Қобыланды батыр жыры
Қазақ халық эпосы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақ халқының қаһармандық рухын паш ететін ең көне әрі ұлы батырлық жыры. Қобыланды батырдың Қазанға, Алшағырға қарсы ел қорғаған жорықтары.
«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Қыдырбай деген бай болыпты. Төрт түлігі сай, байлығы жұрттан асқан екен дейді. Қыдырбай қыдырғанда он екі атты пар жегіп, он екі аттың ішіне желмая деген нар жегіп, әйелі Ақзарбапты қасына алып тойға барады екен. Екі жүз елу түйеге саба арттырып, оның піскегін алтыннан ойдырады екен.
Алтыннан піскек ойдырып,
Үстіне оны қойдырып,
Аспаһалы кілемді
Жібектен арқан тақтырып,
Мұның енді байлығы
Жаһаннан артық болады.
10. Арасына көше кіргенде,
Жарқырап жерді алады,
Жұрт бір таң қалады.
«Байлығы мұндай болды» деп,
Байлар бір таң қалады.
«Қыдырбайды кемітеміз, – деп, – қай жерден»,
Бір-біріне ақыл салады.
20. Ақыл бір тапты осылай:
– Қыдырбайды енді мен
Маған салсаң ақыл-ой.
Ақыл бір тауып береді-ай.
– Жиылған енді көп халық,
Хабарлады Жаманбай.
Есітті жұрттың құлағы-ай.
Дәнеңе жоқ ойында,
Жүре берді осылай.
Жаманбайдың уағдасы
Қалып еді жақындап.
Ойлады байғұс Қыдырбай.
Желмаясы тағы бар,
40. Келе жатыр осылай.
Сабаларын арттырып,
Түйелерін тағы алады.
Қой бағып жүрген қойшыны
Шақырып алды үйіне:
– Айналайын қойшы жан, Тілімді менің ал, – деді.
50. Жұмсаған жерге бар, – деді.
Қыдырбай кірсе көшеге
Болады тағы бұрынғыдай.
Өз алдыңа қондырып,
Бір ауыл қылам өзіңді-ай.
Құлағына сал, деді.
60. Қызы барға қызық бар,
Ұлсыз, қызсыз Қыдырбай
Бұл жиында несі бар?!»
Шақырған жоқпын мен, – деді.
Түсе салып арбадан,
Сол баланы қуады.
Етпетінен құлады,
70. Құлап жатып жылады.
Төсекті қағып салғаны,
Ақзарбап келіп қасына
Қыдырбайға толғады:
– Әй, алғаным, алғаным,
Не болды саған жазғаным?!
Жатқан жерден тұр, – деді,
Беті-қолыңды жу, – деді.
Еңірей берген не? – деді.
Енді, шіркін, не етелік.
Жаяу қаңғырумен өтелік.
Жұмыла кетсе екі көз,
Малға ие жоқ екен.
90. Осы арадан қайтып, елге кетелік.
Енді пышақ салалық.
Еш адам жоқ қасында
Ақзарбаппен екеуі
Дүниені талқан қылады.
Тойға енді бара алмай,
Бейшара болған Қыдырбай
100. Еліне қайтып құлады.
Бурасын сойды бақыртып.
Садақасын қылады.
Бұрынғының бәрін тастады.
Темірден таяқ алады.
110. Қаңғыруға қарады.
Қыдырбай мен Ақзарбап
Сапар шегіп барады.
Табаны жерге тимеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Жібектен басқа кимеген,
Бір баланың жоқтығынан
120. Зарлап кетіп барады.
Құдайдан бала сұрады.
Бірнеше күн жол жүріп,
Шаршап бір байғұс тұрады.
Сол араға құлады.
Азырақ ұйықтап қалады.
Беті-қолын жуады,
Қынайы белін буады.
Қара адымның бойы еді.
Екі жүз алпыс әулие сонда шіркін деп еді.
Өліп-талып кемпір-шал
Маңғыстаудың ойына
140. Келіп бір енді құлады.
Беті-қолын жуып ап,
Әулиенің барды қасына.
Барып бір түнеп қалады.
Бұрынғыдай болады.
Қайтадан келіп Айқын көл
150. Қасына келіп құлады.
Қайтып келді бөтен бір әулиенің басына.
Қыдырбай соның басына.
Кемпір мен шалың жылады.
Бір баланы Құдайдан
Күні-түні сұрады-ай.
Көп бейіттің шетінде
Мәуесі жерге төгілген,
Жапырағы жайқалған
Бәйтеректі көреді.
Дәретін алып тағы да,
Бәйтеректің келді қасына-ай.
Түнеді келіп басына-ай.
Бұрынғыдан нұсқау осы еді-ай.
Төбеден жұлдыз ауғанда,
Таң мезгілі болғанда
Көк ешегі астында,
Дәретсіз жерді баспаған,
Еш нәрсе бұдан қашпаған
Аян берді осыны-ай.
Күні-түні еңіреп,
Келдің бір енді маған-ай?!
Сен тіледің біздерден,
Қолыңды жай, ал, балам,
Берейін бата саған-ай.
Көресің бұны бұ қалай?
190. Атса мылтық өтпеген,
Шапса қылыш кеспеген,
Суға салса батпаған,
Отқа салса күймеген
Берейін жалғыз мен, – деді.
Келін-жан, енді, сен», – деді.
«Отыз ұлды көп қылып,
Берекесін жоқ қылып,
200. Үй айнала сөз қылып
Неғылайын мен, – деді.
Қылыш шапса, кеспеген
Алайын, сірә, жалғызды,
Енді, шіркін, мен, – деді.
Екеу болса, бірі еді,
Біреу болса, бірі еді.
210. Аузындағы сөзі еді.
Алайын жалғызды мен» – деді.
Ғайып болды көрінбей.
Түре келсе, түсі екен,
Түсінде көрген ісі екен.
Пәруана болды-ай Ақзарбап.
220. Енді шіркін алғаны,
Төсекті қағып салғаны.
Қыдырбайдың көп арманы.
– Жатқан бір жерден тұр, – деді, Беті-қолың жу, – деді.
Өтірік емес, шын, – деді.
Сүйіншімді, шалым, бер, – деді.
230. «Өтірік пе, шын ба?» – деп,
Жылады байғұс тағыда-ай.
– Не болады мал, – деді, Бір шашылсын даң, – деді.
Сүйіншіңе ал, – деді.
– Үстіме әйел алма, – деп,
Сүйіншіге соны алады.
Дүниені алмай, қалады.
Қолдарын, бетін жуады.
Енді бұлар қунады.
Көк майсаның жүзімен
Елге сапар қылады.
250. Өлдім-талдым дегенде,
Өштім-жандым дегенде,
Кемпір менен шалыңыз
Қажыса болат сынады.
Еліне келіп құлады.
Осы тұрған кемпір-шал
Садақасын қылады.
260. Бұрынғыдай толмады,
Енді екеуі қунады.
Кемпір менен шалыңыз
Тай-құлындай тебісіп,
Аузы-басын өбісіп,
Қалды дейді келісіп.
Осы тұрған Ақзарбап
Болуға жерік қарады.
Зығыры мұның қайнады.
Енді шіркін ойлады.
Қолына алып шайнады,
Жерігі бұған қанбады,
Кесірткедей болмады.
Ал жалаңаш аунады.
Жерігі бұған қанбады,
Күннен-күнге зарлады.
Жерігі бұған қанбады.
Қатұр-құтыр шайнады,
Қатты құрттай болмады.
Екі көзі жайнады.
Жерік асым тап-ай», – деп,
Ойға-қырға айдады.
Қыдырбайға толғады:
– Енді менім алғаным,
Тағы да мен айтайын,
Айдаһардың жүрегі
Соған болдым жерік, мен, – деді,
300. Соны тауып бер, – деді.
Неғыларын біле алмай.
Келер ме бұл іс қолынан.
Көктен атқа мінеді-ай.
«Қарға бойлы Қазтоған,
Өзі тоқсан жасаған,
310. Азу тісі босаған,
Білер ме екен осы», – деп,
Қыдырбай келіп құлады
Қазтоғанның аулына.
Көп жасаған көне еді.
Дәрет алып жүр еді.
320. Енді көзі көреді.
Аз кідіріп тұрады.
Ескен бір желдер тынғанша
Қыдырбай келіп құлады.
Сәлем бір берді ал соған.
– Айналайын, інім-ай, 330. Жоқ еді сенің мінің-ай.
Қарағым, менің күнім-ай.
Мезгілсіз уақытта
Енді, інім, жүріпсің.
Жұмысын оның сұрады-ай.
Бұған бір жауап қылады:
340. – Біздің үйдегі келінің
Жерік асы табылмай,
Ініңді енді айдады-ай.
Жерік болдым, – дейді, – соған-ай».
Көрдіңбе, – деп, – енді сен,
Сұрай келдім соны мен.
Айтады жауап ал соған.
Келмес деді мына іс.
Көріп едім айдаһар,
Сонан енді, мен, – деді.
Айдаһар сонда бар, – деді,
Тілімді менің ал, – деді.
Айсаның ұлы Ахмет,
360. Былайғы ерден тақыл ет.
Балтаны алпыс сындырған,
Дұшпанның көңлін тындырған,
Артық бір туған ер еді.
Келсе, бір келер деп еді.
Соған да хабар бер, – деді.
Құралай бөркі басында,
370. Көкала тазы соңында,
Көк қаршыға қолында,
Көптен де бері жау көрмей,
Аңсырап жүрген ер, – деді.
Соған-да хабар бер, – деді.
Тілін бұның алады,
Сөзіне құлақ салады.
Атына қамшы ұрады.
Ескен желдер тынғанша
Аңызақ болып, шөл болып,
Сағым болып, жел болып,
Қыдырбай келіп құлады.
Ен даланың бойында
Ит жүгіртіп, құс салып,
390. Аң аулап Ахмет жүр екен.
Пәруана болды басына.
Ахмет келді қасына.
Сәлемін алып Қыдырбай,
Енді шіркін балады-ай.
– Он екі тәуба, жүз құлдық, Ахмет батыр, ерім-ай.
Күнінде тәуба біз қылдық,
Жоқ еді сенің мінің-ай.
Қарағым, енді күнім-ай.
Жерік асын таба алмай,
Ағаңның соры қайнады-ай.
Жеңгең мені айдады-ай.
Болдым, – дейді, – жерік соған-ай».
Тұзбайырдың тауынан
Көрдім деп айтты маған-ай.
Айдаһарға барып кел,
Жүрегін соның алып кел,
Мен келдім, – деді, – саған-ай.
420. Бұны мақұл көреді:
– Сенен енді ұл туса,
Керек болар о дағы
Енді, шіркін, маған-ай.
Үш күннен соң барамын,
Келмейді деп ойлама.
Айыр да емес, нар да емес,
430. Бал қоспақты ал, – деді,
Жетелеп үйге бар, – деді.
Жеті жылғы ту бие
Тауып, бір соны ал, – деді.
Қырдан алып қырық зергер,
Кілең тілше қармақты
Күн бұрыннан соқтырып,
Әзірлеп бәрін қой, – деді.
Көп түйенің ішінен
Айыр да емес, нар да емес,
Бал қоспақты алады.
Жеті жылғы ту бие
Бар ма екен деп қарады.
Жеті жылғы ту бие
Қыдырбай тауып алады.
Кесе бір қырды кеселеп,
Енді үйіне барады.
Қырдағы қырық зергерге
Келсін деп хабар салады.
Барлығы да жиналып,
Қыдырбайға құлады.
460. Әзірлігін қылады.
Бәрін соғып зергерлер,
Әзірлеп соны тұрады
Баяғы айтқан Ахметтің
Уағдасы толады.
Жеңгесі оның Ақзарбап
Басынан таудың түспейді,
Аузына сусын ішпейді.
Күтіп бір соны тұрады.
Қайнысы келіп құлады.
Тізгінінен алады.
Жіп бұйымды жияды,
Жібек бұйым жаяды.
480. Жылқыдан алып пар сойып,
Қайнысын қонақ қылады.
Қызарып күн шыққанда,
Түйе менен биені
Ахмет алып жетекке,
Бал қоспаққа таңады.
Күні-түні жол жүріп,
490. Тұзбайырдың тауына,
Үстінен келіп құлады.
Сол араға буады.
Он екі қабат саланы
Ахмет аралап қарады.
«Не қылам» деп ойлады.
500. Жақындап Ахмет келеді.
Ахмет батыр көреді.
Бұрқырап жатыр буың-ай
Айдаһардың Ахмет інде екенін біледі.
Ту биені әкеліп,
«Исімен шығар» деп,
Басына іннің сояды.
Шықса соны жұтсын деп,
Ет қойып бәрін құрады.
Шыққанынша осыған
Осындай амал қылады.
Шыға қалса інінен,
Үш күншілік жерден нәрсені
Лебіменен тартады.
Шығып енді алысқа,
Дем жетпейтін жерге барады.
Енді ерін алады.
Жібек арқан тағады,
Мақпал жабу жабады.
Ахмет ұйықтап қалады.
Екінші күні бір дауыл
Кереметтей болады.
Ұшырып кетіп барады.
Көрмегендей болады.
Аспаннан жауды тас бұршақ,
Атқан оқтай болады.
Қырып кетіп барады.
Батыр бір таң қалады.
Қынайы белін буады.
Батыр бір қолға алады.
Суырып алса, қырық құлаш
550. Енді қылыш болады.
Осы тұрған Ахмет.
Не болса да көрейін,
Інге барып келейін,
Жаяу бір талап қылады.
Шыққан екен айдаһар.
560. Ахмет те көреді.
Лебімен тартып жөнелді.
Қолына ұстап Ахмет
Енді кетіп барады.
Тауға салса, тас алған,
Шаш ал десе, бас алған.
570. Көзіне жұрттың ілінбей,
Нарға салса бүлк еткен.
Ахмет кетіп барады.
Ахметті алады.
Лебіне оның шыдамай,
Ахмет кетіп барады.
580. Сырылдатып маңдайын тіледі.
Аман-есен қалады.
Жарған екен ақ алмас.
Екі жағы екі тау,
Ахмет қалды есен-сау.
Жерік асы табылып
590. Ақзарбаптың қолына келеді.
Енді Ахмет арқалап,
Құйымышағы қайқалап,
Орнына қайта келеді.
Бал қоспаққа таңады.
Қайтайын деп оқталып,
Ахметтей батырың
600. Елге бағыт бұрады.
Ахмет қайтып барады.
Абройы жабылып,
Қуанышпен кетіп барады.
Қайнысын жеті күншілік жерден күтіп тұрады.
Ақзарбапқа құлады.
Түйедегі жүректі
Ақзарбап енді алады.
Сол жүректі салады.
Жүректі жеп алады.
Жерігі мұның қанады.
Көзі оттай жанады.
Үйіне қайтып барады.
Үйіне қайтып құлады.
Жібек бұйым жаяды.
Мақсаты оның болады.
Жерігі оның қанған соң,
630. Тоғыз ай, он күн толған соң,
Кетті іші қампайып,
Бұты кетті талтайып.
Отыра алмады жантайып,
Өлгенде көрген баланың
Қозғалады миы деп.
Бұталатып жұлғызып,
Жерді тегіс қылады.
Толғатуға қарады.
Алтыннан бақан құрады.
Енді хабар қылады,
Жиылып бәрі тұрады.
Таба алмады баланы.
Орақ, Мамай шешесі
650. Қараүлекті алдырды.
«Ел көшті, – деп, – жау жетті»,
Етегімен қағады.
Таба алмады баланы.
Көпті көрген көне еді.
Ақзарбаптың көреді.
Сонда тірі жүр, – деді
Алдырмаса тан соны
Туа алмайды бұл, – деді.
Қарасайға хабар бер, – деді.
Шақырып соны келеді.
Енді бір еріп келеді.
670. – Айналайын, Қарасай,
Қара атыңа мін, – деді.
Дүбір-дүбір жел, – деді.
Үш күншілік жер, – деді.
Шақырып алып кел, – деді.
Қараүлектің тілін алады.
Барайын деп оңдалды.
Үстіне соның келеді.
Түтін шықты деп еді.
Қарасай соған келеді.
Қарасай хабар салады.
Енді шықты далаға.
Буындары дірілдеп,
Баланы кемпір көреді.
Кемпірге сәлем береді.
Қарасайға сөйледі:
– Айналайын, жас бала, 700. Істеген ісің масқара.
Білдірсең маған, – деп едім.
– Мен Орақтың баласы-ай,
Шеше-еке, енді шамасы-ай.
Күндіз-түні ал зарлап
Таба алмады баласын. 710. Сол үшін келдім сізді іздеп.
Тас бұлақтың басында,
Алтын астау қасында
Қара қасқа тұлпарым
Менің енді бар, – деді.
Барайын енді, мен, – деді.
Бұлақтың келді басына,
720. Тұлпардың келді қасына.
Азырақ тұлпар қымсынып,
Жаратпағандай болады.
Қамшыменен бір соғып,
Қарасай ұстап алады.
Нұсқағанын көріп батырдың
Жаны шығып кеткендей болады.
Қара қасқа тұлпарды
Жетелеп үйге барады.
Қара қасқа тұлпарды
Енді кемпір мінеді.
Елге қарап жүреді.
Қара қасқа тұлпармен
740. Кейін қалған Қара атты
Кемпір тосып алады.
Атым бар деп не етейін.
Деп ашуланды Қарасай.
Қарасайдың ашуланғанын.
Қарасайға сөйлей береді:
750. – Әй, Қарасай, Қарасай,
Ердің Орақ баласы-ай,
Сенің әкең қанды Орақ
Менің кіндік балам-ай.
Талай салдық шабуыл
Бұл арада біз, – деді.
Қара, сірә, қалады.
Ашуыңды, батыр, бер, – деді.
Қысқа күнде қырық шауып,
Қара терге боялып,
Шапты талай бұл жерде.
Астыңдағы Қара атқа
Үш күншілік жер, – деді.
770. Бір күншілік жер, – деді.
Ұлықсат маған бер – деді.
Асықпа енді, құлыным,
Келерсін кейін сен – деді.
«Бара бер» деп кемпірге
Енді ұлықсат береді.
780. Аман-сау кемпір келеді.
Үйге енді кіреді.
Етегімен қағады.
Бұ да бізге қиын ба? –
Деп, кемпір сыртын
Бір сипап қарады,
Қарады да сынады.
– Қырық бірдей тұлпарды Жылқыдан ұстап кел, – деді.
Қырығың атқа мініңдер.
Енді жау алды, – деп,
Айқайды сендер салыңдар.
Туа алмайды бұл, – деді. 800. Дүбірлі туған ер, – деді.
Қырық тұлпардың дүбірі
Көтеріп жерді барады.
Баланы енді табады.
Ақ жібекке орады.
Алдына төрдің қояды.
Бұ да бізге қиын ба?!
810. Ішін сипап қарады.
Тал шыбықтай бұралып,
Бір қыз туа қалады.
Енді, шіркін, қарашы!
Баласы жоқ Қыдырбай
Бір ұл, бір қызды болады.
Қыдырбай балаларының туғанына үлкен той жасайды. Тойға келген көп халыққа Қыдырбай: – Сәбилерге ат қойып беріңдер, – деді.
Біреуі оны қояды,
820. Біреуі мұны қояды,
Бір-біріне көнбей тұрады.
Шығаруға жанжал ойлады.
Төбелесті сендер саласың.
Жанжалға мені қоясың.
Халқым, енді тарашы?!
830. Піштана болып тұрады,
Қыдырбай енді жылады.
Арманда енді болады.
Садақа енді сұраған
Бір диуана келіп құлады.
– Айналайын, диуана, Кел соңымнан ер, – деді.
Атын қойып бер, – деді.
Шашылсын бір мал, – деді.
Менен енді ал, – деді.
Екі бірдей баланы
Диуананың көзі көреді.
850. Диуана сөйлей береді:
– Қояйын атыңды, шіркін, мен, – деді.
Желі тұрған оңынан,
Дұшпаны қашқан жолынан
Аты болсын, – деді, – Қобылан.
Баурың өлді дегенде
Шыдамайды екен тумалас.
860. Шыдамайды түйе жауырға.
Аты болсын Қарлығаш.
Атын қойып болады.
Ғайып бір ерен қырық шілтен
Екен бір енді бабасы.
Ғайып болды диуана.
Атын қойып баланың,
Қыдырбай көңілденіп алады.
Саламыз, – деп, – бесікке»,
Қатындар шуды салады.
Қатындар баланы салады.
Шашуды Ақзарбап шашады.
Дүниеге қарық болады.
Кереметін көрсейші,
Алтыннан құйған бесігі
Қобыландыға жарамай,
Енді сынып қалады.
Деп, көргендер таң қалады.
Халайық барлығы тарады.
Бір жасында бірленді,
Екі жасқа келгенде,
Онан жаман түрленді.
Үшкілсіз көйлек кимеді,
Берен тонға симады.
Оның сипатына тоймады.
900. Балаң алып қолына,
Ойнайын деп ойлады.
Қасындағы балалардың
Асығын енді қоймады,
Бәрін ұтып алады.
Төрт жасына барады.
Белгілі ермен тең болды.
Бұнымен Қобылан осылай тұра тұрсын. Ендігі сөзді Көктен кемпірдің жалғыз қызы Құртқа жайында айтайық. Бұның сұлулығын адамзатта бар деп айтуға болмайды. Екеу болса бірі болған, біреу болса өзі болған. Жүз көріктік болса, тоқсан тоғызы мұнда болған. Сонда қалмақтың ханы Қанабоздың да құлағына Құртқаның сұлулығы шалынады. Қанабоз естіген соң, өзінің халқына хабар салды. Халқын Қанабоз жинап алды:
Берсе де, бермесе де
Біз тартып аламыз.
Азамат қылып мінгізді.
Арғымақ қылып мінгізді.
Хабарын тегіс білгізді.
920. Әскерін қырмен жүргізіп,
Әдірнеден оқ алды,
Сахырнадан жақ алды.
Көктен кемпір еліне.
Таң-тамаша қалады.
Жөндерін олардың сұрады.
930. Білгенін баян қылады:
– Қанабозды күйеу қыл, – деді, Қанабозға қызыңды бер, – деді.
Еш адамнан кем емес,
Қызыңды осыған бер, – деді.
Бермейміз деуге әлі жоқ,
Қалмақты қонақ қылады.
940. Қуанып енді тұрады.
Қанабоздан сұрады:
– Қанабоз батыр, ер, – деді,
Қызыммен сен қатар тең, – деді.
Сенен батыр адам жоқ.
Қырық күн тойын қыламын,
950. Жұрттың бәрін жиямын.
Сұрай келдім мен? – деді.
Бұған бір мәз болады.
Қанабоз әбден нанады.
Шақыра бер, – деп, – еліңді»,
Қанабоз ұлықсат қылады.
Ұлықсатын алады.
Бір адамға хабар салады:
– Бір тұлпарға мін, – деді, Тастамай қару іл, – деді.
Ноғай деген халық бар,
Барып бір хабар бер, – деді.
970. Берейін соған бір қағаз,
Алып барып бер, – деді.
Қалмастан келсін шамасы.
Итқырылған белінде,
Жирен деген көлінде
Қыдырбайдан туды, – дейді, – Қобылан.
Алтыға қарап келеді,
980. Осы тұрған Қобыланға
Арнап хабар бер, – деді.
Құртқамды Қобылан алар, – деп еді.
Қолына қағаз алады,
Ноғайға қарай жөнелді.
Шынтемірге құлады.
990. Елшің үйге енеді.
Келіп сәлем береді.
Сәлемін құптап алады.
Шынтемірге береді,
Хатты алып Шынтемір,
Оны ашып оқиды.
Ноғай деген ат жазған.
Келіп жатыр көп қалмақ
Аламын деп қызымды,
Батырыңа хабар бер, – деді.
Батыр бәрін жинап кел», – деді.
Мұны мақұл көреді.
Соған хабар береді.
– Айналайын, ер Ағыс,
Қаруыңды енді іл, – деді,
Ноғайлыға хабар бер, – деді.
Айсаның ұлы Ахмет
Бұған да хабар береді.
Бұған да хабар береді.
Бұған да хабар береді.
Әуезге де хабар береді.
Бозайға да хабар береді.
Елші енді Қыдырбайдың еліне келеді. Кіргенін бір кісінің Қыдырбай көреді.
Бір сұмдықтың болғанын
Қыдырбай енді біледі.
Енді Қыдырбай береді.
– Қыдырбайдың ұл туған,
Айы күні бір туған,
Желі тұрған оңынан,
Дұшпаны қашқан жолынан
Енді, шіркін, Қобылан
Хабар бере мен келдім.
Жатыр қамап көп қалмақ.
1040. Қобыланды ертіп елге барамын.
Елшіге Қыдырбай сөйледі:
– Өлгенде көрген жалғызым,
Төбедегі жұлдызым,
Қобыланнан аулақ жүр.
Омыртасы өскен жоқ.
Жауды Қобылан көрген жоқ,
1050. Мәнісін жаудың білген жоқ.
Қамшыменен сабады,
«Қобыланнан аулақ жүр-ай», – деп.
Мойнына арқан салады.
– Не болды саған, алғаным,
Елшіге өлім жоқ еді,
1060. Алжыдың ба сен? – деді,
Бір шыбықтай қанын,
Жан саулыққа береді.
Енді шалың көнеді.
Бұл елшіні жіберді.
Елшіге хабар береді.
Шалың үйге барады.
Ақылдасып қарады:
– Мына тұран Қобыланды
Қалайша айла табамыз?!
Есітсе жаудың хабарын,
Қобылан кетіп қалады.
1080. Енді тапқан ақылы:
«Кел не етелік, не етелік,
Жылқы баққан құлдарға
Баланы алып екеуміз кетелік.
Құлағына салалық,
Қобыланға енді мықты бол.
Сүйегі болсын біздікі.
1090. Ортаға алып сабаңдар,
Бәрің бірдей қамаңдар.
Кешке қарай жатқанда
Орталарыңа алыңдар.
Іргесін басып жатыңдар».
«Еш адамды Қобыланға
Жолықтырма» деп айтып,
1100. Қодарқұл мен Оспанқұл,
Тапсырдым, – деді, – саған-ай.
Сенің енді еңбегің
Ойыма мен аламын, –
Деп кемпір-шалдар қайтып кетеді.
Бұл осымен тұрсын. Ендігі хабарды елші мен Көктен кемпірден тыңдайық.
– Қобыланнан хабар алдың ба? – Деп кемпір елшіден сұрады.
– Бере алмадым хабарды, Қыдырбай ұстап алады.
Қамшыменен сабады.
Хабарсыз Қобылан қалады.
Өзі естіртуге қарады.
1120. Жеті түрлі сүгіретке кіреді екен.
Бермек боп хабар Қобыланға,
Алтайы қызыл түлкі боп,
Қобыланға жөнелді.
Бір шетінен елінің
Қобыланның кіреді.
Таба алмада баланы.
Көп жылқыға барады.
Енді тауып алады.
Қобылан бала көреді.
Жетпеймін деген ойы жоқ,
Түлкіні жаяу қуып барады.
Баладан құлдар айырылып қалады.
Жан-жағына қарады.
Біреуі тауып алады.
Баланы ұстап алады.
Бәрі ортаға қамады.
Қосына алып кетіп барады.
1150. Қобылан хабарсыз екені қалады.
Бір сұлу қыз болып барады.
– Қобылан батыр, ер, – деді, Жатқаның сенің нең? – деді.
Жатырсың құлдың қойнында.
Қайда екенін білдің бе,
1160. Енді, шіркін, сен? – деді.
Аламын деп қоршап жатыр ел, – деді.
Хабар бере келдім мен, – деді.
Жар қосағың Құртқаны
Өзің тірі тұрғанда
Қалмаққа неғып бересің?
1170. Бетін неғып көресің?
Ендігін өзің білесің, – деп,
Ғайып боп кемпір жөнелді.
Беті-қолын жуады,
Қынайы белін буады.
Бұрынғыдай болмады.
Мінетін тұлпар бар ма?» – деп,
1180. Енді Қобылан қарады.
Ұстап алып Қобылан
Мініп бір енді қарады.
Етпетінен құлады.
Тағы да тұлпар қарады.
Бір торыны ұстап алады.
Бұ да құлап қалады.
Кенелтейін сөзіне.
Алты жылқы өледі.
Жылқының құбыла жақ шетінен
Бір аланы көреді.
1200. Қасына бала келеді.
Бір тигізбей табанын,
Баланы алып жөнелді.
Өштім-жандым дегенде,
Кеттім-бардым дегенде,
Осы тұрған аланы
Өзіне қаратып алады.
1210. Азырақ жал алады.
Астына тоқым салады.
Астындағы ала тай.
Алмақ болып Құртқаны
Түсті соның соңына.
Ертемен тұрған тоқсан құл баланы тағы да іздеп таба алмайды. Бір уақыттар болғанда, құлдар аланың жерошақ болып қазылған ізін тауып алады.
Бала кетіп барады.
Бір күн жүріп артынан
Жетпек болды Қобыланға.
Кідіріп азырақ тұрады,
Құлдар келіп құлады.
– Барасың қайда, кетіп? – деп.
Құрықпен баланы сабады.
1230. Сонда да бала болмайды.
– Айналайын аға-еке, Бұл сөзіме сен, – деді.
Неғылып енді қалам-ай.
Қамап жатыр қалмақ-ай.
Қызығымды менің көр, – деді.
1240. Кесілмесем қарымнан,
Жан қосағым Құртқаны
Келермін алып мен, – деді.
Енді, шіркін, сіз, – деді.
Тарта берді оқына.
Тап болды келіп бір қалмақ.
1250. Қалмақ келіп тұрады,
Баланың жөнін сұрады:
– Жасың кіші баласың,
Білегің жуан артқышыл,
Бармағың қайқы тартқышыл,
Айналайын, жас бала,
Қобылан батыр ер еді,
Шынын айта береді.
Білдірейін мен, – деді.
Маңдайынан күн қағып,
Табанынан жер қағып,
Бір бала деп зар қағып,
Қыдырбайдың баласы мен, – деді.
Шаппай ізім жосылған.
Дұшпаным қашқан жолымнан.
Менің атым – Қобылан, – деді.
Қобыланның сыртынан
Естиді екен құлағы.
– Қобылан батыр, ер, – деді, Сөзіме менің сен, – деді.
1280. Келіп едім мен, – деді.
Қара тастан оғы өте алмай,
Теңгеге тура жете алмай,
Бұлардың соры қайнаған.
– Астымдағы тұлпарды
Қарағым, бұған мін, – деді.
Мұны да саған берейін,
1290. Мұны да мойныңа іл, – деді.
Мұны дағы берейін,
Үстіңе мұны ки, – деді
Тілегіңді тілеп соңыңнан,
Жүрейін сенің мен, – деді.
Сені өкіл күйеу қыламын.
Тілекші болып тұрайын
1300 Сыртыңнан сенің мен, – деді.
– Қалмақтан атты мінбеймін, Қалмақтан киім кимеймін.
Мен олай қылып бармаймын.
Менің атым міндің деп,
Менен киім кидің деп,
Менен қару алдың деп,
1310. Құртқаны сен алдың деп,
Соның бәрін айтарсың.
Оныменен мен бармаймын.
Басымдағы малақай,
Осыменен де алып қайтармын, алақай, – дейді.
Тегіс жерден сырғытып,
Айтып ауыз жұмғанша,
1320. Ескен желдер тынғанша,
Қажыса болат сынады.
Ала таймен Қобылан
Үстінен келіп құлады.
Алқалаған ел еді,
Осының үстіне Қобылан енді келеді.
Қобыландыны көреді.
– Жасың кіші баласың, Оттай қаулап жанасың.
Жүні болса қатулы,
Көп шабуыл көргенсің.
Түн ұйқыңды бөлгенсің.
Қай-ау жақтан келесің?
1340. – Осы тұрған Қобылан
Қашатұғын қатын ба?
Жөнін айта береді.
– Білдірейін, білмесең, Сұрасаң менен сен, – деді.
Шаппай ізім жосылған,
Желім тұрған оңымнан,
Дұшпаным қашқан жолымнан.
Менің атым – Қобылан.
Қолындағы қаруын
Қобыланға береді.
– Айналайын, Қобылан,
Енді, шіркін, тұр, – дейді.
Көрсетейін мен, – дейді,
1360. Кел артымнан, жүр, – дейді.
Алтын қабақ тұрғанын
Қобылан батыр көреді.
Қолына алып садағын,
Бабаларына сыйынып.
Түгі тұтам өтеді.
1370. Мұртынан мұз жауып,
Құм беттеніп қызарып,
Саз беттеніп сазарып,
Сондай бір заһар етеді.
Қара тастан өтеді,
Ақ теңгеге жетеді.
Енді жерге түседі.
1380. Енді бір шу етеді.
Көңілдері тынады.
Енді халық қарады.
«Шабамын, – деп, – бәйгіге»,
Мұны дағы салады,
Ақшабайдың баласы.
Сөздің жаңа шықты сарасы.
Шықты мұның аласы.
Табылдының баласы Қосай,
Мұнан шықты шал қасқа.
Телағыстан да шықты бір тұлпар.
Астындағы аласы
Бұ да кетіп барады,
1400. Қыдырбайдың баласы.
Бес жүз сексен бес ат болады
Шабатын аттың шамасы.
Балалармен кетуге
Бұлар да кетіп барады.
Қырық күншілік жерлерге
Айдаушы айдап барады.
Бәрін санап түгелдеп,
Аттың санын алады.
Жеті күншілік жерде
Жолда бағып,
Арттарында қалады.
Айдап барған айдаушы
Енді шабуға ұлықсатын қылады.
Жүзін жердің шаң басты.
Шаңыменен адасты.
Ағыс пенен ер Қосай
Енді екеуі тұрғанда,
Алдыменен құлады
Бір қалмақтың баласы.
1430. Қасына келіп баланың,
Жоқ нәрсеге алдайды.
Орақтың да қарасы,
О да келіп құлады.
Кетіп бір енді барады.
Қыдырбайдың баласы
Қобылан батыр сол екен.
Соңғы аттарды күтпеді.
Қарақшыға шамасы.
Әсер етті бұларға.
«Қара ат бұрын келді» деп,
Жайылды хабар халыққа.
1450. Сементтеген көк-ай тас
Күресетін жері екен.
Бір қалмақтың баласы.
Жаурынында қоңырау.
Беліне енді орады.
Күресем деп тұрады.
Шынтемірдей ханыңа
Енді хабар қылады.
Жан-жағына қарады.
Бәрі де сонда бар еді.
Шығар-ай, – деп, – кісіңді»,
Үш мезгіл хабар қылады,
1470. Ешкім бұған бармады.
Ісіне мұның қарашы,
Түс деген бұған адам жоқ,
Өзі түсіп атынан,
Палуанға кетіп барады.
Қобылан келіп тұрады.
1480. – Айналайын, жас бала,
Істеген ісің масқара.
Менің теңім сен емес,
Сеніменен менің күресуім жөн емес.
– Айналайын, қалмағым,
Таразыға тартқанда,
Басар-ау менің салмағым,
Батар-ау менің бармағым.
Сондай дырдай болсаң да,
Сендей, сендей қалмақты
Оңай бір менің алмағым.
Қайсардың қара тауына
Иегімді сүйей сал, – деді,
Білгеніңді қыл, – деді.
Тынысы бар деген сөз». 1500. Бұрынғыдан бар, – деді.
Інісінің сарқытын
Ағасы оның алады.
Балаң айтты үш рет.
Енді қалмақ сөзіне,
Түрегеліп барады.
1510. Зуылдатып үйірді,
Енді жерге ұрады.
Қобылан құламай тіке тұрады.
Үш мезгіл үйірсе де көтеріп,
Құламай бала қалады.
Ортасы жарылып,
Арасына жік түсті.
Қалмағың енді береді.
«Айрылдым ба екен барымнан,
Кесілдім бе деп қарымнан»
Бар қуатын жинап ап,
Мына тұрған қалмақты
Көтеріп жерден алады.
1530. Қалмақты жерге ұрады.
Сол баладан құлады.
Шауып келіп қасына,
Қайратына баланың
Енді риза болады.
– Баласысың кімнің? – деп, Қобыланнан сұрады.
– Менің атым – Қобылан,
Деп-ай баян қылады.
Үш қайтара сүйеді.
Деп риза болады.
Қасындағы көл халық
1550. Соларға хабар қылады:
– Ат бәйгесі біздікі, Екі бәйге Қобыландынікі.
Бәріміз түзеп пәтуа.
Қобыланға жұпты қылайық,
Осымен риза болады.
Құртқаны ноғай қияды.
Қобылан жалғыз екен ғой.
Неғылып береміз Құртқаны», – деп,
Ноғайлар күңкіл қылады.
Өзіне серік жияды.
Соны естіп тұрады.
1570. Күңкіл қылған ноғайдың
Барлығына толғады:
– Қобыланның күшін, қарағым, Жоқпысын көрген сен? – деді.
Сендерді шақырып.
Сонда неге бармадың?
Бара әй, деген Қобыланға
Ешбір кісі жоқ еді.
Қобыланның көп еді.
Жерік асын әкелген
Тұзбайырдан мен еді.
Білмейсің бәрің деп еді.
Соны жеген Ақзарбап
Жерігі қанды деп еді.
1590. Қобыланға әлің келмейді.
Сендерге теңдік бермейді.
Атсаң бір мылтық өтпейді,
Шапсаң да қылыш кеспейді,
Шаныссаң да найза батпайды,
Салсаң да суға батпайды.
1600. Білмейсің бәрің сен, – деді,
Тілімді алсаң қой, – дейді.
Тапсаң алтын бермеңдер.
Мені қайтып көрмеңдер, – деп,
Ахмет айтып кетті.
Көктен қызын береді.
1610. Осы тұрған Қобыланның
Енді өзі қалады.
Аспаһалы кілем жаптырып,
Жібектен арқан тақтырып,
Қызық дәурен дүниеде
Сондай бір қызық қылады.
– Не қалауың бар-ай? – деп, Күйеуінен сұрады.
Қобыланға сыбыр ете қалады:
– Мына тұрған жай бұлтын Соны сұрап ал, – деді.
Кісіге білген көп еді.
Құртқаның айтқан сөзімен
Енді Қобылан біледі.
1630. Жай бұлтыңды бер, – деді.
«Қайдан білсін Қобылан,
Қыз Құртқадан болды», – деп,
Қызынан күдік қылады.
Асырасаң да болар, – деп,
Асырамасаң да болар», – деп,
Амалы жоқ бұл кемпір
Жай бұлтын Қобыланға береді.
Қасиеті көп еді.
Азық болар – деп еді.
Әскер болар, – деп еді.
Сусын болар», – деп еді.
Дарияға кез болсаң,
1650. Көпір болар, – деп еді.
Қасиеті көп еді.
Ұзатқан осы жері еді.
Қыдырбайдың еліне қарай келеді.
Көп жылқының шетінен
Енді бұлар көреді.
Қобыланнан Құртқаның
Сұраған жері осы еді.
– Менің әкем Қыдырбай,
Қобылан жауап береді.
Ішін соның аралап,
Көш те жүріп келеді.
1670. Ішінен соның бір кер құлын
Құртқаның көзі көреді.
Ата менен ананың
Көрімдікке бір қара
Беретін жері еді.
Қулықты берсін» – деп еді.
Осыны айтып келеді.
Сұраған оның қулығын
Құртқаға енді бермеді.
Бір жылқысын қимады.
Деп-ай Құртқа еңіреді.
Ауылға қарай келмеді.
1690. Кер қулықты сұрады.
Есітеді мұны Сыпыра.
Көп жасаған көне еді.
Сыпыра жырау келеді.
Сыпыра жырау сөйледі:
– Бейшара болған Қыдырбай,
1700. Қимағаның нең? – деді.
Шалың сонда шын айтты:
– Қимай оны не етейін,
Тұлпар енді бар еді.
Судан шығып су айғыр,
Шауып жатқан жерінде
Көріп едім мен, – деді.
Тұлпарға Қобылан мінген соң,
Қобылан кетіп қалады, – деп,
Менің бермегенім сол еді, – дейді.
– Бұл сөзді, – Сыпыра, – қой, – деді, Тірі болсын бұл Қобылан.
Ұстай алмайсың сен, – деді.
Құртқаға бер, – деді.
Келістіріп екеуін.
Құртқаны енді көшіріп,
Қыдырбайдың аулына
Келіп бір қонады.
Құлаша қулық жетелеп,
Көшпенен бірге құлады.
1730. Бір жақсы сарайын
Енді соны алады.
Ішіне соны бағады.
Қулықтың бабын табады,
Қырық кісі бағады.
– Құлындаған уақытта
Кілемге туса бұл құлын
1740. Қанатты тұлпар болады.
Ұша алмай құлын қалады.
Осылайша уағда қылады.
Енді мұны тұрады.
Торша құлын туады.
Қанша баққанмен де, торша құлынды кілемге туғызғанда, бір аяғы жерге тиіп кетеді. Сол себепті бұл тұлпар ұша алмайтын болады.
1750. Көтеріліп ұша алмайды.
Жер басқаннан ешнәрсе құтқармайды.
Оның бабын табады.
Алуаменен ұйықтатып,
«Алысқа ақсап шапсын» деп,
Еріктің суын береді.
Мейіздің суын беред.
Ат болуға қарады.
Құртқа оны бағады.
Алтыннан соққан күректей.
Түбі түскен шелектей.
Еділден шыққан аңғардай.
Мінер ме еді заңғарды-ай.
Қабырғасы көк таудай.
Мырзалар киген шалбардай.
Күлтеленген жібектей.
Қорлардың жаққан шырақтай.
Көлге біткен құрақтай.
Оралып жатқан түбектей,
Берді ғой Құдай тілекті-ай.
Осындай тұлпар керекті-ай.
Көңілі бұған толады.
1790. Құртқа соны бағады.
Уағдасы толған соң,
Қобыланға береді.
Қобылан батыр бұл торыға мінеді.
Торшақ атқа мінген соң,
Малын аралап жүреді.
1800. Малда жүрсе келеді.
Құлағын сала береді.
Дауысқа қарай жөнелді.
Құбылып ойнап келеді.
Бөтендігі жоқ еді,
Бұ да өзінің бірі еді.
Қалмақтардың кетпек болған үстіне келеді.
Қосай түгіл бас қайғы,
Қалмақтар қашып жөнелді.
Қобылан қуып жөнелді.
Қобылан ұстап алады,
Қамшыменен сабады.
Екі қолын таңады.
Мұрнын кесіп сымпитты.
Қандыаюға айдады.
Барамын енді мен», – деді.
Жаяулап байғұс келеді,
1830. Қобыланнан қорлық көреді.
Қандыаюға хабар береді:
– Қандыаю ханым, сен, – деді,
Енді, шіркін, мен, – деді.
Құйрығын басқан нең? – деді.
Әруағын байқап қарасам,
1840. Қаптаған қара борасын.
Таудың тамам арасын.
Білегі жуан атқышыл,
Айтулы ердің бірі екен.
Бүлдірер, шіркін, бұл, – деді,
Өтірік емес, шын, – деді.
1850. Істемесең бір амал,
Қалмассың тірі сен, – деді.
Еліне хабар салады:
– Келемін деп бұл Қобылан
Өтірік емес, шын, – дейді.
Қобылан бізге келеді.
Қалайша амал етеміз,
1860. Енді шіркін біз? – дейді.
Қобыланның күшін көрелік?
Қырық құлаш зындан қазалық,
Қырық бірдей ерлерді
Ішіне соның салалық.
Басына найза байлады,
Зынданның аузын жабады.
1870. Көрініп найза тұрады.
Қалмақтар құмар болады.
Айтулы туған ер екен.
Қарауыл қарап жүр екен.
Атқа қамшы ұрады,
Қайтып елге құлады.
Қобылан хабар береді.
Өзіменен қырық бір
Жасыл туын қолға алды.
Енді Қобылан оңдалды.
Ақзарбап пен Қыдырбай
Батасын беріп қалады.
Сапар шегіп барады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады,
Аспанға шаңы жосады.
Соққан алтын жүгенді
Астындағы Торыша ат
Қарш-құрш шайнады.
Шабуылға тоймады,
Құбылып басып ойнады.
Үйректермен жарысты.
Тарта-тарта қалбырап
Алақаны тозады.
Бөксе жағы қырындап.
Жөнеледі енді пырылдап.
Бұдан да өтті есен-сау.
Құлазып өтіп барады.
Түнде өтіп барады.
Атаңа нәлет қалмаққа
1920. Жетуіне серт етті.
Сала құлаш масаты.
Тұлпардың аузынан шыққан ақ көбік
Жауған қардай жарпылдап,
Сауытының шашағы
Екі беті албырап,
Қобылан батыр келеді
1930. Қалмақтың енді еліне.
Бұл қараны көреген соң,
Торыша атпен Қобылан
Қараға қарай жөнелді.
Көзді ашып жұмғанша,
Қасына қалмақ құлады.
Жезіне көп шоқынған,
1940. Балдыр-бұлдыр сөйлеген,
Тілін адам білмеген
Қобылан келіп құлады.
– Жасың бір кіші баласың, Қаулап бір оттай жанасың.
Өзің де болсаң түн қатып
Қайда бір кетіп барасың?
1950. – Білмесең қалмақ сен, – деді,
Білдірейін мен, – деді.
Итқырылған бел, – деді.
Қыдырбайдың баласы
Қобылан батыр мен, – деді.
– Келеді деп, Қобыланды есітіп, Жолыңнан сенің күткен мен, – деді.
1960. Жеткізіп еді мақтауын.
Теңдікті Қобылан бермейді».
Мықты батыр сен болсаң,
Бір шанышқан найзамды
Ала алмай тұрмын мен, – деді.
Суырып соны бер, – деді.
1970. – Найзаңды сенің суырып
Мен бір саған берейін.
Еріп бір соған келеді.
Қобыланға береді.
Суырайын деп жақындап,
Қасына соның келеді.
1980. Қолымен ұстап көреді.
Қозғалмайды деп еді.
Шыныменен суырып,
Қобылан батыр қарады.
Қобыланға болмады.
Енді, шіркін, тұрады.
Ол найзаны орады.
Тақымға салып тартады.
Торышаң атқа «шу», – деді.
Бұйым құрлы көрмеді.
Бәрін соның аударып,
2000. Әр жағында қырық батыр
Бәрін де соның шығарып,
Тастай талқан қылады.
Бұндай күшті болар ма?
Мына тұрған Қобыланға
Қалмақ бір таң қалады.
Тиген де кісі оңбас», – деп,
Бастың қамын қылуға
2010. Қалмағың қатты ойланды.
Төбеден жел тұрады.
Енді шіркін тұра алмай,
Қашып кетіп барады,
Қобыланның көріп күшін-ай.
Істеген оның ісін-ай.
Қашқанына қойсын ба,
2020. Қуып жетіп артынан,
Кісі жейтін қалмақты
Өлтіріп бір тынады.
Қалаға қарай құлады.
Торлардың өтіп үстінен,
Қалаға келе құлады.
Шөптей болып жыбырлап,
2030. Толып тұрған қалмақ
Сондай бір әскердің үстінен
Келіп бір Қобылан құлады.
Ортаға алып қамады.
Қамауына тоқтамай,
Шығып кетіп барады.
Тұс-тұсына барлығы тарады,
2040. Маңдайымен кетіп барады.
Бірі-бірінен халық адасты.
Барлығы да салады.
Айлық жерді алады.
Күндік жерді алады.
2050. Жер қозғалғандай болады.
Мойнына шынжыр салады.
Үзіп кетіп барады,
Жіптей дағы көрмеді.
Құтырғандай болады.
Кәмшеттің бауын сыпырды.
Қобылан жаман құтырды.
Қылышпенен шабады.
Арты басым болады.
Өлмегендер толады.
Шабуынан танбады.
2070. Солға да қылыш ұрады.
Сондай бір қырғын салады.
Қызыл қанмен суарып,
Астындағы торыны
Сондай қырып жүрсе де,
Қырда жатыр қырық мыңы.
2080. Есебін мұның санауға
Жете алмас адам дер екен.
Тоқсан ханның елі екен.
Бұрын жауды көрмеген
Тұнық бір жатқан ел екен.
Бекболат деген ер екен.
2090. Қандай жан барса да,
Бекболаттың уысынан
Шыға алмай жоқ болад.
Қобыланға тап болад.
– Әй, жас бала, жас бала, Істеген ісің масқара.
Жерді бір иесіз дедің бе?
Енді елге келесің,
2100. Мұнша неге қырғынды
Неше жаның болса да,
Мен қимылдасам, өлесің.
Менің кезегімді бересің.
Қобыландайын батырың.
Қорықпай батыр тұрады.
Атайын деп қалмақ оқталды.
Алтын ердің қасы-ай, – деп,
Қақ жүректің басы-ай, – деп,
Өлер жерің осы-ай, – деп,
Көпшікке көтін тіреніп,
Жіберген атып жері еді.
2120. Қобыланға келеді.
Сегізінен өтеді.
Енді ойласаң жағасы.
Қобыланның бабасы.
«Қу жебе» деген оқ алды,
Атайын деп қалмақты
2130. Енді бала оңдалды.
Шетперлі ердің қасы-ай, – деп,
Қақ жүректің тұсы-ай, – деп,
Өлер жерің осы-ай, – деп,
Көпшігіне тіреніп,
Бұ да атып жіберді.
Сегізінен өтеді,
2140. Тоғызға жетеді.
Шашырап оғы кетеді.
Істеді түрлі айланы.
Енді бұлар ойлады.
Аямай-ақ бір-бірін
Шұрқылтайдан салады.
Екі батыр қағысып,
Сонда дағы болмады.
Шығыршығы шиқ етіп,
Орта жері былқ етіп,
Қармақ болып қалады.
Ақ алмасын алады.
2160. Суырып алса қырық құлаш,
Ақ алмастан жан қалмас.
Шаш ал десе бас алған.
Көзіне жұрттың көрінбей.
Нарға салса жылт еткен.
Құртайыншы жасыңды», –
Деп қылышпен шабады.
Қайрылып жүзі қалады.
Екі батыр қамалды.
Ұруға енді оқталды.
Енді сонда тұрады.
Қалқан сынып, күл болып,
2180. Жерге түсіп жанады.
Жерге кіріп тізеден,
Бәрі де аман қалады.
Шоқпарын алып қолына,
Қалмаққа о да жетеді.
Бар қуатын жиып ап,
Қалмақты Қобылан ұрады. 2190. Бұ да аман қалады.
Жағаға қол салады.
Енді екеуі талады.
Жүрелей жата қалады.
Беліне шынжыр орады.
2200. Беліне орап алады.
Бірін-бірі екеуі
Алма кезек үйіріп,
Тізеден жерге кіріп қалады.
Екеуінің жүрген жерлері
Кісі бойы қол ұсыным,
Енді ойласаң, жар болды.
2210. Жеті күн өтеді.
Жас бала енді талады.
Омыртқасы майысып,
Жауды онша көрмеген,
Мәнісін жаудың білмеген,
Енді жәрдем қылады.
2220. Маңдайынан Бекболаттың
Сипап өтіп барады.
Бар қуатын Бекболаттың алады.
Жеңіліп қалады.
Көтеріп жерден алады,
Таудай болып қалмақ құлады.
Өлтіруге шыдамай,
2230. Қырық құлаш зынданға
Алып барып салады.
Аузын жауып зынданның,
Қалмаққа тартып барады.
Барып бір айқай салады.
Бұған да айқай салады.
2240. Айлық жерді алады,
Күркіреген жерді алады.
Бір сыпыра кемпір-шал
Жүректері жарылып,
Қорқып өліп қалады,
Қалмақтан кегін алады.
Аттың борбайынан қоң кетті,
Мойынынан жал кетті.
Ұйқы болса қансын» деп.
Сол араға келген соң,
«Кел, ұйықтайық» деп еді.
«Біреу жүрген жерінде
Біреу жүрер» деп еді.
Тілін олардың алмады.
Ұйықтайын деп меңдеді.
Ұйықтайды екен жеті күн.
Көлге барып жетейік», – деп,
Қасындағы қырық жолдас
Қобыланды тастап кетеді.
Зынданнан Бекболатты алады.
Бес жүз кісі қасына алып,
«Кешегі Қобылан кетті, – деп,
Демалысқа бір жерге,
Үстіне соның баралық,
Амал келсе біз оны
Ұстап алалық» – деп еді.
Қобылан кеткен жобамен
2280. Бағыттап қалмақ келеді.
Екі-үш қырдан асады.
Көреді бір қараны.
Шығар енді» деп еді.
Қобыланның келмеді.
– Бір кісіні Қобыланға 2290. Жіберейік біз, – деді.
Анығын біліп кел, – деді.
Бір тұлпарға мін, – деді,
Қобыланға барып кел, – деді.
Ояу ма екен Қобылан?
Соны барып біл, – деді.
2300. Қасына келсе Қобыланның
Ұйықтағанын біледі.
Қасына қалмақ келмеді.
«Әл бермейді» деп еді.
Үстіне тоқсан қабат тор салып,
Қозғалмастай мол салып,
Сыртынан бағып тұралық.
Сонда біз оған баралық.
Амалдап ұстап алалық.
Қобыланды сырттан бағады.
Бағып бір енді тұрады.
Қобыландайын еріңіз,
Ұмытады бабасын,
2320. Жаңылады тобасын,
Шырмалып торға қалады.
Қалмақтар көзі шалады.
Енді үстіне барады.
Тағы торды салады.
Сол сықылды батырлар
2330. Ұсталып енді қалады.
Барлығы енді қашады.
Қозғалмастай қылады,
Көк арбаға салады.
Ұстадың деп қалмақтар,
Қандыаюдың алдына
Мақтанып алып барады.
Қобылан ерді көреді.
Көргені, сірә, жоқ еді.
Қалай мұны өлтіреміз деп еді.
Темір үйге қамады.
Темір үйде қалады.
Тас көмірді үйеді.
Енді үстіне төгеді.
Бұрын-соңды бұндайды
Көргені, сірә, жоқ еді.
Жан-жағынан көмірдің
Көрікпенен үреді.
Енді сонда жанады.
Тесігінен қалмақтар
Сығалап келіп қарады.
Дәнеңемен ісі жоқ,
Аман-есен тұрады.
Енді бір таң қалады.
Жар қосағы Қобыланның
Үйдегі қалған Құртқадан.
Қиыншылық іс көрді.
Айтпаған нәрсе қалмады.
Көзінің жасы төгіліп.
2380. Өзінің туған анасы
Ақзарбапқа барады,
Барады да жылады.
– Бүгін түнде түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім.
Қанатына қаз қонып,
Қайрыла алмай барады.
2390. Бұрыла алмай барады.
Көтеріле алмай барады.
Жұмылыңқы көрінді.
Құбылыңқы көрінді.
Мен залымға білінді.
2400. Жылап тұрып қозғады:
– Айналайын, құлыным,
Мен де бір түс көргенмін.
Бір аяқ балды бергенмін.
Мен де енді білгенмін.
Қобылан батыр ер еді.
Қобыланның ұйықтап қалғаны
Қалмақтың жері еді.
Үстіне қалмақ келеді.
Сол себептен қалмаққа
Түскен шығар шамасы.
Өлімнің жолын көрмейді.
Кемпір мен Құртқа еңіреді.
Сөйлегенде не деді:
– Мына тұрған ноғайдың
Ертең Қобылан шыққан соң,
Артыңнан мен бардым, – деп,
Зынданнан шығарып алдым, – деп,
2430. Мұнан да жақсы ғой өлгені,
Өлімді Құдайдың оған бергені.
Мен соңынан барайын.
Өзін тауып алайын.
Сүйегін тауып алайын.
Іздеп бір мен барайын.
Қобылан өлген жерінде
Мен де өліп қалайын.
Мұны мақұл көреді.
Тас төбеге шашын
Тарақтап енді түйеді.
Үстіне Құртқа киеді,
2450. Бес қаруды іледі,
Желмаяға мінеді.
Қырық күншілік шөл еді.
Маңдайының соры еді.
Тәуекел етіп жүреді.
Азғана емес мол жүріп,
2460. Енді Құртқа келеді.
Желдей болып желеді,
Қай тұлпардан кем еді.
Бір бұлақтың басына
Қыз Құртқа енді келеді.
Шаршап келген қыз Құртқа
Ұйықтап қалған жері еді.
Ұйықтап жатқан жерінде
Қобыланның бабасы –
Ақтікен енді түсіне енеді.
Болғай құтты талабы-ай!
Тоғыз қабат сауытты енді үстіңе киесің,
Бес қаруды байланып,
Қалмаққа қарай жүресің.
2480. Сен қандай пайда көресің?
Кешегі Қобылан ол қандай?
О да қалды ұсталып.
Қарағым, құлақ сал, – деді.
Бара алмайсың сен, – деді.
Кіре алмайсың сен, – деді.
2490. Есегін соның мін, – деді,
Киімін соның ки, – деді.
Солай барып кірмесең,
Қалаға кіре алмайсың сен, – деді.
Тоғыз қабат ақ сауыт
Мұны шешіп қыз Құртқа
Бес қаруды тағып алып,
2500. Бәрін соның таңады.
Алып бір Құртқа қалады.
Түтетермін деп еді.
Аяғын басып ырғалып,
Қойшыға таман келеді
Басын кесіп қойшының,
2510. Көк есекке мінеді.
Қалаға қарай жөнелді.
Сол қалаға кіреді.
Қалаға кірген соң
Өз жөніне жөнелді.
Садақа сұрап аралап,
2520. Диуана болып жүреді.
Күн қызарып шыққанда
Хан отырған ақ орда
Азар іздеп табады.
Темір үйде тұрған Торыша ат
Қыз Құртқаның иісін біледі.
Қыз Құртқаға келеді.
Торыша атты уәзірлер көреді,
Ханға хабар береді.
– Иә, Қобыланның өзі шығар,
Жылдам алып кел, – деді.
Диуананы қамады,
Қамшыменен сабады. 2540. Ханға алып келеді.
Енді ханың сөйледі:
– Сен Қобыланның өзімісің,
Мына Торыша ат саған
Қалай келіп тұр? – деді.
– Әй, тақсыр хан, – деді, Ақылың артық жан, – деді.
2550. Көзіңді маған сал? – деді.
Ел қыдырып жүремін,
Ел қыдырып жүргенде,
Қобыланның да еліне барып ем,
Ауру екен ол сонда,
Торыны бағып ауруынан жазып ем.
Исімді менің біледі.
Келуі де сол еді.
Мұнда қандаймын?» –
Деп тұрғаны бұл – деді.
Сонда хан тұрып: – Торының тілін сен білесің бе? Білсең осыны бізге бағындырып бер, – деп, хан диуанаға жабыса кетті.
– Алдияр, тақсыр хан, – деді,
Сөзіңе құлақ салайын.
2570. Бағындырып берейін, – деді.
Торыша атты маған бер, – деді.
Үйретіп саған берейін.
Ақ отау және бер, – деді.
Торыша атты жетелеп,
Намаз ақшам болған соң,
2580. Күн ұяға қонған соң,
Торыменен жүремін.
Біреуі тесігінен қарап,
Неғып жүрсің демесін.
Торыша ат онда бағынбайды, – деді.
Елге хабар салады.
2590. Қыз Құртқа көшіп барады.
Торыша атты бағады,
Торының бабын табады.
Күн ұяға қонған соң,
Торыға мініп қыз Құртқа,
Шаһардан енді қарады.
Бірнеше күн өтеді.
Неғыларын біле алмай,
Жүрген сайын көшенің
Бәрін де жазып алады.
Күнде келіп аралады.
Ызыңдаған бір дауысты
Құртқаның құлағы шалады.
2610. Жалғыздық түсіп есіне,
Тарғып жатқан жері екен.
Артынан өскен іні жоқ.
Жалғыздықтан міні жоқ.
Дүние боқ?!» – деп,
Налыған жері екен.
Атының басын қыз Құртқа
2620. Енді оңдап бұрады,
Дауысқа қарап құлады.
Қыз Құртқа енді таныды.
– Жайың қалай батыр? – деп, Құртқа жайын сұрады.
Қобылан хабар қылады.
2630. Енді Қобылан таныды.
– Шығарасың не қып зынданнан?
Шығармайды, – деп еді.
– Әкеліп тұрмын Торыны, – деп, Құртқа хабар береді.
Қыз Құртқа Қобыланға береді.
– Ұстадың ба батыр? – деп, Сырттан хабар береді.
Енді Қобылан орады.
– Ұстадым, – деп, – арқанды, Құртқаға хабар қылады.
Сондай болған батырды
Шу деген соң Торыша ат
Жер бетіне шығарды.
Осындай амал қылады.
Бірі аттылы, бірі жаяу
Отауға қарай құлады.
– Кәмелетке Қобылан келсін, – деп,
Батыр тыным алсын, – деп,
Дүниені береді.
Уағдалы күні болған соң,
2660. Батырдың атын береді.
Баяғы желмаяның қылын тұтатты.
Құртқаға келеді.
Батырменен қоштасып,
Желмаямен қыз Құртқа
Еліне қарай жөнелді.
2670. Бес қаруды іледі.
Шетінен тиеді.
Айқайлаған дауысы
Айшылық жерді алады.
Батыр салды ұрысты.
Шаншып кетіп барады.
Ақ қылышты қолға алып,
Шапты жауға оңдалып.
Арты басым болады.
Өлмегендер толады.
Енді ортаға алады.
2690. Үзіп кетіп барады.
Қақпасын бұзып қаланың,
Қиратып кетіп барады.
Сүйтіп бір кегін алады.
Қобылан үш ай ұрысты дейді.
Аралап Қобылан қарады.
Енді бір таң қалады.
Шаһардан ізін кесіп қарады.
Екі тұлпардың ізін табады.
Ізінен қуып жөнелді.
Қарасын оның табады.
Қандыаюдың көзі шалады.
Аруағым менің басты дер», – деп,
Қандыаю күтіп тұрады.
Төрт аяғын тең басып,
Торыша атпен Қобылан
Қасынан келіп құлады.
2720. Қобыландыға толғады:
– Сыйлап едім мен, – деді,
Енді, шіркін, сен, – деді.
Қуып келдің нең? – деді.
Мені көзің көргенде
Өзің түсер көріңді
Қаза берсең не етеді. 2730. Енді, шіркін, сен? – деді.
– Қандыаю ханым, сен, – деді, Қашқаның сенің нең? – деді.
Ақ ордаңның ішінде
Отырсаң не еттіп, сен? – деді.
Қолыңнан енді келгенін
Аямай істе сен, – деді.
2740. Атайын деп оңдалып,
Садағын қолға алады.
Қасқайып қарап қалады.
Алтын ердің қасы, – деп,
Қақ жүректің басы, – деп,
Өлер жерің осы, – деп,
Садағын тарта қалады.
2750. Қобыланды аман қалады.
Қобылан батыр оқталды.
Аруағын судай сапырып,
Садағын алып қолына,
Атайын деп қалмақты,
Қобылан енді оқталды.
Шетперлі ердің қасы-ай, – деп,
2760. Қақ жүректің басы-ай, – деп,
Өлер жерің осы-ай», – деп,
Садағын алып тартады.
Қалмаққа енді дарыды.
Бір төбені аударып,
Кетіп енді барады.
Оһ! деп қалмақ құлады.
Көңілі әбден тынады.
Басын кесіп қалмақтың
Қанжығаға таңады.
Еріп келе жатқан Бекболат
Астындағы қанатты тұлпармен
Қобыланнан аман қалады.
2780. Төрде отырған сұлуын
Құбылып тұрған қамқа тон
Тегін олжа қылады.
«Ат-ай болса шалсын» – деп,
Ұйқы болса қансын, – деп,
Батыр Қобылан ойлады.
Аман-есен көп дүниемен
Еліне келіп құлады.
Осы арадан тынады.
2793. Осыменен болады.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру