Бабалар сөзі 85 том
Әлбеков Тоқтар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
"Бабалар сөзі" сериясының 85 томына Тарихи аңыздар ҮІ-ХҮІ ғасырлардағы тарихи аңыздар енді.
Астана 2012
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес
УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Алпысбаева Қ., Әлбеков Т. (жауапты редактор), Әкімова Т., Қалижанов У., Қасқабасов С., Пірәлиева Г. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Әкімова Т. (жауапты шығарушы) Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 85: Тарихи аңыздар.—416 бет. ІSBN 978-601-292-551-7 «Бабалар сөзі» сериясының 85-томына VІ-ХVІ ғасырлардағы тарихи аңыздар енді. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-551-7 (т. 85) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012
Құрастырушылардан
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық
көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми ба
сылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның бұған
дейін баспаға ұсынылған сексен төрт томы ұлттық фольк
лорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып сана
латын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер, жұм
бақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға арналды.
Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни
дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,
«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес
томы, «Жұмбақтар» мен «Балалар фольклорының», «Қазақ
мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольклорының», «То
понимдік аңыздардың», «Шежірелік аңыздардың», «Күй
аңызының»—бір-бір томы баспаға дайындалып, басылым
көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы қа
зақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольклор
лық мұралары қамтылды.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 85-том тағы да
көне замандардан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан халық
шығармашылығының көне жанрының бірі «Тарихи аңыз
дарға» арналады. Халық прозасының бұл жанры ілгергі-бер
тарихи аңыздар
гі кезеңдерде жекелеген хандарға, батырларға, басқа да та-
рихи тұлғаларға арналған жинақтарда, баспасөз беттерінде,
хрестоматиялық оқулықтарда жарияланғанымен, ғылыми
тұрғыда жинақталып, жүйеленіп арнайы басылымдары
жарық көрген емес. Халқымыздың тәуелсіздігі үшін ерлік
пен елдіктің тамаша үлгілерін көрсеткен батырлар бейнелері
сомдалған көптеген аңыздар еліміз егемендік алғанға дейін
елеусіз қалып, тыйым салушылыққа ұшырап, жариялан-
бай, насихатталмай, зерттелмей келді. Сонымен қатар араб
әліпбиі қазіргі қолданыста болмағандықтан, кейінгі ұрпақ,
әсіресе ғылыми ортаның бұл мәтіндердің түпнұсқасымен
танысуға мүмкіндігі шектеулі болды. Сондықтан Институт
ғалымдарының алдына қоғамның әр кезеңдеріндегі тари-
хи оқиғаларды баяндайтын белгісіз аңыздарды жинастыру,
бүгінгі жазуға көшіру, текстологиялық тұрғыда сараптау,
жарыққа шығару арқылы оқырмандармен таныстырып,
отандық ғылымның игілігіне айналдыру сияқты келелі
мәселелер қойылды. Осы түйткілді шешу мақсатында «Ба-
балар сөзі» жүз томдық сериясын құрастырушылардың
тарапынан аталған туындыларға айрықша ден қойылып,
республиканың сирек қорларында сақталған қолжазба мұ
ралардың негізінде топтаманың бірнеше томына тарихи
аңыздарды қамту мәселесі қолға алынды.
Ұсынылған осы алғашқы томға (85-томға) VІ-ХVІ ғасыр
лар аралығындағы Бәйдібек би, Домалақ ана, Қорқыт,
Әбунасыр әл-Фараби, Ибн Сина, Алаша хан, Майқы би, Аяз
би, Қожа Ахмет Ясауи, Хакім ата, Зеңгі баба, Шопан ата,
Өзбек хан, Шыңғыс хан, Жошы хан, Ақсақ Темір, Байшегір
баба, Әз-Жәнібек, Асанқайғы, Жиренше шешен, Қарашаш
сұлу, Еңсегей бойлы ер Есім, Тоқтамыс хан, Ер Едіге,
Ер Тарғын, Абат, Шора батырлар т.б. тарихи тұлғаларға
қатысты аңыздар енгізілді.
Томға дайындалған мәтіндердің негізгі бөлігін—М.О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық
құрастырушылардан
ғылыми кітапхананың сирек қорларында сақталған М.Ж.
Көпеевтің, О. Әлжановтың, Ә. Қайнарбаевтың, К. Елеуовтың,
О. Иманбаевтың, Ө. Ибрагимовтың, С. Шәкіржановтың, М.
Ермағанбетұлының, І. Жалғасовтың, Е. Құлпейісовтың,
Ә. Наурызбаевтың, Т. Шаяновтың, М. Құсниевтің, С.
Ғайниддинұлының, М. Рүстемовтің, А. Бисенғалиқызының,
С. Көлжановтың, М. Жылқыайдаровтың, Қ. Алтынбаевтың,
Т. Исмаиловтың қолжазба мұраларындағы аңыздар құрады.
Сондай-ақ фольклорлық мұраларды мақсатты түрде жинап,
рухани құндылықтарымызды толықтырған Б. Адамбаев, М.
Тілеужанов, Т. Бекхожина, Қ. Саттаров, А. Тұрғанбаев, Б.
Қорғанбеков сияқты фольклортанушы-ғалымдардың әр
жылдары ел арасынан жинап, хатқа түсірген материалдары,
«Дала уалаяты газеті», «Қазақ батырлары» сынды ұлттық
басылымдар мен «Ел аузынан» (1989), «Қазақтың би-
шешендері» (1993), «Бәйдібек» (2002), М.Ж. Көпейұлының
«Шығармалары» (1-11-томдар. 2005-2011), «Қожа Ахмет
Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» (2011)
секілді жинақтардағы мәтіндер пайдаланылды. Соңғы
көрсетілген басылымдар мен жинақтарда жарияланған
аңыздардың сирек қорларда қолжазба нұсқалары сақталған
жағдайда, мәтіндер өзара салыстырылып, түпнұсқасы томға
жіберілді.
Томды баспаға дайындау барысында ғылыми басылым
дарға қойылатын талаптар айрықша ескерілді. Бұл топтама
жалпы оқырмандардан бөлек қоғамдық ғылымдарды зерт
теушілерге де арналған. Сондықтан топтамада әр аңыздың
қолда бар нұсқаларының толық қамтылуы—ғылыми ба
сылымдардың ұстанымдарына толық жауап береді.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік
санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға
енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар
және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндер
тарихи аңыздар
ге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су, ру атаулары, мәтін
дерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы деректер, пайда
ланылған әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын
тілдерінде жазылған түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—26,0 б.т.
Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем
түрде жинақталып, қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел
оқиғалар мен фактілердің өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес
болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді. Оған
бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиға
ның қалай болғанын дәл білмегендік, екіншіден, бұрынғы за-
манда болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың
көрініс табуы. Мұның бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде
болмайтынын дәлелдейді.
Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақы
рыбы мен мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты
түрде мынадай топтарға бөлуге болады: а) оғыз-қыпшақ
заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт, Ахмет
Ясауи және Арыстан алып туралы әңгімелерді енгізуге бо-
лады, VІІІ-ХІІ ғғ.); ә) моңғол шапқыншылығы мен Алтын
Орда кезіндегі оқиғалар жайындағы аңыздар (Шыңғыс,
Жошы, Тоқтамыс, Темір есімдеріне байланысты әңгімелер,
ХІІІ-ХV ғғ.); б) Қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен
қайраткерлер туралы аңыздар (Жәнібек, Асанқайғы, Жирен-
шелер жайындағы әңгімелер, ХV-ХVІІ ғғ.); в) қалмақтарға
қарсы соғыс-ұрыстарға байланысты туған аңыздар (Абы-
лай, Қазыбек, Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай аттарына
қатысты әңгімелер, ХVІІІ ғ.); г) Сырым, Исатай-Махамбет,
Жанқожалар бастаған көтерілістерге байланысты туған
тарихи аңыздар
тарихи аңыздар аңыздар (ХVІІІ-ХІХ ғғ.); ғ) ХХ ғасырдағы өмір кешкен белгі лі қайраткерлер туралы баяндайтын аңыздар. Әрине, бұл 6 топтағы шығармалардың бәрі бірдей таза аңыз жанрының белгілеріне, аясына толық сәйкес келе бермейді. Әңгімеде баяндалып отырған оқиға неғұрлым қашық, яғни өте ертеде болса, соғұрлым ол әңгіме аңыздан гөрі әпсанаға немесе хикаятқа жақындай береді. Онда алғашқы оқиға көмескіленіп, оның сұлбасы ғана сақталады, әйтпесе, тіпті, ұмытылып кетуі де мүмкін. Уақыт өткен сайын аңыз көркемделе түсіп, ондағы іс-әрекеттер әсіреленеді, кейіпкерлер дәріптеледі, сөйтіп, аңызға әпсана мен ертегі нің поэтикасы ене бастайды1. Осындай жағдайды, әсіресе, алғашқы үш топқа енген шығармалардан байқауға болады. Оғыз-қыпшақтар тарихына қатысты аңыздар қатарына «Жанкент қаласы туралы»2, «Арыстан алып пен Тойма сұлу»3, «Көккесене»4 сияқты шығармаларды жатқызуға болады, өйткені бұларда көрінетін адамдар мен әңгімеленетін шаһарлар сол VІІІ-ХІ ғасырларда болған оқиғаларда көрнек ті рөл атқарған. Сондай қаланың бірі—Жанкент. Бұл шаһар Х ғасырда оғыз ұлысының астанасы болып, Орта Азия, Таяу Шығыс, Жетісу, Қытай, Еділ бойындағы елдердің саудасаттық, мәдени, саяси байланыстарында үлкен рөл атқар ғаны тарихтан белгілі. Жанкент қаласының қираған қалдық тары Қазалыдан 20-30 шақырымдай төмен Сырдарияның сол жағында жатыр. 1 Бұл процесті Әлкей Марғұлан Қорқытқа байланысты фольклорлық шы ғармаларды талдағанда жақсы көрсеткен. Қараңыз: Марғұлан Ә. Қорқыт ата өмірі мен әфсаналары // Жұлдыз (журнал). 1983. №3. —139-166-бб. 2 Легенда о Джанкенте // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып. ХХІІ. —С. 222-225. 3 Қисса Алаңғасар алып // Записки Восточного отдела Русского археологичес кого общества. 1896. Т.11. —С.292-294; Киргизская (казахская.—С.К.) легенда о постройке Акыр-Таша // Протоколы заседаний и сообщений Туркестанского кружка любителей археологии. 1905. Т.10. —С. 37-39. (Арыстан алып тарихи әдебиетте Алп Арслан, ал аңыздарда Арсалаң алып, Арыслан алып, Алаңғасар алып деп аталады). 4 Диваев А. Мавзолей Кок-кесене // Протоколы заседаний... —С. 40-42; Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып. ХХ.—С. 49-50.
тарихи аңыздар Жанкент қаласының қашан, қалай қирағаны туралы нақты жылнамалық дерек әлі табылған жоқ. Қалай бол ғанда да, бұл қаланың құлауы жаугершіліктен болғаны дау туғызбаса керек. Мәселен, 1897 жылы мынандай бір дерек жарияланыпты: «Жент қаласын, оның төңірегін жаулап алғаннан кейін моңғолдар Жанкентті басып алды. Олар өзенмен құлдилап төмен түсіпті, бірақ бұл жорыққа Жошының өзі қатысты ма, жоқ па—белгісіз. Жент өлкесін түгел бағындырып алғаннан соң Жошы әкесіне қосылу үшін Бұқараға бет алғаны анық»5. Демек, оғыз-қыпшақ заманында гүлдеп тұрған Сыр бойындағы Жент, Сұнақ т.б. қалалар сияқты оғыздардың астанасы болған Жанкент те Шыңғыс хан бастаған моңғол шапқыншылығы кезінде қатты қираған. Ал бізге жеткен аңыздарда Жанкент шаһарының тари хы таза фольклорлық дәстүрде баяндалады. Бұл туралы Әлкей Марғұлан былай деп жазады: «Жанкент туралы айтылатын қазақ аңыздарында бұл қаланы мекендеген елдің жойылып кетуін, оның күйреп бітуін қалаға ордалы жылан қаптап кетуінен деп қауесет етеді. Қаланың даңқты адамдары Қорқыт ата, Сарман құса, Санжақ сұлтан, оның жұбайы Бикем, олардың ата-аналары тегісімен жыланның шағуынан өледі. Жанкент патшалығын сақтау үшін Сыр бойына қара дауыл соқтырып, Қорқыттың күшті рухы ретінде қара бура келеді»6. Сырдың төменгі жағындағы қазақтардан 1864 жылы сая хатшы орыс суретшісі Вас. Верещагин мынадай бір сөз жазып алған: «Қазақтар бұрынғы заманда болған үлкен қала жайында аңыз айтады. Ол аңыз бойынша, бұл маңайдағы үйлерді жыландар құртыпты. Осы өңірдің сол кездегі әміршілерінің бірі өзімен көршілес беженектер патшасының қызына үйленіп ті, бірақ опасыз болған соң әйелін өлімге бұйырыпты. Алай5 Приложение к протоколу Туркестанского кружка любителей археологии. 1897. —С.12. 6 Марғұлан Ә. Қорқыт ата өмірі мен әфсаналары // Жұлдыз (журнал). 1983. №3. —150-151-бб.
тарихи аңыздар да оның қайын атасы сиқырмен қалаға жыланды қаптатып жіберіпті. Сөйтіп, жыландар әміршінің өзін де, оның жұр тын да жоқ қылыпты». Жанкент шаһарының қирауы туралы аңыздар7 қай кезде пайда болғанын анықтау қиын8. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл аңыз «Қорқыт кітабы» мен «Оғызнамеде» айтылатын Қазанбектің ордасын бешенелер қиратқан оқиғаны суреттейді9. Біздің ойымызша, бұл аңыз дәл бір тарихи оқиғаны баяндамайды. Мұнда байқалатын нәрсе— тарихи анахронизм: Жанкенттің қирауын бергі дәуірлерде болған деп әңгімелеу. Шындығында, Жанкент қаласы бірнеше соққыны басынан өткерген: арабтардың шабуылы, моңғолдардың шапқыншылығы және Ақсақ Темірдің жорықтары. Осы оқиғалардың дәл қайсысы жоғарыдағы аңызға негіз болғанын тап басып айту қиын. Дегенмен, фольклордың әр дәуір іздерін бойына сіңіріп отыратынын ескерсек, бұл аңызға алғаш түп негіз болған оқиға мұсылман дінін таратушы арабтардың қалаға басып кіруі сияқты. Аңызда мұсылмандық сарынның айқын көрінуі де қосымша дәлел іспетті. Уақыт өте келе аңыз кейінгі кездерде болған оқиғаларды да қамтыған, бірақ бергі замандарда оқиғалар көмескі тартып, аңызда қиял басым бола баста ған. Сөйтіп, біздің дәуірге ол аңыз көркемделіп, көптеген қосымшалармен толықтырылып, басқа сипатта жеткен. Сондықтан мазмұны мен поэтикалық кестесіне қарағанда жоғарыда келтірілген шығарма аңыздан гөрі әпсанаға және хикаятқа жақын. Мұнда әпсанаға тән ғажайыптық (фантас тика) бар, кереметтіктің элементтері (элементы чудесного) айтарлықтай көркем функция атқарып тұр. Оның үстіне бұл шығармада хикаяттың басты белгісі—діни (мұсылмандық) мифология айқын көрініс береді. Міне, мұның бәрі Жанкент қаласы туралы аңыздың жанрлық сипаты жағынан әпсана 7 Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып. ХХІІ. —С. 222-225. 8 Әзірге нақты дерек табылған жоқ. 9 Марғұлан Ә. Аталған еңбек. —151-б.
тарихи аңыздар мен хикаятқа айналғанын көрсетеді. Демек, өте ертеде пайда болған көне аңыздар бірте-бірте әпсанаға, хикаятқа, тіпті, ертегіге айналады. Қолымыздағы материалдарға қарағанда, көне тарихи аңыздардың ішіндегі жанрлық сипатын біршама тәуір сақ тағандары қазақ елінің моңғол мен Орта Азия шапқыншы ларына қарсы күрес жүргізген дәуірі жайындағы аңыздар болып табылады. Тарихи тұрғыдан дәуірлесек, бұл аңыз дардың бейнелейтін шағы—ХІІІ-ХІV ғасырлар, бірақ аңыздардың өзі қай мезгілде пайда болғаны туралы үзілдікесілді пікір айту қиын. Дегенмен де, Шыңғыс хан, Жошы хан, Ақсақ Темір есімдерімен байланысты әңгімелердің сол кездің өзінде-ақ тууы мүмкін. Әрине, олар бізге алғашқы қалпында жетпеген, алайда оқиғаның өзегін, дәуірдің тынысын, кейіпкерлердің іс-қылығы мен мінез-құлқын біршама сақтай білген. Осындай аңыздардың біразы Шыңғыс пен Жошы ханның қазақ елін билеп-төстеген шағын баяндайды. Бірақ бұл аңыздар нақты болған белгілі бір оқиғаны әңгімелемейді. Олардың көбісі Шыңғыс пен Жошы есім деріне байланысты болып келеді де, солардың қаталдығын, бүкіл сол заманның рухын айқын сипаттайды. Мәселен, Шыңғыс хан туралы аңыздардан сол кездердегі хандардың арасындағы алауыздықты, бақталасты, таққа таласып, бірін-бірі қуғындаған ағайындылар тарихын аңғаруға болады10. Бұлардың мазмұны «Моңғолдың құпия шежіресімен» үндес11, алайда қазақ аңыздары «Шежіредегі» оқиғаларды түгел және дәлме-дәл қайталамайды. Тіпті, қазақ аңызда рында айтылатын кейбір оқиғалардың шындықтан алшақ екені де байқалады, ал енді бір шығармаларда оқиғалар дың мезгілі, адамдары шатастырылып, қайсыбір жағдайда әр дәуірде болған оқиғалардың елесі шоғырланғаны сезіле 10 Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. —Пг., 1917. —С. 49-51; ОҒК қолжазба қоры. №194-бума, 1-9-парақтар. ӘӨИ қолжазба қоры. №242-бума. 11 Моңғолдың құпия шежіресі. —Өлгий, 1979.
тарихи аңыздар ді. Мысал үшін атақты «Ақсақ құлан» аңызын алайық. Аңыздың сюжеті баршаға аян: ханның баласы аңда жүріп, жаралы құланның тұяғынан өледі. Аңыздың біраз нұсқаларында бұл оқиға Шыңғыс пен Жошыға байланысты айтылады және зерттеушілердің кө бісі солай деп тұжырымдайды12. Ал басқа бір нұсқаларында құланнан өлген Жошы болады да, оның әкесі Алаша хан болып баяндалады13. Енді бір нұсқаларда аң аулап жүріп өлетін—Жошы емес, оның баласы14, ал кейде Жәнібектің ұлы15, я болмаса Ақсақ Темірдің баласы16 болып әңгімелене ді. Тіпті, кейбір мәтіндерде баласы Жошы делініп, әкесінің есімі аталмайды17. Міне, бір ғана сюжетті (оқиғаны) баяндайтын бірнеше шығармада кейіпкерлер әр басқа: Алаша, Шыңғыс, Жәнібек, Темірлан, Жошының өзі. Бұлар әр заманда өмір сүрген адамдар, бұл—анахронизм, аңыз, әдетте тарихи дәуірлерді, оқиғалар мен адамдарды жылнамада ғыдай дәлме-дәл суреттемейді, оларды тарихи тұтастану заңына сәйкес өзгертеді. Олай болса, өлген баланың әкесі болып бірде Шыңғыстың, бірде Алашаның, бірде Жошының, бірде Жәнібектің көрінуі тарихи аңызды фольклорлық жанр ретінде тағы да бір сипаттайды. (Соның өзінде де аңыз өмірде болған адамдарды әңгімелеген). 12 Маргулан А. О носителях древней поэтической культуры казахского народа // М.О. Ауэзов: Сборник статей к его 60-летию. —Алма-Ата, 1959. —С.74.; Мағауин М. Қобыз сарыны. —Алматы, 1966. —8-9-бб.; Өмірәлиев Қ. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. —Алматы, 1976. —82-83-бб. 13 Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз // Дала уалаятының газеті. 1897, №13, 14, 18; Алаша хан мен Жошы хан туралы аңыз // ОҒК қолжазба қоры. №198, 300-бумалар. ӘӨИ қолжазба қоры. №123. 242-бумалар. 14 Аксак кулан, Джучи хан // Затаевич А. 1000 песен киргизского народа. —Оренбург, 1925. —С. 358; Сказание о Жоши хане и его сыне // Казахские сказки. —Алма-Ата, 1962. Т.2. —С.264-265. 15 Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. —Алма-Ата, 1961. Т.1. —С. 398-399. 16 Темірланның оры // Дала уалаятының газеті. 1899. №50. Темірлан қаз дырған ор туралы аңыз Кавказ халықтарында да бар. Бірақ олардың мазмұны басқаша. Қараңыз: Далгат У.Б. Героический эпос чеченцев и ингушей. —М., 1972. —С. 224-234, 398-406. 17 Кербуга куйши // Труды Общества изучения Киргизского края. —Оренбург, 1922. Вып. ІІІ. —С. 169-170.
тарихи аңыздар Ал осы аңыздағы оқиғаның өзі өмірде болған ба, ол қан шалықты шындыққа сәйкес келеді? Тарихтан білетініміз, Жошы әкесінен алты ай бұрын, яғни 1227 жылдың ақпан айында қайтыс болған18. Алайда оның қандай жағдайда және қалай қаза болғаны жайлы ешбір нақты, тарихи дерек жоқ. Тарихи еңбектер мен жылнамалардың, шежірелердің айтуына қарағанда, Жошы ең жақсы көретін ұлы болса да, онымен жөнді тіл табыса алмаған. Шыңғыс үлкен ұлының өрмінезділігін, ұлысын өзінше билегісі келетінін онша ұнатпаған. Оның үстіне ағасымен араз Шағатай да отқа май құйып, әкесін барынша Жошыға қарсы қоюға тырысқан. Шыңғыс пен Жошы соңғы рет 1223 жылдың көктемінде кездеседі. Жошы әкесіне сыйлыққа мол қылып құлан аулап әкеліп береді және 20 мың ақбоз ат айдап әкеледі. Сол бойда Жошы қыпшақ елінде қалады да, Шыңғыс басқа балаларымен кері, Моңғолияға қайтады. Осы кезден бастап әкесі мен баласының арасы алшақтап, қатынастары шиеленісе түседі. Шыңғыс Жошыға «солтүстіктегі жерлерді» жаулап алуды бұйырады, бірақ Жошы оның бұл әмірін орындамайды. Моңғолияға келген соң Шыңғыс үлкен ұлын шақыртады. Алайда Жошы ауырып жатырмын деп келмей қалады. Өзі ашуланып жүрген Шыңғысқа Қыпшақ елінен келген бір моңғол Жошыны аңда көрдім дейді. Қаһарланған Шыңғыс дереу Жошыға Шағатай мен Өгетайды жұмсайды да, олардың артынан өзі де жолға шықпақшы болады. Осы кезде Жошы қаза болды деген хабар келеді19. Оның неден, қандай жағдайда қаза болғанын ешкім жазбайды. Әртүрлі долбар, болжам айтылады. Біре се Шыңғыстың өзі у беріп өлтірткен дейді, біресе аңда жүр 18 Рашид-ад-дин. Сборник летописей. —М.; Л., 1952. Т.1, кн.1. —С.54, сноска; Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. —Спб., 1900. Ч.ІІ, с.495; Его же. Собрание сочинений: В 9-ти т. —М., 1963. Т.1. —С.525-526. 19 Бартольд В.В. Собр.соч. Т.1.—С.523-526; Моңғолдың құпия шежіресі. — Өлгий, 1979. —132-133-бб.; Лубсан Данзан. Алтан тобчи. —М., 1973. –С.229235; 369-370; Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. —М.; Л., 1941. Т.2. —С.14-17.
тарихи аңыздар генде қаза болған дейді, біресе дұшпандықтың кесірінен өлді дейді. Жошының кенеттен қайтыс болуы—таңданарлық, үлкен жұмбақ. Сондықтан оның өлімі туралы сол кездің өзіндеақ әртүрлі қауесет, жорамал туып, аңыз боп тарап кеткен. Алғаш туған әңгімелерде Жошының қаза болуы сол заман ның рухы мен орда мүддесі тұрғысынан түсіндірілген сияқ ты. Рашид-ад-диннің айтуынша, Шыңғыс Жошы ханның қаза болған жағдайын тексерткенде, Жошы сол күндері ауырып жатқандықтан аңға шықпаған екен20. Ендеше, Жошы құланның тұяғынан мерт болды деген сөз бекер. Ал Жошы ауырып, ұзақ уақыт төсек тартып та жатпаған. Егер ол ұзақ уақыт ауырып жатқан болса, әкесі, бауырлары ашуланып, оны шабуға шықпай, көңілін сұрауға барар еді. Оның үстіне Жошы күмбезін қазып қарағанда, «сүйектің оң қолы жоқ екені анықталған»21. Олай болса, Жошыға қастандық жасалған деген сөздің негізі бар си яқты. «Жүзжанидің куәландыруына қарағанда Жошы ере сен күшті, ержүрек, алған бетінен қайтпайтын өткір адам болған. Оның қаһарынан әкесі сескенген. Жошының Дешті Қыпшақта қалуының өзінен көпе-көрнеу оның тұсындағы түркі тілдес тайпалардан империя орталығына тәуелсіз мемлекет құруды көздегендігі айқын көрінеді. Бұл әке мен бала арасындағы қақтығыстың басты себебі болды... Кейбір деректерге қарағанда Жошы жау болып кетер деп сезіктен ген Шыңғыс ханның құпия әмірімен өлтірілген»22. Осындай пікір басқа да деректерде кездеседі23. Демек, Жошы ауырып та өлмеген, аңда да мерт болмаған24. Ол дұшпан қолынан қаза 20 Тизенгаузен В.Г. Сонда. 65-б. 21 Марғұлан Ә. Жошы хан күмбезі.—Қазақ совет энциклопедиясы.—Алматы, 1974. 4-т. —481-б. 22 Мингулов Н. Жошы. Қазақ совет энциклопедиясы. 4-т. —481-б. 23 Тизенгаузен В.Г. Аталған еңбек. —14-15,16-17-бб. 24 Сол себепті де В.Бартольд: «Поэтический рассказ о том, как Чингиз-хану было передано известие о смерти его сына, конечно, не имеет исторического значения»,—деп жазған. Қараңыз: Бартольд В.В. Собр.соч. Т.1. —С.526. Бұл жерде «историческое значение» деген тіркес «историческая почва» («тарихи негіз») деген мағынада айтылған. Яғни Жошының өлімін Шыңғыс ханға дәл
тарихи аңыздар тапқан, күшпен өлтірілген, бірақ мұның бәрі құпия күйінде қалып, елге ресми түрде шығарылған (официальная версия) аңыз тарап кеткен болу керек. Бізге жеткен аңыз да осыны дәлелдейді. Аңыздың көбіне сюжетті баяндау емес, өлімді музыкамен естірту формасында болуы кездейсоқ емес. Мұнда оқиға аңыздал майды, аңыздың басты мақсаты—Жошының өлімін суреттеу емес, Шыңғысханның қаталдығын көрсету, халықтан шыққан даналардың, өнерпаздардың қадір-қасиетін таны ту. Сондықтан Жошының қаза болуы екінші планда, ол Шыңғыстың образын бейнелеуге, оның мінез-құлқын ашуға ғана қызмет етіп тұр. Аңыздың мазмұнына тереңдей барласақ, Шыңғыс Жошы ның өлгенін бұрыннан біледі, бірақ ол өзінің қаталдығына басып қазалы хабарды естірткен адамды жоймақ, сөйтіп, өзі нің Жошыға, тағдырға деген ашуын қарапайым адамнан ал мақ. Оның өзімшілдігі мен қаталдығы домбыраға қорғасын құйғанынан да, ғаламат ор қаздырып жазықсыз құландарды қырғанынан да көрінеді. Аңыздың бүкіл эмоциялық, ғибрат тық мәні осында. Әрине, бұл аңыздың алғашқы түрі бізге беймәлім. Оның естірту формасында айтылатын бөлшегі орта ғасырда хатқа түскен. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда бұл естіртуді алғаш қағаз бетіне түсірген адам—ХІІІ ғасырда өмір сүрген Ибн ал-Асир деген араб тарихшысы25. Оны В.В.Бартольд осы ғасырдың басында жарыққа шығарды26. Кейін бұл естірту парсы тіліндегі түпнұсқасымен бірге орысшаға аударылып, 1941 жылы Алтын Ордаға қатысты материалдар жинағында осы әңгімеде (аңызда) айтылғандай қылып естіртпеген. Мұнда фольклорлық дәстүр әсер еткен. В.Бартольдтың «поэтический рассказ» деп отырғаны да сондықтан. Осындай пікірді М.Мағауин да айтады: «Аңызда баяндалатын жай дәл сол қалпында өмірде болды дей қою қиын» (Қобыз сарыны, 9-б.). 25 Маргулан А. О носителях древней поэтической культуры казахского народа // М.О.Ауэзов: Сборник статей к его 60-летию.—Алма-Ата, 1959. —С.74. 26 Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Тексты на персидском языке. —Спб., 1898. Ч.1. —С.162-164. 2-137
тарихи аңыздар басылды27. Бертінде бұл мәтінді М.Мағауин өзінің зерттеуін де пайдаланды28, ал Қ.Өмірәлиев оның өлең шумақтарын жариялады29. Алайда бұл екі еңбекте де өлеңнің түпнұсқасы толық берілмеген. Аңыздың сюжеті құрылысы жағынан үш бөлшектен тұ рады. Бірінші бөлшек: Жошының аңға шығып, құландарды қууы. Құланның айғыры жаралы болып, оны мерт қылуы. Екінші бөлшек: Шыңғыстың «Кімде-кім Жошының өлімін естіртсе, аузына қорғасын құямын!» деген жарлығын бұзып, Кербұғаның (Кет Бұқа, өнерпаз күйші, домбырашы, ұлы жыршы) өнер арқылы Шыңғысқа қазаны естіртуі, Шыңғыс тың домбыраның шанағына қорғасын құюы. Үшінші бөлшек: қаһарлы әкенің елге ғаламат ор қаздырып, құлан біткенді орға түсіріп, қыруы. Осы үш бөлшектің біріншісі—негізгі оқиға: Жошының қаза болуы. Бұл тарихқа сәйкес: Жошы әкесінің тірі кезін де өлген. Ал Жошының өлу себебін баяндау—фольклор лық қиял, бірақ шындыққа саятын қиял, өйткені ол кезде Шыңғыс та, оның балалары да құлан аулауды машық еткен. Алайда осы негізгі оқиға аңызда тікелей айтылмайды. Аңыз басты көңілді екінші және үшінші бөлшектерге аударады. Мұнда фольклорлық дәстүр күшіне еніп, оқиғадан гөрі Шыңғыстың қаһарлығын, қаталдығын көрсетуге күш салынған. Бұл, сөз жоқ, аңыздың көп уақыт бойына көркем фольклормен қатар, солардың ортасында өмір сүргенінің нәтижесі. Сондықтан да «Ақсақ құлан» аңызында тарихи оқиға көмескіленіп, оның есесіне біршама әрлей баяндау етек алған. Қазақтың көне тарихи аңыздарына Алтын Орда дәуірі мен Қазақ хандығы құрылған шақтың оқиғаларын баяндайтын Тоқтамыс, Едіге, Ақсақ Темір, Жәнібек, Асанқайғы 27 Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. М.; Л., 1941, т.2, с.202-204, 262-264. 28 Мағауин М. Қобыз сарыны.—Алматы, 1968. —5-6-бб. 29 Өмірәлиев Қ. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі.—Алматы, 1976. —80-81-бб.
тарихи аңыздар есімдеріне байланысты шығармаларды да жатқызуға болады30. Бұл аңыздарда нақты бір тарихи оқиға суреттелмесе де, жалпы сол мезгіл шындығы бірнеше тарихи оқиғаны шоғырландыру арқылы көрсетіледі. Мәселен, Тоқтамыс жайындағы аңызда сол кезде анық болған Тоқтамыс пен Едіге арасындағы (бірде тату, бірде араз) қатынас Хабардин және Сәтемір (дұрысы—Ақсақ Темір) атты қаһармандардың араласуы арқылы баяндалады. Оғыз-қыпшақ дәуірі мен моңғол шапқыншылығы, Алтын Орда замандарында пайда болып, уақытпен бірге талай өзгеріске ұшыраған көне тарихи аңыздарға қарағанда ХVІІІХІХ ғасырлардың оқиғаларын баяндайтын шығармалар тарихи негізін айқынырақ сақтаған. Әсіресе, жоңғар қал мақтарына қарсы ұрыс-соғыстар жайындағы аңыздар өзінің тарихи шынайылығымен құнды. Солардың ішінде нақтылы оқиғаны баяндайтын аңыздар да көп. Мұндай шығармалардың көпшілігі жасақтарды басқарып, кескілескен ұрыста ерлігімен елді таңдандырған қолбасшы батырлар, сұлтандар есімімен байланысты болып келеді31. Міне, осындай аңыздардың ішінен мысалға Қазыбек, Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Байғозы, Жапақтардың басынан кешкен оқиғаларды баяндайтын шығармаларды атауға болады. Бұл шығармалардың басты ерекшелігі—нақты болған оқиғаға негізделгендігі. Мәселен, Абылай ханның жоңғарлықтарға тұтқын болуы жайындағы аңызды алайық. Тарихи мағлұматтар бойынша, жоңғарлықтар небәрі 50 жылдың ішінде, яғни ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ еліне бірнеше дүркін шабуыл жасап, екі ел арасында 1710, 1717-1718, 1723, 1728, 1730, 1741-1743 жылдары қиян 30 Киргизское предание о Хабардине и Тохтамыш-хане // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып.ХХІІ. —С.95; 1911. Вып. ХХІІІ. —С.48; Әмір Темір туралы // ӘӨИ қолжазба қоры. №131-бума; Жәнібек // ОҒК қолжазба қоры. № 202-бума. 31 Валиханов Ч. Исторические предания о батырах ХVІІІ в. // Собр. соч. в 5-ти томах. —Алма-Ата, 1961. —Т. 1. —С. 220-227.
тарихи аңыздар кескі ұрыстар болған32. Сондай ұрыстардың бірінде (1741 ж.) Абылай 2 мыңдай жасағымен жоңғарлықтардың қолына түсіп, тұтқыннан Россия елшілігінің араласуы нәтижесінде босайды33. Аңызда осы оқиға дәл бейнеленген, бірақ, әрине, тарихи жылнамалар мен құжаттардан өзгеше. Шоқан Уәлиханов жазып алған аңыз бойынша, жоңғарлықтардың кезекті бір ша буылында Абылай жекпе-жекке шығып, Галдан-Цереннің Чарча деген баласын өлтіреді. Галдан баласын өлтірген адамды кім болса да, қайдан болса да, тауып әкелуді бұйы рады. Қалмақтар аңдып жүріп, Абылайды серіктерімен аңда жүргенде қолға түсіреді де, Галданға алып келеді34. Ал, екінші бір аңызда Абылайдың тұтқынға түсуі басқа ша баяндалады. Галдан Абылайға: «Еркімен маған бағын сын, әйтпесе, соғыс ашамын!»—деп, елші жібереді. Абылай ашуланып, елшіні өлімге бұйырады да, «Жау қолын қарсы алуға дайынмын!»—деп хабар жібереді. Галдан мұны естіген соң бірнеше мың әскер жібереді. Осы ұрыста Абылай қолға түседі. Оның жеңілген себебін аңыз елшіні өлтіргендіктен болды деп түсіндіреді35. Міне, Абылайдың тұтқынға түсуін екі аңыз екі түрлі баяндайды. Бұл—фольклор табиғатынан туып отырған құбылыс, сондықтан бұл жерде ешбір жалғандық жоқ. Өйткені фольк лорлық шығарма қаншалықты шыншыл болғанмен, тарихи фактіні сол қалпында суреттемейді. Халық ол фактіні өзінің қалауынша суреттейді. Мәселен, Абылайдың дәл қандай жағдайда жау қолына түскенін ешкім тура айта алмайды, себебі оны көрген адамдардың, я болмаса Абылайдың өзінің сөзі сол кезде хатқа түспеген, демек, ауызша тарап, бірден32 История Казахской ССР. Алма-Ата, 1979. Т.3; Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. Новосибирск, 1983; Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. 2-е изд. М., 1983. 33 Казахстан в ХV-ХVІІІ веках. —Алма-Ата, 1969. —С. 120-121; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ—начале ХХ века. —Алма-Ата, 1971. —С.262-266. 34 Валиханов Ч. Ч. Аталған еңбек. 221-222-бб. 35 Ибрагимов Мұхамедғали. Қазақтың мәселесі // Дала уалаятының газеті. 1891. №13.
тарихи аңыздар
бірге айтылып, біздің дәуірге дейін көп өзгеріске түскен.
Сондықтан айтушылар оқиғаның өзін сақтап, оны өздерінше
түсіндіріп
отырған
(Фольклорлық
шығармалардың
нұсқалары болатыны да осыдан). Сонымен бірге Абылайдың
тұтқында не көргені, қандай жағдайда болғаны да дәлме-дәл
аңыздалмаған. Ол туралы әзірге тарихи дерек те жоқ.
Рас, Шоқан Уәлиханов нұсқасындағы аңызда тұтқында
жатқан Абылайдың тағдыры шындыққа жақын келетін
сияқты: өлген баланың шешесі күнде Абылайға, оның
серіктеріне қарғыс айтып, лағнеттеп отырады. Шыдамы
таусылған Абылай бір күні дірілдеп, тісін шықырлатып,
жұдырығын түйіп келе жатқан әйелге: «Ей, қақбас қалмақ!
Сенің ұлың сияқты қаңғыбас құл қайда өлмеген!»—дейді.
Әйел ойбайлап, Галданға барады да, Абылайды өлтіруді та-
лап етеді36.
Міне, аңыздың осы тұсы шындыққа жанасады: тұтқын
дағы адамның өмірі тәтті болмаса керек. Оның үстіне тағы
бір айтатын нәрсе: Шоқан жазып алған уақытта Абылай ту-
ралы әңгіме, аңыздар тарихи шындықтан онша алшақтама
ған болатын, олар әлі фольклорлық жанрдың аясына толық
түспеген-ді, өйткені оқиғаның болған кезінен онша көп
уақыт өткен жоқ-ты. Және Абылай тұқымының үйлерінде
(Шыңғыстың да үйінде) ол туралы әңгімелер мен аңыздар
барынша алғашқы қалпында сақталған болар, сұлтандар
өздерінің бабалары жайлы өтірік сөз айтқызбаған да шығар.
Бірақ соның өзінде де қосымша жамау болған. Оған дәлел
ретінде Абылайдың жекпе-жекте Галданның Чарча деген
баласын өлтірген эпизодты айтуға болады. Абылайдың ер
жүрек, найзагер, батыр болғаны рас, бірақ ол ешқашан
Галданның баласымен жекпе-жекке шыққан емес. Тақта 18
жыл отырған Галдан-Цереннің үш ұлы, бірнеше қызы болған,
алайда оның ұлдары жас болғандықтан қазақтарға қарсы
соғыстарға қатынаса алмаған. Галдан өлгенде (1745 ж.)
оның үлкен ұлы Лама-Дорджы 19 жаста, ортаншы ұлы
36 Валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек.
тарихи аңыздар
Цеван-Доржы 13 жаста, кенже баласы Цеван-Дашы 7 жаста
болған37.
Рас, Шоқан келтірген мәтінде Абылайды асыра мақтау
үшін фольклорлық дәстүр пайдаланылып, бұрынғы өткен
бабалар туралы әңгіме (отбасылық хроника десе де бола-
ды) тарихи аңызға айналған да, осы жанрға тән сипаттарға
ие болған. Мұны аңыздың соңынан да байқауға болады:
әйелінің іс-әрекетін көріп, «Осы Абылайды өлтіріп қояр»
деп қауіптенген Галдан қазақ сұлтанын жанындағы Жапақ
батырмен бірге бастатып, еліне қайтарады38.
Шындығында олай емес, бірақ айтушылар осылай етіп
көрсеткісі келген. Жалпы, тарихи аңызда оқиғаның сұлбасы
сақталып, адамдардың істері, мінез-құлқы дәуірдің, қауым
ның талабына сай баяндалады. Сол себепті де Абылайдың
тұтқынға түскені туралы аңызда сұлтанның бейнесі сол кез
дің қажеттігіне сәйкес дәріптеле суреттелген. Аңызды ай
тушы мен тыңдаушылар үшін Абылайдың өз басынан гөрі,
қазақ сұлтанын қалмақтың қонтажысынан артық етіп көр
сету маңызды. Кейбір осы сюжеттес аңыздарда Абылайдың
орнында басқа біреудің болатыны сондықтан, бірақ мұнда
біраз сюжеттік өзгешеліктер бар39. Қонтажыны нашар етіп
көрсету Қазыбек туралы аңыздарда да орын алған.
Қазақ елінің өкілін жаудың ханынан басым қылып, көте
ре суреттеу—фольклорлық шығармадағы ең басты тәсіл. Сон
дықтан сұлтандар мен батырларды бейнелейтін аңыздардағы
дәріптеу—шарттылықтың бір түрі. Хан мен сұлтандарды ха
лық оның байлығы мен билігі үшін мадақтамайды, керісін
ше, жауға қарсы күресте ерлік көрсетіп, ел бастағаны үшін,
ақыл-айламен жол көрсеткені үшін және ең бастысы—елдің
атынан сөйлеп, халықтың жоғын жоқтап, соның көрнекті
өкілі бола білгені үшін дәріптейді. Мұны біз Абылай туралы
басқа аңыздарды қарастырсақ, анық байқаймыз. Сыртқы
37 Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. —С.261.
38 Валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек. —222-б.
39 Елеңке батыр // ӘӨИ қолжазба қоры. №123-бума.
тарихи аңыздар шапқыншылыққа қарсы күрестен басқа оқиғаларға қатыс қан Абылай туралы аңыздарда, әсіресе қазақ пен қырғыз елінің ішкі оқиғаларына байланысты аңыздарда Абылай ханның бейнесі басқа, халыққа жат қырынан көрінеді. Оның тыныш жатқан бауырлас қырғыз елін шауып, тұтқынға түскені40 жайлы халық арасында аңыз тудырмауы кездейсоқ емес. Қазақ елінің тарихы мен тағдырында ХVІІІ ғасыр—қатқабат оқиғаларға толы кезең. «Үстем тап өкілдері жазықсыз, момын ауылдарды барымталап, кедей-жатақтың мал-мүлкін талауға түсіріп, күн көрсетпейді. Ел ішінде жер дауы, жесір дауы, құн дауы көбейеді. Бірақ ата-мекен қонысы, жер суы тарылып, күн көрісі қиынға айнала бастаған қалың бұқара хан-сұлтандардың бұл әрекетіне күшті қарсылық көрсетеді. Әсіресе Абылай мен Нұралы ханның халыққа көрсеткен қиянаты елдің ашу-ызасын келтіреді. Міне, осындай тарихи оқиғалар мен тарихи адамдар туралы, әсіресе еңбекші халықтың хан зорлығына қарсы көтерілісі туралы бірсы пыра жыр, әңгімелер бар. Сондай аңыз-әңгімелердің бірі Абылай ханның жалғыз қызы Айтолқынның өлімі41 туралы. Көпшілік халық болып, айтып келген бұл әңгімеде Абылай ханның қанағатсыз, азғындығы айтылады. Жағалбайлы ның берген сый-құрметін азсынып, Абылай оларға үлкен айып салады. Бірақ қатал ханның бұл бұйыруға мініп, жа зықсыз жатқан Жағалбайлыны шауып, малын айдап, қан жылатып кетеді. Бұл оқиғаны халық: «Жайлау толған төрт түлік малы бар Жағалбайлы деген жазықсыз жатқан ел еді. Сол елдің тынышын бұзып, бірде малыңды, бірде жаныңды бер деп қиғылықты салған хан болыпты. Бірақ ханның бұл қорлығына Жағалбайлы көнбепті. Абылай ашуға мініп, артына мың жігіт ертіп, жазықсыз жатқан Жағалбайлыны шауып алыпты. Сол соғыста Абылай ханның жалғыз қызы 40 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. —Т.1. —С.427. 41 Тургайская газета. 1896, 1 января; Кастанье И. Древности киргизской степи и Оренбургского края.—Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. —Оренбург, 1910. —Т.22. —С.74.
тарихи аңыздар Айтолқын арғымақ атқа мініп, садақ тартып, сар желіп, әкесімен қатар жүріпті. Жағалбайлы жасақ жинап, жауға шауып, кек алмаққа бекіпті. Айтолқынды өлтіріп, Абылай ханның есінен кет пестей ерлік көрсетіпті42. Сөйтіп, ХVІІІ ғасырдың оқиғаларын бейнелейтін тарихи аңыз-әңгімелерде жуан ата, аға сұлтандардың еңбекші халыққа жасаған озбырлық әрекеттері дәл баяндалады. Қолына қару алып, хан зорлығына қарсы көтерілген ха лықтың ашу-ызасы анық суреттеледі43». ХVІІІ ғасырда туған тарихи аңыздар сол кездегі тарихи фактілер мен тарихи жағдайларды нақтырақ, дәлірек сурет тейді. Мысалы, сыртқы шапқыншыларға тойтарыс беру жолындағы соғыстар, 1730 жылы Аңырақайда қазақтар жеңген ұрыс, 1741-1742 жылдарғы Абылай бастаған жасақ тардың соғысы, олардың тұтқынға түсуі, Абылай ханның Ботақанды өлтіріп, Жанайды байлап алуы, төлеңгіттер дің Жағалбайлыны шабуы, т.т. міне, осының бәрі тарихта шын болған оқиғалар. Бұл оқиғалар жайындағы аңыздарда баяғыда болған жәйттер баяндалмайды (оны көне аңыз бен хикаяттан көреміз), керісінше, өз дәуірінің көкейкесті мә селелері, реалды өмірі суреттеледі. Демек, фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз ХVІІІ ға сырда жаңа сатыға көтеріліп, өзіне хас белгілер мен си паттарға толық ие болады. Сөйтіп, ол бізге сол дәуірдің тарихын баяндап, сол кездегі оқиғалардан, өмірден мәлімет береді, білімімізді арттырады. С.А. Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор 42 Сонда. 43 Қазақ әдебиетінің тарихы.—Алматы, 1960. 1-т., 1-кіт. —595-596-бб.
1. Тәкаппар әскер басы турасынан
Бұрынғы заманда Македонияда Ескендір патша болып-
ты. Мәртебені бұл жақсы көреді екен, һәм қызғаншақ екен.
Өзінің қараған уәлаятын азсынып, өздерінің қасындағы
жақын тұрған халықтарменен соғыспаққа барыпты. Соғыс
болып, қандар судай ақты, көп халық қырылды, көп қандар
бекерден бекер төгілді.
Ескендір қасындағы патшаларды жеңіп, бұлардың хал
қын өзінің патшасына қосты. Сонда да бұған разы болмай,
алысырақ жайларға соғыспаққа барды. Әртүрлі көп жай-
ларды қаратты. Мұның бұл атағы барша дүниеге жайылды.
Мұнан бәрі де қорқар еді, хандардың ханы, патшалардың
патшасы дер еді.
Ескендірдің көңілі тасып, тәкаппарлық кіріпті. Бұл соғы
сып қаратқан жайлары тағы да аз болып көрініп, дүниенің
баршасын қаратпаққа ойланыпты. «Дүниенің баршасын
қаратып, жердің үстіндегі халықтардың бәрін билейін» деп
ойлады.
Ескендір қисапсыз көп әскер жинап алып, адам білмей
тұғын алыс жайларға қарай жөнеліпті. Бір күні бұл әс
керлерімен сусыз үлкен құмнан жүріпті. Бұл жайдың жан-
жағында адам жоқ, қу дала, қу медиен екен. Бұл алыс жол
адам жеңбеген Ескендірді шаршатыпты. Бек қатты шөлдеп,
ішейін десе суы жоқ, өзіменен бірге алған суы таусылып
Түркі қағанаты және оған дейінгі
тарихи есімдерге қатысты
аңыздар
тарихи аңыздар
қалыпты. Не қыларын білмей қатты сасыпты. Ескендір
ашуланып, қызметкерін ұрып өлтіруге де ойланған еді, сол
мезгілде жарқырап бір бұлақ көрініпті. Патша қуанғанынан
қасына жетіп барса, жіңішке таспадай болып мөп-мөлдір
бұлақ ағып жатыр екен. Ескендір жата қалып бұлақтан су
ішіп, сусынын қандырыпты. Бұлақтың суы бұған бек дәмді,
һәм салқын болып көрініпті. Мұнан соң өзіменен бірге алып
жүрген балықты алдырып келіп, суға жудырып жей бастап-
ты. Балық бек дәмді болып, һәм судан иісі сүйкімді болып-
ты, Ескендір таңқалып, ғажапқа қалыпты.
—Күдіксіз мұндай ғажайып бұлақ бір бақытты жайлар-
дан бастап ағады екен,—деп айғай салыпты,—қазір барып
соғысып қаратып алалық,—депті.
Ескендір тұра келіп, бұлақты өрлеп жоғары жүріпті.
Жүріп отырып ақырында ұжмақтың қақпасындай бір қақ
паны көріпті. Қасына келсе, жабулы тұр екен, ашайын деп
байқаса, қатты жабулы тұр екен, аша алмапты.
Патша қақпаны қағып: «Аш!» деп айғай салыпты.
Ұжмақтың ішінен бір дауыс шығып:
—Сені мұнда кіргізуге болмайды, бұл есік Құдай тағала
ның тұрағына алып барады,—депті.
—Бұл Құдайдың жайы болса, мен жердің патшасымын,�
—деп шыдамастан Ескендір жауап қайтарыпты,—Мен адам
жеңбеген Ескендірмін, апырым-ау, маған да ашпай ма?—деп
айғай салды.
—Жоқ,—деп ұжмақтың күзетшісі жауап берді.—Біз
мұндай бәрін жеңдім деген адамды білмейміз. Біз өзінің кі
нәсінен нәпсілерін жеңген адамдарды білеміз. Бұл жай бірақ
әділ сопыларға тиісті,—депті.
Ескендір бұл белгісіз жайға қанша кірейін деп ұмтылса да,
өтініп сұрап, һәм қорқытса да, дәнеңе болмайды. Қақпа бұ
рынғыдай-ақ жабулы күйімен тұрыпты. Ескендір ештеме қы
ла алмайтұғынын көріп, қақпаны ашпаған соң, сонда тұрып
ұжмақтың күзетшісінен былайша деп өтініп сұратыпты:
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
—Сен білесің бе, менің дүниені қаратқан ұлық екенімді,
барша халықтың үстінен қарап тұрамын,—дейді,—баршала
ры менің алдымда құлдық ұрып, баршалары мені хандардың
ханы, патшалардың патшасы деп біледі,—дейді.—Егерде
мені өздеріңнің жайларыңның ішіне жібергің келмесе, маған
тым болмаса менің мұнда келгенімнің белгісі үшін белгі
қылып бір нәрсе бер,—дейді,—барша халайықтар адам ба-
тып баспаған жайға менің барғанымды біліп таң қалсын,—
дейді. Ұжмақтың күзетшісі:
—Алсаң ал, ақылсыз,—депті,—мінеки, саған пайдалы
нәрсе, бұл сенің жаныңның қайғы-қасіретін жазар,—депті.—
Бұл нәрсеге бір қабат қарасаң, сенің бұрынғы ұстаздарыңнан
есітпеген данышпандыққа үйретер,—деп,—енді өз жөніңме
нен жүре бер,—дейді.
Ескендір бұл сыйды асығып алып, өзінің әскеріне қайтып
келді. Бұл берген сыйы кісінің сүйегінің жарықшағы екенін
көріп аң-таң қалыпты.
—Патшаларды жеңгіштерді қандай сыйменен сыйлай
ды,—деп Ескендір ашуланып, айғай салыпты.—Менің
мұндай бейнет шегіп келгеніме мұндай сый лайық па?—
дейді.
Кісінің сүйегінің болымсыз жарықшағын ашуланып лақ
тырып жіберді. Әскердің ішінде бір данышпан бар еді. Бұл
айтты:
—Ұлық патшамыз, бұл сыйды жек көрмеңіз. Сүйектің
бұл жарықшағы қанша кішкене болып көрінсе де, ғажайып
кереметі бар. Сен мұны қазір көресің, бірақ мұны алтын, ия
күміспенен бірге таразыға тарттыруға бұйыр,—деді.
Ескендір данышпанның сөзін тыңдап, оның айтқанынша
бұйырды. Таразыны алып келіп, бір жағына сүйектің жа
рықшағын салып, уа бір басына бір кесек сом алтын салды.
Патша көрді де ғажапқа қалды. Сом алтыны кісінің сүйегінің
жарықшағынан жеңіл шықты. Алтынды тағы да қосып еді,
тағы да сүйек ауыр шықты. Күміс салып еді, тағы да сондай
болды және тағы да мұндай ауыр нәрселерді таразының бір
тарихи аңыздар
басына салған сайын соншалық екінші басы төмендеп ауыр-
лай берді. Ақырында Ескендір шыдай алмай, өзінің айбалта-
сын алтынменен бірге салды.
«Енді менің айбалтам басар» деп ойлады.
Мұның айбалтасы ауыр болса да, сүйектің жарықшағы
тұрған таразының басы бұрынғыдай-ақ басып тұрды.
— Ғажайып! — деп Ескендір айғай салды, — Сүйектің
мұндай жарықшағы да мұншалық ауыр нәрселерді де басады
екен. Япырым-ау, бұл сүйекті басатұғын бұл дүниеде амал
бар ма екен?—дейді.
Данышпан айтты:
—Патшам, бар,—дейді,—мұның амалы оп-оңай.
Сол жерде бір уыс топырақты алып сүйектің жарықшағы
ның үстіне салып еді, таразының сүйек тұрған басы жоғары
көтеріліп, алтын тұрған басы төмен түсті. Ескендір бұрынғы
сынан да қайран болып таң қалды.
Данышпан айтты:
—Ұлұқ патшам, бұл сүйек сол сүйек, қаю сүйектің ішінде
кісінің тірі күнінде көзі тұратұғын сүйек,—дейді.—Кісінің
көзі үлкен емес. Сонда да мұның қызғаншақтығының, һәм
баршасын билесем екен деп ойлайтұғын нәпсінің мөлшері
жоқ,—дейді.—Жан-жағындағы қызықты нәрселерді көп
көрген сайын мұның бәрін алғысы келіп тілей береді. Қа
шан ажал келгенде, кісіні топырақ жапқанда тоймайтұғын
мешкейлік те, һәм қисапсыз мәртебені жақсы көретұғыны
да тоқталып, ақыры тамам болады. Ол дүниеде байлыққа да,
атаққа да ешбір құрмет болмайды,—дейді.
Ескендір ойланып тұра қалды, данышпанның сөзі мұны
ұялтты. Мұның барша соғысып қаратқанының бәрі мұны
тірі күнінде разы қыла алмайтұғынын, һәм өлгеннен кейін
өзіне еш нәрсенің керек емес екенін білді.
Мұнан соң өзінің ғәскерлеріне «қайт» деп бұйрық
қылды.
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи... 2. Ескендір Зұлқарнайын өзінің дұшпандарын
неменен жеңгені
Ескендір патша басында мүйізіменен туған екен һәм бұған
айтыпты: «Егерде мүйізіңнен айрылсаң, күшің кетіп, дұш
пандарыңды жеңе алмассың» депті. Бұл себептен Ескендір
әрдайым басына сауыт киіп, ешқашан мұны шешпейді екен,
«біреу мүйізімді көріп, кесіп алып қоймасын» деп қорқып.
Ескендір өзінің мүйізін, бірақ басындағы шашын алғаннан
кейін патшаның басында мүйізі бар деп айтып қоймасын
деп, өз қолыменен әрдайым шашын алған кісінің басын алар
екен. Патша әлденеше қабат мұндай қылыпты.
Бір күні патша бір шаш алғышты өзіне шақырып:
—Шашымды алып берің,—депті. Қашан шашын алып
болған соң патша:
—Менің мүйізімді көрдің бе?—деп шаш алғыштан сұ
рапты.
—Жоқ, патша, көргенім жоқ.
—Мен сенен сұраймын, сен менің басымдағы мүйізімді
көрдің бе?
—Жоқ, патша, көргемін жоқ,—дейді. Бұл шаш алғыш
бұрын есіткен екен, патшаның шашын алған бір кісі тірі
қайтып келмейді деп. Бұл себептен жұмыстың ақыры онша
тәуір болмайды ғой деп сезіп, патшаға басыңдағы мүйізіңді
көргемін жоқ деп айтқанының себебі содан екен.
—Басымдағы менің мүйізімді көрмедің бе?—деп патша
және сұрады.
—Жоқ, патша, сенің мүйізіңді көргенім жоқ,—дейді.
—Бар, өз жөніңмен жүре бер, егер де менің мүйізімді
көрдім десең, сені де, сенің бүтіл тұқымыңды өлтіремін,—
дейді.
Шаш алғыш патшаның бұл сырын бірнеше жылдай
адамға айтпастан сақтап жүріп, ақырында шыдай алмады.
Мұнан соң бұл бір адам жоқ жайға барып, жан-жағына қа
лың қамыс өскен терең құдық тауып алды. Бұл құдыққа
тарихи аңыздар
барып еңкейіп тұрып айғай салды: «Ескендір Зұлқарнайын
ның басында мүйізі бар, кімде-кім мұның мүйізін кесіп алса,
күшсіз болып, дұшпандарын жеңе алмайды!»—дейді. Бұл
сөз құдықтан шығып қамысқа жайылды, қамыстан соққан
жел далаға жайды, даладан мұнда жүрген адамдар естіді.
Сонда Ескендірдің дұшпаны артынан жасырынып келіп,
мүйізін кесіп алды. Мұнан соң Ескендір патша кішкене ба-
ладай болып әлсіз болды. Мұның үшін шаш алған кісіге
де жаман болды, қатты қинауменен мұның өзін бүкіл тұ
қымыменен өлтірді. Мұнан кейін Ескендір Зұлқарнайын
өздігінен жүріп соғысқа бара алмай, ғаскер басылары қайда
болса да көтеріп алып жүретұғын болды. Бұл жайда да бұған
пәле кез болды. Ескендір бір уақытта дүниенің ең шетіне,
бір таудың ішіне соғысуға барыпты. Бұл таудың ішінде бір
бұлақ ағады екен, кімде-кім мұны ішсе, ғұмыры бойынша
өлмейді екен. Ескендір бұл судан екі торсық су алып, өзінің
жұртына қайтыпты. Жолда патша қатты науқастанды. Бұл
мезгілде мұның ғаскерлеріне құзғын, қарғалар келіп тиіп,
екі торсығын суларыменен шоқып ішіп қойыпты. Су төгі
ліп қалғаннан кейін ешбір дәрі-дәрмек болмай, патша көп
кідірместен опат болыпты. Егерде бұл судың бір тамшысын
ішсе де, тірі қалар еді, уа егерде күнде бір тамшыдан ішсе,
миллион жыл дәурен сүрер еді. Неше тамшы су ішсе, сонша
жыл ғұмыр шегер еді дейді. 3. [Бәйдібек би]
Бәйдібек жаугершілік кезінде үш жасынан әке, шешеден
жетім қалады. Ағайындарының қолында жүріп, есейе келе
үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі
жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы дода-
паздардан әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді.
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
Бір күні өзі бағып жүрген үйір-үйір жылқыдан қырық
шақты қысырақ ауа жайылып жоғалып кетеді. Шынтас бай
қаһарланып:
—Сол жоғалған жылқыны таппай қайтпа!—дейді.
Жылқышы бала сонымен қырық қысырақтың үйірін
іздеп кетеді. Қаратау шатқалдарын шолады. Кездескен
адамдардан, ауылдардан сұрайды. Ешкім көрдім, білдім
демейді. Мойынқұм жағына өтіп шөл даланы кезеді. Күндер
өте береді. Бала шөліркейді, аты болдырады. Бір сексеуіл
дің түбіне түсіп, атын шалдырады. Өзі жанқалтасында қал
ған бес малта құртты қаужайды. Кеш батып, қараңғылық
түседі. Балада ұйқы жоқ. Елегізиді. Әр тараптан пыр етіп
ұшқан жапалақтың, уілдеген үкінің үні естіледі. Алыстан
дала бөрісінің ұлығаны, одан берегіректе қарсақ, қорқау
қасқырдың шақылдап таласқаны құлағына келеді. Бала
қорқа бастайды. Амал қанша. Ол сексеуілден таяқ сынды-
рып алады. Төңіректен тас жинайды. Егер қасқыр, қарсақ
жақындаса, от жақсам ба екен деп қураған сексеуіл жинай-
ды. Аты болса төңіректеп жайылып жүреді. Сөйтіп отырып
бала сексеуілдің түбінде қалғып кетеді. Түс көреді. Түсінде
ақ киімді, ақ сақалды қария оған келіп: «Балам, тарықпа,
қамықпа, Алатауға бет алып жүре берсең, Шу өзенінің бой-
ынан жылқыңды табасың. Ал, жолың болсын, Ғайып Ерен,
Қырық Шілтен шылауыңнан демесін. Тілеген мұратыңа жет!
Аумин!» Бала да «Аумин!» деп қолын жоғары көтере берген
де оянып кетеді. Қараса, түсі екен. Қарияларша: «Иә, аруақ,
қолдай гөр» деп ұшып түрегеледі. Жайылып жүрген атына
барып, ауыздығын салып мінеді де, күншығысқа қарай жүре
береді.
Ат үстінде ойланып келеді. Көрген түсін өзінше жориды:
Кеше Қаратаудың теріскей жотасындағы Жылыбұлақ ба
сына жетіп, қарт қойшының үйіне барғанда әлгі қойшы:
—Анау тұрған Жылыбұлақ басындағы сағанада Бабай
Түкті Шашты Әзіз әулие жатыр. Өзің жетім бала екенсің.
3-137
тарихи аңыздар
Басына барып дұға оқып, садақаңды беріп қайт! Жүр, мен
ертіп барайын,—деген. Екеуі Сағанаға барып тізе бүккен.
Қарт қойшы «Құл хуалланы» үш қайырып бата қылған.
Бәйдібек бала орамалының шетіне түйіп, бойтұмардай
сақтап жүрген жеті теңгесін құдайы садақа етіп, Сағананың
есігінен тастаған. Сөйтіп, екеуі «Бабай Түкті Шашты Әзіз
әулие қолдай гөр!» деп қайтқан.
Мидай далада құмды кешіп келе жатқан Бәйдібектің
ойына осы жайлар оралады. «Түсімде мені жебеп жүрген
ақ киімді, ақ сақалды кісі—сол Бабай Түкті Шашты Әзіз
әулие екен ғой. Иә, бабам, жарылқай гөр!»—деді де, ол атын
қамшылай түсті.
Күн жүрді, түн жүрді, ертеңіне ол Шу бойына жетті.
Қалың қамыс арасынан жылқысын тауып айдап шықты.
Еліне жетті. Жылқысын көргенде Шынтас бай әйелі ұл
тапқандай қуанды. Бәйдібек баланың арқасынан қағып:
—Жарайсың, балам, жоғалған табылды. Етек жабыл-
ды. Біз сенен қорқып отыр едік, қолды бола ма деп. Әйтеуір
жылқы да, өзің де аман келдің,—деп оған риза бопты.
4. [Бәйдібек би]
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шын
тас бай не істерін білмей сасады. Бұл кезде Бәйдібек он бес
жасқа толған еді. ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шын-
тас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді.
Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды
тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары
арықтап, жылқысының мазасы кетіп қалғанын көреді.
—Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғыр
ған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кә
не, не ақылдарың бар?—деп жылқышыларына сөз салады.
Жылқышы шал айтады:
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
—Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып
сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қай
тадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз.
Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады:
—Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар
өз малындай қарап, аман алып шығар,—дейді.
—Байеке, егер маған тапсырсаңыз,—дейді бала жылқы
шы Бәйдібек,—жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыс
татып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты
іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сон-
да малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар:
«Өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамай
ды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынқұмның
жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша
мал жайылса да жетеді» деп отырған.
Шынтас бай Бәйдібектің сөзін құптап, былай депті:
—Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес еке
ніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, боран-
нан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр
өзіңде, саған ерік бердім,—дейді.
Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын
үшке бөліп, оншақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай ай-
дайды. Сөйтіп, құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлай-
ды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би
оларға бір жігітін жұмсапты.
—Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жатқан
кімнің жылқысы екен?
Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса,
Бәйдібек:
—Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайы
мызды түсіндірейін,—дейді. Арыстан бидің қыстауы Қа
ратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен.
Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отыр
ған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып
сәлем береді.
тарихи аңыздар
—Қай ауылдың баласысың?
—Үйсін Қараша бидің баласымын.
—Е, е, жарықтық. Қараша бидің де, онда бізге туысқан
болдың ғой. Әкеңді білемін. Жас кезімізде алдына барып,
қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тың
дағанмын. Ал бұл жылқы кімдікі, балам?
—Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын.
Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып
Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.
—Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі—
ел нәсібі, ел нәсібі—ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір де-
ген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер—менікі емес, Құдайдікі.
Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шы
ғыңдар. Ауыл мынау—келіп, кетіп тұрарсыңдар.
Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жады
ратты. Бағана жолда келе жатқанда «би қабыл көрсе дұрыс,
қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз» деген ой-күдігінің
бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұр
қыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде
де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі тау
сылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайы
нан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек бала
ның құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен
ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ кимешегі
бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай
құйып отырған қызына:
—Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой дағы, өзің менің
қасымда жат! Мына белі құрғырымды уқалап бер,—деді.
Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын
жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді, екі көзі танадай
жалт-жұлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ
екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізді
де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын
орындауға кетті. Бәйдібек ішінен: «Келгелі бері бұл қызға
неге көңіл аудармадым екен» деді.
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
Сонымен, қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің
жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұм
ды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген
махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жыл
қыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індет
кен болып Арыстан би ауылына барғыштай береді. Түстеніп,
қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді
тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыз
дың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері
еркелетіп «Сары қыз» дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен
көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де,
әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп,
бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп
дәнекерші болады.
Бір күні Арыстан би:
—Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде құда түсіп, сөз
сөйлерің бар ма?
—Ондай жанашыр әке, шеше менде жоқ, өзіммен-ақ
сөйлесе беріңіз.
—Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында
қалсаң қайтеді?
—Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірақ мұнда қала алмай
мын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар.
Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешік
пей қайтып айналып соғайын.
—Жарайды, мұның да жөн екен.
Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы
болады.
Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды.
Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бір
неше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысы
ның мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады.
Жылқышылар Мойынқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол
елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын,
тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай
тарихи аңыздар
қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын
мейірі түсіпті:
—Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенің арқаң. Жайлы
өріс тауып жылқымның тай-тұлағына дейін сондай қаһарлы
қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында
жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір
қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін,
Арыстан биге бар дағы қалыңдығыңды алып қайт!
Осылайша, Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би
елі тайлы-таяғымен жиылып, Сары қыздың ұзату тойын
жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы
ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз
жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шын-
тас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып, той
өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар
беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп,
енші береді. Бәйдібек өзінің ақылды, тапқырлығы арқасын
да жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына
қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады.
5. [Бәйдібектің батырлығы]
Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптап келе жатады.
Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл
хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап атта-
нады. Екі жақ Алтын емел жотасында тоқайласады. Әуелі
жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын
қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен.
Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі
найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен
арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр:
—Енді кім шығады?—деп айқай салады. Найманның
Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп бара-
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
ды. Тағы айқас, тағы найзалас. Шектібай да дүлей Дөдеге
төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.
—Тағы кім бар?—дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап
тұрған сарбаздар арасынан ешкім «мен шығамын» дей қой
майды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдыр-
маш сары жігіт:
—Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ,—
дейді. Бәйдібек батыр:
—Мін менің атыма,—деп астындағы Ақбоз айғырын тү
сіп береді де, ол Дөдеге:
—Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға қалайсың?—деп
оны кекетеді. Дөде:
Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел!—
деп гүр ете қалады. Бәйдібек:
—Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім,—деп
өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сар-
баздары: «Иә, Құдай, аруақ қолдай гөр!» деп тілеп, шула-
сады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің қара күші ба-
сым болғанымен, айла-тәсілі шамалы екен. Ол Бәйдібектің
шапқан әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға
түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезене
ді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан
жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген
дағдылы бір әдісі—құрыққа ұқсатып найзасының ұшына
шылбырдан қыл тұзақ байлап алатын-ды. Ол енді Дөдеге
сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау жағы да елей
қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шау-
ып, найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде
Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып,
ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тас
тай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойнын боса-
тып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей
тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан ау-
дарылып түскен аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналды-
тарихи аңыздар
рып тастайды да, жайына жүре береді. Сөйтіп, Дөде азаппен
қылқынып жан тәсілім қылады: Бәйдібек қолы жауды түре
қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады.
6. [Домалақ ана]
(І нұсқа)
«Алып та, дана да анадан туады» деп халық бекер айт
паған ғой. Ертеде Сыр бойында Бәйдібек деген бай өмір
сүрген көрінеді. Оның екі әйелі болыпты. Тоқалының бойы
аласа, өзі толық болғандықтан жұрт оны «Домалақ» деп атап
кеткен, шын аты Бүбіжар екен. Бүбіжарды бертін келе ақыл-
парасатына қарай ел құрметтеп «Домалақ ене» атандырған.
Бәйбіше тұрғанда кіші әйелге күн бар ма? Үлкен әйел
күндестігін жасайды. Бәйбіше түнде Домалақтың үйіне түйе
болып келіп сүйкенеді. Сонда бәйбіше екенін біліп, Домалақ
ене жатқан жерінен тұрмай:
—Атшу-атшу, жануар, түйемісің, мыңға жеткін, қастық
еткен адам болсаң, жаман ниетің өзіңді атсын!—дейді екен.
Бір күні ауыл көшеді. Бәйдібек бай балаларын ертіп, ерте-
рек қонатын жұрт таңдауға кетеді. Сары бәйбіше Домалақты
үйіме жұртқа тастайды. Біраз уақыт өткенде ауылды шабуға
келе жатқан жаудың қарасы көрінеді. Жұртта жалғыз қал
ған Домалақтан әлгілер жөн сұрайды. Ол шапқыншыларға
жөнін айтпаса да, жау көштің ізіне түсіп, ауылды шауып,
барлық жылқыларын айдап әкетеді.
Қайтарда ескі жұрттың қасынан өтеді. Көңілі тасыған
жаудың басшысы Домалаққа аяушылық білдіріп:
—Мына олжа жылқыдан қалағаныңызды алыңыз,—деп
ұсыныс жасайды.
Сонда Домалақ ене:
—Ендеше, ана жал-құйрығы ұйысқан кәрі арық, сары
биені желіге байлап кетіңдер, басқасының керегі жоқ,—
дейді.
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
Шапқыншылар сол екеуін қалдырып кетеді. Сол күні
түс ауа Бәйдібек ұлдарымен жаудың артынан қуып келеді.
Домалақтан жөн сұрайды.
—Сендер жауды қумаңдар, олар көп, босқа мерт боласың
дар! Мына сары бие тұрғанда жылқы ешқайда кетпейді. Өз
дері кешке қарай қайтып келеді,—дейді.
Бұлар Домалақтың айтқанын тыңдамай, жаудың соңы
нан қуып барып, ұрыста бірқатары қаза табады. Ал жылқы
лар жаудың айдауына көнбей, тым-тырақай қашып, сол күні
кешке сары биеге келіп шұрқырай жиналады.
Міне, осындай көптеген тапқыр да ақылды істері арқа
сында Домалақ халық арасында аңызға айналып, үлкен бе-
делге, сый-құрметке ие болыпты. 7. [Домалақ ана]
(ІІ нұсқа)
Бәйдібек ауылда жоқта қырғыз Аққошқар бастаған жау
лар оның жылқысын алып кетеді. Масаттанған жаулар До
малақ ананың қонысынан сусын ішкен соң, қайыр-садақа
ретінде шапқан малдан бір жылқы қалауын өтінеді.
Сонда Нұрила белбеуін ақжал сары айғырдың мойнына
салыпты дейді. Жануар шешеміздің белбеуін салғанда тырп
етпей тұрып қалыпты да, жетекке жүріпті. Біраз уақыт өт
кен соң Бәйдібектің Сарыбәйбішеден туған алты ұлы салып
ұрып жетті дейді. Олар Домалақ ананы көріп:
—Әй, тоқал, біздің жылқыны қуған жау қалай қарай кет
ті?—деседі ат үстінен.
—Шырақтарым, аттан түсіңдер. Жылқының түп қазығы
бізде, өзі-ақ келеді. Соңынан қуып әуре болмай-ақ қойың
дар. Құр бекер мерт боласыңдар,—дейді Нұрила. Жігіттер:
—Ой, осының өзі дұшпан, айтып тұрған сөзін қарашы,—
деп алты ұл алды-артына қарамай аттаныпты. Әудем уақыт
тан соң Бәйдібектің өзі келіпті салып ұрып:
тарихи аңыздар
—Жау қайда кетті? Домалақ ана:
—Байеке, жауды қуып әуре болмаңыз. Малыңыз бүгін
таңнан қалмай өзі келеді. Алты ұлың менің тілімді алмай
кетті. Бекерге мерт болатын болды. Анамыз айтқандай, таң
ата бере жер сілкінгендей дүрсіл естіледі. Байлаулы тұрған
ақ жал сары айғыр кісінеп жібереді. Қараса барлық жыл
қы түп-түгел қайтқан екен. Малдың қазығы ақ жал сары
айғыр тұрған жерге жылқы баласы қайтып оралған. Ал
Сарыбәйбішенің алты ұлы жер жастанған.
8. [Домалақ ана]
(І нұсқа)
Нұрила он жасында құдықтан су алуға барады. Бір
кезде аңдаусызда қыздың қолы тиген қауға ілгектен
сырғып шығып, шыңырау түбіне құлай зымырай жөнеледі.
Жылқының қылынан ескен арқанды байқамай ұстаған
Нұрила қауға екпінімен төменге қарай құлайды. Белуа-
рынан келетін суық құдық суында Нұрила дірдек қағып,
зорға шыдап тұрады. Бір кезде Бәйдібек қасындағы бір
топ жігіттерімен әлгі құдықтың басына келіп қалады да,
Нұриланы құдықтан шығарып алады. Нұрила кейін өзіне
құда түскендерге құдық басындағы уақиғаны баяндайды.
«Білегімді ұстаған кісі—Бәйдібек, менің болашақ ерім сол
болмақ. Өзге адамға күйеуге шықпаймын»,—деп көңілінде
жүрген сырды айтып салады. Нұрила Бәйдібекті ұнатып,
екеуі бірін-бірі көрмесе тұра алмайтын жағдайға жетіпті.
Екі жастың ыстық ықыласын іштей сезіп, сырттай байқап
жүрген Мақтым Ағзам атамыз Бәйдібек батырды шақыр
тып алып: «Балам, мен саған Нұриламды берейін, тұқымың
қисапсыз мол болады. Жаркенттен Ташкентке дейін, Атырау
дан Алтайға дейін сенің ұрпағың, тұқым-тұяғың қанат жая-
ды. Жалғыз айтар аталық тілегім—қызымды ренжіте көрме.
Аялап, мәпелеп, аққудай әлпештеп ұста! Бұл қызымның бір
түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи...
бойында мың асыл қасиеті бар»,—депті. Сонымен, екі бала-
сына егіліп-төгіліп отырып, ақ батасын берген екен.
9. [Домалақ ана]
(ІІ нұсқа)
Бір күні Мақтым Ағзам софы түс көріпті. Түсінде Қожа
Ахмет Яссауи бабасы аян беріпті: «Жалғыз немере қызыңа
әулиелік дарып, бақ қонады. Оның білегінен кім ұстаса,
сол адамға некесін қиып қос! Үбірлі, шүбірлі бақытты бо
лады»,—депті. Ояна кетсе, түсі екен. «Иә, Құдая, осы түсімді
Пайғамбар жорып, Нұрила қызымды бақытты қыла гөр,
аумин!» деп бата қылыпты.
Бұл кезде Нұрила сегіз жаста, мешітте дәріс оқып жүреді.
Жылдар өтеді. Нұриланың жасы он төртке толғанда мына-
дай оқиға болады: бір күні Нұрила құдықтан су алуға бара-
ды. Ол кезде суды түйе мойнақ қауғамен тартатын. Нұрила
шығырды ағытып, қауғаны құдыққа түсіреді. Шығырдың
тұтқасын шиқылдатып айналдырып, су тола түйе мойнақты
өзіне қарай тарта бергенде, шығыр ағытылып кетіп, қауға-
мауғасымен қыз терең құдықтың түбіне күмп етеді. Оны
жолда ойнап жүрген балалар сыртынан көріп, ауылға хабар-
лайды. Елден бұрын Бәйдібек жүгіріп жетіп құдық түбіне
еңкейіп қараса, қыз қауғадан ұстаған күйі су бетінде қалқып
тұр дейді.
—Нұрила, қауғадан мықтап ұста, мен тартып шыға
райын,—деп айқайлайды да, шығырды бұрайды. Қыз құдық
аузына жеткенде, Бәйдібек оның білегінен ұстап шығарып
алады. Құдықтың мұздай суына тоңып, дірдектеп тұрған
қызды шапанына орап, балаша көтеріп, атасының үйіне апа-
рады. Зұхра әжесі жігіжапар болып, оған ыстық сүт беріп,
жылытып алады.
Ертеңіне Түркістаннан Мақтым атасы келеді.
тарихи аңыздар
—Шырағым, құдықтан сені Бәйдібек батыр қайтіп алып
шықты?—деп сұрайды.
—«Қауғадан мықтап ұста!» —деді. Мен ұстадым. Құдық
тың аузына жақындай бергенімде білегімнен ұстап, шыға
рып алды. Шапанына орап үйге алып келді.
—Ендеше, сені сол батырға ұзатамыз. Өзіңе айтып ем ғой,
мен түс көргемін. Түсімде Қожа Ахмет бабам: «Немереңнің
білегінен кім ұстаса, соған бер, балалы-шағалы бақытты бо-
лады» —деп.
Сол әулие-баба аян бергендей, келесі жылы Нұрила Бәйді
бек биге тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады.
10. Қорқыт туралы аңыз
Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш
адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тір
шіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байы
бына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу
бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, бі
реу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп
дүниемен қош айтысады. Неліктен бұлай? Бірақ қанша ой-
ланып, толғанса да, мұның жауабын таба алмайды. Жасы
ұлғайған сайын Қорқыт өлім жайын көбірек ойлайтын бо-
лыпты. Өлім түсіне де кіре береді. Бір күні түсінде Қорқыт
жапан даланы кезіп келе жатса, көр қазып жатқан бір топ
адамға кездесіп, олардан:
—Мұны кімге қазып жатырсыңдар?—деп сұрайды. Көр
қазушылар:
—Қорқыт әулиені қоюға қазып жатырмыз,—дейді. Осы-
дан сескенеді де, Қорқыт келер күні көр қазылып жатқан
жерден басқа, дүниенің екінші бір шетіне сапар шегеді.
Бетпақтың шөлін де, Сарыарқаны да түгел кезеді. Қайда
жүрсе де, қайда барса да ұйықтаса-ақ болғаны—түсінде өзіне
қазылып жатқан көрді көреді. Жер ортасы Сырдарияның
жағасы екен. «Жерұйық» осы деп, қазіргі Қорқыт моласы
тұрған Сырдарияның жағасына келіп тұрақтайды. «Елімнің
Оғыз-қыпшақ заманының
тарихи тұлғалары туралы
аңыздар
тарихи аңыздар
қайғысына мың да бір дауа осы болар» деп, Сырдың суына
кілемін төсеп, қобызын тартып тұрады.
11. [ Қорқыт туралы аңыз]
Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты.
Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай,
ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарла
нып тартқан сайын Қорқыттың өлім жайлы қайғысы же
ңілденіп жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп,
Қорқытқа айтыпты: «Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған
ешуақытта өлім жоқ».
Бұдан кейін бірталай заман өтеді. Қорқыт өлімді аузына
алмай қобызын тартып, ел аралап жүре беріпті. Күндердің
бір күнінде ел аралап жүріп, бір ауылда отырса, байлаулы
тұрған өгізі далаға қашып барады екен. Өгізін қуып жүріп:
«мұны өлсем де ұстамай қоймаспын» депті. Осы сөзді ашу
үстінде айтарын айтса да, қатты өкінеді, шошиды. Түс
көргеннен бері, міне, өлімді бірінші рет аузына алып отыр,
енді өлім тырнағына ілінгені ме?! Жоқ, бұл жерден кету ке-
рек.
Астына желмая мініп, желдіртіп дүниенің төрт бұры
шын кезіп кетеді. Күнбатысқа да, күншығысқа да, Сарыар
қаға да, құблаға да барады. Барған жерінің бәрінде де өзіне
қазылып жатқан көрді көреді. Қорқыт та олардан: «Мұны
кімге қазып жатырсыңдар?» деп сұраса, «Қорқыт әулиеге»
деп жауап береді. Қайда барса да, алдынан Қорқыттың қа
зулы көрі шығады. Қазулы көрден өзіне құрылған өлім то-
рынан қайтсе құтылмақ? Дүние кезіп жүріп өлім құрығынан
құтылмасын білген соң, Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті
мекені—Сырдарияға қайтып келеді.
Еліне келгесін Қорқыт желмаясын сойып, оның терісімен
қобызының сыртын қаптайды. Құрғақ жерде тұрса, бір күні
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
ажал жетіп келер деген қауіппен бір қырмызы масаты кілемді
алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып
тұра беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен
қашқан қайғысын да, өзі көрген жақсылық-жамандық жай-
ларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлерімен жет
кізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі
түгел ұйып тыңдайды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін
тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқаның аңдары
да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп Қорқыт күйін
тыңдайды. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген
Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман
су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім
келтірмейтін арал болыпты.
Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап оты-
рып, қобызын күйлеп, «өлім мені қанша қуса да, мен оны
бұл жерге келтірмеспін» деп қобызын үздіксіз тарта беріпті.
Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да
бұған жақын келе алмапты. Қорқыт осылайша күндіз-түні
ұйқы көрмей, қобыз тартып өліммен алысыпты. Көп заман-
дар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып
кетеді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ
жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шаққанда, Қорқыт
осыдан ауырып өледі. Бірақ Қорқыт өлсе де, оның ұзақ за-
ман тартқан қобызының күйлері тоқталмаған. Қорқыттың
моласы Сырдарияның жағасында Қармақшыдан он сегіз
шақырым жерде бір белестің үстінде тұр. Қорқыттың қо
бызын сол молаға бірге қойған екен, ол өзінен-өзі мұңды күй
тартып, Қорқыттың өзін тыңдағандай сарнап тұратын бо-
лыпты. Қасынан өткен жанға әрдайым «Қорқыт, Қорқыт»
деген мұңды үн үзілмейді екен.
Қорқытты тыңдаған барлық ел, барлық әнші, күйші, ән
мен күйді, қобызды ойнауды Қорқыттан үйреніп, алғашқы
қобызды Қорқыт жасапты.
тарихи аңыздар 12. Қорқыт ата туралы тарихи аңыз
Қорқыт өлімге бойұсынбай, ажалдан құтылмақшы бо-
лып, қашып дүние жүзін кезеді. Қайсы жерге барса да, ал-
дынан қазылып жатқан көр шыға береді. Ақыры өлімнен
құтылмасын білген Қорқыт ата Сырдарияның ағын суының
үстіне кілем жайып жіберіп, қарындасын қасына алып, сол
кілемнің үстінде отырып елмен, жерімен, қарындасымен
және өзінің өмірімен қоштасқан зарлы күйлерін тартады.
Өзен бойында отырған елдердің қобыздың зарлы дауысын
естігендері шыдап тұра алмай, өзеннің екі жағалауына то
пыла жиналып, емірене тыңдасады.
Өзен жағалауынан сыртқары түстік жерде отырған көш
пелі елдердің де кешқұрым қобыз даусын естіген қырық
қыздары жақын жерде шығар деп қызыққаннан жүгіре-
жүгіре жете алмай, отыз тоғыз қыздың өкпелері өшіп, жол-
да өледі. Олардың ішінен жүгіре алмай жайымен жүрген бір
ақсақ қыз ғана Сырдың жағасына жетіп, Қорқытты көріп
өледі. Сол ақсақ қыздың моласы—Қорқыт атаның қойылған
жерінің тура сол төстігінде арасы бір шақырымдағы жердегі
шыңның басына орнатылған мұнара. Осы кезде де жұрттың
бәрі оны «Ақсақ қыздың белгісі» деп атайды.
Қорқыт атаның үстінде отырып қобыз тартқан кілемін
Сырдың ағысы иінге соқтырып тоқтатқан жерінде қазулы
көр алдында дайын екен. Әзірейіл жан алғыш та жетіп
келеді. Сол сәтте Қорқыт тылсыммен өзін көбейтіп, қырық
Қорқыт етіп көрсетеді. Олардың қайсысы Қорқыт екенін
айыра алмай сасқан «жан алғышқа» сол кезде Құдірет
парман етеді: «Қырқының қайсысы бұрын кірпігін қақса,
соның жанын ал!—дейді. Жаны бар Қорқыт кірпігін қаққан
кезде жаны алыныпты. Сол жердегі дайын көріне Қорқыт
ата қойылады. Осылай деп білетін жұрттың көпшілігі осы
кезге шейін Қорқыт атаның сол орнын қадірлеп, құрмет
тұтады.
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары... 13. Әл Фараби
Фараби Бағдат, Шам шаһарына—Дамаскіге барады. Сол
кездегі бұл қаланың әкімі Сейф әд-Дәула бен Хамдан шешен
әрі ғалым, халыққа мәшһүр адам екен. Хамдан өзіне жақын
адамдармен Фараби жөнінде әңгімелесіп, сол кісіні көргісі
келеді. Бір күні Хамдан шаһардағы барлық ғұламалар мен
укамаларды шақырып, кең мәжіліс құрады. Мәжіліске әл
Фарабиді де шақырып алдырады. Фараби келіп, көпшілік
ке сәлемдеседі. Төрдегі тақта отырған Хамдан Фарабиге:
«отырыңыз» деп жай ғана ишарат білдіреді, бірақ орын
көрсетпейді. Мұндағы Хамдидің мақсаты—Фарабидің мәр
тебесін сынау еді.
—Сіздің мәртебеңіздің шамасымен отырайын ба?—деп
сұрады. Сонда әкім Фарабиге:
—Өз мәртебеңіздің шамасымен отырыңыз,—дейді. Сон
да Фараби мәжілісте отырған адамдардан жоғары қарай
өтіп, Сейф әд-Дәуланың жанына таққа барып отырады. Әкім
орнынан сырғып түсе жаздайды. Бұған ішінен ыза болған
Сейф әд-Дәула артында тұрған құлдарына өзі үйреткен құ
пия тілмен:
—Мына келіп отырған адам әдепсіз екен, мені орнымнан
жылжытып жіберді, енді мен бұған бірнеше сұрақ қоямын,
егер сұрағыма дұрыс жауап бере алмаса, өзін жанымнан
сүйреп, домалатып жіберіңдер!—деп бұйырады. Әкімнің бұл
құпия сөздерін жақсы түсінген Фараби сол тілмен:
—Ау, Сейф әд-Дәула, әуелі мен сізден «өзіңіз көрсеткен
орынға отырайын ба немесе өзіме ұнаған орынға отырайын
ба» деп сұрағанымда, сіз: «ұнатқан орныңызға отырыңыз»
деп рұқсат бердіңіз ғой, сонсын мен ұнатқан орын осы болды,
айып етпеңіз,—деп әміршіге жауап берді. Иә, Фараби бұл
жауапты әміршінің ешкім білмес деген құпия тілімен айтты.
Фарабидің құпия тілді де жақсы білетіндігін Сейф әд-Дәула
қайран қалып оған бас иді, құрметтеді. Мәжілісте отыр
4-137
тарихи аңыздар ған барлық ғұлама, дана адамдар тыныш тұрып Фарабидің сөзін ықыласпен тыңдап, бәрі де оның асқақ ғылымына бой ұсынды. 14. Кім көп біледі Әл-Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні әмір, ғалымдар одан: —Кім көп білетін, сіз бе, әлде Аристотель ме?—дегенде ол: —Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті болуға ғана жарар едім,—депті. 15. [Екінші ұстаз] Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып: —Өзіңе лайықты орын тауып отыр,—депті. Сөйтсе, әлФараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қа сындағы уәзіріне беймәлім тілде: —Мына түрік әдеп сақтамады ғой,—депті. Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да: —Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін,—депті. Ыңғайсызда нып қалған әмір, халпелер: «Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай қалдық»,—деп оған жол береді. 16. Күй құдіреті Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ға лымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
жасап алған қыпшағымен (домбыра) бір күй тартса, жұрт
тың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқан
да әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй тарт
қан сәтте бәрі маужырап ұйықтап қалыпты. «Бұл күйлерді
тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп Фараби хат жазыпты да,
өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмір оны қанша іздесе де таба
алмапты.
17. Өнерлі жігіт
Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді
бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп
отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер әр түрлі
сөздер айтып, тиын-тебен тастап өтіп жатады. Сонда Әбу На-
сыр оған жақындап барып:
—Күніне қанша табасың?—дейді.
—Екі дирхемге жетер-жетпес.
—Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үй
ретемін, күніне төрт дирхем беремін,—деп оны ертіп кетеді.
Бұл гәпті естіген саудагер мен делдалдар:
—Мына диуана дәруіштің дені сау ма? Жетімді есіркей
қалыпты ғой, өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем өз жанынан
төлегені несі,—деп күледі.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
18. Сағыныш сазы
Шам шаһарында тұрғанда Әбу Насыр әл-Фараби бір жа
ғынан шахтың бау-бақшасын күтіп-баптаса, екіншіден қолы
бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты.
Бақшадағы хауыз жанында бағдат кілемше үстінде, құс
жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаш
тарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады. Ол
тарихи аңыздар
омырауына түскен салалы ақ сақалын сипап отырып, мына
бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті:
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым, жұртым, шалғай ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенімше шамамның,
Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.
Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,
Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін.
Айналайын атам қыпшақ, туған жерім, сағындым,
Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым.
Бұл жолдар әрі ғалым, әрі шайыр бабаның жасы сексен-
нен асқан шағындағы туған еліне деген сағыныш сазы болса
керек.
19. Ибн Синаның ажалға араша түсуі
Ибн Сина өз кезінде данышпан балгер адам болған екен.
Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Қандай ауру адам
болса да, өз қолымен жазып емдепті. Күн, айлар, жылдар
өткенде Ибн Сина қартайған шағында өзінің ең жақын шә
кіртін шақырып алып, кішкентай бір шақша береді. Сосын
шәкіртіне:
—Мен өлгеннен кейін қалпымды жаса, содан кейін менің
денемді өртеп, күлімді қалыпқа сал. Сөйтіп мына шақшаның
ішіндегі сұйықтықты мұрнына құйып жібер!—дейді. Аз күн
өткеннен кейін Ибн Сина дүние салады. Шәкірті қалып жа
сап, оның өлігін жақсылап өртеп, қалыпқа салады. Шақша
дағы сұйықтықты алып, мұрнына құймас бұрын ойлайды:
«Алдымен мен мұның бәрін құйып жібермейін. Біріншісі аз
ғана тамызып көрейін. Не болар екен?» Сосын шақшадағы
сұйықтықты мұрнына бір тамызады. Сол уақытта «рис» де-
ген сөз шығады. «Рис»—құй деген сөзі екен. Шәкірті: «Бұл
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
адамды тірілтетін дәрі екен ғой. Мен мынаның қалғанын
құймай-ақ қояйын. Құйсам ол тіріліп кетеді де, оның атағы
барлық жерге жайылады. Дүниеде одан күшті адам болмай
ды»,—деп сұйықтықты құймайды. Содан бері мұндай дәріге
ешкім де жолаған емес, жолай да алмаған. Сөйтіп, дүниеде
Ибн Сина ғана ажалға араша тұрыпты деген аңыз бар.
20. [Әбусина туралы аңыздар]
Әбусина болмашы нәрсені сезгіш, аңғарғыш кісі болған
екен. Бір күні жұбайы оның текеметінің астына бір парақ қа
ғазды жайып салып қойыпты. Сол күні төсегіне жеткен ұлы
тәбиб жұбайына: «Бүгін төсегіміз қалыңдап қалған секілді
ғой»,—депті. Келесі күні зайыбы текемет астындағы қағаз
дың үстіне тағы бір парақ қағазды жайып қойыпты. «Бүгін
текеметтің ортасы дөңес боп кетіпті ғой»,—депті ғалым бұл
жолы.
* * *
Бұхара шаһарынан қуғындалған Әбусина сол маңайдағы
бір қыстаққа қоныстаныпты. Ұлы дәрігердің өз ортасына
келгеніне қуанған халық оған тұс-тұстан келе бастайды. Ба
сы ауырып, балтыры сыздағандар өте көбейіп кеткен соң дә
рігер елге: «Әркім білегіне жіп байлап, бір ұшын маған ұста
тып қойсын»,—деп жар салады. Ел оның айтқанын істейді.
Сөйтіп жүргенде бір қу дәрігердің «әулиелігін» сынағысы
келеді. Ол бес күн бұрын жеті бала тапқан мысықтың мой-
нына жіп тағады да, оны қойнына тығып, жіптің бір ұшын
жеңінен шығарып тәуіпке келеді.
—Данышпаным, жіпті ұстап кеселімді айтып бере қой
шы,—дейді қу. Әбусина жіптің ұшын ұстап тұрып:
—Мысығыңыз бұдан бес күн бұрын жеті бала тапқан екен.
Содан бері сүт ішпепті. Бишараларға сүт беріңіз,—депті.
тарихи аңыздар
Ортағасырлық кемеңгердің тамыр ұстау арқылы кеселді
тез де, оңай табатыны жайындағы ғажаптығы күні бүгін де
қастерленеді.
* * *
Күндердің күнінде біреу дәрігерге деліқұлы боп қалған ер
азамат баласын алып келеді. Тәуіп сырқаттың тамырын ұс
тап, жігітке:
—Бұхараның мешіттерін, махаллаларын атап шық!—
дейді. Жігіт білгенін атап береді. Бұдан соң тамыршы ауруға:
—Өзің білетін жігіттер мен қыздардың есімін және олар
дың қайда тұратынын айтып шық!—деген талабын қояды.
Жігіт бәрін айтып:
—Жаңа мешіттің жанындағы үйде тұратын..,—дей бер-
генде дәрігер:
—Болды енді, таптым,—депті.
—Данышпаным, баламның тамыры не деді?—деп сұрай
ды әке.
—Балаңыздың кеселі—жаңа мешіт түбіндегі үйдің қы
зына деген ғашықтық кеселі. Ендігі қамын өзіңіз біліңіз.
* * *
Бір күні ұзынды-қысқалы екі адам ұлы шипагерге алыс
тан келіпті. Әлгі екеудің ұзынының қолында маралшыбық
таяғы, ал бәкенесінің қолында тобылғы сапты қамшысы
бар екен. Қамшылы адам сүзекке душар болғанын, ал ма-
рал шыбықты адам қолына түскен қотырды емдей алмай
жүргенін айтып, бәледен айығу жолын сұрайды.
Ауруларға көз жазбай қарап тұрған шипагер:
—Екеуің қолдарыңдағы қаруларыңды алмасыңдар,—
дейді. Екеуі солай істейді. Бірақ мұнысы не деген деп ұзын
ды-қысқалылар аңырайып тұрып қалады.
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
—Екеуіңнің дәрілерің қолдарыңда жүр екен,—дейді
сонда Әбусина,—бірақ ауысып жүр екен. Енді екеуің де жа
зыласың.
—Шипаңыздың мәнісін белмедік, тақсыр!—дейді ұзын
бойлысы.
—Тобылғы шырышы—қотырға, марал шыбық түбірінің
қайнатылған суы—сүзекке дауа. Мен сендерге өз қолдарың
да жүрген дәріні ауыстырып беріп тұрмын,—депті сонда
бұхаралық ақылгөй.
* * *
Біреу екі аяғы бірдей семіп қалған баласын тәуіпке алып
келіпті. Дәрігер аурудың тамырын ұстап, аяғын сипап көреді
де, текшеде тұрған құтысын алады. Құтыны екі аяқтың ор
тасына қойып, қақпағын ашып жібереді. Сол кезде екі шаян
екі жаққа ытып шығып, аурудың екі тізесіне тікендей шан-
шыла кетеді. Дәл сол сәтте бала «ойбай!» деп аяғын жиып
алады.
—Балама мың да бір ем дарымап еді, құдіреттім!—деп әке
жағасын ұстайды.
—Шаян ащы жанды жәндік. Тәтті жанға сол дауа,—деп
ті сонда Әбуәлі ибн Сина.
* * *
—Сал ауруына шалдыққаныма қырық жыл болды,—деп
ті бір қарт адам. Қартайған шағымда меңдеп барады, не амал
қылайын, құдіреттім?
—Мына дәріні ішіңіз, ал мынаны сылап жағыңыз,—деп
тәуіп шалға тоз-тоз қағазға оралған дәрілерді береді.
—Екеуі де ескі ғой,—деп қалады ауру қарт.
—Ескі ауруға ескі дәрі ләзім,—депті сонда шипалы
адам.
Мұнысы ауру адамның күдігіне қарсы айтылса керек.
тарихи аңыздар * * * Әбусина ауру-сырқаттарға: «пәлен дәріні ішсең немесе жақсаң, жазыласың» деп кәміл сендіреді екен. Бір күні діндарлау сырқатқа дәрігер: —Мына дәріні ішсеңіз, құлантаза айығып кетесіз,—депті. —Аллаға жазып қылмайық. «Құда қаласа» деп айтыңыз. Тәуіп: «Құда қаласа» дегенді қосып сөзін қайталап айтады. Ауруынан айыққан діндар бірер күннен соң қайта келеді. —Бұл жолғы кеселді бір Алланың өзі жіберді. Оған дәрі де жоқ шығар. —Дәрісіз ауру жоқ,—депті сонда философ,—Ауруды Құ дай жіберетін болса, онда дәрісін қоса жібереді. * * * Тәуіпке қатты жынданған біреу әкелінеді. Ол келген бетте: «мен өгізбін, мені сойып жеңдер!»—деп аласұрып тұрады. —Өгізім,—депті дәрігер.—Сен арық екенсің. Жемшөп жеп семір. Сонан соң сойып жейміз. Жындының бірінші сөзін мақұлдап, екіншісінде оның діттегеніне қарсы сөз айтылуы ем болған екен. * * * Ертедегі сәуегей адамдар аюдың, борсық пен тасбақаның қыс бойы нәр-қорексіз «өліп» жатып, көктемде қайта тұрып кететініне таң қалады екен. —Аю, борсық пен тасбақа жыл сайын өліп тіріледі, өлген адам неге тірілмейді?—деп сұрапты бір шәкірт ұстазынан. —Олар мейір деген шөпті тістеп жатады. Сол шөпті тістеп өлген адам тіріледі,—деп арманын айтыпты ғалым. Аурулардың кейде аю, борсық майын, тасбақа жұмырт қасын жейтіні содан қалған екен.
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
* * *
Жүрегі, жүйке тамыры асқынған сырқат әйгілі тәуіптен
ақыл сұрайды.
—Бұған дауа өсімдік бар. Соны езіп ішіңіз,—деп кеңес бе
реді дәрігер.
—Ол қандай өсімдік?
—Басы тікен, түбі шалқан тәрізді өсімдік,—депті Әбу
сина.
Кеселі жанына батқан адам шарлап жүріп басы тікен,
түбірі шалқан өсімдікті тауып алып, тостағанға езіп ішеді.
«Қартаң құлақ» деген өсімдік екен ол. Қартаң құлақ Әбу
синаның өмірімен дәрілік қасиет алып кетіпті. Мал жемей
тін, құс шоқымайтын сол қартаң құлағымыз бұл күнде алоэ
деп аталады.
* * *
Жетпіс-сексен жасқа келген шал Әбуәлі ибн Синаға ар-
найы келіпті. Ол амандық-есендік сұрасқаннан кейін жас
шағынан ауру-сырқатты болғанын, бірақ дәрігерге барма
ғанын айтады.
—Көп жылдар бойы ауру-кеселіңізді қалай жеңіп келді
ңіз?—деп сұрайды одан дәрігер.
Әуелі ержету үшін тырыстым, одан соң үйлену, балалы
болу үшін өмір сүргім келді. Сол мақсаттарыма жеткен соң
немерелі, шөберелі болуға ұмтылдым. Сөйтіп жүріп, міне,
сексенге де жеттім.
—Өмір сүруге құштарлық барлық дәріден күшті,—депті
сонда шипагер кісі.
* * *
Дәрігерге жауқазындай жас әрі сұлу келіншек келіп, егде
тартқан ерінің ауырмай-сыздамай өлгенін айтып, қатты өкі
нішін білдіреді.
тарихи аңыздар
—Кейбір еркектер,—дейді дәрігер,—сен секілді жас та
сұлу жұбайынан кеселін жасырады. Олардың ауруын өлім
ғана әшкере етеді.
* * *
Бір молда Әбуәліге екі ағайынының ауру-кеселі туралы
сөз қозғайды.
—Үлкені,—дейді ол,—ауыра қалса, Құранды жастанып
жатады да, тез айығып кетеді, ал кішісіне ондай ем қона
қоймайды. Неге бұлай?
—Алғашқысы Құранды оқымаған кісі, ал кейінгі оны
оқыған адам,—депті сонда дәрігер.
* * *
—Тамақсаулықтан ішім ауырған кезде берген әуелгі дә
ріңіз қышқылтым ғана еді. Кейінгі бергеніңіз ащылау болып
кетті ғой,—депті бір сырқат тәбибке.
—Ішіңіз кейінірек бұрынғысынан ащылау болып кетіп
ті,—депті сонда күлімдеп шипагер.
* * *
—Әуелі жеті жерімнен шиқан шықты, одан соң оларға
тоғызы қосылды. Сөйтіп көбейе бергені сонша, ақырында
жараларымның санынан жаңылып қалдым. Қатты уайым-
нан жүріп жазылып кеттім. Неден жазылғанын білмеймін.
—Жараларыңның санынан жаңылғаның ем болған екен,
—депті сонда дәрігер.
* * *
Әбуәлі шипагерге бір шаруа жеті-сегізге келгенше тілі
шықпай қалған баласын алып келеді. Дәрігер баланы ал-
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
дына алып, оның денесін түгел сипап, сылап шығады. Сол
кезде бала даусын шығарып, сықылықтап күліп қоя береді,
сөйлей бастайды. Кәпелімде қуанышқа қойны симай қалған
әке балаға қалайша тіл біткенін сұрайды.
—Бала нәресте кезінде қатты шошып, тілі байланып қал
ған екен. Менің алдыма келгеніне қатты қуанып, ол бірден
тілге келді. Есіңізде болсын: қорқыныштың емі—қуаныш.
* * *
Бір күні түнде шипагердің үйіне атты, түйелі екі адам ке
леді. Олар көлігін есік алдындағы қазыққа байлап, өздері ке-
руен сарайға барып жатады. Ертеңгісін ерте тұрған Әбуәлі
ибн Сина жолаушылардың түйесі мен аты жайылсын деп боса-
тып жібергісі келеді. Аттың қазықбау шалынған шылбырын
тез шешеді, түйенің бидасына келгенде әбден машақаттанады.
Шеше алмайды. Со кезде оның қасына екі жолаушының бірі
кеп қалады. Сәлем-сауқаттықтан кейін шипагер оған түйе
иесі ақылынан қатты адасқан адам екенін айтады.
—Тақсыр, оныңыз рас, бірақ о кісінің өзін көрмей жатып
кеселін қалай біле қойдыңыз?—деп сұрайды аң-таң қалған
жолаушы.
—Есалаң байлаған жіпті ақылды адам шеше алмайды,—
депті сонда Авицена.
* * *
Бір күні түнде кемеңгер дәрігер керуен сарайға келіп,
ұйқыда жатқан адамдарды аралап көреді. Аяқ-қолын жан-
жаққа жіберіп, емін-еркін жатқан қонағын көргенде ол:
«Мынау күллі кеселін ұзақ жолына тастап келген екен» де
генді айтады. Оның қасында бүк түсіп жатқан кісіні көре
сала: «Мынау қайғы-қасіретке шерменде болып қалған бей
шара» депті. Осы пайымдаулардан кейін қасында еріп жүр
ген шәкірті ұстазынан бәрін қалай білгенін сұрайды.
тарихи аңыздар
—Көп жүрген адамға ауру ілесе алмайды, ондайлар сон
дықтан қаннен-қаперсіз ұйықтайды, ал шерменде алқынған
өкпесін, мазасыз жанын басу үшін бүк түсіп жатады,—дейді
тәуіп.
* * *
Дәулетті бір кісінің баласы ауырып қалады. Ұзақ жүріп
ауру баланың ауылына келеді тәуіп. Сөйтсе бала өліп қалған
екен. Жас кеткен баланың әкесі перзентінің өлімі неден
болғанын білгісі келеді. Ол үшін баланың ішін жарып көру
керектігін айтады дәрігер. Өлген баланың әкесі оған келісе
қояды.
Дәрігер баланы жағаларына жалбыз өскен арықтың жа
ғасына апарып, оның ішін жарады, бүйрегіне қатқан қабыр
шақты алып, жалбыз үстіне лақтырып жібереді. Бәленің
неден болғанын білген оташы қолын жуу үшін арыққа таяп
келеді де, әлгінде лақтырып жіберген нәрсесін қарайды.
Жалбыз үстіне түскен қатқақ тез еріп кеткенін көріп, ол
таң-тамаша қалады. Со күні жалбыздың бүйрек кеселіне ем
екенін білген екен.
* * *
Бір күні ұзақ жолда келе жатқан дәрігер кең жазира жер-
де жер жыртып, мақта егіп жүрген диқанмен дидарласып,
әңгімелесіп қалады.
—Сіздің қағаз бетін өрнектеп жүрген қауырсын қала
мыңыздан менің жерді таспадай тіліп жүрген жерағашым
артық,—дейді диқан мақтанышпен.
—Менің қаламым кестелеген кез-кез кітап сенің күллі
жеріңді жауып тастайды,—деп қалады айтысқа шыққан дә
рігер.
оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары...
—Сіздің қалыңдығы кез-кез кітабыңыздың қағазы менің
жеті қат жерімнің ақ мақтасынан иленіп басылған,—дейді
бұдан соң диқан.
—Сенікі дұрыс,—депті сонда ғұлама жеңілгенін мой
ындап,—сенің жерағашың өз жерін өмірбақи жырта бе
реді.
21. [Қожа Ахмет Ясауи]
Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибраһим шайх
тан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады.
Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибраһим шайх шұқ
шиып жер шұқылап отыр екен.
—Ата, не істеп отырсыз?—деп сұрағанда:
—Е, балам, егістікті жегенелеп отырмын,—деп жауап
береді.
—Ой, ата-ай, соған да осыншама әуре боласыз ба? Бір
ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?—дейді Ахмет.
—Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, сен жасай
ғой,—деп, әкесі баласын сынамақ мақсатпен рұқсат беріпті.
Сонда жас Қожа Ахмет тұрып:
—Жегенең жерге қал, бегенең бетке шық!—деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып:
—Е, балам, саған Алла тағаланың құдіретімен әулиелік
дарыды, енді Жарылқаушы иең қайда жол көрсетсе, сонда
бар!—деп батасын берген екен.
Моңғол шапқыншылығы мен
алтын орда кезеңдеріндегі
тарихи оқиғаларға қатысты
аңыздар
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... 22. [Қожа Ахмет Ясауи]
Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті:
—Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды де-
гендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек,—депті.
Сонда Қожа Ахмет тұрып:
—Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кете
мін,—деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт
өткен соң, ата-анасына сәлем берейін деп Сайрам қаласына
келгенде әке-шешесі:
—Е, қарағым, қайда болдың, кай жерден қоныс таптың?
—деп сұрапты. Сонда ол Ясы қаласын, яғни кейіннен өзіне
ғимарат салынған жерді атапты.
—Балам, сен ол жердің халқымен сұхбаттастың ба? Не
байқадың?—деген Ибраһим шайхқа Ахмет.
—Иә, ата, сұхбаттастым. Ол жердің халқы арқаңнан қа
ғып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Соны біле тұра неге
қоныс тептің дерсіз, жақсыны жолға салу оңай, жаманды да
жолға салып көрейін,—деген екен.
23. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап]
(І нұсқа)
Дүние салар алдында Мұхаммед [с.ә.с.] пайғамбар жан
бауыр-жақындарын, қимас дос, сырлас, сыйлас жора-жол
дастарын жинап:
—Мен бұл дүниемен және сіздермен қоштасқалы отыр
мын. Кейінгі ұрпақтарымның біреуіне берер аманатым
бар. Соны оған кім тапсырар екен?—дейді де, жан-жағына
қарайды. Жұрт аң-тан. Дені сап-сау, қалайша бізді қиып, о
дүниеге аттанбақ? Аманаты не? Ойларын оңға, саналарын
сан-саққа жүгіртеді. Сол кезде Арыстан бап орнынан тұрып,
екі қолын көкірегіне қойып:
тарихи аңыздар
—Бұған мен әзірмін,—дейді. Мұхаммед [с.ә.с.] пайғам
бар Алла тағаланың досы, ең соңғы пайғамбар:
—Жарайды, ақылдасып келейін,—дейді де зым-зия жо
ғалып кетеді. Әлден уақытта қайтып оралады. Алла тағала
ның келісімін алып келсе керек.
—Келешекте өмірге Ахмет деген бала келеді. Соған мы
на құрма жемісін тапсырасың,—деп қалтасынан алған бір
түйір құрма жемісін береді.
Ахмет дейтін балаға тапсыратын аманатты алып, ұртына
салған Арыстан бап Мұхаммед [с.ә.с.] пайғамбарға:
—Мен ол баланы қайдан іздеймін, қалай табам, қалай
танимын?—деп сауал қояды. Сонда Мұхаммед [с.ә.с.]:
—Іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз, берген аманатымды өзі
сұрап алады сізден,—деген. О, ғажап, Пайғамбардың айтқаны
келді, бірде далада келе жатқанда он бір жасар балаға кездеседі.
—Ақсақал, аманатымды беріңіз,—дейді бала. Арыстан
бап аты-жөнін сұрап жатпайды, «аузынды аш!»—дейді оған.
Ол аузын ашқанда, Арыстан бап бабамыздың ұртындағы
құрма жемісі зып етіп Ахметтің аузына кіріп кетеді. Бала
ләм-мим деп тіл қатпастан бұрылып жүріп кетеді.
—Сен неткен көргенсізсің, маған айтқан рахметің қай
да,—деп айқайлайды Арыстан бап. Сонда артына бұрылып
тұрып бала:
—Сізге несіне рахмет айтам, сіз бар шырынын сорып жеп,
маған құр сүйегін қалдырып отырсыз,—дейді,—Жарайды,
сізге келіп түнесін, менен тілек тілесін!—деп жүріп кетеді.
24. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап]
(ІІ нұсқа)
Қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір құрма бе
ріп айтқан:
—Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мәдинаға
хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нә
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
сілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және
менің үшінші халифам қазіреті Осман зүрриятынан және
менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші ха-
лифам қазіреті Әли перзенті имам Мұхаммед Ханафия
ұрпақтарынан Сайрам қаласынан болған Қожа Ахмет атты
балаға—атасы Шайық Ибраһим, анасы Тағай бибіше бибі,
лақабы Қарашаш ана, қазіреті Арслан бап аталған аманатты
сақтауы керек. Пайғамбар қайтыс болған кезде хабар келді:
«Ей, Арслан бап, сен мұндай атақты ғалымды қалай көресің,
қайтіп табасың?». Одан кейін Арслан бап Уахар Тарке деген
уәлаятында тақуалықпен қырық жыл өмір кешті. Қырық
жылдық қылуеттен кейін Сайрамға келді. Қазіреті Ибраһим
шайықты тапты. Оның әйелін де сұрады. Одан кейін олар-
дан: «Сендердің ұл перзенттерің бар ма?»—деп сұрады. Одан
кейін шайық Ибраһим Ясауиді киіндіріп, Арслан бап алдына
әкелді. Садыр шайыққа Арслан бап дуа қылды:
—Сенің бұл балаң дін дүниесіне атақты болады. Сендер
дің назарларыңа бұл бала лайықты емес. Әкесі айтты:
—Бұның жүріс-тұрысы басқа балаларға ұқсамайды. Кей-
де өзін топыраққа тастайды, кейде таза жүреді, кейде мек
тепке бармайды, кейде өзінің есін білмей жатады. Мұнда
әртүрлі адам қасиеті бар. Мұның балалығының ықпалы ға
жайып. Мұны есітіп Арслан бап қуанып кетті. Балалардың
ойнап жатқанын көрді. Бір баланың ойнап жатқан бала
лардың киімінің үстінде ойнамай отырғанын көрді. Барып
оған сәлем берді. Ол бала бақырды:
—Ей, Баба! Қашанға дейін менің көйлегімді қарайсыз,
сақтайсыз және қашанға дейін балалардың көйлектерін сақ
таймын. Арслан бап айтты:
—Ай, жан ботам, бұл киім Қазіретіңізге мүбәрак. Қазірет
Сұлтан ал-арифин айтты:
—Менің аманатымды бермедіңіз. Мен сондықтан кейде—
топырақта, кейде—суда, кейде—өлең айтудамын, кейде—
ғылым ізденудемін. Қазіреті Арслан бап мың ықыласпен
құрманы Қазірет Сұлтан ал-арифинге берді. Қазірет Арслан
5-137
тарихи аңыздар
бап маған да берер ме екен деп қарап тұрды. Қазірет Сұлтан
ал-арифин айтты:
—Құрманың тәттісін сіз жедіңіз. Маған қабығын берді
ңіз. Қазірет Арслан бап жүз мың шүкірлікпен шүкір нама
зын оқыды. Арслан бап бұл дүниеден ол дүниеге сапар қылды.
25. [Ақ ата]
Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға
оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ
болса керек, содан «Ақ ата» атанады. Сол кісі кезекті са
бағынан соң балаларға: «Үйге барған соң, Құдайдың көзіне
түспейтіндей етіп бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!»
деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалардың бәрі сойылған
тауық, қораздарын ұстаздарына беріпті, тек Ахмет қана алып
келген қоразын мұғаліміне тірідей беріпті. Мұны көрген Ақ
ата неге бұлай болды деп сұрағанда жас бала:
—Ұстаз, кешірім өтінемін. Мен қоразды соя алмадым,
себебі мен қай жерге тығылып сойсам да, Құдай көріп тұрған
жоқ па?—депті. Сонда Ақ Ата:
—Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай
бір сырлы құпияны білу үшін істеген едім,—деген екен. 26. [Қожа Ахмет пен Баба Машын]
Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара
жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар
хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән
келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойласты-
ра бастайда. Солардың бірі—Қорасан елінен шыққан атақ
ты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген төрт жүз
шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға
келген соң, Қожа Ахметке жолығып:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапан-
ды сенбісің?—деп дүрсе қоя береді. Ясауи ата шәкірттеріне:
—Бұл сөйлеген кезінде есінен адасады, не айтып жат
қанын өзі ұқпайды. Сондыктан бұны ұстап, ұстынға бай
лаңдар!—деп бұйырады. Шәкірттері ұстап, байлаған соң,
оның денесін жалаңаштап дүре соғуға бұйырады. Алғашқы
қырық дүре соққанда Баба Машын былқ етпей, Алла атын
аузына бір рет те алмайды. Оны біраз уақыт демалдырып,
тағы да қырық дүре соғады. Осы кезде ғана Баба Машынның
құлындай шыңғырып, «Алла!» деген жан даусы шығады.
Ясауи ата дүре соғуды тоқтатуға бұйырады. Мұны көріп
тұрған Хасан хан Ясауи атадан:
—Бірінші рет дүре соққанда, ол бір рет те Алланың атын
есіне алмады. Қырық дүрені екінші рет соққанда «Алла!»
деп шыңғырған жан дауысы шықты. Бұның себебі неде?—
деп сұрады.
Ясауи:
—Оның арқасына жын-перілер жабысып алып, алғаш
қы қырық дүрені өткізбеді. Сол себепті алғашында оған
дүре батпай, Алла атын жад етпеді. Соңғы қырық дүре Баба
Машынның арқасына тиіп еді.Сондықтан оның жан дауысы
шықты,—деді.
Одан кейін Ясауи ата есін жиған Баба Машынға қарап:
—Өзіңнің қайдан екеніңді білдің бе?—деп сұрады. Ол көз
жасы көл болып, әдепсіздігі үшін Ясауиден кешірім сұрап,
тәубесіне келді. Атаның шәкірті болды. Үш рет қылуетке
түсіп, Ясауидің сүйікті шәкірттерінің біріне айналады.
27. [Қожа Ахмет Ясауи]
Ясауи деген бір билеуші билік құрып тұрған. Қыста
Самарқанда тұрып, жазда Түркістан тауларында өмір сү
ретін. Барлық түркі билеушілері сияқты, аң десе, ішкен
асын жерге қоятын бұл падишаһ жазды Түркістан таула
тарихи аңыздар
рында аң аулаумен өткізетін. Бірде жаз уақытында Қара
шық тауында аң ауламақшы болғанымен, таудың ойы-қыры
оған кедергі жасап, бұл ойынан айнытады. Қарашықта,
сөйтіп, ешқандай аң аулай алмайды. Сол себептен бұл тауды
тегістеп тастамақшы болады. Өзі билік жүргізген жерлерде
қанша әулие болса, соның бәрін жинап алады да, олардың
дұғаларының берекетімен бұл тауды алып тастауларын
сұрайды. Түркістан әулиелері билеушінің бұл өтінішін қа
был алады. Ихрам киіп үш күн бойы осы тауды жойып жібе
ру үшін жалбарынып, сиынады. Бірақ бұл сиынулар, жалба
рынулар үміт еткендей болмастан, нәтижесіз қалады. Себебін
іздестіреді. «Бұл өңірдегі білгіш, әулиелерден келмеген бар
ма?»—деп сұрастырады. Сол кезде шайқы Ыбырайымның
ұлы Қожа Ахметтің әлі кішкентай болғандығы үшін [керемет
көрсетуге] қатыспағаны жеткізіледі. Дереу Сайрамға адам
жіберіп, шақыртып алады. Бала әпкесімен кеңеседі. Әпкесі:
«Әкеміздің өсиеті бар. Сенің ортаға шығатын уақытыңның
келіп-келмегенін білдіретін нәрсе—әкемнің мазарындағы
байлаулы тұрған дастархан. Егер оны ашуға құдіретің жетсе,
бар, бағыңды сынап көр! Сол кезде белгілі болар»,—дейді.
Бала содан кейін мазарға барып, дастарханды ашады.
Сөйтіп, ортаға шығатын уақытының жеткеніне көзі жете
ді. Дереу дастарханды алып Ясы қаласына келеді. Барлық
әулиелер сол жерде дайын боп тұрады. Дастарханындағы
бір тілім нанды дуалайды. Мұны қабыл етіп фатиха оқиды.
Сөйтіп, нанды жиналғандарға бөліп береді. Барлығына
жетеді. Әулиелерден және падишаһтың әмірлері мен әс
керлерінен тоқсан тоғыз мың адам сақадай сай тұрады. Олар
бұл кереметті көргенде, Қожа Ахмет Ясауидің ұлылығына
бас иеді. Қожа Ахмет әкесінің бешпентін киіп, әкесінің ба
тасының соңын күтіп отырады. Сол кезде кенеттен көк жү
зінен сел ағып, жер атаулы судың астында қалады. Шай
қылардың жайнамаздары толқын үстінде қалқиды. Сол
себептен бәрі айқайлап-шулап жалбарына бастайды. Қожа
Ахмет бешпенттен басын шығарады. Кенеттен дауыл тоқтай
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
қалады да, күн жарқырап шығады. Тау жаққа қараған кез-
де Қарашық тауының жым-жылас жоқ боп кеткенін көреді.
Қазір ол тау орнында Қарашық деген қалашық бар. Ол жер—
Қожаның ұрпақтарының мекені және Отаны. Бұл керемет
ті көрген билеуші Ясауи атының, есімінің қияметке дейін
жиһанда мәңгі бақи қалуы үшін Қожадан жәрдем сұрайды.
Қожа бұл тілекті қабыл алып: «Әлемде кім бізді жақсы көр
се, сенің атыңмен бірге еске алсын!»—дейді. Міне, осыған
байланысты сол күннен бері «Қожа Ахмет Ясауи» деп еске
алынатын болды.
28. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі]
(І нұсқа)
Садыр ата—Қожа Ахмет Ясауидың ағасы, ол әулие адам
болған екен. Қожа Ахмет Ясауидің баласы жас болса да, аңға
құмар болыпты. Қарасүйір тауын жайлаған бір рулы ел-
мен Қасен шайық әулеті тау өзенінің суын үшке тең бөліп,
егін егіп күн көріп жүріпті. Бірде Әзірет Сұлтанның бала-
сы садақпен аң аулап жүргенде, оның садағының екі жебесі
Қарасүйір руының құлақ арығына қадалып, суға бөгет бо-
лыпты. Қарасүйір руының сушысы неге су болмай қалды
деп келсе, сағадан екі садақ оғын көреді. Төменгі жағын
да садақпен аң аулап жүрген Әзірет Сұлтанның баласына
келіп:
—Мынау не?—депті. Бала:
—Мен білмеймін,—дегенде, әлгі сушы қолындағы кет
пенмен баланың басын шауып, денесін сонда тастайды. Басын
легенге салып, бетіне ақ шүберек жауып, Әзірет Сұлтанға:
—Мынау біздің Қарасүйір адамдарынан сауға,—деп ал-
дына қояды.
—Ей, бейәдеп, піспей үзіпсіндер,—дейді Әзірет Сұлтан.
Сонда Садыр шайық қылышын суырып, тұра ұмтылғанда,
Әзірет Сұлтан оны тоқтатып.
тарихи аңыздар
—Мен дуа етемін, барсаң риза емеспін, қылыш жұмса
ма!—дейді. Бұған Садыр шайық өкпелеп, Қойлақы ата жақ
қа кетеді.
—Егінің жұлма болсын, қауының алма болсын, көтеніңе
құйрық шықсын, тұқымың сөйтіп құрысын!—деп Әзірет
Сұлтан Қарасүйір әулетіне қарғыс айтқан екен. Содан олар
азып-тозып кеткен.
29. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі]
(ІІ нұсқа)
Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қо
жамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір
ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім
ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін»,—
деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір
күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұйықтап
жатқан жерінен басын кесіп алып, оны бір сүлгіге орап, Қо
жаның алдына әкеліп тастайды. Қожа олардан «Бұл не?»
деп сұрайды. Жаңа піскен қауын әкелгендерін айтады. Қожа
істің мән-жайын түсініп, іші өртене отырып бәрібір атын
береді және соңынан қан дауы болып, араларында мәңгі-бақи
дұшпандық қалмасын деп өлтірген адамға қызын да береді. 30. [Қожа Ахмет өлер алдында]
Қожа Ахмет өлер алдында отбасына, туыстарына: «Мен
пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан
кейін денем суымай тұрғанда, бір қара бура мінген кісі келіп,
мені мәңгі жататын орныма ақ жуып, арулап қояды. Мені
алып бара жатқанда «Қайда алып барасыз?» деп оның қолын
қақпаңдар!»—деп ескертіпті.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен, қара бура
мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бас
тап ол кісіні Қарабура әзі деп атаған.
31. [Хакім ата]
Хакім Ата қара торы, ал Әнуар ана болса аппақ және сұлу
болатын. Бір күні Хакім Ата жуынып жатқан кезде, Әнуар
Ана төсекке жатады. Оған қарап жатып, кезінде Боғра
ханның қызы болып, енді мынау қара адамға үйленгенін
ойлап кетеді. Хакім Ата бұл ойын түсініп қояды. «Сен
мені ұнатпайсың, бірақ менен кейін тісінен басқа ақ жері
жоқ, менен де өткен қара адамға тұрмысқа шығасың»,—
дейді. Әнуар Ана өкініп, жылайды. Бірақ болар іс болған
еді. Хакім Ата дүниеден көшетін кезі жақындағанда
Хорезмдегі ұлдарын шақыртты және оларға: «Өлімімнен
кейін қырық күнін өткізген кезде күн шығысымен Қағба
тұрғынынан қырық абдал келеді. Солардың арасында кө
зі жақсы көрмейтін, бір аяғы әмір бір қап-қара абдал да
болады. Аналарыңды үйленуі үшін күтуі керек мерзімі
бітісімен, сол адаммен некелестіріңдер!» Шындығында да,
Хакім Ата қайтыс болғаннан кейін қырық күн өткен соң
абдалдар келеді. Бірақ олардың арасында қара абдал бол-
май шығады. Балалар оны сұрайды. Оның артта қалғанын
естігеннен кейін, шақыртып алады. Оның аты Зеңгі бо-
латын. Әкелерінің өсиеті бойынша, аналарын Зеңгімен
некелестіреді. Бұл Зеңгінің әулиелігін ол кезде ешкім
білмейтін. Зеңгі Ата әйелін алып, өз еліне кетіп қалады.
Әнуар Ана бұрынғы күйеуінен қалған кереметтің зарда-
бынан Зеңгіден көп қиындық көреді. Бірақ шыдамдылық
танытады және басқа әйелдерге бұл жөнінде үгіт-насихат,
ақыл береді.
тарихи аңыздар 32. [Хакім ата]
Хакім Атаның анық есімі—Сүлеймен. Балалық шағында
мектепке бара жатқанда басқа балалар сияқты Құранды
мойнына аспай, қолымен астынан ұстап, құрметпен алып
жүретін. Мектептен шыққанда да бетін мектепке қарай, ар-
тын үйге қарай беріп қайтатын. Бір күні Қожа Ахмет Яса-
уи мешіт табалдырығында отырған кезде оны көреді, әлгі
әрекеті бұған ұнап қалады. Қожа сөйтіп баланың әкесі мен
анасының ризашылығын алып, Сүлейменді Құран оқыту
үшін жанына алады. Он бес жасына келгеннен кейін Қожаға
шәкірт болады. Бір күні Қызыр әлейкумсәләм Қожа
ға қонаққа келеді. Қожа тамақ пісіру үшін шамалы отын
әкелуге балаларды жұмсап жібереді. Отын әкеле жатқанда
қатты жаңбыр жауады. Әкелінген отынның бәрі су-су болып
қалады. Тек Сүлеймен киімін шешіп, отынды орағандықтан,
ол әкелген отын ғана құрғақ болады. Соның арқасында басқа
отындар да жанады. Қызыр әлейкумсәләм отынның неге
құрғақ болғанын Сүлейменнен сұрайды. Ол себебін айтып
береді. Қызырға бұл жауап ұнайды, балаға: «Бұдан былай
атың Хакім болсын!»—дейді. Содан кейін аузына түкіреді.
Сүлейменнің іші нұрға толады. Қызыр: «Қане, тұрма, рухани
нәр шығар!»—дейді. Хакім Ата сол мезеттен бастап бірнеше
хикметтер, өлеңдер айта бастайды.
33. [Зеңгі баба]
Ата-анасының Зеңгі бабаға азан шақырып қойған аты—
Айқожа екен. Тумысынан қап-қара кісі болған соң халық
оны Зеңгі ата деп атап кетіпті. Оның төрт атасын білмеген
жан тәкбірге күмәндар болады. Яғни ол адам тәкбір айту-
ды дұрыс білмейді деп есептеледі. Зеңгінің әкесі—Тасқожа,
атасы—Мәлекқожа, бабасы—Мансұрқожа (Мансұр ата), ар
ғы бабасы—Арыстан бап.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Зеңгі ата бақташы болып елдің падасын жиып баққан
көрінеді. Оның өз меншігінде де қара малы көп болыпты.
Баба сиырдың тұқымын молайтып, топ-тобымен жайып,
көбейткен екен. Сол кезде бір қыңырлау кісі:
—Сиырды ылғи Зеңгі жая бере ме? Біз де бағайық. Елден
біз де нәпақа алып пайдаланайық. Неге өзгеге бермейсің
дер?—деп, ел басшысына шағым жасапты. Әміралдар ал
қасының кеңесінде Зеңгі баба әлгі қыңырға:
—Мақұл, сен бақ,—деп паданы беріпті. Ол адам сиырды
жайғаннан кейін бір апта өтпей-ақ оқалақ пайда болыпты.
Содан қара малға оқалақ тиіп, быт-шыт боп қашып, падаға
қыңыр кісі ие бола алмай қалыпты.
—Қой, болмас, мұның киесі бар екен. Баға алмаймын,—
деп, Зеңгінің өзіне қайтарып берген көрінеді.
Арыстан баптың төртінші ұрпағы Зеңгі ежелгі Шаш, қа
зіргі Ташкент қаласына таяу зерде орын теуіп, сол араны
жай етіпті. Ол таңертеңгі уақытта шығып, паданы айдап,
алдын қайырмай, еркінше жіберіп; «Ош, Ош!»—деп со-
нау қырғыздың жерінен бір-ақ қайырып әкеледі екен. Ош
қаласының атауы содан пайда болса керек.
Малдың әр түлігінің өз тәңірісі, сақтаушысы бар деп
түсінген халық ұғымында Зеңгі баба сиырдың пірі ретінде
сақталып қалған.
34. [Зеңгі баба]
Зеңгі баба сиыр ішіндегі бұзаудың түр-түсін нақтап айта
тын, жаңылмай табатын көріпкел, әулие болыпты. Оның
өмірлік қосағы Әнуар ананың да іштегі бұзаудың қаңдай
екенін ажырата алатын сыншылық қасиеті бар екен. Бірде
зайыбы ерінен:
—Мен сіздің әулиелік ісіңізге ортақпын ба? Сауапқа се
рікпін бе?—деп сұрапты. Зеңгі оған қарап;
тарихи аңыздар
—Сен сауапқа серік бола алмайсың. Өзім тақуамын, сон-
дай таза ісіммен әулиелікке иемін. Бұл қасиет өзімнен, оған
сен ортақ емессің,—депті.
Әнуар ана ері Зеңгіні ерекше ықыласымен күтіп, ас-ауқа
тын таза дайындап, қызмет етеді екен. Ол ас дайындағанда,
ыдыстарды тоғыз мәрте жуып, шайқап, шаятын көрінеді.
Бірде Әнуар түс мезгілінде ас дайындап жатып, ауқат
тың ішінде әлдене қараң ете қалғанын көзі шалып, байқап
қалады. «Бір ноқатта қара дақ бар екен ғой-ау» деп, қанша
ауыстырып, іздесе де таба алмапты. «Осы арада жүр ме екен»
деп шамалап, астың бір-екі шөмішін алып, төгіп тастайды.
Пада бағып, ашығып, ыстық күннің астында қап-қара боп
өзін күткен ерінің жай-күйін ойлап, ауқатты асыға Зеңгіге
алып барады. Баба оны лезде ішіп қояды.
Арада біраз уақыт өтеді. «Әлгі қараң еткен нәрсе ас ішінен
алынды ма, жоқ па?»—деген күмән Әнуар ананың көңілінен
кетпейді. Ол соны байқау ниетімен иіріле жатқан сиырдың
шеткі біреуін қолымен нұсқай көрсетіп:
—Анау сиыр қандай бұзау туады?—деп сұрайды. Сол кез-
де баба:
—Түсі қызыл, мандайы қасқа бұзау,—деп жауап береді.
Сонда жұбайы сәл езу тартып, жымиып:
—Құйрығының ұшы ақ, қызыл бұзау,—депті.
Уақыты жетіп, сиыр бошалап, құйрығының ұшы ақ, түсі
қызыл бұзау туады.
Әнуардың айтқаны тура шыққан соң Зеңгі одан:
—Мен қалай жаңылдым?—деп сұрапты.
—Сіздің жаңылғаныңыз, сол күні ауқаттың ішінде бір
ноқатта кішкентай қара дақ кетіп, қанша іздесем де, таба
алмаған едім. Сол көзіңізге перде боп тұтылып, іштегі бұ
заудың құйрығы қайрылып, аяғының арасынан өтіп, ман-
дайына тиіп жатқанын байқай алмадыңыз,—дейді жұбайы.
Сол уақытта Зеңгі;
—Менің әулиелік қасиетім сенің жасаған қылаусыз таза
қызметіңмен байланысты болды. Егер сен тазалығыңнан сәл
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
ғана мүлт кетсең, мен ол қасиетімнен айрылып, жарым-жар
тылап, толық күйде бола алмайды екенмін,—деп мойында
ған екен.
35. [Шопан ата]
Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған
көп шәкіртінің бірі—Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірт
терін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы
асасын басынан бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып
жібереді. Ол сонан соң:
—Ал, шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әке
лесіңдер,—дегенде, шәкірттер аса таяқтың ұшқан жағын
бетке ұстап жарыса жүгіріп кетеді. Шопан ғана орнынан қоз
ғалмай тұрып қалады. Қожа Ахметтің:
—Сен неге асаны іздемейсің?—деген сауалына:
—Мархаббатты ұстаз, сіздің асаны табу үшін менің ұзақ
сапарға аттануым керек,—деп жауап қайтарады. Шәкірті
нің білімдарлығына риза болған Қожа Ахмет сапарына ақ
жол тілеп, батасын беріп қош айтысады.
Шопан ата Қожа Ахметтің Түркістанда лақтырған асасын
Маңқыстау түбегінен табады. Ол аса қадалған жерді үңгіп,
жер асты мешітін салады. Құдық қазады, өткен-кеткен же
сін деп тұт ағашын егеді. Ел балаларын оқытып, өзі де ғұла
ма ұстаз атанады. Оның жер асты мешіті жартылай құлаған
күйінде әлі күнге дейін сақталған, ел-жұрты оның басына
тәу етіп, түнейтін қасиетті орын.
36. Оқшы ата
Оқшы ата жас кезінде жетім қалып, ел жағалап, қыпшақ
ішіне келіп, жалғыз қызы бар кемпір-шалға өкіл бала бола-
тарихи аңыздар
ды. Ер жеткенде егін егіп, диқаншылық кәсіппен айналы-
сып, әлгі кісілерді өзі асырайды.
Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, Құдай бойына қасиет бер
ген дарынды азамат болып өседі. Оның кірпігінің қалыңды
ғы сондай—көзін жауып тұрады екен. Кірпігін қолымен
көтеріп қалғанда, бір күншілік жердегіні көретін қасиеті
болған. Мал жоғалтқан адамдар өзінің жоғының дерегін білу
үшін Көгентүпке келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып:
«Малыңыз пәлен жерде жайылып жүр»,—деп жөн сілтейді.
Барса, расында солай болып шығады. Көгентүптің аты елге
біртіндеп осылай тарайды. Сол бір заманда елді қалмақтар
жаулап алады да, оның ханы елге өз тәртібін орнатады.
Жебір билеуші жұртқа:
—Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа бір қыз беретін
болсын!—деген шарт қояды. Хан жарлығы екі болмай, орын-
дала бастайды. Тәлкекке түскен ел күңіреніп, күйзеліске
ұшырайды. Қарсы шығар амал таппай дағдарады.
Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, қыз беру кезегі
Көгентүптің ата-анасына да жақындайды. Көгентүп күнші
лік жерде арпа орып жатыр екен. Арпа оруға жүрерде ата-
анасына айтады:
—Алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар
білдірер, бұл озбыр ханның азабынан әлі-ақ құтылармыз,—
деп атын қалдырып кетеді. Кезек кемпір-шалдың үйіне, оның
жалғыз қызына да келеді. Екі қария зар илеп жылағанда
кермеде байлаулы тұрған ат тыпыршып, кісінеп қоя береді.
Кісінеген атының даусы күншілік жерде арпа орып жүрген
Көгентүптің құлағына жетеді. Озбыр ханға қатуланған Кө
гентүп Аллаға сиынып, бір арпаның қылтығын алақаны
на салып, дұшпанға бағыттап, үрлеп жібереді. Сол хан қаза
табады. «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтқарған
кім болды екен?»—деген түрлі әңгіме тарайды. Бірінің
қылышы, бірінің қанжары, енді бірінің пышағы қанды та-
лай жігіттер: «Ханды өлтірген—мен»,—деп шығады. Сол
кезде Көгентүптің ата-анасы:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Біздің баламыздан да сұраңдаршы, сол білер кім өл
тіргенін,—дейді. Жиналған жұрт кеншілік жерде жүрген
Көгентүпке адам жіберіп алдырады. Келген соң «ханды мен
өлтірдім» деп таласқан талай азаматты көріп, Көгентүп сұ
райды:
—Хан неден өліпті?
—Жүрегінен жаралы болып өліпті,—дейді халық.
—Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылты
ғы жүрегінде қадалып тұрса, менің атқан оғым,—дейді Кө
гентүп. Расында солай болып шығады. Шын есімі Көгентүп
жігіт содан былай «Оқшы» атанады.
37. Есабыз
Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер,
әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні
Оқшы ата Есабызға аян береді:
«Пәниліктен бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар
жатамыз»,—дейді. Есабыз айтады:
«Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп кел
гендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қатар жатып,
жараспай қаламыз ба деп қиналамын, әрі нағашысыз»,—
депті.
«Қам жеме, екеуіміз тіл табысамыз, біздің атымызды
атап келгендердің тілеуін Алладан бірге сұраймыз»,—деп
жауап қайтарыпты Оқшы ата. Содан көп ұзамай Есабыз
сырқаттанады, жаз мезгілі екен. Көңілін сұрай келгендерге:
—Көп ұзамай, дүниеден өтемін. Мені Оқшының жаны-
на апарып жерлеңдер,—деген өсиет айтады. Жиналған ел-
жұрт:
—Оқшы ата күншілік жерде, күн болса ыстық. Сізді қа
лай жеткіземіз?—дейді дағдарып. Сонда Есабыз:
—Мен көз жұмған күні көлік өзі келеді, қам жемеңдер,
қиналмайсыңдар,—деген жауап береді. Көп ұзамай шілде
тарихи аңыздар
нің ыстығында Есабыз да дүниеден өтеді. Айтқанындай-ақ
ақ сәлделі, ақ киімді, ақ түйе жетектеген бір кісі келеді. Ел-
жұрт киіз үйдің керегесін табыт қылып, соның үстіне мәйіт
ті жайғастырады. Кереге табытты түйе үстіне қойғанда бай
ламай-ақ тұрып қалған екен.
Қазашылар мәйітті алып жолға шыққанда, бір үйдің ау
мағындай бұлт үйіріліп, Есабыздың үстіне көлеңке болып
бүкіл жол бойы ереді де жүреді. Жолға шыққандар Оқшы
ата қорымына қиналмай жетіпті. Түйені шөгеріп, табытты
жерге қойғаннан кейін әлгі түйелі кісі жоқ болып кетіпті.
Бұл Есабыздың өзінің қасына алып келген Оқшының рухы
болса керек деседі. 38. Шыңғыс нәсілі
(І нұсқа)
ХІІ ғасырдың басы шамасында Аюша деген қалмақтың
ханының баласы болыпты. Татар-моңғол деген хан өлген
соң әйелі бек көркем кісі екен. Бір күндерде қасынан сәу
ле секілді бір зат қалмайды. Бара-бара бір жақта бола-
ды. Ақырында сол әйел жүкті болып, туған баланың атын
Шыңғыс қояды. Екінші мағлұматта туғанда Шыңғыс деп
дыбыстап туды дейді. Екі алақаны, екі табаны қап-қара
қан болды дейді. Сонан бақсыларға бал аштырып: «Бұл қа
лай болады?» дегенде, бақсылар: «Бұл екі аяғымен жүріп
жердің жүзін қан етеді. Екі қолымен көп қан төгеді»,—деген
екен. Сонан Шыңғыс ержеткен соң хан болады. Бір күні екі
ағасына айтады: «Үшеуіміз бірігіп мынау көрші хандарды
жаулап алалық»,—дейді. Екі ағасы да екі жерге хан екен.
Сонан үшеуі бірігіп, көрші хандардың елін ала бастайды.
Шыңғыс артында жүріп, жүрген жеріне Шыңғыс атын тас
тай береді. Ақырында Шыңғыс екі ағасын да өлтірген. Со-
нан мына жағы Қазанға шейін, мына Оңтүстік-батыс жағы
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Қиуа, Бұқарадан Аштарханға дейін, онан Еділ жағалап ба-
рып Қырымды алған дейді.
39. Шыңғыс хан туралы
(ІІ нұсқа)
Ертеде найман тайпасын Қайып деген хан билепті. Хан
ның Күнсұлу атты қызы болған. Сүйікті де жалғыз қызын
хан өзеннің ортасына салынған жүзбелі ағаш үйде, ел-
ден жұрттан аулақ ұстаған. Қасында қырық кәнизегі бар.
Мерзімді уақытта азық-түлік пен керек-жарақты әтектер
жеткізіп тұрады. Ағаш үй төрт бұрышынан темір ілгекпен
бекітілген. Жазғы ыстықта су беті салқын да рахат.
Қызының жүзбелі сарайына алты айда бір барып қайта
тын ханның әдеті. Сол әдет бойынша бірде өзен үстіндегі са
райға барса, Күнсұлу аузы-мұрнынан шыға екіқабат. Бұл
қан-талқан ашуланған әкесіне айтқан қыздың түсіндірмесі
мынау:
—Таңертең шығып келе жатқан күнге қарап едім, тұла
бойым иіп кетті. Сонан бойыма бала бітті.
Хан бұл сөзге сенбейді. Өлтірейін десе, жалғызы, тағы қи
майды. Ақырында ойланып-толғана келе ағаш үйді ілгекпен
босатып, кәнизектерімен қоса өзеннің ағысымен ағызып қоя
беруге пәрмен етеді.
Сол өзеннің төменгі жағын манғұл елі жайлайды екен. Сол
елде Жебе соқыр және Асукей мерген дегендер болыпты.
Екеуі де дос, әрі қырағы. Үнемі елдің шетін, жаудың өтін
торуылдайды екен. Бір күні қараса, өзен үстімен қарауыт
қан әлдене зат алыста жайлап ағып келе жатыр. Екі мерген
сол арада бәстеседі.
—Осы ағып келе жатқан зат менікі болсын,—дейді Жебе
соқыр.
—Ішіндегісі менікі болсын,—дейді Асукей.
тарихи аңыздар
Ағаш үй елдің тұсынан өте бергенде жігіттер темір ілгек
лақтырып тоқтатады. Уәде бойынша ағаш үй Жебеге бұйы
рылады да, ішіндегі Күнсұлу қызды Асукей алады. Күнсұлу
айы-күні толған соң босанып, алтын айдарлы ұл табады. Бес
жасқа дейін оған есім қойылмаған. Өйткені шеше байғұс
«өлтіріп тастайды» деп қауіптеніп, өгей әкеге көрсетпей, жа-
сырын ұстаған.
Асукейге келген соң Күнсұлу екі егіз ұл табады. Алғашқы
егіздің аттарын Төрегетай, Төргелтай, кейінгі егіздің атта
рын Сарағатай, Сарғалтай қояды. Бұл егіздер туғанда жауы
рындары жабысып туған. Оташы жауырындарын қылыш
пен айырған. Мұны естіген бір сұңғыла қарт қатты өкініпті:
—Бәрекелде-ай! Басқа әдіс қолданбай, қылышпен бекер
айырған екен. Өздері де, ұрпақтары да қырық пышақ бо
лады-ау,—депті әлгі қарт.
Күндерде бір күн Күнсұлу ойға түседі: «Мына төртеуі бір
әкеден. Алтын айдарлым бір әкеден. Ертең ер жеткен соң қас
тық жасар». Осыны ойлаған қамқор ана алтын айдарлы ұлын
жасырын түрде Бұлғыр тау деген сол өзеннің бас жағындағы
тауға жөнелтеді.
Мұнан соң арада он бес жыл өткен. Баяғы сұңғыла шал
дың айтқаны тура келіп, Асукейдің төрт баласы ұлысты
төртке бөліп алады да, өзді-өзі жауласады. Ел бүлінеді. Мұны
көрген соң елдің Майқы биі Күнсұлуға келіп баяғы алтын ай-
дарлы баланың қазір қайда екенін сұрайды.
—Елге тұлға боларлық бала—сол. Мына төрт тентек елді
сорлатуға айналды,—дейді Майқы би.
Шешесінің айтуынша алтын айдарлы ұл тірі, қазір Бұл
ғыр тауда. Өзеннің ағысымен күн сайын аршаның бір бұта
ғын ағызып отырады. Шешесі оның тірі екенін сонан білетін
көрінеді. Ұзын сөздің қысқасы Майқы би алтын айдарлы ба-
ланы алып келу үшін Бұлғыр тауға аттанады. Кетерінде оған
Күнсұлу мойнындағы тер сіңген алқасын береді.
—Осы арқылы ұстамасаңыздар, тағы боп кеткен бала
оңайлықпен ұстатпас,—дейді.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Шешесінің айтқаны рас екен. Қасында кілең ақбоз атқа
мінген қырық серігі бар алтын айдарлы бала көлденең құрып
қойған кермені де, мойынға тасталған бұғалықты да бұйым
көрмей быт-шыт қылып өте шығыпты. Өте шыққандағы
бәрінің айтқаны: «Шыңғыс, Шыңғыс!»
Жабайы бала дөңнің үстінде жыланша иіріліп жатқан
алқаны көрген соң тоқтап, аттан түседі. Алқаны иіскеп,
көзінен жас бұршақтап жылайды кеп. Ақбоз атты серіктері
мұны тастап, құйындатып кете барады. Жылап тұрған бала
жігітті Майқы бидің іріктеп әкелген азаматтары жабылып
ұстайды.
Бала біраз тіл біледі екен. Анасының атын естіген соң
онша көп қарсыласпаған. Майқы бидің тобы сол тауда бала-
ны ақ киізге отырғызып, қырық найзамен бастарына үш рет
көтеріп, хан сайлайды.
Енді ханның табанын жерге тигізбей апару керек елге.
Ертеден келе жатқан рәсім солай. Атқа мінгізсе, ат көтере
алмайды. Жаяу апарудың реті жоқ. Майқы би ойлап-ой
лап, ақырында жігіттеріне төбесінде шатыры бар, қос доңға
лақты кішкене арба жасатады. Сол арбаға ат жегіп, ханды
елге жеткізеді. Сол күннен бастап «Шыңғыс» атандырады.
Шыңғыс есімінің бір мағынасы «шын қыз» деген сөз, яғни
анасының әулиелігін, күнәдан тазалығын сипаттайды. Тағы
бір рауаятта «шың-құз» деген сөз десіп жүр. Себебі бала он
бес жасқа дейін елсіз-күнсіз Бұлғыр тауда шың мен құздың
арасында өсті ғой. Шыңғыс хан елге келген соң елді бүлдіріп
жүрген төрт өгей ағасының басын алғызады. Сонан соң көр
шілес руларды жаулап алуға аттанады. 40. Шыңғысхан туралы аңыз
(ІІІ нұсқа)
Ертеде бір ханның жалғыз қызы бар екен. Басқа ұл бала-
лары жоқ екен. Осы қыз да болса ұлдай көріп жүрген жалғыз
6-137
тарихи аңыздар
қызы бір күндері буаз болып қалыпты. Хан мұны біліп қы
зын өлтірмек болады. Қыздың шешесі аналық рақымы тү
сіп, зарлап жылап қызын өлтірмеуін сұрайды. Хан әйелінің
сөзін тастай алмай, ақырында қызды тірідей сандыққа са
лып дарияға ағызып жіберуге көнеді.
Хан осыған көнгеннен кейін, сол қалада көбіне далада
аң аулап жүріп қалаға анда-санда соғып жүретін Домбауыл
дейтін бір мерген батыр адам бар екен. Ханым сол батырды
шақырып алып, оңаша алып отырып былай дейді:
—Менің жалғыз қызым айыпты болып, оны әкесі өлім
жазасына кесіп еді, мен жылап өтінген соң енді оны дарияға
тірідей сандыққа салып жіберуге ұйғарды. Сондықтан саған
айтарым, әуелде Құдай саған жазған шығар, осы қызды сен
ал! Сөйтіп, қашан осы жұмыс елеусіз болатын уақытқа дейін
жанға көрінбейтін бір жерде мекенде, жаңа туған баланы
өлтірме. Ұл бала тірі болса, сен, түгіл халыққа ие болуға жа-
райды. Бір жерге орныққаннан кейін өзің келіп маған соғып,
керек-жарағыңды алып кетіп тұр!—дейді.
Домбауыл «мақұл» деп келісіп, дарияның төменгі ағы
сынан аңдып жүріп, сандықпен ағып келе жатқан қызды
алып, адам бара алмайтын бір таудың арасына барып, бас
пана салып алып, сол жерді мекендейді. Бір күндері қыз
босанып, ер бала табады. Бұл адам бара алмайтын тек қана
қыран құстар ғана барып ұялайтын шыңлық қиы құзында
туды деп, атын «Шыңғыс», яғни шыңның құсы деп, яки
шың-құз, яғни шыңның құзында туды деп ойлап қойған аты
болуы керек.
Домбауыл алғаннан кейін онан Тарбағатай, Бөденетай де-
ген екі ұл туады. Не себептен екені белгісіз жүре келе болар
Тарбағатай «Тарғалтай», Бөденетай «Бүркелтай» атанып ке
тіпті.
Біраз жылдар өтіп, хан қартайған кезде қатты ауырып,
ажалдан қауіп төніп, ер баласы болмағандықтан, орнына
кімді қойып кетерін ойланып, әуелі әйелімен ақылдасады.
Сонда әйелі:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Егер уәзірлеріңіз қарсы болмаса, орныңызға мені қал
дырып кетіңіз,—дейді. Әйелдің сонда ойлағаны: «Анау тау-
да жүрген баланы ұйғар дегенмен оған хан да, халық та көне
қоймас. Бірақ түбінде халыққа хан болуға ол әбден лайық-
ты. Сондықтан ол бала халықтың көзіне түсіп көрнекті жігіт
болғанша өзім бола тұрайын да, өзі халық ұнататын болғанда
хандықты соған берейін»,—деп ойлаған екен.
Хан уәзірлерін жинап, ақылдасқан болып, орнына әйелін
қойып кетуді ұсынады. Уәзірлер де қарсы болмаған соң,
өлген күні әйелін орнына қоюды қағазға қояды. Көп ұзамай
хан да өліп, әйелі орнына хан болады.
Шыңғыс тентек, талантты бала болып өсе береді. Ол жас
тайынан үйреніп маманданады. Әуелгі кезде аңды әкесімен
бірге жүріп аулап, біраздан кейін аулап алған аңдарын басқа
бір жерді мекен қылып, сол жерде жалғыз өзі жейтін болады.
Ол аңнан келерде: «Ей, Шыңғысхан келеді, атын ұстаңдар»
деп, жатағына келіп біраз тұрып, сонан кейін тамағын ішер
де тамақты үш-төрт жерге бөліп қойып, «мынау—Шыңғыс
ханның табағы, мынау—уәзірлердің табағы, мынау—төлең
гіттердің табағы» деп, барлығын да өзі жейді екен.
Ханым өзі хан болғаннан кейін Домбауылды қалаға ал-
дырып, жақсы жай беріп, көптеген көмек беріп, жақсы үй
қатарына кіргізді. Шыңғыс қалаға келіп, көпке қосылған
соң әртүрлі жұмыстарда халықтың көзіне түсіп, көрнекті
жігіт бола бастады. Әсіресе, батыр жауынгер жігіт болып қан
майданда жекпе-жекте де, араласқан майданда да қарсылас
ханды, алып қашқанды қуып жүріп қырып, бетіне жан
қаратпайтын болды. Әрине, ол заманда мұндай батыр жігіт
халыққа өте қажет те, қадірлі де еді.
Ханым халықтың ықыласы Шыңғысқа ауғанын бай
қап, бір күні халыққа: «балаларымның бірін қойсам» депті.
Халық бұған қарсы болмапты. «Алайда, біздің ұнататыны
мыз Шыңғыс» депті.
Ханым үш баласымен оңаша сөйлескенде, Бөденетай мен
Тарбағатай:
тарихи аңыздар
—Хандықтың жолы—біздікі, Шыңғыстың шешесі сіз
болғанмен, әкесінің кім екені белгісіз,—деп, екеуінің бірі
хан болғысы келіпті. Ал Шыңғыс:
—Мен хандықты сұрап та, таласып та алмаймын. Халық
қа тұрамын. Егер хандықты керек етсем, алатын күнім
алда,—депті. Сонда анасы үшеуіне былай депті:
—Шырақтарым, хан болудан халықты бағу қиын. Бақыт
құсы сұрағанға қонбайды, қалағанына қонады. Мен үшеуіңе
бірдей болғандықтан, ақылым жеткенше әділдігін ойлай
мын. Үшеуіңнің талантыңа салып бір сөз айтайын. Соған тұ
рыңдар. Үшеуің далаға барып сағымға садағыңды атыңдар.
Кімнің садағының оғы сағымға ілінсе, сол хан болсын!—
депті. Осы сөзбен үшеуі далаға барып, садақтарын сағымға
қарай атқанда Шыңғыстың оғы ілігіп, Шыңғыс хан болып-
ты. Осыдан бастап өлгенше Шыңғыстың хандығы үзілмепті.
Осыдан былай қарай Шыңғыс тұқымын халық «төре» деп
атайтын болады да, Бөденетай мен Тарбағатай тұқымдарын
«жаман, шала төре» деп атайтын болыпты.
41. Шыңғыс хан
(ІV нұсқа)
Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар
еді, аты—Қайшылы хан. Сонан басқа баласы жоқ еді. Бір
күндерде ханның қатыны құрсақты болды. Бір уақытта бір
қыз бала келтірді: «Ай дейін десе, аузы бар, күн дейін десе,
көзі бар». Ол қызды тапқан шешесі қызын көріп, көркінен
талып қалды. «Сондай бір қыз келтірді» деп ханға айтады.
Хан балгер, бақсыларын алдырып:
—Осы туған баланың бақ-талайына бал ашыңдар!—деді.
Балгерлер бал ашты:
—Бақ-талайы зор, бұрын ешкімнен мұндай бала тумаған.
Бұған екі нәрседен қатер бар: осы қыз он бес жасқа жеткенде,
ер ұл табады. «Ол қайдан табады?» десең, не желден табады,
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
не күннен табады. Бұған күн көрсетпей, жел тигізбей бағу
керек!—десті.
—Не желден, не күннен бұл баланы күн көрмейтұғын,
жел тимейтұғын қараңғы жерге бақтырыңыз!—деді.
Хан да:
—Өзім де осыны ойлап едім!—деп адамға көрсетпей, «кісі
көрмесін» деп жасырын асыратты.
Сонан соң ханның қатыны бір кемпірді шақырды. Кем
пірге жылына жүз ділда берді. Кемпір баланы алып, қараңғы
темір үйге салып асырады. Қыз түтіктен су ішіп, түндіктен
Күннің өзін емес, сәулесін көріп, он бес жасқа жетті.
Бұ қыз бір күндерде кемпірден сұрайды:
—Сен қайда барып жүрсің?
Кемпір айтады:
—Ей, балам, бір жарық дүние бар. Бұ жарық дүниеде
әкең бар, шешең бар, талай жандар бар. Анда мен барамын.
Қыз айтты:
—Ай, енеке, ешкімге айтпайын, маған со жарық дүниені
көрсетші!
Кемпір айтты:
—Жарайды, ешкімге айтпасаң, көрсетейін,—деп кемпір
бұ қызды тасқары шығарды.
Шығарғаннан соң, о қыз бұ жарық дүниені көріп, өне
бойы балқып, есі ауып, талып қалды. Сол тысқары шыққан
күндерінде оған Алла тағаланың көзі түседі. Алланың әмірі
мен со қыз құрсақты болды. Бір күндерде іші өсіп, зорайды.
О қыз буаз болғанын кемпір білді:
—Енді мені өлтіреді!—деп қайғы жеді.—Енді мені
өлтірсе де, қаным ақ, ханның қатынына айтамын,—деді.
Кемпір келіп, ханның қатынына айтты:
—Қызыңыз құрсақты болды. Еш адамға көрсеткенім
жоқ. Өлтірсең, қаным ақ. Тірі қалсам, жолым ақ!
Ханның қатыны айтты:
—Сен онан басқа не қылдың?
тарихи аңыздар
Кемпір айтты:
—Қылғанымды жасырмаймын. Менің қылған жазығым
бір-ақ рет жалынған соң тысқары шығарған едім. Шыққан
нан бері қарай құрсақты болды.
Ханның қатыны айтты:
—Сен жамандық қылмаған соң, ханға жауабын мен өзім
берейін!—деп.
Солай айтып ханға барды. Ханға келіп айтады:
—Қызыңыз құрсақты болды Алланың әміріменен. Оны
еш адам көрген жоқ,—деді.
Хан айтты:
—Олай болса, өлтір оны!—деді.
Қатыны айтты ханға:
—«Хан қызын өлтіріпті» деген атақ жаман болар.
Хан айтты:
—Енді не қылсаң дағы, көзімнен жоғалт!—деді.
Қатын өлтіруге қызын қимады. Бір алтындатқан әбдіреге
салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан
дарияға салып, қоя берді. Бұл қыздың аты—Алмалы Кө
рікті еді. Салып жіберген дариясы—ұзын аққан Ертіс.
Сол судың бойында көшпелі болып жүрген қалмақ деген
жұрт бар екен. Домбауыл деген мерген, Шаба соқыр деген
түрікпен қарауылшысы мен екеуі аң аулап, елсіз, күнсіз су
бойын жағалап жүр екен. Шаба соқыр түрікпен күндік жер-
ден көреді екен де, түстік жерден есітеді екен. Дарияның
ортасында ағып келе жатқан әбдірені көрді:
—Ай, жолдас, дарияның ортасында судың ағыны еріксіз
айдап, бір нәрсе ағып келе жатыр!—деді.
Домбауыл мерген айтты:
—Көкте Тәңірім жар болса, біз оны алармыз. Ала қалсақ,
сен ішін аламысың, тысын аламысың? Күн бұрын үлеселік,
қолымызға келген соң қызықты нәрсе болса, бірімізге бірі
міз қимай, таласып, араз болармыз!
Шаба соқыр түрікпен айтты:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Менің көзім жалғыздық қылмаса, жарқ-жұрқ етіп, ал-
тын мен күмістей күнге шағылысып келеді. Не болса да, мен
сыртын аламын!—деді.
Домбауыл мерген айтты:
—Мен ішін аламын, не шықса, ол шықсын. Мейлі дәнеме
шықпасын, бағымды байқаймын!—деді.
Жақындап келген соң, алтын әбдіре екендігін таныған
соң жібектен жіп есіп, оққа байлап, атпақшы болғанда Шаба
соқыр түрікпен қарауылшы:
—Қия ат, қия ат!—деді.—Туралап атпа, ішінде жанды
нәрсе бар болса, оқ тиіп, өліп қалар!—деді.
Тура атпай, қия атып, оқ барып әбдіреге қадалған соң
шыжыммен тартып алып, әбдіренің аузын ашса, он төртінен
туған айдай бір қыз жатыр. «Он төртінен туған ай» далада
қалды, бір қыз! Бұл екеуі көрген соң, көркінен есі ауып, та-
лып қалды. Ауыздарынан су ағып, мұрындарынан сіңбірік
төгіліп, естерін жиып, өзі-өзіне келген соң:
—Не кісісің? Не еткен жансың?—дейді.
Қыз айтты:
—Мен Алтынбел деген ханның қызымын. Туғаннан ма
ған жарық дүние көрсетпей, түтіктен су, түндіктен нәр тас
тап, темір үйге асыраған екен. Мен: «Жарық дүние бар!» деп
естіп, бір көруге іңкәр болып, он бес жасымда жарық дүниеге
шықтым. Жарық дүниені керген соң, сілейіп талып қалып
пын. Бұ дүниеде бар жазығым—сол. Сонан кейін кідірмей,
құрсақты болыппын. Әкем естіп: «Өлтірсін!» депті. Өзімді
көтеріп, тапқан шешем өлтіруге қимай: «Қайда кетсе де, тірі
кетсін!»—деп, осы әбдіреге салып, суға ағызып қоя беріпті.
Домбауыл мерген айтты:
—Сені біз аламыз, бізге тиемісің? Қыз айтты:
—Осы ішімдегі пәледен құтылған соң, тиейін!—деді.
Домбауыл мерген:
—Жарайды!—деді.
тарихи аңыздар
Ерлі-байлы кісідей болды. «Піс[кен] астың күйігі жаман»
деген бар ғой, Домбауыл мерген шыдамсыздық қылды. Көзі
жәудіреп, емшегі бұлтиып, қасында қыз жатқан соң, зорлық
қылды. Алмалы-Көріктінің балдағы шарт етіп сынып кетті.
—Бұл жұмыс үшін маған өкпелеме! «Өзі буаз, өзі қыз
ораздыға кез болады» деген екен. «Бағымды сынайын» деп
едім. Бақытты екенмін!—деп қуанды.
Мезгіл уақыты да таянып қалған екен, Алмалы-Көрікті
ер ұл бала тапты, сұлулығы шешесінен де асып туды. Бір
қолы жұмық туды, уысы тола қан екен. Пайғамбар тарихы-
нан бес жүз елу тоғызыншы жылда, қазақша доңыз жылын-
да Моғылстанда жарық жалған дүниенің жүзіне келді.
—Мұны тапқан шешесі өтірік емес, шын қыз болып шық
ты. Бұлтарма, жалтармасы жоқ, еркек көрмей, тапқан
дығына біз куә болып, ақ мылтықтың, міне, аузын жала
дық!—деп. Қалмақ анты ақ мылтықтың аузын жаласады
екен. Шаба соқыр түрікпен мен Домбауыл мерген баланың
атын «Шынқыз» қойды. Бала жасында не деп атаса, соны-
мен атанып кетеді ғой: «Шынқыз» атанып кетті.
—Енді қаңғып далада жүрмейік!—деп, еліне келді.
Бала қыздан қылықты болып, ұлдан құлықты болып,
бөтен жат бала болып өсті. Мергенге басыбайлы қатын
болған соң, алты айда бір бала, алты айда бір бала таба берді.
Бұлардың аты: Бөденетай, Бүргелтай, Жөргемтай болды.
Ойнауға жарап, ойын баласы болғанда, ана үшеуі бірыңғай
ойнайды, Шынқыз өзі жапа-жалғыз жүріп, бірыңғай ойнай-
ды. Сонда Алмалы-Көрікті айтып отырады дейді:
—Бұланға ерген таза жерге аунап ойнайды, доңызға ер-
ген балшыққа аунап ойнайды!—дейді екен.
Шынқыз оннан асқан шағында бұл елдің бұрынғы патша
болып тұрған патшалары өлді. Жұрт патша қоюға жақсы
кісіні таба алмайды: «Бала да болса, сол Шынқызды патша
қоялық!—деп, патша қылады,—өл деген жеріңде өлеміз!
Қал деген жеріңде қаламыз!»—десіп, ақ мылтықтың аузын
жаласты.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Бұл Шынқыз патша болып, әділ болды, зорлық-зомбы
лық жоқ болды, ұрлық, өтірік жоқ болды. Жұртқа бұл жа
ғымды, сүйкімді болды. Бөденетай, Бүргелтай, Жөргемтай
лар—ұялас туған күшіктер, ұяластығын қылып, шабаланып,
шәуілдеп үріп, мазасын ала бастады:
—Бұ—атасы жоқ бала. Мұны патша қылмаймыз! Біздің
атамыз бар. Біздің бірімізді патша қылыңдар!—деп, ұрыс-
қағыс, төбелесуге айналды.
Сонан соң Шынқыз:
—Мен жалғыз едім де, бұлар—үшеу-төртеу. Мына көп ел
және бұлардың қандасы. Қой, бір күн ұйықтап жатқанымда
жазым қылар!—деп, қашпақшы болып, шешесінің қасына
келді. Айтты:
—Ай, шешем, кетемін қашып. Мына үш жаман балаң
мені өлтіретұғын болды!—деді. Шешесі сұрады:
—Енді, балам, қайда барасың? Барған жеріңді маған ай-
тып кет. Мен сенің өлі-тірі хабарыңды қайдан білемін?!—
деді.
Шынқыз айтты:
—Қайда барайын? Ұзыннан ұзақ ағып жатқан судың ба-
сына барып, атамның ел-жұртының тұсына барып, сонда жа-
тамын. Атам судың ар жағында болса, судан өтсем, өтермін.
Өте алмасам, судың бер жағында жатармын. Ай, шешекем,
менің өлі-тірі хабарымды мен білдірермін. Саған осы ұзын
ағып келген судан құстың жүнін салып тұрармын. Кұстың
жүні өтіп тұрар. Өтіп тұрса, менің тірі болғаным. Құстың
жүні ағып өтпесе, менің онда өлгенім дағы!—деп, уәде қылды
да,—Аман бол, шеше!—деп кетіп қалды.
Сол кеткеннен мол кетіп, суды өрлей-өрлей барып, ата
сының елінің тұсына келіп, судан өте алмай, бер жақта жа-
тып қалды. Аң атып, құс атып, аң терісінен үй қылып алды.
Құстың жүнін таудай қылып үйіп қойды. Желмен ұшып,
бұрқырап, суға түсіп жатады, шешесі тірілігін біліп тұрды.
Шынқыз кеткен соң, ел патшасыз болды. «Кімді патша
қыламыз?»—деп дағдарды. «Осы қатынның баласы жақсы
тарихи аңыздар
болушы еді»,—деп, Бүргелтай деген баласын патшалыққа
сайлады. Оны жаратпай, Бөденетайды қойды. О да сол бол-
ды, ұры-қары көп болды. Бұлардың тілін: «Мынау хан екен-
ау, тірі жан екен-ау!»—деп адам алмады. Өздерін кісі санына
санамады, жұрт жұрт болудан қалды. Жұрт болып бір жерге
жиылып, кеңес кұрды:
—Біздің патшамыз әділ болмады, жаман болды. Ол
жұртты тұтып тұра алмады. Шынқыз хан патшамыз тұрған
уақытта жұртымызда ұрлық, өтірік, өсек, зорлық, зомбылық
жоқ еді. Еліміз тоқ, қайғы-уайым жоқ, мал-басымыз бәрі көп
еді, қазір азды, азайды. Еліміз азайып, азып таусылатұғын
болды. Мына көк жамандар патша бола алмас. Со Шынқызды
іздеп табайық,—деп ақылдасты.
—Мұны қайдан табамыз? Қайда кеткенін кім біледі?
—Оны бір білсе, шешесі біледі, онан сұралық! Жұрты
жиылып, со шешесінікіне келді, айтты:
—Шынқыздың қайда кеткенін білемісің?—деді.—Мына
жаман балаларың патша бола алмады. Жұртты бүтін тұтып
тұра алмады. Шынқызды іздейік десек, біз қайда екенін
білмейміз. Сіз соны білсеңіз, айтыңыз, сіз білерсіз!
Шешесі айтты:
—Мен айтайын. Барсаң дағы, тауып алсаң дағы, мұнда
келмес. Келсе, түзу жөн сілтейін! Осы ұзын аққан Ертісті
өрлеп жүре беріңдер! Осы судың бойында Шынқыз бар.
Табарсыңдар, барып, жалынсаңдар, келер! Жаман сөз
айтпаңдар. Көптен кісі көрген жоқ, шошып кетпесін!
—Жарайды!—деп, жиырма бес азамат—бәрі жақсы кісі,
іздеп кетті. Бір күндерде Шынқыз жатқан жеріне келіп жет
ті. Аң терісінен қылған үйін көрді. Таудай қылып үйіп тас
таған құстың жүнін көрді. Орнатып қойған ат байлайтұғын
діңгегін көрді:
—Шынқыз осында екен,—деді. Өзі жоқ екен, аң аулаға
лы кеткенін білді.—Бізді көрсе, қашып кетер. Аттарымызды
жасырып, өзіміз құстың жүнінің арасына кіріп, жасырынып
жаталық!—деп, жатты.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Бір заманда Шынқыз келді. Діңгекке:
—Хан келді, хан келді!—деді өзі.—Ханның атын ұста
ңыз!—деді. Аттан түсті.
—Ханның атын байла!—деді өзі. Өзі байлады. Аты—
Керкудан деген аң екен, мүйізді болады екен. Үйіне қарай
жөнелді:
—Ханға есік ашыңыз!—деді өзі.
Өзі есікті ашып үйге кірді.
—Төр алдына ханға төсеніш төсеңдер!—деді өзі. Тағы өзі
төсеніш төсеп отырды.
—Ханға ас ап келіп, алдына қойыңдар!—деді өзі. Өзі
даярлап, түрлі тамақты алдына қойды. Өзіне-өзі: «Алыңыз,
тақсырлап» отырып, ас жеді.
—Ханға төсек салыңдар!—деді өзі. Өзі төсек салып жат-
ты. Жатып қалған жерінде жиырма төрт кісі: «Ұстап ала-
мыз!» деп келіп бас салды. Жиырма төрт кісінің бірін олай
лақтырды, бірін былай лақтырды.
Кісілер айтты:
—А, тақсыр хан, «құлдық қыламыз» деп, жалынып-
жалпайып келдік. Шешең жіберді. Сіз кеткен соң, ел ел бо-
лудан, жұрт жұрт болудан қалды. Кейінгі інілерің ер жеткен
болды, ер жеткені құрысын, кер кеткен болды. Ашуыңыз
ды басыңыз, райдан қайтыңыз! Жүріңіз, патша болып, ор
ныңызға тұрыңыз!—деген соң, бұларға еріп жүрді.
Еліне алып келді. «Бұрынғы орнына хан қыламыз!» де
генде, соңғы байдан туған үш інісі:
—Мұны патша қылмаймыз! Бұл кетсін, кетпесе, мұны
өлтіреміз!—деді.
Сонан соң жұрт жиылып, кеңес кұрды:
—Мұны қайтеміз. Мұны патша қылсақ, «өлтіреміз!»
дейді. Өздерін патша қылсақ, жұртты тұтып тұра алмай
ды. Мұның қайсысын патша қылса да, шешесі білсін!—деді.
Шешесіне үшеуін жіберді:
—Төрт баласының қайсысын патша қылса, біз соған
разымыз!—деді.
тарихи аңыздар
Төрт баласы шешесіне келді, бірісі: «Мен боламын!» деді.
Төртеуі таласып келді. Төрт баласына шешесі айтады:
—Бәрің де менің баламсың,—деді.—Сендер таласпаңдар!
Мен төртеуіңді әділ шариғат қылайын! Мына сағымға сада
ғыңды іл! Сағым қайсыңның садақтарыңды көтерсе, соның
патша бол!
Төртеуі апарып сағымға садақтарын ілді. Үшеуінің садақ
тары жерге түсіп кетті. Шынқыздың садағын көтеріп тұрды
сағым. Астынан тіреу жоқ, үстінен байлау жоқ. Со жерде
қатын сол жұрттың бәрін жиып алып:
—Мынаны көріңдер!—деді.—Бұл бала Алланың әмірі
мен бала болған. Мұның сол Алланың әмірімен сағым сада
ғын көтеріп тұр. Мұны патша қылыңыз! Анау үшеуі зорлық
қылса, оның үшеуін де өлтіріп, қарашығын батырыңдар!
Жұрт, сендер көпсіңдер ғой, зорлық қылдыртпаңдар!—
деді.
Сол жерде Шынқыз хан болып, «Шыңғыз хан» атан-
ды. Бара-бара: «Сағымнан пайда болған, садағын сағымға
ілген Шыңғыс хан!» аталды. Қашып кеткені он үш жасын-
да еді. Жиырма жеті жасында, барыс жылы таққа отырды.
Күн асқан сайын дөкейленді: «Хандардың ханы» болды.
Бір заманда Құдайдың бір бөлек жаратқан жаны болды.
Өзі бір жақсы қатын алды. Үш ұл, бір қыз тапты. Сол пат-
ша болып тұрғанда, тамам патшадан артық болды. Ешбір
жауға алдырмады, жұртына қайғы салдырмады. Сонан
соң: «сондай бір жақсы патша бар» деп Рұм шаһардың
кісісі келіп: «Бір баласын бізге бер!—деп сұрап келді,—
оны біз патша қыламыз»,—деп. Рұм шаһарына берді бір
баласын. Қырым шаһарынан кісі келді: «Шыңғысханның
бір баласын біз патша қыламыз»,—деп. Ол бір баласын
алды. Патшалыққа халифа жұрты келді: «Бір баласын біз
де патша қыламыз!»—деп, оған бір баласын берді. Онан
соң: «сол Шыңғыстың бір баласын біз де аламыз»,—деп,
орыстан келді. Оған ұл баласы қалмаған соң, Ақбибі де-
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
ген қызын берді. Оны «патша қыламыз» деп орыс алып
кетті.
Бұл Шыңғыс хан ақылды, данышпан, терең ойлы адам
болды. Қанша жұртты қырып, қиратып алып жүргенде,
ешкімнің дініне карсылығы болмаған. Бұхарай-Шәріфке ба-
рып, дін жайын сұраған:
—Кұдайдың бірлігіне, барлығына, күштілігіне өзім әбден
сенулімін!—деген. Намаз, ораза, зекетке қарсылық айтпа
ған. Жалғыз-ақ «Қағба тасы» деген сөзге:
—Өзі осындай айдай әлемді жаратқан Құдай болады
да, бір-ақ үйден табылады деген сөз ғақылға сыймайды!—
деген.
42. [Алаша хан]
Барс дейтін ханның қол астында бір балгер болады екен.
Балгерге таңертең ылғи бал аштырады екен: «Балыңа не
түссе, ашығын айт!»—деп. Бір күні балын ашып: «Сіздің
осы қарауыңыздағы халықтан бір шұбар бала туады. Сол
бала сенің басыңды алады»,—депті.
Хан сонда әмір еткен екен. Әрбір жүкті әйелдің тізімін
алдырып, соған күзет қояды екен. «Егер шұбар бала туған
адамды тұқымымен құрт!» деп.
Бір күні бір жас әйел төсегінен жылап оянады. Күйеуі:
«Неге жылайсың?»—дегенде, «Түсімде бір ақсақал ішім
нен таяғымен түртті, ішіңнен шұбар бала туады»,—деп.
Күйеуінен рұқсат алып тау арасына кетеді екен. Келер
жылы шұбар бала туады екен. Бала үш жаста есік алды-
на келсе, келген бала кетпейді екен. Сөйте-сөйте бес жүз
құрбысы болады екен. Содан бұлар тауға кетеді екен. Қару-
жарақ соғады. Содан шұбар бала хан болады екен. Алаша
хан осы екен дейді.
тарихи аңыздар 43. Майқы би
Шыңғысты жиырма жеті жасында Шүршіт ортасында
хан сайлап таққа отырғызғанда әр жұрттан билер жинап,
көп ынтымағымен қойған екен. Сонда Майқы би арбасын
жаяу кісілерге тартқызып барыпты.
—Сендер төрт аяқты айуанға мініп келдіңдер, мына
мен өмірімде айуан мініп көргенім жоқ, бәріңнен артығым
осы,—деп Төбе би болған деседі.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» атанған
Майқы—осы.
44. Майқы би
Қырық сан қырым, отыз сан Үрім, он сан оймауыт, тоғыз
сан торғауыт, он сан ноғай бөлінгенде Орманбет би өліп,
ноғайлы елі бір үріккен ала тайдан жау келіп қалған екен
деп үрейленіп бүлініпті. Сол заманда Қобан, Қоғам және
Майқы есімді ағайынды үш кісі болады. Майқы тоғыз хан-
ды қолдан таққа отырғызған кісі екен. Бұхара шаһарына
Қырымнан келген қырық ханның бірі Қызыл Арыстан
ның үлкен әйелінен бала болмай, хан аяқ салған бір тұтқын
қыздан ұл туады, ұлдың денесі сауысқандай ала болады.
Бәйбішесі қызғаншақтықпен ханға: «Мұны балам деп ойла-
ма, көзін құрт. Өйтпесең түбінде бұл ер жеткен соң еліңді
ала тайдай бүлдіреді»,—дейді. Қызыл арыстан бәйбішесі
нің сөзіне еріп, әскерлерінен қырық жігіт бөліп, олардың
басшысына: «Мына баланы тапқан шешесімен Сырдариядан
әрі өткізіп тастаңдар, өлсе өлер, өлмесе өз бетімен күн көрер.
Зихар шешесі де, бала да бұл елге қайтып келмейтін болсын,
өздеріңе де бостандық»,—дейді.
Қырық жігіт Сырдариядан өтіп, бала есейгенше Қаратау
мен Алатау өңірінде аң аулап күнелтеді де, бала он екі жас
қа жеткенде бір жерге әкеп тастап кетеді. Балаға аң аулап
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
жүрген Майқы бидің баласы Үйсін кез болады. Үйсін далада
көргенін үйге, әкесіне айтып келеді.
—Бір ағаштың түбінде отырған бала көрдім, ай десе
аузы, күн десе көзі бар, көрген кісі қызығып, бір қасық су-
мен жұтып жібергендей. Жалғыз-ақ айыбы тілі жоқ екен,—
дейді.
Майқы аяғы ақсақ. Өмір бойы аяқ арбамен жүретін және
арбасын адамға жетектететін кісі екен.
—Балаға мені апарыңдар, мен тілдесіп көрейін,—дейді
Майқы. Үйсінге ілеспеген, тіпті сөйлеспеген бала Майқыны
көргеннен-ақ орнынан ұшып тұрып:
—Ассалаумағалейкум, хан біткеннің қазығы, бұқара
жұрттың азығы,—деп оған сәлем береді.
—Уағалейкумассалам, балам. Әменде аман бол. Өзің бо-
лайын деп тұрған ұл екенсің, қолына алып тәрбиелеушінің
жоқтығынан кем болып жүр екенсің. Кел арбаға мін,—деп
баланы Майқы қасына отырғызып, үйіне алып келеді.
Ортан жілік ұстатып, өкіл бала қылады, жорға бие со
йып, жоғарғы елді шақырып, ұлан-асыр той жасайды. Бала
ер жеткен соң «ердің ері, егеудің сынығың деп, қасына өз ба-
ласы Үйсін бастаған жүз жігіт қосып беріп, жолға аттанды-
рады.
—Қаратаудан асып әрі қарай жүре беріңдер, алдарыңнан
Ұлытау, Кішітау деген таулар, Қаракеңгір, Сарыкеңгір деген
өзендер кездеседі. Сол жерлерге барып аң аулап, ірге теуіп
орнығыңдар, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел-
жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан бо-
лады, сендер қарақшы боласыңдар. Хан ақылды, әділ болса,
қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып,
кеме жүргізеді,—деп Майқы бата береді. Жүз жігіт Қаратау
дан асып, Шу, Сарысу өзендерінен өтіп, Майқының айтқан
жерлеріне жетеді. Ұйқы бұзып, жылқы алады, күйме бұзып,
қыз алады. Сөйтіп, ел-жұрт бола бастайды, дабысы Қызыл
Арыстан ханға жетеді.
тарихи аңыздар
—Менің баламды қасына жігіт-желең ертіп желіктіріп
жібергені қалай? Менен қалағанын алып, баламды өзіме
қайтарсын!—деп хан, Майқы биге кісі салады.
—Сендер барып шақырып келіңдер,—деп Майқы бірінші
жүз жігіттің артынан Қобанұлы Болатқожа бастаған екінші
жүз жігіт жібереді. Бірақ бұлар да қайтпай, сонда қалып
қояды. Қызыл Арыстан: «баламды қайтарсын» деп маза-
лай берген соң, Майқы Қоғамұлы Алшынды басшы етіп
үшінші жүз жігіт жібереді, жігіттерге басшы, ақылшы бол-
сын деп қастарына он бір қария қосып береді. Бірақ бұлар да
қайтпайды.
Сөйтіп, Майқы би үйінде жатып-ақ үлкен іс бітіреді,
қазақ хандығының негізін салады. Үш жүз жігіт алыстан
мал алып, қалыңсыз қатын алып, өсіп-өніп көбейген соң, ел-
жұрт болғанымызды танытамыз деп баяғы Қызыл Арыстан
ның баласын алашаға отырғызып, Ұлытаудың басында хан
көтереді, атын Алаша хан қояды. 45. Мөңке мен Аяз қарттың әңгімесі
Мөңкенің бала жігіт кезінде әкесі Бекарыс Жиделі
байсын жеріндегі Аяз атты дана қарттан бата алып келуге
жұмсайды. Мөңке қасына алты-жеті жолсерік ертіп, көп
күн жүріп, сұрастыра-сұрастыра Аяз қарттың аулына келіп,
шеттегі жұпынылау қараша үйден шығып тұрған ақсақалға
сәлем беріп, іздеген үйін сұрайды.
—Аязды қайтесің?—дейді ақсақал.
—Сәлем берейін деп едім,—дейді Мөңке.
—Аязға сәлем берем деп келетіндей сен кімнің баласы
едің?—дейді ол тағы да.
Мөңке аты-жөнін айтады. Сонда қарт баланы сынамақ болып:
—Сен Бекарыстың баласы болсаң, «бір бала бар әкеге
жете туады, бір бала бар кері кете туады» деген бар еді. Сен
соның қайсысы боласың?—депті.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... Мөңке кідірместен: —Атаға жете тусам деп жүрмін, ата жолын қусам деп жүрмін,—депті. Жас жігіттің жауабына риза болған Аяз қарт Мөңкені құрмет тұтып, жолдастарымен үйге түсіріпті. Бар ақуа лынша сыйлапты. Әр алуан ақыл-кеңес алып отырып, сөз арасында Мөңке Аязға: —Алыстағы аруыңызбен қандайсыз? Жаныңа жақын қа руыңызбен қандайсыз? Алып келіп бергенді алумен қандай сыз?—депті. Бұған Аяз: —Алыстағы аруыммен араздастым. Жақындағы қаруым мен қастастым. Алып келіп бергенді алмай, керек емесіне жармастым,—деп жауап беріпті. —Екі ескегіңіздің екпіні қандай? —Жасыңызда берген несиеңіздің қолға тиюі қандай?— деген Мөңкенің сұрағына: —Екі ескегіме бір кеспек қостым. Жасымда берген не сием бүгінгі несібеме айналды,—деп жауап беріпті. «Ақыл жастан, асыл тастан, ауру астан, дау қарындастан шығады. Жүйрік топқа түскен аттан, өсиет өнеге көпті көр ген қарттан шығады» деген даналық ой түйіндері де осында айтылған екен. Аяз қарт Мөңкеге батасын беріп, кетерінде: —Балам, әкеңе деген аманатым бар еді, апарып тапсыра аласың ба?—депті. —Аманатыңыз ауыр болмаса, ала кетейін,—дейді Мөң ке. —Білген кісіге жеңіл де емес, білмегенге ештеңеге тұр майды,—дейді қарт. —Айтыңыз, ала кетейін,—деген Мөңкеге Аяз дана: —Қаратаудың басынан қар жауды. Қара бұлақтан су ақты. Көрінгенмен керісетін болдым. Керме иықпен тебісе тін болдым. Осыны әкеңе жеткіз,—деп қоштасып қала берген екен. 7-137
тарихи аңыздар
Былай шыққан соң Мөңкенің жолдастары онымен Аяз
қарттың арасындағы жұмбақ айтыстарына түсінбегендік
терін айтып, мәнін сұрайды. Сонда Мөңке былай деген
екен:
—Мен сөз арасында өзінің қал-жағдайын сұрадым. Ол
«алыстағы арумен аразбын» деп көзін кіреуке шалғандығын,
«жаныма жақын қаруыммен қастастым» деп тістен қалған
дығын, «алып келгенді алмай, керек емесіне жармастым»
деп күшті тамақтан қалып, аталаны ас еткендігін айтып ша
ғынды. «Екі ескегіне бір кеспек қостым» деп жүруден қа
лып, қолына таяқ алмаса болмайтындығын, ал «жасымдағы
несием бүгінгі несібеме айналды» деп, аялап бағып күтіп
отырған балаларына дән риза екендігін білдірді.
«Білген кісіге жеңіл де емес, білмегенге ештеңеге тұр
майды» деп сендердің сөз мәнісіне түсінбегендеріңді, әлде
де түсінулеріңнің қиын екендіктерін шенеп өтті. «Қаратау
дың басына қар жауды» деп әбден қартайып, шашы ағарған
дығын, «қара бұлақтан су ағатын болды» деп екі көзінен су
ағатын болғандығын, «көрінгенмен керісетін болдым» деп
ұйқыдан қалғандығын әкеме айтып шағынып, «мен келген
жасқа сен де кел, сол жасты аманат қылып жібердім» деген
сөзі еді,—депті. 46. Данышпан Аяз
Жәнібек хан бір күні халықтың бір үлкен жиылысын-
да сауал қылыпты: «Ең жаман адам кім? Ең жаман һәм ең
жақсы жер қайсы? Ең жаман қандай шөп? Ең жаман қандай
құс?» Халық көп кеңесіп, бәрін де шешті. Бірақ басқы сауа-
лына жауап бере алмады. «Ең жақсы жер де, ең жаман жер
де—базар. Базардан кісі бай да, құры да шығады. Екеуі
бірдей болады,—дейді халық,—Ең жаман шөп жеуге де,
отынға да жарамайтын қоға»,—деген халық үшінші сауа-
лына. «Құстың жаманы—көкек, себебі өзі ұя салмайды һәм
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
баласын өзі асырамайды»,—десті. «Қандай адам жаман?»
деген сөзге әр қайсысы әртүрлі айтып, ешбіреуі таба алмады.
Біреуі «адамның жаманы ақсақ» дейді, екіншісі «соқыр»
дейді. Һәм әрқайсысы әртүрлі кем-кетік адамдарды айтқан.
Халық көп таласты бұл турадан. Таластың ақырына жететін
көрінбеді. Сол уақытта көптің ішінен бір үсті-басы кір,
жыртық Аяз деген қайыршы шығып, Жәнібек ханға айтты:
—Ұлық алдияр, ханым! Күн көктен елдің бәріне қандай
нұрын түсіріп жатса, сіздің әділшілігіңіз де сондай болып
тұр өз қол астыңыздағы халқыңызға. Мен бейшара құлы
ңызға ұлықсат қылыңыз халыққа берген сауалыңызға жа
уап айтуға. Ханның құлағы өзіне қараған жұрттың сөзін есі
туге ғашық болса керек:
—Айт сөзіңді, Аяз,—дейді хан.
—Мен айтсам, ең жаман адамды ақсақ, соқыр, кем-
кетіктің ішінен таба алмаймыз. Сіздің патшалығыңыздағы
халықтың ішінде олар ең пайдалы адамдар болуға да мүм
кін. Ақсақ, соқыр болғанына олар жазалы емес. Үлкен пат
шалық жұртыңыздағы ең жаман адам—менмін.
—Ол не себептен? Мәнісін айт!—дейді хан бұған таң
қалып, сонда Аяз айтты:
—Мен кедейлікте туған едім, жоқтықта өстім. Ер жеткен
соң жұмыскер болып, әуелгі кезде өзіме тамақ, киім түгіл,
ақша да тапқан едім, артынан біраздан соң жалғыз-ақ өзіме
тамақ табуға шамам келмей, қайыршы болдым. Бұған да
жарамадым, биттеген, құрттаған, далба-дұлба болып үсті-
басым. Қаңғырдым, дүние жүзінде ешбір тоқтауға панам
болмады. Міне, ешкімге керексіз, дәнемеге жарамайтын, за-
лалдан басқа пайдам жоқ менен жаман адам болмас.
Айналадағылар сөзін қойып, үндемей тұрды. Хан ойла
ған:
—Сен бүтін ел таппағанды шештің, сол үшін сені мен
өзіме уәзір қыламын,—дейді хан. Халық бұған таң қалды,
әсіресе ханға жақын ұлықтар көре алмады, ең жаман Аяз-
ды бәрінің алды қылғанға. Бір жылдай өткен. Аяз ханға
тарихи аңыздар уәзір болған соң, үлкен ақыл, һәм білім көрсетті. Хан Аяздың тілін алып жақсы көрген. Халыққа әртүрлі кәсіп ашып, жаңадан халыққа тиісті түр шығарған. Халық жылдан жылға байып, әділдік тапқан һәм ханға жұрт мұндай данышпан әділдік қылығына бек разы болып рахмет айтысты. Уәзір күннен күнге жаһат етіп, жұрт оны күн сайын жақсы көрді. Бірақ ханға таяу адамдар көре алмады, өшікті Аязға. Ешбір талапсыз, білімсіз ханның бұрынғы адамдары өз білімімен жол тапқан Аязға қастық қыла бастады. Аязды жамандап, қылмағанын қылды деп ғайбаттады. Ақырында ханды нандырды, өз тілін алғызып, айтқанын қылғызып істі өз қолына алып, өзі хан болғалы жүр деп. Хан көпке шейін нанбады, ақырында нанып Аязды түсір ді орнынан, өзінің бір сенімді адамынан айрылғанын білсе де. Әр күні қасында нөкерлері бар Жәнібек хан ой ойлап жүгініп отыр екен, уәзірлері қасында ханның не айтарын күтіп тұрған. Сонда хан бұйырған оларға: «Менің осы күні ойлаған ойымды тап!»—деп. «Ертеңге дейін таппасаң, бастарыңды аламын!» деген. Уәзірлері қорқып не қыла рын білмей, кеңес құрды ханның жұмбағын табуға. Қалай ойласа да, ханның не ойлағанын таба алмады. Ақырында анау күнгі жамандап шығартқан Аяздан сұрады ақыл ды. Жанның тәттілігі кішірейтіп, жек көрген кісісінен ақыл сұратты. Аяз әуелі жауап бергісі келмей, артынан аналардың адамдығы кетіп сасып тұрғанын көріп жауап берді. —Сендер маған айтыңдар, сендерден сұрағанда хан қа лай отыр еді?—дейді Аяз,—егер де хан аяғын астына басып отырып сұраса, тағын өзгерт дегені, жоғары қарап жатқан жерінде сұраса, сарайды өзгерт дегені. Тізесінен отырып сұраса, жақсы арғымақ керек болғаны,—дейді Аяз оларға. Уәзірлері бұған қуанып келіп уақытында хан ға жауап берген еді. Хан мұны тапқанына таң қалып, олар ға айтты:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Сендер өздерің тапқан жоқсыңдар, сендерге мұны кім
үйретті?—деп. Бұларға кім екенін айтпасқа болмады. Аяз
екенін айтты.
—Міне, сендер оны жамандаған едіңдер, ол сендерді
өлімнен алып қалды. Аяз сендерден ақылды, уәзір болуға
сендерге емес, оған лайық,—деп хан Аязға бұрынғы орнын
берді. Аяздың дұшпандары тағы көбейіп кеткен. Ақымақ,
ештемеге әлі келмейтін адамдар көбінесе жақсыны көре
алмай, ақылын, білімін іске жүргізе алмай шағыстыруды
һәм ғайбатты жүргізеді әр қайда. Ақылы артық адамды
олар жек көреді. Аяз турасынан да болды солай, ханды
азғыруға олардың тағы халі жетіп, Аяз орнынан түсірілді
тағы да.
Бір күні аңға хан аулауға келе жатып уәзіріне: «Таппа
саңдар, бастарыңды аламын!» деп мынадай сауал берді:
«Терісін алсаң, қан шықпай тірі қалатын қырық жанды
нәрсе көрсетіңдер!». Уәзірлері кеңесіп-кеңесіп еш біле ал-
май, тағы Аязға келген: «Солай-солай дейді хан, бізге бір
жәрдем көрсет, пәледен құтқар» деп жылап өзіне қылған
жамандығын ұмытып. Оларға жылап тұрған соң жаны
ашып Аяз айтты:
—Неше кісі қасында еді хан мұны сұрағанда? Сол арада
санаса, аң аулағанда қасында қырық кісі екен.
—Олай болса, хан нөкерлерін жалаңаштап көргісі келген
екен, олардың киімін шешіп алса, өлмейді, тірі қалады, қан
да ақпайды,—дейді Аяз. Министрлері ханға келіп айтқан
әлгіні һәм оны Аяз шешкенін тағы айтқан. Аязды бекер
жамандағанына хан уәзірлерін ұялтып, Аязды қайта
министр қылған. 47. [Аяз би]
Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жал-
шы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-
тарихи аңыздар
дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп қойған
екен. Кемеліне келіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс,
қақырығы қарға түспей тұрған шағында тақта отырған Аяз
би, басындағы алтын тәж, астындағы алтын тақ, үстіндегі
сәнді сарайға да көңілі толмай:
—Дүниені түгел өзіме бағындырам,—деп аузын аша бер-
генде, босағадағы шекпені мен тымағына көзі түсіп кетеді.
Сонда ол өзіне-өзі былайша тоқтау береді:
Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.
Ханмын деп таспа, баймын деп аспа.
Сөйтіп, Аяз би тәубеге келіп, райынан қайтқан екен. 48. Ақсақ құлан, Жошы хан
(І нұсқа)
Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшы
лармен бірге жүріп, бір жерде қашып келе жатқан ақсақ
құланды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жосып жүйткіп бара
жатқан бір топ құланға қосылыпты. Баланың астындағы
еріккен тұлпар елігіп, құйрығын шаншып құйғытып құ
ландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өл
тіріп кетеді. Аңшылар баланы іздеп таба алмайды. Жошы
аңшыларға қаһарын төгіп: «баламды тауып бер!» деп, қалың
кісіге іздетеді.
«Баламды «өлді» деп естірткен адамның құлағына қор
ғасын құямын!»—деп жарлық қылады. Аңшылар бір жер-
де баланың жұлмаланған қолын табады. Енді ешкім ба
ласының өлгенін Жошы ханға батып айта алмайды. Ақыры
көпшілік ордада отырып, бір күйшіге жырмен айтқызады.
Сондағы жырдың ұзын-ырғасы мынау екен:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Уа, иеміз, Жошы хан,
Домбыра не деп жырлайды?
Сарнап бір даусын қырнайды,
Құлағың сал осыған.
Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан ту құлан.
Қиырсыз құла далада
Аңда жүрген балаға
Кез болып бір қашыпты,
Белден-белге асыпты.
Ақсақ құлан, Жошы хан!..
Елсіз құба далада,
Қат-қат бұдыр салада,
Мекендеп өрген, өрбісіп,
Ордалы құлан жосыған.
Қуып ақсақ құланды,
Еріккен тұлпар құнанды,
Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған.
Өлім деген Тәңір ісі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар еріккен,
Жосыған құлан желіккен.
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті
Ордалы құлан шошынған.
Сөзді айтып жырлап зарлаған
Домбыраның балаңды
Естірткені осы, хан!
Өзгеге артпа жалаңды,
Еліктірген балаңды,
Сол қу құлан, ту құлан.
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Илан, ханым, осыған!
тарихи аңыздар 49. Жошы хикаясы
(ІІ нұсқа)
Жалғыз баласы Жошы бала күнінде аңға шығып, аты
құланмен елігіп, желігіп, бала атына ие бола алмай, аттың
басын тоқтата алмай жығылып, ат сүйретіп өлтірген.
Қасында бірге шыққан жігіт-желеңі ел бетін көре алмай
қашып, зым-зия жоғалып кеткен. Аңға кеткен бала келме-
ген соң хан да, жұрт та түйсінген. «Бұл бала енді жоқ болды.
Кімде-кім баламның өлімін естіртсе, басын аламын!»—деген.
Сонда бір Кетбұға деген домбырашы бар екен. Күй тарта-
ды екен. Бір күні домбыра тартқан, домбыраның күйімен
баланың өлгендігін сездіреді. Сондағы домбыраға тартқан
күйі «Алаша хан, Жошы хан, ақсақ құлан жосыған, құлан
теуіп өлтірді-ау, бұйрығын ақтан келтірді-ау!» деп тартқан
екен. Сонда хан айтқан екен: «Кетбұғам, сенің домбыраңның
даусы бұзылды-ау! Біліп отырмын, сен домбырамен айтып
отырсың. «Алашахан, Жошыхан, Ақсақ құлан жосыған»
деп мен кесше кісі болмасам, ханның жалғызының жайрап
қалғандығы дәл келеді-ау осыған»,—деген екен. Бұл сөз
ханның аузынан шыққанда жұрт шулап қоя берген. «Алди-
яр, тақсыр, өз аузыңыздан естідік»,—деп.
Сол уақыт құлан шуы делінген уақыт екен. Малдың ба-
лалап, аң да, мал да төлін төгіп жатқан кезі екен. Хан жар
лық қылды: «Төрт түлік малды төлінен айырсын, жаңа туып
жатқан жас төл енесіне жамырамасын, хайуан да мендей аза
тұтсын, зарласын»,—деді де өзі ас-суын ішпей, төсектен ба-
сын көтермей, теріс қарап жатып қалыпты.
Алаша хан өзі қара қылды қақ жарған әділ кісі екен. Екі
даугер келсе, ұйқыда жатса да шошып оянады екен. Ас ішіп
отырса, аяғын жерге қоя салады екен. Сол екі даугердің көңі
лін дауалатпай ішкені ас болмайды екен. Қатыны келіп:
—Тақсыр, есік алдында екі даугер келіп тұр,—депті. Хан
жұлып алғандай:
—Дауы не екен, сұрадың ба?—депті.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... —Сұрадым, біреуі бөтен жұрттың жолаушысы екен, біреуі өзіміздің күнде көріп жүрген Жонбас екен. Жолаушы ұзын жолға кетіп бара жатқанда «қайтарымда алармын» деп Жонбасқа ат басындай алтын қалдырып кеткен екен. Сол жолаушы барған сапарынан қайтып келіп, енді алтынымды алып кетейін десе, Жонбас алтынды бермепті. «Баяғыда сенікі болғаны не керек, менің көзім, қолым үйреніп бауыр басып қалыппын, бермеймін» дейтін көрінеді. Алаша хан: —Аманатты сақтау болар, иесі сұрай келсе, өзіне қайырар болар, өзіне берсін,—дегенде ханым: —Төреңізге құлдық, тақсыр! «Хан екі сөйлесе, қара болады, қара екі сөйлесе, қатын болады» деген. Бұл бала Жасаған иемнің сіз бен бізге сақтатқан аманаты емес пе? Аманатын иесі өзі алды, өзінікін өзі алды деп өкпелегенмен, өкпе жүре ме,—дегенде, хан басын көтеріп алыпты: —Сенікі дұрыс екен де, менікі бұрыс екен,—деп ақылы сабасына түсіп, отын оттап, суын ішіп, мал баласын жамы ратыпты. Сонда бозінген жеріп ботасын алмапты. Хан: —Осы бота аштан өлсе, обалы маған, обалы мойнымда қалады-ау!—деп күйінеді де, «осының ботасын алғызған адамға қалыңсыз қыз берем» деген соң, баяғы Кетбұға бес саусағын сірімен қаптап алып күй тартып, хан баласының мән-жайын домбыраның күйімен сөйлепті. Естіген жұрт та езіліп су болып ағыпты. Інген де есінен танып, балқып кетіп, еміреніп ботасын емізіпті. Хан енді мұның өшін құланнан аламын деп жұртқа сауын айттырып, ат жараттырды. Қыз, бозбалаға ор қаздыртты. Бозбала кетпен алып, жер шабады. Олардың тамағын, сусындарын қыздар даярлап беріп тұрады. «Құлан өтпес» деген су құлан үшін қаздырған ор екен. Сонда құлан қуғанда жұрт көзіне түскен құланнан бес-ақ құлан құтылыпты. Шу бойында сол құланның құтылған жері «Бес құлан» атаныпты.
тарихи аңыздар
Баласы өлгенде келіні оң жақта отырып қалған екен,
«баламды жоқтатамын» деп келінін оң жағына түсіртіпті.
Баласының бір санын тауып алып, соған там салдыртыпты,
«Жошы ханның тамы» дейді. Онан соң Алаша ханның тамын
келіні салдыртыпты. Өзеннің жел жағында бір мұралтайдың
үстінде. Келіні өз тамын өзеннің ығынан ойпаң жерге сал
дыртыпты, «атамның тамына көрініп тұрмайтын жерде бол
сын» деп. Жетіқоңырды жайлап, қыстап жүретін бір най-
ман айтты: «Алаша ханның тамының жоғарғы жағынан бір
кірпіш түсіп еді, жазуы бар екен. Қысырауын ханның ханы-
мы «Хан Бибі» деп жазылған екен» деп.
50. Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан
турасынан қазақ арасында бар сөз
Шежіренің һәм елдің айтуынша, қазақтың әуелгі ханы
Алаша хан деген болған екен. Түркі халқының бәрі де
өздерін өзінің батырларының, не хандарының есімімен
атамақ рәсім екен. Сол себепті қазақтар өзін «Алаш» деп,
яки «Алаштың халқы» деп атаған. Мұны қазақтың мақалы
да көрсетіп тұрады. Мәселен: «Алаш алаш болғалы, Ала-
ша хан болғалы» деген қазақтың мақалы бар. Қазақтар
һәм қайсы бір Сібірдегі ноғай халықтары «Алаштың аза-
матымыз» деп айтады өзін-өзі. Бұл сөздерге қарағанда бір
күндерде қайсы бір ноғай халқы һәм қазақ халқы бір хан
болып тұрған деп ойлауға мүмкін. Қиыншылық болған
уақытта қазақ һәм ноғайлар бір-біріне айтады «Алаштың
азаматы емеспіз бе!» деп. Алаша ханның кім екенін, оның
қайдан шыққанын мынадай қылып айтады:
Алаша хан Бұхар ханының баласы екен. Бұхар ханы
ның баласы әлденеше екен. Хандық орынды жалғыз-ақ
үлкен баласына береді екен де, өзгелеріне бір-бір облыс
қана билеп тұруға қалдырады екен. Алаша кенжелерінің
бірі болып мінезі бұзық, өзі күшті жарадкер ер туған. Бір
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
шаһарға бас болып тұрғысы келмей, толық хан болғысы
келіп, Бұхарда толық хан бола алмайтын болған соң, өзге
жерден хандық іздеуді ойлап, бөтен жаққа баруға әкесінен
сұрады. Әкесі оған рұқсат қыла қоймады. Анау ыңғайы
келген жерде сұрай берді. Ақырында әкесі қасына қол
жиып алып, бөтен жақтан өзіне бақ іздеуіне рұқсат берді.
Алаша ханға көп ерлер жиылды. Осы әскеріменен Ала-
ша хан жүріп кетіп, көп жерлер аралап жүріп, нешелер
мехнат көріп кезіп жүріп-жүріп, Алаша хан қазақ ішіне
келген екен. Бұлар көп құрмет тұтып, көп меймандостық
көрсетіпті. Қазақ халқы өзіне ұнаған соң, Алаша хан
мұнда қалған. Қазақ сол уақытта көшпелі екен. Жан-жа
ғындағы көршілес халқыменен өштес, атыс-шабыс бола
береді екен. Ер, өзі шешен, зейінді адамды өздеріне бастық
қылып қойып, қазақтар соның айтқанына ұйиды екен.
Біраздан кейін Алаша хан ерлігін де, шешендігін де, зейіні
барлығын да көрсетті. Қазақтар мұны құрметтей бастады
һәм кешікпей-ақ өзін қол басы қылды. Өзінің қолыменен
Алаша хан әр қайда жауды жеңе берген. Әрі-беріден соң
өзін қазақтар хан қойған. Алаша ханның аты өзге екен.
«Алаша хан» деп қазақтардың қойған аты, себебі өзі ала
киімге әуес екен. Мүлде ала киім киеді екен.
Және де Алаша ханды бір түрлі қылып айтады. Бұл айт
қанында да оны «Бұхар ханының баласы еді» дейді. Алаша
хан жасында алапес болған соң өзіне жүз кісі нөкер беріп,
шаһардан қуып жіберген екен: «алапесің жазылғанша
мұнда келме» деп. Неше жерді аралап, аяғында қазақ
жеріне келген екен. Оны мұнда бек құрмет көрсетіп, қонақ
қылыпты. Сонан кейін қазақ арасында тұрып қала беріпті.
Біразда-ақ қазақтар ол ақылды ер болған соң, өзін жақсы
көріп, хан қойыпты. Алаша хан өзі мықты, ер хан болып-
ты. Оның уақытында қазақ айналасындағы жауларының
бәрін жеңісіпті, жалғыз атын айтса, дірілдеп қорқатын
етіп. Қазақ ханының ерлігі, күштілігінің даңқы алысқа
кетті. Мұны Алаша ханның әкесі Бұхар ханы да естіді.
тарихи аңыздар
Әкесі баласының мұндай болғанына қуаныш қылып,
көруге құштар болып, мынау деген жігіттен жүз жігіт
жіберді: «Барып Алаша ханды тауып, Бұхарға шақырып
кел»,—деп. Онан-мұнан сұрап, Алаша ханды іздеп жүріп,
ақырында тауып, әкесінің хатын беріпті. Бұл хатта әкесі
өзінің сағынғанын айтып, кел деп шақырған екен. Ала-
ша хан «барамын» деп айтса да, жүре қоймады. Өзін іздеп
келген жүз жігіт Алашаның құрмет қылып сылағанына
бек шат болып жата берді. Ақырында мүлде сонда тұрып
қалды. Ол кезде Бұхар ханы бұлардан ешбір хабар таппай,
тағы бір жүз жігіт іздеуге жіберді. Бұлар да келіп іздеп
тауып шақырып еді, Алаша хан онда да бармай қалды.
Келген екінші жүз кісі де мұнда тұрып қала берді. Ала-
ша хан өлгеннен кейін қазақ үшке бөлінді. Ұлы жүз, Орта
жүз, Кіші жүз болып, әлгі оны іздеп келген жүз жігіттің
әрқайсысы бір ру ел болды. Бұрын келген жүз жігіт Ұлы
жүз аталған. Онан соң келгені Орта жүз аталған, онан
соңғы келгені Кіші жүз аталған.
Және үшінші түр қылып айтады: Алаша хан Бұхар ха
нының баласы еді. Бұхар ханы солтүстік жақтағы халыққа
аттанып, көп хандарды орнынан тайдырып, неше елді өзі
не қаратып, оларға хан қылып өзінің жақын ағасын, інісін,
баласын қойған еді. Сонда қазақ халқына хан қылып өзінің
баласы Алаша ханды қойған екен. Қазақтан ықтиярсыз,
зорлықпен хан болған себепті Алаша хан қорқып, өзіне
Бұхарадан һәм өзге жерден жалдап көп нөкерлер ұстапты.
Сол көп әскері болған себепті қазаққа хан болып, халықты
жөнге салып ұстап тұрыпты дейді. Қазақ халқы да Алаша
ханды өзі ер, әділ, ақылды болған соң жақсы көріпті. Және
ол хан болып тұрған уақытта қазақтар айналасындағы
жауласқан халқын жеңіп тұрыпты, һәм қайсы біреулерін
өзіне қаратыпты.
Алаша ханның жалғыз Жошы деген баласы бар екен. Өзі
жасынан-ақ мінезі қаттылығын, ерлігін, қуатын, қисық
мінездігін көрсете бастапты.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Хан баласының мұндайлығына разы болып ойлайды
екен: «балам менің орнымды басуға тұратын» деп. Жошы
ханды әкесі де һәм қазақ халқы да еркелетіп, күтіп өстірді.
Баланың не қыламын дегенін ешкім қақпай, қазір даяр
қылып тұрды. Кішкентай ашуланса, айналасындағы адам
дардың бәрі қорқып, дірілдеп тұрушы еді. Бәрі де Жошы
ханның айтқанын қылып, оған жағуға жаһат қылатын еді.
Жошы өскен соң әкесі өзінің не қыламын деген ықтиярына
жіберіпті. Өзі теңдес жастарды қасына жиып алып, ойын-
күлкі сауықпен жүріпті. Үлкен жиын той қылып, ел жиып,
ат шаптырып, балуан тұрғызып, мылтық атып ойын қылар
еді. Тойға келген халықтар күні-түні ойын-күлкіге батар
еді балуандардың күресін көріп. Сонда Жошы ханға ешкім
не күреске, не ат үстіне, не мергендікке шақ келмес еді.
Алаша хан баласына қарап қуанады екен. Әрбір сондай
тойдан кейін қасына теңдестіріп алып Алаша хан аңға шы
ғар еді. Сонда аңның қызығына түсіп кетіп, Бетпақ далада
неше жұмадай жоғалып кетер еді. Ол кезде Бетпақ далада
құлан, киік һәм өзге аңдар көп екен. Алаша хан баласы
ның нөкерлеріне қатты бұйрық береді екен: «Жошы хан
ның қуғында қасынан қалмай, күтіп жүріңдер, жазым
болмасын. Егерде бір жаманшылық бола қалса, бәріңе де
жаман болады. Кім «балаң жазым боды» деп айтса, соның
аузына еріткен қорғасын құямын»,—деп.
Жошы хан аңды көп алған сайын қызыға берді. Бір кү
ні бір аңды қуып жолдастарынан көп озып кетті. Алдын
дағы қуып келе жатқан құланы бір үйір құланға қосылып
кетті. Жошы хан топ құланға садақ атып еді, олар қашпа
ды, қайта өзіне ұмтылып, басып-жаншып, тістеп, өлтіріп
кетіпті. Жалғыз бір шынашағы сау қалыпты. Өзгесін аң
жеп кетіпті. Жошы ханның жолдастары артынан ізіме
нен келіп сүйегін жинаған екен, жалғыз шынашағынан
басқасын таба алмапты. Бұл шынашақты бір жібек бұйымға
орап алып, нөкерлері елге келіп, ешқайсысы Алаша ханға
айтуға батпапты. Сол уақытта Кетбұға деген Алаша ханның
тарихи аңыздар
жақсы көретін ақыны бар екен, қарт екен. Алаша хан бос
уақытта оған өлең айтқызып, естіп отырады екен. Кетбұға
Жошы ханның өлгенін есіттірмекші болды. Домбырасын
алып сұраусыз ханның үйіне кіріп келіп айтты:
—Құдай тағаланың рахметі жаусын саған, һәм сенің қол
астыңдағы барлық жанға, бұлардың тыныштығын тілей
мін!—дейді.
—Саған не керек?—деп бұдан Алаша хан сұрады.
—Тақсыр хан, сенің қуанышың—менің қуанышым, сенің
қайғың—менің қайғым,—деді Кетбұға.
—Мен бүгін бір жаман түс көрдім. Менің қайғым қатты,
жүрегім жарылып бара жатыр. Сол себепті үйіңе рұқсатсыз
кіріп келдім жалғыз-ақ саған басқа түскен қайғымды айту
ға. Басыма не қайғы түскенін айтпаймын, бұл турадан менің
домбырам айтсын,—деді Кетбұға.
Домбыраның шегін күйге түзеп алып, Кетбұға тарта бас
тады. Мұның ұзын саусағы домбыраның бетін тарсылдатып,
шегін зырылдатып сөйлетіп, әр түрлі мұңды күй тарта бас
тады. Алаша хан құлағын салып тартылған мұңды күйді
есітіп отырып айтты:
—Не себептен сен маған мұндай зарлы күйлерді тарта
сың?—деп.
—Басыма бір қайғылы күн туды, тақсыр хан!—деп дом-
бырашы қысқа жауап берді де, тоқтамастан домбырасын
шерте берді зарлы күйге салып.
—Бұл не ғажап?—деп Алаша хан айтты,—Япырмай,
менің Жошы ханым бірдеңе болып қалды ма, мұны аң жеп
қойды ма?
—Тақсыр хан, Жошының өлгенін жалғыз өзіңізден есті
дік,—деп үйдің сыртында халық шулап қоя берді.
Бұл хабар сондай жаман хабар болды, хан Жошы баласы
ның өлгенін естіп, талып қалды. Есін жиып алып Алаша хан
зарлап жылады. «Жошы, Жошы!..қайдасың, жалғызым!»
деп, мұның екі көзінен бұлақтай болып жас ақты. Еш адам
үйге кіріп, ханды уатуға бата алмады.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Осындай жылаумен тамақ ішпей Алаша хан үш күн, үш
түн жатты. Мұның халқы жиылысып ақылдасты, қалайша
ханды уатып, көңіл айтып, жылағанын қойғызсақ екен
деп, ешбір адам Алаша ханның үйіне кіруге батпай, барша
жиылған адамдар тыста қамалып тұрады.
Алаша ханның бір ақылды қатыны бар еді, еріне ой түсі
ріп, көңілін баспаққа амал қылды:
—Хан, сен қайғырып жатырсың, халқың ғау-ғау көтеріп,
бүлік шығарып жатыр,—деді.
—Неге менің халқым бүлік шығарып жатыр?—дейді
хан.
—Сенің халқың екі дай болып жатыр. Себебі бір бай өзі
нің тамырына бір уақытта ат басындай алтын сыйлаған екен,
уақытында мұндай бірдеме берер деп. Ол тамыры ештеме бер-
меген соң, «өзім бергенімді бер» деп жатыр. Жуырда бұлар
биге түсті. Билер әділдік қылмады. Билердің жартысы:
«бергенін қайыруға тиістің» дейді, жартысы: «қайырмауға
тиісті» дейді.
—Ах, олары қалай? Билікті әділ айтпаған, сыйды ала
білген кісі, бере де білсе керек емес пе? Алтын алғанды ша
қыр мұнда!—дейді Алаша хан.
—Ұлы хан, кішкентай сабыр етіп, маған сөз айтуға рұқсат
қылыңыз. Алла тағала баланы саған өзі берді, өзі алды. Құді
реттің хүкіміне көну керек. Алла тағала Жошы ханды саған
сыйлап еді, сыйлаған Аллаға сен де сыйлай біл, қайғырып
жылама, Құдайдың рахметі көп, таусылмайды,—деді. Бұл
сөз көңіліне кіріп, Алаша хан қайғыруын қойды.
Алаша ханның бір Домбауыл деген бек қуатты құлы бар
екен. Өзінің байына ақ көңілімен қызмет қылатындығына,
һәм ерлігін Жошы хан бек жақсы көреді екен. Домбауыл да
Жошы ханды жақсы көреді екен. Жошы ханның өлгенін есті
ген соң ант ішіпті: «Құланның бірі қалғанша қырармын» деп.
Домбауылдың екі жүйрік аты бар екен. Біреуі «Қабанқұлақ»
деген, біреуі «Әнкей» деген. Сол аттарының бірін мініп, бірін
тарихи аңыздар
жетектеп алып, Жошы ханды өлтірген құлан жатқан аралға
қарай жөнеліпті.
Құландар Домбауылды көрген соң-ақ Бетпақ даладан
өте Шуға қарай қашқан екен. Домбауыл қуып жетіп, қыра
беріпті. Соншадан бес-ақ құлан тірі қалып, қорқып сол бесеуі
де Шудан өтіп кетіпті. Ол бес құлан өткен жерді осы күні «Бес
құлан» деп атайды. Бес құлан деген жерден бес шақырым
дай арада таудың бауырында Қабанқұлақ деген аты зорығып
өліп, ол араны «Қабанқұлақ» қойыпты. Онан әрмен бес
шақырымдай барған соң, екінші аты—Әнкей ұшып өлген
екен. Ол араны «Әнкей» деп қойыпты. Осы күні сол араны
Әнкей деп атайды. 51. Жусанда туған жердің иісі бар
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан
елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бей
барыс бүкіл өмірін Мысыр елінде өткізіпті. Қайдан келгенін
есіне түсіре алмапты.
Бейбарыс уақыт өте келе өзінің мықтылығының арқасын
да әскербасы болып, кейін елді басқарған патша болыпты.
Оның Бейбарыс деген атына Сұлтан деген атақ қосылған. Бір
күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға
көзі түсіпті. Әлгі жусанды жұлып алып иіскейді. Сөйтсе,
жусанның иісі Бейбарыс сұлтанға туған жерін есіне түсіріпті.
Содан бастап қазақта «Жусанда туған жердің иісі бар» деген
сөз қалыпты.
52. Ақсақ Темір
(І нұсқа)
Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат ке
зінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол
өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сыр-
дария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат
келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге
жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа
айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз
қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан.
Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі
жатқан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен.
Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң
аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар
әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан,
баланы өсірген. Ақсақ Темір өмірбақи шешем, анам Теккене
деп кетті.
53. Ақсақ Темір
(ІІ нұсқа)
Түркі тұқымдас Барлас руынан шыққан Шахрисябз биі
Тарағай түс көреді, түсінде биік таудың басында тұр екен.
Түн тастай қараңғы. Тарағай бидің қолында болат қылыш
бар. Қолындағы қылышынан сол шақта найзағай оттары
жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би
оянып кетеді. Бірақ сол түні оған ақ киімді, ақ сәлделі, ақ
атты адам аян береді: «Тарағай би, қазір әйелің Тәккине бір
ұл туады. Ол әлемді билейтін жаһангер болады»,—депті. Ол
Қызыр ғали әссалам әулие екен. Бұл жору ертеңіне Қазаған
ханға да жетеді. Ол болашақ жаһангер Әмірдің тууынан
сескеніпті, нөкерлеріне бұйрық беріп, бидің жоқ кезінде
толғатып жатқан әйелдің қарнын іштегі бала өлі түсуі үшін
ауыр таспен үйкелетеді. Әйткенмен бала мұнымен өлмейді,
мезгілі жеткенде туады. Бірақ тастың салмағымен ана
қарнынан бір аяғы солып түседі.
8-137
тарихи аңыздар 54. Ақсақ Темір
(ІІІ нұсқа)
Тарағайдың ортаншы әйелі Тәкинә қатын осы Темірге
екіқабат болған кезінде түс көреді. Түсінде Қызыр ғали
әссалам әулиеден бала сұрайды. Әулие оған денесі тастан,
жүрегі дүниенің ең нәзік гүлдерінен жаралған ұл береді.
Емшегін жөндеп еме алмаған баласын анасы құйрығынан
салып қалғанда, тастан жаралған баланың денесінен қолы
қатты ауырып кетіп, анасы жылап қоя береді. Анасының
жылағанын көріп, жүрегі нәзік гүлдерден жаралған бала-
сы енді қосылып жылайды. Анасы мен баласының көзінен
жасы ағыл-тегіл төгіледі. «Қалай, балаң ұнайды ма?»—де
ген Қызыр ғали әссалам әулиеге Тәкинә қатын: «Маған
мұндай жылауық баланың керегі жоқ, басқа бала бер»,—
деп жалынады. Сонда әулие оған керісінше денесі гүлдей
жұмсақ, жүрегі тастай басқа бала береді. Бұл да анасының
емшегін дұрыстап еме алмайды. Анасы бұны да ұрады. Бірақ
қанша ұрса да, баланың көзінен жас шықпайды. Баласының
бұл мінезіне қуанған анасы сылқылдап күліп жатып оянып
кетеді. Ертеңіне Тәкинә қатын түсін бір білгір кәрі кемпірге
жорытады. «Түсіңде жыласаң, өңіңде қуанарсың, ал түсіңде
қуансаң, өңіңде жыларсың. Бекер алғашқы балаға көнбеген
екенсің. Сенің мына туғалы тұрған балаңның денесі ет пен
сүйектен біткен жұмсақ болғанмен, жүрегі тастан да қат
ты келеді екен, түбі өзгені қойғанда өзіңді де талай жыла
тар»,—деген екен. 55. Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы
(Құмырсқадан алған тағлымы)
(І нұсқа)
Ақсақ Темір тохан әрі жас, әрі жетім, әрі ақсақ бала екен
дейді. Бірақ жас болса да ол өте зерек, байқағыш, қырағы,
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
мықты болған екен дейді. Бір күні бұзау бағатын қырық бала
сапарға кетіп қалады. Өйткені олардың аяғы сау, дені сау. Ал
Ақсақ Темір тохан өзі ақсақ, оларға ілесе алмай ақсалаңдап,
ақырын жүріп отырып бір биік шың тастың қасына келіп оты
рып, бір құмырсқаның тасқа шығып бара жатқанын көреді.
Байқап отырады. Бірақ құмырсқа біраз барған соң сырғып
жерге түсіп қалды дейді. Құмырсқа тағы шықты, бұл жолы
жаңағы барып құлаған жерінен асып, тағы да сырғып түсіп
қалды дейді. Сөйтіп құмырсқа шыққан сайын өрлей, өрлей
бір уақытта тастың басына шыққан екен дейді. Мұны көріп
отырған Ақсақ Темір тоханға мынадай ой келеді: «Қарашы,
не нәрсе болса, талаптан екен. Талап қылсаң, неге болса да
жетеді екенсің. Мына құмырсқа бағана шыға алмады. Ал бұл
енді «шыға алмайым» деп безген жоқ. Талаптанып бірден
бірге өрлей, өрлей ақырында шың тастың басына шықты.
Мен де талаптанып көрейін. Талаптансам, мен де дегеніме
жетерім»,—деп қорытынды жасаған екен дейді.
Баяғы бұзау бағатын қырық балалар және Ақсақ Темір
тохан өзі де бұзау бағады екен. Олар ылғи хан болып ойнай-
ды екен дейді. Құмырсқадан тағлым алған Ақсақ Темір то-
хан оларға былай дейді:
—Біз бұлай ойнамайық. Хан болу үшін былай істейік.
Осы тұрған бәріміз де киімімізді шешіп тұрып, осы жерге
үйіп орда жасайық. Сонсын бәлен жерден осыған бәріміз
жүгірейік, жарысайық. Сонсын кім озып келсе, сол бала бізге
хан болсын жәна жүгіретін жеріміз алыс болсын,—дейді.
Балалар да:
—Жарайды, мақұл-ақ, болсын,—деп қостай кетеді. Со-
нымен киімнен орда жасап, енді жарысуға келе жатыр. Жа-
рысатын жер мен орданың арасы үш-төрт шақырым екен
дейді. Бағанағы қырық бала жарысысымен-ақ алға қарай
жүгіріп Ақсақ Темірден озып кеткен. Ал Ақсақ Темір тохан
сол ақсалаңдап жүріп келе жатыр дейді. Бірақ жарысып кет-
кен балалар біраз жер жүгіргесін өкпелері өшіп, жүгіре ал-
май қалған екен дейді.
тарихи аңыздар
Ақсақ Темір ақсалаңдап отырып жолдағы жүгіре алмай
жатқан балалардың бірінен соң бірін тастап, енді алдында
бір бала бар екен дейді. Әлгі бала мұны көре салып ордаға бар
пәрменінше жүгіреді. Ақсақ Темір тохан ордаға құлаш жетер
жерге келген кезде басындағы бөрігін алып лақтырып жібе
реді. Бөрік әлгі баладан бұрын барып ордаға түседі. Бала да
жетеді. Енді Ақсақ Темір мен баланың арасында хандыққа
талас туады. Ақсақ Темір:
—Мен хан болам, менің басым бұрын келді,—дейді. Ал
бала:
—Мен хан болам, сенің бөрігің керегі жоқ. Мен аяғыммен
озып келдім,—дейді. Сонымен Ақсақ Темір тохан көп бала-
мен таласа-таласа әбден шаршап отырса, алыстан бір ақса
қалды кәрия адам келе жатыр дейді.
—Жүріңдер,—деді Ақсақ Темір балаларға,—ана кісі не
десе, сол болсын, жарай ма?—дейді.
—Жарайды,—дейді балалар,—болсын,—дейді. Балалар
адамға барып сәлем етіп, соған өздерінің дауын айтып, төре
лік беруін сұрайды. Бұлардың сөзін тыңдап болып ақсақал
адам балаларға былай деп сұрақ қояды:
—Адамның басы үлкен бе, жоқ аяғы үлкен бе?—дейді.
Қырық бала шу етіп:
—Басы үлкен,—дейді.
—Ендеше,—дейді ақсақал,—басы үлкен болса, басы бұ
рын келсе, хан мынау болу керек,—дейді Ақсақ Темірді
көрсетіп. Сонымен балалар ақсақалдың берген төрелігіне
тоқтап, Ақсақ Темір тохан қырық балаға хан болады. Манағы
өзімен таласатын баланы өзіне бас уәзір етеді.
—Мен той істеймін,—деді Ақсақ Темір.—Хан болдым.
Хан той істейтін. Олай болса, аман бағып жүрген бұзаудың
біреуін әкеліңдер, сойыңдар! Етін асыңдар! Сөйтіп той істе
йік,—деп уәзірінің біріне бұйрық береді. Айтқаны орында-
лады. Ет жеп, өздері ойнап той жасап, бір жасайды. Соны-
мен қырық бала жәна ханымен шаһарға бармай, бұзауларды
да апармай, бір мықты жерге тығылып жатады. Жатқан
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
жерлерінен жол өтеді екен. Сол жолдан өткендердің қолын
да не болса, соны тартып ала беретін болған. Мейлі тамақ
болсын, ат арба да қолдарына түседі. Не керегін тауып ала-
ды. Балалар да өсіп үлкен жігіт болады. Өздері қарулы. Со-
нымен Ақсақ Темір хан әлгі қырық уәзірімен әуелі өзінің
шаһарын шауып, ханын өлтіріп, шаһарға өзі хан болған екен
дейді. Содан былай қарай Ақсақ Темір шын мағынасындағы
ел билейтін хан болған екен дейді. Ал бұрынғы қырық бала
сенімді қырық уәзірі болыпты дейді.
56. Ақсақ Темір туралы
(ІІ нұсқа)
Ақсақ Темір өзі жетім бала болады. Сол Ақсақ Темір жәна
сол сияқты кілең жетім он төрт бала болып, кісілердің ма-
лын бағатын көрінеді. Үйсіз-күйсіз жетім, панасыз балалар
далада малда жүріп, күні бойы ермек етіп, бір-бірін хан сай-
лап, басқалары бұйрығын орындап сөйтіп жүреді екен. Жәна
олар күн сайын біреуі, күн сайын біреуі хан болады екен ке-
зекпен. Бірақ олар Ақсақ Темірді хан қоймайды екен. Бір
күні Темір:
—Мені неге хан қоймайсыңдар?—дейді.
—Олай болса ертең сен хан бола ғой,—дейді басқалары.
—Олай болса, ертең мен хан боламын, менің бұйрығымды
орындайсыңдар,—дейді. Басқалары:
—Орындаймыз,—дейді.
—Онда ертең біреуің қазан, біреуің аяқ, біреуің қасық,
біреуің пышақ, біреуің табақ,—деп, әйтеуір әрқайсысына
сондай заттарды тауып әкелуге міндеттейді. Балалар:
—Әкелеміз,—дейді.
Ертең келгенде барлығы да әкел деген затты әкелген. Енді
Ақсақ Темір өз қарауында бағып жүрген байдың бұзауының
біреуін алады да сояды. Балалар қуанысып жейді. Темір ба
лаларға:
тарихи аңыздар
—Сендер хан болғанда біреуің осындай қылмайсың,—
дейді. Сөйтіп, олар етті жеп, қалғанын даладағы тамға апа-
рып, ит-құс жемейтін жерге қояды ертеңге сақтап.
Содан кешке келгенде малды жоқтап Темірден сұрайды.
Сонда Темір:
—Балалар мені бүгін хан сайлады, соған той қылып мен
сойдым,—деп анығын айта салады. Содан бай ашуланып
Темірді сабап, «хан болуын қара» деп қуып жібереді. Темір
басқа жолдастарына:
—Мені қуып жіберді. Мен ескірген тамға барып жатамын.
Сендер соған қарай малдарды айдап келерсіңдер,—дейді де,
тамға барып жатып алады.
Содан ол кідірмей тамға келіп жатады. Жатқанда мына
дай көрініс болады:
Бір тышқан жоғарыда тұрған етті біліп, барғысы келіп,
тамға өрмелеп шыққысы келеді. Бірақ орта жолға барғанда
тайып жығылады. Тағы өрмелейді, тағы жығылады. Тағы
шығады, тағы жығылады. Не керек, тоқсан тоғыз рет өр
мелеп жығылады. Оған да қарамай жүзінші өрмелегенде
барып жығылмай шығып, етке жетіп, жей бастайды. Бұл
көріністердің бәрін манадан көріп жатқан Темір ойлайды:
«Мына тышқан ғой етке баруды талап етіп, сол етке барғысы
келді. Бірақ сол барам деп жүргенде тоқсан тоғыз жығылды.
Сонда да ол талабын қойған жоқ. Ақыры жүз дегенде
іздегеніне жетті. Ал енді менің осы тышқандай жігерім жоқ
па? Кел, мен де осы хандығымды тастамайын, сірә, қоймасам
тышқан құсап ақыр хан болармын»,—деп ойлайды. Сөйтіп
жатқанда малды айдап балалар да келеді. Келгесін балаларға
малды кейін айдатып жібертеді. Сосын кешегі қалған етті
жеп алып, Темір бар балаларды ертіп қала ауып, басқа бір
үлкен қалаға бармақ болып кетеді.
Сонымен олар бұл қаламен қоштасты. Бір күндері баяғы
қаладан тіпті алыс басқа бір қалада мынадай хабарлар бо
лады:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
«Осы қаланың теріскейінде банды келіпті, пәлен жерде,
пәлен керуенді шауыпты, түлен жерде түлен керуенді ша
уыпты, адамдарын банды қатарына қосыпты. Сөйтіп күннен
күнге әскері көбейіп бара жатыр екен, бастығы бір айлашыл,
сұм дейді»,—деп хабарлар жайыла бастайды.
Бұл баяғы жетім балалар бастығы Темір болады. Ол
уақытта олар үлкен жігіт болған. Сөйтіп әскер болып ке-
руен тонап, әскерін де, малын да, дүниясын да көбейтеді.
Бұл қала бір үлкен хандықтың орталық қаласы екен. Ханы
бар екен. Бір күні ханға да хабар келеді. Сондай бандылар
екен деп. Хан мыңдай әскер жібереді. Бұны Темірлер
дің қаладағы бір адамы Темірлерге жеткізеді. Енді Темір
келетін уақытын жобалап түнде келетінін біледі. Сөйтеді
де, түнде әскерлер әрқайсысын бір-бір қапқа салады да, бір
түйеге екі қаптан артады. Сөйтіп тек өзінен басқасының
бәрін қапқа салып артып, өзі адам болып түнде келе жат
қан әскерлерге қарсы келеді. Бұны ешкім көрген жоқ.
Көргенменен түнде танымайды. Әскерлерге келгесін,
әскерлер Темірді сұрайды:
—Оның бандысы қайда екен, өзің неғып жүрсің?—дейді.
Сонда Темір:
—Мен бір керуен едім, қасымда он шақты атты адам бар
еді. Олар осы алдымызда бір банды бар деп соны байқай
кетті де, мен мына түйе жүктерімен қалып, осы түнге дейін
келмегесін, бір жағымнан келіп банды шауып кете ме деп
қорқып қайтып келе жатқамын. Сіздерді әуелі банды ғой
деп қорқып, тағы да келіп қалғасын, жалтаралмай қорқа
келіп едім. Жақсы болды, сендер екенсіңдер,—дейді.
Жәна:
—Сендер бүгін осы жерде жатыңдар, мені бір жақтан ке
ліп шауып кетер. Мен қорқам, әрі менің қасымдағы аттылар
таң атқанша келер, соған қараңыз,—дейді. Олар айтқанын
істеп, жататын болады. Енді бұ да жататын болады. Түйенің
жүгін шешуге келгенде:
тарихи аңыздар
—Жүгі жеңіл, осылай жата берсін,—дейді. Сонымен
барлық әскер жатады. Әскерлер түгел ұйқыға кете берген-
де Темір барлық түйені шешіп, адамдарының барлығының
қолына қылыш беріп, енді шеттен әскерлердің басын кесе
бастайды. Ұйықтап жатқан жерде басын кескенде басқала
ры білмейді. Сөйтіп, нобайлап қырады. Азғантайы қалғанда
Темірлер айғайламасын ба: «Банды келіп қалды, тұрыңдар,
тұрыңдар!»—дейді.
Енді жалма-жан әскерлер тұра бастаса бәрі тұрмай жа-
тыр, тек азғантайы ғана тұрған. Олар жатқанында бастары
кесіліп, қырылып қалған. Сол жерде әскерлер біліп ұрысуға
шыдамай қаша-қаша жөнеледі. Сонымен Темір қолымен
соғысып қойсын ба, қырып жойып жеңеді. Сөйтіп, ханның
осындай көп әскерін кейін қайтармайды. Тағы сол сияқты
жіберген хан әскерлерін жеңіп, ақыры сол қаланы алып ха-
нын өлтіріп, өзі хан болады.
57. Сәтемір хан (Ақсақ Темір)
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып, күн
дерде бір күн далада ойнап жүріп, бір бұзылған үйдің түбін
де шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап тұрса, бір
аяғы ақсақ құмырсқа үйдің төбесіне қарай бара жатып, орта
жеріне барғанда құлап түседі.
Тұра салып тағы өрмелейді. Бағанағыдан жоғары бар
ғанда тағы құлап түседі. Ақыры өрмелей-өрмелей, қисая-
мисая үйінің төбесіне шығып кетеді.
Сәтемір хан мұны көріп ойға кетті дейді:
«Жаратылыстағы ең кіші мақұлық құмырсқа—о да та-
лап ете-ете ұмтылып, ақыры мұрадына жетті. Мұнда отырып
бір нәрсе көбейтпей, айдалада ойнап жүргенім жараусыздық
екен»,—деп, шаһарға барып бір ғалымның үйін сыпырып,
ақысына оқу оқыпты. Ақырында сол Сәтемір атақты болды.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... 58. Ақсақ Темір
Тұранның даңқы әлемге тараған әмірі Ақсақ Темір қалың
қолмен жырақтағы жауға аттанып бара жатып Түркістан
шаһарына соғыпты. Алыс жолдан арып-ашқан әскері демалу
ға үй-үйге бөліне бастапты. Ақсақ Темірдің өзі бір оқшау үйде
оңаша қонып отырғанда, үй иесі кемпір оның алдына табақ
пен бидай көже әкеледі. Қарны ашып келген Темір қасық
толы көжені ұрттаймын деп аузын күйдіріп алып:
—Шеше-ай, көжеңіз ыстық екен ғой,—депті.
Сонда мейманның жер-жаһанды тітіреткен қаһарлы қол
басшы екенін білмейтін кемпір:
—Әй, шырағым-ай, «көжені бетінен алады, жауды шеті
нен алады» дегенді естімеп пе едің, жаңа піскен бидай көже
ні қалқып ішпесең, аузыңды күйдірмей қайтеді,—депті.
Талай ұрысты көрген тәжірибелі Темір қарапайым кем
пірдің: «жауды шетінен алады» деген сөзінде соғыс өнеріне
сабақ боларлық даналық жатқанын ішке түйіп қалған екен
дейді.
59. Әмір Темір көреген
(І нұсқа)
Бұрынғы заманда Бұхарай-Шәріпте бір қасиетті керемет
иесі әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп, азамат болған
жалғыз баласы болыпты. Күнлерде бір күн Бұхара ханының
ақтаяқтары әулиенің баласын бір жаман іс қылған орыннан
ұстап алып, ханға алып бармақшы болғанда:
—Әуелі тақсырдың өзіне алып барып алдынан өтейік. Со
нан соң ханға алып барайық, турадан-тура бұл жерден алып
кетсек, баласының мінезін білмей, бізді қарғар!—деп бала-
ны атасына алып барыпты.
—Қылғаның рас па?—дегенде бала танбай, мойнына
алыпты.
тарихи аңыздар Сонан соң әулие: —Мұны бүгін маған беріп кетіңдер. Ертең қолдарыңа берейін!—депті, ақтаяқтылардан алып қалыпты. Ақтаяқты лар кеткен соң, әулие Құтып заман екен, басын төмен салып, мұрақпа қылып, қырық шілтен, ғайып ерендерін түгелімен жинап алыпты: —Бұхараның осы тұрған ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, қолдап жүрген кісілеріңді маған алып келіңдер, көремін,—депті. Сөйтсе, қырық шілтенінің он бесі сол тұрған ханның бір баласын қолтықтап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» десіп жүреді екен. Он төрті бір қазының баласын қолтық тап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» десіп жүреді екен. Енді қалған он бірі Әмір Темірді қолтықтап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» десіп жүреді екен. Ол Әмір Темір өзі— самарқандық Қыпшақ. Әміртағай деген батырдың баласы екен, Бұхарада оқу оқып жүрген күні екен. Әуелі он бесі ханның баласын оңаша алып, Құтыпқа әке ліп тапсырды. Құтып: —Мынау отырған менің жалғыз балам, бір жаман іс қы лып, өзі мойнына алды. Осыған не бұйырасың?—дейді. Ханның баласы: —Өзіңіз білесіз де,—дейді. —Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба? Кет, көзіме көрінбей! Жоғал, шығың, шығың!—деп қуалап шығарды. Онан соң он төрті қазының баласын алып келді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқанын айтып еді, ол: —Тақсыр, шариғат біледі де,—дейді. —Шариғат жұмысын сенен сұраушы ма едім?! Шариғат иесі сен бе едің?! Отырма, жоғал!—деп оны да қуып шығар ды. Сонан соң он бірі Әмір Темірді алып келді. Әлгі екеуіне айтқан сөзін бастан аяқ бұған айтып еді: —Сіздей жақсының баласы мұндай істі қылған болса, өзі мойнына алса, «атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі». Ата
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... жолын қумаса, барынан да жоғы игі! Мұның төресі мынау!— деп ұшып түрегеліп, Құтыптың ілулі тұрған қылышын алып, баланы көк желкесінен бірақ шауып, басын жерге түсірді. Құтып: —Афырин қолыңа! Рақмет сені тапқан қатынға!—деп қы рық шілтенді шақырып алып: —Жай қолдарыңды, бер бұған баталарыңды! Балам, ая ғың жеткенше жүр, қолың жеткенше қарышта! Бетіңе жан келмесін!—деп бата берді дейді. Қырық шілтеннің он бесі мен он төртіне айтты: —Сендердің: «адам болады, іске жарайды!» дегендерің қуыс қурай екен. Біреуі: «өзің білесің» дейді. Ол—адамның жаманы. Ар жағында айтарлық дәнемесі жоқ болған соң: «өзің білесің» дей салады. Біреу адам деп ақылдасқан соң, тисе де, тимесе де, бір төте сөзді айтып қалу керек: тисе, алады, тимесе, сол жерде қалады. Екіншісі: «Шариғат біледі» дейді. Шариғат білетұғынын кім білмейді?! Оның да бөтегесінде дәнеме жоқтығы. Өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасық жұрт ұстауға жарай ма? «Биқайратқа пейіш жоқ» деген. Міне, қайратты ердің жұмысы: «Халыққа әшкере қылмай, жұртқа масқара қылмай: «көпке өлтірткенше, өзің өлтір!» деп, өлтірді де салды. «Әмір Темірдің Әмір Темір боп жүргені әулиелердің наза ры түскен екен. Қырық шілтен, ғайып ерендер қолтықтаған екен!» десіп келеді. Сегіз жасар күнінде намаз жамағатқа ең әуел хұтпа намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң шешесіне айтыпты: —Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін. Мешітке кі рісімен Қағба-Алланы көріп, құлақтарын қаға бастайды. Мен имам әлхамды оқып болып, сүре қосар кезде әрең көріп, сонда құлағымды қағып, намазға кірістім,—депті. Өз ойында ойлаған екен: «Намаз оқығандардың баршасы мешітке кірісімен, Қағба Алланы көреді ғой! Соны көріп, құлақ қаға ды ғой»,—деп. «Қағба Алланы көрмей, құлақ қақпаймын»
тарихи аңыздар деп қалшиып қақпастан тұрып қалады екен. Сонан соң Қағба Алланы көріп алып, құлақ қағады екен. Шешесі баласының бәтін көзі ашық екенін біле қойды да: —Балам, мешітке баратұғынлардың бәрі де түні бойы ұйықтамай, таң атқанша Құдайға жылап шығады. Сол үшін кірісімен, кешікпей көріседі. Сен түні бойы ұйықтап жатасың. Сол себепті кірісімен көре алмайтұғының—сол,— дейді. «Қайтып бала өмірінде түнде басын төсекке салмайтұ ғын болды,—дейді.—Әмір Темір көреген атанғанның себебі бұл»,—дейді. Мағынасы «көргіш», «көрімпаз» деген сөз екен. Және өзі Хызыр пайғамбарды дүниенің қай шетінде жүрсе де, үйде отырып көріп отырады екен. Хызырдың бет алған жағына аттанады екен. 60. Әмір Темір көреген (ІІ нұсқа) «Әмір Темірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен!» десіп келеді. Сегіз жасар күнінде намаз жамиғатқа ең әуел хұтпа намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң, шешесіне айтыпты: —Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін, мешітке кі рісімен, Қағба Алланы көріп, кұлақтарын қаға бастайды. Мен Имам әлһамды оқып болып, сүре қосар кезде әрең көріп, сонда кұлағымды қақтым,—депті. Өз ойында ойлаған екен: «Намаз оқығандардың бәрі де мешітке кірісімен Қағба Алланы көреді ғой! Соны көріп, кұлақ қағады ғой!»—деп. «Қағба Алланы көрмей, құлақ қақпаймын!» деп, қалшиып, қақпастан тұрып қалады екен. Сонан соң Қағба Алланы көрген соң барып, кұлақ қағады
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
екен. Шешесі баласының бәтін көзі ашық екенін біле қойды
дейді.
—Балам, мешітке баратұғынлардың бәрі де түні бойы
ұйықтамай, таң атқанша Құдайға жылап шығады. Сол үшін
кірісімен, кешікпей, көріседі. Сен түні бойы ұйықтап жата
сың. Сол себеплі кірісімен көре алмайтұғының—сол,—
дейді.
«Қайтып бала өмірінде түнде басын төсекке салмайтұғын
болды,—дейді.—«Әмір Темір Көреген» атанғанның себебі
бұл»,—дейді. Мағынасы: «көргіш, көрімпаз» деген.
61. Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі
(І нұсқа)
Орталық қаласы Самарқан болған. Әмір Темір өте жауын
гер болыпты. Бір жылда алты мемлекетті шауып алыпты,
ақырында қаласын алмақшы болыпты. Сұлтан Баязит де-
ген кісіні тізе бүктіріпті. Соғыспай көп олжамен қайтыпты.
Қайтып келе жатқанда теңіздің жағасында балық аулап
жүрген кедейдің он алты жасар баласын алып кетіпті.
Самарқанға келгеннен кейін үлкен той жасаған. Сол той
жасап жатқан жерге жалаң аяқ, жалаң бас бір әйел келіп,
Әмір Темірдің аулында тұрған уәзірлерге:
—Мені босат,—депті,—Әмір Темірге жолығатын ша
руам бар, алыс жолдан келем,—депті. Әмір Темір бажылдап
жүрген әйелдің даусын естіп, «босат!» деп уәзірлеріне әмір
етіпті.
—Әмір-Темір сіз боласыз ба?—депті.
—Мен болам,—депті.
—Сен Әмір болсаң, маған тәжім ет, басыңды и!
Әмір-Темір:
—Не үшін тәжім етем?—депті. Әйел былай депті:
—Жер жүзіне ғылым таратқан гректен шыққан Аристо
тельді тапқан кім? Ана! Құдайдан шыққан Мұхаммед пай
тарихи аңыздар
ғамбарды тапқан кім? Ана! Бір жылда алты мемлекетті өзіне
бағындырып, жетінші сұлтан Баязитты тізе бүктірген кім?
Мен. Сені тапқан кім? Ана! Олай болса, сол ананы құрметтеп
тәжім ет!
Әмір Темір басын иеді. Сонан кейін жөн сұрайды.
—Сен кімсің?
—Мен сіз алып кеткен баланың анасымын.
Әмір Темір:
—Жолшыбай қиын қыстау жерлер бар, жыртқыш аңдар
бар, одан қалай өттіңіз?
—Екі емшегім иіп, зар еңіреп жылап келе жатқанымда
жыртқыш аңдар да, Алла да рақым етті. Алты мемлекетті
жеңіп алып отырған сіз де маған рақым етерсіз.
Әмір Темір данышпан әйелдің баласын беріп, көп олжа-
мен еліне апарып салады.
62. Әмір Темірді тоқтатқан ана
(ІІ нұсқа)
Ел шауып, жер басып алу жөнінде аты шулы Шыңғыс
ханнан кем түспеген Әмір Темір көреген елдің боздағы
мен аруын, сәбиі мен кәрісін, қызы мен кемпірін қынадай
қырып, қанын судай ағызған. Ақсақ Темір деген атты
есіткенде жылаған бала дауысын өшіріп, сөйлеген жан сөзін
қойған. Оның қаттылығынан қайыспаған ел, қамықпаған
адам болмаған. Шабылмай қалған ел де, алынбай қалған
жер де қалмаған. Сондай зұлымдығының бірінде Темір
бір елді шауып, мал-мүлкін, халқын басып алып айдап
кетеді. Сол айдалып кеткен қолға көп тұтқынның ішінде
бір кемпірдің көзінің ағы мен қарасындай жалғыз баласы
да кетеді. Баласынан айрылған кемпір: «Жалғызымнан
айрылып, одан жанымды аяп қалып мен кімге тұлға
боламын»,—деп, баласының артынан бұл да кетеді. Жолда
не бір биік тау-тасты, қалың ну орманды, өткел бермес асау
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
өзенді кездестіреді. Бірақ оның бәріне де төзімділікпен шы-
дайды. Ақырында кемпір Темірдің Самарқандағы сарайына
да жетеді. Бірақ жол азабын көп көрген кемпірдің тек қана
сүлдесі жетіп еді.
Ажары кеткен, жүзінің нұры қашып, сілесі қатқан кем
пірді көрген сарай адамдары, күзетші-жасауылдары оны
Темірге жібермейді. Өжеттігі мен қайсарлығы кемімеген та-
банды кемпір Темірге де жетеді. Алдына келген адамнан жөн
сұрауды күнәмен тең көретін Темір мына келген кемпірді
адам екен-ау деп елемейді. Тіс жармайды.
Ақыры шыдамы таусылған кемпір Темірге былай деп сөз
бастайды:
—Уа, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты
әміршім! Біздей алдыңызға келген пақыр жанның сөзіне
құлағыңызды асыңыз. Сен алмаған ел бар ма, сен баспаған
жер бар ма?! Халықтың қанын судай ағыздың. Ұлын
улаттың, қызын шулаттың, кәрісін зарлаттың, сәбиін
жылаттың. Олардың барлығына да тырнақтай рахым
жасамадың. Алдыңа келгенді аждаһадай жұттың, қасыңа
жуығанды қапсыра құрттың, ойыңа алғанның бәрін іс
тедің. Арманыңды түгел орындадың. Дүниеде уысыңа си
маған ел де, қансырамаған халық та жоқ. Осының бәрін,
әміршім, сен істедің. Дүние жүзіне Темір атың мәшһүр
болып, кеңінен тарады. Осындай айбарлы атақ пен өшпес
даңққа ие болғаныңмен, әміршім, сен мендей анадан
туып, анадан өстің. Мендей ана болмаса, сендей атақты
да қаһарлы патша да болмаған болар еді. Сондықтан да
анадай асыл жан дүниеде әм ұлы, әм құдіретті деп айтуға
лайық. Анаға бала өмір бақи қарыздар. Сол анадан сендей
айбарлы хан да, айбатсыз, ақымақ, жаман да туады. Сен
анадан артық туған хансың да, менің балам жаман туған
жан. Бірақ жаман болса да ол өзіме артық, өзіме жақсы.
Қарға екеш қарға да балапанын «аппағым» деп аялайтын
көрінеді. Ананың балаға, баланың анаға қымбаттылығы
сондай. Ендеше, хан ием! Ендеше, сол жаман балам сенің
тарихи аңыздар
тұтқыныңның бірі болып зынданда жатыр. Сол жаман ба-
ламды сұрай келдім. Шыбынымды тірілей қолыма бер! Ол
өзіме қымбат,—деп кемпір сөзін аяқтағанда дүниеде тас
тай қатты, ешкімге еш уақытта мейірімі түспеген, адам
қанын судай төккен қатыгез Әмір Темір кемпірдің сөзіне
жібіп, баласын өлтірмей қайтып беріпті.
Адам баласына жібімеген, адамның сөзін сөз демеген,
адам баласы батып сөз айта алмаған қаһарлы да айбарлы
Шығыстың жалғыз көзді арыстаны атанған Ақсақ Темір
сияқты қатты әмірді сөзбен тоқтатып, мақсатын орындатқан
тек ананың үлкен жүрегі мен оның құдіреті еді.
63. Ақсақ Темір мен домбырашы
Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келеді. Ол кісінің құр
метіне сол жердегі домбырашылар түгел жиналады. Олар
түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартады. Түн ор-
тасы ауған кезде Ақсақ Темір әлгі домбырашылардың бәрін
таратып жібереді. Солардың ішіндегі өзіне қатты ұнаған
біреуін алып қалады. Оның екі көзі су қараңғы екен. Соқыр
күйшінің тартқан күйлеріне, шерткен саусақтарына, шешен
домбырасына хан қатты риза болады. Осылай елтіп отырып
Ақсақ Темір күйшіден:
—Сенің атың кім?—деп сұрайды. Күйші:
—Атым—Дәулет...—десе керек. Осы сөзді естігенде
Темір шіміркеніп, селк ете түседі. Дәулет пен бақты қуып
құныққан, дүниені қан сасытып, туғалы тоймай өткен
Ақсақ:
—Шіркін-ай, дәулет те соқыр бола ма екен?—деп салады.
Сонда Дәулет мүдірместен:
—Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, ақсақтың үйіне ба-
рар ма еді?—дейді.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда... 64. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына
кесене тұрғызуы]
(І нұсқа)
Күндердің күнінде Әмір Темір ел билеуші болып, жорық
қа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян
беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым
сені демеп жүреді»,—депті. Сонда Әмір Темір: «Мен сені
қайдан табамын?»—дегенде,—«Жолды мен өзім көрсетіп
отырамын»,—деген екен. Сонымен [тәуекелге] бел байлап,
Әмір Темір Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп,
Түркістан шаһарына келгенде, түсінде аян беріп, жатқан
жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында
да кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне
іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен,
таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қа
рауыл қояды. Таң алдында ұйықтап кетіп, кімнің бұзғанын
білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады.
Таң алдында ұйқы қысады, ұйқыға бой алдыра берген соң
қолын қанжармен тіліп жіберіп, ұйықтамау үшін тұз сеуіп
қояды. Сонымен бір кезде қараса, үлкен өгіз келіп, дуал-
ды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Әмір Темір
ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп,
былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы, саған
қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол—менің ұстазым, сен
оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына
ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің»,—депті.
«Мен оны қалай табамын?»—дегенде,—«Мен өзім жол
сілтеп отырамын»,—деп жауап береді.
Сонымен ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сон-
да жетіп, ұйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан
жерін көрсетеді. Таң ата, ерте басына барып, Құран оқып,
құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағы
дай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян
беріп: «Міне, енді сәтті болды, енді келіп менің басыма
9-137
тарихи аңыздар
ғимаратыңды салдыра бер!—дейді. Сонымен Түркістанға
қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін салуды бастаған екен.
Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатқанда,
Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс са-
лып жатқан ұста сол жаққа кетіп, көптеген себептермен
қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық біт
пей қалады. Сол кезден бастап Әмір Темір жорыққа шығар
кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет Ясауидің басына
зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған
екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып,
осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті
бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық
арасында шу шықпасын деп, білдірмей, «Әмір науқас» деп,
жол жүріп кетеді. Сол жолда Отырардан бері жайласқан
Темір стансасына келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді.
Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан Темірлан
деген жерге барғанда, халық Әмір Темірдің қайтыс болғанын
біліп қойып, сыр ашылған көрінеді. Міне «Темірлан» ата-
луы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі.
65. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына
кесене тұрғызуы]
(ІІ нұсқа)
Әуелде Қожа Ахметтің басына кесене орнату Әмір Темір
дің ойына келмеген жайт. Бұған әсер еткен сарай ақыны
Кермани. Басқалар азуы алты қарыс Әмір Темірге қарсы
бір ауыз сөз айта алмайтын. Ал Кермани: «Хандар, патша-
лар дүниеге өлім себеді. Олар—өмірдің жауы. Дүниеге өмір
ұрығын себушілер—аналар. Оларсыз өмір жоқ. Бәріңнің
де аналарың, балаларың бар, кілең бұқадан бұзау тумайды.
Балаларды тауып, өркенімізді өсіріп, көсегемізді көгертіп
отырған аналар ғой. Ана болмаса, хан мен патша қайдан
шығады»,—дейтін.
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Бірде көңілі тасып, ойы шалқып отырған Әмір Темір
оған:
—Кермани, егер мен сатылатын болсам, сен қанша берер
едің?—деп сұрағанда, ол:
—Жиырма бес мың әскер,—деп жауап беріпті.
—Мынау не дейді! Бұл менің белбеуімнің ғана құны емес
пе?—деді қатқыл дауыспен қатал әмірші.
—Мен сенің белбеуіңді ғана ойлап отырмын. Ал өзің түк
ке де тұрмайсың,—дейді Кермани.
Әмір Темір Герат қаласын жаулап алады, содан соң бү
кіл Персияны жаулап алу үшін жорыққа аттанарда кеңес
құрады. Мұны Кермани ұнатпай:
—Уа, ханым, сонау Қаратау мен Алтайдан бастап, қа
лың еліміз жатыр, бөтен елдерді жаулаймыз деп жүргенде
солтүстік жақтағы көршілеріміз және басқалары елімізді
шауып, жерімізді жаулап алмасына кім кепіл,—дейді.
Әмір Темір үнсіз, ұзақ ойланады, содан соң:
—Иә, солай болуы да ғажап емес. Бірақ бағымыз жа-
нып, ісіміз ілгері басып тұрғанда ат басын кері бұрғанымыз
қалай болар екен?—деп сәл ойланып алып,—менімше жат
діндегілерді өз еріктерімен бізге келіп қосылатын, бас иді
ретін бір амал ойлап табуымыз керек. Ол үшін шекараға жа
қын жерден көркі көз тартарлық сымбатты ғимараттар, са
ғаналар, қасиетті таңбалар, кесенелер салумыз керек. Олар
ата-бабаларымыздың рухын асқақтатып, дұшпандарымыз
дың мысын басып тұрсын. Сонда олар бізге ез еріктерімен
келіп бағынатын болады. Осыған сен не дейсің?—деп Кер-
маниге қарайды.
—Сөзіңіз орынды. Әуелі Ахметтің басына кесене орнат,—
дейді.
—Осы Ясы қаласындағы зиратқа үш Ахмет жерленген.
Солардың қайсысының басына кесене орнатқан жөн,—
дегенде, Кермани Қожа Ахметтің атын атайды.
Оның осы пікірі Әмір Темірді ойға шомдырды, үш Ахметті
ой таразасына салып таразылайды, үш Ахметтің бірі—сұлтан
тарихи аңыздар
болған Ахмет, екіншісі—Құбылайхан Ханбалықты алғанда
әскерінің оң қанатын басқарған атақты қолбасшы Ахмет, ал
үшіншісі—олардай мансабы зор, билік иесі емес, қатардағы
ислам дінін насихаттаушы сопы Ахмет. Оны бүкіл халық
жақсы көреді. Хикметтерін қолдан-қолға түсірмей оқып
жүр, қаза болғанына екі жүз жыл өтсе де, басына келіп дұға
жасаушылар әлі толастар емес.
Сөйтіп Алланың құлы, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың
үмбеті, ислам дінінің насихаттаушысы Қожа Ахмет Ясауи
дің басына кесене тұрғызғанды жөн деп табады. Оның үстіне
туған шешесі Сақыпжамалдың мәйіті осы жерде. Өзінің
кіндік қаны да осында тамыпты.
Әмір Темірдің шешесі Сақыпжамал оған екіқабат кезінде
түс көреді, түсінде жылан туады. Ол көз алдында үлкейіп,
айдаһарға айналады. Айдаһар әуелі Сақыпжамалды жұтып
қояды, содан соң елдің ханы Тоқталықты жұтады. Осы
түсін үйіне келген кемпірге айтады. «Басқа пәле тілден» де-
ген емес пе, әлгі кемпір сатқындық жасап, Сақыпжамалдың
түсін ханға жеткізеді. Хан Сақыпжамалды шақыртып
алып, ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастап кетеді.
Сақыпжамалдың туған сіңлісі артынан апасының жатқан
жеріне барғанда, жылап жатқан сәбиді көреді. Оның кін
дігін тісімен қиып, етегіне орап әкетеді. Алла тағаланың
рахымы күшті ғой! Қыз емшегін тосқанда, сүт ағып кетеді.
Сәби сүтке тояды. «Алладан ажал келмесе, балталаса да
өлмейсің» деген осы. Әмір Темір ат жалын тартып мініп,
ержеткенше шын шешесінің кім екенін білмеген.
66. Байшегір баба
(ІІІ нұсқа)
Әмір Темір бір елді жаулауға шығар алдында Түркістан
ға келуді, оның қасиетті топырағының бір уысын орамалына
түйіп алуды әдетке айналдырған. Сол дағдысы бойынша
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
Түркістанға келіп, қасындағы жан серік ақылмандарын жи-
нап әңгімелескен. Жорық жайын сөз еткенде сарай ақыны
Кермани:
—Уа, хан ием, тағы да жорыққа аттанғалы отырсыз.
Ананы жесір, баланы жетім етіп, көз жастарын көлдей
ағызып, қайғы-қасыретке душар етуді қоятын кезіңіз
болды емес пе? Адам қаны су емес қой, қанша жас
қыршынынан қиылды. Солардың бәрінің айтқанымызға
көндіріп, айдауымызға жүргіземіз деп жүргенде біздің елді
бөтен жұрттың шауып, ойрандамасына кім кепіл? Мұны да
ойлаңыз,—деген. Оның соңғы сөзі қанішер ханды терең ойға
шомдырған. «Бәсе, сөйтсе қайтеміз? Осы мен халыққа қандай
жақсылық жасадым?»—деген ой оралған. Аз үнсіздіктен
кейін:
—Ал, не істе дейсің маған?—деп Керманиге қараған.
—Сәулетті ауылдар, көрнекті қалалар, кесенелер сал. Ол
өзіңе орнатқан мәңгілік ескерткіш болып қалады. Ел көріп,
жұрт көріп, мұны кім салдырған демей ме? Сонда сенің атың
аталады.
—Жөн сөз, орынды пікір екен бұл.
Ойланып-толғана келіп, әлемде теңдесі жоқ кесене салуды
жөн көрді. Осы ойын айтып, «кімге кесене салған жөн?» деген
сауал қойды. Кермани іркілместен «Ахметке» деді. Мұнда
үш Ахмет жерленген. Біреуі—ел билеген хан. Екіншісі—
әскер басы. Ал үшіншісі—ислам дінінің уағыздаушысы. Ана
екеуінің зиратына келіп құран оқып жатқан ешкім жоқ. Ал
Қожа Ахметке келіп, зиратының басына түнеп, тәу етушілер
көп. Жазған хикматтарының елге тарап кеткені қашан?
«Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызсам, өз беделім де арт-
пай ма, менің жағымсыз істерімді жуып-шайып кетпей ме?»
Мұндай шешімге келуіне және бір себеп өзін жарық дүниеге
келтірген анасы Сақыпжамал осы кесене алдына жерлен-
ген. Мұнда келгендер шешесіне де құран бағыштар. Ой-
санасын баурап алған осы сезім Әмір Темірді кесене салуға
құлшындырды. Өз қарауындағы елдердегі құрылыс салудың
тарихи аңыздар
қас шеберлерін жинап, құрылыс материалдарын дайын-
датып, іске кірісті. Зәулім, алып ғимараттың қабырғасы
қаланып, күмбезін орнатамыз деп отырғанда бір ғажайып
күштің түнде тас-талқанын шығарғанын ертеңгісін көріп,
қайран қалды. Кесене қабырғасы қаланып, күмбезін орнатар
кезде осы жайт тағы қайталанды. Халықты жинап, мұның
себебін, не істеу керектігін сұрады. Сонда Байшегір деген
жігіт:
—Маған түнде әруақтарым аян берді. Ахмет Ясауи—
Арыстан баптың шәкірті. Арыстан бап—Алла тағаланың
сүйіктісі Мұхаммед пайғамбарымның сенімді серігі, сырлас,
сыйлас досы емес пе. Кесенені алдымен Арыстан бапқа сал-
май, оның шәкіртіне салып жатқаны қалай?—деп ренжіді.
Байшегір сөзіне Әмір Темір иланды.
—Шынында да солай екен-ау өзі. Мен қателесіппін, кешір,
Алла, күнәмді,—деп Тәңірге жалбарынды. Мұндағы жүріп
жатқан құрылысты тоқтаттырып, Арыстан бап кесенесін
тұрғызуға кірісіпті. Содан соң Ахмет Ясауи кесенесін салу-
ды қолға алды. Ол бастаған игі істі ұрпақтары жалғастырып,
тәмамдады. Байшегірдің ақылына, көріпкелдігіне тәнті бол
ған хан:
—Не тілегіңіз бар?—деп сұрағанда:
—Менің сүйегім осы кесене ішіне жерленуін сұраймын,—
деген. Әмір Темір жұрт көзінше:
—Бердім тілегіңді. Бұдан былай сенің атың «Байшегір
баба» аталсын!—деген. 67. Хулаку қырушы
Хулаку қырушы деген бір заман болған. Сонда бұл Ху-
лаку қосын тартып, Ферғана заманын харап қылған. Сол
жүрісінде бір шаһарды барып қамап тосады екен:
—Елші жіберсін маған!—дейді екен. Елші келсе:
—Мені бұл жерге кім ап келді?—дейді екен. Елші:
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
—Сізді бұл жерге Құдай әмірі ап келді,—дейді екен.
—Ендеше, сол Құдай: «Сені өлтір де, елін қыр!» деп ап
келді,—деп, елшіні өлтіріп, елін қыра бастайды екен.
Бұхарай Шәріфке барып түсіпті, елшілікке баруға жан
шықпапты, жан тәтті ғой. Сол уақытта Имам Қазы хан он екі
жасар бала күні екен:
—Елшілікке мен барайын. Маған бір нар беріңдер мінуіме,
екі зор кебеже теңдеп беріңдер, бір зор теке өңгертіңдер!—
депті.
Нарға мініпті, екі кебежені теңдепті, текені алдына өңге
ріпті. Қозы қарап жүрген балалардай қаңғып, Хулакуге ба-
рып, қарсы алдында нардан түспей тұрыпты.
—Не ғып жүрген баласың?—дегенде,
—Елшілікке келдім,—депті.
—Еліңнің кәтталары қайда?—дегенде,
—Елімізде нардан кәтта ешкім табылмады,—депті.
—Қарны жуан, құрсағы құшақ билері қайда?—дегенде,
—Кебежеден қарынды табылмады,—депті.
—Ақсақалы қайда?—дегенде,
—Мынадан сақалы артық кім бар дейсіз?—депті.
—Тіл білетұғын, жауап берерлік жаны қайда?—дегенде,
—Мен тіл білсем керек, жауап берсем керек!—депті.
—Жарайды, олай болса, мені бұл жерге кім ап келді?—
дегенде,
—Сізді бұл жерге біздің бұзылған пейіліміз ап келді.
Құдайымыздың қыл дегенін қылмадық, Пайғамбарымыз
дың әмірін алмадық! Ұрлық, зорлық, өтірік—үшеуі бізді би
леді. Сонан соң: «Оларға билеткенше, өзім барып билейін!»
деп сіз келдіңіз. Біздің қылығымыз орынсыз, сіздің келуіңіз
орынды жұмыс,—депті.
Хулаку жауабына риза болып:
—Балам, қалағаныңды ал!—дегенде,
—Бір өгіздің терісінің аумағындай жер берсеңіз болады,—
дегенде,
тарихи аңыздар
—Бердім, балам, бар жеріңді өлшеп ала ғой, қалғаны да
маған жарар!—депті.
Бала аман келген соң, халық-жұрт қуаныпты. Алған
қолқасын айтқан соң:
—Ай, бәрекелді!—деп, күйініште болыпты.—Тым болма-
са, сондай хан: «Қалағаныңды ал!» деп, өзі айтып тұрғанда,
бүтіл Бұхараның үштен бірін сұрасаң еді!—деп.
—Жоқ, олай демеңдер, «Бір балаға мұнша жер немене ке-
рек?» десе, онда мен не демекпін? Бір дәу өгізді сойыңдар!
Құдай тәбәрік отғылы. Хазірет Мұса кәлималла заманында
сасқан, дағдарған жұртқа: «Ан тазе ахжұф абқырат» демеді
ме? Соның терісінен таспа қылып, үзбестен шар айналдыра
тіліңдер! Сол таспаның жеткен жерін маған байлар. Хан ғой,
екі сөйлемес, уағдасынан аса алмас,—деген соң, жалма-жан
жиылған көп бір дәумет өгізді сойып, терісін үзбестен таспа
қылып, тартқан екен: күллі Бұхараны орауға жетті дейді.
Сөйтіп, Бұхарай Шәріп Хулакуден аман қалған екен.
Мұның артынан Әмір Темір Көреген сол таспаның планы
мен (шүленімен) қорған соқтырыпты. Сол қорған төрт бұ
рышты да емес, дөп-дөңгелек те емес, таспа планымен
жүргізілген: қиқы-жиқы. Имам Қазы ханның өзін даруаза
Мазар Шәріпке жақын жол бойына қойып, басына мешіт,
медресе салдырып, басына шынар ағашын ектіріпті. Екі
соқыр түбінде отырады. Бұл күнде ол зат Шәріпті «Сахып
Бұхара» дейді. Бұхарай Шәріптің әмірі ол кісінің тұсынан
өткенде, аттан түсіп жаяулап өтеді.
68. [Өзбек хан туралы]
Өзбек хан заманының төрт әулиесіне Алладан: «Өзбек
ханға барып, оны ислам дініне кіргізіңдер» деген аян келе
ді. Алланың бұйрығымен олар Өзбек хан ордасының сыр-
тына келіп отырып, өздерінің ғибадаттарын жасай береді.
Ол кезде Өзбек хан сарайында сиқыршылар мен дінсіз
моңғол шапқыншылығы мен алтын орда...
көріпкелдер мынадай сиқыр көрсететін еді: Олар Өзбек хан
мәжілісіне өздерімен бал құйылған ыдыс әкелетін. Оған
түтік салса, бал түтік арқылы тостағандарға өзі құйылып,
тостағандар кісілердің алдына өзі жылжып баратын. Хан
бұларды өзінің шайықтары санап, өзімен қатар отырғы
зып, оларға үлкен қызмет көрсететін. Бірде мұсылмандар
келген күні де Өзбек хан әдеттегідей мәжіліс өткізді. Күн
дегідей оның шайықтары өздерімен бірге бал алып келді.
Бірақ бұл күні бал тостағандарға құйылмады, тостаған
дар өздері жылжып, кісілердің алдына бармады. Өзбек
хан себебін сұрады. Сонда оның қасындағы діндарлары:
«Осы маңға мұсылмандар келген болу керек»,—деп жа
уап берді. Хан қызметшілерге мұсылмандарды тауып ке-
луге бұйырды. Қызметшілер сыртқа шыққанда, орданың
сыртында басын төмен салып, ғибадатын жасап отырған
киім киісі бөлек төрт кісіні көрді. Қызметшілер: «Сендер
кімсіңдер?»—деп сұрады. Олар: «Бізді ханға алып бар»,—
деді. Оларды ханға апарды. Хан оларды көргенде, Алла
ханның жүрегіне бір жылылық салды. Хан олардан:
—Сендер кімсіңдер?—деп сұрады. Олар:
—Біз—мұсылманбыз. Біз Ұлы Жаратушының әмірімен
сізді ислам дініне кіргізуге келдік,—деді. Осы кезде хан
айналасындағы діндарлар:
—Олар—нашар адамдар! Сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Біз
оларды өлтірейік,—деп шулап қоя берді. Сол кезде Өзбек
хан:
—Мен оларды не үшін өлтіруім керек? Мен—патшамын.
Сендердің ешқайсысыңда менің жұмысым жоқ. Кімнің діні
дұрыс, мен сонымен бірге боламын. Егер де олардың діні
дұрыс болмаса, неге сендердің балдарың құйылмай қалды?
Бәсекелесіңдер! Кім жеңеді, мен соған бас иемін,—деді. Екі
топ хан алдында сөз жарыстырып, көп дауласты. Бірінің
сөзіне бірі тоқтамады. Соңында екі тандыр қазып, оларға
он арбадан сексеуіл салып, бір тандырға сикыршылардың
бірін, екінші тандырға әулиелердің бірін салып отқа жағуға
тарихи аңыздар
шешім қабылдады. Кімнің діні дұрыс болса, сол жанбайды.
Ертесіне екі тандыр қазып, оған сексеуіл салып, өртеп, тан-
дырды барынша қыздырды. Осы кезде әулиелер бір-біріне:
«Сіз түсіңіз, сіз түсіңіз»,—деп жол беріп, соңында Баба Ту-
клас деген кісі түсетін болды. Ол кісі:
—Маған сауыт әкеліп беріңдер,—деп, сауыт алдыр-
ды. Сауыттың көздерінен түктері шығып тұрды. Сол күйі
ол қызған тандыр ішіне кірді. Тандырдың үстіне қойдың
бұзылмаған етін қойды. Сиқыршылардың бірі тандырға
кірген бойда жанып кетті. Оны көрген Өзбек хан олардың
дінінен бас тартты. Ал әулие кірген тандырдан зікір айтқан
Баба Тукластың үні шығып тұрды. Тандыр үстіне қойған
қойдың еті піскен кезде, олар тандырдың бетін ашты. Баба
Туклас бетіндегі терін сүртіп:
—Неге ерте аштыңдар, зікір әлі біткен жоқ еді,—деп
кейіп, тандырдан шықты. Үстіндегі сауыт қып-қызыл болып
балқып тұрды және ол кісінің үстіндегі бір тал түгі күймеген
еді. Мұны көрген Өзбек хан мен өзге халық ислам дініне
мойынсұнды.
69. Әз Жәнібек
Арғынның арғы атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның
сүйікті қазысы екен. Ол кісі әрі әділ, әрі батыл адам болған
дықтан, Ақжол атаныпты. Әбілхайырдың және сүйіктісі
Қара қыпшақ Қобыланды батыр екен. Әбілхайырдың осы екі
сүйікті адамы іштей жауласып, араз болып жүреді. Сондай
шекісу үстінде айдалада Қобыланды батыр батырлығын жа-
сап, Дайырқожаны өлтіріп кетіпті. Ел арасына араздық түсе
бастайды.
Осы кезде әз Жәнібек хан Қобыланды батырға қатты
өкпелеп, оны шариғат жолымен қысас қылып өлтіруді сұ
рапты. Әбілхайыр хан мұның талабын орындайын десе,
қалың қыпшақ тегіс жауласып, бұлардан безіп кететін бола-
ды. Осыны ойлаған хан:
—Үш кісінің құнын алып бітісіңдер,—деген екен. Оған әз
Жәнібек көнбей, ханға өкпелеп, қасына қалың елді ертіп кө
шіп кетеді.
70. [Әз Жәнібек пен шал]
Әз Жәнібек ханның бір бес уәзірі хан қолында бірнеше
жыл жүріп ақылға да, білімге де өзін-өзі артық асқандығын
сезіпті. Әрдайым ойлайтыны ой: «Ай! Осы ханның хандығы
Қазақ хандығы тұсындағы
оқиғалар мен қайраткерлер
туралы аңыздар
тарихи аңыздар
болмаса, менен ақылы кем-ау! Әз Жәнібектің хан болып
отырғаны, түзу билік айтып халық алдында әділ би болып
отырғаны да менің арқам-ау. Ертең мен өлсем, яки мен басқа
бір алыс сапарға жол шексем, осы қайтер еді?—деп ойлайды
да жүреді.
Бір күні хан сейіл құрмақ болып қасына әлгі уәзірді алып
жолға аттанды. Келе жатса, бір үлкен биік таудың ішінен
жайылып тұрған он шақты ешкі-лақты көреді.
«Бұл таудың ішінде иесіз жүрген неғылған мал?» деп
сейілшілер аралап келе жатса, алдынан бір қоңыр киіз үй
кез келеді.
—Үйде кім бар, сөйлес,—дейді хан.
—Үйде кісі де жоқ. Адам жоқ,—дейді үйден біреу. Хан
аттан түседі, үйге кіреді, уәзір де кіреді. Үйде төр алдында
бір шал отыр. Сәлем береді, амандасады.
Хан:
—Е, шалым, асқар тауың қалай?
Шал:
—Асқар тауымды қар шалды. Хан:
—Шұқырың қалай?
Шал:
—Шұқырға су толды.
Хан:
—Екеуің қалай?
Шал:
—Екеуім үшеу болды.
Хан:
—Жақыныңмен қалайсың?
Шал:
—Жақыныммен күнде найзаласам.
Хан:
—Еліңмен қалайсың?
Шал:
—Еліммен мүлде аразбын.
Хан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Ал, шалым-ай, арзанға бітесің-ау!
Шал:
—Айдаушысы келсе, атамның құнын алмай бітпес едім.
Сөз осымен бітті. «Қуыс үйден құр шықпас деген» деп,
шал от басында тұрған қара шаугемнен әкеп су ауыз тигізді.
Бұдан әрі хан отырған шалмен қоштасып, қайтып кетті.
Хан үйге келіп білгіш уәзірге бұйрық қылды:
—Әлгі шал не айтты, мен шалға не айттым. Үш күнге
дейін тап, таппасаң, басыңды аламын! Уәзір әрі ойлады,
бері ойлады, таба алмады. Үшінші күні болса да, «өлдім»
деп тоғыз түйеге тоғыз-тоғыздан қазына артып баяғы шалға
келеді. Шал азырқанып, әкелген сыйын алмайды. Ақырын
да шал уәзірден үш тоғыз алып, ханмен сөйлескен жұмбағын
шешті.
—«Асқар тауың қалай?» дегені—«басың қалай, шашыңа
ақ кірді ме?» дегені. «Асқар тауымды қар шалды» дегенім—
«шашыма ақ кірді» дегенім. «Шұқырың қалай?» деді, «көзің
қалай?» дегені. «Шұқырыма су толды» дедім, «көзіме жас
толды» дегенім. «Екеуің қалай?» дегені—«таяқсыз жүре
аласың ба?» дегені. «Екеуім үшеу болды» дедім, «таяқсыз
жүре алмаймын, сондықтан аяғым үшеу болды» дегенім.
«Жақыныңмен қалайсың?» деді, «тамағың қалай?» дегені.
«Жақыныммен күнде найзаласам» дедім. «Тамақтан жақын
нәрсе жоқ. Азу тістің әр жерде бірі қалған, тамақ же-
ген сайын қызыл иегімді найзалап жанымды шығарады»
дегенім. «Алысыңмен қалайсың?» деді, «көзіңе жас тол-
са, алыстағыны көзің көре ме?» дегені. «Алыспен мүлде
аразбын» дедім, «алыстағыны мүлде көре алмаймын»
дегенім. «Ай, шалым-ай, арзанға бітесің-ау» дегені—«әгар
осы сөйлескен сөзімізді мына жанымдағы уәзір сұрап кел-
се, босқа айтып қоясың-ау!» дегені. «Айдаушысы келсе,
атамның құнын алмай бітпес едім» дедім. «Әгар сіз уәзірді
жақсылап қорқытып қыссаңыз, атамның құнын алып, сонан
кейін айтармын» деген сөзім. Міне, шырағым, мен атамның
тарихи аңыздар
құнын алдым. Осымен ырза бол,—деп шал сөзін бітірді. Шал
жүйрік пе, хан жүйрік пе?
71. Қойшы бала
Атақты Жәнібек хан бір күні аңда жүріп адасыпты. Бір
тауға шыққан екен, бір бала қой жайып, ағаш түбінде сы
бызғы тартып отыр екен. Сыбызғысының дауысы сондай
әйбат көрінді. Хан баламенен сөйлескен еді, әлгі ештеме
көрмей, қой ішінде өскен баланың ашық жүзі һәм түзу бер-
ген жауабы бек ұнасты ханға.
—Кел, мұнда мынау бала қалай деп ойлайсың?—деді
хан келе жатқан уәзіріне. Хан тағы да әр турадан сұраған
еді, бала бәріне жауап қайырды. Өзінің өткірлігімен, ашық
тығыменен хан менен уәзірді бек қайран қалдырды бала. Хан
баланы өзімен бірге әкеткісі келді, оған өнер-білім білгізіп,
жақсылап асырамақ үшін.
Жаман жерден алып, жақсы жерге отырғызған гүл қан
дай жақсы өседі, бала да сондай өнер тауып, бір ұлы даныш-
пан адам болды ақырында. Хан оған есім қойды Әлібек деп.
Күннен күнге оны жақсы көре бастады һәм ақырында өзін
қазынашы қылды патшалыққа. Әлібекте жақсы қылықтың
бәрі болды. Сенімділік, жаһаттық, мархабаттық, халі жет-
кенше жақсылық қылатын сұрағанға, әйтеуір, ханның қол
астына қараған өзге ұлықтарға ұқсамаған мінезі. Қылған
қызметіне, көрсеткен жәрдеміне ешбір ақы алмаған. Сон-
дай болып жүрсе де, Әлібек ғайбаттан құтылмаған. Ханның
өзге сарайдағы нөкерлері көре алмай, не түрлі амал қылып
ханменен шағыстырған. Хан оған көп құлақ қоймады.
Себебі ханның өзі данышпан адам еді, бірақ Әлібектің со-
рына қарай Жәнібек хан өліп, орнына баласы хан болды.
Бұл әкесіне тартпаған, адамға сенбейтін, діні қатты, сараң
еді. Шөлдеген кісі бір кесе суды қандай сүйсе, кісі өлтіруді
сондай жақсы көретін еді. Әлібектің дұшпандарына сон-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... дай адам керек еді. Бұлар күнде үстінен айтып тұратын болды. Хан әуелі оған құлақ қоймады. Бір уақытта олар дың айтқандары рас сықылды көрінді. Хан бір күні бағалы тас орнатқан қылышты қарағысы келді. Бұл қылышты әкесіне бір патша сыйлаған екен. Қылышты ешбір жерден таба алмады қазына қағазында жазулы болса да. «Мұны қазынашы алды» деген ойға келді, ханның дұшпандары іле-шала Әлібекті ханға шағыстырды. «Әлібектің қылғаны ның бәрі арам. Себебі өзі мұнда жалаңаш келген бала еді, осы күні қанша үйлер салдырған, алтын, күміс жасауына һәм сайманның барлығына есеп жоқ. Қазынадан ұрлап алмаса, оны қайдан алды?» Солай деп ханға айтып отырғанда Әлібек кіріп келген еді. Хан қатты қаһарменен қарап айтты: —Әлібек, сенің сенімсіздігің маған белгілі. Сен мұнан былай менің қазынашым емессің. Мен саған қатты бұйыра мын екі жұмада қазынаның есебін бер! Әлібек мұнан қорқа қойған жоқ. Себебі көңілі таза еді. Бірақ ойлады: «Менің дұшпандарым екі жұмада тағы мұнан жаман бірдеме табар» деп. —Ұлы хан, менің жаным сенің қолыңда. Мен қазынаның кілтін һәм өзге сіздің құрметіңіздің белгісін қазір столы ңызға салуға даярмын. Егер мендей құлыңа мархабатың болса, мен сұрайын деп тұрмын қазынаның есебін қазір алуды менен. Әлібектің бұл арызы ханға бек ұнасты. Ертеңінде хан қазынаның есебін алған еді, бәрі түгел екен. —Қылышты өлген хан өзі алып, асыл тастарын өзге нәр сеге орнатқан,—деді Әлібек. Бұған хан ештеме айта алмады рас болған соң. Қазына ақшасы һәм өзге бағалы нәрселері түгел көрінген соң хан ештеме айта алмады. Сенімсіз адам өзінің ойлағаны рас шықпаса, ыза болады ғой. Хан да ашуланып, ойланып, ішінен өзге бір амал тағы тапты. Нөкерлері Әлібектің үйі жасаулы, байлығы артық дегені ойында болып, уәзірінің үйін көруге барды. Хан келсе, құр үйінің төрт қабырғасынан басқа
тарихи аңыздар һәм жүріс-тұрысқа аса керекті нәрселерден басқа дәнеме жоқ һәм жасаудан да бір нәрсе де жоқ. Хан қайран болып тұрды не айтарын білмей. Бір патшалы жұрттың қазынасын билеп тұрған Әлібектен ханның қол астына қарайтын орта жабайы адамдар салтанатты тұратын көрінді ханға. Өзінің сенбегеніне ұялып, кеткелі тұр еді хан, қасындағы нөкері нің бірі жанындағы бір есікті ымыменен көрсетті патшаға. Сонан соң патша жан-жағына қараған еді, бір есік тұр екен үлкен екі құлып салған. Есікке хан жақын келіп Әлібектен сұрады: —Осынша мықтап жауып бұл үйде не сақтайсың? Әлібек әуелі не айтарын білмей сасып қалды, артынан түзеліп айтты: —Ұлы хан, бұл үйде менің ең қымбатты нәрсем бар, мұнан бұрын көрген мүліктің бәрі хандікі. Бұл үйде тығулы жат қан менің байырғы мүлкім бар. Мен сізден, алдияр, сұрай мын, бұл есікті «аш!» деп сұрамаңыз менен. Сенбейтін ханға Әлібектің қорыққан түрі қауіпті көрінді. Хан қатты бұйырды: —Аш есікті!—деп, Әлібек есікті ашқан еді, хан үйге кіріп көрді. Үйдің ағартқан төрт қабырғасынан басқа ештеңе жоқ екен. Жалғыз-ақ қойшының жыртық-жыртық киімі, бір сы бызғы, бір таяқ һәм бір малшының қалтасы тұр шегеде ілулі. Бәрі таң қалды. Ханның өзіне бұл қылғаны ыңғайсыз болып көрінді. Себебі өзі ойлаған еді, тығулы жатқан алтын, күміс бар ғой ол үйде деп. Әлібек адалымен айтты: —Ұлы хан Жәнібек мені далада, қойда жүргенімде алғанда бар менің мүлкім осы еді. Мен бұларды сақтап жүрмін. Бақытты жасымдағы белгі деп. Ұлы Жәнібек сондай мархабатты еді, менің бұл нәрселерімді өзіме қалдырды. Ұлы патшам, сіз де бұл нәрселерімді өзіме қалдырады ғой деп ойлап тұрмын. Һәм маған бостандық берерсіз қайтадан туған жеріме баруға, сіздің салтанатты байлығыңызда жүр геннен де, онда мен қойымды бағып, кедейлікте жүргенім де бақытты болған едім,—деді. Әлібек ханға мұны айтып
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
үндемей тұрды. Тұрғандардың бәрінің көңілі бұзылды. Үл
кен қадір тұтқанының белгісі деп хан үстінен шекпенін
шешіп, Әлібекке кигізді. Жек көргендері, ғайбаттағандары
ада болып, адал Әлібекке мұнан былай ешкім сөз айтушы
болмады.
Әлібек көп ғұмыр сүріп, әділдік, адалдықтың құрметін
көріп тұрды. Әлібектің адалдығы мақал болып, біреудің
адалдығын көрсетейін деген кісі айтар еді: «Оның адалдығы
Әлібектей» деп.
72. Асан қайғы
Асан қайғының әкесі—Сәбит деген кісі. Ол кісінің бір
қара тұлпары, бір қара бүркіті, бір қара тазысы болады.
Кәсібі аңшылық болады. Баласы болмайды. Бір күні түс
көріп, әйелін шақырып алып:
—Мен бір жетінің ішінде өлемін. Енді маған керегі жоқ,—
деп қара тұлпарды, тазыны, бүркітті қоя береді. Сонсоң
әйеліне мынаны тапсырады:
—Сенің ішіңде алты айлық ұл бала бар. Атын Асан қой.
Қашан бала ержетеді, сонда мына жүгенді, балақ бауды,
қарғыны бер! Бұл әкеңнен қалған мирасы де. Бұлғыр тауына
барып «құрауласа», тұлпар келеді, «бапаласа», бүркіт келеді,
«кәкаласа», тазы келеді. Осылар қолына тигеннен кейін мен
сияқты аңшы болсын. Жалғыз-ақ Бұлғар тауының басына
шықпасын!—дейді.—Егер шықса, өмірі бейнетпен өтеді.
Әкесі өлгеннен кейін, бала ер жеткеннен кейін шешесі
оған айтылған аманатты тапсырады.
Асан Бұлғыр тауына барып «құраулап» еді, тұлпар келді,
«бапалап» еді, бүркіт келді, «кәкалап» еді, тазы келді. Әкесі
айтқан өсиет: «Бұлғын деген аң, соны қуа-қуа аты да, өзі де
өледі» деген сөз. Тағы да Асан аңшылыққа шығады.
Бір күндері аң аулап келе жатса, алдынан бір аң қашады.
Айшылықты алты басатын тұлпары, көзіне көрінгенді жі
10-137
тарихи аңыздар
бермейтін тазысы аңға жете алмайды. Соңынан Асан қал
майды, бір жерлерге келгенде түс ауа аңға жетеді. Аңды
соғып алып, қанжығасына байлап, бір төбенің үстіне шықса,
етекте отырған бір ауылды көреді. Аңды қуып шаршаған
адам көрінген ауылға келіпті. Келген ауылының бір қызы
Асанды көріп «ішін тартқан» екен. «Неге ішіңді тартасың?»
деп сұрағанда, қыз былай деп жауап береді:
—Адамның сұлтаны,
Аттың тұлпары,
Құстың сұңқары,
Иттің сырттаны,
Мылтықтың ақ берені,
Қылыштың нар кескені,
Түлкінің бір шегі.
Іздесең қандай табылмас еді, жетеуінің бір жерге қосыл
ғанына таңырқанып ішімді тарттым,—депті. Содан кейін
қыз Асанның демалып, қонып, аттанарына көңіл білдіреді.
Асан қыз сөзінен аса алмай, сол күні сол үйде болады. Таң
атқан соң атын ерттеп дайындалып, жүрейін деп отырғанда,
қыз саптаяққа бал құйып әкеледі. Асан саптаяқты қолға
ұстап отырып, қыздың шамасын байқау үшін мына сөзді ай-
тыпты:
—Без қайыңның безі екен,
Нағыз бездің өзі екен,
Ішіне құйған шекер екен,
Әйтсе де мына бір жері бекер екен,—
деп саптаяқтың ернеуін бір сипап қойыпты. Сонда қыз бы-
лай дейді:
—Без қайыңның безі болса,
Нағыз бездің өзі болса,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Ішіне құйғаны шекер болса,
Ол жерін кемсінбей-ақ ішер едің-ау, балық
шым,—деген екен. Асан қыздың бұл сөзіне жауап таппай,
атына мінгенде қыз тағы былай депті:
—Сенің атың қазір Асан ғой. Көп ұзамай «Асан қайғы»
атануға тиістісің. Үш жыл күтем, ендігісін өзің білесің,—
деген екен.
Асаннан Шашты Әзиз туады, Едігені Тоқтамыс өлтіреді.
73. Асан қайғы туралы аңыз
(І нұсқа)
Ертеде бір ханның қартайғанша баласы болмаған соң бала
үшін тоғыз әйел алыпты. Ақырында ең артқы әйелінен бір
ұл бала болып, атын Асан қойыпты. Бала балиғатқа толмай
тұрған уақытында хан қатты ауырып өлер халатқа таянған
соң уәзірлерін жинап отырып, мынадай тапсырма тапсы-
рыпты:
—Менің күнім жақындаған сияқты. Сондықтан орны-
ма балам Асанды тағайындаймын! Бұл ер жетім ел билеуге
ауылы жарағанша елге басшылық етіп, Асанға қамқорлық
етуді барлығыңа, әсіресе бас уәзірі саған тапсырамын!—
депті. Онан кейін тағы мынаны айтады:—Ала бие бар, соның
биылғы құлынын, үйде бір сары ала тазы бар, соның биыл
ғы күшігін, пәлен жерде бір бәйтерек бар, соның басына бір
бүркіт ұялайды. Соның биылғы балапанын алып, асырап
өсіріп, осы үшеуін ер жеткен соң Асанға мұны да тапсыр!—
депті. Сөйтіп, хан көп ұзамай өліпті.
Уәзірлер айтқанын қата қылмай, ер жеткен соң әуелі
Асанды таққа мінгізіп, сонан кейін манағы айтылған үш
затты да тапсырыпты. Құлын тұлпар, күшік құмай, балапан
қыран болыпты.
Бір күні Асан көп уәзірлерімен аңға шығып, алыстап ба-
рып бір киік қуады. Кешке дейін қуса да киік жеткізбепті.
тарихи аңыздар
Басқалары қара үзіп қалып, тұлпар мінген Асан жетпе-
генмен, қара үзіп қалмай ымыртқа дейін қуып қараңғы
түскен соң, жалғыз жас бала далаға жата алмай түнімен таң
атқанша, ертең күн батқанша, тіпті біраз күнге дейін ел кез-
деспей, айдалаға тоқтай алмай, аңыратып сала береді.
Бірнеше күн өткен соң бала әбден қансыраған кезде бір
елге кездеседі. Бір үйден келіп ат үстінде тұрып сусын сұрап
тұрғанын сыртынан ханның қызы көріп, түр-нұсқасына
қарап, бұл тегін адам емес екенін біліп, бір адам жіберіп
баланы шақырып, ордасына алғызып бағып, екі-үш күн
тыныққан соң, баладан жөн сұрапты. Бала жөнін айтқан
соң:
—Жігітім, еліңнен өте ұзақ кеткен екенсің, елің осы
жерден қырық күндік жер. Екі орта елсіз. Басшысыз еліңді
табуың қиын. Егер ұнатсаң, мен бір ақыл айтайын,—депті.
Асан:
—Мақұл,—деп қыз сөзін тыңдайды. Қыз айтады:
—Бұл—мұсылман перінің елі. Менің әкем—осы елдің
патшасы. Мен оның жалғыз қызы болғандықтан, менің
ерге шығу жөніндегі еркімді әкем өзіме беріп қойды.
Осы хабармен талай ханзадалар келіп еді. Бірақ олардың
бірімен де келісе алмадым. Ал қазір сен ұнатсаң, мен сені
ұнатып тұрмын. Мақұл көрсең, қосылайық,—депті. Бұған
Асан да қарсы болмаған соң, қыз дереу әкесіне хабарлай-
ды. Әкесі де қарсы болмай, бірнеше күн ойын-сауықтарын
өткізіп, қызын Асанға неке қиып қосады.
Бұл жұмыс жайғасқан соң, Асан әйеліне елінің әбігер бо-
лып жатқанын айтып, енді кешікпей еліне жүрмек болып
ақылдасқан соң, әйелі де қарсы болмайды. Асан бұл хабарын
хан атасына айтқан соң, о да қарсы болмай қасына бірнеше
жолдастар қосып, қыз-күйеуін аттандырады. Сөйтіп, аман
еліне келіпті.
Әбден әурелікке түсіп жатқан елі жоғалған ханы келген
соң үлкен той қылып, тамашаға кіріседі. Бірақ осы қуа
ныштың үстінде Асанға тағы бір көңілсіздік пайда болады.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Оның әйелі үйіне келісімен мылқау болып және құлағы да
естімей қалады. Тәуіп, бақсы-балгерлер жаза алмайды.
Бір күні Асан әйелін ертіп базарға барады. Қасына ертіп,
базарды аралап жүргенде бір жерде ерлі-зайыпты екі әйел,
екі еркектің сөйлесіп тұрған сөзіне құлақ қойса, бір әйел
тұрып:
—Дүниеде біз төртеуміздей жаны дос, тату замандас бо-
лар ма екен? Біздің осы тату достығымыз баламыздан балаға
қалып, мәңгілік үзілмес,—депті. Басқа анау үшеуі де мұны
құптап, қарқылдап күліседі. Сол кезде Асанның мылқау
келіншегі жымиып күледі. Онан шығып және базарды ара-
лап жүрсе, бір жерде біреу етік саудалап тұр екен. Ол етікті
қымбатсынып:
—Өте қымбат сұрадың, осы етігің он жыл киюге шыдай
ма? Егер он жыл киіс жараса, сұрағаныңды беріп алайын,—
депті. Мылқау келіншек бұл сөзге де езу тартып күледі.
Асан әйелін ертіп үйіне келіп, уәзірлерін шақырып алып,
мәжіліс сарайына әйелді де алғызып былай дейді әйеліне:
—Сен осы үйге келгелі мылқау болып қалдың, бір түрлі
кеселге жолыққан шығар деп жүр едім. Олай емес, сен жор-
та істеп жүр екенсің. Егер кеселің қиын болса, бүгін базарда
достықтарын дәріптеген екі әйелдің сөзіне және етік сауда
қылған адамның сөзіне күлдің. Егер саңыраулығың рас бол-
са, сөзді қалай естідің? Шын сырыңды айт, болмаса қазір
өлімге бұйырамын,—деп қорқытады. Уәзірлері де:
—Айтыңыз,—деп өтінеді. Әйел қорыққанынан сөзге кі
ріседі, ол былай дейді:
—Менің кеселім жоқ, жорта етіп жүргенім анық. Өйт
кені біздің перінің заңында перінің қызы ықтиярымен адам
затқа тисе, сол күнінен бастап қырық күнге дейін сөйле
мейді. Егер сөйлесе, бір түрлі бақытсыздыққа кездеседі.
Сол тәртіпті сақтап сөйлемегеніме бүгін отыз тоғыз күн бо-
лып еді. Ертең шыдағанда, арғы күні өзім де сөйлейтін едім.
Оған қарамадың. Енді сөзсіз бір бақытсыздыққа кездесеміз.
Бірақ анау кісілердің сөздеріне күлгенімді айтайын.
тарихи аңыздар
Анау достықтарын дәріптеп тұрған екі ер, екі әйел төр
теуі бірімен-бірі ойнас. Достықтары адал жүрекпен емес,
адам жақсымен. Бұлардың осы жұмыстары әшкереленіп,
жақында бірін-бірі өлтіреді. Ал анау етік сауда қылып
тұрған жігіттің он күндік қана өмірі бар. Соны білмей опа-
сыз дүниеге алданып тұрғанына күліп едім,—дейді. Сөйтіп,
қыздың жасырып жүрген ұшатын аты бар екен. Соны мініп,
«қой, қош аман бол!» деп ұшады да кетеді.
Асан осы қайғыға ұшыраған соң әрі-бері ойланып
барлық мал-мүлкін, тәж, тақтын, ел-жұртын тастап, бір
желмаяға мініп, әйелін іздеп дүниені кезуге шығады. Сөй
тіп, Асанның дүниені кезіп аралауына осы себеп болған
екен. Және Асанға «қайғы» деген ат осыдан кейін пайда
болыпты дейді аңыз.
74. Асан қайғы
(ІІ нұсқа)
Асан қайғы деген жеті жасында жетім қалған бала екен.
Солай болса да өсіп, ер жеткенсін батыр адам болып, аң ау-
лап жүргенде бір жақтағы елден бір жақсы қыздың хаба-
рын естіген. Соны көруге барамыз деп маңдай қойып келе
жатқанда манағы қыз анасына: «Мама, бүгін үйге төрт сырт-
тан келеді. «Адамның хаты құлағы, құстың хаты қияғы,
иттің жез тырнағы, жылқының мастек тұяғы» деген, үйіңді
тазалап қоярсың»,—дейді.
Айтқандай Асан қайғы көруге сол үйге келіп қалып, отыр
ғансын қызды ұнатып, басындағы шашын сипайды. Сон-
да қыз тұрып ана жердегі жатқан үлкен тай терісі тулақты
бүтіндей сипаған екен. «Ал, енді болмас» деп қайтып кеткен.
Сонан үйіне келіп анасына айтқан:
—Менің әкем дүниеде не кәсіп етіп кетті?—деп. Анасы
айтқан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Әкең аң аулаған еді, балық аулаған еді. Ғұмыры солар
мен өткен еді,—деген.
Сонан қасына жолдас ертіп, аң аулап әм балық аулап
жүрген. Сонда судан бір қармаққа ілініп алтын сандық
шыққан екен. Ашып қараса, ішінде айдай сұлу қыз жатыр
екен. Сол қызды Асан алған. Жарайды, қыз ешбір ауыз сөз
айтпаған. Қалайда сөйлете алмай дағдарып, ақырында Мы-
сыр шәріне барған. «Мысыр қызығына қызып сөйлемей
қалмайды» деген. Мысырға кеткен. Мысырға барса да сөй
лемеген. Бірақ үш жерде сақылдамай ғана жайлап күлген.
Күлгендері мыналар:
Бір адам тұз алып жатыр екен жалаңаштанып, бұлар
келіп қалғанда ұялып, тұзбен бір адам әуретін жапқан. Сон-
да бір күліпті.
Бір күні базарда көп адам жүр екен. Сонан бір адам етік
саудалап, қасындағы жолдасына: «Сол етік үш жылға дейін
жыртылмай шыдар ма?» дегенде бір күліпті. Сонан соң екі
қатын бір балаға таласып қазыға барып, қазы: «қылышпен
ортасынан шауып бөліп беремін» деп қолын көтергенде бір
қатын: «Түйе берген қарағым-ай, қайда жүрсең де тек аман
жүрсең болар. Енді нағылайын!—деп еңіреп жүре бергенде
бір күліпті. Басқа сөз жоқ.
Сонан елге келіп, қатыны сөйлемегесін арланып:
—Мысырға алып барып едім, үш жерде күлдің. Неге
сөйлемейсің?—деп қылышпен шабарға келгенде қыз айт
қан:
—Тоқта, батыр, тыңдаңыз. Күлген себебім мынау: тұз
алып жатқан адамдардың адамнан ұялып тұзбен к...н
жапқаны бек ұят емес пе? Тұз дүниедегі дәмнің ең жоғар
ғы даражадағы дәм еді. Олсыз нәрсенің дәмі болмайтын
еді. Сонымен к..н жапқан ақымақтығына күлдім. Екінші,
етік саудалаған адам айтады жолдасына: «үш жылға
жыртылмай шыдар ма» деп. Ол адамның ғұмыры үш күн
ғана қалып тұр. Пәнидің қызығына алданып, пенденің
тарихи аңыздар
өлімінен хабарсыздығына күлдім. Үшінші, қатындар ба
лаға таласқанда, қазы екі бөліп берейін деп қылышпен ша-
бам деп қолын көтергенде баланың өз анасы: «қарағым-ай,
қайда жүрсең де, аман жүр!» деп, нағыз жаны ашып қоя
берді ғой. Ана жанжал қатынның біреудің баласын нақақ
тартып алғанына күлдім. «Құдайдан қорықпаса, адамнан
ұялмаса, өтірікпен де мақсатын етеді екен» деп күлген
себептерім осы болды. Ал енді, батыр, менің сөйлемеген
себебім—адамға пәле тілден еді. Келген жылдарымда саған
еш бір ауыз сөйлемесем, тауып айтсам—жақсы, қатеріңді
шаттандырып сөйлесем—жақсы. «Әгар да бір күні жаман
айтсам, бек ұят болар. Мәңгі бақытыма кесел болар» деп
ойлап, сақтанып сөйлемеген едім. Әйелдің ері Құдайдан
соңғы қожасы әм пірі деп еді, пірім деп қорқатын едім.
Сол жайдан бір бала туғанша бетінен ұятым кетпесін деп
едім. Оған сіз қаратпай мені қылышпен шауып өлтірмекші
болдың. Амалсыз сөйледім. Жарайды енді, оған қаратпай
сөйледің. Мені еткен уағда, сертімнен тайдырып, күнәлі
еттің. Ал енді сөйлейін. Мен су сұлтанының қызы едім.
Он үш жасымнан түсімде сені көріп, ғашық болып, саған
қосылуға тілеп едім. Жарайды, тауып қосылдым. Бірақ
сен мені нақақтан күштеп, сабыр етпедің. Соңына қара
май, жәбірлеп сөйлеттің ғой. Тағдыр солай болған дүр,
енді мен сенен кетем, ішімде туарға үш ай қалған ер балаң
бар. Соны қырық күншілік шөлден табарсың. Яки қырық
күншілік дарияның жағасынан табарсың. Қал да, іздеп
күні толғанда алып кет»—деп,—қой, қош аман бол,—деп
жөнелген,—Маған ренжіме, өзіңнің сабыр қылмағаныңа
ренжірсің,—деп. Қыз қашып, Асан қуып, ақырында қыз
жеткізбей дарияға түскен де кеткен. Асан қалған. Сонан
Асан қайғылап қаңғырып, баласын іздеп, дүниенің төрт
бұрышын желмаямен желдіртіп бармаған жері жоқ. Асан
қайғы қайғыланғанда сонан бастап қайғыланған екен.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... 75. Қасенханның Асан қайғы атануы
(ІІІ нұсқа)
Қасенхан бір күні Ғұзайнұр деген кісіге:
—Маған арнайы бал ашып беріңіз,—депті. Ғұзайнұр
Қасенге арнайы бал ашып, Қасенге айтты:
—Сенің талайың су перінің патшасының қызы нәсіп бо
лады екен,—депті. Қасен:
—Маған ол қыз қайдан кез болады екен?—деп сұрапты.
Ғұзайнұр:
—Ол қыз саған Еділ, Жайық, Ертіс—осы үш өзен тұс
тарына қармақ салсаң, кезігеді. Судағы қармағыңа ілінеді,—
деген соң Қасен осы үш өзенге бірнеше жыл қармақ салады.
Ақыры ұзын аққан Ертіс өзенінің аяқ кезінен қармағына
бір сандық ілініпті. Қасен асығып сандықтың аузын ашса,
ішінен жаннан асқан бір сұлу қыз шығады. Қасен қуанып:
«Баяғы Ғұзайнұрдың айтқан қызы осы болар» деп ойлап,
қыздың сұлулығына қызығып өзі алады. Әлгі қыздың ерді
сыйлап күту тәрбиесі әйел затынан артық болады. Бірақ
сөйлемейді. Сөз сұрасаң да, үндемейді. Ал Қасен айтқан
сөзін құлағы бар адамдай естиді. Қасен қыздың қалайша
сөйлемеуіне таң қалады. Құлағы жоқ дейін десе, айтқанды
ұғады және тындырып істейді. Тіл бар десең, тіл қатпай
ды. «Бұл мені менсінбей жүр» деп те ойлап қалады. Ақыры
мұны базарға ертіп апарып, оны-мұны көрген соң сөйлер
деп, базарға апарады. Екеуі базар аралайды. Әлгі әйел бір
жерге келгенде басын шайқап тоқтап тұрады. Қасен:
—Неге ренжідің?—деп сұраса, бұрынғы қалпынша үн
демейді. Тағы бір ретте базар аралап жүріп, тұра қалып
ренжіп қалады. Қасен сұраса, үндемейді. Тағы бірде базар
аралап жүргенде тұрып, бұрынғыдан да қатты ренжиді.
Қасен әйелді жапан түзге ертіп шығып, әйелден сұраса үн
демейді. Қасен ашуланып:
—Тілің бар, неге сөйлемейсің?—деп таяқпен әйелді әбден
ұрады. Таяқ өткен соң әйел айтады:
тарихи аңыздар
—Сен маған не айт дейсің? Менің сөйлемеуім біздің заң
бойынша бала тапқанша сөйлемейді. Егер қорқып сөйлесе,
тиген адаммен бірге болуға рұқсат жоқ. Мен сені менсін
бей ренжіп жүргенім жоқ. Мен енді сөйледім. Енді сені
мен бірге жүре алмаймын. Менің сөйлемеу себебім осы еді.
Менің ішімде алты айлық балаң бар. Осы балаңды баяғы
мені алған жеріңнен бар уақытында алып құш!—деп кетуге
ыңғайланады. Қасен:
—Тоқта, бағана базарға барғанда үш мәрте ренжіген
себебін айтып кет,—дейді. Сонда қыз айтады:
—Бір жігіт өрік алып, етін жеп болып сүйегін тісіне са-
лып шақты. Соған ренжіп, оның төлегені бір тиын еді, түкке
тұрмайтынға бола тісін мұқалтқанына ренжіп едім. Тағы
біреу келіншек алып той қылмақ болып, мал сойып, қанша
қымбат жеміс алып, ең соңында тұз алмақ болып сауда-
ласып, бағасына келіспей, тұз алмай кетті. Сол жігіттің
ақымақтығына ренжіп едім. Қанша тамақ болса да, тұзсыз
дәмі бола ма деп. Үшінші бір жігіт бір етік сатып алды. Са-
тушыдан етік үш жылға бара ма деп сұрады. Өз өмірі бір
жылдан кейін өлерін білмегенін ренжіп едім,—деді де, «қош
бол!» деп ұшып кетеді. Осыдан кейін Қасенхан осы қыз кез
бола ма деп Сарыарқаны түгел кезіп жүріп, әр нәрсені уайым
қып айта беріпті. Мәселен:
—Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер.
Құлағының жүні жоқ
Қоян қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер,—
деп әр сөзді айтып қайғыра берген соң, Қасенхан аты жойы-
лып «Асан қайғы» атаныпты.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... 76. Асан қайғы
(ІV нұсқа)
Асан қайғы жас жігіт күнінде аң аулауға шығады. Са-
харада келе жатса, алдынан бір түлкі қашады. Сол түл
кіні қуалап, күн батуға жақындағанда соғып алады. Өзі
қанжығасына байлап келе жатса, алдында бір жалғыз киіз
үй көрінеді. Киіз үйге келіп кім бар деп дауыстап сұраған
да бір қыз шыға келеді. Сонда шыға келіп Асан қайғыны
көріп, ішегін, ішін үш рет тартады. Сонда қызының ішін
тартқанын үйдегі отырған әкесі естіп:
—Шырағым, шегіңді, ішіңді неге тартасың?—деп өз қы
зынан әкесі сұрайды. Сонда қыз:
—Ішегімді тартпай қайтейін, далада адамның сырттаны,
жылқының, аңның, ағаштың сырттаны тұр. Төрт сырттан
бір жерде тұр,—деді. Қыз Асан қайғыны атынан түсіріп үйге
алып кіреді. Содан кейін келген жігітке шай қойып, тамақ
істей бастады. Қыз өте сұлу, ажарлы болғандықтан Асан
қайғының оған көңілі түсті. Оны жаратты. Сол күні қонып
жатып, ертесіне қызға Асан қайғы:
—Менің әйелім жоқ, сондықтан сен маған ти,—деді.
Қыз:
—Жарайды, мен саған тиемін,—деді. Ол қызды алмақ
шы болды. Қыз Асан қайғыға:
—Сен маған екі күн өтіп, үшінші күні қайтып кел, мен
сенімен еремін, кетемін,—деді. Екеуі уәделесіп, Асан қайғы
екінші күні атына мініп жүріп кетті. Содан жүріп келе жа-
тып, тағы бір уақытта бір киіз үйге келді. Үйге кіріп келсе,
үйдің ішінде бір жалғыз қыз отыр екен. Бұл қыз өте ажарлы
сұлу, манағы қыздан да ілгері. Бұл қызға:
—Маған тиесің бе?—деді. Сонда қыз:
—Тиемін,—деді.
—Егер сен маған тисең, мен сені бүгін алып кетемін, жү
ремін, маған ер!—деді.
тарихи аңыздар
—Жарайды, еріп жүремін, бірақ саған қоятын шартым
бар,—деді.
—Жарайды, шартыңды айт!—деді.
—Мен алты айға дейін сөйлемеймін, мені сөйлетпе, сөй
летсең, мен саған жоқпын,—деді.
Уәде бойынша Асан қайғы қызды үйіне алып келді.
Кейін бірнеше күн той істеді. Көп халық жиналып, қыз-
келіншек қыздың қасына келеді. Әңгімелесіп отыра береді.
Таң атқанша ол қыз сөйлемеді. Екі-үш күнге шейін қыз сөй
лемеді. Бұл қыз өте сұлу. Отырғандар: «Апырмай, мынау
қыз сақау екен. Бұл қыздың Асан қайғы сұлулығына бола
алды»,—дейді. Күндердің күнінде қыз таза сөйлемей, сақау
болды. Асан қайғы қыз сақау болғандықтан бал ашушы
ларды шақырып әкеліп, бал аштырды. Бал ашушы:
—Бұл қыз сақау емес, мұны базарды аралатып көпті көр
сетіп келіп, базардың шетіне шығарсаң, қыз сөйлейді,—деді.
Қызды базардың шетіне шығарып, келе жатыр еді, қызға тіл
бітіп қыз сөйледі:
—Ей, Асан қайғы, алты айға шарт жасап едік, бес ай өтті.
Енді бір-ақ айы қалып еді. Соған қарамай, мені ақырында
еріксіз сөйлеттің. Мен енді саған жоқпын, ғұмырың қайғы
мен өтсін!—деп қыз өз жолына жүріп кетті. Көз алдында
қызды жұрт қуып еді, жете алмай, бәрі де қалып қойды.
Ақырында Асан қайғы бірнеше күн қарап таба алмай қай
ғыланып, үйіне келіп жатты. Асан қайғының «Асан қайғы»
атану себебі осыдан екен.
77. Асан қайғы
(І нұсқа)
Халық аузындағы Асан қайғы осы Жәнібек кезінде бол-
ды. Жәнібек Астарханды салдырып, той жасап үш жүздің
баласын шақырды. Екінші қарындасын күйеуге беріп той
жасады. Үшінші құладынды үйретіп, қу алдырып той жаса-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
ды. Осы үш тойына да Асан қайғыны арнап шақырды, бар-
мады. Ақырда «халық шаруасын сөйлесем» деп шақырды.
Асан келеді. Жәнібек:
—Мына тойларыма келмеген себебің не?
Асан:
—Үш тойың да дұрыс емес. Сол себепті келмедім. Соның
пайдасын қазақ алғанша көп заман бар,—дейді,—халықтың
күшін қазақтың шетіне жұмсадың, қой, қош аман бол,—
деді.—Астархан орыс пайдасына қалады,—дейді.
Жәнібек:
—Қарындасымның тойына неге келмедің?
Асан:
—Қарындасың шашын тараған түрпіні жоқтайды, күйеу
ің атын ұстап түсіретін қараны жоқтайды.
Жәнібек:
—Құладынды қайырып, қауға салып той қылдым, бұған
неге келмедің?
Асан:
—Аққу құстың асылы еді, жапалаққа талаттың, жаман
нан өлесің,—дейді. 78. Асан қайғы туралы
(ІІ нұсқа)
Әз Жәнібек хан Астархан қаласын орысқа салдырыпты.
Орыс қаланы салғаны үшін ақыға жер сұрайды. Ол жердің
көлемі бір өгіздің терісін таспадай қылып тілгенмен бірдей
екен. Осы қаланың салыну құрметіне әз Жәнібек хан үлкен
той қылып, оған Асан қайғыны шақырады. Тойға Асан
қайғы бармайды. Тағы бірде құсбегімді білдіремін деп тағы
да той жасайды. Асан қайғы бұл тойға тағы да келмейді.
Үшінші рет бала сүндеті деп жасаған тойға ғана Асан қай
ғы келеді. Келген Асан қайғымен әз Жәнібек сәлемдесіп
болғаннан кейін:
тарихи аңыздар
—Алдыңғы тойларға неге келмедің, басыңды жұлып
алайын ба?—дейді. Асан қайғы былай дейді:
—Астархандай қаланы орысқа салдырдың. Қазақтан
шебер таба алмадың ба? Күндердің күнінде қалаңды орыс
жайлар. Құсбелігіңді білдіріп той жасағанда келмегенім,
күндердің күні болғанда басыңды қырау шалып құсбелігің
сенен қалады. Бұған неге келейін? Ал енді осы тойға кел-
ген себебім, Пайғамбар сүндеті құтты болсын айтайын деп
келдім,—депті Асан қайғы.
Аз кем отырған соң Жәнібек хан Асан қайғыға:
—Арық кісісің ғой,—дейді. Сонда тұрып Асан қайғы бы-
лай депті.
—Қайғысызда қан ішеміз,
Біліксізде би ішеміз.
Өлеңді жердің өңін ішеміз,
Өлімді жердің моласын ішеміз.
Қайдан семіз болайын,
Күніне тоқсан аударылам,
Содан арық болдым,—
депті. Осы сөздерден кейін Асан қайғы үйіне барып жатып
алады. Хан хандығын құрып отыра береді.
Күндердің күнінде Асан қайғы «Жәнібек өлді» дегенді
естиді. «Мұны кім өлтірді екен» деп ойланады. Енді «оны
өлтірген есік алдындағы құлың» дегенді естиді. Жәнібек хан
өлгесін қала иесіз қалады. Орыс пен қазақ қаланы иемдену
үшін дауласады. Ақыры, не керек, дау орыстың пайдасына
шешіледі.
Осыдан кейін Асан қайғы қазақтың тұрмысына қолай
лы жер іздеп шығады. Ең алдымен Шу бойына барады.
«Жері шулайтын жер екен» деп қайтып келеді. Содан соң
терістікке Еділ, Жайыққа кетеді. Оны «қысы қатты бо-
латын жер екен» деп, менсінбей қайтып келеді. Енді Хо-
резм, Бесқалаға сапар шегеді. Ондағы Айбүгір деген тауға
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
қарап тұрып: «Келгенге тоймайтын, кеткенге ортаймай-
тын, қазғаны арық, көрмессің жарық. Күндердің күнінде
атарсың атпа, боларсың қатпа. Жері қамыс қатпа, бал
өретін жер екен»,—деп, оны да ұнатпайды.
Осыдан кейін Маңғыстауға келіп, оны «Маңғыстау емес,
Мыңқыстау екен. Мыңсаулық қоздайтын жер екен, жері тар
екен» деп бағалайды.
Осылай әр жерлерді аралай жүріп Майлықоңыр деген
жерге келеді. Осы жер Асан қайғыға қатты ұнайды. Содан
бері Майлықоңыр қазақтың қоныстанатын жеріне айна
лыпты.
79. [Асан қайғы мен Орманбет хан]
(ІІІ нұсқа)
Орманбет хан қарадан Қарагөз деген қыз алып, Асан
қайғыны тойға шақырған екен. Асан қайғы келмеген.
Және құладынды қайырып, аққу ілдірген той қылған.
Асан қайғы келмеген. Және хан Қазан қаласына тас мешіт
қылдырған, той қылған, Асан қайғы келмеген. Сонда хан
Асан қайғыға ашуланып, жасауыл жіберіп шақырып
алып:
—Мен үш той қылдым, шақырдым, біреуіне де келмедің.
Менің қуанышыма қатынаспадың,—депті. Асан қайғы
тұрып:
—Әй, хан! Мен неге қуаныш қылып келейін, сен ақсүйек
татар едің, қарадан қатын алдың. Хан едің, сүйегің қараға
араласты. Құладын ие құстың құлы еді, аққу ие құстың ханы
еді. Хан басыңды қараға алдырдың. Тас мешіт тұрғыздың,
кәпір менен мұсылманның шекарасын айырған—Құдай.
Мұсылманды ақ ауру, кәпірді қара ауру қылып жаратқан ха-
лал мен харамның шекарасы айырған мешіттің негізіне ха-
лал ниет ... түлкіден қызыл, тырнадан ұзын, мұрны біздей,
тарихи аңыздар
көзі тұздай атын көмдің. Енді мешітіңді кәпір алады. Оның
неменесіне қуаныш қылып келдің,—деген екен.
80. Асанқайғы мен Әз Жәнібек
(ІV нұсқа)
Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр сал-
май, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш
жылға дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан
бетінде ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын
үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып
бара жатып кез болған соң әз Жәнібекке айтыпты:
—Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша
кедей үй қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен
қозы қарын майы мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні ел
тауға қонар мезгілде қараша хандікінен айырылып кететін
болған соң қатынына айтыпты: «Ханымды шақырып, осы
құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге
қалғаны жұғымды болар. Ханымға таттырмай кеткен соң
берекесі болмас»,—дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға
намыс қылып, ханым керленіп «әне барамын», «міне бара-
мын» деп ақыры бармапты. «Құрт, майдың алдын ханымға
таттырмай кетпейміз» деп әлгі байғұстар ханымды сар
ғайып күтіп, көп уақыт көшпей отырып қалыпты. Күндер
дің күнінде ханым далаға шығып, қазыханаға барып қайтып
келе жатса, ханның кісі алатын бурасы ханымды қуыпты.
Ханым сасқанынан қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал
байғұс айтқан екен:
—Шақырса, келмес ханымды
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей,
Тура қуып келтірді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Бастай көр, қатын, құртыңды,
Сала көр, қатын, майыңды,—
деп. Сол айтқандай үш тойыма шақырдым, келмедің. Қа
дірсіз, аяқсыз келдің-ау, Асаным!
—Рас айтасың, әз Жәнібегім! Ойың ұрғашыға ауған
екен,—дейді Асанқайғы,—өз бойыңдағы ақыл, ісіңе ие
бола алмаған жан едің. Сондығыңмен айтып отырсың,
сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші той қыл
дың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп.
Екінші той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе,
жан өтпейтін үй салдырдым деп. Үшінші той қылдың, құ
ладынға қу ілдірдім деп. Оған несіне келейін,—деп Асан
жырлап кетті:
—Әй, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің,
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан,
Мұны неге білмейсің?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
11-137
тарихи аңыздар
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Әй, Жәнібек! Ойласаң,
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсің!—
депті. Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа
хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз же
тім Жанәліні сұрап алып қалыпты.
81. Асан қайғының хан аталуы
Асан қайғының шын аты Хасен екен. Хасеннің жігіт
күнінде Еженхан деген мәнжу ханы қазақ халқына жар
лық еткен екен: «Қазақ айғырын кісінетпесін, егер айғыр
дың даусын естісе, менің қорамдағы бедеулерім құлын
тастайды. Егер бедеулер құлын тастаса, қазақ еліне ауыр
жаза көрсетемін!»—депті. Қазақ халқы бұдан қатты қор
қып сасады. Халықтың қорыққанын көрген Хасен ел бас-
шыларына:
—Сіздер қорықпаңыздар, қасыма қырық мерген қосып
ханға мені жіберіңіздер. Олар менің айтқанымды істесін,—
депті.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... Хасенге қырық мерген қосып, ханға жібереді. Хасен мергендерін ертіп, Еженхан тұрған шәріне қарай жолға шығып, жолда кездескен елдің итін қырып өлтіре береді. Осылай хан тұрған қаланың итін де қыра бастайды. Қалада ешкім қарсы келе алмайды. Сонымен қала халқы ханға келіп: —Қасында қырық мергені бар біреу неше түрлі иттердің бәрін қырып, өлтіріп жатыр. Неге дегенге жауап жоқ. Өз алдыңызға алдырып тоқтатпасаңыз, ит қалдыратын емес,— деген соң хан кісі жіберіп шақыртып алдырып: —Сен кімсің?—деп жөн сұрапты. Хасен: —Мен қазақпын,—депті. Хан: —Сен неге бұл итті өлтірдің ?—депті. Сонда Хасен: —Тақсыр, иттерді өлтіретін себебім—жас кезімде, қозы бағып жүргенімде қозыма қасқыр шауып, қозыларымды қырып жатқанда мен бар даусыммен алға шауып, иттерімді шақырдым. Маған бір де бір ит келіп қасқырдан қозыларым ды айыруға көмектеспеді. Мен сонда өзім сондай серт етіп едім. Осыдан өзіме өзім келетін күн болса, даланың иті болсын, қаланың иті болсын, қырамын деп едім,—дейді. Хан айтады: —Сенің мынауың тентектік қой. Сенің онда шақырғаның даладағы иттер ғой. Қаланікі емес қой,—депті. Хасен айтады: —Мен шақырғанда даланың, қаланың итін де шақыр дым,—дегенде, хан айтады: —Сенің даусыңды даладағы ит естісе, естір. Қаланың иті қалай естиді?—депті. Хасен айтады: —Тақсыр, айғырдың даусы жеткен жерге адамның даусы жетпей ме? Хан: —Тіліңді Тәңір кессін, енді айғырдың даусын естіртпе дегеннен қайттым. Сенің атың Хасен болса, хан атын қос тым!—деген екен. Асан қайғы аты алғаш хан атанады.
тарихи аңыздар 82. Асан қайғы туралы
Асан қайғы желмаясына мініп желдіртіп Сарыарқаны
аралап жүргендегі жерге айтқан сындары.
Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы
тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отыр-
мас. Сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер
екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау!»—депті.
Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде: «Мына шір
кіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтыра
ды, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін
ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-
төбелес көп болатұғын жер екен»,—депті.
Түндік өзенін көргенде: «Он екі қазылық ой түндік, ма
ңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып
тұрған жер екен»,—деп, тастап кетуге қимай артына он
қараған екен. Сонан Қара атанған.
Қызылтау деген жерге келгенде тауы, тасы кеш болғанда
қой болып еңіреніп жатады екен. «Тоқтысы қысыр қалмай
тұғын жер екен» депті.
Баянаула тауын көргенде: «Ат ерін алуға жарамайтұғын
жер екен. Шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған. Бір
көрген кісі кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін дейді
екен. Бауырында бір қара еткен тұзы бар екен. Тұзы ауыр
екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады
екен. Тұзы жібермейді екен».
Ащы бойына келгенде артына қарап: «А, Баянаула, се
нің қоныс болып тұрғаның мынау Ащының арқасы екен.
Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен. Күзге таман
бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен.
Олай болмаған Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер
екен»,—депті.
Бөкейбай деген төбені көргенде: «Анау Баянаула тауынан
мына Бөкембайдың қырық кезіктігі бар екен».
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұзды
ғы екен» депті.
Жетіқоңырды көргенде: «Сарыарқаның мауыты екен»
депті.
Шу деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің екі жағы
борбас екен, өне бойы нар қамыс екен. Іші толған жолбарыс
екен. Баланың іші қуырылмайтұғын, пышағы суырылмай
тұғын, еркегі ат болатұғын, ұрғашысы жат болатұғын жер
екен» депті.
Қаратауды көргенде: «Көкектен басқа құсы жоқ, көк
шөпті жұлғаннан басқа ісі жоқ. Аты бестісінде қартаятұ
ғын, жігіті жиырмасында қартаятұғын жер азғыны да мұнда
екен, ел азғыны да мұнда екен» деген екен.
Шымкент, Сайрамды көргенде: «Екі бас сабыр, базар ма-
лында береке болмайтұғын, базары жақын—байымас, маза-
ры жақын—көбеймес» деген екен.
Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байпақ, аяғы
қайқақ, екі-ақ ауылға қоныс екен. Өн бойы кедейлікке біт
кен жер екен».
«Қаратауды жайласа, Сырдың бойын қыстаса, қоныс
болуға сонда дұрыс екен» депті.
83. Асан қайғы
Асан қайғы: «Бұл ауылдан кетіп, қыс болмайтын, ойы
түңлік Қиқора деген жерге барайық. Елге жайлы»,—
дейді. Бұл мекен Қытай жерінде көрінеді. Сол жерде
той болмақ екен. Соған ел бармақ болды. «Барған жұрт
бір-бірден тас алып барып асуда тастаңдар да, қайтарда
елге әкеліп тастаңдар!»—депті. Сол әкелген тастар мына
Жаркенттің қасындағы Үйген тас деген жер көрінеді. «Бұл
жерде тұруға болмайды: екі үй бір үйге телі болады екен.
Үй бас сайын келі болады екен, сондықтан бұл жерден
онша ел молшылықта бола қоймайды, ал Қиқораға барсақ,
тарихи аңыздар
қысы жұмсақ, жағдайлы, малға да жайлы, аяғың толады,
ішкенің айран-шалап болады. Мал ұстап жан бағамыз»,—
деген екен. Сонымен Қиқораға көшкен ел арымай, талмай,
жақсы өмір сүріпті. 84. Асан қайғы
Асанқайғы жеті жыл желмая мініп жер кезіпті. Ол сонда
тыныш жақсы жер қарап, сөйтіп жүргенде Маңғыстауға үш
келіп, үш кетіпті. Маңғыстауды өзі жақсы депті.
Бір келгенде екі баласымен келіп, екі баласына:
—Маңғыстау жақсы ма?—дегенде, екі баласы:
—Ой, шамалы ғой,—депті. Сонсын Асанқайғы:
—Сендер білмейсіңдер ғой, түбінде Маңғыстаудан жақсы
жер жоқ,—деп желмаямен кеткен екен. Сол кеткеннен Тесік
тауға барып тесігінен өтеді де, өзі бітеп тастайды екен дейді.
Оның артынан Мөңке би т.б. соның жолын қуыпты.
85. [Асан қайғының ұлы Абат]
Ноғайлы Асан қайғының заманында Асан қайғыдан бір
қыз келіп суал сұрапты:
—Ер адам төртке шейін әйел алады. Бұл дұрыс па?—
депті. Асан қайғы атамыз:
—Ердің төртке шейін әйел алуы дұрыс,—дейді. Сонда
қыз айтады:
—Бір әйелдің төрт еркекті алуы дұрыс па?—дейді. Асан
қайғы:
—Дұрыс емес,—дейді. Қыз айтады:
—Еркектің төрт әйел алуы дұрыс болғанда, бір әйелдің
төрт еркек алуы неге дұрыс болмайды?—депті. Сонда Асан
қайғы жауаптан тоқталып:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Ертең осы уақытта қайта келші, бұған жауап берсе
Абат берер,—дейді. Абат—Асан қайғының жалғыз баласы
екен. Абат келген соң Асан қайғы:
—Бір қыз осылай деп суал сұрады, соған жауап бере
алмадым,—дейді. Абат айтады:
—Оған жауап беру қиын емес қой. Мен жауабын бе
рейін,—дейді.
Ертең қыздан бұрын төрт түрлі сиырды әзірлетіп қойып,
қыз келген соң төрт сиырды бір шелекке саудырып болып,
Абат қызға айтады:
—Осы араласып, қосылып кеткен сүттің мына сүт мына
сиырдікі, мына сүт мына сиырдікі деп төрт айырып берші,—
депті. Қыз тұрып:
—Араласып кеткен сүттің қай сиырдікі екенін қайдан
білейін,—депті. Абат:
—Олай болса бір әйел төрт еркек алса, онан бір бала туса,
ол баланы төрт еркектің қайсысының баласы деп айтуға бо-
лады. Әлбатта, болмайды. Бұ себепті біреуінің баласы бол-
майды. Баланың насабы біреуінен де бірікмейді. Мұның
үшін әйелдің бір еркектен артық алуға дұрыс емес,—депті.
Абат әрі мерген, әрі батыр, әрі ақылды, білімді болған дейді. 86. Асан қайғының ұлы Абат пен қыз
Асан қайғының Абат деген жалғыз баласы болыпты. Әз
Жәнібек ханның баласымен құрдас екен. Ханның баласы хан
өлген соң орнына хан болыпты. Өзі хан болғаннан кейін Абат
және басқаларымен өзі қол бастап, ел шабуға аттанып, бет
алады. Барған елдерін шауып қайта қайтқанда бұлардың
олжасына бір бойжеткен сұлу қыз түседі. Ханның жиналған
қолы, әскері: «Жаңа болған ханның әділдігін сынаймыз,
қызды кімге берер екен» деп сөз қыла бастағанын хан сезіп,
қызға таңдау береді. Қыз:
тарихи аңыздар
—Маған таңдау берсеңіз, еліме қайтарыңыз, мен ешкімге
тимеймін,—деді. Хан бұл сөзге намыстанып:
—Осы қолда саған татитын бір адам болмағаны ма,
бастығы өзім, аяғы атшы мен бақыршы, бір адам қалдыр
май алдыңнан өткіземін. Кімге барсаң да қызғанышым жоқ,
әгер де ешкімге бармасаң, басыңды аламын! Үш күн мәулет
бердім, айтқанға көнбесең, жарлығым өзгермейді,—депті.
Үш күннен кейін қызға:
—Не қылдың?—десе, қыз:
—Жарық дүние, жан тәтті екен.
Хан жарлығы қайтпайды,
Хан өтірік айтпайды,
Ырзамын, тақсыр, сөзіңе
Ерік берсең өзіме.
Ылайығым келмейді
Күң атанып өзіңе.
Қағыс адам қалмасын
Түгел көрсет көзіме.
Отқа түсіп өртенсем,
Өз обалым өзіме,—
депті. Хан елді жинап алып, қыздың шатырының алдынан
түгел өткізеді. Қыз ешкімге белгі тақпады. Хан екі-үш күн
үндемей, қолды көшіріп, бір судың бойына бір күн еру болып,
қызға кісі жібереді «кімді ұнатқан екен, айтсын» деп. Қыз:
«Қысылған жан ысылған жанға жалынышты екен»,—депті.
Хабарға келген кісі түсіне алмай қайта келді. Хан қызды өзі
отырған жерге шақыртты. Қыз хан шақырды деген хабар
ды естігесін көзінің жасын төгіп жіберіп, далаға шыға кел-
се, бір адам шеткі қостың алдында бақыр асып отыр екен,
сол адамға көзі түсе кеткенде көзінің жасын сүртіп алды да,
ханға келіп иіліп тұрды. Хан қызға:
—Көрдің бе?—деді. Қыз:
—Жаңа ғана көрдім, тақсыр!—дейді. Хан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Кімді көрдің?—деді. Қыз:
—Кім екенін өзім де білмеймін, есікті көтертсеңіз өзі
ңізге де көрсетейін,—депті. Хан есікті ашқызып, далада
тұрғандарды «анау ма, анау ма?» деп сұрағанда, қыз «жоқ»
депті. Хан:
—Енді кім? Ана бір от жағып отырған бақыршы ма?—
дегенде ...(түпнұсқада жоқ) бұлардағы депті. Хан бақыр
шыны шақырып алып қараса, Асанқайғының баласы Абат
екен. Қызды орнына қайтарып жіберіп, Абатқа:
—Сен неге бақыр асып отырсың?—депті. Абат:
—Жолдастарымның жан тыныштығы үшін,—дейді.
Хан:
—Анау күні қыздың алдынан өттің бе?—дейді. Абат:
—Жоқ,—дейді. Хан:
—Не себепті өтпедің?—дейді. Абат:
—Талапты жаспен таласпайын, көпшіліктің сынынан
өтпей жалғыз әйелдің алдына барып адаспайын дедім,—
дейді. Хан қызды шақырып:
—Әлгі айтқан сөзіңнің мәнісі не? Қыз:
—Мына жігіт көрінбегенде көңілдегім табылмады, кімге
берсе, ханның өзі білсін дегенім еді.
Хан Абатқа қызды қосты. Асанқайғы Жиделібайсын де-
ген жерге елді апарамын деп қамданған кезде Абат көшуге
көңілсіз жүр еді. Бір күні Асан қайғы Абатқа:
—Діні бөлек, тілі бөлек жат елді көрмей кетпекпін, жай-
лы орынды жат басқан жерді көрмей кетпекпін. Ханның
орны қара алған жерді көрмей кетпекпін, қатын ермен
қатарлас жерді көрмей кетпекпін, ұлым, сенің қандай ойың
бар?—депті. Абат:
—Ондай атты күн болса, көрсем арманым болмас,—деп
атқа мініп көшпек болып отырған елдерге Абат барып орын
теуіп, елге түгел қоныс болып болған соң «көшейік» деп елді
бөле бастайды. Күн асқан сайын көшетін ел қалмай бара
жатқанын Асанқайғы сезіп, келініне:
тарихи аңыздар
—Қарағым, ел біздің шаңырағымызға қарап отыр ғой,
түндігіңді ал,—депті. Келіні атасының көңілін қимай, кө
шіп жөнеледі. Ол көшпен елдің біразы қоса көшеді. Елдің
көбі көшпей қалады. Абат қалған елмен бірге қалады. Асан
қайғы желмаяға мініп, көштен озып кетеді. Көшкен ел Бал
қашқа барып қонған күні Асанқайғы көшке оралып, қайтып
келіп келініне:
—Е, шырағым, бұл қонған жерің қандай жер екен, жүр
ген жолың қандай жол екен?—депті. Келіні:
—Бұл қонған жер Балқаш деген көл екен. Ішінде балық
мол екен, күндердің күні ...етпес пе ел мекен. Бұл жүрген
жол құс табаны түрілген, ат жүрер жол екен. Төсегінен тү
ңілген атам жүрер жол екен,—депті. Асанқайғы:
—Шырағым, олай болса, өз жолдарыңды өзің тауып ал!—
деп келінін қайтарып жіберіпті. 87. Асан қайғының баласы Абат туралы
Асан қайғының Абат деген бір баласы болыпты. Ол өте
батыр, ер және кең көрінеді. Бұл Орақ, Мамайлармен бірге
талай соғысқа қатынасқан екен. Бұл өте кең болыпты. Жұрт
«Абат кең» деп шуласыпты. Сол уақыттағы хан оның кең
дігін сынайын деп Абатты бір жаққа жұмсайды. Бұның бір
сұлу әйелі болады екен. Сол әйелді ол өте жақсы көреді. Абат
келер кезде әйелінің қасына екі құл жатқызыпты, екеуін
екі жағына және екеуінің екі қолын әйелдің астына салдыр
тыпты.
Абат келеді, келсе, әйелінің қасында екі құл жатыр.
Бір-бір қолдары әйелінің астында. Бұл екеуінің екі қолын
әйелінің астынан алып: «Бұлай жата ма екен?» деп, үстіне
салған екен дейді. Сөйтіп, оның нағыз кең екенін біліпті.
Асанқайғы осы баласымен бір жаққа көшіп бара жат-
са, әлгі Абат өліпті. Сонда сол жерде көп ауыл бар екен.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Асанқайғы сол ауылға: «таң атқанша үй басына бір-бір
кірпіш даярласын» депті. Таң атқасын даяр болыпты. Соны-
мен оны там салып, қойыпты. Оның моласы Келес өзенінің
бойында бар екен дейді. 88. Асан қайғы баласы Әбет сөзі
(І нұсқа)
Бір күні Асан қайғыны әз Жәнібек қонаққа шақырыпты.
Қонақ асы үстінде әз Жәнібек Асанқайғыдан:
—Уа, қария, осы тамақтан құр қалғанда өкпелемейтін
адам бола ма?—депті,—Ол кім?—дегенде,
—Ол біздің Әбетжан,—депті. Әз Жәнібек:
—Өзінің әйелін басқа біреуден қызғанбайтын адам бола
ма?—дегенде, Асан:
—Болады,—депті.
—Ол кім?—дегенде,
—Біздің Әбетжан,—депті.
—Қаптап келе жатқан қалың жаудан қорықпай қарсы
тұратын адам бола ма?—дегенде, Асан:
—Болады,—депті.
—Ол кім?—дегенде,
—Ол біздің Әбетжан,—депті. Сонда әз Жәнібек: «Мына
кісі өз баласынан басқаны айтпады ғой»,—депті. Әз Жәні
бектің Асанмен жауаптасқан кезі Асан қайғының жетпіс бес
жастан асқан кезі болса керек.
Асан айтқан үш сөз хан көңілінде қалып жүргенде, бір
күні бір бай той қылыпты. Ел шақырады тойға. Әбет те
келеді. Әбетке арнап үй беріп, қол жуғызып, дастарқан
жайып Әбетке табақ тартпайды. Ел тамағын жеп болғанда
дастарқанды жиып әкетеді. Мұны хан істетеді. Әбет ет жеген
адамдай риза болып, күліп-ойнап аттанады.
Хан тағы бір күні бір жігітті шақырып алып:
тарихи аңыздар
—Сен Әбеттің әйеліне жақындас, егер әйел мақұл болса,
Әбет көріп қояр деп именбе. Көрсе, көрсін,—дейді. Жігіт хан
ойын орындамақ болып Әбет әйелімен ойнап-күліп жүреді.
Бір күні Әбет жоқта қиындасып, құшақтасып жатқан
да Әбет түнде үйіне келеді. Әбет шам жағып, төсекке жа
тайын деп келсе, төсегінде бір жігіт қатынын құшақтап
жатыпты. Әбет қатынының мойнының астында жатқан
жігіт қолын қатынының үстіне салып, жігіттің мойнының
үстіндегі қатын қолын жігіттің мойнының астына салып
құшақтатады.
—«Еркектің қолы әйелдің астында болса, еркектің та
лайы төмен болады» деген сөзді естімеген жігіт екен,—деп,
өзі төр алдына киімін айқара салып, жата кетеді. Жігіт бәрін
естіп, біліп жатады. Таң қалып, ханға бастан-аяқ айтып
береді.
Әбет бір жаққа жолаушы жүрмек екенін хан естіп, бірне
ше адам ұйыстырып:
—Әбеттің алдынан бекінген жау болып қарсы шабың
дар. Қашар ма екен?—дейді. Жүз кісі тұтқиыл алдынан
тап береді. Әбет аты дүбірге шыдамай ала қашады. Ақы
ры аттың сулығынан найза өткізіп, жерге шаншып қойып,
жауын тосып тұрады. Келгендер өз ауылының кісісі еке
нін танып, сәлемдеседі.
—Біз сенің ат-тоныңды олжалағалы жүрсек, өзіміздің
Әбет екен,—деп қала береді. Әбет өз жөніне кетеді. Келіп
ханға айтады. Хан таң қалады.
Хан Әбетті қонаққа шақырады. Хан сұрайды:
—Сен тамақ ішпесең де, таққа өкпелемейді дейді, рас
па?—депті. Әмет айтады:
—Бала жігіт шағымда бір қысырақ үйірін қарап жүрсем,
құмнан ізін іздеп жүрсем, үш күнде әрең жетіп, құландай
желігіп алған төрт күнде әрең жеттім. Қарным ашқанда бір
биенің етін жердей болдым. Жеті күндік тамағымды жинап
алдыма қойғанда бір күндікті әрең тауыстым. Содан тәжі
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
рибе еттім: «бір рет ішіп жейтін тамаққа өкпелеп болмайды
екен» деп,—депті. Хан:
—Әбет, сен әйел қызғанбайды дейді, ол қалай?—деп
сұрайды. Әбет айтады:
—Бір күні сексен бір адам болып жорыққа аттандық.
Сол бетте бір бай ауылды шауып алдық. Байдың бір сұлу
қызымен бірге және бір қызды малмен бірге алып кеттік.
Бір бұлақ басында үлкен дара ағаш бар екен. Саясында
қымыз ішіп, бие байлап, жылқы сойып жеп, бекініп жата
бердік. Қырыққа бір қыз, қырық бірге бір қыз болды. Бір
күні мен атымды тынықтырайын деп бір ағаштың сая-
сында жатыр едім. Шатырдан шаң-шұң дауыс шықты.
Шатырға бас бағып байқасам, ұрысып жатқан екі қыз
екен. Не айтар деп құлағым салсам екі қыз былай дейді:
Қырық бірге ие қыз қырыққа ие болған қызға: «сенің
артық сөйлейтін, артық болсаң, артық бай тап!» деп жа-
тыпты. Сөйтсе, қырыққа ие болған қыз жасырын тағы екі
жігітті өзіне иемденеді екен. Алла таупих берсін демесе,
әйел деген қорып болмайды екен деп ойладым,—дейді.
Хан:
—Әбет, сен қаптаған жаудан қалай қорықпадың? Әбет:
—Бұл бір қояннан алған тәжірибе еді. Бір күні екі жүз кісі
жорыққа аттандық. Бір тобылғының түбінде бір қоян жатыр
екен. Екі жүз адам қоршап алдық. Біреуге жалау ұстап алың
дар дедік. Қоян ытқып арамыздан құтылып кетті. «Ажал
келмесе, адам өлмейді» деп ойладым және бұрынғылардың
мынандай бір әйгілі сөзі бар еді:
«Абыройыңды асқа сатпа,
Асылыңды қасқа сатпа!
Қатыныңды досқа санама,
Туысыңды басқа санама!
Адамзат аң, ажал оқ,
Дүниені бұзар жалғыз жоқ.
тарихи аңыздар
Жалаңаштанып жауға шап,
Ажал келмей өлмек жоқ»,—
деген сөзбен үшеуін дәлелдейін,—дегенде, Хан:
—Әбет, сені сынайын деп едім,—депті.
89. Асан қайғы туралы
(ІІ нұсқа)
Асан қайғы мен баласы Абат ауылдан жүз қадамдай
қашықтап кеткенде әкесі артынан айқайлап:
—Әй, Абат-ау!—деген екен. Сонда Абат:
—Ия, түсіндім,—депті. Жолдастары Абаттан әкесінің
не дегенін сұрапты. «Оның жолда кездесетін бір сөзі қал
ған екен. Ол сөзі «жаңбырлы күні жанбауыраймен жүр
ме, атың тайып жығылады» деген ғой»,—депті. Жігіттер
әкесінен барып сұраса, солай деген сөз болып шығады. Олай
болса, Абаттың өзі де әкесінен кем емес, тапқыр, ойшыл
екені аңғарылады. Болмаса Асан қайғыдан жұрт:
—Асеке, дүниеде кім мырза, кім қорықпайды, кім қыз
ғанбайды?—десе, бәріне де:
—Абат қорықпайды, Абат қызғанбайды, Абат мырза,—
деп жауап береді екен. Оның да себебі бар.
Жұрт Абаттан:
—Сіз неліктен мырза болдыңыз?—десе, ол былай деп жа-
уап беріпті:
—Мен далада көп жүремін, талай жерді аралаймын,
сүйтіп жүріп молалардың үстінен шығамын. Сонда бір
кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып,
қурап жатады. Жарлы адамның да сүйегі жатады. Осыны
көріп: «бай болсаң да өліп, осындай сүйегіміз құриды екен
ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал,
ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін
құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса, тірлікте бай бо-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
лып, мал жинамай, сараң болып атағың шықпай-ақ, халық
қатарында күн көруге болады» деп ойлаймын,—деген
екен.
—Болмаса, қорықпайтыным былай,—деп айтады,—жол
жүріп келе жатыр едік. Біз қырық шақты атты едік, жүріп
келе жатқанда ортамыздан бір қоян көк бұта арасынан тап
бола кетті. Қоянды қоралап тұра қалдық. Жігіттер өздері
нің найзасын оңтайланып тұрды. Қоян қамаған бізден құ
тыла алмастай болған сияқты. Өлім-өмір арасында тұрған
қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ол сол тұрған жігіт
тердің біреуінің үстінен ата жөнелді. Күні бойы аңдып тұр
ған біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Әншейінде «қор
қақ қоян» сол мезгілде өзінің ойын қорытса керек. Ажал
келмесе, құтылуға болады екен. Олай болса, ажал келме-
се, жасанған жаудан да қорқуға болмайды. Сондықтан мен
батырлықты содан бастадым,—деген екен.
90. Ежен хан
(ІІІ нұсқа)
Асан қайғы атанған Қасен ханды қалмақ ханы Ежен
хан шақыртыпты. Қыста желмаяға жеңіл шана жегіп,
қосшы бала ертіп жолға шығыпты. Асан қайғы ішікті жа-
мылып, садақ-саржасын шанаға мол салып, астына басып
отырыпты. Кездескен жолаушы жөн-жосық сұрағанда,
Қасенханның айғырларының кісінеген даусын есіткен
Ежен ханның байталдары іш тастайды екен. Сол себепті
шақыртып жатырғанын айтыпты. Бұны есіткен Қасенхан
желмаяның делбесін өзі қағып отырыпты. Еженхан аулы-
на жақындағанда иттері абалап үріп алдынан шығыпты.
Қосшы бала иттерді саржамен жайратып салыпты. Ауыл
дың аяулы иттерінің бәрі өліпті. Ежен ханға бір адам барып
хабар беріпті. «Шанадағы екі адам итімізді қырып салды.
Тез шақырып, жазасын беріңіз» депті. «Хан шақырып жа-
тарихи аңыздар
тыр» деп біреу хабар беріп келіпті. Хасенхан Ежен ханға
келіпті.
—Ау, бұл не? Ауылдың иттерін түгелдей қырғаның
қалай?—депті. Сонда Асан қайғы:
—Осы ауылдың иттерінің үрген даусын естіп, біздің ауыл
дың қаншықтары күшіктемей қалды. Сол себепті саржамен
жайратып келеміз,—депті. Еженхан өзінің айтқан сөзі өзін
ұялтып, Қасенханды ел құрметке тартыпты. Қалмақтар
қаумалап ортаға алып:
—Еліңде батыр кім?—деп сұрапты.
—Елімде батыр—Абат,—депті.
—Еліңде мырза кім?—деп сұрапты.
—Елімде мырза—Абат батыр,—депті.
—Еліңде би кім?—деп сұрапты.
—Елімдегі би де Абат батыр,—деп жауап беріпті.
—Неғыл дейт, бәрі бір Абат па? Әлде басқа-басқа Абаттар
ма?—депті. Асан қайғы:
—Бәрі—бір Абат. Батыр да, мырза да, би де бір кісі,—
депті.
—Апырмай, бұл қандай кісі? Барып көріп қайтар ма
еді?—депті.
—Әлбетте, барып көріп қайтыңыздар,—депті.
Көктем айында Абат батырды көреміз деген қалмақтың
сыншылары мен зор батырлары аттанып келеді. Абат батыр
келгендерге жайдары да, жарқын мінезімен сый-құрмет
көрсетеді. Абатқа қалмақтар риза болып, түр-түсінен, тұлға
құрылысынан мін таба алмайды. Қалмақтар жылы шырай-
мен Абатпен сыйласып отырып:
—Батырлықты қайдан, кімнен, қалай үйрендіңіз?—
депті. Абат:
—Батырлықты қояннан үйрендім,—деп жауап қайырып
ты. Қалмақтар ішек-сілесі қатып, қарқылдап күлісіпті.
Абат қалмақтарды сайысқа шығарыпты. Арқар, бұғы,
киіктерді қуып келе жатқанда алдынан қоян кездесіпті.
Қалмақтар қоянды ортаға алып, қоршап тұра қалыпты.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
«Ал енді қоянды аттың аяқ астынан өткермеу керек,
кімде-кім өткеріп алса, үлкен айып тартады»,—депті.
«Қоянды найзаның ұшына іліп алып көрсету керек»,—
депті. Қоян әр жаққа бір жалтарып қашып, қалмақтар
дың ұйқы-тұйқысын шығарыпты. Қалмақтар арланып,
намысына тиген қояннан әбірейсіз қалатын болдық-ау
деп күйзеліпті. Қоян Абат батырдың атының аяқ астынан
көбелектей шыр айналыпты. Абат қоянның шалттығынан
екі есе артық қимылдап, қоянды найза ұшына іліп алып,
қалмақтарға көрсетіпті. Қалмақтар тамсанып таңырқап,
Абатқа сүйсініпті. Бірақ Абаттан сақтану қажет екенін
ойланыпты. Қалмақтар:
—Жарайсың, шалттығыңа болайын,—депті. Мына қи
мылмен бұған еш нәрсе шақ келмейтінін аңғарыпты.
Енді Абат батырдың мырзалығын сынап көрейік десіпті.
Қалмақтар Абатпен күнде сайысқа шығады. Сый-құрметті
емін-еркін көріп жатыр. Ақбөкен, киіктердің сүйем шыққан
жал-жаясынан шұжық пісіріп жатыр. Ойын-сауық, күлкі
болып жатыр. Бүгін қалмақтар бір тәуір, сұлу да батырын
қалдыру керек. Себеп Абат батырдың әйелінің қасына сол
жігітті жатқызып, Абат батырды сынау керек. Абат әйелін
қызғана ма, әлде жоқ па? Ол үшін қазақтардан сенімді
адам алып, ол адамды куә есебінде түсіндіріп, ол кісі Абат
батырдың әйеліне түсіндіреді. Қалмақтар:
—Біз Абатты сынағалы жүрміз. Біз Абаттың батырлы
ғын, шалттығын көзбен көрдік. Енді мырзалығын көзіміз
бен көруіміз қажет. Сол қалмақтың сұлу да батыр жігітін
Абаттың әйелінің қасына төсегіне жатқызу керек,—депті.
Қалмақтың сұлу, батыр жігітін кешкісін Абат келер
қарсаңына әйелі төсегіне қабылдапты. Түнде сайыстан кел-
ген Абат батыр әйелінің қасында жатқан ер адамды көреді.
Қалмақ батыры қолын әйелдің мойнының астына жіберіп,
ұйықтап жатқан адамша құшақтасып жатыпты. Абат жайы
мен жігіттің қолын әйелдің мойнының астынан алып: «Әй,
күшің қайтып кететін болды-ау!—деп, сыртқа шаруасына
12-137
тарихи аңыздар
шығып кетіпті. Мұны естіп білген қалмақтар енді баяндап
тұра алмапты. Бәрі жиылып Асанқайғыға келіп:
—Асыл аға, баланы тусаң, ту, айтқаныңдай бар екен.
Енді біз елімізге қайтамыз. Ұлықсат, батаңды бер,—депті.
Қалмақтар риза болып шалға тұлпар ат, алтынды ер-тұрман,
жаннат ішік жауып, басқа да қымбат бағалы заттар сый
лапты. Қасенхан:
—Абат батырың осы, шырақтарым! Бұйымдарыңыз бол-
са, айтыңыздар,—депті.
—Асыл аға, бізде ешқандай бұйым жоқ. Бар бұйымымыз
Абатты көру еді. Көрдік, енді ризамыз. Бірақ бір бұйымды
айтқымыз келіп тұр,—депті. Қасенхан, Абат та:
—Айтыңыз, айтыңыздар, қысылмаңыздар,—депті.
—Біздің бұйымымыз Абат батырды елге шақырамыз.
Мүмкін болса өзімізбен бірге жүрсін. Немесе кейін өзінің
жолдас-жорасымен барсын! Біздің елімізде бір биік тауда
тұйғын құс мекендейді. Біз ол құсқа жақындап бара алмай-
мыз. Себеп ол тау өте биік, шыға алмаймыз. Бірақ таудың
етегіне барып аң аулап, құс саламыз. Осы құстың нендей
құс екенін біз білмейміз. Біз оған зәбір жасаудан аулақпыз.
Бірақ ол біздің сұңқар, қаршыға, ителгі, бүркіт, Бараз
ұлы асырап атқан құстарымызды киіп түсірді. Шалттығы
найзағайдан да шалт. Жалт етіп түседі де, жоқ болады. Небір
мықты деген құстарымызды киіп түсіріп кетті. Бірнеше
атақты мергендеріміз айнала қоршап дөңгеленіп тұрса
да, атып түсіре алмады. Осы құс бізді мықтап зәбірледі.
Қалайда осы құсты атып түсіру керек-ақ. Асыл аға, сізден,
Абаттан біз осы бұйымды сұраймыз,—деді. Абат:
—Жарайт, жақсы, күзгі салқында барамын,—деп уәде
сін берді. Қалмақтар ризаласып төс қағысып еліне қайтты.
Арада үш ай өткен соң Абат батыр қаруланып, сауыт
киіп, он жолдас ертіп, Ежен хан еліне келді. Манағы ке
ліп қайтқан қалмақтар Абат батырды тамашалап, қарсы
алып, неше түрлі сый-құрмет көрсетті. Абат батырды ты
нықтырып, бір жеті, он күн демалдырып алып, баяғы
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
айтқан биік таудағы құсқа баруға дайындалды. Бірнеше
мықты палуан, батыр, мергендерін іріктеп алды. Атақты
зор сұңқар, бүркіт, қаршыға, ителгілерімен таудағы құс
сайысына келді. Таудың етегіне барып, биік таудағы құсты
көрді. Абат та не құс екенін аңғара алмады. Бірақ садақ
саржасын кезеніп атуға дайындалған мергендер әр жерге
бөлініп тұрды. «Құстарды түгелдей жібер, ұшырыңдар!»
деген айқай шықты. Құстар жаппай көкке көтеріліп кетті.
Шыңдағы құстан көз алмай, кірпік қақпай аңдып тұрған
Абат батыр биіктегі құс жалт беріп төмен шүйліге түскенде,
дайындалып тұрған Абат садақты тартып үлгірді. Өкпе тұс
тан кірген саржа құсты жерге ала түсті. Аспанға қараған
қалмақтар Абаттың садақ тартқанын да көрмей қалды.
Құстың жерге түскенін бірақ көрді. Жабыла шауып барса,
құстың сырттаны бүркіт екен. Бұл бүркіттерге ұқсастығы
жоқ. Киген тоны мүлдем басқа. Сүйек бітімі, туысы, көзінің
өткірлігі жүдә бөлек. Қалмақтардың армандаған мақсаты
орындалды. Абат батырға өте қатты риза болған қалмақ
тарту-таралғысын аямады. Абатты он жігітімен риза етіп
еліне қайырды. Осы Абаттан қорғалаған күшті Ежен хан
қоныс аударып, қашыққа көшіп кетеді. Ежен хан көшкесін,
басқа хандықтар да баяндап тұра алмайды. Құстың сырт-
танын атып түсірген Абатты көп ұзамай Жақсықылыштың
етегінде атын суғарып тұрған кезінде жайын жұтыпты де
седі. Жайынның ішінде ат-патымен тулаған Абат зор пәт
пен жайынды жиекке шығарыпты.
91. Асан қайғының інісі Адақ батыр
(ІV нұсқа)
Адақ батырдың өмірінде жұрт таңырқарлық ерекше үш
әдет болыпты. Бірінші әдеті—өзіне тән атын кім мінсе де
қоймайды. Қиналғанына ренжімейді. Екінші әдеті—сый
лы қонақта, тойда, аста алдына қандай тағам қойылса да
тарихи аңыздар
талғамай, жей береді. Үшінші әдеті—жауға қарсы жорық
тарда, басқа да шабуылдарда күші басым құрулы топтан
қаймықпайды.
Ел адамдары батырдың бұл әдеттерін әлденеше рет сы-
нап байқады, бос сөз емес, шын екендігін іс жүзінде анықта
ды. Ақырында сондай іске әдеттенуіне не себеп болғанын
батырдың өзінен сұрады. Бұл сұраққа ол тұжырымды жауап
қайырды.
—Бірде жалғыз өзім жазық далада келе жаттым,—деп
бастады ол сөзін,—күн кешейді. Атымнан түстім де, екінді
оқыдым. Намазымның екі басын оқығанда, атым жүріп
кетті. Ол үшін намазымды бұзғаным жоқ, қалған екі ба-
сын оқып, артыма қарасам, атым көрінбейді. Мүлде ұзап
кетіпті. Күн батып, қас қарайды. Киімшең, жаяу жүгіріп
қажыдым. Маңайда тірі жан жоқ. Жапан далада жатып,
тынығуға тура келді. Таңертең тағы іздедім, таба алма-
дым. Құлын күнінен өзім күтіп өсірген, қандай жағдайда
болса да өзіме серік бола алады деп сенген атым төрт бас
намазымды аяқтауыма қарамай, айдалаға қаңғытып тас
тап кетті. Сол опасыздыққа налыған кезімде: «атымды
ешкімнен қорымаспын, кім мініп қинаса да ләм демеспін»
деп серт еткенмін. Бір күн, бір түн ел таппай, жаяу
сенделіп жүргенде мейлінше ашықтым да шөлдедім. Сол
ауыртпалық жағдай үстінде: «бұдан былай қандай тағам
кездессе де, талғамай жей беремін» деп өзіме өзім ант ет-
кендей болғамын. Қай жерде, қандай жиында болса да ал-
дыма қойылған асты талғамай жей беруіме—себеп осы.
—Самсаған қарулы топтан қаймықпауыма да себеп
болды,—деп батыр сөзін одан әрі жалғастырды.—Бір топ
адам аң аулауға шықтық. Бәріміз де атқан оғымыз жер-
ге түспейтін, шапқан қылыш, найзамыз мүлт кетпейтін
мергендерміз. Кенет алдымыздан бір қоян тұра қашты.
Оған оқ жұмсауды лайық көрмедік. Қоянды айнала қор
шап алып, найзагерлік, қылышкерлік қабілетімізді бай
қалық дестік. Қоян қамауда қалды. Көзі бақырайып,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
әрқайсымызға жаутаң-жаутаң қарайды. Әр жақтан беріл
ген түрткі дыбыстардан қорыққан қоян қамаудан шығып
кетуге әрекет етті. Кенет маған қарай жүгіріп келді де,
жанымнан секіріп кетті. Сілтегенім қате кетпейтін қылы
шым да, найзам да тимеді, қоян зымырап кете барды.
Жолдастарым бұл мүлт кетуімді табалаған жоқ, бірақ
ол өзіме ауыр соқты. Дегенмен одан мәңгі есте қаларлық
қорытынды жасадым. «Қырық күн қырғын болса да, ажал-
ды өледі» деген нақыл осындай тәжірибеден туған ғой.
«Қандай ауыртпалық, қандай қатерлі жағдай кездессе де,
одан қаймығып шегінбеспін» деп жолдастарым алдында
серт еттім.
Бұл сөздер, батырдың ерлігі, төзімділігі жұртқа ұнады.
92. Абат батыр туралы аңыз-әңгіме
Жақсықылыш, Жаманқылыш Шора ханның баласы
деседі. Тұрсынбике—Асан қайғының қызы, Абаттың қа
рындасы деседі. Ағайынды екі жігіт Шора ханның бала-
сы Жақсықылыш пен Жаманқылыш Тұрсынбикеге ға
шық болыпты. Екі орта телегей теңіз су болғандықтан,
ғашықтар бір-біріне қауыша алмапты. Екі жігіт атпен
жағалап, күндіз-түн жүріпті. Тұрсынбике бау қамыстан
шом байлап, салы ағызып, ортаға шам жағып, белгі беріп
суға түскен көрінеді. Салыны арман-бермен жел айдап
ағыза беріпті. Жаманқылыш, Жақсықылыштың аттары
терең суға түспей, салыдағы Тұрсынбикеге қауыша алмап-
ты. Салыны жел айдап, таудың етегіне келіп қайырлап
тоқтап қалыпты. Қасында жолдасы жоқ Тұрсынбике күзгі
қара суықта жаурап, салы үстінде өліпті. Жаманқылыш
Тұрсынбикеге қауышуға ант етіп, атты кештіріп жақындай
түсіп келгенімен бір жетідей су үстінде арман-бермен өте
алмай ылдиға түсіп кетіп, су жұтып өледі. Жақсықылыш
тарихи аңыздар
та атты дүздіріп, кештіріп кейін қайтпайды. Бұл батыс
бетті жағалап жолды ұзартып алып, бұл да су жұтып өледі.
Абат батыр қарындасы Тұрсынбикенің осындай халге
душар болғанын сезіп, атын мініп, найзасын суға бойлатып
биік-биікті жағалап, өткелден-өткелге атты дүздіріп өтіп
келсе, таудың етегінде салы қайырлап, үстінде қарындасы
Тұрсынбике өліп жатқан үстінен шығады. Өз басы шаққа
келген Абат батыр Тұрсынбикені ауылға алып қайтуға
мүмкіндік таба алмайды. Сол тауға апарып қарындасын
жерлейді. Сол тау «Тұрсынбике тауы» аталып қалады.
Енді Тұрсынбикенің батыс бетін жағалап, атты судан
кештіріп, дүздіріп келе жатып, таудың етегінде жас жігіт
өліп жатқанын көреді. Абат батыр өлікті жерлеп, «Жаман
қылыш төбесі» атандырып кетеді.
Абат батыр шаршап, су үстінде күндіз-түн жүріп, елге
қайтуға кіріседі. Найзасын суға бойлатып, тайыз жерді
кешіп, терең жерден дүзіп отырады. Тауға жақындап, енді
құрғақшылыққа шығам дей бергенде, таудың етегінде сұлу
жас жігіт өліп жатқан үстінен түседі. Бұны да Абат батыр
қолтықтап әкеліп, тау басына жерлейді деседі. Бұл тауды
«Жақсықылыш тауы» атандырып кетеді. Бұл үш ғашықтар
бір-біріне қауыша алмай телегей теңіз судан жол тауып
жүре алмай, күзгі қара суықта су ортасына түнеп өліпті.
93. Асан қайғы және Әмет батыр
Өткен әз Жәнібек хан өзінің сыншы Айсыл есімлі қартын
жұмсапты:
—Менің ұлан уақытта аттанатын жауым бар еді. Соған
мінетін бір тұлпар тауып кел!—деп қолына мың сом ақша
беріпті. Сонан қарт іздеп іздеп, ақырында бір құла шолақ бие
әкеліп, ханға кіріп сәлем берген. Сонда хан:
—Таптың ба?—дегенде, «таптым» деген соң, сыртқа шы
ғып қарапты да:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Бұл тұлпар бола ма?—депті. Қарт:
—Мұның өзі тұлпар емес, мегер ішінде еркек қара төбел
құлыны бар, сол—тұлпар,—дейді. Хан:
—Ай, сол тұлпар бола ма?!—деп, биенің екі көзін ойып
алып, қарттың өзіне беріпті. Қарт бағып тұрып, уақыты
болғанда бір еркек қара түйе құлын туып, енесінің екі жағына
асып түсіп тұр екен. Қарт әлгіні жылға шейін қараңғы үйде
асырапты. Қарттың жалғыз ұлы бар екен Әмет есімлі.
—Әй, балам, әз Жәнібек хан аңға шыға ма екен, білші,—
депті. Баласы:
—Ертең аңға шығам деген,—депті. Қарт айтыпты:
—Шырағым, атыңа оң күйі жеткен жоқ, алдын болса да
мініп шығып, жалғыз жүр. Хан қаршығасын құсқа жібер
генде сен де ұмтылғайсың! Ханның құсынан бұрын жетіп ал-
мас па екенсің,—дейді.
Сонан аңға шығып, хан дауылпазды соғып, қаршығасын
тастағанда бір шеттен Әмет шауып, қаршыға шүйілерден бұ
рын жетіп, құстың құйрығынан ұстап алып жүре беріпті.
Хан:
—Мынау кім?—дегенде айтыпты:
—Бұл—Әмет. Астындағы баяғы құла шолақ биенің
ішіндегі қара төбел құлыны,—дейді. Сонан Әмет үйіне кел-
ген соң, атасы сұрағанын айтыпты осылай болды деп.
Хан бір күнлерде баяғы жауына аттаныпты. Бұ Әмет те
ханға білінбей аттанып, көп әскер Боғалы байдың үйіне
қоныпты. Көп кісіні Боғалы байдың баласы Боқаырза
жақсы қонақ етіпті. Боғалы бай—ханның әуелдегі бұқасын
баққан құлы екен. Хан қызметіне риза болып:
—Әгар да осы жаудан аман қайтсам, қарындасым Хан
бикені берем,—депті. Сонан жауына барып атысып, ақы
рында ханның туы жығылып қашқанда екі атлы кісі хан-
ды қуып жетіп, найзаменен шаншыр болғанда, Айсылдың
ұлы Әмет қара төбел атыменен жетіп келіп, ханды алып
құтылыпты. Хан:
—Қарындасым Ханбикені саған берермін,—депті.
тарихи аңыздар
Бір күнлерде ханның үйінің қасына көп үй тігілгенін
көріп Әмет сұрайды:
—Бұ тіккен үй не нәрсе?—деп. Білген адамлар айтыпты:
—Хан қарындасы Ханбикені Боғалы байдың ұлына
берейін деп жатыр,—деп. Сонан Әмет сауытын киіп, қара
төбел атын мініп, ханның үйінің сыртына қаңтара тастап,
үйге кіріп барыпты. Үйде әз Жәнібек хан, Асан қайғы,
Алшынның ұлы Алау батыр отыр екен. Хан Асан қайғыны
шақырып алып отыр екен. Һәм ханға өкпелі екен. Себебі
орыс: «бір өгіз терісі сыйғандай жер бер» дегенде, беріп,
өгіздің терісін жіңішкелеп тіліп не құрлы жер алғаны
хақында. Әмет келіп үйге отырған соң хан Асан қайғыға
аяқ беріпті. Сондағы Асан қайғының айтқаны:
—Алты атанға қос артып,
Алты жыл қоныс іздедім.
Балығы суда деп,
Қызығы қырда деп,
Аштархандай қаланы
Өзің келіп салдырдың.
Орысқа жерді алдырдың,
Көңлімді жаман қалдырдың.
Даладағы көлге шекер төктірдің,
Шекерлі көлге қуды бөктірдің.
Құс төресі қу еді,
Құс жаманы құладын,
Құладынға қуды алдырдың.
Күні бір күн болғанда
Хан иемнің өзіне келер деп,
Бір жаманнан өлер деп,
Соған өкпелеп келме деп.
Аусарым, аусарым,
Арғымақтың аяғын
Алтынменен тағалап,
Күмісменен шегелеп,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Шын жібек тұрғанда
Арқанменен тұсар ма?
Хан өтірік айтарым,
Хан жарлығы қайтарым,
Айсылдың ару Әмет тұрғанда
Боғалы байдың ұлына,
Бұқа баққан құлына
Қарындасы Ханбикені берерге ұсар ма?—
депті. Хан Әметке де бір аяқ беріпті, «жырлап, іш!» деп.
Аяқты ішіп болып Әметтің айтқаны:
—Хан таңбалы қараны
Қақпа аузына жықпасам.
Қайқы қара болатты
Қанға былғап шықпасам.
Еліңді бөле-бөле шаппасам,
Бөріккен қойдай атпасам.
Керегеңді кеспесем,
Кесіп көмір етпесем,
Қарындасың Ханбикені
Қайырып беттен сүймесем,
Атам Айсыл менен Әмет болғанша
Аруақсыз тусам нетеді?!—
деп үйден шығып жүре беріп, кешке қайта айналып қызға
келіпті «алып қашайын» деп. Сонда келе жатып Әмет батыр
дың айтқан сөзі:
—Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудай хан ұлына
Қол арттырдың, жүйрігім!
Атағым қара кісі еді,
Атағымды сен шығардың, жүйрігім!
Алдыңнан қамыс құлақ сарала ұшыраса,
тарихи аңыздар
Артыңнан ауыр әскер құрсаса,
Қыл жүректің басынан,
Тебінгінің астынан
Сырлы жебелер айқасса,
Сыр білдірме, жүйрігім!
Сен хайуан да, мен—адам,
Жағадайсыз қалай шыға келдік бұл жерге.
Қадір ием ер жомарт,
Арғымағым, қалтақ күн
Қоссаң да қайта үйіріңе.
Сонан қызды шығарып алып, түнде некелестіріп, қашып
ты. Ертең түсте артынан қуған жалғыз қара көрініпті.
Қараса, Алшын ұлы Алау батыр екен. Қыз айтыпты:
—Алау батыр келді дегенше, Тәңріден талау келді десей
ші,—деп жылап қоя беріпті. Сонда Әмет батырдың сөзі:
—Жыламашы, Ханайым,
Көп жыласаң көзің ісер, жанайым!
Сенің атаң бас болып,
Қарағаш таудың басында,
Қарауыл қарап жатқанда,
Балалы Домбай өткенде
Баласын Алшынның ұлы Алау батыр атқанда,
Баласы екеш баласы жығылмай
Ақсай басып өткенде,
Біздікіне жеткенде,
Анасын мен атқанда
Жанымдағы қырық жігіт
Оғымды суыра алмай
Табан салып тартқанда,
Үш күн ұдай тамашаға батқанда,
Сырымдардың Дәулеті,
Оқтардың ұзын иық, ұзын оқта Есені
Қоянақ ұлы Қартқожақ
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Осы қолдың ішінде
Әмет ағасынан екенсің дей тұрды,—
деп қызды жұбатты. Сонда Алау батыр келіп:
—Сен жас едің, мен қарт едім. Тәңірі бақытларыңды аш
сын! Міне, менің бармағымды ат!—деп бармағын көрсетіпті.
Әмет оқпен тартып қалғанда бармағын жұлып кетіпті.
—Қош, аман болыңдар!—деп, қайтып келе жатқан әскер
дің алдынан шығып:
—Міне, оқ ататын бармағымды түсіріп кетті,—деген соң,
барша әскер қайтып кетіпті. Әмет аман-есен қызды алып құ
тылыпты.
94. [Асан қайғының қызы Жұпар]
Асан қайғы жеті жыл желмая мініп, жер қарап Жиде
лібайсынды ұнатып, халыққа айтып отырғанда он бес жас
тағы Жұпар деген қызының ұғып, сезген істері.
Асанқайғы деген кісі жеті жыл желмая мініп, қоныс қа
рап ұнатқан жері Жиделібайсын деген жер екен. «Құдай
жаратқан жердің оңдысы. Адам жүзге келмей өлмеген,
қойлары жылына екі қоздаған, жер шүйгіні сол екен»,—де-
генде, халық: «оған қалай жетеміз»,—депті. Асан айтады:
«Оған жету оңай, малды үш жыл ту қылып желдендіріп,
жылқыға айғыр салма, қойға қошқар қоспа, түйеге бура
қоспасақ болады»,—дегенді халық ауыр көріп, көшпейді.
Әкесінің бұл айтып отырған сөзін кесте тігіп отырған қызы
Жұпар ұғып отырады.
Сол Жұпар сұлуға Айшора деген бай Ерназар деген бала
сына құда болып, он жеті жасқа келгенде алып береді. Же-
лек астында отырған Жұпар келіншек Ерназарға:
—Сіз халықты аралап жүріп сұлулығы менен де сұлу бір
қызды қалыңдық қып айттырып ал!—дейді. Күйеуі Жұпар
дың бұл сөзіне нанбады. Жұпарға:
тарихи аңыздар
—Сіз аспанның қызы, сіздей сұлу табыла қоя ма?—деді.
Ақыры сөзбен күйеуін нандырып:
—Не дегеніңіз, ел болған соң табылмай ма?—деген соң,
күйеуі ел аралап жүріп бір байдың қызын айттырып алады.
Жұпар:
—Енді мынадан да сұлу әйел ал!—дейді. Ерназар:
—Енді маған әйелдің қажеті жоқ,—дейді. Жұпар:
—Саған керексіз болғанымен, маған керек,—деп, бол-
май тағы бір әйел алдырады. Үш әйел Жұпарды құрметтей
ді, тату-тәтті өмір кешеді. Үш әйел арасы бір жасардан әрбірі
он бес ұл табады. Үшеуі қырық бес ұл табады. Жұпар қырық
бес ұлға қырық бестен қылыш, найза, сауыт, дулыға, садақ,
қорамсақ жасатады.
Жұпар бір күні күйеуіне:
—Менің әкем жеті жыл желмая мініп, жер шарлаған
екен. «Тапқан жерім—Жиделібайсын деген жер бар екен:
тайы құлындайды, тайлағы боталайды, тоқтысы қоздап, мал
кіндігі үзілмейтін, ұрыстан аман болатын жер екен» деп еді.
Қалай жетеміз, алыс деп еді, әкем: «қойға қошқар, жылқыға
айғыр, сиырға бұқа, түйеге бура қоспай үш жыл малды
желдендіріп көшсе, жетеміз» деген еді. Мен ішімнен ерге
тиген соң: «Құдай жеткізсе, атам айтқан Жиделібайсынға
барармын» деп, сол ойлаған ойыма Құдай жеткізді,—деп
малды желдендіріп алып, малға еркек мал жібермейді.
Жиделібайсынға ауып кеткен екен. Көшіп Жиделібайсынға
да жетеді. Шеттен тоқтамай «Хан қорығы» деген жерге келіп
қонады. Басқаларды басқа жаққа тастайды. Ол уақ хан бо-
лып тұрған адам Ақшахан деген екен. «Қорықтан көшір!»
деп адам жібереді. Келген адам қараса, бір еркек, бір әйел
ғана. Келген адам оларға дереу көшуге бұйырады. Жұпар:
—Жолаушы едік, ат бұрлыққан соң түсіп едік, әзір
кетеміз,—дейді. Ханға айтқан соң, хан жата береді. Жұ
пар кеште барлық көшті қорыққа қондырып, үй тіктіріп,
екі тоқалды екі жағына алып, жатақты бұрынғыдан да
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
артық жасатып, әбден жайланып тойған соң, балаларын
отырғызып былай деген екен:
—Шырақтарым, бөтен елге, көрмеген жерге келдік. Жо
лаушы—елден көп болмас, шұқанақ—көлден көп болмас»
деген. Кеше жалғыз арбамен келген біреу көш дегенде, қазір
көшеміз деген едім. Осынша көп ұл, малды көрген соң хан көп
адаммен «көшіңдер!» деп келер. Сендер ертең таңнан тұрып,
атқа мініңдер. Үйде болмаңдар. Бестен үшке бөлініп, өзімнен
туған он беске ақ ат, ақ шапан, ақ тұмақ киіңдер. Ортаншы-
дан туған он беске қара ат, қара шапан, қара тұмақ кидіріп,
кіші тоқалдан туған он беске күрең ат мінгізіп, күрең шапан
кигізіп ұйықтап қалмай, ауылға қараңдар. Кісілер келіп,
үйге кіргенде үздік-создық болмай, бірдей келіп әдеппен
сәлем беріңдер. Өздіктеріңмен араласпай, бөлек отырыңдар.
«Адам ақылы көзінде» деген. Жабайы адам тәрізденбей,
жадырап тұрыңдар!—деп балаларына ақыл айтып, малды
қорыққа қоя беріп, жатып қалады.
Жұпар таңнан тұрып, балаларын тұрғызып, атқа мін
гізеді де жібереді. Өзі жатып қалмай хан жаққа қарап
тұрса, шапқан көбейіп, хан елі жиналып ауылға келе жа-
тады. Хан келе жатқан жолға Жұпар кілем төсеп, өзі хан
алдынан шығып ордасына түсіріп, ордаға кіргізеді. Орда
төріне он бестің қаруларын іліп қояды. Үйдің екі жағына
қалған екінші он бес қару-жарағын іліп қояды. Хан ордаға
кіріп, бұған қарап отыра береді. Хан:
—Сіздер кім боласыздар, қайда барасыздар?—деп сөз сұ
рағанда, Жұпар бәйбіше:
—Біз Сарыарқадан көшкен елміз. Әкем Асан қайғы жеті
жыл жер шолып жүріп «ұрыс болмайтын қоныс бар ма
екен?» деп, сонда тапқан қонысы—осы Жиделібайсын де-
ген жер. Ел көнбеген соң өзі қатын-баласымен ауып кеткен
еді. Мен атамның артынан іздеп, қара қазан сары бала қамы
үшін көшіп келе жатқан баламыз,—деп айтып болып,—
бұрынғының бір сөзі бар еді:
тарихи аңыздар
«Ақылың ауса—балға бар,
Қонысың ауса—ханға бар.
Қарның ашса—байға бар,
Қайғылы болсаң—ханға бар»,—
деген еді. Осы уақытында ақыл ауғанда, қоныс ауған да,
қарны ашқан да, қайғылы болған да біз болған соң, қара
ғаріп бас болғанша етегіне ілескен ханға барып, жолдас бо-
лайын деп өзімсініп, рұқсат сұрамай қорығыңызға қонып
жатқаным,—деп жауап беріп отырғанда, үйге кіріп-шығып
жүрген адамдар:
—Күншығыстан бір топ келеді,—деді. Соңынан:
—Оң жақтан бір топ келеді,—дегенше,—сол жақтан бір
топ,—дейді. Келгендерге ауылдағылар жиналды. Келген
жігіттер дереу далада тұрмай, ханға келіп сәлемдесті. Жігі
бойынша отырғанда, хан:
—Жұпар бәйбіше, бұларды таныстыр!—деді.
—Алдыңғы он бес ақ өзімнен туған, ортаңғы қара он бес
ортаншы сіңлімнен туған, соңғы күрең он бес кіші сіңлімнен
туған,—дегенде, хан:
—Өзіңіз Асаннан туып, үстіңізге әйел алдырғаның қа
лай?—дегенде, Жұпар қайтарған екен:
—Уа, тақсыр, бұрынғының сөзі бар емес пе:
«Ит жаманы үй қориды,
Қатын жаманы ер қориды.
Жолдасы жаман би қориды,
Хан жаманы жер қориды».
Және бұрынғылар «байтал көп болса, құлын көп бола-
ды» деп. Сол бұрынғылар өтірік айтыпты деуге бола ма? Бір
ерден туған баланың бөтендігі бола ма? Мен әйел алдырма-
сам, мына балалар қайдан пайда болар еді?—дегенде, хан
Жұпарға жауап қайтара алмай, далаға шығады. Аздан соң
хан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Мынау әйел де болса, өзіне сенген адам болу керек қой
деп ойлаймын. Қорыққа сұрақсыз, ізденіп келіп қонуы және
қырық бес ұл—анау, сайланған қару-жарақ, сауыт-сайман—
анау. Осы қорықты сендер ұнатсаңдар мен Жұпарға бергім
келеді,—дегенде көп:
—Жеті атадан келе жатқан қорықты бір қатынға босқа
берем дегеніңіз—не дегеніңіз?—дейді. Хан:
—Ай, халық-ай! Мен де осы қорықты босқа бергім келіп
отырғаным жоқ. Мен де істің артын ойлап, қауіп көріп
отырмын. Біз көп болғанмен қоймыз, олар аз болғанмен
қасқыр сияқты. Олар Сарыарқадан көшкенде-ақ жанын
шүберекке түйіп шыққан жоқ па? Және анау қырық бес
ұлдың өзіндей жауынгер, саймандарыдай сайман бізде бар
ма? Қан төгіп, ұрыс-талас қылғанша өз қолымыздан абы-
рой мен ерулікке деп бергеніміз мақұл деп ойлаймын,—
деген соң, көп:
—Айтқаныңыздың бәрі де дұрыс. Өзіңіз ойлап көріңіз,—
депті.
Хан үйге кіріп отырған соң, қонаққа деп сойған ту бие мен
қой етін асқызып, даярлап, соншама көп қолды бір кісідей
күтіп, құрметтеп үшеу ара бір табақ жасап, алдарына әкеліп
қояды. Көп халық ет жеп, сорпа ішіп болған соң қол жуып,
жайланып отырған соң хан айтады:
—Уа, Жұпар ханым, мына қорық менің жеті атамнан
қалған қорық еді. Сонау Сарыарқадан жер деп аңсап ке
ліпсіз. Бұл қорықты сізге ерулікке бердім. Бұдан былай
«Жұпар қорығы» аталсын!—депті. Сонда Жұпар ханым ба-
лаларына:
—Шырақтарым, хан бізге жеті атасынан келе жатқан қо
рығын берген болса, бұрынғының сөзі бар еді: «Хан қараша
сына қайыр қылса, қараша ханға сый қылады» деген. Хан
ға бәйге ат бастатқан тоғыз, қара кілем, қара нар, тай-тұяқ
жамбы, өзгелерге ат, шапан жол беріп сыйла!—депті.
Жұпардың мұндай жол-жоралғысына, біліміне, қайтар
ған жауабына көркіне хан әбден риза болып:
тарихи аңыздар
—Бәйбіше, сіз біздің жолымызға кілем жайдыңыз. Сон
да дәл біздің жолымыз екенін қайдан білдіңіз?—деді. Жұ
пар айтты:
—Далаға шығып, көп қолға қарап тұрғанымда көп қол
жылқыға қарай бой ұрды. Сіз келе жатқан жағыңыз тура
бұрылмай ауылға келе жатқан соң хан осы жағында екен деп
ойлап едім,—депті. Хан қош айтысып, еліне қайтады. Ердің
бақытына жақсы қатын кез болады. «Ырыс алды—жақсы
қатын» деген осы. Жұпардың білімімен соғыссыз хан қо
рығы «Жұпар қорығы» атаныпты.
95. Хан әз Жәнібек пен қыз
Әз Жәнібек хан тоғай ішінде аң аулап жүргенде жолда-
старынан бөлініп оқшаулау жүріп бір күркеге кез болады.
Хан атынан түсіп, күркеге кіріп келсе, шашын тарап бір қыз
отыр екен. Қыз:
—Апыр-ай, ауыз демей кірген соң қапаланып қалдым-
ау!—деп, орнынан түрекеледі.
Хан:
—Атаңыз қайда?—деп сұрайды. Қыз:
—Алты аяқтымен аңға кетті,—дейді. Хан:
—Анаңыз қайда?—дейді. Қыз:
—Сегіз аяқтымен дәмге кетті,—дейді де:
—Өзіңіз кім болдыңыз?—деп сұрайды. Хан:
—Мен әз Жәнібек хан боламын,—дейді.
Екі арадағы әңгімеден кейін әз Жәнібек хан үйіне келіп
билеріне айтады. Өзі де, оның билері де қыздың бұл сөзіне
түсіне алмайды. Сол кезде Жиренше жас жігіт екен. Хан бұл
сөздің шешуін Жиреншеден сұрайды. Жиренше:
—Қыздың әкесі бір құс, бір тазы ертіп аңға кеткен екен.
Шешесі буаз інген мініп тұзға кеткен екен,—депті. Хан қы
зығып, қызды алмақ болып жаушы жібереді. Әкесі қызды
ханға бермек болады. Қыз әкесіне:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... —Беріңіз, тек қалың малымды өзім сұраймын. Менің қалың малыма он бес лақ теке, жиырма бес қошқар, отыз бес бұқа, қырық бес айғыр, елу бес бура, алпыс ақ бас атан берсін!—дейді. Жаушы қыздың осы сөздерін айтып қайтып келеді. Хан сөзге түсінбей, қыздың сұрағандарын әзірлетіп жатады. Бұл хабарды естіп ханға Жиренше келеді. Жиренше: —Қыздың сөздері мағыналы сөздер. Оның мағынасы он бес—лақ текедей едің, жиырма бес—қойды иірген қош қардай едің, отыз бес—өкіретін бұқадай едің, қырық бес— азынайтын айғырдай едің, елу бес—күркіреген бурадай едің, алпыс—атан болдың дегені,—депті. Хан бұған түсініп, Жиреншеге бір тұлып алтын апарып беріпті деседі кәрі құлақ қарттар. 96. Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз Ханның Жанпоз атан деген түйесі болыпты. Бұл Жанпоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде оның ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген бозінгеннің ботасы екен. Ханым өзімен бірге келген ботаны өте жақсы көріпті. Бота еркін атан болыпты. Ауыр жүкке мықты, алыс жол ға өте шыдамды болғандықтан, ол «Жанпоз атан» атаныпты. Хан өрік, мейіз, күріш, Бұхардан шай, қант, кездемені алдырады екен. Жолдың алыстығы соншалық—ханның керуендері кей жылдар қыстап қалып келеді екен. Сонда жолай қанша түйе өлсе, соның жүгін әлгі жануар Жанпоз атан ға арта береді екен. Қанша артса да, ол атан көтере береді екен. Өзіне артылған жүктің бәрін хан ордасына әкеле береді екен. Сондықтан, болмаса ханым үйінен келген бота болған соң ба, Жанпоз атанды хан да жанындай жақсы көреді. Ол өзінің бір күні малшы жалшыларын жинап алып: 13-137
тарихи аңыздар
—Сендер білесіңдер, менің барлық ырыс, құтым мына
Жанпоз атанда тұр. Байқаңдар, егер де кімде-кім осы
Жанпоз атанды ұры алды, ұраға жығылды немесе өлді деп
естіртер болса, мен оның көмейіне қорғасын құйып өл
тіремін!—деп ескертті. Осыдан былай малшылар Жанпоз
атанды ойға қарай тайраңдатпай, өрге қарай маймаңдат
пай, жазық жерге бағады. Жайлы жерге жатқызады. Оны
ұрыдан да, ұрадан да сақтайды.
Сонымен айлар өтеді. Жылдар өтеді. Бір күні ел көшеді.
Хан ордасының шаңырағы хан мен ханымның жақсы
көретін Жанпозға артылады. Барлық көштің басы—
ханның көші. Хан көшінің басы—Жанпоз атан. Оның
бұйдасы қара жорғаға мінген ханымның қолында болады.
Көш жүріп келе жатады. Хан өзінің игі жақсыларымен ол
қонатын жерге озып кетеді. Жануардың қартайғаны ма,
әлде жазым болды ма, жарты жолға жетпей бір ордан ойға
қарай ылдилап түсіп келе жатқанда Жанпоз атан сүрініп
кетеді де, омақаса құлайды. Құлайды да, өз омыртқасы
үзіліп, тұяқ серіппей пышаққа ілінеді. Адам атаулы ат
үстінде, түйе атаулы жүк астында көш тоқтап, ел аңырып
қалады. Хан көшінің алдына басқа көштің түсуі жақсы
ырым емес. «Сен бар, сен бар!» дескенімен, ханға хабар
етуге ешкімнің батылы бармайды. Ақырында ел Жирен-
шеге қолқа салады. «Сіз барыңыз»,—дейді. «Жарайды,
барайын. Өзім үшін туыппын, өзім үшін өліппін»,—дейді
де Жиренше кете барады. Ол далақтап шаба жөнелмейді,
өзінің әшейіндегі жүрісімен бүлкілдете береді. Бір бел-
ден асқан соң, бір белден асады. Бір бұлаққа кідіріп, атын
да шалдырады. Сөйтіп жүргенде шалқай түс болады. Ел
қонатын жерге келіп, атынан түскен ханның көзі көш
келетін жақта. Ыстық күн құрып барады. Шаңырқап
шөлдей бастаған ханның шыдамы кетіп, халі де азаяды.
Ол бір кезде дөңнен асып келе жатқан Жиреншені көреді.
«Ау, жүрсеңші!» деп айғайлап та жібереді. Оған асығатын
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Жиренше ме, бір тебініп қойып бүлкілдете береді. Ханға
жақындаған сайын белі түседі.
—Апырай амандық па, көш қайда?
—Амандық, тақсыр, амандық.
Осыны айтып Жиренше асықпай атынан түсіп, ханның
жанына келеді.
—Амандық болса, көш неге келмей жатыр?
—Әлгі жануар Жанпоз атан сүрініп кетіп, содан жұмған
көзін ашпайды, көсілген аяғын жимайды. Сонымен көш
тің кідіріп тұрғаны, соны қайтеміз деп сізге ақылдасуға
жіберді.
Жиреншенің сондалық аспай-саспай сөйлегеніне шы
дамаған хан:
—Ойбай-ау, ол итті өлді десеңші,—деп айтып қалыпты.
Сонда Жиренше іліп әкетіп:
—Әлей, тақсыр, өлді деген өз аузыңыздан шықты,—
депті. 97. Жиренше (Бірінші әңгімесі)
Жиренше деген адам қай хан болса да, бір ханның
қасында болып, ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның
қадірлі биі, сөз тапқыр адамы болыпдүр дейді. Һәр уақыт
хан Жиреншені қалдырмай өзіменен бірге алып жүреді
екен дейді. Ханменен еріп бірге жүргенде Жиренше жа
рықтықтың әдеті—хан бір ауылға қонайын десе, болма-
са түстенейін десе, ханның алдынан шабуылдап ханның
түсетін үйіне барып: «А, хан келе жатыр, түсемін, қонақ бо-
ламын дейді. Үйіңде хан жоқ па?»—деп сұрайтын еді дейді.
Сонда тұрып үй иесі: «Үйімде әйел, бала-шағамыздан басқа
қонақтан ешкіміміз жоқ. Хан түссін, қонақ болсын!—десе,
«жоқ, үйіңде хан бар екен. Ханның үстіне хан түсіп, екі хан
бірге үйлесе алмас»,—деп әр уақыт ханды баласы бар үйге
түсірмейтін еді дейді жарықтық.
тарихи аңыздар 98. Екінші әңгімесі Бір күні хан өзінің жолдастары Жиренше бар бірге отырады екен, есіктен бір ақ сақал шал адам кіріп, ханға сәлем беріп, аман-түгел сұрасып төрге таман, анадай жерге барып отырды дейді. Сонда хан тұрып айтыпты дейді: —А, Жиренше, шал не айтады?—депті. Сонда Жиренше тұрып айтты дейді: —Тақсыр ханым, шал жиырма жасармын дейді. Жасы өз дегенімді жасармын деп айтады,—депті. Сонда тұрып ма нағы қарт айтыпты: —Тақсыр, Жиренше өзі—ер ортасы, кісі—ер ортасы, қа лайша болуға тиіс болады екен?—депті. Сонда тұрып Жиренше айтыпты: —Ер ортасы сары майдай айрылған тортасы,—депті. Хан айтыпты: —А, Жиренше, жас адам не дейді екен?—депті. Жиренше: —Жастар не сұрасын, жастар ойнақтайды, анау да, мынау да барда деп айтад,—депті. Анау да, мынау да деген сөзді қазақтардың қарттары айтады, жас адамның көңілі бір жерге тоқтамайды, талабы ілгері болады, соныңмен жастар онан да, мұнан да болса екен деп көңіл бір жерге орнықпайды. Жиреншенің анау да, мынау да деген сөзі сол дейді. 99. Үшінші әңгімесі Хан әр уақытта бір жерге жолаушы шығайын десе, Жиреншеменен «мынаны қайтеміз, мынау қалай болады?» деп кеңес салып, сонан Жиренше қалайша мәслихат жасаса да, тіл қабай Жиренше дегенше істеуге бұйыратын еді дейді. Сонан бір күн хан асығыстау бір жолаушы шығайын деп өзінің қызметкер адамдарына:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... —Жылдам өзімнің отыратын арбама өңшең қызыл нардан алты қызыл нар әкеліп жегіңіз!—деп бұйырып ты дейді. Сонан қызметкерлері жылдамдап алты қызыл нарды әкеліп жегіп, хан шығатын есіктің алдына таман жақындатып қойыпты дейді. Сонан хан қызметкерлеріне айтыпты дейді: —Барыңыз, Жиреншені шақырыңыз, меніменен бірге жүрсін!—депті. Ханның қызметкерлері аз болсын ба, жал ма-жан біреуі жүгіріп барып: —Ау, Жиренше, хан жолаушы шығайын деб атыр, сізді шақырады, келсін, меніңменен бірге жүрсін деп айтады,— депті. Сонан Жиренше айтыпты: —Ханның жеккені не?—депті. Шақыра барушы айтыпты: —Керемет өңшең қызылдан алты нар жеккізіп, әзірлеп қойды,—депті. Сонан Жиренше айтыпты: —Бек хош, қазір барармын, ханға сәлем айт, күн бұлт— қанатсыз болмайды, ханның қанаты жоқ,—депті. Сонан шақырушы қайтып ханға айтыпты дейді: —Тақсыр, Жиреншеге бардым, ханға сәлем айт, қазір барарым, күн бұлт—қанатсыз болмайды, ханның қанаты жоқ деп айтады,—депті. Сонан хан ұшып тұрегелді де, қыз меткерлеріне айтыпты дейді: —Жылдам нарларды туарып, жылқыдан тұлпарлар әкеліп жегіңіз!—депті. Сонан қызметкерлер жылдамдап тұлпарларды әкеліп жегіп, әзірлеп қойсалар, мына жағы нан Жиреншекең де келіп, ханменен екеуі арбаға мініп, тұлпарларменен жөнеліпті дейді. Бара жатқанда Алланың әміріменен қыбыла беттен бір қара бұлт жаңбыр төгіпті де салыпты дейді. Жер батқақ, сабыр тұлпарлар жарықтық қайғырсынып, батқақты кесіп, әшейін-ақ күш бермей, сыдыртып алып баратыр дейді. Сонда Жиренше тұрып айтыпты дейді: —Жылқы—малдың патшасы, түйе—малдың қасқасы,— депті дейді. Түйе малының мынадай батқақ және қайғақ
тарихи аңыздар
тарда жүруге қиын болатұғын, соған қарап айтқан сөзі бо
лады шамасы.
100. Төртінші әңгімесі
Бір күні хан Жиреншені шақырып:
—Жердің түбі қайда, соны біліп кел!—депті. Сонан Жи
реншекең:
—Бас тақсыр!—деп атына мініп, жердің түбі сен қайда
сың деп жердің түбін іздеуге кетіпті дейді. Сонан біраз күн
жүріп, ханның қасына қайтып келіпті дейді. Хан айтыпты
дейді:
—А, Жиреншем, аман-сау келдің бе, жердің түбі қайда
барып тоқтайды екен, білдің бе?—депті. Сонан Жиренше ай-
тыпты:
—Хан тақсыр, жердің түбі алыс емес, жақын екен. Жеті
тау асқасын балықты көлге барып тоқтайды екен,—депті.
Қазақтың қарттары айтады Жиреншенің жеті тау дегені—
жеті қабат жер, су үстінде тұрады екен, Жиренше соны ай-
тыпты дейді.
101. Бесінші әңгімесі
Бір күні хан жолдастарыменен, Жиренше де бар жол-
менен кетіп баратса, күн жел екен дейді. Жолдың анадай
жерінен желменен бір қаңбақ домалап баратыр екен. Сонда
тұрып хан айтыпты дейді:
—А, Жиреншем, анау кетіп баратқан қаңбақ қайда барады
екен, бар соның жөнін қайда барады екен, қайда қонады екен,
соны сұрап барып кел,—депті дейді. Сонан Жиреншекең:
Бас тақсыр!—деп қамшыны аттың бауырына бір басып
қаңбақтың артынан жөнелді дейді. Сонан қаңбақты қуып
жетіп алдынан шығып тоқтатып, бірдемелер айтқандай бо-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
лып, қаңбақтың қасында біраз тұрып айналып, ханның
қасына барыпты дейді. Сонан хан айтыпты дейді:
—А, Жиреншем, қаңбаққа сөйлестің бе, не айтады?—
депті. Жиренше айтыпты:
—Сөйлестім, тақсыр, қаңбақ айтады: «көшерімді жел
білсін, қонарымды сай білсін» деп айтады,—депті. 102. Алтыншы әңгімесі
Сол хан заманында бір адам: «Осы Жиреншені әркім бір
мақтайды. Жиренше сөзден жеңілмейді және сұраған сөздің
жылдамдап жауабын айтады дейді. Тоқта, мен оған бір күн
барып сөз сұрап, әбден бір сілесін құртайын, қанша білгіш
болса да сөзімнің жауабын айта алмас, дағдарар»,—деп ой-
лап, бір күн Жиреншеге барып айтыпты дейді:
—Жиренше, саудагерім бір мақтайды, шешен білгіш дей
ді. Білгіш болсаң, тесік тау қайда, айтшы?—депті. Жирен-
ше айтыпты:
—Тесік тау міне тұрған қызыл төбешіктің астында,—
депті. Сонан бұ кісі айтыпты:
—Енді ол қызыл төбешік мұнан алыс па, қанша жер?—
депті. Жиренше айтыпты:
—Жоқ, алыс емес, тиіп тұр, жүр үйге кірелік,—депті.
Үйге кіргесін Жиренше әйеліне айтыпты:
—Мына кісіге ас бер!—депті. Сонан Жиреншенің әйелі ас
құйып әкеліп, әуел Жиреншеге, сонсын әлгі қонаққа беріпті
дейді. Сонда Жиренше қолына құйып берген айранын ұстап
айтты дейді:
—Бес тұлпарға мінеді, қызыл төбешіктің астындағы те
сік таудан өтеді,—депті дейді. Сонан әлгі адам Жиреншенің
бұ сөзінен аңдады дейді: «А, мұның тесік тау дегені тесік та
мақ екен ғой, енді ешнәрсе сұрамайын, енді сұрасам, бірде
меге соқтықтырар, сірә тек тұруым жөн болар»,—деп,
—Жиренше, қош аман бол!—деп ауылына қайтты дейді.
тарихи аңыздар 103. Жетінші әңгімесі
Бұ Жиренше жарықтық өз ғұмырында ешбір адамнан ал-
данып, болмаса сөзден жеңіліп қалған адам емес еді дейді.
Сонда да жарықтық бір пақыр адамнан алданыпты. Бір күні
хан Жиреншені шақырып айтыпты дейді:
—А, Жиренше, жердің ортасы қай жер, бар соны іздеп
тауып көріп кел!—депті. Сонан Жиреншекең:
—Бас тақсыр, бек хош,—деп атына мініп алып, жердің
ортасы сен қайдасың деп жолға шығыпты дейді. Жолдан
келатса, бір жаяу келатқан бақыр адамға тап болады, тап
болса, әлгі бақыр адам Жиреншеге сәлем беріп, аман-сау ай
тысқасын, Жиреншеге «жол болсын!» депті.
—Жол болса, әлей болсын, біз бір жолаушы адамбыз,
жердің ортасын іздеп баратырмын, жердің ортасы қайда
екен, білесіз бе?—депті. Әлгі бақыр айтыпты:
—Білемін, жердің ортасы жақын, көрініп тұр,—депті.
Жиренше айтыпты:
—Қане, жақын болса көргізші,—депті. Әлгі бақыр аяғы
ның ұшыменен басып қарап:
—Ойбай, мұнан көрінбейді екен, жүр мына обаның ба-
сына мінелік, обаның басынан көрінер,—депті. Сонан екеуі
обаның басына шығып, әрі-бері қарағасын бақыр айтыпты:
—Бір жерден кішкене көрініңкіремейді екен. Аттан түсе
ғой, ат үстіне мініп көргізейін,—депті. Жиреншекең аттан
түсіп, атын әлгі бақырға беріпті дейді. Сонан бақыр атқа
мініп алып, қамшыны аттың бауырына бір тартып, «Жирен-
ше, хош аман бол!» деп кетіпті де қалыпты. Жиреншекең со
жерде жаяу отырыпты да қалыпты дейді. 104. Сегізінші әңгімесі
Жиренше жарықтықтың бір әйелі және бір жыртық жа-
ман қосынан басқа ешбір нәрсесі болмапты дейді. Жирен-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... ше бір жерге жолаушы кетіп, қайтып келсе, әйелі дүниеден қайтқан екен дейді. Сонан Жиреншеге әйелің дүниеден қай тыпты деп айтуға қия алмай, хан өзі жайлап білгізейін деп айтыпты дейді: —А, Жиреншем, анаң өлсе қайтер едің?—депті. Жиренше айтыпты: —Анаң өлсе, кемең су алды десейші,—депті. —А, атаң өлсе қайтер едің?—депті. Жиренше айтыпты: —Атаң өлсе, қараң суалды десейші,—депті. —А, ағаң өлсе қайтер едің?—депті. Жиренше айтыпты: —Ағаң өлсе, жағаң жыртылды деп айтсайшы,—депті. —А, әйелің өлсе қайтер едің?—депті. Жиренше айтыпты: —Әйелің өлсе, қамшының сабы сынды десейші,—депті. Ханның бұ сөздерінен Жиренше әйелінің дүниеден қайт қанын біліпті дейді. 105. Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі) Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұ рушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұ руға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайы на келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайтқысы келіп, күңірене бергенін естіп: «болмас, енді Жиреншені үйіне жіберіңіз, барсын!» депті. Өз үйіне кеткесін, хан: «Жиренше үйіне барғасын не айтар екен, соны тыңдап келе ғой» деп Жиреншенің артынан бір кісісін жіберіпті дейді. Бұ кісі келсе, Жиреншекең сол киім-көншегін салып ай шынық манағы өзінің жыртық-жыртық қосына кіріп, ұйықтауға жатыр екен дейді. Сонда және айтады дейді: «Кең сарайым бөз үйім, қайран менің өз үйім!» дейді және соны айтып созылады дейді, созылғанда аяғы тізіне дейін қостың сыртына
тарихи аңыздар
шығады дейді. Сонан бұл тыңдаушы адам қайтып хан қасы
на келіпті, келсе хан айтыпты:
—Қосшы бала, барып тыңдадың ба? Жиренше неғылып
жатыр екен, не айтады?—депті. Манағы кісі айтыпты:
—Хан тақсыр, бардым. Мен барсам, қосына кіріп ұйық
тауға жатыр екен. Керілед, созылад, аяғы тізіне дейін қос
тың сыртында жатыр және «кең сарайым боз үйім, қайран
менің өз үйім!» дейді,—депті.
Сонан хан айтыпты дейді:
—Ойбай, онда Жиреншеге бір әйел алып бермей болмас,
сөйтіп жүріп бір күн жоғалар, кетер. Жиреншемізден айры-
лып қалармыз, барыңыз, Жиреншені шақырып келіңіз!—
депті. Сонан Жиреншені біреу барып шақырып келгесін, хан
айтты дейді:
—А, Жиреншем, бар өзіңе сәйкес ұнаған бір қыз тауып
ал, қызды сен тап, оған мал қанша да болса мен берейін,—
депті. Сонан Жиренше қасына неше бір жолдас ертіп,
өзіне ұнаған қызды іздеуге кетіпті дейді. Со кетуден іздей-
іздей төрт жылға дейін іздеп ешбір өзіне ұнаған қызға тап
бола алмапты дейді. Сөйтіп әбден дағдарып келе жатса, бір
қырдың басында үш қыз отырад екен дейді, сол үш қыздың
үшеуі де тезек теріп, қаптарын толтырып ауылдарына қай
тып келатқанда, күн жауғасын, күн ашылсын кішкене деп
қаппен тезектерін анадай жерге қойып, өздері киімдерін
бүркеніп жауыннан тасаланып отырады екен дейді. Енді
біреуі үстіндегі бешпетін шешіп тезектің үстіне жауып, өзі
жалаңаш көйлегіменен ғана жауып қойыпатқанда жауын
ішінде тұр екен дейді. Сонан Жиреншекең жолдастарыме
нен осы отырған қыздарға келіп, манағы жалаңаш көйлегі
менен отырған қыздан сұрады дейді:
—А, шырағым, ана қыздар отындарын жамғырға қойып,
өздері бешпенттеріменен бүркеніп, жамғырдан таса болып
отыр, сіз бешпетіңізді шешіп, отын үстіне жауыпсыз, өзіңіз
жамғырдан жалаңаш тұрсыз, мұның себебі қалай болад,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
айтыңыз, шырағым,—деп сұрапты дейді. Сонан қыз тұрып
айтыпты дейді:
—Мұның себебі үйімде қарт әкем менен қарт шешем бар.
Қазір мұнан отынды су қылып алып барсам, үйдегі әкем ме-
нен шешеме ас пісіріп ішкізе алмай, ол байғұстар түніменен
аш қонады. Егер су қылмай құры қылып алып барсам, әке-
шешем ас пісіріп ішіп тойып, бір жағынан жылынып рахат
ұйықтайды,—депті. Сонан Жиренше бұ қыздың сөзіне ден
қойып:
—Шырағым, ауылыңыз қайда?—депті. Қыз:
—Ауылымыз міне тұрған обаның астындағы ауыл,—
депті. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен қыздың көр
гізген ауылына келіпті дейді. Келсе, бір жаман қос екен дей
ді. Үйдің сыртына таман келіп Жиреншекең: «сөйлес!» деп
айқайлады дейді. Айқайласа, үйден бір ақсақал шал шы
ғып:
—А, жолаушылар, жол болсын!—депті. Жиреншеге ай-
тыпты:
—Қош аула, қоныңыз, түсіңіз,—депті. Сонан Жиренше
айтыпты:
—Жол болса, қонақпыз, рұқсат болса, қонамыз,—депті.
Шал айтыпты:
—Қонақ болсаңыз, қош аула, қоныңыз, түсіңіз,—депті.
Сонан Жиреншекең жолдастарыменен түсіп, аттарын бай
лап қосқа кіріпті дейді. Қосқа кірсе, кемпір-шалдан басқа
ешкім жоқ. Біразырақ отырғасын күн тәуір ашылған кез-
де манағы қыз да отынын арқалап келіпті дейді. Отыны
құрғақ, несін сұрайсың. Отынын жағып, қонақтарға шайын
құйып, асын беріп, оңыпты да қалыпты дейді. Әлгі екі қыз
түніменен отыны су жаға алмай әлекшілік болып, оңдап
ас пісіріп іше алмай жатыпты дейді. Сонан Жиренше жол-
дастарыменен о күні қонып, ертегісін ертеменен шай ішіп,
енді аттанар кезінде Жиреншекең қызға қарап мұртын си-
пады дейді. Жиренше мұртын сипағанда, қыз тұрып қасын
сипады дейді. Жиренше қасын сипады дейді. Сонда қыз
тарихи аңыздар
тұрып шашын сипады дейді. Қыз шашын сипағасын Жирен-
ше де шашын сипап еді, қыз тұрып жерде жаюлы жатқан
тулақтың түгін сипады дейді. Сонан ешбір сөз жоқ, Жирен-
ше жолдастарыменен аттанып жолға шықты дейді. Жолға
шыққасын, неше бір күндер жүріп аман-есен ауылдарына
барғасын Жиреншекең ханға амандасуға барды дейді. Сонан
хан аман-түгел сұрасқасын, хан айтты дейді:
—Қане, Жиреншем, өзіңе ұнаған қыз таптың ба?—депті
дейді. Жиренше айтыпты:
—Тақсыр, таптым, тапқанменен дүниеде мал жететін
емес, тулақтың түгі есебіне мал сұрайды,—депті. Сонан хан
айтыпты:
—Бар, Жиреншем, төрт түлік малдан қанша айдасаң да
айдап барып, со қызды неғылсаң да алып кел,—депті.
Сонан Жиреншекең қасына неше бір қосшы алып, төрт
түлік малдан жер-дүниеге сидырмай айдап, әлгі қыздың
ауылына қарап шығыпты дейді. Сонан неше бір күн жүріп
барып, қыз тұрған ауылдың үстіменен малды айдап, көп мал
қойсын ба, жарықтық, қыздың әкесі тұрған қосқа сүйке
ніп, әрқайсысы маза бермей тақ қосты қирататын болғасын,
қыздың әкесі:
—Ой, қан жауғыр, бұ кімнің малы, өз қосымызды қи
рататын болды ғой,—деп, қолына таяғын алып ашуланып,
малды қайырайын деп сыртқа шықты дейді. Сонан қыз
тұрып айтты дейді:
—Ата, о малды қайырма, бұ мал сізге келе жатқан мал бо-
лар. Мен түнеукүні келген қонақпенен сөйлесіп, «атам мені
тулақтың түгі есебіне малға береді» деп айттым. Енді сіз ту
лақтың түгін есептеп, малыңызды алыңыз!—дейді. Сонан
қыздың әкесі шал айтыпты:
—Өй, мен оны қайдан есептеп санап тұрайын, осы мал
дың бәрін берсе, осы мал маған жетеді, артығын сұрамай
мын,—депті. Сөйдесіп тұрғанда ұзақтамай мына жағынан
қосшыларменен малдың артынан Жиреншекең де келіпті
дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... Қазақтың қарттарының айтуы, Жиреншенің қызға қа рап, мұртын сипауы—«сені әкең осы мұртымның түгі есебі малға бере ме дегені» дейді. Енді қыздың қасын сипауы— «мұртыңның түгіне түгіл үстіне қасыңның түгін қоссаң да бермес» дегені екен. Енді Жиреншенің қасын сипауы— «оны қоссам, берер» дегені екен және қыз шашын сипап еді ғой. Ол—«оның үстіне шашыңның түгі есебі мал қоссаң да бермес дегені» екен. Жиреншенің шашын сипауы—«оны қоссам, берер» дегені екен. Сонан қыздың «жерде жаюлы жатқан тулақтың түгі есебіне малға береді» деген сөзі екен. Бұ сөзді жолдастары түсінбей, тек екеуі түсінісіпті дейді. Келгесін шалдың өзінің үйіне түсіп, әлгі малдың бәрін беріп, құдаласып, ертеңіне қыздың некесін қидырып әке ліп, манағы өзінің жыртық қосына қойып, ханға амандаса барды дейді. Хан: —А, Жиреншем, аман келдің бе, қалай, келінді әкелдің бе, келін тәуір жақсы ма?—депті дейді. Жиреншекең айтыпты: —Тәуір, жаман емес,—дейді. Сонан хан: «Жиреншенің әйелі қандай кісі екен, барып көріп келіңіз», деп қадірлі адамдардан үш-төрт адам жіберіпті дейді. Сонан ханның жіберген адамдары келіп Жиреншенің үйіне түсіп, қонақ болып, Жиреншенің әйелін көріпті дейді. Көрсе, несін сұрайсың, ақ жібектей есілген, мойны құрықтай, ақ қолқа бір жас қыз екен дейді ханның жіберген адамдары. Мұны көріп, сірә, бек тамаша қалыпты дейді, сонан бұл адамдар қайтып ханға келіп, Жиреншенің әйелінің бойы-сынын, болмаса жүріс-тұрысын, ақылын сөйлеп, айтып бітіргісіз мақтап: —Тақсыр, бұл адам Жиреншеге лайық емес, тап хан өзіңізге лайық екен,—деп, ханның көңілін аударыпты дейді. Ханның өзі Жиреншені қанша жаратса да, әлгілер өс тіп азғырып тұрғасын пенде ғой, ханның көңілі ауып, әрне бар, Жиреншеден со келіншекті алуға айналдырыпты дей
тарихи аңыздар
ді. «Алуға болғанменен, қапелімде тартып алуға болмайды,
айламен алуға Жиреншенің өзі сөзге шешен адам, қалайша
алсам екен?»—деп хан бір күн өзінің кеңесетін адамдарын
жинап:
—Қане, Жиреншеден бұ келіншекті қалайша аламыз,
бұған не айла бар?—деп кеңес жасапты дейді. Сонан бұл
адамдар мынау-мынау айланы, анау-анау айланы айта тұр
са да, сірә, Жиренше дағдарғандай бір айла табылмапты
дейді. Сонан сол адамдардың ішінде тұрып біреуі айтыпты
дейді:
—Хан тақсыр, сіз мынау тәдбірде жасаңыз,—депті,—сіз
Жиреншені шақырып айтыңыз: «Міне мен саған жүз еркек
қой беремін, сол жүз еркек қойды жазғытұры қой қозда
ған уақытта соны қозылатып бересің. Егер қозылатып бере
алмасаң, басыңды аламын!» деп тәдбір жасаңыз,—депті,—
со тәдбірге оның амалы құрыр,—депті дейді.
Сонан хан Жиреншені шақырып алып айтыпты:
—Жиренше, міне мен саған жүз еркек қой беремін,
соны жазғытұры қой қоздаған уақытта қоздатып бер, егер
қоздатып бере алмасаң, басыңды аламын, саған тәдбір
сол,—депті дейді. Сонан Жиреншекең, сірә, бұ сөзге ешбір
нәрсе тауып айта алмай дағдарып, көңілі бұзылып, үйіне
барды дейді. Үйіне барса, алдынан жарқырап келіншегі
шығып, Жиреншенің көңілі бұзылып келе жатқанын
біліп:
—Жарқыным, бүгін неғып көңіліңіз бұзылып келатыр,
не жайыңыз бар?—деп сұрапты дейді. Сонан Жиренше ай-
тыпты дейді:
—Көңілім неғып бұзылмасын, бүгін хан бір ауыз сөз ай-
тып, соған ешбір жауап айта алмай жанымнан үміт үзіп келе
жатырмын,—депті дейді. Сонан әйелі айтыпты дейді:
—Ау, неғылған ауыр сөз,—депті. Жиренше айтыпты:
—Хан айтады: «мен саған жүз еркек қой беремін, соны
жазғытұры қой қоздаған кезеңде қозылатып бер,—дейді.—
Егер қозылатып бере алмасаң, басыңды аламын» дейді. Мұ
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
нан артық ауыр сөз болар ма, еркек қой қозылай ма екен?—
депті дейді. Сонан әйелі тұрып айтыпты:
—Қайғырма, құдайың берген екен, бар жылдам жүз ер-
кек қойдан айдап келе ғой,—депті. Жиреншекең барып жүз
еркек қойды айдап келіпті, келсе, әйелі айтыпты:
—Бұ қойдың жиырма шақтысын сой, ет керек қой жеу
ге,—депті,—және қалғанын базарға алып барып сат, киім-
кешек, шай-шекер ал да, жалғыз бір еркек қойды есіктің
түбіне байла, қыстай соны бағып шығармыз,—депті. Жи
реншекең байғұстың әбден дағдарғаны ғой, әйелінің айтқа
нын бәрін істеп, жалғыз қойды әкеліп есік түбіне байлап
қойды дейді. Ханға ақыл берген билер бар, мұны көріп, «кө
рім жақсы қылды, қойдың бәрінен айрылды, енді нағылады,
ол мұрат-мақсұдымыз болад енді» деп қуанды дейді. Со-
нан, бәракалла, қыс өтіп, жаз шықты, қойдың қозылайтын
уағы болды. Енді кесулі күн тамам болғасын хан манағы
ақыл үйреткен билеріменен Жиреншеге бармақ болып
шықты дейді. Сонан хан Жиреншеге жақындар мезгілде
Жиреншенің әйелі айтыпты дейді:
—Тұр, жылдам ана қойды бауыздай қой!—депті. Сонан
жалма-жан Жиреншекең қойды бауыздапты. Сонан хан үй
дің сыртынан келіп айқайлапты:
—Ә, Жиренше үйде ме?—депті. Сонда жалма-жан Жи
реншенің әйелі екі қолын сыбанып жіберіп, қойдың бауыз-
дама қанына екі тірсегіне дейін бояп, қан болып, ханның ал-
дынан шықты дейді. Сонан хан сұрады дейді:
—Шырағым, бұ тірсегіңе дейін қан не?—депті дейді. Жи
реншенің әйелі айтады дейді:
—Тақсыр, қазір Жиренше жас босанып жатыр еді. Қо
лымның қаны сол еді,—депті. Хан тұрып:
—Ой ақымақ, ер кісі туатын ба еді?—дейді. Сонан Жи
реншенің әйелі айтыпты:
—Бас тақсыр, еркек қой қозылайтын ба еді?—депті. Со-
нан хан санына қолын бір соғыпты да:
тарихи аңыздар
—Қой, болмас, жүріңіз қайталық,—деп, хан байғұс бір
әйелден жеңіліпті де қалыпты дейді. Сөйтіп, «қапияда қа
тын табады ақылды» деген сөз сонан қалыпты дейді. Жирен-
ше өз ғұмырында бір бақырдан алданыпты да, екінші осы
қойға жауап таба алмай сасып, сірә, Жиреншеден көрі әйелі
алғыр болыпты дейді. 106. Жиренше шешен мен хан
Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен де
ген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жи
реншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жи-
ренше шешен ханға кірген жерден:
—Бір жасыңыз мың болсын,—деген екен. Хан бұл сөзін
ұнатпай:
—Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз
шығады екен,—депті. Сонда Жиренше шешен айтты дейді:
—Құлдық тақсыр, құп айтасыз, адамның өзі мың жа
самайды, артында аты қалса, аты мың жасайды, екінші, дү
ниеде бір қызық көрген дәурені, бір күнінің өзі мың жылға
тұратұғын қызық дәуренменен өтсін деп айтып едім,—депті.
Сонан соң хан бұл сөзін хош алып, арымас ат, тозбас тон
берген екен. «Арымас ат, тозбас тон» дегеннің мәнісі—өзіне
бір орын беріп, «қашан өлгенінше» деп уәзипа тағайын қыл
ған екен осы айтылған хикаяны тамамдау үшін.
107. Жиренше мен әз Жәнібек
Әз Жәнібек хан айтады екен:
—Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады,—деп.
Қасындағы жолдастары ханның бұл сөзін ауырлап
жүріпті. «Алты жасар бала болады деп қайдан біледі. Не бол-
са соны мақтайды екен» деп.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Бір күні жап-жалаңаш ойнап жүрген бала Жиреншеге хан
бөркін алып басын көрсетіпті. Жиренше аузын ашып, тілін
көрсетіпті. Далаға шауып ойнап кетіпті. Хан қасындағы би-
лерге:
—Мен Жиреншеге не дедім, Жиренше маған не деді?
Осыны шешіп беріңдер,—дегенде, біреуі де шеше алмапты.
Сонан соң хан Жиреншені шақырып алып:
—Жаңа мен не дедім, сен маған не дедің?—деп сұрағанда,
Жиренше:
—«Сен басқа пәле қайдан?» деп басыңды көрсеттің, мен
«басқа пәле тілден» деп тілімді көрсеттім,—депті. Сонда:
—Рас-ақ, осылай дегеніміз,—депті.—Бұл Жиреншені
күндемеңіз,—депті. 108. Жиреншенің хан сынағына түскені
* * *
Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр
беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел,
барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де
қылтан шықпасын!»—депті. Жиренше сиырларды алып,
әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш:
—Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып ба-
рып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналды-
рып қуа бер. Әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жынды
су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер,—депті.
Жиренше Қарашаштың барлық айтқандарын істеген
екен, оның айтқандарының барлығы да дұрыс келіпті.
Сөйтіп, қырық сиырдың барлығының ішін тазалап, ханға
алып келіпті. Хан сиырларды шетінен соя бастапты. Бірақ
ешбіреуінің ішінен қылтаң таба алмай, аң-таң қалған екен
дейді.
14-137
тарихи аңыздар
* * *
Бір күні хан Жиреншеге хабар береді:
—Жиренше біздікіне келсін, келгенде жолмен де жүр
месін, жолсыз да жүрмесін,—депті.
Жиренше бір ит пен бір ешкіні қосақтапты да, жолға тү
сіп хан үйіне қарай келе жатады. Хан үйіне жақындайды.
Оның келе жатқанын халық көріп:
—Мынау кім өзі, жолмен де жүрмейді, жолсыз да жүр
мейді. Қалай жүріп келе жатқан адам?—деп таңғалады.
Онсыз да ит пен ешкі қосақтағанда қалай дұрыс жүрсін, бы
лайынша жүргеннің өзінде де дұрыс жүрмейді,—депті. Жи
реншенің тапқырлығын көріп, хан таң қалған екен дейді.
109. Жиренше туралы
Әз Жәнібек хан қасында бірнеше уәзірлері, жолдастары
бар бір жақтан келе жатса, бір ұста үй салып жатыр екен.
Ұстаға:
—Өнерпазсың, күніңе неме ақы аласың?—деді. Ұста ай-
тады:
—Күніме бір ділда аламын,—деді.
—Күніңе бір ділдадан алғанда, неғып осы күнге шейін
байымай жүрсің?
Ұста айтты:
—Бай болмайтын себебімді айтайын. Тапқан табысым
ды төртке бөлемін. Біреуін борышыма беремін, біреуін қа
рызға беремін. Біреуін суға тастаймын. Біреуін-ақ өзім ішіп,
жеуіме ұстаймын. Енді қайдан байимын,—деді. Әз Жәнібек
хан қасындағылардан сұрады:
—Осының не дегеніне түсіндіңдер ме?—деп.
—Жоқ, түсінгеніміз жоқ,—десті.
—Енді осыны аттан түспей, түп-түгел барып Жиреншеден
сұрайық. Таратып орнын тауып берсе, сонда да өзгемізден
артық көреді деп өкпелейсіңдер ме?
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Жоқ, өкпелемейік,—деп, ешқайда бұрылмастан ше-
шенге келеді. Аттан түспей тұрып:
—Шешен, қайда барсың?—дегенде:
—Міне, мен бармын. Уа, немене, тақсыр!
Әз Жәнібек:
—Бүгін біз бір үй салып жатқан бір ұстаны көріп, жолы
ғып сұрап едік «ақыңа не аласың?» деп, «күніме бір ділда
аламын» деді. «Күніге бір ділдадан алғанда, неғып осы күнге
байымай жүрсің?» дедім. «Байымайтын себебімді айтайын.
Тапқанымды төртке бөлемін, бірін борышыма беремін,
біреуін қарызға беремін, біреуін суға тастаймын, біреуін өзім
ішіп-жеуіме ұстаймын». Өзі ішіп-жейтіні белгілі, соның бо-
рышы не? Қарызы не? Суға тастаймын дегені не? Орнын та
уып таратып берші,—дегенде, шешен айтты:
—Тақсыр, ол ұстаның қартайған әке-шешесі бар екен. Ер
жеткен ұлы бар екен. Бойжеткен қызы бар екен. Тапқанын
төртке бөліп, біреуін әке-шешесіне беріп тұрады екен. Жа-
сында баланы әке-шешесі асырайды, өскен соң әке-шешені
бала асырайды. «Борышын беремін» дегені—әке-шешеме
қарасамын дегені. «Қарызға беремін» дегені—«еркек ба-
ласына беремін» дегені. «Тірі болса, күнінде қаруын олар
да қайтарар» дегені. «Суға тастаймын» дегені—күйеуге
беріп жасап отырған қызы бар екен. Қызға жасаған жасау
суға тастаған дүниемен бірдей. Енді қалған бір бөлегі өзінің
ішіп-жеуіне мүкі тақы зорға жарайтын шығар. Мұның бә
рін асырап, сақтаған соң не жайы қалсын, қалай байысын.
Құлағынан басқа дымы жоқ қу бас болса, онда байымасқа не-
мене,—деп сөзін аяқтады.
Әр ханның тұсында бір сұрқылтай дегендей, әз Жәнібек
заманында болған сұрқылтай Жиренше болды. Жиренше
үш жүздің қайсысынан екені белгісіз. Әз Жәнібек мұның
заманында болған хан. Шынқыз тұқымынан келеді, төре
тұқымынан. Қай ғасырда болған хан екенін тарихтан қа
раңыз.
тарихи аңыздар 110. Жиреншенің ұшқырлығы
Жиренше ойшыл, сөз тапқыш адам болады. Бір күні әз
Жәнібек хан бір қазды атып алып Жиреншеге береді де:
«бұны пісіріп өзіме, ханымыма, екі балама үйлестіріп бөліп
бер!» деп тапсырады. Жиренше қазды үйтіп, пісіріп алып
келеді. «Бесмелла рахман рахим!» деп басын кесіп алып,
«сіз бәріміздің басшымызсыз ғой» деп басты ханға береді.
«Еркек бас, әйел мойын ғой» деп сорайған қаздың мойнын
ханымға ұстатады. Екі қанатын кесіп алып, «бала атаның
қанаты ғой» деп екі баласына береді. «Мен басы да, аяғы да
емен, ортасымын ғой» деп барлық етін өзі алады.
111. Жиренше шешен
Жиренше шешен әкесі ертерек өліп, жетім қалған бала
екен. Әз Жәнібек хан бір жақтан келе жатса, бір жас бала
жаяу, мал өрісі жерде жүр екен. Айнала қарап тұра қалып:
—Шырағым, елсіз жерде не қылып жүрсің?—деп еді.
—Бір жалғыз түйем бар еді, сонан айрылып қалып, соны
қарап жүрмін,—дейді.
—Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?—деді.
—Түйемнің тұсауы өліп қалып еді,—деді. «Тұсап қой
түйеңді» деп айтатұғын әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.
—Балам, біз қай үйге қонайық?—дейді.
—Бір қой жесеңіз, қай үй де болса берер, екі қой десең,
біздікіне қон!—дейді.
—Мырза бала екен ғой, осыныкіне қонайық!—деп, үйіне
келіп түсе қалды дейді.
Бір буаз саулықты жетектеп келіп бала: «илаһи амин!»
дегенде,
—Шырағым, бойдағы жоқ па еді?—депті.
—Мана далада айтпап па едім жоғын, бойдақ қой жеймін
десең, қай үйден табылады, екі қой жеймін десең, біздікіне
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
қон дегенім, буаз қой сойғызамын десең, онда бізге қонасыз
дегенім емес пе еді?—дейді.
Баланың жауабына қайран қалып, тамаша қылысты
дейді. Сол заманларда әз Жәнібек хан қырық уәзірін жиып:
«Маған өтірік пен шынның арасы неменен айырылады, соны
тауып беріп қалағандарыңды алыңдар, болмаса, бастарыңды
аламын. Қырық күн мәуліт бердім!»—депті. Сонда һешкім
керек қылмай әңгіме естимін деп Жиренше өз бетімен барған
екен. Уәзірлер тарқасып кетіп, қырық күн ойлап дәнеме таба
алмапты. Қырқыншы күн болғанда хан жинап алып:
—Өтірік пен шынның арасы неменен айрылатындығын
таптыңдар ма?—дегенде,
—Жоқ, тақсыр! Таба алмадық,—десіпті.
Хан: «бастарыңды алдырамын!» деп қаһарланған шақта,
Жиренше шешен айтыпты:
—Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қыр
қыңа қырық күн мәулет берді ғой. Енді, өздерің тіленіп ер
басына қырық күннен мәулет алсаңдаршы! Соған шейін бі
рің болмаса, бірің табарсыңдар,—деді.
Хан:
—Жарайды, бұл баланың сөзі де дұрыс көрінеді, менің
мақсатым—сендерді өлтіру емес, сынау, «ханда қырық кі
сінің ақылы болады» дейді. Сендер ақылды болсаң, сон-
да һәр қайсыңнан бір ақыл алған соң, менде қырық кісінің
ақылы болатұғын себебі сонымен дағы. Сендердің бірде-
біріңде ақылдан шайнам дәнеме жоқ болса, менде ақыл
қайдан болсын. Табыңдар осыны, ер басына қырық күннен
мәулет бердім,—деп таратып жіберді дейді. Ханның алды-
нан шыққан соң он екі жаста жас бала Жиренше бұл сөзді
біреу болмаса, біреу білуші болар, соны іздеп табамын деп,
жаяу, жалғыз елден елді кезді дейді. Қаңғып келе жатып
бір қорғаны бар шаһарға келді дейді. Намаздыгерден төмен,
намазшамнан жоғары дарбазасынан кіріп келе жатса, дар
базаның ішкі жағында темір қара көк ат мінгені, дулыға, са-
уыт, шарайна белдік кигені, ер қаруы—бес қаруды асынып,
тарихи аңыздар
найзасын жерге шаншып біреу тұр екен. Дарбазадан кірген,
шыққан бәрі сәлем берісіп өтеді екен. Жиренше сәлем бер-
мей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте берді дейді. Сон-
да найзасын жерге тіреніп, ат үстінде шіреніп ширатылып
сөйледі дейді:
—Сенен басқа осы дарбазадан кірген, шыққан сәлем бер-
мей өтпеуші еді, сәлем неге бермей, мойныңды неге бұрмай
барасың?—деді.
—Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме?—
дейді.
Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп-білмеген жан екенсің,
кел артыма мінгес. Біздікіне мейман бол!—дейді.—Ер то
қымды аттың алдын бізге, артын сендерге Құдай бұйрық
қылған еді. «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар еді, жүр
үйіңді көрсет, жаяу-ақ барайын,—деді. Ол атты, бұл жаяу
үйіне ертіп келді. Мейманханасына кіргізді. Өзі үйіне ба-
рып түсті. Мейманхана кірген кісі шыққысыз, жалғанның
бейішіндей үй екен. Маржандай тізілген жаңа өспірім
қыздар пар-парымен неше түрлі тамақ, қонақ жабдықларын
даярлап тіке тұрып күтті. Ас жеп болған соң, қара көк аттың
үстіндегі мырза келіп:
—Қонағым, әңгіме айт,—деді.
—Біріміз бүтін, біріміз жарты, әңгімеміз келісе ме?—
дейді, отыра алмай ұялып шығып кетті дейді. Сөйтсе, өзі
қыз екен. Сол шаһардың патшасының қызы екен. Атасы
нан рұқсат алған екен: «Еркек киімін киініп, дарбазаның
алдында тұрып, келген-кеткенді сынаймын, сыныма келген
жанға тиемін» деп. Ал, жолаушы, жобаушының бәрі мұның
әйел екенін білмей, иіліп сәлем беріп өтеді екен.
Жиренше көрген жерден, атқа отырысынан әйел екенін
біле қойып: «біріміз атты, біріміз жаяу» дегені—«біріміз ер
кек, біріміз ұрғашы, қалай сәлем берісеміз?» —дегені екен.
Өзінің әйел екенін әбден танығанын «біріміз бүтін, біріміз
жарты» деген сөзінен біліп, ұялып тұра жөнелген себебі сол
екен. Атасына қыз кісі салдырды дейді: «Менен білімі асқан
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
кісі кез келді, мені осыған берсін» —деп. Атасы қош көріп,
қабыл алып, жорға бие сойып, жоғарғы елді шақырып, ту
бие сойып, төменгі елді шақырып, үлкен, зор тамаша той
қылып, қызын Жиренше шешенге никахлап қосты дейді.
Жиреншенің жақсы, аяулы, данышман қатыны осы екен.
Екеуі бір-біріне қосылып, құрмашаны сындырып, көңілде
рін тындырып, ұйқылары ашылған соң, мауқы әбден басыл
ған соң, Жиренше шешен «мен қайтамын» дейді.
Қалыңдығы:
—Сіз қайда қайтасыз? Әкемнің менен басқа ұлы да жоқ,
қызы да жоқ. Әкем өлген соң осы дәулетке кім ие болады?
Енді не іздейсіз? «Есіктен табылса, төрге озба» деген бар емес
пе еді?—дейді.
—Жоқ, қайтатұғымның мәнісі бар: әз Жәнібек деген ха-
нымыз қырық уәзіріне «өтірік пен шынның арасын айырың
дар» деп қысым қылып еді уәзірлеріне. Соны солар таба алмай
қанша күнге мәулет алысып еді. Мен соны білуші болар ма
екен деп, іздеп шыққан жұмысым сол еді. Үйден шыққанда
ойлап шыққан жұмысымды аяқтамай тұрып қалсам, «бұқа
қарап жүріп жасауылға тұрғанның» құдды өзі болғаным ғой!
Онан соң менің адамшылығым болмайды ғой!—дейді. Онда
қалыңдығы айтты:
—Болмашы нәрсенің өзі керек қылып іздеушіге әлде
қандай қиындап кетеді екен-ау! Өтірік пен шынның арасы
бір-ақ тұтам жер емес пе? Бұрынғылар айтпаушы ма еді:
«өтіріктің түбі бір-ақ тұтам» деп. Онының мәнісі: көзбен
көрген шын емес пе, құлақпен естіген өтірік емес пе? Құлақ
пен көздің арасы бір-ақ тұтам жер емес пе? Өтірік пен
шынның айырмасы осы емес пе? Көзбен көрген анық, құлақ
естіген танық демеді ме?—дейді. Бәрекелде, іздеген жоғым
табылды. Енді мен мұны барып әз Жәнібекке есіттірмесем,
қырық уәзірін жоқ жерде өлтіріп тастайды ғой! Солардың
ажалына ара тұрсам, тіршілігімнен зор пайда тапқаным
ғой—деп жүруге ыңғайланғанын білген соң, қыз атасына
кісі салдырды:
тарихи аңыздар
«Жат жұртқа жаралған әйелмін, күйеуім ел-жұртына
қайтамын дейді, мені қалдырмасын, ұзатсын»,—деп.
Әкесі қызының айтқанын құп көріп, алтынмен ап-
тап, күміспен күптеп, қызын ұзатты дейді. Қырық уәзірін
қосты:
—Қызымды берген күйеуімнің жері қандай, суы қандай,
елі қандай екен. Алып барып салып, көріп келіңдер,—деп.
Бұл ханның жұртынан былай ұзап шыққан соң Жирен-
ше шешен: «мен ілгері озып барып, ел-жұртымның аман,
жаманын білейін» деп жалғыз жүріп кетіп, еліне келсе, әз
Жәнібек хан дәл сол күні уәзірлерді жиып алып: «Таптыңдар
ма?» — деп сұрап, қысып отыр екен. Олар таба алмай, енді
бәрін өлтірейін деп тұрған үстіне келіп:
—Тақсыр! Бұларды өлтірмейтін болсаңыз, керек қылған
сөзіңізді мен айтып берейін,—деп қалыңдығынан үйренген
сөзді бастан-аяқ түсіндіріп айтып береді.
Хан өте риза болып, Жиренше деген атқа шешен деген
сөзді қосып, «Жиренше шешен» деп атап, «маған бас уәзір
болуға лайықтысың» деп өзінен соңғы бір деген бас уәзірі
қылып сайлап, алтын жабулы арғымақ ат, қалы кілем, қара
нар, қамқа тон, тоғыз қылып сый беріпті.
Мұнан кейін:
—Тақсыр, арызым бар едің,—деді Жиренше.
—Айт!—деді хан.
—Мен сондай жат жұртқа барып, Құдайдың бұйрығы
болып бір ханның қызын алып қайтып едім. Ол хан қырық
уәзірін қосып еді: «Күйеуді еліне апарып салып, қайтыңдар!»
деп. Олар жолда көшіп келе жатыр еді. Мен сізді көрейін деп
озып келіп едім. Не оймен қосқанын кім біледі. Достықпен
қосқан болса, жолынан қалдырмайық, дұшпандықпен қос
қан болса, сыр алдырмайық, соларды орта жолдан қайырып
жіберсек екен,—деді. Хан мұнысын ұнатып, қырық уәзірін
қосты.
—Қазынадан қырық ат, қырық шапан алып барып, мұ
ның қонақтарын жөнелтіп келіңдер,—деп.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Жиренше қырық уәзірімен алдынан шығып, ханның бер-
ген ат, тонын тарту, таралғыларын оларға сый қылып, орта
жолдан қайырып жіберген соң, олар риза болып қайтты.
«Бәрекелде, бала теңіне қосылған екен. Күйеу ханның
өзінен соңғы бас уәзірі, бір деген жігіт екен. Түзден мынадай
қылып жөнелтті, үйіне барсақ, бұдан да үлкен сый, құрмет
көретін едік» десіп қайтты. Қайдан білсін, Жиреншенің
екі кісі бас паналап отыратын үйі жоқ екенін. Екі қанат ит
арқаның кигізі де түгел бүтін емес. Үйі де жоқ екенін. Мі
не, жігіттер, бір ауыз сөздің түбін, төркінін білемін деп
іздегендіктен, қалыңсыз ханның қызын алды, өзі бас уәзір
болды.
«Жігітке жаннан кеш те, іс қыл, өлсең, өлерсің, өлмесең,
кісі боларсың» деп бұрынғылардың айтқаны бар.
112. Жиренше шешен
Бір күн Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауыл
дың тұсына келсе, ауыл мен екі арада өзен су бар екен. Оның
өткелі қай жерде екенін біле алмай сасып тұрғанда судың ар
жағына су алғалы шелегімен бір қыз келеді. Жиренше дау-
ыстап:
—Бұл өзеннің өткелі қайда?—деп қыздан сұрайды. Қыз:
—Анау жақта бір өткел бар—алыс та болса жақын. Бері
рек бір өткел бар—жақын, жақын да болса алыс,—дейді. Бұл
не деген сөз екенін аңғармай Жиренше жақын деген өткел
ге барып, жүріп кетіп еді, судың орта жеріне барғанда аты
балшыққа жығылып, үсті-басы былғанып, қайтадан қайтып
шықты. Сонан соң алыс та болса жақын деген өткелге барып
оп-оңай өтіп, ар жақтағы қыздың үйіне келді. Онда келген
соң Жиренше қызға қарап:
—Жаным, қарным ашып алыстан келдім. Тамағыңның
тәттісін бер,—деді. Қыз айтты:
тарихи аңыздар
—Бір тамақ бар ащы, ащы да болса тәтті. Бір тамақ бар
тұщы, тұщы да болса ащы,—дейді. Сонда Жиренше:
—Ащы да болса тәтті деген тамағыңды әкел,—дейді. Қыз
тұрып барып бір уыс тұз алып бір аяққа салып Жиреншенің
алдына қойды. Жиренше мұны көріп:
—Жаным, құр тұзды қалай жейін,—деді. Сонда қыз тұзы
жоқ қара көже құйып берді. Жиренше ақылды, данышпан
кісі еді. Ойлап отырып бұл тұспалға түсінді. Және өзінің
үй иесінің берген мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп
сұрағынан ұялды. Сол берген астан Жиренше қыздың есті
екенін аңғарып, ақырында өзіне қатындыққа айттырып
алды дейді.
113. Жиренше шешен
Ертеде Жиренше деген шешен өткен екен. Ол үйленбей
тұрғанда бір адаммен кездесіп, екеуі бірге жолға шығыпты.
Жанындағы жолдасы қарт кісі екен. Біраз жол жүрген соң:
—Ата, жол қысқартайық,—депті Жиренше. Шал мұны
жақтырмай жауап қатпапты. Тағы біраз жүрген соң:
—Ат ауыстырайық,—дейді. Бірақ шал жауап қатпайды.
Түс кезі болып қалғанда олар бір ауылдың жанынан келсе
бір топ кісі бір адамның өлігін алып бара жатыр екен. Шал
өлген адамды таниды екен. Жиренше шалдан:
—Жаңағы өлген кісі өлі ме, тірі ме?—деп сұрайды. Шал
Жиреншеге:
—Егер өлмесе көмер ме еді?—деп жекіреді. Енді Жирен-
ше шалмен еріп кете береді. Ол жолда тағы да сұрақ қояды.
—Ата, бауыңыз бар ма, мәуесін жедіңіз бе?—дейді. Шал
Жиреншені тентек деп ойлапты. Жиренше де шал қайда
барса сонда баруға бел байлайды. Кеш бола олар бір ауылға
келіп түседі. Үй шалдың үйі екен. Олардың алдынан жас
қыз жүгіріп шығып, шалды аттан түсіреді. Жиреншені үйге
кіргізіп, шалдың жанына отырғызады. Ол ол жақ, бұл жаққа
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
қарап, күбірлеп отырады. «Иә, өзі көп жасаған адам екен.
Дәулеті де, сәулеті де өзіне дұрыс екен, бірақ терезесі сәл
қисық екен»,—депті. Мұны естіген шал Жиреншені үйінен
қуып шығады. Қыз шалдан: «Неге қуып жібердің?»—деп
сұрапты. Шал қызға қарап:
—Өзі бір тентек екен. Жолда келе жатқанда «ата, жол
қысқартайық» дейді. Тағы біраз жүрген соң «ат ауысты
райық» дейді. Онан өткен соң бір ауыл шалы өлген екен.
«Ол өлі ме, тірі ме» деп сұрайды. Ол ауылдан өткен соң «ата,
бауыңыз бар ма? Мәуесін жедіңіз бе» дейді. Міне, үйге кірген
соң да «дәулеті де, сәулеті де келіскен адам екен. Тек терезесі
сәл қисық екен» деді. Мен оны үйден қуып шықтым дейді.
Қыз мұны естіп болған соң әкесіне бәрін түсіндіріп
береді.
—Жол қысқартайық дегені—әңгіме қыл жол қысқар
сын дегені. Ат ауыстырайық дегені—атымызды қайта ерт-
теп мінейік дегені. Ал шалды өлі ме, тірі ме дегені—артында
перзенттері бар ма, жоқ па дегені. Бауыңыз бар ма дегені—
келін түсіріп, қыз ұзаттыңыз ба дегені. Ал терезең қисық
дегені—өзің шал болсаң да еш нәрсе білмейді екенсің дегені
еді,—депті қызы әкесіне. Мұны білген шал Жиреншеден
кешірім сұрап, қызын әйелдікке беріпті дейді.
114. Жиреншенің Қарашашқа құда түсуі
Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу»
деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар,
өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып,
шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апа-
ра жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан
ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мы-
нау өлген адам ба, жоқ тірі адам ба?» —деп сұрайды. Шал
Жиреншеге жекіп «тірі адамды табытқа сала ма екен?» деп
ұрсып тастайды. Жиренше онымен қоймай пісіп тұрған
тарихи аңыздар
бидайдың жанынан өте бергенде «Әке, мынаны адам жей ме,
жоқ па?» деп шалдан тағы сұрайды. Шал «жейтін наныңды
білмейтін қандай сорлысың» деп бұрынғыдан да гөрі
батылырақ сөйледі. Бағанағы табытқа салған адамды көміп,
жұрт үйді-үйіне тарқай бастайды. Жиренше манағы шалға:
«Сіздің үйден сусындауға бола ма?» дейді. «Неге болмасын,
шырағым» деп шал Жиреншені үйіне кіргізіп, төсек салып
отырғызады да, далада жүрген қызына: «Мына бір ақылы
нан адасқан жазған екен, сусындатып жібер. Маған өлген
адамды «әлі тірі ме» деді. Пісіп тұрған бидайды «адам жей
ме, жемей ме» деп сұрайды. Қандай жазған екенін қайдам»
дейді. Сонда қыз тұрып: «Ой, әке-ай! Бекер айтасыз, өлген
адамды «тірі ме, өлі ме» деген сөзі—егер сол өлген адамның
артында баласы жоқ болса, онда оның өлгені. Ал, баласы бар
болса, онда оның өлмегені. Пісіп тұрған бидайды «адам жей
ме, жоқ, жемей ме» деген сөзі—сол бидайды еккен адамға
бұйырса жей ме, жоқ бұйырмаса да жей ме деген сөзі едің
депті. Әкесі: «Шырағым, бұ шіркіннің жұмбақтап сөйлеге
нін мен қайдан білейін» деп тоқталады.
Қыз тұрып: «Сөзінің төркіні жаман екен, Жиренше қу
болмаса жарар еді» депті. Жиренше құда түсіп, сол қызды
алады. Қыздың аты Қарашаш сұлу еді, баяғы өзінің іздеп
шыққан қызы да сол екен.
115. Жиренше туралы
Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды кө
реді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін
тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып,
үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады.
Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жи-
ренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз шеттегі
қараша үйге барады. Қыздың әрбір қылығына сүйсініп оты
рады. Кетерде қыздың әкесіне қызына көңілі барын біл
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
діреді. Оған әкесі басын сипайды. Жиренше тулақтың жүнін
сипайды. Ол былай дегені еді: «Шашым түгіндей мал берсең
берем», —деген еді, оған Жиренше: «Тулақтың түгіндей
болса да, беремін», — дегені еді. Оған көз қалта береді: «Осы-
ны алтынға толтыр», — дейді. Жиренше ол қалтаға қанша
алтын салса да толмайды. Сонда Қарашаш оған: «Сен бір
уыс топырақ сал, сонда толады»,—дейді. Оған құм салған
уақытында ғана толып, алтын қалтаның аузынан шығады.
Содан кейін Жиренше Қарашашқа үйленген екен дейді.
116. Жиренше шешеннің Қарашашпен қосылуы
Он бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып,
бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері
жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады. Жиренше
жұртқа қарап тұрып:
—Мынау үйде екі қатын бар екен.
Екінші үйдің жұртына қарап:
—Мынау үйде екі сұлу қыз бар екен.
Үшінші жұртқа қарап тұрып:
—Мынау үйдің иті көп екен,—дейді. Сонда түйеші:
—Қайдан білдің?—дегенде,
—Екі күндес қатыны ұрысып отырып, көсеумен оттың
басын қазып тастапты. Екі қыздың барлығы, сұлу болу үшін
белдерін жіңішкелеу үшін екі талмен арқан түсетіп жат
қандағынан білдім. Үшінші иттің көбін шұңқиып тұрған
құйрығын орнымен таласып, қазған аяқтарының орнынан
білдім,—депті. Түйешінің өз аулының жұрты болады. Жо-
лаушы баланың айтқаны дәл келгеніне таңдана қарап:
—Шырағым балам, қайда барасың, кім боласың?—депті.
—Атым—Жиренше, нағашыма барам,—дейді.
—Өмірлі болып ер жетсең, тегін адам болмассың. Күн
кешкіріп қалды. Ана белдің астында ауыл бар. Баласы жоқ
бір адамның әйелі бүгін босанып, әйел бала тапты. Бүгін
тарихи аңыздар
соның шілдеқанасы болады. Сол қыз ойнаққа кір, ешкім қу
мас. Мына білімің тұрғанда,—дейді. Түйеші айтқандай әлгі
ауылға келсе, қызойнақ қазақтың қарт мәжілісіне қатысып,
түнімен ойын-сауықта болған Жиренше ұйықтап кетсе, түс
көреді. Түсінде: «Жаңа туған осы қызды он бес жасқа кел-
генде сен әйелдікке аласың»,—дейді. Бала қуана оянып, өз
жөніне жүріп кетеді.
Екінші рет нағашысына келе жатқанда жолшыбай ауыл
дың сыртынан өтіп, күн жауады. Бұзау жамырайды. Тезек
әкеле жатқан балалар жауыннан қашып, тезектерін төгіп,
үйіне кеткенде бір қыз екі бұзауын ұстап жамыратпай, те
зегін қабын ықтап отырып қалады. Мұны көрген Жиренше
келіп:
—Жауынның астында неге отырсың?—дейді. Сонда қыз:
—Ақымақ балалар бұзауын жамыратып, тезегін тастап
кетті. Көйлегім су болса кебеді,—депті. Осы қыз Қарашаш
болады. Жиренше үйленеді.
117. Жиренше туралы
Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жи
реншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрме
ген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп сөйлеп, Жирен-
ше мен ханның арасына пәле салуға өздерін өлімнен алып
қалғаны есте жоқ. Бұрынғылардың айтқаны бар емес пе,
«жаманға жақсылық қылсаң, атыңды ерттеп қойып қыл!».
Неге десең, жаманға істеген жақсылығың өзіңе үлкен залал
болады. Пәледен басы босанып алған соң сол жаман өзіңе тап
береді. Өзіңнің соңыңа түседі. Сонан қашып құтылу үшін
тағы бұрынғылар айтқан «.. бұрын күтін, күтінбесең, ақыр
бір күн шығар түтін» деген.
Әз Жәнібек ұрғашыға ойы бөлінген. Ұрғашы жанды қу
дың бірі еді. Бір күндерде Жәнібектің құсы қашыпты қаз
алатын лашын дейтұғын. Бір күндерде бірнеше уақыт өткен
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
сін есітіпті: «Құсы барып Жиреншенің үйінің үстіне қонып,
қатын ұстап алып, асырап сақтап, түлетіп сылантып қойған
екен». Жәнібек хан естіген соң өзі барды. Жиренше үйде жоқ,
қатын бүркеніп, алып шығып құсты береді. Қараса, құсқа
жарастықты томаға тігіп, биялай тігіп, балақ бауын, ұзын
бауын ұқшатып жарастырып қойған екен. Бұрын томағай
биялайды көрген-білген жан жоқ екен. Жеңдерімен ұстап,
уықтың бауын тағып ұшқанда, құстың аяғында бір құлаш
болып салбаңдап, шұбатылып жүреді екен. Хан тамашалап
құсына қарарын да білмейді, қатынға қарарын да білмейді.
Атынан қисайып, ауып түсе жаздап барып оңалды. Қатынға
қарап:
—Біз бүгін осында болармыз реті келсе,—деді. Қатын
тұрып:
—Тақсыр, үйде еркек жоғын өзіңіз көріп тұрсыз. Алда-
жалда «еркек жоқ болса да қонайын» десеңіз біраз күнді
араға салып келіңіз. Кіріміз болса, жуып, ас-майын әзірлеп,
қонақ жабдығын дайындайық. Жана да жігіт желеңмен
келмеңіз, көп қонақты күтуге мұршам келмейді. Өз басыңыз
ғана болмаса,—деген соң, хан:
—Жарайды,—деп, «оңаша келіңіз» деген сөзінен дәмелі
болып, көңілі өсіп қайта берді.
Бірнеше күндер өткен соң хан келді. Қатын ұшып
жүгіріп алдынан шығып, қолтығынан сүйеп түсіріп, үйге
кіргізіп, бар дүниелігін жайнатып, ханның зығырла
нын қайнатып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек са-
лулы, шымылдық құрулы, ханды отырғызып қойып,
тамақ жабдығына кірісіп шаруаға айналды. Хан жалғыз
отырып жан-жағына көз салса, қатынның нәрселерінің
бәрі кестелеулі кестеменен мынау сөздер жазылған:
«Сен біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу
аяқпенен тебер» деп жазылыпты. Жастықта, көрпеде,
шымылдықта, орамал, дастарханда, бәрінде де кестемен
жазылған осы сөз. Хан бұл сөзге түсіне алмай, есі-дерті
қатынның етегінде болып отыра берді. Қатын палау ба-
тарихи аңыздар
сып, әр түрлі ыдысқа салып алып келіп, ханның алдына
қойды. Хан бұрын палау жеп жүрсе де, әр ыдыста болған
соң, басқа-басқа тамақ шығар деп әрқайсысынан бір алып
татса, бәрінің дәмі бірдей таң-тамаша болып отырды.
Қатын айтты:
—Тақсыр, ыдыстың басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ,—
деді. Ханмен әзілі жарасқан соң қатын жайға сұрақ қойды:
—Хан тақсыр, сабын айныса не түзейді?
Хан:
—Май түзейді дағы,—деді.
—Май айныса, не түзейді?
Хан:
—Май айныса, тұз түзейді дағы,—деді.
—Халық айныса кім түзейді?
Хан айтты:
—Хан түзейді дағы.
—Хан айныса кім түзейді екен?—дегенде, хан бұған
жауап табалмай терледі. Басқадай дәнеме айтуға шамасы
келе алмады. Қолындағы алтын жүзігін қатынға сыйлап,
түн ішінде қайтып кетеді.
118. Жиренше
Жиренше бір күні бір жақтан даладан жалғыз келе жатса,
бұрын көрмеген басқа порымды адам кез болып жолығады.
Мұрны біздей, көзі тұздай, беті қырдай суық екен. Жиренше
келемеждеп кету үшін:
—Әй,—деді.—Сен қай жұрттың сұмырайы, сұмпайы
сың? Қайдан жүрсің? Мұрның біздей, көзің тұздай, бетің
қырдай,—дегенде, ол айтты:
—Көзім тұздай болса, көзімді тұзға теңесең, тұздың ма
ңызы қандай? Не түрлі тамақ болса, тұзсыз дәмі кіре ме? Қа
тығы бола ма, тұзымен тұздалған нәрсенің жаман болғанын
көрдің бе?—деді,—Мұрным біздей болса, бізбен тігіп, дүние
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
жұмыстың бәрін бітіреді. Бетім қырдай болса, қырға шықса,
кімнің көңілі көтерілмейді. Бар тауып айтқаның осы ма?
Әдірам қалайын,—деп аузын осыртып өте шықты. Шешен
дәнеме дей алмай тоқталып, ұялып қала берді.
Түсі қашып, өңі бұзылып, үйіне келеді. Өзі өз болғалы,
көйлегі бөз болғалы шешенге болған бір түсу болды. Ханы
мы шешеннің шырайын көріп ұшып түрегеліп:
—Шешен, немене, біреудің тілі тиді ме, біреудің қолы
тиді ме? Түсіңіз неге қашып келдіңіз?
Шешен көргенін, естігенін, өзінің не дегенін, оның не
дегенін—бәрін түгел айтты. Ханымы айтты:
—Уа, ол орыс жұртының сұмпайысы екен. Жансызы
екен. Өзі әйел екен. «Тұзсыз астың дәмі бола ма?» дегені—
әйелсіз еркектің күні бола ма дегені. «Бізбен істің бәрін
тігіп бітіреді» дегені—ұрғашы істің бәрін орнына келтіреді
дегені. «Қырға шықса кімнің көңілі көтерілмейді» дегені—
әйелдің үстіне шыққан кісінің қыр басына шыққан есепті
көңілі көтеріледі дегені. Аузын осыртқаны—еркектің
қайраны қолында, әйел деген аузында болады деген, бар
қылған қайраны сол болған. Осы күні әз Жәнібек ханның
барып, жанын жағасынан алып отырған шығар, жылдам
бар, көр. Орыстың әйелі ыштан кимейді дейтін. Кіріп
барған жерден: «манағыдан отырмысың, к..ді ашайын ба
де», сасқанынан сөзге келмей ұшып түрегелер,—деді.
Жиренше әз Жәнібектің ордасына кіріп барса, ханымның
айтқанындай, Жәнібекті сөзден ұтып, апшысын қуырып, за-
манын бір уыс қылып отыр екен. Есіктен кіріп барғанда, ше-
шенге жалт қарағанда:
—Манағымысың, әлі мұнда отырмысың, к..ді ашайын
ба?—дегенде, ұшып түрегеліп:
—Бұл жұрттың ақылы ханында екен. Ханның ақылы
қарашында екен. Қарашының ақылы қатынында екен. Бол-
мас, болмас,—деп, артына қарауға мұршасы келмей жүре
беріпті. Қарашаш ханымдай данышпан әйел Жиреншеден
басқаның қолына көп түсе қойған жоқ. «Ердің атын қатын
15-137
тарихи аңыздар шығарады. Қатынның атын отын шығарады» деген деп осындай әйелдерді айтады. 119. Жиренше туралы Жиренше мұнан соң бір нашардың қызын алған. Оны да сынап алыпты. Әкесі мен шешесі қайыр сұрайтын қара қасқа кедей екен. Соның он екі жасар жалғыз қызы. Қыз үйінде жалғыз отырғанда Жиренше үйіне барып қыздан: —Әке-шешең қайда кетті?—деп сұрағанда, қыздың берген жауабы: —Алақандай бетін жұдырықтай нанға сатқалы кетті,— деді. —Жуырда келе ме?—деп сұрағанда қыздың берген жауабы: —Қайдан келсін. Толмасты толтырамын, тоймасты тойдырамын деп тірі болып кіріп, өлі болып шығамын деп кетті,—депті. —Жуырда келмейтін, толмайтын алып кеткен ыдыстары үлкен бе еді?—дегенде: —Жоқ, ағатай, екеуара үш ыдыстары бар еді. Біреуі тырнақтың көлеміндей, бірі—шұрқылтайдың ұясындай, бірінің жергілікті түбі жоқ еді. «Тырнақтың көлеміндей» деп көздерін айтқаны екен. Көз қанша нәрсені көрсе де өмірінде тоя ма? Бір топырақ тан басқаға тола ма? «Шұрқылтайдың ұясындай» деп жұт қан тамақтарын айтқан екен. «Жергілікті түбі жоқ еді» деп қанағатсыздықты айтқан екен. Жиренше шешен қызға айтады: —Әке-шешең жуырда келмейтін болса үш ауыз сөз сұ райын, дұрыс жауап беретін болсаң. Қыз айтады: —Сұраңыз, ағатай! Білсем, айтармын. Білмесем, басты шайқармын.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Шешен айтты:
—Ауырда не ауыр, қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті?—
дейді. Бұған қыз іркілместен жауап берді.
—Ауырда жылқы ауыр, қаттыда ғаріпшілік қатты,
тәттіде ерлі-байлы кісінің арасының мұхаббаты тәтті, тату
лығы тәтті,—деді қыз. Онда шешен айтты:
—Бұл айтқан сөздеріңе дәлел керек,—дегенде:—жылқы
ауырын қайдан білесің, ғаріпшілік қатты екенін қайдан
білесің, ерлі-байлы кісінің мұхаббаты, татулығы тәтті еке
нін қайдан білесің?—дегенде, қыздың берген жауабы:
—Біздің мынау отырған ханның үйінің жүз қаралы
түйесі бар. Біздің үйдің сыртынан өріске қарай жайылуға
шығады. Жалғызының тықыры естілмейді. Кешке таман
арталмай, тарталмай үйге келгенде, қойны-қоныштары
олжаға толып, өздері әбдан көңілдегілеріндей болып келеді.
Сонда да масайрап қуанып, бір жарқылдап күлмейді. Кісіден
тіленіп алғаның, «бүйтіп дүние жиғаның құрсын» деп үп
дегенде жүрегі қарс айрылып, еңірегенде етегі толады.
Ғаріпшілік қатты екенін осынан білемін деді. Ерлі-байлы
кісінің татулығы тәтті екенін білетінім, әкем менен шешем
төсекке жатқанда екеуі мені ортасына алып жатады. Ертең
түрегелгенде мен бір жақтан түрегелемін, екеуі бір жақтан
түрегеледі. Ерлі-байлы кісінің мұхаббаты, татулығы тәтті
екенін осыдан білемін,—деп сөзін аяқтайды.
Ақырында осы қызды алады. Жиренше алты «ат мінсең,
ауыңнан» дегендей қатын жағынан салымды, бақты Жирен-
ше болды. Сұлуға құмар болғанда әз Жәнібек құмар болады.
Оның өлімі ұрғашының сұлулығынан болды. Әз Жәнібек
тің бір сұлу тоқалы мен бір байдың баласы үйір-шүйір бо-
лып, Жәнібектің бір құлына көп алтын сыйлап, Жәнібекті
алтынға сатып осы құл өлтіреді.
Дүниенің басы—анау, аяғы—мынау, су аяғы құрдым
бар сонымен. Ешкімнің қолына, басына мәңгі тұрып қал
майды.
тарихи аңыздар 120. Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа
бала болғаны
Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бір
неше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жа
ғалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып, бір келіншек
оны сауғызып тұр екен. Ханның ойында: «тоқалдыққа бір
қыз алсам» деген мақсаты болу керек, қасындағы уәзірле
ріне: «Ана қызға барып, біреуің бір ауыз сөз сөйлесіп кел!»—
деп тапсырады. Жігіт барса, қыз биенің борбайына отырып,
сауып жатыр екен. Жігіт барып:
—Сөдегей Бикеш, амансыз ба?—дейді. Қыз түрегеліп:
—Шүкір, тұрса, түзеледі, жолаушының аузы емес,—
дейді. Жігіттің аузы бір жағына қисық екен. Жігіт ізінше
қайтып келіп, ханға қыздың айтқан сөзін баян етеді. Хан
тағы бір жігітін жұмсайды. Жігіт қыз қасына келіп:
—Бір ақ қолтық қызыл қашар көрдіңіз бе?—деп сұрай
ды. Келіншек:
—Көргеніміз жоқ,—деп еді, қыз тұрып:
—Олай емес, сіз байқамаған шығарсыз, мен көріп едім,—
дейді. «Ақ қолтық қызыл қашар» деп тұрғаны қыздың
үстіндегі қызыл көйлегі еді. Қыз айтты:
—Әлгі түс кезінде бір қызыл қашар осы өзенді өрлеп
кетіп бара жатыр еді. Соңында бір көк бұқа бар. Қашардың
жүрісі ширақ көрінді. Бұқаның «жетемін бе» деген ойы бар
сықылды, сірә жеткізе қоймас,—деді. Жігіт ханға қайтып
келіп, қыздың сөзін айтқан соң хан намыстанып:
—Қап, бәлем, сені алмай қоймаспын,—деп үйіне қайтып
келіп, қызды айттыруға кісі жібереді. «Байға сәлем де,
қызын берсін»,—дейді. Бай қызын берейін десе, ханның
жасы болса келіп қалған еді. «Қатын үстіне қызымды
бермеймін» деп айтуға қорқады. Ауыл адамы болып, ханға
жауап қайтара алмай отырғанда, қыз әкесіне кісі жібере
ді: «Мен үшін «бермеймін» деп ханға жексұрын болмасын,
беремін десін, бірақ қалың малын қызымның өзі айтады
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
десін. Сол өзі айтқан малын беретін болса, алсын деп жауап
қайтарсын»,—дейді.
Қыздың әкесі келген адамды осы жауаппен қайтарады.
Барған адам осылай айтып келген соң хан: «Малға келетін
болса жарайды, біреуің қайтадан барып, қыздың айтқанын
біліп келіңдер, не сұраса да берейік»,—дейді. Ханның жігіті
қызға келсе, ол былай дейді: «Хан менің қалың малым үшін
он бес лақ теке берсін, жиырма бес тоқты қошқар берсін,
тоқсан құнан бұқа берсін, қырық бес бесті айғыр берсін,
елу бес бура берсін, алпыс ат, жетпіс атан берсін»,—деп
қайырады. Ханның жігіті қыздың жауабын айтып келген
соң хан жарлық беріп теке, бұқа, айғыр, қошқар, бура, ат,
атанды елден салық қылып жиғыза бастайды. Бұл кезде
Жиренше шешен бір жаққа, алыс жолға жолаушы болып
кеткен еді. Ел шетіне келгеннен-ақ: «Хан қатын аламын
деп, қалың малға осындай мал сұрап, елге салық қылып,
жиғызып жатыр» дегенді естіген соң, Жиренше ренжіп,
ханның үйіне бармай, өз үйіне келіп, екі күнге шейін жатып
алады. Бұрынғы әдеті бұлай емес еді. Шешен бір жаққа ба-
рып келетін болса, әуелі ханның үйіне түсіп, көрген-білгенін
айтып, сонан кейін өз үйіне барады екен. Жиренше екі күнге
дейін келмеген соң хан кісі жібертіп, Жиреншені шақыртып
алады.
Хан алдына келген соң ол Жиреншеден:
—Бұл қалай? Сен бұрын ұзақ жолдан келгенде әуелі ма
ған түсіп, сонан кейін үйіңе барушы едің. Бұл сапарда сен
бір өнер тауып келдің бе? Болмаса, мен өзгердім бе?—дейді.
Сонда Жиренше:
—Келмеуіме себеп мынау еді: мен уәзір болам десем, хан
да көп, ел де көп еді. Соның бәрін көріп, бұрынғылар «ханда
қырық кісінің ақылы болады» дегенді ұстап, сізді де сондай
ақылды ханның бірі ме деп жүрген едім. Ханым, бір қыз
дың айтқан жұмбағына түсіне алмай, елді де, өзіңді де әуре
қылып, салық салып мал жиғызғаныңа өкпелеп келмедім,—
дейді. Хан:
тарихи аңыздар
—Япырмау, мұның жұмбағы не екен?—дегенде, шешен
айтады:
—«Он бес лақ теке берсін» дегені—«он бес ешкіге жа
райтын лақ теке күніңнен өттің, жиырма бес саулыққа
жарайтын тоқты қошқардай күніңнен де өттің, отыз бес
сиырға түсетін құнан-бұқадай күніңнен де өттің, қырық
бес бие шығаратын бесті айғырдай күніңнен де өттің, елу
бес түйені қайыртатын бурадай күніңнен де өттің. Алпысқа
келдің, ат боласың, жетпіске келгенде атан боласың, он бес
жасар мендей жас қызды қалай бойыңа лайықтап алмақ
шы боласың»,—деген жұмбақ еді. Оған түсіне алмай, елді
соншалық әурелікке салғаныңызға ренжідім,—дейді. Сонда
хан:
—Олай болса, менің ісім бекер болған екен. Елден
жиналған теке, бура, бұқа, айғырларды тегіс иелеріне қай
тарыңдар! Қыз мені кәрі дейтін болса, сол қызды өзің барып
алғайсың,—деп хан райдан қайтыпты. Жиреншенің ақылды
әйелі Қарашаш дейтін сұлу осы екен.
Қарашаш сұлу Жиреншеге келіншек болып түскеннен
кейін хан өзіне тимей кеткен қызға құмар болып, Қара
шашты көп торып, айналдыра беріпті. Не амал қылса да,
Қарашаш ханның қолына түспей құтыла береді. Бір күні
Қарашаш босанып, бір бала тапқанда, бір емшегінің сүтін бір
қара тұлыпқа сауып жинай береді. Шешен:
—Қатын, сенің мынау сүтіңді жинай беруіңнің себебі
не?—деп сұрағанда, әйелі:
—Осы алдымызда, аз күннің ішінде біздің елдің барлық
еркек кіндігі бір жауға баруға тиіс. Бірақ жауға барған жер-
де, хан да, сіз де туларыңыз жығылып, қашарсыздар. Сон-
да сіз хан қалай қарай қашса, соңынан қалмай, қабаттаса
қашыңыз. Былай ұзап шыққан соң, хан артына қарап сізді
көрер және айтар: «Уа шешен, шөлдедім ғой, су табар жерің
бар ма?» деп сұрар. Сонда сіз осы сүтті ханға жұтқызып
жіберерсіз»,—дейді. Қарашаштың айтқанындай ұзамай
үлкен жаугершілік болып, елде жан қалмай, соғысқа атта
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
нады. Бірақ жолдары болмай, туы жығылып қашады. Хан
мен шешен екеуден екеу елсізге шығып алған соң, Жирен
шені көріп қуанып, су сұрағанда, шешен қойнындағы сақ
таулы сүтті алып береді. Хан сүтті жұтып жіберіп:
—Япырай, шешен, менің шөлдегенім бе, мынау қалай
тәтті сусын болды? Мұны қайдан таптың?—дегенде, шешен
айтады:
—Не сусын екенін білмеймін, келініңіз осыны жинап,
«хан шөлдейтін жер кез келсе, шөлдетпей осыны берерсің»
деп беріп едің,—дейді. Сонда хан:
—Япырай, мынау анамның сүтінен соңғы аузыма таты
ған тәтті сусын болып еді, келіннің емшегінің сүті болмаса
игі еді. Енді келін маған шеше болды, сен маған әке болдың.
Менің ойымда кінә қылып ұстап жүрген үш өпкем бар еді.
Енді соның бәрін тастадым,—дейді. Жиренше:
—Ол өкпең не?—деп сұрағанда, хан:
—Менің қуанышты көріп істеген үш тойыма келме
дің,—дейді. Әз Жәнібек хан құсбегі адам екен. Тышқаннан
басқаны алалмайтын жаман құладынды бабына келтіріп
салып, көлден қаз ілдірген екен. Шауып келіп қазды ұстай
бергенде, құладын қазды қоя береді. «Антұрған, атасыз
итке ұқсап мені алдап қоя беріп, қазды алдап қар көттік
қылды, құйрығы бүлкілдеп тұр» деп көтінің аузын кесіп
тастап, қайтарып әкеп салып, аққу алғызады екен. Жи-
ренше ханның осы қуаныш үстінде жасалған тойына бар-
майды екен. Бұл бір тойы еді. Сонда Жиренше:
—Иә, рас, тақсыр, ол тойыңызға бармадым. Себебі жаман
ырым көрсеттіңіз. Құладын құстың азғыны еді, қу құстың
төресі еді, оған қуануға рет жоқ еді,—дейді. Сонда хан:
—Екінші рет тоқал алып той қылдым, оған неге кел
медің?—дегенде, шешен:
—Оған да барғаным жоқ, себебі қатының бір надан
байдың қызы еді. Сен қызды ала барғанда «Құдай қолым
ды жеткізді» деп ол байдың шабылып той қылатын жөні
бар еді. Олай болмады. Ақырында тоқалыңды алып келіп,
тарихи аңыздар
өз бағыңнан қатынның бағын зорайтып той қылғаныңа
қарным ашты,—депті.
Сонда әз Жәнібек өзінің бір үйшісіне он екі қақпалы үй
салғызып, той қылғанын айтып:
—Бұған неге келмедің?—дегенде, Жиренше:
—Әуелі ел-жұртыңның қамын ойлап, рабат салдырмай,
өз басыңның қамын жеп, он екі қақпалы үй салдырғаныңа
көңілім тоймады, тойыңа сол себепті бармадым,—депті.
121. Жиреншенің баласы
(І нұсқа)
Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап:
—Осы сенің балаң қалай жаман туды екен. Шешесі
Қарашаш, әкесі, Жиренше, сенсің. Осындай екі сұңқардан
ең бері болғанда тұрымтай тумай, әлжуаз жағалтай болып
туғанына таңым бар. Өзі бір қой аузынан шөп алмайтын мо-
мын сорлы ғой,—деп кекете сөйлегенде Жиренше тұрып:
—Хан ием, дұрыс айтасыз, кейбір баланың туғанда сыр-
ты қола, іші алтын болады. Бері келе жиырмаға жеткенше
оның сыртқы қоласы тозып түлеп түседі де, ішіндегі ал-
тыны жарқырап сыртына шығады. Сол кезде осы балам
ды көріңіз, көзіңіз қорықпаса, менен тумаған болсын,—
депті.
Күнді күн қуып, жылды қуып жыл өте беріпті. Жирен-
ше де, Қарашаш та ана дүниеге аттанып кетіпті. Бір күні
ымырт жабыла құба қалмақпен соғысып жүріп әз Жәнібек
анталаған жаудың ортасында жаяу қалыпты. Сол мезетте
көк қасқа дөнен мінген бір бала шауып келіп, қарғып түсіп,
әз Жәнібектің алдына атын тартып тұрып:
—Мініңіз мына көк дөненге, қашып құтылыңыз! Қазақ
елінің бір әйелі бүгін буаз болса, мендей бір баланы таба
жатар, ал сіз—жалқы туған Жәнібексіз, күнде туа бере
алмассыз,—депті.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Бұдан жиырма жыл бұрын «шобыр, момын» атанған бала
осы екен. Аты Қасым деседі мұны білгендер. Әз Жәнібек
қателескеніне, Жиренше мен Қарашаштың жүрегіне қаяу
салғанына өкініп, опық жесе керек. 122. Жиреншенің баласы
(ІІ нұсқа)
Жиреншенің баласы өте жуас екен. Әз Жәнібек хан Жи-
ренше шешеннен:
—Жақсыдан жаман туар ма?—деп сұрапты. Сонда Жи-
ренше:
—Жақсыдан жаман тумайды,—деп жауап беріпті.
Жәнібек хан: «мұнысы қалай?» деп ойына алып жүр еді,
Жиренше шешен өлгеннен кейін неше жылдардан соң әз
Жәнібек хан қалмақтарға қарсы жұртқа аттанатын бо
лып, шешеннің баласына «жүрсін» деп хабар айтып, жүр
мек болыпты. Шешеннің баласының сыр мінез аты жоқ
екен деп, әкем: «сыр мінез атың болмаса, сыры ашылма
ған бесті ат мін деуші еді» деп ханнан сұрап жирен бесті ат
мініп, жорыққа бірге барады. Соғыста қалмақ жағы басым
болып, әз Жәнібектің әскері тым-тырақай болып қашып,
елге қарай жөнеліп, Жиреншенің баласы ханнан озбай,
қатар қашып келе жатқанда ханның аты болдырып, қолға
түсетін күйге ұшырайды. Сонда Жиреншенің баласы:
—Тақсыр, астыңыздағы болдырған атты маған беріңіз,
мен атымның басын тартып келемін,—дейді. Сонда әз
Жәнібек:
—Әркімнің өз жаны тәтті деген емес пе? Маған атыңды
бергенше, өзің қашып құтылсаң болмай ма?—депті. Сонда
Жиреншенің баласы:
—Мен қолға түссем де еш нәрсе емес, сіз қолға түссеңіз,
«қазақтың ханы қалмақты шабам деп барғанда халқы қа
шып кетіп, ханы қолда қалыпты» деген сөз қазақ атына өш
тарихи аңыздар
пейтін таңба болар еді,—депті. Әз Жәнібек Жиреншенің ба
ласының атына мініп, жаудан аман-есен құтылады. Бір-екі
күн өткен соң болдырған атпен Жиреншенің баласы да аман
барыпты. Барғаннан кейін хан Жиреншенің: «жақсыдан
жаман тумайды» деген сөзінің шындығына нанды. «Жи
реншенің баласын жуас көріп жүруші едім, Жиреншенің
айтқаны дұрыс болып шықты»,—деп Жиреншенің баласын
өзіне бас уәзір қылып сайлапты.
Таудан аққан тас бұлақ
Құймай қоймас теңізге.
Жақсы әкеден туған ұл
Қанша жаман десең де,
Тартпай қоймас негізге,—деген сол.
123. Жиренше туралы әңгіме
Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны
өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі
Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген
екен. Мынадай түрде естіртті:
—Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім?
—Асқар тауы құлады десейші.
—Шешесі өлсе қайтеді, шешенім?—депті.
—Ағар бұлағы суалған есепті болады да.
—Ағасы өлсе қайтеді екен, шешенім?—дегенде:
—Оң қанаты қайрылған есепті дағы.
—Інісі өлсе қайтеді екен, шешенім?—депті.
—Сол қанаты қайрылған есепті дағы,—депті.
—Апа-қарындасы өлсе қалай болады, шешенім?—де
генде:
—Ұзын өрісі қысқарған есепті дағы.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Қатыны өлсе қайтеді, шешенім?—дегенде, қамшысын
екі бүктеп, шалт жүгініп, қамшысына сүйеніп отыр екен.
Қамшының сабы шарт етіп сынып, үзіліп кетіпті.
—Қатын өлсе қамшының сабы сынған есепті болады
да,—депті.—Қамшысының сабы сынғанда қатыны өлсе,
жай майы бұзылды. Жай майы бұзылған есепті болды дейін
деп отыр едім,—дегенде, Жәнібек хан:
—Шешенім, олай болса өзіңіз айтқандай, қамшыңыз
дың сабы сынғандай жұмысыңыз болды-ау!—деген. Осы-
лай есіттірген екен дейді. Қайдан білейін қасында жоқпын,
мүмкін естіген құлағымның жазығы жоқ деймін....
124. Жиреншенің қыз таңдауы
Жиреншенің әйелі өліп, әйел көріп жүріп бір шалдың
қызына кездеседі. Бір қараша үйдің алдында бір қыз шығып
тұр екен. Қыздың үстінде қызыл матадан көйлегі бар екен.
Көйлектің үшкілі ақ мата екен. Қыздың аузы үлкендеу екен.
Жиренше жолығып тұрып:
—Мына үйдің шаңырағының үлкенін-ай,—депті. Қыз:
—Үлкен болса, түтіні түзу шығар,—депті. Жиренше:
—Бір ақ қолтық қызыл қашар қарап жүр едім,—депті.
Қыз:
—Оны мен көрдім. Мана құдық басында бір кәртік мұрын
қара бұқа артын иіскеп тұр еді,—депті.
Жиренше: «Сол қыздың үйіне барып, әкесімен сөйлесіп
кел» деп бір кісі жіберіпті. Қыз жалғыз өзі үйде шашын
жуып отыр екен. Кісі кіріп барғанда қыз:
—Түңғұлақ кісінің атасына нәлет,—деді депті. Жіберген
кісі түсінбепті. Жиренше:
—Үйінде ит жоқ екен ғой,—депті.
—«Әкең қайда кетті?»—деп едім,—«ағаш қазан қай
натуға кетті»—деді.
тарихи аңыздар
Жиренше:
—Әкесі насыбай уқалауға кеткен екен,—депті.
—«Шешең қайда?» деп едім. «Өлі мен тірінің арасына
кетті»,—деді. Жиренше:
—Туа алмай жатқан әйелге кеткен екен ғой,—деді.
—«Ағаң қайда?» деп едім, «сегіз аяқтымен аңға кетті»
деді.
Жиренше:
—Буаз биемен кеткен ғой,—деді.
—«Жеңгең қайда?» —деп едім, «көп болса да тұтбеске кетті»
деді.
Жиренше:
—Отынға кеткен ғой,—деді.
125. Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің
әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел:
—Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой,—
депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі
Жиреншені жөнелтіпті де:
—Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атың
ды аулаққа тастап жаяу кел,—депті. Хан Жиренше кеткен-
нен кейін әйелді кеңсесіне шақырып сөйлесіпті. Ханға:
—Жұрт жатысымен келерсіз,—депті. Күн батқан соң Жи-
ренше қайтып келіпті. Әйел бір үлкен сандыққа жатқызып,
өзі іс тігіп отырыпты. Айтқан уақытта хан келіпті. Әйел:
—Сіз мені қинайын деп отырсыз ғой, бірақ мені жақсы
көрмейсіз ғой,—депті. Хан:
—Сізді қатты жақсы көрем,—депті.
—Рас болса, менің ышқыр бауымды тісіңізбен шешіңіз
ші,—депті. Хан:
—Жарайды,—деп, әйел жатқанда ышқырбауды тістеп
жатқанда бір көрші әйел кіріп келіпті. Хан ақырыпты:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... —Түнде неғып жүрсің?—деп. Әйел: —Отқа келіп едім,—депті. Сонда Жиренше сандықта жатып ақырыпты: —Неғылған тентек қатынсың. Осы үйде от болса, әйелдің астын шикілеп жей ме?—дегенде, хан есікке қарай атылыпты. 126. Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында Әз Жәнібек хан, Жиренше оның бас уәзірі, әрі шешен, білгір адам болған. Олар 14-ғасырлар шамасында болған. Осы кездегі кәсібі теңіз жағасындағы Астархан қаласын салдырған сол әз Жәнібек хан деп айтады. Өзбек ханның тұқымынан болуы тиіс. Жиренше шешеннің әкесінің аты— Кеңес, әйелінің аты Қарашаш екен. Кеңестің ұлы Жиренше менен Құзғынның ұлы Көсе екеуі бір кісінің қыздарынан туған қарсы бөле екен. Жиренше шешендікпенен ханға, халыққа қадірлі болған. Ал Құзғынның ұлы Көсе өте жылдам қайымшыл, тапқыр кісі болған. Бірақ хан менен Жиреншеге бағыты қарсы, пікірі қосылмайтын. Қулық пен амалайланың неше түрлісін ойлап білетін. Хан мен уәзірге де белгілі сақтанатын қауіпті адамының бірі болған. Бірнеше жиналыс, мәжілістерде ханның тәртіптерінің Жиреншенің қателік, кемістіктерін халық алдында дәлел деп көрсетіп, көпке қолайлы ұсыныстар айтқандығынан Көсені хан ордасы қудалап, қолайсыз көретін болған. Әз Жәнібек хан халықтың басшыларын жинап, бір үлкен мәжіліс құрады. Бірақ Көсеге қабар тимейді. Ханның жиналысын сырттан есіткен Көсе не әңгіме, кеңес болар екен деп естуге өзі келеді. Көсенің келген кезінде Жиреншеге әз Жәнібек хан бір сұрақ беріп, соның шешуін сұрап жатыр екен. Хан: —Өтірік пен шынның арасы қандай, Жиренше шеше нім?—депті.
тарихи аңыздар Жиренше: —Өтірік сөз өрге баспайды. Шындыққа шық жұқпайды. Өтірік пен шын он қайнатса, қосылмайды. Өтірік пен шын ның арасы аспан менен жердей,—депті. Сол кезде Құзғынның ұлы Көсе орнынан ұшып түрегеліп: —Тақсыр, шешеннің жауабы шындыққа жатпайды. Өтірік пен шынның арасы аспан мен жердей алыс емес, өте жақын, тек төрт-ақ елі,—деп алақанын жайып, құлақ пен көздің арасын өлшеп көрсетіпті. Арасы анық төрт елі болыпты. —Өтірік пен шынның арасы аспан мен жердей емес, төрт елі дегенімнің мәнісі—құлақ есіткен өтірік, көз көрген шын. Құлақ пен көздің арасы алыс емес, тек төрт елі. Сондықтан өтірік пен шынның арасын алыс деген жауап дұрыс емес. Тек төрт елі,—деп Көсе сөзін мақұлдатып, ханнан ат мініп, шапан киіпті. 127. Жиренше Күндерде бір күні әз Жәнібек хан Жиренше уәзірмен ойласып, халықты ренжітпей қаражат жинауға салықты қандай жолдармен, кімдерге салса орынды болатын жағын қарастырып кеңесіпті. Ханның қол астындағы халықтар дың ішінен тек үш түрінен жиналса, заңды болар деп тауып, (дәлелсіз жұрттың бәріне салық салынса, халық ренжір деген мақсатпен) қарауындағы барлық сақалы қара, шашы ақтарды, сақал, мұртсыз көселерді кезекпен үш дүркін, бөлек-бөлек шақырып, олардан не себепті жаратылыста осындай өзгешеліктері болған себебін сұрап, сауал беріп, олардың жауабы заңды болмаса, айып ретінде бас-басына салық салып өндіруге, әгар да тұрарлық дәлел тауып құтылып кетсе, қазынадан сыйлық ретінде ат мінгізіп, шапан кигізіп қайтаруға ұйғарады.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Әрине, ханның қол астындағы көп халқынан жоғары
дағы айтылған (үш түрлі пормалы) адамнан аз жиналмайты
нын хан мен уәзір жақсы білсе керек. Жана да олар берілген
сұрақтарға тұрарлық жауап табалмай, бәрі де айып тартып
қалады деген үмітті сенімде болады.
Сонымен әз Жәнібек хан бір апта бұрын «қол астындағы
халықтың барлық сақалы қара, шашы ақтары қалмай жи-
налсын!» деп жарлық тартады. Келмегендердің басы өлімде,
малы талауда болатынын ескертеді.
Ханның қарауындағы хабарланған сақалы қара, шашы
ақтар неге шақырылғандарын жана не деп жауап беретін
дерін білмей, сасқанынан барлығы бастарын тосып жиналып,
Көсеге келіп ақыл сұрапты. Құзғынның ұлы Көсе оларға:
—Хан менен Жиренше менің досым емес. Сендерге ақыл
үйретсем, олар шағымданады. Менің үйреткенімді естісе,
аяусыз жазалайды. Сендер біреуге айтып қоясыңдар,—деп
мықтап пісенттейді.
Сақалы қара, шашы ақтар Көсеге көп жиналып:
—Не тілегіңді берейік, осыдан аман құтқар,—деп кет
пейді. Ақырында Көсе олардан:
—Сыртқа ешкімге сыр білдірмеңдер, ауыздарыңа берік
бол! Маған да еш нәрсе бермеңдер! Бірақ ханның сауалына
берілген жауаптарың тұрарлық болғаннан кейін қан ылаж-
сыз сендерге сыйлық берер. Маған тек сол ханның сыйлығын
берерсіңдер. Жандарыңнан еш нәрсе бермей-ақ қойыңдар!—
деп, ханның сауалына былай деп жауап үйретеді:
—Хан сендерді жинап алып: «Сақалдарың қара, шаш
тарың ақ, жұрттан ала-бөле сендер не пейілдеріңнен тап
тыңдар?»—деп қаһарланып сұрар дейді. Сонда сендер:
«Сақалымыз жиырма беске келгенде шықты. Шашымыз
сақалымыздан жиырма бес жас үлкен. Сондықтан енді жи-
ырма бес жылдан кейін шашымыз да ағарады, тақсыр,
деңдер!»— депті. Сөйтіп ханның берген сауалына Көсенің
үйреткен жауабы толық болып табылып, хан сыйлық ...
қылыпты.
тарихи аңыздар
Сауалдан ұтылып, зиянданған хан тағы да бір күні енді
сақалы ақ, шашы қараларды жинап, сауал сұрау туралы
жарлық таратып шақырыпты. Бұл пормалы топтың адам
дары да сасып, Құзғынның ұлы Көседен ақыл сұрап, алдың
ғылардың жолымен оларға да Көсе былай деп үйретіпті.
—Хан сендерді жинап алып былай деп сауал сұрар:
«сақалдарың ақ, шаштарың қара жұрттан бөлек не жағдайға
ұшырадыңдар?» дер. Сонда сендер:
Қатын шалпы, бала жас,
Кем болды киім, ішерге ас.
Тістенуменен ағарды
Сақал мен мұртым аралас,—
деңдер,—деп Көсенің үйреткен қалыбынша шақырылған
күні жиналған сақалы ақ, шашы қаралар ханның берген са-
уалына тиісті, жоғарыда көрсетілгендей жауаптарын беріп,
аман-сау құтылады. Бұлардан да сауалдан ұтылған хан лаж-
сыз тиісті сыйлықтарын беріп таратады.
Құзғынның ұлы Көсеге сақалы ақ, шашы қаралар да хан-
нан алған сыйлықтарын түгел әкеліп беріседі.
Енді үшінші топтың адамдары сақал-мұрт шықпаған
көселерді жинап, сауал сұрауға хан жарлық таратып, олар
дың да барлығын жоғарыдағылар сияқты бір күнге жинап
шақырады. Ханның қарауындағы барлық көселер сасып,
ақыл сұрауға Құзғынның ұлы Көсеге келеді. Оларға Құз
ғынның ұлы Көсе айтады:
—Мен де сендермен қатар шақырылып отырмын. Көселер
туралы ханның берген сауалына өзім жауап беремін. Сендер
тыныш отыра беріңдер. Бірақ ханның сауалынан құтылып,
сыйлық алсақ, одан дәме қылмай маған берерсіңдер!—деп
көселерді тыншайтады.
Ханның жарлығы бойынша барлық көселер шақырыл
ған күнге жиналып келгеннен кейін, хан оларды қатар
отырғызып, былай деп сауал сұрайды:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Сендер жаратылыстарың ер, пормаларың әйел сияқты.
Сақал жоқ, мұрт жоқ. Жұрттан ала-бөле көселік жағдайды
не пейілдеріңнен таптыңдар?—дейді. Сол кезде отырған көп
көселердің ішінен Құзғынның ұлы Көсе түрегеліп, ханнан
рұқсат сұрап, сауалына былай деп жауап береді:
—Әкем қарт, шешем жас болды. Киімі жыртық, тамағы
аш болды. Шешемнің күшінен әкемнің күші пәс болды.
Сондықтан бөксем әкеме, кеудем шешеме ұсап, сақал менен
мұрт шықпады, тақсыр!—депті. Мұны естіп отырған көсе
лердің бәрі де қостап: «Бәріміздің жағдайымыз солай»,—деп
шуласыпты. Қисынды жауаптан хан тоқталып, көселерге
тиісті сыйлық, зияпаларын беріп, Әз Жәнібек хан менен Жи-
ренше шешенді Құзғынның ұлы Көсе олардың берілген сауал
дарына дәлелді жауаптар тауып қайтарып, сөзден кідіртіп
ұтқандықтан, олардың ертегі сөздері мысал ретінде халық
аузында бірден бірге үлгі болып қалған бір көне әңгімелер
дің жұрнағы болып көрінеді.
128. Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе
Әз Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен. Бір
күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: «Бай-
талдарым құлын тастап жатыр, айғырларының дауысы маза
бермеді, айғырларын қырсын!» дейді. Ел хан жарлығынан
қорқып, сасады, жиылыс қылып ақылдасады. Жиналған
жұрттың ішінен бір көсе шығып: «Сендер саспаңдар! Хан
ның жауабын мен берейін. Маған бір түйе, бір кебеже, шашы
қара, сақалы ақ бір шал, сақалы қара шашы ақ бір шал және
бір серке беріңдер!»—деді. Жұрт осы айтқандарын тауып
береді. Содан кейін көсе ханға жөнеледі. Ханның ауылының
шетіне келіп: «Ханға жолыққан кісі қалай жолығады» деп
сұрайды. Мініп келген көлігін кейін тастап, дауыс естіртім
жерден: «Сәләумалайкум, алдияр!» деп қолын қусырып ба
рады» дейді. Көсе ол айтқанды істемей, түйесіне мінген бойы
16-137
тарихи аңыздар
мен қасындағыларын алып ханның үйінің тұсына барып,
үшке дейін: «сөйлес, ау!» деп дауыстады, ешкім үндемеді.
«Мына шіркінге көк түндік келіп қалған екен» деп кейін
барып түсіп, екі шалды екі жағына отырғызып, өзі орта-
сында шынтақтап қисайып жатады. Серкені түсіріп байлап,
түйесін шөктіріп қояды. Хан көсенің бұл ісіне ашуланып:
«Ана шалдың басын алыңдар!» деп кісі жұмсайды. Ханның
жұмсаған кісісі Көсенің отырған түрін көріп, ханға қайта
келеді: «Отырған түрі бір түрлі қызық, өзі қу көсе екен,
екі жағында екі қарты бар, бір серке байлаулы тұр, түйесі
шөгерілген, ортасында өзі шынтақтап жатыр, басын шабуды
лайық көрмедім»,—деді. Мұны естігесін хан Көсенің жат
қан жеріне келді. Хан жақындап келгенде Көсе шынтақтап
жатқан күйінде:
—Салаумалейкум, алдияр хан!—деді. Хан:
—Уа, көсем, түйе мінгенің қалай? Көсе:
—Түйе мінсем, қырымдағыны көріп, қауіп-қатерден аман
қалуға себеп бола ма деп ойлаймын. Хан:
—Түйеге кебеже неге теңдейсің? Көсе:
—Түйеге кебеже жараспай ма? Хан:
—Уа, көсем, серке алып жүргенің қалай? Көсе:
—Е, ханым, білмейсің бе? Хан:
—Білмеймін. Көсе:
—Бала екесің ғой... «Мал жақсысы—серке, адам жақсы
сы—ерке деген». Хан:
—Уа, көсем, шашы ақ, сақалы қара қартың не? Көсе:
—Шаш сақалдан жиырма бес жас үлкен емес пе? Сон
дықтан ағарған ғой. Хан:
—Шашы қара, сақалы ақ қартың не? Көсе:
—Мұның аты шабан, қатыны жаман, атқа мінсе, тебінген,
үйде отырса, кейіген, сондықтан мұның сақалы ағарған.
Хан өзінің кісілеріне сыбырлап:
—Мұның қолтығында тесігі бар шығар, сөз гулеп шыға
берді ғой, бұны суға түсіріп қолтығын қарайық,—деді.
Хан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Уа, Көсе, суға түсесің бе? Көсе:
—Түсейік.
Өзге жұрт суға түскенде Көсе мен хан кейінірек қалды,
сонда хан Көсеге:
—Түспейсің бе, Көсе,—деді. Көсе:
—Қолыңды берсең, түсейін. Хан:
—Берейін, түс!—деп хан өзі суға түсті. Көсе көйлектің
жеңін, дамбалдың балағын буып, түйіп жатты. Сонда хан:
—Уа, Көсе, неге буынып, түйініп жатырсың?—деді.
Көсе:
—Бұл судың не себептен «Сыр» атанғанын білемісің?—
деді. Хан:
—Білмеймін,—деді. Көсе:
—Ә, ханым, бала екесің ғой. Осы судың бойында алпыс
пышағын таптап, біздерін сақтап отырып сырласқан, сырла-
сып отырғанда су тасып, алпысы да суға кеткен, сол уақта
алпыс пышақ пен біз саптары төмен қарап, жүздері, ұштары
жоғары қарап су түбіне орнап-орнап қалғанмен, сол пышақ
пен бізден қорқып, буынып, түйініп жатырмын,—деді. Хан
судан шықты да:
—Мынаны қызыл ауызға апарып қондырыңдар,—деді.
Ханның кісілері Көсені қызыл иттердің ортасына апарып
тастады. Таң атқанша қырық қызыл итті қойнына салып
барған сапысымен қырып өлтіріп тастады. Сонда хан:
—Аман-есен келдің бе, Көсем,—деді. Ханның бір кісісі
тұрып:
—Аман-есені құрысын, қызыл ауыздарды қырып келіп
ті,—деді. Хан:
—Уа, Көсе, қайтамысың?—деді. Көсе:
—Қайтпаймын, Жиреншеге жолығып қайтамын. Хан:
—Жоқ, Көсе, Жиреншеге қарама, мен оны жіберейін,—
деді. Көсе:
—Қой, жібермейсің. Хан:
—Жіберейін, уа Көсем, қызыл ауыздарды қырып таста
ғаның қалай? Көсе:
тарихи аңыздар
—Біздің ауылдың қойларын күнде қасқыр қырып жа
тыр, соған пайдасы тимегесін қызыл ауыздардың керегі қан
ша, қырмай қайтейін? Хан:
—Біздің ауыл Сырдың бер жағында, сіздің ауыл ар жа
ғында, қасқырға не айла қылсын, қалай қорғасын?—деді.
Көсе:
—Ендеше біздің ауылдың айғырларының даусы сенің
байталдарыңа қайдан естілді?—деді.
Хан үндей алмады. Көсе жүріп кетті. Артынан ханға Жи-
ренше келеді. Көсенің келгенін, айтқан сөздерін хан Жирен-
шеге бастан-аяқ айтып өтті. Жиренше: «Мен оған барайын»
деп еді, хан: «Ойбай, барма, кісіден тосылатын емес, қу көсе
көрінеді»,—деді. Жиренше шыдамай Көсенің артынан кетіп
қалды. Жиренше Көсені қуып жетіп, артынан келіп сәлем
беріп еді, Көсе сәлемін алмады. Сонан соң көлденеңнен келіп
сәлем беріп еді және қарамады. Қарсы алдынан шығып сәлем
беріп еді, сәлемін алды. Сөйлесіп, амандыққа келгесін Жи-
ренше айтты:
—Артыңнан сәлем бердім, алмадың, мәнісі не? Көсе:
—Артымнан келіп ит үруші еді. Жиренше:
—Көлденеңнен бергенде неге алмадың? Көсе:
—Көлденеңнен қатын сөйлеуші еді, сабаз ердің мінезі
қарсы келіп сәлем беру, сондықтан алдымнан берген сәлемді
алдым,—деді. Жиренше:
—Уа, Көсе, жер ортасы қайда? Көсе:
—Уа, мен түйеге мініп жер шарасын болжай алмай ке
лемін, астыңдағы атыңды бере тұрсаң, жер ортасын біліп
берейін,—деді.
Жиренше аттан түсіп, атын береді. Көсе атқа мініп алып,
түйені жетелеп, олай бір, былай бір жортып, жортып келіп:
«Жер ортасы төбе, ел ортасы көре» деген, болжап келіп
қарасам, сенің тұрған жерің жер ортасы екен»,—деді де
атты сауырға бір салып, Жиреншеге қарамастан тартып
жүріп кетті. Көсе сол жолында еліне қайтып келе жатып бір
ауылдың шетінде бие сауып тұрған бір қызға келіп:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Сауар көбейсін, сөдегей бикеш!—деді. Сонда қыз:
—Тұрсам, түзелер, сенің аузың емес,—деді.
—Тіліңді Құдай кессін!—деп, атты сауырға бір салып
Көсе тартып отырды. 129. Жиреншенің қартайған шағы
Жиренше шешен қартайып, Қарашаш сұлу өліп, тоқал
алып, бала тауып, балалары ер жетіп, шайпаң болып,
тоқалы тентек болып сыйламай қадірі кетіп, оның үстіне
хан қасынан да қалған соң бұзау бағып, тезек теріп, кү
нелтіп жүреді. Әз Жәнібек хан Жиреншені сағынып, жай-
күйін көріп білуге жолдас ертіп шешеннің үйіне келеді. Үй
сыртына келіп:
—Шешенім қайда? Мал-жан аман ба?—дегенде, қатыны
шығып:
—Шешенді қадірлеп іздеп келіп тұрған кім өзі? Шешенді
іздесең, далада тезек теріп жүр,—депті. Сонан соң хан Жи-
реншеге далада іздеп жолығып, «шешенім, көрісейік» деп
аттан түсіп, амандасады.
—Бұл тезек тергенің қалай?—деп сұрайды. Сонда Жи
реншенің айтқаны:
—Қадірлеп келген ханым-ай,
Кеудемде шыбын жаным-ай!
Бір өзіңнен басқа жан
Халімді біліп танымай,
Аузымнан шыққан сөздерім
Жеуге жеңсік сары май.
Қостаушым жоқтан құнсыз боп,
Сөзіме дауа дарымай,
Зерімді сатар зергер жоқ,
Іштегі шықсын зарым-ай!
Бес кемшілік бір баста,
тарихи аңыздар
Жүремін неғып арымай.
Қадірім кетіп, қартайып,
Бағым кетіп мал тайып,
Ешнәрсеге жарымай.
Сыйлайтұғын өзің жоқ,
Бұрынғы бұлды сөзім жоқ,
Қайтейін бүйтіп қарымай.
Қатын тентек, ұл шайпау,
Екеуледі, ай, ханым!
Кәрілік жеңді, мал тайды
Төртеуледі, ай, ханым!
Сонымен бақтан тайғаным,
Арқамдағы мынау тезек
Шешенге келген бір кесек,—
депті. Сонан соң хан Жиреншені қайтадан өз қасына алып,
уәзір еткен екен.
130. Орманбет хан әңгімесі
«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» деп
айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың
тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орман-
бет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты.
—Кім боласыз?—деп сұраса:
—Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы
халифа жұртының кісісіміз,—депті.
—Жол болсын, неғып жүрсіздер?—дегенде:
—Халифа патшасы жіберіп еді: «Үш қашқын қашты.
Сол үш қашқынның барған жері бүлінеді, құриды. Соны
мұсылманның қай жұртына барып паналаса, сол орамында
болған мұсылман патшалары ұстап берсін» деп бізді солар
дың соңынан қудырып жіберді,—десіпті. Орманбет хан:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Біздің бұл орамға ондай жын-саяқ келген жоқ,—депті.
Онда ол үшеуі айтыпты:
—Сіздің қол астыңыздағы жұрттан таптық, бар екен,—
депті.
—Ол қайда жүр екен?—депті.
—Оның қайда жүргенін айтайық: ұстап, байлап, бізге
аяқ-қолын кісендеп беретұғын болсаңыз,—депті.
—Жарайды, айтқандарыңша қылып, бекітіп берейін,—
депті.
—Бекітіп берсеңіз, ол үш қашқынның дөкейі, аса бұ
зылған ат-шамынысы зорлық еді, онан соңғысы ұрлық еді.
Онан соңғысы өтірік еді. Сол үш залым сіздің қоластыңыз
ға келіп, қорғалап тығылған екен. Соны ұстап берсеңіз,
жұртыңыз жұрт болып отырады да, оны ұстап бермесеңіз,
ел-жұртыңызға бүліншілік кіреді,—депті.
Сонан соң Орманбет ойға түсті дейді: «Менің бұл жұр
тыма мұндай жаман пиғылдар араласқан екен. Әуел ақыр
дан бері қарай ұрлықтың, зорлықтың, өтіріктің араласқан
жері оңбаушы еді. Қой, мен көптің аузын тыя алмаспын.
Онан да басымды алып қашайын»,—деп, бір түнде ғайып
болып, жоғалып шыққан екен. Сонда кетіп бара жатып, көп
қойшыға душар болып, бесін намазының уақытысы екен.
—Балалар, мен намаз оқып алғанша, атымды ұстай тұр,—
деп айтса, Ормамбет хан екенін танымайды, тілін алып, атын
ұстап тұрмапты. Ішінде бір кішкенелеу жасырақ бала:
—Қырық жыл баққанмен, қой мұратқа жеткізбес. Құ
дайдан қорқынышлы әз ағаның атын ұстап, батасын алсам,
бір мұратқа жеткізер,—деп айнала тұра қалып қашан намаз
оқып болғанша бүлк етпей, атын ұстап тұрып, қолтығынан
алып аттандырып, батасын алып қалыпты. Сонда Орманбет
хан балаға айтып кеткен екен:
—Менің атым—Орманбет. Мен деген жұрт осы төбенің
басына тастан там салып, маған оқитұғын Құранын, қыла
тұғын батасын қыла берсін! Мен енді бұл ел-жұртқа жоқ
пын. Менен соң он сан ноғайлыға сен үлгі айтарсың. Сенен
тарихи аңыздар
соң ноғайлы деген жұрттан төбе басына шығып, төре берер
ұл тумас.
Біздің бұл жұрт жайлады
Нұра менен Есілді.
Арқаның тарлау шөбінің
Арқасымен есірді.
Бір қараның орнына
Сый-сипатқа берісті.
Баласын зарлап, қақсатып,
Малша жұмсап жесірді,
Таласып байлар қонысқа,
Жетім-жесір, нашарды
Қонысынан көшірді.
Абиыр, бағын дау алар,
Қимаған малын жау алар.
Жер-су адыра, тұл қалар,
Кейінгі үрім-бұтаққа
Қылып бір кетті кесірді.
Бұ жерден ауар қонысы,
Ауқаты болар қол ісі.
Бір-бір ұшар көзінен
Өн бойы Есіл, Нұраның
Малдың бір жатқан өрісі.
Өзінен-өзі бүлінді
Ноғайлы мырза баласы.
Күн-түн боп Орыс кірісі.
Үлкені кетер көре алмай
Бейнетті жүрер өле алмай.
Кедейліктен тентірер
Алумен тауып бере алмай.
Алдына салып желкелер
Мәскеудің казак-орысы.
Осындай бірнеше кейінгіде болашақ оқиғаларды айтып:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Ал, балам, енді қалғаны болса, жұртқа өзің айтып баян
қыла берерсің,—деп аузына түкіріп, көз алдында қыбылаға
қарап, жөнеле берді дейді. Сонан соң қайтып Орманбетті
«көрдім, білдім» деген жан жоқ. Сол бала Мөңке би ата-
ныпты. Сол айтуы бойынша ноғайлар баланың: «Осы жерде
амандасып қалдым» деген жеріне там салып, соны осы күнде
«Орманбет тамы» деп айтысады.
131. Еңсегей бойлы ер Есім
Қазақ жұртының бұрынғы үлгілі билері сөз бастағанда:
«Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы» деп
сөйлейді екен.
Сол Есім хан—әз Жәнібектің тоғызының бірі Жәдік
ханның немересі екен. Қазақ жұртына хан болып тұрғанда
пайтахт Түркістан шаһары болған екен. Соның заманында
Ташкентте Қатаған деген жұрттың ханы Тұрсын хан Есім
ханға елші салып:
—Екеуміз тату-тәтті, балдай боп тұрысалық. Күн батыс
тан келген жауға мен төтеп берейін. Күншығыс жақтағы
жауға сен кедергі болып тұр. Менен қосын ал, жабдық ал,
азық ал, сөйт те ұлы Ертістің басынан түсіп аяғынан бірақ
шық! Сонан бергі жер өзімізге қарап қалсын,—деген соң,
Есім хан:
—Жарайды, болса болсын. Мен сенен қосын да алмай
мын, азық та алмаймын, жабдық та алмаймын. Өз күшім
өзіме жетерлік. Тек сен менің қалған жұртыма көзіңнің қы
рын салып тұрсаң болады,—деп Тұрсын ханменен уағдала
сып, мың кісімен күннің шығысына қарай жүріп кетті «Ұлы
Ертістің басынан түсіп, аяғынан бір-ақ шығамын» деп.
Сарыарқаны қақ жарып келе жатқан бетінде, Шідерті де-
ген өзеннің бойында бір жалғыз қара көрді дейді.
—Елсіз жерде неғылған жан жүреді? Бұл аң шығар. Аң
болса, ірілеу көрінеді. Кертағы шығар,—деп, аттарына ші
тарихи аңыздар
дер салып, аунап-қунасын деп қоя беріп, қаннен-қаперсіз
жатып алыпты. Сөйтіп, ол көрінген қаракер тағы емес,
қалмақтың қарауылшысы екен. Бұлар бейғам жатқанда ат-
тарын қуып, түп көтере алып кетті дейді. Айдалада «дат»
деп жаяу қалды.
Мінгені Есім ханның Алабел-ді,
Бойында Шідертінің қара тұрды.
Көрінген сол қараны «кертағы» деп,
Аттарын шідер салып қоя берді.
Жаяу олай жүгірді, былай жүгірді. Ана төбеге бір шықты,
мына төбеге бір шықты. Шыққанмен немене, ұшайын десе,
қанат жоқ, жау көтінен қуайын десе, жалғызында да ат жоқ.
Сайын далада төгіліп, жатты да қалды. Тоғыз күндей олай
толғасты, былай толғасты. Дәнеме таба алмады. Оныншы
күн болғанда Еңсегей бойлы ер Есім хан:
—Кел, жігіттер, жапанның сары даласында жатып өл
мелік. Менімен жау соңынан баратын, маған серік болатұ
ғының бар ма?—дегенде, бәрі шулай қоя берді:
—Жалғызымыз қалмаймыз, бәріміз де серік боламыз.
Сізден айрылған соң айдалада аштан өліп қалмаймыз ба?
Онан да сеніп соңында шұбырып жүріп өлейік,—десті.
—Маған серік болғанда, мен атты кісінің аяңдап отырып
он күнде жеткен жеріне бір-ақ күнде барамын. Кәні, сондай
жүріске жарайтұғының бар ма?—дейді. Сонда біреу тұрып
айтты:
—Мен бес күнде барсам керек,—дейді. Және біреу тұрып
айтты:
—Мен он күннің өзінде барсам керек,—дейді. Өзгесі:
—Атты кісінің он күнде барған жеріне алдымыз айында,
артымыз жылында жетсек, жаман ба?—десті. Сонда Есім
хан:
—Кел, батырлар, ер басына бір-бір таяқ алыңдар. Және
кісі басына бір-бір таяқты бір жерге жинап салыңдар. Жау-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
дан аман-есен қайтқандарың таяқ жиып салған жерден бір-
бір таяқтарыңды алып өте беріңдер. Кісінің қаншасы қалып,
қаншасының қайтқандығын кейінгісі есебін сонан білетұ
ғын болсын,—дейді.—Міне, мен бүгін бұл жерден жөнел
сем, сол қалмақтың он күн ұдайысын жүріп отырып, барған
жеріне кешке қонаға барамын. Он күндік жерге барған соң
ол қалмақ та көшпейді, жатады, «жаяу кісі он күндік жерге
өмірінде келе ме?» деп. Мен барғанмен, жауға да тимеймін,
жанға да тимеймін. Бес күнде келетұғын сені де тосамын. Он
күнде келетұғын сені де тосамын. Дәл он күн болғанда «сол
екеуі келіп жетті-ау!» деген кезде астыма көк ала түссе, түн
ішінде айғайлап жауға тиемін. Көк ала атыма түспесе, онда
бәрің де аман болыңдар. Көріскенімнің алды-арты осы деп
біліңдер. Қой, хош аман болыңдар!—деп Есім хан екі етегін
беліне түріп алып, қалмақтың із өкшесіне түсіп, жөнеліп
берді. Оның соңынан ана екеуі де жүрді.
Айтқанындай шыққан күнінің күн батып, қас қарайып,
сам жамыраған кезінде қалмақтың он күнде зорға жетіп
жығылған жеріне жетіп барды дейді. Барса, қалмақтың
ауыр қолы қопаға бекінген екен. Қопаны айлана жағалады.
Иін тіресіп, қостарын тігіп, жаудан түскен атты да, өз ат-
тарын да қопаның ішіне кіргізіп жіберіп, отты самаладай
қылып өртеп, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болысып жатыр
екен. Бетегеден биік, жусаннан аласа болып, жалғыз шөкене
бетіне ұстап, айсыз қараңғы түнде қопаның қалың ішіне
кіріп кетіп, түні бойы аралап көк аланы ұшырата алмады.
Таң атқан соң Қопаның бір түбек берік жерін тауып алып,
қалмақтың бір атын азыққа сойып алып, шақпағы кісесінде,
аттың қарнын қазан қылып, емін-еркін ыстығын қылып,
жеп жата берді. Түн болса, қопаның ішін қақ жарып аралап,
Көкаланы іздейді. Күндіз жатады. Сонымен тоғыз күн де
өткізді.
«Енді бір күн Көкаланы қолыма түсіріп алып, түн
ішінде жауға тимесем, келген екі жаяуменен күдер үзіп,
қалмақтың өзіне келіп бенде болып, шынын айтып қойса
тарихи аңыздар қорыққандықпен, онда бір масқаралық болды ғой»,— деп, оныншы күннің түнінде жанұшырып қопаның ішін шарқ ұрып келе жатса, қалмақтың ханы қосын қопаның қақ ортасындағы аралға тігіп, Көкаланы ер тоқымымен түн болғанда босағасына басын кіргізе қосынның ішінде шылбырынан ұстасып отырады екен. Әгар айқай шықса, не нәрсені болса да шыдатпай, тас-талқан қып үзіп кетеді десіп. Есім ханның Көкаласының даңқы қалмақ қа бұрын әбден танымал болған екен. Сонда қостың ішін де отырған қалмақтар ет жесіп отыр екен. Етті жеп болып, қолдарындағы пышақтары тегіс жерге түскен соң, қалмақтың біреуі жауырынды алып қарады да: —Япырмай,—дейді,—Еңсегей бойлы Ер Есім дәу де болса келген шығар. Осы күнде аралап: «Көкала қайда?» деп алақтап жүрген шығар,—дейді. Дәл осы сөзді айтқанда Есім хан Көкаланың артына тақау отыр едім депті. —Канеки, рас па?—деп, жалма-жан біреуі алып қарады да,—Еңсегей бойлы ер Есім Көкаланың алдында ма, артында ма?—дейді. Сонда қылп етіп қалдым, шығып қарайды ғой деп Көкаланың бауырының астына кіріп отыра қалдым десті. Мені сонша жерге жаяу келеді деген, ондай болып жүреді деген ойларында дәнеме жоқ. Жауырынға түскенін айтысып, әзілдей қылысып отыр. Және біреуі алып қарады да: —Сендер нені айтып шатып отырсыңдар? Еңсегей бойлы ер Есім Көкаланың не астында, не үстінде ғой өзі,—дегенде, «енді шығып қарайды ғой» деп, шылбырдың сулыққа та қалған жерінен қиып жіберіп, Көкаланың үстіне мініп алдым да, тұра қалдым енді не дер екен деп. Сонда жауырынды бірі алып қарады да: —Шылбыр қалды да, Көкала кетті ғой, нанбасаң тартшы шылбырыңды,—дейді. Ол шылбырын тартып қалды да, мен айқай салып қопаның ішінде шапқан дөңгелек тұяқтыдан дәнеме қалдырмай қудым да шықтым депті.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Соңынан келген екі жаяу да жолын тосып жатыр екен.
Бір-бір атты олар да ұстасып мініп, есен-аман қалған
көп жолдастарына келіпті. Баяғы таяқ кесіп салған жері
Мыңтаяқ атаныпты. Сол сапарында ұзақ жүріп кетіп,
жолдастарының қалғаны қалып, қайтқаны қайтып, өлгені
өліп, ең ақырында қырық кісіменен қалыпты. Түркістан
ға қайта бет қойып келе жатып жолай естіпті. Тұрсын
хан қосын тартып келіп, иесіз қалған елді шауып, жы-
быр-жиыр қылып жаман қырғын таптырып, Түркістанды
өзіне қаратып алып қойған екен. Еңсегей бойлы Ер Есім
мұны естіген соң долданып, өз-өзінен аласұрып, жын-
данып құтырды дейді. Жанындағы жолдастары осынша
ұстап байлаймыз десе де, шамасы келмей олайғысын олай,
былайғысын былай лақтырып, қырық жолдасы бәрі де
қалжырап, алқынып дем алысып отырған соң, Есім хан
өзінен-өзі басылып, сылқ түсіп жатты да, әрі-беріден соң
басын көтеріп алып:
—Мен не болдым?—деп сұрады дейді. Жолдастары:
—Сіз құтырған есепте болдыңыз, жаман болдыңыз,—
дейді.
—Онда неге мені байлап тастамадыңдар,—дейді.
—Бәріміз жабылсақ та, шамамыз келмеді,—десті.
—Жалғыз маған ба?—деді.
—Жалғыз сізге бәріміз жабылсақ та, мұршамыз кел
меді,—деді.
—Олай болса бір мен құтырғанда қырық кісі шыбын
құрлы болмаған болса, бәрің мендей құтырсаң, дүние жүзі
кісі болса да қырау құрлы болмаса керек. Кел, батырлар,
қырық біріміз құтырған бойымызбен барып Ташкентке
қол қоялық. Ал, жүріңдер,—деп Ташкент шаһарына қарай
бет қойып, сол қызуланып көтерілген екпіндерімен барып
кіріп кетіп, Тұрсын ханды итше текпілеп, қорлықпен өл
тіріп, Қатаған деген халықты жаман қырды дейді. «Қатаған
ханы хан Тұрсын, қай неткенді ант ұрсын!» деген мақал со-
нан қалды деседі. Сонан соң «Қатаған» деген ат жоғалды.
тарихи аңыздар Бірлі-жарымды қалғаны болса, қаңлы, шанышқылыға сіңіп кетіп, сонан қалған елдің тұқымы сол екі елдің ішінде қорғалап қалыпты деп айтылады. Ашаршылық болып төмен тартар сауынның қажет уақытында сол Көкала бір балалы малға сатылып, «Есім ханның Көкаласы, о да бір балалы мал болыпты» деген сөз сонан қалды. Сол үшін қазақ халқы «басы айырдан көті айыр» деседі. Қасым хан деген ол—Әз Жәнібектің бел баласы. Жошы ханнан соң көп жұрт алған кісі осы Қасым хан еді деседі. Бұл һәм қазаққа хан болған кісі жалғыз қазақ емес, ақырында көп жұртты биледі. 132. Едіге батыр туралы Екі шаруа жігіт Нарын құмын мекен еткен. Бәйгеге ат жаратып, аңға ит жүгірткен сал-сері болса керек. Бір күні алты айшылық жол жүріп, бір қыранның балапанын әкеледі. Оны баптап, өсіре бастайды. Құсын аңға салып, қызығын көреді. Қыран құс аңды қаққыш болады. Оны естіген хан қыранды қалап, кісі жібереді. Бірақ иесі бермей ді. Бұған ашуланған хан жігіттің соңына түсіп, ұрлық істеді деген жаламен Сібірге жер аударады. Осы кезде екеуінің де ұл баласы болады. Бір ұлдың аты Едіге, Едігенің әкесі Сі бірге аттанар алдында досына былай дейді: «Мен жолдағы жалғыз терекке баламды байлап кетемін, сол жерден шешіп аласың, саған аманат!»—деп жүріп кеткен. Межелі жерден досы баланы әкеліп, өз баласындай етіп өсіреді. Хан сарайындағы балгер бал ашып, ханға былай деген: «Ажалың биылғы туған балалардың бірінен болады». Досы Едігені алып қалып, өзінің баласын ханға береді. Хан жинап алған балалардың бәрін де найзаның ұшына алады. Күндер жылжып жатты. Едіге он алты жасқа толды. Өз қатарының күштісі болды. Бір күні оны хан сарайының
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
қызметіне алады. Едіге хан сарайында жүргенде ханмен
қырғиқабақ болып, шекісіп қалып жүреді. Бірде балгер тағы
да бал ашып, «хан ажалын» осындағы жаңа қызметке кел
ген баладан көреді. Хан Едігені өлтірудің амалын ойлайды.
Хан бәйбішесі айранға у қосып, Едігеге береді. Айранды
Едіге ішпейді. Ішіндегі қастандықтың дәмін сезеді. Айран-
ды ыдысымен бірге төрт бөліп, сосын араластырып, қайта
рып береді. Бәйбіше шошып, тез арада ханға хабар беріп,
тұтқындауын сұрайды.
Айранды төртке қақ ортадан бөлгені—«енді бұлай істе
сеңдер, төртке бөлемін. Араластырып жібергені ала топала
ңын шығарамын» дегені екен. Жас құстың әлегінен елінен,
жерінен айрылған жігіт (Едігенің әкесі) сол жерге «Жасқұс»
деген ат қояды.
133. Тоқтамыс хан мен Едіге батыр
Бұрынғы ноғай ұлдарынан Тоқтамыс деген хан болыпты.
Оның «Түкті аяқ» дейтін сұңқар құсы болатын, жылында бір
туып, үштен артық жұмыртқаламайды екен. Сол сұңқарды
тәрбиелеп бағып тұратын Құттықая деген бір адам болатын.
Сол сұңқар жұмыртқалаған уақытта Темір хан деген хан
Құттықаяға кісі жібереді: «Сұңқардың бір жұмыртқасын
ханына білдірмей маған жасырып беріп жіберсін»,—деп.
Құттықая бір жұмыртқасын жасырып беріп жібереді. Тоқ
тамыс хан: «Сұңқар нешеу туды?—десе,—«Екеу туды»,—
дейді. Темірхан беріп жіберген жұмыртқасын тауыққа басты-
рып шығарады. Әбдан темір қанат болып жетіскен соң күнде
Темір хан аңға шығып, сұңқарын құсқа салып, құс алдырып
жүреді. Бір күндерде Тоқтамыс хан аңда жүрсе, бір сұңқар
бір үлкен құсты қуып келіп, Тоқтамыс ханға жақындаған
да алады. Артынан Темір хан қуып келіп сұңқардікі деп
алып кетеді. Ол сұңқарды Құттықаяның Темір ханға ұрлап
тарихи аңыздар
бергенін Тоқтамыс хан біліп, Құттықаяға: «Саған жазаңды
берермін!»—дейді.
Сонан Құттықаяны сұңқар бағудан шығарып, ыссы-
да түйе бақтырады. Қорегі күнге беретін бір үйрек болады.
Соны қорек етіп, ыссыда шөлдеп, тау арасында түйесін ба
ғып жүреді.
Бір күндерде Құттықая көлеңкелейін деп бір таудың үң
гіріне кірсе, бір сұлу қыз ұйықтап жатыр екен. Құттықая
көреді де айрылмайды: «Сені мен әйелдікке алам» деп. Қыз
құтыла алмаған.
—Жақсы. Саған тиейін мына шарттармен,—дейді,—
Әуелі, түнде үй сыртынан келіп білдірмей үй сығалама.
Екінші, түнде жатқанда төсім үстіне қолың салма, үшінші
намазда тұрғанда аяғыма қарама!—дейді.—Егер де осы үш
затты істесең, мен саған жоқпын,—дейді.
Сөзін қабыл етіп, әйелдікке алып жүреді. Құттықая ты-
ным көрмейді де, ыссыда түйесін бағып жүреді. Бір уақыт
келіп үйінен тамақтанады. Қорегі—баяғы бір үйрек. Ұқса
тып, жүнін жұлып, пісіріп сорпалап қояды.
Бір күні Құттықаяның үйіне бір мүсәпір адам келсе, басқа
беретін ас болмағандықтан, әйелі баяғы Құттықаяға пісі
ріп қойған үйректі аяғымен мүсәпірге береді. Мүсәпір көбін
жеп, сорпасын ішіп, сарқытын қайырып береді. Әйел алып
барып, жауып қояды. Сонан Құттықая келген соң әйелі:
—Әй, әттеген-ай, басқа ас болмағандықтан, пісіріп қой
ған үйрегіңді бір мүсәпір келген соң беріп қойып едім,—
деп, қалған сорпасын алып берейін деп аяқтың бетін ашып
қараса, үйрек бүтінімен тұр екен. Құттықая ішіп, жеп алып,
әйеліне:
—Қалай кетті?—деп сұрап, ізіне түсіп келсе, бір таудың
үңгірінде қырық шамалы кісі намаз оқып жатыр екен. Бұ
да келіп намазға тұра қалады. Әбдан намаз оқып болған соң,
Құттықаяға:
—Не тілегің бар?—дейді. Сонда Құттықая:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Маған хан ұлын таққа қоймастай бір бала бер!—дейді.
Құттықаяға әлгі қырық адам бата береді де, бір алма береді.
—Осыны ортасынан жарып, жартысын өзің, жартысын
әйелің жесін. Қас сорлы болмасаң, бір балалы боларсың,
атын «Едіге» қой,—дейді. Сонан үйіне келіп, алманы екеуі
бөліп жейді. Әйелінен бір бала туады, атын Едіге қояды.
Бір күні Құттықая түнде келіп үй сығаласа, әйелі бас
терісін жұлып алып, битін қарап отыр екен. Түнде төсіне
қолын салса, төсінен жүрегі жылтылдап тұрады екен. На
мазға тұрғанда аяғына қараса, екі аяғының басы кейін қарап
тұр екен. Әйелі біліп еріне айтады:
—Сен әуелдегі айтқан шартты сөзді бұздың. Мен саған
енді жоқпын, мынау бала—асылзада бала. Мұны жақсы тәр
бие ет,—деп, ғайып болыпты. Сөйтіп жүргенде Құттықая
ны Тоқтамыс хан шақырып алып, жендеттеріне өлтіртеді.
Ханның жолдастары айтады: «Мұны өлтіргенмен болмайд,
мұның бір баласы бар. Оны да өлтіру керек»,—дейді. Ханның
баланы өлтіретінін біліп, баланың бір көршісі бұл баланың
асылзада екенін біледі екен. Едігені бесігімен үйіне апарып,
үйіндегі жас баласын бесігімен Едігенің орнына апарып
қояды. Хан ол баланы да өлтіреді.
Едіге есін білгесін-ақ, өзі теңдес балаларға бас бола бас
тайды. Балалар онымен жиналып ойнағанда Едігені хан
қылады. Едіге сегіз-тоғызға келгенде Тоқтамыс хан сұрап
алып жылқы бақтырады. Түнде жылқы бағып, күнде таңер
тең ертеменен Тоқтамыстың үйіне сәлем беріп кіргенде хан
селк ете түседі. Оны әйелі біліп ханға айтады:
—Осы сіздің аруағыңыздан Едігенің аруағы күшті-ау!
Неге десең, Едіге есіктен кіргенде сіз селк ете түсесіз,—дейді.
Хан:
—Қайдан менен Едігенің аруағы күшті болсын,—дейді.
Бір күні әйелі Едігенің келер қарсылығында ханның
жанбасының астына бір ине қадап қояды. Ханды сынау үшін
Едіге есіктен кіргенде хан селк ете түскенде ине сырт етіп,
сынып кетеді. Хан ханымына айтады:
17-137
тарихи аңыздар
—Енді Едіге келгенде сиіп, сідігіңді құйып қой,—дейді.
Ғадатта Едігеге бір үлкен аяқпен қатық, айран ұйытып
құйып береді екен.
Бір күні хан әйелі аяқтағы қатық, айранның үстіне сиіп
қойып, Едігеге келгенде ұстата береді. Едіге ұрттап жұтып
жіберіп, тамсанып-тамсанып:
—Айран тәтті екен, ыдысы ескірген екен,—деп аяқты
алдына қойып, қылышымен төрт бөліп шауыпты да, үйден
шығып аттанып кетіпті. «Ыдысы ескірген екен» дегені,
ханның әйелі үлкен кісі екен дейді. Едігенің артынан
Кеңестің ұлы Кенжембай деген бір адам шауып барып:
—Хан шақырады, қайта жүр, үйге түс!—десе де қайт
пайды. Келген кісіні қуып жібереді.
Сонан Едіге тоғыз жолдаспен жорықта жүргенде келе
жатса, бір жерде қазылып жатқан көп аттың ізін көріп, Еді
ге айтады:
—Қабартен дәу Темірханды шабады деген қабар бар еді.
Бұл солардың ізі болар,—деп ізге түсіп жүреді де, жолдас
тарына айтады:
—Көлденеңнен қосылған көк атты болып араласып, әлім
келсе, қазан асуға кірісіп қарайын. Қонған, түстенген жерде
ет тастап кетермін. Соны жеп ере беріңдер,—дейді.
Сонан Едіге батыр көлденең қосылған көк атты болып,
қазан асуға, ас пісіруге араласып, қонған түстенген жерге ет
тастап кетеді. Соны жеп жүре береді. Бір күні түстенуде Дәу
Едігеге айтады:
—Бүгін түстенетін жерге күшті қолды түсірудің билігі
сенде,—дейді. Едіге күшті қолды көп суы бар алыстағы
жерге қондырады. Дәу шатырын тігіп, Қанкей, Тінекей
деген Темірханның екі қызын екі жағына алып жатып,
ұйықтап қалады. Едіге жай тасын жайнатып, күнде іс
етіп, күннің қызуына шыдай алмай, алпыс шақты жолда-
сы алыстағы суға шұбырады. Олар әбдан кетіп болған соң,
шатырдың сыртындағы қаңтарулы тұрған шұбар атқа Едіге
батыр: «ия, Алла!» деп мініп, есіктің алдына келіп, найза-
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
сымен шатырдың есігін көтеріп қайырып тастап қараса, Дәу
ұйықтап жатыр екен. Едіге екі қызға «шық!» десе, «Дәуден
қорқамыз» дейді. Едіге батыр садағын суырып алып, қақ
жүректен атқанда Дәу жан ашуымен тұра жүгіргенде, шұ
бар аттың құйрығы қолына түседі. Едіге: «Әй, шұбар жыл
қы, құйрығың шолақ болсын!»—деп дұға етеді. Сонда
шұбар аттың құйрығы үзіліп кетеді. Шұбар жылқының құй
рығының шолақ болуы Едігенің дұғасынан дейді.
Едіге батыр суға шауып келсе, алпыс кісі екі бөлініп, су
жағасында жағалық ойнап жүр екен, отызы «Едігелікпіз»
деп, отызы «Қабартен дәулікпіз» деп. Едіге отыз кісіні өз
қасына алып, Дәулікпіз деген отыз кісіден жиырма тоғызын
өлтіріп, біреуін қоя беріпті: «Еліңе барып, көрген-білгеніңді
айтарсың» деп.
Сонан Едіге жолдастарымен Темір ханның екі қызын
алып елге келіп, «Тоқтамыс ханды шабам» деп жүрген хаба-
рын естіп, Тоқтамыс қашады. Едіге артынан қуып, Қызғыш
көліне барған жерде жетіп, Тоқтамыс ханды өлтіріп қайтады.
Сонан келген соң Едіге Тоқтамыстың орнына хан болады.
Тоқтамыстың бір батыр баласы болып, баяғы Тоқтамысты
шапқанда о да бір жаққа қашып кетеді. Аты Қадірберді жас
сұлтан дейді. Едіге батырдан Нұрадын деген бір батыр бала
болады. Жігіт болған соң өлтіруге Нұрадынды іздейді. Бір
жерлерден табады. Ақ отауын тігіп отырғанын Қадірберді
жас сұлтан Нұрадынның хабарын естіп, есіктен төрге шейін
іс қадап, төрге жебе төсеп қояды. Нұрадын сәлем беріп үйге
кіргенде жас сұлтан айтады:
—Жүрер жерің—мынау, отырар жерің—анау,—дейді.
Нұрадын темір істің үстін басып, қарш-қарш еткізіп, аяқтан
шашыраған қан бет-аузын жуып, төрдегі жебенің үстіне
отыра кетеді. Жебе Нұрадынды ұстайды, жібермейді. Сонда
Қадірберді жас сұлтан Нұрадынға айтады:
—Әй, Нұрадын,
Аллаң еш бермесін мұрадың,
тарихи аңыздар
Толғай, толғай жүгірген,
Тоқпақ жалды торғай
Күзде төрімде
Мұны неттің, Нұрадын?
Жағасы алтын шөкіш
Мұны неттің, Нұрадын?
Толғамбалы алтын ала балтамды
Мұны неттің, Нұрадын?
Жұрт иесі атамды
Мұны неттің, Нұрадын?
Нұрадынның жауабы:
—Әй, Қадірберді, жас сұлтан,
Ақылың көп бас сұлтан,
Сұрасаң, мен айтайын,
Айтайын да қайтайын.
Тоқпақ жолда торғай көзді түріңді
Тәңірі өзіме бергенде
Ер астынан алғанмын,
Өз астыма салғанмын.
Жағасы алтын мың шөкіш,
Тәңірі өзіме бергенде
Ер иығынан алғанмын,
Өз иығыма салғанмын.
Толғамалы алтын ала балтаңды
Тәңірі өзіме бергенде
Ер қолынан алғанмын,
Өз қолыма салғанмын.
Жұрт иесі атаңды
Арқыратып ақ құрбанға шалғанмын.
Ұлы да жолға салғанмын.
Бұлқыншақтан қисықпын,
Буыршыннан тентекпін.
Тезге салсаң, түзелмен,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Санымнан бұйда өткізсең, оңаймын,
Баба түкті Шашты Әзінің сойымын.
Сонан Нұрадынның ұсталған хабарын Едіге естіп, Қа
дірберді жас сұлтанға кісі жіберіпті. «Өткенді селге берелік,
қалғанды елге берелік. «Өткен өрел, қалған салауат» де-
гендей, жас сұлтан келіп қонақ болсын!»—депті. Сонан
Қадірберді жас сұлтан Нұрадынды босатып, Едігеге алып
жүреді. Жолда бір терең судан салмен өтіп келе жатқанда
Едіге Қадірберді жас сұлтанды салдан итеріп жіберіп, сал-
дан құлатып суға ғарық болыпты. Сөйтіп, Тоқтамыс ханның
тұқымын құртыпты дейді.
134. Ер Едіге
Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған ди-
уана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының
бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң
намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен.
Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап
жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, диуана
да есі ауып талып қалыпты, қыз да қалпақтай түсіпті. Сөйтсе
де олар пері қыздары екен. Жанындағы екі сау қыз талып
қалған қызды көтеріп ала жөнеліп, өздерінің жұртына алып
барыпты. Қыз есін жия алмапты. Перінің патшасының қызы
екен. Патша балгер, бақсыларын жидырып, бал аштырып
ты, сонда бақсылары айтыпты:
—Адамзаттан шыққан бір әулиенің назарына ұшыраған
екен. Сол әулиенің өзі үшкіріп жазбаса, басқадан жазыл
майды,—депті.
Сонан соң пері патшасы күшті ұшқыр ұшқыштарын
жіберіп, Бабай Түкті Шашты Әзизді алдырыпты:
—Мына баламды оңалтып, сауықтырып беріңіз!—деп
жалынып- жалпайыпты.
тарихи аңыздар
—Бұлар менің дәрет алатұғын суыма барып, жалаңаш
танып суға түскендігінен менің есім ауып, бір намазым қаза
болды. Сол намазымның орыны қияметке шейін толмайды.
Соны қайтесің?!—деген соң:
—Осы баламды басы бүтін алыңыз!—деп, қызын беріпті.
Перілерге бұйырып, бұлақтың басына апарып салдырыпты.
Қыз өмірінде диуанаға жалаңаш денесін көрсетпепті. Бір
күн[і] диуана:
—Жалаңаштан, денеңді көремін!—деп, қиғылықты са-
лыпты. Қыз:
—Болмайды, онан соң екеуміздің жолдастығымыз ада-
күде таусылады!—депті.
Диуана да диуанашылық мінезі қысып:
—Жалаңаштанып, маған бір көрін!—деп қоймаған соң,
қыз:
—Енді мен саған жоқпын. Мен сенен екіқабат буаз едім,
ер ұл тапсам керек еді. Сонан соң көрінуіме дұрыс еді. Оған
шыдамай, асықтың. Қой, хош аман бол! Мына ішімдегі
балаңды туған соң, осы бұлақтың басына ап келіп тастап ке-
тем. Белгісі—алтыннан шүмегі, күмістен түбегі болар!—деп,
жөнеле беріпті.
Сонан соң диуана қаңғып кетіпті. Сол баланы қыз айтқан
күнінде ап келіп, су басына тастап кеткен екен. Бейуаз біреу
тауып алып, алтыннан шүмегі, күмістен түбегі болған соң,
Түркістандағы Тоқтамыс ханға апарып беріп, Тоқтамыс асы-
рап, бала қылып өстірген екен. Қазақтан шыққан ер Едіге
осы екен. Әкесі—Бабай Түкті Шашты Әзиз әулие, шешесі
пері қызы екен. Бабай Түкті Шашты Әзиз әулие өзін сол
бұлақтың басына қойдырған екен де, ер Едіге де өзін сол Ба-
бай Түкті Шашты Әзизның қасына қойдырыпты. Олардың
сол орында екендігін Жалаң аяқ Әшдүр сөйлеп, ол әулие де
өзін сонда қойдырған екен. Мұның бәрін бастан-аяқ сөйлеп
әңгіме қылған—Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай.
Ақпан, Байыштың Ақпанын һәм өзін сол араға қойдырып еді
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
деседі. Ер Едігенің ертегісін сейлеймін деушіге бір қап жан
керек болса керек.
135. Ер Едіге
Қазақ жұртынан Едіге деген ер шықты.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Ел шетіне жау келсе:
«Мен шығайын!—дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жасы үлкен болса,
«Ғазизім, сіз білесіз»,—дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жасы кіші болса,
«Ботам, сен тұра тұр,
Мен айтайын»,—дер екен.
«Едіге деген ер дүрмін,
Үзілмес жібек кендірмін.
Өзі білмегенге,
Білгеннің тілін алмағанға—
Еменнен шоқпар шекесіне
Шық еткізетұғын мен дүрмін»,—
дейді екен. Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі бар бесікте
жатқан бала күнінде біреу тауып алып, Түркістанда Тоқ
тамыс ханға апарып беріп, сонан Тоқтамыс асырап, асық
ойнап жүрген бала күнінде ол Тоқтамыстың берген төресін
бұза берген екен.
тарихи аңыздар
Мұның әңгімесі қазақта бір үлкен кітап еді. Бұл күнде
ескі сөзді жұрт ұмытып, тыңдаушы жоқтығынан айтушы
азайып кетті. Бір бұзған төресін сөйлейік.
Тоқтамыс заманында бір адамның жеті баласы бар екен.
Өзі өліп, жалғыз ешкісі қалып, жеті баласы қалыпты. Сон-
да тірі жүрген ешкіні тірідей жетеуі үлесіп алып, меншікте
сіпті. Басын біреуі алыпты. Екі көзін біреуі алыпты. Төрт
аяғын төртеуі алыпты. Өзге денесін біреуі алыпты. Сонда
бұл ешкінің ең кенжесіне тигені артқы аяғының біреуі
екен. Сол кенженің сыбағасына тиген аяғы ақсап, оған
бұрыш, тотыяйын салып, шүберек орап қойса, сол шүберек
біреудің шығарып тастаған күлін басуменен, ішінде қалған
оттан тұтанып, сонан барып біреудің егініне жайылып
тұтанған шүберектен от алып, егін өртеніп кетіп, егін иесі
жетеуімен дауласып, Тоқтамысқа келсе, Тоқтамыс хан
шүберек орағанды кінәлі қылып, егіннің төлеуін жалғыз
соған бұйырыпты. Ол бейшара зарлап, ботадай боздап келе
жатқан соң, асық ойнап жүрген Едіге сұрапты. Сонан ол
бастан-аяқ әңгімесін айтқан соң, жетеуін бірдей шақырып
алып:
—Хан мұның төресін білмей берген екен. Мұның төресі ол
емес, мынау: бас бастамаса, көз көрмесе, сау үш аяқ жүрмесе,
өзі жүруге жарамай қалған, көтеріп жүрген ақсақ аяқ қайда
барады? Мұның төлеуіне бұл кінәлі емес. Бастайтұғын бас
иесі, көретұғын көз иесі, жүретұғын сау үш аяқ иесі—солар
кінәлі,—дейді.
Мұны бұлар қайта Тоқтамыс ханға барып айтып, жұрт
бұл сөзді қостапты. Неше жерден Тоқтамыстың төресін
бұзып, төре бере бергеннен, Тоқтамыс хан қиянат қылып,
сол қиянатын сезіп, қашып кетіп, ақырында айналып келіп
Тоқтамыс ханды шапқанда, Тоқтамыс қашып, жалғыз бала-
сы Нұралыны:
—Осыны өлтірмей қайтпа!—деп, соңына салып жіберіп,
бір қопаның ішіне жалаң аяқ кіріп кеткенде, аяғын қамыс
жаралап, сол қанаған қанның ізімен барып тауып өлтірген.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Сонда Нұралы кетерінде: «Тоқтамыстың бір қызын маған
қой!»—деп, әкесіне тапсырып кеткен екен. Тоқтамыстың ха-
нымы мұны естіп, әкелі-балалы екеуін араз қылу үшін, сол
қызды жасап түрлентіп, Едігенің өзін қызықтырып:
—Бала сіздей болғанша, неше қыз табылмайды?! Бұл
менің балам, өзіңізге лайық бала!—деп, қызын Едігеге қо
сып[ты].
Сонан Нұралы қайтып келгенде, өзі меншіктеп кет-
кен қызды әкесінің алып қойғанына өкпелеп, әкесін ке-
рек қылмай, тастап кетіп қалған. Сол Тоқтамыстың елін
шапқанда, Тоқтамыстың бір күңі жаңа босанып, еркек
бала тауып жатыр екен. Жаңа туып жатқан жас нәрестені
аяп, бір құла бие берген екен: «Сүтін сауып ішіп, балаңды
асыра»,—деп. Сол бала ер жетіп, Кейқуат атанып, ат
арқасына мінгенде, Тоқтамыстың қанын іздеп, Едігеге
қарай бет алып жүрді дейді. Едігенің қартайған кезі екен.
Кейқуат қарсы ұшырап, қаруласайын дегенде, Едіге
айтқан екен:
—Қулық туған құлаша
Ат боларын білмедім.
Күңнен туған Кейқуат
Жат боларын білмедім.
Қулық туған құлаша
Ат боларын білгенде,
Күңнен туған Кейқуат
Жат боларын білгенде,
Ноқтада басын кеспес пе ем?
Жөргекте көзін теспес пе ем?!—
деген екен. Сонан соң Кейқуат:
—Мен туып жатқанда: «Балаңды асыра» деп, құла биені
беріп кеткен жақсылығың бар еді. Сол үшін саған қару
жұмсамайын. Қатын болсаң, күле-күле жүрерсің. Ер болсаң,
шабыңнан жарылып өлерсің!—деп жүре беріпті.
тарихи аңыздар
Сонан соң Едіге:
—Әй, бәрекелді! Әттеген-ай, сол шаранаға былғанып
жатқанда, мұның көзін жоғалтып кетсем, маған бұл тосу
болмас еді-ау! Осы сөзін өткізіп кеткені ұрғаннан жаман бол
ды-ау!—деп, құса болып жарылып өліпті.
Нұралы қатын алып, балалы болған екен. Сонда Нұралы
ның келіншегі жас баланы бесікке бөлегенде, жөргегінің ара-
сына шеңгел төсеп бөледі дейді. Бала шырылдап таң атқан
ша жылап шығады дейді. Сонда Нұралы:
—Бала неге жылай береді?—деп сұраса:
—Жөргегінде тікенек ол-пұл бар шығар. Сонан тыныш-
сызданып жылайтұғын шығар,—дейді екен.
Онда Нұралы айтады екен:
—Жөргегін тазалап, тікенек, ол-пұлын арылтып, неге бө
лемейсің?—деп.
Онда келіншегі айтады екен:
—Уай, тәйірі-ай, әке Едігедей-ақ болар, бала Нұралыдай-
ақ болар. Нұралы Едігеге не көрсетті? Бұл саған не көрсетер
дейсің?!—дейді екен.
Мұны келіншегінен естіген соң, Нұралыға ой түсіп, атта-
нып, Кейқуаттан барып әкесінің кегін алды дейді.
Едігенің өзінің тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен.
Өзі тірісінде өсиет қылған екен:
—Мен қашан өлсем, сүйегімді Қаратаудың Мыңжыл
қы деген тауының түбінде Созақ деген қорғанның күнбаты
сында Бабай Түкті Шашты Әзиз атам бар, соның қасына апа-
рып қойыңдар!—деп.
Сол өсиеті бойынша, ер Едігенің сүйегі сол жерге қойыл
ған екен. Бұл сөзді кеше Жалаң аяқ Ашдүр айтып, ол кісі де
өзін сол жерге қойдырған екен.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... 136. Ер Едіге
Ер Едігеден естігенімді сөйлейін. «Ер Едігенің сөзі» деп,
қариялар тақпақ қылып айтып отырушы еді:
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Ел шетіне жау келсе,
«Мен шығайын!»—дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас үлкен болса:
«Әзизім, сіз білесіз!»—дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас кіші болса:
«Ботам, сен тұра тұр, мен сөйлейін!»—дер екен.
«Едіге деген ер дүрмін,
Үзілмес жібек кендірмін.
Өзі білмегенге,
Білгеннің тілін алмағанға:
«Еменнен шоқпар шекесіне
Шық еткізетұғын мен дүрмін!»—
дейді екен. Қазақ «Үш жүз» деген атқа ілінбей, елдің жұрт
тығы көзге көрініп, білінбей жүрген күнде қазақ ортасын-
да «Бабай Түкті Шашты Әзиз» делінген диуана болыпты.
Қаратау маңайында Мыңжылқы деген таудың бауырында
бір бұлақты дара алып, намаз оқуы үшін меншікті мекен-
жай қылып жүріпті. Бір күн[і] таң сәрінен алаң-қарақта
дәрет алайын деп келе жатса, үш жалаңаш қыз суға шомы-
лып, біріне-бірі су шашып ойнап жүр дейді. Бұрын жалаңаш
әйел көрмеген диуана қалпақтай түсіп, талып қалыпты. Ма
нағы үш қыздың бірі де қалпақтай түсіпті. Сөйтсе, олар пері
патшасының қыздары екен. Аққу болып, сау екі қыз талған
тарихи аңыздар
қызды көтеріп алып ұшып кетіпті. Еліне, жұртына апарған
соң, бақсы-балгерлерін жидырып, бал аштырған екен:
—Адамзаттан шыққан әулиенің назары түскен екен. Сол
әулие өзі жазып босатпаса, басқаның қолынан келмейді!—
деген соң, ұшқыр перілерді жұмсап алдырыпты:
—Тоқтылық тоны жоқ, жалаң бұт, жалаң аяқ. Өн бойын-
да көрген жан жиренбейтін жері жоқ, кісі көрерлік түрі жоқ,
бір сұмпайы!—дейді,—Құдай жұмысын түсірген соң, амал
бар ма?
—Мына қызымды жазып, оңалтып беріңіз!—депті.
—Менің сенің қызыңда не ақым бар? Өзіңде не ақым бар?
Бұлар дәрет алатұғын суыма шомылып, суымды арамдап
кетті. Және мен талып қалып, сол таң намазым қаза бол-
ды. Өмірімде бір намаз қаза қылған жоқ едім, соның орнын
толтыр!—депті.
—Олай болса, бір қара тоқты есебінде осы қызым[ды] өзің
ал!—деп, қызын диуанаға қосып, екеуін бұлақтың басына
апарып тастатыпты.
—Мынау қатынды болып оңған жері жоқ. Анау байлы
болып, не қызық дәурен сүрді дейсің? Ұйқы-тұйқы, қиқы-
жиқы, мыжықы-тыжықы бір өмір дағы. Диуана:
—Баяғыңдай жалаңаштанып, денеңді көрсет!—деп, қи
ғылықты салыпты. Пері қызы өзге тілін алса да, бұл тілін
алмапты. «Еркек ашуланса, жаман болар!» деген бар ғой.
Диуана тұра сала сабапты. Тұщы етіне ащы таяқ өткен соң:
—Менің жалаңаш денемді көрген соң, өзің сілейіп, талып
қалатұғын едің. Оны білмедің. Мен сенен бала тапсам, мендегі
нұр, жарық сәуле сол балаға кететұғын еді. Сонан соң көруің
керек еді. Оған шыдамадың, асықтың. Енді мен саған жоқ,
сен маған жоқсың. Мен сенен екіқабат жүкті болған едім. Ер-
кек ұл туады. Туысымен бесікке бөлеп, осы судың басына ап
келіп тастаймын. Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі: белгісі
сол болар!—дейді де, аққу болып ұшып кете берді дейді.
Диуана мұны елең қылып күзетіп жүре ме? Қыз бала-
ны уәде бойынша бесігімен алып келіп, тастап кетті дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Үстіне кез болып тауып алған біреу Түркістанда ноғайлының
ханы Тоқтамыс ханға апарып беріп, Тоқтамысқа асыранды
бала болып, соның қолында өсіпті.
Мұны ертегі қылып сөйлеушілер әр түрлі сөйлейді:
«Ақымақтың тізгіні—құлағы. Ғақылдының тізгіні—кө
ңілі. Ақымақ не нәрсені естісе, естігеніне қанағат қылады:
қатықтай қатып, сүттей ұйып, тұра қалады. Ғақылды не
нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмайды, ғақылына салып,
көңілінің дауалауына тоқтайды».
Бұрынғылардан қалған оңулы сөз бар: «Батыр деген—бір
барақ ит. Екі қатынның бірі табады. Би деген—ақ шариғат.
Ілуде бір-ақ қатын табады!»—деген. Осы Едігені Тоқтамыс
ханның төресін бұзып, төре беретұғын би де қылып қояды.
«Бетіне жан пар келмейтұғын ер де, батыр да қылып қояды.
«Екі қылыш бір қынға сыймайды. Екі тілеу бір көңілге сый-
майды». Мен өзім Едігені ер деп, батыр деп, әбден білемін.
«Билік айтты» дегенге нанбаймын.
Кім болсын, ол болсын, Тоқтамыс ханның: «Өзіңнен
тумай ұл болмас, сатып алмай кұл болмас!»—деп, көзін
жойылтуға кастық ойлағанын біліп, сезіп қалып, қашқаны
рас. Сонда артынан: «Шақырып кел!»—деп Кеңестің ұлы
Кеңжанбайды жібергенде, ер Едігенің Кеңжанбайға айтқан
сөзі:
—Кеңестің ұлы Кеңжанбай,
Ақылың жоқ...жанбай.
Хан емес ол—қ...м ғой,
Кім екені маған аян ғой!
Өзің аман қайтса[ң],
Барып оған айтса[ң] не?
Бұ барғаннан барармын,
Сатемір ханға барармын.
Қанша жолдас болса да,
Керегінше алармын.
Қайтып келіп еліңе
тарихи аңыздар
Тебінгіден тер келіп,
Қабырғадан қан келіп,
Бүліншілік салармын.
Күнікейдей көріктіңді,
Тінікедей тектіңді
Неке қимай, мал бермей,
Қатындыққа алармын!
Суарып қанмен жеріңді,
Бүлдіріп шауып еліңді,
Қылышымды суарып,
Жосадай қанға малармын!—
деп, жүре берген екен.
Осы келе жатқан бетінде қалмақтан шыққан Қарато
бын Сатемір ханның қызын алып барады екен. Соған кез
болып, Қаратобын алыпты өлтіріп, қызды айырып алып,
Сатемір ханға барған соң, Сатемір хан Едігеге қызын беріп,
жер қайысқан қол алып келіп, Түркістанды шапты, тала-
ды. Тоқтамыс хан басын алып қашып кетті. Сегіз ұлы бар
екен, олар да қашып кетті. Сонда ер Едіге қатынды болған
соң, бала туып, баласының атын Нұралы қойып, сол Нұралы
Түркістанды шапқанда, өзімен бірге екен. Жалғыз баласы
Нұралыны:
—Тоқтамыстың басын кеспей, көзін теспей, қайтушы
болма!—деп, соңына салып қоя беріпті. Сонда Нұралы әкесі
не қатты тапсырып айтып кетіпті:
—Тоқтамыстың екі қызының бірін өзің алсаң, бірін ма
ған қой!—деп.
—Жарайды, балам, Тоқтамыстың қарашығын жер үс
тінде қалдырмасаң, болады!—депті.
Тоқтамыстың ханымы мұны естіп, әкелі-балалы екеуін
араз қылу үшін екі қызын бірдей Едігенің қойнына салып,
бауыр бастырып, өзінікі қылып меншіктетіп қойыпты.
Сонда Нұралының өшігіп іздегені сондай, Тоқтамыс қайда
қорғалап барса, жанын қоярға жер таптырмапты. Ол заман
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
да Әмір Темір көреген бар екен. О да Тоқтамысты қорғалата
алмапты. Тоқтамыс сол қашқаннан қашып, Ертіс өтіп ке
тіпті. Бір қопаға барып қорғалапты. Жалаң аяқ екен, аяғын
қамыс тіліп, қанап, сол қанның аққан ізінен бұлжытпай
тауып алып, өлтіріп, қопаның жағасына сүйретіп алып шы
ғып көміпті. Бұл күнде сол қопаны «Баян қопасы» дейді.
Басында бір оба бар, «Тоқтамыстың қара обасы» дейді.
Бұрынғы заманда сол обадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып
алғандар болып: «Үзеңгінің кеңдігі бұл заманның атының
басы сыйып кететұғын екен!» дескен екен. Керекуге жүз
елу шақырым жерде «Шот» деген қала бар. Соған ұрымтал
маңайлас дейді.
Нұралы аман-есен қайтып, әкесінің Тоқтамыстың екі
қызын бірдей алып қойғанын естіп, әкесін көрместен, араз
болып кетіпті. Тоқтамыстың ханымы ойлағанын орынға
келтіріп, әкелі-балалы екеуін өмірінде бірін-бірі көрместей
қылды.
Жә, бұл Түркістанды шауып талап жатқанда, Тоқта
мыстың бір күңі жас босанып, ер ұл тауып жатыр екен. Ер
Едіге соны көрген соң:
—Байғұс мүсәпір, балаңды өлтіріп алма!—деп, қулық
құлындаған құла биені беріп кеткен екен. Сол биеден туған
құлын ат болып, күңнен туған ұл азамат болып және сол
баланың аты Кейқуат болып, Едігенің қарта[я] басқан кезі
болып, жалғыз баласы Нұралы қайтып қарасын көрместей
болып кеткенін әбден біліп, Тоқтамыстың кегін Едігеден
алу үшін Кейқуат атқа мінді дейді. Сонда Едіге мен Кейқуат
кездесіп қалғанда, Едіге сөйлеген екен:
—Ай, бәрекелді, қап, әттеген-ай!
Қулықтан туған құлаша
Ат боларын білмедім.
Күңнен туған Кейқуат
Жат боларын білмедім.
Қулықтан туған кұлаша
тарихи аңыздар
Ат боларын білгенде,
Күңнен туған Кейқуат
Жат боларын білгенде,
Ноқтада басын кеспес пе ем,
Жөргекте көзін теспес пе ем?!—
деген екен дейді. Сонда Кейқуат:
—Мен шаранада жатқанда, шешеме: «Балаңды өлтіріп
алма!» деп, құла бие берген екенсің. Қартайған екен ғой деп
қорлап, саған қару жұмсамайын! Қатын болсаң, күле-күле
жүрерсің. Ер болсаң, шабыңнан жарылып өлерсің!—деп,
жүре берген екен дейді.
Енді Едіге қанша жүреді дейсің, шабынан жарылып
өлді ғой! Едігенің өлгеніне кім күйінеді?! Тоқтамыстың екі
қызы—жас тоқалдар, шешесі мен үшеуінің ойлағаны қабыл
болды. Пендеде жалғыз-ақ Нұралының келіншегі, Едіге
нің келіні сол күйінді болды дейді. Байына пәлен-түген деу-
ге бата алмайды. Сонда бұл келін пақырдың бесікте баласы
бар екен. Өшін баладан алатұғын болды. Баланы бөлегенде,
жөргегіне шеңгел төсеп бөлейтұғын болыпты. Бала түні бойы
ұйықтай ала ма, зар-зар етіп, шырылдап, қақсап зарлап жа-
тады дейді. Нұралы келіншегіне:
—Бала мұнша неге жылауық болып кетті?—дейді. Онда
келіншек:
—Кім біледі, жөргегіне шеңгел араласып кетті ме?
Сондықтан жыламаса, дені сау, ауруы жоқ,—дейді.
—Шіркін, баланы күтпейсің, шеңгелін арылтып, таза-
лап, аршып, бөлесең болмай ма?—дейді екен.
—Бала қанша болғанмен, Нұралыдай-ақ болар, әке Еді
гедей болар. Нұралы Едігеге не көрсетті? Бұ да саған не
көрсетер дейсің?!—депті.
—Япырым-ай, менікі адасқандық екен ғой. Қойнымда
құшақтап жатқан қатыныма ерсі көрінгені тамам жұртқа да
сондай ерсі көрінген қылық екен ғой!—деп, тұра аттанып,
Кейқуаттан әкесінің кегін алыпты дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Баяғы Тоқтамыстың сегізі Еділ өтіп кеткен екен. Олардың
қолынан не келеді? «Осы сендер айғырдың боғындай үйіліп-
төгіліп, не ғып жүрсің?—деушілерге:
«Еділ тоңса, кім өтпес?! Едіге өлсе, кім қайтпас дейсің?!»
деген сөздері мәтел болып, Еділ бойындағы жұрттың аузын-
да қалыпты.
Ер Едігенің өзі тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен.
Өзі өлерінде Ұлытаудың басында отырып, Кейқуаттың сө
зінен құса болып, жарылып өлген екен. Сонда өлерінде айт
қан екен:
—Мені бұл жерге жер қазып көмбеңдер! Қорған тас қалап
қойыңдар! Нұралы жер үстінде бар болса, «ат айналып-
қазығын, тиірмен айналып, шүмегін табар» дегендей, бір
табар. Сонда мені Қаратаудың бауырында, Қарақалпақ ата-
сы Созақтың қара обасының қасында, Бабай Түкті Шашты
Әзи[з] атам бар, соның қасына апарып қойсын!—дегенімен,
денесін сонда апарып қойған екен. Ұлытаудағы аманат
қойған жайын «Ақмешіт әулие» деп атап кетіпті. Бұл сөзді
кеше Керейіттен шыққан Сарысопының баласы Жалаңаяқ
Әздер сөйлеп, ол әулие де өзін сол жерге қойдырыпты. 137. Едіге батыр
Ноғайлы елінде Қайғылы Науайы (енді бір аңызда Бабай
Түкті Шашты Әзіз деп аталады) атағы алты алашқа жайыл
ған арқалы әулие домбырашы болыпты.
Ол жаздың жарық айлы түнінде, ел-жұрт ұйқыға шом
ғанда, өзі Атырау (Каспий) теңізінің жағасындағы «Ақ
шағылдың» басына шығып домбыра тартқанда Қайғылы
Науайының сазына перінің қыздары жиналады екен.
Екі аяғын құммен көміп алып, домбыраны күңірент
кенде бойын билей алмай селкілдей бастайды. Сол кезде ат
лас жібек көйлек киген перінің әдемі қыздары домбырашы
ны айнала қамап отыра қалатын көрінеді. Сөйтіп жүргенде
18-137
тарихи аңыздар
ол өзіне жақын отыратын перінің бір сұлу қызына ғашық
болыпты. Бара-бара махаббат дерті меңдегені сонша—
қайғының зарына шыдамай, өз-өзінен аласұра бастаған
Қайғылы Науайы ауылдың бір ақылды ақсақалына құпия
сырын айтады.
—Ие, балам,—депті ақылшы ақсақал,—перінің де перісі
бар, кейбіреуі адам баласына жақын болады. Сенің күйіңді
тыңдағаны рас болса, ол адам перісінің қызы болды. Егер
оған шынымен ғашық болсаң, сырыңды ешкімге білдірме.
Қашалық тауын жайлаған он саусағынан өнері төгілген
Жоламан ұста бар, соған бар да біз жасаттырып ал. Бізіңнің
сабы тұт ағашынан, ал өзі суарылған болаттан жасалатын
болсын! Домбыра тартуға перінің қыздарына барғанда
осы бізді жанқалтаңа салып бар да, өзіңнің ғашық болған
қызыңның етегіне түйре, сол қыз сендік боп қалады,—
депті.
Науайы күйші бізді ақылшы қарияның айтқанындай
етіп дайындап, жанқалтасына салып алып барып, сол
күні перінің қыздарын еліктіру үшін домбыраны ерекше
қызуланып тартыпты. Перінің қыздары айнала қоршап
отырып, шақпақ шағып, от жарқылдатып, домбыраның
сазына бұраңдап билепті. Күйшінің ғашық қызы бұл күні
өте жақын отырыпты. Осы сәтте Науайы күйші ғашық
қызының етегіне бізді шаншып үлгеріпті.
Таң алды жақындап, перінің қыздары бірінен соң бірі
тарай бастады. Мұның ғашығы да орнынан тұра бергенде
етегіне түйреген біз тартып, жібермей қояды. Қыз тағы бір
бұлқынған сәт құлап түседі. Науайы құлаған қызды бас са-
лып, айрылмай қатып қалады.
Қолға түскен перінің қызы Науайы күйшіге:
—Маған адамзаттың қолы тиді, мен енді сендік болып
қалдым. Бірақ саған қоятын үш шартым бар, соны орында
саң ғана сенің әйелің боламын, ал осы айтатын үш шартым-
ды орындамасаң, мен сендік болмаймын,—депті.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Науайы күйші:
—Шартыңды айт,—депті.
—Олай болса,—депті перінің қызы,—бірінші шартым,
мен жалғыз үйде отырғанда, менің үйде не істеп жатқаным
ды көрейін деп үйдің жабығынан сығалап қарамайсың. Екін
ші шартым—мен жүріп баратқанда артымнан қарамайсың.
Үшінші шартым—түнде жатқанда қолтығымның астына
қолыңды салмайсың,—депті.
Қайғылы Науайы бұл айтқан үш шарттың бәрін орын-
дайтын болып уәде беріпті. Сөйтіп, күннен күн өтіп, айдан
ай өтіп, Науайы күйші перінің қызымен өмір сүріп тұра
беріпті.
Арада біраз жылдар өткен соң күйшіге әбден бойы үйре
ніп, баяғы үш шартын өзіне білдірмей байқап көрейінші де-
ген ой түсіпті.
Сонымен күйші бір күні сырттан келіп киіз үйдің жа
бығынан сығаласа, перінің қызы басын мойнынан суырып
алып, тізесіне қойып шашын тарап отыр екен дейді.
Біраз күн өткеннен соң шартының екіншісін байқағысы
келіп, артынан қараса, теріс аяқтап жүріп барады екен.
Перінің қызының қойған екі шартын бұзып, құпия сы-
рын білгеннен кейін үшінші шартын да білмек болып түнде
жатқанда перінің қызының қолтығының астына қол салса,
қолтықтың асты тесік, жалқылдап жатады.
Перінің қызы ерте тұрып, Науайы күйшіге:
—Сен менің үш шартымды бұздың, мұнан былай мен
сенімен тұрмаймын, өз еліме кетемін, бірақ менің ішімде
алты айлық сенің ұл балаң бар, ол балаң Арабияның «Хира»
тауының үңгірінде өмір сүреді. Балаң керек болса, сол жер-
ден тауып аласың,—дейді.
Перінің қызы Қайғылы Қара Науайымен қоштасу сөзін
айтып, бірнеше рет сілкінеді де, сұлу денесіне қанат бітіп,
ұшады да кетеді.
Қайғылы Науайы перінің қызының айтуы бойынша
Арабияның Хира тауына барып баласын іздейді. Ұзақ уақыт
тарихи аңыздар
іздеп, қайғы тартады. Сондықтан да оны «Қайғылы Науайы»
деп атайды.
Қайғылы Науайы Арабияның ыстық күнінде баласын
іздеп Хира тауын аралап жүргенде бір бала таудың жары
ғынан шығып ойнайды да, бұл ұстайын десе, бала қашып
ұстатпайды.
Ақыл сұрап, сол жердің бір қариясына барады. Арабтың
қариясы Қайғылы Науайыға мынандай ақыл айтады: «Осы
маңда бір шебер әйел бар, соған әдемі қуыршақ жасаттырып,
сонан кейін ершіге ер жасаттырып ал. Баланың ойнайтын
жарығының тұсына бар да, бір жеріне қуыршақтарды қой,
ал екінші жерге аттың ерін қой да, ердің керсеніне желім
жақ,—дейді,—Қыз бала болса қуыршақпен ойнар, онда оны
ұстамай-ақ қой, қыз бала саған болмас дейді. Ал ұл бала бол-
са, ерге мінеді,—дейді.
Қайғылы Науайы қуыршақ пен ерді тауға әкеліп, ба
ланың ойнайтын жеріне қояды да, өзі бір жақпар тасқа
жасырынып жатады. Бір кезде таудың үңгірінен жас бала
шығып «ап» деп ерге мініп алғанда жалаңаш денесі сол ме-
зет желімге жабысып қалады. Науайы шап беріп баланы
ұстайды да еліне алып келеді. Кейін ер жеткізіп, ел қамын
жеген Едіге батыр сол бала екен.
138. Едігенің төресі
Ертеде бір нашар, кедей адам болған екен, өзінің жалғыз
ұлынан басқа жақын туысқан ешкімі жоқ екен. Қатынынан
ұлы он екіге келгенде айырылған екен. Бала он төртке кел-
ген соң әкесі опат болып, мүлде жалғыз, жетім қалды. Әкесі
өлген соң бір жылдан кейін бала бір бай саудагерге жалдан-
ды. Жалақы турасынан екеуі де ештеңе деген жоқ екен. Он
екі жыл жігіт байға қызмет қылып тұрды. Он екі жыл өткен
соң жігіт байдан шығамын деп ақысын сұрайды. Бай «жа-
райды»» дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Бірақ сенің киім, тамағыңа он екі жылдан бері қарай
мен екі жүз ділдә жұмсадым, соныңды төлеп кет,—дейді,—
Өзге сенің жамандығыңмен шыққан шығынды санамай-ақ
қояйын,—дейді. Жігіт:
—Мен сенің үйіңде текке қарап жүрген жоқ едім ғой.
Қойың болса бағып, үйдегі жұмысың болса істеп жүріп
едім ғой,—деп бағып еді, бай оған ештеме деп жауап
қайтармады. Жігіт қазыға алып барды, көп кісі байға бо-
лысып куәлік берді. Жігіт байғұстың өзінен басқа жақыны
жоқ, оған болысатын ешбір жан шықпады. Қазы кесім
қылып салды, кесімі бойынша жігіт байға екі жүз ділда
берсе керек. Егер де оны тауып бере алмаса, бай жігіттің
етінен сегіз қадақ ет кесіп алуға мүмкін болады. Жігіт мұны
естіген соң байдан құтылайын деп қашыпты. Бай көтінен
қуады. Жігіт жайылып жүрген түйенің жанымен кетіп
бара жатыр еді, бір уақытта бір бура аузынан ақ көбігі ағып
жігітті қуа бастады. Түйе жігітке жақындап-ақ қалды.
Енді бір жетеді-ау дегенде жігіт жалт қарап, қолындағы
таяғын түйеге жіберіп қалып еді, таяқ барып түйенің оң
көзіне тиеді. Оң көзін шығарды, сөйтіп түйеден құтылып
кетті. Түйенің иесі жігіттің соңына түсіп, жігітті қуды,
түйесінің құнын алайын деп. Жігіт қашып келеді. Аяғы
аяғына тимей келе жатса, алдында бір жар қабағы бар өзен
екен. Жігіт не қыларын білмей сасыңқырайды. Кім болса
со болсын, не қылса да өзеннен өтіп бағайын деп жардан
секіріп түсті. Жар астында үш жігіт балық аулап, демалып
жатыр екен. Жігіт жардан секіріп түскенде үшеуінің ең
кішісінің үстіне түсіп, кішісін басып өлтіреді. Інісі өлген
соң ағалары ұшып түрегеліп, жігітті шап беріп ұстай
алады «ініміздің құнын төле!» деп. Сол уақытта жігіттің
артындағы екі қуғыншы да естіп қалады, сөйтіп, жігіттің
сұраушысының өзі де үшеу боп қалады. Біреуі қазының
бұйырған сегіз қадақ етін сұрайды, біреуі түйесінің көзі
нің құнын сұрайды. Жігіт әбден састы. Кісілер өзді-өздері
сөйлесті, сөйлесті де, Едігеге бармақшы болды. Едігеге
тарихи аңыздар
келіп түсіндіріп, әркім өзінің ісін айтады. «Сен қандай
төре қылсаң да, біздер разы боламыз» деп уағда берді бәрі
де. Едіге сөздерін қабыл алып, жігіт он екі жыл жүрген
байға айтты:
—Саған қазы жігіттің етінен сегіз қадақ ет кесіп алуға
бұйырыпты ғой. Мен де саған соны бұйырамын. Бірақ сен
оның етінен дәл сегіз қадақ ет кесіп ал, егерде бір мысқал
артық, болмаса бір мысқал кем кессең, мен сенің басыңды
алғызамын осы жерде.
Мен қайтіп сегіз қадақ ет кесіп аламын деп ойлай-ойлай,
қой мен мұны тастайын деп кетіп қалады.
Онан кейін Едіге түйенің егесіне айтты:
—Сен жүгіріп қашасың, мен сенің артыңнан бір бура-
ны жіберемін, бура жақындай бергенде артыңа жалт қарап
таяқпен түйеге жіберіп қалып, түйенің оң көзін шығарсаң
керек. Егерде айтқанымды істей алмасаң, басыңды алғыза
мын. Егер айтқанымды істей алсаң, түйенің көзінің құнын
өзім-ақ төлеймін,—дейді.
«Қой, мұны мен істей алмай өзім бір масқара боп қа
лармын» деп ол да қайтып жөніне жөнелген.
Ағайынды екеуіне бүй дейді:
—Мен бұ жігітті жардың астына бір жерге жатқызып
қоямын. Екеуіңнің біреуің жүгіріп келіп жардан секіріп
түссеңдер керек. Сол секіріп түскен салмақтарыңнан жігіт
өліп кетсе керек. Егер мұны қыла алмасаңдар, екеуіңнің
де бастарыңды алғызамын, егер айтқанымша қылсаңдар,
інілеріңнің құнын өзім төлеймін,—дейді.
Хош, жігіт жардың астында жатады екен, оның қай жер-
де жатқанын білмейміз. Оның үстіне тағы да секіріп түсу ке-
рек, үстіне түскен соң өлсе керек. Мұның бәрін қайтып орны-
на келтіре аламыз. Бұ қиын екен деп кетіп қалады.
Сөйтіп, жігіт үш бірдей пәледен Едігенің көмегімен құ
тылыпты.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... 139. Едіге туралы
Балалармен ойнап жүрген Едіге келе жатқан екі кісіні со-
надайдан көріп қалып, қасындағы жеткіншекке: «Өздерің
сәлем бермеңдер, сәлем берсе, алыңдар, «сәлем бермедіңдер»
деп сөксе, жауабын мен беремін»,—деп ескертеді.
Кісілер бұлардың жанына жақындап келіп, үнсіз тұрған
дарын көріп:
—Балалар, үлкен кісілерге неге сәлем бермейсіңдер?—
депті. Едіге жалма-жан:
—Әуелі өздерің неге сәлем бермейсіңдер?—дейді.
Әлгі жолаушылар:
—Біздің жасымыз үлкен бе, әлде сендер үлкенсіңдер ме?
—Біз үлкенбіз,—дейді Едіге іле сөзге іркілместен.
—Сендер қалайша үлкен боласыңдар?
—Мына тұрған тоқсан баланың жасын қоссақ, біз үлкен
болмағанда, кім үлкен болады?—депті сонда Едіге.
Сөзден жығылған екі жолаушы Едігенің тапқырлығына
таңданып: «Бағанағы дауымызды осы балаға айтып көрсек
қайтеді» деп ойлайды.
—Ей, бала, біз даулы болып Тоқтамыс ханға бара жатыр
едік, енді сонымызды саған айтсақ, бітіресің бе?—дейді.
—Егер Құдай аузыма салса, бітірейін,—дейді Едіге.
—Олай болса, мынау—Алшын атасы Көкжалды мерген,
мен—Кеңестің ұлы Көкжанбаймын. Еділ мен Жайық менікі
еді, сондықтан одан қашқан қоян да менікі, Жайықтың
жағасында, Ақкөлдің сағасында жатқан ақ қоянды көрдім
де, атайын деп мылтығыма кеттім. Мен мылтығымды алып
келгенше Көкжалды қоян атып алыпты. Осының төрелігін
бер,—дейді.
Бала Көкжалға:
—Сен қанша жерден аттың?—деп сұрайды. Ол қанша
жерден атқан мөлшерін көрсетеді.
тарихи аңыздар
—Егер бір төрелік айтсам, екеуіңіз де көнесіз бе?—дей
ді Едіге. Екеуі де «көнеміз» дейді. Сонда баланың берген
төрелігі мынау екен:
Қоянды алып балаға құшақтатады да Кеңестің Көкжан
байына:
—Балаға тигізбестен қоянды мерген көрсеткен қашық
тықтан ат: егер де балаға тигізсең, құнын бересің, оқ далаға
кетсе, қояннан бейдамақ бол, тигізсең, қоян сенікі болады,—
дейді. Бұл төрелікке көнбей біраз ашуланған Көкжанбай са-
басына түсіп:
—Ұстат балаңа, атамын,—дейді. Аңшы балаға дарыт
пастан қоянның қалаған жерінен тигізеді.
«Ендеше, бұрын көрген сенікі» деп қоянды Көкжан
байға ұстатады. Көкжалды: «бұл төрелігіңе көнбеймін» деп
дау шығарады. Екеуі Тоқтамыс ханға барады. Хан алдын
да Көкжанбай болған оқиғаны баяндайды, баланың төрелі
гін айтады. Сонда Тоқтамыс хан: «Сол баланың төрелігі—
төрелік, біз ондай төрелік бере алмаспыз да»,—депті.
* * *
Сол бала Едіге сегіз жасқа келген соң біреудің қойын ба
ғып жүреді. Бір күні оған орталарында бір аяғы ақсақ жыл
қы жетегі бар төрт жолаушы ұшырасады. Төртеуі ағайынды
екен.
—Біздің еншімізге тиген осы ақсақ жылқы ортамызда
ғы бір қара еді. Басы үлкен ағамызға, төрт аяғы төртеуімізге
тиесілі. Осы ақсақ мал барып, кәпірдің егініне түсіпті. Кәпір
төрт аяғының тиген жеріне төрт жүз ділда сұрайды. Біздер
соған даулы болып отырмыз. Егер сен би болсаң, төрелігін
қалай айтар едің, қойшы бала?—дейді бұған. Сонда Едіге:
—Алла аузыма салса, айтамын,—дейді жұлып алған
дай,—Мынау ақсақ аяғы қайсыңызға тиесілі?—деп сұрайды
алдымен. Ең кішісі:
—Маған тиіп еді,—дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Ендеше сен төлеуден босайсың,—дейді Едіге,—Діл
дәнің екі жүзін басын алған ағаң тартсын, өйткені малды
егінге көзі көріп, басы сүйреп алып барады, екі жүзін екі ағаң
тартсын, өйткені ауру аяқты сүйреп апарып бастырған сау
аяқ. Үш ағасы бұл төрелікке көнбей, Тоқтамыс ханға барады.
Хан алдында кішісі: «Біз жол бойы бір балаға жүгініп едік,
ол мынадай төрелік айтты,,—деп болған жайды жайып са-
лады. Баланың берген төрелігіне разы болған хан: «Баланың
төрелігі—әділ, мен ондай төрелік бере алмас едім,,—дейді.
* * *
Тағы бір күні атан түйені жетелеген екі адам Едігені
көріп:
—Әй, қойшы, осы түйеге даулымыз, төрелігін бересің
бе?—деп сұрайды.
—Беремін,—дейді қойшы бала жасқанбай.
—Осы түйе менікі. Бота кезінде жоғалған. Атан бол
ғанында танып тұрмын. Ұрлаған ұрым—мынау,—дейді
біреуі.
—Өз інгенімнің ботасы, өз ботамның тұқымы. Бұл маған
қылып отырған жаласы,—дейді екіншісі. Едіге екеуіне:
—Түйенің енесін тауып әкеліңдер!—дейді. Екі інген кел
тірілген соң, Едіге атанның тақымына қыл бұрау салып бұ
райды. «Жоғалтып едім» деген жоқшының інгені боздап
атанның үстіне түсе қалады. Сонда бала:
—Мұның ұрлатқаны шын екен. Түйесін қайтарыңыз—
дейді. Екіншісі:
—Бұл төрелікке көнбеймін,—деп, Тоқтамыс ханға бара-
ды. Түйесін таныған бірінші ханға:
—Осындай бір төрелік айтылып еді,—дейді. Хан:
—Ол қандай төрелік еді?—дейді. Олар жолда бір қойшы
балаға жолыққанын айтады. Хан:
—Ендеше сол төрелікке тоқтап, түйесін қайтарып бері
ңіз,—депті.
тарихи аңыздар
* * *
Едіге тағы бір күні орталарындағы бір балаға таласып ке
ле жатқан екі қатын мен екі еркекке кездеседі. «Әй, қойшы,
біздер даулы болып келеміз, төрелік бересің бе?»—дейді жа-
мырап. «Төрелігіме тек разы болсаңдар»,—дейді.
—Осынау баланы бесікте жоғалтып едім, жүгіріп жүр
генде танып отырмын,—дейді бір ерлі-зайыпты.
—Он ай көтеріп омыртқамды сөгіп тапқан балама жала
жабады,—деп зар қағады қалған екеуі. Едіге төртеуіне де:
—Берген төрелігіме көнесіздер ме?—деп сұрайды. Төр
теуі де: «көнеміз» дейді. Сонда Едіге баланы екі қолынан екі
қатынға ұстатады да «даулы баланы семсермен екеуіңізге
қақ бөліп беремін» деп семсерді көтере бергенде, «жоғалтып
едім» деген қатын білегінен ұстай алады.
—Өлтірмеңіз,—дейді жалынып,—менен туған бала бол-
са, өскенде мені бір табар, әзірше мынау-ақ алсын. Едіге
үндемеген қатынға:
—Сенің ұрлағаның шын екен, өлтірсе өлтірсін деп
үндемедің, мынаның баласын өзіне бер,—дейді. Өзім тап-
тым деген еркек пен қатын: «бұл төрелікке көнбейміз» деп
Тоқтамыс ханға барады. Төрелік тимеген қатын мен еркек
ханға:
—Даулы болып сізге жүгінуге келдік,—депті. Болған
жайды әбден тыңдап болған хан:
—Қойшы баланың берген төрелігі—төрелік, ондай би
лікті мен бере алмас едім,—дейді.
* * *
Мұнан соң Тоқтамыс хан: «Төрт рет мұдай әділ төрелік
айтқан қандай бала, кім де болса мұнда шақырыңдар!»—деп
бұйырады. Жігіттер Едігені хан алдына алып келеді. Хан:
—Төрт рет төрелік айтқан сен бе?—деп сұрайды.
—Иә, мен едім, тақсыр!
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Атың кім?
—Едіге.
Баланың киімдерінің көнетоз екенін байқаған хан үстін
дегілерінің бәрін шешкізіп, жаңа киім кигізеді.
Жаурындары жақталы,
Түйе баулы тартпалы.
Ал қаракес тон берді
«Мұны үстіңе ки!» деді.
«Көкала жорға ат мін!» деді.
«Кенте белбеу бу!» деді,
Тұтам бауы сом алтын,
Ақсұңқар құс беремін,
«Ұшан теңіз шүй!» деді.
«Қырымнан қиын дау келсе,
Төрелігін соның бер!» деді.
«Қырымнан қалың жау келсе,
Едіге соны қыр!» деді.
Едіге дауды бітістіріп, жаудың бетін қайырады. Тоқтамыс
хан болса, ел тыныштығын бұзбастан, жұртының алдында
беделі өсе береді.
140. Едігенің төрелігі
Көшіп жүрген қалашылардың ішінде екі қалашы бір
дөнен атанға таласыпты. Әрқайсысы өз інгенін көрсетіп,
содан туды дейді. Едіге тапқан түйелерді көріп, екеуін де
мұрындығынан байлап тастайды да, таласқан атанға шыл-
бырдан тақымбұрау салып, қинап шыңғыртады. Сонда бо-
таны тапқан інген мұрындығын үзіп кетіп, атанның үстіне
құлайды. Інген дөненді бота кезіндегі даусынан таниды.
Сөйтіп, Едіге атанның үстіне құлаған інгеннің иесіне атанды
да, інгенді де қайтарыпты.
тарихи аңыздар 141. Ер Тарғын туралы аңыз
Ер Тарғынның әкесі жарлы, қара кедей Қарсы деген кісі
екен. Сол кісінің тек малдан тауығы болыпты. Тауығының
жұмыртқасымен күнелтіпті. Сол кезде жұрт ханға сыйлық
апарады екен. Бұ да тауығының екі-үш күнгі жұмыртқасын
жинап, ханға сыйға тартпақ болады. Сөйтіп бара жатса, ал-
дында өткізетін адамдар бар екен, олар жібермепті. Бірақ бұл
қалайда еріксізден өтеді. Ханға барады. Хан: «өзінің тапқаны
ғой» деп қарсы алады. Және оған алтын береді. Сонымен
қайтады. Ол уақытта өзі қартайған уақыты екен. Баласы
жоқ екен. Содан бала тілеп, біреуге Құран аштырса, ол: «Сен
пәлен жердегі әулиеге түне. Сол жер бала береді»,—дейді.
Барып түнейді. Түнде түс көреді. Қолына бір қара бүркіт
қонады. Бауынан ұстап турады. Керемет алғыр болыпты. Ол
бір уақытта үш рет талпынып, қолынан шығыпты да кетіпті
дейді. Оянса, түсі. Ауылға келіп, бал аштырған кезінде жо-
рытыпты: «Саған бір бала береді екен. Ол батыр болады.
Бірақ ол үш рет жауласып жеңеді де, артынан ел-жұртыңа
қарсы болып, қолыңнан кетеді екен»,—депті. Сонымен бір
бала болып, аты Ер Тарғын болыпты. Содан ол үш жермен
жауласып жеңіп, содан кетеді
142. Шора батыр
Ерте заманда қырық үйлі Тама мен мың үйлі Жасыл
түрікпен қоныстас болып, мың үйлі Жасыл түрікпенде
Қарахан деген хан бар екен, Әліби деген биі бар екен. Сон-
да қырық үйлі Таманың қырық баласы мен мың үйлі Жа-
сыл түрікпеннің мың баласы ойнайды екен. Ойнағанда
мың бала қырық баланың асығын ұтып алып, тірідей көр
қылып, танауларын жырып, тырнадай бақыртып жұлып,
білгенін қылады екен. Қырық үйлі Таманың ішінде Нәрік
деген бай бар екен, баласы жоқ екен, малы есепсіз көп екен,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
жылқысында бір шұбар ат бар екен. Заманасында ондай ат
ешкімнің малынан тумаған екен. Сол атты мың үйлі Жасыл
түрікпеннің Әліби деген биі сұрапты:
—Нәрік бай меніменен ел болып отырамын десе, шұбар
атын берсін, әйтпесе екеуміздің ат құйрығын кесіскен же
ріміз осы!—деп.
Сонда Нәрік бай:
—«Баласы жоқ қу бас, мұнысын кім мінеді?» дегені ғой,—
деп долданып жылап,—А, Құдай, бұл малға ие бер, бермесең,
мені ал!—деп түйеден бура, жылқыдан айғыр, сиырдан бұ
қа, қойдан қошқар, ешкіден теке айтып, бәйбішесімен екеуі
жонға шығып кетіпті.
Жылқыдан басқа малын бірге ала жөнеліп, Сырлытам
деген тамға барып, Құдайға айтқан малдарын соның басына
апарып сойып, жаңа туған жас төлдің тілерсегін қиып, ең
аяғы итіне шейін қалдырмай, сол тамның басына жиып, ма-
лын улатып-шулатып, азан-қазан қылып аңыратып, қырық
күн басын көтермей дөңбекшіп сұлап, көз жасын бұлап,
қосағымен екеуі әнін қосып жылап жатып қалса, ала есегі
айқайлап, ала қоржын арқалап, Шар кітабы қойнында, аса
таяқ қолында, жүрген Хақтың жолында бір ақ шалмалы
адам келіп:
—Уай, байғұс, мұңды-зарлылар-ай, Құдайдың [құлағын]
шулаттыңдар ғой! Үн-зарларың Құдайдың құлағына ба-
рып, мені жұмсады. Көтер басыңды, жай қолыңды! Мыңды
аламысың, мыңға балап бірді аламысың?! Қалағаныңды,
ойыңа алғаныңды айт!—дейді.
Ұшып түрегеліп, қолдарын жайып:
—Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар жоқ қылып,
Мен не етейін көбіңді,
Құлан көде шөбіңді?!
Берсең, маған қалап бер,
Бір басын мыңға балап бер!—дегенде:
тарихи аңыздар Ал, мүсәпірлер, көз жасыңды Құдай иді, тілегеніңді берді. —Қалағаның ұл болса, Ойлағаның сол болса, Атса, мылтық өтпесін, Шапса, қылыш өтпесін, Бір Алладан басқадан Сірә да бұйрық жетпесін! Атын «Шора» қой!— деп жөнеле беріпті. Бай, бәйбіше жүрегі жарылып қуанып, үйлеріне қайтып келісіп, мырза Құдайдың мырзалығын білісіп, боз кемпір буаз болып, айы-күні жетіп, жиырма күн жіп құрдырып толғатып, «ес кетті, жан шықты» дегенде бір ұл перзентті зорға тауыпты. Төбел бие сойды, төменгі елді жиды. Жорға бие сойды, жоғарғы елді жиды. Ала бие сойды, аймақ елді жиды. «Отыз күн ойыны бар, қырық күн тойы бар» деп жұртқа сауын айттырды дейді. Мың үйлі Жасыл түрікпеннің Әлихан деген ханы, Әліби деген биі: —Қырық үйлі Тама еді, байлық көрсетіп, той қылып жатыр. Қалаған шұбар атты маған бермеді. Біздің Түрікпеннен жалғыз жан бұл тойға бармайық. Сабасы ішусіз қалсын, еті жеусіз қалсын! Кімге берерін білмей, дағдарсын!—деп шақырған тойына бірі де бармапты, дүние берсе, алмапты. Шора бес жасқа жетті дейді. Қырық баламен бірге асық ойынына шықты дейді: —Ай, ағалар, ағалар, ана топқа баралық, асық саудасын салалық,—депті. Онда Таманың балалары шулай қоя беріпті: —Қарағым, олар көп те, біз азбыз. Оларға бармайық, бір пәлеге қалмайық. Тірідей көрімізді қылады, тырнадай тонап жұлады. Асықтан жеке доп салады. Шымбайымызға батырған, таңдайымызды қатырған, барсақ өлеміз,—дейді.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Жүр, ағалар, ағалар,
Алдыңда жүріп өлейін,
Өз көзіммен көрейін!
Көптік қылып шуласса,
Жан жазасын берейін!
Сендер барып ойынды сала беріңдер, мен жылқыға барып,
Шұбар атты мінейін, көп кідірмей келейін!—деп жүгенді
қолына алып, тоқымды қолтығына қыстырып, Шора жыл
қыға жөнеле берді. Жылқыға барса: «Айналайын ием жаңа
келді ғой!» деп Шұбар ат оқыранып, басын шұлғып, алдына
жетіп келгенде, жүгендеп алып, үстіне тоқым салып, жайдақ
жалаңдап жетіп келсе, мың бала қырық балаға білгенін
қылып, тырнадай жұлып, атпас таңды, шықпас күнді баста-
рына орнатып жатыр екен. Сонда Шора айтады:
—Доңғалақ арба жүрместей,
Қарлы ма еді жеріңіз?
Азды түтіп жегендей,
Бассыз ба еді еліңіз?
Іздегенің ұрыс пенен төбелес болса,
Кәне, маған келіңіз!—
дегенде мың баланың басшысы бір таз бала бар екен. Ол айт-
ты дейді:
—Қырғауыл жүнді, қызыл таз,
Төбе шашы ұшын таз,
Атып таста жалғызды,
Қырып таста жалғызды,
Жұлып таста жалғызды,
Қағып таста жалғызды!—
деп дүрсе қоя бергенде ұзыны мен көлденеңін бірдей көреді.
Мың баланың бәрін бірдей қырады.
тарихи аңыздар
—Алла жығып берді ме, адам жығып берді ме?—деп,
қырық бала мың балаға білгенін әбден қылады. Қырғауыл
жүнді қызыл таздың, төбе шашы ұзын таздың айдарын
жұлып алады, мылтығын тартып алады. Қызыл ала қан қы
лып, көргендерге таң қылып, аунатып тұрып сабады. Қойдай
иіріп қамады.
—Не көрсең, еліңе айта бар,—деп, баяғыдан бергі қы
рық баланың өшін, кегін алады.
Қырғауыл жүнді қызыл таз, төбе шашы ұзын таз Қарахан
деген ханының, Әліби деген биінің алдына барып:
—Тақсыр, дат!—дейді.
—Арызың болса, айт!—дейді.
—Анада Шора ер екен,
Ерлігінің белгісі—
Осы топтан қара да бойы зор екен!
Анада Шора ер жетсе,
Ат арқасына бір мінсе,
Он үйіңе астар қылды бақыр, мосыны.
Атқа да артар қосыны.
Мың баланы жайратты,
Кірерге көрін сайлатты.
Бізге де қылмайды демеңіз,
Қарахандай хан ием,
Әлібидей би ием,
Сізге де қылар осыны!—дейді.
Әлібидей би екен,
Қақырғаны қақсиды,
Түкіргені түксиді:
—Қырық үйлі Таманы
Қырып тастамасқа немене,
Жүр, атқа мінейік, жүр!—дейді.
Қарахан деген хан айтты:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Қырық нөкерінің қырық кісілік күші бар, бір өзінің
қырық сан ерлік күші бар. Оған біздің әліміз келмейді ғой!—
дейді.—Нәрік меніменен дос еді, Әліби қоятұғын емес. Елін
хабарландырсын, не малына, не жалғыз баласына кәдік
қылар. Үріксін, аусын, елін, жерін тапсын!—деп бір хабар
берді дейді.
Қырық үйлі Тама күн-түн қатып, үрке бастады. Шора-
ны оята алмады. Шора өзі бір ұйықтағанда, жиырма күн
ұйықтайды екен, жан оятып ала алмайды екен.
—Мұны қайтеміз?—деп сасып қалғанда, қырық бала
айтты дейді:
—Қырық қашыр қазына мен қымызды тастап кете бе
ріңдер,—дейді.
Ел үркіп кетті. Қырық бала қасында қалды. Бір заманда
өзінің оянатұғын мезгілі жетіп, Шора оянды. Ел-жұрт жоқ,
тып-типыл. Қырық қашыр қазынасымен қасында, қырық
бала басында.
—Бұл немене?—деп шошып қалды.
Қырық бала мән-жайын айтты.
—Ел мың үйлі Жасыл түрікпен «шабамыз» деген соң
үркіп кетті. Сені қимай біз қасыңда қалдық,—деген соң:
—Ай, олай болса, маған бола сендер өлмеңдер. Аманында
ел табыңдар!
Қырық қашыр қазынамен
Жалғыз өзім қалайын.
Көтерсе Құдай талайым,
Түрікпеннің басына
Заман ақыр салайын.
Аллам аман сақтаса,
Бір күндерде өзім жетіп,
Соңыңнан барайын,—
19-137
тарихи аңыздар
деп бәріне де рұқсат берді. Қырық қашыр қазынаны далаға
үйді. Қырық қашырды жалғыз өзі жайып тұрды. Әліби келе
жатып, анадайдан Шораның қарасын көрді:
—Қата қалғыр, қабысқыр! Жүресінен жатып қан құсқыр!
«Хан болса, қазынаға шабар; қара болса, маған шабар!» деп
тұрғанын қарашы!—дейді. Сонда Шора сөйледі дейді:
—Қазынаны алсаңызшы,
Алып ханға барсаңызшы.
Қалағаның Шұбар ат болса,
Оны өзің күшіңді асырып алсаңызшы!—дейді.
Сонда Әліби айтады:
—Қазынаны ала білме,
Алып ханға бара білме,
Хан тілегі бұл емес,
Алып, пәлеге қала білме!—дейді.
Шора тұрып айтты:
—Қазынаны алыңыз,
Алып ханға барыңыз!
Алмасаң және өзің біл,
Кеше көрген қарындас
Бір күн тағы керек болар,
Өзіңе олжа жаныңыз,
Төгілмесін қаныңыз!—дейді.
Әлібидің қақырғаны қақсиды,
Түкіргені түксиді,
Ителгі құстай өңештеп,
Балаға қарай ұмтылды,
Сонда Шора ұмтылды,
Қаршыға құстай талпынып.
Ашуына сыймай алқынып, айқаса кеткен жерде Әліби
ді-ей тақымына қыстырып, бір төбенің басына апарып тас
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
тай берді. Әліби аттан жығылған соң, қалған қырқы саса-
ды, өткелсіз суға қарай қашады. Ебідей мойнын созады,
жер басқаннан озады. Қырқын қырық жерге домалатып
бықбырт қылып тастайды. Қырық қашыр мен қырық атты
алып, елінің соңынан барады. Елі «жасыл түрікпеннің ауыр
қосыны келіп қалған екен!» деп мал-жанын тастай қашты
дейді. Атты, қашырды бәрін тастай беріп, жалғыз өзі ба-
рып елін тоқтатты дейді. Ел тыныштанып қонды. Жатып
ұйықтайын деп еді, шешесі:
—Жатпа, балам,—дейді,—Сен бір жатып қалған соң,
жиырма күнсіз оянбайсың. Мың үйлі Жасыл түрікпен арты-
мыздан келіп қалса, сені өлтіреді, елді жесір қылып шабады.
Қазан деген жерің бар, Тама деген елің бар. Бізден өзің аман
кетсең, басың аман күнінде туған-туысқан еліңе жетсең, сен
тірі аман күніңде түрікпен келгенмен, біздің бүртігімізге
тие алмайды,—деген соң бала ұшып түрегеліп, «Елің бар,
жұртың бар» деген сөзді естіп, қуанып кетіп, Шұбар атқа
қамшы басып, «Шу!» деп жөнеле берді.
Сонда Шораның жүріп бара жатқанда айтқан сөзі:
—Түрікпеннің төрінде,
Шамбылдың асқар белінде,
Шыға жайлап шет қонған,
Қырық үйлі Тама ішінде
Кірсіз киім кимеген,
Аллаға тілі тимеген,
Күндік жерге жүрмеген,
Өз үйінен басқа үйге
Басын сұғып кірмеген.
Қара басы хан болған,
Өз алдына шар болған,
Нәріктің ұлы Шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,
Күн жаумасын, қар жаусын,
тарихи аңыздар
Қар жаумасын, мұз жаусын,
Мұз жаумаса, қан жаусын,
Ат басын неге бұрамын?!
Сонда Шора келе жатса, тас бұлақтың басында, Тасыр
мерген жатыр екен.
«Атысарға оғы жоқ, шабысарға қылышы жоқ болған
дықтан Әлібиді өлтірді»,—деген соң Қарахан жіберген екен:
—Алдынан озып барып, жолын тосып, жасырынып жа
тып, Шораны көздеп атып, жалғызынан жайратып, зығыр
данын қайнатып кел!—деп.
Тасыр мерген күндік жерден көреді екен де, түстік жер-
ден естиді екен.
Шора Тасыр мергенді көріп, астындағы атына сөйлесті:
—Айналайын Шұбар ат,
Тамағыңда қылың бар,
Өкпе-бауыр, жалың бар.
Заты хайуан демесең,
Адамнан есті жануар.
Ана жатқан залымның
Мылтыққа оғын салғызбай,
Қолына қару алғызбай,
Ұмтылып тұра бергенде,
Орнынан өзін тұрғызбай,
Олай-былай қарауға
Босатып мойнын бұрғызбай.
Көзді ашып-жұмған арада
Мені соған жеткізіп,
Алқымынан шап беріп,
Алып жерге ұруға,
Мұршамды еркін еткізіп,
Бір қимылды бастауға,
Жайратып жауды тастауға,
Қарағым, қандай әлің бар?!
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
(Ат сөзі:)
—Сен Шора да, мен Шұбар,
Жалымнан гу-гу жел шығар.
Қызып алып шапқанда,
Маңымда болған тұншығар.
Төрт аяғым болатым,
Ұшқан құстай қанатым.
Желіге басып «шу!» десем,
Екпініме кім шыдар?!
Құйрық маймен жемдесең,
Екі пұт құм теңдесең,
Шу, Шұбарым, шу десең,
Ай отыз күн шапқанда,
Сонда менен тер шығар.
Дедің ғой мені сынайын,
Айтқаныңдай қылайын.
Мен де Хаққа жылайын,
Жалғанда тең боп қосылған,
Екеуміздей кім шығар?—
деп аты зырылдап ала жөнелді. «Ал» деп аузын ашқанша,
«Көр мені» деп көзін жұмып ашқанша, сып етіп жетіп барып,
Тасыр мергеннің жағасынан шап беріп ұстай алып ұрды.
—Жан сауға, батыр, жан сауға! «Мен де бір кісідей-ақ
батырмын» деп жүруші едім. Батыр емес екенмін, қатын
екенмін, шын батыр сен екенсің. Екеуміз құшақтасып, дос
болайық,—дейді.
—Жарайды, болсақ болайық. Бірақ кейінгілер: «Тасыр
мерген мен батыр Шора бірін-бірі алыса алмаған соң, дос
болыпты» деседі ғой. Менің жеңгенім, сенің жеңілгенің
кейінгіге айқын болсын. Менімен дос болатұғын ойың шын
болса, бір құлағыңды ки!—дейді. Мен шыбындай жаныңды,
бір қасық қаныңды өзіңе байлағанда, сен бір құлағыңды
қимасаң, дос болғаның қайсы?!—дейді.
тарихи аңыздар
—Жарайды, жарайды, басқа келген пәледен, бастан
құлақ садаға! Қолқа қылып сен сұрасаң, ол құлағым бос кет-
кен жоқ далаға. Екеумізден бір қалған өрнек үлгі, сөз болсын
артта қалған кейінгі ұлан ұсақ балаға!—деп бір құлағын өзі
шорт кесіп алып, Шораға берді. Шора алып, кісесіне салды,
өзін еліне аман-есен қоя берді:
—Барсаң, сәлем дегейсің
Қарахан деген ханыңа.
Бес қақпалы жанына,
«Анада Шора кетті» деп,
Сұқтанбасын қалған мал мен жаныма.
Тама деген елім бар,
Қазан деген жерім бар.
Мен сол елге барып, қайта артыма айланғанша мұрсат
берсін, тимесін қартайған кемпір-шалыма, қыбырлаған жа-
ныма, өрістегі жатқан малыма,—деп жүре берді.
Келе, келе жатса,
Оқыр-шұқыр жер жатыр,
Құлан жортпас шөл жатыр,
«Құс қонбас» деген көл жатыр.
Толып жатқан мал жатыр,
Қақпан құрған шал жатыр.
Сонда жатқан шал басын көтеріп сөйледі:
—Жол, жол болсын, жол болсын,
Жеке де басың қол болсын!
Атыңның жүні тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей,
Қабағың сенің қатыңқы,
Түн ұйқыңды бөлгендей.
Аузыңның сүтін лапылдап,
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
Шығып тұрған баласың!
Алды-артыңа көз салсам,
Өрттей қаулап жанасың.
Аш бүркіттей түйіліп,
Лашын құстай шүйіліп,
Жол тартып қайда барасың?!
—Арғы атамды сұрасаң,
«Қара бура» ұранды
Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз әкемді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.
Қазан деген жеріме,
Тама деген еліме
Танысуға барамын.
—Нәріктің ұлы Шора, сені де Құдай көрсететұғын күн
бар екен-ау!—деп ұшып түрегеліп,—ой, бауырым, қолқа
жүрегім, өкпем бүйрегім!—деп ұшып түрегеліп көрісе бас
тапты. Әкесінің туысқандары екен.
—Бұл жапанның сары даласында неғып жатырсың?—
дейді.
—Уай, шырағым-ай, «Тозған қазды топтанған қарға
жейді» деген бар емес пе? Баяғы басымыз түгел, малымыз
есен тұрған шақта қазақ қалмақты шапқанда, қоржынның
түбіне салып, бір Садырқұл деген бала алып келген екен.
Сол Садырқұл ер жетіп, елін тауып, қалмақтан қосын ертіп
келіп, елімізді қысқа күнде қырық шауып, жалаң мал-
ды алдына салып, айдағанына қанағат қылмай, аспандағы
жұлдыздай, маңдайдағы құндыздай іріктеп, таңдап, он қыз
алып кетті. Оны іздеп баруға елімізден еркек болып туған
ұлдың жоқтығынан тағы шапқалы келе жатыр деген хабар
естіп, соның жолына қақпан құрып жатырмын.
—Өзіңнен басқа ер танырлық еліңде жан бар ма?—
дейді.
тарихи аңыздар
—Бір Есім деген ағаң бар, о да қарап жатқан жоқ шы
ғар. Ас ішіп, аяқ босатарларды жиып: «Аттанайық қалмақ
қа» деп қалбаң-құлбаң қармалап, атқа мінуге жарамай-
тын жамандарды арбалап жатқан шығар. Қарсы алдыңнан
жолығар,—деп, қош айтып қала берді.
Онан келе жатса, басы құралған көп-көп болып жиылған
топ қарсы алдынан дөп келді. Отырған жері омардай, күйген
ғана томардай қол бастайтын түрі жоқ біреу отыр екен.
—Жол, жол болсын, жол болсын,
Жеке де басың қол болсын!
Атыңның жүні тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей,
Қабағың сенің қатыңқы,
Түн ұйқыңды бөлгендей.
Уыз сүтің аузыңнан
Шығып тұрған баласың!
Жүзің жылы көрініп,
Ішім еріп барады,
Екі көзің алаңдап,
Аш бөрідей жалаңдап,
Қарағым, қайда барасың?—депті.
—Арғы атамды сұрасаң,
«Қара бура» ұранды,
Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз әкемді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.
Қазан деген жеріме,
Тама деген еліме
Жол тартып солай барамын,—
дегенде күйген омардай шал өкіріп түрегеліп:
—Қарағым-ай, өңім бе, түсім бе?! Сені көріп тұрғанды
ғым өтірік пе, шын ба?—деп бас салып көрісіп, о жағынан
бір сүйіп, бұ жағынан бір сүйіп жалғанның жарық сәулесін
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
жаңа көрдім ғой деп қуанғанда жарылмаған жүрек, енеңді
с..н! Шырағымды құшақтап тұрғанда, шығып кетпегеніңді
қайтейін!—деп жылап, өксігін баса алмапты.—А, шырағым,
Құдай өзіңе өмір берсін, қызығыңды кейінгі ұлан-ұсақ көр
сін! Осы бетіңмен Қазанға бар, өзің құрбы балалар бар, шеше
лерің бар, жеңгелерің бар, олар да сені көріп, қуанып мәре-
сәре болсын! «Қалың қосын—ел садағасы, Қарауылшы—қол
садағасы». Біз өңшең садаға жұмыртқа болып шыққандар.
Енді өлсек те Құдайға ризамыз. Артымыздан жоқтап алар
сендей ұл туғанда, бізге өлімнің өзі бір тиген теңдік,—дейді.
—Ой, ағалар, олай деме, былай де: «Берді саған Құдай де.
Атысарға жау таппай, алысарға ер таппай, тіресерге тең тап-
пай: «Қайда кеткен бұл жұрттың найза ұстаған батыры? Тап
менің тұсымда еркек біткен қырылып, қалған ба жұрттың
қатыны?» деп, «Жау қайдалап» жалақтап, екі көзім төрт бо-
лып алақтап жүргенімде, мен қалай қалайын?! Қалай қалған
ұлан-ұсақ, қатын-қалаштың қасына барайын?! Жүріңдер,
жау қайда, «жау қайда бар» деген жаққа мені айда. Тас
та мына үйілген-төгілген, қара қарғадай шуласқан көбіңді,
өзін көргенде, кісінің үрейін ұшырып, құтын қашырады.
Мұны көрген жау бізді басынады,—деген соң, көптің бәрін
қайырып тастап:
—Қарағымның қызығын көремін, алдан жүріп, ажалды
өзім іздеп тауып өлемін!—деп қырық азаматпен Есім ақса
қал жүрді.
Көптен былай бөлініп шыққан соң, Шұбар ат біресе олай,
біресе былай ойнақшып, басын тұқырып алып қашып,
Шораның астына тұрмай, қолын ауыртқан соң:
—Кел, ағалар, елсізде ат сынайық, «бөрі қашты» қы
лайық. Жақсы жора болсын,—деп,—Ал!—деп жөнел
генде, Шұбар ат басына бой бермей, Шораны алып, көзден
ғайып болды да кетті. Көзінен көргендер аузы ашылып
аңқиып, танаулары таңқиып, құр көкке қараумен баста-
ры қайқиып: «Жын ба, шайтан ба, бізді алдап жүргендер
ме, пері ме, жәдігөй сиқыршының бірі ме?»—деп ілгері
тарихи аңыздар
басып жүрерін де білмеді, кейін қайтарын да білмеді. Ай-
ран асыр, таң-тамаша қалып, ілгері басқан аяқтары кейін
кетіп, құр сүлделері келе жатқан сықылды.
Шора сол кеткеннен мол кетіп, жалпақ сары далада
тоқтата алмайтұғындығын білген соң, аспан көкпен та
ласқан, бұлттан бойы әрі асқан Қапсағайдың қара тауының
басына зымыраған бойымен ұшқан құстай барды да, шықты.
Ар жағына қараса, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай
жыбырлап, бақайшағы майысып, қабырғасы қайысып келе
жатқан қалмақтың қалың қосынын көрді. «Қой, мұның ал-
дынан шықпайын, асылық болар, артына түсейін»,—деп
қыраң жерден қылт етіп, ойпаң жерден бұлт етіп, артынан
зып етіп, жетіп келді дейді. Жөн сұрауға да аузына түспей,
сасып қалды.
—Неғып жүрген жансың?—дейді.
Сонда Садырқұлға былай деп жауап қайырды:
—Мен бір арық қазғанмын,
Су таба алмай азғанмын.
Жоқ жоғалтқан сергелдең,
Жоқ іздеген жазғанмын.
Аяулыда алты ат жоқ,
Тоқымды жүзде торы ат жоқ.
Оны дағы қайтейін,
Сылдырлаған еді сырғасы,
Сенделіп жүр жорғасы,
Мақпалдан еді дорбасы,
Он атым және қабат жоқ.
Сөз түрін таныды. Жалғыз-ақ сасқаннан, аузына сол сөз
түсті:
—Атып таста жалғызды,
Қағып таста жалғызды,
Жұлып таста жалғызды!—
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
деді дейді. Ол пәлен-паспадан деп былшылдап жүргенде
айтқан аузын жиғызбай, тақымына басып, ала қашып, Қап
сағайдың Қаратауының басына апарып домалатып тастай
берді де, қайта оралып, қалың қосынға топалай тиген қойдай
болды. Қынадай қырып, танауларын жырып, тірідей көрін
қылып, тырнадай түтіп, жұлып, тып-типыл қылып тастап,
жалғыз өзі қалып, Қапсағайдың басына шығып, демін алып
отырғанда, кейінгі қырық азамат үрейі ұшып, зәресі қалмай
шошып, әрең зорға келіп жетті.
—Не көрдің, не білдің?
—Ел көріне ме, жау көріне ме?—дегенде:
—Дәнеме де көргенім жоқ. Мына жерде домалап біреу
жатыр. Сөйлескенім де жоқ,—дейді.
Бұлар барса, Садырқұл екен.
—Неғып жатырсың?—дегенде:
—Өз еркіммен осылай жатуға мені жынданды дейсің
дер ме? Нәрікұлы Шора деген ер шығып, жеке де басы зор
шығып, тулақ сабағандай шаңымды қағып, бақайшағымды
шағып, ыңыршағымды отқа жағып, көшірменің қу басын
дай домалатып тастаған соң, жатпағанда не қылмақшы
мын?!—дейді.
Сонан соң бұлар Садырқұлдың танауын таңқитып кесті,
ұртынан тесті. Бәрі бас қосып, көтеріле аттанып барып,
қалмақтың қалған елін шауып, шаншып, таптап, жаншып,
шек-қарнын әбден аршып, өздерінен олардың қолына түс
кен малдың, жанның көзін түгел алып, бетіне келгеннің ба-
сын шайнап, қарсыласпағанның малын айдап, ұлын—отын,
қызын қатын қылып, қызыл ділдә, ақ жамбыға етегі толып,
ырғап-жырғап еліне аман-есен қайтып келді, Қазанды бір
толтырды дейді.
Баяғы кейін қалған қырық үйлі Таманы мың үйлі Жасыл
түрікпен Қарахан бас болып келіп, қайта көшіріп алып кет-
кен екен. Тасыр мерген:
—Тиме, мұның түбі насырға бір шабар,—деп көп айтқан
екен. Жалғыз оның тілін адам алмапты. «Жаяудың шаңы,
тарихи аңыздар
жалғыздың үні шықпақ па?» Сонан соң Тасыр мерген ха
баршыға жалғыз өзі келген екен.
Шора батыр Тасыр мергенді қасына ертіп алып, жапа-
жалғыз барып, мың үйлі Жасыл түрікпенді шауып, шан-
шып, езіп, жаншып, елін көшіріп, ырғап-жырғап, Қазандағы
көп үйіріне аман-есен әкеліп бір қосты дейді. Сөйтіп, барша
мұрат басына, сақалы көтіне жетті дейді.
Бала күнімізде естуші едік:
«Тама басын сұрасаң, батыр Шора әр жерге ұрыс сал-
ды. Ағаш қора, жаз жайлау, қыс қыстаудың бәрін де алды.
Балаңды беремісің соған бола. Ақырында: «Бұл жерді орыс
алады!» деп Стамбул жұртына ауып кеткен» деп есітеміз. 143. Шора батыр
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты—Гүлқаныс, Шора
батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан
ақсақал шал болып сөйлескені:
—Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол
бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ
шеңгел—Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған тү
несеңдер, Құдай перзент береді!—дейді.
Бұлар жалғыз тоқтысын сойып, әулиеге түнеген. Аш
қалғанда, бір бидайық келіп бір топ аққу мен қазды қырып,
Құдай бұларға қорек қылған. ...пар атынды хабарға жіберді.
Қырық қашырға асыл қазына артып, бір қаршыға тілләні ар-
тып, ортасына бір қап, оған ат басындай алтын салып, мұны
құндаса, ... алдына тастатқан. «Оған айналмай, маған келсе,
әуелі өзіне ысқырып атса, киікке обал жоқ деген»,—деп.
Қараханның әкесі Темір ханды Әліби у беріп өлтірген
екен. Тасыр мерген—Әлібидің інісі.
Кәріпбай, Нәрік бай, Есім би үш ағайынды екен. Анас-
бай той қылып, ел шақырғанда, шұбар дөненді Тасан мырза
сұраған.
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар... 144. [Шора батыр]
Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өз
бектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей
деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп. Қараман
ның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып,
ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре
сала:
—Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы
көрінген екен. Бізге батып беттеп жан келе алмаса керек еді.
«Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора батыр деген
ер туды» деп еді. Дәу де болса сол шығар,—деген.
Ауызды жиғанша, қалаға шу толып кетті. Үш күн ұдайы
талан-таражы қылып, қырғын басылып, Қайнекейді Есім
би алып, Тінекейді Тасан мырза алып, Қараман ханның қы
зын Шора батырдың қойнына салып, Шораны таққа отырғы
зып, хан көтерді. Сөйтіп, арада бір ай өткеннен кейін баяғы
Өзбектің қаласын талауға кеткен Қараман өзбектерді же
ңіп, қыламын деп барғанының бәрін түгел қылып, өзбектің
қыздарын әскерлерінің басшыларына алып беріп, еркек
терін құл қылып алып қайтып қаласына келсе, тамалардың
әскері өз елін сондай қылып тұрғанының тұсында Қараман
Шораға елші жіберді:
—Менің боз тұлпарымды беріп жіберсін, өзі жекпе-
жекке маған шықсын! Жаман-жасықтардың жанын түкке
тұрмайтын қанын шығынға шықпайық, шығармайық. Ел
үшін Есім би, Тасан онда да бар шығар, осында да бар шығар,
бірақ Шора мен Қараман жоқ шығар,—депті.
Шора Қараманның ол сөзін мақұл көріп, қол бастап, саха-
ра майдан далаға шықты. Қараман мен Шора жекпе-жекке
шықты. Шора Қараманды жықты, алқымынан сықты.
тарихи аңыздар 145. Тәттібике
Бұл өзі ертерек ХV ғасырдың аяғында, ХVІ ғасырдың
басында қазақ елдігінің тірегі шайқалмай, жоңғар қал
мақтарының шабуылы онша өршімей тұрған кезде болған
оқиға еді. Қаратаудың күнгей бетінде, шымыр руының
Шынқожа атасының Қырғызәлі баласының көп малмен жай-
лауда болып, күздің аяғына таман Ташкент айналасындағы
қыстауға көшуге ыңғайланып жатқан кезі болатын. Бай
Қырғызәлі тете өскен ұлдары Қалымбет пен Қазымбетті
қатар үйлендірмекші болып үлкен тойға дайындалып
жатқан. Болашақ екі келіні үшін екі қырық жетіні матай
айдап, қалыңмалдарынан түгел құтылып қойған. Мұндай
жағдайда күйеужігіттердің қайынаталарының ауылына
ұрын барып, сый-сияпатпен жеңгелерінің аузын алып, қа
лыңдық ойнауға құқы бар болған. Бұл—қазақтың ескі сал-
ты. Сол Қырғызәлінің ұлының бірі Қалымбет қалыңдығы
ның ауылында жүргенде ауырып қалады да, інісі Қазымбет
келіншегін бұрын түсіреді. Ал Қалымбет қайыната ауы-
лында өзін айналдырған дерттен қайтыс болып, айттырған
қалыңдығы Тәттібике ақ босағаны аттап үлгерместен қара
жамылады.
Тәттібике ақылына көркі сай, жігер-намысы, батылдығы
батыр жігітке бергісіз болып өсіпті. Міне, енді осы Тәттібике
айттырылған күйеуінің найзасына қаралы шашақ тағып, ақ
отауының қасын байлайды. Басқа қару-жарағын отауының
ішіне іліп қояды. Сөйтіп, жыл өтеді. Қалымбетке ас беріліп,
Тәттібике ауылының игі жақсылары, бас көтерер азамат-
тары құда ауылына асты өткізісуге аттанады. Жылқылы
бай ауылдың осы бір оңтайлы сәтін аңдыған бірнеше ұры
жігіттер шеткі бір үйден сусын ішіп, жай-жапсарды біліп
алып, кештете қыруар малды алдына салып, қуа жөнеледі.
Малды қайырған екі жылқышы жігітті өлтіріп кетеді.
Осыны естіген қаралы қалыңдық Тәттібике қаза болған
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
күйеуінің сауытын киіп, құрал-сайманын асынып, құйрық
жалы күзелген қаралы атқа мініп, қарақшылардың артынан
қуады.
Ұрлықшылар Тәттібикенің қыз екенін білмей, қуып келе
жатқан оған найза салады. Жасынан әскери машықтанған
қыз көк сүңгілерді денесіне дарытпай, бір ұрыны найзамен
түйреп өлтіреді де, екіншісін аттан түсіреді. Қалғаны қашып
кетеді. Қыз өлікті тірі қарақшының алдына өңгертіп, ауы-
лына алып келеді. Шұрқыраған қалың жылқы ұрылардың
құлқынынан аман қалады. Малға жау шапқанын естіген
қыпшақтар аулына оралғанда екі қарақшының бірін өлі
дей, екіншісін тірідей байлап әкелген қаралы Тәттібикені
құрметпен қарсы алады.
Ол кезде үйленіп үлгермей өлген күйеуіне бір жылдан соң
ас берісімен қалыңдық тағдыры шешілетін болған. Сөйтіп,
қыршын кеткен ұлының алдындағы соңғы қарызын өтеген
Қырғызәлі кенже ұлы Қазымбетпен бірге Тәттібикенің ауы
лына келеді. Қазақтың салты бойынша айттырған жігіті
өлген қалыңдық сол елдің бір жігітіне күйеуге шығуы тиіс.
Ал бұл жағдайда Тәттібике қайнысы Қазымбетке тұрмысқа
шығуы керек болған.
Екі бірдей қарақшыны ұстап алып келген қызына риза
болған Тәттібикенің әкесі қызына толық бостандық береді.
Бұл дегеніңіз—қыздың тағдыры өз қолында, қыз кімге
күйеуге шығамын десе де, өз еркі деген сөз. Егер Тәттіби
ке қайнысына ерге шықпаймын десе де өзі біледі, мұндай
жағдайда қыздың әкесі құдадан алған қалыңмалды түгел
қайтаруға тиіс. Сонан кейін қыз кімге күйеуге шығамын
десе де өз еркі. Ал қыз бұлай жасаса, Қырғызәлі үшін, оның
туған-туысқандары үшін бұл сүйекке түскен таңба болар еді.
Өйткені онда жесір Шынқожа ауылын менсінбеген болып са-
налар еді.
Осы жайды анық ұғынған Тәттібике өзін туғандарын
және қайын жұртының игі жақсыларын, қайнысын жас
тарихи аңыздар
жұбайымен шақыртады. Шақырған адамдары түгел келген
соң, қыздың әкесі құдаларына Тәттібикенің басына еркін
дік берілгендігін, ендігі қалай тек қыздың өзінде екенін ай
тады.
Тәттібике шешімін ел алдында былай жеткізеді:
—Туған елім, қалың берген қайын жұртым. Қара жа
мылған қалыңдық болсам да сөйлемеске ылажым жоқ. Ең
әуелі әкеме қояр шартым бар, келіссе ғана айтамын.
—Қызым, кез келген жігіттің қолынан келе бермейтін
ерлікті жасадың. Қандай шартың болса да қабыл алдым.
Сөйлей бер,—дейді әкесі.
—Онда әлгі малыңды айдап әкеткелі болған қарақшыны
ел алдына әкелсін. Олар менің қыз екенімді білсін!—дейді.
Ұрыны ел алдына алып келгеннен соң, Тәттібике оған бы-
лай дейді:
—Әй, қарақшы! Ауылымызға келіп, асымызды ішіп ал
ғаннан соң қараушысы аз малымызға ие болғыларың келді.
Екі жылқышымызды да өлтірдіңдер. Енді сенің өмірің менің
қолымда. Өлтірсем бе, құлағыңды құнтитып кесіп, құл ете
мін бе бұл менің еркімде. Менің қыз екенімді көріп тұрсың.
Енді менің саған қояр талабым мынадай: біздің жазықсыз өл
ген жылқышыларымыздың бала-шағасына құнын төлеңдер.
Әр қайсысына бір үйір жылқыдан (ол әр үйірде он бес-жиыр
ма жылқы) төлейсіңдер. Сендерден өлген қарақшыға құн
төленбейді, өйткені сендер адамымызды жазықсыз өлтіріп,
малымызды айдап кеткілерің келді. Осы айтқанымды жар-
ты айдың ішінде орындасаң, өлген жолдасың екеуіңді еліңе
жіберемін, егер орындай алмасаңдар, еліңді шауып күшпен
жауласып тартып аламын депті.
—О, айналайын үкіміңе құлдық, айтқаныңның бәрін уа
қытында орындаймыз,—деп қарақшы ант беріпті.
Қос қарақшы біреуі өлідей, біреуі тірідей атқа мінгізіліп
жіберілген соң Тәттібике енді қайынжұртының алдына өз
талабын қояды:
қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...
—Аллаға аян балаларыңыз Қалымбетті Құдайдың өзі
алды. Ара түсер айлам болмады. Бір жыл әруағын күтіп, асы
берілген соң әкем бас бостандығымды өзіме беріп отыр. Мен
сіздердің елге келін болып түсу үшін алдымен Қазымбет пен
оның жас жұбайына қояр шартым бар. Соған келіссе ғана
әмеңгерімнің ауылына барамын.
Қырғызәлі де, оның екінші ұлы Қазымбет те, келіншегі
де «айтыңыз, айтыңыз» деседі.
—Аталарымыз құда түскенде, құйрық бауыр жегенде,
мен ата-анамның қалауына көнгенде тоқал болу ешкімнің
де ойында жоқ еді. Қалымбет мырза тірі болғанда ауыл
дарыңызға үлкен абысын болып түсетін едім. «Абысын тату
болса ас көп, ағайын тату болса ат көп» деген. Жолы жіңішке
болып әйел жаратылыпты. Қазымбетке әншейін ғана ерге
шыға қалсам, тоқал атанамын, күндес боламын. Ал бір ер-
кектен туса да екі әйелдің балалары екі рулы ел болып жүр.
Менің тоқал болып, Домалақ анадай бәйбішеден таяқ жегім
келмейді. Құрбым, сен мені абысындай қабылдап, байың
ды қызғанбасаң ғана, тоқал көрмесең ғана ауылдарыңа ба-
рамын. Түскен үйімнің босағасын Қазымбеттің емес, ағасы
Қалымбеттің босағасы деп аттаймын. Өзің бойың қарағай
дың талшыбығындай бұралған сұңғақ келіншек екенсің.
Көрген аяным—сен де екі ұл табасың, мен де екі ұл табамын.
Сол тапқан балаларымыз да қарағайдай болып өсер.
Сенен туған екі ұл, олардың ұрпақтары да бай, батыр
да болар. Қасқа айғырдың құлыны ең болмаса төбел болып
туады. Бәйдібек, Дулат бектердің ұрпағысыздар. «Жігіттің
жақсы болмағы нағашысынан, үйдің жақсы болмағы ағашы
нан» дегендей аралас-құралас жақсы елдің қыздарын алса,
сенен өрбіген ер балалардан би де, бек те туар, әрі сауық-
сайраншыл саятшыл келер.
Ал менен туған екі ұл да, олардың үрім-бұтағы да бай да,
батыр да болумен қатар еліне билігі, бектігі арылмас құт бо-
лар. Билік пен бектіктің жөні бір басқа, бақтың ұлылығы да
20-137
тарихи аңыздар
сол бектік пен билік қой. Би мен бектің алдына бармайтын
жан жоқ. Басқа қонған бақсы тек ынтымақты ағайындар
ғана ұстап тұра алады. Төмен етек ұрғашы болсам да батыр
лығым да, байлығым да бір басыма жетеді. Алып анадан ту-
ады. Сондықтан да болашақ ұрпақтың қамымен күндес бол-
май, абысын болуды қаладым.
Қазымбеттің әйелі жұрт алдында Тәттібикенің шартына
келісіп, ант береді.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Тарихи тұлғаларға байланысты аңыздардың алғашқы
үлгілерінен бастап ауызша тарап, бүгінгі ұрпаққа араға
ғасырлар салып барып фольклортану заңдылықтарына
сәйкес түрлі нұсқаларда, версияларда, әрқилы көлемде,
стилде жеткендіктен, оларды жинау, жүйелеу, жариялау
үрдісінде күрделі мәселелер аз кездеспейді. Біріншіден,
Ел тәуелсіздігін жариялағанға дейінгі кезеңдерде саяси
шектеулердің салдарынан тарихи аңыздардың жеке ғы
лыми басылымы жарық көрмеді және арнайы зерттелген
емес. Сонымен бірге шағатай, қадім, төте араб әліпбилері
қолданыстан ерте шығып қалғандықтан, кейінгі ұрпақ,
әсіресе ғылыми ортаның аңыз мәтіндерінің түпнұсқасымен
танысуға мүмкіндігі шектеулі болды. Сондықтан «Бабалар
сөзі» жүз томдық сериясын құрастырушылар осы жанрды
қолға алып, баспаға дайындай бастағанға дейін еліміздің Си-
рек кітаптар мен қолжазбалар қорларындағы аңыздардың
саны, жалпы көлемінің мөлшері белгісіз болып келді.
Екіншіден, ХІХ ғасырлардағы орыс басылымдарында,
әсіресе тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көптеген шежі
релік, тарихи жинақтарда жарияланған туындылардың
мәлімет-деректері де ешкімді қызықтырған емес. Бұған
Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің, Орта Азия
елдері мен Татарстан, Әзербайжан, Башқортстан сияқты
туысқан халықтардың қорларындағы ұлтымыздың тари-
хына қатысты шығармаларды қоссақ, ұшан-теңіз байлыққа
тарихи аңыздар
кенелеріміз анық. Алайда, бұл қазынаны толық игеруге
уақыт, қаржы, мамандар сұранысы аса қажет болғандықтан,
құрастырушылар қолда бар мүмкіндіктерді ғана пайдала
нуға талпыныс жасады.
Олар ең алдымен ӘӨИ мен ОҒК-нің сирек қорларындағы
тарихи аңыздарды анықтау, жинастыру, жүйелеу, бүгінгі
жазуға көшіру, текстологиялық тұрғыда сараптау, баспаға
дайындау жұмыстарына жұмылдырылды. Соның негізінде
туындылардың нұсқалары мен версиялары анықталып, өзара
айырмашылықтар болған жағдайда топтаманың ғылыми
ұстанымына сәйкес мәтіндер қатар жіберілді. Келешектегі
арнайы зерттеулер үшін ғылыми түсініктемеде мәтіндердің
қысқаша жиналу тарихы көрсетілді. Түпнұсқадан өзгеріссіз
дайындалған бұл аңыздар мен олардың нұсқалары ғылы
ми-зерттеу нысанасы ретінде маңызды. Сол себепті де том
ның басылымы тарихшы, этнограф, деректанушы, тілтану
шы ғалымдардың іргелі ізденістеріне, фольклортанушы,
мәтінтанушы мамандардың болашақ зерттеулеріне зор мүм
кіндіктер туғызады. Мысалы, осы томда «Шыңғыс хан тура-
лы» аңыздың төрт нұсқасы, «Ақсақ Темірдің» үш нұсқасы
қамтылған.
Келесі кезекте кейінгі жылдары жарық көрген жи
нақтар мен басылымдарда жарияланған аңыздар іздес
тірілді. Табылған туындылардың біразы жеке туынды
ретінде, кейбіреуі қолжазбалардың нұсқалары есебінде
томға енгізілді. Өкінішке орай, олардың біршамасының
түпнұсқалары болмағандықтан, текстологиялық сараптау-
лар жүргізуге мүмкіндіктер болмады. Бұл тұрғыда тарихи
аңыздардың алғаш, арнайы топтама ретінде басылым көріп
жатқандығы және зерттеу нысанасы ретіндегі қажеттілігі
ескерілді.
Айта кетерлік тағы бір жайт—осы томға енген аңыздар
дағы кейбір ауыспалы мотивтер, эпизодтар, оқиғалар
алдыңғы томдардағы мәтіндерде де кездесуі әбден мүмкін
екендігі. Мысалы, «Қырымның қырық батыры» жырлар
ғылыми қосымшалар
циклінде кездесетін перінің қызына үйлену мотиві Асан
қайғы мен Едіге туралы аңыздарда да көрініс береді. Бұл
әдіс фольклордың қалыптасқан заңдылықтарынан тысқа
ры болмағандықтан, томдарға осы сюжеттес аңыздардың
барлығы да жіберілді.
Және бір түйіткіл нәрсе—томдарға аңыздардың толық
қамтылуына байланысты мәселе. Бұл ретте жоғарыда
көрсетілген қорлардағы туындылардың қолжазба нұс
қалары түгел қарастырылғанмен, түрлі басылымдар мен
жинақтарда жарияланған мәтіндерді іздестіруде айтар
лықтай қиындықтар туындайтынын атап өткен жөн. Әсі
ресе, аудандық, облыстық, аймақтық басылымдар мен
сол аумақтарда жарық көрген жинақтардың таралымы
аз болғандықтан және олардың көпшілігі жеке қаржы
мен шығатындықтан, меншік иелері орталық кітапхана
ларға жіберіп отыруға міндетті емес. Сондықтан құрас
тырушылардың назарына ілікпеген кейбір тарихи тұлғаларға
қатысты аңыздар томға енбей қалуы мүмкін екендігін айта
кеткіміз келеді.
Еліміздің сирек қорларында үш жүздің барлық хан-
сұлтандарына, батырлары мен би-шешендеріне қатысты
аңыздар біркелкі, толық сақталмаған. Мысалы, бір атақты
батырға байланысты аңыз аз, тіпті жиналмай қалуы да
кәдік, керісінше, белгісіз тұлға туралы мол мұра сақталуы
да мүмкін. Сол себепті қандай да бір тарихи тұлғаға саналы
тұрғыда басымдық берілмеді. Аңыздар ғылыми басылым
ның ұстанымдарына сәйкес жүйеленіп, мүмкіндігінше көр
кемдік сипатына қарай, түпнұсқа негізінде дайындалды.
Кейде аңыз айтушылар мейлінше өз руының, аймағы
ның батырларына кеңінен тоқталуға бейім болатыны бай
қалады. Тіпті, рулардың, одан бөлінетін аталардың атау-
ларын, тарихи тұлғалардың есімдерін қате көрсету, тіпті
қарсылас руларды саналы түрде кемсіту сияқты жат үрдіске
бой алдырады. Бірақ бұл олқылықтарды қазақ халқының
болмыс-бітіміне, тұрмыс-салты мен этникалық табиғатына
тарихи аңыздар
байланысты кемшіліктер деуге негіз бар. Сонымен бірге
аңыздардағы кейіпкерлер, оқиғалар т.б. тарихи шындыққа
сәйкес келмей жататын тұстары аз емес. Томға ұсынылып
отырған аңыздардың барлығы дерлік қолжазба негізінде
дайындалғандықтан, сондай-ақ «Бабалар сөзі» сериясының
жалпы ұстанымдарына байланысты мәтіндер түзетілмей,
түпнұсқа бойынша жіберілді.
1. Тәкаппар әскер басы турасынан
Атақты қолбасшы Александр Македонский жайлы аңыз
дар әртүрлі халықтардың фольклорында кездеседі. Қа
зақ фольклорында да Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз,
әңгімелер кең таралған. Аңыз 1895 жылы «Дала уалаяты
газетініңң 3-санында жарық көрген. Бұл аңыздың сюжеті
Абайдың «Ескендір» поэмасына ұқсас.
Томға мәтін алдыңғы басылымның негізінде әзірленді.
2. Ескендір Зұлқарнайын өзінің дұшпандарын
неменен жеңгені
Аңыз 1895 жылы «Дала уалаяты газетінің» 5-санында
жарияланған. Соңына «Бұл хикая Орта Азиядағы Бетпақ
далада, Жизақ өзені мен Сырдарияның арасында тұрған
қазақ Қолданбайдан Д.И.Эварницкий деген жазып алыпты»
деген мәлімет берілген.
Томға мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды.
3. [Бәйдібек би]
Бәйдібек биге байланысты көптеген ел аңыздары бар. Бұл
аңызда Бәйдібектің бала кезінде Баба Түкті Шашты Әзіз
дің қолдауымен жоғалған жылқыны тапқаны туралы баян
далады.
ғылыми қосымшалар Аңыз мәтіні томға «Қазақтың би-шешендері» кітабы бойынша (Төреқұлов Н., Қазбеков М. 1, 2-кітап.—Алматы: Жалын, 1993. 17-18-бб.) әзірленді. 4. [Бәйдібек би] Аңызда он бес жасар Бәйдібектің қиын қыста Шынтас байдың жылқысын аман алып қалып, Арыстан бидің қызын алғаны сөз болады. Аңыз мәтіні «Қазақтың би-шешендері» кітабында (18-21-бб.) жарияланды. Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді. 5. [Бәйдібектің батырлығы] Бұл аңызда Бәйдібектің қалмақ Дөдемен айқас кезінде айла-тәсілмен жеңгені жайында айтылады. Томға аңыз мә тіні «Қазақтың би-шешендері» кітабынан (36-37-бб.) алынды. 6. [Домалақ ана] (І нұсқа) Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1094-бума, 1-дәптер) сақталған. Ел аузынан Шымкент қаласының тұр ғыны Мұхамеджан Рүстемов жинаған. Қолжазба машинкаға басылып, қорға 1985 жылы түскен. Домалақ ананың жылқыны қайтарып алғаны туралы аңыздың екі нұсқасы берілді. Бірінші нұсқада Домалақ ананың ұрылардан қалап алған малы—кәрі арық, сары бие мен шапқыншы соңынан қуған Бәйдібек ұлдарының бірқатары қаза табады делінсе, екінші нұсқада Бәйдібек тің Сарыбәйбішеден туған алты ұлы да жер жастанып, Нұриланың жау қолынан алғаны—ақжал сары айғыр болады.
тарихи аңыздар
Мәтін томға қорда сақталған нұсқа бойынша өзгертусіз
дайындалды.
7. [Домалақ ана]
(ІІ нұсқа)
Аңыз нұсқасы «Бәйдібек» (Алматы: «Нұрлы Әлем», 2002.)
жинағында жарияланған (25-26-бб). Жинақты құрастыр.:
Сәрсебай Қалиұлы.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді. 8. [Домалақ ана]
(І нұсқа)
Домалақ
ананың
Бәйдібек
биге
тұрмысқа
шығуы
жайындағы аңыздың екі нұсқасы беріліп отыр. Аңыздың
бірінші нұсқасында Нұрила білегін ұстаған кісіге күйеуге
шығатыны жайында көңіліндегі сырын айтып, Мақтым
Ағзам атасы екі жасқа батасын беріп қосады. Екінші
нұсқасында Мақтым Ағзамға түсінде Қожа Ахмет Ясауи:
«немереңді білегінен ұстаған адамға қос!» деп аян береді.
Бұл аңыз нұсқасы «Бәйдібек» (Алматы: «Нұрлы Әлем»,
2002.) жинағында жарияланған (27-б).
Томға ұсынылған аңыз осы жинақ негізінде дайындалды.
9. [Домалақ ана]
(ІІ нұсқа)
Аңыз «Қазақтың би-шешендері» кітабында (Н.Төреқұлов,
М.Қазбеков. 1, 2-кітап.—Алматы: Жалын, 1993. 28-б.) жа-
рияланды. Сондай-ақ Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Шалқар ауылының тұрғыны Қабдолда Тұрардың «Мұрын
апамыз кімнің қызы?» атты мақаласында осы аңыз берілген.
ғылыми қосымшалар Мақала «Қазақ батырлары» газетінде (№4(21). 2000) басылды. Томға мәтін «Қазақтың би-шешендері» кітабы бойынша дайындалды. 10. Қорқыт туралы аңыз Қорқыттың көрі туралы, өлімнен қашқаны жайлы аңыздар ел арасына кең таралған. Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (917/13-бума, 3-дәп.) сақталған. Аңыз ды ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Әлқуат Қайнарбаев ел арасынан жинап, 1969 жылы Институт қорына тап сырған. Мәтін жинаушының өз қолымен араб әрпінде, қарындашпен хатқа түскен. Ә.Қайнарбаев қолжазбада Қорқыт атаның өмірі туралы біраз деректер келтірген. Аңыз соңында: «Қорқыт атаның қабірі орналасқан орны аудан орталығынан он бес шақырымдай батыс тарапында Қармақшы атындағы ауданға қарасты жерде екені айтылды. Ал сол Қармақшы атанып тұрған кісінің өзі де негізі Орта жүздің қыпшағы екен. Оның қабірі де—Қармақшы қыстағының іргесінде көнерген зират. Оны да халық «Қармақшы ата» деп атаумен қатар қадірлеп, құрмет тұ тады» деген мәлімет жазылған. Томға ұсынылып отырған аңыз қолжазба негізінде өз гертусіз әзірленді. 11. [Қорқыт туралы аңыз] Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (917/13-бума, 3-дәп.) сақталған. Жинаушысы—Әлқуат Қайнарбаев. Араб әрпін де, қарындашпен жинаушының қолымен жазылған. Томға осы қолжазба бойынша өзгертусіз дайындалды.
тарихи аңыздар 12. Қорқыт ата туралы тарихи аңыздар
Аңыз мәтіні ОҒК-нің Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (1154-бума, №2) сақталған. Жинаушысы, тапсы
рушысы туралы мәліметтер кездеспейді.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде өзгеріссіз әзірленді.
13. Әл Фараби
Бұл аңыздың мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1059-
бума) сақталған. Бумада қазақтың күлдіргі әзіл әңгімелері,
шешендік түйіндер мен ақындық толғамдар, аңыз-әңгімелер
жиналған. Материалдарды ел аузынан жинап, құрастыр
ған—ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы, Орал қаласының
тұрғыны Айсұлу Бисенғалиқызы. Мәтіндер үлкен, қалың
дәптерге жинаушының қолымен жазылған. Жинаушы
қолжазбаны қорға 1996 жылы тапсырған.
Томға мәтін аталған қолжазба негізінде әзірленді. 14. Кім көп біледі
Әл Фарабиге қатысты бұл аңыз «Ел аузынан» (Алматы:
«Жазушы», 1989. Құрастыр.: Б.Адамбаев, Т.Жарқымбекова.
Әдеби өңдеп, баспаға әзірлеген: Ә.Шынбатыров) кітабында
жарияланды (275-б).
Томға мәтін осы нұсқасы бойынша әзірленді. 15. [Екінші ұстаз]
Аңыз «Ел аузынан» жинағында (275-276 бб.) жарық
көрді. Томға мәтін жинақ бойынша дайындалды.
ғылыми қосымшалар 16. Күй құдіреті Бұл мәтін «Ел аузынан» жинағында (276-б.) жарияланды. Томға аңыз осы нұсқа бойынша әзірленді. 17. Өнерлі жігіт Аңыз мәтіні «Ел аузынан» жинағында (276-б.) жарық көрді. Томға жинақтағы үлгі негізінде ұсынылды. 18. Сағыныш сазы Ғұлама туралы аңыз «Ел аузынан» жинағында (276-277бб.) басылды. Томға ұсынылған мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды. 19. Ибн Синаның ажалға араша түсуі Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1062-бума, 1-д.) сақталған. Туынды 1990 жылы фольклорлық практи ка кезінде Қызылорда педагогикалық институтының студенті А.Жақанова хатқа түсірген. Аңызды әңгімеле ген—1941 жылы туған Шәймерденова Тұрсынай. Томға мәтін түпнұсқа бойынша өзгертусіз әзірленді. 20. [Әбусина туралы аңыздар] Бұл аңыздар топтамасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш. 1100. 3-дәптер) сақталған. Әңгімелеген—Қаратау қа ласының тұрғыны Сартай Көлжанов. Институт қорына жинап, тапсырған—Әкбарбек Доспамбетов. Аңыз машинкаға басылған. Томға мәтін осы қолжазбадан өзгеріссіз ұсынылды.
тарихи аңыздар 21. [Қожа Ахмет Ясауи]
Томға Ахмет Ясауи туралы бірқатар аңыздар енді. Бұл
аңыз мәтіндері ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақтаулы. Аңыздарды жинаған—филология ғылымдары
ның кандидаты А.Тұрғанбаев.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды. 22. [Қожа Ахмет Ясауи]
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақталған. Аңыздарды жинап, қорға тапсырған—филология
ғылымдарының кандидаты А.Тұрғанбаев.
Томға мәтін осы түпнұсқа бойынша әзірленді.
23. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап]
(І нұсқа)
Томға Ахмет Ясауи туралы бірқатар аңыздар енді. Бұл
аңыз мәтіндері ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақтаулы. Аңыздарды жинаған—А.Тұрғанбаев.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде дайындалды. 24. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап]
(ІІ нұсқа)
Томға Мұхаммед пайғамбардың Ахмет Ясауиге қал
дырған аманаты туралы аңыздың екі нұсқасы енді. Бірін
ші нұсқасында аманатты баланың өзі сұрап алады, екінші
нұсқасында Пайғамбар аманат тапсыратын баланың аты-
жөнін, әке-шешесін айтып кетеді. ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында (1206-бума) сақталған аңыздарды жинаған—А.
Тұрғанбаев.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде дайындалды.
ғылыми қосымшалар 25. [Ақ ата]
Аңызда Шахабиддин Исфиджабидің ұстаздығы жөнінде
айтылады. Мәтін «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты
аңыз, әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: ф.ғ.к., Б.Қорғанбек.
Алматы: «Эффект», 2011 ж.) жинағында жарияланды.
Томға осы нұсқа ұсынылып отыр. 26. [Қожа Ахмет пен Баба Машын]
Аңызда Баба Машынның Қожа Ахметке шәкірт болға
ны жайында баяндалады. Бұл туынды мәтіні «Қожа Ахмет
Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» (Құ
растыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эффект», 2011) жинағында
жарияланды.
Томға жинақтағы үлгі негізінде ұсынылды.
27. [Қожа Ахмет Ясауи]
Бұл аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында жарияланды.
Томға жинақтағы нұсқа бойынша дайындалды.
28. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі]
(І нұсқа)
Қожа Ахметтің ұлы туралы аңыздың екі нұсқасы ұсы
нылды. Бірінші нұсқада ұлын Қарасүйір руының сушысы
кетпенмен басын шауып, алдына әкеледі, ал екінші нұсқада
Ясауидің ұлының өлімін естірген адамға ат беретінін естіген
сури халқы ұлын өлтіреді. Екі нұсқада да ғұлама ойшыл
ұлын өлтіргендерге кешірім береді. Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи
есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» (Құрастыр.:
тарихи аңыздар
Б.Қорғанбек. Алматы: «Эффект», 2011) жинағында жария-
ланды.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
29. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі]
(ІІ нұсқа)
Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында жарияланды.
Томға осы нұсқа негізінде әзірленіп отыр. 30. [Қожа Ахмет өлер алдында]
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақталған. Аңыздарды жинаған—А.Тұрғанбаев.
Томға мәтін осы қолжазбадағы нұсқасы бойынша ұсы
нылды.
31. [Хакім ата]
Аңызда Қожа Ахметтің шәкірті Сүлеймен Бақырғани
жайында баяндалады. Бұл аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен
байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорған
бек. Алматы: «Эффект», 2011) жинағында жарияланды.
Томға мәтін жинақ бойынша әзірленді. 32. [Хакім ата]
Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында жарық көрді.
Томға мәтін жинақ бойынша дайындалды.
ғылыми қосымшалар 33. [Зеңгі баба]
Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында жарыққа шықты.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды.
34. [Зеңгі баба]
Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында басылды.
Томға мәтін жинақтағы нұсқа бойынша әзірленді.
35. [Шопан ата]
Бұл аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз,
әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эф-
фект», 2011) жинағында жарияланды.
Томға мәтін осы жинақтағы нұсқа негізінде ұсынылды.
36. Оқшы ата
Бұл аңызда да Қожа Ахметтің шәкірттерінің бірі жайын-
да баяндалады. Аңыз «Қазақ батырлары» (№2(103). 2007)
газетінде жарияланды. Мәтінді баспаға Қызылорда облы-
сы, Шиелі ауданының тұрғыны Клара Мақашева әзірлеп
ұсынған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
21-137
тарихи аңыздар 37. Ес абыз
Ес абыз—Ахмет Ясауидің шәкірті. Аңыз мәтінін К.Ма
қашева «Қазақ батырлары» (№2(103). 2007) газетінде жари-
ялады.
Томға мәтін осы үлгі бойынша дайындалды.
38. Шыңғыс нәсілі
(І нұсқа)
Шыңғыс ханның дүниеге келуі туралы аңыздың бұл
нұсқасында ханның әйелі сәуледен жүкті болып, бала туғанда
екі алақаны, екі табаны қап-қара қан болған екен. Аңыз ӘӨИ-
дің Қолжазба қорында (464-бума,4-дәп.) сақталған. Мәтін
соңында: «Қарақалпақтың бір оқыған, сауатты қарты Ілияс
дегеннен естіген» деп жазылған. Қолжазбадағы ауыз әдебиет
үлгілерін 1930-1933 жылдары Сәлімгерей Ғайниддинұлы
жинаған. Мәтін үлкен дәптерге қара, көк сиямен араб әрпінде
жинаушының қолымен жазылған. Қолжазбаны 1954 жылы
институт қорына профессор Мәтжан Тілеужанов тапсырған.
Томға мәтін қолжазба негізінде өзгертусіз дайындалды.
39. Шыңғыс хан туралы
(ІІ нұсқа)
Ханның дүниеге келгені жайлы аңыздың екінші нұс
қасында Найман тайпасының ханы Қайыптың қызы Күн
сұлу күн сәулесінен жүкті болады. Мұнда Алаша хан туралы
аңыздардағы хан көтеру мотиві бар. Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің
Қолжазба қорында (280-бума, 3-дәп.) сақталған. Қолжаз
баны 1969 жылы Семей облысынан Қалихан Алтынбаев
жинаған. Аңыз тор көзді дәптерге қазіргі қазақ әліпбиінде
көк сиямен жазылған.
ғылыми қосымшалар Томға ұсынылып отырған аңыз осы қолжазба бойынша әзірленді. 40. Шыңғысхан туралы аңыз (ІІІ нұсқа) Бұл нұсқада қыздың неден жүкті болғаны айтылмайды. Екінші нұсқада жүкті қызды Асукей тауып алса, мұн да қыз шешесі Домбауыл мергенге береді. Екінші нұсқада Шыңғысты Майқы би хан сайлайды, бұл нұсқада үш бауыр садақтарын сағымға оғы ілінген Шыңғыс хан болады. Аңыз нұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (242-бума, 3-дәп.) сақталған. Мәтін тор көз дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. 1962 жылы институт қорына Наурызбаев Әбілқасым жинап, тапсырған. Томға мәтін қолжазба нұсқасынан өзгертусіз дайындалды. 41. Шыңғыс хан (ІV нұсқа) Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒКның қорында (1177-бума) сақталған. Мәтін араб әрпінде көк сиямен жазылған. Ақын аңызды В.Радловтан алғаны жөнінде мәлімет береді: «Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған күнімізде неміс жұртынан шыққан Василеиш Радлов қазақ әдебиетін жинап бастырған екен. Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Қазақтың түбі» деп Василий Василеиш Радлов баспаға бастырған» (ОҒК: 1177. 279-б.). Бұл нұсқада Шыңғыс Алтынбел ханның қызынан туады. Ханның дүниеге келуі туралы балгерлер бал ашып біледі де, қызды қараңғы қапаста өсіреді. Мұнда да қыз күн сәулесінен жүкті болады.
тарихи аңыздар
Аңыз мәтінін профессор С.Дәуітов М.Ж.Көпеевтің екі
томдық жинағында (Таңдамалы. 2-том.—Алматы: Ғылым,
1992. 91-96-бб.) жариялады. 2006 жылы тарих ғылым
дарының кандидаты Естай Жүсіпов ақынның көптомды
ғында (М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 8-том. Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ, 2006. 16-24-бб.) жариялады.
Томға аңыз қолжазбадағы нұсқасы негізінде ұсынылды.
42. [Алаша хан]
Алаша хан туралы аңыздар ел арасында көп таралған.
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (985/1-бума,
2-дәптер) сақталған. Оларды 1985 жылы Павлодар облысы,
Шарбақты селосында Ахметов Жалелден Дүкенбаев Сайлау
жазып алып, қорға 1987 жылы өткізген. Аңыз машинкаға
басылған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді.
43. Майқы би
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (613-бума,1-дәп.) сақ
талған. Аңызды жинап, тапсырған—Иманбаев Омар. Мәтін
машинкаға басылған.
Томға аңыз аталған қолжазба негізінде ұсынылды.
44. Майқы би
Майқы бидің Алашаны хан сайлағаны жайындағы бұл
аңыз ел арасында кең таралған. Шығарма мәтіні ӘӨИ-дің
Қолжазба қорында (1010-бума, 6-дәп.) сақталған. Аңызды
1965 жылы қараша, желтоқсан айларында Астрахан және
Орынбор қалаларына барған іссапары кезінде Талиға Бек
хожина жазып алған. Мәтін машинкаға басылған.
Томға аңыз қолжазба негізінде өзгертусіз әзірленді.
ғылыми қосымшалар 45. Мөңке мен Аяз қарттың әңгімесі
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1062-бума,
2-дәп.) сақталған. Оны 1990 жылы фольклорлық практика
кезінде Қызылорда педагогикалық институтының студенті
А.Жақанова Балабаев Ыдырыс қарттың аузынан жазып
алған.
Томға аңыз қолжазба бойынша ұсынылды.
46. Данышпан Аяз
Аңыз «Дала уалаяты газетінің» 1897 жылғы 46-санында
жарыққа шыққан.
Томға мәтін аталған басылымның негізінде әзірленді.
47. [Аяз би]
Бұл аңыз нұсқасын қорға жинап, өткізген—Шымкент
қаласының тұрғыны Мұхамеджан Рүстемов. Машинкаға
басылған аңыз 1985 жылы институт қорына түскен. Мә
тін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1094-бума, 1-дәп.) сақ
талған.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде ұсынылды.
48. Ақсақ құлан, Жошы хан
Жошы хан туралы аңыздар ел арасынан кең таралған.
Бұл нұсқада хан баласының өлімін күйші жырмен жеткіз
ген. Машинкаға басылған мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
(985-бума, 2-дәп.) сақталған. Аңызды Балтабай Адамбаев ел
аузынан жинап, қорға тапсырған.
Томға мәтін қолжазба нұсқасы негізінде әзірленді.
тарихи аңыздар 49. Жошы хикаясы
Алаша хан Кетбұға күйші тартқан домбыраның күйі
нен баласынан айрылғанын біліп, өмірден түңіліп жа-
тып алғанда, баланың да Құдайдың аманаты екенін, оған
өкпелегеннің жөнсіз екенін түсінетіні баяндалады. Аңыз
ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (613-бума, 1-дәп.) сақталған. Ел
аузынан Омар Иманбаев жазып алған.
Томға мәтін қолжазбадағы нұсқа бойынша ұсынылды.
50. Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан
қазақ арасында бар сөз
Аңыз мәтіні «Дала уәлаятының газетіндең 1897 жылғы
13-14, 18 сандарында басылды. Атбасар уезі, Бағаналы
қазақтарының арасынан ел аузынан жазылып алынды.
Соңынан О.Әлжановтың қолы қойылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін осы нұсқадан өзгертусіз
дайындалды.
51. Жусанда туған жердің иісі бар
Бейбарыс сұлтан жайлы аңыз «Менің алғашқы энцик
лопедиям» жинағында (балаларға арналған ғылыми-таным
дық көпшілік басылым / құраст.: А. Ү. Сужикова, Ф. С. Ле-
керова, М. Қ. Солтанғазина.—Алматы : Алматыкітап, 2009)
жарияланды.
Томға осы нұсқа негізінде дайындалды.
52. Ақсақ Темір
(І нұсқа)
Томға Ақсақ Темірдің дүниеге келгені жайлы аңыздар
дың үш нұсқасы енгізілді. Аңыз нұсқаларында түс көру
ғылыми қосымшалар
мотиві бар. Бірінші нұсқада Темірдің анасы жылан туа-
ды, екінші нұсқада әкесі Тарағай би болат қылыш көреді,
үшінші нұсқада Тарағайдың әйелі Тәкинә түсінде Қызыр
әулиеден денесі жұмсақ, жүрегі қатты баланы тілеп алады.
Бірінші нұсқада шешесінің ішіне пышақ салғанда баланың
оң аяғына зақым келген, екінші нұсқада әйелдің үстін ауыр
таспен үйкелеткенде бір аяғы мыжылып туған. Үшінші нұс
қада баланың кемтарлығы жөнінде айтылмайды. Екінші,
үшінші нұсқада Темірдің шешесінің аты Тәкинә, ал бірінші
нұсқада—Сақыпжамал. Бұл нұсқада Теккене—анасының
сіңлісі.
Бұл нұсқа ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы 1206-бу-
мадан алынды. Қолжазбаны қорға А.Тұрғанбаев өткізген.
Аңыз томға осы нұсқа бойынша әзірленді.
53. Ақсақ Темір
(ІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақталған. Аңыздарды жинап, қорға тапсырған—А.Тұрған
баев.
Томға мәтін осы нұсқа бойынша әзірленді. 54. Ақсақ Темір
(ІІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1206-бума)
сақталған. Аңыздарды жинап, қорға тапсырған—А.Тұрған
баев.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде ұсынылды.
тарихи аңыздар 55. Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы
(І нұсқа)
Ақсақ Темірдің хан болғаны жайлы аңыз ел арасына кең
таралған. Бірнеше нұсқалары кездеседі. Томға екі нұсқасы
ұсынылып отыр. Аңыздың бірінші нұсқасында Темір тасқа
өрмелеген құмырсқаға қарап талаптанады, ал екінші нұсқа
да етке өрмелеген тышқанды көріп хан болуға ұмтылады.
Аңыз мәтіні ОҒК қорына 1941 жылы Қазақстан зерттеу
қоғамынан түскен екен. Соңында «Бұл ертегіні мен Мер-
генбай Мақаш деген адамнан жазып алдым» деп жазылған.
Мәтін көк сиямен, латын әрпінде хатқа түскен. ОҒК-ның
Сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (187-бума, №1)
сақталған.
Томға мәтін қолжазба бойынша өзгеріссіз әзірленді. 56. Ақсақ Темір туралы
(ІІ нұсқа)
Аңыздың бұл нұсқасын Құдайберген Жалмағамбетовтың
айтуынан Зердебай Бекарыстанов жазып алған. Мәтін ОҒК-
ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (426-бума,
№6) сақтаулы. Қара сиямен, латын әрпінде жазылған.
Томға мәтін осы қолжазбадан өзгеріссіз алынды.
57. Сәтемір хан (Ақсақ Темір)
Аңыз «Дала уәлаяты газетінің» 1889 жылғы №5 әдеби
қосымшасының 15-16 беттерінде басылды.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 58. Ақсақ Темір
Бұл аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1094-бума,
1-дәп.) сақталған. Аңызды 1980 жылы қорға тапсырған�
—М.Рүстемов.
Томға мәтін осы нұсқа бойынша әзірленді. 59. Әмір Темір көреген
(І нұсқа)
Аңыз М.Ж.Көпейұлының көптомдықтарында (Шығар
малары. 8-том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. 89-92-бб.;
М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 11-том. Алматы: «Ел-шежі
ре», 2011. 35-38 бб.) жарияланды.
Томға мәтін алдыңғы жинақ негізінде әзірленді.
60. Әмір Темір көреген
(ІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні томға ОҒК-ның Сирек кітаптар және қол
жазбалар қорында сақталған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ма-
териалдары (1177-бума) негізінде дайындалды.
61. Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі
Аңызды ел арасынан Қарағанды облысы, Шет ауданы-
нан Өкпенов Ибрагим жинаған. Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында (131-бума, 1-дәп.) сақтаулы. Машинкаға басылған.
Институт қорына 1959 жылы түскен.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде дайындалды.
тарихи аңыздар 62. Әмір Темірді тоқтатқан ана
Аңыз 1987 жылы Қазалы аудандық «Ленин туы» газетін
де жарыққа шықты. Бұл нұсқаны ӘӨИ-дің Қолжазба қоры
на (1124-бума, 101-дәп.) ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы
Еркін Құлпейісов өткізген.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде әзірленді. 63. Ақсақ Темір мен домбырашы
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1059-бума,
3-том) сақталған. Аңызды қорға батысқазақстандық ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушы Айсұлу Бисенғалиқызы тап
сырған.
Томға мәтін осы үлгі негізінде ұсынылды. 64. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына
кесене тұрғызуы]
(І нұсқа)
Аңыз томға ОҒК-да сақталған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
материалдарынан (1177-бума) алынды.
65. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына
кесене тұрғызуы]
(ІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында сақталған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің материалдары
(1177-бума) негізінде дайындалды.
ғылыми қосымшалар 66. Байшегір баба Аңызды Мұғалімбай Жылқыайдаров «Қазақ батырлары» газетінде (№7(36). Шілде. 2001) жариялады. Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді. 67. Хулаку қырушы Бұл аңыз ОҒК-нің Сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (1176-бума) сақталған. Аңызды Мәшһүр Жүсіп Кө пеев жинаған. Ақынның көптомдығында (М.Ж.Көпейұлы. Шығармалар. Павлодар: «ЭКОң ҒӨФ, 2006. 99-102-бб.) жарияланған. Томға мәтін қолжазбадағы түпнұсқа негізінде дайындалды. 68. [Өзбек хан туралы] Аңыз «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» (Құрастыр.: Б.Қорғанбек. Алматы: «Эффект», 2011) жинағында жарық көрді. Томға мәтін жинақтағы нұсқа негізінде ұсынылып отыр. 69. Әз Жәнібек Аңыз «Қазақ батырлары» газетінде (№3(32). 2001) Тұр сынбай Шаяновтың Шоған абызға арналған мақаласында берілген. Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды.
тарихи аңыздар 70. [Әз Жәнібек пен шал]
Қазақбаев Әбдісәметтің айтуы бойынша жазылып
алынған аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қол
жазбалар қорында (205-бума) сақтаулы. Машинкаға ба
сылған.
Томға мәтін осы қолжазба бойынша дайындалды. 71. Қойшы бала
Аңыз «Дала уәлаятының газетінің» 1898 жылғы 3-са
нында жарияланған.
Томға мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды.
72. Асанқайғы
Аңызды ел арасынан Қарағанды облысы, Шет ауданы-
нан Өкпенов Ибрагим жинаған. Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында (131-бума, 1-дәп.) сақталған. Машинкаға басылған.
Институт қорына 1959 жылы түскен.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде дайындалды. 73. Асанқайғы туралы аңыз
(І нұсқа)
Аңыз нұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (242-бума,
3-дәп.) сақталған. Мәтін тор көз дәптерге көк сиямен араб
әрпінде жазылған. 1962 жылы институт қорына Наурызбаев
Әбілқасым жинап, тапсырған.
Томға мәтін қолжазба нұсқасынан өзгертусіз дайын-
далды.
ғылыми қосымшалар 74. Асан қайғы (ІІ нұсқа) Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (191-бума, 2-кітап) сақталған. Қолжазбаны Сарымсақов Мұхамбетқали жина ған. Мәтін қара, көк сиямен араб әрпінде жинаушының қо лымен үлкен дәптерге түсірілген. Институт қорына 1957 жы лы Балтабай Адамбаев тапсырған. Томға мәтін осы қолжазба бойынша өзгертусіз ұсы нылды. 75. Қасенханның Асанқайғы атануы (ІІІ нұсқа) Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо рында (333-бума, №9) сақталған. Аңызды 1934 жылы Қып шақбайұлы Сқақбектің айтуы бойынша Мадияр Ермаған бетұлы жазып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде хатқа түскен. Томға мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды. 76. Асан қайғы (ІV нұсқа) Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (333-бума, №10) сақтаулы. Туындыны Зейнолла Раев жинаған. Томға мәтін түпнұсқадан өзгертусіз дайындалды. 77. Асан қайғы (І нұсқа) Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (464-бума, 5-дәп.) сақтаулы. Қолжазбаны 1950-1956 жылдары Мұрат
тарихи аңыздар
Құсниев жинап, тапсырған. Мәтін көк сиямен араб әрпінде
жинаушының қолымен үлкен дәптерге түсірілген.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде әзірленді.
78. Асан қайғы туралы
(ІІ нұсқа)
Бұл аңызды Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай
совхозының тұрғыны Төлеу ақсақалдан Ләззат Басирова
жазып алған. Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.910/5)
сақталған. Бұл—Мәтжан Тілеужановтың Батыс Қазақстан
өлкесіндегі ауыз әдебиет үлгілерін жинаған материалдары.
Мәтін томға түпнұсқа бойынша дайындалды.
79. [Асан қайғы мен Орманбет хан]
(ІІІ нұсқа)
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қорын
да (333-бума, №15) сақталған. Туынды Алматы облысынан
жиналған. Мәтінді 1923 жылы Сабыржан Шәкіржанов хат
қа түсірген. Оқиға сюжетіндегі Орманбет хан басқа аңыздар
да Әз Жәнібек бейнесінде беріледі.
Томға мәтін түпнұсқадан өзгеріссіз әзірленді.
80. Асанқайғы мен Әз Жәнібек
(ІV нұсқа)
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1006-бума, 1-дәп.)
сақталған. Оны ел арасынан Балтабай Адамбаев жинаған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
ғылыми қосымшалар 81. Асанқайғының хан аталуы
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (333-бума, №9) сақталған. Оны 1939 жылы Қып
шақбайұлы Сқақбектің айтуы бойынша Мадияр Ерма
ғанбетұлы жазып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде
хатқа түскен.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.
82. Асан қайғы туралы
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1202-бума) сақталған.
Аңызды жинаған—Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Араб әрпінде
жинаушының қолымен жазылған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді.
83. Асан қайғы
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (926-бума, 1-дәп.)
сақталған. Аңызды С.Тырапбековтің аузынан Қарағанды
Мемлекеттік университеті филология факультеті қазақ
әдебиеті кафедрасының студенті Ж.Әбдірахманова хатқа
түсірген.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды.
84. Асан қайғы
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (333-бума, №9) сақталған. Аңызды Құдайберген Жал
мағамбетовтың айтуы бойынша Мадияр Ермағанбетұлы жа-
зып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде жазылған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде өзгеріссіз дайындалды.
тарихи аңыздар 85. [Асанқайғының ұлы Абат]
Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (464-бума, 2-дәп.)
сақтаулы. Қолжазбаны 1950-1956 жылдары Мұрат Құсниев
жинап, қорға тапсырған. Мәтін көк сиямен араб әрпінде
жинаушының қолымен үлкен дәптерге жазылған.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде әзірленді. 86. Асанқайғының ұлы Абат пен қыз
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (333-бума, №5) сақталған. Аңызды Диқанбаев жина
ған (есімі көрсетілмеген). Мәтін қара сиямен араб әрпінде
хатқа түсірілген.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде ұсынылды. 87. Асан қайғының баласы Абат туралы
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (333-бума, №9) сақталған. Аңызды 1939 жылы Қып
шақбайұлы Сқақбектің айтуы бойынша Мадияр Ермаған
бетұлы жазып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде хатқа
түсірілген.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.
88. Асанқайғы баласы Әбет сөзі
(І нұсқа)
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (333-бума, №9) сақталған. Аңызды 1939 жылы Қып
шақбайұлы Сқақбектің айтуы бойынша Мадияр Ерма
ғанбетұлы жазып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде
жазылған.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 89. Асан қайғы туралы
(ІІ нұсқа)
Бұл аңызды Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ал-
тай совхозының тұрғыны Төлеу ақсақалдан Ләззат Ба-
сирова жазып алған. Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
(Ш.910/5) сақталған. Бұл—Мәтжан Тілеужановтың Ба-
тыс Қазақстан өлкесіндегі ауыз әдебиет үлгілерін жинаған
материалдары.
Абаттың Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты
«Жақсы қылыш» деген жерде көл басында қабірі бар делі
неді. Ол ерте кезде сол көлге ат суарып тұрғанда жайын жұ
тып, содан өлген, сондықтан көл басына қойылған екен де-
рек бар. Ал өзі өте ірі кісі болса керек. «Қабірінің ұзындығы
4-5 метрдей болады» деген сөздер бар.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде дайындалды.
90. Ежен хан
(ІІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1090-бума,
1-дәп.) сақтаулы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Ізжан
Жалғасов үлкен дәптерге өз қолымен жазып, 1962 жылы
институт қорына тапсырды. Аңыз соңында «Жақсықылыш
тауының үстінде сары мрамордан салынған бейіт бар. Ені
сырт көлемінен 4 метр, ұзыны 7 метр болады. Бейіттің үсті
түгелдей құлаған. Астыңғы бір қатары түгелімен бүтін жа-
тыр. 1961 жылы жаз айында екі мәрте үстінен түсіп көр
дім. Қара жорғаны қаңтарып, шылбырдың ұшын шұбалтып
келіп басында бір майдан отырдым. Ол бейіттің кім екенін
білмеген Ізжан» деген мәлімет берілген.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды.
22-137
тарихи аңыздар 91. Асан қайғының інісі Адақ батыр
(ІV нұсқа)
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (827-бума, 2-дәп.)
сақталған. Аңызды Әбдісәмет Қазақбаевтың айтуы бойын
ша Мұқаш Мәжікеев жинап тапсырған. Қолжазба араб әр
пінде, көк сиямен үлкен қалың дәптерге түсірілген.
Томға мәтін түпнұсқа бойынша өзгертусіз дайындалды.
92. Абат батыр туралы аңыз-әңгіме
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1090-бума,
1-дәп.) сақтаулы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Ізжан
Жалғасов үлкен дәптерге өз қолымен жазып, 1962 жылы
институт қорына тапсырған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды. 93. Асан қайғы және Әмет батыр
Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (464-бума, 4-дәп.)
сақтаулы тұр. Қолжазбаны 1950-1956 жылдары Мұрат
Құсниев жинап тапсырған. Мәтін көк сиямен араб әрпінде
жинаушының қолымен үлкен дәптерге түсірілген.
Томға мәтін осы қолжазба негізінде әзірленді. 94. Асан қайғының қызы Жұпар
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (333-бума, №9) сақталған. Аңызды 1939 жылы
Қыпшақбайұлы Сқақбектің айтуы бойынша Мадияр Ерма
ғанбетұлы жазып алған. Мәтін қара сиямен араб әрпінде
хатқа түсірілген.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 95. Хан Әз Жәнібек пен қыз
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (1081-бума, №2) сақтаулы. Машинкаға басылған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
96. Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз
Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (631-бума, 4-дәп.)
сақталған. Аңызды 1965 жылы Хамит Тілеубаев жинап,
қорға тапсырған. Мәтін көк сиямен араб әрпінде хатқа тү
сірілген. Сюжеті жағынан Алаша ханның өлімін естірткен
аңызға ұқсас.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде өзгертусіз дайындалды.
97-105. Жиренше
(Бірінші-тоғызыншы әңгімесі)
Тоғыз әңгімеден тұратын бұл аңыз 1909 жылы Қазан
қаласында «Ағайынды Каримовтерң баспасынан шығарыл
ды. Ең алғашқы бетінде:
«Ат қойдым бұ кітапқа деп «Жиренше»,
Сөйлейін айып етпе кез келгенше.
Басы қымбат бұ кітаптың, сөзі алтын,
Берілмейді арзанға сіз дегенше»,—
деп, дайындаушы Әбділхаким Әбдешовтың аты көрсетілген.
Томға мәтіндер осы кітап бойынша әзірленді. 106. Жиренше шешен мен хан
Аңыз «Дала уәлаяты газетінің» 1893 жылғы 2-санында
жарияланды. Соңынан М.Ж.Көпеевтің қолы қойылған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды.
тарихи аңыздар 107. Жиренше мен Әз Жәнібек
Бұл аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (1010-
бума, 6-дәп.) сақталған. Аңызды 1965 жылы қараша,
желтоқсан айларында Астрахан және Орынбор қалаларына
барған іссапары кезінде Хайырлы Төрешұлының айтуы-
нан Талиға Бекхожина жазып алған. Мәтін машинкаға
басылған.
Томға аңыз қолжазба негізінде өзгертусіз әзірленді.
108. Жиреншенің хан сынағына түскені
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақтаулы.
Томға мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды.
109. Жиренше туралы
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қорын
да (1565-бума) сақталған. Мәтінді 1947 жылы Мәшһүр Жү
сіп Көпеевтің қолжазбасынан Жолмұрат Жүсіпұлы көшіріп
алып, қорға тапсырған.
Томға мәтін түпнұсқадан өзгеріссіз ұсынылды. 110. Жиреншенің ұшқырлығы
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазба
лар қорында (1081-бума, №2) сақтаулы. Мәтін машинкаға
басылған.
Томға аңыз осы нұсқа негізінде әзірленді.
ғылыми қосымшалар 111. Жиренше шешен
Бұл аңыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ӘӨИ-дің Қолжазба
қорында сақтаулы (1202/1-бума) материалдарынан алынды.
Араб әрпінде ақынның өз қолымен жазылған.
Томға мәтін түпнұсқадан өзгертусіз әзірленді.
112. Жиренше шешен
Бұл аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазба
лар қорында (1058-бума) сақталған. Аңызды 1946 жылы
Темірғали Исмаилов жинаған. Мәтін латын әрпінде машин
каға басылған.
Томға аңыз түпнұсқа бойынша дайындалды. 113. Жиренше шешен
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (920/55-бума) сақ
талған. Оны Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызыл
Ту колхозында (Шыршық өзенінің жағалауында) тұратын
Қожахан Иматұлы әңгімелеген. 2002 жылы Шымкент
қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университе
тінің студенттері фольклорлық практика кезінде жинаған
материалдарынан алынды. Материалдарды жинақтап, қорға
тапсырған—филология ғылымдарының докторы, профессор
Қыдырәлі Саттаров.
Мәтін томға осы қолжазба негізінде дайындалды.
114. Жиреншенің Қарашашқа құда түсуі
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқадан дайындалды.
тарихи аңыздар 115. Жиренше туралы Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (910/2-бума) сақ талған. Бұл—Мәтжан Тілеужановтың Батыс Қазақстан өлкесіндегі ауыз әдебиет үлгілерін жинаған материалдары. Мәтін томға түпнұсқа бойынша дайындалды. 116. Жиренше шешеннің Қарашашпен қосылуы Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (508-бума, 7-дәп.) сақтаулы. Аңызды Қарқаралы ауданынан Ысқақ Өмірұлы ның айтуынан Көшен Елеуов жазып алған. Қолжазба араб әрпінде көк сиямен хатқа түсірілген. Томға мәтін осы нұсқа негізінде дайындалды. 117. Жиренше туралы Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қорын да (1565-бума) сақталған. Мәтінді 1947 жылы Мәшһүр Жү сіп Көпеевтің қолжазбасынан көшіріп, қорға тапсырған— Жолмұрат Жүсіпұлы. Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды. 118. Жиренше Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо рында (1565-бума) сақталған. Мәтінді 1947 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбасынан көшіріп, қорға тапсыр ған—Жолмұрат Жүсіпұлы. Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 119. Жиренше туралы
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (1565-бума) сақталған. Мәтінді 1947 жылы Мәшһүр
Жүсіп Көпеевтің қолжазбасынан көшіріп, қорға тапсыр
ған—Жолмұрат Жүсіпұлы.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды. 120. Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа
бала болғаны
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқадан дайындалды.
121. Жиреншенің баласы
(І нұсқа)
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқадан дайындалды.
122. Жиреншенің баласы
(ІІ нұсқа)
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
123. Жиренше туралы әңгіме
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (1565-бума) сақталған. Мәтінді 1947 жылы Мәшһүр
тарихи аңыздар
Жүсіп Көпеевтің қолжазбасынан көшіріп, қорға тапсыр
ған—Жолмұрат Жүсіпұлы.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде ұсынылды.
124. Жиреншенің қыз таңдауы
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (137-бума, 9-дәп.)
сақталған. Ел арасынан естіп, ХХ ғасырдың отызыншы
жылдары хатқа түсірткен—Салихов Хаба. Қорға 1957 жы
лы тапсырылған.
Томға мәтін түпнұсқадан өзгертусіз дайындалды. 125. Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (137-бума,
9-дәп.) сақталған. Ел арасынан естіп, ХХ ғасырдың отызын-
шы жылдары хатқа түсірткен—Салихов Хаба. Қорға 1957
жылы тапсырылған.
Томға мәтін түпнұсқадан өзгертусіз дайындалды. 126. Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында
Бұл аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (917/11-бума,
3-дәп.) сақталған. Аңызды ауыз әдебиеті үлгілерін жи
наушы Әлқуат Қайнарбаев ел арасынан жинап, 1969 жы
лы Институт қорына тапсырған. Мәтін жинаушының өз
қолымен араб әрпінде қарындашпен түсірген.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді.
127. Жиренше
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
ғылыми қосымшалар 128. Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе
Бұл аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (1058-бума) сақталған. Аңызды 1946 жылы Те
мірғали Исмаилов жинап, қорға тапсырған. Мәтін латын
әрпінде машинкаға басылған.
Томға мәтін түпнұсқа бойынша дайындалды. 129. Жиреншенің қартайған шағы
Аңыз мәтіні ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар
қорында (28Д-бума) сақталған.
Томға мәтін осы нұсқа негізінде әзірленді.
130. Орманбет хан әңгімесі
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒК-
ның қорында (1177-бума) сақталған. Мәтін араб әрпінде көк
сиямен хатқа түсірілген.
Аңыз ақынның көптомдығында (Көпейұлы М.Ж. Шы
ғармалары. 11-том. Алматы: «Ел-шежіре», 2011. 26-29-бб.)
жарияланды.
Томға аңыз қолжазба нұсқасы негізінде ұсынылды.
131. Еңсегей бойлы ер Есім
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒК-
ның қорында (1645-бума) сақталған. Мәтін араб әрпінде көк
сиямен хатқа түсірілген.
Мәтінді
жылы
С.Дәуітовтің
дайындауымен
(М.Ж.Көпеев. Таңдамалы. 2 том. Алматы, 1992. 146-148-бб.)
басылым көріп, 2006 жылы Естай Жүсіпов ақынның көп
тарихи аңыздар
томдығында (Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 8-том. Павло-
дар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. 140-144-бб.) жарияланды.
Томға аңыз қолжазба нұсқасы негізінде ұсынылды.
132. Едіге батыр туралы
Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.910/3) сақталған.
Бұл—Мәтжан Тілеужановтың Батыс Қазақстан өлкесіндегі
ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған материалдары.
Мәтін томға түпнұсқа бойынша дайындалды.
133. Тоқтамыс хан мен Едіге батыр
Аңыз ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (464-бума,1-дәп.) сақ
таулы. Мәтін соңында: «Қарақалпақтың бір оқыған сауатты
қарты Ілияс дегеннен естіген» деп жазылған. Қолжазбада
ғы ауыз әдебиеті үлгілерін 1930-1933 жылдары Сәлімгерей
Ғайниддинұлы жинаған. Мәтін үлкен дәптерге қара, көк
сиямен араб әрпінде жинаушының қолымен жазылған.
Қолжазбаны 1954 жылы институт қорына Мәтжан Тілеу
жанов тапсырған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде өзгертусіз дайындалды. 134. Ер Едіге
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒК-
ның қорында (1177-бума) сақталған.
Аңыз мәтінін 2006 жылы Естай Жүсіпов ақынның
көптомдығында (Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 8-том.
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. 102-106-бб.) жариялады.
Томға аңыз қолжазба нұсқасы негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 135. Ер Едіге
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒК-
ның қорында (1177-бума) сақталған.
2006 жылы Естай Жүсіпов ақынның көптомдығында
(М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 8-том. Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ, 2006. 106-114-бб.) жариялады.
Томға аңыз қолжазба нұсқасы негізінде ұсынылды.
136. Ер Едіге
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ӘӨИ-
дің Қолжазба қорында (1202/1-бума) сақталған. Мәтін араб
әрпінде көк сиямен хатқа түскен.
Томға аңыз қолжазба нұсқасы негізінде ұсынылды.
137. Едіге батыр
Аңыз мәтіні «Қазақтың би-шешендері» кітабынан (Тө
реқұлов Н., Қазбеков М. 1,2-кітап.—Алматы: Жалын, 1993.
181-б.) алынды.
Томға мәтін сол нұсқа негізінде әзірленді.
138. Едігенің төресі
Аңыз «Дала уәлаяты газетінің» 1900 жылғы 47-санын-
да басылған. Соңынан «Орта жүз» деп қол қойылған. «Орта
жүз»—Отыншы Әлжановтың бүркеншік аты.
Мәтін томға осы нұсқа негізінде дайындалды.
тарихи аңыздар 139. Едіге туралы
Аңыз
мәтіні
«Қазақтың
би-шешендері»
кітабында
(Төреқұлов Н., Қазбеков М. 1,2-кітап.—Алматы: Жалын,
1993. 182-185-бб.) басылым көрді.
Томға мәтін сол нұсқа негізінде әзірленді. 140. Едігенің төрелігі
Бұл аңызды Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай
совхозының тұрғыны Төлеу ақсақалдан Ләззат Басирова
жазып алған. Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.910/5)
сақталған. Бұл—Мәтжан Тілеужановтың Батыс Қазақстан
өлкесіндегі ауыз әдебиет үлгілерін жинаған материалдары.
Мәтін томға түпнұсқа бойынша дайындалды.
141. Ер Тарғын туралы аңыз
Аңыз ОҒК-ның Сирек кітаптар және қолжазбалар қо
рында (426-бума, 6-дәп.) сақтаулы. Зердебай Бекарыстанов
1940 жылы ел аузынан жинап, оқушы дәптеріне латын әр
пінде қара сиямен хатқа түсірген. Жырдың машинкаға
басылған нұсқасы ОҒК-ның қорында (373-бума, 2-дәп.)
сақталған.
Томға мәтін түпнұсқасы бойынша әзірленді.
142. Шора батыр
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒК-
ның қорында (1177-бума) сақталған. Мәтін араб әрпінде көк
сиямен хатқа түсірілген.
Аңыз ақынның көптомдығында (Көпейұлы М.Ж. Шығар
малары. 10-том.—Алматы: «Ел-шежіре», 2011. 30-35-бб.)
жарияланды.
Томға аңыз қолжазбадағы нұсқасы негізінде ұсынылды.
ғылыми қосымшалар 143. Шора батыр Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒКның қорында (1177-бума) сақталған. Аңыз ақынның көптомдығында (Көпейұлы М.Ж. Шы ғармалары. 10-том.—Алматы: «Ел-шежіре», 2011. 36-б.) жарияланды. Томға аңыз қолжазбадағы нұсқасы негізінде дайындалды. 144. [Шора батыр] Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған аңыз нұсқасы ОҒКның қорында (1645-бума) сақталған. Аңыз ақынның көптомдығында (Көпейұлы М.Ж. Шығар малары. 10-том.—Алматы: «Ел-шежіре», 2011. 26-29-бб.) жарияланды. Томға аңыз қолжазбадағы нұсқасы негізінде ұсынылды. 145. Тәттібике Аңызды «Қазақ батырлары» газетінде (№2(67). 2004) соғыс, еңбек ардагері Күмісбек Мырзахметұлы құрастырып жариялаған. Томға мәтін осы нұсқа бойынша дайындалды.
Мәтіндерде кездесетін тарихи, діни есімдер, ұлт-ұлыстар мен ру-тайпалар туралы мәліметтер Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны— Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептеле тін қасиетті қара тас бар. ∗ Құран Кәрім. 112- «Ихлас» сүресі. ∗∗ (с.а.с.)—салла Аллаһу аләйһи уассалам /а /—Алланың оған жақсылығы мен жарылқауы болсын.
ғылыми қосымшалар
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайы
рымдылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан
тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала
(ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Ра-
хым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріп (қасиетті),
Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр
(кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін
отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы
жүзеге асады.
Мұхаммед (Мұхаммед ибн Абдулла Әбу-л Қасым)—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы,
тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла
Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге кел-
ген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келме-
стен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла
алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.
Алла Тағаланың алғашқы жарлықтары (уаһи) рамазан
айында хазірет Мұхаммедке Меккеден үш шақырым жерде
гі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында
түскен. Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табы-
натын дін—исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бас
тайды Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтар
дың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне
қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бір
ге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ис-
лам жыл санауының басы деп есептеледі.
тарихи аңыздар
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәди
не қаласында қайтыс болды.
Аристотель—грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті,
Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптар
ға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика,
ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, сая-
сат, үкімет, этика, биология және зоология.
Алаша хан—тарихшылардың пайымдауынша, Алаша
ханның прототипі Моғолстанның ханы, Жүніс ханның бала-
сы Ахмет, ол 1465—1503 жылдар аралығында өмір сүрген.
Ал, Моғолстан—XІV ғасырдың орта тұсынан XV ғасырдың
бас кезіне дейін Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде өмір
сүрген мемлекет.
Аяз би (шамамен ХІІ-ХІІІ ғғ.)—қазақ халқының ежел
ден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен
ақылгөй абыз, шешен, биі. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнін
де әртүрлі деректер бар. Кейбір деректер бойынша, Аяз би
мен оның серігі Құмырсқа батырды Майқы би дәуірінде
өмір сүрген дейді. Аяз би өзінің даналығы арқасында
Мадан ханның бірнеше сынынан өтіп, оның уәзірі болады.
Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі
болыпты. Ол екеуі көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік,
бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан Майқы би халық
тағдыры, ел жағдайы жөнінде олармен ақылдасып, ой-пікір
алысып отырады.
Асукей—Әлемге әйгілі жиһангер, қолбасшы Шыңғыс
ханның әкесі.
Алтай-қарпық—қазақ халқының құрамындағы рулар
тобы. Алтай-қарпық түріктің қарлұқ бұтағынан өрбіген.
Ертеде Алтай тауларының бөктерін мекендегендіктен ал
ғылыми қосымшалар
тайлық қарлұқтар деп аталған. Осы алтайлық қарлұқтар
қалың қазақ арасына келген соң Алтай-қарпық аталып
кеткен.
Арыстан бап—әулие, Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың
замандасы, Ахмет Ясауидің ұстазы. Діни аңыздар бойынша,
ол Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың аманат қалдырған киелі
құрмасын (финики) тілінің астына сақтап келіп, Ахмет
Ясауиге тапсырған. Халықта «Арыстан бапқа түне, Қожа
Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан баптың
басына орнатылған күмбез Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданындағы Қоғалы ауылында.
Асан қайғы Сәбитұлы (ХІV ғ. ақыры – ХV ғ. басы)—
мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей
мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит
Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан
ата кесенесі Асан қайғы мазары делінеді. Елі мен жұртының
болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды ха
лық Асан қайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт
артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксе
ген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының
түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. Асан қайғы елінің
сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге
келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін
өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп
атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс
қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге
байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге
дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.
Әл-Фараби (870-950 ж. ш.)—әлемге әйгілі ойшыл, фило-
соф, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, линг-
вист, логика, музыка зерттеушісі. Түркі ойшылдарының ең
23-137
тарихи аңыздар
атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама.
Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның
ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамы
ған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Пар-
сы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар
жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ой
шыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен
көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика,
метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, мате-
матика, медицина, музыка салаларынан трактаттар жазып
қалдырды.
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, Ақсақ Темір,
Темірлаң) (1336-1405 жж.)—қолбасшы, мемлекет қай
раткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған.
Ол 1336 жылдың тоғызыншы сәуірінде Түркістанның ма
ңындағы Қожа-Илгар Кеште өмірге келген. Жас кезінде сол
Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған.
Әмір Темір алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі
болған. Моғолстан ханы Тоғлық Темірмен, Балқ пен Самар
қан әмірі Хұсайынмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жы
лы Мауранахрды өзіне қаратты. Әскерінің тегеурінді ша-
буылдары арқасында Хорезм, Шығыс Түркістан, Герат,
Хорасан, Қандағар, Сұлтания, Тебриз, Иран және Ауғанстан
иеліктері қол астына қарайды. Бірнеше дүркін жорық
тан соң Алтын Орданы күйретеді. Үндістан, Сирия, Ливан
жерлерін басып алады. Осман империясын талқандап, тү
рік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындайды. 1405 жылы
Қытайға жорыққа шыққанда жолда Отырарда қайтыс бо-
лады. Сүйегі Самарқандағы Гөр-Әмір кесенесіне жерлен-
ген. Халық арасында және тарихи деректерде Ақсақ Темір,
Әмір Темір Көреген деген ныспылары кең тараған. Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салдырған.
ғылыми қосымшалар
Әз Жәнібек (ХV ғасырдың басы – 1470)—Қазақ хандығы
ның негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның ұрпағы,
Барақ ханның кіші ұлы. 1457-58 жылдары туысы Керей хан-
мен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. Керей ханнан
соң, 1465-66 жылдан 1470 жылдардың басына дейін Қазақ
хандығының екінші ханы болды. Дешті Қыпшақтың басым
бөлігінде Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығының билігі
орнайды. Қазақ хандығы жеке ел болды.
Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі
мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. XV ғ. орта
шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпала-
ры бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады.
Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас
өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда
көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды
басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Бабай Түкті Шашты Әзіз—мұсылман дінінің орны
ғуына аса зор еңбек сіңірген қайраткер. Оның мазары Оң
түстік Қазақстан облысы, Созақ ауданына қарасты Жылы
бұлақ деген жерде. Қыпшақ тілдес түркі халықтарының
аңыздары мен жырларының көпшілігінде Баба түкті шаш-
ты Әзіз Едігенің әкесі екені айтылады. Дегенмен, акаде-
мик В.Бартольд өзінің «Отец Едигея» атты арнайы ғылы
ми зерттеуінде Едігенің әкесінің аты—Балтышақ екенін,
Балтышақтың Орыс хан ұлы Темір Мәліктің қарамағында
беглербегі қызметін атқарғанын, Тоқтамыс ханның қолынан
қаза тапқанын анықтаған.
Бәйдібек (шамамен VІ-VІІ ғасырлар тоғысында өмір
сүрген)—қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық
және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп
еңбек сіңірген тарихи тұлға. Шежіре бойынша, Ұлы жүз
дің Үйсін бірлестігі құрамындағы албан, суан, дулат, сары
үйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпаларының түп ата-
тарихи аңыздар
сы. Бәйдібектің есімі жазба деректерге аз кездескенімен,
халық жадында жақсы сақталған. Ол дәулеті шалқыған
байлығымен, ұлысты басқарған парасаттылығымен белгі
лі. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау
өлкелерін жайлаған елді басқарған. Халық жадындағы көп
деректер Бәйдібектің жеке өміріне байланысты. Оның үш
әйелі болған. Бірінші әйелі Сары бәйбіше Байтоқты атты ұл
туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі
Зеріптен туған Жалмамбеттен Шапырашты, Ошақты, Ысты
өрбиді. Үшінші әйелі әулие Домалақ ана деген атпен белгі
лі Нұриладан Тілеуберді (ел арасында Жарықшақ немесе
Жарықбас), одан Албан, Суан, Дулат тараған. Бәйдібек бидің
осы немерелері VІІ ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп,
қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Бәйдібек
сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. 1998 жылы
Бәйдібектің Қарахан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің
орнына Бәйдібек және Қасиетті бес ана тарихи ескерткіш
кешені жаңадан салынды. Оңтүстік Қазақстан облысының
бұрынғы Алғабас ауданына Бәйдібек есімі берілді.
Бейбарыс (1223-1277)—түркі әулеті Бахриден шыққан
мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны
тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.
Оның шыққан тегі—қыпшақ. Бейбарыс Дамаскінің база-
рында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа
қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари
деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін
байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин
оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп ала-
ды. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста мамлюк қолы моңғол
дардың тас-талқанын шығарады. Осы соғыста Бейбарыс
ер жүректілігімен айрықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, неге
екені белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты
елеусіз қалдырады. Осыған өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес
адамдармен келісіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді.
ғылыми қосымшалар
Жақтастары Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялай
ды. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, канал-
дар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған
мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.
Боғра хан—Қарахан мемлекетінің негізін салған, қаған.
Бақырғани Сүлеймен—орта ғасырларда қазақ дала
сында өмір сүрген дін қайраткері, талантты шайыр. Ах-
мед Ясауидің басты шәкірті саналатын Бақырғанидің
көптеген хикметтері мен дастандары ғасырларды көктей
өтіп біздің заманымызға жетті. Оның «Миғраж-наме»,
«Бибі Мәриям», «Ақырзаман кітабы» т.б. шығармалары
бүкіл Орта Азия халықтарына тараған, мұсылмандардың
сүйіп оқыған кітаптары. Сондай-ақ ақын мистик ретінде
сопылық әдебиеттің дамуында үлкен із қалдырды. Шамамен
1186 жылдары Хорезмде өмірден өткен.
Ғайып ерен, қырық шілтен—мұсылмандар арасында
сопылық ілім ықпалымен тараған түсінік бойынша ерекше
қасиеттерге қол жеткізген әулиелер. Қазақ фольклорының
кейіпкерлері әдетте Құдаймен коса «Ғайып ерен, қырық
шілтен», «Ғаусыл-ғиас» т.б. әулие-пірлерді рухани көмекке
шақырады. Әулиелердің әр тобының өз қызметі, тапсырмасы
болады. Ғайып еренге жататын әулиелер көбінесе өздерінің
құпияларын көпшіліктен жасырын ұстайды. Ғайып ерен
нің негізгі сипаты және мақсаты—жанашырлық танығыш,
адамдарға әрқашан көмекке келу, рухани жолға түскендер
ге жол сілтеп, бата беру, жолаушыға, қысылған адамға қол
ұшын беру т.б. Қыдыр да Ғайып еренге, оның ішіндегі қырық
шілтенге (абдал) жатады.
Домалақ ана (Нұрила) (шамамен VІ-VІІ ғғ.)—тарихи
тұлға, халықтық шежіреде Ұлы жүз бірлестігіндегі кейбір
рулардың түп анасы, абызы ретінде баяндалады. Аңыздар
тарихи аңыздар
да Домалақ ана—түркістандық Мақтым Ағзам қожаның
немересі. Әкесінің есімі—Әли Сылан, анасының есімі—
Нұрбике. Бәйдібек биге тұрмысқа шығып, ақылдылығымен,
даналығымен, тазалығымен елге аты шығады. Тағы бір аңыз
бойынша, түп тегі түрікпен Қара Хайдар Домалақ ананың
даналығына тәнті болып, «Диһнат мама» (парс.—Әулие ана)
деп атапты. Уақыт өте келе тілдің дыбыстау заңдылығына
орай өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Дома
лақ ана ел арасындағы ушыққан дау, асқынған араздықтың
бейбіт шешімін табуға да өз үлесін қосып отырған. Ел би-
леген азаматтардың өзі кейбір келелі мәселелерді шешерде
Домалақ анамен кеңесіп отырған. Домалақ анадан тараған
ұрпақтарының бәрі де біліммен, ақылымен көзге түсіп, ел
билеген.
Ескендір Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македония
ның атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы
ертегі, аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольк
лорында кең тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығарма
лар арналған. Солардың ішінде шығыстың классиктері [Ни-
зами, Фердауси, Абай т.б.] поэмаларының орны ерекше.
Солардың басым көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі
батыр, әрі кемеңгер қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті,
«аруағына» көптеген ел табынған, аты өшпейтін қасиетті
адам деп бейнеленеді.
Есабыз—Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті, әулие адам.
Есім хан—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының
астанасы Түркістанда тұрып билік (1558-1645) жүргізген.
Сұлтан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістан
нан Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қос
қан. 1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отыра
ды. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент
қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып ала-
ғылыми қосымшалар
ды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы
билігінде болды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің
салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, заң-ережелерін шыға
ра бастады. Бұрыннан келе жатқан «Қасым ханның қасқа
жолы» атты ережелерді басшылыққа ала отырып, заңды
одан әрі толықтыра түсті. Күнделікті көшпелі тұрмыстағы
даулы мәселелерді шешуде азаматтық, қылмыстық істерді
қарауда, әскери-отбасылық қарым-қатынастарда «ата-баба
жолы» басшылыққа алынды. Есім ханның бұл ережелері
халық көкейінен орын тепкендіктен, «Есім ханның ескі
жолы» деп атап кетті.
Жәдік хан—Әз Жәнібектің тоғыз ұлының бірі. Жәдіктің
ұлы Шығайдан бастап Қазақ хандығының үлкен хандары
осы Жәдік тұқымынан сайланып отырды.
Жошы хан Шыңғысұлы (1187-1227)—моңғол шапқын
шылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мем-
лекет Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс
ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт
ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен
қайтпайтын қайсар адам болған. Жас кезінен бастап аса
көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан
жүргізген барлық жорықтарға белсене араласты. 1223 жыл
ғы құрылтайда Ертістен Оралға дейінгі және онан әрі Батыс
қа қарай бағынған жерлердің бәрі Жошының иелігіне өтті.
Ордасы Ертіс өзені бойына орналасты. Жошы әкесінен алты
ай бұрын қазаға ұшыраған. Оның өлімі жөнінде халық
арасында әртүрлі аңыз әңгімелер бар. Оны бірде «аң аулап
жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір
деректерде «өзіне қарсы келуі мүмкін» деп, құпия түрде
әкесі Шыңғыс хан өлтірткен. Мазары Жезқазған қаласы
нан 45 шақырым жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында
орналасқан.
тарихи аңыздар
Жиренше—Қазақ хандығы құрылған тұста (XV-XVІ ғғ.)
өмір сүрген атақты шешен. Ол туралы басқа да түркі ха
лықтарында айтылады. Жиренше шешеннің тарихи тұлға
екендігі Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан еңбектерінде
айтылған.
Зеңгі баба (араб тілінен—зеңгі—«қара», парсы тілінен—
«қоңыраулы» деген мағына береді.)—Орталық Азиядағы
атақты әулие. Қожа Ахмет Ясауидің ілімін ұстанушы.
Шын аты белгісіз, кейбір деректерде Ай-қожа немесе
Имин-баба деген есімдер келтіріледі. Зеңгі аты терісінің
қаралығына байланысты қойылған. Оны және химмати
(«мейірімді», «жомарт») деген де аты болды. Зеңгі бабадан
пәлсапалық я поэтикалық еңбек қалмаған. Аңыз бойынша,
Зеңгі баба сиыр бағып, оңашада намаз оқып, зікір салумен
айналысқан. Әулие жария зікір салған уақытта сиырлар ай-
нала қоршап, бірге зікірге қатысып тұратын болыпты. Зеңгі
баба 1258 жылы қайтыс болыпты. Оның қабірі Ташкент
шаһарының маңында. Өз уақытында Әмір Темір (1370-1405)
басына кесене соғады. Аңыз бойынша, Әмір Темір көреген
Зеңгі бабаға мазар салмақшы болғанда, әулие түсіне еніп, ең
бірінші Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін салуды бұйырады.
Зеңгі баба кесенесіне кірпіштерді Самарқаннан қолдан қолға
жалғастырып тасытқан.
Ибн Сина Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла (980-1037)—Орта
Азиялық ғұлама ғалым, энциклопедиялық білімді дәрі
гер, философ, астроном, жаратылыстанушы, ақын, орта
ғасырда араб тілінде қарыштай дамыған медицина ғылы
мының негізін салушы, шығыстық аристотелизмнің өкілі.
Туған жері—Бұхара өңірі. Ибн Сина ең негізгі еңбектерін
Бұхара мен Үргеніште бітірсе де, шығармалары араб тілінде
жазылғандықтан, батыстықтар оны араб ғалымы деп сана
ған және есімін Авиценна деп транскрипциялаған. Оның ең
күрделі туындысы—«Дәрігерлік ғылымның каноны» («Ки-
ғылыми қосымшалар
таб әл-канун фи-т-тибб»). Бұл—көлемі 200 баспа табақ, 5
кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Күллі Шығыс
пен Батысқа Ибн Сина осы кітап арқылы бес-алты ғасыр бойы
медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы
ұстазы болды, «медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» де-
ген ұлы есімге ие болады.
Кетбұға (шамамен 1150-1225)—жырау, күйші, аңыз
кейіпкер,қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйшісі және
халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері. Оны көне
дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды.
Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы де-
ректер «Шаджарат әл-атрак» (Түркі шежіресі) кітабы мен
халық аңыздарында кездеседі.
Қатаған—Орталық Азияны мекендеген ежелгі тай-
па. ХVІІ ғасырдың бас кезінде Ташкент билеушісі Тұрсын
хан әскерінің негізін қатағандар құраған. Б. Әбілғазы ше
жіресінде қатағандарды Алғұнгоаның үлкен ұлы Бұқым-
Қаттаннан өрбітеді. Есім ханның қудалауына ұшырап
қатағандар ыдырады.
Құтып (?-1341)—ойшыл, ақын. Шын аты белгісіз. Ақ
Ордада өмір сүрген. Азербайжанның ұлы ақыны Низами
дің әйгілі «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне
аударған. Бұл—дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына ен-
ген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166)—қазақ халқының
байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы
ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс
мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни
қайраткер. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақ
стан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибраһим мұсылман
ша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала
тарихи аңыздар
Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып
келетін Арыстан бап болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін
Ахмет 17 жасында Ясы қаласына келеді. Дәл осы кезден бас
тап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бас
тайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін
Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде
оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-
тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары
Түркістанға қайтып оралады да, Арыстан бап қалап кеткен
дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған
кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін
жер астында, яғни қылуетте өткізді.
Қорқыт (VІІІ ғ.)—абыз, күйші. Ватикан архивінде
Қорқыт туралы «Расул пайғамбар заманына жақын кезде
(VІІ-VІІІғ.) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер
болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып,
неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Ісі болса, бәрі оның
алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса, соны қабыл етер
едің деген дерек бар. Ел аузында «Қорқыт айтты» деген
мәтелдер жиі кездеседі. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда,
Қорқыт асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән-күй
өнерінің атасы.
Қызыр—мұсылман дінінде ел аралап жүрген, адам бей
нелі «әулие», адамға «қамқоршы», «бақыт», «дәулет» беру
ші. Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі
иудей құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар.
Исламда Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын. Түркі
халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыс
тырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде оны
«Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қызыр әулие (ақса
қал) түрінде көрініп, әртүрлі қиындықтардан қорғап жүреді.
ғылыми қосымшалар
Кейде Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмек
шісі еріп жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық
шығарманың басты кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар
мен ертегілерде) қол ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып,
бақ қонсын» деп баталасады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» де-
ген мақал да бар.
Майқы би—ежелгі қазақ қоғамында аңызға айналған
тарихи тұлға, атақты би, шешен. Әділ билігімен, шешендік
сөз өнерімен түркі халықтары арасында кең тараған.
Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше
тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. Үйсін
мемлекетінің билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Майқы
би Мәнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 жж. өмір сүрген және
аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде
кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (шамамен 1105-
1225 жж.) Шыңғысханның замандасы әрі оны хан көтерген
12 бидің ішінде болған. Парсы тарихшысы Рашид әд-Диннің
«Жамиғ ат-тауарих» атты шығармасында (қошындық Байку
деген атпен) Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне
көмектесетін оң қолы, ақылшысы, бас биі болғаны, ХІІІ ға
сырда Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол
әскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Кейбір халық
аңыздарында Майқы би Орманбет би өліп, он сан ноғайлы
елі бүлінгенде қазақ ұлысын құрған және қазақтың үш жүзі
не таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады.
Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі
көптеген аңыздарда жиі кездеседі және Дешті Қыпшақта
түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтыла-
ды. Халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға
айналдырып, қоғамдық қару етуде Майқы бидің алатын орны
ерекше. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кез-
де өмір сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен жалпытүркілік
қайраткер дәрежесіне көтерілген.
тарихи аңыздар
Оқшы ата—әулие адам, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті.
Оқшы ата мазары Қызылорда облысының Шиелі ауданы
ның оңтүстік жағында жиырма шақырым жерде, темір жол
бойында орналасқан. Бұл жерде сондай-ақ Асан ата, Ғайып
ата, Қыш ата, Есабыз, Досбол датқа, Бала би сияқты ел
ардақтылары жатыр.
Өзбек хан, Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан (шамамен 1280-
1342)—Алтын Орда ханы (1313-1342). Бату хан әулетінен,
Мөңке-Темірдің немересі. Алтын Орда билігіне Тоқта хан
өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді.
Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі
өзгерістер болды. Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз
өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен
экономикалық дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді
қалалардың өсуінен, халықаралық қатынастар мен сыртқы
сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын
Орданың екінші астанасы—Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа
құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым
бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі
сарайлар салынды. Алтын Орданың мәмлүктер билеген Еги-
петпен сауда, мәдени, дипломатиялық байланысын жан
дандырды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы
Жәнібек отырды.
Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата,
Сүлеймен ата (ХІІ ғ-дың 2-жартысы)—ақын, ойшыл, ғұла
ма. Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті. Еңбектері—Бақырған
кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет
Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы. Сүлеймен Бақырғани
Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің «Ақырза
ман» кітабында: Ысқақ баба ұрығы, Шайқы Ибраһим құлы
ны, Машайықтар ұлығы—Шайқым Ахмет Ясауи. Шариғаты
мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік—Шайқым
Ахмет Ясауи,—деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтан
ғылыми қосымшалар
ға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам
қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім
Ата деген атпен белгілі.
Темірхан, Тоғылық Темір хан—Шағатай ұрпағы, Мо
ғолстанның алғашқы ханы. Дулат тайпасының әмірі Болат-
шы 16 жасар Тоғылық Темірді іздеп тауып, оны 1347-48 жж.
хан етіп көтереді. Шығыс бөліктегі жаңадан құрылған мемле-
кет—Моғолстан деп аталады. Моғолстанға Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан (Жетісу) және Қырғызстанның басым бөлігі ен-
ген. Тоғылық Темір тұсында Алмалық қаласы астана болды.
Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі са-
яси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз
етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды
біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, ұлысбегі лауазымын
дулат тайпасының әмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір
хан ислам дінінің таралуына кең қолдау көрсетеді, өзі 24 жа-
сында Аршададин Мәуленнің ықпалымен мұсылмандықты
қабылдайды. Ислам Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда
мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мәліметі бойын-
ша, Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты
қабылдаған. Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай
мемлекетін біріктіруге күш салды.
Тәттібике—ХV-ХVІ ғасырларда қыпшақ еліндегі бір
байдың қызы. Жастайынан ата-ананың еркесі болып өсіп,
өзін ер жігіт қатарында санап, ауылдағы жігіттердей ат мі
ніп сайысқа түсуде, көкпар тартуда, әртүрлі сарбаз ойын
дарда басым түседі екен.
Тоқтамыс—Алтын Орда ханы. Тоқтамыс—Шыңғыс
ұрпағы, әкесі Төлеқожа—Көк Орда ханы Орыс ханның
ағайыны. Тоқтамыстың бала кезінде Төлеқожа Орыс хан-
мен билікке таласқандығы үшін өлтіріледі. Тоқтамыс ер
жеткенге дейін Ордада болады да, кейін өзі Орыс ханмен,
тарихи аңыздар
одан кейінгі Темір-Мәлік ханмен билікке таласа бастай-
ды, билікке жету үшін Ақсақ Темірден көмек те сұрайды.
Ақыры 1380 жылы Тоқтамыс Алтын Ордада хандық билікті
қолына алады. Алтын Орда мен Мәуәраннахр билеушілері
арасындағы қайшылыққа сай, енді хандық билікке ие болған
Тоқтамыс пен Ордадағы бұлғақтың созыла беруін көздеген
Ақсақ Темір арасында үш ірі шайқас болған. Тоқтамыс
үшеуінде де жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін,
Тоқтамыс Ордадағы биліктен біржола айырылады. Алды-
мен Қырымға, кейін Литва жеріне қашып, бас сауғалайды.
Литва князі Витовтың қолдауымен, ал кейін, өлерінен бірер
жыл бұрын, Ақсақ Темірге барып, соның көмегімен хандық
билікті өзіне қайтармақшы болады. 1406 жылы бір деректер
бойынша (орыс жылнамалары), Шәдібек ханның қолынан,
енді бір дерек бойынша (араб тарихшысы Ибн Арабшах),
Едігенің қолынан қаза табады.
Тұрсын хан, Тұрсын Мұхаммед сұлтан (т. ж. б. – 1627)—
қазақ ханы, Ташкенттің билеушісі. Жалым сұлтанның ұлы.
Хафиз Таныштың «Шаарф-наме-ий шахи» атты еңбегінде
Жалым сұлтан мен оның екі ұлы Баба сұлтанның қолынан
қаза тапқандығы айтылады. Аштархан (Жанилер) әулетінен
шыққан Бұхар хандығының билеушісі Имамкули ханның
көмегіне сүйенген Тұрсын хан Есім ханмен күрес жүргізді.
Есім хан Тұрсын ханнан жеңіліп, Шығыс Түркістан билеуші
сі Абд әр-Рахымның ордасына кетуге мәжбүр болды. Оның
билігі тұсында Ташкент, Түркістан, Сығанақ, Созақ, Сауран,
Сайрам, Әндіжан т.б. қалалар қазақтардың иелігінде болды.
Есім хан қырғыздардан құралған жасағымен Тұрсын ханның
Сырдария бойындағы ұлысына бірнеше рет жорық жасады.
1626 жылы Тұрсын хан мен Есім хан өзара бейбіт келісімге
келді. Бірақ бұл бейбіт келісім ұзаққа созылмай, Тұрсын хан
тарапынан бұзылды. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы
жорыққа аттанғанда Тұрсын хан оның ордасына шабуыл жа-
сады. Жорықтан оралған Есім хан Тұрсын ханның әскеріне
ғылыми қосымшалар
Сайрам түбінде ойсырата соққы берді. Мұнан соң Тұрсын хан
әскері Ташкент маңындағы шайқаста да Есім хан әскерінен
жеңілді. Осы жағдайда Тұрсын хан әскерінің біраз бөлігі
Есім хан жағына шығып кетті. Тұрсын хан өз нөкерлерінің
қолынан қаза тапты. Тұрсын хан тұсында қазақтар Қазанмен
және Батыс Сібір қалаларымен қызу сауда жүргізді.
Фатима—Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші ха-
лифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман
әлемінде ерекше қадір тұтатын тұлға. Пайғамбар қаза
болғанда қасында болып, әкесін арулап көмген, аза тұтқан
адал перзенті де осы Фатима хазірет. Бұл кісі тек халал
жар, Расул Алланың қызы ретінде ғана емес, Әли қайтыс
болғаннан кейін мұсылмандардың басын қосуға, шариғат
істерін одан әрі дамытуға біраз еңбек сіңірген дін қайраткері.
Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарай-
тын әл-фатимийун әулиетінің ықпалы күшеюіне байланыс
ты туып, қалыптасса керек. Фатима—шииттердің діни
хикаяларының ең басты қаһармандарының бірі. Көптеген
мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі нысана
«Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір үмітсіз
ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп
саналған. Қазақ әйелдері басқа мұсылман қыздары секілді
Фатиманы өздеріне қамқоршы—пір, қолдаушы—қыдыр деп
санаған. Көбінесе, оны Бибі Фатима деп атайды.
Шахабиддин Исфиджаби—Қожа Ахмет Ясауидің тұң
ғыш ұстазы, Сайрам ғұламасы. Лақап аты—Ақ ата болған.
Шыңғыс хан—моңғол ханы, ХІІІ ғасырдың басында Қа
зақстан, Орта Азия елдеріне шапқыншылық соғысын бас
тайды. Жолында кездескен ұлыстармен ру-тайпаларды жа-
улап алып, өз әскерлерінің қатарын толықтыра отырып,
оларды кезекті жорығына пайдаланады. Ғалымдардың зерт
теулері Шыңғыс әскерінің басым көпшілігі осы түркі тектес
тарихи аңыздар
ру-тайпалардан құралғанын көрсетті. Тіпті, ол Орта Азияны
жаулап алып, енді Солтүстік Африкаға қол сұға бастайды,
осы кезеңде Мысыр елін (Египет) басқарып отырған Бей
барыс сұлтан Шыңғыс хан жорығының бетін қайтарып, Мы-
сыр еліне аяқ бастырмай қояды. Шыңғыс хан жаулап алған
жерлерін төрт ұлына (Жошы, Төле, Шағатай, Үгедей) бөліп
беріп, олар өздері жаулап алған елдерде хандық құрады.
Шора батыр Нәрікұлы—батыр, тарихи тұлға. Кіші
жүздің жетіру тайпасының тама руынан шыққан. Оның
шығу тегі жөнінде шежіре аңыздар көп, сондай-ақ «Шора
батыр» және «Нәріктің ұлы Шора» атты жыр-дастандар ел
жадында сақталып хатталған.
Шопан ата—әйгілі Қожа Ахмет Иассауидің шәкірті. Ол
ХІІ ғасырдың 2-жартысында өмір сүріп, ел ішінде мұсылман
дінін уағыздаған әулие адам. Шопан ата тұрғызған жер ас
ты мешіт пен қорым ел ұғымында киелі, қасиетті орын сана
лады.
Абдал /п/—әулиелер Ақтаяқ /к.с./—ханның, патшаның шабарманы Ақырет, ахирет, ахірет /а/—ақырет күні—бұл күні қияметтің болуы, Алладан басқаның жоқ болатындығы, өлгеннен кейінгі сұрақтың қойылатындығы, тірі кезінде істеген күнәларына жауап берілетіндігі анық сезіледі; кү нәларың жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Алла акбар, Аллаһу акбар /а/—Алла ұлы! Афырин /п/—жақсы, керемет Әбжілдік—шапшаңдық, жылдамдық, ширақтық, икем Әлхам /а/—Құранның аятында кездесетін діни сөз және осы сөзден басталатын аяттың аты. Әңгі—есектің айғыры Әтек /п/—жыныстық қатынасқа қабілетсіз, белсіз еркек Банды—қарулы қарақшылар, қашқындар тобы Бәкене—аласа, тапал Бәракалла /а/—бәрекелді Бәтін /а/—ішкі, жасырын, киелі; күллі жан иесінің ішкі дүниесін білуші Бегене—бөтен, басқа, бейтаныс сөздік 24-137
тарихи аңыздар
Бейәдеп—әдепсіз; тәрбиесіз
Бейдамақ болу /к.т/—жағдайсыз қалу, тиесіз қалу; бос
алаңсыз, қамсыз
Бейуаз /п/—жазықсыз, күнәсіз, айыпсыз
Биқайрат /п/—қайратсыз, еріксіз
Бөтеге—адамның қарны, асқазаны
Ғақылды /а/—ақылды
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін
Ғаскер /а/—әскер
Даруаза /п/—қораның, үй-жайдың сыртқы үлкен қақ
пасы
Дәумет—дәу, үлкен
Дирхем—араб елдерінің орта ғасырдағы күміс ақшасы.
Жамғыр—жаңбыр
Жамиғ /а/—барлық, бүкіл
Жаһат /а/—ниет, ықылас, талап
Жегене—жалғыз, дара, жалқы
Жегенелеу—жекелеу, даралау
Жүдә—тіпті
Зияпа, зияпат /а/—біреудің немесе бір нәрсенің құрме
тіне берілетін сый
Зүррият /а/—тұқым, жұрағат
Ихрам /а/—қажылыққа барған адам киетін ақ матадан
арнайы тігілген киім
Кәлималла /а/—Алланың сөзі
Кәнизек /а/—қызметші
Кертағы—нағыз тағы, асау
Кесше – кеще, тоғышар, топас, ұғым түсінігі нашар
ғылыми қосымшалар
Қадим /а/—ескі
Құладын—қаршыға тұқымдасына жататын кішкене құс
Қылует /а/—жалғыздық, құпия орын, оңаша тұру
Мазарат—қабір, бейіт, зират
Майқандау—бір нәрсенің ұйпа-тұйпасын шығару, жан-
шу, таптау
Махалла /а/—квартал; орын; жер
Машайық /а/—ақсақалдар, қариялар; ғалымдар; тайпа
ның, рудың ақсақалы
Мәулет /а/—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға бе
рілген уақыт, мерзім; мүмкіндік
Мехнат /а/—ауыртпашылық, бейнет
Миғраж /а/—көкке көтерілу. Діни аңыздар бойынша,
арабша ережеп айының жетінші кешінде Мұхаммед пайғам
бар Алланың әмірімен ғарышқа ұшқан. Мұхаммед қағба
ның жанында ұйықтап жатқанда оған пырақпен жәбірейіл
келеді. Мұхаммед пырақпен Меккеден Иерусалимдегі мориа
тауына жетеді. Пырақты Иерусалимде қалдырып, Мұхам
мед жәбірейілмен көкке көтеріледі. Ол Алламен жүздесіп,
пайғамбарлармен кездеседі және жұмақ пен тозақты көріп,
меккеге оралады. Сол себепті күллі мұсылман қауымы бұл
күнді қасиетті күн деп санайды.
Мұрақпа /а/—бақылау, тексеру
Мүрит /а/—тыңдаушы, ізін қуушы; сопылардың шә
кірті
Никахлау /п/—некеге тұру
Пада /п/—топтап бағылатын жекеменшіктің сиыр малы,
табын
Пайтахт /п/—астана
Пәт—күшті, адуынды қарқын, қуатты екпін
Пісенттеу /п/—мақұлдау
тарихи аңыздар
Рабат—қаланың шетіндегі абатты мекен-жай
Сөдегей—қайшыланған, қиғаш
Суал /а/—сұрақ, сауал
Тағайын /а/—анық, ақиқат
Таққа /ж/—текке
Тамам /а/—соңы, аяғы
Тариқат /а/—жол, тәсіл, әдіс, айла; сопылық ілімнің
екінші сатысы
Таупих /а/—ынсап, қанағат; жәрдем, көмек; табес
Тәбәрік /а/—жақсылық, қуаныш
Тәбиб /а/—дәрігер
Тәдбір /а/—амал, шара
Тәкбір /а/—ұлғайту, асқақтату; «Аллаһу акбар» сөзін
айту, Алланы дәріптеу
Тоқан /а/—алға ұмтылатын
Тұлып /ж/—ешкі терісінен істелген үлкен ыдыс
Түрпі—1. Ағаштың кедір-бұдырын тегістеуге арналған,
үшкір сиректеу тістері бар құрал; 2. Сүтқоректілер класының
жұмыртқа салатындар отрядының бір тұқымдасы, ехидна
Уәзипа /а/—қызмет; мансап
Укама /а/—ғалымдар, ғұламалар
Ұстын—үй құрылысының үстіңгі жағын көтеріп ұстап
тұру үшін қойылатын тіреу, баған
Үрмет, үрмәт /ж/—құрмет
Фатиха /а/—беташар, кіріспе, Құран кәрімнің бірінші
сүресі
Хақиқат /а/—ақиқат
Халат /а/—хал, жағдай
ғылыми қосымшалар
Харап, харап болу /а/—бұзылу, қирау, жойылу; жоқ
болу, апатқа ұшырау
Хауыз /а/—бассейн, су қоймасы
Хижрат /а/—мұсылманша жыл санауы, 622 жылы мұ
сылмандардың Меккеден Мәдинеге көшкен жылынан бас
талады
Хұзыр /а/—иелік, билік, құдірет
Хұтпа, құтпа /а/—жұма намазда және діни мереке
күндері т.б. ерекше жағдайларда айтылатын уағыз. Уағыз
мақамға салынып айтылады.
Хүкім /а/—үкім, бұйрық
Һәм /п/—және
Һәмма /п/—барлық, бәрі
Шайық /а/—діндарлық, тақуалық ілім деңгейіне қарай
берілетін жоғары діни атақ
Шалпы /қырғ./—ұрысқақ, бейпіл ауыз
Шариғат /а/—Құранға негізделген мұсылмандық ере-
желер жинағы.
Шеккі /ж/—теріс, жөнсіз
Жер-су атаулары
Алтай—Қазіргі Шыңжан өлкесін Моңғолия қазағы Ал-
тай деп атайды. Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ ав-
тономиясы облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысында
Қазақстанмен, Солтүстік батысында Ресеймен, Солтүстік
Шығысында Моңғолиямен шектеседі.
Атырау—Атырау облысының әкімшілік орталығы,
Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орна
ласқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қаланы
Жайық өзені екіге бөледі: батысы Самар қанаты мен шығы
сы Бұқар қанаты.
Аштархан—көне қала. Қазіргі Ресей Федерациясын
дағы Астрахань облысының орталығы. Волга өзенінің Ка-
спий теңізіне құяр тұсына орналасқан. Ежелгі орта ғасырда
оның орнында хазарлардың астанасы Атель (Әтел, Итиль),
одан соң Балангир қаласы болды. ХІІІ ғасырда Шыңғыс
хан ұрпақтары қала орнына Сыйтархан деген жаңа шаһар
тұрғызып, хандықтың астанасы етті. 1459-1556 жылдары
Астархан хандығының орталығы болды.
Бағдат—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің аста-
насы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай, Дияла өзенінің
сағасына жақын салынған. Қаланы «Мадинат ас-Салам»
(Бейбітшілік қаласы) деген атпен халиф Мансур 762 жылы
ғылыми қосымшалар
салдырған. Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мә
дениетінің орталығы болған қалалардың бірі. Осында бір
сыпыра шығыс ғалымдары (Насреддин Туси, Әл-Фараби,
т.б.) оқып, білім алған.
Бұқара—Орталық Азиядағы бұрынғы елдің, қазіргі Өз
бекстан мемлекетіндегі облыстың атауы. Орталығы—Бұ
қара қаласы. Бұқара әсіресе XVІІІ-XІX ғасырларда күшті
өркендеп, исламның ықпалды тірегіне әрі діни-ғылыми ор
талықтарының біріне айнала бастады. Бірқатар мұсылман
халықтары, оның ішінде қазақтар да оны «Бұқара Шәриф»,
яғни қасиетті қала деп санайды.
Бетпақ шөл—Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең
байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жам-
был, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналас
қан. Батысында Сарысу өзенің төменгі ағысымен, шығы
сында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен,
солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Сай-жырылармен
тілімденген Батпақдала жазығында сор, тақыр және жазда
құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын
суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқа
ралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар.
Дамаск—Сирия астанасы, орта ғасырларда сауда, мәде
ниет дамыған араб қалаларының бірі. Сондықтан ертегілер
мен дастандарда жиі кездеседі.
Еділ (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—Еуропа
дағы ең үлкен өзен. Бастауын Валдай қыратынан алып, Ка-
спий теңізіне құяды. Еділге екі жүзден астам салалар құяды.
Орта ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга сала
лары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады.
Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан
астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта,
тарихи аңыздар
майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре,
шоқыр.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обь
тың сол саласы. Моңғол Алтайының оңтүстік батыс бет
кейіндегі мұздықтардан басталады. Өскемен, Семей, Пав-
лодар, Қарағанды облыстарының өнеркәсіп орындары және
шаруашылықтары өзен суын кеңінен пайдаланады.
Есіл—Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қа
рағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ре
сейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді.
Жаркент—қала, Алматы облысы Панфилов ауданының
орталығы (1928 жылдан). Іле өзені аңғарында, Жетісу
(Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің
сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас,
сарсазан т.б. әртүрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қо
ңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан. 1882 жы
лы Жаркенттің іргесі қаланған. 1891 жылы қала болды.
Бастапқыда, негізінен, ұсақ қолөнершілер мен сауда-сат
тық қаласы болған, 1928 жылдан аудан орталығы. Қала
1942-1992 жылдары аралығында Кеңес Одағының батыры
И.В.Панфиловтың есімімен аталды. Жаркент арқылы Алма-
ты—Қорғас—Үрімші автомагистралі өтеді.
Жайық—өзен. Жайық Орал, Башқұртстан, Челябинск,
Орынбор жерімен ағып өтеді. Оңтүстік Оралдан басталып,
Атырау қаласы тұсынан Каспий теңізіне құяды.
Келес өзені—Сырдария алабындағы өзен. Қазығұрт,
Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. Қаржантаудың
батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шарда-
ра бөгеніне құяды. Тарихшылардың дәлелдеуінше, Келес
даласы б.з. бұрынғы Сақ тайпаларының ата қонысы. Түркі-
ғылыми қосымшалар
моңғол тілдерінде «кесірткелі», «Кесірткелі өзен» мәніндегі
атау.
Қармақшы—Қызылорда облысының орталық бөлігін
де орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Ау
дандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық округке
біріктірілген. Аудан орталығы—Жосалы кенті.
Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныс
танған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау
жоталары. Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы бол
мағандықтан осылай аталады. Қаратау атауы Орталық
Азияда, Оңтүстік Оралда т.б. түркі тілдес елдер аумағын
да (Түркия, Иран, Кавказ, Қырым, т.б.) жиі кездеседі. Қа
зақстанда Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл
және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары
(Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында бар.
Қараспан—орта ғасырлардағы қоныс орны. Бүгінгі ор
ны Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Обру-
чевка ауылынан 2 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан.
Қараспан аймағын 1898 жылы Н.П.Остроумов, 1948 жылы
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы арнайы
зерттеген.
Қиуа—Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария
өзенінің сол жағалауына орналасқан. Тарихы Хорезм мә
дениетімен тығыз байланысты. Зерттеушілердің болжауын
ша, Хиуаның негізі б.з.б. V ғасырда қаланған. ІX-X ға
сырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама
гүлденді. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында қира
тылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі
XVІ ғасырға сәйкес келеді.
тарихи аңыздар
Қазан—Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан ав
тономиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналас
қан қала. ХІІІ ғасырдың 2 жартысында іргесі қаланған.
Қаракеңгір—Сарысу
алабындағы
өзен.
Қарағанды
облысының Ұлытау ауданы жерімен ағады. Бастауын
Ұлытаудың Солтүстігінде, Арғанаты тауындағы бұлақ пен
көлден алып, Сүргіті қыстауы тұсында Сарысу өзеніне оң
жағынан құяды. Жезқазған қаласы осы өзен бойында орна
ласқан.
Қырым—Қырым түбегінің оңтүстік бөлігіндегі тау. Қара
теңіз жағасын бойлай жатқан Бас қырқа—Яйладан және
Куэста түбегіндегі орта, солтүстік қырқалардан тұрады. Қы
рым тауларын адамзат палеолит дәуірінен бастап қоныстана
бастаған. Мұнда ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда өткен
ірі тарихи оқиғалар Еуразиядағы саяси, мәдени үдерістерге
өз әсерін тигізді. Қырым жерінде Қырым хандығы құрыл
ған, қазірде Қырым татарлары тұрады.
Македония—Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде
орналасқан мемлекет. Македония б.з.д. ІV-ІІІ ғасырларда
құдіретті ежелгі Грек империясының орталығы болды.
Маңғыстау—Қазақстанның оңтүстік-батысында орна
ласқан өлке. Ел аузында Маңғыстаудың ойында 360 әулие
өмір сүргені туралы аңыз, әңгімелер сақталған.
Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі
екінші
қасиетті
қала
саналады.
Исламның
негізін
қалаушы Мұхаммед пайғамбардың 622 жылы Меккеден
осында қоныс аударуына байланысты Хижаздағы Ясриб-
ке мұсылмандардың берген атауы. Мұсылмандардың жыл
санауы осы қоныс аудару жылынан (хижра) басталды.
ғылыми қосымшалар Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды. Мәскеу—Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің Еуропа бөлігінің ортасында, Москва өзенінің жағалауына ор наласқан. Москва аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. ІІ мыңжылдықта пайда болды. Х-ХІ ғасырларда мұнда шығыс славян тайпасы—вятичтер қалашығы орналасты. Мекке—Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге келген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Нарын құмы—Каспий ойпатының солтүстік-батыс бөлі гінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Нұра—өзен. Қарағанды облысының жерінде ағып өтеді. Отырар—ІХ ғ. ірі қаласы. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұ рар, Тарбанд деп те аталып келген. Отырар V-VІ ғғ. Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық болған. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. 1218 ж. Отырардың билеушісі Қайыр ханның әмірімен Шыңғыс ханның керуеніндегі көпестері өлтіріледі. Бұл моң
тарихи аңыздар
ғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына себеп бо-
лады. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» де-
ген атпен белгілі. Бірақ 1218 жылғы апаттан кейін Отырар
қайта жанданады. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар
Әмір Темір мемлекеті құрамына енеді. Темір мұнда бірнеше
рет болып, 1405 жылы осында қайтыс болады.
Ош—Қырғызстан Республикасындағы қала.
Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін
алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралық
та орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыс
тағы шекарасы Балқаш көлінің солтүстік—шығыс шетінен
Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының
шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Самарқан—көне қалалардың бірі, біздің заманымызға
дейін 700 жылдары құрылды. Әмір Темір империясында
астанасы болған. 1924 - 1929 жылдары - Өзбек КСР-інің ас
танасы болған. Қазіргі таңда Самарқан уалаятының орта
лығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан.
Сарысу—Қарағанды және Қызылорда, Жамбыл облыс
тарындағы өзен. Кең даланы бойлай ағады да, Бетпақдала
шөлейтіне сіңіп кетеді. Жоғарғы және төменгі ағыстары
шілдеден қаңтарға дейін құрғап қалады. Негізінен ауыз су
ға, жер суландыруға қолданылады.
Сарыкеңгір—Сарысу алабындағы өзен. Қарағанды об-
лысы, Ұлытау ауданының жерімен ағады. Сарыкеңгір
Желдіадырдың оңтүстігіндегі Жақсы Сасықбастау, Арға
наты тауларының бөктерлеріндегі бұлақтардан басталып,
Қотыржал тауының батысында Қаракеңгір өзеніне құяды.
ғылыми қосымшалар
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасыр
лық ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Орна
ласқан жері қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік батысында,
Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы
алғашқы дерек Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-
түрк» атты еңбегінде кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан
кейін Сайрам маңызды орталықтардың біріне айналған. ХV-
VІІІ ғасырларда қазақ хандықтары кезінде ірі сауда, діни
және мәдениет ошағы болған.
Сырдария—Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария мен
Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс
бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып,
Арал теңізіне құяды.
Ташкент—Өзбекстанның елордасы, Ташкент уалаяты
ның әкімшілік орталығы. Орта Азиядағы ірі қалалардың
бірі. Орта ғасырлар заманында қала «Чач» деп аталды.
Кейінірек ол «Чач қаласы» деген мағына беретін «Чачканд»
деп атала бастады.
Түркістан—қазақ хандығының ең бірінші астанасы.
Қаланың көне атауы—Ясы. Ясы Ұлы Жібек Жолының
сауда орталығы және округі болған. XІІ ғасырда әсіресе
Қ.А.Ясауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған.
Ясауи кесенесі—ортағасырлардың ерекше сәулеті болып
табылады. Керемет орналасуы және әдемі мозаика сурет
термен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақ
ты шейх-көріпкел ақын Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ах-
мет Ясауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала
атауы—Ясы болатын. XІV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы
Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынған
соң атақты болды.
тарихи аңыздар
Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік батысындағы ұсақ шо
қылы, аласа таулы жер. Гранит жыныстарынан пайда бол
ған тау. Етегіндегі жазықта қарағай және басқа ағаштар қа
лың өседі. Ұлытау—село, аудан орталығы. Елді мекен іргесі
1846 ж. станса ретінде қаланған.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде
«шариф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді.
Шариф арабша—құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген
мағынаны береді.
Шідерті—Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы
өзен, Өлеңті алабында.
Шу—Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау
алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған
жерінен бастап Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар,
ірілері: (Қазақстанда): Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу
т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере
Шу Жоғарғы Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқал
дарын қалыптастырған. Соңғысының тұсына Ортотоқой
бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына
шығады.
Хорезм—Әмударияның төменгі ағысында орналасқан та-
рихи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий І-дің
Бехистун сына жазуы мен Авестада кездеседі.
Ясы—Түркістан қаласының ежелгі атауы. Көптеген араб
тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда «бұл қасиетті қала—
шығармашылығы исламның рухани мұрасын байытқан
атақты адамдарды дүниеге әкелді» деп оған жақсы баға
береді. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол
Қаратау деген мағынаны білдіреді) атанған. Бұл өңір Түрік
қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол
ғылыми қосымшалар
астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хо-
расан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеу
ші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І ширегінде
қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өл
кенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп
қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді.
Томға енген фольклорлық үлгілерді
жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар
туралы мәліметтер
Адамбаев Балтабай (1909-1995)—белгілі фольклор
танушы ғалым, халық әдебиеті мұраларын жинаушы.
Филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Жазу-
шылар одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1945-1996 жылдары аралығында М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының қолжазба, фольклорта-
ну бөлімдерінде қызмет істеген. Қазақстанның барлық ай
мақтарына ұйымдастырылған ғылыми фольклорлық экс
педицияларға қатысып, халық мұраларын жинаған. Ресей,
Өзбекстан, Татарстан мұрағаттарындағы халық мұралары
үлгілерін жинады. Шешендік сөздер, тарихи аңыздар,
мақал-мәтелдер жанрлары бойынша қазақ фольклортануы
на арналған ондаған кітаптары жарық көрген.
Әлжанов Отыншы (1873-1918)—Алаш зиялысы, халық
мұрасын жинаушы және жариялаушы. Бұрынғы Семей об-
лысы, Зайсан уезінде туған. Зайсан қаласындағы ер балалар
орыс-қазақ училищесін, Омбы қалалық мұғалімдер семина-
риясын бітірген. 1916 жылы ұлт-азаттық күресте, 1917 жы
лы төңкеріс тұсында қазақ елінің бостандығы үшін белсенді
қызмет етіп, қуғын-сүргінге ұшырап, алаш жолында шаһид
болған қайраткер.
«Дала уалаятының газетінде» «Орта жүз», «Бабай бүркіт»
деген бүркеншік есімдермен фольклорлық мәтіндерді т.б.
жариялап тұрған.
ғылыми қосымшалар
Бекарыстанов Зердебай—жинаушы. Ол 1940 жылдар
дан бастап Атырау облысы аумағынан ауыз әдебиеті үлгіле
рін жинап, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет
институтының қолжазба қорына жіберіп отырған. Зердебай
жинаған материалдардың ішінде Досан, Жоламан батыр,
Асанқайғы, Аралбай, Медетбай, Нұрым жыраулардың өсиет,
терме өлеңдері бар.
Бекхожина Талиға (1919-1995)—музыкатанушы, қа
зақ фольклорының, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы,
әнші. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консер
ваториясын тамамдап, ол ұзақ жылдар бойы М.О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқар
ды. Ол қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілерінің ноталық
жазбаларын жасау арқылы қазақ жырлары мен өлеңдері
үлгілерін айтушылардың әуендеріне мәңгі өмір сыйлады.
Бекқожинаның еңбектері мынадай жеке кітаптар түрінде
жарық көрді: «Қазақтың 200 әні» (1972), «Қазына» (1979),
«Шәкәрім» (1989), «Даланың назды саздары» (1996).
Елеуов Көшен (1892-1971)—халық ақыны, 1939 жылдан
КССР Жазушылар Одағының мүшесі. Әкесі аңшы, мерген,
домбырашы, сауыққой болған. Көшен 1902-1911 жылдары
ескіше оқып білім алған. Кеңес дәуірінде өз бетінше оқып
хат таныған. Қазақстан Жазушылар Одағының 1938 жылы
Алматыда халық ақындарына арналып ашылған қысқа
мерзімді курсында оқыған.
Көпеев Мәшһүр Жүсіп (1858-1931)—көрнекті қазақ
ақыны, публицист, фольклоршы, этнограф, ағартушы. Қа
зіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызыл
тау аймағында туып-өскен. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін,
қазақтың халық әдебиетін, этнографиясын жинап, жария
лауға арналған. Сол мақсатта Қазақстан жері мен Орта Азия
елдерін аралауға көп күш жұмсады. Соған байланысты
25-137
тарихи аңыздар
белгілі оқымыстылармен, ақындармен кездесіп, түрколог-
академик В.В.Радловпен танысады. Мәшһүр Жүсіптің қа
зан төңкерісіне дейін шыққан қазақ газет-журналдарының
белсенді авторларының қатарындағы, фольклорлық мате-
риалдарды жариялаудағы еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен бірге
ол күллі ғұмырын халықты сауаттандыруға жұмсады десек
те болады.
Қайнарбаев Әлқуат (1898-1979)—Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданының тұрғыны. Ұзақ жылдар бойы партия,
кеңес қызметінде істеген. 1930 жылдардан бастап қазақ ауыз
әдебиетін жинап, қағазға түсірген. Фольклор жанашыры
ретінде жүз мың жолдан аса әдебиет мұраларын, Сыр бойы
ақындары мен жырауларының шығармаларын ОҒК мен
ӘӨИ-дың Қолжазба қорларына өткізген белгілі жинаушы.
Қорғанбек Болат—фольклорист ғалым, филология ғы
лымдарының кандидаты.
Мәжікеев Мұқаш (1900-1985)—жинаушы. Қазіргі Ақ
мола облысы, Державин ауданы, Далабай ауылында туып,
1930-1970 жылдар аралығында баспасөз орындарында қыз
мет істеген. Оның қолжазбалары институт қорында сақ
таулы.
Наурызбаев Әбілқасым (1892-1972)—ауыз әдебиеті
мұраларын жинаушы. Қарағанды облысы, Жезқазған ау-
даны, Білеуті ауыл советінде (Бұрынғы Жезқазған облы-
сы, Қарсақпай поселкесінде) туған. 1918-1950 жылдары
совет, шаруашылық орындарында қызмет істеген. 1956 жы
лы зейнеткерлікке шыққаннан кейін көп уақытын әдеби
мұраларды жинауға арнады.
Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм)
(1837-1918)—орыс шығыстанушы, түркітанушы, этнограф.
ғылыми қосымшалар
Петербург ҒА-ның академигі. 1858 ж. Берлин университетін
бітірген. Азия, антропология және этнография мұрағатта
рының директоры, Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөнін
дегі орыс комитетін құрушылардың бірі және оның төрағасы.
Берлин, Галл қалаларында оқып жүрген кезінен бастап шы
ғыс тілдерімен шұғылданды. 1858 ж. мамырдың 20-сы күні
Петербургке келді, орыс тілін үйренді. В.Радловтың ғылыми
өмірі Алтай, Қазан, Сібір кезеңі болып, үшке бөлінеді. Алтай
кезеңінде бірнеше дүркін қазақ жеріне келіп, оның шығыс
өңірінен бастап, Сырдарияға дейін аралаған. Он томдық «Об-
разцы народной литературы тюркских племен, живущих в
южной Сибири и Джунгарской степи» жинағының үшінші
томы қазақ фольклорына арналған.
Сарымсақов Мұхаметқали (1878-1957). Жасында Бая-
зит деген молданың медресесінде алты жыл оқып, сонан
соң ауылда бала оқытады. Алғашқыда өлең, жырды жазып
шығарып, кейін жасы егде тартқанда тосыннан тауып төгіл
те жырлауға машықтанады.
Саттаров Қыдырәлі (1941-2011)—филология ғылымда
рының докторы, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен
Өзбекстан республикасы, Ташкент өңіріне ұйымдастырыл
ған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар-
ды басқарған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар
қорына тапсырған. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық
университетте бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Төреқұлов Нысанбек (1921-2007)—фольклортанушы,
филология ғылымдарының докторы. Кезінде М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған бір
неше фольклорлық экспедицияларға шығып, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаған.
тарихи аңыздар
Тұрғанбаев Асқар—фольклорист ғалым, филология ғы
лымдарының кандидаты.
Тілеужанов Мәтжан (1927-1955)—ғалым, филология
ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан
аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жинап,
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тап
сырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедаго-
гика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі
қолөнер туындыларын жинады.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана ҚҚ—Қолжазба қоры Ш—шифр дәп.—дәптер /а/—араб /о/—орыс /п/—парсы /к/—көнерген сөз /ж/—жергілікті сөз /қырғ./—қырғыз
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. —А., 1991. 2. Бәйдібек / Жинақты құрастырған: Сәрсебай Қали
ұлы.—Алматы: «Нұрлы әлем», 2002. 3. Ел аузынан / Құраст: Б. Адамбаев, Т. Жарқымбекова.—
Алматы: «Жазушы», 1989. 4. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.—
Алматы: ҚАЗақпарат, 2007. 5. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы.—Алматы:
Ғылым, 1985. 6. Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпса
на, хикаялар / Құраст.: ф.ғ.к. Б. Қорғанбек.—Алматы: «Эф-
фект», 2011.
7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы (Құрас
тырып, алғы сөзін жазған Т. Қоңыратбаев).—Алматы: Ана
тілі, 1991.
8. Қоңыратбаев Т.Ә. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және
оның этникалық сипаты.—Алматы: Ғылым, 2000. 9. Менің алғашқы энциклопедиям / Құраст.: А.Ү. Сужи
кова, Ф.С. Лекрова, М.Қ. Солтанғазина.—Алматы: Алма
тыкітап, 2009.
10. М.Ж. Көпеев. Таңдамалы. 2 том.—Алматы: Ғылым,
1992. 11. М.Ж. Көпейұлы. Шығармалары. 8-том.—Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ, 2006.
ғылыми қосымшалар 12. М.Ж. Көпейұлы. Шығармалары. 10-11 томдар.—Ал
маты: «Ел-шежіре», 2011. 13. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері.
1, 2-кітап.—Алматы: Жалын, 1993. 14. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жыр
ларының поэтикасы.—Алматы: Ғылым, 1993. 15. Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебие
тін жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—
Алматы, 2009.
16. Арабско-русский словарь / Составитель—Х.К. Бара
нов.—Москва, 1968. 17. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 18. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // Құрастыр.:
Р.Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова. —
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
19. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 20. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі // Құрастыр
ған—І.К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 21. Персидско-русский словарь // Под ред. Ю.А. Рубин
чика. І-ІІ т.—Москва, 1970. 22. Татарско-русский словарь.—Москва: Советская эн-
циклопедия, 1966. 23. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык
медиа, 2005.
Пайдаланылған бумалар 1. ӘӨИ:ҚҚ, Ш.920/139; 920/140; 920/136; 920/137;
920/97. Қ.Саттаровтың жинаған материалдары. 3. ӘӨИ:ҚҚ, Ш.613, 1-дәптер. О.Иманбаев тапсырған ма-
териалдар. 4. ӘӨИ:ҚҚ, Ш.464. Ауыз әдебиет үлгілері. 5. ӘӨИ:ҚҚ, Ш.191. 1-кітап. Сарымсақов Мұхамбетқали
шығармалары және кейбір ауыз әдебиет үлгілері. 1933-37. 6. ӘӨИ:ҚҚ, Ш.242. 3-дәптер. Ә.Наурызбаев жинаған
ауыз әдебиет үлгілері. 7. ӘӨИ: ҚҚ, Ш.1100. Ә.Доспамбетовтың жинаған ауыз
әдебиет үлгілері. 8. ӘӨИ: ҚҚ, Ш.1206. А.Тұрғанбаевтың жинаған аңыз
дары. 9. ӘӨИ: ҚҚ, Ш.926. Аңыз, әңгімелер (ҚарМУ-дың сту
денттері жинаған материалдар). 10. ӘӨИ: ҚҚ, Ш.910/3; 910/4; 910/5. Қазақстан батыс
өлкесінің ауыз әдебиет үлгілері. Жинаған: М.М.Тілеужанов.
Орал, 1954-1984 ж.ж.
11. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.828. 4-дәптер. Мәжікеев Мұқаштың ел
аузынан естіген аңыздары. 12. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1062. Қызылорда пед. институтының
жинаған ауыз әдебиет үлгілері. 13. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1010. Т.Бекхожина Астрахан, Орынбор
қалаларынан әкелген материалдар.
ғылыми қосымшалар 14. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1090. Ізжан Жалғасовтың жинаған ма-
териалдары. 15. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1094. Ел аузынан халық даналығы.1-2
томдар. 16. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.280, 3-дәптер. Қ.Алтынбаев өлеңдері. 17. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1124. 101-дәптер. Е.Құлпейісов тапсыр
ған ауыз әдебиет үлгілері. 18. ОҒК: ҚҚ. Ш.1059. Қазақтың күлдіргі әзіл әңгімелері,
шешендік түйіндер мен ақындық толғамдар, аңыз-әңгімелер.
3-том. Ел аузынан жинап, құрастырған А.Бисенғалиқызы.
Орал қаласы, 1996.
19. ӘӨИ: ҚҚ. Ш. 985, 2-дәптер. 20. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1006, 1-дәптер. Б.Адамбаевтың фольк
лорлық фондысы. 21. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.508. 7-дәптер. 22. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.137. 9-дәптер. Ауыз әдебиеті үлгілері. 23. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.917/11, 917/13-14. Ә.Қайнарбаев жина
ған ауыз әдебиеті үлгілері. 24. ӘӨИ: ҚҚ. Ш.1202/1. Мәшһүр Жүсіптің қолжазба
лары. 25. ОҒК: ҚҚ. Ш.1177. Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалары.
26. ОҒК: ҚҚ. Ш.1176.
27. ОҒК: ҚҚ. Ш.205.
28. ОҒК: ҚҚ. Ш.187. №1.
29. ОҒК: ҚҚ. Ш.426. №6.
30. ОҒК: ҚҚ. Ш.333.
31. ОҒК: ҚҚ. Ш.1081, №2.
32. ОҒК: ҚҚ. Ш.28Д.
33. ОҒК: ҚҚ. Ш.1565.
34. ОҒК: ҚҚ. Ш.1058.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова продол-
жает работу над изданием стотомной серии книг «Бабалар сөзі»
в рамках Стратегического национального проекта «Мәдени
мұра».
Предыдущие восемьдесят четыре тома серии были посвя-
щены эпическим произведениям, народным песням, сказ-
кам, загадкам, пословицам, поговоркам и другим малым
жанрам, которые являются самыми многочисленными и
высокохудожественными в национальном фольклоре. Если
сказать точнее, то были подготовлены к изданию и выпу-
щены тринадцать томов новеллистических дастанов, семь
томов религиозных дастанов, одиннадцать томов романи-
ческих дастанов, одиннадцать томов исторических поэм,
двадцать томов героических эпосов, пять томов пословиц и
поговорок, два тома народных песен, три тома генеалогичес
ких преданий, пять томов сказок, по одному тому загадок,
детского фольклора, казахских мифов, «Фольклора казахов
Монголии», топонимических преданий, кюйских преданий.
В двенадцати томах из этой серии были использованы мате-
риалы из фольклорного наследия казахов Китая, а в одном
томе—казахов Монголии.
Данный 85 том также посвящен одному из древних жан-
ров народного творчества — историческим преданиям, кото-
рые на протяжении многих веков передавались из уст в уста и
нигде не публиковались. В разные годы лишь изредка, в свя-
ғылыми қосымшалар
зи с выпуском сборников, посвященных отдельным ханам,
батырам и другим историческим личностям, в публикациях
в СМИ и в хрестоматиях к учебникам филологи обращались
к этому жанру народной прозы. Полное научно изученное
и систематизированное издание произведений этого жанра
предпринимается впервые. Многие предания, где созданы
великолепные образы народных героев, своими подвигами во
имя свободы и независимости служивших символами воин
ской отваги и беззаветной любви к своему народу, долгое вре-
мя оставались без должного внимания, более того, были под
запретом, об их пропаганде, распространении и изучении не
могло быть и речи. Кроме того, нынешнее поколение, особен-
но представители научной среды, были оторваны от той си-
стемы письма, основанной на арабской графике, и, как след-
ствие, не могли в полной мере использовать оригиналы этих
произведений. Поэтому перед учеными Института стояли та-
кие важнейшие задачи, как сбор доселе неизвестных преда-
ний, повествующих об исторических событиях, происходив-
ших в различные периоды жизни общества, перевод текстов
на современный казахский алфавит, текстологический ана-
лиз, их публикация, цель которых — сделать исторические
предания достоянием общественности, обогатить отечествен-
ную науку бесценным историческим и культурным материа-
лом.
Для решения этих задач составители стотомной серии
«Бабалар сөзі», досконально изучив хранящиеся в республи-
канских редких фондах рукописные материалы, решили не-
сколько томов серии посвятить историческим преданиям.
В первый том, посвященной данному жанру (85 том), вош-
ли предания об исторических личностях и батырах, живших
в VІ-ХVІ вв., таких как Байдибек би, Домалак ана, Коркыт
ата, Абунасыр аль-Фараби, Ибн Сина, Алаша хан, Майкы би,
Аяз би, Ходжа Ахмет Ясауи, Хаким ата, Зенги баба, Шопан
ата, Узбек хан, Чингис хан, Жошы хан, Аксак Темир, Бай-
шегир баба, Аз-Жанибек, Асанкайгы, Жиренше шешен, Ка-
тарихи аңыздар
рашаш сулу, Есим хан, Токтамыс хан, Ер Едиге, Ер Таргын,
Абат, Шора и др.
Основу текстов произведений, вошедших в данный том,
составили предания из рукописных наследий М.Ж.Ко
пеева, О.Альжанова, А.Кайнарбаева, К.Елеуова, О.Иман
баева, О.Ибрагимова, С.Шакиржанова, М.Ермаганбетулы,
И.Жалгасова, Е.Кулпеисова, А.Наурызбаева, Т.Шаянова,
М.Хусниева, С.Гайниддинулы, М.Рустемова, А.Бисенга
ликызы,
С.Кольжанова,
М.Жылкыайдарова,
Қ.Алтын
баева, Т.Исмаилова, хранящиеся в редких фондах Институ-
та литературы и искусства им. М.О.Ауэзова и Центральной
научной библиотеки. А также были использованы мате
риалы, собранные и записанные учеными-фольклорис
тами Б.Адамбаевым, М.Тилеужановым, Т.Бекхожиной,
К.Саттаровым, А.Турганбаевым, Б.Корганбековым, долгие
годы целенаправленно собиравшими фольклорные произве-
дения и тем самым внесшими ограмный вклад в дело сохра-
нения духовных ценностей народа; а также включены тексты
из казахских периодических изданий, таких как «Дала уала-
яты газеті», «Қазақ батырлары», из ранее опубликованных
сборников «Ел аузынан» (1989), «Қазақтың би-шешендері»
(1993), «Бәйдібек» (2002), М.Ж.Копейулы «Шығармалары»
(1-11 тома. 2005-2011), «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байла-
нысты аңыз, әпсана, хикаялар» (2011). При обнаружении в
редких фондах рукописных вариантов преданий, опублико-
ванных в вышеназванных периодических изданиях и сбор-
никах, проводился сопоставительный анализ, для издания
отбирались варианты, признанные оригиналом.
При подготовке к изданию данного тома были учтены все
требования, предъявляемые к научным изданиям. Настоя-
щий сборник, наряду с широким кругом читателей, предназ
начен и для исследователей общественных наук. Поскольку
сборник охватывает все имеющиеся варианты каждого из
преданий, он полностью соответствует принципам научного
издания.
ғылыми қосымшалар
Согласно принципам сборника, тексты, приведенные в
нем, снабжены научными приложениями и соответственно
пронумерованы. Научные дополнения к тому составляют:
сведения о переписчиках, издателях и изданиях текстов, во-
шедших в него, научные толкования текстов, вошедших в
данный том, словарь, географические, именные указатели,
сведения об исторических личностях, встречающихся в текс
тах, список использованной литературы, резюме к тому на
русском и английском языках.
Общий объем тома—26,0 п.л.
Summary Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O.Auezov іs contіnuіng scіentіfіc publіcatіon of the one hundred volume Collectіon «Babalar sozі», whіch іs publіshed under the State Program «Cultural Herіtage». Prevіous eіghty-four volumes of the serіes were devoted to the epіc works, folk songs, tales, rіddles, proverbs and sayіngs, and other small genres, whіch are the most numerous and hіghly artіstіc patterns of natіonal folklore. To be more precіse, we have prepared for publіcatіon and publіshed thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous dastans, eleven volumes of romantіc dastans, eleven volumes of hіstorіcal poems, twenty volumes of heroіc epіcs, fіve volumes of proverbs and sayіngs, two volumes of folk songs, three volumes of genealogіcal legends, fіve volumes of tales, one volume of rіddles, chіldren’s folklore, Kazakh myths, «Folklore of the Kazakhs of Mongolіa,» toponymіc legends, kuy legends. Twelve volumes of thіs serіes іnclude the materіals from the folk herіtage of the Kazakhs lіvіng іn Chіna, and one volume іncludes materіals of the Kazakhs lіvіng іn Mongolіa. Volume 85 іs also dedіcated to one of the oldest genres of folk art—«The hіstorіcal legends» whіch remaіned completely unpublіshed for many centurіes. Very rarely, іn connectіon wіth publіcatіon of edіtіons devoted to
ғылыми қосымшалар
partіcular Khans, batyrs and other hіstorіcal fіgures,
publіcatіons іn the medіa and anthologіes, text-books on
phіlology, the attentіon was paіd to thіs genre of folk prose.
The full scіentіfіc study and systematіc publіcatіon of
works of thіs genre іs undertaken for the fіrst tіme. Many
legends whіch tell about the outstandіng natіonal heroes,
who fought for freedom and іndependence, and served as
symbols of courage and warrіor devotіon to the natіon, for
a long tіme were neglected, moreover, іt was prohіbіted
to promote, dіssemіnate and study thіs subject. Besіdes,
present generatіon, especіally the scіentіfіc communіty,
had no access to the wrіtіng system based on the Arabіc
scrіpt, and therefore could not fully use the orіgіnals of
these works. Therefore, the scіentіsts of the Іnstіtute have
set such іmportant tasks as to collect the unknown storіes
about hіstorіcal events that took place іn dіfferent perіods
of the socіety, translate the texts іnto modern Kazakh
alphabet, provіde textual analysіs, publіsh and thus make
the hіstorіcal legends avaіlable for publіcіty, enrіch the
domestіc scіence wіth іnvaluable hіstorіcal and cultural
materіal.
Іn order to іmplement these tasks, the compіlers of the
one hundred volume serіes «Babalar sozі» have made the іn-
depth study of the materіals whіch are stored іn the natіonal
collectіons of rare manuscrіpts, and decіded to dedіcate several
volumes of the serіes to the hіstorіcal legends.
Fіrst volume devoted to thіs genre (volume 85) іncludes
storіes about hіstorіcal fіgures and batyrs, who lіved іn the VІ-
XVІ centurіes such as Baіdіbek Bі, Domalak Ana, Korkyt Ata,
Abunasyr al-Farabі, Іbn Sіna, Alash Khan, Maіky Bі, Ayaz Bі,
Ahmed Khoja Yasauі, Hakіm ata, Zengі baba, Shopan ata, Uzbek
Khan, Genghіs Khan, Zhoshy Khan, Aksak Temіr, Bayshegіr
тарихи аңыздар baba, Az-Zhanіbek, Asankaygy, Zhіrenshe sheshen, Karashash Sulu, Yesіm Khan, Toktamys Khan, Er Edіge, Ep Targyn, Abat, Shora and others. The texts of the works іncluded іnto thіs volume are based on the legends taken from the manuscrіpt herіtage of M.Zh. Kopeev, O.Alzhanov, A.Kaynarbaev, K.Eleuov, O.Іmanbaev, O.Іbragіmov, S.Shakіrzhanov, M.Ermaganbetuly, І.Zhalga sov, E.Kulpeіsov, A.Nauryzbaev, T.Shayanov, M.Husnіev, S.Gaynіddіnuly, M.Rustemov, A.Bіsengalіkyzy, S.Kolzha nov, M.Zhylkyaydarov, Қ.Altynbaev, T.Іsmaіlov whіch are stored іn the rare collectіons of the Іnstіtute Lіterature and Art named for M.O.Auezov and the Central Scіentіfіc Lіbrary. We also used the materіals collected and recorded by scіentіsts-folklorіsts: B.Adambaev, M.Tіleuzhanov, T.Bekhozhіnoy, K.Sattarov, A.Turganbaev, B.Korganbekov who have collected folk songs and works durіng many years and made bіg contrіbutіon to the preservatіon of spіrіtual values of Kazakh people, and also іnclude the texts from the Kazakh perіodіcals such as «Dala ualayaty gazetі», «Kazakh batyrlary», from prevіously publіshed collectіons «El auzynan» (1989), « Kazaktіn Bі-sheshenderі» (1993), « Baydіbek «(2002), M.Z. Kopeyuly «Shygarmalary» (1-11 volumes. 2005-2011), «Koja Ahmed Yasauі esіmіmen baylanysty anyz, apsana, hіkayalar» (2011). The comparatіve analysіs of the varіants of the legends kept іn the rare collectіons of manuscrіpts was carrіed out, whіch were publіshed іn the above-mentіoned perіodіcals and collectіons, the varіants, whіch are recognіzed as the orіgіnals were selected for publіcatіon. Іn preparіng thіs volume for publіcatіon we have taken іnto account all requіrements for scіentіfіc publіcatіons. Thіs collectіon іs іntended to the wіde range of readers and researchers іn the fіeld of socіal scіences. The edіtіon іncludes all avaіlable varіants of each legend, and іs fully consіstent wіth the prіncіples of scіentіfіc publіcatіon.
ғылыми қосымшалар
Accordіng to the prіncіples of the collectіon, the texts are
provіded wіth scіentіfіc annexes, and numbers. Scіentіfіc
supplement іncludes: іnformatіon about the recorders, pub
lіshers, and edіtіons of the іncluded texts, scіentіfіc іnter
pretatіons of the texts іncluded іn thіs volume, vocabulary,
geographіc names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures men
tіoned іn the texts, bіblіography, summary іn Englіsh and
Russіan languages.
The total volume іs 26,0 pp.
26-137
мазмұны Құрастырушылардан.....................................................5 Тарихи аңыздар...........................................................9 МӘТІНДЕР Түркі қағанаты және оған дейінгі тарихи есімдерге қатысты аңыздар 1. Тәкаппар әскер басы турасынан................................. 27 2. Ескендір Зұлқарнайын өзінің дұшпандарын неменен жеңгені......................................................... 31 3. [Бәйдібек би]........................................................... 32 4. [Бәйдібек би]........................................................... 34 5. [Бәйдібектің батырлығы].......................................... 38 6. [Домалақ ана] (І нұсқа)............................................. 40 7. [Домалақ ана] (ІІ нұсқа)............................................ 41 8. [Домалақ ана] (І нұсқа)............................................. 42 9. [Домалақ ана] (ІІ нұсқа)............................................ 43 Оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары туралы аңыздар 10. Қорқыт туралы аңыз.............................................. 45 11. [ Қорқыт туралы аңыз]........................................... 46 12. Қорқыт ата туралы тарихи аңыз.............................. 48 13. Әл Фараби............................................................. 49 14. Кім көп біледі........................................................ 50 15. [Екінші ұстаз]....................................................... 50 16. Күй құдіреті.......................................................... 50 17. Өнерлі жігіт.......................................................... 51
мазмұны 18. Сағыныш сазы....................................................... 51 19. Ибн Синаның ажалға араша түсуі............................ 52 20. [Әбусина туралы аңыздар]....................................... 53 Моңғол шапқыншылығы мен алтын орда кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға қатысты аңыздар 21. [Қожа Ахмет Ясауи]............................................... 62 22. [Қожа Ахмет Ясауи]............................................... 63 23. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап] (І нұсқа).................... 63 24. [Қожа Ахмет пен Арыстан бап] (ІІ нұсқа).................. 64 25. [Ақ ата]................................................................ 66 26. [Қожа Ахмет пен Баба Машын]................................ 66 27. [Қожа Ахмет Ясауи]............................................... 67 28. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі] (І нұсқа)................... 69 29. [Қожа Ахметтің ұлының өлімі] (ІІ нұсқа).................. 70 30. [Қожа Ахмет өлер алдында]..................................... 70 31. [Хакім ата]............................................................ 71 32. [Хакім ата]............................................................ 72 33. [Зеңгі баба]........................................................... 72 34. [Зеңгі баба]........................................................... 73 35. [Шопан ата]........................................................... 75 36. Оқшы ата.............................................................. 75 37. Есабыз.................................................................. 77 38. Шыңғыс нәсілі (І нұсқа).......................................... 78 39. Шыңғыс хан туралы (ІІ нұсқа)................................. 79 40. Шыңғысхан туралы аңыз (ІІІ нұсқа)......................... 81 41. Шыңғыс хан (ІV нұсқа)........................................... 84 42. [Алаша хан].......................................................... 93 43. Майқы би.............................................................. 94 44. Майқы би.............................................................. 94 45. Мөңке мен Аяз қарттың әңгімесі.............................. 96 46. Данышпан Аяз...................................................... 98 47. [Аяз би]...............................................................101 48. Ақсақ құлан, Жошы хан (І нұсқа)...........................102 49. Жошы хикаясы (ІІ нұсқа)......................................104
тарихи аңыздар 50. Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз................................106 51. Жусанда туған жердің иісі бар................................112 52. Ақсақ Темір (І нұсқа).............................................112 53. Ақсақ Темір (ІІ нұсқа)...........................................113 54. Ақсақ Темір (ІІІ нұсқа)..........................................114 55. Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы (Құмырсқадан алған тағлымы) (І нұсқа)........................114 56. Ақсақ Темір туралы (ІІ нұсқа).................................117 57. Сәтемір хан (Ақсақ Темір)......................................120 58. Ақсақ Темір.........................................................121 59. Әмір Темір көреген (І нұсқа)...................................121 60. Әмір Темір көреген (ІІ нұсқа)............................................. 124 61. Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі (І нұсқа).............125 62. Әмір Темірді тоқтатқан ана (ІІ нұсқа)......................126 63. Ақсақ Темір мен домбырашы..................................128 64. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызуы] (І нұсқа)...........................................129 65. [Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызуы] (ІІ нұсқа).........................................130 66. Байшегір баба (ІІІ нұсқа)........................................132 67. Хулаку қырушы.............................................................. 134 68. [Өзбек хан туралы] ...............................................136 Қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы аңыздар 69. Әз Жәнібек..........................................................139 70. [Әз Жәнібек пен шал]............................................139 71. Қойшы бала.........................................................142 72. Асан қайғы ..........................................................145 73. Асан қайғы туралы аңыз (І нұсқа) ..........................147 74. Асан қайғы (ІІ нұсқа) ............................................150 75. Қасенханның Асан қайғы атануы (ІІІ нұсқа).............153 76. Асан қайғы (ІV нұсқа)............................................155 77. Асан қайғы (І нұсқа)..............................................156
мазмұны 78. Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)..................................157 79. [Асан қайғы мен Орманбет хан] (ІІІ нұсқа)................159 80. Асанқайғы мен Әз Жәнібек (ІV нұсқа).....................160 81. Асан қайғының хан аталуы....................................162 82. Асан қайғы туралы...............................................164 83. Асан қайғы..........................................................165 84. Асан қайғы..........................................................166 85. [Асан қайғының ұлы Абат].....................................166 86. Асан қайғының ұлы Абат пен қыз...........................167 87. Асан қайғының баласы Абат туралы........................170 88. Асан қайғы баласы Әбет сөзі (І нұсқа)......................171 89. Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)..................................174 90. Ежен хан (ІІІ нұсқа)..............................................175 91. Асан қайғының інісі Адақ батыр (ІV нұсқа)..............179 92. Абат батыр туралы аңыз-әңгіме..............................181 93. Асан қайғы және Әмет батыр..................................182 94. [Асан қайғының қызы Жұпар]................................187 95. Хан әз Жәнібек пен қыз.........................................192 96. Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз..............................................................193 97. Жиренше (Бірінші әңгімесі)...................................195 98. Екінші әңгімесі....................................................196 99. Үшінші әңгімесі...................................................196 100. Төртінші әңгімесі................................................198 101. Бесінші әңгімесі..................................................198 102. Алтыншы әңгімесі..............................................199 103. Жетінші әңгімесі................................................200 104. Сегізінші әңгімесі...............................................200 105. Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі)..............201 106. Жиренше шешен мен хан.....................................208 107. Жиренше мен әз Жәнібек.....................................208 108. Жиреншенің хан сынағына түскені.......................209 109. Жиренше туралы ...............................................210 110. Жиреншенің ұшқырлығы....................................212 111. Жиренше шешен.................................................212
тарихи аңыздар 112. Жиренше шешен.................................................217 113. Жиренше шешен.................................................218 114. Жиреншенің Қарашашқа құда түсуі......................219 115. Жиренше туралы................................................220 116. Жиренше шешеннің Қарашашпен қосылуы............221 117. Жиренше туралы ...............................................222 118. Жиренше...........................................................224 119. Жиренше туралы ...............................................226 120. Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа бала болғаны.............................................................228 121. Жиреншенің баласы (І нұсқа)...............................232 122. Жиреншенің баласы (ІІ нұсқа)..............................233 123. Жиренше туралы әңгіме......................................234 124. Жиреншенің қыз таңдауы....................................235 125. Жиреншенің ханның уәзірі болғаны......................236 126. Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында.................237 127. Жиренше...........................................................238 128. Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе.................................241 129. Жиреншенің қартайған шағы...............................245 130. Орманбет хан әңгімесі..........................................246 131. Еңсегей бойлы ер Есім .........................................249 132. Едіге батыр туралы..............................................254 133. Тоқтамыс хан мен Едіге батыр..............................255 134. Ер Едіге .............................................................261 135. Ер Едіге.............................................................263 136. Ер Едіге.............................................................267 137. Едіге батыр.........................................................273 138. Едігенің төресі....................................................276 139. Едіге туралы.......................................................279 140. Едігенің төрелігі.................................................283 141. Ер Тарғын туралы аңыз........................................284 142. Шора батыр........................................................284 143. Шора батыр........................................................300 144. [Шора батыр]......................................................301 145. Тәттібике...........................................................302
мазмұны ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге түсініктеме.............................309 Мәтіндерде кездесетін тарихи, діни есімдер, ұлт-ұлыстар мен ру-тайпалар туралы мәліметтер...........350 Сөздік......................................................................369 Жер-су атаулары.......................................................374 Томға енген фольклорлық үлгілерді жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер................384 Шартты қысқартулар.................................................389 Пайдаланылған әдебиеттер.........................................390 Пайдаланылған бумалар.............................................392 Резюме.....................................................................394 Summary...................................................................398
Научное издание
БАБАЛАР СӨЗІ
85 том
исторические легенды
(на казахском языке)
Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан
Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге терген: Т. Т. Әкімова
Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2627 Теруге 12.05.12 жіберілді. Басуға 28.06.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 26,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №137.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Ескертулер үшін
Ескертулер үшін
Ескертулер үшін
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру