TELEGEI

Home

Даналық кітабы

Ахмет Ясауи

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Даналық кітабы

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Оның артында Орталық Азиядағы әр түрлі халықтардың мәдениетіне енген көптеген ру...

Ахмет Ясауи

Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ,
Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,
Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,
Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.

Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,
Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,
Алла басқа салғанға көнбес болсаң,
Олла-біллә, сенде ышқының айғағы жоқ.

Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,
Саған разы болар бүкіл жамағат та.
Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа,
Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.

Рақат емес, бейнеттен қашпағандар
Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар.
Ит дүниені қызықтамай тастағандар -
Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.

Безбүйректер қайтсін іште дерті барын,
Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін.
Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,
Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.

Ынтызар боп отқа түстің, күйіп-жандың,
Шам айналған көбелектей жүрін те алдың.
Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың,
Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.

Қиын жолда қиылып басың кетер,
Бұл жайында айта берсең болар бекер.
Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер,
Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.

Ғашық емес құштарына жан бермесе,
Диқан емес кетпен шауып нан бермесе,
Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,
Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.

Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,
Дәру тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама.
Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама,
Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.

Тақуа болма, тентек те болма, ғашық болғын,
Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.
Нәпсің тыйып, күнәдан қашық болғын,
Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.

Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,
Алла алдында тәубасы қайғы болар.
Есіл-дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,
Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.

Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін,
Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,.
Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,
Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.

Дүние-мүлікке құмартып жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Молла, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар,
Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.

Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға,
Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы,
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.

Таңдап тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,
Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды.

Хикметтеріме бұл күнде толған ғалам,
Ести алмай қалғандар армандаған.
Хикметтерім дерттіге дауа болар,
Ести алмай қалғандар нала болар.

Хикметтерім әлемге жатар тарап,
Тыңдағандар атыма айтар мадақ.
Хикметтерім ұлық сөз ұлыстарға,
Шөл айналар әп-сәтте гүлстанға.

Хикметтерім айтылар адал пенделерге,
Ақиқаттың жолын іздеп шөлдегенге.
Хикметтерім естілмес надандарға,
Тыңдай алмас көңілі қара арамдар да.

Хикметтерім білімділер қолына алсын,
Мақсаттары ойға алған орындалсын.
Хикметтерім жүрсе кімнің ойында,
Қолдаушысы болсын Тәңірім оның да.

Ей, мұсылман баласы, мағына көп бұл сөзімде,
Ұйқынңды аш тездетіп таңсәрінің кезінде.
Таңсәрінің гүл ашылар, сайрар сонда бұлбұлдар,
Сенің де ретің асығар таң сәрінің кезінде.

Сәһар уақыты қандай-да, жәннаттай дүние жайнайды,
Тәңіріге тағат қыл таң сәрінің кезінде.
Аударған Есенбай Дуйсенбай

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙