TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 42 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 42 том

«Бабалар сөзі» сериясының 42-томына «Қарасай—Қази» эпосының Айса, Сейіт, Жақсылық жыраулардың айтуы бойынша жазып алынған және Маңғыстау экспедициясы (1998) кезінде ел арасынан табылған белгісіз ақын нұсқасы енгізілді.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.

Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.

Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.

Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.

Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.

Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
42 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Ақыш Н., Әкімова Т. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар: Қосан С. (филология ғылымдарының кандидаты), Тұрлымбеков Б. (жауапты шығарушы) Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007. Т. 42: Батырлар жыры.—2007.—432 бет. ІSBN 9965-35-382-4 «Бабалар сөзі» сериясының 42-томына «Қарасай—Қази» эпосының Айса, Сейіт, Жақсылық жыраулардың айтуы бойынша жазып алынған және Маңғыстау экспедициясы (1998) кезінде ел арасынан табылған белгісіз ақын нұсқасы енгізілді. Б 00(05)—07

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-382-4 (т. 42)
© Әдебиет және өнер институты, 2007

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007

Құрастырушылардан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­ кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның бұған дейін жарияланған қырық бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының тоғыз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­ дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді. Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 42томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай—Қази» эпосының төрт нұсқасы енді. «Қарасай—Қази» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақ­тың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарын­ да: Мұрын, Қашаған, Айса, Қобылаш, Нұртуған, Мұрат, Жақсы­ лық, Құдайберген т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға бола­ ды. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Мұрат, Қашаған, Нұр­ пейіс, Құдайберген, Төренияз, Мүстежеп жырлаған нұсқалар

батырлар  жыры
енсе, екінші томға Айса, Жақсылық, Сейіт және Маңғыстау өңі­рі­
нен жазып алынған белгісіз жыршының нұсқалары ұсынылды.
Жалпы «Қарасай—Қази» эпосы қазақ арасында «Қобыланды

батырдан» кейінгі ең көп нұсқалы, халық сүйіп тыңдаған арна­
лы жырлардың бірі.
Аталған жыр нұсқаларын ел арасынан жинап, жазып алып,
бүгінгі ұрпаққа жеткізуші—Мұрат Құсниұлы, Ғұмар Қараш,

Ығылман Шөреков, Халел Досмұхамедұлы, Асайын Хангел­
дин, Т. Күнтуғанов, Қартбай Қылышұлы, Иманбай Ұйықбаев,
Төкен Кенжалин, Қ. Сыдиықов, Ш.Үсенбаев сынды халық
мұрасы жанашырларының еңбегі өте зор.

«Қарасай—Қази» эпосының сюжеттік желісіне ХVІ ғасырда
Ноғай ордасы мен Қырым хандығының тұсында өткен тарихи
оқиғалар арқау болған. Әйтсе де, жыршылар аласапыран кезең­
нің оқиғаларын сол күйінше бейнелеуден гөрі, эпосты көркемдік

тұрғыдан дамытып, өз қиялдарының елегінен өткізе отырып
жырлағанын көреміз. Халықтық шығармадағы көптеген тари­хи
оқиғалар жинақталып, жырдың бас кейіпкерлері—Қарасай мен
Қазидың маңайына топтастырылған. Эпикалық қуаты мол жыр­

да Қарасай, Қази мен Әділ сұлтанның Астрахан түбіндегі Қиғаш
тауында, сондай-ақ Кавказдағы Дербент қаласы төңірегінде
қалмақ, қызылбас елдерінің әскерімен болған ұрыс қимылдары
және Әділ сұлтанның жау қолына тұтқынға түсуіне қатысты

шытырман оқиғалар да кең қамтылады.
Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қарасай—Қази» жырының
варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Мұның
өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың бірі де­

сек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен
ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып, араб
әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес,

қырық екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,

эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—27,25 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Он таңбалы Ұрымда,
Қырық таңбалы Қырымда,
Сан таңбалы санайда,
Он екі баулы ноғайда,

Баба Түкті баба өтті,
Едіге сұлтан хан өтті,
Төрехан, Мұса жана өтті.
Онан туған Орақ пенен Мамай-ай!

Орақ­Мамай күнінде,
Теңгерілген ноғай-ай!
Орақ деген ер өтті,
Мамай деген хан өтті.

Орақтан қалған қос жетім—
Қарасай, Қази бала өтті.
Әкесінен Қарасай қалды он бесте,
Қази қалды он үште.

Жетімге дұшпан көп болды,
Қарайтын кісі жоқ болды.
Мамай хан өліп қалған соң,
Иесіз болып елдері,

Ылай болып көлдері,
Ноғайдың сынып белдері,
Қызықты дәурен кең пейіл,
Басынан кетіп күндері.

Орақ­-Мамай анасы,
Ақылдың қара сабасы
Қорғанышы жоқ болып,
Қолында жетім қалғасын

Немере екі баласы,
Қарасай – Қази
(Айса Байтабынов нұсқасы)

батырлар  жыры
Кемпір елін жинады.
«Басшысыз халық болмас,—деп,
Хансыз халық оңбас»,—деп,

Шынтемір деген шал екен,
Жаннан асқан бай екен,
Баласы жоқ жан екен,
Бір перзентке зар екен.

Қартайғанда таққа мінсін деп,
Көтеріп көңіл жүрсін деп,
Хан Мамайдың орнына
Таққа халық мінгізді,

Шынтемір таққа мінеді.
Шынтемір таққа мінгенін
Орақ­Мамай анасы
Қараүлектей кемпірдің

Көңілі анық сүйеді.
Мамайдың тоқал шешесінен туған
Смайыл мен Тобаяқ,
Әли менен ер Сидақ

«Мирасымды бермед,—деп,
Қараүлек кемпір көрмед»,—деп,
Өкпелеп қатты жөнелді.
Хан болған соң Шынтемір,

Боз жорға аты астында,
Алтын қалпақ басында,
Қырық уәзірі қасында,
Қарала тазы соңында,

Қаршығасы қолында,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Қара көлдің қасында,
Күміс төбе басында жүреді.

Қалмақтың ханы Темірханнан
Қырық кісі келеді.
Қырық кісі ішінде
Ханбегі деген ер еді,

Тілге жүйрік неме еді.
Келе сала Ханбегі,
Ханға сәлем береді.
Шынтемір хан сөйлейді:

қарасай —қази

—Шауқын бұлбұл саласың,

Кідірсең жолдан қаласың.
Әскер жинап қасыңа
Ханбегі, қайда барасың?
Қалмақ, ноғай жан едік

Неге келдің жеріме,
Неге келдің еліме?!
Жұмыс болса, айт,—деді,
Осы арадан қайт,—деді.

Ханбегі сонда сөйледі:

—Қатуланба, қамданба,

Қарт бурадай шамданба,
Долданба, шалым, долданба.
Ат үстінде ырғалма,
Ақырма, маған шалым-ай,

Орақ­Мамай өлген соң,
Белгілі ғой халің-ай!
Бәлем, ноғай, қазағым,
Орақ­Мамай өлген соң,

Кеткен жоқ пе еді сәнің-ай!
Алмай қояр деп пе едің,
Орақтың төккен қанын-ай.
Кешегі кеткен Орағың

Самарқанда сандалды.
Мұнанайды мұнда алды,
Алаусамды анда алды,
Балуандыдан Батырхан.

Алшағыр мен Бабахан,
Жеті ханымды өлтіріп,
Алтын тағым құлаған
Қатын, балам жылаған.

Тұлымдымды тұл қылдың,
Айдарлымды құл қылдың,
Жібегімді жүн қылдың,
Туырлығымды тоқым еттің,

Керегемді отын еттің,
Қызымды қатын еттің,
Қатынымды жесір еттің,
Баламды жетім еттің,

батырлар  жыры
Елімді иесіз еттің,
Кетірдің сәнімді,
Шығардың жанымды,

Ағыздың қанымды,
Еріксіз алдың малымды.
Бәлем, ноғай, шал ноғай,
Бозжорға аттың үстінде шалқыма.

Тілегімді Құдай берді деп,
Көзімнің жасын көрді деп,
Орақ­Мамай өлді деп,
Кек алар кезек келді деп,

Со кегімді аламын
Еліңе бүлгін саламын.
Қазиға малды бақтырмай,
Қарасайға отты жақтырмай,

Орақ­Мамай шешесі,
Қараүлектей кемпірдің
Таяқ беріп қолына,
Саламын қойдың соңына.

Орақ­Мамай өлген соң,
Ісім келді оңына.
Зығырым оттай қайнайды
Орақ пенен Мамайдың

Қылығы түссе ойыма.
Мамайдан қалған жалғыз қыз,
Жібек шашын жүн қылмай,
Қара басын күң қылмай.

Қарасай менен Қазиды
Қара басын құл қылмай,
Ноғай, қазақ қор қылмай.
Сен құсаған хандардың

Етіңді кесіп тілгілеп,
Ит пен құсқа жем қылмай,
Алынбайды кегім-ай,
Білдің ғой сөздің жөнін-ай!

Жана бітім етемін,
Көне қойсаң өзіңе,
Жас ағып тұрған көзіңе.
Орақ пенен хан Мамай,

қарасай —қази
Не қылған жоқ өзіме?!
Ерегіссең, кәрі шал,
Орақ пенен Мамайдың

Ісін қылам өзіңе.
Азап үзді шідерді,
Ауылым көшіп үдерді,
Темірхан саған жіберді,

«Дегеніме көнсін,—деп,
Айдағанға жүрсін,—деп,
Айтқаныма көнсін,—деп,
Мамайдан туған Қымбатты

Тоқалдыққа берсін,—деп.
Қарасай, Қази қос жетім,
Құл болуға көнсін,—деп,
Дінімізе кірсін,—деп.

Айтқаныма көнбесе,
Дініме менің кірмесе,
Үш жылғы отаудан есеп бермесе,
Жер ортасы Қиғаш тау[ға]

Соғысуға келсін,—деп.
Шынтемір сонда сөйледі:

—Аулыңызға қайт,—деді,

Ханға сәлем айт,—деді,
Он бес күн пұрсат бер,—деді,
Он бес күннен соң кел,—деді.
Дәл он бес күн болғанша,

Халқымды жинап алайын,
Ортаға сөзді салайын,
Кеңесіп елмен қарайын,
Көнемін десе көнейін,

Сұрағанын берейін.
«Көнбеймін» десе көп халық,
Соғысуға келейін.
Жолдасым жоқ, жорам жоқ,

Бұл арада не дейін.
Шынтемір елге келеді,
Елге хабар береді.
Елін жиып алады,

Ортаға сөзді салады.

батырлар  жыры
Смайыл мен Тобаяқ
Қараүлектей кемпірдің
Дұшпанының бірі еді.

«Хан қоймадың мені»—деп,
Өкпелеп оған жүр еді.
Есебін тауып еске алып,
«Жетім бала, жесір қатындар

Бір қақсатармын»—деп еді.
Уәдесі есте жүр екен,
Смайыл мен Тобаяқ,
Ноғайлы елге сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Дегеніне көнелік,

Айдауына жүрелік,
Бағыналық кірелік.
Әкесін жұтқан қу басты—
Ағасы жоқ, іні жоқ,

Қуарып тұрған сұм басты,
Мамайдан қалған жалғыз қыз
Тоқалдыққа берелік.
Орақтың қылған кесірін,

Өзіменен төлелік.
Қарасай, Қази жетімді,
Құлдығына берелік.
Біреудің салған бәлесіне,

Неге барып өлелік!
Ноғайда барды Ормамбет,
Ормамбет деген биі бар,
Елібайдай елші бар,

Толыбайдай сыншы бар.
Ноғайда бар екі би
Қасым би мен Қалу би.
Ноғай тұрып жиналды,

Ақыл таппай қиналды.
Қартайған әкең Ормамбет
«Не айтам» деп ойланды.
Қасым би мен Қалу би

Екеуі тұрып сөйледі:

қарасай —қази
Жердің жауған нұры жоқ,
Ел қорғаны қос жайсаң,
Екеуінің бірі жоқ.

Кел, Қарасай мен Қазиды
Бері шақырып алалық,
Құлағына салалық.
Бөрінің екі баласын,

Қандай екен сыналық.
Сол көнсе, біз де көнелік,
Сол өлген жерде өлелік,
Соған билік берелік.

Шақыртып Қарасайды алады,
Қарасай батыр келеді.
Сыпыра жырау сөйлей береді:

—Ай, Қарасай, Қарасай,

Орақтың екі баласы-ай.
Жаңбыр жаумай жерің тұр,
Балығы кетіп көлің тұр,
Панасы кетіп елің тұр.

Ақыл таппай ойланып,
Шешендер мен биің тұр.
Едігені ескі кек,
Еске түссе нелер жоқ.

Темірхан хабар салып тұр,
Мазамызды алып тұр.
Кілең жетім, қарағым,
Жақсыдан қалған тұяғым,

Сендерге торын жайып тұр.
Ел панасы кеткен соң,
Алтындарың мыс болып,
Қорғасын болып ағып тұр.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Жақсы айтасың, ағеке,

Мен дұшпанға көнбеймін,
Қолымнан арды бермеймін.
Мен дұшпанға бағынып,
Дініне оның кірмеймін.

батырлар  жыры
Қызылбастың жауына
Аяғына бас ұрман,
Басымнан дұшпанның сөзін асырман.

Мен болсам Орақ баласы-ай,
Атамның атын жасырман!
Атамның салған жолы бар.
Сасқанда жәрдем беретін,

Қысылғанда келетін
Баба Түкті Шашты Әзіз,
Едіге сұлтан пірім бар.
Жүрегімде зәрім бар,

Білегімде әлім бар,
Киюіме тоным бар,
Мен сияқты батыр бар,
Дұшпанға неге жалынар,

Жарау атқа ер салмай,
Емен найза қолға алмай,
Бес қаруды белге ілмей
Үзбелі де ілмелі,

Ақ сауыттан тон кимей!
Жабықпа, халқым, жабықпа,
Тарықпа, халқым, тарықпа,
Дұшпаннан қорқып, зарықпа!

Он бесіме келген соң,
Жау дыбысын білген соң,
Жалтармай мен шығайын жарыққа.
Не қылғаным дұшпанға

Қолдан арды бергенім!
Қызылбасқа бағынып,
Не қылғаным жүргенім?!
Мұнан да маған көп жақсы,

Он бесіме келгенде,
Халқымның ары үшін,
Қатын менен бала үшін,
Жылаған кемпір, шал үшін,

Оққа ұшып өлгенім!
Қарасай ақ құба, кең көкіректі,
Келбетті, жазық маңдай, бота көзді,

қарасай —қази
Айтты да жүре берді осы сөзді.
Қарасай кетіп қалған соң,
Әнжі Смайыл сөйледі:

—Қарасайды Құдай ұрған ғой.

Әкесіне тартып, қасарма
Болып туған ғой.
Онбестегі баланың ,
Не келеді қолынан?!

Көшіп, қашып кетелік,
Сырдариядан зырқырап,
Әрмен қарап өтелік.
Күл болмаса, бүл болсын,

Ұнталсын да ұн болсын,
Аспанға ұшқан күл болсын,
Орақ-Мамай ауылын
Жұртқа тастап кетелік.

Әнжі Смайыл сөзіне
Көп ноғайлар нанады.
Құдай ұрып ноғайды,
Түн ортасы болғанда

Қонысынан көтеріліп,
Қашып барады.
Еділ, Жайық—екі өзен,
Әдіра мұнан қалады.

Ертең таңдар атқанда,
Екі бала ұйықтап жатқанда,
Үйден шығып Қараүлек,
Жан-жағына қарады.

Жан-жаққа көзін салады,
Таң-тамаша қалады.
Жайылып жатқан мал да жоқ,
Қыбырлап жүрген жан да жоқ,

Көп ноғайдың бірі жоқ,
Қараүлек қайта үйге кіреді.
Ұйықтап жатқан баласын
Оятайын деп еді,

Тағы да кемпір ойланды,
Қабыл еді-ау тілегім,
Ұзағынан тілейін.
2–166

батырлар  жыры
Мезгілсіз барып оятсам,
Екі бірдей қарғамның
«Жау келіп қалды» деген соң,

Қозғалтармын жүрегін.
Қозғалмасын жүрегі,
Істің болар себебі.
Күн сәскеге толғасын,

Ұйқысы әбден қанған соң,
Тамағына тойған соң,
Тысқа шығып, Қарасай
Жан-жағына қарады,

Төңірекке көзін салады.
«Ел қайда?!» деп сұрады.
Жүгіріп келіп Қараүлек,
Қарасайдай баланы

Таяқпен басқа ұрады.
Ұрып кемпір толғады,
Сөздің басы Құранды-ай:

—Шығарған Құран бір Алла-ай,

Жеті атадан келе атқан,
Мынау бір алтын орда еді.
Таратпаған құралды-ай,
Қазақ, ноғай, ұранды-ай!

Қос жайсаңның барында,
Бәйгеден талай келтірдім,
Тай, жабағы, құнанды-ай.
Жайсаңым қолдан кеткен соң,

Алтын туым құлады-ай.
Басымнан кетіп базарым,
Бетімнен кетіп ажарым,
Қолдан кетіп құралым,

Кетіп отыр қажарым.
Сен, Қарасай, оңбадың,
Жатырың жаман болды ма?!
Қарғама тартып тумадың,

Жау мен елді білмедің,
Қарғамнан қалған қара атты
Алшаңдатып ойнатып,
Ауыздығын шайнатып,

қарасай —қази
Екі көзін жайнатып,
Салқынға сарай байлатып,
Қуарғыр, жетім, мінбедің!

Ноғайлы деген ел қайда,
Қатар құрбы, тең қайда,
Қу жетім, кімге сенесің?!
Әкең өліп қалған соң,

Білмедің бе шешеңнің
Қайырға шөккен кемесін?!
Ел көшті, жылқыны жау алды,
Атты қайдан мінесің?!

Қу жетім ақыл менен ойың қайда,
Кешегі ноғайға айтқан сөзің қайда?!
Ішімде тарқамайтын болды арман,
Адамға болды қорлық жаяу қалған.

Аңдыған сырттарыңнан жауларың көп,
Қалдырмай көп жылқының бәрін алған.
Жылқыны жау алыпты,
Мамай мінген Көкмойнақ,

Орақ мінген Тайқара ат,
Көп жылқының ішінде
Қиқумен кетіп барады,
Бауырынан жараған,

Шекесінен қараған.
Жау екенін білген соң,
Шекесінен қарады,
Құйрығын саурына салады.

Көп жылқыдан қоштасып,
Ол жылқыдан бөлініп,
Кейін қарай шабады.
Орақ пенен Мамайдың,

Моласына барады.
Алтын менен күміспен
Өнерлеп салған моланың
Қасына барып тұрады.

Жүгіріп келді Қарасай
Әкесінің басына,
Тайқара аттың қасына,

батырлар  жыры
Атқа келді жантақтап,
Ықылықтап, так, так-тап
Қара аттың төменгі ерні жыбырлап,

Жоғарғы ерні қыбырлап,
Тайқара атқа тіл бітті.
Әңгіме айтып, зырғытты:

—Сен Қарасай, оңбадың,

Ораққа тартып тумадың.
Орақ өліп қалған соң,
Малым бар деп келмедің.
Әкемнен қалған мирас,—деп,

Қарасай, мені бақпадың,
Мақпалдан жабу жаппадың,
Жібектен арқан тақпадың,
Алтыннан қазық қақпадың.

Көп жылқыда жүргіздің,
Түгімді күнге күйгіздің,
Етіме салқын тигіздің,
Салақ құлды мінгіздің,

Тіпті есімнен кетпейді
Құлдың мініп шапқаны-ай,
Жаман терлік, сатпақ тоқым
Арқама қатты батқаны-ай.

Әкесінің барып қасына,
Құран оқып басына,
Тайқара атқа келеді,
Қарасай сөйлей береді:

—Көкемнен қалған Тайқара ат,

Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат,
Танауыңа болайын,
Түбі түскен шелектей.

Құйрық­жалға болайын,
Бұхардағы жібектей.
Екі көзің шолпан жұлдыздай,
Түгің қара құндыздай.

Омырауың есіктей,
Ойынды етің бесіктей.
Белдемеңе болайын,

қарасай —қази
Қайырда жатқан сазандай.
Сауырыңа болайын,
Төңкерген қара қазандай.

Омырауыңа болайын,
Еділден шыққан аңғардай.
Тұяғыңа болайын,
Ұсталар соққан сандалдай.

Жүрісіңе болайын,
Қыз жанаған бойдақтай.
Келбетіңе қарасам,
Төрт қырлап жонған қайрақтай.

Жарауыңа болайын,
Үлектен туған тайлақтай.
Қара ат аузын ашып есінеп,
Қарасайды иіскелеп,

Жүгенге басын кигізді,
Ауыздықты тістелеп.
Қарасай мініп алады,
Кешегі кеткен жылқының

Соңынан кетіп барады.
Қару-қапшық бойда жоқ,
Өлем деген ойда жоқ.
Қималы құрық қолында,

Тіпті өлім жоқ ойында.
Жылқыны жау алыпты,
Ақсақ тай, жетім құлындар
Жол бойында қалыпты.

Мініп алып, «шу» деді,
«Шу» дегенде гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Арандай аузын ашады,

Ақ көбікті шашады.
Көлденең жатқан қара тас
Қорғасындай басады.
От орынды тұяқтай,

Құйрық­жалы құрақтай;
Жазылған соң бауыры,
Ойнақтады лақтай.
Үш күн болған қалмақтың

батырлар  жыры
Кіші бесін уақытта
Артынан жалғыз құлапты-ай.
Қалмақтың басы Қараман

Еңіреген ер екен,
Еңіреген ердің бірі екен.
Бес қаруы белінде,
Арттан біреу келер деп,

Кедергіде жүр екен.
Қарасайды көреді,
Қараман сөйлей береді:

—Өлген жоқ Орақ тірі екен,

Жұрт өтірік айтып жүр екен.
Қой, қашайын қалама,
Жетейін қатын­балама,
Өліп қалармын далада.

Ашуланған ол—Орақ
Келмес менің шамама.
Біздің қалмақ—антұрған
Көтін қысып тек жүрмей,

Тары­-талқанын жеп жүрмей,
«Аулын Орақ шабам, деп,
Жылқысын мұның алам», деп.
Орақ бізге бола ма,

Орақ келсе қоя ма?!
Астымдағы боз атым,
Ораққа өтпес болатым.
Осы өлімнен құтқарсаң,

Жануар сені бағармын,
Бабыңды сенің табармын,
Сусынға сүтті берермін,
Арпа, сұлы ілермін.

Жалғыз балам—Досмамбет,
Досмамбеттей көрермін.
Шу, жануар, боз шолақ,
Келіп қалар ер Орақ,

Ақылсыз қалмақ бұл дурак.
Қазір Орақ келген соң,
Болып қалар шұп-шұнақ.

қарасай —қази
Әскерге салып келеді,
Қараман сөйлей береді:

—Өлген жоқ Орақ тірі екен,

Өтірік айтып жүр екен.
Шаңы шығып, бұрқырап,
Келе жатыр бір қара.
Мінген аты зырқырап,

Келе жатыр бір қара.
Бір болса да зор қара,
Мың қарадай көрініп,
Астына мінген атының,

Жал-құйрығы төгіліп,
Жер солқылдап, қара тастар сөгіліп.
Бәлем, қалмақ, сабыр ет,
Орақ, Мамай жылқысын

Олжа қылам деп пе едің?!
Шырмады сені әбілет.
Жылқы алмақ түгіл балам-ай,
Бас-басыңның қамын ет.

«Шу»,—деді де аулына қашып жөнелді.
Айтқан ауыз жұмғанша,
Ескен желдер тынғанша,
Қарасай келді ақырып.

Қойға тиген бөрідей,
Келген жерден жапырып.
Қарсы келген қалмақты
Қағып тастап барады.

Кесе келген қалмақты
Кесіп кетіп барады.
Шапшаң-шапшаң қалмақты
Шаншып кетіп барады.

Қалмақтың бәрі айдарлы,
Асыл туған Қарасай
Айқастырып байлады.
Қалмақтар бәрі шалбарлы,

Арыстан туған Қарасай
Шалбарлыны жалмады.
Бесінде келген Қарасай

батырлар  жыры
Күн батпай-ақ жылқыны жаудан айырды,
Кейін қарап қайырды.
Есіктің алдын тал көрді,

Балшықты жер, жар көрді.
Соғыспай қалмақпен қалуға,
Қарасай өзіне-өзі ар көрді.
Қарусыз барып, соғысты,

Балалықтың зарпынан,
Жан бармады артынан.
Қолындағы құрықтың,
Тек тұтамдайы қалып жүр.

Қарсы келген қалмақтың
Қаруын тартып алып жүр.
Қалмақтың мықты қаруы,
Өзіне бәле болып жүр.

Жеті күн соғыс салады,
Қалмағы құрғыр көп екен,
Ауыр әскер, қол екен—
Қарусыз соғыс салады.

Орақтың жетім баласы-ай,
Үш мың кісідей қалмақтың шамасы-ай,
Жарма жарын алады,
Жарма жары қалады.

Қызыл жарлы түбекке
Қарасайды қамады.
Бір жағы терең су екен,
Бір жағы биік жар екен.

Әдіра қалғыр, сол жердің
Оппа балшық бар екен.
Жамалдағыр Тайқара ат
Жалтақтап шауып жүргенде

Оппаға барып құлады.
Асыл туған Қарасай
Аттан түсе қалады.
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Көзінен ағып қанды жас,
Қолында жоқ қаруы,
Жерден алып қара тас,
Қара тас алып соғысып,

қарасай —қази
Атын бермей бағады.
Үйде жатып апасы түс көреді:
Мамық төсек үстінде,

Жатыр еді шешініп,
Жатыр еді көсіліп,
Шошып кетіп түсінен,
Тұра келді өкіріп,

Көзінің жасы секіріп,
Тұра келіп сөйлейді:

—Текемет ойдым, түр салдым,

Қырмызы алдым, зер салдым,
Жасаған Құдай,
Қайта-қайта зарлатып,
Мен қасқа сенің неңді алдым?!

Басыңды көтер, қу Қази,
Қуарып туған, сен Қази!
Қарағым жауға кеткенде,
Ұйықтағаның нең, Қази?!

Бір түйеде екі өркеш,
Бірінен соң күші жоқ.
Бір биеде екі емшек,
Бірі кетсе сүті жоқ.

Бір маңдайда екі көз,
Бірінен соң жарық жоқ.
Бір иінде екі қол,
Біреуі кетсе қару жоқ,

Қарасай қарғам нағып жүр?!
Сәуелім шайтан болмаса,
Қапаланып қамалып,
Қарағым қатты налып жүр,

Ортаға дұшпан алып жүр.
Үсті құтсыз ит еді-ау,
Тайқара аттың үстінен
Қарағым түсіп қалып жүр.

Атамнан қалған төрт бүркіт
Бауырымды бағып жүр.
Қази көтеріп басын алады,
Кемпірге көзін салады:

—Мен мінетін мамеке­ай,

батырлар  жыры
Ат бар ма?—деп сұрады-ай.
Ат сұраған баланы
Жүгіріп келіп Қараүлек,

Таяқпенен ұрады-ай.
Салса балта, өте ме
Шағырлы таудың басына?!
Нелер кетіп, не кетпейді,

Ер жігіттің басына.
Қуарып туған қу Қази,
Болат едің, жасыма!
Қарасай атқа мінгенде,

Жау қарасын көргенде,
Жауды көрсе жасқанып,
Тұратын ба еді Едігенің тұқымы?!
Қызықпенен кіргенді,

Көп болғанда шіркіннің,
Қаруы жоқ, қапшығы жоқ,
Азырақ сасып жүрген-ді.
Тұра сала қу Қази

Беліне жүген салады,
Қолына тоқым алады,
Жылқыны қарап жөнелді.
Көп құдықтың басында,

Көп астаудың қасында
Отыр екен тоқсан құл,
Құлға салып келеді,
Құл бастығы Құлтай құл

Еңіреп қоя береді:

—Жақсыдан қалған тұяғым,

Жетім қалған лағым.
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Табаныңа кіріп қара тас.
Жабылып келді-ау қабағың,

Қалай болар талабың!
Көп жылқыны жау алды,
Орақ мінген қара атты,
Мамайдан қалған Көкмойнақ,

Сол екеуін жана алды.

қарасай —қази
Жаяу Қази келеді,
Қабағын қатты түйеді.
Қабағын қатты түйгенде,

Бет алдына жан келмейді деп еді,
Алмадай мойнын бұрады.

—Ең болмаса, қолау тай,

Қалған жоқ па?—деп сұрады.
Құлтай құл сонда сөйледі:

—Кешегі Орақ барында,

Кешегі Мамай қанында,
Қойға мінген құла айғыр,
Түйеге мінген кер бие,
Болдырып қалды далада.

Сол екеуі қосылып, құлапты
Құрақты көл деген салаға.
Жылқыдан кеткен бір бүйір­ай,
Құланмен болған үйірі-ай,

Айғыр болса жалданып,
Бие болса қоңданып.
Биеге айғыр шауыпты,
Кіл көк бөрте ат тауыпты.

Айдауымызға жүрмейді,
Көп жылқыға ермейді.
Көрінеді қарасы,
Қырық, отыз бар шамасы.

Аңдып барып бір көрдім—
Кер бие мен құла айғыр,
Кіл көк бөрте баласы.
Мекендеп жүрген жері бар,

Су ішетін көлі бар,
Қолыңа арқан ал,—деді,
Құрақты көлге бар,—деді,
Аяқ тұзақ құр,—деді,

Көрінбей өзің тұр, деді.
Сонда ұстап аларсың,
Есебін сөйтсең табарсың.
Құлдан енді көп арқан

Қу Қази қолға алады,
Жүгіріп көлге барады,

батырлар  жыры
Айнала аяқ тұзақ құрады.
Күн сәскеге толғанда,
Күннің көзі қызғанда,

Құла айғыр бастап, жануар
Үйренген жерге құлады.
Бір көк бөрте ат су ішті,
Бауырлап суды көп ішті.

Құрып қойған тұзаққа
Арнаулы барып сол түсті.
Қази көріп жүгірді,
Тұзаққа ат ілінді.

Адам көрмеген тағылар
Қазидан үркіп бүлінді.
Арқаннан ұстай алады,
Қази ерді тоқтатпай,

Сүйреп кетіп барады.
Сонда Қази ақырды:

—Қырық берен досым-ай,

Келмедің-ау қасым-ай.
Жетімдік, жастық—
Бәрі менің басымда-ай.
Бір тайды ұстап ала алмай,

Үлкендер мұрның кесілсін,
«Арыстаннан күшік туады»
Деген осыма-ай!
Табанын тасқа тіреді,

Тірегенде табаны,
Табандағы қара тас
Қорғасын бола береді.
Толғай, толғай тартқанда,

Тобығынан тасқа кіреді.
Көкбөрте атты ұстап алады,
Жүгені жоқ ері жоқ,
Күшінің тіпті жөні жоқ—

Ноқталап алып арқанмен,
Аулына қарап шабады.
Апасы енді-ау ақ Қымбат
Алтын кебіс жалтылдап,

қарасай —қази
Ақ маңдайы жарқылдап,
Алтын шашпау салпылдап,
Маржан тісі тізіліп,

Раушан көзі сүзіліп,
Күмістей қасы тігіліп,
Оймақтай аузы бүріліп,
Орақтан қалған алтын ер,

Алтын ерді құшақтап,
Үйден шықты-ау жүгіріп.
Көкбөрте атты көреді-ау,
Сауырынан сипалап,

Маңдайынан тәу етіп,
Танауынан сүйеді,
Ақ Қымбат толғай қоя береді:

—Айналайын, Көкбөрте ат,

Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат,
Үстіңде Қази—аманат!
Айналайын, Көкбөрте ат,

Мен қасқа сені білмедім,
Арпаменен сұлы ілмедім,
Сусынға сүтті бермедім,
Түгіңді күнге күйгіздім,

Етіңе ыссы-салқын тигіздім,
Мақпалдан жабу жаппадым,
Алтыннан қазық қақпадым.
Жал құйрығың шашақтап,

Жібектен арқан тақпадың.
Құдай-ау, айналайын құдіретің,
Болғанда Хақ Пайғамбар Мұқамбетім.
Бар еді-ау жетім бағар шын міндетің,

Зарлаған жетім-жесір біз үмбетің.
Әйелдің пірі сен едің,
Бипатима Бибісі-ай!
Иә, Қадиша, Мәрия-ай,

Қос қарғам саған аманат!
Ердің бірі сен едің,
Қазіреті ер Гали,
Дүлдүл мінген, Зұлпұқар,

батырлар  жыры
Сәм-сәм қамқам қылыш ілген—
Қос қарғам саған аманат!
Әулие саған ат айттым,

Құдай жолы қой айттым,
Қос қарғамның жолына
Шыбын жанымды тағы айттым!
Үйден шықты Қараүлек,

Көзсіз жерлер көл емес,
Зейілді болмай би емес,
Тәуекел болмай ер болмас.
Бірің ердің баласы,

Бірің ханның баласы—
Ұлым менен қызым-ау,
Қайғыланып, зарланып,
Жылауларың жөн емес.

Үзеңгісі үзбе алтын,
Сағалдырық сары алтын,
Доғасының бәрі алтын,
Қамшысының сабы алтын,

Қырмызыдан терлігі,
Шұғадан желдігі.
Жасы да жас демесең,
Әкесінен кем емес

Тап осының ерлігі.
Ұзын бойлы, терең ойлы,
Шүңірек көз, жар қабақ,
Ат жақты, қыр мұрынды,

Көзі көк, түсі шұбар еді,
Соғысқа жас күнінен құмар еді.
«Шу» деді де жөнелді,
Шаңды-шаңға қосады,

Шаң аспанға жосады.
Қашырған соң тоғын-ай,
Кетірген соң боғын-ай,
Астындағы Көкбөрте ат

Ор қояндай жосады,
Арандай аузын ашады.
Көлденең ұшқан дуадақ,

қарасай —қази
Секіріп үстінен асады.
Сайлы жерден ырғытып,
Тегістеу жерден зырғытып,

Алқайлы алқылдап,
Құйысқаны жарқылдап.
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауда жалпылдап.

Басын тартса құрғырдың,
Бөксесі кетті қырындап,
Қос танауы пырылдап.
Көк найзасы жылтылдап,

Ақ алмасы жалтылдап,
Бес қаруы сартылдап—
Ұлы бесін болғанда,
Қарасын жаудың көреді,

Ә, дегенше келеді.
Жетіп келсе, Қарасай,
Суарып оғын алыпты,
Бабалары бағыпты.

Қарасай соғыс салып жүр,
Омыртқада он жара,
Қабыртқада бес жара,
Шұрқылтайда бір жара,

Шүмектеп қаны ағып жүр.
Өлетін екен Қарасай,
Бабалары бағып жүр.
Анда-санда қара аттың,

Жалын құшып қалып жүр.
Басы айналып батырдың,
Екі қары талып жүр.
Басы айналмай не қылсын,

Сорғалап қаны ағып жүр.
Қази батыр келеді,
Қарасай сөйлей береді:

—Келдің бе жалғыз, бауырым,

Иесіз қалды-ау ауылым.
Көзді жерлер көл еді,
Шыныменен тілесек,

батырлар  жыры
Тілекті Құдай береді.
Жеті атадан бері қарап,
Тұманға елді шалдырмай,

Табасына қалдырмай,
Үзілмей әруақ келеді.
Аз кісіге көп олжа—
Жаудан малды қайырдық,

Қайтқанымыз жөн еді,
Қалмақтың қолы қатты ғой,
Сарқырап қандар ақты ғой,
Жаны құрғыр тәтті ғой,

Кел, қайтайық,—деп еді.
Қази сонда сөйледі:

—Ұрды ма Құдай өзіңді?!

Естімеймін сөзіңді.
Орақтан енді ұл туып,
Екі бөрі тең туып,
Жаудан қорқып қайтар ма,

Аттың басын тартар ма?!
Жарау атқа мінген соң,
Қару-қапшық ілген соң,
Жау қарасын көрген соң,

Қайғыны жігіт айтар ма?!
Онысын бізге кім айтар,
Қази менен Қарасай,
«Жаудан қорықты» демей ме,

Орақтың екі баласы-ай.
Қорықсаң, тұр сен ,—деді,
Қорықпаймын мен,—деді,
Қызығымды көр, деді.

«Шу» деді де, жөнелді,
Қалмаққа келіп тиеді.
Ай мүйізді ақ қошқар,
Қасқыр тартты қоңынан,

Күні туып оңынан,
Қази келді соңынан.
Кірген жері есіктей,
Шыққан жері тесіктей.

қарасай —қази
Қази тиді ақырып,
Әруағын судай сапырып,
Қалмақтың туын жапырып,

Айқай-сүрең салады,
Арқыратып салады,
Қиқу сүрен салады,
Қызықпенен қырады.

Ақ алмасты сермеді,
Сермесе қолы дендеді.
Қарсыласып, қағысуға
Қазиға кісі келмеді.

Сол кездері Қазидің
Көкпеңбек болып беттері,
Бетінен шығып түктері—
Екі көзі қанталап,

Әруағы анталап,
Жау қарасын көрген соң,
Қызыл қанға кірген соң,
Қойға тиген бөрідей

Құтырып кетті зәнталақ.
Қылышпенен шапқылап,
Көк найзамен сұққылап,
Тағы атты мылтықты,

Қалмақтың туы жығылып, ынтықты.
Қалмақтың ісі оңбады,
Қарсыласып қағысқан,
Қылышпенен шабысқан,

Кезекпен найза салысқан
Жауда кісі болмады.
Бес мың әскер қол еді,
Тапжылмайтын неме еді.

Бес жүз-ақ кісі қалыпты,
Қызылбас жаман тарықты.
Өлеміз деп қорықты,
Мінген аты зорықты.

Тасқанменен көппін деп,
Бір апатқа жолықты.
Қолдың басы Көкеман—
Ақылды қалмақ бұл еді,

3–166

батырлар  жыры
Ақылы көп ер еді.
Әскерін жауға алдырмай,
Көптен әскер басы болып жүр еді,

Көкеман сөйлей береді:

—Әй, Қази менен Қарасай,

Жау үшін туған Орақтың екі баласы-ай!
Жеті атадан шынжырлы,
О, сендерге кімнің шарасы-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған,

Мамайдың қара сабасы-ай.
Көтіміз қысып тек жүрмей,
Әлімізді бір білмей,
Аламын деп жылқыңды,

Бастың келіп сылқымды.
Тыйдырдың ойын-күлкімді.
Енді қалған жеріме,
Көзімнің жасын көр,—деді,

Тілегімді бер,—деді,
Сұлуым болса, сүй,—деді,
Қырмызым болса ки, деді.
Жорға да көп, жүйрік көп,

Қалауыңды мін,—деді.
Айналайын, Қарасай,
Қолдарың сенің қатты ғой,
Жаны құрғыр тәтті ғой.

Батпансыған ерлердің
Талайы өліп жатты ғой.
Жылады қатын баламыз,
Иесіз қалды қаламыз,

Алыс емес арамыз,
Дегеніңе көнемін,
Айдауыңа жүремін,
«Өл» деген жерде өлемін.

Өкпе-бауырым ем болса,
Қарағым, саған беремін.
Ендігі қалған жерлерде,
Тілегімді бер деймін,

Көзімнің жасын көр деймін,
Бір шыбындай жанымды,

қарасай —қази
Сауғаға сұрап еңіреймін.
Қарасай өзі ер еді,
Кеудесі де кең еді.

Артын ойлап, Қарасай:
«Тілегің бердім»,—деп еді.
Қуарғыр Қази сөйледі:

—Қарағай садақ, қырық кез оқ,

Буынып алсам белге тоқ.
Қарасай атты көкеке,
Қайратың көп те, ақыл жоқ,
Мен сорлыда ғапыл жоқ.

Етекті кессе, жең болмайд,
Ежелгі дұшпан ел болмайд.
Дария құяр теңізге,
Бай қуанат егізге.

Нәсілі жаман қызылбас,
Түбінде тартат негізге.
Бізбен осы дос болмайд,
Бізбен осы дос болса,

Күндердің күні болғанда,
Көңіліміз ашық қош болмайд.
Уәде бұған бермелік,
Сөзіне мұның сенбелік.

Біз түгіл Орақ- Мамай ақыл сұраған,
Әлемге ақылы ұнаған
Анамызға баралық,
Құлағына салалық,

Сонан ақыл сұралық,
Не дер екен анам-ай,
Біз баралық соған-ай.
Қалмаққа Қази сөйледі:

—Әй, қалмағым, қалмағым,

Мен ауылға барамын.
Қараүлектей анамның,
Құлағына саламын.
Не дер екен сол анам,

Шешемнің тілін аламын.
Он бес күнде келемін,

батырлар  жыры
Оған дейін тырп етпе,
Жауабын сонда беремін.
Аулына келеді,

Қази сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:

—Айналайын анам-ай,

Арнап келдім саған-ай.
Қарасай балаң туыпты-ай,
Атаға тартпай жаман-ай.
Барсам, балаң қашып жүр,

Қара тұман басып жүр.
Ер жігіттер тұра ма,
Жаудың көріп қарасын?!
Жігіттер бұйым көре ме

Жаудың салған жарасын?!
Балаң сонда шын айтты,
Қайтайық деп сөз айтты,
Қайтпадым сонда мен,—деді.

Жау қарасын көрген соң,
Қайтама екен ер!—деді.
Жауға салған қырғыным,
Қайратымды көр,—деді.

Жеңіліп қалмақ жылады,
Шыбын жанын сұрады,
Талай қалмақ құлады.
Қалмақ бізге бағынды,

Қыздарын беріп жалынды.
Қарасай сонда күлді деп,
Олжаны тәуір көрді деп,
Қыз беремін дегенге,

Қарасайдың жаны кірді деп,
Не қыл дейсің, анам-ай,
Қаратып келдім саған-ай?!
Сонда кемпір сөйледі:

—Мен садағаң кетейін,

Жанымды құрбан етейін.
Қос ботам кеткен мен мая,
Садаға етпей не етейін?!

қарасай —қази
Орақ-Мамай тірілді-ау,
Тірілгені білінді-ау.
Екі орданың ішінде,

Екі қарғам көрінді-ау.
Еділ, Жайық екі өзен—
Ел орнаған жер еді.
Алпыс екі саласы—

Мал орнаған жер еді-ау.
Шөлге шыққан суларға
Қарағай, қайың, тал орнаған жер еді.
Айдын-шалқар көлдерге,

Қараша қаз, үйрек, қу орнаған жер еді.
Ел қорғаны кеткен соң,
Сол қоныстан көтеріліп,
Он екі баулы ноғайлы—

Көшіп кетті еліміз.
Көшті дағы ел кетті,
Бармағын тістеп ер кетті.
Қайғыменен би кетті,

Қаралы болып қыз кетті.
Қоныстан тайып мал кетті,
Ботасын тастап нар кетті.
Бәрі кетіп қалған соң,

Қарасынсыз болған соң,
Мен сорлыны еңіретті.
Қарасайға «атқа мін», деді,
Мамайыма тартып ең,

Сөзің жұмсақ, қарағым,
Көкірегің кең,—деді.
Елеулі болсаң, ел ерер,
Басшылық қылсаң, көп ерер,

Басшысыз болсаң кім ерер?!
Қамқор болсаң ел келер,
Қорғамасаң кім келер?!
Мырза болсаң кім келмес,

Сараң болсаң дым келмес?!
Қарасай атқа міне көр,
Беліңе қару іле көр.
Түн ұйқыңды бөле көр,

батырлар  жыры
Түнделетіп жүре көр.
Кешегі кеткен ноғайды,
Қайтарып қонысқа алып келе көр.

Қарасай атқа мінеді,
Бес қару белге іледі.
Үріккен елдің артынан
Қарасай қуып жөнелді.

Шынтемір тіккен ордаға
Қарасай салып келеді.
Төрде отырған ханына
Иіліп сәлем береді.

Құдай ұрсын, Шынтемір,
Балаға көзін салмады-ау,
Сәлем берсе алмады.
Қарасай атты беренді,

Боқтап келіп, қарғады:

—Белде, белде, белдің бе,

Белдерден асып желдің бе?!
Түн ұйқыңды бөлдің бе,
Түнделетіп жүрдің бе?!
Қан үшін ханды берем деп,

Арнайы маған келдің бе?!
Қыршыныңнан қиылғыр,
Мен Ораққа ердім бе?!
Қалмақтан барып олжа алып,

Орақпен бірге келдім бе?!
Сөйледі сонда Қарасай,
Орақтың үлкен баласы-ай:

—Мен келмейін деп ем саған-ай,

Сенің керегің жоқ маған-ай.
Сен кеткенмен, Орақтың қатын-баласы
Қалған жоқ қой қараң-ай.
Саған мені жұмсаған

Қараүлек деген анам-ай.
Сен кеткен соң қалғанбыз,
Әуелден жауға бола туған жазғанбыз.
Жылқымызды жау алып,

Жылқыны жау алғанмен,
Кетпеген екен әруақ бірден жоғалып.

қарасай —қази
Біз қалмақпен соғыстық,
Қалмақты жеңіп біз алдық.
Көзді жерлер көл-ау деп,

Көзсіз жерлер жол-ау деп,
Балалы адам тең-ау деп,
Баласыз адам кем-ау деп,
Сіз сияқты хандарды,

Перзентсіз болып жүр-ау деп.
Қызылбастың қорыққанда,
Батасы қабыл ел-ау деп,
Жеңгең саған жіберді.

Шынтемір сонда толғады:

—Батасы құрсын, алмаймын,

Баласы құрсын, бармаймын.
Қартайғанда қалмақтың,
Алдаумен еріп мен саған,
Қолына түсіп қалмаймын.

Қарасай сонда ақырды,
Қатуланып қамданып,
Шамырқанып шамданып:

—Келіп едім елдікпен,

Айтып едім кеңдікпен.
Мен Орақтан туғасын,
Көрмейтін бе едім теңдікті?!
Өзім атқа мінген соң,

Артыңнан қуып келген соң,
Сөзіме неге сенбейсің,
Жүр десем неге жүрмейсің?!
Қайғыңды сенің жегенде,

Неге достықты көрмейсің?!
Есіктің алды қыршын тал,
Қыршылдама, кәрі шал.
Бұл сөзіме құлақ сал,

Айтқан менің тілімді ал,
Қонысыңды қайта сал.
Жылқы, түйе, қойыңды,
Мен табармын ойыңды,

Барсаң да, соған барасың,
Бармасаң да барасың,

батырлар  жыры
Бұл тілімді аласың.
Ұялмай, жұртқа тастап кеткен соң,
Орақтың қатын-баласын,

Білдің бе бала шамасын?!
Шынтемірдің қатыны-ай,
Жасынан-ақ көп еді
Білік пенен ақыл-ай.

Ақтолқын толғай береді:

—Есіктің алды кең өзек,

Сөйлеуінші-ай тіл безеп.
Тай-құлыным ат болып,
Қартым бар деп келген соң,
Ағайын-тума, осы жақта

Ұлтым бар деп келген соң.
Қатар-құрбы, аға-іні
Жұртым бар деп келген соң,
Қайғы бізге не керек?!

Қарасай атқа мінген соң,
Қази атқа мінген соң,
Дұшпанды жеңіп берген соң,
Кел, көшелік, шалым-ай,

Ақылсыз болма ханым-ай.
Ел қорғаны қос жайсаң,
Жастығына сене алмай,
Азғырғанға шыдамай,

Қоныстан кеттік тайып-ай.
Шынтемір атқа мінеді-ай,
Көзінің жасын төгеді-ай.
Аузы-басы балпылдап,

Ақ сақалы салпылдап,
Қартайғанда қалмаққа
«Қорқам, ұстап бере көрме» деп еді.
Қарасай тұрып ақырды-ау,

Қасым би мен Қалу би,
Мұнда кел деп шақырды-ау.

—Ормамбет ата қартым-ай,

Айтамын сөзді, халқым-ай,
Ноғай, қазақ жалпыңа-ай,
Тыныштық қой артың-ай.

қарасай —қази
Көшіңдер қайта жеріңе,
Көшіруге мен келдім—
Ноғайлы деген еліме,

Билік бермей көштіңдер,
Ормамбет, Қасым биіме.
Орақтан туған қос бала—
Біздер аман тұрғанда,

Келе ме дұшпан шеніңе?!
Шынтемірді ерітіп,
Қарасай батыр жөнелді.
Үркіп көшкен қалың ел,

Қайта көшті деп еді.
Шынтемір еріп келеді,
Жау қарасын көреді.
«Мені қалмаққа ұстап,

Берейін деп келе жатыр» деп еді.
Атқа қамшы басады,
Қарасайдың қасынан
Бұрыла келе қашады.

Қарасай қуды жалынып,
Аузы-басы балпылдып,
Етек-жеңі салпылдап,
Алтын кісе жарқылдап.

Қазидың өзі ер екен,
Қанды ауызды бөрі екен.
Қойға тиген бөрідей,
Көк найзасын шүйіріп,

Қызылбасты иіріп,
Қызыл жарлы түбекте,
Қызыл жардың қасында
Жалғыз өзі тұр екен.

Қази оны көреді,
Бірі қашып, бірі қуған,
Бұл немене деп еді?!
Айтқан ауыз жұмғанша,

Қу Қази салып келеді .
Жетіп келді қу Қази,
Түсі шұбар, көзі көк, сұр Қази.
Қазидың кейігенін біледі,

батырлар  жыры
Қарасай езу тартып күледі.
Жаудан қорқып жасқанып,
Бармай жүр атаң деп еді.

Қази оған болсын ба,
Ықтиярға қойсын ба,
Сүйреп ала жөнелді,
Қалмаққа алып келеді.

Қолдың басы Көкеман,
Қази келіп шабады.
Шабақтап найза салады,
Ат баурына алады.

—Өлтіремін өзіңді,

Оямын екі көзіңді.
Ту сыртыңнан соямын,
Екі көзіңді оямын.
Дегеніме көнесің,

Айдауыма жүресің.
Жыл тәулігі болғанша,
Осы мезгіл толғанша,
Шынтемірдей ханыма,

Кәтепті қара нарыма,
Бір ұл мен бір қыз бересің.
Ұл мен қызды бермесең,
Келесі жыл болғанда,

Осы мезгіл толғанда,
Қызығымды көрерсің.
Көкемандай бейшара
«Бір ұл бір қыз берем» деп,

Ақыреттік дос болып,
Сеніменен жүрем деп,
Қазидың қолын алады-ау,
Қалмақтар кетіп қалады.

Түйе боздап, қой маңырап,
Жылқылары шырқырап,
Шаңдары ұшып бұрқырап,
Құлын-тайлар бұлтылдап,

Қонысқа малдар құлады.
Мамайдың кіші шешесінің баласы—
Смайыл мен Тобаяқ,

қарасай —қази
Әли менен ер Сидақ—
Төртеуінің қатыны-ай,
Мамайдың тума жақыны-ай.

Төрт қатынның жоқ екен,
Билік пенен ақылы-ай.
Бір-бір табақ алып,
Табаққа жеті-жетіден нанын салып,

Орақ пенен Мамайдың барды басына,
Моласының қасына.
Смайылдың қатыны,
Отыра қала жоқтады:

—Балпаң-балпаң басқан, қайнаға,

Алтын Орданың есігін ашқан, қайнаға,
Жетім қалды-ау қайнағаның ауылы.
Қайнаға кетіп, сен қалып,
Құдай ұрған қу шешей,

Құтсыз болды бауыры.
Тобаяқтың қатыны,
Отыра қалып жоқтады:

—Шешей қалды оң жақта,

Шақшаң қалды шаңдақта,
Өлімнен қолың босанса,
Жеткенше үйге тайрақта.
Қараүлек келді қасына,

Баласының басына.
Қараүлек келіп толғады:

—Әуеде ұшқан шөже құс,

Тұзақты құрсам қолға түс.
Жоқтасам, өзім жоқтайын,
Бөтен қатын, көтің қыс.
Бай, бай Мамай, бай Мамай,

Халық білген, хан Мамай,
Қайғысыз өткен, нар Мамай,
Арманым саған бар, Мамай,
Перзентсіз қылды-ау бір Құдай!

Өлдің Мамай—қор болдың,
Ботасы кетіп боздаған,
Қартайған нар мен болдым.

батырлар  жыры
Мамайым бойға біткенде,
Ұшарына жеткенде,
Мен түсімде ай менен күн көрдім.

Ай менен күндей қылып,
Астанаға бірдей қылып,
Құдай-ау екі ұл бердің.
Алладан бұйрық келген күн,

Анаңды тастап жөнелдің.
Бауыры суық қара жер,
Көңілімді суытып,
Қарағымды иелендің.

Торайғырдай топайлы Мамай,
Аруанадай шоқайлы Мамай,
Қарағаштай бұтақты Мамай,
Сәукеледей шытақты Мамай,

Отырған жерің омақты Мамай,
Молдадан алдың сабақты, Мамай,
Жасыңнан болдың талапты Мамай,
Елді жасыңнан иеленген Мамай,

Басыңды мыңға теңеген Мамай,
Дұшпанға табан тіреген Мамай.
Былғарыдан саба ойдырған Мамай,
Алтыннан піскек қондырған Мамай,

Шаңырақ пен уықты
Сары алтыннан жондырған Мамай,
Жарқыраған алтынды
Шаңыраққа қондырған Мамай,

Тәрбие мен байлықты
Астанадан оздырған Мамай,
Құлыныңның желісін
Шын жібектен тақтырған Мамай,

Алтыннан қазық соқтырған Мамай,
Ел көшкенде жүгіңді
Жеті нарға арттырған Мамай,
Ал желіңнің қасына

Айнала атты шаптырған Мамай,
Қырмызы киіп қырынған Мамай,
Жорға мініп ұрынған Мамай,
Бай Мамай,

қарасай —қази
Ер Мамай,
Хан Мамай,
Кең Мамай,

Мен қайтейін, құлыным-ай,
Бермеді-ау перзент бір Құдай!
Мамай, Мамай, Мамай-ай,
Мамайымның барында

Тасыған судай ноғай-ай!
Сол құсаған Мамайға
Бермеді-ау перзент Құдай-ай!
Өлдің Мамай қор болдың,

Бүлінген ноғай ел болдың.
Қос жайсаңнан айрылып,
Қуарған кемпір мен болдым.
Зарыққан, зарланған,

Мен уақытқа кез болдым.
Бұл адасып айтқан сөзім-ай,
Ортақ екен өлім-ай,
Кім дүниядан өтпеген,

Кімге ажал жетпеген?!
Он сегіз мың ғаламды билеген
Жын-шайтанды өргізген.
Суда жүзген балықты

Кереметпен жүздірген.
Құмырсқаның тасты басқанын
Аллаға айқын білгізген—
Дәуіттің ұлы Сүлеймен.

Бұларға да бұл дүния
Екі айналып келмеген.
Батыр өтпес деп едім,
Қазіреті ер Ғали—

Жұмақтан шыққан дүлдүлі,
Оқ жыланнан жүгені,
Айдаһардан шылбыры,
Қам-қам, сәм-сем сермеген,

Жеңіліп жаудан көрмеген.
Бұларға да дүние боқ
Екі айналып келмеген,

батырлар  жыры
Пенде бар ма өлмеген?!
Жалғыз өтпес деп едім
Ыбырай ұлы Смағұл

Ғарапа таудың басында,
Әкесінің қасында.
Ата міндет борышын
Құрмандық болып шалынған.

Әуеден түсіп көк қошқар,
Сол себептен қалынған.
Құрмандыққа қой шалған,
Бұлар да өткен дүниядан.

Байлар өтпес деп едім,
Қырық түйе кійіт артқан,
Қайырымсыз Қарын да өтті дүниядан.
Бұл дүние тұрмайды,

Өлімге себеп болмайды.
Аман болсын артында
Қази менен Қарасай.
Өксімеймін Орақты,

Қалғасын екі баласы-ай.

—Ай, Орағым, Орағым,

Құрбысынан артық шырағым!
Айда, айда, ай Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ,
Жарау атқа ер салған Орақ,

Емен найза қолға алған Орақ,
Елін жаудан қорғаған Орақ,
Жай бұлты торлаған Орақ,
Жасынан аруақ орнаған Орақ,

Қайырлы басын қайтейін,
Аман болсын Қарасай-Қази—қос тұяқ!
Айта берсем сөзім көп,
Қой десеңдер, қайран көп,

Құр айтудан пайда жоқ.
Орақ, Мамай кетіп артында,
Мен қалад деген ойда жоқ.
Осыменен қояйын,

Елімді кеткен жияйын,

қарасай —қази
Қарасай-Қази қарағым
Тілегін соның сұрайын.
Шынтемірдей ханыңнан

Кәрілігі кетеді,
Жиырмаға қайта жетеді.
Аппақ болған сақал-мұрт
Тапталып қайта бітеді.

Сексенге келген шалыңа,
Аппақ қардай ет бітті,
Нұрланып қайта бет бітті,
Сақал менен мұрт бітті,

Жауырын мен сырт бітті,
Бұғақ пенен ұрт бітті.
Жетпіске келген Ақтолқын
Жетпіс жасы кетеді,

Он беске қайта жетеді,
Қыз мүшесі бітеді.
Бойжетті қайта сүйріктей,
Кеуіп қалған қос шандыр,

Қайтадан шықты түйнектеп.
Күні үш айға толады,
Кемпір жерік болады.
Қатыр-қатыр қара тас,

Қатырлатып шайнады.
Қызу алып барады,
Көкше мұзға көлбеді,
Қоңыр күздей көрмеді.

Жатыр еді есіліп,
Қырмызы пешпент шешініп.
Түсіне кірді бабасы,
Келген екен шамасы.

Кемпірдің сөзі дым тәтті—
Алтын кебіс сартылдап,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Лашын құстай ыңқылдап,

Қараша құстай сыңқылдап,
Маржан тісі тізіліп,

батырлар  жыры
Раушан көзі сүзіліп,
Оймақтай аузы бүріліп,
Сағағынан үзіліп,

Исі жұпар аңқыған.
Жанасқан адамның
Тамыры еріп балқыған.
Шалдың кіріп қойнына,

Қолын салып мойнына,
Ақтолқын сұлу оятты.
Шалға келіп сөз қатты,
Таңдағы ұйқы тым тәтті.

Ақтолқын сөйлей береді:

—Басыңды көтер, халық билеген ханым-ау,

Құрттайымнан қосылған,
Тәңірім қосқан шалым-ау.
Мен жүрмін осы күнде неғып-ау?!
Жатқанымнан тұра алмай,

Көсілген аяқ жия алмай,
Көкше мұзға көлбеймін,
Үш айлық баланың,
Қызуына шыдамай.

Ақ жүзіктей білегім,
Қабыл еді-ау тілегім.
Басылмайды жерігім,
Жеті басты айдаһар

Тауып бермей жүрегін.
Қартайғанда жасарып,
Тілеп алған балаң-ай,
Түсімде айтты бабам-ай.

Айдаһар түгіл, кесірткеге әлің жетпейді,
Қайдан іздеп табам-ай?!
Шынтемірдей ханың-ай,
Қарқ-қарқ күледі.

Қуанғаннан бейшара
Сөйлеп қоя береді:

—Ой, қатын-ай, қатын-ай,

Жоқ пе еді сен де ақыл-ай?!
Табылмас дүние болмайды—
Аман тұрса қамқорым,

қарасай —қази
Екі бірдей батыр-ай.
Шақыртып Қарасайды алады,
Қарасай үйге келеді,

Ханға сәлем береді.
Қол қусырып әдеппен,
«Шақырдың неге» деп еді
Ханың сөйлей береді:

—Қарағым, қалқам, Қарасай,

Еліміздің панасы-ай,
Саған кімнің шарасы-ай?!
Қайтпас қара ақ болат—
Орақтың үлкен баласы-ай!

Сауыт кидім, бойда жоқ,
Қару ілдім, қолда жоқ,
Бүйтемін деген ойда жоқ.
Байтаққа хан атанып,

Балалы болам деген ойда жоқ.
Болыпты енді тілегім,
Бердің өзің себебін.
Шешең жерік болыпты,

Үш айына толыпты,
Өзің тауып бере гөр,
Жеті басты айдаһар,
Қарағым, соның жүрегін.

Қарасай сонда күледі,
Күле сөйлей береді:

—Қарағай садақ, қырық өзек,

Арыстан аш та, түлкі тоқ.
Айдаһар болса керегі
Қиын ба еді жылан боқ.
Мен анама барайын,

Құлағына салайын.
Дүнияда бар ма екен,
Шешемнен барып сұрайын.
Дүнияда бар болса,

Тақсыр, оны табайын.
Табылмайды жүрек деп,
Құйттай қылма уайым.
4–166

батырлар  жыры
Кемпірге салып келеді,
Үйде тұрып Қараүлек,
Шақыртты неге деп еді.

Қарасай сонда сөйледі,
Әңгіме дүкен құрады,
Кемпірге мойнын бұрады:

—Дүнияның жүзінде,

Жеті басты айдаһар
Бар ма екен деп сұрады.
Сонда кемпір сөйледі:

—Алпыс күндік жолы бар,

Алты күндік шөлі бар,
Күйген таудың басында
Айдаһардың іні бар.
Жеті басты айдаһар,

Сол арадан табылар.
Тайқара атқа мін,—деді,
Беліңе қару іл,—деді,
Жатпай-тұрмай жүр,—деді,

Ем бола қойса айдаһар.
Айдаһардың жүрегі,
Қабыл болса тілегі,
Істің болса себебі,

Әпкеліп, қарғам, бер,—деді.
Ел үшін еңбек етеді,
Халыққа даңқың кетеді.
Халық үшін қайыспас,

Сен сияқты ер деді.
Тайқара атқа мінеді,
Орақтан қалған ақ сауыт,
Мұны үстіне киеді.

Орақтан қалған бес қару,
Мұны да белге іледі.
Туғалы тіпті көрмеген,
Адам басып жүрмеген

Күйген таудың басына
Қарасай шауып жөнелді.
Ол күні жүрді күнімен,

қарасай —қази
Жана жүрді түнімен,
Кемпірдің айтқан сөзімен.
«Абылай аспас асудан»

Аса жортып барады.
Түлкі жортпас түлейден
Түнде жортып барады.
Қия-қия, қия жол

Қиялап кетіп барады.
Әрі-бері жүрген соң
Астындағы Тайқара ат
От орынды тұяқтай,

Екі көзі шырақтай,
Ойнақтады лақтай.
Күйген таудың басынан
Қиғаштап келіп құлапты-ай.

Он бес күнге толғанда,
Күн төбеден ауғанда,
Қарасай қайтпас ер еді,
Он алтыға шыққан жылы еді.

Жер өртеніп, тас күйген,
Топырақ жанып, аспанға жалын тиген—
Соған салып келеді.
Жүрген сайын қара аттың

Жүрісі енді асады.
Жанып жатқан шоқтарды
Қар үстіндей басады.
Бір түтін аспанға шығады зырқырап,

Үңірейген тесікті көреді,
Таймай салып келеді.
Жер өртеніп, тас күйген,
Айдаһардың демі екен.

Үңірейген тесік дегенім,
Айдаһардың іні екен.
Шыққан түтін дегенім,
Айдаһардың демі екен.

Айдаһар айбаттанып ысқырады,
Алты таудың тасын құйрығына қыстырады.
Бір тасты бір тасқа ұрып шақылдатты,
Шақпақтай тастың отын жарқылдатты.

батырлар  жыры
Аузынан қанды көбік бұрқылдатты,
Оғындай найзағайдың жарқылдатты.
Олардың екі елі кез тілдері бар,

Тілдерін найзағайдай жылтылдатты.
Қарасай одан қайтпады,
Уайым шегіп, қайғы айтпады.
Айдаһар сонда сөйледі:

—Айдаһар деген мен едім,

Едігенің тұқымы—
Қарасай деген сен едің.
Дүниеде бір зиян
Қайтпас қара бұлтың бар,

Сенің тұқымың қылар деп едім.
Келетініңді білгенмін,
Топырақты өртеп, тасты жандырдым,
Бұдан да сен қайтпадың.

Құйрығыммен жер сабап,
Жер өртеп, тасты жандырдым,
Бұдан да сен қайтпадың,
Қайтамын деп айтпадың.

Болмай тұр менің тілегім,
Керек болды жүрегім.
Ел айналған ердің баласы
Сенен бір тілек тілейін.

Ер қадірін ер білед,
Ер білмесе кім білед?
Атадан туған жөн білед,
Анадан туған тон білед.

Тірі болса біреуге,
Біреуге-біреу кез келед.
Жанымды шыбын тілейін,
Қарағым, саған не дейін,

Құйрығымнан бір елі кесіп берейін.
Жерігі содан қанар деп,
Мақсатты кемпір болар деп.
Қарасай да ер еді,

Езіле тілегенін береді,
Бір елі құйрығын алады.
Бір елі құйрығын кесіп береді,

қарасай —қази
Бір елі құйрығы—он пұт,
он қадақ шықты деп еді.
Құйрығын кесіп алады,

Бөктеріп артына салады.
«Алла, тізгінді оңғар!»—деп,
Ауылына қарай шабады.
Он бес күн жүрген жеріне,

Қуанғаннан Қарасай,
Жеті күнде барады.
Ақтолқынға береді,
Нандай шайнап жеп еді,

Жерігі сонан қанады,
Шырадай көзі жанады.
Алты айына толғанда,
Қарны болды қабақтай,

Бұты болды таяқтай.
Тоғыз айға толғанда,
Тұруға кемпір зар болды.
Қарны кетті қампайып,

Борбайы кетті талтайып.
Еңкейе алмай кемпірдің,
Басы кетті шалқайып.
Мезгіліне толған соң,

Мезгілді күні болған соң,
Кемпір бір күн толғатты.
Толғағы болды тым қатты.
Тоғыз күндей толғатып,

Туа алмады бұл кемпір.
Кемпір жатыр туа алмай,
Тууға себеп бола алмай.
Шақырып Қарүлекті алады,

Кемпірден ақыл сұрады,
Қарүлек сонда сөйледі:

—Ішіңдегі ер екен,

Еңіреген ердің бірі екен.
Сырты шойын, сүйегі темір,
Дүзі жарқын, өзі алтын,
Билер халқын.

Жайшы деген кемпір бар,

батырлар  жыры
Шақырт та енді соны ал.
Жайшы кемпір келмесе,
Жайшы жайын білмесе,

Біле алмадым мен,—деді.
Қарүлек тағы сөйледі:

—Ай, Қарасай, Қарасай,

Арыстан туған жігіттің
Елге тиер пайдасы-ай.
Үмітін үзіп жүргенде,
Жеңгең менен ағаңның

Сағынып көрген баласы-ай.
Жайшы кемпір келмесе,
Туа алмайды-ау шамасы-ай.
Қарасай, атқа мін,—деді,

Беліңе қару іл,—деді,
Қақпақты таудың астында
Жайшы дейтін кемпір бар,
Жылдам алып кел, деді.

Қарасай атқа мінеді,
Осы іштегі балаға
Тілектес болып жүреді.
Қақпақты жауға жөнелді,

Күндіз-түні шабумен,
Он бес күн кәміл толғанда,
Қақпақты деген тау екен,
Қақпақты таудың астында

Жайшы кемпір бар екен,
Күркесін кемпір көреді,
Қарасай салып келеді,
Кемпірге сәлем береді.

Сонда кемпір толғады:

—Қабағыңа болайын,

Қайтпайтұғын ерсің-ау.
Қияпатыңа болайын,
Асылдан туған шерсің-ау.
Хан Мамайдай қабақты,

Жауырың жалпақ, кеудең кең,

қарасай —қази
Сенің өзің кімсің-ау?!
Қарасай сонда сөйледі:

—Мен, мен, мен едім,

Мен болғанда кім едім—
Ноғайлы деген ел едім.
Атамның атын сұрасаң,
Едіге сұлтан, Нұрадын.

Әкемнің атын сұрасаң,
Орақ пенен Мамай-ай,
Өзімнің атым—Қарасай,
Қарасай деген мен едім.

Іздегенім сен,—деді,
Үлкейген ханым бар еді,
Балаға тым-ақ шөл деді.
Баласын кемпір туалмай,

Тууға себеп бола алмай,
Мені саған жіберді,
Жанынан қорқып шыдамай.
Сонда кемпір сөйледі:

—Су ішінде тортамым,

Ақ қайраңдай жортамын,
Бармас едім, Қарасай,
Негізді тұқым ер едің,
Әруақтан қорқамын.

Мына қырдың астында,
Атым бар, атымды алып кел,—деді,
Қарасай шауып жөнелді.
Жетіп келсе, Көкшолақ—

Мойынында жалы жоқ,
Борбайында қоңы жоқ,
Тастаған тіпті жүні жоқ,
Адам көрер сыны жоқ,

Қарны болса қабақтай,
Бұты болса таяқтай,
Жал-құйрығы түсіпті,
Арқадан ірің тамып тұр,

Арқадан аққан іріңі
Тұқайынан барып тұр.
Қалың шыбын гуілдеп,

батырлар  жыры
Арқаның үстін алып тұр.
Шолақ құйрық, қылы жоқ,
Жеткен жерін қағып тұр.

Қарасай атты көреді,
Ұстап алды деп еді,
Атты көріп күледі,
«Өзі арық, өзі кәрі, өзі жауыр,

Несін мінед, деп.
Мұнымен қалай жүред, деп
Қара атқа қалай еред, деп».
Кемпірге алып келеді.

Желқомды ерді салады,
Таңғышпенен таңады.
Жіп қамшыны қолға алып,
Кемпір мініп алады.

Әрі-бері жүрген соң,
Манағы жауыр көк мәстек—
Төрт аяғы қара алтын,
Кесер басы сары алтын,

Үстіндегі түгінің
Жары күміс, жары алтын
Ауыздығын шайнады,
Екі көзі жайнады.

Басын тартса, тұрмады,
Ортекедей ойнады.
Басын тартса құрғырдың,
Бөксесі кетті қырындап.

Жүре-жүре бұл кемпір,
Бөдене болып жөнелді,
Аспанмен ұшып пырылдап.
Мазақ қылған Қарасай,

Қылпын көрмей қалады,
Бай Орақтың баласы-ай.
Кемпірдің аты гуледі,
Кемпір сонда сөйледі:

—Аулыңа барып қайтқанда,

Орта жолда келерсің,—
Деді де, кемпір жөнелді.
Тамаша қылып Қарасай,

қарасай —қази
Қарай берді деп еді,
Кемпір үйге кіреді,
Ақтолқынды көреді.

Қатындар отқа май салған,
Сонан қалды деп еді.
«Қарасай батыр келсін деп,
Еңбек еткен ер еді-ау,

Еңбегі тым-ақ көп еді-ау,
Туғанын өзі көрсін»,—деп,
Ханның алтын телпегін
Кемпір киіп жөнелді,

Орта жолда Қарасайға қайтып келеді.
Қарасай кемпірді ұстады,
Ауылға бармай қайттың,—деп.
Жәдігөй кемпір екенсің,

Тіпті, өтірік айттың,—деп.
Жібермеймін мен,—деді,
Алдағаның нең?!—деді
Сонда кемпір сөйледі:

—Ханның алтын телпегін,

Нанбасаң, міне, көр,—деді.
Туатұғын бұл бала,
Өзіңнен де артық ер,—деді.
Дүбірін көрмей тұлпардың,

Туа алмайды бұл бала.
Аулыңа бар,—деді,
Әскерің жинап ал,—деді,
Жауда келіп қалды,—деп,

«Аллалап» ұран сал, деді.
Сонда бала туады,
Дауасы сонан болады.
Қарасай аулына барады,

Әскерін жинап алады,
Сәскелік жерге барады.
Туын алып қолына,
Жау да келіп қалды деп,

Ауылға қарап шабады.
Бір ұл менен қыз туды,

батырлар  жыры
Өтірік емес шын туды.
Ұл балаға қарасаң,
Басы бақыр қазандай,

Тереңнен шыққан сазандай.
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей.
Саусағына қарасаң,

Құмға біткен көсіктей.
Қыз балаға қарасаң,
Екі көзі жаудырап,
Тұлымшағы жалбырап,

Алмадай беті албырап,
Нағыз үш күн болған соң,
Шынтемірдей ханыңыз,
Жаһаннан асқан байыңыз,

Баласы жоқ шалыңыз,
Асау сойып ақыртты,
Мая сойып бақыртты,
Қол астын қоймай шақыртты.

Осы шалың той қылды,
Той малына сойғаны:
Ту бие мен қой қылды.
Молдалар келіп қамалды,

Сәлдесі қара қазандай.
Ишан молда қамалды-ай,
Баланың атын таба алмай.
Шариғатпен қоям деп,

Кітабын алып қарады-ай.
Қази түсті көреді,
Қазиға аян береді,
Қази келіп сөйледі:

—Ишан, молда, қожам-ай,

Баланың атын таба алмай,
Айтып кетті бабам-ай.
Шынтемір, малың бере бер,
Мен айтқаныма қарамай.

Ұлдың аты Әділ деп,
Қыздың аты—Ілия,
Осы екеуі болмаса,

қарасай —қази
Неге керек, Шынтемір,
Иесі жоқ жиған дүния?!
Алтыннан болды шүмегі,

Мақпалдан болды түбегі,
Жібектен болды тартқысы,
Қырмызы болды жапқышы.
Әділ алты жасқа келеді,

Қызығын шалың көреді,
Еріні тұшып сүйеді.
Алтыға Әділ келгенде,
Шынтемірге ажал келеді,

Келгенін шалың біледі.
Қарасай мен Қазиды-ау,
Шақырып алды деп еді,
Шынтемір ханың сөйледі:

—Қази менен Қарасай,

Жас болсаң да екеуің,
Елдің болдың панасы-ай,
Ноғайдың болдың ағасы-ай.
Үйрек ұшып, қаз қонған

Мамайдың қара сабасы-ай.
Тағыңа енді өзің мін,
Атаңнан қалған тақ еді,
Айналайын Қарасай,

Екі бірдей асылзат—
Алтыда қалды-ау жалғызым,
Екеуіңе аманат!
Туысқан тума жоқ еді,

Жеті атадан бұл шаңырақ
Біреу болып келеді.
Бас өспей, мал өскен
Шаңырақ бұл еді.

Сонда Қази сөйледі:

—Қарағай садақ, қырық өзек,

Буынып алсам белге тоқ.
Арыстан аш та, түлкі тоқ,
Тәуекел ерде қайғы жоқ,
Хандығыңды алмаймын.

Бақытты туған Әділдің

батырлар  жыры
Бағына көзім салмаймын.
Он бесіне келгенше,
Тағына өзі мінгенше,

Балапанын қорғаған
Көк бүркіттей қорғаймын.
Дүниеден Шынтемір жөнелді,
Алтыдағы баласын

Қарасай мен Қазиға
Аманат қылды деп еді.
Шынтемір дүниеден қайтып кетті,
Тапсырып бала жайын айтып кетті.

Жүргенде үйтіп-бүйтіп сол арада,
Он беске он алты мен бала жетті.
Әділ таққа мінеді,
Хан болып елді биледі,

Қамырдай қылып иледі.
Қарасай-Қази, Қобылан болмаса,
Үстіне адам кірмеді.
Әділ таққа мінген соң,

Қарасайға сөйледі:

—Ай, Қареке-ау, Қареке-ау,

Ақылың көп ағеке-ау.
Ас берейін әкеме,
Көресің қалай сен?—деді.
Таққа мінгенімді білдіріп,

Байтақ елге көргізіп,
Ас берейін,—деп еді.
Қарасай қабыл көреді,
«Істесең істе»,—деп еді.

Оң таңбалы Ұрымға
Отыз кісі жіберді.
Қырық таңбалы Қырымға
Қырық кісі жіберді.

Сан таңбалы санайға,
Және кісі жіберді.
Қазақ пенен ноғайға
Шақыртты қоймай,—деп еді.

Күндер деген күндерде,

қарасай —қази
Күдір деген дөңдерде,
Лай болмас көлдерде,
Бес жүз тоқсан үй тікті.

Үй басына он табақ,
Сырты болды сары алтын,
Сыры болды қара алтын.
Тостағаны, қасығы,

Бақыраштың бәрі алтын,
Соның бәрін соқтырды.
Орта бойлы, терең ойлы,
Кең көкіректі, келбетті—

Тор бесті атты жетектеп,
Қобылан келді бұл асқа.
Қазтуғанның жиені,
Хан Мамайдың күйеуі—

Үзеңгісі үзбе алтын,
Құйысқаны құйма алтын,
Сағалдырық сары алтын,
Жүгенінің бәрі алтын,

Қамшысының сабы алтын,
Алты нарға қос артып,
Ақ боз атты жетектеп,
Телағыс келді бұл асқа.

Қой мойынды, қоян жақ,
Қоймай шапқан, үкі аяқ.
Құла шұбар ат мінген,
Көк болаттан тон киген,

Жауатын қардай түнерген,
Жау дегенде жөнелген—
Уәлидің Құбықұл
Құлаша атты жетектеп,

О да келді бұл асқа.
Айсаның ұлы Ахмет—
Хан шақырса бармаған,
Ханның тілін алмаған,

Ерегіссе ханды жаулаған,
Көтеріп қылыш сермесе,
Тірілей адам қалмаған,
Дұшпанның көңілін сындырған,

батырлар  жыры
Достың көңілін тындырған,
Бір соғыстың ішінде,
Тоқсан бес балта сындырған,

Тарлан атты жетектеп,
О да келді бұл асқа.
Теңгелік судың бойында,
Тіпті, өлім жоқ ойында,

Жаманбайдың Әуезі,
Ала бесті жетектеп,
Бұ да келді бұл асқа.
Елібайдай елшіңіз,

Кертағыны жетектеп,
Бұ да келді бұл асқа.
Бай Тоғанда хан Тоған,
Ақылы көп, ми толық,

Кеудесі сонша кең Тоған,
Желкүреңді жетектеп,
Бұ да келді бұл асқа.
Сары жалаулы жау қалмақ

Жансыз келді бұл асқа.
Көк жалаулы көк қалмақ,
Көбейіп келді бұл асқа.
Қыл жалаулы қызылбас,

Қызығып келді бұл асқа.
Жұрт иіріліп тұрғанда,
Жиналған кісі көреді,
Қарасай, Қобылан ер еді.

Телағыс пен үшеуі
Сол жиналған кісіге
Басшылық қылып жүреді.
Қалмақтың басы Темірхан—

Он екі айлық жер еді,
Алты айшылық шөл еді,
Барса деген ханына
Қағазбен хабар салыпты,

Сонан хабар алыпты.
Қырымның қырық батырын
Алдайын деп ойлады,
Өтірік айтып, сол тесікке айдады.

қарасай —қази
Сол жиынның ішінде
Қызыл пешат басулы,
Құс қанаты қоюлы

Бір сәлем хат келеді.
Ноғайда молда көп еді,
Хатты ашып көреді,
Еңіреп қоя береді.

Қағазды оқып бере алмай,
Біреуіне-біреуі ұсынып,
Молдалар тұр қысылып.
Он бес жасар хан Әділ

Қағазды қолға алады,
Қырмызы күрең аттың үстінде.
«Оқу ойдан артық емес» деген мақал
Осы арадан қалады.

Әділ патша оқыды,
Оқыды да сөйледі:

—Темірхан жазған хаты бар,

Темірханның аты бар.
Әуелі хат жазыпты
Қарасай-Қази ағаға.
Екінші хатты жазыпты

Телағыс, Қобылан саған да.
Үшінші хатты жазыпты
Ахметтей бабаға.
Аяғында жазыпты

Ханы ғой деп маған да.
«Мұсылмандыққа көндің,—деп,
Ноғайға бала бердің,—деп.
Тесіктегі Қызылбас—

Олар келсе жан қалмас.
Астарында бедеу ат,
Қолдарында ақ алмас.
Ай, солар шабатын болды менің елімді,

Қиятын болды желімді,
Көрсететін болды көрімді,
Дос болсаң, Қарасай-Қази,
Сол жауыма барып кел.

Қайырлы болсын асыңыз,

батырлар  жыры
Құшақтасқан досымыз,
Сол жауыма бармасаң,
Осы жауды алмасаң,

Барса туырлығымды тоқым қылады,
Керегемді отын қылады,
Қызымды қатын қылады,
Қатынымды жесір қылады,

Баламды жетім қылады,
Төгеді [қызыл] қанымды,
Шығарады жанымды,
Талап алад малымды,—

Хатында айтып жалынды.
Хатын оқып, хан Әділ
Қарасайға сөйледі:

—Барамысың, Қарасай,

Бармаймысың, Қарасай,
Еліміздің ағасы-ай,
Ноғайлының панасы-ай?!
Қарасай сонда сөйледі:

—Қарағай садақ қырық кез оқ,

Буынып алсам белге тоқ,
Жау десе менде қайғы жоқ.
Достан хабар келгенде,
Досқа зәбір тигенде,

Бармай батыр тұрар ма,
Бармаған батыр оңар ма?!
Қорыққан соң зарланып,
Хат жазған шығар Темірхан.

Көп жиналған құралға,
Кел, баралық,—деп еді.
Қу Қази сонда сөйледі:

—Бәйбіше тағар түймесін,

Көпестер жегер күймесін,
Сендердің тентек болғаның—
Кесірің елге тимесін.
Атаңа нәлет ит қалмақ

Алдап жұмсап жүрмесін.
Бәріңіз кетіп далаға,
Кесіріміз тимесін

қарасай —қази
Ауылдағы қатын-балаға.
Атаның жауы дұшпанға,
Дұшпанға кісі нана ма?!

Сонда Қобылан сөйледі:

—Қареке мінген Тайқара ат,

Жорға емес жортақ-ау.
Ер Орақтың әруағы,
Бәрімізге де ортақ-ау.
Қанша айтсаң да Қарасайды айт,

Қайғышыл Қази қорқақ-ау!
Сонда Қарасай сөйледі:

—Ылди қандай, ор қандай,

Шаңқан қандай, боз қандай,
Сендер қандай, мен қандай?!
Кіл ақылсыз, сор маңдай,
Ал жүремін десең, жүре ғой!

Ақ түйе сойып, ант етті,
Көкірекке ұрды Құранды,
Аузына алды Құдайды.
Қырымнан шыққан қырық батыр,

Бәйгеге атты шаптырмай,
Жарауымен мінелік,
Қалмақты шауып келелік,
Сөйдеді де жөнелді.

Қази сонда толғады:

—Мен аулыма барамын,

Шешемнің құлағына саламын,
Бар десе шешем барамын,
Барма десе қаламын.
Кілең тентек, кесір-ай,

Қыларсыздар баланы жетім, қатынды жесір-ай,
Осы істерің оңбайды,
Көңіліме қонбайды.
Қарасай, Қобылан қосылса,

Елді шаппай қоймайды.
Шынтемірдің Әділі
Әскер басы болады.
Он екі айлық жеріне,

5–166

батырлар  жыры
Алты айшылық шөліне,
Қызылбас Барса ханның еліне
Кілең тентек жөнелді.

Жөнелгенде кім кетті,
Кілең жайсаң ер кетті.
Ер кеткенде кім кетті,
Қарақыпшақ ер Қобылан,

Тор бесті атпен бұл кетті.
Мың қаралы қол жүрді,
Ахмет батыр сол жүрді.
Телағыс батыр бұл жүрді,

Құбығұл батыр бұл жүрді.
Қару-қапшық бойда жоқ,
Тіпті, өлім деген ойда жоқ,
Әуез тентек бұл жүрді.

Төрт жерден туын байлады,
Әділ әскерін алысқа айдады.
Жүрейін деп тұрғанда,
Әділмен бірге туысқан,

Маржан тісі тізіліп,
Раушан көзі сүзіліп,
Ақ маралдай керіліп,
Аш күзендей бүгіліп,

Іші оттай күйініп,
Қабырғасы сөгіліп,
Қарындасы Ылия,
Әділге келді жүгіріп.

—Тауға біткен андызым,

Маңдайдағы құндызым,
Аспанда шолпан жұлдызым,
Әпекемді аңыратып,
Мен сорлыны зарлатып,

Қай жаққа кетіп барасың,
Халық билеген жалғызым?!
Әскерің жауға бармай ма,
Сенен бөтен батыр көп,

Әскер басы болмай ма?!
Әскерін жауға жіберіп,
Хан үйінде қалмай ма?!

қарасай —қази
Сонда Әділ сөйледі:

—Сең-сең деме, сең деме,

Еділден көшкен ел деме.
Қарағым, қалқам, бауырым,
Құр далаға сөйлеме.
Сапар еткен жерінен,

Қайтама екен ер неме?!
Қайтатын қатын мен деме!
Мен әуелі айтпаймын,
Айтқанымнан қайтпаймын,

Саған неге тоқтаймын?!
«Қош, аман!» деп күлісіп,
Әзілдесіп, сөйлесіп,
Хан нөкері жөнелді.

Қази үйге келеді,
Кейігенде Қазидың,
Беті-аузы қисайып,
Екі көзі қызарып,

Аузынан көбік бұрқырап,
Аспанға атып зырқырап,
Ажары кетед,—деп еді.
Кейігенін Қазидың

Қараүлек тұрып біледі,
Қараүлек сөйлей береді:

—Жылқы ішінде аласың,

Халық үшін туған баласың.
Шамырқанып, шамданып,
Буырқанып, бусанып,
Қарағым, қайда барасың?!

Сонда Қази сөйледі:

—Айналайын анам-ау,

Тіпті ақылсыз болды ғой
Қарасай деген балаң-ау,
Мен де келдім саған-ау.
Барса деген қалмаққа,

Әскер жинап барам-ау,
Барайын ба, анам-ай?
Бармайын ба, анам-ай?
Өзің айтшы маған-ай.

батырлар  жыры
Сонда кемпір толғады:

—Табанда, табан, табан жол,

Тәңірі оңдаса аман жол,
Оңдамаса жаман жол.
Талай батыр барған жер,
Ала алмай онан қалған жер.

Әкең Орақ ала алмай,
Тәуекел қылып бара алмай,
Сол Орақтан қалған жер.
Тәуекел бәрің еткен соң,

Әскерді жинап кеткен соң,
Неғыл дейін саған-ай,
Барсаң баршы, балам-ай!
Жолды еді қой Көк бөрте ат,

Төрт аяғы сом болат.
Жалғыз еді-ау хан Әділ,
Екеуіңе—аманат!
Тар жерде, қарғам, қағыспа,

Атадан жалғыз демесең,
Ақ болат еді-ау Қобыланың,
Қарсысына барыспа,
Қош, аман,—деп жіберді.

Әділ кетіп қалған соң,
Үш күндік жерге барған соң,
Ылия түсті көреді.
Шешесіне зарланып,

Еңіреп қоя береді,
Еңірегенде не деді:

—Айналайын, анам-ау,

Қалыппыз ғой қараң-ау.
Келерін де білмеймін,
Келмесін де білмеймін.
Жалғыз туған, анам-ау,

Көрген түсім жаман-ау,
Айтайын, шеше, саған-ау.
Менің көрген түсімде,
Түнде көрген ісімде

Құбыладан қалың дауыл қаптады-ай,

қарасай —қази
Бөтенді Құдай жақтады-ай.
Ұзын арқан таққанмын,
Жуан қазық қаққанмын,

Қазығым қалды омырылып,
Арқаным қалды үзіліп.
Орда қалды жығылып,
Шаңырақ қалды бөлініп,

Саба қалды тілініп,
Керегеге ілініп.
«Қарқара ма екен» деп едім,
Басым жағы қара екен.

«Шарайна ма екен» деп едім,
Бетімдегі жара екен.
Көргенімнен, мамеке-ай,
Көрмегенім бар екен.

Осы жаудан келмейді,
Құлыным—жалғыз ағекем.
Кемпір тұрып сөйледі:

—Сен де көрдің бір түсті,

Мен де көрдім бір түсті,
Оңдырмады Алла бұл істі.
Ар жақ пенен бер жаққа,
Қызғыш пенен тарғаққа

Екеуі сапар етеді.
Кешегі кеткен жаңғыздың
Соңынан қуып бармаққа.
Үлкен кісі басшы алып,

Бір баланы қосшы алып.
Құрақты көлдің басында,
Қособаның қасында
Қарасын бір әскердің көреді.

Кемпір толғай береді:

—Жылқыда бар алалық,

Бетегелі далалық,
Мен барған соң артынан,
Ойына түсер балалық.
Мал шыдамас жауырға,

Шыдамайды адам бауырға.
«Көкекелеп» сен барсаң,

батырлар  жыры
Қайтпас па екен ауылға?
Қарасын Ылия көреді,
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Табанға кіріп қара тас.
Әділ де, сірә, жоқ еді-ау,
Туысқан, тума, қарындас.
«Жалғызымдап!» бақырып,

«Көкекелеп!» шақырып,
Ылия келеді жүгіріп,
Табаны тасқа ойылып,
Табанынан аққан қара қан,

Бес саусағы жуылып.
Сонда Ылия толғайды-ау:

—Ақ үйдегі арыстаным,

Боз үйдегі бостаным,
Сермеп салған құрығым,
Алтыннан соққан сырығым,
Атадан туған жалғызым,

Ақ үйдегі ажарым,
Ауылдағы базарым,
Көрген түсім тым жаман,
Не қылып сенен қаламын?!

Сөздің басы Құранды-ай,
Шығарған Құран бір Алла-ай.
Жеке туған, хан Көке-ау,
Қазақ, ноғай ұранды-ай,

Кіндіктен жалғыз Көке-ау,
Кімге тастап барасың
Байлық, хандық мұраңды-ау?!
Жүйрігім едің тұмарлы-ау,

Сұңқарым едің шынарлы-ау.
Елде жүрген базарым,
Сен едің менің ажарым,
Айдаһардай қажарым.

Көкеке-ау кетсең, келмейсің,
Мен қасқаны құшақтап,
«Бауырым» деп сүймейсің.
Ботасынан айрылған,

Сорлы әжем ақ інген,

қарасай —қази
Айқасып сәлем бермейсің.
Күмісте жүген айшықты-ау,
Былтырғы құлын тай шықты-ау,

Сен кеткен соң мен қасқа,
Кімге тұлға боламын,
Садақа қыл да, алып кет,
Мен құсаған қаншықты-ау!

Әділ батыр көреді,
Еңірей қоя береді:

—Қайтейін, сені-ай, жалғыздық,

Түбің қылдай деп еді.
Шықпай жатып ауылдан,
Өлгенде көрген, қарағым,
Неге біз көрдің, деп еді-ау.

Сарала туы салбырап,
Шашақтары жалбырап,
Астындағы Көкбөрте ат,
Асығып-ақ кетті жауына,

Жетіп келді жанына.
Қуарғыр Қази сөйледі:

—Атадан жалғыз бұ Қобылан,

Үйінде қалды кім?—деді.
Қарындасы Аққолаң—
О да кімнен кем еді?
Келе жатыр кіл жалғыз,

Тәуекел еткен ер,—деді.
Қатарым болсаң, барарсың,
Қатын болсаң, қаларсың.
Әйелді көріп еңкілдеп,

Тұла бойың селкілдеп,
Нәсілің жаман адамсың.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен болғанда кім едім?!

Едіге сұлтан, Нұрадын,
Менімен неғып тең едің?!
Әкемнің аты ер Орақ,
Ағамның аты Қарасай,

Өзі жалғыз, ұлты аз
Келе жатыр ғой бұл Қобылан,

батырлар  жыры
Қыдырбайдың баласы-ай!
Сол кездері Әділдің
Көкпеңбек болды беттері,

Сұп-сұр болды еттері.
Астындағы күреңді,
Салып кетті сауырына.
Сауысқан, қарға тойынды,

Санынан аққан қанына,
Жаман батты жанына.
Шу деді де Әділ жөнелді:

—Қош, аман бол, бауырым,

Бір Құдайға аманат
Менің қалған ауылым!
Аман болсам келермін,
Келе қойсам, құлыным,

Хан баласы ханзада,
Бай баласы мырзаға,
Таңдауыңа берермін.
Сонда Ылия жылады,

Етпеттей барып құлады,
Жылағанда не деді:

—Көкеке-ау, тілемеймін сенен байды,

Жылатпа мен құсаған сұмырайды.
Ағалы қызда арман жоқ,
Інілі қызда жалған жоқ.
Туысқан, тума, ағайын,

Сүйенер халық қалған жоқ.
Ішім де жалын, сыртым шоқ,
Жалғызға көзді-ау сала жүр,
Қағысқан жерден қайраң көп,

Жалғызға болар қайлам жоқ.
Тек жылауым болмаса,
Енді саған менің пайдам жоқ.
Орамал бар да, бөркім жоқ,

Жалғызым кетті-ау, көркім жоқ.
Артыңнан іздеп баруға,
Қор қылып Құдай жаратты,
Қара баста еркім жоқ.

Жақын екен арасы,

қарасай —қази
Зарлап келед анасы,
Қайырылмай кетті баласы.
Сонда анасы толғады-ау:

—Өңір жиек таққаным,

Тілегің тілеп қақсадым.
Қорғаным жоқ, панам жоқ,
Өлгенде көрген жалғызым,
Мені қайда тастадың?!

Қайырылмады хан Әділ,
Қайырылмасын білген соң,
Баласын анық көрген соң,
Баладан күдер үзген соң,

Ақтолқын кемпір ақырды-ау,
«Қарасай», деп шақырды-ау:

—Ой, Қарасай, Қарасай,

Қарағым жалғыз, сен екеу,
Ер Орақтың баласы-ай.
Астыңда бар-ды Тайқара ат,
Жолыққайсың саламат,

Қарғам саған аманат.
Тілегіңді тілейін,
Егіз туған көк бұйра
Садақаға берейін.

Қарасай тұрып сөйледі:

—Мен білермін, білермін,

Белдерден асып желермін.
Мен, мен ермін, мен ермін,
Мен белгілі күреңмін.
Алып келіп балаңды,

Қолыңа кемпір берермін.
«Шу!» деді де жөнелді,
Он екі айдай жол жүрді,
Алты ай кәміл шөл жүрді.

Аттарынан жал кетті,
Астына мінген атының
Борбайынан қоң кетті,
Батырлар жаман меңдетті.

батырлар  жыры
Тасбақа болды азығы,
Темірден болды қазығы.
Мойны болды ырғайдай,

Биттері болды торғайдай.
Өлдім-талдым дегенде
Жапан көлге құлады.
Не күндей әскер шұбады,

Он бес күн жатып сол жерде,
Аты болса аунады,
Өздері болса қунады.
Жал мен жая шайнаған,

Алуа-шекер талмаған—
Кілең байдың баласы,
Ішуіне асы жоқ,
Қоға мен борық қоймады.

Көйлектерін ау қылып,
Судан шабақ аулады.
Дәл он бес күн болғанда
Әскерлерін жинады,

Әскерін көлге қамады,
Басына түртіп санады.
Аман екен әскері,
Әділ ханың сөйледі:

—Әй, бұрынғының арты едің,

Осы күнгі қарты едің,
Көптен қалған көн едің,
Қайыспайтын қайғысыз,
Ахмет аға, ер едің.

Тар жер, тайғақ кешуде,
Саған да сеніп келемін.
Тарлан атқа мін,—деді,
Беліңе қару іл,—деді.

Талай келген өзіңе
Бұл белгілі жер,—деді.
«Қандай екен жерлері,
Қалың ба екен елдері?»,

Ахмет, көріп кел, деді.
Ахмет атқа мінеді,
Бес қаруын белге іледі,

қарасай —қази
Қабағын түйіп түнеріп,
Жауған қардай түнерді.
«Алла дізгінді оңғар!» деп,

Қызылбасқа жөнелді.
Ар жағында Темірхан
Он бес күндік жер еді.
Он бес күн кәміл болғанда,

Ахмет салып келеді.
Болаттау деген тау екен,
Төбесі көкке тиіп тұр.
Биіктігін қарасаң,

Көшкен бұлтты іліп тұр.
Төбесінде қара тас,
Күн көзіне шыдамай,
Қорғасын болып еріп тұр.

Төбеден аққан сортағы
Таудың бауырына келіп тұр.
Ол таудың ол шеті мен бұл шеті,
Тоқсан жылдық жер екен.

Ортасында тесік бар,
Болаттан салған есік бар.
Қазулы тұрған көр емес,
Қазулы көрден кең емес,

Жан баратын жер емес,
Ахмет оны көреді.
Қорықпаған батырдың
Қорықты көңілі деп еді.

Ахмет тұрып ойлады:
Орақта кеткен кіре алмай,
Кіруге Орақ сене алмай.
Орақ кірмеген жеріне

Мен-ау неғып кіремін?!
Кірсем бұған өлемін.
Қой, қайтайын, қайтайын,
Әділге барып айтайын.

Кірсе, кірер Қарасай,
Жас неме ғой сол кірер,
Қыдырбайдың баласы-ай.
Сол үшеуі болмаса,

батырлар  жыры
Адамның келмес шамасы-ай!
Мен кірермін, кірермін,
Кіргенменен жау таппай,

Бұл тесікте өлермін.
Ахмет келді қайтып-ай,
Көргенін түгел айтып-ай.
Ахмет айтқан сөзіне

Жұрт тамаша қалады,
Бәрі де мұның нанады.

—Мен барайын тесікке,—деп,

Қарасай ханнан сұрады.
Хан Әділ сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Ай, Қарасай, Қарасай,

Саған кімнің шарасы-ай,
Баба Түкті Шашты Әзіз,
Едігенің баласы-ай.
Тай қара атқа мін,—деді,

Шақыр-шұқыр көк болат
Беліңе орай іл,—деді,
Қареке-ау, барып кел, деді.
Қарасай сонда күледі,

Көк бүркіті келеді,
Келгенін әруақ біледі.
«Алла, бір дізгін оңғар!»—деп,
Қарасай шауып жөнелді.

Қарасайдай батырдың
Алдының бәрі сауық-ай,
Өлең-әнді салып-ай.
Жауға тигенде жөнелді,

Тайқара атпен шауып-ай!
Он бес күндік жеріне,
Жеті күнде барады.
Тар тесіктің аузында

Едігенің аты бар,
Қара таста хаты бар:
«Бұл араға кім кірер?!
Жеті атаға келгенде,

қарасай —қази
Шынжырлы біздің тұқымнан
Егіз туған қос жайсаң,
Тәуекел етсе, сол кірер».

Қарасай мұны көреді,
Түсе қала қара аттан,
Бабасы жазған қара тас
Құшақтап барып сүйеді:

—Әулиеге ат айтып,

Құдайына қой айтып,
Қабағын тастай түйініп,
Ақ сауытын киініп,
Көк найзаны шүйіріп,

Атасына сиынып,
Тесікке кірді Қарасай.
Бұл тесікке кіреді,
Тар тесікке бұл сыймай,

Шабылған қақ сал бұл қара,
Төрт аяғын бүгеді.
Ол тесіктің іштері
Қап-қараңғы түн еді.

Ар жағы мен бер жағы
Он бес күндік жер еді.
Он бес күнде тесіктен
Қарасай өтті деп еді.

Ар жағына қараса,
Он екі қабат оры бар,
Тоқсан қабат торы бар.
Оған барған батырдың

Маңдайының соры бар.
Тар тесіктің аузында,
Бір тұлпардың ізі бар.
Буы жатыр бұрқырап,

Жап-жаңа тышқан боғы бар.
Қарасай оны көреді,
Қарауыл екен деп еді,
Ізбенен қуып жөнелді.

Қызылбас басы Брансуз,
Іннің аузын бағатын.

батырлар  жыры
Жалби ақысына ант ұрған
Айына бір қыз алатын,
Соның жүрген ізі екен,

Атының тышқан боғы екен.
Қарауылды ұстап алайын,
Артынан қуып барайын, деп,
Қарасай қуып жөнелді.

Атаңа нәлет Брансуз,
Енді артына қарады,
Қараға көзін салады.
Қызылбас сонда сөйледі:

—Құдай болсаң, аяма,

Періште болсаң, қайама.
Өліп қалған ер Орақ,
Тіріліп көрден қала ма?!
Белде, белде белер ме,

Белден асып желер ме,
Бес қару белге ілер ме?!
Қарасай, Қази қағыңғыр,
Қара көңіл ер Қобылан,

Әлде, солар келер ме?!
Қобылан келсе оңбайды,
Қази келсе қоймайды,
Қарасай өзі қандай-ды?!

Жалғызбын деп жалығып,
О да жаудан таймайды.
Үшеуінің бірі деп,
Кім болса да ірі деп.

Есебін тауып келгені—
Ит ноғайдың ері деп,
Қара дәу тұрды қалшиып.
Қарасай салып барады,

Қызылбас сонда сөйледі:

—Шауқын бұл-бұл саласың,

Алайын десем оңайсың,
Алмайын десем ноғайсың.
Ел шетінде елбектеп,
Жау шетінде көлбектеп,

Атың жарау, өзің аш,

қарасай —қази
Жүзің айдай қаламқас,
Ноғай қайда барасың?!
Қарасай сонда сөйледі:

—Мен, мен едім, мен едім,

Мен болғанда кім едім?!
Ежелден енді қан төккен
Едігенің тұқымы,
Менің атым—Қарасай,

Мен Орақтың баласы-ай.
Сен құсаған қызылбас,
Елімнен іздеп келемін.
Екеуі тұрып қағысты,

Жаман сөзге барысты.
«Қашпа балам, қашпа!» деп,
Қашпаласа қалады.
«Тайма балам, тайма!» деп,

Таймаласа қалады.
Қыл жалаулы көк сүңгі
Қақ жүректің басы деп,
Өлер жерің осы деп,

Біріне-бірі салады.
Ұңғысынан омырылып,
Әдіра болып қалады.
Қолға алмас алады,

Шын болаттан соқтырған,
Қызыл қанға суарған.
Өткенін адам білмеген,
Егер де қанға тимесе,

Қынабына симаған.
Жарқылдатып екеуі,
Бірін-бірі шабады.
Тасқа шапқан пышақтай,

Бұ да әдіра қалады.
Кіл болаттан соқтырған,
Шынжырдан бауды тақтырған,
Қолға шоқпар алады,

Ауырлығы жүз пұттай,
Ұңғысынан омырлып,

батырлар  жыры
Бұ да әдіра қалады.
Замананы қуырып,
Тақымнан балта суырып,

Шын болаттан таптатқан,
Темірші саптатқан,
Бірін-бірі шабады.
Тасқа шапқан пышақтай,

Жерге қаққан жебедей,
Тоңды шапқан немедей,
Бұ да әдіра қалады.
Қой жауырын, қол масақ,

Екеуі тұрып атысты,
Сарыжаны тартысты.
Сауытқа тиіп тақылдап,
Оты шығып жарқылдап,

Бұ да әдіра қалады.
Бес қаруды тауысты,
Ат үстінен алысты,
Екеуінің аты да,

Шөге-шөге қалысты,
Аттан түсе қалады,
Беліне шынжыр салады.
Енді екеуі алысты,

Айғыр, нардай шайнасып,
Жағаласты, шалысты.
Қарасай тұрып ақырды,
Ақырған ащы дауысы,

Тау үстінде қара тас,
Шыққан шөпті жапырды.
Манағы айтқан қызылбасты
Көтеріп алып үйірді.

Етегімен жеңімен,
Қызылбастың лебімен,
Брансуз мінген Көк қасқа ат
Омақа асып жығылды.

Қызылбас жерге торс етті,
Қара жерлер солқ етті,
Топырағы бұрқ етті,
Аузынан қаны жылп етті.

қарасай —қази
Салмағымен жығылып,
Көтен шегі үзіліп,
Атаңа нәлет қалмақтың

Іші-бауыры шырқ етті.
Басын кесіп алады,
Қанжығаға таңады.
Тесіктен кіріп еркіндеп,

Ханға келді бүлкілдеп,
Қарасай келіп сөйледі:

—Ахмет те ер екен,

Қайтпайтын ердің бірі екен,
Ахметтің айтқан сөзі—
Өтірік емес шын екен.
Болаттау деген тау екен,

Ол шеті мен бұл шеті,
Тоқсан жылдық бар екен.
Төбесі көкке тиіп тұр,
Көшкен бұлтты іліп тұр.

Төбесінде қара тас,
Күн көзіне шыдамай,
Қорғасын болып еріп тұр.
Төбеден аққан сортағы

Етегіне келіп тұр.
Ортасында тесік бар,
Болаттан салған есік бар.
Тесігіне қарасаң,

Қазып қойған көр емес.
Қазған көрден кең емес,
Ар жағы мен бер жағы,
Он бес күндік жер екен,

Қараңғы іші көр екен.
Ол тесіктен өттім деп,
Ар жағына жеттім деп,
Ар жағына қарасам,

Он екі қабат оры бар,
Тоқсан қабат торы бар,
Әскері тым-ақ көп екен.
Айқай салып ат мініп,

Ат құйрығын шарт түйіп,
6–166

батырлар  жыры
Ерлердің кірер жері екен.
Кіре қойған ерлерге,
Олжасы тым-ақ мол екен.

Қызы сұлу, ат жүйрік,
Салтанатты ел екен.
Брансуз деген батыры
Қарауылда жүр екен,

Тым-ақ әлді неме екен.
Жеті күн соғыс мен салдым,
Өле жаздап мен қалдым.
Кейігенсін өлтіріп,

Басын кесіп мен алдым.
Алып келдім, тақсыр, басын-ай,
Жаудың ісі осылай.
Басты көзі көреді,

Жиналды әскер деп еді.
Ортасына алады,
Бұл неғылған адам деп,
Таң-тамаша қалады.

Әділ хан тұрып ақырды,
Басты көрген әскерді
Шөптей қылып жапырды.
Ханың сонда оттады,

Оттады демей не дейін,
Ахмет пен Қарасайдың
Дымын қоймай боқтады:

—Ай, Ахмет, Ахмет,

Қарт емессің, шайтансың,
Жауға бармай қайтасың,
Өтірік қайғы айтасың!
Сақалыңды күзейін,

Олай демей, не дейін?!
Хан шақырса бармаған,
Ханның тілін алмаған,
Айдаһардың тіліне

Қолын салып барлаған.
Айдаһар деп жүргенің,
Кесіртке ұстап алған-ды.
Бір қатынның мойнына

қарасай —қази
Алып барып салған-ды.
Тіпті, өтірік қой, Ахмет—
Айдаһарға барғаның,

Ініне қолың салғаның.
Рас емес, өтірік,
Соның бәрі жалған-ай.
Ай, Қарасай, Қарасай,

Қарасай, сені кім айтар,
Орақтың деп баласы-ай?!
«Орақ жауға кеткенде
Ақсақ ноғай молдамен

Ойнас болды шешесі» деп,
Рас екен шамасы-ай.
Малды баққан малшының,
Інді баққан жалшының

Басын кесіп алдым деп,
Жеті күн соғыс салдым деп,
Өле жаздап қалдым деп,
Мұнан да батыр болар ма?!

Орақтан бүйтіп бала туар ма?!
Қарасай мен Ахметті
Жеті атадан қоймай боқтады.
Қази қылышты қынабынан суырды,

Әділге қарап жүгірді.
Кесейін сенің басыңды,
Қияйын сенің шашыңды.
Қарасай айтса нанбайсың,

Ахмет айтса нанбайсың,
Мықты болсаң, сен неме,
Өзің неге бармайсың,
Не қаяды шайнайсың?!

Қарасай саған жетпей ме?!
Жеті атадан қоймай боқтадың,
Әруақ атып кетпей ме?!
Жетіп келді Қарасай,

Қазидың жалғыз ағасы-ай,
Әлім жетпей тұр деп пе ең,
Тапсырып еді анасы-ай.
Қазидың келді қасына,

батырлар  жыры
Қолындағы дойырмен
Қасындағы Қазиды
Тарта бір жіберді басына-ай.

Сонда Қобылан ақырды,
Нар түйедей бақырды:

—Атадан екеу туғанның

Жалғызға әлі келе ме?!
Ханға қарап жүгіріп,
Жаман ырым бастадың.
Ханға қылыш суырып,

Екеу болсаң сен,—деді,
Жалғыз едім мен,—деді.
Мықты болсаң, сен Қази,
Жекпе-жекке кел, деді.

Қарасай тұрып сөйледі:

—Қарағым, қалқам, Қобыланым,

Қарағым, неге долдандың?!
Белде, белде беліп пе ең,
Белден асып желіп пе ең?!
Елден шыққан кіл тентек,

Тас тесіктің аузында
Күш сынасуға келіп пе ең?!
Еділ, Жайық жер қайда,
Ноғайлы, қазақ ел қайда,

Ата қайда ана мен,
Қатын қайда баламен?!
Қайда біздің еліміз,
Аға, іні, теңіміз?!

Біреуге-біреу шамданған—
Бұ да біздің кеміміз.
Қойға тиген бөрідей,
Тар тесіктің аузына

Қарасай, Қази жөнелді.
Әскер үшке бөлінді,
Осал мен мықты білінді.
Қызылбасқа өтуге

Жеті батыр бөлінді.
Ең әуелі кім жүрді?
Қарасай, Қази ер жүрді.

қарасай —қази
Мұның артынан кім кетті?
Тор бесті атты тебініп,
Асау нардай желігіп,

Қобылан батыр бұл жүрді.
Төртінші де кім жүрді?
Телағыс батыр сол жүрді.
Бесіншіде кім жүрді?

Тарлан атты тебініп,
Жауға қарап ебініп,
Ахметтей шал жүрді.
Алтыншыда кім жүрді?

Құла шұбар ат мінген,
Көк болаттан тон киген,
Қабағы қалың түнерген,
Құбығұл батыр бұл жүрді.

Жетіншіде кім жүрді?
Өлең айтып, ән салып,
Екі дүзді ақ алмас,
Сермегенде жау қалмас,

Өзі кедей, өзі таз
Әуез батыр бұл жүрді.
Жетеуі шықты бөлініп,
Әскерлер қалды шегініп.

Тесікке таман жақындап,
Қарт бурадай сақылдап,
Алшағыр ұлы Көбен-ай,
Қарабекұлы Жемен-ай,

Бұл да жүрді қала алмай.
Тоқтап-тоқтап келеді,
Тіке шауып бара алмай.
Алдыңғы кеткен жетеуі

Атының басын тартпады,
Сапарынан қайтпады.
Тесіктен бастап кім кірді?
Қарасай, Қази ер кірді,

Екеуі қатар тең кірді.
Екіншіде кім кірді?
Батыр Қобылан сол кірді.
Үшіншіде кім кірді?

батырлар  жыры
Самарқанды сонда алған,
Мұнанайды мұнда алған,
Қалмаққа бүлгін бұл салған,

Ахмет батыр сол кірді.
Төртіншіде кім кірді?
Жау дегенде жайнаған,
Сай тасындай ойнаған,

Тебінгіден тесе атқан,
Үзенгіден үзе атқан,
Өкпеден оғын өткізген,
Өгізтауда оқ атса,

Шағанға оғын жеткізген,
Құбығұл батыр сол кірді.
Бесіншіде кім кірді?
Ала жолақ бөз байлап,

Шақырып ұран ойбайлап,
Әуез батыр сол кірді,
Артынан Ахмет батыр бұл кірді.
Алдыңғы кірген үшеуі

Тар тесіктен өтеді.
Айбалтасын қолға алып,
Қази менен ер Қобылан
Тар тесікті кеңітіп,

Бұлар да өтіп кетеді.
Он екі қабат орына,
Құрып қойған торына
Үш күн бұрын жетеді.

Кірейін десе есік жоқ,
Сығалауға тесік жоқ,
Алты күн жүрді жағалап.
Жеті күнге толғанда,

Күн сәскеде болғанда,
Қази менен Қарасай,
Орақтың екі баласы-ай,
Қорғанды шауып жағалап,

Алыс жерден жол жүріп,
Тұяғы тозған тұлпардың
Аяғын алды тағалап.
Айқайлап шапты қандаққа,

қарасай —қази
«Едіге» деп ұран салады,
Туларын қолға алады.
Екеуінің тұлпары

Он екі қабат орлардан,
Тоқсан қабат торлардан
Зеңбіректей зырғыды,
Ор текедей ырғыды.

Асыл туған ер Қобылан,
Қандаққа қарап тебініп,
Жауға қарап ебініп,
Секіргенде тор бесті,

Оры менен торынан
Жұқпай кетіп жөнелді.
Әділ келіп қалыпты,
«Баратын ерлер бар ма деп?»

Әскерге көзін салыпты,
«Аллалап» салып ұранды,
Қыздырайын деп әскерді
Айнала Әділ шауыпты.

Әділ ханның кигені,
Қырмызы, мақпал беренді,
Әскердің жүрмейтінін біледі.
Мінген аты күрең-ді,

Жетеуінің соңынан,
Жалғыз шауып келеді.
Әділ келсе алыстан,
Алдыңғы келген жетеуі,

Бәрі де кірді деп еді.
Шауып жүрген шабыс бар,
Айқайлаған дауыс бар,
Мылтық оғы зулаған

Қызылбаста ұрыс бар.
Кіргенін жауға біледі,
Соғысты көзі көреді.
«Жалғыз еді Әділ, деп,

Келсең, бұған кірме!» деп,
Орақтың ұлы Қарасай
Алақандай ақ қағаз
Қыстырып кетті деп еді

батырлар  жыры
Тобылғының басына,
Қаратастың қасына.
Әділ мұны көреді,

Хан Әділдің ойына
Үлкендік сонда келеді.
«Мен бұлардан кем бе едім,
Кеммін деп жүр ме едім?!

Енесін ұрған Қарасай,
Жалғыз деп зәбір береді
Орақтың екі баласы-ай.
Баба Түкті Шашты Әзіз,

Пері, шайтан
Бұлардың ата-бабасы-ай».
Тоқсан қабат торынан
Аман-есен өтеді.

Он екі қабат орына
Екпінімен аттың жетеді.
Үсті құтсыз ит екен,
Жамалдағыр күрең ат

Өмілдірік үзіліп,
Халық билеген ханыңды
Орға тастап кетеді,
Әділ орда қалады.

Шылбыр жібек шұбатып,
Тізгінін басып ойнақтап,
Екі көзі жайнақтап,
Жамалдағыр күрең ат

Көп қиқуға барады.
Қарасай соғыс салып жүр,
Қази артын бағып жүр.
Қарасай соғыс салыпты,

Қылышын қанға малыпты.
Үш күн соғыс салғанда,
Үш жүз қала алыпты.
Қобылан соғыс салады,

Үш күндіктің ішінде
Бес жүз қала алады.
Телағыс соғыс салады,
Екі жүз қала алады.

қарасай —қази
Құбығұл соғыс салады,
Үш жүз қала алады.
Әуез соғыс салады,

Екі жүз қала алады.
Ахмет соғыс салады,
Тоқсан қала алады.
Сол соғыстың ішінде

Ахмет мінген тарлан ат
Омақаса құлады.
Құлап жатқан жерінде
Ахметтей шалыңды

Қызылбастар қамады,
Қара таспен жабады.
Астындағы тарланнан
Айрылып Ахмет қалады.

Екі бұты таяқтай,
Айғыр қуған саяқтай
Ахмет жаяу қашады.
Сүрініп етегін басады,

Өлемін деп сасады.
Ахмет сонда ақырды,
Қолтығынан оқ тиіп,
Қара қанды қақырды.

«Қарасай мен Қобылан-ай,
Қайдасың?!» деп шақырды.
«Қобылан» деген бір дауыс
Құлағына келеді.

Барқыраған бұл дауыс
Шалдың даусы екен деп,
Шауып жетіп келеді.
Көтеріп шалды жерден,

Қобылан алады.
Тарлан аттың үстіне
Ахметті салады.
Қобылан Ахметке сөйледі:

—Ахмет кейін қайт,—деді,

Өзіңді-өзің бақ,—деді.
Түтеп тұрған мылтық көп,
Шауып тұрған қылыш көп,

батырлар  жыры
Қызылбаста ұрыс көп.
Пұршасы болмай ер Қобылан,
«Шу!»—деді де жөнелді.

Сол соғыстың ішінде,
Әділдің мінген күрең ат,
Қарасайға көрінді.
Қарасай жылап бақырды,

«Қазижан!» деп шақырды.
Қимылда, Қази, қимылда,
Көрінді ғой күрең ат
Анасы мен анамыз,

Етті бізге аманат.
Аманатты баға алмай,
Жалғызға көзді сала алмай,
Бізден болды-ау қатты ұят.

Жамалдағыр күрең ат,
Тоқымың жоқ, ерің жоқ,
Сөйлесер едім тілің жоқ,
Үстіңдегі Әділді

Жаудан өлді дер едім—
Сорғалап аққан терің жоқ,
Үстіңе салған ерің жоқ.
Халық билеген ханым жоқ,

Күрең ат, сенің сәнің жоқ.
Маған неге тимеді-ау,
Әдліге тиген ажал оқ,
Тірі десем, хабар жоқ.

Қарасай кетті бір жермен,
Қази кетті бір жермен,
Қобылан кетті бір жермен,
Әрқайсысы кетті әр жермен.

Қобыланның жүрген жағынан
Сарқыраған қан шықты.
Қазидың жүрген жағынан
Тырп етпейді, сау шықты.

Қарасай жүрген жағынан
Ойбайлаған шу шықты.
Өңгесінің жүрген жерінен
Ат тозаңы, шаң шықты.

қарасай —қази
Күн батқан соң түн болды,
Түнде түн болды,
Күнде түн болды.

Зеңбіректің түтіні,
Аттың тозаңымен
Ат құлағы көрінбейтін
Қап-қараңғы күн болды.

Сол соғыстың ішінде
Телағыс мінген Ақбоз ат—
Ер тоқымы бауырында,
Құйысқаны сауырында

Ойнақтап жүрген көрінді.
Қарасай соны көреді,
Еңірей қоя береді.

—Кіл жалғызды оққа ұшырып,

Енді не бетіммен көрем? деп еді.
Әділ менен Ағыстың,
Кеткені ғой намыстың,
Екеуінде де інісі жоқ, аға жоқ,

Тұяқ болар бала жоқ.
Қимылда Қобылан, Қази, қимылда,
Не болса да, Алланың
Еткен ісіне шара жоқ.

Ағысты Қази қарады,
Жығылып-тұрып жүр екен.
Тар көшенің ішінде—
Омыртқада он жара,

Қабыртқада қырық жара,
Тек шықпаған жаны бар,
Шүмектеп аққан қаны бар.
Көтеріп аттан алады,

Сонда Қази ақырды,
Әуез-ау! деп шақырды.
Телағыс көзін жұмып-жұмып қалып жүр,
Шүмектеп қаны ағып жүр.

Салып келді ер Әуез,
Қойны-қоншы оққа толыпты,
Жаралы о да болыпты.

батырлар  жыры
Ағысты қосқа алып қайт,—деді,
Дәрігерге сәлем айт,—деді.
Біз қайтпаймыз,

Оқ тиіп, омақаса құлағанша,
Қайтамыз деп айтпаймыз.
Әуез Ағысты алып жөнелді.
Арада үш күн өткен соң,

Құбығұл ерге оқ батты,
Бейбіттің оғы тым тәтті.
Оққа шауып өшігіп,
Қызылбас отын өшіріп,

Құбығұл аттан құлады.
Үстіне келіп ер Қобылан,
«Бауырымдап!» жылады.
Атадан жалғыз қарағым,

Оңбады салған ұраным.
Тарады менің құралым,
Кіндіктен жалғыз қарағым.
Мирас басар жоқ еді-ау,

Артыңда да тұяғың.
Атына Құбығұлды мінгізіп,
Тізгінін беріп қолына,
«Ерсің ғой, мықтап бекін!»—деп,

Қайтадан салып жіберді
Қосқа қайтар жолына,
Әуездің ертті соңына.
Үшеуі қалған долданды

Ісі келмей оңына.
Қабырғадан қан болды,
Тебінгіден тер болды.
Ылди жерлер көл болды,

Жердің жүзін қан алды.
Қаланың ішін
Зеңбіректің түтіні мен шаң алды.
Күн сәскеге толғанда,

Тайқара аттың үстінен
Өкпеден жеті жерден оқ тиіп,
Қарасай қанатын жайып құлады,

қарасай —қази
Құлап жатып жылады.
«Қазижан, бермен келіп кет,
Мен қасқаны көріп кет.

Ит пен құсқа жем қылмай,
Өз қолыңмен көміп кет!
Жауып кет менің бетімді,
Ит жемесін етімді».

Сонда Қази сөйледі:

—Ұрды ма Құдай өзіңді?

Естімеймін сөзіңді,
Жаппаймын сенің бетіңді,
Көрейінші көтіңді.
Қой деп едім қоймадың,

Айтқаныма болмадың,
Қарасай сені кім айтар
Қазидың деп ағасы,
Орақтың деп баласы,

Жігітке бұйым бола ма,
Қорғасынның жарасы?!
Жатамын десең, жатып қал,
Өлмек түгіл, қатып қал.

Сонда Қарасай ойлады:
«Мына залым бақпас,—деп,
Әкесін жұтқан қақбас»,—деп,
Орынынан тұрады,

Қол-аяғын жияды.
Он екі қабат ақ жібек,
Орай белін буады.
Тайқара атқа мінеді.

Қылышын алып жарқылдап,
Көк найзасы жылтылдап,
Соғыса берді деп еді.
Тағы тиді қалың оқ,

Бұрынғы құлау, құлау ма?!
Шыныменен құлады,
Әділді жоқтап жылады.
«Қарағым, Қази елге қайт,

Сорлы болған анаға,
Іні менен ағаға,

батырлар  жыры
Қазақ пенен ноғайға,
Сұрағанға сәлем айт.
Әжекем естен кетірсін,

Жолаушы кеткен мырзасын.
Тұлдап тіксін ордасын,
Үш жылға дейін үзбесін
Құран шығар молдасын.

Бұйыртпады бұл Құдай
Мұсылманның қыр басын.
Қази аттан түсті өкіріп,
Көзінің жасы секіріп.

Таяуым да сен едің,
Таянышым сен едің,
Еркелеп саған жүремін.
Өзіммен бірге туғанмен,

Әкемменен тең едің.
Қарасайды көтеріп,
Қази алдына алады.
Орақтың екі баласы,

Бірін-бірі алып барады.
Қыдырбайдың Қобыланы,
Бір жаңғызға—бір жаңғыз,
Әділ жалғыз, мен жалғыз,

Туысқан жоқ, тума жоқ,
О да мендей қу жалғыз.
Сол Әділді алам, деп,
Сүйегін соның табам, деп,

Сүйегін таппай Әділдің,
Елге қалай барам, деп.
«Әділ қайда?» дегенде,
Ел бетін не деп көрем,—деп,

Не деп жауап берем?—деп.
Өзекті жанға бір өлім,
Уақытым жетсе, өлем, деп.
Жеті күн соғыс салады,

Дәл сегіз күн болғанда
Қызылбас Қобыландыны қамады.
Үстіне торды жаяды,

қарасай —қази
Қайраты көп, аңқау ер еді.
Аңсыз шауып жүргенде,
Торға түсті деп еді.

Торды машинамен бұрады,
Астындағы тор бесті
Тырп етуге жайы жоқ,
Төрт тағандап тұрады,

Қобыланды сонда ойлады.
Жалғыздыққа жарық жоқ,
Кедейлікке налу жоқ,
Әттеген-ай жалғыздық!

Ноғайдың бәрі кетті деп,
Басының қамын етті деп,
Атадан жалғыз туды деп,
Тапсырған жоқ еді маған-ай.

Нәсілі бірге ноғай ғой,
Атадан екеу туды деп,
Тапсырып еді Қарасай мен Қазиға.
Мен Әділдің жалғыздығына қалдым деп,

Бейнетті мұндай болдым деп.
Жалғыз келіп едім ұлтымнан,
Келетін кісі жоқ қой артымнан.
Жалғыздықтың зарпынан,

Осыны айтып долданды.
Сол жіберіп торы атты,
Ат үстінде қозғалды,
Ақырып келіп ырғалды.

Жайып қойған торларын
Шуда жіп құрлы көрмеді,
Бір тартуға келмеді.
Торы бесті атты тебініп,

Шыға келді желігіп,
Аулына қайтып жөнелді.
Қази Қарасайды бағады,
Жапалақты жапан көл,

Алып барып салады.
Көлдің беті қан болып,
Қанды су болып барады.
Жау дәрісін жағады,

батырлар  жыры
Жазылмай кетіп барады.
Бір тышқан суға келеді,
Ол тышқанды талаған,

Мысық залым деп еді.
Тышқанның үстінде
Жарасы көп деп еді.
Судан келіп ол тышқан

Көлден шөпті алады,
Жарасына жағады,
Жарасы тышқан жазылды.
Жүгіріп барып қу Қази,

Шөбін тартып алады,
Қарасайдың жарасына жағады,
Қарасайдың жарасы жазылды,
Дауасы сонан табылды—

Тышқан емес, Қарасайдың пірі екен.
Шөп емес, «тамыр дәрі» деген шөп екен, жаралы кісі та­
мыр дәрі ішу содан қалған жөн екен, Қарасай саламаттанды,
жазылды,

Әділ орда қалынды.
Қарасай тұрып сөйледі:

—Айналайын, Қазижан,

Хан Әділге баралық,
Әділді тауып алалық.
Әділді жауға біз тастап,
Елге қайтіп баралық,

Елге не деп барамыз?!
«Әділ қайда?»—дегенде
Не деп жауап табамыз?
Ұят пен өлім бір еді-ау,

Ұялып өліп қалармыз!
Сонда Қази сөйледі:

—Әділің құрсын, бармаймын,

Әділді жаудан алмаймын.
Әділдің сөзі өтті деп,
Жеті атамнан бері қарай,
Мені боқтап, сөкті,—деп—

қарасай —қази
Қарасай үш айтты, Қази үш айтты. Қарасай-Қази аулына
қарап жөнелді. Тілін алмаған соң Қарасайдың амалы болмады
деп еді, әскерлер елге барулы.

«Әділ орда қалды,—деп,
Қарасай-Қази, Қобыландыны,
Қызылбас ұстап алды,»—деп,
Ахмет қайтып барады,

Осыны елге жаяды.
Әділде бар тоқсан құл,
Тоқсан құлы кеңесті:
«Тілекті Құдай берген ғой,

Көздің жасын көрген ғой,
Әділ анық өлген ғой,
Бізге теңдік тиген ғой.
Жүйрік болса сыналық,

Семіз болса былалық,
Жорғасын ханның мінелік,
Қырмызы болса киелік.
Ылиядай сұлуды

Көңіліміз сүйгені—
Сонымыз барып сүйелік».
Құлдар жаман есірді,
Елге салды кесірді.

Атқа салды тоқымды,
Елге жүргізем деп үкімді,
Ылиядай сұлуға
Құлдар қолды салады.

Қорғай қойса, шешесін
Керегеге таңады.
Ылия бір күн толғады:
«Кел, кетелік, кетелік,

Қайырсыз болған дәулетті,
Біз қайырлап не етелік?
Ақтолқын мен Ылия,
Иесіз қалды мал мен мүлік, дүния,

Ордадан қашып жөнелді.
Келе жатса екеуі,
7–166

батырлар  жыры
Келе жатыр қос қара,
Атасы әйел демесең,
Ылия өзі ер еді,

Ақылға терең неме еді.
Алыстан болжап Ілия,
Сөйлей қоя береді.
Жаман қар қыз, ант ұрған,

Қайғылы жүрек қан тұрған,
Аман екен Орақтың екі баласы.
Ұрған Құдай бізді ұрған,
Түс ауған соң кеш екен,

Еңбегіміз еш екен,
Жалғызға Құдай өш екен.
Қалғаны ғой жұбайым,
Басыма түсті уайым,

Қалайша күнді көреміз?!
Туысқан, тума жоқ еді,
Біз қасқада ағайын.
Ағайын, тума құрысын,

Жалғызымның жолына
Күйейін де жанайын.
Қарасай салып келеді,
Ылияны көреді.

Ақ көңіл туған ер еді,
Аңырай қоя береді.
Сонда Ылия сөйледі:

—Қолыма алдым шарайна,

Қылыш, мылтық, бар найза,
Аманат қылған жалғызым,
Қарасай, қасыңдағы хан қайда?
Айта алмайды Қарасай,

Жылай береді еңкілдеп,
Тұла бойы селкілдеп.
Сонда Қази сөйледі:

—Өлген жоқ балаң, тірі-ау,—деп,

Алып келем мен-ау,—деп,
Келгенше балаң бағамын,
Бабыңды кемпір табамын,
Дұшпаннан кегіңді аламын.

қарасай —қази
Атымды болса аунатып,
Өзім болсам қунаймын,
Есімді әбден жинаймын.

Қайта айналып барамын,
Әділді жаудан аламын.
Әділді таққа мінгізіп,
Бақыттың отын жағамын.

Сонда Ылия сөйледі:

—Өтеді бастан сұм жалған,

Ажал келсе кім қалған?!
Ішімде бар көп арман,
Тіпті, есімнен кетпейді,
Құлдың қолды салғаны,

Әжемді керегеге таңғаны.
Мінбесімді мінгені,
Кимесімді кигені,
Құлдың зәбір бергені.

Қарасай өзі ер еді,
Жылқыға қарап жөнелді.
Түсе қалып көк аттан,
Кемпірді мінгізіп,

Аулына алып келеді.
Құл да түсті көріпті,
Қарасайдың келетінін біліпті.
Құйысқан жетпес құлаға,

Айыл жетпес алаға
Мініп алып кілең құл,
Қашқан екен далаға.
Мәстектері болдырып,

Тас бұлақтың қасында,
Шұбар төбе басында
Отыр екен жиылып.
Қарасай жетіп келеді,

Құлдар еңірей береді.
Қол бастығы Құлтай құл,
Сөйледі сонда деп еді,
Сөйлегенде не деді?

батырлар  жыры

—Айналайын, Қарекем,

Көрмейім бе деп едім?
Көретін күн де бар екен.
Жаныса болат өтеді,
Жалынса, жақсы кешеді.

Бір білместік істедік,
Кешсеңіз нең кетеді?!
Үндемейді Қарасай,
Аулына айдап жөнелді.

Ылияға алып келеді,
Келе сөйлей береді,
Сөйлегенде не деді:

—Әй, Ылия, Ылия

Білмеді ме бұлыңды,
Шашты ма сенің бұлыңды,
Бермеді ме тынымды?!
Неғылсаң да өзің біл,

Алып келдім тоқсан құлыңды!
Құл өлтірсе, сән кетед,
Сән кеткенде мал кетед,
О да бізге қиынды.

Қази шықты қуанып,
Орақ пышақ қолға алып,
Екі білек сыбанып,
Құлға салып келеді.

Ылия толғай қоя береді:

—Айналайын, Қареке,

Халық үшін туған, ағеке,
Мына құлды өлтірсек,
Уақытсыз қаза келтірсек,
Бізге жұрттар күлмей ме?!

«Әділдің өшін құлдан алдың»,
Деген сөзі тимей ме?!
Оспадарсыз оданы,
Құлға жана сөз айтсаң,

Жайына қарап жүрмей ме?!
Бұлар кетіп қалған соң,
Қызылбастың баласы—

қарасай —қази
Қырғын тапқан ел екен.
Қызылбасқа қырғын тапқызған,
Қобыланды, Қази ер екен.

Қалған ноғай бар ма, деп,
Қызылбастың тірісі
Ор жағалап жүр екен.
Жатыр екен хан Әділ

Екі көзі жаудырап,
Екі беті албырап.
Үстіндегі ақ сауыт,
Шашақтары салбырап.

Қызылбас тауып алады,
Тас кесекпен сабады.
Жіберген тас кесекті,
Әділ қағып алады,

Өзімен соғыс салады.
Жеті күндей соғысты,
Жеті жүз қалмақ алады.
Бір қасық судың жоғынан,

Таңдайы кеуіп хан Әділ,
Етпеттей барып құлады.
Құлап жатқан жерінде
Шынжырдан бұғалық салады.

Алты нарға сүйретіп,
Хан Әділді ордан алады,
Қол-аяғын таңады.
Қырық пұттай тас байлап,

Көк теңізге салады.
Бабалары бағады,
Қанаттарын жаяды.
Шикі өкпедей қалқыды,

Мұнан да өлмей қалады.
Қол-аяғын таңады,
Алпыс түйе сексеуіл,
Алып барып жағады.

Талтаңдаған ханыңды,
Қызыл шоққа салады.
Бабалары су бүркіп,
Мұнан да өлмей қалады.

батырлар  жыры
Үш жүз тоқсан жасаған,
Азу тісі босаған
Қу мыстан деген кемпір бар,

Мыстаннан ақыл сұрады,
Сонда мыстан сөйледі:

—Екеу емес, бір екен,

Біздің елдің патасынан болған ер екен,
Сүйегі шойын, терісі болат неме екен.
Тоғыз бие сойыңдар,
Тоғызы да ту бие,

Қара көк пен сұр бие—
Тайқазанға салыңдар,
Тас көмірді жағыңдар.
Майға бөлеп балқытып,

Қарын кесіп алыңдар.
Тайқазанға салады,
Тас көмірді жағады,
Кемпірдің сөзі ұнады.

Жеті күн майға қайнатып,
Екі көзін жайнатып,
Зығырын оттай қайнатып,
Қарын кесіп алады.

Жеті бура сояды,
Қабаттап көнін тігеді.
Ұшы біздей ақ болат,
Қу жебені қағады.

Рәшеткі темірді
Жыртылмасын деп жабады.
Көк арбаны жегеді,
Қу жебелі көндерді,

Қамыт қылды деп еді.
Таңертең кетіп далаға,
Кешке келет қалаға,
Мазақ болды хан Әділ

Қалада қатын, балаға.
Мінеміз деп арбаға,
Қатын, бала барады.
Кейіп жүрген хан Әділ,

Алдына келсе шайнады,

қарасай —қази
Жанына барса жалмады.
Бала түгел үлкен кісі
Барса өлмей қалмады.

Әркімге де жан тәтті,
Қасына адам бармады.
Жатыр еді бір күні,
Желкеге жара батып-ай,

Қасына келді бабасы,
Бабасы келіп сөйледі:

—Әділ деген сен,—деді,

Сенің бабаң мен,—деді.
Сиынбадың маған-ай,
Мен қайтейін саған-ай?!
Келмейінші деп едім,

Өкпелеп саған жүр едім,
Жылауменен қоймады,
Ақтолқындай анаң-ай,
Ықтиярсыз келдім саған-ай,

Мінемісің үстіме,
Алып кетейін балам-ай?!
Сонда Әділ сөйледі:

—Тіліңді бабам алмаймын,

Он саусақ пен қарым жоқ,
Сопайып елге бармаймын,
Осы күні бейне бір
Бұтағы кеткен талдаймын.

Бабам болсаң сен,—деді,
Берменірек кел,—деді,
Қанатыңды бер, деді.
Қасына таман келеді,

Қанатына хат жазып,
Жерден асап саз алып,
Тілімен жазып жіберді,
Қара құс ұшып жөнелді.

Күндіз-түні ұшқанда,
Тоқсан бір күн толғанда,
Үш айда бір күн болғанда,
Шынтемір тіккен боз үйдің

Көлеңкеге қонады.

батырлар  жыры
Үйден шығып Ылия,
Қарақұсты көреді,
Көре сала келеді.

Жүгіріп келсе Ылияға,
Қанаттағы хатын-ай,
Әділдің танып атын-ай,
Ылия айғай салады-ау.

Амадай піскен екі бет
Он саусақпен алады.
Сонда Ілия не деді?

—Өлген жоқ көкем, тірі екен,

Тірі болғанмен қор екен.
Он саусақ, екі қары жоқ,
Қорлықта көкем жүр екен.
Көкеме арба жегулі,

Жалғызым қайғы шегулі,
Көзінің жасы төгулі.
Мен садаға кетейін,
Әділ деген атыңнан,

Тіліңмен жазған хатыңнан.
Қарасай мен Қазидың
Жүрем деген күні еді,
Сарайда аты тұр еді.

«Ылия неге жылады деп?»—
Ылияға келеді.
Қарақұс ұшып жөнелді,
Қарақұстың хабарын

Қарасай мен Қазиға
Ылия айтып береді.
Таң атуға тұра алмай,
Хабарын естіп шыдамай,

Қарасай, Қази—қос жайсаң,
«Шу», деді де жөнелді.
О күні жүрді күнімен,
Екеуі жүрді шынымен,

Барып қайтқан ізімен.
Орта жолға келеді,
Қази тұрып ойлады.

қарасай —қази
«Кел, көке, мінген Қара атты,
Алдап мұнан мінейін.
Жалғыз барып әуелі,

Мен Әділді көрейін».
Қолға пышақ алады,
Таңдайына салады.
Таңдайынан қан кетіп,

Қази аттан құлады.
«Не болып қалды бауырым?»—деп,
Қарасай батыр сұрады.
Сонда Қази сөйледі:

—Асық ойнап жүргенде,

Ескі апанға келгенде,
Ескі апаннан су іштім,
Шөлдеп суды көп іштім.
Жүректің басы толыпты,

Шемен болып қалыпты.
Жаман екен көк бөрте аттың жүрісі,
Шеменімді қозғады,
Қозғамасқа болмады.

Бара бер, көке, сен—деді,
Бара алмаймын мен,—деді,
Аурумын, деп көлбеді.
Қарасай сонда сөйледі:

—Астымдағы Тайқара ат

Жорға емес, жортаң-ау.
Әкемізден қалған соң,
Екеумізге ортақ-ау.
Жорғадан артық жүрісі,

Тәуекел етіп шыққан соң,
Бармастың болмайд келісі.
Тайқара атқа мінеді,
Мініп алып жөнелді.

«Алдадым, көке!» деп еді
Жарысалық, кел, көке,
Шемен мана қалынды,
Аурудың бәрі жазылды,

Шипасы аурудың табылды.

батырлар  жыры
Тайқара атқа мінген соң,
Екі батыр жөнелді.
Әрі-бері жүрген соң,

Шабылып қалған Тайқара,
Алқайлы алқылдап,
Құйысқаны жарқылдап,
Аузынан аққан ақ көбік

Омырауда жалпылдап.
Арандай аузын ашады,
Көлденең келген қара тас
Саз балшықтай басады.

Көк найзасы жылтылдап,
Бес қаруы сартылдап,
Қылыштың сабы жарқылдап,
«Шу», деді де жөнелді.

Өзі кірді тесіктен,
Тесікке кіріп енеді,
Өзінің кірген жері еді.
Тоқтамастан жөнелді,

Қалмаққа салып келеді.
Қаланың бергі шетінде,
Құбыла жақ бетінде,
Көк арбасы көтінде,

Етпеттеп жатыр хан Әділ—
Басы құмға кірулі,
Көзінің жасын төгулі,
Арқасында көп шыбын

Желкедегі жарада
Уілдеп ұшып жүрулі.
Тек шықпаған жаны бар,
Желкеден аққан қаны бар,

Әділ етпеттеп жатып жылайды.
Түсіне алмай ер Қази,
Аттан түсе қалады,
Дыбысқа құлағын салады.

Сонда Әділ жылайды:

—Көзі құрғыр тартасың,

Қарасайды көрем бе?!
Құлағы құрғыр тартады,

қарасай —қази
Елден хабар білем бе?!
Беті құрғыр тартады,
Қази көкем сүйе ме?!

Тақымы құрғыр тартады,
Жел күреңге мінем бе?!
Арқасы құрғыр тартады,
Ақ сауытты кием бе?!

Әжекемді бір көрсем,
Ылия бауырымды бір сүйсем!
Шынымен елге бара алмай,
Көк арбаның астында,

Құм шоқаттың қасында
Арманда болып өлем бе?
Қази аттан түсе қалады,
Мойнындағы арбаны

Көтеріп жерге ұрады.
Мойнындағы көнін-ай,
Жебедей қаққан темірді-ай,
Қылышпенен мен шапсам,

Ханға өтіп кетер деп,
Зақымет бұған етер деп,
Аттан түсе қалады.
Азу тісі ақсиып,

Күрек тісі көксиіп,
Тойтара қаққан шегені,
Рәшеткі темірді,
Тісімен дал-дұл қылады.

Сол мезгілде хан Әділ
Көтеріп басын алады,
Жылай қоя береді,
Жылағанда не деді:

—Айналайын, ағекем,

Ағекемді көрсеткен
Аллаға ісім ақ екен.
Көрмеймін деп жүр едім,
Көретін күн де бар екен.

Кім келед деп ем артымнан,
Зарландым жалғыздықтың зарпынан!

батырлар  жыры
Қазиды көзім көрген соң,
Қорғандарым келген соң,
Он ай, он күн көтерген,

Омыртқасын бүгілткен,
Қабырғасын сөгілткен,
Тас емшегін еріткен,
Тас құрсағын жібіткен,

Мен тумай тұрғанда қуарған
Мен туған соң қуанған,
Әжемнің дені сау ма еді?!
Қыз да болса қияғым,

Артымда қалған шырағым,
Бауырласым базарым,
Қатар тұрса ажарым,
Тілектесім қарағым,

Ылия дені сау ма еді?!
Еңбегі сіңген Қарекем,
Қамқорым еді-ау ағекем,
Қарекем дені сау ма еді?!

«Бәрі де аман-сау,—деді,
Аман-есен бар»,—деді.
Қарасай да келеді,
Көп ұзамай көреді.

Үстінен беріп бір шапан,
Қоржыннан беріп азығын,
Қалаға қарап жөнелді.
Қалың талды аралап,

Суға талды жағалап,
Қази салып келеді.
Қалмақтың басы Қанжарбек
Ит жүгіртіп, құс салып,

Қалың талда жүр екен.
Қалмақтар сонда кеңесті,
Бөліп жеді көмешті.
Қалмақтар қашты секектеп,

«Былтырғы қара атты
Келіп қалды, көтек!» деп.
Қашқанын Қази қойсын ба?!

қарасай —қази
Қара ат оған болсын ба?!
Бәрін де ұстап алады,
Кез келген талға таңады.

Қанжарбек деген хандарын
Ат баурынан өткізіп,
Қази жаман сабады,
Ауылға алып барам деп,

Қарыңды кесіп алам деп.
Ноғайдың жаман арбасын,
Мойныңа салам деп.
Арбаға өзім мінем деп,

Борбайыңды тілем деп.
Қанжарбек хан жылады.
Бір шыбын жанын сұрады:
«Ханыңды сенің жазайын,

Ханыңның қарын салайын,
Алып едім шауып-ай,
Отыр едім бағып-ай,
Дәріге түрлі малып-ай».

Сонда Қази сөйледі:

—Шын көңіліңді берсең, деп,

Дегеніме көнсең, деп.
Ақыреттік дос болам,
Әділдің қарын жазып берсең, деп,
Уәзірін аулына жіберді.

«Жылдам ойбай барып кел,
Мыстанды барып алып кел,
Қарын жылдам салсын, деп,
Жан дәріні жақсын, деп,

Осы келген қонақтың
Қалай да бабын тапсын», деп.
Бір уәзірі келеді,
Кемпірге сөйлей береді:

—Кемпір, жылдам жүр,—деді,

Шабылатын болды ел,—деді.
Келіп қалды былтырғы
Қарасай-Қази ер,—деді.
Шошып кетті бұл кемпір,

батырлар  жыры
Түрегелді қу кемпір.
Жан дәрісін алады,
Он саусақ пен екі қар,

Ақ сандыққа салады.
Ақ бураға мінеді,
Кемпір салып келеді.
Әділдің қарын салады,

Жан дәрісін жағады,
Жеті күнде жазады.
Дәл жеті күн біткенде,
Қарасай ер де құлады.

Хан Әділді құшақтап,
Өкіріп келіп жылады.
Екеуінің даусына,
Аспан жерге бір тиді.

Дария шалқып, тас балқып,
Жерде жатқан тасиды.
Сонда Қази сөйледі:

—Қарасай, Әділ, жылама,

Деңгейден өткен істерің,
Жылағанмен бола ма?!
Қайтпас қайрат, мұқамайтын ер,
Дүнияда болар ма?!

Салса балта өте ме,
Шағырлы таудың тасына.
Нелер кетіп не кетпейді,
Ер жігіттің басына?!

Ақ болат едің, Әділ-ау,
Өзіңнен-өзің жасыма.
Қайғы лайқат болар ма,
Сен сияқты асылға?!

Қайғы кетер күн болды,
Біз келген соң қасыңа.
Әділ тұрып ақырды,
Жанға өлшеген күрең деп,

«Шау»-лап келіп шақырды.
Ақ татырдың басында,
Құланмен бірге жүр еді.
Әділдің ащы дауысы,

қарасай —қази
Құлағына келеді.
Тілекті Құдай берді деп,
Көзімнің жасын көрді деп,

Әділ ердің дауысы,
Құлағыма тиді деп,
Күрең ат шауып жөнелді,
Хан Әділге келеді.

Маңдайына тәу етіп,
Танауынан Әділ сүйеді.
Сонда Әділ сөйледі:

—Қарасай-Қази, қос жайсаң,

Айтатұғын арыз бар,
Түсіретін парыз бар,
Тілегімді бер,—деді,
Жазылдым ғой мен,—деді.

Қызылбастың жауында
Алатұғын кегім бар,
Кек алатын жөнім бар.
Сонда Қарасай сөйледі:

—Жүр, баралық,—деп еді,

Сонда Қази сөйледі:

—Уәде қылдым мен,—деді,

Уәдені бұза ма, мен сияқты ер деді.
Бұл бейқұт жатқан ел,—деді,
Алдауменен ұрынған біз, деді.
Хан Әділді жазған соң,

Уәде беріп дос болдым,
Кел, елге жүр,—деді,
Қарындасың, шешең,
Зарлап отыр, сағынып.

Соғысамын дегенің,
Қарағым, Әділ, нең, деді.
Қази айтса, амал жоқ,
Гулесіп елге жөнелді.

Тесіктен әрмен өткен соң,
Орта жолға жеткен соң,
Хан Әділ тұрып сөйледі:

—Айналайын, Қареке-ау,

Мінген атың көк,—деді.

батырлар  жыры
Еңбегің бізге көп,—деді,
Сөзім болмайды шет, деді.
Біреуің елге барыңдар,

Зарланып, сағынып тұрған
Шешем менен Ылияның
Құлағына салыңдар.
Қайсысың бұрын барсаңдар,

Ылиядай қарғамды,
Сүйіншіге ал,—деді.
Қази жолды береді,
«Еңбегің көп қой» деп еді,

Қарасай шауып жөнелді.
Тап сол күні Ақтолқын—
Хан Әділдің шешесі
Сол күні түсті көреді.

Ылияға сөйледі:

—Айналайын Ілия-ай,

Жалғызымның жолына
Садаға, қара орманым—дүния.
Тілекті Құдай беріп жүр,
Көздің жасын көріп жүр.

Кең көкіректі келбетті,
Жазық маңдай бота көз,
Қаршыға тұмсық, қалың қабақты
Сүйіншіге біреу келіп жүр,

Барамысың, қарағым,
Бармаймысың, қарағым?!
Сонда Ылия жылады:
«Көкекемді мен көрсем,

Мойнынан құшақтап,
Ақ бетінен бір сүйсем,
Болмас еді-ау арманым.
Тоқсандағы шалдарға

Тоқалдыққа мен тисем».
Айтқан ауыз жұмғанша,
Қарасай шауып келеді:
«Сүйінші, сүйінші!»—деп еді.

Ақтолқын мен Ылия

қарасай —қази
Етпеттей барып құлады-ау,
Жер бауырлап жылады-ау.
Қайта, қайта Қарасайдан,

«Рас па?!» деп сұрады-ау.
«Қорыққан мен қуанған
Бірдей» деген бір мақал,
Мінекей, содан қалады-ау.

Күрең аттың енесі,
Әділдің қаршыға салар күрең биесі
Алдынан шауып барады.
Күрең ат оны көреді,

Күрең бие иеді,
Күрең ат соны емеді.
«Мен түгел, хайуан сағынды-ау,
Менің мамам неғылды-ау?»—деп,

Хан Әділ өксіп қоя береді.
Бұзылмайтын Қазидың
Көңілі босап бұзылып,
Көзіне жас келеді,

Ауылына келеді,
Тілегін Құдай береді.
Шешесі тұрып жылайды-ау:

—Айналайын, жалғызым,

Келмей жүрсең қандаймын,
Сағындым ғой, халқым зарлаймын?!
Қарағым келмей тұрғанда,
Мен—ботасы кеткен нардаймын,

Әлде де түсім бе деп нанбаймын.
Келді ме менің түлегім,
Болды ма қабыл тілегім?!
Қарағым үйге кіргенде,

Қарағымды көргенде,
Тарс етіп кетпейді неге жүрегім?!
Қарғамнан тілек қалмайды,
Қарағым, құлын-тайлай-ды,

Халқына күн мен айдай-ды.
Қарғамды көрген соң,
Құдай неге мені алмайды?!
8–166

батырлар  жыры
Қайта-қайта бұл жылап,
Бойы балқып, ылжырап,
Ақтолқын тіпті қоймады,

Қой дегенге болмады.
Тоқсанға келген Сыпыра—
Ноғайлының жырауы
Домбыра қолға алады,

Оңнан, солдан қағады,
Сыпыра толғап қалады:

—Әй, бәйбіше, Ақтолқын,

Кеткеніңнің келген күн,
Дегеннің бәрі болған күн,
Кемтіктің бәрі толған күн.
Желпініп ұшқан ақ сұңқар

Ұясына қонған күн.
Елдің иесі хан келіп,
Орданың іші толған күн.
Би мен байлар жиналып,

Кең кеңесті құрған күн,
Тұлпарлар шауып озған күн.
Тамырың бәрі иген күн,
Үрпіңе сүтің келген күн.

Боз биенің тайлары
Тайрақдап келіп емген күн.
Боз інгеннің тайлағы
Енесін келіп емген күн.

Құлап қалған терегің
Қайта енді ол тұрып,
Төбесі көкке тиген күн.
Төбесіне қаршыға,

Бұтағына келген күн.
Бүгінгі күн неткен күн,
Төбе көкке жеткен күн,
Қайғының бәрі кеткен күн.

Толқиды жыршың жуатты,
Жана айтып қуантты.
Әділ патша той қылды,
Екі тойды бір қылды.

Осы тойды ірі етті,

қарасай —қази
Алтын таққа мінеді.
Ылиядай қарындасын
Қарасайға береді.

Шашы бұйра күңменен,
Сақалы бұйра құлменен,
Қатарлаған нарменен,
Есебі жоқ малменен,

Мақсатына жетеді.
Халықтың көңілі бітеді,
Қайғының бәрін кетірді,
Дұшпандары өкінді,

Әділ атты ханыңды
Дегенге Құдай жеткізді.

Кешегі өткен заманда,
Қауым халық аманда
Сан санақсыз іс өткен.
Он сегіз мың ғаламда,

Он санлы ноғай ішінде
Мамай атты ханы бар.
Орақ батыр інісі—
Өзінің бүгін сәні бар.

Орақ батыр тұрғанда,
Мамайдың кеңіп өрісі.
Қалмақтарды олжалап,
Ноғайдың асты кірісі.

Қалмақтың ханы Темірхан—
Өз елінің ірісі.
Орақ батыр тұрғанда,
Ашылмай жақ кірісі.

Ноғайменен болмады
Жер таластық жұмысы.
Іштегі қайғы жеңеді,
Бітпегендей бір ісі.

Асқындырды қайғысы—
Орақтың көзі тірісі.
Одан қатты қорқатын,
Тарылып тіпті тынысы.

Орақтан туған екі ұлдан
Қарасай, Қазы деседі.
Үлкені соның Қарасай,
Нағыз батыр осы еді.

Ақылы мен қайраты
Қарасай – Қази
(Сейіт жырау нұсқасы)

қарасай —қази
Орақтай болып өседі.
Шабысқанда қалмақпен
Қайықтайын еседі.

Домалатып бастарын
Бауыздай тұрып кеседі.
Шірене тартып сұр жебе,
Қара тасты теседі.

Толғай салған көк сүңгі
Сауытты бұйым көрмейді.
Тасқындаған қайраты
Тасқын судай үрлейді.

Кескілескен сайыста
Жауына есе бермейді.
Жарқылдаған ақ семсер
Оңды-солды сермейді.

Орақ батыр көп тұрмай,
Артында қалған көп ноғай
Қалмақтың қарнын теседі.
Мамай ханның сол кезде

Сексен бесте жасы еді.
Жас күнінен ел билеп,
Осы даудың басы еді.
Темірханның жүрегі

Жібімейтін тас еді.
Орақтан қорқып жүргенмен,
Ноғайға іштей қарсы еді.
Орақ батыр өледі,

Аманатын береді.
Орақ батыр өлді деп,
Темірхан естіп біледі.
Жер сұратып Темірхан,

Қырық батыр жіберді.
«Асу да асу бел,—дейді,
Аса соққан жел,—дейді.
Темірханның елшісі,

Айтқаныма көн, дейді.
Үш жыл түскен отаудан,
Биыл есеп бер,—дейді.
Биыл есеп бермесең,

батырлар  жыры
Айтқаныма көнбесең,
Жер ортасы—Алатау,
Соғысуға кел,—дейді.

Қарасай мен Қазиды
Байлап тірі бер,—дейді.
Хан айтқанын істейді,
Бұл сөзіме сен»,—дейді.

Осылай деп, елшілер
Хан сәлемін айтады.
Қайтерін білмей көп ноғай,
Шулап-шулап қайтады.

Мамай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Қарасай мен Қазиды

Қалмаққа ұстап бермеймін.
Жер ортасы Алатау,
Соғысуға кел,—дейді.
Байламға осы келеді,

Жауабын осылай береді.
Қартайған шағы болса да,
Өзіне Мамай сенеді.
Ноғайлар тарап кеткен соң,

Үйіне Мамай келеді.
Қан майданда қайтпаған,
Нақ сайыста ер еді.
Үйінде Мамай жатқанда,

Ноғайдан хабар келеді.
Хабар ап келген ноғайдың
Сый табағын береді.
Сонда елші не дейді,

Мынадай тілек тілейді:

—Еліңіз сіздің тілейді,

Айтқанынан қайтсын,—деп,
Өзі барып қалмаққа,
Ауызекі айтсын,—деп.
Мамай бұған көнбеді,

Елшіден жұмыс өнбеді.
Ақылдасты көп ноғай,

қарасай —қази
Енді қайтсең жөн деді?
«Онда былай етейік:
Түннен қалмай бәріміз,

Осы жерден көшейік.
Қарасай, Қази екеуін,
Әйелі мен Мамайды,
Шешесімен бесеуін,

Жұртқа тастап кетейік.
Қалмақты алдап осымен,
Мұратқа сонсоң жетейік,
Осы ақылға келейік.

Мамай сезіп қалмасын,
Бәлен-пәштуан демесін.
Осы арқылы оларды
Қалмақтарға берейік.

Қуып барса аржақтан,
Соғысты сонда көрейік».
Бары осыған қосылды,
Аққан селдей жосылды.

Сол күні ноғай қашады,
Қара албасты басады.
Төрт түлік малдың бірі жоқ,
Биік таудан асады.

«Қалмақтар келіп қалар» деп,
Өлгендейін сасады.
Таң сағағы түріліп,
Күн нұрын жерге шашады.

Осы шақта бейхабар
Ұйқыдан Мамай тұрады.
Көз салып алыс жаққа,
Жан-жаққа мойын бұрады.

Жұрты жатыр, ноғай жоқ,
Қарасайдан сұрады.
Біле алмай мына жайды,
Таңырқап о да тұрады.

Бесеуі қашып далада,
Алладан медет сұрады.
Ноқталы басқа—бір өлім,
Атының басын бұрады.

батырлар  жыры
Сексен бесте қарт Мамай
Сауыт-сайман киінді.
Өстіп берсе баласын,

Болар еді тиімді.
Өлгенім жөн деп біледі,
Баласын беру қиын-ды.
Сол үшін бала бермеді,

Бір Тәңірге сиынды.
Сексеннен асқан кәріге
Соғысу да қиын-ды.
Көкмойнақ деген төл бар-ды,

Мініп жүрген биыл-ды.
Қаптап жүрген көп ноғай
Аяғы бүгін тыйылды.
Көкмойнаққа мінеді,

Қалмаққа жақын келеді.
Елшісіне Темірдің
Былай деп жауап береді:

—Қарасай мен Қазиын

Темірханға бермеймін.
Атасы Доспанбет қалмақ,
Айтқаныңа көнбеймін.
Тұрысар жерім осы жер,

Соғысуға кел,—деймін.
Атақоныс жерімді
Тірі күнде бермеймін.
Өлтіріп кетсең, амал жоқ,

Бұл сөзіме сен,—дейді.
Қалмақтар естіп бұл сөзді,
Дабырласып қалысты.
Мамайды ұстап алмақ боп,

Қырқы бірдей жабысты.
Жебелер кетті зуылдап,
Қылыш, найза салысты.
Қырып кетті көп қалмақ,

Мамай менен Көкмойнақ
Дүзеді енді шабысты.
Будақтап жердің тозаңы,

қарасай —қази
Жақын етті алысты.
Темірханның уәзірі—
Қаныбек шығып алдынан,

Қаныбек-Мамай алысты.
Қарт бурадай иіндеп,
Ойнатып тұлпар шабысты.
Темірдей қатты шоқпармен

Бірін-бірі салысты.
Семсерменен серместі,
Қылышпенен қағысты.
Болат қалқан шойырылып,

Сықырлатып сауытты,
Ырғап найза салысты.
Ат үстінде сілкісті,
Ат дізесі бүгіліп,

Қабырғасы майысты.
Шірене жұлқып тартқанда,
Аттың белі қатысты,
Еңкейісе барысты.

Бұлшық еттер дірілдеп,
Білектері қарысты.
Қармақтай белдер бүгілді,
Әлі құрып Қаныбек,

Пәниден енді түңілді.
Бадана көзді ақ сауыт
Ыдырап-ыдырап сөгілді.
Ат сауыры ақ көбік—

Бұршақтай терлеп төгілді.
Қайраты асып қарт батыр,
Қаныбекті Мамай байлады.
Томпылдатып торпақтай,

Жолға салып айдады.
Тірі жібермей қырқын да,
Матастырып байлады.
Жер қыртысы ойылып,

Қызыл қан болды майданы.
Құлағын кесті құнтитып,
Ернін кесті тымпитып,

батырлар  жыры
Мұрнын кесті таңқитып,
Темірханға жіберді
Қу сүйекті қаңқитып.

Жұрдай болып бәрінен,
Қаныбек ханға келеді.
Адам шошыр түрімен
Иіліп сәлем береді.

Булыға тыңдап Темірхан
Ноғайдан хабар алады.
Қызыл хан болған Қаныбекке
Темірхан көзін салады.

Басынып мына қарт Мамай,
Қаныбекті қатты қинайды.
Қатуланып Темірхан,
Терісіне симайды.

Орнымен құртпақ Мамайды,
Жеті мың әскер жіберді.
Ат үстінен көз салып,
Әскер басы Темірхан

Алдында жүрді жер шалып.
Тапыр-тұпыр желеді,
Түн ұйқысын бөледі.
Қабағына қан жауып,

Күндіз-түні суыт келеді.
Сексен бесте қарт Мамай,
Жалғыз ұйықтап жатады.
Ештемеден хабар жоқ,

Тәтті ұйқыға батады.
Қалмақтан келген көп батыр,
Ел шетін қоршап жатады.
Қаруланып Темірхан,

Ұзаққа көз салады.
Әлдененің барынан
Сонда байқап қалады.
Қолын бастап сол жаққа,

Дүрілдетіп шабады.
Осы тұс болса керек,—деп,
Жер тұс бойын табады.
Таяп келіп маңайға,

қарасай —қази
Тағы байқап қарады,
Бір қарайған келеді.
Жаудың көңілі бұзылды,

Қаныбекті соған жұмсады.
Жан жолдасы сенімді,
Қаныбек сонда кетеді.
Бармаймын деуге шара жоқ,

Шоқыта шауып жетеді.
Хан айтқан соң амал жоқ,
Ұйықтап жатыр қарт Мамай,
Келген жаудан хабар жоқ.

Мамай ұйықтап қалады,
Қамалаған көп қалмақ
Тұлпарын ұрлап алады.
Қылыш, найза, садағын

Оқтап, жақын барады.
Бірақ батпай сонда да,
Төрт жүз оқпен соғады,
Жанбасына қадады.

Ұйқыдан Мамай оянды,
Жан-жағына қарады,
Қалмаққа тықыр таяды.
Қатуланған қарт батыр

Садаққа қолын қояды.
Қалып еді арманда,
Шетінен бірден жояды.
Төрт жүз қалмақ қырылып,

Жер беті қанға боялды.
Қорамсаққа қол салды,
Оқ таусылып ол қалды.
Таусылғанда амалы,

Жан-жағына қарады.
Еш нәрседен саспады,
Ойланып амал табады.
Өліп жатқан қалмақтың,

Оғынан олжа алады.
Бірде-бірін тастамай,
Қорамсаққа салады.
Жер қайысқан қалың қол,

батырлар  жыры
Жан-жағынан қамады.
Алатаудың басына
Мамай көзін қадады.

Енді соған шығуға
Тік жүгіріп барады.
Қайраттана қарт Мамай
Қаша соғыс салады.

Кез келгенін жібермей,
Қырып кетіп барады.
Он-он бестен өлікті
Үйіп кетіп барады.

Екі мың жау өліпті,
Үйіндіні санады.
Екі мың қалмақ біткен соң,
Оқ таусылып қалады.

Қылыш, найза бірі жоқ,
Жағдай қиын болады.
Қайтерін білмей, қарт Мамай
Таусылды енді амалы.

Осылайда, осылай
Қалмақтар ұстап алады.
Тірі ұстап Мамайды
Сақалынан байлады.

Ат құйрығына тіркеу қып,
Жолға салып айдады.
Қапыда түсіп қолына,
Зығырданы қайнады.

Қаныбек сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Жетпіс құлаш зынданға,

Апарып салу жөн,—дейді.
Мамайды қатты қинады,
Әмір қылып Темірхан,
Қалмақты қалған жинады.

Мамайға ажырық кигізді,
Зынданның тастап түбіне,
Аузын таспен жиғызды.
Бекітеді берік қып,

Шыға алмастай етеді.

қарасай —қази
Далаға тастап Мамайды,
Қалмақтар қайтып кетеді.
Жеңдік десіп дұшпанды,

Өз жеріне жетеді.
Дуылдатып дүрлігіп,
Тарап-тарап кетеді.
Тұра тұрсын, енді олар,

Әне-міне, демейік,
Аулына Мамайдың
Қайта айналып келейік.
Бәйбішесіне Мамайдың

Енді сөзді берейік.
Бәйбішесі Мамайдың
Ұйықтап жатып түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді.

Ұйқыдан шошып оянып,
Қарасайға жетеді.

—Балам түнде түс көрдім,

Түсімде қиын іс көрдім.
Мамай мінген көк тұлпар,
Ертоқымсыз бос көрдім.
Құбыладан соққан қатты жел,

Орданы жығып кетеді.
Бадана көзді ақ сауыт,
Сөзіме ыдырап кетеді.
Жеті қабат сауытын

Үстінен түгел шешеді.
Жау жағының жебесі
Алтауынан өтеді.
Мамай өліп қалды ма,

Қарағым білсең, не етеді?
Қарасайдың шешесі,
Мұңайып басын шайқады.
Мамайдан хабар әлі жоқ,

О да жылап айтады.
Тұрмысын естіп Қарасай,
Бағымыз бастан тайқады.
Бір қырсық болған секілді,

Көңілім сұм байқады.

батырлар  жыры
Істің мәнін түсініп,
Қарасай былай айтады:

—Қайдан, қалай бармақпын,

Астымда мінер атым жоқ?!
Сауыт-сайман садақтың,
Тым болмаса бірі жоқ.
Төрт тұрманым сай болса,

Сайысқанда көңіл тоқ.
Қарусыз барсақ дұшпанға,
Жаудырар бастан қызыл шоқ.
Қарасайдың шешесі

Үйге қайта кіреді.
Бадана көзді көк сауыт
Ұзақ сақтап жүр еді,
Алып шығып сандықтан

Шешесі әкеп береді.
Қарасай да жасынан
Өрен өскен ер еді.
Бағулы тұрған көк тұлпар

Оны да ерттеп береді.
Тұлғасынан баланың
Ерлігін анық көреді.
«Жауын жексен етер», деп,

Оған батыл сенеді.
Бес қаруын толықтап,
Ақ батасын береді.
Қарасай әбден сайланып,

Көк тұлпарға мінеді.
«Оңғарсын Алла жолыңды!»—
Деп анасы тіледі.
Бетке алып жау жақты,

Қарасай енді жөнелді.
Астындағы көк тұлпар,
Желдей есіп желеді.
Ойпаң жерден орғытып,

Белең жерден сырғытып,
Көлденең жатқан көк тастан
Іркілместен ырғытып,
Екпіндетіп келеді.

қарасай —қази
Еті қызып көк тұлпар,
Аузынан көбік шашады.
Қыршылдатып азуын,

Ауыздықты басады.
Асқар-асқар белдерден
Арындатып асады.
Сауырдан шыққан ащы тер

Жаңбырдай жерге шашады.
Құрыштай жұмыр тұяғын
Қадап-қадап басады.
Басқан жерін қопарып,

Жерошақтай қашады.
Сенімі артып Қарасай,
Көңілі судай тасады.
«Ер қанаты ат» деген

Сөзге құлақ асады.
Артта қалып талай бел,
Сан асқардан асады.
Тоқтады бір кез Қарасай,

Бір жотаның басына.
Алыстан танып сол шақта,
Қаныбек келді қасына.
Қарап тұрып батырға,

Сөз бастады асыға:

—Қарасай, неге келесің,

Ажал төнді басыңа?!
Қыршыныңнан қиылып,
Кетесің жетпей жасыңа!
Келдің бе әлде асыға,

Барғың кеп әкең қасына.
Батырсынып шірене,
Тұлпардан түс, жас бала.
Жалбарынып жалына көр,

Қаруыңды таста да.
Егер көнсең сөзіме,
Көрдім демен басқаға.
Бес қаруды аламын,

Аман жолға саламын,

батырлар  жыры
Сөйтсең, аман қаласың,
Үйіңе қайтып барасың.
Екі жесір шешеңді

Әйтпесе, қайтіп бағасың?!
Ер жеткен соң әкеңнің
Сүйегін іздеп табасың.
Мықты болсаң сонан соң,

Кегіңді бізден аласың.
Көнбесең осы сөзіме,
Ажал төнер өзіңе.
Ит-құс мүжіп денеңді,

Көк шыбын тышар көзіңе.
Жалбарынсаң жалынып,
Құлым қылып аламын.
Бұл сөзіме көнбесең,

Тас зынданға саламын.
Мойныңа ажырық жектіріп,
Кигіземін шегенін,
Айт, қане, не керегі?!

Қарасайды ашу кернеді,
Қаныбекке есе бермеді:

—Ей, қалмағым, қалмағым,

Таудай менің салмағым,
Суға салған қармағым,
Балықтай оңай алмағым.
Не деп тұрсың, сен?—деймін,

Соғысқың келсе, кел, деймін.
Сан мың қолың болса да,
Жайпап өтер желдеймін.
Тамырыңмен сұлатар,

Қара дауыл желдеймін.
Түбімен тауды қопарған,
Дариядан көшкен сеңдеймін.
Керек болса шыбын жан,

Қасыма менің кел, деймін.
Күнәңді шәйіп ит қалмақ,
Әкемді тауып бер, деймін.
Көнбесең менің сөзіме,

Теріңді жәйіп шелдеймін.

қарасай —қази
Басыңды кесіп алармын,
Енді қылыш сермесең.
Мұны естіп Қаныбек,

Буырқанды, долданды.
Қара тамақ сүңгіні,
Тақымынан қолға алды.
Қоян көрген бүркіттей,

Шын түйіліп қомданды:

—Сені қойып бүктіргем,

Мамайыңдай шомбалды.
Кеше туған жылбысқа,
Аспадың құлақ сөзіме.
Кісімсініп, кіжініп,

Тіл тигіздің өзіме.
Бұрайын қылша мойныңды,
Өз обалың өзіңе.
Көрсетейін әкеңді

Шырылдатып көзіңе,
Деп ақырып Қаныбек,
Бүретіндей құйылды.
Қабағынан қар жауып,

Қара бұлттай түйілді.
Екі көзі қанталап,
Гүрілдеп найза үйірді.

—Алдың неге мазамды,

Берейін енді жазаңды?!
Қыршыныңды қияйын,
Тарттырайын сазаңды,—
Деп ұмтылып Қаныбек,

Найзасын қатты сермеді.
Қағып қалып Қарасай,
Әуелде-ақ есе бермеді.
Арыстандай ақырды,

Жолбарыстай атылды.
Көп атысты екеуі,
Қаруларын сермеді.
Қанша айла қылса да,

Қарасай ерік бермеді.
Қара арғымақ көк тұлпар,
9–166

батырлар  жыры
Ақ көбік боп терледі.
Қалжырады Қаныбек,
Ығына еш келмеді.

Қарасайда күш қайрат,
Барған сайын кернеді.
Жарқылдатып қылышын,
Оңды-солды сермеді.

Найза қалды опырылып,
Қаныбек, енді мен деді.
Өзінен асып қайраты,
Қас бала енді дендеді.

Бұлдыр тартып барады,
Енді оны жеңбегі.
Жеңеріне баланың
Сондадағы сенеді.

Қылыштасып қағысты,
Қыршылдасып шабысты.
Семсерлерін сермесіп,
Қанжарларын салысты.

Кіші бесін болғанда
Қарындары қарысты.
Бірін-бірі ырғасып,
Ат үстінде алысты.

Қамшы басып тұлпарға,
Өрлі-қырлы шабады.
Еңкейгенде екінті,
Қаныбектің діңкесі

Енді әбден құрыды.
Талайды көрген қу залым,
Қашуы енді орынды,
Артына жалт бұрылды.

Құтқармады Қарасай,
Шораяқ жауын жырынды.
Тоқырта басты желкеден,
Аш елі оның үйілді.

Тынысы бек тарылып,
Дені ішке сығылды.
Ер қасына пиғылын,
Жаны алқымға тығылды.

қарасай —қази
Арғымақ белі қайысып,
Ат тізесі бүгіліп,
Шыдай алмай тебінге,

Қара арғымақ сүрінді.
Алты қабат үзеңгі бау
Алтауы да үзілді.
Дулығасы жапырылып,

Сауыты да сөгілді.
Жұлып алып атынан,
Тақымға сонда басады.
Екі көзі алақтап,

Қаныбек қатты сасады.
«Өлген деген осы», деп,
Бойынан үрей қашады.
Жарық дүние қараң боп,

Бетін қолмен басады.
Осылай да, осылай,
Бір-екі белді асады.
Алып келіп бір жерге,

Лақтырып тастады.
Шала-жансар толықсып,
Қаныбек көзін ашады,
Қарасай мойын бұрады,

Кідіріп біраз тұрады.
Үш ұмтылып Қаныбек,
Тұра алмай қайта құлады.
Тілге келіп әзірге,

Батырдан «сауға» деп жылап,
Жанына олжа сұрады.
Қарасай айтты сол шақта:

—Білсең етті өлімді,

Сырың маған мәлім-ді.
Өзіңді басып артыңнан,
Салғызармын өңіңді.
Бетіңді тіліп таңбалап,

Келтірермін сәніңді.
Қағып алам тісіңді,
Көрермін сонсоң күшіңді.
Танауыңды тесемін,

батырлар  жыры
Тіліңді де кесемін.
Мыңқылдатып сөзіңді,
Жарығыңды сөндіріп,

Ойып алам көзіңді.
Құлақ сал осы сөзіме,
Тілеп алдың өзіңе.
Көрсетемін жаныңды,

Шырылдатып көзіңе.
Шашамын арам қаныңды,
Алла өзі әкелді,
Сені айдап кезіме.

Басыңды кесіп аламын,
Ат көтіне саламын.
Үйіңе де барамын,
Қатын қылып аламын,

Ұрпағыңды құл етіп,
От пен суға саламын.
Соңымнан иттей ермесең,
Әкемді тауып бермесең,

Көреріңді көресің,
Нақ табанда өлесің,
Деп ақырып Қарасай,
Қынаптан қылыш суырды.

Қарасай қылыш кезеді,
Қатты састы Қаныбек,
Енді өлерін сезеді.
Келіп еді гүрілдеп,

Қаныбек қорықты дірілдеп:

—Әкеңді тауып берейін,

Қия көр күнім, жанымды,
Түгел алсаң өзің біл,
Жиған-терген малымды.
Ағатайым, күнім,—деп,

Аяғын құшып жылайды.
Қарасай сонда «тұр»,—деді,
«Жолға түсіп жүр», деді.
Құлдық ұрып Қаныбек,

Орнынан әрең тұрады.
Қарасай сынды батырдан

қарасай —қази
Жанын олжа сұрайды.
«Ал, қане, баста»,—деп еді,
Құдыққа бастап келеді.

Қаныбектің соңынан
Қарасай батыр ереді.
«Әкем тірі болар»,—деп,
Қарасай кәміл сенеді.

Біраз ғана жүрген соң,
Зынданға жетіп келеді.
«Осында әкең жатыр»,—деп,
Қаныбек айтып береді.

Зынданның қазып түбіне,
Әкесін Қарасай көреді.
Айтқаны шын болған соң,
Қаныбекке сенеді.

Әкесі тірі болған соң,
Әкесімен көрісіп,
Разы қош болады.
Темірханды жоюға,

Әкеден рұқсат сұрады.
Разылығын берген соң,
Әкеден бата алады.
Қаныбекті қосып қасына,

Екеуін жолға салады.
Әкесімен қоштасып,
Қарасай батыр қалады.
Түрі қанып қарт Мамай

Ауылға аман барады.
Қуанып кетті ауылы,
Ақсарбас айтып шалады.
Темірханды құртуға,

Қарасай іздеп барады.
Темірханның артынан
Өкшелей қуып кетеді.
Желмен бірге жарысып,

Құба құмнан өтеді.
Қара тауға іліне,
Көп қалмаққа жетеді.
Қалмақтардың аулынан

батырлар  жыры
Ойнақтатып өтеді.
Қарасайды көргенде,
Темірхан қатты сасады.

Тіршілігі мұң болып,
Қайғы-уайым басады.
Жан сауғалаған Темірхан
Жас батырдан қашады.

Жалтақтай қарап артына,
Атына қамшы басады.
Жан ұшыра тебініп,
Үш қырқадан асады.

Төртінші қырға барғанда
Көк тұлпар жетіп басады.
Құтылмасын білген соң,
Темірхан енді тіл қатты:

—Неге қудың сен мені,

Сыйлағанды білмедің?!
Ажал айдап келді ме,
Осы сенің өлмегің?!
Сендей ақымақ немені,

Бұл жаһаннан көрмедім.
Шейіттей неме шикі өкпе,
Төтеп берер сен бе едің?!
Ақырып қалды Қарасай:

—Көп сөйлеме сен қалмақ,

Саған қиын болғанмен,
Маған оңай көп қалмақ.
Ұл боп тусаң, ал, қане,
Кезегіңді ал деймін.

Қандай батыр болсаң да,
Көрсін алып Темірхан.
«Өлер жерің осы»,—деп,
«Құндыздықтың тұсы»,—деп,

Қара құстан ұрады.
Міз бақпайды Қарасай,
Аттың басын бұрады.
Енді айналып қалмақтан,

Өз кезегін сұрады.
Қарасай кезек алады,

қарасай —қази
Қалмаққа көз салады.
Асынулы садағын
Енді қолға алады.

Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды.
«Алтын ердің қасы»,—деп,
«Қақ жүректің басы»,—деп,

Толықсып тұрған батырды
Толғай бір тартып қалады,
Ысқырып жебе барады.
Сасқалақтап Темірхан,

Болат қалқан алады.
Дарытпауға қарманып,
Қалқанымен қағады.
Қалқан қалды тесіліп,

Жеті қабат көк сауыт
Жетеуі де кесілді.
Іркілместен сұр жебе
Қақ жүрекке барады.

Атынан құлап Темірхан,
Бояды қанға даланы.
Қатулы батыр Қарасай
Басын кесіп алады.

Көкмойнақты қосарға ап,
Ауылға қарай шабады.
Темірханның жалғыз қызы Айжаны
Аулынан табады.

Айжа көріп батырды,
Разы болып қалады.
Алдынан шығып құрметтеп,
Түсіріп аттан алады.

Өз үйіне кіргізіп,
Кілем төсеп астына,
Атылас көрпе салады.
Қарасайды Айжа қыз

Жүрегіне балады.
«Қияметтік жарым», деп,
Тең өзіне санады.
Шын көңілмен күтімдеп,

батырлар  жыры
Түрлі тағам ішірді.
Мұсылман болып сол күні,
Некесін де қияды.

Жұмысын бір-ақ бітірді,
Заң-законды сидырып.
Мұны көріп бір қалмақ,
Тексінге хабар береді.

«Тексін кім?» деп сұрасаң,
Қалмақ еді сүйегі,
Қас батырдың бірі еді,
Қалмақ-қазақ біледі.

Осы еді қалмақтың
Сол заманда тірегі.
Қалмақтың ханы Темір де,
«Айжадай сұлу қызыма,

Күйеу осы»,—деп еді.
Сол бойынша Айжаның
Құдаласқан жері еді.
Тексін дағы Темірді

Қайын ата қып жүр еді.
Қайраты мен ақылы
Оның дағы тең еді.
Сан сайыста жеңімпаз

Еңіреген ер еді.
«Айжаны тартып алам»,—деп,
Ол да сертін береді.
Қан ойран қып Қарасай,

Қызды алғанын білген соң,
Хан Темірхан өлген соң,
Соғысуға қамданып,
Самсаған қалың қарулы

Жеті мың әскер ереді.
Мұны көріп сайланып,
Қатуланып Қарасай,
Қан майданға енеді.

Сыйынды тәңір біріне
Жалғызбын ғой демеді.
Алла өзі қолдаса,
Жеңеріне сенеді.

қарасай —қази
Қайраты мен амалы
Мұның дағы тең еді.
«Өзің оңғар Алла»,—деп,

Атына енді мінеді.
Жан-жағына қарады,
Айғайлап ұран салады.
Көк тұлпарға қамшы сап,

Үдере тартып барады.
Құйысқаны сартылдап,
Өмілдірігі солқылдап,
Алтын ері жалтылдап,

Таралғысы жарқылдап,
Үдей-үдей қарқындап,
Жал-құйрығы суылдап,
Көсіліп тұлпар шабады.

Бір төбенің баурына
Қарасай туын қадады.
«Жекпе-жек» деп, қалмаққа,
Енді айғай салады.

Пыр-пыр етіп пысқырып,
Ішін тартып ышқынып,
Қанша орғып, осқырып,
Шиыршық атып көк тұлпар,

Тас төбеде қос құлақ
Шаншылып алға тігеді.
Шідерліктен қан кешкен,
Боларын сайын біледі.

Найзасын алып Қарасай,
Қолына қалқан іледі.
Ақсұңқардай түледі,
Бүркіттей тұяқ тіледі.

Қалмақтан батыр—Балжан ер,
Жекпе-жекке келеді.
Ағындатып шағысты,
Найзаласып қағысты,

Әрі-бері алысты.
Сонан бір кез болғанда,
«Өндіршектің басы», деп,
«Өлер жерің осы», деп,

батырлар  жыры
«Шұрқылтайдың тұсы», деп,
Қайраттанып Қарасай,
Балжанға найза салады.

Ат үстіне тіреді,
Ырғып-ырғып бұрады.
Бадана кетті сөгіліп,
Арам қан ақты төгіліп,

Балжан басы қайқайып,
Ат саурына сұлады.
Толғап-толғап қалғанда,
Ат үстінен құлады,

Жерге барып тұрады.
Дулығасын Балжанның
Шаншып алып басынан,
Найза ұшына іледі.

Мұны көрген екінші
Ерді батыр келеді.
Оның дағы сазайын
Қарасай батыр береді.

Осылай да, осылай,
Он сегіз батыр келеді.
Бәрі дағы жер құшып,
Бірі қайтпай, өледі.

Тағы да сайыс жалғасып,
Он шақты кезек өтеді.
Шуылдасып қалмақтың,
Сүрен беті кетеді.

Сүрен салып көп қалмақ,
Барлығы лап етеді,
Қалмақ қаптап кетеді.
Бірін іліп Қарасай,

Бірін түйреп өтеді.
Сансыз сауыт сөгілді,
Қандар сондай төгілді.
Домалап бастар кесілді,

Болат қалқандар тесілді,
Қылыш қиып барады,
Талай боздақ, есілді.
Кейбіреулер қан құшты,

қарасай —қази
Кейбіреулер жан құшты.
Қан боп ақты жер үсті,
Тілерсектен қан кешті.

Қабырғалар қайысты,
Аттың белі майысты.
Иесіз аттар шұрқырап,
Тасыр-тұсыр шабысты.

Тозаң бүркеп күн көзін,
Көрсетпейді алысты.
Қас қарая тоқтатты,
Осы күнгі сайысты.

Болды тағы қан майдан,
Ертеңінде жалғасты.
Міне, осылай күн мен түн
Сегіз тәулік алмасты.

Қарасайды бұл жолы
Тәңіріміз қорғады.
Неше тәулік болса да,
Қалжырадым демеді.

Түн ұйқысын төрт бөліп,
Тұшына тағам жемеді.
Сегіз тәулік болғанда
Жал басына түнеді.

Ұйықтап кеткен Қарасай
Бір ғажап түс көреді.
Ақ боз ат мінген әкесі
Жанына жақын келеді.

«Жатпа, балам, оян»,—деп,
Түсінде аян береді,
Сонда әкесі не деді?

—Дұшпаның көрер көресін,

Сазайын бүгін бересің,
Айжаға аман барасың,
Қырылып қолы Текшінің,
Қыздырарсың егесін.

Жеңісіңе мастанба,
Абдыранба, бастанба,
Мамық жастық жастанба.
Алмасаң осы ақылды,

батырлар  жыры
Қаларсың балам қапыда.
Бір тосқауыл болғанда,
Өр көкірек асқанға,

Жазатайым оқыс көп,
Сасқалақтап сасқанға.
Бұл сөзіме мақұл деп,
Бір қатер бар алдыңда,

Балам соған бақыл бол.
Ол қатерден қорықпа,
Үміт үзіп тарықпа.
Садақа сауға бергейсің,

Қаріп-ғасыр жолықса.
Оңғарсын Алла жолыңды,
Бес қаруыңды толықта.
Дейді дағы әкесі,

Ат басын кері бұрады.
Ұйықтап жатқан Қарасай
Орнынан атып тұрады.
Маңайына қарады,

Ғайып бопты әкесі
Жанындағы жаңағы.
Ағарып таң келеді,
Есіп қоңыр самал.

Апыл-ғұпыл Қарасай
Атқа тоқым салады.
Ақ жол тілеп Алладан,
Қаруын қолға алады.

Ерте қонып атына,
Маңайын енді шалады.
Сыйынып Аллаға,
Майданға енді барады,

Жауға қарсы шабады.
Сүрен салып қалмақпен,
Күн бойы соғыс салады.
Қынадай қырылып көп қалмақ,

Торғайдай тозып барады.
Күн батарда тірісі
Жан сауғалап тарады.
Әкесі түнде түсінде

қарасай —қази
Жетесің бүгін,—деп еді.
Сол аяны әкенің
Айтқанындай келеді.

Қолдауына атаның
Енді шындап сенеді.
Сене осылай Қарасай,
Соғысқа келген қалмақтың

Сыбағасын береді.
Күн батқанша соғысып,
Қалың қолын Текшеннің
Ойыстыра жеңеді.

Ойнақтатып тұлпарын,
Кеште қайтып келеді.
Айжа шығып алдынан,
Иіліп сәлем береді.

Қарасай үйде жатады,
Қызыққа әбден батады.
Ауылға батып келе алмай,
Текшің аңдып жатады.

Түн сағағы сөгіліп,
Сібірлеп таң атады.
Қалаға шығып Қарасай,
Атырапты байқады.

Шалып қалып бір әскер,
Текшінге келіп айтады.
Сонда Текшін шіреніп,
Толғап садақ тартады.

Көздеулі жерден жебесі
Жаза тайып кетеді.
Таң сәріде осылай,
Батырды жазым етеді.

Қарасайға тиген оқ,
Бұғанадан өтеді.
Жан ұшырып Айжа қыз,
Қасына оның жетеді.

«Не боп қалды, жан қалқам?»
Деп батырдан сұрады,
Көзінің жасын бұлады.
Батырды ыза кернеді,

батырлар  жыры
«Мынаны жұлып ал»,—деді,
«Жараны орап таң»,—деді.
Сонда Айжа қарады,

Жебені жұлып алады.
Сұлу қатты сасады,
Күйгізіп киіз басады.
Дәрі-дәрмек себеді,

Жарасын таңып береді.
«Енді үйге жүріңіз,
Шықпа батыр»,—деп еді.
Оған ырық бермейді,

Ашулы арыс қас батыр
Екі сөзге келмейді.
«Жібер мені, сен»,—деді,
Қолды бірақ сермеді.

Қатулана ақырып,
Жасырынып жатқан Текшенге
Алысуға кел деді.
«Қарасай мерт болды,—деп,

Енді сәті келді,—деп,
Осы жолы өлді»,—деп,
Кең танауы желбіреп,
Айжа сынды сұлуың,

«Менікі енді болды»,—деп,
Текшін шықты атылып,
Қара аюдай бақырып,
Былдыр-былдыр қалмақша,

Өз ұранын шақырды.
Қарасайды басына
Жетіп келіп қасына.
Қарамай ай-шайға,

Тарпа басты асыға.
Қарасай Текшен күресті,
Ойылысып тіресті,
Қолдарымен қағысты.

Қағыса алмай сіресіп,
Арыстандай ақырды,
Бірін-бірі шалысты,
Бурадайын қағысты.

қарасай —қази
Топырақ шашып бұрқады,
Қара жерді тарпысты.
Бұлшық еттер бұлтылдап,

Бірін-бірі қарпысты.
Түске дейін алысты,
Қолдары әбден қарысты.
Тырысады батырлар,

Жібермеуге намысты.
Омыртқалары иіліп,
Қабырғалар қайысты.
Жараланған иыққа

Текшін енді жабысты.
Қарасай жүр қорғанып,
Иықтан қаны сорғалап.
Тіркескенде жас бала

Сірескен белі қайысты.
Шытығанда ит қалмақ,
Бұғанасы майысты.
Жаны алқымға тығылды,

Демі қатты сығылды.
Басы айналып Қарасай,
Демегенмен жығылды.
Тәлтіректеп аяғы,

Үш мәрте сүрінді.
Бұрып барады Текшенді,
Босаңсытпай сығуды,
Қанталады еттері,

Аппақ қардай бұрынғы.
Құлақтары шыңылдап,
Сай-сүйегі сырқырап,
Құрығандай буыны,

Қол-аяғы дірілдеп,
Қарауытты көздері.
Сонда есіне келеді,
Әкесінің сөздері.

Батыр сонда селк етті,
Есін жиып селт етті.
Сүрен салған бір дауыс,
Құлағына кеп жетті.

батырлар  жыры
Орақ батыр ақырды,
Қарасай деп шақырды.
«Жебе,—деді,—Раббым,

Бұл өскен батырды».
Буырқанып долданып,
Қарасай енді ашынды.
Шақыр-шықыр тістері,

Азуы қатты басылды.
Арыстандай қатулы,
Жер жаңғыртып ақырды.
Қайратын жиып бойына,

Жолбарыстай атылды.
Асаудайын бұлқынды,
Аюдайын жұлқынды.
Айдаһардай бүрініп,

Самұрықтай сілкінді.
Қабағынан қан жауып,
Бүркіттейін түйінді,
Төне түсіп шүйілді.

Айдарынан Текшенді
Ұршықтайын үйірді.
Ауп, деп бір кез Қарасай
Қос қолымен сарт етті.

Текшен сындай батырдың,
Аш белінен қапсырды.
Күрс еткізді Текшенді,
Көтеріп жерге ұрады,

Мойнын қылша бұрады.
Басып тұрып кеудеден,
Алқымға қол салады.
Қолқа, жүрек, бауырын

Суырып бір-ақ алады.
Ұстап тұрып айдарын,
Басын кесіп алады.
Қанын судай ағызып,

Жердің бетін бояды.
Мұны көрген қалмақтар,
Сүйегін алмақ болады.
Айғай-сүрен көтеріп,

қарасай —қази
Батырға қарай шабады.
Тірі қалмақ жиналып,
Майданға түгел толады.

Қарасайды өлтіріп,
Кегін алмақ болады.
Қалың қалмақ қаптады,
Қарасай қорқып саспады,

Сасқалақтап қашпады.
Қайраты асып үдеді,
Жапырақтай таптады.
Шошығаннан көп қалмақ,

Жүректерін аптады.
Қылыш жетер жерлерін
Қиып кетіп барады.
Найза жетер жерлерін

Іліп кетіп барады.
Садақ жетер жерлерін
Тартып кетіп барады.
Өлексесін қалмақтың

Үйіп кетіп барады.
Дүзден дүзеп аттарын,
Түйіп кетіп барады.
Жалғыз батыр айқасып,

Бояды қанға даланы.
Соғыса алмай тірісі,
Түз-түз қашып барады.
Осылай да, осылай,

Зым-зия боп тарады.
Тізгін тартып Қарасай,
Маңайға енді қарады.
Көрінбейді бұл маңға,

Ешнәрсенің бары.
Өзі келіп сұратқан,
Жауды осылай қырады.
Алысар жау болмаса,

Несін енді тұрады.
Қайтпақ болып ауылға,
Ат басын кейін бұрады.
Жауын жеңіп бұл жолы,

10–166

батырлар  жыры
Тәңіріміз жебеді.
Айбаттанып жас батыр,
Ауылға қайтып келеді.

Кейде шауып ысқырып,
Кейде орғытып желеді.
Алдынан шығып Айжа қыз,
Иіліп сәлем береді.

Басын ұстап атының,
Ордағы ертіп келеді.
Қайтып келіп үйіне,
Есік ашып кіреді.

Енді өзіне қалғанын
Бұл орданың біледі.
Қайта шығып, Айжаның
Отауына түседі.

Санатын көріп батырлық,
Түрлі тағам істеді.
Жетпіс күн түстеп қалмақта,
Елі есіне түседі.

Сәтті күні үй жығып,
Өз еліне көшеді.
Айжа түйе жетелеп,
Қарасай жүрді төтелеп.

Талай таулар жол жүрді,
Ерте көшіп, жай түнеп.
Сүйген жары Айжаны
Мінгізіп атқа мәпелеп,

Шөліркетіп шөлдетпей
Еліне аман әкелед.
Аман келіп үйіне,
Анасы шашу шашады.

Бауырына басып баласын,
Сағынған мауқын басады.
Атынан түсіп Қарасай,
Мамайдікіне келеді,

Қуанып үйге енеді.
Төрде отырған Мамайға
Тағзым қып сәлем береді.
Разы болып қарт Мамай,

қарасай —қази
Маңдайынан сүйеді.
Басынан өткен істерді
Түгел айтып береді.

Желілеп бие байлайды,
Еңсесі биік ақ орда
Мүкамал іші жайнады.
Қарасайдың хабары

Жан-жаққа тегіс тарады.
Тастап кеткен көп ноғай
Өкінішке қалады.
«Күнәмізді кешсін»,—деп,

Араға елші салады.
Он санлы ноғай ішінде
Баян деген биі бар,
Ақылға соны алады.

Елу кісі бас қосып,
Қарасайға барады.
Баян келіп алдына,
Батырға тіке қарады.

Суырылып шешен тіл,
Сөз жүйесін табады.
Сонда Баян сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Жаңылма, деді, қызыл тіл,

Баққа өскен сіз бір гүл.
Көркіңізге сүйініп,
Сайрап тұрған біз бұлбұл.
Кемшілік болды еліңде,

Бас алсаң да өзің біл.
Жіберіп тұр еліңіз,
Өзің батыр, өзің біл.
Соны айтып Баян жылады,

Көздің жасын бұлады.

—Сәлем айтып еліңіз,

Көп кешірім сұрады.
Өзі болсын елінің
Сүйенер арқа тірегі.
Көшіріп енді еліміз—

Осы еді елдің тілегі.

батырлар  жыры
Батырға айтқан сөз басын,
Соның өзі білінді,
Деп жіберіп еліңіз,

Осыны айт деп еді.

—Баяннан ел тілегін түгел оқытты,

Елімсіз не қыламын батырлықты?!
Деді де Қарасай ертеңінде
Көшуге ел жаққа үйін жықты.
Қарасай сонымен елге көшті,

Қадірлеп ел мен жұрты батыр десті.
Той жасап батыр үшін елі жатты,
Осымен тамам еттік бұл кеңесті.

Батыр Мамай, қанды Орақ
Ер Мұсаның ұлы еді.
Баба Түкті Шашты Әзиз
Арғы атасы сол еді.

Одан соңғы атасы—
Едіге менен Нұрадин.
Келе жатқан қашаннан,
Ел қомдаған ер еді.

Қорғаған елі ноғайлы,
Байтақ жатқан сол еді.
Еділ, Жайық екі су—
Жағасы ноғай қалың ну.

Ноғайлы халықтың жері еді,
Қанды Орақ асқан ер еді,
Дүниені сұрап жүр еді.
Бұл дүнияның жүзінде

Бармаған жері жоқ еді.
Дүнияны сұрап жүргенде,
Армансыз пенде болар ма,
Үш арманы бар екен.

Бір күні Орақ сөйлейді
Қасындағы әйелге,
Жұбайына батыр толғады:

—Некелесім, жұбайым,

Саған да бұны айтайын,
Осы күнде көңілімде
Үш арманды дүниядан
Біткере алмай барамын.

Қарасай, Қази шырағым
Қарасай – Қази
(Жақсылық жырау нұсқасы)

батырлар  жыры
Менен туған ұл болса,
Ұл екені шын болса,
Атқа мінер күн болса,

Камалына келгенсін,
Үш арманды біткерсін,
Тапсырып кеткен сәлемім.
Біріншіні айтайын,

Емшектесім жұбайым:
Бірге туған Мамайым,
Қайғысының зорынан,
Миығын тартып күлмеді,

Күлгенін көзім көрмеді.
Күлер ме екен, Мамай,—деп,
Теңселтіп жорға мінгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.

Қара қасты, қанды бет,
Сұлу алып сүйгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.
Жазығы жоқ, кінә жоқ,

Палуан, сұлтан батыр хан,
Дін білмейтін кәпір хан,
Өлтіріп тағына мінгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.

Күлмегеннің себебі—
Ізінен перзент ермеді,
Етегін тартып жүрмеді.
Маған ерген екі ұлдың

Біреуін оған бермеді.
Бірге туған Мамайды
Күлдіре алмай барамын,
Бір арманым сол еді.

Қарасай менің шырағым
Менен туған ұл болса,
Ұл екені шын болса,
Атқа мінер күн болса,

Кемеліне келгесін,
Қайғылы Мамай атасын
Бір күлдірсін деп еді.
Айналайын, шырағым,

қарасай —қази
Бәрі сонда бітеді.
Екінші арманды айтайын:
Орал, Орал, Орал тау,

Орал таудай тау болмас.
Орал таудың басында
Шұбырып өскен бес тұлпар,
Бес тұлпардай мал болмас.

Бес тұлпардың ішінде
Ешкі тұяқ Қызыл ат
Ер Көкшенің аты еді.
Қызыл атты астыма,

Бір міне алмай барамын,
Екінші арман осы еді.
Қарасай менің шырағым
Менен туған ұл болса,

Ұл екені шын болса,
Атқа мінер күн болса,
Кемеліне келгесін,
Ер Көкшенің Қызыл ат,

Қарасай мінсін атына.
Айналайын шырағым,
Екеуі сонда бітеді.
Үшінші арман айтайын:

Баба Түкті Шашты Әзиз
Арғы атам сол еді,
Ол бармаған жер еді.
Одан соңғы атамыз—

Едіге менен Нұрадин,
Бұл бармаған жер еді.
Өзімнің атам Ер Мұса,
Бұл бармаған жер еді.

Қара қыпшақ Қобыланды
Қайраты асқан ер еді.
Мұсылман ері бармаған,
Ат тұяғын салмаған,

Қаһарланып қылыш ұрмаған,
Сондай қиын жер еді.
Бармаған жерді айтайын:
Қиғаш деген—биік тау,

батырлар  жыры
Қызылбас деген—мықты жау.
Қиғаш тауға бара алмай,
Бағындырып ала алмай,

Дүниядан өтіп барамын,
Үшінші арман осы еді.
Қарасай, Қази шырағым
Менен туған ұл болса,

Ұл екені шын болса,
Атқа мінер күн болса,
Кемеліне келгесін,
Қиғаш тауға аттансын,

Шамырқанып шаттансын,
Буырқанып бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Дербент деген шаһарға.

Соны бір айтып Ер Орақ,
Әйелімен қоштасып,
Үш арманды тапсырып,
Бұл дүниенің жүзінен,

Қош айтысып жөнелді.
Ұзын сөзді қысқартып,
Арманнан хабар берейік.
Айлардан айлар өтеді,

Күндерден күндер өтеді,
Күн дәуірі жетеді.
Қарасай, Қази ер жетіп,
Кемеліне келеді,

Ат жалын тартып мінеді.
Бір күндері болғанда
Атасының тапсырған
Үш арманын баяндап,

Қарасайға толғады.
Сонда анасы сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Жақсыдан қалған тұяғым,

Айналайын, шырағым,
Үш арманды атаңнан
Естіп қалды құлағым.
Өлерінде атаңнан

қарасай —қази
Арманың не?—деп сұрадым.
Сұрағанда айтайын,
Сондағы берген жауабын.

Ағасы Мамай мұңды еді,
Мұңды болған себебі—
Онда бала жоқ еді.
Бір баланың жоғынан,

Қайғысының зорынан,
Миығын тартып күлмеді,
Күлдіре алмай кеткені.
Екінші оның арманы—

Ер Көкшенің Қызыл ат,
Қолтығында бір қанат,
Қызыл аттың үстіне
Бір міне алмай кеткені.

Үшінші оның арманы—
Қиғаш тауға бара алмай,
Арманда өліп кеткені.
Айналайын Қарасай,

Асыл да ердің баласы-ай,
Тапсырып кеткен атаңның
Үш арманын бітірсең,
Өліп кеткен атаңның

Арманының біткені.
Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Олай болса, анам-ай,

Ұлықсат еттің маған-ай.
Үш арманын атамыз
Тапсырып кетсе маған-ай.
Біткеруге арманын,

Аттанамын соған-ай,
Келсе менің шамам-ай.
Бітірмесем арманын,
Туғаным онда жаман-ай.

Ер Көкшенің Қызыл ат
Осы күнде қайда?—деп,
Анасынан сұрады-ай.
Сонда анасы сөйледі,

батырлар  жыры
Сөйлегенде не деді:

—Бес тұлпардың біреуі—

Ешкі тұяқ Қызыл ат,
Керегі, балам, сол еді,
Шұбырып тұлпар жүреді.
Оған барып, шырағым,

Бұлағын тауып ал,—деді,
Бұлағы тәтті бал,—деді.
Аңдып жатып қасында,
Бұғалықты сал,—деді.

Қызыл атты, шырағым,
Осылай ұстап ал деді.
Сол күндері Қарасай
Он екі жаста деп еді.

Анасынан есітіп,
Қарына құрық іледі.
Жаяу бала жүгіріп,
Өкшесі жерге тимеді.

Жүгірумен Қарасай
Орал тауға келеді.
Шұбырысып бес тұлпар,
Орал тауда жүр еді.

Ізін қарап табады,
Жібектен арқан алады.
Шөлдегенде ішетін
Бар еді балдан бұлағы.

Сол бұлақтың басында
Қарасай аңдып қалады.
Талма-тал түс болады,
Су ішіп жүрген бұлаққа,

Шұбырып тұлпар құлады.
Шөлдеп келген жануар
Суға басын қояды.
Бұғып жатып Қарасай,

Қызыл атқа қарады.
Қасындағы тұлпардан
Артық екен сияғы,
Қызыл аттың тұяғы.

қарасай —қази
Ұшатын құстай көрінді
Ойнап ұшқан аяғы.
Төбесінде көрінді

Қиылған қайшы құлағы.
Қолтығында көрінді
Ұшатын қанат қияғы.
Шамшырақтай жанып тұр

Екі көздің жанары.
Алтынменен қаптаған
Бар еді алтын тұмары.
Қызыл атқа қызығып,

Ұстауға болды құмары.
Бес тұлпардың біреуі,
Қази мінген шұбары,
Бұғып жатып Қарасай,

Қызыл аттың мойнына
Бұғалықты салады.
Жүгіріп ала жөнелді
Он екі жасар баланы,

Шыр айналып Қызыл ат,
Мойнын бұрып қарады.
Қатуланып Қарасай,
Табандап тартып тұрады,

Өкшесін тауға тіреді.
Жас та болса баланың
Күш қуаты көп еді.
Қызыл атты жүгендеп,

Қарасай ұстап мінеді.
Қызыл атты Көкше қарт
Сыртынан бағып жүр еді.
Баланың ұстап мінгенін,

Үйіне мініп келгенін
Көкше қартың көреді.
Ешкім көзін салмаған
Бұл да атаулы ер еді.

Қызыл аттың соңынан
Көкше қартың келеді.
Көкше қартың ақырып,
Қарт бурадай бақырып,

батырлар  жыры
Келе сөйлей береді:

—Орақтың ұлы Қарасай,

Сабырсыз ердің баласы-ай.
Жайылып жүрген атымды
Ұстап неге мінесің?!
Көргенсіз иттің баласы,

Сұрап мінсең болмай ма?!
Ұстап неге мінесің,
Маған неге тиесің?!
Атаң Орақ батырдан

Мені қалай көресің.
Ұстап мінген атыңды,
Өзіме қайтып бересің!
Сонда бала сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Не сөйлейсің, Көкше қарт,

Көп сөйлемей тілің тарт!
Орал, Орал, Орал тау,
Орал таудай тау болмас.
Орал таудың басында

Шұбырып өскен бес тұлпар,
Бес тұлпардай мал болмас.
Бес тұлпардың ішінде
Ешкі тұяқ Қызыл ат,

Жал құйрығы Қызыл ат
Сіздің ат емес, біздің ат.
Бұрын болса сіздікі,
Енді болды біздікі.

Ат тоныңмен, қартым-ай,
Көп сөйлемей кейін қайт.
Сонда қартың сөйлейді:

—Көкше деген мен едім,

Көп жасаған көл едім.
Дұшпан көзін салмаған
Атым шыққан ер едім.
Атымды ұстап мінгесін,

Ашуменен бір сөзді,
«Көргенсіздің баласы,
Жылқыда жүрген атымды,

қарасай —қази
Неге міндің?»—деп едім.
Көргенсіздің баласы,
Деген сөзім шамасы

Келген шығар көңіліңе,
Ашумен айтқан сөзіме.
Не қылсаң да өзің біл,
Салып тұрмын өзіңе.

Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Көкше деген қартым-ай,

Көтіңнен кейін қайттың-ай.
Ашумен айтқан сөзіңе,
Қартым болсын апу-ай.
Атыңды ұстап мінгесін,

Келген шығар ашу-ай.
Жауға мініп баруға
Жоқ еді менің атым-ай.
Өлерінде атам-ай,

Бір арманы—Қызыл ат
Міне алмай кетіп барам,—деп,
Айтып атам кетіпті.
Атамның бітсін арманы,

Сөзімнің болмас жалғаны.
Қызыл атты қартым-ай,
Беріңіз бізге сатып-ай.
Өз қолыңнан бермесең,

Не де болса атыңның
Бағасын тауып беремін,
Келгесін жаудан қайтып-ай.
Сонда қартың сөйледі:

—Қызықпаймын малыңа,

Бермеймін бір жүз нарыңа,
Сұраймын бәсін атыма,
Батады айтсам жаныңа.
Қағазға қалам сыз,—деді,

Атымның бәсі—қыз,—деді.
Мінбеймін сенен тартып-ай,
Саған зорлық қылмаймын.
Ылайық болса атыма,

батырлар  жыры
Басқа қызды алмаймын,
Қарындасың Қымбатты
Берсең алып мін деді.

Алдыңдағы Көкше қарт,
Бұл айтқаның жөн деді.
Айтқаныма сен деді,
Алеукенің жауынан

Келсем қайтып мін,—деді,
Сонда, қартым, кел,—деді.
Сені қартаң демеймін,
Сапардан қайтып келгесін,

Қарындасым Қымбатты
Ұзатып сонда берейін.
Сонда қартың не деді,
Ес ақылы кетеді.

Қарасайдың сөзіне
Көңілі қарттың бітеді.
Ат аяғын тұсады,
Қызыл атты балаға

Беретұғын құсады.
Қымбатты бердім дегесін,
Жетпістегі батырдың
Буындары босады.

Ақ Қымбатты алдым,—деп,
Көкше кетті қуанып,
Отыр еді қыз Қымбат
Шын жібекке оранып.

Жаңа өспірім кез еді,
Жас та болса қыз Қымбат
Ақылы артық кен еді.
Көкше қарттың сөздерін

Есітіп Қымбат тұр еді.
«Шыныменен ағамыз
Сатқаны ма бір атқа,
Бергені ме бір қартқа?»—

Осылай деп қыз Қымбат,
Өксіп жылап жіберді,
Жылап тұрып сөйледі:

—Орақтың кенже қызы едім,

қарасай —қази
Қойында бағлан қозы едім,
Меніменен Қарекең,
Туысты ме екен?—деп едім.

Туысқаны осы ма?
Қайғы салды басыма.
Қарасай менің көкем деп,
Келемін неғып қасына?!

Қарындасың Қымбатты
Атқа сатып мінгесін,
Ылайық па осы басыңа?!
Атым нашар көнгенмін,

Сендер еді сенгенім.
Атқа сатып мінгендей,
Жылатып шалға бергендей,
Жауға барып олжалап,

Алып та келген күң бе едім?!
Бұл қорлықты көргенше,
Аға деп саған ергенше,
Атамыз Орақ батырдың

Моласына бас ұрып,
Жақсы емес пе өлгенім?!
Деді дағы қыз Қымбат,
Зар еңіреп жылады,

Көзінің жасын бұлады.
Көзінің жасы мөлтілдеп,
Қымбат жылап тұрады,
Қарасай бұны білмеді.

Жылағанын көргенде,
Жылағанын білгенде,
Қарындасы Қымбатты
Жылатып ермеді.

Ат сағынған бейшара
Қызыл атқа ер салды.
Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.

Әләукенің жауына
Атқа мініп жөнелді.
Қибаттың жылап тұрғанын,
Бір сұмдықтың болғанын

батырлар  жыры
Інісі Қази біледі.
Жүгіріп үйден шығады,
Көзді салып қараса,

Қарасай кетіп барады.
Ізінен Қази ақырып,
«Тұра тұр»,—деп шақырып,
Қази айқай салады.

Қазидың дауысын есітіп,
Аттың басын бұрады.
Қайтып келіп Қарасай,
Шақырғаның шырағым,

Себебі не?—деп сұрады.
Сонда Қази сөйлейді:

—Атқа сатып Қымбатты,

Не қылғаның, бұл?!—деді.
Бұл қылығың жөн бе еді?!
Мініп алып Қарасай,
Барасың қайда сен?—деді.

Қарындасың Қымбатты
Атқа сатып мінгенің
Ылайық па басыңа?!
Қарындасың Қымбатты

Атқа сатып мінгенше,
Әлеукенің жауына
Жаяу барып өлсейші.
Қарасай сонда сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Ай, Қазижан шырағым,

Белімдегі жарағым,
Маған неге ақырдың?
Мені неге шақырдың?
Кейігенің ат болса,

Мәнісін саған айтайын:
Көкшеден алған атымның,
Үш арманның біреуі
Өлген Орақ атаңның.

Бір арманы—Қызыл ат
Міне алмай кеттім дегені.
Бітіруге атаңның,

қарасай —қази
Сол еді ұстап мінгенім.
Үш арманын атаңның
Бітіруге жүргенім.

Қымбат жанды бір атқа,
Тоқсандағы шал қартқа
Не қылғаным бергенім:
Көз жасынан қорқып Көкшенің,

Сөзбенен көңіл бөлгенім.
Қымбатты неге берейін,
Оны кімге теңейін?!
Атқа сатып бергенше,

Жақсы емес пе онан да
Жаяу жүріп өлгенім.
Қарындасым қиналса,
Атты қайтып берейін.

Әлеукенің жауына
Жаяу кеттім демейін.
Қарындасым Қымбатты
Атқа сатып мінгенше,

Әлеукенің жауына
Жаяу барып өлейін.
Қарасай айтып жылады,
Қазиға атты тапсырып,

Қолына таяқ алады.
Екі етегін түрініп,
Жолға түсіп жүгіріп,
Жаяу кетіп барады.

Жүгіріп шығып қыз Қымбат,
Бұған да көзін салады.
Ағасын көріп шыдамай,
Көзінен жасы ағады,

Қазиға барып жылады.

—Қази аға, сен,—деді,

Жыламайын мен,—деді.
Көкем жаяу кетпесін,
Күйдірмесін өкпесін,
Қаратпасын өкшесін,

Апарып аға бер,—деді.
Қарасай жаяу кетпесін,
11–166

батырлар  жыры
Жаныма батып тұр еді.
Қибат жылап тұрғасын,
Қази атқа мінеді.

Қарасайдың соңынан
Інісі қуып жөнелді.
Ізінен жетіп: «аға!»—деп,
Түсіп атын береді.

Қарындасы ақ Қымбат
Көкшеден алған Қызыл ат
Қарекей мінсін,—деп еді.
Өз атыңды өзіңе,

Алып келдім мін,—деді.
Жаяу жауға барғаның,
Бізге болар сын,—деді.
Мамайды іздеп,

Қарасайдың кеткен жері.
Қызыл атты Қарасай
Мініп те алып жөнелді.
Сол күндері би Мамай

Отыз да ұлмен бірлесіп,
Әлеукенің қолымен
Атысып жатқан күн еді.
Атағы асқан би Мамай

Барған жауын ала алмай,
Қайтайын деп жүр еді.
Қызыл атпен Қарасай
Бір жағынан орақтап,

Келе де жауға тиеді.
Жекеме-жеке келгенін
Найзаменен түйреді.
Қаптай келе жатқанын

Алмасппенен сермеді.
Қырып-жойып Қарасай,
Жауын алып береді.
Қарасайдың келгенін,

Жауын жеңіп бергенін
Атасы Мамай білмеді.
Қандай уәли болса да,

қарасай —қази
Жаңбыршы ұлы Толағыс
Қырған шығар сол деді.
Жеңілгенсін жаулары,

Мамайдың көңілі тынады,
Намаз оқып тұрады.
Би Мамайдың қасына
Қарасай жетіп келеді.

Келгенінің себебі—
Отыз ұлдың бастығы
Ысмайыл Тобаяқ
Сұмдығы асқан қу еді.

Атам Орақ батырды
Алмасын керіп өлтірген
«Менің жауым бұл»,—деді.
Жауымменен бір жүрген,

Атам болса қайтейін?!
Отыз ұлды қосақтап,
Қырайын бәрін мен деді,
Деді дағы, Қарасай

Суырып алып алмасын,
Мамайға қарсы жүгірді.
Атасына барғанша,
Буыны босап баланың,

Үш сүрініп жығылды.
Жығылып тұрып жүргенде,
Оны да Мамай көреді.
Қарасайдың келгенін,

Жауын жеңіп бергенін
Мамай сонда біледі.
Өмірінде күлмеген,
Күлгенін ешкім көрмеген,

Баласын көріп қуанып,
Көңілі тынып жұбанып,
Сонда күліп жіберді.
Атасының күлгенін

Қарасай сонда көреді.
Атасының айтқаны
Есіне енді түседі.
Қайғылы Мамай атасын

батырлар  жыры
Бір күлдірсін дегенін
Орындады баласы.
Би Мамайдың алдына

Қарасай жылап келеді.
Қол қусырып ата деп,
Иіліп сәлем береді.
Баласының қолын алады,

Тілегі қабыл болады.
Шырағым, деп би Мамай
Құшақтады баланы.
Отыз ұлдың күнәсін,

Шырағым, бер деп сұрады.
Отыз ұлдың күнәсін,
Мамай сұрап алады.
Жолы болып би Мамай,

Еліне қайтып келеді,
Тілегі қабыл болады.
Тозып кеткен көп ноғай
Қонысқа қайтып қонады.

Қызыл атты Көкше қарт
Қарасайдан алмады,
Атқа көзін салмады.
Енді Қарасай атасының тапсырған енді бір арманын бітіріп,

Көкшеге қарындасын бермекші болған еді, бірақ Көкше алма­
ды. Осыдан кейін Қарасай атасының үшінші арманын орындау
үшін талаптанады.
Атасының тапсырған

Үшеу еді арманы.
Оның бітіп екеуі,
Біреуінің қалғаны.
Осы қалған біреуі

Қатты уайым салады.
Атасының арманын
Біткере алмай жүргенде,
Құса болып сарғайып,

Қапа болып Қарасай,
Өңі де кетіп азады.

қарасай —қази
Баласының азғанын
Апасы көріп жылады,
Іштегі кегін қозғады:

—Ай, Қарасай, Қази шырағым,

Атадан жетім қарағым,
Атаң кегін алдың деп,
Жүруші едім қуанып,
Жылқының міндің пырағын.

Атаңның туын көтеріп,
Беліңе будың жарағын,
Жаудың бұзып қамалын.
Жеңіспен елге келгенде,

Тірілгендей көрінді,
Өлген Орақ жұбайым.
Ажарыңа қарасам,
Осы күнде, шырағым,

Жүзің неден солып жүр?
Қайғыға ішім толып жүр,
Жары жасым кеміп жүр.
Кемімей жасым не қылсын?!

Жүдеп кеттің сарғайып,
Бір күлмедім ыржиып,
Мұнша жүдеп, қарағым,
Не қылмысың болып жүр?!

Осылай деп анасы,
Баласынан сұрады.
Мен Қарасай балаңмын,
Соған берсем жауапты,

Азып жүрген балаңды
Көріп тұрсың апам-ай.
Азғанымның себебін
Мен айтайын саған-ай.

Ақ сүт берген жан анам,
Құлақ салсаң сен маған,
Азуымның себебі—
Үш арманы бар екен

Өлген Орақ атамның,
Айтып едің баяндап.
Үш арманның екеуін

батырлар  жыры
Бітіріп едім тамам-ай.
Енді қалған біреуін
Біткере алмай жүргенге

Құса болып сарғайып,
Азып жүрмін соған-ай.
Бітпей жүрген арманы,
Қиғаштан биік тау еді,

Қызылбасты жау еді.
Бір арманы атамның
Тапсырып кеткен сол еді.
Менен туған ұл болса,

Ұл екені шын болса,
Қызылбасқа барсын деп,
Тапсырып кеткен өзі екен.
Барайын десем жауына,

Мұсылман ер бармаған,
Ат тұяғын салмаған,
Сондай қиын жер екен.
Бармайын десем атамның

Бітетін емес арманы.
Қызылбас деген қиын жау
Аттану ауыр іс екен.
Алдырмайтын қаласын,

Қорғасаның елі екен.
Атамның айтқан арманын
Біткермей жүрген себебім,
Сол еді жан шешекем.

Сонда анасы сөйлейді:

—Олай болса, жан балам,

Айтайын ақыл мен саған,
Құлағың сал сен маған.
Қызылбас деген мықты жау,
Қиғаш деген биік тау,

Барсаң да оған өлесің,
Бармасаң да өлесің.
Түбінде өлім болғансын,
Онан дағы, шырағым,

Қызылбасқа барып өл.
Атаңның айтқан сөзінен

қарасай —қази
Құтыларсың қарағым.
Менің айтқан кеңесім—
Барып өлсең, шырағым,

Мәз болар өлген Орағым.
Өлерінде атаңнан
Қызылбас жауын сұрадым.
Сұрағанда айтайын,

Сондағы берген жауабын:
Қиғаш таудың биігі
Аспанменен тірескен,
Бұлтпен де күрескен.

Қанатты құс басына
Ұшып шыға алмас деп еді.
Аяқ жолын айтайын:
Асты тас та, үсті тас,

Жалғыз аяқ жолы бар,
Адам батып жүре алмас.
Кіре қойса тар жолға,
Екі адам қатар жүре алмас.

Қатты қиын жол екен,
Кірген қайтып келе алмас.
Елі қандай деп едім,
Он екі қоштам қызыл бас,

Есебін адам біле алмас.
Арымайтын жұмысқа
Өріп жүрген құмырсқа.
«Жолы қанша?»—деп едім,

«Алты айшылық»,—деп еді.
«Елі қанша?» деп едім,
«Үш айшылық»,—деп еді.
Менің балам Қарасай

Аттанар егер күн болса,
Қырық мың әскер алсын деп,
Қырық мыңға әскер жетпесе,
Алдырмайтын жау,—деді.

Қырық мыңға қолы жетпесе,
Бармасын онда деп еді.
Ал енді өзің, шырағым,
Қызылбасқа аттанбай,

батырлар  жыры
Тұрмассың әскер жинамай.
Жинасаң да қырық мыңға,
Сірә, балам, толмассың.

Қызыл бастың жанына
Бір аттанбай тұрмассың.
Бұл айтуым себебі—
Бес атаға келгенше,

Шынжырлы ердің сойы едік.
Бара қойсаң жауыңды,
Жоқ қылмай, сірә, қайтпассың.
Едігенің сойысың,

Қанды Орақтың ұлысың,
Барған жауды түгеспей,
Бекер босқа қайтпассың.
Барған жерде, шырағым,

Әскеріңді қырдырсаң,
Саған әскер ермейді.
Қызылбас деген мықты жау,
Қырылам деп сенбейді.

Керек болса, балам-ай,
Қырық мың әскер саған-ай,
Әділге бұйым сал деді.
Қырық мың әскер халқыңнан

Жинап берем, ал,—деді.
Қырымдағы жас Әділ—
Қияметтік жолдасың.
Атасы шын Темірхан

Атаңа сенің дос еді.
Қырымнан шыққан әскерге
Әділдің өзін хан қойып,
Аттансаң сонда барарсың,

Қиғаштың биік тауына,
Қызылбастың жауына,
Сүйтіп балам бар,—деді.
Қырық мыңға қолың жетпесе,

Алдырмайтын жау,—деді.
Қарасай жақсы көреді,
Қырымға қарай жөнелді.
Қырымға барып Қарасай,

қарасай —қази
Бір бүлікті салады.
Қарасайдың айтқанын
Әділ де қабыл алады.

Қырымға жарлық өтеді,
Қырық мың әскер ер Әділ
Елінен жинап береді.
Ер Әділ астындағы алтын тағын өкіл әкесіне тапсырып,

қызылбастың жауына елімен қош айтысып жөнеледі.
Қырымдағы шаһардан,
Қыс өткенсін баһардан
Шымырқанып шаттанып,

Әділге әскер ереді.
Қырық мың әскер құралып,
Көк темірге құрсанып,
Өңкей батыр жүреді.

Жас Әділді хан қойып,
Қырымнан шыққан әскерде
Қас батырлар көп еді.
Досының көңілін тындырған,

Дұшпанның көңілін сындырған.
Қырық мың әскер ішінде
Айтулы ерлер бар еді,
Мұсылман арын арлаған.

Ұйықтап жатқан жерінде
Қолтығына қол салып ,
Айдаһарды барлаған.
Айсадан туған Ахмет

Батырлығын оздырған,
Барған жерін тындырған.
Ашуланған күнінде
Алпыста жебе сындырған.

Қырымнан шыққан аттанып,
Қырық мың әскер ішінде
Аты шыққан Көмек бар.
Ұзын айдар қоңырат,

Асынғаны ен болат,
Ер Сүлеймен бұл да бар.

батырлар  жыры
Айсадан туған бес батыр,
Бесеуі кетіп баратыр.
Таққа мініп хан болған,

Қараңғыда шам болған,
Жеті жаста желденген,
Не бол десең, сол болған,
Он бір жасар Әділ бар.

Ата жауын жаулаған,
Атағы оттай қаулаған,
Қырық мың әскер ішінде
Қарасай, Қази ер де бар.

Көпті көрген көне еді,
Көрмеген жерін білетін,
Көңілі зерек ер еді,
Көп жасаған Қоянақ,

Жол басшы бұл да бар еді.
Қырымнан құлан шығады,
Қиғаштың биік тауына,
Қызылбастың жауына.

Көп жасаған Қоянақ
Қолды бастап келеді.
Қырымнан әскер аттанып,
Шыққалы үш күн болады.

Хан Әділдің анасы
Байбикеш ханым түс көріп,
Түсінде ғажап іс көріп,
Орнынан тұра жылады,

Уайым-қайғы шегеді.
Сол түсінен сескеніп,
Көңілі жаман тарықты.
Көрген түсін баяндап,

Қызына айтып жорытты.
Басыңды көтер,
Тарылды заман дүния.
Осы көрген түсімді,

Жорытамын саған-ай.
Бүгін мен бір түс көрдім,
Түсімде ғажап іс көрдім.
Аспанменен тірескен,

қарасай —қази
Бұлтпенен күрескен
Асқар биік Алатау
Алтын сарай үйімнің

Үстіне келіп құлап жүр,
Бұл не болар, қарағым?
Арқадан борап қар жауып,
Борасынды жел соқса,

Соққан желді тоқтатқан,
Тіреулі алтын сырығым,
Анасынан айрылып,
Ортасынан морт етіп,

Сынып тұр алтын сырығым,
Бұл не болар, шырағым?
Жібектен есіп бау таққан,
Байланбаған асауды

Жібере тартып тоқтатқан,
Ортасынан сынып жүр,
Жібек баулы құрығым,
Құрасам да тұрмайды,

Бұрынғыдай болмайды,
Бұл не болар, шырағым?
Алтын айдар басыңда,
Отыр едің қасымда,

Басыңдағы тұлымың
Ортасынан қиылды,
Бұл не болар шырағым?
Сонда Ілия сөйледі:

—Айналайын анам-ай,

Ақ сүт берген қабам-ай,
Алланың салған ісіне,
Көнбесең де болмайды.
Асқар биік Алатау

Тігіп қойған ордаңның
Үстіне келіп құласа,
Асқар таудай бақ қонар
Кеткен Әділ балаңа,

Көрінген шығар соған-ай.
Ортасынан морт етіп,
Ашасынан сарт етіп,

батырлар  жыры
Сынса алтын сырығың,
Осы жерін білмедім.
Аман келсе жақсы еді

Кеткен Әділ құлының,
Жібектен есіп бау таққан,
Байлап қойған асау тай,
Жібере тартып тоқтатқан,

Неғып келсін саған-ай?!
Жалғыздық деген жаман-ай,
Жауға кеткен жалғызың,
Осы сапар аман-ай.

Ортасынан қиылса
Алтын айдар тұлымым,
Кеткен Әділ құлының
Жоқ шығар саған аман-ай.

Бірге туған ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ,
Жалғыздықтан жаман жоқ,
Бірге жүрер ағам жоқ,

Тағдыр қылды амал жоқ.
Соңынан қуып бармасаң,
Сапарын тілеп алмасаң,
Енді саған балаң жоқ.

Қуып барып соңынан,
Көздің жасын төгеді.
Қызылбасқа барма деп,
Сапарын тілеп келеді.

Сапарын көкем бермесе,
Соңынан жүріп өледі.
Алтын орда тұл қалар,
Бізге ие кім болар.

Жалғыз ағам келмесе,
Мұңды болған біз нашар,
Жылай-жылай қор болар.
Ойлап келіп қарасам,

Қызылбасқа кеткен көкемді,
Көп ұзамай шешекей,
Қуғанымыз жөн болар,—
Деді дағы Ілия,

қарасай —қази
Қайғыны ауыр шегеді,
Емшен бозға мінеді.
Жауға кеткен Әділдің,

Соңынан қуып жөнелді.
Сол күні жүріп түнімен,
Ертең жүріп күнімен,
Екі мұңды бейшара

Келеді қуып шынымен.
Талма-тал түс болады,
Бір төбеден құлады.
Ер Әділге жете алмай,

Екі мұңды жылады.
Алдында белес қыр жатыр,
Соған қарап келеатыр.
Ол белестің артында,

Айдынды шалқар көл жатыр.
Жағалай тіккен көк шатыр,
Қырық мың әскер қол жатыр.
Есебі жоқ көп шатыр,

Көп шатырдың ішінде
Жібектен тіккен бір шатыр.
Сол шатырдың ішінде
Баласы Әділ ер жатыр.

Байбикеш ханым кіреді,
Көре сөйлей береді:

—Құлыным менің қайда?—деп,—

Әділ менен туғансың,
Тәрбиелеп өсірдім,
Ақ сүтімді ішірдім.
Қауырсыны қатпаған

Балапанды ұшырдым.
Енді қайтіп қолыма
Қондыра алмай өкіндім.
Ашып оқып жүрсін деп,

Жасынан білім білгіздім,
Сайлап тұлпар мінгіздім.
Әкесі жастап өлсе де,
Жетімдікті көрген жоқ.

Атадан жалғыз екенін

батырлар  жыры
Өлі балам білген жоқ.
Алыстағы жауына
Сапар шегіп жүргіздім.

Көп ішінде жалғыздық
Шекесіне тиген жоқ,
Тимегенін біле алмай,
Барма десем тіл алмай,

Сапарын маған бере алмай.
Ал, қарағым Ілия,
Алдына барып жылайық,
«Сапарын бер»,—деп сұрайық.

Сені көріп тұра алмас,
Барғасын бауырымдайық.
Бұны естіп Ілия,
Есінен шықты дүния.

Атынан түсіп Ілия,
Әділге жылап барады:

—Ағакем менің қайда?—деп,

Шатырдан келіп сұрады.
Қарындасы Ілияның
Жылаған даусын есітіп,
Жатқан шатыр ішінен

Жүгіріп Әділ шығады.
Шырағым, менің ізімнен
Келдің деп неге сұрады.
Сонда Ілия сөйледі:

—Айналайын ағеке,

Менің қуып келгенім,
Ұзақ жолға мінгенім—
Қызылбастың жауына
Сапар етіп жүргенің.

Алды-артында таяу жоқ,
Ағеке кімге сенгенің?!
Мейірімді анам түс көріп,
Бұл түсінен сескеніп,

Қызылбасқа жібермей,
Жолдан алып қалуға,
Осы еді келген себебім.
Сапарымды берсеңіз,

қарасай —қази
Сапарымды бермесең,
Ізіңнен жылай жүргенім.
Сонда Әділ сөйледі:

—Емшектесім жұбайым,

Мен үшін шекпе уайым.
Жаудан аман келермін,
Сақтаса жалғыз Құдайым.
Уайым айтып, бауырым,

Қайғының салдың ауырын.
Сен жыласаң кетеді,
Менің де хандық дәуірім.
Бауырласым, шырағым,

Ұяда бірге жасадым,
Артымнан жылап келгенсін,
Еріген жердей босадым,
Келермін қайтып, шырағым.

Қызылбасқа барма деп,
Сапарымды сұрама.
Қырық мың әскер ноғайға,
Ноғай түгел талайға

Басшы болған ұқсадым.
Шырағым, неге жылайсың,
Көзіңнің жасын бұлайсың?
Қызылбасқа барма,—деп,

Сапарымды сұрайсың.
Жалғыз көрпе өрмей ме,
Алыс жолға жүрмей ме?!
Жалғыздың жанын әрқашан

Бір Құдайым көрмей ме?!
Ажал келсе Алладан,
Үйде жатып өлмей ме?!
Құдай аман сақтаса,

Жаудан аман келмей ме?!
Исадан туған бес батыр,
Бұлар да кетіп баратыр.
Қарындасы Ақсүңгі,

Бұл жыласа көрмей ме!
Қарасай-Қази қос батыр,

батырлар  жыры
Бұларда кетіп баратыр.
Қарындасы ақ Қымбат
Ол жыласа көрмей ме!

Егер ажал келмесе,
Құдіреттің ісіне
Салса пенде көнбей ме?!
Сонда Ілия сөйледі:

—Туысқаным, туғаным,

Болмайын сенің құрбаның.
Қызылбасқа барма,—деп,
Жылап сұрап тұрғанда,
Ағеке, не деп тұрғаның?!

Басыңа қиын іс түссе,
Кім болар сенің қорғаның?
Жалғыздығың, ағеке,
Атадан жалғыз туғаның,

Исадан туған бес батыр,
Бұларды үлгі қыласың.
Ақсүңгі неге жыласын?
Бір-бірін жауға тастамас,

Атадан бірге туғансын,
Туған түге тастамас.
Қасыңа ерген жолдасың,
Атадан жалғыз туғаның

Басыма қайғы салып тұр.
Қайғының ауыр саудасын,
Сапарыңды бермесең,
Көз жасымды көрмесең,

Саудаға түсер бұл басым.
Бізге түскен сауданы
Еш пендеге салмасын.
Қарасай-Қази қос батыр,

Бұлар да кетіп баратса,
Ақ Қымбат неге жыласын?!
Қарасай жауда қалғанда
Қази барып алмай ма.

Қази жауда қалғанда
Қарасай барып алмай ма,
Туысқан туған болмай ма.

қарасай —қази
Туысқаны болмаса,
Жалғыз шіркін шырқырап,
Жауда басы қалмай ма.

Осы айтқанды, ағеке,
Ойлансаңыз болмай ма?!
Ағасы қалса, іні алар,
Ағайынды екеуі,

Бірі келсе бірі алар,
Сен қасқаны кім алар?!
Осыны айтып Әділге,
Қарындасы жылады.

Жалғыз едің, кетпе,—деп,
Сапарын бер деп сұрады.
Қарындасын қия алмай,
Көзінің жасын тия алмай,

Не дерін Әділ білмейді.
Екеуі жылап тұрғанда,
Сол уақытта болғанда,
Күн ортадан ауғанда,

Қайғымен Әділ тұрғанда,
Қарасай-Қази жүре алмай,
Әділ достын қия алмай,
Қала ма деген қауіппен,

Қызыл, жасыл екі ту
Қолдарына алады,
Дос Әділдей бола ма?!
Аламаңды жүргізіп,

Құмырсқадай өргізіп,
«Орақ!»,—деп ұран салады.
«Орақтаған» дауысқа
Сүйегі қызып Әділдің,

Бұл де кетіп барады.
Желке айдары желкілдеп,
Көздерінің жасы мөлтілдеп,
Мұңды болған бейшара

Жылап еңіріп қалады.
Әділ жөнеп жатқанда,
Анасы Шауыр келеді.
Баласын сонда көреді.

12–166

батырлар  жыры
Көреді де бусанып,
Көзінің жасын төгеді.
Емшегін төстен суырып,

Шырағым, жүр,—деп жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Жылап тұрып анасы,
Сапарын бер,—деп сұрады.

Шешесін көріп жас Әділ,
Мойнын кейін бұрады.
Сонда анасы толғады:

—Айналайын, шырағым,

Қызылбас болды құмарың,
Сапарыңды сұрадым.
Жолы қиын сапар деп,
Есітеді құлағым.

Сен кеткенсін, қарағым,
Күнім болар бір қысым.
Қысым енді жаз болып,
Қашан келер жыл құсым?!

Қорқытып кетті құлыным,
Үйдегі көрген бір түсім.
Барасың қайда, Әділім?
Сен кеткенсін, шырағым,

Болмайды менің сабырым.
Жоқ еді сенің аға-інің,
Жас та болса әр жерге
Кетіп еді дабырың.

Қызыбас мықты ел деймін,
Аламаны зор деймін,
Барған адам келмейді.
Бұрынғы өткен ерлердің

Алалмаған жер дейді.
Жалғыз едің, шырағым,
Сапарыңды беремін,
Көзімнің жасын көремін.

Қызылбасқа кетерсің,
Қиын жолға жетерсің,
Емшегім сүті ақ дария
Болып шықса алдыңнан,

қарасай —қази
Одан қалай өтерсің?!
Көзімнің жасы көл дария
Болып шықса алдыңнан,

Одан қалай өтерсің?!
Бара жатқан жолыңның
Талай қиын жері бар,
Үш айшылық шөлі бар.

Аспанменен тірескен,
Бұлтпенен күрескен,
Асқар биік тауы бар,
Астында мықты жауы бар,

Неғып одан өтерсің,
Жауға не амал етесің?!
Ақ сүт берген анаңды,
Қарындасың Ілия,

Толып жатқан дүния
Тастап неғып кетесің?!
Сонда Әділ сөйледі,
Тұр десе де тұрмады:

—Жылама, анам, жылама,

Жыламай көзің тына ма?!
Осы бір ретте, анам-ай,
Сапарымды сұрама.
Қырық мың әскер ергесін,

Бармай балаң тұра ма?!
Қиын да болса бұл жауға,
Бір тәуекел етермін,
Бармай қалсам бекермін.

Бара жатқан жерімде,
Алты айшылық жол болса,
Алты ай жүріп жетермін.
Алдымнан шықса қиын жол,

Бұзып-жарып өтермін.
Көзіңнің жасы көл дария
Болып шықса алдымнан,
Қырық мың әскер қолым бар,

Көпір де салып өтермін.
Емшегің сүті ен дария
Болып шықса алдымнан,

батырлар  жыры
Түсіп соған кетермін,
Ішіп те сонда өтермін,
Алты айшылық жол болса.

Айсаның ұлы Ахметтің
Сөйтіп жолы болмады.
Айбалтасы сынғасын,
Ахмет қарап тұрмады.

Аузын ашып кереді,
Тісіменен қопарып,
Біраз тасты алады.
Бір уақыттар болғанда

Бір тасқа аузын салғанда,
Тісі сынып қалады.
Екеуі сынып қалғасын,
Амалын таппай тұрады.

Аузы болып қызыл қан,
Тұлпарына мінеді.
Тауға лаж таба алмай,
Бұл да қайтып келеді.

Қайтып келіп Ахмет,
Былайша жауап береді:

—Жұмсаған, Әділ, сен едің,

Тауға барған мен едім,
Жалғыз аяқ тар жолды
Көріп кел маған деп едің.
Жұмсағансың бұйырып,

Тауға да қарап жөнелдім.
Тау хабарын айтайын,
Тыңдасаңыз, Әділ хан,
Қуанады адамдар

Жеті мүше сауына.
Барып келдім, Әділ хан,
Қиғаштың биік тауына.
Бармайтұғын жер екен,

Қызылбастың жауына.
Қарашы менің аузыма,
Балтам сынып қалғасын,
Салып едім аузымды

қарасай —қази
Қиғаштың биік тасына.
Таспенен құйып тастапты
Жалғыз аяқ жолын да.

Кірмедім десем сенбессің,
Сөзімнің болмас жалғаны,
Жалған айтар мен бе едім.
Өтірік емес шын деймін

Биіктігі тауының,
Тікелей ұшқан қара құс
Басына ұшып шыға алмас.
Етегін серлеп қарасам,

Биік ұшпа қара құм,
Ат қиялап шаба алмас.
Бұрғымен тескен тесік жол,
Адам оған кіре алмас.

Жалғыз адам болмаса,
Екі адам қатар жүре алмас.
Осындай қиын жол екен,
Жолы қиын мол екен.

Тілімді алсаң қайтайық,
Алдырмайтын ел екен.
Жолды барып серледім,
Жалған айтар мен бе едім.

Батылым барып кірмедім,
Кірейін десем сенбедім.
Мұндай қиын тар жолды
Өмірімде көрмедім.

Жол басшымыз ер Әділ,
Ендігісін өзің біл,
Алдырмайтын ел деймін.
Сонда Әділ сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Әй, Ахмет құрмағыр,

Қорқақ па едің, оңбағыр.
Айдаһар деп жүргенің,
Кесіртке ме еді, құрымағыр.
Қайта бер енді қосыңа,

Айдаһар деп қол салып,
Қараған болсаң шошымай.

батырлар  жыры
Айдаһар деп жүргенің,
Кесіртке ме еді, досым-ай?!
Ер деп сені жібердім,

Ертпей адам қасыңа-ай.
Жолға кірмей қайтқаның,
Ылайық па өзіңе-ай?!
Жолы қиын екен деп,

Ұятым салдың басыма-ай.
Жауынгер болат дегенім,
Болып жатыр пасық-ай.
Тар жолға барып кіре алмай,

Келгенің кемдік атыңа-ай,
Қайта бер енді қосыңа.
Қарасайға толғады:

—Ей, Қарасай, Қарасай,

Қанды Орақтың баласы-ай,
Қайда кеттің Қарасай,
Асыл ердің баласы-ай?!
Жақсы менен жаманның

Ашылып жатыр арасы-ай.
Қарасай өзің болмасаң,
Батырсынып жүргенің,
Белгілі болды шамасы-ай.

Уайым айтып келеді,
Ішіне кірмей тар жолдың.
Енді өзің бар Қарасай,
Қарасай, Қази болмаса,

Құрыды жұрттың шамасы-ай.
Тесік жолға кіре алмай,
Ар жағын серлеп көре алмай,
Болып тұр жұрттың таласы-ай.

Қаратауды көргенде,
Таудай болған батырлар
Болып та қалды аласа-ай.
Өзің барып көрмесең,

Зар болады қалмақтың
Қызыл ғана қаласы-ай.
Жаманның кеулі тар,—дейді,
Қызылға тоқым сал,—дейді.

қарасай —қази
Орақтан қалған жасыл ту,
Желбіретіп ал,—дейді.
Жасың үлкен болса да,

Жұмсадым сені, Қареке,
Жалғыз аяқ тар жолға,
Барып келгін, сен,—дейді.
Сол уақытта Қарасай,

Асыл да ердің баласы-ай.
Айтуына мұң екен,
Жұмсасын,—деп жүр екен.
Жалғыз аяқ тар жолға

Қарасай кетіп барады.
Жалғыз аяқ тар жолды
Мұның да көзі шалады.
Атын кесе қаңтарып,

Жолдың түрін байқады.
Жол қиынын көргенде,
Қарасай бір сөз айтады:

—Ақ Жасаған, Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Жігітке пайда бермейді
Көп ойлаған уайым.
Жол үстінде тұрмайын,

Кірмей кетсем тар жолға,
Мен Орақтан тумайын.
Не де болса кірейін,
Айтып кеткен атамның

Бітірейін арманын.
Мынау қиын жол екен
Жаны бар адам бара алмас.
Қиын да болса кірейін,

Ауыр жолды көрмесем,
Жол хабарын бермесем,
Қарасай атым оңалмас.
Кірмей қайтсам бұл жолға,

Үлкен атам қанды Орақ
Көрінде тыныш жата алмас,—
Деді дағы, Қарасай
Өзін-өзі қайрады,

батырлар  жыры
Өлімге басын байлады.
Екі көзін шарт жұмып,
Астындағы Қызылды,

Тар жолға айдап салады.
Жалғыз аяқ жолменен
Қарасай кетіп барады.
Екі көзі Қызылдың

Шамшырақтай жанады.
Жан-жағына қарамай,
Сол мезгілде кеш болды.
Түніменен жүреді,

Жол азабын көреді.
Бір уақыттар болғанда
Таң белгісін береді.
Таң атқасын Қарасай,

Жолдың шықты шетіне.
Жақындаған құсайды
Қызылбастың кентіне.
Қарғасаның дуамен

Оқып салған бетіне,
Біраз ғана келеді,
Өзінің айтқан сертіне.
Осы жерге келгенде

Атын кесе қаңтарып,
Жерін түрін байқады.
Көріп жолдың қиынын,
Қарасай бір сөз айтады.

Көрмегенім көп екен,
Жүрер жолым жоқ екен.
Байқап келіп қарасам,
Жолы қиын бұл екен.

Ат бауырын жаза алмас,
Ат қиялап шаба алмас
Орғыл-орғыл құм екен.
Бұның арғы жағына

Көз жібереп қарасаң,
Алты қатар ор екен.
Ордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасаң,

қарасай —қази
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік,
Он екі қамтам жер екен.

Қарғасаның қаны екен,
Жолы қиын жер екен.
Он екі жерде мұнара,
Хан белгісі бар екен.

Ханның басы—Қарғаса,
Алдырмайтын жер екен.
Асты теңіз су екен,
Үсті биік тау екен.

Арасына салдырған
Дербент деген қала екен.
Дәруазасы темірден,
Он екі пар өгізбен

Қырық күн ашып-жабатын
Дәруазасы бар екен.
Бұл қаланың ішінде
Күзеткен әскер бар екен,

Қаласы мықты жер екен.
Бұл қалаға тайсалмай
Баратын жолы жоқ екен.
Ойланып келіп қарасам,

Алдырмайтын ел екен.
Қарасай оған бара алмай,
Баратын жолын таба алмай,
Жаудан белгі ала алмай,

Кейін қайтып барады-ай.
Ертең талтүс болғанда
Қарасай таудан шығады.
Әділге шауып келеді,

Келе сөйлей береді.

—Әділ достым сен едің,

Көріп кел жолды деп едің.
Көріп келдім жолыңды,
Жалған деме мұнымды.
Жаудың шықтым бетіне,

Жолдың шықтым шетіне.
Көз жіберіп қарасам,

батырлар  жыры
Қызылбастың кентіне,
Асқар биік тау екен.
Қызылбас мықты жау екен.

Жалғыз аяқ тар жолы,
Бұрғымен тескен тесік жол,
Тар тесігі бар екен.
Таудан құлап қарасам,

Көріп қайтқан ерлердің
Айтқан сөзі шын екен.
Құм екен арғы жағы да,
Оған келіп қарасам,

Жалпақ жатқан сор екен.
Сорға салған тас өткел,
Жалғыз аяқ жол екен.
Сордан өтіп қарасам,

Сорға жалғас қазылған
Алты қатар ор кен.
Қазған ордың ар жағы
Он екі ханның бас қосып,

Қорған салған жері екен.
Дербент деген қаласы
Әр қаладан зор екен.
Жалғыз аяқ тар жолда

Қауіп-қатер көп екен.
Бұдан басқа жүретін,
Бөтен жолы жоқ екен.
Мен қорқытып айтпаймын,

Ақиқатын айтқанда,
Көз қорқатын жер кен.
Сонда Әділ сөйледі:

—Орақтан туған, Қарасай,

Асыл ердің баласы-ай.
Өз басыңа бермесе,
Не болады жігітке,
Ата даңқы, Қарасай.

Атаң Орақ болмаса,
Туыпсың жаман шамасы-ай.
Осындай қиын тар жолда
Жақсы менен жаманның

қарасай —қази
Айрылады арасы-ай.
Қиын жолды көргенің,
Рас болса Қарасай,

Бір белгіні қолыңа
Ұстап неге келмедің?!
Бір белгіні ала алмай,
Қауіпті жерге бара алмай,

Сенің қорқып келгенің.
Досым болсаң қайтейін,
Бұл сөзіңе сенбедім.
Қарасай, досым сен едің,

Саған сеніп жүр едім,
Қарасай болсаң, бола бер,
Орақтан тусаң, туа бер,
Ахмет, Серік, Қоянақ,

Солардан артық көрмедім.
Қарасай ер Әділ
Осылай сөйлеп тұрғанда,
Құлағын салып ер Қази,

Екеуінің қасында
Жатыр еді жамбастап,
Сөйлемейді бейбастақ.
Көтеріп алды басын-ай,

Қатты келді ашуы-ай.
Қатуланып қаттанып,
Әділдің келді қасына-ай.
Жақындап келді ер Қази,

Сөйлей берді осылай:

—Алдымдағы, жас Әділ,

Құдай дескен досым-ай,
Дос болғаның осы ма-ай?
Қатты-қатты сөз айтып,
Құдай дескен досыңа-ай,

Неге тұрсың ұрыспай?!
Жөнсіз ұрсып тұрғаның,
Өзіңе болар кесір-ай.
Артық көрме өзіңді,

Тарта сөйле сөзіңді.
Жасы үлкен ағама

батырлар  жыры
Тигізе берме тіліңді!
Атаң Орақ батырдан
Жаман тудың дегенің,

Осы сөзің қиын-ды.
Кімнің жақсы жаманын,
Аттың жүйрік шабанын
Болайын деп келеді

Сыналатын заманы.
Жолдың қиын, оңайын
Таудан құлап көресің.
Жалғыз аяқ тар жолдан

Шұбырып Әділ жүресің.
Кімнің еркек, қатынын,
Сол уақытта білерсің,—
Деді дағы, ер Қази

Қарасайға келеді,
Келе сөйлей береді:

—Ай, Қарасай, Қарасай,

Асыл да ердің баласы-ай.
Орақтан тудым дегенше,
Орманнан тудым десейші.
Ерден тудым дегенше,

Жерден тудым десейші.
Енеден тудым дегенше,
Желден тудым десейші.
Менімен тудым дегенше,

Ойнастан тудым десейші.
Құр алақан келгенше,
Қызылбаста өлсейші.
Өлмегенің осы ма,

Күлкі болдың досыңа!
Таба қылып дұшпанға,
Кеміттің жарым жасымды.
Тар жолға өзім кірейін,

Тіл әкеліп берейін.
Ұлықсат берші маған да,
Жалғыз өзім барайын,
Ерітпей жолдас қасыма.

Шұбар атқа мінейін,

қарасай —қази
Шұбалаңдап желейін.
Талапты Құдай оңдаса,
Бір белгі әкеп берейін.

Бір белгі әкеп бермесем,
Сол жақта жатып өлейін,—
Деді дағы, ер Қази
Шұбар атқа мінеді,

Шұбалаңдап желеді.
Қызыл туын көтеріп,
Тауға қарай жөнелді.
Қаратау үлкен күш болды,

Баруға қиын іс болды.
Жолға түскен мезгілде
Күн еңкейіп кеш болды,
Қас қарайып түн болды.

Қази бала түн қатты,
Жалғыз аяқ тар жолға
Түсіп алып, жол тартты.
Бір мезгілдер болғанда

Жарық болып таң атты.
Жаудың шықты шетіне,
Келе жатыр жақындап
Қызыл бастың кентіне.

Келіп тұрған секілді,
Дәруазаны бекітіп,
Байлап қойған бетінде,
Күркіреп жүр алдында

Жолбарыс пен арыстан.
Көрінбейді қарасы
Қалың тоғай қамыстан.
Ұмтылады Қазиға,

Айдаһар, жылан ысқырып,
Жұтайын деп күш қылды.
Астындағы шұбар ат
Секіреді ышқынып.

Алмаспен шауып барады,
Ортасынан қақ бөліп.
Даусы көкті жарады,
Қызылбастан бір белгі

батырлар  жыры
Табайын деп қарады.
Қараса адам жоқ кен,
Қауіп-қатер көп екен.

Ойлана келіп қарасам,
Адамзаттың баласы
Бара алмайтын жер екен.
Жүре алмады жол тауып,

Бара алмады ой тауып.
Осы жерге келгенде,
Ерге болды бір қауіп.
Қайғы түсті жүрекке,

Қази келіп тірелді
Жан жүрмеген түбекке.
Бара алмады жол тауып
Қызылбастың еліне.

Тірі ұстауға қызылбас
Көрінбеді көзіне.
Келіп тұрған секілді,
Қарасайдың ат алып,

Кешегі қайтқан жеріне.
Осы жерге келгенде
Атынан түсіп ер Қази,
Атты кесе қаңтарды,

Жолды тұрып байқады.
Құр алақан қайта алмай,
Сонда бір жауап айтады:

—Қарасай көкем ер екен,

Көргенін айтып жүр екен.
Қадірін білмей сөйледім,
Айтқанымды көтерді,
Қас әулие пір екен.

Абайламай сөз айттым,
Қас ақылсыз мен екен.
Қызылбастың еліне
Баратын жолы жоқ екен.

Қызылбастан тіл алмай,
Құр келгені сол екен.
Құр алақан қайта алмай,
Жалған сөзді айта алмай,

қарасай —қази
Тарығып Қази тұр екен.
Жылап жүріп Қазидың
Сондағы айтқан сөзі екен:

—Ақ Жаратқан Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Өзің жәрдем бермесең,
Басыма түсті уайым.
Тіл ұстамай құрдан-құр,

Таудан қалай құр шығайын.
Тілді қайдан табайын,
Әділге не деп барайын?!
Құр алақан барғанша,

Осы жерде қалайын.
Көрінетін адам жоқ,
Далаға қалай шабайын.
Батыр Орақ ұлы едім,

Бір тәңірдің құлы едім,
Ел қайғысын жеп едім,
Қызылбастан бір белгі
Келермін алып, деп едім.

Бұл тілегім болмаса,
Басыма бақыт қонбаса,
Талап етіп келсем де,
Бұл талабым оңбады.

Келіспеді талабым,
Өзің сақтап етпесең,
Құрыды менің амалым.
Қызылбастан бір белгі

Қолыма ұстап бармасам,
Әділге не деп барайын?!
Тілегімді берсейші,
Көз жасымды көрсейші.

Қызылбасты алдыма,
Тәңірім айдап келсейші.
Осыны айтып тұрғанда,
Күн ортадан ауғанда

Тілегін Құдай береді,
Көзінің жасын көреді.
Аруанасын жетектеп,

батырлар  жыры
Қырық керуенші келеді.
Көміршіні көргесін,
Тілегін Құдай бергесін,

Тарығып тұрған ер Қази
Қабағын ашып күледі,
Шұбар атқа мінеді.
Көміршінің алдына

Арыстандай сақылдап,
Қази шауып келеді.
Қызылбасқа барады,
Қырқын ұстап алады.

Қызылбасқа жолықты,
Қызылбас мұнан қорықты.
Қызылбастан тіл ұстап,
Хабарына молықты.

Қырқын да ұстап алады,
Төгіп тастап көмірді,
Тар жолға айдап салады.
Ер Әділдің алдына

Шұбыртып айдап барады.
Қызылбастан тіл алды,
Әділ көріп қуанды.
Жолы қандай екен?—деп,

Қолбасы жауап сұрады.
Қарасай, Қази ер едің,
Екі достым сен едің.
Қызылбастан бір белгі

Әкелейін деп едің.
Алып келдің белгіні,
Қабыл екен тілегің.
Зор екен батыр жүрегің,

Атаң Орақ ер еді,
Алған жері көп еді.
Ер де болса қызылбас,
Ат салмаған жер еді.

Сенен басқа батырлар
Уайым айтып келеді.
Қызылбастан бір белгі
Алып келдің сен деді,

қарасай —қази
Көңіл қойдым мен деді.
Жолы қандай көрінді?
Барып келген сен деді,

Хабарыңды бер деді.
Сонда Қази сөйледі:

—Оңай деп жолды қуанба,

Жолды менен сұрама.
Өзің барып көрерсің,
Бармай көңлің тына ма?!
Іздеген жауды бір көрмей,

Ер құмардан шығар ма?!
Қарасай көкем ер екен,
Көргенін айтып жүр екен.
Басқа уайым салатын

Жалғыз аяқ жол екен.
Барып келіп батырлар,
Шынын айтып жүр екен.
Жолдың бардым шетіне,

Таудың төмен бетіне,
Жетпесе, ерге уайым,
Өзінің айтқан сертіне.
Аттанып едім атпенен

Қызылбастың кентіне.
Жолды көріп байқадым,
Жолы қиын жер екен,
Жалғыз айтар мен бе едім?!

Ат бауырын жаза алмас,
Ат қиялап шаба алмас
Орғыл-орғыл құм екен.
Құмның арғы жағына

Көз жіберіп қарасам,
Терең батпақ сор екен.
Сордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,

Шалқып жатқан көл екен.
Көлдің арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Алты қатар ор екен.

Ордың арғы жағына
13–166

батырлар  жыры
Көз жіберіп қарасам,
Көлденеңі күншілік,
Айналасы айшылық

Он екі қам там ел екен.
Ханның басы Қарғаса
Алдырмайтын ел екен.
Дербент деген қаласын

Салған екен қызылбас
Таудың қиын жеріне.
Жалғыз барған ерлерді
Жолбарыс, аю, арыстан

Жүргізбейді еркіне.
Айдаһар қалды жұта алмай,
Арыстан қалды бата алмай,
Қапа болып жүр едім,

Қызылбастан бір белгі,
Қолыма алып қайта алмай.
Сыйынғаным ақ болды,
Жолдасым шұбар ат болды,

Қырық көмірші тап болды.
Қапа болған көңілім
Мұны көріп шат болды.
Ұстап алып байладым,

Жолға салып айдадым.
Келе жатып бұлардан
Жол хабарын сұрадым,
Баралмастың жері екен,

Рас екен айтқаны.
Қолыма белгі алғасын,
Одан әрі бармадым.
Не қылсаңда, ер Әділ,

Ендігісін өзің біл.
Сонда Әділ сөйледі:

—Қарасай, Қази, ер едің,

Екі достым сен едің,
Екеуің де Орақтан
Артық тудың деп едім,
Артық емес кем едің.

Кемдігіңді айтайын:

қарасай —қази
Сенің айдап келгенің
Қаңғып та жүрген көмірші.
Артық тусаң атадан,

Мінгестіріп бір қызды,
Неге алып келмедің?!
Ер деп мақтап жүрсем де,
Қоянақ, Серік, Ахмет—

Солардан артық көрмедім.
Қиын жолды көргесін,
Сенің де қашып келгенің.
Сонда Қази сөйледі:

—Қайдан білдің кемімді

Білмейсің құр тегімді?!
Қатты-қатты сөз айтып,
Қалдырып жүрсің кеулімді.
Ата тегің кім еді?

Қайдан таптың ерлікті,
Бересің кімге кемдікті?
Менің атам—Едіге
Ата жауын жаулаған,

Аруақты ер еді.
Өз дұшпанын өлтіріп,
Басын кесті деп еді.
Сенің де атаң Мейханбет

Тегінде ерлік жоқ еді.
Біреудің өшін аралаған,
Сенің де атаң сол еді.
Осы жерде мен қазір

Шұбар атқа мінейін,
Шұбалаңдап желейін,
Қолды бастап жүрейін.
Атаң болса шын батыр,

Өлшеуіңді көрейін.
Осыны айтып ер Қази,
Орақтың туын алады,
Оттай лаулап жанады.

Ашуланып Әділге,
Таласып тұрған тар жолға
Әскерін айдап салады.

батырлар  жыры
Таудан өтіп болғансын,
Әскерін жиып алады.
Сол уақытта ер Әділ

Жолды тұрып қарады,
Көзі көріп нанады.
Жан ашуы болмаса,
Жалғыздықтың жаманы,

Жалғыздық түсіп есіне,
Тұра алмады табаны.
Қарасай, Қази досына,
Сөйледі Әділ жанада:

—Қарасай, Қази, ер едің,

Екі достым сен едің.
Екі достым болмаса,
Жоқ еді менің сенерім.
Қиын жолды көргесін,

Қайғыланды жүрегім.
Қайғыланбай не қылсын?
Алды, артымда таяу жоқ,
Менде аға-іні жоқ!

Басыма қиын іс түссе,
Екі достым ат салып,
Алып шығар деп едім.
Енді жауға тиерсің,

Ат құйрығын өрерсің.
Екі достым сендерге,
Кеулімді айтып білдірдім,
Өздерің ойлап білерсің.

Сонда Қази сөйледі:

—Әділ достым сен едің,

Сенің достың мен едім.
Қарасай жауда қалса да,
Сені алармын деп едім.
Бұрынғы көңілім сол еді,

Бұл көңілімді білмедің.
Жамансың деп атадың,
Тигізіп қатты тіліңді,
Батырдың айтқан сөзіңді.

Талайыңнан көрерсің,

қарасай —қази
Өз білгенің өзіңе,
Жүре бер, Әділ, жөніңе.
«Орақ!»—деп жауға шабармын,

Шұбарды айдап салармын
Мұсылманның ары үшін,
Қара ноғай қамы үшін.
Жауда қалсаң, Әділім,

Сонда іздеп табармын.
Әділ сонда сөйледі:

—Бұл дүниеге келгесін

Аяқ басып жүргесін,
Өлерімді білгенмін.
Атадан жалғыз туғасын,
Белге жарақ буғасын,

Жалғыздыққа көнгенмін.
Жалғыз да болып жүрсем де,
Қайратыма сенгенмін.
Туысқаным, тәуекел,

Жолдас болып жүргенім,
Кісіге сеніп жүргенім.
Жақсы емес пе бұдан да,
Жауға шауып өлгенім,—

Деді дағы, ер Әділ
Ызаланып, долданып,
Алтын туын қолға алып,
Тас өткелдің аузына,

Көп әскерге қарамай,
Жалғыз шауып жөнелді.
Оның көріп шапқанын,
Атына мініп ер Қази,

Бара жатқан шауып Әділге
«Тұр!» деп айқай салады,
Қуып келіп соңынан.
Сонда Қази сөйледі:

—Әділ қайда барасың?

Жолға неге шабасың?
Жол менікі шабатын,
Менен қалай аласың?
Аламын деп жүргенде

батырлар  жыры
Бейнетті болып қаларсың.
Менен бұрын жол алмақ,
Қала бұзып ел алмақ,

Келе ме, Әділ, қолыңнан,
Ере бер Әділ соңымнан?!
Сонда Әділ сөйледі:

—Шапқан Әділ тұра ма?

Атының басын бұра ма?
Өзі білген жігіттің
Ата тегін сұрама.
Қазасы жетпей өлмейді,

Жол менікі дегенде
Қорқып жолды бермейді,
Зорлығына көнбейді.
Қорқып беріп жолымды,

Соңыңа Әділ ермейді.
Құдай дескен досым, деп,
Енді саған сенбейді.
Сендер екеу, мен жалғыз,

Жалғыз да болса тұра алмас,
Қорқып берер мен емес.
Қорқып беріп жолымды,
Болмаймын саған келемеж.

Сенен қорқар мен емес,
Ерлігім сенен кем емес.
Мықты болсаң тартып ал,
Жолымды саған бермедім,—

Деді дағы, ер Әділ
Айрылмады жолынан.
Алтын туын көтеріп,
Тастамады қолынан.

Ұрысайын деп кеселеп,
Қазидың шықты алдынан.
Атайын деп бір жебе
Суырып алды оғынан.

Екеуі жолға таласып,
Салуға қару таласты.
Таласып жолға тұрғанын
Қарасай байқап біледі.

қарасай —қази
Өзім барсам тұрмас,—деп,
Екеуі де болмас,—деп,
Қоянақ қартқа келеді.

Келе сөйлей береді:

—Қол бастаған бабам-ай,

Көпті көрген данам-ай.
Қази менен Әділдің
Таласып жолға тұрғанын
Тапсырамын саған-ай.

Екеуі де ер еді,
Екеуінің біреуі,
Болмаса еді жаралы.
Қойеке, жылдам бара көр,

Көңіліне сана сала көр.
Ұрыстырмай екеуін,
Тату қылып ала көр.
Екеуі де көзім-ай,

Менің айтқан сөзім-ай.
Бара қойсам өзім-ай,
Інісіне Қарасай
Болысуға келді дер,

Досымның келер көңіліне.
Көпті көрген көнеден
Сен ақылға кен едің.
Ұрыстырмай, Қойеке,

Жарастырар деп едім.
Мұны естіп Қоянақ,
Бозтұлпарға мінеді.
Әділ менен ер Қази

Табан жолға таласып,
Ұрысайын деп тұр еді.
Ұрысайын деп тұрғанда
Қартың жетіп келеді.

Алдыдағы Әділге
Келе сөйлей береді:

—Қырымның ханы жас Әділ,

Қырық мың қолға бас Әділ,
Табан жолға таласып,
Достыңменен, шырағым,

батырлар  жыры
Болып тұрсың қас Әділ.
Әр жерге жетті дыбысың,
Қырық мың әскер қол еді,

Қол бастаған ер еді.
Жол менікі дегенің,
Сенікі де жөн,—деді.
Жөн де болса досыңа,

Жолыңды, Әділ, бер,—деді.
Басына қиын іс түссе,
Пайдасы тиер ер еді.
Әділді сөзбен тоқтатып,

Қазиға жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:

—Орақтың ұлы ер Қази

Ашуыңды бер деді.
Ашуын тастап ер Әділ,
Жолды берді ол саған.
Арғы атаңды сұрасаң,

Баба Түкті Шашты Әзиз,
Әулие, шайық, пір еді.
Онан туған Едіге
Кереметті ер еді.

Едігенің тұрғаны
Қарулы тұрған жебе еді.
Кейінгі атаң ер Орақ
Едігенің сойы еді.

Қарсы болған хандарды
Тай-құлындай тыпыртып,
Басын кесті деп еді.
Атаң Орақ ер еді,

Жолыңды алдың ер,—деді.
Жолың болсын, қарағым,
Ашуды тастап көрісіп,
Достықпен тату бол,—деді.

Қызылбастың жауына,
Қолыңды бастап жүр,—деді.
Қоянақ екі батырды ұрыстырмай сөзбен татуластырып,
қайтадан көрістіріп, дос қылады. Қырық мың әскер тар жолға

қарасай —қази
сыймайтан болғандықтан, әскерлерді үшке бөледі. Он төрт мың
әскерге Қарасай, Қази бас болып жалғыз аяқ тар жолдан өтіп
кетеді. Он үш мың қолға басшы болып жас Әділ жалғыз аяқ тар

жол өткелге түсіп кетеді. Енді он үш мың қолға Исаның ұлы
Ахмет батыр бас болып, тас өткелге бармай, орта жолда тұрып
қалады. Жас Әділ жалғыз аяқ тар жолға түсіп жүре тұрсын. Енді
тұрып қалған Ахмет батырдан сөз есіткін. Ахмет ойға қалып,

жалғыз аяқ тар жолға түспей, кейін қайтты. Сөйтіп, әскеріне
толғап тұрғаны:

Ахмет тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Қол бастаған, Қоянақ,

Құладың таудан қиялап.
Жалғыз аяқ тар жолға
Әскерімді түсірмей,
Қайтуға тұрмын ой ойлап.

Осы жерге келгенде,
Тас өткелді көргенде,
Әскер болды үш бөлек.
Ақылдасып қайтуға,

Болашақ істі айтуға
Өзіңдей бір ер керек.
Жау қамаса тар жолда,
Бұзып-жарып өтуге

Сонда бізге күш керек.
Он төрт мыңға қолға бас болып,
Қарасай-Қази ер кетті.
Әскерін қойдай шұбыртып,

Жая бұлттай сұр еді.
Жаман, сірә, аталмас,
Орақ пенен Мамайдың
Қарасай-Қази ұлы еді.

Өздері аман жүргенде,
Әскерін жаудан қашырмас.
Тасқа шапса, қайтпайтын
Шар болаттың сойы еді.

Қызылбастың жауынан
Жеңілем деп ойламас.

батырлар  жыры
Қаһарланып шабар қалаға,
Қаланы бұзып алады.
Соңынан кеткен Әділдің

Қамауда қолы қалады.
Шығармас қолын далаға,
Ата тегі төре еді,
Тегінде ерлік жоқ еді.

Қара басы Әділдің
Жеке туған ер еді.
Жауда қалса, алатын
Туысқаны жоқ еді.

Осы сапар ер Әділ
Асылық айтып келеді.
Әділ тауда қалғасын,
Қарасай-Қази қос батыр

Қызылбасқа барғасын,
Қызылбастың әскері
Тауға қарай салмасын.
Жалғыз аяқ тар жолды

Бізден бұрын алмасын.
Қырымнан келген көп әскер
Қамауда сөйтіп қалмасын.
Осы жерден қайталық,

Болатын істі айтайық.
Бұрын барып тар жолдың
Аузын көріп қайталық.
Тауға жылдам баралық,

Тау басына қаралық.
Қызылбас көрер күн болса,
Бұл айтқаным шын болса,
Үш жерден ұрыс салалық.

Аламанды алдырмай,
Біреуін жауда қалдырмай,
Аман алып шығалық.
Бәріңе айтқан кеңесім—

Басалық жаудың жебесін.
Қол бастаған, Қоянақ
Қартым, қалай көресің.
Мақұл десең Қойеке,

қарасай —қази
Кейін қарай жүресің.
Сонда Қоянақ сөйледі:

—Қоянақ қартың мен едім,

Көпті көрген көне едім.
Бұл сөзіңді, Ахмет,
Мен де тәуір көремін.
Көрсем дағы батыр-ай,

Бір қарамай артыңа-ай,
Кейін қарай кеткенің,
Лайық па атыңа-ай?!
Қарасай-Қази қос батыр,

Қырымның ханы жас Әділ
Жан жолдасың емес пе?!
Хабар алмай солардан,
Барасың кейін, қайтып-ай?!

Бір хабарын калсайшы.
Ахмет онда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Ай, Қоянақ, қартым-ай,

Аманат ерге артық-ай.
Жау қамаса тар жолда,
Жолға түсіп қырылар,
Бізге ерген халқың-ай.

Әскерің қалар тұтылып,
Боз тұлпармен, Қойеке,
Кетерсің өзің құтылып.
Өзің аман шығарсың,

Әскеріңді қырарсың,
Қас масқара боларсың,
Бізге ерген әскердің
Обалына қаларсың.

Қартым, аңдап қарашы,
Осы айтқанды қыларсың.
Ахмет ақыл айтады,
Ақылмен алдын байқады.

Қоянақ қартың түсініп,
Бұл да кейін қайтады.
Қарасай, Қази барады
Қазбан деген қалаға.

батырлар  жыры
Қаланы бұзып ханды алды,
Шулатып жесір жанды алды,
Алды малға толады.

Қызылбастың көп қолы,
Шабылған елге қарамай,
Тауға қарап қашады.
Исаның ұлы Ахмет,

Әулие десе болмай ма.
Айтқанындай болады.
Жалғыз аяқ тар жолға
Екі әскер таласып,

Үш күн ұрыс салады.
Исаның ұлы Ахмет
Қызылбасты қиратып,
Жолды тартып алады.

Қызылбас тағы көбейіп,
Жолды тағы қамады.
Сол уақытта Ахмет
Және бір толғап қарады.

Қоянақ қартым, көрдің бе?
Енді маған сендің бе?
Қызылбас жауы қайтадан
Қаптағанын көрдің бе?

Көз жіберіп қарасам,
Мына жаудың көбін-ай.
Қызылбастың көбінен
Қорқайын деді көзім-ай.

Жолға түсіп жөн тартып,
Жүре де бергін көбің-ай.
Ағайынды бесеуміз
Жаудың алдын кеселеп,

Тоқтатайын өзім-ай.
Жаудан қолды қорғайын,
Келсе менің шамам-ай.
Әскерімді түсіріп,

Көп ұятқа қалмайын.
Ұзын айдар қоңырат,
Қайрат қылсаң бүгін-ай.
Әскерімді алдырсам,

қарасай —қази
Осы бүгін шалдырсам,
Бізге де болар өлім-ай.
Осылай деп Ахмет

Көпке толғап қарады.
Қартайса да Қоянақ,
Жауды көріп тұрмады,
Боз тұлпары тулады.

Үзеңгісін ұзартып,
Құйысқанын қысқартып,
Қолдың артын қорғады.
Көп Қызылбас ізінен

Құрдай шулап қалмады.
Исаның ұлы Ахмет
Алабас атты қамшылай,
Қиялап жолды қорғады.

Осы бүгін батырлар
Бір тарқатты құмарды.
Жалғыз жарым болмаса,
Көп әскерді түсірмей,

Жаудан алып шығады.
Ахметті ала алмай,
Қызылбас таудан құлады.
Ахмет шығып кеткесін,

Жолдың аузын жабады.
Биіктегі қырық аршын
Басына қала салады.
Шетте қалған көп әскер

Осы жолға шығар деп,
Күтіп жатты жағалай.
Осы жолдан шығар деп,
Ер де болса Қарасай,

Бұзып-жарып шығад деп,
Бізіңменен Қарасай
Бір кете алмас алыспай.
Сол уақытта қамалық,

Таспен ұрып жығалық.
Қол бастаған батырды
Қамап ұстап алалық.
Осы жолдан шығармай,

батырлар  жыры
Әскерін қамап қыралық.
Көп Қызылбас кеңесті,
Ақыл, айла табады,

Жолды мықтап жабады.
Жалғыз аяқ тар жолды
Қызылбас алып қалады.
Көп Қызылбас жиылып,

Салды мықты қаланы.
Қызылбас жолдың аузын алып жата берсін, Қарасай—
Қазидың Әділ досынан хабар берейін. Қарасай—Қази Қазбан
деген қаланы алып, алты күндей сол жақта болады. Енді

Әділден хабар берейік. Әділдің әскері жалғыз аяқ тар жолда
келе жатқанда Қарғасаның көп әскері келіп, жолдың екі жағын
алып қалады. Әділдің әскері осылай қамауда қалады.
Қарасай-Қази қос батыр

Тас өткелден өтеді.
Қазбан деген қалаға
Бұлар да барып жетеді.
Қазбанды шауып алады,

Алты күн сонда болады,
Олжаға алды толады.
Қызылбаспен ұрысып,
Ахмет шығып кетеді.

Қамауда қалып ер Әділ,
Бұған не амал етеді.
Жолдан шығып бұрылса,
Сорға батып кетеді.

Қызылбас жауы көп еді,
Өзіне мәлім ел еді.
Батпақ сордың ішінде
Қара таспен бастырып,

Құлып салған жер еді.
Жеті жерден ту алып,
Әділді көріп қуанып,
Шығар аузын бөгеді.

Келе жатып ер Әділ,
Аңдып тұрған алдында

қарасай —қази
Көп дұшпанды көреді.
Не де болса көндім деп,
Қарсы жүріп келеді.

Атқа мініп ұрысар
Ашық жері жоқ еді.
Бұрыла түсіп кететін—
Екі жағы сор еді,

Жүретін жолы жоқ еді,
Енді амалы құрыды.
Түсе қалып атынан,
Табанын жауға тіреді.

Сол күндері Әділдің
Пірі есінде жоқ еді.
Жеті жаста желденген,
Оқ атып жаста үйренген,

Жүрегі тастан жаралған,
Бір өзі мықты жаралған
Жеке туған ер еді.
Ер Сүлеймен дейтұғын,

Жан жолдасы сол еді.
Екі жерден оқ атып,
Қиратып жауды жүр еді.
Кіші бесін болғанда,

Атысып жаумен тұрғанда,
Ер Сүлеймен оққа ұшып,
Қайтыс болды дүниеден.
Досы оққа ұшқасын,

Атыса берді бір өзі.
Қасындағы көп әскер
Енді өлерін біледі.
Тұрған жері батпақ сор,

Әскері жаман жүдеді.
Күн кеш болып барады,
Қызылбас жауы қамады.
Әділдің қолын шығармай,

Жолдың аузын алады.
Ер Әділдің басына
Ақырзаман салады.
Атысып тұрған Әділдің

батырлар  жыры
Ортасынан сарт етіп,
Саржасы сынады.
Сол уақтары жас Әділ

Бармағын тістеп жылады.
Атайын десе жағы жоқ,
Енді не амал қылады.
Сонда тапқан амалы—

Тұлпарына мінеді,
Алмасын Әділ суырып,
Қызылбасты шабады.
Қылышын Әділ сермеді,

Жауды көзі көрмеді.
Жалғыз өзі ұрысып,
Әскерін жауға бермеді.
Жазылып ұрыс салғанда,

Жауға алдырар ер ме еді!
Таусылатын жау емес,
Толып жатыр өлгені.
Қабат-қабат әскерге

Әділ шауып кіреді.
Кейін қайтып шығуға
Терең қабат сор еді,
Бір жағы батпақ көл еді.

Көлге жалғас бір жағы
Алты қабат ор еді.
Ат жазылып шабатын
Ашық жері жоқ еді.

Жолын алып тұр еді,
Қолын қорғап ер Әділ,
Жалғыз ұрысып жүреді.
Ақ шалмалы бір қожа

Ер Әділдің пірі еді.
Жеті пірдің ішінде
Кәрәматты пір еді.
Осы күнде Әділдің

Пірі есінде жоқ еді.
Пірден жәрдем сұрамай,
Күшіне сеніп жүр еді.
Іскенжедей қысылып,

қарасай —қази
Жан базары құрылды.
Әділдің ұрысқан жерінде
Көп қызылбас қырылды.

Жалғыз аяқ тар жолдан
Ұрысып жүріп бұрылды.
Астындағы тұлпардың
Тайып кетіп тұяғы,

Батып сорға жығылды.
Батпақ сордың ішінен
Боз тұлпардың күшімен
Шығайын деп ұрынды.

Шыққан сайын түседі,
Бауырлап сорды кешеді.
Соныменен жүргенде,
Болдырмай тұлпар не етеді!

Жазылып ұрыс сала алмай,
Күн батуға таялды,
Аты қалды жарамай,
Қас қарайып, күн батты,

Алды болды қараңғы,
Атына басты қамшыны.
Маңдайдан тер тамшылап,
Атына көңілі қалады.

Әділ мінген Қызыл ат
Әбден қалды қалжырап,
Шабысынан танады,
Тарығып Әділ жылады.

Арманы күшті ерлердің,
Бармағын тістеп өлгені—
Асудан-асу, бел жерге,
Алты айшылық жол жерге,

Белгісіз тұлпар мінгені.
Жалғыз болса атадан,
Қапа шегіп жүргені,
Арманда ердің өлгені.

Тұлпар атым болдырды,
Атты кімнен мінемін?
Жалғыздық түсіп басыма,
Кімнен көмек тіледім?

14–166

батырлар  жыры
Туысқан аға менде жоқ,
Енді кімге сенемін?
Жалғыздықтан жаман жоқ,

Ел көретін заман жоқ.
Құдай Тағалам жаратты,
Бұған қылар амал жоқ.
Қарасай-Қази болмаса,

Жаны ашитын маған жоқ.
Ар-намысты бастайтын,
Елді аяққа баспайтын.
Екі достым болмаса,

Жалғыз туған қасқамын.
Аламанды алдырып,
Басымды алып қашпайын.
Тазадан тұлпар мінейін,

Қолыма қайтып барайын,
Аңдыған жауды көрейін.
Қамалып тұрған әскердің
Жолын ашып берейін.

Бере алмасам алдымен,
Ұрысып өзім өлейін,—
Деді дағы, ер Әділ
Атына қамшы басады,

Ат болдырып шаршады.
Төңірегі Әділдің
Қызылбас жауы қалмаған,
Адасқанын біледі.

Әділ жылап келеді,
Жылағанда не деді:

—Сапарым менің оңбады,

Басыма бақыт қонбады.
Жығылдым тайып басынан,
Жолдасым кетті қасымнан.
«Әділ жауда қалды» деп,

Әрбір жерге ат кетті.
Кетті демей не дейін,
Тұлпарымнан әл кетті.
Адастым мен жолымнан,

Шеттеп кеттім қолымнан.

қарасай —қази
Алты қатар қандекке
Астымдағы Қызылды
Айдап салдым, тәуекел,

«Шу, жануар, қарғы!»—деп.
Жануар, тұлпар Қызыл ат—
Жал-құйрығы ұзын ат.
Алты қатар қандектен,

Осыдан сені қарғытсам,
Болар ма екен себебің?!—
Деді дағы, атына,
Екі көзін ер Әділ

Тарс жұмып алады.
Қамшы басып Қызылға,
Орға айдап салады.
Қамшының тиген жерінен

Қан сорғалап ағады.
Жанға батса жалтаң жоқ,
Қызыл ат қарғып қарады.
Алты қабат қандектен

Созылып қарғып барады.
Алдымен қысқа жазады,
Төртінші орға кідірмей,
Мұнан да өтіп барады.

Бесінші орға барады,
Мұнан да қарғып қарады.
Алтыншы орға кіргенде,
Одан қарғи бергенде,

Сүрініп кетті тұяғы,
Тайып кетті аяғы,
Орға барып түседі.
Артқы екі өкшесі,

Орға түсті бөксесі.
Өмілдірік үзіліп,
Еріменен сыпырылып,
Әділ орға түседі.

Әділді тастап Қызыл ат,
Ордан шығып барады.
Қол бастаған ер Әділ
Жалғыз өзі шырқырап,

батырлар  жыры
Орда осылай қалады.
Түскенін ешкім білмеді,
Қарасай-Қази көрмеді.

Енді мұны қандектен
Кім шығарып алады?!
Әділдің түсіп қалғанын
Қызылбастар көрмеді.

Қамап тұрып ноғайды,
Тар жолға әкеп қырады.
Бірсыпырасын бұлардың
Тірілей ұстап алады.

Дербентте әскер көп еді,
Қаласы мықты зор еді,
Аламын деп келеді,
Әділдің түсіп қалғанын

Қарасай-Қази білмеді.
Тас өткелге келгенде,
Әділге ерген әскердің
Қырылғанын көреді.

Жоқ болғанын Әділдің
Енді досты біледі.
«Досым жоқ»,—деп, ер Қази
Қарасайға сөйледі:

—Қарасай аға, туғаным,

Білдің бе Құдай ұрғанын?!
Дұшпанның кеулі тынғанын,
Досымның белі сынғанын.
Шұбар атқа мінейін,

Жауда қалған досымның
Өлі-тірісін білейін,
Өлмесе тауып келейін.
Досымды іздеп келмесем,

Өлі-тірісін білмесем,
Таңда мақшар күнінде,
Жүзін неғып көрейін!
Қырымға қайтып барғанда,

Шешесі сұрап тұрғанда,
Не деп жауап берейін?!
Өлді деп күдер үзбейін,

қарасай —қази
Жауап бер, аға, іздейін.
Аман болсам, келермін,
Қазам жетсе өлермін.

Жазатайым іс болса,
Ақыретте көрермін.
Қарасай сонда сөйледі:

—Ау, Қазиым, туғаным,

Сен едің менің қорғаным.
Сені жалғыз жіберсем,
Көңіліме сыймас арманым.
Алдыңда биік тауың бар,

Тауда мықты жауың бар.
Қырғанменен таусылмас,
Көрмеген жауың тағы бар.
Қаратауға баралық,

Құдай берсе тілекті,
Сонда бір жауды алалық.
Жалғыз аяқ тар жолдан
Сонан арман өтелік.

Жауда қалған досыңды
Сонан соң іздеп табалық,—
Деді дағы, Қарасай
Қазиды ұстап жібермей,

Жетегіне алады.
Қаратаудың баурына,
Бұл жетелеп барады.
Үш күншілік жол еді,

Тынбай жүріп келеді.
Намаздыгер уақытта
Жау қарасын көреді.
Қарасай тағы сөйледі:

—Қази, жаным, қарағым,

Алалық жаудың бұлағын.
Суға барып алғасын,
Бұзалық жаудың қамалын,
Жатқанын жаудың көрдің бе,

Табан жолдың шетінде?
Осы жолдан шығар деп,
Жатқанын аңдып көрдің бе?

батырлар  жыры
Жау екен, мықты қауіпті,
Жолдың аузын жауыпты.
Жалғыз аяқ тар жолды

Бізден бұрын алыпты.
Жалғыз аяқ тар жолға
Қаланы мықтап салыпты.
Қас қарайып, күн батсын,

Қаласына жау жатсын.
Қызылбасқа тигенде
Қызығына тау батсын.
Атаның тауын алайық,

Түнге қарай шабайық.
Екі жерден құйылып,
«Орақ!» деп айқай салайық.
«Орақ!» деген даусымыз

Қара тасты жарсын-ай.
Қалада жатқан әскердің
Құлағына барсын-ай.
«Қарасайдың қолы» деп,

Дұшпан сасып қашсын-ай.
Қаланың ішін босатып,
Қызылбас кетсін қашып-ай.
Жаудың кетіп амалы,

Қашып болсын түнімен,
Тарылғасын заман-ай,
Босып болар түнімен.
Таудан шыққан самалдай

Тастап қашар қарамай,
Еңбекпен салған қаланы-ай.
Таң атқанша тар жолды
Ұрысып, тартып алайық.

Екі батыр кеңесіп,
Әсерді болды үлесіп,
Түнде барып тиюге,
Қолын алды бөлісіп.

Көтеріп туын бұлғады,
Қази тұрып толғады:

қарасай —қази

—Қас қарайып, түн болды,

Енді бізге іс болды.
Қарасай аға, сенімен
Екі айрылар күн болды.
Жауға жалғыз тиемін,

Жау ілімін білетін
Маған сүйеу сен едің.
Екеуіміз бірге жүргенде,
Жау ала алмас деп едім.

Енді айрылар күн болды,
Екі талай жер болды.
Құлағың салып жүргейсің,
«Қази қайда?» дегейсің!

Мен қалатын күн болса,
Шақырамын «аға!»,—деп,
Сонда аға келгейсің.
Сен қалатын күн болса,

Шақыруға ар етпе,
Ініңді аға зая етпе.
«Қарағым» деп шақырсаң,
Қиын да болса табармын.

Бауырым деп ат қойып,
Айырып жаудан алармын,—
Деді дағы, екеуі
Екі айрылып барады.

Көтеріп алған қызыл ту,
Мысалы, оттай жанады.
Күншығыстан Қарасай,
Күнбатыстан ер Қази

«Орақ!» деп жауға шабады.
«Орақтаған» дауысы
Жер дүнияны жарады.
Қалада жатқан әскердің

Құлағына барады.
«Қарасай-Қази келіпті,
Екі жақтан тиіпті.
Қаладан шығып кетейік,

Бізге салар бүлікті.
Келсе, бізді қоймас,—деп,

батырлар  жыры
Мұнда тұрып болмас»,—деп,
Түнімен қашып болыпты.
Қашып барып тығылды

Таудағы ылғи жыраға.
Иесіз тастап кетіпті
Еңбекпен салған қаланы.
Қызыл-жасыл туларын

Қолдарына алады.
Жалғыз аяқ тар жолға
Ноғайлар түсіп барады.
Тауды тастап қызылбас,

Қайтқан екен қалаға.
Орта жолда екеуі
Жолығыпты далада,
Қалаға кіріп шабады.

Қызылбастың ішінен
Әділ достын қарады.
Менің достым қайда?—деп,
Қызылбастың біреуін

Ұстап алып сұрады:
«Тауып бер»,—деп қырады,
Найзасы түспей қолынан,
Екі батыр тиеді,

Кіріп-шығып жүреді.
Оңы менен солынан
Қарулары жарқылдап,
Тебінгісі сартылдап,

Қырып-жойып келеді.
Қызылбасты алқымдап,
Таялыпты сол кезде,
Жау жағаға жақындап,

Досын іздеп екеуі,
Басын салды ортаға.
Ердің сойы болғасын,
Бұлар жаудан қорқа ма?!

Қызылбасты шабады,
Әділ достын қарады.
Соңғы ұрыс зор болды,
Көргендер қайран қалады.

қарасай —қази
Қараңғы тұман шаң болды,
Шаңға аралас қан болды.
Қала өртеніп жанады,

Алты күндей соғысты
Зор соғыс деп санады.
Жауда Әділ ер қалды,
Енді өлмеген не қалды?!

Қарасай-Қази қос батыр
Әділ досын таба алмай,
Қызыл қанға боялды.
Алты күндей соғысты,

Аспан менен жерден де
Әділ досын таба алмай,
Қайда екенін біле алмай.
«Әділмісің, сен?»—деді,

Қызылбасты танымай.
Қорыққанынан қызылбас:
«Әділ досың—мен»,—деді.
«Әділ болсаң, досыма-ай,

Кел, артыма мін»,—деді.
Алып шығып қараса,
Қызылбастың адамы.
«Өлер жерің осы»,—деп,

Қақ жүректен шаншыды.
Әділ досын екеуі
Алты күндей іздейді.
Табылар деп бір жерден

Әлде де үміт үзбейді.
Екі тұлпар жануар
Сүйегі қызып ойнады,
Секіруді қоймады.

Соғыс болды алты күн,
Екі батыр аянбай,
Таусылатын жау емес,
Жау жағаға таялды.

Алты күндей соғысты,
Қарасай болды жаралы,
Аяқ-аяқ қан құсты.
Шыбын жаннан баз кешіп,

батырлар  жыры
Тұрған екен таба алмай.
«Шырағым, Қази қайда?»—деп,
Найзасына таянып,

Жарасынан қан ағып,
Тұрған екен шақырып,
Жүр екен Қази таба алмай.
Зарлап тұрған ағасын

Қазидың көзі шалады.
Шұбар атты қамшылап,
Көзінің жасы тамшылап,
«Бауырым!» деп шабады.

Жетіп келді қасына,
Ойлады Қази осылай:
Енді бір қайран көресің,
Асыл ердің сойы деп,

«Жамансың» деп қыздырсам,
Көтерер ме екем басын-ай?!
Жанына келіп қарасам,
Түзеліп батыр кетер ме,

Жай-бұлттың сойы еді,
Ашуланып, долданып,
Түзеліп батыр кетер ме?
Қолтығынан демесем,

Бір жағынан сүйесем,
Тау басына жетер ме.
Ашуын қайрап келтірсем,
Жарағы себеп етер ме,—

Деді дағы, ер Қази
Қасына жетіп келеді.
Қамап тұрған қызылбас
Қазидан қашып кетеді.

Қан құсып тұрған ағасын
Қази сонда көреді.
Жараны Қази көргесін,
Көзінің жасын төгеді.

«Неғып тұрсың, аға?—деп—
Қызылбастан жапа жеп».
Келіп сөйлей береді:

қарасай —қази

—Неғып тұрсың, Қарасай?

Батып тұрма жаныңа,
Жаудың салған жарасы-ай?!
Жауға сырын алдырмас,
Жетпесе ердің қазасы-ай.

Аз да болса, көп болар,
Сабырсыз ердің жазасы-ай.
Шыдамсыз боп жараға,
Мұнша неге кем болдың,

Ер кісінің баласы-ай?!
Осындайда айрылар
Жақсы менен жаманның
Екеуінің арасы-ай.

Атадан бірге тусаң да,
Туыпсың жаман шамасы-ай.
Қылыш тисе, шорт сынып,
Найза тисе, морт сынып,

Жасық болып атадан,
Туыпсың жаман шамасы-ай?!
Айтушы еді анам-ай,
Ана сыншы деп еді,

Өзінен туған балаға-ай.
Атадан бірге туса да,
Бәрі бірдей бола ма?!
Атамыз Орақ ер еді,

Ақылға атам кен еді.
«Қарасай адам болмас»,—деп,
Атам сондай деп еді.
Қази жауға тигенде

Бұзар деп еді жебені.
Қарасайды туғанда
Кем болғанның себебі:
Есердің қара тасына

Жерік еді ол деді.
Сол себепті Қарасай
Кем болып туған,—деп еді.
Қарасай сонда сөйледі:

—Айналайын, шырағым,

Жаудан аман шығармын.

батырлар  жыры
Айналайын, Қазижан,
Мені мінесең боларсың.
Мені қорғап жүргенде,

Өзің түсіп қаларсың.
Жауда қалған ағаңды
Бұл дүниеден таппассың,
Ақыретте табарсың.

Қарасай қандай ер еді?
Менен күдер үзеді,
Үміт үзбей не қылсын,
Жарасы мықты бар еді.

«Қайғыны жаман жама» деп,
Ағасының жарадан
Қуатының кеткенін,
Сонда Қази біледі.

Қолтығына қол салып,
Келіп басын сүйеді.
Осындайда болмаса
Жақынды неге тіледі?!

Туысқанның себебі
Тар жерде тиер көмегі.
Туғаны жоқ жалғыздың
Жауда қалар сүйегі.

Қарасайды қалдырмай,
Қази сүйеп келеді.
Жауға көзін салады,
Қаны судай ағады.

Ағасын сүйеп жетелеп,
Жаудан алып шығады.
Ағасын алып аяңдап,
Айдын көлге келеді.

Ағасының жарасын
Көлде жатып бағады.
Ақ дәрісін аюдың
Жарасына жағады.

Он күн бағып ағасын,
Жарадан жазып алады.
Енді қайтып бара алмай,
Досын іздеп таба алмай,

қарасай —қази
Арманда болып екеуі,
Қайтып кетіп барады.
Әділ досы шырқырап,

Баяғы орда қалады.
Енді ер Қази қызылбаста ағасын қалдырмай, өздері де
жауға алдырмай қайтады. Қарасай жаралы болып елге екеуі
қайтқасын, қызылбас та еліне қайтады. Тас өткелге барғанда ер

Әділдің қолын көреді. Өлген адамның қалған олжасын тереді.
Олжасын теріп жүргенде орға түскен Әділді көреді. Қараңғы
ордың ішін жарық қылып тұрған Әділді қызылбастар көріп
«мен ұстаймын, мен ұстаймын» деп таласып, орға түсіп қалады.

Сол уақытта ер Әділ қолындағы қорамсақпен жақындағанын
ұрып жығып, ұстатпай жүреді.
Қамап тұрып қызылбас,
Әділден жауап сұрады.

Орға түскен сұм болса,
Шыныңды айтшы, бейшара,
Бұл не деген жер еді,
Әрбір жерден зор еді.

Ердің сойы Едіге
Бұл келмеген жер еді.
Едіге ұлы Нұрадын—
Бұл келмеген жер еді.

Нұрадын ұлы ер Мұса,
Бұл келмеген жер еді.
Орақ, Мамай, Қобыланды,
Бұл келмеген жер еді.

Ыспандияр, Төреқұл,
Бұл келмеген жер еді.
Он екі ханның елі еді,
Әр патшадан зор еді.

Аттаныс салған жеріме,
Бүлік салған еліме,
Жылатқан қатын, баламды,
Қазбан деген қаламды

Шауып кеткен әскердің
Қолбасшысы кім еді?

батырлар  жыры
Сонда Әділ сөйледі:

—Қамап тұрған қызылбас,

Қолыңа түсті біздің бас.
Аяқ-қолым босатып,
Жіберер деп жалынбас,
Аяғыңа бас ұрмас.

Менің атым—ер Әділ,
Қорқып атын жасырмас.
Қырық мың әскер қолменен,
Жалғыз аяқ жолменен,

Үш бөлініп, үш жерден
Тиіп едік қолыңа.
Алдыңғы тиген көп әскер—
Қарасай-Қази қос батыр.

Қазбан деген қаланы
Шапқан шығар солар-ай.
Екінші әскер мен едім,
Жалғыз аяқ тар жолға

Түскенімде, қызылбас,
Ортаға алдың қамалап.
Қамап алдың жолымды,
Қолымды қорғап тұрғанда,

Ортасынан сарт етіп,
Садағым екі бөлінді,
Тұлпарым орға жығылды.
Секіріп шыға бергенде,

Өмілдірік үзілді.
Сыпырылып мен түстім,
Қараңғы ордың ішіне,
Таба алмадым жөнімді.

Қыдырып жүріп, қызылбас,
Мені көріп жүгірдің.
Ұстаймын деп тұрғанда,
Талайыңды қырғанмын.

Орға түсіп, қызылбас,
Ақыл тауып тағы да,
Қазған ордың ішіне
Топырақты суырдың.

қарасай —қази
Көрсетпедің көзімді,
Ұстап алдың өзімді.
Әділдің түскен орына

Көп қызылбас келеді.
Қараңғы орды шамшырақ
Қылып тұрған Әділді,
Олжа қарап жүргенде,

Көп қызылбас көреді.
Осы келген қызылбас
Бұл соғыста жоқ еді.
Әділді қырған қызылбас

Қарғасаның қолы еді.
Қарғасаның батыры
Баршасынан зор еді.
Үш бөлініп, үш жерден

Соғыс қылды деп еді.
Көп олжаға тап болып,
Олжа теріп жүргенде,
Әділді көріп қалады,

Таласып орға түседі.
Бірінен-бірі қызғанып,
Мен ұстайын десе де,
Сол уақытта ер Әділ

Қызылбастың үстіне
Топырақты шашады.
Қасына түссе жібермей,
Жолбарыстай басады.

Ұстай алмай қызылбас,
Ордан шыға қашады.
Оң келгенін оң ұрып,
Сол келгенін сол ұрып,

Терең ордың ішінде,
Сала берді ұрысты.
Әділді ұстап ала алмай,
Қасына жақын бара алмай,

Қызылбас жаман сасады.
Көп қызылбас қамады,
Жүгіріп жүрген ер Әділ

батырлар  жыры
Қолына кесек алады,
Жіберіп келіп қалады.
Бірінің көзін шығарып,

Бірінің басын жарады.
Ұстай алмай қызылбас,
Бір бәлеге қалады.
Көп қызылбас сөйлесіп,

Ақыл-айла табады.
Қолдарына қызылбас,
Бір-бір белден алады.
Топырақты құлатып,

Төбесінен құяды.
Топырақпен бастырып,
Әділді ұстап алады.
Мықтылығын білген соң,

Екі қолын артына
Шегелеп құрсау салады.
Шынжыр тағып мойнына,
Ордан алып шығады.

Қолға түскен жас Әділ—
Екі қолы байлаулы,
Енді не амал қылады?!
Қолға түсіп қор болып,

Көзі жайнап тұрады.
Атаңа нәлет қызылбас,
Білгенің болса, аяма!
Мен де саған бір күні

Жеткіземін өлімді,
Көрсетемін көрімді.
Босатса Құдай қолымды,
Сұрасаң менің жөнімді,

Қырымның ханы мен едім,
Қол бастаған ер едім.
Қызылбасты қиратып,
Жесірін қойдай шулатып,

Шауып алсам деп едім.
Тұлпар орға жығылып,
Болмады қабыл тілегім.
Өлсем, өліп кетермін,

қарасай —қази
Егер өліп кетпесем,
Білгенімді етермін.
Екі достым сау болса,

Түбіңе ақыр жетермін.
Қызылбас ханы сөйледі:

—Қол бастаған хан болсаң,

Әділ деген шын болсаң,
Мойныңа қамыт ілесің,
Алты арбаны жегемін.
Алты арбаның үстіне,

Толтырып тасты үйемін.
Мықтысынған батырдың
Күшін сүйтіп көремін.
Әділ хан болсаң сен өзің,

Жазаңды сөйтіп беремін.
Осыны айтып қызылбас,
Қолын байлап әкелді.
Қазбан деген қалаға

Әділді айдап келеді.
Мойнына қамыт іледі,
Алты арбаны жегеді.
Алты арбаның үстіне

Бір қызылбас мінеді.
Арбаға жеккен Әділді
Шыбықтап айдап келеді.
Қарасай бұзған қаланы

Әділді жегіп түзеді.
Айдап жүрген қызылбас,
Қолына алды көк шыбық,
Әділге болды көп қызық:

Арбаға тас тиеді,
Алты арбаны ер Әділ
Өгіздей өрге сүйреді.
Қаһарланып тартқанда,

Үзіледі арқаны.
Арқан қиып арқасын,
Жанына қатты батады.
Жанына жақын келуге,

Қызылбас та қорқады.
15–166

батырлар  жыры
Бұрынғыдай Әділдің
Еркелейтін елі жоқ—
Алты арбаны сүйретіп,

Жолға түсіп жортады.
Қарасай бұзған қаланы
Әділге жегіп арбаны,
Алты айда түзеп алады.

Қаланы түзеп алғасын,
Тағы да қастық ойлады.
Әділге тезек тергізіп,
Қол-аяғын тұсады.

Тісімен тезек тереді,
Қорлықты Әділ көреді.
Бір қызылбас жасауыл,
Тергізіп тезек жүр еді.

Арбаға тиеп тезегін,
Кеш болғанда келеді.
Өліп-талып келгенде,
Жана бір азап береді.

Мұндай азап-қорлықты
Көремін деген ойда жоқ,
Басқа түссе амал жоқ.
Және бір жерге айдайды,

Бір азапты сайлайды.
Табанына тас салып,
Бекітіп мықтап байлайды.
Күні-түні азапта

Әділдің соры қайнайды.
Қимылдарға дәрмен жоқ,
Екі көзі жайнайды.
Бұл да қылған Әділге

Қызылбастың қастығы—
Қызылбастың баласы
Қозы-лақтай секіріп,
Басына шығып ойнайды.

Қуалап ұстар халі жоқ,
Жамбастап жатып жайменен,
Қолына түскен баланы
Қашырлатып шайнайды.

қарасай —қази
Қызылбаста көп екен,
Алма деген бір жеміс.
Тамағына Әділдің

Ол кеш пенен бұл кешке
Жарым алма жейді-міс.
Қадірін білген жақсылар:
«Қолға түсіп қор болды—

Ардақтаған ер екен.
Еркелетіп өсірген,
Шырақ-ай өзі» дейді-міс.
Қадірін білмес жамандар:

«Жарты алмаға тоймайды,
Бір жаман ғой» дейді-міс.
Күні-түні азапта,
Болып жүрді еңбегі еш.

Әділ жүрді азапта,
Тыныш көрмей жазы-қыс.
Сөйтіп жүрген сорлыға
Қырым жақтан келеді,

Ұшып та жүрген қара құс.
Қырымдағы Байбикеш ханымнан сөз. Әділ жауға кеткелі бі­
раз айлар өтті, жылдардан жылдар өтті. Жауға кеткен жалғыз
келмеді. Не болғанын білмеді. Екі мұңдының басынан билік

кетіп, Омар мен Оспан құл дүниеге билік етеді. Сөйтіп, екі
нашардың басына қорлық жетеді.
Келмегесін жас Әділ,
Екі мұңды нашардың

Қорлығы жоқ көрмеген.
Зәбірі жоқ бермеген,
Тек жаны бар өлмеген.
Қырық мың қолға бас болып,

Кеткелі Әділ келмеген.
Омар менен Оспанқұл
Мал мен басты билеген.
Қызығы жоқ көрмеген,

Жорғасы жоқ жүрмеген.
Ер Әділдің барында,

батырлар  жыры
Мінбек түгіл жорғаны,
Орынсыз қатты күлмеген.
Құдіреттің ісіне

Салса пенде көнбей ме?!
Екі мұңды жыласып,
Төңірекке қарасып,
Төбеден түспей еңіреп.

Еңіремей не қылсын,
Жауға кеткен жалғыздың
Не болғанын білмеген.
Қызы жылап тұрғанда,

Қызылбас жақтан келе жатқан,
Ауыр әскер қол көрді,
Қол бастаған ел көрді.

—Келе жатқан Әділ жоқ,

Айналайын анам-ай,
Маңдайдағы панам-ай.
Келе жатқан әскердің
Ішінде Әділ балаң жоқ,

Мен қайтейін жыламай?!
Құлағанға ұқсайды,
Алтын сарай қалаң-ай.
Жауға қалғанға ұқсайды,

Жалғыз Әділ балаң-ай.
Тапшы қылды Құдайым,
Іні менен ағаға.
Қарасай-Қази қос батыр

Келе жатқан қолда жоқ.
Әділ түсіп қалғасын,
Қайырылған шығар соған-ай.
Атадан бесеу туғасын,

Жоқ шығар, ана, арман-ай.
Жолдастары қасында,
Көп жолдасы маңында.
Айсаның ұлы Ахмет

Келе жатыр аман-ай.
Алдынан шығып Ахметтің,
Білейін сұрап анам-ай,—

қарасай —қази
Деді дағы, Ылия
Екі етегін түрінді,
Аш күзендей бүгілді.

Ахметтің алдынан
Екі мұңды жүгірді,
Көзінің жасы төгілді.
Ахмет көріп, тұра алмай,

Атының басын бұра алмай,
Қарамай кетіп барады.
Екі мұңды жүгіріп,
Көзінен жасы төгіліп,

Алдынан шығып оралды.
Қарсы шығып алдынан,
Ағасының хабарын
Ылия келіп сұрады:

—Ахмет батыр, ағамсың,

Басыма қайғы салғансың.
Хабарын айтпай ағамның,
Қайда қашып барасың?
Бірге кеткен жолдасың,

Жұрт сыйлаған қолбасың—
Менің ағам Әділдің
Неге айтпайсың хабарын?!
Қарасай-Қази ер қайда?

Оған ерген қол қайда?
Қол бастаған ер Әділ,
Жалғыз көкем бұл қайда?
Жан жолдасың бұл да жоқ,

Әскеріңмен есен-сау,
Бесеуің аман келесің.
Келгеніңнен не пайда?!
Сендердей болып көкемді,

Бір көретін күн қайда?!
Келеді аман туғаның,
Ахмет батыр, айта кет,
Көкемнің қайда қалғанын?

Ахмет сонда сөйлейді:

—Көкең аман, жылама,

Жыламай кеулің тына ма?!

батырлар  жыры
Көкең аман келгенше,
Жыламасқа бола ма?!
Көкең аман келеді,

Қосыласың аман-сау
Кеткен Әділ ағаңа-ай!
Ілия жылап мұңайып,
Сыйына берді Құдайға.

Қарасай-Қази жолдасы,
Жалғыз ағаң ер Әділ,
Басшы болып келеді,
Кейінгі әскер ноғайға.

Қарасай-Қази жолдасы,
Жалғыз ағаң ер Әділ,
Басшы болып келеді,
Кейінгі әскер маңайда.

Қарасай-Қази маңайда,
Алды толы асылға.
Қызыл басты бүлдірген,
Жүректен найза ілдірген.

Аман-сау Әділ келеді,
Хабарым осы білдірген.
Сонда Ылия сөйледі:

—Ахмет, жалған айтасың,

Белгілі ойлап байқасам,
Қиғаштау, Қаратауды алсаң,
Қызылбастай жауды алсаң,
Алып қайтқан олжаң жоқ.

Неге босқа қайтасың?
Жалған неге сөйлейсің?!
Сөзбен көңіл демейсің,
Рас болса айтқаның,

Неге озып келмейсің?!
Сүйіншіге, Ахмет,
Мені алып неге сүймейсің?!
Ойлап тұрмын, Ахмет,

Осы сөзің бекер, деп,
Қайғымен көңіл өтер, деп.
Қарындасы Ылия
Көрінгеннің қолында

қарасай —қази
Олжа болып кетер,—деп,
Ілия толғап еңіреп,
Ахметке сенбеді.

Осы сөзді айтты да,
Ахмет батыр жөнеді.
Екі мұңды жылады,
Қайғыланып толғады.

Қарасай менен Қазидың
Жолын тосып тұрады.
Бір күндері болғанда,
Қосарланған зор қатар

Қызылбас жақтан шығады.
Екі мұңды пақырдың
Алыстан көзі шалады.
Анасына Ылия

Сонда толғап қарады:

—Айналайын, анама-ай,

Көрдің бе анау қараны-ай?!
Қарасай-Қази сықылды,
Келе жатқан солар-ай.
Өздері аман келатыр,

Көрінбейді балаң-ай.
Өзі жалғыз болғасын,
Жауға түсіп қалғаны.
Келе жатыр қасында

Туысқан Қази інісі.
Тастап кеткен білемін,
Жалғыз туған қасқаны,—
Деді дағы, бейшара

Зар жүгіріп жылады,
Көзін жасқа бұлады.
Қарасай-Қази досынан
Әділді жоқтап сұрады:

—Дос болғаның осыма-ай,

Жалғыз көкем Әділді
Ертіп кетіп қасыңа-ай,
Жауға тастап досыңды,
Өздерің аман келгенің,

Ылайық па басыңа-ай?!

батырлар  жыры
Не де болса хабарын
Айта бергін жасырмай.
Қарасай сонда сөйледі:

—Жалғыз бала Әділді

Құдай артық жаратқан.
Қырық мыңға қолға бас болып,
Жұртты аузына қаратқан,
Әділ аман келеді.

Тәңір ақтан жаратқан,
Сапары болып оң деймін,
Жолдастарын қуантты.
Сол уақтары болғанда,

Қарасай толғап тұрғанда,
Қази тұрып ақырды,
Батыр еді батылды.
Ағасына Қазидың

Қатты келді ашуы.
Ашуы қатты келсе де,
Қия алмады жақынды.

—Ау, Қарасай не дейсің?!

Жалған неге сөйлейсің?!
Іздеймін деп Әділді,
Алты күндей соғысып,
Болып едің Қарасай

Жеті жерден жаралы.
Мұнда да неге өлмейсің?
Жаралы болып тұрғанда,
Сүйеп жатқан ініңді,

Сүйеп шыққан ініңді,
Сұрағанда бұларға,
Неге айтпайсың шыныңды?!
Дұрыс айтсаң болмай ма,

Ер болғасын шыныңды!
Жалған айтқан өлімді,
Әділ достың, жолдасың,
Жауда қалды дегенде

Жаныңды алар дейсің бе?!
Өтірік сөзді айтқанмен,
Бұлар нанар дейсің бе?!

қарасай —қази
Әділдің түсіп қалғанын,
Мені айтпас дейсің бе?!
Жалған сөзді айтқанмен,

Бұлар да нанар дедің бе?!
Әділ жауда қалулы,
Басынан бақыт таюлы.
Досымды жауға түсіріп,

Осы сапар Құдайым,
Әділді жауда қалдырып,
Мені де Құдай ұрулы,
Ақ үйге қара тігулі.

Ақ үйге қара тіге бер,
Әділден үміт үзе бер,
Қайғы түрін шеге бер.
Әділ мінген жорғаның,

Жал-құйрығын кесе бер,
Қайғыменен өте бер.
Әділ қалды, біз келдік,
Етеріңді ете бер.

Күйгенменен көрмек жоқ,
Қазасы жетпей өлмек жоқ.
Ой түбіне жетпек жоқ,
Жерге батып кірмек жоқ.

Бір Құдайдың ісіне
Басқа амал етпек жоқ.
Екі мұңды бейшара
Жер бауырлап құлады.

Құдай-ай деп жылады,
Оныменен өле ме,
Таусылмаса қазасы.
Әділді жауда қалды,—деп,

Екеуі жылап жатқаны,
Алты күн түгел өтеді.
Қасындағы қызына,
Тұр, шырағым жатпа!—деп,

Шешесі тілек етеді.
Басыңды көтер түргеліп,
Алла ісіне көне бер,
Кімге еркелеп жатырсың?!

батырлар  жыры
Шырағым, тұр,—деп айналып,
Тұрғызатын ағаң жоқ.
Саған түгіл, шырағым,

Ішімнен шыққан маған жоқ.
Бір Құдайдың ісіне,
Пендеге салса, амал жоқ.
Аға түгел інің жоқ,

Енді бізге тыным жоқ.
Алты күн жаттың дәм татпай,
Ажалдан бұрын өлім жоқ,
Ордамызға кірмек жоқ.

Ақ ісіне көнелік,
Жатқанменен келе ме,
Жүр, шырағым, жүрелік?!
Жылап жатқан қызына

Тұр, шырағым дегені
Құлағына келеді.
Ылия қыз түргеліп,
Шешесіне ереді.

Иесіз қалған ордаға
Екі мұңды келеді.
Омар менен Оспанның
Тілегін Құдай береді.

Әділ жауда қалғасын,
Қуанып жайнап күледі,
Екі құл билеп жүреді.
Екі құлдың мұнысын

Екі мұңды біледі.
Басында билік болмады,
Ардақтаған Ылияны
Аламын деп зорлады,

Бірін-бірі қинайды.
Екеуінің бір жерге
Енді басы сыймады,
Көздері жаман аларды,

Бір күндері екі құл
Ілияға таласып,
Төбелесті салады.
Бірін-бірі өлтіріп,

қарасай —қази
Ілияны алмақ болады.
Күндерден күндер өтеді,
Айлардан айлар өтеді.

Пенде болған Әділдің
Ес-ақылы кетеді.
Сүйретіп арқан мойнына,
Жас сорғалап қойнына,

Іздейтін туған бауыр жоқ,
Жеке туған ер еді.
Алты арбасы мойнында,
Күні-түні азапта,

Жылай-жылай жетеді.
Амалы құрып Әділдің,
Пірі түсті есіне.
Бір күні зарлап жылады,

Тарыққанда ерлерге.
Келіп жәрдем бере гөр,
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Жеті пірдің ішінде

Ақ шалмалы пірім бар,
Пірім етің жәрдем-ай,
Сенен медет сұраймын,
Енді не амал қылайын?!

Сүйретіп жүрмін шынжырды,
Босатып қайтып шығайын?
Қол өткел бар қалымда,
Мұны қалай бұзайын.

Анамның айтқан бір сөзі
Жаңа түсті ойыма.
Жеті пірдің ішінде
Ақ шалмалы пірім бар.

Шарапатты пір едің,
Пірден медет болмаса,
Кетті қуат күшім-ай.
Қары бойы қат болды,

Әділдің жазған сәлемі.
Қарасай-Қази жан достым,
Пенде болдым мен достым.
Бір іздемей Әділді

батырлар  жыры
Неғып шыдап жатырсың?
Екі достым көп сәлем,
Тісім болды хат, қалам,

Қимылдарға жайым жоқ.
Қарасай-Қази досым-ай,
Дос болғаның осыма-ай.
Қызыл басқа тұтқын қып,

Сауда салдың басым-ай.
Жылағанда көл болды,
Көзден аққан жасым-ай.
Қарасай-Қази досым-ай,

Сендерді дос деп кім айтар?!
Осындайда көрініп,
Бір келмедің қасыма-ай.
Екі достым сен едің,

Еріп шыққан мен едім.
Жауға түсіп қалғанда
Алып шығар деп едім.
Достым жауда қалды деп,

Бір қайрылып келмедің.
Келмесең де досым-ай,
Сендерден үміт үзбедім.
Үзбесем де досым-ай,

Мені іздемей жатқаның,
Ылайық па басың-ай?
Қызылбастың қолында
Алты арбаны сүйретіп,

Өгіздей өрге сүйреймін.
Және дұғай көп сәлем,
Қырық сан қырым еліме,
Қаралы құрдас, теңіме.

Жететұғын күн қайда,
Туып өскен жеріме?!
Қарасай-Қази досым-ай,
Қызылбас ауыз бірлеулі,

Күні-түні тергеулі.
Қимылдауға әлім жоқ,
Екі қолым сірілеулі,
Мойныма шынжыр тағулы.

қарасай —қази
Жасауыл болып күні-түні,
Бір қызылбас бағулы.
Аяғыма түн болса,

Тағы шынжыр тағулы.
Осындайда келмеген,
Досының жайын білмеген
Екі достым сендерге

Менің кеулім қалулы.
Маған жегіп арбаны,
Зорлап маған салдырды,
Сендер бұзған қаланы.

Қаланы салып болғасын,
Тісіммен тезек тергізді,
Тірі азап көргізді.
Шыбықтатып айдатып,

Бір қызылбас мінгізді,
Далада күнде жүргізді.
Тісіммен тезек теремін,
Алты арбаны сүйретіп,

Тезек теріп қойныма,
Қор болдым-ау, қайтейін?
Ақ меруерттей тісім-ай,
Ең болмаса пірлерім,

Берсейші аян түсін-ай,
Қарасай-Қази батырға.
Заманым менің тарылды,
Басымнан бақыт арылды.

Әділ ғаріп балаңыз,
Пірлер, сізге жалынды.
Жылаған даусы баланың
Жеті кәміл пірінің

Құлағына келеді.
Қысылғанын Әділдің
Енді пірі біледі.
Жылап жүрген Әділдің,

Бір қара құс болды да,
Пірі ұшып жөнеді.
Қанаты күміс, мойны алтын,
Мысалы болды қара құс.

батырлар  жыры
Кереметті пір болса,
Қара құстай болып ұш.
Бір Құдайдың пәрмені,

Қанаты ұшып талмады.
Жерге түсіп қонады,
Әділге ұшып келеді.
Ұшып келген қасына

Қара құсты көреді.
Көре сөйлей береді:

—Әдірә қалғыр, Қаратау,

Болып тұрсың маған жау.
Бір қарақұс үстінен
Қиялап ұшып келеді.
Қолыма келіп қонсайшы,

Тілегім қабыл болсайшы.
Осы келген қарақұс,
Қасыма келіп қонсайшы.
Төс қалтамнан еңкейіп,

Алар едім қаламды.
Тісімменен Қырымға
Жазар едім саламды.
Жас Әділ тұрып жылады,

Қарақұс емес пірі еді.
Өзі ұшып келеді,
Пірінен жәрдем болады.
Көңілі нұрға толады,

Төс қалтаға еңкейіп,
Қағаз-қалам алады.
Тісіменен тістеді,
Ерніменен күштеді.

Әділ байқұс амалдап,
Қырымға сәлем жазады.
Әуелі бастап жазады,
Бір жаратқан Алланы.

Екінші бастап жазады,
Қарындасы Ылияны.
Үшінші жаңа жазады,
Ақ сүт берген ананы.

Бара жатыр жазылып,

қарасай —қази
Тісімен жазған қаламы.
Күн батқасын келемін,
Ол кешпенен бұл кешке,

Жарым алма береді.
Қызылбастың қолында
Жары жасым кеміді.
Қарасай бұзған қаланы

Қайта салған мен едім.
Осындай ауыр тұрмыста
Әділ азап шегеді.
Басыма Құдай салғаны,

Амалым жоқ көнемін.
Оныменен тұрмайды,
Алып барып бір жерге,
Тасқа мықтап байлайды.

Таң атқанша Әділдің
Соры да сүйтіп қайнайды.
Қызылбастың баласы
Төбеме шығып ойнайды.

Қуалап ұстар дәрмен жоқ,
Екі көзім жайнайды.
Қолыма түскен баласын
Қышырлатып шайнаймын.

Осы сәлем барғасын,
Бір іздер деп ойлаймын.
Қарасай-Қази жан досым,
Сендер едің сырласым.

Досым десең Әділді
Бұл азапта қоймассың.
Осы сәлем барғасын,
Тірі екен деп ойларсың.

Ақташ ханнан бата алып,
Қырымнан әскер жинарсың.
Екі достым сау болсаң,
Достығың маған шын болса,

Әскер алып Қырымнан,
Қызылбасқа аттаның.
Мені жаудан шығарып,
Қарасай-Қази досым-ай,

батырлар  жыры
Сол уақытта мақтаның.
Қырымнан әскер шықпаса,
Өздерің атты баптарсың.

Екі тұлпар қоса алып,
Азығына малта алсын,
Жібектен тігіп қалта алсын,
Тұлпарға балдан жем алсын,

Мен сорлыда туған жоқ,
Екі достым болмаса,
Мені жоқтап кім алсын?!
Қызылбас ұстап тіл алсын.

Ақ сүт берген, анам-ай,
Аман жүр өлмей балаң-ай.
Аман болсам, көрерсің,
Сабыр ет, анам, жыламай.

Бақыт пенен азапқа
Әуелі бастан Құдайым
Жазған шығар маңдайға.
Екі қолымды сіргілеп,

Мойныма ілді арбаны.
Тісіммен тезек тергізіп,
Кездіріп қойды даланы.
Және дұғай сәлем де,

Емшектесім жұбайым,
Мен үшін шекпе уайым.
Жалғыз бауырым Ылияжан,
Айырды сенен Құдайым.

Құдіреттің ісі ғой,
Бұған не амал қылайын?!
Екі қолым сергеулі,
Бұзып қалай шығайын?

Аман болсаң, шырағым,
Қапа болма, қарағым.
Тісімменен хат жазып,
Айтқан осы сәлемім.

Бұдан басқа айтар жоқ,
Қимылдауға лаж жоқ.
Зарлаған сенің даусыңды
Есітеді құлағым.

қарасай —қази
Есіме түссе, қалмайды
Менің сабыр қыларым.
Тапсырған біздің аманат,

Осы жазған қағазым.
Ұстап жазар қалам жоқ,
Тісім болды қаламым.
Осы хаттан білерсің

Аман жүрген хабарды.
Ағаңды аман көрерсің,
Және дұғай сәлем де,
Омар менен Оспанға.

Жақсылық етсең, шығарсың
Екеуің де бостанға.
Жамандыққа бет бұрсаң,
Азып, шайтан дұшпанға,

Тірі болсаң қоймаспын.
Кетсең де ұшып аспанға,
Айтып жазып сәлемді,
Омар менен Оспанға.

Жылатып зәбір бермесін
Ілия менен анама.
Өкпелеймін саған да,
Алтын орда үйіме

Тығып басың кірмесең.
Екі бірдей мұңдыға
Жылатып зәбір бермесін.
Кім біледі өлермін,

Барар күнім бар болса,
Сонда мені көрерсің.
Және дұғай сәлем де
Он екі баулы өзбекке,

Бәрі де шықсын көмекке.
Үштаңбалы ноғайлы,
Тәуекел етіп Құдайға,
Екі достым сау болса,

Ісім шығар оңайға.
Және дұғай сәлем де
Ел билеген биіме.
Ал, қарақұс жануар,

16–166

батырлар  жыры
Ұлықсат бердім өзіңе.
Осы жазған қағазды
Тапсырғайсың еліме.

Қарақұс емес пірі еді,
Қағазға қарап тұр еді.
Тіспен жазып болған соң,
Қар бойындай қағазды,

Қанатына қыстырып,
Қарақұс ұшып жөнелді.
Құдайға Әділ жылады,
Тілегі қабыл болады.

Қырымға қағаз жіберіп,
Әділдің көңілі тынады.
Кеш болғасын ер Әділ,
Алты арбасын сүйретіп,

Қаласына барады.
Айдап жүрген қызылбас
Осындай нәрсе көрдім деп,
Ханға қабар салады.

Хат кетті деп еліне,
Өлтіруге Әділді
Ханы бұйрық қылады.
Атса, мылтық өтпеді,

Шапса, қылыш кеспеді,
Отқа салса, күймеді,
Суға салса, батпады.
Пірі себеп болғасын,

Бәрінен Құдай сақтады.
Өлтіремін десе де,
Қызылбас амал таппады.
Екеуі тапқан амалы,

Амалының жаманы,
Жеті қабат зынданға
Шықпастай етіп тастады.
Қарақұс ұшып жөнелді,

Бұл құстың тегін байқасаң,
Қарақұс емес пір еді.
Қырым деген қалаға
Қарақұс ұшып келеді.

қарасай —қази
Екі мұңды бейшара
Отырған жылап күн еді.
Жыламай неғып шыдайды,

Көреді зәбір жапаны,
Жалғыздықтың қайғысы
Және де мықты батады.
Бір уақтары болғанда,

Таң сарғайып атады.
Екі мұңды егіліп,
Көзінің жасы төгіліп,
Отыр еді түңіліп,

Бір қарақұс аспаннан,
Қанатына қыстырып
Әділдің берген қағазын,
Анасының алдына

Тастап ұшып барады.
Құс тастаған қағазды
Ашып оқып қарады.
Ханым оқып қараса,

Өзінің жалғыз баласы—
Әділінің жазғаны.
Екі мұңды қуанып,
Жүректері жарылып,

Жылағанын қояды.
Жауда қалған Әділдің
Көргендей жүзін болады.
Қайта жанды мұңдының

Өліп қалған шырағы.
Хатты оқып көрген соң,
Жауға түскен Әділдің
Сау екенін білген соң,

Қарасай-Қази досына
Хатын алып Әділдің,
Еліне қарап шығады.
Қарасай-Қази ер еді,

Артық туған шер еді,
Жауда қалған досының,
Өлі-тірісін біле алмай,
Қапа болып жүр еді.

батырлар  жыры
Қапа болып жүргенін
Екі мұңды біледі.
Досының жазған қағазын

Қарасайға береді.
Әділдің жазған қағазын
Ашып оқып көреді.
Жауға түскен Әділдің

Тірі екен біледі.
Сонан Қази сөйледі:

—Бүгін өлсем арманым,

Бір шыбындай жанымды,
Досыма құрбан қыламын.
Достым үшін өмірді,
Сарп етуге тұрамын.

Кәріптер енді жүре бер,
Қызық дәурен сүре бер,
Ордаға барып кіре бер.
Құдайға тілек бергесін,

Қабағыңды ашып күле бер.
Өлсем өліп кетермін,
Достым үшін өткенім,
Егер өліп кетпесем,

Балаңды алып жетермін.
Әділ тұрмас азапта,
Қызылбасқа жүрелік.
Қарасай аға, мін атқа,

Көңіліңді қош қылып,
Қайта бер, ханым, үй жаққа.
Қасыңдағы қызыңды
Қайғы беріп жылатпа.

Қызылбастың еліне,
Әділдің жатқан жеріне
Екеуі атқа мінеді.
Ақташ ханға келеді,

Іздейміз деп Әділді
Ханнан әскер сұрады.
Қызылбасқа баруға
Қырымға әмір етеді.

Хан әмірі болмады,

қарасай —қази
Бұрынғы барған Қырымдар,
Қырылам деп бармады.
Досынан хабар келгесін,

Қарасай-Қази тұрмайды.
Қиғаш деген биік тау,
Қызылбас деген мықты жау,
Келе алмаймыз аман-сау.

Қарасай-Қази екеуің,
Біздерден күдер үз,—деді.
Қызылбаста өлгенше,
Өзің бізді қыр,—деді.

Сонда Қази сөйледі,
Ашуы келіп долданды,
Шымырқанып шамданды.
Орақтың туын қолға алды,

Қырымнан көмек сұраған.
Сонда Қази толғанды:

—Ау, Қареке, оңбаған,

Неғып тудың оңбағыр?!
Көп жаманға жалынып,
Не қылып тұрсың құрмағыр?!
Туғаның сенің осы ма?!

Кетемін өзім досыма,
Неге бардың қасына?!
Жалынғанмен көп жаман,
Келе ме сенің қасыңа?!

Болады бейнет басыңа,
Жалғыз аяқ тар жолға
Қамағанда қызылбас,
Көргенің жоқ па осыны?

Жалынғанша жаманға,
Тұлпар атты тағала,
Мұзға тиіп таймастай,
Тасқа тиіп сынбастай,

Болаттан тағы тағала.
Ағайынды екеуміз,
Қызылбасқа баралық,
Қырымнан көмек сұралық,

Барып сойқан салалық.

батырлар  жыры
Сапарды Құдай оңдаса,
Атам Орақ бар болса,
Шығарып жаудан алады.

Осы сапар алармыз
Дербент деген қаланы.
Қызылбасты қиратып,
Бағындырып бір алсақ,

Атаманның бітер арманы.
Осылай деп ер Қази
Қарасайға қарады.
Қарасай мұны тыңдады,

Қырымнан әскер алмады,
Жаманға бүлік салмады.
Қарасай-Қази екеуі
Еліне қайтып барады.

Ноғайдан көмек сұрамай,
Тұлпар атты бағады.
Аттың күйін табады.
Саны күнге күйместей,

Мақпалдан жабу жабады.
Табанын тас қағар деп,
Болаттан таға қағады.
Ат-жарағын сай етіп,

Қызылбасқа жүреді,
Күн дәуірге жетеді.
Қызылбас биік тауына,
Қызылбастың жауына

Жүруге талап етеді.
Қызылбасқа баруға
Қырым жұрты қорықты,
Қырғаннан көңілі торықты.

Қызылбасқа түзеді
Екі батыр жорықты.
Бара жатып екеуі,
Ханымға келіп жолықты:

—Байбикеш ханым, қайдасың?!

Семіртіп қой байласын.
Тарыққанда көрмесе,
Құдай дескен досының

қарасай —қази
Көрерсің қашан пайдасын?!
Қарындасы Ілия қыз
Гүлдей болып жайнасын.

Қызыл гүлдің ішінде
Бұлбұл болып сайрасын.
Жиырма күннен қалдармай,
Әкелемін ағасын,

Қуантамын ағасын.
Сол уақтары анасы,
Сүйінші сұрап келгенде,
Беретұғын нәрсесін

Осы бастан сайласын.
Арғымақ аттың аяғын
Жібекпенен тұсатар.
Әділ достың шығарып,

Жаудан қолын босатар.
Екі досы аттанып,
Әділді іздеп баратыр,
Қолыңды жайып бата бер,

Дуасы қабыл мүсәпір.
Әділдің жатқан жеріне,
Қызылбастың еліне
Сапар етіп баруға,

Тұтқындағы Әділді,
Шығарып жаудан алуға.
Досының естіп хабарын,
Тына ма кеулі бір бармай.

Жиырма күннен қалдырмай,
Әділді алып келермін.
Бүгіннен бастап санай бер,
Сөзімнің болмас жалғаны.

Жиырма күннен қалдырсам,
Алланың ісі болғаны.
Егер тірі болса ол,
Қызыл басты қиратып,

Бағындырып аламын.
Сонда ханым сөйледі
Сөйлегенде бүй деді?
Көңілді болып барың,—деп,

батырлар  жыры
Әділді жаудан алың,—деп,
Ақ батасын береді,
Ақ тілегін тіледі.

Өзінің айтқан жолымен,
Белгілеп кеткен жерімен
Қарасай кетіп барады.
Екі батыр жөнелді,

Күн-түн түсіп тынбастан,
Қатты жүріп келеді.
Бірде шауып желеді,
Тау қарасын көреді.

Екі тұлпар жануар
Бауырынан жарады.
Сылап-сипап батырлар,
Жал-құйрығын тарады.

Таң сарғайып атқанда
Жалғыз аяқ жолменен,
Өзінің көрген жерімен
Қаратаудан құлады.

Күн қызарып шыққанда
Тас өткелге барады,
Бұнан да өтіп шығады.
Сәске уақыт болғанда,

Сонда келіп тұрады.
Өзі шапқан қалаға,
Қаланы көріп қараса,
Қызылбас ақыл тауыпты,

Қаланы мықтап жауыпты.
Екі жерден ашылған,
Дарбазасын салыпты.
«Қарасай-Қази келер,—деп,

Қаланы шауып кірер»,—деп,
Болған екен қауіпті.
Қас қарайып күн батсын,
Қаласына жау жатсын.

Қаланы түнде шабалық,
«Орақ!» деп ұран салалық.
Тастап қашар қаланы,
Қаласынан шығарып,

қарасай —қази
Қызыл басты қырайық.
Сонда Қази сөйледі:

—Ау, Қарасай, ағамыз,

Өзіміз көрген қаламыз.
Алдымыздан шыққан соң,
Шыдап қалай тұрамыз?
Қарасай аға, білмеймін,

Өнемейін түн дейсің.
Батыр болсаң, Қареке,
Күндіз неге тимейсің?!
Бұл айтқаның жөн емес,

Қорқыныш салма уайым.
Қорықсаң, өзің қайта бер
Осы жерден елің-ай.
Қиын да болса қоя бер,

Бұл сапарды өзім-ай,
Жасырынып жау алсаң,
Ұяламын мен, аға,
Шыдамады сөзіне.

Айтқан тілін алмады,
Сөзіне құлақ салмады.
Кіремін деді қалаға,
Ат маңдайын қаратып,

Құдай салды аузына,
Қарасайға көнбеді,
Қорқып тұрар ер ме еді?
Інісінен қала алмай,

Талма-тал түс болғанда
Екеуі шапты қалаға.
Қаланың ішін қандатып,
Екеуі салды былағай.

Екі жерден екеуі,
«Орақ!» деп ұран салады.
Қызыл-жасыл екі ту
Көтеріп жауға шабады.

Қызылбастың жауына
Ақыр заман салады.
Көп те болса қызылбас,
Жаман тайды табаны,

батырлар  жыры
Құрыды енді заманы.
Екі жерден екеуі,
Аралады қаланы.

Қызылбасты шулатып,
Қойдай айдап шығады.
Қала іші сыртынан,
Әділ досын қарады.

Іздеп досын таба алмай,
Амалы құрып тұрады.
Бұл қаладан таба алмай,
Дербент деген зор қала,

Соған қарай шабады.
Бұдан бұрын қызылбас
Дербент деген қалаға
Қашып барып, қамалды.

Алдырмауға қызылбас
Қылып жатыр амалды.
Сонда тұрып ер Қази,
Қарасайға толғады:

—Қареке, менің ойым бар,

Істейін деген ісім бар.
Осы жерден таппасақ,
Онда менің сорым бар.
Саған ойды айтайын,

Таққа мінген хан болсаң,
Мырза болсын, би болсын,
Алдап ұстап алайық.
«Тауып бер» деп Әділді,

«Өлтірем» деп сұрайық.
Қорыққаннан қызылбас
Шынын айтар жасырмай,—
Деді дағы, екеуі

Қызылбасты табады.
Бір төре мен мырзасын
Табанда ұстап алады.
«Өлтірем» деп қорқытып,

Әділ қайда жатыр?—деп,
Қызылбастан сұрады.
Сұраса да айтпады,

қарасай —қази
Өлсе де тілін тартпады,
Дініне мықты ер екен,
Айтқанынан қайтпады.

Қаланың ішін шарлады,
«Енді қайдан табам?»—деп,
Қарасай еңіреп жылады.
Бір Жаратқан Құдай-ай,

Бір өзіңе жылайын.
Іздеп келген досымды
Таба алмадым қаладан.
Қарасай Әділді іздеп таба алмай тұрғанда өзінің атасы пір бо­

лып ұшып келіп, Әділдің жатқан жерін көрсетеді.

Жеті қабат зынданға
Қарасай-Қази келеді.
Тауып алып досын-ай,
Дауыстап сәлем береді.

Бекітіп қойған есігі.
Есігінде бар екен
Бір кішкене тесігі,
Сол тесіктен келеді.

Әділ досын шақырып,
Жолбарыстай ақырып,
Ақырған даусы Әділдің
Құлағына барады.

Даусын танып Қазидың,
Көтеріп басын алады.
Сонда Қази сөйледі:

—Әділ достым, аман-сау

Жатырмысың түбінде,
Досың іздеп келгенде,
Әлің қалай бұл күнде,
Екі достың келіп тұр,

Жатырсың, достым, не күйде?
Келіп едік аттанып,
Қаланы бұзып алуға,
Келіп тұрмыз жол салып.

Әділ сонда сөйледі:

батырлар  жыры

—Жеті қабат зынданнан

Шығарып мені алмасаң,
Тарқамайды құмарым.
Мені амалдап шығарсаң,
Екі қолым байлаулы,

Қимылдауға әлім жоқ,
Екі көзім жайнаулы,
Арқан салып қарасаң,
Тісіммен ептеп көрейін.

Мұны естіп екеуі,
Қуанысып қалады,
Жалғап арқан салады.
Досының салған арқанын

Тісімен ептеп қарады.
Екі досты амалдап,
Сау-саламат алады.
Шынжырларын сындырып,

Құрсауларын алады.
Бірақ құлпы бұзылмай,
Көп уақыттар тұрады.
Бұзайын десе Әділдің

Екі қолы сынады.
Қарасай-Қази екеуі
Амалын таппай тұрады.
Сол уақыттар ер Әділ,

Байлаулы тұрған қолым бар,
Бұны қалай шешесің,
Ақ шалмалы пірім-ай?!
Қолеткіден қолымды,

Шығаруға болсын жар,
Дегенінде ер Әділ.
Пірі келді қасына.
Қонайын деп бақыт жүр,

Үш батырдың басына.
Тілегі қабыл болады,
Пірлері жәрдем береді.
Қырық жолбарыс қуатты

Ер Әділге келеді.
Мұны біліп ер Әділ:

қарасай —қази

—Я, пірім,—деп бұлқынды,

Болаттан салған қолеткі
Жібектей болып үзілді,
Талабы оның түзелді.
Алыстан келген досымен

Құшақтасып көрісті.
Әділ мінген Қызыл ат
Хан жайында тұр еді,
Қызыл атты сарайдан

Қази алып келеді.
Әділ досын мінгізіп,
Қаруларын ілдіріп,
Артық туған батырлар

Алға қарап жөнеді.
Дербент деген қалаға
Достарын бастап жүреді.
Үш арыстан келеді,

Келіп бүлік салады.
Бір күн бір түн атысып,
Қызылбасты қырады.
Қарғаса ханды өлтіріп,

Бағындырып алады.
Тоғызыншы күн өткенде
Қайтып кетіп барады.
Ер Әділдің анасы,

Ылияға сөз айтты:

—Айналайын, қызым-ай,

Туған еркін, қозым-ай!
Шырағым, сені берейін,
Сүйінші деп келгенге.
Жиырма күнге толады,

Екі мұңды бейшара,
Төбеден түспей тұрады.
Қарап тұрса ғаріптер
Бір қараны көреді.

Біреу де болса сол қара,
Қатты жүріп келеді.

батырлар  жыры
Қарасай батыр екенін
Екі мұңды біледі.
Көзді ашып жұмғанша,

Қызыл атпен Қарасай
Салып жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:

—Әділді алып келеміз,

«Сүйінші бер» деп сұрады.
Байбикеш ханым толғады:

—Әділді алып қайтқанға

Сүйіншіге мен бердім
Жалғыз қызым Ілияны.
«Әділ қашан келер?»—деп,
Жолын тосып тұрады.

Әділ жетіп келеді,
Ақ сүт берген ананың
Қайғысы бастан кетеді.
Қос жетімді бір Құдай

Тілегін әбден береді.
Омар менен Оспан құл
Таянып бұл келеді.
Қызылбастың қолында

Әділ түсіп қалғанда,
Жамандық қылған құл еді,
Жазасы оның көп еді.
Жататын жері бұлардың

Жеті зындан түбі еді.
Омар менен Оспан құл,
Сол секілді дұшпанның
Күнәсін кешті деп еді.

Қырымды сұрап жас Әділ
Мұратына жетеді.
Атасының тапсырған
Үш арманын біткеріп,

Орақ батыр ұлдары—
Қарасай-Қази қос батыр
Дүниеден сөйтіп өтеді.

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда
Ноғайлының елінде,
Қазіргі Қырым жерінде

Аушыбай деген пір өткен.
Жарлы болып Аушыбай
Аңшылықпен күнелткен.
Бір күндері Аушыбай

Аң аулап жүрген жерінде,
Қоғалы құрақ көлінде,
Айдын көлдің шетінде,
Күн батыс Арқа бетінде

Қонып тұрған су ішіп,
Үш аққуды көреді.
Жақындап мерген келеді,
Атайын деп аққуды

Суырып алды жебені.
Отырып алып тізерлеп,
Садағын мерген кезеді.
Осы тұрған үш аққу

Шын атарын сезеді.
Аққу емес, бұл тұрған
Су перінің қызы еді.
Суға түсіп сайрандап,

Кету үшін бой жазып,
Осы көлдің басына
Жылына бір күн келеді.
Ататынын мергеннің

Енді бұлар біледі.
Қарасай – Қази
(Белгісіз ақынның нұсқасы)

батырлар  жыры
Үш сілкініп сол жерде,
Қыз кейпіне келеді.
Батыр да болса Аушыбай

Сескенейін деп еді.
Пайда болған перизат
Өзіне қарап жүреді.
Аушыбай да сол күнде

Үйлене қойған жоқ еді.
Аушыбай сонда айтады,
Пері екенін байқады.
«Неде болса барайын,

Пенде қылып алайын.
Түсінбесе сөзіме,
Барлығын да шабайын.
Пері болсын, жын болсын,

Жүрмін ғой көріп талайын»—
Деді дағы, Аушыбай
Жетіп келеді қасына-ай,
Сөйледі мерген осылай:

—Әуелі аққу едіңіз,

Айналдың адам пішімге.
Көргенім жоқ мұндайды
Өңім түгіл түсімде.
Аңшылық еді талабым

Өмірімнің ішінде.
Келдің қалай, шырағым,
Мұндай перизат мүсінге.
Ендігі сөздің қысқасы—

Аты жөніңді айтыңыз,
Маған пенде боласыз
Үшеуіңнің қайсыңыз?
Бұл Аушыбайға кез болған су перінің қызы еді. Жылына бір

рет келіп осы суға шомылып, бой жазып кететін еді. Бірақ басқа
адамға көрінбеуші болатын. Аушыбайдың әруағы өздерінен
артық болғандықтан, қолға түсіп тұрғандығын айтады. Үш
түрлі шартпен перілердің үлкені пенде болып қалып, қалған

екеуіне рұқсат беруді сұрайды. Шарт төмендегіше болады:

қарасай —қази
1.Түнде далаға шыққанымды көрме.
2.От жаққанымды көрме.
3.Бас жуғанымды көрме.

Егер осы шарттың біреуін де бұзсаң, мен саған пенде болмай­
мын,—дейді. Аушыбай бұған келісім беріп, үлкеніне үйленіп,
екеуіне рұқсат береді. Бір күндері Аушыбай шартты бұзып,
үшеуін де көріп алады, мұны әйелі біліп, Аушыбайға айтады:

«Сен шартты бұздың. Мен саған пенде болмаймын, енді менің
ішімде алты айлық перзентің бар. Өзі ер бала, тоғыз ай, он күн
толғанда Тоқташы хан деген қалмақтың жерінің шегіндегі бір
бәйтеректің басына туып кетемін. Ол бұл жерге алты айлық

жол, сол балаңды өзің тауып аларсың»,—деді де, көзден ғайып
болды. Сол баланың аты Едіге қойылды. Ноғайлының ескі
жыры осыдан басталады:
Ноғайлының ескі жыр—

Ел аузында айтылып,
Ертеден-ақ келеді.
Арғы атасы—Аушыбай,
Алғаны оның пері еді.

Баба түкті Шашты Әзіз
Әулие, шайқы пір еді.
Одан туған Едіге—
Тас қайнаған деміне,

Келмеген дұшпан шеніне.
Қару-жарақ асынып,
Байлаған садақ беліне.
Бүлік салған секілді

Тоқташы ханның еліне.
Одан туған Нұрадын
Тарқатпаған құралын,
Беріпті Алла мұрадын.

Бұ да шарлап шығыпты
Қалмақтардың сұрамын.
Талай ханды өлтіріп,
Тарқатыпты құмарын.

Одан туған ер Мұса—
Қару жарақ асынып,
Беліне садақ байлаған,
17–166

батырлар  жыры
Алдына салып айдаған—
Патша болсын, хан болсын,
Өзі батыр жан болсын,

Айдардан ұстап байлаған.
Қарсы келген дұшпанды
Заманында қоймаған.
Қалмақты қойдай бауыздап,

Ішсе де қанға тоймаған.
Батыр Орақ, хан Мамай
Ер Мұсадан туыпты,
Беліне жарақ буыпты.

Жастайынан жау алып,
Атаның жолын қуыпты.
Ат жетер жерде жау болса,
Орақ-Мамай келді деп,

Болған екен кәуіпті.
Қалмақтың ханы Аюке,
Бұны да олар шауыпты.
Өгізтаудың басында

Палуан, Сұлтан екі хан,
Екеуін де өлтіріп,
Тамағынан шалыпты.
Олардың қатын баласын

Жесір қылып алыпты.
Ұрыста Мамай жүргенде
Тоқалдан туған көп жаман
Орақ сынды батырды

Көк алмасқа шалыпты.
Күндердің күні болғанда,
Ішіне толып арманы,
Орақ сынды асыл ер

Бір жаманнан өліп қалыпты.
Патша болсын, хан болсын,
Қандай дана жан болсын,
Армансыз пенде жоқ еді.

Тірісінде көзінің,
Сау күнінде өзінің,
Бітіре алмаған Орақтың
Үш арманы бар еді.

қарасай —қази
Өлерінде ер Орақ
Үш арманын баяндап,
Алғанына сөйлейді:

—Некелесім, жұбайым,

Сені қосқан Құдайым.
Бұл жалғанның ішінде
Үш арманым бар еді,
Саған баян қылайын.

Бірге туған Мамайды,
Емшектесім жұбайды
Бір перзенттің жоғынан,
Қайғысының зорынан

Күлдіре алмай барамын—
Бір арманым сол еді.
Қарасай, Қази шырағым
Ат жалын ұстап мінгесін,

Қайғылы Мамай атасын
Бір күлдірсін дегенім—
Күлгенін көзім көрмеді.
Күлерме екен Мамай деп,

Теңселтіп жорға мінгіздім.
Онда да Мамай күлмеді,
Күлгенін көзім көрмеді.
Жазық қабақ, қанды бет

Ару алып сүйгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.
Күлмеуінің себебі—
Мамайда бала жоқ еді.

Маған берген екі ұлдың
Біреуін оған бермеді.
Осы ма деп ойлаймын
Күлмеуінің себебі.

Екінші менің арманым—
Ер Көкшенің қызыл ат
Міне алмай кетіп барамын.
Қарасай, Қази қарағым

Сол атты мінсін дегенім.
Үшінші менің арманым—
Арғы атам Едіге,

батырлар  жыры
Ол бармаған жер еді.
Едіге ұлы Нұрадын
Бұл бармаған жер еді.

Артық туған ер Мұса
Және біз бармаған жер еді.
Қара қыпшақ Қобыланды
Құрметті ер Сұлтан—

Қайраты асқан ер еді,
Қыдыр ата пірі еді.
Бармауының себебі—
Қызылбастың жау еді,

Қиғаштың биік тау еді.
Қызылбасты қаратып,
Бағындырып алалмай,
Дүниеден етіп барамын.

Қарасай, Қази қарағым
Қызылбасты қаратып,
Жіберсін елін таратып.
Осы бастан Қарасай

Бақсын атын жаратып.
Осы сөзді айтты да,
Басқаға тілі келмеді.
Орақ сынды асыл ер

Дүниеден өтіп жөнелді.
Қарасай-Қази ер жетіп,
Кемалына келеді.
Бір күндері болғанда

Үш арманын Орақтың
Қарасай-Қази анасы
Балдарына сөйлейді:

—Ау, Қарасай, шырағым,

Ақылды туған бұлағым,
Тапсырып кеткен атаңның
Үш арманы бар еді,
Саған баян қылайын.

Бірінші арманы—Қызыл ат,
Жал құйрығы ұзын ат,
Міне алмай кетті дүниеден.

қарасай —қази
Қарасай, Қази ер жетіп,
Кемалына келгенсін,
Қызыл атты ұстап ап,

Астына мінсін деп еді.
Екінші оның арманы—
Бірге туған Мамайды,
Емшектесі жұбайды

Бір баласы жоғынан,
Қайғысының зорынан
Күлдіре алмай өтті дүниеден.
Қарасай-Қази екеуі,

Кемалына келгесін,
Қайғылы Мамай атасын
Бір күлдірсін деп еді.
Үшінші оның арманы—

Қызылбастың жауына,
Қиғаштың биік тауына
Бара алмай өтті дүниеден.
Қызылбастың жауына,

Қиғаштың биік тауына
Бір аттансын деп еді.
Атаңның айтқан, қарағым,
Үш арманы сол еді.

Бұл уақтары хан Мамай
Ұрысып жатқан жылы еді.
Қызылбасты ала алмай,
Көп азапты көреді.

Үш жыл бойы ұрыстан
Мамай қатты жүдеді.
Ауылда жүріп Қарасай,
Қарт атасы Мамайдың

Қысылғанын біледі.
Ұйқы көрмей түн қатты
Аттанып бала келеді.
Аюкенің көп қолын

Қарасай жеңіп береді.
Қайратын көріп баланың,
Өмірінде күлмеген
Мамай сонда күледі.

батырлар  жыры
Ер Орақтың өлгенін
Елге келіп біледі.
Бауырласы өлгесін,

Алладан ажал тіледі.
Ауылда Орақ өлгесін,
Жаудан Мамай келгесін,
Құса болып хан Мамай

Күні-түні зарлады-ай.
Өлім сұрап Алладан
Бармаған жері қалмаған.
Ұйқы көрмей, нәр татпай,

Мамай жатып зарлаған.
Тілегін беріп бір Құдай,
Пір болып ұшып кетуге
Әмір келген Алладан.

Ұшып жүріп пір болып,
Талай жерді шарлаған.
Ең соңында хан Мамай
Маңғыстауда қалуға,

Қолай деп соны арнаған.
Кем деп айтып бола ма,
Бір Жаратқан Иені?!
Қолына алған қамшысы—

Құладынның сүйегі,
Әулие болған киелі.
Жазады дейді осы күн,
Топалаң болған қой менен

Жамалдат болған түйені
Маңғыстаудың ойында,
Көлденең діңнің бойында,
Сол жерде қалған секілді

Мамайдай ердің сүйегі.
Артта қалған жас балдар,
Енді соған келелі.
Бұл жердегі бір тарау,

Қарасай-Қази батырдың
Атасының ары үшін,
Өз елінің қамы үшін
Жауға аттанған жері еді.

қарасай —қази
Орақ сынды батырдан
Қарасай-Қази ұл қалды,
Қарашаш сұлу тұл қалды.

Мамайда еркек бала жоқ,
Қымбат сынды қыз қалды.
Нарлар өліп, бұл күнде
Жас тайлаққа күн қалды.

Ел қорғаны ерлер өлгесін,
Ноғай халқы мұңданды.
Асылдан туған жетімдер
Адам болып кетер деп,

Ат жалға қолы жетер деп,
Осылар қолда тұрғанда,
Өкінгенім бекер деп,
Екі бірдей жетімді

Бағыпты кемпір шекерлеп.
Сүйтіп бағып жүргенде,
Қарасай келді жетіге,
Ер Қази келіп алтыға.

Жас та болса балдары
Орақтан тартып салтына,
Басшы болды халқына.
Көмегі тиді әр жерде,

Жалғыз бенен жартыға.
«Көп жаманды табың»,—деп,
Жар салдырды халқына.
Тоқалдан туған жамандар

Өлтіргенсін Орақты,
Түсетін болды талқыға.
Жамандар сонда кеңесті,
Кеңескенде не десті?

«Ісіміз еткен күнәлі,
Барлық жұртқа мәлім-ді,
Қарасай-Қази ер жетсе,
Көре алмаймыз жарықты.

Бір хабарын білсеңіз,
Жамандарды ұстаң»,—деп
Елге хабар салыпты.
Осылайша кеңесіп,

батырлар  жыры
Бір қарамай артына,
Қалмаққа қашып барыпты.
Сыйыса алмай халқымен,

Сол кеткеннен көп жаман
Қалмаққа қашып барыпты.
Қондыкердей ханына
Былайша хабар салыпты:

—Біз—Қырымнан келген мұсылман,

Өз әкемізді өлтіріп,
Қашып келген жұртынан.
Ісіміз еткен қаралы,
Бетіміз құрсын жаралы.

Артық көрді біздерден
Қарасай-Қази баланы.
Ноғайлыда біз болдық
Адамның натық жаманы.

Ноғайлы—дұшпан, сіздер—дос,
Ашып келдік араны.
Неде болса, Қондыкер,
Құдай сүйер іс емес

Біздің еткен ісіміз.
Алуға сізге дөп болды,
Бар болса егер күшіңіз.
Орақ, Мамай батырлар—

Екеуі де жоқ болды.
Осы уақтары барсаңыз,
Алуға сізге дөп болды.
Орақ сынды батырдан

Қарасай-Қази ұл қалды,
Қарашаш ару тұл қалды.
Мамайдан еркек бала жоқ,
Қымбат деген қыз қалды.

Нарлар өліп бұл күнде
Жас тайлаққа күн қалды.
Ел қорғаны ерлер өлгесін
Ноғай халқы мұңданды.

Біз айтпаймыз жалғанды,
Көреміз тәуір, Қондыкер,
Ноғайды шауып алғанды.

қарасай —қази
Аттансаңыз, барасыз,
Барсаң, шауып аласыз.
Ендігісін өзің біл,

Білгеніңді қыласыз.
Қорғайтын ерсіз, панасыз,
Осы сапар барсаңыз,
Бұрынғы кекті аласыз.

Қалмақтың ханы Қондыкер
Кегі кеткен ноғайға—
Келді деп енді оңайға
«Бір аттансам,—деуші еді,—

Орақ пенен Мамайға».

—Мен елімді жинайын,

Аттану керек қалайда.
Біздің қалмақ елінде
Көрсеткен зәбір талайға,—
Деді дағы, Қондыкер

Халқын тегіс жинады.
Жалғанда естен кетпейді
Мұсылманның қылғаны.
Қондыкер сонда сөйлейді:

—Осы күні, халайық,

Орақ-Мамай жоқ болып,
Қарасай-Қази ұл қалған.
Атақты ерлер өлгенсін,
Ноғайлы халқы мұңданған.

«Аттансақ қалай болар» деп
Ханыңыз сізге сөз салған.
Жиналған қалмақ ерлері,
Билері мен беглері

Бұл сөзді мақұл тыңдаған.

—Аттану керек ноғайға,

Келген екен қолайға.
Он екі баулы ноғайды
Кіргізейік сұрамға.
«Қалмақ—күшті ел» деген

Атымыз шықсын, ұранда!
«Мақұл» деп халқы ұйғарды,

батырлар  жыры
Қондыкер әскер жинады.
Ат шаптырып әр жерге
Шыбын жанын қинады.

Қондыкерде әскер көп,
Он екі ханның құрамы.
Бәрінің де жетеді
Қару-жарақ, құралы.

Бір неше мың әскермен
Қондыкер жолға шығады.
Кетіп бара жатқанда,
Алдынан шығып бір кемпір,

Қондыкерге жылады,
«Жолыңды бер», деп сұрады:

—Аттанып, ханым, таспаңыз,

Болмай ма тыныш жатсаңыз.
Ерлерден қалған ер бар-ды,
Бөрілерден қалған бөрі бар-ды.
Жайына жатқан жыланның

Құйрығын барып баспаңыз.
Тілімді алмай кетсеңіз,
Артта қалған көп халық—
Бәріміз де қасқамыз.

Қарасай-Қази батырдың
Арғы атасын көргенмін.
Тірі де болсам бүгінде,
Зардабынан өлгенмін.

Атасы бізге бас ұрған,
Қонысымыздан аударған,
Бұйаққа бізді аударған.
Жеңілген емес қалмақтан,

Көріп жүрмін жасымнан.
Жесір алған еліңнен
Нелер ару асылдан.
Қарасай-Қази батырды

Жас бала деп басынбаң.
Қорқақ бала тумайды
Орақ пенен Мамайдан.
Ноғай теңдік бермейді,

Аттанып барған көп әскер

қарасай —қази
Білсең тірі келмейді.
Жаста болса ол балдар
Көріп жүр талай сендейді.

Алдырмайды барғанмен,
Ұлтанды жатқан ел,—дейді,
Бұл сөзіме сен,—дейді.
Әділ хандай ханы бар,

Темір тәртіп заңы бар.
Қарауында Әділдің
Қырық мың әскер тағы бар.
Орақ-Мамай батырдың

Бұрыннан сізде кегі бар.
Тілімді алсаң, кетпеңіз,
Мендей кәрі мамаңның
Қарағым, сізге зары бар.

Тілімді алмай кетсеңіз,
Жоқ жерден бәле табылар.
Ұрысқың келсе шынымен,
Жіберіп елші Қырымға

Әуелі хабар салып ал.
Тағы жансыз жіберіп,
Ішкі сырын біліп ал.
Сенде қандай күш болса,

Онда да соның бәрі бар.
Ақылмен ойлап қарасаң,
Бұл сөзімнің жаны бар.
Қалмақтың ханы ойланып, бұл кемпірдің де айтқаны рас

шығар. Себебі, Орақ-Мамай біздің елді қонысынан аударғанда
бұл сегіз жастағы қыз екен. Орақ-Мамайдың көрсеткен азабын
өз көзіменен көргеннен кейін зарлап тұрған шығар деп, аттану­
ды қойып, Қырымға елші жіберуге кіріседі.

Қондыкер білгір ер еді,
Артық туған жан еді.
Кемпірдің зарлап тұрғаны
Қызылбастың қамы еді.

«Алдымдағы, мамам-ай,
Тілегің болсын, ал енді.

батырлар  жыры
Хат жіберіп елшімен,
Көрейін барып сол елді»,—
Деді дағы, Қондыкер

Әділ ханға хат жазды.
Қарасай-Қази қос жетім
Қалмасын деген ат жазды.
«Ноғайлының баласы

Қарарыма көнсін,—деп,
Қолынан есеп берсін,—деп.
Қарарыма көнбесе,
Қолдан есеп бермесе,

Жер ортасы Қиғаш тау[ға]
Ұрысуға келсін,—деп
Балалық етіп жүрмесін.
Өзіне-өзі сенсін,—деп,

Орақ-Мамай барында
Біздер болдық жерсіз,—деп,
Ойламады қалмақты
Сіздер де тайпа елсіз,—деп,

Бізден артық емессіз,
Асып кетсең теңсіз,—деп,
Ендігі жерде, ноғайлы,
Күніңіз болмас менсіз»,—деп,

Қондыкер хатты жазыпты.
Өткендер түсіп есіне,
Көзіңнің жасы мөлтілдеп,
«Неде болса ноғаймен

Бір соғысып өлсем»,—деп.
Бұл хатты елші алып, бірнеше ай жол жүріп, Қырымның
еліне келеді. Бір күні таң сарғайып атқан кезде Әділ ханның
ордасының тұсына келіп, Әділге сөйлеп тұрған жері.

—Бар болсаң жолық, Әділ хан,

Таң сарғайып, атты таң.
Іздеп келген елшімін
Ата жауың қалмақтан.
Сіздің елдің ерлері

Біздің елді зарлатқан.

қарасай —қази
Жесір етіп шетінен,
Қиядан шауып қандатқан.
Бізде қазір жиналып,

Он екі хандай—ел болдық
Қашып барып жан-жақтан.
Мен бір жүрген хабаршы,
Түсіріп аттан, ардақтаң.

Құтылу қиын, хан Әділ,
Дұшпаның құрған қармақтан.
Ау, хан Әділ, хан Әділ,
Ашып қара қабақты,

Сөз айта келдім сабақты.
Орақ пенен хан Мамай
Біздің елді қамапты,
Қосақтап қойдай сабапты,

Берген екен азапты,
Көрсеткен талай тозақты.
Орақ-Мамай өлді деп,
Сізге де кезек келді деп,

Тартайын деп мен келдім,
Сойырдан қалған табақты.
Қондыкер патша жіберді,
Қарарыма көнсін деп,

Қолдан есеп берсін деп.
Қарарыма көнбесе,
Қолдан есеп бермесе,
Жер ортасы Қиғаш тау

Ұрысуға келсін деп.
Балалық етіп жүрмесін,
Өзіне-өзі сенсін деп.
Жіберген саған хаты бар,

Қарасай менен Қазидың
Екеуінің аты бар.
Екі күннен қалдырмай,
Бір жауабын білдіріп,

Хан Әділ, мені жолға сал!
Бұл хабарды естігеннен кейін хан Әділ ойланып; «Қалайда
ата-жау қалмаққа ұрыспай берілгеніміз болмас,—деп,—келер

батырлар  жыры
жылға жазға соғысуға барамыз, патшаңа сәлем айт. Ұрыстың
дайындығын көре берсін»—деп, елшіні еліне қайтарып жібе­
ріп, Қондыкердің хатын ашып оқыған жері.

Хатты оқып қараса,
Жазуы хаттың тамаша.
Оқи алмайды бұл хатты
Ханы менен қарасы.

Бір қосылып жазылған
Екі сөздің арасы.
Әкеліп жатыр әр жақтан
Молла менен песірді.

Жазуға сәйкес келмейді,
Өгіз сиген секілді.
Қалмақтың жазған қағазы
Әділдің есін кетірді.

Бір шетінде Қырымның
Оқыған он жыл қалмақта,
Барып жүрген жан-жаққа.
Үйренбеген тілі жоқ,

Ол жақ пенен бұл жақта.
Сол молданы әкеліп,
Оқытып хатты көреді.
Мазмұнына бұл хаттың

Түсініп, Әділ біледі.
Батыр да болса Әділдің
Қорқайын деді жүрегі.
Жау көрмеген жас бала

Есі кетіп жүдеді.
Баяндауға хабарды
Қарасайға жүреді.
Бірнеше күн жол жүріп,

Қарасайдың үйіне
Әділ жетіп келеді,
Келе сөйлей береді:

—Ау, Қарасай, Қарасай,

Сөз айта келдім тамаша-ай,
Азып кеткен заманда
Жарамайды азаға.

қарасай —қази
Арғымақтың баласы-ай,
Атаға тартып ұл тумас,
Енеге тартып қыз тумас.

Жақын күннің ішінде
Көргенім жоқ түсімде.
Қиғаштың ала тауынан,
Қызылбастың жауынан

Ұзындығы үш құлаш,
Көлденеңі бір құлаш
Жалғыз тартқан хат келді.
Қарасай-Қази қос жетім

«Қалмасын» деген ат келді.
Адам да емес, аң да емес,
Әуре де емес, жан да емес,
Бір қарғадай бала ап келді.

Біздей жетім пақырға
Осындай зат тап келді.
Ендігісін өзің біл
Жаныма менің батты енді.

Қарасай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ау, хан Әділ, саспаңыз,

Ақылды босқа шашпаңыз.
Қырымға тегіс хабарла,
Енді қарап жатпаңыз.
Қалмаққа амал етерміз

Келер жылдың жазына.
Қырық мың әскер қолменен
Аттанып, Әділ, кетерміз.
Қалмақты шауып алмасақ,

Ер емеспіз—бекерміз.
Бұл қалмақтың тағдырын
Аттанып барып шешерміз.
Ол қашып кеткен қызылбас,

Сол үшін құрбан біздің бас.
Ата жаумен айқасу
Шартты белгі бұзылмас.
Осы келген қалмаққа

Бұрында бүлік салғанмын,

батырлар  жыры
Қонысын тартып алғанмын.
Қиғаш таудан өткесін,
Қиынға асып кеткесін

Атам Орақ бара алмай,
Елін шауып ала алмай,
Әлі де бар арманым.
Осы сапар аттанып,

Тапсырып кеткен атамның
Бітірейін арманын.
Олжа қылып алайын,
Сол қалмақтың мал-жанын.

Қорқып келдім дегенше,
Қуанып келіп, Әділім,
Менен сүйінші неге алмадың?!

—Ау, хан Әділ, хан Әділ,

Айырдан туған, нар Әділ.
Біздердей ерге қалмақ не,
Сол қалмақты алмай не?
Жас жетіге толғанда,

Ер азамат болғанда.
Атамның жауы кез болып,
Соғысып өлсем арман не?!
Мен кетейін алдымен,

Тастама Әділ мені де.
Мен бір бүлік салайын
Қызылбастың еліне.
Өзім барып қайтайын

Өлген атам Орақтың
Бара алмаған жеріне.
Қиғаш биік тауменен,
Ноғайлы құрақ еліне.

Олай болса, Қырымның қырық батырына тегіс хабар сал,
Қазиды жіберелік деп, екеуі кеңесіп, Қазыны шақырып алып,
Әділдің Қазыға толғап тұрған жері.
Орақтың ұлы Қазиды

Шақырып алды қасына-ай.
Сөйледі Әділ осылай:

қарасай —қази

—Жақында менің қасыма-ай,

Сен ер едің асыл-ай.
Орақ-Мамай барында
Көп қызылбас бұл жерден
Кеткен екен қашып-ай.

Қиғаштан өтіп жер алып,
Жер мөлшерін кең алып.
Қала шауып, ел алып,
Күшейіпті бүгінде

Он екі ханнан құралып.
Хат жіберген біздерге,
Ұрысуды сұранып.
Соның үшін, Қазижан,

Аттанамыз қалмаққа.
Үш-төрт күннен қалдырмай,
Хабарлау керек жан-жаққа.
Қырымның қырық батыры

Бір жерде емес, жан-жақта,
Ертеңнен бастап мін атқа.
Қырымның қырық ерінің
Қалдырмай бірін хабарла.

Күндіз жатпа, түн жатпа,
Қызылбасты қиратсақ,
Жетеміз сонда мұратқа.
Қалмақты жеңіп, қаратсақ,

Көрерміз тыныш сол уақта.
Тапсырғанды, қарағым,
Құйып ал қазір құлаққа.
Алаулаған қалмақты

Алдына салып айдаған.
Қырық-елуден қосақтап,
Айдардан ұстап байлаған.
Қолтығына қол салып,

Аждарханды барлаған
Айсаның ұлы Ахмет,
О да келсін, қалмасын,
Орап шықсын беліне

Алтыннан берен алмасын.
Ертіп шықсын жолдасын,
18–166

батырлар  жыры
Тастамасын молдасын.
Қандай заман күн болад,
Атасыз қалмақ елінде

Имансыз өліп қалмасын.
Бір жиынның ішінде
Алпыс бес балта сындырған,
Дұшпанның көңілін тындырған

Ер Әнес пен ер Серік,
Бұларда келсін қалмасын,
Орай шықсын беліне,
Алтын балдақ алмасын.

Ертіп шықсын жолдасын,
Тастамасын молдасын.
Жау жағының бетінде,
Ел жағының шетінде

Қалмақпен талай ұрысқан,
Бар шығар солар есінде—
Тұлпар мініп ту алған,
Алмасын ханға суарған,

Жау көрінсе, қуанған,
Жау көрмесе, суалған
Томаға көзді қасқа азбан,
Ертеден шапса, кеште озған,

Қалмақ десе қол созған—
Қартқожақұлы Қоянақ,
О да келсін, қалмасын.
Орап шықсын беліне

Қару-жарақ, алмасын.
Ойламасын мал-басын,
Ертіп шықсын жолдасын.
Тастамасын молдасын,

Қандай заман күн болар,
Имансыз өліп қалмасын.
Осылардың бәрі де
Сайлап шықсын қол басын.

Бәріне айтқан сәлемім,
Біреуі де қалмасын.
Түсіндіріп, айтарсың,
Қазижан, өзің барғасын.

қарасай —қази
Қауіпті жерге кеттік деп,
Ізіндегі халқына
Уайым-қайғы салмасын.

Кететінін ұрысқа
Өздері ғана аңғарсын.
Бес күннен қалмай арысы,
Сарайға біздің жамдансын.

Елге де керек ер жігіт,
Қарасай менен екеуің,
Бұл соғысқа бармайсың.
Сау жүрсеңіз жалғанда,

Талай жерді шарларсыз.
Біздер аман, сау келсек,
Содан кейін, қарағым,
Атаңнын жауын аларсыз.

Осы сөзді тапсыртып, Қазиды жолға салады. Қази бес күн
дегенде Қырымның қырық батырын қырық мың қолмен жи­
нап, Әділге әкеледі. Енді Әділ Қазиды еліне жіберіп, біз бұл са­
пар Қарасай-Қазиға білдірмейік, тастап кетелік. Себебі, бұлар

бұрын жау көрмеген жас бала еді. Жауға апарып өлтіріп алсақ,
азулы ерлердің тұқымын құртып алармыз. Бұл бізге пайда бол­
мас, әрі біздер келгенше елді сақтасын, егер біз жау қолында
қалсақ, біздің арымызды арласын және келешекте елге тұлға

болсын деп, Қарасай-Қазиға білдірмей, өздері аттанып кете бе­
реді. Бұлардың жауға айтпай кеткенін Қарасай біліп, ізінен ке­
тейін деп қамданған жері.
Өлерінде ер Орақ

Өзі мінген Қара атты
Ер Қазыға берді.
«Қазижаным өзімнен,
Артық туған»—дер еді.

Қазиым жауға тигенде,
Бұзар дейтін жебені,
Әрі ұлының кенжесі,
Осы болды Қара атты

Беруінің себебі.
Ал Қарасайдың аты жоқ,

батырлар  жыры
Алуға сатып заты жоқ.
Бір күні тұрып Қарасай
Шешесіне еңіреді:

—Әділ кетті аттанып,

Бізге айтпай «бала»,—деп,
Ат тауып бер, ана,—деп.
Тастап кеткен Әділдің
Қорлығына көне алман.

Атамның жауын жаулатып,
Елде тірі жүре алман.
Әділ ханға алдырмайд,
Бекініп қалған ел,—дейді,—

Он екі ханнан құралған.
Мен Орақтан туғасын,
Қалғаным айып бұлардан.
Жаяу да болсам кетейін,

Ізінен қуып жетейін.
Тастап кеткен Әділді
Кескілеп жолда кетейін.
Өзімді итке теңгерді,

Достым болса, нетейін?!
Енді қалған жалғанда,
Доссыз-ақ болып өтейін,
Жауап бер, ана, жүрейін.

Тастап кеткен Әділдің
Кім екенін білейін?!
Бетін теріс қаратып,
Ту сыртынан тілейін.

Мен өзімді танытып,
Ұшырайын, үрейін.
Сонда анасы сөйледі:

—Қарағым, маған ер,—деді,

Ізіме еріп, жүр,—деді.
Үш күншілік отарда,
Ер Қосайдың көп жылқы
Ішінде бар Қызыл ат,

Соны ұстап мін деді.
Қалмаққа кеткен Әділдің
Ізінен сүйтіп жүр,—деді.

қарасай —қази
Көп жылқының ішінде
Ер Қосайдың аты бар.
Қарағым, мені берсең де,

Қымбатсынбай сатып ал.
Түсініп сөзге бермесе,
Алдына жылап жатып ал.
Осы сөзді айтты да,

Қарасайды жетектеп,
Сүрініп кетсе, «көтек» деп,
Көп жылқыға келеді,
Үстіне келіп енеді,

Қабыл болды дегені.
Ер Қосайдың Қызыл ат
«Ием бе?» деп кісінеп,
Арқаға қарай есінеп,

Бұларға қарап тұр еді.
Қызылды ұстап, жетектеп,
Үйіне жетіп келеді.
Ер Қосайдың ер Көкше

Отарда жатқан жылқыны
Түгендейтін күні еді.
Ер Көкше келсе, Қызыл жоқ,
Түсейін десе, ізі жоқ.

Ұры алды деуге Қызылды,
Ұстататын түрі жоқ.
Ізін кесіп жүгірді,
Кетті ме деп бөрі жеп.

Қарай жүріп, ер Көкше
Ізін тауып алады.
Ізге түсіп жүгіріп,
Аш күзендей бүгіліп,

Қарасайдың үйіне
Салып, жетіп барады.
Қарасайға сол жерде
Көкшенің айтқан жауабы:

—Атты неге алдың?—деп

Әлекке біраз қалдым,—деп.
Иесі жоқ дедің бе,
Отарда жатқан малдың?!—деп.

батырлар  жыры
Бір жанына теңейтін
Аты еді біздің шалдың,—деп.
Барымта қылып алғандай.

Қарасай неңді алдым?!—деп.
Келіп тұрмын ізінен,
Ақ адал менің малым,—деп.
Көп болды ма өзіңе

Бір шыбындай жаның?!—деп.
Алатын болсаң тартып ал,
Болмаса, шалдан сатып ал.
Саған босқа бергендей

Далада жатқан малым жоқ.
Осы сөзді айтты да,
Қызыл атқа таласып,
Екі батыр алысты,

Біріне-бірі жабысты,
Жаман сөзге барысты.
Екеуі де суырды
Қынабынан қылышты.

Тағы да алып найзаны,
Итерісіп тұрысты.
Қалмақсыз-ақ, Қарасай
Жақыннан тапты ұрысты.

Кемпірден басқа адам жоқ,
Кім қойдырар бұл істі?
«Қой»,—деп еді, қоймады,
Істің арты оңбады.

Қарасайдың анасы
Сонда тұрып толғады:

—Ау, Қарасай, қарағым,

Айтқанын қыл анаңның,
Ат тауып бер дегенде
Осы ма еді талабың?!
Ана тұрған Қосағаң—

Ноғайдан қалған босағаң.
Бөтен емес Қосекең,
Атаңменен дос адам.
Қосекеңе-ақ бара ғой,

қарасай —қази
Қосекеңнің өзінен
Қарағым, сұрап ала ғой.
Көкше билеп бере алмас,

О да, сендей бала ғой.
Қосекең сөзге түсінер,
Көпті көрген дана ғой.
Естігесін бұл сөзді,

Екі бала тоқтады.
Ер Қосайға баруға
Қызылға салды ноқтаны.
Екі бала керісіп,

Соңынан және келісіп,
Жетекке атты алады.
Кіші бесін уақтында
Ер Қосайға барады.

Мұңын айтып Қарасай,
Ер Қосайға зарлады.
Аттануым керек ед,
Алалмаған атамның

Қызылбастай жауына.
Бір шығуым керек ед
Қиғаштың биік тауына.
Әділ хан кетті аттанып,

Менің атам жауына
Мінейін десем, атым жоқ,
Алуға сатып затым жоқ,
Қалып қойдым ауылда.

«Қосекеңнің аты,—деп,
Әкеміздің досы,—деп,
Береді ғой осы»,—деп,
Қызылды ұстап мінгенім.

Қызылды мінсем, қалмаққа,
Қайтар деп едім еңбегім.
Қуып келіп, ер Көкше
Атты маған бермеді.

Өз алдыңа, Қосеке,
Атты сұрап келгенім.
Неғылсаң да өзің біл,
Алдыңа келіп бас иіп,

батырлар  жыры
Қосеке, саған еңіредім.
Сонда Қосай сөйледі:

—Қарасай, сенің неткенің,

Сұраусыз алып кеткенің?!
Отарда жатқан жылқының
Иесі жоқ қой деп пе едің?!
Атаң Орақ өлгесін,

Білмедің бе, қарағым,
Кемеңнің суға шөккенін?!
Мен Қызылды бере алман,
Көзіңнің жасын көре алман.

Керегі жоқ бұл жерде
Орынсыз босқа өкпенің.
Қызылдан дәмең болмасын,
Жасымнан менің жолдасым.

Құлынынан баққаным,
Өзі тұлпар болғасын.
Жылқыға биыл жібердім,
Жасы жетіп толғасын.

Бере алмаймын қызылды,
Көрсетпе маған жүзіңді.
Сен бір жүрген ұрысың,
Бұл жерге салма ізіңді.

Өлсем соям асыма,
Өлгенімше қызылды,
Байлап қоям басыма.
Әуес болма, Қарасай,

Менің жалғыз атыма.
Ізіңше, балам, қайта бер,
Атымды салмай талқыға.
Тұлпарымды бере алман,

Көзіңнің жасын көре алман.
Сексен жасым жеткенде
Саған беріп Қызылды,
Жаяу көшке ере алман.

Ұрлап, ұстап мінгендей,
Кеткенің бар ма озалдан.
Бұл сөзді естіп Қарасай,
Жетімдік түсіп есіне—

қарасай —қази
«Келдім деп мұның несіне?
Өлген атам ер Орақ
Бірге жүрген досты еді,

Түспеді-ау деп есіне».
Көзінің жасы төгіліп,
Қабырғасы сөгіліп,
Аш күзендей бүгіліп,

Қосай шалдан түңіліп,
Қайтып кетіп барады
Буыны босап жығылып.
Қарасай кетіп бара жатқанда шақырып алады. Шынында

Қосайдың көңілі атты бермеу емес, баланы сынау еді, бұл балаға
«атты сатып ал» деп, қымбат бағалар айтайын. Егер шын ер бо­
лып жауға барғысы келіп жүрсе, атқа не сұрасам да, алып келер
деп, Қосайдың Қарасайға сөйлеген жері:

Қосай сонда сөйледі:

—Ау, Қарасай-Қарасай,

Асыл ердің баласы-ай.
Кешегі Орақ барында
Қосайменен әкеңнің
Жақын еді арасы-ай.

Соның біліп келіпсің,
Берер деп маған сеніпсің.
Олай болса, Қарасай,
Жылап кетпе, күліп кет,

Сен, Қызылды мініп кет.
Алмасаң да, қарағым,
Бәрін естіп біліп кет.
Ат керек болса, сатып ал,

Қызылдың сондай даңқы бар.
Қарыдар болсаң, қарағым,
Атымды толық бәсіне ал.
Қусаң жауды жетесің,

Құтылып қашсаң кетесің.
Бұл тұлпарда өнер көп,
Ат таниды екенсің.
Сен қалмаққа барғанда,

батырлар  жыры
Қиядан қиқу салғанда,
Астыңда тұлпар тұрғанда,
Қалмайсың, балам, арманда.

Ал атымның бәсін айтайын,
Малымның бәсі—қыз Қымбат,
Тоқалдыққа бересің.
Ат керек болса, қарағым,

Қиналмай бұған көнесің.
Тоғыз сусар тон керек,
Тоғыз тұлпар ат керек,
Сондай-сондай зат керек.

Орақ достым болғасын,
Бір аяғын сонда да,
Атаң саған бос беред.
Толық бәсін сұрасам,

Атыма мал көп керек.
Керек болса алып кет,
Маған жүрме өкпелеп.
Бұл сөзді естіп Қарасай,

Жыланғаннан жұбанды.
Тірілгендей әкесі,
Сол жерде бала қуанды.
Олай болса, Қосеке,

Қызыл ат болсын біздікі,
Қыз Қымбат болсын сіздікі.
Тоғыз сусар тоныңды,
Тоғыз тұлпар атыңды,

Енді қалған затыңды,
Аман келсем қалмақтан,
Өлмей келсем сол жақтан,
Алып келіп берейін.

Өліп кетсем сояқта,
Кебінімнен төлейін.
Өлме, қартым, жасай бер.
Басқа саған не дейін?!—

Деді дағы, Қарасай
Қызылға тоқым салады,
Ырғып мініп алады.
Батасын беріп ер Қосай,

қарасай —қази
«Аман кел!»—деп қалады.
Қызылды мініп қиғаштап,
Құнан қойдай бой тастап,

Оңды-солға ойқастап,
Үйіне жетіп барады.
Қызыл аттың үстіне
Алтын ерді салады.

Алтын тұрман күмістен,
Мақпалдан жабу жабады,
Жібектен шынжыр тағады.
Азық-түлік ат жемін

Даярлап бәрін алады.
Жүру болды қалмаққа—
Қарасайдың талабы.
Атадан қалған бес қару,

Бесеуін де алады.
Орақтан қалған ақ алмас,
Есебін тауып сілтесе,
Ақ алмастан жан қалмас—

Тиген жері жым-жылас,
Мұны белге орады.
Анасымен қоштасып,
Кеткен Әділ ізінен

Қарасай кетіп барады.
«Аман барып, сау кел»,—деп,
Анасы пақыр жылады.
Қарасай кетіп қалмаққа,

Тастап кеткен Әділге
Ақырзаман салмаққа.
Ертеңгі күн бесінде
«Бір тайға сені сатты» деп,

Хабар келді Қымбатқа.
Ұзын бойлы ақ қатын,
Өсек десе дым жақын
Қымбатқа жетіп келеді,

Келе сөйлей береді:

—Бикешжан, жатсың нағылып?!

Мен келдім саған сабылып,

батырлар  жыры
Қара терге малынып.
Қарасай кетсін қағынып,
Есіттің бе хабарды:

Өзіңмен туған ағаң жоқ,
Өлген атаң саған жоқ,
Көрерсің ақыр заманды.
Ағам бар деп жүрсің-ау,

Қарасайдай арамды.
Қарасай аман келмесін,
Тілегін Алла бермесін.
Саған жоқ теңдік, қарағым,

Жалғыз атаң өлгесін.
Сексендегі Қосайға
Бір тайға сені сатыпты.
Ат қолына тигесін,

Білдірмей саған асыпты.
Орақтан туды дейді-ау жұрт
Ондай жаман жасықты.
Сексендегі Қосайға,

Нағып қиып берді екен
Сендей алтын асықты?!
Көкірегі гүрілдеп,
Буындары дірілдеп,

Қасына алып жатады-ау,
«Он бес шыққан күнім», деп.
Қосайға әйел болғанша,
Өлгенің жақсы бүгін,—деп.

Бір тайға сатты дегенсін,
Арымыз келді біздің,—деп.
Бүгіннен бастап, қарағым,
Қарасайдан түңіл,—деп.

Ұзап кетпей алысқа,
Ізінен қуып жүгір,—деп.
Бұл сөзді естіп қыз Қымбат,
Не болғанын білмеді,

Қарасайдай батырды
Жаңағы әйел күндеді.
Зар еңіреп қыз Қымбат,
Қарасайдың ізінен

қарасай —қази
Даярланды жүргелі.
Ертең сәске болғанда
Ағасын қуып жөнелді.

Бірнеше күн жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,
Қарасайға келеді,
Келе сөйлей береді:

—Мен жүр едім ағам деп,

Бір тайға мені сатқаның,
Ылайық па маған,—деп.
Тоқалдыққа ағеке-ау,
Қосайға қалай барам?!—деп,

Сексендегі Қосайға
Ойладың ба барар,—деп,
Маған алған Қызыл ат,
Адал емес арам,—деп,

Іште кетті-ау арманым,
Тістеулі кетті-ау бармағым.
Кешегі атам барында
Жаратқан, неге алмадың?!

Бүгінгі күні мен сордың
Басына қайғы салғаның!
Қарасай беріп қорлықты,
Мен еңіреп зарладым!

Мен ойламадым сізді бөтен деп.
Қарасай-Қази сау болса,
Мақсатыма жетем,—деп.
Сіз екеуің тұрғанда

Өлген атам Мамайға
Өкінгенім бекер,—деп,
Ойлап тұрмын мен енді
Қайғымен күнім өтер,—деп.

Қызыл атты бермеймін,
Туған деп саған сенбеймін.
Жалғыз туған екенмін,
Жүзіңді енді көрмеймін.

Кететін болсаң, жаяу кет,
Қызыл ат үшін келгенім.
Қосай шалға сатқасын,

батырлар  жыры
Жақын деп саған сенбедім.
Бұл сөзді естіп Қарасай,
Қымбатқа көңілі қалады.

Қызыл аттың үстінен
Сыпырып ерді алады.
Ер тұрманын арқалап,
Қарасай жаяу қалады.

Қызыл атты жетектеп,
Қарындасы қыз Қымбат
Үйіне қайтып барады.
Қараүлектей ананың

Болмады бұдан хабары.
Қыз Қымбат атты әкеліп қазығына байлап тастап, жайына
барып жата берді. Қызыл ат жем жегісі келгенде шыңғырып,
ащы дауыспен кісінейтін еді. Бір күні Қызыл ат қатты кісінейді,

мұны кемпір есітіп шығып қараса, Қызыл ат байлаулы тұр. Бұл
Қарасайдың мініп кеткен аты еді. Қарасайдың жолдан қайтып
келетін реті жоқ. Не де болса осы Қымбаттан келген бәле шығар
деп, кемпірдің Қымбатқа сөйлеп тұрған жері:

Тал таяғын қолға алып,
Ашуға мініп долданып,
Қымбатқа келіп анасы,
Сөз сөйлейді зарланып:

—Қымбат-ау, сенің неткенің,

Жауға кеткен ағаңның
Ізінен қуып кеткенің,
Сексендегі Қосайға
Шынымен беред деп пе едің?!

Ізінен қуып барғаның,
Рас па атын алғаның?
Жауға кеткен ағаңның
Басына сауда салғаның.

Көрдің бе тәуір ағаңның
Далада жаяу қалғанын.
Жазираның шөлінде,
Ата жау—қалмақ елінде

Өлді-ау тістеп бармағын.

қарасай —қази
Іс қылыпсың қолайсыз,
Жәрдемі тисе Алланың,
Ел шетіне жау келсе,

Ашылмастай дау келсе,
Қарасай-Қази сау жүрсе,
Сенің үшін екеуі
Балтаға басын салмай ма,

Айырып жаудан алмай ма?!
Ала алмаса айырып,
Сен үшін өліп қалмай ма?!
Ақылсыз қаншық болмасаң,

Соны ойласаң болмай ма?!
Жаяу кеткен Қарасай
Жазираның шөлінде,
Ата жау қалмақ жерінде

Шөлден өліп қалмай ма?!
Қарасай-Қази жоқ болса,
Тап боласың қандайға?!
Ақылға мұнша кем болып,

Тап болыпсың маңдайға.
Хан баласы, бейбағым,
Алды-артын ойлап көрмей ме?!
Бере ме, иә бермей ме,

Өзінше ойлап білмей ме?!
Қарасай жаудан сау келсе,
Қалмақтан жесір әкелсе,
Сені берген Қосайға

Қаракөз балыққа ұсатып,
Он бесін тізіп бермей ме?!
Сөйтіп сенің басыңды,
Қосайдан ашып алмай ма?!

Ақылы қысқа, шашы ұзын,
Дүзіқара қаншық болмасаң,
Соны ойласаң болмай ма?!
Қызылға қазір мін деймін,

Апарып атын бер деймін.
Өліп қалса далада,
Сүйегін алып кел деймін.
Жатпай, тұрмай, ағаңның

батырлар  жыры
Тірі-өлісін біл деймін.
Жете алмасаң ізінен,
Жолында сен де өл деймін.

Апарып атын бермесең,
Жүзіңді сенің көрмеймін.
Өсек сөзге шын нансаң,
Мамайдан туды демеймін!

Анасы бұл сөзді айтқаннан кейін Қымбат ойланып, «кем­
пірдікі дұрыс екен. Мен ақылсыздық қылған екенмін» деп,
атын алып, ағасының ізінен кетеді. Жазира деген шөлде ағасы
шөлден өлейін деп жер бауырлап жатқанының үстінен шығады.

Қарасайдың оң жағында жүз қарға, сол жағында жүз қарға
көзін шұқыйын деп, ұшып-қонып жүр екен. Бірақ пірінің
жәрдемі тиіп, қарғаларды ұшырып, Қарасайға қондырмай тұр
екен. Қымбат зар еңіреп жылап, ағасының аузына су тамызып,

ағасын тірілтіп алады. Қарасай көзін ашып қараса, қасында бір
әйел адам пайда болды. «Ау, бұл жерде адамзат болмау керек
еді ғой, бұл жын ба, шайтан ба, бұны кесіп тастайын»,—деп ал­
масын суырып алады. Қарындасы шашын алтын тормен қаптап

қоятын еді. «Шауып тастар» деп өзін таныту үшін басындағы
орамалын жұлып алады. Енді Қарасай қарындасы екенін та­
нып, шауып тастауға көзі қимады. Қанға тимей қайтпайтын ақ
алмас қайта салса, қынына симады. Сүйтіп, ағасы бір саусағын

кесіп, алмасын соның қанымен майлап, қынына салады. Сол
жерде Қымбаттың Қарасайға сөйлеген жері.
Қыз Қымбат сонда сөйлейді,
Ақылға келіп жөнделді.

Мойнына алды қатесін,
Енді сөзі жөн болды:

—Мен іс қылдым, аға, шарасыз,

Жоқ екен күнім ағасыз.
Біреу емес, ағеке,
Екі шалға қабат сат,
Барайын даусыз, жаласыз.

Сіз екеуің сау болсаң,
Маған қорған, панасыз.
Ендігісін өзің біл,

қарасай —қази
Тілекшімін залалсыз.
Күнәмді кешір, жан аға,
Сеніп лашын, мен қарға.

Өкпеңді қойып, атыңды ал,
Болайын, аға, садаға.
Етуге себеп бұл істі,
Бір әйел болды арада.

Атсыз кетіп қалмаққа,
Жаяу қалма далада.
Тапсырдым деп барайын,
Үйде қалған анама.

Туысқаннан тумалас,
Құтылмайды қайда да?!
Кімге берсең, оған бер,
Сүріндім енді күнәма!

Алдыңа келіп жыладым,
Көзімнің жасын көр, аға.
Атыңды мініп, алып кет,
Ашуыңды бермесең,

Мені өлтіріп, жарып кет!
Құрбандыққа жолыңа
Бауыздап қойша, шалып кет.
Қарасай сонда сөйледі:

—Атыңды ал да кете бер,

Жас жігітке қосылып,
Мақсатыңа жете бер,
Қарғап тым сені нетейін?!
Жаяу-ақ жауға кетейін,

Бұл жалғанның жүзінде
Көрмей-ақ сені өтейін.
Қымбат жылап егілме,
Қосыла бер теңіңе.

Атыңды алып қала алман,
Қайта бер тұрмай еліңе.
Ойлап едім мен сені
Бөтен емес өзім деп,

Мамайдан қалған көзім деп.
Қалайда менің Қымбатқа
Өтеді ғой сөзім деп.
19–166

батырлар  жыры
Неде болса Алланың,
Салғанына көндім деп.
Енді атыңды міне алман,

Бөтен екен көңлің деп.
Бұдан басқа сөзім жоқ,
Қарағым айтты болдым,—деп.
Осы сөзді айтты да,

Түсе берді жолына.
Зар еңіреп қыз Қымбат,
Ере берді соңына.
Қарасай

қарындасын
қимай
атын
алып,

Қымбатпен
қоштасып, ауылына қайтарып жібереді де, Әділдің ізінен жүріп
кетеді. Орақ, Мамай жауға тиерде, я ашуланса, бұлт шаңыт бо­
лып кетеді екен. Әділдің көп қолы дем алып жатса, ел жақтан

бір шаң аралас бұлт келеді. Мұны Әділ көріп, Қарасайдың келе
жатқанын біліп, ашуын сұрайын деп алдынан шыққан жері:
«Шаң аралас бұлт болып,
Келатыр екен Қарасай.

Алдынан шығып барайын,
Ашуын сұрап алайын.
Алдынан өзім бармасам,
Сапарын сұрап алмасам,

Бастығы Әділ хан қылып,
Қырымнан келген әскердің
Қырып кетер талайын».
Деді дағы, ер Әділ

Келе жатқан батырдың
Алдынан шығып тұрады.
Толық екен батырдың
Қару-жарақ құралы.

Ақ алмасты суырып,
Аспан мен жерді қуырып,
Түсе қалып атынан,
Ер Әділдің қасына

Жетіп келді жүгіріп.
Жетіп келді қасына-ай,
Сөйледі батыр осылай:

қарасай —қази

—Ажал айдап кетті ме,

Әділ хан, сені, досым-ай?!
Ізіңнен қуып келіп тұр,
Тастап кеткен қойшың-ай.
Жаныңды сенің алайын,

Ту сыртыңнан шабайын.
Етіңді итке жегізіп,
Сүйегіңді отқа жағайын.
Достым болсаң нетейін,

Кескілеп сені кетейін.
Бұл жалғанның жүзінде
Доссыз-ақ болып өтейін.
Неге хабар бермейсің,

Көзіңе неге ілмейсің?!
Атамның ескі жауына
Менімен неге жүрмейсің?!
Өзіңнен басқа білгір жоқ,

Көңіліне келер демейсің.
Мен бір жүрген сақамын,
Сен бір тұрған кенейсің.
Мен Орақтың ұлымын,

Сен бір жүрген кенейсің.
Көп әскерге ер керек,
Ол ерлерді қолдайтын
Қысылған жерде пір керек.

Қиын-қыстау жерлерде
Біле-білсең, біз керек.
Аттанып барад көп әскер
Осы қолдың ішінде,

Қайтарады кім дерек,
Неге тастап кеткенің?!
Ерден тумай біздерді,
Жерден туды деп пе едің?!

Атамның жауын жауламай,
Ауылда қалып неткенім?!
Алайын сенің жаныңды,
Төгейін судай қаныңды.

Мен сенен-ақ алайын,
Қалмақтағы арымды.

батырлар  жыры
Тастап кетіп ауылға,
Бақтырайын дедің бе,
Отарда жатқан малыңды?!

Не себепті тастадың,
Өтірік айтпай, шыныңды айт,
Алмастан бұрын жаныңды?!
Сонда Әділ сөйледі:

—Айналайын, Қарасай,

Сөйлеген сөзің тамаша-ай.
Асқар таудай қарағым,
Көрмеймін сізді аласа-ай.
Сенің атаң ер Орақ,

Сен азулы ердің баласы-ай.
Кетіп едім мен тастап,
Болсын деп елдің панасы-ай.
Көңілімде кіршік қара жоқ,

Сөзімнің осы ырасы-ай.
Омыртқасы өспеген,
Жау көрмеген балдарды,
Өлтіріп жаудан алам деп.

Біздер жаудан келмесек,
Елге болар панам деп.
Ат жалға қолы жеткесін,
Бізді іздер олар деп.

Кемалына келгенсін,
Қалмаққа ойран салар деп.
Кек алатын іздегі—
Әруақты ерлер солар деп.

Шар болаттың сойы еді,
Елге болар тұлға деп.
Ар жағы пірден дөреген,
Түсінер балдар соған деп,—

Айтпауға себеп сол болды,
Тастамадым жаман деп,
Неғылсаң да өзің біл.
Алдыңа келіп бас иген—

Хан Әділ сынды ағаң,—деп.
Өлтірсең де өзің біл,
Тастап кеткен сазаң,—деп.

қарасай —қази
Тілек етіп сұрайын,
Ашуыңды бер маған,—деп.

—Олай болса, досым-ай,

Ашуымды берейін,
Кемсінген екен демейін.
Ұлықсат берсең, хан Әділ,
Мен де сізге ерейін.

Осы сапар атамның.
Үш арманын бітіріп,
Тыныш тауып келейін.
Әділ бұл сөзді естігеннен кейін, Қарасайдың да баруына

ұлықсат береді. Қарасай кеткеннен соң мен ағамнан қалып, не
боламын деп ізінен Қази да қуып жетіп қосылады. Сөйтіп, бұлар
жауға кете береді. Әділ кеткеннен кейін, шешесі түс көріп,
қызына жортқан жері:

Байбикеш ханым түс көрді,
Бұл түсінен сескенді.
Кеткен жалғыз баласын,
Ханым тұрып ескерді.

Тұрып алып төсектен,
Қызына түсін шешті енді:

—Айналайын, қызым-ай,

Туған ерке қозым-ай,
Мен бір түнде түс көрдім,
Жорып көрші өзің-ай.
Ашасынан айрылып,

Ортасынан морт сынды
Алтыннан иген құрығым—
Бұл не болар, шырағым?
Жібектен есіп бау таққан,

Жібермей тартып тоқтатқан
Ортасынан сынып жүр,
Жібек баулы сырығым.
Құрасам да тұрмады,

Бұрынғыдай болмады—

батырлар  жыры
Бұл не болар, шырағым?
Алтын айдар басында,
Отыр еді қасымда.

Алтын айдар тұлымым,
Ортасынан қиылды—
Бұл не болар, шырағым?
Осы түсті көргесін,

Мен еңіреп жыладым.
Жауға кеткен жалғызға,
Жәрдемі тиген Құданың.
Сонда Ылия сөйледі:

—Айналайын, анам-ай,

Алланың салған ісіне,
Көнбесеңіз болама-ай?!
Асқар биік Алатау,
Тігіп қойған орданың

Үстіне келіп жығылса,
Асқар таудай бақ қонар
Кеткен Әділ балаңа-ай,
Көрінген шығар соған-ай.

Ортасынан морт етіп,
Ашасын сырт етіп,
Сынса алтын құрығың,
Осы жері білмедім,

Аман келсе жақсы еді,
Жауға кеткен құлының.
Жібектен есіп бау таққан,
Байланбаған асауды,

Жібермей тартып тоқтатқан,
Сынбай жүрсе жақсы еді
Жібек баулы сырығың.
Неғып келсін қыйыны,

Жалғыздықтың жаманы-ай.
Жауға кеткен жаңғызың
Осы сапар аман-ай,
Келсе еді, мамам-ай.

Ортасынан қыйылса,
Алтын айдар тұлымың,
Жауға кеткен құлының

қарасай —қази
Жоқ шығар саған аман-ай!
Бірге туған ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ.

Жалғыздықтан жаман жоқ,
Алды-артында таяу жоқ.
Еретұғын елім жоқ,
Жалғыздықтан кемім жоқ.

Соңынан қуып бармасақ,
Сапарын тілеп алмасақ,
Жібермей алып қалмасақ,
Енді саған бала жоқ,

Маған, ана, аға жоқ!
Қуып барып соңынан,
Көздің жасын төгелі.
Қызылбасқа кетпе деп.

Сапарын сұрап көрелі.
Сапарын көкем бермесе,
Соңында жүріп өлелі.
Сонда тілек болмаса,

Алтын орда тұл қалар.
Жалғыз аман келмесе,
Екі мұңды—біз нашар
Жылап-жылап қор болар.

Қалмаққа кеткен көкемді,
Қуғанымыз жөн болар.
Осыны айтып Ылия,
Қайғыны қатты шегеді.

Еріншек бозға мінеді.
Қызылға кеткен Әділді,
Қуып алып жөнелді.
Сол күні жүрді түнімен,

Ертеңі жүрді күнімен,
Келеді қуып шынымен.
Бір күн тал түс болғанда
Бір асудан құлады.

Ер Әділге жете алмай,
Екі мұңды жылады.
Алдында белес жер жатыр,

батырлар  жыры
Соған құлап келатыр.
Белеске шығып қараса,
Айдын шалқар көл жатыр.

Көл жағалап тігілген
Жапырлаған көп шатыр.
Сол шатырдың ішінде
Жібектен тіккен бір шатыр.

Бұл шатырдың ішінде
Баласы Әділ ер жатыр.
Байбикеш ханым көреді,
Көре сөйлей береді:

—Әділ менен туғалы,

Тәрбиелеп жүр едім.
Ақ сүтімді ішкізіп,
Қабырғасы қатпаған
Балапанды ұшырдым,

Басыма қайғы түсірдім.
Енді қайтып қолыма
Түсіре алмай өкіндім.
Ашылып оқып білсін деп,

Жасынан білім білгіздім.
Қалмақ жауға мінсін деп,
Сайлап тұлпар мінгіздім,
Жеңсіз берен кигіздім.

Әкесі жастай өлсе де,
Жетімшілік әлі көрген жоқ.
Атадан жалғыз екенін
Әлі балам білген жоқ.

Алыстағы жауларға
Сапар шегіп көрген жоқ.
Көп ішінде жалғыздық
Шекесіне тиген жоқ.

Жалғыздығын біле алмай,
«Барма» десем, тіл алмай,
Сапарын маған бере алмай,
Жүрейін деді жалғызым.

Ал, шырағым, Ылия,
Алдына барып жыласаң,
Сапарын тілеп сұрасаң,

қарасай —қази
Сені қиып шыдамас,
Бірге туған бауырлас.
Мұны естіп Ылия,

Есінен шықты дүния.
Атынан түсе қалады,
«Ағекем менің қайда»?—деп,
Шатырдан келіп сұрады.

Сонда Ылия сөйледі:

—Айналайын ағеке,

Келгенімді сұрасаң,
Сапар қылып жүргенің,
Қызылбастың жауы еді.
Алды-артыңда дымың жоқ,

Ағеке кімге сенгенің?!
Анамыз түнде түс көріп,
Сол түсінен сескеніп,
Сені ойлап ескеріп,

Жібермей алып қалуға,
Сол еді менің келгенім.
Сапарыңды бер дедім,
Көзімнің жасын көр,—дедім.

Сонда Әділ сөйледі:

—Емшектесім, жұбайым,

Қарағым, шекпе уайым.
Жаудан аман келермін,
Сақтаса Жаббар Құдайым.
Жылады сен деп, қарағым,

Қайғы алмайды жүрегім.
Сен жыласаң, қарағым,
Кетеді хандық дәуірім.
Ұядан бірге жасадым,

Артымнан жылап келгесін,
Еріген жездей босадым.
Айналайын, қарағым,
Келермін қайтып жылама,

Сапарымды сұрама.
Қырық мың әскер ноғайға
Басшы қылып қойғасын,

батырлар  жыры
Енді қайтып бола ма?!
Шырағым, неге жылайсың,
Көзіңнің жасын бұлайсың?!

Қызылбасқа барма деп,
Сапарымды сұрайсың.
Жалғыз көпке ермей ме?!
Алыс жолға жүрмей ме?!

Жалғыздың жары әрқашан—
Бір Құдайым демей ме?!
Ажал келсе Алладан,
Үйде де болса өлмей ме?!

Құдай аман сақтаса,
Жаудан аман келмей ме?!
Айсадан туған бес батыр,
Бесеуі кетіп баратыр.

Қарындасы Ақсүңгі,
Ол жыласа көрмей ме?!
Құдіреттің ісіне,
Салса пенде көнбей ме?!

Содан кейін Ылия:

—Туысқаның, туғаның,

Болайын сенің құрбаның.
Көріп тұрсың өзің де,
Қызылбасқа барма деп,
Анаңның жылап тұрғанын.

Басыңа қиын іс түссе,
Сонда түсер есіңе,
Атадан жаңғыз туғаның.
Айсадан туған бес батыр,

Бесеуі кетіп баратса,
Ақсүңгі неге жыласын,
Бесеуі бірге туғасын?!
Кім қайрылар саған-ай,

Атадан жаңғыз болғасын?!
Көзімнің жасын көрмесең,
Жауда қалар сау басың.
Бізге салған бұл күнді

Пендеге Құдай салмасын.

қарасай —қази
Қарасай-Қази екеуі,
Бұлар кетіп баратса,
Ақ қымбат неге жыласын?!

Қарасай жауда қалғанда,
Қази барып алғасын.
Қази жауда қалғанда,
Қарасай барып алмай ма?!

Туысқаны болмаса,
Жалғыз шыбын шырқырап,
Басы жауда қалмай ма?!
Осыларды, ағеке-ау,

Ойласаңыз болмай ма?!
Ағасы қалса, іні алар,
Інісі қалса, аға алар.
Қиыншылық күн туса,

Сен байғұсты кім алар?!
Осыны айтып Әділге,
Қарындасы жылады,
Сапарын және сұрады.

Қарындасын қия алмай,
Көзінің жасын тия алмай,
Неғыларын біле алмай,
Қайғыланып тұрғанда,

Бесін уақты болғанда,
Әділдің досы Қарасай,
Бір қиялды ойлады,
Астындағы Қызыл ат

Секіріп көкке ойнады.
«Аламан!»—деп ақырып,
Әділ ханды шақырып,
Қолды тегіс жинады.

Қызыл, жасыл екі ту,
Көтеріп қолға алады.
«Хан Мамай!»,—деп ақырып,
«Орақ!»—деп ұран салады.

«Орақ!» деген дауысқа
Сүйегі қызып Әділдің,
Жауға аттанған басшысы
Қырық мың қолдың бәрінің.

батырлар  жыры
Жаста болсаң әр жерге,
Кетіп еді дабылың.
Қызылбас мықты ел дейді,

Жоқ еді сенің аға-інің.
Жауға кетіп барасың,
Екі көзің мөлтілдеп,
Желке айдарың желкілдеп,

Мұңды болған бишара
Шешесі тұр еңкілдеп.
Қол жөнеліп жатқанда
Анасы жылап келеді,

Көзінің жасын төгеді.
Емшектен аққан ақ сүті
Етегіне шұбырып,
«Қарағым, тұр!»—деп жүгіріп,

«Жолығып кет!»—деп кідіріп.
Шешесін көріп ер Әділ,
Атынан түсе жылады,
Ананың қолын алады.

Сонда анасы толғады:

—Айналайын, шырағым,

Қызылбас болды құмарың.
Қызылбасқа барма деп,
Сапарыңды сұрадым.
Жолы қиын сапар деп,

Барған ерге қатар деп,
Естуші еді құлағым.
Енді маған сен жоқсың,
Көрсетті өзі Құданың.

Сен кеткесін, қарағым,
Күнім болар бір қысым,
Қашан қонар жыл құсым.
Қорқытты мені, қарағым,

Ұйқыда көрген бір түсім.
Құлыным едің, Әділім,
Барасың қайда, жалғызым?!
Емшегім сүті алдыңнан

Болып шықса ен дария,
Одан қайтып өтесің?!

қарасай —қази
Бара жатқан жауыңның
Алты айшылық жолы бар,
Үш айшылық шөлі бар—

Бұған не амал етесің?!
Аспанменен тірескен,
Бұлтпенен күрескен
Асқар биік тауы бар,

Қалмақтың мықты жауы бар,
Одан қайтып өтесің?!
Салған сарай қалаңды,
Қарындасың Ылияны,

Толып жатқан дүнияңды,
Қайтып тастап кетесің?!
Сонда Әділ сөйледі:

—Жылама, ана, жылама,

Жыламай көңіл тына ма!
Осы шыққан жолымнан,
Сапарымды сұрама.
Сұрағанша жолымды,

Сыйына бер Құдаға.
Көңіліне жедел енгесін,
Бармай көңілі тына ма?!
Басшы болып шыққан соң,

Бармай қалып бола ма?!
Бір тәуекел етермін,
Бармай қалсам бекермін.
Осынша қолдың ішінде

Бір жанымнан қорқып,
Қайтіп елге кетермін!
Қызылбастың еліне
Бұрынғы өткен ерлердей,

Алты ай жүріп жетермін.
Алдымнан шықса қиын жол,
Бұзып жарып өтермін.
Көзіңнің жасы көл дария,

Болып шықса алдымнан,
Қырық мың әскер қолменен
Көпір салып өтермін.
Алты айшылық жол болса,

батырлар  жыры
Алты айшылық азықпен
Қызылбасқа жетермін.
Үш айшылық шөл болса,

Жай бұлтты жаудырып,
Әскерімді қандырып,
Одан да аман өтермін.
Аспанменен тірескен,

Бұлтпенен күрескен
Асқар биік тау болса,
Жалғыз аяқ жол болса,
Әскерімді шұбыртып,

Одан да ептеп өтермін.
Қызылбас мықты ел болса,
Қырық мың әскер қолым бар,
Қол бастаған ерім бар,

Сақтайтұғын пірім бар,
Барып сойқан етермін,
Қиын да болса сол жолға!
Уайым етпе, анам-ай,

Түс түлкінің боғы еді,
Айтып кеткен бабам-ай,
Қорықпа түстен, анам-ай,
Тапшы қылып жаратты

Іні менен ағаға,
Қайдан іздеп табайын!
Сапарымнан қалмайын,
Көп кідіріп тұрмайын,

Ұлықсат берші маған-ай!
Ылияжанды ерітіп,
Қайта бер, ана, қалаңа-ай,
Батаңды берші балаңа-ай,

Қырық мың әскер ноғайға
Басшы қылып қойғасын,
Бармай қайтіп тұрайын?!
Қол жөнеліп барады,

Ұлықсат сізден сұрайын.
Жазатайым іс болса,
Қайрылмастай күш болса,
Таңда маһшар күнінде

қарасай —қази
Өзім іздеп табайын.
Осылайша ер Әділ
Анасына толғады.

Қанша айтса да екеуі,
Әділ оған болмады.
Сол жерде өліп кетсе де,
Айтқан тілін алмады.

Батасын берді анасы,
Болмағасын баласы.
Екеуінің көзінің
Ағы менен қарасы.

—Кеткеніңе жылайын,

Жарылғасын Құдайым!
Жазып қойдың қағазға,
Сақтай көр енді панаңда.
Кетіп барад қалмаққа

Әділ жалғыз балам да.
Жеті кәміл пірім-ай,
Жеті пірдің ішінде
Ақ шалмалы бір, Әділ,

Пірің еді, шырағым,
Қысылған жерде жадыңа ал,
Ұмытпа, балам, осыны,
Көрмейсің сонда қиынды.

Айтып-айтып тарқаттым,
Ішімдегі шерімді.
Ұмытпа, балам, Әділім,
Жеті ғайып піріңді.

Сені қайтып келгенше,
Жүзіңді аман көргенше,
Көре алмаспын тынымды.
Бір Аллаға тапсырдым,

Әділ жалғыз құлынды.
Анасы Аққа қол жайып,
Батасын беріп жылады.
Анасының батасын,

Әділ тұрып тыңдады.
Көзінің жасын тимайды,
Екеуін де қимайды,

батырлар  жыры
Тұруға енді болмайды.
«Орақ!» деп ұран шақырып,
Ағын судай сапырып,

Қиғаш тауға бет алып,
Қол жөнелді жапырып,
«Орақ» деген дауысқа
Әділ шыдап тұра алмай,

Анасымен қоштасып,
Бұ да кетіп барады.
Екі мұңды жыласып,
Ылажы құрып қалады.

Кетіп барад ер Әділ
Бұрынғы өткен ерлердің
Бара алмаған жеріне.
Екі мұңды жыласып,

Әділменен қоштасып,
Қайтып кетіп барады
Қырымдағы еліне.
Жасынан-ақ Әділдің

Келмеген дұшпан шеніне,
Жалғыздығы болмаса,
Тас қайнаған деміне.
Әскер де көшіп жөнелді,

Аман жолға келеді.
Көп жасаған Қоянақ
Көпті көрген кәрі еді.
Көрген жерін білетін

Көңілі сергек ер еді.
Адастырмай әскерді,
Қолды бастап келеді.
Бірнеше ай жол жүріп,

Азғана емес мол жүріп,
Бір күн тал түс болғанда,
Алты ай мерзім толғанда,
Қамысты көл, құрғақ көл,

Айналасы қияқ көл,
Қоянақ қартқа сынақ көл—
Осы көлдің басына
Әскер келіп құлады.

қарасай —қази
Шаршап келген көп әскер,
Көлге келіп қонады.
Алдындағы Қиғаш тау,

Аспанменен тірескен,
Бұлтпенен күрескен
Мұнарланып тұрады.
Әділдің көзі шалады,

Сонда есіне түседі
Жалғыздықтың жаманы.
Жалғыздық түсіп есіне,
Тұра алмады табаны.

Қарасай мен Қазиды
Шақырып Әділ алады.
Достына ақыл салады:

—Екі досым сен едің,

Сіз—атадан екеусіз,
Мен атадан біреумін.
Ендігі жерде, достарым,
Сіз екеуің—тірегім.

Әуелде елден шыққанда,
Айтқан сөзің шын болса,
Ердің сөзі бір болса,
Сол сөзіңде тұр деймін.

Жалғыз аяқ тар жолға,
Түсейін деп біз тұрмыз,
Достым, жауап бер деймін.
Қарасай сонда сөйледі:

—Әділ достым, сен едің,

Сенің достың мен едім.
Осы қырық мың әскердің
Билігін саған беремін.
Жалғызбын деп жабықпа,

Жолды көріп тарықпа.
Сыртыңнан бағып жүрейін,
Біздер достым сау болсақ,
Қысылған жерде көмегің,

Бөтен емес тілегім.
Бұрынғы айтқан сертіміз,
Екі айтпайды ер деймін,
20–166

батырлар  жыры
Ердің сөзі бір деймін.
Қол билігі өзіңде,
Қырық мың әскер ізіңде,

Жолды бастап жүр деймін.
Жіберіп бұрын қарауыл,
Жол хабарын біл деймін.
Осылайша келісіп,

Достық көңілін білісіп.
Қарауыл қарап қайтуға,
Жол хабарын айтуға
Қоянақ сынды қарыны

Шақырып алды қасына-ай.
Сөйледі Әділ осылай:

—Көп жасаған Қоянақ,

Неспе емес, бәрі нақ.
Қартайсаң да, қартымыз,
Бересің жауға тиянақ.
Қоянақ қартым, кел деймін,

Жолдас алып қасыңа,
Тауды барып көр деймін,
Таудан құлап тар жолдың
Хабарын дұрыс бер деймін.

Осы сөзді айтты да,
Серікке және сөйледі:

—Айсадан туған серігім,

Осындай жерде керегім.
Серігім келді дегенде,
Осындай қиын тар жолда
Пайдасы тиер деп едім.

Қоянақ қартқа еріңіз,
Таудың қиын бағдарын,
Жалғыз аяқ жолдарын
Өз көзіңмен көріңіз.

Өтірік дәлел таппастан,
Шетіне барып қайтпастан
Шын хабарын беріңіз.
Жұмсағасын екеуін,

Тұлпарына мінеді,
Қаруларын іледі,

қарасай —қази
Алладан жәрдем тіледі.
Сәрсенбі күн сәскеде
Қиғаш тауға жүреді.

Бұрынғы келген Қоянақ
Жолды жақсы біледі.
Қиғаш таудың бауырына
Салып жетіп келеді.

Жалғыз аяқ тар жолды
Екі батыр көреді.
Қиын жолды көргесін,
Батыр да болса бұлардың,

Көңіліне қайғы енеді.
Батылы барып кірмеді,
Кірейін десе сенбеді.
Көп жасаған Қоянақ

Мұндай қиын тар жолды
Өмірінде көрмеді.
Кірмесе де ішіне,
Жолдың түрін серледі.

Бұрғымен тескен тесік жол,
Жалғыз аяқ нешік жол.
Ойлап келіп қарасам,
Ерге мүшкіл кесір жол.

Атаңа нәлет, қызылбас
Қалап салған тесік жол!
Кіретін болсақ осыған,
Құрулы екен бізге тор.

Қызылбаспен соғысу—
Маңдайымызға болды сор.
Осы сөзді айтты да,
Атының басын бұрады.

Екі батыр кеңесіп,
Уайым айтып тұрады.
Кірмесе де тар жолға,
Жолдың түрін байқады.

Бұған кіріп болмас,—деп,
Кірген адам оңбас,—деп,
Қоянақ басын шайқайды».
Қасындағы ер Серік,

батырлар  жыры
О да уайым айтады.
Жолдың көріп бағдарын,
Тау басынан қайтады.

Екеуі қайтып келеді,
Қиғаш таудың хабарын
Әділге келіп береді.
Қоянақ сонда сөйледі:

—Бір жейтұғын жем үшін

Қаршыға барып түседі
Саяттың құрған торына.
Саят аңшы дегендей,
Қуанады адамзат

Жеті мүше сауына.
Барып келдім, Әділім,
Қиғаштың Алатауына.
Бара алмайтын жер екен,

Алдырмайтын жау екен.
Қараспанның қарасы,
Есіткеннің бәрі рас.
Қаратауға қарасам,

Биіктігі тағы рас.
Қалықтап ұшқан қара құс
Тікелей барып шыға алмас.
Бауырын байқап қарасам,

Төрт тұяқты ат түгіл,
Құс та ұшып қона алмас.
Биік ұшпа, қызыл құж,
Ат бауырлап шығалмас.

Бұрғымен тескен жолы бар,
Адам басып кіре алмас.
Жалғыз адам болмаса,
Екі адам қатар жүре алмас.

Сондай қиын жол екен,
Алдырмайтын ел екен.
Тілімді алсаң, қайтайық,
Барса-келмес жер екен.

Бұрын ешкім келмеген,
Аттанып жүрген сен екен.
Жолды барып серледім,

қарасай —қази
Жалған айтар мен бе едім?!
Жалғыз аяқ тар жолға,
Батылым барып кірмедім.

Кірейін десем сенбедім,
Мұндай қиын тар жолды
Өмірімде көрмедім.
Қол бастаған, ер Әділ,

Ендігісін өзің біл,
Алдырмайтын ел деймін.
Сонда Әділ сөйледі:

—Қоянақ қартым, не дейсің?

Жолды оңды демейсің.
Таудан құлап жолменен,
Көрмей әскер қолменен,
Таудың жолы үңгір деп,

Елге қайтар дермісің?!
Неге түсіп көрмейсің,
Қырық жыл қырғын келсе де,
Ажалдан бұрын өлмейсің.

Кірмегесін ішіне,
Жол мәнісін білмейсің.
Жолдың арғы шетіне,
Қызылбастың кентіне

Неге барып келмейсің?!
Тау басынан қайтыпсың,
Және өтірік сөйлейсің.
Анықтап көріп көзіңмен,

Сүйтіп келіп хабарын,
Қартым, неге бермейсің?!
Айсаның ұлы Серігім,
Ертіп сені жібердім,

Қоянақ қарттың қасына.
Ер деп сені жүрсем де,
Жоқ ұқсайды керегің.
Енді байқап қарасам,

Қорқақ екен жүрегің.
Осыны айтып болды да,
Ахметке толғады:

—Бұрынғы барған қарауыл

батырлар  жыры
Көңіліме толмады,
Жауаптары болмады,
Талаптары оңбады.

Айтқандары олардың
Құлағыма қонбады.
Ал, Ахмет, Ахмет,
Алладан болсын рахмет.

Жолды байқап келуге
Жаманға қиын ақырет.
Бұйырамын тар жолға,
Айтқанымды мақұл ет.

Өлімге басты байлаған,
Қолтығына қол салып,
Айдаһарды торлаған—
Сен қашаннан ер едің,

Артық туған шер едің.
Осындай қиын тар жолда
Пайдасы тиер деп едім.
Қиын жолда болмаса,

Пайдаңды қашан көремін.
Алабас атқа мін деймін,
О да болса ел деймін.
Қоянақ қарт пен ер Серік—

Олар қорқып кірмеді,
Хабарын дұрыс бермеді.
Көрмегесін тар жолды,
Сөзіне адам сенбеді.

Ал, Ахмет, сен,—деді,
Бұйырамын мен,—деді.
Жалғыз аяқ тар жолдың
Ішіне кіріп көр,—деді.

Жолдың көріп бағдарын,
Хабарын дұрыс бер,—деді.
Бұйырғасын Ахмет
Алабас атқа мінеді,

Беліне қару іледі.
Алабасты қамшылап,
Алтын туы жалтырап,
Тауға қарап жөнеді.

қарасай —қази
Қиғаш тауға Ахмет
Салып жетіп келеді.
Тау жағалап шабады,

Оттай қаулап жанады.
Бұрғымен тескен тар жолды
Мұның да көзі шалады.
Тау басынан еңкейіп,

Жолды байқап қарады.
Жалғыз аяқ тесік жол,
Адам кірмес нешік жол—
Таң-тамаша қалады.

Кірейін десе сене алмай,
Тау басынан байқады.
Жалғыз аяқ тесік жол,
Мұның да тауы қайтады.

Ер де болса кіре алмай,
Кірейін десе сене алмай,
Бұ да уайым айтады.
Қоянақ қартым ер екен,

Көргенін айтып жүр екен.
Жолдың қиын жаманы,
Жалған емес шын екен.
Ағайыннан әл кетпей,

Шыбын жаннан баз кешпей,
Жан жүрмейтін жол екен.
Жолды көріп Ахмет,
Батылы барып кірмеді,

Кірейін десе сенбеді.
Кірмесе де тар жолға,
Сыртынан байқап серледі.
Жолды анықтап байқады,

Қатты уайым айтады.
Тар жолға батып кіре алмай,
Жүрегі шыдап тұра алмай,
Ахмет кейін қайтады.

Әділге жетіп келеді,
Келіп хабар береді:

—Жұмсаған, Әділ, сен едің,

Жауға барған мен едім.

батырлар  жыры
Жалғыз аяқ тар жолды
Көріп кел маған деп едің.
Жұмсағасын бұйырып,

Тауға қарап жөнелдім.
Бұрғымен тескен тар жолды
Тау басынан серледім,
Ішіне барып кірмедім,

Кірейін десем сенбедім.
Қоянақтың айтқаны—
Жалған емес, шын дедім.
Тілімді алсаң қайталық,

Алдырмайтын ел деймін.
Ендігісін өзің біл,
Жолдың түрі сол деймін.
Сонда Әділ сөйледі:

—Ай, Ахмет құрмағыр,

Қорқақ па едің, оңбағыр?!
Бүйтіп тірі жүргеннен
Бүгін Құдай оңдағыр.
Ер болғаның осыма-ай,

Қайта бер енді қосыңа-ай.
Айдаһарға қол салып,
Барлаған болсаң шошыма-ай.
Айдаһар деп жүргенің,

Өлген жылан болған-ай.
Ерден сені жібердім,
Жүргенің айтып осыма-ай,
Адам қоспай қасыңа-ай.

Тесіктен қорқып келгенің,
Ылайық па басың-ай.
Кірер едің тар жолға,
Ер болсаң егер асыл-ай.

Жаһан болат дегенім,
Болып жатыр жасық-ай.
Тар жолға батып кіре алмай,
Жол хабарын біле алмай,

Келгенің қорқып қашып-ай.
Қанды Орақтың баласы,
Бар болсаң келші, Қарасай.

қарасай —қази
Жақсы менен жаманның
Ашылып жатыр арасы-ай.
Қарасай, өзің бармасаң,

Батырмын деп жүргеннің
Белгілі болды шамасы-ай.
Қарасай-Қази болмаса,
Құрыды жұрттың шарасы-ай.

Тесік жолға кіре алмай,
Ар жағын серлеп біле алмай,
Болды жұрттың таласы-ай.
Қаратауды көргенде

Таудай болған батырлар
Болып қалды аласа-ай.
Таудың жолы тар,—дейді,
Бүгін жейтін ал,—дейді,

Қызылға тоқым сал,—дейді.
Орақтан қалған қызыл ту
Желбіретіп ал,—дейді.
Барғандар қорқып кірмеді,

Тар жолға өзің бар,—деді.
Артық туған Қарасай,
Асыл ердің баласы-ай,
Айтуына мұң екен,

«Жұмсағай»—деп тұр екен.
Табан жолдың ішіне
Кірмейтұғын себебі—
«Барса-келмес» жер екен.

Қызылға мініп алады,
Тар жолға кетіп барады.
Тауға жетіп барғасын,
Жалғыз аяқ тар жолды

Мұның көзі шалады.
Атын кесе қаңтарып,
Түріне жолдың қарады.
Таңғалдырды қиын жол

Қарасайдай баланы.
Қайғыланып Қарасай,
Орақтың туған баласы-ай,
Сонда тұрып сөйледі:

батырлар  жыры

—Ай, Жаратқан Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Жігітке пайда бермейді
Көп ойлаған уайым.
Тау үстінде тұрмайын,

Кірмей қайтсам тар жолға,
Мен Орақтан тумайын.
Неде болса кірейін,
Маңдайымнан көрейін.

Айтып кеткен атамның
Бітірейін арманын.
Маған намыс ар болар,
Кірмей қайтып барғаным.

Мынау қиын жол екен
Кірген адам таба алмас.
Қиында болса кірейін,
Сақтаса Алла шаталмас.

Жолды кіріп көрмесем,
Әділ хандай достыма
Жол хабарын бермесем,
Қарасай атым аталмас.

Кірмей қайтсам тар жолға,
Өлген атам ер Орақ—
Көрінде тыныш жата алмас,—
Деді дағы, Қарасай

Өлімге басын байлады.
Астындағы Қызылды
Айдап жолға салады.
Жалғыз аяқ тар жолға

Қарасай кетіп барады.
Сол мезгілі кеш болып,
Үңгір болды қараңғы.
Екі көзі Қызылдың

Шамшырақтай жанады.
Түніменен жүреді,
Жол азабын көреді.
Бір уақтары болғанда,

Таң белгісін береді.
Таң атқанда Қарасай

қарасай —қази
Таудың арғы бетіне,
Жолдың шықты шетіне,
Жақындаған секілді—

Қорғасанның дуамен
Бекітіп қойған бентіне,
Бір азғана жер қалды.
Әділдің айтқан сертіне,

Сол жерде тұрып Қарасай
Жолдың түрін байқады.
Қиын жолды көргенде,
Қарасай бір сөз айтады.

Көрмегенім көп екен,
Ахмет айтқан жөн екен,
Қоянақтікі шын екен.
Айтқанындай солардың,

Адам кірмес жер екен.
Қалмақтың жерін байқады,
Қолына белгі ала алмай,
Одан әрі бара алмай,

Қарасай кейін қайтады.
Әділге жетіп келеді,
Келіп жауап береді:

—Көріп кел жолды деп едің,

Көріп келдім жолыңды.
Өтірік деме мұнымды,
Айтайын, Әділ, шынымды.
Бізге қайдан алдырсын

Өлген атам Орақтың
Бармаған жауы бұрынғы.
Таудың шықтым бетіне,
Жолдың шықтым шетіне.

Көз жіберіп қарадым,
Қызылбастың кентіне.
Асқар биік тау екен,
Қызылбас мықты жау екен,

Жалғыз аяқ тар жолы
Бұрғымен тескен бар екен.
Таудан құлап қарасам,
Көріп қайтқан ерлердің

батырлар  жыры
Айтқан сөзі шын екен.
Одан әрі қарасам,
Жалпақ жатқан сор екен.

Сорға салған тас өткел,
Жалғыз аяқ жол екен,
Ар жағы терең көл екен.
Көлге жалғас ар жағы—

Алты қатар ор екен.
Ордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Он екі ханның елі екен.

Он екі ханның бастығы
Қорғасанның ұлы екен.
Дербент деген қаласы
Әр қаладан зор екен,

Жүруге жолың жоқ екен.
Анықтап келіп қарасам,
Жолының түрі сол екен.
Ат бауырын жаза алмас,

Ат омбалап шаба алмас,
Орғыл-орғыл құм екен.
Құмның арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,

Шалқып жатқан көл екен.
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік
Он екі ханның елі екен.

Он екі ханның бастығы
Қондыкердің ұлы екен.
Он екі жерден құрылған
Хан белгісі бар екен.

Асты теңіз көл екен,
Үсті биік тау екен,
Ортасынан салдырған,
Дербент деген қала екен.

Дарбазасы темірден,
Күзеткен әскер бар екен,
Қаласы мықты зор екен.
Ойлап келіп қарасам,

қарасай —қази
Алдырмайтын жау екен.
Бізден де бұрын бұлармен
Соғысқандар бар екен.

Өткен жылдың жазында
Алпыс мың бар азында,
Қызылбаспен ұрысып,
Қырылып жатқан қынадай,

Жиюлы жатқан сынадай
Қырғыз деген ел екен.
Қызылбаспен ұрысып,
Қырылып қалған жер екен.

Нелер асыл ерлердің
Бейіттері бар екен.
Ескерткіштер аман тұр,
Оларға тиген жоқ екен.

Қиғаш таудан тестірген,
Асты тас та, үсті тас,
Қара үңгір деген жол екен.
Алдымызда, ер Әділ,

Көретін азап көп екен.
Көріп келдім көзіммен,
Ел көрер заман жоқ екен.
Осындай қиын жолы бар,

Жолдың арғы аузында
Тұлпардың тышқан боғы бар.
Бұған барған батырдың
Маңдайының соры бар.

Жолдың бергі аузында
Тақтайдай қара жолы бар.
Қара тастың бетінде
Арабша жазған хаты бар.

Хатты оқып қарасам,
Бұрынғы өткен ерлердің
Бәрінің де аты бар.
«Ала алмадық біздер,—деп,

Келерсіз балдар сіздер,—деп,
Өлген атам Орақтың,—
Қарасай-Қази шабар»,—деп,
Жазып кеткен анты бар.

батырлар  жыры
Өтірік емес біреуі,
Көргенім менің—осылар!
Сонда Әділ сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Сен ер емессің, бекерсің,

Тек бір жүрген есерсің.
Қолыңнан келер бір зат жоқ,
Құрғақ тілге шешенсің.
Тартып тумай Ораққа,

Азып туған екенсің.
Орақтан тудым дегенше,
Орманнан тудым десейші.
Ерден тудым дегенше,

Жерден тудым десейші.
Асылдан тудым дегенше,
Масылдан тудым десейші.
Жаудан қорқып келгенше,

Сояқта жүріп өлсейші.
Ойламадым мен сені
Қорқып қашып келер,—деп.
Сеніп едім мен саған,

Тіл әкеліп беред деп.
Жоқ жерден тауып бәлені,
Келіп тұрсың себеп деп.
Уайым салдың көп қолға,

Барған адам өлед деп.
Қуат берсең болмай ма,
Жауға аттанған ер жігіт,
Маңдайынан көред деп,

Қиын да болса көнед деп.
Ажал келсе Алладан,
Үйде де болса өлед деп.
Жау қайтарар ер жігіт

Осындай жерде керек деп,
Жіберіп едім мен сені.
Кескір алмас ер ед деп,
Қалай да болса Қарасай,

Тіл әкеліп беред деп.
Мұнан дағы көп жақсы

қарасай —қази
Қой баққаның ауылда,
Жүгіріп жаяу дедектеп.
Осы уақта ер Қази,

Жатыр еді жамбастап,
Сөйлемейді бейбастақ.
Шыдамады сөзіне,
Қарамады көңіліне,

Сары жайдан атқан оқ
Тигендей болды өзіне.
Буырқанып, бұрсанып,
Көтеріп алды басын-ай,

Қатты келді ашу-ай.
Сөйлеп тұрған Әділдің
Жетіп келді қасына-ай.
Ызаланып-долданып,

Сөйледі Қази осылай:

—Ау, хан Әділ, хан Әділ,

Тарта сөйле тіліңді.
Нашарлығың, хан Әділ,
Осы жерде білінді.
Тигізе берме тіліңді,

Өзімнен үлкен ағама.
Тіл тигізіп орынсыз,
Қолыңды салма жағама.
Айтқаны рас ағамның,

Көзі көріп келіп тұр.
Жау екенін кәуіпті,
Қарасай көкем біліп тұр.
Жанған отқа түсе алмай,

Сол үшін қайтып келіп тұр.
Батырға да жан керек,
Орынсыз сөйлеу не керек?!
Сояқта өліп кеткенде,

Ағаны маған кім беред?!
Орынсыз Әділ ұрындың,
Қорлығыңа кім көнед?!
Кімнің еркек, қатыны,

Кімнің қорқақ, батыры,

батырлар  жыры
Сыналатын күн жақын.
Белгілі болар ақыры,
Сен болсаң, күшің көрерміз—

Ноғайлының батыры.
Қорқақ болса, қайтейін,
Әйтеуір, менің жақыным.
Қалмаққа өзім кетейін,

Тіл әкеліп бермесем,
Болайын сенің қатының.
Әркімдер де қолдайды,
Өзінің туған жақынын

Келгесін, Әділ, шешермін,
Бұл сөзіңнің ақырын.
Ау, Әділ хан, досым-ай,
Есіңде сақта осыны-ай.

Жалғыз өзім кетейін,
Адам ертпей қасыма-ай,—
Деді дағы, ер Қази
Қара атына мінеді,

Бірде шауып желеді.
Қызыл туын көтеріп,
Тауға қарап жөнелді.
Баруға қиын, кеш болды,

Әжептеуір іс болды.
Қази жолға шыққанда,
Күн еңкейіп кеш болды.
Қас қарайып күн батты,

Қази бала түн қатты.
Жалғыз аяқ тар жолға
Түсіп алып, жол тартты.
Бір мезгілдер сарғайып,

Жарық болып таң атты.
Таудың келді бетіне,
Жолдың шықты шетіне.
Келе жатыр жақындап,

Қызылбастың кентіне.
Келіп тұрған секілді,
Қорғасанның дуамен
Бекітіп қойған бентіне.

қарасай —қази
Осы жерге келгенде
Күркіреп жүр жолында
Жолбарыс, аю, арыстан.

Көрінбейді қараса,
Қалың тоғай қамыстан.
Үстіне келіп қалғанда,
Қази тұра жабысқан.

Шауып өтіп барады,
Жақындамай алыстан.
Жабысқаны өлгесін,
Қашатын болды арыстан.

Ұмтылады Қазыға,
Айдаһар жылан ысқырып.
Астындағы Қара аты
Қан сиеді пысқырып.

Алмасымен кесіп барады,
Ортасынан үш бөліп.
Қазы кетіп барады,
Ауазы көкті жарады.

«Қызылбастан ұстайтын
Тіл бар ма» деп қарады.
Қараса адам жоқ екен,
Қауіп-қатер көп екен.

Ойлап келіп қараса,
Адамзаттың баласы
Жүре алмайтын жер екен.
Ала алмады жан тауып,

Жүре алмады жол тауып.
Олай-былай жүруге
Ерге болды зор қауіп.
Қайғы түсіп жүрекке,

Ауыз кетті тілекке.
Қазы келіп тірелді
Жан жүрмейтін түбекке.
Бара алмады ел тауып,

Қызылбастың еліне.
Тіл ұстауға қызылбас
Көрінбеді көзіне.
Келіп тұрған секілді,

21–166

батырлар  жыры
Қарғасанның ат салып,
Келіп кеткен жеріне.
Осы жерде ер Қази

Жолдың түрін байқады.
Қиын жолды көргенде
Сонда бір жауап айтады.
Қарасай көкем ер екен,

Көргенін айтып жүр екен.
Әділдің сөзін көтерген—
Қас әулие пір екен.
Абайламай сөз айтқан

Қас ақылсыз мен екем.
Қызылбастың еліне
Баратын жол жоқ екен.
Қызылбастан тіл алмай,

Бос қайтқаны сол екен.
Құралақан қайта алмай,
Жалған сөзді айта алмай,
Тарығып Қази тұр екен.

Жылап тұрып Қазының,
Айтқан сөзі бұл екен:

—Ау, Жаратқан Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Өзің жәрдем бермесең,
Басыма түсті уайым.
Таудан қалай шығайын,

Тілді қайдан табайын?!
Әділге не деп барайын—
Көрінбейді адамзат,
Қалыңға қалай шабайын?!

Батыр Орақ ұлы едім,
Тәңірдің сүйген құлы едім.
Қызылбастан бір белгі
Әкелермін деп едім.

Ол тілегім болмады,
Басыма бақыт қонбады.
Талап етіп келсем де,
Бұл талабым оңбады.

Келіспеді сапарым,

қарасай —қази
Тілегім бер деп жыладым.
Өзің жәрдем бермесең,
Құрыды менің ылажым.

Қызылбастан бір белгі
Қолыма ұстап бармасам,
Әділге не деп барамын?!
Тілегімді, Алла, берсейші,

Көзімнің жасын көрсейші.
Қызылбасты алдыма,
Тәңірім, айдап келсейші.
Осыны айтып болғанда,

Күн төбеден ауғанда
Тілегін Алла береді.
Көмір артқан түйеге
Қырық көмірші келеді.

Тарығып тұрған ер Қазы
Қабағын ашып күледі.
Атына мініп алады,
Қызылбасқа барады.

Қол көтеріп бағынып,
Қызылбастар тұрады.
Қамап қойып қалмақты,
Қазы жауап сұрады.

Қызылбас сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Бұл он екі ханның елі еді,

Әр патшадан зор еді.
Мұсылманның баласы
Келе алмай жүрген жер еді.
Ноғайлының елінде

Әділ деген хан бар деп,
Қарасай-Қази ер бар деп,
Қаупі содан көп еді.
Қызылбастың балгері

«Биыл келер»,—деп еді.
Соның үшін біздің ел
Бір жылдан бері күтінген.
Алпыс мың әскер қолы бар,

Реңкі жаман түтіннен.

батырлар  жыры
Он екі жерде ханы бар,
Темір тәртіп заңы бар.
Дайындалған соғысқа

Миллиондаған жаны бар.
Тұлпар мініп ту алған,
Алмасын тасқа суарған,
Жауды көрсе қуанған,

Жау көрмесе суалған,
Кеудесі темір, басы тас,
Орта жері шандырбас,
Шайқасқан жауын қалдырмас,

Он сегіз жасар талдырмаш—
Әшке деген дәуі бар.
Біздің елдің, қарағым,
Осындай мықты жауы бар.

Қалаға барып кіретін,
Әруақты ерлер жүретін
Жалғыз аяқ жолы бар.
Осы жолдың бойында,

Қарқаралы ойында
Таутайлақ бар ақырған,
Жезтырнақ бар бақырған.
Бір абжор деген аңдар бар,

Әлемет пен пәлемет,
«Мұнда кел» деп шақырған.
Айдаһар шығар алдыңнан,
Құйрығымен тау сабап,

Дария суын сапырған.
Осы жерден өткенде
Дүние жүзін шаң басып,
Аспан мен жер қарылған.

Бұдан әрі өткенде,
Қалаға барып жеткенде
Бес жүз ұста жыйдырған,
Жалғыз күнде құйдырған,

Он екі пар өгізбен,
Ашып-жауып тұратын,
Қос дарбаза және бар.
Қалмақтың салған қорғаны

қарасай —қази
Бір Құдаймен барабар.
Бұл сөзім емес асырған,
Жасыруға болмайды

Сіздей асыл батырдан.
Патша болсын, ер болсын,
Ат ізін салып келген жоқ,
Көріп жүрмін жасымнан.

Әскерлері қырағы—
Күш жинаған бір жерге,
Он екі патша сұрамы.
Биыл сізді келед деп,

Соғысу еді планы.
Біз бір жүрген пұқара,
Шыбын жанды сұраймыз,
Мұсылманның қыраны.

Осы жерде ер Қази
Қызылбасқа жолықты,
Хабарына молықты.
Төгіп тастап көмірін,

Айдап жолға салады.
Ер Әділдің алдына
Шұбыртып айдап барады.
Қызылбастан тіл алды,

Әділ көріп қуанды.
«Жолы қандай екен», деп,
Ер Қазидан сұрады:

—Қарасай, Қази ер едің,

Екі досым сен едің.
Қызылбастан бір белгі
«Әкелермін», деп едің.
Алып келдің белгіні,

Қабыл екен тілегің.
Атаң Орақ ер еді,
Ылайығың сол еді.
Сенен басқа батырлар

Уайым айтып келеді.
Қызылбастан бір белгі
Алып келдің сен,—деді,
Көңілдендім мен,—деді.

батырлар  жыры
Жолы қандай көрінді,
Елі қандай көрінді,
Хабарыңды бер?!—деді.

Сонда Қази толғады,
Жол хабарын қозғады:

—Оңай деп жолды иланба,

Жол хабарын сұрама,
Өзің барып көрерсің,
Көрмей көңлің тына ма?!
Тәуекел етпей әр іске

Ер құмардан шыға ма?
Барған адам ер екен,
Көргенін айтып жүр екен.
Басқа уайым салатын

Жалғыз аяқ жол екен.
Таудың бардым бетіне,
Жолдың шықтым шетіне,
Жете алмаса, ерге өлім,

Қызылбастың кентіне.
Қиын да болса сол жолды,
Анықтап барып көргенмін.
Жалған айтар мен бе едім?!

Зер салып келіп қарасам,
Ат жазылып шаба алмас,
Ат омбалап шыға алмас,
Орғыл-орғыл құм екен.

Құмнан өтіп қарасам,
Терең батпақ сор екен.
Сорға салған тас өткел
Жалғыз аяқ жол екен.

Сордан да өтіп қарасам,
Шалқып жатқан көл екен.
Көлге жалғас қазулы
Алты қатар ор екен.

Қазған ордың аржағы,
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік
Он екі ханның елі екен.

Он екі ханның бастығы—

қарасай —қази
Қондыкердің ұлы екен.
Дербент деген қаласы
Әр қаладан зор екен.

Кірер жерде қалаға,
Көмір артып алдымда,
Қырық көмірші жүр екен.
Қолыма белгі алғаным,

Одан әрі бармадым.
Көргендерім—осылар,
Айтпаймын сөздің жалғанын.
Сонда Әділ сөйледі,

Сөз мәнісін бұзды енді:

—Сен Орақтың баласы—

Асыл ердің данасы.
Өз басына бермесе,
Не болады жігіттің
Атасы менен анасы?!

Атаң Орақ болса да,
Туыпсың жаман шамасы.
Сенің айдап келгенің
Қаңғырып жүрген көмірші,

Мұнан да сендер өлсеңші.
Батыр болсаң, сен, деді,
Қызылбастың елінен
Бір қыз алып келмедің.

Қиын жолды көргесін,
Сенің де қорқып келгенің.
Сонда Қазы толғады,
Сөйлемеске болмады:

—Қайдан білдің кемімді?!

Білмейсің ата тегіңді,
Қатты-қатты сөз айтып,
Қалдырып тұрсың көңілді,
Ата-тегің кім еді?!

Тегіңде ерлік жоқ еді,
Қайдан таптың ерлікті,
Бересің кімге кемдікті?!
Менің атам—Едіге

Ата жауын жаулаған.

батырлар  жыры
Егескен ханды өлтіріп,
Басын кескен деп еді.
Сенің атаң Махамбет,

Тегінде ерлік жоқ еді.
Перзент үшін зар жылап,
Қаңғып өткен деп еді.
Арғы атаң сенің Махамбет—

Қой бағып қойы құрттаған,
Жұмырдан айран ұрттаған.
Әкеңе байлар ақырса,
Жоқ еді жері ықпаған.

Батырсып маған сөйлейсің,
Түбіңде ерлік шықпаған.
Осы жерден мен қазір
Шұбар атқа мінейін,

Шұбалаңдап желейін.
Атаң болса батыр-ай,
Мінші Әділ атыңа-ай,
Өлшеуіңді көрейін.

Өз обалың өзіңе,
Сазаңды сенің берейін.
Осыны айтып ер Қази,
Орақтың туын алады.

Таласып тұрған тар жолға
Қолды бастап барады.
Жалғыз аяқ тар жолға
Әскерді айдап салады,

Зордан құлап болады.
Сол уақтарда ер Әділ
Жолды байқап қарады.
Жолдың қиын екенін

Көзі көріп нанады.
Жанашыры болмаса,
Жалғыздықтың жаманы—
Жалғыздық түсіп есіне,

Тұра алмады табаны.
Қарасай-Қазы досына,
Сөйлеп Әділ жылады:

—Қарасай-Қази, ер едің,

қарасай —қази
Екі досым сен едің.
Сіз екеуің болмаса,
Жоқ еді менің сенерім.

Қиын жолды көргесін,
Қайғыланды жүрегім.
Қайғыланбай қайтейін,
Алды-артымда дымым жоқ,

Жанашырға кем едім.
Басыма қиын іс түссе,
Екі досым ат салып,
Алып шығар деп едім.

Енді жауға кіресіз,
Ат құйрығын өресіз.
Екі досым сендерге
Көңлімді айтып білдірдім—

Ендігісін, достарым,
Өздерің ойлап, біліңіз.
Сонда Қази толғады:

—Әділ досым сен едің,

Сенің досың мен едім.
Қарасай жауда қалғанда
Сені алармын деп едім,
Бұрынғы ойым сол еді,

Ол көңілді білмедің.
Кем тудың деп атадан
Тіл тигізіп сөйледің.
Қынап салдың көңіліме,

Талабыңнан көрерсің.
Өз обалың өзіңе,
Жүре бер, Әділ, жөніңе,
Келтірме бірақ көңіліңе.

«Орақ!» деп жауға шабармын,
Шұбыртып айдап салармын.
Мұсылманның ары үшін
Жауда қалсаң, Әділім,

Сонда іздеп табармын.
Ер Әділ сонда сөйледі:

—Бұл дүнияға келген соң,

батырлар  жыры
Аяқ басып жүрген соң,
Өлерімді білгенмін.
Мен атадан туғансын,

Беліме жарақ буғасын
Жалғыздыққа көнгенмін.
Атадан жалғыз болсам да,
Қайратыма сенгенмін.

Туысқансыз тәуекел,
Жолдас болып жүргеннен,
Жақсы емес пе одан да,
Жауға барып өлгенім!—

Деді дағы, ер Әділ
Ызаланып долданды,
Алтын туын қолға алды.
Тас өткелдің аузына,

Көп әскерге қарамай,
Жалғыз шауып барады,
Досына көңлі қалады.
Қази көріп шапқанын,

Атына мініп алады.
Баратқан шауып Әділге:
«Тұр»,—деп айқай салады.
Қуып келіп соңынан,

Сонда Қази толғады:

—Әділ, қайда барасың,

Жолға неге шабасың?!
Жол менікі шабайын,
Менен қалай аласың?!
Аламын деп жүргенде,

Құр далада қаласың.
Менен бұрын жол алмақ,
Қала бұзып, қала алмақ,
Келмес, Әділ, қолыңнан,

Аулақ кет, Әділ, жолымнан,
Жолымды беріп өзіме,
Ере бер, Әділ, соңымнан.
Сонда Әділ сөйледі:

—Шапқан Әділ тұра ма,

Атының басын бұра ма.

қарасай —қази
Өзі болған жігіттің
Ата-тегін сұрама.
Қорлыққа Әділ көне ме,

Қаза жетпей өле ме?
«Жол менікі» дегенге
Қорқып жолын бере ме?
Жолымды қорқып бере алман,

Қорлығыңа көне алман,
Енді саған сене алман.
Сендер екеу, мен жалғыз,
Жалғыз да болсам тұра алман.

Қорқып беріп жолымды,
Ізіңе сенің ере алман.
Сенен қорқар мен емес,
Ерлігім сенен кем емес,

Қорқытар жігіт сен емес.
Қорқып беріп жолымды,
Дұшпанға болман келемеж.
Сенен қорқар мен бе еді,

Ерлігім сенен кем бе еді?!
Мықты болсаң тартып ал,
Ал жолыңды бермеді!—
Деді дағы, ер Әділ

Қайрылмады жолынан.
Алтын туын көтеріп,
Тастамады қолынан.
Ұрысайын деп керісіп,

Қазидың шықты оңынан.
Атайын деп бір жебе
Суырып алды оғынан.
Екеуі жолға таласты,

Салуға қару қарасты.
Достықты бұлар бұзғанын,
Таласып жолға тұрғанын
Қарасай батыр біледі—

Ол ақылға кең еді.
Өзім барсам, болмас деп,
Екеуі де тұрмас деп,
Қоянаққа келеді,

батырлар  жыры
Келе сөйлей береді:

—Жол бастаған, ағам-ай,

Көрейін бе тұрып ананы-ай.
Қази менен Әділдің
Таласып жолға тұрғанын,
Тапсырамын саған-ай.

Екеуі еді,
Екеуінің біреуі
Болса еді жаман-ай.
Екеуі екі көзім-ай,

Менің өтпес сөзім-ай.
Өзім барсам осыдан,
Інісіне Қарасай
Болысуға келді деп,

Досымның келер көңліне-ай,
Қойеке, жылдам бара гөр,
Көңіліне сана сала гөр.
Ұрыстырмай екеуін

Тату қылып ала гөр.
Көпті көрген көне едің,
Сен ақылға дана едің.
Ақылменен, Қойеке,

Тату қылып жібер деп,
Тапсырып тұрған мен едім.
Ұрыстырмай екеуін
Жарастырар деп едім.

Бұл сөзді естіп Қоянақ,
Боз тұлпарға мінеді.
Қази менен Әділге
Қартың жетіп келеді,

Келе сөйлей береді:

—Қырымның ханы жас Әділ,

Қырық мың қолға бас Әділ!
Табан жолға таласып,
Достыңменен, шырағым,
Болып тұр ма қас, Әділ!

Асыл туған Әділім,
Әр жерге кетті дабылың.
Ешкім өлшеу ете алмас,

қарасай —қази
Алланың берген бағына.
Қырық мың әскер қол,—деді,
Қол бастаған сен,—деді,

«Жол менікі» дегенің,
Сенікі де жөн,—деді.
Жөн де болса, ер Әділ,
Достыңа жолың бер,—деді.

Басыңа қиын іс түссе,
Пайдасы тиер ер,—деді.
Әділді сөзбен тоқтатып,
Қазиға жетіп келді енді.

Алдымдағы, ер Қази,
Жолын берді ер Әділ,
Тұрмаймысың сен,—деді.
Арғы атаңды сұрасаң,

Баба түкті шашты Әзиз—
Әулие шайқы пір еді.
Одан туған Едіге
Кереметті ер еді.

Нұрадын мен ер Мұса,
Бұлар кімнен кем еді?!
Сенің атаң ер Орақ,
Едіге ердің сойы еді.

Қарсыласқан хандардың
Тай-құлындай тамытып,
Басын кесті деп еді.
Атаң Орақ болғасын,

«Жол—менікі» дегенің,
Сенікі де жөн еді.
Жолыңды алдың, ер Қази
Жолың болсын, оң деді.

Ашуыңды тастап көрісіп,
Достыңмен тату бол,—деді.
Ал енді Қоянақ екі батырды татуластарып, дос қылады.
Қырық мың әскер жалғыз аяқ тар жолға сыймайды. Соның

үшін әскерді үш бөледі. Он төрт мың қолға Қарасай-Қази бас
болып жолға түсіп кетеді. Он төрт мың қолға Әділ бас болып,
Қарасай-Қазидың ізінен кетеді. Он үш мың қолға Ахмет бас

батырлар  жыры
болып, ол сол жерде тұрып қалады. Енді Қарасай-Қази, Әділ
үшеуі тар жолға түсіп кете тұрсын, ізде қалған Ахмет жалғыз
аяқ тар жолға кірмей, «кейін қайталық»—деп әскеріне қарап

айтып тұрған жері.
Ахмет батыр сөйледі:

—Қол бастаған Қоянақ,

Құладың таудан қиялап.
Жалғыз аяқ тар жолға
Әскерімді түсірмей,
Қайтуға тұрмын ой-ойлап.

Осы жерге келгенде,
Тас өткелді көргенде,
Әскер болды үш бөлек.
Жау қамаса тар жолда,

Сонда бізге күш керек.
Ақылдасып қайтуға,
Болашақ істі айтуға,
Өзіңдей бізге ер керек.

Отқа түсу тірідей,
Қойеке, осы не керек?!
Он төрт мыңға қолға бас болып,
Қарасай-Қази ер кетті.

Әскерін қойдай шұбыртып,
Өткелден аман бұл кетті.
Айқын сордың ішінен
Жалғыз аяқ жол кетті.

Қызылбас жауы қамаса,
Біз көрерміз бейнетті.
Қарасай-Қази ер еді,
Едіге ердің сойы еді—

Жаумай, сірә, ашылмас!
Орақ пенен Мамайдың
Қарасай-Қази ұлы еді,
Дұшпаны оған бас ұрмас.

Өздері аман тұрғанда,
Әскерін жаудан қашырмас,
Толса да тасып, шайқалмас.
Шар болаттың сойы еді,

қарасай —қази
Қысқа кесіп қайта алмас.
Қызылбастың жауынан
Жеңілем деп айта алмас.

Қарланып шабар қалаға,
Қаланы бұзып алады.
Соңынан кеткен Әділдің
Қамауда қолы қалады.

Қамап алып тар жолға,
Шығармайд қолын далаға-ай.
Осы сапар ер Әділ
Асылық етіп барады-ай.

Осы айтқаным болмасын,
Әділ жауда қалмасын.
Қарасай-Қази қос батыр
Қызылбасқа барғасын,

Қызылбастың әскері
Тауға қарай салмасын.
Жалғыз аяқ тар жолды
Бізден бұрын алмасын.

Қырымнан келген көп әскер
Қамауда, сүйтіп, қалмасын.
Осы жерден қайталық,
Болатын істі айталық.

Бұрын барып тар жолдың,
Аузын барып байқалық.
Тауға жылдам баралық,
Тау басынан қаралық.

Қызылбас көрер күн болса,
Бұл айтқаным шын болса,
Осы жерде іс болар.
Аламанды алдырмай,

Біреуін жауда қалдырмай,
Аман алып шығалық.
Бәріңе айтқан кеңесім
Баспалық жаудың жебесін.

Қол бастаған, Қоянақ,
Қартым қалай көресің?
Мақұл десең, Қойеке,
Кейін қарап жүресің.

батырлар  жыры
Сонда қартың сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Қоянақ қартың мен едім,

Көпті көрген көне едім.
Бұл сөзіңді, Ахмет,
Мен де мақұл көремін.
Көргенменен апырай,

Бір қарамай артыңа-ай,
Кейін қайтып кеткенің,
Ылайық па басыңа-ай?!
Қарасай, Қази, жас Әділ

Жан жолдасың емес пе?!
Хабар алмай солардан,
Барасың кейін, қайтіп-ай?!
Бір хабарын алсайшы,

Қарағым, бүгін жатып-ай.
Ахмет сонда сөйледі:

—Ау, Қоянақ қартым-ай,

Амандық ерге артық-ай!
Түспелік деп сор жолға,
Айтып тұрмын ақыл-ай.
Жау қамаса тар жолда,

Сорға түсіп, қырылар
Ізіңе ерген халқың-ай.
Әскерің қалар тұтылып,
Боз тұлпармен Қойеке,

Кетерсің өзің құтылып.
Өзің аман шығарсың,
Әскеріңді қырарсың.
Әскеріңді қырдырып,

Көп ұятқа қаларсың,
Қас масқара боларсың,
Ізіңе ерген әскердің
Обалына қаларсың.

Қартым, ойлап қарашы,
Осы айтқаным—боларсың!
Ахмет ақыл айтады,
Ақылмен алдын байқады.

Қоянақ қарт та түсініп,

қарасай —қази
Бұ да кейін қайтады.
Қарасай—Қази екеуі
Қазбан деген қаланы

Мұны бұзып алады.
Қала бұзып, қан алып,
Шулатып жесір және алып,
Алды малға толады.

Қызылбастың көп қолы
Шабылған жерге қарамай,
Тауға қарай салады.
Айсаның ұлы Ахмет

Әулие десең болмай ма,
Айтқаны дұрыс болады.
Жалғыз аяқ тар жолға
Екі әскер таласып,

Үш күн ұрыс салады.
Айсаның ұлы Ахмет
Қызылбасты қиратып,
Жолды тартып алады.

Қызылбас тағы көбейіп,
Жолды қайта қамады.
Сол уақта Ахмет
Және толғап алады:

—Қоянақ қартым, көрдің бе?!

Енді маған сендің бе?!
Қызылбас жау қайтадан
Қаптағанын білдің бе?!
Көз жіберіп қарасам,

Мына жаудың көбінен
Қорқайын деді жүрегім.
Жолға түсіп жол тартып,
Жүре берің, Қойеке.

Ағайынды бесеуміз,
Жаудың алдын кеселеп,
Жаудан қолды қорғайын,
Шамам келсе зорлайын.

Әскерімді түсіріп,
Көп ұятқа қалмайын.
Ұзын айдар қоңырат,
22–166

батырлар  жыры
Төрт арыстан інімді-ай,
Қайраттандыр бүгін-ай.
Әскерімді қалдырсам,

Маған болар өлім-ай.
Осылай деп Ахмет,
Көпке толғап тұрады.
Қартайса да Қоянақ,

Жауды көріп тұрмады.
Боз тұлпарын бұлады,
Тебінгісін қысқартып,
Үзеңгісін ұзартып,

Қолдың артын қорғады.
Көп қызылбас ізінен
Қойдай шулап қалмады.
Айсаның ұлы Ахмет

Алабас атты қамшылап,
Маңдайдан тері тамшылап,
Айнала қолды қорғады.
Жалғыз жарым болмаса,

Көп әскерді түсірмей,
Таудан аман шығады.
Ахметті ала алмай,
Қызылбас шулап қалады.

Ахмет шығып кеткесін,
Жолдың аузын жабады.
Биіктігі қырық аршын,
Басына қала салады.

«Келгені қайдан шығад» деп,
Жаудың қылған амалы.
Іште қалған көп әскер
Осы жолдан бір шығар.

Ер де болса қырсығар,
«Бұзып жарып шығам», деп,
Біздерге бір ұмтылар.
Сол уақтар қамалық,

Таспен ұрып сабалақ,
Қол бастаған батырын
Қамап, ұстап алалық.
Осы жолдан шығармай,

қарасай —қази
Әскерін қамап қыралық.
Көп қызылбас кеңесіп,
Ақыл-айла табады,

Жолды мықтап жабады,
Жалғыз аяқ тар жолды
Қызылбас алып қалады.
Көп қызылбас жиналып,

Қол ұстасып тұрады.
Іштегі қалған әскерді
Қамап қырмақ—құмары.

Ал енді жолдың аузын алып, қаланы сала берсін, Қарасай-
Қази, жас Әділден хабар берелік. Қарасай, Қази Қазбан деген
қаланы алып, алты күндей сол қалада болады. Енді ер Әділден
хабар берелік. Әділдің әскері жалғыз аяқ тар жолмен келе

жатқанда, Қорғасанның көп қолы жолдың екі жағын алып
қалады. Жалғыз аяқ тар жолдың екі жағы сор болады. Есіл ер
жазылып соғыса алмай қор болады. Сүйтіп, намысты қойып
соғыса береді.

Қарасай-Қази қос батыр
Қазбан деген қалада
Алты күндей болады.
Қала бұзып, қан алып,

Шулатып жесір тағы алып,
Алды малға толады.
Қызылбаспен ұрысып,
Ахмет шығып кетеді.

Қамауда қалды ер Әділ,
Енді не амал етеді?!
Жолдан шығып бұрылса,
Сорға батып кетеді.

Қызылбас жауы көп екен,
Өзіне мәлім жер екен.
Батпақ сордың үстінен
Қара таспен бастырып,

Қиын салған жол екен.
Жеті жерден ту алып,
Әділді көріп қуанып,

батырлар  жыры
Шығар аузын бекітіп,
Қызылбастар тұр екен.
Келе жатқан ер Әділ

Көп дұшпанды көреді.
«Жайсыз жерден келдім»,—деп,
«Неде болса көндім»,—деп,
Қарсы желіп келеді.

Атқа мініп ұрсатын,
Ашық жері жоқ еді,
Бұрын алып тұр еді,
Бұрылса түсіп кететін,

Екі жағы сор еді.
Бір жағы терең көл еді,
Көлге жалғас қазулы,
Алты қатар ор еді.

Жүретін жерін жау алды,
Енді амалы құрыды.
Түсе қалып атынан,
Табанын жауға тіреді.

Жеті ғайып пір еді,
Сол күндері Әділдің
Пірі есінде жоқ еді.
Жеті жаста желденген,

Жеке туған ер еді.
Ер Сүлеймен дейтұғын,
Жан жолдасы бар еді.
Екі жерден оқ атып

Қиратып жауды тұр еді.
Кіші бесін болғанда,
Қиратып жауды тұрғанда,
Ер Сүлеймен оққа ұшып,

Шейіт болып жөнеді.
Ер Сүлеймен өлсе де,
Атыса берді бір өзі.
Қасындағы көп әскер,

Енді өлерін біледі.
Тұрған жері батпақ сор,
Әскері жаннан түңілді.
Күн кеш болып барады,

қарасай —қази
Қызылбас тағы қамады.
Әділдің қолын шығармай,
Жолдың аузын алады.

Ер Әділдің басына
Ақыр заман салады.
Ұрысып тұрған Әділдің
Ортасынан морт етіп,

Садағы сынып қалады.
Сарыжайы сынған соң,
Тарығып Әділ жылады.
Атайын десе садақ жоқ,

Енді не амал қылады.
Тұлпарға мініп алады,
Алмасын Әділ суырып,
Қызылбасқа шабады,

Ақыр заман салады.
Жауды көзі көрмеді,
Жалғыз өзі соғысып,
Әскерін жауға бермеді.

Жазылып соғыс салғанда,
Жауға алдырар ер ме еді?!
Таусылатын жау емес,
Толып жатыр өлгені.

Қабат-қабат әскерге
Әділ шауып кіреді,
Кейін қайтып шығуға
Ашық жері жоқ еді,

Терең батпақ сор еді.
Бір жағы терең көл еді,
Көлге жалғас қазулы—
Алты қатар ор еді.

Ескен желдей құбылып,
Қан базары құрылды.
Ұрысқан Әділ жерінде,
Көп қызылбас қырылды.

Жалғыз аяқ тар жолдан
Ұрысып жүріп бұрылды.
Астындағы тұлпардың
Сүрініп кетіп тұяғы,

батырлар  жыры
Тайып кетіп аяғы,
Батпақ сорға жығылды.
Батпақ сордың ішінен,

Боз тұлпардың күшімен
Шығамын деп ұрынды.
Шыққан сайын түседі,
Бауырлап сорды кешеді.

Сонымен жүргенде,
Болдырды тұлпар деседі.
Бауырын жазып шаба алмай,
Жазылып ұрыс сала алмай,

Діңкесі ердің құрыды.
Күн батуға таянды-ай,
Аты қалды жарамай.
Қас қарайып күн батты,

Алды болды қараңғы-ай.
Атын ұрды қамшылап,
Маңдайдан тері тамшылап,
Тұлпарға «шу»—деп қарады,

Атынан көңлі қалады.
Әділ мінген Қызыл ат
Айуан қылды көп ұят,
Шабысынан танады.

Келіспеді сапары,
Ер Әділдің талабы.
Сол уақтар болғанда
Тарығып Әділ жылады.

Арманы күшті ерлердің
Бармағын тістеп өлгені.
Асау-асау бел жүрсем,
Алты айшылық жол жүрсем ,

Белгісіз тұлпар мінгенім.
Атадан бірге тумаса,
Жақын деп жатқа сенгенім.
Тұлпар атым болдырды,

Атты кімнен мінермін?!
Жалғыздық түсті басыма,
Кімнен көмек тілермін?!
Бірге туған менде жоқ,

қарасай —қази
Енді кімге сенермін?!
Жалғыздықтан жаман жоқ,
Ел көретін заман жоқ,

Құдай жалғыз жаратты,
Бұған қылар амал жоқ.
Қарасай-Қази болмаса,
Жаны ашитын маған жоқ.

Ар-намысты тастайын,
Ерді аяққа баспайын.
Екі досым болмаса,
Жалғыз туған қасқамын.

Аламанды алдырып,
Басымды алып қашпайын.
Тазадан тұлпар мінейін,
Қолыма қайтып келейін.

Ұрысып тұрған әскердің
Жолын ашып берейін.
Бере алмасам, алдымен,
Өзім жүріп өлейін,—

Деді дағы, ер Әділ
Қолына қайтып келеді,
Тазадан тұлпар мінеді,
Қамап тұрған қалмаққа

Әділ жүріп келеді.
Атына қамшы басады,
Ат болдырып шаршады.
Төңірегін Әділдің

Қызылбас жау қоршады.
Адасқанын біледі,
Әділ жылап келеді,
Сонда Әділ не деді:

—Сапарым менің оңбады,

Басыма бақыт қонбады.
Ықпалым тайып әл кетті,
«Әділ жауда қалды»—деп,
Әрбір жерге сөз жетті.

Жетті демей не дейін,
Адастырып жолымнан,
Қараңғы түннің ішінде

батырлар  жыры
Айдап келіп көрсетті
Алты қатар қандекті.
Астындағы тұлпарға,

«Шу жануар, қарғы!»—деп,
Қамшы басып қарғытты.
Жануар тұлпар Қызыл ат,
Жал құйрығы ұзын ат,

Алты қатар қандектен
Оқ жыландай болып ат!
Қарғып өтіп шыға алмай,
Қыла көрме мені ұят.

Тұлпар атым сен едің,
Сенің есің мен едім.
Алты қатар қандектен
Атым, сені қарғытсам,

Болар ма екен себебің,—
Деді дағы, ер Әділ
Атына қамшы басады.
Болдырып жүрген жануар

Адымын қысқа ашады.
Алты қатар қандектен
Бір-бірлеп өтіп барады.
Алтыншы орға келгенде,

Қарғып өте бергенде,
Астындағы тұлпардың
Сүрініп кетіп тұяғы,
Тайып кетіп аяғы,

Жолға барып түседі.
Алдыңғы екі өкшесі
Орға барып түседі.
Өмілдірік үзіліп,

Артынан ері сыпырылып,
Басын алып жануар,
Ордан шығып барады.
Қол бастаған ер Әділ

Жалғыз өзі шырқырап,
Орға түсіп қалады.
Түскенін ешкім білмеді,
Енді мұны қандектен

қарасай —қази
Кім шығарып алады.
Әділдің түсіп қалғанын
Қарасай-Қази білмеді.

Әділдің қолын қызылбас
Қамап жүріп қырады.
Бір парасын бұлардың
Тірілей ұстап алады.

Қарасай-Қази қос батыр
Қазбан деген қалада
Алты күндей болады.
Қала бұзып, қала алып,

Шулатып жесір тағы алып,
Алды малға толады.
Дербент деген зор қала,
Әуелгі салған қала екен.

Дербентте әскер көп екен,
Қаласы мықты зор екен.
«Әділге аман қосылсақ,
Алармыз»—деп келеді.

Тас өткелге келгенде
Әділге берген әскердің
Қырылғанын көреді.
Жоқ болғанын Әділдің

Енді бұлар біледі.
Досын жоқтап ер Қази,
Қарасайға сөйледі:

—Білдің бе Құдай ұрғанын,

Досымның белі сынғанын,
Дұшпанның көңлі тынғанын?!
Хабар алмай досымнан,
Қырымды Құдай алулы,

Әділ жауда қалулы.
Шұбар атқа мінейін,
Шұбалаңдап желейін,
Әділ хандай досымның

Тірі-өлісін білейін.
Өлмесем тауып келейін,
Досымды іздеп таппасам,
Таңда маһшар күнінде

батырлар  жыры
Ақ жүзін қалай көрейін?!
Қырымға қайтіп барғанда,
Шешесі сұрап тұрғанда,

Не деп жауап берейін?!
Өлді деп күдер үзбейін,
Жауап бер, аға, іздейін.
Аман болсам, келермін,

Қазам жетсе, өлермін.
Жазатайым іс болса,
Қарамастай күш болса,
Ақыретте көрермін.

Қарасай сонда сөйледі:

—Ау, Қазижан, туғаным,

Сен едің менің қорғаным.
Сені жалғыз жіберсем,
Ішіме сыймас арманым.
Алдыңда биік тауың бар,

Қырғанменен таусылмас,
Көрмеген бұрын жауың бар.
Қара тауға шығалық,
Жау қамалын бұзалық.

Құдай берсе тілекті,
Жауда қалған досыңды,
Сүйтіп, жаудан алалық.
Жалғыз аяқ тар жолдан,

Содан аман шығалық.
Жауда қалған Әділді
Сонан соң іздеп табалық,—
Деді дағы, Қарасай

Қазиды жалғыз жібермей,
Жетегіне алады.
Қара тауға бет алып,
Қол жөнеліп барады.

Үш күншілік жол еді,
Тынбай жүріп келеді.
Түс мезгілі болғанда,
Жау қарасын көреді.

Інісіне Қарасай
Сонда тұрып сөйледі:

қарасай —қази

—Ау, Қазижан, шырағым,

Алалы таудың бұлағын,
Суға қанып алған соң,
Бұзалық жаудың қамалын.
Табан жолға келдің бе,

Жатқан жауды көрдің бе?!
Жау екен мықты қауіпті,
Жолдың аузын жауыпты.
Жалғыз аяқ тар жолға

Қаланы қалмақ салыпты.
Екі жерден екеуміз,
«Орақ!»—деп ұран салалық.
«Орақ!»—деген даусымыз

Қаратауды жарсын-ай.
Қалада жатқан әскердің
Құлағына барсын-ай,
Дұшпаның қалсын сасып-ай.

Қаланың ішін босатып,
Қызылбас кетсін қашып-ай.
Таяр қолдан табаны,
Қашып болар түнімен.

Тарылған соң заманы
Алып болар түнімен.
Таудан шыққан саланы
Тастап қашар түнімен.

Еңбекпен салған қаланы,
Таң атқанда тар жолды,
Ұрыспай тартып алалық.
Екі батыр кеңесіп,

Әскерін бөлді келісіп.
Түнде жауға тиюге
Қаруын алды үлесіп.
Көтеріп туды қолға алды,

Сонда Қази толғады:

—Қас қарайып түн болды,

Енді бізге сын болды.
Қарасай аға, сенімен,
Екі айрылар күн болды.
Жауға жалғыз тимеген,

батырлар  жыры
Жау әдісін білмеген,
Сыналмаған мен едім,
Маған демеу сен едің.

Екеуміз бірге жүргенде,
«Жау алармыз»,—деп едім.
Екі айрылар күн болды,
Екі тарау жыр болды.

Құлағың салып жүргейсің,
Қази қайда дегейсің?
Мен қалатын күн болса,
Шақырармын «аға» деп,

Сонда, аға, келгейсің.
Сен қалатын күн болса,
Шақыр, аға, ар етпе,
Көруге, аға, зар етпе.

Қазиым деп шақырсаң,
Қалайда болса шабармын,
Қайда да болсаң табармын.
«Бауырым» деп ат қойып,

Айырып жаудан алармын.
Осыны айтып екеуі,
Екі айрылып алады.
Көтеріп алған қызыл ту

Оттай болып жанады.
Күншығыстан Қарасай,
Күнбатыстан ер Қази,
«Орақ!»—деп ұран салады.

«Орақ!» деген дауыспен
Жер дүнияны жарады.
Қалада жатқан әскердің
Құлағына барады.

Қарасай-Қази келіпті,
Екі жақтан тиіпті.
Қаладан қашып кетпесек,
Бізге салар бүлікті.

Келсе, бізді қоймас деп,
Мұнда тұрып болмас деп,
Түнімен қашып болыпты.
Қашып барып тірелді,

қарасай —қази
Таудағы жыра тесікке.
Ессіз тастап кетіпті
Еңбекпен салған қаланы.

Қарасай-Қази қос батыр
Жалғыз аяқ тар жолға
Қайта түсіп барады.
Әскерін аман шығарып,

Ұрысуға қарады.
Тауды тастап қызылбас,
Қашқан екен қалаға.
Орта жолда екеуі

Жолығысты далада.
Қалаға кіріп шабады,
Қызылбастың ішінен
Әділді іздеп қарады.

Ұстап алып ұрады,
Тауып бердеп қырады.
Найзасы түспей қолынан,
Жауды қырып қоңынан,

Екі батыр кіреді.
Кіріп, шығып жүреді,
Оңы мен солынан.
Қарулары сартылдап,

Қырып-жойып келеді,
Екі батыр сартылдап.
Шамалады сол кезде,
Жау жыраға жақындап.

Досын іздеп екеуі,
Басын қойды балтаға,
Жанын салды ортаға.
Ердің сойы болған соң,

Бұлар жаудан қорқа ма?!
Қызылбасты шабады,
Әділ досын қарады.
Соңғы ұрыс зор болды,

Көргендер қайран қалады.
Қара тұман шаң болды,
Шаң аралас қан болды—
Қала өртеніп барады.

батырлар  жыры
Алты күнгі соғысты
Зор ұрыс деп санады.
Жауда Әділ ер қалды,

Енді өлмеген не қалды?!
Қарасай мен ер Қази
Әділ досын таба алмай,
Қызыл қанға былғанды.

Алты күн болған соғыста
Аспан менен жер жанды.
Қарасай мен Қазидың
Есі кетіп сандалды.

Қолына түскен қалмаққа:
«Әділмісің сен?»—деді.
Қорыққанынан қызылбас:
«Әділ досың мен»—деді.

«Әділ болсаң, досым-ай,
Кел артыма мін»,—деді.
Алып шығып қараса,
Қызылбастың адамы.

Өлер жерің осы деп,
Найзаменен түйреді.
Әділ досын екеуі
Алты күндей іздеді.

Табылар деп бір жерден,
Сірә, үміт үзбеді.
Екі тұлпар жануар
Сүйегі қызып ойнады,

Секіреді қояндай.
Соғыс болды алты күн,
Екі батыр аянбай,
Таусылатын жау емес,

Жау жартыға таянды-ай.
Алты күнгі соғыста
Қарасай болды жаралы-ай.
Аяқ-аяқ қан құсып,

Шыбын жаннан баз кешіп,
Тұрған екен табандай.
«Қарағым Қази қайда?» деп,
Қызылбастан найза жеп,

қарасай —қази
Найзасына таянып,
Жарасынан қан ағып,
Тұрған екен шақырып.

Сүйеп шық деп ағаңды-ай,
Төңірегін қызылбас,
Алған екен қамап-ай.
«Қайда кетті көкем?»—деп,

Жүр екен Қази таба алмай.
Зарлап тұрған ағасын
Сонда Қази көреді.
Сонда Қази қамшылап,

Көзінің жасы тамшылап,
«Бауырым!» деп шабады,
Жетіп келді қасына-ай.
Ойлады Қази осылай:

«Жауһарды тіреп көрейін,
Шығар ма екен асыл-ай?!
«Жамансың!» деп қайрасам,
Көтерер ме екен басын-ай?!

Жанына тиіп қайрасам,
Кезеніп батыр кетер ме?!
Жай бұлттың сойы еді,
Ашуланып тұрсам мен,

Жараға себеп етер ме?!
Қолтығынан сүйесем,
Бір жағынан демесем,
Тау басына жетер ме?!

Ашуын қайрап келтірсем.
Кезеніп батыр кетер ме?!»
Осыны айтып ер Қази,
Қасына жетіп келеді.

Қан құсып тұрған ағасын
Өз көзімен көреді.
Жараны көзі көрген соң,
Көзінің жасын төгеді.

Сонда Қази сөйледі:

—Нағылып тұрсың, аға,—деп,

Қызылбастан жара жеп.
Кім айтар сені, Қарасай,

батырлар  жыры
Орақтан туған бала деп?!
Нағылып тұрсың, Қарасай,
Батып тұр ма жаныңа,

Жаудың салған жарасы-ай.
Жауға сырын алдырмас,
Бітпесе ердің шамасы-ай.
Азда болса көп болар,

Сабырсыз ердің жарасы-ай.
Шыдамсыз болып жаралған,
Мұншама неге кем болдың,
Екеуміз де, Қареке,

Бір кісінің баласы-ай?!
Осындайда ашылар,
Жақсы мен жаманның
Екеуінің арасы-ай.

Атадан бірге тусақ та,
Туыпсың жаман шамасы-ай.
Қылыш тисе морт етіп,
Найза тисе сырт етіп—

Айтушы еді анам-ай,
Ана сыншы болады-ай.
Атадан бірге тусақ та,
Бәрі бірдей бола ма-ай?!

Атамыз Орақ ер еді,
Ақылға атам кең еді.
«Үлкен балам Қарасай
Сынық сүйем өзімнен,

Кем болып туған дер еді.
Қазиым жауға тигенде,
Бұзар дейтін жебені.
Қазижаным өзімнен

Артық туған деп еді.
Кемдігінің себебі—
Қарасайды туғанда,
Мүскілдің қара тасына

Жерік болды деп еді.
Туарында анасы,
Мүскілдің қара тастарын
Қашыр-құшыр шайнаған,

қарасай —қази
Онда да жерік қанбаған.
Қызуына шыдамай,
Үш ай тоқсан күнінде

Жалаңаш қарға аунаған.
Анасының ішінде-ақ
Қызуы қашып қалмаған.
Сол себептен Қарасай

Кем болып туған деп еді.
Маған жерік болғанда,
Айдаһарды жеп еді.
Мен тікендей көрмеймін,

Найза түгіл, жебені.
Дұшпанға күлкі болғаннан,
Өзім-ақ шауып тастайын,
Осы жерде сені енді.

Қарасай сонда сөйледі,
Жарасынан меңдеді:

—Айналайын шырағым,

Өз басыңды сақтай бер,
Менің тиер ылаңым.
Жарам ауыр болғасын,
Құрып тұр менің ылажым.

Менімен ісің болмасын,
Өзің түсіп қаларсың.
Жауда қалған ағаңды
Ақыретте табарсың.

Қарасай асқан ер еді,
Жанынан үміт үзеді.
Үміт үзбей нағылсын,
Жарасынан жүдеді,

Қази келіп сүйеді.
Келеді сүйеп ағасын,
Жүректегі бір жара
Келеді құртып шарасын.

Қази сүйеп келеді,
Осындайда болмаса,
Жақынды неге тілейді.
Туысқанның себебі—

Тар жерде тиер көмегі.
23–166

батырлар  жыры
Туысқансыз жалғыздың
Жауда қалар сүйегі.
Қарасайды қалдырмай,

Қази сүйеп келеді.
Келеді көріп жараны,
Қаны судай ағады.
Қорқытып келеді жарасы

Інісі Қази баланы.
Ағасын сүйеп жетелеп,
Жолымен келген төтелеп,
Таудан аман шығады,

Айдын көлге құлады.
Ағасының жарасын
Көлде жатып бағады.
Ақ дәрісін аюдың

Сүйегіне жағады.
Он күн бағып сол жерде,
Ағасын жазып алады.
Енді қайтіп бара алмай,

Досын іздеп таба алмай,
Арманда болып екеуі
Еліне қайтып барады.
Әділ досы шырқырап,

Баяғы орда қалады.
Кете тұрсын Қарасай,
Әділден хабар алалық.
Әділдің түскен орына

Көп қызылбас келеді,
Әділ ерді көреді.
Осы келген қызылбас
Бұл соғыста жоқ еді.

Әділді қырған қызылбас
Қорғасаның қолы еді.
Қарасай деген батыры
Бәрінен де зор еді.

Үш бөлініп үш жерден
Соғыс салды деп еді.
Әділ ханның қолынан
Олжасын теріп жүр еді.

қарасай —қази
Көп қызылбас көреді,
Хан Әділді ұстауға
Таласып орға түседі.

Бірінен-бірі қызғанып,
Мен ұстаймын деседі.
Сол уақтары ер Әділ
Қызылбастың үстіне

Топырақты шашады.
Қолына түскен қалмақты
Жолбарыстай басады.
Ұстай алмай қызылбас,

Ордан шығып қашады.
Әділді ұстап ала алмай,
Қасына жақын бара алмай,
Қызылбастар сасады.

Орда тұрып ер Әділ,
Қолына кесек алады.
Қамап жүрген қалмаққа
Жіберіп келіп қалады.

Лақтырған кесегі
Зеңбіректен кем емес—
Бірінің көзін шығарып,
Бірінің басын жарады.

Ұстаймын деп қызылбас
Шын бәлеге қалады.
Қызылбастар кеңесіп,
Ақыл айла табады.

Қолдарына қызылбас,
Бір-бір белді алады.
Топырақты құлатып,
Төбесінен құяды.

Топырақпен бастырып,
Әділді ұстап алады.
Мықтылығын білгесін,
Екі қолын айырып,

Сірілеп құрсау салады.
Шынжыр тағып мойнына,
Ордан алып шығады.
Қолға түскен ер Әділ

батырлар  жыры
Екі қолы таңулы.
Енді не амал қылады?!
Қолға түсіп қор болып,

Көзі жайнап тұрады.
Қамап тұрып қызылбас,
Әділден жауап сұрады.
Қалмақтың ханы сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Орға түскен сұм бала,

Жөніңді айтшы, бишара!
Жөніңді айтсаң, босатып
Жіберейін, әй, бала.
Бұл не деген жер еді,

Әрбір елден зор еді.
Ердің басы Едіге,
Ол келмеген жер еді.
Нұраддин мен ер Мұса,

Сол қайсыңнан кем еді?!
Орақ, Мамай, Қобыланды—
Сол келмеген жер еді.
Он екі ханның елі еді,

Әр патшадан зор еді.
Аттанып келген жеріме,
Бүлік салған еліме,
Жылатып қатын, баламды,

Қазбан деген қаламды
Шауып кеткен кім еді?!
Сонда Әділ сөйледі:

—Тергегенің жөн еді,

Қырымның ханы—жас Әділ,
Қол бастаған мен еді.
Жіберген елші барғасын
Хатыңды жазған алғасын

Қиғаш тауға келгенмін
«Қиғаш тауға келің»—деп,
Уәде сенің бергенің.
Хан да өтірік айта ма,

Сол жерге неге келмедің?!
Сертіңізден тайғасын,

қарасай —қази
Еліңе келіп енгенмін—
Сенен қорқар мен бе едім?!
Қамап ұрған қызылбас

Қолыңа түсті біздің бас.
Аяқ-қолым босатып,
Жібер деп сізге жалынбас,
Аяғыңа бас ұрмас.

Менің атым—ер Әділ
Қорқып сенен жасырмас.
Қорыққаным бола ма-ай,
Жалынбаймын саған-ай!

Қырық мың әскер қолменен,
Жалғыз аяқ жолменен
Үш бөлініп үш жерден,
Салайын деп бұлағай,

Тиіп едік қалаңа-ай.
Алдыңғы тиген көп әскер,
Қарасай-Қази қос батыр
Шапқан шығар қалаңды-ай.

Қолыңнан келсе өшіңді ал,
Қарасай-Қази қос батыр
Жылатқан қатын балаңды-ай!
Екінші әскер мен едім,

Үшінші әскер Ахмет,
Не қылғанын білмедім.
Жалғыз аяқ жолыңа
Түстім дағы, қырылдым,

Жолсыз шауып ұрындым.
Ортаға алды қамалай,
Қамап алып жолымды,
Жоқ қылды қырып қолымды.

Қолымды қорғап тұрғанда,
Садағым сынып бөлінді,
Тұлпарым орға жығылды.
Өмілдірік үзіліп,

Қараңғы орда мен қалдым.
Қараңғы ордың ішінде
Таба алмадым жөнімді.
Қыдырып жүріп қызылбас,

батырлар  жыры
Мені көріп жыйылдың.
Ұстайын деп жүгірдің,
Орға түсіп қырылдың.

Ақыл тауып қызылбас,
Қазған ордың ішіне
Топырақты суырдың.
Көрсетпедің көзімді,

Естімедің сөзімді.
Атаңа нәлет, қызылбас,
Білгенің болса аянба.
Мен де саған бір күні

Көрсетермін көрімді.
Менің жөнім сұрасаң,
Қырымның ханы мен едім,
Қол бастаған ер едім.

Қызылбасты қиратып,
Жесірін қойдай шулатып,
Шауып алсам деп едім.
Тұлпарым орға жығылып,

Болмады қабыл дегенім.
Өлсем - өліп кетермін,
Егер өліп кетпесем,
Түбіңе сенің жетермін.

Осы айтқаным қылмасам,
Мен де ер емеспін, бекермін!
Сонда қалмақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Сен де мендей хандарсың,

Тентек өскен заңғарсың.
Жас басыңнан қақшақтап,
Бізді алуға армансың.
Әділ деген сен болсаң,

Қол бастаған ер болсаң,
Әрі өзің хан болсаң,
Сондай батыр жан болсаң,
Мойныңа қамыт ілейін,

Алты арбаны жегейін.
Алты арбаның үстіне,

қарасай —қази
Толтырып тасты төгейін.
Мықтысынған батырдың
Күшін сөйтіп көрейін.

Әділ болсаң, сен,—деді,
Кел, соңыма ер,—деді.
Не қылмадың бізге сен,
Жазаңды сүйтіп берейін.

Осыны айтып қызылбас,
Қолын байлап әкелді
Қазбан деген қалаға.
Қалаға Әділ келгесін,

Мойына қамыт іледі,
Алты арбаны жегеді.
Алты арбаның үстіне
Толтырып тасты төгеді,

Бір қызылбас мінеді,
Арбаға қосқан өгіздей
Шыбықтап айдап жөнеді.
Қарасай бұзған қаланы,

Әділге жегіп арбаны,
Алты айға қалмақ түзеді.
Айдап жүрген қызылбас
Қолына алып көк шыбық,

Елге болды көп қызық.
Арбаға тасты артады,
Өгіздей болып ер Әділ,
Алты арбаны тартады.

Қаһарланып тартқанда,
Үзіледі арқаны.
Арқан қиып арқасын,
Жанына қатты батады.

Қасына жақын баруға,
Қызылбас жаман қорқады.
Бұрынғыдай Әділге,
Еркінситін ел қайда,

Еркелейтін күн қайда?!
Алты арбаны сүйретіп,
Жолға түсіп жортады.
Қарасай бұзған қаланы,

батырлар  жыры
Әділге жегіп арбаны,
Қызылбас түзеп қаласын,
Алты айда салып болады.

Қаласын салып болғасын,
Және де қастық қылады.
Тісімен тезек тергізіп,
Қыдыртып қойды қаланы.

Тісімен тезек тереді,
Көп азапты көреді.
Бір қызылбас ізінде
Тергізіп тезек жүреді.

Мұндай қиын азапты
Көремін деген жоқ еді,
Басына түссе көнеді.
Және бір жерге айдайды,

Бар азапты сайлайды.
Табанына тас қағып,
Сыналап әбден байлайды.
Таң атқанша Әділдің

Әбден соры қайнайды.
Қимылдауға дәрмен жоқ—
Екі көзі жайнайды.
Қызылбастың баласы

Басына шығып ойнайды.
Қолына түскен баланы
Қашыр-құшыр шайнайды.
Алма деген бір жеміс,

Тамағына ер Әділ
Ол кешпенен бұл кешке
Жарым алма жейді-міс.
Қадірін білген жақсылар

«Қолға түсіп қор болған,
Ардақтаған біреудің,
Жаңғызы ғой» дейді-міс.
Қадірін білмес жамандар

«Жарты алмаға тоймайтын,
Бір жаман ғой» дейді-міс.
Әділ жүрді азапта,
Тыным көрмей жазы-қыс.

қарасай —қази
Қырым жақтан келсейші,
Қалықтап ұшқан қара құс.
Ал енді Әділ азапта жүре тұрсын. Қырымдағы шешесі Бай­

бикеш ханымнан хабар берейік. Әділ жауға кеткелі біраз айлар,
жылдар өтті. Жаудағы жалғыз келмеді. Екі мұңдының басына
қорлық жетті. Екі мұңдының қайғысы күннен күнге артып, тек
зарлап, жолына қарау болды.

Келмегесін ер Әділ,
Екі мұңды нашардың
Қорлығы жоқ көрмеген,
Жебірі жоқ бермеген,

Тек жаны бар өлмеген.
Қырық мың қолға бас болып,
Кеткелі Әділ келмеген.
Омар менен Оспан құл

Мал мен басты билеген.
Есіктен төрге өрлеген,
Қызығы жоқ көрмеген,
Жорғасы жоқ мінбеген.

Ер Әділдің барында
Мінбек түгіл, жорғасын,
Орынсыз барып көрмеген.
Құдіреттің ісіне

Пенде бар ма көнбеген?!
Екі мұңды жыласып,
Төңірекке қарасып,
Төбеден түспей еңіреген.

Жыламай мұңды неғылсын,
Жауға кеткен жаңғыздың
Не болғанын білмеген.
Талма-тал түс болғанда

Қызы жылап тұрғанда,
Қызылбас жақтан келатқан,
Ұйқы көрмей түн қатқан,
Ауыр әскер қол көрген,

Қол бастаған ер көрген.
Сонда Ылия сөйледі.

батырлар  жыры
Сөйлегенде бүйдеді:

—Айналайын, анам-ай,

Маңдайдағы қабам-ай!
Бұл келе жатқан әскерде
Сенің сорлы балаң жоқ,
Мен қайтейін жыламай.

Жығылғанға ұқсайды
Үлкен сарай қалам-ай,
Әділ жалғыз балаң-ай!
Тапшы қылып жаратты

Іні менен ағаға-ай.
Қарасай-Қази екеуі
Бұл келе жатқан қолда жоқ.
Әділ түсіп қалғасын,

Қайрылған шығар соған-ай!
Атадан екеу туғасын,
Жоқ шығар оның арманы-ай!
Төрт інісі қасында,

Көп жолдасы артында,
Айсаның ұлы Ахмет
Келе жатыр аман-ай.
Көкемнің аман-жаманын,

Сұрап мұнан білейін,
Алдынан шығып қамалай,—
Деді дағы, Ылия
Екі етегін түрініп,

Аш күзендей бүгіліп,
Ахметтің алдынан
Екі мұңды жүгіріп,
Көзінің жасы төгіліп,

Екі мұңды оралып,
Ағасының хабарын
Ахметтен сұрады-ай:
Ахмет батыр ағасың,

Басыма қайғы саласың,
Хабарын айтпай ағамның,
Қайда қашып барасың?!
Бірге кеткен жолдасың,

Қарасай-Қази ер қайда,

қарасай —қази
Оған ерген қол қайда?
Жалғыз көкем ер Әділ
Қалмаса жауда, ол қайда?

Жан жолдасың, жалғызым,
Сеніменен бір кеткен—
Бесеуің аман келесің,
Келгеніңмен не пайда?!

Сіздердей болып көкемді
Бір көретін күн қайда?!
Келе ме аман туғаным,
Туғаннан жақын болғаным.

Көкем—жалғыз, сіз—бесеу,
Болар ма екен деп едім,
Қысылған жерде қорғаным.
Ахмет батыр, айтып кет,

Көкемнің қайда қалғанын!
Ахмет сонда сөйледі,
Сөзбенен көңіл делбеді:

—Ылия, жылап, мұңайма,

Көкең де аман келеді.
Шын тілесең Алладан,
Ертелі-кеш береді.
Жесір алып, олжа алып,

Көшіріп келеді көп елді.
Көкең аман, жылама,
Жыламай көңілің тына ма?!
Қашан аман келгенше,

Жыламасқа бола ма?!
Келеді ертең қонаға,
Ылия жылап, мұңайма,
Сыйына бер Құдайға.

Қарасай, Қази жолдасы,
Жалғыз ағаң ер Әділ
Басшы болып келеді.
Шын тілесең Алладан,

Құр кетпейді дерегі.
Ағаң барып қалмаққа,
Қызылбасты бүлдірген,
Жүректен найза ілдірген.

батырлар  жыры
Қалмақтан олжа көп алып,
Жолдастарын күлдірген.
Ағаң аман келеді—

Хабарым осы білдірген.
Сонда Ылия сөйледі:

—Өтірік сөзді қой,—деді,

Ахмет, жалған айтасың.
Қиғаш деген тауды алсаң,
Қызылбас мықты жауды алсаң,
Алып келген олжаң жоқ,

Неге босқа қайтасың?!
Өтірік неге сөйлейсің,
Сөзбен көңіл делбейсің.
Ырас болса алғаны,

Көкемнің аман қалғаны,
Басынан соның садақа,
Дүние-мүлік, бар малы.
Осы айтқаның шын болса,

Озып неге келмейсің?
Сүйіншіге мені алып,
Ахмет неге сүймейсің?!
Ойлап тұрмын, Ахмет,

Осы сөзің бекер деп.
Көкем аман келмесе,
Қарындасы Ылия
Көрінгеннің қолында

Олжа болып кетер деп,
Қайғымен күні өтер деп,
«Ендігі жерде мен сордың
Жасағаным бекер»,—деп,

Ылия жылап еңіреді,
Ахметке сенбеді.
Осы сөзді айтты да,
Ахмет батыр жөнеді.

Екі мұңды қалады,
Қайғыланып жылады.
Қарасай мен Қазидың
Жолын күтіп тұрады.

Бір күндері болғанда

қарасай —қази
ожарланған көп қара
Қызылбас жақтан шығады.
Екі мұңды бишара

Алыстан көзі шалады.
Анасына Ылия
Сонда толғап қарады:

—Айналайын анам-ай,

Көрдің бе жалғыз баланы-ай?!
Өзі жалғыз болғасын,
Жауға түсіп қалғаны-ай,
Жалғыздықтың жаманы-ай.

Қарасайға ұқсайды
Қолына қамшы алған-ай,
Көтеріп аяқ тастап-ай.
Келе жатыр қасында,

Інісі Қази арыстан-ай.
Тастап кеткен білемін,
Жалғыз туған қасқаны-ай.
Көрінбейді жан көкем,

Не қылайын басқаны-ай,—
Деді дағы, Ылия
Зар еңіреп жылады.
Қарасай мен Қазидың

Алдынан жылап шығады.
Қарсы келіп оралай,
Әділді жоқтап сұрады.
Қарасай—Қази досым-ай,

Дос болғаның осыма-ай.
(Құдайласқан досым деп)
Қияметтік дос деген,
Бола ма екен осылай?!

Құдайласқан досым деп,
Жалғыз көкем ер Әділ
Ертіп кеткен қасына-ай.
Қасыңдағы досыңды,

Сол үшін қимай басыңды,
Жауға тастап келгенің,
Ылайық па басыңа-ай?!
Не де болса, хабарын

батырлар  жыры
Айта берің жасырмай.
Екі досым сен едің,
Сендер еді сенерім.

Екі досым сау болса,
Қалдырмас жауда,—деп едім.
Не де болса, достарым,
Тимеген ғой себебің.

Өлді ме тірі қалды ма,
Білдіріп кетің дерегін?!
Қарасай сонда сөйледі:

—Құдай артық жаратқан,

Қырық мың қолға бас болып,
Жұртты аузына қаратқан
Көкең де аман келеді.
Тәңір айдап талаптан,

Сапарымыз оң болып,
Жолдастарын қуантқан.
Осылай сөйлеп тұрғанда,
Сөзді қисық бұрғанға,

Әділді жауда қалдырып,
Келе жатқан Қази арманда,
Батыр еді асыл-ай,
Ағасына Қазидың,

Қатты келді ашуы-ай:

—Ау, Қарасай, не дейсің?!

Неге өтірік сөйлейсің?!
Шерменде болып Құдайға,
Сөзбенен көңіл делбейсің.
Бүгін алдап кеткенмен,

Ертең сорлы не дейсің?!
Табамыз деп Әділді
Алты күндей соғысып,
Болғаның қайда жарамай?!

Қызылбастар ортаға,
Алғаны қайда қамап-ай?!
Соғысуға қалмақпен
Қалғаның қайда жарамай!

Ұмыттың ба Қарасай,
Жаралы болған күніңді?!

қарасай —қази
Сау жерің оққа бөлінді,
Сұрағанда бұларға
Неге айтпайсың жөніңді?!

Дұрыс айтсаң болмай ма,
Ер болған соң шыныңды?!
Ер жігітке тайсалып,
Қисық айтқан өлім-ді!

Әділ досым—жолдасым
Жауда қалды дегенде
Жаныңды алар дедің бе?!
Жалғыз қалды дегенде

Басыңды алар дедің бе?!
Өзің тастап келе жатырсың,
Онымен өлдің бе?!
Әділдің жауда қалғанын,

Тарқамаған арманым—
Мен бір айтпас дедің бе?!
Жалған сөзді айтқанмен,
Бұлар нанар дедің бе?!

Басымда бағым тағалы,
Досымды жауда қалдырып,
Қырымда Құдай алулы.
Дұшпанның көңлі тынулы,

Досымның белі сынулы.
Әділді жауда қалдырып,
Мені Құдай ұрулы.
Ақ үйге қара тіге бер,

Әділден үміт үзе бер.
Бір Құдайдың ісіне
Салса, пенде, амал жоқ.
Үйіңізге қайта бер,

Енді сізге бала жоқ,
Ылия саған аға жоқ.
Екі мұңды бишара,
Жер бауырлап жылады,

Құдайға «ал»—деп сұрады.
Онымен өлсін бе,
Таусылмаса ажалы!
Алты күн жатты нәр татпай,

батырлар  жыры
Бар болғаны зарлады.
Жеті күнге жетеді,
Қасындағы қызына

«Тұр, шырағым, жатпа»,—деп,
Шешесі тілек етеді:

—Түрегел, қызым, түрегел,

Алла ісіне көне бер.
Далада жылап жатқанша,
Үйіңе сорлы жүре гөр.
Кімге еркелеп жатырсың,

Кім ескеріп шақырсын?!
Қасыңа келіп аймалап,
«Шырағым, тұр»,—деп қаймалап,
Саған түгіл, қарағым,

Ішімнен шыққан маған жоқ.
Бір Алланың ісіне
Салса, пенде, амал жоқ.
Аға түгіл, інің жоқ,

Алды-артыңда дымың жоқ.
Құдай қылды көнесің,
Енді бізге тыныш жоқ.
Алты күн жаттық нәр татпай,

Ажалдан бұрын өлу жоқ.
Ордамызға кірелік,
Ақ ісіне көнелік.
Иесіз қалған дүниені

Өзіміз ішіп, киелік.
Жатқанменен келе ме?!
Тілегенменен бере ме?!
«Тұр, шырағым», дегені

Ұйықтап жатқан қызының
Құлағына келеді.
Түрегеліп Ылия,
Шешесіне ереді.

Иесіз қалған ордаға
Екі мұңды кіреді.
Құдіреттің ісіне
Енді бұлар көнеді.

Омар менен Оспанның

қарасай —қази
Тілегін Құдай береді.
Әділ тауда қалғасын,
Қуанып ойнап күледі.

Ылия менен дүниені
Екі күн билеп жүреді.
Екі құлдың ниетін
Екі мұңды біледі.

Басында ерік болмады,
Құл басынып қорлады.
Ылиядай аруды
«Аламыз», деп ойлады.

Біріне-бірі қия алмай,
Екі құлдың бір жерде
Әлден-ақ басы сыймады.
Көздері жаман алайды,

Көкірегі қарайды.
Бір күндері екі құл
Ылияға таласып,
Төбелесті салады.

Бірін-бірі өлтіріп,
Ылияны алуға
Көңілдері қайнайды.
Көремін деген ойда жоқ,

Ылияның мұндайды.
Ал екі құл Ылияға жүре тұрсын. Қызылбастағы Әділден ха­
бар берелік.
Күндерден күн өтеді,

Қалмақтан көрген қорлығы
Сүйегіне жетеді.
Пенде болған Әділдің
Ес-ақылы кетеді.

Сүйретіп арба мойнына,
Жас сорғалап қойнына,
Күш-қуаты кетеді.
Іздеп тұрған бауыр жоқ,

Жеке туған ер еді.
Алты арбасы мойнында,
24–166

батырлар  жыры
Күні-түні азапта,
Жыламай Әділ нетеді.
Бұрынғы қайрат сын қалды,

Бұрынғы жедел күн қалды.
Мүшесінен әл кетті,
Тек шықпаған жан қалды.
Амалы құрып Әділдің,

Есі кетіп сандалды.
Пірлері түсіп есіне,
Бір күні Әділ зарлайды.
Жаратқан мені Құдайым,

Бір өзіңе жылайын,
Тарыққанда пірлерім,
Сізден мәдет сұрайын!
Ғани пірім жеті пір,

Жеті пірдің ішінде
Ақшалмалы пір Әдер!
Піріміз едің жәрдем ет,
Сізден мәдет сұрайын.

Пірлерім жәрдем бермесең,
Енді не амал қылайын?!
Басыма түсті уайым,
Сүйретіп жүрмін алты арба,

Босанып қалай шығайын?!
Қолеткі бар қолымда,
Оны қалай бұзайын?!
Анам айтқан бір сөзі

Жаңа түсті есіме.
Ғайып пірім жеті пір,
Жеті пірдің ішінде
Ақшалмалы пір Әдер,

Пірімізге сыйындым.
Анамның айтқан бір сөзі,
Жаңа түсті есіме-ай.
Пірлерім қуат бермесең,

Кетті менің күнім-ай.
Тезек теріп кешулі
Ақ меруерт тісім-ай.
Көніп жүрміз, қайтейін,

қарасай —қази
Құдіреттің ісін-ай.
Табан етім жарылды,
Заманым енді тарылды.

Қолға түсті қор болып,
Басымнан бағым арылды.
Әділ кәріп балаңыз,
Пірлерім сізге жалынды.

Жер жүзінде бар болсаң,
Естігейсің зарымды.
Ақшалмалы пір Әдер,
Ер Әділдің пірі еді,

Кереметі зор еді.
Анасының тапсырып,
Айтқан пірі сол еді.
Есі кетіп Әділдің

Жадына түспей тұр еді.
Зарлаған даусы Әділдің
Ғайып-ерен пірінің
Құлағына келеді.

Қысылғанын Әділдің
Енді пірі біледі.
Меймененің шөлінде
Пірі қара құс болып,

Сол уақыттар ұшып жөнеді.
Қанаты күміс, мойны мыс,
Мысалы болды қара құс.
Кереметті ер болсаң,

Қара құстай болып ұш.
Бір Құдайдың жәрдемі,
Қанаты ұшып талмады,
Жерге түсіп қонбады.

Қара құс емес пірі еді,
Әділге ұшып келеді.
Келе жатқан аспанда
Қара құсты көреді.

Көре сөйлей береді:

—Аспанменен тірескен,

Бұлтпенен күрескен.
Адыра қалғыр, Қиғаш тау,

батырлар  жыры
Болып тұрсың маған жау.
Қасыма келіп қонсайшы,
Тілегім қабыл болсайшы.

Қабыл болып тілегім,
Осы келген қара құс,
Менің пірім болсайшы.
Қасыма келер күн болса,

Пір екені шын болса,
Қалтама таман еңкейіп,
Алар едім қаламды.
Тісімменен Қырымға,

Жазар едім сәлемді.
Бір жаратқан Құдайым,
Осыған себеп болсайшы.
Әділ жылап тіледі,

Қарақұс емес пір еді,
Өзі іздеп келеді.
Пірінен жәрдем болады,
Көңілі нұрға толады.

Қалтасына еңкейіп,
Қағаз, қалам алады.
Тісіменен тістейді,
Ерніменен күштейді.

Әділ байғұс амалдап,
Қырымға сәлем жазады.
Әуелі бастап жазады,
Бір жаратқан Алланы,

Алладан сұрап пананы.
Себеп болды пірінен,
Тарылғасын заманы.
Қарындасы Ылияны,

Ақ сүт берген анасын,
Бәрі де жатыр жазылып,
Тісімен жазған қағазы,
Қар бойындай хат болды

Әділдің жазған сәлемі.
Тарыққасын Әділге,
Пірінің болды себебі.
Құдайым оңға бастады,

қарасай —қази
Сәлемімді жаздым деп,
Әділ көңлін қоштады.
«Туып өскен жұртым,—деп,

Қарасай-Қази, жан досым,
Бір іздемей Әділді
Нағып шыдап жатыр,—деп.
Екі досым, көп сәлем,

Екі қолым байлаулы,
Қимылдауға әлім жоқ,
Сүйтіп, сорым қайнаулы.
Қарасай-Қази, досым-ай,

Сендерді дос деп кім айтар?!
Осындайда көрініп,
Бір келмедің қасыма-ай.
Екі досым сен едің,

Сенің досың мен едім.
Жауға түсіп қалғанда
Екі досым ат салып,
Алып шығар деп едім.

Досым жауда қалды деп,
Бір қайрылып келмедің.
Келмесең де, достарым,
Сендерден үміт үзбедім.

Үзбесем де батыр-ай,
Елге барып жатыр-ай.
Бір іздемей жатқаның,
Қарасай-Қази досым-ай,

Ылайық па басыңа-ай?
Қызылбастың қолында
Алты арбаны сүйретіп,
Аман жүр әзір досың-ай.

Қарасай-Қази, сендерге
Мұңымды жаздым айтып-ай.
Мені тастап қалмаққа,
Бардыңыз елге қайтіп-ай?!

Және дұғай көп сәлем,
Қырықсан қырық еліне,
Құрбы-құрдас теңіме.
Жететұғын күн қайда,

батырлар  жыры
Туып өскен жеріме!
Лалаулаған қызылбас,
Айтсам түспес тіліме.

Қарасай-Қази, жан досым,
Әруақты еріме,
Екі досым қосылса,
Екі қолым босанса,

Жетер едім түбіңе.
Осы күні, достарым,
Қызылбас аузын бірлеулі,
Күнде мені тергеулі.

Қимылдауға дәрмен жоқ,
Екі қолым сірлеулі.
Мойныма шынжыр тағулы,
Бір қызылбас бағулы.

Аяғыма тас қағып,
Сүйтіп, көңлі табулы.
Осындайда келмеген,
Достың жайын білмеген,

Екі досым, сендерге
Менің көңілім қалулы.
Қызылбастың қолында
Достың азап көрулі,

Жарым жасым кемулі.
Қамыт іліп мойныма,
Алты арбаны жегулі.
Азаппенен алдырды,

Ақыл-естен тандырды.
Азап беріп қызылбас,
Ішімді оттай жандырды.
Қарасай бұзған қаланы,

Алты жігіт мойныма,
Соны маған салдырды.
Тісіммен тезек тергізді,
Тірі азапты көргізді.

Шығарып айдап жүретін,
Бір қызылбас мінгізді.
Тісіммен тезек теремін,
Далада күндіз жүремін.

қарасай —қази
Алты арбаны сүйретіп,
Күн батқанда келемін.
Ол кеш пенен бұл кеште

Жарым алма жегенім.
Басқа Құдай салғасын,
Амалым жоқ көнемін.
Оныменен қоймайды,

Және бір жерге айдайды.
Алып барып бір жерге,
Сыналап тасқа байлайды.
Таң атқанша достыңның,

Сүйтіп, соры қайнайды.
Қызылбастың баласы
Басыма шығып ойнайды.
Қуалап ұстар қолым жоқ,

Екі көзім жайнайды.
Қолыма түскен баласын
Қашыр-құшыр шайнаймын.
Осы сәлем барғасын,

Бір іздер деп ойлаймын.
Қарасай, Қази досым-ай,
Менің жайым осылай.
Осы сәлем барғасын,

Тірі екен деп ойларсың.
Достым десең Әділді
Бұл азапта қоймайсың.
Ақташы ханнан бата алып,

Қолыңа бұйрық хат алып,
Қырымнан әскер жинасын.
Дос екені шын болса,
Менің үшін қиналсын.

Осы сәлем барғасын,
Екі досым жатпасын.
Әскер алып Қырымнан,
Қызылбасқа аттансын.

Мені жаудан шығарып,
Қарасай, Қази «достым» деп,
Сол уақытта мақтансын.
Қырымнан әскер шықпаса,

батырлар  жыры
Өздері атын баптасын,
Екіден тұлпар ат алсын.
Екі досым болмаса,

Мені жаудан кім алсын,
Мені іздеп таппасаң?!
Және дұғай көп сәлем,
Ақ сүт берген анам-ай,

Қызылбастың қолында
Тірі жүр Әділ балаң-ай.
Аман болсам көрермін,
Сабыр ет, анам, жыламай.

Рахат пенен азапты
Әуелі баста Құдайым
Жазған шығар маған-ай.
Екі қолым сірлеулі,

Мойныма салды арбаны.
Тісіммен тезек тергізіп,
Қыдыртып қойды қаланы.
Және дұғай көп сәлем,

Емшектесім, жұбайым,
Мен үшін шекпе уайым.
Жалғыз бауырым Ылия,
Айырды сенен Құдайым.

Құдіреттің ісіне,
Бұған не амал қылайын?!
Екі қолым сірлеулі,
Бұзып қалай шығайын?!

Аман болсам шығармын,
Қапа болма, шырағым!
Тісіммен хат жазып,
Жіберген осы сәлемім.

Мұнан басқа мұңым жоқ,
Қимылдауға әлім жоқ.
Зарлағанда даусымды
Естімейді құлағым.

Есіме түссе қалмайды
Менің сабыр қарарым.
Тапсырылғай анам-ай,
Осы жазған сәлемім.

қарасай —қази
Ұстап жазар қолым жоқ,
Осы хаттан білерсіз,
Аман жүрген хабарым.

Әзір аман тіріміз,
Жәрдем берсе піріміз,
Ағаңды аман көрерсің.
Бір күні туса күніміз,

Және дұғай көп сәлем
Омар менен Оспанға.
Жақсылық етсең, шығарсыз
Екеуің азат бостанға.

Жамандық етіп қосылсаң,
Әзәзіл шайтан дұшпанға,
Тірі барсам қоймаспын,
Кетсең де ұшып аспанға.

Тағы сәлем айтайын
Омар менен Оспанға,
Жылатып зәбір бермеңіз
Екі бірдей қасқаға.

Жылатып зәбір берсеңіз
Ылия менен анама-ай,
Тірі барар күн болса,
Көрсетермін саған-ай!

Алтын орда үйіме
Ықтиярсыз кірмесін.
Екі бірдей мұңдыға
Жылатып зәбір бермесін.

Және дұғай көп сәлем
Қырық мың сан алуан ноғайға.
Қолынан ұрса Ұрымға,
Туып өскен Қырымға.

Және дұғай көп сәлем
Бауырлас туған қазаққа.
Тезірек іздеп келіңіз,
Мен жатырмын азапта.

Тағы сәлем айтамын
Ел билеген еріме,
Өсіп, өнген жеріме.
Ал, Қарақұс жануар,

батырлар  жыры
Рұқсат бердім өзіңе.
Осы жазған сәлемді
Тапсырғайсың еліме».

Қарақұс емес пірі еді,
Қағазға қарап тұр еді.
Қары бойы қағазды
Қанатына іледі,

Қарақұс ұшып жөнеді.
Құдайға Әділ жылады,
Тілей қабыл болады.
Қырымға қағаз жіберіп,

Әділдің көңілі тынады.
Кеш болғанда ер Әділ,
Алты арбаны сүйретіп,
Қаласына барады.

«Осындай нәрсе көрдім»,—деп,
«Хабарлауға келдім»,—деп,
Бағып жүрген қызылбас
Ханына хабар салады.

Хат кетті деп еліне,
Өлтіруге Әділді
Ханы бұйрық қылады.
Атса, мылтық өтпеді,

Шапса, қылыш кеспеді,
Салса, найза теспеді,
Шоқпарменен ұрса да,
О да зиян етпеді.

Отқа салса, күймеді,
Суға салса, батпады,
Өлтірейін десе де,
Қызылбас айла таппады.

Ендігі тапқан амалы,
Амалының жаманы—
Жеті қабат зынданға
Апарып салып тастады.

Ал енді ер Әділ зынданға түсіп жата тұрсын. Қырымға кет­
кен ер Әділдің пірі Қарақұстан хабар алалық. Қарақұс бірнеше
күн ұшып, Қырымның еліне келеді.

қарасай —қази
Қарақұс ұшып жөнеді,
Қарақұс емес пірі еді.
Қырым деген шаһарға

Қарақұс ұшып келеді.
Ер Әділдің үйіне
Қарақұс еніп келеді.
Екі мұңды сорлының

Отырған жылап кезі еді.
Екі мұңды егіліп,
Аш күзендей бүгіліп,
Отыр еді түңіліп.

Жылап жатқан мұңдының,
Ісін Құдай қалады,
Тілегі қабыл болады.
Бір қарақұс аспаннан

Ұшып келіп қонады.
Әділдің берген қағазын
Анасының алдына
Тастап кетіп барады.

Ханым оқып қарады,
Ашып оқып қараса,
Өзінің жалғыз баласы
Әділдің жазған қағазы.

Екі мұңды қуанып,
Жылағанын қояды.
Жауда қалған Әділді
Көргендей-ақ болады.

Қайта жанды мұңдының
Өшіп қалған шырағы.
Хатты оқып көргесін,
Жауда қалған Әділдің

Тірі екенін білгесін,
Қарасай, Қази досына
Қағазды алып барады.
Қарасай-Қази ер еді,

Артық туған шер еді.
Жауда қалған досының
Тірі-өлісін біле алмай,
Қапа болып жүр еді.

батырлар  жыры
Қайғы менен қан жұтып,
Ауру болып жүдеді.
Әділдің жазған қағазын

Қарасай оқып көреді.
Жауда қалған досының
Тірі екенін біледі.
Сонда Қази сөйледі:

—Бүгін өлсем ырзамын,

Бір шыбындай жанымды
Досыма құрбан қылайын.
Досым үшін жанымды
Сарп етуге тұрайын.

Қаріптер, қайтіп жүре бер,
Қызық дәурен сүре бер,
Ордаңа барып кіре бер.
Құдай тілек бергесін,

Қабағыңды ашып күле бер.
Өлсем, өліп кетейін,
Досым үшін өтейін.
Егер өліп кетпесем,

Әділді алып жетейін.
Енді тұрман бұл жақта,
Әділді қойман азапта.
Қызылбасқа жүрейін,

Қарасай аға мін атқа.
Көңіліңді қош етіп,
Қайта бер, ханым, үй жаққа.
Қасыңдағы қызыңды

Қайғылы етіп жылатпа,
Ағасын аман әкеліп,
Жеткіземін мұратқа.
Ау, Қарасай, ағам-ай,

Талап етіп мен тұрмын,
Жауда қалған досымды
Іздемей нағып тұрайын,
Іздемесем досымды,

Таңда мақшар күнінде
Көремін қалай жүзін-ай.
Сен бармасаң, Қареке,

қарасай —қази
Кетемін іздеп өзім-ай.
Әділ үшін аттану—
Міндетіміз бізің-ай.

Қареке, қалай көресің,
Осылай менің көңлім-ай?
Ендігісін өзің біл,
Менің бітті сөзім-ай.

Ал енді Қарасай-Қази Байбикеш ханымды қуантып, орда­
сына қайтарып жібереді. Сүйтіп, жатпай-тұрмай досын іздеуге
талаптанған жері.
Екі мұңды кәріптің

Көңілдерін хош етіп,
Қызылбастың еліне,
Әділдің жатқан жеріне
Қарасай-Қази қос батыр

Аттануға қам етіп,
Екеуі атқа мінеді,
Ақташы ханға келеді.
«Іздейміз,—деп,—Әділді»,

Ханнан әскер сұрады.
Қызылбасқа баруға
Қырымға әмір қылады,
Хан әмірі болмады,

Бұрынғы барған әскерлер
«Өлеміз», деп бармады.

—Бәле болды біздерге

Әділдің жауда қалғаны,
Әркім де жақсы көреді,
Сау болғаны мал-жаны.
Қиғаш деген биік тау,

Қызылбас деген жаман жау.
Оған барсақ аттанып,
Келе алмаймыз аман-сау.
Қарасай-Қази, екеуің

Біздерден күдер үз,—деді,
Бара алмаймыз біз,—деді.
Қызылбастан өлгенше,

батырлар  жыры
Өздерің-ақ қыр,—деді.
Сонда Қази сөйледі:

—Бұл айтқаны жөн,—деді.

Әділге ерген әскердің
Біреуі тірі келмеді.
Қиын сапар екені
Өтірік емес, шын,—деді.

Бармайтынын айтты ғой,
Қарасай аға, оңбағыр,
Неге тудың, құрмағыр?!
Көп жаманға жалынып,

Нағып тұрсың, тумағыр?!
Туғаның, аға, осыма-ай,
Кетейін өзім, досыма-ай.
Жалынғанмен көп жаман,

Ермес сенің қасыңа-ай.
Жамандық күні осылар,
Болады масыл басыңа-ай.
Жалғыз аяқ тар жолда

Қаптағанда қызылбас
Көргенің жоқ па осыны-ай.
Жалынғанша бұларға,
Тұлпар атты бағалық,

Аттың күйін табалық.
Тасқа тисе сынбастай,
Болаттан таға қағалық.
Ағайынды екеуміз

Қызылбасқа баралық,
Барып сойқан салалық.
Әділ хандай досымды
Суырып жаудан алалық.

Осы сапар алармыз
Дербент деген қаланы.
Қызылбасты қиратып,
Бағындырып бір алсақ,

Атамның бітер арманы.
Осыны айтып ер Қази,
Қарасайға толғады.
Қарасай мұны тыңдады,

қарасай —қази
Қырымнан әскер алмады,
Жаманға бұйым салмады.
Қарасай-Қази екеуі

Қырымға қайтып бармады.
Ноғайдан көмек сұрамай,
Тұлпар атты бағады.
Баратын жауы қызылбас

Алты айшылық жол еді.
Алысқа аңқып шабар деп,
Шараптың суын береді.
Тұлпарын баптап бағады,

Атының күйін табады.
Сауыры күнге күйер деп,
Мақпалдан жабу жабады.
Болаттан таға қағады.

Ат жарағын сай етіп,
Қызылбасқа жүруге,
Әзірленіп алады.
Арадан күндер өтеді,

Қызылбастай жауына,
Жүруге талап етеді.
Қызылбасқа баруға
Қырым жұрты қорықты.

Екі батыр жорықты,
Бара жатып екеуі,
Ханымға келіп жолықты.

—Байбикеш ханым, қалайсың?

Семіртіп қойың байлапсың,
Тарыққан жерде көрмесең,
Құдайласқан досыңның
Көреді қашан пайдасын?!

Досын іздеп барады,
Жауға тігіп найзасын.
Қарындасы Ылия
Қызыл гүлдей жайнасын.

Қызыл гүлдің ішінде
Бұлбұлдай болып сайрасын.
Үш айдан әрі қалдырмай,
Келтіремін ағасын,

батырлар  жыры
Қуантамын анасын.
Сол уақтары анасы
Сүйінші сұрап келгенде

Беретұғын нәрсесін
Осы бастан сайласын.
Арғымақтың аяғын
Жібекпенен байласын.

Қолыңды жайып, бата бер,
Біз келгенше, мұңдылар,
Күліп-ойнап жата бер.
Әділдің жатқан жеріне,

Қызылбастың еліне
Сапар етіп баруға,
Тұтқындағы Әділді
Шығарып жаудан алуға,

Естігесін хабарын,
Көргесін сәлем қағазын,
Тына ма көңлім бір бармай.
Әділді алып келеміз,

Үш айдан әрі қалдырмай.
Үш айдан әрі қалдырсақ,
Алланың ісі болғаны-ай.
Әділді жаудан ала алмай,

Досыңның жауда қалғаны-ай.
Егер өліп қалмаса,
Шығарып жаудан алғаны-ай.
Үш айдан әрі қалдырмай,

Әділді алып келеміз.
Бүгіннен бастап санай бер,
Сөзімнің болмас жалғаны-ай!
Осылай деп Қарасай,

Тұрған екен шамасы-ай.
Қарасай мен Қазиға
Қол жайып берді батасын
Әділдің туған анасы-ай.

—Жолыңыз болсын, барыңыз,

Әділді тауып алыңыз.
Қарақтарым, сіздердің

қарасай —қази
Бір Алла болсын жарыңыз.
Ұмытып кетпей тар жерде,
Піріңізді еске алыңыз.

Қарағым, сізден садақа,
Дүния-мүлік, малымыз,
Мал түгіл, біздің жанымыз.
Осы сөзді айтты да,

Тілектес болып қалады.
Өздері көрген жолменен
Екеуі кетіп барады.
Бірнеше күн жол жүріп,

Азғана емес, мол жүріп,
Тынбай жүріп келеді.
Қиғаш таудың қарасын
Екі батыр көреді.

Екі тұлпар жануар
Бауырынан жарады,
Шекесінен қарады.
Сылап, сипап батырлар,

Жал-құйрығын тарады.
Таң сарғайып атқанда
Жалғыз аяқ жолменен
Қаратаудан құлады.

Күн қызарып шыққанда
Тас өткелге барады.
Одан әрі өткенде,
Сонда көзі шалады

Өздері бұзған қаланы.
Қарасай сонда сөйледі:

—Қызылбас айла тауыпты,

Қорғанды мықтап жауыпты.
Айнала қандек қазықты,
Он екі жерден ашылған
Даруазаны жауыпты.

Қарасай-Қазы келер деп,
Қалаға шауып кірер деп,
Болған екен қауіпті.
Қас қарайып күн батсын,

Қаласына жау жатсын.
25–166

батырлар  жыры
Қараңғы түнде шабалы,
«Орақ!»—деп ұран салалы.
«Орақ!» деген дауыспен

Жер дүнияны жаралы.
Қорыққасын қызылбас,
Тастап қашар қаланы.
Қаласынан шығарып,

Қызылбасты қыралы.
Қаланың ішін босатып
Айла менен алалы.
Қызылбастан тіл ұстап,

Тұтқындағы Әділдің
Жатқан жері табалы.
Сонда Қази толғады:

—Ау, Қарасай ағамыз,

Іздеп келген ер Әділ
Осы жауда болғасын,
Шаппай нағып тұрамыз?
Қарасай аға, білмеймін,

Өнемейін түн дейсің,
Өз-өзіңді жөндейсің.
Батыр болсаң, Қареке,
Күндіз неге тимейсің?!

Бұл айтқаның жөн емес,
Жасырынған ер емес!
Жасырынып жау алған,
Ол атаның жолы емес.

Жаудың қорқып көбінен,
Қорқыныш салма көңіліме.
Қорықсаң, аға, қайта бер,
Осы жерден кейінге.

Көп те болса бұл жауды,
Қоя бер, аға, өзіме.
Жасырынып жау алсам,
Ұяламын көруге

Атам Орақ жүзіне,—
Деді дағы, ер Қази
Тыңдамады сөзіне.
Кірейін деп қалаға

қарасай —қази
Қази салды «Алланы».
Қарасай одан кем бе еді,
Артық туған ер еді.

Інісінен қала алмай,
Талма-тал түс уақытында
Екеуі шапты қалаға-ай.
Қаланың аузын қандатып,

Қақпаның аузын шаңдатып,
Екеуі салды бұлағай.
Екі жерден екеуі
«Орақ!» деп ұран салады.

Қызыл-жасыл екі ту
Көтеріп жауға шабады.
Мысалы оттай жанады.
Қызылбастың үстіне,

Ақырзаман салады.
Көп те болса қызылбас,
Тая берді табаны,
Құри берді амалы.

Көрінгенін қырады,
Екі жерден екеуі,
Аралады қаланы.
Қызылбасты қаладан

Шығарып айдап шығады.
Қаланың іші-сыртынан
Досын іздеп қарады.
Дербент деген зор қала,

Соған қарай салады.
Бұдан бұрын қалмақтар,
Дербентке хабар салады.
Алдырмасқа қызылбас

Салып жатыр амалды.
Сонда тұрып ер Қази,
Қарасайға толғады:

—Күтініп жатыр қызылбас,

Бізге Құдай жар болсын.
Себеп болып пірлерім,
Дербентте Әділ бар болсын.
Атқа мінген хан болсын,

батырлар  жыры
Мырза болсын, би болсын,
Таңдап ұстап алалы.
«Тауып бер,—деп,—Әділді,

Өлтірем»,—деп сұралы.
Қорыққанынан қызылбас
Шынын айтар жасырмас,—
Деді дағы, ер Қази

Қызылбасқа шабады.
Бір қадірлі мырзасын
Таңдап, ұстап алады.
«Тауып бер» деп Әділді,

«Өлтірем» деп сұрады.
Сұрағанмен айтпады,
Айтқанынан қайтпады.
Дініне берік халық екен,

Өлсе де, тілін тартпады.
Айтпағасын қызылбас,
Әділді іздеп таппады.
Әділ досын іздеді,

Еш хабарын сезбеді.
«Енді қайдан табам?»—деп,
Қарасай жылап еңіреді.
Жаратқан Алла Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.
Іздеп келген досымды,
Таба алмадым даладан,
Дала түгіл, қаладан,

Енді қайдан табайын?!
Ұстап алған қызылбас
Өлсе де, шынын айтпады.
Енді кімнен сұрайын?!

Таба алмасам досымды,
Елге не деп барайын?!
Бір сілтеуін бере гөр.
Атам Орақ бабайым,

Ақ сүт берген анайым!
Сендер себеп болмасаң,
Басыма түсті уайым.
Осылайша еңіреп,

қарасай —қази
Таба алмай досын тарығып,
Екеуі де қамығып,
Адам қылып біздерді,

Жараттың деп нағылып?!
Тұр екен сонда екеуі
Зар еңіреп Құдайға,
Пірлеріне жалынып.

Зарлаған даусы бұлардың
Ғайып-ерен пірінің
Құлағына шалынып.
Кететін болды бұлардың,

Басынан тұман арылып.
Бір әйел келді алдына
Қара терге малынып.
Сонда тұрып бұл әйел,

Сөз сөйледі ағылып:

—Қарақтарым, бауырым,

Неғып тұрсыз қамығып.
Көптен бері көре алмай,
Жүр едім сізді сағынып.
Кететұғын болар ма,

Басынан тұман арылып?!
Мен де сіздің апаңыз,
Қалмақта жүрген бағылып.
Жайымды баян етейін,

Қарағым, сізге жазылып.
Мен ноғайдың қызы едім,
Қойда бағлан қозы едім.
Жесір қып қалмақ алғанда,

Онда сендер жоқ едің.
Он бес жасар күнімде
Қалмақ шауып елімді,
Жесір алып, ел алып,

Кесіп кеткен желімді.
Ноғайдың ері шығарсыз,
Жүзің жылы көрінді.
Өтірік айтар демеңіз,

Апаңыз болам сенімді.
Кеңшілікке шыққасын,

батырлар  жыры
Айтармын ата-тегімді.
Атын айтсам білерсіз
Ендігі би мен бегімді.

Айтпасаң да, қарағым,
Орақтан туған шығарсыз.
Меңзетіп тұрмын жүзіңді.
Алдыңа түсіп көрейін,

Әділді тауып берейін.
Айта берсем мұңым көп,
Тар жерде саған не дейін?
Тарқатайын қапаңды,

Танимын сенің атаңды.
Алдап жүр ғой демеңіз
Мендей мұңды апаңды.
Осы сөзді айтты да,

Алдына түсіп жүреді.
Жеті қабат зынданға
Екеуін ертіп келеді.
Бұл ноғайдың қызы емес,

Ғайып-ерен пірі еді.
Әмірімен Алланың
Сыртынан қамдап жүр еді.
Ертіп келіп зынданға,

Бір көрінбей көзіне,
Ғайып болып жөнеді.
Іздегені табылып,
Қабыл болды тілегі.

Жеті қабат зынданға
Қарасай-Қази келеді,
Дауыстап сәлем береді.
Бекітіп қойған есігі,

Есігінде бар екен,
Бір кішкентай тесігі.
Сол тесіктен келеді,
Әділ досын шақырып,

Жолбарыстай ақырып.
Ақырған даусы Әділдің
Құлағына барады,
Даусы жерді жарады.

қарасай —қази
Даусын естіп досының,
Көтеріп басын алады.
Келгенін біліп досының,

Әділ сонда толғады,
Іштегі шерін қозғады.
Көп жыл жүрді азапта,
Досынан жәрдем болмады.

—Қарасай-Қази, екеуің

Неғып келдің еліңнен,
Мен достыңмын сізден жерінген.
Қорықпаймын өлімнен,
Енді маған көрінбең.

«Әділ жауда қалды» деп,
Абыройым төгілген.
Әуелде тастап кеткесін,
Әділ сізден түңілген.

Салмаймын құлақ сөзіңе,
Көрінбең менің көзіме.
Жақындамай қасыма,
Кете берің жөніңе.

Алты жыл жүрдім азапта,
«Әділ неғып жатыр?»—деп,
Көрінбедің көзіме.
Ақыреттік дос болған соң,

Қатты келді көңліме.
Батырлар, сөзің бір болса,
Дос екенің шын болса,
Орға түсіп қалғанда,

Сонда неге келмедің?!
Осындай қиын, тар жерде,
Достарым, сізді көрмедім.
Алты арбаны сүйретіп,

Алты жыл жүрдім азапта,
Мұнда неге келмедің?!
Осындай қиын күндерде
Достығыңды сезбедім.

Керек емес, достарым,
Ендігі жерде келгенің.

батырлар  жыры
Есептесіп шешеммен,
Қайтып ал, болса бергенің.
Бұрын дос деп жүрсем де,

Енді сізге сенбедім.
Көмегіңмен сендердің,
Ордан шығып, жау алып,
Елге тірі бара алман.

Сендер ердің сойысыз,
Мен қойшыдан жаралған.
Бір нәрсеге керіссек,
«Құтқарған жаудан—біз»,—деген,

Сөзіңе мазақ қала алман.
Сіздер асқан батырсыз,
Мен қорқақпын азалдан.
Ендігі жерде достықтан

Ашылған шығар арамыз.
Сіз батыр да, мен қорқақ,
Қанатын болды табаңыз.
Азап берген қалмақтың

Тайдырамын табанын,
Қуырамын заманын,
Кегімді жаудан аламын.
Сұрағанға «сәлем» дең,

Сонан соң елге барамын.
Іздеп келіп нетесіз,
Ноғайдың қорқақ жаманын?!
Атадан жалғыз туғасын,

Күнімнің білдім қараңын.
Кете берің қайрылмай,
Сөзімнің еттім тамамын.
Сонда Қази сөйледі:

—Әділ досым, аман-сау

Жатырмысың түбінде.
Досың іздеп келгенде,
Әлің қалай бүгінде?
Екі досың келіп тұр,

Келмеді деп өкпелеп,
Бізден, досым, түңілме.
Келіп тұрмыз сағынып,

қарасай —қази
Жатырсың, досым, нағылып?!
Құдай тілек беріп жүр,
Іздегенім табылып.

Әуелгі келген сапарда,
Досым, сенен айрылып,
Кетіп едік торығып.
Жұрттың бетін көре алмай,

Ел аралап жүре алмай,
Жатыр едік майрылып.
Сәлеміңді алғасын,
Хабарың анық барғасын,

Шамырқанып шамданып,
Досым сені табуға,
Шығып едік қамданып.
Жаудың бұздық қамалын,

Сені таппақ амалым.
Тізесінен қан кешті,
Екі тұлпар пырағым.
Жеті қабат зынданнан,

Шығарып сені алмасақ,
Тарқамайды құмарым.
Әуелгі келген сапарда,
Досым, сені іздедік,

Еш хабарын сезбедік.
Таппасақ та өзіңді,
Біздер күдер үзбедік.
Бүгінгі күні біздерді

Табыстырды Құдайым.
Күнәміз болса, кешір деп,
Достым, саған жылайын.
Тілекті қабыл қылмасаң,

Сенен аяр жаным жоқ,
Үстіңе мен де құлайын.
Орда жатқан ер Әділ
Байқады сөздің сыңайын.

—Олай болса, достарым,

Мен зынданнан шығайын.
Дұрыс жауап бермесем,
Біліп тұрмын Қазидың

батырлар  жыры
Үстіме келіп құларын.
Қарасай о да құласа,
Мұнан да жаман мұңайып,

Кетер менің ажарым,
Мені амалдап шығарың.
Екі қолым байлаулы,
Сөйтіп, сорым қайнаулы.

Қимылдауға әлім жоқ,
Сөйтіп, сорым қайнаулы,
Қалай етіп шығайын?!
Арқан салып көріңіз,

Тісіммен тістеп қарайын.
Мұны есітіп екеуі,
Қуанысып қалады.
Жалғап арқан салады,

Әділ хандай достысын,
Шығарып ордан алады.
Шынжырларын жазады,
Қолындағы қолеткі,

Ол жазылмай қалады.
Бұзайын десе, Әділдің
Қолы сынып барады.
Қарасай-Қази екеуі

Ылажын таппай тұрады.
Сол уақтар болғанда
Тарығып, Әділ жылады:

—Жаратқан мені, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.
Ақ шалмалы пірәдер,
Сенен себеп болмаса,
Енді не амал қылайын?!

Балталауға қолым бар,
Мұны қалай бұзайын?!
Ақшалмалы пірәдер,
Болмайсың ба хабардар.

Колеткіден қолымды
Шығаруға болың жар.
Жеті ғайып пір едің,
Қысылғанда тар жерде,

қарасай —қази
Бір бұл емес, әр жерде
Жәрдем беріп жүр едің.
Менің шығып тұрғаным—

О да сенің себебің.
Колеткіні бұза алмай,
Мен тарығып жыладым.
Көрісе алмай достыммен,

Менің жылап тұрғаным.
Осылай деп ер Әділ,
Жылап тұрып зарлады.
Зарлаған даусы Әділдің

Ғайып-ерен пірінің
Құлағына барады.
Пірінен себеп болады,
Тілегі қабыл ер еді,

Пірлері жәрдем береді.
Ғайып-ерен ер дауыс
Құлағына келеді.
Қырық жолбарыс қуаты

Құлағына енеді.
«Я, пірім!»—деп жұлқынып,
Қолындағы темірді
Жіптей қылып үзеді,

Талқан болып сынады.
Құшақтасып көрісіп,
Көңілдері тынады.
Қуанысып күлісіп,

Тілегі қабыл болады.
Әділ досын шығарып,
Қарасай мен Қазидың,
Басына бақыт қонады.

Амандасып болғасын,
«Атқа, досым, мінгес»,—деп,
Көлденең тартып тұрады.
«Мінгес» десе, мінбеді.

Сонда Әділ сөйледі:

—Екі досым сен едің,

Сіз ақылға кең едің,
Көлденең тартып атыңа

батырлар  жыры
Мінгес, досым, дегенің,
Мен атыңа мінбедім,
Мінгескендей атыңа,

Қызылбастан олжа қып,
Алып келген құл ме едім?!
Осы жерін, достарым,
Неге айырып білмедің?!

Ханның сарай жайында
Естимін даусын шыңғырып,
Кісінеген аттың да.
Сарқызылды мәпелеп,

Бағып едім тайында.
Шамаңыз келсе, алып кел,
Тұрған шығар бабында.
Малым да сол, жаным да,

Әкелмесең атымды,
Мен кетпеймін шынында.
Мұны есітіп ер Қази,
Сарқызылға шабады.

Пірі бастап туралап,
Атты Қази табады.
Ханның сарай жайынан
Аман алып шығады.

Алып келіп Әділге,
Сарқызылды мінгізді.
Кіреукесін кигізді,
Бас қаруын ілгізді.

Қарасай-Қази екеуі
Шын достығын білгізді.
Дербент деген қалаға,
Досын бастап жүргізді.

Қызылбастай жауына
Үш арыстан келеді,
Келіп бүлік салады,
Қаланы шауып алады.

Бірнеше күн атысып,
Қара қанға батысып,
Үш арыстан үш жерден,
Пірлері оған күш берген,

қарасай —қази
Қызылбасты қырады,
Көбі болды жаралы.
Дербент деген қаласын,

Шулатып қатын-баласын,
Талқан қылып шабады.
Қарасай-Қази қос батыр,
Әділменен үш батыр,

Қызылбасты қиратып,
Бір құмардан шығады.
Қорғасанды өлтіріп,
Бір құмардан шығады.

Қорғасанның қанды көз—
Қондыкердей әкесін
Тірілей ұстап алады.
Есінде бар Әділдің

Баяғы жазған қағазы.
Шығар емес есінен,
Өзіне берген азабы.
Сол азапты берелі,

Мұның да күшін көрелі.
Маған берген азаптың
Қайтатын болсын дерегі.
Қорғасан мықты зор еді,

Әскері сансыз көп еді.
Қондыкердің тілімен,
Азап берген сол еді.
Қорғасанды алғасын,

Көп әскерін қырғасын,
Қалған елі бағынып,
Қарасайға жалынып,
Қол қусырып тұрады,

Дегенін ерлер қылады.
Үшеуі Қондыкерді ортаға алып, баяғы Орақты өлтіріп
қашып кеткен жиырма сегіз жаманды және Әділге ерген он төрт
мың қолдың тірілей қолға түскенін, тауып беруін талап етеді.

Қондыкер айтады: «Қарасай-Қази, алдыңнан соғысып кеткен­
нен кейін біздің елімізден қашып шығып кетті. Олардың қайда
кеткенін білмейміз,—деді. Ал он төрт мың қолдың алты мыңы

батырлар  жыры
тірілей қолға түсті де, бес жүз адам жаралы болып қолға түсіп
еді, ол бес жүз адамның екі жүзі жазылды. Қазір алты мың
екі жүз адамыңыз күндіз жұмыс істейді, түнде қамауда бола­

ды»,—деді. Сонымен алты мың екі жүз адамын таптырып алып,
қалмақты мұсылман дініне енгізіп, көп олжа, жесір алып, еліне
аттанып қайтқан жері.
Ал, күн үш ай толғанда,

Ханымға берген уәде
Жетер шағы болғанда,
Бағындырып қалмақты,
Еліне қайтып барады.

Әділ досын ерітіп,
Қайта шығып қонады.
Шыққан күні Әділдің
Ақ сүт берген анасы,

Ол әйелдің данасы,
Түнде жатып түс көрді.
Өзі жорып бұл түсін,
Қуанып көңлі хош болды.

Ұйқыдан қызын оятып,
Көрген түсін сынатып,
Және қызын қуантып,
Анасы тұрып толғады:

—Басыңды көтер, қызым-ай,

Туған ерке қозым-ай.
Мен бір түнде түс көрдім,
Жорып берші өзің-ай.
Асқар биік Алатау

Үстіме келіп құлап жүр,
Бұл не болар шырағым?
Аяғы жоқ, басы жоқ,
Ағыны қатты білдіріп,

Суы сүттей ақ дария
Ақ орданың түбінен
Сарқырап тасып, ағып жүр.
Бөгесем де болмады,

Ағыны бұзып тұрмады,
Бұл не болар шырағым?

қарасай —қази
Томағасы алтыннан,
Аяқ бауы күмістен,
Бір қаршыға құс көрдім,

Өзін еркін бос көрдім,
Қолыма келіп қонып жүр.
Ақ орданың ішінде
Жақсы адамдар толып жүр,

Ақ батасын беріп жүр.
Және жатсам түс көрдім,
Жалғыз қозым ізімде,
Әділ ме екен деп едім,

Көрінбеді көзіме.
Оң жағымнан күн туды,
Сол жағымнан ай туды,
Бұл не болар шырағым?

Сонда қызы сөйледі:

—Шынымен тілек тілесең,

Қабыл ма екен тобаң-ай.
Тілегіңді Жасаған,
Берген екен саған-ай!
Бүгін жаудан Әділің

Шыққан екен аман-ай.
Ақ орданың үстіне
Асқар тау келіп құласа,
Асқар таудай бақ қонар,

Кеткен Әділ балаңа-ай.
Сарқырап ақса ақ дария,
Бөгесең де болмаса,
Ағыны бұзып тұрмаса,

Дұшпан бұзып өте алмас,
Алды түгіл, артыңнан
Көрінген шығар саған-ай.
Алтын орда ішінде,

Жақсы адамдар жиылса,
Жұртты жиып той қылар,
Жұрт сыйлығын мол қылар.
Мен жорысам осылай,

Қуантар келіп досым-ай.
Айналайын, анам-ай,

батырлар  жыры
Көрінді жақсы түсің-ай.
Бір қаршыға құс көрсең,
Өзін еркін бос көрсең,

Әділ балаң болғаны-ай,
Бүгін шығып қонғаны-ай.
Оң жағыңнан күн туса,
Қарасай досың болғаны-ай.

Сол жағыңнан ай туса,
Қази досың болғаны-ай.
Әділ досын шығарып,
Ортасына алғаны-ай.

Қайғы кетіп басыңнан,
Шамшырағың жанған-ай.
Әділ жалғыз балаңыз
Жау қолынан босанып,

Жүрегіңді жарғаны-ай.
Түсіңді, шеше, жорыдым,
Жоқ екен түсің жалған-ай.
Осының бәрін ойласаң,

Жазуда солай болғаны-ай.
Сонда анасы толғады,
Және бір кеңес қозғады:

—Айналайын, қызым-ай,

Туған ерке қозым-ай.
Жорып едім түсімді,
Осылай деп өзім-ай.
Бұдан да былай, Жасаған,

Келтіргейсің ісімді,
Жорып қойдым түсімді.
Жарлы болсын, бай болсын,
Шырағым, сені беремін,

«Сүйінші» деген кісіге.
Қарағым, талай жыладым,
Осы күнім бекер деп.
Әділ жаудан келмесе,

Қайғымен күнім өтер деп.
Осыдан Құдай келтірсе,
Ардақтаған қызымды,
«Сүйінші!»—деп келгенге,

қарасай —қази
Соған берсем нетер деп.
Бере қойсам қызымды,
Ешкім айтпас бекер деп.

Екі мұңды қуанып,
«Уһ!»—деп демін алады.
Қарасай мен Қазидың
Кеткен күнін санады.

Сонан келіп қараса,
«Айтқан күні бітті»,—деп,
Төбеден түспей тұрады.
Қарасай-Қази қос батыр,

Әділменен үш батыр,
Ел шетіне таянды.
Әділ менен Қазиға
Қарасай қылды баянды.

—Қази менен екеуің,

Жаймен жүріп келерсің,
Ақ сүт берген анаңа
Барып сәлем берерсің.
Аман-есен қосылып,

Ойнап-күліп жүрерсің,
Берді тілек Құдайым.
Бұрын озып барайын,
Мұңдыларды қуантып,

Жүректерін жарайын,—
Деді дағы, Қарасай
Байбикешке жөнеді.
Қарап тұрса мұңдылар

Бір қараны көреді.
Көзді ашып, жұмғанша,
Қызыл атпен Қарасай
Салып жетіп келеді.

Мұңдыларды көреді,
Көріп сәлем береді.

—Байбикеш ханым, саумысың?!

Тілегі қабыл, байғұсым!
Әділді алып келеміз,
26–166

батырлар  жыры
Тарқатып дерттен қайғысын.
Ақ марқадай керілген,
Қайғыменен езілген,

Ылия, аман жүрмісің?!
Мұнараның басында
Әділді қарап тұрмысың.
Әркім де жақсы көреді,

Өзінің қатар құрбысын.
Қысым кетіп, жаз болып,
Қолыма қонды жыл құсым.
Құс дегенім—ер Әділ,

Қияметтік жан досым.
Досым үшін аттанып,
Қызылбасқа от салып,
Қиғаш деген тауды алдық,

Қызылбас деген жауды алдық.
Бірнеше күн атысып,
Қызыл қанға батысып,
Қызылбасты зорға алдық.

Бағындырып алғасын,
Олжа мен жесір, мал алдық.
Тірілей түскен қалмаққа
Аламанды тағы алдық.

Құдай тілек берген күн,
Үш бөлініп Әділмен,
Елге қарай қозғалдық.
Әділ досын ерітіп,

Келатыр Қази туғаным.
Бұрынғының жолы деп,
Байбикештей ханымнан
Сүйінші сұрап тұрғаным.

Осы сөзді айтты да,
Байбикештей ханымды
Сынамақшы болады.
Қарасай қайта толғады:

—Бұл сапарда, Байбикеш,

Тілегіміз болмады,
Сапарымыз оңбады.
Айтып мен саған,

қарасай —қази
Әуелі сөздің бұрысын,
Айтайын енді дұрысын.
Батыр аңқау, ер гөдек—

Батырлығы құрысын.
Біз қалмаққа барғанбыз,
Қиядан қиқу салғанбыз.
Шыбын жанды қинадық,

Кетпесін деп ар-намыс.
Ар намысы құрысын,
Осы сапар біз көрдік,
Қалмақтың қатты ұрысын.

Бұл сапарда, Байбикеш,
Келіспеді жүрісім.
Мен қанатымнан қайрылдым,
Оң жағымнан майрылдым.

«Әділ» деп өксіп жүргенде
Қазидан да айрылдым.
Қази да қалды қалмақта,
Осы сапар тап болдым,

Көрмеген бұрын азапқа.
Бұрылтпады жан-жаққа,
Орға түсіп Қазиым,
Қалып қойды сол жақта.

Жалғыз қалған мен сордың
Келмеді күшім қалмаққа.
«Әділ» деп өксіп жүргенде
Тап болдым ауыр салмаққа.

Қази мен Әділ жоқ болды,
Ішім жанған өрт болды.
Ат басындай жүрекке
Қайғы менен дерт толды.

Осындай болды талабым
Келіспеген сапарда.
Неде болса тап болдым
Қауіп пенен қатерге.

Мен де жетім, сен жетім,
Екеуміз де тең жетім.
Ере алмастай мен болдым
Ендігі жерде қатарға.

батырлар  жыры
Сонда ханым толғады,
Сөз дүкенін қозғады:

—Қарасай, досым сен едің,

Атаң Орақ батырдан
Артық туған дер едім,
Қанеки, артық туғаның?!
Әлі де, балам, кем едің,

Әуелі, балам, не дедің,
Соңынан не дегенің?!
Кемдігіңді айтайын:
Қызылбастан босанып,

Шыққаныңды білгенмін.
Ардақтаған қызымды
Сол күні саған, шырағым,
Сүйіншіге бергенмін.

Артық тусаң атадан,
Оны неге білмедің?!
Бұрын досым болсаң да,
Енді болдың күйеуім.

Әділім қашан келеді,
Барады босап сүйегім?!
«Қази жауда қалды»,—деп,
Сынау үшін айттың ғой,

Оныңды да білемін.
Әйел де болсам, пірлермен
Хабарласып жүр едім.
Талабыңыз оң болып,

Болған екен тілегің!
Шын тілесең Алладан,
Ертелі-кеш береді.
Бір уақыт болғанда,

Әділ жетіп келеді,
Баласын ханым көреді.
Жазуда солай болғасын,
Әділ азап шегеді.

Құтылуға азаптан
Пірінің болды себебі.
Ақташы хан Әділге

қарасай —қази
Өкіл ата деп еді.
Әділ аман келгесін,
Өзіне тағын береді.

Таққа мініп ер Әділ,
Хандық дәурен сүреді.
Отыз күндей той қылып,
Ел-жұртын жидыртып,

Қарындасы Ылияны
Сонша мал мен дүнияны
Қарасайға береді.
Омар менен Оспан құл

Енді соған келелі.
Қызылбастың қолына
Әділ түсіп қалғанда
Жамандық қылған құл еді.

Тарттырайын дегенде
Жазасы құлдың көп еді.
Жататын жері олардың
Жеті зымнан түбі еді.

Жамандыққа—жақсылық
Ердің қылар ісі еді.
Сол сықылды дұшпанның
Күнәсін кешті деседі.

Кеңшілік қылып ер Әділ,
Ақылменен шешеді.
Екі құлдың күнәсі
Көп те болса, кешеді.

Тірі келген пенденің
Үйлері жатыр қуанып,
Жылағаннан жұбанып.
Адамы жауда қалғандар,

Олар жатыр суалып.
Біреулер қалған секілді,
Жалғызы кетіп қуарып.
Жетімдер де ер жетіп,

Атасының ары үшін
Соғысып қайтқан секілді,
Қолына жасыл ту алып.
Әділхан жаудан келгесін,

батырлар  жыры
Бұрынғыдай ел болды.
Қайтадан Қырым құралып,
Қосай шалға Қарасай

Қымбат үшін барыпты.
Тоғыз сусар тон менен,
Тоғыз тұлпар ат мұны алып.
Қалмақтан келген жесірден

Және он екі қыз алып.
Осыны беріп Қарасай,
Қымбаттың басын ашыпты,
Қосайдан алып ырзалық.

Әуелгі барған сапарда
Қайғы-қасірет тартса да,
Кейіні кетті оңдалып.
Ата жауы қалмақты

Бағындырып алыпты.
Сапарлары оң болып,
Бір қатерден қалыпты.
Бұларға Алла жар болып,

Атағы шықты Әділдің
Қырымға қайта хан болып.
Жетім менен жесірге
Қарасып тұрды ер Әділ,

Қазынадан қаржы, мал беріп.
Таққа мінді ер Әділ
Келген жылы кезегі.
Бұзылған жерін Қырымның,

Арба жегіп мойнына,
Қондыкермен түзеді.
Әділ асқан ер еді,
Өзіне берген азаптың,

Қалдырмай бәрін есептеп,
Қондыкерге береді.
Қарасай-Қази қос батыр,
Әділ ханмен үш батыр

Қиғаштың Алатауына,
Қызылбастай жауына
Аттанып қайтқан жері еді.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме
«Қарасай-Қази»—қазақ халқының өткен ғасырларда аса
сүйіп тыңдаған көркем де келісті эпостық мұраларының бірі.
Жырдың көптеген нұсқалары ғасырларды көктей өтіп,

біздің заманымызға дейін келіп жетті. Елден-елге, ауыз­
дан-ауызға тарап, талай ұрпақтың рухани шөлін қандырған
бірегей халық туындысын дамыта жырлап, насихаттау­
шы—эпостық сюжеттерді жаңғырта түрлендіре орындау­

шы, басқаша айтқанда түпкі мәтінді төкпей-шашпай бүгінге
жеткізуші жыршы-жырау, ақындарымыздың еңбегі ерекше
атауға тұрарлық. Мәселен, «Қарасай-Қази» эпосын сонау ХVІІ
ғасырдан бері кезеңде атадан-балаға, ұстаздан-шәкіртке аманат

етіп, жыршылық-жыраулық дәстүрді берік тұтынған бірнеше
эпикалық мектептердің болғаны мәлім. Әсіресе қазақтың ба­
тыс өлкесінде тұрақты орын тепкен осынау рухани орданың
ірі өкілдері: Абыл, Нұрым, Қашаған, Мұрат, Бақы, Жаскілең,

Нұрпейіс, Ығылман, Айса, Нұртуған, Жақсылық, Төренияз,
Өмірзақ, Аманжол, Ережеп, Наурызбек т.б. талантты өнер
өкілдері Ноғайлы кезеңіндегі тарихи сюжеттерге құрылған
ескілікті жыр-аңыздарды құлпырта жырласа, халық та оларды

құмарта тыңдаған.
Халық эпосының басты идеясы, негізінен, Едіге би
әулетінен тараған Ноғай Ордасының мырзалары, әсіресе
Орақ, Мамай сынды белгілі би-батырлардың ұрпақтары—

Қарасай мен Қазидың ел іргесін нығайтып, сыртқы жауларға
қарсы жүргізген ерлікке толы жорықтарын дәріптеуді мақсат
тұтқан. Осы орайда жырдың бас кейіпкерлері болып табы­
латын Қарасай мен Қазидың Кіші Ноғай Ордасының негізін

қалап, берекесі қашқан елдің бүтіндігі мен тыныштығы үшін
күрескен қайраткерлік тұлғасын жыраулар халық жадында
мәңгі қалдыруға ерекше күш салғанын көреміз. Шығарманың

батырлар  жыры
бірнеше версиясы бар. Олардың кейбірінде Қырым ханының
ұлы—Әділ сұлтанның бейнесі көрініс тапқан. Әділ сұлтанның
тұтқынға түсуі, оны Қарасай мен Қази бастаған батырлардың

құтқарып алуы туралы оқиғалар Айса Байтабынов жырлаған
нұсқада кеңінен сөз болады. Осы жырда атақты Қобыланды
батырдың есімі ұшырасады. Қазақ батыры ноғайлы жігітте­
рі Қарасай, Қази, Ахметтермен тізе қосып, қалмақ, қызылбас

қосындарына қарсы жойқын шабуыл жасайды.
Сондай-ақ шығармада батырлар бейнесі, тұлпар ат, кәміл
пір, достық пен опасыздық, ақылды әйел мотивтері эпос жан­
рына тән әсерлі суреттелген. Бір айта кетерлігі—жырда әр

түрлі уақытта, әр қиырда өткен тарихи оқиғалар жинақталып,
эпостық кеңістіктің аясы тұтастанған әрі жырдың көп
қабаттылығы айқындала түскен.
Едіге

әулетінен
өрбіген
бірнеше
ұрпақтың

өкілдері
қатысатын
«Қарасай-Қази»
эпосы

көптеген
дарынды
жыршылардың айтуымен өңделіп, жаңғырған және жыр сю­
жетіне бірқатар жанама эпизодтар да қосылғаны аңғарылады.

Мұны Жақсылық, Сейіт жыршылардың нұсқасын оқу бары­
сында байқау қиын емес. Яғни жыраулар дүрбелеңге толы
дәуір шындығын суреттей отырып, тарихи оқиғаларды көркем­
дік тұрғыдан айшықтайды, өз қиялдарында сомдалған бейне­

лерді әсірелей жырлауға көбірек ден қояды.
«Қарасай-Қази» эпосы мен оның кейіпкерлері «Қырымның
қырық батыры» атты көлемді эпопеяның циклдік қатарына
да енген халықтық мұра. Бұл жырдың қазақ тілінің байырғы

кәусарына суарылған ғажайып бай мәтіні ұлттық тіліміздің та­
рихын зерттеуде табылмайтын материал.
Айса Байтабынов нұсқасы. Ақтөбелік Айса Байтабынов
жырлаған «Қарасай-Қази» эпосының көлемі—4086 жол. Латын

әліпбиімен жазылған жырдың қолжазбасы 1940 жылы ел-аузы­
нан жинақталып, сол кездегі КСРО ҒА-ның қазақ филиалына
қарасты Тіл-әдебиет институтының қорына тапсырылған. Қазір
ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының Сирек қолжазбалар

қорында (Ш. 363 бума, 3-дәптер) сақтаулы.
Айса нұсқасының сюжеті шытырман әрі қызықты. Мұнда
оқиғаға Қобыланды бастаған қазақ-ноғай батырларының
көпшілігі қатысады. Экспозицияда ноғай ордасының биле­

рі—Орақ пен Мамай өлгеннен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік

ғылыми  қосымшалар
жағдайы сипатталады. Мамайдың орнына туысы Шынтемір
хан сайланады. Бірақ қалмақтың ханы Темір хан қарт әміршіні
менсінбей, «маған бағынсын, дініме кірсін» деп кісі салады.

Орманбет, Қасым, Қалу сынды ноғайлы билері жиналып,
кеңес құрады. Осы мәжілісте Қарасай мен Қазидың немере
ағалары Сымайыл мен Тобаяқ қатысып, оларға қарсы әрекет
жасауға келіседі. Сөйтіп, ноғай елінің көп бөлігі Қарасай-

Қазиды қарт шешесімен бірге жұртта қалдырып, өздері түн
жамылып көшіп кетеді. Сыпыра жырау мен бірқатар ноғай
билері Орақтың батыр ұлдарын қолдайды. Он бес жастағы
Қарасай қалмақ шапқан жылқының соңынан аттанып,

жаудың Қараман деген батырын жеңіп, мал-мүлкін қайтарып
алады.
Қартайған Шынтемір ханның орнына ұлы Әділ сұлтан таққа
отырады. Ең соңында Қобыланды, Ахмет, Қарасай мен Қази

бастаған ноғай батырлары қызылбастың қолына тұтқынға
түскен Әділді құтқарып, жаудан кек алады.
Айса нұсқасының мәтіні толық, тілі кестелі. Жыр бұрын-
соңды жарияланбаған.

Томға ұсынылып отырған жыр нұсқасы ОҒК Қорында
сақталған түпнұсқа (Ш. 363-бума, 3-дәптер) бойынша еш
өзгеріссіз әзірленді.
Сейіт нұсқасы. Аталған жыр нұсқасы Қытайдағы қазақтар

арасында кең жайылған фольклорлық мұралардың қатарына
жатады. Көлемі шағын жыр үлгісін Шыңжаңдағы Іле-
қазақ автономиясы облысы Толы аудандық мәдениет үйінің
меңгерушісі Төкен Кенжалин жергілікті жыршының аузынан

жазып алып, 1990 жылы сондағы «Мұра» әдеби журналында
жариялайды.
Сейіт нұсқасының көлемі шағын, оқиғасы шымыр, жинақы.
Жыр сюжетінің негізгі желісі қазақстандық варианттың бі­

рінен алынғандығы көрініп тұр. Алайда жыршының өз жа­
нынан қосқан эпизодтық детальдары, кейіпкер есімдерінің
біраз өзгерістері ұшырайды. Сондай-ақ эпостың стилінде Қы­
тайдағы қазақтардың жергілікті сөз қолданыстары да айқын

аңғарылады.
Томға еніп отырған «Қарасай-Қази» жырының мәтіні
«Мұра» журналында жарияланған нұсқа (1990 жыл, №2) бой­
ынша әзірленіп баспаға ұсынылды.

батырлар  жыры
Жақсылық
жырау
нұсқасы.

Көлемі—4500
жол­
ды құрайтын «Қарасай-Қази» эпосының аталған вариан­
ты бұрын жарияланбаған және зерттелмеген. Жақсылық

Қарақалпақстан қазақтары арасында атағы кең жайылған
ірі эпик жыршылардың бірінен саналады. Ол—ноғайлы ци­
кліне кіретін бірқатар эпикалық жырларды шебер орында­
умен ерекшеленетін үлкен өнер иесі. Эпостың осы нұсқасын

1962 жылы жергілікті фольклоршы Ж.Сапаров жазып алып,
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына өткізген.
Жақсылық жырау нұсқасында Қарасай-Қазимен бірге, Әділ

сұлтан бейнесі де толыққанды сомдалған. Жырдың мазмұны
өзге қазақ нұсқалармен ұқсас болғанымен, мұнда Бесқала
өңірінің эпикалық дәстүрі мен жыршылық стилі айқын көрініс
тапқан. Сондай-ақ «Қарасай-Қази» эпосы қарақалпақстандық

қазақ жыршы-жыраулары—Өмірзақ, Құдайберген, Қайролла,
Ережеп, Наурызбек, Жақып, Әмір, Орынбасар, Тұрлан т.б.
өнер саңлақтарының репертуарынан тұрақты орын алғаны
мәлім. Олардың көпшілігін филология ғылымдарының докто­

ры Қыдырәлі Саттаров басқарған фольклорлық экспедиция
мүшелері әр жылдары жазып алып, М.Әуезов атындағы ӘӨИ
Қолжазба қорына өткізген1.
Томға енгізіліп отырған жыр мәтіні ӘӨИ Қолжазба қорында

сақталған түпнұсқа бойынша еш өзгеріссіз әзірленіп, баспаға
ұсынылады.
Белгісіз ақын нұсқасы. Жыршысы белгісіз. Қалың дәптерге
қазіргі әріппен екі қатар етіп, ұқыпты көшірілген қолжазбаның

көлемі—5760 жолды құрайды. Дәптердің парақтары әбден то­
зып, кейбір жыр жолдары өше бастаған. Мұқабаның ішкі бет­
терінде Өзбекстан, Тәжікстан аумағындағы Бұхара, Газли,
Ленинабад, Хожелі тәрізді қала-кенттердің аты мен бірнеше

кісілердің есімдері жазылған. Сондай-ақ Кіші жүз адай тайпа­
сы, қырықмылтық, шалбар т.б. аталықтарына қатысты қысқа
мәліметтер келтірілген. Аталған жыр мәтінінің соңында осы
қолжазбаны көшіруші—Алпанов Әбді Үмбетұлының аты-жөні,

мекен-жайы (Хожелі кенті, «Ет комбинат») жазылып, қолы
қойылған. Жазылған уақыты—1961 жыл, 13 наурыз.
1 ӘӨН, Қолжазба қоры: № 920-бума 5,7,12,24,64-жинақтар.

ғылыми  қосымшалар
Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда, бұл қолжазба көпте­
ген кісілердің қолынан өткен. Сірә, Маңғыстау, Бесқала—
Қоңырат төңірегін мекендеген бірқатар қазақ жыршылары

«Қарасай—Қази» жырының осы нұсқасын қолдан-қолға, бір­
ден-бірге көшіріп, жаттап алып, ел арасында айтып жүргенге
ұқсайды.
Жырдың бұл нұсқасы—көлемі жөнінен ғана емес, көркем­

дік жағынан да «Қарасай—Қази» варианттарының арасындағы
ең үздік эпостық үлгілердің бірі. Мұнда жырдың кіріспесі «Еді­
ге батыр» эпосына ұқсас басталады. Қырым жеріндегі ноғайлы
елінің Аушыбай атты қарт батыры су перісімен көңіл қосып,

одан—ер Едіге, одан—Нұрадын, одан—Мұса би, Одан—Орақ
пен Мамай, Орақтан—Қарасай, Қази; Мамайдан—Қымбат атты
қыз туады. Міне, олар—«Қырымның қырық батыры» эпосының
негізгі кейіпкерлері әрі XІV—XV ғасырлардағы Ноғай орда­

сы тарихының басты қаһармандары ретінде де қазақ—ноғай
жырауларының репертуарынан тұрақты орын алатын даңқты
тұлғалар.
Жырдың негізгі бөлігі өзге нұсқалардағы сияқты, Қарасай

мен Қазидың әкелері Орақтың «үш аманатын» орындауға және
қызылбас ханы Қондыкермен соғысып, Әділ сұлтанды құтқару
сюжеттеріне құрылады. Мұндағы сексендегі ер Қосайдың
Мамай қызы—Қымбатты алмақшы болатын оқиға тыңнан

қосылған эпизод. Жалпы, «Қарасай-Қази» жырының фина­
лы екі версиямен аяқталады. Бірқатар нұсқаларда (Мәселен,
Қырым нұсқаларында—С.Қ.) Әділ тұтқында қаза тапса, қазақ
нұсқаларының көпшілігінде Қарасай мен Қази қызылбас

тұтқынындағы Әділ Сұлтанды құтқарып алып қайтады.
Жырдың аталған нұсқасы бұрын-соңды жарияланбаған.
Қолжазбасын 1998 жылғы Маңғыстау фольклорлық-этно­
графиялық экспедициясы кезінде Бейнеу ауданының Сыңғыр­

лау ауылының тұрғыны Әділханов Сәдуахастан алып, ӘӨИ
Қолжазба қорына өткізген институттың ғылыми қызметкері—
Серікбай Қосан.
Томға енгізіліп отырған мәтін аталған қолжазбаның

түпнұсқасы бойынша (ҚҚ: Ш. 94, 2-дәптер) әзірленді.
С. Қосан

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». Исламдық сенім бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсім­ діктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адам­дардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлген­ дерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін жұмаққа, енді біреулерін тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғам­барларды жібе­ ріп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбі­рейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­ дікті білдіруге болады. Ал құлшылықтың басты орны—Мекке­ дегі Қағба, онда аспаннан құдіретті Алла түсірген қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ дылығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі «Аллаһу акбар», «Әлхамдулиллаһи», «Сұбхан Алла» сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.

ғылыми  қосымшалар
Айсаның ұлы Ахмет—қазақ және өзге де қыпшақ тілді
түркі халықтарының қаһармандық эпосындағы бас қаһарманға
айналған тарихи қайраткер.

Мұрын жырлаған «Қырымның қырық батыры» атты
эпостық циклға «Айсаның ұлы Ахмет», «Әмет» атты жырлар
енеді. Онда Әмет Айсаның інісі ретінде көрінеді.
Ал татар, ноғай фольклорында «Айсылдың ұлы Әмет»

атты жыр кездеседі. Онда Айсылдың ұлы Амет пен оның
ғашық жарының әкесі болып табылатын Алтын орданың
ханы—Жәнібектің бұлардың қосылуына бөгет жасамақшы
болған әрекетіне қарсы күресі баяндалады. Сол халықтардың

аталған жырында кейде бас қаһарманның есімі «Ахмет» деп
те аталады.
Ал «Қарасай-Қази» жырында Ахмет пен Әмет екеуі де—
Айсаның ұлдары, ағайынды батырлар.

Татар ғалымы М.Усманов өзінің «Татарские историче­
ские источники XVІІ—XVІІІ века» атты еңбегінде Айсылдың
ұлы Әметтің тарихта шындығында болған тұлға екенін,
ибн Батутаның естеліктерінде аталған саяхатшының Өзбек

ханның әрі күйеу баласы, әрі қайын атасы болып табыла­
тын, аталған ханның әмірлерінің әмірі қызметін атқаратын
Исабек гураганның үйінде қонақта болғандығын әңгімелеу
ұшырасатынын және «Никон жылнамасында» осы Исабектің

немересі
Астрахан
князі—Салшыны
ушкуиниктердің

қарақшылары
алдаусыратып
өлтіргені
баяндалатынына,

Салшының есімі «Айсылдың ұлы Амет» жырының соңында
аталатынына сүйене отырып анықтаған.
Ахмет Мұрын жырау жырлаған «Едіге», «Асан қайғы,
Тоған, Абат», «Жаңбыршы ұлы Телағыс» және өзге де

жырлардың кейіпкері ретінде кездеседі. Ахметтің «Қарасай-
Қази» жыры нұсқаларында да ұшырасуы қаһармандық эпосқа
полистадиялық (көпқабаттылық) сипат тән екенін айғақтай
түседі. Өйткені Жәнібек ханның Алтын орданың билігін ұстаған

кезі XІV ғасырдың орта шені болса, Едіге XІV ғасырдың соңы
мен XV ғасырдың басында билік басында болған, ал Телағыс
пен Қарасай, Қази—XVІ ғасырда тарихи белсенділік танытқан
қайраткерлер.

Айсаның ұлы Әмет—бұл туралы мәліметті Айсаның ұлы
Ахмет туралы ғылыми түсініктен қараңыз.

батырлар  жыры Ақташы—«Ақташ» сөзін Ш.Уәлиханов ру аты деп түсіндірген, ал профессор И.Березин сарай қызметкерлерінің ла­ уазымы деп есептейді. «Шора батыр» жырының нұсқаларында Ақтажы Әліби деген кейіпкер кездеседі. Ш.Уәлиханов Қырым ханы—Сағадатгерейдің жарлықтарының біріне «Ақташ Али би» деп қол қойған тарихи тұлғаның осы Әліби екеніне нық сенім білдірген (Уәлиханов Ш.Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том, Алматы, 1961ж. 138-б.) «Қарасай-Қази» жыры нұсқаларында кездесетін «Ақташы», «Ақтайша» деген кісі атаулары осы «Ақташ» сөзінің өзгеріске түскен түрлері деп білеміз. Алшағыр—Ноғай мырзасы, Едіге әулетінен шығып, көшпелі ноғай-қазақ ұлыстары арасында үлкен беделге ие болған билеуші. Тарихи деректерде ұлдары Орақ, Мамаймен бір­ ге Қырым төңірегіндігі саяси және еларалық қақтығыстар ке­ зінде жиі аталған. Алайда «Қобыланды батыр» секілді бірқатар қазақ эпостарында Алшағыр—қалмақ ханы не батыры екені мәлім. Дегенмен халық ауыз әдебиетінде, әсіресе фольклорлық шығармаларда алыс дәуірде өмір сүрген тұлғалардың есімде­ рінде ауыс-түйіс бола беретіні қалыпты құбылыс. Алшы—Ноғай Ордасының биі Ысмайылдың есіміне қосарланып айтылатын анықтауыш мәнді сөз. Аталған тарихи тұлғаның «Алшы Ысмайыл» атануын зерттеушілер «алшы» сөзімен байланыстырып, оның жолы болғыштығын мегзейтін, яғни «асығы алшысынан түскен» деген мағынаны білдіретін эпитет деп жорамалдаған. «Қарасай-Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Алшы» сөзі жеке кісінің атауы, яғни Мұсаның отыз ұлының бірінің есімі ретінде қолданылған. Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. Жа­ улары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыптымыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан­ дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде

ғылыми  қосымшалар
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­

лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір­
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың
нышанына айналған.

Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.

Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегіле­
рінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған
перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды бо­
лып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп

көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында
Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең
алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со­
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті

Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген
болжамдар бар.
Едіге—ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та­

рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса батыр әрі қолбасшы
болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары
тұсында тәуелсіз билік құрумен бірге, ел басқару істеріне
белсене араласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде

өз билеушісі мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пай­
дасына шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ре­
сей жеріне бірнеше рет баса көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын
құрып, оның басты бегі болды (1396-1419 жж.). Қара халық

арасынан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының на­
мысын қорғаған­дықтан, қазақ халқының тарихи жадын­
да «Ел қамын жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған
оның бейнесі мен есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау бол­

ды. Кейбір деректер бойынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ
жерінде—Ұлытауда жатыр.
Қарасай, Қази—Орақ батырдың ұлдары. ХVІ ғасырдың
соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін

27–166

батырлар  жыры
Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол за­
манда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз
күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһармандар.

Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтар жайында қазақ жырау,
жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе,
Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан
қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық

нұсқалары сақталған.
Қазан хан—ХІV ғасырдың бас кезіндегі қызылбас елінің
ханы Ғазан ханның прототипі болуы мүмкін. Ғазан ханның
әскерлері Каспий теңізінің батысына, Дербент, Баку, Астра­

хан қалаларына, Арал маңына шейін жорық жасап келген.
Осындай шабуыл кезінде ол өз әскерлерін басқадан айыру
үшін бастарына қызыл бөрік кигізген. Осыдан барып жергі­
лікті халық оларды «қызылбас» деп атаған. Бұлардың ша­

буылдарына қарсы күресіп, зор ерлік көрсеткен қыпшақтар
болған.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни

аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне

архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте­
се, кейбір ғалымдар тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді.
Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе

жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба—ел аралап жүрген ақ
киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт,
дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.

Орақ-Мамай, ХVІ ғасыр—көбінесе есімдері қатар аталып
отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы шежіре­
лік мәліметтер бойынша, Мұсадан Алшағыр, одан Орақ пен Ма­
май туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарының

туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ер жүрек батырлар кей­
пінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен ұрпақтары
туралы Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1930 жж.) көлемді жыр
тудырғаны мәлім.

ғылыми  қосымшалар
Ноғайлы—Ш.Уәлихановтың пайымдауынша, «Ноғайлы»
дегеніміз—Алтын
орданың

құрамына
енген
көшпелі
тайпалардың өздерін отырықшы қандастарынан даралау үшін

қолданған этнонимі. Ноғай, қазақ, татар, башқұрт, өзбек,
қарақалпақ халықтары өздерінің шежірелік аңыздарында
түпкі тегін Ноғайлыдан таратады.
Нұрадын—Едігенің тұңғыш ұлы. Ол Едігенің ең сенім­

ді саяси серігі болып, ол басқарған мемлекеттің үлкен бір
бөлігін басқарған, Едігенің жауларына қарсы күресте табысты
қолбасшы ретінде танылған. Қадырғали Жалайыр өзінің ше­
жіресінде Нұрадынның әкесінің көзі тірі уақытта іш ауруынан

қайтыс болғандығы туралы мәлімет келтірген (Қадырғали Жа­
лайыр. Алматы, 1997.).
Тобаяқ—Ысмайылдың
есіміне

тіркесетін
қосарлы
анықтауыштардың бірі. «Тобаяқ» сөзі аяқтың кемтарлығын
білдіреді. Бұл сөз Ысмайылдың ақсақтығын білдіретін көрінеді.

«Қарасай, Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Тобаяқ» сөзі
де жеке кісінің атауы, яғни Мұса бидің отыз ұлының бірінің есі­
мі ретінде қолданылған.
Ысмайыл—Ноғай ордасының биі болған тарихи тұлға. Ол

Мұсаның бірінші әйелі Ханзададан туған. Түркі халықтарының
фольклорлық туындыларында Ысмайылдың жексұрын сипатта
бейнеленуіне оның орысшыл саясат ұстанып, орыстың ақ пат­
шасына мойын ұсынып, соған жағыну мақсатында өз халқының

тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей әрекеттерге де баруы себеп­
ші болған секілді. Ол өзімен бір әке, шешеден туған Жүсіп би
Ноғай ордасының билеушісі болған уақытта да, тәуелсіз саясат
ұстанған ағасының іс-әрекеттеріне кедергі келтіретін астыртын

әрекеттерге барған. Бұны Ресейдің ақ патшасы да ұтымды пай­
даланып, Ысмайылды Жүсіпке айдап салып отырған. Осыған
байланысты Жүсіп пен Ысмайылдың арасында тұтанған
араздықтың ақыры соңғысының алдыңғысын өлтіріп, Ноғай

Ордасының билігін кемденуіне апарып соқтырған.
Ысмайылдың
әрекетіне
қарулы

қақтығыс
арқылы
наразылық білдірген, Жүсіптің ұлдарын қолдаған Ноғай
ордасының мырзаларының қатарында Қази да болған.

Орақ пен Мамайдың қандай жағдайда қайтыс болғандығы жө­
нін­де нақты деректер сақталмағандықтан, олардың өліміне Ыс­
майылдың қаншалықты қатысы барлығын анықтау мүмкін емес.

Азбар /қ/—бордақы мал тұратын шағын қора
Ақ (Хақ) /а/—шын, шындық, күмәнсіз ақиқат; нағыз;
Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Ақырет /а/—о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің

соңы; діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан
өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы
анық болады.
Ақлия /а/—ақыл, өнеге

Ат добыра /қ/—ат дорба
Әлет /а/—мезгіл, уақыт
Әмма /а/—барлығы, жалпы
Әнжі /ж.с./—аяр. Ысмайыл биге қатысты қолданылған

қосарлы анықтауыш
Бағана /ж/—бірталай уақыт бұрын
Бадалап /қ/ (соғым)—табынымен малды сою
Бадана көзді /қ/—бадырайған үлкен көз, сауыттың көзі

Бәден /а/—дене, тән
Бәс/а/—баға, құн
Бүткіл /ж/—бүкіл, жалпы
Даңаза /қ/—даурықпа, лепірме

Даңды /қ/—даңқты
Дарақ /т/—ағаш
Дәкән /а/—мәз-мәйрам болу, шат-шадыман болу
Дәруаза /п/—дарбаза, қақпа

Дүз /а/—жүз, түз
Емкәні /ж/—мүмкіндігі
Жабы
/қ/—қазақ

жылқысының
нашар,
қарабайыр
тұқымы

Жамал /а/—ажар, көрік, келбет
Сөздік

ғылыми  қосымшалар
Жана /т/—және
Жаңғыз—жалғыз
Жаппар /а/—құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.

Жарыға /ж.с./—жартыға
Жәй /ж/—үй, жай
Жұрат /қ/—туысқан, ағайын
Жығын /ж.с./—жау, қарақшы

Зада /а/—шыққан тегі, нәсілі, жақсы, асыл
Зайыр /а/—анық, айқын, ашық.
Зауал /а/—аптапты түс мезгілі, күн батар кез
Зият /а/—артық, жақсы

Зымыстан /а/—шөлді, суық, адам тұрғысыз жер
Кәбам /а/—Қағбам. Қағба—Мекке қаласындағы мұсыл­
мандардың қажылық кезінде тәуап ететін ең қасиетті орны.
Кәлима /а/—сөз; иман келтіру

Кәріп-қасер /а/—мүсәпір, кемтар адам
Кеулі /ж.с./—көңілі
Колеткі /о/—кісен
Күлік /т/—сәйгүлік, жүйрік

Қандек /к.с./—ор, жыра
Қаңғыш /қ/—қаңғыған, қаңғырып жүрген
Қамкен /қ/—қайғы, шер
Қотан /қ/—мал түнейтін орын, қора

Қын /қ/—қылыштың, пышақтың қабы
Құрым /қ/—күн қақтап, ыс сіңіп, қарайған киіз
Лат /а/—арабтардың ислам дініне дейінгі сыйынған пұт
құдайының аты.

Лекерлеп /ж.с./—лаждап
Мақшар /а/—ақырзаман, қиямет күнінде болатын сот
Манат /а/—арабтардың ислам дініне дейінгі сыйынған пұт
құдайының аты.

Мәсі /т/—жұқа былғарыдан тігілген, кебіспен киетін,
өкшесіз, қонышты аяқ киім
Мосы /қ/—шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін үш тағанды
темір құрал

Мүбтәлә /п/—душар болу, жолығу, азап шегу
Мұрдар /п/—лас, былғаныш, жемтік, өлімтік, жансыз
дене
Мықнат /а/—бейнет, ауыр азап

батырлар  жыры
Нағыра /п/—барабан сықылды соғыс кезінде пайдаланатын
құрал
Намаздігер /п/—күн батар алдында оқылатын намаз мезгілі

Нәмәрт /п/—тексіз, жетесіз, нашар
Нөкер /қ/—хан мен бек, сұлтандардың қасында жүретін
қызметшілері
Өнемейін /ж.с./—үнемі

Өмілдірік /қ/—былғары не қайыстан жасалған, ат ерінің
артқа кетпеуі үшін тағылатын әбзел
Пешеттеп /о/—мөр басып
Пір /п/—ақсақал, қарт, сопылардың ұстазы, қолдап-

қорғаушы
Расход /о/—шығын
Сабат /т/—шөбі шүйгін, салқын жер, көгал
Сараман /а/—ерекше көзге түсетін, анық көрінетін, айқын

сара жол
Сарыжа /т/—садақ
Сементтеп /о/—цементтеп
Сой /ж.с./—арғы заты, тегі

Спеске /о/—тізім
Сөтке /о/—тәулік
Суын /қ/—қазақ эпостарында бейнелетін су айғыры.
Көптеген халықтық туындыларда жас бие мен суынның

қатынасынан кейін су тұлпары дүниеге келетіні баяндалады.
Сүрек /қ/—ағаш діңінің ішкі қатты бөлігі
Сыла /т/—ашаң, артық еті жоқ
Тағай /ө/—нағашы

Тәубе /а/—тағдырға ризалық, шүкіршілік, қанағат тұту­
шылық
Торқа /қ/—қымбат бағалы жібек мата
Уағда /а/—уәде

Үші /қ/—өлген адамды еске алу үшін үш күннен кейін бері­
летін ас
Харап /а/—қирау, апатқа ұшырау
Хукумат /а/—басшылық, үкімет

Һәм /п/—және

Жер-су атаулары
Алатау—Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік-
шығыс тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алата­
уы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. жатады.

Дербент—Орта ғасырда Кавказда орналасқан қала.
Еділ (Волга)—Шығыс Еуропадағы ең үлкен өзен. Каспий
теңізіне құяды. Эпикалық жырларда жиі аталады.
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы, Ка­

спий ойпаты, Башқұртстан, Челябі, Орынбор, Батыс Қазақстан,
Атырау облыстарының жерлерінен ағып, Атырау қаласы
арқылы Каспий теңізіне құяды.
Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Қара теңіз,

Азов теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы Шығыс Еуропа
жазығымен ұштасады.
Мәскеу—Ресей Федерациясының астанасы. Москва өзенінің
жағалауына орналасқан.

Омски—Омск, Ресейдегі қала аты.
Томски—Томск, Ресейдегі қала аты.
Түркістан—Шығыс әлеміне танымал көне қалалардың
бірі. Бұл қалада көрнекті ғалым Құл Қожахмет Йасауидің ке­

сенесі орналасқан.
Хиуа—Өзбекстанның Хорезм облысындағы қала, Амудария
өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ортағасырлық дерек­
терде экономикасы дамыған ел ретінде көрсетіледі.

Күйкен—Маңғыстаудағы таудың аты. Толық атауы—
Күйкенұшқан
Қиғаш—Астрахан облысының территориясындағы тау
Қырым—Алтын

Орданың
орнында
пайда
болған

хандықтардың бірі, ХVІІ ғасырдың екінші жартысына дейін
дербес мемлекет болған. Қазіргі Қырым түбегінде орналасқан.
Сарайшық—Алтын орда хандарының астанасы, бертінгі
кездері онда қазақ ханы Жәнібектің де, Ноғай ордасы билерінің

де ордалары орналасқан кездері болған.
Тептер—Еділдің бір саласы. Махабеттің бір өлеңінде «Теп­
тер үшін тебістік» деген жыр жолдары бар.

батырлар  жыры 1. Айса Байтабынов (1875-1955)—Ақтөбе облысы, Қобда

ауданы, «Өтемсай» колхозында туылған. Әкесі Байтабын да,
онан кейін 18 жасынан бастап өзі де ұзақ жыл байдың жалшысы,
жылқышысы болған. Өлең жырды ол жастайынан бастап айтып,
жасы 30-ға жеткесін жыршылықпен ел аралайды. Батырлар

жырының мол нұсқасын Бітеген, Нұрпейіс және басқа белгілі
жырлардан үйреніп жаттаған. 1918-1922 жылдары қызыл пар­
тизан қатарында болып, ақтарға қарсы ұрыстарға қатысады. Же­
лілі батырлар жырын кеңес дәуірінде де дамытып айтады. Оның

айтуынан, «Қобыланды», «Әуез батыр», «Ер Сайын», «Көрұғлы»,
«Телағыс», «Қарасай-Қази» т.б. жырлардың нұсқалары ҚР Бі­
лім және ғылым министрлігі орталық кітапханасының сирек кі­
таптар бөлімінде сақтаулы. (О.Ғ.К. 363-3).

А. Байтабыновтың жырлауындағы «Қарасай-Қази» жыры 1940
жылы қорға тапсырылған. Көлемі—4086 жол (латын әліпбиінде).

2. Төкен Кенжалин—Қытай Халық Республикасы, Шыңжан

Іле автономиялы облысы, Толы ауданының мәдениет үйінің
бастығы. Шыңжаң қазақтары арасынан ауыз әдебиеті матери­
алдарын жинап, жергілікті «Мұра», «Іле айдыны» сынды жур­
налдарда бастыруға белсене атсалысқаны белгілі. Жинаушы

жөнінде басқадай мәлімет жоқ. 3. Жақсылық жырау—Қарақалпақстан жыр мектебінің

көрнекті өкілі. Ол көптеген қазақ жырау-жыршыларына ұстаздық
еткен ірі эпик ретінде де кең танымал. Өкінішке орай, жырау
туралы толлық дерек әлі табылған жоқ. Жақсылық—ноғайлы
циклының бірқатар эпостарын дамыта жырлаған ірі талант.

4. Әбді Үмбетұлы—Қарақалпақстанның Хожелі кентінің

тұрғыны. Аталған кенттегі ет комбинатында қызмет істегені мәлім.
«Қарасай—Қази» жырының белгісіз нұсқасын дәптерге көшіруші
және ел арасына кең таратушылардың бірі. Ол туралы басқа дерек
ұшырасқан жоқ. 1961 жылы Әбді орта жастағы кісі болған.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет

Шартты  қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс

/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті

моңғ.—моңғол
/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

батырлар  жыры
Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы. — Алматы, 1982. 2.  Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры. — Алматы, 1972. 3.  Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының

мәселелері. 1-кітап. — Алматы, 1958. 4.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап. — Алматы,

1960. 5.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.

— Алматы, 1975.

6.  Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары. — Алма­

ты, 1975. 7.  Орлов А.С. Казахский героический эпос. — М., 1945. 8.  Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. —

Қызылорда, 1931. 9.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. — Алматы, 1993. 10.  Арабско-русский словарь. Составитель Х.К. Баранов.

— М., 1968.

11.  Древнетюркский словарь. — Л.: Наука, 1969. 12.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

— Алматы: Дайк-Пресс, 2001; Қазақ тілінің сөздігі. — Алма­

ты, 1999. 13.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев. — Алматы, 1977. 14.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. — М., 1970. 15.  Татарско-русский словарь.—М.: Советская энциклопе­

дия, 1966. 16.  Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,

2005.

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Минис­
терства образования и науки РК продолжает работу по подготов­
ке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора «Ба­
балар сөзі», выполняемого в рамках Государственной программы

«Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготовлен
и издан 41 том фольклорных текстов, в том числе: тринадцать
томов новеллистических дастанов, семь томов религиозно-нрав­

ственного содержания, три тома исторических поэм, восемь то­
мов дастанов романического (любовного) содержания, один том
генеалогических дастанов, а также девять томов героического
эпоса.

42 том включает в себя четыре варианта героического эпоса
«Карасай-Кази», являющегося одним из лучших в эпическом
наследии казахского народа. Эпос «Карасай-Кази» имеет свыше
тридцати вариантов, широко распространенных в устах народа.

Образцы данного эпоса исполняли великие казахские акыны ХІХ
века, среди них—Мурын, Кашаган, Айса, Кобылаш, Нуртуган,
Мурат, Жаксылык, Кудайберген и т.д. Составителями планиру­
ется подготовка и издание двух томов настоящего эпоса.

В первый том вошли варианты в исполнении таких акынов
как Мурат, Кашаган, Кудайберген, Торенияз, Мустежеп. В на­
стоящий том включены варианты Айсы, Жаксылыка, Сеита,
также вариант неизвестного акына, записанного в Мангыстаус­

кой области.
Варианты эпоса «Карасай-Кази», вошедшие в данный том,
являются образцами классической версии названного произве­
дения. В разное время эти варианты были записаны из уст на­

родных акынов и сказителей собирателями народного устного
творчества, такими как Мурат Кусниулы, Гумар Караш, Ыгыл­

РЕЗЮМЕ

батырлар  жыры
ман Шореков, Халел Досмухамедулы, Иманбай Уйыкбаев, Ка­
биболла Сыдиыков и др.
Сюжетную основу «Карасай-Кази» составляют историче­

ские события, происходившие в эпоху существования Крым­
ского ханства и Ногайской орды. Каждый из этих жырау изла­
гал исторические события по мере своей фантазии, снабжая их
фольклорными элементами. Исторические события развивают­

ся вокруг главных героев—Карасая и Кази. Они воюют вначале
под Астраханью, а потом на Кавказе, с калмыками и кызылба­
сами.
Все варианты данного тома ранее не публиковались, и дают­

ся в первоначальном, адекватном первоисточнику виде, поэто­
му исключается любое вмешательство в текст.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя

сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло­
ристический и текстологический анализ; данные об историче­
ских и религиозных деятелях, имена которых встречаются в
текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,

терминов и понятий религиозного характера, а также географи­
ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи­
каторах; список использованной литературы; резюме на рус­
ском и английском языках.

В Казахстане все тексты данного тома публикуются впер­
вые.
Объем тома—27 п.л.

M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). At present the staff of the Іnstіtute have prepared and publі­ shed 41 volumes of folklore texts іncludіng the followіng: twelve volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral co­ ntent, three volumes of hіstorіcal poems, eіght volumes of dastans of romantіc (love) content and nіne volumes of heroіc epos. Volume 42 іncludes four versіons of heroіc epos «Karasaі-Kazі» that іs consіdered one of the best works of epіc herіtage of Kazakh people. Epos «Karasaі-Kazі» has more than thіrty versіons wіde­ ly spread among people. Great Kazakh akyns of XІX century such as Muryn, Kashagan, Aіsa, Kobylash, Nurtugan, Murat, Zhaksy­ lіk, Kudaіbergen and others have performed the patterns of thіs epos. The compіlers plan to prepare and publіsh two volumes of thіs epos. Fіrst volume іncludes versіons performed by such akyns as Mu­ rat, Kashagan, Kudaіbergen, Torenіyaz, Mustezhep. Thіs volume іncludes versіons of Aіsy, Zhaksylіk, Seіt and versіon of the unkn­ own akyn recorded іn Mangystau regіon. Versіons of epos «Karasaі-Kazі» іncluded іnto thіs volume re­ present patterns of classіc versіon of the mentіoned work. Durіng dіfferent perіods the collectors of folklore oral creatіon such as Mu­ rat Kusnіuly, Gumar Karash, Ygіlman Shorekov, Halel Dosmukh­ ameduly, Іmanbaі Ujіkbayev, Kabіbolla Sydykov and others have recorded those versіons from folk akyns and narrators. Plot of «Karasaі-Kazі» іs based on hіstorіcal events that took place durіng epoch of Crіmea Khanate and Nogaі Horde. Each of Summary

батырлар  жыры батырлар  жыры those zhyraus told about hіstorіcal events usіng theіr fantasy, ad­ dіng folklore elements to them. Hіstorіcal events take place around maіn heroes Karasaі and Kazі. They fought fіrst near Astrakhan and then іn Caucasus agaіnst Kalmyks and Kyzylbas. All versіons of thіs volume haven’t been publіshed earlіer and are publіshed іn іnіtіal way adequate to orіgіnal source and theref­ ore any changes іn the text are excluded. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo­ lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg­ ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are publіshed for the fіrst tіme. Volume—27 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қарасай—Қази (Айса Байтабынов нұсқасы)....................... 9 Қарасай—Қази (Сейіт жырау нұсқасы) ...........................116 Қарасай—Қази (Жақсылық жырау нұсқасы) ...................149 Қарасай—Қази (Белгісіз ақынның нұсқасы) ....................255 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................409 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................414 Сөздік .............................................................................420 Жер-су атаулары ..............................................................423 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................424 Шартты қысқартулар ........................................................425 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................426 Резюме ............................................................................427 Summary .........................................................................429

батырлар  жыры Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 42 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген С. Айпенова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2218 Теруге 12.05.07 жіберілді. Басуға 10.06.07 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 166. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙