Шегірен былғары
Оноре де Бальзак
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бальзактың суреткер ретінде қолданған көркемдік әдістері жазушылық шеберлігін танытып, оның еңбектерінің бағасын арттыра түседі. Негізгі мақсаты Францияның көркем философиялық тарихын, революциядан кейінгі ел жағдайын баяндау болған.
(роман)
Аударған Хасен Өзденбаев
Ғылым академиясының мүшесі
Савари мырзаға
І. БОЙТҰМАР
1829 жылғы қазанның аяқ шенінде өрімдей бір жас жігіт Пале-Рояльға кіре берді, бұл тегінде салық салынуға тиісті құмарпаздың құқықтарын қорғайтын заңға сәйкес дәл сол құмарпаздар үйінің ашылар мезгілі болатын. Жігіт қобалжымастан-ақ маңдайшасына нөмір "36" деген жазуы бар притонның1 баспалдағымен жоғары көтерілді.
– Қалпағыңызды тапсыра кеткеніңіз жөн емес пе, – деп қоршаудың ар жағында, бір тасада отырған жерінен кенет ытып тұрып, өзінің жексұрын кескінін көрініске ұсынғандай өңі өліктей құп-қу шал зілді үнмен ызғарлана тіл қатты.
Құмарпаздар үйіне енгеніңізде заң ең алдымен сіздің қалпағыңызды сыпырып алады. Мүмкін, бұл інжілдік жазмыш қағидалары шығар? Немесе, дұрысын айтқанда, бізден әлдеқандай кепілдік талап ететін тамұқ шартының ерекше бір түрі шығар? Мүмкін, өзіңізді ұтып алатындарға ізет көрсететін болуыңыз үшін осылай істелетін болар? Мүмкін, қоғамдық нәжістердің бәріне де тұмсығын сұғып жүретін полиция Сіздің қалпағыңызды тіккен шебердің аты-жөнін, немесе егер Сіз қалпағыңыздың астарына өзіңіздің аты-жөніңізді жазып қойған болсаңыз, соны білгісі келетін болар? Бәлкім, кейіннен құмарпаздардың ақыл-ой қабілетінің ғибрат боларлықтай санақ кестесін жасау үшін сіздің бас сүйегіңіздің өлшемін алу керек болатын шығар? Бұл жөнінде құмарпаздар үйінің әкімдері ләм деп тіс жармайды. Әйтеуір, есіңізде болсын, жасыл жаймаға қарай алғашқы қадам жасағанынан кейін-ақ сіздің өзіңізге де, қалпағыңызға да иелігіңіз жоқ. Өзіңіз де, дәулетіңіз де, қалпағыңыз да, таяғыңыз да, бешпентіңіз де – бәрі-бәріңіз ойынның ырқыңда боларсыздар. Ал, қайтарыңызда ол, ОЙЫН, Сіздің сақтауға берген заттарыңызды қайтара отырып, өзіңізге де бірдеңе қалдырғандығын өлтіре соғарлықтай кәделі эпиграммамен сипаттайды. Әйтсе де, бас киіміңіз жаңа болса, құмарпаздың ерекше киім киінуі керек екенін ұғынуыңыз жөнінде алған сабағыңыз сізге арзанға түседі. Дес бергенде, жігіттің қалпағының жиектері сол қырылың-қыраған екен, қалпағын шалға тапсырып, оның орныңа нөмірлі құжат алған кезде жігіттің жүзінде бейнеленген таңырқау белгісі оның тәжірибесіз екенін аңғартты; сондықтан, тегінде жастайынан қызбалықтың қызғылықты ләззатына құныққан қу шал нұры сөнген самарқау көзқараспен жігітті басынан аяғына дейін бір шолып өтті; Бұл көзқарастан философтар емхананың жұтаңдығын, күйреген борышқордың сергелдеңін, суға кеткендердің тізбегін, мерзімсіз каторганы, Гуасакоалько2 сүргінін лезде-ақ таныр еді. Шалдың ішімдік салдарынан әрі кеткен қан-сөлсіз қуқыл жүзі осы күні оның тек Дарсэнің желатин3 көжесімен ғана қоректенетініне айғақ болғандай: ақыры шегіне жеткізілген тұрпайы құмарлықтың сүреңсіз кескіні еді бұл. Жүзіндегі қатпар-қатпар әжімдерінде үздіксіз азаптың ізі бар, сірә, ол өзінің болмашы жалақысын қолына тиген күні-ақ ұттырып жіберетін болса керек. Қамшы батпас қырсау мәстектей, ол қандай жағдайға душар болса да бір селт етпестей: ұтылғандардың күңірене күрсінгенін, мылқау қарғысын, топас көзқарастарын елең қылмас та, сезбес те еді. ҚҰМАРПАЗДЫҚ ОЙЫНЫНЫҢ барып тұрған бейнесі. Егер жас жігіт осынау цербердің4 қайғылы өңіне көз тоқтатып қараған болса, бәлкім, ішінен: "Мұның жүрегінде бір колода картадан басқа түк жоқ шығар!" дер ме еді, қайтер еді. Бірақ бұзылғандар үйінің қай қайсысының да кіре беріс бөлмесіне жазмыштың өзі қандай да жексұрын көрініс беретіні сияқты, оны ақылгөйліктің тірі бейнесі есебінде осы араға, әлбетте, сол жазмыштың өзі қойғаның жігіт елең қылған жоқ. Сондықтан ойып залына ол батыл адыммен ентелей басып кіріп келді: алтынның сыңғыры ашқарақтың араныңа шарпылған адам жаның сиқырлап, арбап алатын жердің нақ өзі еді бұл ара. Сірә, жас жігітті мұнда Жан-Жак Руссоның барлық шешендік асыл сөздерінің ішінде ең бір қисынды нақылы айдап әкелген болар. Ол нақылдың мұңды мағынасы, менің ойымша. былай болса керек: "Иә, кей кісінің карта ойнауға бара алатының мен де мойындаймын. бірақ барғанда да, егер өз өмірі мен ажалдың арасында ақтық экюден5 басқа арқау қалмаса, тек сол уақытта ғана барар ол!" Кешкілікте құмарпаздар үйінің поэзиясы тұрпайылау болады, бірақ қанды қырғыннан алып жазылған драманы көруге құштарлық қандай болса, бутан деген құштарлық та одан кем түспейді. Қызықшыл көрермендер мен ойыншылар бой жылытқалы сүмеңдеп келген мүсәпір шал-шабандар, басы шараптан басталып, аяғы Сена толқыныңа көміліп тынатын зауық құрбандарының қобалжулы кескіндері залдарға лық толып кетеді. Мұндағы көрініске құмартушылар мол, ал бірақ актерлердің шамадан тыс көптігі ойынның пірін сізге көзбе-көз көрсетпейді. Кешкілікте мұның өзі нағыз концерт сияқты, труппадағы тобырдың бәрі түгелдей қиқуласады да, оркестрдің ор аспабы өз үндерін безілдетеді. Сіз мұнда көптеген қадірменді адамдарды да көресіз, олар осы араға көңіл көтеру үшін келеді де, сол үшін ақы төлейді. Кейбіреулер сауық кешінің көрінісінен немесе тәтті тағамнан ләззат алғаныңа ақы төлесе, енді біреулер қайдағы бір мансардада арзан еркелік назын ақшаға сатып алып, артынан мұнысына бүкіл ай бойына өзегі өртене өкініп жүреді. Сөйте тұра притонның ашылуын асыға күткен адамның қызба құмарпаздығын сіз сірә түсіне аласыз ба? Таңертеңгі ойыншы мен кешкі ойыншының арасындағы айырмашылық кәдімгі сүйген сұлуының әйнегінің түбінде зарыққан ғашық пен бейқам күйеудің арасындағы айырмашылық секілді. Қалшылдаған құштарлық пен мұқтаждық тек таңертең ғана жантүршігерлік жалаңаш күйінде көрінеді. Тамақ ішпестен, көз шырымын алмастан, тіршілікке мойын бұрмастан, ой-қиялға үңілместен, тек ойынның ғапа құштарлығына берілген нағыз құмарпаздың қызығына дәл осы кезде тана аласыз, ойынның әp жүрісі сайын үздіксіз еселеп бос тігетін сәтсіздік шыбыртқысы оны сондайлық рақымсыз тілкемдеген: құрғыр "трант э карант"6 қашан ғана шығар екен деген дәмелену сабырсыздығы оны сондайлық азаптап, бейнет шеккізген. Байсалдылығынан жантүршіктірерлік бедірейген көздерді, алдамшы сиқыр жүздерді, картаның шетін қайырғанда оны жеп жіберетіндей сұсты көзқарастарды сіз нәлет жауғыр осы бір сағатта кездестіресіз. Сөйтіп, құмарпаздар үйі тек ойын басталар кезде ғана тамаша қызғылықты. Испания бұқалардың сүзісін, Рим гладиаторларын 7 мақтан ететін болса, Париж өзінің Пале-Роялын мақтан етеді, мұндағы құштарлықты қоздырып, өршіте түсетін рулетка ойынының көрінісі кереметтей ләззат алуға мүмкіндік береді; бірақ мұндағы қол болып аққан қанның тасқынынан партерде отырғандардың аяғы былғанбайды. Осы майданға көз жүгіртіп көріңізші, ішіне еніңізші! ... Неткен мүсәпірлік! Биіктігі адам бойындай май-май түс қағаздар жапсырылған қабырғаларда жанды жаңғыртарлықтай еш нәрсе жоқ. Ең болмаса өзін-өзі өлтіремін деушілерге қармау боларлық бір шеге де жоқ. Еденнің паркеті әбден қажалған, беті салтақ-салтақ. Сопақтау келген үлкен үстел залдың дәл ортасын түгел алып тұр. Оның үстіне жабылған шұға алтын ақшаға қажалып түгі қырқылған. Үстелдің айналасына бір-біріне сығылыстыра қойылған сабан орындықтардың жұпынылығы осында дәулет пен сән-сәулетке бола өздерін мерт еткелі келген адамдардың сән-сәулет жөніндегі кереметтей немқұрайдылығын айқын әшкерелейді... Адамның жаны бүкіл пәрменімен өзінен-өзі безінген кезде бұл сияқты қайшылықтар әрдайым байқалады. Ғашық жігіт өзінің сүйген сұлуын үлде мен бүлдеге, Шығыстың толқынды торқасына бөлемек болады, бірақ, көбінесе оны дара дүрсін тар төсектің үстінде-ақ баурайды. Баққұмар мансапқор жарамсақтық батпағында бауырынан жорғалап жүріп, жоғары өкімет билігіне ие болуды арман етеді. Бай саудагер сәулетті сарай салғызу үшін кішкентай қапас дүкеннің дымқыл ауасында күн кешеді, бірақ кейіннен оған әп-сәтте мұрагер бола қалған тоғышар ұлы өзінін туған ағасымен сыйыса алмай, сол ордадан қуылады. Қысқасы, ләззат үйінен қырсықты, одан содырлы орын бар ма екен? Сұмдық нәрсе! Өмір бойы өзімен-өзі алысып, үмітін бүгінгі пәле-қазалармен алдап, пәле-қазаларды өзіне тәуелді емес болашақпен алдап, адам дегеніңіз өзіне тән дәйексіздікті, дәрменсіздікті өзінің барлық қылықтарына да телиді. Осында, жер бетінде, бақытсыздықтан басқа кемеліне келіп жетілген ештеңе де жоқ. Жас жігіт залға кіргенде, онда ойыншылдардан бірнеше адам отыр екен. Жалтыр бас үш шал жасыл жайманы жағалай, шалқайысып отыр. Олардың гипстен жасалған маскаға ұқсас, дипломаттардың бейнесіндей бейтарап кескіндері тоқмейілсіп шіренген жан сезімін тіпті әйелінің ешкім қол сұға алмайтын меншікті орамжайып ұттырып жіберсе де шімірікпейтін жүректерін әйгілеп тұр. Жылтыр қара шашты, өңі лайланған жасыл бояу іспетті бозша сұрғылт итальян жігіті байсалды пішінмен үстел шетінде шынтақтап отыр: бейне бір "Ұтыс! Ұтылыс!" деп ойыншыға іштей айғайлап тұратын құпия болжалға мүлгіп құлақ түргендей. Осы бір оңтүстік адамының бетінен алтын мен от ұшқыны шашырап тұрған секілді. Қызық көре келген жеті-сегіз бөгде адам театрдың жоғарыдағы арзан орындарында тұрғандай қаз-қатар тізіліп, түрегеп тұр: тағдырдың тәлкегі, актерлердің бет-жүздері, теңгелік ақшалардың, көсеу қалақшалардың жылжуы өздеріне арнап қандай көрініс әзірлейтінін тосқан қалыптары. Осынау еріккен жандар Грев алаңында жендет әлдекімнің басын шауып түсер сәтін күтіп тұрған тобырлар сияқты, қыбыр етпестен, үн-түнсіз, ынтыға қадағалауда. Көнетоз фрак киген арықша, ұзын бойлы мырзаның бір қолында жазу кітапшасы, екіншісінде түйреуіш. Ол қызыл мен қараның неше рет ұтысқа шыққаның осы түйреуішпен белгілеп тұрады. Өз дәуірінде рақат көрмей күн кешіріп жүрген қазіргі замандағы Танталдардың, қиялдағы дәулетімен карта ойнайтын сараңдардың бірі апатқа ұшыраған жылдарында өзін жүзеге аспас арманмен жұбататын, азанда дұға қызметін атқаруға жас священник қалай қарайтын болса кінәрат пен қатерге бұл да сондай қарайтын есті аусар тақілеттес жан. Ойыншының қарсы алдына ойынның барлық сәттерін түгел зерттеп білген алаяқ қулар келіп отырды. Өздері бұғаулы ескектерден айылын да жимайтын жырынды каторжниктерге ұқсас. Олар мұнда үш дүркін ұтысқа ғана бос тігісуге тәуекел етіп, егер ұта қалса, бірден-бір кіріс бұлағы болып табылатын осы олжаларын жымқырып, жылыса жөнелу үшін келетін. Екі кәрі малай қолдарын айқастыра қусырып, селсоқ қалыппен ерсілі-қарсылы сенделіп жүр. Олар ауық-ауық терезеден мойындарын созып бақшаға қарап қояды бейне бір өткен-кеткенге есіктің маңдайшасындағы жазудың орнына өздерінін жалпақ беттерін көрсеткілері келгендей. Жас жігіт есікті ашқанда, банк тартушы мен кассир ұтысшыларға қабақ түйе, зәрлі сұспен қарап, зілді үнмен: "Салыңдар!" деп жатқан кез болатын. Тым-тырыс тыныштық одан да тереңдей түскендей болды. Жұрттың бәрі таңырқағандай, жаңа кірген адамға жалт қарады. Ғажап! Өздеріне таныс емес осы бір адамды көргенде, топастанған шалдар да, тас боп қатқандай сыздана қалған жалшылар да, қызық көре келген бөгде адамдар да, тіпті қияли итальян да бәрі-бәрісі әлде қандай бір сұрапыл сезім түйсінді. Бұл залда қасірет дегенің үнсіз, қайғың жайдары, тоғыруың әдепті болуға тиіс; мұндағылардың аяушылығын туғызу үшін өте бақытсыз болуың керек, сүйікті болу үшін дәрменсіз болуың керек, немесе осы залдағылардың жүрегін тебіренту үшін өте жабырқаулы болуың қажет. Жас жігіт есіктен кіргенде, мұз жүректерді жібіткен жаңа сезім осының бәрінен қалыптасқан-ды. Бірақ, айтып-айтпай немене, революция дабылы бойынша жазаланатын талай-талай ақшабдар шашты қыздардың басын кесерде кей-кейде жендеттердің де көз жасы тамбап па еді? Ойыншылар бір көргенде-ақ жана келген жігіттің жүзінен қорқынышты құпия сырдың ізін аңғарды; оның кескінінде бір түрлі мұңды сымбат сезіліп тұрған балғын жүзінің бейнесі көп талабының босқа сарп етілгеніне, мыңдаған үмітінің алданғаныңа айғақ сияқты. Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адамның ұсқыныңдай түнеріңкі селқостық оның маңдайына құбақан, бозғыл он бітіріп, сүлделеніп ауырғандай қуартып жіберіпті, күйінішпен жымиған екі езуінің екі жағына жіп-жіңішке әжімдер түсіпті, дидары тағдырға бой ұсынғандықты баяндағаны сондай, тіпті сол сәтте оның бетіне қараудан жан күйзелерлік. Әлде, бәлкім, ләззаттан шаршағандықтан ба екен, әйтеуір, тұманданған осы бір көздердің түкпірінде бір түрлі жасырын данышпандық жанары жайнағандай. Болмаса бір кездердегі кіршіксіз таза, ақжарқын, ал қазір сыйқы кеткен осы асыл текті дидарға, бәлкім, есерліктің күнәлі таңбасы басылды ма екен? Жүзіндегі безгек ауруындағыдай балбыраған қызғылт рең мен көздерінің жиегіндегі қара дақтарды көргенде, дәрігерлер, сөз жоқ, мынаның жүрегінде ақау немесе кеудесінде дерт бар екен деп жорыр еді де, ақындар бұл белгілерден ғылыммен шұғылданғандықтың зардаптарын, шам жарығымен жұмыс істеп, ұйқысыз өткізген талай түндердің іздерін аңғармақ болар еді. Бірақ дерттен де қатерлірек құмарпаздық еңбектен де, данышпандықтан да рақымсызырақ дерт бұл жас жігіттің өнін бұзып, репетін кетірген, бір кездегі икемді бұлшық еттерді құрыстырған, жаңа ғана жанасқан зауықтың азғындығы, мұқтаждық пен дерт оның жүрегін қажытқан. Каторгаға әйгілі қылмыскер айдалып келгенде бұтаудағылар оны қошеметпен қарсы алады, дәл солар сияқты, азаптың тезінен өткен мынау адам бейнелі әзәзілдер де сұрапыл қасірет иесін құттықтап, әккі көзқарастарымен мұның терең жарақатын мүсіркесті; оның үнсіз әжуа-мысқылының ұлылығынан, жұпыны киімінің сыпайылығынан, мұны өздерінің әміршілерінің бірі деп таныды. Жігіттің үстіне кигені әдемі фрак, бірақ галстугы жилетіне тым жабыса қалғаны сонша, тіпті іш көйлегінің бар-жоғы да неғайбіл тәрізді. Әйелдің қолы іспетті әсем қолдарының тазалығы да күмәнды перчаткасыз жүргеніне де екі күн боп қалды ғой! Банк тартушы мен малайларға дейін селк ете қалған себебі жас жігіттің арықша келген талдырмаш нәзік денесінде, табиғаттың өзі бұйралап берген сирек, селеу шашында әлі күнәсыздықтың сиқырлы күші гүл жайнап тұрғандықтан болатын. Бет әлпетіне қарағанда ол не бәрі жиырма бестер шамасында, сондықтан оның кінәраттығы, арамдық жолға түсуі әлдеқалай кездейсоқ іс сияқты. Албырт жастықтың соңы, тың қабілеті нәпсінің дәрменсіз күйзелісіне әлі де қарсыласатын секілді. Бір түрлі іші-бауырыңды елжіретерлік нәзік қасиет пен жан түршіктірерлік сұмдықтың ұштасып жатқаның сездірерліктей әсер ете отырып, оның тұлғасында қараңғы қапас пен жарық сәуле, ғайыптық пен нақты өмір тартысулы еді. Жігіт осы залда нұрлы шұғыласынан айырылып, жарқын жолынан адасқан періште тәрізді көрінді. Сондықтан да кінәратты, масқара құмарпаздықты осы жырынды ақылгөйлерінің бәрі де, зинақорлыққа әуестенген сұлу қызға жаны ашыған кептік кемпірлерше, жаңа келген жігітке: "Кетіңіз бұл тозақтан!" деп айғай салуға әзір еді. Жігіт үстелге тікелеп келіп, кілт тоқтады да, ойланбастан қолындағы алтын теңгелікті шұға жаймаға лақтырып тастады; теңгелік қара карталар жағына қарай домалап кетті. Содан кейін даукес сараңдардың дегбірсіздігін менсінбейтін кәдімгі ерік-жігері күшті адамдар сияқты, ол, банк тартушыға әрі байсалды түрде, әрі қасара қарады. Бұл әрекеттің таңғалдырғандығы сонша, тіпті шалдар ақша тігіскен жоқ, алайда әлгі итальян құмарлыққа құныққан қызумен жалт еткен жарқын ойға жармасқандай, өзінің барлық алтының жат жігіттің бәсіне қарсы тікті. Кассир өзінің әдеттегі: "Бәс тігісіңдер!" – "Бәс тігілді!" – "Бұдан артық қабылдамаймын!" дейтін, көп заманнан бері барылдаған түсініксіз айғайға айналып кеткен осы дағдылы сездерін де ұмытып кетті. Банк тартушы карталарды көтеріп алды, кәдімгі бір осы қаратүнек зауықты ермек етушілердің ұтқан-ұтылғанына селсоқ қарайтын ол да мына жаңа келген адамның ұтуын тілегендей көрінді. Қызық көруге келгендер бірі қалмастан осы алтын ақшаның тағдырынан бірер драманың, ізгі өмірдің ең соңғы көрінісін көруге әзір тұрды; қатырма қағаздың сәуегей беттеріне қадалған көздері оттай жайнады, бірақ олар біресе жас жігітке, біресе карталарға телміріп, барлық ықыластарымен-ақ қадағалап тұрса да, жігіттің сабырлы, көнбіс жүзінен ешқандай толқу белгісін байқай алмады. – Қызыл, жұп, пасс, – деп жариялады банк тартушы ресми үнмен. Кассир лақтырып жіберген сайын, бүктеулі банк билеттері бірінен соң бірі өзінің алдына топырлап кеп түсіп жатқаның көргенде, ұяң дыбысқа ұқсас қарлыққан бір үн итальянның көкірегін қарс айырып шыққандай естілді, ақша көсейтін қалақша Наполеонның суреті салынған ақтық алтын теңгелігіне ұмтыла бергенде, бейтаныс жігіт жазым болғанын сонда тана аңғарды. Піл сүйегі ақшаға тық етіп қақтығыса кеткенде, теңгелік садақ отындай зымырап барып, касса алдында үйіліп жатқан бір топ алтынға қосылды. Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ ол қабатын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөртіп еріндеріне қан жүгірді. Ол, өмірде мен білмейтін құпия сыр жоқ деп есептейтін ағылшынша, паң пішінде сол кідірді де, көзден тайып болды: түңіліске душар болған ойыншылардың қызық көре келгендерге жиі арнайтын жан күйзелтерлік көз қарасымен жұрттан жұбаныш тілегісі келмеді оның. Мінекей, бір секундтың ішінде қаншама оқиға түйдектелді! Ойын сүйектерінің жалғыз соққысының өзінде-ақ қаншалық көп мән бар десеңізші!
– Бұл, әрине, ақтық талғажауы еді оның, – деді банк тартушы, жымиып бірер минуттей тым-тырыс тыныштықтан кейін, сол мезет ішінде бас бармағы мен сұқ саусағының арасына қысып ұстаған бойы әлгі теңгелікті отырғандарға көрсетіп.
– Сандалған байғұс, енді өзенге құлап өледі-ау, деп тіл қатты осы үйдегі думаннан қалмайтын айналсоқтардың бірі, өзара таныс ойыншылардың бәрін айнала шолып өтіп.
– Апырай, ә! деп саңқ етті малай да шақшасынан бір шөкім темекі алып жатып.
– Біз де мына мырзаның жолын қусақ игі еді, – деді шал өзінің жолдастарына итальянды нұсқап.
Бәрі де жалт бұрылып, ұтыс шыққан бақытты ойыншыға қарасты. Ол қолдары дір-дір етіп, банк билеттерін санап жатыр.
– Маған, – деді ол, "есепқор ойын түңілген жігіттен басым түседі" – деп құлағыма сыбырлағандай болды.
– Тәйірі, сол да ойынша ма? – деп кассир де қыстырыла кетті. – Нағыз ойыншы ұтыс сәтін молайта түсу үшін бар ақшасын үшке бөліп тіккен болар еді.
Ұтылып қалған бейтаныс кетерінде қалпағын ұмытып бара жатыр еді, күзетші кәрі төбет сілімтік қалпақтың аянышты халін сезіп, тіл қатпастан қожасының қолына ұстата берді. Жігіт ойланбастан нөмірлі құжатты қайтып берді де, "Dі tantі palpіtі"8 – ді өзі де әрең естігендей қылып ақырын ғана ысқырып, басқыштан төмен түсіп бара жатты. Көп ұзамай ол Пале-Ролль қақпаларынан келіп шықты, содан Сент-Опоре көшесін бойлай жүріп, Тюильриге қарай бағыт алды да, тәлтіректей басып бақшаны жарып өтті. Ол бейне бір жапан түзде келе жатқандай, қарсы келген адамдар кеудесімен қағып кетсе де, оларды көрмеді, көшенің дабырлаған ызың-шуының арасынан оның еститіні бір-ақ үн ол ажал үні. Ол тұла бойы сіресіп, қалың ойға шомған еді; Әділ сот сарайынан Грев алаңына, 1793 жылдан бері саулаған қаннан қып-қызыл болған жаңғырыққа әкеле жатқандағы қылмыстылар осындай-күйге бататын. Адамның өзін-өзі өлтіруінде әлде бір ұлылық және сонымен бірге сұмдықты сипат бар секілді. Көптеген адамдар үшін құлау дегеннің өзі, баланың ап-аласы жерден тайып жығылғанда еш жеріне зақым келмегені сықылды, мүлде қауіпсіз әрекет, ал енді ұлы адамның күл-талқаны шықса, онда оны өте биіктен құлады деп білу керек; ол аспанға асқақтай өрлеп барып, басқа адамның әресі жетпейтін ғажайып жұмақты көрді деп білу керек. Тегінде, жан тыныштығын тапаншаның ұңғысынан іздеуге мәжбүр еткен дүлей дауылдар да рақымсыз-ақ шығар. Байлықтан іші пысып, алтынынан қажыған тобырлардың көз алдында, мансарданы мекендеп, миллиондаған жан иелерінің арасында жоғалып, сіңіп кеткен нелер дарынды жастар тек шынайы достың, жұбатушы арудың жоқтығынан гүлдей солып, мерт болды-ау, сабаздар. Тек осыны ойлауыңыз-ақ мұң, өзін-өзі өлтірушілердің саны адам айтқысыз алып мөлшерге жеткенін аңғарасыз. Жас жігітті Парижге жетектеп әкелген жарқын үміт пен ерікті өлім аралығында қаншама ой-ниеттің, жазылмай қалған қаншама жырдың, қаншалықты торығу күндері мен булыққан өксіктің, нелер нәтижесіз, жеміссіз әрекеттердің, толғағы пісіп жетпеген нелер әрең дастандардың қысылып-қымтырылғаның бір құдайдың өзі ғана білетін шығар. Өзін-өзі өлтірушілік атаулының қандайда үмітсіздіктің өрелі дастаны. Жүрек тебірентерліктей күштілігі жағынан: "Кеше сағат төртте бір жас әйел Өнер көпірінен Сенаға құлап өлді" деген газет хабарымен бәсекелесе алатын кітап, сірә, әдебиет мұхитының бетіне қалқып шыға қояр ма екен! Париждің осындай қысқа тұжырымдарына драмалар да, романдар да, бәрі де тең келе алмайды, тіпті "Өз балалары абақтыға қамап, азаптаған даңқты король Карнаванскийдің азалы зары" деген ескі тақырып та, жоғалған кітаптың осы бір жалғыз үзіндісі де тең келе алмайды; өзінің әйелі мен балаларын тастап кеткен Стернді де ағыл-тегіл жылатқан үзінді еді ғой бұл Қантөгіс ұрыста парша-парша болған тулардың желкілдегені сияқты, бейтаныс жігіттің басында осындай жырым-жырым ойлар мың-мыңдап өтіп жатты. Еске түскен елестер мен ой-сананың жүгін сілкіп тастау үшін, ол көкорай шөптің арасында самал желге баяу ғана ырғалған гүлдердің жаныңда сол кідірді: содан кейін өзін-өзі өлтіру жөніндегі қапалы оймен өлі арпалысып келе жатқан өмір тынысын өз көкірегінен сезіп, басын көтеріп көкке қарады. Бірақ аспаннан төнген сұрғылт бұлт көңілге қаяу түсірген өкпек желдін өксігі, күздің дымқыл ауасы бәрі де өлім ниетін мұның көкейіне құя берді. Ол өзінен бұрынғылардың өлер алдындағы ақырғы нәпсілері туралы ойлай-ойлай король көпіріне таянып келеді. Лорд Кастрифтің өзін-өзі бауыздар алдынан біздің ең анайы табиғи қажетімізді атқарғаның, академик Өженің өлімге бара жатып бір шөкім темекі иіскеу үшін шақшасын іздегенін есіне түсіріп, ол езу тартты. Ол осындай оғаш ерсіліктердің байыбына жетуге әрекеттенді, өзіне-өзі сауалдар қойып толғанумен болды: сол екі арада көпірден өтіп бара жатқан базардың жүк көтерген қызметкеріне жол беру үшін көпірдің жақтауына сүйенгенде, әлгі қызметкер әлденендей ақ бояумен мұның бешпентінің жеңін былғап кеткен; енді бұл жалма-жан жеңіндегі сол ақтаңдақты тым тәптіштеп қаға бастатаның өзі де байқамай қалды. Көпірдің орта шеніне жете бергенде, ол түнеріңкі түспен суға үңілген. Бүгін суға батып өлетін күн емес, – деді оған үстіне шоқпыт киген бір кемпір мырс етіп, Сена бүгін лас, суық!.. Өз тәуекелінің бүкіл есуастығын түгел әшкерелегендей аңқау күлкімен кемпірге жымия жауап қайтарған ол кенет алысырақтағы Тюильри айлағында, маңдайшасында: '"СУҒА КЕТКЕНДЕРДІ ҚҰТҚАРУ ОРНЫ" деп ірі әріппен жазылған жазуы бар барақты көріп, құйқа тамырлары шымырлап кетті. Деше9 мырзаның адам сүйгіш мейірімділігін барлық мінсіз қасиеттері оның көз алдына елестеп кетті суға кеткен адам сор түртіп, су бетіне қалқып шыға қалса, ауыр соққымен басын жарып жіберетін мейірбан ескектердің қозғалысы келді оның көз алдына. Дешенің өз маңына ашық ауыздарды жинап алып, дәрігер іздегенін, құтқарылғандарды ыстайтын орын әзірлеп әбігерге түскенін көрді ол; журналистердің думанды сауық үстінде, күлімдеген биші әйелді күтіп отырып жазған көңіл айтуларын да оқыды ол; суға кеткен мұның сүйегін тауып алғаны үшін қайықшыларға полиция бастығының санап беріп жатқан ақшаларының сылдырын да естігендей болды ол; өлсе мұның құны 50 франк, ал тірі қалпында жанашыры да, достары да, сабан төсеніші де жоқ, нөсерден бой тасалайтын баспанасы да жоқ, әншейін ғана дарынды адам, мемлекетке пайдасыз, әлеуметтік дерегі жоқ жанның бірі, айтпақшы мемлекет те оған бір түйір қамқорлық жасап көрген емес-ті. Тапа-тал түсте өлу оған жиренішті болып көрінді. Оның өмірінің ұлылығын менсінбеген қоғамға бейтаныс өлігін ғана қалдыру үшін ол түнде өлуге бел байлады. Күн өткізуді көздеген бейқам серуенші сықылданып, ол Вольтер атындағы жағалау көшеге қарай беттеді. Көпірдің шетіндегі басқыштан төмен түсе берген кезде жағадағы көшенің мүйісіндегі жаймада жаюлы тұрған ескі кітаптарды көрді, ол тіпті осы кітаптарды саудалай да жаздады. Бірақ сол сәтте-ақ өзіне-өзі күлді де, қиялшыл адамдай жилетінің қалтасына қолдарын сұғып, дүниенің бәрін менсінбей, жирене қараған жайбарақат жүрісімен одан әрі тартты. Сөйтіп келе жатқаныңда кенет қалтасында күміс ақшаның шын мәнісінде ғажайып сылдырын естіп қайран қалды. Дереу үміттің жымиған күлкісі оның жүзін жайнатып жіберді, сол күлкі оның еріндерінен жылжып түсіп, оның бүкіл кескін-келбетіне тарады: маңдайында, көз жанарларында, күңгірттенген екі бетінде қуаныш отын тұтатты. Осынау бақыт ұшқыны жанған қағаздың жұрнағын жалап өткен жалын сияқты көрінді. Бірақ, оның бетбейнесі қағаздың қап-қара күлге айналған кездегі тағдырындай-ақ бір құбылып, қайта сәнді. қалтасынан қолын суыт суырып алғанда, әрқайсысы екі судан10 үш тиындық қана ілінгенін көрген соң, жүзі қапалы қалпына қайта келген.
– Қайырымды мырза, La carіta! La carіta! Catarіna.11 Ең болмаса нан алып жейтін бір су бере көріңізші.
Үсті-басы күйе-күйе, көнтектеу келген бет-аузы қап-қара, киімі шоқпыт-шоқпыт, мұржа тазалаушы бір бала әлгі кісінің ақтық тиының садақаға сұрап қолын жайды. Кішкентай савойялықтан екі адым жерде тұрған шоқпыт киімді бейшара, жасқаншақ, өзі сырқат, азап шеккен қарт қайыршы дөрекілеу, ұяң дауыспен оған:
– Мырза, шамаңыз келгенінше қайыр-садақа беріңізші сіз үшін құдайға жалбарынайын... – деді.
Бірақ жас жігіттің жүзіне көзі түсіп кетіп, шал үндей алмай қалды да, содан қайтып одан қайыр сұрауын да қойды. Сірә, ол өліктің өңіндей құп-қу болған жігіттің ажарынан өз қайыршылығынан да ауыр мұқтаждықтың белгісін байқаған болар.
– La carіta! La carіta!
Бейтаныс жігіт ұсақ тиындарын бала мен шалға лақтырды да, үйлердің өн бойымен орман қарай жүре бергелі, жағадағы жалғыз аяқ тас жолдан бұрылып кетті, Сенаның жүректі жаралайтын қытымыр көрінісін көре беруге одан әрі қуаты жетпеді.
– Құдайым сізге денсаулық берсін, десті қос қайыршы.
Әлгі тірі аруақ әшекейлі асыл заттар сататын дүкенге жақындағанда бір салтанатты күймеден жас әйелдің түсіп жатқаның көрді. Үлбіреген аппақ жүзін әсем қалпақтың атлас жиегі жарастықпен көмкерген жас аруға ол ынтыға қарады. Арудың тал бойы, сымбатты қимыл қозғалысы жігіттің есі-дертін билеп әкетті. Әйел күйменің үзеңгісінен түсерде саусағының ұшымен шымшып, көйлегінің ететін сәл көтергенде, жіңішке жіліншіктеріне біте қабысқан ақ шұлықтан нобайы айқын суреттелген әдемі аяқтары көрінді. Жас әйел дүкенге кіріп, альбомдар, тасқа басылған суреттер жинағын сатып алумен шұғылданды; оның төлеген бірнеше алтын теңгеліктері биік үстелдің үстіне түскенде, жарқ етті де, сынғырлап кетті. Жас жігіт есік маңында көрмедегі ойма өрнектерді көріп тұрғансыды, ал, шыныңда, еркектің бар қабілетімен ынтыға, құшырлана қарағандағы өңменнен өте шолитын көз қарасымен бейтаныс сұлуға сүзіле телмірген-ді, әттең, онысының орайына тек кездейсоқ жүргіншіні көз қиығымен жанай өтетін бейсеубет көзқарасты ғана кездестірді ол. Өмірден түңілген жас жігіттің махаббатпен, әйел атаулымен арыздасқан ақырғы өтілі еді бұл! Бірақ осы ақырғы өктем өтіл ұтылмады, ұшқалақ ойлы жеңілтек әйелдің жүрегін толқыта алмады; ұялып қызарған да, қымсынып төмен қараған да жоқ ол. Әйел үшін өтілдің қандай мәні болмақ? Сұқтана табынған көп телмірістің тағы бірі ғана кешкілік: "Мен бүгін тым-ақ сүйкімді болдым білем" деп назданарлықтай, ер нәпсісін қоздырғаныңа масайрағандық қана ғой бұл ол үшін. Жігіт дереу басқа терезеге қарай кетіп қалды да, бейтаныс әйел күймелі арбасына мініп жатқанда, айналып та қараған жоқ. Аттар ала жөнелді. Әсемдік пен сән-салтанаттың осы бір соңғы бейнесі де көзден ғайып болды. Жігіттің өмірі де сол бейнедей-ақ ғайып болғалы тұр. Ол мұңды ойға шомған қалпында, онша қызықпай-ақ, тауар үлгілерін қарай-қарай, дүкендерді аралап жүрді. Дүкендерден өткен соң ол Луврды, Академияны, Құдай анасы шіркеуінің мұнараларын, Әділ заң сарайының күмбездерін, Өнер көпірін зерттей бастады. Бұл ескерткіштердің бәрі де аспанның сұрғылт реңі шатылысқандай, көңілсіз көріністе тәрізді. Сол сұрғылт аспанның бұлдыр жарығы, сылан әйелдің ерке мінезіндей, зағиптық пен көркемдік баянсыз сәкет кезегіне жиі душар болатын Парижге бір түрлі айбын бітіргендей. Сөйтіп, табиғаттың өзі өлім есірігіндегі адамды қайғы тұңғиығына батырып, өзін-өзі ұмыту дәрежесіне жеткізген еді. Аздырғыш күштің әлсіреткіш әрекеті біздің жүйке тамырымызды шарлайтын қуат ағымынан өзіне делдал табады ғой, сол аздырғыш күштің құдіретіне мұқым бағынған әлгі жігіт те өзінің дене мүшелерінің бейне бір байқатпай құлдырап бара жатқаның сезгендей. Өлім есірігіндегі жанталасқан азап зардабы дүниедегінің бәріне сағым толқыны іспетті қимыл бітіріп, адамдар да, үйлер де оған тұман арасында шайқалып тұрғандай көрінді. Ол табиғи әлемнің өз жаның шіміркендірген әсерін серпіп тастағысы келді, сондықтан жан сезіміне рухани азық табу үшін немесе өнер шығармаларын бағамдау мен түнге дейін уақыт ұту үшін ежелгі көне заман мұраларын сататын дүкенге барды. Осының өзі бар пәрменін бойға жинағандықпен, демеу боларлық бір талғажауды медет еткендікпен тең еді, өз күшіне өзі сенбейтін қылмыскердің басын жаңғырыққа төсегелі кетіп бара жатқанда қуат кіргізерліктей бірдеңе сұрағанымен пара-пар еді. Алайда, ажалдың жақын екенін меңзеген санасындағы тәуекелдің салдарынан екі бірдей ашынасы бар герцогиняның өзіне-өзі сенімі мол байсалдығындай бекемдік бір сәтке жас жігітке қайта оралды да, ол тәуелсіз пішінмен, маскүнемдерде ғана болатын кекесін күлкінің ізі екі езуінің емеуірінінен арылмаған күйі асыл бұйымтайлар дүкеніне кірді. Шыныңда да ол әлде өмірден торыққаннан, әлде, бәлкім, ажалдың арбауынан мас болып, сенделіп жүрген жоқ па? Көп ұзамай тағы да басы айнала бастады, сондықтан көз алдындағы заттардың бәрі бір түрлі ғажайып түске боялғандай, жансызына жан бітіп, жеп-жеңіл қозғалып тұрғандай болып көрінді оған; мұның себебі, сөз жоқ, оның біресе сарқырамадай тасқындап, біресе жылымшы судай баяу, байсалды бүлкіл қаққан қан айналасының дұрыс ауанмен жүрмегендігінен болған-ды. Ол осы дүкеннің бөлмелерін аралағысы келетінін. сирек кездесетін асыл заттардан өзіне ұнамды бірер бұйым табылмас па деп іздестіргісі келетінін мәлім– деді. Ажары қунақы, екі ұрғы томпиған, басында кәмшат бөркі бар, жирен шаш жас дүкенші кереметті өрнектері Бернар Палиси12 данышпандығының жемісі боп табылатын ғажайып мәнерлі пешті тазалап жатқан әйел жынысының өзінше бір Калибаны13 сынды шаруа кемпірге, дүкенді абайлай тұр деп тапсырды да, бейтаныс жігітке менсініңкіремеген үнмен жауап қатты:
– Қарап көріңіз, тақсыр, қарап көріңіз! Төменгі қабатымызда арзанқолдау заттарымыз тұрады. Бірақ қиынсынбай жоғары шықсаңыз, мен сізге Каирден әкелінген тамаша мумияларды, ғана бедерлі вазаларды, оюлы өрнекті қара ағаштан жасалған сәнді бұйымдарды, нағыз ренессанс заманының шынайы өнерлерін көрсетейін, бәрі де жоғары сапалы, бәрі де жаңа ғана әкелінген бұйымдар.
Бейтаныс жігіттің сұрапыл халде болғаны сондай, нұсқаушының бос мылжыңы, жаңағы ақымақтық-жалдаптық сөздер отақ бейне бір, ақылы шағын адамның кейде данышпанды да өлтіруге жарайтын мыжыма мазалауына ұқсас бірдеңе тәрізді естілді. Өз тағдырының артқан жүгін ақырына дейін көтере отырып, ол дүкеншінің сөздерін тыңдап келе жатқандай пішін көрсетті, ыммен оны қостап қояды немесе бір сарынды жауап қайырады. Ақыры, ол жүре келе үндемей, тіл қатпай ере беру хұқығына да бірте бірге қолы жетіп, өзінің ең соңғы уайымды ой толғауына жасқанбай-ақ шарықтауға мүмкіндік алды. Ақын еді ол, сондықтан ақындық жан сезімі де көлденеңнен кездейсоқ мол азық тапты: оған жиырма түрлі әлемнің тамтығын мезгілінен бұрын көру нәсібі бұйырған екен. Тосыннан қарағанда дүкен залдарының іші адамның да, құдайдың да жаратқан заттарының баршасы осы арада бір-бірімен иін тіресе сығылысып, қалай болса солай, үйме-жүйме жатқаның бейнелейтін көрініс сияқты. Крокодилдардың, айдаһардың, маймылдардың терілерін сойып қаптаған тұлыптары шіркеу жиһаздарына қарап күлімдеп тұрған тәрізді, бейне бір, адамдардың мәрмәр тастан қашалған кеудеше мүсіндерін тістеп алуға, лақ жағып жылтыратып қойған бұйымтайларды қуа жөнелуге, әшекейлі аспалы шамдалдарға өрмелей ұмтылатындай. Бүйіріне Жакото ханым14 Наполеонның суретін салған Севрлік ваза Сезориске15 арналған сфинкспен қатар тұр. Әлемнің алғашқы кезі мен күні кешегі оқиғаларды бейнелейтін мұралары мұнда керемет кеңпейілдікпен ұштастырыла жиыстырылған. Отқа ет қақтайтын істік шанышқылар кеме кейіптес ожаудың ішінде, республикашылардың қылышы ортағасырлық шиті мылтықтың үстінде жатыр. Дюбарри бикешті басында жұлдызы жайнап, бұлт арасында жалаңаш тұрған қияпатта суретші Латур жұмсақ қарындашпен суретке салған еді, осы сурет үнділік хорхор шүмегіне, бейне бір, нәпсіқұмарлықпен үңіліп тұрғандай, оның бұған қарай жыланша ирелеңдей көлбеген серіппелілерінің сырын ұтуға талаптанғандай. Ажал аспаптары қанжар, таңырқарлық тапаншалар, құпия шаппалы мылтықтар күнделікті бейбіт тұрмыста тұтынатын бұйымдармен: фарфор табақ, саксондық тостаған, қытайдың мөлдір кеселері, ежелгі замандардағы тұз сауыттары, орта ғасырдың тәтті тағам ыдыстары сияқтылармен араласып жатыр. Піл сүйегінен қашалған кеме барлық желкендерін желге тосып, мізбақпай мелшиген тасбақаның үстінде жүйткіп бара жатқандай. Тағында отырғандай маңғаз император Августың басы-көзін баса көктей пневматиқалық машина өрмелеп келеді. Тірі кездеріндегісі сияқты, қазір де сезбес сазарма француз төрағалары мен голланд дуапбасыларының бірнеше портреттері ежелгі дүние мұраларының осы ұмар-жұмар қат-қабаттарынан шоқтығы биіктеп, жоғарыдан қабақ түйе, түнеріңкі, нұрсыз көздерімен сүзіле қарап тұр. Барлық елдер де осында өз білімдерінің қандай да бір жұрнағын, өз өнерлерінің бір нұсқасын алып келген сияқты. Философия көніне ұқсас орын еді бұл: тұрпайы тағылардың бейбітшілік түтігі де, харамханадан әкелінген алтын оқалы жасыл кебістер де, маврлардың семсері де, татарлардың табынатын тәңірлері де, бәрі де бар мұнда, ешқайсысынан күнделік жоқ. Солдаттың шылым шонтайынан бастап, шіркеулердегі садақа салатын ыдыстарға дейін, әлдеқайдағы алтын тақтан алынған қауырсын қаламға дейін, бәрі де бар мұнда. Оның үстіне алуан түрлі сарын, шағылыстардың араласуынан, жайнаған жарық пен қарауытқан көлеңкенің қауырт қарама-қарсы тайталасуынан туған таңғажайып тамаша жарқыраулардың көптігі бұл сұрапыл көріністерді сан мың түстегі жайдары жарқыл құбылыстарына айналдырулы. Бейне бір шыңғыра түсіп кілт үзілген дауысты құлақ естіп тұрғандай, ақыл-зейін аяқталмаған драманы аңғарғандай, шоғы сөнбеген от бықсыған көз шалғандай тәрізденеді. Бұған қоса, қалың тозаң осы заттардың үстін өзіндік бір шарбыта құндақтапты да, осының өзі сол заттардың алуан түрлі кедір-бұдырларына ұңғыл-шұңғылдарына ерекше бір табиғи сұлулық өң беріп тұрғандай. Мәдениет жұрнақтары, дін сарындары, тәңірілер, өнер өрендері, патшалар маңғаздығы, азғындық, ақыл даналығы, қамақтық ескерткіштер бәрі лық толған осы үш залды бейтаныс жігіт, әуелі, әр қиыршасы бүкіл бір тұтас дүниені тұлғаландыратын қырлықырлы айнаға теңестірді. Осы буалдыр әсерден кейін ол өзіне ермек ету үшін осылардың бірін таңдап алмақ болып еді, бірақ, айнала қарап ойланып-толғанып, қиялданып жүргенде, әлде бәлкім, ішін тырнап ұлыған аштықтан ба екен, безгек ұстап, тұла бойы қалшылдап кетті. Мұншама тіршіліктің, бүтіндей халықтар мен жеке адамдар тіршілігінің айғағы ретінде олардың өз қолдарынан жасап қалдырған осы мұралары жас жігітті мүлдем тұралата, терең ой тұңғиығына батырды. Дүкенге келуіне демеуші болған тілек орындалды: ол шынайы өмір болмысынан арылатын жөн тапты, арман ағысының әлеміне баспалдақтап жоғары өрлеп, сұқтану дәрежесінің сиқырларына, сарайларына барып жетті. Бір кезде Патмостағы16 Иоанн шадиярдың көз алдынан жалындап өткен болашақ сияқты, мұнда оған әлем кеңістігі сынықшылар мен шашыранды сәулелерден құралғандай болып көрінді. Сан-сапалы бейнелер жәбір-жапалылары да, сымбаттылары да, қорқыныштылары да, түнерінкілері де, жайдары жарқындары да, алыстағылар да, жақындағылар да топ-тобымен, қыруар қауымымен, ұрпақ-ұрпағымен, үрім-бұтағымен оның көз алдында елестеді. Бір орында қозғалмай тас боп қатқан құпия сырлы Мысыр қара таспалармен таңулы шірімеген өлік қалпында құмдардың арасынан шыға келді, одан кейін моласының басына күмбезді тамдар салу үшін бүтіндей халықтарды көрге тыққан перғауындар ербең– деді, Мұса да, еврейлер де, шөл далалар да елестеді. Ол салтанатты ежелгі дүниені меңзеп, өз көзімен көргендей болды. Өрме колоннаның үстіндегі әлі тың, көрікті, кіршіксіз аппақ мәрмәр мүсін Грекия мен Ионияның ләззатқұмар мифтері туралы баяндайды. Қырмызы реңді деңгейде, этрус сазынан жасалған жұп-жұқа вазаның үстінде Приап құдайдың алдында би билеп, оны қуанышпен құттықтап тұрған қара торы жас қызды көргенде шіркін-ай кім күлімдемес! Ал оның қасында латын елінің қатын патшасы жантүршігерлік химераны іші-бауыры елжірей, мейірімділікпен еркелетіп тұр. Өзінің сүйікті Тибуллын күтіп отырған уайым-қайғысыз, бейқам, қиялшыл Юлияның ваннасын, төсегін жасанып, сылануын санаңда елестетіп, императорлар Римнің барлық кереметтері осы арада ентіге солықтағандай. Араб бойтұмарларының құдіретті күші дарыған атақты шешен Цицеронның бас пішіні ерікті Римді еске түсіріп, жас жігітке Тит Ливий тарихының беттерін ашты. Ол senatus populusque romanus17-ті көрді; консул, ликторлар, күрең қызыл жібекпен жиектелген тоғалар, форумдағы тартыс, ызаға булыққан халық бәрі де түсте көрінетін буалдыр елестей оның көз алдынан өтіп жатты. Ақыры бұл образдардан христиандық Рим басым болып шықты. Көркем сурет өнері аспан әлемінің де аңғарын ашты; одан ол алтын бұлтпен араласып, періштелердің арасында қалықтап бара жатқан, сұлулығымен күн нұрын да көмескілейтін Мариям ананы көрді; қайта тірілген осы Хауа ана бақытсыздардың шағымдарын тыңдап, оларға әдеппен күлімдей қарап бара жатыр екен. Везувий және Этна жанартаулары лавасының қиыршықтарынан құрап жасаған мозаикаға қолы тигенде, оның жан сезімі алтын арайлы, сарша тамыз шілделі Италияға ауысты: ол Бордждың зауық азғындығына қатынасты, Абруиц тауларын шарлады, итальян қыздарының махаббатын аңсады, сүйірлеу келген қара көзді аққұба жүздерге құмартты. Өрнекті сабы кестедей әсем, қан датына ұқсас тот басқан ортағасырлық қанжарды көргенде, намысты ердің қиғыр қылышы үзілді-кесілді тындырған түңгі оқиғаның зауалын долбарлап, оның тұла бойы тітіреп кетті. Алтын зер, торғын, торқа киінген, сылдырмақ, қоңыраулармен безелген құрамыс сәукелелі бұрқан Үндістанды, оның діндерін жандандыра бейнелегендей. Бұл кіші құдайдың маңайындағы жөке алашадан әлі күнге дейін сандал ағашының жағымды бояу иісі аңқып тұрғандай, осы жеке алашаның өзі де бір кезде оның үстінде жатып тыныстаған биші әйелдей сымбатты. Қытайдың қиғаш көз, қисық ауыз, қыңыр мүшелі құбыжықтары халықтың өнер тапқыштық қасиетіне қайран қалдырып, көрген пенденің жан жүйесін толқытады; үнемі бір сарынды сұлулықтан мезі болып, қиянатсыздықты өршітуден де айтып жеткізгісіз ләззат тапқан халықтың өнері ғой бұл Бенвенуті Челлинидің шеберханасынан шыққан тұз сауыт бейтаныстың қиялын Ренессанс өркендеу заманыңа апарды: өнер гүлденуімен қатар азғындық қабынданған, патшалары адамдарды азаптауды ермек еткен заман еді ол, қарапайым священниктерге күнәдан сақтануға әмір еткен ізгілік заңдарын шіркеу князьдары жәлеп әйелдердің қойныңда жатып жазатын заман еді ол Жас жігіттің көз алдына білезіктің асыл қасынан Александрдың жеңістері, пілтелі мылтықтың құндағынан Писарроның18 қырғын соғыстары, шлемдердің шошағынан жанталаса долданған рақымсыз діни соғыстар елестеді. Содан кейін Миланда жасалған тамаша бедерлі, жып жылтыр баданда көз кіреукелерден серілер дәуіріндегі қуанышты образдар бұлақтай ағылды, ал дулығаның бет пердесінен Паладиннің19 көздері әлі де жайнап тұрғандай. Осы бір ұшан-теңіз жиһаздар, ойдан шығарылған әлеметтер, сәнді киімдер, көркем шығармалар, қорда-қоқыстар мұхиты оған арнап ұшы-қиыры жоқ дастан қиыстырғандай. Формалар, бояулар, пікірлер бәрі де осы арада тірілгендей, бірақ жан сезімін тебірентерлік тұжырымды еш нәрсе ашылған жоқ. Орасан зор палитраны, бояу тақтайын дайындап қойып, адам өміріндегі сансыз кездейсоқтарды осының үстіне әрі жомарттықпен, әрі салғырттықпен елеусіз араластырған кемеңгер көркем сурет өнерпазының алғаш шимайлай салғаның аяқтау ақынға міндет сияқты. Тұтас бір әлемді меңгеріп, тасырларды, патшаларды, елдерді шолып, барлауды аяқтағаннан кейін жас жігіт даралардың тағдырына қайта оралды. Ол солардың бейнесінде қайтадан тұлғаланды да, ұлттардың дараны жаныштайтын жалпы өмірінен аулақтай отырып, жеке деректерді меңзей берді. Сонау бір жерде Руйш20 мұражайынан сақталып қалған балауыз бөбек қалғып отырған тәрізді. Осы бүлдіршіндей бөбек бейнесі оның жастық шақ қуаныштарын есіне түсірді. Әлденендей Таити қызының сиқырлы алжапқышын көргенде, албырт қиялы оған қарапайым, табиғи өмірдің көріністерін, ақиқат күнәсыздықтың кіршіксіз тазалығын суреттеді. Адамға соншалықты тән бойкүйездіктің кереметін баяндады; арманыңды аңсатарлық, мұздай мөлдір сулы жылғаның жағасында, тәтті бөкпенімен тегін асырайтын банан ағашының түбінде оған әзір етілген жазмыштың саспас сабырлы тыныштығын елестетті. Бірақ, тұтқиылдан оны сансыз көп ұлу қауашақтарының танадай жарқыраған құбылмалы құлпырыстары шабыттандырды да және әлі күнге дейін шөбінің, балдырдың, атлант дауылының иісі аңқып тұрған бейне бір жұлдыз іспетті маржан тастардың көріністері жігерлендірді де, ол теңіз тонаушысының тұлғасына айналып, Лараның21 бейнесі арқылы берілген дүлей поэзиясының құндағына бөленді. Содан кейін тамаша әсем ұп-ұсақ бұйымтайларға, аса құнды қолжазбалы дұғалықты безендірген зеңгер-зер, алтын нақыштарға сүйсіне қызығып, ол теңіз дауылдарын ұмытып та кетті. Бейбіт, монтаны момын ой ағыны аялап әлдилегендіктен, ол өзінің кәсібімен, ғылымымен қайта некеленгендей сезінді, қайғысыз, қуанышсыз, тамағы тоқ сопылық өмір сүруді арман етті, хұжырада түнеп, оның садақ тақылетті терезесінен монастырь шыбындықтарына, жүзім бағына телміре қарайтын тәрізденді. Тенирс22 салған суреттер алдында ол солдат шекпенін немесе жұмысшының шоқпытын киінгендей тәрізденді; фламдықтардың тері сіңіп, темекі түтінімен ысталған қалпағын кигісі келді оның, сыраға қызып, мас болып, фламандықтармен карта ойнағандай; нәпсі қоздырарлық аппақ семіз, делбеше шаруа қызына күлімсірей қарайтын секілденді. Ол Мьерис23 салған суреттегі қардың жауғаның көріп, тұла бойына мұз жүгіргендей қалтырады, Сальватор Роза24 салған суреттегі шайқасқа қарап тұрып, ол да жаумен арпалысқандай болды. Ол Иллинойс садағына қызықсына қарады да, Ирокез қандауыры мұның бас терісін ірей сойып жатқаның түйсінгендей болды. Ол таңғажайып сырнайды көрді де, оны қамал сарайдың өмірші бикешіне ұсынып, тамылжыта шырқаған әннің тәтті әуезін құныға сіміргендей балқыды. Готика стилі бойынша салынған әшекейлі пеш алдында әлгі бикешке сүйіспеншілік сырын ашып сыбырласқанда, бикештің жауап ретіндегі күндей күлімдеген көзқарасын ымырт қараңғылығы перделегендей сезінді. Ол қуаныш атаулыға құшақ жая ұмтылды, қайғы-қасіреттің сырларын түгел таныды, болмыстың алуан қилы тұжырымдарын меңгерді де, әрі көктем, әрі құр қуыс табиғаттың осындай елестерінің алдында өзінің өмірі мен сезімдерін өсіре жомарттықпен рәсуа еткені сонша, бейне бір Париждің айқай-шуы құдай анасы шіркеуінің мұнарасынан естілетініндей, оның аяқ басқан дыбысы да өз көкірегінде басқа дүниенің алыстан талып естілген керең жаңғырығындай болып сезілді. Жоғары қабаттағы залдарға апаратын басқышпен кетіп бара жатып ол әрбір баспалдақта іргеге сүйеулі және іліп қойылулы тұрған вотив қалқандарын, қару-жарақтарды, тас мүсіндерімен әсемделген сыйлық қорымдарын, ағаштан ойып жасалған түрлі тұлғаларды көрді. Айналасындағы аса бір ғажайып үлгілерден өлім мен өмір шекарасында пайда болған керемет өнер шығармаларынан көздерін айыра алмай, ол таң-тамаша қиял құшағында елітіп келе жатты. Ақырында, өзінің тіршілігіне де күмәнданып, өзі де осы таңғажайып нәрселерге ұқсады, тірі де емес, өлі де емес шалажансар сүлдеге айналды. Ол жаңа залға кіре бергенде ымырт жабыла бастап еді, бірақ ондағы төбе-төбе болып үюлі алтын мен күміс үшін, жарқ-жұрқ еткен бұл асыл қазына үшін жарық сәуленің керегі де жоқ сияқты. Миллиондаған дәулетін рәсуа етіп, мансардада өлген ысырапқорлардың әумесерлік қылықтарының нағыз қымбаттылары адамзат ақымақтығының осы бір жәрмеңкесінде толық көрсетіліпті. Бір кезде жүз мың франкіге сатып алынып, кейіннен бір жүз су пұлға сатылған сия сауыт, бағасы өз уақытында бір корольдің құныңа жететін құпия сырлы құлыптың жаныңда жатыр. Адам баласының ұрпағы дәл осы араға өзінің қайыршылығының бүкіл сәулетін, өзінің сұрапыл ұсақшылдығының бүкіл даңқын ала келген тәрізді. Жан Гужонның суреттері бойынша нақышталып, қара ағаштан мәнерлеп жасалған үстел, бір кездегі бірнеше жылғы ерең еңбектің баға жетпес нәтижесі, әсемдігіне суретшілер табынатын осы бір нағыз құнды зат, мүмкін, отын нарқымен сатып алынған шығар. Аса қадірлі қол сандықтар, хор қыздарының қолынан шыққан жиһаздар, бәрі де мұнда қалай болса солай шашылып жатыр.
– Бәтір-ау, мыналарынызда тіпті сан миллион сомның бұйымы жатыр ғой! – деді жігіт таңданған үнмен, өткен ғасырдың суретшілері алтынмен айшықтап, көркем мүсіндермен күптеген салтанатты залдардың ұзын тізбегінің ең шеткі бөлмесіне жеткенде.
– Дәлірек айтқанда, сан миллиардтар деңіз, деп ескертті томпақ бет дүкенші, бұл не тәйірі, үшінші қабатқа шықсаңыз, көкелерін сонда көресіз!
Бейтаныс жігіт қызметшінің соңынан ере берді, төртінші галереяға шыққанда оның қажыған көз жанарының алдынан Пуесеннің салған суреттері, Микельанджеланың қайран қаларлық статуясы, Клод Лорен салған тамаша көркем табиғат суреттері, Стерннің аса шебер жазылған кітабының беттеріндей, герард Дәудың шеберлікпен салған суреттері, Рембрандт, Мурильо Веласкестердің Байрон поэмасындай әрі тұнжырата, әрі жарқын шығармалары; одан әрі көне замандарда салынған бедерлі суреттер, сіңір тастан құйылған құтылар, әсем ақықтар... бірінен соң бірі тізбектеліп өтіп жатты. Қысқасы, еңбектен жирендіретін бұйымдар еді бұлар. Осындағы үйіліп төгілген өрен шығармалардың асыл қазынасы өнерге өшпенділік туғызып, ынта-шабытты жоятын секілді. Жігіт даңқты Рафаэль салған "Бикештің" бейнесінің қасына келіп еді, Рафаэльден де жерігенін ұқты. Корреджоның бас бейнесі назар аударуды тілейтін-ақ сурет болса да, жас жігіттің кеңілін ол да аулай алмады. Ежелгі заман порфирінен жасалып, бедерлері Римнің ерте замандағы ләззатшілдерінің керемет әдепсіздігін суреттейін, әлдеқандай Кориннаның25 жұбанышы, ермегі болып табылатын баға жетпес асыл құмыраға жігіт, сәл күлімдегені болмаса, онша қызыға қоймады. Ол ғайып болған елу ғасырдың жұрнақтарының салмағынан деміккендей болды, ол өзін адамзаттың дана ой пікірінен дертке шалдыққандай сезінді, сән-салтанат пен өнер-білім оны парша-парша еткен тәрізді, қайдағы бір жауыздық пірінің аяқ астынан пайда бола кететін құбыжықтай-ақ осы бір өліп тіріле беретін формалар оны қайта-қайта жекпе-жекке шақырып, мүлде қажытты. Өзінің секемшіл нәпсісінің нәзіктігі жөнінен адам жаны қазіргі химияға ұқсайды: химия жаратылысқа бар заттардың бәрін газ етіп шығарады ғой. Сондай-ақ адам жаны да өзінің барлық қуанышын, идеясы мен күшін әп-сәтте топтастырып, сұрапыл қауіпті у жасап шығармай ма? Кенеттен тұла бойға түгел тарап, тамыр-тамырды кеулейтін зар запыранынан қаза тауып, талайлар содан мерт болмады ма? Атақ-даңқтың, адамзаттың жігер-қайратының, талапкерлігінің, бақ-дәулетінің ең соңғы үйме-жүйме жиынтығының ордасы болып тұрған кең кабинетке кіре беріп:
– Мынау жәшіктегі немене? деп сұрады жігіт күміс шынжырға асулы тұрған, өзі асыл ағаштан жасалған төрт бұрышты үлкен жәшікті сұқ саусағымен нұсқап.
– Шырақ, мұның кілті қожамызда болады! – деді жуан дүкенші бір жұмбақ сырды бүгіп қалғандай пішінмен. Егер мұндағы суретті көргіңіз келсе, тәуекелге бел байлап, қожамызды мазалауға мен дайын.
– Тәуекелге бел байлайтындай, сіздің қожаңыз айбынды князь бе еді? деп сұрады таңданған жігіт.
– Рас, шының айтсам, мен өзім де білмеймін, деп жауап қайырды дүкенші.
Екеуі бірдей таңырқап, бір-біріне қарап, бір минуттай аңырып тұрысты. Содан кейін қызметші бейтаныс жігіттің үндемегенін тілек білдіргені екен деп ұғып, оны кабинетте оңаша қалдырды да, шығып кетті. Кювьенің геологиялық шығармаларын оқып, кеңістік пен уақыттың шет-шексіз тұңғиығына бойлағаныңыз бар ма еді? Оның даналығы еліктіріп, бейне бір, сиқыршының қанатына мінгендей, өткендегінің түпсіз шыңырауы үстінде шарықтағаныңыз бар ма еді? Адамның ақыл-ойы алуан түрлі қыртыстардан, атам заманғы жер қабаттарынан, Монмартрдағы тас қазылған құздардың тау жыныстары мен Оралдың саз сланецтерінен, топан суы қаптамастан бұрынғы дәуірден қалған сарқынды қазыналарды тапқанда, жан тітіренеді, өйткені бұл сарқыпшақтар бұдан миллиардтаған жыл бұрын да миллиондаған халықтардың өмір сүргенін айқындайды. Ал сол замандар мен сол халықтарды адамның әлсіз жады түгіл, мәңгі өшпес аса ардақты аңыздардың өзі де ұмытқан, олардың күл-көмір, қоқыс қалдықтарының өзі жер шарының беткі қабатына жинала-жинала бізге гүл мен астық беріп отырған қап-қалың жер құйқасына айналған. Осының бәрін ашқан Кювье біздің заманымыздың аса ұлы ақыны емес пе? Лорд Байрон мінез-құлық толқуларын асыл сөзбен айтып берсе, табиғатты зерттеуші мәңгі өшпес данышпан Кювье қуарған қу сүйектерді зерттеу арқылы бүкіл бір тұтас әлемдер туғызды, бейне бір, Кадм26 тәрізді, айдаһардың азу тістерінен қала салды, бірнеше кесек тас көмір арқылы мыңдаған қалың ну орманға зоологияның барлық құпия сырларын қайта қаптатты, мамонттың жалғыз жілігіне қарап отырып, алыптардың ұрпағын қайта тірілтті. Осы бейнелер көз алдында көтеріліп, өсе келе өзінің алыпқа біткен адам айтқысыз бойымен бүтіндей аймақтардың түрін өзгертеді. Кювьенің ойлап тапқан цифрлары дарынды ақынның талантты шығармасына тең; оның ғылымға қосқан үлесі тамаша! Жасанды, сиқырлы сөздер айтып жатпай-ақ, ол атам заманғы дерексіз өшкен жанды-жансыз заттарды қайта тірілтті, ол қазып алынған бір түйір гипстен өткен дәуірдің таңбаларын көріп: "Мынаны қараңыз!" деп айқай салды. Қолындағы мәрмәр тас кенеттен жануарға айналып, өлген тіріліп, өшкен жанып, бүтіндей бір ежелгі дүниенің пердесі ашылды. Алып жануарлардың сан жетпес ұрпақтарынан кейін, балықтар нәсілдері мен моллюсқалар сүйексіз ұсақ құрттар қауымынан кейін, ақырында келіп, бәлкім, жасағаннан өзі жаратқан алып тұлғаның азғыны, адам әулеті пайда болды. Кеше ғана дүниеге келген бұл мүскін адамдар Кювьенің өткендігіне қадала қараған көз жанарынан жылу алып, қиыр-шиыр замандар лайсаңына үңіле алады, таусылмас гимнді әндетіп, әлем кейістігінің өткендегі тарихын бейне бір теріс айналдырылған Апокалипсис түрінде ұғына алады. Әлгі жалғыз адамның үні арқылы дүние тарихының қайта тірілген жантүршігерлік тұңғиығына көз жібергенде, біз барлық сфераларға ортақ, аты-атағы, ұшы-қиыры жоқ кеңістікте өзіміз пайдаланып жүрген түйір-бүртіктің, өмірдің өзіміз УАҚЫТ деп атаған осы бір минутының түкке тұрмастықтай өте аз екеніне қынжыламыз. Соншалықты әлем сынықтарының астында көміліп қалғандай тұншығып, өзімізден-өзіміз: біздің атақ-даңқымыздың, біздің өшпенділігіміздің, біздің махаббатымыздың қанша қажеті бар? деп сұраймыз. Асылында, келешекте дерексіз ноқатқа айналу біздің жазмышымыз болатын болса, қазіргі болмыстың жүгін арқалауды өз міндетімізге алуға тиіспіз бе? Бүгін таңдағы болмыстан тамырымызбен қоса жұлынған біздер қашан есіктен қызметші кіріп: "Мәртебелі ханым сізді күтіп отырғандығын білдіруді өтінді" дегенге дейін өлік халінде болғанымыз ғой. Тың, соны шығармаларды ғылыми тұрғыдан зерттеумен шұғылданғанда философтың жан жүйесі қалжырайтыны сияқты, бізге мәлім барлық өнерлерді, шығармаларды көз алдына әкелген кереметтерді көргенде жігіттің де жан жүйесі қалжырап, толықсыды; қазір ол бұрынғыдан бетер ажалды аңсады, діңкесі құрып, ұзыншалау келген жұмсақ орындыққа жантая кетті, адасқан көз жанарлары өткен замандардың осы әсем көрінісінің қиял елестерінде сырғанаумен болды. Суреттер жарқырап, әжі қыздардың бастары оған күлімсірегендей болды. Тастан қашалған мүсіндер жан бітіп қимылдағандай, алдамшы пішінге енді. Оның дімқос миында, бейне бір қымырандай көпіршіген безгек үрейі көлеңкелердін жамылғысында бұл суреттерді секірте билеткен тәрізді, осының салдарынан ол суреттер жанданып, оның көз алдында құйындай шыр айналған секілді. Фарфордан жасалған әрбір зағип оған бетін тыржитқандай, суретте бейнеленген адамдар көз шырымын алмақ болғандай, көзін жұмып мүлги қалған іспетті. Алуан түрлі бұл заттардың әрқайсысы өзінің мінез-қасиетіне, тұр-сипатына, құрылыс-құрамына қарай, бірі баппен, бірі шапшаң, бірі қымбатты, бірі оралымсыз дөрекі пішінде тітірене селк етіп, ұшып түрегеліп орындарынан жылжи жөнелгендей. Осының өзі доктор Фаустың Брокенде көрген таңғажайып кереметтеріне лайықты әлденендей құпия сырлы жасырын жын ойнағы тәрізді. Бірақ қажығандықтың, қадала кеп қараудың немесе құбылмалы іңір қараңғысының салдарынан көзіне елестеген бұл оптикалық құбылыстар бейтаныс жігітті үрейлендіре алмады. Ажал қорқынышына көндіккен жанға әмір қорқыныштарының әмірі жүрмес болар. Ол тіпті қулық-айланың өліні тірілтпек болған осы бір арамгер әрекетінің кереметтері оның тұла бойындағы болмыс нышаның түйсіндіріп тұрған ақырғы ой-пікірлермен ұштасулы еді. Айналада тым-тырыс тыныштық орнағаны сондай, жігіт лезде тәтті қиял құшағына бөленді де, қиялдағы бейнесі баяулап сөніп бара жатқан күн сәулелерінің сарыныңа сәйкес өзінің алуан-алуан сарындарын сиқырлағандай құйқылжыта құбылып бірте-бірте көмескілене берді. Hұp шұғыла аспан күмбезінен ауарында түнеріп келе жатқан қараңғылықпен ұрыс салып, ақырғы алқызыл арайын төкті. Жігіт басын көтеріп алғанда, оның қарсы алдында атараңдап адам қаңқасы тұр екен. Қаңқа күмәнды пішінмен қу басын оңды солды изеп, бейне бір: "Аруақтар әлі сені күте қойған жоқ" дегендей. Жігіт ұйқысынан сергу үшін маңдайын сипағанда, салқын самал леп желпіп өткенін айқын сезді, әлденендей үрпиген бірдеме жүзіне жанасқаның түйсініп, селк ете түсті. Әйнек шынысы естілер-естілмес сыбдыр қақты, моланың құпиясы сырлы сызы аңқыған бұл суық еркелік жарғанаттың ісі-ау деп ойлады ол тағы бір мезет батар күннің шашыранды сәулелерінің жарығында айналасындағы көмескі елестерді көзі шалып қалды; содан кейін бүкіл осы бір өлі табиғатты қою қараңғылық түгелдей жұтып жіберді. Түн, яғни жігіттің өлуге бел байлаған сағаты, қапелімде келіп те қалды. Терең ой тұңғиығына бойлағаннан ба екен, қажығандықтан және жас жүрегін қарс айырған сансыз пікірлердің лек-легінен туған мең-зең ұйқыдан ба екен, әйтеуір осыдан соң ол дүние тіршілігінен еш нәрсе аңғара алмай, есін жия алмай едәуір отырды. Кенет ол әлдекімнің қаһарлы үнмен тіл қатқаның естігенде елеңдеп, бейне бір жан түршігерлік үрейлі түс көріп жатып, түсінде түпсіз шыңыраудың түбіне құлағандай қалш-қалш етті. Жарқ еткен от жарығына жанарлары шағылысып, көзін жұма қойды. Бітегенеден кейін түнек қараңғылығын қақ жарған қызғылт оттың дөңгелек сәулесін көрді: дөңгелектің орталығында қарсы қарап, шам жарығын жігітке тура бағыттаған бір шал тұр екен. Оның жүргені де, сөйлегені де, қимылдағаны да сезілмеп еді. Тегінде, оның тұтқиылдан тап бола кетуінде әлденендей сиқырдың сыры бар секілді. Бейне бір көршілес тас моладан шыққандай көрінетін осы бір шалды, ұйқысынан ояна келгенде көрсе, тіпті нағыз ер жүрек адам да шошып кетер еді. Осы бір елеске ұқсас жанның қимылсыз көз жанарын жандандырған ғажайып жастық жалыны бейтаныс жігітіміздің оны табиғаттан тысқары құбылыс деп ойлауына ырық бермеді. Оның үстіне өңдегі өмір мен естен тана есеңгіреп отырған халінің арасындағы сол бір сәтте ол, Декарт анықтамасындағыдай, философиялық күдік жағдайында еді, сондықтан ол өз ықтиярынан тыс, әлденендей әсте түсіндіріп жеткізе алмастық елестердің өктем күшіне көнді; бұл елестердің құпия сырларын дәрменсіз ғылымымыз жорымақ боп бекерге әуреленсе де, маңғазданған паңдығымыз менсінбей мінеп тергейтін. Үстіне қара мақпал бешпент киіп, беліне өрме жібек жуан жіпті шанди салған, тарамыстай сірі арықша шалды көз алдыңызға келтіріңізші. Басына кигені қара барқыт тақия. Тақияның екі жақ ернеуінен ұзын ақ селеу шаштары иығына төгіліп тұр. Тақия жиегінің ізі шалдың маңдайында айқын бедер қалдырып, оның бас сүйегін көмкере кептетіліпті. Тұла бойын түгел ораған ақ кебін сияқты ұзын кең бешпентінен тек солғын, сопақ жүзі ғана көрінеді. Жігітке қарай шамның барлық сәулесін тура бағыттағалы қолын созған шалдың шүберекке ораулы қу таяққа ұқсас арсиған білегі болмаса, оның бет әлпеті әуеде қалықтап тұр ма деп ойлап қалуға боларлықтай еді. Бурыл тартқан шоқша сақалы бұл ерсі жан иесінің иегін түгел жауып тұр. Осының өзі оны еврейлерге өте ұқсас етулі, Мұса пайғамбарды бейнелегісі келгенде суретшілер, кескініне қарап отырып сурет салу үшін, осындай еврейлерді әдейі іздестіріп табатын. Оның еріндерінің бозаңдығы, жұқалығы сонша, аузын жұмғанда еріндерінің ернеуін ақ жүзінен айыра тану үшін әдейілеп тесіле қарау керек. Қатпарлы кең маңдайы, қуарып солған екі беті, қас-кірпіксіз шегір көзінің мейірімсіз ызғары осының бәрі бейтаныста әлде Герард Дәу жасаған алтын өлшеуіш Ділдәгердің суретіне жан бітті ме екен деген ой туғызуы мүмкін еді. Беттерін айғыздай тілімдеп, көз құйрығына ұштасқан әжімдері азапшының сұм пиғылын әшкерелеп, өмірді жете білетінін куәландырғандай. Бұл кісіде ең тұйық адамның да ойындағысын, ішкі сырын болжау дарыны бар сияқты. Оны алдау мүмкін емес еді. Дүкенінің шаң басқан залдарында бүкіл әлем шығармалары ыбырсып жатқан сияқты, жер бетіндегі барлық халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасы, олардың даналығы осы шалдың сұсты жүзімен таныстығына келіп тоғысқан тәрізді. Сіз оның бет әлпетінен көреген құдіреттің жарқын байсалдылығын немесе жақсы-жаманның бәрін көрген жырынды адамның тәкаппар айбының аңғарар едіңіз. Суретші лайықты кескін бітіріп, бояу қаламымен бір-екі сүйкесе, бұл дидар мәңгі өшпес Адам атаның тамаша бейнесінен немесе Мефистофельдің келемежшіл кейпінен айнығысыз болып шығар еді, өйткені мұның маңдайында құдіретті қуат-күштің емеурінінде күйініштің мысқыл нышаны бар еді. Өзінің орасан зор рухани күші арқылы адамзаттың барлық тіршілік азабынан ада болуымен қатар, ол тегінде, дүниелік қуанышын да жойған сияқты. Осы қарт сәуегейдің бұл дүниеге жат, оқшау әлемде өмір сүретінін онда алданар жұбанышы болмағандықтан қуанышсыз, ләззат, рақат, атаулыдан жерігендіктен мұңсыз, жалғыздықта тіршілік ететінін сезініп, өлмекші жігіт селк етті. Шал бәйтеректей тіп-тік боп, нұр шұғылалы бұлт арасынан сығалаған жарық жұлдыздай, тапжылмастан, қимылсыз біраз тұрды. Қолындағы шамы осы сырлы кабинетке жарық түсіріп тұрғаны сияқты, әлде нендей байсалды сұм арамзалыққа біткен шегір көздері, бейне бір, оның мінез-пиғыл дүниесін жарқыратып тұрғандай. Өлім туралы ойлар мен таңғажайып бейнелер әлдилеген жігіт көзін ашып қалған мезетте оған тұтқиылдан кездескен керемет көрініс осындай болды. Егер ол бұған абыржып қалған болса, көрі әжесінің ертегілеріне нанатын жас сәбидей-ақ, осы елеске ойланбастан, сөзсіз нанып қалған болса, мұның мәнісі, яғни бұл адасу оның өмірі мен ақыл-зердесінің үстіне өзінің ой-пікірлері қандай да бір шел қаптатып, бүркеп тұрғандықтан деп білу керек; оның толқыған, қобалжыған жүйкелерінің аласұруының салдарынан деп білу керек; апиынның қорқоршыға беретін рақатына ұқсас азапты ләззатқа душар еткен жаңағы мейірімсіз драма осыған себепкер болды деп есептеу керек. Бұл елес оған Парижде, жағалаудағы Вольтер көшесінде, XІX ғасырда, яғни сиқыр, арбау атаулы мүмкін болмайтын жерде, мүмкін болмайтын уақытта килікті. Француз дінсіздерінің пірі27 қайтыс болған үйге көрші отырғандықтан, өкімет басындағы адамдардың түрлі сұм-сұрқия әдіс-айлаларына жиіркенішпен қарайтын Гэ-Люссак пен Арагоның шәкірті болғандықтан, бейтаныс жігіт, сірә, поэтикалық қызғылықты елестің жетегіне еріп кеткен болуы керек, адамды торықтыратын ақиқаттан аулақ қашу үшін бе, болмаса тәңірінің құдіретін жекпе-жек ұрысқа шақыру үшін бе, әйтеуір, кей-кейде өзіміз де ақындық албырт қиялдың осындай елесіне кіріптар боламыз ғой. Сөйтіп, әлденендей әдеттен тыс өктем күштің түсіндіріп жеткізе алмастық мысы жеңетінін алдын ала сезінгендей көңілі толқып, жас жігіт осы шам жарығын, осы шалды көргенде шошып кетті. Наполеонның алдында, қысқасы, данышпандығымен жұрттан асқан, даңқты жер жарған қандай да бір ұлы адам отырғанда бәріміз де қымсынбаушы ма едік, көңіліміз толқымаушы ма еді, мына жігіттің көңіл өрекпуі де дәл осыған ұқсас болды. Айса пайғамбардың Рафаэль салған суретін көргіңіз келіп пе еді? деп сұрады шал сыпайы түрде; оның даусының саңқылдаған айқын үнділігінен әлденендей металл сыңғыры естілгендей болды. Қарауытқан жәшікке барлық жағынан да жарық түсетіндей етіп, ол қолындағы шамын сынық бағанның түбіріне қойды. Саудагердің Айса пайғамбар мен Рафаэльдін қасиетті есімдерін атауы-ақ мұң екен дереу жігіттің елен еткен ынтызарлығын танытатындай сыңай байқалды, сөз жоқ, шалдың дәмеленгені де осы еді. Сондықтан да сол сәтте ақ ол бір серіппені басып қалды. Сол сол-ақ екен, қызыл ағаштан жасалған қақпақ ұңғыға қарай сыбдырсыз сырғанай жөнелді де, бейтаныстың сүйсінген көз жанары алдында тамаша сурет ашылды. Осынау мәңгі өшпес ғажап шығарманы көргенде, ол дүкеннің барлық керемет асыл қазынасын, түсіндегі шатасқан сандырақтарының бәрін түгел естен шығарып, адам қалпына қайта келді. шалдың қиялдағы кейіп емес, кәдімгі жер басқан тірі жан екенін таныды, қайтадан шынайы өмір әлемінде тіршілік ете бастады. Сурет бейнесіндегі емірене елжіреген биязылық, тәңірі дидарыңдай келбеттің мүләйім жарқындығы оған күшті әсер етті. Оның жілік майын шаққан тамұқ азаптарын сергіте, аспаннан бір түрлі жұпар иіс аңқығандай болды. Құтқарушының бас бейнесі сол бір қарауытқан реңнің деңгейіндегі қараңғы түнек ішінен ағарып айқындала түскендей, шашының айналасында нұрлы шұғыла шашырап, бұл шұғыланың өзі сол шаштың әр талынан таралып тұрған ғой; маңдайынан, бет-ажарының әрбір сызығынан көкейге қонымды нанымдылық тасқындай төгіліп тұрған секілді. Алқызыл еріндері тіршілік қағидасын айтуға әзір тұрғандай, көруші де оның қасиетті жаңғырығын әуеден іздегендей, мылқау үннен кереметті нақыл аңыздар жайын сұрастырғандай, осы қағиданы болашақтан есітіп, өткендігінің сабағынан табатын тәрізді. Діндар көздердің байсалды қарапайымдылығы арқылы інжіл сөздері аңғартылып, қынжылған жан жүйелері сол көздерден өздеріне пана іздегендей. Қысқасы, осы бір мүләйім күлкі нышанынан бүкіл католик дінінің мәні, оның бір-біріне махаббатты бол! деп уағыздайтын нақыл сөздері білініп тұрғандай. Бұл сурет адамды дұғаға ұйытып, оның сиыну шабытын туғызады, кешірімпаздыққа үйретеді, өзімшілдікті тұншықтырады, маужыраған ізгілік, мейірімділік қасиеттерін оятады. Бойды билеп ойды аларлық музықа сүйкімділігіне ғана хас артықшылықтары басым болғандықтан, Рафаэльдің шығармасы сізді естеліктердің өктем сиқырларына бағындырып әкетеді, осының өзі шығарманың толық салтанат құрғандығы деген сөз өйткені дәл суретшінің өзінсіз мүлдем ұмытып кетесіз. Жайдары жарқын жарықтың аяулы бұл керемет суреттен алған әсеріңізді одан сайын күшейте түседі: өйткені кей-кейде кенеп суреттегі бас пішіні тым алыста, бұлт арасында жылжып жүргендей көрінеді.
– Осы кенеп үшін мен оның бетін түп-түгел жауып кететіндей алтын ақша төледім, – деді саудагер сызданып.
– Амал не, демек өлуге тура келеді! – деді жігіт ышқына, қиял желісін шорт үзіп. Сол желінің соңғы көгені тұспалды қорытындылар арқылы, оны жармасқан ақырғы үмітінен алыстата отырып, киелі жазмыш шегіне қайтарып әкелген еді.
– Бәсе! Сенен қауіптенуім тегін емес екен! – деді шал жігіттің екі қолынан шап беріп ұстай алып, екі білегін бір қолмен қысып тұрып. Бейтаныс жігіт шалдың бұл оғаш қылығына мұңлы пішінмен езу тартты да, момын үнмен тіл қатты:
– Қауіптенбеңіз, әңгіме сіздің өліміңіз туралы емес, менің өлімім туралы... Күнәсыз айламды неге мойындамасқа? – деді ол тағы да, мазасызданған шалға қарап, мен түнде, ешбір кедергі болмайтын кезде, суға кетіп өлуге бел байлағанмын. Оған дейін сіздің қазыналарыңызды көргелі келген едім. Әрі ғалым, әрі ақынның осындай ең соңғы рақат-ләззатына кім кешірім жасамас еді?
Саудагер жалған саудалаушының сөздерін сенімсіздеу тыңдай отырып, оның тұнжыраған жүзіне тесіле қарады. Жігіттің қапалы үні мұның ой долбарын өзгерткендіктен бе болмаса Бұдан сол бұрынырақта ойыншыларды селк еткізген қан-сөлсіз бет әлпетіндегі қатерлі байламды аңғарды ма, әйтеуір шал оның қолдарын босатып жіберді. Бірақ кемі жүз жылдық тәжірибесі бар екеніне айғақ болатын күдікшілдігі оның жүзінен әлі сейілген жоқ-ты. Ол шынтағын тіреген болып білдіртпей ыдыс шкафына қол созды да, одан үш қырлы өткір қанжарды суырып алды:
– Сірә, сіз үш жылдан бері ақша мекемесінде жалақысыз қызмет істеп жүрген боларсыз?
Бейтаныс жігіт езу тартпай тура алмады да, бекер дегендей басын шайқады.
– Әлде әкеңіз сіздің дүниеге келгеніңізді жақтыртпай, тым қатты құстаналады ма екен. Мүмкін, сіз абыройдан жұрдай болған шығарсыз?
– Егер менің абыройдан айырылғым келсе, өмірмен қош айтыспас едім.
– Рөліңізді нашар ойнағандықтан, сізді Фюнамбюль театрынан аластаған болар? Ашынаңызды жерлеу үшін алған қарызыңызды өтеу үшін өлең шығаруға мәжбүр болдыңыз ба? Мүмкін сіз алтын ақшаға құмарлықтан құса болып жүрген шығарсыз? Немесе зерігуді солай жеңгіңіз келді ме? Қысқасы, сізді өлімге айдап жүрген қандай жаңсақтық?
– Көп адамдар күнделікті тұрмыс талқысына төзе алмай өзін өзі өлтіреді, бірақ менің өлімімнің себебін сол күйкі себептердің ішінен іздемеңіз. Адам баласының тілімен айтып жеткізгісіз сұрапыл азаптарымды сізге түсіндіріп жату міндетінен құтылу үшін, бір ғана себепті барып тұрған жексұрын, оңбаған, мүсәпірлік қайыршылыққа ұшырағанымды ғана айтайын. Мен жәрдем де, жарылқау да тілемек емеспін, – деді жігіт сазарған үнмен: Бұл үннің тағылық тәкаппарлығы бағанадан бергі сөздеріне мүлдем қайшы еді.
– һе-һе!
Шалдың жауап орныңа қайтарылған осы екі буындық лебіз тоқылдақтың тық-тығындай естілді. Содан кейін ол былай – деді:
– Сізді өзіме жалбарынуға мәжбүр етпей-ақ, сізді қызартып ұялтпай-ақғ сізге француздың сантимін де, леванттың парағын да, сицилияның таренін де, немістің геллерін де, орыстың тиының да, шотландтың фартингін де, ежелгі дүниенің бірде-бір сестерцийі мен оболын да, жана дүниенің бірде-бір пиастрын да садақаға тастамай-ақ, сізге я алтын, яки күміс, не бақыр, немесе қағаз ақшадан еш нәрсе берместен, сізді конституциялық монархтың қай-қайсысынан да әрі бай, әрі құдіретті, әрі ықпалды ете аламын.
Жігіт осы шал алжып, балалық дәуіріне қайта түсті ме деп ойлады: сасқанынан не айтарын білмеді.
– Бері қараңыз, – деді саудагер, кенет шамды жұлып алып. Сурет ілулі тұрған қабырғаның қарсысындағы қабырғаға соның сәулесін түсірді де, кәне, мынау шегірен былғарыға көз салыңызшы, – деді ол тағы да. Жігіт орнынан ұшып түрегелді де, өзі отырған жұмсақ орындықтың тұсындағы қабырғада ілулі тұрған үлкендігі түлкінің терісіндей ғана шегірен былғарының бөлшегін көріп қайран қалды; тастай қараңғы дүкенде әлгі былғары тосыннан қарағанда бір түрлі түсініксіз ғажайып шұғыла шашып, жарқырап тұр екен, оның жан-жаққа шашыраған сәулесіне қарай, тіпті аспаннан ағып келе жатқан кішігірім құйрықты жұлдыз ба екен деп те ойлап қаларлық. Жігіт өзін бақытсыздықтан сақтап қалар-ау деген жорамал бойтұмарға сенімсіздікпен жақындаңқырап барды да, іштей күліп жіберді. Алайда, әбден орынды, заңды қызықтау сезімінің жетегімен ол былғарыны жан-жағыпан аударыстыра тексеріп қарамақ ниетпен еңкейді де, оның әнтек жалтырауының табиғи себебін ашты. Шегіреннің тарыдай ұсақ бедерлі сыртқы беті асқан ұқыптылықпен иленіп, жып-жылтыр етіп, тегістеліп қара бояумен боялыпты да, ондағы тарамданған тамыр іздерінің айқын айшықтанғаны сонша, бейне бір анар жемісінің ілмек түйіндері тәрізді, осы шығыс былғарысының әрбір бүртігі шағылысқан жарық сәулелердің тоғысатын қуатты жұмыр ноқаты іспетті екен. Ол бұл құбылыстың себептерін шалға математикалық дәлдікпен айқындап берді. Шал соған жауап қайтарудың орныңа қутыңдап езу тарты. Бұлайша паңданған керенау күлкі жас ғалымда зымияндықтың құрбаны боп тұрған жоқ па екем деген ой туғызды. Шешілмей қалған тағы бір жұмбақты өзімен бірге ажал құшағына ала кеткісі келмеді оның. Сондықтан, жаңа ойыншықтың сыр-сипатын тез аңғаруға асығатын баладай, дереу былғарыны аударыстырып, астарына көз жіберді.
– Бәсе! – деді ол дауыстап, мына жағында мөрдің таңбасы бар екен. Шығыста мұны Сүлейменнің мөрі деп атайды.
– Сізге мәлім бе еді ол? деп сұрады саудагер танауын екі-үш рет пысылдатып және сонысымен ішкі ойын нағыз келелі сөзден де артық білдіріп.
– Қанша аңқау болса да мынау алдамшыға кім нана қояр? – деді ышқына, шалдың мысқылды, зәрлі күлкісі шамына тиген жігіт. Ертегі аңыздардағыдай құдіретті күші бар деп саналатын бұл эмблеманың діншілдік сарыны мен алдамшы белгілерін Шығыстың жоққа сенгіш діндарлары ғана қасиетті деп ойлайтының сіз білмейсіз бе? Дәл осы мәселе жөнінде мені аңғырт деп құстәналауға, сіздің ешқандай дәлеліңіз жоқ. Қайта, әңгіме адам басты арыстан мен самұрық құс туралы болса. Мұндай құстанаға дәлеліңіз анағұрлым артық болар еді, мифология тұрғысынан қарағанда, мұндай мақұлықтардың өмір сүргені бірсыпыра реттерде бекерге де шығармайды ғой.
– Сіз күншығыс халықтарын зерттеуші көрінесіз ғой, – деді шал, ендеше, бәлкім, мына нақылды оқып көрерсіз.
Жігіт бойтұмардың астарын жоғары қарата ұстап тұрғанда, шал шамды тап соған төндірді де, осынау тамаша терінің тор көзді өңіне түсірілген таңбаларға оның назарын аударды. Бір кезде осы таңбалар белгілі бір жануардың терісіндегі табиғи белгілер болған.
– Шынымды айтайын. – деді бейтаныс жігіт, мен мына әріптерді танбасы онагрдің28 терісіне қалайша осылай терең батырып түсіруге болатынын түсіне де, түсіндіре де алмай тұрмын.
Сөйтті де ол бір нәрсені іздегендей, сирек кездесетін асыл заттар үюлі жатқан үстелдерге шұғыл бұрылып қарады.
– Сізге не керек еді? деп сұрады шал.
– Осы әріптер теріге бір нәрсемен батырып сырттан басылған ба, болмаса былғарының ішкі қабатына құйылып енгізілген бе, соны білу үшін былғарыны тіліп көретін бір сайман керек еді.
Шал үш қырлы кішкене қанжарын жігітке ұсынды. Жігіт оны алып, былғарының әріптер басылған жерінің беткі қабатын сылып алмақ болды, бірақ былғарының сыртқы қабатын жұқалап сыдырып алғанда, әріптер астынан қайтадан шыға келді; бұл әріптердің ап-айқындығы және әлгі сылып тастаған қабаттағы әріптерге аумай ұқсағандығы сонша, тіпті осы былғарының бір қабатына ешқандай сызат түспегендей болып көрінді оған.
– Левант29 шеберлерінің тек өздеріне ғана мәлім құпия сырлары болған, – деді ол шығыс елдерінің нақылына бір түрлі мазасыздана қарап тұрып.
– Иә, деп тіл қатты шал, кінәны Аллаға артқанша, адамға жаба берген дұрыс қой.
Құпия сыры бар сөздер мына тәртіппен орналастырып жазылған екен:
Оның мағынасы былай еді:
Егер сен мені иемденсең, онда дүниенің бәріне
ие боласың. Бірақ сенің өмірің менің қолымда болады.
Алланың жазуы осылай. Тілек тіле –
Сенің игілігіңнің бәрі орындалады.
Бірақ тілегің өз өміріңнің мөлшерімен шамалас болсын.
Сенің өмірің осының ішінде.
Сен әрбір тілек тілеген сайын
мен де қусырылып кеми түсемін,
сенің өмірің де таусыла түседі.
Meні иемденгің келе ме?
Ендеше ал Алла сенің тілегіңді есітеді.
Әмин.
– Сіз санскритше30 жылдам оқиды екенсіз! – деді шал Сірә, Персияда немесе Бенгалияда болғансыз-ау?
– Жоқ, деп жауап қайырды жігіт қатқыл металл пластинка сияқты, бүктеп уқалауға көне бермейтін шымыр, осы бір жұмбақты былғарыны қолымен қызықтай сипалап тұрып.
Кәрі саудагер шамды бағана түбіндегі өз орныңа қайтадан қойып, жігітке көз қиығымен қарады. Оның бұл көзқарасында "Міне енді бұл өлім туралы ойламайды да" деп тұрғандай, салқын кекесін бар еді.
– Бұл қалжың ба, әлде құпия сыр ма? деп сұрады бейтаныс жігіт.
Шал басын шайқады да, байыпты үнмен былай – деді:
– Сізге қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Тартар құдіретті қуатын мен сізден гөрі жігерлірек адамдарға да ұсынып көрдім. Бірақ өздерінің тағдырына әсер ететін бұл былғарының жұмбақты ықпалын олар келемеж етіп күлді. Алайда маған мәлімсіз осы бір өктем күшпен қатерлі шарт жасасуға ешкім де тәуекел ете алмады. Менде олардың пікіріне қосыламын, өйткені менің де күмәнім бар, сондықтан кідіріп қалдым және...
– Тіпті, сіз байқап та көрген жоқсыз ба? деп жігіт оның сөзін бөліп жіберді.
– Байқап көру дейсіз бе? – деді шал ышқына. Егер сіз Вандом бағанының басына шықсаңыз одан құлап көруге әрекет етер ме едіңіз? Өмірдің ағысын тоқтатуға бола ма? Ажалды кім үлеске салып бөле алады? Осы кабинетке кірместен бұрын сіз өзіңізді өзіңіз өлтіруге бел байлаған едіңіз, енді мінекей, мына құпия сыр сізді қызықтырып, өлім туралы ойдан аулақтатып отыр. Перзентім сіздің әр күніңіздің қай-қайсысы да тап осыдан анағұрлым қызықты жұмбақ емес пе? Тыңдаңыз менің сізге айтар сөзімді... Мен регенттің нәпсі құмар сарайын да көрдім. Тап сіз сияқты мен де ол кезде қайыршылық өмір сүргенмін, ол-ол ма, қайыр садақа сұрап күнелткенмін өйтсе де, Мен жүз екі жасқа жетіп, миллионер болып отырмын. Бақытсыздық маған пен дәулет әкелді, надандық көп нәрсеге үйретті. Мен қазір сізге бір ауыз сөзбен адам өмірінің ұлы құпиясын ашып берейін. Адам табиғи сезімдер арқылы жүзеге асырылатын екі әрекетпен өзін құртады, сол әрекеттердің салдарынан адам өмірінің қайнар бұлағы сарқылады. Өлімнің осы екі себебінің барлық түрлерін екі-ақ сөзбен айтып жеткізуге болады: бірі қалау, нәпсі, екіншісі қауқар, яғни адамның іс-әрекетінің осы екі шегінің арасында басқа тағы бір тұжырым бар. Оны тек даналар ғана біледі. Менің бақытты, ырысты болуым осы тұжырымды қолданғанымның арқасы. Қалау бізді отқа күйдіріп өртейді, ал қауқар шаманың келуі тек күйретеді, ал қанықтық, яғни шамаңды білуің біздің әлсіз мүшелеріміздің үнемі тыныш қалыпта болуына мүмкіндік береді. Сонымен қалау, яғни тілек дегендеріңіз менде өлі, ол ақыл-ойдың күшімен өшіп біткен ал қимыл, қуат, яғни қауқарыңның жетуі тон ағзаларының табиғи қажеттерін өтеу арқылы өзінен-өзі жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, мен өзімнің өмірімді жүрекке де, түйсікке де шоғырландырған жоқпын, миға топтастырдым. Өйткені жүрек жараланып, талқандалуы мүмкін, сезім әлсіреп, мұқалуы мүмкін, бірақ ми бәріне төзеді, ол тозбайды. Шамадан артық нәпсіқұмарлық менің жаныма да, тәніме де дақ түсіре алған жоқ. Сөйте тұра, мен бүкіл дүниені өз көзіммен шолдым. Мен Азия мен Американың асқар тауларына шықтым, күллі адам баласының тілдерін үйрендім, талай үкіметтің тұсында өмір сүрдім. Мен қытай жігітіне қарыз ақша беріп, ақшамның кепілдігіне оның өлген әкесінің сүйетін алдым. Мен адалдығына сендіріп берген антыма нанып, араптың ақ шатырында да ұйықтадым. Мен Еуропа елдері астаналарының барлығында да алуан түрлі шарттарға қол қойдым. Шұбаланбастан жабайы адамдардың лашығында алтын қазынамды қалдырып жүрдім. Ақыр аятында мен, дегеніме жеттім, өйткені неге де болса ілтипат етпей, өзімді ұстай білдім. Менің бірден-бір құмарлығым бәрін де көру еді. Көру дегенің ол білу яғни қанық болу, қанықтық деген сөз емес пе? Ал, қанықтық дегеніміз, жігітім, түйсікпен шамалап ләззат алу деген сөз емес пе? Осының өзі өмірдің түпкі мәнін ашып, оған терең бойлау деген сөз емес пе? Мал-дәулеттен қандай жұрнақ қалады? Тек идея ғана. Ойлап қараңызшы, өзінің ой-пікіріне шынайы тіршіліктің бәрін "сыйғызуға қабілеті жететін болғандықтан, бақыттың қайнар Бұлағын өзінің жан дүниесіне көшіріп, кемеліне келтірілген нағыз арманды ләззаттарды жердің лас қоқыстарынан тазарта отырып, сол бақыттың қайнар бұлағынан сан алуан осындай ләззат алып отыратын адамның өмірі қандай тамаша болар еді десеңізші! Ақыл-ой барлық асыл қазыналардың кілті, ол сараң адамның барлық қуанышын сізге тарту етеді, бірақ сараңның уайым-қайғысынан ада қылады. Мен әлем аспаныңда осылай қалықтадым. Сондықтан менің алған ләззаттарым маған әрдайым рухани қуаныш та болатын. Теңіздерді, халықтарды, ормандар мен көлдерді көрсем, мен тамаша тойда болғандай әсер аламын. Мен дүниедегі құбылыстардың бәрін де қажымай-талмай, байсалдылықпен қадағалап, аңғарып отырдым. Мен еш уақытта еш нәрсені тілегенім жоқ, тек күттім, соған әзір болдым. Мен әлем кеңістігін өзімнің миуа бағымдай араладым. Жұрттың қайты махаббат, мансап, тұрлаусыздық, реніш дегендерінің бәрі мен үшін тек ой ғана, менің қиялға айналдыратын ойларым ғана, мен оларды түйсінудің орныңа, тілмен сипаттап, мимен топшылаймын; сол айтылғандардың өз өмірімді жалмай жеуіне жол берудің орныңа, мен оларды өз ырқыма көндіремін, оларды дамытамын; оларды іштей оқыған романдай ермек етемін. Мен еш уақытта дене мүшелерімді қажытпаймын, сондықтан әлі күнге денсаулығымның күштілігі жұрттан өзгеше менің әлі сарқылмаған күштерім жан дүниеме мұра болып көшті, сондықтан менің басым асыл қазыналы қоймаларымнан әлдеқайда бай. Міне мұнда, ол өзінің маңдайын нұсқап, миллиондаған нағыз алтын қазынаның қоры осында. Мен өз өмірімді өте тамаша өткізудемін, мен ой-қиялыммен өткен күндерге көз тігемін. Бүтіндей бір елдерді, табиғат көріністерін, мұхит түрлерін, тарихи тамаша қасиетті бейнелерді көз алдыма елестетемін. Қиял жүзінде менің меншікті харамханам бар, онда өзіммен өмірде ашына болып көрмеген әйелдерге иелік етемін. Кейде мен сіздердің соғыстарыңызды, революцияларыңызды қайтадан көріп, олар туралы ойға үңілемін. Уа, бүкіл әлем кеңістігін өзінің жан-жүйесіне сыйғыза алатын адамның жоғары қабілетін; заманның шым-шытырық шырмауын, әлем кеңістітінің көрме-кедергісін елең қылмай жылжи беретін шексіз ләззаттың құшақ жетпесті құшып, көз жетпесті көру ләззатын, басқа бір салаларға сұрау салу үшін, бір құдайға салауат қылу үшін дүниенің қиыр шетіне үңіліп көз жіберу мүмкіндігін бек, ойының бәрін жиып қойып, азды-көпті әрі бар әлдеқандай бар дененің, азды-көпті жарасымы бар бір жұмыр пішіннің бір сәттік қана әсерін міне осыларды жоғарыда айтылғандардың бәрінен қалайша артық көруге болады? Mінe осында, – деді ол күндей күркіреген қаһарлы үнмен, шегірен былғарыны нұсқап тұрып, мұнда қауқар мен қалау бір-бірімен үйлесім тауып ұштасқан. Сіздердің, әлеуметтік идеяларыңыз, шамадан тыс қалаулы тілектеріңіз, ынсапсыздығыңыз, ажалыңызға себеп болатын қуанышыңыз, сіздерді өте ауыр өмір сүруге мәжбүр ететін қасіреттеріңіз бәрі сіздердің дертіңіз, дерт дегеніңіз өзі де барып тұрған ләззат шығар. Ләззат құмарлықтың дертке айналып кететін, ал дерттің өзі ләззатқа құмарлық күйінде қалатын шарықтау шегін кім анықтай алады? Арманды дүниенің өлі затқа жан бітіретін құдіретті нұрлары көз жанарыңды жүйелеп тұрғанда сол көздің жанарын жалған дүниенің ен биязы түнегінің өзі үнемі жаралап жатпай ма? Даналық біліктіліктен тумай ма? Есуастық дегеніміз қалаудың немесе қауқардың өлшеусіздігі емей немене?
– Ендеше менің де өлшем, ынсап дегенді білмей өмір сүргім келеді! – деді бейтаныс жігіт шегірен былғарыға жармасып тұрып.
– Сақтаныңыз, жігітім! – деді шал жан ұшыра ышқына сөйлеп.
– Мен өмірімді ғылым мен ой-пікірге арнап едім, бірақ олар тамағымды асырауға да жарамады, деп жауап берді бейтаныс. Мен Сведенборгке31 лайықты уағыздың да, сіздің шығыстық бойтұмарыңыздың да осы жалған дүниеде мені тірі қалдыруға тырысқан сіздің рақымды ынтаңыздың да алдауына түскім келмейді, өйткені ендігі жерде мұнда менің тіршілік етуіме мүмкіндік жоқ. Қане, ендеше! – деді ол қалшылдаған қолымен бойтұмарды қатты қысып тұрып шалға қараған бойы, менің ендігі қалайтыным: патшаның сарайындағы сән-салтанатты той-думан, барлық жатынан кемеліне келіп жетілді деп жүрген дәуірімізге сай сауық-сайран мейлі, менің бастас достарым өрімдей жас, әзілқой тілмар ескілік салттан ада, нағыз әуейі әңгібастар-ақ болсын! Мейлі, шараптар бір ішкенде үш күн мас қылатындай, бірінен-бірі асып түсіп, ұшқын атып тұрсын! Мейлі, құшағынан от шашқан құймыр әйелдер бүгінгі түннің көркі болсын! Біз әбден есіріп алған кезде төрт ат жегілген күймелі арба бізді дүниенің бір шетіне алып барсын да, бір бейтаныс жағалауда тастап кетсін! Мейлі, біздің жанымыз қалықтай аспанда ұша ма, батпаққа батып жерде жата ма, шарықтап көтерілсе де, құлдырай құласа да маған бәрібір. Нар тәуекел! Бір мен үшін қуаныш атаулының бәрін біріктір деп бұйырамын мен осы дүлей күшке. Иә, мен жер мен аспанның барлық рақатын, ләззатын ең ақырғы рет құлаш кере құшып, құмардан шығуым керек, содан кейін өлсем де арманым жоқ. Думанды сайран мастығынан кейін алдымда ертегінің ләззат құдайы отырсын деп тілеймін мен, өліктерді тірілтетін өлеңдер шырқалуын қалаймын, ұзақ, шексіз ұзақ сүйістерді аңсаймын, сол сүйістің шөлпілдеген дыбысы Париждің үстінен қаулаған өрттей гулей өтіп, ерлі-зайыпты жұбайларды оятсын, барлық адамдардың, тіпті жетпістегі кәрілердің де жүрегін жандырып, қайта жасартатындай жалынды жігер, ыстық ынтық дарытсын!
Сол сәтте шалдың бейне бір тамұқтың дүмпуіндей қарқылдаған күлкісі жас есуастың құлағын тұндырды: күлкінің күштілігі сонша, жігіт жым болып үндемей қалды.
– Сіз, – деді саудагер, қазір менің үйімнің едені қақ жарылып, астынан неше түрлі тәтті тағамдармен зейнеттелген жаюлы дастарқан мен ана дүниелік меймандар шыға келеді деп ойлайсыз ба? Жоқ, жоқ, алаңғасар жігіт! Сіз шартқа қол қойдыңыз, сонымен сауда бітті, сөз сарқылды. Енді сіздің тілеген тілектеріңіздің бәрі де орындалады, бірақ мұның бәрі өз өміріңіздің есебінен жарылқанады. Сіздің өміріңіздің осы былғарыда белгіленген шеңбері сіздің тілектеріңіздің күші мен саныңа сәйкес үнемі қусырылып, кеми беретін болады. Мейлі, зәредей болмашы ғана тілек болсын, мейлі нағыз шектен тыс өлшеусіз тілек болсын бәрі бір. Осы бойтұмарды маған сыйлаған брамин32 мұны алған адамның тағдыры мен тілегінің арасында құпия байланыс орнайды деп еді бір кезде. Сіздің алғашқы қалауыңыз тұрпайылық қалау, мен оны орындар да едім, бірақ оны сіздің жаңа болмысыңызда кездесетін оқиғалардың еркіне тапсырамын. Сайып келгенде, сіз өзіңізді-өзіңіз өлтірмек болып едіңіз ғой. Несі бар, бұл ниетіңіз әзірше кейінге қалдырылады.
Шалдың осы соңғы мысқылынан оның шала мейірлі ниеттері айқын аңғарылып қалған. Оның әлі де келемеждеп сөйлегеніне таңырқап, әрі-беріден соң ызасы келген бейтаныс айқайлап жіберді:
– Жағалаудан әрі өткенше менің тағдырым өзгере ме, жоқ па, соны көреміз! Бірақ егер сіз мендей бақытсызды мазақ етіп отырмаған болсаңыз, осынша қатерлі, киелі қызметіңіздің құны үшін мен сіздің биші әйелге ғашық болуыңызды тілеймін. Сонда сіз есерліктің қуанышын түсінер едіңіз де, бәлкім осынша ақылдылықпен сақтаған дәулетіңіздің бәрін сарп етерсіз.
Ол шалдың ауыр күрсінген лебізін естіместен шыға жөнелді, барлық залдардан өтіп, алдағы жолына жарық түсірмейтіндей бекерге әуреленген жалпақ бет дүкеншіге ерген бойы, басқыштан құлдырай құлдилады: кәдімгі қылмыс үстінде ұсталған ұрыдай-ақ асығыс жылысып барады. Әлдеқандай сандырақтың салдарынан көздері бұлдырап, ол тіпті шегірен былғарының кереметтей жұмсарып қалтаның да байқамады. Былғары шыныңда да биялайдай жұп-жұмсақ болып, оның тарс жұмылған уысында жұмарланып қалған еді, жігіт өзі де аңғармастан оны бешпентінің қалтасына сала салғанда, ол түгелімен сыйып кетті. Көшеге жүгіре шыққан екпінімен ол қолтықтасып келе жатқан үш жігітке килігіп, қақтығысып қалды.
– Хайуан!
– Ақымақ!
Бұлардың әдепкі тіл қатысқандағы әдепті сәлемдесуі осындай еді.
– Өй! Мынау Рафаэль ғой!
– Бәрекелді! Біз сені іздеп жүрсек.
– Ойпырмау, Бұл сендермісіңдер, әй?
Жел тербеткен шам жарығы таңырқаған жас жігіттердің беттеріне түскен кезде, жанаты былапыт сөздерден кейінгі айтылған үш ауыз достық уәж болды.
– Сүйікті достым, – деді Рафаэльге жана өзі қатып құлата жаздаған жас жігіт, сен бізбен бірге жүр.
– Қайда, не үшін барамыз?
– Жарайды, жүр, жол-жөнекей айтамын.
Рафаэль бармаймын деп қанша қарысса да, достары оны қаумалай қоршап, қолтығынан алды да, өздерінің көңілділігіне ілестіріп. Өнер көпіріне қарай ертіп жөнелді.
– Қымбаттым, – деді жанағы досы әңгімесін жалғастырып, біз сені апта бойы із– дедік, реті келген соң айта кетейік, маңдайшасына сонау Жан-Жак Руссоның тұсында қызыл және қара әріптермен "Ceн-Кeнтeн''деп жазылған сүйкімді мейманханаңа да барып едік. Леонардан33 сені қаланың сыртына кетті – деді. Әлбетте, шыныңа көшкенде, біз ақша мәселесімен келген адамдарға; сот орындаушыларына, қарыз берушілерге, куәларға, тағы сондайларға ұқсас та емес едік, иә, сонымен, сөйтіп, Растиньяк сені кеше кешке Итальян операсында көрген екен, біздің көңіліміз орнығып қалды, бірақ әлі де намыс билеп, сені Елисей алаңындағы бір ағаштың басына сағағыңнан ілініп қалдың ба екен; әлде қайыршылар барып кергіш арқанға асыла, көз іліндіретін мейірбанды мекемелердің біріне екі су беріп, түнеп шығуға кетті ме екен; немесе, тіпті жолың болып, бір сылқымның оңаша бөлмесінде еру қылды ма екен деп, қайтсек те соны анықтауға ұйғардық. Біз сені ешқайдан да: Сент-Пелажаи абақтысындағы тізімнен де, Лa-Форс тұтқындары арасынан да кездестіре алмадық. Министрліктерді, Операны, игілік үйлерін, сусынхана-дәмханаларды, кітапханаларды, полиция мекемесінің тізімдерін, журналистер бюросын, мейрамханаларды, театр фойелерін қысқасы, Париждегі жақсылы-жаманды барлық жерлерді түп-түгел ғылыми зерттеуге салып, патша сарайында билік құруға да, абақтыда жатуға да лайық туған сендей дарынды адамды жоқтап кеп қамықтық. Біз сені Шілде революциясының қаһарманы ретінде даңққа бөлейік деп ақылдасып та қойып едік. Құдай ақы сөзіміз, біз сені ойлап өте қынжылдық.
Бұл кезде Рафаэль, достарының сөзіне құлақ салмай өнер көпірінен өте бергенде, Париж оттарының сәулесі шағылысқан Сенаның долы толқындарына қарап келе жатыр еді. Бұдан сол бұрын осы көпірден құлап түсіп, суға кетіп өлмек болған еді, енді шалдың болжағаны дәл келіп, тағдырдың қалауымен оның ажал сағаты кейінге қалдырылды. Біз сені ойлап тым-ақ қамықтық, дей берді досы өз ойып орман дамытып. Әңгіме бір құйтырқылы іс жайында. Біз сені еш нәрседен тайсалмайтын аса көрнекті адам ретінде сол іске тартпақшы едік. Корольдің кубогі астынан конституция жаңғағын зым-зыя жоқ қылатын сиқыр Бұл күнде сүйікті дос, бұрынғыдан анағұрлым салтанатты жағдайда жүзеге асырылатын болды. Халықтың қаһармандығы арқасында тақтан құлатылып масқара болған монархия ойнап-күлуге қолайлы жеңіл жүрісті сияқты еді, бірақ оның оған атты зайыбының мінезі әрі қатаң, әрі мейірбан: зауқың соқсын-соқпасын бәрібір, оның өлшеулі мейірін қабыл алу керек. Үкімет билігі Тюильриден журналистерге көшкені ал бюджет Сен-Жермен төңірегінен басқа махаллаға д’Антен34 тас жолына ауысқаның өзің де білесің. Бәлкім, сен мынаны білмессің: Үкімет, яғни бір кезде священиктер монархияның тұтқасы болғаны сияқты, қазірде Отанымыздың тұтқасы болып отырған ақсүйек банкирлер мен адвокаттар барлық бағыттардағы философтар мен барлық замандардың күшті адамдарының үлгісі бойынша мейірімді француз халқын ескі идеялы жаңа сөздермен алдаусыратып, ақымақ ету қажет екендігін сезіп отыр. Қысқасын айтқанда, әңгіме елімізге корольдық-ұлттық көзқарастарды сіңіру жайында: "Біз деудің орныңа мен" дейтін еді ғой король, ал пәленше, түгенше мырзалар қазірде отанымыздың өкілдері болуда; жаңағыдай дейтін корольге бір миллиард жүз миллион тоғыз сантим төлегеннен гөрі де қазіргі отанымызға, яғни әлгі мырзаларға бір миллиард екі жүз миллион отыз үш сантим төлесе, халқымыз анағұрлым бақыттырақ болар еді дегенді дәлелдемек олар. Қысқасы, азамат-корольдің35 ұлттық үкіметіне пәлендей зиянсыз өкпелілерді қанататтандыруға қабілетті оппозиция жасау мақсатымен қарамағында әдемі екі немесе үш жүз мың франк қаражаты бар газет шығарылмақ. Ал, мінекей біз ғой деспотизмді қаншалық келемеж етсек, бостандықты да сонша келекелейміз, дінді де, дінге сенбеушілікті де сықақ етеміз, отан дегеніңіз біз үшін астана; мұнда идеялар айырбасқа түсіп, жолы полей теңгеден сатылады, мұнда күн сайын дәмді тамақ ішіліп, сансыз талай қызықтар көрсетіледі, мұнда зинақорлар қара құрттай қайнайды, кешкі ас таңертең аяқталады, мұнда махаббат дегеніңіз жалдамалы көліктей мініске беріледі, Париж әрқашан да отандардың ішіндегі ең бір тартымдысы, бақыттың, бостандықтың, ақылдың, тәуір әйелдердің, сұрқиялардың, жақсы шараптың отаны болады, мұнда билік асасы бізге онша тегеуірінді бола қоймайды, өйткені біз өзіміз билік басындағылардың қасында боламыз, ендеше осылай болатын болса... біздер, Мефистофель құдайдың шынайы ізбасарлары, жанымызды жалдап, жұртшылық пікірін қайта өңдемекпіз. басқаша сырламақпыз, актерлерді өзгеше киіндірмекпіз, үкімет барағының маңдайшасына жаңа тақтайшалар шегелемекпіз, құрғақ қиялдың желбуаз есуастарына дәрі тасымақпыз, кәрі республикашылардың көмген сүйегін жібітіп, бонопартистерді жаңартпақпыз, орталықты азық-түлікпен жабдықтамақпыз, бірақ осының есесіне біздің астыртын ғана корольдер мен халықтарды келемеж етіп мысқылдауымызға, таңертеңгі пікірімізді кешкілік өзгертуімізге, Панург салтынша шат-шадыман өмір сүруімізге немесе more orіentalі36 жұмсақ жастықты шынтақтап жатуымызға рұқсат етілуі тиіс. Шетел тілі ана тілінен гөрі көбірек қолданылатын осы сықаққой патшалықтың билік тізгінін саған ұстатқалы арнадық. Сондықтан біз сені тұп тура жоғарыда аталған газеттің негізін қалаушы, алтының қайда қоярын білмей, әзіл-қалжыңға айырбастатысы келген, жұмыстан жалығып, жатып ішер тәтті тұрмысқа көшкен банкирдің қонақ асына апара жатырмыз. Сені ол өз туғаныңдай қарсы алады. Біз сені еш нәрседен қорықпайтын, озат пікірлер королі деп жариялаймыз. Ресей, Англия және Австрия қандай да бір ниетті ойға алмай тұрғанда-ақ Австрияның, Англияның немесе Ресейдің ниетін алдын-ала болжай білетін нағыз қырағы данышпан деп мадақтаймыз! Иә, біз сені дүниеге Мирабо, Талейран, Питт, Меттернихтерді келтіретін, ақырында, қарапайым пенделердің бір рюмке шарап тігіп, домино ойнағаны сияқты, мемлекет тағдырын тігіп, бір-бірімен ұтыс ойнайтын барлық жылпос Криспиедерді37 туғызатын ақыл-ой күштерінің жоғарғы әміршісі етіп тағайындадық. Біз сені есерлікпен яғни өжет ақыл иелерінің бәрі жекпе-жекке шақыруға ынтығып жүрген осы бір таңғажайып мақлұқпен жеке сайысуға дайын тұрған тайсалмас күрескер деп жұртқа таныттық; тіпті бұл мақлұқ әлі сені жеңе алған жоқ деп те көкідік. Әрине, сен бізді ұятқа қалдырмассың деп сенеміз. Бізді шақырған үйдің қонақжай иесі Тайфер жомарттықты заманымыздың күйкентайдай Лукулдарының міскін сабан тойларынан анағұрлым асырып түсіремін деп уәде берді. Түкке тұрмас нәрсеге ұлылық сипат беруге, кінәраттарды әсем де сиқырлы етіп көрсетуге оның дәулеті жетеді... Естіп келемісің, Рафаэль? деп сұрады шешен, сөзін бөліп. Өз тілегінің қабыл болғанынан гөрі уақиғалардың табиғи жолмен шым-шытырық шиеленіскеніне таңғалып келе жатқан Рафаэль: Иә, деп қана жауап берді. Ол сиқырлы күштің ықпалына сене қойған жоқ. Бірақ адам тағдырының кездейсоқ өзгерістері оны қайран қалдырды.
– Апырау, осы "иә" деген сөзіңнің өзін нағашы атаңның өлімін ойлап келе жатқандай айтып тұрсын ғой өзің, – деді оған екінші серігі.
– Аһ, – деді Рафаэль сондайлық ақпейіл үнмен, буған жас Францияның үміт күттірген осы бір топ жазушылары түгел күлісті.
– Достарым, мен мына бір жайтты ойлап келе жатыр едім: осы біз үлкен арамдық жолына түскен сияқтымыз, тегі, біз нағыз қырқар алаяқ болғалы бет алып бара жатсақ керек! Бұл күнге дейін заңсыздықты біз думанды екі мәжіліс, ішкілік арасында жасап келген едік, мас боп отырып, өмір туралы ойлаушы ек, тамақты сіңіре отырып, адамдар мен оқиғаларға баға беруші ек. Іс жүзінде қыздай күнәсыз болсақ та, біз тілге содыр болдық. Енді саясаттың қызыл шоқта балқыған қызу темірімен таңбаланған біздер тәтті қиялдарымыздан арылу үшін ұлы сүргінге сапар шеккелі барамыз. Кімде-кім албастыға ғана сенсе, оның жастық жұмағын жоқтап жас төгуіне рұқсат; Айса мың қасиетті тәнінің дәмін татқалы мейірімді священникке діндарлықпен аузымызды ашқан күнәсыз кезімізді жоқтап, жас төгуіне де рұқсат. Беу, қымбатты достарымай, егер біз алғашқы күнәларымыздан сондай ләззат алған болсақ, ол кезде сол күнәларымыздың өзіне көрік беретін, оларды үшкірлеп, қызғылықты, дәмді ететін ардың өкініші болушы еді бізде, ал қазір ше...
– Уа, қазір, деп қыстырылды әңгімені әуелі бастаған жігіт, бізге бір-ақ нәрсе қалды...
– Ол не? деп сұрады екіншісі.
– Қылмыс...
– Дар ағашындай биік, Сена өзеніндей терең сөз, міне осы, деп Рафаэль де қосарланды.
– Ой, сен менің сөзімді түсінбепсің ғой!.. Мен саяси қылмыстар туралы айтып келемін. Бүгін, таңертеңнен бері, саяси қаскүнемдерге ғана қызықтым. Қиялымның бұл шарықтауы келесі таңертеңге дейін жетер ме, жоқ па, білмеймін біздің өркениетіміздің жағдайындағы сүренсіз өміріміздің темір жолдың табаны сияқты бір сарынды өмірдің пақыршылық өмірін ойға алғанымда жаным күйзелді, мені Мәскеуден шегініп келе жатқан француздардың машақат бейнеті, "Қызыл корсардың"38 қорқынышы, шекара қарақшыларының өмірі сияқты бақытсыздық жағдайлар тебірентеді. Францияда енді қартезиандық сопылар қалмағандықтан, мен ең құрығанда Ботани-бэйге39 жіберуді көксеймін. Бұл түскі тамақты ішіп болғаннан кейін жұмарлап тастай салатын орамалша, өз өмірлерін жұмарлап, енді өз елінде өрт салушы, өзінің маңдайына оқ жіберуден, республикашыларша қастандық жасаудан немесе соғысты талап етуден басқа түк жұмыс жоқ деп есептейтін кішігірім лорд Байрондарға арналған өзінше бір емхана ғой...
– Эмиль, деп бастады сөзін Рафаэльдің екінші жолдасы қызу түрде, шының айтқанда, егер Шілде революциясы болмаса, мен священник болар едім де, қайдағы бір меңіреу деревняда малша өмір сүрер едім және...
– Және күн сайын дұғалық оқыр ма едің?
– Иә.
– Мақтаншақ!
– Е, газет оқып жүрген жоқпыз ба?
– Журналист үшін жаман әдет емес! Әйтсе де сөзді тоқтат, біздің айналамыздағы тобыр өзіміздің оқырмандарымыз ғой. Байқайсың ба, журнализм деген қазіргі заманымыздағы қоғамның діні және бұл жерде едәуір алға басқандық бар.
– Қалайша?
– Бас священниктер дінге сенуге міндетті емес, халық та солай...
De vіrіs іllustrіbus40-ты оқып алған зиялы жастар сияқты әңгімелесе отырып, олар Жубер көшесіндегі оңаша әсем үйдің қасына келді. Басқалардың аты сәттілік арқылы шыққан, Эмиль түк істемей жүріп-ақ олардан анағұрлым артық атақ-даңққа ие болған журналист. Ол ұшқыр ойлы, шақпа тілді батыл сыншы. Оның мінез-құлқының кемшіліктерінен ақыл-парасаты басым. Сықаққой және ашық, жайдары жігіт болғандықтан, ол досымен жүзбе-жүз сөйлескенде оны әжуалап, еш нәрсені жасырмай бетке айтып, мыңдаған эпиграммаларымен түйрейтін де, сыртынан оны ақ көңілімен батыл қорғайтын. Ол барлық нәрсені, тіпті өзінің болашағын да келемежге айналдыратын; өмір бойы ақшадан тарығып жүреді; іскерлік қабілеттен құр алақан емес адамдардың бәрі сияқты, ол да ұйқысы ашылмас жалқаулықтан арылмайтын. Сөйтіп жүріп, ол өздерінің кітаптарына ауыз тұшырлық бірде-бір сөз енгізе алмайтын мырзалардың намысын келтіре, өзектерін өртеп, тұтас бір кітапқа татырлық жалғыз ауыз сөз айтатын да қарап отыратын. Ол уәде беруге жомарт еді, бірақ онысын еш уақытта орындамайтын. Өзінің сәтті істері мен атақ-даңқын жұмсақ жастықтай жастанып, тыныш ұйықтауды дағды етті, қартайған шағында, көрілер үйінде оянудан да сескенбеді. Осындай бола тұрса да, ол достары үшін басын балтаға тігіп, жаңғырықтың астына баруға пейіл, өзінің ий ауыздығын мақтан етеді және жас баладай ақ пейіл жұмысты тек еріккеннен немесе бір үзім нан үшін ғана істейді.
– Мэтр Алькофрибастың41 сөзімен айтқанда, думанды тойдың нәпақасы бізге де тиеді-ау,
шамасы, – деді ол Рафаэльге, басқышты жап-жасыл түрге бөлеп, хош иісті аңқытып тұрған гүлді жәшіктерді нұсқап.
– Ауыз бөлменің жып-жылы болып қымбат кілемдермен әсемделгені жалғанда жаным сүйетін бір жайт, – деді Рафаэль де. Дәл босағасынан басталатын сән-салтанат Францияда некен саяқ. Мен мұнда қайта жасаратынымды сезіп келемін.
– Несін айтасың, анау үстіңгі бөлмелерге барған соң арақ-шарапқа қанып, әзіл-күлкіге кенеліп, сайран саламыз әлі, байғұс Рафаэлім менің. Сайрандағанда қандай және! – деді Эмиль әңгімесін жалғастыра. Біз ішімдікке бәрінен де басым шықсақ керек. Осынау бастардың бәрінен басым түсерміз деп үміттенемін.
Айтқанындай-ақ алтын әшекейлері шам сәулесімен қоса жарқыраған сәулетті қонақ бөлмеге кірісімен Рафаэльдерді сол сәтте Париждің ең әйгілі жастары қоршап алып, шүйіркелесе кеткенде, Эмиль мысқылшыл ишаратпен қонақтарды нұсқады. Қонақтардың бірін жұрт жаңа дарын деседі екен. Алғашқы жасаған суретінің өзі-ақ оның есімін Империя тұсындағы таңдаулы суретшілермен бір қатарға шығарыпты. Екіншісі осыдан сәл ғана бұрын тың кітап жазып шығаруға батылдық етіпті де, онысы өзінше бір әдебиетке деген жиренішті бейнелейтін және қазіргі заманның әдеби мектебіне жаңа жолдар ашып беретін соны сарын деп танылыпты. Ызғарлы кескіні ер жүрек даналығын әйгілеп тұрған әлгі атақты мүсінші сол кезде, жағдайға қарай, біресе ешбіреудің ештемеден басымдылығын мойындағысы келмейтін, біресе кез келгеннің бәрінен артықшылық қасиет тани қалатын самарқау сықаққойлардың бірімен әңгімелесіп отыр екен. Біздегі сықақ сурет ұсталарының арасындағы осы бір жәдігөй көзқарасты, шақпа тілді, ең өткір ойлысы қаламының ұшымен әр жерден сызып қалып-ақ тамаша бейнелер жасайтын эпиграммаларына тақырып іздеуде. Саяси идеялдардың мәнін басқалардан гөрі жақсырақ аңғаратын, қайдағы бір еңбекқор автордың шығармаларының ішкі сырын әзіл-қалжыны аралас екі-үш ауыз сөзбен тұжырымдай білетін өжет жас жазушы кексе ақынмен кеңесіп отыр. Бұл ақын да олқы емес-ті, егер ақындық дарыны оның өшпенділік күшіне сай келген болса, онда мұның жазғандары өткен замандардағы шығармалардың бәрін жоққа шығарар еді. Бұл екеуі шындықты да сездірмеуге, өтірік те айтпауға тырысып, бір-біріне тәтті, жарамсақ сөздермен жауап қатысады. Атақты музыкант даусын сәл төмендете сөйлеп, жақында өзіне ешқандай зиян келтірместен, тағынан тайған жас саяси қайраткерді әзілмен қағыта жұбатып отыр. Стилі жоқ жас жазушылар идеясы жоқ жас жазушылармен, шығармалары поэзияға татитын шебер прозашылар өлеңді проза сияқты етіп жазатын дарынсыз ақындармен қатар тұр. Өзінің құрғақ қиялға негізделген іліміне сенген мейлінше аңғырт сенсимоншыл бейбақ жанашырлығы ұстап, жаңағы дүмбілез байғұстарды татуластырып жатыр. Сірә, ол бұларды өз орденіне сопы етіп қабылдамақ болса керек. Мұнда, ақырында, әңгімеге азот араластырып отыру үшін жаралған екі-үш оқымыстылар да бар; жарық та болмайтын, жылу да бермейтін алмас ұшқындары сияқты жылтырауық, мағынасыз жел сөздерді қай минутта болса да әңгімеге араластырып жіберуге дайын тұратын күлдіргіштердің де бірнешеуі отыр. Адамдар мен жағдайларға деген жирену немесе сүйсіну көзқарастарын дәріптейтіндерді астыртын қажуалай отырып, бірнеше парадоксшылар бірде-бір жүйені жақтамастан, барлық жүйе атаулыға қаскүнемдік жасауына көмектесетін екі ұшты саясатын жүргізіп жатыр. Еш нәрсеге таңырқамайтын, Итальян операсының ең қызғылықты жерінде мұрның тартып сіңбіретін, браво деп жұрттан бұрын айғайлайтын, өзінен бұрынырақ пікір айтқан адамға дау соға түрегелетін білгіш те осында екен, ол ділмарлардың өткір сөздерін өз сөзі етіп көрсетпек болып тырысады. Бұл қонақтардың ішінде бесеуінің болашағы бар, тағдыр жазса, оны өмір бойы қандай да бір атақ-даңққа қолы жетуі ықтимал, ал қалғандарына келетін болсақ, олар тоғышар жабының қай қайсысы да сияқты, Людовик XVІІІ-нің бірігу және ұмыту42 детен атақты өтірігін қайталап айтарлық қана халде. Меймандос үй иесі осы той-думанға екі мың экю жұмсаған адамның қам көңіл, жайдарылық қиянатында болатын. Көп кешігіп, зарықтыра күттірген қонақтардың атын атап шақырғандай, үй иесі тықыршып, есік жаққа жиі-жиі қарай береді. Көп ұзамай, жұп жуан бір адам кіріп келді. Үйдегілер оны жарамсақтықпен жапырласа қарсы алды. Жаңа газет шығару жөніндегі бітуана келісімді сол күні таңертең тындырған нотариус еді Бұл Қара киім киінген малай ас ішетін зәулім бөлменің есігін ашты. Жұрттың бәрі, кәде жоралғы сақтап іркілместен, соған қарай ағылып, орасан зор үстелдің айналасынан орын ала бастады. Рафаэль қонақ бөлмеден шығарда төңірегін тағы бір шолып өткен. Оның тілегі шыныңда да дәлме-дәл орындалды. Қай жағына қараса да қаптап тұрған алтын мен торқа. Үйдің іргесін көмкерген алтын жалатулы бедерлер, қоладан нәп-нәзік етіп құйған асыл бұйымдардың мәнерлері және үй жиһаздарының сәнді бояулары сансыз көп май шам орнатылған асыл шамдалдардың сәулесімен жарқырайды. Бамбук ағашынан аса шеберлікпен тоқылған кәрзеңкелердегі сирек кездесетін гүлдер жанға жайлы тамаша хош иістерін аңқытып тұр. Үй ішіндегі жасаулардың бәрі ең артысы шымылдық, перделерге дейін пәлендей көз шағылдырмаса да, сән сымбатымен асыл бұйым екенін аңғартулы. Барлық заттарда поэзиядай жүрек тебірентерлік, әсіресе, кедейдің көкейіне күшті әсер етуге тиісті сондайлық бір керемет бар сияқты.
– Жүз мың ливр табыс катехизиске тым әдемі түсіндірме-ау өзі, әдеп, мораль дегендеріңізді өмірде іс жүзіне асыруымызға мұндай қаржы кереметтей-ақ көмектесер еді! – деді күрсініп Рафаэль. Уай, несін айтасың енді, менің мейірбан басым жаяу жүре алмас. Мансарда көне киім, қысқы сұр қалпақ, есік күзетушіге берешек борыш менің мінім осылар... Дариға, мынадай сән сәулет, ең дәулеттің ортасында бір жыл, тым болмаса жарты жыл дәурен сүріп барып өлер ме едім, шіркін! Ен құрығанда мың өмірдің рақатын көріп, ләззатын сарқа сіміріп, қызығын айызым қана жұтар едім-ау!
– Е, онда сен алыпсатардың күймесін бақыт деп есептейді екенсің ғой! -деп кескестеді оның сөздерін тыңдап отырған Эмиль.
– Сөзіме илан, байлық сені тез-ақ зеріктіреді: ол сенің көрнекті адам болу мүмкіншілігіңді жоятының сен өзін-ақ сезесің. Байлардың кедейлігі мен кедейлердің байлығының қайсысын таңдауға келгенде суреткер әсте қобалжып көріп пе еді? Біз сияқты адамдарға өмір бойы күресу керек болатыны бекер ме? Ендеше, асқазаныңды дайындай бер. әне көрдің бе, – деді ол рақатта өмір сүрген мол дәулетті капиталист асханасының, жаныңды жұмақтай жай таптырарлық берекелі көрінісін ыммен нұсқап. Құдай ақы, ол осынша дәулетті біз үшін ғана жиғалы арпалысқан болса керек. Табиғатты зерттеушілер ұсақ су жәндіктерін зерттегенде, көпірткішті олардың қатарына қосуды ұмытып кетіпті ғой. Мынау мырза сол көпірткіштердің алуан түрлерінің бірі емес пе? Мирасқорлары сорып алып қоймай тұрғанда, өзіне тиісті көпірткішті сытып, алған дұрыс шығар! Қарашы үй қабырғаларын зейнеттеп тұрған бедерлі әшекейлер қандай тамаша! Шамдалдар мен суреттер ше, неткен сән-салтанат, қандай талғам! Егер күншілдерге және тұрмыстың тетігін білемін деп жүретіндердің сөзіне илансақ, Тайфер революция кезінде бір немісті және екі адамды жұрттың айтуына қарағанда, өзінің таңдаулы досын және сол таңдаулы досының анасын өлтіріпті дейді. Ал кәне, қазірде ақ шашты бәтегөй болып отырған Тайферді қылмыскер деп көрші! Түріне қарасаң мейірбан адам.
Қарашы әне, күміс бұйымдар қалай жарқырап, ұшқын атады... Соның жалт еткен әрбір шұғыласы соның жүрегіне пышақ боп қадала ма екен шынымен-ақ? Қой, шырағым! Бүйте берсек Мұхаммедтің шариғатына да нанып кетерміз, тегі. Егер осы қауесет рас болса, онда жаны сезімтал, дарыны мол мынау отыз адам бүтіндей бір үйлі жанның ішек-қарның жалмап, қаның ішуге келген болады да... ал біз, кіршіксіз таза көңілді, албырт екі жас, біз де сол қылмысқа ортақ болғанымыз ғой! Біздің сол капиталистен: Адал адамбысың сен өзің? деп сұрағым келіп отыр.
– Қазір қоя тұр, – деді Рафаэль. Ол өлердей мас болғанға дейін күте тұрайық. Алдымен тамақтанып алайық та.
Екі дос жайраңдап күліп, келіп жайғасты. Әрбір қонақ әуелі сөзден бұрын көзге кезек беріп, ұзын үстелдің салтанатты көрінісін тамашалап өтті. Үстелдін үстіне жаңа жайғап аппақ қардай дастарқан жайылыпты, текшеленіп, тәртіппен тізіліп тұр. Крахмалмен қатырған салфеткалар әр жерде жұлдыздардай нұрланған хрусталь алуан түсті шұғыладай ұшқын атып тұр, шырақтардың сәулелері бір-бірімен айқыш-ұйқыш астасып, үсті-үстіне тоғыса берулі, күміс қақпақтар астындағы табақ-табақ тағамдар жұртты ынтықтырып, шабытын қоздыруда. Ешкім тіс жарып аузын ашқан жоқ. Көрші отырғандар бір-біріне қарап қойды. Даяшылар мадера құйып жатыр. Содан кейін нағыз дәмді, мақтаулы бірінші табақ та келіп жетті. Бұл табақты топырағы торқа болғыр Камбасарес43 марқұмға да ұялмай-ақ тартуға, одан да абырой алуға болар еді. Брийа-Савареня44 да мадақтарлықтай еді бұл табақ. Бордоның, Бургундияның ақ және қызыл шараптары корольдердің мырзалығындай жомарттықпен атыл-тегіл беріліп жатты. Тойдың осы бірінші бөлегін, барлық жағынан алып қарағанда да, классикалық трагедияның экспозициясына теңестіруге боларлықтай еді. Екінші көрініс ептеп мылжыңдау болып шықты. Қонақтардың бәрі де өз нәпсісіне қарай шарап түрін ауыстыра отырып, жетерліктей қылғып алды, тамаша тамақтың сарқытын алып жөнелгенде, қызу таластар басталып-ақ қалған болатын, кейбіреулердің ақшыл маңдайлары қызара бөртіп, кейбір мұрындар қызыл шулан түске енді, дидарлар оттай дуылдап, көздер ойнақшып, жалт-жұлт етті. Мастықтың осы таң шапағында әңгіме әлі сыпайыгерліктің шегінен шыға қойғанжоқ-ты, алайда әзіл мен сықақ бірте-бірте барлығының ауыздарынан да андыздай бастаған-ды, содан кейін зәрлі сөздер ақырын-ақырын жыланша бас көтерді де, бал тамыза маймаңдап жөнелді. Салмақты, тұйық мінезді сабырлылар естен айырылып қалмайық деген үмітпен әңгімені зейін қоя тыңдасып, бой тежеп отырысты. Тамақтың екінші табағы келгенше-ақ ақылдылардың бәрі де қызып алды. Бәрі де тамақ жей отырып, сөз сөйлеп, сөз сөйлей отырып тамақ жеп, сұйық заттардың көптігінен шімірікпестен шарапты сіміре тартты. Шараптар сондай тәтті, хош иісті, тіпті ішпеске қоймайтындай еді. Қонақтардың желігін қоздыра түсу үшін Тайфер қуатты рона шарабын, қанды қыздыратын тоқай шарабын, миға шабатын ежелгі русильон шараптарын әкелуге әмір етті. Асыға күткен, бірақ сонысына қарай мол құйылған шампан шарабының ұшқын шашқан көрінісіне желіккен жас жігіттер, бекеттеп аттантан пошта күймесінің шыға шапқан аттарындай, өздерінің ақыл зерделерін ешкім құлақ салмайтын құрғақ топшылаудың қуыс кеңістігінде желдірте бастады, ешкім тыңдамайтын тарихтарды айтып, ешқандай жауап қайтарылмаған сауалдарды жүзінші рет қайталап жатты. Россинидің желдірмесі сияқты барған сайын өрши түскен, көптеген ұғынықсыз айтайлардан құралған алып дауыспен зауық азғындығы дара лепіруде еді. Одан кейін жалған құттықтаулар, мақтаныш, сайқымазақ басталды. Бәрі де ақыл-ой қабілеті жөнінен даңқын шығаруға тырыспай-ақ күбі, кеспек, чан тәрізді үдемелі ыдыстардың ішіне сыяғын шарап мөлшерімен бәстескелі өршеленді. Осындағылардың бәрінің де бейне бір екі даусы бар секілді. Думанның нағыз қызатын кезеңі туды. Мырзалар бірін-бірі кимелей, бәрі жаппай дабырласты да, мұны көрген қызметшілер езу тарта жымнысты. Алайда, осы сөз ботқасында айқай-шудың арасынан, соттағыдай дербес ұйғарулар мен тұжырымды үкімдердің арасынан, әp қилы сорақылықтар арасынан, майдандағы айқас кезінде зеңбірек доптарының, үлкенді-кішілі оқтардың сапырылысқаны сияқты, күмәнды көрікке бөленген оқыс, қайшы пікірлер, дуана тойын жамылған ақиқаттар бір-бірімен соқтығысып жатты; шүбә жоқ, мұндағы пікір ерсіліктері философты да қызықтырар еді, қоғамдық құрылыс жүйелері жөніндегі керемет жобалары саяси қайраткерді де еліктірер еді. Мына көріністі әрі сурет, әрі кітап деуге боларлық. Философиялар, діндер, әдеп-пиғыл ілімдері, әр елдегі әр алуан үкіметтер, қысқасы адам ақылының бүкіл қызметінің барлық нәтижелері уақыттың ұзын шалғысымен қырқылып жатты. Ол шалғы мас болған даналықтың қолында ма, әлде дана, айқын болжампаз настықтың қолында ма, тегі, оны шешу қиын. Өзгеше бір дауылдың екпінімен желпінген бұл ақылдар, бейне бір жартасқа соғылған толқындардай, барлық заңдарды, олардың арасында жүзіп жүрген мәдениетті де шайқалтқысы келетін тәрізді, не істегенін өздері де білместен, табиғатта жақсылық пен жамандыққа орын қалдырып, бірақ бұл екеуінің арасындағы үздіксіз күрестің құпия сырын өзі үшін ғана сақтайтын құдайдың құдіретін жүзеге асыруда еді олар. Осы өршеленген есуастық талас бірсыпыра дәрежеде ақыл-ойдың тоқырауы, тұралауы боп табылады. Революция ұлдарының газет шығарардағы осы мұңды әзілдері мен жайдары маскүнемдердің Гаргантюа туарда айтқан топшылауларының арасында он тоғызыншы ғасыр мен он алтыншы ғасырдың жігін бөліп тұратын түпсіз шыңырау шатқал жатқан сияқты, сонау ғасыр күле отырып бүліншілік дайындаса, біздікі бүлінген дүниенің күйзелісі ортасында күліп отыр.
– Анау жігіттің аты-жөні кім? деп сұрады нотариус Рафаэльді нұсқап. Оны Валантен деп атағандай болды ма, әлде маған солай естілді ме?
– Сіздіңше, ол жай ғана Валантен бе? – деді Эмиль күліп. Жоқ, бұл Рафаэль де Валентен! Біздің гербіміз басында күміс тәжі бар, тұяқ-тегеуріңдері, тұмсығы қызыл, тұғыры қара жалау үстіне орнатылған алтын қыран және Non cecіdіt anіmus45 деген тамаша ұран! Біз жетімек емеспіз, біз барлық Валентинуалардың түпкі атасы, француз Валенсі мен испан Валенсиясының негізін салушы, Шығыс империяның заңды мұрагері император Валенттің ұрпағымыз. Егер біз Константинопольде Махмудтың патшалық дәурен сүруіне рұқсат еткен болсақ, мұнымыз өзіміздің ізгі ниетімізден және ақшамыз бен жасағымыздың жоқтығынан болып отырған жайт.
Эмиль Рафаэльдің төбесіндегі ауаны сызып, ас айырымен тәждің суретін бейнеледі. Нотариус бір минуттай ой түбіне үңілді де, қолдарымен әлденендей ишарат етіп, қайтадан іше бастады, осы ишаратымен ол бейнебір Валенсия, Валенс, Константинополь, Махмуд, император Валент және Валентинуа нәсілі дегендерді өзінің істес адамдарының қатарына қосуға құдіретінің келмейтінін мойындаған тәрізді.
– Жолаушы алыптың аяғының астында езіліп қалған Вавилон, Тир, Карфаген немесе Венеция деп аталатын осы құмырсқа илеулерінің қиратылуын адамдар қандай да бір мысқылдаушы күштің сақтандырған ескертуі деп тануы керек емес пе? – деді Клод Виньон, Боссюэні бейнелеу үшін қолжазбасының әp жолына он су төлеу шартымен сатып алынған осы бір сорлы құл – Моисей, Сулла, Людовик XІV, Ришелье, Робеспьер, Наполеон, бәлкім осылардың бәрі, аспандағы құйрықты жұлдыздай әp алуан өркениеттің тұсында жаңадан пайда болатын бәз баяғы бір адам шығар, деп те үн қосты әлдеқандай бір Баланшист46.
– Жазмышты тергеп керегі не? деп ескертті баллада жаудырушы Каналис47.
– Пәлі, жазмыш болсашы! деп білімпаз қосарлана айғайлады, оның сөзін бөліп, дүниеде жазмыш деген ұғымнан артық созылмалы, даулы еш нәрсе жоқ.
– Бірақ алым-салықты кімге бөліп салу жөнінде әділдік ету үшін, заңдардың бірыңғай болуын белгілеу үшін, мұраны мемлекет мүлкіне айналдыру және тең болу үшін күрескен Конвенттен гөрі Людовик XІV Ментенон су құбырын саларда халықты көбірек қырды ,ой! деп даурықты Масоль, аты-жөнінің алдында бір демеу жетпегендіктен республикашыл бола қалған осы бір жас жігіт.
– Қан дегеннің өзі сендер үшін шараптан да арзан ғой, деп оған Уазаның ірі помещигі Моро қарсылық білдірді. Бірақ, дәл осы жолы жұрттың басын иығында-ақ қалдыратын шығарсындар?
– Неге? Әлеуметтік тәртіптің негізін орнату үшін бірнеше құрбандық көп пе?
– Бисиу! Естисің бе сен? Мынау республикашыл мырза анау отырған помещикті құрбан болуға лайық деп есептейді, – деді тағы бір жас жігіт көршісіне.
– Адам да, уақиғалар да түк емес! республикашыл ықылық тигеніне қарамастан, өз теориясын дамыта түсті. Тек саясат пен философияда ғана принцип пен идеялар бар.
– Неткен сұмдық! Қайдағы бір "иә" деген жалғыз ауыз сөз үшін өздеріңнің достарыңды өлтіре беру аянышты емес пе?...
– Е, ожданның өкінішін, құстанасын ұғынуға қабілетті адам нағыз қылмыскер, әнекей, сол өйткені ол мейірбандылықтан аздап хабардар, ал ұлы Петр немесе герцог Альба өздері тұтас бір-бір жүйелер, ай теңіз тонаушысы Монбар жеке ұйым48.
– Әйтсе де қоғам осы сендердің жүйелеріңсіз-ақ, ұйымдарыңсыз-ақ күн көре алмас па екен? деп сұрады Каналис.
– Е, әрине, – деді республикашыл өзеуреп.
– Сендердің ақымақтық республикаларың мен ұйымдарыңнан менің жүрегім айниды.
Тыныштықпен каплун49 да соя алмайсың ішінен жер жөніндегі заң шыға келе ме деп.
– Сенің нанымың керемет екен, саңырауқұлаққа мелшие тойған сүйіктім Брут! Бірақ сені көргенде менің үй қызметшім есіме түседі: ол ақымаққа ұқыптылық жыны қағылған ба дерсің, егер киімімді оның өзінше тазартуына рұқсат етсем, тырдай жалаңаш жүретінмін түгі.
– Бәрің де хайуансыңдар! Сендер ұлтты тіс шұқуышпен тазартасыңдар ғой, сірә? деп республикашыл мырза кейіп қалды. Сендерше, әділетті заң ұрыдан да қауіптірек болғаны ғой, тегі.
– Ее! деп мекіренді адвоқат Дарош.
– Осылар-ақ саясаттарымен басты ауыртып болды! – деді нотариус Қардо. Есікті жабыңдаршы. Бір тамшы қанға татырлық не білім, не мейірбандық жоқ. Ақиқаттың әлеуетін есептей бастасақ, әрі-беріден соң оның халі мүшкіл болып шығар.
– Әрине, ашық жанжалдан аяр тыныштық деген той, анық өзі тиімді болар, сондықтан мен өзім қырық жыл бойы мінбеден сөйленген сөздерді бір қылатай балыққа, Перроның50 бір ертегісіне немесе Шарленің51 бір сүйкеген суретіне айырбастар едім.
– Сіздікі дұп-дұрыс... Ана бір бусандырылған тамыржемісті бері жіберіңізші... Өйткені, ақыр-аяғында бостандық бассыздықты туғызады, бассыздық озбырлыққа әкеліп соғады, озбырлық бостандыққа қайта оралтады. Осы айтылған жүйелердің бірде бірінің салтанат құруына жете алмай, миллиондаған тірі жан қаза тапты. Ішінде рухани дүние мәңгілік шыр айналып тұратын кінаратты дөңгелек осы емес пе? Ал егер кімде-кім жетіліп болдым деп ойласа, онысы шыныңда, тек орын ауыстырғаны тана.
– Oho! – деп водевильші Кюрси айғайлап жіберді. Олай болса, мырзалар, мен бостандықтың атасы Карл X үшін шарап көтеремін!
– Неге солай болмасқа? – деді Эмиль. Заңда озбырлық болғанда, мінез-құлықта бостандық болады және керісінше.
– Ендеше, біздің ақымақтарға билік жүргізуімізге осынша мүмкіндік беріп отырған өкімет билігінің ақымақтығы үшін ішіп жіберелік! деп ұсыныс енгізді банкир.
– Ей, сүйіктім, Наполеон бізге ең болмаса атақ-даңқын қалдырып кетті ғой, деп өңешін созды, еш уақытта Бресттен ормен жүзіп көрмеген теңіз офицері.
– Қойшы сол атақ-даңқты, ол өтпейтін тауар ғой. Өзі әрі қымбат, әрі сақтауы киын. Бақыт ақымақтардың өзімшілдігі болса, атақ-даңқ ұлы адамдардың өзімшілдігінің нышаны емес пе?
– Сірә, сіз өте бақытты шығарсыз...
– Өзінің иелігіндегі меншігін алғаш қоршап алған кісі, күмән жоқ, әлсіз болған болса керек, өйткені мүсәпір адамдарға ғана қоғамнан пайда түседі. Пиғылы жағынан айырмашылығы жер мен көктей жабайы адам мен ой иесі дананың меншіктен шошыну дәрежесі бірдей.
– Өте сүйкімді! Нотариус та айқайлап жіберді. Егер меншік болмаса, біз ақтыларды қалай жасар едік?
– Ойпырмай, мына бұршақтың дәмдісін-ай!
– Сөйтіп, священник ертеніне төсегінен өлі табылыпты...
– Кім ол өлім туралы сөйлеп отырған?... Өліммен ойнамаңдар! Менің нағашым...
– Әрине, сіз оның бәрібір өлетініне мойынсұндыңыз ғой.
– Әлбетте...
– Тыңдаңыздар Мырзалар!.. НАҒАШЫСЫН ӨЛТІРУДІҢ ТӘСІЛІ. Тсс! (Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!) Ен алдымен кемінде жетпіс жастағы әрі жуан, әрі семіз нағашыны алыңыз, нағашылардың ішіндеті ең таңдаулы сорты осы. (Жұрттың бәрі көңілдене түсті). Қандай да бір сылтаумен оны аса майлы бүйректен пісірілген қуырдақты жеп тауысуға көндіріңіз.
– Бірақ менің нағашым ұзын бойлы, сыйдаң, саран және ұстамды адам.
– Ой, мұндай нағашылар өмірді қимайтын мақұлықтар ғой нағыз!
– Сонсоң, нағашылар туралы әңгіме қозғаған мырза сөзін ұластыра берді, тоқтығын басып жатқан кезінде оның банкирінің дәулеті күйрегенін жариялаңыз.
– Егер одан өлмей қалса ше?
– Онда әдемі бір қыз әкеп беріңіз оған!
– Ал, егер ол.. – деді екінші біреу басын шайқап, "жарамаса" дегенді ыммен білдіргендей.
– Онда ол нағашы емес... Нағашы дегеннің асылы шаһуат қой.
Малибранның даусы қарлығып қалыпты.
– Жоқ!
– Иә.
– Бәсе, бәсе, Жоқ пен Иә діни, саяси немесе әдеби тақырыптардағы топшылаулардың бәрінің түйіні ақыр-аяғыңда осы екі сөз арқылы шешілмей ме?
– Адам дегеніңіз шыңырау құздың ернеуінде билеп жүрген дуана ғой!
– Сізді тыңдап отырған мен ақымақпын ба?
– Жоқ, керісінше, тыңдамай отырғандықтан солай боларсыз.
– Білім дегеніңіз сорақылық! Гейнфеттермах мырзаның кітапханасында миллиардтан астам баспадан шыққан томдар бар, ал адамның өмірі тек жүз елу мың кітапты оқуға ғана жетеді. Сөйтіп енді сіз маған осы "білім" деген қандай сөз екенін түсіндіріңізші. Біреулер Александр Македопскийдің тұлпарының есімін немесе Дезаккорд мырзаның52 төбеті Бересилло деп аталғаның білсе, соны да білім деп санайды, ал ағашты сумен ағызу, фарфор жасау жөнінде біздің кімге борышты екенімізден ешқандай ұғымы жоқ екені ойына кіріп те шықпайды. Кейбіреулер үшін білімді болу мұрагерлік өсиетін ұрлап алып, жұрт қадірлеген, беделді, адал адам атағына ие болу деген сөз. Ал, кінәсын бес есе ауырлататын жағдайда екі қайтара сағат ұрлап, сол үшін жұрттың өшпенділігі мен жиіркенішін туғыза отырып, Грев алаңында өлім жазасын тартуға жөнелтілу әсте білімділік емес, әрине.
– Натан қала ма?
– Е, оның қызметтестері ақымақ халық емес қой.
– Ал Каналис ше?
– Ол ұлы адам, ол туралы айтпай-ақ қояйық.
– Сіз мас екенсіз!
– Конституцияның жедел зардабы ақылды тұрпайыландыру. Өнерді, ғылымды, ескерткіштерді бәрін де қазіргі заманның сұрапыл құлғанасы өзімшілдік кеулеген. Үш жүз буржуй палатада отырып тек терек егу туралы ғана ойласатын болар. Озбырлық заңсыз түрде ұлы істер істеп жатқанда, бостандықтың ең болмаса азғантай ғана заңды қарекет жасауға да мұршасы келмей отыр.
– Сіздердің өзара үйрету дегеніңіз адам етін де ақшаға айналдырып, әр қалжасын жүз су етіп шығаратын ілім ғой, деп килікті абсолютист. Білімі теп-тегіс бір дәрежеге келтірілген халықта дараның өзіне тән сыйпат-бейнесі жойылмақ.
– Алайда қоғамның мақсаты әрбір адамның ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету емес пе? деп сұрақ қойды сен-симонист.
– Елу мың ливр табысыңыз болса, сіз халық туралы ойламаған да болар едіңіз. Сіз күллі адам баласына көмек көрсетіп, ізгілік жасау ниетіне бүтіндей берілгенсіз ғой, солай ма? Ендеше Мадагаскарға барыңыз. Онда сіз әлі тың, кішкене ғана халықсымақты кездестіресіз, соларды сен-симондандырып көріңіз, тапқа жіктеңіз, шыны қалпақтың астында ұстап байқаңыз, ал мұнда әрбір адам қаққан қазықтай өз ұясына ене қалады. Мұндағы швейцар швейцар қалпында, ақымақ сол ақымақ қалпында қалады, сондықтан мұндай атақ тату үшін оларға әулие қариялар алқасының қажеті жоқ.
– Сіз карлист екенсіз!53
– Болса қайтеді? Мен озбырлықты сүйемін, бір есептен озбырлық дегеніңіз белгілі дәрежеде адамнан жиренушілікті бейнелейді. Мен корольдерге қастық ойламаймын. Өздері бір түрлі қызық. Күннен отыз миллион миль қашықтықта тұрған палатада отырып, патшалық ету дегеннің аз да болса мәні бар шығар!
– Өркениеттің барысын жалпы сипаттары тұрғысынан қорытып көрейікші, – деді алаңдап отырған скульпторды ақылға келтіру үшін адам баласы қоғамының дамуындағы бастапқы дәуір мен алғашқы тұрпайы қауым халықтары туралы ұзақ сонар кеңеске кіріскен ғалым. Халықтар пайда болған кездегі күш белгілі дәрежеде материалдық, бірыңғай, дөрекі күш болды; соңынан, ірі бірлестіктердің пайда болуына байланысты, бастауыш билік орындарының элементтерін азды-көпті айлалы амалдармен алмастыру арқылы үкімет пайда болды. Сөйтіп, ежелгі көне заманда күш дін иелерінің қолына топтасты: абыз сапысы мен хош иісті шайыр құтысын өз қолында қатар ұстады. Содан кейін жоғарғы дәрежелі рухани екі әмірші: бас священник пен патша шықты. Қазіргі уақытта өркениеттің шарықтау шегі боп саналатын біздің қоғамымыз өкімет билігін жаңа қарым-қатынастардың салдарынан туған айла-тәсілдердің саныңа сәйкес, бірнеше жікке бөлді. біз қазір өнеркәсіп, ақыл-ой, ақша, сөз дарыны деп аталатын күштермен істес болып отырмыз. Бірліктен айырылған өкімет билігі қоғамды бытыраушылыққа қарай бастап отыр. Әркімнің өз олжасын, тиімді пайдасын көздегені ғана қоғамды бұл ыдыраудан тежеп тұрған бірден-бір кедергі болып табылады. Сөйтіп біз дінге де, материалдық күшке де сүйенбейміз, ақыл-парасатқа ғана сүйенеміз. Бірақ, білімнің күші мен семсердің ұшы, ой мен әрекеттің нәтижесі бірдей бола ала ма? Мәселе міне осында.
– Ақыл-парасат өзгенің бәрін құртты! – деді карлист ышқына айғайлап. Абсолютті бостандық ұлттардың өзін-өзі құртуына әкеп соғады, жеңіске ие болғаннан кейін ұлттар, миллионер ағылшынға ұқсап, зеріге бастайды.
– Сендердің айтар жаңалықтарың қайсы? Бүгін сендер өкімет билігінің барлық түрлерін кекетіп, мазақ еттіңдер, бұларың құдайдан безгендік сияқты тұрпайылық қой! Сендер ештеңеге де иланбайсыңдар, түге! Біздің ғасырымыздың зинақорлықтан мерт болған кәрі бекзадаға ұқсайтыны да сондықтан ғой! Сендердің лорд Байрондарың ақындық торығудың ең төменгі сатысына түсіп, ақыр-аяғында қылмысты жырлайтын болды.
– Мен сіздерге бір қызық айтайын, – деді шіп-шикі мас Бьяншон, фосфордың мөлшері аз немесе көп болуы адамды не данышпан, не жауыз, не ақылды не аусар, не мейірбан, не қылмыскер етеді.
– Мейірбандық туралы солай айтуға бола ма? деп өңештеді Кюрси, барлық театр пьесаларының тақырыбы, барлық драмалардың түйіні, барлық сот мекемелері жұмысының негізі болған мейірбандық туралы осылай деуге бола ма екен?...
– Үніңді өшір, найсап! Сенің мейірбаның өкшесі жоқ Ахиллес қой, – деді Бисиу.
– Ішіп жіберейік!
– Бос тітісесің бе, мен бір шыны шампанды бір тартқанда-ақ сіміріп саламын?
– Сіміруіңе болайын сабаз! – деді Бисиу айғайлап.
– Мыналар әбден естен айырыла мас болыпты ғой, деп таңырқады байсалды пішінмен жилетін суарып отырған жас жігіт.
– Рас, біздің дәуірімізде басқару өнері өкімет тізгінін жұртшылық пікірінің тезіне тапсыру болып табылады.
– Жұртшылық пікіріне дейсіз бе? Ойбай-ау, ол барлық жезөкшелердің ішіндегі ең сайқалы емес пе! Моралист және саясатшыл мырзалар, етер сіздердің айтқандарыңызға көнсек, табиғаттан гөрі сіздердің заңдарыңды, арымыздан гөрі жұртшылық пікірін артық қадірлеуіміз керек қой, тегі. Қойыңыздаршы, шырақтарым, шыныңа келгенде бәрі де ақиқат, және бәрі де жалған! Әділдік үкімін тежеу үшін заң қағидасы енгізілгені сияқты, кашемир шарқат жамылғанның салдары тұмаурату болғаны сияқты, қоғам бізге көпшікке арнап мамық беріп еді, оған еріп құяң дейтін шұрқы бірге келді.
– Мақұлық! – деді Эмиль әлгі мизантроптың сөзін бөліп. Алдында соншалық тамаша шарап пен тағамдар жаюлы тұрғанда, сен қалайша өркениетті кінәлай аласың? Өзің үстелдің астына құлап кете жаздап отырғаныңды сеземісің? Мынау алтын тұяқ, алтын мүйіз ақбөкенді же, бірақ өз анаңды өзің тістеле...
– Егер католицизм мыңдаған құдайларды бір қапшыққа тығындаса, егер республика әлде бір Наполеонмен аяқталатын болса, егер, корольдардың өкімет билігі Генрих ІV-нің өлтірілуі мен Людовик XVІ-ның дарға асылуының арасында дәурен сүретін болса, либерализм Лафайетке54 айналса, соның бәріне мен кінәлы боламын ба?
– Шілдеде екеуің құшақтасып сүйіскен жоқ па едіңдер?
– Жоқ.
– Олай болса үніңді шығарма, скептик!
– Скептиктер нағыз арлы адамдар.
– Оларда ар жоқ.
– О, не дегеніңіз! Олардың ен кемі екі бірдей ары бар.
– Аспанның өзін шегеріп, жыртыстай айыру нағыз саудагершілік идея! Ежелгі көне діндердің өзі адамның тән ләззатын жөнімен дамыту ғана болатын, ал қазіргілер, біздерді айтам, біз жан жүйеміз бен үміт-арманымызды дамыттық, біздің алға басқан жаңалығымыздың өзі осы.
– Әй, достарым-ай, саясатқа сіресе толған ғасырдан не үміт, не қайыр? – деді Натан "Богемия королі мен оның жеті сарайының тарихы"55 қандай ғажап нәрсе еді, ақыры немен тынды?...
– Не дейсің, ой? деп, білгіш үстелдің ар жатынан айқай салды. — Ол бір шылғи өтірік, қайдағы бір сұрқия сөздердің жиынтығы, жындылар үйіне арналған шығарма еді ғой, қарағым-ау!
– Ақымақ!
– Топас!
– Оһо!
– Aha!
– Мыналар қазір төбелеседі.
– Жоқ.
– Ертең болсын, құрметті тақсыр-еке!
– Қазір болса да мейлі, – деді Натан.
– Қой, қой! Екеуің де ер жүрек-ақ екенсіңдер.
– Тап сендер ер жүрек емессіңдер! – деді ұрысты бастаушы.
– Әттең осылар аяғынан қаз басып тұра алмайтын халге жетіпті-ау, ә!
– Ойпырмай, осы мен шынымен-ақ аяғымды басып тұра алмайтын шығармын! – деді мықтымсынған Натан қатырма қағаз ойыншықтай ирелендеп орныңан тұрып жатып.
Ол жанары сөнген күңгірт көздерін үстелге қадаған қалпында, орындығына гүрс етіп құлады да, басын төмен салбыратып тына қалды.
– Ойпыр-ай, өмірімде оқымаған, тіпті түрін де көрмеген шығарма үшін қырылысып, төбелесіп жатсам, қызық болатын екен-ау! – деді білгіш өзінің көршісіне қарап.
– Эмиль, жаныңдатының түсі қашып кетіпті, киіміңді абайла, – деді Бисиу.
– Қант па? Ақымақтарта ермек үшін аспанта ұшырылған тағы бір қуық қой! Материализм мен спиритуализм — екеуі бір-бірінен мүлдем басқаша ойыншықтар, отшашар, жарқ етпе, яғни мәселен; желен қаптал киген жәдігөйлер оларда бір қобызбен той-гөйлемек. Спиноза айтқандай; барлығы құдай ісі десек те, Павел әулие айтқандай бәрі; құдайдан десек те, мағынасы бір емес пе? Ақымақтар! Есікті ашсаң да, жапсаң да бәрібір қимыл емес пе. Тауықтан жұмыртқа шығады десек те, жұмыртқадан тауық шығады десек те бәрібір!.. Маған анау үйректі әперіңізші... Mінe барлық ғылым осы.
– Маубас, деп айғайлады оған ғалым. Сенің мәселең фактімен шешіледі.
– Қандай фактімен?
– Сеніңше профессор кафедралары философия үшін ойлап шығарылған ба? Философияның өзі сол үшін ойлап шығарылған жоқ па еді? Көзілдірігіңді ки де, бюджетпен таныс.
– Ұрылар!
– Ақымақтар!
– Зымияндар!
– Топастар!
– Пікірді осыншалық шапшаң, осынша порменді етіп білдіретін әдетті Парижден басқа қай жерден кездестіресіңдер? деп жанталасты Бисиу, даусын сәл бәсеңдете.
– Кәнекей, Бисиу, бізге бір дөрекілеу күлдіргі ойын көрсетіп берші! Немесе бір достық әзіл айтуыңды сұраймыз!
– Сендерге он тоғызыншы ғасырды бейнелеп берейін бе?
– Тыңдаңдар!
– Тыныш!
– Өшіріңдер үндеріңді!
– Әй, қарақшы, сен аузыңды жабамысың бүгін?
– Шарап беріңдерші өзіне, үні өшсін жүгірмектің.
– Сөз сенікі, Бисиу.
Суретші қара фрағын жоғарғы түймесіне дейін қаусырып, қолына сары перчатка киді де, бір көзін шапыраштандырып, Ревюдэ де Мондты56 елестете шырайын шытты, бірақ айқай-шу әртістің даусын көміп жібергендіктен, оның келбетіндегі келеке көрінісі кілт жоғалды. Өз ғасырын бейнелеуіне сәті келмесе де, оның есесіне ол Ревюдін нышаның келтірді. Олардың қай-қайсысы да өзді-өзін ұғыныспайтын. Ас артынан, сиқыр күшімен жасалғандай таңғажайып ыдыстарға салынып, тәтті тағамдар әкелінді. Томир шеберханасында алтын жалатып, қоладан жасалған орасан үлкен поднос Бүкіл үстелдің аумағын алып кетті. Сол подностын үстіндегі биік тұлғаларға атақты суретші күллі Еуропада нағыз мінсіз сұлу деп есептелетін сын-сымбат бітіріпті; олар нықтарына көтеріп, толып жатқан құлпынай, жидектерді, ананастарды, Сетубальдан кемемен әкелінген жас құрмаларды, сары жүзімдерді, алтындай сарғылт шабдалы жемістерін, апельсиндерді, анар жемістерін, Қытай минуаларын, қысқасы, сәулетті қонақасының қайрап қаларлық тосын сыбағаларын, кондитер өнерінің кереметтерін, бал татыған нағыз тәтті тағамдарды, ынтықтырарлық ең дәмді тамақтарды әкеле жатты. Шырын-шарап, тәтті тағамдар толған дастарқанның үстіндегі көріністің сәулетін фарфордың жарқылы, ыдыстардың нұр шашқан алтын ернеулері, вазалардың бұжырмақ мәнерлері одан сайын құлпыртып, құйқылжыта түсуде. Пуссеннің табиғатты бейнелеген суреттерінің фарфорға түсірілген көшірмелерін мұхит түбінде өсетін балғын өсімдіктің шашағындай, әсем, жеп-жеңіл жасыл мүк айрықша зейнеттендіріп тұр. Осы озбыр байлықтың құныңа анау-мынау неміс князінің қол астындағы бүкіл бір елдің дәулеті жетпес еді. Алтын, күміс, ғана, хрусталь дегендеріңіз алуан түрде өзгеріп, бірінен соң бірі үсті-үстіне келе берді. Бірақ мастықтың безгектетідей сандырағы билеген қонақтардың тұманданған көз жанарлары шығыс ертегісіне лайықты осы тамаша сән-салтанатты байқамады да дерлік. Шорбат-шараптар жұпар аңқыған хош иістерін, ұшқын шашқан мөлтілін,көңіл күйін шертетін өткір нәрін, құдіретті кісенімен буын-буыныңды бұғаулағандай аза бойыңды ауырлататын, ақыл-санаңды буалдырлататын зейін сағымына ұқсас бірдеңелерді туғызарлық сиқырлы буларын осында ала келген-ді. Жемістердің текшеленген мұнаралары лезде талапайға түскен дауыстар дөрекіленіп, айқай-шу үдей берді. Саңқылдап, айқын айтылатын сөздерді есту енді қиын болды, бокалдар күл-талқаны шыға қиратылып, елірген ахахау күлкілер ракетадай атылды. Кюрси мүйіз кернейді қолына алып, жиын күйін шырқатты. Сол бір үннің өзі әзәзілдің дабыл қаққаны іспетті естілді. Есуастанған тобыр дереу жапатармағай ұлып, ысқырып, ән шырқап, қиқулап, өкіріп, арсылдап қоя берді. Жаратылысынан жайдары адамдардың кенет Кребильон трагедиясының шешуші пердесіндегідей түнеріңкі бола қалуын немесе күймелі арбаға мінген теңізшілердей ой тұңғиығына үңіле қоюын көргенде, күлім қақпасқа лаж жоқ еді. Қулар мылжың үстінде әуесқойларға өздерінін құпия сырларын айтып салды, әйтсе де тіпті аналар да олардың сөздеріне құлақ қойған жоқ. Сарыуайымшыл торығымпаздар да башпайының ұшымен шыр айналған биші әйелдерше жымиып отыр. Клод Виньон торға түскен аюдай теңселіп қояды. Жақын достардың өздері бір-бірімен төбелесуге дайын отыр. Адамдардың бет әлпетінде айуандарға ұқсас белгілер бар ғой, мұның өзіне физиологтар өте қызық дәлелдер тауып жүрген жоқ па? Міне сол белгілер қазір, мына адамдардың қимыл-әрекеті мен отырыс-тұрыстарында да айқын көріне бастады. Байсалды, есті Биша57 осы бегілердің өзінен бүтіндей бір кітап боларлық дайын оқиғалар тапқан болар еді.Үй иесі мас болғандығын сезіп, орнынан тұруға батылы бармады, ол әдептілік, кеңпейілділік қалпын сақтауға тырысып, кескініндегі айнымас жымию арқылы қонақтардың қылықтарын ұнатып отырғаның сездіргендей. Оның қызара бөртіп, көк шулан тартқан, тіпті адамның жүрегін айнытарлық күлгін түске айналған жалпақ беттері жұрттың қимылына ілесіп алды-артынан, бүйірден толқын ұрған жел кемедей жайқалып отырды.
– Сіз оларды өлтірдіңіз бе? деп сұрады Эмиль одан.
– Шілде революциясының құрметіне өлім жазасы жойылады деген қауесет бар, деп жауап берді Тайфер аңқаусыған айлакер пішінмен қасын керіп.
– Олар сіздің түсіңізге енбей ме? деп тәптіштей түсті Рафаэль.
– Көп уақыт өтіп, ізі суыды ғой! – деді алтынға малынған қанішер.
– Сөйтіп, мрамор тас қашаушы, мұның тамына: "Жүргінші, осы бір ғазиз жанды жадыңа алып, көз жасыңды тоқ... деп жазады-ау! деп айқайлады Эмиль ызалы үнмен. Әттеген-ай! – деді ол тағы да, тамұқ бар екендігін алгебра теңдеулері арқылы дәлелдеп берген математикке жүз су ақша төлер ме едім!
Бір күмісті жоғары лақтырған ол:
– Самұрық жағы құдай үшін! деп қайталады.
– Қарама! – деді Рафаэль күмісті қатып алып. Кім біледі Сәт дегенің сондай әумесер ғой!
– Қап! деп тамсанды Эмиль мұңды, сықаққой үнмен, қайда барсаң да ылғи құдайсыздың геометриясы немесе папаның pater noster58 кездеседі. Айтпақшы, ішіп жіберейік! Тринк соғыстыру. Міне, менің ойымша, "Пантагрюэл" ертегісінің ақырында айтылатын тәңірі шынысының болжампаздығының мағынасы осы болса керек.
– Біздің өнерлеріміздің, ескерткіштеріміздің, мүмкін, тіпті ғылымдарымыздың да гүлденуі және одан да жоғарғы ізгілік қазіргі үкіметтеріміздің, ғажайып түрде біздің ұлан-байтақ, құнарлы қоғамымыздың өкілі болып отырған кәдімгі бес жүз ақыл иелерінің жасауы, – деді Рафаэль отан қарсы, Pater noster-дің арқасы емей, ненің арқасы, осылар үшін содан басқа кімге борыштымыз? Бұл ретте қарама-қарсы күштер бірін-бірі бейтарап қалдыруда, ал бүкіл өкімет билігі өркениеттің қолына, яғни корольдің тағына отырған осы бір алып королеваның қолына берілген, адам мен аспан арасына делдал етіп қойылған алдамшы тағдырға ұқсас осы бір ежелгі, қорқынышты аруақтың қолына берілген. Әлдеқашан жүзеге асырылған осыншама оқиғалар алдында құдайсыздық еш нәрсе де өндіре алмайтын қуарған қу қаңқа болып шығады. Бұған сен не дейсің?
– Мен католицизмнің сойқандығынан төгілген қан тасқыны туралы ойлап отырмын, – деді салқын пішінмен Эмиль. Католицизм жалған топан суын қаптату үшін біздің тамыр-тамырымызға тарап, жүрегімізге сіңді. Бірақ, амал не? Әрбір ойлы-саналы адам Айсаның туы астында болуы керек. Рухтың затқа (материяға) үстемдік етіп, салтанат құруын қасиеттеген бір сол ғана, бізді құдайдан ажыратып тұрған делдалшы әлемді ақын қиялындағыдай таңғажайып көрікті етіп ашып берген де, бір сол ғана.
– Сенің ойың солай ма? деп сұрады Рафаэль, мастық аралас әлденендей тұрлаусыз жымиыспен. Жарайды, өзімізді-өзіміз ұятқа қалдырмас үшін атақты тосты көтерейік. Dі іs іgnotіs .
Сөйтті де олар бокалдың ішіндегіні ғылым бокалының, көмір қышқыл газының, жұпар иістің, поэзия мен сенбеушілік бокалының ішіндегіні сіміріп салды. Қонақ бөлмеге зауқыларыңыз соқпай ма, кофе келтірілді, деп жариялады сарай басқарушысы. Дәл сол кезде қонақтардың бәрі дерлік, рух оты сөніп, тән өз үстіндегі зұлматтан азат болып, бостандықтың сандырақ шаттығына енетіндей күйде, жұмақтың рақатты қақпасының алдында адасып жүргендей еді. Біреулер мастықтың шыңына шығып, өзінің өлі тірі екенін куәландыру үшін белгілі бір ойға ақыл тоқтатуға барынша тырысып, қабағын түйіп түнеруде, ал ішкен асы бойына сіңбей, көздері тұнжыраған кейбіреулер тырп ете алмай қимыл атаулыдан безіп отыр. Тайынуды білмейтін шешендер кейбір сөздерінің мағынасын өздері де аңғармай қалып отырса да, әлі де көмескі бірдемелерді бәсуде. Әлденендей оң қайырмалары, бейне бір, жүру мерзімін аяқтауға мәжбүр болған жасанды, жансыз машинаның дүрсілі сияқты естіліп тұр. Жанталас әбігер мен тымтырыс тыныштық кереметтей боп ұштасып жатты. Әйтсе де, қуанышты жаңа хабарды қожасы үшін әйгілеген қызметшінің саңқ еткен даусын естісімен қонақтар бірін-бірі еліктіре, демек, тіпті бірін-бірі жетелей орындарынан түрегелісті де, есік алдына келгенде, қайран болып, орындарынан қозғалмастан, осы тобыр бір сәт кідіріп, аңырып қалды. Сезімдердің ішіндегі ең нәпсі құмарына мына меймандос жомарт қожаны пейіл көрсеткен осы бір шабыттандырушы сый-сыяпатының алдында, тіпті әлгі думанды той мерекенің шамадан тыс ләззаттары да түкке алғысыздай көрінді. Алтын шамдалда шалқыған балауыз шамдардың сәуле шашқан жарығында, алтын жалатқан күміс ыдыстардың салмағынан қайысқан үстелдің айналасында, таңырқап қалшиып қалған қонақтардың қарсы алдынан ғайыптан пайда болғандай бір топ әйел шыға келді, бәрінің де көздері гауһар тасындай жалт-жұлт етіп, от шашып тұр. Киген киімдері де асқан әсем, ал ажар-көріктері одан да бетер көз шағылдырарлықтай, сұлулығы сонша, бұлардың қасында мына сәулетті сарайдың барлық кереметтері де қуарып солғандай, өңі қашты. Хор қыздарындай ғажайып арулардың құмарлы көз жанарларының жалыны бөлмелердің ішін зейнеттеген оқалы жібек маталарды, аппақ мраморды, қоланың әсем бедерлерін жарқылдатқан от шұғыласының тасқынынан да күштірек, өткірірек тәрізді. Олардың желкілдеген тұлымдарын, әрқайсысының өзінше тартымды, өзінше сымбатты дене құбылыстарын көргенде, жүрек лүпіл– деді. Олар, бейне бір лағыл, маржан, жақұт аралас гүлдерден құралған жанды қоршау секілді, аппақ қардай, жұп-жұмыр мойындардағы қара інжу алқалардан, сәнді шалмалардан, маяк отының жалыныңдай шалқыған кербез сәукелелерден, жұпынылығымен де көз тартатын торғын орамалдардан құралған шынжыр секілді. Осы бір харамхана көрінісі жұрттың бәрінің көзін қызықтырып, нәпсісін қоздыра, рақатқа бөледі. Толқынданған торқа көйлектің жиырмалары ішінде тамаша тұрқы сымдай тартылған биші әйелдің үстінде түк жамылғы жоқ, жалаңаш тұрған тәрізді. Әне бір жерде мөп-мөлдір газ, мына бір жерде алуан түрде құбылып, құлпырған шайы-жібектер кемеліне келтірілген көркемдіктің құпия сырларын иә бүркемелеп, не әшкерелеп тұр. Жіп-жіңішке аяқтар махаббат құмарлығын білдірсе де, шырынды алқызыл еріндер үнсіз. Бой жеткендерше жасандырып әкелген, сүмбіл шаштарынан күнәсіз сәбиліктің лебі аңқыған әжі қыздар, нәп-нәзік талдырмаш мүләйім жасөспірім бикештер үрлеп қалсаң тайып болатын ғажайып елес сияқты болып көрінді. Содан әрі, тәкаппар кескінді, бірақ асылында ынжық, жадау, нәзік, қыпша бел ақсүйек бекзада сұлулар бейне бір король мархабатының бәрін бірдей әлі де сатып бітірмегендіктерін паш еткендей пішінмен бастарын шұлғып тұр. Оссианның59 эпикалық шығармаларындағы бұлт арасынан түскен бейнедей, күнәсіз аппақ аспан аруы ағылшын қызық қасірет мұңның періштесіне қылмыстан қашқан ар-намыстың үніне ұқсас еді. Небір сұлулығы дене құрылысының сымбатында, жүріс-тұрысының айтып жеткізгісіз әсемдігінде ғана болатын опа-далап жаққаның, асыл киімін, ақыл-парасатын мақтан ететін, құмарлығының құдіретімен барынша қаруланулы, икемді, оралымды, қайратты, тас жүрек, қалыс, әйтсе де құштарлықтың қазыналарын өнермен жасай білетін, жалған биязылықтың елжірсудің сарындарын туғыза білетін су сұлуы Париж қызы да осы кәдікті жиында екен. Сырт көрінісі бейқам, демінен бақыт лебі ескен, бірақ еш уақытта ақылынан адаспайтын итальян қызы да, тұлға бітімі тамаша, сәулетті норман арулары да, қиғаш қас, нәркес көз, сүмбіл қара шашты оңтүстік қыздары да осында жайран қағуда. Версаль сұлулары таңертеңнен-ақ тұзақтарын құра сала, Лебельдің шақыруы бойынша, бейне бір саудагердің даусынан шошып оянып, сәресіде ғайып болатын шығыс күндерінің тобырындай-ақ осында жиылса керек деп ойлауға мүмкін еді. Ұялып, қаймыққан бұлар омартасында ызыңдаған бал араларынша үстел төңірегіне ұйылыса берісті. Олардың жүрексіне абыржулары, назданулары, қылмыңдаулары осының бәрі тұтасынан алғанда әлде белгілі есепке негізделген арбау, әлде лажсыз ұялшақтық тәрізді. Бәлкім, әйелдердің еш уақытта да тұтасынан әшкерелей қоймайтын бір сезімі жомарттықпен сарп етіп отырған кінәратты бұрынғыдан бетер тартымды, сиқырлы және уытты ету үшін мейірбандық желетін жамылуға оларға өмір ететін шығар. Сонымен Тайфердің қысастығы сәтсіздікке ұшырауға тиіс тәрізді. Нәпсісі ауыздықталмаған еркектер патшаның құдіретіндей зор ықпалға иелік етуші әйелдерге бірден-ақ бағынышты бола кетті. Сүйсіну сыбыры жан жүйесін тебірентетін ғажайып музыка үніндей естілді. Махаббат маскүнемдікпен жұп боп тентіремес болар: діңкелері құрыған кездерінде қапылыста киліккен қонақтар құмарлықтың дауылы орнына тәтті шабыттың рақатына бөленді. Көркемөнершілер өздеріне үнемі үстемдік жасаушы поэзияның өмірі бойынша, осы таңдамалы сұлулықтардың аса нәзік сарындарын рақаттану сезімімен зерттеуге кірісті. Шампан шарабы аңқытқан көмір қышқылы, тегінде, философтың да ой-пікірін оятса керек. Ол бір кездерде, бәлкім, нағыз шын ықыластан табынып, тәжім етуге лайық болған осы аруларды осында келуге мәжбүр еткен бақытсыздықтар туралы ойлап, селк ете түсуінен құйқа тамырлары шымырлап кетті. Сөз жоқ олардың әрқайсысы өзінің бастан кешірген қанды драмасы туралы тамсандыра айтып бере алар еді. Олардың бәрі дерлік тамұқ азабындай ауыр қайғы-қасіретті арқалап жүргендер еді, сүйгенінің опасыздығы, орындалмай қалған серт, жоқшылық тұқыртқан болмашы қуаныштар олардың қыр соңынан қалмай, шұбатылып жүргендей. Қопақтар әдеппен ғана оларға жақын келді. Сол сәтте-ақ мәжілістегілердің алуан түрлі мінез-құлықтары сияқты алуан түрлі кеңес басталды. Жұрт топ-топқа бөліністі. Тәуір үйдің бой жеткен бикештері мен бәйбішелері жемпаздардың асқазанының қажырлы еңбегін жеңілдететін кофе, қант және ликер сияқты көмектерін қонақтарға ұсынбайтын ба еді, мына қонақ бөлме көрінісі де сондай жайлардың бірі ме деп ойлап қаларлық. Аздан кейіп, мінеки, әp жерден сықылықтаған күлкі естіле бастады, сыбыр күшейіп, дауыстар әлгіден тәрі қаттырақ шыға бастады. Сол уақытқа шідерленген зауық азғындығы қайта ояну қаупін туғызды. Тыныштық пен дода-шудың кезектесіп отыруы Бетховеннің симфониясын ептеп еске түсіргендей. Екі дос жұмсақ диванға отырысымен олардың қасына ұзын бойлы сымбатты, өзін-өзі тамаша ұстай білетін әдепті, ажары пәлендей сұқтанарлық болмаса да, жүрек тебіренетіндей, келбетіндегі әнтек қиғаштықтарымен қиялды шарықтатып, құштарлық құмарды күшейте түсетіндей бір сылаң қыз жетіп келді. Қап-қара қою қолаң шашы талай махаббат айқастарында асыр салғандығын білдіріп, еркек назарын еріксіз тартатын жұп-жұмыр иығына құмар қоздырғыш жеңіл бұжыраларымен бұйраланып, төгіліп тұр. Ұзыннан төгілген қою қара қоңыр тұлымдары әсем мойнының тең жартысын жауып кеткен аппақ мойнына ауық-ауық шағылысқан шам сәулесі оның қырынан қарағандағы нәзік, сүйкімді сұлу кескінін, суреттендіре, онан сайын көріктендіре түскендей. Сүттей аппақ дидарында албырт алқызыл қан ойнайды. Ұзын кірпікті көздерінде біртүрлі өжеттік жалыны мен махаббат ұшқыны жалт жұлт етеді. Сәл ғана күлімсіреп тұрған шырынды оймақ ауыз сүйіс тілегендей. Қыздың толықша келген икемді денесі махаббат үшін ғана жаратылғандай, кемеліне келе толысқан көкірегіндегі қос алмасы мен жұмырлана дөңгеленген иықтары тура Каррачи60 суреттеген сұлулардікіндей; әйтсе де қимылдары шапшаң, қағылез, қайраты қабыландай алғыр, пысық, дене бітімінің еркек сынды сымбаттылығы өзекті өртерлік ләззатшыл құмарлығына айғақ болғандай. Сірәғысында, бұл қыз күле де, еркелей де білетін болар, бірақ көздері мен жымиып күлімдеуінде қиялды секем алғызғандай бір жаттық бар. Ол әзәзілге ынтыққан, әмбиедей өңінде тартымдылықтан гөрі таңдандырарлықтай бір нәрсе бар. Сот сайын шырайын өзгертіп тұратын құбылмалы дидарын қас қатымда нажағайдай жалтылдап, жарқ етіп тұрады. Ләззаттан тоят тапқан адамдарды ол, бәлкім, сиқырымен бәнде етіп алар да, ал бірақ жасөспірімдер одан сескене бой тартса керек. Гректердің зәулім шіркеуінің өрнекті маңдайшасынан құлап түскен мүсін алыстан қарағанда керемет сымбатты көрінгенімен жақыннан тіпті дөрекі болып шығатыны сияқты. Солай болғанымен, ол өзінің айдынды сұлулығымен, сірә, дәрменсіздердің де делебесін қоздырып, жағымды даусымен керендерді де емірендіргендей, өткір көзқарасымен кәрі сүйектерге де жан бітіргендей еді ол. Міне сондықтан да Эмиль оның бойынан Шекспирдің трагедияларына едәуір ұқсастық тапты: әдетте әдебиет пен музыка бір-бірімен ұштасып, қабысып жататын таңғажайып нақышты бұл шығармаларда бірде қуаныш ұлып күңіренсе, бірде махаббаттың әлденендей тағылық сипаты болатын, енді бірде әсемдіктің ғажап әсері мен ләззаттың жалынынан кейін кекті ашудың қанды бүліншілігі солардың орның басатын; енді бірауық ол қаһарланған кезде қарсы келгеннің кеңірдегін кеміріп, көңілі түскенді емірене еркелететін, ібілістей сақ-сақ күліп, періштедей сыңсып жылайтын, жантүршіктірерлік мақұлыққа да ұқсап кететін. Сондай-ақ, бұл қыздың бойынан сары уайымға түсіп, аһ ұру мен сиқырлы кішіпейілділікті былай қойғанда, әйелдердің еркекті қызықтырып, еліктіретін алуан қилы айла-амалының бәрін кенет бір құшаққа сыйғыза білетін, одан кейін, әп-сәтте еңіреп жылап жіберетін, өзін-өзі жұлмалап, өзін-өзі азаптап, денесінің борша-боршасын шығаратын, өз құмарлығының, өз сүйгенінің сатын сындырып, ақырында, ызаның күшімен, өзін-өзі жоққыла алатын сұрапыл құбыжыққа да ұқсастылық еді. Қызыл мақпалдан киім киген әлгі қыз бейқам пандықпен серік қыздарының шашынан түскен гүлдерді тапап, езе-жанша келіп тәкаппар қимылмен екі достың алдына тәтті тағам салынған күміс таба ұсынды. Өзінің сұлулығын әлде, бәлкім, кінәратын мақтаныш еткендей, қызыл мақпалдан одағай шығып, айқын көрінген аппақ қолдарын алға созды, бейне бір адамзат шаттығының үлгі-өнегесі еді ол; бейне бір үш ұрпақтан бермен қарай жиналған асыл қазынаны шашып-төгіп ысырап ететін, өлікті мазақтап, аруақтарды қорлайтын, інжу-гауһарларды отқа ерітіп, алтын тақты отын орныңа жағатын, кәріні жас, жасты көрі ететін ләззат ханшасы өкімет басқарудан шаршаған, ойдан қажыған алыптарға ғана, соғыс дегенді ойыншыққа айналдырып алғандарға ғана рұқсат етілген ләззаттардың ханшасы сияқты еді ол.
– Сенің есімің кім? деп сұрады Рафаэль.
– Акилина.
– Е-е! Сен "Құтқарылған Венецияның"61 кейіпкері екенсің ғой! – деп селт етті Эмиль.
– Иә, деп жауап берді қыз. Папалар барлық еркектерден шоқтығы жоғарылап биік мәртебеге ие болғандықтан, өздеріне жаңадан ат қойып алады ғой, сол сияқты мен де барлық әйелдерден озық шығып, өзіме жаңа ат қойып алдым.
– Сөйтіп, сенің де, кәсіпкер бикең сияқты, сені сүйетін, сен үшін жаның қиятын айбынды асылзада сырласың бар шығар? – деді поэзияның осы бір нышаны елегізіте қалған Эмиль тағы да.
– Менің ондай адамым бар еді, деп жауап берді қыз. Бірақ гильотина маған күндестік жасады. Сондықтан мен өте шаттанып кетпеу үшін шашыма әрдайым қызыл лента қосып өремін.
– О, сіздер бұған Ларошельдің төрт өжетінің62 тарихын айтып беруге рұқсат етсеңіз болғаны, ол еш уақытта тауыса алмайды! Қой, Акилина, жоқтауға қалса, әркімнің-ақ жоқтарлық сүйгені бар. Жұрттың бәрі сүйгені басын жаңғырыққа салатын сендей бақытты болып па? Беу, күйеуіміз күндесіміздің қойныңда жатпай, қара жердің құшағында жатқаның білу анағұрлым жеңіл болмас па еді?
Бұл сөздерді керемет бір сыңғырлаған нәзік үнмен айтқан сиқырлы жұмыртқаның уызынан тек хор қызы тана сиқырлы қалақшасымен сүзіп аларлықтай уылжыған таңғажайып көрікті, басқа бір әйел еді. Дыбыссыз қадаммен ептеп басып жақын келгенде, екі дос оның мүләйім жүзін, талдырмаш белін, сыпайылығымен жан жүйеңді жадыратып өзіне тартатын көгілдір көздерін, жарқыраған ақ маңдайын айқын көрді. Айдыннан ауға ілінген су періштесі де он алты жастар шамасындағы дәл осы қыздай үркек, аңқау, секемшіл бола қоймас, не қысастық, не махаббат дегендерден мүлде хабарсыз, әлі өмір дауылын бастан кешірмеген, әлгіде ғана шіркеуде болып, аспан әлеміне мерзімінен бұрын ертіп әкетуді періштелерден өтініп, жалбарынған жерінен енді ғана келіп тұрған күнәсыз жан тәрізді. Асқынған азғындығын, сыпайы кінәраттарын сәлделі гүлдей көрікті, кіршіксіз дидарымен бүркейтін осындай ақ жарқын, ашық көзқарасты жандар тек Парижде ғана кездеседі. Сол қыз шыны аяққа кофе құйды да, оны Акилина қонақтарға ұсынды. Алғашында жас қыздың періштедей биязы көркінің арбауына алданған Эмиль мен Рафаэль кофені ала отырып, қыздан әңгіме сұрасты. Әңгіменің қорытындысында екі ақынның да көз алдында әлгі қыз адамзат өмірінің тағы бір кескінін бейнелейтін күйінішті аллегория болып көрініп, көңілде әсер қалдырарлық дос қызының сұсты, құмартқыш кейпімен салыстырғанда, бұл оған мүлдем қарама-қарсы бейне болып шықты, қылмыс жасарлықтай әбден-ақ жеңіл мінезді, қылмысын келеке етерліктей әбден-ақ қайратты, ләззатқа құныққан қатал, уытты азғындықтың бейнесі еді бұл ішкі сезімге бай, нәуетек жандарды өзі үшін тыйым салынулы қобалжулармен жазалайтын, тебірендіріп сергелдеңде сандалтатын, саудаға саларлық махаббат қылымсулары да, өз құрбаның жерлерлік көз жастары да, кешкілік оның өсиеттерін оқырлықтай қуаныш та үнемі өзінен табыла кететін мейірімсіз әзәзілдің бейнесі еді бұл. Ақын ажарлы Акилинаға сұқтанар еді де, аянышты Евфрасиядан тіпті жұрттың бәрі де қашуға мәжбүр болар еді: өйткені бұлардың біреуі кінәраттың өзегі болса, екіншісі өзексіз кінәраттың дәл өзі екен.
– Мына бір жайтты білгім келеді? – деді Эмиль осы бүлдіршіндей сұлу аруға, — сен, сірә, болашағыңды ойлаймысың?
– Болашақ туралы? – деді ол күле сөйлей сұрақты қайталап. Сіз болашақ деп нені айтасыз? Жоқ нәрсені ойлаудың маған қажеті қанша? Мен алдыма да, артыма да көз жібермеймін. Бір күнгі өмір туралы ойлаудың өзі де тым үлкен еңбек емес пе? Әйтсе де, біз өзіміздің болашағымызды білеміз: ол емхана.
– Түбі емханаға түсетініңді біле тұра, одан аулақ қашуға талаптанбауың қалай? – деді Рафаэль қызбалана.
– Емхананың неменесі қорқынышты? деп сұрады Акилина ызбарлана. Біз ана да емеспіз, жұбай да емеспіз. Кәрілік біздің аяғымызға қара шұлық, маңдайымызға әжім ғана сыйлар; бойымыздағы әйелдік қасиетіміз түгел солар, достарымыздың көз жанарларындағы бізге арналған шаттық нұры да сөнер, сонда бізге немененің қажеті болмақ? Үстіміздегі зейнетіміздің орныңа тек құс, лас қана қалмақ, суынған, қуарған, шіріген құс денеміз өлі жапырақтардай саудырлап, сауыс-сауыс сирақтарымызды әрең сүйреп жүретін халде болмақ. Біздің ең әсем шүберектеріміз шоқпытқа айналар, сәнді құттыханаларымызда жұпар аңқытқан хош иісті опа-далаптарымыздан өлім иісі мүңкіп, өлік саситын болар; оның үстіне сол лас тәнімізде жүрегіміз сақталатын болса, оны да бәрін қорлап масқараларсыңдар сендер тіпті өткенді ойға сақтаудың өзін рұқсат етпейсіңдер ғой бізге. Болашақтағы халіміз осындай болатын біздерге ол кезде: дәулетті үйдің итін бақсақ та немесе емхананың шоқпытын үлесін кисек те бәрібір емес пе? Ағарған шаштарымызға қызылды-жасылды шытырман орамал бүркейміз бе, немесе мәнерлі торқа жамыламыз ба, қайың сыпыртышпен көше сыпырамыз ба, немесе атлас көйлегіміздің ұзын етегін Тюильри басқыштарында көлбеңдетіп, алтындаған әсем пештің жайында отырамыз ба, немесе шоқ маздаған құмыра маңында қолымызды ыстық күлте қақтап жылынамыз ба, Грев алаңында көпке көрініс боламыз ба, немесе операға жөнелеміз бе, айырмасы қанша? Ойлаңызшы!
– Aquіlіna mіa,63 мен сенің дүниеге мұңлы көзбен қарауыңды бұрын-сонды болып көрмеген дәрежеде қуаттаймын, деп Евфрасия оның сөзін іліп әкетті.
– Иә, биязы шұға мен торғын торқа, әтір мен алтын, жібек, сән-салтанат, жарқырауық бұйымның бәрі, ұнамды заттың бәрі тек жастарға ғана лайық. Тек уақыт қана біздің есуастығымызды тойтара алар, бірақ бізді ақтайтын бақыт. Сіздер мені мысқылдап, күліп отырсыңдар ғой, – деді ол дауыстап сөйлеп, зәрлі жымиыспен екі досқа қарап ал шыныңда менің айтқандарым рас емес пе? Дерттеп өлгенше, ләззаттан өлген артық. Meн мәңгі өмір сүруді де арман етпеймін, адамзат ұрпағын да онша құрметтемеймін, адамзат ұрпағын құдайдың қандай халге түсіргенін байқаудың өзі де жеткілікті. Маған миллиондаған сом ақша беріңдерші, мен оны түп-түгел жұмсап бітірейін, келесі жылға көк тиын да сақтамайын. Ұнау үшін және үстемдік ету үшін өмір сүр міне менің жүрегімнің әрбір лүпілінің маған өмір ететін үкімі осы. Қоғам менің мұнымды мақұлдайды, менің бей-берекет ысырапқорлығыма қажеттінің бәрін тауып беріп отырған да сол емес пе? Кешкі рәсуәмнің есесіне тәңірім маған таңертең несібе беретіні несі? Біз үшін емхана салатын нелерің бар сендердің? Құдай бізді жақсылық пен жамандықтың тең ортасына қойғанда, ауруға шалдықтыратын пәле мен торығуға әкеп соғатын пәле екеуінің бірін таңдап ал деп қойған жоқ қой, демек, мен көңілімді көтермесем оным, ақымақтық болар еді.
– Ал басқалар ше? деп сұрады Эмиль.
– Басқалар ма? Мейлі, олар не тілесе соны істесін, ерік өздерінде! Меніңше, өз қайғыңа налып жылап-сықтағанша, өзгенің қасіретін әжуалаған артық. Маған бір еркек титтей де азап көрсетіп байқасыншы!
– Тегінде, сен көп қасірет шеккенсің ғой, мына ойларыңа қарағанда. Рас па? деп сұрады Рафаэль.
– Мол дәулеттің мұрагерлігіне қызығып, сүйгенім мені тастап кетті, әнекей, – деді ол өзінің көз тартарлық сымбатын барынша көзге түсіре. Ал, шыныңда, мен, соны асырау үшін күні-түні жұмыс істедім! Енді мені сиқырлы күлкісімен де, уәде-антымен де ешкім алдай алмас, мен енді өз өмірімді ылғи мереке етіп өткізбекпін.
– Бірақ бақыт біздің өз бойымызда емес пе? – деді Рафаэль даусын көтеріп.
– Ал сіздіңше қалай деп іліп әкетті Акилина, жұрттың бәрі ылғи өзіңе таң-тамаша қалып, мақтай берем дейсіз бе, әйел біткеннің бәрін, тіпті ең, инабаттыларын да баурай әкетіп, сенің ажарыңнан да дәулетіңнен де басым түсіп отырсын дейсіз бе осының бәрі ойыншық па? Оның үстіне, біз ақ пейіл адалмын деген қарабайыр әйелдің он жылда көрмегенің бір күннің ішінде бастан кешіреміз. Барлық гәп міне осында.
– Инабаттылықтан айырылған әйел жексұрын болмай ма? – деді Эмиль Рафаэльге қарап.
Евфрасия оларға шатынаған көз жанарын қадап, кекесінді үнмен жауап қайырды:
– Инабаттылық дейді. Оны зағип және құныс әйелдерге-ақ сыйлайық та! Онсыз ол байғұстар немен күнелтпек?
– Жап аузыңды! деп айқайлап жіберді Эмиль. Білмейтін нәрсеңді айтпа.
– Немене? Мен бе білмейтін? деп дүрсе қоя берді Евфрасия. Бүкіл өмір бойына жексұрын мақұлыққа тәуелді болу, түбінде өзіңді тастап кететін балаларды тәрбиелеу, жүрегіңді жаралағаны үшін оларға "рахмет" айту, сіздің әйелдерге жүктейтін инабаттылығыңыз осылар ғой; оның үстіне, әйелдің өзін-өзі барлық рақаттан мақұрым еткен ақысына сендер оны аздырмақ болып, оған қайғы-мұңның жүгін артасыңдар, егер әйел бұған көнбесе, абырой төгесіңдер, өсекке таңасыңдар. Жақсы-ақ өмір-ау, шіркін! Одан да бас азаттығыңнан айырылмай, кімді ұнатсаң, соны сүйіп, жастай өлгенің артық.
– Ал сен осылардың барлығы үшін бір кезде сазайынды тартатыныңды ойламаймысың?
– Несі бар, – деді қыз, ләззат пен қасіретті араластырғанша мен өмірімді екі ұдайға бөлемін. Бірінші жартысы жастық, ол, әрине, сөзсіз көңілді болуы тиіс, және екіншісі кәрілік, ол, әрине қайғылы-қасіретті болады, әме сол кезде де жетерліктей-ақ азап шегермін.
– Бұл әлі ғашық болып көрмеген қыз, – деді ұяң дауыспен Акилина. Сүйгенінің жарқын жанарын бір көріп, есі шыққанша шаттану үшін, жүз миль жаяу жүріп келгендегі алған сыйы ретінде сүйгенінің мұның бетіне бір қарап, сонсоң бұдан азарда-безер болғаның көрген жоқ қой; бірде-бір сот мұның өмірі қыл үстінде тұрғанының бір ретте бастан кешкен емес, өзінің әміршісін, өзінін мырзасын, өзінің тәңірісін құтқару үшін бірнеше адамды жарып өлтіретіндей жағдайға келген емес бұл мұның білетін махаббаты полковник қана.
– Ларошель ме? деп қарсыласты Евфрасия. Махаббат деген бір өткінші жел: оның қай жақтан соғарын біз білмейміз. Иә, ақырында, егер сені бір хайуан сүйген болса, сен онда ақылды адамдардан да жасқанатын боларсың.
– Қылмыс заңы біздің хайуандарды сүюге тыйым салады, – деді айбатты Акилина кекесінді үнмен.
– Сені әскери адамдарға аз да болса іші жылитын шығар деп ойлаушы едім! – деді Евфрасия ызалы күлкімен.
– Ақыл-санадан безген үшін шынымен-ақ өздеріңді бақытты санайсыңдар ма? деп айқайлап жіберді Рафаэль.
– Бақытты дейсіз бе? деп қайта сұрады Акилина дәрменсіз абыржыған күйеуге езу тартып, торыққан көз жанарын екі досқа туралап, түу, ішінт өліп жатқанда өзіңді-өзің зарлап ләззат алуға көндірудің не екенін сіздер білмейді екенсіздер ғой...
Осы сәтте қонақ бөлмеге көз жүгірткен адам Мильтонның64 поэмасындағы әзәзілдер ордасы сияқты бірденені көрер еді. Пунштың көгілдір жалыны әлі де болса шарап ішуге шамасы келетіндердің жүздерін тамұқта жүргендей етіп көрсеткен. Жұрттың бойын кернеген жабайы күш аласұрған биге ауысқанда, қалған қауымды қыран күлкіге булықтырған. Әйелдердің оңаша бөлмесі мен шағын қонақ үй өліктер мен жаралылар жыпырлап жатқан ұрыс даласына ұқсапты. Мұндағы ауа шарапқа, ләззатқа және шешендікке кенеліп, тұнып тұрғандай. Мастық, махаббат, сандырақ, кісіні өзін-өзі ұмыту дәрежесіне жеткізген зауық мұндағылардың жүректерінен де, жүздерінен де, аяқ астындағы кілемдерден де, үй ішіндегі астан-кестен болған тәртіпсіздіктен де айқын сезіліп тұр. Осының бәрі жұрттың жанарына буалдыр шел қаптатып, ауаны, адамдарды одан сайын мас қылатын көгілдір бұта толтырып жібергендей. Күн нұрынан шашыраған жарық шұғыла сияқты сансыз тозаң шыр көбелек айналып, асыр салып, кереметтей қызғылықты құбылыстар туғызып жатқандай. Ана жерде де, мына жерде де айқара құшақтасқан адам тәндері ақ мрамор мүсіндермен, үй ішін сәнге бөлеп тұрған асыл текті тас бейнелерімен жымдасып, қабысып жатыр. Екі достың сана мен сезімдерінде әлі де болса әлденендей алдамшы айқындық, кіресілі-шығасылы ес, шалажансар тірліктің кемеліне келіп жетілмеген нышаны сақталулы еді, бірақ олар жалыққан жанарларын жанай өтіп жатқан осынау ерсі киялдарда өмір шындығына ұқсас бірдененің бар-жоғын, сол бір табиғаттан тыс көріністерде мүмкін боларлық бірдеңенің бар-жоғын айыра алмады. Біздің қиялдарымыздың қапас аспаны, түсте көрген бейнелерімізді буалдыр түтінге бөлеп, өрттей шарпыған ерке наздық, әсіресе бойды билеп алған әлде бір ауырлық, ең ақырында, түсте көргендей шым-шытырық елестер жас достарды еліктіріп әкеткендігі сонша, олар ынсапсыз сайранның азғын ермектерін сол үрейлі түстің кереметтері деп ойлады, қимыл-қозғалыстар дыбыссыз болатын, айғайлаған дауыстар құлаққа естілмейтін қорқынышты түстің көріністері елестегендей болды оларға. Тап осы кезде Тайферді өзінің ерекше сенімді малайы зордың күшімен ауыз үйге шақырып алып, қожасының құлағына сыбырлаған:
– Тақсыр, көршілердің бәрі терезелерінен қарап, айқай-шудан мазамыз кетті деп шағым айтып жатыр.
– Егер олар айқай-шудан қорқатын болса, есіктерінің алдына сабан төсесін! деп ақырды Тайфер.
Сол кезде Рафаэль кенеттен, ешбір себепсіз қарқылдап күліп кеп жіберді, осыған таңданған досы оның неге мұнша естен айырыла шаттантаның сұрауға мәжбүр болды.
– Менің ойымды түсінуің қиын болар, – деді Рафаэль. Ең алдымен сендер мені өзен жағасындағы Вольтер көшесінде, мен тап Сената құлап өлмекке бел байлап келе жатқанымда тоқтатқандарыңды мойындауым керек, сондықтан, әрине, сен менің өзімді-өзім өлтіруге бел байлауыма не себеп болғаның білгің келетін шығар. Бірақ бұған қоса, адамзат даналығының символикалық суреттерінде материалдық дүниенің поэзиядағыдай аса көркем жұрнақтары хикаядағыдай дерлік кездейсоқ бір себептен сол шақта менің көз алдыма топталғаның айтсам; әлгіде, үстел басында отырғанда өзіміз талапайға салған барлық рухани қазынаның сарқыттары қазір бізді мына екі әйелге, есуастықтың жанды және түпнұсқа іспетті бейнелеріне әкеп жолықтырғаның айтсам сен мұның көбін ұғына алармысың, сірә! Ал адамдар мен заттар жөніндегі мейлінше бейқамдығымыз болмыстың бір-біріне тікелей қарама-қарсы екі жүйесінің төтенше жарқын аллегориясына, екінші бір мағынада айтылатын түріне көшуге себепкер болғаның аңғарармысың, тегінде? Егер сен мас болмаған болсаң, мұның өзі бүтіндей бір философиялық трактат екенін, бәлкім, мойындаған да болар едің.
– Қорылдаған демі бейне бір төніп келе жатқан найзағай сияқты мынау сиқырлы Акилинаның үстіне екі аяғыңды көлденең салмаған болсаң, сенің мастығың үшін де, мылжыңдығың үшін де мен ұялып, қызарған болар едім, – деді Эмиль, Евфрасияның бұрымын бір өріп, бір тарқатып, осынау бейкүнә ермекпен несіне шұғылданып отырғаның өзі де толық аңғармай. Сенің екі жүйеңді бір ауыз сөзге сыйғызуға болады және оларыңның негізгі түйіні біреу-ақ. Дерексіз ойлар қуысында немесе пиғыл дүниесінің түпсіз тұңғиығында өткен өмір есуас сәуегейлікке әкеліп соқса, қарапайым және мақсатсыз өмір еңбек арқылы ақыл-санамызды топастандырып, ойсыз ақылгөйлікке ұрындырады. Қысқасы, сезім атаулыны тұншықтырып, қартайғанша өмір сүру немесе құмарлық қасіретін тартып, жастай дүние кешу, міне біздің еншіміз осы. Алайда, айта кетуім керек, бұл үкім жаралған жанның бәріне үлгі пішкен қатал сықақшының біздің үлесімізге берген қайрат-жігерімен тартысқа түсуде.
– Есуас! – деді Рафаэль оның сөзін бөліп. Өрісіңді бұдан да тарылта түс, сонда сен толып жатқан томдар туғызасың. Егер мен бұл екі идеяны дәлме-дәл тұжырымдамақ ниетінде болсам, адам ақыл-парасатын жаттықтырудан азады да, надандық арқылы тазарады дер едім. Мұның аты бүкіл қоғамға айып тағу деген сөз. Бірақ біз даналармен бірге өмір сүрсек те, есуастармен бірге қаза тапсақ та бәрібір, ерте ме, кеш пе, әйтеуір нәтижесі бір болмай ма? Сондықтан да әp істің негізгі түйінін таба білетін ұлы адам бұл екі жүйені бір кезде "Каримари, Каримара"65 деген екі ауыз сөзбен тұжырымдаған болатын.
– Сен мені құдайдың құдіретіне шек келтіруге мәжбүр етіп отырсың. Өйткені сенің ақымақтың оның құдірет күшінен де асып жатыр, – деді ерегісіп Эмиль. Біздің қымбатты Рабле бұл философияны "Каримари, Каримара" дегеннен гөрі ықшамдырақ "бәлкім" деген сөзбен тұжырды. "Мен қайдан білейін?" деген нақылын Монтэнь осыдан алды. Пиғыл ғылымының осы соңғы жаңалығы екі ыдыстағы сұлының қайсысын жерін білмей аңтарылған Буриданның66 есегіңдей, жақсылық пен жамандықтың қайсысын таңдарын білмей дагдарған Пирронның67 аһ ұруымен бір емес пе? Тіпті осы күннің өзінде де "иә" немесе "жоқ" деген сөздермен аяқталатын осы мәңгі-бақи таласты доғарайықшы. Сенаға құлап өлуге әрекеттенгенде қандай тәжірибе жасап көрмек едің сен? Нотр-Дам көпірінің іргесіндегі су машинасын күн– дедің бе?
– Аһ, егер сен менің өмірімнің қандай екенін білген болсаң!
– Ah, – деді кейін Эмиль. Мен сені мұндай дөрекі доғал деп ойламап едім: жауыр болған сөз ғой бұл. Біздің әрқайсымыз өзімізді басқалардан гөрі көбірек сорлап жүрміз деп есептеуге әуес екенімізді білмейсің бе?
– Аһ! деп күрсінді Рафаэль.
– Сенің Бұл "аһ"-ын нағыз мәжнүндік! Кәне, айтшы маған: күн сайын таңертең бұлшық еттеріңді сірестіріп, баяғыда аттарды да тырп еткізбеген Дамьенше68 оларыңды тұқыртып, тежеп тұруыңа сені мәжбүр ететін, содан кейін кешкілік парша-паршаңды шығаратын сана сырқаты ма, әлде тон сырқаты ма? Болмаса жаппа лашығыңда отырып, иттің шикі етін жеп пе едің? Әлде балаларың "Қарнымыз ашты" деп шулады ма? Мүмкін, сүйгеніңнің бұрышын сатып, ақшаңды құмарпаздар үйіне апарып ұттырған шығарсың? Әлде жалған нағашының кепілдігі арқылы жалған вексель бойынша борыш төлегелі өтірік мекен-жайға барып әуреленіп пе ең, жетпесе, оның үстіне кешігіп қалам ба деп қорқып па ең?.. Айт, кәнекей! Егер сен әйел үшін, қарызын өндіріп алуға ұйғарылған вексель үшін немесе зеріккеннен суға кетіп өлмек болған болсаң, мен сенен беземін. Шын сырыңды айт, алдама; мен сенен тарихи мемуар талап етпеймін. Ең бастысы; мастықтың мұрша беруіне қарай неғұрлым қысқаша баянда; мен оқушыдай қатаң талап қойғышпын, әрі кешкі дұға үстінде қалғыған әйелдерше, ұйқым да жуық.
– Ақымақ, – деді Рафаэль. Азаптану дейтіннің сезімпаздық белгісі болудан қалғаныңа көп заман өтіп пе еді? Біз ғылымның білімнің сондай биік сатысына жетіп, жүректердің табиғи тарихын жаза алатын болсақ, олардың номенклатурасын анықтай алатын болсақ, жан-жануарларды шаян тектестер, қазындылар, кесірткелер, байырғылар... тағы басқалар деп әр түрлі топтарға бөлетініміз сияқты, жүректерді де түріне, тегіне, ұрпағына, нәсіліне, тағы сондай-сондайларына қарай жіктей алатын болсақ, онда, сүйікті достым, гүлдей нәзік, неуетек жүректердің бар екені және сол сүйкентенді де көтере алмай, олардың күйрейтіні, ал кейбір минерал жүректердің мұндайды сезбей де қалатыны іс жүзінде сипатталар еді.
– Уай, құдай ақына, кіріспе сөзден құтқара гөр, б»тіреке! – деді Эмиль Рафаэльдің қолын ұстап, әрі әзілді, әрі жалынышты үнмен.
ТАС ЖҮРЕК ӘЙЕЛ
Рафаэль аз-кем үндемей отырды да, содан кейін, қолын алаңсыз бір сілтеп әңгімесін бастады:
– Білмеймін, шарап пен пунштың буы ма екен, әйтеуір бүкіл өмірімді тап қазір түп-түгел шолып, көз алдыма айқын елестетіп отырмын, барлық тұлғалары, көлеңкелері, жарық сәулесімен көмескі тұстары айнытпай салынған сурет сияқты.
Егер осы кезде бұрынғы қайғыларым мен қуаныштарым өзіме жиіркенішті болып көрінбеген болса, онда ой-сезімімнің мұндай ғажап құбылысына таңданбас та едім. Мен өзімнің өміріме алыстан көз жібергендей болып қарасам, әлденендей бір рухани қасиеттің әсерімен ол менің көз алдыма бір түрлі ықшамдалып көрінетін сияқты. Он жылдан бері бастан кешірген ұзақ та сұрапыл азаптарымды қазір бір-екі ауыз сөзбен ғана баяндап беруіме болады, сол бір-екі ауыз сөзде қасіреттің өзі тек пікірге, ал рақат, ләззат дегендеріңіз тек философиялық толғануға айналып кетер еді, мен тікелей сезінудің орныңа ой толғау түрінде айтпақпын...
– Сенің сөздеріңнің адамды жалықтыратыны сонша, кәдімгі бір заңға ұзақ түзету еңгізу жөнінде ұсыныс жасап отырған сияқтысың! – деді Эмиль сабырсыздана.
– Мүмкін, деп келісе кетті Рафаэль ренжіместен. Сондықтан да сенін құлағыңды сарсылтпас үшін мен өмірімнің алғашқы он жеті жылы жайында айтпай-ақ қояйын. Оған дейін мен де сен сияқты, мыңдаған басқа жастар сияқты мектеп өмірін, лицей өмірін бастан өткіздім, андағы өзіміз ойдан шығарған бақытсыздықтар мен, шынайы қуаныштар біздің естеліктеріміздің көркі емес пе еді? Сол кездегі жұма сайын берілетін көкөністерді содан бері татып көрмегендей-ақ сатынамыз, тәтті тамаққа құныққан нәпсіміз соны өлі аңсайтын секілді. Тамаша өмір еді-ау, ол, біз сол өмірдің қиындықтарын місе тұтпай аспаннан қараймыз, шыныңда сол қиындықтар ғой бізді еңбекке баулыған...
– Мұның бәрі сезімталдық, енді драмаңа қош, – деді Эмиль әзіл аралас жалынышты үнмен.
– Мен колледжді бітіргеннен кейін, – деді Рафаэль "әңгімемді бөлме" дегендей ишарат білдіріп, әкем мені қатаң тәртіпке көндірді. Ол мені өз кабинетімен көршілес бөлмеге орналастырды; соның талап етуімен енді мен сағат тоғызда жатып, таңғы сағат бесте тұратын болдым; ол менің құқық мәселелерімен мықтап шұғылданғанымды тәуір көрді; мен лекцияларды да тыңдадым, адвокаттық практикалық қызмет те үйреніп жүрдім; алайда уақыт пен кеңістік заңдары менің серуендерім мен қызметімді қатал реттеп отырды, ал, әкем болса дастарқан үстінде менен есепті қатаң талап ететіндігі сонша, тіпті...
– Онда менің жұмысым қанша? деп Эмиль Рафаэльдің сөзін бөліп жіберді
– Уа, тәйірі алсын сені! – деді Рафаэль кейіп. Жан жүйеме ықпалын жүргізіп, мені жасқаншақтыққа дағдыландырған күнделікті өмірдің қарапайым құбылыстарын, соның салдарынан өзім көпке дейін жастықтың аңқаулығынан арыла алмағандығымды айтпасам, менің сөздерімді ұғына алармысың сірә? Сөйтіп, жиырма бір жасқа келгенімше мені монастырьдың уставындай ызғарлы деспотизм жаныштады да отырды. Менің тұрмысымның көңілді болмағандығын айқын түсінуің үшін әкемнің түс-сипатын суреттеп берсем, тегінде, сол да жеткілікті болар: ол ұзын бойлы, арық, тарамыстай кірінкі, ақсұр, ұстараның жүзіндей ашаң жүзді кісі еді, сөзін үзіп-үзіп сөйлейтін мінезі, әжі қыздай күйгелек, бастық, төредей кіді болатын. Менің еркін, алып-қашпа ойларымды әке айбары үнемі тежеп, бейне бір картасын бүркенішпен бастырмалатып тұратын; мен оған өзімнің сүйіспеншілік, нәзік сезімімді білдірмек болсам, ол мені аңғал сөйлейтін алаңғасар сәбидей көретін; бір кезде мұғалімдерімізден қалай қорықсақ, мен әкемнен олардан да бетер қорқатынмын; оның алдында өзімді сегіз жасар баладай сезінетінмін. Ол дәл қазіргідей әлі де менің көз алдымда. Үстіне қалампыр түсті қима шапанын кигенде, қызыл жұмыртқа мейрамы кезіндегі балауыз шырақтай қақайған бейнесі әлдебір кітапшаның қызғылт мұқабасына ораулы ыстаған балық секілді болатын. Дегенмен де, әкемді жақсы көрдім: асылында, ол әділ адам еді. Қатаңдық тәрбиешінің қайратты мінезімен, мінсіз жүріс тұрысымен, мейірімділігімен табиғи ұштастырып отырса бізде онша наразылық туғызбайды ғой. Әкем мені еш уақытта көзінен таса қылмайтын, жиырма жасқа жеткенімше ол маған ен болмаса он франк та, адыра қалғыр, қуарған сол он франкты да бермейтін; ондай ақша мен үшін бата жетпес қазынадай көрінетін, менің талай армандарымды сол орныңа келтіретіндей көретінмін. Әйтседе ол азды-көпті сауық-сайраннан мені құр қоймауға да тырысатын. Қатарынан бірнеше ай бойы мені уәдемен байытып келіп, ақырында операға, концертке, балға ертіп апаратын болды: онда мен ғашығымды кездестірермін деп үміт еттім. Ғашығымды! Мен өзімнің дербестігімді қандай көксесем, қызға ғашық болуды да сондай аңсайтынмын. Бірақ ұялшақ, қорғалауық болғандығымнан, оның үстіне тектілер қауымының тіліне түсінбейтіндігімнен, ешбір танысым болмағандықтан, мен ылғи үйге әлі кіршіксіз таза, күнәсыз күйімде, бірақ бәз баяғы сол бір арманды тілек кернеген жүрекпен қайтушы едім. Ал, ертеңіне, атты әскердің мініскеріндей, әкемнің ауыздықтауымен өзімнің адвокатыма, заң ғылымын үйренуге, сот кеңсесіне баратынмын. Әкем сызып берген бірсарынды жолдан бұрылуға тілек білдіруім әкемнің ашуын келтірер еді: ол мені, алғашқы ағаттығым үшін-ақ, Антиль аралдарына кемешінің жас малайы етіп жалдап жіберермін деп үрейлендіріп қойған-ды.
Қалай да бірер зауық үшін бір-екі сағатқа үйден шығып кетуге батылдық ете қалсам, жүрегім қандай лүпілдеуші еді! Нағыз ұшқыр қиялдың, сүйгіш жүректің, аса нәзік жан жүйесінің, нағыз асқағы ақын ақылының тастан қатты адаммен, дүние жүзіндегі нағыз зәрлі тілді, ысқаяқ адаммен үздіксіз бетпе-бет отыруын көз алдына елестетіп көрші; қысқасы, уылжыған жас қызды қаусаған көрі қанқамен некелестіруші, сонда ғана сен менің осы өмірімді ұғына аласың, оның байыбына жете аласың: мен осы үйден қашып кетсем бе деп те жоспар жасайтынмын, бірақ әкем көзіме көрінсе-ақ жоспарым ғайып болатын, өз-өзімнен торығып, түңілетінмін де, тек ұйықтағанда ғана тыным алатынмын, тілектерімді тежеп, тұмылдырықтап жүретінмін, тұнжыраңқы үмітсіздікке түскенімде тек музыканың үні ғана серпілдіретін. Мен күй ырғағы арқылы ғана шер тарқатушы едім. Көбінесе менің кішіпейіл сырластарым Бетховен мен Моцарт болатын. Сол бір күнәсыз, мейірбаншыл кезімдегі ар-намысымды тебірентетін соқыр сенімдерім осы күні есіме түссе, өз-өзімнен күлімсіреймін: егер ол кезде мен мейрамхананың табалдырығынан аттасам, бар дәулетімнен жұрдай болып күйзелдім деп есептер едім: менің қиялым дәмхананы думанды сайран орны деп қарауға мәжбүр ететін, онда барған адам өзінің абыройын төгіп, бар дәулетін сатып ішеді деп ойлайтынмын. Ал ұтысты ойындарға бару үшін ақша керек. О, бәлкім, сен жалыққаннан ұйықтап та қаларсың, бірақ мен саған өмірімдегі ең сұрапыл қуанышым туралы, қылмыстының иығына қыздырып басқан істік темірдей, менің жүрегіме қадалған қанды тырнақпен қаруланулы қуаныш туралы әңгіме айтайын. Мен әкемнің немере інісі герцог де Навареннің үйіндегі балда болдым. Бірақ менін сол кездегі күйімді көз алдына айқын елестете алатын болуың үшін мынаны айтуға тиіспін: үстіме кигенім: жиектері қырқылған ескі фрак, нашар тігілген туфли, атшының галстугі және тозған перчатка. Балмұздақты тойғанымша жеп, әдемі әйелдерге көзім талғанша қарау үшін, мен бір түкпірге тығыла отырдым. Әкем мені байқап қалды. Соншалықты сенім көрсетуіне не себеп болғаның біле алмай, әлі күнге дейін таңмын: әкем әмнян толы ақшасын және кілттерін сақтай тұр деп маған берді. Менен он қадам жерде карта ойыны жүріп жатқан-ды. Алтынның сыңғырлаған дыбысын естідім. Дәл жиырмаға жеткен кезім еді. Бір күн болса да жасыма лайық күнәқарлыққа берілгім келді. Бұл ақылдың азғындығы болатын, мұндай азғындықты жезөкшелердің әуейілітінен де, бойжеткен қыздардың түсте көретін шытырмандарынан да кездестіре алмайсың. Мен жақсы киінсем, күймелі арбада сұлу әйелмен қатар отырсам, оған бір атақты мырза болып көрінсем, Вәриден түстік ішіп, кешке театрға барсам, сөйтіп әкеме ертеңіне ғана қайтып келсем, отан еш нәрсе түсінбейтін етіп "Фитароның үйленуінен" де шым-шытырық бір нәрселерді ойдан соқсам деп, бір жылдан бері арман ететінмін. Осы бақыттың барлық құны елу экю69 шамасына түсер деп бағалаушы ем. Сірә, мектепке бармай, сабақтан қалып қойған кездерімдегі балалығымның аңғырттық әсерінен тіпті сол бір күндерде де арылмаған болсам керек! Сөйтіп мен ойыншылар отырған бөлмеге кірдім; екі көзім оттай жанып, дірілдеген қолдарыммен бір тасада әкемнің ақшасын санадым: жүз экю екен! Мол ақшаның қызықтырғыш лаңы балалық қылықтарымды қайта қоздырып, Мақбеттің қазан айналасында шыр айналған мыстандарынша, көз алдымда секектеді. Тіпті сол мыстандардан да анағұрлым артығырақ аздырғыш, жүрек тітіркенерлік, керемет сияқты! Мен алаяқтыққа бастым. Құлағымның шыңылдағаныңа да, жүрегімнің асау аттай аласұра тулағаныңа да қарамастан, жиырма франкілік екі алтын теңгелік тиындықты бөліп алдым — сол екі теңгелік әлі менің көз алдымда. Алтын теңгеліктердің бетіндегі Бопапарттың суреті қажалып, кетіліп қалыпты да, шыққан жылы өшіріліп кетіпті. Әмиянды қалтама салып, ойыншылардың үстеліне таянып бардым. Терлеген алақаныма екі алтын ақшаны қатты қысып, тауық күркесінің үстінде шыр айналған қырғидай, ойыншыларды айналшықтай бердім. Айтып жеткізгісіз мазасыздық тұла бойымды билеп, онменнен өтетін өткір де шапшаң көзбен айналамдағыларды бір шолып шықтым. Таныстардан ешкім де мені көрмегеніне көзім жеткеннен кейін, ақшамды тапалтақ келген жуан қушыкештің картаға тіккен бәсіне қостым да, оның төбесінен қарап, дұға оқып, нәзір айттым; теңіз үстінде қағарынан үш дауылға душар болып қатерге ұшыраған адамдар да тап сол мезеттегі менен күшті жалбарынып, дұғаны менен көп оқымаған шығар! Содан кейін, өзімнің жасыма лайықсыз, таңғаларлықтай қылмыскерлік соқыр сенімнің немесе макиавеллизмнің70 ықпалымен, залдардың ұзын тізбегіне су қараңғы көзбен бедірейе қарап, есіктің түбінде мелшиіп тұрып қалыппын. Бүкіл жан жүйем мен ой-қиялым, тағдырымды шешетін жасыл жайманың үстінде шарқ ұруда. Сол күнгі кеште мен өз өмірімде тұңғыш рет ғажайып бір физиологиялық байқаулар жасадым. Бұл байқаулар арқасында менде бір түрлі "көріп кел" сәуегейлік сықылды бірдене пайда болды, осының өзі екі жақты жаратылысымыздың кейбір құпия сырларын ұғынуыма мүмкіндік берді. Мен өзімнің болашақ бақытым шешіліп жатқан үстелге сырт айналып, теріс қарап тұрдым, бұл бақыт сезімнің молдығынан, бәлкім оның қылмыстылығынан деп білу керек; төрт-бес қатар болып тізілген көрушілер, бейне бір адамдардан қаланған қалың қабырғадай мені екі ойыншыдан бөліп тұр. Гуілдеген дауыстар музыка үнімен астасқан алтынның сыңғырын айқын естуіме мүмкіндік бермеді; бірақ осы кедергілердің бәріне қарамастан, алыс жерді жақындатып, ұзақ мерзімді қысқартарлық қабілеті бар құмарлықтың артықшылығын пайдаланып, мен екі ойыншының екеуінің сөзін де анық естіп, әрқайсысының қанша ұтысы бар екенін айқын көріп тұрғандай болдым, корольді ашушының есебін де түсініп, кәдімгі солардың карталарын көзбен көріп тұрғандай болдым; қысқасы ойын болып жатқан жерден он аттам алыста тұрсам да, ойда жоқта ұтылып қалам ба деп, өңім құп-қу болып кетті. Кенет әкем менің маңымнан өте шықты, дұғалықтағы "тәңірінің рухы оны жанай өтті" деген сөздерді сонда ғана ұқтым. Мен ұтып шықтым. Ойыншыларға ентелеген қалың тобырды иығыммен ығыстыра, аудың жыртылған торынан жылыса жөнелген жылан балықтай жылмаң етіп, үстел жаныңа ыршып түстім. Манадан бергі шеккен азабым шамадан тыс шаттыққа айналды. Өлім жазасына үкім етіліп, дарға асқалы әкетіп бара жатқанда кешірім алған айыпкерге ұқсас едім мен. Алайда, әрдені бар әлдеқандай бір мырза жетпей тұрған қырық франкты төлеуді талап ете қоюы қалай! Жұрттың бәрі секем алып, маған тіксіне қарасты, боп-боз болып кеттім, маңдайымнан бұршақ-бұршақ тер тамшылары бұрқ ете түсті. Бейне бір, әкемнің ақшасын ұрлағаным үшін зауалға ұшыраған тәріздімін. Тәңірі жарылқағыр, тап сол сәтте мейірімді жуантығым нағыз періштенің дауысындай үнмен "Бәрі де төленген" – деді де, қырық франкты суырып берді. Мен басымды көтеріп, ойыншыларға үстем мереймен көз жібердім. Мен әкемнің әмиянінен алған алтынды орныңа қайта салдым да, ұтқан ақшамды әлгі сыпайыгер, әділ адамның билігіне бердім, ол ұта берді. Жүз алпыс франкқа ие болуым мұң-ақ екен ол ақшаны, жолда сыңғырламайтындай етіп, қол орамалыма орап алдым да, содан былай карта ойнаған жоқпын.
– Ойын үстелінің жаныңда не істеп тұрған едің? – деді әкем арбаға мінерде.
– Қарап тұрдым, – дедім даусым қалтырап.
– Әйткенмен, деп әкем өз сөзін ұластыра берді, етер намысың қозып, аз-мұз ақша тіккен болсаң, онда таңғаларлық еш нәрсесі болмас еді. Зиялы қауым жұртшылығының көзқарасында сен қазір мырзалық құрарлық жасқа жетіп қалдың. Сондықтан, Рафаэль, егер сен менің әмиянымдағы ақшадан азырақ жұмсаған болсаң оныңды кешірер де едім...
Мен үндемедім. Үйге келген соң әкеме кілтін де, ақшаларын да бердім. Ол өз бөлмесіне барған соң әмияндағы барлық ақшаны әшекейлі пештің ернеуіне төкті де, алтындарын түгел санап шықты. Содан кейін мейірімді пішінмен маған қарады да, әрбір сөз сайын ұзақ, көп мағыналы тыныс жасай отырып, баппен сөйлей жөнелді.
– Балам, сенің жасың көп ұзамай жиырмаға толады. Мен саған ризамын. Ең болмаса ақшаны үнемдеп жұмсауды үйренуің үшін, тұрмыс мәселелерін аңғаруың үшін саған белгілі мөлшерде тұтынарлық ақша беріп отыруым қажет. Мен саған айына жүз франк ақша беріп тұрамын. Өз қалауың бойынша жұмсарсың. Мынау саған алғашқы үш айға, – деді ол, сомасын тексермек болғандай, тәрізді бірінің үстіне бірі тізіліп қойылған алтын теңгеліктерді қолымен сипап отырып.
Шынымды айтайын, мен сол кезде оның аяғына жығылып, өзімнің қарақшы, сұмырай екенімді, тіпті одан да сорақы барып тұрған суайт екенімді жариялауға да дайын едім. Ұялғанымнан ғана мүдіріп қалдым. Құшақтай алғым келіп еді, ол ақырын ғана қолымды кейін ысырды.
– Сен енді ер жеттің, перзентім, – деді ол менің бұл ісім жай ғана, әділдік іс, сондықтан сен алғыс айтарлықтай ештеңе жоқ. Сенің елжірей еміренуіңе хұқығым болса, ол мынау ғана: – деді ол кісілік қасиетке толы биязы үнмен, мен, Париж жастарын аздыратын бақытсыздықтан сенің жастық шағыңды аман сақтап қалғаным. Осыныма-ақ риза боларсың. Бүгіннен бастап екеуміз доспыз. Енді бір жылдан кейін сен заң ғылымының докторы боласың. Бірталай мұқтаждық көру арқылы, ой-санаңның күресі үстінде, іс жүргізуге қабілетті адамға соншалық қажетті болатын қомақты білім алдың, еңбекті қадірлей білуді үйрендің. Сөзімді ұғып алуға тырыс, Рафаэль. Мен сені адвокат та, нотариус та етіп тәрбиелемек емеспін, бейшаралық күйге түскен ата-тегіміздің мақтанышы боларлықтай мемлекеттік қайраткер еткім келеді сені... Ертеңге дейін қош бол! – деді ол, құпия сырға толы ишарат арқылы маған кетуге рұқсат етіп.
Сол күннен бастап әкем өз жоспарларын маған айтып отыратын болды. Мен оның жалғыз ұлы едім, анам бұдан он жыл бұрын қайтыс болған. Тарихқа әйгілі, бірақ Оверпьде қазір жұрт ұмытуға айналған текті ата баласы менің әкем, қылышын аса жүріп, жер өңдей алатын хұқығын онша қадірлемей-ақ, бір кезде бақытын сынағалы Парижге келген екен. Францияның оңтүстігінен шыққан адамдар алғыр ойлы келеді. Егер ақылы жігерімен пара-пар болса, олардың атағы тез шығады, көрнекті адам бола кетеді, сондай алғыр ақылдылығының арқасында әкем ешкімнің қолдауына сүйенбей-ақ әжептәуір маңызды қызмет орныңа ие болыпты. Көп ұзамай революция оның дәулетін шайқалтты, бірақ ол жасауы мол қызға үйленіп үлгірген екен. Сондықтан Империя тұсында да біздің әулет оның көз алдында баяғы сән-сәулетіне қайтадан ие болады. Бурбон әулетінің қайтадан король болып таққа отыруы анамның едәуір дәулетін өзіне қайтартты да, оның есесіне әкемді кедейлендірді. Император шетелдерді жаулап алғанда, сол елдердің жерлерін өзінің генералдарына сыйлыққа тартады екен. Сондай шетелдік жерлерді бір кезде менің әкем де сатып алыпты. Осы қырсыққа кездескен меншікті жерін қайтарып алуды талап етуге қақысы бар екенін таныту үшін әкем он жылдан бері жойымпаздармен, дипломаттармен, Пруссия және Бавария соттарымен дауласып, тартысып жүрген болатын. Әкем біздің болашағымызды шешетін осынау ұзаққа созылған және тартыстың жөн таба алмастық шыйыр-шатағына мені салды да жіберді. Сот сол жерлерден өнген табысты бізден өндіріп алуға және, 1814 жылдан бастап 1817 жылға дейінгі кесілген ағаштардың құнын бізге төлеттіруге де үкім шығара алатын еді. Ондай болған күнде біздің атағымызды абыроймен сақтап қалуға анамның орам-жайы әpeң жетер еді. Сөйтіп, сол күні әкем маған кейбір мағынада бостандық сыйлаған сияқты болса да, мен бұрынғыдан да төзгісіз нәлет қамытын мойныма кидім. Мен майдан даласындағыдай шайқасуға тиіс болдым, күні-түні жұмыс істеуге, мемлекет қайраткерлеріне жолығуға ділгер болдым; олардың ұят-арын бәсеңсітуге тырысуым керек болды; біздің ісімізбен шұғылдануға оларды мүдделі етуге әрекеттенуім қажет болды; олардың өздерінің, әйелдерінің, малайларының, тіпті иттерінің де көңілін аулауға, қызықтыруға тиіс болдым; осы бір жексұрын әрекетпен айналыса жүріп бәрі де сыпайы түрге келтіріп, бәрін де сүйкімді әзілге айналдыруға мәжбүр болдым. Әкемнің жүзін солғын тартқызған қайғы-қасіреттің бәріне мен де әбден қандым. Мен сырт көрінісімде жыл бойына зиялы қауым салтынша тіршілік еттім. Бірақ бақ-дәулеті ілгері басқан туысқандарыммен немесе өзімізге пайдасы тиеді деген адамдармен байланыс жасауға тырысқан талабым, менің осындай берекесіз өмірім мені сарқылмас әбігерге салды. Менің ермегім дау, әңгімем шағым арыздар болды. Бұған дейін мен жастықтың құмарлықтарына әуестене алмайтын болғандығым да ізгі ниетті жан едім, сондықтан бұдан былай әлде бір жаңсақтығымнан әкемді, немесе өзімді сорлатып алам ба деп қорқып, өзіме-өзім озбырлық жасадым, барлық ләззаттан, қандай да болмасын шығыннан бас тарттым. Жас кезімізде, бізбен араласқан адамдар мен түрлі жағдайлар асыл сезіміміздің нәзік гүлін, ой-пікіріміздің тың өрісін, арамдыққа бой ұрғызбайтын ұжданымыздың қасиетті тазалығын ұрлап алмай тұрғанда, біз адамгершілік борышымызды айқын ұғынамыз, ар-намыстың айтқаның істейміз, ашық пейілді, турашыл боламыз, айла-тәсілге бой ұрмаймыз, мен де дәл осындай едім. Мен әкемнің сенімін ақтауға бел байладым; бір кезде мен қызығып кетіп, әкемнің азғантай ақшасын ұрлап алсам, енді қазір оның дауын даулап, оның есімінің, ата-тегінің намысын қорғап, тұрмыс сергелдеңінің ауыртпалығын онымен бірге көтердім, бір кездерде ләззат-рақаттан безіп, өзімнің қызықты күндерімді оған құрбандыққа тартқаным сияқты, тіпті осындай құрбандықтар келтіргеніме өзімді бақыттымын деп санағаным сияқты, енді өзіне сездірместен оған барлық мүлкімді де, барлық үмітімді де тарту етердей едім! Сонымен, де Вилель71 мырза, бізге қас қылғандай, құқықтардың жойылғаны туралы императордың декретін әлде қайдан қопарып алып, бізді күйзеліске ұшыратып кеткен соң, мен өз жерлерімнің бәрін де сатқандығым туралы актіге қол қойдым, тек Луарадағы арзан қол бір аралды ғана өзіме қалдырдым, себебі анамның қабірі сол аралда болатын. Менің бұл ісімді сол кездегі адвокатым ақымақшылық деп атады; бәлкім, осы күні өзімді осындай ақымақшылықтан тежеуге себеп боларлық дәлелдер, айла-шарғылар, философиялық, филантропиялық саясаттық топшылаулар табуға келгенде, ешқандай олқылығым болмас та еді; бірақ, тағы да айтамын, жиырма бір жаста біз кеңпейілдіктің, албырттықтың, махаббаттың тұлғасымыз ғой. Әкемнің көз жанарында мөлтілдеген жас тамшылары мен үшін ен қымбатты дүние сол болды, маған сол кездегі ең асыл дәулеттен де қымбат еді ол; сол көз жастары есіме түскен сайын, маған жоқшылықтағы ең үлкен жұбаныш болды. Қарыз берушілермен есеп айырысып болғаннан кейін он айдап соң әкем қайғының құсалығынан қайтыс болды: ол мені тәңірі тұтып, әлпештеймін деп жүріп, жұрдай ғып жұтатып кетті. Оны келтірген де осы жөніндегі ауыр ой. 1826 жылғы күздің аяқ кезінде, жиырма екі жасар күнімде, жападан-жалғыз өзім ең бірінші досымның өз әкемнің табытын ақырғы сапарға ұзаттым. Жалғыз өзінен, жалаң айынан басқа ешкімі жоқ, Парижде қаңғырып қалған қаражатсыз, болашақсыз жас жігіттің өлік табыты артынан ілесіп бара жатқаны кемде-кем-ақ шығар. Жанашыр қоғамның тәрбиесіндегі жетімдердің ең құрығанда күрес майданы сынды болашағы, үкімет сынды немесе корольдің прокуроры сынды әкесі, мейірімхана сынды панасы бар ғой. Ал менде түк жоқ! Үш айдан кейін делдал маған әкемнің дүние-мүлкін сатқаннан қалған небәрі бір мың екі жүз жиырма франк әкеліп, қолыма ұстатты. Аласысы бар адамдар мені үй мүлкімді сатуға мәжбүр етті. Жастайымнан маңайымдағы зейнет мүліктерін жоғары бағалауға әдет алып кеткен сорлы басым, ең дәулеттің мұншама жұпыны сарқыншағын көргенде, таңданбай да қалған жоқпын.
– Несін айтасың, бәрі әншейін сілімтік екен! – деді делдал
Осы жексұрын сөзден балалық шағымның барлық нанымдары түршікті, алданыштарымның ең алғашқылары, нағыз қымбаттылары біржолата күйреді. Ендігі менің бар дәулетім сатылған бұйымдардың тізімі ғана, менің бүкіл болашағым мың бір жүз жиырма франк ақша салынған кенеп дорба, маған деген қоғам өкілі басынан қалпағын да алмастан сөйлесіп тұрған жалғыз делдал ғана болды... Мені жаныңдай сүйіп мәпелеген қызметшіміз Ионафанға бір кезде менің анам жылына төрт жүз франктен өмірбақи пенсия тағайындап кеткен екен. Сол Ионафан, менің жас кезімде жиі-жиі күймелі арбамен серуенге шығатын үйімнен біржолата кетіп бара жатып:
– Тақсыр, өте ұқыпты болыңыз! – деді. Өзі еңіреп жылап тұр, мейірбан байғұс.
– Сүйіктім Эмиль, менің тағдырымды талқандап, жан жүйемді жасытып, жастайымнан әлеуметтік жәбірлі жайға түсірген жексұрын оқиғалар осылар, – деді Рафаэль біраз тұнжырап отырғаннан кейін әңгімесін соза түсіп. Алыс-беріс арқауымыз әлсіздеу болса да, туысы жақын дәулетті ағайындарымыз бар еді; менен жиреніп, немкетті қарап, есіктерін тарс жаба қоймаған күнде де, бұларға жалынуға өзім де намыстанар ем. Беделі аса күшті, жатқа қамқорлық жасауға құлшына түсетін мәртебелі адамдардың туысы болсам да, мен ағайын-туысқансыз, қамқоршысыз қалдым. Қасіретін төгуді аңсаған жан жүйем, үнемі кедергілерге кездесе бергендіктен, ақырында, өзімен-өзі ғана мұңдасатын болды. Бұрын ашық мінезді, турашыл болсам, енді тұнжыраңқы, тұйық болып көрінуге тиіс болдым; әкемнің қаталдығы мені өзіме деген сенім атаулыдан да бездірген екен; мен жасқаншақ, икемсіз болып қалдым, тұла бойымда ешқандай күш қалмағандай сезіндім, өзіме өзім жексұрын көріндім, өзімді-өзім зағып деп есептедім, жұртың бәріне қараудан қалдым. Дарынды адамдардың ішкі жан-жүйесінде оны күресте қуаттап жебейтін қасиетті үн болады ғой, сондай үн маған да: "Батылырақ! Алға!'" деп айқайлайтын. Осы ішкі үнге қарамастан, жалғыздығымда қуат-қайраттың тұтқиылдан пайда болатыныңа да қарамастан, жана авторлардың жұртшылықты таңдандырған шығармаларын өз қиялымдағы елестермен салыстырған кезімде шабыттандыратын жалынды үміттеріме де қарамастан, мен, жас баладай кібіртіктеп, өз күшіме сене алмай қалдым. Мен шамадан тыс намыскерліктің құрбаны болдым, өзімді ұлы істер үшін туғанмын деп жорушы едім, енді бишаралықта күн кешіп жүрдім. Мен адамдармен араласуға ынтықтым, бірақ ешқандай дос-жараным болмады. Жарқылдақ қауымға ену үшін өзіме-өзім жол ашуым керек еді, бірақ қорқақтығымнан емес, ұялшақтығымнан ол тәуекелге батылым бармай, жалғыздықта қапа болдым. Әкем үлкен қауымның серілік думаныңа киліктірген сол бір жылдың ішінде мен отан кіршіксіз таза жүрек, уылжыған жайдары жан сезіміммен кіріп едім. Барлық бозбалалар сияқты, мен де тамаша махаббатты аңсап, ішімнен күрсінетінмін. Құрбыларымның арасында қуыс кеуде, құрғақ мақтаншақтар тобын кездестірдім, бұлар танауларын шүйіріп жүретін; тантып жоқтан өзгені айтып мылжыңдайтын; мені маңына дарытпас деп ойлаған әйелдердің жаныңа олар жасқанбай-ақ отыра кететін; сәнді таяқтарының тұтқасын тістелей отырып, жұрттың бәріне әдепсіз сөздер айтатын, өтірік қылымситын; тым тәуір әйелдерді сыртынан өсек қылатын; кімнің болса да төсегіне қымсынбай бара аламыз деп бәсетіні өздері сондай ләззаттан тойтансып, жалған пішін көрсететін; нағыз ұстамды, нағыз ұялшақ әйелдерді бір ауыз сөзге келмей көне салатын, сол ғана өжет тегеурінге де төтеп бере алмай, алғашқы арсыз ойнақы көзқарастан қалмай беріле салатын оңай олжа деп қараушы еді олар! Мен саған кіршіксіз ар-ожданыммен, жүрегімді ұстап тұрып қалтқысыз шын сырымды айтайын: жоғарғы қауымнан шыққан жас, ақылды және келбетті әйелді көндіру мен үшін билікті қолға алудан немесе ірі әдеби атаққа ие болудан анағұрлым қиын көрінетін. Қысқасы, менің жүрегімнің өрекпуі, менің сезімдерім, менің мұраттарым жарқылдақ қауымның ережелеріне қабыспады. Мен батыл едім, бірақ менің батылдығым қарым-қатынаста емес, ішімде ғана болатын-ды. Әйелдердің махаббатта жалынышты ұнатпайтының кейін аңғардым; мен көптеген әйелдерге сырттан, алыстан ғашық боп жүрдім: олар үшін өз жүрегімді қандай сынға болса да көндіретіндей едім, жанымды қандай азапқа болса да тосардай едім, ешқандай құрбандықтан, қайғы-қасіреттен тайсалмай, барлық күшімді сарп етердей едім, ал олардың таңдап сүйгендері менің есігімді күзетуге жарамайтын ақымақтар екен! Балға барғанда, өзім, арман еткендей небір тамаша әйелдерге құмартып, көз ала алмай, үнсіз-тілсіз талай мөлиіп тұрушы едім; өмірімді ой жүзінде мәңгі еркелікке бағыштай отырып, мен барлық үмітімді жалаң көз жанарым арқылы білдіруші едім, алданышқа қарсы лаққан жастық махаббатымды оған сұқтана ұсынғандай болушы едім. Кейбір сәттерде мен өзімнің бүкіл өмірімді жалғыз түнге айырбастап жіберердей едім. Ал бұдан не шықты? Өзімнің ынтыққан жан сырымды тыңдайтын құлақ, көңілімді жай тапқызатын көзқарас, жүрегіме сай жүрек таба алмай, әлде батылдығымның жеткіліксіздігінен бе, әлде кезеңі келмегендіктен бе, әлде өзімнің тәжірибесіз тоғышарлығымнан ба, әйтеуір өзін-өзі жегідей жеген әлсіз жігердің барлық азабын бастан кешіріп жүрдім. Бәлкім менің жан сырымды ешкім түсінбес, деп, бар үміттен күдер үзген шығармын немесе менің жан сырымды біреу-міреу тым асыра, артық ұғынып қалар деп қорыққан шығармын. Қалай болғанда да бөгде арудың маған арналған алғашқы сүйкімді көз қиығынан-ақ жан жүйем дауылдай ұйтқитын. Сыртқы сипатында икемді рай білдірген бұл көзқарасты немесе жылы лебізді елжіреген нәзік сезімнің қабыл алған шақыруы шығар деп жорамалдауға әзір тұрғаныма қарамастан, соның өзінде не тіл қатуға да немесе сөзді дер кезінде тоқтата қоюға да батылдығым жетпейтін. Сезімнің тасып төгілген күштілігінен менің сөздерім түкке тұрғысыз болып шығатын да, үндемегенім одан да ебедейсіз тонмойындыққа ұқсайтын. Әлбетте, көрініс үшін ғана өмір сүретін, өз пікірлерін ишаралы мақамдар арқылы тана білдіретін немесе сәнге айналған жаттанды сөздер арқылы ғана білдіретін жасанды қауым алдында мен тым аңқау едім. Оның үстіне мен мағынасыз көп сөзділікке де, өте мағыналы үнсіздікке де мен мүлде қабілетсіз болып шықтым. Қысқасы, мен тұла бойымды жандырған жастық жалынымды іште сақтасам да, әдетте әйелдердің іздеп таба алмайтын нәзік жан сезімі менің көкірегімді кернеп жүрсе де, менің мінезім әйелдер құмартатындай шамадан тыс шат-шадыман, жайдары болса да, мен кейбір есуастар мақтан ететін қайрат-жігерге толы болсам да, әйтеуір әйелдердің бәрі маған келгенде, тым қатал болды. Міне сондықтан да мен өзіммен достық сыр айтысқанда жігіттердің өз жеңістері туралы көкіген сөздеріне аңғырттықпен сүйсінуші едім, оларды өтірік айтады-ау деп әсте күмәнданбайтынмын. Әрине, мұндай ортада жүріп, шынайы сезімге ұшырасамын деп үміттенуім, жеңіл мінезді, қуыс кеуде сән-салтанатқа құмар, жарқылдақ қауымның сергелдеңіне мас, әйелдердің жүрегінен күшті және терең ынтызарлық табамын деп үміттенуім, менің жүрегімдегі ұшы-қиыры жоқ ынтызарлықты, сондағы толқыны тулаған махаббат мұхитын табамын ба деп дәмеленуім қателік еді. Әттеген-ай, өзіңнің сүйіспеншілік үшін туғаныңды, қандай да бір әйелді бақытты ете алатыныңды сезіне тұрып, жұбай таппау, тым болмаса өжет те ізгі мінезді Марселинаны72, тым болмаса қайдағы бір кәрі маркизаны да кездестіре алмау неткен сұмдық десеңізші! Көтеріп келе жатқан қоржын толы қазынаңа қызығарлық бірде-бір бөбек, бірде-бір әуесқой қыз кездессейші! Түңіліп торыққан кейбір кездерімде мен талай рет өзімді-өзім өлтірмекке де оқталдым.
– Қандай қайғылы кеш болды бүгін? – деп қалды Эмиль.
– Түу, менің өз өмірімді айыптауыма бөгет болмашы! – деді Рафаэль кейін. Егер менің мұңымды тыңдауға сенің достығыңның қуаты жетпесе, егер сен мен үшін жарты сағат зеріге алмасаң, онда ұйықтай бер! Бірақ олай болса менің неге өзімді-өзім өлтіргім келетінін сұрама: ажал маған ренжіп, көз алдымда көлеңдеп жүр, мені өзіне шақырады, мен де оны құттықтап қарсы аламын. Адам жөнінде пікір айту үшін, ең болмаса, оның ақыл-ойының құпия қоймаларына, азап-қайғысына, жан сезімінің күйзелісін үңілу қажет. Оның өмірінің тек сырт құбылыстарымен ғана шұғылдану шежірелер кестесін жасағанмен, есуастықтардың талабы мен талғамына лайықтап тарих жазғанмен бірдей.
Рафаэль үніндегі күйініш Эмильді қайран қалдырғандықтан, жаутаңдаған екі көзін Рафаэльден аудармай, оның аузына қарап қалды.
– Бірақ қазір, – деді әңгімеші, – Бұл уақиғалардың бәрі басқаша пішінде көрінеді. Бұрын бақытсыздық деп қараған жайттарым, бәлкім, менде тамаша қабілеттер өршітсе керек, кейіннен осы қабілеттеріме масаттанып та жүрдім. Сіздің айтуыңызша, егер осы сөзіңізге нанатын болсақ, мен өзімнің идеяларымды шеберлікпен сипаттай білетін сияқтымын және адамзат білімінің ұлан-асыр кең жазирасында сондайлық жеңіл адымдап алға басатын сияқтымын; осының бәрі философиялық білмекке құмарлығымның, еңбекке төтенше қабілеттілігімнің, оқуға ынталылығымның, қысқасы, жеті жасар кезімнен бастап жарқылдық қауымның табалдырығын алғаш аттаған кезіме дейінгі өмірімнің өрісі болған осындай қасиеттерімнің арқасы емес пе екен? Жалғыздық зарын тартқандығым, өзімдегі сезімдерді булықтырып, іштен тына өмір сүруге дағдыланғаным менің салыстыру және ойластыру қабілеттерімді дамытқан осылар емес пе? Қауымның өміріндегі әбігерліктер тіпті аса тамаша жандардың да құның кетіріп қайдағы бір сорлыға айналдырады ғой, менің сезімталдығым осы әбігерлік ішінде адаспай, өзімен-өзі орайлас сыр мінез болып алғаны сонша ол құмарлықты аңсағаннан гөрі, одан анағұрлым асқақ ерік-жігердің жетілген бір мүшесіне айналған жоқ па? Әйелдер мені менсінбегендіктен, оларды тойтарысқа ұшыраған сәтсіз махаббаттың көрегеншіл қырағылығымен ұзақ бақылағаным әлі есімде. Менің айласыз адалдығым еш әйелді өзіне тартпағаның мен енді ғана түсіндім. Әйелдердің алдында сол сұрқиялау болу керек екен, солай емес пе? Бір сағаттың ішінде мен сан құбылып, біресе ересек ер кісі, біресе нәресте, біресе надан, біресе ойшыл, біресе ескі нанымдардан ада, бірақ ырымдылыққа берілген болуым мүмкін; кей кезде әйелдердің өздерінен гөрі де нәзік жанды, бола қаламын ал солай болған соң, менің аңқаулығымды залымдық деп, пікірлерімнің кіршіксіз тазалығының өзін азғындық деп есептеулеріне негіз жоқ па еді? Менің оқымыстылығым олардың көз алдында, кісіні жалықтыратын көңілсіздік қыз мінезді биязылығым дәрменсіздік болып көрінуші еді. Менің қиялымның төтенше шапшандығы, ақындардың осы бір бақытсыздық қасиеті, сөз жоқ, мені терең сезімге қабілеті жоқ, тұрақсыз, ынжық деп есептеуге ырық беретін секілді. Үндемей отырсам миғұла болып көрінемін де, әйелдерге ұнайын деген талабыммен оларды үркітіп алатын болсам керек, әйелдер менен азарда-безер болатын. Қауымның қатал үкімі көзімнен қанды жасымды талай ағызды. Бірақ бұл сын жеміс те берді. Мен қоғамнан кек алуға бел байладым, әйелдердің бәрінің жан сезімін билеп, баурап алуға, олардың ақыл-ойын өзіме бағындырып алуға ұйғардым. Салонный есігі алдында дәйекші менің есімімді атап, келгендігімді білдіргенде, жұрттың бәрі маған жалт қарап, көз тігетіндей еткім келді. Мен бала кезімнен-ақ ұлы адам болуға дайындалдым, өз маңдайымды өзім шертіп, Андре Шенье сияқты, "мынада бірдеңе бар!" деуші едім. Мен бойымда дамытарлық ой, дәлелдеуге лайықты жүйе, айтып бере аларлық білім дарыны барын болжайтын сияқты едім. Ой, бауырым Эмиль, енді міне, жиырма алты жасқа келген шағымда, арманымдағы әйелдің ғашық жары бола алмай, атаусыз өлетініме көзім жеткен шағымда, өзімнің есуастық істерім туралы баяндауыма рұқсат ет! Біздің қай-қайсымыз, азды-көпті дәрежеде, өзіміздің тілегімізді өмірдегі шындық болмыс деп ұқпадық дейсіз? Беу, өз қиялында түлден венок тоқымаған, өзіне мәрмәр тастан тұғыр қаламаған, көңілшек ашыналар қауымында ләззат алмаған жас жігітті мен өзіме дос еткім келмес еді! Мен өз қиялымда жиі-жиі генерал, император да болушы едім; Байрон да болушы едім, ақырында ешкім де болмадым. Адамзат даңқының шыңында асыр салып жүріп, асқар тау, надан қиыншылықтың бәрі алдымда екенін байқаушы едім. Ішімде қайнаған осы шексіз менмендік, өзімнің талабыма деген тамаша сенім осының бәрі мені аман сақтап қалды; жанасып кеткен қойдың жабатысын бұтаның тікенектері оп-оңай жұлып алып қалады ғой, егер адам да өзінің жаның тұрмыстың ұсақ-түйектері осылай оп-оңай парша-парша етуіне жол бермесе, оны кейде данышпан да ететін тамаша сенім еді бұл мен өзімді даңққа бөлеуге бел байладым, болашақ ғашық жарыма бола тыныштықта енбек етуге ұйғардым. Әйел атаулының бәрі мен үшін бір ғана әйелде тұрғандай көрінді де, алғашқы кездескен ұрғашыны мен нақ сол әйелдің өзі болар деп үміттендім: мен әрбір әйелді падиша деп білдім, сондықтан өзінің ашыналарына қарай алғашқы қадамды падишаның өзі жасайтын болғандықтан, менің падишам да мына момын мен бейбаққа қарай өзі келуге тиіс деп ойладым. Ой, мені есіркеген әйел заты үшін менің жүрегімнен, махаббатпен қатар, алтыстың да мол табылатыны соншалық, мен оны өмір бойына тәңіріме балар едім! Бертін келе бұл бақылауларым маған қатыгез ақиқатты ашып берді. Сондықтан мен, қымбатты Эмиль, мәңгібақи жалғыздыққа душар болу қатеріне киліктім. Әйелдер өз ақылдарының әлде бір ерекше қалыптасуы салдарынан, әдетте дарынды адамның бойынан оның тек олқы жақтарын тез көреді де, ақымақтың тек жақсы қасиеттерін ғана көреді; әйелдердің ондай ақымақтарға көбірек аңсары ауады, өйткені ақымақтың қасиеттері әйелдердің өз бастарындағы ақау кінәраттарына жел береді, ал әйелдердің өздерінен ақылы жоғары, дарыны мол еркектің оларға беретін бақыты әйелдердің бұл жетімсіздігінің орның толтыра алмайды. Дарын дегеніміз бұл кезектесіп келетін безгек, сондықтан оның ауыртпалығын көтеруге әйелдердің ықыласы жоқ, олардың бәрі де өз ашыналарына өздерінің арамза атақ құмарлығын қанағаттандырудың құралы деп қана қарайды. Өздерін-өздері сүю міне еркекті сүйгендегі махаббат әйелдерге осы үшін керек! Ал әйтпесе кедей адамда, өнер туғызуға қабілетті тәқаппар суретінде өзін-өзі сүю намысы жоқ па? Оның айналасының бәрі құйындай ұйытқыған пікір, ол айналасындаты адамдардың бәрін, тіпті өзінің ашынасын да сол құйынның тозанымен тұмшалайды, сонда жұрттың бәрі өзіне табынып қалған әйел осындай адамның махаббатына сене алар ма еді? Мұндай адамды ол іздер ме? Мұндай еркектің диванда шалқалап жатып назды еркелікпен айналысуға уақыты жоқ, ал әйелдер осындай ерке-назды өте жақсы көреді және ондайға суайт, сезімсіз еркектер шебер келеді.
Дарынды адамның енбек етуіне уақыты жетпей жатқанда, ол әсте орынсыз жайраңға, салдық кербездікке уақыт өткізіп тұрар ма? Мен емірімді түгелдей құрбан етуге өзір едім, бірақ оны ұсақтап, арзанға айырбастай алмас едім. Қысқасы, қайдағы бір сылан қаққан қылмақайдың тапсырмаларын орындайтын биржа делдалының жарамсақтығы суретшіте жат. Кедей де болса ұлы адамға жартықеш махаббат жеткіліксіз, ол түгелдей құрбандықты талап етеді. Бүкіл өмірін тал бойына кашемир шарқатты телумен өткізіп, өзігі сәнді бұйымдар ілетін адалбақанға айналдырған болмашы адамдарда өзін-өзі құрбан ету деген болмас болар, олар өзін-өзі құрбан етуді өзгеден талап етеді, олар махаббаттан табынудың емес, талапшыл өктемдіктің ләззатын іздейді. Задында зайыптыққа жаратылған жан ғана, өзінің өмірін, қуатын, даңқын, бақытын күйеуімде деп есептейтін шынайы зайып қана соның соңынан көнгіштікпен ерер болар. Дарынды адамдарта шығыс әйелдері керек, бұлардың бірден-бір мақсаты күйеуі тілектерінің алдын алып, солардың қапы жібермеу, неге десеңіз оның арманы мен сол арманды жүзеге асыру мүмкіндігі арасындағы алшақтық ол үшін үлкен бақытсыздық болып табылмақ. Ал мен, өзімді данышпан деп есептегендіктен, дәл манағы сәнқойларға құштар едім! Жалпы қағидаларға мүлдем қиғаш келетін соншалық қарама-қарсы идеяларды баста пісіре жүріп; аспанта баспалдақсыз тұтқиыл шабуыл жасағалы жүріп; өтімі жоқ қазынаға ие бола отырып: зейінімде сабығын салғанмен әлі, жүйеге келмеген, сондықтан әлі өзім де терең меңгеріп бола алмай жүрген білімдермен қарулана жүріп; қасымда туыстарым да жоқ, достарым да жоқ, зәре кетірерлік жапантүз шөлейтте, шөлейт болғанда да тас төселген, жаны бар, есі бар, ойлай алатын нағыз құла дүзде, жұртының бәрі сізге жау, ол тұрмақ бәрі сізге немқұрайлы қарайтын шөлейтте жападан-жалтыз жүріп, есуастау болса да әбден табиғи бір шешім қабылдадым; ол шешімде мүмкін болмастық әлде нендей бірдеңе бар еді, осының өзі маған қайрат берді. Мен, бейне бір өзіммен-өзім бәс тігіскен кісі болдым, бәстесуші де өзім, бәске тіккен аманат та өзім болдым. Менің жоспарым мынадай еді. Бір мың бір жүз франк менің үш жыл өмір сүруіме жететін болуға тиіс, өзіме-өзім тағайындаған осы мерзімде мен жұртшылықтың назарын аударатын шығарманы жарыққа шығаруға тиіспін, осының арқасында мен дәулетке немесе үлкен атаққа ие болуға тиіспін. Фивы дуаналары сияқты, тек қана нан мен сүтті көрек етіп, думанды Парижде кітаптар мен идеялар дүниесіне, жұрттың қолы жетпейтін, еңбек пен үнсіздік аймағына сүңгімекпін; көбелектің құртындай, сәулетке, даңққа бөлене қайта тірілетіндей болып, өзімді-өзім табытқа салмақпын:осы пікірлерімнің бәрі мені қатты қуантты. Өмір сүру үшін сол өмірді құрбандыққа шалуға тура келді. Өмір сүруге керек болатын ең зәру қажеттерімді өтеумен тана қанағаттана отырып, мен мейлінше қара дүрсін тіршілік үшін жылына үш жүз алпыс франк әбден жетеді-ау деп таптым. Осындай шын мәнісіндегі монастырь ережесін мүлтіксіз қолданып отыртанымда, бұл болмашы сома шыныңда да менің тіршілік етуіме әбден жеткілікті болды.
– Бұл мүмкін емес қой! – деді Эмиль дауыс көтеріп.
– Мен осылайша үш жылдай өмір сүрдім, – деп Рафаэль бір түрлі масаттана, жауап берді. Қане, есептеп көрейік? Үш су73 нан, екі су сүт, үш су шұжық; аштан өле қомайсын, бірақ рухың бір ерекше айқын күйде. Маған нануына әбден болады, мен тағам түрінің қиялға қандай керемет әсер ететінін өз тәжірибемде сынадым. Пәтерге күніне үш су төледім, түніңе үш судың майын жақтым, бөлменің ішін өзім сыпырып жинастырамын, кір жуушыға күніне екі судан артық жұмсау үшін фланельден көйлек кидім. Пешке тас көмір жақтым, мұның құны жыл ішіндегі күн саныңа бөлгенде күніне екі судан әсте артпайтын. Сырт киімім, іш киімім, аяқ киімім үш жылға жетуге тиіс еді, өйткені мен көпшілікке арналған лекцияға немесе кітапханаға барарда ғана киінуге ұйғардым. Осының бәрі бас-аяғын жиып-тергенде он сегіз су болды, сонда болжаусыз шығындар үшін маған тағы да екі су қалатын. Жұмыс істеген осы ұзақ дәуірімнің ішінде Өнер көпірінен өткенім74 немесе ішермендік сусын сатып алтаным тіпті есімде жоқ. Шермендік су алу үшін күнде ертеңгілік Грэ көшесінің мүнісіндегі Сен-Мишель алаңындаты фонтанға барамын. Оу, мен өзімнің кедейлігіме асқақ өркеуделікпен төтеп бердім. Кімде-кім тамаша болашағын болжай алса, кінәсыздың жазаға іркілмей мойынсұнғаныңдай, қайыршылық өмірді қиналмай өткізеді, оған оның ешқандай ұяттығы жоқ. Науқастың болатының болжағым келмеді. Акилина тәрізді, мен де аурухана жөнінде байсалдылықпен ойлайтынмын. Өзімнің сәләметтігім туралы мен бір минут та шүбә келтірген емеспін. Айтпақшы, кедейдін өлер алдында ғана төсек тартып жатуға хақысы бар ғой. Мен шашымды да тықырлап алғызып жүрдім, қашан махаббат пен мейірімділік періштесі... Әйтсе де уақиғалардың алдын орамайын, оларға өзіміз де көп кешікпей жетеміз ғой. Тек мынаны байқа, сүйкімді досым, менің сүйген әйелім болмағандықтан, мен ұлы пікірмен, арманмен, алғашқы кезде өзіміз азды-көпті сеніп келген жалған тіршілікпен өмір сүрдім. Осы күні өзімді-өзім келемеж етемін, бәлкім, қасиетті және әсем көрініп келген, бірақ осы күш мұлде жойылып кеткен "менмендігімді" келекелеймін. Жақын жүріп байқауымның арқасында біздін қоғам, қауым мінез-құлық, салт-дәстүр дейтініміз менін бейкүнә нанымдарымның мейлінше қауіптілігін, менің қажырлы еңбегімнің мейлінше жеміссіз екенін маған айқын көрсетіп берді. Баққұмарға ондай сақтыққажет емес. Бақыт қуған адамның жүгі жеңіл болу керек емес пе? Дарынды адамдардың қателігі сол олар тағдырдың қайырымына лайық болғысы келеді де осыған өздерінің жастық шағын сарп етеді. Шеңгелінен жылысып, суысып кете бсретін құдіреттіліктің жүгін қиналмай көтергелі кедейлер күш пен білім жинағанша: сөзге бай, пікірден жұрдай қулар ақымақтарды қармағына іліндіріп, аңқаулардың ішіне кіріп алады; біреулер зерттеп жүргенде, Бұлар алға баса береді; аналар кішіпейіл, мыналар жаужүрек; данышпан адамдар тәкаппарлығын ішіне сақтайды, қулар онысын үнемі сыртқа жариялап, көрсетіп жүреді, өйткені қайтсе де олар дегеніне жетуі керек. Өкімет билігіне ие болғандарға тән бір мінез: айрықша көзге түсетін енбекке, арсыз талантқа нанғысы келетін қажеттілік оларда өте күшті болады демек, мұндай қасиеттері жоқ шынайы ғалым күллі адамзаттың алтысынан дәме ететін болса онысы балалық болар еді. Әлбетте, мен мейірбандық, ізгілік жөніндегі жауыр болған жалпы сөзді қайталағым келіп тұрған жоқ, танылмаған данышпандардың өмір бойы әндететін гөй-гөйін де безілдеткелі тұрғаным жоқ; мен көбінесе тоғышар адамдардың жиі-жиі табысқа қол жеткізуінің еебебін логиқалық жолмен айқындағым келеді. Аһ, дариға! Ғылым дегеніңіз ақ сүтін емізген анадай мейірімді ғой, өзінің ұлдарын ол кіршіксіз таза, сабырлы қуанышпен ғана көректендіреді ғой, осы қуаныштардан өзге сыйлықтарды одан талап ету, бәлкім қылмыс та болар еді. Әйнек жаныңда таза ауаны сіміре жұтып, бір түрлі шат көңілмен сүтке нан батырып жеп отыратыным әлі есімде, осы әйнектен үйлердің күрен, сұрғылт, қызыл, шымқай қара қаңылтырлы және сұрғылт немесе жасыл мүк өскен жұқа шатырлары көрінетін. Алғашқы кезде жаратылыстың бұл көрінісі маған көңілсіз көрінді, бірақ көп кешікпей-ақ мен оның өзіне тән өзгеше әсем сымбатын айқындадым. Кешкілікте нығыздап жабылмаған терезе қақпақтарын саңылауы арасынан шашырағап жарық сәуле кейкейде бұл ерекше дүниенің қараңғы шыңырауын алашабырлап, жандандыра түскендей. Кей-кейде тұман арқылы төмеңгі жақтан шамдардың солғын нұрлары өзінің сарғылт жарығын күңгірт қана жылтыратып, жыпырлаған үй төбелерінің иірім иректерін мүлгіген толқындар мұхитын көшелерде көмескі ғана бейнелейтін.
Оқта-текте осы тұнжыранқы шөлейтте бірді-екілі сүдіндер көріне түсіп жоқ болатын: ауалы қайың бағының гүлдері арасынан настурций гүлдеріне су құйып жүрген кемпірдің доғадай иіліп бүкшиген тұлғасын байқап қалатынмын; немесе шатыр терезесінің шіріген жақтаулары арқылы, ешкім де қарап тұрмаған шығар деп қаннен қаперсіз өзініғң бой-басын әдемілеумен шұғылданып тұрған жас бойжеткеннің тамаша ақ мандайын, сүйріктей сұлу саусақтарымен жоғары көтере тарқатқан қолаң шаштарын көретінмін. Суағар қобылардағы қылтиған өсімдіктерге, кешікпей дауыл ұшырып әкететін бейшара шөптерге қызыға сұқтанатынмын! Мүктердің жауыннан кейін жарқырап шыға келетін, ал, күн көзінде қуарып құбылмалы құрғақ қоңыр мақпалға айналатын бояуларын зерттеуші едім. Ең ақырда, күндізгі жарықтың өткінші әсем әсерлеріне, мұнардың мұңдылығына, күн кезінде тұтқиылдан пайда болатын таңбаларға, маужыраған түннің сиқырлы тыныштығына, таң сәрінің құпия сырларына, әр үйдің мұржасынан шыққан түтінге қысқасы осы әдеттен тыс табиғаттың барлық құбылыстарына мен әбден дағдыландым, олар менің көңілімді сергітуші еді. Мен өзімнің абақтымды жақсы көріп кеттім, өйткені онда өз ықтиярыммен отырған адаммын ғой. Алқаптай теп-тегіс, бірақ астындағы жұрт мекендеген шыңырауларды жауып тұратын үй төбелерінен құралған Париждің осынау жоғарғы кеңестігі менің жаныма жағып, пікірлеріммен қабысты. Ғылым сүйреп шығарған тәңірі шыңынан түсіп, кенеттен дүниелік абыр-сабырмен бетпе-бет айқасу ауыр-ақ, сондықтан да мен монастырь тұрғындарының жалаңаштығын сол шақта асылына жете аңғардым. Жаңа жоспар бойынша тіршілік етуге ұйғарғаннан кейін мен өзіме керекті бөлмені Париждің нағыз қаңыраған шеткері махаллаларынан іздей бастадым. Бір күні кешкілік, Эстрапададан үйге қайтып келе жатып, Кордье көшесінен өте бергенімде, Клюни көшесінің мүйісінде он төрт жасар бір қызды көрдім, ол өзінің құрбысымен екеуі сырнай тартып, өздерінің ойын-күлкісімен көршілерінің көңілін жадыратып, оларға ермек болғандай. Күн райы тым тәуір, тамылжыған жылы кешқұрым еді бұл кез, әлі қыркүйектің аяқ шені ғана болатын. Есіктердің алдында әйелдер тізерлесе отырып, кәдімгі алыс провинцияның қарапайым қаласындағы мереке күніндегідей әңгіме-дүкен құруда. Мен әуелі қызға көз жібердім: тартымдылығы жөнінен аса бір тамаша келбеті, дене бітімі, бейне бір суретшінің қаламына арналып жаратылғандай екен. Таңғажайып көрініс еді бұл. Парижде мұндай риясыз қарапайымдық қайдан пайда болғайын анықтатым келіп әрекеттеніп ем, бірақ бұл жер көшенің тұйықталған басы екенін, сондықтан көшеде әрлі-берлі жүрген адамдардың сирек екенін аңғарып қалдым. Жан-Жак Руссоның осы маңдарда тұрғанын есіме түсіріп, "Сен-Кентен" мейманханасын тауып алдым; мейманхананың көнерген көрінісі арзандау баспана табам ба деген үміт туғызды да, мен оның ішіне кіріп көруге бел байладым. Аласа төбелі бөлмеге кіргеннен кейін, бөлмелердің кілттері үстіндегі тақтайшаға ұқыптылықпен тізіліп қойылған май шамдардың көркем жез шамдалдарына көзім түсіп, бұл залдағы тазалыққа қайран қалдым, әдетте мұндай залдар онша таза бола қоймайтын, ал мұндағының бәрі, сәулетті суреттегіше, тілмен жалап жылтыратқан сияқты. Ақшыл көк кереуетте, үй жиһаздарында шартты көркем суретке хас бір түрлі қылмандық бар тәрізді. Мейманхананың иесі қырық жастар шамасындағы әйел екен, кескінді қайғы-қасірет белгісін білдіргендей, көз жанары жылай-жылай күңгірттенген тәрізді, ол орнынан түрегеліп менің қасыма келді, мен қанша пәтер ақы төлей алатынымды кішіпейілділікпен оның қарауына ұсындым; сәл таңырқап ол, кілтті іріктеп алды да, мені шатырдағы мансардаға апарды, көршілес үйлердің әйнектері, төбелері көрініп тұратын бөлмені нұсқады, үйлердің әйнектерінен ұзын сырықтар көсіліп, жуылған кірлер ілулі тұр екен. Жоқшылық иісі аңқитын, аңқау ғалымдарды ғана азғырып шақыра алатын сарғылт лас қабырғалы мансардалардай зәре кетірерлік баспана сірә де табылмас! Еңкейе біткен жатаған шатырдың жұқалтай кірпіштерінің ара-арасынан жарықшақ білініп, саңылауларынан аспан жұрнақтары көрініп тұр екен. Бұған бір ғана төсек, үстел бірнеше орындық сыйғандай. Төбенің қыр өркешінің астында менің фортепьяиом сиятын орын бар. Венецияның "қорғасын камераларымен" олқы соқпайтын бұл шытырманды жиһаздауға дәулеті жетпегендіктен, байғұс әйел мұны ешкімге де пәтерге бере алмаған екен. Мен осының аз-ақ алдында белгілі бір дәрежеде өз меншігім болып саналатын бірсыпыра мүліктерімді сатуға берген жерімнен қайтып алып едім, сондықтан үй иесі әйелмен лезде-ақ келістік. Келесі күні сонда көшіп келдім. Мен осы аспандағы қиыста үш жыл тұрдым, күні-түні тынбастан дамылсыз, рақаттана еңбек еткенім сонша, маған бұл қызмет адам баласы өмірінің аса бір игілікті ісі, өмірдің міндеттерін өтеудің нағыз бір сәтті тұжырымы болып көрінді. Ғалымға қажетті байсалдылық пен тыныштықта да махаббат тәрізді назды, ләззатты бірдеңе бар. Ақылға жанасымы бар адамдардың бәрі сықылды, зейін-зерде қызметі, идеялар іздеу, сабырлы ғылыми топшылаулар бізді ауызбен айтып жеткізе алмастық, жазып көрсете алмастық рақатқа бөлейді. Ақыл-ой қызметін біздің сыртқы сезімдеріміз байқай да алмайды. Сондықтан біз қашан да болса pyx сырларын заттық теңеулермен дәлелдеуге мәжбүр боламыз. Жан сезімдерім әлденендей жарық нұрларға шомылған кездегі, шабыттың қаһарлы, көмескі үндерін тыңдаған кездерімдегі, тебіренулі миыма белгісіз бұлақтан бейнелер құйылып тұрған кездердегі менің бастан кешірген бақытымды ғылымға жат адамдар, тегі, түсіне алмас; жылы желдің лебін сіміре жұтып, жартастар, ормандар мен гүлдер арасынан, мөлдір сулы көл бетінде жападан-жалғыз жүзгендегі алатын ләззат менің әлгі айтқан бақытым жөнінде, тегі, ғылымға жат адамдарға тым-ақ әлсіз ұғым бере алар. Адам баласының дерексіз ой-өрісінде таңертеңгі алтын арай күндей туып, көтерілетін, ол тұрсын, бейне бір нәрестедей өсіп есейетін, бірте-бірте ержететін идеяны ойша аңғарып, меңзеу бұл жер үстіндегі барлық қуаныштардан да артығырақ қуаныш, дұрысын айтқанда, бұл тәңірінің берген ләззаты. Ғылыми еңбек біздің айналамыздың бәріне нендей де бір сиқырлы пішін береді. Менің жазу жазатын бейбақ бюром, оны қаптаған қоңырқай сақтиян, фортепьяно, төсек, кресло бөлменің қабырғаларына жапсырылып, өңі кеткен тұсқағаздар осы нәрселердің бәріне бір түрлі жан біткен тәрізді, бәрі де менің момақан достарыма айналды, болашағымның үнсіз ортақтастары болып алды; оларға қарап отырып, мен талай рет жан сырымды ақтармап па едім? Кенеуі кеткен оюларға көз жүгірте отырып, кейде жаңа, соны жолдар тауып кетуші ем, қолданып отырған жүйемнің таңғаларлықтай сипаттамаларын тауып ала қоюшы ем, мүлдем дерлік айтып жеткізе алмастықтай пікірлерімнің бақытты бейнесі болып саналатын келелі сөздер табушы ем. Айналамдағы заттарды ұзақ уақыт шолу, байқау арқасында олардың әрқайсысының өз кескінің айыра бастадым, олар менімен жиі-жиі тілдесетін. Күн батардағы қиғаш сәуле зәулім үйлердің төбесінен асып, менің тар терезем арқылы бөлмеме шұғыла шашқан кезде ол заттар сан құбылып безелетін, біресе көмескіленіп, біресе жарқырайтын, үнемі жаңа әсерлерімен мені қайрап қалдырып, не мұңаятын, не жайдарылана жайран қағатын. Әбігерлі зиялы қауымның назарынан сырт сырғанайтын оқшау өмірдің осы ұсақ уақиғалары тұтқындар үшін зор жұбаныш. Ендеше мен де идеяның тұтқыны болмадым ба, белгілі бір көзқарас жүйесінің қапас абақтысына қамалмадым ба, тек даңққа бөленетін өмірдің болашағы ғана мені арқаландырған жоқ па? Қандай да бір қиыншылықты жеңген сайын мен өз қиялымда құралай көзді, әсем киінген дәулетті әйелдің үлбіреген мамықтай, назды қолдарын сүюші едім, күндерде бір күні сол әйел: "Сен көп азап шектің ғой, байғұс періштем!" деп еркелей сөйлеп, менің шашымнан сипар тәрізді еді. Мен екі үлкен шығарма бастадым. Жазып жатқан комедиям көп кешікпей-ақ менің атағымды шығарып, дәулетке, зиялы қауымға қолымды жеткізуге тиіс еді де, данышпанның патшалық құқығымен пайдаланып, сол қауымға аралассам деп тілек етуші едім. Бұл асқан шебер шығармадан сіздердің бәріңіз де колледжді жаңа ғана аяқтаған жастың тұңғыш қателігін, нағыз барып тұрған балалық сорақылықтарын әшкереледіңіздер. Сіздердің сықақтарыңыз берекелі алданыш ғып қанатын қырықты, содан былай ол алданыш қайта оянбады да. Басқалардың менің жүрегімді тілкемдеген терең жарақатын, сүйкімді құрбым Эмиль, тек жалғыз сен ғана ем– дедің. Менің "Ерік-қайрат теориясы" атты ұзақ шығармама тек сен тана мәз-мейрам болып сүйсіндің; осы шығармаға бола мен күншығыс халықтарының тілдерін үйреніп, анатомияны, физиологияны зерттеп, уақытымның басым көпшілігін осыған бағыштаған едім. Бұл шығармам Месмердің, Лафатердің, Галльдің, Бишаның еңбектерін толықтырады, адам жөніндегі ғылымға жаңа жол ашады деп ойлаймын. Менің керемет өмірім күн сайынғы құрбандығым, жібек құртының әлемге көрінбейтін еңбегіндей ауыр бейнетім осы арада аяқталды, ол еңбек үшін бірден-бір сый, бәлкім, сол еңбектің өзінен ғана табылса керек. Алғашқы ойға үңілген күндерімнен бастап, ең артысы "Теориямды" аяқтаған күніме дейін мен үнемі бақылау, зерттеу, жазумен, үздіксіз оқуға салынумен болдым, сондықтан менің өмірім қалпетімен бір міндеткердің өмірі боп алды. Шығыстың салдығына құмар өз қиялымдағы аруға ғашық сезімтал, нәзік жан едім, тынығу дегенді білмедім, Париж өмірінің ләззаттарынан бездім. Тәтті құмар едім ынсапты болдым; құрылықта да, теңізде де саяхат етуді сүйетін алуан-алуан елдерді аралауды көксейтін, осы күнге дейін жас балаша, суға тас лақтыруды ұнататын мен пақыр, бел жазбастан, үстелге шұқшиюмен болдым; сөзуар едім, кітапхана мен музейде көпшілікке арналған лекцияларды тіс жармай тыңдайтын болдым, бейне бір бенедиктішіл сопы тәрізді, оңаша, жадағай төсекте жалғыз ұйықтайтынмын, ал шыныңда әйел менің көкейкесті арманым болатын, аңсаған, қиялымда әлпештеген, өмір бойы менен жылысып, сырғумен келе жатқан тілеулі арманым еді ол! Қысқасы, менің өмірім қиюы қашқан қырсықты, үнемі бір жалған өмір болды. Кәне, енді осыдан кейін адамдар туралы билік айтып көріңізші! Кей-кейде менің табиғи қуатым сабырын сарқып, ұзақ бықсыған өрттей үрдіс лаулап, кенет қозып кететін. Өмірімде сұхбаттасып көрмесем де, әйелдерге соншалық ынтық болатынмын да, студентше мансарданы мекен еткенмін-ді, сөйткен мен сорлыны, бейне бір жалын шапағындай, бейне бір дерт сандыратындай, мауықтырғыш арулар елегізітетін! Мен өз қиялымда сәулетті күйменің жұмсақ көпшіктеріне отырып, Париждің көшелерін серуендейтінмін! Мені кінәрат, күнә-сұмдық шырмайтын, азғындыққа сүңгіп, не тілегенімнің бәрін өтейтінмін, құмардан шығатынмын, азғырындыға ертең, күнәға батқан әулие Антонийдей ішпей мас болатынмын. Ырысыма қарай, жігерімді күл қылатын осы қияли көріністерді ақыр-аяғында әйтеуір: ұйқы жарықтық қана сөндіруші еді; ертеңіне ғылым, күлім қатып, мені қайта шақыратын, мен де оған адал болдым. Менің ойымша, мейірбанды, таза нәпсілі жандар деп есептелетін әйелдер де, сірә, осындай есуастық құйындар билігінде, ықтиярымыздан тыс өз ішімізде қабындайтын ынтықтық, құмарлық құйындарының құшағында жиі-жиі болатын шығар деймін. Бұл сықылды қиялдар кейбір әсем көркемдіктен де емес, мұның өзі қысқы кештегі әңгімені, ошақ басында отырып, Қытайға саяхат еткеніңді еске түсірмей ме? Бірақ пікірің барлық кедергіліктерді жеңіп шыққанда, осы таңғажайып саяхат кезіндегі мейірбандық не нәрсеге айналады? Тұтқындығымның алғашқы он айы ішінде мен дәл осындай бейшаралықта, жалғыздықта өмір сүрдім; күн сайын ертеңгілік, ешкімнің көзіне түспеуге, байқатпауға тырыса жүріп, ішіп-жейтін бірдеңе сатып алғалы сыртқа шығатынмын; бөлмемді де өзім жинастыратынмын; мырза да өзім, қызметкер де өзім болдым, адам айтқысыз тәкаппарлықпен диогеншіледім!75 Алайда бірте-бірте үй иесі әйел мен оның қызы менің мінезімді, ғұрып-салтымды зерттеп білді, менің қандай адам екенімді аңғарды, қандайлық кедей екенімді ұғынды, бәлкім, олардың өздері де өте бақытсыз болғандықтан шығар деймін, әйтеуір біз лажсыз жақындаса танысуға тиіс болдық. Жүрек қылын шерттірерлік шырайлы жан, әлі кәмелетке толып үлгермеген, аңғырт мүсіндігімен бірсыпыра ретте менің осында келуіме себепші болған Полина маған қызмет көрсетіп тұрды, оның бұл ықыласын мен де тойтарғым келмеді. Барлық мұңдықтар апалы-сіңлілі ғой, олардың ұғынысатын тілдері бір, дарқандығы да бір, бұл басқа ештеңесі болмағандықтан тек сезімге ғана жомарт болатындардың, өздерінің уақытын, өздерін құрбан ететіндердің дарқандығы. Бірте-бірте, байқатпастан Полина менің бөлмемнің үй бикесі болып алды, маған қызмет көрсеткісі келді, шешесі де бұған әсте қарысқан жоқ. Полинаның анасы менің іш киімдерімді жамап отырғанда оның бұл қайырымдылық ісінің үстінен шығып қалғанымда, қызарып ұялғаның талай көрдім. Менің өз ықтиярымнан тыс олар мені өздерінін қамқорлығына алды, мен де олардың бұл қызметтерін қабыл алдым. Бұл ерекше дос-жарлықты ұғыну үшін ой-пікір еңбегімен ғана тіршілік етуші адамның қандай тамаша еңбек қуанышын, идеялардың нелер озбырлығын бастан кешіретінін, күнбе-күнгі өмірдің ұсақ-түйектерін өзінің ішкі сезімдерімен жирене жек көретіндігін айқын білу керек болады. Менің тіпті сегіз сағат бойына дәм татпағанымды байқап, сыбыссыз-сыбдырсыз қадам басып, маған қара дүрсін ас әкелген Полинаның әдепті ықыласына мен қарсыласа алармын ба? Маған назар салмаңыз деген ұғымды анғартқалы ым қағып. Полина келіншектей сымбаттылықпен, нәрестедей қарапайымдылықпен күлімдейтін. Шатырымның астына сильфше76 сырғанап кіріп, менің тілек ниеттерімді алдын ала орындайтын Ариэль77 болды ол Күндерде бір күні кешкілік Полина жүректі елжіретерлік аңғырттықпен маған өз тарихын айтып берді. Оның әкесі император гвардиясының атты тренадерлар эскадроныңың командирі болған. Березина өзенінен өтерде оны қазақтар қолға түсірген, кейіннен Наполеон оны айырбастап алғалы ұсыныс жасағанда, орыстардың өкімет орындары Полинаның әкесін Сібірден іздеп көп әуреленген; басқа тұтқындардың айтуына қарағанда, ол Үндістанға өтуге әрекеттеніп, тұтқыннан қашып шықса керек. Содан бері менің пәтерімнің қожасы Годен ханымның жұбайы туралы ешқандай хабар алуына әсте сәті түспей-ақ қойған. 1814-1815 жылдардағы лаңдар басталған. Ешқандай қаражаты, сүйенер-сүйкенері болмай, жалғыз қалған Годен ханым, қызын асырағалы, жиһазды бөлмелерге пәтерші жіберу кәсібімен шұғылдануға ұйғарған. Годен ханым әлде де өзінің күйеуімен көрісермін деп үміттенуде еді. Полина оқып білім ала алмай қала ма деген ой оның өте-мөте шымбайына бағатын, Полинаға зор жанашырлық білдіріп жүрген ұлы мәртебелі бір ханым Полинаның болашағы тамаша жарқын дегенді болжаған, Полина осы болжауды ақтауы тиіс еді. Годен ханымның маған өзінің мұңын шағып: "Мен Полинаның Сен-Дениде78 тәрбиеленіп жүргендігін білетіндей халге жетсем, Годенді барон атағына ие ететін бір жапырақ қағазды, Вичнаудан табыс алу құқықтарымызды іркілмей-ақ сыйға тартар едім" деп жаныңды жараларлықтай үнмен налығаның естігенде, мен селк ете түстім де, екі әйелдің мен жөнінде соншалық жомарттықпен қамқорлық етуіне алғыс ретінде өзімді Полинаға тәрбиешілікке ұсынуға ұйғардым. Осы ұсынысты маған айтқызған менің аңқаулығыма пара-пар олар да менің ұсынысымды жүректен таза ықыласпен қабыл алды. Сөйтіп менің де тынытатын сағаттарым пайда болды. Қыздың қабілеттері мол, зерек еді, үйреткеннің бәрін ол лезде-ақ қатып алып отырды да, көп кешікпей фортепьянода менің өзімнен де жақсырақ ойнай бастады. Мен барда да ойындағысын дауыстап айтуға дағдыланған Полина жан сезімдерінің де таңғажайып сипаттарын аян етті, күн нұрынан нәр алған гүл бәйшешектің кесенесі қауызын жарып, тарамдалғаны сияқты, оның, жан сезімінің бұл қасиеттері де өмір үшін жайылып, жайраң қақты; бейне бір күлімдеп тұрғандай тұңғиық қара көздерін менен тайдырмастан, менің үйреткендерімді ол аса зейін қойып, құлшына тыңдайтын; берілген сабақтарды сүйкімді, назды үнмен қайталайтын және оның оқуына менің қанағаттанып разы болғанымды көргенде мүлде жас баладай қуанатын. Әзірше тек сұқтанарлық сүйкімді сәби ғана бола тұрса да, күткен үміттерді неғұрлым өскен сайын көпе-көрнеу ақтап келе жатқан жасөспірім қызға төнетін қауіптерді қалай тойтару жөнінде анасы бұрын жиі-жиі ойланушы еді, ал қазір қызының күн ұзаққа сабақпен шұғылданғаның көріп әбден тынышталды, көңілі орнықты. Полинаның ермегі тек менің фортепьянам ғана болғандықтан, оның мен жоқта ғана сабақта жаттығуына тура келетін. Қайтсам, бөлмемде мейлінше қарапайым киінген Полинаны кездестіретінмін, көйлегі қанша қара дүрсін болғанымен сол ғана қимыл жасаса да икемді қыпша белі, бүкіл тамаша денесі дөрекі мата астынан айқын суреттелетін. Есек терісі жөніндегі ертектің қаһарманы сияқты, оның мұнтаздай сұлу аяғына доғал кебіс кигізілетін. Бірақ жасөспірім бикештің осы сүйкімді қазыналарының, байлық-дәулетінің бәрі, оның сұлулығының барлық сәулеті мен үшін, бейне бір жоғалып кеткендей. Мен Полинаны тек қарындасым ғана деп тануға өзімді-өзім көндірдім; оның ардақты анасының сенімін алдау маған өте ауыр еді; жүрек сезімімді сиқырлап, билеп әкететіндей ажарлы қызға мен тек суреттегі бейнеге қызыққандай, қайтыс болған ғашық жардың суретіне сүйсінгендей пішінмен ғана тамсана қарайтынмын; қысқасы, ол менің нәрестем, мүсінім болды. Өзімді жаңадан пайда болған Пигмалион деп санап, тамырларында қаны жүгіріп тұрған сезімтал, сөйлеп тұрған жан иесі тірі қызды мраморға айналдырғым келгені ғой тіпті; мен оған өте қатал болдым, бірақ өзімнің ұстаздық, өктемдігімді неғұрлым молырақ сездірген сайын, ол соғұрлым биязы, көндем бола берді. Туысымнан текті болуым себепті сабырлы, кішіпейіл едім, мен, бірақ дол осы арада прокурорға лайықты ой-өрістерімнен, топшылауларымнан олқылық бола қойған жоқ. Пікірде адалдық болмайынша, ақша істерінде адалдық болады дегенді мен өзім әсте ұқпаймын. Әйелді алдау мен үшін өзге біреудің дүниесін күйзелтумен, жоқшылыққа душар етумен тең боп есептелетін. Жас қызды сүю немесе оның махаббатын қоздыра түсу нағыз неке шартын жасау деген сөз, бұл шарттың міндеттерін күн ілгері белгілеу тиіс. Жезөкше әйелді тастап кетуге біздің қақымыз бар, бірақ жан тәнімен бізге берілген жас қызды қорлап кетуге болмайды, себебі келтірген құрбандығының ұшы-қиыры жоқ, шексіз екенін оның өзі де білмейді. Әрине, менің Полинаға үйленуіме де болатын еді, бірақ мұның өзі ақылсыздық болмақ-ты. Сүйкімді, күнәсыз таза жанды зәре кеткіш азаптарға душар ету болмас па еді мұның өзі? Менің кедейлігім өзін-өзі сүйетін, "мен-мен" тілде сөйлеп, осы мейірімді жан иесі мен менің арама өзінің темір шеңгелін үнемі сұғумен болды. Оның үстіне, ұят та болса айтайын жоқшылықта қандай махаббат болатының мен тіпті ұға алмаймын. Менің мұным жиіркеншектігімнен, бұзылғандығымнан-ақ бола қойсыңшы, адам баласының мәдениеттілік деп аталатын дертінің кесірі ғой бұл мінез, бірақ сымбатты Еленадай, Гомердің Галатеясындай-ақ қаншама ажарлы, тартымды бола тұрса да, сол ғана нас әйел менің жүрегімді билей алмайды. Түу, сәулеттің кереметіне бөленген, жібек пен торқаға оранған махаббат жасасын да! Бұл сәулеттердің оны кереметтей зейнеттейтін себебі де, бәлкім, махаббаттың өзі де сәулет болғандығынан шытар! Құмарлық ынтығы үстінде кербездің әсем киімдерін жұмарлап, гүл бәйшешектерін уқалау, хош иіс аңқыған көпіртпелі сұлу бұрым мұнарасы үстіне өжет қолдарымды ұсыну маған өте ұнаушы еді. Зеңбірек түтіні арасынан жайнаған жалындай, бүркеулі шілтерлі селдір арқылы өңменнен өте шығатын отты көздер мен үшін қиялдағыдай тартымды болатын. Менің махаббатым жібек баспалдақ тілейді, өйткені осы баспалдақпен қысқы түнде үнсіз жоғары өрлеу керек болады. Осының өзі неткен тамаша ләззат үсті-басың қар болып сен ішінде түндік шамдары әлсіз ғана жылтыраған, безекті жібекпен қапталған бөлмеге кіресің де, үстінен ұлпа қарды сілкіп жатқан әйелді көресің, ақша бұлт арасынан елестеген періштедей, үлбіреген нәпсіқұмар денесі жұқа ақ жібек жамылғы астынан әрең бейнеленгенін, осы жамылғыдан құтылғалы серпіп жатқаның көргенде, оны да аппақ қармен қалайша теңемессің! Және тағы маған қажеттісі қорғалауық бақыт пен өжет сенім. Ең ақырда, мен осындай құпия сыры бар әйелді мейлінше сәулетті кезінде жарқылдақ қауымда, жұрттың бәрін табынтатын ізгі жан есебінде, үлде мен бүлдеге оранған, гауһар моншақтары жарқыраған, бүкіл бір қалаға өмірі жүріп тұрған күйінде көрсем деймін; жоғары дәрежеге ие болғандығы, орасан зор құрметке бөленгені сонша, тіпті ешкім батылы жетіп оған өзінің сезімдерін айта алмайтындай күйде болғаның көрсем деймін. Нөкерлерінің ортасында отырып астыртын маған көз қырын салса, осы шартты дәстүрлердің бәрін жоққа шығаратын, бір мен үшін жарқылдақ қауымды да, адамдарды да құрбан ететін көз қырын салса! Өзінен-өзі белгілі, блонд, барқыт, жұқа батист дегендерге, шаштараздың өнерлеріне, май шам, күймелі арбаға, тектілік атағына, хрусталь, алтын, күміс заттардағы тәж белгілеріне құштарланушыларды қысқасы, өнерлерінің бәріне, әйелдердегі тұрпайылық, қылықсыздық атаулыға құштарланушыларды мен талай рет келеке етіп күлетінмін-ді; мен өзімді осындай құштарлықтардан айнытқалы өзімді өзім талай рет мысқылдап, келемеж– дедім де, бірақ бәрі бекер болды! Ақсүйек әйел, оның нәзік күлімдеуі, аса әдепті қылықтары, өзінің адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалауы менің есімді алып, жүрегімді билейтін; ондай әйелдің жоғарғы қауым мен өзінің арасында сәл ғана кедергі қойып, оқшаулануы-ақ мұң, дереу менің атақ құмарлығым қоза түседі, ал осының өзі шала махаббат қой. Жұрттың бәрінің күншілдігін туғызатын болғандықтан, менің рақатым өзім үшін ерекше тәтті болуға тиіс. Менің сүйген жарымның істетен ісі басқа әйелдердің ісіндей болмаса, оның жүріс-тұрысы, тіршілігі өзгелердің өмірінен басқаша болса, оның үстінде өзге әйелдер кие алмайтын манто79 болса, одан тек оның өзіне тана хас жұпар иісі анқып тұрса, ондай әйел маған анағұрлым артығырақ ұнамды болмақ; махаббатта дүниелік тіршілікке байланысты нәрселер бар болған күнде де, тіпті соның өзінде де менің сүйген әйелім дүниеліктен неғұрлым аулақ болса менің көзіме ол солғұрлым сымбатты көрінер еді. Бірақ, ырысыма қарай, Францияда жиырма жылдан бері король әйелі жоқ қой, әйтпесе мен тіпті корольдің әйеліне де ғашық болғандаймын! Ханзада мінезді болу үшін байлық керек. Осындай романтикалық қиялға батып жүргенімде Полина мен үшін кім бола алмақ еді? Күлді өмір құныңа татитын бір түнді ол маған сата алар ма еді; адам баласының барлық қабілеттерін өлтіретін және сарапқа салатын махаббатты ол маған бере алар ма еді? Біздің құмарымызды тарқатуға көнген кедей қыздарға бола біз өле қоймаймыз ғой. Мұндай сезімдерді, осындай ақындық армандарды мен өз мінезімде әсте жоя алмай-ақ келемін. Мен өзгеше махаббат үшін жаралған жан едім, бірақ уақиға менің тілегенімнен мүлдем басқаша, керісінше қалыптасты, тағдыр маған арнап, тіпті, мен тілемеген қызметті атқаруды жөн көрді. Мен жиі-жиі өз қиялымда Полинаның құрттай аяқтарына атлас туфлилер кигізіп, иығына жеңіл бөкебай тастай салып, жас теректей талдырмаш денесін үлпілдеген таз көйлекке жасандыратынмын, оның өзінің дербес отауына кілемдер төсеп, оны әшекейлі, сәулетті күймелі арбада қыдыртушы едім. Егер ол дәл осындай болса, мен оны тәңірі тұтар едім. Мен оны өз қиялымда оның өзінде жоқ тәкаппар, асқақы мінезді еттім; оны өзіміздің кінәраттарымыздың кәусар Стиксіне80 сүңгітіп, оған мызғымас тас жүрек бітіргелі оны өзіміздің қылмыстарымызбен безеп, одан салонның содырлы қуыршағын, төсекке таңертең жатып, кешкілік май шамдар таңында оянатын үлпілдек жан иесін жасағалы мен оны барлық қасиеттерінен, сымбаттылығын-ақ аңғал мінезінен, туа біткен сүйкімділігінен, қарапайым күлімдеуінен жұрдай ететінмін. Полина бүкіл аза бойымен сезім тұлғасы еді, аза бойымен уылжыған жастық тұлғасы еді, мен оны қуарған кебір, тоңазыған тоң мінез еткім келді. Жадымызда балалық шатымыздың уақиғалары суреттелгені сияқты, есуастығымның соңғы күндерінде жадымда Полина қайта тіріледі. Таң-тамаша минуттарымыз еске түскенде талай рет жүйкем босады: біресе мен осы, үндемейтін, сабырлы ой теңізіне шомылған жас қыздың менің үстелімнің жаныңда іс тігіп отырғаның көруші едім, менің мансардамның әйнегінен түскен күннің көмескі жарығы оның әсем, қою қара шашында жеңіл, күміс өрнектер суреттеуші еді; біресе мен оның жайдары жас күлкісін еститінмін, өзінің ойынан оп-оңай шығара салатын мүләйім өлеңдерін сыңғырлаған дауыспен құйқылжыта шырқағаның еститінмін. Көбінесе менің Полинам музыка ойнап отырғанда тым шабыттанып кететін. Ертеде Қарло Дольчи бір асыл текті әйелдің бас пішінін Италияның жанды бейнесі етіп суретке салуға әрекеттенген-ді. Музыка ойнап отырғанда Полина осы ардақты бас пішініне керемет ұқсас болушы еді. Менің қатыгез жадым бұл жас қызды сорлы тіршілігімнің сорақылықтары арасында нендей де бір өкініш, опық ретінде, мейірбандықтың бейнесі есебінде көз алдыма елестететін. Жо, жетер енді, байғұс қызды өз тағдырыңа тапсыралық. Кейіннен ол қандай бақытсыз болатын болса да, мен, ең құрығанда, оны сұрапыл дауылдан бүркеп қалдым ғой, мен оны өзімнің тозағымның отына шарпымадым. Өткен қысқа дейін мен байсалды, еңбек тіршілігімен өмір сүрдім, жаңағы айтқандарымның бәрі саған сол өмірімнен сәл ғана түсінік беру әрекеті болатын. 1829 жылғы желтоқсанның алғашқы күндерінде мен Растиньякті кездестірдім, ол менің костюмімнің аянышты күйде екеніне қарамастан, мені қолтығымнан алып, шын мәнісінде туысқандық жанашырлықпен менің жай-жағдайымды сұрастырды. Мен бұған көңілім босап, оған өзімнің тұрмысым туралы, үміттерім туралы жасырмай айтып бердім: ол қарқ-қарқ күліп маған: "Сен әрі данышпан, әрі ақымақ екенсің" – деді. Оның тіліндегі гаскондық сарын, жарқылдақ қауымды білуі, өзінің тәжірибелілігі арқасында қолы жеткен дәулеті осының бәрі маған бұлтара алмастай әсер етті. Жұртқа танылмаған аңқау, мәжнүн күйіңде өлесің сен, деп тұжырды мен жөнінде Растиньяк; ол соның өзінде-ақ мені шақпа тілмен шенеп, менің табытымды ұзата шығарып, сүйегімді қайыршыларға арналған молаға көміп те қайтты. Оның өзіне ғана тән, оны сондайлық сүйкімді ететін таңғажайып алғырлықпен ол, данышпан адамдардың бәрі де бәдік екенін дәлел– деді. Егер бұрынғыша Кордье көшесінде жалғыздықта тіршілік ете беретін болсаң, дене мүшелеріңнің қандай да біреуінен айырыласың, яки біржолата мүрдем кетесің, деп жариялады ол маған. Сен жарқылдақ қауымға араласуың керек, өзіңнің есіміңді атауға жұртты дағдыландыруың қажет, ұлы адамға лайықсыз, намыс келтірерлік кішіпейілдіктен безуің міндет деп бағдарлады ол. Ақымақтар мұндай мінезді шәлкем-шалыстық деп атайды, – деді ол екілене, моралистер мұндай мінезді қатты мінеп, жазғырады, мұны берекетсіз өмір деп атайды. Адамдардың айтқаныңа құлақ қоймай-ақ, өзімізден-өзіміз-ақ сұрап көрейікші: осының нәтижесі қандай? Мінекей сен еңбек етудесің, сонда да, бірақ, еш уақытта ешқандай мұратқа жете алмайсың. Ал, менің қолымнан келмейтін өнер жоқ, бәріне де шебермін, бірақ түкке жарамайтын, жалқаудың жалқауымын, сонда да ойлаған мұратымның бәріне жетемін, мен кимелеп, итермелеп өтіп кетемін;— маған бәрі де жол береді; мен мақтанамын, маған бәрі де нанады; мен борышқа батамын; оны да жұрт төлейді. Берекетсіз өмір, шыратым, бұл тұтас бір саяси жүйе. Өзінің дәулетін сауық сайранға шашумен шұғылданған адамның өмірі көбінесе жалдаптық саудаға айналады: ол өзінің капиталын достарына, ләззатқа, жанашырларына, тамыр-тартыстарына орналастырады. Айталық, саудагер бір миллион сом дәулетін саудаға салуға тәуекел еткен екен делік. Ол жиырма жыл бойына тыныш ұйқы көрмейді, тамағын дұрыс ішпейді, сауық-сайран, көңіл көтеру дегенді білмейді, ол өзінін миллионың жұмыртқаша шайқаумен болады, оны бүкіл Еуропаны аралатып, айналымға жүргізеді; оның күні қараң, көңілсіз, онда маза жоқ, ол адам баласы ойлап тапқан барлық әзәзілдердің билігінде; ақыр-аяғында саудасы күйрейді де, мен өзім мұндайды бір емес, талай байқағанмын, саудагер соқыр тиынсыз, дос-жарсыз қалады, ардақты есімінен айырылады. Ал дүние шашқышың ісі мүлдем басқаша: ол өз рақаты үшін ғана өмір сүреді, кедергілі шабыстардан ләззат табады. Тіпті капиталынан айырылып қалған күнде де қазынаның алым-жиымдарын басқарушының лауазымынан, тиімді қалыңдықтан, министр немесе елші маңындағы орыннан дәмете алады ол. Капиталы құрығанмен оның достары, жақсы атағы өзінде қалады, сондықтан ол үнемі ақшалы. Ол жарқылдақ қауымның барлық серіппелерін білгіш, қайсысы тиімді болса, сонысынан басып қалады. Кәне қалай, менің жүйем қисынды ма әлде мен алжасып тұрмын ба? Жарқылдақ қауымның күнбе-күн ойнап жүрген комедиясының моралі осында емес пе?
– Сен шығармаңды аяқтадың, – деді ол содан әрмен қарай, біраз үндемей тұрғаннан кейін, сенде орасан зор дарын бар. Демек, сен менің бастау алған жерімнен бастауың керек. Енді сен өзіңнің табысқа жетуіңді өзің қамтамасыз етуің керек, ең дұрысы сол сен әр алуан үйірмелермен одақ жасағайсың, көк мылжың бөспелерді өзіңе қаратып алғайсың. Мен де сенің данқыңа ортақтасқым келетіндіктен, сенің тәжіңе тағатын, гауһардың зергерлігі міндетін алайын... Болар істің басы деп ертең кешкілік осы араға кел мен сені бүкіл Париж, біздің Париж, жарқылдақ қауым арыстандарының Парижі, миллиондаған дәулеті барлардың, атақтылардың Парижі жиналатын, ең арғысы, әр сөзі мыңға баланатын адамдардың бас қосатын үйіне енгізейін. Егер осы мырзалар қандай да бірер кітапты мақұлдаса, ол кітап сәнге айналады; егер кітап шыныңда да жақсы болып шықса, онда олар, өздері де сезбестен, оған данышпандық патентін бергені. Егер ақылдан құралақан болмасаң, қалқатайым, сенің "Теорияңның" бақыты өз қолында, тек бақыттың теориясын жақсылап ұғып алуың ғана керек. Ертең кешке сен сымбатты жұрт алдында сәнге айналған әйелді графиня Теодораны көресің.
– Ол туралы әсте есіткен емеспін...
– Беу көпір-ай, Растиньяк сақ-сақ күлді. Теодораны білмегенің! Ойбай-ау, оған үйленуге де болады, оның жыл сайын сексен мың ливр кіріс кіргізетін дәулеті бар, ол ешкімді жақсы көрмейді, бәлкім, оны да ешкім жақсы көрмейтін шығар! Өзінше бір жұмбақ әйел, Париждің шала орыс падишасы, орыстың шала париждік аруы! Баспадан шықпайтын романтикалық шығармалардың бәрі осы әйелдің салоныңда басылады, бүкіл Париждегі ең сұлу әйел, нағыз, арбағыш әйел! Жоқ, сен тіпті көпір да емессің, сен кәпір мен айуанның екі ортасындағы бірдеңесің ғой, тегі... қош боп тұр, ертеңге дейін!
Ол башпайының ұшымен бір айналып шықты да, жауабын күтпестен, есі бар адам Теодораға таныстыруды тілемеуі мүмкін деген пікірді ойына да жолатпастан, дереу ғайып болды. Әйел есімінің сыйқырлы өктемдігін не деп түсіндіруге болады? Бейне бір сүйіспеншілік келісімін жасағалы ниеттенген қылмысты пікір сияқты, Теодора жөніндегі ой менің қыр соңымнан қалмайтын болды. Әлдеқандай бір үн: "Сен Теодораға баруың керек" дегенді құлағыма сыбырлай берді. Мен бұл үнмен қанша күрессем де, өтірік айтып тұрсың деп оған қанша ақырсам да, үн жаңағы Теодора деген жалғыз есіммен менің барлық дәлелдерімді күйрете берді. Апыр-ау осы есім, осы әйел менің барлық тілектерімнің символы емес пе еді, менің өмірімнің мақсаты болмап па еді? Осы бір ғана есімнің өзінен менің қиялымда жарқылдақ қауымның жасанды сәулеті қайта тірілді, Париждің мәртебелі қоғамының мерекелік оттары жайнады, салтанатты өмір әбігерінің оқа-шашағы жарқырады. Мені елірткен құмарлықтың барлық мәселелері тоғысқан әйел көз алдымда елестеді. Жоқ, бәлкім, әйел емес, есім емес, мені қайтадан аздыру үшін менің барлық кінараттарым жан сезімімде қайта тірілген шығар? Ғашық жарсыз Париждің аздырғыш қуларына бой бермейтін дәулетті графиня Теодора, менің үміттерімнің, менің елестерімнің тұлғасы осы емес пе? Мен осы әйелдің бейнесін туғыздым, өз пікірімде оны суреттедім, оны арман еттім, көз алдыма елестеттім. Түн баласына ұйқы көргенім жоқ, қиялымда мен оның ғашық жары болдым, аз уақыттың ішінде тұтас бір өмірді, махаббат өмірін қамтыдым, осындай өмірдің өртті ләззатын молынан таттым. Ертеңіне таң атысымен, кешке дейін күтудің ұзақ азабына төзе алмай, ештеңе де ойламай, қалай да уақытты өткізу үшін кітапханадан роман алып оқи бердім. Теодораның есімі менің ішімде алыстан естілетін, өзіңізді үрейлендірмегенмен, құлақ тігуіңізге мәжбүр ететін үн сияқты жаңғырықты да тұрды. Абырой болғанда, менде әп-әдемі қара фрак және ақ жилет сақтаулы еді, сонсоң барлық дәулетімнен отыз франк қалған-ды, мен бұларды үстелдің жәшіктеріне, комодтағы іш киімдерімнің арасына бөліп-бөліп тығып тастаған едім, ондағы ойым: жүз су мөлшеріндегі теңгелік пен өзімнің қиялымның екі арасына іскекті сымнан қоршау қойып алып, содан кейін ал іздеу, бөлменің ішін айнала шарлап жүріп әлдеқалай кездейсоқтықпен үстінен шығып қалып, әрең тауып алатындай болу. Киінерде мен өзімнің қазыналарымды бұрқыраған көп қағаздардың ішінен қуалай іздестіремін. Әрине, теңгеліктер өте сирек кездеседі. Перчатка алуға, фиакр жалдауға қанша көп қаражатым ұрланғаның сен осыдан-ақ жорамалдауыңа болады, олар менің бір айлық нанымды жеп қоятын. Шіркін, нәпсі тілегін өтеуге келгенде, бізден қашан да болса ақша табыла береді ғой, тек пайдалы, қажетті нәрселердің бағасы жөнінде ғана таласамыз ғой біз. Биші әйелдерге біз алтынды санамастан лақтырамыз да, үйінің іші ашытып үміттене күтіп отырған жұмысшымен сәл нәрсеге саудаласамыз-ау. Нарқы жүз франк тұратын фрак киініп, таяғының алтын шүйдесіне гауһар тас орнатқан талай мырзалар жиырма бес судың тамағын ішіп жүрген жоқ па? Атақ құмарлық сезімін қанағаттандыру үшін, сірә, қымбат баға жоқ болса керек. Уәдесіне әрдайым берік Растиньяк мені көргенде күлім қақты, менің кенет өзгергенімді келеке де етті, алайда өзінің мейірімді мінезі бойынша жол-жөнекей маған графиняның алдында өзімді қалай ұстауым керектігі жөнінде бірсыпыра ілім үйретті; оның айтуынша, бұл әйел сараң, атаққұмар, кісіге сенбейтін адам екен, бірақ сараң болғанмен сәулеттен құр емес; атаққұмар болғанмен қара дүрсін кішіпейілдіктен құр емес; кісіге сенбейтін секемшіл мінезді болғанмен мейірімді жан сезімдерінен құр емес көрінеді.
–Менің міндеттемелерім саған мәлім, – деді Растиньяк, махаббатым түскен жаннан безсем, қаншалық көп зиян көретінімді де білесің. Мен Теодораны бейтарап қалыстықпен, сабырлы салқын қанмен байсалды түрде бақылағанмын, сондықтан менің мінездемем әділ болуға тиіс. Менің сені оған таныстыруға ойланғандағы бірден-бір себебім саған бақыт тілегендіктен. Сонымен, сен өзіңнің әрбір сөзіңді қатты аңды; оның ойы өткір, жадым, қатыгез, ол дипломатты да састырарлықтай айлакер, дипломаттың қай уақытта шының айтып тұрғаның ол әрдайым анық тани біледі. Екеумізден басқа ешкім білмесін, менің түсінуімше, оның некелесуін император қабылдамаса керек, әйтеуір мен осы әйел туралы айта бастағанда, орыс елшісі мырс етіп күліп жібергені тегін болмаса керек. Елші мұны қабылдамайды, Булон орманыңда кездестіре қалса, болар-болмас қана бас изейді. Алайда бұл әйел де Серизи ханыммен жақын, де Нусинген, де Ресто ханымдардың үйлеріне жиі барып тұрады, Францияда оның абырой-атағына дақ түскен жоқ. Бонапартшылар үйірмесіндегі нағыз сылқым әйел, маршалдың жамағаты, герцогиня де Карильяно жаз айларын Теодораның орам-жайында жиі-жиі тынытады. Көптеген жас серілер, тіпті Францияның бір пәрінің баласы да өздерінің есімдерін, оның дәулетіне айырбасқа салуды яғни оған үйленуді ұсынған еді, ол сыпайы әдептілікпен бұл ұсыныстардың бірін де қабылдамай, бас тартты. Мүмкін, граф атағынан төменгіні ол менсінбейтін де шығар. Сен маркиз емессің бе?! Егер ол саған ұнаса, іркілмей батыл алға ұмтыл! Мен нұсқау беру деп осыны айтамын.
Растиньяктың қалжыңы мені келеке етіп әдейі қызықтыру үшін, сөйтіп ерегістіре түсу үшін айтып отыр-ау деген ой туғызды, сондықтан менің қиялымдағы құмарлық, құштарлық сезімі шын мәнісінде асқынған дертке айналған деп еді, міне дәл осы арада біз, ақыр-аяғыңда, гүлдермен зейнеттелген сыртқы басқыш алдына кеп тоқтадық. Кілем төселген жалпақ баспалдақпен жоғары көтеріліп келе жатқанымызда-ақ ағылшындық сән-салтанатының барлық сәулеті ерекше көзге түсті, менің жүрегім аттай тулап, өзім бір қызарып, бір бозарып, бүкіл ата-тегім үшін, өзімнің барлық сезімдерім үшін ұялдым, өзімнің тәкаппарлығымды ұмытып, бір есалаң тоғышар кейпіне түскеніме қорландым. Әттеген-ай, мен үш жылғы ұдайы жоқшылықтан кейін мансардан түсіп, сәулетті ортаға келдім ғой, ғылым бізді саяси күреске күн ілгері әзірлейтіндіктен, өкімет билігі ешбір мүшемізді күйретпестен қолымызға тие қалған мезетте өзімізді байытатын, дәулетті ететін қазыналарымызды, үш жылғы қажырлы еңбек арқылы ие болған орасан зор ақыл капиталын тұрмыстың ұсақ-түйектерінен жоғары қоюды мен әлі үйреніп жетпеген екем деп өкіндім. Үйге кірісімен жасы жиырма екілер шамасындағы, үстіне ақ киім киінген, қолында қауырсын желпуіші бар, еркектердің ортасында отырған орта бойлы жас әйелді көрдім. Растиньяктің келгенін байқап, ол орнынан түрегелді де, бізге қарсы жүрді, жайдары күлімдеп, сүйкімді дауыспен, сөз жоқ, күн ілгері әзірленіп қойған қошемет сөзін маған арнады; ортақ досымыз менің дарынды адам екенімді жариялағандықтан оның ептілігі, гаскондықтарта хас өзіне-өзі деген сенімі арқасында менің құрметпен қабыл алынуым қамтамасыз етілді. Мен жұрттың ерекше назар аударған кісісі болдым, бұл ілтипат мені абыржытты да, бірақ, абырой болғанда, Растиньяктің сөзінен мұндағылардың бәрі де менің қарапайым кішіпейіл екенімді біліп алған. Мен мұнда "оқымыстыларды, әдебиетшілерді, қызметтен босатылған министрлерді, Францияның пәрлерін кездестірдім. Мен келгеннен кейін көп кешікпей, әңгіме қайтадан басталды; атағыма сай болуым керек екенін сезіп, мен өзімді-өзім қолға алдым да, маған сөз берілген кезде, қауымның ілтипатына қиянат етпестен, аз ба, көп пе, өткір тілді, терең мағыналы, ұшқыр ойлы сөздермен егесті қорытындылауға тырысып бақтым. Менің мұным сондағы жұртта әжептәуір әсер туғызды. Растиньяк өз өмірінде мыңыншы рет пайғамбар болып шықты. Халық көп жиналып, әркімдер еркінсуге айналған кезде қамқоршым мені қолтықтай жөнелді де, екеуіміз бөлмелерді аралап кеттік.
– Графиняны көргенде есіңді ғана таңғалғандай пішініңді байқатпа, – деді ол, әйтпесе ол сенің келу себебіңді аңғарып қалар.
Қонақ бөлмелерде аса келістіріп, сәнді жасаулар жиыстырылған екен. Мен онда тамаша суреттерді көрдім. Аса дәулетті ағылшындар салтынша, әр бөлменің өзіне тән стилі бар: қабырғаларындағы айшықты жібектер, бедерлі безектер, үй жиһаздары, майда әшекейлер бәрі де негізгі мақсат-ниетке сай жасалған. Готика үлгісімен сәнделген тұлдардың есігіне өрнекті кілемше перде ілінген, мұндағы жиһаздар, сағат, қалы кілемнің түр-түгі бәрі готика стиліне сай, қара қошқыл бедерлі арқалықтары бар төбе төсемінде өзіне тән сұлулығымен көз тартатын әсем кессондар81 көрінеді, қабырғаны белдеулей көркем суретті әсем айшықтар салынған; бұл тамаша декорацияның біртұтас салтанатты сәнін, еш нәрсе, тіпті алуан түсті асыл шынылы әйнектер де бұза алар емес. Қазіргі заманның стилі бойынша салынған шағын ғана қонақ бөлме мені өте-мөте таңғалдырды, оған белгісіз бір суретші қазіргі заманның көркемдеу өнерін, жеңіл, жарқын, сүйкімді, алтынды аз қолданатын жалтырауықсыз, сәулет өнерін сарқа пайдаланыпты. Мұндағы заттардың бәрі буалдыр, неміс балладасындағыдай сүйіспеншілік әсеріне кенеліп тұр, сирек кездесетін гүлдер өсірілген кішігірім бау-бақшадағыдай жұпар иісі аңқыған бұл бөлме бір мың сегіз жүз жиырма жетінші жылдың нәпсіқұрмарлар үшін нағыз қолайлы орын екен. Осы қонақ бөлменің ар жағында сымға тартқандай қатар-қатар тізілген бөлмелердің ішінен мен алтындаған бір бөлме көрдім. Бұл бөлме Людовик XІV-нің заманындағы көркемдік сәнімен безендірілген, онысы біздің заманымыздың сурет өнеріне бір түрлі ғажайып қарама-қарсы, әйтсе де сонысымен тым-ақ сүйкімді.
– Сенің тым-тәуір мекен-жайың болады, – деді Растиньяк сол кекесінді пішінмен езу тартып. Натыз нәпсі қоздыратынның өзі емес пе? деп тағы да нығарлай отыра бергенде. Сонсоң кенет орнынан қайта түрегеліп, мені қолтықтап алды да, графиняның ұйықтайтын бөлмесіне алып барды, ондағы үлбіреген жұп-жұқа жамылғы мен жалт-жұлт еткен нығыз жібек жайма астынан, көмескі ғана жарық түсетін ләззат төсегін, данышпанмен некелескен нағыз хор қызының төсегін көрсетті.
– Осы махаббат тағын көруімізге рұқсат берілуінің өзі ұятсыздық емес пе, – деді ол даусын бәсеңдетіп, нағыз әдепсіздік, шамадан тыс еркінсіген еркетотайлық емес пе? Тіпті ешкімге берілмей-ақ қойғанда да, әркімнің осында келіп өзінің визит карточкасын қалдырып кетуіне жол ашық тұр ғой! Егер басым бос болса, осы әйелді көзінен жасын сорғалатып есігімнің алдында мөлиіп тұратындай етер едім...
– Ал сен оның инабаттылығына сенесің бе?
– Біздегі ең әйелқұмар жігіттеріміздің ең ептілері, тіпті солардың нағыз алғырлары да қолдарынан түк келмегенін мойындап жүр. Олардың бәрі әлі күнге дейін оған ғашық, бәрі де осының адал достары. Айтты-айтпады, жұмбақ емес пе, осы әйел?
Бұл сөздер бір түрлі басымды айналдырып, делебемді қоздырғандай болды, менің қызғаншақтығым тіпті оны өткен күндерінен де мазасыздана бастады. Қуанғанымнан діріл қатып, дереу мана графиня отырып қалған қонақ бөлмеге қарай жөнелдім: ол готика үлгісімен салынған будуарында отыр екен, сонда кездестірдім. Графиня күлім қатып, мені тоқтатты да, жаныңа отырғызды, жазып жатқан еңбегімнің жайын сұрастырды, әcіpece, мен әңгіменің ақылгөйлік сарыныңа сақтап, өзім шығарған жүйемді ғалымдарша баяндағым келмей, оны әзілге айналдырғанымда, графиня менің еңбегіме шынымен-ақ құмартқан секілді көрінді. Адамның ерік-жігері бу сияқты заттық күш, егер адам оны топтастырып, түгелдей меңгеруді үйренсе, осынау ағымды массаның шоғырланған қуатты сәулесін адамдардың жан сезіміне бағыттап отырса, рухани дүниеде оның қуатына еш нәрсе қарсы тұра алмас еді; ондай кісі адамзаттың алдында тұрған міндеттерге сәйкес, дүниенің бәрін, тіпті табиғаттың абсолюттік заңдарын да өзінің қалағанынша өзгерте алар еді дегенім, оған өте ұнаса керек. Теодораның бұл пікірлерге қарсы айтқандары оның ақыл-ойының әжептәуір зерек екеніне айтақ болғандай, оны масайрату үшін мен біразға дейін есіркегенсіп, оның пікірінің дұрыстығын мойындап отырдым да, содан соң оның әйелдік топшылауларын бір ауыз сөзбен жоққа шығарып, өміріміздің күнделікті құбылыстарына, түс көру жайына, сырттан қарағанда байырғы нәрсе сияқты болса да, шын мәнісінде ғалымдардың өзі шеше алмайтын толып жатқан жұмбақ сырлары бар мәселелерге оның назарын аудардым, сөйтіп оның ынтығын қоздыра түстім. Біздің идеяларымыз дерексіз дүниеде өмір сүріп, тағдырымызға ықпал ететін ұйымдасқан, біртұтас қуат екенін айтқанымда, графиня тіпті бір сәтке тымтырыс аңырып қалды; мен Декарттың, Дидроның, Наполеонның өз замандарында тұстастарының ақыл-ойын билеген, әлі де болса біздің тасырымызда да ақыл-ойды билеп отырған өктем пікірлерін дәлел етіп мысалға келтірдім. Мен графиняның көңілін аулау абыройына ие болдым, ол қоштасарда менің келіп тұруымды өтінді, мәртебелі қауымның тілімен айтқанда, мен ордаға таныстырылдым. Әлде өзіме біткен мақтау сүйер мінезім бойынша, сыпайылықпен сөйленген сөздерді жүрек сыры деп ұқтым ба, әлде Теодора мені болашақ атақты адам деп танып, өзінің айуанат көрмесін тағы бір жаңа ғалыммен толықтырғалы ниеттенді ме, әйтеуір мен оған әжептәуір әсер еткен сияқтымын. Мен физиология жөніндегі өзімнің барлық білімімді, бұрын-соңды әйелдерді бақылап, байқағандарымның бәрін жадыма қайта түсірдім, сөйтіп, осы кеште мен бұл тұңғиық жанның өзін де, қылықтарын да бақайшағына дейін зерттеп білдім, мен терезенің жақтауына жасырынып отырып, оның пікірлерін болжауға бой ұрдым, ол ойларды оның жүріс-тұрыс қалпынан тануға тырыстым, оның үй бикесі ретінде бөлмелерді аралап жүргенін, біресе отыра қалып әңгіме қозғағаның, қонақтардың кейбіреулерін жаныңа шақырып алып, оны-мұны сұрастырғаның, есіктің босағасына сүйеніп тұрып, әңгіме тыңдағаның қадағалап қарадым да тұрдым; жүріс-тұрыс кездерінде оның денесінің бұраң қағуы, сонымен бірге оның торғын көйлегінің көлбеңдегені әрі соншалықты сәнді, әрі еркектің нәпсісін қоздыратындай соншалықты өктем көрінгендей, тіпті мен оның манағы айтқан инабаттылығын да шүбә келтіруге айналдым. Егер Теодора бұл күнде махаббаттан безініп шыққан болса, онда, сірә, заманыңда, тым-ақ нәпсіқұмар болғаны; оның әккі ләззатқұмар жан екені де біреумен әңгімелескен кездегі тұрысынан-ақ білініп тұрды: ол құлай кетуге, сонымен бірге, тым құмарта сұқтанған көзқарастан секем алса, тіпті қаша жөнелуге де әзір тұрған әйел пішінінде панельдің ернеуіне қылымси сүйеніп тұрады екен. Қолдарын әсем айқастырып, ол жұрттың сөзін тіпті көзқарасымен де қошеметтеп, бейне бір ішіне сіміріп жатқандай ықыласпен тыңдайды да, демімен сыртқа сезім серпігендей болады. Оның шырынды алқызыл еріндері үлбіреген аппақ жүзінде алабөтен айрықша көзге түседі. Флоренцияның асыл тастарындай, тамырлары тарамдалып барып, тұңғиық көздерінің қоңырқай түсіне ұштаса жарастық тапса деп әлгі қоңырқай қолаң шашымен ұласып тіпті көріктене түскен; осы көз жанарларының жайнауы оның сөздеріне, ерекше бір өткірлік, тапқырлық бітіретін тәрізді. Ең ақырда, тал бойында тамаша сұлулық, сымбат көрген көзді еріксіз тұтқын еткендей. Күндес әйел, бәлкім, оның бірімен-бірі ұштасып кеткендей қою қастарын тым зәрлі дер ме еді, немесе оның екі жақ самайында әнтек байқаларлық түбіт түктерін оның келбетін бұзып тұрған міні деп табар ма еді, кім білсін. Ал менің ұғуымша, осының бәрінде де бір түрлі құмарлықтың таңбалы ізі қалған тәрізді көрінеді. Бұл әйелдің итальяндық кірпіктері, Венера Милосскаяға82 лайық тамаша иықтары, ажары, көнтектеу келген күрең-қызыл төменгі ерні махаббатқа ғана жаратылғанға ұқсайды. Жоқ жай тана әйел емес, роман еді ол. Әйелдік асыл қазынасын, кескінінің келісті жарастығын, дене мүшелерінің соншалық дәмелендіргіш жұмырлығын тұрақты байсалдылық, айрықша кішіпейілдік қасиеттері тежеп, ынсапқа шақырып тұрғандай еді де, бұл соңғы қасиеттері оның жалпы келбетіне қарама-қарсы, қайшы келетін тәрізді еді. Оның тал бойынан ләззатқа жаратылғандықтың белгілерін табу үшін мендегідей аса көреген бақылағыштық керекті. Пікірімді түсініктірек ету үшін мынаны айта кетейін: Теодораның бір өзінде екі әйелдің бейнесі бар дер едім мен; бұл ретте оның тәні үнемі құштарсыз, ынтықсыз болатын секілді де, тек басындағы ақыл-парасаты ғана махаббатқа кенелетін секілді: еркектердің қайсысына болса да көз тоқтатып қарар алдынан ол әуелі көзқарасын дайындап алатын тәрізді, бейне бір, оның жан дүниесінде бір түрлі құпия құбылыстар болып жатқандай, ұшқын шашқан көзінің жанарынан жанталасқан діріл жүгіріп өткен сияқты. Бір сөзбен айтқанда, не менің білімімнің өресі кемеліне келіп жетілмеген, сондықтан мінез-құлық дүниесінде әлі де талай құпия сырлар ашуым керек, не графиня ізті жанды тамаша адам, осы сезімдері мен көріністері оның дидарына сиқырлы, бағындырғыш көрік, терең мінез-құлықтық күш, одан бетер, құмарлық отымен ұштасқан өте-мөте айбарлы қуат беретін болса керек. Мен осы әйелдің сұлулығына сиқырланып, елітіп, сән-салтанатына мәз-мейрам боп масайраған қалпымда үйге қайттым. Ол әйел менің жүрегімдегі барлық ізгілік пен кесепатты, мейірімділік пен жауыздық атаулының бәрін жайқалта тебіренткенін сезіндім. Көңілім шалқып, бойым сергіп, жаным жадырағаны сондай, бұл үйге суретшілерді, дипломаттарды, өкімет өкілдерін, ақша салған сандықтары сияқты ішкі сырлары да темірмен құрсалған биржевиктерді нендей күш тартатының да ұғына бастадым: менің тұла бойымды тебірентіп, әрбір тамырымда қан тасытатын, жүйкемнің жіп-жіңішке тіндеріне дейін шымырлатып, миыма да әсер ететін есуастық жан толқуы ғой, әрине, олардың да осы әйелден іздеп келетіні. Жұрттың бәрін өз төңірегінде сақтау үшін ол ешбір адамға берілген емес. Махаббат оты қабындағанша, әйел қылымси бермек қой!
– Мүмкін, оны әуелде шалға берген шығар немесе сатқан шығар, – дедім мен Растиньякқа, сондықтан алғашқы некесі оны махаббаттан жирендіретін болар?
Сент-Оноре дейтін шеткергі аймақта тұратын Теодораның үйінен мен жаяу қайттым. Кордье көшесіне жету үшін Бүкіл Парижді дерлік басып өту керек; әйтсе де жол маған жақын болып көрінді, дегенмен, күн суық еді. Қыстыгүні, қақыраған үскірік кезінде, қалтамда ең болмаса отыз франк та жоқ күйімде Теодораны көндіру ісін бастамақпын, арамыздағы алшақтық жер мен көктей! Құмарлықты күйттеу үшін күймелі арбаға, перчаткаға, киімге, іш көйлекке, тағы басқаларға қаншама қаржы шығатының тек кедей жігіт қана айқын біледі ғой. Махаббат ұзақ уақытқа дейін қиялда елестесе, күйзеліске ұшыратады. Рас, студент-юристердің арасында Люзен сияқтылар да бар. Бұлардың екінші этаждағы сұлуларға құмартатын жөні жоқ-ақ, шыныңда да. Әлсіз, дәрменсіз, жұпыны, қан-сөлі жоқ боп-боз, жаңа шығармадан кейін енді-енді тыңая бастаған суретші тәрізді қалжыраған мендей пенде шашын бұйралаған, сәнденіп шікірейген, бүкіл Кроатия күншілдігінен жарыла жаздайтындай өте әдемі галстук таққан, дәулетті, үлде мен бүлдеге оранған, екі доңғалақты жұмсақ күймемен сайран салған жас байшыкештермен бәсекелесе алар ма, сірә?
– Жоқ-жоқ. Не Теодора, не өлім! – дедім мен айқайлап, көпірдің баспалдағынан түсе бере, Теодора деген бақыттың тұрған жері!
Готиқа өрнегімен салынған будуар мен Людовик XІV-нің стиліндегі қонақ бөлме көз алдыма қайта елестеді: мол жеңді әсем ақ көйлек киген графиняны, оның сиқырлы жүрісін, тал шыбықтай бұралып құмарыңды құнықтыратын құлын мүшелі денесін тағы бір көргендеймін. Жиһазы жоқ, әрі суық, табиғат зерттеушінің паригіндей ыбырсыған мансардама келгенімде менің қиялым әлі де Теодораның сұлу сымбаты мен сән-салтанатының қоршауында еді. Мұндай қиғаштық жақсы ақылшы емес; бәлкім, қылмыстың өзі осылай басталатын болар. Мен сол кезде, ызаланғаннан, адал, жұпыны кедейлігіме, көңіліме көп ой салған құттыхана баспанама нәлет те айттым. Мен өзімнің тағдырым үшін, бақытсыздығым үшін құдайдың, сайтанның, әлеуметтік құрылыстың, өз әкемнің, бүкіл әлемнің есеп беруін талап еттім; мен күлкі келтірерлік қарғыс сөздер айтып күңкілдеп, Теодораны қайтсем де еліктіріп, өзіме қаратуға берік бел байлап, аштан-аш жата кеттім. Менің тағдырымды шешетін ең соңғы ұтыс билеті осы әйелдің жүрегі еді. Теодорамен алғашқы кездесулерімді суреттеп сені жалықтырмай-ақ, тікелей драмаға көшейін. Оның жан жүйесін елжіретуді көздеп, мен оның ақыл-парасатын меңгеруге, оның мен-мендігін масайрата, көкіте, мәймөңкелеуге тырыстым; маған деген махаббатын неғұрлым шын мәнісінде қоздыру үшін мен оның өзін өзі сүюі онан сайын арта түсуіне мың мәртебе сипат, дәлел келтірдім; мен оның самарқау болуына қайтсем де жол бермедім, әйелдер қуатты түйсік, ләззат үшін бәрін де құрбан етуге әзір; Теодорада осындай күшті сезімдер туғызу үшін бар өнерімді сарп еттім: мен оны самарқау қалдырғаннан гөрі ызаландыруға дайын едім. Алғашқы кезде өзімді сүйдіруге берік бел байлап, оны еліктіру тілегімен көректеніп жүріп, мен одан бірсыдырғы үстемде болдым оған ықпалымды жүргізе алдым, бірақ көп ұзамай құмарлығым үдей түсті, өзімді-өзім билеуден қалдым, сыр жасыруды қойдым, сөйтіп ессіз сүйіспеншілік мені мерт етті. Поэзияда және жай әңгімеде махаббат деп нені айтатынымызды дұрыстап білмеймін де, бірақ өзімнің екі текті жаратылысымда кенет қаулай өскен сезімнің бейнеленуін Жан-Жак Руссоның ұқыптылықпен нәштелген шешендік сөздерінен де (мүмкін, мен сол Жан-Жак Руссоның бөлмесінде тұрған шығармын), екі тасырлық әдебиетіміздің ызғарлы ұғымдарынан да, Итальяның сурет өнерінен де кездестіре алмадым. Тек Бриенна көліне қарағандағы көрініс, Россинидің кейбір күй-саздары, Мурильо жасаған, маршал Сульт сатып алған Мадоннаның суреті, Лекомбаның хаттары83, новеллалар жинақтарында кездесетін кейбір келелі сөздер, әсіресе экстатиктердің дұғасы мен ортағасырлық ұсақ әңгімелерімізден кейбір эпизодтар міне мені алғашқы махаббатымның тәңірі мекеніндей таңғажайып елдеріне алып ұшуға қабілеттілігі жететін тек осылар ғана еді. Адам тілімен айтыларлық ойдың ешқайсысы да, пікірдің бояудағы, мәрмәрдағы, сөз бен дыбыстағы бейнесінің қандайы да сезімнің құдіретін, ықыласын, толықтығын, тұтқиылдығын сездіре алмас! Иә, өнер дейтіннің бәрі де жалған. Махаббат өмірімізге түпкілікті сіңісіп, оны өзінің жалқын шапатымен мәңгілікке нұрландырғанша ұшы-қиыры жоқ талай құбылыстардан өтеді. Зейіннің өресі жетпес бұл сіңісудің құпия сыры суретшінің байқауына шалынбай, мүлт кетеді. Нағыз ғашықтық сабырлы адамның құлағына ерсі естілетін аһ ұру, уһілеу кейпінде бейнеленеді. "Кларисса Гарлоуды" оқыған кезінде зар еңіреген Ловеласқа жаның ашуы үшін шын жүрекпен сүйе білу керек. Махаббат майда тастардың, шөптердің, гүлдердің ара-арасынан сылдырап аққан қайнар бұлақ, бірақ арнасына жаңа бір сала ағыны қосылған сайын оның түрі де, тұлғасы да өзгеріп, жылға болады, өзенге айналады, содан кейін алып мұхиттың ақабасыз айдыныңа құяды ол. Мұны шолақ ақылды адамдар тек бір сарынды ғана құбылыс деп таниды, ал ұлы жан иелері ұшы-қиырсыз меңзеу дариясына үңіледі. Осы бір сезім сарындарын, осынау қымбат ұсақ-түйектерді, тіл қазынасынан лайық дыбыстар табылмайтын соншама асыл сөздерді, ең таңдаулы жырдан да гөрі көркемірек көзқарасты қалай ғана бейнелерсің! Әйелге риясыз ғашық болған кезіміздің сол бір құпия мезеттерінде күллі адамзаттың бүкіл поэзиясын жұтып жіберерлік түпсіз шыңыраудың аңғары ашылса керек. Сұлулықтың көзге шалынған құпияларын суреттеуге тіл жетпейтін кезде, жаныңның жалынды, жасырын толқындарын қандай лұғат баяны топшылай алар? Неткен сиқырлық! Оны көргенімнің өзіне рақаттанып, шадыман шаттықтың шарапатына сүңгіп қанша уақыт өткізуші ем! Мен бақытты едім. Неге? Білмеймін. Сол сәттерде, егер Теодораның жүзіне сәуле түссе, ондағы бір қасиет — оның дидары бір түрлі құлпырып, нұр жайнайтын; үлбіреген жұқа өңін алтын буына аптағандай етіп шарпып тұрған сарғылт ұлпа түк оның келісті келбетінің кемерін майдалап қана көмкерулі; күн нұрларында мұнартатын көкжиектің алыс шеңберлері бізді қайран қалдырып, қызықтырмаушы ма еді? Теодораның әлгі келбетінен осындай есті кетіріп, қайран қалдырарлық нағыз сиқырдың сарыны аңғарылатын. Бейне бір күн шұғыласы онымен біте қайнасып, алма бетіне шапағын төгіп еркелеткендей немесе оның нұрлы жүзінен күн шұғыласынан да күштірек жарық сәуле тарағандай; содан кейін оның сүйкімді келбетіне түскен көлеңке де өзінің сарын-құбылыстарын өзгерте, бейнесін әр алуан түрлендіре отырып, оның дидарын безендіргендей болатын. Кей-кейде оның мәрмәрдай ақша маңдайында ой-қиялдың нышаны білінетін тәрізді; екі көзі шырадай жанып, қас-қабақтары керіле қимылдап, жүзінде толқу, қобалжу белгісі ойнап шығатын, күлімдегенде нұрлы жүзі ойнақыланып, ширай түсетін; жымия жылжыған інжу еріндері біресе қусырыла, біресе жазыла жанданғандай; қолаң шашының әлденендей ерекше жылтыры екі жақ самайына күңгірт сәуле шашқандай: оның бет-ажарының әрбір сызығы өзінше сөйлеп тұратын. Әрбір сондай құбылыс арқылы ой-пікір өзі туралы мәлімдейтін секілді, сұлулықтың әрбір көркі менің телмірген көз жанарым үшін жана мереке-думан болып табылатын да, жүрегімде тыңнан бір жұбаныш туғызатын. Оның жүзі құбылған сайын әрдайым мен одан сезім мен үміт нышаның көргім келуші еді. Дыбысты бірден-бірге қақпақылдап қағып алып кеткен тау жаңғырытындай осы үнсіз тілдесу бір жаннан екінші жанға ауысып отырғандай. Осы үнсіз тілдесулер менде терең әсер қалдыратын өткінші қуаныштарға толы еді. Оның лебізі қайдағы бір шектен шыққан ашынудың себепшісі болатын, бұл орынсыз ашынуды жадырату менің өзіме де тым-ақ қиынға соғатын. Егер сол кезде ол өзінің нәзік саусақтарымен төбе құйқамды қытықтай жыбырлата шашымнан сипаса, мен тап сол мезетте Лотарингия ханзадасы сияқты, құрғырдың атын ұмытып қалыппын, алақаныма салған қып қызыл шоқты да сезбеген болар едім. Осының өзі әсте сүйсіну немесе тілек емес, сиқырлану, еліту, таңтажайып жазмыш еді бұл шатыр астындағы баспанама қайтқаннан кейін де үйінде жүрген Теодора менің көз алдыма көмескілеу елестейтін, өз ойымда оның өміріне болар-болмас араласып жүрген сияқты болатынмын; ол ауырып қалса, мен де ауыратын секілдімін, келесі күні: "Сіз ауырып қалдыңыз ғой!" дейтіндей сияқтымын іштей. Артықша ынтызарлығымның күшімен ол түн тыныштығында көз алдыма қаншама елестемеді дейсіз! Кей-кейде ол тұтқиылдан жарық шұғыладай жарқ етіп келіп, қаламымның быт-шытын шығаратын, тылымды да, шұғылданып отырған жұмысымды да үркітіп жіберетін; Ол бір кезде мені сұқтандырған сүйкімді қалпында көз алдыма елестеп, сүйсінуге можбүр ететін. Кей-кейде мен оған қарай елес дүниесіне өзім шарқ ұратынмын, мен оны үмітім деп құттықтайтынмын, күмістей сыңғырлаған лебізіңді тыңдат деп жалынатынмын, оянсам көз жасым қол болып жататын. Бір күні менімен бірге театрға барамын деп уәде берді де, кенет қыңырлығы ұстап, онда барудан бас тартты, өзін оңаша қалдыруды өтінді. Бір күнгі еңбегіме татитын, шынымды айтайын ба? ақтық экю қаржымды жұтып кеткен бұл еркеліктен торытып, енді мен тым болмаса соның барғысы келген жеріне барып қайтпақ болдым: оның көрем деген пьесасын мен де көргім келді. Орныма отыра беруім-ақ мұң екен электр қуаты түртіп қалғандай жүрегім лүп ете түсті, — әлденендей үн: "ол осында", деп сыбырлағандай болды. Артыма бұрылып қарасам, бенуар ложасының түкпірінде, қара көлеңкеде графиня отыр. Менің назарым басқа жаққа аумастан, көздерім ертегідегіге лайық қырағылықпен оны бірден іздеп тапты; менің жаным, гүлге ұмтылған көбелектей, өзінің өмірінің қайнар бұлағына құлаш ұрды. Менің сезімдеріме хабар берген не? Ұшқалақ адамдарды таңғалдыратын құпия діріл пайда болады кей-кейде; бірақ сыртқы әсеріміздің байырғы құбылыстары сияқты, біздің ішкі жаратылысымыздың бұл көріністері де қарапайым. Сондықтан мен оған таңғалмай, қайта ашуландым. Адамның соншалық болмашы ғана дәрежеде зерттелген жан жүйесінің күші жөніндегі зерттеулерімнің, ең құрығанда, маған еткен қызметі сол – ол өзімнің ғашықтығымнан осы жүйем үшін жанды сипаттамалар табуыма мүмкіндік берді. Ғалым мен ғашықтың, нағыз өрескел табынушылық пен ғылыми махаббаттың бұл одағында әлденендей бір ерсілік бар сияқты. Зерттеуші көбінесе, ташық жанды түңілткеніне мәз, ал ғашық жан мұратқа жететініне сенуі-ақ мұң – рақаттану сезімі үстінде ғылымға қолын бір-ақ сілтейді. Теодора мені көрді де, қабағын шытты, сірә, менен қымсынды-ау деймін. Алғашқы үзілісте-ақ мен хал білгелі оның қасына жетіп бардым; ол ложада жалғыз еді, мен де сол жерде отырып қала бердім. Бұған дейін еш уақытта ғашықтық жайын сөз қылмасақ та, мен осы жолы сырымды ашатынымды алдын ала сезіндім. Мен оған өз сырымды әлі ашқан жоқ едім, әйтсе де арамызда келісім сияқты бірдеңе бар болатын: ол серуендеу жоспарларын менімен бөлісетін; ертеңгісін келетін-келмейтінімді алдын-ала бір түрлі дос-жарлық қам көңілмен сұрастыратын; тек менің бір өзіме ғана ұнағысы келгендей, әзіл айтарда көзқарас арқылы әуелі менімен ақылдасып алатын; егер мен өкпелеп қалсам, ол мені мейірлене еркелететін; егер ол ашуланса, мұның себебін сұрауға мен бірсыпыра дәрежеде хақылы да едім; егер мен қандай да бір айыбымды мойныма ала қалсам, ол бұл айыпты кешірмес бұрын ұзақ уақыт жалынып, жалбарынуға мені мәжбүр ететін. Өзімізге ұнайтын осы бір дүрдараздығымыз толық махаббатқа кенеліп тұратын: ондай кездерде ол сондай ерке және сүйкімді болатын да, мен бақыт құшағына бөленуші едім. Бұл жолы екеуіміздің жақындығымыздың арасында сызат пайда болды, бір-бірімізге жат адамдай тұнжырасып отырдық. Графиняның сұсты ызғары мұздай екен, мен бір ылаңның боларынан қауіпсіндім.
–Сіз мені үйге апарып салатын шығарсыз, – деді ол сауық кеші аяқталған соң.
Ауа райы кенет бұзылып кетті. Біз шыққан кезде қар аралас жаңбыр жауып тұр екен. Теодораның күймесі театрдың дәл жаныңа келе алмайтын болды. Әсем киінген ажарлы ханымның көшені кесіп өтетінін сезген даяшы біздің үстімізге қол шатырын тікті де, арбаға мінер кезімізде шайлық ақша сұрады. Менде жарты тиын да жоқ еді; екі су бақыр үшін сол сәтте он жыл өмірімді қиярдай болдым. Еркек болып жаралғандағы қасиеттерімнің бәрін, мендегі намыс атаулының сан алуан нышандарын осы бір дозақ қасіреті мүлдем жаныштап, көміп кетті. Құштарлығымның тауы шағылып, меселі қайтқандықтан, "Ұсақ жоқ еді, сүйкімдім!" деген сөздерім тымақ қатыгез, мейірімсіз үнмен айтылды; өттеген-ай, осы сөздерді сондай үнмен сол адамның бауырласы болып табылатын, кедейліктің не екенін соншалық жақсы ұғына білетін, бір кезде жеті жүз мың франкіні іркілместен оп-оңай бере салған жігіт, мына мен айттым-ау! Теодораның малайы әлгі даяшыны итеріп жіберуі-ақ мұң екен, аттар жүйтки жөнелді. Үйге қайтып келе жатқанда жолай Теодора әлденеге алаңдағандай немесе бірдененің қамында отырғансып, менің сұрақтарыма келте, қырыс жауап қайтарумен болды. Сосын мен де тіс жармадым. Ол бір сұмдық мезет еді. Оның үйіне келгеннен кейін екеуіміз әшекейлі пештің алдына кеп жайласып отырдық. Қызметшісі шам жатып, шытып кеткен сон графиня маған қарап сөз бастады; оның шырайынан ішкі сырын айқындау мүмкін емес еді, бірақ дауысында бір асқақтық бар:
— Мен Францияға келген кезде менің дәулетім көптеген жігіттердің аңсарын аударған көкейкесті мәселеге айналды. Маған ғашық екенін айтып жүз салғандардың талай махаббат зарын да есіттім мен, менің асқақы тәкаппарлығым әбден масаттана аларлықтай да еді оған; маған деген ықыласы сондайлық адал, ынтығы сондайлық терең адамдарды да кездестірдім мен; ертедегі бір кездерімдегідей, тіпті кедей қыз болып шыға қалған күнімде де маған сөзсіз үйленетін еді олар. Маған кейбіреулердің өз дәулетімнің үстіне жаңа байлық пен биік мәртебелі жана атақ дәреже ұсынғандығын біліп қою сізге артық емес, Валентен мырза, алайда сізге және де аян болсын: маған ғашықтығы туралы тіл қатып, ой ұтқырлығының тапшылығын аңғартқан адамдармен содан былай қайыра көріспейтінмін. Егер менің сізге деген көзқарасым жеңіл мінезділіктен туған болса, онда мен сізге мұндай алдын-ала сақтандыру сөздерімді, тәкаппарлықтан гөрі де достық сезімі басым осынау сөздерді айтпаған болар едім. Сүйікті екенмін деп жорамалдап, қашан да болса өзін масаттандыратын сезімнен күн ілгері безетін әйел тойтарысқа ұқсас бірдеңеге ұшырау қатеріне душар болмақ. Арсиноя84 мен Араминта көріністері де маған мәлім, осыған ұқсас жағдайларда есітуім мүмкін болатын жауаптар маған белгілі, бірақ бұл жолы өзімнің жан сырымды қарапайым ықыластылықпен әшкерелеп отырғандығым үшін, менің мұңымды ақыл ой өрісі өз ортасынан жоғары тұрған адам теріс мағынада ұқпас деп үміттенемін.
Теодора менімен әңгімелескенде, дауласудың тәсілдерін немесе келісім шартының статьяларын ақы иелеріне түсіндіретін адвокатша, яки нотариусша байсалды, сабырлы пішінде тілдесті. Оның үнінің айқын және жағымды ырғағы өрепкітендіктің сол ғана да саңылауын сездірген жоқ, тек бөз баяғысынша игі шырайлы, кішіпейіл жүзі мен текті тұрпатында, бейне бір, дипломаттың зымыстан, қуқыл сипаты пайда болғандай. Әрине, ол өзінің сөйлер сөзін толғана өлшеп-пішіп, осы көріністің нобайын алдын ала жобалап алған болуы керек. Уа, қымбатты достым, біздің жүрегімізді парша-парша етіп, оған қанжар сұғудан, сонсоң, жарақат ішіндегі қанжарын оңды-солды ырғап алудан ләззат табатын әйелдер шыныңда да ғажайып сиқырлы емес пе, ондайлар өздері сүюді де, сүйікті болуды да білмейді деп кім айта алады. Ізгі істерің үшін құдай жарылқайды-мыс дейтін еді ғой, сол сияқты олар да, бәлкім бір кездерде ұшан-теңіз азаптарымыз үшін бізді есіркер; қаталдығы өздеріне аян кесепатын жүз есе ләззатпен өтер; сонда олардың кесепаттылығы да құмарта, ынтызарлыққа кенелмей ме? Бірақ, самарқау қияңқылықпен өзіңді өлімші ете азаптаған әйелдің жаныңды қинауына тозу деген нағыз қатал жаза осы емес пе? Сол сәтте Теодора, өзі де сезбестен, менің бүкіл үмітімді тапап, жаныштап, өмірімді күйретіп кетті; әуесқойлығынан көбелектің қанаттарын жұлған жас баланың күнәсыз қаталдығынша, зымыстан бейқамдықпен менің болашағымның тас-талқаның шығарды.
–Түбінде, – деді Теодора, менің достық ықыласымның беріктігін өзіңіз де бағаларсыз деп үміттенемін. Достарыма әрдайым мейірімді екеніме, шын берілгендігіме өзіңіздің де көзіңіз жетер. Олар үшін мен өмірімді де қияр едім, бірақ өзім ынтық болмай тұрып әлдекімнің махаббат сезіміне көнсем, мені ең алдымен сіз өзіңіз-ақ жек көрген болар едіңіз. Жә, жетер енді. Осы ақтық сырымды ақтара айтқан бірден-бір адамым тек сіз ғана.
Алғашқы қарқында айтарлық сөз аузыма түспей де қалды, ішімде аласұрған долы дауылды зорға толастаттым. Әйтсе де лезде жүрек қобалжуын жан тұңғиығына сүңгіттім де, сол күлімсіредім.
–Егер, – дедім мен, – сізді сүйемін десем, сіз мені қуып жіберерсіз, егер мен өзімді сіз жөнінде бейжаймын деп айыптасам, сіз мені жазаға тартарсыз. Священниктер, судьялар және әйелдер еш уақытта ішкі сырын сыртқа шығарып ақтармас болар. Үндемеген үйдей пәледен құтылады; маған да үндемеуге рұқсат етіңіз. Әйтсе де маған туысқандарша алдын-ала сақтандыру айтқаныңыз, тегі, менен айырылып қалармын деп қауіптенгеніңіз ғой, осы ойдың өзі де менің асқағы тәкаппарлығымды масайрата алатын сияқты. Бірақ жеке бастың әңгімесін былай қоя тұрайық. Табиғат заңына соншалықты қайшы келетін бір шешімді мен әйелдердің ішінде, бәлкім, жалғыз сізбен ғана философша талқылай алармын. Өзіңізбен жыныстас өзге жандармен салыстырғанда сіз бір өренсіз. Қане осы психологиялық қалыпсыздықтың себебін екеуіміз адал арымызбен әділ талдап көрейікші. Мүмкін, өздерің тәкаппар тұтатын, өздерінің мінсіз кемелдігіне өздері ынтық болатын көп әйелдердей, сізде де бір нәзік өзімшілдік сезімі бар шығар? Еркекке тәуелді болатыныңызды ойлағанда, өз еркіңізден безуге тура келетінін сіз үшін қорлық болып табылатын шартты артықшылыққа бағынуға тура келетінін ойлағанда, жаныңызды түршіктіретін шығар осы ойлар? Олай болғанда, сіз маған бұрынғыңыздан мың есе абзалырақ болып көрінер едіңіз. Әлде, бәлкім, алғашқы махаббаттан бір қоршылық көрген жеріңіз бар ма? Мүмкін, өзіңіздің тал шыбықтай бұралған қыпша беліңіздің көркін, көрген көз сүйсіндірерлік сымбатыңызды соншалық жоғары бағалауыңыз әйелдің ажарын тайдыратын аналық міндетінен қауіптенуіңізге сізді мәжбүр ететін шығар; сізді аса күшті махаббаттан бездіретін нағыз келелі құпия дәлел осы емес пе екен? Әлде, бәлкім, сізді өз еркіңізден тыс мейірбанды етерліктей қандай да бір ғаріптігіңіз бар ма екен? Ашуланбаңыз, мен талдау жасап, талқыға салып отырмын ғой, құмарлықтан мың миль аулақ отырып зерттеуім ғой бұл. Іштен туа болатын соқырларды дүниеге әкелетін табиғат махаббат жөнінен де туа меңіреу, туа соқыр, туа мылқау әйелдерді де туғыза алады. Дәрігерлік тылымның әр алуан бақылау, байқау жасауы үшін сіз, шыныңда да, аса қымбат жансыз. Сіз өзіңіздің қандайлық қымбат нысан екеніңізді білмей жүрсіз. Сіздің еркектерден жеруіңіз әбден заңды да болуы мүмкін; мұныңыз маған өте түсінікті: олардың бәрі затын, пасық сияқты болып көрінеді сізге. Бірақ асылында сіздікі жөн, дегенді қоса айттым мен жүрегімнің өрепкігенін сезе отырып, біздерден сіз жеруге тиіссіз: сізге ақыл-парасаты тең келерліктей лайықты еркек жоқ!
Оған күлкімен араластыра айтқан зәрлі сөздерімнің бәрін саған қайталап жатпай-ақ қояйын. Айтып-айтпай немене? Нағыз шанышпа сөздер, нағыз ұлы мысқыл онда ызаланғандықтың, ашынғандықтың зәредей де нышаның туғыза алған жоқ. Еріндерінің емеурінінде, көздерінде жайшылықтағы күлімдеген қиянатын сақтай отырып-ақ, менің сөздерімді тырп етпей тыңдап отырды; қашанда, кіреуке есебінде пайдаланатын, достары үшін де, жай таныстары үшін де, бөгделер үшін де қолданатын бәз-баяғы күлән жымиысынан танған жоқ.
– Өзімді көрініске қойғандағыдай, бақайшағыма дейін талдауға жол бергенім, бұл да болса мейірімділігім емес пе? – деді ол, менің үн қатпай бетіне қарап қалған сәтімді тосып алып. Көріп отырсыз ғой, – деді күлкі аралас сөзін жалғастыра, достыққа келгенде менде есуас өкпешілдік жоқ. Мынау әдепсіздігіңіз үшін талай әйел сізді үйінен айдап шығар еді.
– Қаталдығыңыздың себебін дәлелдеп жатпай-ақ мені қуып жіберуіңізге болады.
Осы сөзді айта тұрсам да, егер ол үйіме келме десе, өлтіріп тастаута бейіммін-ау деп ойлап қалдым.
– Есалаң! – деді Теодора күлімдеген күйінде ерекше бір леппен айтып.
– Сіз, сірә, ғашықтықтың күшті көріністері туралы ойлап көріп пе едіңіз? – дедім мен тағы да, түңілгендіктен, сүйген жарын өлтіріп тастаған еркектер аз емес.
– Бақытсыз болғанша өлген артық, – деді ол салқын үнмен, жаратылысында сіз секілді құштар адам түбінде әйелінің бар дәулетін төгіп-шашып құртады да, оны жұрдай тып жер соқтырып, зытып отырады.
Мынау есеп мені есімнен адастырды. Бұл әйел мен біз екеуіміздің арамызда түпсіз шыңырау жатқаның айқын көргендей болдым. Біз бір-бірімізді еш уақытта да ұғыныса алмайтындай екенбіз.
– Қош болыңыз, – дедім салқын жүзбен.
– Қош болыңыз, – деді ол достық қалыппен маған басын изеп. Ертеңге дейін.
Бір сәтке оған қарап қалдым, махаббаттан әлі-ақ безініп үлгерсем де, көз жанарымда махаббат ұшқыны шашырап тұр еді. Ол түрегелген күйі күлімдеп тұра берді, жаттап алған осы сұрқия күлкі, мәрмәр мүсіннің жексұрын жымиысы, өзінше сүйіспеншілік білдіретін тәрізді, бірақ онысы тым ызғарлы сүйіспеншілікке ұқсас. Қар аралас нөсер жаңбырдың астында үйге қайтып келе жатқанымда, бәрінен жұрдай болып, жағалаудағы көшенің тайғақ мұздағымен бүкіл бір миль жол жүріп өткенімде, қандай қасірет дариясына сүңгігенімді ұғына алар ма екенсің, жарқыным? Уа, дариға! Мені өзіндей дәулетті санап, күймелі арбада кетіп барады ғой деп есептейтіндіктен, менің сорлылық жағдайым Теодораның ойына да келмейтінін ойлау қандай азап! Соның өзінен де қаншама құрбандық, қаншалық айла-шарғы! Іс ақшада ғана емес, мәселе менің бүкіл жан жүйемнің барлық қазынасы жөнінде болып отыр ғой. Осынау одағай ерсі ойға беріліп, өзіммен-өзім сөйлесіп келе жатқанда, бетімнің ауған жағына бұрылып кетіппін. Өз топшылауларымның ұшығына шыға алмай, шатасқаным сонша, ақыр-аяғында сөздер мен идеялардың шынайы құныңа күмән келтіре бастадым! Солай бола тұрса да мен оған ғашық едім; жүрегі қай сәтте болса да көнуге, бағынуға пейіл және өзінін кешегі уәделерінен үнемі танып, күн сайын кескінін өзгертіп отыратын осынау сұсты әйелге ғашық едім мен. Институт маңынан өтіп бара жатып, кенеттен безгек ұстағандай қалшылдағанымды аңғардым. Түк дәм татпағаным сонда ғана есіме түсті. Қалтамда көк тиын жоқ еді. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырып жауыннан қалпағым да құрысып қалыпты. Лақтырып қана тастарлықтай халге жеткен бұл қалпақпен мұнан былай әлгі әсем киімді сұлу әйелдің қасына, оның қонақ үйіне қалайша бара алармын! Бас киімімізді көрініске ұсынуға, оны қолда ұстап жүруге бізді душар еткен есуас, ақымақшылық моданы қаншама қарғап-сілесем де, ерекше ұқыптылығымның арқасында қалпағымды әжептәуір сайлы етіп сақтап келіп едім. Сұқтанарлықтай жаңа да емес, өрескел ескі де емес, қызыл шақа боп қырқылып, түлеп те қалмай, құлпырып та тұрмай, әйтеуір ұқыпты адамның бас киімі деуге сиярлық қалпақ еді ол, әйтсе де өнерлеп ұстап келген өмірі ақырғы кезеңіне тақаулы екен. Ақау түсіп, кенеуі кетіп, тозығы жеткен бұл қалпақ нағыз лыпа-шоқпытқа, иесінің өзіне лайықты мүлкіне айналған-ды. Отыз су ұсақтың болмағандығынан, ептілікпен лекерлеп жүрген кербездігімді де мерт еттім. Япырмай, осы үш айдың ішінде бір Теодора үшін қандай ғана дерексіз құрбандықтар кешпедім мен! Тіпті онымен бір мезет көрісу үшін ғана бүкіл бір аптаға жетерліктей нан сатып алуыма жетерлік ақшамды да шығын қылып жүрдім-ау. Жұмысты тастап, аш жүру ештеңе емес қой әлі! Ал, бірақ бүкіл Парижді аралап өткенде де батпаққа былғанбай, жауыннан жүгіре қашып құтылып, Теодораның төңірегін қоршалап жүрген сәнқой қуыс кеуделердей, оның қасына соншалық сыпайы киініп келе білу деген беу дүние-ай! Иә, ғашықтық зарын тартқан алаңғасар ақын үшін мұндай міндет сансыз қиыншылықтар туғызады да! Менің рақатқа бөленуім, махаббатым жалғыз ақ жилетіме жұққан болмашы кірге де тәуелді еді! Үстін ластап, суға малшынсаң болды, ол әйелді көруден қалғаның ғой! Етікке жұққан балшықтың ізін сүрткізу үшін аяқ киім тазартушыға төлерлік бес су майданың да болмағаны не деген қорлық! Күйгелек адам үшін өлшеусіз уайым болып танылатын осындай ұсақ-түйек, дерексіз азаптардан менің Теодораға ынтызарлығым үдей берді. Кедейлер қашанда құрбандықтарға душар болмақ, бірақ сән-салтанат пен әсемпаздық аясында тіршілік етіп, дүниеге адамдар мен заттарды алтынның буына малынғандай етіп көрсететін шыны арқылы қарайтын әйелдерге кедейдің бұл құрбандықтары туралы айтуға рұқсат жоқ. Өзімшіл болғандықтан жайдары, әдепті болғандықтан қатыгез осы әйелдер тек ләззат алуға ғана құмартып, ой-пікір атаулыдан аулақ болады, пенденің бақытсыздығына немқұрайлы қарайтының олар зауық, ермекке әуестенгендіктің салдары деп ақтайды. Олар үшін тиын еш уақытта да миллион бола алмайды, ал миллион әрдайым тиындай ғана көрінеді. Махаббат өз ісін орасан зор құрбандықтардың көмегі арқылы ғана ұға алатыны былай тұрсын, ол аз, оның үстіне ол сол құрбандықтарын кішіпейілдікпен бүкеншік арқылы көлегейлеп, үн-түнсіз жинап алуға тиіс: алайда бай адамдар өздерінің дәулеті мен өмірін сарп еткенде, өздерін құрбандыққа шалғанда, зиялы қауымның соқыр сенімдерінен олжа табады, әрдайым бұлардың жігітшілік дуаналықтарына белгілі дәрежеде көрік беретін осы соқыр сенімдерін пайдаланады; олардың үндемеуі де мәнді, бүркеніші де жарастықты, әсем; ал менде ондай дәрмен жоқ, сұрапыл мұқтаждық мені жантүршігерлік азаптарға душар етуде, асылында менің "Сүйемін!" немесе "Өлемін!" деуіме де жол жоқ. Бірақ, түбегейлеп келгенде, менің мұным өзімді-өзім құрбан еткендік пе еді? Барымды Теодораның жолына шалғандағы түйсінген рақат мен үшін жомарттық төлем болмап па еді? Графиняның арқасында өмірімнің аса тұрпайы уақиғалары да ерекше маңыз алып, керемет ләззаттарға тоғысқан-ды. Бұрын сәндену жөнінде мүлдем бейқам болсам, енді фрак менің, бейне бір екінші "өзім" тәрізді, тым қадірлейтін киімім болып алды. Өзің жаралы боласың ба, әлде фрагің жыртылсын ба? Қалауыңды ал десе, таңдаудан іркілмес едім! Сен менің жағдайымды байыптап, егжей-тегжейіне үңілші, сөйтсең жолшыбай келе жатқанымда, мені билеген және жүрістің арқасында ұлғайып, онан сайын күшейе түскен пікір ашынуын, үдемелі аласұрғандықты әбден ұғына аларсың! Түңілу шыңына шыққанымды сезіп, әлдеқандай тамұқтың қуанышын түйсіндім мен. Осы ақырғы дағдарысымды бақыт болжауы деп жорығым келді; бірақ қырсықтың қазынасы түпсіз ғой. Мейманхананың есігі жартылай ашық тұр екен. Кішігірім жүрек түрінде оюланған терезе қақпағының саңылауынан көшеге жарық сәуле түсіп тұрғаның байқадым Полина мен шешесі мені тосып, әңгімелесіп отыр екен. Есімім аталғаның есітіп, тыңдай қалдым.
– Рафаэль, – деді Полина, жетінші нөмірдегі студенттен анағұрлым артық! Оның ақселеу шаштары сондай әдемі! Байқайсың ба, оның үнінде жүрек тебірентерлік әлдене бар секілді. Және тағы, сырт пішіні азырақ тәкаппарлау тәрізді болғанымен, ол сондай мейірімді, сын-сипаты сондай сымбатты! О, ол маған өте ұнайды! Әйелдердің бәрі де оған есі кете ынтық екеніне сенімім кәміл
– Сен ол жөнінде, тегі, оған ғашық болған кісіше айтып отырсың ғой, жаным, дегенді ескертті Годен ханым.
– О, деп Полина күле жауап қайырды, мен оны ата есебінде сүйемін! Менде оған деген достық сезім тұтанбаса, менің мұным барып тұрған таупықсыздық болар еді. Маған музыканы, сурет салуды, грамматиқаны — қысқасы, қазіргі білетінімнің бәрін үйреткен сол емес пе? Сен менің жетістіктеріме жеткілікті назар салмай жүрсің, мама, ал мен көп ұзамай сабақ бере аларлықтай дәрежеде білімді болып келе жатырмын, сол тақта біздің қызметші әйел ұстауға да мүмкіндігіміз болмақ.
Мен сездірместен ақырын тана шегініп, кейін қарай кеттім; сонсоң жорға дыбыс білдірдім де, әдетте, Полина жатып беретін шамды өзім алып кетпек болып залға кірдім. Байғұс сәби менің жан-жарақатыма ем боларлық бальзам құйды. Аңғырттықпен асыра дәріптегені аз да болса менің жабырқаулы көңілімді жадыратты. Өзіме-өзім сенгендік, шынайы қасиеттеріме риясыз баға берілуі маған аса қажет екенін сезіндім, осының арқасында менде үміт ұшқыны тұтанды, мұның өзі, бәлкім, айналамда көргендерімнің бәріне де жарық сәуле түсірсе керек. Мүмкін, осы екі әйел отырған залда менің көз алдымнан соншалық жиі өтіп жатқан көріністерге бұған дейін мен шындап назар аудармаған да шығармын. Бірақ дәл осы жолы барынша болмыс шындығындағы тамаша ғажайып көрініске, бір кезде фламанд суретшілері соншалық аңғалдықпен бейнелеген жұпыны тұлғаларға мейлінше сүйсіндім. Анасы шоғы сөнуге айналған ошақтың маңында шұлық тоқып отыр, оның еріндерінің емеурінінде ізгілік нышаны ойнақшығандай. Полина кішкене үстел үстіне кере жайған желпіуіштеріне сыр-бояумен өрнек салып отыр. Оның сурет қаламдары мен бояу-сырлары еріксіз көз тартып, сұқтана қарарлық күшті әсер туғызулы; ал, ол орнынан ұрып, шам жаға бастаған кезінде жарық сәуленің бәрі оның аппақ тұлғасына түгел төгілгендей секілденді. Оның ашаң, алқызыл кішкене қолдарына, мінсіз бас бітіміне, раушан қыз көркіне сұқтанбаса, тек сұрапыл құштарлыққа құл болған жан ғана сұқтанбас! Түн тыныштығы осы бейуақыт еңбекке, үй ішіндегі бейбіт көрініске бір түрлі сиқырлы тартымдылық үстегендей. Өмір бойы еңбек үстінде, әрдайым жайдары жүретін бұл екі әйел нағыз ізгі сезімдерге бөленген діншіл көндем жандар еді, нақ христиандарша момақан еді. Мұнда заттар мен адамдар арасында айтып жеткізе алмастық жарастық өмір сүрулі. Теодораның сән-салтанатында бір түрлі қуаңдық болатын да, оның өзі менде арам ойлар оятатын, ал мынау момақан кедейлік, осы бір қарапайымдылық пен табиғилық менің жан жүйемді тыңайтып жібергендей. Бәлкім, сән-салтанат ішінде мен өзімде кемсіну сезетін болуым мүмкін, ал мына екі әйелдің маңында, қарапайым өмір, бейне бір, жүректің қимылдарынан өзіне пана табатындай көрінетін осы күңгірт залда, бәлкім, өзіммен-өзім ымыраласатын болсам керек; осында жанашырлық көрсетерлік кісілерім де бар; ал еркектер өздерін қамқоршы деп санағанды әрдайым тілейтіні белгілі. Мен Полинаның қасына таман келгенімде, ол анаға тән дерліктей елжіреген көзбен маған қарай қалды да, қолдары қалтырап кетті, шамды шапшаң орныңа қоя салып, дауыстап жіберді:
– Жасатан-ау! Сіздің өңіңіз мұнша неге боп-боз? Түу, бұл малмандай су болыпты ғой! Анам киіміңізді кептіріп берер... Сіз сүтті жақсы көресіз ғой.. Аз-кем үнсіздіктен кейін Полина сөзін ұластыра берді: Бүгін бізде қаймақ бар, мінекей, татып кәргіңіз келе ме?
Полинаның сүт толтырулы фарфор құмыраның қасына мысықша орғып барып, жедел қимылмен маған ұсынғаны, менің алдыма мүләйім пішінмен әкеп қойғаны соншалық, мен толқи бастадым.
– Шынымен-ақ сіз мен берген дәмнен бас тартқаныңыз ба? – деді ол даусы өзгеріп.
Біз, екі өркөкірек, бір-бірімізді ұғыныса қалдық: Полина, бейне бір өзінің кедейлігіне налып, мені тәкаппарлығым үшін құстана ететін тәрізді. Көңілім босап, аза бойым шымырлап кетті. Бұл қаймақ, ықтимал, оның таңертеңгі қорегі шығар. Алайда, мен одан бас тартқаным жоқ. Байғұс қыз көз жанарындағы ұшқын шашқан қуанышты жасыруға әрекеттенді.
– Иә, менің қарным ашып қалған екен, – дедім мен отыра беріп. (Полинаның маңдайынан әлде бір қам көңілдің көлеңкесі сырғып өтті). Боссюэ85 кітабының мына бір жері есіңізде ме, Полина: шөліркегенге бір жұтым су бергеннің қайырымы ұлы жеңіске жеткендегі тәңірі жарылқағаннан анағұрлым артық, делініп еді ғой онда.
– Иә, дегенде Полинаның көкірегі нәрестенің қолына түскен қызыл төс шымшықтай тулады.
– Мінеки, былай, – дедім мен бұған қоса, даусым сәл тосаңсып, біз кешікпей айырылысармыз, сірә; сіздің және анаңыздың маған көрсеткен қамқорлықтарыңыз үшін сіздерге зор алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер.
– Ой, тәйірі-ай, есептеспелікші! – деді ол күліп.
Жүрегінің өрепкігенін күлкімен тұмшалағаның көргенімде жаным ашып, қатты мүсіркедім Полинаны.
– Менің фортепьяном, дей бердім оның сөзін есітпегенсіп, Әрар: аспаптарының ең таңдаулыларының бірі. Алыңыз соны. Ұялмай-ақ алыңыздар. Шыным сол, саяхатқа әзірленіп жүрмін, бәрібір өзіммен бірге ала кете алмаймын ғой.
Бәлкім, осы сөздерді жабырқаған үнмен айтқандығым екі әйелдің екеуіне де ой түсірді ме екен, әйтеуір олар бейне бір менің сырымды ұққандай, үрей аралас еліккендік пішінмен маған қарай қалысты. Зиялы қауымның суық-сырдан өңірінен іздеп таппай, қолыма түсіре алмай жүрген дос-жарлық осында, өзімнің алдымда екен, болғанда да риясыз, қайырымды, бәлкім, баянды да досжарлық болса керек бұл.
– Сол сергелдеңнің қажеті не? – деді мейірімді ана. Осында-ақ болыңыз. Менің ерім осы күні сапар үстінде, дей берді ол сөзін ұластыра. Бүгін кешкілік мен Иоанн інжілін оқыған кезімде, Полина тәуратқа байлаулы кілтті саусағына іліп, ұстап тұр еді, кілт шырт етіп айналып кетті. Бұл сәуегейлік Годеннің сау-сәлемет, хал-ахуалы шүкір екенін болжайды анық ырым. Полина сізге арнап және жетінші нөмірдегі жігітке арнап, сол кілтпен қайтадан бал ашып көріп еді, тек сізге арналған кілт қана шыр айналды. Бәріміз де дәулетті болады екенбіз. Годен миллионер боп қайтар деймін, мен оны түсімде көрдім: жылан толы кемеге мініп келеді екен; ырысымызға қарай, су лай еді: Бұл алтын және алыстағы, теңіздің ар жағындағы елдердің қымбатты асыл тастары деп жорылады. Сырқат нәрестесін әлдилеген ананың көмескі әніне ұқсас осы бір дос-жар, мағынасыз сөздер мен үшін бірқыдыру жұбаныш тәрізді болды. Ізгі әйелдің үні мен көзқарасында, мендегі қасіретті жоя алмаса да, оны тежейтін, тербететін, мұқалтатын жылы шырайлы ықыластылық мол еді. Анасынан гөрі анағұрлым қырағы Полина мені сынап, үрейлене қарай қалды, оның ақылды көз жанары, бейне бір, менің өмірімді, болашағымды болжап, аңғарып тұрғандай. Мен анасына да, қызына да ізет көрсете бас изеп, алғыс білдірдім де, көңілім босап кете ме деп қауіпсініп, тезірек кетуге асықтым. Өз бөлмеме келісімен жападан-жалғыз, өзімнің бақытсыздығыма налып, ой шыңырауына үңілдім. Қатерлі қиялым еш нәрсеге де негізделмеген мыңдаған жобаларды көз алдыма елестетті, мүмкіндігі жоқ байламдар бұйырды. Өзінің бұрынғы ең дәулетінің жұрнақтары арасында итшілеп тіршілік еткен адам да күн көрерлік әйтеуір бірдеңе табады ғой, ал менде іліп алар түк жоқ-ты. Уа, сүйікті достым, біз кедейлікті тым оңай ғана кінәлаймыз ғой. Әлеуметтік еріткіштердің бәрінің ішіндегі аса белсендісінің нәтижелерін есіркейтін де болайықшы бір ауық. Кедейлік үстемдік құрған жерде содан әрі ұят та, қылмыс та, мейірбандық та, ақыл да өмір сүре алмақ емес. Жолбарыстың алдында тізе бүккен балғын бикеш тәрізді, менде сол шақта ешқандай пікір де, күш те жоқ еді. Құмарлыққа құнықпаған адам, ақшасы болмаса да, өзін-өзі билей алады, ал ғашық болған қу кедей содан былай өзіндік емес бірақ ол өзін өлімге де қия алмайды. Махаббат біздің өзіміз жөнінде көкейімізге ізгі сезім ұялатады, біз өзіміздің ішіміздегі өзге бір өмірді қадір тұтамыз. Ендеше, махаббат бақытсыздықтардың ең сұрапылы болмақ, өзімізді азап шегуге көндіретін үміткерліктен де құр емес нағыз сойқанды бақытсыздық болмақ. Мен ертең Растиньякқа барып, Теодораның ала-бөле ерсі шешімге бел байлағаның айтпақ болып жатып, ұйықтап кетіппін.
–Бәсе! Бәсе! – деді Растиньяк таңертеңгі сағат тоғызда-ақ кіріп келгенімді көріп, сенің неліктен мұнда келген сыңайыңды танып тұрмын: сірә, Теодора сені тағыңнан тайдырса керек. Графинята ықпалың жүріп тұрғаның күндейтін мейірімді жандар сендердің тойларың болатының да жариялап үлгірген-ді. Құдай біледі, сенімен бақталас болушылардың саған телімеген делқұлылығы қалмаған шығар, сені қаралаған кесапат сөздердің айтылмағаны кемде-кем-ақ шығар.
– Барлығы да айқын! Баяғыдан бергінің бәрінің түп себебі осы екен ғой! деп айғайлап жіберіппін сол шақта.
Мен өзімнің барлық дөрекіліктерімді есіме түсіріп, графиня өзін өзі тамаша, әдепті ұстаған екен-ау деп таптым. Өз пікірімше, мен өзімді әлі де жеткілікті дәрежеде зарықпаған сұм деп таныдым да, графиняның есіркегенін сүйіспеншіліктің шыдамды жанашырлығы екен деп шамаладым.
– Асықпайық, – деді естияр гаскондық. Теодорада мейлінше өзімшіл әйелдерге тән көрегендік, зирек дарын мол; сенің көзіңе оның дәулеті мен сән-салтанаты ғана шалынып жүрген кездің өзінде-ақ ол бәлкім, сен жөніндегі топшылауын қорытып та қойған болуы мүмкін, сен қаншама епті болғаныңмен, ол сенің жан сырыңды жазған хаттай танитын болар. Ол өзі де мейлінше сыр түйгіш тұйық болғандықтан, тұйықтықтың титтейіне де рақымсыз! Бәлкім, – деді Растиньяк тағы да үстей, мен сені жөнсіз жолға бағдарладым білем. Ақыл-парасаты, ибалығы қаншама кәміл болғанмен, Теодора менің білуімше, тек зейін ләззатын ғана білетін барлық әйелдер сияқты, өктем жан бола ма деймін. Ол үшін барлық рақат түгелдей тұрмыс игілігінде, қоғамдық сауық-сайранда ғана: сезім дегеніңіз ол үшін оның өзінің атқаратын рольдерінің бірі ғана; ол сені бақытсыз етер еді де, өзінің бас жалшысына айналдырар еді.
Бірақ, Растиньяктың бұл сөздері меңіреуге айтылғандай еді. Мен оның сөзін бөліп жіберіп, ойнақы жалған жайдарылықпен өзімнің қаржы жағдайымның қандай екенін баяндап, кес-кестей бердім.
– Кеше кешкілік, деп жауап қайырды ол, жауыз тағдыр менің иемденгелі тұрған бар ақшамды жытырып жіберді. Осы бір тұрпайы сәтсіздікке ұшырамағанда, мен әмиянымды сенімен құлшына ортақтасар едім. Жүр, шарапханаға барып тамақтанайық, теңіз бақасын шайнап отырып, бәлкім, бірдеңе ойлап табармыз.
Растиньяк киініп, тильбюриге86 ат жеккіз деп жалшыларына әмір берді. Содан кейін екеуміз екі миллионерге ұқсап, қолда жоқ, қиялда мол қазынаның буына семірген оспадарсыз алыпсатарлардың арсыз пішінімен "Кафе де Париге" келдік. Мынау гаскондық шайтан өзінің еркінсіген бейпілдігімен, саспас сабырлы паңдығымен мені жасқантып, имендіріп барады. Өте келісті, талғаулы тағамдардан кейін кофе ішіп отырғанда, кескіндерінің сүйкімділігімен де, киімдерінің сәнділігімен де назар аудартарлық лайықты жастардың бүкіл бір тобымен бас изесе амандасып үлгірген Растиньяк, осындай мырзалардың бірі кіріп келе жатқаның көріп:
– Әнеки, сенің ісің оңғарылуға айналды, – деді маған.
Сөйтті де, тамаша жарасымды галстук таққан, өзіне лайықты үстел таңдаған джентльмеиге онымен сөйлескісі келетіні жайлы ым қақты.
– Бұл зымиян, – деді Растиньяк менің құлағыма сыбырлап, мағынасы өзіне де ұғымсыз шығармаларын жариялап, сол үшін орден алды, ол химик, тарихшы, романшы, публицист, көптеген пьесалары үшін театрлардың түсімінен тиесілі төрттен бір, үштен бір, тіпті тең жара сыбағалар алып тұрады; осының бәріне қарамастан, шіп-шикі надан өзі. Бұл кісі емес, құр есім, жұртқа жағымды жарнама. Сондықтан маңдайшасында: "бұл жерде өзіңнің жазуыңа болады" деген жарнамасы бар кабинеттерге кіруден ол тайқақсып жүреді. Оның айлакерлігі сондай, тіпті бүкіл бір конгресті ақымақ етіп кете алады. Екі ауыз сөзбен айтқанда, мораль тұрғысынан қарасаң, ол бұдан, онша ақ пейіл адал да емес, шығандағы бұзық та емес. Ақырын, абайла! Ол дуэльде де атысып көрді, ал жарқылдақ қауымға осыдан артықтың керегі де жоқ: "Бұл құрметті адам!" деседі ол жөнінде.
– Уа, менің аса қадірменді достым, менің ардақты достым! Хал-ахуалыңыз қалай? – деді Растиньяк бейтаныс жігіт көршілес үстелге отырысымен.
– Жай әншейін, пәлендей жақсы да емес, онша жаман да емес... Жұмыс бастан асады. Аса қызғылықты тарихи естеліктер жазуға қажетті материалдардың бәрі де қолымда, бірақ осыларымды қалай жүзеге асыруды білмей жүрмін. Мені сол қинап жүр. Асығу керек, әйтпесе естеліктер салттан шытып қалуы мүмкін.
– Осы замандікі ме, әлде ескіліктің естеліктері ме? Сарай төңірегіндегі өмір туралы ма... Болмаса, не туралы?
– Алқа уақиғасы жөніндегі іс туралы.
– Мінеки, керемет емес пе бұл? – деді Растиньяк күле сөйлеп.
Сөйтті де, мені нұсқап, саудагерге айтар сөзін жалғастыра берді:
– Мына жігіт, де Валентен мырза, менің досым, әдебиеттегі болашақтың атақты дөкейі ретінде сізге таныстырғаным. Оның нағашы апасы маркиза бір кезде сарай маңында ықпалы мықты болған кісі екен, бұл жігіт екі жылдан бері роялизм рухында революция тарихын жазумен шұғылданып жүр.
Содан кейін әлгі өзінше бір пысықайдың құлағына еңкейіп:
– Дарынды адам, бірақ аңғал. Әр томына жүз экю төлесеңіз, сізге өзінің нағашы апасы атынан сол естеліктерді жазып бере алады, – деді Растиньяк.
– Жарайды, деп жауап қайырды анау да галстугін түзетіп жатып. Әй бала, теңіз бақасын әкел!
– Бірақ делдалдығым үшін сіз маған жиырма бес луидор, оған алдын ала бір том үшін жүз экю төлейсіз, – деп Растиньяк сауданы пісіре берді.
– Жоқ, жоқ, атамаңыз. Елу экюден артық аванс төлей алмаймын, онда да қолжазбаны тезірек алармын деген сеніммен тана. Сөйтсем, көңілім тыныш болар.
Растиньяк жанағы сұмпайы сауданың әңгімесін маған сыбырлады да, менің жауабымды күтпестен:
– Біз ризамыз, – деді. Бұл істі біржола тындыру үшін сізбен қашан көрісуге болар екен?
– Несі бар, ертең кешкі сағат жетіде түскі тамаққа осында келіңіздер.
Біз түрегелдік. Растиньяк қызметші балата майда тиындар тастай беріп, тамақ ақысы есептелген қағазды қалтасына сұға салды. Біз шығып жүре бердік. Менің қадірменді нағашы апам маркиза де Монборонды Растиньяктың сондайлық оп-оңай сатып жібергені мені қайран қалдырды.
– Әулетімнің атағына кір келтіргенше, Бразилияға барып, түк ұқпасам да, үнділерге алгебра оқытқаным артық бұдан да.
Растиньяк қарқ-қарқ күлді.
– Ау, ақымақ емеспісің өзің? Әуелі елу экюді ал да, естелік жаз. Жазып болғаннан кейін оны нағашы апанның атынан жариялаудан бас тарт, топас неме! Жаңғылықта қаза тапқан де Монборон ханымның, оның шытырман көйлектерінің атақ даңқының, сұлулығының, опа-далаптарының, туфлилерінің құны, әрине, алты жүз франктен де артық болуы тиіс. Егер баспагер сенің нағашы апаң үшін толымды баға кеспейтін болса, онда мейлі, естелікке қол қоюға қайдағы бір алаяқ кәрі кавалерді немесе жүдеп-жадаған құр сүлде графиняны тауып алар.
– Әттеген-ай! Қасиетті құжырамнан несіне безіп кеттім екен! – дедім мен ышқына налып, астарын айналдырып қарағандағы жарқылдақ қауымың неткен лас, неткен сүмпайы еді.
– Ой, сенін мұның поэзия ғой, – деп жауап қайырды Растиньяк, ал, әңгіме іс туралы болып отырған жоқ па? Сәби екенсің ғой өзің! Тыңдашы: естеліктеріңді алсақ, оны жұрт бағалар; ал әдебиеттегі мынау жеңгетайды айтатын болсақ, ол сорлы осыған өзінің сегіз жыл өмірін сарп еткен жоқ па, баспа орындарымен байланысы үшін қатал тәжірибемен құн төлеп отырған жоқ па? Кітапқа сіңіретін еңбектің тең болмағанмен, сыбағаның молын сен алғалы тұрған жоқпысың? Оған тиесілі мың франктан гөрі, өзіңнің алатын жиырма бес луидорың сен үшін анағұрлым қымбатырақ емес пе? Жүз экю үшін Дидро87 алты уағыз жазғанда, қалай да олай, әйтеуір, көркем-өнер шығармасы боп саналатын тарихи естеліктер жазбастай саған не көрініпті!
– Ақыр-аяғыңда, – дедім мен ой толқыны үстінде, маған осыдан басқа лаж жоқ. Сонымен, достым, саған алғыс айтуыма рұқсат ет. Елу экю мені байытып-ақ жіберер.
– Өзіңнің ойлағаныңнан гөрі де байырақ боларсың, Растиньяк күлкісімен сөзімді бөліп жіберді. Делдалдығым үшін Фино маған да ақы төлейді, бұл да саған тиетінін аңдаған жоқсың ба? Булонь орманыңа барайық, – деді ол, онда сенің графиняңды көрерміз; өзім үйленгелі жүрген тым тәуір жас жесірді де саған көрсетейін.
Бүлдіршіндей тым тартымды жан, Эльзаста туып-өскен, жалғыз-ақ кінәраты сол семіздеу. Канттың, Шиллердің, Жан-Польдің шығармаларын, сұйық заттардың қимыл-әрекеттері жөніндегі тылымнан толып жатқан кітаптарды оқыды. Ол үнемі менің пікірімді сұрауға әуес-ақ бір түрлі сондай дертке шалдыққан ба дерлік; амал жоқ, немістің сезімталдығын түсінетін, ұшы-қиыры жоқ балладаларды білетін кісінің қалпын көрсетуіме тура келеді, дәрігер тыйым салса да, ұйқы келтіретін осы дәрі-дәрмектің бәрін де ішуіме тура келеді. Мен әлі де болса, оны әдебиетке деген ынта-шабытынан айныға алмай-ақ келемін: Гете шығармаларын оқығанда кеңкілдеп тұрып жылайды, оған жарамсақтанып, мен де көзімнің жасын аздап сіркуге мәжбүрмін, неге десең, сүйікті достым, жылына елу мың ливр кіріс кіргізерлік дәулет, дүние жүзіндегі ең әсем аяқ, ең әсем қолдар осыны істеткізбей қояр ма... Әттең, тілінің шолжыңдығы болмаса, жігіттің арман еткен ақ сүйрігі сондай-ақ болар! Біз көркем күймесінде отырып, сейіл құрып жүрген көрікті графиняны көрдік. Назды сылқым бізге тым-ақ жайраңдап бас шұлғыды, әсіресе маған қарап қылмаңдай күлім қатуы сол шақта мен үшін аспаннан нұр төгілгендей, махаббат шарапағындай көрінді. Уа, шіркін, мені де сүйетіндер бар екен деп жорамалдап, өзімді бақытты санадым, менде ақша да, құштарлықтың қазынасы да бар, жоқшылық ада болғаны ғой! Жүзім жайдары, көңілім сергек, дүниедегінің бәріне разы боп, мелдігімнен тояттағандаймын, сондықтан да достымның ғашық жарын ынтығарлықтай-ақ аса сүйкімді жан екен деп таптым. Ағаштар, ауа, аспан, бүкіл табиғат, бейне бір, Теодораның күлімдеуін маған қайталап тұрғандай. Қайтар жолымызда Растиньяктың қалпақ сатушысына, тігушісіне соға жүрдік. Алқа уақиғасы жөніндегі іс менің бейбітшілік кезіндегі бейшаралық халден қаһарлы соғыс жағдайындағыша айбатты күйге көшуіме мүмкіндік берді. Сол сәттен былай мен именбей-ақ сымбаттылық пен сәнділік жөнінен Теодора төңірегінде шырғалаған жас мырзалармен бәсекелесе алатын болдым. Үйге қайтқаннан кейін, сырт пішінім байсалды сияқты болғанымен, мансардамдағы әйнегімнің қасына келіп, әйнектен көрінген үй төбелерімен мәнгілікке қоштаса, болашатымды болжай, өмірімді көз алдыма, бейне бір, сахнадағыдай елестете, махаббатты және оның қуаныштарын күні бұрын бастан кешіре масайрап, оңаша отырдым. Түу, үй шатырының астындағы лашықтың төрт қабырғасының ішіндегі тіршілік те мұншалық дүлей бола алады екен-ау! Адам жаны, бейне бір, хордың қызы: шөп-шаламды да ол гауһарға айналдырады; күн нұрының жылы лебі дала гүлдерін құлпыртатыны сияқты, оның сиқырлы асасының серпінінен ертегідегі сәулетті сарайлар гүлі жайнайды... Келесі күні түске таман Полина менің есігімді тықылдатты да, не берді, таба қойшы! Теодораның хатын ұсынды. Графиня Люксембург паркіне келіп, сол жерде онымен кездесуді, содан Музейге және Ботаника бағына бірге баруды өтініпті.
–Даяшы жауап күтіп тұр, – деді Полина бірер минут үндемей тұрғаннан кейін.
Алғыс сөздерімді тез ғана хатқа сүйкей салдым, Полина ол хатты даяшыға апарып бергелі алып шығып кетті. Мен киіне бастадым. Сөйтіп өзіме-өзім көңілім көншіп, киініп-жасанып болған кезімде: "Теодора көлікпен келер ме екен, жаяу келер ме екен? Жаңбыр жауар ма екен, күн шуақ болар ма екен?" деген ойлар сап ете қалды да, тұлабойым мұздай болып, қалтырап қоя бердім. "Бәрібір, – дедім өзіме-өзім, мейлі жаяу келсін, мейлі күймелі арбамен келсін, әйелдің ерке мінезіне сенуге болар ма? Оның қалтасында ақша болмай қалуы мүмкін, сонда да жалба жұлба шоқпыты жарасып тұрғаны үшін савойялық қайыршы балаға жүз су садақа бергісі келсе..." Жанымда жарты тиын бақыр да жоқ-ты, ақшаны мен кешкілік қана алуға тиісті болғанмын. Тұрмыстың тежемелі тәртібі мен еңбек дегеніңіз ақырында ақыл-парасат күшін қалыптастырады ғой, дүние-ай, албырт жастықтың осындай дағдарыстары үстінде ақын сол күшке қандай қымбат құн төлейді десеңізші! Аласұрған қапалы ойлар құйындай үйіріліп, улы зәрімен әп-сәтте аза бойымды түршіктірді. Мансарда әйнегінен аспанға қарадым; ауа райы тым кәдік екен. Іс насырға шапса, әрине, күні-бойына күймелі арба жалдап та ала алармын ғой, бірақ бақыт рақатында қанша шалықтасам да, кешкілік Финомен кездесе алмай қалам ба деген ой мені минут сайын шиыршық аттырмай ма? Қуаныш құшағында мұншалық қорқыныштарға шыдарлықтай жете қайратты да емес едім мен. Іздегеніммен мұратқа жете алмайтыныма сенімім кәміл бола тұрса да, бөлмемнің ішіне үлкен бір барлау жүргіздім, қиялдағы экюды төсеніш сырмағымның ішінен із– дедім, бәрін аудара қарап, ақтара тексердім, ең артысы ескі етігімді де қағып сіліктім. Жүйкелерім безгектегідей қалш-қалш етіп, жиһаздарымды түгелдей тоңқалаң асырып, оларға кейістік көзқараспен телміре қарадым, үңіле шұқшидым. Зарыққанға тән жаңғалақтықпен қайта-қайта ақтарған жазу үстелімнің суырмасын жетінші рет ашып жібергенімде, бүйір жақтауына ұр жаңа, жып-жылтыр, жаңа туып келе жатқан жұлдыздай жарқыраған аса әдемі, асыл текті бір ділда жүз су жасырына жабысып, тығылып тұрғаның байқап қалғанымда, мені қандай қуаныш сандырағы қаусыра құшқаның ұғынармысың достым? Үн қатпай тым-тырыс тұрғаны үшін де, өзін соншалық құпия ұстағандығына кінәлы болған қаталдығы үшін де құстаналамай, оны бақытсыз кезімдегі адал досымдай сүйіп-сүйіп алдым, жаңғырықтан жауап тапқан айқаймен құттықтадым. Кенет жалт бұрылғанымда, өңі қуарып, боп-боз болып кеткен Полинаны көрдім. Мен сіздің бір жеріңіз жарақаттанып қалды ма деп ойлап едім! – деді ол жүрек толқуын баса алмай. Даяшы... (ол, бейне бір тынысы тарылғандай, сөзін айтып бітіре алмады). Бірақ анам оған төледі, дегенді әрең жалғады. Сөй– деді де ерке мінезді, ойнақы баладай зыта жөнелді. Байғұс балапан! Мен оған бақыт тіледім. Сол мезетте менің жан сезімім дүниедегі ләззат біткеннің бәріне ие боп тұрғандай көрінді маған; осы пақырлардың несібесіне ортақ болған шығармын деп ойлаушы едім, енді сол үлестерін өздеріне қайырып бергім келетін тәрізді. Апатты түйсінердегі сезім болжауы бізді ешқашан да алжастырмайды десе де болғандай: ойлағанымдай-ақ, графиня арбасын қайтарып жіберді. Сылаң әйелдер кейбір еркеліктерінің қай тілектен туғаның өздеріне-өздері де аңдата алмас еді, сірә, сондай еркеліктердің біреуінің ұйтқытуы шығар, әйтеуір, графиня Ботаника бағына, көрікті ағаштар егілген көркем көшелерді бойлай серуендеп, жаяу барғысы келді.
– Жаңбыр жауады ғой, – дедім мен оған. Менімен шәлкем шалыс келу оған ұнайтын. Әдейі, қас қылғандай, біз Люксембург бақшасынан өткенше, күн де шуақ бола қалған-ды. Бақшадан шығуымыз-ақ мұң екен, күндікке түнере ойқастап, талайдан бері мені сескендіріп тұрған бұлттардан бірнеше тамшы сіркірей де бастады; біз арбакеш жалдадық. Көрікті ағаштар егілген көшелерге жеткенімізде жауын ашылып, аспан жаңадан жадырады. Музейге жақындағанда арбакешті босатқым келіп еді, Теодора қайтармай қоя тұруды өтінді. Неткен азап! Мұңайып, жүзімде жайраңдаған аңғал жымиыстан-ақ айқын білініп тұрған құпия сүйсінуді тұншықтыра жүріп, онымен мылжыңдасуымда, бақты кезіп, саясы мол аллеяларды аралауымызда, оның білегі білегіме айқаса сүйенгенін сезінуімде осының бәрінде де әлденендей қияли бірдеңе бар секілді:өңімде көрген түс еді бұл. Ал, бірақ, мейлі жүрсін, мейлі тоқтасын, оның қозғалыстарында, сырт көрінісіндегі ләззат құмарлығына қарамастан, ешқандай елжірегендік те, сүйіспеншілік те жоқ еді. Оның өмірінің ағысына шөкімдей болса да араласуға талпынсам, онда іштей сыр түйнеген жансебіл жігер барын, әлденендей асау талап, тұрлаусыз шатқалаң барын айқындағандаймын. Тас бауыр әйелдердің қол сермеулерінен жұмсақтық іздемес болар. Міне сондықтан да, жүректеріміздің лүпілінде де, жүріс-тұрыстарымызда да бірыңғай ауан болмай-ақ қойды. Қос жанның бұл материалдық ала көңілділігін айтып жеткізерлік сөз саптауы табылмас, өйткені қимыл сарынынан пікір аулауға әлі дағдыланып жетпесек керек. Жаратылысымыздың осы бір құбылысын біз ішкі сезім арқылы ғана долбарлаймыз, мұны бейнелеу мүмкін емес.
– Құштарлықтың қытымыр үйенек дерті үстінде, – деді Рафаэль сөзін жалтастыра, бірер минут тіл қатпай үнсіз тұрғаннан кейін, бейне бір өзінің қарсы дауына өзі жауап қайтарғандай, мен өзімнің сезімталдығымды жаңқалаған жоқпын, ләззаттарымды талдамадым, өзінің алтын ақшаларын тәптештеп зерттеп таразыға тартатын саудагерше, жүрегімнің соғуын санаған емеспін. Жоқ жоқ! Бірақ өткендегі уақиғаларға өмір тәжірибесі қазір қапалы жарық түсіріп тұр да, ашық күні теңіз толқындары қираған кеменің сынықтарын кесек-кесегімен жағаға ытқығаны сияқты, есімдегілер осы бейнелерді бірінен соң бірін жадыма келтірулі.
– Сіздің маған өте бір маңызды қызмет көрсетуге мүмкіндігіңіз бар, – деді графиня маған қымсына қарап, махаббатқа жирене қарайтынымды сізге мойындағанымнан кейін, достыққа үшін сізден сауға сұрауға еркінситін жөнім бар ғой деймін. Бүгін маған, – деді ол күліп, сіз бір жақсылық етсеңіз, мерейіңіз арта түспес пе?
Мен оған мұңая қарадым. Өзімнің барымда да ол еш нәрсе түсінбестен, сүйіспеншілік емес, риялық көрсетті; кәдімгі тәжірибелі актрисадай-ақ рөл атқарған тәрізді; әйтсе де кенеттен оның даусының ырғағы, көзқарасы, қандай да бірер лебізі менде үміт сезімін жаңадан оята берді; ал егер қайта тұтанған ғашық оты көз жанарымнан аңғарыла қалса, Теодора оның нұрларын кірпік қақпай, қасқая қарсы алды, өз көзінің жанарларындағы жарқындығы өзгермеді, өйткені оның көздері, бейне бір, жолбарыстікіндей, қаңылтыр астармен жабдықталған секілді. Сондай минуттарда мен оны жек көріп, тағы безірей қалдым.
– Ресейде әмірі жүріп тұрған бір ноннің алдында герцог де Наварен мен үшін бірауыз тіл қатып, болыстық көрсетсе, – деді графиня шырын дауысыңда жарамсақтық үні естіле, маған ұшаң теңіз пайдасы тиген болар еді: менің дәулетіме де, зиялы қауымдағы жай-жағдайыма да байланысты, істе әділеттікті қалпына келтіру үшін, менің нежемді императордың мойындауы үшін сол ноннің делдалдығы аса қажет. Герцог сіздің жұрағатыңыз ғой. Рас емес пе? Оның хатының өзі-ақ жеткілікті болар еді.
– Құп болады, қызметіңізге қылша мойным талша, – деп жауап қайырдым, бұйырыңыз.
– Қандай сүйкімдісіз өзіңіз, – деді графиня қолымды қысып. Түскі тамаққа біздікіне барайық, рухани ұстазыма айтқандай етіп, сізге бәрін баяндайын.
Сөйтіп, өзінен өзгеге сенбейтін, соншалық сыр түйгіш, сақ, өз істері туралы еш жанға тіс жарып сөз айтпайтын осы әйел менімен ақылдаспақ болды.
– О, сіздің үндемегейсіз деп әмір еткеніңізге дәл қазір мен қандай қуаныштымын! – дедім мен ышқына. Бірақ мен бұдан да қаталырақ сындарда өзімді сынатуды тілер едім.
Осы сәтте ол менің қуанышқа мастанған көзқарасыма төтеп беріп, сүйсінуімді тойтарған жоқ, демек, мені сүйгені ғой. Екеуміз оның үйіне келдік. Ырысыма қарай, әмиянымның ішіндегі тиын тебен арбакешті қанағаттандыруға әбден жарады. Графиняның үйінде, онымен бірге оңаша отырып, уақытты ғажап жақсы өткіздім: тұңғыш рет бұлайша емін-еркін оңаша көріскеніміз осы. Бұған дейін жарқылдақ қауым оның қымсындырарлық әдептілігі, салқын сұсты ибалығы арамызды үнемі, тіпті салтанатты қонақасы кезінде де алшақтата беретін; бұл жолы, бейне бір, бір шаңырақта тұрмыс құрғандай шын мәнісінде онымен бірге болдым, былайша айтқанда, мен оған иелік еткен іспеттімін. Менің жиһанкез жалынды қиялым бұғау біткенді қиратқандай, мені бақытты махаббаттың тәтті рақатына малындырып, өмірдің уақиғаларын менің қалауымша билеп-төстегендей. Meн өзімді оның күйеуі есебінде көз алдыма елестетіп, ұсақ-түйек атаулы оның назарын аударса, соған да сұрапыл сүйсіндім; оның бөкебайы мен қалпағын басынан шешкенін көрудің өзі мен үшін үлкен бақыт тәрізді. Бірер минутқа мені жалғыз қалдырып, графиня шаш бұрымдарын түзегеннен кейін, жанымды сиқырлап айтарлықтай көрікке бөленіп, қайта келді. Жасанып, сыланудағы бұл өзгеріс маған бола істелгені ғой, мен үшін сондай көрікті болғысы келгені ғой! Ac үстінде ол маған бар зейін-назарын төге ықылас білдіріп отырды, былайша қарағанда ешқандай артықша бағасы жоқ сияқты көрінсе де, өмірдің тең жартысына пара-пар болатын мың алуан болымсыз ұсақ түйектерде де оның ғажайып сүйкімділігі, жағымдылығы аңғарылып отырды. Шығыс елдерінің сәулет-салтанатының нағыз қалаулы жиһаздарының қоршауында, шоғы маздаған әшекейлі пештің қасына келіп, жібекпен тысталған жұмсақ орындықтарға жайланып отырғанымызда; даңқты сұлулығымен соншалық жүректерді лүпілдеткен әсем әйелді өзімнің қасымда сондайлық жақыннан көргенімде; жан дарытпас осы әйел өзінің қылымсый сылаңдауларын маған арнап, менімен наздана әңгімелескенде, менің ләззат құмар рақатым өзіме азап болып жабысты дерлік. Сорыма қарай, аяқталмай қалған бір маңызды істі тындыруым керек екені есіме түсіп, кешегі уәделескен жолығысқа барғалы қамдана бастадым.
–Қалайша? Болғаны осы-ақ па? – деді графиня менің қалпаққа жармасқанымды көріп.
Ол мені сүйеді екен. Ең құрығанда, осы екі ауыз сөзді айтқандағы оның үнінен сондайлық емірену ырғағын есітіп, мен осылай жорыдым. Шабыттанған шат көңілімдегі сүйсінудің шалқуын онан сайын ұзарту үшін, оның кеңпейілдікпен маған арнаған әрбір сағатына өмірімнің екі жылын құлшына-құлшына айырбастар едім. Шығын қылған ақшаларым бақытымды арттыратын болғаны ғой. Ол тек түн ортасында ғана босатты мені. Әйтсе де менің бұл қаһармандығым келесі күні таңертең маған аз уайымға түскен жоқ; мен үшін соншалық мәнді болып отырған естеліктерден айырылып қалдым ба деп қауіптендім; тура сала Растиньякқа жөнелдім, екеуміз де менің болашақ еңбектерімді өз есімімен бастыруға тиісті адамға төсегінен тұрмай жолығуға асықтық. Фино маған қысқаша ғана жазылған шартын оқып берді, онда менің нағашы апам туралы ешқандай да әңгіме жоқ екен; мен шартқа қол қойдым да, Фино маған елу экю санап берді. Таңертеңгі асты үшеуміз бірге отырып іштік. Мен жаңа қалпақ сатып алдым, келген сайын отыз су пұлдың асын ішетін болып, алпыс күндік түскі тамаққа алдын ала ақша төлеп қойдым, борыштарымнан құтылдым, сонымен менде бар болғаны отыз франк қаражат қалды; бірақ бірнеше күнге тұрмыс таршылығы серпілді. Егер мен Растиньяктың тілін алып, ағылшындардың жүйесін батыл қабылдаған болсам, мендегі қазына ұшаң-теңіз болар еді. Растиньяк қайткен күнде де мені қарызға батыру арқылы инабатты етуді көз– деді, борышқорлық инабатыңды арттырады дегенді баса айтып, мені белшемнен борышқа батуға көндіргісі келді. Оның айтуынша, болашақ дүниедегі барлық капиталдың ең маңыздысы, ең дөкейі. Болашақ мүмкіншіліктерімізді аманат етіп, Растиньяк өзінің тігіншісіне маған арнап киім тігуге заказ берді; сері жігіт қандай болатының жақсы түсінетіндіктен, тігінші мені қашан үйленгенімше мазаламауға тиіс болды. Үш жыл ұдайы талымның сопылық ынсаптылығымен өткізіп келген өміріммен сол күннен бастап қош айтыстым. Мен Теодораға келгіш-тегіш айналсоқтардың бірі болып алдым, оның үйіне келе беретін арсыздардан да, тәуір бозбалалардан да басым болып көрінуге қатты талаптандым. Жоқшылық енді маған қауіп төндіре қоймас, деп шамалап, жарқылдақ қауымда өзімді еркінси ұстадым, бақталас-күндестерімді күйрете жүрдім, мені махаббатта меселі қайтпас сүйкімді, алғыр жігіт дейтін аңыз жұрт аузына жайылды. Алайда тәжірибелі адамдар мен туралы: "Мұндай сықақ қойдың құмарлығы миында ғана" десетін. Олар рақымшылықпен менің ақыл-парасатымды сезімталдық есебінен асыра дәріптейтін. "Ғашық болмай жүргені бақыттылығы ғой. Ғашықтық тұсында онда осындай өрлеу, осындай жайдарылық болар ма еді?" деп тұспалдайтын олар. Ал шыныңда мен Теодора отырған жерде нағыз ғашықтарша аңғырт болатынмын. Онымен оңаша қалғанда, отан айтар сөзім аузыма түспейтін де, әңгімелесе қалсам, көбінесе махаббат туралы қайдағы бір қырыс сөздерді айтып қыңыраятынмын; өзегін өртеген өкініш-күйінішін жасырғысы келген сарай санатындай қамығулы жайдары едім мен. Қысқасы, мен графиняның тіршілігіне, бақыты мен даңқойлығының қажетіне жарауға тырыстым, нелер күннің күні бойларына оның қасында оған қызмет көрсетуге әрдайым әзір тұрған құлақ кесті құлы, ойыншығы болдым. Күндізгі уақытымның бәрін осылайша сарп етіп, үйге қайтқан соң түні бойы жұмыс істейтінмін де, таңертеңгілік қана екі-үш сағат көз шырымын алатынмын. Алайда ағылшындар жүйесі жөнінде Растиньяктай тәжірибем болмағандықтан, көп кешікпей-ақ көк тиынсыз қалдым. Дәулетім болмаса да тоқмейіл, көк тиыным болмаса да кербез, ғашық отына шарпылған атаусыз жан едім мен, содан былай, сүйікті достым, мен үшін кездейсоқ кесепаты мол тұрмыс қайтадан басталды, сән сәулеттің алдамшы сырт көрінісі құнттылықпен бүркемелеп келген мұқтаждықтың зымыстан шыңырауына қайта кіріптар болдым. Сол шақта бастапқы азаптарымды тағы да бастан кешірдім, бірақ бұл жолы ол азаптардың уытын бұрынғыдан гөрі кемірек түйсіндім; тегінде, қатал дағдарыстарға дағдыланып та үлгірсем керек. Меймандос үйлердің қонақ қабылдайтын бөлмелерінде соншалық сараңдықпен ұсынылатын тәтті тағамдары мен шайы көбінесе менің бірден-бір көрегім болған күндер жиілеп жүрді. Кей-кейде графиняның үйіндегі ағыл-тегіл мол қонақасы маған екі күнге нәр болатын. Өзімнің барлық уақытымды, қайрат-жігерімді, бақылағыштық қабілетімді Теодораның сыр алдырғысыз тұйық мінезінің тұңғиығына неғұрлым тереңірек үңілу жолына жұмсадым. Бұған дейін үміт, яки торығу менің пікірлеріме әсер етіп келгенді: біресе Теодораны құшырлана сүйетін құймыр әйел деп танысам, біресе өз жынысының нағыз сезгірсіз тас жүрек өкілі деп танитынмын, бірақ қуаныш пен уайымның мұндай алма кезек ауысуы тағат-сабырымды түгесіп, төзгісіз халге жеткізді: осы жантүршігерлік күрестің тынымын аңсадым, өз махаббатымды өзім бауыздағым келді, кей-кейде арамыздағы шыңырауды көруіме мүмкіндік беріп, көкейімде күңгірт жарқыл алаулайтын. Графиня менің қауіпсінулерімнің бәрін расқа шығарды: оның көздерінде мөлтілдеген жас тамшыларын бір рет те байқай алғаным жоқ; театрда, нағыз қайғылы көріністер кезінде де ол сызданған салқын, мысқылшыл қалпынан танған емес. Өзге ешкімнің де қуанышын да, қайғысын да аңғармай, ақыл-парасатының барша алғырлығын тек өзі үшін ғана сақтайтын. Қысқасы, ол мені әңгүдік ойнатты! Оған құрмалдық болғаныма өзімді бақытты санап, сол үшін тіпті өзімді кемсітуге дейін көндім: менің кедейлігіме арланатын, менің алдымда өрескел айыпты болғандықтан, мені жек көрмеске лажы жоқ жұрағатым, менменсіген герцог де Наваренге жолыққалы жөнелдім; герцог сөйлеген сөздері мен қол сермеулерінде кісінің намысына тиетін, қорлайтын бірденелері бар, сұсты сыпайылықпен қабылдады мені. Оның мазасызданған көзқарасы менде аяушылық сезімін оятты. Герцогтың осынша ұлы мәртебеге ие боп отырып, мұншама ұсақшыл, осынша сәулет-салтанат ортасында отырып, мұншама қораш болғаныңа өзім ұялдым. Ол үш пайыздық заемнан едәуір зиянға ұшырағаны жайында сөз қозғаған кезде мен өзімнің жолыққалы келген мақсатым туралы айта қойдым. Сол сәтте мұздай сұстылығы кенет жағымтал бола қалған оның сыңайындағы өзгеріс маған тым-ақ жиренішті көрінді. Иә, сонымен не болды дейсің ғой, достым? Герцог графиняға өзі жолығып, менің сағымды сындырып кетті. Теодора оған арнап соны сиқыр, арбау тапқан секілді; герцогты өзіне еліктіріпті де, құпия ісін мені қатыстырмай-ақ жайтастырыпты, мен ол іс жөнінде түктеме білмей қалдым: мен графиня үшін әншейін құрал ғана боппын. Менің немере ағам оның үйінде болған кездерінде Теодора мені, есебі, мүлдем байқамайтын тәрізді, ықтимал, қазір мені алғашқы танысқан кезіміздегіден гөрі анағұрлым солғын шыраймен қабылдайтын сияқты. Бір күні кешкілік графиня мені ешқандай сөз саптауы суреттеп бере алмастық ишарат, көзқараспен герцогтың алдында өлтіре кемсітті. Мен кек алудың мыңдаған жобаларын ойлана, сұрапыл зорлық-зомбылыққа ниеттене, көзіме жас алып, күңірене шықтым. Мен Теодорамен бірге Итальян театрына жиі-жиі барушы едім; сонда, оның қасында, махаббатқа түгелдей беріле, музыка сазына мейірім қана отырып, қос ләззатпен махаббат және музыка әуезінде өз жүрегімнің ырғақтары шеберлікпен тербетілуін меңзеу арқылы жан жүйемді жүдете, түгесе отырып, графиняға шүйіле қараушы едім. Менің ынтызарлығым әуеде, сахнада, тек ғашық жарымнан басқаның бәрінде барлық жерде шарқ ұрып, салтанат құрып жүретін. Сол шақта мен Теодораны қолынан ұстап, сезімдеріміздің бірігуін, музыканың оятуымен жан-жүйелерін бір үндестікте серпілуге қөндіретін тұтқиыл жарастықты дәмеленіп, оның дидарына, көздеріне үңілетінмін; бірақ оның қолдары мылқау, көздері тұңғиық болатын. Келбетімнің әр кескінінен шашыраған жүрек жалыны көздеріне тым шатылысып бара жатса, ол барлық салондардағы суреттерде бейнеленетін жасанды жымиыспен дәстүрлі жел сөздердің бірін айта салатын. Музыканы тіпті тыңдап та отырған жоқ ол. Россинидің, Чимарозаның, Цингареллидің таңғажайып шығармалары Теодорада ешқандай сезім де туғыза алмайтын, ешқандай поэтикалық естеліктерін де оята алмайтын: оның жан сезімі бедеу еді. Жұрттың тамашалайтын орындағы тамашасы Теодораның өзі болатын. Оның, саптамалы көз әйнегі бір тоқтаусыз ложадан-ложаны кезетін; сырт пішіні байсалды, бірақ үнемі секемшіл ол шыныңда моданың құрбаны еді: өзінін ложасы, қалпағы, күймелі арбасы, өз басы ол үшін бәріне татитын. Алып денелі, қоладан құйылған кеудесіндегі жүрегі мейірімді, еміренген, сезімтал адамдарды жиі кездестіруге болады, ал Теодора үлбіреген әсем шарбы-кілегей астында қоладан құйылған жүрегін жасырын сақтайды. Жазмыштың сергелдеңі қаруландырған менде қатерлі тәжірибем оның бет-жүзінен талай пердені жұлып-ақ алды. Өзгелер үшін өзіңді ұмыту, өзіңнің үнің мен қол кимылдарыңда үнемі жағымдылық сақтау, өздеріне-өздері разы боларлықтай етіп, көңілдерін көншіте отырып, өзгелерге ұнау көргенді тәрбиенің, әдептіліктің асылы осы болатын болса, Теодора, өзінің барлық қулықтарына қарамастан, өзінің құлдық тегінің таңбасын өшіре алған жоқ-ты: оның өзін-өзі ұмытуы жалған еді де, қылықтары туа біткен қасиет емес-ті, тек ұқыптылықпен итерілген өнер еді, ең ақырда, оның сыпайыгерлігінен күндік сыпайылық сезілетін. Сонда да-шы! Сүйіктілері оның бал шырын сөздерін мейірімділіктің көрінісі, өзін-өзі зор тұтып, асыра дәріптеуін тектінің шаттық шабыты деп танитын. Тек мен тана, жалғыз өзім ғана. Теодораның құрыс-тырыстарын әбден зерттедім, зиялы қауым қанағат етіп келген жұқа қабыршықты оның ішкі асылынан ажырата білдім, сондықтан енді гөрі оның қылымсу-тәлімсулері мені алдарқата алмайтын болды; оның мысық жанды жаратылысының барлық сыр көмбесін түгел ұғындым. Қайдағы бір ақымақтар отан жарамсақсып, қошемет айтып, асыра мадақтаса, Теодора үшін мен ұялатынмын. Солай бола тұрса да, мен Теодораға ғашық едім. Махаббаттың, ақын махаббатының қанаттарының аясында оның мұз жүрегін ерітуді үміт еттім. Егер тым болмаса, бір рет қана да, сәті түсіп, оның жүрегінде ойелдерге тән елжіреушілік туғыза алсам, егер мен өзін-өзі құрбан етудің ең жоғарғы қасиет екенін оған ұғындыра алған болсам, Теодора мен үшін періште, армандының мұраты боп саналар еді. Еркек ретінде, ғашық ретінде, көркемсөз суретшісі ретінде мен сүйдім, ал шыныңда Теодораны баурау үшін оны сүюдің қажеті жоқ еді; сарабдал олжа құмар, шіренген маңғаз, бәлкім, Теодарадан тояттап, мерейі үстем болар. Атаққа мәз, рия мінезді Теодора, сөз жоқ, даңғойлықтың тілін аңғарар да, айла-амалдардың торына өзінен-өзі шырмалар; ол мұз жүрек, жұғымсыз еркекке пенде болып бағынар: Теодора өзімшілдігін аңқаулықпен әшкерелеген кездерінде ауыр уайым менің жүрегімді тілкемдеп күйрете күйзелтетін. Күндердің күнінде оның кімге қол сөзарын білмей, жұбатарлық дос-жар көзқарас та кездестіре алмай, өзінің шерменде қасіретін ғана құшақтап, өмірде оқшау қалатының мен күні бұрын болжадым. Бір күні кешкілік оның келешектегі қайғылы, жалғыздықта құлазып, сарсылған кәрілігін әсерлі сыр-бояулармен суреттеуге батылдығым барды. Алданған жаратылыстың жантүршігерлік зауалын көз алдына елестеткенімде, ол мынадай қытымыр кесім айтты:
–Мен қашан да болса дәулетті бола бермекпін, – деді ол, – ал алтын барында біз ғанибет тұрмысқа қажетті сезімдерді қашан да болса, өз төңірегімізден таба білсек керек.
Мен осы сәулеттің, осы әйелдің, осы жарқылдақ қауымның логикасынан жай түскендей жайратылып, осының бәрінің алдында ақымақтарша мүсәлләм болып, табынып келгеніме өзімді құстаналап, кінәлай отырып үйге жөнелдім. Мен кедей қызы Полинаны сүймеп едім, ал, бай Теодораның Рафаэльді менсінбеуге қақысы жоқ па? Біздің ожданымыз, біз оны өлтірмей тұрғанымызда, қара қылды қақ жарған әділ қазы. "Теодора ешкімді де сүймейді де, ешкімді аластамайды да, осылай деп менің ожданымда софының үні айқайлады, ол азат, бірақ бір кездерде ол да алтынға сатылған-ды. Әлде тамыры, әлде күйеуі, әйтеуір орыс графы оны малданыпты ғой. Өмірде оның да азатұғын, өз әзілге еретұғын күні болар! Тұра тұр". Софы да емес, кінәлы да емес, ол, адам баласы ортасына алыстан, әлде тамұқта, әлде жұмақта, әйтеуір өз сферасында, өз дүниесінде тіршілік етеді. Атлас пен кестелі шілтерге оранған әйел сыры менің жүрегімде адамға хас сезімдердің бәрін: тәкаппарлықты, намысты, махаббатты, ынтазарлықты қоздырды... Моданың қалауы бойынша ма екен, әлде біздің бәрімізге тән тілек одағай көріну тілегімен бе екен, әйтеуір, жұрттың көбі сол кезде бульвардағы бір кішігірім театрды мақтау дертіне шалынған-ды. Графиня кейбір естияр адамдарға да ләззат беріп жүрген ұннан опа жаққан актерді көргелі тілек білдірді, мен оны қайдағы бір жұпыны фарстың бірінші ойыныңа ертіп апаруға мәртебелі болдым. Ложаның бағасы бар болғаны жүз су тұратын, бірақ менде соқыр тиын да жоқ еді. Менің жазып жатқан естеліктерімнен (мемуарымнан) жарты томдайы тана бітпей қалған-ды, сондықтан Финодан жәрдем сұрап жалбарынуға батылым бармады, ал қамқоршым Растиньяк жолаушылап кеткен-ді. Ақша жөніндегі қиыншылық менің өмірімді мәңгі уландырумен келеді ғой. Әлдеқалай бір рет, төкпе нөсер құйып тұрғанда. Итальян театрынан шығып келе жатқанымызда Теодора маған күймелі арба жалдауға әмір етті, мен зиялы қауымға тән бұл міндеттен қайтсем де құтыла алмайтын болдым; ол менің жауынға деген махаббатым туралы айтқандарымды да, ойынпаздар үйіне барғым кеп тұр дегеніме де құлақ қоймады. Менің абыржуларымнан да, мұңаюлы әзілдерімнен де ақшасыздығымды ол жори алмады. Көздерім қанталады, не керек, менің жалғыз көзқарасым отан түсінікті болушы ма еді, тәйірі? Жас адамдардың өмірі таңғажайып кездейсоқтыққа душар болып жүреді ғой. Кетіп бара жатқанымызда арбаның доңғалағының арынды айналымы менде жана пікірлер туғызуда болды, бұл пікірлер жүрегімді өртеді; мен тас көшенің үстіне домалап түскелі күймелі арбаның түбіндегі арысын сындыруға да әрекеттеніп бақтым, бірақ тастай беріп кедергіге кездестім, сондықтан маған ызалы күлкі пайда болды, мұның артынан шынжырға маталған адамның томсыруы, топас тыныштығы орнады. Үйге келгеннен кейін алғашқы күбірімді есіткенде-ақ, Полина сөзімді бөліп жіберді. Егер сіздің ұсақ ақшаңыз болмаса.... Ah, Россинидің музыкасы да бұл сөздермен салыстырғанда түкке тұрмайды той! Әйтсе де Фюнамбюль театрына қайта оралалықшы. Графиняға еріп баруға мүмкіндік алу үшін мен анамның сүгіретін көмкерген алтын шеңбершені аманатқа салуға ұйғардым. Қарыз беретін касса үнемі менің қиялымда каторғаға жөнелтетін қақпа түрінде елестей берсе де, қайыр сұрағаннан гөрі жамбасындағы жалғыз төсегіңді сонда апарып аманатқа салу тәуірірек қой – дедім. Біреуден қарыз сұрағаныңызда ол адамның көзқарасы сіздің жан жүйеңізді сондай күйзелтпес пе? Досыңның аузынан шыққан қайырсыз лебіз ақтық алданышыңды ұрлағаны сияқты, кейбір қарыз да намысқа тиіп, арыңның құныңа татиды ғой... Полина қызмет істеп отыр екен де, анасы ұйықтағалы жатқан екен. Шымылдық сол түрулі тұрған-ды. Төсекті көзімнің қиығымен жүгірте шолып, Годен ханым қатты ұйықтап жатса керек деп ұйғардым, қара көлеңкеде көпшік үстінде оның бір қырын жатқан байсалды сарғылт жүзі айқын көрініп еді.
– Сіз ренжіп келген жоқсыз ба? – деп сұрады Полина, сырлап отырған желпуішіне бояу қаламын тастай беріп.
– Бөбегім, сіз маған үлкен қызмет көрсете алар ма едіңіз, – дедім оған.
Оның жүзінде бақытты пішін білінгені сондай, мен селк ете түстім.
"Осы қыз маған ғашық емес пе екен өзі?" деген ой сап ете қалды менің миыма.
– Полина!.. – деп тіл қатып, мен қайтадан сөз бастадым.
Оны неғұрлым жақсырақ бақылағалы мен оның қасына кеп отырдым. Ол менің ойымды аңғара қойды да, тегінде, дауысымның үні сондайлық сынампаз боп естілсе керек, ол төмен қарады, өзімнің жүрегімдегідей, оның жүрегінде не боп жатқаның да ұғынуға болар ма деп жорамалдап, мен одан көз айырмадым, оның көз жанарлары сондайлық аңғарттықпен нанғыш, мөлдір таза болатын.
– Сіз сүйесіз бе мені? – деген сұрау қойдым мен оған.
– Азырақ... мейлінше құмарта... тіпті жоқ! – деп сасқалақтады ұялған қыз.
Ол мені сүймейді екен. Оның әзілқой үні мен ғажайып серперлерінен жас қыздың ойнақы қара дүрсін жан сезімін тана жоруға болатындай еді. Мен отан өзімнің ақшасыздығым, қиын-қысылған жағдайым туралы айтып, маған жәрдемдесуін өтіндім.
– Қалайша? – деді ол қарыз беретін кассаға өзіңіз барғыңыз келмей, мені жұмсамақпысыз?
Нәрестенің логикасының күштілігінен ұялғаннан қызарып кеттім. Бейне бір өзінің андамай айтып салған сөздерінің тікелігін еркелікпен жуып-шайғалы, ол мені қолымнан ұстай алды.
– Мен әрине, онда барар да едім, – деді ол, бірақ оның қажеті жоқ. Бүгін таңертең мен сіздің бөлмеңізден әрқайсысы жүз сулық екі теңге тауып алдым, фортепьяноның артына түсіп кетіпті, сіз байқамапсыз. Мен ол ақшаларды сіздің үстеліңіздің үстіне қойдым.
– Сіз кешікпей ақша алуға тиістісіз, – деді оның мейірімді анасы шымылдықтың ар жағынан басын созып.
– Әзірше мен сізге бірнеше экю қарызға бере тұра аламын.
– Полина! – деп мен оның қолын қысып тұрып, айғайлап жіберіппін, менің дәулетті болғым келген еді!
– Ол не үшін? – деп сұрады Полина қызбаланып.
Жүрегімнің әрбір лүпіліне жауап бергендей, оның саусақтары менің алақанымда діріл қақты: ол дереу қолын жұлып алып, менің алақаныма қарады.
– Сіз дәулетті қызға үйленесіз, бірақ ол сізді көп қасіретке душар етеді... Ой, тәңірім-ай, ол сізді мерт қылады!.. Менің иманым кәміл
Оның үнінен анасының қисынсыз жоруларына нанатындығы байқалып тұрды.
– Сіз жоққа нанады екенсіз, Полина!
– Иә, әрине, сіздің сүйген әйеліңіз сізді мерт етеді, – деді ол құты қашып, маған өзге қатты толқып тұрып ол бояғышын қайтадан қолына алып, бояуға малды да, содан былай маған көз салған жоқ. Дәл сол минуттарда мен болымсыз қиялға тым-ақ нанғым келді. Ырымға сенген адам өзін керемет бақытсыз деп ойламайды. Ырымшылдық дегеннің өзі көбінесе үміт болып шығады. Бөлмеме кіргеннен кейін мен, шыныңда да, екі асыл экюді көрдім, бұлардың қайдан пайда болғаны маған мүлде түсініксіз еді. Қатты ұйқысырап жатып, ойда жоқта табылған осы олжаның қайдан келгенін білу үшін мен өзімнің жұмсаған барлық ақшаларымды еске алуға тырыстым, бірақ нәтижесіз есепке шырмалып, ақыр-аяғында ұйықтап кетіппін. Ертеңіне ложаға билет алғалы барайын деп тұрған кезімде бөлмеме Полина кірді.
– Сізге, бәлкім, он франк аздау болар, – деді қызарақтап осы мейірімді, де сүйкімді қыз, анам сізге тағы да мына ақшаны бер деп тапсырған еді. Алыңыз, алыңыз!
Полина үстелдің үстіне үш экю ақша қойып, қаша жөнелмек еді, мен ұстап қалдым, көзімнен ытқыған жасты тек сүйсіну сезімі тана ұстап қалғандай еді.
– Полина, – дедім мен – сіз періштесіз! Мына ақшадан гөрі, сіздің соны ұсынғандағы сезіміңіздің тазалығы менің жүрегімді қатты елжіретті. Мен мол дәулетті, сән-сәулетті, атақты әйелге үйленуді тілегенім рас еді. Ал қазір мен миллиондаған дәулетке ие болғаннан кейін дәл сіздей жас кедей қызын және дәл сіздей жан дүниесі бай қызды арман етер едім, өзімді мерт ететін қатерлі құмарлықтан да бастартар едім. Бәлкім, сіздің болжамыңыз жүзеге асар.
– Жетер! – деді ол
Полина жүгіріп шығып кетті, сатыда оның бұлбұлдай сайраған қоңырау үні естіліп барады. Әлі күнге дейін ешкімді сүймеген бақытты қыз-ау! – дедім өзіме-өзім, бірнеше айдан бері басымнан кешіріп келе жатқан азапты ойлап. Полинаның он бес франкі ақшасы мен үшін аса құнды болып шықты. Залда әлі де бірнеше сағат отыратынымыз есіне түскендей және онда халықтың дем-тынысынан қапырық болатының ойлап қапаланғандай, Теодора гүл шоғы болмағанына өкініш білдірді мен жүгіріп барып гүл әкелдім де, оған өзімнің өмірімді және барлық дәулетімді қоса ұсындым. Сонымен бірге, ішімді удай ашытқан өкініш сезімін де бастан кешірдім: Бұл қауымда қабылданған әдептілік шарттарының қандайлық қымбатқа түсетіні де маған айқындала түскен. Ол аз болғандай, тез арада ол мексикалық жасминнің иісі тым ащы екеніне шатым айтты: көрермендер залына қараудан, қатты орындықта отырудан жүрегі айни бастады; осында қайдан әкелдің деп маған реніш білдірді. Сонсоң бір кезде ол орнынан тұрды да шығып кетті. Түндер бойына ұйқы көрмей, екі ай өмірді сарп етіп келіп, міне енді оған жақпай қалдым! Сөйте тұра бұл өз әзіл бұған дейін ешқашан дәл осындай көрікті, сонымен қабат дәл осындай сезімсіз тас бауыр болып көрінген емес. Жолшыбай, тар күймеде қатар отырып, мен ойың дем-тынысының лебін сезіндім, оның дәршімай иісі аңқыған перчаткасына жанастым, оның сұлулығының небір қазыналарын айқын көрдім, небір хош иісті гүлдердің тәтті жұпар иісін түйсіндім: сонда ол аза бойымен түп-түгел әйел еді де, сонымен бірге онда әйелге тән тук те жоқ еді. Кенеттен бір мезетке тана осынау құпия өмірдің шыңырау түбі көз алдыма жарқ ете түсті. Бір ақынның таяуда жарыққа шыққан кітабын еске алдым: онда шынайы көркемсөз ұстасының ой шарықтауы Поликлет өнерпаздығындай шеберлікпен жүзеге асырылған еді. Мен жан түршіктіретін бір мақұлықты көз алдыма елестетім: ол біресе офицер бейнесінде құтырған асау атты үйретіп жүргендей; біресе жас қыз бейнесінде құлпыра әсемдене, отырып өзінің ғашық жігіттерін естерінен тандыра түңілткендей; біресе ынтықтырған келбетті жігіт бейнесінде нәзік сезімді момақан қызды торықтырғандай кейіпте көрінген Теодораның сырын қандай да басқа амалмен шешуге шамам келмегендіктен, мен отан осы қияли уақиғаны айтып бердім, бірақ кісі сенбестей нәрселер жөніндегі бұл поэмадан ол өзіне ұқсас ештеңе тапқан жоқ. "Мың бір түн" ертегісіне құныққан сәбилерше, ол тек бер жағынан күлді де қойды. "Рас, қандай да бір құпия сыр мен сияқты жас адамның махаббатына қарсылық ету үшін, тамаша жан сезімдерінің оңай жұғатын ынтығына қарсылық ету үшін Теодораға күш береді-ау, сірә, – дедім өзіме-өзім жолшыбай үйге келе жатып. Бәлкім, леди Делакур секілді, онда да бар бейдауаның сырқаты бар шығар? Қайткенде де сөз жоқ, мұның тіршілігінде бір жасандылық бар". Осындай ой келгенде тұлабойым қалтырап кетті, содан кейін менде нағыз ақылға сыйымсыз, сонымен бірге ынтыққан ғашықтың ойлап таба аларлықтай бірден-бір естиярлық жоспары туды бұл пейілдің рухани мәнін зерттегенім сияқты, енді табиғи тұрғыдан зерттеу үшін, сөйтіп ақырында оны түгелдей біліп алатын болу үшін, мен оның өзіне сездірместен, бөлмесінде бір түн өткізуге бел байладым. Өшпенділік аңсары корсикалық сопының жүрегін қалай кеміріп еді мен де сол сияқты, жанымды жегідей жеген бұл ниетті мен былайша жүзеге асырдым. Қабылдау күндерінде Теодораның үйіне қауымның көп жиналатыны сондай, қонақтардың түгел шығып болған-болмағаның швейцар байқай алмай қалатын. Ешбір жанжал-шатақсыз-ақ сол үйде жасырынып қала алатыныма сенімім кәміл болғандықтан, мен графиняның үйінде болатын таяудағы кешті сабырсыздықпен күттім. Киінерде, қанжарым болмағандықтан, қалтама қалам ұштайтын ағылшын бокісін сала салдым. Әдебиетшінің бұл құралы қалтамнан табыла қалған күнде де, ол ешқандай сезік туғызбас еді, ал романтикалық тәуекелім мені қайда апарып ұрындырарын білмегендіктен, мен қарулы болғанымды тәуір көрдім. Қонақ үйге жұрт тола бастаған кезде, мен жатын бөлмесін зерттеу үшін сонда барып, бәрін де көріп алдым: терезелердің қақпақтары жабылып. ішкі шілтерлері түсірулі екен, істің басы сәтті болып басталды; терезелердегі перделерді түсіру үшін қызметші келіп кіруі мүмкін болғандықтан, перделерді өзім ағытып жібердім; мезгілінен бұрын бөлменің ішін жайғастыруға батылдық етіп, өзімді үлкен қатерге душар етсем де, жағдайымның қауіпті екенін байсалды түрде салмақтап, бұл қатерге тәуекел еттім. Түн ортасына таман мен терезенің ұңғысына жасырындым. Аяқтарым көрінбейтін болуы үшін, қабырғаға сүйеніп, терезе ілгегіне жармаса тұрып, жақтау жиегінің көмкермесіне табан тіреуге әрекеттендім. Осындай күйдегі тепе-тең салмақ пен тірек нүктесінің заңын зерттеп, өзім мен перделердің екі арасындағы қашықтықты өлшеп алғаннан кейін, мен, ақыр-аяғы, қиыншылықты меңгергенім соншалық, егер аяқтың сіңірі тартылмаса, жөтел немесе түшкірік ұстап бермесе, әшкереленбей тұра беретіндей болдым. Өзімді-өзім күні бұрын қажытпас үшін, ермегіне асылған өрмекшідей салбырап тұруға тура келетін сын кезенін кейінге қалдырып, әзірше еденде тұра бердім. Ақ муар мен жұқа муслиннен жасалған перденің шеті қарсы алдымда орғанның трубасындай шиыршықталып тұр еді, мен осы араны бәкіммен тесіп, саңылау жасадым да, сол арқылы бәрін көріп тура алатын болдым. Қонақ үйден қонақтардың сөйлескен күбірі, күлкісі, дабырлай сөйлескендері шала-шарпы естіліп тұрды. Сол көмескі шу, күңгірт дабыр-дүбір бірте-бірте басыла берді. Еркектерден бірнеше адам менің қасыма келіп, графиня камодының үстінен қалпақтарын алды. Олар пердеге жанасып жақын келгенде, асығыста айналаның бәрін қармалап, түртпектеп жүретін кездейсоқ қозғалыстардан зәрем ұшып, қалтырап тұрдым. Бұл қолайсыздықтардың бірде-біріне ұшырамаған соң мен ниетім табысты болар-ау деп ойладым. Ақырғы қалпақты Теодораға ғашық болған кәрі шал әкетті; бөлмеде жалғыз өзім ғана тұрмын ғой деп ойлаған шал бір ауық төсекке қарап тұрып, ауыр күрсінді; осы ретте ол әжептәуір жігерлі, әлдеқандай лебіз шығарды. Графиняның жатын бөлмесіне жапсарлас будуарда оның тағы бес-алты дос-жар адамдары қалған еді, бұларға енді шай ұсынды. Қазіргі қауым өз ықыласының сарқытында сақтаған өсек сөздер енді эпиграммаларға, шақпа тіл, ұшқыр ойлы топшылауларға, шынаяқтардың, шай қасықтың сыңғырына ұласты. Өзімнің бақталастарымды аямаған Растиньяктың уытты мысқылдары ду-ду қыран күлкі туғызды.
– Де Растиньяк мырза жанжалдасуға болмайтын кісі екен, – деді графиня сылқ-сылқ күліп.
– Бәлкім, солай да болар, деп бейжай ғана жауап қайырды Растиньяк. — Менің өшпенділігім қашан да дұрыс болып шығатын... Достықта да сондай, деп және айтты ол. Дұшпандарымның маған келтіретін пайдасы бәлкім, достарымның пайдасынан кем соқпаса керек. Мен қазіргі заманымыздың тілін және баршаға сиына шабуыл жасау үшін немесе бәрін сыпыра қорғау үшін пайдаланылатын табиғи қулық-сұмдықтарды әбден зерттеп меңгердім. Министрдің сөзшеңдігі қоғамның үлкен табысы. Сіздің досыңыз ақылды емес екен, онда сіз оның ақпейілдігін, ақ жүректігін айтасыз. Енді біреудің еңбегі жағынан ауырлау келсе, сіз ождан адалдығына тиісінше бата бересіз; егер кітап нашар жазылған болса, сіз оның идеясын мақтайсыз. Үшінші біреу ештеңеге де сенбейді, минут сайын өзінің көзқарасын өзгертіп тұрады, сондықтан отан үміт артуға болмайды, несі бар, есесіне ол сүйкімді, мүләйім, өзіңді баурап әкетеді. Егер әңгіме сіздің дұшпандарыңыз туралы бола қалса, сіз, бар пәлені өліктерге артқандай, бәрін соларға арта бергейсіз, енді бұл арада сіздің әрбір сөзіңіз керісінше мағына береді, жауларыңыздың кемшіліктерін байқауда қандайлық қырағы болсаңыз, достардың қасиеттерін атап көрсетуде де сондайлық епті, оңтайлы болғайсыз. Мінез-құлық мәселесі үшін дүрбі шынысын шеберлікпен қолдану әңгімелеріңіздің құпия сырын, сарай санатының өнерін меңгеру деген сөз. Мұны қолданбау серілерше сауыт құрсанған адамдармен қарусыз, құр қол күрескендік болады. Ал, мен осы шыныларды қолданамын. Кей-кейде тіпті, асыра қолданып та жіберемін. Сондықтан да, мен және менің достарым құрметке бөленеміз, неге десеңіз, орайы келгенде ескерте кетейін, менің семсерім де тілімнен олқы соқпайды.
Теодораға өте-мөте құштарлана табынушылардың бірі, арсыздығымен әйгілі болған, сол арсыздықты жұрт қатарына шығудың құралы еткен бір жас жігіт Растиньяктың соншалық жирене лоқсыған мысқылын қатып ала қойды. Мен туралы әңгіме бастап, ол менің дарындылығымды, менің өз басымды асыра дәріптей жөнелді. Кемсітудің бұл түрін Растиньяк елеусіз қалдырған. Уытты шенеумен ұштасқан дәріптеу сөздер графиняны адастырды, сондықтан ол рақымсыз түрде мені жерлеуге кірісті; достарының зауқың көтеру үшін ол менің құпия сырларымды да, менің датуаларымды да, менің үміттерімді де аяған жоқ.
– Ол келешегі бар адам, дей салды Растиньяк. Мүмкін, күндерде бір күні ол барлық жәбір-жапа үшін аяусыз кек алар да; оның дарындылығы кеміте айтқанның өзінде оның ер жүректілігіне пара-пар; сондықтан мен отан шабуыл жасаушыларды көзсіз ерлер деп атар едім, — өйткені оның жады жоқ емес қой...
– "Жоқ еместігі сонша, естеліктер" жазып жүр ғой, деп жұрттың тым-тырыс бола қалғаның ұнатпаған Теодора қосарлана кетті.
– ... Жалған графиняның естеліктері, – деді Растиньяк. Мұндай естеліктерді жазу үшін ер жүректіліктің ерекше түрі керек.
– Онда ер жүректілік мол екеніне мен күмәнданбаймын, – деді Теодора. – Ол маған адал Мысқылшылдар алдына "Макбеттегі" Банконың аруағындай тұтқиылдан шыға келуге тым-ақ құмартып едім. Сүйгенімнен айырылсам оның есесіне досым бар ғой деп қыза түсіп ем. Алайда махаббат біздің барлық қасіретімізді жұбататын зәлім, айлақер парадокстарының бірін менің көкейіме қондыра қойды.
"Егер Теодора мені сүйетін болса, деп ойладым мен, ол өзінің махаббат сезімін зілді әзілмен бүркемелеуге тиіс емес пе? Тілдегі жалған сөзді жүректің әшкерелегені талай рет кездеспеп пе еді?" Көп кешікпей, ең ақырда, графинямен жеке қалған қияңқы бақталасым да кетуге айналды.
– Қалайша! Әлден-ақ па? – деді Теодора менің аза бойымды тебіренткен ерке-назды үнмен, маған әлі де бірер мезетті сыйламағаныңыз ба? Сонымен маған айтар сөзіңіз болмағаны ма? Өзіңіздің қандай да бірер ләззатыңызды маған қимағаныңыз ба?
Жігіт шығып кетті.
– Түу! – деп Теодора есіней беріп, түңіліп қалды. Бәрі де неткен іш пыстырғыштар еді, түге!
Ол бар пәрменімен сылдырмақтың таспасын тартып қалып еді, бөлмелерде қоңырау сыңғыр етті. Баяу үнмен "Prіa сһе spuntі"88 әнін ыңылдай айтып, графиня өз бөлмесіне кірді. Оның өлең айтқаның ешкім де еш уақытта есіткен жоқ-ты, бұл ұстамдылық ерсі лақаптар да туғызған. Теодораның дарындылығымен сиқырланған алғашқы сүйікті жары тіпті мұның бір кездері уақыты жетіп қабірде жатқан кезінде де, оны өзгеден қызғанады екен; сондықтан сол жарының жалғыз өзі ғана татқысы келген рақат-ләззатын ешкімге де сыйламасқа Теодора серт етіпті-міс десетін жұрт. Осы үндерді құлағыма сіміре жұтып алу үшін мен жанымның бар қуатын сарп еттім. Теодора даусын үсті-үстіне шарықтата берді, ол бейне бір шабыттана түскендей, үн байлықтары өрістеп, шалқи берді, әуенінде тәңірі үні тәрізді бір ғажайып саз пайда болды. Графиняның он әуенін қабылдауы мінсіз, даусы күшті, ылғалсыз таза; даусының әлдебір әдеттен тыс тәтті ырғақтары жүрек тебірентерлік еді. Музыкашы әйелдер қашан да ғашық болмай жүрмейді. Мұндай он шырқай білген жан сүйе де білуге тиіс. Осы дауыстың әсемдігінен онсыз да терең құпия сырлы әйелдің тағы бір құпиясы арта түскендей. Мен оны дәл қазір сені көргендегімдей ап-анық көріп тұрдым, ол өзіне тән нәпсіқұмарлық сезімімен өз даусының үніне құлақ тосқандай көрінді: ол бейне бір махаббат қуанышын түйсінгендей болды. Қайырмалы он шумағының негізгі буының аяқтап, ол камин пештің жаныңа келді, бірақ он тоқталғаннан кейін оның ажарында кілт өзгеріс туды, кескіні бұзылып, бүкіл келбетінде қажығандық білінді. Ол бетінен актрисаның жамылғысын сыпырып тастады, демек, ол өзінің рөлін атқарып болды. Әлде актрисаның еңбегінен, әлде сол кеште өте шаршағандықтан ба, әйтеуір оның сұлулық сымбатында таңбаланған әлде бір солу, солғындау өзгерісінің өзінде де ерекше бір тартымдылық бар тәрізді.
"Қазір ол өзінің нағыз шынайы тұлғасында!" деген ой келді маған. Бейне бір жылынғысы келгендей, ол каминнің қола шілтеріне аяғын қойды; перчаткаларын шешіп, білезіктерін ағытты, қымбат бағалы асыл тастармен безелген дәршімай құтысы ілінген алтын шынжырды басынан асыра, мойнынан алды. Күн көзінде жылынған мысықтың қимылыңдай осы бір сүйкімді қимылдарды бақылап тұрғанда, мен айтып жеткізе алмастай рақатқа баттым. Ол айнаға қарап тұрып өз көркіне наразы болғандай дыбыс білдірді: Бүгін менің ажарым онша болмады... Бетімнің өңі сұмдық шапшаңдықпен солып барады... Сірә, ертерек жату керек шығар, әр нәрсеге әуестенген өмір салтынан бас тарту да керек... Апыр-ау, мына Жюстинаға не болды? Мені мазақ қыла ма өзі? Ол тағы да қонырау шылдырлатты; қызметші қыз жүгіріп келді. Оның қайда тұратының мен білмейтінмін. Ол жасырын баспалдақтан түсті. Мен оған таңдана қарап қалдым. Әдетте қонақтар алдында көзге көрінбейтін ұзын бойлы, сұңғақты қоңырқай осы қызметші қыз менің ақындық қиялымда көп күдік туғызған-ды.
– Қоңырау шылдырлаттыңыз ба?
– Екі рет, – деді Теодора. Сен немене, естімейтін болғанбысын?
– Мен бадам сүтін әзірлеп жатыр едім.
Жюстина тізерлеп отыра қалып, бикесінің биік өкше башмағының бауларын ағытып, аяғын шешті, бикесі бұл кезде, каминнің жанындағы арқалы жұмсақ орындыққа шалқалап жатып есінеді де екі қолының саусақтарын шашының ішіне сүңгітіп жіберді. Оның барлық қимыл-қозғалыстары әбден табиғи еді, менің болжалдағанымдай құпия азапты немесе құмарлықты ештеңе де сездірмегендей.
– Жорж ғашық боп қалса керек, – деді ол, мен онымен есептесемін. Ол бүгін де перделерді түсіріп кетіпті. Не ойлайды екен соның өзі?
Осы сөздерді естігенде тұла бойымда қан тоқтап қалғандай болды; бірақ әйтеуір перде жөніндегі әңгіме кілт тоқтады.
– Өмір деген құр кеуек әншейін! деп графиня әңгімесін ұластыра берді. Түу, байқасаңшы, кешегідей тырнап алмағайсың тағы. Мына қарашы, – деді ол атластай жылтырағын тізесін көрсетіп, сенің тырнақтарының ізі әлі тұр.
Графиня жалаңаш сирақтарын аққудың мамығынан істелген барқыт туфлиге сұқты да, көйлегінің ілгектерін ағыта бастады, Жюстина оның шашын тарағалы қолына тарақ алды.
– Бикем, сіз күйеуге шығып, балалы-шағалы болсаңыз...
– Бала-шаға! Жалғыз сол еді жетпей тұрғаны! – деп графиня зілдене-зілдене сөйледі. Күйеу дейді! Маған жар боларлық еркек қайда?.. Менің шашым бүгін таралды ма өзі?
– Онша емес.
– Есуас!
– Шашыңызды көпірте тұлымдау сіздің ажарыңызға онша келіңкіремейді, – деп Жюстина да өз сөзін жалғастыра берді, шашыңызды жатқыза тарап, шеке түптен бұрымдасаңыз, сізге сол жарасар еді?
– Рас па?
– Әрине, қадірлі бикем, көпіртпе бұрым селеушаш шегірлерге ғана жарасады.
– Күйеуге шық дейсің бе? Жоқ, жоқ! Неке маған нәсіп емес.
Ғашық жігіт үшін бұл не деген сұрапыл көрініс! Туыстары, достары жоқ, махаббаттағы құдайсыз сезім атаулының қандайына да сенбейтін салт басты әйел, әрбір адам баласына тән жүрек сырын ағыту қажеті өзінде қанша әлсіз болғанымен, осы қажетін қанағаттандыру үшін, әйтеуір күтуші қызымен сырласатындай халге жетуі, қайдағы бір жел сөзді көкіп, түкке тұрмайтын әңгімелер айтып отыруы ғой... Мен аяп кеттім байғұсты. Жюстина әміршісінің ілгектерін тегіс ағытып болды. Ақырғы жамылғысы үстінен түсіп болғаннан кейін, мен Теодораға қызыға қарап тұрдым. Қыздың төсіндегідей жұп-жұмыр қос алмасы көз жанарымды тұмандатып жіберді: Шырағдан сәулесінде ішкі көйлектің әр жағынан көрінген оның ақшыл-қызғылт денесі селдір матадан тігілген жамылғыш астындағы күміс мүсіндей жарқырады. Жоқ, оның денесінде ашынаның сұқтана қарауынан сескенерліктей кемшілік атымен жоқ. Әттең, сымбатты дене не бір ашқарақ ниеттерден де үстемдік алып, қашан да салтанат құратыны даусыз ғой. Үнсіз, терең ой түбіне үңілген Теодора оттың алдында отырғанда, күтуші қыз кереуеттің бас жағында ілулі тұрған алебастр қалпағындағы шырағданды тұтатты. Жюстина жылы су құйылған резина сауытты алып келіп, төсек салды, сонсоң бикесінің жайланып жатуына сүйемелдеп көмектесті; Теодораның өз денесін күйттеу ісіне терең құрметпен қарайтындығының дәлеліндей басқа да кішігірім қызметтерге тағы да едәуір уақыт өтті, содан кейін күтуші қыз кетіп қалды. Графиня әрлі-берлі аунақшып жатыр; ол әлденеге қобалжулы еді; қайта-қайта күрсіне берді: оның еріндерінен құлаққа әрең-әрең есітілерлік дегбірсіз бір үн шықты; ол кішкентай үстелге қарай, қолын созды да, титтей шыны сауытты алып, сүтке бес тамшыдай бір сұйық дәрі тамызды да, жұта салды; содан бір кезде бірнеше рет ауыр күрсініп:
– Құдайым-ай! – деген бір зарлы леп шығарды.
Бұл сөздер, әсіресе оның осы сөздерді айтқан кездегі күңіренісі менің жүрегімді парша-парша етті. Графиняның қозғалмай тымтырыс бола қалғаның байқамаппын да. Менің зәрем кете бастады; бірақ көп кешікпей, ұйықтаған кісінің біркелкі, тегеурінді тынысы құлағыма шалынды; мен сыбдырлаған жібек пердені серпіп тастап, өзімнің жасырынған қуысымнан шықтым да, төсектің жаныңа келіп, әлденендей тұрлаусыз сезіммен графиняға қадала қарадым. Сол сәттерде ол жаныңды сиқырлағандай еді. Ол жас балаша қолдарын басының астына төсеп жантайыпты, шілтерлі жастыққа көмілген дидары ес тандырарлықтай еді, менің аза бойымды жалын шарпыды. Мен өз күшімді таразыламаппын, қандай жазаға душар болатынымды ойламаппын: оның дәл қасында тұрып, соншалықты алыс, соншалықты жат болу бұл неткен азап! Мен өзіме-өзім әзірлеген жан азабының бәріне де төзуге мәжбүр болдым. Құдайым-ай! дерексіз ойдың осынау жалғыз-ақ үзіндісі бойынша мен бүкіл Теодора туралы тұтасынан топшылауға ерікті едім, осылай ah ұру ол жөніндегі менің барлық ұғымымды қауырт өзгертті. Әлде болмашы, әлде терең, әлде мазмұнсыз, әлде кең мағыналы осы леп не бақыттың, не қайтының яки тән жарақатының немесе жан қасіретінің белгісі деп топшылауға болатын-ды. Әлде қарғыс, әлде дұға, әлде өткеннің естелігі немесе болашақтан қиялдануы, әлде өкініш немесе қауіптену болды ма екен ол леп? Бұл аһ ұруда бүкіл бір тұтас өмір, жоқшылықта күйзелген немесе ең дәулетте шалқыған өмір бар тәрізді; бәлкім, ол сөздердің ішкі сырында тіпті әлденендей қылмыс та болуы мүмкін-ау! Әйелдің тамаша келбетінде жасырынған жұмбақ қайтадан пайда болды: Теодораны түсіну үшін тәсіл атаулының көп керек болатыны сонша, ақырында, ол мүлде түсіне алмастай сезінді. Оның аузынан шыққан біресе әлсіз, біресе айқын, біресе ауыр, біресе жеңіл тыныстардың кереметтері өзінше бір тіл іспетті, мен бұған пікір мен сезім беріп тұрған тәріздімін. Онымен бірге мен де қиялға баттым, оның ұйқысын танысам, түсіне кірсем, бәлкім, құпия сырларына қанармын ба деп те үміттендім мен, толып жатқан қарама-қарсы қарарлардың, толып жатқан ой топшыларының арасында толқыдым. Осы байсалды, таза келбетке көз жібере тұрып, бұл әйелде жүрек елжіреуінің болмауы мүмкін емес деп шамаладым. Мен тағы бір әрекетке бел байладым. Өзімнің өмірім, махаббатым, құрбандықтарым туралы айтсам, бәлкім, онда аяныш сезімін туғызбас па екем, бұрын еш уақытта жылау дегеннің не екенін білмеген әйелдің көз жасын ірікпес пе екем деп ұйғардым. Бар үмітімді осы ақтық тәжірибеге артқалы тұрғанымда, кенеттен көшедегі дабыр маған күннің күн шығып қалтаның хабарлады. Теодора менің құшағымда оянар ма еді деп бір секундқа ғана көз алдымда елестеттім. Мен аяғымды ұшынан басып кеп, ептеп қана оның жаныңа жатып, оны бауырыма қыса құшақтай да алатын едім. Осы ой менің жүрегімді парша-парша еткені сонша, бұдан құтылу үшін мен ешқандай сақтану шараларын қолданбастан, қонақ үйге жүгіре шықтым. Дес бергенде, тар баспалдаққа шығатын құпия есікке тап болдым, ойлағанымдай, құлыптың аузында кілті тұр екен: есікті ашып, аулаға шыға келдім де, біреулердің көріп қалатыныңа да назар салмастан, үш қарғығанда көшеге шықтым... Екі күннен кейін бір автор графиняға өзінің комедиясын оқуға тиіс еді: жұрттың бәрінің ақырына дейін сол үйде отырғалы, сонсоң графиняға ғажайып бір өтініш айтқалы ниеттеніп, мен де бардым: мен одан ертеңгі кешті маған арнауын, өзгенің бәріне есікті тарс жауып, ол кешті түгелдей маған бағыштауын өтінбек едім. Бірақ графинямен екеуміз оңаша қалғанда, батылдығым жетпей күрмеліп қалдым. Сағат тілінің әрбір қимылы зәремді алды. Сағат он бес минуты кем он екі екен. "Егер мен онымен әңгіме бастамасам, – дедім өзіме-өзім, бас сүйегімді мәрмәр пештің бұрышына соғып қиратқаннан басқа амал қалған жоқ". Мен өзіме үш минут кідіріс бердім. Үш минут те өтті, бас сүйегімді мәрмәрға соғып қиратқан да жоқпын; жүрегім суға малған көпірткіштей сарсып кетті.
– Сіз бүгін төтенше сүйкімдісіз, – деді графиня.
– Ой, егер сіз мені ұғына алатын болсаңыз! – деп дауыстап жібердім жан дәрменде.
– Сізге не болды? – деді графиня, боп-боз болып кеттіңіз ғой.
– Мен сізден бір мархабатыңызды өтініш етуге бата алмай тұрмын.
Ол қолымнан мені жебеп, демегендей болған соң, мен одан жолығу туралы өтіндім.
– Болсын-ақ, – деді ол. – Бірақ не себепті қазір-ақ айтқыңыз келмейді?
– Сізді әуре-сарсаңға салып, адастырмау үшін, сіздің сүйкімділігіңіз қандайлық орасан зор екенін түсіндіруді өзіме борыш санаймын: осы кешті ата мен қарындастай болып, сіздің қасыңызда өткізуді тілеймін. Қорықпаңыз, сіздің нені ұнатпайтыныңыз маған мәлім". Сіз мені тым жақсы білесіз, сізге қолайсыз келерліктей еш нәрсе де талап етпеспін; оның үстіне, дөрекі адамдар бұлай істемейді де ғой. Сіз маған достығыңызды әбден сипаттадыңыз, сіз мейірімді, кешірімдісіз. Ендеше біліп қойыңыз, мен ертең сізбен біржолата қош айтыспақпын, оның сөз бастағалы тұрғаның байқап: Уәдеңізді қайта алмаңыз! деп айғайлап жіберіппін. Осыны айттым да, шыға жөнелдім.
Өткен жылы май айында, кешкі сағат сегіз шамасында, мен Теодорамен бірте оның готика салтымен салынған жатын бөлмесінде қалдым. Мен ештеңеден қорыққаным жоқ, бақытты болатыныма толық сендім. Менің ғашық жарым мендік болады, әйтпесе мен өлім құшағынан өзіме пана табамын. Мен өзімнің су жүрек махаббатыма қарғыс айттым. Өзінің әлсіздігін мойындағаннан кейін кісі қайратты болады ғой. Көгілжім кашемир көйлек киген графиня диванға қисайды, төмен салбыраған аяқтарының астына жастық төселген. Күншығыстың желегі, суретшілердің ежелгі еврейлерге кигізетін осы бас киімі, оған әдеттен тыс ерекше тартымды келбет бітіргендей. Оның дидарынан өткінші бір сүйкімділік пішіні бейнеленген; осының өзі біздің өміріміздің әр мезетінде біздің жаңа жан иесі екенімізді, қайталанбайтын, келешектегі "менімізге" де, өткендегі "менімізге" де ешқандай ұқсастығымыз жоқ жан иесі екенімізді сипаттағандай. Бұрын соңды ол дәл осындай аса тамаша сәулетті болып көрінген жоқты.
– Білесіз бе, – деді ол сылқ-сылқ күтіп, сіз мені ынтықтырып отырсыз тіпті.
– Мен ол ынтықтығыңызды бекерге шығармаспын, деп салқын ғана жауап қайырдым да, оның қасына отырып, қолынан ұстадым, ол қарсылық білдірген жоқ. Сіз өлеңді тамаша айтады екенсіз!
– Сіз еш уақытта да оны естіген жоқсыз ғой, – деді ол көрінеу таңданып.
– Қажет болса мен сізге осының керісінше екенін сипаттап берейін. Демек, сіздің ғажайып он айтатыныңыз да құпия болып қалуы керек қой, сірә? Мазаланбай-ақ қойыңыз, мен ол сырға сүңгу ниетінде емеспін.
Бірер сағат шамасындай біз емін-еркін мылжыңдасып отырдық. Теодораның көңіл жықпайтын адамының барлық қасиеттерін, үнін, қол сермеулерін түгелдей меңгерген едім, бірақ ғашық жігіттің әдептілігін де толық дәрежеде сақтай білдім. Сөйтіп, әзілдесе отырып, мен оның қолын сүюге рақымшылық рұқсат алдым: кербез қимылмен ол перчаткасын шешті, мен соншалық нәпсіқұмарлықпен алдамшы қиял ләззатына шомдым, осыған нануға әрекеттендім, осы сүйісте жан жүйем майдай еріп балқыды. Дағдыдан тыс көнгіштікпен Теодораның өзін еркелетуге, аймалауға рұқсат еткені еді бұл. Алайда мені жасқаншақ екенсің деп кінәлама; ағасындай аялағанның ар жағында сәл ғана да шектен шығуға ойлаған болсам ол маған дереу мысықша тырнағын батырар еді. Он минуттай біз тым-тырыс үндемей отырдық. Өз ойымша, Теодорада сиқырлағыш, еліткіш қасиеттер бар деп ден қойып, мен оған сүйсіне қарап, көз айыра алмадым. Дәл осы мезетте Теодора менікі еді, тек қана менікі еді... Өз ойында сұлуды құшу, оны иемдену қаншалықты мүмкін болғаныңша, мен де осы сымбатты аруды ойша иемденуде едім, мен оны өзімнің құштарымның, ынтығымның құндағына бөледім, құшағымда ұстап, төсіме қыстым, менің қиялым онымен біте қайнасып, араласып кеткендей болды. Магнитті сиқырымның, арбауымның қуаты арқасында мен графиняны жеңіп шыққан секілдендім. Сол әйелді сонда неге ғана біржолата баурап алмадым екен деп, әлі күнге дейін үнемі өкінемін; бірақ дәл сол мезетте мен оның тәніне құмартқан жоқ едім, мен оның жан сезімін, өмірін иемденуге құштарландым, кемеліне келген, ең жоғарғы көріктегі рақатты арман еттім, өзіміз аз уақытқа ғана сенетін тамаша қиялды тіледім.
– Сөзіме құлақ салыңызшы, – дедім ақырда мастануымның соңғы сағаты тақалғаның сезіп, мен сізге ғашықпын, мұны өзіңіз де білесіз, мен дұл туралы сізге мың рет айтқам, сондықтан сіз мені ұғуға тиіс едіңіз. Мен сіздің махаббатыңызға есуастың өзіне өзі разы болатын даңғойлығы арқасында, жарамсақтығы немесе мазалауы арқасында борышты болуды тілемедім, сондықтан сіз мені ұға да алған жоқсыз. Сізге бола мен қандай апаттарға ұшырамадым, қандай қорлықтарға төзбедім, алайда ол апаттарға сіз кінәлы емессіз! Бірақ енді біраз мезеттен кейін сіз маған үкім шығарасыз. Білесіз бе, екі кедейшілік бар ғой. Мұның бірі шоқпыт бүркеніп, тайсалмастан көшелерде жүреді, өзі де аңғармастан Диогеннің тарихын қайтадан бастайды ол, азға қанағат етіп, тіршілікке қарапайым көзқараспен қарайды; бәлкім, ол байлыққа қарағанда бақыттырақ та шығар, ең құрығанда әйтеуір әуре-сарсаңнан, машақаттан аулақ қой және құдіретті адамдар да түк иемдене алмайтын жерде ол бүкіл әлем жүзіне ие ғой. Онсоң сәулеттің кедейшілігі, испандық кедейшілік бар, жоқшылықты атағымен, атақ даңқымен бүркейтін кедейшілік бар: бөркіне үкі қадаған, үстіне ақ жилет, қолына сары перчатка киген осы тәкаппар, кедейшілік күймелі арбада отырып серуендейді, жалғыз, сантим ділдасы болмағандықтан барлық дәулетінен айырылады. Алғашқы кедейшілік қарапайым халықтың кедейшілігі, екіншісі зымияндардың, корольдардың және дарынды адамдардың кедейшілігі. Мен қарапайым адам да емеспін, король да емеспін, зымиян да емеспін, бәлкім, дарынды адам да емес шығармын; мен бір оқшау, дарамын. Менің қайыр сұрағанша, өлгенім артық, менің атағым, өсімім осыны міндеттейді маған... Мазасызданбаңыз, қазір мен баймын, не керектің бәрі де менде бар, – дедім мен жалма жан, тәуір қауымнан шыққан өтініші бар әйелдер бізге тұтқиылдан қапылыста кездескендегі сұсты, салқын сипатта болағынымыз сияқты. суық пішінді оның жүзінен байқап қалып. Менімен кездеспеспін деп ойлап, Жимназға жалғыз барған күніңіз есіңізде ме? – дедім. Теодора қуаттап, басын изеді.
Сізбен көрісу үшін мен сонда ақтық теңгелігімді жұмсағам. Ботаника бақшасында серуендегеніміз де сіздің есіңізде шығар. Сізге күймелі арба жалдауға сонда мен барлық дәулетімді сарп еткенмін-ді. Мен оған өзімнің құрбандықтарым туралы айттым, өзімнің өмірімді суреттедім, суреттегенде бүгінгідей, саған айтып отырғандай емес, мас күйде емес, жүректің ақ пейіл ізгі мастығы үстінде суреттедім. Менің құштарлығым, жалынды сөздермен, жүрек қимылдарымен ақтарылды, мұндай жүрек қимылдары, сол күннен былай менде мүлдем ұмытылды, енді оны ешқандай көркем өнер, ешқандай зейін қайта тірілте алмас. Қабылданбаған махаббат турасындағы қызуы жоқ қоңыржай әңгіме емес еді ол, махаббатым өзінің барлық әсемдігімен бүкіл өмірді бейнелейтін сөздерді айтқызды маған, парша-парша болған жан жүйемнің өксігін қайталатты ол шайқас даласында жантәсілім етуші адам өзінің ақырғы дұғасын осындай үнмен оқыса керек. Теодора жылап жіберді. Мен сөзді доғардым. Хақ тағала! Оның көз жасы қолдан жасалған өнерлі толықсудың жемісі екен, театрға кіре берісте жүз су монетке сатып алуға болатын толқу екен: менің бұл жетістігім жақсы актердің сахнадағы жетістігімен ғана пара-пар болып шықты.
– Егер мен білген болсам... – деді ол
– Ар жағын айтпай-ақ қойыңыз! деп мен ышқынып кеттім, әзірше менің махаббатымның сізді өлтірмеуге жетерліктей қуаты бар...
Теодора шошынып, қоңыраудың қайысын тартып қала жаздады. Мен күліп жібердім.
– Жәрдемге шақырудың қажеті жоқ, деп мен өз сөзімді ұластыра бердім, өміріңізді тыныш аяқтауыңызға кедергі келтірмеспін. Сізді өлтіру өшпенділіктің үнін жете ұғына алмағандық болып табылар еді. Зорлықтан қауіптенбеңіз: мен сіздің төсегіңіздің қасында түні бойы тұрып та...
– Қалайша? – деп Теодора қып-қызыл боп кетті.
Бірақ әрбір әйелге, тіпті нағыз сезімсіз, тас мейір әйелдерге де тән имену, ұялу сезімдерінен туатын алғашқы еріксіз қимылдан кейін, ол жиренішті көзқараспен мені бастан-аяқ бір шолып өтті.
– Сізге, сірә, тым салқын болған шығар!
– Сіздің ажарыңыз маған сондай қымбат бағалы деп ойлайсыз ба сіз? – дедім мен де оның жүрегін толқытқан пікірлерді болжап. Сіздің тәніңіз мен үшін сіздің өзіңізден де көрікті жан жүйесінің қасиетті ордасы. Әйелдерді тек әйел болғаны үшін ғана сүйетін болса, еркектер күн сайын кешкілік харамханаға лайық салдақыларды сатып алар еді де, шамалы бағаға олардың ерке назынан ләззат табар еді... Ал мен ардақ құмармын, сізбен, нағыз тас жүрек әйелмен, жүрекке жүрек ұштастырып, шын махаббатқа бөленіп, өмір сүруді тілеген едім. Ал сізде жүрек деген жоқ екен! Мен оған енді әбден қандым. Сізді иемденген еркекті мен өлтіріп жіберер едім. Әлде, жоқ, сіз оны сүйер едіңіз-ау, сондықтан оның өлімі, бәлкім, сізге қайғы-қасірет шектірер еді... Міне менің азабым қандай! деп зекіріп жібердім.
– Егер ондай уәде сізді жұбатуға қабілетті болатын болса, – деді Теодора жайдарыланып, ешкім де мені иемдене алмайтыныңа сізді сендіре аламын...
– Сіз құдайдың өзіне тіл тигізіп отырсыз, мұның сазайын тартасыз әлі, – дедім мен оның сөзін бөліп, қызық думаннан да, зиялы қауымнан да безетін күніңіз туар, сонда сіз, диванда жатып, қабірде өмір сүруге үкім етілген кісідей өкінерсіз, айтып жеткізе алмастық жан күйзелісін сезерсіз. Осы баяу, кекті азаптың себептерін іздейтін боларсыз, сонда өзіңіздің жүрген жолыңызда соншалық жомарттықпен айнала шашқан қасірет уларыңыз есіңізге түсер. Барлық жерлерге де қарғыс егіп, мұның есесіне сіз өшпенділікті малданарсыз. Біз өзімізге-өзіміз қазымыз, жер бетінде үстемдік еткен адам үкімінен биік, құдай тағала үкімінен аласа әділеттіктің қызметіндегі жендеттерміз біз.
– Түу, мен қандай жауыз әйел екенмін тегі, – деді ол сақ-сақ күліп, сізді сүймеппін ғой! Бірақ бұл менің кінәм ба? Рас, мен сізді сүймеймін. Сіз еркексіз, сөздің барлық түйіні осында. Мен өзімнің жалғыздығымнан бақыт табамын, шының айтқанда, өзімшіл бостандығымды күңнің өміріне айырбастайтын не жөнім бар? Неке дегеніңіз жұмбақ нәрсе, сол арқылы біз қайғы-қасіретке ұшыраймыз. Ал бала дегеніңіз де зеріктіретін әурешілік. Өзімнің мінезім қандай екенін мен сізге адалдықпен алдын-ала ескертпеп пе едім? Неге сіз менің достығымды ғана қанағат етпедіңіз? Сіздің қанша ақшаңыз бар екенін есептеу есіме келмегендіктің салдарынан сізге түсірген жарақаттарды жазғым келер еді менің. Сіздің құрбандықтарыңыздың ұлылығын мен бағалаймын, бірақ сіздің өзіңізді-өзіңіз құрбан етуіңізді, сіздің әдептілігіңізді, махаббаттан басқамен өтеу мүмкін емес қой, ал, менің сізді тіпті өте аз сүйетінім сондай, осы көріністің бәрі маған тым-ақ ұнамсыз, әңгіменің тоқ етері осы.
– Ғапу етіңіз, мен күлкіге қалғанымды өзім де байқап тұрмын, – дедім мен жұмсақ үнмен, көз жасымды тыя алмай. Менің сізді сүйетіндігім соншалық сіздің қатал сөздеріңізді рақаттана тыңдап тұрмын. Уа, дариға, сізге деген махаббатымды бүкіл қаныммен куәландыруға әзірмін мен!
– Барлық еркектер осынау классикалық сөздерді азды-көпті шеберлікпен қайталай береді, деп тойтарды Теодора бұрынғыша күлкісін тыймастан. Алайда, біздің аяғымызға жығылып өлу, сірә, өте қиын-ау деймін, себебі, сау-сәлемет жүрген осынау марқұмдарды мен әр жерде-ақ кездестіріп қаламын. Түн ортасы болып қалған екен, маған ұйықтауға рұқсат етіңіз.
– Ал екі сағаттан кейін сіз: Құдайым-ай, деп налисыз ғой, – дедім мен.
– Алдыңғы күні! Иә! – деді ол сонда менің делдалым еске түсіп еді-ау: мен оған бес пайыздық рентаны үш пайыздыққа айырбаста деп айтуды ұмытып кетіппін, күндіз үш пайыздық рентаның құны түсіп кетті ғой.
Менің көзімде ашу-ызаның оты жарқ етті. Түу, қылмыс та кей-кейде поэма боп кете алады екен, мен осыны ұқтым! Ынтыға айтқан сөздерге оның құлағы үйренген, демек, менің жалбарынған сөздерім, төгілген көз жасым, әрине, ол үшін әп-сәтте ұмыт болғаны ғой.
– Сіз Францияның пәріне күйеуге шығар ма едіңіз? – деп сұрадым мен салқын үнмен.
– Бәлкім, егер ол герцог болса.
Мен қалпағымды алдым да бас изедім.
– Сізді есікке дейін ұзатып салуға рұқсат етіңіз, – дегенде Теодораның үнінде, қол сермесінде, бас июінде кісіні өлтіре соғатындай кекесін бар еді.
– Бикеш...
– Иә, тақсыр?...
– Енді қайтып сізді көрмеспін.
– Мен де соған үміттімін, – деді ол басын кекжитіп.
– Сіздің герцогиня болғыңыз келе ме? – дедім мен жаңағы оның қимылынан жүрегімде оттай лаулаған әлдебір ызақорлықпен сөзімді жалғастырып. Атақ пен құрмет қой сізді есіңізден адастыратын, солай ма? Мейліңіз! Тек менің сізді сүюіме рұқсат беріңіз, менің қаламыма тек бір сіз үшін ғана жаз деп, менің дауысыма тек бір сіз үшін ғана дыбыс шығар деп өмір етіңіз, менің өмірімнің құпия негізі болыңыз, менің жұлдызым болыңыз. Министр болсам, Францияның бәрі немесе герцог болсам ғана менің жұбайым болуға келісіңіз... Сіз не тілесеңіз мен соның бәрі де боламын.
– Жақсы адвокаттан дәріс алғаныңыз босқа кетпепті, – деді Теодора күлімдеп, сөзіңізде жалын бар екен.
– Қазіргі күн сенікі, – дедім мен екіленіп, келешек менікі. Мен тек әйелді ғана жоғалтып отырмын, ал сен атақты есіміңді, отбасыңды жоғалтасың. Уақыт мен үшін кегін алар: уақыт сенің ажарыңды алып, ажалдың алдында жалғыздыққа душар етеді ал, маған атақ-даңқ әкеледі.
– Суырылған сұлу сөзіңізге рахмет! Теодора шала есінеп, өзінің барлық сүдінімен енді қайтып мені көргісі келмейтінін білдірді.
Бұл сөздер менің үнімді өшірді. Оған деген барлық өшпенділігімді көзіммен білдіріп, шыға жөнелдім. Енді Теодораны ұмыту керек болды, ақылға келіп, оңаша еңбекке қайта оралу немесе өлу керек болды. Сондықтан мен өзімнің алдыма орасан зор міндет қойдым: шығармаларымды аяқтау керек. Екі апта бойына мансардан түспей, түндер бойы жұмыс істедім. Бірақ қаншама намысқа тырысып, ызалана көріскенмен, еңбегім өнбеді, үзілісі көп болды.. Муза маңайыма жоламай қойды. Теодораның жарқыраған жүзі мен мысқылшыл елесін көз алдымнан кетіре алмадым. Ойыма бар пікір келсе болды, тағы бір кеселді көлденең пікір де қабаттасып, өзіме әлдеқандай бір күдік, кінә артқандай бола ма, білмеймін. Мен Фиваның сопы, шайхыларына ұқсап кеткендеймін, бірақ олар сияқты оқуға оқымаймын, бірақ дәл солар секілді шөл далада жүргендеймін әйтеуір олардай үңгір қазбаймын, тек өзімнің жан жүйемді ұңғумен болдым. Ішкі жан жүйе дерттік тән дертімен басу үшін беліме кекті белбеу буынуға да әзір едім.
Бір күні кешкілік Полина менің бөлмеме келіп кірді.
– Сіз өзіңізді мерт қыласыз ғой, – деді ол жалынышты үнмен. Серуенге шықсаңызшы достарыңызбен кездесіп бой жазуыңыз керек қой...
– Беу, Полина, сіздің жорамалыңыз расқа шығатын болды. Теодора мені өлтіруге айналды. Өзім де өлгім келеді. Мына өмірге төзе алатын емеспін.
– Жер-жаһанда жалғыз сол әйел ғана ма? дейді ол күлімдеп. Сіз өмір бойы өзіңізді азапқа сала беретініңіз қалай? Өмір онсыз да қысқа емес пе?
Мен Полинаға көзімді тарс жұмып алып қарағанмын. Ол мені оңаша қалдырып, шығып кетіпті. Қалай кетіп қалғаның да байқамаппын, даусын естісем де, сөздерін ұға алмадым. Осыдан кейін көп кешікпей қолжазбамды әдеби мердігеріме апарғалы дайындалдым. Жұмыстың қызуымен отырғанда, мен ақшасыз қалай тіршілік етіп жүргенімді де сезбеппін, тіпті ол туралы ойламаппын да; тек әйтеуір осы жолы алашақ төрт жүз елу франк ақшам барлық борыштарымды өтеуге жететінін ғана білемін, сөйтіп: қалам ақы алғалы кетіп бара жатқанымда Растиньякты кездестіріп қалдым, маған әбден жүдеп, өзгеріп кетіпсің ғой деп жатыр.
– Сен қай ауруханадан шықтың? деп сұрайды ол.
– Ана әйел мені өлтіретін болды. Оны жек көре де, ұмыта да алатын емеспін.
– Ен дұрысы өлтіру ғой, сонда, бәлкім, оны арман етуді қоярсың, деп Растиньяк дауыстап
сөйлей күледі.
– Мен өзім де соны ойланып едім, деп шынымды айттым. Кей-кейде мен қылмысқа бару, зорлау немесе тіпті өлтіріп жіберу жайын ойға алып, кейде осының соңғы екеуін қатар істеу жөніндегі ойлармен жанымды жұбатушы едім, бірақ іс жүзінде солардың бірде-бірін де орындауға қабілетім жоқ екеніне көз жеткіздім. Графиня айлакер жауыз: ол кешірім сұрап жалбарынса болды, біздің қай біріміз Отелло бола аламыз! Растиньяк менің сөзімді бөліп жіберді.
– Біздің қолымыз жетпейтін барлық әйелдер қандай болса, ол да сондай-дағы.
– Мен ақылымнан адасып барамын! деп налыдым мен. Кей-кейде миым ашып басымның іші дун-дун болады. Пікірлерім елес тәрізді: ойларым көз алдымда билеп жүреді, бірақ қолыма түспейді. Мұндай өмірден өлгенім артық. Сондықтан мен осы күресті тоқтатудың қолайлы жолдарын іздестіріп жүрмін. Ендігі әңгіме көзі тірі, Сент-Онореде тұратын Теодорада емес, мына менің басымдағы Теодорада, деп назалана, маңдайымды жұдырықтадым. Апиын туралы сен не білесің?
– Саған не болған? Сұрапыл азап емес пе? деп Растиньяк шошып кетті.
– Иіс тиіп уланса қайтер еді?
– Пасықтық.
– Сената батып кетсе ше?
– Ау да, мәйітхана да тым лас.
– Пистолетпен атылу қалай?
– Жазатайым мүлт кетсең, өмір бойы затын болып қаласың. Бері қара, – деп бастады Растиньяк. Жас адамдардың бәрі секілді, мен де өзімді-өзім өлтіруге оқталғанмын. Біздің қайсымыз отызға дейін өзін-өзі екі-үш рет өлтіріп бақпады дейсің! Алайда ақырында менің ойлап тапқаным сілені ләззатпен қатыру, мен осыдан артықты таппадым. Есерліктің түпсіз шыңырауына бір батсаң, өзің де, құмарлығың да екеуің бірдей құрисыңдар. Нәпсінің ұстамсыздығы, айналайын-ау ажал атаулының падишасы ғой. Миына қан құйылу да содан болады. Пистолеттен атылған мүлтіксіз оқ осы болмақ. Есірік думан денемізге ләззат сыйлайды: осының өзі-ақ арзанқол апиын емес пе? Есірік бізді шамадан тыс ішкілікке зорлап, ажалды айқасқа шақырады. Герцог Кларенстің89 мальвазия шарабы Сенаның лай топырағынан дәмдірек емес пе? Мастық жеңіп әрдайым үстел астында домалап жатуымыз иіс тиіп уланудың жеңіл түрі емес пе? Ал егер, мас болып құлап жатқанымызда патруль келіп жинап әкетсе, кордегардияның суық сәкісінде серейіп жату осының өзі мәйітхананың барлық рақатын көргендік емей немене? Жалғыз-ақ одан опынарымыз денеміз көгеріп, ішек-қарнымыз ісіп-кеуіп, дөңкиіп жатпаймыз, бірақ есесіне олжамыз дағдарысқа ұшырағанымызды айқын ұғынатын боламыз. Түу! Растиньяк әңгімесін ұластыра берді. Ұзақ уақыт бойына осылайша өзіңді-өзің өлтіру бұл саудасы күйреген бақалшының өлімі тұрлы болмас па? Дүкеншілер өзенді масқаралап болды түге, өздерінің алашақтарын мейірлендіру үшін суға кетіп жүргендер солар ғой. Сенің орныңда болсам мен өлімнің бір әсемірек түрін таңдар едім. Егер сен өлімнің жаңа түрін туғызбақ болсаң менің айтқанымдай етіп, өмірмен жекпе-жек арпалысатын бол сонда, мен сенің құныкерің боламын. Өмірден мен зеріктім де түңілдім. Маған әйелдікке ұсынылған Эльзас қызының сол аяғының башпайы алтау екен, алты башпай әйелмен өмір сүре алмаймын ғой мен. Жұрт мұны естісе, көз ашпас күлкіге қалғаным. Ол қыздың барлық дәулетінің жылдық кірісі он сегіз-ақ мың франк дейді; демек дәулеті шағындалып, башпайлары көбейіп барады екен. Қарасы батсыншы!.. Есірік өмір сүрейік, бәлкім, әлдеқалай кездейсоқ болса да бір бақыт табармыз!
Растиньяк мені еліктіріп әкетті. Бұл жобадан тым күшті желіктің иісі аңқып тұр, ол тым көп үміт отын елестетеді, ең ақырда, оның сыртқы бояуы да тым әсем, ақын түгіл жай адамды да желіктірмей қоймайтын сияқты еді.
– Ақшаны қайдан аламыз? деймін мен.
– Сенде төрт жүз елу франк бар емес пе?
– Бар, бірақ мен тігіп шіге, үй бикесіне бересілімін...
– Сен тігіншіге ақы төлемекпісің? Сенен еш уақытта ештеңе шықпас, тіпті министр де бола алмассын мына қалпыңмен.
– Ал сонда айналдырған жиырма луидормен не істеуге болады?
– Ұтыс ойнаймыз.
Мен дір ете қалдым.
– Алда жарықтығым-ай, – деді Растиньяк менің тартынғанымды байқап қалып, өзім ұнатып үздіксіз сайран деп атаған өмірге сен де араласқалы тұрғаныңда жасыл мауытыдан сескенгенің бе?
– Бері қарашы! деп мен де жалбарына тіл қаттым. Ойынпаздар үйіне аттап баспасқа әкеме ант бергенмін. Мәселе менің осы антымды қасиеттеп орындауымда ғана емес, тіпті сол үйдің маңайынан өтіп бара жатқанның өзінде аза бойым тітіреніп, зәрем ұшады. Менен жүз экю ал да, жалғыз өзің-ақ баршы сонда. Екеуіміздің дәулетімізді сен картаға тігіп жатқанда мен де шаруамды жайғастырып, сенің үйіңе келермін.
Міне, сөйтіп, айналайын, мен өзімді-өзім құрттым. Жас жігіт өзін сүймейтін бір әйелді, немесе, оны тым қатты сүйетін бір әйелді кездестірсе-ақ болды оның бүкіл өмірі астан-кестен болады. Бақыт біздің күшімізді сарқады, бақытсыздық мейірбандығымызды жояды. "Сен-Кентен" мейманханасына қайтып келгеннен кейін, мен мансардаға ұзақ көз сүзіп, айнала шолдым, осында мен талымның салауатты өмірімен көп уақыт тіршілік етіп едім, бәлкім, ол талым қадірменді құрметке бөленіп, ұзақ өмір сүрер ме еді, әлде қайтер еді, өзімді тулаған тасқынның иіріміне сүңгіткен құштарлыққа бола бұл өмірді қиып кетпеуім-ақ керек еді. Осындай мұңды ой шыңырауына үңіліп отырғанымда қасыма Полина кеп қалыпты.
– Сізге не болды? деп сұрады ол
Мен салқын пішінмен орнымнан тұрдым да, Полинаның анасына борышты ақшаларымды санап бердім және бөлменің жарты жылдық пәтер ақысын күн ілгері төлеп қойдым. Полина зәресі кеткендей, маған қапалана қарады.
– Мен сіздерден кеткелі отырмын, сүйкімді Полина.
– Өзім де солай ойлап ем! – деді Полина жұлып алғандай.
– Бері қараңызшы, балапаным, мен осы үйге қайтып оралармын деген ойдан безіп отырғаным жоқ. Менің құжырамды жарты жылдай өзіме сақтаңыздар. Егер он бесінші қарашаға дейін қайтып оралмасам, сіз менің мирасқорым боласыз. Мынау бітеу конвертте, – дедім мен, қалың қағаз салынған пакетті нұсқап, менің "Ерік жігері" атты үлкен шығармамның қолжазбасы бар; соны сіз король кітапханасына тапсырарсыз. Сонан соңғы осында қалғанның бәріне өз қалауыңызша иелік етіңіз.
Полинаның көзқарасы жүрегімді езгілеп, зілдей басты. Менің алдымда бейне бір ұжданның өзі тұлғаланып тұрғандай еді.
– Енді мен сабақ ала алмаймын ғой, сірә? деп сұрады ол фортепьяноны нұсқап.
Мен үндемедім.
– Сіз маған хат жазып тұрар ма екенсіз?
– Қош болыңыз, Полина.
Мен оны жайлап қана өзіме тартып, әлі топыраққа түсіп былғанбаған таза қардай сүйкімді періште маңдайынан картаң ағасынша емірене сүйдім. Полина шыға жөнелді. Мен Годен ханыммен де қоштаспадым. Кілтті дағдылы орныңа ілдім де, кете бардым. Клюни көшесінен кілт бұрыла бергенімде, соңымнан қуып жеткен әйел аяғының жеңіл тықырын естідім. Мен сізге арнап әмиян кестелеп едім. Соны да алмай кеткеніңіз бе? – деді Полина. Шам жарығында Полинаның көз жанарында бір тамшы жас жылт еткендей сезілді маған, мен ауыр күрсіндім. Тегінде, екеумізді де бір ғана ой биледі ме екен, әйтеуір біз обадан қашқан адамдардай-ақ шапшаң айырылыстық. Мен енді иек артқалы тұрған сайранды өмір Растиньяк бөлмесінің зейнетінде әшекейлене бейнеленіп тұр екен, мен осы бөлмеде отырып оны тектілердей бейғамдықпен тостым. Камин пеш Махаббат тәңірісі орнатылған тасбақалы сағатпен зейнеттеліпті, Махаббат тәңірісінің қолында шала тартылған шылымның тұқылы көрінеді. Махаббатшыл жүректің сыйы болған сәулетті жиһаздар қалай болса, солай тізіле салған. Ләззат үшін жаралған диванның үстінде ескі шұлықтар шашылып жатыр. Мен отырған оңтайлы жұмсақ орындық кәрі солдаттың денесіндей шұрық-шұрық екен; ол өзінің жарақатты қолдарын ілгері созып, арқасына үйкелген опа, "ежелгі май" таңбаларын көрініске қойыпты, бұл таңбаларды оған Растиньяк достарының опа, далап жағылған бастары үйкеп қалдырса керек. Төсек-орындарында, қабырғаларда, барлық жерлерде байлық пен жоқшылықтың нышандары аңғалдықпен тоғысқаны байқалады. Мұны ладзаронедер орналасқан Неаполь алаңы деп ойларлық. Сәулет туралы өзіндік өзгеше бір ұғым туғызған, түйсікпен ғана өмір сүретін, өрескел алашұбарлыққа әсте қынжыла қоймайтын құмарпаз, алаяқ адамның тұратын бөлмесі еді бұл. Әйтсе де, бұл көрініс поэзиядан да мақрұм емес-ті. Мұнда өмір нағыз шындықтағы сияқты тосын, толымсыз, бірақ жанды, әсем тіршілікті күйінде, қолына түскеннің бәрін сүйреп әкеле беретін тонаушының зат қоймасындағыдай таңғажайып шоқпыт пен зейнеті аралас күйде бейнеленген еді. Мұнда мың франкіні картаға тігетін, сөйтсе де кейде бір жағым отыны болмай қалатын, серуенде тильбюри арбаға мініп қыдыратын, сөйтсе де кейде бүтін үстіне киетін бір мықты сырт көйлегі де болмай қалатын жас мырза Байронның шығармаларын отқа жатып, каминін жылытушы еді. Күні ертең әлдеқандай бір графиня, актриса немесе карта оған король сыйындай қылып іш киім сыйлауы мүмкін; ал қазір мына бір жерде күкірт оттықтың жасыл қалайы сауытына қондырылған май шам тұр, әне бір жерде сом алтыннан соғылған жақтауы жұлынып, бір әйелдің суреті жатыр. Бәсе, мұншалықты қайшылықтарға толы, бейбітшілік кезінде соғыстың барлық ләззаттарын сыйға тартатын осындай өмірдің рақаттарынан мереке қызық аңсаған сері жігіт қалайша бас тарта алар еді? Мен қалғып бара жатыр екенмін, кенеттен Растиньяк есікті теуіп ашты да, қиқу салды:
– Жеңіс! Енді өлімді өз қалауымызша талғай аламыз...
Ол іші алтынға лық толған қалпағын маған көрсетті де, үстел үстіне қоя салды. Біз өзінің құрбандықтарының үстіне төнген екі жалмауыздай қалпақты шыр айнала би билеп кеттік; тыпырлап, қарғып, секіріп, асыр салдық, аюдай ақырыстық, керку дәнді де жығарлықтай желіге жұдырықтастық, біз үшін бүкіл әлемнің барлық қуанышын бір өзінің ішіне сыйғызып тұрған мына қалпақты көргенде, шарықтата он шырқадық.
– Жиырма жеті мың франк, деп Растиньяк үйме алтынға бірнеше банк билеттерін, яғни қағаз ақшаларды үстеп нығыздай берді. Басқаларға мұншалық ақша өмір бойына жетер еді. Біз үшін өлімге ғана жетер ме екен? Әлбетте! Біз алтын ванна ішінде жан тәсілім етерміз... Ура!
Біз қайтадан асыр салдық. Бейне бір мұрагерлер тәрізді, теңгеліктерді біртіндеп, екі жаққа бөлістік; әуелі қос наполеондардан бастап, ірі теңгеліктерден кішілеріне қарай ауыса, ұзақ уақыт бойына: "Мынау саған!.. Мынау маған!.." дей-дей, біз шаттығымызды бір-бір тамшылап, тістің суындай ірке сімірістік.
– Ұйқы бүгін адыра қалсын! деп Растиньяк айтай салды. Жозеф, пунш әкел!
Ол өзінің адал қызметшісіне алтын теңгелік лақтырды:
– Мә, мынау сенің үлесің, ал! Өлгенде маған бата оқырсың!
Ертеңіне мен Лесаждың90 дүкеніне барып, жиһаз сатып алдым, Тэбу көшесінен пәтер жалдадым, кәдімгі, өзіңмен танысардағы пәтер, ішін әшекейлі тұсқағаздармен безендірдім. Мен аттар сатып алдым. Қысқасы, мен думанды, әсерсіз, бірақ шынайы ләззаттардың құйыныңа шомдым да кеттім. Кейде ұтып, кейде орасан көп сомаларды ұтқыздым, тек дос-жарларымның ғана үйлерінде ойнаймын, құмарпаздар үйіне әсте жуымаймын, бұлар маған бұрынғыша жабайылық кездегідей қасиетті үрей туғызатын. Бірте бірге достар да пайда болды. Егестеріміз де, араздықтарымыз да немесе олжаластық арқылы қаныпезерлене түсіп, құпия сырларымызды бір-бірімізге соншалық жеңіл-желпі сенгіштікпен жариялауымыз да осы достардың арқасы; әйтсе де, бәлкім, бізді өзара сондай тығыз жымдастыратын біздің кінараттарымыз ғана болса керек, бұдан өзгеде ондай қуат болмас, cіpә. Мен көркемсөз майданыңда күш сынасуға батылдық еттім, менің шығармаларым мақұлданды да, сауда-саттық әдебиетінің ұлы адамдары, менің қауіпсіз бақталас екенімді көріп, әрине, менің өз басымның қасиеттері үшін емес, өздерінің саудаластарының ызасын келтіру үшін мені мақтай бастады. Думанды сайранның көркем кестелі тілімен айтқанда, мен өмірді өртендіруші болдым. Менің намыскерлігім тезірек өзімді-өзім мерт ету және өзімнің төзгіштігім, уыттылығым арқасында ішкіліктес нағыз жайдары серіктерімді де күйрету жолына жұмсалды. Мен әрдайым тың, әрдайым сыпа-сырбаз болдым. Мен тіпті сықаққой атағына да іліндім. Адамды шүмекке айналдыратын, жүзім шырының сытып шығаратын аппаратқа немесе бәйге атына айналдыратын сұрапыл тіршілікті менің бойымнан еш нәрсе де әшкерелей алмайтын еді. Көп кешікпей, есерлік өмір өзінің сұрапыл кескінінің бүкіл ұлылығын менің алдымнан кес-кестетті, һәм мен оның сырына қандым да! Әрине, өздерінің мұрагерлеріне арнап, шыныларға этикетка жапсыратын естияр, байсалды адамдар мұндай салтанатты өмірдің теориясын да, оның қалып-қағидаларын да есте ұстай алмас. Ләззаттың апиын мен шай сияқты бұлақтарын да әлі күнге дәрі көретін өлкеліктерді мұндай өмірдің поэзиясымен қызықтыруға болар ма? Тіпті Парижге осынау өзінде, пікір астанасының өзінде де, біз шалағай ләззат құмарларды кездестіріп жүрген жоқпыз ба? Шамадан тыс ләззаттарға өресі жетпегендіктен болар, Россинидің жаңа операсын бір тыңдағаннан кейін бүкіл музыкаға қарғыс айтатын салауатты буржуалар тәрізді, алғашқы азғындықтан-ақ қажып қалмай ма? Паштетті алғашқы жегенінде-ақ асқазаны ұқсатпай қалғандықтан, ынсапты адамның Рюфек паштеттерін жемейтіні секілді, олар мұндай өмірден безер болмай ма? Есерлік, әрине, ол да поэзия сияқты, өнер, сондықтан оған да жансебіл қайратты адамдар керек. Оның құпия сырларына қану үшін, оның көріктерімен құмар тарқата алатын болу үшін жігіттер белгілі мағынада бұл өнерді тәптештеп зерттеулері керек. Барлық ғылымдар сияқты, ол да алғашқы кезде бездіреді, оның жолы да тікенекті. Адамның жаның жай таптыратын орасан ләззаттар әрқашанда керемет кедергілермен қоршаулы: ұсақ-түйек рақаттар ғана емес, аса сирек сезімталдықтарды дағдыға айналдыратын, біртұтас етіп біріктіретін, оларды ұрықтандыратын белгілі бір жүйе мінекей, драматизмге кенелген ерекше өмірді туғызатын, адамды өзінің күштерін шамадан тыс, үдере ысырап етуге ынталандыратын осы. Соғыс, өкімет билігі, көркемөнер осының бәрі желік, бұлар да есерлік секілді адамның қарсылығының жайшылықтағы күшінен сондайлық өктем және сондайлық қызықтырарлық, еліктірерлік желік, және, осының бәрі қиыншылық арқылы ғана қол жетерлік нәрселер. Ал енді кімде-кім осы ұлы құпия сырларды тіке шабуыл арқылы меңгерсе, ондай адам әлденендей ерекше бір дүниеде аяғын алшаң басқаны емес пе? Көңілге күшті әсер ететіні зауықтарды өзінің кәдуілгі тіршіліктен соншалық алыс өміріне қарсы қою қажеттілігі қолбасыларды, министрлерді, суретшілерді — осылардың бәрін азды-көпті дәрежеде азғындыққа, зинақорлыққа жетелейді. Сарқып келгенде, соғыс дегеніміз — бұл қанды балақ есерлік, саясат дегеніміз, бұл сүзіскен мүдделердің есерлігі. Ысырапқорлықтың бәрі ағайындас. Осы әлеуметтік зағыптықтардың бәрінде де шыңыраудың ұйығындай тартып әкететін күш бар, Елена әулие аралының Наполеонды арбағаны сияқты, олар да арбап өзіне тартады, олар басты айналдырады, елітеді, олар сиқырлайды, сондықтан өзіміз де білместен, біз түпсіз шыңырауға үңілуге ұмтыламыз. Бәлкім, онда мәңгіліктің идеясы бар шығар, бәлкім адамның төтенше сусыны қанарлықтай кәусар бар шығар оның ішінде, олай болғанда оның тағдыры жалпының назарын өзіне аудармай ма? Қызметтік рақатты сағаттарына, шығармашы қуанышына бола, қажыған суретші, сезімдердің қызметін өзінің ақыл-ой қабілеттерінің қызметіне қарсы қойғалы, не тәңірі тәрізді — жексенбі тынысын, не әзәзіл тәрізді тозақтың нәпсі құмарлығын талап етеді. Бостон ойнап отырып мылжыңдасу, рантьенің жаның жай таптырғанымен, лорд Байрон үшін тыныс болып табылмас еді оған, яғни ұлы ақынға, Махмұдпен карта ойнауға тігісетін Грекия керек болды. Соғыста адам ажалдың періштесіне айналмай ма, тек алып мөлшердегі өзіндік бір жендет болып кетпей ме? Бейне бір тікенек қоршауда тұрғандай, біздің құштарлықтарымызды тұмшалап тұрған нәуетек қабыршағымызға жау, зымыстан азаптарды тарта алатын болуымыз үшін мүлдем ерекше бір сиқыр, арбау керек болмас па? Шылымшы темекіні ынсапсыз сорғаны үшін тамыр сіңірлері құрысып, өзінше өлім есірігінің азабын тартады, бірақ оның есесіне ол қандай елдерді араламады дейсіз, неткен тамаша мерекелерді бастан кешірмеді дейсіз! Еуропа тобығынан қанға малшынған аяқтарын сүртіп үлгірместен, үздіксіз соғыстарды қайтадан бастамап па еді? Табиғаттың да өзінің махаббат құштарлықтары болатыны сияқты, адамдар бұқарасы да сондай мастануды бастан кешірмей ме? Жеке адамдар үшін бейбітшілік уақыттарында топастыққа мелдігіп, дауылды арман ететін қайдағы бір Мирабо сияқтылар үшін есерлікте барлық тіршілік қорытылмай ма? Думанды сайран бұл таусылмайтын айқас, немесе өңдеңкіреп айтқанда, бүкіл өмірдің әлденендей бір дерексіз күшпен, жантүршігерлік мақлұқпен жекпе-жек күресі; алғашқы кезде мақлұқ сізді үрейлендіреді, оны бас салып мүйізінен ұстап алу керек; мұның өзі адам айтқысыз қиын. Табиғат бізге әлде тым тар, әлде тым жалқау асқазан сыйлапты; біз оны жуасытамыз, кеңейтеміз, шарапты меңгеруді үйретеміз, маскүнемдікті қолтума, төл кәсіп етіп дағдыланамыз, талай түндерді ұйқысыз өткіземіз, ақыр-аяғыңда өзімізде гусардың қызба мінезін тәрбиелеп шығарамыз, бейне бір тәңіріні келемеж ететіндей, өзімізді-өзіміз екінші рет қайта жасап шығарамыз. Жігіт адам міне осылай қайта өзгерсе, мысалмен айтқанда, әскерге жаңа алынған жасөспірім өзінің жан сезімдерін зеңбіректің допты түйдектеп жаудыратын гүрсіліне, өзінің сирақтарын жорық жүрістеріне әбден кәнігі етіп дағдыландырып, қарт солдатқа айналса, ол әлі мақұлыққа мүсәлләм болмай тұрған кезінде, екеуінің қайсысы мырза, қайсысы малай болатының өзара келісіп алмай тұрған кезінде. Бұлар, жас жігіт пен құбыжық, бір-біріне кейде жеңуші, кейде жеңілуші болып бас салады, осының өзі айналадағының бәрі де таңғажайып керемет боп көрінетін, жүрек азаптары қалғып, тек идеялардың ғана елестері тірілетін әлем саласында жүзеге асып жатады. Кескілескен бұл күрес енді қажеттілікке айналады. Аңыздарда айтылатынындай, зұлымдықтың құдіретіне не болу үшін жаның әзәзілге сатқан ертегі қаһармандарының тұлғасына айнала отырып, өмірдегі барлық қуаныштары үшін, соншалық мол, соншалық жемісті, мәуелі шаттықтары үшін, ысырапқор өзінің өлімімен ақы төлейді! Дүкеннің немесе кеңсенің бір тұрпаттағы аңғарлары арасында жайлап қана бұлаң қағудың орныңа, өмір қазандай қайнап, тасқындай сарқырайды. Ең ақырда, жан сезімі үшін мистикалық қуаныштар қандай болса, әрине, дене үшін, тән үшін есерлік өмір де сондай. Маскүнемдік бізді шамадан тыс шексіз қиялдарға батырады, ынтызарлық шұғылалары сияқты бұл қиялдар да сондайлық қызықтырарлық. Сол кезде бізде де жас қыздың еркелігіндей сиқырлы сағаттар болады, достарымызбен шүйіркелескен сүйкімді әңгімелеріміздің тиегі ағытылады, бүкіл өмірімізді көз алдымызға қайта елестеткен көңілді сөздеріміз, бұлыңғырсыз, толық қуаныштарымыз, зеріктірмейтін серуендеріміз, бірнеше сөйлеммен тынатын тұтас поэмаларымыз болады. Біздің ішіміздегі айуандық нәпсіде жан барлығын табу үшін ғылымның көп зерттеуіне тура келер еді, осы нәпсіні жұбатуымыз-ақ мұң, сиқырлы тұралаушылық туады, естен мезі, ақылдан ада болғандар Бұл тұралаушылықты аңсап, терең күрсінеді. Олар толық тыныштық қажет екенін түсінеді, ал есерлік-данышпанның жауыздыққа төлейтін рамат салығына ұқсас емес пе? Ұлы адамдардың бәріне де көз жіберіңіздерші: олардың ішінен кімде-кім нәпсі құмар болмаса, оны табиғат дімқос етеді. Сықаққойлық немесе күндестік күші олардың дарындылығының әрекетін тепе-теңдестіру үшін олардың жаның яки тәнін кінәратты етеді. Осы мастық сағаттарында адамдар мен заттар сенің өз киіміңе оранып, көз алдыңа келіп тұрғандай болады. Шабыт мұраты, сен оны өз қалауынша өзгерте аласын. Осы тоқтаусыз үздігу үстінде, ойың сенің өзіңнің ізгі тілеуің бойынша, тамырларыңа қорытылған қорғасын құяды. Тамаша күндеріңнің бірінде сен енді түгелдей манағы жан түршігерлік құбыжықтың билігіндесін: сол шақта сенде де, менің өз басымнан кешіргенімдей, ашына оянғандық пайда болады: бас жағыңа таяна, дәрменсіздік келіп қонады. Сен қарт жауынгер болсаң сенің өкпеңді құрт жейді, сен дипломат болсаң сенің қолқа тамырларыңның кенеюі мойныңа ажал жібін іліп қояды; Урбинодаты Рафаэльді махаббаттағы артықша асқақтық мерт еткен, бір кезде соған айтқаныңдай, маған да, бәлкім, көкірек дерті келіп: "Уақыт болды!!!" деуі мүмкін. Мінеки мен осындай өмір сүріп келдім. Мен дүниеге тым ерте немесе тым кеш келсем керек; әрине, егер мен осылайша өз күшімді мұқалтпаған болсам, мұнда менің күшім аса қауіпті де, құдіретті болар ма еді, әлде қайтер еді; тегінде, сауық азғындығының тынымында Геркулес кесесі91 әлемді Александрдан құтқарған жоқ па еді! Сайып келгенде, өмірлері сәтсіз болғандарға не жұмақ, не тамұқ керек, не есерлік тұрмыс немесе мейірімхана керек. Қазір мынау екі жан иесіне уағыз айтуға менің батылдығым жетпеді, – деді Рафаэль Евфрасия мен Акилинаны нұсқап. Осылар менің тарихымның жанды келбеті, менің өмірімнің бейнесі емес пе? Мен оларды айыптай алмадым, олардың өздері менің алдыма қази болып келді. Осы бір тірі поэманың орта шенінде, маужыратқан осы дерттің құшағында мен екі рет жанымды өртей күйзелткен қатты талмаға ұшырадым. Алғашқы талмам, Сарданапал секілденіп, алауға құлап түскенімнен кейін бірнеше күннен соң ұстады: Итальян театрының есік алдыңда мен Теодораны кездестірдім. Біз экипаж күтіп тұр едік. "Ау, сіз әлі тірі екенсіз ғой!" Оның жымия күліп, нөкеріне сыбырлай айтқан аярлық сөздерін осылай деп қана ұғуға болатын еді; әрине, нөкеріне менің тарихымды аңғартып, менің сүйіспеншілігімді былапыт, тұрпайы махаббат деп анықтама бертендігі де күмәнсіз. Ол өзінің жорамал қырағылығына масайрап қол шапалақтады. Уа, дариға, сол үшін өлу, әлде болса оны тәңірі тұту, тіпті мастыққа батқан мезетте, жезөкше қыздардың төсегінде артықша құмарлыққа беріліп жатқан минуттарда да оны өзіңнің қарсы алдында көру сөйте тұрып, оның ожуасына нысана болғаныңды түйсіну қандай қорлық! Кеудеңді парша-парша етіп, оның ішіндегі махаббатты жұлып алып, ызалы кекпен соның аяғының астына лақтырып тастай алмайтының-ай! Ақырында мен өзімнің байлығымды ысырап етіп болдым; алайда үш жыл ұдайы дұрыс өмір сүрудің арқасында денсаулығым әбден мығым боп қалыптасып үлгірген екен, сондықтан, ақшасыз қалған күні мен өзімді тым тәуір күйде сезіндім. Өлім есірігін ұзаққа соза түсу үшін мен қысқа мерзімдік вексельдер бере бастағанмын; қарызды төлейтін күн де жетті. Қытымыр қынжылыстар-ай! Осылардың өзі-ақ жас жандарды қандайлық сергітеді! Мен мезгілінен ерте қартаю үшін жаралған емес едім. Жан сезімдерім әлі жас, уытты, тамылжып гүлдену үстінде еді. Менің алғашқы векселім өзімнің барлық мейірбандығымды өмірге қайта тірілтті; олар қайғылы пішінмен баяу аттап, құзырыма келді. Мен оларды үгіттеп көндіре алдым; алғашқы кезде ұрысып-кейіп, кейіннен көңілдері босап, жылап жіберетін, сөйтіп, ақша беретін кәрі апайлар тәрізді еді олар. Ал, менің қиялым анағұрлым ызғарлы болатын, ол менің есімім бүкіл Еуропада саяхат шегіп, қаладан-қаланы аралап жүргендігін суреттеді маған. Біздің есіміміз ол біздің өзіміз, депті ғой Евсевий Сальверт.92 Әлде бір немістің егіз қосағы тәрізді, мен ешқайда шықпасам да, тентіреп-тентіреп, өз үйіме қайтып келіппін: кенеттен ояна кеттім. Сауда-саттық ұжданыңың құстанасы атанатын, қожасы кигізген сұрғылт түстес оқалы бешпентіне күмістей ақ қаңылтыр тағып жүретін банк шабармандарын Париждің көшелерінде кездестіргенде, мен бір кездерде оларға немқұрайды қарайтынмын; қазірде мен оларды күні бұрын жек көретін болдым, тегінде, күндерде бір күн таңертеңгілік солардың әлдебіреуі маған да жетіп келіп, менің қол қойған он бір векселім жөнінде жауап талап етпесе неғылсын! Менің қойған қолым үш мың франк тұратын, қысқасы өзімнің құнымнан да артық. Өзгенің қайғы-қасіретіне, тіпті өліміне де мейірі жібімейтін сот орындаушылары, өлім жазасына үкім етілгендерге: "Сағат үш жарымды соқты" дейтін жендеттерше, менің көз алдымда елестейтін де тұратын. Мені ұстап алып, есімімді өзгертіп қойып дәптерлеріне шатпақтап жазуға, оны ластауға, келемеж етуге олардың хатшыларының толық қақылары бар. Мен борышқормын ғой. Қарызданғанның қара басына иелігі бар ма? Менің қалай дәурен сүргенім туралы есеп сұрауға өзгелердің де қақысы бар емес пе? A la chіpolata ботқа жеуге әуестенетін не жөнім бар еді? Шампан шарабына құнығатын қай мырзалығым? Қарызымды өтемей тұрып, ұйықтау, жүру-тұру, ойлану, сайрандау себебім не? Идеясына айызым қанып, өлеңді құмарта оқып отырған кезімде немесе достарымның ортасында, шаттыққа бөленіп, сүйкімді әзіл үстінде ертеңгілік ас ішіп отырған кезімде күнсіген, үстіне фрак киген, көне қалпағын қолына ұстаған жалдап, менің алдыма жетіп келуі мүмкін-ау. Бұл менің борышым, векселім, менің қуанышымды су сепкендей сөндіретін елес; ол мені үстел жанынан шығып, оңаша тілдесуге мәжбүр ете алады; ол менің жайдарылығымды, ғашық жарымды бәрін де, ең арғысы төсек-орныма дейін ұрлап әкете алады. Ұждан құстанасы анағұрлым мейірімді, ол бізді көшеге лақтырып тастамайды, абақтыға отырғызбайды, кінәраттың сойқанды құмарханасына итермейді; ол бізді жаңғырықтан басқаға душар етпейді, тіпті жаңғырық алдында да жендет бізді ізгі пендеге, асылзадаға айналдырады, өйткені басымыз кесілерде де бізді жұрттың бәрі "күнәсыз еді" деп нанатын болады; ал қоғам күйреген құмарпазға мейірбандықтың ешқандайын да қимайды. Оның үстіне осы екі аяқты борыштар, яғни борыштың жасыл мауыты киінген, көк көзілдірікті, қуарған қолшатыр ұстаған осынау тұлғасы жүзіміз күлім қағып тұрған шақта көшенің қиылысында бізге бетпе-бет кездесе кетеді де, сұрапыл хұқығын пайдалана қояды; "Валентен мырза маған қарыздар, бірақ борышын төлемей жүр. Оның жаны менің қолымда. О, менімен кездесуден тайқақситының тек сездіріп көрсін!" деуге қақысы бар бұл сұмның. Қарыз берушілерге тәжім етіп жүру қажет және де жайдары жүзбен жағымпаздана тәжім ету қажет. "Сіз борышыңызды қашан төлейсіз?" деседі олар. Сонда сен өтірік айтуға, жалынып, жалбарынуға міндеттісің, ақша үшін өзіңдей адамның алдында кішіреюге, кемсінуге тиіссің, сандығының үстінде шалқия отырған ақымаққа бас июге мәжбүрсің, оның мұздай көзқарасын, жағына шапалақпен тартып жібергеннен де қорлықтырақ сүлік көз қарасын төменшілікпен қарсы алуға ділгерсің, оның Барем93 сәйкесті есепқорлық насихатын тыңдауға, өрескел надандығына төзуге кіріптарсың. Борыш дегеніңіз күшті қиялдың жемісі, мұны қарыз иелері түсінгісі келмейді. Қарыз алушыны көбінесе жан сезімінің ынтығы желіктіріп, құлдыққа душар етеді, ал ақшаға бола ғана өмір сүріп, ақшадан басқаны танымайтыңдарды ештеңе де құлдыққа түсіре алмайды, ешқандай ұлы сезім, асқақ ой оларды ешқашан билей алмайды. Ақша дегеніңіз менің зәремді кетіріп, үрейімді ұшырушы еді. Ақыр-аяғында вексель дегеніңіз бала-шағасын асырай алмайтын, мейірбандық жүгінің салмағына төтеп бере алмай бүкшеңдеген кәрі шалға айналуы да мүмкін. Бәлкім, мен Грезаның жанды суретіне, сондағыдай перзенттері қоршап алған мүгедекке, солдаттың жесіріне қарыздар болуым мүмкін ғой; ал, олардың бәрі де маған жалбарынып, көз созатын болар еді. Бізге қарыз берушілердің өздерімен қосыла жылауға тура келетіні не деген сұмдық! Сұрапыл ғой мұндай қарыз иелері! Оларға борышымызды төлегеннен кейін де біз өздеріне жәрдемдесуге тиіс екенбіз. Басы кесілер алдында немесе жекпе-жек атыс алдында адамдар жалған байсалдылықпен тыныш ұйықтағансиды ғой, қарызды төлер мерзім қарсаңында мен де сондай жалған байсалдылықпен тыныш ұйықтағалы жатқан едім, мұның өзі алдамшы үмітпен өзіңді әлдилеуге мүмкіндік бермек қой. Бірақ ертеңіне ұйқыдан оянып, есімді жиған кезде, жаным банкирдің әмияныңда тығулы жатқаның, қызыл сиямен жазылып, хаттау актісіне телінгенін ойлауым мұң екен, борыштарым әр жерден шегірткеше шоршып шыға бастады: олар сағаттың ішінде, жұмсақ орындықтардың үстінде тізіліп тұр; жақсы көретін жиһаздарымның ою өрнегінде де бар екен ол борыштар. Сот егеуқұйрықтарының жемтігіне айналған бұл заттарымды, менің сүйкімді жансыз құлдарымды олар тасып әкетіп аланға қалай болса солай үйе салады ғой енді. Қайран, менің мүліктерім-ай әлі де болса өзімнің бір бөлегім іспетті еді ғой! Пәтерімнің есігінде қоңырау миымды шағып, жүрегімде сыңғырлады, онан да корольдарды осылай жайратсайшы ол шіркін! Осының өзі сыйға тартатын жұмағы жоқ құрғақ азапкерлік еді. Иә, инабатты адам үшін борыш дегеніңіз тамұқ; тамұқ болғанда да, сот билігін орындаушылары, адвокаттары бар тамұқ. Өтелмеген қарыз ол масқаралық, ол зымияндықтың ұрығы, айта берсеңіз, ол өтірікшілік. Ол қылмысқа ниеттенеді, жаңғырыққа деп тақтай құрастырады. Менің вексельдерім бойынша борыштарымды өндіртуге билік шығарылды, үш күн ішінде төлеп құтылдым. Сәті түсе қалды: тап сол кезде бір саудагер келіп, Луара өзеніндегі маған тиісті аралды сат деп ұсынбасын ба. Сол аралда менің анамның қабірі болатын. Мен бұл саудаға келістім. Нотариустың қараңғы кеңсесінде аралды сатқандығым жөнінде қағазға қол қойып отырғанда, мен құжыраның лебі келгенін сезіндім. Әкемді қабірге түсірерде, сол қабірдің шегіне төніп тұрғанымда, маған осындай бір дымқыл салқын леп келгені есіме түсіп, селт ете қалдым. Осының өзі маған жаман ырым болып көрінді. Анамның даусы естілгендей, көлеңкесі көз алдымда елестегендей болды; қандай кереметтің күші екенін білмеймін, әйтеуір қоныраудың сыңғырына араласа өз есімімнің аталғаны құлағыма әнтек естілгендей болды. Аралды сатқан ақшадан, барлық борыштарымнан құтылғаннан кейін, менде екі мың франк қалып еді. Әрине, ғалымның бейбіт өмірін қайтадан бастай алатын едім, осы тәжірибелерден кейін өзімнің мансардама қайта оралуыма мүмкіндік бар еді, әжептәуір белгілі, атақты адам болып, көрген-білгендерімнің мол қорымен қайтуыма әбден болатын еді. Бірақ Теодора өзінің жемтігін шеңгелінен шығармады. Мен онымен жиі-жиі қақтығысып қалып жүрдім. Теодораның құлағына өзімнің есімімді ызыңдай беруге оның табынушыларын мәжбүр еттім, менің ақылыма, жүйрік аттарыма, жеңістеріме, сән-салтанатыма олардың қайран қалғаны сондай Теодора бәріне де, тіпті Растиньяктың "Ол сіз үшін өзін мерт еткелі жүр" деген жан түршігерлік сөздеріне де жібімей, мұз жүрек, өзгеріссіз қалпында қала берді. Бүкіл зиялы қауымға Теодорадан мен үшін кек алуды жүктедім, бірақ мұнымен де бақытты бола алмадым. Мен өмірдің бүкіл лас быламығын қазып шығардым, бірақ жұбай махаббатына ынтығым, бұған қарап кеміген жоқ. Ондай қуаныш бұрынғыдан бетер алыстап кетті, мен есерлік өмірімнің кездейсоқ уақиғалары арасынан, зауық азғындығының ортасынан сағым қудым. Сорыма қарай, мен ең таңдаулы сезімдерімде алдандым, ізгілік істерім үшін таупиқсыздықпен жазаландым, ал жаңсақтықтарым үшін мың түрлі ләззат рақатына баттым. Тым көңілсіз философия, бірақ сайранқұмар адам үшін өте әділ! Оның үстіне, Теодора мені даңқ құмарлық дертіне шалдықтырды, өзімнің жан жүйеме үңіліп едім, оның іштей шіріп, бұзылып бара жатқаның айқындадым. Әзәзіл менің маңдайыма өзінің зұлымдық таңбасын өшпестей қылып басыпты. Бұдан былай мен өмірдің тәуекелшіл қылтың-сылтыңсыз байлықтың кесірлі кезбездігінсіз тіршілік ете алмайтын күйге жеттім. Егер мен миллионер болсам, өмір бойы ойын-күлкімен, той-думанмен, сауық-сайранмен өтер едім. Менің енді ешқашан жалғыз болғым келмейтін болды. Барлық қайғы-дертті ұмыту үшін маған жезөкшелер, жалған достар, дәмді тамақтар, шараптар керек болды. Адамды отбасымен байланыстыратын арқау менде мәңгілікке үзілді. Маған ләззаттың сүргіні үкім етілді. Мен өзімнің жазмыштағы үлесімді, өзімді-өзім өлтіретін тағдырымды ақырына дейін жеткізуге тиіс болдым. Байлығымның соңғы сарқыншақтарын мен адам айтқысыз артықша құмарлықтарға жұмсадым, бірақ әрдайым таңертеңгілік өлім мені өмірдің құшағына қарай итеріп тастай берді. Бейне бір таусылмайтын өмірлік жарнасы бар адамдай, мен тіпті өртеніп жатқан үйге де аспай-саспай кіре алатын жағдайда едім. Ақыр аяғында менде жалғыз-ақ жиырма франкілік ұсақ ақша қалды, сонда ғана мен Растиньяктың оңай олжаларын еске алдым.
– Еһе! деп кенеттен бойтұмары есіне түскен Рафаэль айқайлап жіберді де, қалтасынан соны суырып алды.
Әлде осы ұзақ күннің талас-тартысы қажытып, арақ пен шараптың толқыныңда өз ақылының тетігін билей алмай қалды ма, әлде ұзақ естеліктер шабытын қоздырып, өз сөзінің тасқынынан байқамай өзі қызып кетті ме, әйтеуір Рафаэль қайтадан көтеріліп, тіпті еліріп алды.
– Құрысын өлімі! деп айғайлады ол шегірен былғарысын бұлтаңдатып. Енді өмір сүргім келеді! Мен баймын, демек мәртебелі қасиеттердің бәрі де өзімнен табылады! Маған қарсы тұрар ешқандай күш жоқ. Тілегенінің бәрі қолынан келетін болса, кім мейірбан болмайды? Еһе-һе! Э! Оһо-һо! Мен жылына екі жүз мың франк табысты арман етіп едім. Енді соған қолым жетеді! Қоңырсыған көңге аунағандай, кілем үстінде көсілген доңыздар, маған табыныңдар! Қымбат бағалы асыл мүліктер, сендер менікісіңдер. Мен баймын, мен сендердің бәріңді, тіпті анау қорылдап жатқан депутатты да сатып ала аламын. Ал, кәнеки, мәртебелі қауымның сілімтіктері, бағаларыңды беріңдер маған! Мен Римнің папасымын!
Үй ішіндегі үздіксіз қою қорыл бұған дейін Рафаэльдің өрекпіген сөздерін есіттірмей, көмескілеп келсе де, дәл осы арада оның айқайын кенеттен жұрттың бәрі естіп қалды. Ұйықтап жатқандардың көпшілігі даурыға оянды; өздерінің ұйқысын бұзған адамның тәлтіректеп жүргенін көріп, олар Рафаэльдің мастық қиқуына наразылығын неше түрлі балағат сөздермен білдірді.
– Өшір үндеріңді! деп ақырып жіберді оларға Рафаэль. Орындарыңа жатыңдар, иттер! Эмиль, мен кереметтей баймын, мен саған Ғаван сиғарларын сыйлаймын.
– Менің құлағым сенде, деп ақын да бұған рай білдірді. Не Теодора, не өлім әңгімеңді айта бер! Анау қисалаңдаған Теодора сені алдап соққан екен. Әйел атаулының бәрі де Хауа ананың қызы ғой. Сенің оқиғаңда пәлендей қапаланарлық ештеңе де жоқ.
– Ә, сен ұйықтап қалған екенсің ғой, сұмпайы?
– Жоқ... не Теодора, не өлім! Айта бер.
– Оянсайшы! Рафаэль Эмильді шегірен былғарымен осқылап ұрып жіберді, бейне бір сол былғарыдан, электр қуатын шығарғысы келгендей.
– Бұл неткен күркіреуік! – деді Эмиль атып түрегеліп, Рафаэльді құшақтай алды. Достым-ау, сұйық жүрісті сайқал әйелдер қауымында отырғаныңды ұмыта көрме!
– Мен миллионермін!
– Миллионер боларсың-болмассың, әйтеуір, сен массың.
– Билікке маспын. Мен сені өлтіріп тастай аламын!.. Шығарма үніңді! Мен Нерон! Мен Навуходоносормын!
– Рафаэль, біз нашар құлықты қауымда отырмыз ғой, сен тым болмаса өзіңнің ар-намысыңды сақтау үшін үндемей тұра тұрсаңшы.
– Мен өз өмірімде тым ұзақ уақыт үндемей келдім. Енді мен бүкіл әлемнен кегімді аламын! Жексұрын теңгеліктерді оңды-солды лақтыра берудің енді маған қызығы жоқ, кішігірім түрінде мен өз заманымды қайталаймын, мен адамдардың өмірін, ақылын, жаның жалмаймын жай әурешілік емес, нағыз салтанат деген сол әне! Оба топалаңы кезіндегі ойран! Сарысы ма, көгі ме, жасылы ма бәрібір; безгек атаулының бәрінен қорықпаймын, әскерің де, жаңғырығың да маған түк емес. Теодораны да иемдене аламын... Жоқ, Теодораның керегі жоқ, ол менің дертім, мен сол Теодорадан өлер болдым! Теодораны біржола ұмытқым келеді!
Сен бұлай айқайлай берсең, мен сені асханаға апарып тастармын.
– Сен мынау былғарыны көріп тұрсың ба? Бұл Сүлеймен пайғамбардың өсиеті. Осы Сүлеймен, сол сырбаз патша қазір менікі! Арабстан да, үстеуіне Петрея да менікі! Бүкіл әлем менікі! Тілесем, сен де менікі боласын. Иә, иә, тілесем деймін, сақтан! Журналист-ау. сенін бүкіл дүңгіршегіңді сатып аламын. Сен менің малайым боласын. Маған елен шығарып бересің, қағаз сызып бересің. Малай деген сол! "Оған бәрі де бір, өйткені ол ештеңені де ойламайды".
Осыны айтып ауыз жиғанша Эмиль Рафаэльді ас үйге қарай жетелей жөнелді.
– Жарайды, жақсы, достым, мен сенін малайыңмын, – деді ол. Ал, сен газеттің бас редакторы боласын. Үндеме! Мені құрметтесең, өзіңді әдепті ұста! Сен өзің мені жақсы көресің бе?
– Жақсы көремін бе? Мен мына былғарыға не болып тұрғанда, сенде гавана сигарлары, сөз жоқ, болады. Бәрін жеткізетін осы былғары, достым, құдіретті былғары бұл! Тамаша құрал, ең артысы қалдық мүйізін де жоқ қылады. Сенде сүйелмүйіз бар ма өзі? Әпсәтте жойып берейін...
Сен мұндай есуастыққа бармаушы едің ғой бұрын!
– Не деп сандырақтап тұрсың сен!..
– Есуастыққа? Жоқ, достым! Менде қандай да бір тілек бола қалса, мына былғары жиырылып, кішірейеді... Бұл, бейне бір, сауал-жауап. Брамин... Бұған брамин араласқан94!.. Міне сол брамин сайқымазақ қу өзі, әйтпесе, көріп тұрсың ба, тілек бойынша былғары созылуы керек...
– Не, әрине.; Менің айтайын дегенім...
– Иә, иә, дұрыс-ақ, мен де солай ойлаймын. Тілек ұлғая түседі ғой...
Менің айтпағым былғары ғой!
– Не, иә.
– Сен маған нанбаймысың? Мен сені білемін ғой, достым; сен таққа жаңа отырған жас король тәрізді өтірікшісің.
– Өзің ойлашы, сенің мастық мылжыңбай сөздеріңнен не түсінуге болады.
– Құдай ақы, мен саған дәлелдеймін. Өлшеп алайықшы өзін...
– Түу... Енді бұл ұйықтамайды! – деді Эмиль Рафаэльдің асхананы айнала тінтіп шарлап жүргенін көріп.
Mac адамның кіресілі-шығасылы есіне кейде жарқ етіп бір сәуле түсе қалатыны бар ғой, Рафаэль де дәл сондай бір маймылдың ептілігін танытып, әйтсе де, сыя сауытпен және қол сүртетін сулық тауып әкелді.
– Өлшемін алайық! Өлшемін алайық! деп үздіксіз қайталай берді ол.
– Жарайды-ақ, – деді Эмиль, алсақ алайық өлшеуін! Екі дос сулық орамалды үстелге төсеп, үстіне шегірен былғарыны жайып жіберді. Эмильдің қолы Рафаэльдікіне қарағанда мығымырақ көрінгендіктен, ол бойтұмардың жиегін сиямен айнала қоршап сызып жатқанда, досы өз сөзін қайталап жатыр:
– Мен екі жүз мың ливр кіріс кіріп тұруын арман еттім ғой, рас па? Ендеше, көрерсің, сол екі жүз мың маған келгенде шегірен былғары кішірейеді.
– Иә, әрине, кішірейеді: Ал енді ұйықта. Өзіңді мына диванға жатқызайын ба? Әне солай, жайлы ма?
– Иә, баспасөздің түлегі. Сен мені әлдилеп ұйықтат, масалардан қорға. Қайғыда бірге болған досымның құдіретті кезімде де дос болуға қақысы бар. Демек, мен саған га-ва-на-ның си...
– Жарайды, ұйықтаймын деп алтындарыңнан айырылып қалма, миллионер мырза.
– Сен де мақалаларыңды ұйықтап жатып жазғайсың. Қайырлы түн! Навуходоносорға да қайырлы түн тілесеңші, достым-ау!.. Махаббат! Сусын! Франция!.. Атақ-даңқ, билік байлық... байлық...
Лезде екі достың қорылы қонақ үйден шулаған музыкаға жалғасты. Тағылық қонцерті! Май шамдар бірінен соң бірі сөніп, кішкентай хрусталь сылдырай бастады. Тым ұзаққа созылған азғындық зауықты қараңғы түн түнегі өз құндағына алды, ал ессіздіктің жуан ортасында Рафаэльдің жаңағы әңгімесі ешбір мән мағынасы жоқ бір даңғазы сөз болып қала берген. Ертеңіне, сағат он екі шамасында, сымбатты Акилина сұлу, ұйқысы қанбай есінеп оянды; жайдақ орындыққа басын төсеп ұйықтаған екен, соның отырғышындағы бедерлі барқыттың өрнектері оның бетінде мәрмәр тастың тамырындай тарам-тарам із қалдырыпты. Қасындағы сырласы Евфрасия да даусы қарлығып орнынан қарғып тұра келді. Кешегі аппақ, уылжыған сұлу ажары қазір сарғылт тартып, ауруханаға кетіп бара жатқан бикештің кескініндей бозарып қалыпты. Қонақтар бірінен соң бірі ауыр ыңыранып, еркін қозғала алмай, біреулерінің; қол-аяқтары ұйып қалған, енді біреулерінің, бойлары жар бермей әлсіздік танытады. Малай келіп қонақ үйдің әйнектерін ашып, перделерін көтерді, ұйықтап жатқандардың беттеріне күннің қызу нұры төгіліп, бәрі де дереу орындарынан өре түрегелісті. Әйелдер ұйықтап жатқанда аунақшып, дөңбекшіп, кеше түндегі неше түрлі түйілген, буылған, қоқиған шаштарының сәні кетіп, әсем көйлектері уқаланып, жұмарланып, қазіргі, күннің жарығында, әбден берекелері кетіп қалыпты. Май шамның жарығымен жарқыраған ақ құба жүздер сұрапыл сұрқай: ұйықтап жатқандағы аппақ, назды келбеттер бір түрлі жасыл ғана өзгеріп; түндегі тамсандырған алқызыл еріндер қуарып, кебір тартқан; кейбіреулерде мастықтың кісі ұяларлық таңбасы анық білінеді. Түндегі ғашық жарларының көшеде салауат айтқан намазшылардың табаныңда тапталған гүлдей солып, шала өлікке айналғаның көріп, кейбір еркектер безініп қалғандай. Бірақ осы асқағы маңғаз еркектердің өздері де оңып тұрған жоқ. Шүңірейген көздерінің айналасы қарпылған осы адамдардың жүзін көрген көлденең жан қапы түңіліп қалғандай. Бұл көздер ішкіліктің зардабынан жанары сөніп, бұлдыр шыныдай салқын көрінеді. Адамды тынықтырудан мазасыз ұйқының салдарынан кейбір көздер мүлдем топастанып, тіпті ештеңені көрмей қалған тәрізді; осылай сүмірейген жүздерде әлденендей бір тағылық, ызғарлы айуандық нышаны тағы білінеді; кейбір кескіндерде тән құмарлығы тырдай жалаңаш күйінде менмұндалап жар салады, біздің жан сезімдеріміз зейнеттейтін поэзиядан мүлдем жұрдай күйінде әйгіленеді. Кінәраттың осылайша жамылғысыз, безенусіз оянуы, кесепаттың осы бір жұлмаланған, тоңазыған, қуарған қу қаңқасы, ақылдың қағидаларынан, сәулеттің көріктерінен жұрдай осы қу сүйек, есерлік жын ойнаққа қаншама бой үйретіп дағдылана тұрса да, мынау ер жүрек шомбалдардың өздерін де үрейлендіріп, үркіте түсердей. Құмарпаздықтың өрті қаңыратып, күйзелткен зәулім залдың ішіндегі жосықсыздықтарды адасқан көздерімен шолып суретшілер, жезөкшелер үндемей тұнжырасты. Енді бір сәт кенеттен ыбылыстың қарқылдаған көмей күлкісі жаңғырықты, қонақтарының қарлығыңқы дауыстарын естіп, оларды әулікпе желікпен құттықтаған Тайфер еді бұл оның тершіген, қаны сыртына тепкен арсыз беттеріне қарағандарға мынау тамұқ сахнасының үстіне ождан құстанасын білмейтін қылмыстың бейнесі шығып келе жатқандай көрінді. ("Қызыл мейманхананы" қараңыз). Сурет әбден кемеліне келді. Сәулетпен шендескен ластық көрінісі еді бұл, сән-салтанат пен адамның бейшаралығының жантүршігерлік қоспасы еді бұл; қомағай шеңгелімен өмірдің барлық жемістерін сығып, өзінен кейін жиренішті жемтіктер қалдыратын немесе өзі де нанбайтындай өтіріктерді бәсегін зауық азғындығының ояну көрінісі еді бұл бейне бір оба дертіне шалдыққан үй ішінде ажал күлімсіреп тұрғандай: хош иіс те, көз шағылдырған жарық та, жайдары сауық та, ізгі тілек те, солардың бірде-бірі жоқ, оның есесіне жүректі айнытып лоқсытарлық қоламса иіс, қабындаған қанішерлік философиясы еді бұл. Ал мынау шындықтай жарқыраған нұрлы күн, мейірбандықтай саф таза ауа зауық азғындығының шірік мерездерінің сасық қоңырсығына қарама-қарсы қойылғандай! Кінәратқа дағдыланғандарына қарамастан, бұл қыздардың бірі емес талайы-ақ баяғы бір күндердегі оянар сәттерін еске алып, сағынбады дейсіз бе? Күнәдан ада, кіршіксіз таза сол бір күндерінде олар да деревнядағы кішкентай үйінің гүл бәйшешекке оранған әйнегінен қарап, боз тортайдың шарықтата сайрауына мүлгіген, таңның тұманды тесіп өткен бозқылаңымен рауандаған, таңғы шықтың гауһар тамшылары мен қылмаң қаға безелген таңсәрідегі табиғатқа талай-талай сүйсінгенді. Кейбіреулері үй-іші, от басының қарапайым ертеңгі асын өздерінің көз алдына суреттеді, үстел айнала асыр салып, күнәсыз күлкіге батқан жайдары балаларды, олардың әкесін, бәрінің де айтып жеткізе алмастық сүйкімділігін, үстел үстіндегі тағамдарды елестетті. Суретші өзінің бейбіт шеберханасы мен күнәсыздық мүсіні туралы және мұның өзін сурет нысаны ретінде тосып отырңан сұлу қыз туралы ойлады. Жас адвокат бүкіл бір отбасының тағдырын шешетін процесті ойына түсіріп, мұның қатысуын, ішінде болуын қажет ететін маңызды келісім, тиімді байлау жайын еске алды. Ғалым игілікті еңбекті күтіп отырған кабинетін есіркеп, кешітіп қалғаныңа опық жеді. Жұрттың бәрі дерлік өзді-өзіне наразы еді. Сол кезде сәнді тауарлар сататын дүкеннің ең сұлу сатушысына ұқсап, алқызыл жүзі жайнап, күлім қатып, Эмиль кіріп келді. Сіздер мүлік хаттауға қатысатын қу олардан да сүдінсіз екенсіздер! – деді ол дауыстап. Бүгін еш нәрсеге де қабілетті емессіздер, күндеріңіз бекерге өтеді; менің айтар ақылым: тамақ ішелік. ...Бұл сөздер айтылысымен Тайфер тамақ даярлау туралы өмір бергелі сыртқа шықты. Әйелдер өздерін тәртіпке келтіру үшін бұрала басып былқылдап, айнаның алдына келді. Бәрі де үсті бастарын қағып, сілкіністі. Нағыз кінәратты азғындар ең даналарына ақыл үйретті. Жезөкшелер осы өрескел той-думанды ұластыра беруге күші жетпегендерді келеке етті. Әп-сәтте елестерге жан бітті, бәрі топ-топ болып жиналыса бастады, бір-біріне сұраулар қойысып, жымыңдасуға айналды. Оңтайлы, шапшаң қызметшілер бөлмелердегі жиһаздарды лезде орын-орындарына орналастырды. Буы бұрқырап, тәтті иісі мұрынды жара таңертеңгі ас келді, алуан-алуан дәмді тағамдар үстел үстіне тізілді. Қонақтар асханаға қарай лап қойды. Мұнда кешегі зауық азғындығы таңбасының өшпес іздерімен қатар, жантәсілім етушінің тамырлары құрысып ақырғы тұяқ серпуіндей, өмір мен ойдың жарқ етер саңылаулары да әлі сақтаулы екен. Бейне бір қызды ұзату карнавалындағыдай, маскүнемдер масқараға көмілулі, бұлар би билеуден әбден қажып, мастыққа мүлде құнықса да, ештеңеге де қарамастан, тек өздерінің әлсіздіктерін мойындамас үшін ғана, дәрменсіз ләззатты ұластыра беруді тілейтін секілді. Ер жүрек қонақтар капиталистің үстелін айнала қоршай отырыса берген мезетте, жарамсақты пішін, жағымпаздық жымиыспен Кардо жетіп келді, ол кеше түнде зауықты өз зайыбының төсегінде аяқтау мақсатымен тамақтан кейін ешкімге сездірместен, жылысып кеткен болатын. Ол енді ауыз тұшырлық бір тәртіптің дәмін сезгендей тамсанып, және хаттап алып, бөліске салуға боларлықтай бір әжептәуір мұрагерлікті тіміскілеп тапқандай көңілді көрінді; әр алуан нотариалдық актілер бірінен соң бірі жазылатын және мынау қонақжай жомарт қожайын қазір де пышағын сұғып отырған майлы сүбедей, сілекей шұбыртарлық шылқыма қаламақысы бар мұрагерлікті тіміскілеп келген тәрізді еді ол:
– Е, олай болса, демек, біз нотариуспен табақтас боп, дәм татысады екеміз ғой! – деді даурыға айқайлап де Кюрси.
– Сіз мынау тағамдардың бәрін нөмірлеп, белгі соғып шығу үшін дөп келдіңіз ғой, – деді банкир, Кардоға үстел үстіндегі тойдың таңамдарын нұсқап.
– Өсиет жаздыруға тура келмес, неке шарты болмаса, дегенді қоса айтты бұдан бір жыл бұрын алғаш рет өте тиімді некеге отырған ғалым.
– Oho!
– Еһе!
– Сол сабыр етіңіздер, деп, әp түрлі сықақ әзілден құлағы тұнған Кардо сөз бастады. Мен аса маңызды жұмыспен келдім.
Мен сіздердің біреуіңізге алты миллион франк ақша әкелдім. (Жұрт тым-тырыс). Мархабатты мырза! – деді ол, сол кезде қаннен қаперсіз екі көзін қол орамалдың шетімен сүртіп отырған Рафаэльте қарап, сіздің анаңыздың қыз кезіндегі ныспысы О Флаәрти емес пе еді?
– Иә, дей салды Рафаэль аңғармастан. Варвара-Мария.
– Сіздің және де Валентен ханымның туу туралы актілері бар ма, cірә?
– Әрине.
– Ендеше, мархабатты мырза, сіз мың сегіз жүз жиырма сегізінші жылы Калькуттада қайтыс болған майор О' Флаәртидін бірден-бір және толық қақылы мұрагерісіз.
– Калькутта байлығының калькуляция есебіне жете алмассыз енді! деп, білгіш айқай салды.
– Майор өзінің өсиетінде бірсыпыра қоғамдық мекемелерге тиесілі едәуір сомадан бас тартқан екен, сондықтан Франция үкіметі осы мұраны Ост-Индия компаниясынан сұратып алдырған, – деді нотариус сөзін жалғастырып. Қазіргі уақытта мұра борыш қарыздардан ада, сіздің оны иемденуіңізге толық қақыңыз бар. Варвара-Мария О' Флаәрти ханымның мұрасына мүдделі адамдарды іздеп екі жеті бойы әуреленіп едім, кеше қапелімде дастарқан үстінде...
Дәл осы тұста Рафаэль орнынан атып тұрды, біреу денесіне бірдеңені сұғып қалғандай шұғыл қимыл жасап. Үстел басында отырғандар, үнсіз аңырып қалысты; қонақтардың санасына алғаш жеткен сезім меңіреу қызғаныш сезімі болды; жан-жақтан оттай жайнаған көздер Рафаэльге қарай қадалды. Содан кейін іле-шала ызығиқы-шу, қым-қуыт айқай шықты, театрдың партерін басына көтергендей бір қатты шу болушы еді, дәл сондай қиқу ұласа түсіп, толқу үдей берді, нотариустың әкелген орасан зор дәулетіне құттықтау іспетті бірдеңені әркім-ақ айтқысы келді. Тағдырдың тұтқиылдан бере салған олжасынан бірден-ақ айығып, Рафаэль манағы шегірен былғарының өлшеуі сызылып таңбаланған сулық орамалды үстелдің үстіне дереу жайып жіберді. Жұрттың дабыраған у-шуыны құлақ салмастан, ол бойтұмарды жаңағы орамалдың үстіне қойды да, былғарының жиектері мен орамалдағы сызықтың екі арасындағы кішігірім айырманы байқап, селк ете түсті.
– Мына байғұсқа не болды? деп Тайфер айқайлап жіберді, дәулет арзанға түсті ғой бұған.
– Ананы сүйей бер, Шатильон! – деді Бисиу Эмильге... Ол қазір қуанышынан өліп кетуі мүмкін.
Мұрагердің аппақ құдай боп бозарған, тіпті өліктей қуарған жүзінде әрбір бұлшық еті жыбыр-жыбыр етіп, кескіні бұзылып сала берді; жұмыршақтары ақшыл тартып, ұңғыл-шұңғылдары қарауытып, бет әлпеті көр тасындай сұп-сұр боп кетті, көз жанары қозғалыссыз бір орында қатты да қалды. Ол өзінің алдында АЖАЛ төніп тұрғаның көрді. Жүздері солған жезөкшелердің қоршауындағы зәнталақ заңғар банкир, түні бойғы ішуден құмары қанған маскүнемдер осы қуаныштың жантәсілім етердегі азабының бәрі – оның өмірінің жанды бейнесі тәрізді еді. Сулық ормалдың бетінде сызылған мейірімсіз сызықтардың ішіне емін-еркін сыйып тұрған бойтұмарға Рафаэль үш рет қарады; ол өз көзіне өзі сенгісі келмегендей, бірақ әлде бір бұлтартпастай айқын бұйрық сезімі оның күдік-күмәнін жеңіп бара жатты. Бүкіл әлем қазір оның билігінде, ол қалағанының бәрін істете алатындай құдіретті, бірақ енді ол еш нәрсені қаламады. Шөл сахарадағы жалғыз жолаушыдай, сусының қандырарлық суы тым аз қалған еді оның, ендігі өмірі сол санаулы жұтым сумен ғана өлшенетін еді. Әрбір жаңа қалауы неше күндік өмірін әкететінін ол енді айқын көрді. Ол шегірен былғарының құдіретіне сене бастады; өзінің тынысына құлақ түрді, өзін науқаспын-ау деп сезінді: "Осы мен құрт ауру емес пе екем? Анам көкірек дертінен қайтыс болған жоқ па еді осы?" деген ойлар келді оған.
– Ой, Рафаэль, неше түрлі қызыққа батып, сауық-сайран ететін болдыңыз ғой сіз! Маған не сыйлар екенсіз? – деді Акилина.
– Ал, кәнеки, оның нағашысы майор О'Флаәртидің қайтыс болғаны үшін алып жіберелік! Міне мен мұны ұғамын, кісі-ақ екен-ау, сабаз!
– Рафаэль Францияның пәрі болады.
– Бәлі. Шілде оқиғаларынан кейін Францияның пәрі деген не, тәйірі! деп білгіш те өз пікірін қыстырып жатыр.
– Италия театрында сенің өз ложаң болатын шығар?
– Әрине, сен біздің бәрімізді қонақ етесің деп сенемін! дейді Бисиу осы жайды білгісі келіп.
– Мұндай адамда бәрі де жомарттық жолға қойылатын болады,– деп тұжырды Эмиль.
Осынау сықаққой ауыз тобырдың құттықтаулары Валентеннің құлағында ызындап тұр бірақ, ол бір ауыз сөзін ұға алған жоқ: баяғы көп балалы Бретон шаруасының мақсатсыз, бағдарсыз өмірі жөніндегі көмескі пікір оның миын шырмай берді: өзінің егістік даласын баптайтын, зығыр жармасының ботқасымен қоректенетін, бәз баяғы бір құмырадан сусын ішіп шел қандыратын, құдай анаға табынып корольді ардақ тұтатын, пост ұстайтын, жексенбі сайын жасыл алаңда би билейтін, бірақ одағында өзінің рухани ұстазының уағызын ұқпайтын осы шаруа оның ойынан кетпей-ақ қойды. Көзінің алдындағы алтынмен өрнектелген панель, желіккен жезөкшелер, тәтті тағамдар, сән-салтанат осы көріністің бәрі оның тынысын тарылтып, өңешін буып барады.
– Жидек суын қалайсыз ба? – деді банкир айғайлап.
– Мен ештеңені де қаламаймын! деп Рафаэль одан сайын ышқына айқайлап.
– Бәрекелді! Тайфер мәз-мейрам. Сіз байлықтың мәнісін ұғады екенсіз! Бұл өрліктің құқығы. Сіз біздік болдыңыз! Мырзалар, алтынның құдіреті үшін ішіп жіберейік! Алты мәрте миллионер де Валентен мырза өктем билікке ие. Ол король, оның қолынан бәрі де келеді, барлық байлар сияқты, ол бәрімізден де жоғары. Заң алдында француздардың бәрі де тең, деген сөздер осы сағаттан бастап Рафаэль үшін хартияның сөз басы ретіндегі жалғаннама. Заңға ол бағынбайды. Заң оған бағынады. Миллионерлер үшін жаңғырық та, жендет те жоқ!
– Иә, деп Рафаэль үн қатты, иә, миллионерлер өздеріне өздері жендет!
– Міне тағы бір соқыр сенім! деп банкир айқай салды.
– Ал, ішейік! – деді Рафаэль шегірен былғарыны қалтасына салып жатып.
– Сенің тығып жатқаның не нәрсе? деп Эмиль оны қолынан шап беріп ұстай алды. Мырзалар! – деді ол Рафаэльдің мінезін едәуір жұмбақ көріп отырған қауымға қарап. Сіздердің бәріңізге мәлім болсын, біздің досымыз де Валентен мырза... Ойбай-ау, мен не сандалып тұрмын? Иә, айтпақшы, байлыққа жету құпиясы маркиз де Валентен мырзаның өз қолында. Ол қандай бір тілекті тілесе де, онысы дереу сол мезетте-ақ орындалады. Жарымаған малай немесе тас бауыр адам атанғысы келмесе, ол біздің бәрімізді байытсын қазір.
– Сүйкімді Рафаэль, мен інжу-маржан моншақтар тілеймін! деп айқайлады Евфрасия.
– Егер ол ізгі адам болса, маған екі әсем күймені арғымақ аттарымен қоса сыйлайды, – деді Акилина.
– Маған жүз мың ливр кіpіc тілеңіз!
– Кашемир шарқат!
– Менің борыштарымды төлеңіз!
– Менің сімер сараң нағашыма талма дертін жіберіңіз!
– Рафаэль, маған он мың ливр кіріс тілесең болғаны, екеуміздің есеп айырысқанымыз осы болсын!
– Түу, сый ақының өзі-ақ қаншама көбейіп кетті? деп нотариус та айқайлап жатыр.
– Ол мені құян ауруынан ада қылуы керек.
– Рентаның құлдырайтын бір амалын істеңіз! деп банкир де қосарланды.
Фейерверк аяқталарда халықтың лақтырған гүл бәйшешек будалары фонтаннан шапшыған су нөсерінше жамыраушы еді ғой, дәл солай будақ-будағымен ағылды мына сөздер. Осы аласұрған тілектер әзілден гөрі де шын ниетпен көбірек айтылды.
– Менің ең сүйкімді достым! – деді Эмиль маңғаздана сөйлеп. Мен екі жүз мың ливр кіріске де қанағат етемін, мейірімді бола гөр, маған да осындай бір қайырым істей қойшы, достым!
– Эмиль, – деді Рафаэль. Бұл тілектердің қандай күнмен орындалатының сен білмеуші ме ең?
– Мәссаған ақталу! деп ақын ақырып жіберді. Біз достарымыз үшін өзімізді де құрбан етуге тиіс емес пе едік?
– Мен сіздердің бәріңізге де өлім тілеуге әзірмін, деп жауап қайырды Валентен, қонақтарды аса тұнжыраңқы, тұңғиық көзқараспен бір шолып.
– Жанашуы кезіндегі айуандар қатал келеді, – деді Эмиль күлкі аралас. Мінекей сен бай болдың, деп байсалды пішінмен таты сөйледі ол Енді сен әрі кетсе екі айда қаныпезер мен-мен боласын. Сен қазірдің өзінде-ақ ақылыңнан айырылып, әзілді де түсінбей барасын. Ендігі жетпей тұрғаны шегірен былғарының құдіретіне нануын ғой...
Рафаэль Бұл жиынның сықағынан қорқып, үндемей отырды да қойды, шарапты шамадан тыс көп ішті, ең ақырда, өзінін қатерлі құдіреттілігін бір сәтке болса да ұмыту үшін шарапты ішіп-ішіп, естен ғана мас болды.
ЖАН ТӘСІЛІМ
Желтоқсанның бас шенінде нөсерлете себелеген селебе жаңбырға малмандай малшына, ор үйдің тұсында басын бір көтеріп, Варен көшесін бойлай, жетпістер шамасындағы бір қария келе жатты; ол сәби балаша аңғырттанып, ой түбіне үңілген философтай індете маркиз Рафаэль де Валентеннің үйін іздестіріп жүр. Оның отқа құрысқан ескі тулақша қуарған жүзінде зымыстан қасірет пен өктем мінез арасындағы күрес айқын бейнеленген. Қара киімді қапсағай, арса сүйек арық осы бір одағай тұлғаны әлде қандай бірер суретші кездестіре, қалса, өзінің шеберханасына келе сала, ол, әрине, мұны альбомына түсіре қойып, суреттің астына: Ұйқас іздеген атақты классик-ақын, деп жазар еді. Іздеген нөмірді тапқаннан кейін, ол о дүниеден тіріліп келгендей, бұл Ролан95 сәулетті оңаша үйдің есігін тықылдатты.
– Рафаэль мырза үйде ме? деп сұрады қария ливрей киген швейцардан.
– Маркиз ешкімді қабылдамайды, деп жауап қайырды швейцар кофеге малып алған үлкен бір үзім нанды аузына тығындап жатып.
– Күймесі осында тұр ғой, деп қадала сөйледі қарт кісі күмбез тәрізді, оюлы өрнектермен әшекейленген ағаш лапастың астындағы баспалдақ алдында тұрған жайырақ күймені нұсқап. Ол қазір жүргелі жатқан болар тоса тұрайын.
– Ей, атай, өйтсеңіз сіз таң атқанша тосарсыз, маркиздің күймесі әрдайым дайын тұрады, деп ескертті швейцар. Зынһар, кете көріңіз, бір рет те болса жат адамды үйге рұқсатсыз кіргізсем, өмір бойы алып тұратын алты жүз франк зейнет ақымнан айырылам ғой.
Дәл осы кезде, киіміне қарағанда министрдің шабарманы дейтіндей сұңғақ бойлы бір қарт, ауыз үйден шықты да, абыржыған сұраушыны зілді көзқараспен бір шолып, төмен қарай жедел жүгіріп өтті.
– Әйтсе де, әнекей Ионафан мырза, – деді швейцар, сонымен сөйлесіп көріңіз.
Бір-біріне әлде мейір, әлде әуестік еліктірген екі қарт кең ауланың ортасында, тас тақталар арасынан көк шөбі қылтиған дөңгелек алаңқайда кездесті. Үй жақта зәре кетерліктей тымтырыс. Ионафанта көз жіберуің-ақ мұң оның кескінінен айқын аңтарылып, терең сырлы лебі соғып тұрған тұңғиық құпияға еріксіз қанғың келгендей болар еді, өйткені, осы тұнжыраулы үйдегі әрбір ұсақ-түйек атаулының бәрі сол құпияны сездіріп тұрғандай. Нағашысының орасан мол мұрасына ие болғаннан кейінгі Рафаэльдің ең алдымен қам еткені ол өзінің толық сене алатын, өзіне жан-тәнімен берілген мейлінше адал көрі қызметшісін іздеп тауып алды. Мәңгі-бақиға қош айтысып, біржолата айырылыстық қой деп есептеп жүрген жас мырзасын көргенде, бақытқа кенелген Ионафан жылап жіберген; маркиз отан іс басқарушының жоғарғы міндетін жүктегенде, Ионафанның қуанғаны қандай десеңізші! Кәрі Ионафан Рафаэль мен Бүкіл әлемнің арасындағы дәнекер болды. Өз қожасының ең дәулетінің ең жоғарғы әкімі, соны пиғылдың соқыр құлы Ионафан, бейне бір жан сезімінің алтыншы түйсігі тәрізді еді, тіршіліктің толқымалы тынысы Рафаэльге сол арқылы жеткендей.
– Мен Рафаэль мырзамен сөйлесуім керек, – деді Ионафанта жанаты қарт жауыннан қорынғандай баспалдаққа шығып.
– Маркиз мырзамен сөйлесуге дейсіз бе?.. деп басқарушы жұлып алғандай, ойбай-ау, ол тіпті менімен де сөйлесе қоймайды, сәби күнінен сүтпен ауыздандырған әкесіндей мына менімен де, білдің бе?
– Е, мен де оның сүтпен ауыздандырған әкесімін ғой! деп қария да екілене сөйледі. Бір кезде сіздің әйеліңіз оған емшек емізген болса, мен оны музалардың емшегімен көректендіргем. Ол менің тәрбиелеген түлегім, менің перзентім, carus alumnus96. Мен оның ақылын шындадым, зейінін баулыдым, оған данышпандық дарыттым және осының өзі мен үшін зор абырой, атақ данқ деп айтуға батылым жетеді. Ол біздің заманымыздың нағыз тамаша адамдарының бірі емес пе? Менің басшылығыммен ол алтыншы сыныпта, үшіншіде және шешендік сыныбында оқыды ғой. Мен оның ұстазымын.
– Ә, солай ма еді, тақсыр. Сіз Поррике мырза екенсіз ғой?
– Дәл өзі. Бірақ...
– Тс! Тс! Ионафан аспазшының екі баласына зекіп тастады, өйткені олардың айғайы осы үйдегі монастырьдың тылсым тыныштығын Бұзып жіберген-ді.
– Ал, бері қараңызшы, деп ұстаз өршелене түсті, маркиз науқас емес пе өзі?
– Ей, қымбатты Поррике мырза-ай, маркиздің не күйге душар болғанын бір құдайдың өзі ғана біледі, деп жауап қайырды Ионафан. Шыныңда, Парижде дәл біздің үйдей екі үй де табыла қоймас. Ұғасыз ба? Екі үй де. Құдай ақы, табылмайды! Бұл үй Бұрын герцогтың, пәрдің үйі еді, маркиз осыны сатып ал деп маған әмір етті. Ішкі жиһазына үш жүз мың франк жұмсалды. Ал, үш жүз мың франк дегеніңіз көп ақша! Оның есесіне үйіміздің ішіндегі мүліктің әрқайсысы да керемет! "Бәрекелді! – дедім өзіме-өзім осы зейнеттің бәрін көргенде. Дәл марқұм атасының тұсындағыдай, жас маркиз Бүкіл қала жақсыларын, сарай санаттарын қабылдайтын болады екен!"
Әттең, әсте де олай болмай шықты. Ол ешкімді де көргісі келмейді. Өмірі тіпті қызық болып кетті, ұғасыз ба, Поррике мырза? Ешқандай ауытқуы жоқ тәртіпті Күн сайын әрдайым бір ғана мезгілде тұрады. Менен бөтен ешкім, байқайсыз ба, оның бөлмесіне кіре алмайды. Жаз болсын, қыс болсын, мен сағат жетіде есік ашамын. Осындай бір ғажап тәртіп бар бізде. Кіремін де: "Маркиз мырза тұрып, киінетін уақыт болды" деймін. Маркиз төсегінен тұрып, киінеді. Үнемі бір ғана үлгі бойынша, бір түрлі ғана матадан тігілген халатын әперемін. Ескі халаты тозса, мен жаңасын тіктіруге міндеттімін, тек әйтеуір маркиз жаңа халат сұрап қалмайтын болуы шарт. Өзінің ойлап тапқаны ғой! Несі бар, сүйікті перзентім күніне мың франкты іркілмей-ақ жұмсай алады, сондықтан ойына не келсе, соны істейді. Әйтсе де, менің оған деген сүйіспеншілігім сондай, — егер он, жақ бетіме шапалақпен тартып жіберсе, сол жақ бетімді тоса қоямын! Нелер қиын тапсырма берсе де, демде орындаймын, ұғасыз ба? Ал маған жүктелген ұсақ-түйек міндеттер соншалық, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамаймын. Ол, әрине, газет оқиды. Бұйрық солай, газеттер бәз баяғы бір ғана орынға, бөз баяғы бір тана үстелге қойылуы керек. Белгілі бір сағатта тана өзім оның сақал-мұртын қырамын, оған тіпті қолым да қалтырамайды. Егер ешқандай ауытқуы жоқ ертеңгі ас дәлме-дәл таңертеңгі сағат онда, түскі тамақ дәл сағат бесте үстел үстінде тұрмаса, аспазшы маркиз қайтыс болғаннан кейін өмір-бақи алуға тиісті мың экю зейнетақысынан айырылады. Күн сайынғы берілетін тамақтың түр-түрі бір жылға арнап күн ілгері белгіленген. Маркиз еш нәрсені сұрап қалмайтын болуы керек. Бәрі дайын етіледі. Құлпынай пісісімен оған құлпынай беріледі, Парижге келтірілген алғашқы макрель балығы маркиздің үстелінде болады. Қарточка баспаханада бастырылған, түсте қандай тамақ ішетіні оған таңертеңгілік-ақ мәлім болады. Демек ол, бәз баяғы бір сағатта, ішкісі-сыртқысы бар бәз баяғы бір киімді, бәз баяғы бір орындықтың ғана үстіне қоямын. Мен мауыты киімдердің де бір өңкей болуын бақылауға тиіспін; қажет бола қалса, айталық, егер сүртік тозса, мен оның орныңа жаңа сүртік тіктіріп қоямын, бірақ маркизге Бұл туралы бір ауыз сөз де айтылмайды. Ауа райы жақсы болса, мен кіремін де айтамын: "Серуендеп қайтуға рақым етпессіз бе екен?" деймін. Ол "Иә" немесе "Жоқ" деп қана жауап береді. Сайрандағысы келсе, аттарды тосып тұрудың қажеті жоқ: олар үнемі жегулі тұр: көріп тұрсыз ба, еш бір ауытқу жоқ айдаушы шыбыртқысын қолына ұстап, тұғырда отырады. Түскі тамақтан кейін маркиз бұнын Операға барады, ертең Италь... жоқ, айтпақшы, Итальян театрына ол әлі барған жоқ, ложаны мен кеше ғана сатып алдым ғой. Содан кейін дәл сағат он бірде үйге қайтып келеді де, ұйықтайды. Басқа ештеңемен шұғылданбаған кезінде ол үнемі оқиды, ылғи оқи береді, мінеки көрдіңіз бе, ойына не келгенін? Маған ең алдымен "Кітап саудасының хабаршысын" оқып тұр да, сонсоң жаңа кітаптар сатып ал деген бұйрық берілді. Сөйтіп, жана кітаптар саудаға түсті дегенше-ақ маркиз оларды өзінің камин пешінің үстінен табады. Мен мынадай тұрақты тапсырма алғанмын: оның бөлмесіне сағат сайын кіріп, отты, тағы басқаларын қадағалау, оның еш нәрседен кемтар болмауын қамтамасыз ету. Ол маған жаттап алу деп бір кітапша берді, онда менің барлық міндеттерім жазылған дәл, аумаған иманшарт. Жазда үй ішіне тұтасымен кесек-кесек мұз қойдырамын, сол арқылы ауаның жағдайы бір қалыпта ұсталуы керек; қай кезде болса да жыл бойы барлық жерлерде де жас гүлдер тұруы керек. Оның дәулеті ырғын! Ол күніне мың франк жұмсай алады, өзінің бар нәпсісін қанағаттандыра алады. Соншалық ұзақ мұқтаждық көрді ғой байғұс! Ол ешкімді де ренжітпейді, балауыздай жұмсақ, еш уақытта ешкімге бір ауыз сөз айтпайды, есесіне өзі де, рас тыныштықты талап етеді: бізде: бақшада да, үй ішінде де жым-жырт тыныштық! Сонымен, сөйтіп, менің мырзамда ешқандай тілек болмайды, бәрі де өздігінен оның қолына кіріп, көзіне түсіп жатады, болғаны сол! Онысы дұрыс та: қызметшілерді қысып ұстамаса, бәрі де бет-бетіне кетпей ме? Оның не істеуі керек екенін мен өзім айтамын, ол соған көнеді. Осының өзі онда қандай халге жеткеніне сіз сенбессіз. Оның құттыхана бөлмелері анф... ан... қалай еді әлі? Иә, анфилада түрінде қаз-қатар тізіліп тұр ғой. Айталық, ол өзінің төсек бөлмесінің немесе кабинетінің есігін тарс еткізіп ашты ма, өзге барлық есіктер өздігінен ашылып жатады тетіктері сондай. Демек, ол Бүкіл үй ішін анау шетінен мынау шетіне дейін түгел аралап шыға алады, ал соның өзінде ол бірде-бір есік жабулы тұрмайды. Мұның өзі оған өте қолайлы да, жатымды да, бізге де теріс емес. Бірақ осының өзі бізге оңайлықпен келген жоқ!.. Бірде ол, Поррике мырза, былай деп те айтты: "Ионафан, мен жөнінде сен бесіктегі нәрестедей қамқорлық етуге тиіссің", – деді тура. Бесіктегі нәрестедей! Иә, тақсыр, дәл солай – деді: Бесіктегі нәрестедей, – деді. "Маған не керек екенін мен үшін сен өзің ойлайтын боласын..." сонда қалай болғаны? Мен мырзамын да, ол қызметші болғаны ғой, түсініп тұрсыз ба? Ал, осының керегі не еді? Түу, не баяндайтыны бар оның: дүниеде оны ешкім біліп жатқан жоқ, тек оның өзі тана және жаратушы хақтағала тана біледі. Ешбір ауытқуы жоқ!
– Ол поэма жазып жатқан болды той! деп қарт ұстаз дауыстап жіберді.
– Поэма жазып жатыр деп ойлайсыз ба? Ендеше ол жазу дегеніңіз тұтқынның еңбегі ғой. Бірақ ондайға онша ұқсамайды. Кешірімді өмір сүргім келеді дегенді ол жиі айтатын. Күні кеше ғана ол, Поррике мырза, киініп жатып, қызғалдаққа қарап тұрды да: "Міне менің өмірім... Мен кешірімді өмірмен тіршілік етудемін, байғұсым Ионафан-ау!" деген-ді. Ал басқалар оны қияли, деп жорамалдайды. Ешқандай ауытқусыз-ақ ештеңені түсіне алмай?– Осының бәрі маған, Ионафан-ау, – деді ұстаз маңғаздана ақылгөйсіп және осынысы мен қарт камердинердің көкейінде ұстазға денен терең құрмет сезімін туғызып, сіздің мырзаңыздың үлкен шығарма жазып жатқандығын сипаттайды. Ол терең ой тұңғиығына сүңгіп кеткен, сондықтан күнбе-күнгі тіршіліктің қамымен алаңдатпауды тілейді. Ой еңбегі үстінде данышпан адам дүниедегінің бәрін ұмытар болар. Бір күні атақты Ньютон...
– Қалай? Ньютон дейсіз бе? Ә... Ондайды мен білмеуші ем, – деді Ионафан.
– Ньютон, ұлы геометр ғалым, Поррике әңгімесін ұластыра берді, үстелге шынтақтап жиырма төрт сағат отырыпты; келесі күні ойдан арылып сергігенде, Бүгінгі күн әлі кешегі болып көрініпті де, өзін ұйықтап оянғандай сезініпті... Барайын мен оған, өзімнің қымбатты балапаныма, мен әлі де оның керегіне жарармын.
– Тоқтаңыз! деп оған Ионафан айқайлап жіберді, тіпті француз королі болсаңыз да, Бұрынғысын айтамын, әрине! Тіпті есіктердің бәрін қиратып, кірмек болсаңыз да, сіз тек менің өлімтігімді аттап қана өте аласыз. Одан да былай, Поррике мырза, мен жүгіріп барып сіздің осында екеніңізді айтайын да кіруге рұқсат сұрайын. Ол "иә" немесе "жоқ" деп жауап қайырар. Мен еш уақытта да одан: Сізге ұнамас па екен? Тілейсіз бе? Қаламайсыз ба? деп сұраған емеспін. Мұндай сөздер біздің лұғатымыздан өшіріліп тасталқан. Сондай сөз аузымнан бір-ақ рет шыңын кеткенде, ол қатты назаланып еді: "Сен мені мүлдем кетіргің келе ме?"дегенде зәрем ұшып кеткен.
Ионафан осы жерде күте тұрыңыз дегендей ишарат етіп, қарт ұстазды ауыз үйде қалдырып кетті де, көп, кешікпей, жатымды жауап алып, қайта келді; сөйтіп енбегі сіңген қартты барлық есіктері ашық тұрған сәулетті құттыханалар арқылы ертіп әкетті. Поррике өзінің шәкіртің алыстан байқады: ол каминнің қасында; үстінде ірі өрнекті жібек халат, жұмсақ орындыққа орныға жайласып, газет оқып отыр. Тегінде, қатты жабырқау үстінде екендігі оның әлсіз денесінің дертті тұрпатынан айқын білінгендей; Бұл нышан әсіресе оның маңдайынан, салған гүлдей бозарыңқы Бүкіл бет әлпетімен байқалады. Әйелге тән әлдебір нәзіктік, сол сияқты дәулетті науқастарға тән кейбір ерсіліктері де ерекше көзге түскендей. Келбетті келіншектің қолыңдай сүйрік қолдары аппақ, тым биязы көрінеді. Селеу селдір шаштары тәлімсі кербездікпен екі жақ самайына қарай шоғырлана Бұйраланыпты. Жұқа кашемирден сырған грек тақиясы шашақты шоғының салмағымен бір жағына қарай жантайыпты. Зейнетті жасыл сабына алтын жалатқан кішкентай қағаз кесетін тас сапты бәкіні ол қарт жақындай бергенде еденге түсіріп алды. Тізесінің үстінде үндістанның тамаша қорқоры ақық мүштігін жалтыратып жатыр; оның шыныдай жылтыр әшекейлі шығыршықтары, жыландай иіріліп, бөлме ішіне көлбеулі. Рафаэльдің уылжыған жас тәнінің жалпы дәмкәстігіне, алайда, оның көгілжім көздерінің тұнғиығы онша сәйкес емес еді; оның Бүкіл өмірі осы көз жанарларында тоғысулы тәрізді, олардан алғаш қарағанда-ақ әдеттен тыс сезім жалт етіп көзге ұрғандай. Мұндай көздерге қараған адамның жаны күйзелерліктей еді. Біреулер бұл көз жанарларынан торығу сезімін көрсе, енді біреулер ождан күстәнасындай қаһарлы ішкі күресті аңғарған болар еді. Өзінің арманың жанының түкпіріне тығып тастаған дәрменсіз адамның тұңғиық көзқарасы еді Бұл; немесе дәулетіне сатып аларлық ләззаттың бәріне тек ой жүзінде ғана рақаттанатын, бірақ қазынасын қимай, азайып қалар деген қызғанышпен, ол ләззаттардан бас тартатын сараң құнсыздың көзқарасы еді бұл; құрсаулы Прометейдің, немесе 1815 жылы Елисей сарайында дұшпанның стратегиялық қателіктерін біле қойып, жиырма төрт сағатқа ғана әскербасылықты өзіне сеніп тапсыруды өтінгенде, сол тілегін қабылдата алмаған Наполеонның көзқарасы еді бұл. Жеңіп жаулағанның да, жеңіліп жер болғанның да көзқарасы! Дұрысырақ айтқанда, бұдан бірнеше ай бұрын Рафаэльдің Сенаның тұңғиығына үңілгендегі немесе картаға ұттырған ақтық теңгелігіне телміре қарағандағы көзқарасы еді бұл Мырзаларға қызмет еткен елу жылғы уақыт ішінде өркениет ұшқынына шала шарпылған қарт шаруаның дөрекі есепқорлығына Рафаэль өзінің ықтиярын, ақыл-парасатын бүтіндей бағындырған. Автомат тәрізді бірдеңеге айналып бара жатқаныңа қуана жаздағандай, ол тек қана өмір сүру үшін сол өмірден безіп, жан жүйесін арман-тілек атаулының бүкіл поэзиясынан мақрұм еткен-ді. Қаһарынан қаймықпай, арпалысқа шақырған айбарын өзі қасқая қабыл алған қатыгез күшке қарсы неғұрлым қайсарлана күресу үшін ол Оригендей күнәсыздықтың кемеңгері болды, ол өзінің қиялын азбан етті. Тұтқиылдан ең дәулетке не болған мирасқор шегірен былғарысының кішірейгенін анықтағаннан кейін келесі күні өзінің нотариусына барды. Сонда әжептәуір атағы шыққан бір дәрігер құрт аурумен науқас болған бір швейцарлықтың қалай тәуірленгенін тәтті тағам үстінде шынымен-ақ байсалды әңгіме етіп айтқан еді. Сол адам он жыл ұдайы бір ауыз сөз сөйлемепті, сиыр қораның қоламса ауасымен минутына тек алты рет қана тыныс алуға дағдыланыпты, ылғи ғана тұщы тамақпен қоректеніпті. Қайтсе де өмір сүруге берік бел байлаған Рафаэль "Мен де сондай боламын!" деп өзіне серт етіпті. Сәулетті тұрмыста ол автоматша өмір сүрді. Қарт ұстаз осы тірі аруақты көргенде қатты секем алды: осынау жадау, дімкәс дененің іші өңкей жасанды болып көрінді оған. Маркиздің көз жанары ашқарақ, үнемі ойға берілген маңдайы қос қыртыс әжім еді, сондықтан қарт ұстаз өзінің шәкіртін танымай қалды, оның бейнесі уылжыған, қызыл шырайлы, пып-пысық жас жігіт күйінде қалып еді мұның есінде. Егер осы аңқау классик, нәзік сыншы, әсемдіктің сақшысы, бәлкім, лорд Байронның шығармаларын оқыған болса, Чайльд-Ғарольдты көрермін деп келгенде Манфредті көргендей болар еді.
– Сәлеметсіз бе, қымбатты Поррике, – деді Рафаэль қарттың мұздай саусақтарын өзінің ыстық, дымқыл алақанымен қысып тұрып. Халіңіз қалай?
– Менің халім жаман емес, деп жауап қайырды қарт оттай жанған осы қолдың қызуынан зәресі ұшып. Өзіңіз қалайсыз?
– Өзімше, сау-сәлеметпін-ау деймін.
– Сіз, сірә, бір тамаша шығарма жазудың үстінде боларсыз.
– Жоқ, – деді Рафаэль. Exegі monumentum ... Мен, қымбатты Поррике, өзіме тиісті еңбегімді жаздым да, сонымен ғылымға мәңгілік қош айтыстым. Қолжазбамның қайда қалғаның да анық білмеймін.
– Сөйлем жүйесі, әлбетте таза шығар? – деп сұрады ұстаз. Ронсарды жарыққа шығарып, керемет жасадық деп ойлайтын жаңа бағыттың құйтырқы тілінсіз меңгере қоймаған шығарсыз деп ойлаймын!
– Менің еңбегім, таза физиологиялық сипатта.
– Ендеше, осының өзі де жетіп жатыр! деп ұстаз іле қостай жөнелді. Ғылыми еңбектерде грамматика талаптары зерттеу жұмыстары ретінде қолданылуға тиіс. Әйтсе де, перзентім, айқын, үйлесімді сөйлем жүйесі Масильонның, Бюффонның, кемеңгер Расиннің тілі қысқасы, классикалық стиль ешқашанда ештеңеге зиян келтірмейді... Айтпақшы, достым, деп сол сәтте насихатын тоқтатып, ұстаздың айтқаны: Мен осында келудегі мақсатымды ұмытып кетіппін той. Мен сізге бір жұмыспен келдім.
Көп жылдар бойына сабақ оқытқандығы ұстазын ұзын сөре желдірмеге, сыпайы шешендік қайталамаларға әбден машықтандырғаның тым кеш ескеріп, Рафаэль оны қабылдағаныңа өкіне де бастағандай; ол ұстазының кетуін тілеуге де әзір еді, бірақ, қарсы алдында, қастерлі ернеулері қызыл сызықпен ұқыпты жиектеліп, ақ матаның үстінде ілулі тұрған шегірен былғарыға көз қиығымен ұрлана қарады да, құпия тілегін дереу сөндіре қойды. Киелі думаннан бергі уақытта Рафаэль өзіндегі сол тана нәпсіні де тұншықтырып, осы қаһарлы бойтұмарда жеңіл ғана да діріл жүгірмейтін етіп өмір сүрді. Шегірен былғары бейне бір адуынды ашуын оятпай тана тату тұруға тура келетін жолбарыс тәрізді болып алды. Сондықтан, ол қарт ұстазының бөспесін шыдамдылықпен тыңдап отырды. Сарсылтқан сағаттар бойына Поррике әкей Шілде революциясынан кейін қуғынға ұшырағаның әңгіме етті. Қуатты үкіметті жақтайтындықтан, бұл мейірімді момын шал баспасөз бетінде саудагерлердің сауда орындарында қалуы, мемлекет қайраткерлерін қоғамдық міндеттерді атқаруы, адвокаттардың сотта, Франция пәрлерінің Люксембург сарайында болуы жөнінде патриоттық пікір білдірген болатын, бірақ азамат корольдің сүйкімді министрлерінің бірі қартты карлшылдықпен айыптап, кафедрасынан тайдырыпты. Қарт ешқандай қызметсіз, зейнетақысыз, бір үзім нансыз қаңғырып қалады. Ол өзінің жарлы жиенінің қамқоршысы болғандықтан, жиені оқып жүрген әулие Сульпицийдің семинариясына оның оқуының ақысын төлеуші еді, қазір ол өзі үшін емес, сол асыранды баласы үшін Бұрынғы шәкіртінің жаңа министрден мұны әуелгі орныңа қайтадан қоюды емес, өлкелік коллеждегі инспекторлық қызметіне қоюды ізденуін өтінгелі келіпті. Мейірімді момынның бір сарынды ызыңы басылған кезде Рафаэль қалың қалғудың құшағында еді. Сыпайыгерлік заңы бойынша қарттың жанары сөнген, қимылсыз көздеріне қарауға, оның орағытқан мылжың сөздерін тыңдауға мәжбүр болған Рафаэль мүлгіп, әлдеқандай бір шарасыздық күйге түсіп отыр еді.
– Мінеки былай, қымбатты Поррике, – деді ол қандай сұраққа жауап беріп отырғаның өзі де анық біле алмай, мен бұл жөнінде түк істей алмаймын, мүлдем түк нәрсе. Менің шын ықыласыммен тілейтінім сіздің...
Дәл осы сәтте, менмендікке, бейқамдыққа толы осы жауыр сөздер қарттың әжім басқан сарғылт маңдайында қандай әсер білдіргенін байқамастан, Рафаэль үріккен еліктей ыршып түсті.
– Жоғал, көрі айуан! деп Рафаэль айқай салды. Сіз инспектор болып тағайындаласыз! Кісі құнына қаларлық осы тілекті айтқанша, менен өмір бойы мың экю алып тұратын зейнетақы да сұрамаспысыз? Сіздің келуіңіз онда мен үшін түкке тұрмастық болар еді. Францияда жүз мың лауазым бар, менің өмірім біреу ғана! Адамның өмірі дүние жүзіндегі барлық лауазымдардан да қымбатырақ... Ионафан!
Ионафан кіріп келді.
– Көрдің бе не істегеніңді, есалаң ақымақ! Мынаны қабылда деп сен той ұсынған? – деді ол тастай қатып, қалшиған қартты нұсқап. Мен саған өзімнің жанымның тағдырын сеніп тапсырғанда, оны парша-парша ет деп тапсырып па едім? Қазір сен менің он жыл өмірімді жоққылдың! Таты бір осылай қателік жіберсең әкемді ұзатқан тұраққа мені сен де ұзатарсың, сірә! Осы қаусаған лақсаға жақсылық еткенше, сымбатты, сұлу Теодораны құшқаным жақсы емес пе еді? Бұған ақша да жетіп жатыр еді той... Мейлі, құрысыншы, әлем жүзіндегі Поррике атаулының бәрі аштан қырылып қалса да, менің қанша шаруам бар?
Рафаэль ызаға булығып, құп-қу болып кетті, дірілдеген еріндерінде ақ көбік пайда болып, кескінінде қанқұмарлық рең білінді. Екі шал жылан көрген балалардай қалтырап тұр. Жігіт сылқ етіп жұмсақ орындыққа отыра кетті; оның жан сезімінде әлде нендей бір құбылыс пайда болды, оттай жайнаған көздерінен жас сорғалады.
– Қайран менің өмірім! Тамаша өмірім!.. деп зар қақты ол қайта-қайта. Игі ниетті пікір де жоқ, махаббат та жоқ! Түк жоқ!
Ол ұстазына Бұрылып қарады.
– Болар іс болды, қарт достым, – деді Рафаэль үні жұмсарып. Қайтеміз, қамқорлығыңыз үшін сіз жомарт көңілден марапатталасыз, менің бақытсыздығым ең құрығанда мейірімді, ардақты адамның игілігіне жарар.
Ол осы шала ұғымды сөздерді жүйе босатарлықтай мүләйім үнмен айтқанда, екі шал, жат тілдегі сай-сүйекті балқытарлық өлеңді тыңдағандай еңіреп қоя берді.
– Мұның қояншығы бар екен, – деді Поррике сыбырлап.
– Сіздің мейірімділігіңізді танып тұрмын, достым, дей берді Рафаэль әлгі жұмсақ үнмен. Сіз мені ақтағыңыз келеді ғой. Науқас кездейсоқтық, ал мейірімсіздік кінәрат. Ал енді жүре беріңіздер, – деді ол. Ертең немесе Бүрсігүні, бәлкім, тіпті бүгін кешке-ақ сіз жаңа лауазымды аларсыз, себебі — қарсылық қозғалыстан басым болды ғой ... Қош болыңыз.
Валентен үшін, оның көңіл күйі үшін зәресі ұшып, аса қатты үрейленген қарт шыға жөнелді. Бұл көріністе әлденендей, жаратылыстан тыс ғажайып бірдеңе бар секілді көрінді оған. Ол өзіне-өзі сенбей, ауыр түс көргендей өзінен-өзі жауап алумен болды.
– Бері қара, Ионафан, деп жігіт қарт қызметшісіне тіл қатты, өзіне жүктелген міндеттерді ұғынуға талпынсаңшы, ақыры бір.
– Құп болады, маркиз мырза...
– Мен өмірден сыртқары тұрған тәріздімін ғой.
– Әміріңізге құлдық, маркиз мырза.
– Осы дүниедегі қуаныш біткеннің бәрі менің өлімімнің төңірегінде ойнақ салып, сұлу әйелдердей, көз алдымда би билеп жүр. Егер мен оларды шақырсам, онда өлгенім. Қайда қарасаң да ажал, өлім! Сен мені әлемнен арашалайтын аралық кедергі болуға тиіссің.
– Құп болады, маркиз мырза, – деді қарт қызметші қатпарлы маңдайына шыпшып шыққан тер тамшыларын сүртіп. Бірақ, сіз сұлу әйелдерді көруді қаламайтын болсаңыз, онда бүгін кешке Итальян театрына қалай барасыз? Бір ағылшын үй-ішімен Лондонға көшкелі жатыр екен, сол театрдағы орындарының маусымды билеттерін маған сатып еді. Сонымен, бенуарда сізге арналған тамаша... тіпті керемет дерліктей ложа бар.
Рафаэль терең ойға шомып кетті де, оның сөзін тыңдаған жоқ.
Сырт көрінісі қарапайым, қоңырқай түстес мынау сәулетті күймені, есігінде ежелгі даңқты ентаңбасы жарқырап тұрған күймені көріп тұрсыз ба? Осы күймені өтіп бара жатқанда сылаң сылқымдар сұқтана қызығатын, оның сары шайы жібегіне, кәлі кілеміне, биязы сарғылт оқаларына, жұмсақ көпшіктеріне, айнадай жарқыраған әйнектеріне көз талдырып қарайтын. Ақсүйектердің ғана меншігі болып табылатын Бұл арбаның артқы баспалдағында оқалы киім киінген екі малай түрегеп тұр да, ішінде жібек көпшік үстінде көздерінің айналасы қарауыта көгілдірленіп, дидары оттай дуылдаған бір кісі көрінеді; бұл уайымды ойға шомып отырған Рафаэль. Байлықтың киелі бейнесі! Жігіт Париждің көшелерінде зымырандай жүйткиді, Фавар театрының алдына келіп тоқтасымен күйменің баспалдағы төмен түсіріліп, екі малай оны қолтығынан сүйеп түсіп еді, қалың тобыр оны күндестік көзқараспен ұзатып қалады. Сонша байлық бұған не үшін берілді екен бұл? дейді жалғыз экю таппай, Россини музыкасының сиқырлы үндерін тыңдаудан мақрұм қалған кедей студент заңгер. Рафаэль аяғын жайлап басып, көрермендер залының төңірегінде әрлі-берлі жүр; бір кездері өзі соншалық құмартқан ләззаттардан ол енді ештеңе күтпейді. "Семирамиданың" екінші пердесі басталуын тосып, ол дәлізде қыдырыстайды; өзінің ложасы бар екенін де ұмытып кеткендей, тіпті оған бас сұғып қараған да жоқ. Меншікшілдік сезімге оның жүретінде енді орын қалмаған. Барлық науқас адамдар секілді, ол тек өзінін сырқатын ғана ойлайды. Әшекейлі камин пештің жиегіне сүйеніп тұрып ол осы арасын фойе бойлап ерсең-қарсан өтіп жатқан жас-кәрі кербездер, Бұрынғы және жаңа министрлер, жұрт танымаған немесе жорымал, Шілде революциясы туғызған пәрлер, қысқасы, іскерлер мен журналистер легіне қарап тұрған Рафаэль бірнеше қадамдай жерде, тобыр ішінен тым ерсіленіп көрінген бір одағай кісінің қарасынан байқап қалды. Өжет көздерін сығырайтып, ол жақынырақ барып қарағалы әлгі әдеттен тыс пендеге бұл қарсы жүрді. "Мәссаған әлемет!" – деді ол ішінен. Мазаринидің сақалындай шоқша сақалын көріне мақтан еткендей жаңағы бөгде жан, сақал-мұртын, қас-қабағын, шашы бәрі-бәрісін қара бояумен безепті, бірақ, сірә, ақ қылтандары көбірек болғандықтан, косметика оның бет-аузындағы, жүн-жұрқаны, күлдібадам түрге көріксіз түрге келтіріпті; оның кескін-кейпі шамның жарығына қарай неше түрге келіп құбыла берді. Әжімдеріне қызғылт, ақшыл сыр қалыңдата жаңылған сопақ, тайпақ жүздері әрі айлакерлікті, әрі мазасыздықты білдіргендей. Безелмеген жерлерінде кәрілік нышаны, қорғасындай көмескі жылтыр түс ерекше одағайланып, айқын білініп тұр. Неміс малшыларының қол бос кездерінде ермек үшін ағаштан ойып жасайтын, күкіден езуіңді жиғызбай, ішек-сілеңді қатыратын ойыншық тұлғаларға ұқсас иегі шошайған, шот маңдайлы бас бітіміне күлкісіз қарау әсте мүмкін емес. Қандай да бір сұңғыла көз әуелі осынау кәрі Адониске, ал одан кейін Рафаэльге қадала қараса, маркиздің көзі кәрілік пердесін бүркенген жастықтың жайнаған көзі екенін, ал мынау бөгденің көздері жастық пердесін жамылған күңгірт кәрі көздер екенін анық аңғарған болар еді. Аса әсем галстук тағып, биік тақалы етік киген, бейне бір жастықтың бар албырттығын бойына сақтағандай кескінмен өкше темірлерін сыңғырлатып, қолдарын айқастырған осы бір тырысқан шалды қайда көргенін еске түсіргелі Валентен көп толғанды. Оның жүріс-тұрысында қолдан жасалған, өнерлеген ешқандай әрекет жоқ. Барлық түймелері салынып, құнттап қаусырылған әсем фракомың иесі баяғыдай мығым денелі-ау дегендей әсер етеді, әлде болса жаңа модадан қалыспай келе жатқан көрі кербездің сымбатын елестетеді. Тірілтіп, жан бітірген қуыршаққа ұқсас осы кейіп Рафаэль үшін елестің арбауындай боп көрінді, сондықтан ол оған, Рембрандтың жақында қайта қалпына келтірілген, лақпен сырлап, жаңа рамаға орнатылған ескі, ыс суретіне қарағандай көз тікті. Бұл теңеу оның өзінің көмескі естеліктерінен ақиқаттың ізін табуына мүмкіндік берді: ол сирек кездесетін, құнды заттармен сауда жүргізетін саудагерді, өзінің бақытсыздығына себеп болған адамды таныды. Дәл сол минутта қияли бейненің қондырмалы тістерін бүркеп тұрған салқын еріндерінде үнсіз күлкі пайда болды. Гетенің Мефистофелін суретке салғанда, суретшілер бейнелейтін мінсіз бас бітімі мен осы адамның айнымас ұқсастығын Рафаэльдің ұшқыр қиялы сол арада-ақ дереу айқындады. Болмашыға сене қоймайтын Рафаэльдің жан сезімін әр түрлі ырымшылдық ойлар билеп әкетті; дәл сол минутта ол әзәзілдің құдіретіне, орта ғасыр аңыздарында айтылатын, талай және ақындар жырға қосқан неше түрлі сиқырларға ден қойды. Фаустың өмір жолынан зәресі ұша безіреп, ол кенеттен өлім есірігіндегі адамша, құдайға, Марияанаға жалынды иман келтіріп, көктен тілек тіледі. Шамшырақтардың нұр шашқан шапақ жарығында Микельанджело мен Санцио Урбинский суреттеген аспан көрінісі оның көздеріне шағылды: ақша бұлттарды. ақсақалды қартты, қанатты бөбектердің бастарын, дидарынан шұғыла шашыраған сұлу әйелді көрді ол қиялдың таңғажайып жасампаздығын ол енді ғана ұғынды, енді ғана бойына сіңірді, мұнда әдеттен тыс ештеңе жоқтай көрінді, осының өзі басынан кешкендерін айқын аңғартып, әлі де үміттенуіне мүмкіндік беретіндей көрінді оған. Бірақ Итальян операсының фойесіне қайтадан көзі түскенде, ол Мария ананың орныңа басқа бір сымбатты қызды, кәдімгі жексұрын Евфрасияны, икемді, жеңіл денелі, үстінде шығыс інжулері тағылған әсем көйлегі бар биші қызды көрді. Дәулеті ырғын, аса бай саудагердің есепсіз қазынасын судай шашып жүргенін жұрттың бәрі көрсін дегендей сұлу сайқал ұялмай-именбей, тәкаппар басын шалқақтата, көздерін жайната, күншіл, бақылампаз жарқылдақ қауымға қыр көрсеткендей тағаты таусылып тұрған шыдамсыз шалына қарай жақындап келді. Рафаэль бұл қарттан киелі сыйлықты аларда оған әжуалы тілек айтқанын есіне түсірді. Сондықтан жуық маңда абыройы төгілуі мүлде мүмкін емес тәрізді болып жүрген осы ең жоғарғы даналықтың мейлінше кемсітілгенін көріп, ол қазір кек алудың қуанышына бөленулі еді. Қаусаған кәрі лақса кенеуі кеткен ернімен Евфрасняға қарап езу тартып еді, өсекі қыз оған еркелік назбен әлденендей жағымды жауап қайырды; қарт қуарған қолдарын қызға ұсынды да, онымен қолтықтасып фойені айналып шықты, сылқым ашынасына қалың тобырдың құмарта көз тігіп, сүйсіне қарағаның, оған арнаған қошемет сөздерін қуанышпен қабылдай тұрып, өзіне арналған жиренішті күлкілерді байқамағандай, зәрлі мысқылдарды есітпегендей сыңай білдірді.
– Обыр қыз мына өлексені қай моладан қазып шығарды екен? деп романтиктердің ең әсемпаз сырбазы айқайлап жіберген.
Евфрасия мырс етті. Сықаққой сабаз, селеу шашты, жебелі мұртты, көкшіл жылтыр көзді, шолақ фрак киінген, қалпағын шекесіне қырындата жантайтқан сымбатты денелі жас жігіт еді; шақпа тілді шешен жігіт романтикалық лұғаттағы жел сөздерді бұршақтай бығырлатты. "Кей-кейде қарттар өздерінің абыройлы, еңбекшіл ізгі өмірін есуастықпен де аяқтайды екен-ау! деп ойлады Рафаэль. Анау шалдың қаны суынып, сирақ сіңірлері мұздап бара жатса да, қыздың соңынан сүйретілуін қарашы.
– Бері қара! деп Рафаэль саудагерді тоқтатып алды да, Евфрасията көзін қысты. Сіз немене, өз философияңыздың қатаң ережелерін ұмытқансыз ба?...
– Иә, мен қазірде балғын жігіттей бақыттымын, – деді қария жарықшақты үнмен. Болмысты дұрыс түсінбей келген екенмін. Бүкіл өмір махаббаттың жалғыз ғана сағатында екен.
Сол сәтте көрермендер қоңырау даусын естіп, өздерінің орындарына қарай жөнелісті. Қарт пен Рафаэль де ажырасты. Өз ложасына келіп отырғаннан кейін, маркиз залдың екінші бұрышында, дәл өзінің қарсы алдында жайласқан Теодораны көрді. Тегі, ол жана ғана кірген болса керек, қазір ол кеудесін аша, жұртқа өзін толығырақ көрсеткелі жатқан сылаң сылқымның емін-еркін ұсақ қимылдарын жасап, мойын орамалын кейін қарай серпіп тастаған; жұрттың бәрі Теодораға көз тікті. Оны Францияның жас пәрі ертіп келген екен, бұл соған ұстай тұруға берген лорнетің қайта сұрап алды. Оның қимыл-қозғалысынан, жаңа қосшысына көзқарасынан Рафаэль өзінің орынбасары Теодораның озбырлық құлдығына түскенін аңғарды. Бір кездегі Рафаэльден бір кейін емес, тегінде, дәл осындай елтіген, дәл осындай-ақ еліккен, дәл Рафаэльдің өзіндей әйелдің салқын есепқорлығына қарсы шынайы сезімнің барлық күшін сала күрескен жас жігіт, сондағы Валентеннің бастан кешірген. Бұл күнде, құдай ондай, одан аман арылған азаптарының бәрін бастан кешіруге кіріптар екен. Лорнет арқылы барлық ложаларды шолып, жұрттың үсті-басын лезде барлап шыққаннан кейін, Париждің нағыз таңдаулы, нағыз сымбатты әсемпаз әйелдері де мұның асыл киімдеріне, сұлулығына қайран қалғанын көріп, Теодораның жүзінде айтып жеткізе алмастық қуаныш жайнады; ол өзінің аппақ тістерін көрсеткелі сылқ-сылқ күлді, жұртты сүйсіндіргелі гүлмен безелген басын жан-жаққа бұрды, орыстың бір князь-әйелінің маңдайына қарай сырғанап түсіп кеткен беретін және бір банкир қызының ажарын бұзып тұрған сәнсіз қалпағын іштей келемеждеп, ложадан-ложаға көз жүгіртумен болды. Бір кезде оның көздері Рафаэльдің көздерімен кездесіп қалғанда, Теодора боп-боз боп кетті; өзінің менсінбей итеріп тастаған ғашығы өзіне қарай туралап-түйілген анық жирене қадалған көзқарасымен оны атып жібере жаздайтындай екен. Теодораның талай аластаған табынушылары оның құдіретін бекер дей алмағанда, мына Валентен, Бүкіл әлемде жалғыз өзі, оның арбауынан құтылып шыққан. Зауалын тартпай зәбір көрсеткен өктемдік құдірет жазым болуға жақын еді. Бұл ақиқат корольдердің миынан гөрі әйелдердің жүрегіне тереңірек орнаған. Сондықтан, мінеки, Теодора өзінің сүйкімділігінің, еркелігінің ажалы Рафаэльден екенін сезді. Кеше Операда Рафаэль айтқан өткір сықақты қазірдің өзінде-ақ Париж салондары қағып әкетіпті. Бұл сұрапыл эпиграмманың үшкір ұшы графиняға айықпастық жарақат түсірді. Францияда біз жараны күйдіріп жазуды үйрендік. Бірақ жалғыз ауыз күйдіргі сөздің уытты зәрін жұмсатарлық амалды біз әлі білмейміз. Әйел атаулының бәрі де біресе маркизге, біресе графиняға көз тігіп отырған сол бір мезетте Теодора Рафаэльді Бастилияның тас дағарларының біріне отырғызуға әзір еді, өйткені оның өзіне тән сыр мінездік дарыныңа қарамастан, бақталас әйелдер Теодораның азап шегіп отырғаның түсіне қойды. Мінеки өмірдің ақтық жұбанышы о да ұшып кетті одан. "Meн бәрінен де сұлумын!" Осы бір көңіл жадыратарлық сөздер, оның даңқ құмарлығының барлық күйініштерін бәсеңдететін осынау мәңгілік сөз жалған болып шықты. Екінші перде басталар алдында бір бөгде әйел Рафаэльмен көршілес, бұған дейін бос тұрған ложаға келіп отырды. Бүкіл партер ішінде әлденеге сүйсінген күбір-сыбыр ту ете түсті. Адамзат жүзінің теңізінде назар толқыны шалқыды, жұрттың бәрі осы бір бейтаныс бикешке көз тікті. Албырт жастан еңкек кәрілерге дейін жұрттың бәрінің ұзақ уақыт ду-ду болғаны сонша, шымылдық түрілген кезде музыканттар тыныштық орнатқалы арттарына Бұрылып еді, олар да тобырдың таң-тамаша думаныңа қосылып, тұтасқан шуды үдете түсті. Барлық ложаларда қызды-қызды әңгіме басталды. Ханымдар лорнетпен қаруланды, кенет жасара қалған қарттар жұмсақ перчаткаларының былғарысымен лорнеттерінің шынысын сүрте бастады. Алайда бірте-бірте сүйсіну гуілі баяулап, сахнадан он-күй естілді, тәртіп қалпына келтірілді. Жарқылдақ қауым табиғи ынтықтың тартымына көнгеніне ұялғандай, сыпайыгерліктің ақ сүйектік дәстүрлі салтына қайта түсіп, маңғаздана қалды. Байлар еш нәрсеге де таңырқамауға тырысады; олар алғаш көз жібергенде-ақ жақсы шығармадан кемшілік табуға міндетті, мұның өзі оларды қайран қалушылықтан осы дөрекі сезімнен құтқарады. Әйтсе де кейбір ерлер әлі де селт етпеген күйінде: музыканы тыңдамастан, аңғырт сүйсінушілікке сүңгіген олар көз айырмай, Рафаэльдің көршісіне қарауда еді. Бенуарда Акилинамен қатар отырып оған мақұлдай көз қысқан Тайфердің, қаны сыртына тепкен жиіркенішті күрең бетін байқап қалды Валентен. Содан кейін Эмильді көрді, ол да оркестр жаныңда тұрып: "Жасағанның жаратқан тамаша жаныңа қарасайшы, ол сенің қасында отыр ғой!" дегендей. Ең ақырында, де Нусинген ханыммен және оның қызымен қатар Растиньяк отыр: ол қазыққа байлаулы отыртанына, тәңірі келбетіндей ажарлы әйелге жақын бара алмағанына назаланған адамша, перчаткасын уқалап отыр екен. Рафаэль өзімен-өзі шарт жасасып, онысын әлі де бұзбай-ақ кете жатқан-ды; оның өмірі осы шартқа байланысты еді; ол бұдан былай еш уақытта да бірде-бір әйелге сұқтана қарамасқа өзіне серт берген болатын және ондай нәпсіден тыйылу үшін арнаулы лорнет істетіп алған-ды, мұның өте шебер жасалған әйнектері аса тамаша бейнелердің сымбатын жойып, зағып секілді етіп көрсететін. Бүгін таңертең дағдылы сыпайы тілеулестік аузынан әлдеқалай шығып кеткенде, бойтұмары сондай жедел қимылдай жиырыла қалғаннан бергі үрейден Рафаэль әлі арылып болмаған еді, сондықтан қазірде ол көршілес әйелге бұрылып қарамасқа берік бел байлаған. Ол әйелдің ложасына сыртын беріп, шалқая отырды да сахнаның тең жартысын одан әдейі көлегейлеп алды; сөйтіп ол әйелді менсінбейтінін, ту сыртында әп-әдемі әйел отырғаның білгісі келмейтіндігін сездіргендей. Көршілес әйел де Валентеннің мінезін қайталағандай: ол да ложаның кемеріне шынтақтап, сахнаға бір қырындай отырды, бейне бір суретшінің алдында суретке түскелі отырғандай қалыппен әншілерге көз тікті. Екеуі де дурдараз болып, өкпелі назбен бір-біріне сырт айналып отыратын бірақ, алғашқы жылы сөз айтылысымен-ақ құшақтаса кететін ғашық жарлар тәрізді еді. Кей минуттарда жат әйелдің тұлымындағы жеңіл қауырсындар немесе оның шаштары Рафаэльдің шекесіне жанасып кетсе, онда бір тәтті ләззат құмарлық сезім түйсіндіреді, бірақ Рафаэль батырсынып, бұл сезімге бой бермеуге жанталасуда; кешікпей ол нәзік шілтердің биязы жанасымын сезді, әйел киімінің назды сыбдыры — сиқырлы ләззат шырыныңа бөленген майда діріл естілді: ең ақырда, осы сұлу әйелдің омырауын, арқасын, киімдерін, оның бүкіл сүйкімді денесін байқатпай толқындатқан дем-тынысы Рафаэльдің тұлабойын электр ұшқыныңдай жайлады; кесте мен шілтер иығын қытықтап, бейне бір әйелдің жалаңаш ақ жонының ләззатты жылылығын Рафаэльге жеткізгендей еді. Сыпайыгерлік салт ажыратып, өлім шынырауы бөлектендіріп отырған осы екі жан, табиғаттың қалауы бойынша, екеуі де дәл бір мезетте күрсінді, бәлкім, дәл сол сәтте олар бір-бірі туралы ойлаған да шығар. Үндістан қалампырының қышқыл иісі Рафаэльді біржолата мас қылады. Арадағы кедергі, бөгеттің салдарынан онан сайын өршелене ынтыға түскен қиял бір мезетте-ақ жалынды от өрнегімен әйелдің бейнесін оған суреттеп берді. Ол дереу жалт бұрылды. Сірә, жат адамға жанасып қалғаныңа ыңғайсызданса керек, әйел де дәл сондай қимыл жасады; бір ғана ойды білдірген екі көзқарас тоғыса кетті.
– Полина!
– Рафаэль мырза!
Бір минут екеуі де тастай қатып, бір-біріне үнсіз қарай қалысты. Полинаның үстінде қарапайым, бірақ аса әсем киім. Әдептілікпен кеудесін бүркеп тұрған биязы жұқа көйлектің ар жағынан тәжірибелі кез оның ақ гүл бәйшешектей аппақ тәнін, әйел атаулының бәрі күндескендей дене бітімін бірден-ақ болжарлық еді. Бәз баяғысындай бейкүнә кішіпейілділік, аспан жүзіндей кіршіксіз тазалық, өзін-өзі ұстаудағы ғажайып қылықтылық! Денесінің қалтырағаның көйлегінің жеңі білдіріп тұр жүрегінің лүп-лүп қаққаны да содан байқалған.
– Ертең келіңіз, – деді қыз, ертең "Сент-Қантен" мейманханасына келіп, қағаздарыңызды алып кетіңіз. Мен түсте сонда болам. Кешікпегейсіз.
Полина дереу түрегелді де, кетіп қалды. Рафаэль соңынан ергісі келіп еді, бірақ оның абыройын төгуден қорқып, орнынан қозғалмады. Теодораға көз жіберіп еді, ол бұған зағып болып көрінді де бір музыка ырғағын ұғуға шамасы келмеді, осы залда отырып тұншықты, ақырында, жүрегі алып-ұшып, сыртқа шықты да, үйіне қайтты.
– Ионафан, – деді ол қарт қызметшісіне, өзі төсекке жатқаннан кейін, бір түйір қантқа, бір тамшы апиын тамызып әкеліп бер, ертең сағат он екіге жиырма минут қалғанда оят...
– Полинаның мені сүюін тілеймін! деп айқай салды ол таңертең, айтып жеткізе алмастық мұңмен бойтұмарға қарап тұрып.
Былғары қозғалған жоқ кішірею қабілетінен айырылған тәрізді. Ол, әрине, бір рет орындалған тілекті қайыра жүзеге асыра алмайтын болса керек.
– А! деп, айқайлап жіберді Рафаэль, бойтұмарды сыйлыққа алған күннен бастап үстіне киіп жүрген қорғасын желеңді шешіп тастағандай сезініп. Сен өтірік айтады екенсің ғой, маған бағынбайды екенсің ғой, енді шарт бұзылды. Мен азатпын, мен өмір сүретін боламын. Демек, мұның бәрі зұлымдық әзіл болғаны ма?
Бұл сөздерді айтуы айтқанымен, ол өзінің ашқан жаңалығына сене алмады, оған жүрексінді. Ол баяғы бір кездерінде киінетініндей қарапайым ғана киінді де, бұл дүниенің қуаныштарынан ләззат алмай тұрғандағы кездерін, көкейін тескен арман-тілектердін қандайын да сескенбей аңсай алатын сол бір бақытты күндерін ойша шолуға әрекеттеніп, өзінің бұрынғы мекеніне жаяу бармақ болды. Ол кетіп бара жатып, көз алдына "Сент-Кантен" мейманханасындағы Полинаны емес, кешегі Полинаны: қиялында соншалық елестеген арудың арманды бейнесін; ғашықтық отына шарпылған ақылды, жас жұбайды; ақын сезімін, поэзияны ұғынуға қабілетті суретшіні; сәулетті салтанат ішінде тіршілік етуші қызды; қысқасы қазіргі Теодорадан тек қана жан сезімінің тамашалығы жөнінен артық болатын Теодораны, немесе, Теодора сияқты графиня және миллиондаған дәулеті бар Полинаны көз алдына елестетті. Қажалған табалдырықты аттап жарықшақты тақтайға аяқ басқанда, талай рет түңіле торыққанда сүйенетін үйреншікті есігінің алдына келген кезінде, залдан бір кемпір шығып:
– Рафаэль де Валентен мырза сіз боласыз ба? – деп сұрады
– Иә, шеше, – деді бұл
– Өзіңіздің бұрынғы пәтеріңіз есіңізде ме? – деді тағы да кемпір. Сізді онда күтіп отыр.
– Мейманхана әлі де Годэн ханымның қарауында ма? деп сұрады Рафаэль.
– Жоқ. тақсыр! Годэн ханым бүгінде баронесса. Ол Сенаның арты бетіндегі өзінің сәулетті әсем үйінде тұрады. Оның күйеуі аман-есен елге келген. Оның әкелген ақшасы ұшан-теңіз, атамаңыз!.. Егер тілесе Годэн ханым бүкіл Сен-Жақ кварталын махалласын қалпетімен сатып алуға шамасы келеді, деседі жұрты. Ол кісі шарттың аяғына дейін мейманхананы барлық мүлкімен маған тегін беріп кетті. Қалай десеңіз де ол мейірімді әйел ғой. Әлі баяғысындай кішіпейіл.
Рафаэль баяу аттап өзінің мансардасына көтерілді, баспалдақтың ақырғы сатысына аяқ басқан кезде фортепияноның үнін есітті. Полина оны күтіп отыр екен: үстінде жаңа үлгі бойынша тігілген қарапайым перкаль көйлек, төсекке елеусіз тастай салған перчатка, қалпағы мен мойныңа ораған шарқаты байдың қызы екенін айтпай-ақ танытулы.
– Ой! Сіз де келдіңіз-ау ақыры! деп айқайлап жіберді ол мойнын бұрып, ақ жарылқап қуаныш үстінде орнынан тұра беріп.
Рафаэль жақын келіп, өзі қып-қызыл боп ұялып, бақытты пішінде Полинаның жаныңа қатарласа отырды; тіл қатпастан Полинаға үнсіз қарай берді.
– Бізді неге тастап кеттіңіз? – деді де, Полина қып-қызыл өрттей болып, төмен қарады. Сізге не жағдай болды?
– Беу, Полина! Мен мүлде бақытсыз адам болдым, әлі де сондаймын.
– Әттең! – деп Полина жүрегі елжіреп, дауыстап жіберді. Мен кеше-ақ бәрін де түсінгем; байқаймын өте әсем киініпсіз, дәулетті тәріздісіз, ал іс жүзінде бәрі бұрынғысынша, солай ма, Рафаэль мырза?
Валентеннің көзіне еріксіз жас моншақтары іркіліп келіп қалды. Рафаэль тебірене сөйледі.
– Полина. Мен...
Ол сөзін аяқтай алмады, жанарында махаббат оты жайнап, екі көзі елжіреген назға толы еді.
– О, сен мені сүйесің, сен мені сүйесің! деп Полина айқайлап жіберді.
Рафаэль тек қана басын төмен салбыратты, бір ауыз сөз айтуға шамасы жоқ.
Қыз оның қолдарын қысып алып, біресе күлді, біресе жылады.
– Дәулеттіміз, баймыз, бақыттымыз, дәулеттіміз! Сенің Полинан да дәулетті... Мен... мен бүгін кедей болуым керек еді. Ол мені сүйеді деген жалғыз ауыз сөзге дүниенің барлық қазынасын берер едім деп, өзіме талай серт айтып ем. О, менің Рафаэлім! Миллиондаған дәулетке иемін мен. Сен сәулетті сүйесің ғой, енді риза боларсың, бірақ сен менің жас жанымды да сүюің керек, ол саған деген махаббат сезіміне толы! Білесің бе, менің әкем қайтып келді ғой. Мен бай мұрагермін. Менің әкем мен шешем менің өз тағдырымды өзім шешуіме толық ерік беріп отыр. Мен еріктімін, ұғасың ба?
Рафаэль Полинаның қолдарын ұстап отырып, осы қолдарды, соншалық құштарлана соншалық құмарта сүйді; сүйгенде тіпті бүкіл денесі дірілдеп сүйгені сондай, Полина қолдарын ажыратып, Рафаэльдің иығына салды да, оны өзіне қарай тартты; екеуі құшақтасып, бір-біріне көкірек түйістіріп тұрып, ұзақ сүйісті; әлде бір тұрпайы ниеттерден таза, нағыз қасиетті, тәтті, ыстық сүйіс еді бұл; тек жалғыз ғана, ең алғашқы сүйіс қана осындай болатын, тек осындай сүйістің арқасында ғана екі жанның бір-біріне иелік ете алмақ бір-біріне билік жүргізе алмақ.
– Аһ! деп Полина орындыққа отыра беріп. аһ ұрды. Мен сенсіз өмір сүре алмаймын... Мұншалық батылдық маған қайдан пайда болғаның білмеймін! – деді ол қызарақтап.
– Батылдық дейсің бе, Полина? Жоқ, сен қорқатын түк те жоқ, Бұл батылдық емес, махаббат, дәл менің махаббатымдай шынайы, терең, мәңгілік махаббат, солай емес пе?
– Иә, сөйлеші, сөйлеші, сөйлеші! – деді ол. Сенің тілің маған дегенде соншалық ұзақ уақыт мылқау, күрмеулі болып еді ғой...
– Солай ма еді, сен мені сүйіп пе едің?
– О, құдай-ай! Сүйіп пе едің дейді ғой! Бері қарашы, сенің бөлмеңді жиыстырып жүргенде, сен екеуіміздің кедейлігімізге налып, мен қаншама көз жасымды төктім. Сенің уайымыңды серілтсем ғана екен деп, мен тіпті әзәзілге сатылуға да әзір едім. Енді менің Рафаэлімсің, сен менікісің ғой, ә? Мынау тамаша бас менікі ғой, сенің жүрегің де менікі болды ғой. Иә, әсіресе жүрегің, мәңгілік байлық осы ғой!., иә, не айтып келе жатыр едім? Сол тым-тырыстан кейін Полина сөзін жалғастыра берді. Не, айтпақшы! Біздің үш-төрт миллиондық дәулетіміз бар, бәлкім, бесеу де боп қалар. Егер мен кедей қызы болсам, бәлкім, сенің әйелің деп аталу үшін мен сенің фамилияңда болуды тілер едім, ал қазір сен үшін мен бүкіл дүниенің байлығын берер едім де, өмір бойыма қуана-қуана сенің малайың болар едім. Сондықтан, мінеки, Рафаэль, мен саған өзімнің жүрегімді, өзімді, өзімнің барлық дәулетімді ұсына отырып. осының өзінде де мен мынаған үстелдің тартпасын нұсқап, жүз су теңгелік салған күнімнен артық беріп отырғаным жоқ. Ойпыр-ай сенің сол күнгі шаттығың мені қандай күйзелтіп кетті десейші!
– Сен неге дәулетті болдың? – деді Рафаэль леппен сөйлеп. Сенде неге даңқойлық жоқ? Сен үшін мен енді ештеңе де істей алмайтын болдым ғой!
Жүрегің бақыт, торығу, махаббат кернеген Рафаэль дал болды.
– Аспанның перзенті-ау, сенің мінезің маған аян: сен маркиза де Валентен болғаннан кейін, менің атағым да, дәулетім де сен үшін түкке тұрмайды.
– Сенің бір тал шашыңа да, деп аяқтады Полина.
– Менде де миллиондаған дәулет бар бірақ, не керек, дәулет деген қазір біз үшін не, тәйірі! Менің өмірімді ал міне менің саған ұсына алатыным осы, ал соны!
- О, сенің махаббатын, Рафаэль, сенің махаббатыңның өзі ғана мен үшін бүкіл дүниеден қымбат. Солай ма, сенің пікірің де менікі ғой? Онда мен нағыз бақыттылардың ең бақыттысымын.
– Біздің сөзімізді біреулер тыңдап тұруы мүмкін, деп ескертті Рафаэль.
– Жо-жоқ, мұнда ешкім де жоқ! – деді Полина, бұйра шашын наздана бір сілкіп.
– Келші бермен қарай! деп Валентен екі қолын созып, дауыстады.
Полина оның тізесіне қарғып мініп, мойнынан құшты.
– Құшақтаңыз мені. Маған келтірген талай қайғы-қасіреттеріңіз үшін, – деді ол, мені азапқа салған талай қуаныштарыңыз үшін, желпуіштерді бояумен өткізген талай түндерім үшін...
– Желпуіштер дейді?
– Қазір біз дәулеттіміз ғой, асылым, олай болса, мен де саған бәрін айта аламын. Қарағым-ау! Ақылды адамдарды алдау қандай оңай десеңші? Кір жуушыға айына 3 франк төлеп тұрғанда, сенің жетісіне екі рет киетін ақ желеткең, таза жейделерің болуы мүмкін бе еді? Сенің ақшаңа сүтті екі есе мөлшерде ішіп тұруын мүмкін бе еді? Мен саған үнемі өтірік айтушы едім ғой: отын жөнінде де, май жөнінде де, тіпті ақша жөнінде де. Оу, менің Рафаэлім, мені әйелдікке ала көрме, – деді Полипа сықылықтан күліп, мен өте айлакермін.
– Осының бәрінің сәті қалай түсіп жүрді?
– Мен таңғы сағат екіге дейін жұмыс істеймін, желпуіш сырлаудан өнген ақшамның жартысын шешеме, жартысын саған беретінмін.
Қуаныш пен махаббаттан естері шығып, бұлар бірер минуттай бір-біріне көз айырмай, қарап қалысты.
– Ой, күндердің күнінде, сірә, осы бақытымыз үшін біз қандай да бір сұрапыл қайғы тартамыз-ау! – деді Рафаэль қынжылып.
– Сен үйленіп пе ең? деп сұрады Полина. Мен сені ешкімге де бере алмаймын.
– Менің басым бос, қымбаттым.
– Бос па? Полина қайталап сұрады. Бос болса менікі!?
Полина тізерлеп отырып, екі қолын қусырып, дұға оқығандағыдай ыстық сезіммен Рафаэльге қарады.
– Мен ақылымнан адасып кеттім бе деп қорқамын. Сен неткен көркем едің? деп сөзін жалғастыра берді Полина ғашық жарының ақ шабдар шаштарын қолымен тарамдап. Неткен есуас, анау сенің Теодора графиняң! Кеше жұрттың бәрі мені құттықтағанда мен қандай тамаша ләззат алдым десейші! Ал оны еш уақытта да олай қарсы алған жоқ-ты! Бері қарашы, сәулем, мен арқаммен сенің иығыңа жанасып кеткенде, маған бір дауыс сыбыр етті: "Ол осында!"– деді. Жалт бұрылып ем, сені көрдім. Сонсоң, мен қаша жөнелдім. Жұрт алдында сенің мойныңа асыла кетермін деп қорықтым.
– Бақыттысың сен, осылай сөйлеуге шамаңның келіп отырғаны бақыттылығың ғой! деп Рафаэль дауыстап. Ал менің жүрегім өрекпіп тулауда. Жылар едім, бірақ жылай алмаймын. Қолыңды алмашы менен. Өмір бойы осындай бақытты, мұңсыз күйде саған үнемі қарасам да отырсам.
– Қайталап айтшы осы сөздерді, менің махаббатым!
– Біз үшін сөз деген не, тәйірі! деп жауап қайырған Рафаэльдің көзінен ыстық жас Полинаның қолына тамып кетті. Күндерде бір күні мен де өзімнің махаббатым туралы саған айтармын, қазір мен тек махаббатты сезініп қана отырмын...
– О, керемет жан, керемет данышпан, маған қашаннан мәлім ғажайып жүрек, – деді Полина, осының бәрі менікі ғой, мен де сенікімін ғой, солай емес пе?
– Мәңгілікке, жасағанымның нәзік жаратқан жан сәулесі, – деді жүрегі толқып, тебіренген Рафаэль. Сен менің жұбайым боласың, менің мейірімді кемеңгерім боласың. Сен барда әрдайым менің барлық қайғы-қасіреттерім таралушы еді, жаным жай тауып, қуаныш кернеуші еді, қазірде сенің періштедей күлімдеуің мені бейне бір, күнәдан арылтып, тазартып шығарғандай. Өткендегі бастан кешкен сұм, қатыгез өмір, қайғылы есуастықтарым осының бәрі маған үрейлі түс іспетті болып көрінуде. Мен тек сенің қасында тана кіршіксіз таза болғандаймын, бақыт лебін енді тана сезгендеймін. О, мәңгі-бақи осында қалсаңшы! – деді Рафаэль лүпілдеген жүретіне Полинаны қысып тұрып.
– Қашан келем десе де, ажал енді келе берсін, деп әбден шабыттанған Полина айқайлап жіберді, мен өмір сүрдім!
Бұлардың осы қуанышын ұққан жан иманды, демек оған да аян болғаны ғой мұндай қуаныш!
– Қымбатты Рафаэль, – деді Полина бірнеше сағатты екеуі де үнсіз өткізгеннен кейін, біздің осы сүйкімді мансардамызға ешкім де келе алмайтын болуын тілер едім.
– Есігін бітеп, терезелеріне темір тор қаққызу керек, сонсоң осы үйді мүлдем сатып алайық, деген шешімін айтты маркиз.
– Жарайды, – деді Полина. Бірер минут үндемей отырғаннан кейін сөзін қайта жалғастырды:
– Сенің қолжазбаларыңды іздеуді ұмытып та кетіппіз ғой!
Екеуі де мейірімді, күнәсыз күлкімен қарқылдап күлісті.
– Мен қазір ғылым атаулының бәрін жек көремін! – деді Рафаэль ышқына сөйлеп.
– Ал даңқ қалай болады, мәртебелі тақсыр!
– Менің бірден-бір атақ-даңқым мына сен.
– Мына шимайларды жазып отырғанда сенің жаның ауыр күйзелісте болған-ау деймін, – деді Полина қағаз беттерін аударыстырып отырып.
– Менің Полинам....
– Әриие, сенің Полинаң... Болса ше?
– Сенің үйің қайда?
– Сен-Лазар көшесінде. Сенің үйің ше?
– Варен көшесінде.
– Ойпырмай, екеуміз бір-бірімізден өте алыс болады екенбіз ғой! Қашан...
Сөзін аяқтамай, қыз өзінің сүйгеніне еркелей, наздана көз қиығымен қарап қойды.
– Несі бар, ең әрісі екі апта ғана бөлек тұрамыз ғой, – деді Рафаэль.
– Рас па? Екі аптадан кейін үйленеміз, иә?деп Полина қуанғаннан жас балаша секіріп кетті. Түу, мен неткен мейірімсіз қыз едім! – деді; сонсоң ол. Мен тіпті әке-шешем туралы ойламаппын да ғой, дүниенің бәрін ұмытыппын ғой. Білесің бе, достым, менің әкем қатты науқас. Ол Үндістаннан өте қатты ауырып келді. Біз оны қарсы алғалы Ғаврға барып едік, ол сонда қайтыс бола жаздады. Түу, құдайым-ай! деп Полина сағатқа қарап, айқайлап жіберді. Сағат үш болып қапты той. Мен үйде болуым керек, ол сағат төртте оянады. Мен үйдің иесімін ғой. Анам менің барлық тілектерімді орындайды, әкем мені тәңірі тұтады, бірақ мен олардың мейірімділігіне қиянат жасағым келмейді, мұның өзі асылық болар еді. Байғұс әкем, кеше мені Итальян театрына жіберген де сол еді... Сен онымен көріскелі ертең келесің бе?
– Маркиза де Валентен маған мархабат етіп, қолтықтасып баруды тілемес пе екен?
– Мына бөлменің кілтін өзім ала кетемін! деп жариялады Полина. Бұл біздің сәулетті сарайымыз, қазынамыз емес пе!
– Полина, тағы бір сүйіс?
– Мың сүйіс! Құдайым-ай! – деді ол Рафаэльге қарап, үнемі осылай бола берер ме екен? Осының өзі маған түс сияқты көрінеді.
Олар баяу аттап баспалдақтан түсті; содан кейін қатар адымдап, бір бақыттың салматына екеуі де бірдей тербеліп, қос кептерше бір-біріне жымдаса, жанаса жүріп, ынтымақты осы жұп Сорбонна алаңына жетті, Полинаның күймесі осы алаңда тосып тұрған-ды.
– Мен сенің үйіңе соға кетейін, – деді Полина. Сенің бөлмеңді, кабинетіңді көргім келеді, сенің жұмыс істейтін үстеліңнің қасында біраз отырып кеткім келеді. Осының өзі бұрынғымыз сияқты болар, деп тағы қосты, қызарыңқырап. Жозеф, – деді малайына, мен Варен көшесіне соға кетемін, содан кейін үйге барамыз. Қазір сағат үштен он бес минут кетті. Мен сағат төртте үйде болуым керек. Жорж, аттарды айданқыра.
Бірнеше минуттан кейін ғашықтар Валентеннің оңаша үйіне жетті.
– О, мен осындағының бәрін де қарап шыққаныма қандайлық разымын! – деді Рафаэльдің кереуетінің етегіне ұсталған перденің жібегін уқалап тұрып Полина жігерлі үнмен. ұйықтап бара жатқанымда да енді менің ойым осында болады. Сенің жастыққа қойған ғазиз басыңды көз алдыма елестетермін. Айтшы, Рафаэль, сен үйіңе жиһаз жиыстырғанда ешкіммен ақылдасқан жоқсың ба?
– Ешкіммен де.
– Рас па? Әйелдер болған жоқ па?..
– Полина!
– О, мен сұмдық қызғаншақпын! Сенің талғамың жақсы екен. Ертең-ақ мен де осындай кереует сатқызып алайыншы.
Бақытқа бөленген Рафаэль есін жия алмай, Полинаны құшақтады.
– Ойбай, менің әкем, есіл әкем! – деді Полина.
– Мен сені шығарып салайын, мүмкін болғанша, сенсіз өткізілетін мезгілдің неғұрлым аз болуын тілеймін! – деді Валентен де екпінді үнмен.
– Сен қандай сүйкімді едің! Осыны ұсынуға менің батылым жетпеп еді.
– Е, сен менің өмірім емеспісің?
Ғашықтардың осылайша мылжындасқаныңың бәрін бұл арада келтірісі жату жалықтырар еді, тек бұл сөздердің шынайы бағасы олардың айтылу мәнері, айтылған кездегі көз, қол қимылдары арқылы ғана жандана түсер болар. Валентен Полинаны үйіне дейін ертіп апарып, адам баласының осында, жер үстінде, қолы жете аларлық, бастан кешіре аларлық қуаныш сезімдерінің бәріне бөленіп қайтты. Өзінің армандарының тұтқиылдан толық жүзеге асқаныңа ой жіберіп, оттың алдындағы жұмсақ орындыққа отыра бергенінде-ақ суық пікір оның миын, тұп-тура кеудені тескен қанжардың жүзіндей, тіліп өтті; ол көзінің қиығымен шегірен былғарыға қарап еді, былғары сәл жіңішкере түсіпті. Ол өзінің ана бір анайы сөзді былш еткізді де, жұмсақ орындықтың арқасына шалқайып, есік пердесінің бекітілген тұсына бұлдыраған көз жанарларын қадап, сіресті де қалды.
– Ой, құдайым-ай! деп Рафаэль қатты налыды. Бұл қалай? Барлық тілектерім, барлығы да... бейшара Полина!
Рафаэль қолына циркуль алып, бүгінгі таңсәріден бергі өмірінің құны қаншаға түскенін өлшеп байқады.
– Екі-ақ ай өмірім қалыпты! – деді ол
Тұла бойынан салқын тер сорғалады, кенеттен қатты ашу-ыза үстінде Рафаэль шегірен былғарыны жұлып алып, ақырып жіберді:
– Неткен ақымақпын мен!
Осы сөздерді айтты да ол үйден жүгіріп шықты да, бақты кесіп өтіп, сол жүгірген бойымен құдыққа барды, сөйтті де бойтұмарды құдықтың түбіне лақтырып кеп жіберді.
– Не болса о болсын... – деді ол. Құрысыншы осы әypешілік!
Сөйтіп, Рафаэль махаббаттың бақытына бөленіп, Полинамен жан сезімдері жараса, қызғылықты өмір бастады. Бірер себептермен кешіктірілген үйлену тойлары (оның себебін бұл жерде баяндап жату қызықсыз болар еді) наурыз айының бас шенінде өткізілмек болды. Олар өздерін-өздері әбден тексеріп, өз сезімдеріне енді әсте шүбәланбады. Бақыт олардың бір-біріне ынтызарлығының күшті екенін бұрынғыдан да айқын дәлелдегендіктен, бір-бірімен құштарлық арқылы жалғасқан Рафаэль мен Полинадай екі жан, мұндайлық біте қайнасқан екі жүрек бүкіл дүниеде жоқ дерліктей еді. Екеуі бірі-бірінің мінез-құлқын, сырын неғұрлым жақсы ұғынысқан сайын, солғұрлым олардың сүйіспеншілігі үдей түсті: екеуінің тарапынан да бір-біріне деген сергектік, ұялшақтық, құштарлық нағыз таза періштедей күнәсыз құштарлық сезімдері терең қалыптасты; олардың аспан әлемдер бұлт шалмастай ашық, бірінің тілегі екіншісі үшін бұлжымас заң боп алды. Екеуі де дәулетті, қай нәпсісін болса да қанағаттандыруға толық мүмкіндіктері бар; сондықтан оларда ешқандай нәпсі де, арман да жоқ. Нәзік талғампаздық, әсемдік сезімі, ақиқат ақынжандылық жас арудың көрінеу қасиеттері болып алды; әйелдерге тән жылтыраққа әуестік сияқтыларға ол немқұрайды қарады; сүйікті адамының бір күлімдегені оған не бір асыл моншақтардан қымбат та қадірлі болды, жұқа ғана кездеме мен райхан гүл ол үшін ең сәулетті зейнет саналды. Рафаэль мен Полина қауымға араласпады: өзді өзі оңаша болу олар үшін сондайлық тамаша, сондайлық жемісті көрінді. Қызықшыл сауық құмарлар әзірше заңды түрде некеленбеген сымбатты жұпты кеш сайын Итальян театрында немесе Операда кездестіретін болды. Алғашқы кезде өсекке үйір зәрлі тілдер салондарда олар жөнінде лақап таратып көріп еді, бірақ кешікпей Париждің үстін көктеп өткен уақиғалар тасқыны жазықсыз ғашықтарды естен шығара тұруға мәжбүр етті; ең ақырда оларды жоғарғы құлықты, әдепті адамдар алдында ақтауға тиіс болған той да жария етілді; олардың қызметшілері де өте момын, кішіпейіл адамдардан құралған еді, сөйтіп олар жөнінде ешкім де ерекше жайсыз өсектер таратқан жоқ, сондықтан олар өз бақыттары үшін ешқандай жаманат көрген жоқ. Ақпанның аяқ шенінде, көктемнің жадыраған жайдарман күндердің бірінде Рафаэль мен Полина кішігірім гүлзарда сәскелік ас ішіп отырған: Бұл гүлзар неше түрлі, гүл бәйшешекке толы қонақ үй іспетті болатын. Париждің өзге тұрғындары қөңілсіз ошақ басында жылынып жатқанда, мына жас жұбайлар шай жапырақ, жуагүл, арша шырпыларынан құрастырылған отауда сайрандап отыр. Нәркес, інжі гүлі, бенгал розасы арасынан олардың жайдары, қуанышты жүздері көрінеді. Нәпсі құмарлығын қоздыратын осы бір сәулетті гүлзарға көгал алаңы түсінде өрнектелген африкан алашасы төселген. Жасыл текпен қапталған қабырғаларында ешқандай сыздың ізі де жоқ. Ішіндегі жиһаздары дөрекілеу ағаштан жасалғанымен жылтыраған үскі қабаттары мүсіндей таза. Сүттің иісін сезіп, орындыққа келіп отырған мысық баласының аузына Полина кофе жақты: соны әурелеп, біраз ойнады. Табиғи ықыластының бәрі сықылды, бұл таңертеңгі көрініс те суреттеп жеткізе алмастық бақыттың бейнесі еді. Рафаэль газет оқығансып отырса да, қабағының астымен мысық баласымен асыр салып жатқан Полинаға ұрын қарап отырған-ды; бар денесін толық бүркеп жетпеген ұзын іш көйлек киген Полинасына, оның дударланған шашына, қара барқыт биязы туфлиіне, көкшіл тамырлары білеуленген аппақ сирақтарына қарап отырды. Полина үйде киінетін осы әсем киімдерін кигенде бұрынғыдан да бетер көрікті, Вестолдың қиялдағы кейіпкеріндей ес кетіргіш тартымды еді, оны бойжеткен бикеш деп те, келіншек деп те ойларлықтай, тіпті келіншек дегеннен гөрі де бикеш дерліктей; ол шын, таза бақыттан ләззат алып, махаббаттың әлі алғашқы қуанышын ғана татуда. Рафаэльдің баяу ғана қиял дариясына біржолата шомылып, газетті есінен шығарып жіберуі-ақ мұң екен, Полина лып еткізіп, газетті жұлып алып, жұмарлады да, әйнектен бақтың ішіне қарай лақтырып жібергенде, өз төңірегінде шыр көбелек айналатын саясаттың құралын әлгі мысық баласы қуа жөнелді.
– Мен сені газеттен де қызғанамын, – деді Полина көз жанарының алдында мөлтілдеген жас тамшыларын сүртіп тастап, нақ балаша жайдарылықпен ішек-сілесі қата, сықылықтап күлген...
– Мен оқып отырғаным жоқ, періштем, мен саған қарап отырдым.
Сол минутта гүлзар маңында бағбан бабайдың ауырлай басқан қадамының тықыры естілді, тағалы табанынан жолдың құмы сықырлады.
– Маркиз мырза, сіздерге кедергі қылғаным үшін кешірім өтінем, ханым, сізден де солай, бірақ оның есесіне мен сіздерге бір керемет ғажайып зат әкелдім, мұндайды өмірімде көріп тұрғаным. Айтуға рұқсат етіңіздер, мен жаңа ғана құдықтан бір шелек сумен бірге сирек кездесетін теңіз өсімдігін тартып шығардым. Мінеки! Суға мықтылығы сондай, тіпті дымданбапты да, су өтпепті де. Бейне бір ағаштан істелгендей құп-құрғақ және жып-жылтыр. Әрине, маркиз мырза мендей емес, оқымысты кісі ғой, сондықтан мұны сол кісіге апарайын, бәлкім, отан қызығы болар деп ойладым.
Бағбан бабай Рафаэлге мейірімсіз шегірен былғарыны көрсетті, былғарының көлемі алты шаршы дюймнен да аспайтын болып қалыпты.
– Рахмет, Ваньер, – деді Рафаэль. Қызықтарлық зат екен.
– Саған не болды, періштем? Боп-боз боп кеттің ғой! деп Полина тіксініп қалды.
– Барыңыз, Ваньер.
– Сенің даусың менің зәремді ұшырды ғой, – деді келіншегі, даусын бір түрлі өзгеріп кетті ғой... саған не болды? Көңіл күйің қалай? Бір жерің ауыра ма? Науқаспысың? Докторды шақырыңдар! деп Полина тағы дауыстады. Ионафан, жәрдемге кел!
– Керек емес, Полина, – деді Рафаэль; өзіне-өзі келе бастап. Кетейікші бұл арадан. Осындағы бір гүлдің иісі тым ащы екен, ол вербена гүлі шығар?
Полина түк жазығы жоқ өсімдікке бас салып, түп тамырымен қопарып алды да, бақтың ішіне лақтырып тастады.
– Туу, менің періштем-ай! деп еміренді Полина ыстық құшағына Рафаэльді қысып алып, нәзік наздылықпен сүйдіргелі алқызыл еріндерін тосып. Сен боп-боз боп кеткенде, сенің артында тірі қала алмайтынымды түсіндім: сенің өмірің менің өмірім. Рафаэль, арқамды ұстап қарашы, әлі де сұп-суық, бейне бір өлімнің әлдиіндей. Еріндерің күйіп барады ғой. Ал қолың ше?.. Мұздай!
– Оқасы жоқ! дей салды Рафаэль.
– Көздеріңнен жас сорғалағаны несі? Әкелші, жұтып қояйын!
– Полина, Полина, сен тым құштарланып барасың!
– Сенде, бір жайсыздық бар ғой, Рафаэль... шыныңды айтшы, бәрібір мен сенің құпия сырыңды білмей қоймаймын. Маған берші мынаны, – деді де, Полина шегірен былғарыны қолына алды.
– Сен менің жендетімсің! – деді жігіт, зәресі ұша бойтұмарға қарап.
– Не дейсің? деп күбірлеген, Полина тағдырдың киелі нышанын қолынан түсіріп жіберді.
– Сен сүйемісің мені? деп сұрады Рафаэль.
– Сүйемін бе? Осындай да сұрақ бола ма екен?
– Олай болса, мені жалғыз қалдыр да, кете берші.
Байғұс қыз кетіп қалды.
– Бұл қалай? деп күңіренді Рафаэль оңаша қалғаннан кейін. Біздің мәдениетті ғасырымызда, алмас дегеніміз көміртегінің кристалы екенін анықтаған заманымызда, не нәрсеге болса да дәлел таба алатын дәуірімізде, жаңа пайғамбар шықса, оны полиция сотқа тартатын, оның жасаған кереметін тылым академиясының қарауына тапсыратын шақта, жұрт тек нотариустың шимайшатпатына ғана нанатын кезде мен осыған наныппын-ау! Мен қайдағы бір "Манэ-Текел-Фарес"' жазбасына наныппын ғой! Құдай атымен ант етейін, ізгі тәрбиелі пендені азаптау жаратқанға жараса қояр деп әсте ойлаған емеспін... Ғалымдармен сөйлесіп көру керек.
Кешікпей ол кеспектердің алып қоймасы шарап базары мен маскүнемдіктің орасан зор ордасы Сальпетриер мейірімханасы арасындағы кішігірім көлге келіп жетті; көлде үйректердің өте сирек кездесетін нәсілдері шалшықтай жүзіп жүр: шіркеудің түрлі түсті әйнектеріне ұқсас алуан іспетті қауырсын, мамықтардың құбылысы күн нұрына шағылысып құлпырады. Бүкіл әлем жүзіндегі үйрек атаулының тұқымы осында жиналған; өздерінің ықтиярынан тыс шақырылып, бір тәуірі хартиясы, саяси ұстанымдары жоқ үйректер депутаттарының палатасы тәрізді қауым құрастырған бұл жазғандар қырқылдасып, домаланып, құлай сүрініп жапырласа, аңшылардың көзіне түсуден қауіпсінбей, тек қана жаратылыс зерттеушілерінің бақылауы астында өмір сүруде еді.
– Әнеки Лавриль мырза, – деді сақшы зоологияның ұлы абызын іздеп келген Рафаэльге.
Маркиз терең ой дариясына шомған пішінде екі үйректі зерттеп тұрған аласа бойлы мырзаны көрді. Ғалым орта жастағы кісі екен; шадыман шаттық шырайы оның жағымды кескінінде ерекше жұмсақтық белгісін білдіргендей, оның бүкіл келбетінен тылымға шексіз берілгендік сезіледі: ол жасанды шаштарын тоқтаусыз қасып, әлденендей ермек үшін ширатып тұр; паригінің астынан жаңалық табуға құштарлығын әшкерелейтін тарам-тарам бурыл шаш талдары көрінеді; асылында, басқа құмарлықтар сияқты, өктемдікпен кісіні сыртқы әлемнен оқшаулап, адамның өзін-өзі ұмытып кетуіне көндіретін сипат еді бұл құштарлық та. Рафаэльде де талымның және зерттеушінің сезімі қозды, сондықтан ол адам баласы білімінің шеңберін кеңіту үшін түн ұйқысын төрт бөлетін, тіпті қателіктерінің өзі Францияның даңқын арттыратын бұл жаратылыс зерттеушісіне тым-ақ сүйсінді; әйтсе де, кербез, сәнқой әйел, бәлкім, талымның шалбары мен жолақ жилеті арасындаты саңылауды көріп, келеке еткен де болар еді, айтпақшы, сырт жейдесі бұл ұятты саңылауды бүркеп тұрған-ды, өйткені жануарлардың ұрпақ өршітуші жолдарын зерттеуіне сәйкес ғалымның біресе еңкейіп, біресе шалқаюына байланысты, сырт жейдесі қыртыстанып қала беретін. Лавриль мырзамен амандасып, сыпайы әдеп сөздерін айтысқаннан кейін, Рафаэль үйректер жөнінде ғалымға дағдылы қошемет арнауды өзіне борыш санаған.
– О, біз үйректерге баймыз, – деді жаратылыс зерттеушісі. Тегінде, өзіңіз де білетін шығарсыз, жарғақ табандылар отрядындағы нағыз көп таралған түрі осы. Бұлар аққудан бастап зензен үйретін қоса есептегенде, бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар жүз отыз жеті салаға бөлінеді; әр саланың өзінің атауы бар, мінез-дағдысы ерекше, мекендегі басқа-басқа, сырт пішіні де өзгеше; Бұлардың бір-біріне ұқсастығы ақ өңді адамның негрге ұқсастығынан артық емес. Шыныңда да үйректің етін жеп отырғанда біз әсте байқамаймыз, қаншалықты таралған...
Дәл осы мезетте жағаға қарай көтеріліп келе жатқан бір сұлу құсты талымның көзі шалып қалды.
– Қараңызшы, мінеки мынау ала мойын аққу, Канаданың пақыр перзенті, қоңырқай-сұрғылт мамығын, мойнындағы қара сақинасын көрсеткелі алыстан ұшып келген. Қараңызшы, қасынып тұр... әнеки анау кәдімгі мамыр қаз немесе, басқаша айтқанда, үйрек, біздің әсемпаз сәнқойларымыз осы үйректің мамығын көрпе орныңа қолданады; қараңызшы, неткен сұлу-ақ, қызыл аралас бауыр жүні, жасыл тұмсығы қандай әсем! Мен жана ғана жақындасқан сәттерін көрдім, Бұрын ол тіпті ойымда жоқ еді, деп ғалым өзінің сөзін ұластыра берді. Жұптасу сәті ойдағыдай өтті, нәтижесін асыға күтемін. Үйрек нәсілінің жүз отыз сегізінші тұқымын туғызам ба деген де үмітім бар; ол бола қалса менің өз есіміммен аталуы мүмкін, міне, мынау жұбайлар, – деді ғалым екі үйректі нұсқап. Мынасы күлегеш қаз (anas albіfrons), анасы ысқырғыш үлкен үйрек (anas ruffіna Бюффонша айтқанда).
Шағылысқа не ысқырғыш үйректі, не аққабақ үйректі, немесе жалпақ тұмсық үйректі (anas clyneata) таңдарымды білмей көп толғандым. Қараңызшы, әне анау жалпақ тұмсық, қылмаң қаққан кемпірқосақ тәріздес ала мойын жуантық, қоңырқай қара зәлім соның өзі. Бірақ ысқырғыш үйректің басында айдары бар, сондықтан, мен онша көп солқылдақтыққа салынғаным жоқ: Осында қара тақиялы үйрек қана жетпей тұр еді. Біздің ғалым мырзаларымыз ондай үйрек біздегі тұмсық шүрегей үйректің қайталамасы болады деп қарсылық білдіреді, ал маған салса...
– ...Иә мен өзім олай ойламаймын, дегенді қоса айтты ол көріп тұрсыз ба, қымбаттым, біз мұнда уақытты босқа өткізбейміз. Meн қазір де ерекше бір түр ретінде алып, үйрек туралы монография жазып жүрмін... Әйтсе де, мен сіздің құзырыңыздамын.
Бұлар Бюффон көшесіндегі сәнді үйге қарай бара жатқанда Рафаэль шегірен былғарысын зерттеткелі Лавриль мырзаға ұсынып үлгірген.
– Бұл Бұйымтай маған таныс, – деді ғалым үлкейткіш шыны арқылы бойтұмарды зерттей келе. Бұл зат әлде бір қолсандықтың қабы болған екен. Шегірен ертеден келе жатқан өте көне, мүлік. Осы күні зергерлер тигринді артық көреді. Тигрин деген бәлкім, өзіңіз де білетін шығарсыз, raja sephen, Қызыл теңіз балығының терісі ғой.
– Ал мынау не, айтыңызшы, батыр-еке!
– Бұл мүлдем басқа дүние, – деді ғалым. Мұхит пен жер арасындағы, балық пен төрт аяқты жануардың арасындағы айырмашылық қандай болса, тигрин мен шегіреннің арасындағы айырмашылық та сондай. Алайда балықтың терісі құрылықтағы жануардың терісінен гөрі мықты. Ал, мынау бойтұмарды нұсқап, ғалым өз сөзін ұластыра берді, Бұл, бәлкім, өзіңіз де білсеңіз керек, зоологияның аса бір қызғылықты өнімдерінің бірі.
– Атап айтқанда? – деді Рафаэль дауыстап.
– Бұл есектің терісі, деп жауап қайырды ғалым жұмсақ орындыққа оңтайлана отырып.
– Білемін, - – деді жігіт.
– Персияда есектің өте сирек кездесетін бір тұқымы бар, деп жаратылыс зерттеуші сөзін жалғастыра түсті, бұрынғылар оны онагр, eguus asіnus деп, татарлар құлан деп атаған. Паллас оны біраз зерттеп, ғылымның игілігіне айналдырды. Іс жүзінде мұның өзі көп уақыт бойы тек қиялдағы жануар деп есептеліп келген. Ол, өзіңізге де мәлім, шар кітапта да аталады: Мұса пайғамбар онагрды өзі тұқымдас жануармен шағылыстыруға тыйым салған. Онагр азғындықтың құралы болуы себепті, оның атағы бұрынғыдан да көбірек жайылған; таурат пайғамбарлары да бұл туралы жиі-жиі сөз қылыпты. Паллас, бәлкім өзіңіз де білетін шығарсыз, өзінің Acta Petropolіtana кітабының екінші томында былай деп хабарлайды: парсылар мен ноғайлықтар осы күнге дейін бұл шетін жануарды бүйрек және бел жүйкелерінің ауруына аса шипалы деп бағалайды. Біздің, париждік пақырларда онагр жөнінде ешқандай ұғым жоқ! Біздің мұражайда онагрдан түк дерек жоқ. Ал енді бұл тамаша жануар! деп ғалым өз сөзін ұластыра берді. Мұның құпия сыры көп, көзінің оңталағында бір түрлі кілегейлі қабаты болады, шығыс халқы бұл кілегейде сиқырлы күш бар деп есептейді. Оның терісі біздің ең таңдаулы жылқыларымыздың терісінен гөрі жұқарақ, жылтыр, майда келеді; түгі зебрдің терісіне өте ұқсас; жүні де жұмсақ, бұйра, тіпті қолмен ұстап байқағанда да жып-жылтыр; онагрдың көзі қырағы тіпті адамның көзінен де өткір: онагр біздің ең таңдаулы есектерімізден де анағұрлым ірі және өте асау, өжет; ең күшті деген жауыз жыртқыштарға да өзін алғызбайды; ал оның жүйріктігін айтатын болсақ, оны ұшқан құспен тана теңеуге болады; араб пен парсының ең таңдаулы жылқылары онагрды қуып жете алмайды. Ізгі ожданды ғалым Нибур жақында қайтыс болды ғой, бәлкім, өзіңіз де білетін шығарсыз... сол талымның әкесінің ұйғаруынша, осы бір таңғажайып жануардың шабысының орташа жылдамдығы сағатына географиялық жеті мильге пара-пар деседі. Біздің азғын есектеріміз мынау тәкаппар, асау онагрдың садағасы кетсін!
Онагр деген қимылы шапшаң, жүрісі жылдам, өзі ақылды, айлакер, тұлғасы әсем, мінезі ойнақы жануар. Ол Шығыс хайуанатының патшасы! Ырымшыл түріктер мен парсылар оның жаралу тегінде тұңғиық сыр бар деп біледі, Бұл қасиетті жануардың өжеттігі жөнінде тибет және татар аңыздарына Сүлеймен пайғамбардың есімі араласулы. Қысқасы, қолға үйренген жуас онагр өте қымбат бағаланады; тау арасында оны ұстап алу тіпті мүмкін емес: ол еліктей орғып, құстай ұшады. Тұлпарлар туралы, біздің Пегас туралы аңыздар, сөз жоқ, онагрдың шыңнан шыңға орғып жүргенін көзбен көрген елдерде ғана туған болуға тиіс. Персияда есек пен қолға "үйретілген онагрды будандастырудан туған сыбай қашырдың түгін қызыл бояумен сырлайды, ежелгі замандардан бері қарай келе жатқан осындай дәстүр бар. Бәлкім, біздің "қызыл есектей асау" дейтін мақалымыз осыдан қалған болуы мүмкін. Жаратылыс тарихы Францияда елеусіз қалып жүрген сонау бір замандарда әлдеқандай бір саяхатшы, сірә, құлдыққа онша төзгісі келмейтін осы қызықты қайсар жануарды біздің елімізге әкелген болуға тиіс. Мақал да осыдан туған. Сіздің маған көрсеткен былғарыңыз, деп жалғастырды содан ғалым, осы онагрдың терісі. Оның есімінің қайдан шыққаны туралы әp түрлі жорамал бар. Біреулер: Шагри түрік сөзі деп жорысады, енді береулері: Шагри деген хайуанаттардың сүйектерін, терілерін химиялық жолмен ұқсатып шығаратын қаланың аты деуге де бейім бұл процесс Палластың еңбектерінде жақсы суреттелген, осылайша химиялық жолмен өңдеу, ұқсату арқасында былғарыда бізді соншалық таңырқататын тарының түйіріндей бөртімектері болады. Мартеленс маған жазған хатында Шатриді жылға деп көрсетті...
– Түсініктеріңіз үшін сізге алғыс айтамын: егер бенедиктішілер осы күнге дейін өмір сүрген болса, Кальмесынды аббатқа мұның өзі тамаша ескертулер үшін негіз болар еді; ал мен сіздің назарыңызды мына бір жағдайға аударуға мәжбүр болып отырмын: алғашқыда Бұл терінің үлкендігі... мынау географиялық картаның көлеміндей еді, – деді Рафаэль ашық атласты нұсқап, енді мінекей үш айдың ішінде көрінеу қусырылып едәуір кішірейіп қалды...
– Иә, деп жауап қайырды ғалым, түсініп тұрмын. Тірі организмдердің қалдықтары табиғи жолмен жойылып отыратыны түсінікті, ол табиғи жағдайларға байланысты. Ең арғысы металдар да көрінеу ұлғайып, кішірейіп тұрады: инженерлер әуелде темір шеңбермен құрсалған екі үлкен тастың арасы едәуір алшақтағаның байқапты. Ғылым ұлан-байтақ, ал адамның өмірі тым қысқа. Сондықтан біз табиғаттың барлық құбылысын біліп болдық деп дәтуа ете алмаймыз.
– Ғапу етіңіз, менің сізге тағы бір сұрағым бар, — – деді Рафаэль біраз қысылыңқырап тұрып. Осы былғары зоологияның жалпы заңдарына бағынса, Бұл да ұлғаюы мүмкін деп сіз толық сене аласыз ба?
– Иә, әлбетте... Ой, сайтан-ай! деп, бойтұмарды созып көрмек болып, Лавриль мырза біраз әуреленді: әйтсе де, – деді ол сонсоң тағы да, қадірменді тақсыр, механика жөніндегі атақты профессор Планшетке жолығып көріңіз, ол, сірә, бұл былғарыға әсер ете алар, мұны жұмсартып, созып та көрер.
– Түу, мен сізге өзімнің өміріммен борыштымын!
Рафаэль бас иіп, жаратылыс зерттеуші ғалыммен қош айтысты да, дереу Планшетке жөнелді. Сөйтіп, осы сапардан кейін, өзі де байқамастан, Рафаэль адам баласы ғылымының бәрін меңгерді: әсіресе тізімдеу ғылымына жетілді! Лавриль байғұс, ешкілер тарихын Дон-Кихотқа баяндаған Санчо Панса тәрізді, жануарларды тізімдеп, нөмірлеуді ермек ететін. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде дерліктей, алжыған ғалым құдай тағаланың әлде не мақсатпен әлемдер мұхитына шашыратып жіберген сансыз көп жан-жануарының тек бір болмашы бөлегін тана білетін.
Рафаэль енді разы боп қалды.
– Есегімді жүгендеп ұстармын! – деп дауыстап жіберді ол. Тіпті оған дейін-ақ Стерн айтқан ғой: "Батайық есек, қартайғанша өмір сүрейік десек", – деп. Бірақ бұл сондайлық шамшыл жануар еді.
Планшет сұңғақты, қапсағай кісі екен, үздіксіз бақылаумен шұғылданып, қозғалыс деп аталатын түпсіз шыңырауға өмір бойы үңілумен болған нағыз ақынжанды адам. Тоғышарлар мұндай өресі биік ақыл иелерін, сәулет-салтанатқа, зиялы қоғам салтына мейлінше парықсыздықпен қарайтын, өзі сөніп қалған шылымын күннің күні бойы аузынан тастамай сорып жүретін, қонақ үйге кіргенде қамзолының барлық түймелерін салуды ұмытып кететін осындай салғырт адамдарды диуана деп атайды. Ұзақ уақыт бойына қуыс кеңістікті өлшеп немесе Aa-Dd астына икс белгілерін үйемелей отырып, мұндай адамдар күндерде бір күні табиғаттың керемет бір заңын талдап шығады, немесе ең бір қарапайым негіздерді ғылым жолымен зерттей береді; сол кезде қара тобыр бұлардың ойлап тапқан жана машинасын, қандай да бір арбасын қайран қала, қызықтайды; солардың мейлінше қарапайымдығына таң-тамаша болады. Сол шақта жаңағы кішіпейіл талым күлімдеп өзін ардақтаушыларға айтар болар: "Мен не істеппін, тәйірі! Түк те ойлап тапқаным жоқ. Адам өздігінен ешқандай қуатты ойлап шығара алмайды, ол тек бағыттап қана жібереді, тылымның асылы табиғатқа еліктеуде", деп. Рафаэль механиктің үйіне кіріп келгенде, ол қаққан қазықша қалшиып тұр екен, дарға асылған жерінен ағытылып түсіп, тікесінен тік тұрып қалған жан екен деп ойлап қаларлықтай еді оны. Планшет күн сәулесінің күшімен жүретін сағаттың үстінде домаланып жүрген жұмыр ақықты бақылап, оның қашан тоқтауын тосып тұр еді. Бұл байғұста ешқандай орден де, зейнетақы да жоқ, себебі ол өзінің өнерін жұртқа көрсетіп, жария етуді білмейтін. Ол жаңалықтар ашқанда ғана өзін бақыттымын деп санайтын да, атақ-даңқ туралы да, зиялы қауым туралы да, өзі туралы да ойламайтын, ол тек ғылым үшін, тылыммен өмір сүретін.
– Мұны анықтау мүмкін емес! – деді ол өзінен-өзі. Сөйтті де, Рафаэльді байқап қалып, ah ұрды: Сіздің құзырыңызға әзірмін. Анаңыздың дені сау ма? Жамағатыма кіріңіз.
"Әттеген-ай, мен өзім де осылайша тіршілік ете алар едім-ау" – деп ойлаған Рафаэль; ол ғалымға бойтұмарды көрсетті де, бұған қалай ықпал етуге болатының сұрап, оны қалың ойдың тұңғиығынан алып шықты. Сіз, бәлкім, менің жеңілтектігімді келеке етіп күлерсіз, – деді сөз соңында маркиз, бірақ мен сізден еш нәрсені де жасырмайын. Менің ойымша, бұл былғарыда сондайлық күшті қарсыласу қуаты бар, оны ештеңе де жеңе алмайтын тәрізді.
– Зиялы қауымдағы адамдар тылымға тым еркін, үстірт қарайды, – деп бастады Планшет, әлдеқандай бір кербез сал, күн тұтылудан кейін бір той әйелдерді Лаландка97 ертіп әкеліп: "Мархабат етіп. жанатыны, қайтадан бастасаңыз қайтеді?" деген екен. Сол сияқты зиялы қауым адамдарының бәрі де бізге осыған ұқсас өтініштер айтады. Сіз қандай әрекетті тілер едіңіз? Механиканың мақсаты қозғалыс заңдарын қолдану немесе оларды бейтарап ету. Ал енді қозғалыстың дәл өзін алып қарайтын болсақ, мейлінше мүсәпірлікпен сізге мынаны жариялауға мәжбүр боламын: оны анықтауға біздің күшіміз жетпейді. Осыған келістік қой. Енді қатты және сұйық денелердің әрекеттерін басқаратын кейбір тұрақты құбылыстарды бақылайық. Мұндай құбылыстардың алғашқы себебін қайта тірілте отырып, біз денелерді бір орыннан екінші орынға көшіре аламыз, белгілі жылдамдық шартымен оларға қозғаушы күш бере аламыз, оларды жүргізе аламыз, қиратуымызға немесе ұнтақтауымызға қарай, мүшелеп немесе ұшы-қиыры жоқ мөлшерге бөле аламыз, оларды шыр айналдыра аламыз, олардың түрін өзгерте, кеңейте, соза аламыз. Бүкіл ғылым тек қана фактіге негізделеді. Мынау домалақты көріп тұрсыз ба? – деп ғалым өз сөзін ұластыра берді. Ол мінеки тас үстінде тұр.
Ал қазір, әнеки, анау жерге барып қалды. Физикалық жағынан сондайлық табиғи, бірақ ақыл жетпестік осы қимылды біз не – деп атаймыз? Қозғалыс, қимыл, орын ауыстыру дейміз бе? Бірақ бұл құрғақ сөздердің ар жағында түк жоқ қой. Берілген атау алға қойылған міндеттің орындалғаны болып табыла ма? Алайда, бүкіл ғылым дегеніңіз міне осы. біздің машиналарымыз тек осы әрекетті, осы фактіні пайдаланады немесе ыдыратады. Онша маңызды емес осы ерекше құбылыс көптеп, жалпылама мөлшерде қолданылса, Париждің астан-кестенін шығарады. Біз жылдамдық есебінен күшті, күш есебінен жылдамдықты молайта аламыз. Күш пен жылдамдық дегеніміз не? Біздің ғылымымыз қозғалысты туғыза алмайтыны сияқты, бұған да жауап бере алмайды. Қозғалыс дегеніміз қандайы болса да ол шексіз қуат, ал адам қуатты туғыза алмайды. қозғалыс сияқты, қуат та біртұтас, қуаттың асылының өзі де қозғалыста. Бәрі де қозғалыс. Пікір де қозғалыс. Жаратылыстың өзі қозғалысқа негізделген. Өлім де қозғалыс, бірақ оның мақсаттары бізге пәлендей көп мәлім емес. Егер құдайдың өзі мәңгі-бақилық болатын болса, наныңыз, онда ол да үнемі қозғалыста болғаны. Құдай дегеніміздің өзі, бәлкім осы қозғалыс шығар. Міне сондықтан қозғалыс та, құдай сияқты түсіндіріп болмастық, соның өзі сияқты, шексіз терең, ақыл жетпестік, қол жетпестік. Кім қай уақытта қозғалысқа жанасып көргені бар, оны аңғарып, өлшеп көргені бар? Біз қозғалыстың өзін көрместен оның нәтижесін тана түсінеміз. Құдайды бекер дегеніміз сияқты, біз қозғалысты да бекер дей аламыз. Қайда ол? Және оның жоқ жері бар ма? Қайдан шығады ол? Оның басталатын шығанағы қайсы? Оның ақыры қайда? Ол бізді қаусыра құшақтайды, итермелейді, бізден тайып та кетеді. Қозғалыс та факт сияқты көзге көрнекті; дерексіз заттай көмескі; ол әрі нәтиже, әpі себеп екеуі де. Біз сияқты оған да кеңістік керек, ал кеңістік дегеніміз не? Ол бізге тек қозғалыс үстінде ғана ашылады. Қозғалыс болмаса, ол да мағынасы жоқ сөз тәрізді. Бұл шешілмейтін жұмбақ; бос қуыс сияқты, жасау, туғызу сияқты, қиырсыздық сияқты, қозғалыс та адамның ой-пікірін адастырады, қымсындырады; адамның біле алатыны бар болғаны қозталысты еш уақытта да ақырына дейін аңғара алмайтының білетінінде. Кеңістікте мынау домалақ, біресе анау ноқатқа, біресе мынау ноқатқа домалап барады, осы екі ноқаттың арасы адамның ақылы жетпестік шыңырау; данышпан Паскаль құлаған шыңырау осы. Мәлімсіз соны затты мәлімсіз соны күшке бағындырғыңыз келсе, осы соны затқа әсер етуіміз үшін біз әуелі бұл затты зерттеуіміз керек; өзінің жаратылыстық қасиеттеріне қарай, ол не соққыдан сынып кетеді, немесе оған қарсылық көрсетеді; егер ол бөлшек-бөлшек болып бөлініп кететін болса, сіздің ниетіңіз оны бөлшектеуді көздемейді ғой, онда біз мақсатқа жете алмаймыз. Егер сіз оны қысқыңыз, сыққыңыз келсе, онда заттың барлық тектеріне бірдей тең қозғалыс беру керек, сөйтіп ол тектердің бір-бірін алшақтата ажыратып тұрған әредіктерін бірқалыпта кемітетін болу шарт. Егер оны созғыңыз келсе біз әрбір молекулаға орталықтан ығысатын біркелкі күш беруге тырысуымыз қажет, неге десеңіз, бұл заңды дәлме-дәл қолданбасақ, онда біз үздіксіздікті үзіп, алшайтып аламыз. Қозғалыстың ұшы-қиырсыз тәсілдері, шексіз комбинациялары бар. Сіз қай әрекетті қалар едіңіз?
– Менің тілейтінім сондай тегеурінді қозғалыс: осы былғары ұшы-қиырсыз сөзыла берсе екен... – деді төзімсіздікпен Рафаэль.
– Әр заттың шегі, шеңбері бар, оны ұшы-қиырсыз соза беру мүмкін емес, – деп математик тойтарыс берді, алайда қысу, сығу арқасында қалыңдық есебінен үстіңгі қабаттың созымдылығы еріксіз кенейетіні сөзсіз: ол осы заттың өзі жетпей қалатындай мөлшерге дейін жұқарады...
– Дәл осындай нәтижеге жетіңізші, миллиондаған дәулетке ие боласыз! – деп ышқына айғайлап жіберді Рафаэль.
– Дәл солай етем – деп сізге кепілдік беру адалдық болмас еді, – деді профессор голландық сабырлы самарқаулықпен. Екі ауыз сөзбен сізге айтайын: құдайдың өзін де шыбын тұрлы сытып жіберетін әйдік машина бар. Ол машина адамның өзін де бір парақ сорғыш қағаздай жұқартып шығара алады, кәдімгі адамды аяғындағы етігі, өкшелік сылдырмағы, галстугі, қалпағы, алтыны, қымбат бағалы заттары, барлық дүниесімен қоса қабат...
– Неткен жойқын машина!
– Балаларын суға лақтырғаннан гөрі қытайлардың осы машинаны пайдаланғаны жөн болар еді, – деп талым өз пікірін баяндай берді; адамның аталық сезімін қорлауым мүмкін-ау дегенді ойлаған жоқ.
Өзінің идеясына түгелдей берілген Планшет бос тұрған түбі тесік гүл құмырасын алып, күн нұрының қуатымен жүрегін сағаттың плитасы үстіне қойды да, содан кейін саз балшық әкелгелі бақшаға кетті. Рафаэль тәрбиеші әжесінің кереметті ертегісін тыңдаған балаша қуанып, мәз-мейрам болды. Саз балшықты плита үстіне қойып, Планшет қалтасынан бағбан бәкісін суырып, аюбадам аташынан екі бұтақ кесіп алды да, тісінің арасынан ақырын ысқырық шығара отырып, бөлме ішінде жалғыз отырған адамдай, емін-еркін әлгі бұтақтарды ойып, тесе бастады.
– Мінеки, мынау жаңағы машинаның құрылымды бөлшектері, – деді ол.
Саз балшықтан илеп жасалған тобықтың көмегімен ол әлгі аташ түтіктердің біреуін, аюбадамның тесігі құмыраның тесігіне сәйкес келерліктей етіп, құмыраның түбіне қалады. Бұл жабдық шылым шегетін алып трубкаға ұқсас болып шықты. Содан кейін профессор плита үстіндегі саз балшықтарын илеп, қақтап күрек тақылетті етіп жасады, оның жалпақ алақанына тұл құмырасын қойды, аюбадамның Бұтағын саз күректің тұтқасына нығайтып орнатты. Мұның соңында ол аюбадамнан жасалған түтіктің жиегіне бір кесек саз балшық жапсырды, осының үстіне тесігі бар екінші бұтақты тікесінен шаншып, оны көлденең жатқан бұтақпен жалғастырғалы балшықтан тағы бір тобық жасады, сөйтіп ойдан шығарылған осы машинаның ішінде тауа немесе қандай да бір сұйық зат шыр айналатындай және тік тұрған түтіктен әредік жүлге арқылы бос тұрған гүл құмырасына жүгіретіндей етті.
– Бұл аппарат, – деді ол Рафаэльге кіріспе сөз сөйлеп тұрған академиктің байсалды пішінімен, кемеңгер Пасқальдың бізді өзіне табындыру үшін талассыз құқық алған аспаптарының бірі.
– Мен түк ұқпаймын...
Ғалым күлімсіреді. Дәріхана иесінің құмырсқаларды құртатын дәрі құйып беріп жіберген шынысын миуа аташынан шешіп алды да, талым ол шынының түбін сындырып, одан алқымы кең су құяр шүмек жасады, мұны оюлы бұтақтың тесігіне мықтап орнатты, бұл саз балшыққа тікесінен шаншылып, үлкен су құбыры болып есептелетін гүл құмырасына қарама-қарсы қойылған бір ыдыс болып шықты. Одан соң су себелейтін тор көз шүмегі бар бүркер сауытты алды да, аюбадам бұтағынан істелген жұмыр түтіктің ішінде де, үлкен құбырдың ішінде де судың деңгейі бірдей боларлықтай мөлшерде бүркермен су құйды...
Рафаэль өзінің былғарысы туралы ойлап тұр.
– Су әлі де болса сығылмайтын дене болып есептеледі, осы негізгі ұстанымды, басшы қағиданы ұмытпаңыз, – деп алдын-ала ескертті механик, солай деліне тұрса да, су сығылады, бірақ сығылуы соншалық болмашы дәрежеде, сондықтан оның сытылу күшін біз нөлге тең күйінде алуымыз керек. Гүл құмырасының жиегіне жеткенде судың үсті қандай болғаның көріп тұрсыз ба?
– Иә.
– Ендеше былай, бұл судың үсті аюбадам бұтағынан жасалған түтіктің, жаңа мен сұйық зат құйған түтіктің тесігінен мың есе үлкен – деп жорамалдаңыз. Қараңыз, мен су құяр шүмекті аламын...
– Солай.
– Егер қандай да бір ретпен мен тағы да түтіктің тесігі арқылы бірсыпыра су құйып, осы көп сұйық заттың көлемін көбейтсем, түтіктің ішіндегі сұйық зат төмен түседі де, гүл құмырасындағы сұйық зат жоғары көтеріле береді, яғни екеуінің де деңгейі бірдей болғанша құмырадағы сұйық зат көтеріле бермекші.
– Бұл түсінікті! – деді Рафаэль дауыстап.
– Бірақ айырмашылық мынада, – деді тағы да ғалым бұған жалғас, егерде тік тұрған түтікке үстелген судың жіңішке бағаншасы, айталық, бір қадаққа тең болып табылса, онда оның әрекеті барлық сұйық затқа дұрыс бөлініп, гүл құмырасының бетіндегі барлық ноқаттарға салмағын салғанда, оның өзі мың бағанша су болып шығады және тік тұрған аюбадам түтігіндегі сұйық затты төмен түсуге мәжбүр еткен күштің мөлшеріндей тегеуірін, бейнебір жанағы мың бағанша суға да мол салмақ салған тәрізді болады да. Бұлардағы судың бәрі жоғары жүйткуге ұмтылады, сонда олар мынау арада, Планшет гүл құмырасындағы тесікті көрсетті, отан енгізілген қуаттан мың есе артық қуат туғызатыны сөзсіз.
Ғалым саз балшыққа тікесінен орнатылған ағаш түтікті саусағымен нұсқады.
Мұның бәрі әншейін-ақ оп-оңай екен ғой, – деді Рафаэль.
Планшет күлімсіреді.
– Басқаша айтқанда, – деді ол математиктерге тән табанды қисыншылдықпен, судың басып кіруін тоқтату үшін үстіңгі үлкен қабаттың әрбір бөлшегіне тік тұрған түтікте әрекет етіп отырған күшке тең келерліктей күш қолдану тиіс болар еді, бірақ мұнда мынадай айырмашылық болады: бағаншадағы су бүкіл бір кез көтерілгенде, үстіңгі үлкен қабаттағы мың ұсақ бағаншалар тіпті болмашы ғана көтеріледі. Енді, – деді Планшет таяқшаларды тықылдатып, бұл кісі күлерлік кішкентай аппараттың орныңа тиісінше қуатты, тиісінше мөлшерлі металл түтіктер қолданайық, сонда мінеки, егер сіз үлкен құбырдағы сұйық заттың бетін қозғалмалы металл тақтайшамен мықты жапсаңыз, содан кейін, беріктігіне төтеп беретініне кепіл бола аларлықтай, екінші бір тақтайшаны бұған қарама-қарсы қойсаңыз және оның үстіне тік тұрған түтік арқылы сұйық затқа үздіксіз су қосып тұруыма мүмкіндік берсеңіз, онда екі мығым тақтайша арасына сығылған бұйым оны орасан күшпен қысып, сығымдап бара жатқан жойқын қимылдың қуатымен лажсыз жанышталуы тиіс. Түтікке суды үздіксіз құйып тұру және сұйық заттың қуатын тақтайшаға өткізіп отыру механика үшін ойыншық іс. Бұл үшін екі поршень мен бірнеше қақпақтың өзі-ақ жеткілікті. Қымбаттым, – деп сұрады ол Валентенді қолтықтап, екі тегеуріннің шексіз күштерінің арасына қысылған заттың қандайы болса да ұлғаюға мәжбүр болмасқа лажы жоқ екені сізге түсінікті ме?
– Апыр-ай, о! "Өлкеден жазылған хаттардың" авторы ойлап шығарды ма осыны?.. – деді Рафаэль даусын көтере.
– Иә, нақ сол Механика бұдан қарапайым, бұдан артық тамаша жаңалықты өлі білген емес. Будың күшімен жүргізілетін машина қарама-қарсылық принципіне судың кеңеюіне негізделген. Бірақ су белгілі дәрежеге дейін ғана кеңейе алады, ал оның сығылмайтындығы кейбір реттерде жағымсыз, арам күш болуы себепті, ұшы-қиырсыз, шексіз болып шығатыны сөзсіз.
– Егер осы былғары созылса, – деді Рафаэль, мен Блэз Паскальға арнап, алып ескерткіш орнатуда, механиканың аса тамаша мәселесін шешкендік үшін әрбір он жыл сайын беріліп тұратын етіп, жүз мың франк мөлшерінде сыйлық белгілеуге, сіздің немерелеріңізге, тумалас қарындастарыңызға жасау беруге, ең ақырда, ақылы алжасқан немесе жоқшылыққа кіріптар болған математиктерге арнап қайырхана ашуға сізге уәде беремін.
– Мұның өзі өте жақсы болар еді, – деді Планшет. Ертең сіз екеуіміз Шпитхальтерге баралық, – деп зейін тіршілігімен күнелтетін ортада өмір сүрген адамның байсалды мінезімен ғалым өз сөзін ұластыра берді, бұл асқан дана механик жаңада тана менің жобам бойынша мейлінше жетілдірілген, кемеліне келтірілген керемет машина жасап шығарды, бұл машинаның көмегімен ең арғысы жас нәресте де өзінің қалпағына мың арқа шөп тией алады.
– Ертеңге дейін.
– Ертеңге дейін.
– Міне, механика деген осы! – деп Рафаэль айқайлап жіберді. Ғылымдардың ең тамашасы емес пе бұл? Лавриль өзінің құландарымен, жүйелеуімен, үйректерімен, түр-түрлерімен, сауыт сабаларымен әр алуан зағыптарымеп қоса қабат ең әрі кеткенде тек таңбашы болуға ғана жарар.
Келесі күні, Рафаэль көңіл күйі аса көтеріңкі қалыпта Планшетке соғып, екеуі Сәләматтық көшесіне жөнелді, бұл көшенің есімінің өзі-ақ жақсы ырым – деп есептеуге боларлық еді. Көп кешікпей-ақ жас мырза Шпигхальтердің алып шеберханасына, қып-қызыл шоқтай жайнаған, гүрілдеген сан алуан көріктер арасына келіп шықты. Мұның іші от ұшқындарының жаңбыры, шегелер тасқыны, поршеньдер, винттер, тетіктер, діңгектер, егеулер, бұрандалар мұхиты, шойын, ағаш қақпақ болат таспалар теңізі дерліктей. Шойын үгінділеріне адам шашалғандай. Жер де темір, ауа да темір, адамдар да темір жамылған, барлық заттардан темір иісі анкиды; темірдің де өзінің өмірі бар, ол да ұйымдасқан, сұйық қалыпқа келтірілген, темір де жүріп-тұрарлық, ой-оштарлық, әр алуан пішінге кірерлік халге келтірілген, барлық құйтерге бағындырылған. Көріктері көрпіл – деп, балталары тарсылдап, темірлерді шықыр-шықыр шайнаушы станоктары ысқырып тұрған шеберхананы аралап отырып, Рафаэль жақсы желдетілген мұнтаздай таза, үлкен бөлмеге келіп кірді, кешегі Планшет айтқан алып престі, сығымдаушы машинаны барлық егжей-тегжейлеріне дейін толық қарап шығуға Рафаэльге осы бөлмеде толық мүмкіндік берілді. Шойын тақталардың қалыңдығына, мызғымас көпшіктер арқылы жалғастырылған темір діңгектерге ол қайран қалды.
– Егер сіз мына тұтқаны жеті рет жедел айналдырсаңыз, – деп Шпигхальтер жылтыр темірден жасалған балансирді көрсетті, болат тақтай толып жатқан жаңқа болып шашырап кетеді, ол жаңқалар аяғыңызға инедей қадалады.
– Апырай, о! Рафаэль таңырқай дауыстап жіберді.
Планшет өз қолымен шегірен былғарыны құдіретті пресстің екі тақтайының арасына салды да, ғылыми дүние тануы арқасында пайда болған зор сеніммен, балансирдің тұтқасын дереу бұрап кеп жіберді.
– Бәрін де жата қалыңдар, әйтпесе жазым боласыңдар! – деп кенеттен Шпигхальтер айғай салып, өзі ең алдымен еденге етбетінен түсті.
Шеберханада сыбызғыдай сыңсыған ысқырық естілді. Машина ішіндегі су оның шойындарын талқандап, сұрапыл екпінмен қатты шашырап, дес бергенде, ескі көріктің үстіне ақты да, көрікті тоңқалаң асырып тастады, үйді де үйірілтіп, өзімен ілестіріп әкететін дүлей құйынша, көрікті үйірілтіп, жапырайтып кетті.
– Oho! – деді салқын қанмен Планшет, шегірен бүп-бүтін, менің көздерім сияқты сап-сау. Шпигхальтер мырза, шойынның ішінде жарықшақ немесе үлкен түтікте тесік бар шығар.
– Жо-жо-жоқ, атай көрмеңіз, мен өз шойынымды жақсы білем ғой. Алыңыз, тақсыр, мынау пәлеңізді, оның ішін жын жайласа керек.
Неміс, ұстаның балғасын ала салып, былғарыны төске тастай берді де, ашу-ызаның бойға бітіретін адуын қайратымен бойтұмарды шеберханада бұрын-соңды жаңғырығып көрмеген нағыз сұрапыл соққымен ұрып кеп қалды.
– Бәлі, мынаның үстінде жанағы соққыдан із де түспепті ғой! – деп, Планшет дауыстай жіберді, қайсар шегіренді қолымен сипап тұрып.
Жұмысшылар жан-жақтан жүгірісіп келді. Кіші мастер былғарыны алды да, көріктің таскөмірге жанып жатқан оттығына тастай берді. Отты айнала қоршап қалып, бәрі де алып көріктің әрекетін шыдамсыздықпен күтті. Рафаэль, Шпигхальтер, профессор Планшет осы бар ықыласымен үңіле қараған қалың қара тобырдың жуан ортасында тұр. Осынау ақсиған көздерге, темірдің ұнтағы басқан киімдерге, май-май болған адам жүздеріне қарап тұрған Рафаэль өз ойында неміс балладаларының түңгі қияли дүниесін көзге елестетіп тұрған. Кіші мастер былғарыны он минуттай пештің ішінде ұстап тұрып, сонсоң қысқышпен суырып алды.
– Беріңізші, – деді Рафаэль.
Кіші мастер қулық ойлап, былғарыны Рафаэльдін қолына ұстата қойған. Ол қиналмай-ақ былғарысын қолына алды, онысы бөз баяғысынша сұп-суық, жұп-жұмсақ күйінде екен. Үрейлері ұшып, айғай салып, жұмысшылар қаша жөнелісті. Қаңыраған шеберханада тек Валентен мен Планшет қана қалды.
– Шынымен-ақ, осының ішінде Ібілістен бірдеңе бар шығар! – деп Рафаэль түңілген дауыспен қынжыла сөйледі. Апыр-ай, маған бір ғана күн артық өмір беруге адам баласының күші жетпегені ме?
– Мырза, бұл менің кінәм, – деп жауап қайырды математик амалы құрыған пішінмен, бұл ғажайып былғарыны жалпайтқыш машинаның күшіне бір салып көру керек еді. Сізге престі ұсынғанда, менің көзім нені көрді екен?
– Мен өзім соны өтіндім ғой, сізден, – деп жұбатты Рафаэль.
Ант берген он екі бидің кінәсыз – деп тапқан айыпкеріндей-ақ күрсінді ғалым. Алайда былғарының оны душар еткен таңырқарлық жұмбағын шешуге құмартып, ол бірер минуттай ойланып, былай – деді:
– Бұл белгісіз затқа реактив арқылы әсер ету керек. Жафеге барып көрейік, бәлкім, химия механикадан гөрі күшті болуы мүмкін.
Валентен атақты химик Жафені лабораториясынан тапқалы үміттеніп, аттарын желдірте жөнелді.
– Қане, қарт достым, – деді Планшет жұмсақ орындықта шалқайып, тұнбаны зерттеп отырған Жафеге, химияның тіршілігі қалай?
– Ол ұйықтап жатыр. Ешқандай жаңалық жоқ. Әйтсе де, Академия салициннің бар екенін мойындады, бірақ салицин, аспаратин, вокелин, дигиталин мұның бәрі де жаңалық емес қой.
– Заттарды жаңадан ойлап табуға шамаларыңыз келмегендіктен, сіздер, сірә, жаңа есімдер ойлап табатын халге жеткенсіздер-ау деймін, – деп сөз қыстырып қойды Рафаэль.
– Оның рас, жігітім!
– Бері қарашы, – деді профессор Планшет химикке, мына затты тек-тегіне ажыратып берші. Егер сен осыдан бірер тек тауып шығарсаң мен оған алдын-ала Ібілісбек деген ат қояйын, неге десең, осы бір немені сығамыз – деп біз су қуатымен әрекет ететін үлкен престі жаңа ғана қиратып алдық.
– Көрейік, көрейік! – деді химик қуанышпен әңгірлей сөйлеп. Бәлкім, ол жаңа бір қарапайым дене болып шығар.
– Бұл әншейін кәдуілгі есек терісінің бір қиқымы, – деді Рафаэль.
– Мырза!.. – деді химик ашу шақырып.
– Жоқ, әзілден тыс. Маркиз осыны айтып, шегірен былғарысын химикке ұсынды.
Барон Жафе тұз, қышқыл, сілті, газ сияқты заттарды жалап дағдыланған әдетімен кедір-бұдыр тілімен былғарыны жалап та қарады, бірнеше рет байқағаннан кейін айтқаны:
– Ешқандай дәм жоқ! Бұған азырақ фтор қышқылын беріп көрелікші.
Жануарлар терісіндегі тектерді лезде ажырататын осы элементті былғарыға қолданып көріп еді, ол да ешқандай өзгеріс туғыза алмады.
– Бұл шегірен емес! – деді химик дауыстай сөйлеп. Жұмбақ затты минерал – деп есептеп, мұрныңа шертіп байқайық, яғни отқа төзімді қондырғыға салып көрейік, онда, әдейі қойғандай, қызыл сақар да болуы керек.
Жафе сыртқа шықты да, дереу қайтып келді.
– Бұл әдеттен тыс заттың бір кесегін алуыма рұқсат етіңіз, – деді ол Рафаэльге, мұның өзі бір өзгеше зат болды ғой...
– Кесегін дейсіз бе? Рафаэль айқайлап жіберді. Бір қылшығын да бермес едім. Әйтсе де байқап көріңіз, дей салды ол әрі мұңайып, әрі қулана сөйлеп.
Ғалым әлгі былғарыны тілемін дегенде ұстарасын сындырып алды, сонсоң ол мұны күшті электр қуатымен тілмекке болып та әуреленді, вольт доғасының қуатына салып та байқады, бірақ, ғылымның қаһарлы құралдарының бірде-бірі бұл сұмдық бойтұмарға түк әсер ете алған жоқ. Кешкі сағат жеті еді. Планшет, Жафе, Рафаэль соңғы тәжірибенің нәтижесін күтеміз – деп, уақыттың қалай өткенін де сезбей қалыпты. Хлорлы азоттың бірталайымен сұрапыл шайқасқанда да шегірен жеңіп шықты.
– Мен құрыған екенмін! – деп Рафаэль ah ұрды. Бұл тура құдайдың ісі. Meн өлемін.
Ғалымның екеуі де аң-таң болып қала берді. Олар өздерінің бұл тәжірибеден алған әсерлері туралы бір-біріне пікір айтуға бата алмай, ұзақ уақыт үнсіз отырысты; ақырында Планшет сөз бастады.
– Біз бұл уақиға туралы Академияға айтпай-ақ қояйық, әріптестеріміз мысқылдап болар.
ғалымның екеуі де құдайды аспаннан таба алмай, моладан шыққан христиандарға ұқсас еді. Ғылым? Дәрменсіз! Қышқылт? Таза су! Қызыл сақар? Түкке аспады! Вольт доғасы мен найзағай? Ойыншық!
– Су қуатымен әрекет ететін пресс бір үзім нандай үгітілді, – деп қосарлады Планшет.
– Мен Ібілістің бар екеніне сендім, – деді бірер минут үндемей тұрғаннан кейін барон Жафе.
– Ал, мен құдайдың барына сендім, – деді Планшет те қостай.
Әрқайсысы өз тұрғысынан қаранды. Механиқа үшін, әлем дегеніңіз жұмысшыны қажет ететін машина; химия үшін барлық заттардың да тек-тегін ажырататын осы дәу пері; әлем дегеніңіз қозғалуға қабілеті жететін газ.
– Біз фактіні бекер дей алмаймыз, – деп химик сөзін жалғастырды.
– Е. мұныңыз тек бізді жұбату үшін ғана айтылған қысыр кеңес қой, ақымақшылық болса да, әйтеуір факті деген бұлыңғыр аксиоманы ойлап тауыпты ғой доктринер мырзалар.
– Сенің аксиомаң да факті ғой, меніңше оның өзі есуастық қағида, – деп химик шорт кесті.
Екеуі күліп жіберді де, кереметтің өзін де кәдуілгі құбылыс – деп табатын адамдардың пішінімен түскі тамаққа отырысты. Үйте қайтып келгеннен кейін Валентеннің зығырданы қайнады, оны ызалы аласұру сезімі биледі; енді ол еш нәрсеге сенбеді, дүниеде жоқ нәрсеге тап болған адамша, ақыл-ойлары шатасып, шыр айналды, бет-бетіне ыдырап кетті: Ол Шпигхальтердің машинасындағы қандай да бірер жасырын кінәрат бар екеніне сенер еді ғылым мен оттың дәрменсіздігі оны таңырқатқан жоқ; ал бірақ, былғарыны қолына алып, ұстап қарағандағы, оның майдалығы, адам баласының қолындағы қиратқыш құралдардың бәрін қолданғандағы былғарының сондайлық мығымдылық, беріктік көрсетуі, міне Рафаэльдің зәресін ұшырған жай осы еді. Осынау бұлжымайтын фактіден оның миы айналды. "Мен ақылымнан алжасқан шығармын, – деді ол өзіне-өзі. Таңертеңнен бері дым татқаным жоқ, бірақ ештеңе жегім де, ішкім де келмейді, ал, кеудем оттай өртеніп жатқандай". Ол шегірен былғарыны қайтадан шеңберіне орнатты да, бойтұмардың қазіргі кемерін қызыл қаламмен айнала сызып, жұмсақ орындыққа отырды.
– Сағат сегіз болып қалған ба? – деді айғайлап. Көрген түстей күн өтіпті.
Ол жұмсақ орындықтың жақтауларына шынтақтай, екі қолымен басын сүйеп, осылайша ұзақ отырды; өлім жазасына үкім етілгендердің құпия сырларын өздерімен бірге ала кететініндей, бұл да түнерулі ойға, тұңғиық пікір дариясына сүңгіді.
– Беу, Полина, – деп назаланды Рафаэль, байғұс қыз! Махаббаттың қанаттары қандай мықты болса да, ол өте алмайтын шыңыраулар да бар екен.
Дәл сол мезетте ол іштей күрсінген бір ақырын дыбысты естіді де тек ғашықтарға ғана тән нағыз сезімталдық қасиеттердің арқасында, ол Полинаның көкірегінен шыққан белгі екенін аңғарды. "О, мінеки, үкім де шықты! – деп ойлады бұл егер ол осында болса, мен оның құшағында жантәсілім етуді тілер едім". Ашық риясыз жайдары күлкі естілді, Рафаэль төсек жаққа мойнын бұрып, селдір перденің ар жағынан Полинаның дидарын көрді: ол өзінің айласы сәтті боп шыққанына риза болған, енді балаша жымиып тұр екен; қолаң шашы бұрқырап, екі иығын жауып кетіпті; дәл сол мезетте ол ақ бәйшешек жер ортасындағы алқызыл раушанға ұқсас еді.
– Мен Ионафанды сатып алдым, – деді ол мен сенін әйеліңмін ғой, ендеше мынау төсек менікі емес пе? Сен маған ашуланба, қымбаттым, тек сенің жаныңда ғана ұйықтағым келді, сені таңдандырғым келді. Бұл есуастығымды кешірерсің.
Жұқа ақ жібек көйлектің ішінен бейне бір шұғыла шашқандай боп, ол төсектен мысықша қарғып түсіп, Рафаэльдің тізесіне кеп отырды.
– Қандай шыңырау туралы айттың сен, менің махаббатым? – деп сұрады да, рені кенет
сұлық тартты.
– Ажал туралы.
– Сен менің жанымды күйзелтесің, – деді Полина. Біз сияқты бейшара әйелдердің ойға да алуына болмайтын ұғымдар бар дүниеде, олар туралы ойламағанымыз жақсы, әйтпесе өлтіреді ондай ойлар. Махаббаттың күштілігінен бе, әлде ерліктің жеткіліксіздігінен бе бұл білмеймін. Ажалдан қорықпаймын, – деп сылқ-сылқ күліп Полина сөзін жалғастыра берді. Ақтық рет сені сүйіп, тіпті ертең таңертең-ақ сенімен бірге өліп кетсем, мен үшін үлкен бақыт болар еді. Мен сол уақыттың ішінде жүз жылдан астам өмір сүргендей болар ем, маған осылай көрінеді. Тату, тәтті, махаббатқа толы бүкіл өмірді бір түн ішінде, бір сағатта тауыссақ, бізге күн санының қанша қажеті бар?
– Дұрыс айтасың, сенің тәтті тіліңмен аспандағы періштелердің өздері айтып тұрса керек. Келші бері, мен сүйейін сені, содан кейін өлейік, – деді Рафаэль.
– Несі бар, өлсек өлейік! – деп үн қосты сықылықтай күліп Полина.
Ертеңгі сағат онда әйнек қақпақтарының саңылаулары арқылы бөлмеге жарық түсті, жібек перделер күннің сәулесін сәл көлегейлесе де, сол жарықта кілемнің мәнерлі өрнектері, ғашықтар ұйықтап жатқан бөлмедегі жібек жиһаздар айқын көрініп тұрды. Кей жерлерде алтын жалатқан өрнектер ұшқын шашыратты. Махаббаттың қызығы тұсында еденге ысырылып түскен мамық көрпе үстінде күн сәулесі ойнайды. Полинаның үлкен айна үстінде ілулі тұрған көйлегі көмескі елес тәрізді. Титімдей туфлилер төсектен әлдеқайда алыста аунап жатыр. Терезе алдына бұлбұл ұшып кеп қонды да, оның сайрағаны, ұшып кетердегі қанатының сыбдыры Рафаэльді оятып жіберді. Егер мен өлуге тиісті болсам, – деді ол, түсінде басына келген ойларын өңінде де жалғастырып, демек менің денем де сүйек пен еттен құралып, менің еркіммен жан бітіп, мені тұлға қылып отырған осы жанды машинада, елеулі кінәрат болғаны. Дәрігерлер ажал қатерінің нышандарын білуге тиіс және менің науқас немесе cay екенімді олар айтып бере алады. Рафаэль ұйықтап жатқан зайыбына көз салды, ол түсінде де махаббаттың уылжыған биязы сезімін білдіріп, Рафаэльдің басын құшақтап жатыр. Нәрестеше емін-еркін көсіле, Рафаэльге жүзін бере ұйықтап жатқан Полина, таза, біркелкі дем алып, сәл ғана ашылған сұлу еріндерін, әлі де оған ұсынып жатқан тәрізді. Оның маржандай аппақ ұсақ тістері күлімдеген уыз еріндерінің қызылын айқындай түскендей; дәл сол мезетте оның дидарындағы алаулаған қызғылты шырай одан сайын құлпырып, құштарлыққа, құмаршылыққа қаншама кенеліп жатса да, жалпы өңі күндізгіден де ағырық көрінетін секілді. Оның жатқандағы әсем еркіндігі, сүйкімді сенгіштігі арудың сымбатына ұйқыдағы сәбидің балғын ажарын үстегендей. Қаншама ақжарылқап болып адалынан ашылған әйелдердің өздері де күндіз зиялы қауымның кейбір шарттылығына батып өздерін теженкіреп ұстайтын болса, түнгі ұйқы оларды сезімнің не бар болса сәбилік табиғатына қайта оралтқандай болады, және осы сезім шынайылығы олардың албырт жастығының зейнеті болып табылады. Көз талыстарында екі ұшты ой жоқ, көзқарастарында құпия сыр жоқ сүйкімді жан иелерінің бірі Полина қызарып ұяларлықтай қылықтардан аулақ. Оның бір қырын жатқан бет әлпеті көпшіктің жұқа бөгес тысында айқын суреттелулі; шілтерлі әсем әдіптер оның дударланған шаштарымен араласып жатыр, осының өзі оған сәбилік бейкүнә ажар дарытқандай; сірі ол ең ләззатты минуттарда ұйқтап кеткен болар; оның көз жанарларын тым шақырайған күн сәулесінен қорғаштамақ болғандай ма, әлде құмарлықтың бүкіл жан дүниені билеп әкетер әрі өткір, әрі өткінші мезетін кідірте тұруға әрекеттенген кездегі жан сезімінің шоғырлануына көмектеспек болғандай, оның ұзын кірпіктері жұмулы еді; оның бір шумақ тұлымымен көмкерілген және фландр шілтерлерінде айқын суреттелген кішкентай қызғылт құлақтары қиялшыл суретшіні, қылқаламның не бір дұл-дұл сыршысын, тіпті қаусаған шалды да есінен тандырғандай, бәлкім, ақылы ауысқанға қайтадан ес кіргізерліктей еді. Сүйген жарыңыздың ұйықтап бара жатқаның, тыныш ұйықтап жатқаның, қанатыңыздың астында күлім қатып шалықтағаның, тіпті түсінде де, жан иесі атаулының бәрі тынысын тоқтатқандай болып көрінетін кездің өзінде де сізді сүюден танбайтының, тіпті түсінде де сізге тағы бір, ақырғы рет сүйдіргелі еріндерін үнсіз ұсынып жатқаның көру; алаңсыз, жартылай жалаңаш, бірақ желек жамылғандай, махаббатқа оранған әйелді көру, ыбырсыған сүйкімді тәртіпсіздік арасындағы күнәсыз әйелді көру; оның шашылып жатқан киімдеріне, тек сіз үшін кеше ғана тездете шешкен жібек шұлықтарына, сізге деген шексіз сенімінің дәлеліндей ағытулы белбеуіне қарау осының бәрі айтып жеткізе алмастық қуаныш емес пе? Осы белбеудің өзі ғана тұтас бір поэма емес пе? Бұл белбеудің қорғаштайтын әйелі енді жоқ, ол әйел сіздікі, сіздің өзіңіздің бір бөлегіңіз, бір мүшеңіз болып алды, бұдан былай оған опасыздық ету өзіңді-өзін жаралағандық болар еді. Көңілі босаған, Рафаэль бөлме ішіне көз жүгіртіп, айнала шолып өтті; махаббат жайлаған, естеліктерге толы, ішіндегі жарық сәуле ләззат құмарлығының сарының бейнелеген бөлме еді бұл; дене бітімі сондай кіршіксіз таза, уылжыған жас әйелге, әлі де сүйетін және ең маңыздысы сол махаббат сезімдерін түгелдей мұның өзіне меншіктендірген осы әйелге Рафаэль қайтадан көз жіберді. Ол мәңгілік өмір сүргісі келіп кетті. Рафаэльдің көз жанары Полинаға батытталған шағында, бейне бір көздеріне күн нұры шатылғандай. Полина да көзін ашты.
– Қайырлы таң, достым, – деді ол күлім деп. Қандай сұлу едің, жауыз!
Махаббаттың, жастықтың, көлегейлі күңгірт жарықпен, тыныштықтың арқасында сондайлық тамаша көрікке бөленген осы екі келбет аса бір көркем сурет тәрізді еді; сезім тазалығы мен аңғырттық тек балалыққа ғана тән болатыны сияқты, құштарлықтың алғашқы күндерінде ғана пайда болатын, тартымдылығы сондайлық, өткінші сүйкімділіктің суреті еді бұл. Әттен, махаббаттың бұл көктемгі шаттығы, жастық шағымыздың күлімдеуіндей лезде өшіп, оны тек біздің жадымызда ғана сақталуға жазған ғой тағдыр, өзіміздің құпия пікірлеріміздің нәпсісі бойынша бізді түңілушілікке ұрындыру үшін немесе жабырқаулы көңілімізді жұбататын жұпар иісін аңқыту үшін жазған ғой оны тағдыр.
– Сен неге ояндың? – деді Рафаэль. Сенің ұйқыңа мен соншалықты рақаттана қарап жатыр едім, мен тіпті жылап алдым ...
– Мен де солай, – деді Полина, сенің ұйықтап жатқаныңа қарап түнде мен де жыладым, бірақ қуаныштың көз жасы емес еді ол. Тыңдашы, Рафаэль, тыңдашы! Ұйықтап жатқанда сен қиналып дем алады екенсің, сенің кеудеңде бірдеңе сырылдағандай, мен содан қатты қорықтым. Өкпе ауруынан, жіңішке дерттен қайтыс болған менің әкемнің жөтелі сияқты сенің жөтелің. Өкпеңнің сырылдауынан мен осы дерттің ерекше белгілерін аңғарып қалдым. Сонан соң сен безгек адамдай қалшылдадың, бұған менің сенімім кәміл, сенің алақандарың дымқыл және ыссы еді... Қымбаттым! Сен әлі жассың ғой, – деді ол шошынып, сен әлі сауығуың мүмкін, егер сен шынымен, сорыма қарай... қойшы, ойбай! – деп Полина қайтадан жадырап айғайлап жіберді. Ешқандай бақытсыздық жоқ: бұл дерт жұқпалы деседі ғой дәрігерлер.
Ол екі қолымен бірдей Рафаэльді мойнынан құшып, жан сала еміренетін сүйістердің бірімен оның демін жұғына сімірді.
– Мен қартайғанша өмір сүруді тілемеймін, – деді Полина.
– Екеуіміз де жастай өлейік те, қолымызға тұл ұстап аспанға ұшайық.
– Мұндай тілектер өзіміз сау-сәлемет тұрған шақта ғана туады,
— Рафаэль Полинаның шаштарымен ойнап отырып, осындай қарсы пікір айтты.
Бірақ сол арада ол қатты булығып жөтелді, бейне бір табыттан естілгендей, адамның барлық жүйкелерін қамтып, денесін тітірентетін, жұлынды шаршатып қан тамырларында әлдеқандай ауырлық туғызатын, науқастың өңін қуартып, аза бойын қалтырататын, терге шындыратын, ұзақ булықтырып тастайтын, жөтел еді. Бұл азап шегіп, боп-боз болып Рафаэль көпшікке баяу ғана шалқайды, ақтық күштерін сарыққандай, мүлде әлсіреп қалды. Полина көздері шарасынан шыға, үңіле қарап, зәресі ұшқаннан тілі байланып, аппақ боп, өңі қуарып кетті.
– Бұдан әрі ақмақтанбайық, періштем, – деді ол, ақырында, дерттің райынан шошынған жүрек қобалжуын Рафаэльден жасыруға тырысып.
Полина қолдарымен бетін басты, оның көз алдына өлімнің жексұрын қаңқасы елестеді. Рафаэльдің беттері көкпеңбек боп көгеріп кетті, әр жері шұқырайып, жыбырлағандай болды; бет әлпеті әлде бір оқымыстыға арнап қабірден суырып алған өліктің бас сүйегіне ұқсас еді. Полина кеше Валентеннің аузынан еріксіз шыққан назалы лебізді есіне түсірді де: "Рас, махаббат аттап өте алмайтын да шыныраулар бар екен! Махаббатты сол шыңырауда көмуге тура келетін шығар" – деп ойлады. Осы ауыр көріністен кейін бірнеше күн өткен соң наурыз айының бір таңертеңгілік шағында Рафаэль, төңірегінде төрт дәрігер бар, өзінің бөлмесінде отыр еді; дәрігерлер оны жарыққа жақынырақ, терезенің түбіне, жұмсақ орындыққа отырғызып, тамырын ұстады, оны ынталана қарап, науқасының сипаттарын сұрастырды, Рафаэль олардың ой-пікірлерің болжауға талпынып, қимыл-қозғалыстарынан, тіпті маңдайларында білінген сәл ғана қыртыстан да ішкі ойларын аңғаруға тырысты. Бұл консилиум оның ақырғы үміті еді. Жоғарғы сот қазір оған үкім шығаруға тиіс. Не өлім, не өмір! Адам баласы ғылымының осы соңғы сөзін естігелі Валентен сол замандағы медицина абыздарын шақыртқан-ды. Адам баласының білімі үш жүйе ортасында толқулы болатын, байлығы мен ататының арқасында Рафаэль үш жүйенің үшеуін де өз құзырына алдырған-ды. Рухты негіз етушілер, талдаушылар, әр тылымнан жұрнақ ұстаушы сықаққойлар арасындағы күрестің жанды бейнелері болған үш доктор медицинаның бүкіл философиясын өздерімен бірге ала келтен-ді. Төртінші дәрігер Орас Бьяншон98 барлық жағынан да білімі зор, үлкен үміт күттірерлік, қайткенде, жаңа дәрігерлердің арасындағы ең ірісі, ақылдысы осы еді, Париж университетінің елу жыл ішінде жинаған қазынаның мұрагері болуға әзірленіп жүрген, бәлкім, ең ақырда, өткен ғасырлардың жинаған көптеген алуан түрлі материалдарынан ескерткіш орнатамыз дейтін оқушы жастардың кішіпейіл сүйіктісі еді бұл дәрігер. Маркиз бен Растиньяктың досы Бьяншон бірнеше күннен бері Рафаэльді ем– деп жүрген-ді, ол үш профессордың қойған сұрақтарына жауап беруде Рафаэльге жәрдемдесіп тұрды, кей-кейде әжептәуір табандылықпен олардың назарын сырқат түрін сипаттайтын белгілерге аудара берді: оның ойынша, бұл белгілер науқастың көкірек ауруын дәлелдейтін секілді.
– Сіз, сірә, артықша сауық-сайран еткенсіз ғой, думанды өмірде өткізгенсіз ғой? Ақыл-ой еңбегімен көп шұғылданып па едіңіз? – деп сұрады Рафаэльден, атақты үш доктордың бірі; мұның жазық маңдайы, жалпақ беті, сұңғақты дене бітісі, оған қарсы пікірдегілерге қарағанда, анағұрлым қуатты дарыны барлығын айтақтағандай.
– Өте көлемді бір еңбек менің үш жыл уақытымды алды, бәлкім, бір кездерде сіз онымен шұғылданарсыз да, содан кейінгі өмірді мен сауық-сайранның от-жалыныңда өткізуте ұйғардым, – деп жауап қайырды Рафаэль.
Ұлы дәрігер қанағаттанғандық белгісі ретінде: "Осылай боларын біліп ем!" дегендей басын изеді. Органикалық ғылымның басшысы, Кабанистің ізбасары, атақты Бриссе осы еді; адамды тек қана өз дене құрылысының заңдарына бағынатын тежеулі жан – деп қарайтын, есті, материалистік дүние тану көзқарасы бойынша пікірлейтін ақыл иелерінің бірі еді бұл осы ретте адамның дене мүшелерінің дұрыс қалыпта болуының себебі, сол сияқты, өлерде бұл дұрыс қалыптан ауытқуы көзге айқын көрінеді – деп шамалайтын ол. Жанаты жауапты естігеннен кейін Бриссе үндеместен, орта бойлы, қып-қызыл нарттай, көздері ежелгі заман сықаққойларының көзіндей отша жайнаған дембелшеге қарады, бұл кісі қабырғадағы ұңғының мүйісіне сүйеніп, үн-түнсіз зор ықыласпен Рафаэльді қарап, зерттеуде еді. Шаттық шетіне шарықтаған діндар осы адам, жанды мүшелердің тіршілік процестерін өзінше бір түрлі тіршілік күші басқарады – деп нанушылар (виталистер) тобының басшысы, Ван-Гельмонттың99 дерексіз ілімдерінің мақтаншақ жақтаушысы доктор Камеристус еді бұл: адамның өмірінде жоғары дәрежелі, құпия сырлы мағына бар; адамның өмірінде қандай да бір түсіндіріп жеткізе алмастық ерекше құбылыс бар, бұл құбылыс хирургия пышағын әуре-сарсанға салады, хирургияны алдайды, дәрі-дәрмектен, алгебра икстерінен, анатомия сипаттамаларынан бұлтарып, біздің жұмсаған күш-қайратымызды келемеж етеді; адамның өмірінде түйсіне алмастық, көрінбестік, қандай да бір тәңірінің заңына ғана бағынатын бір түрлі жалынға ұқсас, кейде өлімге біржолата душар етілген тәнде жанып, нағыз тіршілікке қабілетті деген денеде сөнетін жалын тәрізді бірдене бар – деп шамалайтын доктор Камеристус. Үшінші дәрігердін ернінің емеурінінде кекесін күлкі ойнап тұрды, бұл доктор Магреди ерекше ақылды, бірақ неге де болса нанбайтын мейлінше күмәнданғыш, мысқылшыл адам еді; ол тек қана жарақат тілегін пышаққа сенетін, Бриссемен бірге ол да денсаулығы гүл жайнаған мығым адамның да өліп қалуы мүмкін – деп табатын, Камеристуспен бірге ол да адам өлгеннен соң да тіршілік етеді дегенді мойындайтын. Ол теория атаулының бәрі де жаман емес – деп танитын, бірақ ол теориялардың бірде-бірін қабылдамайтын, медицинадағы ен таңдаулы жүйе сол ешқандай жүйені де қолданбау керек, тек қана фактілірді қолдану керек – деп шамалайтын. Медицинадағы осы панург, бақылау тәңірісі, байқаудың, тәжірибенің қандайына болса да, нағыз түңілерлік әрекетке де әзір тұрған осы ұлы зерттеуші, ұлы сықаққой қазірде шегірен былғарыны қарастырып тұрған-ды.
– Сіздің тілектеріңіз бен былғарының құрысуы арасындағы дөп келушілікті өзім бақылап, байқасам ба – деп ем, – деді ол маркизге.
– Не үшін? – деп Бриссе айғайлап жіберді.
– Не үшін? – деп Камеристус оны қайталады.
– Aha, демек, сіздер екеуіңіз де бір пікірде екенсіздер ғой! дей салды Могреди.
– Былғарының бұл құрысуын түсіну өте оңай, – деді Бриссе.
– Бұл табиғаттан тыс, – деді Камеристус.
– Шыныңда да, Могреди маңғазданып. Рафаэльге шегірен былғарыны қайтара тұрып, қайтадан сөз бастады. Былғарының қатаюы дәлелдей алмастық, алайда, табиғи факт: дүние жаралғаннан бері бұл факт дегеніңіз медицина мен сұлу әйелдерді түңіліумен келеді.
Үш доктордың үшеуін де бақылап тұрған Валентен олардың ешқайсысынан да өзінің науқасына шипа іздегендік, жан ашығандық кездестіре алған жоқ. Үшеуі де байсалды пішінмен оның жауаптарын тыңдап, дертіне немқұрайды қарады, ешқандай рақымшылықсыз сұрастыра берді. Сыпайылықтарының ар жағында елемеушіліктері де көрініп тұрды. Өздеріңе-өздері сенгендіктен бе, әлде терең ой дариясына сүңгігендіктен бе, әйтеуір олардың сөздері сондай сараң, сондай самарқау еді, кей-кейде осылар басқа бірдеңе туралы ойланып тұрғандай да көрінді Рафаэльге. Бьяншон қандай қатерлі белгілер туралы айтса да, тек жалғыз Бриссе ғана оқта-текте тісінің арасынан: "Жарайды! Солай!" дей салады. Камеристус қалың ой түбіне үңілулі еді. Могреди өмірде кездесетіндегідей етіп сахнаға шығару үшін екі аусарды бақылап тұрған драматургке ұқсас еді. Орастың келбеті тана оның ауыр азап шегіп, қайғылы жанашырлығын білдіріп тұрды. Ол тіпті жуырда тана дәрігер боп істей бастағандықтан, қиналу азабына немқұрайды қарарлықтай, жан тәсілім үстінде қалыс қаларлықтай күйге жеткен жоқ еді; жаралы жауынгерлердің ыңырсуын, ойбайын тыңдамай, жеңістің қолайлы мезетін ойластыратын қолбасшыдан өзгеше, ол осындай киын сәтте көзіне толған жас моншағын ұстай алмайтын; кедергі болатыны мәлім, өйткені ол жан ашырлық, аяушылық көз жасын тиып ұстауды әлі үйреніп жеткен жоқ-ты. Тойға арналған киімдерін тіккізуге берген жігітке сол киімнің өлшеуін алған тігінші тәрізді, жарты сағатқа жуық уақыт бойына дәрігерлер науқас адамның да, оның дертінің де, аузымыз барып осылай – деп айта алатын болсақ, өлшеуін алды; көбінесе докторлар жалпылама сөздермен құтылды, тіпті бөгде заттар туралы да, даурығып кетті, содан кейін науқасты зерттеуден алған әсерлері жөнінде пікір алысып, дерттің қандай екенін анықталды Рафаэльдің кабинетіне барғысы келді.
– Сіздердің кеңестеріңіздің ішінде болуыма мүмкін бе? – деп сұрады Рафаэль.
Бриссе мен Могреди бұған үзілді-кесілді қарсы болды, науқастың жалбарынып, жалынғаныңа қарамастан, оның көз алдында мәселені талқылаудан олар бас тартты. Рафаэль дәстүрге бағынды, ол жылысып дәлізге шытуға ұйғарды, өйткені үш профессордың дәрігерлік әңгімесі осы арадан жақсы естілетін-ді.
– Қысқаша өз пікірімді айтуыма рұқсат етіңіздер, – деді кіре сала Бриссе. Мен өз пікірімді сіздерге телуге де, оған қарсы айтатын сіздердің пікірлеріңізді тыңдауға да ниеттеніп тұрғаным жоқ; біріншіден, бұл әбден анықталған, біржолата қалыптасқан пікір және өзін зерттеп көрсін – деп бізді шақыртқан мына субъект пен менің қарауымдағы бір науқастың толық ұқсастығынан туып отырған пікір менікі; оның үстіне, ауруханадағылар мені тосып отыр. Менің қатысуымды талап етіп отырған істің маңыздылығы менің бірінші болып сөз алуымды ақтаса керек. Біздің шұғылданып отырған субъектіміз ақыл-ой еңбегінен шаршаған жан... Ол не жөнінде еңбек еткен еді, Орас? – деп сұрады ол жас дәрігерден.
– Ерік қайратының теориясы жөнінде.
– Ой бәрекелді-ай, ұлан-байтақ тақырып екен! Қайталап айтамын: ой-пікірдің шамадан тыс қажырлы еңбегі, тіршіліктің дұрыс салтының бұзылуы, күшті ішімдіктерді жиі қолдануы оны әбден қажытқан. Тән мен мидың үдере қызметі оның денсаулығын бұзған. Бетіндегі, тәніндегі белгілер асқазандағы күшті тітіркеністі, басты симпатика жүйкесінің қабынғандығын, құрсақ үстіндегі тәннің сезімталдығын, қарын астының қусырылғандығын ап-айқын көрсетіп тұр, мырзалар. Бауыры қалай үлкейгендігін байқадыңыздар ма сіздер? Ең ақырда, науқастың асқазанының ас қорытуын үнемі бақылап келген Бьяншон мырза бұл процестің үлкен азаппен, өте ауыр өтетінін де бізге хабарлап отыр.
Дұрысын айтқанда, асқазан дегеніңіз тіршіліктен қалыпты; Бұл адам бізге енді жоқ. Ақыл-парасат тұралаған, себебі, Бұл адамның асқазаны тамақты қорыта алмайды. Тіршілік орталығы болып табылатын құрсақ үстіндегі ағзаның үдемелі азғындауы Бүкіл тән жүйесін бүлдірген. Дерттің үнемі және көріне бір түйіннен жан-жаққа шашырап тарауы иррадиация осыдан туып отыр, жүйке тамырларының шиеленісуі арқасында бұл бұзылушылық миды да шарпыған, бұл мүшенің мейлінше шіміркенгіштігі осыдан. Сайып келгенде, мономания өзін-өзі сүюшілік дерті пайда болған. Науқастанушыға қыр соңынан қалмайтын бір идея бар. Оның ойынша, шегірен былғары шыныңда да құрысатын сияқты, іс жүзінде, бәлкім, ол үнемі жаңағы біз көргендегідей қалпында болған болуы мүмкін, бірақ ол құрыса ма, жоқ па, бұл шегірен ол үшін әлде қайдағы бір ұлы уәзірдің мұрныңа қонған шыбынмен тең. Тезірек қарынның үстіңгі жағына сүлік қойыңыздар, адамның барлық тіршілігінің тұтқасы болып табылатын бұл мүшенің шіміркенгіштігін шағындаңыздар, науқасты қалыптағы тәртіпті қолдануға көндіріңіздер, сонда мономаниядан айнытады. Мен осымен сөзімді аяқтаймын, доктор Бьяншон емдеудің жалпы курсын да, түрлерін де өзі белгілеуге тиіс. Мүмкін, дерт мендеген шығар, мүмкін, тыныс жолдары да шіміркенгіш шығар, бірақ, мен өкпені емдеуден гөрі де ішек жүйелерін емдеу анағұрлым маңыздырақ, қажеттірек және өте шұғыл шара – деп шамалаймын. Дерексіз материяларды зерттеу жөніндегі қажырлы енбек және кейбір күшті құмарлықтар тіршілік механизмін аса қатты қаусатқан, алайда, серіппелерді түзетуге әлі де уақыт өткен жоқ, пәлендей айрықша күйрегендік байқалмайды. Сонымен, сіз досыңызды толық аман сақтап қала аласыз, – деп қорытты ол сөздің соңын Бьяншонға тіреп. Біздің білімпаз әріптесіміз салдарды себеп орныңа алып отыр, – деп Камеристус сөз бастады. Иә, оның кереметтей бақылап, дәл байқаған өзгерістері шыныңда да науқастанушыда бар, бірақ шыныдағы жарықшақтан жан-жаққа шашыраған сәулелер сияқты миға қарай бағыттала шашырапты-мыс деген бұл иррадиация денеде қарын дертінен туып отырған жоқ. Шыныны қирату үшін қатты соққы керек болды, ал ол соққыны беруші кім? Біз мұны білеміз бе? Науқастанушыны біз жеткілікті дәрежеде бақыладық па? Оның өмірінде болған уақиғалардың бәрі де бізге мәлім бе? Мырзалар, оның тіршілік жүйкесі Ван-Гельмон ілімінде айтылатын археясы құрыған, тіршілік күшінің нағыз негізі зияндатылған; бейне бір жалғастырушы механизм болып табылатын және жігер қайратты, осы бір өмір ғылымын туғызатын делдалшы ақыл парасат, яғни тәңірі берген осы бір зейін ұшқыны дене мүшелерінің күнделікті қызметін және әрбір мүшенің жеке-жеке міндетін тәртіптеуін тоқтатқан, менің ғалым туысқаным сондайлық тамаша айқындаған манағы күйреушілік осыдан туған. Иррадиацияның бағыты құрсақ үстіндегі денеден миға қарай емес, мидан құрсақ үстіндегі денеге қарай! Жоқ, – деп доктор Камеристус кеудесін қағып, екілене сөйледі, жоқ, мен адамға айналған қарын емеспін! Жоқ, барлық іс мұнымен ғана тынбайды. Қарнымның үсті бүтін болса болғаны, қалған дененің бәрінде мән шамалы деуге менің батылым бармайды. Түрлі субъектілерді, – деді ол даусын бәсеңдете, жұмсақ үнмен сөзін жалғастырып, ондай-мұндай мөлшерде қамтыған күшті күйреушіліктерді бөз баяғы бір ғана физикалық себептерден – деп дәлелдей алмаймыз, олардың бәріне ылғи бірдей ем тағайындай алмаймыз. Адамдар бір-біріне ұқсас емес. Біздің әp қайсымызда түрліше қоздырылатын, түрліше қоректендірілетін мүшелер бар, олардың міндеті түрліше болуы мүмкін, олар бізге белгісіз заттардың тәртібі бойынша өздеріне берілген тапсырманы өздерінше орындауы мүмкін. Ең жоғарғы ерік қайратының бізде жан иелігі құбылыстарын жасауға, қуаттауға алдын ала белгілеген ұлы тіршілік тұтастығының бөлшектері әр адамда әр түрлі болып бейнеленеді және сырт көрінісінде оны түпкілікті жан иесіне айналдыратын сияқты болса да, қандай да бір тетігінде ұшы-қиыры жоқ себеппен жанаса тіршілік ететін жан иесіне айналдырады. Сондықтан біз әрбір субъектіні дара-дара қарауға, оның арты-бертісін зерттеуге, қалай тіршілік ететінін, оның күші неде екенін білуге тиіспіз. Дымдалған көпірткіштің жұмсақтығы мен көбік тастың қаттылығы арасында сансыз көп сарындар бар. Мінеки, адам дегеніңіз осындай. Лимфатиктердің көпірткіш тәрізді былқылдақ дене құрылысы мен ұзақ өмірге жаратылған адамдардың бұлшық еттерінің металдай мығымдылығы арасындағы айырмашылықты ескермей емдеудің бірыңғай, мейірімсіз жүйесі қандай қателіктер істемеді дейсіз. Адамның күштерін әлсірету, сарқу арқылы емдейтін осы бір жүйе қандай қателіктер істемейді дейсіз! Сіздердің ойыңызша, адамның күштері қашан да болса шіміркенулі күйде болады-мыс – деп есептеледі ғой! Сонымен, дәл осы ретте мен тек қана рухани саланы емдеуді, науқастанушының ішкі дүниесін терең зерттеуді талап етер едім. Дерттің себебін тәннен емес, жаннан іздейік! Дәрігер ерекше дарыны бар шабытты жан иесі; пайғамбарларға болашақты болжайтын көз бергені, ақынға табиғатты қайта жандандыру қабілетін, музыкантқа, бәлкім, үлгі бейнесі өзге дүниеде болатын үндерді жарасымды құрылыспен тізбектеу қабілетін бергені сияқты, құдай тағала дәрігерлерге тіршілік күштеріне үңіліп, соны тану қабілетін беріп отыр...
– Өмір бойы өзінің абсолютистік, монархистік, діни медицинасымен басты қатырады да тұрады ғой бұл! – деп күбірледі Бриссе.
– Мырзалар, – деп Бриссенің күңкілдеген күбірін басып тастағалы асығып, Могреди оның сөзін бөліп жіберді, науқасымызға қарай кері оралайық та...
– Сонымен, ғылымның бар асылы осы ғана екен ғой! – деп Рафаэль мұңайып ah ұрды. Мені жазатын ем әлдеқайда тәспі мен сүліктің арасында, Дюпюитреннің пышағы мен князь Гогенлоэнің100 дұғасы арасында екен ғой, күмәншыл Могреди факті мен сөздің арасындағы, материя мен рухтың арасындағы шекарада тұр. Адамзаттың "иесі" мен "жоғы" мені қайда барсам да қудалайтын болды. Раблс айтқан Қаримари-Қаримара болды ғой бұл рухым науқас болса каримари тәнім науқас болса каримара Мен тірі қалам ба, жоқ па бұл оларға мәлімсіз. Планшет тым болмаса ашықтан-ашық айтып еді, ол тікесінен: "білмеймін" – деді ғой.
Сол кезде Валентенге доктор Могредидің сөзі естілді.
– Науқастанушы мономан екен, жарайды, оған да көнейін! – деді жігерленіп Могреди. Бірақ оның екі жүз мың ливр табысы бар ғой, мұндай мономандар тым-ақ сирек кездеседі, сондықтан біз қайтсек те оған кеңес беруге тиіспіз. Ал қарынның үстіңгі жағындағы ағзаның дерті миға әсер етті ме, әлде мидағы дерт қарынның үстіндегі мүшелерге әсер етті ме, мұны біз, сірә, ол өлгеннен кейін ғана анықтармыз. Сонымен, қорытайық. Ол науқас, бұл даусыз факт. Ол емделуге зәру. Ілім жүйелері атаулыны шетке ығыстыра тұрайық. Ішек пен жүйкеде дерт бар екенін мойындап отырмыз ғой, ендеше ішектегі тітіркеніс пен жүйке сырқатын саябырлату үшін сүлік салайық, содан кейін шипалы сумен емдейтін курортқа жіберейік, бірден екі жүйе бойынша ем істейік. Егер онда өкпе ауруы болса, онда біз оны ем– деп жаза алмаймыз. Сондықтан...
Рафаэль асыға басып, өз орныңа барып отырды. Аздан кейін төрт дәрігер кабинеттен шықты; сөз Орасқа берілді, ол Рафаэльге мынаны айтты:
– Докторлар бірауыздан дереу қарынға сүлік салуды қажет – деп тапты және қазірден бастап дене емдеуін де, рухани емді де қолдануға кірісу қажет десті. Біріншіден, сіздің денеңіздегі тітіркеніс тыныштандыру үшін диета арнаулы тамақ...
Осы арада Бриссе мақұлдап басын шұлғыды.
– Содан кейін гигиеналық тәртіп қолданасыз, бұл сіздің көңіл күйіңізге әсер етуге тиіс. Осыған байланысты біз бірауыздан сізге Савойядағы Экс курортына, немесе, егер ұнатсаңыз, Овернидегі Мон-Дор курортына баруға кеңес береміз. Савойяның ауасы, табиғаты Каптальдағыдан сүйкімдірек, бірақ сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдағаныңызға бара аласыз.
Бұл жолы доктор Камеристус та риза екендігін сездірді.
– Докторлар. Бьяншон сөзін тоқтатқан жоқ, сіздің тыныс аппаратыңыздан болмашы өзгерістер тауып, менің сізге қолданып жүрген емдерімді пайдалы – деп келісті, соған тоқтасты. Сіз кешікпей тәуір боласыз, мұның өзі мен ұсынған әp алуан емдердің дұрыс кезектестірілуіне байланысты – деп шамалайды докторлар және...
– "Мінеки сіздің қызыңыздың не себепті мылқау болғаны."101 – деп Рафаэль күлімсіреп, Орасты қолтықтады да, оған осы пайдасыз консилиум үшін қызмет ақы төлегелі оны кабинетіне қарай алып кетті.
– Мыналардың сөзі дәйекті, – деді оған жас дәрігер. Камеристус сезінеді. Бриссе зерттейді, Могреди күмәнданады. Адамда жан да, тән де, ақыл да бар ғой, солай емес пе? Осы төл себептердің әлде біреуі бізде өзгелерден күштірек әрекет ететіні де рас қой; адамзат ғылымы қашан да болса, адамның өзіне тәуелді. Сөзіме менің план, Рафаэль: біз ем– деп жаза алмаймыз, емделіп жазылуға ғана көмектесеміз. Бриссе мен Камсристустың қолданатын жүйелерімен қатар тосу жүйесі де бар, бірақ, оны ойдағыдай қолдану үшін науқастанушыны кемінде он жыл бойына зерттеп білу керек. Басқа барлық ғылымдар сияқты, медицинаға да негіз болатын нәрсе мойындамаушылық, күмәнданушылық. Сонымен қысқасы, ақылға қон. Савойяға барып байқа, ең жақсысы табиғатқа сену: қашан да болса, ең жақсысы осы.
Бір айдан соң, тамаша жазғы кеште, Экс курортына шипалы сумен емделуге келгендердің бірсыпырасы серуеннен кейін курорт залына жиналысты. Рафаэль жиналғандарға сыртын беріп, әйнектің түбінде жалғыз өзі ұзақ отырды, ол қиялы шартарапқа шарықтаған самарқаулық күйде еді, мұндай күйде ой өзінен-өзі туып, бір-біріне жамала береді, ешқандай түрге айналмастан, іріп, өшіп, бейне бір, бұлдыраған жеңіл бұлттай көшіп, жылыса береді. Сондай кезде мұң тыныш, қуаныш көмескі болып, жан сезімдері мүлдем дерлік ұйқыға батады. Осындай сезім ләззаттарына сүңгіп, ешқандай сырқат түйсінбей, ақыры, әлгі киелі шегірен былғарының үнін өшіргеніне өзін бақытты санап, Валентен кештің жылы шуағына шомылып, таудың жұпар аңқыған таза ауасын сіміруде еді. Шыңдарда алтын арайдың қызғылт жалын шұғылалары сөніп, салқындық біліне бастағаннан кейін, ол әйнекті жапқалы орнынан түрегелді.
– Тілеуіңізді берсін, терезені жаппаңызшы, – деді оған бір егде әйел. Біз тұншығып барамыз.
Осы жалғыз ауыз сөз әлдеқандай наразы кескірлікпен Рафаэльдің жүрегін тілкем– деп отырғандай болды, дос-жар санап, достығына сенгің келіп жүрген адамың кейде аңдаусыздан осындай бір қатқыл сөз айтып, мен-мендігінің түпсіз шынырауын танытатыны, сөйтіп, тәп-тәтті алданыш сеніміңді жоққа шығаратыны бар ғой. Рафаэль бейтарап дипломаттың салқын көзқарасымен кемпірді бастан-аяқ бір шолып өтті де, қызметшісін шақырып алды, ол келгеннен кейін суық-сырдан пішінде оған әмір етті:
– Терезені ашыңыз!
Бұл сөздерді естігенде жиналғандардың жүзінде мейлінше таңырқау бейнеленді. Бейне бір Рафаэль әлде бір өрескел мінез білдіргендей, оған онша-мұнша жұмбақты көзқарас тастап бәрі де сыбырласа қалысты. Албырт жастықтың алғашқы ұялшақтығынан өлі де толық арылып болмаған Рафаэль қысылып қалды, бірақ ыңғайсыздықты дереу сілкіп тастап, есін жиды да, бұл ерсі жағдай үшін өзіне-өзі есеп беруге де әрекеттенді. Кенеттен оның миында пікір айқындығы туып, өткендегілері көз алдына ап-анық елестеді де, сол шақта өзінің қылықтарымен өзгелерде туғызған сезімдерінің себептері күре тамырындай бадырая суреттелді; жаратылысты зерттеушілер өлі тамырдың нәп-нәзік тарам-тарам жүйелеріне дәрі жіберіп, оларды қызара бөрттіріп, тіпті жіп-жінішке салаларын да ап-айқын етіп түрлендіреді ғой, әлгі себептер де дәл сондай анық суреттелді; осы өткінші суреттен ол өзін айқын таныды, өзінің өткен өмірін жеке күн-күнмен көз алдына елестетіп, пікірлерін бірінің артынан бірін тізбектеп өтті; мұндағы мысқылшыл қауым ішінде өзінің қандайлық тұнжыраулы жүргенін: үнемі өзінің тағдыры туралы ойлайтының, ылғида тек өзінің сырқатымен ғана шұғылданатының, жайшылықтағы нағыз бейкүнә әңгімелерді де көтере алмайтының, сондықтан олардың ешқайсысымен, қайтадан көрісуге дәмелене алмайтының, саяхатшылар арасында лезде қалыптасатын қысқа мерзімді жақындықтан да аулақ қашатының, жұрттың бәріне де мейлінше самарқау екенін, қысқасы, жағадағы толқынның еркелігіне де, асау мінезіне де бейжай қала беретін жартасқа ұқсас екенін таңдана аңғарып қалды. Содан кейін ол өзінің ішкі сезім қабілетінің ерекше, сирек кездесетін дарындылығы арқасында өзгелердің жан сезімін бақылауға кірісті; шамдалдардың жарығында қарияның сарғыш бас сүйегін, бір қырын отырған қазымыр кескінін байқап қалып, анау бір күндері оның ақшасын ұтып алғандығын, бірақ қайтадан ойнап, оның ұттырған ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік бермегенін есіне түсірді; оның ар жатында әп-әдемі бір жас әйелді көрді, бұл әйелдің еркелік назына да ол немқұрайды қараған-ды; елемеушіліктің, менсінбеушіліктің тіпті алғаш қарағанда аңғарылмайтын белгілерін де байқатқаны үшін, мұны әркім-ақ кінәлайтын сықылды көрінді: Бұл менсінбеушілік белгілері олардың намысына тиіп, шаншу боп қадалса керек. Рафаэль өзі тілеместен, өз санасынан тыс, әрбір кездескен адамдарының бәрінің ұсақ намысын кемсітіпті. Кейбіреулерді қонаққа шақырып, өзінің аттарын мінуге беріп, ізет көрсете тұрса да, мұның осы салтанаты ол кісілердің қытығына тиіпті; олардың мұндай қадір білместігіне өкпелеп, Рафаэль оларды бұл қорлықтан ада қылды; содан кейін олар: "Бізді менсінбейді екен", – деп ұйғарып, Рафаэльді ақ сүйек – деп айыптапты. Адамдардың жан сезіміне үңіліп, олардың нағыз құпия пікірлерін жоруды енді үйренді ол; қауымның өзі, оның сыпайыгерлігі, құр жылтыраған сыртқы көрінісі Рафаэльдің зәресін ұшырды. Тек дәулетті, айрықша ақылды болғандығы үшін ғана жұрт оны күн– деп, жек көріпті: Рафаэльдің үндемейтіндігі олардың құмартқан ынтығын ақтай алмапты; оның кішіпейілділігі мынау ұсақшыл, үстірт адамдарға ірілік, асқақтық болып көрініпті. Бұл адамдар жөнінде Рафаэль өзінің қандайлық құпия және кешірілместік қылмыс істегенін ұғынды: олардың тоғышарлығының тергеуінен сырт қалыпты ғой бұл! Олардың азаптаушылық озбырлығына бағынбай, оларсыз-ақ күн көре біліпті бұл; мұның осындай ішкі менмендігі үшін бұдан кек алғалы бәрі іштей бірігіп, өздерінің күшін сездіруге, мұны өздерінше бір түрлі құстана қылуға, олар да мұнсыз-ақ күнелте алатындықтарын сездіруге тырысыпты. Зиялы қауымның мұндай кескіні алғашқы кезде мұнда аяушылық сезімін туғызған еді, бірақ кейіннен, пейіл жаратылысын бүркеген өзімшіл дененің шарбы-кілегейі мұның көз алдында қалай тез жадырағаның ойлап, шошынып қалды, ендігәрі, ештеңені де көрмейтіндей болу үшін көздерін жұмып алды. Кенеттен ақиқаттың осы түнек қиял пердесі үстіне қара шымылдық түсірілді де, ол өкімет билігіне, үстемдікке ұмтылғандардың бәрінің душар болатын сұрапыл жалғыздығына ұшырады. Сол минутта ол қатты жөтелге булықты. Мұндай реттерде, жақсы қауымнан кездейсоқ жиналған адамдардың айтатын мезіретін, мейлі бір жақтан немқұрайды айтылған болса да, әйтеуір сыпайы тілеулестік білдірушілікке ұқсас бір ауыз жылы сөзді айтқалы бірде-бірі тіс жармады, оның орныңа мұның құлағына дұшпандық күбірлер, ашынған сыбырлар шалынды. Қауым оның алдында сырын жасыруға да әрекеттенген жоқ, бәлкім, мұның себебі ол өзі де бұл қауымның ниетін күнілгері-ақ жорығандығынан шығар.
– Оның сырқаты жұқпалы екен...
– Курорт басқарушысы мұны залға жібермеуі керек еді.
– Құдай ақы! Жөні түзу қауымда бұлай жөтелуге рұқсат етілмейді!
– Мұндайлық қатты сырқаттанған адамның курортқа, шипалы сута келуінің жөні жоқ қой...
– Тайып тұруымызға тура келетін шығар!
Мұндай ызалы күңкілден жалтару үшін Рафаэль орнынан тұрып, залда ерсілі-қарсылы жүре бастады. Тым болмаса бірер жаннан тілеулестік табуды үміттеніп, ол оқшау отырған жас әйелдің жанына келіп, отан сүйкімді сөз айтпақ еді, ол жақындап келе жатқанда-ақ әйел сырт айналып, билеп жүргендерге қарағансыды. Рафаэль осы бүгінгі кеште бойтұмарды түгелдей жұмсап қойдым ба – деп шошынды; әңгіме бастауға ынтасы да болмағандықтан, оған батылдығы да жетпегендіктен Рафаэль жүгіре басып залдан шығып, бильярд ойнайтын бөлмеге келді. Бильярд бөлмесінде онымен ешкім сөйлеспеді, ешкім бас изеген жоқ, тіпті сол ғана да ізгі ниетті тілеулестікпен ешкім қараған да жоқ. Жаратылысынан-ақ ұтқыр ақылы жұрттың бәрінің одан жалпылама жиренуінің ақиқат себебін зерде сезімімен ашып берді оған. Мына қауым өзі де білместен, жоғарғы қауымды басқаратын ұлы заңға бағынулы еді, бұл қауымның барлық рақымсыз моралі Рафаэльдің көз алдынан өткен-ді. Өзінің өткендегі өміріне көз жіберіп Рафаэль бұл моральдің тұтас бейнесін Теодорадан тапты. Бір кезде өзінің жүрек сергелдеңіне Теодорадан қандай "жұбаныш" тапқан болса, мұнда да сырқатына тек сондай көлемде ғана жанашығандық кездестіре алар да, одам артықты дәмелене алмас еді. Денсаулығы мығым адам ұшына жабысқан жарақатты өзінің денесінен сылып тастайтыны сияқты, жарқылдақ қауым да бақытсыздарды өз ортасынан аластайды. Жарқылдақ қауым қасірет пен бақытсыздықтан жиренеді, жұқпалы дерттен үрейленгендей, олардан шошынады, қасірет пен бақытсыздықтың және жаман мінез үшеуінің қайсысын таңдауға келгенде, олар іркілместен жаман мінезді таңдайды: өйткені жаман мінез бұл да салтанат. Қасірет қаншама ауыр болса да, жарқылдақ қауым оны мінеп, кемсітіп, эпиграммада мысқылдай біледі; тағынан тайған корольдарға бейне бір өзі олардан жәбір көргендей-ақ, қорлық көрсету үшін сықақ суреттер салады; цирктегі Римнің жастарынша, бұл қауым жаралы гладиаторға рақымсыз; ол тек алтынмен, келемеж-ожуамен ғана тіршілік етеді... Әлсіздерге ажал! Міне дүние жүзінің барлық халықтарында да бұл тайпаның өсиеті осы, неге десеңіз, қай жерде байлар үстем, сондықтан бұл нақыл байлықпен әспеттеліп, аристократизммен қоректендірілген жүректерде терең таңбаланулы. Мектептегі балаларға қараңыздар: мінекей, қауымның кішірейтілген түрдегі бейнесі осы: аңғал және ақ жарқын болуы себепті бұл нағыз шынайы бейне; мұнда сіздер қалай да кедей құлдарды, азап пен қайтының перзенттерін табасыздар, жұрт оларға қашан да болса жирену мен жанашығандықтың екі арасындағы әлденендей бір шөре-шөре сезіммен қарайды, ал інжіл оларға жұмақ дәмелендіреді. Ұйымдасқан жан иелерінің баспалдағымен төмен қарай түсіп көріңізші. Егер құс қорасындағы қандай да бір құс ауырса, басқалары оның үстіне қонып, шұқып, жүнін жұлқып, ақыр аятында өлтіреді. Өзімшілдіктің осы ұлы заңына адалдығынан айнымайтын жарқылдақ қауым бақытсыздар жөнінде қаталдыққа да жомартақ, алайда, бақытсыздықтың өзі де олардың мерекелік зауқың бұзып, рақаттануына кесел келтіруге бейім. Кімде-кімнің тәні немесе рухы сырқат болса, кімде-кім кедей және дәрменсіз болса, ол кісі аласталған сорлы. Мейлі, ол өзінің сахара шөлінде қаңғыра берсін! Сол шөл сахараның сыртында барлық жерлерде де, қайда қараса да, оған зымыстан қыс: суық көзқарас, суық қимыл, суық сез, суық жүрек: ол үшін жұбаныш үміттенетін жерлерде жәбір дайын тұрмаса, онда бақытты болғаны! Өлім құшағыңдағылар, өздеріңнің төсектеріңде ұмыт қала беріңдер! Қарттар, суынған ошақтарыңның басында жалғыз отыра беріңдер! Жасауы жоқ қалыңдықтар, өздеріңнің оңаша ұшырмаларында қыста тоңып, шілдеде ыстыққа булыға беріңдер! Егер жарқылдақ қауым қандай да бір бақытсыздыққа шыдамдылық білдіретін болса, мұнысы оны өзінің мақсаттарына оңтайлап алу үшін, одан пайда шығару үшін, оны кірелеп, ауыздықтап, ерттеп, рақаттанғалы мініп алу үшін емес пе екен? Ашуланшақ әжіқыздар, рыялықпен жайдарыланып, жанашырыңыз – деп аталатынның қырсыққан қынырлықтарына көне беріңіз: оның асыранды қанден күшіктерін қолтықтап, көтеріп жүріңіз, итпен жарысыңыз, жанашырыңыздың көңілін көтеріп, шерін тарқатыңыз, оның тілектерін болжай біліңіз және әсте үндемеңіз! Ливрейсіз жалшылардың королі, арсыз арамтамақ, сен де өзіңнің намысқоршылығынды үйіңде қалдыр: қонақжай қожаң ас сіңіріп тыныққанда, сен де өзінше асынды қорыт, ол жыласа, сен де көз жасынды тоқ, ол күлгенде сен де ыржақта, оның эпиграммаларына сүйсініп, мәз-мейрам бол; егер оның сүйегін жуғың келсе, оның күйрей құлауын күт! Жарқылдақ қауым бақытсыздықты осылай ардақтайды: ол оны өлтіреді, немесе аластайды, кемсітеді немесе жазалайды. Осы ойлар Рафаэльдің жүрегінде ақынның шабығындай шапшаңдықпен жүйткіді; ол айнала қарап, қауымның бәле-қазаны өзінен аластау үшін қолданатын және желтоқсанның аязды желінің өңменнен өтетін үскірігінен де жеделірек жан жүйеңді қалтырататын қазымыр ызғарын түйсінді. Ол қолдарын айқастырып, қабырғаға сүйенді де, терең уайымға батты. Осы қаратүнек тақуалықтың салдарынан жарқылдақ қауымның үлесіне тиетін бақыттың соншалық аз екенін ойлады ол. Бұл не? Ләззатсыз сайран, қуанышсыз шаттық, қызығы жоқ мереке, ләззат-құмарлығы жоқ құймырлық, басқаша айтқанда, аштықта сөніп қалған тамызық, немесе жалын ұшқыны жоқ құл. Рафаэль басын көтеріп еді, жалғыз қалғаның көрді, ойыншылар тарап кетіпті. "Егер мен олардың алдында өзімнің құдіретімді әшкерелесем, бұлар менің жөтелімді құдайдай дәріптер еді!" – деп ойлады ол. Осыны ойлады да, ол жиіркеніш сезімін, желеңше бүркеніп алды да, сонымен бүкіл әлемнен оқшауланды. Келесі күні оған курорт дәрігері келіп, сыпайы түрде оның денсаулығын сұрастырды. Мұның мүләйім сөздерін есітіп, Рафаэльдің жүрегін қуаныш тебірентті. Доктордың жүзінде жұмсақтық, мейірімділік мол екен, жасанды селеу шашының шүйкелерінен адамгершілік лебі аңқып тұрғандай, үстіндегі фрактың тігісі, шалбарының қыртыстары, квакердің аяқ киіміндей кең башмақтары, ең арғысы, жасанды шашының құныс жауырыныңа қарай бұрқырап себілген ұлпа опасына дейін бәрі-бәрісі дәрігердегі шадиярлық мінезді сипаттағандай, ақиқат христианшыл жанашырлықты, өзін-өзі құрбан етуге де әзірлікті бейнелегендей екен – деп тапты Рафаэль; шыныңда науқастанушыларға деген сүйіспеншілігінің салдарынан олармен вист, триктрак секілді карта ойындарын сондайлық жақсы ойнап, үнемі олардың ақшаларын ұтып алуға дейін баратын құрбандық, жанкиярлық еді бұл кісінікі.
– Маркиз мырза, – деді ол Рафаэльмен ұзақ әңгімелескеннен кейін, мен сізді қуанта аламын. Қазірде сіздің дене құрылысыңыз маған жеткілікті дәрежеде мәлім, сіздің науқасыңыз жөнінде Париждің асқан дарынды дәрігерлері қателесіпті – деп мен берік сеніммен мәлімдей аламын. Амандық болса, сіз, маркиз мырза, Мафусаилден кем өмір сүрмейсіз. Сіздің өкпеңіз ұстаның көрігі, асқазаныңыз түйе құстың асқазанынан олқы соқпайды, бірақ, етер сіз мұнан былай да таулы жердің ауа райында тұра беретін болсаңыз тіпті лезде-ақ және тікелей бауыры суық қара жердің сыз қойныңа кіруіңіз ықтимал Маркиз мырза, сіз айтпай-ақ түсінесіз ғой деймін. Адамның тынысы дегеніміз от болып жану екенін химия дәлел– деп отыр, мұңың күші әр адамның өзіне ерекше тән дене мүшесінде жиналатын жанар заттардың топтасуына және сиреуіне байланысты болады. Сізде жанар заттар мол: егер аузымыз барып айтатын болсақ, сіз оттегіне артығымен молығыпсыз, сізде құмарлықтар үшін жаралған адамның қызу құлық-мінезі бар. Дене құрылысы әлсіз адамдардың тіршілік процесін тездететін жанды және таза ауаны жұту арқасында сіз, сонымен, өзіңіздегі онсыз да шапшаң жану процесіне демеу боласыз.
Демек, сіздің өмір сүруіңіздің шарттарының бірі кең алқаптардағы мал қораларының қою ауасы болуға тиіс. Шыныңда да ой еңбегінен қажыған адам үшін рухтандырушы ауаны Германияның шұрайлы жайылымдарынан, Баден-Баденнен, Теплицадан табуға болады. Егер Англия сізді шошындырмаса, оның тұманды ауасы сіздің қызулығыңызды басар еді, ал Жерорта теңізінің деңгейінен мың кез биіктіктегі біздің шипалы суларымыз сізді мерт етеді. Менің кеңесім осы, – деді ол әдейі кішіпейіл пішінмен, сізге осындай кеңес беремін, рас, біз бұған құштар да емеспіз, себебі, егер сіз бұл кеңеске құлақ қойсаңыз, біз сізден айырылып қаламыз ғой, мұның өзі біз үшін бақытсыздық болар еді. Тілінен бал тамған тәуіп осы соңғы сөздерді айтпаған болса, оның сырғақ мейірімділігі Рафаэльді жібітер де еді, бірақ ол өте бақылағыш болғандықтан, дәрігердің үн сарыныңда, қол сермеулерінде, соңғы әзіл сөздермен қабаттасқан көзқарастарында, тегінде, желікпелі науқастар жиынының бұл адамға жүктеген тапсырмасы аңғарылып отырғандығын байқамай қала алған жоқ. Сөйтіп, жүздері гүл-гүл жайнаған бұл сұмырайлар, зеріккен кемпірлер, тұрақсыз ағылшындар, ғашықтарына қосылып, ерлерінен зытып кеткен ашыналар өлім аузындағы бейшара жанды, үздіксіз қуғын-сүргіннен өзін қорғауға көріне қабілетсіз, әлсіз, дімқос адамды аластаудың амалын тапқан екен? Бұл арамдық қулықтардан өзіне ермек боларлық бірдеңе тапқан Рафаэль де қасарып, олармен күресуге бел байлады. Менің кетіп қалуыма сіздер ренжитін болғандықтан, мен осында тұрып-ақ сіздің ақыл-кеңесіңізді пайдалануға тырысармын, – деп жариялады ол докторға. Ертеңгі күннен бастап мен үй салғызуға кірісемін, сіздің керек – деп тапқан ауаңыздың қандайы да сол үйде болады. Рафаэльдің қисайған еріндерінен күйінішті мысқыл белгісін дұрыс ұғынып, дәрігер ештеңе тауып айта алмай, тезірек қош айтысып шытып кетуді мақұл көрді. Бурже көлі тау ішіндегі үлкен кесе тәрізді, жағалаулары кертеш-кертеш Жерорта теңізінің деңгейінен жеті-сегіз жүз кез биіктікте орналасқан, оның суы бүкіл дүние жүзінде теңдесі жоқ көкпеңбек болып мөлдірейді де тұрады. Мысық тісі тауының басынан қарағанда бұл қол бейне бір әлдекімнің қолынан түсіп қалған меруерт тасы тәрізді болып көрінеді. Бұл керемет судың айнала кенересі тоғыз лье және кей жерлерінде тереңдігі бес жүз кезге дейін. Ашық аспан астында, осынау айнакөлдің үстінде қайықпен жүзіп жүру, ескектің ақырын тана сыбдырын есітіп, аспан мен жердін жапсарласқан жиегінде бұлтқа бөленген тауларды ғана көру, француз Морьенасының басында жарқыраған қарларын қызықтап, соларға сүйсіне қарау, қырық буын жапырақтарының немесе аласа бұталардың мақпалдай жұмсақ жапырақтарын жамылған гранит шыңдарынан жайдары шоқыларға көз жүгірту, бір жатынан шөлейтті, екінші жатынан сәулетті табиғат болып бөлінетін (бейне бір байдың қонақ асында болған кедей тәрізді) екі түрлі көріністі тамашалау бұл неткен ғанибет! Бұл келістілік, Бұл қайшылықтар, мұндағының бәрі-бәрісі әрі ұлы, әрі зәредей ұсақ көріністер. Таулардың тұлғасы көзге көрінім және алыс-жақындық шарттарына қарай мың құбылады: биіктігі жүз кездік қарағай кейде көзге құрақтай ақ болып көрінеді де, кең алқаптар тар соқпақтай жіңішкеріп қалады. Бұл қол жүрек сырын ашатын бірден-бір орын. Бұл жерге бастан ой өріліп, жүректен сезім құйылады. Су мен аспан, тау мен жер арасындағы ғажайып жарастықты бұдан басқа еш жерден кездестіре алмайсыз. Мұнда тұрмыс таршылықтарының қандайынан болса да ем табылады. Бұл жер азап шегушілердің сырларын сақтайды, азаптарын жеңілдетеді, қайғылыны жұбатады, махаббатты қандай да бір ерекше мәнді, жинақты етеді, осының арқасында құштарлық та неғұрлым терең, неғұрлым таза болмақ. Мұнда сүйіс те жоғары дәрежелі, мәртебелі болады. Алайда бұл көбінесе естеліктер көлі: ерекше мархабат белгісі ретінде естеліктерді ол өзінің толқындарының түстеріне безейді, ал оның толқындары дүниедегінің бәрін шұғылалы сәуле беретін айна. Тек осы кереметтей тамаша табиғаттың ортасында ғана Рафаэль өзінің сырқатын сезбегендей, тек осында тана ол бейқам, қиялшыл, нәпсі, тілектерден азат бола алды. Доктор келіп кеткеннен кейін ол серуенге шығып, Эулие Инносентий деревнясы орналасқан көркем көріністі дәннің шөлейтті шыңына арбамен алып барындыр – деп қызметшілеріне өмір етті. Осы биік тұмсықтан, етегінде Рона өзені атып, көлі жарқырап жатқан Бюже тауын көз шалады. Рафаэль бұл арадан қарама-қарсы жағалаудағы жарқабаққа, мұғды От-Қомб аббаттығына, жиһангездік сапарларын аяқтаған дуаналар, шайхылар тәрізді құз маңында көмілген сардин корольдарының бейітіне қарап отыратын болды. Бір күні кенеттен ескектердің бір сарынды, бір қалыпты сықыры табиғаттың тыныштығын бұзып жіберді. Көлдің әдетте жан баспайтын бұл бөлегінде тағы да әлдекімдердің серуен– деп жүргеніне таңданған Рафаэль ой тұңғиығына үңілген үнсіз қалпын өзгертпестен, қайықта кімдер отырғаныңа қызықтап қарады да, қайықтың арт жағында кеше өзімен қатты-қатты сөзге келген егде әйелдің отырғаның көрді. Қайық Рафаэльдің маңынан өте бергенде, оған әлгі әйелдің бағымындағы кедей қыз ғана бас изеді; өнегелі ата-ананың баласы, кісі қолында өскен бұл жетім қызды Рафаэль бейне бір тұңғыш рет көргендей еді. Кешікпей тау тұмсығының тасасына бұрылған әйелдерді ұмытып та кеткен Рафаэль бірнеше минуттан кейін өзінің маңынан жібек көйлектің сыбдырын, жеңіл аттаған аяқ тықырын естіді. Жалт бұрылып, жетім қызды көрді; оның ұялып, қымсынған жүзінен бірдеңе айтқысы келгенін аңғарып, Рафаэль қыздың жаныңа барды. Отыз алты жастағы, ұзын бойлы, суық шырайлы, арық қыз, барлық әжі қыздар сияқты, өзінің жүрексінген, оңтайсыз, оралымсыз жүріс-тұрысына сәйкес келмейтін көзқарасынан ұялып, тосырқап қалған. Әрі көрі, әрі жас көрінетін осы қыз өзінің сипаттары мен қасиеттері туралы жоғары пікірде екенін сездіргендей, өзін лайықты дәрежеде ұстады. Әйтсе де, онда сопы қыздардың абайшыл сақ қимылдары байқалды, тегінде, жеке өз бастарының бақыты болмағандығы үшін соның кегіне өздерін жоғары санайтын қазымыр әйелдерге тән қозғалыстар еді бұл:
– Сіздің өміріңізге қауіп төнуде, курорт залына мұнан былай бармағайсыз! – деді ол Рафаэльге, бейне бір өзінің абыройын төгіп алғандай-ақ, бірнеше қадам кейін шегініп.
– Бикеш, сізден өтінемін, осы араға келуге мейірімділік еткеннен кейін енді сіз пікіріңізді ашығырақ айтсаңыз екен, – деп Валентен оған күлімсіреді.
– Түу, маңызды себеп болмаса, мен графиняның наразылығын туғызатындай қадамға еш уақытта да батылдық етпеген болар едім, неге десеңіз, менің сізге келіп, алдын ала ескерткенімді күндерде бір күні ол кісі біліп қалатын болса...
– Е, оған кім айтайын – деп тұр бұл туралы? – деді Рафаэль селт етіп.
– Дұрыс айтасыз, – деді әжі қыз күнге қарсы қараған жапалақтай көзін жыпылықтатып, бірақ өзіңіз туралы ойлаңыз, – деп тағы да айтты қыз, сізді шипалы судан тайдырғалы әрекеттеніп жүрген жас жігіттер сізді жекпе-жекке шақырып, атысуға серт байласты.
Алыста егде әйелдің айғайы естілді.
– Бикеш, рахмет сізге, – деді маркиз.
Әлдеқайда, тау арасында тағы да шарылдаған ханымының даусын есітіп, Рафаэльге жаны ашып келген жанаты байғұс дереу зытып берді. Бақытсыз қыз! Қасіреттілер бірін-бірі тез ұғынысып, әрқашан да жәрдемдеседі-ау, – деп ойлады да, Рафаэль ағаштың түбіне отыра кетті. Сұрау белгісі тылым атаулының кілті, бұл талассыз; көбінесе ұлы жаңалықтардың табылуы Қалаша деген сұрақтың арқасы, біз осыған борыштымыз. Тұрмыстағы даналықтың өзі сол, бәлкім, әлсін-әлсін: Неге – деп сұрай беру керек шығар. Бірақ, екінші жағынан әдейі айтылған бұл болжау біздің сезім алданышымызды күйретпекші. Сондай-ақ Валентен де, әжі қыздың мейірімділік қылығын философия тұрғысынан топшылауға алдын-ала ниеттенбесе де, өзінің шартарапқа шарқ ұрып қармаланған ой пікірлерінің талқысына сала келіп, мұнда зәрлі запыран мол екен – деп тапты. "Әжі қыздың маған ғашық болуында, – деді ол өз-өзіне, әдеттен тыс ештеңе жоқ; мен жиырма жеті жастамын, менің маркиздық мәртебем және екі жүз мың ливр табысым бар. Бірақ оның қамқоршысының, судан қорқуға келгенде мысықтан да жүрексіз осы бір мыстанның, әжі қызды менің қасымнан қайықпен алып өтуі, міне бұл ерсі, міне бұл таңырқарлық. Суырша Савойята ұйықтағалы келген осы екі әйел талтүсте: күн шықты ма – деп сұраушы еді; бүгін сағат сегіз болмай-ақ төсектерінен тұрып, көзжұмбайға салып, мені қуа жөнеліпті". Оның қиялында қырыққа таяған жастағы аңғырт әжі қыз лезде-ақ сұм және күнкілшіл зиялы қауымның тағы бір алуан түрлі өкіліне айналған сияқты, зұлым айлакерліктің, орашолақ қаскүнемдіктің, ұрғашылық немесе поптық ұсақшылдықтың тұлғасы болып алған секілді. Жекпе-жек әншейін ойдан шығарылған қулық па, әлде жұрт мұны шошытқысы келіп жүр ме? Арсыз, маса сияқты мазасыз осы саяз жан иелері оның өзімшілдік намысын ашындырып, тәкаппарлық сезімін оятты, ынтығын қоздырды. Олардың құрбандығы болғысы келмей, екінші жағынан, қорқақ атағын алғысы келмей, Рафаэль сол күні кешке-ақ курорт залына барды, сірә, осы кішкентай драма оған әжептәуір ермек болатын секілді. Камин пештің мәрмәр тақтасына сүйеніп, ол үлкен залда байсалмен қарап тұрды; ол ұрыссыз қолға түспеске мығым бел байлады, бірақ әркімнің ажарын құнттап зерттеді және өзінің осы сақтытымен-ақ белгілі дәрежеде қауымды күреске шақырғандай еді. Өзінің күшіне төбетше, жауларының жақын келуін тосып, сыр бермеді. Кешке қарай ол ойын залында кіре беріс есіктен бильярд бөлмесінің есігіне дейін ерсілі-қарсылы серуен– деп жүрді, оқтын-оқтын жас ойынпаздарға қарап қойды, біраздан соң әлдекім оның атын атады. Олар сыбырлап қана сөйлессе де, Рафаэль өзі жөнінде қандай да бір егестің болғаның оп-оңай түсіне қойды, ақырда дауыстап айтылған бірнеше сез жұрнақтарын құлағы шалып қалды:
– Сен бе?
– Иә, мен!
– Батылың бармас!
– Бәс тігісемін.
– Бола қойсын!
Егестің не туралы екенін білгісі келіп, шыдамы кеткен Валентен, әңгімені тыңдағалы жақындап келгенде, бильярд бөлмесінен ұзын бойлы, кең жауырынды, көркем кескінді, бірақ қандай да бір қалын қара күшке сенген адамша кезі ежірейген жігіт шыға келді.
– Ардақты тақсыр, – деді ол байсалды пішінмен Рафаэльге сөзін арнап, сізге бір нәрсе туралы хабарлау міндеті маған жүктелген еді, бұл жөнінде сіз, сірә, ешқандай сезіктенуден де аулақ көрінесіз: сіздің дидарыңыз және сіздің өзіңіз осындағылардың ешқайсысына, әсіресе маған ұнамайды... Көптің игілігі үшін өзіңізді құрбан етуге зейініңіз жетерліктей тәрбиелі кісісіз ғой, сондықтан мұнан былай курорт залына келмеуіңізді өтінемін.
– Ардақты тақсыр, империя тұсында көптеген гарнизондарда осылай – деп әзілдесетін, ал бүтінде бұлай деу нағыз көргенсіздік болады! – деп жауап қайырды Рафаэль ызғарлы үнмен.
– Мен қалжыңдап тұрғаным жоқ, – деп жігіт қарыса жауап берді. Қайталап айтамын: сіздің денсаулығыңызға бұдан мықты нұқсан келуі мүмкін: қапас ауа, күшті жарық, көп адам қауымы сіздің сырқатыңызға зиянды.
– Сіз медицинаны қайдан үйреніп едіңіз? – деп сұрады Рафаэль.
– Бакалавр дәрежесін Парижде, Лепаждың нысана ататын алаңында, доктор дәрежесін рапира королі Серазьеде алғанмын.
– Сіздің ақырғы дәреже алуыңыз ғана қалыпты, – деп Валентен шорт кесті: Сыпайылық заңын үйреніңіз, сонда сіз әбден ә – депті кісі боласыз.
Бұл кезде жас жігіттер, үнсіз ғана жымын-жымын етіп, бильярд бөлмесінен шыққан. Құмарпаздар карталарын тастап, сезімдерін елең еткізген жанжалға құныға құлақ түрді. Дұшпан қауымының ортасында жеке, өзі ғана қалған Рафаэль байсалдылық сақтап, әнтек ағаттыққа да жол бермеуге тырысты, бірақ дұшпаны төтенше кескір, зәрлі тілмен сүйектен өткізе қорлық бергеннен кейін Рафаэль сабырлы пішінмен тіл қатты:
– Ардақты тақсыр, біздің заманымызда жақтан шапалақпен тартып жіберу салты қолданылудан қалған, сондықтан сіздің құнсыздығыңызды масқаралайтын сөз менде болмай отыр.
– Жетер! Жетер! Ертең ұғынысарсыңдар, десіп жас жігіттер дабырласып, екі дұшпанды арашаласты.
Рафаэль жәбірлеуші жақ болып таңылды; шайқас Бордо қамалының маңында, жақында салынған жолдан онша алыс емес, таудың шөптесін бөктерінде өткізілетін болды, жеңген жаты жаңа жолмен Лионта сызып отыратын болуы көзделді. Рафаэльге төсекте жатудан немесе Экс суын тастап шығудан басқа жол қалған жоқ. Курорт қауымы мәз-мейрам болысты. Таңертеңгі сағат сегізде Рафаэльдің жауы қасына екі секундант пен хирургті ертіп атысатын жерге алдымен келді.
– Мұнда өте жақсы екен. Жекпе-жек үшін күн райы да тым тамаша, – деді ол жайдарылана, көк аспанның күмбезіне, келте, шындарға көз жіберіп; Бұл көзқараста құпия күмән да, уайым да байқалмады: Егер иығына тигізсем, құдай тобасы ішінде, бір айта төсекке сұлатып саламын ғой, – деді ол сөзін ұластыра, солай емес пе, доктор?
– Ең кемінде, – деп мақұлдады хирург. Тек сіз мынау ағашты жайына қалдырсаңыз екен, әйтпесе қолыңызды талдырып, қаруды тиісінше игере алмассыз. Жарақаттау орныңа, сіз оны өлтіріп қоюыңыз мүмкін.
Келе жатқан арба дүрсілі естілді.
– Мынау сол шығар, десті секунданттар, көп кешікпей төрт ат жегілген жеңіл арба да көрінді; аттарды екі айдаушы жүргізіп келеді екен.
– Неткен ғажайып жан! – деп Валентеннің дұшпаны айғайлап жіберді. Өлімге келе жатқанда да поштаның арбасымен келуін...
Ойындағы сияқты, жекпе-жекте де егестің немен тынарына тікелей құштар адамдардың қиялына әрбір болмашы, сорақы нәрселер де әсер етеді, сондықтан әлгі жас жігіт те арбаның келіп жетуін тынышсызданып күтуде еді, бірақ арба жол үстіне тоқтады. Арбаның үзеңгісінен ең алдымен қарт Иопафан әрең қарғып түсіп, Рафаэльдің арбадан түсуіне көмектесті; ол өзінің әлсіз қолдарымен оны қолтықтап, бейне бір ғашықтың сүйген жары жөніндегі қамқорлығынша, әрбір ұсақ-түйектер жөнінде де Рафаэльге зор қамқорлық білдіріп келе жатты. Екеуі де үлкен жолдан бұрылып, атыс болатын жерге келетін соқпақпен келе жатып, бір ауық көзден тасаланды: олар көптен соң ғана көрінді: өте баяу жүріп келе жатыр. Бұл ерсі көріністі көрген төрт адам қызметшісінің қолына сүйеніп келе жатқан Рафаэльді көргенде терең жүрек толқуын сезінді; басын үнсіз төмен салбыратып, аппақ боп жүдеген Рафаэль құяң болған адамдай ақырын аттап келеді екен. Мынау екеуі де: біреуін уақыт, екіншісін ой қаусатқан қарт адамдар екен – деп ойларлық; біріншісінің жас нобайын қырау шалған шаштары аңғартқандай да, жасырағы дерексіз жаста тәрізді.
– Ардақты тақсыр! Мен түні бойы ұйықтағаным жоқ, – деді Рафаэль өзінің дұшпаныңа.
Рафаэльдің ызғарлы сөздері мен жантүршігерлік көзқарасы атысты бастаған нағыз сойқаншыл сотқарды шошындырды, ол іштей өкіне де бастады, өзінен-өзі ұялды. Рафаэльдің өзін-өзі ұстауында, оның дауыс үнінде, қимыл қозғалыстарында әлденендей ғажайып бірдеңе бар секілденді. Рафаэль сөзді доғарып, үнсіз тұрған кезде бұл тыныштықты бұзуға ешкімнің батылдығы жеткен жоқ. Үрей мен шыдамсыздық ақырғы шегіне жетті.
– Ғафy өтінуіңізге әлі де кеш емес, – деп Рафаэль қайтадан сөз бастады.
– Кешірім сұраңыз, мәртебелі тақсыр, әйтепесе сіз өлесіз. Сіз өзіңіздің ептілігіңізден үміттенесіз ғой, жекпе-жектен бас тартқыңыз келмейді ғой, өзіңіздің артықшылығыңызға сенесіз ғой, сірә. Ендеше мінеки, мәртебелі тақсыр, мен рақымшылмын, сізге алдын ала ескертемін: басымдылық менің жағымда. Менде қаһарлы құдірет бар. Менің тілеуім-ақ мұң, сіздің ептілігіңіз жайына қалады, сіздің көзіңіз қарауытады, қолыңыз қалтырап, жүрегіңіз лүпіл– деп кетеді, бұл да аз: сіз өлесіз. Мен өзімнің күшімді қолданғым келмейді, ол маған тым қымбатқа түспек. Олай болғанда, өлетін жалғыз сіз ғана емес. Ал егер сіз менің алдымда тану өтінуден бас тартсаңыз, онда, кісі өлтіру сізге үйреншікті іс болғанмен, сіздің отыңыз мынау таудан аққан тасқынға "шолп" етеді де, менің оғым, тіпті көздемесем де, сіздің дәл жүрегіңізді тесіп өтеді.
Көмескі күңкіл Рафаэльдің сөзін бөліп жіберді. Осыны айтқанда ол тіктеп сүзіле қараған, мірдей өткір айқын көздерін дұшпанынан айырған жоқ; өз кеудесін кере, еңсесін көтеріп, тікірейігі алды, кескіні кесепатты тентектің келбетіндей бейтараптық пішінге айналды.
– Үнін өшірсінші анау, – деді жігіт секунданттарының біріне, оның үнінен менің іші-бауырым төңкеріліп кетті!
– Мәртебелі тақсыр, жетер! Сіз жел сөзіңізді бекерге шытын қыласыз! – деп дауыстады хирург пен куәлар Рафаэльге.
– Мырзалар, мен өз борышымды өтедім. Мына жігіт өзінің ақырғы ерік-тілегін жариялағаны теріс болмас.
– Жетер! Жетер!
Рафаэль өзінің дұшпаның, бір мезетке де көзден таса қылмай, қимылсыз қалшиып тұр; қарсыласы жыланның арбауына түскен торғайдай, сиқырлы күштің құдіретімен, тұралап, қозғала алмай қалды; өңменнен өткен бұл көзқарасқа бағынуға мәжбүр боп, тіктеп қараудан көзін тайдырса да, еріксіз қайтадан оның өктемдігіне көнуге мәжбүр болды.
– Маған су берші, су ішкім келді... – деді ол секундантына.
– Сен қорқып тұрсың ба?
– Иә, – деп жауап қайырды ол оның көздері оттай жанып, мені сиқырлап барады.
– Одан ғафу өтінгің келе ме?
– Оған кеш қалдық қой.
Дұшпандар бір-бірінен он бес қадам қашықтықта қарама-қарсы тұрғызылды. Әрқайсысында екі-екіден алтыатары бар, ағыстың шарты бойынша, қашан тілесе де, тек секунданттар белгі бергеннен кейін, олар екі рет атуға тиіс.
– Сен не істегелі тұрсың, Шарль? – деп Рафаэльдің қарсыласының жас секунданты айғай салды. Сен дәрі салмастан оқтағалы тұрсың ғой.
– Мен өлдім! – деді Шарль сыбырлап. Сендер мені күнге қарсы қаратып қойдыңдар...
– Күн сіздің ту сыртыңызда, – деді Валентен маңғаздана, салтанатты үнмен, және белгі бергеніне де, дұшпанның мейлінше құнттап көз– деп тұрғаныңа да назар салмастан, асықпай-саспай алты атарын оқтай берді.
Осы бір табиғаттан тыс сенімділікте қорқынышты бірдене бар еді, мұны тіпті ат айдаушылар да сезген, ысқаяқ қызық құмарлық оларды да осы араға алып келген-ді. Өзінің құдіретін ойын қылғандай ма, бәлкім, оны сынағалы тұр ма, Рафаэль Ионафанмен әңгімелесіп, жауының оғы астында өзінің қарт қызметшісіне қарап алжайып тұра берді. Шарльдің оты теректің бұтағын сындыра, орғыған бойы шолп етіп суға түсті, ал Рафаэль көздемей-ақ атып қалып еді, оның оты дұшпанның қақ жүрегіне барып сарт етті. Жігіттің шалқалай құлағаныңа да назар салмастан, Рафаэль өзі үшін ол адамның құны қаншаға түскенін тексергелі дереу шегірен былғарыны қалтасынан суырып алған. Бойтұмардан еменнің жапырағындай-ақ қалған екен. Сендер не қарап тұрсыңдар, делбешілер? Жүретін кез болды ғой! – деді Рафаэль. Сол күні кешкілік ол Францияға келіп, Оверньнің жолымен Мон Дор курортына тартты. Жолшыбай оған тұтқиылдан ой түсті, қалың бұлттың жыртыстары арасынан қараңғы алқапқа нұрын төккен күндей, мұндай ойлар кенет жарқ етеді ғой. Рақымсыз данышпандықтың қайғылы сәулелері. Мұндай ойлар іс өткеннен кейін, орындалған уақиғаларды жарқыратып, қателіктерімізді әшкерелейді, сондай кезде біз өзіміздің қылықтарымыздың бірде бірін кешіре алмаймыз. Құдіретті күшке ие болу, ол қаншама шексіз айбарлы болғанымен, өзін қалай пайдалануды үйретпейді екен – деп ойлады кенеттен Рафаэль. Патшалардың түрзісі балаға ойыншық, Ришельеге айбалта, ал Наполеон үшін оның өзі дүниенің астан-кестеңін шығаратын тұтқа. Өкімет билігі бізді әуелгі жаратылысымыздан өзгертпейді, сол қалпымызда қалдырады, ол тек ұлылар үшін ғана. Рафаэльдін құдіретінен келмейтін ештеңе жоқ еді, бірақ ол түк те бітірмеді. Мон-Дор суында да дәл сондай қауым екен, олар да өлексенің сасық иісінен безіп қашатын аңдарша, бұдан тайғақтап аулақтана берді. Бұл өшпенділік екі жаққа бірдей еді. Соңғы оқиға Рафаэльді қауымнан мүлде бездірді. Сондықтан ол ең алдымен жақын төңіректен оңаша пана іздеуге кірісті. Ол табиғатқа, жан сезімінің ақиқат тілетіне, жапан түзде көңілге жатымды тиетін өсімдіктер өміріне жақындасуды ішкі түйсігімен қажет етті. Келген күннің ертеңіне ол әрең дегенде Санси шыңына шығып, таулы алқаптарға, жат көлдерге, Мондора селендеріндегі лашықтарға көз жүгіртті; Бұлардың ызбарлы, тағы көрінісі суретшілерді де қызықтырғандай екен. Кейде мұнда аса сымбатты, тым соны, әсем жерлер де кездеседі, Бұлар томсарған таулардың тұнжыраған көрінісіне мүлде қиғаш, көріне қарама-қарсы, тіпті ұқсастығы жоқ. Деревнядан жарты мильдей қашықтықта Рафаэль осындай зейнетті жерге келіп шықты, мұнда ойнақы, жайдары табиғат, бейне бір нәрестеше өзінің қазыналарын жасырып тұрғаныңа рақаттанғандай еді. Осындағы, көрікті, сүйкімді, оңаша жерлерге орнығуға ұйғарды ол, мұнда өсімдіктің, ағашта өскен жемістің өміріңдей тыныш тіршілікпен күнелтуге болатын еді. Төңкерілген күмбезді көз алдыңызға елестетіңізші: іші қуыс, ернеуі алуан түрлі кертеш-кертеш кеспек секілді, жоғарғы жағы барған сайын кенейе. гранит күмбез; көгілдір қабырғалары теп-тегіс, өсімдіктері жоқ, жып-жылмағай, мұнда айнаның бетіне шағылысқандай, күн сәулелері сырғанап өтіп жатады, әне бір жерде шыңырау құздармен жапсарлас шыңдардың өркештері мұңартады, онда қалың омбы қардың мұз кесектері салбырап, жаңбыр суынан төмен қарай құлап кетуге әзір тұрғандай; шыңдардың өркештерінде кейде жел өтіне майысқан аласа ағаштар жайқалады; әр тұста салқын самалын жіберіп, қараңғы құздар қарауытады; Бұлардың жарқабақтарында самырсын ағашындай зәулім талшын діңгектерінің шоғыры шумақталған: қара бүлдіргенмен, гүл бәйшешектермен, көк шөпті көгал жолақпен әшекейленген қара-қошқыл көмейлерін аңырайтып, сұрғылт үңгірлер құз түбінде құлдырандайды. Тегінде, бір кезде жанар таудың өңеші болған бұл кесенің түбінде шағын қол бар; оның мөлдір суы гауһардай жарқырайды. Сәмбі тал және шаған аташтарымен, құзғын қылышы дейтін өсімдіктермен, дәл сол маусымда гүл шашқан көптеген хош иісті бәйшешектермен көмкерілген гранит жағалы бұл терең құбырдың төңірегінде, ағылшын бағындағы алаңқайдай, жасыл алап көлбейді; оның қылдырықтай нәзік, торғын шөптері жартастардың жарықшақ қуыстарынан сылдырап аққан бұлақтармен суарылады, биік шындардың басынан дауыл үнемі домалантып әкеп тұратын шірік өсімдік қордаларымен қоректендіріледі. Жібек көйлектің жиырмасындай бұдыр-бұдыр деңгейлі бүкіл қол шамамен айтқанда, үш арпан жер аумағын алып жатыр. Жартастардың суға тым төніп тұрғаныңа қарағанда, алаптың кендігі, сірә екі арпаннан артық болмаса керек, кей жерлері, сиырлар әрең өтетіндей қылбуыт. Белгілі биіктікке барғанда өсімдіктер ада болған. Көмескі сырға боялған граниттің таңғажайып тұрқы аспан аясында кереметтей кестеленген; осындай сыр-бедерлер биік тауларды ақша бұлттарға да біраз ұқсатқандай. Өсімдіктерден жұрдай, жалаңаш жартастар алқаптың мүләйім пішініне қаңырағандықтың тағы, бедеу бейнелерін, құт ұшырғыш құламаларын қарсы қоюда, бұлардың бітім тұлғалары сондай қызық, тіпті жартастардың бірі Капуцин – деп аталыпты, өйткені ол нағыз сопыға сондайлық айна-қатесіз ұқсастұғын. Кей-кейде бұл істік найзалар, өжеттікпен жапырласа топтасқан осы тас тобырлар, бұл ауа үңгірлері жарық сәулелерге көміліп, күндізгі арай атысына, ауаның құбылмалы кереметтеріне бағынып, біресе алтын айдар тағады, біресе от-жалынға малынады, біресе ал қызылға безеліп, біресе сұрғылт күңгірттікке шомылады. Тау шыңдарының өзі көк кептердің мойын жүніндегі бояулардай, шұғыланың алуан түрде құлпыратын түстеріне ұқсас мәңгі бақи құбылмалы көріністердің тұлғасы. Таң қылаңында немесе күн батарда алтын арайдың жалын нұры қасат мұздың бейне бір балтамен шабылғандай тіп-тік жарылған екі қыртысының арасынан жорғалап, осы әшекейлі қобдишаның түбін жалап, су құбырының бетінде, бейне бір, түскі тыныс кезінде құнттап бекітілген испан үйінің әйнек қақпағының саңылауынан сығалаған алтын сәуледей асыр салады. Топан тасқыныңа дейінгі қандай да бір төңкеріс суға толтырған осы ежелгі өңештің үстінен күн биік көтерілгенде, шаңқай түстің шағында оның тас бүйірлері қызады да, кәрі жанар тау қайта тұтанып, өрт шалғандай болады, жылы да жас өркендер тезірек оянып, өсімдіктер ұрықтанады, гүлдер шашақтанып, осы меңіреу, мәлімсіз түкпірде жемістер өседі. Рафаэль осы түкпірге қаңғып кеп қалды да, алапта сиырлар жайылып жүргенін байқады; көлге қарай бірнеше қадам аттағаннан кейін, жер танабы кеңейіңкіреген тұста граниттен салынған, ағаш төбелі қарапайым үйді көрді. Жер жағдайына жарасымды етіп әдеттен тыс салынған лашықтың шағыры мүк, шырмауық гүлдермен безелген; осылар оның ежелгі көне үй екенін де әйгілеп тұрғандай. Жартылай қираған мұржадан құстарды да үркіте алмастай нәзік түтін қылауы ирелең– деп көрінеді. Есікке таяу, гүл шашқан, хош иісі аңқыған бір түп қызғылт тал мен шеңгелдің үлкен екі шоғырының арасында ұзын орындық тұр. Бостандықта емін-еркін өскен жүзім қозалары мен алқызыл, сарғылт райхан гүлдерінің сабақтары үйдің қабырғасын түгелдей жауып тұр. Сірә, үйдің нелері село сәулетінің бұл зейнетіне назар салмайтын, оларды қадағаламайтын сияқты, табиғаттың өз тіршілігімен, қыздай көріктілікте еркін өркендеуіне ықтияр берген тәрізді. Қарақат жидегінің бұтасына күн көзіне кір жайылған. Кендір қағатын тарақтың үстіне мысық та келіп жайласыпты, оның астында картоп қабықтарының арасында жаңа ғана тазартылған мыс қазан жылтырайды. Рафаэль үйдің арғы қабатында қураған қалақайдан тоқылған шетенді көрді, ол, сірә, бау-бақшаны тауықтардан қорғау үшін қойылса керек. Дүниенің ақыр-аяғы осы ара тәрізді. Тұрғын үй шыңдарға шеберлік жапсырылған құс ұялары секілді: әрқайсысында өзінше тапқырлықтың, сонымен қатар әлде бір асығыс салақтықтың ізі бар сияқты. Бұл енді әрі аңқау, әрі мүсіркегіш, шын мәнісінде жабайы, өзіндік поэзиясы бар табиғаттың өзі еді, неге десеңіз ол біздің тілмен жалап, қолмен жылтыратқан поэзиямыздан мың лье қашықтықта өздігінен гүлденіп, ешқандай жоба-жоспарға бағынбаған, табиғилықтың шынайы салтанаты ретінде кесек туған дүние. Рафаэль жақындап келгенде күннің сәулесі он жағынан түсіп тұр, ан-ды, сондықтан өсімдік атаулының бәрі барлық безектерімен, бояуларымен сәндене жарқырап тұр еді: сиқырлы жарық сәуленің толқымасындағы көленке таңбалары, сұрғылт сары жартастар, алуан-алуан сарындағы жапырақтардың жасыл бояуы, көк, қызыл ақ гүлдердің түкті кілемнің түріндей құбылыстары, жорғалауық өсімдіктер, олардың мүк барқыттай құлпырған тақиялары, арғыс ағашының шымқай қызыл шоқтары, әсіресе гранит шыңдар, ағаштар, үй, аспан шұғылалары айнадағыдай шатылысқан; судың кең жалқын айдыны бәрі ап-ашық суреттегідей. Бұл ғажайып көріністе жарқырауық слюдадан бастап, жұмсақ жарық көлеңкесіне жасырынған селеу шөптің будасына дейін әр заттың өзінің топ сұлулығы бар. Бәрі де: жүні жылтыраған ала сиыр да, үстінде көгілжім, меруерт жәндіктер ызыңдап ұшқан, шұқыршаны шашақтай көмкерген талдырмаш су гүлдері де; жалаңаш тастардың ұмар-жұмар үймектерінің шоқысында, қылаң-сұрғылт бұйра айдарға ұқсап тарамданған ағаш тамырлары да өздерінің жарасымдылығымен көзді қуандырып тұр. Судың, гүлдердің, үңгірлердің осы бір оқшау пананы жұтындырып тұрған жылы иістерінен Рафаэльде әлденендей ләззат құмарлық түйсіну пайда болды. Алым-салық жинаушының тізіміне әлде қалай ілінбей қалған бұл тоғайшадағы салтанатты тыныштықты екі иттің үргені ғана кенеттен бұзып жіберді. Сиырлар бастарын алқапқа қарай бұрып, өздерінің жұмсақ тұмсықтарын Рафаэльге көрсеткендей, оған тұйық қана көз тастап, өздерінің шөптерін жұлмалай берді. Әлдеқандай бір сиқырдың күшімен жартасқа асылып қалғандай ешкі мен лақ жоғарыдан қарғып түсіп, Рафаэльге жақын маңдағы гранит алаңқайға жүгіріп келіп тоқтады да, сұрақтары бардай, оған қарай қалысты. Иттің абалағаның есітіп, үйден бір семізше бала жүгіре шықты да, аузын ашқан күйінде қалшиып тұрып қалды. Содан кейін орта бойлы ақ сақалды қарт шықты. Осы екі жан иесінің екеуі де айналадағы көрініске, ауа мен гүлдерге, үйлерге сондай сай, жарастықты еді. Гүлге малтыққан табиғат ортасында сәләматтық дегеніңіз асып төгілгендей: кәрілік те, балалық шақ та мұнда тамаша зейнетті. Қысқасы, мұндағы жаниелерінің барлық түрлерінен баяғы ескі замандағы еркіншіліктің лебі ескендей, біздің сопылық аяр пәлсәпамыздың бүкіл суайттығын әшкерелейтін, жүректі оның даурықпалы құштарлықтарынан тазартып емдейтін дағдылы бақыттың лебі еді бұл әлгі қарт ер жүрек суретші Шиецтің қылқаламына сұранып тұрғандай: күнге тотыққан әжімдерінің айқыш-ұшқыш сызықтары қолға қатқыл көрінетіндей: қыр мұрын, шықшыттары шығыңқы; екі жақ самайында ескі жүзім жапырағындағыдай қызғылт тамырлар білеуленіп көрінеді; бет-әлпеті тұрпайылау, күш-қуаты әлдеқашан сарқылса да, қапсатай денесінде қайраттың барлық нышандары бар; жұмыс істемесе де, алақанының қалың мүйізі әлі кете қоймаған: қарт шын мәнісіндегі азат адамша өзін еркін ұстайды; тіпті әрілесең, Италияда ол баға жетпес бостандықты көксеп, тіпті қарақшы болып кетер ме еді – деп те ойларлық. Нағыз тауда өскен тағы баланың көздері қап-қара кірпік қақпай күнге тік қарайды жүзі күп-күрең, қоңырқай шаштары дударланған; ал оңтайлы, өжет қозғалыстары табиғи, құстың қимылдары іспетті; үстіне киген киімі шоқпыт, уылжыған ақ тәні шоқпыттың әр саңылауынан жылт-жылт етеді. Екеуі де ортақ бір сезім билегендей, үндеместен қатар тұр. Олардың көзқарастары да екеуінің алаңсыз біркелкі тіршіліктерінің айырғысыз тұтастығын білдіргендей. Әлсіздіктің екі түрі арасындағы, сарқылып бара жатқан күш пен өркен– деп келе жатқан күштің арасындағы ерекше келісім бойынша қарт өзіне мына баланың ойындарын алып, ал бала өзінің қарт бабасының құштарлық мінездерін игергендей. Аздан соң табалдырықта отыз жастар шамасындағы бір әйел көрінді. Ол сол жүрген күйінде жіп иіріп келеді. Қара қошқыл, жайдары жүзді, тістері аппақ бұл әйел нағыз оверннің өз түлегі: кескіні де, дене бітімі де, киімі де, шаш түюі де, толықша келген кеудесі де, сөз саптауы да нағыз оверн әйелдерінің қалпы; еңбек сүйгіштігі, надандығы, ұқыптылығы, дүние қорлығы; қысқасы, бүкіл кейпі өз елінің жанды тұлғасын бейнелеп тұр. Ол Рафаэльге бас изеп амандасты; әңгіме басталды. Иттер тынышталды, қарт күннің шуағына қарай, отыртышқа отырды, сәби өз шешесін өкшелеп, қыр соңынан қалмай, әңгімеге үнсіз құлақ түріп, жат адамнан көз айырмай, жаутаңдай берді.
– Сіздер мұнда тұруға қорықпайсыздар ма, шырағым?
– Неден қорқамыз? Есікті мықтап бекітсек, мұнда кім кіре алады? Жоқ, біз ештеңеден де қорықпаймыз. Дұрысын айтқанда, – деп әйел үйінің үлкен бөлмесіне қарай маркизді сыпайы түрде шақырды: ұрылар біздің немізді алады?
Ол қолын айнала сермеп, ыс басқан қабырғаларды нұсқады: көкшіл, қызыл жасыл бояулармен сырланған "Қарыздың ажалы", "Айса пайғамбардың құмарлығы", "Император гвардиясының гpeнaдepлepі,, секілді суреттер бұл қабырғалардағы бірден-бір зейнет осы ғана; бұдан басқа, бөлме ішінде жаңғақ ағашынан жасалған ескі кереует, сирақтары әрмелі үстел, орындық, ашытқы, төбеде ілулі шошқа майы, құмырада тұз, пеш және ошақ шәрлігінде сарғайған әшекейлі гипс тұлғалар көрінеді. Үйден шыққан кезде, Рафаэль қолында кетпені бар жартастар арасынан еңкейіп өз үйіне таңдана қарап тұрған еркекті көрді.
– Үйдің иесі, – деді әйел; ернінің емеурінінде шаруа әйелдердің жымиған дағдылы күлкісі білінді. Жұмыс істеп жатыр.
– Ал, қария ше, сіздің әкеңіз бе?
– Ғапу етіңіз, бұл кісі еріміздің бабасы. Көріп тұрсыз ғой, жүз де екі жаста. Солай бола тұрса да, ол жақында біздің баланы Клермонға жаяу ертіп апарып келді. Бұрын палуан болған, бұл күнде тек ұйқыны, ішіп-жеуді ғана біледі. Көбінесе баламен ойнап, әуреленіп жүргені, кейде сәбиіміз оны тау арасына да ертіп әкетеді, шалға ештеме ететін емес, жүре береді.
Валентен сол арада-ақ қартпен, баламен бірге тұруға, олардың ауасымен тыныс алуға, олардың жеген нандарын жеп, ішкен суларын ішуге, солармен бірге ұйықтауға, олардың қанымен өзінің тамырларына толтыруға бел байлады. Ажалдың аласұруы да! Осы жартастардың ұлуы болу, өзінің қауашағын бірнеше күнге ұзарту, ажалдың жақындауын неғұрлым сездірмеу міне оның ой-ниетінің негізі, адам болмысының бірден-бір дұрыс қағидасы, тұжырымы осы болды; өмірдің тамаша кемеліне келтірілген, арманыңа жеткен рақаты, бірден-бір дұрыс тұрмыс, нағыз өмір ол үшін осы болды. Санасына сіңген өзімшілдік ой оның жаратылысының асылына айналып, бүкіл әлемді жұтып жіберді. Оның ойынша, әлем енді жоқ, бүкіл әлем оның бір өзінде ғана тоғысып тұрғандай көрінді оған. Сырқат адамдар үшін дүние оның төсегінің бас жағында басталып, аяғының ұшында бітетін болса керек. Осынау аңғар Рафаэльдің жатағына айналды. Қыбыр-қыбыр тіршілік үстіндегі құмырсқаны кім көрмеді, ақ шабдар ұлудың тыныс аларлық жалғыз тесігіне кім шөп тығып көрмеді дейсің. Жіп-жіңішке инеліктің қалтылдап ұшқаның кім қызықтамады; емен жапырақтарының қызғылт түсіндегі, бейне бір готика стилімен салынған күмбезді, әсем шіркеудің әйнегіндей, айқын бедерлі тамыр-тарамыстарға кім сүйсінбеді? Шатырдың қыш төбесінде жаңбыр мен күн көзінің ойының ұзақ уақыт, рақаттанып кім бақыламады; суының шық тамшыларын, гүл күнтелерінің күн нұрын сіміріп, құлпыра ашылғаның көз айырмай қарай отырып, кімдер ой түбіне үңілмеді дейсіз? Сырт қарағанда бейқам және мақсатсыз көрініп, солай бола тұрса да нақты бір ой туғызарлық осынау заттық қиялдарға кім сүңгімеді? Ең ақырда, сәби өмірімен жалқау тіршілікпен, еңбекті есептемегенде жабайы, тағы адамның өмірімен кім тіршілік етпеді? Рафаэль бірнеше күн осылай қамсыз, армапсыз, тілексіз күндер өткізді, өзінің денсаулығы анағұрлым жақсара түскенін сезді, әдеттен тыс рақатты басынан кешірді, осының өзі оның үрейін басып, азап-жапа шегуін жеңілдетті. Ол жартасқа шығып, қайдағы бір шыңдарға көтеріліп, алысқа-алысқа көз тігіп отырар еді. Күн нұрынан нәр алған өсімдіктей, апанына тығылған қояндай, ол сонда күннің күні бойы отыратын болды. Өсімдіктер өмірінің құбылыстарымен, аспанда болып жатқан өзгерістермен етене ағайындасып, жердегі, судағы, ауадағы болып жатқан барлық құбылыстардың өршуін, өркендеуін бақылады. Ол табиғаттың ішкі қимыл, қозғалыстарын аңғаруға әректтенді, әрі қорғаушы, ішкі болмысты басқарушы заңға берілу үшін табиғаттың самарқау бағыныштылығымен неғұрлым толық қабысуға әрекеттенді. Ол өзінен-өзі арылуға тырысты. Ежелгі замандарда әділ заңның тергеуі қудалаған қылмыскерлер шіркеудің саясында паналап, жан сақтайды екен, Рафаэль де солар сияқты өмірдің қасиетті құттыханасына енуге әрекеттенді. Ол осыған жетті де, осы ұлан-байтақ қуатты гүлденістің құрамды бөлегі болып алды; ол ауа райының өзгерістеріне дағдыланды, жартастардың құздарын аралады, барлық өсімдіктердің мінездері мен тіршілік әуендерін зерттеп үйренді, сулардың қайдан пайда болып, қайда ататының біліп алды, барлық жануарлармен танысты; ақырда, тіршіліктің жер-анамен үйлескені сондай, кейбір дәрежеде оның жаның ұғынып, құпия сырларын түсінгендей болды. Табиғаттың барлық патшалықтарының ұшы-қиырсыз формалары ол үшін бәз баяғы бір тектің өршуі, бәз баяғы бір қозғалыстың әр алуан қабысуы; әрекет етіп, ой түйіп, қимыл жасап, өсіп-өніп отырған бір шексіз жан иесінің алып тынысы болып табылды; ол да солармен бірге өскісі, қозғалғысы, пікірлескісі, әрекет еткісі келді. Ол өзінің өмірін жартастың өміріне кереметтей жанастырып, сонымен тұтаса өсіп, біте қайнасты. Жабырқау көңіліндегі осындай бір құпия сырлы шырайдың жарқ етері арқасында, табиғаттың сырқатты саябырлату ретінде сыйлайтын маужыраған ұйқысына ұқсас осы бір жорамал сақаю арқасында Валентен бұл қуанышты табиғаттың ортасында болуының алғашқы кезінде екінші рет балалық шағының рақатына бөленді. Ол күннің күні бойы қандай да бірер гүлді іздестіріп, әуреленетін, мыңдаған істі бастап, бірде-бірін аяқтамайтын, кешегі жоспарларын ертеңгісін ұмытып қалатын; қандай да қам-қайғы атаулыдан аулақ болғандықтан, ол бақыттымын – деп ойлады, сауығармын ғой – деп үміттенді. Бір күні ол төсекте түске дейін жатты, он мен ұйқыдан тоқылған қиялшылдыққа, шындықты қияли түрге, қиялды болмыстың көріністеріне айналдыратын қиялшылдыққа шомылып жатты; кенеттен ол тұңғыш рет өзінің сау-сәләматтығы туралы есепті есітті; күн сайын Рафаэльдің көңілін сұрай келетін Ионафанта үй иесі әйел оның сырқатының жайы туралы есеп беріп тұр екен. Оверндік әйел, әрине. Валентен ұйықтап жатыр ғой – деп ойлап өзінін бар даусымен тауды мекендеген таты адамның дабырлақ даусымен қатты сөйлеп тұр еді. Тәуір де емес, нашар да емес, – деді ол. Түнде тағы да жөтелді, тіпті бар ғой, жантәсілім егер ме екен – деп те ойлап қалдым. Мейірімді мырзамыз жөтеліп, қақырғанда тіпті аянышты-ақ. Сонша жөтелетіндей күш қайдан шығады екен – деп қожайыным екеуміз таңғаламыз. Тіпті бар ғой, жүрегіміз жарыла жаздайды. Не қылған қарғыс атқан дерт еді Бұл! Жоқ, байғұстың халі нашар. Таңертеңгілік төсекте өліп жатқанының үстінен шықпасақ игі еді – деп, үнемі зәреміз жоқ. Балауыздан жасалған Айса пайғамбардың сүлесіндей аппақ! Төсектен тұрғанымда ылғи көріп жүремін, қандай арық бейшара, құр қу сүйек! Байғұс, өзі ештеңені де сезбейді. Оған бәрібір, екі адамға әлі жететін, денсаулығы мығым кісідей-ақ жүріс-тұрысқа, жүгіріске күшін сарп етіп жүргені. Мейлінше қунақы болуға тырысады, сыр білдіргісі келмейді! Ал, шының айтқанда, оған алапта сейіл құрғаннан гөрі қара жердің қойныңда жатқаны артығырақ болар еді, айқышқа шегеленген жаратушымыз сияқты, ауыр азап шегуде, байғұс! Әрине, бізге оған жамандық тілемейміз, бізге одан пайда жоқ. Ол бізге осынша сый-сияпат көрсетпесе де, біз оған ықыласымызды кемітпес едік, біз одан бір олжа табайық деп ұстап отырғанымыз жоқ. Алда тәңірі-ай, тек Париждің адамдарында ғана болады осындай сұрапыл сырқат! Қайдан ғана соған душар болады екен солар? Сорлы жігіт! Сірә, мұның аяғы жақсылыққа соқпас! Апырмай, безгек деген пәле болды соған, тіпті сілесін құртып, қуратып, үңгіп барады! Ал, байғұстың өзі ештеңе де ойламайды, ештеңеден де сезіктенбейді. Ештеңені де байқамайды... Қойыңыз, жылаудың керегі жоқ, Ионафан мырза! Осы азаптан құтылса, құдайға шүкіршілік айту керек. Сіз оның сәләматтығы үшін тоғыз бас дұға оқытыңыз. Тоғыз бас дұғадан тәуір болғанның талайын көргенмін. Мен де шырақ жағар едім, осындай сүйкімді жаралған жанды, осы осындай мейірімді кісіні, басқаның осындай сүйкімді қошақаның аман сақтап қалсақ екен... Рафаэльдің даусы әлсірегені сондай, ол тіпті айғайлай да алмады, зәре кетіргіш сандырақты тыңдап жата беруге мәжбүр болды. Алайда, сабырсыздық оны төсектен тұрғызды, ол табалдырыққа келді де, Ионафанға ақырып жіберді:
– Кәрі доңыз! Сен немене, маған жендет болғың келе ме?
–Үй қожасы әйел мынаны аруақ екен – деп қорқып, қаша жөнелді.
– Ендігәрі менің көңілімді сұраушы болма, – деді Рафаэль.
– Құп болады, маркиз мырза, – деп жауап қайырды қарт қызметші көз жасын сүртіп.
– Мұнан былай, бұйрықсыз құл араға әсте келмейтін болсаң, маған істеген жақсылығың сол болсын.
Ионафан бағынды, бірақ кетерінде маркизге шын берілгендік, жаны ашығандық көзбен аянышты қарағаны сонша, Рафаэль бұл көзқарасты өзіне оқылған өлім жазасы – деп ұқты. Енді істің шынайы жағдайына айқын көзі жетіп, ол бірден-ақ жасып қалды: табалдырыққа отыра кетіп, қолдарын кеудесіне айқастырып, басын төмен салбыратып мүлгіп қалды. Ионафан шошынып, мырзасының қасына жетіп келді.
– Тақсыр...
– Жоғал! Жоғал! Науқас қатты қиналып айқайлады.
Келесі күні таңертең Рафаэль жартасқа мініп, оның мүк өскен қуысында отырды; осы арадан жіңішке соқпақ, соны бойлай, Рафаэль мекен еткен үйге қарай жүйткіген жылға көрініп тұрушы еді. Төменде ол тағы да оверндік әйелмен әңгімелесіп тұрған Ионафанды көзі шалды. Оның сезімтал санасы оған анау әйелдің басын шайқауының, қолдарын үмітсіздікпен сермеуінің, қазымыр аңқаулығының мәнісін лезде аңғартып, маужыраған тыныштықта баяу желдің жұмсақ лебі қатерлі сөздерді жеткізді. Үрейі ұшқан Рафаэль ең биік шыңдардан пана іздей бастады. Жұрттың бұған жан ашығандық білдіруінің өзі қатал шаншу боп жабысты да, бақытсыздығына қарай, осының салдарынан туған қапалы ойлардан арылуға шамасы келмей, шыңның ұшар басында кешке дейін отырды. Кенеттен оверндік әйелдің өзі мұның алдына кешкі ымырттағы көлеңкедей жылысып келіп қалды; қиялдың ұшқыр шабыты ақ жолақ қара ала көйлек киген әйелді оның көз алдына өліктің қабырғаларын ырсаған қаңқасы етіп елестетті.
– Жерге шық түсіп қалды, тақсыр, – деді әйел. Енді отыра берсеңіз, қиын болар, үйге қайтатын уақыт болды. Шықтың ылғалды дымымен дем алу өте зиянды, оның үстіне, таңертеңнен бері сіз тамақ татқан жоқсыз ғой.
– Қарғыс атқыр? – деп Рафаэль айқай салды. Мазамды алмаңыз, көрі сиқыршы, әйтпесе мен кетермін де қалармын! Маған күн сайын таңертең көр қазатыныңыз да жетер, тым болмаса кешкітұрым қазбасаңызшы...
– Көр дейсіз бе, тақсыр? Сізге көр қазу ма?.. Кәнеки қайда сіздің ол көріңіз? Сізге қабір қазбақ түгіл, біздің бабайдың жасындай өмір сүруіңізге шын ықыластан тілектеспін мен. Қабірі несі? Көрге кіруге ешқайсымыз да кеш қалмаспыз!..
– Жетер! – деді Рафаэль.
– Менің қолыма таяныңыз, тақсыр!
– Жоқ!
Аяныш міне осы сезім ғой адамның өте-мөте қиналып, көңілге ауыр алатын нәрсесі, осы, әсіресе сондай аянышты күйдегі адамдар өте-мөте ауыр алады. Жеккөрушілік, өшпенділік қуат бітіретін құрал, өмірге мағына беретін де сол, өшпенділік кісіні кек алуға рухтандырады, ал жанашырлық адамды өлтіреді, біздің әлсіздігімізді онан бетер үдете түседі. Бұл ұрланып кіретін қысастық, бұл наздықты бүркенген жиіркеніш немесе намысқа тиетін наздық. Жүз жастағы қарияның жанашырлығы масайраған сезім, сәбидікі қызықтау, әйелдікі мазасыздық, оның күйеуінікі пайдакүнем жанашырлық – деп есептеді Рафаэль, бірақ бұл сезім қандай түрде білінсе де, үнемі өлімнің хабаршысы. Ақын нені болса да өлең етеді, қандай бейне, қандай кейіп оның қиялын шарықтатса, соған қарай не күйрек, не жайдары өлең шығарады; ақынның шабытты жаны жарым-жартылықты серпіп тастап, қашан да болса жарқын, айқын суреттерді, қою бояуды талғайды. Аяныш Рафаэльдің жүрегінде қасірет пен мұңның сұрапыл поэзиясын туғызды. Табиғатқа жанасқысы келгенде табиғи сезімдердің ашық, бұлтарыссыз болатының ескермеп еді ол Жападан жалғызбын ғой – деп ойлап, түбір үстінде отырған шақта қыр соңынан қалмайтын содырлы жөтел буындырып, кескілескен арпалыста осы жөтелден соққы жеп шығатын Рафаэль кенеттен, шөп арасына жасырынған тағыдай, бұған қызықтай қарап сығалап жатқан баланың уытты өткір көздерін байқап қалатын, баланың бұл қызықтап қараған көзінде көңілдің меселі қанша болса, онда соншалық мысқылшыл сықақ та бар тәрізді еді, сонымен бір бұл көзге сезімсіздікпен ұштасқан тағы бірдеңе бар секілді көрінген. Траппистердің: Бауырым, өлер шағың жетті ғой, дейтін қаһарлы сөздері Рафаэльмен бірге тіршілік еткен шаруалардың көздерінде жазулы тұрғандай көрінді оған; ол неден қорқарын білмеді: олардың аңғырт сөздерінен бе, әлде үнсіздігінен бе, солардың қайсы қауіптірек; солардың бәрінен де зәре-зап. Бір күні таңертең ол қара киімді әлдеқандай екі адамның төңіректеп жүргенін, мұны бақылап, аңдып, ұрланып қана көз қырларын салып жүргенін байқап қалды; олар серуендегелі келгенсіп, оған жайшылықта айтыла беретін жалпылама сұрақтар қойды, Рафаэль қысқаша ғана жауап қайырды. Бұлар курорттың дәрігері мен священнигі екенін аңғарды ол, сірә, оларды Ионафан жіберген болуға тиіс немесе осы үйдің қожалары шақыртқан болулары керек, бәлкім, жақындаған өлім иісін сезіп, өздері келген болулары да мүмкін. Ол қазірде-ақ өзінің жерленуін көз алдына келтірді, священниктердің дұғаларын тыңдағандай болды, қанша шырақ жағылатының да есептеп қойды; өзінің сөніп бара жатқан күштерін сәулетті табиғаттың құшағында қайта тірілтем бе – деп үміттеніп келген Рафаэль енді бұл сәулетті табиғатқа азалы торкөз арқылы қарайтындай. Бір кезде оған ұзақ өмір сүруді дәмелендіргеннің бәрі де қазірде оның тез арада өлетіндігіне сәуегейлік құрғандай. Келесі күні ұзатып салған қожайындарының қайғылы, жанашығандық-аяушылық тілектерін барынша тыңдап болып, Рафаэль Парижге жүріп кетті. Түні бойы жолда жүріп келіп Рафаэль Бурбоненің ең көңілді алқаптарының бірінде оянды; алқаптағы поселкелер мен көріністер түсте көрген көмескі бейнелердей оның көз алдынан жүйткіп өте берді. Табиғат ысқаяқ ойымпаздығымен өзін оның алдында көрмеге қойғандай. Біресе Альс өзені алыста мұнартқан әсем алқапта өзінің ағысты арнасын иреңдетті, біресе қоқыр жартастардың құздарына бұғып жасырынған кішкентай деревня шіркеулерінің күмбездерін шошайтты, кейде үнемі біркелкі суретті жүзім бақтарынан кейін ойпатта диірмендер көрініп, сәнді-салтанатты сарайлар, тау бөктерлеріне жабысқан селолар, жиектеріне зәулім теректер өскен жолдар сағымдай бұлдырап қала берді; ақырда алтын аралас құм арасында Луараның ақабасыз айдыны, гауһардай ұшқын шашқан айнасы жарқырады. Ынтықтырарлық қызықтардың ұшы-қиыры жоқ! Жан бітіп, делебесі қозған, нәрестедей жайдары, тамылжыған табиғат шілдедегі шабыт құмарлығын, нәпсі уызын әрең тежеп, сырқаттың сөніп бара жатқан көз жанарын күйгі көңілмен өзіне еріксіз үңілдірді. Рафаэль күймелі арбасының перделерін түсіріп, қайтадан ұйқыға кірісті. Кешке жақын, Кон қаласы әлдеқайда алыста кейін қалған кезде, көңілді музыка оны оятып жіберді, көз алдында деревня халқының мереке думаны жайраң қақты. Пошта станциясы дәл алаңның жаныңда еді. Аттарды доғарып, көлік ауыстырып жеккенше Рафаэль би билеп, сауық құрған халықты көрді, шекелеріне гүл бәйшешек қадаған сымбатты қыздарға, денелі, сергек көңілді жастарға, шарапқа қызып алған қарттардың қызғылт әндеріне қызыға қарап тұрды. Балалар асыр салып, кемпірлер өзара әңгімелесіп күлісуде еді. Бәрінін де үндері ашық; тіпті олардың киімдері мен аланда тізілген үстелдерді де қуаныш сәндендіргендей. Алаң мен шіркеу мерекелік сәулетке енген; ен артысы, үйлердің шатырларының әйнектерінен, есіктерінен де бақыттың лебі ескен тәрізді. Өлім қармағына ілінген адамдардың қай-қайсысына да, әдеттен тыс думан дырду жек көрінішті болатыны сияқты, Рафаэль де томсарулы, қайғылы ah ұрудан арыла алмады, скрипкалардың үнін өшірту, жүріс-тұрысты тоқтатып, дауыстарды тұншықтыру, осы арсыз мерекені тарқаттыру тілегін тұқырта алмады. Жүретін зор күйініш кернеп, күймелі арбасына мінді. Алаңға қайтадан көз жіберіп еді, мерекені, қызық думанды әлдекім үркітіп жібергенін, шаруа әйелдерінің қашып бара жатқаның, отырғыштардың қаңырап қалғаның көрді. Оркестрте арналған мінбеде тек соқыр музыкант қана сыбызғыда би күйін төгілтіп тұр екен. Билеушілері жоқ бұл музыка, осы бір көлденен кескіні затын, үсті-басы шоқпыт, шаштары дударланып, жөке ағашының түбінде тұрған жалғыз шал, бейне бір Рафаэльдің тілектерінің фантастикалық жанды кейпі іспетті. Кенеттен жаңбыр жауды, электр қуаты кернеген бұлттардан қатты нөсерлеп, кілт толастайтын нағыз шілденің тасқынды жаңбыры төкті. Мұның өзі сондай табиғи еді, Рафаэль аспанда ақшыл бұлттарды құйын қуып бара жатқаныңа қарады да, шегірен былғарыны тексеруді ойлаған да жоқ. Ол күймелі арбасының бұрышына қарай шалқая жантайды, енді біраздан соң күймелі арба жолға түсіп, тағы даңғырлай жөнелді. Келесі күні ол өзінің үйінде, өз бөлмесінде әшекейлі камин жаныңда отыр екен. Аза бойы қалшылдап тоңғандықтан пешті лаулата жағыңдар – деп қызметшілеріне өмір еткен. Ионафан хаттарды әкелді. Бәрі де Полинаның хаттары екен. Рафаэль конвертті асықпай ашып, хаттың біріншісін, бейне бір салық жинаушыдан келген кәдімгі хабарландыру қағазынша, жайып тастап, бас жағын оқи бастады; "Кетіп қалыпсың! Мұның қашқандық қой, Рафаэль... Бұл қалай? Сенің қайда екеніңді маған ешкім де айта алмады. Енді мен білмегенде, басқа кім біле алады?" Одан әpі қарай оқығысы келмей, хаттарды сұлық қана алып пешке лақтырды, күңгірт, жансыз көзқараспеп аласұрған оттың әтір себілген қағазды қалай жұмарлағаның от құшағындағы қағаздың қалай сіресіп, қалай жиырылғаның, қалай бөлшектеліп күл болғанын қарап отырды. Күл ішінде қағаздың жұрнақтары шыр көбелек иірілді, кей сөздердің басын, жеке сөздерді, жартылай жанған ойларды әлі де оқуға болатын еді, Рафаэль өзі де сезбей, осымен әуестенді. "Сенің есігіңнің жаныңда отырдым... күттім... Еркелік... бағынамын... күндестер... мен жоқ! Сенің Полинаң... сүйеді... Демек, енді Полина жоқ қой? Егер сенің мені тастап кеткің келсе, бұлай қалдырып кетпеген болар едің... Мәңгілік махаббат... Өлу..." Бұл сөздер Рафаэльдің ожданың оятты, дереу қысқашты ала салып, хаттың ақырғы жұрнағын оттан құтқарды. "Мен назаландым, – деп жазыпты Полина, бірақ ренжігенім жоқ, Рафаэль! Менен ажырап кеткенде, сөз жоқ, сен қандай да бір қайғыңды менен жасырмақ болдың ғой. Күндерде бір күні, бәлкім, сен мені өлтірерсің де, бірақ мені мұнша қайғы-қасіретке, азапқа саларлықтай емес едің ғой сен, тым мейірімді едің ғой. Ендеше кетпесеңші ендігәрі. Есіңде болсын: мен қандай азапқа болса да көнемін төземін, тек сенің ғана қасында болсам екен. Маған сен артқан қайғы салмағы қасірет емес, менің жүрегімде саған көрсеткенімнен анағұрлым артық махаббат сақтаулы. Мен бәріне де шыдаймын, тек сенен алыста жыламасам болғаны, халіңді ғана білсем екен..." Рафаэль хаттың оттан қарайған бұл жұрнағын пеш үстіне қойды, содан кейін оны қайтадан отқа тастады. Бұл бір парақ қағаз оның махаббатының және қатерлі өмірінің мейлінше жанды бейнесі еді.
– Бьяншон мырзаға барып, шақырып келші, – деді ол Ионафанға.
Орас келгенде Рафаэль төсекте жатыр еді.
– Достым, мені үнемі ұйқылы күйде боларлықтай етіп, апиынның аз ғана үлесі араласқан ішімдік жасап бере алмайсың ба маған? Бірақ бұл дәріні үнемі қолдану, менің денсаулығыма зиян келтірмейтіндей болсын.
– Одан оңай не бар дейсің? – деп жауап қайырды жас доктор, бірақ сонда да тамақ ішкелі күніне бірнеше сағатқа төсектен тұруға тура келетін шығар.
– Бірнеше сағатқа? – деп Рафаэль доктордың сөзін бөліп жіберді.
– Жо-жо-жоқ! Мен бір сағаттан артыққа тұрегелгім келмейді.
– Ондағы мақсатың не? – деп сұрады Бьяншон.
– Ұйықтау, бұл да не дегенмен өмір ғой! – деп жауап қайырды науқас. Ешкімді де, тіпті Полина де Вичнау ханымды да қабылдамасқа әмір бер, – деді Валентен кәрі Ионафанға, дәрігер рецепт жазып отырған кезде. Қалай, Орас мырза, қандай да болса бір үміт бар ма? – деп сұрады қарт қызметші жас доктордан, оны есік алдына дейін шығарып салып.
– Әлі ұзаққа баруы мүмкін, бәлкім бүгін кеште де өліп қалуы мүмкін. Өлім мен өмір сәті онда қазір тең түсіп тұр. Еш нәрсе де ұта алмаймын, – деп жауап қайырды да дәрігер күмәнданып, басын шайқады. Ол сауық-сайранмен көңіл көтерсе, теріс болмас еді.
– Сауық-сайран дейсіз бе? Сіз оны білмейсіз ғой, тақсыр. Ол әлдеқалай бір кісіні де өлтіріп тастады, тіпті қыңқ деген жоқ... Еш нәрсе де оның зауқын келтіре алмайды...
Бірнеше күнге Рафаэль жасанды ұйқыға шомды. Сондай қуатты және өткір қиялды адам, біздің нәзік жанымызға әсер ететін апиынның заттық күшінің арқасында, өзінің әрекетсіздігі салдарынан, солған өсімдікке ұқсап, қайдағы бір жеңіл-желпі олжаға бола орнынан қозғала қоймайтын жалқау айуанның дәрежесіне түсті. Ол тіпті аспанның жарығын да өзінің бөлмесіне жіберткізбей қойды, ол енді күндіз дегеннің не екенін де білмейтін болды. Ол кешкі сағат сегіз шамасында төсегінен тұрып, есі кіресілі-шығасылы күйінде азырақ қоректеніп, қайта жатады. Өмірдің тұнжыраңқы, зымыстан сағаттары өздерімен бірге тек шым-шытырық бейнелерді, тек елестерді, қараңғылық деңгейінде жарықтың көлеңкелерін ғана келтіре алды оған. Ол тым-тырыс үнсіздікке сүңгіді, қозғалыс, ақыл-парасат атаулыны мойындамау сапарына көшті. Бір күні кешкілік ол әдеттегісінен анағұрлым кешірек оянды, тамақ беріле қойған жоқ еді, қоңырауын сылдырлатып, Ионафанды шақырып алды.
–Қызметтен шығуыңа болады, – деді ол мен сені байыттым, сенің бақытты кәрілігің қамтамасыз етілді, бірақ менің өмірімді ойыншық етуіңе мен саған рұқсат ете алмаймын. Мен ашпын ғой, оңбаған! Тамақ қайда? Айт, шапшаң!
Жүзіне жайдарылық жүгіріп, разы боп жымың қаққан Ионафан қолына май шам алды да, дәрменсіз жарық алып, бөлмелердің тастай қараңғылығында әлсіз жылтылдаған шамын ілгері ұстап, тағы да әрнеге немқұрайды, парықсыз бола қалған мырзасын кең галлереяны бойлай жетелеп келіп, кенеттен есікті ашып кеп жіберді. Рафаэль күндізгідей жарқыраған мол жарыққа көміліп, қайран қалды, бұрын-соңды құлақ есітіп, көз көрмеген көрініске көздері шағылысты. Шам-шырақтары жыпырлаған шамдалдар: өздеріндегі жылытулы көшеттерден алдырып, әсем– деп тізілген аса сирек гүлдер; алтын, күміс, ақық, фарфор ыдыстар жарқыраған үстелдер; патшаға даярлағандай, тәтті иісі тамаққа деген шабытты оятатын, буы бұрқыраған тағамдар бәрі Рафаэльдің көз алдында тұрды. Үстелдің айналасында оның достары, олармен бірге үлде мен бүлдеге орана киінген, кеуделері жалаңаштанған, иықтары ашық, шаштарына гүл қадаған, көздері жайнаған, сұлулығымен сиқырлап, еліктірерлік әйелдер отыр; бұлардың бәрі де әрқайсысы өзінше сұлу, сымбатты, құмарлық сезімін қоздыратын келбетте: біреуі өзінің әсем мүсінді денесіне Ирландия бешпентін жамылған; екіншісі құштарлықты қоздыратын андалузия юбкасын киген; әне біреуі жартылай жалаңаш, Аңшы-қыз Диананың кескінінде; кішіпейіл; махаббат лебі аңқыған мына біреуі де Лавальер костюмінде, бәрі де мас. Әрбір көзқараста шаттық махаббат, ләззат жайнайды. Рафаэльдің өліктей аппақ дидары есіктен көрінісімен әп-сәтте думанды қиқу көтерілді; қолдан жасалған осы мерекенің нұры іспетті әрі шапшаң, әрі жайдары еді бұл думан. Айқай-шу, жұпар иісі, самаладай мол жарық, жүрек тебірентерліктей сұлу әйелдер Рафаэлдің сезімдерін оятып, нәпсі құмарлығын қоздырды. Көрші бөлмеден қоңыржай үн тасқынымен құйылған мүләйім музыка мынау есірік сотқарлықты тұншықтырып, осы бір ерсі елесті толықтыра түскендей. Аппақ уылжыған қолдарымен Рафаэльді мойнынан құшқалы әзірленгендей бір сымбатты әйел мұның қолдарын сипап тұрғаның сезді Рафаэль, — ол Акилина еді. Осының бәрі өзінің ұйқылы-ояу кезіндегі өткінші, реңсіз түстерінде көрінетін көмескі, фантастикалық бейнелер емес, нағыз шынайы өмір екенін түсініп, Рафаэль шыңғырып жіберді, есікті қазымырлана тарс жауып, қарт қызметшісін жаққа тартып қалды.
– Жауыз! Сен мені өлтіруге ант етіп пе едің? – деп айқайлады ол.
Содан кейін жаңа ғана үлкен қатерден аман қалған адамша дірдір қалтырап, өзінің бөлмесіне сүйретіліп баруға шамасы әрең келді, ұйықтататын дәрінің молырақ үлесін ішіп, қайта жатты.
– Алла тәнірі-ай? – деді есін жиған Ионафан. Бьяншон мырза маған қайтсең де мұның көңілін ашып, зауқын көтер – деп бұйырған еді ғой.
Түн ортасына жуық еді. Осы сәтте ұйықтап жатқан Рафаэльдің өңінде-кереметтей сұлулық көрік пайда болды бұл физиологияның бір құпия мінезі еді. Ақ жүзінде қызыл шырай құйқылжып, медициналық ой-пікірді аң-таң қылды. Жас қыздың маңдайындай назды маңдайынан данышпандықтың лебі соққандай. Тыныққан байсалды дидарында өмір гүл-гүл жайнады. Жас нәресте анасының қанаты астында балбырап ұйықтап жатыр – деп ойларлық. Оның бұл ұйқысы нағыз шынайы ұйқы еді, алқызыл еріндерінен біркелкі, таза дем төгілді, өзі күлім– деп жатыр; сірә, түсінде ол әлденендей бір тамаша өмірге барған тәрізді. Бәлкім, түсінде ол жүз жасқа толған шығар, бәлкім, немерелері оған ұзақ өмір тілеген шығар; бәлкім, күн нұрына шомылған бұтақтардың самалды саясында, отырғыш үстінде, ол биік таудың басындағы пайғамбардай, көз ұшында бір рақатты жерұйықты көзі шалып отырған шығар!..
– Ақыры жеттік-ау!
Осы сөздерді айтып, күмістей сыңғырлаған үн Рафаэльдің түсінде көрген бұлыңғыр бейнелерін сейілтіп жіберді. Шамның жарығында, төсек үстінде өзінің Полинасы отырғаның, айырылу сағынышы мен қайғы-уайымның салдарынан бұрынғысынан да әдеміленіп кеткен Полинасы отырғаның аңғарды ол. Суда өсетін лала гүлдің ақ тақиясының желбезектеріндей, ұзын қара шашымен көмкерілгендіктен аппақ жүзі одан бетер ағара түскен тәрізді болып Рафаэльді қайран қалдырды. Жас моншақтары томпиған алқызыл бет үстінен жылтыр із салып, әнтек қимылдаса домалап түскелі тұр екен. Түгелдей ақ киім киініп, басын төмен иіп, төсекке сәл ғана ілініп отырған Полина аспаннан түскен періште әлде, үріп қалсаң жоқ болып кеткелі тұрған елес тәрізді еді.
– Түу, мен бәрін де ұмыттым! – деп айғайлады ол Рафаэль көзін ашқаннан кейін. Мен сендікпін! – деп айтуға ғана дауысымның әлі жетеді. Иә, менің жүрегімді махаббат кернеуде. Аһ, өмірімнің періштесі-ай, сен мұншалық тамаша сымбатты болып көрген жоқ едің бұған дейін! Сенің көздерің қалай жайнайды!... Бірақ мен бәрін де түсіндім, бәрін де! Сен менсіз саулық із– дедің ғой, сен менен қорықтың ғой... Мейлі, несі бар...
– Жөнел, жөнел! Қалдыр мені! – деді зекірді Рафаэль күңгірт дауыспен.
– Бар! Егер сен мұнда қалсаң, мен өлемін. Сен менің өлуімді тілейсің бе?
– Өлуіңді? Полина қайталап сұрады. Сен менсіз өле аласың ба? Өлу дейді? Сен әлі жассың ғой! Өлу дейді? Мен сені сондай сүйемін ғой! Өлу дейді? Жүректің терең түкпірінен қайнап шыққан осы жалын сөздерді қайта-қайта айтып, Полина үрейленіп, Рафаэльдің қолдарын ұстай алды да, сұп-суық қой! – деді. Әлде маған солай сезіле ме екен?
Рафаэль қызғалдақтай өмірі қысқа шегірен былғарысының бір жапырақ қиқымын көпшігінің астынан суырып алып, Полинаға көрсетті.
– Полина, менің тамаша өмірімнің тамаша бейнесі, Полина! Бір-бірімізбен арыздасайық: бақыл бол! – деді ол ышқына.
– Бақыл бол? – деп қайран қалған Полина қайталап айтты.
– Иә. Міне, мынау менің тілектерімді орындайтын және өмірімнің қаншалықты қысқарғаның көрсететін бойтұмар. Қарашы, қанша ғана өмірім қалыпты? Маған тағы бір қарасаң, мен өлемін.
Валентенді ақылынан ауысқан екен – деп ойлады Полина; ол бойтұмарды тылсымды қолына алып, шамға таман жақындады. Шамның Рафаэль мен бойтұмарға түскен күңгірт жарығында ол өзінің ғашық жарының дидарына да, сиқырлы былғарының ақтық бөлегіне де зейін сала, үңіле қарады. Құштарлық пен үрей құшағына қаусырылған Полинаның керемет тамаша сымбатын көріп, Рафаэль өзіне-өзі ие бола алмады, ерке-наздық құштарлығының қызу қуаныштары есіне түсті, бұл естеліктер оның ұзақ уақыттан бергі қалғыған жан-жүйесінде қайта тіріліп, ошақтағы маздап жанған оттай қайта лаулаған кезі еді.
– Полина, кел мұнда! Полина!..
Жас келіншектің кеудесінен сұрапыл айқай ақтарылды; көздері шарасынан шыға үлкейді; сұмдық азап салдарынан түюлі қастары, зәресі ұшқандықтан, керіліп кетті: Рафаэльдін көз жанарынан ол аласұрған нәпсі ынтығын оқыды; бір кезде оны масаттандырған ынтық еді Бұл, бірақ сол ынтық құмарлық күшейе барған сайын, былғары да Полинаның алақаның қытықтап, бірте-бірте құрыса, қусырыла берді. Полина көршілес бөлмеге ұшқан құстай атылып барып, есікті тас бекітіп алды.
– Полина! Полина! – деп айғайлады өлім есірігіндегі Рафаэль оның соңынан ұмтылып. Мен сені сүйемін, сатан құштармын, сен маған керексің!.. Есікті ашпасаң, қарғаймын, лағнет айтамын! Сенің құшағыңда өлгім келеді!
Өмірдің ақтық рет тұтанған қуатын қолданып, шамадан тыс қайрат жұмсап, Рафаэль есікті жұлып алды, ғашық жарының жартылай жалаңаштанып, диван үстінде дөңбекшіп жатқаның көрді. Полина өзінің көкірегін жыртып айырғалы жанталасып жатыр екен, тезірек өліп кету үшін шарқатымен өзін буындырып жатыр.
– Егер мен өлсем, ол тірі қалады! – деп айқайлады Полина, өзі жасаған бұғалықпен өз
мойның қылқындыруға бар күшін салып.
Оның шаштары бұрқырап, көйлегінің ілгешектері ағытылып, иықтары жалаңаштанып қалыпты; өлімге қарсы осы күресте жылай-жылай көздері бұлауланған, екі беті дуылдаған, түңілудің сұрапыл азаптарынан сытылып, бүгерленген Полина нәпсі құмарлыққа мастанған Рафаэльдің көзіне сұлулық сымбатының сансыз көп пішінінде көрінді: ол есеңгіреп, ынтызарлықтың ақтық жансебіл шегіне жетті, жыртқыш құстай аптығып, бар пәрменімен Полинаның үстіне қонды да, шарқатты жыртып жіберіп, оны өзінің құшағына қысып алды. Өлім есірігіндегі Рафаэль барлық құш-қайратын сарқып, осы ынтықтығын білдіретін сөздер іздестіріп еді, бірақ оның кеудесінен тек булыққан қырыл ғана естілді, тынысы барған сайын ішке қарай сіңіп бара жатқан секілденді. Ең ақырда, бір ауыз тіл қатуға, үн шығаруға қуаты жетпей, Полинаның омырауын қырш еткізіп шайнап алды. Құлағына шалынған азалы өксіктерден шошынған Ионафан дереу жүгіріп келіп, мүйісте өліктің үстінде еңкейген жас келіншекті өліктен айырып алмақ болып әрекеттенген.
– Сізге не керек? – деді Полина. Ол менікі, мен өлтірдім оны, осыны күні бұрын болжамап па едім мен!
ЭПИЛОГ
– Ал ана Полинаның жағдайы не болды?
– Е, Полинаның ба? Ендеше тыңдаңыз. Қыстың бір тыныш кешінде мынадай күйді бастан кешкеніңіз бар ма: үйдегі көңірсіген каминнің алдында отырып, баяғыда өтіп кеткен сүйіспеншілікті немесе жай бір жастық кезіңізді рақаттана еске алдыңыз; пештегі жанып жатқан емен кесіндісінің сыртына түскен ою-өрнектеріне қарайсыз. Әне бір бықсыған шаланың өн бойында шахмат тақтасының қызыл торлары пайда бола бастады: ал мына кесіндіден мақпалдай жұмсақ сәуле жылтылдайды; лаулаған от жалыныңда бірін-бірі қуалап, бірімен-бірі ойнап, бірінен бірі секіріп өтіп, көгілдір от ұшқындары өтіп жатыр. Мінеки, бір кезде көзге көрінбейтін суретші келді де, жаңағы от-жалынның өз бояуларынан айшықтап сурет салуға кірісті. Көгілдір, қызғылт түсті от ұшқындарының арасынан ғажайып шеберлікпен әйелдің бір қырынан бейнеленген суреті пайда болды, табиғатта болып көрмеген керемет сұлу әйел, керемет бір нәзік бейне, жалт еткен бір сәт, бұдан кейін еш уақытта қайталанбайтын көрініс: әлгі әйелдің шашы самал желге тербеліп желбірейді; ал өзінің өңінде ғажайып бір құштарлық сезім бар, от ішінде маздаған от! Ол жымиып бір күлді де, көзден тайып болды; сіз оны еш уақытта қайталап көре алмайсыз. Хош, от-жалынның ішінде күлтесін жарған гүл бәйшешек! Ашылып үлгірмей жатып сөнген, кенеттен пайда болған не мезгілінен ерте келіп ашылмай кеткен кеш қалып, бар қырынан жарқырап үлгірмеген асыл тастай бір құбылыс, қош бол!
– Ал Полина ше?
– Пәлі сіз түсінбей қалдыңыз ба? Мен қайтадан бастайын. Жол беріңіздер! Әнеки әйел келеді, арман атаулының гүл тәжіндей, қос еріннің бір ғана шөп еткізіп сүйгеніндей өткінші әйел, найзағайдың отындай өткір әйел, найзағайдың дәл өзіндей өртеп жіберетін, жердің маңдайына берілген, тұрған бойы рух, тұрған бойы махаббат! Ол әлде бір отқа оранған денеге айналғандай, немесе, дол сол үшін оттың өзі рухқа айналғандай болып көрінер еді. Бет-ажарының тазалығына қарап, аспанды мекен еткен әулие дерсің. Қараңызшы, періштенің жүзіндей құлпырып тұрған жоқ па. Ауаны желпіп еткен қанатының сыбдырын естімейсіз бе? Қасыңызға келіп қонғандағы қимылы құстан да жеңіл-ау, сірә; көзінің айбатындағы сүйкімділіктің өзі-ақ керемет қой; жұп-жұмсақ дем-тынысының қуаты лебінде сіздің емеурініңізді өзіне қарай тартып алатын сиқырлы күш бар; ал сізді соңынан ертіп, алысқа қарай қанат сермегенде, сіздің табаныңыз қара жерді сезбей де қалар. Сіз қалтыраған қолдарыңызбен оның аппақ ақ борықтай денесіне бір ғана жанасып қалуды аңсар едіңіз; оның алтындай жалт-жұлт еткен шашынан бір ғана рет сипауды, жалт-жұлт етіп ұшқын шашып тұрған кезінен бір ғана рет сүюді аңсар едіңіз. Сіз жай буына ғана мас болып, сиқырлы үніне ғана елтіп тұрсыз. Сіздің тұла бойыңыз қалтырап, бүкіл болмысыңызбен азап шегіп тұрсыз. Қайран, тілді байлаған бақыт! Сіз осы әйелдің ерніне емеурініңізді енді ғана тигізе беріп едіңіз, сарт еткен бір соққыдан оянып кеттіңіз. Қап! Ағаш кереуеттің бұрышына ма, әлде оның алтын жалатқан жақтауына ма, әлде қоладан, әлде мыстан құйылған махаббат періштесінің мүсініне ме соған маңдайыңызды соғып алдыңыз ғой.
– Ал, ана Полина ше?
– Әлі де аз болып тұр ма? Ендеше тағы тыңдай көріңізші. Жаздың жарқыраған күнінде ертеңгісін "Анжер қаласы" деген кемемен Турдан шыққан бір жігіт сұлу әйелдің қолын уыстап ұстап тұрған. Луара өзенінің кең айдыны үстінде тұман арасынан кенет пайда болған аппақ бір елеске қызыға қарап, олар ұзақ тұрды: күн мен судан жаралған, солардың ортақ перзенті ме екен, әлде бұлт пен ауаның астасқан тұсынан бой көтерген ғажайып бір нәрсе ме екен – деп таңырқасты. Бірде аспан, бірде су перісі деген ұғымдар сөз жүзінде болмаса, оларды ешкім қолмен ұстап, көзбен көріп, анығына жеткен емес; ал мына елес ұсақ-ұсақ аралдар арасында жолдан адасқандай әрлі-берлі қалықтап жүр; кейде тіпті басын изеп ишарат білдіргендей, біресе зәулім теректердің бұтасына бой жасырғандай болады; міне, ол әйелдің анық бейнесіне келіп, зорайып кетті де, көйлегінің сансыз көп желбіршек-желеңдері күн көзіне жалт-жұлт етіп ойнап кетті; жоқ, олай емес, бұл оның бет-жүзін көлегейлеп, аспан әлемінен бөлекше ойнатып тұрған күн көзінің айшықты өрнегі сияқты ғой өзі; сол елес енді жол бойындағы деревнялардың, тау жоталарының үстінен қалықтап келіп, мына кемені Юссе қамалынан өткізбеуге ниет еткені ме екен, әлде? Тіпті әрі-беріден соң мұны Антуан де ла Саль бейнелеген Бикенің елесі емес пе екен, соның өз еліне қазіргі заманның әдет-ғұрпы кіріп кетпесін – деп қорғаштамақ болған әрекеті емес пе екен – деп те жорамалдауға болатын еді.
– Жарайды, мен түсіндім. Бұл Полина екен. Ал Теодора ше?
– Е, Теодора дейсіз бе? Сіз әлі онымен кездесесіз... Кеше ол Итальян театрында болған, Бүтін операда болады. Оның жүрмейтін жері жоқ. Керек десеңіз, ол осы қоғамның дәл өзі.
Париж, 1830-1831 жж.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру