Жеті муза
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ислам Қосжан
Ислам Қосжан «ЖЕТІ МУЗА» (Өлеңдер, балладалар, поэмалар) Тұсауымды кесіңдер өмір, менің О, Дүние, Сұрағым бар, сұрар менің, (Түбі біреу сырымды ұғар менің) Метеориттей аспаннан тасталған боп, Өмір сүрсем... Қайтадан басталған боп, Сонда маған мойныңды бұрар ма едің?! Сұрағым бар қоятын, сұрар менің, (Ұғатындар түбінде шығар дедім.) Тас-талқан боп дәл қазір күйіп кетсем, Сонда маған мойныңды бұрар ма едің?! Демесем де, Дүние, жалықтым-ау, Кейбір жерде осалдық таныттым-ау. Келетін де, кететін біздер екен, Өмір жатыр бір күйі ағып мынау.
Өгейсініп, Бұл өмір тастамасын, Соны ойлап қатады қасқа басым. Аяқтау да өмірді керек шығар, Жаңа өмір қайтадан - Бастағасын! Әр нәрсені бір ойлап, түңілгенім, Жеңістерім, тағы да сүрінгенім. Қайраттанып қайтадан бастайын бір, Тұсауымды кесіңдер, Өмір, менің! Менің Музам Өртеніп... Күн батты, Ғасырдан ұзағы-ай. Ол келіп үн қатты, О, менің Музам-ай. Гүл салған құмыра, Сәуледен тұнып тұр. Жұтайын сіміре, Құмардан шығып бір. Жоқ айқай, Жоқ дыбыс, Қонып бір, бір ұштық. Болмайды соқтығыс, Торып тұр, тыныштық. Көзі от тұман бар, Тосын күш тербейді. Негіз жоқ алаңдар, Адамдар білмейді.
Көрінген тосыннан, Құбылыс осында. Жарқ етіп қосылған, Сымдардың ұшында. Түнде ол ұғады, Адами қалыпта, Көрініп тұрады, Жанбайтын жарықта. Созылған түн емес, Күтуі - пенденің. Кезеді бір елес, Ішінде бөлменің. Ол үнсіз жылатты... Білдірмей келгенін. Алыстан үн қатты, Музам ғой – Бұл менің!
МУЗА - I
Егемендік көктемі Көп жыл күткен... Көктемнің келгені анық, Шаттығым тұр жаңбырдай селдеп ағып. Ашсам болды аузымды жыр ағады, Жүрегіме алғандай перне тағып. Жаңа Айдың сәулес көлде жанып, Жусан иісі сіңеді желге барып. Қаулап өскен мен дедім, Бәйтерекпін, Әуелі шөлдеп алып. Жинап алған, Жылуын нұр ағыстан, Желбіреген туымда қыран ұшқан! Болмайды екен, Жастың да кермек дәмі, Көзден ақса, Қуаныштан. Ана тұста дүмпулер... Мына тұстан, Хабар келді, Шыққанда жаңа қыстан. Әнін айттым, Шәмшінің жүректі ұстап, Осы – деді періштем, Қазақстан!
ххх Кейде мен... Бір жұмбақ күйге енем, Жолдармен жүремін, Ешкім де жүрмеген... Түнге де сыр айтам мүлгіген, От тасып, Елестер билеген. Басқа жол, Аяқтар тимеген. Сәулелер тазартқан, Сол жолды кірлеген. Ол жолдар ағады, Бір биік, бір төмен. Қиыршық тасты да, Ақ нұрға илеген. Ағыс боп ағады, Көлеңке келбеті – Түн деген... Жүректе саналы, Бүр жарып гүлдеген. Жолым ғой - Бұл деген! ххх Сыйғыза алмай уысқа келте күнді, Уақыт сығып алғандай шырыныңды. Бүгінгі күн ойлайды ертеңімді, Ал ертеңім іздер-ау бүгінімді. ххх Түн отырды үнсіз қарап бетпе-бет, Мен отырмын жалғыздыққа кетпе деп. Таң атқанша бір-бірімен қырсығып, Қағаз жатыр қаламыма өкпелеп
Ауылды аңсау ... Кей кездерде, Жабығумен күн кешем, Түнде жүріп, Жұлдыздармен тілдесем. Сенен алыс, Ұзақ шығып келмесем, Сағыныштың не екенін білмес ем! Қанша арман, Сапарларға ұзатты, Аңсағаннан, Атар таң да жұбатты... Атың барда, Тарту күші сендегі, Атомнан да қуатты. Киелім сен, Сүйемін менмекенім, Шетте жүрсем, Құстай ұшып жетемін. Сенсің менің шөлдегенде шәрбатім, Сенсің менің шекерім. Орындалса асқақ арман, Тілегім, Сенің маған тілеуің деп білемін. Құмыңа өңдес түр, өңім, Өзіңе үндес жүрегім.
Досың да көп... Бірігеді жол талай, «Жол болсын» деп, Сұралады «хал қалай?» Басында тек, Жерді айналған жұмақ та, Осында кеп... Қонып қалған байқамай. Қарақия ...Мынау біржатқан қап-қара ойпат, Соқты ғой содан жып-жылы леп бір. Дүниедегі ең төмен алқап, Теңіз деңгейінен жүзелу метр. Ғ. Қайырбеков. Нар өркешті, Тау дегенде қиялар, Биігінде қыран салған ұя бар. Қарақия* тереңдіктің тамыры, Көң беттері, Қыртыс-қыртыс жыралар. Қой тастары, Күн нұрына тіл қатып, Жел шудасын жыңғылына шырматып. Ең төменгі нүктесіне келгенде, Ащыағар* тұр, Ащы жасын құрғатып.
Сәл желпініп, Соқса самал қырынан, Сыбызғыдай сызылады қызық ән. Қасқыр шығар... Тау шатқалын аралап, Түнді түртіп ұлыған. Ән жасады жел боп ескен қыр үні, Нәр шашады гүлдеп жыңғыл шыбығы. Жұлдыздары ақбантигі секілді, Ащыағардың ойнақтаған бұрымы. Ащыағар тым ащы нардың шырыны, Ирек сызған жас баланың сызығы. Ойда жатыр бір ізі, Қырда қалған қылығы. Таушатқалы, Қиялар, Қияларға қиял келіп ұялар... Тау деген деқаранар, Кең даланы аралар. Сартас*
«Сары тас» - деген, Бұл неме, Сап-сары ма? Қоспа құсап иленгенақ, сарыға. «Үш ауыздан*» теңізге құлағаның, Жұдырықты жұмғанда ашқаның ба? Шаншылады «Үш ауыз» аспаныма, Ұстайтындай тіреу жоқ, сасқаныңда! Оңай ма екен биіктен лақтырылу? Оттан суға түскендей қас-қағымда. Мықтылықты сынайды дала бүгін, О, Жаратқан дегейсің, -Ая, Пірім!.. Көркемдікті көрмесең мүсіркейді, Теңіз төсер ынжыққа жаялығын... Еңкейемін, Тағы да шалқаямын, Өркешіндей Сарытас нар маяның. Шулағаны теңіздің, Төркін іздеп, Сыңсып шыққан қызындай, Баяғының! «Сартас» (Сары тас) – жағасы теңіз, таулы аймақ. «Үш ауыз» – теңізге келуге үш таудан өтетін жер. Құм елі
Өң түгіл түсіңе де кіреді де, Әу баста жақынмын мен құм еліне. Сол жерде қалды менің балалығым, Байлаған ыстық желін жүрегіне. Атқаннан күннің көзі төбе тескен, Аспаннан жаумай жаңбыр ерегескен. Құм десем, Көз алдыңа шөл келеді, Шөл - десе, Сексеуілдер... неге өскен?! Жүрекке сексеуілдің жырын ектім, Селеу боп, ту сыртынан күбір еттім. Сексеуіл қырық құлаштан су тартады, Тылсымы осы шығар құдіреттің! Құм елі... Жұмбағымен ойландырған, Тақырға төбелдей жер айналдырған. Есіңе ә, дегенде сусын түсер, Кеседей, Аппақ тақыр – Айран тұрған.
Даланы күн кептіріп, көні қалған, Жолдардың өргешығып белі талған. Ауыттай үйлер жатыр, Ақ шағыл құм, Түйедей нән өркешті шөгіп алған. Ақ көлде жағалай үй - Аудай құрған, Биік құм, Ол ауылға тудай тұрған. Сап-сары сағынышым жатыр менің, Селеуді орап көшкен аумай құмнан. Келінтөбе Тұрысын-ай, Затына аты келіп, Мың бұралған сұлу Сыр, Шашын өріп. Күн шыққында, Дүние таңданады, Паңданады, Келінтөбе қасын керіп. Келінтөбе болмысы, Ал, қыз делік, Үйіп-төккен басына сансыз көрік! Қуғыншылар, Қашан да табылады-ау, Алып қашса қайтеді? Жалғыз келіп.
Жүрек керек, Қайтуға көркін көріп, Кетер ме екен, Гүлдерін жел сындырып?! Ай туғанда шығам деп, Келінтөбе, Шықпай қалған секілді, Желпіндіріп. Ақ моншақтай, Жанары жасқа толып, Ұялайды бұлттары, Тасқа қонып. Жел шайқаған, Үкісін сәукеленің, Тұрысын-ай, Басқадан, Басқа болып! Қаражамбас ...Атыңнан айналайын Қарқаралы. Мәди Естілдің басқашалау маған алғаш, Тіршілік атаулыға пана болмас. Соры бар... Бес елідей маңдайының, Қара жан баспапты ғой, Қаражамбас. Сорлы жер, Теңізі бар, Шөлді мекен, Жоқ онда көзге түсер белгі деген. Боздаған боз маядай желдің даусы, Бүгінге шыдапқалай келдің екен?!
Тіршілік мұңдаспаған, Сырласпаған, Перінің мекені деп, жан баспаған. Иірген қарт әженің жіптеріндей, Жолдар да үзік-үзік жалғаспаған. Қара жан ... Ой-қырыңды жан баспаған, Сол дала, Бүгін міне сырлас маған. Мұнайдың дариясы – Ариясы, Өзіндік дауыс алып, Ән бастаған! Болғанмен басқашалау санамда алғаш, Жырыма мен өзіңнен табам жалғас. Мұнайдың мұнарасы көк тіреген, Атыңнан айналайын Қаражамбас!
МУЗА - II
Ақиқатқа хат Ақиқат (Ізберген) дүниеге келгенде әкеміз Рзабек ағашты ойып, домбыра жасапты. Жығып тастап, Бір ағашты шалқадан, Шөміш-шөміш тер шығарып арқадан. Сен туғанда сол ағашты шауыпты, Шыға ма деп ән содан! Жауап іздеп, Таппай жауап қанша адам, Бітер іске күте-күте шаршаған. Екпінінде найзағайдың жарқылы, Әке үнсіз, Үн шығыпты балтадан. Қуат беріп, Жігеріне сол қадам, Сен туғанда, Әкем әнді аңсаған. Ақиқаттың бір тартқанын көрем деп, Бір домбыра жасап шыққан аршадан. Солай болса... Мен ырымға сенемін, Әкеміздің жалғастырған өлеңін, Арша ағаштан, Бір домбыра жасалған, Ізбергеннің ізіне ерген мен едім.
Әкеміз жасаған домбыра облыстық мұражайда. Сұрамаса, Жүргендік пе іздемей, Қыз дейін бе? Іздегенім түз демей! Көрдіңдер ме? Өзін емес, ұясын, Құрқылтайдың жыр көмей. Көптен бері, Сабыр сақтап, Іркем ой, Балапаны, Шамда жанған білтедей. Құрқылтайдың көрдім кеше ұясын, Үлкендігі, Қосқа тіккен күркедей. Табылғасын, Жүргенім де үндемей, Күтіп жүрмін күндіз демей, Түн демей. Балшы айтқан, «Ұя» тауып әкелсең, Келіншегің ұлтуады күлшедей. Мазалайды, Тыным бермей біркем... ой, Балапан да үкі мамық – Үлпе ғой. Ырым шығар, Балшы айтты айтты демесең, Балы түскір білсе ғой!
Жан-жағына жаутаңдайды, Дүмше ой, Балапан бар, алуға ерте, Ерте ғой. Құрқылтайдың, Көріп жүрмін ұясын, Балы түскір, білсе ғой! Ән еді салған жеңешем Сырнайлы әуен, Төгілді үн, Жүрекпен тапқан үйлесім. Мен тұрмын тыңдап, Көңілдің, Ағытып тастап түймесін. Емес пе осы сиқырлы ән, Сөз шыққан қалай дыбыстан?! Серпілтіп тастап ұйқыңнан, Жаныңмен жақын ұғысқан. Мәуелеп тұнық тараған, Ән бе, ей, мынау, Ғажайып?! Төзім де менде жоғалған, Ал, ғашық болсам... Несі айып?! Кешігіп ба-р-ып таң атқан, Дүние тыныш, Тамсанса. Төгілген аппақ тамақтан, Жеңешем салсын, ән салса.
Аспан да тұтас кеңейген, Құсжолы болып, Жол қалса... Бал шырын аққан көмейден, Жеңешем салсын, ән салса. Гүл ашып арман көктеді, Мақтауға сияр не десең! Жүректі билеп кеткені, Ән еді салған жеңешем. Жын мен жыр Ол болып... Күлемін, Көз жасын құрғатып. Тұрғанын білемін, Балаша жұбатып. Пенденің қиялы, Шексіздік ол тағы. Бір үміт... Баяғы, Өзіне тартады. Көнбейді ақылға, Қалмайды бір елі. Шақыр сен, шақырма, Қасыңда жүреді. Құйындап басыңда, Бір ағыс басылған. Жүреді қасыңда, Көлеңкең жасырған. Адами пішінде, Қапталған сүлдем жүр. Құмыра ішінде ... Жын мен жыр!
*** Сұрағанда, Айтып жүр ғой білгендер, Жанның ешбір өлмесін. Қайтып келу бар шығар деп жүрмеңдер, Денең шықпас қара жерге көмгесін. Уақыттың аяқталы пөлшемі, Шыбын жаның кеткен кезде аспандап. Тәнің болса туған жердің бөлшегі, Жаның үшін нағыз өмір басталмақ. Мен емеспін Өткен күнді қайткенде бөгемекпін! Неге келдің балалық, Неге кеттің? Мына біреу ұқсайды көлеңкеме, Мен дейді ғой, Мен – деген, Мен емеспін. Бәрі жасыл болатын төңіректің, Оралмасқа кеткені ебелек күн. Күмбезі бар мешіттей, Төсінде Ай, Қараша үйде, Мен деген мекен еттім.
Қараша үй. Балалық. Керемет күн, Мен өзіңе келеді ере кеткім! Анам бар-ды... тербетіп бесігімді, Маған енді айтпайды өлең ешкім. Қасиетін, Қадірін... елемеппін, Тек ақтығын жүрекке өнеге еттім. Өткенімді қараймын кітаптардан, Тарауынан іздеймін көне беттің. Жүргендеймін ішінде, Көп егестің, Рас болса, келгенім, Неге кеттім?! Біреулерге ұқсастау болғаныммен, Періште де емеспін, Пері емеспін! Қалғандаймын түсімде, Бір елеспін, Хабар сұрап жатпайды, Менен ешкім. Мына жүргениілген сұрау белгі, Мен дейді ғой, Ол деген - Мен емеспін!
ЗЕРЕН КЕСЕ
Көркемдігі, Мұрын жырау жырындай, Үлкендігі, Мұрын жырау мұрнындай. Батыр қолға ұстағанда зеренді, Бір кемдігі, Кіп-кішкентай шыбындай. Ескі көзден қалған кесе ырымдай, Бояуы тұр, Ескі сөздің сырындай. Ирек-ирек өрнектелген жиегі, Өрілген қос бұрымдай. Ескі зат деп қарағасын бұрын жай, Тұрғаны ғой қазіроны ұғынбай. Соңғы көштің соңғы жүгі секілді, Ғасырлардан жеткен бізге жығылмай... Ертегілі елден келген сырың бай, Жалғыз қалған шал-кемпірдің ұлындай. Қайқыланған қайқы қылыш кескіні, Өрнектері күмістелген қынындай. Құндылығы құнан қойдың құнындай, Ескілігі көне көздің нұрындай. Жиегі де жұмсақ тиген ерніңе, Сусыны да шырындай!
ххх ...Ой көзімен қарағанда өткенге, Жер екен ғой мәңгі тұрақ болатын. Қимасыңды қимай жерлеп кеткеде, Біздер екен жылап, қалып қоятын. Үйің болса, уақытша ол – баспанаң, Қорқынышты қабір суық – көр деген. Өлгендер ғой, бізді ертпей тастаған, Біз секілді көрінеміз, ермеген. Жауабы жоқ сұрақпын Мәңкүр періште жақсыңды жазып отырады, Нәңкүр текқана айып-кінәні тізеді. «Тафсир сүресі» Жауабы жоқ сұрақпын, Таппағасын жаным жай. Өмір тәтті, Бірақ тым – Қысқа, қамшы сабындай. Жазсаң оның арты дау, Шыным осы, Жазбас ем! Жоғарыдан бақылау, Жердегіні аз десең.
Қыздырады шекеңді, Тұман ойлар бүркейді. Әттеген-ай ... Қатеңді, Нәңкүр жинап, тіркейді. Жазады екен күнде не, Сұрауға да болмайды, ә? Айтқың келсе бірдеңе... Мәңкүр бірақ, тыңдай ма?! Ысылғанбыз көндігіп, Басқаға да... Шыдармыз. Қалтырама шерлі үміт, Жол болмайды бұраңсыз! Өлгеннен соң сотталса, Пенде істер білгенін... Аңдушысы көп болса, Осы шығар өлгенің. Іштей тынып алһаммен, Жақсылыққа шөлдедім. Бір Алласы болғанмен, Құдайы көп ... пендемін. Күй Сержан Шәкіратұлына Киіз үй. Жиналған жұрт күй тыңдаған, Күйші отыр ағытылып сыр тұнбадан. Күйімен айналаны сиқырлаған, Қолынан айналайын былқылдаған.
Күйші отыр… Домбырасы төрде тасып, Күйлері сан ғасырдан келген асып. Күйшінің бар, жоғы дабілінбейді, Саусағы сұлулықтың перне басып. Шыны сол, Тосын болып кездесерің, Жүрекпен тыңдамасаң сезбес едің! Дыбыстан лақтырылған қуаныштар, Мұңы да жылы ағыстай – Өзгеше мұң. Бұлақтай биік жардан ақтарылған, Екпіні жаңылмайды соқпағынан. Мүмкін ол – Алаулаған жалын шығар, Сыр тартқан өткен күннің шақтарынан. Таңдауы осы болып көп керектің, Көңілін көпшіліктің көктем еттің. Сағада тоғысады тоқсан тарау, Жайылған бұтағындай көк теректің.
Күйші отыр, Айтамын деп мына жайды, Атадан қалған көне мұра жайлы. Бұл күйді тұнып тұрған тыңдау үшін, Кең дала керегеден сығалайды. Күй атын бірі біліп, бірі білмей, Тамсанған жұрт сөйлеуге тілі келмей. Текті күй сол далаға қанат жайды, Естілген арғымақ ат дүбіріндей! Бір сәтке, Алдарқатып құмарыңды, Мұрсатта, Алаулатты ұранымды. Осы де маған біткен қара шанақ, Жаратқан сөндірмеші шырағымды! Жаныңды, Түйіп тастап шүберекке, Тәніңді, Былқылдатқан құдірет де! Жүрекке құйыла сал, Ойсылқара, Кеудені найзағайдай тіліп өт те! Іздеу М. Болатқа Жүргенде, Тұман... қамап ой, Жалғыздық құмар санаға. Інісін іздер аға ғой, Інісіз аға бола ма?!
Кездесті жолда сан адам, Ағадай көңіл тола ма?! Кетсем деп едім қаладан, Ауылда жүрген ағаға. Торсықта ... тұнып, Мұң қалған, Қолтықта*... тұрып, Мың арман. Не қалған десе бұлардан? Жортып та өткен бір арлан! Домбыра, Өрген қос ішек, Сыңғыры қыздың шашпауы. Жылдардың басы, Осы деп, Жырлардың осы, Бастауы. Болғанмен басы бір тармақ, Бөлінген екі жолдаймыз. Сұлулық жайлы жыр толғап, Қыздарға оны арнаймыз. Кемедей жалғыз айлақта, Шыға алмай қалған кептеліп. Жүрсек те қайда, Қай жақта? Өлеңнен бірақ кетпедік. Жүрмесе қайтем марқайтып, Әр үйдің болып қонағы. Болмашы, Бізді қартайтып, Моласы жоқтай болады...
Ақынын сыйлар халықпыз, Ғасырлар бойда тасиды. Оқылмай қалған, Жазықсыз, Жырларға жаным ашиды. ...Сол тұрыс, Жүріс бұрынғы, Сіз кеткен жүрмін қалада. Бәрінде қойшы, Жырымды... Оқыса болды, Сол Аға! Қолтық* - Теңіздің ішке сұғынған тұсы, жылы қолтық дейді. Бір тамшы Бір тамшы жас... Бір тамшы су, Бір тамшы, Ізім болып - Бір тамшыдай жыр қалшы. Өмір деген, Бір тамшыдан құралған, Өзім де мен, Сол тамшыдан тұрсамшы?! Бір тамшы су, Сен бар жерге көп келем, Себебі мен, Шөлдегенде жеткен ем. Бір тамшы су, Тіршіліктің бастауы, Құдірет күш деп білем!
Бір тамшы жас, Жұтып тұрып кектенем! Неге былай?.. Мұң кешемін текке мен. Өткелдерім өтпеген! Жақсы көрем... Сөйте тұра, жек көрем. Сол тамшылар, Береді екен Жерге дем, Сол тамшылар, Мұхит теңіз, көл, өзен. Бір тамшы су, Дүниені тербеген, Бір тамшыдан құралғанбыз, Сен де, Мен! Рояль Илья Жақановқа Рояль бұл. Кеудесі ән – жырсандық, Муза ғұмыр, Саздың исі тұр аңқып. Әуеніне, Қорғасындай дүние, Бір қатайып, Бір балқып. Аңқып көңіл, Шалқып өмір, Жанға - нұр, Түннен ауып, Ауысады таңға жыр. Аппақ қарда, Адам ізі секілді, Дәл алдыңда ән жатыр.
Қатар тізген, Аппақ, қара моншақтар, Әр басқышы, Сыңғырлаған үн сақтар. Бір-бірімен тілдеседі дыбыстар, Тиіп кетсе саусақтар. Араласа санмың әуен көк төсін, Жүрегіңе қалай ғана жетпесін?! Тамырыңда ән барады қи-қулап, «Жайлаукөлді» кешкесін. Қиял кезіп, Біразырақ мұң да бар, Сағыныш саз, Айта кетші бір хабар, Рояльдың басқышындай, Сап түзеп, Ақ Жайықтан, Көтерілген тырналар. Қазақтың арлы баласы Самат Мусабаевқа Қимылы егіз ісімен, Сексеуіл жанса шоқ қандай?! Жаныңды жақын түсінген, Көңілі аппақ ақ қардай! Төрінде үйдің қанжар тұр, Болаттан таза соққандай. Көненің көзі қалған бір, Зерленіп өрнек таққандай.
Сабырмен сақтап тұр қыны, Соғылған таза болаттан. Суырса қыннан, Қимылы, Жарық етіп жүзі қаратқан. Сабырлы тұрыс, Бары осы, Бір істі бірдей біледі. Қазақтың арлы баласы, Қазақ деп соққан жүрегі! Қарасы өткір, Тас түйін, Ізденген ісі тынымсыз. Атыңа мадақ естимін, Дер шағында – Бүгін сіз! Кел, Шайырым сырласайық Әділхан Есболовқа Кел, Шаырым оңаша сырласайық, Мәңгі құшақ бұл өмір тұрмас жайып. Көктеміңді құлпыртып сен алып кел, Сөйтіп, тойды екеуміз бір жасайық. Бірге шығып қайтайық қыраттарға, Көңіл шіркін мұндайда тұрақтар ма?! Малып алып кеудені бұлақтарға, Тау кезейік арқардай, қуат барда!
Бола бермес күткенде, Сірә, мұндай, Көктем деген жастықтың ұранындай! Мен тұрайын! Кеудемді желге тосып, Шоқта тұрған шопанның құманындай.
МУЗА - III
Қыз сыйлаған орамал Жиектелген, Теңіздің жиегіндей, Жұмсақтығы қытайдың жібегіндей. Қыз сыйлаған орамал, Сәуле шашқан, Рауандап атқан таң реңіндей. Өрнектері, Биші қыз білегіндей, Мың құбылған парсының кілеміндей. Қыз сыйлаған орамал, Үлкендігі, Бір жапырақ көлеміндей. Қызыл гүлі қауызда, Гүл еріндей, Қоюлығы мақпалдың күреңіндей. Қыз сыйлаған орамал, Қыз ұсынған, Жүрегіндей! О, Махаббат, ұлысың Күн бе? Ай ма? Бірі шын, Қонған бақыт жырысың! Шағын мейрам жасадым, Өзің білші, Кім үшін?!
Күн бе? Ай ма? Нұры шын. Бірі күн де, Бірі түн. Қызды кешке шақырсам, Ертіп келді жігітін. Бәрі бітті. Құрысын. Өлді десем - Тірісің! Сен сондайсың, Ірісің, О, махаббат, ұлысың! Түн еді... Түн е ді... Бір сырды біледі, Елестей екеудің реңі, Жай-жайдан сол түнге сіңеді. Ту-у... Аулақта иттер үреді. Түн еді... Көрінбес көзге түк, Қос ғашық кездесіп. Оңаша үлгірмей тілдесіп, Жүректер кетіпті үндесіп. Түн еді... Ай шамын бұлттарға іледі, Қуланып, жай ғана күледі. Түннің де дүрсілдеп жүрегі, Ту-у... Аулақта иттер үреді. Жүректі кімге емдетем?!
Қиыр да-шиыр жүрістің шағы, Бос жүріс деп те айтпаймын. Жүрекке жақын шығыстың сазы, Хафиздан өлең жаттаймын. Мереке десем - Қонақтың сәні, Алданыш одан таппаймын. Тамаққа тиіп шараптың дәмі, Һайямның жырын мақтаймын. Зарлыққа ұқсап жырымның бәрі, Мұңлық деп саған ат қойдым. Түсіме кіріп, Ұғындым тағы... Сол күнді бірақ жоқтаймын. Қиналған жанды, Сөйте ме екен? Қимаған әнді шерттім мен. Махаббат деген күлкі ме екен, Көзімнің жасын сүрттім мен?! Шын сұлулықтың, Күлкісі бөтен, Сұлулық емес - Көп күлген. Бәріне көну мүмкін бе екен? Қолымды сілтеп кеттім мен.
Тұсынан өтсем, Күрсініп өтем, Болмай ма одан шет жүрсем?! Бақыт деп білген, Бір түрлі екен, Бақытқа қашан жеттім мен?! Сағыныш сазы түнепті түнге, Қауызын әлі ашпаған. Емдетем айтшы жүректі кімге, Шырынын сығып тастаған?! Махаббат деген майданда Махаббат атты майданды, Сіздерден қалған демеші. Құсжолы болып айналды, Біздер тек оның елесі... Ғашықтық ұшқын, Бір елес, Еркіңе қоймас жырлатпай. Сұлулық деген ірі емес, Сұлулық деген бармақтай. Түннен де күнді іздеп ек, Түнменен біздер үндеспіз. Сұлудың жөні бір бөлек, Сұлулық деген, Қыз деппіз. Кісі боп, Иттер үргенге, Торыдық талай қыз жақты. Үйтіп те-бүйтіп жүргенде, Іштегі дертті қозғапты.
Ақсүйек біз де лақтырдық, Іздедік талай аппақ ән... Ондайда жүрмей тапқырлық, Тапқанды жорта мақтаған. Жігіт те болдық, Ер кеуде, Жүрдік қой талай сүргін сап. Сәлем деп қолын бергенде, Қыздардың қолы жұп-жұмсақ. Қызыққа жастық тойған ба, Қызға хат жаздық арнап біз?! Махаббат атты майданда, Ақын боп қалған солдатпыз! *** Өшірмей ыстық сезімді, Алдыңа жанып келіп ем. Айтайын деген сөзімді, Айта алмай тұрмын еліктен?! Қырларды кезіп осылай, Кетейік дедім, Жүр бірге. Қас-қағым сәтті осын-ау, Қимаймын неше күндерге. Бұл менің айтпақ ойым ғой, Сен соны сезіп, Білдің бе?! Үндемей кеттің, Күлдің де! Парақтап бетті...
Күлді десе... Күлген шығар, Мен өзіне болдым ғашық. Ауып оған аңсарым. Білді десе, Білген шығар, Шын сырымды алдым ашып, Салмағынан шаршадым. Мұңды десе, Мұңды шығар, Сүюге адам жаралған, Аксиома бұл енді. Үнді десе, Үнді шығар, Отқа жүрек ораған, Ақын жазса өлеңді. Отыр десе, Отырған шығар, Айнала жинап достарын. Тағдырын шешіп, Басқаның... Оқыды десе, Оқыған шығар, Өзіне ғашық дастанын, Парақтап бетті... Көзімнен аққан жастарым! *** Білмеген жанға бәрі де жұмбақ. Тыңдадым таңда сыйқырлы ән. Тұңғиық терең әріден жырлап, Оятқан тәтті, Ұйқымнан.
Айтқанда сөзін түсінбес ешкім, Жұмбақ шығарсың мүмкін сен. Мына әлемнің ішінде жоқпын, Бір күлсең. Мәжнүн қылар тыңдаған жаңды, Тыңдасам жалғыз шіркін мен. Көрсетпей сенен ұрлаған әнді, Ұрлаған әнді, Күлкіңнен. Бір-ақ ысқар... ... Жігіттерден қыздарды көп дейді. Мен сол көптің бірі болғым келмейді. Қыздың күнделігінен Жұлдызың боп, Жарқырасым көгіңнен, Сәулелері аққан жастай көзімен. Қолаң шашым – түн десем, Төсегіме төгілген. Саған деген, Болмысым мен күйіммен, Сен Күн болсаң, Гүл болайын иілген. Бір-ақ ысқыр, Ит біткенді шулатып, Атып шығам үйімнен.
Сағынышым жүк болардай үйілген, Сенсіз өткен күндеріме күйінген. Бір-ақ ысқыр, Айды аспаннан келтіріп, Атып шығам бүгін мен. Сырлы саздың, Желі есіп үніңнен, Сен келетін, Жолға үміт жүгірген. Бір-ақ ысқыр, Айлы түнде шіреніп, Атып шығам үйімнен. Сурет Жанары жанға жайлы күліп қарар, Жүрекке жылы тиген қылық та бар. Керме қас, ақмаралдай керілгенде, Жүзген Ай, Көкті керіп тұрып қалар. Саз ғұмыр жүрегінің дүрсілі де, Ажары гүлдің жарған бүршігінде. Қасынан іле жүріп қараған жан, Ілініп, Тұрып қалар кірпігінде. Жап-жазық шұғылалы ақша маңдай, Ақ дәптер бетін әлі ашпағандай. Жаратқан суретті салған кезде, Шабытын осы жерден бастағандай.
Құлаған ақ тамаққа иек әсем, Ойнаған ақ сазанды білек десең. Тәйір-ай, Сені ешкім жүрек демес, Орнынан бір қозғалып, Дір етпесең! Жүргенде жүрісінен жел еседі, Жер түгіл, дүниені тербетеді. Көлденең көк аттыны шерлі етеді, Көлбеңдеп көк көйлектің зерлі етегі. Көз нұрың сұлулықтан сүрінеді, Алыстан қоc жанартау білінеді. Сыртына атын жазған осы сурет, Төріне қай жүректің ілінеді?! Қыз құйған шай
Қыз құйған шай, бұдан тәтті не болады, білмедім, Қыз құйған шай, бұдан ащы не болады, білмедім. Ж. Нажмединов І Қырық қыз жайлы, Оқыдым өлең, От кештім, Құманмен қыздың, Әні бұл бөтен, Тілектеспін. Қыз құйған шайды, Бәрібір ішем, Бәрібір ішпей кетпеспін! Елесін қуып ерліктің... Шай емес, Білем, Шер жұттым. Аялда тағдыр, Аяла, Осы бір сәтті мен күттім! ІІ Себеп таппай, Келтіріп бір ретін, Шай ішуге қызды үйге кіресің. Тәттісін-ай, Қыз құйған да, Алғашқы, Ерініңе тиетін. Бөлек дәмі, Шай қадірін білесің, Іштей сезіп, Іштей ғана күлесің.
Ыстығын-ай, Қыз құйғанда, Алғашқы, Ерінің де күйетін! ІІІ Кім десем... Шайды құйған бұрқыратып, Құманнан, Аққу мойын жыр құлатып. Кесе тұр қыз ұсынған шайға толып, Гүлдердей, Күреңқызыл бүршік атып. Кесенің «қалыңмалдай» бек тұрысы, Дүниенің ағыл-тегіл төрт бұрышы. Ақ білек жеңнен шығып кесе ұсынса, Қалғандай қынабы жоқ, Тек қылышы. Жайықтай дастарқанға жазылып ек ... Шайға деп, Қыздың қосқан назы бөлек. Бұл шайды еселеп бір ішу үшін, Көңілге ақмойынның сазы керек. ІV Аяқталып, Бала күнгі ертегім, Жігіттіктің іңкәр күйін шертемін. Құман салған әнді тыңдап өскен ұл, Тері ақты, Қамшыдай боп төрт өрім.
Қыз құйған шай, Білмей ішіп өлшемін, Тамақты емес - Жүрегімді өртедім. Бір самаурын шайды ішіп тауысардай, Ей, бойжеткен, Кімің едім мен сенің? Қыз құйған шай, Шай тегін, Қиял құсым қалықтайды ой көгін. Шекер қосқан... Шайға шөлі қанбады, Ей, боыйжеткен, Өзің енді айт емін. Қыз құйған шай, Әй, керім, Ұрттап ішкен, Шыпылдайды қайқы ерін. Кесе толы құйған шайды, Бір Пері... Ішіп кетсе қайтемін?! V Құман тұр отта, Ән десең сазды бұл қандай? Қызуы оттың, Жүзіңді жұмсақ ұрғандай. Жылылық біткен жүрекке келіп ұялап, Қызылы шоқтың, Бетінде қыздың тұрғандай.
Адамдар отыр, Егілген тұтас ормандай, Қалқыған Айды, Ұстаған кесе қол қандай?! Секерді алсаң, Аспаннан жұлдыз жұлғандай, «Қос алқа» күйі сырғаңдай! Қаз-қатар адам, Жағалай тізген қалқандай, Кесе де мынау, Үлкен де емес, ортанбай. Қызқұйған шайды ұрттап-ақ іштім, Десе де, Бақыттың өзі кеседе тұнып қалғандай! Ішіне үйдің, Сәулесін шашқан нұр таңдай, Шағылған көзге, Моныңа таққан алқаңдай! Мұрынның ұшы, Шым-шымдап қана терлейді, Ағыл да-тегіл сор маңдай. Кесе демылқау, Сырымды тұрған айта алмай, Қимастық сезім, Өтер ме екен байқалмай. Кетсем бе деймін, Отырған жұртты таңқылып, Кесені кері қайтармай!
Сұлу қызы Тараздың (Баллада) I Бұрауына түсіп тұрған бір саздың, Күн нұрына сөз жете ме Гүлназдың?! Хафиз жазған аруындай Шираздың, Сұлу қызы Тараздың! Бәрі осы. Біраз қайғы, Біраз мұң, Таңды таңға асырады ұйқы аз күн. Ұмыттырар ақ күлкіні іздеген, Тек жымиып қарағаны Гүлназдың. Ерке көктем, Ерте жеткен Тараздың, Ерте келіп, Ерте кеткен саны аз күн... Көктем деген ешкімдікі деме сен, Көктемі ол - Гүлназдың!
Бірге жүрген, (Бақытты күн!) Біраз күн, Тәттілігі кімге жетсін, Тым аздың?! Сұлу қызы, Уыз қызы Тараздың, Сағыныштан саған арнап, Жыр жаздым! II Ақын жаны мұңаяды, Неге жүдеп? Сезетіндей бір сырды жүрегі тек. Қызға оқып алғашқы жазғандарын, Оқып берген досымның өлеңі деп. Дегені көп... Жүрек сыры жазылған өлеңі боп, Тылсым күштер, Тағы да Аспан, Әлем, Жұлдыз жайлы өлеңі... Себебі жоқ!
Жарып шыққан секілді өзегін оқ, Біте-бірте қызадыӨлеңі шоқ. Қыз тыңдайды өлеңді жүрегі от, Одан басқа бақыттың - Керегі жоқ! III Таразда жасыл орманОсы қорған, Бұлттардай, Жамбыл тауды басып алған. Мен сені сағыныштан жырға қостым, Өйткені, Сенде менің досым болған. Кім дейсің Гүлназ емей ?.. Асыл арман! Жүректі, Сол досыммен қосып алған. Гүлназды Айдан биік көтерем деп, Таразда, Жан берердей досым қалған... Саған... Болса деп ем... Жалғыз әнім, Ертегідей қиялым ба?! Саған арнап жыр жазамын, Атын басқа қоямын да. Сыйластықты бұзбағаным, Бақыт болып қонбасаң да. Басқа көзден қызғанамын, Маған көзді салмасаң да.
Қиялымнан түлеп шығып, Жырмен саған тіл қатамын. Саған бақыт тілеп тұрып, Бақытымды ұрлатамын. Мәртебеңе басты тігем, Өтем жырмен биік қылып. Барлық қызды жақсы көрем, Жалғыз сені сүйіп тұрып! Осал емеспін-ау Қалың тұман қаптайды - Қалың қайғы, Іштегі от сексеуіл шоғындай-ды. Саған ғашық болғандар жетіп жатыр, Төлегендей, Бірақ та, Табылмайды. Көңіл шіркін жоқ-барға алаңдайды, Бар үмітті, (Сол қалған) Амалдайды. Маған ғашық болғандар табылады, Қыз Жібектей, Бірақ та, Бола алмайды. Жақын айтқан тоқтатып, Кеңес мынау... Көз алдымда тұнған бір елессің-ау. Сені сүйген мазасыз жүрегім бар, Шынында да, Мен осал емеспін-ау!
МУЗА - IV
Тоғызқайық Тоғыз қайық жоғалып, Суға кетті қанша ер... Есенғали Бөкенбай «Тоғыз қайық» I Бұл Теңіз, Ән кеудесін сырға бөккен, Қырда күз, Сарғаяды - Мұнда көктем. Өлеңмен іздеп шықтым, Қайда екен деп? Кешегі, Тоғыз қайық суға кеткен. Іздеген... Жоқ нәрседен бекер ілік, Білемін жоғаларын шекер үміт. Сап түзеп тоғыз қайық келе жатса, Астынан толқындардың көтеріліп. Тізіліп шыққандайын өлең көші, Теңізде жарқырайды күрең төсі. Алыстан тоғыз қайық бұлдырайды, Судағы Айға ұқсап көлеңкесі. Теңізді кеткенімен сан із шайып, Тұр маңғаз тоғыз ғайып – Аңыз жайып. Қатардан бір көрінсе елге жетер, Тереңге ау байлаған тоғыз қайық.
Тынықса, Теңіз жаққа сапарлап Күн, Оттары жарқырайды шаһар жақтың. Тарауы тоқсан күйдің тоғыз қайық, Ойлаған көк Теңізге батар деп кім? Бір сәтке айқай-шудан жаға тынып, Тұрғандай өткендерге дұға қылып. Кенеттен ... тоғыз қайық шыға келсе, Көкбұйра толқындармен бір атылып! II Жарқырап судың беті аппақ нұрдан, Маяк-дүр түн қойнына от лақтырған. Теңізде Ай сәулесі, Якорь тастап, Қайықтай теңселеді тоқтап тұрған. Қусам деп Теңіздегі көп қараны, Аспаннан мөлдір моншақ ақ тамады. Бұл деген – Түнде жүріп жарық іздеу, Құмар деп ойламасын жоққа бәрі.
Бір әннің естілгендей сазы көктен, Біздің ой сағынышын азық еткен. Тағдырын сонша жанның, Маңдайына, Бір күнде суға кету жазып па екен?! Десе де ойлағанда адам жайлы, Көңілді күмән жайлап алаңдайды. Бір үміт іштен шыға қыңсылайды, Қой енді... Тоғыз қайық оралмайды. Ізімен жүргеніммен бос аңыздың, Өзіңнен күдерімді қашан үздім? Теңізге ең болмаса қайтар деймін, Сүйегін суға кеткен атамыздың! Каспийдің толқындары-ай Кеудесін желге тосып, Маңайын сәнді етеді. Тұрғандай перне басып, Толқындар әндетеді. Сөйлеген жыр тілінде, Жағасы шаттық айым. Сұлудың кірпігінде, Толқының – аққу мойын.
Бар бақыт бір өзінің, Басына қонып алған. Айсұлу білезігін, Суыңа шомылдырған. Жағаңда тасың қалған, Сұлудың моншақтары, Сәулесін шашып алған, Созғанда саусақтарын. Таулары болған тіреу, Суатқа шақырғасын. Түсіріп алған біреу, Шуаққа сақинасын. Ашылған Күн нұрынан, Шашылған алтын арай. Ән ескен сылдырынан, Каспийдің толқындары-ай! Мен саған ғашықпын... Үзілмей тұрған тілек қой, Өзіңе үміт жалғасам. Түндерде толқып, Үдетті ой, Лапылдап тұрып, Жанбасам. Лүпілдеп соққан жүрек қой, Сен жайлы жырды толғасам. Дәл сендей шабыт, Керек қой, Мен сендей тасып, Толмасам.
Десе де, Орның бөлек қой, Көгілдір әлем, Ол да әсем. Бәрі де бекер, Түнек қой, Мен саған ғашық болмасам! II Кеудемді тосам деп, Іркіп келіп ем. Мауқымды басам деп, Кілкіп келіп ем. Жапырақ жайып тұр, Толқынның бүршіктерінен. Айтпаймын осал деп, Сілкіп көріп ем. Суыңды шашам деп, Бүркіп көріп ем. Теңізде тамшы тамып тұр, Толқынның кірпіктерінен. Саз ғұмыр Самал жел құшқан есіліп, Мәуелеп ұшқан наз қоңыр. Сол Теңіз жатыр көсіліп, Кеудесі толқын, Саз ғұмыр. Теңіздің бетте меңіндей, Шомылған суға Ай керім. Сұлулық тұрған төгілмей, Төгіліп кетсе қайтемін?!
Сәулелер билеп сылқым би, Күн нұры түскен жұмақтан. Домбыра – Теңіз, Толқын – күй, Ағылып тұрған шанақтан. Құсжолы шығып аспанға, Асылып жерді қосқан ба? Алтынға толы сандық па, Шашылып қалған... Ашқанда?! Сезімнің кілтін тапқандай, Көзімнің ақ пен қарасы. Тереңі ойлы қарттардай, Базарлы жастық жағасы! ...Жағада шалқып келемін, Толқында – толқын тасып ой. Теңіз бе? Теңіз дегенің, Көсіліп жатқан осы ғой! Теңізбен қыз Қалқыған Теңіз төрінде, Туған Ай қандай жайың бар?! Қол жетпес биік менің де, Дәл сендей аппақ Айым бар. Жыр моншақ толқын шашқанда, Теңізде менің үнім бар. Жарқырап тұрған аспанда, Күлімкөз менің Күнім бар.
Ах ұрса Теңіз өлеңде, Аңсаумен өткен шақтарым. Жұлдыздар сансыз төбемде, Жолданбай қалған хаттарым. Шағала Теңіз әншісі, Жүрекке сенен ән тұнар. Көзімнің аққан тамшысы, Теңізде кермек бар шығар!.. Қолтықта,* Қалған із бар ма... Бір күнде шулап жүз келген?! Сол тұста қалған қыздарға, Сәлем де дұғай біздерден! Қолтық* – Теңіздің ағысынан бөлек,ішке сұғынған, суы қысы-жазыжып-жылы тұсы. Су Перісіне сыр I Ей, Перизат, Ойнақ салған Теңізде, Ойлағандар дейді екен мені кім? Жұртқа мына жынға үйір дегізбе, Деп жүрмесін, салқыны бар Перінің. Көптеу десең, Жағадағы тұрғанды, Ол да жұмбақ өзіме! Білемін мен, Сүйіп едім бір жанды, Жүрегіммен езіле.
О, Жарқылым, Асыл ән! Ол да менің көкірегімде тұншыққан. Бақыт деген... (Сенен несін жасырам.) Сырт айналып, Мен дегенде қырсыққан. Ех, жанымды түсінетін жан болса, (Бірақ сенің қатысың жоқ бұған да.) Аспандағы жұлдыздан нұр тамғанша, Күтем... Кетем, орынымнан тұрам да! Таң атсыншы, Көрмегенді көресің, Іздеме сен, Жоқты мен де іздемен. Түнде жүрген болсын менің елесім, Кешір енді... Басқамыз ғой біз деген! II Басыңнан пенде ғұмыр кешіргенің, Сыр айтып, Маған тағы есілгенің. Теңізде қара түнде жарық көру, Дұрыс па екен осы есім менің?!
Тағдыр ма? Аямаған сені, мені, Шексіз ой Теңіздей боп көрінеді... Перінің мұңы бар деп кім ойлаған, Ащы жас тас моншақтай төгіледі. Айтпаған басқа түгіл қасына сын, Әніме Пері неге қосыласың?! Қайғыңа ортақ болу қолдан келмес, Сенің де жаның маған ашымасын. Айып па білмегенді сұрағаным? Ештеңе өзгертпейді қарағаның! Жыласа жүрегі бар жылаушы еді, Бұл қалай? Пер і болып жылағаның. Қойғанмен дүниені жұмақ қылып, Кеудемде жатыр менің сұрақ, күдік. Мен сені қалай ғана жұбатамын, Өзімді де ағал-тегіл, Жылап тұрып?!. *** Теңіз бе, ей, Мынау шалқыған?! Аспанға шашқан моншағын. Тереңнен жатқан тартып ән, Құмары болған баршаның.
Алдыңнан шығар жағалау, Шағала қанат жайып бар. Көтерген биік ақ жалау, Желкенін желпіп қайықтар. Қайқайып желдің өтіне, Оқиды шулы өлеңін. Өрілген өрнек бетіне, Осы ма, теңіз дегенің? Қарадым тағы болып таң, Бір күштің барын сеземін. Дүние келмей тобықтан, Теңізді кешіп келемін. Биіктік мұнда шектелсе, Тереңдік жатыр өлшенбей. Өзендей ағып өткенше, Толқысам деймін мен сендей! Теңіз. Теңіз жағалап жүгірген тарғыл тазы (Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалап жүгірген тарғыл ит» шығармасын оқығаннан туған ой.)
- Бәке деймін-ау, осы Қасқырбай да қызық адам. - Хім... - Қойға өзіміздің төбетті ұстамай, қайдағы жоқ тарғыл тазыны асыраған. - Хім... - Сау ит емес, «есекті көкке айдасаң, тақырға қашар» - деген, көктем келсе болды, ұлидыма-ау... Теңіз жаққа діңкелейді де тұрады. - Хім... - Бәкең біледі... атқан насыбайын шырт түкірді. Қасқырбайдың бұған не жазығы бар дейсің, жазған-ау?! Балалары қала жақтан әлі көзін ашпаған күшіктей әкелген. Бұл иттің аталары құсқа жақын болуы керек. Құмайтазы қаздың жұмыртқасынан шыққан. Ол содан... Бәкең білгіш... аузына насыбайын салды. - Хім... (Екеудің әңгімесі.)
Айдынында шаңқылдаған шағала, Теңіз беттен, Соққан желден әл жиып, Жүгіреді қамысы ну жағаға, Отар қойды тастап кетіп... Тарғыл ит. Толқындарға толқи қарап, Толқыған, Жаға қуып жүгіреді тарғыр ит. Аспан кезген, Ой қатпарлы жалқы ән, Тұратындай жүрегіне нәр құйып. Өткен күні, Қайтқан қаздай оралып, Үнін қосқан көктемге. Тарғыл ит қой, Алғашқы боп қуанып, Теңіз жаққа кеткен де. Рас шығар, Бұл айтқанын құп дерсің, Бәкеңбілгіш... Басқа ешкім білмейді. Қаз-үйрек пен құмайтазы иттердің, О-о, басында түпатасы бір дейді.
Аңшылықтың бәсі қалған көнеріп, Теңіз бетке ұлып кейде алады. «Ит болғасын жүрмейді ме неге үріп?» Деген адам - Түсінбеген болады. ...Қойлы ауыл, Шу, мереке әр күні, Күнде келіп, Төл санайды басқарма. Қаз-үйректің естіледі қаңқылы, Тарғыл ит қой ұлып тұрған аспанға!.. Теңіздегі сұлулық Тер кепсе де, Шөл кетпей, Ай сәулесі Теңіздегі өрнектей. Тербеледі суға түскен көлеңкең, Жаға қуып, Жеткен құты шөлмектей. Бір құбылыс, Сағыныш ән, Аңсатқан, Мың бұрылыс, Толқындарға қарсы аққан. Қиқулайды аппақ құстың базары, Жартастарға ән жаққан.
Үш бұрыш хат, Екі түзу - Қосқанда, Құс тізбегі ақ сәулелер аспанда! Қанаттары ұқсайды екен дәптерге, Ән төгілген, Әрбір бетін ашқанда. Сұлулық та тұрады екен ағыстан, Ондай кезде, Бір-бірімен жарысқан. Сыймай көзге, Бұлдырайды алыстан, Осы шығар, Тас-төбеңде ән ұшқан. Бұрынғыдай, Тер кепсе де, Шөл кетпей, Сұлулық-ай! Сен жеткенге мен жетпей. Теңіздегі, Ақ сәуленің кескіні, Киіздегі, Қиып салған өрнектей. О, Теңізім, Шын сұлулық сен деп ем, Толқындарың дүниені тербеген. Менің шөлім – Пендеден, Әлем жатыр сұлулыққа шөлдеген! Сылдырындай шолпының, Сұлулықпен табысып ем. Толқының қайда? Толқының, Аққудың әні сіңген.
Толқымай жатты көктеңіз, Қалды ма бір сәт ойланып? Төңірек біткен теп-тегіс, Тыныштық күйге айналып! Сабырлы қарттай қарайсың, Маңайды түгел шолып кең. Кеудеңде қалсам абайсыз, Кемпірқосақ болып мен. Арынды толқын қайда деп, Жағаңа келдім іздеп шын. Төңкерілген Айды әкеп, Төсіңде сенің жүзбекпін. Сезімді келдің үрлеумен, Жаттығың жоқ қой, Біргемін. Өзіңдей дауыл жыр кеудем, Тоғыз балл аңсап тұр менің. Дәл тауып перне басқанда, Сұлулық жатыр ән салып, Ән тамып, Қара тастан да, Мен тұрмын соған тамсанып.
Жұмақ па? Ах-һау дегізген, Жүректің көркем абаты. Жылы леп соққан теңізден, Желпіген аққу қанаты. Нұрланып сырмақ самал кеш, Зерленген әнмен өңірім. Ақ тамақ мінсіз, Қайқы төс, Шағала – аппақ көңілім. Арманда көрген, Көрмеген, Толқындап кеткен тасып ой. Теңізде тұрып шөлдеген, Сұлулық деген осы ғой. Егіліп жеткен өмір ме? Төгіліп кеткен бұл маңға. Сыйсын ол қалай көңілге, Дүниені керіп тұрғанда!
Теңіз ғой осы, Құдірет, Жапырақ жайып көктеген. Аумағы үлкен сүгірет, Бояуы әлікеппеген. Көгілдір кеш І Тағы да қараңғы, Тағы да паң төсі. Қою түн келгесін, Көз алдым жұлдыздың сәулесі. Тарқатып бұрымын таранды, Айсәуле айнағып көл бетін. Ұйқысын жырларым тербесін, Көгілдір түніме ғашықпын. Тағы да көзілмей бүгін мен, Көгілдір әлемге сіңуге асықтым. Білем ғой олардың от демі, Жұлдыздар аққанда тайғанап, Қимастық сезімнің сәттері, Не деген тәтті еді?! Бір тамшы жас болып,- Әр мұңым, Жұлдыздай аспаннан жосылып, Ақты енді. Білсе ғой... Мендегі от-жалын ұқсайды толқынға, Кеудемде жанатын!
Көк күмбез – сендерде жыр-өлең, Лақтырған найзасын ұшына жар-құздың, Толқындар, Шаншылып, аспанды тіреген! Тағы да қараңғы, Тағы ды паң төсі, Қою түн келгесін. Тірейтін орын жоқ табанды, Періште қағады қанатын. Осында болса ғой ән кеші, Дыбыстар ағатын. Сен маған тыныштық бермедің, Мен саған тыныштық бермеспін, Ол солай болмаса, -- Күні ғой болатын! Тағы да қараңғы, Тағы да паң төсі. Қою түн келгесін, Сен маған тыныштық бермедің, Дегенмен, Мен саған тыныштық бермеспін, Өлеңмен! Теңіз, мен, қыз Көрсем деп сені, аспандап бардым, Сағынышқа толы сезімге ердім. Қанатын қаққан қасқалдақтардың, Тұп-тұнық мөлдір көзінде көрдім. Тосыннан шабыт қонған ақынға, Әлсіздік болса сілкінбес еді. Ұшқан құстардың ән қанатында, Жырламай қалу мүмкін бе сені?! Қанатын қақты ән салған құстар, Барады күзде тыраулап. Бізден де өтті Таң Шолпан тұстар, Сыр емес тұрмын... Жыр аулап.
Бір нүкте болып көгіңде қалдым, Сәуле боп тұнсам есіңде мәңгі. Шетінде тұрмын төгілме жардың, Сен жақтан тыңдап есілген әнді... Теңіздегі сұлулық Көктен шығар, Көк пен жерді көктесін. Келген болар күткесін. Шағаланың қанатына ілініп, Тауып алдым, Бір әуеннің нүктесін. Жеткен шығар, Жаңбырлатып төккесін. Тіліп өтіп, Қақыратып көк төсін. Қасқалдақтың тұнып тұрды көзінде, Ағып түсіп, Жерге тамып кетпесін! ххх Маңайды түгел ән қылып, Атады ерте таң күліп. Осында міне қозғалыс, Жататын тынбай мәңгілік! Жоқ мұнда, Жоқ қой, Жоқ аспан, Теңіз ғой көктен әрі асқан. Ақ бұлттарАппақ аққулар, Ұшам деп жүріп адасқан.
Жүрекпен сені сүйіп мен, Көз салсам шіркін биіктен. Көк Теңіз осы аспанды, Көтеріп тұрған иықпен. Ән тұнып тұрған маңайым, Жан десең қазір жанайын... Тоғыз балл соққан Теңізді, Төсіммен тосып алайын. Таңқалып тылсым құдыретке, Дір етсін асау жүрек те. Ілініп сосын қалайын, Айвазян салған суретке! Айвазовский, шын тегі – Айвазян.
МУЗА - V
Бес балам Бес қазынам, Шүкір, бес балам, Жұмыртқа сынды аршыған. Мақтанып кейде төс қағам, Асығым түсіп алшыдан. Бесеуі әнім, Мақтаным, Ашылған көзі бұлағым. Тіл-көзден аман сақтағын, Құдайдан соны сұрадым. Жағасы жайлау, Кең өріс, Мендей-ақ болсын бір адам. Қамында жүріп күнкөріс, Санасыз болмаң сұранам. Өмірге іңкәр, Шөл едім, Ашылды гүлі бүрімнің. Сендерді қалай бөлемін, Бірің Ай, Маған бірің Күн. Бес балам, Менің бай кенім, Жалғасын тапқан арманым. Бөлшектеп жазып қайтемін, Бес шумақ өлең арнадым! Өмір – өлең (немереме)
Жатарда, Үш қайырған келемеден, Туса ғой дәл осындай кемел өлең. Кәдімгі жапырағы, Сабағы бар, Дәптерге көшет қылып өлең егем. Сапарда, Үш қайырып келемеден, (Бір ойлар кетпей қойды неге менен?) Өлеңді шеңбер сызып айналамын, Білмеймін қызғанамын сені неден?! Күбірлеп, Жатқа айтып келемеден, Түбі бір, Кетпеспін-ау сенен өлең. Бәріне ортақ жалғыз жүрегім бар, Бір ойнап... Қайтайыншы немереммен?! Бүгін тек, Сазға салып келемеден, Түндерге тілқатайын түнемеген. Бесігін немеремнің тербетейін, Қосылып сеніменен, Өмір – Өлең! Анам туралы элегия Анам Қаймаққа
Айды айтам, Анау кезген көкте көп, Айта алмайды түннен маған еш дерек. Айта алмайды Анашыма той жайлы, Тамаша бір өтті деп!.. ...Бір әулеттен бұтақ болып өскен ек, Жолға шыққан балалары көш түзеп... Немеренің тойын көрмей алғашқы, Анам отыр... Шымылдығын кестелеп. Шымылдыққа... Аспан жақтан нұр сіңген, Ауысады мың түр болып, бір түрден. Ту-у алыста күркірейді көк аспан, Анам шығар ... тойда болмай, Күрсінген. Ай да ұзақ аспанында іркілген, Жаңбыр жауса ... Бұлттар шығар сілкінген, Анам болар... Қуанышын білдірген, Бір жылаған, Бір күлген. Жалауым мен алауым ...Жалауым менің алауым. (Анамның немересіне айтқаны)
Қуаныштан үзілсем, Үзілетін шығармын. Жүрегімнен төгіл сен, Алауы боп бір әннің Қуаныштан жарылсам, Жарылатын шығармын. Орны толар сағынсам, Жалау әнге құмармын. Жүрген кезде шөлдетіп, Жаңбыр жауды көлдетіп. Келді міне төрлетіп, Тұрмын бесік тербетіп. Өмір гүлін ашқанда, Өзі болды мақтаным. Лақтырғанда аспанға, Бас киімді таппадым. Той-мереке тілінде, Түсіп тұрған бұрауым. Өзі болды бүгінде, Жалауым мен алауым. Айтар дейсің кім өкпе, Шаттығыма үңілсе. Дәл осы сәт жүрек те, Үзілсінші, үзілсе! Төгілген жерге шуағы Сәтімен жанға жеткен деп, Осы де бізге керегі. Жапырақ жайған көкпіңбек, Сұлулық гүлдеп келеді.
Бал дәмі қалды таңдайда, Бәрі де аман, Дін аман. Жұлдызы жанып маңдайда, Дүниеге келді бір Адам! Шықсын деп көңіл құмардан, Өзімен-өзі болған ой. Тоғыз ай шайқап шығарған, Ақ ұлпа, аппақ арман ғой! Алманың бір түп - Мол ағы, Көктемде бүршік, Жарған ғой. Кең сайға бүлкіп, Бұлағы, Арнаға кілкіп, Толған ғой! Ақ нұрдан оның құрамы, Алтынға малып алған ғой. Тіреліп көкке шуағы, Төгіліп жерде қалған ғой! Жүрекке Күрең күзде, Немере бала келді, Үйімізде, Мереке болады енді ... Жүрегім-ай, Жататын тұнып ағып, Барасың ғой кеудемді бұзып жарып. Айқайлағың келе ме? Айқайлағын, Кеудемде тұрып алып.
Естілгендей дауысың бүгінанық, Сөздеріме тұрғандай шырын тамып. Бір жылағың келе ме? Қуаныштан, Кеудемді сығып алып. Бүгін анық білгендей, Бүгін танып, Тербетеді бесікті жырым барып. Дәл осы сәт жіберсем, Қайтер едің? Кеудемнен шығып алып. Ойлағаны ойлардың орындалып, Келер күнге жол тартқан жолым анық. Аллаға да не дейін? Кетсе егер, Жүрегімді жұлып алып! Періштелер алаңы Сен жыласаң, Секілденем мен дағы, Сілкінетін жер шары. Сен күлгенде, Жаным менің гүлдейді, Болып маған ем – дәрі. Таңдайыма, Кептелгенде шөл дәмі, Дарияның көрші келіп қонғаны. Сұлулықты айта алсам болғаны, Түсімдесем, Өң бәрі.
Сөзім «алһам», Түннің өзін қуатын, Өз іқалқам, Арай шашып тұратын. Менің арқам, Періштелер алаңы, Ұшып келіп қонатын! Кетсем деп ем ... Мен бүгін, Кетсем деп ем Күн еліне, Сәулесін орап алып білегіме! Қарайлап ертең артқа жүремін-ау Әлде мен кетпесем бе, Керегі не? Тілеулес тілек айтып, Тілегіме, Келеді сапар шеккім Нұр еліне. Мен сені кімге тастап кетем сонда? Айналған айналайын тірегіме. Шынымен кетіп қалсам Күн еліне, Ол жақта мені сендей біледі ме? Одан да жерде мәңгі қалайыншы, Айналып сенің құрттай жүрегіңе! Ұйықтап кетсем шалқамнан
Жатыр едім, Ұйқылы-ояу шалқамнан, Жұмсақ қолмен, Қақты иық-арқамнан. «Ата, неге көп кетесің ұйқыға?» - Деді маған, Үніменен бал тамған. Дос болудан үміт үзіп, Жалтарған, Ұйқы деген... Ермей бізге ол қалған. Ертеңгі күн, Қалғып кетсем абайсыз, Оятшы сен, Қағып қалып арқамнан! Салтыменен, Аталардың жол салған, Келемемді үш қайырып алһамнан. Жалғанда да арман бар ма, Бір күні... Ұйықтап кетсем шалқамнан! Өскен құлын шекер жеп Су сұраса, Өскен құлын шекер жеп, Жүрегіме ұя салған мекендеп. Құрттай қолдар, Асылады мойныма, «Шаршап тұрмын, Ата, енді көтер» деп. Жақсы көру, Құны немен өтелмек?! Сендеп жүрсем, Жүрмегенім бекер тек. Бақытымды,
Ұстай алмай тұрмын мен, Ұмтылғанда, Құстай ұшып кетер деп! Хал сұраса, Айтылған сөз «лекер» деп, Айшықтаған әжім бетті бедерлеп. Тай кезінде бәйгі алған деседі, Өскен құлын, Шекер жеп!.. Атаның ақ таяғы Немерем жүр, Шырқатып сотқар әнін, Сотқарлығы басылар, Деп қоямын. Өмір бірақ Атаңдай әділ емес, Ақ таяғы сүйейтін, Жоқ, қарағым. ...Әке. Таяқ. Әрие, Жоқ талабым! (Серігі жоқ бірақ та, Таппағаным.) Төрден сүйреп, Немерем әкелгенде... Ақ таяқтан сыр іздеп, Көп қарадым. Өткен күннің белгісі, Ақ таяғым, Жігеріме, Өзіңнен от табамын. Әлікүнге, Аяқты шалыс бассам, Тиеме деп арқама, Сақтанамын. Жүргеніммен, Ішінде көп қараның,
Ақ таяқтың иесі – Жоқтар әнім. Көшесінде өмірдің бағыт сілтер, Алатаяқ секілді, Ақ таяғым! ... Немерем жүр шырқатып сотқар әнін, Сотқарлығы басылар - Деп қоямын. Тілегі бар таяқты көрген сайын, Тірегі бар адамдай мақтанамын! Бір Атаның ұлымыз Көп Атаның қаладағы бірімін, Үйге сымай, Түзде қалған қылығым. Жылқы да жоқ, Қамшы сыйға беретін, Бәсіреге құлын алар, Құлыным. Жүретұғын жайлау барып, Ел танып, Шұбат ішіп, Қымыз ішіп, Тамсанып! Лақ та жоқ, Қозы да жоқ Атаңда, Беретіндей құлағына ен салып. Мұңаямын, Соны ойлап кейде шын! Дүниеде болса деймін, Үйлесім. «Атам берген, Тайым қайда?» - дегенде, Кеш болады-ау, Кеш қалғанын... Білгесін.
Бір атаның, Қазақ деген ұлымын, Кең далаға, Сыймай кеткен қылығым. Атаң ертең, Ақыл-ойын сыйласа, Риза бол, Құлыным! Өмірдің асықтары Көрмеп едім, Туа біткен ақылды, Алпамыстай, Жырда жүрген батырды. Асықтарды иіруге, Немерем, Жекпе-жекке шақырды. Мен тойлардан, Күрес болмай қайтып ем, Әнімді де, Үйге келіп айтып ем. Иіргенде, Асықтарды немерем, Түсіп жатыр, Алшы менен тәйкіден. Істер қалды біткені бар, Бітпеген, Бұл оқиға тосын болды, Күтпеген. Мен иірген асықтардың бәрі де, Бүк түседі, Шікпенен. Сәнім менің, Қауызынан аршыған, Әнім менің, Аспанымда шалқыған. Иіргенде асықтарың, Өмірде, Түсе берсін, Тәйкі менен алшыдан!
МУЗА –VI
Өзенім Өзенім менің, Өзенім, Өзенім-десе, Өртенеді өзегім... Д.Қанатбаев I Қып-қызыл болып, Желтоқсан таңы атқанда, Иыққа салған, Табытты ауыр сеземін. Жаны шықпай, Тәні жерде жатқанда, Көңіл айтуға келдім саған, Өзенім! Айнала қоршау, Құрсаудан өтсем - Шер құсып... Үш күн дауыл боп, Үш күн шаңдатты дала, қыр. Боздақтарым жатыр жер құшып, Қып-қызыл болып, Қала тұр! Егіліп келем. Көзімнің жасы төгіліп, Қолымды жайдым, Көкке мен! Жүрек те тұрды, Бырт-бырт сөгіліп, Тілдесе алмай көппенен. Ел еді, Ұраны Бекет, жебелі... Таппадым жауап, Күмәні көп сұраққа. Өзен жаққа барып, Көңіл айтқым келеді, Кімге айтам соны... Бірақ та?!
II (жаңбырды күту)
Өзі жаңбыр, Өзі жыр, Қара бұлттар кезіп жүр. Табиғаттың қашан да, Мазасыздау кезі бұл. Сілкіндіріп аспанды, Жойқын дүрсіл басталды. Тамбай кеткен бұлттардың, Жанарында жас қалды... Аламын деп жасқап бір, Қап-қара бұлт қаптап тұр. Періштенің қанаты, Жаңбыр деген – Аспан жыр! Жаңбыр еді керегі, Бұлттар қайда желеді? Жаңартады көнені, Тазартады деп еді. Ойға батып сан түрлі, Көз алдымда шаң тұрды. Шөл даладай күйкешіп, Тілеп тұрдым жаңбырды!.. Алтынның буы (баллада) Нағашым Биғараға Шопан жігіт қойдан жуас мінезі, Қой соңында ертелі-кеш жүреді. Шаршамаған, барлық істі тындырған, Қой сауғанда, қой көгендеп бір өзі.
Шаруасы жоқ бөтен сөзбен, кісімен, Маңдай термен, Нанын тапқан күшімен. Бар шаруаны жалғыз өзі тындырып, Бір ауылды таң қалдырған ісімен. Сырттан келген дүлей күш пе? Қысым ба? (Анық сыр бар ел білмейтін осында.) «Байдың қызын енді қашан алам» - деп, Айқайлаған қой көгендер тұсында. Шопан жігіт қойды жүрген көгендеп, Қалады екен осы тұста дедеңдеп. Айқайлаған, «байдың қызын алам тек, Айтпаса да берем деп». Шопан – шопан, Қызды алардай бай емес, Қой соңында жүрген пенде қаракеш, Тойып ішер тамағы жоқ, Үйі жоқ, Байлық айтып, айқайлатқан қай елес?!
Бір нүктеге келген кезде күліпті, Міне содан болған көзге күдікті. Қой көгендер сәтте шыққан айқайды, Сауыншысы күнде естіп жүріпті. Шопан еріп өрісіне қой шықты, Өрнек өріп іздеріне айшықты. Көргені мен естігенін қалдырмай, Сауыншысы бір күн байға айтыпты. Болған жайды бай тыңдаумен қанықты, Ойға салып, бір білгірлік танытты. Қой көгендер жерді барып қаздырып, Мол қазына – алтын тауып алыпты. Әлқисасы... Шопан келген өрістен, Қой көгендеп, араласты көп іспен. Өткен күнгі бірі де жоқ айқайдың, Мұңаяды тек іштен.
...Байлық буы, Алтын буы ғаламат, Өн бойыңды кеткен кезде аралап. «Алтын көрсе жолдан тайған періште»- Ал адамда жоғалады қанағат! Ділдә ханым (баллада) О, Өміршең асыл ән, Деуш едім, Өзіңе мәңгілік қосылам. Мен жүрмін, Жабырқап, Айықпай, Сен үшін төгілген, Өкініш жасынан... Әлібек Мейірбеков I Шымқаланың, Күнгейі күнде сағым, Сағым орап ұшады күрке тамың. Сая болмай, Саялы саябағың, Шөл басайық сол тамнан, Ділдә ханым. Неге жақтың? Сезімнің білте шамын! Неге тәттім, қош деді? Қызға мәлім! Жалын орап, Өртенер күрке жағың, Ділдә ханым.
Шымқаланың, Күнгейі күнде сағым, ...Күнде шалың өргізер күнге малын. Қаздар айтып барады күзге әнін, «Қаздар қайтып барады...» Ділдә ханым. Шымқалаға, Қаққанда жыр қанатын, Отырады сол бетті... Жырлап ақын. Күндізі от, Түні де нұр болатын, Ділдә ханым. Пісіп тұрған алмабақ күзге салым, Таныс аймақ, Таныс маң ... бізге бағың. Құралайдың көзіндей мөлдір жанымДілдә ханым. Менің күнім еді ол, Сізге мәлім, Мен жұтатын ауаға сіңген әнің. Ойға түссе, Әлі де қызғанамын. Ділдә ханым. Шымқаланың , Күнгейі күнде сағым, Сағым орап ұшады бірге жалын. Төлеген де қоштасқан, Алты қазбен, Қоштасармыз... Таң атсын, Ділдә ханым.
III Шымқалада, Сол жылы күз болатын... Ақын жазған, Өлеңмен қызға хатын. Өлең жазып, Өлеңге атын қоймай, Шимайына мәз болған біздей ақын. Сылдырындай су жатты сырғасының, Ақын ғана айтатын суға сырын. Сол мықтың да, әрине, Біз болатын, Өлеңдері көрмеген бір басылым. ...Сыр ақтарған жылдарым, Жыр ақтарған, (Енді орамал кім былғар, Бірақ саған?!) Күндерім-ай жылуын қайырмаған, Өлеңім де сол қыздай қымбат маған. ...Алма исі аңқыған күзде бағың, Ұрылардай қараушы ед, бізге шалың. Бізден қартың қызғанса алма бағын, Мен өзіңді басқадан қызғанамын, Ділдә ханым.
IV Қиялым бір қарбалас... Кетер көкке, Бақыты - Елесіндей шырын шақтың. Өзімді орап тұрып шекер сәтке, Сезімді сен арқылы сұлулаттым. Тілсіз де кетер едік ұғынып та, Дүние сені көріп өзгеріпті. Айтсын деп, Мадақ сөзін сұлулыққа, Өзіңмен тілдесуге сөз беріпті. Көзім де, Жоқ ... сезімім, көзілмейді, Алдымен саз ғұмырлы сөз келіпті. Сұлулық ғашық болмай көрінбейді, Көрсін деп, Маған сені көз беріпті. Сәуле бұл, Дәл жаныма тиіп кетіп, Айтуға тіл де жетпес, Ай көрікті. Қиялын жүрсін деді-ау биіктетіп, Тағы да ойласын деп, Ой беріпті.
Тылсым күш, Көктен түскен өлең шығар, Сап-сары сағынышым көгеріпті. Өзіңді жырлап өтсін деген болар, Мені де ақын қылып жіберіпті! V Он екі бет, (Өлең) Бір дәптер, Ішінде жатқан әнқайнап. Сені де білем... Тыңдап көр, Кеудеңде тұрар жалт ойнап. Он екі бет, (Өлең) Жыр дәптер, Одан соң қанша жол жүрдім. Сені де білем... Кей сәттер, Кешесің кейпін сол күннің. Сол күнге жаным шөлдеп жүр, Парақтап ашсам дәптерді. Алма бақ тағы гүлдеп тұр... Есіңе салып өткенді. Тулатып бойда қанымды, Уызы тәтті жырдың да. Қызғанып алма бағыңды, Ақынды жап-жас қудың ба?..
Енді кім мұны шешеді, «Тартылыс заңы...» ашпаған. Іздеймін қартты кешегі, Күзеткен бақты басқа адам. Әр жолы тұрған тармақтай, Атызда өлең тулайды. Елейтін бізді жан жоқтай, Ешкім де бізді қумайды. Ақынмын әзір жоқ атым, (Жас ақын десе, Таңданам.) Бұрын да солай, Бұл ақын, Аты жоқ өлең жолдаған. Орамал былғап тұратын, Елесің ғана қалмайды. Қазір де солай, Бір ақын, Аты жоқ өлең жолдайды!.. VI Сен басқасың, Қарау керек басқаша, Кез-келгенің көрінбейтін көзіне. Гүл де шөптей, Қауызын жарып ашпаса, Хош исімен тартар ма еді өзіне?!
Обасында, Тапқан сені адаспай, Ол дегенің сәттер болар қас-қағым. Гүлді иіскеп көрші өскен ағаштай, Мен де мүмкін, Ой көзімен басқамын. Ойлағанға дүниенің үміті, (Білмейді олар) Тұратынын талшықтан. Гүлдің нағыз жұпар исіменікі, Үндемеймін сондықтан! Ерік берген, Аласұрған сезімге, Осалдығым болар мүмкін бұл менің. Хауа ана алма жеген кезінде, Адам ата жеді ме екен? Білмедім... Айналаны гүл ораған, Нәрі мұң... Неге екен? Осыған таң боламын. Адамзатты жаратқада, Бәрінің, Нәзік тұсы сезім бе деп, Қаламын! Айседора һәм жалғыздық, Қаракісі (метафоралық поэма)
...Махамбет Өтемісұлы кештетіп, жолдастарымен Қаракісінің ауылына түседі. Аттар да, кісілер де әбден шаршаған. Қаракісі үйден шығып: -Жолдарыңыз болсын! Махамбеттің қосшылары боларсыздар, қош келдіңіздер деген екен. Махамбет сонда айтыпты: Тарланды сұлу көрсеткен, Сұлы менен беде екен. Жігітті сұлу көрсеткен, Қалың қол мен елі екен. «Махамбет - қосшы» дегенің, Махамбеттің өзі екен!
Қаракісі танымағанына кешірім сұрап, үйде қонақ етеді. Жазғытұры екен. Ертесіне Махамбетке тәуір айғыр мінгізеді, жолдастарына тың ат береді... Махамбет қайтарында тарлан атының құлпырып қалғанын көреді. Қаракісі аттарғасұлыны сүтке бөрттіріп (Спан әдіс) берген екен. Махамбеттіңкөңілі бітіп: «Дәмдес болатын кісі екенсіз»- деген екен... ... Қаракісі Махамбеттің бойлы-сойлы қарындасы бар екенін естиді. Қаракісі Махамбетке құда түскісі келетінін айтады, ініс Қосымды көрсетіп, қарындасын келіндікке сұрайды. Махамбет: -Бұрын үйленбеген болса – бір тең шешесің, бұрын үйленген болса екі тең шешесің депті. Қарындасы Махамбеттің берген уәдесін естігенде өлеңмен:
Желекті найза қолға алып, Оң жағыңда жүргенде Жігіттермен тең едім. Жоғары өрден жылқы айдап, Боранды күні келгенде, Қай жігіттен кем едім?.. Сырын білмей адамға, Ағыке неге телідің? –деген екен... ..Келін кейін «Сәке шешей» атанды. Ол ұзақ ғұмыр кешті.Одан үш қыз, төрт ұл (Қолдасбай, Бөшекен, Шопанияз, Шопанбек) туды. Төртеуі де ер тұлғалы болды... Махабетше жақсы көру Асынған жебесін, Қақпақтай жауырын. Мақтаныш көретін, Қарындас– Бауырын. Болғанда тірегі, Тілеуін тіледі. Қалмайды бір елі, Қасында жүреді. Жалғыздық сезілді, Жоқтығы жеткенде. Бауыры езілді, Жат жұртқа кеткенде.
Кеткесін білген де, Жоқтығын бауырының. Тіледі жүргенде, Денінің саулығын. Аталса есімім... Құтылар азаптан. Тиер деп кесірім, Алысқа ұзатқан! Қаракісі 1830-1840 жылдар шамасында Үстірттің оңтүстігінде өзімен бірге жүріп, оққа ұшқан батыр Құлыбектің етін сылып алып, сүйегін Бозашыға Қызық қауымына жерлеген...
Ол кездегі ең атақты тұлпарлар: Қаракер - Сүйінқарада, Қаракөз деген тұлпар Қаракісіде болған. Қаракісінің Қаракөзі Кенесары ханның беріп отырған асында бәйгіден басқа аттардан бұрын келген. Мұхамеджан Сералиннің 1900 жылдары Кенесары, Наурызбай хандар туралы жазған «Топжарған» атты поэмасында Қаракісінің бәйгі алғанын жырмен келтірген. Тойларда, астарда Қаракісінің аты бәйгіден бірінші келетін. Бәйгіден түскен малды иелеріне (ошаққа), ағайындарына, жетім-жесірлерге үлестіріп жүретін... Махамбет Жүргенде Нарында, Махамбет! Мен едім. Исатай жанымда, Жаным да өлеңім. Белімде белбеуім, Шешілмей келеді. Өлімге сенбеуім, Сенгенім ел еді...
Досыңнан айырылу, Дұшпанға керегі. Қанаттан қайрылу, Өліммен теңеді. Семсерім, Тұлпарым, Шаппайсың сен енді. Жәңгірхан қылтаның, Тамаққа тірелді... Іздеймін асылды, Өртеген жалыннан. Сақтауға досымды, Келмеді қолымнан.
«Қаракісі Әли Балта балуаннан жығылыпты» деген сөз бар. Бір ас кезінде Қара кісі аттарды аралап жүріп, Балта балуанның атының әбіздерін көріп, қызығады. Қасындағыларға: «Мына ертоқым, жүген-құйысқан менің атыма жарасады екен», - дейді. Ол Балтадан оны беруін бұйымшылайды. Оған Балта көнбейді. «Сат, қанша сұрасаң, соншамал ал» - дейді. Балта сатпайды, бірақ: «Аттан мені аударып түсірсең сұрағаның сенікі» - дейді. Астан кейін екеуі өз топтарынан бөлініп шығады. Қаракісі Балтаның жағасынан алып, оны атының күштілігінің арқасында жарге түсіреді. Жерге түсіп, алысу кезінде Қаракісі жығылады. (Сөз аттан аударып түсіру еді...) Балта сонда қауіптеніп: - Сен ертең жығылғаныңды мойындамайсың, егер мойындасаң, ат әбзелдері сенікі. Ол үшін садақа-тойларда үш рет «мен Балтадан жығылдым» деп айқайласаң болғаны, - дейді. Екеуі сөйтіпт келіседі. Қаракісіекі бір аста өзінің Балтадан жығылғанын хабарлайды. Ол сөз Балтаға да жетеді. Балта Қаракісіні қонаққа шақырып, достасып, сұраған бұйымын береді. Қаракісі де Балтаны қонақ қылып, жақсы ат сыйға тартады... Қонғанда, Жаз жайлауға ауыл барып, Бейнеу ме, Әлде Сай – Өтесіме? Ойына Маңғыстаудың сауын салып, Ас берген бір дәулетті әкесіне. .......... Белгісіз болған жері, өткен жері, Бас қосқан елдің небір жақсылары. Қыс қыстап, Болмай жүрген көптен бері, Сол байың дүркіретіп ас қылады. .......... Қолында қамшы емес, қысқа шыбық, Қасында қосшылары бірге қалмай. Шайдан соң, Қаракісі тысқа шығып, «Ат бар» деп аралады «кімде, қандай?» ........... Аспаннан түскен жандай сөзі қызық, Дауысқа елең етті көп құлағы.
Бір аттың әбізіне көзі түсіп, Айқайлап «иесі кім?» деп сұрады. ......... Көргенін көрген түстей шашып алар, Мұндайда іс-қимылдың тосын бәрі. Бұл деген, Балта балуан аты болар, Деп қалды бір пысығы қасындағы. .......... Аттының тікірейіп қос құлағы, Тұрып-ақ орынында секіреді. Деп қалды бірге жүрген қосшылыры, Жарасар сіздің атқа тоқым-ері. .......... Көргендей таң қалады бұл ғажапты, Тосын бір жаңалықтай түбектегі. Тоқымы құлпырады зер шашақтай, Сүйек ер, күмістелген жиектері. ...Дейтіндей егесті, Жоқ қылыш, жебесі. Ермей ел, Кеңесті. Жоқ тағы төреші. Бір сөздің себебі, Екеуі соны ұқты. Жығылған жоқ еді... «Ит жығыс» болыпты.
Қалған бір бұл дерек, Секілді жол шаңы... Күресте діңкелеп, Алысып шаршады. Екеуі оңаша, Күреске шыққаны. Қажетсіз, Қараса, Бір-бірін жыққаны. ...Атанған «Үш қара» Маңғыстау мақтаны. Тек, тәнін жықса да, Ол жанын жықпады! ...Сүйінқара, Ботақара, Қаракісі – Маңғыстаудың «Үш қарасы» атанып кеткендер... Қаракісі XVIII ғасырдың аяғында туып, 64 жасаған. Қиын заманда өмір сүрген күрделі тұлға. Сүйінқара, Абыл ақын, досы Қармыс батыр, Әли Балта балуанмен тұстас болған адам. Қаракісі аса күшті, ажарсыздау және қатал адам болған деседі. Ат жанды кісі болған. Түрікмендерден, башқұрт жерінен жылқы тұқымдарын алдыртып отырған. Қара кісі
I (Ата) Күшке ену, Шайқалып, Тағы да тосын ба? Түс көру... Жай қалып, Тұрдың сен қасымда.
Қараңғы бөлменің, Түні де – шырақ түн. Жан Ата сен менің, Жанымды жылаттың. Сенсіз бір түн өтпес, Мен оны білемін. Пейілің тілектес, Жұмбақтау түр-өңің. Сөйте ме жек көрсе, Бабасы баласын. Ұйқыға кеткенше, Қасымда тұрасың. Тыңдауға көнені, Ойды-ой бөледі. Уақыт жоқ, Себебі: Таң атып келеді. Шаршатты елесің, Жоқ бірақ бөтен ой. Ертең де келесің, Жан Ата - Кете ғой... (Жаратқан) Сөнеді үрлемей, Жанған от расында. Түн демей... Үндемей, Тұрдың тек қасымда. Сыр жұқпай, Нұр жұққан, Жан мен тән табысқан. Сәулені бір жұтсам, Келген ол – алыстан. Үнсіздік қаусырған, Қайда деп, жүр едім?.. Бойымда әлсіз қан, Жай соққан жүрегім.
Бір шырақ кеудемде, Атадан қалған жол. Өзіңіз келгенде, Батадан жанған ол. Сәулені сімірген, Қап-қара түн деген. Бал дәмі білінген, Жүрек те кірлеген. Кәрінің киесі... Салмағы бір батпан, Бәрінің иесі - Жаратқан!
III (елес)
Түн келді, Тағы да... Жалғыздық – көргенім. Дем берді жаныма, Музам ғой, Ол - менің. Тазарған нұр сіңіп, Бір үміт, Бір күдік ... Нәр алған тіршілік, Оянған сілкініп. Айтқаның жүрмейді, Түн жатыр ұзарған. Үнсіздік гүлдейді, Ағаштай бүр жарған. Жол тартып ғаламға, Ойыңды сүйреген. Жұмбақ сыр санаңда, Тыныштық билеген. Болмаған түсіңді, Көргенде сенесің. Шым аппақ мүсінді, Елеспен көресің. Біреуге ұнапты... Жалғыз боп жүргенім. Ол келіп жұбатты, Музам ғой – Бұл менің! (Қара кісі) Мұндайды кешпеп ем... Басқа күй, Өзгеше, Келгенде сескенем, Күтемін келмесе. Тілектің ағымы, Көшеді күбірлеп. Әлсіз шам жарығы, Өшеді дірілдеп.
Билеген сананы, Мезгілдің тартысы. Әр жерге тамады, Жарықтың тамшысы. Жақынды алыспен, Жалғаған өзегі, Қарқынды ағыспен, Елестер кезеді. Тұяқтай серпіліс, Жан тәннен безеді. Болғанмен қорқыныш, Жылылық сезеді. От шашып жанардан, Тесіле қараған. Жатыр тыс шамадан, Қара Адам!
...Айседора – еркек кіндік ашпаған қыз әлемінің «алғашқы махаббат» деп аталатын ең аяулы сәтін би ғұмырына саналы түрде құрбан еткен бірден-бір Пәруана. Екі бала асырап, баққан. Ержеткен екеуі де, көз алдында, жол апатынан қайтыс болған... Заманында Сергей Есенин ғашық болған Айседора... ...Есениннің «Қара кісісі» қалай, неліктен жазылды екен?.. Сол Айседора: «... Соңғы кезері әлденеден үркінген, әлденені ерте сезінген адам сияқты түннің бір уағындашошып оянатынды шығардым. Түс дейін десем, түс емес, бет-әлпеті белгісіз қара кісі маған қарай жүріп келе жатады. Сақтыққа қорлық жоқ деп балауыз шамды жағып жататын болдым. Одан да ештеңе шықпады. Қара Кісі одан сайын үлкейіп, шам жарығын айналып өтіп менің аяқ жағыма келеді де, көздерін мөлитіп тұрып алады. Бүгін де солай көзіне қарап едім, қос жанары мәймілдеп қоңыр мұңға толыпақтұр екен. Бірер сәтке тіл-жақтан айрылып қалдым. Көзімді ашып
өзіме келсем, шегіншектеп барады екен. Бір емес, бұл жағдай бірнеше рет қайталанды...» Исраил Сапарбай «Айседора әлемі». Айседора (шер) Тартылып, Серпілген, Жазықтық, тегісте. Таң қылған көркімен, Бидегі періште. Жалғыздық жанында, Жанталас аржағы. Ойнайды қанында, Би билеп арманы. Адасып қиялы, Ішінде – тұнық ән. Мың қасқыр ұялы, Түсінде ұлыған. Сағаттың тықылы, Себебі, Түк емес. Есіктің сықыры, Кіреді, Бір елес. Аңыз ба көктемі? Жалғызға келді күз. Ал қызға өткені, Шындыққа бергісіз. Ел-жұртқа белгісіз, Сиқыры биінің. Тосады шерлі қыз, Бидегі биігін!
II (әлем)
Өлеңнің – бұл сазы, Ыңылдап жүреді. Бидегі ұстазы - Жаны мен жүрегі. Балалық шағынан, Серігі гитары. Салады жаны – ән, Билейді, би – тәні. Тәтті ой кешеді, Қиялдың есебі. Оңаша ішеді, Шер толы кесені. «Табура» тоқталып, Арбалар жүгімен. Билейді от жағып, Сығандар түнімен. Алау от жанады, Сыйқыры басқа әлем. Аттардай тағалы, Парадты бастаған. Билейді, Моншақтар, Сырғалар. Әдемі! Жадында ел сақтар, Айседор Әлемі!
III (қиял)
Аруақтай киелі... Көзінде от-шоқтай. Бәрін де сүйеді, Өзіне - Жау жоқтай. Талайды қинаған, Сезімнің отына. Десте гүл сыйлаған, Хаты бар атына. Сенделткен Сергейді, Сұлулық деседі. Ол енді келмейді, Махаббат – Кешегі. Бойында от-ұшқын, Кетірген мазаны. Сұлуы Батыстың, Бидің ол – Ажары. Білезік, сырғасын, Алдырған Мысырдан. Сұлулық тұнбасын, Халқына ұсынған. Би болып қонады, Санада қалады ол. Қайсарлық барады, Сені іздеп, Торедор!
IV (безіну)
Қанша Түн өткізіп, Келді ме? Ендеше, Дүние шексіздік, Қайтер ед, Келмесе?! Жаныңды қоярға, Жер таппай, Сенделіп. Бос жүрген қиялға, Ол келдідем беріп. Билеген сананы, Тылсым күш алыстан. Жерден сәл жоғары, Нүктеде табысқан. Жаның да қара тер, Тәніңді тер басқан. Адамда параллель, Екі өмір жалғасқан. Бір елес кезеді, Қозғалыс, Күтпеген. Қорқақтық безеді, Ноқаттай нүктеден! Хош айтар тірлікке, Қимастық бар тағы. Жарқырап бір нүкте, Өзіне тартады. Жаныңды қинап ең, Түндегі жарықта. Әлемге сыймап ең... Жатырсың табытта!
V (сәуле)
Қанда бар... Сол жанар, Сыр сандық мекені. Түн сүзіп арбалар, Сығандар өтеді. Тараған дастаны, Аңыз боп тіріде. Балаған достары, Бидің һа спіріне. Күледі жылап та, Ол емес – әлсіздік. Үйінде бірақ та, Тосады жалғыздық. Сан арман көктеді, Би ғұмыр ұрлады. Көз жасын төккені, Қилы бір жұмбағы. Ғарыштан құйылған, Сәуленің аппағы. Патшалық бұйырған, Ұқсастық тақтағы. Бір бидің жолында, Тонатқан күлкісін. Әлемнің қолында, Қоладан тұр мүсін!
VI (оралу)
Булығып деміне, Төсекке құлапты... Жылайтын кезіме? Түнде шын жылапты. Қалыпты түсі ме, Билеген сананы?! Жарықтың ішіне, Сүңгіп ол барады. Жап-жарық айнала, Бәрін де көреді. Жан шығып, Жай ғана, Тастайды денені. Лақтырған мол жарық, Жолына періште. Ақ нұрдан жол салып, Зулайды кеңісте. Жайлылық сезеді, Жердегі денесі. Салмақсыз кезеді, Әлдебір елесі. Өткені көрген түс... Жердегі – Бағы ма? Тылсымнан келген күш, Шабыт боп жанына. Би билеу шаршатты, Қайтер ед?.. Тастаса. Сан тарау жол жатты, Басқа жол бастаса. Алдында жатты жол, Күтеді көктемін... Жаңадан ашты Ол, Бишілер мектебін!
...Жан мен Тән жұптасып, Көрсетті үлгісін. Жер бетін нық басып, Би билеп тұр мүсін!.. ЖЕТІ ОКТАВА (поэма) Поэманы соғыс ардагерлері, сол Аталардың үмітотын жаққан кіндік ұрпақтары – Жеңіс, сiздерге арнаймын. Бұл шығарманың жазылуына себепкер болған Тайшыбай Біләлге мың алғыс. Аталар батасы Биссимилла рахмани рахим. Аса қамқор, Ерекше мейрімді, Алланың атынан бастайын. Құдайым, құлым деген, (Алһамның берекетін берсін.) Пайғамбарлар үмбетім деген, Шадиярлар досым деген. ...Ақтан аят, Пайғамбардан шапағат, Сақтағайсың саламат, Құлдарың сізден аманат. Бәле кеткей, Дұға жеткей... Тілектерімізді, Алла қабыл еткей.
Я, Құдайым берсін, Айтқаным келсін. Айдан аман ет, Жылдан есен ет... Құдайым өзі оңдасын, Тілегімізді қолдасын. Қауіп, қатерден сақтасын, Соғыс өрті болмасын... Аумин! Аяқталмаған үлкен октава ДО мажор Сен құрметте оны, Түсіндің бе, қарағым?! Ол ақшаға сатқанжоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен де ұстап жүргенжоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын... Әбу Сарсенбаев Аспанда қара бұлт түнерді, Жауыздар сол түстен аумаған. ...Біз онда жас едік жігерлі, Жалыны бойында лаулаған. Пенденің cол шығар тілегі, Жұмақтай аз уақыт еншіңде. Қимайтын көп күннің бірі еді, Санаулы сағаттар еркіңде.
Шаңытты шаң басқан аспанды, Жарылған бомбалар әр жерден. Күндердің әлегі басталды, Адамдар, Жан алып, жан берген. Ауа да дем жетпей тарылған, Денеңе оқ-дәрі, тер сіңген. Ысқырып, гүрс етіп жарылған, Бомбадан Жер беті күрсінген. Қоярға жер таппай жаныңды, Шыққандай боласың тозақтан. Кенеттен снаряд жарылды, Окопқа дәл түсіп мен жатқан. Шырылдап қақсайды шыбын жан, Қорғайтын күш қайдан табылар?! Тізеден аяқтың жұлынған, Қозғалып қояды, Жаны бар. Жер ана алғанда денені, Жақсы ғой барғаны бөлінбей. Түндерде ұйықтатпай келеді, Қалған бір аяғым көмілмей.
I-ші Октава. Кіріспе
ДО минор Күркіреп күндей өтті ғой соғыс... Қ. Аманжолов Жүрегін, Жаралаған қалың мұң бар... Жанының садақасы, Арымсыңдар. Бiлемiн, Ұрпақтарың борышты мың, Мәңгіге алау жаққан жалынсыңдар! Қабірін окоп қылып қазып көрген, Жазмыштан озмыш жоқта озып келген. Тірісі Берлиніңе жаяу барып, Өлісі жаудан жастық алып өлген. Шаһиттер... Бір шұңқырға салып көмген, Болмаған Туған елге табыт берген. Берісі концлагерде «тозақта» өлген, Көбісі о дүниеге барып, келген. Тірісі өлгендердің өшін алған, Жеңісте Жеңіс деген есім болған. Талай жан дүниеге есік ашпай, Ұрыстан қанша ұрпақ жетім қалған?
Көргендер он сегізде шаштың ағын, Майданда өткен жылдар, жастық жалын. Өлгендер қабіріңе топырығым – Бір уыс, Өлең болсын тастағаным. Жол шеккен, Шаршау білмей жылқы мүсін, (Көрсеткен, Жүрек талмай бұлқынысын.) Орамал болса деп ем... Осы өлеңім, Бір сәттік көздің жасын сүрту үшін. Бұл соғыс дүниені отқа ораған, Болатын, Пайда болғанақ, қарадан. Аталар сіздерге бір ескерткішім, Тұратын - Жеті Муза, Октавадан!
II-ші Октава. Шофердың әңгімесі
Ре минор 70 жыл билік бермей орыс қолдан, Ол заман коммунистер ұлыс құрған. Он бестің басын қосқан – Ұлы Отан, 41 мен 45те ұрыс болған. Жеңіс - деп, 45-те қалды есім, Сүйреген жалғыз бала шалдың көшін, Жеңіске 70 жыл деп, Атажайлы, Бауырым айтып берді әңгімесін. Секілді адам-моншақ тастан тізген, Шаң шығып, Шаңытады басқан ізден. Ол заман «москвич» жоқ, «Победа» аз, Ауданға шұбырған жұрт автобуспен. Бақ десең, Аспандағы жерге қонған, Адамның қызық екен көрмегі алдан. Ойнынан лотерея ұтып алған, Ауылда жалғыз Волга менде болған.
Ауылдың ақсақалы үлгілішын, (Таң қалам түнделеткен бұл жүрісін.) Қарт еді бір аяғын беріп келген, Ертеңгі ұрпағының күлкісі үшін. Келді сәт айтылатын төрде жыры, (Дұрыс деп қоштағанмын мен де мұны.) Таяуда келін түсер дегені бар, Жеңісім – Жеңіс тойы келген күні. Деген шал, Партияға көп өкпелі, Ауыл ғой, Көп те шығар себептері. «Жеңісім милицияда», Сәл кідіріп... «Ауданға тез жетуім керек» деді. ...Кешегі кірген отқа Отан үшін, Азайған қарияның қатары тым. Жеңістің бір қатесін кешір, Алла, (Ішімнен.) Жан ашыйды Атама шын. III-ші Октава. Жолда
Ми мажор Болаттай сынбайтын мәрт десем, Еңкілдеп жылайды қарт Көкем. «Түсімде досымды көп көрем...» Бұл сырды неліктен айтты екен? Ол былай болған де, Әлі ыстық... Қыс-жазы окопты қоныс қып. Екеуге бір мылтық, Жарты нан, Біз солай тағдырды бөлістік. Ол оттай, Лапылдап жанатын, Дәл мендей ол да жас болатын. Кей кезде ұста деп қоятын, Жүрегін, Дүрсілдеп соғатын. Сораптап махорка шылымнан, Деп еді ұрыс болар бүгін нән. Гүрсеткен дыбыстан, Жарылған, Жан айқай естілді құлыннан. Досыма жүгірдім жығылған, (Тәтті ғой кімге де шыбын жан.) Снаряд жарылған қасына, Қолында аяғы жұлынған.
...Ел күлер, (Намыс қой!) Ақсақ деп, Ерлерше өлейін жақсы ат боп. Болмайды аяқсыз, Ат мені, Мен адам болмаймын, Тастап кет! «Беріге бұрылмас бет біздің, Ал саған, Ризамын шексіз шын. Тастап кет» дегенін тыңдамай, Арқалап санбатқа жеткіздім... ...Көп жылдың болса да көлемі, Іздеспей келеді, Себебі... Ол басқа. «...Амансау жолықсақ, Құда боп қалармыз» деп еді.
IV-ші Октава. Жеңіске әкесінің айтқан әңгімесі
Фа минор Мәңгілік! Алау боп оттар - Алтынмен жазылған аттар. Ғасырдан ғасырға жеткен, Тарихи экспонаттар. Бұл болған оқиға, Ертеде... Бір ісік пайда боп желкеде. Атам бар, Бес-алты жастамын, Келеміз түйеде, Ол – кеме. Реті солай ма оның да, Сусын жоқ түйенің қомында. Таңатпай айналған сағымға, Үш қара, Бет түзеп қорымға. Шеті жоқ ендала көргенім, Жоқ болып кеткен бе ел дедім. Ұзақ жол. Үш қара. Кешқұрым. Мазамды алады шөл менің. Жарбайға Атам да тебінді, Содан соң сөйледі сенімді: Ауылға келдік біз дегенде, Алдымнан мазарлар көрінді. Қастерлеп көненің мұрасын, Мұнда да ауыл деп ұғасың. Ал Атам бір тамға енді де, Тым ұзақ оқыды дұғасын.
Бір үрей билеген бойымды, Дұғаның сазымен жойылды. Өзді-өзі, Дастархан жайылды, Тағам мен сусындар қойылды. Ертегі тілінде айтатын, Аңыз деп, Басымды шайқадым. Қалжырап ұйықтаған... Таң ата, Орны жоқ ісікті байқадым.
V-ші Октава. Жеңістің оқиғасы
Соль мажор Соңында жүріп елестің, Адасып кетсең сол қайғы. Жынды деп, Жынды емеспін, Сау деуге тағы болмайды. Жігіттің бағы де, Жолықұтты, Бір сұлу жүрегіне шыра жаққан. Екі жас кездейсоқта жолығыпты, Көргеннен көңіліне ұялатқан. Құдірет бары рас бағыптұрған, Біледі бір жаратқан, Болмыс барын. Екеуін ойда-жоқта жолықтырған, Аллаға айтып жүрді алғыстарын. Ол қыздың сағынатын күміс үнін, Жұпары раушан гүлдің шашылатын. Тағатсыз өткізетін жұмыс күнін, Ауданға кешкіқұрымасығатын. Екеуі оңашада жолығады, Дейді қыз ұят болар ағам көрсе. Бір-бірін сәл көрмесесағынады, Жылбойы көрмей кеткен адамдарша.
Өмір-ай, Кейде қылық жасарыңкөп, Еркіндеу жүруді де көпкөріпті. Мереке күні алып қашамын деп, Жігіті сүйген қызға сертберіпті. Күндерді құмсағыздай созып барып, Бұл өзі мерекелі тұста болған. Ағасы қыздың ойын сезіп қалып, Жігітті байқаусызда ұстап алған. Не келер деді ме екен қолдан осы, Жігітті ұстап алып састырады. Әкесі арыз жазып, Ал ағасы, Әкеліп милицияға тапсырады VI-ші Октава. Қыз әкесінің ұлына айтқан әңгімесі Ля минор Жеңгесін көрмей қыз күйеуге шықпайды.
- Әке, Апам құманын жылытып, шайын қайнатып, төсегін салып, сізді ылғи да күтіп жүреді. Мен ес білгелі осы әдетінен жаңылған емес. Бұның сыры неде? -Е-е қарағым, ержеткен екенсің. Айтайын. Жапанда, Жалғыз үй болатын, Кеншардың малы бар бағатын. Ата-ана ертерек кеткенде, Жалғыз ат, Өзге мал жоқ менде. Мал екеу болмайды көгенде, Бас екеу болмаса дегенде. Құда боп барғанмын, Қызық, ә, Өзімнің алатын қызыма. ...Адыраспан түтінмен жылатып, Бір малмен садақа таратып... Бір қоржын дүние, (Әй, күлем.) Апаңды алып мен қайтып ем. Мінгесіп келеміз бір атқа, Басы бұл жауаптың сұраққа.
Қыз үнсіз көпжылады, Ұзап алып, Жат жұртқа кеткендігі білінген де. Бір – дедім, Тыныштықты бұзажарып, Ат оқыс індікешке сүрінгенде. Қыз ойда, Келе жатыр сәл бүгіліп, (Тап қылып мені жолда үндемеске.) Екі – деп, Қайталадым сәл кідіріп, Ат тағы сүрінгенде індікешке. Ән салсам қалай болар асқақтатып, (Апырай неге деймін күйгелекпін?) Үш – дедім, Аттан түсе ноқта ұстатып, Жаяулап қоржынменен үйге кеттім. Түбінде үйге жақын ақ қыраттың, Қарамай айналаға, Бірақ тіреп, Маңдайдан мылтықпенен аттыаттым, Бәрібір үй болғансын тамақ керек.
...Тірлігің бірлік болмай сән бола ма? Бәрі де ойлағандай жөнге келіп. Жыл өтпей атты болдық, Мал қорада, Дүние пайда болды дөңгеленіп. Жігітпін жары жақсы сапта жүрсем, Әр күнде жұбайыма сенім артам. Бір күні ішік киіп, атқа мінсем, «Қай жаққа ,қайда шықтың?» - деді Апаң. Жүргендей қанатымен іліп көкті, Бақыты озған адам жоқтай менен. Бір – дедім, Апаң үйге кіріп кетті, «Екіні» содан бері айтпай келем. VII-ші Октава. Қауышу
Си минор Намыс қой! Айтылғаннан айтары көп, Өлмесе - Өлгендерін iздесін тек. Ойлаған: - Мүгедекті қайтеді деп? - Жоқтығын аяғымның білмесін деп. Шалдар сондай!.. Дертіне дерт қосқандай, Қозғап іштің, Түр дейтін Атамыздан түр де кетіп. Білуге ақ, қарасын болған істің, Біз жеттік, Милицияға түнделетіп. Білмейміз тіріміз бе, Өліміз бе? Қазақтың бұлай болмас салты болса. Жігітті босатамыз дейді бізге, Қыз жағы өтінішін қайтып алса. Маңайда көрген жанды сезікті еттік, (Ойлаймын, ақ Волгада батыр біздеп.) Ауданның көшелерін кезіп кеттік, Адамның арыз берген атын іздеп.
Електен өткізгендей өткен ойды, (Сөзге де жас ұлғайса сараң бұлар.) «Есімі көңілден бір кетпей қойды», Деді қарт, «Соғыстағы құдам болар...» Көрінді айтылған үй көзге міне, Жазылған қағаздағы нұсқаға тән. «Қабарлас, құда» деген сөздеріне, «Құдам жоқ!» Деді тағы, «Шықсам атам!» Ой да жоқ шыныменен оқтан өзге, Соғыстың бір мезетін қайталатты. «Атам» деп, Мылтық алып шыққан кезде, Екі ақсақ, Кездесем деп ойламапты. Айнала жұрт қарайды көзін алмай, Екі шал бір жылайды, Бір күледі. Құшақтар жатты сосын ажырамай, Сақалда тамшы жас тек, Іркіледі!.. Іркіледі! Аяқталмаған кіші октава
До мажор Сол тұста... Айтылған бір серті ме еді?! Өлтірсе - Ерді намыс өлтіреді. Осылай біздің шалдар, Жарықтық-ай, Қырандай тұғырында сілкінеді! Болмыс па? Қабыл болған бір тілегі, Бәрін де бір Жаратқан келтіреді. Осылай біздің шалдар, Жарықтық-ай, Аспанда жауар бұлттай күркіреді! Сыртынан екі қартқа күлгендей кім? (Жастардың бір қулығын білгендеймін.) Күйеу мен қайнағасы келіскен де, Дегені: «Жігіт, қызға үйленбеймін...» Қазақтың нағыз қайсар оғыланы, (Әрине қызын ол да сағынады!) «Болмайды үйленбесең, уәде солай» - Деп шалдар жас жігітке жалынады. Шалдар сондай!..
Волганың радиоқабылдағышынан «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалып жатты... Маңғыстаудың «Жеті қайқысы» (Ислам Қосжан жырларының ізімен) Алдымен есімдерін айтып қоялық: «Жеті қайқы» деген –Әділ, Тастемір, Өскінбай, Тұрсын, Жылгелді, Досат, Шолтаман. Жүріп өткен жерлерінде ойын-сауық қалады, жыр-дастан қалады, аталы өсиет пен баталы қасиет қалады. Маңғыстаудың маңдаласы бір масайрап қалады, Үстірттің қырқалары жаңғырығып бір жасап қалады: Түп қияннан жетті бізге асыл ән, Аспанында бұлттар бүркеп жасырған. Қаратаудың аржағынан шырқалып, Бержағына асылған.
Қақ айырып қою түнді жолынан, Жұлдыз жанып, Айы туып оңынан. Заты басқа, Аты болар басқаша, Жүрек шырқап, Естіледі болып ән. Жетті бізге ұзатылып ұзын көш, Сұлулуқ-ай, Бір міні жоқ үнінде еш. Дауысында бес байталдың құны бар, «Жеті қайқы» ән салады бүгін кеш. Дауыл керек шымырлатар денені, Жай дауысты елім ерсі көреді. Бір-біріне шаң тигізбей аттары, «Жеті қайқы» қырдан асып келеді.
Ал Ислам ағамыздың жырларынан қашанда Үстірттің алабұтасының иісі шығып тұрады, қарт Каспий теңізі толқындарының кермек дәмі білініп тұрады. Маңғыстаудың жетіқайқысы ше, жеті қайқы. Бейнебір Шығыстың жеті шайырындай. Әлемнің жеті кереметіндей Маңғыстаудың жеті кереметі. 360 әулиені тудырған Маңғыстау таңды таңға ұрып жырлайтын ақын-жыраумен небір сылқым сал-еріге, дәулескер Күйшімен данагөй термешіге кенде дейсіз бе?! Солардың ішінде " жеті қайқының" орны бөлек: Әуенін айт жеткесін дегеніне, Ақ қанатын ақ бұлқа іледі де. Аузын ашса ән ұшқан көмекейден, Аржағынан көрінген көмейі де.
Зер шашақтың малынған реңіне, Төгілетін түрі бар міне-міне. Ән келеді аспаннан бұлт қайырып, Сыйса жақсы жер-көктің көлеміне. Бал жағылған сазына, Өлеңіне, Жұтқан сайын бір жұтқың келеді де! Шыр айналып тұрғандай, Ән қалықтап, Биші қыздың оралып білегіне. Әуенін айт бұл әннің ұйқы ұрлаған, Төрт тағандап дүниені сыйқырлаған. Жүрек дейтін тәйірі, жүрек пе екен? Бір дөңбекшіп, Орнынан бұлқынбаған!
Сөйткен Маңғыстау даласы бұраң бел аруларға кендемеекен?!. Қызыл көйлек киген қыздар! Адайдың қыздары. Есіктің сықырлауығынан ұрлана сығалап қарап тұрады. Дәтің жетсе, қызыл көйлек киіпкөр! Текқана сұлу деу аз, сұлулықтың өзідерсің. Ал жеті қайқы ше. Жүрген жері той-думан сүлейлер, қолдарында домбыра, ауыздарында әуелеген ән қырдан-қырға асып кете береді. Маңғыстаудың аппақ таулары, Маңғыстаудың қып-қызыл қырқалары қосыла ырғалып ән салып тұр. Ал сұлулық ше? Шіркін,
сұлулық! Неге соншалық тәтті болдың екен! Неге сонша аз болады екен: Жансызға да жан бітіп, Қарап қалып, Ине-жіптей ән-өлең сабақталып. Үнсіздікті кеткендей бұзып-жарып, Ән барады аспанда қанат қағып. Аппақ гүлдей жаңа ашқан бүрін жарып, Бірте-бірте келеді шымырланып. Тұңғиыққа тамыры терең тартқан, Ән барады жүректі жұлып алып. Бұрқылдаған құмандай шоқта тұрып, Қосыласың әнге іштей жатқа біліп. Таудан тіке құлаған сарқырама, Ән барады көмейден ақтарылып. Әншілікті маңдайға жазбағасын, Көңіліңді тыңдаумен мәз қылысың. Сұлулық-ай, Осыша тәтті болып, Бір мысқылдай сен неге аз боласың?!
Ал ән ше? Ән ғой бұл. Иә, бұл ән! Ән қандай, әнші қандай! Ләйліге Мәжнүн келіп бейуақытта, ғашықтардың жүрегі қосылғандай. Қазақта "мәжіғұн" дегенсөз де бар. Есуас, жынды дегендей бір сөз. Ләйлігеғашық болған Мәжнүн есінен адасып кеткендеседі. Адам ғашықтықтан да есінен адасады. Әдемі ән деадамды есінен адастырады. "Жетіқайқы" салған ән: Бұл әннің «қылықты қыз» назы қандай, Сөзі де оймақ ауыз, Жазық маңдай. Оюлы құрақ көрпе айналасы, Көк көлдей кете алмаған қазы қонбай. Бұл әннің «сырғалы қыз» сазы қандай, Әуенмен қоса шыққан сөзі балдай. Қырандай биігіне самғамайды, Қанатын кеңге шығып жазып алмай.
Тағы да сол ән. Құлақта тұнып тұрып қалатын ән. "Жеті қайқы" әлдеқашан кетсе де, ойыңнан шықпай, санаңнан өшпей дірілдеп, алыстан талып, е міс-еміс естіліптұратын ән. Содан бері бұл ауылдың балашағасына дейін әнші болып кеткен. Даласына дейін әнші болып кеткен: Ән ғой бұл тұрған жарқырап, Ал, Күннің көзі – тостаған. Аспаннан бұлтты тартып ап, Жарқырап жетті асқақ ән! Шашылған көктен ән деші, Табылмай сөздің тұрғаны–ай. ...Дірілдеп суда сәулесі, Үн тамып кеткен сырғадай.
Ал Ислам ағамыз ше? Ислам ағамызды оқығанда қазақтықтың, қазақтың киіз үйлері жағалай қонған ауылдары, қимыл-қозғалысы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-жоралғысы дәл сол күйінде көз алдыңа келеді. Айнымай көз алдыңа келеді. Тек қана көз алдыңа келетін көріністер емес. Түгелдей өзекті өртер демімен, алқынған тынысымен қасыңа келеді. Ақындықтың суреткерлік құдіреті де: сағынып кетесің, Маңғыстауды ешқашан көрмесең де сағынып кетесің: Ағыстарды елемей, Жарып бұрған, Алыстарды телегей, Қарық қылған. Ақ жаңбырдай дүние-ай, Нөсерлеткен, Ән екен ғой аспаннан ағып тұрған.
Аппақ, әсем сөз елес, Сазы ұқтырған, От па десем? От емесЖарық қылған. «Жеті қайқы» шетінен сылқым, сері, Келе жатқан айқайды салып қырдан. ...Қыз қылығы, Айтпай-ақ назы ұқтырған, Ерін гүлдей бүршігін жарып тұрған. Жеңгесінің жүрегі дүрсілдейді, Қызды ертіп жігітке жолықтырған... Керемет! Қыз жүрегінің дүрсілдеуі... Ал жеңгесінің жүрегін дүрсілдеткен «Жеті қайқыға» не дерің бар! Ислам ағаның ақындығы да осындай тапқырлығымен ерекшелесе керек! Маған Маңғыстаудың «Жеті қайқысы» кеңбайтақ қазақ жерінде ән салып тұрғандай көрінеді де тұрады. Серікжан Аташев, психолингвистика ғылымының докторы, филология ғылымының кандидаты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру