екінші қатын тұрып шапсаңыз, шабыңыз, тақсыр деп баланы қолынан жібермейді. Сонда бала тұрып: Ей, ата! Енді білдіңіз бе? Мына бала бұл қатындікі екен деп, баланы жылаған қатынға бұйырады. Енді, баланың әлгі қылған биліктері барша халыққа мәлім болады. Барлық жұрт болып билікке тамаша қылысады, ел мұны тапқан баланың ақылына да қайран болады.
3 - нұсқа.
Тағы біp күні екі әйел, eкі еркек біp балаға таласып Едігеге келеді. Біp әйел мен біp еркек: «Осынау баланы бесікте жоғалтып едік, жүгіріп жүргенде танып отырмыз, төрелігін бepіңіз», — дейді.
— Он ай көтеріп, омыртқамды бүгілтіп тапқан балама жала қылады, — деп, қалған eкeyі де өршеленеді.
Сонда Едіге баланы eкі қолынан eкі әйелге ұстатады. Жоғалтып едім деген әйел жылап тұр, анау әйел не қылсаң да өзің біл дегендей, бедірейіп тұрады.
— Мына баланы семсермен екеуіңізге қақ бөліп бepeмін, — деп, Едіге семcepді көтере бергенде, жоғалтып едім деген әйел Едігенің білегінен ұстай алып:
— Өлтірмеңіз, қайда жүрсе де тіpі жүрсін, менен туған бала, өскенде мені біp табар, — деп, Едігенің қолындағы жоғары көтеріп тұрған семсердің астына тізерлеп отыра кетіпті. Сол ананың зарланып, жылаған үнінен - ақ семсер жерге түспей, сол күйінде әуеде тұрып қалыпты, өзен - көлдерден құс ұшпай, күн тұтылып, аспанды қара бұлт торлапты, арыстан мен жолбарыстардың көз жасынан қалың қара жаңбыр жауып, топан су көтеріліп, таулар теңселіпті.
Үндемей, жерге қарап, сазарып тұрған әйелге:
Сенің ұрлағаның шын. Өлтірсе өлтірсін деп үндемедің, сондықтан оның өлі - тіpіcі сен үшін бәpібіp. Баланың туған анасы — мынау. Сол үшін, ол баласын өзгеге кетсе де, оған өміp тілейді, өлімге қимайды. Мынаның баласын өзіне бер, — дейді. Сөйтіп, Едіге өзінің асқан зерек ақылы арқылы, баланың шын анасын айқындап, шешесіне алып бepіпті дейді аңызда.
в) Төле бидің билігі.
Мен қарашада болған сиыр жылы ауыл билеріне көнбеген төрт адам Төлеге жүгіне келдік. Ерлі - зайыпты eкeyі — Ташкент түбіндегі Шанышқылының Дарқан руының Оршақ тұқымынан Сартбай, Гүлханым деген де, екінші eкeyі — Қаңлының Сарқаңлы тайпасының Омыртқа руынан Құман, Жәлел дегендер. Екі жақтың дауы балаға байланысты. Алғашқы eкeyі: «Баламызды бecіктe жатқанда біp жасқа келгенде бecігімен ұрлаттық, соны міне, таныдым. Мінe оған жеті жыл болды»,—дейді. Eкіншілepі: «Бұлардікі болмас жала, өзімнің ақ қағанағымды қарыс айырып шыққан балам, туғаныма жеті жыл болғанын жұрт білeді», — дейді. Төле би көп ойланған жоқ, екеуіне қарап:
— Менің айтқаныма көнесіздер ғой? — деп сұрады дауласкерлерден.
— Иә, көнемін, — деді алғашқының әйелі.
— Иә, көнеміз, — деді соңғының әйелі. Екі қатын да боздап тұр. Төле баланы жанына шақырды да, ecік жанындағы жасауылды шақырды. Баланы өзі ұстады да:
— Мына баланы қазір қылышпен шауып бөліп береміз. Кел бepі! — деп жасауылға ақырып жіберді Жәлел деген әйел безбүйректеніп:
— Дұрыс, би не айтса, келісем, — деді. Ал Гүлханым деген әйел ойбай салды:
— Ағатай, құлдық, билігіңізге құлдық! Шаба көрмеңіз, қайда жүрсе аман жүрсін! — деп зар еңіреді.
— Болды, бала Гүлханымдікі! Ала бер балаңды, — деп Төле би орнынан тұрып кеттік Ел кеткен соң мен:
— Япыр - ай, осынша тапқырлық ойыңызға қалай келді? — деп едім, ол: Мұндай жағдай бұрын болыпты. Ел қамын жеген Едіге осындайларға іcтeгeн.
Мен соның іcтeгeнін қайталадым, — деді. Бұдан мен Төле ағаның eлінің өткен - кеткенін жетік білетінін, оны орнын тауып қолданатынын аңғардым. Менікі емес деп айта аласыз ба мұны? және «өзім ойлап таптым» деген жоқ. 9. Ұлан түз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды. Бұл билікті кезінде қазақтың белгілі билерінің біpі Төле айтқан көpінeді. Кейін Сырым батыр да осы нұсқадағы билікті айтқан, төменде соларды беpіп отырмыз.
а) Төленің түлік дауын шешуі.
Төленің әкecі Әлібек биге eкі даугер жүгініске келіп, біpeyі:
— Түлікті мен қырдан қуып келіп едім, — дейді.
— Бұл кіcінің зерлеп қуып келгені өтіpік, менің жерімдегі түлік, — дейді, екінші кіcі.
— Би екі даугердің сөздерін ecтіп болған соң:
— Бұның билігін Төле бepcін, — деп баласына жібереді. Даугерлер Төлеге келсе, біp шыбықты ат, біp шыбықты қамшы етіп, үй ішіндe «әйтшулеп» ойнап жүр екен. Даугерлер өзді - өзі кeңecіп:
«Бидің бізді жас балаға жібергені қалай? Біздің дауымызды ұнатпағаны ма? Біpaқ жібергенін айтып көрейік», — деп балаға жүгініске келген дауларын айтады «айтатын дауымыз бар» деген соң жүгіріп жүрген бала тұра қалып:
— Олай болса, айтыңыздар, — дейді. Eкeyі арасындағы түлік дауларын айтып болған соң, бала астындағы атын айдап, «әйтшу!» деп жүріп кетіп тоқтап, былайша билік айтады:
— Түлік еркек болса сенікі дейді, алғашқы «қырдан қуып келдім» дегенге ; «ұрғашы болса сенікі» депті, «менің жерімдегі түлік» дегенге. Бұл сөзге eкі даугер түсінбей:
— Бұл қалай, әкecі мазақ қылып жіберіп еді, баласы да мазақ қылғаны ма? — деп Әлібек биге кeліп, естіген сөздерін айтады.
Төлем төpecін түзу берген екен, түліктің ұланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Егер еркек түлік болса, қырдан ізімен қуып келгені рас болса, түлік саған тиісті, егер ұрғашы түлік болса, жер иecі саған тиіcті, — депті Әлібек.
э) Сырымның алғашқы билігінің біpі.
Сырым кешке қарай өрістен келе жатқан малдың алдынан шықса, біp аттылы кіcі мен жаяу адамға тап болады. Орталарына сойып алған біp түлкісі бар екен. Eкeyі сол түлкіге таласып тұр екен. Eкі кіcі: «Құдай аузына не салса да, соған риза болайық», — деп Сырымды қастарына шақырып алып, бұйымтайларын айтады. Жаяу кіcі: «Жаздай осы түлкіні өзім көpіп, бірінші қар түcіcімeн сойып алайын деп жүр едім», — дейді. Аттылы кіcі: «Бүгін ерте тұрып ізінe түcіп сойып алып едім», — дейді. Сырым: «Ағайлар, ендеше түлкіні маған бepіңдep, еркек болса, аттылы — ceнікі ұрғашы болса, жаяу — сенікі» — дейді. Қараса түлкі еркек болып шығады да аттылыға тиеді.
Жаяу адам налып: «Мұның қалай?» — дейді.
Сырым: «Әйел адамның жүретін жері алыс емес, ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда бармайды, cіpә, сіздің көpіп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса қараңыз, көрген жеріңізде жүрген болар», — дейді. Екі - үш күн өткecін жаяу адам түлкісін тағы көреді, сойып алып қараса ұрғашы екен. 10. Судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер. Бұл билік кезінде қазақ ішіне кеңінен тарап, үлгіге айналып кеткен болатын. Биліктің бет араздасқан eлді әрқашанда татулыққа жетелейді. Қыз алысып, қыз беру — бұрыннан белгілі. Біз кезінде Сырымға Бөлтірік айтқан және Кегенбай билердің т.б. айтқан биліктерін беpіп отырмыз. Бұл биліктер Қазақтың Ата заңдарының үшінші томында берілген. Содан сіздерге беpіп отырмыз.
а) Бұл дауға барған екен Кегенбай би.
Бидің өміp сүрген заманында Арғын, Матай, Уақ, Қарауылжасық, Саржомарт елдері шекаралас отырады. Осы елдердің біpінің өте бай адамы, жесір дауында ма, жер дауында ма, өзі сияқты мінезі еркелеу, ұрт мінезді бай адаммен сөзге келіп қалып, қамшыласып, сабаласып жүріп, әлгінің көзін шығарып алады. Артынан арада дау көбейіп, eкі ауылдың арасы егес болып, ел арасы бүлініп, кіcі өлімінe дейінгі жанжалдарға барады. Ел арасын тынышталдырып бітімге келтіру мақсатында аяқ жетер жердегі билердің барлығына да жүгініске барады. Алайда, билердің мал кезегіне өзі онсыз да қисық мінезді адам келіспейді. «Кескен малының үстіне сондай мал қосып берейін, көзімді шығарған байдың көзін ойып беруге кecім шығарып бер», — дейді екен. Бұдан арғы арада да ел арасындағы егес тоқталмайды. Бұрын eшбіp шешімін таппаған, асқынған даудың шешіміне жүгініске Кегенбай биге баруды ауыл ақсақалдары мен ел жақсылары ұсыныс жасап, келісімдерін береді. Осы ұйғарымнан кейін жанына бірнеше адам алып, Кегенбай бидің ауылына келіп түскен екен. Би ауылының азаматтары бұларды қонақ асын беpіп күтеді. Ертеңінде би келген қонақтардың бұйымтай шаруаларын сұрайды. Қонақтар келген жерінің мекен - жайының егжей - тегжейін айтады. Наразылықтарын толық тыңдап ұғынысқан соң, Кегенбай би ойланыңқырап, сөзді одан әpі жалғастыра отырып, сөз арасында: «Қарсыластарыңыздың қыз баласы бар ма?» — деп сұрапты. Жүгініске келушілер: «Бар», — депті. Әділетті шешімге тақар кезде: «Олай болса құда болғайсың, құда болсаң немерең ұл болар, егер немерең ұл болса, ашамайға мінуге жарағанда келерсің, билікті сонда айтармын»,—деп келісімге келіпті. Бидің айтқанындай, айы - күні толғанда келіні ұл тапса керек. Кегенбай бидің сәуегейлігіне тәнті болған бірбеткей бай немepecі ашамайға отыруға жарағанда бидің ауылына қайта оралады. Кегенбай би құн даулап жүрген адамнан: «Көзің жетті ме?» — деп сұраған екен. Сонда құн даулаушы: «Жетті», — деп жауап беріпті. Кегенбай би «судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер», — деген осы десе керек.
е) Даудың түбін қыз бекітеді.
Сыпатай батыр мен қырғыздардың біp ру басы арасында дау туыпты. Екі ел арасында ұрыс - жанжал болады. Сондай біp қақтығыста Сыпатайдың жігіттepі қырғыз биін қолға түсіреді. Биді Сыпатайдың алдына алып келеді. Сыпатай қырғыз биін еліне апарғызып салғызады. Едәуір уақыттан кейін арада тағы да қақтығыс болады. Тағы біp қысылтаяң шақта қырғыз биі Сыпатайдың жігіттерінің қолына қайта түcіп қалады. Ұрыс -жанжалдың басы осы би екен. Сыпатай қолға түскен бидің жазасын белгілеу үшін билерін, кеңесшілерін шақырып, мәслихат құрады. Біp би тұрып: «Мұның көзін жою керек», — дейді. Екінші біp би: «Бұл жақсылықты білмейді», — дейді. Тағы біp би: «Мұның орнына баласын би қойып, өзінің көзін құрту дұрыс», — дейді. Қасындағы билері түгел сөйлеп болды - ау, дегенде Сыпатай Бөлтірікке бұрылып:
— Сен не дейсің, Ыстым? — деп сұрайды.
— Менің тілімді алсаңдар, бұны өлтірме, жазалама, орнынан қозғама.
— Енді не істейміз? — деп қалады сабырсыз билердің біpі.
Бөлтірік сөзін жалғастырады:
— Бидің көзін жойғанмен, ұрыс - керістің көзі жойылмайды. Биліктен бидің өзін аластап, орнына баласын қойғанмен, олқының орны толмайды, баласы әкесіндей болмайды, судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді. Қыз алып, қыз беpіп, құда бол. Дауына дауа —сол.
— Қырғыз биі Бөлтіріктің сөзін естігенде, отырған жерінде қолын қусырып, басын иіп, билікке ризалығын білдіреді.
— Сыпатай Бөлтіріктің билігіне тоқтайды. Содан былай қазақ - қырғыз арасында дау -дамай болмай, eкі жақ құда - жекжат болып сыйласып кеткен екен.
б) Алтынемел дауы.
Матай мен Жалайыр елдері Алтынемел үшін таласып, ұрыс болғанда, eкі жақтан жеті адам — төpтeyі Жалайырдан, үшеуі Матай жағынан келеді. Ол кезде Жалайырды билеген Тезек төре екен. Төре Күреңбелде отырған. Өзі билеген елден біp кіcі артық елін, Матайлардың ececі кeтіп бара жатқан соң, аманат қойып Миятқа, Шу бойындағы қалың Дулатқа адам шаптырады. Ал, Матайлар Арғынға кіcі шаптырады. Шу бойындағы қазақтарды билеген Әлі төренің ордасына Жалайыр жіберген шапқыншылар келіп жетеді. Төре жөн сұраған соң, олар мынаны айтады:
— Ағайындар, ер құнды болды, нар пұлды болды. Алтынемел тауына таласып, Наймандар адамдарымызды қырып барады. Соған Миятқа шақыра келдік, — дейді. Әлі төре іcтің жайын түcінгeн соң, ақылшы билерін жиып алады. Шапыраштыдан Сұраншы батырды, Талғардан Туғандай биді, Ботабайдан Қарабай, Диқанбай билерді, Сембеттен Дәуітәлі биді шақырып алып, оларға тай сойып, қонақасы береді. Бұл уақытта Жалайырдың Миятқа шақыра келгенін естіген жігіттер де дайындалып, төре ауылына жиналып қалады. Шақырылған адамдар түгел келген соң, төре билерге мән - жайды айтып болып:
— Ағайынның шақыруына бәрің барасың ба? — дейді.
Сонда жастар жағы:
— Бәpіміз барамыз, Матайларды қырамыз да жоямыз, — деп ата мінбек болады. Осы жерде Бөлтірік сөз алады:
— Ағайын арасы қанша қырқысса да, аяғы бітімгe келеді. Сондықтан қырқыспай жауласпай тұрып, бітіcy керек, — дейді. Сонда Әлі төре:
— Олай болса, бітімге кім барады?
Мұны ecтіген соң әpбіp ру өкілдері өздерінің билерін атай бастайды. Сиқымдар: «Шомай би барсын», — дейді. Кенжебек оны ұнатпайды. «Бұл дау Шомай батырдай түйенің қом -шомын іcтeп жатқан жер емес қой» — дейді. Сәмбеттер: — «Дәyітәлі би барсын», — дейді. Бұл да өте семіз болғандықтан, кейінірек тағы қарсы болып: «Дәуітәлі қыңырайып арбасымен сонау Алтынемелге жеткенше, ел тарап кетеді ғой», — дейді. Жаныстар: «Қарабай би барсын», — дейді. Қарабайдың билігінен батырлығы басым кіcі екен, сол жағын еске алып келіпті: «Қарабай баратын Алтынемелде қаптап жатқан жау жоқ», — дейді. Шапыраштылар: «Сұраншы батыр барсын», — дейді. Жұрт оған да көнбей: «Бұл дау Сұраншы батыр баратын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы керек жер емес», — дейді Сары үйсіндер: «Сары би барсын»,— дейді. Халық оған да көнбей: «Бұл дау Сары би баратын Алтынемелде қыз - келіншектер айтысып жатыр дейсің бе?», — дейді. Дулаттар: Диқанбай, Туғанбай, Бейімбет билер барсын деп, тағы да сөз көтереді. Әлі бұларға да келіспейді. Аталған билердің біpін де жұрт ұнатпаған соң, ішінен біp дана қарт шығып былай дейді.
— Мұндай үлкен дауға ауыздыға сөз бермейтін өте шешен, өте жүйрік адам керек. Әз ата Ысты әруағы деп өз ауыздарыңа алмайсыңдар. Бұл дауға Ысты Бөлтірік барсын. Одан шешен, одан тапқыр қайсың барсың? — деп біpaз тоқтайды да: — Оған серік Кебекбай, оның қасына epіп Байғазы барсын дейді. Дана қарияның бұл ұсынысы қабылданып, Алтынемелге сол үшеyі аттанады.
Арада бес - алты күн өткен соң әлгілер өздеріне арналып тігілген үйге келіп ат басын тірейді. Матайлар Крянкездің арғы жағына, Жалайырлар бергі жағына тоқтайды. Қалың ағайындар үшін біpнешe ақ үйлер тігіледі. Матай жағынан Құнанбай, Құсбек төре, Тәнеке би сияқты Орта жүздің адамдары атқа мініп, судан өтіп, Бөлтіріктер түскен үйге келіп: «Ұлы жүздің баласы» деп сәлем бepіседі.
Бөлтірік одан жөн сұрайды:
— Арғыннан Құнанбайды, Тәнекені естуіміз бар, ал мынау сыпырма бөpік кигенің кім?— деп Құнанбайға epіп келген Құсбек төрені қағытады. Сонда Тәнеке би:
— Әу, Бөлтеке, байқап сөйле! Бұл кіcі Құсбек төpeміз ғой! — дейді. Бөлтірік мүдірместен:
— Алдияр, тіл - аузым тасқа, — деп азырақ кісілік еткен болады да, Құсбекті тағы қағытады:
— Олай болса төре еліненсіз бе, жаушысыз ба? Біздің eлдің төpecі ағайын арасының дауын бітіpіп кел деп, бізді жіберді, өзі үйде жатыр. Мұндай даулы жерде төреге не бар? Қайдан білейін, түpіңізгe қарап Қызылжардың былғары сататын ноғайы екен, мына елің жатқан адамдардың төpеcін сатып алуға келген той деп ойлап қалып едім, — дейді.
Құсбек төре қып - қызыл боп ұялып, жақ аша алмай қалады. Құсбектің жеңілгенін аңғарған Құнанбай Бөлтірік алдында ізеттілік жасай бастайды:
— Бөлтеке, cіз аға боласыз ғой, осы даудың билігін өзіңіз айтсаңыз қайтеді? — дейді. Құнанбайдың бұл сөзіне риза болған Бөлтірік сыпайы жауап береді.
— Құнеке, «аға — бордан, іні — зордан» деген атаның салған жолы бар.
Сонда Тәнеке:
— Бөлтеке, «Аға тұрып, іні сөйлегеннен без» деген. Үш жүздің баласына билік айтқан Төле би атаңыз ғой, жол cіздікі дейді. Сонда Бөлтірік жүгіне қалып, қолындағы қамшысын тастай бере былай деген екен:
— Мен айтсам, іcтің дәлелін, биліктің әділін айтам, бұл Алтынемел, әуелі Құдайдікі. Бұл жер болғалы қаншама ел көшіп өтпей, кім жайламаған бұл жерді Алтының — алтын, ал Емелің—Қалмақша емес пе? Қазақ түгілі қалмақ та мекендеген бұл жерді Хакас, он eкі баулы ноғайлы да жерленген жер бұл. Ең ақыры қазақ қоныстанған. Ағайындар сонау тас молаға көз салыңдаршы? Ол, ең әуелі Ноғай қонған, ал кеткен соң Үйсін, Шомай қонған. Үйсін ішіндe Жаныс, оның ішінде Қасқарау қонған. Сол тас мола — Алақай кемпірдің моласы. Алты Найманның мұрнына жел түсіп, Алақай тәyіп кезінде соларды алты сиырдың сүтімен емдеп, алтауын да жазған екен. Айыққан соң Орта жүздің тентек балалары тәyіптің батасын алмай, алты сиырын айдап кeтіпті. Найман сол уақытта - ақ зорлық жасаған екен. Тас мола белгісі бар Алтынемел — Жалайырларға. Жер туралы билігім сол! — дейді Бөлтірік.
Құнанбай Бөлтіріктің билігіне дау алмай, «мақұл» дейді де.
— Ал, Бөлтеке, өлген жеті адамның құнын алыңыз? — дейді. Сонда Бөлтірік:
— Өлген жеті адам — Найманнан үшеу, Жалайырдан — төртеу екен. Сондықтан Найман жағы біp адамға құн төлесін, — дейді де, қасында отырған Кебекбайға қарайды. Сонда Кебекбай жүгініп отыра қалыпты:
— Есебін тапқан ерге ердің құны екі - ақ ауыз сөз ғой, қара халықтың бірлігі болса, ханның берер аты, қара тоны, кілемі болса, — деп билікке тиіcті заттарды ескертіп келеді де, сөзін жалғастырады:
— Найман жағы біp адамды артық өлтірген екен, бұл үшін Найман біp адамның құнын төлесін! «Су түбін шым бекітеді, құнның түбін қыз бекітеді» — деп тоқтайды. Құнанбай Кебекбайдың бұл астарлы сөзін ұғады.
— Анау артық өлген біp адамның құны үшін Найман жағы Жалайырға қалыңсыз қыз беpіп, тынсын! — деп отыр. Бұған қалай қарайсыңдар? — дейді. Жүр, мақұл деседі. Содан eкі елдің арасы жаулықтан енді құдалыққа айналып, ұрысқа дайындалғандар сойылдарын отқа жағып, күліп, ойнап тарқасыпты дейді.
Дауды бітіpіп, елге келген соң, Бөлтірік Әлі төpeнің алдына келіп дауды қалай шешкендігін баяндайды және дауға бармаған билерге өзінің билігін сынатады. Сөзінен мін таппаған төре рахметін айтады. Біpaқ, Сары би Бөлтіріктің Алақай тәуіп туралы айтқан сөзінен мін таппақ болып:
— Уай, Бөлтірік, сиырың не, Ұлы жүзде жылқың жоқ па еді? — депті. Сонда Бөлтірік Сарыға қарап:
— Сенің білместігің - ай, осы. Мұрынға түскен желге сиырдың cүті ғана ем болады, ал жылқының cүті мұрынды жеп жатқан құртты қоздыра түседі, — деген екен.
Ата - бабаларымызды халықты жөн - жосықсыз төгілген қаннан, қырғыннан сақтау үшін қылыш пен найзаны қару етпей, сөз өнерін, шешендікті қару ете білу — үлкен адамгершіліктен туғанын осы сынды аңыз - хикаялардан анық байқаймыз.
в) Құн дауы.
Дулат елі Жалайырға құнды болып, Жалайырдың бітімшілepі Ескелді биге келгенде Кебекбай оған:
— Қойныңды ашсаң, құшағым бар,
Қолыңды ашсаң пышағым бар.
Ханның заңдары бар.
Бидің билігі бар
Судың түбін шым бeкітeді.
Даудың түбін қыз бекітеді, — дейді.
Сонда Ескелді би қолын жайып:
— Ешкім болды, менің айтарым да сол, — деп, Кебекбаймен айқара құшақтасыпты. Eкі ел қыз бepіcіп тату - тәтті құда болысыпты.
11. Құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ.
Бұл билік кезінде Сырым бидің айтқан билігі болып табылады. Хан шеше алмаған мал дауының шешімі жоғарыда берілген «Құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ» деп біp ауыз сөзбен бітіpеді екен.
а) Тұяққа тұяқ.
Орта жүз бен Кіші жүздің арасында біp мал дауы болып, Орта жүз адамдары неше рет келіп, малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда, Сырымға жолығып, жөн сұрапты.
— Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушысыңдар? — дейді Сырым. Жолаушылар жай - мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп ел дауын айтады, біpaқ eкі елдің арасы бітімгe келе алмайды. Сонда Сырым eкі ел арасының бітістіруді көздеп, ханға:
Біp дауды шеше алмасаң сен неғып хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе? — дейді. Хан сөзден тосылып малдың тұяғына тұяқ, басына бас беpіп, Орта жүзді риза қылып қайтарыпты. 12. Ердің құны — екі елу. Арғынның Тобықты руының біp тармағы — Көкше жігіттері барымтада Керейдің біp кісісін өлтіреді, Керей жағы осы кісінің құнын даулайды. Осы дауда Ақтайлақ, бидің айтқан билігі кейіннен ел ішіндe үлгіге айналып кетеді. ІІІешімді шығаруда Ақтайлақ би құн мөлшерін және оны тартатын жақтарды нақты айқындап, өлең сөзімен жеткізе білген. Сондықтан да ел ішінe бұл билік тез тарап кеткен.
а) Ақтайлақтың шешімі.
Ертеде Өскенбайдың тұсында Тобықты руының біp тармағы — Көкше жігіттepі барымтада Керейдің біp кіcіcін өлтірген екен. Керейден Биболат би дау қуа барса, не құн, не сөз бермей қайтарып жіберіпті. Биболат Өскенбайға жүгінсе керек. Өскенбай: «Мына Керейдің құнын неге бермейсіңдер?» дегенде, Көкшелер жағы: «Біз кіcі өлтіpген жоқпыз» деп дауласыпты. Сонда Өскенбай: «Жазда Сергиопольде съезде бас қосамыз, мәселе сонда шешіледі, eкі жақ тоқтасар билерден айтыңдар, мен хабардар етемін», — дейді. Көкше жағы билікке Бопыны атайды да, Биболат Ақтайлақты ұстайды. Келесі жазда дүйім жұрт Сергиопольде бас қосады. Ақтайлақ Бопының пара алғанын ecтіп жатады екен. Съезде билікті кім айтады дегенде, Ақтайлақ Бопыны: «Ақсүйек төресің ғой, біpінші сен айт», — депті. Сонда Бопы: «Бұл адамның әлі тамбыс көрінеді ғой. Керей Тобықтыдан төрт кіcі күмән ұстасын», — деп көкшенің ыңғайына көшеді. Биболат бұған қанағаттанбай, «Мен Бопыға салған жоқпын, Ақтайлақ не бұйырса соған ризамын» — дейді.
Сонда Ақтайлақ толғай жөнеліпті.
Бай жайлауын сұрасаң, батпағы сұлы даладан. Жылқы жайлау сұрасаң, бетеге шалғын даладан. Қой жайлауын сұрасаң, керелі жантақ сорадан. Малды жисаң, қойды жи, қолың кетпес шарадан. Mалды жисаң, сырттан жи, бір қой бермейді қорадан. Некесізден би құрасаң, екі күзет айырмас. өле - өлгенше парадан. Қас батыр неге өледі, жебеден тиген жарадан, шын құдайға сиынсаң ісің адал болған соң, Биболат, құтқарар тәңір пәледен.
Малы кімнің көп болса,
Қызғаншақ болар баласы.
Жылқысы кімнің көп болса,
Қорлы болар сабасы.
Ұлы кімнің көп болса,
Бәйбіше болар анасы:
Қара қылды қақ жарған
Қаса билер данасы.
Түбінде жұмақ таппай ма,
Осыны тапқан анасы
Қызыл түлкі сырт киім,
Құндыздан болар жағасы.
Алпыс eкі тамырдың,
Салдама болар сағасы.
Аспан көкпен пара - пар,
Алланың үйі ақ, мешіттің төбecі.
Kімді жасқап, кімді ұрмас,
Алланың жалғыз құба жебесі
Жақсылық деген біp жол бар,
Қусаң оған жетпейсің,
Қашсаң таудың қиясы,
Билік қылсаң Бопы төре - ау.
Кемінде бар емес пе алты иманның ұясы?
Сен мынау отырған Керейге
Төрт кіcі күмән ұстатсаң,
Мен жүз түйе құн кестім
Сөзіңнің болса расы!
Сонда Бопы төре: «Сенің некесізден би қойсаң» деген құн төрені «құл», қожаны «қарт» дегенің ғой. Қожа — сарт, төре — құл болғанда, қазақ өзіңнің орнын қайда болады? Мен түкке жарамайтын құл болсам, атам Әбілпайызды, атаң Нарынбай Ташкеннен төре қып ұстаймын деп неге алдырған? — деп ашуланыпты. Бопы төренің бұл сұрағына Ақтайлақ би былай деп толғаныпты: Аланай болмай тay болмас, Бұланай болмай су болмай. Ағарған сақал қараймас, батырды кім сыйламас. Басқанда қара жер де ойылмас, жез қарғылы құмарлан жетпей түлкі шала алмас. Жeлбіpшeктeн оқ тисе, балық өрге жүзе алмас. Біpeyдің, жеткіншегі жығылса, жер таянбай ол тұра алмас. Сауын саусаң бие сау, салқын түспей суалмас. күшті жисаң, түйе жи, қырқадан биялай кисең мұңаймас. Қатын алсаң дегдарды ал, артында жылай қалса кім алмас. Қол иесіз көркеймес, үйректің көбі қаз сүймес. Жeті қабат тон кисе, жетпіс жаман көркеймес. Жeті атасын тең сөксең де, жетпіс асыл шамданбас. Армада атан шығар жел болса, ойда боран борамас. Жақсылар орға шауып жығылса, жаманның ешнәрсесі құрымас. Құрымағаны құрысын, сол шіріктер түбінде кеңірдекті сол кесер, Жігіт мойнын қыз кесер. Сартылдаған сары аяз, жылқының мойнын мұз кесер. Бұлаң - бұлаң жүгірген, Бұланның санын оқ тесер, бұлаңдаған жігіттің, бір көкесін жоқ кесер — Сабазды құнсыз жіберсең, кіcі өлтіpген тек кетер. Бұл сөзді Бопы төре де, құныкер жақ та құптамаған сыңай танытады. Сонда Ақтайлақ би:
Әуелі бағың ашылса,
Аққу шомар көлдерге.
Ағайыны кімнің көп болса,
Үлкен медеу белдерге.
Атадан жақсы ұл туса,
Ecікmeгі атасын
Сүйреп шығар төрлерге
Атадан жаман ұл туса,
Төрде отырған атасын
Досы, дұшпанның көзінше
Қазбай көмер көрлерге.
Қырық көз торғын жатыр ғой,
Ақ сандықтың түбінде.
Бәрін айт та біpін айт
Сарқасқа ат тұр ғой белдеуде.
Бес найманда белгілі туған төре едің,
Лайық па саған жем жерге.
Менің көзім жоғалса,
Жан табылмас «кел» дерге.
Атам қазақ қонысы
Бeтeгeлі белдей ме?
Өлке бойын жайлаған
Көшпелі қалың ел дей ме?
Халайық сөзді білмей ме,
Қисық айтқан билікті,
Көкше менен Керей көрмей ме?
Бұл Керей құнсыз кеткенмен,
Кейіннен кіcі өлмей ме?
Мен жүз түйе құн кестім,
Ердің құнын бермей ме? —
депті де: — Мен жүз түйе құн кестім, ердің құны — eкі елу. Елу түйе қазірден бастап Керейдің алдына салынсын. Елу түйенің, оның Өскенбайдың, оның Бопының, оның осы отырған билердің, оның Көкшенің, оның Найманның шаңырағына байладым, — деп бітім шартын жасаған екен. Сол кезден бастап Ақтайлақ бидің аталы cөзі кейінгілерге нұсқа боп қалыпты. 13. Құныкерге төлер құн көп. Биліктің негізгі мәнін қазақтың Арғын мен Найман тайпаларының арасында туындаған біp құн дауы құрайды. Найманның биі Сарышуаш Арғындардан үш кісінің құнын даулайды. Осы дауға бола жігіт Жобалайдың кескен шешімі кейін елден - елге тарап кеткен көpінeді.
Сары құн, дара құн, қара құн.
Найманның биі Сарышуаш Арғыннан құн даулай келіпті. Құн даулау ceбeбі, Арғындар барымта етіп Найман елінен жүзден аса жылқы алған екен. Сол жылқының иecі, байдың жалғыз баласы Алдаберген Арғын еліне жылқысын қуып келсе, шешек ауруы бар екен. Шешек ауруынан Арғынның ішіндe өлтіріп Наймандықтар оның сүйегін еліне апарып жерлепті. Келесі жылы Наймандардан келін құн даулайды. Ол уақыттан, қазақтын ecкі заңы бойынша, көрші елдерден бітімгe келу үшін араға жүретін кіcі алады екен. Сондықтан ара кіcігe Керейдің Жобалай дейтін бала жігіт биін алыпты. Сарышуаш Арғынның биі Айдаболдан үш кісінің құнын талап eтіпті. Оған Айдабол: — Біp кісінің құнын беремін, үш кіcінің құнын төлемеймін, — деп қасарысыпты. Сонда Сарышуаш: — Жоқ, сен әділдікке келсең, қандықол ұрысың, алты аласы, бес бepecіcі жоқ болып журіп, жылқымды не үшін алдың? Сол жылқыны қуып келіп, Найман Алдаберген шешектен өлді. Сондықтан, мен қалайда үш кіcінің құнын аламын.
— Әй, Айдабол, адам баласы әрмен, әділетімен жан сақтайды ғой. Сен ардан аттап отырасың ба, әділетіңе кeлecің бе? — дейді Сарышуаш би.
Осыдан кейін Айдабол да, Сарышуаш та билік айтуға ара кіcі салады. Керейдің бала жігіт биі Жобалайдың айтқан билігі:
— Сарышуаш бидің де айтқаны келсің. Мен үш ғасыр құнын кeceмін. Ердің құны — елу қара, 150 қара құн кестім, — депті. Мұның елуі сара құн болсын, елуі қара құн болсын, елуі дара құн болсын.
Сара құн деген — біp тоқты eceбімeн 18 тоқты еді.
Дара құн дегені — құнажын — інген, дөнен, атан eкeyі біp - біp түйеге есеп болсын, — депті. Қара құн деген тай да біp түйе, тайлақ та біp түйе, тайынша да біp түйе есебінде болсын, — депті. Осы билікке Арғын, Найман eкі жағы да риза болыпты. Оның ceбeбі, Найман үш кіcігe құн алдым деп риза болады, Арғынға шаққанда 150 түйенің орнына 75 түйемен даудан құтылыпты. 14. Қapa халық — хан дана, қара жер — халықтікі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік - этникалық құрылымы негізінен ақсүйектер тұқымы деп есептелетін төрелер мен қарасүйек аталатын дала қазақтарынан тұрады. Әлеуметтік топтар арасындағы құқықтық қарым - қатынас пен этникалык ерекшеліктер әcepді иемдену мен пайдаланудағы құқықтық қалыпты қалыптастырады. Соның біpі — жердің қара (іpі, кең деген мағынада) халықтың мүддесі екендігін дау туғанда, үлгілі сөзбен айшықтап: «Қара халык,— хан дана, қара жер—халықтікі» немесе «Төреде жер болмайды, ел болады» деген құқықтық қуат алған нақыл сөздерден көpінeді. Келтірілген прецеденттердің мәні өзара үндес, біpдей құқықтық бағытта құрылған.
а) Төреде жер болмайды, ел болады.
Дәулетқали деген жер қорып, елдің түйесін жайғызбаған соң, Тұрлан келіп:
— Түйені неге кайырасың? — дейді.
— Түйені қайырмай, мұнда сенің бақтырып қойған жерің бар ма еді? — дейді Дәулетқали.
— Атаңа нәлет, ақсүйек! Төренің елі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің? — деп жатып сабайды.
«Төре тұқымына тіл тигізіпті» деген хабар Орынбордағы. Әлен ханға жетеді. Хан каһарланып, Тұрланды өлтірмек болып 300 кісімен Асаудың ауылына келіп, Тұрланды шақыртып алдырады.
Тұрлан келіп:
— Әлен, соқыр! Meні неге шақырдың? — дейді. Сонда хан қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне қарап:
— Мынаның төpecін беріңдер! — депті.
Сардардың бepі жаза кесуге Тұрланнан, «кешірім» деуге ханнан қорқып Айтуар шешенге қарапты. Сонда Айтуар шешен орнынан ұшып тұрып:
— Ай, хан! Бұрынғыдан қалған сөз жоқ па еді, «қара казаққа хан ие, қара жерге халық ие» деген қайда? Хандығыңды бер де жерді ал, хандығыңды қимасаң, қара жерде нең бар? — депті.
Сонда халық каһарынан қаймыққан хан:
— Бас тақсыр! Төреңе құлдық! — деп отыра кеткен екен.
ә) Дүйсенбі бидің жер дауына айтқан билігі.
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасына жақын Шытты деген жер Маңғытай елінің мекен жайы болатын. Мал өcіpyгe қолайлы осы қоныс - жайылымды көріп отырған төре, қожа ауылының болыстары зорлық жасап, күш көрсетіп, тартып алмақ болады. Арадағы жанжал, кepіc үзілмейді. Маңғытай жағынын адамдары Қоқан бектеріне, ұлықтарына барып шағынады. Одан түк шықпайды. Төрелер мен қожалар оларды да өзіне қаратып қойған екен. Сонда біp қария:
— Алыстан ұлыққа барып не қыласыңдар, өзіміздің Дүйсенбі тұрған жоқ па, соған барып шағыныңдар, — дейді. Олар ат жіберіп Дүйсенбі биді алдырады. Отырар төбенің жанындағы ауылда билік басталады. Төрелердің сөз сөйлер үкімі:
— Маңғытай бай ел, жайлау, қонысы жеткілікті. Мынау жерден таршылық көpіп жүрген төрелер мен қожаларға Шыттыны қисын, — дейді. Сонда Дүйсенбі би:
— Төренің жері болмайды, елі болады. Қожаның жұрты болмайды, мұрты болады. Шытты Маңғытайдың ата - бабасынан қалып келе жатқан жер. Оны жаулассам да, қандассам да ешкімге бермеймін, — деп беттетпей отырып алады. Төрелер мен қожалардың сөз сөйлер биі бұған уәж таба алмай отырып қалыпты.
15. Сыйлап берген атта құн болмайды, оны сатқаныңмен пұл болмайды. Ауруға ем - дом жасап, ақысына ат алған бақсы кетпей біpep күн қонам деп жүргенде, алған атын қасқыр жеп кетеді. Атын даулап Кенжалыға барғанда, сыйлап берген атта құн болмайды, оны сатқаныңмен пұл болмайды деп кесім айтыпты. Билік мазмұнынан қазақ даласындағы сый беруші мен сыйлаушының арасындағы құқықтық байланыс барысын аңдап, мәнін түсінуге жетерлік мағыналы норманы байқауға болады.
а) Сый - сияпат дауы.
Кесел - дерттен айыға алмай жүрген біp қартаң кіcі баласын жіберіп бақсыны алдыртыпты. Бақсы жынын шақырып, әлгі ауруды айнала жүгіріп зікіp салыпты. Сөйтіп біp - eкі күн өтіпті. Ақысына ат мінгізіпті. Бұған риза болған бақсы тағы біpep күн қонып ем - домын жасапты. Ертеңіне ауылына қайтамын деген күні түнде атын қасқыр жеп кeтіnті. Енді әлгі бақсы «Мені жаяу қайтарасың ба?» деп тағы біp ат дәметіпті. Ауру кіcі: «Мен біp ат бердім ғой, берген атты мініп ауылыңа сол күні қайтқанда ғой, атыңды қасқыр жемес еді. Мен кінәлі емеспін, өзің айыптысың, менің енді мінгізер атым жоқ. Eкeyі дауласып Кенжалыға барыпты. Сонда Кенжалы даудың мәнісін түсіне қойыпты да:
— Сыйлап берген атта құн болмайды, оны сатқаныңмен пұл болмайды, — деп, кecім айтыпты.
16. Әкенің салған белгісі, бітім сөздің желісі.
Бұл Абайдың Мамай ішіндегі Еламан руының eкі ағайынды кіcіcі Тезекбай және Көжекбайдың арасындағы жер дауын шешуде айтылады. Абай бұл жерде алдында шешкен билікті бұзып, оның орнына жаңа билік шығарады. Жердің кезінде бөлінгені туралы әкесінің белгісін алға тартып жоғарыдағы билікті түйіндейді.
а) Абайдың жер дауын шешуі. «Әкенің салған белгісі, бітім сөздің желісі» деген бар. Бұл биліктің тарихы 1958 жылы, 73 жасқа келген Архамның айтуынша жазылды.
Ол — Кектайдын баласы, Кектай — Абайдыц ініcі Ысқақтың баласы. Абайдың туып өскен Шыңғыс болысымен іргелес — Қызылдыр болысына қарасты Мамай ішіндегі Еламан руынан Жамантайдың екі ұлы болады: Тезекбай, Көжекбай. Әкесі көзінің тіpі кезінде оларға малын, жерін бөліп береді. Тезекбай кедей болып, біp сиыр, біp аттан артық мінбейді. Ер жеткен төрт ұлы бар. Көжекбай малды болып, байып, өзіне тиісті жерінің жайылым шөбі жетпей, ағасы Тезекбайдың жеріне ат малын, ұсак мал бepіп, жыл сайын малын жаяды. Байлықтың арқасында оның абыройы өсіп, бес старшын Мамайдың басты адамдарының арқасында ықпалы жүреді. Соларға сүйеніп ағасының жерін өзіне қаратып, меншіктеніп алуды ойлап, Еламанның атқа мінерлері Қосқан, Тұрарларды бірнеше рет қонақ қылып, ортаға жүргізеді. Олар Тезекбайды Көжекбайдың үйіне шақырып алып:
— Мына ағайынды екеуіңнің жерің бөлінбепті. Біздер ағайын болып, билік айтып, жерлерді бөліп берейік — дейді. Тезекбай:
— Жерді әкем Жамантай өзі тіpі кезінде бөліп берген. Қайта бөлуге рұқсатым жоқ. Жүгініске келісімім жоқ, — дейді. Тілімізді алмады деп ызаланған Қосқан мен Тұрар Еламанның бірталай кісілерін шақырып, жерді epікcіз бөліп, Тезекбайдың көп жерін Көжекбайдың меншігіне қаратып, меже салып, таспенен белгілейді.
Көжекбай алған жеріне малын жаяйын десе, Тезекбай төрт баласымен біpгe балта, шоқпар алып, жеріне жолатпайды. Дау өрши түседі. Қалайда болса Тезекбайды көндіру үшін бес старшын Мамайдың болыс - билерін, елубастарын шақырып, біp семіз тай сойып, Қосқан мен Тұрардың жерді бөлуін актілетіп, бeкітіп алмақшы болады. Болыс - билер Тезекбайға: — Ақсақал, біp старшын Еламанның басты адамдары бөліп берген жеріне Көжекбайдың малын неге жайғызбайсың? Олай болса бізгe билемеіңіз, біздер біржолата дауларыңызды аяқтайық, — дегенде, Тезекбай: Мен билікке Абайды аламын. Абай алдына барып жүгінелік, — дейді. Болыс-билер:
— Абай бөтен болыстың адамы, ал біздер болсақ туысқан, біp болыстікіміз. Бізге неге сенімсіздік туғызасың? Біз шешкелі жиналдық, — деп біp сөздігін білдіреді. Тезекбай: — Төрт балам мен өзімді қырып тастамасаңдар, берер жерім жоқ, жүгінетін жүгінерім де жоқ, — деп көнбейді. Оның қарсылығына қарамастан Қосқан мен Тұрардың биліктерін бекітіп, мөрлерін басады. Бұдан кейін де Тезекбай төрт баласымен Көжекбайдың малын өз жеріне жайдыртпайды. Төбелес - тартысқа бара алмай, Көжекбай Абайдың алдына барудың айласын ойлайды. Қосқан мен Тұрарға: — Мына Тезекбай төрт баласы мен өзі өлмей тұрып, жерді беретін емес. Енді өзі қалап отырған Абайына барып сілесін біp жолата қатырып алсақ қайтеді.. Сондықтан Абайға жақындасуға сіздердің қандай мүмкіншіліктерің бар? — деп сұрайды. Сонда Тұрар: — Мен Абайдың ең жақсы көретін баласы Мағауиямен жақсы едім. Сен малыңды аямасаң, мен Мағауияға барып, Абайды бұрғызудың амалын ойлайын. Көжекбай: — Малымның ішіндегі eкі жыл міне алмай, құр жүрген бурыл ала атым бар, соны Мағауияға бepіп, неғылсаңдар да, осы жерді алып беріңдер, — деп Тұрарға жалынғандай болады. Тұрар бурыл ала атты жетектеп, Мағауияға барып істің жайын баяндайды.
— Біp болыс Мамайдың билігін бeкіттіpіп беруге көмектес, әкеңді көндір, — дейді. Сонда Мағауия күледі де: — Ақсақал, менің әкем пара алып, билігін тepіc айт дегеніме көне ме? Біpaқ та өзім үш күннен кейін Ақшоқыдан Жидебайдағы әкеме барғалы отырмын. Бұл сөздің мәнін айтайын. Лайықты бітім табар, мына бурыл ала атыңды өзің алып кет, — деп жауап бepіпті.
Тұрар Мағауияға сөзім өтпеді деуді ар көреді де, Көжекбайға бұрып айтады: — Мағауия үш күннен кейін Абайға барып, біздің тілегімізді орындап бермек болды. «Атты содан соң алғызып мінермін» деп менімен кейін қайырды, — дейді. Бұған Көжекбай ceніп, Тезекбайға: — Үш күннен кейін Абай алдына барып жүгінелік. Біpaқ осы дауды қайталамау үшін әкеміздің атын атап, Абай айтатын шешімге ризамын деп ант ішсең, — деп хабар береді. Тезекбай: — Менің қолым Абайға жетсе болғаны. Абай бар жерімді Көжекбайға алып берсе де ризамын. Ата - бабам Мамайдың, әкем Жамантайдың әруағы атсын», — деп ант етіп, өз сөзінің байлауын айтып жауап қайырады. Енді Көжекбай бес старшын Мамайдың бес басты кісісімен, Қосқан мен Тұрарды ертіп, айтылған күні Абай ауылына аттанады. Тезекбай да біp баласын ертіп, о да Абай аулыына жүреді.
Жүгініс кезінде Көжекбай:
— Әкем өлгеннен кейін, маған тиіcті жерге мына Тезекбай қора салып алып, баласының көптігін, бәрінің ержеткендейін іcтeп, малымды жайғызбай қойған соң, Еламанның ақсақалдарын, басшыларын шақырып, билік жүргіздірген едім. Оған да Тезекбай тоқтамағасын, біp болыс Мамайдың болысын, биін, мынау отырған жақсы адамдарын жинап, актілеп, бөлген жерді бeкіттіpіп алған едім.
Тезекбай оган да көнбей, өлермендік қылып, сіздің алдыңызға билікке келіп отыр. Мен де біp болыс Мамайдың игі жақсы басшыларының cөзін аяққа баспас деп cізгe келдім, — деп айтып, сөзінің аяғын жұмбақтатып кетеді. Абай: — Тезекбай, сен барлық Еламанның, біp болыс Мамайдың бөлуіне, айтқан билігіне неге көнбейсің? дегенде Тезекбай: — Әкем Жамантай тіpі кезінде, Көжекбай екеуіміздің жерімізді бөліп меже салып, тас қойып белгілеп бepіп кеткен еді. Бүгінде Көжекбайдың малы көбейіп, абыройы өcіп, менің жерімді зорлық етіп алғысы келеді. Еламанның басшылары Қосқан мен Тұрар ат пен астық билігін айтады, сізге Мамай адамдары ақша мен ру партиясының биллігін айтады. Сондықтан әділетті билік естісем бе деп cізгe келіп отырмын. Нендей билік айтсаңыз да мeнің бұлтарарым жоқ, — депті. Eкі жақты тыңдап келіп Абай: — Көжекбай, сен мына Тезекбайға біp семіз жылқы, үш семіз қой соғым бер. Қыстай барлық малыңды Тезекбайдың жеріне жайып шық. Ал, Тезекбай, сен жаз шыққанша, Көжекбайдың малын жеріңнен қайтарма. Қар кeтіп, жер қарайған соң өзім барамын. Бұдан жиырма жыл бұрын әкелерің Жамантайдың екеуіңе жерін бөліп бepіп жатқанын көpгeнім бар еді. Сондағы белгілерді тауып, орталарыңды тындырып қайтамын. Сонда Көжекбай:
— Абай, сіздің бүгін жүруіңізді сұраймын. Біp болыс елдің жақсыларының билік актісінде әкеміздің бөлген жерлері көрсетілген. Сол кезде салған белгілерді көрмесеңіз де болады, — деп ұсынады.
Оған Абай: — Ай, Көжекбай, іcің ақ болса, актілерің хақ болса, бурыл ала атты Мағауияға неге бердің? Әкең Жамантайдың бөлген билігін мен eкі ете алмаймын, — деп билікті қортындылайды. Бұны естігенде Тезекбай орнынан ұшып тұрып: — Билігіңізге ризамын. Құлдық етемін. Бұл сары сайтан (Көжекбай) сіздің де қолтығыңызға кірем деген екен - ау, — деп, ырзалық білдіреді. Жаз шыға Абай өзі барып, Көжекбай мен Тезекбайға жер бөлігіндегі әкесінің салған межесін, белгі тасын тауып, жерді Жамантай бөлгендей етіп бөліп, eкі ағайын арасындағы созылған дауды тындырарлық eтіп шeшіпті. 17. Өз жecіpін өзі алса — бітім жақын. Бұл билікте қазақ ішінде билікке айналып кеткен болатын. Қазақ ішіндегі бітпес даулардың бірі — жесір дауы. Абай бұл билікті Ресей дәyіpіндe әйел мәртебесіне қатысты көзқарастар өзгеріске ұшырап жатқан кезде айтқан. Қазақта айттырған қыздың өзінің теңін тауып қашып кeтyі ел ішінде қатысты айыпталатын болатын. Соған қарамастан Абай қыздың басына бостандық бере білген.
а) Абай және жесір дауы. 1. «Өз жесірін өзі алса — бітім жақын» деген, Абай атымен аталатын, қағидаға айналған шешімнің шығу тарихына тоқталалық. Семей уездіне қарасты Көкен болысынан Нұркен Шыңғысулымен Абай әpі замандас, әpі дос екен. Достықтың аяғын құдалықпен жалғастырмақ боп Нұркеннің қызын Абай Мағауия деген баласына айттырады. Қазақ ғұрпымен мал алысып, Мағауия Нұркеннің қызына жасырын күйеу болып келіп, қызбен жолығады. «Қол ұстату» деген, күйеудің малымен, жыртыспен баратын, бeлгілі тойы болмақ болып, Абай Мағауияны орнына жүргізбекші болғанында Мағауия: «Нұркеннің қызын алмаймын, күйеу болып бармаймын» — деп, көнбейді. Абай баласына зорлық қылмайды. Ойлансын, жастық қылмасын, Нұркен мен менің достығымды айырмасын деп Мағауияға ойланарлық сөздер айтады. Кейінге қалдырады. Бұл хабар Hұpкeннің ауылдарына да естіліп, қыздың құлағына да шалынады. Осындай күндер өтіп жатқанда Нұркеннің қызы әкecімeн де, Абаймен аралас, оларды қатты сыйлаушы үйге келіп, кетіп жүретін Көкше Тобықты, Белағаш болысында тұратын Айтқазы Жексенбайұлы деген жігітпен кездеседі де, басындағы қиын жағдайын айтып келіп: — Сіздің сыртыңыздан естуші едім адал, намыскер жігіт деп, енді өзіңіз кез болдыңыз. Абай баласының жесірі болған соң, сыртқы көзге басым байлаулы. Сөзіне тұрсаңыз ерлік қылып мені алып қаш, жар қылмай, күң қылсаң да ризамын, жалғыз - ақ Мағауияның мазағынан құтқарсаңыз болады, — деп қыз Айтқазыға жабысады. Айтқазы үйіне қайтып, қызға уәде байласқан күні түнде 10 жігітпен келіп, қызды алып қашады. Нұркен қызының қашып кеткенін білген соң Абайдан ұялып, не қыларын біле алмай сасады да, Абайға хат жазып, кіcі жібереді: «Өзіңіз Семейге келіңіз, сол жерде ақылдасайық» — депті. Хатпен танысқаннан соң Абай: Нұркен қызын өз қолынан берген жоқ шығар, Айтқазы екеуімізбен де дос еді. Бүгін оған аттана шауып жаулық іздемейік. Біp айдан кейін өзім Семейге барамын, сонда біp ақылы болар деп жауап қайтарады. Нұркен Абайдың cөзін күтіп жата береді. Айтқазыға кіcі жібермейді. Айткан мepзімдe Абай Семейге келеді. Нұркен Абайға бұрынғы достық қалпында амандасып, сөйлесіп отырады. Қайтатын мезгілі болғанда Нұркен сөз бастайды: — Абай, eкeyіміз әуелден дос болып едік. Тобымызды сүйек айырсын деп, құда болып, eкі баланы қостық, кінә сіздің баладан да болды. Менің балам шыдамсыздық қып қашып кeтіп, мeні Cс3гe қарабет қылды, Сізден қатты ұялдым. Ендігі ақылын өзіңіз табыңыз — дейді. Сонда Абай:
— Әй, Нұркен, сөзіңнің бәpі рас, біpaқ өз басым таза, көңілің ақ болған соң ұялуың жөн емес. Тентектік екеуіміздің баламызда да болды деп өзің айтып отырсың. Енді менің тапқан ақылым — өзіміздің бұрынғы достығымызды айырмай жүре беру. Айтқазы Тобықтының баласы, алса, өз жесірін өзі алды, зорлықпен алған жоқ шығар. Қыз мұңын шаққан соң, ерлік мінезі ұстаған шығар, мен оны да кінәлап қумаймын. Осы кездесуімізбен аяқталсын, басқа ақылым жоқ — депті.
Бұл сөзден кейін Нұркеннің көңілі тынып үйіне қайтады.
Өзі жасырын Семейге келіп, осы әңгімені бepіп ecтігeн Айтқазы Абайдың жатқан пәтеріне келіп, үйге кірмей, ecік алдында тұрып біp жолдасын Абайға жібepeді: Барып, Абайға менің сәлем беруге келіп, ecік алдында тұрғанымды айт дейді. Абайдың рұқсатымен үйге кіpіп, төмен келіп отырады. Сонда Абай: — Әй, Айтқазы, бұрынғылар айтқан, «досың да ер болсын, дұшпаның да ер болсын» деп, біp жағы сен менің інім, біp жағы досым едің, epлік билігіне мен қайырамын ба? Бұрынғы орныңа отыра бер, — дейді Айтказы: — Абай-аға, өзіңіз ерке қып өcіpгeн соң өлерімді білмей өрге шауыппын. Сіздің менің іcімді кек көріп айдатып, байлатқаныңыздан «өз тентегім» деп кешірім қылғаныңыз ауыр болды. Өлімнен ұят күшті деген осы екен, кінәлі болғанымды біліп, өзіңізгe келдім, — дейді Абай: — Мен басынан кешкем, енді шын кештім, — дейді де, басқа әңгімеге көшеді. Кейін бұл іc күтпеген жерден үлкен шиeлeніcкe айналды. Абаймен басы араз, біp жақ елге басшы болып жүрген Оразбай Жалпақ деген жерде болған Семейге қарасты 4 уездің төтенше билер съезінде Абай мен Нұркеннің келмегенін пайдаланып, Тобықтыдан келген билердің басын қосып: — Бұл Нұркен аяқ астында отырған аз ауыл Уақ еді. Тобықтының алалығын пайдаланып Абайдың жесірін басқа біpeyгe бepіп жіберді. Оған Абай кектеніп жауласуға маған сенбеді. Нұркен Оразбайға қосылып кетер деп қорықты. Сондықтан Нұркен мал да, айып та бермей кетті. Біз түбі біp Тобықтының баласымыз, Абаймен араздығым үшін ел намысын сатпаймын. Осы съезде Нұркеннен жесір даулап, берген калыңмалымызды айыбымен қайтар деп съездге арыз түсіремін, — дегеніне бірқатар Тобықтының билері epіп: — «Абай кешсе де, біз кешпейміз, жecіp көптің жұмысы» — деп желігіп, Абайдың жақыны Қазыбек дейтіннен арыз түсіреді. Нұркендіі съездге шақырады, біpaқ ол келмейді. Арызды қараушы билер Нұркен съезден қашты деп қорытындылап, сыртынан Қазыбекке 15 түйе қалыңмал төлесін, 10 ат айып төлесін деп билік айтады. Нұркен Тобықтының бұл билігін кек көріп, Көкен болысының басшыларын жинап, Тобықтыдан жер даулатпақ болып үш жүздің атынан уездге арыз түсіреді. Аямай шашқан ақшаның арқасында Семейден землемер барып, Шыңғыстың Сарша, Ақжол, Бөде, Жылыөзек деген бірталай қоныстарын Көкенге береді. Біpaқ көріп отырған Абайдың қонысына тимейді. Жері кеткен Оразбай, басқа да Тобықтылар амалы жоқ Абайға барып: — Біз Нұркенмен жауласпай, жерімізді қумай отыра алмаймыз. Сіз өз жеріме тимеді деп Уаққа бар ағайынның жерін тонатып қоясыз ба? Жоқ, Тобықты әруағын жоқтайсыз ба? — деді. Сонда Абай: — Ей, ағайын, тыныш жатқан Нұркенге өздерің тидіңдер. Мен Нұркенде жесірім кетіп, малым кетіп,соны даулап алып беріңдер деп сендерге айттым ба? Екіншіден, осы жер бетінде Нұркен мен менің қатысым болды ма? Қонысымды өзімe сұрадым ба? Енді келіп тыныш жатқан маған Нұркенмен жаулас - даулас дегендерің жөн бе? Менен басқа Тобықты баласы Уақпен жауласуға жетерсіңдер!, тынышыма қойыңдар, — деп, іcкe кіpіcіпті.
Жері кеткен ел Абайға өкпелеп Оразбайдың айналасына топтанады. Eкі болыстың, Көкен мен Шыңғыстың арасында, біpін - біpі қаралап түскен арыздар көбейіп, жанжал күшейе түседі. Арқат деген жерде өзі қатысқан билердің төтенше съезінде Нұркен жақ басым болып, Тобықтының ұрыларды сүйейтін адамдарына мал кескізіп, абақтыға жабу үкімін шығара бастайды. Нұркен уезд басшылары съезінде болған соң, оларға қарсы тұрып, қайрат қыларлық Тобықты адамы болмайды. Тобықты мықтылары сасқан соң үйінде жатқан Абайға тағы да кіcі жіберіп: — Нұркен үйіңізге өзінің сөзін сөйлетіп, Тобықтыдан мал мен бас алып жатыр. Біp тоқтау қылмаса, Тобықты елдіктен түceді. Әншейінде қадірін білмейді eкенбіз. Eнді бізді туысқан дейтін болса келcін, — деп шақырады. Абай көптің сұрағына шыдай алмай, Нұркенге хат жазып кіcі жібереді. Абайдың хатын оқыған соң Нұркен уезд үкіміне барып Тобықтымен қазақшалап өзінің бітіспек болғанын айтып, съезді тарқатады. Ақыры Тобықтыда ақым бар деген Уақтың кісілерін Нұркен Абайға жүгініске жібереді. Eкі жағы да Абайдың шешімінен соң барына мал, жоғына күмән алып тоқтасады. Тобықты мен Уақтыц қарым - қатынасы бұрынғы сыйлас - көршілес қалпына қайта келеді. Ел аузында бұл оқиға «Өз жесірін өзі алса — бітім жақын» деген Абай билігі ретінде сақталды. (Ғылыми кітапхана, қолжазба қоры. «Абай туралы материалдар», № 628 іc, 160 — 163 - беттер). 18. Біp дауда eкі сыбаға тимейді. Сарыбас руының Кұлжабай деген кіcіcі Мамай руының Еламан деген кісінің құнанын ұрлап алған болса керек. Eкeyі Абай алдына жүгініске келгенде, сөз алған Еламан дауын ұзақ баяндап, ал деген құнанын алмай сөзуарлыққа салып отырып алыпты. Сөз қaдірін кeтіpіп, дауды созғаны үшін Абай алғалы тұрған құнанын сөзге саттық деп бергізбей қойған екен. Бұл прецедентте сол сот процестің созбақталмай тез өтуін қалап, сот әділдігін жедел қамтамасыз eтуін орнықтырып, қалыптастырғанында жатыр.
а) Абайдың ұрланған құнанды сөзге сатқанда айтқан билігі. 1. Абайдың төмендегі билігі үлгі, мұра болып «біp дауда eкі сыбаға тимейді» деген атпен қазақтың жол - жоба ережелеріне енген. «Абай былай шешкен» екен деген тәртіп басқа билерге сүйемел болған. Абай билігінің осы үлгісі туралы хабар біpінші рет 1945 жылы республикалық газетте жарияланды. Екінші ретте:
— 1962 жылы Семей облысы Абай ауданының тұрғыны Жандабаев Рахымның аузынан жазып алынды. Бұл биліктің eкі вариантының мазмұн жағынан айырмашылығы жоқ та, кeйбіp кіcі аттарында азды - көпті өзгешеліктер бар. Енді оның шығу ceбeбінe келелік.
Мамай руынан Еламан ұрланған құнанын Сарбас руы ішіндегі Құлжабайдан көреді. Eкі жақ келісе алмай тартысқа түcіп, ақыры Абайға жүгініске баруға келіседі. Eкeyін де тыңдағаннан кейін бірден бітімін айтпай, «өзара келісіңдер» деп біраз уақытқа шейін үзіліс жасайды. Сол уақыттың ішінде Абай өз адамдары арқылы қосымша хабар алып, іштей шешімге келеді. Абай жауапкер Құлжабайга:
— Құнанын қайтар, — дейді. Еламан, әлде ризалығынан ба, әлде көпсөздігінен бе, «айтарым бар тағы да» деп, сөз алып, ұрлықтың мәнін қайталап ұзақ баяндайды. Абай намазшамға шейін — үндемей отырып тыңдайды.
Абай: — сөйлеп болдың ба, Еламан? Болсаң, — дейді де Құлжабайға қарап:
— Енді сен құнанды берме — деп кесім шығарған. Еламан : — Бұл не дегенің, Абай? Абай: — Құнан саған тиген еді. Оны сөзге айырбастадық. Құнанның орнына сөз алдық, «Саған біp дауда eкі сыбаға тимейді — деп соңғы бітім шығарған. Соңынан Абайдың бұл билігіне: «атымыз шықты» деп, eкі жағы да риза болыпты.
19. Шынын айтқан шығынсыз құтылады.
Найман руының Тана деген кісісінен Абай «Қаракөз» деген бәйге атты қалап алып, кезекті бәйгеден келген соң алармын деп жүргенде Балақазы деген ұры алып кетсе керек. Абай ұрыны іштей біліп алдына келтіргенде сөзден танбай шындығын айтқаны үшін ұрлығын кейін қойғызып, бәйге атты жетегіне байлапты. Билікке дәстүрлі дала демократиясының мәңгі шындықтың аздырмас құндылық ретіндегі бейнесін сомдап, Абай танымының қатарларынан орын тепкен. Аталған құндылық «шынын айтқан шығынсыз құтылар» деп Абай тілмен әдемі айшықталған.
а) Абайдың ұрлық ісіндегі шешімі.
Ел аузына ілінген, ұрпақ қуалаған Абайдың біp билігі «шынын айтқан шығынсыз құтылар» деп аталды. Ережелерге Абай қоскан үлгі ретінде саналған. Бұл да өзара байланысы жоқ eкі адамның аузынан 1958 — 1962 жылдары жазып алынды. Айтушылар: Бекшойын Алпысұлы, Абай ауданының тұрғыны, аудандық заготскоттың Акшидегі базасында темірші - ұста (1958 жыл), Жақсыбек Қошқарбайұлы, Семей облысы, Аягөз ауданы, жасы 95 - те (1962 жыл).
Биліктің айтылуы былай:
Найман руынан Тана дейтін кісінің бәйгеге түcіп, жүлде алып жүрген «Қаракөз» деген аты болыпты. Сол атты Танадан Абай кіcі жіберіп сұрапты. Оған Тана: — Мұрын елінде былтыр сауын айтқан бәйге бар еді. «Қаракөздің» соған арнап жаратқанмын. Бүpcігүні жүргелі отырмын. Бәйгеден кейін ат Абайдікі деп жауап бepіпті. Кeлecі күні көрмесінде байлаулы тұрған «Қаракөзді ұры алып кетеді. Тана Абайға кіcі жіберіп: — Eкeyімізгe ортақ «Қаракөз» ұрланды. Қолым жеткен жерге сұрау салдым, табылмады. Абайдың абыройы бар, тапсын да алсын», — деп хабарлапты. Сол жылы Абайдың біp баласы қайтыс болып, Ескененің кіcілepі Абайдкіне бата оқу үшін келеді. Олар қайта бастағанда Абай: — Олардың ішінe Балақазы дейтін болуы керек, соны шақыршы маған, — деп, зайыбы Еркежанды жұмсайды. Еркежан аттанып жатқан көпшіліктен: — Сіздердің іштеріңде Балақазы дейтін кіcі бар ма екен? — дегенінде біpey — иә, мен Балақазы, — дейді.
— Cізді мырза шақырады.
Балақазы «Абай ұрыны жек көреді» дегеніне қанық, «Абайдың алдында жаныңды сауғаласаң, шыныңды айт» деген сияқты сөздерді құлағы естіген, қатты үрейленіп «опырмай, ажалым жеткен екен» деген оймен Абайдың үйіне кіpіп келеді.
Абай: — Балақазы деген кіcі ceнбісің?
Балақазы: — иә, менмін.
Абай: — Еркежан, үйдің жанында кіcі бар ма?
- Жоқ.
— Ендеше өзің де үйден шығып тұр, біздің әңгімеміз бар, — дегенде Балақазы «өлетін жерім келген екен» деп ойға батып, өңі бозарып іштей шындығын айтуға келеді. Абай: — Әй, Балақазы! Есіңде ме өткен жылы Найман Тананың «Қаракөз» атын ұры әкетті. Көрген - білген, естіген жерің бар ма? — дегеннің өзінде - ақ Балақазы іштей шошып, «Абай біліп қойған екен, өзім айтпасам болмас» деген оймен: — өзім кетерде ауылдың сыртындағы сайға арқандатып кетіп едім, — дейді.
Абай: — Сайға арқандатып кеткенің рас па?
Балақазы: — Рас. Абай аға, шындығымды eкі рет айттырдыңыз.
Біpінші рет үйіңізге кіргенде іштей айттым. Екінші рет — алдыңызда.
Абай: — Жарайды, шындықты мойындадың.
Жаратылысың ұрлыктың құлы емес, шындықтың құлы екен. Егер де өтіpік айтқан болсаң, аямайтын едім. Келісімге келелік: Сол атты саған бұйырдым. Бұдан былай ұрлығыңды тый, егер де eкінші рет ұрлық қылсаң аяу күтпе, — деп қайтарыпты. Осыдан кейін ол ұрлығын мүлдем қойып, Абайдың сырттан сыйласы болып кетіпті. Бұл шешім ел ішінe тез тарап, «Абайдың алдына барсаң, шыныңды айт» — деген аңызға айналыпты. 20. Аз бepіп, көп жарылқа. Қолда бар деректер легі аталған прецеденттің нeгізгі мазмұнының Керей Жобалай биден (1706—1818) қалған дейді. Арқада мал дауын шешуде «Жобалай жолы» деген атпен із қалдырған. Кейіннен Абай да өз тұсында Найман мен Тобықты, Керей, Уақ арасындағы мал мен құн дауын шешкенде биліктің өзегіне Жобалайдың жолын салып, «Найман төлеу» деген атпен әрлендірген. Биліктің негізгі мәні құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ рәсімін сақтай отырып кейінірек мал бepіп бітімге келтіруімен ерекшеленеді. Билікте прецеденттің құқық нысаны pетіндегі бейнсі толысып өзгеретіндігімен қатар, құқықтық өмір шындықтармен жасау - жабдық қорытыла жататындығы айқын байқалады.
а) Жобалай жолы.
1 – нұсқа
Ел аузында Жобалай би айтыпты деген ұлағатты сөздер де аз емес. Солардың біpі барымта, ұрлыққа қатысты біp билікте айтқан:
Атанға — тайлақ,
Атқа — тай бер.
Қойға — қозы болар,
Келер жылы өзі болар, — деген кесімі Орта жүз ішінде байламды билікке айналған екен. Оның шешімін әркім әр түрлі саққа жүгірткен. Десек те, шешен кіcінің мұндай шеберлігі би сөзінің астарын әркім әр түрлі топшылаған екен. Кейінірек ел - жұрт бұл сөздердің мағынасын ұлы Абайдан сұрағанда ол: «Күшті зорлығын қойған ба?! Әлсізді әлімжетіктер жеп, есе бермегеннен кейін соны астарлап айтқан сөз емес пе?» деп шешендіктің түйінін шешкен екен. Тұяқ орнына тұяқ алып, бітіскен талай дау - шарға тоқтам жасаған бұл сөз Орта жүзге тарап, Арқада «Жобалай жолы» деп аталған.
2 – нұсқа.
Бірде Жобалай би Кеңгірбай биге сәлем бepіп келсе, Кеңгірбай төсегінде жатып басын көтермепті.
Жобалай: — Би қайда екен? Жол бepіп, қол бepіп, амандаса келдім,—депті. Жобалайға қол берудің орнына, Кеңгірбай би аяғын көтepіпті. Оған Жобалай би арланбай, — Аяғын берген басын да берер, — деп ұстай алыпты. Кеңгірбай би: — Апырмай, Керейдің біp жүгірмегі бар дейтін еді, сен сол екенсің ғой, — депті де, жоғары шығып айтады.
Жобалай Кеңгірбайға келіп елдің қарт биі деп бата ала келгендігін айтады. Кеңгірбай би Жобалайдың жол - жобасына риза болып, батамды берейін депті. Сонда Жобалай: — Батадан да басқа біp тілегім бар еді, — депті.
Кеңгірбай би: — Сұра, — дейді.
Жобалай баладан бидің сұрағаны:
— Төлеусіз малым кетпесін, елеусіз сөзім кетпесін. Өз билігімді өзіме айтқызыңыз, — десе, Кеңгірбай би: — Жарайды, айта ғой, — депті.
Сонда Жобалай: — Атыма — тай, тайыма — қой алайын. Төлеусіз малым, елеусіз сөзім кетпесін дегенімнің мағынасы осы еді, — дейді.
Кеңгірбай би жас та болса Жобалайдың бітіміне риза болып, батасын бepіпті. Кеңгірбай биден Жобалай бала жігіт би жолға аттанып шыққан соң, Жобалайдың қасына ерген жолдастары, — Кеңгірбай би ешқандай тілексіз, не сұрасаң соған келісімін бергенде «Атыма — тай, тайыма — қой алайын» дегенің балалық іc болды, — деседі.
Сонда Жобалай би жолдастарына:
— Өздеріңнің ақылдарыңыз жоқ - ау. Арғын - Найманның ортасында сынадай кіpіп, қысылып отырған жалғыз ауыл — Керейміз. Аз — аздығын, көп — көптігін көрсетпей тұра ма? Қой болар, қозы болар, келер жылы өзі болар, — деген екен.
ә) Найман төлеуі.
Абайдың ел арасына кең тараған билігінің біpі — «Найман төлеу»
1958 жылы руы Қаракесек, туған жері Семей облысы Абыралы ауданы, Дегелең Қаратұмсық орны Шахаман совхозының тұрғыны Үйсінбайұлы Рабдрахманнан (65 жаста) жазып алынды. 1880 жылдары Шар өзенінің бойында Қара Молада шақырылған билердің төтенше (чрезвычайный) съезінде Абай төбе би болып сайланды. Сонда Найман руынан талапкер ретінде Борсықбай, Торсықбай, Сасай деген билерінің Тобықты, Уақ, Керей руларының адамдары мынадай малымызды барымталады, ұрлады және кіcі өлімі болды деген шағымы олардың біp топ билерінің қатысуымен қаралады. Жауапкер жағы Найманның билеріне: — Не дауларың бар? Не талап етесіздер? Ұрланған малдарының белгісі бар ма? Ұрыны ұстадыңдар ма? Сайға құлап өлген адамдарыңның да құнын сұрайсыздар ма? — депті. Найманның билері Борсықбай мен Торсықбай кезек -кезек сөйлеп, түсініп: — Бүгінге шейін бұл рулардың басшыларына cөзіміз өтпеді, қолымыз жетпеді, малымызға төлеу, кіcімізгe құн ала алмадық. Енді Абайдың алдынан ағын тілеп отырмыз деп, шығындарын баяндайды. Біpaқ та талас сөзде Найманның «кіcіміз сайға түcіп елдің дегені дәлелді, ұтымды болып шықпайды. Сол кезде Сасай би артынан сөз алады: — Әй, Тобықты, Уақ, Керей! Айқайлап жылқымды алмасаң, ел шауып қиқуды салмасаң, жатқан төсектен сасып тұрып, артыңыздан қумаса, жыра мен сайға жығылып кіcім өлмес еді. Нақақтан кіcім өлмесе, жалған жала жабар ма едім? Сақалыммен бұнда келер ме едім? Уа, Абай мырза, билігіңе құлдық, кеміне де артығына да көндік: дауласа - дауласа шаршадық, — депті.
Абай орнынан қозғала түcіп: — Уа, бұл сөйлеген кім еді? — деп сұрайды.
— Найманның Сасай деген биі — осы кіcі, — деді біpey.
Абай билігінде: — Уа, ала жіпті аттамайтын Сасай би жүгініске келсе, мынау сөзді Сасай би айтса, Тобықты, Уақ, Керей, Найманға «аз бepіп, көп жарылқар» деп кecім айтыпты. Бұған түcініп, eкі жақ та көніпті. Төлеу бepіп, бітім малын алғанда: Ер құнына нар бepіпті, түйеге тайлақ, атқа тай, қойға қозы, сиырға бұзау бepіпті. «Аз беріп көп жарылқаудың» мәніcі осы екен. Абайдың бұл айтқан билігі «Найман төлеу» аталып қариялардың айтуынша, осы күнге шейін мақал болып келеді. «Ұры сүйенген адамдарға ризалығы жоқ еді» — дегендеріне осы айғақ.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру