Мазмұнға өту
Home

Атадан жеткен асыл тін

Отыншы Көшбайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Атадан жеткен асыл тін

Отыншы Көшбайұлы — «Атадан жеткен асыл тін». АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ TІН

/uploads/0ba2b859-b24e-5fb4-a5df-6f33545ec242/cover.png

АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ TІН

Маңғыстау жері сонау ықылым заманнан бері өзінің табиғат ерекшелігімен де, көрген адамды тамсандыра, таң қалдыратын тарихи ескерткіштерімен де ерекшеленген өлке. Оны бұл өлкеге тағдыр айдап табаны тиген саяхатшылардың, арнайы келіп ат ізін салған ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Әлі күнге дейін сыры кетсе де, сыны кетпеген, әрбір ою-өрнегі сырға толы зираттар соның айғағы. Бұл зираттар біздің өткеніміз, ата бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына тастап кеткен аманаты, бастарынан өткен шежіресі. Маңғыстау әлдекімдер айтатындай өткен күндер туралы жазба деректері жоқ өлке емес. Ата-бабаларымыз басынан өткен қилы-қилы оқиғаларын, өмірге деген көзқарасын, таным-білімін мәңгі өшпестей қылып тасқа жазып кеткен. Уақыт толқыны астында бірнеше ғасырлар бойы тұрған, үстін қына мен мүк басқан құлпытастардың да, жел өтінде, жаңбыр астында тұрғанмен бір кездегі асыл қолды шебердің қолтаңбасы қалған сағана тамның да үңіле білсең саған айтары көп. Бәлкім бірінің шешуі табылғанмен, бірінің сыры әлі белгісіз болар. Бірақ зердеңнен өткізіп үңіле түссең бір кездегі сүрлеуге түсерің анық. Туған өлкесінің сонау ықылым заманнан бергі тарихын мөлдірете баяндап, көкейіңе құятын Әбіш ағамыз:

"Музейлері мен архивтері жоқ көшпелі халықтарда жазба мұраның болмайтыны кім кімге де белгілі. Ал ауызша сақталатын шежірелерге айтушы кісінің көңіл күйі мен жадының, уақыттың, баяғыдан бері бірінің басын бірі жалмап жатқан талай-талай саяси ағымдардың алып қосатындары тіптен көп. Демек, ол да өткен жайлы объективті документ бола алмайды.

Ондай документтің қызметін тек материалдық ескерткіштер ғана атқара алады. Онда да анда-санда бір кездесетін шашыраңқы жұрнақтар емес, әлденеше ғасырлардағы мәдени ескерткіштердің бір кеңістікте табан серіппей жинақталған табиғи тұрақты коллекциялары ғана атқара алады.

Ондай тұрақты коллекцияларға көшпелі аймақтарда сол адамдардың ақтық сағаты мен өмірінің қорытындысын жинақтаған ежелгі зираттар кіреді. Көшпелі елдің зираттары олардың әрі өз тұсында салып кеткен қалалары, әрі артындағы ұрпақтарға нақты "заттар тілінде" жазып кеткен кітаптары.

Олардың қай заманда қалай киініп, қандай қару асынғанын, кімдермен жауласып, кімдермен сауда жасасқанын, кімге табынғанын, немен қоректенгенін, неден қорыққанын, ол тұстың саяси құрылысы мен экономикасын, географиясын, философиясы мен поэтикасын, эстетикасын күн күйдіріп, жел мүжіген құлпытастардың көнетоз дидары еш бүкпесіз жайып салады. Зират салуға көшпенділердің ерекше маңыз беретіні де сондықтан" дейді.

Ендеше Маңғыстаудың ойы мен Үстірт үстіндегі самсап тұрған әулие ескерткіштер бұл өлкенің әлі оқылып бітпеген, тұңғиығына үңілмеген тарихы екен. Айтулы ақын Светқали Нұржанов айтқандай "Дала дәптер бетіне "мен куә" деп көп құлпытас ирелектеп қол қойыпты". Одан артық дерек іздеудің қажеті де жоқ екен.

Әр төбенің басында тұрған құлпытас, сағана там, күмбездердің іргетасын қаларда оны салушы шебер әуелі сол тұлғаның, оның әулетінің, олардың арғы ата-бабаларының бастарынан кешкен оқиғаларын жадында тоқып, жүрегіне жаттатып барып қолына қалағын алады екен ғой. Шебер кейінгі ұрпақтарға өзінің атын қалдыруды емес, ертең көптің көз айдынына айналатын туындысының өміршең болуын басты назарда ұстайды екен. Күншілік жерден қара атанның белін қайыстырып әкелген тас та, халықтың ғасырлар бойы төгілте салып келе жатқан өрнегі де, елі үшін арпалысып өткен батырлардың өрлігі де, ұрпақтан-ұрпаққа мәнін жоғалтпай жеткен батагөй ақсақалдың сөзі де, ұлан далада сызылта салынған ән де, бәрі, бәрі бір-біріне бірігіп, жымдасып барып әлгі ескерткіштің қабырғасына айналады екен.

Шебер қолына алған әрбір тасты орнына қондырарда осылардың бәрінің тоғысуын ой елегінен өткізіп отырады екен. Жолын қуып, қашанда қасынан табылатын балаң жігітке тастың қасиетін, балшықтың құрамын жалықпай үйретіп, ертеңгі аспанмен таласа бой көтеретін ескерткіштің болашақ жобасын үйрету де соның міндеті. Өлкенің әр жеріндегі айтулы туындылармен, оларды салушы әр рудағы белгілі адамдар туралы сырттай да болса таныстырып, жетістігі мен кемшілігі туралы болашақ ізін жалғастырып, өнерін дамытушымен ой бөліседі.

Міне, осылай сонау мал төлдеп, жер аяғы кеңігенде басталған жұмысты олар күз түсіп, ел ойға құлар уақытта асықпай аяқтайды. Өткен-кеткенді таң қалдырған ескерткіш туралы әңгіме ел арасында желдей еседі енді. Біреу шеберін, біреу көмекшісін мақтайды. Бұрынғы салған күмбезге қарағанда мұның өзгешелігін айтады. Айналып келгенде бірінен біріне ауып, жалғасын тауып келе жатқан осы өнердің өміршеңдігіне риза болады. Ата өнерінің жол ортада үзіліп қалмай желісінің ұзара түскеніне, оның жаңарып, жасарып келе жатқанына мақтаныш сезімі ұялайды.

Ия, айтса айтқандай, мақтансаң мақтануға тұрарлық сол шеберлердің ұрпақтары күні бүгінге дейін ата кәсібін жалғастырумен келе жатыр. Кәзіргі Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан туындылар тек өлке өңірінде ғана емес, ұлан-байтақ қазақ даласының қай бұрышында да кездесіп, сәнге бөлеп тұр. Тек кездесіп қана қоймайды, осы бір тастан түйін түйген өнердің Маңғыстау сынды киелі өлкеде есте қалмас ерте кезеңде бастау алып, талайлардың таңдайын қақтырған асыл өнердің осы топырақта ерекше дамығанын мойындап, үздік туындыға басын июмен келе жатыр.

Олардың қатарына бүгінде бүкіл қазақ даласына белгілі болған анау Домалақ ана, Абай, Шәкәрім, Сарайшық, Құрманғазыға, Жәңгір ханға арналған ескерткіштерді айтсақ та жеткілікті болатын шығар. Анау қасиетті Отпан таудың басында күн сайын жоғары өрлеп келе жатқан ескерткіш жөні тіптен бөлек. Ата-баба рухын жоғары көтеріп, өздерінің перзенттік борышын терең түсінген ұрпақтары қазақ жеріндегі тағы бір ерекше сәулет өнерін қолдарына алды. Ертең оның басына барып тәу еткен адамды ескерткіш өзінің сәнділігімен, асқақтығымен ғана емес, ата-бабаларымыздың армандап өткен тәуелсіздік деген тәтті ұғымның жолында төгілген қан, ел басындағы қасірет, қарақан басының қамынан гөрі халық мүддесін жоғары қойған тұлғалар туралы, ғасырлар бойы аңсатып келген, шаршатып жеткен бақ құсымыз - тәуелсіздіктің ендігі тұғырының мықты болуына барша қазақтың айрандай ірімей, сүттей ұйыған ауызбіршілігінің керек екенін де жадыңа салып, көкейіңе тоқитын қасиетті орын болмақ. Отпан таудың басына салынар болашақ ескерткіштің жобасын жасауда осы өлкеге белгілі шеберлер өз ұсыныстарын білдірді, ойларын тоғыстырды. Қай қайсысы да түбектегі ерекше ансамбльдің күллі қазақ халқының көкейіндегісін тап басатын. арман-мүддесін білдіретін орын болуын басты назарда ұстады. Ақыры елеп-екшеп барып осы жобаны мақұлдаған болатын.

Өлкемізде күні бүгінге дейін ежелгі сән-салтанатын жоғалтпай келе жатқан, қазақ жерінің басқа аймақтарына қарағанда өзінің жасалу, жабдықталуымен ерекшеленетін өнердің бірі киіз үй. Тыныс-тіршілігі тек қана малмен байланысты болған көшпелі адайлардың киіз үйге айрықша мән беруі заңды да. Жаз жайлауы мен қыс қыстауының арасы бірнеше жүздеген шақырымға ұласатын жерлерге көшіп қону, күннің ыстығы мен азынаған боранды күндерінде өзіне сенімді баспана болатын киіз үйді олар құрмет тұтып, баптай білген. Өйткені дала халқының мәртебесі мен байлығы, әулетінің қандай екені алдымен осы киіз үй арқылы көзге түседі.

"Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастағы шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн көріс мұқтажынан бастап, рухани-талғам талабына дейін қызмет еткен.

Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әсем еді. Бұл ретте киіз үйді адамзат баласының ұзақ тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол",- дейді белгілі ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбеков өзінің "Күмбір-күмбір күмбездер" атты кітабында.

Әрине киіз үйдің бір адамның қолынан шықпағаны белгілі. Керек десе оның қай ғасырда жасалып, көшпелі қазақ халқының қай уақытта өзінің тұрмыс тіршілігіне пайдаланғаны жөнінде қолға ұстар нақты дерек жоқ. Сонау ықылым заманнан бері табиғат аясында көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз өздерін сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде санаған. Өздері жасаған баспанада әлеммен байланыста екенін бір сәтте естерінен шығармаған. Өлкемізге белгілі археолог Андрей Астафьев өз еңбегінде "Киіз үйдің кеңістігі әлем кеңістігімен байланыстырыла жасалған. Киіз шатыры аспан өрісімен, шаңырағы күн белгісін білдіреді. Ежелгі аңыздарда аспан аясында жүріп бара жатқан күн арбасы жөнінде көп айтылады. Алайда Күн құдайының бастапқы таңбасы шаңбақ (крест) болған. Ал кәзіргі зерттеушілер бұл шаңбақты ұшып бара жатқан құспен салыстырады. Мұндай түсініктерден кейін күлден қайта тірілетін Феникс құдайының образының поэтикалық бейнесі туындаған. Жер шарының ежелгі тұрғындары Ұлы Күнді мәңгілік пен құт-берекенің белгісі ретінде бағалаған. Маңғыстау көшпенділері күндізгі жарыққа табынып, олардың құрметіне храмдар салған. Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген массагеттер туралы Геродот:"Олардың қадірлеп, құрмет тұтатын бір құдайы бар. Ол күн. Сол Күн құдайға жылқыларды құрбандыққа шалған. Көз ілеспейтін жылдамдықтағы құдайға ең жүйрік жануар жылқыларды құрбандыққа шалу керек деп түсінген. Өлке археологтары зерттеген Түпқараған ауданындағы Түбіжік және Үстірттегі Бәйті құдығының қасындағы храмдарда солярлық (күндік)белгілер табылды. Бұл діни сенімдік құрылыстар домалақ пішінде жасалып, ішкі бөлмелері крест негізінде жасалған. Сондай-ақ Шақпақата жер асты мешітінің ішкі бөлмелері де осындай крест бойынша жасалған. Бұл мешіттің исламға дейінгі уақыттарда басқа мақсаттарға пайдаланған болуы мүмкін деген ойларға жетелейді. Киіз үй шаңырағының солярлық (күндік) белгі сияқты болып келуі көшпенді халықтардың күнді құрмет тұтуынан туындаған нәрсе. Құт-берекелі күн осы шаңырақ арқылы жерге, ошақ жайғасқан киіз үйдің ортасына түседі. Ошақты от басының қамқоршысы, адамдар қауымын, әрбір отауды біріктірудің бастауы деп түсінген. Үй ошағының оты киіз үйдің кеңістігі мен оны мекендеушілерді бәле-жаладан, бақытсыздықтан сақтайды деп есептеген. "Ауызбіршілік кетсе, отбасынан құт кетеді"деп ойлап қашанда бірлікке бастайтын киелі жер деп табынған. Күн белгісін осы күнге дейін Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан киіз үйдің есігінде және киіз үйдің тоқылған шилерінен көруге болады. Сонымен қатар Маңғыстау бейіт қауымдарында құрбандық майларымен жағылатын шырағдандардың ойықтарының да шаңбақ екенін де байқауға болады.

Сонымен қатар бұл белгі жергілікті қазақтардың сәндік қолданбалы өнерінде де көп тараған. Зергерлік бұйымдарда, тоқыған кілемдерде, көптеген жерлеу құрылыстарының элементтерінен кездестіруге болады.

Маңғыстау киіз үйлерінде таң қаларлық бір конструкциялық элемент бар. Ол үйдің ішкі бетінен ұсталатын ақ басқұр. Қызыл басқұрдан ақ басқұрдан айырмашылығы онда бөлгіш сәндік белдеулер болады. Олардың бөлгіштеріндегі өрнектер қайталанбайды және орташа саны 12 болып келеді. Мүмкін осы сәндік белдеулер жылдың он екі айын көрсете ме? Ал алты қанат киіз үйде 108 уық болады. Егер осыны он екіге бөлер болсақ түркі календарының құпия тоғыздығын табуға болады. Әрине біздің болжамымыз әлі шикі күйден аса қойған жоқ, көп зерттеуді қажет етеді. Бірақ бұл сандар кездейсоқтықты білдірмейді, өйткені киіз үйдің құрылысы 3-4 мың жылдық бойы дамып, жетіліп отырды ғой,- дейді.

Шындығында да киіз үй, оның жасау, жабдықтары ғасырлар бойы дамып, жетіліп отырды. Көшпелі халықтардың тыныс тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі оның ішінде өз орнымен орналасады. Атақты ғалым Пиотровскийдің еңбегінде (Искусство стран востока) мал шаруашылығымен айналысатын монғол, қырғыз, қазақ, түрікмен халықтарының киіз үйлеріндегі ортақ нәрсе ондағы тұрмысқа қажетті бұйымдардың орналасуының бірдей екендігі. Яғни, ер адамның қару-жарағы, ат әбзелдерінің сол жақта, тамақ дайындауға қажетті ыдыс-аяқтардың кіре берісте оң жақта орналасуы. Мұны бірнеше ғасырларға созылған өмір тәжірибесінің жемісі деп түсінген дұрыс. Сол киіз үйдің ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті нәрсенің бәрі де табылады. Көп адам оншалықты мән бермейтін бір жай киіз үйдің ішіндегі жинақталған бұйым заттардың өте көп екендігі. Бірақ олардың әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Артық ешнәрсе жоқ. Бұл көшпенді халықтың табиғаттың кез келген құбылысына, ыстық-суығына қарсы күресе білуге деген бейімділігі. "Жалпы тарихи сараптауда аңшыларға, балықшыларға, өсімдік өнімін терушілерге қарағанда мал бағумен айналысатындар адамзаттық дамудың тұтас бір сатысында жоғары тұр деп есептеледі. Өйткені аңшы, балықшы, терушілер табиғаттың дайын өнімін ғана тіршілігіне тірек етеді. Ал бақташылар қауымы ақыл-ой, маңдай терімен өнім өндіреді. Яғни, көшпелі малшылар табиғаттың дайын өнімін иемдене кетуші емес, өздері еңбек етіп өнім өндірушілер,- дейді Ақселеу Сейдімбеков. Бәлкім сондықтан да шығар көшпелі халықтың қолынан шыққан осы бір асыл туынды - киіз үй туралы талай-талай саяхатшылар тамсана жазыпты. 772-846 жылдары өмір сүрген қытай ақыны Бо-Цзюй-и жолы түсіп көшпенді халықтар арасында болғанында киіз үйдің ерекшелігі туралы:

«Киізіне жүні кеткен мың қойдың,

Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.

Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,

Дей алмаймын ағашына мін қойдым...

Сайын дала оның мекен тұрағы,
Бірде көрсең терістікте тұрады,
Сарбаздармен бірге көшіп сағымдай,

Бір қарасаң түстік жақтан шығады.

Шым жібектен мықты желбау байлаған,

Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?!

Кірсең жылы, іші қыз-қыз қайнаған,

Көкжиектей дөп-дөңгелек айналаң.

Туырлықтың сыртын қырау шалса да,

Ызғар өтпес боран соқсын қаншама.

Сән-салтанат іші кірсең шыққысыз,

Көрген пенде таңдай қағып тамсанған.

...Салтанатты сарайына патша мас,

Сарай барлық үмітіңді ақтамас.

Киіз үйдің құдіретіне жоқ талас

Сарайыңа бермеймін мен баспа-бас,-

деп қандай баспананың да киіз үйге тең келмейтінін тамсана жырласа, қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгіров өзінің "Қазақ үйдің тұрмысы" деген өлеңінде:

Босаға, маңдайша мен табалдырық,

Кереге алты жапсар, алпыс уық,

Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.

Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау,

Төрт ірге, есік жабық, ши, туырлық.

Он бес бау, ішкі-сыртқы белдеу, желбау,

Түс киіз, көрпе, шай шымылдық.

Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпент, көйлек, сәлі, бөрік,
Самауырын, үстел, кесе, шәйнек, шәугім,

Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік.

Паднос, шелек, мосы, адал бақан,
ұстара, қайрақ, тарақ, бақан, сырық,
Шылапшын, аяқ, қасық, қазан-ошақ,

Жүк аяқ, шкаф, пышақ, айна, орындық.

Тарелка, ожау, шөміш, саба, торсық,

Ұршық, біз, балға, көсеу, қап, ине жіп.

Сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс, байпақ,
Дастархан, тақия, ішік, белбеу, белдік,
Ер-тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы,
Құйысқан, үзеңгі, ішпек, өмілдірік,

Аяққап, тұз баспағы, сабын, сақар,
Ірімшік, жөшік, қоспа, май, қымыз, құрт,
Айран, ұйытқы, ашытқы, көже, саумал,
Ұн, тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық,

Жүн-жыбыр, қыл-қыбыр мен тері-терсек,

Келі, келсап, балта-пышақ, аша, күрек.

Ат қалта, ноқта, бұйда, үскі, кілт,
Сыпыртқы, сүлгі орамал, қырғы көнек,
Жайнамаз, қалам, қағаз, дорба, сауыт,
Домбыра, тұтқыш, гармон, шапашот, тұлып,

Машина, кергіш, қайшы, ілгек, шамдал,
Кепсер, қақпақ, саптаяқ, тәспі, құлып,
Асыл тас, ақық, меруерт, маржан, үкі,

Бастырма, ілгек, жүзік, сақина, шоқ.

Кимешек, шүберек, сағат, құран кітап,

Темекі, қант, қағаз шай, насыбай шелек.

Асық, шақша, шалғы, орақ, бұрғы қашау.

Жел арқан, көген тоқпақ, жылқы құрық,
Басқа түрлі жабдығын санай алмай,
Сыртқы үзігін көрмекке кеттім шығып,-

деп қазақтың киіз үйі туралы, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды атап өтеді. Әрине бұл жерде біз атаулардың көптігіне емес, көшпелі ата-бабаларымыздың бір ғана киіз үйінде тіршілікке қажетті осыншама заттардың жинақталғанына мән беруіміз керек. Мал соңында жүріп бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда олардың көшіп-қонуының көп уақыт алмайтыны сірә белгілі. Және де сол киіз үйді кез келген әйел адамның тігіп, қажет уақытында қайтадан жығып, межелі жерге еш қиналыссыз апаратыны тағы белгілі. Ғасырлар бойы алдындағы малынын жайын ойлап құнарлы жерлерге көшіп-қону қазақ баспанасының дамуына әсерін тигізді. "Қазақтың киіз үйі құрылымдық жағынан осы уақытқа дейін көшпелі халықтардың бірде біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананың ең жетілдірілген түрі болып табылады",- дейді С.Руденко.

Өткен ғасырлардан бастап дала халқының осы бір асыл туындысына еуропалықтардың қызығуы басым болды. Ақселеу Сейдімбеков өзінің еңбегінде (Күмбір-күмбір күмбездер) "ішкі орда ханы Жәңгірдің әмірімен екі жыл бойы мәнерлеп жасалған киіз үй Николай І патшаға сыйға тартылыпты. Бұл үйдің бітім көркі туралы тамылжыта жазылған дерек "Тургайская газетаның" 1903 жылғы 25-ші санында жарық көріпті. Әлкей Марғұланның "Казахская юрта и ее убранство" атты еңбегінде қызықты деректер бар. Зайсанның қазағы ұлы князь Николай Николаевичке сыйға тартқан киіз үй алтынмен апталып, күміспен күптелген еді дейді. Ал Алмас дегеннің киіз үйі 1861 жылы Париждегі халықаралық көрмеге қатысса, Мейрам Жанайдаровтың киіз үйі 1876 жылы Петербургте өткен ориенталистердің үшінші конгресінде тігіліпті",- дейді.

Маңғыстау шеберлері жасаған киіз үйлерде ерте кезден бастап өзінің жасауымен, әдемілігімен белгілі болған. 1900 жылы Париж қаласында дүниежүзілік көрме өтіп, оны 39 млн адамның тамашалағаны тарихтан белгілі. Міне, осы көрмеге Маңғыстау (ол кезде Закаспий облысы. Маңғыстау уезі) шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылған еді.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан осы өнер кәзіргі уақытта да жалғасын табуда. 80-ші жылдары Жапонияда өткен Бүкіләлемдік этнографиялық көрмеде бейнеулік шебер Рзаева Сұлуханның жасаған киіз үй қойылған еді. Бұдан басқа да маңғыстаулық шеберлер Атабай Тәкеновтың киіз үйі Алматыда, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында, Тәжік Назаровтың үйі Астанада, ҚР Президентінің Ұлттық мәдениет орталығында, Бақыт Бозжігітовтың үйі Алматыда, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында тігілген.

Біз бұл еңбекте атадан жеткен асыл мұраны жол ортада жоғалтып алмай, оны жаңғыртып, жасартып, дамытып келе жатқан сәулетшілер мен киіз үй шеберлері туралы айтып өтуді өзіміздің парызымыз санадық. Басын ашып айтатын бір жай өлкемізде тастан түйін түйіп, қазақ жеріндегі киіз үйлердің айрықша үлгілерін жасаушыларды санамалап шығу қиынға соғады. Біз олардың ішінде ең үздіктерін таңдап алдық десек, өзгелерге жасаған қиянатымыз болар еді. Өйткені Маңғыстау жерінің қасиетті әр қауымында таңдай қақтырар талай-талай туындылар жыл сайын"мен мұндалап" көз тартады. Әр шебердің өз қолтаңбасы, өз қиялының ұшқырлығы бар. Бәлкім, бұл өнердің өзіне тән құпиясы да болар. Сонымен қатар бұл еңбекте сәулет өнерлерінің түрлері, бұрынғы өткен шеберлер туралы да мағлұмат беруді мақсат етпедік. Өйткені бұлар туралы кезінде М. Меңдіқұлов та, С. Әжіғалиев та, Маңғыстау өлкесін зерттеуші басқа ғалымдар да өз еңбектеріне арқау еткен болатын. Түбектегі сәулет өнері туралы Үркімбай Қыдыралин ағамыздың еңбегін қоса беріп отырмыз.

Ал, бұл өңірдегі киіз үйді жасаушылар туралы пікір айту қиынның қиыны, Әрине, оны тігетіндер де, жаңартушылар да ауыл адамдары. Өлкемізде өтіп жататын айтулы мерекелерде жан-жақтан келіп, қатарласа тігілетін жүздеген киіз үйлерді бір-бірінен айыру, ерекшелігін айту мүмкін де емес. Кім келсе де сызыла сәлем етіп төрге оздырған келіншектің босағасынан аттадың екен, көздің жауын алар, мән-мағынаға толы өнер жиынтығына тап боласың. Құлағыңа көп жасаған ананың бесіктегі немересіне ата-бабаларының өткені туралы айтқан қоңыр даусы келгендей.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан осы өнерді әрі қарата дамытушы шеберлер туралы әлі де жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оларды халық назарына ұсыну алдағы уақыттағы мұражай жұмысының негізі болып қала бермек.

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕГІ СӘУЛЕТШІЛІК ӨНЕРДІҢ ДАМУЫ

Маңғыстауда көркемдік сапасы жоғары архитектуралық құрылыстардың, тас мүсіндердің және тасқа жазылған ою-өрнектердің түрлері аса көп сақталған.

1966-1969 жылдары Маңғыстау түбегін зерттеген археологтар тарихи мәдени жағынан қарағанда бұл түбектегі көптеген бейіттерде кездесетін ескерткіш мұраларымен таласатын ескерткіштер бұрынғы Кеңестер Одағының Азия бөлімінде еш жерде жоқ деген тұжырымға келді. Осындай ғажайып ескерткіштердің бірқатары Маңғыстау қазақтарының арасынан шыққан халық шеберлерінің туындылары. Тіпті Маңғыстау қазақтарында жекелеген рулардың бұл өнерді өзінің ата кәсібіне айналдыруы таң қаларлық құбылыс. Мәселен, Маңғыстаудағы Қырымкүл, Құлбаласы аталатын елдер күмбездер, кереге там, сағана там, құлпытастар тұрғызатын сәулетшілік өнерді ата кәсіпке айналдырған. Мұндай кәсіппен айналысатын шеберлерді Маңғыстау қазақтары тас кесушілер, тамшылар атандырған. Олардың бұл өнері атадан балаға мұра есебінде беріліп, бірнеше ұрпаққа созылуының нәтижесінде тас қашау өнерін кәсіп етуші шеберлер әулеті осы уақытқа дейін жетіп отыр. Мұндай шындықты белгілі қазақ архитекторы М.Меңдіқұлов та өз еңбегінде растайды. Өздерінің өлмес өнерімен осы уақытқа дейін жұрт аузында келе жатқан шеберлер қатарында Дорал, оның ұлы Жылқыбай-Хиуа. Бұқар, Хорезм атырабында болып Орта Азия архитектурасынан үлгі алған шебер. Ол Қараған әулие атанатын қауымдағы Теке, Мая би т.б. тамдарын салған. Жары Қаражүсіп оның балалары - Оңғалбай, Игібай, Дүйсенбай, Қарақұл, Өмірбай, Қосмамбеттер шетінен талантты болып, өнердің неше түрін меңгерген шеберлер болған. Халық бұларды"Қараның алтауы"атандырған. XX ғасырдың басында Дүйсенбай мен Өмірбай Үстірттегі әйгілі Омар күмбезін салған. Бұл ескерткіш бүкіл Маңғыстау өңіріндегі сәулет өнерінің бұрын-соңды қол жеткен жетістіктерін бойына сіңірген нағыз өнер туындысы. Сондай-ақ, олар Жем бойындағы Асанқожа қауымында тұрған Төлебайдың сағана тамын т.б. көптеген ескерткіштер салған. Кезінде атағы шыққан тамшылар: Сақи, оның балалары - Еңсе, Қозыбақ, Ордабай, Дүйсембай, немерелері - Шаншар, Мұқан, Ерғали, Шалданбай, оның балалары - Байжанақ, Ескелді, Тәжі, Есентемір, Дүтбай, Қара, немерелері - Өмір, Темір, шөберелері - Назар, Базар, Жаңай Қалмағанбет, оның балалары - Боранбай, Тұрақбай, ізбасар, немересі - Нүрнияз; Қосымбай оның балалары - Елбай, Жолбай; Кедей Қапаш, Әмірұлы Беркен, Дүтбай т.б. осылар сияқты өнер иелері көп-ақ.

Өлген адамның басына жұмсақ тастан өте сәнді және күрделі ескерткіштер қою дәстүрі Маңғыстау түбегі, Үстірт атырабы, Сам құмында ежелден болған. Бұл жерлерде жұмсақ бор тас, сұр құм тас, қызғылт қабыршақ ұлу тастардан көркемділік сапасы өте жоғары сан алуан ескерткіштер қойылған.

Маңғыстауда байлар, ауқатты адамдар там салдыртып, бірінен-бірі асуға тырысқан. Бұл ескерткіштер неше ғасырлар бойы бояулары бұзылмай әлі тұр.''Маңғыстаудың бойында үш жүз алпыс әулие"делінеді, бұл үш жүз алпыс архитектуралық ескерткіш деген сөз.

Форт-Шевченко қаласында Ідіріс Серікбаев деген қарт сексеннің үстіне шығып 1965 жылы дүние салған. Өзі туып өскен қаланың тең жарымы сол кісінің балтасынан шығыпты. Тарас Шевченкоға орнатылған тұңғыш ескерткіш осы кісінің әкесі шебер Серікбайдың есімімен байланысты.

Маңғыстау қазақтары там деп өлген кісінің басына орнатылған ескерткіш үйді айтады. Ол мавзолей іспеттес. Тамды тастан қалайды не қиып салады. Тау тасының бір қатты түрі таңдап алынады. Мысалы, 1871 жылы Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) басынан Тарас Шевченкоға салынатын ескерткіштің тасы қаладан қашық тұрған Сақар-Сеңгір жерінен кесіліп алынған. Маңғыстау түбегіндегі тамдардың ең еңсесі биік, көріктісі Тортының басында тұрған Нұрмағанбеттің тамы. Тас там тұрған жерден 80 шақырымдай жердегі Саура тауынан кесіп түйемен тасылған. Там қалаушы шебер қабырғаның тасын тұтас ойып алып, қиып қиыстырады. Қима тамның бойына балшық пайдаланылмайды. Көрдік деген кісілердің айтуынша, әбден ұнтақталған жылқы қылы биенің сүтіне езіліп, қабырғаларының арасы сонымен сыланады екен.

Нұрмағамбеттің тамын салған Әміров Беркен деген шебер. Беркен сондай-ақ керемет етікші болған. Беркенге етік тіктіріп кию өз заманында үлкен дәреже саналған. Жалпы, ескілікті шеберлер тек бір кәсіппен ғана айналысып қалмай, өнердің сан алуан түрін меңгерген. Сондай шеберлердің бірі - тамшы Дүтбай. Ол кісі салған белгілі тамдардың бірі - Тасбасты деген жердегі Құлназардың тамы.

Күмбез қияларының мінсіздігі, бетіндегі өрнектері мен сырының әдемілігіне адам таң қаларлықтай. Мәселен, 1915 жылы салынған Ақүйіктегі Тәжі күмбезіне ілме, қас, өңіржиек. сабақ, сақина, жүзік, түрлі қоңырау, сәукеле, етік, мәсі, шой ыдыстары, құман, мосы, т.б. үй жиһаздары тас бетіне келісті қашалған, тамның төрт қабырғасында өрнек сызылмаған, бармақ сыяр орын қалмаған.

Әдетте, күмбез көтерілетін орында оған керекті тас табыла бермейді. Кейде 50-60, тіпті 100 шақырым жерден жазымен жабдықталған түйемен таситын. Тасты шебердің таңдауымен қаздырып, тілдіретін, іріктететін. Содан кейін шебер көмекшілерімен арнайы үлгіге салып кестіре бастайды, қиюластырады, қырнайды, мінейді, олардың арасын байланыстыратын топырақтарын елетіп илетеді.

Халық шеберлері"тастан түйін түйген". Өте нәзік құралдармен ою-өрнек, жазу-сызулар жүргізіп, бір-бірімен шеберлік сайысқа түскен. Көбінесе, бір ескерткіштегі өрнектер екіншісінде кездесе бермейді. Соған қарағанда шеберлер үнемі ізденіп өнерін дамытып отырған. Ескерткіштер бетіне халық өнерінің ғасырлар бойы өшпестей галереясын жасаған.

Маңғыстаудағы тас шеберлер өздерінің туыстық жақындығына байланысты бірігіп істейтін. Әртүрлі ескерткіш түріне лайықты тастарды олар алдын ала дайындап, қойтас, үштас, құлпытас сияқты шағын ескерткіштерді жасай беретін де, керек уақытта кімге арналып қойылатындығын жазып, мәйіттің басына орнататын. Ал үлкен ескерткіштерді арнайы тапсырыс бойынша орындайтын. Оның өзінде көп күш керек болатын қара жұмысын ескерткіш салғызатындардың өз адамдары істейтін де шеберлер тек басшылық ететін.

Маңғыстаудағы көптеген тас шеберлерінің құрал-саймандары айтарлықтай күрделі болған жоқ. Олар өздеріне керекті саймандарды өздері-ақ жасап алатын. Ол саймандардың өздері де санаулы-ақ. Айталық: ара, балта, қашау, қырғыш, сүргіш, шерпе, қалақ, сызғыш, кез, үшбұрыш, оймыш төгетін үлгі т.б. Осы айтылған құрал аттарының өзі олардың қандай іске қажеттілігін анық көрсеткендей. Осындай қарапайым саймандармен Маңғыстау шеберлері әр уақытта әртүрлі өнер туындыларын да дүниеге келтіргендігі айрықша дәлелдеуді керек етпейді. Оны Маңғыстау жерінде осы уақытқа дейін сақталып келген сан алуан ескерткіштерден байқауға болады. Бұл турады Б.Залесский бұл өңірдегі ескерткіштер"...Қиялға сыймайтын ғажап. Ескерткіштерге сан жетпейді, оларды өңдеуге өте қолайлы жұмсақ тастардан жасаған... оның шеберлерінің ықтияттылығы мен іскерлігін көргенде, осы тастардың мрамор болмағанына өкінесің"деген.

Маңғыстау атырабыңда жиырмадан астам үлкенді-кішілі қауымдар бар. Олардың әрқайсысының "Сейсен-Ата", "Қараман-Ата", "Шақпақ-Ата", "Шопан-Ата", "Бекет-Ата' "Қошқар-Ата", "Масат-Ата", "Құлбарақ", "Қамысбай', "Сазды" т.б. осы сияқты өзіне тән атаулары бар. Осы келтірілген қауымдардың қай-қайсысы болмасын сан қилы архитектуралық комплекстен тұрады. Бұлардың әрқайсысында сан алуан ескерткіштердің түрлері кездеседі. Сол ескерткіштердің түрлеріне, жасалу тәсіліне, оларға түсірілген ою-өрнек, әртүрлі жазу-сызу, сурет, бейне және таңбаларға қарап ескерткіш комплексінің уақытын, ескерткіш қойылған адамның қай рудан, қай жыныстан екендігін, оның тіршіліктегі кәсібінің қандай болғандығын анықтауға болады.

Мәселен, "Сейсен-Ата", "Қошқар-Ата", "Масат-Ата", "Шопан-Ата" сияқты комплекстерде кездесетін қошқарлардың, арқарлардың скульптуралық мүсіндеріне қарағанда ол қауымдардың ислам дінінің бұл атырапқа тарауынан бұрын салына бастағандығын аңғаруға болатын сияқты, ал ислам дінінен кейін қошқар мен арқардың мүсінін стилизациялап ешбір жануарларға ұқсамайтын ескерткіштер жасап, оның атын қойтас атандырған. Мұндай қойтастардың өзі XVII1-XIX ғасырларда қойылмайтын болды.

Жоғарыда келтірілген қауымдардың кейбіреулерінде жер астынан қалың тас қабатын қашап отырып салған үлкенді-кішілі мешіттер кездеседі. Ол мешіттердің өзі жасалу стиліне, ондағы жазу-сызуларға қарап қай уақытта жасалғандығын айыруға болады. Мәселен, "Шақпақ-Ата" мешіті ІХ-Х ғасырда жасалса, "Сұлтан-Епе" XII-XV ғасырда, ал "Бекет-Ата" XIX ғасырда негізделгендігін айтуға болады.

Жер асты мешіттеріңде тек Маңғыстауға тән ерекшеліктер де бар. Оларда әдеттегідей терезелер жоқ. Сондықтан олардың ішіне жарық тек төбедегі киіз үйдің шаңырағы сияқтанған тесік пен есіктен ғана түседі. Мұның өзі қазақ тұрмысымен етене байланыстылықтың белгісі.

Маңғыстауда үлкен қауымдарда кездесетін ескерткіштердің негізгі түрлері құлпытас, қойтас, қошқар. арқар тас, үштас, бестас, сағана там, кереге там және күмбез тамдар. Бұл арада айта кететін бір жағдай көпшілік жағдайда құлпытастардың жеке қойылмай жоғарыда келтірілген басқа ескерткіштерге қоса қойылатындығы. Өйткені ескерткіш қойылған адамның кім екендігі көбінесе құлпытастарда ғана жазылады. Тек құлпытастардың пайда болуынан бұрын қойылған ескерткіштерде ғана ескерткіш қойылған адамның кім екені туралы жазу-сызулар кездеседі.

Маңғыстау бейіттерінде ең көп қойылатын ескерткіш-құлпытас. Кәзіргі құлпытастардың шығу тегінің көне түріктер заманындағы өлік басына қойылатын балбал тастармен байланыстылығы ғылыми тұрғыда дәлелденген мәселе. Балбалтас - өлген адамның скульптуралық мүсіні. Мұндай мүсіндер Қазақстан жерінде көптеп кездеседі. Олар Қазақстан өңіріне ислам дінінің тарауынан бұрын қойылған ескерткіштер. Ал, балбалдардың бірте-бірте құлпытасқа өзгеруі ислам дінінің адам суретін бейнелеу, мүсінін жасауға тыйым салуына байланысты іске асқан.

Құлпытастар Қазақстан жерінің қай өңірінде болсын кездеседі. Бірақ осылардың бәрі Батыс Қазақстан, әсіресе Маңғыстау төңірегіндегі құлпытастармен салыстыра қарауға келмейді. Маңғыстаудағы құлпытастар сол атыраптан шығатын жұмсақ бор тас, қабыршақ ұлутастардан мейлінше сәнделіп жасалады да, шынайы өнер туындысы ретінде кімді болсын таң қалдыратын. Құлпытастардың биіктігі негізінен кісі бойындай болады. Олардың жерге көмілетін төменгі жағы өрнектелмейді де, орта тұсы неше түрлі өрнектер, жазулар, бейнелермен мейлінше әшекейленеді, ал төбесі өзге бөлімінен дараланып өз алдына безендіріледі. Құлпытас қабірдің бас жағына орнатылады.

Қабірдің арғы үстінен қойылатын ең шағын және қарапайым ескерткіштер үштас немесе бестас деп аталады. Бұлар көлемдері әркелкі етіліп кесілген тақтай тастардан тұрады. Ең төменге үлкенін қояды да одан кейінгілері біртіндеп кішірейе береді. Ескерткіштердің бұл түрлері де оюлармен безендіріледі, әсіресе түрлі-түсті бояулармен әшекейленеді. Бұлардың жалпы көлемі әртүрлі болып келеді.

Маңғыстауда көптеп кездесетін ескерткіш түрі стилизацияланған қойтастар. Әдетте оларды бір немесе екі тақтай тастың үстіне қоятын. Қойтастар ою-өрнектермен айтарлықтай әшекейленетін.

Қошқарлар мен арқарлардың скульптуралық мүсіндері өзге ескерткіш түрлеріне қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұлардың да астарына тақтай тастар қойылады да, өздерінде ер адамның қару-жарағынан басқа ою-өрнек болмайды. Бұлар ислам дінінің бұл атырапқа тарауынан бұрын қойылған ескерткіштер болуы тиіс. Өйткені олардың жанына ислам дінінің келуіне байланысты қалыптасқан құлпытастар қойылмаған және ислам ережелері бойынша бейнелеу өнеріне тыйым салынған ғой.

Маңғыстауда көп кездесетін көне ескерткіштердің бірі - сағана там. Бұлар қабірдің дәл үстінен жасалатын склеп тәрізді. Қабірдің дәл үстінен бірнеше жалпақ тақтай тастар төселеді де оның үстінен қырымен қойылған төрт тақтай тастан қорап тәріздендіріп орнатады да, үсті тағы да көлемді тақтай тастармен жабылады. Мұндай сағана тамдардың бас жағынан орнатылған құлпытастар өте жиі кездеседі. Сағана тамның Батыс Еуропа склептерінен бір ерекшелігі мұнда есік болмайды.

Маңғыстаудағы мемориалдық ескерткіштердің ішіндегі ең күрделілері - сәулеттік өнермен тығыз ұштасатын кереге тамдар және күмбез тамдар. Бұлар шын мәнісінде күрделі архитектуралық құрылыстар қатарына қосылады. Бұлар Маңғыстаудағы жоғарыда айтылған өзге ескерткіштерден кейінірек, шамасы XVIII-XIX ғасырларда салына бастаған болуы керек. Өйткені бізге белгілі болып отырған мұндай архитектуралық құрылыстар әрі кетсе XVIII ғасыр басында өмір сүрген белгілі адамдарға тұрғызылған. Сондықтан да олар басқаларына қарағанда жақсы сақталған.

Кереге тамдардың көлемі 4-5 метрлік шаршы, керегелерінің (қабырға) биіктігі 1,5-2 метрдей болады да төбесі жабылмайды. Күмбездердің де көлемі шаршыланып, қабырғалары 2-2,5 метрдей көтеріліп келіп, төбесі күмбезделіп шығарылады. Сыртынан қарағанда күмбездер дулыға тәрізді. Халық шеберлерінің айтуынша мұның формасы дулығаға еліктеуден шықса керек. Бұл ескерткіш түрлерінің оңтүстігінен есік шығарылады. Сырты ою-өрнектермен безендірілсе, ішкі қабырғаларына әртүрлі үй жиһаздарының, киім-кешек, ыдыс-аяқ бейнелері қызыл, сары, қара түсті бояулармен салынады. Мұндай тамдар бір кісіге арнайы салынғанмен оған ол адамның өзінен кейін өлген жақындары да қойылады. Тамның көлеміне қарай әдетте екіден төртке дейін мәйіттер жерленеді.

Кереге тамдар мен күмбездерге қажетті тастар бейіт басына әкелініп, құрылыс жұмысы осында өткізіледі. Қаланатын тастардың соншалықты ұқыптылықпен өңделетіндігі сондай, оларды бір-бірімен байланыстырып бекітетін ешбір дәнекер қолданылмайды. Тас блоктарының жақсы қиюластырылатындығынан олардың ара-жігі де білінбей тұрады. Мұндай күрделі ескерткіштер Маңғыстау өңіріндегі үлкен қауымдарда да, өз алдына жеке жерлерде де өте жиі кездеседі.

Маңғыстау төңірегіндегі күмбездердің ең тамаша үлгісі Үстірттегі өз алдына жеке тұрған Омар-Түр күмбезі. Бұл күмбезді салушы Дүйсембай мен Өмірбай Қаражүсіп ортер Маңғыстаудағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін пайдалана отырып, оны нағыз өнер туындысы деңгейінде жасаған.

Маңғыстаудағы өзге ескерткіштерге қарағанда кереге там мен күмбездер өте қымбатқа түсетіндіктен оларды тек шамасы келетін ірі байлар жасататын.

Сөйтіп, Маңғыстау өңіріндегі тастан жасалған сан алуан мемориалдық ескерткіштерді бұл араны әр уақытта мекен еткен көшпелі қауымның өнер иелері дүниеге келтірді. Профессор В.В.Григорьевтың таза көшпелілерді мәдениетсіз деп теріс пікір айтушыларға наразылық білдіріп, олардың мәдениеті отырықшы елдерден кем болмағандығын, қайта суырып салма ақындық, қол өнерінің алуан түрлерінің асып түсетіндігін дәлелдеуі тым орынды айтылған.

Маңғыстаудағы мәдени мұралардың біразы көне дәуірде, оғыз-қыпшақ мәдениеті тұсында дүниеге келсе, біразы беріректегі Каспий теңізінің шығысында мекендеген тайпалар мен халықтардың еншісіне тиеді. Көне тайпалар қалдырған мұраны одан кейін келгендер қабылдап, одан үйреніп, оған өзіндік жаңалықтарын қосып өнердің бұл саласын дамытып отырғандығы даусыз. Сондай-ақ, Орта Азия сәулет өнері де Маңғыстау атырабындағы тас шеберлерінің өнеріне айтарлықтай әсерін тигізді. Нәтижесінде осы өңірдің тек өзіне тән мемориалдық ескерткіштер қою дәстүрі қалыптасып, ол біздің заманымызға дейін сабағын үзбей жетіп отыр.

Үркімбай Қыдыралин.

"Маңғыстау қазақтарының өмірімен тұрмысы"

(Төңкеріске дейінгі кезеңіне тарихи-этнографиялық шолу).

Ақтау. 1995 жыл.

ТАРИХЫН ТАСҚА ЖАЗҒАН ЕЛДІҢ ПЕРЗЕНТІ

Тас дегенім тас емес, шежіремді,

Шежіремнің талайды көзі көрді.

Ашық аспан астында галерея

Галереям сөз алшы, өзің енді.

Сағана там, саты тас, жансыз қала,
Думаны өткен, дуы жоқ әнсіз қала,
Әнсіз қала әр тұста ошарылып

Тіл қатады әріден үнсіз ғана.

Есенғали Раушанов

Тағдыр осы бір адамға жан-жақты талантын, бар жақсылығын аямай-ақ төге салғандай. Бәлкім, бір адамның басына осыншама өнердің шоғырлануы сирек кездесетін құбылыс болса, ал оны жол ортасында жүгі ауған атандай төгіп алмау кез келгеннің қолынан келе бермейтін жағдай. Тіпті соның бәрін арқалап жүргенде де пенде шіркіннің құбылып шығар күйіне ұрынбай көп қатарлы жүре білу екінің бірінің қолынан келмейтіні даусыз. Әйгілі жазушы Әбіш Кекілбаев ағамыздың "мен оған алғашқы жүздесуімнен бермен қарай таң қалумен келемін. Әуелі бауырмалдығына таң қалдым, сосын достыққа адалдығына таң қалдым. Табандылығына да таң қалдым. Ол әлденеше рет өлімнен қалды. Дауасы жоқ дертке ұшырап, өзге жұрт қаралай күдерін үзетін жерде, ол күдерін үзген жоқ. Үш рет оташының пышағына түсіп, отанына аман қайтты. Тірі жүрген қаһарман керек болса, қасыңызда жүр",- деп таңдана жазғаны шындығында да осы бір ағамыздың өзгелерден ерекше, болмыс, бітімі бөлек екенін көрсетеді. Өзгелерден ерекше болмаса, алыстан үміт оты көрінер басқа ауру болса бір сәрі. Дауасыз дертпен алысып, жеңіп шығу деген, әй, қайдам, екінің бірінің қолынан келмес. Бұл республикамызға белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы ағамыз. Қазақ жерінде көрерге көз, ұғынарға ой керек қадау-қадау қайталанбас айшықты ескерткіштер авторы. Бәлкім, оның өнерге келіп, оны жаңарта ілгері дамытуына Маңғыстау жеріндегі қайталанбас тарихи ескерткіштердің көптігі, осы бір өнер жолында өз қолтаңбаларын қалдырған ата-бабаларының аруағы себеп те болған шығар. Өткен-кеткенді қашанда таң қалдырып, тамсантқан осы бір тастан түйін түйетін өнердің тұтқасын ілгері-кейінгі уақыттарда жүрегі дауалап кез келген ұстай бермеген. Өйткені, оған терең білік, жан-тәнімен берілген сүйіспеншілік, керек болса өтіп кеткен бағзы уақыттар тынысын сезіне, бағалай алатын дара қасиет те керек шығар. "Ауада жүрген әрбір тозаңда бабалар рухы болуы мүмкін"- деген Расул Ғамзатовтың сөзінің негізін ескерсек, біздің жеріміздегі тарихи ескерткіштердің әрбір қиынды тасында бабалар үні, бабалар тарихы, кейінгі ұрпақтарына қалдырған аманат сәлемі де жатқан шығар. Соны жете түсінген Сайын ағамыз осынау сан жылдық тарихы бар мәдени мұраларымызды қорғап, сақтап, оны пайдалану арқылы ел кәдесіне жарату үшін 1992 жылы "Парыз" ізгілік мекемесін құрады. Бұрынғы өнерді жетілдіре дамыту, қала берді оны әлемдік деңгейге көтеру бағытында жұмыстану осы мекеменің алдына қойған басты мақсаты болды. Алғаш рет Маңғыстауда Досан батыр мен Абыл ақынға арналған күмбездер тұрғызылды. Досан батырға салынған ескерткіш тұтастай дулыға пішіндес болса, Абыл ақын ескерткіші:

Домбырам менің, домбырам,

Мезгілмен мәңгі жарасқан.

Ғасырдан озған тарланым,
Жоғалтпай сонау алыстан
Жалғаған бабам арманын,-

деп өзі айтқандай кәдімгі шанағынан күй төгілер қасиетті домбыраны көз алдыңа әкеледі. Сәкеңнің Құлбарақ әулие басындағы өз әкесіне тұрғызған күмбезі де ерекшелігімен дараланады.

Бекетата мешітін сақтап қалу жөніндегі ойларын ортаға салу мақсатында сәулетші Бек Ыбыраевпен танысу оның өмірінің жарқын беттерінің бастамасы деуге де болады. Өйткені Сәкеңнің туындыларымен танысып, оның ой пікірлерімен бөліскеннен кейін Бек Ыбыраев оған өз көкейіңде жүргендерін айтады. Ол кез Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде мерекеленетін болып, Жидебай жерінде кесене салу үшін көптеген жобаларға бәйге ұйымдастырылады. Егер осы таңдауда өз жобасы қабылданса, соған бас құрылысшы болып істеуді ұсынады. Сәкең келіседі. Көп ұзамай әр жақтан жіберілген жобалар сараптан өтіп, Бектің жобасы қабылданады. Мемлекеттік комиссия қазақ жеріндегі білікті құрылысшылар туралы деректер жинап, мағлұматтар сұрастырады. 1992 жылдың қоңыр күзінде сол кездегі Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Ж.Шайжүнісов бастаған өкілдер Маңғыстауға келіп өлке сәулет өнерімен танысып, Сәкеңе жолығып, оны болашақ салынар кесененің бас құрылысшысы етіп тағайындайды.

Міне, осы кезеңнен бастап Сәкең сонау бала кезден жанына жақын Ұлы Абайдың басына салар ескерткіш жұмысымен болды. Сол күннен бастап Сәкең Абай атымен тыныстап, Абай атымен тіршілік етті. 1993 жылдың мамыр айының 28-і күні үй ішімен, алты бірдей шеберімен келген Сайын, Ұлы ақын қыстауының тап қасындағы Зұлғарыш қорасында табандатқан үш жыл тұрып, Абай тойы әбден тарқаған соң ғана еліне қайтты. Маңғыстау шеберлеріне бастапқы кезде атқарар жұмыс болмағандықтан маусымның жылы күндерін пайдаланып, Абай ауданын мазмұны жағынан да, көркемдік жағынан да толықтыра түсетін Тоқтамыс батыр, ұлы Мұхтардың ата-анасы Омархан мен Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, белгілі халық ақыны Шәкір Әбенов сағаналарын тұрғызды. Жергілікті шеберлерді үйретіп Мамай батыр, Көкбай ақын күмбездерін тұрғызуға көмектесті. Сәкең осында салған Ділдә, Шәкір Әбенов сағаналарын маңғыстаулықтардың атынан деп өз қаржысына салып берді. "Осы жылдар ішінде құрылыстан қол бос, қолымда қалам бар кезде, бойда қуат бар, көңілде сезім бар кезінде біраз өлеңдер жазыппын",- деп еске алады Сәкең. Өлең атты қасиетті ауылға егдеріп келіп, қолына қаламды қырық алты жасында алса да Сәкең сөз қадірін білетін, дәріптейтін ақын екенін көрсетті. Өлеңді кеш бастап, өзінің алғашқы шумағын бала кезден бірге өскен досы Әбішке көрсетіп, одан жөн нұсқа алған ол бүгінде белгілі ақын. "Парыз", "Абай басқан Жидебай топырағы", "Шерқала" жыр жинақтарының авторы. Сонымен қатар оның "Абай ішпеген у бар ма" атты қойылымы Алматыда Мемлекеттік театрда қойылды. Абай көзінің тірісінде бауырларынан айрылды, өз туған халқынан аяусыз таяқ жеді, ел тентегі тұрмақ өз балаларын да жөнге сала алмай кетті. Ал Ділдә әжеміз болса, Абай өлгеннен кейін оның ұрпақтарының қудаланғанын, атылып, асылғанын көрді. Мұнда негізінен Ділдәнің соңғы өмірі қамтылады. Ал Маңғыстаудың музыкалық драма театрында "Ақбөбек" пьесасы өткен жылдан бері қойылуда. Сәкең туралы Темірхан Медетбеков; "Сайын сөздерді жонып отырмайды. Сайын сөздерді қорғасын ұқсатып ерітіп құяды. Сайын сөздерді моншақ қып жіпке тізіп отырмайды, бал ашқандай шашып жібереді де, шашылып жатқан сөздерді қос уыстап бір-ақ қарпиды",- дейді.

Міне, осылай қолына қалақ ұстаған ақын сөзінде тұрып. 1995 жылы "Абай-Шәкәрім" кесенесін салып бітірді. Бұл кесене Орта Азиядағы үлкен комплекс еді. Оның мұнаралар орнатылған қабырға тағанының ұзындығы 200, көлденеңі 65 метр болатын. Ал жалпы аумағы 13 мың шаршы метр. Бұл жерде Орта Азиядағы аса зор іргелі құрылыс саналатын Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің не бары 3 мың шаршы метр алаңға орналасқанын ескеріңіз. Құрылыстың жер үстіндегі тұрқының биіктігі 5 метр. Қос арыстың қабірлерінің арасы 140 метр. Жобаның басты ерекшелігі ұшы қиырсыз иен далада келе жатқаныңда қандай да алып, зәулім ғимараттың көз ұшында қамшы сабындай шолтиып көрінетіндігін ойлап, төрт құлақты бейіт үлгісін сақтап, қос арыстың қабірлерін қымтай көтерілген қос мұнараның қойылғандығында еді. Сәкең бұл орайда тек құрылысшы ретінде ғана болып, жобада сызылған тапсырманы орындаумен шектеліп қалмай, өз ой ұсыныстарында айтып іске асырды. Сөйтіп, кесененің сәнді де мәнді шығуына өз үлесін қосты. Сонымен бірге Бек Ыбыраевқа биіктігі 38,5 метрлік мұнара үшін оның жобасындағы ұлу тастың пайдаға аспайтынын түсіндіріп, өзеннің ақ тасынан салдыруға көндірді. Жалпы, Қазақстанда бұрын-сонды биіктігі осындай болатын сәулет туындысы салынбаған. Осыншама биік мұнара қабырғасын тұрғызу үшін оның іші-сыртына бірдей қойылатын темір баспа орнатылуы қажет еді. Семейден оны табу мүмкін болмады. Ал Ақтөбе қаласында арнайы тапсырма беріп істету көп қаржыны қажет етті. Сондықтан, Сәкең бұрын құрылыс технологиясында жоқ әдіс-қабырғаға көлденен тиянақтар қоятын халықтық әдіс пен тәжірибеге сүйенді. Міне, осындай жаңалықтарының арқасында ол мұнараның ішкі-сыртын әрлеу мен көркемдеу үшін қаралған 29 млн. теңгені 13 млн-ға түсірді.

Бақыттымын, барыстан да батырмын,
Бақыттымын, арыстаннан батылмын
Зор бақытым, Ұлы Абай басына
Бір кетікке кірпіш қалап жатырмын,-

деп өзі жазғандай Сәкең үш жыл бойы осы кесенеге бар білімін де, білігін де жұмсады. 1995 жылдың тамыз айының он бірі күні жылнамаға енген сол күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қуанышын жасыра алмай; "О, мынау қайырлы болсын, дүниенің сегізінші кереметі дерлік тамаша іс болған екен",- дегені құрылысшыларға берілген зор баға еді. Ал, белгілі сәулетші Шота Уәлихан:"Сайынмен таныс болғаныма қуаныштымын. Сайынның осы ғимаратты салуда бас құрылысшы болуына ел дән риза. Бұл еңбектен Абайға тән биіктікті, сұлулықты, тазалықты аңғарамыз",- деп ағынан жарылған болатын. "Абай қоры" ұжымының бір қызметкері: "Осы кесенені бейтаныс адамдармен аралау кезінде кейбіреулердің таңдана қарап: "Шіркін-ай, Түркиядан келген шеберлер мықты ғой",-дегендерінде, оны салған өзіміздің адам екенін зорға түсіндірдім",- дейді. Сөйтіп, Ұлы Абайға ескерткіш орнаған, оны дүниенің түкпір-түкпірінен келіп тамашалаушылар да аз болмаған. Сәкең үшін бәрінен де бұрын қарауылдық қарияның: "Шырағым, мың да бір рақмет, елімді музейге айналдырып жіберген екенсің",- дегені баға жетпес қуаныш еді. Сәкеңнің өзі болса осы бір қолтаңбасы қалған, жанына жақын жерді:

Менің Меккем баратын қажылыққа,

Қағбам да сол қайтатын табынып та.

Абай басқан топырақ сыр айтады,

Сен де толған, жүрекпен сазын ұқ та,-

деп жырға қосады. Сайын Назарбекұлы 1997 жылы Қаратау бойынан Домалақ анаға кесене тұрғызды. "Қазақстан Республикасының, жалпы исі қазақ халқының дүниежүзілік деңгейде өткен алғашқы тойы Абайдың 150 жылдық мерейтойы болды,-деп еске алады Сәкең. Халықтың Абайға көрсеткен ең үлкен құрметі Абай басына тұрғызылған асқақ мұнара болса, сол мұнараны салуды Маңғыстау шеберлеріне салдыртуы - ол кездейсоқ нәрсе емес. Бұл еліміздің өз өнерін сұрыптай алуында, қажет кезінде ағайынның атынан да, ауылдастың тайынан да өнерлінің өнерін оздыруы деп білеміз.

Сол Абай-Шәкәрім мұнараларын тұрғызған біздерге бір сәтті күні қасиетті Қаратау бойындағы Домалақ Ана басына кесене орнатып берсеңіз деген ұсыныс жасалды. Мен ойланбастан келісе кеттім. Оған екі түрлі себеп әсер еткен еді. Біріншісі - бойдағы азаматтық парыз. Домалақ Ана қазақ халқының ұлы аруақтарының бірі және Ана аруақ. Әулие деп танылған аналар айтарлықтай көп емес. Домалақ Анаға кесене салу -имандылық істер қатарына, ізгілік жұмыстар санатына қосылары сөзсіз.

Екіншісі - Жидебайда Абайдың 150 жылдығына арналған той аяқталып, біздер Абай мен Шәкәрім мұнаралары үшін Семей әкімшілігінен естиміз ғой деген алғыстан да, тойға жиналған ел алдында айтылар бір ауыз сөз мадақтан да,"орамал тон болмайды, жол болады" деген қазақ атам үрдісінен де құр қалып, неге бұлай болды?- деген сұраққа жауап іздестіріп жүрген жабырқау шақ тұсына сәйкес келген еді.

Пендешілік сезімнен туған, Абай құрылысында еленбей қалған еңбекті басқа құрылыс арқылы таныту керек деген намыс қамшылаған сол бір кезеңге осы шақыру дәл келе қалған болатын.

Осындай екі себеппен өз тарапымнан "Домалақ Ана" кесенесіне айрықша мән бере, анаға деген ерекше ішкі жылылық сезіммен қоса, біреулерге деген ерегес, бәсекелес сезіммен де кіріскен болатынмын.

Домалақ Ана (Нүрила) Қожа Ахмет Иассауидің немересі, Қаратау бойын билеген Бәйдібек бидің әйелі болыпты. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сары үйсін, екінші әйелі Зеріптен Шапырашты, Ошақты, Ысты, ал Домалақ Анадан Албан, Суан, Дулаттар тарайды.

Ел азаматтарының шақыруын қарсы алып, болашақ салынар кесененің шебері ұлы Нұрлан екеуі Шымкентке ұшып кетеді. Ұшақ үстінде келе жатып болашақ кесененің қандай болуы жөніңде ойланумен болады.

...Болашақ кесене көрінісі күнделікті көз үйренген формалардан өзгеше, табиғат туындысына ұқсас болса екен деген алғашқы мақсатын, арнайы сәулетшілік білімі болмаса да, бір ерекше ғимарат болып шықса екен деген үмітін сонау заңғар көкте ойына оралған, көз алдына елестеткен жоба ақтайтындай болып көрінген.

Кесене негізі қазақтың төл туындысы күмбез. Күмбез өз формасын биіктеген сайын үш рет өзгертеді. Бірінші қимасында сегіз жапырақ, екінші қимасында он екі жапырақ, үшінші қимасында отыз екі жапырақтан тұратын гүл және негізгі сызықтары Ана атын ақтап тұратындай кілең дөңгелек сызықтардан тұратын ғимарат. Аруақты ардақтаушыларға, қасиетке табынушыларға арнайы түнейтін жер асты жайлары бар. Абай-Шәкәрім кесенесінде сәулетшілер жіберген қателерді ескере отырып, аруақ басына апарар жер асты жол қалдырылған. Қазақтың "босағаң берік болсын" деп берер батасының мағынасына сәйкес кесене алдында қос босаға мұнарасы бар, Маңғыстаудың атақты ақ тасынан салынатын, монументті порталы бар ғимарат еді.

Кесене Маңғыстау өңірінің Жаңаөзен қаласынан 30 шақырымдай жерден шығатын, Абай-Шәкәрім мұнараларына пайдаланылған ақ тастан тұрғызылған. Мұндай ақ тастар Египет, Рим, Греция елдерінде пайдаланылып келе жатқан, жер астынан шыққан кезде жұмсақ, кесуге, өңдеуге қолайлы болғанымен, уақыт өте келе қатая түсетін қасиеті бар тастар. Алғашында сүттей ақ түсті болғанымен, уақыт өте келе сол сарғыштанып, ақсары түске енеді.

Сәкең де, оның баласы Нұрлан да, өздерімен бірге барған маңғыстаулық шеберлер Олжабаев Есберді, Алхамов Дінғабыл, Жұманиязов Серік, Назарбеков Ғажап, Отаралиев Назымбектер бұл істі барша қазақтың көңіліне шығатындай етіп, абыроймен аяқтады.

...Жемдейтіндей азамат жан азығын, келбетіндей парасат, санамыздың күннен-күнге биіктеп бара жатыр, Аруағы Домалақ анамыздың,- деп Сәкеңнің өзі айтқандай кәзір бұл жер үш жүздің аруаққа табынатын ақниетті адамдарының тоғысар жері болды. Көз көргендердің айтуы бойынша Үлкен Бөген мен Бала Бөгеннің аралығында тұрған осы сәулет туындысы Үндістандағы Тәж-Махалдын қазақ жеріндегі бір тамшысындай боп, алыстан аппақ кимешек киген анамызды көзге елестетеді.

1999 жылы Атырау облысына И.Тасмағанбетов әкім болып тағайындалғаннан кейін Ақтаудан Сайынды шақыртып, баяғыдан бері ойында жүрген жобасын талқыға салады. Қазақ елінің алғашқы астаналарының бірі болған Сарайшықта "Хан ордалы Сарайшық" атты кесене тұрғызу мәселесі сол күннен бастау алады. Иманғалидың ұсынысымен ескерткіш құрамына бір мешіт, бір мұражай және мүрделері Сарайшықта жерленген Алтын Орда хандары: Мөңке Темір (1266-1282), Тоқтағу (Тоқты) (1291- 1312), Жәнібек (1343-1357), Ноғай Орда мырзалары Әмір Оқас (14.-1447), Ших-Мамай (1542-1549), Жүсіп (1549-1554), қазақ ханы Қасымхан (1511-1523) бабаларымыздың зираттық сәулет белгісі енгізіледі. Тез арада бұл құрылыс та бітіп, мемлекет қабылдауынан өтіп, жоғары бағасын алады. Сәкең осы құрылыс жұмыстары барысында көп көмегін тигізген Иманғали жөнінде зор ілтипатпен айтады.

Бұл жерде де Сәкең өз білгенін жергілікті шеберлерге үйретіп, Маңғыстау ескерткіштерінің ерекшелігін, құндылығын үйретумен болды. Тарихи ескерткіштерге деген өзінің сүйіспеншілігі, құрметі жөнінде ол былай дейді:

"Есте жоқ ескі заманнан бері қарай өз тарихын өшпестей етіп тасқа жаза білген және сол тастан тұрғызылған зираттық сәулет ескерткіштері арқылы өзінің өркендеу, өсу кезеңдерін дәл бейнелей алған халық екеу болса, соның бірі қазақ.

Сол бабаларымыз бұл дүниенің жалғандығы мен о дүниенің мәңгілігі туралы түсінігін ұрпақтарына ауызша үгіт айтудан гөрі, тірі мен өліге арналған баспанасы арқылы түсіндіруді жөн көргендей. Олар тірілер үйіне ойнақы әзілмен жеңіл қалжыңмен қараса, ата-бабаларының басына тұрғызар ескерткіштеріне көзқарасы мүлдем басқаша. Бұл дүниелік жайларын саларда шеберлік түгіл, олақтықтың ерсілігін бір-бірінен асырып жатса, зираттық ескерткіштердің сән-салтанаты, сәулеттік шеберлігі көрушісіне ой түсіре, табиғат пен бұ дүниенің, шексіздік пен о дүниенің мағынасын салыстыра, сезіндіре, таңдай қақтыра, табындыра алатындай дәрежеге жеткізген".

Сайын ағамыз қазақ жеріндегі қадау-қадау ескерткіштерді санамалап келіп:"Бұлардың барлығы да қазақ халқының кәзіргі кездегі рухани бейнесі іспеттес. Елдің ізгілікке, имандылыққа басқан алғашқы қадамдары. Қалың елдің рухын көтерер, соңғы ұрпақты жақсылыққа жетелер, қарияларымыздың артымыздағыларға алаңдамай-ақ аттана алатын дәрежеге жетіппіз дейтіндей қанағат сезімін туғызатын қадамдар. Бірақ бұндай қадамдар нық, орнықты болып, исі қазақ елінің көруге, зиярат етуге келген барша жұрт көңілінен шығып жатуы қажет. Бұл қадамдар елдің елдігіне, өнеріне, кісілігіне нұқсан келтірмейтін қадамдар болмағы шарт. Сондықтан да бұл шараларға "ниетім құбыла" деп кірісіп кетпей, мамандармен ақылдасып, сұңғылалармен сұхбаттасып барып іске асырылса. "Өзім білем дегеннен тәңірім безер" деген мақал бар. Қалақ ұстағанның бәрі құрылысшы емес, қалам ұстағанның бәрі ақын емес. Бұндай істерді көппен шешкен, кеңеспен шешкен дұрыс",- деп өзінің ойын түйіндейді.

Қашан да туған халқының мүдде мақсатын жоғары қойып, елінің өткенін қадірлеп жүрген азамат туралы Әбіш Кекілбаев:"Сайынды осыншама көзсіз ерлікке бастайтын күштің аты не? - Ол өмір мен өнерге деген шексіз махаббат. Өлім мен өтірікке деген шексіз жиіркеніш" деген еді. Ал Сәкең өз болмысын былай түсіндіреді: "...Мен бабасының даласы үшін - соңғы тамшы терін тамызып беруге даяр, атасының баласы үшін - соңғы тамшы қанын ағызып беруге даяр көп қазақтың бірімін. Менің негізгі мамандығым қазақ халқына деген шексіз сүйіспеншілік. Ата-бабамның әдет-ғұрпы мен салт-санасын табиғат пен жаратылыстың жаратқан күйінде ойланбастан, талқыға салмастан қабылдау. Сол түсінікпен, қолдан келетін барлық істі әрі жеке басыма, әрі туған халқыма пайдалы түрінде беріле жүзеге асыра беру".

КҮМБЕЗ СЫРЫ

Көпбол сәулеткер ғана емес, керек жерінде сонау бала кезінде естіп, жадында қалған шалдардың естеліктерін майын тамыза айтып, шебер жеткізуші де. Қай қазақтың да басындағы ілгеріде өткен оқиғаларды еске түсірсең аумалы-төкпелі заманның қасіретінен айналып кетпейді. Соларды естіп отырып туған жерден үдере көшіп, қуғын-сүргінге түсу, барынан айырылып жат жерде бөтен жұртқа көз түрткі болу сияқты қасіретті кезеңдерді қазақтан көп көрген халық жоқ-ау деп ойлайсың. Бірақ олар заман түзеліп, оң мен солын айыратын халге жетсе де кір жуып, кіндік қаны тамған қасиетті топырағын ұмытпапты. Кешқұрым үй алдындағы төбе басында ақсақалдар жиналып, тізесінің үстінде отырған немересінің басынан сипап отырып артта қалған Маңғыстау туралы ертегіге бергісіз хикаяларды шертетін. Ол әңгіме тауыстырмайды. Отырған шалдардың бірінен соң бірі жалғастырып әкететін бұлар үшін аңыздай болған сол әңгімеден ұғып, жадында сақтап қалғандары - Маңғыстау деген ұшқан құстың канаты талатын ұлан-ғайыр шексіз дала екен. Көз жетпес кеңістікте жұпар исі аңқыған, ұйыса өскен еркек пен селеу көз жетпес шетсіз кеңістікте теңіздей толқып жатады екен. Сол далада құйрықтары тегенедей төңкерілген ақтылы қой әудем жерде жаялап жатады екен. Сол даланың сәнін келтіріп сағыныш күйін шерткендей алыстан ыңырана боздаған, желіні сүтке толған аруана даусы келеді екен. Тау басында арқары, даласында қарақұйрық малмен бірге өріп, жыртылып-айрылып жатады екен. Әудем жерде төбе басында сұңғыла шебердің қолынан шыққан, көрерге көз керек ата-баба мазары тұрады екен. Не керек, әлі оң-солын айыра алмаған бұлар үшін өздері көрмеген Маңғыстау ерекше өңір, жұмбағын шешу қиынға соғар құпия әлем болып елестейтін. Кейде тіпті өздері жиналып алып кешегі өлкеден естіген әңгімелерін тағы да жалғастырады. Бірі ата-бабасына қоныс болған жер аттарын көзімен көргендей болып тізіп айтып отырса, бірі сол жерлерде қолтаңбасы қалған, тастан түйін түйген шеберлер туралы айтады. Көпбол да соның бірі болатын. Әлгі ескерткіштер жайындағы әңгімесін айтып отырып қыза-қыза тізілген асықтарын ысырып тастап отыра қалады да, тақыр үстіне кешегі әкесі айтқан мазардың суретін ойша елестетіп салады. Мынау ішіндегі өрнегі, мынау маңдайшасындағы белгі деп отырғаны. Не айтса да жүрегіңе жеткізе, жаныңды тербеп отыратын әкесі Жонақынның ықпалы ма, әйтеуір бұл да өзін тыңдап отырған құрбыластарына өз руындағы белгілі адамдар туралы мақтана отырып баяндайтын.

Кейде әлгі әңгімешіл ақсақалдар сол тақыр бойына қатарласа тізіп балаларды жарыстырады.

- Кәне, тұрыңдаршы. Осы жерден бастайсыңдар да, сонау көрінген белгіні айналып өтіп осы жерге келесіңдер. Маңғыстауға кім бұрын барады екен, қасиетті топырақты кім бұрын басар екен, көрелік. Ал, сыналатын жерлерің осы. Аянып қалмаң,- дейтін.

Сол кезде бұлардың қай-қайсысының да жүрегі ауыздарынан шыға дүрсілдеп қоя береді. Қасындағы тұрған жолдасына ұрлана көз салады. Бәрінің де сол межелі жерге алдымен жеткісі келеді. Әп, бәрекелді, мына пәленшенің баласы алдымен келді,- деген мадақтау сөзді өздері естігісі келеді.

Басындағы бір шаршы орамалын алып, неге екені белгісіз үш жүздің ұлы додасына ат қосқандай толқып тұрған ақсақал қолын төмен түсірген бойда бұлар ілгері атылады. Әшейінде жарысып келе жатып бір-бірінің қолынан, не көйлегінің етегінен ұстаса арты жанжалға, не төбелеске ұласатын еді. Бұл жолы артта қалып бара жатқандарға өздері қолдарын ұсынады. Ешкімді де қалдырғысы келмейді.

Баяғыдан бері айтылып құлақтарында құйылып қалған, үлкен кішінің арманы болған Маңғыстауға төрт көзі түгел, бүтін күйінде жеткілері келгендей қатарласа шауып келе жатқандары. Сонау отызыншы жылдары Күйкен ұшқаннан бүтін әулетімен көшкен елдің түрікмен жеріне келгенше талай-талай жүгі ауып қажығанын, дәмі таусылып көзін жұмғандарды тап болған жердің қойнына тапсырып, қатары сиреп келгенін айтып отыратын әкелер қасіретін жанымен ұққан балалар енді бір-бірінен айырылғысы келмегендей. Жат жерде жүргенде жоғалып кетпеудің, ұлттығыңды сақтап қалудың бірден-бір жолы бірлік екенін ұққан балалардың желаяғы да, борпы аяғы да межелі жерге қатар жететін.

- Апыр-ай, апыр-ай,- дейтін жарыстырушы ақсақал даусы жарықшақтанып. Қатар келдіңдер, мәреден қатар өттіңдер. Бұдан артық не керек енді. Құдай бірліктеріңнен айырмасын. Әлсіздеріңнің қолтығынан демеген қайырымдылықтарына ешкімнің көз сұғы тимесін,- деп кемсеңдеп отырып батасын беретін.

Обалы не керек, бұлар түрікмен жерінде жүргенде орынсыз қысымды, жаныңды жаралар бейпіл сөздерді естіген жоқ. Мүмкін аядай ауыл болғасын ба, олар тату тұратын. Әкелері қайта сол халықтың қамқорлығын көп айтып отырушы еді.

Түрікменстанның Мары облысында Ялатан деген қала бар. Қазақтар Жолатан деп те атайды. Сол қаладан 60 шақырымдай жерде "Красная знамя" деген совхозда тұрды бұлар. Қазақтың дәулеті малда ғой. Шүкір, бұлардың әулеті де малды еді. 300-дей қойы болып, жыл сайын 30-35 түйе боталайтын. Бірақ неге екені белгісіз бұл жақта Қазақстандағыдай үкіметтің қысымшылығын сезіне қоймады. Санын азайт, мынауың заңға қайшы деп ат ойнатып келіп жататын пысықайларды көрмейтін. Артынан барып білді ғой. Жергілікті басшыларда қазақтардың малды болғанына мүдделі екен. Өздеріне салған еттің, жүннің тапсырмасы дер кезінде орындалады. Ендеше неге оларға орынсыз тиіссін. Қайта жоғары жақтан тексеру келе жатса қазақтарға алдын ала ескертіп, жасыруға көмектесетін. Түрікмен малшылар құм арасына айдап кететін.

Бірақ солай бола тұрса да өз ұлтының намысын олар қашанда жоғары қойды. Шама келсе қазақ деген атауға қылау түсірмеуге, өзгенің өздері туралы теріс пікір айтпауы үшін арпалысып бақты.

Көпбол оқуды бітіргесін Ашғабаттың политехникалық институтына түсті. Мектепте жаман оқыған жоқ. Өзі қатарлы оқушылар түгілі, мұғалімдер арасында да беделі жоғары болды. Оның себебі: бала кезден сурет салатын, мектептегі жар газеттерін шығару, кейбір оқу кабинеттерін жабдықтау да соған тапсырылатын. Қысқасы, мектептің тірегі болды. Оны кім-кімде мойындайтын. Мектеп өмірінде Көпбол сияқты қолынан іс келетін, өнерлі балалардың керек екенін білетін оның директоры, басқа жерге жұмысқа ауысқанда әкесінің аяғына жығылғандай болып рұқсатын сұрап, өзімен бірге ала кетті. Сөйтіп, соңғы сыныптарды басқа мектептен оқып, аяқтаған еді. Одан кейінгі студент шағы да жақсы өтіп жатты. Жағдайының жаман еместігі, қаржыдан тарылмайтыны сірә белгілі. Бірақ оқуын аяқтай алмады. Жол ортада оқуын тастап ауылға қайтуына тура келді. Шындығында шығарып жіберді. Тентектігі үшін, кеңес студентіне жат қылығы үшін. Ия, бұл өмір шіркіннің ағысы кейде ойламаған жерден жалт бұрылады екен. Жас жігіттердің арасында болып тұратын, әшейінде елене бермейтін қақтығысты үлкен оқиғаға, ұлт араздыққа тіреген оқу орнының басшылары осылай шешкен.

Бар бәле түрікмен жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызынан басталды. Ол екеуі арасындағы байланысты бұрын ешкім де сезбеген еді. Қазақ қызының түрікмен босағасын аттауы бұлар үшін көз көріп, құлақ естімеген жат қылық болып көрінді. Мұны қазақты басыну, дәстүр салтын аяқ асты қылу деп түсінген кейбір қызу қанды қазақ балалары ешнәрсенің байыбына бармастан, әлгі күйеу жігітті таяққа жығады. Әрине олардың да қарап қалмасы белгілі. Мұндай уақытта ақылдан гөрі ашудың, сабырдан гөрі адуын мінездің үстем тұратыны, тентектің алға шығатыны белгілі. Арты үлкен дауға ұласып кете жаздаған бұл жайға кінәлі деп бір топ қазақ жігіттері оқудан шығарылады. Институт басшыларының бір беткей шешімі қазақ жігіттерінің көңілінен шықпады. Бірақ амал қанша. Ауыл итінің құйрығы қайқы деген осы. Қай жерге барса да өздерін кінәлі деп санайтынын білген жігіттер чемоданын арқалап елге қайтты.

Әке сөзіне қарсы келіп көрген жері жоқ еді Көпболдың. Не айтса да орындайтын. Енді міне "Адам бол шырағым, оқуыңды аяқта. Осы заман оқыған, тоқығандікі. Кеңес үкіметінің заңы бір, бәріне ортақ дегенмен қалың қазағыңның ортасында жүрген жоқсың. Өзге жұрттың ортасында басында білік, қолыңнан іс келетін болсаң ғана кез келгенге тіке қарай аласың. Біреудің ығын паналап, жалтақтаған өмірдің арты баянсыз. Біздей емес, көздерің ашық қой. Бәлкім оқуыңды аяқтаған соң елге ораларсың. Біздер саған қарап отырмыз" деген.

Әкенің сол сенімін аяқтай алмады. Тербетілген поезд ішінде келе жатып осыларды ойлаған. Ақыры бір шешімге келгендей болды. Елге, Маңғыстауға қайту керек. Дені сау, қол-аяғы бүтін. Ендеше туған жерге барғанда тап болған қандай жұмыс болса да істей алмай ма. "Біреудің елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол" демейтін бе еді. Әрине бір мамандықтың иесі екендігін білдіретін қалтасында қатырма қағазы жоқ. Бірақ тас қалау қолынан келеді. Студенттік құрылыс отрядында жүргенде игерген мамандығы осы болатын. Мұның қалаған тасына ешкім сын айтып көрген жоқ еді ғой. Болмағанда осы кәсібі пайдаға асады ғой.

Арқасынан ауыр жүк түскендей болды. Алдағы мақсатына, болашақ жолына әкенің қарсы келмейтінін, қуана қолдап батасын беріп, ақ жолға салатынына анық көзі жетті.

Бірақ әкесі Көпболды Маңғыстауға бірден жібере қоймады. Сол жақта тап болған әртүрлі жұмыстарды атқарды. Үйленді. Содан 70-ші жылдардың аяғында ғана Маңғыстауға бет алды. Ат басын тіреген жері Өзен қаласы болды. Газ өндіру басқармасында суретші болып істеді.

Адамның бір өнерге бет бұруына, бағыт алуына себепші болатын жайлар кездеседі ғой. Қарға тамырлы қазақ қай жерде де ағайынмен танысып, жүздесіп, аралас-құралас болуды қалайды. Бірде Маңғыстау ауданындағы Бекі жеріндегі бір ағайынның үйінде қонақ болып отырды. Өткен-кеткен, барған жерінің шаруашылығы туралы әңгіме үстінде осы Бекі ауылындағы шағын дүкеннің меңгерушісінің жасының келіп зейнеткерлікке шыққанын, әзір сол дүкеннің кілтіне ие болатын адам табылмай отырғаны айтылды.

Ауылдық жерде кеңшілікте өсіп, қазақы арқа-жарқа тіршілікте өсіп-өнген Көпбол Өзенге үйрене алмай жүрген. Мына әңгіме іздегенге сұраған болды. Сол үйде, дастарқан үстінде ферма меңгерушісі Нұралы ағасына барған бойда осында көшіп келетінін айтты. Ауыл ағасы да ойламаған жерден тепсе темір үзетін жігітті құдай тағала аспаннан салақтатып тастап жібергендей мәз болды. Көпбол іздесе таптырмайтын адам болды. Елдегі шалдардан естігені болар, ру-руды жілікше шағып, солардың орталарынан шыққан белгілі адамдарды жіпке тізгендей қылып айтып отырады. Домбыра тартып, ұмыт бола бастаған жыр, термелерді де айтады екен. Не керек, аядай ауылдың төрге оздырар сыйлы азаматы болды да кетті.

Кеңес үкіметінің уақытында шаруашылыққа жиі-жиі өкілдердің келетіні белгілі ғой. Аралайды, тапсырмасын береді. Күн сайын өзіне бұйырған сыбағасын жейді. Сондай уақыттарда "пәленшекеңмен" дастарқандас бол деп ауылдың бетке ұстар азаматтарын, көрші-көлемдерді де шақырып жатады. Сондай бір уәкіл Бекіге де келген. Кешке ферма меңгерушісінің үйінде болып, көппен бірге Көпбол да шақырылды. Уәкіл көп сөйлемейтін, сызданып, жан-жағына қаралай салқын леп таратып отырған адам екен. Есесіне оның қасындағы аудандық партия комитетінің үгіт, насихат бөлімінің меңгерушісі Сайком Еділханов нағыз азамат болып шықты. Кез келген адамның іші-бауырына кіріп, әңгімелесіп отыр. Әсіресе өнер дегенде бүйрегінің бұрып тұратыны көзге ұрады. Көпболдың айтқан жырына риза болған, суретшілік өнері туралы мағлұмат алған Сайком ағасы бірден әңгіменің турасына көшті.

- Інішек, сенің жаның өнерге жақын екен. Жан-жақты бейімділігің тағы бар. Менің ақылымды тыңдасаң сен мына дүкеншілігіңді қой. Нұрекең ренжімес. Шот қағып, ай сайынғы есебін мына тұрған Шетпеге тапсырып келетін тағы бір адам табылар. Ал сендей адамды шырақ алып іздеуге тура келеді. Әңгімені қой да, ертең аудан орталығына кел. Мәдениет басқармасындағы жігіттермен таныстырам. Автоклуб меңгерушісі боласың. Айналайын-ау, ауыл аралап, елге өнер шашқаннан артық не жұмыс керек енді. Әулие емеспін. Бірақ жұмысты ауыстырғаныңа өкінбейтініңе мен кепіл. Манағы айтқан жыр, термелеріңнің өзі неге тұрады. Ұлттық өнерімізді, халық аузындағы аңыз, әңгіме, жыр, дастандарды шама келсе оны білетін үлкендердің көзі тірісінде жинақтап қалуымыз керек.

Барын ел аралап жүріп дәріптеуіміз керек. Халық кәзір өз тарихына, өз өнеріне сусап отыр. Әсіресе ауыл, соның ішінде мал соңында жүргендер. Осыны жан тәніңмен түсін де, ағаңның айтқанын орында,- деді.

Осылай Сайком ағасының ұсынысымен бір күнде автоклуб меңгерушісі болды да кетті. Өнерді жанымен сүйетін, Маңғыстау жерінде өткен талай ән-жырдың "ұйытқысы болған Сайкомның кәнігі көзі қателеспепті. Көпбол азғана уақыт ішінде аудандағы маңдай алды автоклуб меңгерушісі болып, тіпті тәжірибесі таратылып та үлгерді. Осы күндері ойлап отырса Маңғыстау ауданының өнерпаздарының сол кезеңдері атқарған қызметі ұшан-теңіз екен. Айтулы күндерге орай қойылатын концерт, қойылымдарға үлкен-кішісі демей бәрі де атсалысатын. Бірі мұғалім, бірі дәрігер, құрылысшы, механизаторы бар. кілең өнерлі жастар еді. Жұмыстан кейін түннің бір уақытына дейін аудандық мәдениет үйінде дайындалатын. Бәрі де ертеңгі халық алдында қойылатын қойылымдарға асқан жауаптылықпен қараушы еді. Көпбол "Ақбөбек", "Әке тағдыры" пьесаларында басты рөлдерді ойнады.

1980 жылдардың аяғына таман қиындықтарға байланысты баяғы ауыл-ауылды аралап жүретін автоклубтар қысқара бастады. Бірі болса бірі таптырмайтын жоқшылықтар көбейді. Бұрынғы дүрлеп тұрған жұмыстардан береке кете бастады. Содан басқа жұмысқа ауысқысы келіп облыстық мәдениет басқармасының бастығы Төлеуішов Құжырғалиға келіп арызын берді. Бірақ бастық жұмыстан шығармайтынын бірден кесіп айтты. Қаладағы, қалаға жақын жердегі мәдениет үйлерін тізіп айтып қалағаныңа бар деді. Көнгісі келмей әрі-бері бұлталақтаған мұның бетіне қарап отырды да:

- Айтшы Көпбол, жұмысы тұралап қалған мәдениет үйлеріне енді Алматыдан адам шақыру қалды ма. Адам бойында өз топырағына деген жанашырлық болмайтын ба еді. Әңгімені қой, өзім үй тауып берем. Бекіңе бар да, үйіңді көшіріп әкел,- деп әңгіме осымен бітті дегендей орнынан тұрды.

Сонымен 1986 жылдан 1992 жылға дейін Ақшұқыр мәдениет үйін басқарды. Абыройсыз болмады. Облыстағы алдыңғы қатарлы мәдениет үйлерінің бірі болды. Алғаш келгенінде мәдениет үйі дегені болмаса көңіл қуантарлық ештеңе жоқ еді. Сыртындағы көптен бері ашылмай тұрған қара құлып пен мәдениет үйінің меңгерушісі деген атағы бар қара қатын ғана отыр екен. Бір-біріне тапсыруы да, қабылдауы да тез өтті. Бірақ қай істі де жанымен беріле істесе бәрі де орнына келеді емес пе. Көп ұзамай тірлік қамымен басқа жаққа кеткендер де оралды. Топсасы кеткен есік жөнделді, арқалығы түсіп қалған орындыққа шеге қағылды. Қаңсып қалған аспаптарға ішек тағылып жөнделді, пайдаға аспайтыны жаңаланды. Бәрінен бұрын соларға сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар оралды.

Көштің жүрісі алдындағы басшысына байланысты. Қалғаны соның ыңғайына бағынады. Көпбол мәдениет саласында өзі істеген уақыттарда әлдебіреулердің "өнер адамдары осындай болуы керек" дейтін жасанды қасиеттерге, арзан ойын-күлкіге жол бермейтін. Бұл бәлкім, өзге ұлттың ортасында жүргенде өз халқының ар-намысын үнемі жоғары қойып, қызғыштай қорығандықтан шығар, бәлкім, өз халқының даналығын үнемі шежіре қылып айтып отыратын әке сөзінің әсері шығар, бәлкім ана сүтінен дарыған қазақы тәрбие шығар, әйтеуір орынсыз қылықтарға жол бермейтін. Өзі басқарған ұжым алдағы мақсаттарға бірге ұмтылды, қуаныш, қызығын бірге көрді.

Уақыт шіркінге тоқтау бар ма. Сөйтіп жүргенде қырықтың қырқасын да артында қалдырды. Жігіттің нағыз деген шағы ғой. Осы күндері жастары қырыққа келгендер өздерін әлі бала санайды, қызығым әлі алдымда деп есептейді.

Көпболды соңғы кезеңдері қайта-қайта түрткілеп, маза бермей жүрген бір ой бар еді. Ол өзін үнемі толғантып. үнемі көз алдына елестеумен болатын өлке жеріндегі тарихи ескерткіштер болатын. Маңғыстауға келгелі жаяу-жалпы да, көлікпен де талай шарлаған. Шамасы келсе бір-бірінен айырмашылығына, салыну ерекшеліктеріне үңілетін. Жым-жырт тыныштық басқан жаздың күндері арқасын мазардың қабырғасына сүйеп отырып, бір кездегі шебердің қалағының даусын естігендей болады. Сөйтіп отырып қаралай қолы дуылдайтын. Шыңылдатып тас шапқысы келеді, зың-зың еткен ара даусын естігісі келеді.

Ол өзін ерекше бір құдіреттің осы өнерге қарай жетелеп келе жатқанын сезді. Ендігі қуанышы да, маңдай термен келетін еңбек бақыты да, аталардан қалған осы бір қасиетті өнер - тас шебері дейтін мамандық екенін де білді. Уақыт оздырғысы, кешіккісі келмеді енді.

Кейде өзімен-өзі отырғанда осы жұмысқа келуіме кім ықпал етті деп ойлайтыны бар. Көз алдына бірден марқұм болған Сайком ағасы келе қалады. "Апыр-ай, дейді сонда. Әулие екен ғой Сайком. Ана бір жылдары тағдырдың оған тап қылуы да тегін болмады. Сонда онымен жолықпағанда, бәлкім, бұл өнерден шалғай, басқа сүрлеумен бара жатамыз ба, кім білсін".

Біріншісі, бойындағы өнердің тұншығып қалмай ел кәдесіне жарауына себепші болды. Екіншісі, ең бастысы осы бір сәулетшілікке бет алуына жол ашқан да, жөн сілтеген де сол екен ғой. Ауыл-ауылға мәдени шаралармен сапарға шыққанда бірге болатын. Өткен-кеткен әңгіме де, бұл түбектің айтулы адамдары жөнінде де айтылады онда. Кейде тақтайдай тегіс жол көңілін көтере ме, әнге салады дейсің. Даусы қандай еді марқұмның. Тыңдай бергің келеді. Әрбір айтқан әңгімесі ұлттық намысыңды жанып, қайрап отыратын. Ана бір жылдары Мәскеудің үлкен сахнасында Жұбан Молдағалиевтің "Мен қазақпын" деген өлеңін нақышына келтіріп оқығанынан хабарлы бұлар ағасына қолқа салады. Бәлсінбейді Сәкең онда. Көзіне ерекше жалын бітіп жанымен, бар болмысымен беріле оқиды.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегінде табысқан мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ия, дейтін бұлар іштей ағасын тыңдап келе жатып. Тағдырдың қаншама қиындығын көріп, қаншама талқысына түссек те жоқ болып кетпей, ұрпақ жалғастырып келе жатқан қандай жаны сірі халықпыз. Бәлкім ата-баба аруағы қолдайтын шығар. Бәлкім, ана бір тұрған, төбе сайын кездесер тарихи ескерткіш зираттарда өз ұрпағын қай уақытта да қолдап, демеп жүретін бір құдірет бар шығар.

Сол Сайком ағасының інісі Мақсұт кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт еді, еліне таныла бастаған жалынды азамат еді. Өзі де көрерге көз керек, көрікті жігіт болатын. Тіл өтті ме, әлде құдайға да жақсы керек болды ма, әйтеуір сол жалындаған қалпы, ағайын-тумасына, жолдастарына сағынышын арқалатып кете барды.

Сайком інісіне там саларда қасына Көпболды ертіп аяқ жетер жердегі әулиелерді көп аралады. Өмірден ерте кеткен інісіне қолынан келер бар жақсылығы - ерекше бір қима там салдырғысы келді. Бұл 1982 жыл болатын. Баяғы атадан қалған мұралар - күмбез там, қима там салуды ел қолына енді-енді ала бастаған кез. Көп адамның тәуекелі жете бермейді. Солардың үлгісін, қалай салыну керектігін көзімен көрсін деді ме, әйтеуір Сайком екеуі әсіресе Шетпеге жақын жердегі Қамысбай әулиедегі көптеген қима тамдардың салынуына үңілді. Бірте-бірте бұрын өзі не салынуы қиын болып көрінген құрылыстың құпиясы ашылғандай болды. Әрине ғасырдан астам бұрын салынған ескерткіштің кезіндегі балшық құрамын қайдан білсін. Ең бастысы оның жасалу әдісі тайға таңба басқандай боп анықталды.

Сонымен шешінген судан тайынбас дегендей қолына алған алғашқы қима тамды жасалып бітірді. Бар өнерін, білігін салды. Өзінің де, өзіне сенім артып қасында жүрген Сайкомның да, көпшіліктің де көңілінен шықты. Бұл өнерге деген алғашқы қадамы осылай басталып еді.

Керілген жіптің бойына тас қойып, қалақ ұстағанның бәрі шебер емес. Халық сыншы, кезінде әділ бағасын беретін де, өсіретін де сол халық. Көпбол осы істі қолына алғаннан-ақ өз ой қиялынан шығатын ескерткішіне ерекше мән берді. Олардың бір-біріне ұқсамауына, әрбір ескерткіштің өзіндік мағыналы болуына жұмыстанды. Сәулетші қолымен қойылған әрбір тастың қырланып, әдемі орналасуына ғана емес, сонымен қатар ең негізгісі - көрген адамға осында кімнің жатқанын, кезінде қандай тұлға болғанын білдіретін, ой салатын болуын басты назарда ұстауы керек. Ал оның ертең соңғы тасы қойылғанда көп көңілінен шығуы үшін, оның алғашқы іргетасын қаларда тіпті одан бұрын да жан-жақты зерттелуі қажет.

Көпболдың басты мән беретіні де осы. Болашақ ескерткішті саларда олар туралы халық аузында айтылып жүрген әңгімелер түйінін ой елегінен өткізеді. Мақала, зерттеулерді, кітаптарды оқиды. Қысқасы, ертеңгі салынар ескерткіштің иесі туралы жан-жақты мағлұмат жинақтайды. Бірнеше сызбаларды бір-бірімен салыстыра отырып, бұрынғы салынған объектіде жіберген кемшілігін қайта жетілдіріп барып істі бастайды.

1992 жылы атақты батыр Балуаниязға күмбез там салды. Бала кезінен ауыл арасындағы әңгімешіл қарттардан, айтулы жыраулардан Қараған Босаға оқиғасын жадында тоқып өскенімен, төбе басына бірден апарып құрал-сайманын төге салмады. Батырдың қаза тапқан жерін аралады. Сол жерде бұрынғы салынған ескерткіштермен танысты. Елі үшін арпалысып қапыда кеткен батырды, оның қолды болып кеткен Құла атының жат қолына көндікпей қапастан сытылып шығып, сүйегін сүйретіп туған жер топырағына келіп өлуінің өзі кім-кімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Анау Қараған Босағаға кіре бергеніңде өзінің қасиетті Маңғыстауының бір бұрышын күзетіп, сырттан келер жауға алдымен өзінің кеудесін тосатындай болған Балуанияздың еңселі ескерткіші алыстан қылаңытып бірден көзге түседі.

Осыдан кейін-ақ қазақ жерінің ор түкпірінде белгілі тұлғаларға арналған ескерткіштер салуға Көпболға деген сұраныс көбейді. 1994 жылы Махамбетке күмбез там орнатты.

Ел бостандығы үшін қазақ халқының басынан талай-талай оқиғалар өтті. Соның ішінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің орны тіптен бөлек. Әсіресе, сол көтерілістің ұйытқысы болған, соңына ергендерді өзінің жалынды сөзімен қайрап, жігерлендіріп отырған Махамбеттің рөлі жоғары болды. Оның ұлылығы сол, қарсыластары үшін аузынан шыққан әрбір сөзі алмас қылыштан кем соқпады. Әлі күнге дейін Махамбет айтқан сөздің, Махамбет жырының халықтың көкейінен шығып, қажыған сәттерде әнұрандай айтылуы да сондықтан.

Бірақ дегеніне жете алмай ұлы ақын қайғылы қазаға ұшырады. Күреңмен ойқастап, алты құлаш найзасын толғап ұстап, садағын созып тарта алмай, ала туды арманы болған Ақ Ордаға тіге алмай қапыда кетті. Бұқпантайлап келген арсыздардың шекпен астына жасыра келген жаман қылышының құрбаны болды.

Көпбол ұлы ақынға, қасиетті тұлғаға салған бір уыс топырағым болсын деп осы ескерткішті саларда көп ізденді. Оның жатқан жерін табудың өзінің қиынға түскені, одан кейінгі уақыттарда антропологтардың қолына түскен сүйектің сонау 1966 жылдан 1983 жылға дейін туған топырағының қойнына тапсырылмай әр жерде жүргені туралы оқып білді. Тіпті ұлы ақынның "Исатайдың Ақтабаны", "Шілтерлі терезе", "Қайран Нарын", "Тарлан", "Жұмыр қылыш", "Өкініш", "Қиылдағы қырғын" атты адуынды күйлерінің болғанын біліп, танысты. Олар бастаған көтеріліске Кіші жүздің барлық руларының қатысқаны да басты назарда болды. Шамасы келсе осылар туралы дерек бере кеткісі келді. Әрине бәрін бірдей қамтимын деп долбарлай беруге болмайтыны тағы белгілі.

Көпбол Махамбет сияқты жан-жақты болуды құдайтағала кез келгенге бере салмайтынын, ерекше жаратылған қасиетті адамдарға ғана беретінін көп ойлайтын. Ескерткіш салу үстінде ақынның сол қасиетін талай көрді де. Көпболға ұлы ақын кез келгенге құшағын жая бермейтін де болып көрінген. Қиналып, қиындықпен салдым деп еске алады өзі.

Бастапқы әзірде ұйымдастыру жағынан кемшілік болды ма, әйтеуір жұмыс бірден қарқын алып кете қойған жоқ. Бірде анасы, бірде мынасы жетпей көп қиналды. Ол жылдар елдің әрі еңсесін көтере қоймаған, қиыншылық шырмауынан босамаған уақыттар ғой. Алатын затыңның бағасы келесі күні қайта өсіп жатады. Махамбеттің Қаройда жерленгені белгілі. Сол жерге материал алып келе жатқан машиналар ия жетпей бұзылып қалады, ия жолынан адасып қиыс кетіп кешігіп жетеді.

"Апыр-ай,- дейтін Көпбол ішінен көз алдында адасып, қиыс кетіп бара жатқан машиналардың артынан қарап тұрып. Қасиетіңнен айналайын ақын ата, сен "Мен көрген қиындықтың, мен басымнан өткізген аласапыран кезеңнің пұшпағына да жетпейді сендердің мына қиындық деп жүргендерің. Ер жігіт өзінің сыналар тұсын, ал қалың ел қабырғасы қайысар қиын кезеңдерді басынан өткізуі шарт. Туырлығыңды сыпырып, көгеніңді қиып, мәпелеп отырған аруыңды ат көтіне өңгеріп зорлық жасап жатқан ешкім жоқ. Көш жолында кідірмесе, бұралаң жолға түспей, діттеген жеріне сол бойда жетіп жатса, онда несімен көш болады. Біз көрген қиындық, басымызға бірде бақ, бірде сор орнаған аласапыран кезең сендер үшін арта қалған, ұмыт болған күндер болмауы керек біле білсеңдер. Сендердің болашағыңа үлгі, бірліктеріңе ұйытқы болу керек біздің дүбірлі жылдар. Өткенсіз бүгін жоқ, ал бүгінсіз ертең тағы жоқ. Халықтың басынан өткен сонау әріден келе жатқан желі жіпті үзіп алман. Қайта жалғаған жінте мықтылық болмайды дейтін шығарсың",- деп ойлайтын.

Сөйтіп жүріп ескерткішті де бітірді. Ертең ашылады деген күні жан-жақтан қонақтар да ағылып келе бастады. Таң атты, кәдімгі мамыражай күн. Қалың ел жиналып, ашылу салтанатына айтылар сөз енді бастала бергенде алай-түлей дауыл басталды дейсің. Біреу қолындағы қағазынан, біреу бас киімінен айырылып абыр-сабыр болды да кетті. Біраз уақыттан кейін жұртты әбігерге салған дауыл да басылды. Қарсы алдарында тұрған еңселі ескерткіш маңдайындағы бір-бірімен қабыса салынған домбыра мен айбалтаның тасқа ойылған белгісі, дауылпаз ақынның қандай болғанын тағы да еске салғысы келгендей асқақтап көрінді.

1996 жылы Жәңгір ханға ескерткіш салуға сұраныс жасалды. Бұл енді Махамбетке қарама-қарсы тұлға. Бір-бірімен келіспей өмір бойы арпалысып, алысып өткен адамдар. Оның үстіне кеңес уақытында білім алып, тәрбиеленген адамдар үшін ол бастан да Жәңгір жақсы жағымен көрсетілмеген еді. Бәлкім, содан да шығар, Көпболдың бастапқы әзірде Жәңгір туралы мағлұматы жоқтың қасы деуге болатын. Бірақ халық қаншама қиын кезең өтсе де, ділің мен дінінен айырар заманды басынан кешсе де, үстем тап өкілі деп бар күйені үйігі, төксе де ортасынан шыққан асылдарының бетіне түкірмепті. Көзге көрінбесе де көңіл түкпіріндегі оларға деген ыстық ықыласын жоғалтпапты. Жатқан жеріне тәу етіп, түн жамылып барса да білген құранын оқып, қастерлеп жүріпті. Кеңес өкіметі қаншама бүріп ұстадым дегенмен түбі оның да сіңірі созылып әлсірейтінін, өмірінің таусылатынын білгендей кейбір ақсақалдар әулие басына немересін ертіп келеді екен. Содан кейін оның құлағына Жәңгірдің өз халқына істеген жақсылығы жөнінде күбірлеумен болыпты. Пенде шіркіннің дұрыс бағыты мен қате басқан қадамынан болған қайғылы оқиғаны да қосып айтады екен сонда. "Ой, дүние-ай,- дейді екен сонда көкірегі қарс айырылған қариялар. Араларына шайтан түспей тізе соғыстыра қатар жүргенде, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда бұл қазақтың басына түскен ауырлық бір мысқал болса да жеңілдер еді ғой. Ақыры не болды, сырты күлгенмен ішіне бар сұмдықты жинаған патшаның жандайшаптары бірінің басын алды, бірінің дәулетін шашты. Енді міне, ештеңе болмағандай екеуі екі төбе астында жатыр. Қарағым, осыны ұмытпа,- дейді екен атасының не айтып отырғанының біріне түсінсе де, біріне түсінбеген немересіне. Көр де тұр, түбі екеуін де көтереді, мәпелеп төріне" шығарады бұл халық".

Күмбез саларда сол жердің азаматтары Көпболды ертіп біраз жерді аралатты. Жәңгірдің, оның туғандарының жатқан жеріне барып құран оқыды. Бұрынғы салынған белгі құлпытастарды көрді. Бірге жүрген жолдастары сол уақытта Көпболға жан-жақты мағлұмат беруге тырысты. Әрине ондай уақытта Жәңгірдің әр қырын көрсететін әңгімелердің айтылатыны белгілі. Біреу өсіріп айтады, біреу кемшілігін көрсетеді.

Дегенмен, оның қазақ даласына мәдениеттің алғашқы ұшқынын әкелуші екенін сонда ұқты. Орда қаласының салынуына, ол жерде білім ордаларының ашылып, сауда-саттықтың өркендеуіне, үздік оқыған балалардың жыл сайын Орынборға оқуға баруына, сөйтіп қазақ даласындағы алғашқы біліммен сусындаған адамдардың шығуына көмектесіп отырғанын білді.

Ескерткіш саларда осының бәрін ескеріп, көрген адамға бір кездегі Жәңгір ханға лайық сән-салтанатын, оның өз халқының қолы жетсін деген арман, мүддесін көрсетуді басты мақсаты санаған еді. Күмбездің ішіне ою-өрнектер салынып, Жәңгір туралы мағлұматтар берілді. Маңғыстаудың ақ тасы мен қызыл тастары өз үйлесімін тауып көрушіні еріксіз өзіне тартатын еді.

1996 жылы әйгілі күйші композитор Дәулеткерейге күмбез орнатты. Дәулеткерейдің Сығайдың баласы екені белгілі, ал Сығай болса Жәңгірдің әкесі Бөкейдің інісі.

Сәулетші Көпбол Демесіннің қазақ жеріндегі қолтаңбалары бір-біріне жалғасып кете барады. Мұхамбет Салық Бабажанов, Қайырғали Смағұлов сынды қалың елдің мақтан тұтар азаматтарының басына көтерілген күмбезді келіп көрушілер айтулы шебердің айрықша қолтаңбасына ризашылығын білдіруде.

Өткен жылы қарасақал Ерімбетке салынған ескерткіш өзінің тың жаңалығымен, ерекшелігімен дараланады.

Қандай іс болса да сәтімен жасалатыны белгілі. Шебердің алдағы мақсаттары да жетерлік. Тағдыр жазса осы жылы Қорқыт атаға ескерткіш орнату да ойында бар. Оның жамбасы тиген Жосалыда сырт көрінісі қобызды бейнелейтін ескерткіштің бар екені көпке аян. Ал оның туған жері Қазалыдан отыз шақырымдай жердегі Жанкент қаласы. Осы жерде орнатылар сәулет өнерін Көпбол көптен бері ойлап жүрген. Алдында мүсіні болады.

Сонымен қатар Ақтау қаласынан Өзен бағытына шыға беретін жерде Бердәулет пен Жоламанға арналған тағы бір ескерткіш те орнату өз кезегін күтіп тұр. 1768-1846 жылы өмір сүрген атақты батыр, құнан орыс Шабайдың Сүгір, Меңдібай деген балалары болғаны белгілі. Сүгірден Жоламан, ал Меңдібайдан Бердәулет туады. Ұрпақтарының жиналып аталарына үлкен белгі орнату туралы ұсыныстарын шебер қабыл алған. Оның қандай болатынын уақыт көрсетеді әрине. Алдын ала кесімін айтып жатпалық.

Әке көрген оқ жонар дегендей Көпбол өзінің ісін жалғастырушы балалары Елдос пен Олжасқа дән риза. Көңілінен шығып, өнерін әрі қарата жалғастыруда.

РЕСТАВРАТОР

Өмірде белгілі бір арнаға түсіп кетуіңе ықпал жасаған, жөн сілтеген азаматтар болады. Арада жылжып жылдар өтеді. Өз еңбегіңнің бейнетін де, зейнетін де көресің. От басы, ошақ қасындағы жанұяңмен бөлісетін қуаныштан басқа, сенің қолыңнан шыққан дүниеге елдің риза болып, мәртебеңнің көтерілетін жайлары да кездеседі. Сонда өзің істеп жүрген мамандықты меңгергеніңе, көп көңілінен шыға білгеніңе, бәрінен бұрын өзіңді осы бір сара жолға ақылын айтып, салып жіберген абзал адамдарға іштей де болса рақметіңді айтып, басыңды иетінің болады. Сол алғашқы ұстазыңның бір ауыз сөзі сенің осы күнге дейін жүріп келе жатқан жолыңның бастамашысы болыпты. Жан-жаққа ала қашқан сан тарау жолдың тап болған біріне түсіп, басқа жаққа лағып кетпеуіне себепші болыпты. Осындай уақыттарда Тұрланның есіне Құжырғали Төлеуішов ағасының түсетіні бар. Артық-ауыс сөзі жоқ, алдына кім келсе де қыздай сызылып сөйлейтін ағасының мың "істемеймін" деген сөзіне қиналғанын, одан кейін намысын қайрап, ақыры көндіргенін есіне алады. Осы күндері ойлап отырса ағасының айтқан сол бір ауыз сөзінің ішінде туған жерге деген сүйіспеншілік, ата дәстүріне деген құрмет, өз халқының өткеніне деген, оның тарихына деген ұрпақтық парыз, ата-бабаңның қолынан шыққан, екінің бірі істей алмас асыл өнерге деген мақтаныш, бәрі, бәрі де бар екен ғой.

Ол алдыма келген адамды айтқаныма көндірдім деп малданбапты, бұл тап болған жұмыс қой, артынан көре жатармын деп өзін-өзі алдамапты. Қолын алып, арқасынан қаққан ағасы сонда батасын берген екен, інісі ендігі еңбек рахатын осы жұмыстан көрейін деп уәдесін берген екен.

Екеуі де бірін-бірі іштей түсініп, іштей ұғысыпты. Бәлкім, жылдар өте келе осылай болатынын сол уақытта өздері іштей түйсінген де шығар, кім білген.

Бұл 90-шы жылдар болатын. Тұрланның Өзбекстаннан туған жері Маңғыстауға оралғанына төрт-бес жыл өткен. Жизақтың политехникалық техникумын аяқтаған жігіт осында келгесін жол өңдеу мекемелерінің бірінде участок бастығы еді. Туған жерден жырақ, өзге ұлттың ортасында өскен, тәлім алған адамдардың бойында бір ерекше деуге болатын қасиет болады. Ол қолыңнан келер істі тиянақты істеу, біліміңнің, білігіңнің олардан артық болмаса, кем болмауын басты мақсат етіп алу, қай уақытта да өзіңнің мәртебеңнің жоғары тұруын ойлап өз ұлтыңа сөз келтірмеу, намысыңды қорлатпау, қызғыштай қорғай білу. Бұл қағида олардың бала кезінен бойына сіңген, сонау титтей кездерінде тербетілген бесікте анасының гөй-гөйімен, оның бауырынан шыққан сүтінен дарыды десек те болады. Бұл біздің дүниенің әр бұрышында жүрген қандастарымызға ортақ, тән нәрсе.

Техникумды бітірген соң "Ержаусовхозстрой" деген мекемеде мастер болып істеді. Егіншілікпен айналысатын колхоз, совхоздарды қарамағына алған үлкен ұжым еді. 600-ден астам жұмысшылары болды. Сол үлкен мекемеде басшы кадрлар арасында Құрбанбаев Бақыт деген ағасы екеуі ғана қазақ ұлтынан болатын. Қашанда бір-бірінің қолтығынан сүйеп, демеп жүрді. Қарамағында істейтін қандас жігіттеріне деген қамқорлығын аямайтын. Жасырып не керек, кейбір ерке қылықтарын "байқамайтын". Өз кезегінде олар да айтқанын екі қылмай, тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқарушы еді. Бар қайраты бойында, білігі көп жігітті ол жердегілер де бағалап, құрмет тұтатын. Көп ұзамай қызмет баспалдағының өсетіні де, тұрмыс жайының жақсара түсетіні де белгілі болатын.

Бірақ Тұрлан ата бабасының туған жері Маңғыстауға баруды ұйғарды. Баяғыдан бері көкейінде жүрген, алдына қойған мақсаты осы болатын. Екі ойлы болып ырғалып, жырғалып жүрмей бір күнде аттың басын бұрған. Ол кезде бұл жерде тамыр-таныстары да, ағайын-туғандары да жоқ болатын. Бірақ Тұрланның бойында алдағы күнім қалай болады деген қобалжу болған жоқ. Өзі не сенді, адамдармен тіл табыса алатынына, қандай жұмыс болса да атқара алатынына, меңгеріп кететініне сенді.

Келген бойда жұмысқа орналасты. Адам баласына қылдай да қиянаты жоқ, салмақты, сөзі мен ісінің арасында алшақтық байқалмайтын, кез келген адамды өзі не тарта алатын қасиеті болар, көп ұзамай көпке сыйлы болып сіңісті де кетті. Тас қалаудың шебері екені көріне бастады. Бірде осы күнгі белгілі сәулетші Мақсұт Нұрқабаев ағасы екеуі кездесе кетті. Бірін-бірі сырттай білетін. Әңгіме үстінде Мақсұт оны осындағы мәдениет басқармасына қарасты ескерткіштерді қайта қалпына келтіру мекемесіне жұмысқа шақырды. Қандай жұмыс атқаратынын, ол жұмыстың өзге жұмыстардан ерекшелігін айтып түсіндірді.

Бірден келісімін бермегенмен, мәдениет басқармасына барып жолығуға уәдесін берді. Сөйтіп, сол уақыттағы оның бастығы Құжырғали Төлеуішовтың алдына келген. Кен адам екені бірден көзге ұрды. Әлдебіреулер сияқты керіліп, орындығын ойып жіберердей қаралай салмақ тартып отырған жоқ. Көптен бері хабарсыз кеткен бауырын жолықтырғандай әңгімені әріден бастады. Суыртпақтап отырып мұның ата-бабасының басынан кешкен оқиғаларын білген. Қалай екені белгісіз, әшейінде әңгімеге жоқ Тұрлан үлкендерден естігенін жіпке тізгендей қылып айтып берген.

...Ата-бабалары Жем, Сағыз бойын мекендепті. Бар байлығы да, дәулеті де алдына біткен малы. Шүкір, жағдайлары жаман болмапты ол кезде. Анау Маңсуалмас, Ырғызбай, Қарасай қараш әулетінің өлісінің жамбасы тиіп, тірісінің желісі созылған, малының өрісі болған жер екен. Бірақ жаңа өкімет орнап, қуғын-сүргін басталғанда мұның атасы көппен бірге босып түрікмен жеріне барады. Баяндос ол кезде тепсе темір үзетін отыз екі жасында көрінеді. Әкесі Байбарақтан қалған дәулетті шашау шығармай дөңгелетіп жүрген жігітті байдың тұқымы деп қудалау басталып, алдындағы малының бәрі үкіметке өткізіледі. Мұнымен тынбайтынын, салмағы артында жатқанын білген жігіт бір күнде түстікке ауды да кетті.

Бірақ құрығы ұзын өкімет бұл жақтан да тыныштық бермеді. Тіміскілеп арттарынан тыңшылар келе бастады, алды ұсталып та жатты. Түрікмен дейтін халықтың бір сөзділігін, өзінің досына жанын қиып беруге даяр екенін сонда көрген. Елдегі абыр-сабыр басылғанша Баяндосты бір түрікмен досы өз үйінде жасырады. Сөйтіп, аман қалған. Бірақ қорқып қалған көз ғой, бұл өкіметке көп сене бермейтін. Оның үстіне денсаулығы да сыр беріп жүрген Баяндос өзінен өрбіген үш баласы Есқуат, Палуан, Оспанның алдағы күніне қатты қобалжитын. Бірін ит жеккенге айдатып, бірін атып, бірін темір торға қаматып жатқан үкіметтің түрі жаман. Кәзір тыныш жүргенмен бір жансызы арқылы бұларға қайтадан ауыз салмасына, тырнағын батырмасына кім кепіл. Сондайдың құрбаны болып кете қойсам үш баламның бірі болмаса, бірі аман қалсын дегені болар, бір баласы Есқуатты өз атына Баяндосов деп жаздырады. Қалған екеуі Палуан мен Оспанды тексере қалса түрікмен деп ойласын деді ме, әйтеуір Баяндүрдиев деген фамилияға жаздыртады.

Білгендей істеген екен марқұм. Үкіметтің қудалауына түспегенімен, қайда барсаң да құтқармас ажалдың қанды тырнағынан құтыла алмады. Кенеттен төсек тартып жатыпты да көп ұзамай о дүниелік болып кете барған. Тағдыр бір пенделеріне қырын қарап, бар тауқыметін үйіп-төгіп арта салатыны бар ғой. Баяндостың артынан екі-үш айдан кейін әйелі да бақилық болады. "Енді тұқымыңды ешкім қудаламас, балаларың шын жетім қалды ғой" дегендей айдалада шырылдап қалған үш бала Есқуат, Палуан, Оспанды құдай деген ағайындары бөліп алып өз босағаларынан аттатыпты. Тұрланның әкесі Есқуат онда он жастан жаңа асып бара жатқан бала еді.

Тағдырдың ісіне не шара. Оған кім қарсы келіп, өз дегенін орындатып көріпті. Есқуат та бірде малтып, бірде батып өмір ағысының ыңғайында өсіп келе жатты. "Жетім қозы тас бауыр, маңырар да, отығар" демекші жүзін мұң шалып, өмірдің өксігін коп көрсе де, ілгеріге деген үмітте еді. Біреудің ағашын жарып, біреудің малын қайырып өзі үшін, артыңдағы екі бауыры үшін тынымсыз еңбек етіп жүрсе де жаман оқыған жоқ. Оқуын бітіріп Ашғабаттағы университетке түседі. Бірақ арттағы тумаластарының жайы оны аяқтауға мүмкіндік бермеді. Ауылға қайта оралып жұмысқа кірісті. Егіншілікпен айналысатын ел ғой, бозторғай шырылымен бірге тұрып, кетпенін арқалап егіс даласына кететін. Сушы болды, бригадир болды, әйтеуір ақ адал, маңдай терімен балаларының құрсағын ортайтпауға, қатарынан кем қылмауға тырысты. Шамасы келсе өзінің қолы жетпеген биігі - мектеп бітіргесін оқуға түсірсем, білімді қылсам деп ойлайтын. Арасында ата-бабасының таралу шежіресін айтып отыратын,- әке қамқорынан ерте айырылғанмен, үлкендерден естігенін балаларына жеткізуге тырысатын.

Ойын баласы болғанымен әкенің айтқан сол әңгімелері Тұрланның жадында жақсы сақталып қалды. Әсіресе Маңғыстау жерінде көптеп кездесер айтулы шеберлер салған әулие ескерткіштер туралы айтқанын жанына жақын тартатын. Көзі көрмесе де сонау ұшар басына құс қонақтап отыратын күмбез елестейтін. ішіне үңіліп бас сұқсаң жаңа ғана салып кеткендей бояуы қанық, небір әдемі суреттерді, ою-өрнектерді көргендей болады. Неге екені белгісіз, өзіне еріксіз тартатын, араб қаріптерімен төгілте жазылған ұлағат сөздердің шешуін тапқысы келетін. Әйтеуір өзі көрмеген, топырағын баспаған Маңғыстау өлкесі жас жігітке ерекше болып көрінуші еді. Туған жер туралы әңгіме айтушы ақсақалдар оны ертегідей әсерлеп айта ма, әлде шынымен ертегі, аңызға бөленген өлке ме, білмейді - көрсем, жетсем, білсем деген ұмтылыс жетектеп осында әкелген.

Құжырғали Тұрланның әңгімесін асықпай тыңдады. Сөніп бара жатқан отқа тамызық салғандай анда-санда сұрақтар береді. Қоштағандай басын изеп қояды. Өздеріне қатысты жұмысты ұмытып кеткендей.

Біраздан соң барып өздерінің басқармасында осындағы тарихи ескерткіштерді қайта өңдеп, қалпына келтіретін мекеме барын айтып, оның негізгі атқаратын жұмысымен таныстырды. Маңғыстау ескерткіштерінің ерекшелігін, алды жүздеген жылдар бұрын салынған зираттардың құлап, кейбірінің енді бұзылу алдында тұрған жайына тоқталды. Ал, өзі айтып отырған мекемеде қолынан іс келетін адамның жоқтығынан жұмысы көбіне-көп кідіріп қалады екен. Мұның негізгі себебі қалпына келтіру дегенді көп адамның түсіне бермейтіндігінде екен. Құлаған жерін таспен бітеп, балшық жағып кететін ол колхоздың қой қамайтын қорасы емес. Ол ескерткіште біздің тарихымыз, өнеріміз жатыр. Ол өткен замандарда өмір сүрген бізге белгісіз бір шебердің асыл туындысы. Бұл жұмысқа сондықтан да өткен-кеткеннен хабарлы, білімді, сымбат сырын жанымен ұғынып, сезіне алатын азаматтардың болуын қатты назарда ұстау керектігін айтты.

- Өзің жайлы естігенмін. Міне, танысып, білісіп те үлгердік. Енді осы жүмысқа кел. Бірлесіп қызмет жасайық,- деді.

- Апыр-ай, ағасы, - деді бұл. Сіз менің қош дейтінімді, ия, жоқ дейтінімді сұрамастан тапсырма беріп жатырсыз. Көбі далада жүретін жұмыс, оның үстіне айлығы да мардымсыз екен,- деп келе жатқан Тұрланның сөзін Құжырғали бөліп жіберді.

- Ия, қарағым, ол рас. Шыжыған күннің астында айдалада жұмыс жасау кім-кімге де оңай емес. Жасыратын несі бар, бірде суың жетіспесе, бірде керекті материал дер кезінде бармай қалады. Ондайда екі көзің төрт болып сонау көз ұшындағы шаңға қарап "анау келе жатқан көлік пе, әлде құйын ба" деп отырғаның. Сөйтіп жүріп тапқаның осында көлеңкеде балмұздағын жеп, шекілдеуігін шағып отырған әйелдің тапқанынан артық емес. Көп адам соған бола кетіп қалады. Бірақ інішек-ау, қалай болғанда да осы топыраққа жаны ашып, өткеніне жаны сыздайтын бір азамат керек қой. Басқа адам ата-бабаңның сандық түбін ақтарғанмен ондағы әрбір заттың киелі екенін, заман өте келе сом алтынға бергісіз болып бағаланатынын қайдан сезінсін. Бір күндік тірлігін мақсат еткен адамнан, түстік жауаптылық талап ете алмайсың. Әңгімені қой, сенің қолыңнан келетінін де, түбі осы жұмысқа бет бұрғаныңа өкінбейтініңе сенем. Ал енді шалдардан демеу сұра да, жұмысқа кіріс,- деп шығарып салған.

Содан осы жұмысқа кірісіп кеткен. Алғашында жүрексінгені де рас. Шындығында да қайта қалпына келтіру деген Құжырғали айтқандай балшықпен сылап, үңірейген жерін бітеп кету емес қой. Ойына Өзбекстанда жүргенде көрген Самарқан, Бұқараның сәулетшілерінің жұмысы түсті. Асықпай, әр жасаған ісіне мән бере, бұрынғы өрнегін сақтап жасап жатушы еді. Қашан көрсең де сол. Артынан барып білді ғой. Бұл жұмыс асыққанды қаламайды екен. Керек десең жоғарыдағылардың жағаңнан алып жататын жоспар дегенге де көп бағына бермейді екен. Өйткені бағзы шебердің қолынан шыққан әр бұйымды, сол қалпында қайтадан өмірге әкелу деген біле білген адамға оңай шаруа емес.

Тұрланның алғашқы бастаған жұмысы "Қалың арбат" болатын. Одан кейін "Қырықкезде" жиырма шақты кереге тамды қайтадан қалпына келтірді. Содан кейін-ақ "Жамбауылдағы", "Қаракөздегі", "Белтұрандағы" жұмыстар бір-біріне жалғасып кете барды.

Қай әулиенің басына барса да алдымен сол жердегі салынған ескерткішті аралап шығатын әдеті. Өзінің қолға алар объектісімен қатарлас, дәуірлес салынғандарды қарап бір-бірімен ұқсастығын, айырмашылығын қарайды. Көп ұзамай-ақ аты-жөні белгісіз шебердің қолынан шыққан туындыларды айыру белгілі бола бастайды. Өйткені әр шебердің өзіне тән қолтаңбасы, өзіне тән жұмыс өрнегі болады.

Маңғыстау жеріндегі ескерткіштер көбіне-көп фундаменттен кетеді. Талай адамның таңдайын қақтырған небір айшықты туындыларды өмірге әкелген шеберлердің неге оның іргетасына мән бермегені белгісіз. Сонымен қатар кейбір құрылыстың іргесінен топырақ алынғаны да көзге ұрады. Әрине оған шебер солай тапсырма берді деуге келмес. Бірақ адамдардың қай уақытта да қиындықтан қаша жүретіні белгілі. Алыстан балшық тасуға ерініп, іргесінен ойып ала беруі де мүмкін. Артынан ол жерді топырақпен толтырғанымен, оның бұрынғы қатты қалпын сақтамайтыны белгілі. Міне, осылай іргетасы (фундаменті) жоқ тамның сәл ойпаңдау жеріне су жинала береді де, ақыры оның бір қабырғасының отыруына әкеліп соқтырады. Алғашқы түскен сызат, жарық уақыт өткен сайын үлкейе береді де, күмбездің опырылып түсуіне әсер етеді. Егер бұрынғы шебер фундаментін дұрыс салғанда осы күнге талай ескерткіштің міні құрымай сол қалпында тұратыны даусыз еді.

Ал кейбір табаны отырмаған күмбездердің де құлағаны немесе құлау қаупінде тұратындары кездеседі. Оған басты себеп шебердің кезінде сол ескерткішті салардағы тас таңдауынан да болады. Керекті тастың сол жерден табыла қоюы да қиын нәрсе. Ондаған, тіпті кейде жүздеген шақырым жерден түйемен тасып әкелу оңай емес. Осыған байланысты сол ескерткіш салынған жердегі пайдаға асады деген тасты пайдаланады. Ал оның жетілмеген, піспеген тас та болуы мүмкін.

Піспеген тастан қаланған ғимарат уақыт өте келе табиғат құбылыстарына қарсы тұру қабілетінің төмендігінен тез үгітіледі.

Осындай кемшіліктері болмаса бұрынғы шеберлердің ісіне мін тағу өте қиын. Тастардың ара жігін білдірмей бір-бірімен қиюластыруы, кәзіргі цемент орнына пайдаланған бекіткіш балшықтарының беріктігі кім-кімді де таңғалдырғандай. Үлкендердің айтуы бойынша жылқы қылы мен тастың ұнтағын араластырып бие сүтімен илейді екен.

Қалпына келтіру жұмысы сенен көп тер төгуді талап етеді. Уақыт үрдісіне шыдамай опырылып ортасына түскен ғимараттың ұлы жобасын көз алдына елестеткенмен, шын мәнінде оның кезінде қандай болғаны шеберге белгісіз. Әрине кәрі құлақ қариялардан естігенін, көргенін сұрағанмен ауызша айтылған әңгіме дәл қандай болғанын жеткізе алмайды. Қолында қалған сызба сірә жоқ. Сондықтан тау болып үйіліп жатқан әрбір тасты мәпелеп ұстап жинақтап, оның қай жерге қаланғанын анықтау қажет.

Тұрлан әу бастан, осы жұмысты қолға алғанда оның бәз-баяғы қалпын сақтауға тырысты. Құлаған тастарды лақтырып тастау, болмаса өз ойыңмен оған басқаша көрініс беру, ол -өткенге қиянат жасау, ғасырлар бойы тұрып бізге сұлбасы жеткен бір кездегі шебердің еңбегін бағаламау, керек десе халықтың асыл өнеріне немкетті қарау деп есептейді.

"Қолға алған жұмысымда шама келе сөл тастың үстіне қонған шаңын да қалдырғым келеді" дейді ол. Осы айтылған бір ауыз сөздің өзінде оның өткенімізге деген, тарихымызға деген, өнерімізге деген қаншама Сүйіспеншіліктің жатқаны айтпаса да түсінікті.

Белгілі сәулетші Бек Ыбыраев бірде оған әңгіме үстінде "Қисайған тасты кескенің, тарихты кескенің" деп еді. Сол сөзде үлкен мағына жатыр екен. Халқымыздың басынан өткен тарихымызды түгендеуде бір кезде қаланған, өз орнын тапқан қара тастың да атқарары көп екенін білді.

Баяғыда алғаш кездескенде Құжырғали ағасының "қалпына келтіру жұмысы бұл қой қораны бүтіндеу емес" дегені жиі-жиі еске түседі. Кейбіреулер күмбез ішіндегі немесе сыртындағы ою-өрнектерді қайтадан жаңғыртам деп баттитып сырлап қояды. "Бұл жаңғырту емес, екінің бірінің қолынан келмес бір кездегі өнердің қандай екенін түсінбеу, сезіне білмеу",- дейді Тұрлан.

Маңғыстау жерінде сопылық ілімнің дамып, өркендегені белгілі. Олардың исламға белгілі айтулы тұлғаларының табаны тиген бұл топыраққа. Сопылық ілімде әсемдікті бейнелеудің өзіндік жолы болған.

Сәдуақас Ағатаев ағасының:"Басқа жерлерде, айталық дұнған, өзбектердің, парсылардың архитектуралық құрылыстарында адамның көзі алдымен өрнекке түседі. Яғни, олар бірінші кезекте өрнекке жұмыс жасайды. Самарқан, Хиуа, Бұқара сәулет өнерлері осының айғағы. Ал, Маңғыстау ескерткіштерінде көзге бірінші құрылыс нысаны, содан кейін барып өрнек көрінеді. Яғни, өрнек сол нысанға қызмет етеді. Маңғыстау өрнектерінде өте нәзіктік бар, өйткені оған сопылық ілімнің ықпалы тиген. Қарапайым ғана мысал, айталық адам үстіңдегі көк шапан. Оның жиегіне салынған өрнек те сондай. Көзің бір түстен екінші түске баяу ауысады. Сондықтан шапанды өрнек күйінде емес, шапан күйінде көреміз",- дегені бар еді. Маңғыстау жеріндегі үздік туындыны жаныңды тебірентер өрнек осылай асқақтата түседі. Ал оған, алыстан көзге бірінші түсетіндей етіп баттитып, қызылды-жасылды бояу жағу оның бәсін түсірмесе, көтермейді.

Үздік туындыларға біздің жер асты мешіттері жатады.

Әрине олардың қай заманда салынғаны туралы әртүрлі пікірлердің айтылып жүргені шындық. Кейбір археологтар олардың салынуын тым ерте заманға апарып тірейді. Бірақ менің ойымша, бұл құрылыстар жерімізге ислам діні орнағаннан кейін салынған сияқты,-дейді Тұрлан. Өйткені қай жер асты мешітінің жасалу, салыну жолдарына зерделеп көз салып қарайтын болсақ, оларда бір жазылмаған заңдылық бар. Ол михрабының құбылаға қарауы, намазға тұратын алаңның болуы, ер және әйел адамдарға арналған бөлме, ұстаздар отыратын бөлме және кітапхананың болуы. Сонымен қатар бұл мешіттердің төбе бұрыштарында дұғалық жазылады. Міндетті түрде екі құдығы, қасиетті ағаштары болады.

Әрине қай ғасырда салынса да оның кейбір бөлмелері күтімсіздіктің салдарынан құлап, болмаса көміліп қалады. Жер асты мешіттерін қалпына келтіру жағдайларында оларға алдымен өлшемдік сызба жүргізіліп, тазалау жұмыстары жүреді. Топырақ шамамен жылына 3 см өсіп отырады. Аршу, тазалау кезінде көптеген жайлардан мағлұмат алуға болатыны сондықтан. Қайта өңдеу жұмыстарына сол жерден алынған мағлұматтардың көп көмегі тиеді.

Армансыз адам болмайды ғой. Ден сау болса алдыма қойған мақсаттарым жетерлік. Ашып айтатын бір нәрсе - халықтың бұрыннан келе жатқан жолынан ауытқымай, қолымнан шыққан туындының өткенмен үндестік табуын қай жұмысымда да басшылыққа алып отыру.

ЕСҚУАТ МЕКТЕБІ

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ақүйіктегі атақты Тәжіке сұлудың күмбезін жөндеуден басталған маңғыстаулық ескерткіштерді қалпына келтіру ісі жалпы алғанда өлке экономикасы мен мәдениетінде өз орынын алды деп есептейміз. Бұл істе бізде екі мектеп -Нұрқабай мектебі және Есқуат мектебі қалыптасты. Екеуі бірін-бірі қайталамайды, әрқайсысының тек өзіне ғана тән қолтаңбасы көзге көрініп тұрады, жұмыс әдістері де бөлек, стильдері де айрықша. Бір өлкеде осындай екі мектептің болуы заңды да, пайдалы да құбылыс. Жария болмаса да бар, көрінбесе де сезілетін текті бәсекелік осы бір істің біздің топырақта дұрыс дамуына көп септігін тигізіп тұр. Бүгінгі әңгіме - Есқуат Тұрланның мектебі жайында.

Маңғыстау жерінде адайлық сәулет өнерін, оның ерекшеліктерін ғылыми негізде ашып, талдап, жүйелеп мойындаған, қазақтың талай сәулетшілері мен осы саланы зерттеушілері: Ә.Марғұлан, М.Меңдіқұлов, Б.Ыбыраев, С.Әжіғалиев т.б. жазған ғылыми еңбектер көпшілікке кеңінен таныс. Осы ерекшеліктер бүгінгі ескерткіштерді қалпына келтіру ісіне өте ауыр міндет жүктейді. Маңғыстаулық ескерткіштерді қалпына келтіру кезінде жергілікті адайлық сәулет өнеріне тән идеология, философия, әдістеме, стиль мейлінше ескеріліп, есепке алынуы тиіс. Барлық өнер түріндегі сияқты біздің сәулеттің де озық тұстары көп, сонымен бірге қалып тасқан заманына байланысты кемшін қырлары да жоқ емес. Бұл іске араласам деген азаматтан осы жайттарды түйсіну және осы түйсігін жұмысында шеберлікпен пайдалана білу талап етіледі. Біздіңше Тұрлан Есқуатұлының азаматтық және кәсіби деңгейі осы талапқа сай келеді.

Маңғыстаулық тамдарда фундамент кездеспейді. Неге біздің тамшылардың кезінде топырақтың ерекшелігін де, ғимараттың салмағын да, жергілікті жердегі климаттың желкемділігін де біле тұра өзі тұрғызған құрылысқа конструкциялық негіз керек екендігін ескермегені түсініксіз. Тұрлан өз ісінде жұмысты ең алдымен осы фундаменттен бастайды. Тұрған ғимаратқа оны бұзбастан тұғыр жасау өз алдына арнай әңгіме қажет ететін құрылысшылық әдіс. Тұрланның осы әдісті үнемі әрі шебер қолдануы, әрі іс біткеннен кейін осы атқарылған жұмыстың білінбей тұруы көрерменнің оған деген ризашылық сезімін туғызады.

Біздің көне тамшылардың шеберлігінің асқандығы сондай, олар өз туындыларына белгілі бір бейне беруге ұмтылған. Тастан жасалса да ғимарат болса да кейбір күмбез-сағаналардан әйел адамға тән нәзіктік ап-айқын сезіліп тұрады. Міне, осындай ұмтылыстар кейде конструкциялық беріктікке қайшы келіп, уақыт өте келе құрылыстың қирай бастауына әкелген. Тұрлан Қамысбайдағы, Ақшорадағы кейбір ескерткіштерді жөндеу кезінде көне сәулетшілерге терең құрметпен қарай отырып, олардың қолтумасын кәзіргі сәулет ісінің жетістіктерін үйлесіммен пайдаға асыра қалпына келтірген.

Тұрлан өткен ғасырдың 90-жылдарында Қырықкез, Бекі, Масат-Ата, Шопан-Ата бейіттеріндегі ескерткіштерді жөндеп, қоршауға алуға қатысты. Қаракөздегі сағананы, Жыңғылдысайдағы Қапаш мешітін консервациялауды іске асырды. Ал оның Бекет-Ата кешенінде реставрация басшысы қызметінде атқарған жұмысы ұшан-теңіз, сол себепті өз алдына бір бөлек әңгіме. Тек екі мәселеге назар аударғым келеді. Біріншісі - осы кешендегі жөндеу жұмыстарының жобалау ісін басқарған Сәдуақас Ағатаевтың көптеген сәулеттік-құрылыстық шешімдерінің дұрыстығы уақыт өте келе айқындалып келеді және екіншісі - осы шешімдерді шеберлікпен жүзеге асырған Тұрлан мен оның шәкірттерінің еңбегінің кезінде бағаланбауы.

Ескерткіштерді қалпына келтіру ісінде көптеген күрделі мәселелердің шешімін таппай отырғаны Тұрланды қатты қынжылтады. Мысалы, жобалау-сметалау ісі әлі де болса жетілдіруді қажет етіп тұр. Көптеген жобаларда жергілікті құрылыс материалдарының ерекшеліктері ескерілмейді, жердің шалғайлығы, климат жағдайы есепке алынбайды, орталықта отырған кейбір жобалаушылар біздің көне сәулетшілердің өте бай ішкі жан дүниесін түсінбейді.

Жергілікті тас шеберлерін тәрбиелеу ісінде біршама тәжірибе жинақтаған Тұрлан бір көрнекті кешен (Қараман-Ата, Шопан-Ата сияқты) жанынан класс-шеберхана ашуды қолға алып жатыр. Келешекте бұл шеберхана маңында лаборатория ұйымдастырмақшы, мақсат - жергілікті құрылыс материалдарын жөндеу ісіне лайықтау және көне ескерткіштердегі ою-өрнектерді, бояуларды қалпына келтіруді зерттеу. Жобалау-сметалау ісін де облысқа әкелу керек деп есептейді.

Өлке өнерін зерттеуші, әйгілі әнші марқұм ізбасар Шыртанов Қызылсайдағы Әбілғазы тамының әсем ою-өрнектерінің реставрация кезінде сүртіліп кеткендігін мұңая отырып жазып еді. Туған өлкесінің түйір тасына дейін құдірет санап, төбесіне ту қылып көтерген ағасының ескертпесін Тұрлан өзіне тапсырған аманат деп есептейді.

Алқажан Еділхан.

Өлкетанушы

АТАЛАР АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ

Біздің әңгімелесіп отырғанымызға да біраз уақыт өтіпті. Көше шамдары әлдеқашан жанған. Әңгіме тізгіні әрине Мақсат ағамызда. Алдындағы темекісін тұтатып алады да, асықпай отырып менің сұрақтарыма жауап қайтарады.

- Сәулетшілік дейтін өнерге қалай келдің деген сенің сұрағыңның кейде өзімнің де ойыма оралатыны бар. Дүниеде себепсіз ештеңе жоқ. Алдыңа қойған мақсатыңның да аяқ астынан өзгеруі мүмкін. Мен оқу бітіргеннен кейін әскер қатарына кетпегенімде, бәлкім, әлі күнге дейін мұнайшы болып жүре берем бе, кім білсін. Орта мектепті бітіргеннен кейін Атырау қаласындағы мұнай техникумын бітірдім. Ол уақыттың талабы сірә белгілі. Қолыма дипломды алғаннан кейін Қаратонға жұмысқа жіберді. Мұнайшы деген мамандықтың біздің қазаққа етене болып кеткендігі сондай, осы кәсіпті атадан балаға жалғастырып келе жатқандар Қаратон бойында жетерлік еді. Бірақ мен мұнайшылар әулетінен емес едім. Атамекенім Маңғыстау. Анау бір ел басынан өткен аласапыран жылдары орынсыз тағылған кінәдан біздің әкеміздің түрмеге қамалып, бір жақтан екінші жерге жел айдаған қаңбақтай ауып жүруінің соңы Атырау қаласына келіп тірелген. Топырақ сол жерден бұйырды оған. Өзім туған жерге кеш оралдым.

Мұнайшы болып көп жасай алмадым. Көп ұзамай әскер қатарына шақырды. Үш жыл өмірім Украинаның Николаев қаласыңда өтті. Әскер қатарында болған уақыттарын көп адамдар өсу, шыңдалу жылдарым деп жатады ғой. Ол шындық. Көп нәрсені үйретеді. Өмірге деген көзқарасың өзгереді.

Ал, мен үшін сол әскер қатарында өткен үш жыл шыңдалу, толысу ғана емес, білімімді жетілдіріп, болашақ мамандығымның сара жолына бет алған жылдарым десе де болады. Жаңа бір сөзімде әкемнің репрессияға ұшырағанын айттым ғой. Әкем Сұлтан да, атам Нұрқабай да кезінде дәулетті, ел алдында абыройлы болған адамдар екен. Жаңа үкімет орнағанда қудаланып кете барады. Атам Нұрқабайдың денсаулығы болмай бір жылдан кейін қайтыс болады. Ал өз әкем Сұлтанның маңдайына тағдыр небір ауыртпалығын, азапты жылдарын артады. Ұзақ уақыт Карлагта болады. Дәмі таусылмаған адам жүре береді ғой. Балықшы керек болады да Астраханға ауыстырады. Жаман балықшы болмаса керек, артынан ақталып сол жерде тұрақтап қалады. 1932 жылы елдегі жанұясын көшіріп алып кетеді. Астрахань облысында«Қалмаққыр» дейтін жер бар сонда тұрдық. Әрине орыстармен аралас-құралас тұрғасын, әрі мектепті орысша оқығасын мен сол тілді жетік білдім. Бұл менің болашағыма көп септігін тигізді. Техникумда оқып жүргенімде де, әскер қатарында болғанымда да көп қиналған жоқпын. Әскерде жүріп кешкі мектепте оқып орта білім алдым. Жаман оқымасам керек, аттестатымдағы бағаларымның көбі төрт пен бес болды.

Николаев қаласы облыс орталығы. Көптеген оқу орны бар. Соның бірі кеме жасау институты болды. Ол кезде, кеңес уақытында бүкіл одақ бойынша осындай жоғары оқу орны үш қалада Ленинградта, Приморскіде және Николаевта ғана болатын. Соңғы жылы командирімізден рұқсат алып осы оқу орнына құжаттарымызды тапсырып сынақтан өттік. Қабылдандық. Әрине сырттай бөліміне. Елге қайтар уақытымда бірінші курстың барлық пәндерінен «жақсы» деген баға алғанмын. Алға қойған мақсатымның бірі романтикаға толы алысқа жүзетін кемемен дүниенің төрт бұрышын шарлау болатын. Сонымен не керек, әрі Отан алдындағы борышымды аяқтап, әрі өзім қалаған жоғары оқу орнына түсіп елге оралдым.

Маған тағы да Қаратондағы жұмыс ұсынылды. Бірақ мұнайшы болуды көңілім қаламады. Әкеме Украинада жұмыс жасап оқуымды аяқтағым келетінін айттым. Қарсы тұрмады. Өзі сауатсыз болса да заман оқығандікі екенін білетін әкем балаларының білім алғанын қалайтын. Бар айтқаны:«Орыс болып кетпе, елің, жерің осында. Бітіргесін елге орал. Ата-бабаларымыз осы Ұлы Теңіздің төсінде жүріп те сонау ықылым заманнан күнін көрген. Осыннан дорбаласаң да күніңді көретініңді ұмытпа»деді.

Сонымен қайтадан Николаев қаласынан бір-ақ шықтым. Бір құрылыс мекемесіне ағаш шебері болып орналастым. Жатақхана да табылды. Бірақ ол жерден жайым бола қойған жоқ. Жан-жақтан келген кілең қиық құлақтар кеш болса болды жиналып алып арақ ішеді. Аядай бөлменің іші көк түтін. Буынын арақ жеңгендер бір-бірімен төбелесіп те жатады. Ол жерде сабаққа дайындалмақ түгілі басыңмен қайғы боласың. Не керек, бірінші семестрде бір-екі сабақтан экзамендерімді тапсыра алмадым. Осылай жүре берсем оқуды алып кете алмасым белгілі. Одан құтылудың жалғыз жолы жатақханадан кетіп өз алдыма үй жалдап тұру. Сонда ғана «құйрықтарымнан» құтылып әрі қарата оқуға мүмкіндігім бар. Солай істедім де.

Сөйтіп жүргенде бұрын әскерде бір болған танысымның кездесе кеткені. Көптен бері кездеспеген достар басымыздан өткенді айтып жатырмыз. Менің кәзіргі жайымды естіген ол:

- Әй, Мақсот, сен әскерде жүргенде сурет салуға шебер едің ғой. Мен саған бір ақыл айтайын. Одессада бүкіл одаққа белгілі пединститут бар. Сен мына оқуыңды қой да, соның көркемсурет графика бөліміне бар. Түсетініңе, қиналмастан алып кететініңе мен кепіл. Әуелден жаныңа жақын кәсіп емес пе,- дегені.

Жұмыс жасаймын, оқуымды бітірем деп әкеме берген уәдемнің ойлағанымдай болып жүрмегеніне қиналып жүрген маған мынау таптырмас ақыл болып көрінді. Бұрынғы оқуымнан құжаттарымды алдым да, Одессаның пединститутына тапсырдым.

Өте жақсы оқу орны еді ол. Студенттерге берілетін білімі де, үйретер өнегесі де көп болды. Әсіресе сабақ беруші мұғалімдері бүкіл одаққа белгілі атақты суретшілер болатын. «Өнер тарихынан» дәріс оқитын Галкер Яков Абрамович дейтін болды. Қай уақытта да оның сабағында аудиторияда ине шаншар орын болмай аузы-мұрнынан шыға адамдар жиналушы еді. Артынан барып білдік қой, оның лекциясын тыңдауға тіпті басқа институттардан да келеді екен. Бір суреттің салыну тарихының осыншама күрделі, мән-мағынаға толы екенін сол кісінің алдыңда ұқтық. Кейбір студенттер өзіне берілген сұраққа байланысты «ол суретші пәленінші жылы туып, пәленінші жылы өлді» деп бастай бергенде-ақ тоқтатып тастайтын. Суретші өмірінің ғұмырлы екенін, оның қолынан шыққан асыл туындының ғасырлар бойы жасай беретіні жөнінде жаныңды тербеп, тереңге жетелейтін тағы бір әңгімесі жалғасып кете баратын-ды. Үзіліс дегенді ұмытып сұңғыла ұстаздың аузынан шыққан сөзін тыңдай бергің келеді.

Бірақ мен бұл оқу орнын да толық аяқтай алмадым. Екінші курсты бітіргенде ауылдағы әкемнен хат алдым. Өзімнен кіші інімнің Алматыға оқуға түсуіне байланысты әкем сонда ауысуымды сұрапты. Өмірден көрген, түйгенің бар, қасында болып қамқорлығыңды жаса депті хатында. Әке сөзін жерге тастау, сылтау айту қанымызда жоқ екені белгілі. Студенттердің құрылыс отрядының құрамында Тюменге кетіп бара жатқан мен, қайтар жолымда Алматыға соғып пединститутқа жолығатынымды айтып әкеме жауап хат жаздым.

Сөйтіп 70-ші жылдың күзінде Алматыға ауыстым. Жасыратын несі бар, Одессадай үлкен қалада айтулы суретшілер алдыңда дәріс алған маған жаңа оқу орнындағы кейбір ұстаздардың сабақ беру тәсілі, тіпті олардың білім деңгейінің көңілімнен шықпағаны рас. Бірақ бұл оқу орны менің болашағыма, мамандығыма жол ашты. Маңғыстау сынды өлкенің өткеніне үңілуіме, қазақтың өзге жеріне көп ұқсай бермес тарихи ескерткіштерінің ерекшелігіне мән беріп үйренуіме, ақыры осы топырақта туып өскен айтулы тұлғаларына өз қолыммен күмбездер тұрғызуыма жол сілтеген Алматыдағы оқуым, содан кейінгі қызметтерім себепші болды. Осы күндері артта қалған сол жылдарды ризашылықпен сағына еске алатыным бар.

Үшінші курста жүргенімде К. Байпақов, З. Ақышев, С. Ақынжанов бастаған археологиялық экспедиция құрамында Отырар қаласында болдым. Қарапайым жұмысшы қатарында болсам да топырақ астынан шыққан құмыраларды, тот басқан жебе ұштарын, тағы басқа да заттарды мәпелеп тазалап отырған археологтардың әрбір ісіне мән бере қарайтынмын. Кейбіреулерінің бетінде бұдан қаншама жыл бұрын екені белгісіз жазулар ұшырасады. «Апыр-ау, деймін сонда оны он шақты ғасыр кейінге шегеріп айтқан археологтың сөзінен кейін. - Бұл қазақта күні кешеге дейін жазу, сызу болған жоқ. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғана білім алып қатарға қосылды дейтіндері қайда». Өздері қазып жатқан қаланың қалпына келтірілген сызбасын көргенде кез келгенді қызықтыра тартатын архитектуралық құрылыстың бір кездегі ата-бабаларымыздың қолынан шыққандығы мақтаныш сезімін оятатын.

Осылай сәулет өнері мені бірте-бірте өзіне тарта бастады. Соған деген қызығушылығым болар менің дипломдық тақырыбым «Маңғыстаудың сәулет өнері» болды. Әрине Алматыда жатып бұрын көрмеген Маңғыстаудың сәулет өнері туралы еңбек жазам деудің ақылға сыймайтыны белгілі. Менің алдымда оны барып көру, аралау міндеті тұрды. Ол жақта менің нағашыларым бар еді. Ертеректе руы бәли Өсербай дейтін болыс өткен. Ол кісі туралы XX ғасырдың басында өлкені аралаған Гаспар Насибянъц өз еңбегінде жазған. Менің шешем осы Өсербайдың баласы Ахметтен туған. Шешемнің інілері Бегейбай, Шүкірбайлар Шетпеде тұратын. Солар көлік тауып беріп Қамысбай әулиесін араладым. Маған сол уақытта өлкедегі ең үздік сәулет өнерінің жиынтығы осы Қамысбай әулиесінде сақталғандай болып көрінген. Міні құрымаған күмбездер, кереге тамдар, құлпытастарды аралап кешке дейін жүрдім. Көлеңкеде отыра қалып суретке салам. Тіпті өзімнің шөлдегенімді де ұмытып кеттім. Алған әсерімді ауызбен айтып жеткізу қиын.

Алматыға келіп жұмысымды жетекшім Елена Павловнаға көрсеттім. Ол кісі Маңғыстауды көптен бері зерттеп жүрген Алан Георгиевич Медоевпен танысып, кездесуге ұсыныс айтты. Атақты ғалыммен танысуым маған үлкен мектеп болды. Әсіресе кешкісін оның бөлмесіне небір мықтылар жиналатын. Түнгі сағат 11-12 дейін отырыс болады. Қазақ жерінің өткен-кеткені жайыңда айтылған әңгімелердің менің болашақ өмір жолыма ықпалы аз болмады-ау деймін.

1972 жылы институтты бітіріп, Атырау қаласына жолдама алдым. Өзінің көп ақыл-кеңесін берген А.Г.Медоевпен қоштасып кетуді парыз санап алдына барғанмын. Ол кісі әй-шәйға қарамай жолдамамды өзгертіп өзіне, жобалау бөліміне жұмысқа алды. Жұмыс көп, жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріне іс-сапарға шығамыз. 73-75 жылдары Орталық Қазақстанда, 1976 жылы Маңғыстауда болдық.

1977 жылы Мәдениет министрінің орынбасары болып Өзбекәлі Жәнібеков келді. Бір келгенде біздің мекемеде көпшілікпен кездесу өткізді. Әркім жасалған жұмыстар, алдағы міндеттер туралы айтып жатты. Бір жағы ешкімге жалтақтауды ұнатпайтын мінезім шығар, бір жағы өзімді мазалап жүрген ойым болар, мен әйтеуір марқұм Өзбекәліге:

- Жыл сайын Маңғыстауға іссапарға шығамыз. Сызамыз, болашақ жасалар жұмысты жобалаймыз. Бірақ іс жүзінде орындалып жатқан ештеңе де жоқ. Бәрі де шаң басқан қағаз күйінде қалып жатыр. Өткенге деген жанашыр көзқарас жоқ,- деген өз ойымды айттым.

Сонда Өзбекәлі: - Сіздің ойыңызша мен қордаланып қалған мәселені бір жылда шеше алады деп ойлайсыз ба,- деп өзіме қарсы сұрақ қойды.

Артынан барып білдік қой. Қазақ жеріндегі теңдесі жоқ ескерткіштерді сақтап қалу жайы оның да жанын қинап жүрген негізгі мәселенің бірі екен. Бір күні министрлікке Өзбекәліге шақыртты. Жұмыс саласын жете білетін адаммен сөйлесудің өзі бір ғанибет. Адамды өзіне бірден баурап алатын қарапайымдылығы, асқан білімдарлығы шығар оның алдына барғанда үлкен қызметтің тұтқасын ұстаған адамның исі де байқалмайтын. Өзіңді еркін сезініп, еркін ұстайсың. Ол көп ұзамай Маңғыстауға жүретінін, қосшы қылып мені ертіп кететінін айтты.

Содан Ақтауға келіп ертесіне Форт-Шевченко бағытына бет алдық. Жолда кездескен тарихи ескерткіштер-әулиелерге соқтық. Кейін айналып Шетпеге қонып одан әрі Үстіртке бет алдық. Не керек, айналасы үш-төрт күн ішінде Өз ағаң Маңғыстаудағы көптеген әулиелерге соғып, сол жерлердегі ескерткіштердің ерекшелігімен танысты. Таңданысын жасырмады. Алматыға қайтып оралғасын Маңғыстауда ескерткіштерді қалпына келтіру бөлімін ашып мені соған жұмсады.

Міне, осылай 1980 жылдардан бастап менің өлке жеріндегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарым басталды. Алғаш қолға алғаным Ақүйіктегі Тәжіке сұлудың күмбезі. Бір қапталы түгелге жуық құлап қалған болатын. Кезінде бұл өлкедегі айтулы ескерткіштің бірі болған. Ол кез қиын уақыт еді. Материалдардың жетіспеуі, орталықтан қашықтығы дегендей кедергілер көп кездесті. Бірақ өзіміз межелеген уақытта бітірдік.

1990 жылы Қашағанға, 1992 жылы Бараққа, 1993 жылы Исаға, одан кейін Астрахань облысындағы Қызылжарда Құрманғазыға ескерткіштер орнаттым. Әрине ол уақыттарда қай жерде де жағдай ауыз толтырып айтатындай жақсы болмағаны белгілі. Дегенменде өз ісіңе деген сүйіспеншілік, алдыңа қойған мақсаттарың жолыңа кездесер қандай кедергіден де алып шығады екен.

Мен өзімнің қолымнан шыққан ескерткіштерге шама келгенше қазақтың ою-өрнегің көрсетуді мақсат еттім. Біздің жерімізге кезінде Орта Азия өнерінің ықпалы тигені рас. Бұрыннан да салынып келе жатқан арканы одан әрі дамытуды қолға алдым.

Мен үшін ең күрделісі, бәлкім қиналып істейтін жұмысым болашақ салынар ескерткіштің сызбасын жасау үстінде болатын сияқты. Сызып отырғанда оның әр тасын қалап отырғандай әсерде болам. Жалпы бұл жұмыс маған асықпауды, қапылып істемеуді, сонымен қатар шыдамдылыққа үйретті. Әрине ойындағы істің бірден жүзеге аса қоюы да қиын нәрсе. Мен жұмысты бастарда өз-өзіммен болып әулие аралағанды ұнатам. Сол кезде кенеттен жаңа ойлардың келе қалатыны болады. Маған аруақтар көмектескендей болады сонда. Шындығында да солай шығар. Әйтеуір әрбір басталар істің алдында мен олардан демеу күтем, ата-баба рухтарына табынам.

Сәулетшілік өнерді тағдыр кез келген адамның маңдайына жаза салмайды. Бұл қасиетті кәсіп. Оны алып жүру үшін, ілгері дамытып отыру үшін біліктілік, білімділік қажет. Қолыңнан шыққан жұмыстың өміршең болғандығын қалайсың. Сондықтан атадан жалғасып келе жатқан өнерді жаңамен ұштастыра білу басты назарда болуы керек. Сонымен қатар өз ісіңді жалғастырар ізбасар тәрбиелеу шебердің басты міндеті. Жастарға сенім арту керек. Олар сенің ойыңды, ісінді ертеңге жеткізеді. Өлкеміздегі көрерге көз керек сансыз ескерткіштер бір-біріне жалғасып келе жатқан асыл тіннің өміршеңдігі арқылы жетіп отыр. Бір өкініштісі осы өнерді оқытып, үйрететін арнаулы мектептер жоқ бізде. Соны қолға алуымыз керек. Болашақ шеберлерге деген жан-жақты қамқорлық қажет. Сонда ғана қасиетті өлкеміздегі талай-талай асыл мұралар көз алдымызда жоғалып кетпей өзімізден кейінгі ұрпақтарға жетеді. Менің алға қойған мақсатым да, арманым да ескіні сақтап қалу, жаңаны дамыту, аталар аманатына деген адалдық.

ОСОБЕННОСТИ ПРАЗДНОВАНИЯ НОВОГО ГОДА НАУРЫЗ В МАНГИСТАУ

Мангистауский край обладает одной уникальной особенностью, связанной с его географическим местоположением. Дело в том, что на протяжении последних, по крайней мере, 600 лет эта территория отрезана от основного культурного мира пустынными труднопроходимыми пространствами плато Устюрт со всеми вытекающими из этого последствиями. Тот или иной народ, которого принимала мангистауская земля, как бы оказывался законсервированным в банке. Своеобразный "затерянные мир" по-мангистауски. Самое важное в этом было то, что при длительной изоляции от динамичных процессов развития кочевого мира Великой степи и земледельческого Юга духовная культура мангистауских номадов не подвергалась серьезным изменениям. Поэтому именно здесь до настоящих дней мы можем наблюдать массу реликтовых, давно исчезнувших в "окультуренном" мире, верований и обрядов, уходящих своими корнями к истокам цивилизаций. Именно по этой причине на Мангистау казахи-адаи сохранили традиционность начинать встречу кочевнического Нового года с 14 марта.

Самое удивительное, что проявления первобытной духовности здесь сохранились и в материальном воплощении. С древнейших времен и по наши дни мангистауское население применяет в строительстве легкодоступный природный камень известняк-ракушечник. Это предопределено геологической историей формирования рельефа Мангистауской области и является еще одним из аспектов уникальности этого края. Как неудивительного этот, казалось бы, легко разрушаемый материал, может длительное время сохранять свою форму и конструкции из него возведенные. Построенные две-три тысячи лет тому назад сооружения из других материалов давно бесследно исчезли или изменили свой облик до неузнаваемости. Постройки Мангистау даже в разрушенном виде несут массу информации о быте, культуре, верованиях и архитектуре древнего населения. Еще впереди то время, когда по настоящему, полно и всеобъемлюще, будет оценено искусство мангистауских мастеров по обработке камня. Сейчас мы стоим только на пороге познания каменного зодчества этого необычного края.

Теперь, когда читатель проникся духом гордости за историко-культурное наследие Мангистау, мы вернемся к празднику Наурыз и попытаемся приоткрыть занавес некоторых тайн кочевников Великой степи и, вместе с тем, кратко рассказать о самой выставке. Кстати, название этого праздника не тюркского происхождения: оно заимствовано из иранского языка, где "Новруз" переводится как "новый день".

Начнем с очень важного отступления от темы, не теряя главной нити повествования. Наурыз - это календарный праздник, связанный с весенним равноденствием (время, когда продолжительность дня становится равной продолжительности ночи), которое наступает по современному календарю 22 марта. Если быть более точным, то это астрономическая дата, определяемая наклоном оси вращения Земли к плоскости ее орбиты. Еще в школе мы изучали, что ось Земли не стабильна, а как бы раскачивается при ее вращении, в результате чего наша планета наклоняется к Солнцу то северным полушарием, то южным. Поэтому и существует четыре времени года, имеющие строго астрономическую первооснову. По этой же причине меняется и продолжительность светового дня. В древности люди не имели научной основы понимания причин этих процессов, но в результате многовековых наблюдений могли очень точно производить расчеты времени по Солнцу и Луне и сводить их в цикличный, т.е. повторяющийся, счет, именуемый сегодня календарем.

Календарь-система счисления длительных промежутков времени, основанная на периодичности таких природных явлений, как смена дня и ночи, смена фаз Луны, смена времен года. Смена дня и ночи определяет солнечный цикл времени-сутки. Смена фаз Луны - синодический месяц, средняя продолжительность которого равна 29,53 суток. Цикличность смены сезонов (весна, лето, осень и зима) порождает тропический год, равный 365,24 суток. Стремление людей согласовать между собой временные циклы суток, месяца и года привело к тому, что в разные эпохи было создано много различных календарей, которые можно разделить натри главные типа: лунный, солнечный и лунно-солнечный.

Наиболее древнейшим счетом времени является лунный календарь. Первые достоверные свидетельства о наблюдениях за фазами луны и их счета относятся к верхнему палеолиту (20-25 тыс. лет назад). Год в этом календаре состоял из 12 лунных месяцев по 29 или 30 дней. В настоящее время мусульманский лунный календарь существует в ряде арабских стран. Количество дней в месяцах в этом календаре меняется с таким расчетом, чтобы первое число месяца начиналось с появления на небе "нового месяца", т.е. в новолуние. Продолжительность лунного года 354 или 355 средних солнечных суток, что короче солнечного года на 10 суток.

В песках Кызылкум на полуострове Бузачи была сделана очень редкая находка. В окрестностях пос. Тущикудук археологи нашли каменный предмет условно именуемый "утюжком". Эти предметы бытовали в обиходе человека в конце каменного и медного веков, а их назначение по сей день является загадкой. Но ученых заинтересовал, казалось бы, примитивный орнамент в виде рядов косых штрихов, покрывавший поверхность "утюжка". Подсчет количества насечек в каждом ряду и их математическое счисление привел к удивительному открытию-на "утюжке" был запечатлен календарный счет лунного года! Не смотря на то, что этой находке как минимум 5 тысяч лет, древний астроном был точен в своих подсчетах: 11 месяцев по 29 дней давали погрешность почти в шесть суток, поэтому двенадцатый месяц насчитывал не 29 или 30 черточек, а 36! В общей сумме лунный календарь древних мангистаусцев насчитывал 355 солнечных суток.

Некоторые исследователи полагают, что переход к солнечному календарю был обусловлен появлением в конце каменного века земледелия и скотоводства, подчиненным природным ритмам солнечного года. Наблюдения людей за природными явлениями позволили выявить закономерности между сменой теплых и холодных сезонов года, продолжительностью светлого времени суток и места восхода Солнца над линией горизонта. По продолжительности светового дня солнечный год был поделен на четыре равные отрезка времени, в основном соответствующие природным сезонам. Самый короткий зимний день приходился на 22 декабря (день зимнего солнцестояния), самый длительный" летний день соответствовал 22 июня (день летнего солнцестояния), а время, когда день равнялся ночи определялось 22 марта и 22 сентября (дни весеннего и осеннего равноденствия). В день весенне-осеннего равноденствия Солнце вставало точно на востоке, после чего его восход плавно смещался в левую сторону на 23,5 градуса; к летнему солнцестоянию и на 23,5 градуса; в правую сторону к зимнему солнцестоянию. Если в лунном году считали смены фаз Луны, то в солнечном требовалось наблюдение за смещением Солнца на восходе относительно недвижимых ориентиров на местности. Ими могли быть как природные объекты (высокое дерево, гора) или ориентиры сотворенные руками человека.

В 1993 году мангистаускими археологами на территории областного центра были завершены исследования могильника позднего бронзового века (конец 2 тыс. до н.э.). Помимо остатков двух каменных гробниц и жертвенника археологи нашли здесь обломки трех каменных стел, имевших точные астрономические привязки. Две стелы и одна гробница были установлены по линии восхода Солнца в период весенне-осеннего равноденствия, третья стела и другая гробница образовывали линию с точной ориентацией на запад. В свою очередь плоскости стел отмечали направления юг-север, восток-запад и восход Солнца 22 декабря. Актауский могильник является неоспоримым свидетельством соотношения природных ритмов Земли с хозяйственными нуждами первых кочевников Мангистау.

Сохранившиеся на Мангистау до наших дней каменные стелы большая редкость. Нам известно только пять менгиров, среди которых наиболее известным является Кайрактас Ерсары. Изучение его назначения и других стел дело будущего. Но, следует отметить, что примеры тщательного осмотра местности при исследовании главным образом погребальных археологических комплексов позволяют выявлять большое число обломков и врытых оснований длинных каменных блоков. Местами обломки собираются в целые стелы. В 2003 году в ходе археологических раскопок остатков культово-погребального сооружения в местности Меретсай была найдена стела, на одной плоскости которой были прорезаны змеевидные линии, а на другой система лунок и тоже змеевидных линий. Пока нам очень сложно трактовать смысловое значение этих изображений, но эта находка свидетельствует о том, что стелы были не просто ориентирами на местности, а имели культовое назначение.

Вернувшись к значению календаря в жизни древнего человека, хотелось бы коснуться вопроса, почему казахи Мангистау Наурыз отмечают не 22, а 14 марта?

Ответ кроется в системе счета времени. Известно, что у тюрок Южной Сибири счет времени велся девятками дней, которые группировались в четыре температурных цикла, совпадающих в основном с четырьмя сезонами года. Отсчет велся с зимнего солнцестояния, после которого начинает прибавляться день. Зимние холодные девять девятидневок - это время "рождения" и "умирания" мороза (с 23 декабря до 14 марта). С 14 марта наступала весна-время "взросления" листьев и пение кукушки. Возможно, что эта традиция "перекочевала" на Мангистау вместе с казахами-адаями в первой половине 18 века. Сейчас трудно понять, чем руководствовались древние тюрки, деля солнечный или лунный год девятками. Но девятка и сорок (9x40=360+5=365 суток солнечного года) -числа на простые и часто встречаются в древних культах и верованиях. Очень интересным видится семантика числа 40, соотносимого с рождением и смертью человека. По широко распространенным народным преданиям сорок дней новорожденный еще не человек и сорок дней душа умершего находится среди людей. Самое удивительное, что и 9 тоже соотносится с мифическими сюжетами о жизни и смерти: вспомните европейскую поговорку о девяти жизнях кошки, или девять месяцах, которые женщина вынашивает ребенка, или поминальных церемониях на девятый день после кончины. То, что мы в своих рассуждениях на правильном пути, говорит еще один этнографический факт. У казахов следом за празднованием Наурыза идет время Бес кунак. Легенда гласит о пятерых гостях, вышедших в это время в непогоду и погибших в степи. В среде коренных мангистаусцев это время называется "между жизнью и смертью". Опять удивительное совпадение с жизненным циклом человека и годовым циклом-вот те дополнительные пять суток к 350 дням! С полной уверенностью можно заключить, что эти совпадения не случайность", а звенья стройной единой системы верований древнего населения, построенной на извечных философских вопросах бытия человека: "Кто есть Я?"

Жизнь древнего человека, его быт и мышление находились в тесном взаимодействии с проявлениями великой и таинственной природы. Верования человека в бессмертие человеческой души зарождаются как подобие циклов природных явлений-каждодневное рождение и умирание Солнца, месячная смена фаз Луны, расцвет и гибель природы в течение года. Жизнь и смерть человека воспринимались как момент вечного круговорота бытия. Жизнь и смерть рассматривались, как временные цикличные явления, подобно движению солнца по небосклону и его пребывание в темном мире. Людьми было придумано много мифов, легенд и сказок, объяснявших, например, смену череду солнечных рассветов и закатов. Вспомните всем известную детскую сказку о Красной Шапочке, где она, будучи съеденной злым волком, чудесно освобождается добрыми охотниками. Вот вам и объяснение, куда исчезает на ночь солнце и почему утром опять появляется.

Ход времени, определяемый жизнью и смертью всего сущего, происходил по кругу. Не случайно в тюркских эпических повествованиях временной цикл изображался змеей, свернувшейся в кольцо. Каждый поворот "колеса времени" сопровождался ритмичным повторением: рождался и умирал год, день; рождались и умирали боги, люди, растения и животные. Представления о бесконечности жизни человека нашли яркое воплощение в погребальных обрядах и церемониях.

В этом году в местности Улькенкудук недалеко от некрополя Шопан-ата силами Мангистауского историко-культурного заповедника будут проводиться археологические раскопки культово-погребального комплекса конца бронзового века. Этот памятник уже необычен только тем, что здесь ранее было частично исследовано захоронение человека, произведенное в могиле в форме яйца, стенки которой облицованы вертикально установленными каменными плитами. Сам умерший был погребен в позе эмбриона-скорченно на боку. Подобное захоронение в своем роде уникальное, но прекрасно согласуется с древними мифологическими представлениями. Мировое яйцо-главный образ в мифах о сотворении мира, уподобляемое первозданному хаосу, словно взболтанному яйцу, из которого рождаются вселенная, небо, земля или солнце, культурные герои и род человеческий. Яйцо наделено и солнечными символами. Так бог солнца Древнего Египта Ра рождается из яйца птицы "Великий Гоготун". С яйцом связаны и представления о воскрешении (пасхальные яйца). Таким образом, яйцо в мифах многих народах соотносится с рождением и воскрешением. Захоронение улькен-кудукского человека-это попытка осмысления первыми кочевниками Мангистау жизни после смерти, беспрерывности жизненного цикла, уподобляемого бессмертию Матери-природы и жизнедающего Отца-солнца.

Интересно, что в народных поверьях сохранилась разгадка числового соотношения 14 и 22 марта. Эти девять дней отводились на празднование "Кун тогыс" - дня весеннего равноденствия. В эти дни люди поздравляли друг друга с праздником, ходили в гости и готовили праздничное блюдо "Наурыз коже".

По преданиям, счет месяцев у казахов определялся луной. Для установления числа месяцев в году казахские есепши (народные астрономы и предсказатели) постоянно наблюдали за движением луны. Их наблюдения дали возможность разделить год на 12 месяцев, месяц-на три декады. Счет времени определялся периодами растущей и убывающей луны. Не исключается возможность, что эта традиция была заимствована казахами через мусульманское духовенство. Однако у казахского народа сохранились и отголоски счета времени по солнечному календарю, где каждый год делился на 6 месяцев лета и 6 месяцев зимы. Отправной точкой счета наступления Нового года являлся день весеннего равноденствия.

Возможно, что древний кочевник не просто вел устный счет времени, а имел наглядный календарь, опирающийся на четыре даты, без ошибок определяемых по солнцу. Не исключено, что столь развитый календарный счет солнечного года кочевники могли в глубокой древности заимствовать у земледельческих народов. Но самое главное, биологические ритмы жизни домашних животных были сопряжены не с лунными фазами, а с сезонными циклами, диктуемыми обращением Земли вокруг Солнца. Мы не исключаем того, что календарный счет времени был зашифрован в конструкции переносного жилища кочевника-юрте.

Пространство юрты отождествлялось с моделью мира. Крыша юрты сопоставлялась с небесной сферой, а узловая конструкция навершия шанырак имела знаковую символику Солнца (крест, очерченный кругом). В мифологических представлениях древних этот символ ассоциировался с колесом солнечной повозки, котящейся по небосклону. Однако первичным знаком солнечного божества был крест, сопоставляемый многими исследователями с летящей птицей. Из этих представлений родился поэтический образ возрождающейся из пепла птицы Феникс являлось одним из главных объектов поклонения древнего населения Земли. Мангистауские кочевники обожествляли дневное светило и строили в честь него храмы. Геродот сообщал о массагетах, обитавших на восточном берегу Каспийского моря: "Единственный бог, которого они почитают, это-солнце. Солнцу они приносят в жертву коней, полагая смысл этого жертвоприношения в том, что самому быстрому богу нужно приносить в жертву самое быстрое существо на свете". В планировку храмовых построек, изученных археологами в местности Тубежик на Тупкараганском полуострове и у колодца Байте на плато Устюрт, был положен солярный символ. Эти культовые сооружения в плане имели круглую форму с крестовидными внутренними помещениями. Крестовидную планировку имеет и подземная мечеть Шакпак-ата, что позволяет высказывать предположение о ее ином назначении в доисламский период. Не удивительно, что шанырак юрты имел солярную символику и до настоящих дней сохраняет к себе уважительное отношение среди кочевого населения. В Казахстане шанырак включен в государственную символику.

Существует предположение, что проекцией солнечной благодати через шанырак на землю являлось центральное место в юрте, где располагался очаг-покровитель семьи, начало, объединяющее мир богов-небожителей, общину людей и каждую семью. Огонь домашнего очага был призван оберегать пространство юрты и ее обитателей от бед и зла. Мы обратили внимание и считаем не случайным, что в орнаментике камышовых циновок вокруг входа в мангистаускую юрту до настоящего времени сохраняется изображение креста-самого древнейшего знака небесного огня-солнца. Уникальной особенностью мангистауских родовых кладбищ является сохранение еще в новом времени традиции изготовления культовых и поминальных светильников, лунка для возжигания жертвенного жира которых выполнялась в виде косого креста.

Следует заметить, что солярная символика в декоративно-прикладном искусстве местных казахов очень распространена. Ее можно встретить на серебряных перстнях, в тканых и войлочных узорах, декоративных элементах многочисленных надгробных сооружений.

В мангистауской юрте имеется один необычный конструктивный элемент, привлекший наше внимание. Это ак-баскур-широкая тканая лента, служившая для стягивания по периметру деревянного каркаса юрты. В отличие от кызыл-баскура, аналогичного по конструктивному применению, ак-баскур имел декоративные зоны с делителями. При этом зоны по орнаменту никогда не повторялись, а их среднее количество составляло 12. Может быть, орнаментальные зоны соответствовали 12 месяцам года, а уыки-продольные жерди конструкции крыши, в нижней части пересекающие ак-баскур и делящие его на сектора-играли роль своеобразных засечек. Самое удивительное произошло при введении математического алгоритма в количественное соотношение уыков и 12 орнаментальных зон. Общепринятая конструкция юрты (6 канатов) состоит из 108 уыков. Если мы поделим это число на 12 месяцев, то получим таинственную девятку тюркского календаря. Конечно, наша гипотеза очень сырая и требует всестороннего осмысления. Но эти числа не являются случайными, т.к. конструкция юрты отрабатывалась втечениеЗ-4 тысячелетий!

А. Астафьев

ЮРТА ПРЕДСТАВЛЕНИЯХ, ВЕРОВАНИЯХ И ОБРЯДАХ КАЗАХОВ

Одним из самых ярких объектов традиционной бытовой культуры кочевников и полукочевников является разборно-решетчатое жилище-юрта. История развития такой сложной и в то же время простой в обращении и весьма удобной для кочевой жизни конструкции жилища интересовала многих исследователей. В дореволюционный период сведения о юрте казахов оставили многие авторы, среди которых следует особо отметить Ч.Ч. Валиханова и П. Маковецкого. В советский период о юрте писали Б.А. Куфтин, А.Х. Маргулан, М.С. Муканов. Но все исследователи рассматривали ее главным образом в аспекте особенностей казахского кочевого хозяйства и быта, тогда как каждый компонент материальной культуры изучается и с точки зрения вложенного в него символа, знака, идеологии, что отражается в связанных с ними представлениях, верованиях и обрядах.

Для кочевников, не имевших стационарных жилищ и проводивших большую часть времени в "неорганизованном' пространстве (степь), первым "жилищем" по их представлениям являлось пространство между Небом и Землей. В большой надписи в честь Кюль-Тегина читаем: "Вверху небо тюрков-снизу тюркская священная земля..." В этом тексте нетрудно уловить смысл о том, что Небо и Земля принадлежат тюркам, являются их "большим домом". Думается, не без связи с культом двух священных начал -Неба и Земли, которые в представлении древних тюрков были "большим домом", "рожденных между ними человеческих сынов" складывался семантический смысл "малого дома"- юрты. И, видимо, не без связи с этим древним представлением в фольклоре казахов Земля и Небо сравниваются с большим жилищем или с убранством жилища. Вот примеры казахских загадок о Земле и Небе:

Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем?

Тең-тең, тең киіз,

Екі арасы кең киіз?

Әуп дедім, әуе жасадым,

Ептедім-септедім,

Қара жерді түптедім.

Один ворсовый ковер.

Другой безворсовый ковер (?)
Пара одинаковых кошм,
Между ними широкое пространство (?)
Что-то поднял

С возгласом "ауп" создал я небо.

[Затем] различными действиями изловчился сделать днище из черной земли (?)

В последней загадке поднятый с усилием шанырак сравнивается с Небом, а пол юрты-с Землей. Аналогию "небо-крыша" мы встречаем в представлении древних тюрков: "Танрим очун бизка" [небо мое (божество) крыша нам]. Как видим, казахская загадка сохранила глубинный семантический пласт представлений о юрте, которая в народном сознании повторяла конструкцию Вселенной.

Большой по размеру юрте казахи давали аллегорическое сравнение: керегесі жер тістеп, уықтары көк тіреп [решетки остова вонзаются (буквально: кусают) в землю, уыки подпирают небо]. Таким образом, в казахском фольклоре прослеживаются глубинные параллели между двумя формами жилища кочевников: "большого дома" - поднебесья (точнее, пространства между Землей и Небом) и малого дома-юрты.

Тесную связь и параллель между образно-концептуальной моделью мира и юрты в представлении народа мы видим и в следующем. Каркас юрты состоит из трех частей: кереге (решетчатый остов) уық (жерди, подпирающие верхний купол), шаңырақ (верхний круг),- каждая из которых составляет определенный уровень по вертикали. В свою очередь, кровельное войлочное полотно также имеет три части: туырлық (покрытие решетчатого основания юрты), үзік (покрытие купольных жердей) и түндік (войлок, закрывающий верхний круг). Таким образом, и кровельный материал по вертикали составляет три уровня.

В представлении казахов мифологический мир также имеет трехслойный, трехуровенный характер. Ч.Ч. Валиханов пишет: "Казахи считают, что на небе есть жители-люди. Они опоясываются под горлом. Мы живем в середине, на земле, и носим пояс на середине тела, люди же подземные носят пояс на ногах". Казахи, как и многие народы мира, в человеческом теле по вертикали выделяют три части (уровня) - голову, туловище, ноги. Исследователь космологии А. Турсунов подчеркивает: "В основании всех натурфилософских концепций прошлого можно выделить одну старую мысль. Эта идея изначальной соотнесенности человека и Вселенной как двух самостоятельных, но внутренне взаимосвязанных начал".

11о мнению Ю.А. Зуева, традиционное деление казахов на три жуза связано с древней традицией организации у кочевых тюрко-и монголоязычных народов Центральной Азии.

Все эти данные подтверждают мнение о том, что в мифологической картине мира моделью служили либо человеческое тело, либо человеческое жилище, либо человеческое общество.

Возведение юрты напоминает соединение трех пространств по вертикали (кереге, уық, шаңырақ), до окончания которого в центре остается бақан-символ мирового дерева. Согласно древним воззрениям кочевников, юрта-это малый Космос. Вознесение шамана на шаңырақ. отраженное в мифологии народа, понимается как странствие его в небесном царстве и встреча там с духами - покровителями. Для нас в этом особый интерес представляет параллель "шаңырақ - небо". Действительно, с внутренней стороны шаңырақ вместе с уыками образует как бы небосвод. Таким образом, казахская юрта представляла собой копию макрокосма.

В мифологии народов мира человек, человеческое общество, жилище и модель мира являются взаимосвязанными, универсальными категориями. При создании жилища человек уподоблял его не только "большому дому" - макрокосму, но и себе подобным. Не потому ли существует так много созвучных терминов, обозначающих части тела человека и отдельных элементов юрты: керегенің басы (голова кереге), керегенің көзі (глаза кереге), керегенің қүлағы, аягы (уши, ноги кереге), уықкөз (глаза уыка), балашык (детеныш), (самые короткие планки решеток); маңдайша (лоб, верхняя часть косяка двери), үйдің сүйегі (кость юрты, остов юрты).

Кіндік (пуповина, центр внутреннего помещения юрты), қабырға сүйегі (реберные кости, синоним уыков). Имеются такие термины и в названиях различных узорных лент: басқұр, бас бау, аяқбау, иық бау, белдеу; понятия "голова", "нога", "туловище", "плечи" в каждом случае сочетаются с потянием бау - узорная лента.

Во всем этом мы находим подтверждение закона мифотворчества в концепции пространства, когда обыденное сознание человека отождествляет жилище с человеческим телом, моделью мира.

В работах по казахской юрте до сих пор существует неправильное членение ее внутренней структуры. Обычно при определении внутренней планировки жилого пространства точкой отсчета исследователи берут вход в жилище. При этом часть по правую руку от входящего в юрту человека считается правой, а левая-левой. На самом деле такое членение противоречит традиционному названию внутренних частей юрты, ибо левую от входа часть юрты казахи называют оң жақ (правая половина), а правую - сол жақ (левая половина). На наш взгляд, это противоречие вытекает из-за неправильности исходного пункта выбора исследователями описания внутренней планировки юрты. По тюркской традиции внутреннее членение юрты велось от человека, сидящего в төр (расположен в противоположной от двери самой отдаленной от входа части юрты) и ориентированного лицом на восток. В таком случае оң жақ будет находиться по правую руку, а сол жақ - по левую руку сидящего в төр человека, что и соответствует действительному положению вещей.

Остановимся на семантике и функциональном назначении каждой части казахской юрты, которая в горизонтальной плоскости делится на семь частей.

1.Төр-место для почетных гостей, сакрализованная часть юрты. Обычно в төр располагаются жүкаяқ, жүк (постельные принадлежности на декоративной подставке), вывешиваются ружье, декоративная плетка, домбра и другие ценные вещи. По мнению языковедов, слово төр происходит от древ нетюркского глагола торумек/тору, что означает "закон", "положение", регулирующее взаимоотношения племен, родов и отдельных людей. В этом же значении слово төр встречается в некоторых алтайских языках. В монгольском тор-строй, государство, руководство, власть, закон. Блюстителей обычаев, законов внутри рода, племени называли торе, а место, где положено сидеть таким почетным людям - төр.

В представлении казахов төр не только почетное место, но и сакральное. Раньше тұл-заместитель умершего в течение года после смерти человека-ставился в тор.

Левее төр и чуть ниже-место хозяев юрты (сол жақ), где располагается их постель, оно является как бы семейной половиной.

Здесь же, ближе к двери, размещаются кухонные принадлежности, в том числе саба-огромный бурдюк для кумыса. Иногда эта часть юрты отгораживается чиевой перегородкой.

Правая половина юрты (он жақ) обычно отводится взрослым детям семьи или достигшим совершеннолетия девушкам. Отсюда у казахов эпитет для взрослой совершеннолетней девушки - оң жақта отырған қыз, қонақ (девушка, сидящая в правой половине, гостья). На наш взгляд, правая половина юрты в целом семантически была гостевой частью. Это подтверждают и похоронные обряды казахов. Если хозяин умирал, тело его переносили с левой половины юрты на правую. Этот обычай приводит к мысли, что правая половина юрты принадлежала временным членам семьи или же была гостевой. Представление о покойнике как о госте известно и у других народов. Можно предположить, что казахи причисляли покойника к категории гостей и потому переносили его с семейной половины в гостевую часть юрты. Эту мысль подтверждает название угощения в честь покойника (қонақ асы) и устоявшееся выражение: "Өлік неше күн қонақ болды?" ("Сколько дней гостил [покойник]?"). Перенесение покойника на правую половину юрты, возможно, связано также со стремлением удалить труп из кухонной части.

Часть юрты ближе к двери (оң жақ) предназначалась для расположения конской сбруи.

Есік жақ, есік кіре беріс - входная часть, место у входа-непочетная часть юрты. Во время крупных сборищ это место отводилось обычно гостям молодого возраста. У богатых казахов это было место придомных рабов и слуг (құл, күң).

Поэтому в отношении их у казахов существовало выражение: "Есікте жүрген адам", или "біздің есікте жүрген адам" ("Человек, обитающий у наших дверей").

В центре юрты находится ошақ. Это не только топографический центр ее, но и функционально важное, сакральное, священное место. Почитание очага выражалось в умилостивлении духа огня-хранителя очага. При первом заходе в юрту свекра или в свою свадебную юрту (отау) невеста лила растопленное сало в огонь очага. При этом отправитель обряда и присутствующие женщины приговаривали: "От-ана, Май-ана жарылқа" ("Мать-огонь, мать-Умай, благослови"). С почитанием очага связан целый ряд запретов. Казахи обычно избегали специального тушения огня в очаге, а старались постоянно его поддерживать или же предпочитали, чтобы огонь сам угас. Обычно на ночь тлеющие угли закапывали глубоко в золу и на следующий день получали от них огонь. Для далеких предков казахов угасание огня в очаге означало прекращение жизни семьи. Поэтому у них одно из самых тяжелых проклятий гласило: "Ошақта отың өшсін" ("Пусть погаснет огонь в твоем очаге"). Во время окота овец казахи не давали огонь из очага, ибо по их представлениям это могло вызвать ненормальное прохождение окота, различные бедствия в семье и т.д. Исследователь С.А. Каскабасов дает такую этимологию казахского слова отау: "Очевидно, первоначально слово отау было образовано от отты алу или от алу (брать огонь) и возникло в связи с обычаем брать огонь из родового очага при расселении рода". Действительно, при выделении сыновей из семьи их наделяли отдельной юртой, малым казаном от большого отцовского очага или же чем-нибудь из кухонной утвари, имеющей отношение к очагу.

Э.В. Севортян, исследуя значение слова отаг (отау) в различных тюркских языках, вслед за П. Мелиоранским и Г.Дерфер, приходит к выводу, что формы этого слова имеют единую основу, каковой является либо глагол oтa - отогреваться, разжигать дрова, либо глагольный-корень от со значением "разводить, разжигать огонь".

В представлении казахов "қазан-ошақ" (очаг) является символом продолжения рода, функционирования семьи.

Поэтому казахская пословица гласит: "Қатыныңнан айырылсаң да, қазан-ошағыңнан айырылма" ("Если даже с женой разведешься, не расставайся со своим казаном-очагом").

Как видим, в горизонтальной планировке казахская юрта имеет четко разграничивающиеся семь частей, каждая из которых несет определенную функциональную и символическую нагрузку, а также отражает религиозно-мифологическую картину мира ее создателей. Это, на наш взгляд, самое удобное, оптимальное использование круглого в горизонтальном разрезе жилища. Здесь, по существу, учтены все стороны семейной жизни и всему в ней отведено свое место для гостей, взрослых членов семьи и детей; для хранения посуды и продуктов; для хозяйственных вещей, приготовления пищи и обогрева помещения. Такая тщательная разработанность внутренней планировки юрты говорит о длительном пути ее эволюции и освоения внутреннего пространства.

В горизонтальной планировке наряду с семичастным делением можно усмотреть и двухчастное. При таком делении условной осью является линия, проведенная от төр к двери. Левая половина является семейной, т.е. женской частью-здесь располагается ложе хозяев, кладовка, правая-мужская, ибо в этой половине находятся вещи мужского назначения (конская сбруя), кроме того, как мы уже говорили, эта половина предназначалась для непостоянных членов семьи (покойник, просватанная взрослая девушка, гости) всех их мы условно называем гостями. Вообще в горизонтальной планировке связывание левой половины с женским, а правой с мужским началом характерно для многих народов.

Дверь и шаңырақ как границы, через которые совершается связь с внешними, неорганизованными, неосвоенными мирами (Земля, Небо), представляют собой особо важные части в горизонтальном и вертикальном планах юрты. Поэтому столь много различных представлений и верований связано с сакральностью и высокой степени знаковостью этих частей юрты.

Наиболее почитаемой, сакрализованной частью юрты является шаңырақ. С одной стороны, это граница между верхом и низом, с другой-между внешним и внутренним. Через шанырак жители юрты связываются с сакральными небесными светилами: солнцем, луной и звездами. Попаданию дневного света, лучей солнца в жилище через шаңырақ казахи придавали особое значение. Наверное, поэтому в первые месяцы после свадьбы невестка обязана была вставать с восходом солнца и приоткрывать кошемное покрывало (түндік) над шаныраком. В этом действии молодой усматривали глубоко символический смысл.

Семантика шаңырақа P.P. Фатиковым рассматривается в аспекте горизонтального плана шаңырақа с орнаментом "крест, заключенный в круг". На основании этой аналогии исследователь приходит к выводу, что структура шаңырақа у евразийских кочевников можно рассматривать и как модель Мира, близкую к скифо-сакской. На наш взгляд, модель Мира составляет не шаңырақ, а остов юрты в целом. В бытовом делении юрты также можно выделить четыре части: төр, есік, оң жақ, сол жақ. Таким образом, бытовой (культурный) горизонт юрты в плане представляет собой четырехугольник (квадрат), заключенный в круг. Купол, образуемый уықами и шаңырақом, соотносясь с квадратным культурным горизонтом, символизирует соединение Неба и Земли.

В системе перекодировок "макрокосм и жилище" шаңырақ, будучи самум верхним углом юрты, соотносится с небосводом. В казахском шаманизме шаман очень часто возносится на шаңырақ, там встречается со своими духами-помощниками, потом опускается на Землю. В этом действии мы усматриваем параллель с широко распространенным у сибирских шаманов представлением о странствовании их в верхнем мире - на Небе. Итак, в шаманском представлении древних тюрков, позднее казахов, шаңырақ и Небо-сопоставимые понятия. Небо - Көк аспан (синее небо)-имеет глубинную концептуальную связь с культом бога Тәңір. Особая сакрализация шаңырақа объясняется его связью с двумя важнейшими древне-тюркскими культами-культом Тенгри и культом предков.

Шаңырақ и дверь, будучи проницаемыми границами вертикально и горизонтально организованных структур, считались наиболее уязвимыми частями. Поэтому шаңырақ и дверь на ночь обязательно закрывались, здесь вывешивались вещи с апотропическим значением. Например, у босаға (дверные косяки) вывешивали локтевую кость барана (кәрі жілік), который считался хранителем от различных. бед; обычно у порога на ночь оставляли в плоской посуде молоко (ақ), чтобы змея не навредила жителям юрты; во время родов с целью предотвращения прихода различных злых духов к роженице у двери держали ақ шағыр ат (светлоглазый конь), а у шаңырақа-беркута.

Всем действиям у входа (выхода) приписывался важный смысл (семиотичность). Так, при первом входе свекра в юрту или в отау невеста по обычаю должна была у порога совершить три поклона, прислониться головой к косякам двери, переступить пороге правой ноги; казахи запрещали детям прислоняться к косякам двери (босағаға сүйенбе), стоять у входа (босағада тұрма). В случае частой смерти детей при последующих родах пуповину резали на пороге; у некоторых казахских племен носилки с покойником перед выносом три раза опускали и поднимали у порога и т.д.

Казахи говорят: "Есіктен қырық қадам шыққан адам мүсәпір" ("Человек, отошедший на сорок шагов от порога своего дома, уже странник, нуждающийся в покровительстве"). В народном представлении пространство за пределами организованной структуры жилища представляет собой мир стихии и дикой природы.

Наряду с шаңырақом и босаға важное ритуальное и сакральное значение имеет очаг. Казахи называли его кіндік (пуповина, пуп юрты).

Отец при отделении сына снабжал его отдельной юртой, но даже если юрта выделяла сторона невесты, то и тогда шаңырақ и босаға выдавал отец жениха Таким образом, шаңырақ был знаком продолжения рода, его символом, поэтому с потомках обычно говорили: "Әкесінің шаңырағын құлатпай, түтінін түтетіп отыр" ("Поддерживаетотцовский шаңырақ (юрту) и огонь в ней"). Шаңырақ и семья - тесно связанные понятия. Когда в семье большая беда или семья распалась говорят: "Шаңырағы шайқалды" (Шаңырақ покачнулся").

В представлении казахов шаңырақ, дверь и очаг были связаны и служили как бы символом продолжения рода. Поэтому их старались передавать из поколения в поколение. В случае смерти хозяев, не имевших потомства, шаңырақ юрты оставляли на могиле, что означало конец родового колена. Устоявшиеся казахские благожелательные выражения: "Шаңырағың биік, босағаң берік болсын" ("Пусть твой шаңырақ будет высоким, стойки твоей двери-крепкими"); "Ошақта отың өшпесін" ("Пусть не гаснет огонь в твоем очаге"); "Қазан-ошағыңнан күш кетпесін" ("Пусть будет благоденствие и счастье у твоего очага") -выражают идею покоя, благополучия и счастья.

Шаңырақ в народном представлении часто выступает эквивалентом всей юрты. Об этом свидетельствует устоявшиеся словосочетания "үлкен шаңырақ", "қара шаңырақ" (дом предков), "шаңырақ салық" (дань от каждой юрты).

Одним из основных признаков, отличающих юрту от других видов переносных жилищ, является разборно-складной решетчатый остов стен. Этот элемент является настолько характерной, важной составной частью юрты, что, по мнению некоторых исследователей, название самой юрты восходит своими корнями к названию решетчатого остова. М.С. Муканов, раскрывая семантику монгольского названия юрты-терме тер, считает, что оно имеет связь с термином терме алаша (вид ткани). Нам представляется спорной связь слова терме, теру (в современном казахском языке "перебирать") с решетчатым остовом, как и перевод слов терме гер. На наш взгляд, монгольское название юрты-гэр (гер)- генетически восходит к древнетюркскому keragii, что означает "шатер", "юрта". Семантическое содержание древнетюркского слова керегю и позднего казахского кереге восходит к общему корню-глаголу кер. В свое время исследователь культуры казахов Б.А. Куфтин писал: "...слово "кереге" этимологически производится от корня "кер"- растягивать". Действительно, главной, отличительной особенностью решетчатого остова стенки юрты как раз и является способность растягивать во время установки. М.С. Муканов утверждает, что в Восточном Казахстане юрту называют одним словом-кереге. Есть основание считать такое понимание слова кереге характерным не только для восточных, но и для всех казахов. Так, в произведении одного из старейших современных писателей. А. Токмагамбетова, выходца из Южного Казахстана, на которого ссылается И. Кенесбаев, встречается выражение: "баласын үйлендіріп бөлек кереге тұрғызып беріпті" (женил сына и наделил его отдельным кереге, т.е. юртой").

Таким образом, в казахском языке слово кереге ранее употреблялось также для обозначения всей юрты. Если считать более или менее доказательным заимствование решетчато-разборной юрты древнетюркского типа монгольскими кочевниками, то и заимствование названия юрты в несколько измененном виде не вызывает сомнения.

Тюрко-монгольские параллели в названиях частей юрты касаются также и названия купольных жердей: уық (тюрк.), уни (монг.), унин (калм.). Очевидно, слово уық в семантическом отношении восходит к слову оқ (стрела), ибо длинная жердь, заостренная с одной стороны, напоминает стрелу, копье.

В тюркских языках верхний круг юрты называется шанырак, в монгольском языке-тон, в калмыцком-хара. По этому поводу в свое время Б.А. Куфтин писал: "Шангарак - один из немногих терминов, относящихся к юрте, почти однозвучных у турецких и монгольских народов-цагрык. На наш взгляд, название четырех полуобручей цагрык в калмыцком языке напоминает нам о далекой общей основе названия и этой важной составной части юрты.

Ранее отмечалось, что в процессе освоения пространства человек постепенно придает ему "характер организованной структуры". В силу этого способы структурирования жилого пространства отражают устойчивый комплекс представлений, связанный в конечном счете с представлениями о строении мира и с механизмом ориентации в этом мире. Ориентация жилища не только имеет глубоко символический смысл, связанный с религиозными и мифологическими представлениями человека, но и является как бы ориентиром, позволяющим ему в повседневной практике ощущать себя в определенной точке пространства.

Ориентация жилища, как мы уже отмечали, определяется по входу. По нашим полевым материалам; традиционная ориентация юрты у казахов была на восток. По этому поводу можно привести объяснение узбеков из группы кипчак, у которых многие обычаи сходны с казахскими: "Таков обычай наших предков. Предки говорили, что солнце-счастье, оно несет на землю все блага, изобилие человеку". Вообще восточная ориентация, поклонение восходящему солнцу является древней культурной традицией тюрков. Так как горизонтальная ориентация древних тюрков обуславливалась движением солнца, то бинарными оппозициями были: вперед (восток) назад (запад), вправо (юг)-влево (север). В соответствии с культом солнца двери жилища тюрки ориентировали на восток. Вообще восточная ориентация бытовала у средневековых-кипчаков, чьи каменные изваяния ориентировались на восток. Поклонение восходящему солнцу имело место и у гуннов, культурные традиции которых прослеживаются и у тюркоязычных народов.

После расстановки решетчатого остова один из самых старых, почетных людей рода (аула) с бақаном держит шаңырақ в центре юрты. Это место становится местом очага.

При возведении новой юрты обязательно в честь бога и аруахов закалывали барана, варили его в очаге той же юрты. Интересно, что при закалывании барана звено шейных позвоночных костей оставляли целым и варили в таком виде. После поедания мяса обглоданную шейную кость подавали будущему хозяину этой юрты и он, стоя в центре юрты, у очага, прямо выбрасывал ее через шаңырақ. Присутствующие при этом обряде приговаривали: "Түтінің түзу шықсын" ("Пусть дым из твоей юрты выходит прямо").

Нам думается, длинный шест во время установки юрты, несколько позднее дым, струящийся из очага в центре юрты и идущий прямо в небо,- все это мировое древо в разных ипостасях. В универсальном представлении народов мировое древо призвано обозначить центр-точку развертывания мира.

Во время возведения отау происходила обрядовая борьба за юрту между друзьями жениха и подругами невесты. Первые преследовали цель-снять кошемное покрывало и разобрать юрту, а вторые, вооруженные бақан или сойыл (дубинка),-упорно защитить юрту от друзей жениха. Эта обрядовая борьба мужчин и женщин кончалась выдачей подарков отряду мужчин от имени невесты и ее подруг. По универсальному представлению многих народов мира жилище, дом, "внутреннее пространство" соотносится с женским началом, а внешнее с мужским. Видимо, в этом смысл ритуала, приведенного выше. Возможно, такие порядки сложились у народов на ранней стадии их развития под влиянием половозрастного разделения труда; не исключено, что в рассмотренном казахском обряде мы имеем дело с реминисценцией порядков эпохи матрилинейной родовой общины, когда была особенно выражена принадлежность дома (жилища) женщине (поэтому женщины его и защищают).

Внутренний горизонтальный план юрты, т.е. круг, представляет собой один из самых распространенных способов ограничивают пространства. Человек с момента выделения из природы стремится установить границы и как бы обезопасить себя внутри некоторого замкнутого пространства. У казахов путник, вынужденный ночевать в безлюдной степи, обязательно выбирает для ночевки огороженное место (могила, заброшенное строение, древний курган); если же поблизости нет такого, то перед тем, как лечь спать, он очерчивает вокруг себя круг или же кладет аркан кругом, создавая своеобразную видимость замкнутого пространства.

При выборе места для установки юрты придерживались определенных правил. Обычно местом стойбища-аула выбирали урочище подальше от могильников, перекрестков дорог. В фольклоре казахов и других тюркских народов жрец Асан (Асанқайғы), указывая народам или племенам места остановки көш (кочевого каравана) и районы заселения, выступает как знаток правил освоения необжитого мира. "И поныне жители у берегов каждой реки, жители горных хребтов и урочищ передают ту оценку, которую дал этой местности в кратких изречениях-стихах Асан",- писал М.О.Ауэзов. При перекочевке с одного места на другое аул обычно поселялся там, где были следы старого жұрт (стойбища), так как он входил в категорию освоенного пространства ("обжитого места"), которое уже прошло проверку временем. Кроме того, жұрт делились на счастливые и несчастливые. Несчастливыми считались те, где прежде свирепствовали эпидемии или эпизоотии. Таких мест обычно избегали или заселяли их по прошествии трех лет после несчастья, предварительно проведя ритуальное очищение стойбища огнем.

Мы рассмотрели жилище в контексте ритуально-мифологической деятельности человека. Попытаемся теперь охарактеризовать его как ритуальный символ и как часть пространства, в котором разворачиваются обрядовые действия.

У казахов для молодой семьи готовили особую юрту. Она входила в приданое невесты. Этот обычай Г. Бонч-Осмоловский рассматривал как пережиток материнско-родовых порядков, когда мужчина поселялся в доме жены и все имущество, в том числе и дом, принадлежало женщине. Жениху вменялось в обязанность приносить верхний круг, дверь и частично кошмы для юрты, но это правило появилось, видимо, несколько позднее, когда дом уже стал собственностью мужчины. Наверное, поэтому мужья, браня за какой-либо проступок своих жен, говорили: "Шаңыраққа қара" ("Смотри на шаңырақ"). По смыслу это означало: "Ты находишься в моем доме".

Юрту молодых обычно ставили за юртой отца жениха или рядом, чуть отступив назад, но ни в коем случае не перед ней. В установке ее участвовали в основном многодетные женщины. Одна из многодетных и счастливых в замужестве женщин поддерживала шаңырақ, пока другие вдевали в него длинные жерди, образующие купол юрты: это якобы способствовало счастливой жизни, многодетности и долголетию будущей четы.

После установки юрты в нее приводили невесту. Она должна была переступить порог обязательно сначала правой ногой и ударить той же ногой по полу в левой стороне юрты. Затем заходил жених и совершал то же действие. Этот казахский обряд Х.А.Аргынбаев объясняет как клятву супругов в будущем взаимопонимании, как обязательство держать в порядке домашнее хозяйство. Соглашаясь с таким мнением, добавим, что удар ногой по полу в семейной части юрты означает, возможно, и приобщение новой семьи к духам предков, к покровителям семьи. Это подтверждает следующий за ними обряд закалывания барана в честь бога и аруахов. На следующий день или через день невесту ведут в юрту свекра. Перед входом в юрту свекра невеста должна коснуться лбом притолоки. В этом обычае можно усмотреть одно из выражений культа предков; в казахском варианте невеста через касание лбом притолоки юрты получала покровительство духов предков жениха.

Затем невеста переступала через порог юрты свекра правой ногой и трижды кланялась. Первый поклонов честь аруахов второй и третий - в честь свекра и свекрови. После этого свекровь подавала невестке растопленное сало, и она выливала его в огонь. Многие исследователи подобные обряды так или иначе связывают с культом предков. Нам кажется, этот казахский обычай имеет связь с более древними пластами религиозных представлений и первоначально относился к культу семейных святынь и покровительниц домашнего очага. Об этом свидетельствуют, как указывалось выше, сопровождающие обряд слова: "От-ана, Май-ана, жарылқа" ("Мать-огонь, мать - Умай, благослови"). У многих народов Сибири и Севера домашний очаг олицетворяется в образе "матери огня", "хозяйки огня" или "старухи огня", которой приносят Жертву.

При первом визите невесты в доме свекра для нее стелили мягкую (свежую) баранью шкуру. Одни информаторы отмечают, что шкуру стелили у входа, по другим сообщениям, ее раскладывали на левой половине юрты около очага, ближе к двери (обычно место хозяйки), и сажали на нее невесту.

Как указывалось, в первые месяцы после свадьбы молодая обязана была вставать рано, приоткрывать кошемное покрывало над верхним кругом юрты - түндік в своей юрте и у всех родственников мужа. В этом действии молодой можно усмотреть символическое значение: так она приобщает родственников мужа к солнечному свету. Возможно, не без связи с культом солнца у многих народов существуют ласкательные выражения (солнышко мое, светик мой) - каз. күнім, жарығым.

Несомненно, магико-символический смысл имело и покрытие юрты молодых белыми кошмами. Вообще белый цвет-цвет чистоты, сакральных небесных светил (Луны, Солнца, звезд), счастья и радости. В таком значении он встречается в представлении многих народов мира.

Сакральные части юрты - шаңырақ, порог и очаг часто участвуют в обрядах, связанных с родами. При затянувшихся (длительных) родах организовывали жарыс қазан (буквально: котел соревнования) - в котле варили мясо, а стоявшие вокруг женщины повторяли слова: Қара қатын бұрын туа ма: қара қазан бұрын туа ма?-"Кто быстрее родит: черная женщина или черный котел?" При трудных родах прибегал и также к следующим обрядам: роженица лила масло в огонь очага, приговаривая: "От-ана, Май-ана, жарылқа, күнәм болса кеше гөр, түйіншегін шеше гөр" ("Мать-огонь, мать-Умай, благослови. Прости, если у меня грехи, развяжи узелки моих родов''). Если ребенок появлялся на свет без звука, то, чтобы пробудить его, били по очагу. В исключительных случаях, когда дети у родителей не выживали, пуповину ребенка перерубал топором мужчина на пороге юрты. В аналогичных случаях перед укладыванием родившегося ребенка в колыбель его проносили над семью очагами. Если дети в семье часто умирали, то, чтобы предотвратить такое несчастье, послед ребенка заворачивали в кошму с семью белыми и с семью черными камешками и подвешивали на шаңырақ. Недоношенного ребенка казахи укладывали в старом тұмақ (лисья шапка) отца и деда и держали его там до 7 дней (по некоторым сообщениям, до 40 дней), повесив на шаңырақ. Кормили и ухаживали за ним, не снимая с шаңырақ. Мать в течение этого времени периодически кусала кереге. По народному поверью только при исполнении этих действий ребенок выживет и придет в нормальное состояние. Здесь, по всей вероятности, через контактную магию (подвешивание ребенка на шаңырақ, периодическое "кусание", скорее, "целование" роженицей остова юрты) недоношенный ребенок и его мать приобщаются к духам предков, получают их заботу и поддержку.

Казахи верили, что многие детские болезни, которые не поддаются никакому лечению, сами по себе исчезнут с возрастом, когда ребенок начнет разбрасывав золу у очага (ошақ басында күл шаша бастағанда жазылады). При сглазе, обычным признаком которого считали резкий крик ребенка, заставляли подозреваемого в этом вернуть сглаз. Для этого тот должен был при выходе из юрты пнул порог.

Жилище было местом и похоронно-поминальных обрядовых действий. Умершего сразу после смерти переводили с левой, "семейной", половины на правук "гостевую". Н.И. Гродеков писал: "В продолжении пяти дней... или трех дней в Аулиеатинском уезде не варят в доме, где есть покойник... Если раньше трех дней хотят варить пищу в юрте, то должны перенести ее хотя бы на небольшое расстояние, потому что в ней ангел смерти Азреил душил покойного, от чего юрта бывает запятнана кровью и осквернена (макрух). По сообщениям некоторых наших информаторов, казахи считают, что в течение трех дней юрта умершего на уровне трех көз кереге ("глазки"- отверстия в решетке остова юрты) наполняется "невидимой" кровью. Поэтому угощение в честь умершего давалось в юрте родственников умершего. Место омовения считалось оскверненным, там ставили знак или зажигали огонь и пепел от него оставляли на некоторое время. Юрту, где производилось омовение, окуривали растением адраспан (дикая рута) или можжевельником.

Из помещения умершего выносили головой вперед. По сообщениям некоторых информаторов, при выносе покойника останавливались у входа и опускали носилки с трупом три раза к порогу. Сами информаторы этот обычай объясняют по-разному: "вынос умершего из юрты именно головой и опускание у порога связано с желанием, чтобы за ним не последовал еще один покойник", "прощание покойника со своим родным порогом". Об аналогичном обычае у обских угров В.Ң. Чернецов высказал интересное соображение: "Остановку на пороге нельзя ли понять как реминисценцию древнего обычая до анимистической стадии, когда умершего хоронили в самом жилище? Ведь пережитком последнего обычая является культ очага и порога, мест, считавшихся обиталищем духов предков".

Казахи на юрте покойного в знак траура вывешивали платок, цвет которого зависел от возраста умершего: белобородому старику - белую бязь иди мату, мужчине в возрасте 25-40 лет-черный платок, а 20-25 летним-красный платок.

В период траура у казахов был обычай изготовления символического изображения умершего. "По окончании похорон внутри юрты ставят болвана, наряженного в лучшее платье и имеющего сверх него панцирь или кольчугу, а на голове шлем...".

По окончании годичных поминок существовал обряд переламывания копья (найза): "Заранее назначенный переломить найзу человек садится на почетное место в передней части юрты и приказывает джигиту ее переломить. Вдова и дочери, схватившись за древко найзы, ее защищают и не дают. В это время несколько молодых людей становятся на коленях снаружи юрты и крепко держат верхушку найзы, джигит в юрте схватывает древко посередине и переламывает его; тут поднимается такой вой, плач, стон, что нельзя ни описать, ни вообразить". Как правило, в переламывании найзы участвует родственник умершего, и по обычаю левирата он должен стать мужем вдовы.

Если вдова долго не соглашалась выйти за него замуж, то законные претенденты на ее руку при последнем предложении говорили ей так: "Некеңді біздің біреуімізбен қи не болмаса, босаға мен кебежеге қи" ("Сочетайся браком или с кем-либо из нас, или с порогом и кебеже (деревянный ящик, в котором хранятся продукты)". Это еще означало: "За другого тебя мы не отдадим". Первая часть этой формулы понятна, а вот вторая часть: "сочетайся браком с порогом и кебеже" - требует объяснения. Нам кажется, в этом изречении сохранилось архаичное представление, связанное с анимизмом. Казахи, как и многие народы, верили, что порог является местом обиталища духов умерших. Такое же представление, видимо, существовало и в отношении мест приготовления и хранения пищи. На этом основании можно предположить, что когда-то бытовавший обряд "сочетания браком с порогом и кебеже" означал, что вдова остается в супружестве с духом умершего мужа.

Таким образом, казахская юрта является не только памятником материальной культура народа, но имеет и другое идеологическое, глубоко символическое содержание, в котором сосредоточена самая разнообразная информация о религиозно-мифологической народной каргине мира.

В народной картине мира казахов и их предков моделью служили, во-первых постижимые обыденному сознанию народа внешние признаки окружающего мира (см. аналогию "макрокосм-юрта"), во-вторых, человеческое тело, человеческое жилище, человеческое общество.

Внутренняя структура юрты в вертикальном плане делится на три уровня, в горизонтальном-на семь, четыре и две части. На наш взгляд, в членении горизонтального пространства мы имеем дело с традициями разных уровней и времен: деление жилища на женскую и мужскую половины (т.е. на две части) является следствием генетического предрасположения. Четырехчастное деление внутренней планировки юрты, соотносимое с четырьмя сторонами света, исходит из общей аналогии между представлениями об устройстве Вселенной (макрокосма) и жилища. Семичастное деление жилого пространства юрты является традицией сравнительно поздней-периода высокого совершенства и полного освоения внутренней части юрты. Кроме того число семь, как один из универсальных параметров модели мира различных культурных традиций, связано с религиозно-мифологическим характером видения мира.

Шаңырақ, дверь и очаг-части юрты с высокой степенью семиотичности, знаковое и сакральности. Большинство семейных и культовых обрядов совершаются с участием этих ритуальных символов.

Важный компонент народной культуры-жилище и существенный социально экономический институт-семья-тесно взаимосвязанные, взаимообусловленые категории. Поэтому большинство семейных религиозно-мифологических обрядовых действий совершаются в жилище и с участием его отдельных ритуально важных элементов.

А. Толеубаев

"Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана ",

Москва, "Наука "-2000 г.

ШЕБЕРЛЕР ӘУЛЕТІ

Ажар апамызбен мұражай арасындағы байланыстың орнағанына да біраз жылдың жүзі өткен. Ауылдық жерде тұратын апай жолы түсіп облыс орталығына келе қалса міндетті түрде мұражайға соғып, осындағы сіңлілерімен пікірлесіп білген ақылын айтып кетуші еді. Ондай кезде оған қойылатын сұрақ та көп болады. Әсіресе қор бөлімінде істейтін Ғалия сіңлісінің білгісі келетіні тіпті тауыстырмайды. Өз ісіне қашанда мұқият, асқан жауапкершілікпен қарайтын Ғалия әсіресе апайдың жанына жақын, әр сабақ жібі мен бұрау ағашына дейін жадында сайрап тұратын киіз үй туралы, оның әрбір затының неден жасалғаны, әрбір ою-өрнегінің мағынасы қандай дейсіз бе, әйтеуір бәрін де біліп алғысы келгендей сұрақтарын қарша борататын. Кабинетінің төріне шығарып алдына қою шайын қоюды да ұмытпайды. Ондайда бәлсінетін Ажар апай болмайды. Білгенін айтады. Өзінің жұмыртқадай аппақ, кірсе шыққысыз еңселі үйін қалай жасағаны жөнінде де әңгіме өрбиді.

Соңғы кезде жиірек келетін болды. Тіпті жұмыс бабымен мұражайға соғуға мүмкіндігі болмаған уақыттарында барған үйінен телефон шалатын. Сол қашанда сабырлы, жаныңа жып-жылы әсер ететін биязы дауыс. Сөзінің алды "ой, айналайын сенсің бе" деп басталатын апай тағы да шаңырағыңның амандығын, жұмысыңды сұрап, бейнебір мұражайдың өз аулындағы бір қызметкері сияқты "маған не айтасыңдар, қандай тапсырмаларың бармен" аяқтайтын.

Пенде шіркіннің опық жейтін, өкінетін тұстары көп қой. Тірлік қамымен шауып жүріп мына өмірдің қамшының сабындай келте екенін ұмытып та кетеміз. Арсыз ажалдың қарауылына ілінген сол қимас жаныңды соңғы сапарға шығарып салып тұрып "әттеген-ай" деп өкінетінің бар. Бірақ енді сенің қолыңнан келер ештеңе де жоқ. Ол өмірден өтті, сен әзірге тағдырдың өзіңе берген аз-кем несібесін татып тірлігіңді жалғастырудасың.

Соңғы кезде оның жиі келіп, жиі хабарласатынының себебін енді біліп, енді сезінгендейсің. Бәлкім, оған әлде бір түйсік сынапша жылжып өтіп бара жатқан ғұмырды білдірген шығар. Бәлкім өзі өмір бойы қастерлеп өткен қазақ үйінің ғұмырлы болуына, оның қадір-қасиетін кейінгі ұрпаққа дәріптеп жүрген мұражай қызметкерлеріне деген ыстық ықыласын білдіріп қалғысы келді ме, әйтеуір жиі келетіні бар еді.

Осындайда оның қолтаңбасы қалған заттарды аялай қарап күні кеше өзіңмен талай кездесіп, пікірлес болған жанның екінің біріңде кездесе бермес ерекше жан болғанын еске алатының бар. Өмірден көрген тауқыметі, өнерге деген асқан сүйіспеншілігі, арғы аталарынан жалғасып келе жатқан асыл тінді жоғалтып алмай жалғастыра білгендігі кім-кімге болса да үлгі болғандай. Ойыңа Ажар апайдың бірде күліп, бірде мұңая отырып айтқан әңгімесі оралады.

- Ой, қарақтарым-ай, сыртымыздан қараған адамға төрт құбыласы түгел, ішкені алдында, ішпегені артындағы жан сияқтымыз. Бір жағынан солай екені рас та. Бұл өмірден көрген тауқыметім, қиындығым, түн ұйқымды төрт бөліп үнемі жастығымды көз жасыммен шылап шығар жетімдіктің қасіреті менің бір қапталымда әлі келе жатыр. Ол ұмытылмайды екен, ұмытылуға тиісті де емес қой. Кейде тіпті осы істеп жүрген ісіме келуіме де сол жарты көңіл, жадау иін күндерім себепші болған шығар деп ойлаймын. Өз ойыңа ерік беріп отырғаныңда өткен, кеткен жадыңа оралады. Артта қалған, жүріп өткен жолдарыңды көз алдыңа елестетесің. "Апырау",- дейтінім бар сонда. Бәлкім тағдыр біздің әулетке өзінің салқынын салмағанда, төрт құбыламыз түгел болғанда қолынан көп ештеңе келмес еркетотайдың бірі болып жүре беретін бе едім, кім білсін".

Тірлік қамымен арпалысып жүріп осы бір өнерге бет бұрыппын. Шүкір, абыройсыз да емеспін. Құдайдың қолдағаны шығар, ата-бабаларымның аруағы шығар, әйтеуір көштің алды болмағанмен ұялмастай бел ортасында келе жатырмын. Жасырып не қылайын, заман түзелген осы уақытта "Сен, Ажар, Маңғыстауға белгілі діндар әулеттің қызы болдың, түбекке аты жайылған тастан түйін түйген атақты тамшының келіні болдың дегенде мақтаныш сезімнің болатыны да рас. Ұшқан ұямның да, босағасынан аттап кірген шаңырағымның да арғы-бергі адамдарын бұл түбекте білмейтін, қадір тұтпайтын адам жоқ. Бірі имандылығы мен көріпкелдігін айтса, бірі әлі күнге дейін өткен-кеткенді тамсандырып, табындырып келген қайталанбас шеберлігін айтады. Пендесің ғой. Мәртебемнің өсетіні шындық. Бірақ шама келсе тасығым келмейді, артық кеткен жерім болса құдай кешірер. Шүкіршілік етемін. Осы бір азға қанағат етіп, шүкіршілік етіп отыратын жай марқұм шешемнен дарыды-ау деп ойлаймын. Жоқшылықтың тұсауы адымын аштырмаса да, дастарқаны үстіне жайып шашар бір уыс жүгерісі болмаса да "шүкірміз ғой қарағым, шүкірміз" деп отырушы еді. Бірақ қаншама жоқшылық көрсе де қолтығының жыртығын көрсетпеді, аяғындағы кебісін қисайтып баспады. Бәлкім, оған да бұл қасиет таза жүріп, таза тұратын киелі аталарынан жұққан болар.

Біздің әулетіміз бүкіл Маңғыстауға діндарлығымен атағы шыққан. Үлкендерден жеткен әңгімеге қарағанда арғы атамыз Тұңғатар осы өлкедегі алғашқы Меккеден білім алғандардың бірі деседі. Кезінде Таушық беттегі Құмақсай, Құрқапы дейтін жерлерде мектеп ашып, бала оқытқан көрінеді. Өзінің баласы, біздің кәрі әкеміз Төлепбергенді де ержеткесін Меккеге жетектеп апарып өзі оқыған жерге тапсырыпты. Төлепберген атамыз екі әйел алған адам екен. Бәйбішесі күшік(бәйімбет)руының қызы болыпты. Одан осы өлкеге белгілі Нұрнияз ахун туады. Екінші алған әйелі ақбота руының қызы, одан Әбдірахман, менің әкем Әби, Әнес және Көкен туады.

Төлепберген атамыз бәйбішеден туған үлкен баласы Нұрниязды Бұқарадағы діни оқу орнына өз қолымен апарып орналастырады. Ұстазының қолына табыстап тұрып:

- Мына баламның сүйегі менікі, еті сіздікі. Оқысын, білім алсын деп сонау Маңғыстаудан әдейі алып келдім. Бейімі бар сияқты. Иншалла, сізді де, мені де ұятқа қалдыра қоймас. Көзін ашсаңыз арғы жағынан ағар бұлағы таңқы емес сияқты. Бар үміт өзіңізде,- деп еліне қайтып кетіпті.

Арада бір жыл, екі жыл, оған ілесіп үшінші жыл да өтеді. Қанша дегенмен бауырдан енген бала емес пе, Төлепберген дегбірсізденіп жүргенде сол жаққа сауда-саттықпен барған бір танысы келіп, Бұқара базарынан Нұрниязды көргенін айтады. Сөзінің ретіне қарағанда баласының күйі аса жайлы көрінбейді. Төлепберген бір күнде буынып, түйінеді де Бұқарға аттанады. Талай жүрген жері, көп қиналмай оқудағы баласына да жетеді.

Әбден жүдепті Нұрнияз. Сезімтал әке бір көргеннен баласының оқу жолында барлық қиындыққа шыдап, төзіп жүргенін білді. Ұстаздарымен кездеседі. Олар да баласының қайсарлығын, білім алуға ұмтылысының жақсы екенін айтады.

Сөйткен Нұрнияз Бұқарада бес жыл өмірін өткізіп, оқуын аяқтап елге қайтыпты. Келісімен мешіт ашып осындағы балаларды оқытады. Тірі жанға қылдай да қиянат жасап көрмеген, бар өмірін құдай жолына арнаған Нұрнияз бен Нұрнияз сияқтылардың бұл ісі жаңа орнаған үкіметке ұнамайды. Мешіттер жабылады, өздері көз сұғында үнемі бақылауда болады. "Дін апиын" деген ұранды жалау етіп халық арасында, тіпті сол білімді ақындардың өзіне үгіт-насихат жұмыстары жүре бастайды. Біреу қарсылық білдірді, оған төзбеген біреулері жаңа үкіметтің құрығы босаңдау дейтін басқа жақтарға ауып кетеді. Ал Нұрнияздың елден кеткісі келмейді. Құдайды ұмытқан, құранды аяққа таптаған жаңа үкіметке қарсылық білдірудің тиімсіз екендігін де білді. Оның мешітінің жабылуы жөнінде ел арасында мынадай әңгіме бар. Алшекеңнің, Алшын Меңдалиевтің жаңа үкімет орнаған уақытта белді қызметтерде болғаны елге белгілі. Үкіметтің саясаты, оның ұр да, жық істері көңіліне жақпаса да орындауға міндетті. Бірде оны қасындағы нөкерлерімен Нұрниязға барып мешітін жауып келу тапсырмасы беріледі.

Елге сыйлы ағасымен жылы амандасқан Алшекең келген шаруасын айтады. Сонда Нұрнияз ахун:

- Қарағым Алшын, бұйымтайыңды түсіндім. Оны орындау жолында қызметтеніп жүрген саған артар кінәм жоқ. Бұл заманның ағымы кімді болса да соңына ертеді ғой. Түбі осы күйінде кете бермес. Қате басылған қадам да, жөнсіз сілтенген қамшы, орынсыз тағылған кінә да анықталар бір кезде. Бірақ оған дейін талай-талай көз көрігі құлақ естімеген қиындық ел басынан өтетін шығар. Соны сезем, көңілім солай дейді. Сондықтан кәзір сендердің бұл істеріңе қарсы келер жайым жоқ. Бір өтінішім бар. Көз көрген ағаның баласы едің соны орында,- дейді.

- Айтыңыз Нұреке,- дейді Алшын.

- Мынау жабылғалы тұрған мешіттен соңғы рет бесін намазын оқуға мұрша бер. Оған өзің де қатыс Алшынжан. Тілегімді сұрап, құдіреті күшті жасағанмен тілдесетін қасиетті мекен еді. Екеуміз де пендеміз ғой. Біліп істеген, білмей істеген күнәмізден арылта көр деп тілек тілейік. Ел басыңдағы осы дүрбелеңді ол да көріп отырған шығар,- дейді.

Алшын ахуннан ондайды күтпесе керек.

- Ойбай, Нұреке, мені өлтіреді ғой мына үкімет,- депті.

- Әй, Алшын, сен ғой кәзір осы үкіметтің сойылын соғып жүрсің. Кез келген адамның арғы-бергі тегінің қандай екенін тіміскілеп білетін үкімет сенің әкең Мендалының да құдайға құлшылық ететінін білмейді деп ойлайсың ба. Әлде Мендалы бәрін де талақ етіп бір күнде кәпірдің жолына түсті деп пе едің. Болмаса сонау ата-бабамыздан бері қанымызға сіңіп, сүйегімізге енген, бұл дүниеде имандылық пен адамдықты, пәк тазалықты, адалдықты ғана дәріптейтін ислам дінін Мендалы екеуміз жанымыз үшін, ертеңгі боқ тірлік үшін оп-оңай ұмыта салады дедің бе. Жоқ, қарағым, соңымызға түсіп қудалауын аз көретін болса бұл үкімет түрмесіне қамар. Болмаса атар, асар. Мұсылманның мұсылмандық парызы өз дініне берік күйінде кету. Сөзді қой, мешітке кір де, артымнан тұр,- деп алға түседі.

Ел қадірлейтін ағаның айтқанын орындаудан басқа не амал қалады Алшекеңде. Мешітке де кіреді, ахунның артына да тұрады. Бесін намазын бірге оқып тілегін тілейді. Сол күннен бастап Саздыдағы мешіт жабылады. Оқып жатқан шәкірттер таратылады. Бірақ ахун өле өлгенінше халық арасында сыйлы, иманды Нұрнияз күйінде қалады.

Нұрнияз атамыз өте ірі, денелі, екі бетінің қаны тамып тұратын адам екен. Көбіне көп түйеге мініп жүріпті. Өмірден татар дәмінің таусылып келе жатқанын білсе керек, бір күні кәзір өзі жатқан төбенің басына шығып тұрып Алладан тілек тілепті. "Қашан алсаң да бар күнәмнан арылта гөр. Бір төбенің басын ластаймын ғой, етімді жұқартып, бойымды жеңілдетіп ал жасаған" деген екен. Ауыр науқасқа шалдыққан Нұрнияз о дүниелік болғанда инеге шаншар еті жоқ, сылынып, саудырап тек сүйегі ғана қалыпты. Сөйтіп, 1928 жылы қайтыс болды деп отырушы еді шешем байғұс.

Әкем Әби естігенін ұмытпай жадында тоқи білген адам екен. Оның зеректігіне, білімдарлығына ағасы Нұрнияз ден қойып отыратын болған. Бейнеу жақтағы Ақжігіт ауылында тұратын біздің ауылға жиен болып келетін Ерешұлы Жылқыбай ағамыз бірде маған мынаны айтып еді.

"Мен ол кезде тоғыз, он жастағы баламын. Біздің үй Нұрнияз бен Әбидің үйі арасында. Бір күні үйге қонақ келіп мал сойылды. Етін қазанға салып жатқанда уақ малдың бір түйір тезегі түсіп кетеді. Не істерін білмей сасқан әкем Әбиге барып болған жайды айтады. Сонда Әби қазандағы етті сүзіп алып, оған қоса алып қалған етті де қоса салуды, бірақ сыртқа шығармай үй ішінде таратуды ұсынады. Әкем сөйтіп Әбидің айтқанын орындаған. Ертесіне Нұрнияз жиенінен "Кеше Әби екеуің не сыбырласып жүрсіңдер" деп сұрайды. Болған жайды айтады. Үнсіз отырған Нұрекең - Сен оны қайдан білдің,- дейді. Сонда Әби-Ағыке, сіз Асқар сұпымен кездесіп, әңгімелесіп отырғанда алдарыңыздағы ашық жатқан құранға көзім түсіп еді. Соның бетінде жазулы еді ғой,- депті. Інісіне риза болған Нұрекең: - Сені тағдыр менің маңдайыма сыйғызса болар еді,- деп батасын беріпті".

Айтса айтқандай болыпты. Әкемді де молдасың, балаға ескіше білім бердің деп қудалап, Жаңасу жерінде отырғанда 1938 жылы мамыр айының 24-і күні тұтқындап алып кеткен. Сол кеткеннен мол кетті әкеміз. Форт-Шевченконың түрмесіне қамағаннан кейін хабарсыз кетті. Тек 1989 жылы ғана ақталғаны туралы қағаз қолымызға тиді.

Әкем Әби үш әйел алған адам. Алдыңғы алғандары өмірден өткесін менің шешемді келіндей алған. Шешем Жайбибі әкемнің інісі Әбдірахманның әйелі екен. Ол кенеттен ауырып қайтыс болады да, Нұрнияз ахун сұрап келген төркіндеріне бермей інісі Әбиге атастырыпты. Әбдірахманнан қалған Мәселима атты ағамды қолдарына береді. Шешем менің әкеме келгеннен кейін төрт бала, екі қыз көреді. Бірақ бәрі де өмірден ерте кетіп жалғыз мен және Мәселима ағам екеуміз ғана қалыппыз. Мәселима ағам соғыстан оралмай қалды. Мектепте жақсы оқыпты. Әкем Әбиді ұстап кететін күні Мәселима ағам жетінші сыныпты жақсы бітіріп келіп отырған екен. "Үйге келіп тінту жүргізген милициялар оның да, әкеңнің де бар кітаптарын жыртып, өртеп кетті. Халық жауының баласы сен қалай мектепте өте жақсы оқыдың деп оны да таяққа жықты" деп отырушы еді шешем. Бізді асырау мақсатында Таушыққа барып жұмыс жасапты. 1939 жылы "халық жауының баласы" деген желеумен ұсталып кетеді. Сөйтіп жүргенде соғыс басталады. Берлинге дейін барған. Майор дәрежесіне дейін көтерілген. Соғыстан кейін Саратов қаласында әскери борышын өтеп жүргенде 1947 жылы өз ажалынан қайтыс болған. Жолдастары сонда жерлепті.

Содан қызығынан қиындығы басым, тауқыметі көп өмір басталды. Әке тәрбиесін көрмей өскенім сірә белгілі. Шешем оң жаға бетті жайлайтын Басаба дейтіннің қызы екен. Кәрі әкесі Олжабай, оның әкелері елді жаудан қорғаған батыр болыпты. Атақты Нұрым жыраудың "Тоғыз ауыл" дастанындағы қырық батырдың бірі көрінеді. Жәуміттердің 250 қолына тайсалмастан шабатын батырлар. Жырда:

...Сол жәуміттің қашқан жер,
Ақыл бір таппай сасқан жер,
Жауды қара басқан жер,
Ер шайқының атқан жер,

Екі жүз елу жәуміттің
Қатарынан жатқан жер,-

демейтін бе еді.

Сонда қол бастаған батырлардың қатарында біздің аталарымыз да бар екен.

Өмірден көрген қиындығы көп болды ма, әлде сол көрген. Білгендерін жадыңда тоқи білді ме, әйтеуір шешем әңгімені шебер айтатын адам еді. Әйел заты болып көзіне жас алғанын, болмаса біреумен дауыс көтеріп ұрысқанын көрмеппін. Адамның бір біріне қайырымы, тәлім алар ұлағатын көп айтып отырушы еді. Азғана ғұмырда сыйласып өткенді өзіне мақсат еткен адам болатын. Нұрнияз ахунның Әбиді өз баласындай бауырына басып, өз алдына енші бермей, бір шаңырақ астында отырғанын ыстық сезіммен еске алып отыратын. Ес біліп, етегімді жапқаннан бастап анама көмектесіп, ақылын жаныма тоқып, қолынан келген өнерін бойыма дарытумен болдым. Әрине шаңырақ басына түскен қиындықты бірге көтеріп, жас та болсам белімнің қайысқан тұстары да аз болған жоқ. Колхоздың төл тәрбиесі мен шөп шабуына бірге барып жүрдім. Ол уақыттағы ауылдағы кез келген қыз-келіншектің басынан кешкен ауыртпалығын кәзіргі уақытпен салыстыруға келмейді ғой. Бүгінгілерге ертек сияқты, ал біздер басымыздан өткен сол кезеңдерді сағынышпен еске алып отырамыз. Өсуімізге, адам қатарына қосылуымызға бұғанамыз қатпай қиындыққа қарсы тұрып арпалысып өткен күндеріміз көп септігін тигізіпті.

...Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас-рас көзімізден жас ақты.

Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты,-

деп Мұқағали айтқандай бәріміз де соғыс қасіретін сезініп, оның қиындығына қарсы тұра білдік қой. Бәлкім, жеңістің бір табан болса да жақындауына біздің де еңбегіміз бар шығар.

Әлі есімде орта мектепті бітіргеннен кейін әрі қарата оқуды жалғастыруға мүмкіндік болмады да, сол жылы колхоздың шөп шабуына қатыстым. 1958 жыл болатын. Косильканың келіп жатқан кезі. Маңғыстауда оны түйеге жегеді. Колхоз басшылары кіл асау құнанша, дөненшесі бар бір табын түйе айдап әкелді. Әркім маңдайына тай болған бір-бір асаудан ұстап косилькаға жегіп жатыр. Үйренбеген малды оған жегу де бір арпалыс жұмыс. Бәрінен бұрын оны үйрету киын. Екі асау құнаншаны көптеп жүріп косилькаға жегіп "Иә, біссіміллә" деп отыруым мұң екен, арпалысып тұрған түйелер алды да кетті. Делбені қанша тартсам да әл берер емес. Енді тек құлап қалмау керек. Танауы шуылдап артындағы косильканы қаңбақша дөңгелетіп келе жатқан екі асаудың басылар түрі көрінбейді. Құдай сақтап мен де құламадым, бір төбенің басына келіп көк су болған олар да тоқтады. Артымнан қуып келген бригадир амандығыма шүкіршілік етіп жатыр. Тегіс жерге түсіріп кейін қайттық. Бұрынғыдай емес дегеніме көніп келе жатыр.

Сол жылғы жазда біздің жақта шөптің бітік шыққан кезі болды. Маусымның аяғына дейін болып шөп шаптық. Ел ағаларынан алып жатқан алғысымыз өз алдына. Жыл сайын сиреп бара жатқан құрбыларымызбен кездескенде алғаш косилькаға отырғандағы салақтығымызды, қорқақтығымызды айтып күлісіп отыратынымыз бар.

1961 жылы келін болып осы әулеттің босағасынан аттадым. Өз атам Назар да, арғы атам Өмір де Маңғыстауға белгілі адамдар болды. Осы өлкенің талай жайсаңдарына күмбез там салған адамдар. Олар туралы баспасөз беттерінде де, кітаптарда да жазылды.

Шебер адамдар өз ойымен өзі болғанды ұната ма, атам көп сөйлемейтін. Бірақ қонақжай еді. "Әй, қарағым, келген қонаққа төсегіңді кең жай. Көңіліңе риза болсын. Ешкім саған жоқты тауып бер демейді. Көңіліңде кірбің болмаса болғаны" деп отыратын. Белгілі шежіреші шоңай Алшынды, жанақ Жұбанды, бабық Нұр, өз ағам бәли Көкендер талай рет төрімізде жатып өткен-кеткенді айтып отырушы еді.

Жел болып бетіне қарсы келіп көргенім жоқ. Келінге тиесілі, әйелге тән жұмысымызды атқарумен болдық. Сонда да үлкендер арасында айтылып жатқан әңгімеден түйгеніміз көп еді.

Жаңа үкімет орнағандағы қудалау бұл әулетті де айналып өтпеген. Атамыз бас сауғалап өзінің тумаластарымен Омар ата, Бекдашы барып табан тірейді. Одан кейін 1933-34 жылдары Красноводск, Қазаншық қалаларына барып тап болған жұмысты жасайды. 1936 жылы ғана қайтады. Сол жылы күзде Алшын, Көктау сияқтылар әр жаққа бытырап кеткен ағайындарды аралап, елге қайту туралы ұсыныстарын айтады. Бас аман, шаңырақ бүтін, дегенмен елді сағынып жүрген адамдар сөзге келместен тігулі тұрған үйіне дейін тастап баржымен Фортқа, одан Үштағанға оралыпты.

Колхозды ұйымдастыру жұмысында болып, оның басқарма бастығы, кейін сиыр фермасының меңгерушісі, бригадир сияқты өзіне тапсырылған жұмыстардың қай-қайсысын да абыроймен атқарған.

Қандай жұмыс жасап жүрсе де атадан қалған кәсібі тамшылық өнерін тастамаған. Ондай жұмыстың көбіне күн жылығасын жазда басталатыны белгілі. Қыс кезінде үй алдында кесіліп әкелінген тастарынан құлпытас, бестастарды жасап, әшекейлеп ою-өрнегін салып жатушы еді. Одан басқа пышақ, қырықтық, отсалғыш сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды да жасау атамның еншісінде еді. Өзінің шағын шеберханасында таңның атысы, күннің батысына дейін тыным таппайтын. Кей кезде шайға шақыра барғаныңда Қашағанның бір сараң байға көңілі толмай шығарған: Шаубай берген сары ешкі, Бұл Ержекемнің тұсындағы бар ешкі, Ауызында бір тісі жоқ, кәрі ешкі,- деген өлеңін айтып отырады. Бұл атамның көңілді отырғанының белгісі. Атекем тас қалау, тас шабу сияқты қиын жұмыс жасап жүрсе де бес уақыт намазын, оразасын қаза қылғанын көрген емеспін. Мен келін болып түскен жылы енемді намазға жықты. Екеумізге "Аятүл күрсіні" үйретіп "Айтып жүріңдер, пәле, жала жоламайды. Бұл сүренің соңғы сөзіне шайтанның тілі келмейді",- деп отырушы еді.

Атамның бірінші баласы Дінқоразды асыра сілтеу заманында Красноводск қаласында комсомол комитетінде істеп жүргенінде 1937 жылы ұстап Сібірге 10 жылға жер аударған. Ағамыз сол жақта жүріп орыс қызына үйленеді. Әке мен бала арасындағы бір біріне деген сыйластық болар келіншегі босанған сайын әкесіне хат жазып оларға ат қойдырып отырған. Атам алғашқыларына Адайбек, Айман, Шолпан деген ат қойыпты да, қалғандарын өз қалауларына қалдырған. Баласының мерзімді жылы аяқталғасын қазақтың әдебін, салтын білмейтін келінге ауылдық жер қиын болар деп, Красноводскіге келіп тұруды ұсынады. Жақын келген баласына жыл сайын өзі барып тұрған. Бір барғанда Галина келініне "кәлима" жазып беріп жатқа айтқызып, мұсылмандыққа үйретіпті. Галина келіні атам барғанда иіліп сәлем етіп, кеткенінше басындағы орамалын алмайды екен. Тамағында қазақша дайындайды онда. Дінқораз ағамыз 1988 жылы дүниеден өтті. Өз өтініші бойынша менің жолдасым Тәжік пен інісі Құл Красноводскіден әкеліп атамның қасына қойды.

Атамның, оның әкесі Өмірдің өлке жерінде салған тамдары көптеп саналады. Бәрін бірдей есімізде сақтап қала алмаппыз. Ортамызда жүре беретіндей көргенбіз. Есімізде қалғаны бойынша жүйелеп айтар болсақ:

1.Қамысбай әулиесінде 1908 жылы кімдікі екені белгісіз бір сағана там мен күмбез тамды әкесі Өмір екеуі салыпты.

2.Осы жылы Қараман ата әулиесінде Шойынбайдың күмбезін салады.

3.Алданазар Еженұлының күмбезін де әкесі екеуі салыпты.

4.Үштағанның Жарма бетінде руы қамысбай Өмір, Шәңгір деген кісілерге арналған күмбезді де әкелі-балалы екеуі салады.

5.Ал Жаңдайдағы руы күмісбай Біләл болысқа арналған күмбез Өмір атамыздың қолынан шығыпты.

6.Тасбастың оңтүстік бетіндегі руы дорал Құлшықтың күмбез тамын да Өмір атамыз салыпты.

7.Ақүйіктегі Тәжіке сұлудың күмбезін атамыз Өмір мен тоқтамыс Өмірбай бірігіп салған.

Айтушылардың әңгімесіне қарағанда Тәжіке сұлу руы байпақ Оразалының келіндей алғаны көрінеді. Тәжікенің қасында Оразалыдан туған баласы Мақаш жерленген. Мақаш руы жаңай Аймекеннің күйеу баласы. Ал Тәжікенің өзі руы қаржау, оның қарайдары болатын Бүркіттің қызы екен.

Осы ескерткіштің батыс жағын тоқтамыс Өмірбай, шығыс жағын Өмір Қараұлы 1916 жылы салған. Маңғыстау жеріндегі көрерге көз керек айтулы ескерткіштің бірі. Бұл жерде екі шебердің ойы да, мақсат-мүддесі де бір жерден шыққан. Екі шебердің қолтаңбасының көп көкейінен шыққандығы болар сол ескерткіш жайлы:

Өмір менен Өмірбай шеберлерің,

Асырдың ою-өрнек бедерлерің.

Жазы ыссы, күзі салқын болсадағы,

Алаштан асып түсті өнерлерің,-

деген өлең жолдары да бар.

Бұдан басқа Үштағанның солтүстігінде 17 шақырым жердегі Дүйсенде руы бадшақ Үшқойшыға төбелі там салуды Өмір мен баласы, Назар қолға алады. Бірақ үлкен атамыз жазға жетпей қайтыс болады да, сол кезде он жеті жастағы Назар атамыз інілері Нұрпеке, Қонарбай, Нұрбергендер болып бірігіп салып әке аманатын орындайды.

Әрине аталарымыздың бұдан басқа салған ескерткіштері Сисем атада, Жандайда, тағы басқа қауымдарда көптеп саналады. Бәрін бірдей таратып айтуға күшіміз жетпейді. Оған кезіндегі біздің салғырттығымыз кінәлі ғой.

Әкеден балаға жалғасып келе жатқан осы өнер біздің әулетте әлі де бар. Атамыз Назар өзінің Құлшағаз атты баласын "құдайдың құлы" деп өте жақсы көрген. Сол сөзге байланысты болар ел арасында Құл атанып кетті. Әке кәсібін бірден-бір жалғастырушы да сол болды. Атам өмірден өткесін Құл ағалары Қонарбай, Дихан ақсақалдармен ақылдаса отырып екі кісілік қима там салды алғашында. Тамды әшекейлеуге атамыз Назардың өзі дайындаған сырларын пайдаланды. Арада 40 жылдан астам уақыт өтсе де өлі өңі кеткен жоқ. Артынан сұраныс бойынша әр жерге күмбездер орнатты. 1989 жылы өмірден өтті.

Халық арасында ертеден келе жатқан өнерді жоғалтпай оны дамытып, жаңартып отырушылар көп қой. Соның бірі киіз үй жабдығы. Маңғыстаулықтардың осы киіз үйге деген, оны әсемдеуге деген көзқарасы тіпті ерекше. Қай ауылға барсаң да жұмыртқадай аппақ, еңселі үйлер көз тартады.

Кірсе шыққысыз. Әркімнің туған жері, өскен ұясының ыстық болатыны сірә белгілі. Кейде маған киіз үйдің небір озық үлгілері біздің Үштағанда-ау деген де ой келеді. Өйткені бала кезімізден талай-талай айтулы шеберлерді көзіміз көрді, өзімізге өнеге болды. Біздің қолымыз жеткен биігімізге сол ауылымыздағы шеберлердің ықпалы тиген де шығар.

Әсіресе өз отбасыңда, қасыңда отырып әр сабақ жіпті қалай тоқуды, бір тал шиді қалай орауды үйреткен, сенің осы өнерге бет алуыңа алғашқы жол ашқан адамның орны тіптен бөлек. Жасап отырған жұмысына деген табандылық, өз қолыңнан дүниеге келген өнерге деген ынтызарлық сол жерде басталады. Мен қашанда өзімнің анама ризашылығымды білдірумен келем. Алғашқы ұстазым сол болды. Өз ісіме жан-тәніммен берілгендігім сондай, қолым қалт еткенде отыра қалып бау тоқып, ши ораушы едім. Бұрын көргенімді істесем, артынша оған өзгеше өрнек беруге тырыстым.

Отау құрғаннан кейін бес жыл өткен соң бізге енеміз бес қанат үй көтеріп берді. Артынан Шоманай қаласынан алты қанат үй сатып алдық. Үлкендердің батасын алып көтерген отауымыздың әдемі болуын басты мақсат еткен болуым керек, әйтеуір үнемі жаңалап, жаңаша көрініс беруге тырыстым. Көп көңілінен шыққандығы шығар сонау 1991 жылдан 2000 жылға дейін он жеті рет облыс көлеміндегі тойларға, көрмелерге қатыстым. Алып жатқан сый сияпат, мақтау, марапаттау жетерлік еді. Өз ісіңнің бағаланғанын, сыншы көздерден сүрінбей өтіп көп алдында мәртебеңнің көтерілгеніне не жетсін. Әсіресе шет елдіктер келіп сенің қолыңнан шыққан әр бұйымға таңдана қарап, жасалу жолдары туралы жалықпай сұрап отырады. Сонда өз халқыңның ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан киіз үйінің өміршеңдігіне, оның талғампаз шетелдіктерді өзіне табындырғанына қайтіп мерейің өспес.

Бірақ мен үшін ең үлкен жетістік те, мақтаныш та өз қолымнан шыққан жұмыртқадай аппақ алты қанат үйдің астанадағы Президенттің мәдени орталығында тігіліп, сонда қалдырылуы болды. Облыс басшыларының тапсырмасы бойынша осы іске бүкіл жанұямызбен жұмыла кірістік. Бұл әрине жалғыз менің емес, екі қызым Ләззат пен Зәрудің, келінім Талшынның да тынымсыз еңбегінің арқасында өмірге келді.

Бар білігімізді, өнерімізді сарқа жұмсадық десек те болады. Өйткені бұл жұмыстың жауапкершілігін жете түсіндік. Мәдениет орталығы деген еліміздің Ақ Ордасына келіп ат басын тірейтін талай-талай патшалардың, лауазымды адамдардың көңілінен шығып, бір кездегі көшпелі халықтың осындай да өнері болғандығын көрсететін орын ғой. Ендеше неге оған бар күшімізді жұмсамасқа. Шүкір, абыроймен оралдық. Елбасының өзі келіп рақметін айтты. Таңданысын жасырмады. Менің бір кездегі бірге оқыған құрдасым, сұңғыла Әбіш келіп біздің әулеттің арғы-бергі тарихын айтып көпке таныстырды. Одан артық бізге қандай атақ, қандай сый-сияпат керек еді.

Өз қолыңнан шыққан туындың бауыр етің балаңмен бірдей деп жатады ғой. Рас екен. Астанада қалып бара жатқан киіз үйге қимастықпен қарадым. іштей ата-бабамның аруағына сыйынып "көптің көз қуанышы болып тұра берші" деп тілек тіледім. Әлі күнге дейін көз алдыма елестетіп қоямын.

Құм сағаттай жылжыған уақыт өз дегенін істейді. Жыл артынан жылдар өтіп жатыр. Үлкейдік. Қолыңда бұрынғыдай емес. Бар білгенімді, өмірден көрген, жинақтаған тәжірибемді ана жаққа алып кетпеймін ғой. Сондықтан шамам келгенше кейінге қалдырғым келіп өзімнің қыз-келіндеріме, көршілеріме үйретумен келем. Киіз үйсіз өмір сүру мен үшін мүмкін емес сияқты. Керек десе, қазақтың қазақ екенін білдіретін де, оның өзгелерден ерекше жаратылысын жалпақ дүниеге жария ететін де осы киіз үй. Астанадан оралғасын тағы бір киіз үй сатып алғанбыз, енді соны жабдықтау үстіндеміз. Соны асықпай аяқтап бітірсем деймін. Балаларыма қалады. Олардың құрт-құмырсқаға жем қылмай жаңалап отыратынына, жетілдіре түсетініне сенімім мол. Өйткені бұл өнердің халқымыздың мақтанышы. қандай уақытта да өздеріне сая болған, ешкімнің қолы жетпес баспанасы болғанын біледі олар.

Ендеше осы өнердің ортасында жүріп бір сабақ жібін ширатқаныма неге өзімді бақытты санамаймын. Өнер қасиетті нәрсе, ол үнемі мәпелеп отыруды. жетілдіріп отыруды қалайды. Оны жансыз деме, оның да тірі жан сияқты құлпырып, жасанатын кезеңдері болады. Жарықтық, жер ананың бойы жібіп, басынды айналдырар жусан исіне толған уақытта ұлан далаға жетпей тұратын бір нәрсе болады. Ол төбе басына қатарласа тігілетін жұмыртқадай аппақ үйлер. Әудем жерде бытырай жайылып жататын малдар. Емшегі сүтке толып, сызылта боздап желісіне асыққан түйелер. Онсыз қазақ даласын көз алдыңа елестету мүмкін емес. Олардың орнын басқа нәрсемен толтыру ақылға да сыймайды.

Мен қолымнан шыққан осы өнерім арқылы ұлтымның ұлылығына, елімнің ғасырлар бойы жүріп келе жатқан соқпағына үлес қостым, әлі де қоса берсем деп ойлаймын. Тағдырыма риза болып, өткен жолдарыма үңіле қарап "тәубе"дейтінім де сондықтан.

Ия, шындығында да ол тірі жүрсе талай киіз үйдің көп көңілінен шығатыны анық еді. Біреуге ерте, біреуге кеш ғұмыр ғой. Өткен жылғы күз айында Ажар апамыз да өмірден өтті. Жан-жақтан ағылып толассыз келіп жатқан адамдардың көзіне аппақ жұмыртқадай болған киіз үй алдымен түсті. Өз өтініші бойынша үйді бар жасауымен тігіп, өзін содан шығаруды аманат еткен екен. Бәлкім, қолынан шыққан қасиетті киіз үйді жадында жаттатып кеткісі келген шығар, кім білсін. Төбе құйқаңды шымырлатар жоқтау дауысы бұл топырақтың тағы бір асыл адамының бақилық болғанын білдіріп, сүйегіңді үгітіп барады...

ATA ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

Біз Бақыт ағамызбен жиі кездесіп, жиі пікірлесіп тұрамыз. Оның себебі де белгілі. Өлкеміздегі бірден бір киіз үйді жасап оны жаңартушы адам. Қолынан шыққан туындылары республикамыздағы айтулы жиын-тойларда, Президент резиденциясында тігілген. Осындайда оған осы өнерге қалай келдіңіз, кімнің ықпалы болды деген сұрақтың қойылуы да заңды. Өйткені зейнеткерлікке шыққанша партия, кеңес қызметтерінде, үлкен-үлкен мекеменің тұтқасын ұстаған адамның екінің бірінің қолынан келе бермес осы өнерші қалай дамытқанына таңданбасыңа да болмайды. Ондай уақыттарда ағамыз әңгіменің басын әрідегі ата-бабаларынан бастайды. Жалпы шебер адамдарға тән қасиет -асықпау, айтып отырған әңгімесін де жүйелеп, бір-бірімен байланыстыра отырып жеткізу. Бұл бәлкім, шебер адамдардың жұмыс үстінде ойы мен қолының үнемі бір жерден шығуының нәтижесі де шығар.

- Біздің арғы аталарымыз Өзбек дейтін кісі осы өңірге белгілі шебер адам болыпты,- деп бастады әңгімесін Бақыт ағамыз. Шын аты Жолан екен. Жас кезінде Өзбекстанның Б9қарасына оқуға кетеді. Біраз жыл сонда болыпты. Елге келгенде үстінде ала шапан, тақиясы болса керек. Содан жеңгелері "Өзбектен келген қайным, тақиялы қайным" деп жүріп ақыры азан шақырып қойылған Жолан аты ұмытылып Өзбек атанып кеткен. 1796 жылы туып, 1893 жылы өмірден өтіпті.

Өзбек атамыздың әкесінен қалған едәуір дәулеті де болыпты. Солай бола тұрса да өзінің өзбек жерінен үйреніп келген кәсібі зергерлікті тастамапты. Жан-жақтан келген елдің тапсырмасын орындайды. Өмірінің соңғы отыз жылыңда көзі көрмей қалған. Сонда да баяғы жадында жатталып қалған өнердің қыр-сырын кейінгілерге айтып, үйретумен болыпты. Алдына келген адамның қандай екенін, болашақта оны не күтіп тұрғанын көзбен көргендей айтып беретіні тағы бар екен. Әсіресе бәйгеге түсер сәйгүліктерді Өзбекке келіп көрсетіп алып, ақыл-кеңесін алып кететіндер көп болған. Мүмкін сол айтулы жүйрікті жазбай танитын сыншылдығы болар өзінің осы атырапқа белгілі "Көк байтал" деген аты болыпты. Талай-талай дүбірлі жарыстарда мәреге алдымен жеткен атақты жүйрік екен. Жарысқа түсер алдында Өзбек атамыз атының мойнынан сипап құлағына сыбырлайды екен деген әңгіме бар. Кім біліпті оны, сыбырлай ма, әлде жарыс алдында өзінің тәңірге жалынғаны ма, әйтеуір бізге жеткен әңгіме осы.

Осы Өзбек атамыздан Тағанияз, Аманияз, Өтеш, Дәулет, Омар дейтін балалар тарайды. Үлкен баласы Тағанияз әкесі Өзбектің құралын иемденген екен. Ол да айтулы зергер болыпты. Түбектің жан-жағынан Тағанияз үйіне келіп ат басын тіреушілер де, арнайы қолқа салып ұзатылар қызына, шаңырағына келіп түскен келініне білезік, сырға жасатушылар үзілмепті.

Екінші баласы Аманияз ол кезде түбек тұрғындары көп кәсіп қылмаған тігіншілік өнерді игеріпті. Арнайы алдырды ма, әлде кездейсоқ қолына тап болып игеріп кетті ме белгісіз, немістің "Зингер" машинасымен көптің тапсырмасын орындапты. Осы Аманияздың баласы Самай дейтін әкемізді көзім көрді. Мына "Қызылөзен" жақтағы "Төбесі тесік" дейтін жерде тұрды. Мал бақты. Сол кісінің ерекше қайратына таң қалушы едім. Жас кезінде Түрікменстанның Красноводск қаласында жүргенінде пойыздың астына түсіп қалады. Құдай сақтап аман қалады, бірақ бір қолын шынтағынан төмен кестіреді. Соның зардабы шығар бір аяғын да сүйретіп басатын. Елге келгесін Жомарт дейтін әкеміз түйеге, атқа жегіп жүретін екі аяқты арба жасап берді. Қалай екенін білмеймін солай сүйретіліп жүріп, атты арбасына жегілуді де үйретті. Ол ештеңе емес, оның қайратын мал суарғанда көретінбіз. Өздері отырған "Төбесі тесіктен" 7-8 шақырымдай қашықтықта "Аралды" дейтін жер болды. Малдың су ішетін құдығы сол "Аралдыда". Соған арбасымен өзі кетеді. Қасында көмекшісі сірә жоқ, үйде кемпірі екеуі. Біз қолымыз босаған каникул күндері ғана барамыз. Сонда көргенім қауғаны бір қолымен құлаштай тартады да кесілген қолының қолтығымен қыса қояды. Осы күнгі екі шелектей су кететін қауғаның жібін қолтығы жібермейді. Не қылған керемет қайрат иесі деп таң қалушы едік. Артынан барып естідік. Самай әкеміз бала кезінің өзінде акробатикалық қимылымен көптің көзіне түскен көрінеді. Үлкендер жайылыстағы түйелерді айдап келуге балаларды жұмсайды. Сонда Самай жүріп келе Жатқан түйенің үстіне секіріп мініп, секіріп түсіп өзі қатарлас балаларға әртүрлі қимылдарды көрсетеді екен.

Ал біздер Өзбектің үшінші баласы Өтештен тараймыз. Өтештен Атанша, Жомарт, Бозжігіт, Есет туады. Осылардың ішінде Атанша атамыздың зергерлігі осы өлкеге аян. 1982 жылы қайтыс болды. Әлі күнге дейін Атаншаның қолынан шыққан бұйымдар мұражай қорларында, ескіні құрмет тұтып, қадірлейтін кез келгеннің үйінен табылады. Соғыстан кейінгі жылдары "Судоремзаводта" ұста болып жұмыс жасады. Мектепте оқитын біздер сабақтан кейін Атекеңнің жұмыс жасап жатқан жеріне барамыз. Үлкен көрігі болды. Қып-қызыл қылып балқытып, шыжылдатып темір суарып кемеге керек заттарды жасап жатады. Бізге жақсы келдіңдер деп әлгі көріктің құлағын ұстатып қояды. Басында қызық сияқты болып көрінгенімен кішкенеден кейін шаршай бастаймыз. Кеткіміз келеді. Ретін тауып сытылып шыққанымызбен неге екені белгісіз әлгі жерге қайтадан барамыз. Осы күні ойлап отырсам, үлкен өнерге деген алғашқы қызығушылығым, сүйіспеншілігім сол Атанша атамның шыңылдатып темір соғып, гуілдетіп көрік үрлеп жататын ұста үйінде басталған сияқты.

Біздің кәрі әкеміз Өтештің інісі Дәулет те зергер болыпты. Жас кезінде бір бай адам әкесі Өзбектен осы Дәулетті сонау Жылойдан арнайы келіп сұрап алып кетеді. Сол жақта елдің тапсырмасын орындап жүріп ақыры орнығып қалады. Одан туған Қилыбай да шебер болған екен.

Міне, қарап отырсақ, біздің әулетте зергерлікті, ұсталықты кәсіп етпеген адам жоқ секілді. Естіген әңгімем, қастарында жүріп көргендерім эсер етті ме, мен де осы өнерге жастайымнан бейім болдым. Үкіметтің жұмсауымен әртүрлі қызметтерде жүрсем де баяғы бала кезімнен үйренгендерімді тастап кетпедім. Сонау 1969 жылдан бастап "Маңғыстау мұнайгаз" бірлестігіңде бөлім бастығы, Жаңаөзен қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі сияқты лауазымды қызметтерде 1991 жылға дейін істедім. Бірақ қызмет өз алдына, ал жаныңа жақын өнеріңнің орны бөлек болады екен. Жұмыстан келгесін қолыма құралдарымды алып өзіммен өзім отырғанды ұнататын едім. Ондайда ойыңа ой қосылады, мынаны әрі қарата қалай дамытуға болады, қандай өзгерістер енгізуге болады деп ойлайсың. Бұрынғы көргендеріңді, оқығандарыңды, естігендеріңді жетілдіре түскің келеді.

Көргенін сол күйінде қайтадан жасаған адам шебер емес. Нағыз шебер үнемі ой үстінде, тынымсыз жұмыста болуы керек. Менің ойымша көзі сұлулықты тани білетін, қолы сол көзіне бағынатын адамдарды ғана шебер атауға болатын сияқты. Жаныңды жадыратар әсемдікті, сұлулықты тани, сезіне білмеген адамның қолы да олақ болады. Біздің кәрі әкеміз Өтеш кезінде батырларға арнап жиналмалы найза жасаған адам дейді. Айтуға оңай болғанмен сол найзаны жасау үшін қаншама ой, қаншама есеп керек. Шауып келе жатқан аттың екпіні мен найзаның қадалар нысанасы арасындағы салмақтық, ауырлық есептелген онда. Осыларды дәл есептегенде ғана найза морт сынбайды. Міне есеп қайда жатыр. Кейбір адамдар зергерлердің көп ешкіммен сөйлеспей өзімен-өзі жүретінін кісі киіктікке жориды. Бұл қате ұғым. Зергер-философ, ол өзінің ойын сөзбен келтіре алмаса да бұйым бетіне төгілген өрнек арқылы жеткізеді.

Бір сөз бір сөздің қуғыншысы ғой. Менің нағашы атам Жаңай деген кісі еді. Оның шеберлігінің бір ғана жетістігін айтайын. Сол атамыз шиден домбыра жасапты. Әрине кәзіргі сувенир сияқты үй төріне іліп қоятын емес, белгілі әншілерге арнапты. Соны нар тәуекел деп мен де қолға алдым. Жаман шықпаған сияқты. Осындағы өнер колледжінде істейтін жігіттерге ішегін, пернесін таққыздым. Тартып қарады. Көңілімді көтерейін деді ме "жақсы" деген бағасын берді. Мен әрине, оларды алдымен қызықтырғаны -домбыраның ерекше шиден жасалғаны екенін білдім. Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған тойға киіз үй дайындаған едім. Бірақ денсаулығыма байланысты өзім бара алмадым. Сол үйді алып бара жатқан Бердіғали Срановтың қолына әлгі домбыраны ұстатып көңіліңе ұнаған адамға сыйларсың дегенмін.

Менің қолымнан шыққан үш киіз үй арнайы тапсырмамен жасалды. 1992 жылы Алматы қаласында дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайының өткені белгілі. Ол кездегі еліміздің экономикасының жағдайының қиындығына қарамастан дайындық жан-жақты жақсы өтті. Анау бір аласапыран жылдары тоз-тоз болып, дүниенің төрт бұрышына тарап кеткен қандастарымызға қазаққа тән қонақжайлылықты көрсетіп, әлі жоғалмай келе жатқан салт-дәстүрімізбен қарсы алу керек болды. Сол құрылтайға Маңғыстаулық делегациялар өздерімен бірге үштағандық Төкенов Атабайдың киіз үйін де алып барады.

Қатар-қатар тігілген көп үйлерді аралап жүрген Елбасы оған да бас сұғады. Президент таңданысын жасырмайды. Үй иесінен оны қалдырып кетуді сұрайды. Сонда Атабай өзінің баспанасын қалдырып кету салтымызда жоқ екенін айтып, елге барғасын басқа бір үйді арнайы жасап беретініне уәде береді. Қайтып келгесін облыс басшылары екі үйді дайындауды Атабай мен маған тапсырды. Келесі 1993 жылы уәделі уақытта екі үйді де бітіріп Алматыға апарып тіктік.

Әрине киіз үйді дайындау кезінде менің негізгі қолға алатыным оның сүйегі. Киізін, бау-шуын дайындауға басқаларға арнайы тапсырма беріледі. Оның да оңай еместігі белгілі. Өңкей ақ жүннен киізін дайындау, басқұр, бауларын тоқыту дегеннің кәзіргі уақытта кез келгеннің қолынан келе бермесі тағы бар. Мен сонда маңдайшаға, шаңыраққа ерекше мән беріп, қолымнан келген өнерімді сүйектеп жасадым.

Тігілген үйлерді көруге Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген адамдармен бірге келді. Біздің жақтан сол кездегі облыс басшысы Новиков, Меңдібаев Таңаш, Әріпов Дүйсенбілер қатысты. Арасында Әбіш Кекілбаев та болды. Мен сонда алғаш рет инфаркт алдым. Бірақ қаншама ауырып тұрсам да сыр бермей киіз үйді қалай жасағанымды, оның маңдайша, шаңырақ, есіктеріне салынған ою-өрнегімнің мағынасын түсіндірдім. Елбасы риза болды. Маған өз атым жазылған алтын сағат, Атабайға қасқыр ішік сыйға тартты. Атабайдың үйі Орталық мұражайға, менің үйім президент резиденциясында қалдырылды.

Екінші үйім Ұлы Абайдың ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерекесінде тігілді. Оның тапсырма берушісі "Тұран әлем банк" еді. Оған ауырып бара алмағанымды алдында айттым ғой. Елбасы барған адамдардан менің денсаулығымды сұрап, сәлем айтыпты. Мұны Президенттің өнерді бағалауы, халықтың асыл туындысына деген сүйіспеншілігі, оны дәріптеушілерге деген ықыласы деп түсіндім.

Үшінші киіз үйді Маңғыстауда бас қосқан бес елдің президенттеріне арнап "Өзен мұнайгаздың" тапсырмасы бойынша жасадым. Теңіз жағасындағы Кендірлі демалыс орнында тігілді.

Әрине, осы жылдар ішінде қолыңнан шыққанның бәрін санамалап жату мүмкін де емес, міндеттілікке де жатпайды. Қолымнан сүйектелген бірнеше ер шықты. Жалпы Маңғыстау жерінде жасалатын ердің де өзінше ерекшелігі болады. Оны күміспен қаптап, сүйектеу де шеберлікті қажет етеді. Әсіресе сүйектеу оңай жұмыс емес. Малдың сүйегін таңдап алу, оны қайнатып бойындағы майынан арылту, сілтіге салу, оны бірдей жұқалықта кесіп алу, оған ою-өрнек салу, болмаса соған күмістен жасалған қапсырмаларды орналастыру сияқты жұмыстары жетерлік.

Кәзір мен зейнеткермін. Ұлын ұяға, қызын қияға дегендей шүкіршілік ететін жайттарым бар. Маған қарап тұрған ештеңе де жоқ сияқты. Бірақ солай бола тұрса да, сонау ата-бабамнан жалғасып, мұра болып келе жатқан осы өнерден қол үзгім келмейді. Ол мүмкін емес те. Өйткені менің бар тыныс-тіршілігім осымен байланысты. Тағдыр дем беріп жатса, алдымда тұрған арман-мүдделерім де жетерлік. Ол жеке басымның қамы емес. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталған асыл өнерін әрі қарата дамытып, оны кейінгі ұрпақтары мәпелеп жүретіндей қолымнан келгенін үйрету.

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАСТЕРЛІ ҚҰТХАНАСЫ

Қазақтың қасиетті киіз үйі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы тыныс тіршілігімен етене қабысып кеткен қасиетті жәдігер. Бағзы баяғыдан бері бізге қызмет етіп келе жатқан ол өзінің қасиетті де қастерлі міндетін өлі жалғастыруда. Қырдағы ел үшін жазғы баспана. Дүбірлі тойдың сәні, дүрмектің мәні. Айта берсек, ол ұлттық мәдениетіміздің, өнеріміздің бір көрінісі ретінде де мерейімізді үстем, мәртебемізді биіктетуде. Үлкен сезіммен айтарымыз бүгінде жасауы екі шебердің бірінің қолынан келе бермейтін өнерге айналып бара жатқан киіз үйдің белгілі ісмері өз ортамызда. Ол Бақыт Бозжігітұлы. Тұрқарағанның перзенті. Мамандығы құрылысшы инженер. Ісмерлік жеті атасынан бері бойына дарыған төл өнері. Абай тойында Маңғыстаудан апарылып тігілген киіз үйдің бас шебері. Үй кәзір үкімет резиденциясында.

Міне, Наурыз тойы да басталды. Самсаған киіз үйлер. Жиырмасыншы ғасырдағы ақшаңқан тас қаланың ортасына өткен ғасырлар бейне қонаққа келе қалған жоқ па дегендейсің. Бұл "қонақтар" ең алдымен мына қалың жұртқа ежелгі қазақ өнерін дәріптеуші музей де. Соған бас сұғар алдында журналист Әбілқайыр Спан Бәкең ағасымен көрісіп, киіз үй туралы әңгімеге тартқан еді. Сол әңгімені "Маңғыстау"өз оқырмандарына ұлыстың ұлы күні ұсынуды жөн көрді.

- Бәке, сіздің көңілдің сыр пернесін басып, сыр сандығын ашуға деген талпыныс көптен бері ойда жүр еді. Мына мереке күні көтеріңкі көңіл күйіңіздің ау-жайына сеніп, сол ниетімнің ыңғайын білдіріп жатқаным ғой.

- Аталарымыз "ауылыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең" деген ғой. Тыңдар құлақ пен құлық болса сыр ашқанға не жетсін.

- Рақмет, Бәке. Менің қолқам исі қазақты, оның ішінде мына өзіңізді де бейжай қалдырмайтын кәдімгі киіз үйдің қыр-сыры еді. Киіз туырлықты қазақ дейміз, қазақтың қасиетті қара шаңырағы дейміз, жарықтық қара шаңырақтың мемлекетіміздің елтаңбасында безерленуі сірә бар - осының бәрі тегіннен тегін емес. Мен төңкерістен бұрын Маңғыстау қазақтарының Кавказда патшазаданың келуіне байланысты ұйымдастырылған көрмеге киіз үй апарғаны туралы оқығаным бар. Маңғыстау ол кезде Ашғабатқа қарады ғой. Соның салдарынан ол үй кейіннен түрікмен ағайынға телініп кетіпті. Өткенге салауат, әрине, бұдан киіз үйдің біздің ел үрдісінде үлкен бедел, бедерінің әріден тамыр тартқанын білеміз. Одан бері де 80-ші жылдары Жапонияда ұйымдасқан дүниежүзі халықтары этнографиясы музейіне қойылған қазақ киіз үйінің Маңғыстаудан апарылуын алыңыз. Жақсы осылай жарқырап көрінсе, көңіл қалай марқаймайды?!

- Дұрыс. Киіз үй қазақтың бәріне ортақ. Бірақ соның бәрінен де оның ең үздік үлгісін сақтап, сақтап қана қоймай кемелдендіріп әкеткен маңғыстаулықтар екендігіне талас тумауға тиіс. Алдыңғы жылы маған Форт-Шевченко қаласының 150 жылдығына тігілген киіз үйлерге сарапшы болуға тура келді. Сол мереке бейне менің көңіліме қазақтың киіз үйінің мерекесі сияқтанып, қатты әсер етті. Сап түзеп тігілген 90 үй. Бұл Маңғыстау топырағындағы соңғы 70 жылдан бергі ең есте қаларлық құбылыс болды. Мен естіп білгенде бұдан бұрын дүбірлі тойларда осыншама үй тігілген емес. Атақты Абай тойын алыңыз. Керісінше онда тігілген үйлер бұлай әсер қалдыра алмады. Оңдағы көп үйлер үй емес. Темірмен шабақтап, сыртын ақ кенеппен жауып қасқитқан киіз үй кескінді қалқа. Театр тілімен айтқанда бутафория, арзан алдамшы елес. Қазақтың қасиетті жәдігерінің мәртебесін олай түсіруге болмайды.

Маңғыстау елі сан ғасырлар бойы сүзгіден өтіп жетілген үйдің қалыпты мүсінін бұзбай сақтап келеді. Тігуі, жиналуы, алып жүруі сол баяғыша ыңғайлы. ішінара болмаса жасалатын материалдары да қаз қалпында. Яғни ағаш пен көн, ішкі жасауы басқұр, құр, желбау, таңғыш, шымыраулы шилердің өрнектері ғана үнемі жетілу үстінде келеді. Есепке жүгінсек үйдің байланып бекітілетін, әсемдік үшін ұсталатын жіп, арқан, құрларының жалпы ұзындығы 600 метрден (7 қанат үйдің өлшемі) астам. Бір сөзбен айтқанда, біздің үйлеріміз ұлттық өнер үрдісінен көп ауытқыған емес. Сырт көзге жарасымды сәнді прапорциялық үйлесімі келіскен.

- Бәке, киіз үйді өнер туындысы дедік қой. Және ел анау-мынау емес, бірнеше өнердің үйлесім тауып қабысқан кешенді үлгісі. Соңдықтан ол көз өлшем, көңіл мөлшермен жасалады екен деуге болмас. Белгілі бір өлшем, заңдылық сақталатын болса керек.

- Әрине, оның қазақтың қарапайым ұғымындағы үй өлшемі - қанат. Қанат кереге санын білдіреді. "Алты қанат ақ орда" деген тіркес содан қалған. Шеберлер көші-қонға, тігуге ыңғайлы болу үшін кереге басын көбейтіп алты қанат жасайды. Халық арасында ең көп қалыптасқан үлгі 6-7 қанат. Ал 8 не одан көп үйлер көбіне той-томалақта, немесе дүбірлі ас, тойларда тігіледі. Абылай хан ордасы 12 қанат болды, уығын ат үстінде тұрып шаншады екен деседі. Қазақта кей ретте екі үйді бір-біріне жалғап, тіркестіріп тігетін де дәстүр болған. Атақты Қояңды жәрмеңкесінде солай болыпты. Бізде ана жылдары Дінмұхамбет Ахметұлы Қонаев Форт-Шевченкоға келгенде екі үйді жалғап тіктік. Кереге, шаңырақтың жасалу өлшемі өте күрделі, ол қатаң да дәл математикалық есепке негізделген. Тіпті ол астрономиямен, планеталар арасындағы өлшеммен тығыз астасып жатыр.

- Апырай, Бәке, мынау бір күрделі жаңалық екен. Шынымызды айтсақ, біздің бұл мәселедегі білеріміз, көз көрген әсеріміз осы этнографтардың жазғаны. Ол этнографтарымыз да ауылдан мектеп бітіре сала кетіп, қалада қалып қойып, бірнеше жылдан соң ауылға ат ізін салған болып шығады, көбіне ауқымы шектеулі. Сондықтан болар, қарама қайшылықтан да құр алақан емес.

- Ілкіде мен де солай едім. Басқа түссе баспақшыл, үйдің жасалуын өз қолыма алған соң барып жұмыс барысында ашылған құпиялар бұлар. Енді солар не сыр ұқтырар екен шындай бер. Жердің жалғыз ғана серігі - Ай. Жердің орташа диаметрі 12742 шақырым болса, Айдың орташа диаметрі 3474 шақырым. Ал жер диаметрін Ай диаметріне бөлсек 3,66 саны шығар еді.

Жеті қанатты киіз үйдің кереге көздерінің шаршысын келтіріп құрар болсақ, табанының диаметрі 6,4 метр болады. Осындай табаны бар үй үстіне қандай өлшемді шаңырақ жарасар екен десек, 6,4 санын 3,66 санына бөліңіз. Әрине 1.8 м шыққан болар еді. Жоғарыда көрсетілген екі үйдің шаңырақ диаметрлері 1,8 метрге тең жасалған болатын.

- Өте қызық! Бір-біріне байланысты үндестік табылды. Үй табаны бір жанұя үшін жер-анасының кіші түріндей болса, оның серігі шаңырақ айдай емес пе?

"Қайта өркендеу дәуірінің" негізін салушы атақты Леонардо да Винчи енгізген "Алтын қима" заңдылығын осы киіз үй мүсініне пайдалансақ, сол үйдің табанынан шаңыраққа дейінгі биіктікті табамыз. Табанының радиусымен шаңырақ радиусының қосындысы 3,2+0,99=4,1 метрге тең. Біз жасаған үй биіктігі 4,1 метрге тең. Осы заңдылықты пайдалана отырып, осы өлшемдерге сәйкес келетін кереге (жайғандағы) биіктігін тексеріп көргенде 1,7 метрге тең екенін табамыз. Біздегі үйлердің кереге биіктігі 1,72 метрге тең болып еді.

- Сонда киіз үйді негіздеген баяғы аталарымыз "Алтын қима" заңынан да хабардар болған ғой? Ойнайсың құнан қойдың сақасымен!

- Жоқ, олай деуге болмайды. "Алтын қима" заңын өмірге 15 ғасырдың аяғымен 16 ғасырдың басында енгізді. Әдемі, сұлу мүсіндерді, ғимараттарды тексеріп, зерттеу нәтижесінде осы заңдылықты ашты. Біздің аталарымыз бұл заңдылықты білмесе де, заңды үндестіктерді көзбен танып, қолмен жасай білген ғой. Менің шебер зергер Өтеш деген кәрі әкем "олақтың көзін жасай алмадым" дейді екен. Әрине олақ адам әдемілік жасай алмайды. Ондай адамдар жасаған нәрседен "Алтын қима" заңы тумаса керек.

Тағы да бір қызықты таң қаларлық жәйт - осы 3,66 саны төңірегінде. Сол санды қасиетті таспиықтағы тас санына немесе 99-ға көбейтіңіз, сонда 362 саны шығады (бұл Алланың пендеге белгілі аттарының саны). Бұл сан "Маңғыстаудың ойында 362 әулие" деген ұғымды немесе арабтар өз еліңде жылдың әрбір күнін бір әулие деген ұғымды еріксіз ойға оралтады.

- Ғажап екен, Бәке, мынау. Қатты таңғалдырдыңыз. Осы уақытқа дейін бұл құпия туралы сезген де, оқыған да жоқ едік. Бірінші рет Сіз арқылы ғана ой бойлатуға тура келді. Ау, мынау тіпті ғылыми жаңалық қой. Осы уақытқа дейін қалай үндемей келгенсіз.

- Мен ғылым иесі емеспін. Бұлар тек жұмыс, ізденіс барысында көз жеткізгендерім, түйгендерім, тәжірибемен келген тұжырымдарым ғана. Бір сөзбен айтқанда, қажеттілік негізінде табылған табыс деуге болады. Биесін іздеп жүріп, түйесін де қоса тауып алған жоқшының сәтімен оралған олжа сапары іспетті. Ал оған ғылыми сипат беремін деген талап иесі болса құптап, батагөйі болуға болады.

- Әлбетте, әлбетте, Бәке. Ел іші үкілі үміт, талап иелерінен кенде емес. Ондай жанашырлар да шығар. Киіз үйдің жасау технологиясы туралы сұхбатты ендігі бір сәтті күннің еншісіне қалдырайық.

- Осындайда бір шаң берер ұсыныс. Біздің елге ат ізін салар меймандар, әсіресе шетелдіктер өте көп. Соларды қабылдайтын, тек қабылдап қоймай ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттайтын бір әсем үйді неге жасап қолайлы орынға тігіп қоймасқа?! Тап осы қолдан келмейтін шаруа емес қой. Облыс, іргелі кәсіпорын, қысқасы патриоттарымыз осы іске мұрындық, жанашыр болса қандай ғанибет.

- Ондай ұсыныс болса, әрине, қуана құп аламын. Кезегінде, Әбілқайыр, саған да бір сауал-киіз үйдің ең мәртебелі бөлігі қайсы?

- Шаңырақ болар деп есептеймін.

- Дөп баспадың. Ең биік мәртебе иесі - маңдайша. Хан да, қара да, Президент - Елбасы да, қойшы, қоймашы да, одан басын иіп өтіп, озады төрге. Маңдайшадан биік тұғыр жоқ. Қазақтың келіндерінің иілер ілтипаты осыдан бастау алып жатпасын тегі.

- Айтатыны жоқ, ағасы. Сіз мені таң-тамаша қалдырдыңыз. Маңдайша дегеннен есіме сап ете түсті. Баяғы Өскенбайға Маңғыстауды түгел жырмен өрнектететін Бурабек, Рзабек байлар бар ғой. Солар 1930 жылы тәркіленіп жер аударылғанда бірінің бәйбішесі еңкейіп өткен құтты босағам еді деп үйінің маңдайшасын өзімен бірге суық жаққа ала кеткен екен. Осы оқиғаны мен "Аңшы Нұр" деген кітабымда жазсам да байыбына көп бара алмаған екенмін. Рақмет, Бәке, соқырға таяқ ұстатқандай қылдыңыз.

- Шіркін, осы Наурыз тойының бір қуанышы жыл он екі ай қаланың тозаңын, шаңын қолқасы қауып, бедірейген асфальты мен бетонына көзі қарыққан жұрт самсаған киіз үйлерді көргенде бетіне жалпақ жазираның, күрең сал самалы ескен қырға шыға келгендей болады ғой. Қыр перзенті солай болғанда, былайғы ағайын қазақ бауырдың марайма, марка мамырдың шуағына бейіл берекесіне тәнті болып бір жасайды. Ендігі әңгімені солармен бірге киіз үй ішінде жалғастыралық...

Әбілқайыр Спан

"Маңғыстау" газеті.

1998 жыл. 21 наурыз.

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ КИІЗ ҮЙ ЖАПОН ЖЕРІНДЕГІ КӨРМЕДЕ

1980 жылдардың басында Маңғыстаудың Бейнеу ауданында тұратын Рзаева Сұлуханның қолынан шыққан киіз үйдің мұхит асып күн астындағы жапон еліндегі көрмеге қойылғаны туралы баспасөз беттерінде жарыса жазылып жатты. Әсіресе, сол кездегі Одақтық орталық басылымдар қарапайым ғана ауыл әйелінің киіз үйінің ерекшелігін, көшпелі халықтардың ғасырлар бойы жалғасып дамып келе жатқан үздік өнер туындысының дүниежүзілік көрмеде лайықты өз орнын алғандығына баса назар аударды. Бұл кім үшін болса да, әсіресе маңғыстаулықтар үшін мақтаныш еді. Өлке жеріндегі айтулы мерекелерде тігіліп жататын көптеген үйлердің ортасынан озып шығып, дүниенің төрт бұрышынан ағылып келер талғампаз шетелдіктерді Маңғыстаулық киіз үй тамсандырып, таңдандырып жатса қуанбағанда қайтерсің. Сол уақытта сонау Ленинградтан келіп түбек жерін талмай шарлап ең үздік туындыны таба білген ғалымдарға деген ризашылық та бар еді.

Осы жылдары Миклухо-Маклай атындағы КСРО ҒА этнография институты Ленинград бөлімшесінің экспедициясы Маңғыстау жеріне екі рет келіп кеткен. Экспедиция басшысы Вадим Петрович Курылиннің Сұлуханның қолынан шыққан киіз үйдің үлкен көрмеге баруына көп еңбек сіңіргені шындық. Негізінен, XIX ғасырдың екінші жартысымен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының этнографиясымен айналысатын ғалымға еліміздің көптеген облыстарында болуына тура келген. Өзінің ғылыми еңбегіне байланысты көптеген материал да жинақтаған болатын. Оның кезекті ғылыми сапары 1972 жылы Маңғыстау жерінде өтеді. Ғалым үлкен қазынаға тап болғандай әсерде болып еді сонда.

Бірінен бірі өткен еңселі үйлердің қай-қайсысына бас сұқса да, ғасырлар бойы дамып, әлі күнге дейін өзінің бастау тінін жоғалтпай келе жатқан туындылардың ерекшелігіне, өміршеңдігіне таң қалған. Еліміздің батысын мекендейтін қазақтардың өзге жаққа көп ұқсай бермес дәстүр салты, мәдениеті туралы қомақты деректер алды. Содан 1977 жылы өзін қызықтырған өлкеге тағы да келген.

1976 жылы Жапонияның Мемлекеттік этнографиялық музейінің Бас директоры Тадео Умесао КСРО FA-на өтініш жасайды. Жапондық музейлер үшін КСРО халықтарының дәстүрлі қолөнері мен мәдениеті туралы көрме керек екенін, өз кезегінде олар жапон халқының этнографиясын жан-жақты көрсете алатыны туралы айтады. Кеңес халықтары туралы мағлұмат беретін көрме ішінен, әсіресе қазақтың киіз үйінің болуын ерекше атап өтеді. Бұл істі КСРО-ға Вадим Петрович Курылин жұмыс жасайтын институтқа тапсырады.

Тапсырма алған Вадим Петрович ешқайда бұрылмастан ат басын тура Маңғыстауға бұрады. Ғалым бұрын өзі келіп кеткен, аралаған өлкеде қазақ киіз үйінің ең үздік туындыларының сақталғанын білетін. Өйткені бұл жерде кез келген ауылдағы, мал соңындағы малшылардың үйінің сыртқы көрінісімен де, ішкі өрнегімен де көз тартатынына сенімді болатын. Әрине жапондық әріптестердің сұранысын орындау өте күрделі, жауапты жұмыс еді. Көрмеге апарылар киіз үйді таңдаудың оңай еместігі белгілі. Ол үшін көшпелі халықтар туралы, олардың дәстүрлері туралы да хабарлы болуың шарт. Киіз үйдің барлық ішкі және сыртқы бұйымдарының атқаратын қызметі туралы ертеңгі көрерменге жан-жақты мағлұмат беретін деректерді ғылыми тұрғыда жинақтау сияқты жұмыстар тұрды. Ғалым сондықтан өзімен бірге антропология және этнография институтының қор меңгерушісі, белгілі ғалым Сабир Багирович Фараджиевті ерте келген. Сонымен қатар жергілікті өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлерімен азғана уақытта бірлесе жұмыс жасауға тура келді. Әрине жергілікті адамдардың орталықтан келген ғалымдарға көп көмегінің тиетіні белгілі жай. Халықтың салт-дәстүрлері, киіз үй бұйымдарының жасалу жолдары туралы көп деректерді берген де солар. Мұражай қорындағы сирек кездесетін өлкеге қатысты материалдармен танысуға мүмкіндік алды. Артынан «Орта Азия және Қазақстан халықтарының тарихи-этнографиялық атласы» туралы көп томдық еңбекте сол сапар кезінде жинақталған материалдар кірістірілген болатын.

Таңдау Бейнеу ауданында тұратын Сұлухан Рзаеваның киіз үйіне түсті. Сұлухан он бала тәрбиелеп өсірген, аудандық кітапхана меңгерушісі болып істейді екен. Алыстан арнайы келген Вадим Петровичке Сұлуханның киіз үйін көрсетіп, таныстырып жүргендер оның бала тәрбиелеуге де, жұмыс жасауға да, бәрінен бұрын өзінің ең сүйікті кәсібі - атадан келе жатқан өнерді дамытып, жетілдіріп отыруға уақыт таба білетінін мақтанышпен жеткізген. Бір көргеннен-ақ іздеп келген киіз үйінің алдынан шыққанына риза болған ғалым Сұлуханнан өзін тәрбиелеген, осы жолға салған ұстазының кім екенін сұраған. Әңгіме барысында бұл далада киіз үйдің жасалуын оқытып, үйретіп отыратын арнайы мектептің болмайтынын, табиғатпен біте қайнасқан халық көшпелі өмір тұрмысында өздерінің баспанасын өздері жетілдіріп отыратынын білді. Ал Сұлуханның негізгі ұстазы да, үйретушісі де он саусағынан өнері тамған өз анасы Тілеубаева Қалбибіш екен. Бала кезінен анасынан үйренгенін жетілдіріп отырғаны болса керек, Сұлухан облыс көлемінде өтіп жататын көптеген мерекелерде, әсіресе бұл аймақта дүбірлі той болып өтетін шопандардың бас қосатын жиындарында талай рет бас жүлдеге ие болыпты.

Айтса айтқандай екен. Сыпайы, асықпай сөйлейтін ұяң әйел әртүрлі бау, басқұрлардың тоқылуы, ондағы ою-өрнектердің мәні туралы айтып берді. Көшпелі халықтардың бар тірлігі алдындағы малынан алынатын өнімдерді өз мүддесіне жарату үшін осыншама күрделі жұмыстардың жасалатынына сонда көзі жеткен. «Апыр-ау,- деп ойлаған сонда ғалым Сұлуханның ақылға толы көзіне қарап отырып. Ауыл арасынан ұзап көп ешқайда шықпаған, қарапайым әйел өзінің қолынан шыққан осы өнердің дүниені таң қалдырар асыл мұра екенін сезе ме екен сірә. Халық неткен жасампаз. Әлі де іздестіре түссе, түбек төсін шарлап зерттей түссе, бұл өңірде талай-талай саф алтындай құнды дүниелер табылар еді-ау». Сонау ерте заманнан небір саяхатшы, зерттеушілерді өзіне ынтықтырып өткен жұмбақ өлкенің сырларына қаныға алмай, жол түссе тағы бір оралуды ойлап кеткен еді.

Вадим Петрович 1979 жылы алда болатын үлкен дүниежүзілік көрмеге байланысты жапон елінде Осако қаласында болды. Музейді аралап жүріп көп ұзамай алыстағы Маңғыстаудан келетін киіз үйдің осы жерде тұратынын ойша елестеткен. Сол кезде Орта Азия халықтарының мәдениеті мен өнерін көрсететін негізгі экспонаттардың бірі Сұлуханның қолынан шыққан туынды болатынын еске алып, көңілі толқыған еді.

1981 жылы КСРО ҒА ұйымдастырған «Евразия көшпелілері» атты көрме жапон елінің Токио, Осако және тағы басқа да ірі қалаларында табысты өтті. Кеңестік Орта Азия елдерінен апарылған көптеген туындылар ішінде еңсесі биік Маңғыстаудан келген киіз үй де тұрды. Сонау көк шулан мұхиттың арғы жағындағы жапон елінде Сұлуханның қолынан шыққан киіз үйді көрушілер де, оған жоғары баға берушілер де көп болды. Көшпелі халықтың асыл мұрасы өзінің түп бастауы ғасырлар қойнауында жатқанын, оны күні бүгінге дейін жоғалтпай жалғастырып келе жатқан ұрпақтарының ортасында әлі де көп екенін дәлелдегендей алыстан көз тартып еді.

САҒИДОЛЛАНЫҢ МАҚСАТЫ

Сағидолланың облыстық мұражайда өңдеуші болып істегеніне де біраз жылдың жүзі өтті... Осы уақыттар ішінде қордағы көптеген бұйымдар талғамы бөлек тынымсыз еңбектенетін жігіттің қолынан өтіп бұрынғы қалпына келтірілді. Мұражай қорына жеткенше қаншама жылды артқа тастағаны, қанша ұрпаққа ауысқаны белгісіз бір кездегі шебердің көз майын тауысып істеген асыл бұйымының қайтадан бәз-баяғы қалпына келуі оңай шаруа емес. Ол үшін өткенмен үндестік, күні бүгінге жалғасып келе жатқан асыл тіннің түйінін шеше алатын сезімталдық та қажет екені сірә белгілі.

Мүмкін Сағидолланың осы бір сирек кездесетін мамандықты таңдап алуы, жол ортада басқа сүрлеуге ауып кетпей сол қалпында келе жатуына қазақ дейтін халықтың өткенін қастерлеп, қадірлей білетін ұлтжанды азаматтардың қасында болып, тәлім алғаны септігін де тигізген шығар.

Мүмкін өз еркінен тыс ала қашатын жастық шағында Мұқағали айтқандай "Басымен тасты ұрмауына" мұражай сияқты халықтың көне жәдігерлері жиналған қасиетті шаңырақ та әсер еткен шығар.

Мектеп қабырғасында жүргенде дәптерін шимайлап сурет салуға әуес еді. Үйде де, сабақ арасында қолы босаса болды, отыра қалып өз ойын мазалап жүрген әлдебір күштің жетегінде кететін. Бірақ ол кезде өзін үнемі осы бағытқа қарай итермелеп жүрген құдіреттің болашақ өмір жолына жөн сілтеуші екенін қайдан білсін.

Алғашқы қадамы сәтті болды. Орта мектепті бітіргесін біресе ана оқуға, біресе мынаған барам деп екі ойлы болып жүрмей бірден Алматыға тартты. Абай атындағы Мемлекеттік университеттің көркемсурет және қолданбалы өнер факультетіне құжаттарын тапсырды. Ағасы Түгел сол уақытта Алматыда болатын. Анда-санда елге келгенде інісінің ақ қағазға толтырып салып қоятын суреттеріне мон бере қараушы еді. Өзі зергерлік өнермен айналысатын Түгел інісінің бейімділігін байқайтын. Әсіресе оған әлі мектеп қабырғасында жүрген Сағидолланың жұмыс үстіндегі табандылығы, сабырлылығы ұнайтын. Болашақ шеберге нағыз керек қасиет осы. Алып-ұшпа адамнан, қолына алғанын кейінге қалдыра салатын еріншектен шебер шықпасы аян. Артында жүріп тоқпақтап, болмаса күніге құлағына маса болып ызыңдағанмен Құдай сыйламаған қасиетті біреудің санасына құя алмайтының белгілі. Мектепті бітіргесін ешқайда бұрылмай Алматыға келуге тапсырма берген де, ақылын айтқан да осы ағасы. Арасында кәрі нағашылары Қондыбайдың айтулы ағаш шебері, ал Құбайдолла деген аталарының елге белгілі суретші, мұғалім болғандығын да айтып отыратын. Бәлкім, өнер жолына бет алған інісінің құлағына құйыла берсін дей ме, өзі жасаған кейбір бұйымдарға салған өрнегінің мән-мағынасын да түсіндіретін.

Осы өнерге деген сүйіспеншілігі болар, оқуға түскесін бос уақытын зая жібермеді. Алматы сияқты әсем қалада жастар үшін көңіл көтерер, аралап кіріп қызықтайтын жерлер көп болса да, кешкісін барып республикалық Орталық мұражайда жұмыс жасады. Бұл бір жағынан, ауылдағы шешесіне салмақ салмай қаржы табу мақсаты болса, екінші жағынан, өз білігін жетілдіру, болашақ мамандығын шыңдау бағыты еді. Сағидолла көп нәрсені үйренді онда. Обалы не керек, сол жердегі шеберлер осы бір ұяң, артық-ауыс әңгімеге әуестігі жоқ жас жігітке білгендерін үйретті. Ештеңе жасырмады, көңіл тарлық жасамады.

Елге оралғасын "Маңғыстаутұрмыс" АҚ-да өңдеуші зергер болып орналасты. Артынан облыстық мұражайға ауысты. Содан бері осы жерде табан аудармай жасап келеді. Шынын айтқанда, осы бір қасиетті кәрі шаңырақ оның ыстық ұясы, үлкен білім ордасы сияқты. Мұражай қорында халық қолынан жинақталған зергерлік бұйымдар жетерлік. Атадан балаға мирас болып келе жатқан осы бұйымдардың көбін кім жасағаны да белгісіз. Соларға қарап отырып зергерлік өнердің осы өлкеге төн ерекшелігін, қазіргідей технологиясы болмаған ерте кездің өзінде қарапайым дала шеберлерінің күрделі туындыларды жасай білгеніне таң қалады. Өңдеп отырып өзіне белгісіз зергердің ақылын тыңдағандай өсерде болады. Алыстан жеткен бір қоңыр дауыс үлкендігі асықтай бұйым бетіне төгілте салынған өрнектің қыр-сырын түсіндіріп жатқандай болады.

Әсіресе оған Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері "Алтын адамды" қалпына келтіруші атақты зергер Қырым Алтынбековтің "Қырым аралы" атты зертханасында тәжірибеден өтіп келгені көп әсерін тигізді. Сонда жүріп зергер болу үшін, оның өткенін түсініп бағалай білу үшін, оны кейінге сол қалпында жеткізу үшін алдындағы құрал-сайманды ұстап білу ғана емес, басты мақсат - өткен тарихты білу, сол заманғы тыныс-тіршілікті сезініп, бойына дарыта білу екенін ұқты. Тек тарихшы ғана емес, зергер үшін де өткен заман туралы сарғайған қағаз беттерін ақтару керек екенін білді.

Зергерлік сирек кездесетін өнер. Оның екінің бірінің қолынан келе бермейтіні де шыңдық. Алтын, күмістің сирек кездесетіні сияқты одан бұйым жасаушы шын зергер де сирек. Әрине қазіргі уақытта ақша табу мақсатында қолынан тек көшірме жұмыстар ғана келетіндерді кездестіру қиын емес.

Сағидолла әңгіме айтуға шебер емес. Сонда да қасында отырып шым-шымдап өзіңе тартып отырсаң біраз нәрсеге көзің жеткендей болады.

Күміс, алтынның өте қымбат металл екендігі адамзат баласына сонау ықылым замандардан белгілі,- дейді Сағидолла. Сондықтан оны жоғары бағалап әртүрлі сәндік бұйымдар жасаған. Әрине көрерге көз керек, небір асыл бұйымдардың жасалуы да оңай емес. Оған асқан төзімділік, салқынқандылық, жіті көз, сонымен қатар ертеңгі өрнек үстінде тоғысатын зергердің терең ой-мүддесі де болуы керек. Зергер қолынан шығар бұйымдарды жасау үстінде өзіне тапсырма берушінің жасына қарап лайықтап жасайды. Әлі тұрмысқа шықпаған бойжеткеннің, өзге шаңырақтың босағасын аттаған жас келіннің, сол елдің желісін ұзартқан әйелдің, мәртебесі биік ақылгөй бәйбішенің өзіне лайық, жасына сәйкес жасалған әсемдік бұйымдары болады.Орнын таппаған әшекей де өз жарасымдылығын жоғалтады. Ал, лайықтап жасалған асықтың үлкендігіндей асыл бұйым тағушыға жарасып, ерекше сән береді.

Қай кезде де таза алтыннан, күмістен ештеңе жасалмайды. Өйткені олар жұмсақ болғандықтан иілгіш болады, тез майысады, бетінен сызып өткен тырнақтың ізі қалады. Сондықтан таза алтын мен күміске төзімді болып, өрі жарқырап тұруы үшін мыс қосылады. Мысалы, таза күмістен және мыс қосылған күмістен жасалған бұйымдарды қатар қойса, мыс қосылған бұйым өңін жібермей жалтырап тұрады. Ал таза күмістен жасалғаны көп ұзамай түсін өзгертеді, беті сызылып қалады.

Бұйым тұтынушыға жеткенше көптеген процестерден өтеді. Күмісті еріту, оның құрамындағы қосындылардан арылту, таптау сияқты жұмыстары жетерлік. Бәрі дайын болғаннан кейінгі ең күрделісі - әрине, оның бетіне өрнек салу. Тұтынушыны қызықтыратын да, өзіне тартатын да осы өрнек. Міне, зергердің бар өнері, білігі, ақыл-ойы да осында тоғысады. Менің негізгі мән беретінім де осы жұмыс дейді Сағидолла. Кейбір зергерлер бұйым бетіне мағынасыз өрнек салуға әуес. Ол жаңалық немесе жетілдіру емес. Нағыз өрнек халықтың ғасырлар бойы өзімен бірге жасасып келе жатқан туындысы. Салынған өрнек ой салатындай, халықтың дәстүр-салтын меңзейтіндей, нені құрмет тұтып, нені қадірлейтінін айтатындай болуы керек. Қай халықтың зергерлік бұйымдарын алып қарайтын болсаң да осы бағытта, осы арнада жасалады. Әр жерден жұлып-тартып жапсыра салған өрнек оның бәсін түсірмесе, мерейін өсірмейді. Сондықтан бұл іске асқан жауапкершілікпен қараған жөн дейді зергер.

Ол бірнеше рет қолөнер шеберлерінің республикалық байқауларына өз туындыларын апарып абыроймен оралып жүр. Облыстық мұражайда бірнеше рет жеке көрмесі ашылып көпшіліктің көкейінен шықты. Арнайы келіп сұраныспен тапсырма берушілер де жетерлік.

Ең бастысы - оның қолынан өңделіп, жаңарған бұйымдардың мұражай қорын толықтыра түсуі.

Бір кездегі шебер туындысының артта қалған жылдар толқынының тасасында қалмай, халықпен қайта қауышуы.

Сонымен қатар сонау ықылым замандардан бері келе жатқан өнерді жоғалтпай, оны жалғастырушылардың өз ортамызда бар екендігі.

Осы өнерді ұлы қасиет деп бағалап, жетілдіре түсуді Темірқазығы санаған Сағидолла сияқты зергерлердің өз жерімізде барлығы.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙