Мазмұнға өту
Home

Адам адам болғалы

Сәкен Иманасов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Адам адам болғалы

Авторы: Сәкен Иманасов

Сәкен Иманасов Адам адам болғалы Адам адам болғалы келе жатыр алысып, Жүгірген аң, ұшқан құс - барлығымен жарысып Ажырасып, Табысып, Қол сындырып, Бас жарып, Біреулері дәрі ішіп, біреулері қан ішіп... Араздасып, Адасып, Айнып, Ауыз жаласып, Жағаласьш, Жаласып, Жоққа бола таласып, Тіршілікте тірінің қадіріне жетті кім, Біреуіне-бірінің көрді ме екен жаны ашып?! Заманалар болған да шығар, бәлкім, тату, кең, Бүгінгінің қабағы, қандай ғана қатулы ең? Бірін-бірі алдаумен келе жатыр адамдар, Бірін-бірі арбаумен, бірін-бірі сатумен! Жақыны кім, Жаты кім, Досы қайсы, Кім дұшпан, - Айырмасы болмапты әділеттің қылмыстан,

Бәрі мидай былығып, Ұры-қары, ұлылық, Кім дерің бар бүгінгі Ақсақ Темір, Шыңғыс хан! Жұдырықпен, Мылтықпен, Зеңбірекпен, Бірі умен, Келе жатыр адамдар бірін-бірі қырумен. Ұлы Сталин... Гитлер... Алжир... Карлаг... Освенцим... Қайсыбірін айтарсың.... Хиросима... Трумэн. Біреулері ақталып, Біреулері ақталмай, Адам деген мақұлық бір-біріне жат қандай! Бірін-бірі дуалап, Диуана қып, Қуалап Ажал-апан аузына айдап бара жатқандай!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙