TELEGEI

Home

Арыстан мен түлкі

Ертегілер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Арыстан мен түлкі

Халық прозасының ең көне жанры жан-жануарлар туралы ертегілердің түп-төркіні тотемизмге, анимизмге және магияға сенген кезеңнен бастау алады. Бұл ертегілерде кейіпкерлердің арғы жағында адам бейнесі тұспалданып, оның ақылдылық, ақымақтық, қулық-сұмдық сияқты қасиеттері қарапайым аллегориялық форм...

Арыстан мен түлкі Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:

– Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір–бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.

Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:

– Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.

– Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:

– Мен саған жақын барар едім–ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙