Әбу Насыр Әл-Фараби - философия. V том
Әбу Насыр Әл-Фараби
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мазмұн Әбу Насыр Әл-Фараби V 1 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V 2 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V 3 - БАҚЫТҚА ЖЕТУ ЖАЙЫНДА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V 4 - ПЛАТОН ЗАҢДАРЫНЫҢ МӘНІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V 5 - ПОЭЗИЯ ӨНЕРІНІҢ КАНОНДАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V 6 - ПОЭЗИЯ [ӨHEPI] ТУРАЛЫ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
Мазмұн
Әбу Насыр Әл-Фараби V
1 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
2 - ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
3 - БАҚЫТҚА ЖЕТУ ЖАЙЫНДА - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
4 - ПЛАТОН "ЗАҢДАРЫНЫҢ" МӘНІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
5 - ПОЭЗИЯ ӨНЕРІНІҢ КАНОНДАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ -
ФАРАБИ V
6 - ПОЭЗИЯ [ӨHEPІ] ТУРАЛЫ /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
7 - РИТОРИКА /1/ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
8 - ДАНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
9 - ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
10 - ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
11 - ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АРАБША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕ
СӨЗДІГІ - АБУ НАСЫР АЛ - ФАРАБИ V
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ. ЭТИКА. ЭСТЕТИКА АЗАМАТТЫҚ САЯСАТ /1/ Рахымды да Мейірімді Алланың атымен бастаймын БІРІНШІ БӨЛІМ ЖАРАТЫЛЫС ДӘРЕЖЕЛЕРІ (21-бет) Әбу Насыр былай деді: Денелер мен акциденциялардың болмысына [себепкер] бастама алты түрге бөлінеді және оның үлкен-үлкен алты сатысы бар; бұлардың әрбірі белгілі бір разрядты қамтиды: бірінші себеп - бірінші дәрежеде болады /2/, екінші себептер /3/- екінші дәрежеде, әрекетшіл ақыл-парасат - үшінші дәрежеде, жан - төртінші дәрежеде, форма - бесінші дәрежеде, материя - алтыншы дәрежеде тұрады. Бірінші дәрежеде тұратынның көп болуы мүмкін емес, ол тек біреу, жеке-дара ғана болады. Қалған дәрежедегілердің әрбірінде көптік бар. Бұлардың үшеуі дене емес және денелердің [ішінде] де емес: бұлар жан, форма және материя. Денелер алты текке бөлінеді: 1) аспан денелері; 2) ақыл-парасатты жануарлар; (22-бет) 3) ақыл-парасатсыз жануарлар; 4) өсімдіктер; 5) минералдар; 6) төрт элемент. Денелердің осы алты тегінің орайласуынан пайда болатын жиынтық - дүние 141. 1 - Алла Бірінші [Тұлға] жөнінде - Алла деп сену керек. Ол Екінші себептердің және әрекетшіл ақылпарасаттың өмір сүруіне ең жақын себебі болып табылады. 2 - Екінші себептер Екінші себептер аспан денелерінің болмысына себеп болып табылады, осылардан барып сол денелердің субстанциялары пайда болады. Екінші себептердің әрбірінен аспан денелерінің бір болмысы туады. Жоғарғы дәрежедегі Екінші себептерден бірінші аспанның болмысы қажетті түрде туады, төменгісінен - Ай сферасының болмысы туады, ал осылардың арасында орналасқан аралық себептердің әрбірінен әрбір аспан денелерінің болмысы пайда болады. Екінші себептер аспан денелерінің санына [тура келеді]. (23-бет) Екінші себептерді «рухтар», «періштелер» және тағы сол сияқты сөздермен атау керек 3 - Әрекетшіл ақыл-парасат Әрекетшіл ақыл-парасаттың әрекеті ақыл-парасатты жануардың, [адамның] қамын жеуде және өзінің қабілеті жететін жоғарғы дәрежеде оны жетілдіруге тырысуда, атап айтқанда, бақытқа жеткізуде. Бұл [жағдай] адам әрекетшіл ақыл-парасаттың мәртебесіне көтерілгенде жүзеге асады. Ал мұның өзі адам өзінің болмысына мұқтаж болмай, өзінен төмен тұрғанның, мейлі бұл дене болсын, мейлі материя болсын немесе акциденция болса дағы олардың ешбіріне мұқтаж болмай, денеден ажыратқанда болады /6/. Сонда ол ылғи кемелденген күйде болады. Әрекетшіл ақыл-парасаттың мәні бір мәртебе және [осыған сәйкес] ақыл-парасатты жануарлардың [материядан] арылғанын және олардың бақытқа жеткенін көрсетеді. Әрекетшіл ақыл-парасатты «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осындай атаулармен
атаған жөн, ал мәртебе дегенімізді - періштелер жайы деп және басқа осы сияқты атаулармен атау керек. 4-Жан Жан мәртебесінде тұрған көптеген бастама себептер бар: (24-бет) бұлар - аспан денелерінің жандары, ақыл-парасатты жануарлардың жандары және ақыл-парасатсыз жануарлардың жандары. Ақыл-парасатты жануарға ақыл-парасат күші, талпыну күші, қиялдау күші және түйсік күші тән. Ақыл-парасат күшінің жәрдемімен адам ғылымдар мен өнерлерді меңгереді және оның көмегімен мінез-құлықтар мен әрекеттердің жамандарынан жақсыларын ажыратады. Оның көмегімен ол нені істеу, нені жасамау керек екенін пайымдап, сонымен бірге пайдалы мен зияндының, жағымды мен жағымсыздық айырмасын танитын болады. Ақыл-парасат күші теориялық және практикалық күштерге (бөлінеді. Практикалық күш кәсіптік және ой-сана күштеріне бөлінеді. Теориялық [күш] дегеніміздің арқасында адам өзінің қолынан мүлдем келмейтін нәрсенің мәнін танып біледі. Практикалық күштің] арқасында ол көңілі өзінің қалауымен соққан жағдайда өз қолымен істей алатын нәрсенің мәнін танып біледі. Кәсіптік [күштің] көмегімен [адам] өнерлерді және қол өнерлерін меңгереді. Ой-сана [күшінің] көмегімен ол өзінің нені істеуі, нені жасамауы тиіс екені жөнінде ойды және пікірді қолданады. Талпыну күшінің арқасында адамда ол не нәрсеге талпынуы керек деген немесе ол [неден аулақ болуы керек] деген, неге қатты құмартуы керек немесе нені жек көруі керек, нені артық көруі немесе неден бой сақтауы керек дегендердің арасында күрес жүреді. Сөйтіп оның арқасында одан өшпенділік пен сүйіспеншілік, достық пен қастық, қорқу мен сену, ашу-ыза мен ризашылық, тас жүректік пен мейрімділік және басқа жан аффектілері туады. Қиялдау [күшінің] арқасында жан сезімі арқылы қабылданған нәрселердің сыртқы бейнелерін олар енді сезімдермен қабылданбай тұрғанда сақтайды, онда өңінде және түсінде ұштастыру және ажырату әрекетін жүргізеді де, соның ішінде қайсыбіреулері дұрыс, ал қайсыбіреулері - жалған болып шығады. Мұнымен бірге ол пайдалысы мен зияндысын, жағымдысы мен жағымсызын ажыратады, бірақ әрекеттер мен мінезқұлықтардағы жақсы мен жаманды [ажыратпайды]. Түйсік мәселесіне келсек, бұл анық нәрсе: ол сезім арқылы қабылданатын нәрселерді жалпыға белгілі бес сезім мүшелері (25-бет) арқылы бейнелендіреді атап айтқанда, жағымды мен жағымсызды біледі, бірақ зияндыны пайдалыдан және жақсыны жаманнан ажырата алмайды /8/. Ақыл-парасатсыз жануарларға келер болсақ, онда олардың ішінде қайсы біреулер ақылпарасат күшінен құр алақан болғандықтан басқаларша қара күшке не болады. Қиялдау күші бұларда ақыл-парасатты жануарларға [тән] ақыл-парасат күшінің орнына жүреді. Олардың кейбірінде түйсік күші және талпынушы күштері ғана бар ақыл-парасатсыз жануарларда болады. Аспан денелерінің жандарына келетін болсақ, олар осы [жер бетіндегі] күштер мен түрі жағынан да және өзінің субстанциялары жағынан да басқаша болады. Солардың
арқасында аспан денелері субстанциланады және айналмалы қозғалысқа түседі. Аспан денелерінің жандары, өзіміздің төңірегімізде болатын жануарлардың [әр қилы] түрлеріне қарағанда анағұрлым өресі биік, анағұрлым жетілген және анағұрлым тамаша болмысқа жатады. Себебі олар мүлдем де потенциялды [болмайды] және азын-аулақ [қана] уақыт өмір сүрмейді. Бұлар әрқашанда [тек қана] әрекетте болады, дегенде бұлардың ақылмен пайымдалатын мәні әуел бастан-ақ ылғи өздеріне тән және олар әрқашанда өздерінің әрекетін орындайды, ал біздердің жандарымыз болса, олар алғашында потенциялды [болады], тек содан кейін ғана шындыққа айналады, өйткені бұларда алғашында ақылмен пайымдалатын мәнді қабылдауға әзір және қабілетті форма болады. Тек содан кейін ғана бұлар ақылмен пайымдалатын мәнге ие болып, шындыққа айналады. Аспан денелерінің жандарында не сезімдік қабылдаулар, не қиял болмайды. Олардың жандары тек ақылмен пайымдалады. Осы жөнінен алғанда олардың ақыл-парасатты жанмен біраз туыстығы бар. (26-бет) Аспан жандарын ақылмен пайымдайтындар ақылмен пайымдалатын субстанциялар болып табылады, ал бұл материядан безген субстанциялар. Олардың әрбіреуі бірінші [себепті], өзінің мәнін және екінші себептерді ақылмен пайымдайды, пайымдағанда олардың өздеріне тән субстанциясын бере отырып пайымдайды. Ал [адам] ақылмен пайымдалатын материялық заттардағы мәндердің көпшілігіне келсек, олардың аспан жандары ақылмен пайымдамайды: аспан жандары өздерінің субстанциялары бойынша аса биікке шырқағаны сонша, олар өзінен төмен жатқандарды пайымдамайды. Бірінші [Тұлға] өзін-өзі пайымдайды, ал Оның мәні белгілі бір шамада дүниедегі барлық нәрселерді қамтитын болғандықтан, Ол өзін-өзі пайымдай отырып, белгілі дәрежеде сол арқылы денеде бар барлық нәрсені пайымдайды. Себебі денеде бар барлық басқа нәрселердің әрбіреуі өз болмысын Соның болмысынан алады. Екінші [себептердің] әрбіреуі Бірінші [Себепті] пайымдайды /9/. Ал әрекетшіл ақыл-парасатқа келетін болсақ, ол Бірінші [Себепті], барлық Екінші [себептерді] пайымдайды, өзін-өзі пайымдайды. Сондай-ақ, өздігінше ақылмен пайымдалмайтын нәрселерді пайымдайды. Өздігінше ақылмен пайымдалатын мәндер дегеніміз - денеден безген материядан мүлдем тысқары өмір сүретін нәрселер. Бұлар өздерінің субстанциясы бойынша ақылмен пайымдалатын нәрселер, өйткені бұлардың субстанциялары ақылмен пайымдайды және ақылмен пайымдалады. (27-бет) Бұлар ақылмен пайымдалатын болғандықтан ақылмен пайымдайды және олардағы ақылмен пайымдалатын нәрсе ақылмен пайымдаушыға пара-пар болады. Ақылмен пайымдалатын басқа мәндер бұлардай емес, мысалы, тастар мен өсімдіктер ақылмен пайымдалады, бірақ бұлардағы ақылмен пайымдалатын нәрселер сонымен бірге ақылмен пайымдаушы бола алмайды. Денелер немесе денелердің [ішінде болатындар] өзінің мәні бойынша ақылмен пайымдалмайды және бұлардың мәнінде ешбір нәрсе шын ақыл-парасат болып табылмайды. Атап айтқанда, әрекетшіл ақыл-парасат бұларды шын ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналдырады. Олардың ішінде кейбіреуін шын ақыл-парасат жасайды және өздерін дүниеде бар етіп тұрған жаратылған жоғары көтеріп, бұларға жаратылыс өзі берген биіктіктен саты болмысқа көтеріледі. Адамды адам еткен ақыл-парасат күші өзінің мәні жағынан шын
ақыл-парасат болып табылмайды, ал басқа нәрселер шын ақыл-парасат арқылы ақылпарасат күшімен пайымдалатын нәрсеге айналады. Егер ақыл-парасат күші шын ақылпарасатқа айналатын болса, онда бірінші қатарда тұрған бұл ақыл-парасат ақылмен пайымдай бастайды және [материядан] безген нәрселерге ұқсай түседі. Ол шын ақылпарасат болып табылатын өз мәнін ақылмен пайымдайды. Демек, мұндағы ақылмен пайымдалатын нәрсе ақылмен пайымдаушыға пара-пар болады, ал ақылмен пайымдаушы ақылмен пайымдалатын болады, сондықтан мұндағы ақылмен пайымдаушы ақылмен пайымдалушы және ақылмен и пайымдау сайып келгенде бір нәрсе болып шығады да, ол әрекетшіл ақыл-парасат сатысына көтеріледі. Егер адам осы мәртебеге жетсе, онда ол бақытты болады. (28-бет) Адамның көз жанарына қарағанда Күн қандай орын алатын болса, әрекетшіл ақылпарасат адамға қарағанда нақ сондай орын алады. Күннен тарайтын сәуленің арқасында көз шын көрушіге ашылады, ал бұрын ол потенциялды көруші еді. Күн шын көретін болуына өзі себепкер бола отырып, осы сәуленің арқасында ол өзін-өзі көреді және дәл сол сәуленің арқасында бұрын потенциялды болып келген түрлі түстер енді шын түстерге айналады, потенциялды көруші болып келген көз енді шын көрушіге айналады. Нақ сол сияқты әрекетшіл ақыл-парасат адамның парасат күшінде бейнеленетін нәрселерді адамға жеткізеді. Бұл нәрсені парасат күшіне қатынасы сәуленің көз жанарына қатынасы сияқты. Осы нәрсенің арқасында ақыл-парасатты жан әрекетшіл ақыл-парасатты пайымдайды, дәл осы нәрсенің арқасында ақылмен пайымдалатын потенциялды нәрсе ақылмен пайымдалатын шын нәрсеге айналады және тағы да соның арқасында адамда бұрын болып келген потенциалды ақыл-парасат шын ақыл-парасатқа айналады және ол соншалықты жетіліп, әрекетшіл ақыл-парасаттың дәрежесіне жақындайды. Сөйтіп, ол өзінің мәні жағынан ақыл-парасатқа айналады, ал бұрын ол ақыл-парасат емес еді, кейін ол ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналады, ал бұрын ондай емес еді және тәңірілікке айналады, ал бұрын материялық еді. Әрекетшіл ақыл-парасаттың көрінісі міне осында жатыр, сондықтан да ол әрекетшіл ақыл-парасат деп аталады. Форма және материя Форма - денедегі денелік субстанция. Мысалы, төсекағаштың формасы - төсекағашта, ал материясы - сол төсекағаш [жасалған] ағашта. Форма дегеніміз - денелік субстанцияны шындық ететін нәрсе. (29-бет) Мысалы, төсекағаш ағаш болғандықтан ол потенциядағы төсекағаш болып табылады және ағаш төсек ағаштың сыртқы формасына келгенде, ол шын төсекағашқа айналады. Сөйтіп, форма материяның арқасында өмір сүреді, ал материя формалар үшін субстрат болып табылады. Формалар өзінен-өзі бола алмайды. Олар өзінің болуы үшін субстратты қажет етеді. Олардың субстраты - материя. Материя тек форма үшін өмір сүреді. Материяның бірінші мақсаты - формалардың өмір сүруі. Формалар қандай да босын бір субстатта өмір сүретін болғандықтан, материя формалардың субстраты болып табылады. Сондықтан форма болмайынша материяның өмір сүруі бекер болар еді. Бірақ, табиғи нәрселердің ішінде бекер ештеңе де жоқ, сондықтан әуелгі материя қандай да болсын формасыз болмайды. Сонымен, материя формалардың субстраты ретінде алғашқы бастама және себеп болып табылады, бірақ материяның өзі әрекетшіл [себепте емес], мақсат та емес. Оның үстіне ол өзінше алғанда, формасыз ешбір өмір сүре алмайды /11/.
Материя да, сондай-ақ форма да «табиғат» деп аталады, алайда бұл атауға форма анағұрлым лайық. Бұған көру мысал бола алады. Көру - субстанция. Көздің денесі оның материясы, ал көздің көру қабілеті соның формасы болып табылады. Тек осыларды біріктіргенде ғана көру шындыққа айналады. Басқа табиғи денелердің бәрінің де жағдайы осылай. (30-бет) Жандар қашан жетілгенше және езінің әрекеттерін іске асырғанша, заттардың бейнесін қабыл алуға әзір тұрған формалардың қабілеттілігі ғана болып табылады. Мысалы, көру қашан ол көретін болғанша және онда көрінетін заттардың бейнелері пайда болғанша; қиялдау күші қашан мұнда қиялданатын формалар болғанша; ақыл-парасат күші, қашан мұнда ақылмен пайымдалатын бейнелер пайда болғанша, - олардың бәрі, бұларда шын бейнелер туатын болса да яғни түйсіну күшінде сезім арқылы қабылданатын нәрселердің бейнелері, қиялдау күшінде қиял заттары және ақыл-парасат күшіне ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелері пайда болғанша форма болып табылады, бірақ бұлардың, яғни материядағы формалардың айырмашылығы бар. Егер бұрынғы формаларда пайда болған бұл бейнелер материяның формаларына ұқсас болса, онда бұл формалардың аты тек ұқсастығына қарай қойылады. Ақыл-парасат күшінде алынатын ақылмен пайымдалушы мәндердің бейнелері материядағы формалардан бәрінен де алыс жатады. Олар материядан толық безген дерлік және олардың ақыл-парасат күшіндегі болмысы материядағы форманың болмысымен ұқсастығы өте аз болады /12/. Егер шын ақыл-парасат әрекетшіл ақыл-парасатқа ұқсайтын болса, онда ол формада болмайды, формаға ұқсас та болмайды. Алайда кейбіреулер /13/ денесіз субстанциялардың бәрін олардың атының біріңғайлығына қарап, оларды да «формалар» деп атайды. Олар формаларды материядан безген, өйткені оған зәру емес деп және материядан ажырамаған деп бөледі. Бұл туралы біз [бұрынырақта] айтқанбыз. (31-бет) Материяны керек ететін формалардың әр қилы сатылары болады. Ең төменгі сатыда торт элементтің формалары тұрады. Олар и жағынан төртеу және олардың бәрі де бір түрге енетін төрт материяның ішінде болады: от үшін форманың қызметін атқаратын нәрсе, ауа үшін өзі де материя бола алады. Барлық басқа элементтерде де істің жайы нақ осы сияқты. Жаралған денелердің формалары элементтердің араласуынан және бірімен бірінің орайласып алмасуынан туады /14/. Біреулері жоғары, біреулері төмен болады. Мысалы, элементтердің формаларына қарағанда минералдардың формалары анағұрлым жоғары сатыда тұрады. Өсімдіктер өзінің барлық әр алуан түрлерінің формалары минералдардың формаларынан анағұрлым жоғары сатыда тұрады. Ақыл-парасатсыз жануарлардың барлық алуан түрлерінің формалары өсімдіктер формаларынан анағұрлым жоғары сатыда болады. Сонан соң, ақыл-парасатты жануарлардың формалары ақыл-парасатсыз жануарлардың формаларына қарағанда, жоғары сатыда тұрады. ЕКІНШІ БӨЛІМ ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ БІР-БІРІНЕН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ 1 - Форма және материя (33-бет) Форма және бірінші материя өздерінің болмысы жағынан бастамаларға қарағанда кем жетілген. Себебі олардың әрқайсысы өзінің болмысы үшін және өмір сүруі үшін басқасына зәру.
Форма материяда ғана өмір сүре алады, ал материя өзінің субстанциясы және жаратылысы бойынша формаға бола өмір сүреді, мұның мәні форманы алып беруде. Форма өмір сүрмесе, онда материя да өмір сүрмес еді. Сондықтан, формасыз материяның өмір сүруі босқа өмір сүргендік болады. Алайда табиғаттағы нәрселердің ішінде ешқайсысы да босқа өмір сүрмейді. Сондықтан, егер материя өмір сүрмеген болса, онда форма да болмас еді. Өйткені өзінің өмір сүруі үшін форма белгілі бір субстратты керек етеді. Кейін, бұлардың әрқайсысында (34-бет) тек өзіне ғана тән жетілмегендік және жетілгендік болады, [бұл мына мағынада]: форманың арқасында дененің болмысы анағұрлым жетілген болады, атап айтқанда, актуальды болады, ал материяның арқасында оның болмысы кем жетілген болады, яғни потенциялды болады. Форма материяның өмір сүруі үшін өмір сүрмейді және жаратылысы бойынша материяға арналғандықтан өмір сүрмейді. Керісінше, материя формаға бола өмір сүреді, яғни форманың болмысы соған негізделген. Осылай болғандықтан форма материядан басым түседі. Ал материяның формадан басымдылығы сол, ол өзінің болмысында қандай бір субстраттың болуына мұқтаж емес, ал форма болса субстратқа мұқтаж болады. Материяда қарама-қарсылық та жоқ, оған қарама-қарсы тұрған болмыссыздық та жоқ, ал формаға келсек, онда болмыссыздық және қарама-қарсылық бар. Ал болмыссыздығы немесе қарама-қарсылығы бар нәрседе ылғи, тұрақты өмір сүрушілік болмайды. формалар акциденцияларға ұқсас, өйткені олар екеуінің өмір сүруі үшін субстраты болуы тиіс. Формалардың акциденциялардан айырмасы [мынада]: акциденциялардың субстраттары акциденциялар үшін өмір сүрмейді және солардың иесі болу үшін тағайындалады. дәл формалардың субстратына, атап айтқанда, материяға келетін болсақ, олар формалардың иесі болу үшін арналған. Материя сондай-ақ қарама-қарсы формалардың субстраты болып табылады. Материя форманы да, осы форманың қарама-қарсылығын да немесе оның болмыссыздығын да қабыл алады. Ол ылғи формадан формаға өтіп отырады. Сондықтан ешқандай форма өзінін қарама-қарсылығынан басым түспейді және осыдан шыққан форма өзінің қарамақарсылықтарына тең болады /15/. 2 - Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасат (35-бет) Формаға және материяға тән жетілмегендік денесіз субстанцияларда жоқ. Бұлардың әрқайсысы субстратта басқаға бола өмір сүрмейді, материяның аркасында, басқа үшін қол құрал ретінде, басқаға қызмет атқару арқылы өмір сүрмейді. Денесіз субстанциялардың бір де бірі қосымша болмысқа, өзінің болашақтағы әсерінің жәрдемі мен басқа [болмысқа] немесе басқа [болмыстың] әсерін өзіне таратуына болатын қосымша болмысқа мұқтаж емес. Бұларда қарама-қарсылықтар немесе болмыссыздық жоқ. Сонымен, бұл денесіз субстанциялар], форма мен материяға қарағанда , субстанция болуға анағұрлым лайық. Екінші [себептер] және әрекетшіл ақыл-парасат Бірінші [Себептен төмен тұрады. Оның үстіне, егер бұларға осы тәріздес жетілмегендік тән болса, онда басқа түрлі де жетілмегендіктерден құр емес, атап айтқанда, бұлардың субстанциялары басқадан алынады және бұлардың болмысы да басқаның болмысына ере жүреді. Бұлардың
субстанциялары өзіне өзінікі жеткілікті болатындай және басқаның болмысын өз қажетіне алмайтындай дәрежеде жетілген емес. Ол, ол ма, бұлардың болмысынан гөрі анағұрлым жетілген болмыстан шығады. Бұл тәрізді жетілмегендік Бірінші [Тұлғадан] ІІІК-ҚІІ барлық тұлғаға ортақ нәрсе. Сонымен бірге екінші себептер де, әрекетшіл ақыл-парасат та өзін-өзі ғана ақылмен пайымдау арқылы өз болмысына сәулет, әшекей, шаттық, рахат және сұлулық берумен қанағаттанып қоймайды. Бұл үшін оларға өз мәнімен бірге анағұрлым жетілген және анағұрлым сәулетті тұлғаның мәнін ақылмен пайымдауы қажет. Сондықтан осы мағынада бұлардың әрқайсысының мәнінде көпшілік бар, өйткені бір нәрсені ақылмен пайымдағанда олардың мәні әйтеуір бір себептерден сол затқа айналады, бұл ретте соларға тән мәнді сақтап қалады, ал бұлардың мәнінің артықшылығы көпше (З6-бет) болудың арқасында ғана жүзеге асады. Алайда көпше субстанциялану болған жерде заттардың болмысының кемістігіне айналады. Алайда болмыстың, оның сұлулығының және сәулетінің негізі болып қызмет атқару бұларға жаратылысынан берілгенде, бұлар болмысы жағынан өзінен төмен тұрғандардың мәнін ақылмен пайымдалатын болғандықтан емес, бұлардың әрқайсысы әрбір өмір сүруші нәрселердің болмысының негізін беретін болғандықтан берілген. Бұл жағдайда олармен ештеңе де бірікпейді және олардың ішінде ештеңе сіңісіп кетпейді. Өздерінен басқа бірдеңе пайда болғанда, бұлар өзінің өзіндік мәнінің басқа ештеңені, не құралды немесе басқа ештеңені қажет етпейді /17/. 3 - Аспан денелері Аспан денелерінің жандарына келетін болсақ, онда олар кемшіліктерден таза. (37-бет) Алайда, олар субстраттарда болады және осы мағынада олар формалармен ұқсас. Бірақ аспан денелерінің субстраттары материялық емес, бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән субстраты бар. Олардың формалардан айырмашылығы дәл, міне осында. Аспан денелерінің жандарында Екінші [себептерге] тән кемшіліктердің барлығы бар, бірақ бұлар мұнан гөрі жетілмеген, өйткені бұларды субстанцияландырып отырған көпшелік Екінші [себептерді] субстанцияландыратын көпшесінен артық. Себебі, аспан денелерінің жандары өзінен кейін екінші [себептерді] және Бірінші [себепті] ақылмен пайымдай отырып, сұлулыққа және рахатқа ие болады. Оның үстіне олардың болмысынан басқа болмыстар туады. Бұларда [басқа мәндердің] болмысы шыққанда олар құралсыз басқа жағдайсыз бола алмайды. Мысалы, бұларға олардың мәндерінің үстіне тағы екі жағдайда басқа да нәрселер керек. «Екі жағдай» деп біз, біріншіден, бұлардың өмір сүруін және [екіншіден], болмыстың басқаға берілуін айтамыз. Екінші себептер өз мәнінен тысқарыға қатысы жоқ, әйтсе де екі жағдайдың екеуінде де олар сәулетпен сұлулыққа не болады, өйткені бұған себеп олардың өмір сүруі, басқа болмысқа құйылмай, тек өзімен өзі шектелетін болғандықтан емес, бұлар өздерінен төмен жатқан бар нәрселерді ақылмен пайымдайтын болғандықтан не болады /18/. Жануарлардың жандары түйсінеді және қиялдайды оларды түйсінетін және қиялдайтын нәрселердің бейнелері аяқталған формада (38-бет) пайда болған кезде олар қайсы бір
жолдармен материялық емес нәрселерге ұқсайды, бірақ бұл ұқсастық оларды болмыс жаратылысынан, ал материяны форма жаратылысынан айырмайды. Егер жанның парасатты бөлігі аяқталу дәрежесіне жетіп, актуальды ақыл-парасатқа айналса, онда ол материялық емес нәрселерге ұқсайды. Оның болмысының жетілуі, оның шын күйі, оның сәулеті, әшекейлік пен сұлулығы өзінен жоғарыда тұрған нәрселерді ақылмен пайымдағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз сатысынан төмен тұрған нәрселерді де ақылмен пайымдалғандықтан игеріледі және мұның көпшесі оның ненің арқасында субстанцияланатындығының, оның күшті өсуінің арқасында болады. Оның үстіне жанның барлық басқа бөліктерінен толық безе отырып, жанның ақыл-парасатты бөлігі болмысын басқаға айналдырмай, өзімен өзі шектеледі. Басқаға болмыс бергенде талпынушы, қиялдаушы және түйсінуші күштер арқылы береді. Ал басқаның мұнан алатыны соның болмысына ана құрылым жетілген түр беру үшін қызмет етеді. Ал одан құрал безіп шыққанда оның басқаға әсер етуі мүмкін болмай қалады, өйткені мұның субстанциясынан басқаға болмыс шықпайтын тәрізді, сондықтан ол өзінің болмысын өз субстанциясында үнемі сақтаумен қанағаттанады немесе себепке, бірақ әрекетшіл себепке емес, мақсаттық себепке айналады /19/. 4 - Бірінші Тұлғаның артықшылығы (39-бет) Бірінші Тұлға /20/ абсолюттік және онда барлық жағына да кемшіліктер болмайды. Оның болмысынан артық жетілген және одан артық лайықты болмыс болуы мүмкін емес, дәл сол сияқты одан бұрын болып өткен, болмысы жағынан Онымен бір сатыда тұрған, Оған тәуелді емес тұлға болуы мүмкін емес. Сондықтан Ол өз болмысын өзінен бұрын болған басқа бір нәрседен алуы мүмкін емес. Өйткені ол болмысын Оның өзіне қарағанда кем жетілген бір нәрседен алуының ешбір қисыны келмейді. Сондықтан өзінің мәні жағынан Ол басқалардың бәрінен мүлдем ерекше болады. Оның болмысы жалғыздан артық болуы мүмкін емес, өйткені өмір сүруі мұнымен бірдей болған күнде сол барлық [нәрсе] басқаларының болмысы осының өзінің болмысына ұқсас болар еді. Олардың арасында ешқандай айырмашылық болмас еді. Егер ол бар болса, онда ол осыларды біріктіретін нәрсе емес. Басқа бір нәрсе болар еді, ол кезде бұларды бірінен-бірін айырып тұрған нәрсе бұлардың өмір сүруіне себепкер болған нәрсенің бір бөлігі болар еді. Демек, Ол Бірінші болмыс болмас еді. Онан басқа бір тұлға болар еді, өзінің болмысында Одан бұрын өткен басқа бір тұлға болар еді - бұл қисынсыз нәрсе, себебі бұл - Бірінші [Тұлға]. Ал айырмашылығы жоқ нәрседе көпше де, екі немесе онан көп мән болуы мүмкін емес. (40-бет) Егер Одан басқа бірдеңе [өмір сүреді] деп есептесек, омда бұл болмыс Оның болмысынан тысқары болмыс. Одан тәуелсіз және өзі де сол сатыда тұратын бірдеңе болар еді. Бірақ ол кезде Оның болмысы бұл екі ұғымды біріктіріп отырған болмыстан төмен тұрған болар еді. Демек, Оның болмысы жетілген болмыс болмас еді, өйткені жетілген нәрсе ешбір жағдайда өзінің мәнінен тысқары тұрған бірдеңенің ешбір болуы мүмкін емес. Сондықтан, Онда өзіне қарама-қарсы бірдеңе болуы мүлдем мүмкін емес, себебі мұндай нәрсе Соның өзінің болмысымен бір сатыда тұрған болар еді. Бірақ Онымен бір сатыда тұратын, Одан тәуелсіз болмыстың болуы мүлдем мүмкін емес, бұлай болған күнде Оның болмысы жетілмеген болмыс болар еді. Оның үстіне өзіне қарама-қарсылығы бар нәрсенің бәрі де жетілмеген нәрсе, ал Оның болмысының жетілгендігі өзінің қарама-қарсылығы болмауының арқасында даусыз нәрсе болады. Қарама-қарсылығы бар нәрсенің болмысы
оның қарама-қарсылығы болған күнде ғана мүмкін. Олай болса, Ол тыстан [шығатын] нәрселердің және соның мәні мен субстанциясынан [шығатын] нәрселердің арқасында сақталады. Осы екі қарама-қарсылықтың әрқайсысының субстанциясы өзінің қарамақарсылығынсыз өз мәндерін сақтауға жеткіліксіз. Бұл жағдайда Бірінші Тұлғаның өз болмысы үшін басқа бір себебі болуға тиіс, бірақ тұрған сатысы жағынан Оған [тең түсетін] ештеңе болуы мүмкін емес. Керісінше, ол - біреу, дара және жалғыз. Сондай-ақ, оның мәні бөлінбейді. Себебі Оның не ана, не мына бөлігінің мағынасын ешбір сөз білдіре алмайды. Егер ол осылай болса, онда анықтаушының бөлшектерімен белгіленетін нәрселер (40-бет) анықтаушының өмір сүруінің себебі және материя мен форма өздерінен құрылатын нәрсенің себептері болатыны сияқты, Оны субстанциялайтын бөлшектер Бірінші [Тұлғаның] себептері болған болар еді, бірақ Ол бұл мүмкін емес. Себебі, Ол - Бірінші. Егер Ол былайша бөлінбейтін болса, онда оның сан жағынан және бөлінудің басқа да түрлері жағынан бөлінуіне ешбір мүмкіндік жоқ. Ол бұл жөнінде де біреу. Сондықтан да дүниедегі басқа нәрселерден ерекше тұратын Оның болмысы басқаша болуы, басқа бір нәрсе болуы мүмкін емес; осының арқасында Ол - өз мәніндегі Тұлға. Сондықтан Оны қалған басқалардың бәрінен ажыратып тұратын жағы - Оның мәнін құратын жалғыздығы. «Жалғыздық» деген сөздің мағыналарының бір әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып тұратын ерекше болмысқа тарайды. Дәл осы мағынада кезкелген тұлға туралы ол жалғыз деп айтуға болады, өйткені оның өзіне ғана тән болмысы бар. Бұл өзі «тұлға» деген [сөзге] сәйкес келетін мағыналардың бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, Бірінші Тұлға да біреу. Ол одан тысқары барлық біреулерден гөрі, жалғыз дегеннің анықтамасы мен мағынасына анағұрлым лайық. Оны қай жағынан алып қарағанда да материяға қатысы жоқ. Ол өзінің субстанциясы бойынша ақыл-парасат болып табылады. Нақ осы материя нәрсенің ақыл-парасатқа айналуына және шын пайымдауына бөгет жасайды. Ақылмен пайымдаушы тұрғысынан алғанда Ол ақылмен пайымдалушы, өйткені, ақылмен пайымдаудың шығатын көзі ақылмен пайымдау нәрсесі, яғни ақылмен пайымдалушы болып табылады. Ол басқа бір тұлғаның сырттан ақылмен пайымдалушысы болуға зәру емес. (42-бет) Керісінше, Ол өз мәнін өзі ақылмен пайымдайды. Ол өз мәнін ақылмен пайымдайтын болғандықтан, ол өзі ақылмен пайымдаушыға [айналады]. Ал оның мәні оны ақылмен пайымдайтын болғандықтан Ол ақылмен пайымдалушыға айналады. Нақ осы сияқты ақыл-парасат болуы үшін және ақылмен пайымдаушы болу үшін ол сырттан алуға тиісті болатын басқа бір мәнге зәру болмайды, керісінше Ол өз мәнін өзі ақылмен пайымдаудың арқасында, ол ақылпарасат болып және ақылмен пайымдаушы болып табылады. Ақылмен пайымдалушы мән және ақылмен пайымдайтын мән. Оның [білуші] болып табылу жағдайы да осыған жатады. Білу үшін Оған қандай да болсын бір мәннің керегі жоқ, мән дегенде сол арқылы Ол өз тысқары артықшылыққа ие боларлықтай мәннің керегі жоқ. [Нақ осы сияқты Ол] танымалды болу үшін басқа бір мәнге [мұқтаж емес]. Керісінше, білу үшін Оған өз субстанциясы жетіп жатыр. Өзі мәні туралы Оның білімі оның өз субстанциясынан басқа түкте емес. Сонымен өз мәнін тануда Ол - білуші, әрі білім, бір ғана мән, әрі бір ғана субстанция Оның - Дана екені жөнінде де дәл [осыны айтуға болады]. Даналық ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып білу деген сөз. Ал өз мәнін ақылмен пайымдауға және білуге қабілетті болса, онда ол ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып біледі. Мейлінше
жақсы білім ешқашан құрып кетпейтін ең жетілген білім, сондықтан ол білім өтпелі емес, тұрақты білім. Сонымен бірге ол-Дана, бірақ Соның өзінің мәнінен тысқары бірдеңені тану арқылы ие болған даналықтың арқасында дана емес, Ол - өз мәнін танып біліп, дана болуға өзіне-өзі жеткілікті. Қандай да болсын тұлғаның сәулетті, сұлулығы мен сәні өз болмысын мейлінше көрікті етуінде және өзінің жетілуін ақырғы затына дейін жеткізуінде. Егер бірінші Тұлғаның болмысы ең жетілген болмыс болса, ендеше Оның (43-бет) сұлулығы басқа сұлулық иелерінің бәрінен асып түседі /21/. Дәл осыны Оның сатысына, сәулетіне және сұлулығына қатысты айтуға да болады: мұның бәрі де Оның субстанциясы мен мәнінде, яғни соның езінде және О л бұларды өзінің мәнімен пайымдайды, өйткені рахат, ләззат, қуаныш, шаттық тек қана ең сұлудың және ең сәулеттің қабылдауынан өтіп пайда болады да, өзінің толыққан дәрежесіне жетеді. Бірінші Тұлға абсолюттік мағынада сұлу, ең сәулетті, ең көрікті болғандықтан және Оның өз мәнін пайымдауы неғұрлым жетілген пайымдау, ал Оның білімі ең жақсы білім болып табылатындықтан, Бірінші [Тұлғаның] бастан кешіретін рахаты біз өзіміз мәніне жете алмайтын рахат болады. Біз мұның күшін тек аналогия арқылы және өзіміз үшін ең жетілген нәрсені, ең жетілген, ең тамаша пайымдау болып сезілетін болмашы рахатымызға салыстырып, әлде түйсіну, әлде қиялдау, әлде ақыл-оймен танып білу арқылы ғана білеміз. Бұл жағдайда біздің алатын ләззатымыз өзінің күші жағынан барлық басқа рахатләззаттардан асып түсіп жатқандай көрінеді, осыған байланысты біз өзімізді асқан бақыттымыз деп есептейміз. Оның өзінің қуанышы мен ырзалығына біздің өзімізге көрінетін қанағатымыз, қуанышымыз бен рахатымыздың ұқсастығы қандай болса, ең абзалы және ең тамаша сәулеттіні Оның танып-білуі мен пайымдауына біздің тануымыздың және пайымдауымыздың ұқсастығы да дәл сондай. Шынында ең тамаша мен ең сәулеттіні біздің пайымдауымызбен Оның пайымдауының арасында, біздің білімімізбен Оның білімінің арасында салыстырарлық ештеңе жоқ. Бұлардың арасында белгілі бір ара қатынас бола қойғанның өзінде, ол тіпті болмашы ғана. Демек, біздің және бірінші [тұлғаның]рахатын, қуанышын және өзіне-өзінің салыстыруға келмейді. Шындығына келгенде уақыты жағынан болмашы бір бөлшек болып табылатын нәрсе мен ұшы-қиыры жоқ шексіз мөлшердің, (44-бет) ең жетілген мен жетілмеген нәрселердің арасында қандай салыстыру болмақшы? Өзімізге өзіміздің рахаттануымыз қанша күшті болса, қуанышымыз және рахатқа елтуіміз қанша күшті болса, өзімізге өзіміздің сүйсінуіміз және құрметіміз қанша күшті болса, онда Бірінші [Тұлғаның] өзін-өзі құрметтейтіні, өзін-өзі сүйетіні және өзінің мәніне өзі таң-тамаша қалатыны соншалықты күшті екені өзінен-өзі айқын болады. Бірінші себептің сүйіспеншілігі мен біздің өз мәніміздің артықшылығына сүйіспеншілігіміз арасындағы қатынас Оның мәнінің артықшылығы және жетілгендігімен біздің өз бойымыздағы мәннің артықшылығы мен жетілгендігі арасындағы қатынас сияқты. Бірінші себепте сүюші әрі сүйікті, таң-тамаша қалатыны - сол таң-тамаша қалдыратын нәрсе болып табылады. Ол -Бірінші Сүюші, әрі Бірінші Сүйікті. ҮШІНШІ БӨЛІМ
ӘЛЕМ Жаратылыс теориясы (45-бет) Бірінші [Тұлға] өзі қалағанындай өмір сүретін болғандықтан, мұнан табиғи мәндер қажетті түрде пайда болады, бұл болмыстардың өмір сүру әдісі адамның қалауына тәуелді болмайды. Бұлардың қайсыбіреулерінің болмысын адам сезіммен тікелей қабылдайды, қайсыбіреулері дәлелдеулер арқылы танылады. Өмір сүруі Соның өзінен туатын болмыс басқа бір нәрсенің болмысы үшін өмір сүреді. Басқа нәрселердің [Бірінші Тұлғадан тысқары] өмір сүруі Соның өмір сүруінен туады. Бірақ, солай бола тұрса да Бірінші Тұлғадан шығатын нәрселердің өмір сүруі ешбір жағдайда Оның өмір сүруінің себебі немесе Оның өмір сүруінің мақсаты бола алмайды /22/. Біздің арқамызда пайда болатын коп нәрселер сияқты олар Оны қалайда болсын жетілдіре алмайды (46-бет). Өзімізден көптеген осындай нәрселердің пайда болуына біз күні бұрын бейім тұрамыз. Бұл нәрселер біздің өмір сүруіміздің мақсаты болып табылады. Осы мақсаттардың көбі бізді өзімізде бұрын болмаған жетілуге жеткізеді. Бірінші [Тұлғаға] келетін болсақ, Оның өмір сүруінің мақсаты басқа нәрселердің өмір сүруі емес, өйткені былай болған күнде Оның өмір сүруіне себеп осылар болған болар еді. Ал сонда Оның болмысының Ол жөнінде басқаша сыртқы себептері болар еді. Ол сондай-ақ Өзіне тән жетілгендіктен басқа жетілуді де қабыл алмайды. Оның мәнінің жетілгендігі біреудің, мысалы ақша немесе басқа бір нәрсе беріп, осының қолқасына рахат, алғыс, артықша дәреже немесе басқа бір игілік және жетістік алғаны сияқты жетілу емес. Басқа бірдеңенің болуы, Оның себеп ретінде алатын, өзінде бұрын болмаған игілік немесе болмысты алуы Бірінші [Тұлғада] мүмкін емес. Себебі бұл Оның тұңғыштығына нұқсан келтірер еді және одан бұрын болған болмысты және Оның болмысының себебін тудырар еді. Ол өзі үшін өзі өмір сүреді. Сондай-ақ [өз субстанцияларында болмыс алатын] басқа нәрселер оның субстанциясымен байланысты болады және Coдан туады. Сондықтан Оның басқа нәрселерге ауысатын болмысы Соның субстанциясының өзіне тән. Оны өз мәнінде субстанцияландыратын болмыс басқа нәрселердің Содан алатын өмір сүруі болмысына пара-пар болады. [Бірінші Тұлғаның болмысы] біреуі арқылы Оның өзі субстанцияланатын, ал басқа бөлігі басқа бір болмыстың өмір сүруінің басы болып табылатын екі бөлікке бөлінбейді. Нақ осы сияқты, бізге және өмір сүруші көптеген нәрселерге керек болатыны сияқты, басқа бір болмыстың пайда болуы үшін Бірінші [Тұлғаға] өз мәні мен өз субстанциясынан басқа еш нәрсенің керегі жоқ. (47-бет) Басқа нәрселердің болмысын тудыратын Оның болмысы өзі субстанцияланатын [болмыстан] артық жетілген болмыс емес. Сондықтан, басқа нәрселердің болмысына бастама беретін болмыс уақыт жағынан одан тіпті де кейінгі болып табылмайды. Бұл болмыс Ол жөнінде басқа мағыналарда кейінгі болып табылады. [Бірінші Тұлғаға] берілетін атаулар, бұл өзі біздің айнала төңірегіміздегі нәрселердің жетілгендігін және тамаша артықшылығын көрсететін атаулар, алайда бұл атаулардың бірде біреуі Оның субстанциясындағы Оған тән жетілгендікті көрсетпейді.
Сол сияқты осы алуан түрлі атаулармен көрсетілетін жетілгендіктің түрлері де алуан түрлі коп. Оның алуан түрлі атауларымен аталатын осы жетілгендіктердің түрлерін Ол өзі бөлінетін және Өзі солардың әрқайсысында Өзі субстанцияланатын жетілгендіктердің сан алуан түрлері болып табылады екен деп ойламау керек. Керісінше, осы сан алуан атаулармен мүлдем бөлінбейтін бір ғана субстанцияны және бірғана болмысты түсіну керек. Ал енді осы атаулардың бірімен біздің төңірегіміздегі бірдеңені, Оның субстанциясынан тыс жатқан бір ізгілік, жетілгендік ретінде атаған жағдайда, осы атаумен көрсетілетін нәрсе Бірінші Тұлғаға тиісті деп аталуы, Соның субстанциясының жетілгендігі және ізгілігі болып табылады деп аталуы керек. Мысалы, айналамыздағы түрлі нәрселерді «тамаша» деп атағанда, олардың түсінің, формасының немесе қалпының жетілгендігін айтады. Бірақ, бұл атау сол нәрсенің субстанциясын көрсетпейді. (48-бет) Біздің төңірегіміздегі нәрсенің жетілгендігін және ізгілігін көрсететін атаулар мыналарға бөлінеді: нәрседегі бар мәнді көрсететін, көрсеткенде ол мәннің басқа нәрсеге қатысы бары-жоғына байланыстырмай көрсететін атаулар болады. Мысалы, «Тұлға», «Жалғыз» тағы с.с. және одан басқа, тысқары нәрсеге қарағанда ол мәнде не бар екені көрсететін атаулар. Мысалы, «әділеттік», «кішіпейілдік». Айналамызда бар нәрселерге қолданып айтқанда, бұл атаулар заттың мәнінің бір бөлігіндегі ізгілік пен жетілгендікті білдіреді: осы бөлігі арқылы зат басқа бір тысқары затпен өзара қатынасқа түседі, ал бұл қатынас осы атаумен белгіленетін жиынтықтың бөлігі болып табылады және бұл ізгілік пен бұл жетілгендік басқа затпен өзара қатынаста болатыны арқасында өмір сүреді. Мұндай атаулар Бірінші Тұлғаға қолданылған кезде, Бірінші Тұлғаның басқа нәрселерге ауысуы арқылы Одан өзінің болмысының бастамасын алатын нәрселерге Оның қатынасын көрсету үшін қолданса, бұл қатынасты осы атаумен аталатын соның жетілгендігінің бір бөлегі екен демеу керек және бұл жетілгендік осы қатынастың арқасында болып отыр деп есептемеу керек. Бұл атау Оның субстанциясын және жетілгендігін көрсететін болуы қажет, ал қатынас осы осы жетілгендіктен туып, осы жетілгендікке тәуелді болуға және ол өзі Оның субстанциясының және сондағы жетілгендіктің аркасында өмір сүретінін көрсететін болуға тиіс. Бұл қатынас қажетті түрде Соның мәніне тән жетілгендіктен қажетті түрде туатын нәрсе және соған тәуелді нәрсе ретінде қаралуға тиісті, бұл туралы [жоғарыда] айтылған. Бірінші [Тұлға] үшін де, басқа нәрселер үшін де ортақ атаулардың ішінде өмір сүруші заттардың барлығын қамтитындары да және өмір сүруші заттардың кейбіреулерін қамтитындары бар (49 бет). Бұлар - Біріншіге және басқа [нәрселерге] ортақ сан алуан атаулар.Ол үшін және басқа заттар үшін ортақ атаулардың көпшілігі ең алдымен Соның жетілгендігін көрсететіні, сонан кейін барып, Бірінші [Тұлға] жөнінде өздерінің болмыста қандай орын алатынына сәйкес басқа нәрселердің жетілгендігін көрсететіні анық. Мысалы, «Тұлға», «Біреу», деген сөздер ең алдымен Бірінші [Тұлғаның] ненің арқасында субстанцияланатынын көрсетеді, тек сонан кейін басқа нәрселерді көрсетеді, көрсеткенде пул нәрселер Біріншінің арқасында субстанцияланатын мағынада, олар өзінің болмысы Біріншіден шығатыны және өзінің нәрін сонан алатыны мағынасында көрсетеді. Егер Бірінші [Тұлғаның] субстанциясын және өмір сүретінін білдіретін көптеген жалпы атаулар сонымен тағы да бірдеңелерді білдіретін болса, онда бұл атаулар сол басқа нәрселердің болмысында Бірінші [Тұлғамен] азды-көпті ұқсастығы бар екенін ғана
көрсетеді. Олай болса, бұл атаулармен Бірінші [Тұлға] бұрыннан және сөзсіз ақиқат нәрсе ретінде аталады, ал басқа нәрселер - мәтіннен туған нәрселер ретінде аталады. Бірақ бұл ретте Бірінші | Тұлғаны] басқа нәрселерге қарағанда, Оған кейін қолданылған атаумен атауға да болады, өйткені біз Бірінші Тұлғаны атайтын көптеген атауларымыз бұрын өзіміз есімдерін қойған басқа І нәрселерден] алынғаны анық. Шынына келгенде, өзінің жаратылысы мен болмысы жағынан бұрыннан бар нәрселер уақыты жағынан кейінгі болуы мүмкін. Бұрыннан бар жетілмегендік оған тән емес. Бізге белгілі жетілгендіктерді көрсететін коп атаулар бар және бұл атаулардың көбі тек сол жетілгендіктерді көрсету үшін қолданылады, бірақ ол [нағыз] жетілгендік болып табылатындықтан солай аталмайды. Оның жетілгендігінен асып түсетін жетілгендік және қажетті түрде осы атауға неғұрлым лайықты келетін жетілген жоқ екендігі анық. (50-бет) Сөйтіп, әрдайым біз өмір сүруші заттарда шегіне жете жетілгендіктерді байқағанда, осы жетілгендіктерді өзіміздің қалай түсінетінімізге қарай, осы атауға ең лайықты Сол болып табылады деп білеміз. Сондықтан Бірінші [Тұлғаны] осы атаумен атайтынымыз әбден табиғи нәрсе. Сонан соң Бірінші [Тұлғаға] сәйкес өздерінің орнына лайықты басқа да нәрселерді де осы атаумен атаймыз. Мысалы, «Тұлға», «Біреу», деген атаулар дәл осындай. Атаулардың біразы жетілгендіктің тек бірсыпыра түрлерін ғана көрсетеді. Бұл түрлердің кейбіреулері сол түр үшін тек мүмкін қадерінше артықша дәрежесінде, сол түрдің қиялға сиярлық шамада жоғарғы дәрежеде жетілген Бірінші [Тұлғаның] субстанциясына тән болады, олай болса, ешқандай жетілмегендікке [орын] қалмайды. Мысалы; білім, ақылпарасат, даналық осындай. [Жетілмегендіктің] мұндай [түрлерінде] сол түрді көрсететін атаулармен атауға анағұрлым лайықты және анағұрлым дұрыс нәрселер қажетті түрде бар. Ал егер жетілгендіктердің кейбір түрлеріне қайсыбір жетілмегендік немесе пәс сапа араласып кететін болса және осының зардабына осы түрде жататын индивидтердің субстанциясы жоғалатын болса онда бұларды жетілгендіктің сол түрінің атымен атамау керек. Ал олай болса, онда дүниеде өмір сүретін заттардың біз пәс сапаны көрсететін атауларын «Бірінші» [Тұлғаға] қолдану ең оңбағандық болып шығады. Екінші себептер Бірінші [Тұлғадан] кейін Екінші [себептер] және әрекетшіл ақыл-парасат келеді. Екінші себептер болмыс мәртебесі бойынша екінші болып табылады. Бұлардың әрқайсысының тек өзіне тән, өзінің өмір сүруіне пара-пар мәнін субстанциялайтын атрибуты бар, басқа нәрселердің болмысы осы мәннен туады. (51-бет) Өздерінен басқаша бір болмыстың тууы үшін Екінші себептердің әрқайсысы өз мәнінен тыс ештеңеге зәру болмайды. Бұлардың бәрі болмысты Бірінші тұлғадан алып олардың әрқайсысы Бірінші себептің және өзінің мәнін ақылмен пайымдайды. Бұлардың әрқайсысы өзін-өзі қанағат түту үшін тек өз мәнімен ғана өзімен-өзі жеткілікті болмайды. Ол өз мәнімен бірге Бірінші Тұлғаның мәнін пайымдау арқылы ғана өз-өзін қанағат тұтады. Бұлар өз мәнінен гөрі, Бірінші [Тұлғаның] артықшылығын жақсы көреді. Бұлар өз мәнін пайымдағаннан гөрі, Бірінші [Тұлғаның] көбірек қанағат алады. Бірінші [Тұлғаны] ақылмен пайымдағанда алатын рахаты жөнінде де істің жәйі нақ осылай, Екінші себептер өз мәнінің
артықшылығынан гөрі, Бірінші шектен тыс ізгілігін сүйеді бұлардың өзін-өзі тамашалауы, өзін-өзі сүйсінуі осыдан келіп туады. Бірінші сүйіктіні және өзін-өзі тамашалаушыны Бірінші [Тұлғадан] пайымдаудан табады, ал екіншісі - өз мәнін пайымдауда болады. Демек, Бірінші [Тұлға] да екіншілермен осындай ара қатынасты ұнатады. Ол - Бірінші Сүюші және нағыз Бірінші Сүйікті. Демек, барлық [Екінші себептер] өздерінің әрбіреуіне сай жетілгендіктің және жетілмегендіктің дәрежесіне қарай бөлінеді. Сөйтіп бұлардың әрқайсысын Бірінші [Тұлға] туралы айтылып жүргендерінен кәдеге асыру жолымен атауға тиіспіз. Екінші [себептердің] әрқайсысы әуел бастан-ақ ақтық болмысқа ие болады және өзінде әуел бастан болмаған бірдеңеге талпынарлықтай, бұған болашақта берілетін болмыс жоқ. Сондықтан олар (52-бет) мүлдем қозғалмайды және еш нәрсеге талпынбайды. Бұлардың әрқайсысының болмысынан әрбір аспан болмысы шығып отырады. Бірінші [Тұлғадан] қажетті түрде Бірінші аспан болмысы шығады, сөйтіп аспан орналасқан соңғы аспанға дейін осылай жүре береді. Әрбір аспанның субстанциясы екі нәрседен туады: субстраттан және жаннан. Олардың әрқайсысына тән. жан субстратта болады. Бұлар coнымен бірге ақыл өз мәнін пайымдайтын болғандықтан, өздерінің мәнін шығаратын Екінші [себептерді] ақылмен пайымдайтын болғандықтан және Бірінші [Себепті] ақылмен пайымдайтын болғандықтан, актуальды ақыл-парасат болып табылады. Аспан және жер субстанциялары Аспан денелерінің субстанциялары, өз алдына көптеген заттарға бөлініп, өмірде бар нәрселердің сатыларын құрады. Бұлардың әуелгісі ақыл-парасат сатылары; субстанациялану үшін субстрат қажет. Осы жағынан аспан денелерінің субстанциялары материя мен формалардан тұратын субстанцияларға ұқсайды. Бұл ретте, бұлардан өздерінен басқа бірдеңелер шығуы үшін бұлардың өз субстанциясы жеткіліксіз. Егер бұлар өз мәнінен тыс басқа болмыс алмаса, болмайды. (53-бет) Болмыс дегенде соның арқасында өздері субстанцияланатын нәрселерден тыс болмыс болмай және соның арқасында, «санның», «сапаның» және басқа категориялардың арқасында өмір сүруші нәрседен тыс болмыс алмаса, онда басқаға әсер етерліктей жетілгендік және ізгілік бұларда болмайды. Сондықтан субстанциялардың әрқайсысында белгілі бір шама, форма және басқа да белгілі бір сапалар және категориялар мен қажетті байланысы бар тағы басқа нәрселердің бәрі болады. Алайда, осының нәтижесінде ол субстанция ең жақсы субстанцияға айналатын болғандықтан және оған әзірленген орын ең жақсы болудың нәтижесінде осыған жететін болғандықтан, бұдан қажетті түрде шығатын қорытынды - әрбір дененің өзінің белгілі бір орыны болады. Бұл субстанциялардың болмысының көпшілігі әуел бастан жетілген болады, бұлардың тек азғана бөлігінде ол әуел бастан болмайды, керісінше, бұған келешекте біртіндеп ие болады. Сондықтан бұлар соған жетуге тырысады және демалыссыз қозғалыстың арқасында ғана жетеді. Бұлар үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл қозғалыс жалғасын тауып тұра береді. Бұлар тынымсыз қозғалып анағұрлым жақсы болмысқа талпына береді. Ең жоғарғы немесе ең жоғарыға жақын тұрған болмыс [формалары] әуел бастан жетілген күйде болады және ол болмыс формаларының әрбіреуіне бөлінген орын басқа ешбіріне тиісті болмайды, тек әуел бастан өзіне тән
формасымен қоса соның өзіне ғана тиісі болады. Бұл ретте олардың субстанцияларында қарама-қарсылықтар болмайды. Аспан денелерінен төмен орналасып өмір сүруші нәрселерге келер болсақ, бұлардың болмысы мүлдем жетілмеген, өйткені бұлар толығымен субстанцияланатындай нәрселердің бәрін әуел бастан ала алмайды, (54-бет) керісінше, бұлар актуальды мән емес, алыс жатқан өздерінің болашақ мүмкін мәнін ғана алады. Себебі, бұларға берілгені тек қана бірінші материя. Сондықтан олар әрқашан өздері субстанцияланатын формаға талпынуға болады және бірінші материя аспан астындағы барлық субстанциялардың потенциясы болып табылады. Бұлар потенциялық субстанциялар болғандықтан, шын өмір сүруге ие болу үшін қозғалыста болады. Кейін, өзі кешеуілдеп қалғандықтан және болмысы пәс болғандықтан, сыртқы қозғаушы арқылы болмаса, олар өздігінше өзінің кәмелетіне ұмтыла алмайды. Ондай сыртқы қозғаушы болып табылатын - өзінің бөлшектерімен қоса аспан денесі және әрекетшіл ақыл-парасат. Бұл екеуі бірлесіп, барлық аспан астындағы күллі нәрселердің болмысын жетілдіреді. [Аспан денесі] өзінің субстанциясы, жаратылысы мен әрекеті бойынша өзінен қажетті түрде алдымен бірінші материяның болмысы шығуы үшін арналған, тек одан кейін ғана барлық бірінші материя өзінің жаратылысына, мүмкіншілігіне және әзірлігіне қарай форманың қандайына болса да ие болуға қабілетті. Әрекетшіл ақыл-парасат өзінің жаратылысы мен субстанциясы бойынша аспан денесінің [аспан астындағы нәрселерге] әзірлегендерінің және бергендерінің бәрін және оны материядан ажырату үшін бұларға бұрын бергендерінің бәрін зерттеуге қабілетті. Материядан осы ажырату және оларды болмыс еместігінен ажырату бұларды өзіне ең таяу тұрған сатыға жеткізеді. (55-бет) Мұның мәнісі - бұрын потенциялы болған ақылмен пайымдалатын мәндер актуальды нәрселерге айналады және осының салдарынан бұған дейін мүмкін болып келген ақыл-парасат енді шын ақыл-парасатқа айналады деген сөз. Бұған жетуге тек адам ғана қабілетті. Бұл адамның қолы жете алатын ең биік бақыт, ең асқан жетілгендік. Аспан денесінде бұрын жетілмеген күйде болған және өзінің болмысын сақтау үшін осындай жетілген күйге көшуге зәру болып келген нәрселердің болмысы аспан денесі мен әрекетшіл ақыл-парасатта жетіледі. Аспан денелері сансыз коп. Олар қозғалыстың әр қилы түрлерімен жерді айнала қозғалып отырады. Олардың бәрінде де бірінші аспанның қозғалысы тән. Бірақ оларда өздерінің қозғалысы жағынан біріне-бірі ұқсамайтын басқа да күштер бар. Оларға ортақ күш барлық аспан денелерінің себебі, ол себептен қажетті түрде аспан астындағы барлық нәрселерге ортақ бірінші материяның болмысы шығып бірінші материяда түрліше формалары болуымен ажыратылатын нәрселер шығады. Кейін, бір-бірінің және жердің қатынасы жағынан өздерінің орналасу айырмашылықтарына байланысты аспан денелеріне бірде жақындап, бірде алыстау, бірде бірігіп, бірде ажырау, бірде пайда болып, бірде жоғалу, бірде жеделдеу, бірде баяулау қасиеттері тән. (56-бет) Бұл қарама-қарсылықтар бұлардың субстанцияларында [тұрған] жоқ, олардың бір-біріне немесе жерге қатынасында болады" яки болмаса осы екі қатынастың екеуінде де бірдей болады. Қажетті түрде осы қатынастар тән болатын бұл қарама-қарсылықтардан бірінші материя қарама-қарсы формалар пайда болып аспан астындағы денелерде де қарама-қарсы акциденциялар мен өзгерістер пайда болды. Бұл
бірінші материяда және аспан астындағы денелерде болатын қарама-қарсылықтардың бірінші себебі. Қарама-қарсы нәрселер материяда не қарама-қарсы нәрселерден пайда болады немесе өзінің субстанциясы мен мәнінде қарама-қарсылығы жоқ, бірақ материяның арқасында қарама-қарсы күйде және қарама-қарсы қатынаста болатын бір тұтас нәрседен пайда болады. Аспан денелері өзінің субстанциясы бойынша қарама-қарсылықтан пәк болғанымен олардың бірінші материяға қатынасы қарама-қарсы болады. Бұлар бірінші материя жөнінде қарама-қарсы күйде болады. Дәлірек айтқанда, бірінші материя мен қажетті түрде формалардың арқасында өмір сүруі мүмкін нәрселер жасалады. Өмір сүруі мүмкін және мүмкін емес нәрселер Өмір сүруі мүмкін нәрселер дегеніміз болмысы мүлдем жетілмеген, кейіннен келіп туатын нәрселер, яғни болмыс пен болмыссыздықтан қосылған [нәрселер], (57-бет) өйткені өмір сүрмеуі мүмкін емес нәрсе мен өмір сүре алмайтынның арасында (ал бұлар-екі шеткергі қарама-қарсылықтар) әрбір шеткеріліктің қарама-қарсылығын тануға болатын нәрселер тұрады. Бұлар өмір сүруі де, сүрмеуі де мүмкін. Бұлар болмыс пен болмыссыздық қосылуынан пайда болады. Бұлар болмыссыздыққа қарсы қойылатын және өзімен болмыссыздық орайласып ұштасатын болмыс болып табылады. Болмыссыздық дегеніміз - сонымен бірге өмір сүруі [де] нәрсенің өмір сүрмеуі. Мүмкіннің болмысы - дүниеде бардың түрлі жақтарының бірі болғандықтан және мүмкін болмысы - болмыстың бір жағы болғандықтан, болмысы оз субстанциясында болатын бірінші Себеп өмір сүруі мүмкін болмысқа ғана емес, өмір сүрмеуі мүмкін болмысқа да ықпал етеді, олай болса Бірінші Себептің бермейтін болмыс түрлері мүлдем жоқ. Өзінің жаратылысы жағынан мүмкін нәрсенің тек бір ғана болмысы болмайды. Оның бірдеңесі болуы немесе болмауы мүмкін, бірдеңесі болуы мүмкін және бұған қарамақарсы бірдеңесі де болуы мүмкін. Біріне бірі қарама-қарсы екі болмыстан [қосылған] бұл күй бір күй болып табылады және бұл болмыстың лайықтығы осыған қарама-қарсы болмыстан артық емес. Бұл арадағы қарама-қарсы болып табылатын әлде болмыссыздық немесе соның қарама-қарсылығы немесе солардың екеуі де. Мұнан біріне-бірі қарама-қарсы нәрселер қатары өмір сүретіні жайлы сөзсіз қорытынды шығады. Осы бір-біріне қарама-қарсы нәрселер үш түрлі жағдайдың бірінде ғана қатар өмір сүре алады: не әр түрлі уақытта, не бір уақыттың ішінде, бірақ әр қилы қатынаста немесе болмысы біріне-бірі қарама-қарсы екі нәрседе. Екі түрлі жағдайда ғана бір нәрсенің (58-бет) біріне-бірі қарама-қарсы екі болмысы болуы мүмкін: не әр түрлі уақытта немесе тек түрліше қатынаста ғана. Қарама-қарсы болмыстар формалардың қарама-қарсылығына байланысты, ал форма нәрседе қарама-қарсы екі болмыстың болуы мүмкін жағдайдағы қарама-қарсылықтардың біреуін алса, бұл материяның арқасы. Нәрсеге тән болмыс материяның арқасында аяқталмаған күйде болады, ал енді форманың арқасында ол аяқталған күйде болады. Сөйтіп, оның екі болмысы болады: бірдеңемен аяқталған болмыс және басқа бірдеңемен аяқталмаған болмыс; сондықтан материяның арқасында нәрсенің болмысы да кейде бір түрлі, кейде екінші түрлі болады, ал форманың арқасында, ол қарама-қарсы күйге [ауыспастан], тек бір ғана күйде болады. Сондықтан бір нәрседен бір уақыттың ішінде лажсыз екі болмыс болады, бір жағдайда материяның болмысы, екінші жағдайда - форманың болмысы.
Мүмкіндік екі түрлі [болады] мүмкіндіктің бір түрі - қайсыбір заттың өмір сүре алуы және өмір сүре алмауы да мүмкін болуы. Бұл - материя. Екінші [түрі] - өз мәнінде өмір сүре алуы және өмір сүре алмауы да мүмкін. Бұл - материя мен форманың қосылуынан шығатын нәрсе. Өмір сүруі мүмкін нәрселер /24/ сатылары бойынша орналасады. Ол сатылардың ең төменгісіне [орналасқаны] қарама-қарсылықтардың ешқайсысынан болмыс алмайды. Бұл - бірінші материя. Екінші сатыға бірінші материядағы қарама-қарсылықтардың арқасында болмыс алатындары [орналасқан]. Бұл - элементтер. Бұлар әйтеуір бір формаларда өмір сүре болғандықтан, (59-бет) соның арқасында олар басқа да қарама-қарсы болмыстарға өмір беруге мүмкіндік алады. Сонымен бұлар басқа формалар үшін материяға айналады, айналғанда егер бұл материялар өз формаларына ие болса, онда осылардың арқасында бұлар да басқа қарама-қарсы формалармен өзге қарама-қарсы болмыстарға өмір беруге мүмкіндік алады. Ал осы кейінгілер де, [өз тарапынан] басқа формалар үшін материяға айналады. Сөйтіп олар өз формаларына ие болған кезде, солардың арқасында бұлар өздері де басқа формалардың материясына айналатын басқа қарама-қарсы болмыстарға өмір беруге мүмкіндік алады да, осы формалары бар нәрселер басқа формалар үшін материяға айнала алмайтын формаларға жеткенше осылай жүре береді. Бұл нәрселердің формалары -әлем Формалары. Бірінші материя өмір сүруі мүмкін болған нәрселердің ішіндегі ең төменгісі болса, ал бұл жағдай мүмкін болған нәрселердің ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Олардың арасындағы аралық буындар да басқыш-басқыш бойынша орналасқан. Бірінші материяға таяу тұрғандардың бәрі ең төменгілер, ал формалар Формасына таяу тұрғандардың бәрі ең жоғарылары болып табылады. Бірінші материя әрқашан басқа тұлғалардың] болмысына бола өмір сүреді, ал оның өзі үшін өмір сүру мүлдем тән нәрсе емес. Мұнан шығатын қорытынды: егер оның өмір сүру мақсаты болмаса, оның өзі де болмас еді. Сондықтан, егер формалар болмаса, онда материя да болмас еді. Мұнан шығатын қорытынды: бірінші материя қандай да болсын бір формадан бөлек ешқашан өмір сүре алмайды. (60-бет) Ал формалар Формасы болып табылатын өмір сүретін нәрселерге келетін болсақ, олар әрқашан да тек өзіне бола өмір сүреді, олардың формалары басқаға бола өмір сүре алмайды, яғни басқа бірдеңенің субстанциялануы үшін немесе басқа нәрсеге материя болып өзі үшін өмір сүреді. Олардың арасындағы аралық буындар өзіне және басқа нәрселерге бола өмір сүре алады. Олардың материясы мен формасының арқасында әрбірінің құқығы мен ізгілігі болады. Өзінің материясы арқылы болатын оның құқығының мәні мынада: ол қарама-қарсы болмысы бар басқа нәрсе бола алады; ал формасының арқасында болатын құқығының мәні мынада: оның өзіне тән жоғалып кетпейтін тұрақты болмысы бола алады. Егер қарама-қарсы екі лайықтық (болатын) болса, онда әділеттік бұлардың әрқайсысының өз үлесін алуын талап етеді: біраз уақыт біреуі өмір сүріп, кейін жойылуға тиіс; сонсоң бірінші болмысқа қарама-қарсы басқа форма өмір сүріп, біраз уақыттан кейін бұл да жойылуға тиіс. Осылай жалғасын таба береді. Сонан соң, осы қарама-қарсы нәрселердің ішіндегі әрқайсысының қарама-қарсы нәрсенің [формасын қабылдауға қабілетті] материясы болады. Бұлардың әрқайсының басқа форма
үшін бір нәрсесі бар болса, сол басқа форманың ол үшін арналған бір нәрсесі бар. Өйткені олардың алғашқы материясы ортақ. Бұл тұрғыда алғанда, әрбір нәрсенің кезкелген басқа нәрсе жөнінде құқығы болады, осы құқықтан барлығының барлығына айналу қажеттігі келіп туады. Әрқайсына тән болған нәрсенің басқа нәрседе де болуын және оның опат болуын әділеттік талап етеді. (61-бет) Өз болмысын сақтауға талпыну үшін өздігінше өмір сүретін заттар, мүмкін, жеткіліксіз болар. Себебі бұларға берілгені тек бірінші материяға ғана болуы мүмкін. Бұларға болмыс берілген күнде де, олардың соңы өздігінше оны сақтауы үшін ол жеткіліксіз. Дәл осы сияқты, егер олар қарама-қарсы болмыстың өзіне тиісті үлесін алған болса да, онда олар соны аяқтау үшін өздігінше талпына алмайды. Мұнан қажетті түрде шығатын қорытынды: олардың әрқайсысында өздерін қозғалысқа келтіріп, олардың өздеріне анағұрлым қолайлы болмысқа қарай итермелеп отыратын және алған болмыстарын өз бойларында сақтайтын сыртқы әрекетшіл себеп болады. Өмір сүруі мүмкін нәрселерді олардың формаларына қарай қозғап отыратын және оларда осы форманы сақтайтын бірінші әрекетшіл себеп аспан денесі мен соның бөлшектері болып табылады. Мұның өзі бұлайша болады деп ұйғарылады: бірінші әрекетшіл себеп қайсыбір нәрсені дәнекерсіз және құрал-аспапсыз өзі соның шеңберінде өмір сүретін формаға қарай жылжытып немесе ол материяның ішінде өзі өмір сүретін формаға қарай қозғалуы үшін бірінші әрекетшіл себеп материяға күш береді; немесе ол бір нәрсеге екінші нәрсенің өзі өмір сүретін формасына қарай қозғайтын күш береді; немесе ол бар нәрсеге күш береді, ал бұл нәрсе екінші бір нәрсеге күш береді, осының арқасында осы екінші нәрсе материяны өзінің жаратылысы бойынша материяда болатын формаға қарай, жылжытады. Бұл ретте материя екі, үш және онан да коп нәрселерге арқылы қозғалады. (62-бет) Нақ осылайша әрбір нәрсеге осының өзінің болмысын сақтайтын күш беріледі: не соның өзінің формасымен біраз өмір сүретін басқа күш беріледі, не болмаса оның болмысы басқа бір денеде, өзінен тысқарыда сақталатын күш беріледі. Соңғы жағдайда [нәрсенің] болмысы осы үшін арналған басқа бір дененің есебінен болмысын сақтайды. Осы екінші дене [бірінші дененің] болмысын сақтау үшін [бірінші денеге] қызмет етеді. Бұл өзі оған не бір дененің қызмет етуі арқылы немесе соның болмысын сақтауға әзір коп денелердің бірлесіп қызмет етуі арқылы болады. Бұл ретте көптеген денелер басқа күшпен бірігеді, осы басқа күш материядан соларға ұқсас [нәрселер] шығарады, бұл нәрселерге өздеріне тән формаларға ұқсаған формалар береді. Ал егер әрекетшіл себеп мұндай материяға әсер жасаса, онда бұл жағдайда осы қарамақарсы формаларды жоятын басқа бір күш қажет болады. Басқа [күш] пен әрекетшіл себептің арасында өзара әрекет болып, олар бірін-бірі тайдыруға тырысатын жағдай болуы да мүмкін. Мұның мағынасы мынада: басқа күш қарама-қарсы [күшке] әсер болып, ол қарама-қарсы күш біріншінің өзін жойғысы келеді. Осындай шара әрекеттесудің нәтижесінде басқа күш басқа болмысты жойып өзара өзінің формасынан ажыратады. Бұл күш өз формасымен біріккен нәрсенің өзінде болуы мүмкін және бұл денеден тысқары тұрған басқа нәрсенің болуы да мүмкін. Бұл дене не құрал болады немесе денеге тән қарама-қарсылықты
материядан айыру үшін оған қызмет ететін болады. Мысалы, жыландардың тіршілігі дәл сондай. [Хайуанаттардың] бұл түрі элементтер үшін құрал болып табылады немесе басқа хайуанаттарды элементтер материясынан айырып, оларға қызмет етеді. Материядан тур жағынан [нәрселер] жасап шығаруға көмектесетін күш жайында да нақ осыны айтуға болады. (63-бет) Бұл күш бірдеңеге тән формамен ұштасып жататын болуы мүмкін немесе одан тысқары болып табылатын басқа денеде болуы да мүмкін. Ол үшін құрал болып табылатын хайуанаттың ұрығы дәл осындай күш болып табылады. Бойында осындай күштері бар денелерде олар форма болып та табылады. Бұл сияқты нәрселер басқаларға бола өмір сүреді, яғни бұлар өздерінің жаратылысы бойынша басқаның құралы болу үшін өмір сүреді, басқаша айтқанда басқаға қызмет ету үшін өмір жүреді. Егер бұл құралдар бір денеде формалармен біріккен болса, онда бұлар ажырамас құралдар болады. Ал егер бұлар басқа денелерге |орналасқан] болса, онда бұлар алыстағы құралдар болып табылады. Дүниеде бар әрбір нәрсенің өзінің материясына сәйкес белгілі құқығы мен өзінің формасына сәйкес келетін құқығы болады /25/. Өзінің материясы арқылы болмыстың қарама-қарсылығы бола алады, ал өзінің формасы арқылы не өз мәніне ғана бола өмір сүруге немесе басқаға бола, немесе оған басқа бір [болмыс] берілуі үшін, яғни басқа бірдеңе оның өзіне бола өмір сүруіне, немесе бір түрде бірден екі жағдайды біріктіруге құқылы болады: өзінің өмір сүруіне бола және басқаның мәніне бола, бір нәрсені өз мәніне бола жасауға, ал басқаға бола бір нәрсе жасауға құқығы болады. Өзінің формасы бойынша мәнге бола өмір сүретін нәрсе - бұл өзі не оның материясы немесе құралы, немесе соған қызмет ететін бірдеңе. Бұған бола басқа нәрсенің жасайтыны - бұл өзі не материя немесе құрал, немесе соған қызмет ететін [бірдеңе]. Алғашында аспан денелерінен және солардың түрліше қозғалыстарынан элементтер түзеледі, сонсоң минералдық – денелер сонан кейін өсімдіктер, соның артынан - ақылпарасатсыз хайуанаттар кейін - ақыл парасатты жануарлар пайда болады. (64 бет) және көптеген қисапсыз күштер арқылы әрбір түрдің индивидтері түзіледі. Әрбір түрге тән бұл күштер индивидтердің болмысын жасау және сақтау үшін арналады. Мұнымен қатар аспан денелері әр қилы қозғалыстар арқылы бұлардың бір-біріне оз ара әсер етуіне жағдай жасайды немесе кедергі жасайды, сөйтіп бұлар бірде қарамақарсылықтардың біріне жәрдемдеседі, тағы бірде кедергі жасайды және осы жөнінде басқа бір қарама-қарсылыққа жәрдемдеседі. Мысалы, жылылықтың не көбейіп, не азаюына немесе суықтың көбеюі, не азаюы жылылықпен суықтықтың бірде күшейіп, бірде бәсеңдеуі осыларға жатады. Бірінші материяға жақын болудың салдарынан бұлардан төмен орналасқан денелер және осыларға жақын көптеген түрлер, қайсы біреулердің формаларының ұқсастығына, басқа біреулерінің қарама-қарсылығына сәйкес біріне-бірі жәрдемдеседі немесе қарсы әрекет етеді. Өздерінің формаларының ұқсастығына немесе қарама-қарсылығына сәйкесі көп, не аз мөлшерде немесе тең мөлшерде жәрдемдеседі, немесе қарсы әрекет жасайды. Қарамақарсылар - қарсы әрекет жасайды, ал ұқсастары - жәрдемдеседі. Өмір сүруі мүмкін нәрселердегі бұл әрекеттер бірімен бірі қосылып, бірігіп кетеді де, бұлардан толып жатқан қоспалар туады. Алайда бұлар қосылып, бірігіп кеткен жағдайда, тепе-теңдігіне, үйлестігіне және мөлшеріне сәйкес өмір сүруші нәрселердің әрқайсысы өзінің материясына немесе
формасына, не болмаса материя мен форма біріккен жаратылысына қарай болмыстан өздеріне тиісті үлесін алады. Формасына сәйкес [болмыстан өзіне тиесілі үлесін алатындар] не өзіне бола, не басқаға бола немесе екеуіне де бірдей өмір сүре алады. (65-бет) Ақыл-парасатты жануарлар болмастан өзіне тиесілі үлесін өзінің формасына сәйкес алады. Ол материя ретінде де құрал ретінде де, әсте басқаға қызмет атқарушы бірдеңе ретінде өмір сүрмейді. Мұнан төмен тұратын әрбір тұлға өзінің формасына лайықтығы бойынша не тек басқаға ғана бола өмір сүреді немесе өз бойында бірден екі жағдайды ұштастырады: өз мәніне бола және басқа бірдеңеге бола өмір сүреді. Бұлардың әрқайсысы жаратылыстан өзінің тиесілі екі үлесінің екеуін де бірге алуын әділеттік талап етеді. Кіші мөлшерде көрініп өмір сүруі мүмкін нәрсенің жаратылысына қажетті түрде тән, мұның ешқандай таңданатыны жоқ. Сөйтіп, өмір сүруі мүмкін нәрселер осы түрде де орын тебеді, бұларда да әділеттік жасалады, олай болса әрбір мүмкін [тұлға] болмыстан өзіне лайықты үлесін алады. Бірақ әрекетшіл және қорғаушы күштері бар нәрселерде, бұл күштер пайда болғаннан кейін, аспан денелері бұларда олардың пайда болуына бөгет жасап, сол күштерге қарама-қарсы әрекет жасай алады. Бұлар осыларға бөгет жасай да алады, және біреуінің екіншісіне қарсы әрекетін әлсірете де алады. Әрекетшіл күштері бар мүмкін тұлғалар не әлсіздігінен, немесе өздерінің ішінде өз қарама-қарсылықтарының әрекеттесуі салдарынан, немесе өздеріндегі қарама-қарсылықтардың күші салдарынан, немесе бұлардың қарама-қарсылықтарына өздеріне ұқсас нәрселер сырттан жәрдемдескендіктен, немесе әрекетшіл себептің көрінуіне бұған басқа бір жағынан қарсы әрекет жасайтын басқа бірдеңе кедергі жасағандықтан ақылмен пайымдай алмауы мүмкін. Аспан денелеріне келетін болсақ, бұлар әрекет жасамауы мүмкін және өзінен төмен жатқан субстраттарға бұлардан ешқандай әрекет берілмеуі мүмкін. Бұлай болатын себебі бұлардың әлсіздігінен емес, өйткені әлсіздік өздеріне (66-бет) байланысты, бұған себеп олардың субстраттары. Мүмкін тұлғаларға бұл күштер әуел бастан берілгендіктен және бұлар біріне-бірі әрекет жасайтын болғандықтан, аспан денелері оларға қарсы әрекет жасай алады немесе жәрдемдесе алады. Сөйтіп, оларға осындай күш бере отырып, аспан денелері оларға не жәрдемдесуші немесе қарсы әрекет жасаушы болып шығады. Өмір сүруі мүмкін нәрселердің ішінде өзіне бола өмір сүретіндері, басқа нәрселерде пайдаланылмайтындары және өздерінен ешқандай әрекет шықпайтындары бар; ал енді өздерінен қайсыбір әрекет шығаруға әзір тұратындары бар: олар не өз мәнінде немесе басқа мәнінде болады; басқаның әрекетін қабылдауға дайын тұратындары да бар. Өздері үшін өмір сүретін және басқа нәрсе үшін тіпті де өмір сүрмейтіндерден басқа нәрсенің болмысына айналуы түрінде әрекет шыға алады. Егер осылардың бәрі өз мәндері тарапынан бөгетке кездеспей, өздерінен шығуға тән, бір нәрсе шығатын күйде болса, онда осылардың болмысының осындай күйі бұлардың соңғы жетілуі болады. Мысалы, көзі көретін нәрсе бір нәрсені көрген уақытында осылай болады. Ал, егер, бұлар болмыстың сондай бір күйінде болса, айталық, болмыстың нақ сол кездегі күйімен салыстырғанда, онан не неғұрлым мәртебелі болмысқа ауыспайынша, пайда болуға тән нәрсені өздігінен жасай алмайтын күйде болса, онда осы күйі бірінші жетілу күйі болады. Мысалы, хат жазуды алсақ, ұйықтап жатқан хатшы мен сергек хатшының
арасындағы қатынас немесе шаршап, дем алып отырған хатшы мен оның хат жазып отырған күйінің арасындағы қатынас осындай. Нәрсе өзінің соңғы жетілу күйінде болып тұрғанда және онан қайсыбір әрекет шығуға тиіс болғанда, бұл әрекет онан қалыспайды, кейінірек емес, дәл сол сәтте, дереу жасалады. (67бет) Өзінің соңғы жетілу күйінде болатын нәрсенің әрекеті оның мәнінен тыс болатын кедергінің салдарынан ғана кешеуілдейді. Мұның өзі күн сәулесі үйдің қабырғасы тасасындағыны жасырып тұратыны сияқты, материядан ажыратылған нәрселер өзінің субстанциясы бойынша, әуел бастан-ақ соңғы жетілу күйінде болады да, бұлардың бірдебірі екі түрлі күйде болмайды: бірінші жетілу және соңғы жетілу күйінде болмайды. Не бұлар болсын, не бұлардың субстраты болсын, өздерінің қарама-қарсылықтары болмағандықтан, бұларға ешбір нәрсе кедергі жасамайды. Сондықтан, бұлардың әрекеттері солармен дөп келіп отырады. Аспан денелері өздерінің субстанциялары жағынан соңғы жетілу күйінде болады. Бұларға тән әрекеттер ең алдымен бұлардың шамаларды, мөлшерлерді, формаларды және өздеріне тән сондай-ақ еш уақытта өзгермейтін барлық басқа нәрселерді алуында. Бұларға тән әрекеттер, екінші кезекте, қозғалыста болады. Бұл қозғалыстар осылардың соңғы жетілуінен туады; бұл денелерде қарама-қарсылық жоқ және олардың өзінен тысқары қарама-қарсылығы жоқ. Сондықтан бұлардың қозғалысы әрқашан үздіксіз болып отырады. Ал болуы мүмкін денелер кейде бірінші жетілулерде, ал кейде соңғы жетілулерде бола алады, өйткені бұлардың әрқайсысында не біржола екі себептің екеуі бойынша немесе екі себептің бірі бойынша өздерінің әрекеттерін кідіртетін қарама-қарсылықтар бар. Мысалы, хат жазушы не өзі ұйықтап жатқандықтан әрекет жасамайды немесе ол басқа шаруамен алаң болып, нақ сол кезінде хаттың элементтер! оның ойына келмегендіктен әрекет жасамайды, не болмаса осы факторлардың бәрі онда бар, бірақ тысқары бір кедергі оның қолын байлайтындықтан әрекет жасамайды. (68-бет) Бұлардың бәрінің болмыс мақсаты соңғы жетілуге қолын жеткізуді көздейді. Нәрсе зорлағандықтан емес, табиғи жолмен өзінің бірінші жетілу күйінде болады. Кейін осы жетілу ол үшін құрал болып табылатындықтан немесе көмекші болып табылатындықтан, соңғы жетілуге ауысады. Мысалы әрекеттен қалжырау нәтижесінде хайуанаттардың ұйықтап, тынығуы әрекетке қабілетін қалпына келтіреді. Сонан соң, егер бұлардың ақылмен пайымдалатын сапаларының ішінде өздерінің субстанцияларынан тыс басқа болмыстар, яғни белгілі шамалар, сыртқы формалар, қаттылық, жұмсақтық, жылылық, суықтық және басқа категориялар болмаса, онда бұлардың кейбіреулерінің өздерінің жетілуі үшін субстанциялары жеткіліксіз болады. Бұл денелердің көптеген түрлерінің әрқайсысы бір тектес бөлшектері және белгісіз сыртқы формалары бар индивидтерді қамтиды. Төрт элемент және минералдар дәл осындай. Бұлардың формалары әрекетшіл себептің әсер ету дәрежесіне, сондай-ақ осылардың төңірегіндегі нәрселердің формаларына байланысты болады. Ал олардың шамалары дәйексіз мөлшерде болады. Алайда бұлар шамасы жағынан ұшы-қиырсыз емес. Олардың бөлшектері бірде бірігіп, бірде ажырайды. Осылардың ішінде, (69бет) егер бірімен-бірі бір жерде кездессе, қосылып кететіндері бар. Ал бір жерде кездескен күнде де бірімен-бірі тек түйісіп, бірақ бірікпейтіндері бар. Бұлардың ажырасуы және бірігуі белгілі бір тәртіппен
[жүзеге аспайды]. Осылардың бірігуін және ажыратуын туғызатын әрекетшіл себептің әсерінен сәйкес кездейсоқ жүзеге асады. Сондықтан әрбір түрдің қамтитын нәрселерінің бірінен-бірінің ажырауы міндетті нәрсе емес. Мұның өзі кездейсоқ болады, өйткені бұларға, тіпті бұлардың акциденциялары қандай жағдайда болмасын, жетілгендік тән қасиет. Бұл нәрселерге мүмкін заттардың өзінің пайда болуы үшін тепе-тең мүмкіншілігі болады. Өсімдіктер мен жануарларға келетін болсақ, олардың ұлан байтақ түрлері өздерінің жаратылысы бойынша бірінен-бірі бөлек және олардың қайсыбірінің болмысы оның өзіне ғана тән және басқа индивидке тән болмыстан өзгеше. Сондықтан бұл индивидтің жаратылыста белгілі саны бар. Бұл бөлшектердің әрқайсысында белгілі бір мөлшер, сапа, орын және тәртіп болады. Өмір сүруі мүмкін нәрселердің тектері жоғарыда айтқанымыздай, болмыс сатыларынан құралады, оның бер жағында төменгі тектер, мүмкін болмыстың жоғарғы тектерінің әрқайсысы үшін өмір сүреді. Элементтер өздерінің әрбір бөлшектерімен оларға үш жағынан көмек көрсетеді - материя ретінде, қызмет ету арқылы және құрал ретінде. Минералдар қалған нәрселерге көмектеседі. Бірақ, әрбір түрге емес және көмектің барлық түрімен емес: бір түрі - материя ретінде, басқа бір түрі - қызмет көрсету арқылы, мысалы, таулар бұлақтардан агатын сулардың пайда болуына жағдай туғызады және үшінші түрі - құрал ретінде көмектеседі. Өсімдіктердің түрлері жануарларға тағыда осындай үш жағынан көмек көрсетеді. Дәл сол сияқты ақыл-парасатты жануарлар (70-бет) ақыл-парасатты жануарларға үш жағынан көмектеседі: бұлардың біреулері - қызмет көрсету арқылы, үшіншілері - құрал ретінде қызмет көрсету арқылы көмек көрсетеді. Ақыл-парасатты жануарларға келетін болсақ /26/, мүмкін тұлғаның ішінде мұнан артық кәмелетке жеткен тек болмағандықтан, олар өздерінен жоғары кәмелетке жеткен басқа нәрсеге еш уақытта да көмек көрсетпейді. Өйткені ақыл-парасаттың арқасында бұлар тіпті де бірдеңенің, өздерінен жоғары тұрғанның да, төмен тұрғанның да материясы болып табылмайды. Өзінен тыс басқа нәрсенің тіпті де құралы болып табылмайды және басқаларға мүлдем қызмет атқармайтыны да табиғи нәрсе. Ал, енді бұлардың қалған мүмкін тұлғалы нәрселерге және біріне бірінің тигізетін көмегіне, табиғи көмегі емес, ақыл-парасат пен еркіне негізделген көмегіне келетін болсақ, мұны біз бұл арада талқыламаймыз. Ақыл-парасаттың арқасында бұлар көптеген табиғи нәрселерге олардың акциденциясын өзгертіп қызмет атқарады. Мысалы, суды бұлақ етіп ағызғанда, ағаш отырғызғанда, жерге тұқым сепкенде, мал бағып мал өсіргенде және тағысын тағыларда осылайша болады. Ал табиғи көмекке келетін болсақ, бұлардың бірде біріне басқа түр қызмет атқармайды, тек бұлардың әрқайсысына өз түрі қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бұлардың бірі де өз түрі болмаса, басқа түрдің қызметін атқаруға пайдаланылмайды және құрал болып қызмет атқармайды. Анағұрлым жоғары тектердің соғұрлым төменгі мүмкін тұлғалы нәрселердің көмегіне келетін болсақ, [жоғарыда] өзіміз айтқандай, ақыл-парасатты жануарларда ешбір нәрсе түрі жағынан өздерінен төменгілерге ешқандай да қызмет етпейді де, көмектеспейді, мұның осылай болуы бұлардың формасына байланысты. Түрлердің біріне-бірінің көмегін дәл осылай түсіну керек /27/.
Ақыл-парасатсыз жануарларға келер болсақ, оларды өздерімен салыстырғанда, кем жетілгендердің материясы бола алмайды. Өзінің формасы бойынша бұлардың бір де бірі өсімдіктер үшін материя болмайды. Бірақ, қызмет көрсетуіне және құрал болуына мұның кедергісі жоқ. Кейбір жануарлар өздерінің жаратылысы бойынша элементтерге қызмет етеді, атап айтқанда, өздерінен алыс жатқан нәрселерді элементтерге ажырату арқылы қызмет етеді. Мысалы, өзінің жаратылысы бойынша улы жануарлар - жануарлардың басқа түрлерінің дұшпаны. Мысал үшін айтқанда, жануарлардың әр қилы түрлерін элементтерге ажырату арқылы жыландар өзінің уымен элементтерге қызмет атқарады. Қатысты мағынада болса да, өсімдіктердің улары жөнінде де соны айтуға болады. Бұл түр екі нәрсеге қызмет етеді. Жыртқыш андардың жыландарға ұқсамайтынын білмек керек. Жыландардың уы түрлі жан-жануардың есебінен өздерінің жейтін тамағын жақсарту үшін қызмет атқармайды. Бұлар тек қана өздерінің жаратылысы бойынша жан-жануарлардың барлық түріне дұшпан және осыларды құртуға тырысады, ал аңдардың бірін-бірі жейтіні туа біткен дұшпандықтың салдарынан емес, қорегіне керек болғандықтан солай жасайды. Сондай-ақ, минералдар элементтердің материясы болып табылмайды, оларға тек құр ал ретінде ғана қызмет атқарады. Мысалы, таулар судың шығуына жағдай жасайды. Жануарлар мен өсімдіктердің әр қилы түрлерінің индивидтері топтарға біріккенде ғана өзіне қажетті заттарды таба алатын түрлерге бөлінеді; мұнда әрбір индивид өзіне-өзі қажетті заттарды таба алады және бірінен-бірі дараланып кетеді, бірақ бұл индивидтер бірімен бірі біріккенде ғана ең жоғарғы дәрежеде жетіледі. Кейін, әрбір индивид (72-бет) бірінен бірі оңашаланып жүрсе де, ол түрлердің барлық қажетті нәрсеге қолы жететін және ең жоғарғы дәрежеде жетілетін индивидтер! де болады. Алайда, егер бұлар бірігетін болса да, жетілуде біріне-бірі бөгет жасамайтындары болады, кейін біріккен жағдайда қажетті нәрсеге жетуге немесе істердің ең жоғарғы кәмелетіне жетуде біріне-бірі кедергі жасайтындары болады. Сондықтан, әр кезде де өзінің тіршілігінде, керек десеңіз, балалаған кездерде де бірінен бірі оңашаланып шығатындары болады. Теңізде өсетін көптеген жан-жануарлар осылай болады. Ал енді тек балалайтын кездерде ғана біріненбірі оңашаланып кететіндері бар; өздерінің тіршілігінің көп жағдайларында бірінен-бірі жекеленбейтіндері де бар. Олар мысалы, құмырсқалар, аралар және көптеген басқа жәндіктер, сондай-ақ топтанып ұшатын, топтанып қоректенетін құстар. ТӨРТІНШІ БӨЛІМ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДАР (73-бет) Адам өзінің барлық істерінде тек көптеген адамдардың бір қонысқа біріккенде ғана қажетті нәрсеге қолы жететін және ең жоғарғы дәрежеде жетілетін жануарлар түріне жатады. Адам қоғамы ұлы, орташа және шағын қоғамдарға бөлінеді: Ұлы қоғам дегеніміз - бірімен-бірі біріккен және біріне-бірі көмек көрсететін көп халықтардың жиынтығы. Орташа қоғам дегеніміз - бір халық. Шағын қоғам - бір қаланың төңірегінде топтасқан қоғам. Қоғамның осы үш түрі кәміл қоғам болып табылады. Қала жетілудің ең жоғарғы сатысында болады /28/. Ауылдар, мөлтекаудандар, көшелер және үйлер толық емес қоғам
болып табылады. Бұлардың ішінде ең жетілмегені - көше қоғамның құрамды бір бөлігі болып табылатын үй ішіндегі қоғам. Көше қоғамы мөлтекаудан қоғамының бір бөлігі. Міне осы қоғам қала қоғамының бір бөлігі. (74-бет) Мөлтекаудан қоғамы және ауыл қоғамы қалаға жатады, бірақ бұлардың айырмасы - мөлтекаудан қаланың бір бөлшегі, ауыл болса қала үшін қызмет атқарады. Қалалық қоғам қайсыбір халықтың бір бөлігі. Халық қалаларға бөлінеді. Халықтардың ерекшелігі мен оның себептері Абсолюттік адамзат қоғамы халықтарға бөлінеді. Бір халықтың екінші халықтан үш табиғи айырмашылығы бар: табиғи жаратылысына, табиғи мінез-құлық белгілері және үшінші, адамдардың мінезіне негізделіп бөлінеді. Сондай-ақ, тіл айырмашылығы, яғни ойды білдірудің құралы болып табылатын сөз айырмашылығы. Халықтар үлкен халықтар және кіші халықтар болып бөлінеді. Осы белгілері бойынша халықтардың әр қилылығының бірінші табиғи себебі - ең алдымен аспан денелерінің бөлшектерінің бірінші сферасына қарағанда өздерінің қалай орналасқандығы. Кейін қозғалмайтын жұлдыздар сферасына қарағанда қалай орналасқандығы жөніндегі айырмашылығы.Келесі, көлбеу сфераның жер бөліктеріне қарағандағы орналасу айырмашылықтары, олардың жақындасуы мен алыстауы. Халықтардың қоныс орны болып табылатын жер бөліктерінің айырмашылықтары осыған байланысты. [Жоғарыдағы айырмашылық] ең алдымен жердің үстіндегі бірінші сфера бөлшектерінің орналасу айырмашылығына (75-бет) кейін, бұлардың үстінде қозғалмайтын аспан жарықтарының орналасу айырмашылығына байланысты және көлбеу сфералардың орналасу айырмашылығына байланысты. Жерден жоғары көтерілетін бұлану, жердің өзі сияқты жерден пайда болатын әрбір бұланудың айырмашылығы жер бөліктерінің айырмашылығына байланысты. Ал ауаның айырмашылығы мен судың айырмашылығы бұланудың айырмашылығына байланысты. Жердің әрбір ауданындағы су сол аудандағы жер астынан шығатын бұланулардан түзеледі деседі. Жердің кез келген ауданының ауасы жерден ауаға көтерілетін бумен араласады. Қозғалмайтын планета сфераларының айырмашылығы, бірінші сферадағы айырмашылық, көлбеу сфераларының орналасу айырмашылығы, ауаның айырмашылығы, ақылпарасатсыз жануарлар турлерінің айырмашылығы, халықтардың тамақтану айырмашылығы осы тәртіппен жүріп жатады. Олардың тамақтануындағы айырмашылық адамдардың ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген малы мен егіндерінің айырмашылығына байланысты. Құлықтың айырмашылығы және мінездің табиғи қасиеттерінің айырмашылығы осыдан келіп туады. Дәл сол сияқты, халықтың тас төбесінде тұратын аспан бөлшектерінің айырмашылығы құлықтар н и мінез қасиеттерінің айырмашылықтарына себеп болып табылады. Кейін, осы айырмашылықтардың өзара әрекеттесуінен және орайласып ұштасуынан түрлі қоспалар пайда болады. Осы қоспалар халықтардың құлықтары мен мінез қасиеттерінің өзгеруіне жағдай і.асайды. Одан соң бұл бағытта да осы .табиғи заттардың бірігуі және осі.шардың сатыларының бірімен бірінің қосылуы жүріп жатып осы мөлшерде аспан денелері солардың жетілуіне
жағдай жасайды. Ал енді жетілудің басқаларына келетін болсақ, олар аспан денелеріне тән қасиет емес, бұл әрекетшіл ақыл-парасаттық үшін ғана мүмкін. Бірақ, әрекетшіл ақылпарасат басқа жетілулерді адам тегіне ғана бере алады. Әрекетшіл ақыл-парасаттың осы жетілулерді адамға беруі жағынан ол аспан денелеріне ұқсайды. Ол ең алдымен адамға күш беріп әуелгі бастаманы береді. Осының арқасында адам өздігінше барлық басқа жетілулерге ұмтылады. БЕСІНШІ БӨЛІМ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ Әрекетшіл ақыл-парасаттың рөлі Әрекетшіл ақыл-парасат адамда алдымен жанның түйсіктенуші бөлігі қалыптасып, кейін онда түйсікпен байланысты болатын жанның талпынушы бөлегі дамып және ниет пен жирену қалыптасқаннан кейін ғана адамға әлгі білімдерді және ақылмен пайымдайтын мәндерді береді. Бұл білімдер әуелгі білімдер мен әуелгі ақылмен пайымдалатын мәндер. Құштарлық пен жиреніш адамның табиғи сезімінен болып табылады, ал осы екеуі дене мүшелері құралы. Осы екеуінің арқасында ерік күші пайда болады. Ерік күші және оның түрлері (78-бет) Ерік күші дегеніміз - ең алдымен түйсіктен шығатын қалау. Қалау жанның талпынушы бөлігіне жатады, ал қабылдау болса сезімге жатады. Осыдан кейін жанның қиялдаушы бөлегі пайда болады, осының арқасында қалау пайда болады. Бірінші ерік күшінен кейін екінші ерік күші келеді. Екінші ерік күші қиялдан шығатын қалау болып табылады. Осы ерік күшінің арқасында адам жанның ақыл-парасатты бөлігінде әрекетшіл ақыл-парасат тудыратын алғашқы білімді қабылдай алады. Сол кезде адамда үшінші ерік күші пайда болады,басқаша айтқанда ойлау қабілетінен шығатын қалау туады. Бұл ерікпен таңдау деп аталады. Бұл нәрсе еш жағдайда да басқа жан-жануарға тән емес, тек қана адамға тән құбылыс. Және осының арқасында адам мақталатын не даталатын, жақсы не жаман қылықтар жасайды және сол үшін не сый-құрмет көреді немесе жаза шегеді. Алғашқы екі ерік күші ақыл-парасатсыз жануарларда болуы мүмкін. Ал егер ерік күшінің барлық түрі бірдей адамда болатын болса, онда ол, қайырымдылық пен зұлымдықты, жақсы мен жаманды ажырата алатын қабілеті болып, бақытқа талпына алады. Бақыт және қайырымдылық пен зұлымдылық (79-бет) Ал бақыт дегеніміз - абсолюттік қайырымдылық /29/. Бақытқа жету үшін және бақытқа не болу үшін қажет нәрсенің бәрі де сонымен бірге игілік болып табылады, бірақ өзі үшін емес, мұның өзі бақытқа жету үшін қажет болғандықтан. Дегенмен, қандай бір шамада болсын бақытқа кедергі жасайтын нәрселер абсолюттік зұлымдық болып табылады. Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды. Ол да табиғи түрде, сондай-ақ қалау түрінде де бола алады, бірақ ол табиғи түрде келмейді, керісінше оны аспан денелері береді. Аспан денелері осы арқылы әрекетшіл ақыл-парасаттың мақсатқа жетуіне жағдай жасауға немесе кедергі жасауға тырыспайды; қайта керісінше, материяға жаратылыста бар нәрсенің баршасын беріп отыру аспан денелерінің субстанцияларына тән қасиет бергенде, оның көздегені әрекетшіл ақыл-парасаттың мақсатына жету үшін әлде пайдалы, әлде
зиянды қамдастырып жатпай, материяның соларды қабылдауы үшін береді. Сондықтан аспан денелерінен шығатын нәрселер әрекетшіл ақыл-парасаттың мақсатына кейде қайшы келуі де ықтимал. (80-бет) Ерік күшіне негізделген қайырымдылық пен зұлымдылыққа яғни жақсы және жаман қылықтарға - келетін болсақ, бұлар тек адамға ғана тән. Ерік күшіне негізделген қайырымдылықтың жолы, адам жанының бес пайымдау күштері арқылы болады: теориялық ақыл-парасаты, практикалық ақыл-парасатты, талпынушы, қиялдаушы және түйсінуші күштер арқылы. Адам бақытты, ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл-парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бұл адамға әрекетшіл ақылпарасат беретін әуелгі бастамалар мен әуелгі білімдерді адам пайдаланып, пайымдауы керек. Кейін, ол талпынушы күш арқылы бақыт жолдарын іздегенде, практикалық ақылпарасат күші арқылы бақытқа кету үшін ол не істеуі керек екенін ойластырып жасайды. Сонан кейін талпынушы күш арқылы ойластыру жолымен біліп алған әрекеттерді жасайды. Ол қиялдаушы және түйсінуші күштер ақыл-парасат күшін әзірлейді және оған көмектеседі, адамды бақытқа жету үшін жағдай жасайтын әрекеттерге бастайды, міне, сонда адам толық игілікке не болады. Сөйтіп ерлік күшіне негізделген игілікке к.ол жеткізеді. Ерік күшіне негізделген зұлымдыққа келетін болсақ, бұл өзі жоғарыда мен айтқандай, былай болады, атап айтқанда: қиялдаушы күш те, түйсінуші күш те бақытты пайымдамайды, ал ақыл-парасат күші бақытты пайымдаса да, оның кез келген күйінде емес, бақыт мақсатын теріс күйінде ғана пайымдайды. Адамның өмір негізі мен өмір мақсаты осылар деп жорамалдайтын көп нәрселері болады. (81-бет) Мысалы, дәмді, пайдалы немесе абырой т. б. Адам жанның ақыл-парасатты теориялық бөлігін жетілдіруде баяу қимылдағанда, бақыттың не екенін түсінбестен, ол соған асығыс ұмтылады және бақытты өз өмірінің мақсаты етпестен, басқа бірдеңені: пайдалыны немесе ұнамдыны, мансапты немесе абыройды мақсат етеді. Ол талпынушы күштің жетегімен осыған жетуге тырысады, практикалық ақыл-парасаттың күші арқылы осы мақсатқа қалай жету жолын ойластырып мұны қиялдаушы әрі түйсінуші күштердің қолдауымен талпынушы күштің қаруы арқылы соны жүзеге асырады. Әне сонда абсолюттік зұлымдық орын алады. Сонан соң егер адам бақытты пайымдап, таныса білсе, бірақ оны өзінің негізі мен мақсаты етпесе, оны көңілі қаламай немесе оған селсоқ қарап, өзінің өмірлік мақсаты етіп, бақыттан басқа бірдеңені таңдаса және соған жету үшін бар күшін жұмсаса, онда осыдан да абсолюттік зұлымдық келіп туады /30/. Адамның бақытқа кенелуі Егер адамның өмір сүруінің мақсаты бақытқа - ең жоғарғы кәмелетке жету болса, (82-бет) онда адамның осы бақытқа жетуін көрсету үшін оны меңгеруге қабілетті нәрселердің бәрін алу керек. Бұл әрекетшіл ақыл-парасат алғашқы білім болып табылатын алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндерді білген кезде мүмкін болады. Ақылмен алғашқы пайымдалатын мәндерді білуге кез келген адам жаратылысынан қабілетті бола бермейді. Адам индивидтерінде түрліше күштер мен түрліше қабілеттер жаратылысынан берілген. Бұлардың ішінде алғашқы негіздерден жаратылысынан түк алмайтындар бар, ал, енді біреулері оны бұрмаланған күйде алады. Бұлар - есі ауысқандар. Ал оларды бұрмаланбаған күйде алатындар бар. Бұлар табиғаты дұрыс қабілетке ие адамдар. Бақытқа жетуге тек осылар ғана қабілетті.
Туасы дұрыс қабілеттері бар адамдардың бәрінде ортақ қасиет болады, сол қасиеттің арқасында бұлар ақылмен пайымдалатын, олардың бәріне ортақ мәндерді білуге қабілетті және бұлар осының жәрдемімен бәріне ортақ күйлерге және әрекеттерге талпынады. Осыдан соң барып олар жіктеліп, бірінен бірінің айырмашылығын біледі. Сөйтіп бұлардың әрқайсысы және әрбір топ өздеріне ғана тән қасиеттерге ие болады. Бұлардың қайсы біреулері ақыл мен пайымдалатын басқа бір ерекше сипатты мәндерді қабылдауға бейім болады. Осының нәтижесінде бұлар қайсыбір текке талпынады. Басқа біреулер ақылмен пайымдалатын басқа бір мәндерді қабылдауға, басқаға тән қасиет бірдей тән болмайтын қайсыбір басқа текке пайдалануға жарайтын мәндерді қабылдауға бейім турады. Қайсы біреулері белгілі бір текте соның біреуіне ғана тән ақылмен пайымдалатын көптеген мәндерді қабылдауға әзір болады. Нақ осы сияқты адамдар зерттеу жолымен пайымдалатын жағдайларды анықтауға қабілеттілігі жағынан әр қилы болып кездеседі. (83-бет) Екі адамның екеуіне де ақылмен пайымдалатын қайсыбір текке тән мәндердің тек біреуі ғана берілген болуы әбден ықтимал. Бірақ осы екеуінің бірі ақылмен пайымдалатын сол тектегі мәндер арқылы өзінің жаратылысы бойынша азын-аулақ нәрселерді ғана анықтауға қабілетті. Ал басқа біреуі сол текке жататындардың бәрін анықтауға жаратылысынан қабілетті. Нақ осы сияқты, бір затты анықтау жағынан екі адам тең қабілетті болуы мүмкін, бірақ соның біреуі осыны тез арада жасап тастайды, ал екінші бірі баяу жасайды. Сондай-ақ, осы адамдардың бірі сол тектегінің ең көркемін тез анықтаса, екінші біреуі - сол тектегінің ең пәсін тез анықтайды. Олар сондай-ақ бір нәрселерді анықтауда күші мен тездігі жағынан тең түсуі мүмкін, бірақ бұлардың бірі өзінің сол анықтаған нәрсесін басқа адамға түсіндіріп, оны соған оқытуға қабілетті болады да, екіншісінде болса мұндай қабілет болмайды. Дәл сол сияқты, қара жұмысты атқаруға қабілеттілігі жағынан адамдарда айырмашылықтар болуы мүмкін. Бұл табиғи қасиеттер ешбіреуге күштеп танылмайды және бұл әрекеттерді орындауға еш біреуді зорламайды, керісінше, осы әрекетті орындауды жеңілдететін табиғи қасиеттер болады. Алайда, егер біреу өз қалауы жөнінде ерікті болып ешбір нәрсе сырттан оны итермелемесе, онда, ол соған күні бұрын қарама-қарсылыққа қарай табиғи түрде бейімделіп өзіміз айтқан мақсатқа ұмтылады. Ал егер сыртқы қозғаушы оны соның өзінің қарама-қарсылығына қарай итермелейтін болса, онда ол өз тарапынан осы қарамақарсылыққа қарай талпынады, бірақ оның талпынуы қинаумен, күштеумен және қиындықпен болады. Алайда мұның п и ол үшін әрекеттенудің арқасында жеңілдейді (84бет). Жаратылысы бойынша өзіне бір мінез берілген адамдар да болады, бірақ бұлар қатты қиналған кезде табиғи құлқынан бас тартады. Алайда, пул қасиет коп адамдарға тән болмауы да әбден ықтимал. Адамның жаратылысынан дімкәс болуының нәтижесі оны ақыл-естің арылмайтын кеселіне ұшыратуы да мүмкін. Осы табиғи қасиеттердің бәрі ерік күшіне негізделген тәрбиені [нәрселер] арқылы тәрбиелеуді қажет етеді; ол нәрселер жоғарғы кәмелетке немесе соған жақын дәрежеге жеткізуге арналған болуы тиіс. Қайсыбір тұрғыдан алғанда аса тамаша және өте-мөте абзал қасиеттер болуы мүмкін, бірақ оларды елеусіз қалдырып, арнаулы амалдармен ол қасиетті дамытпаса, тиісті нәрселермен баулымаса, осының нәтижесінде уақытын өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алуға болады. Осылардың ішінде сондай бір қасиеттер болуы мүмкін. Егер оларды ең пәс амалдармен тәрбиелейтін болса, онда өте абзал әрекеттер құрып кетіп, пәс, пасық әрекеттер пайда болуы мүмкін /31/.
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА (85-бет) Адамдардың тектері олардың жаратылысынан, өнерлер, ғылымдар сатыларына жіктелуіне сәйкес ажыратылады. Олар осы нәрселерге жаратылысынан бейім болады. Қайсыбір текке жаратылысынан әзір тұратындар сол тектің бөлшектеріне сәйкес жіктеледі. Бұл тектің неғұрлым пәс бөлшектеріне жаратылысынан бейім адамдар, сол тектің неғұрлым лайықты бөлшектеріне бейімделгендерден өзгеше болады. Қайсыбір текке және тектің қайсыбір бөлшегіне жаратылысынан бейім адамдар, өзінің алдын ала бейімдігінің жетілген - жетілмегеніне сәйкес ажыратылады. Сонан соң, жаратылысында берілген қасиеттері жағынан тепе-тең адамдар осы адамдардың өзі бейім туратын нәрселер арқылы алатын тәрбиесіне қарай ажыратылады. Тәрбиесі жағынан өзара тең адамдар соның салдарына қарай ажыратылады. Қайсыбір салада оң нәтижеге жетуге қабілетті адамдар қабілеті жоқ адамдардың басшысы болады. Нәтижеге жетуге көбірек қабілеті бар адамдар нәтижеге жетуге қабілеті аз адамдарға басшы болады. Бұл адамдар тәрбиенің нәтижесінде қол жеткізген жақсы немесе нашар басқару немесе кеңесші болу қабілетіне қарай ажыратылады. (86-бет) Жақсы басшылық жасап, жақсы ақылгөй болуға қабілеті бар адамдар осы нәрсеге қабілеті жоқ адамдарға басшы болады. Осы сияқты қайсыбір салада жақсы қасиеті бар адамдармен салыстырғанда, жаратылысынан жетілмеген қасиеттері бар адамдар жақсы тәрбиенің арқасында, жаратылысынан өте абзал қасиеттері бар адамдардың тәрбиесін көрмегендермен салыстырғанда, анағұрлым лайықты адамдарға айналады. Қайсыбір салада неғұрлым жетілген тәрбие көргендер нақ сол салада соғұрлым кәміл емес тәрбие алғандарға басшы болады. Осындай салада жаратылысынан ең абзал қасиеттері бар және жаратылысынан өзі бейім нәрселердің бәріне сәйкес тәрбие алғанда осы салада жаратылысынан тамаша қасиеті еш уақытта болмағандарға басшы бола алмайды; олар жаратылысынан тамаша қасиеті бар, бірақ тиісті тәрбие алмағандарға ғана немесе жеткілікті тәрбие алмағандарға ғана басшы бола алады. Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы керек. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек. Әртүрлі индивидтердің түрліше қасиеттерінің айтылғанынан (87-бет) мынадай айқын қорытынды шығады: білуі тиіс болған [нәрселер] мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кез келген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін [екінің бірінде] ақылгөй ұстаз керек. Кейбір кісілер азын-аулақ қана басшылықты керек етеді, басқа бір адамдар - коп басшылықты қажет етеді. Бірақ, басшылықтың бұл екі түрі болғанның өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші, немесе талпындырушы болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл жағдай адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Сондықтан ол осының бәрін үйрететін және тиісті амалдарды орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады.
Басшы басқаға үйретіп жол көрсетеді Басқа адамға басшылық ету де әр адамның қолынан келе бермейді және тиісті әрекетті жасауға итермелеуші болу қабілеті де әрбір адамда бола бермейді. Осы нәрселердің біріне итермелеуші болуға немесе оны өзге адамға жеткізе білуге мүлдем қабілетсіз адам ешбір жағдайда басшы бола алмайды. Мұндай адам тек біреудің басшылығында болады. Ал енді бір жағдайларда басшылық етіп жетелеуші болуға және оны осы ретте пайдалануға қабілетті адам соны өздігімен істей алмайтындарға осы мәселеде басшы болады. Осыған өздігімен жете алмайтын адам, егер соның өзіне басшылық етіп, оны осыған үйретсе, онда ол осыны түсінеді. Кейін басқаларды өзі танып-біліп, басқаны бір нәрсеге итермелеуге қабілеті пайда болады. Оларға басшылық етіп оны осы жолда пайдаланады. Міне, мұндай адам өзі біреулерге басшы болып әрі өзі біреулердің басшылығында болады. Басшы бірінші басшы болуы да және екінші басшы болуы да мүмкін. (88-бет) Екінші басшы дегеніміз - өзіне басқа кісі басшы, ал өзі басқа бір кісіге басшы. Басшылықтың осы екі түрі белгілі бір салада жүзеге асырылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында, саудада, медицинада. Сол сияқты, бұл жағдай, яғни адамдардың тегі жөнінде ерекшелігі барлық салаларда қолданылуы мүмкін. Бірінші басшы Абсолюттік мағынада бірінші басшы дегеніміз кім? Бұл басқа біреудің басшылығын мүлдем керек етпей ғылымдары мен білімдерінің жетілгені сонша, бұл жөнінде өзіне басшылық ететін басқа адамға мүлдем тәуелді болмайтын дәрежеде шын жетілген адам. Орындалуға тиісті нәрсенің барлығын жеке-жеке егжей-тегжейлеріне дейін білуге қабілеті болу оған міндет емес. Бұл адам оның өзі білетіндердің барлығы жөнінде басқалардың бәріне тамаша басшылық етуге қабілетті; бұл адам өзі күні бұрын бейім жұмыстың ішінде бір қажетін орындауға жарайтын адамның қандайын болсын пайдалануға қабілетті; бұл адам бақытқа жеткізетін әрекеттерді белгілеуге және оларға бағыт сілтеуге тамаша қабілетті. Бірақ, бұл жаратылыс қасиеттері өте тамаша, абзал адамдарға, яғни жандары әрекетшіл ақыл-парасатпен бірге біткен адамдарға ғана тән. Ал оған мына жолдармен жетуге болады: алғашында адамда бәйекшіл ақыл-парасат пайда болады, сонсоң онда жүре келе қалыптасатын ақыл-парасат пайда болады, осыдан кейін ол, «Жан туралы» деген кітап та суреттелгендей, әрекетшіл ақыл-парасатпен қосылады /32/. (89бет) Мұндай адамды ертедегілер нағыз әкім деп атаған. Бұл туралы оған аян берілген деуге болады. Егер адам сол сатыға жеткен болса, басқаша айтқанда, егер мұны мен әрекетшіл ақыл-парасаттың /33/ арасында дәнекерлеуші ештеңе болмаса, оған аян беріледі. Жүре келе туатын ақылпарасаттың субстраты болатын бәйекшіл ақыл-парасат материяға ұқсайды, ал жүре келе туатын ақыл-парасат әрекетшіл ақыл-парасаттың субстраты бола отырып, материяға ұқсайды; бұл өзі әрекетшіл ақыл-парасаттан дәйекшіл ақыл-парасатқа күш құйылған кезде адамның нәрселер мен әрекеттерді белгілеп, осыларды бақытқа жетуге бағдарлап алуына көмектесетін күш құйылған кезде болады. Әрекетшіл ақыл-парасат пен бәйекшіл ақылпарасаттың арасындағы қатынас осылай болса және оларға жүре келе туатын ақыл-парасат дәнекер болса уахи сонда болады /34/. Әрекетшіл ақыл-парасат Бірінші себептің болмысынан шығатын болғандықтан, әрекетшіл ақыл-парасат арқылы адамға аян беруші дәл осы Бірінші себеп деп айтуға болады. Бұл адамның басшылығы Бірінші басшылық болады, ал адамдардың қалғандарының бәрінің
басшылығы Бірінші басшылықпен салыстырғанда, кейінгі басшылық және сол Біріншіден тарайтын басшылық болып табылады. Бұл айқын нәрсе. Осы басшылыққа бағынатын адамдар қайырымды, абзал және бақытты адамдар болып табылады. Егер бұл адамдар халық болып құрылса, онда бұл халық - қайырымды халық, ал егер бұл адамдар бәріне ортақ жерге қоныстанып біріксе, онда осындай басшылықпен біріккен бәріне ортақ қоныс қайырымды қала болып табылады. Ал егер бұлар ортақ қонысқа бірікпей, әр қилы жерде туратын болса және бұлардың тұрғындары (90-бет) бұл басшылыққа емес, басқа басшылыққа бағынатын болса, онда мұндай жерлердегі қайырымды адамдар бұратана болып табылады. Бұлардың бытыраңқылығы, әлде бұлардың бірігіп туратын қала дегенді әлі кездестірмегендігінен немесе бұрын бір кезде бір қалада тұрса да кейінен бір бақытсыздыққа ұшырауынан: жау шапқыншылығына, індетке, қуаңшылығына немесе тағы бірдеңеге ұшырап, лажсыз ыдырап кеткендігінен болады. Жалғастырушы [ізбасар] басшы Егер де әкімдер бір қалаға, бір халықтың шеңберіне немесе көптеген халықтардың шеңберіне жиналып қала құрған болса, онда бұлардың жейтін қамы, мақсаттары, тілектеріне әрекет ету жолдары бірыңғай болудың арқасында бейне бір әкім болғандай болар еді. Және бұлар уақыт жағынан бірінен соң бірі кезек ауысып, бір әкім сияқты болар еді, өйткені, екіншісі біріншінің әрекет жолын ұстар еді, келесісі өзінен бұрынғының өмір жолын ұстар еді. Нақ осы сияқты, осылардың ішінде қайсыбірі бұрын өзі енгізген заңды белгілі бір уақытта өзгерткен дұрыс болады деп тапса, өзгеруі әбден-ақ орынды нәрсе болып шығады. Және нақ осы сияқты, келесі бір әкім өзінен бұрынғының жасап шығарған заңын өзгерте алады. Өйткені, мұнан бұрынғы әкім қазіргі жағдайды көрсе, соның өзінде ол заңдарды өзгерткен болар еді. Ал енді ол адам қазіргі жағдаймен келіспесе, онда ол бұрын қабылданған және бір кезде сақталып келген, осылардың негізінде бұрынғы әкім қалаларды билеген заңдарды жаңадан қайта енгізеді. Осы жазылған заңдардың, бұрынғы халықтардан ауысқан заңдардың негізінде қаланы билеуші басшы осы заң бойынша. Жалғастырушы әкім болып табылады. Мәңгілік қайырымды қала тұрғындарының бағыты Егер қаланың әр тұрғыны соған жазылған заңға сай қимыл әрекет жасайтын болса, осыны өзі түсініп істеп отыр ма немесе басшы осыған себепкер болды ма, бағыт берді ме, буған қарамастан, оның осындай әрекеттері оған тамаша рухани азық болады. Мұның өзі хат, кітап жазуға байланысты ұзақ уақыт шебер әрекет жасағанмен бірдей, адам хатты шебер, сұлу жазуға машықтанады ал, мұның өзі рухани азық және ол осымен қаншалық көп айналысқан сайын, соншалық мол рахатқа кенеледі және не болған қабілетінен соншалықты күшті көңіл қошын табады. Нақ осы сияқты, бақытқа жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жаратылысы бойынша жанның бақытқа күні бұрын бейім тұратын бөлшегін нығайта түседі және оны актуальды етеді, жетілдіре түседі. Өзінің жетілуіне байланысты жан материяға зәру болудан қалады, одан арылады. Ол материяның опат болуымен бірге өзі опат болмайды, өйткені өзінің қабілеттері үшін және өмір сүруі үшін ол бұдан былай материяға мұқтаж болудан қалады. Міне, сол кезде ол бақытқа жетеді.
Қала тұрғындарының бақыттан алатын үлесі сан жағынан да, сапа жағынан да бірінен-бірі артық болатыны және мұның өзі қаланың іс-әрекеттері арқасында болатын жетілгендіктердің бірінен-бірінің қаншалықты артықтығына байланысты болатыны анық нәрсе. Сондықтан осыған сәйкес алатын рахаттар да бірінен-бірі артық болады. Егер де жан материядан денесіз бөлініп шығатын болса, онда ол денелерге тән акциденциялардан арылады, солай болған соң жан туралы одан былай қозғалады деп айтуға болмайды және бұдан енді денесіз нәрселерге сай сөздерді қолдану керек болады. (92-бе?п) Жан денеде болатын кездегі адамның барлық жан дүниесінде болып жататындар, енді материядан ажыратылған жан жөнінде теріске шығарылатын болуға тиіс. Ал, енді жанның осындай күйін түсіну мен көзге елестету қиын және әдеттен тыс жұмыс, мұның өзі дене болып табылмайтын және денелерде болмайтын субстанциялардың формаларын көзге елестетудің өзі қиын сияқты нәрсе. Адамдардың бір ұрпағы өліп, олардың денелері құрыған кезде олардың жандары азат болады да, бақытқа жетеді, олардың орнына осылардың орнын басатын жаңа адамдар келеді және егер, бұл адамдар да өзінен бұрын өткендердің ісін істейтін болса, онда бұлардың да жандары өздерінің денелерінен азат болады және денелері опат болғаннан кейін бұлар бұрынғы ұрпақтағы өздерінен бұрын өткендердің дәрежесіне жетіп, денелі емес нәрселер қалай көрші өмір сүретін болса, сол мағынада бұлардың жандары көршілес болып орналасады және бұл жандар бір ұрпақтағы адамдардың өздеріне ұқсас жандарымен бірігеді. Материядан ажыраған өзара ұқсас жандар бірімен-бірі қосылып түскен сайын олардың әрқайсысы соғұрлым зор рахатқа жетіп, кенеледі. Бұларға кейінгі ұрпақтардың жандары қосыла түскен сайын, бұлардың рахаты бұрынғы өткендердің жандарымен кездесу арқылы өрши түседі, ал бұрын өткен ұрпақтардың рахаты да кейінгілермен қосылудың нәтижесінде арта береді, өйткені бұлардың әрқайсысы өз мәнін ақылмен пайымдап, өзіне ұқсас жандардың мәндерін де әлденеше қайтара ақылмен пайымдайды және пайымдалғандары болашақта соңғы ұрпақтардың жандарымен қосылғанда арта түседі де, олардың әрқайсысының рахаты бара-бара күшейе береді. Әр ұрпақта осылай болып келген. Әрекетшіл ақыл-парасаттың мақсаты болып табылатын ең жоғарғы шын бақыт, міне осында. Адасқан қала тұрғындарының бағыты (93-бет) Ал егер қайсыбір қаланың тұрғындарының іс-әрекеті бақытқа жетуге бағытталмаған болса, онда жамандыққа ұшырайды. Бұл іс-әрекеттер, мейлі өзі хат жазу өнері немесе өнердің қайсыбір түріне қатысты әрекеттер болсын, өздері оңбаған әрекеттер бола отырып, жанға да сол өнердің тегіне сәйкес оңбаған сапалар қалдырады. Бұл тұрғындардың жандары кеселге ұшырайды, осыған байланысты олар сол іс-әрекеттері арқасында ие болған пасық сапалардан рахат таба алады. Кінә осы сияқты кеселдерден, мысалы, безгек сияқты кеселден, жан азабын шегіп жүрген адамдар денелерін кеулеген дімкәсқа байланысты ащы тағамдардан рахат, көңіл қошын табады және осылардың аузын кермек татытып жіберетін тәтті тағамға тәбеті тартпайды. Нақ осы сияқты кесел жанды адамдар өзінің қиялының бұзылуы салдарынан оңбаған сапалардан көңіл қошын іздейді. Тәні кеселге ұшырағандардың ішінде өзінің кеселі туралы ештеңе білмейтіндер, өздерін аққұла саламатпыз деп ойлап, осы ойға әбден бекіп алып, дәрігердің кеңесіне құлақ аспайтындардың кездесетіні сияқты, жаны дімкәс адамдардың ішінде өзінің кеселін
сезбейтін және өзінің жанын қайырымды, саламат деп есептеп, басшының, ұстаздың, ақылгөйдің сөзін мүлдем елең қылмайтындар да болады. Олардың жандары материяға байланған бойда қалады да, материядан арылып шығарлықтай дәрежеге көтеріліп жетілмейді, сөйтіп соңында материя опат болумен бірге, олар да опат болады (94-бет) Қайырымды қала тұрғындарының дәрежелері әлемдегі болмыс дәрежелеріне, ал бірінші басшы жаратушыға ұқсайды Қала тұрғындары басшылық жасай білу жөнінде және өздерінің туасы болатын сапалары мен алған тәрбиесіне сай атқаратын қызметіне қарай бірінен-бірі артық-кем түсіп жатады. Бірінші басшы деп, тұрғындардың неге лайық екеніне қарай оларға әлде қызмет атқару дәрежесін, әлде басшы болу дәрежесін анықтап, адамдардың әрбір тобының және белгілі бір топтың әрбір мүшесінің орнын белгілеуші адамды айтады. Басшылық сатыларында бірінші басшының сатысына жақындайтындары, онан біраз алысырақ тұратындары да бар. Басшылық сатылары ең жоғарғы сатыдан қызмет атқарушының сатысына дейін, яғни басшылыққа ешқандай қатысы жоқ және онан төмен тұрған ешқандай сатыда болмайтын дәрежеге дейін біртіндеп төмендей береді. Басшы осы сатыларды белгілегеннен кейін, жаңалық енгізгісі келетін болса, ол қаланың барлық тұрғындарына немесе осылардың қайсыбір тобына тапсырғысы келетін істер жөнінде жаңа жарлық шығара алады. Бұл жағдайда ол мұны өзіне ең жақын сатыларда тұрғандарға айтып, жарлықты орындатады. Бұлар өз тарапынан жаңағыдан да төмен тұрған келесі сатылардағы тұрғындарға айтады, сөйтіп осы тәртіппен бұл істе қызмет атқару сатысы белгіленгендерге тақалғанға дейін төмендеп кете береді. Сөйтіп қаланың түрлі бөлшектері жоғарыдан төмен қарай бірінен соң бірі орналасатын сатылар түрінде өзара байланыста және өз ара орайласып келісулі болады.
Мұндай қала табиғи нәрселер тәрізді болады, оның сатылары Бірінші Тұлғадан басталып элементтермен аяқталатын өмірде бар нәрселердің сатылары тәрізді болады, ал бұлардың өзара байланыстары және өз ара келісуі дүниедегі біріне-бірі ұқсамайтын нәрселердің өзара байланысы мен өз ара ұштасып келісуі тәрізді болады. Бұл қаланың әміршісі Бірінші себепке ұқсас. Барлық басқа өмір сүретін нәрселер өзінің болмысы үшін Бірінші Себепке міндетті және осы бірінші Себептен шығады да, (95-бет) тұлғаның сатылары бірте-бірте төмен, бұлардың әрқайсысы не басқарушы немесе басқарылушы болып, қашан басқару ісіне ешқандай қатысы жоқ, тек басқа біреулер үшін ғана қызмет атқаратын мүмкін тұлғамен барып аяқталғанша, әрбір тұлғаның сатылары төмендеп кете беретіні сияқты. Мұның өзі көбінесе бірінші материяға, осының элементтерге қатысына жатады. Қалалар мен халықтарда зұлымдық жойылғанда ғана бақыт орнайды, зұлымдық дегенде ерік күшіне негізделген зұлымдық қана емес, табиғи
зұлымдық та жойылуы керек, сонда олар табиғи күш пен ерік күшіне негізделген барлық игілікке ие болып бақыт орнайды. Қала әкімінің ісі, яғни басшының ісі қала бөлшектерінің өзара байланысын және өзара келісімін орнататындай етіп қала басқару, оның тұрғындары игілікке ие болумен бірге, зұлымдықтың тамырын жою ісінде біріне-бірі көмек көрсететіндей тәртіп орнату және не бақытқа жету үшін пайдасы тиетіннің бәрін сақтап, көбейтіп, зиян келтіретін нәрсені пайдалы етуге болмайтын нәрсенің зиянын жойып немесе азайтып, аспан денелері берген игіліктің бәрін қарастыру. Бір сөзбен айтқанда, ол екі зұлымдықтың екеуін де жоюға және екі бірдей игілікті орнатуға тырысады. Қайырымды қала тұрғындарының бақытқа кенелуі үшін білуі қажет болған нәрсе (96-бет) Қайырымды қаланың әрбір тұрғыны өмір сүруші нәрселердің алғашқы бастамасын, олардың бағынышты сатыларын, бақытты қайырымды қаланың басшылығын, бұл басшылықтың сатыларын, бақытқа жетуге бастайтын мақтаулы істерді біліп алуға тиіс. Бақытқа жетелейтін бұл істерді білумен ғана шектелуге болмайды, қайырымды қаланың тұрғындары оған әрекет қолданулары керек. Өмір сүріп тұрған нәрселердің бастамаларын және олардың сатыларын, бақытты, қайырымды қалаларға басшылық етуді-осылардың бәрін адам не ұғымдар түрінде ойлап, ақылмен пайымдай алады немесе қиялдай алады. Егер, осылар шын болмыстағы қалпында адам жанында әсер қалдыратын болса, адам осыларды ұғымдармен ойлайды; егер адам жанында осылардың бейнесі, ұқсастығы және еліктеу елестері әсер қалдыратын болса, адам бұларды қиялдайды. Бұл өзі көрінетін заттарда байқайтынымыз сияқты нәрсе. Адам, мысалы, өзін-өзі немесе өзінің су бетіне түскен сәулесін көреді, не болмаса ол өзінің бейнесін су бетінен немесе айна тәрізді басқа нәрсенің бетінен көре алады. Адамның өзін көруіміз-дүниедегі нәрселердің бастамаларын, ұғымдар арқылы ақылмен пайымдағанымыз сияқты нәрсе. Адамды су бетінен көруіміз немесе оның сәулесін көруіміз қиял сияқты нәрсе, ал оның сәулесі айнадан көруіміз ол нәрсенің өзін емес, оның өзі сияқтыны көргенімізге пара-пар. Нақ осы сияқты, жоғары да атап өткен нәрселердің біздің қиялымыздағы бейнесінің шындығына келгенде, олардың өзі емес, соларды еске түсіретін елесі і ана болып табылады. (97-бет) Адамдардың көпшілігі өзінің жаратылысы немесе үйренген дағдысы бойынша, мұны ұғым арқылы түсінуге және ойлауға қабілетсіз. Олар дүниедегі нәрселердің негіздерін, олардың сатыларын, әрекетшіл ақыл-парасатты және
бірінші басшылықты осылардың бәріне еліктеуші бейнелер арқылы елестетуі керек. Aдам өткен нәрселердің ұғымдары және олардың өзі біреу және өзгермейтін ұғымдар, ал осыларға еліктеуші бейнелер әр қилы, әр қилы дегенде, өзінің еліктейтін нәрсесіне қарағанда ұқсастығы анағұрлым жақын болады. Мысалы, адам бейнесінің су бетіне түскен сәулесінен гөрі, оның өзінің су бетінен көрінетін бейнесінің шын адамға ұқсастығы анағұрлым жақын. Сондықтан бір топ адам немесе бір халықпен салыстырғанда бұл нәрселерді еліктеуші бейнелер түрінде басқаша түрінде елестетеді. Міне, сондықтанда, түрліше қайырымды халықтар мен қайырымды қалалардың барлығының сенетін бақыты біреу бола тұрса да, олардың діндері (заңдары) әр түрлі болуы мүмкін. Дін дегеніміз - атап өткен нәрселердің немесе олардың бейнелерінің адамдардың жанында сәулеленуі. Қалың көпшілікке бұл нәрселерді және шын болмыста бұлардың қалай өмір сүретінін пайымдау қиын болғандықтан, оған мұны басқа әдістермен, атап айтқанда, еліктеуші бейнелер арқылы үйретуге тырысады. Әрбір топ, адам немесе әрбір халық бұл нәрселерді өздеріне неғұрлым белгілі нәрселерге ұқсатады. Ал осылардың біреулеріне неғұрлым белгілі нәрселер басқаларға неғұрлым белгілі нәрселерден өзгеше болуы мүмкін. Бақытқа сенетін адамдардың көпшілігі бұған ұғым түрінде емес, қиял елесіндегі бір нәрселер түрінде сенеді. Адамдар қабыл алатын ереже, сыйлайтын және ардақтайтын бастамалар туралы да осыны айтуға болады: адамдардың көпшілігі бұларды ұғымдағы емес, қиял елесіндегі нәрселер түрінде қабыл алады. Бақытқа ұғым түрінде сенетіндер (98-бет) және бастамаларды ұғым түрінде қабыл алатындар - бұлар даналар. Жан дүниесінде қиял болып берілген адамдар, бұларды қиялдағы нәрселер түрінде қабыл алып, сенетіндер - бұлар сенушілер. Еліктеуіш бейнелердің бірінен-бірінің артықшылығы мынада: бұлардың біреулері қиялға анағұрлым берік орнаған және анағұрлым жетілген, басқалары қиялда онша жетілмеген, біреулері шындыққа жақындау, басқалары қашықтау, біреулерінде даулы жерлер аздау кездеседі немесе бұл жерлер оншалықты даулы емес, ал басқаларының даулы жерлер коп немесе ол жерлер анағұрлым айқын, не болмаса оңай дауласып, оңай әшкерелеуге болады. Бірақ, атап өткен нәрселердің жоғарыда айтқан әр қилы еліктеуіш бейнелері, өздерінің айырмашылығына қарамастан, бірімен-бірі орайласып келісуі мүмкін. Бұл келісу мына жағдайларда болады: егер атап өткен нәрселердің еліктеуші бейнелері басқа нәрселер үшін еліктеу затына айналса, ал соңғыларға үшінші нәрселер еліктесе немесе атап өткен әр қилы еліктенуші
бейнелер тұлғаның негіздеріне, бақытқа және оның сатыларына еліктесе, сонда бірімен-бірі келіседі. Еліктеу сапасы тұрғысынан қарағанда немесе бұлардағы даулы жерлердің санының аздығы және айқындығының шамалылығы тұрғысынан қарағанда, бұлардың бәрі тең бағалы болса, онда осы бейнелердің бәрін немесе кез келгенін пайдалануға болады. Ал егер бұлар бірінен-бірі өзгеше болса, онда еліктеу сапасы тұрғысынан ең жетілген бейнелер және бұлардың ішінде даулы жерлері әлде мүлдем жоқ, немесе мұндайлар аз, немесе мұндай жерлер оншалықты айқын емес және ақырында, шындыққа анағұрлым жақын бейнелер алдымен таңдалуға тиіс. Дегенмен, басқа еліктеуші бейнелер керексіз деп тасталады. ЖЕТІНШІ БӨЛІМ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАҒА ТЕРІС ҚАЛАЛАР (99-бет) Қайырымды қалаға надан қала, адамгершіліксіз қала, адасқан қала, сондай-ақ қайырымды қалада туратын жеке индивидтер қарама-қарсы болады. Қалалардағы мұндай индивидтер /35/- бидайдың арасындағы қарақастар, егіндік жердегі дөңбек тастар немесе егіндегі және баубақшадағы арам шөптер тәрізді. Осыдан кейін, жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар келеді. Жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар қала тұрғындары болып табылмайды және бұлардың қалалық бірлестіктері мүлдем жоқ. Бұлардың ішінде қайсыбірі мал тәріздес, басқа біреулеріжабайы аң тәрізді, ал осы соңғылардың ішінде қайсыбіреулер жыртқыш хайуан тәріздес. Сондықтан бұлардың арасында тағы жерлерде жеке-дара жүретіндері бар, ал бірігіп туратын болған күнде де бірімен-бірі хайуанша шағылысып тұратындары да бар. Осылардың кейбіреулері тек шикі етпен қоректенеді, кейбіреулері өсімдік өсіреді, ал басқа біреулері тапқан олжасын жыртқыш аңша жұлқылап жейді. Бұлар ел туратын мекендерден шеткері (100бет) жерлерде - қиыр солтүстікте немесе қиыр оңтүстікте тұрады. Хайуандарға қалай қарайтын болсақ, оларға да солай қарауымыз керек. Бұлардың ішінде үй хайуандары тәрізділерін және ептеп қалаларда пайдалануға болатындарын тірі қалдыруға, оларды құлға айналдырып, үй хайуандары есебінде пайдалануға болады. Ал енді пайдалануға болмайтындарын немесе зияндыларына зиянды хайуандарға істейтін амалдарды қолдану керек. Дәл сол сияқты, қала тұрғындарының хайуан тәріздес болып шыққан балаларына да осыны істеу керек. Надан қала Надан қалалардың тұрғындарына келетін болсақ, бұлар қала тұрғындары болып табылады. Бұларға тән қала өмірі және қалалық бірлестіктер әр қилы
болады: бұлардың ішінде қажет қалаларда қажеттік қоғам бар, айырбас қалаларында айырбас қоғамы, пасықтық қалада пасықтық қоғам, даңғой қалаларда даңғой қоғам, мансапқор қалаларда мансапқор қоғам, коллективтімен азат қалаларында азат қоғамы бар: А) Қажеттік қаласы мен қажеттік қоғам дегеніміз - дененің өмір сүруі және қорғану үшін, қажеттілердің бәріне ие болу үшін өзара көмек көрсету (101-бет) ісі бар қалалар. Бұларға ие болудың әдістері ор қилы болып келеді: бұл әдістер - егіншілік, мал өсіру, аңшылық, ұрлық және т.б. Аңшылық пен ұрлық [шапқыншылық] әдістерінің әрқайсысы құпия да, жария да болуы мүмкін. Қажеттік қалаларының ішінде қажетті нәрселерге не болу үшін барлық өнерлерді пайдаланатындары болуы мүмкін және сондай-ақ қажетті нәрселерді өнердің бір ғана түрі арқылы табатындары болуы мүмкін: бір ғана егіншілік немесе өнерлердің басқа бір түрі арқылы. Бұлардың тұрғысынан қарағанда, ең лайықты адамдар болып табылатындар сол қаланың тұрғындарына тән қажетті нәрселерді тауып алуда неғұрлым қу, неғұрлым басқарғыш, неғұрлым сақ адамдар. Бұларға басшы болатындар қажетті нәрселерді тауып алу үшін тұрғындарды пайдалануда неғұрлым басқарғыш, неғұрлым қу адамдар болады, осы нәрселерді өз қолдарына сақтап қалуда амал тапқыш немесе сол нәрселерді өзі бере алатын адамдар болады. Ә) Айырбас қаласы және айырбас қоғамы деп ауқатты болуды және бай болуды көздеп, қажетті заттары осы заттардың орнына жүретін нәрселері: дирхемдер мен динарларды көбейте беру үшін, өз бастарының өмір сүруіне ең қажетті заттары жеткілікті бола тұрса да, қажеттінің сыртынан байлықтың, тойымсыз құлқының ашылып түскендіктен ғана заттарды жинаған үстіне жинай беруде тұрғындары біріне-бірі көмек көрсетіп отыратын қала мен қоғамды айтамыз. Мұның өзін олар не еселеп жинаудың барлық әдістерін қолдану арқылы немесе тек (102-бет) сол қалаға сай келетін әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырады. Бұлардың ішінде ең бай адам және байлыққа жетуде бәрінен де қулығын асырған адам қадірменді адам болып есептеледі. Тұрғындардың бай болу қамын жейтін және сол байлықты сақтауды жақсы басқаратын адам бұларға басшы болып табылады. Мұнда көкейтесті мұқтаждарды қанағаттандыру үшін бай болудың барлық әдістері қолданылады: егіншілік кәсібі, мал өсіру, аңшылық және ұрлық, сондай-ақ сауда-саттық, жалдау сол сияқты ерікке негізделген әрекеттер жасалады. Б) Пасықтық қаласы мен пасықтық қоғамы деп көңіл көтеру, әзіл-күлкі немесе осы екеуімен де айналысып, ішіп-жеу, ойнас жасау арқылы сезім рахатына
бату тұрғын адамдарды біріне-бірі көмектесетін қала мен қоғамды айтады. Мұнда ең зор рахат күн көру үшін қажет нәрселер емес, тәнге пайдалы нәрселер, тек қана көңіл рахатшылығына бату, мысалы, көңіл көтеру, әзілкүлкі ең зор рахат болып саналады. Надан қала тұрғындарының ойынша бұл қала бақытты, өзіне өзі риза қала болып есептеледі, өйткені бұл қала қажетті заттар мен байлыққа ие болғаннан кейін мақсатына жетеді.Бұлардың ішінде ләззаттану үшін қажетті қаржылары мен заттары ең коп адам ең қадірменді, ең бақытты және ең риза адам болып табылады. В) Даңғой қала және даңғой қоғам деп, тұрғындары бұларды сөзбен де, іспен де мадақтап, басқа қалалардың тұрғындары бұларға сый-сияпат жасап, өздері де бірін-бірі мадақтап тұруы үшін біріне-бірі көмек көрсететін қала тұрғындарын айтады. (103-бет) Бірін-бірі мадақтау тепе-теңдік негізінде немесе бірінің басқа біреуінен артықшылығы негізінде жүзеге асады. Екі жағының да тең болу негізінде, қадірлеудегі бір кезде бір жағы екінші жағына белгілі бір түрде құрмет көрсетсе, тағы бір кезде екінші жағы біріншісіне дәл сондай немесе одан асырып құрмет көрсеткенді айтады. Артықшылық негізінде қадірлеу деп, бірінші жағы екінші жағына құрмет жасаса, ал екінші жағы біріншіге онан асыра бір құрмет жасағанды айтады. Лайықтылық жөнінде де осыны айтуға болады. Біреу пәлендей бір құрметке лайық болса, екінші біреу одан көбірек құрметке лайық болады. Ал надан қаланың тұрғындарында лайықтылық дегеніміз қайырымдылық емес. Оларда лайықтылық дегеніміз әлде байлық, әлде рахат көруге немесе көңіл көтеруге жеткізетін нәрселер. Болмаса, осы екеуінің де бірге болуы. Адамның қажетін өтеу үшін қажетті заттарға мейілінше мол болуы немесе адамның пайдалы болуы, яғни сол лайықтылыққа жетуі о жағдай жасауға қабілетті болуы [оларда] лайықтылық деп саналады. Надан қаланың көпшілік тұрғындарының аса құрметтейтін тағы бір нәрсесі - жеңіс. Олардың көбінің пікірінше, жеңіп шыққан адам бақытты болып саналады, демек, мұны да надан қала тұрғындарының лайықтылық істерінің санатына қосу керек. Бұлардың пікірінше, адам бір жолғы немесе көп жолғы жағдайларда жеңіп шығуымен белгілі болғаны үшін, не өзі өздігінен немесе өзін жақтаушылардың көптігі мен күші арқасында (104-бет) болмаса осы екеуінің арқасында жеңіліс көрмегені үшін құрметтеу керек. Демек, оның өзі басқадан зорлық-зомбылық көрмей, қалаған кезінде өзі басқаға зорлық-зомбылық көрсете алатыны үшін ол құрметтеледі. Бұларда мұндай жағдай бақыт деп саналып мұндай адам
құрметті, қадірмен адам болады. Бұл жөнінде ең лайықты адам оларда ең зор құрметке не болады. Атақты адамға келетін болсақ, олардың пікірінше, атақ бұрын өткен ұрпақтан мирас болып қалады, атап айтқанда, егер оның әкесі мен ата-бабалары бай болған болса немесе рахат өмірге кенелу үшін қымбат нәрселерге не болып қаржы-қаражат мол болса, немесе олар көптеген нәрселерде ұтып шыққан болса және соның арқасында басқаларға пайда келтірген болса: бір топ адамға немесе қаланың барлық тұрғындарына; немесе олар өздерінің сұлулығымен, төзімділігімен және ажалдан қаймықпайтын айбатымен, яғни жеңіске жету қарулары болып табылатын нәрселермен көзге түскен болса, атақты болады. Тепе-теңдік негізде құрметтеу туралы айтатын болсақ, мұның өзі құрметке қарағанда одан тысқары бірдеңемен немесе құрметтің өзімен келетін нәрсе, өзі қызғанышпен қарап жүрген адам мұны қадірлеу үшін сол адамға құрмет көрсеткенде болатын нәрсе, мұндайлар, мысалы, базардағы сауда-саттық үстінде болатын құрметтеу сияқты. Тағы да, олардың пікірінше, құрмет жасаушының үстінен қарайтын адам үлкен құрметке лайықты. Бұл жөнінде алғанда, артықшылықтың сатыларымен жоғарылай беру қаланың басқа тұрғындарына қарағанда ең жоғары құрметке лайықты адамға барып жеткенше, тоқтамай жүре береді. Қала басшысы және оның әкімі осы болады. Егер бұл осылай болатын болса, онда сіңірген еңбектерін өзіміз жоғарыда атап өткен жағдайлармен салыстырғанда, ол адам ең жоғарғы дәрежелі лайықтыққа ие болуға тиісті. (105-бет) Егер ол қалада құрмет тұту атақтылығына ғана негізделген болса, онда ол адам сондай-ақ басқаларға қарағанда анағұрлым атақты адам болуға тиісті. Нақ осы сияқты, егер оларда құрмет тұту тек қана байлыққа негізделген болса, онда біреудің біреуден артықшылығы және қадірмендігі байлығы мен атағына қарай болады. Ал атағы да, байлығы да жоқ адамдар басшылыққа да, құрметке де мүлдем қатысы жоқ. Бұлардың артықшылығы бұлардан басқа ешбіреудің асып түсе алмайтындығында болғандықтан осындай адамдар ең жақсы абыройқұмар басшы болып табылады. Егер осындай басшы қала тұрғындарының пайдасы үшін және олардың құштарлығын қанағаттандыру үшін басқалардың бәрінен асыра әрекет жасайтын болса, онда мұның мәнісі сол, ол адам байлыққа жетуде, рахатқа, құрметке және қала халқы тілеген үшін бұларға пайдалы адам деген сөз, бұл адам қала жұртына сол нәрселерді әлде өз жанынан береді немесе өзінің дұрыс басқаруымен және сол нәрселерді қала тұрғындарының игілігіне де сақтауымен пайдасын тигізеді.
Қала тұрғындарына осы нәрселерді бергенде, құрметтен басқа ештеңе талап етпей беретіндер әкімдердің ішінде ең қадірмендісі болып табылады. Мысалы, әкім оларға байлық бергенде оның есесіне олардан байлық талап етпейді немесе оларды рахатқа бөлегені үшін өзіне рахат беруді талап етпейді, сөзімен де, ісімен де тек сыйлауды, мадақтауды, құрметтеуді және таңтамаша қалуды ғана тілейді. Тұрғындар мұның атын көзі тірісінде, өлгеннен кейін де ұзақ заман халық арасында қастерлеп жүргенді ғана тілейді. Дәл осындай адам олардың ішінде қадірменді болады. Ол қала тұрғындарына сыйлау үшін, олардың байлыққа, рахатқа құмарлығын қанағаттандыру үшін немесе осының екеуімен де қанағаттандыру үшін ақшаға, байлыққа мұқтаж боп жүреді, олардың сол байлығы мен рахатын сақтағысы келеді. Оның осы бағыттағы іс-әрекеті қаншалықты аумақты болған сайын, оның байлығы да соншалық мол болуға тиісті, өйткені бұл байлық сол қала тұрғындарының байлығы сияқты. (106-бет) Осындай сый-сияпат жасауды ізгілік және кішіпейілділік іс деп санаған әкімдердің кейбіреулері байи түсуге тырысады. Бұл ақшаны олар жер салығы түрінде қала тұрғындарынан жинайды немесе басқа халықты жеңіп, оның байлығын тартып алады да, оны қазынаға салады, қаланың көптеген шығынын өтеу үшін өз жұртының меншігіне айналдырады; сондағы көздеген мақсаты - осы арқылы бұрынғыдан үлкен құрметке жету. Алайда, атаққұмар әкім барлық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз өзінің және өз балаларының атын мәңгі қалдыруға, өз балаларын өзінің ескерткіші етіп қалдыруға, өз балаларына немесе өз руына өкімет билігін қалдыруға тырысуы мүмкін. Сонсоң, ол байлықты күшпен басып алып, оны басқаға пайдаландырмауы, басқа халық і а буған бас иіп тұру үшін, оны өзіне бағындырып алып, жұрт қадірлесін, құрмет тұтсын деп, дүниені үсті-үстіне жинай беруі, басқа ешбіреуге емес, тек өзіне ғана тән заттармен, мысалы, үйішінің сәулеті, сән-салтанатымен, ұлық дәрежемен, шен-шекпенмен өзін ерекше тұтуы мүмкін. Сонан кейін ол адамдардан алшақтай түседі. Егер өзінің өкімет билігі нығая түссе, атаққұмарлық заңдар шығаруы және оның өзі мен руы басқалардың үстінен патшалық құруы тиіс деген пікірді халықтың құлағына құюы мүмкін. Бұл жағдайда ол адамдарды дәреже-дәрежеге бөліп, осы үшін сый-құрметке ие болады және әрбір дәрежедегі адамдарға атақтың белгілі бір түрлерін және атақ әперетін нәрселерді, айталық, мыналарды: байлық, киім-кешек, үйжай, тиісті шен, мінетін көліктер және адам дәрежесін көтеретін басқа нәрселердің бәрін тағайындайды. Мұның бәрін ол дәрежесіне қарай үлестіреді. Осының нәтижесінде әкімнің мәртебесін көтерушілердің оған жасайтын құрметі артып, көмектесуші адамдардың ықылас-ынтасы күшейіп,
оған бас иіп, тағзым ететін тұлғаңа айналады. Қала тұрғындарының ішінде атаққұмарлар басшыға жиі барып, оны өзінің құрмет тұтатынын есіне сала берген сайын, ол өз де сый-құрметке не болады, сөйтіп бұлар да өзінен төмен сатыда тұрғандар тарапынан да, жоғары тұрғандар тарапынан да қадірмен адамға айналады. (107-бет) Біз қарастырған барлық белгілері бойынша бұл қала, әсіресе құрметтеудің және құрмет етілетін сатылардың мақсаты пайдалы іске айналып осы сияқты нәрселер басқалардың бәріне де пайдасына айналса, қайырымды қалаға ұқсас болып шығады. Бұл қала надан қалалардың ішіндегі, яғни тұрғындары надан деп немесе осы сияқты басқа атаулармен аталатын қалалардың ішіндегі ең жақсысы. Алайда, егер онда атаққұмарлық барлық шегінен асып түсетін болса, онда ол жендеттер қаласына айналады. Ал егер ол өзгеріп, ерікті қалаға айналса, онда мансапқор қала болады. В) Мансапқор қала және мансапқор қоғам жеңіске жетуде біріне бірі көмектесетін адамдардан құралады. Ал бұл адамдарының бәрі мансапқорлықтың төңірегінде біріккен болса ғана іске асуы мүмкін. Бірақ бұлардың арасында мансапқорлықтың азды-көптігіне, жеңіс түрлеріне және адамдарды жеңіске жеткізетін заттардың түрлеріне байланысты айырмашылықтар бар. Мысалы, қайсыбіреулер адам қаны үшін жеңісті қалайды, басқа біреулері - оның ақшасына бола жеңісті қалайды, үшіншілері - өзгені құлдыққа айналдыру үшін жеңіске ұмтылады. Бұл мәселеде мансапқорлықтың азды-көпті дәрежесіне қарай адамдар айқын жіктерге бөлінеді: (108-бет) бұл бірде адам өміріне қастандық жасау, бірде оны құл етуге құмарту, немесе олардың ақшасын алуға құмарту болуы мүмкін. Осының бәрінде де адамның ұмтылатын мақсаты жеңіс, жеңілушінің мұны жеңетіндей ешбір амалы қалмайтын етіп жеңіп, оны өзіне бағындыру, құлына айналдыру, ал жеңушінің түгел қол астында болуы үшін, мансапқор адамдар бұлар жөнінде не қаласа, соның бәріне ерікті болу, жеңілушімен ешбір есептеспеу, қарсылыққа кездеспеу. Бұлардың қайсыбіреулері үстемдік қол астындағыларға жақсы қарау деп білсе, екінші біреулері зорлыққа немесе қаталдыққа негізделген деп біледі. Сондықтан қанқұмарлықпен әрекет жасаушылардың көпшілігі, егер өзінің жауы ұйықтап жатса, оны өлтірмей, қашан ол оянғанша оның ештеңесіне тимейді. Оны бағындырып, жеңіп алу үшін алдымен оның қарсылық жасағанын күтеді, сөйтіп күшін асырып, жеңуге тырысады. Осы адамдардың қайсысы да жеңісті құмартады. Сондықтан ол кез-келген басқаны жеңуге
ынтық. Ал енді біреулері басқа біреулердің қанын төгу, ақшасын тартып алуды қажетсінбестен, ол үшін күресуден бас тартады. Оларды тірі қалдырып, өзіне бағындырып алады, біріне-бірі жәрдемдеспейді, бірақ басқаларды жеңу үшін біріне-бірі кедергі жасамайды. Бұлардың басшысы басқаларды жеңіп бағындыруға бағытталған басшылыққа бәрінен күшті шығады. Ылғи да жеңіп шығуға келгенде, басқалардан жеңілем екен деп сескенбей, ең айлакер, ең амалшыл осы болады. Бұлардың басшысы да, әкімі де - осы. (109-бет) Бұлар басқалардың бәрінің жауы, бұлардың ұстаған әдет-ғұрпы, жүріс-тұрысы басқаларды жеңуге мейлінше бейімделген. Бұлар әлде коп жеңіске ие болғанын немесе жеңісінің зор болғанын, не болмаса құралсайманы мен қару-жарағын мақтаныш етіп, бәсекелеседі. Жеңіске және соған жетудің айла-амалдарына қабілеттік - не адамның пікірінде немесе оның денесінде, не болмаса денесінен тысқары болады. Денесінде дейтініміз мысалы, адам табанды болу мағынасында; денесінен тысқарыда дейтініміз оның қару-жарағы сай болуы мағынасында; оның пікірінде дегеніміз басқаны өзіне бағындыруда ақыл-парасатты болуы мағынасында. Бұларға тән қасиеттер: табандылық, тайсалмаушылық, аяусыз қаталдық, өркеуделік, ішіп-жеуге мешкейлік, құштарлықта, барлық игілікке ие болып алу да, зорлап та, бағындырып та барлығын жеңуге талпынуда ешбір қанағатсыздық. Қаланы тұтас алғанда оның тұрғындарды жеңіп алуға тырысу себебі басқаға ие болу емес, оларға бірігу қажеттігі деп есептеуі мүмкін. Бірақ, жеңіліс табушылар бір қаланың ішіндегі өз көршілері болуы да мүмкін. Сонсоң, жеңушілер басқаны жеңіп алып, бағындыруға (110-бет) құмарту дәрежесі жағынан әлде тепе-тең жағдайда және тепе-тең сатыда болуы немесе жеңілген көршілерін жеңіп шығуда бірінен-бірінің қабілеті не асып, не кем түсетін болуы мүмкін. Сол сияқты, бұл қаланың тұрғындары басқаны бағындыру қабілеті және өздерінің көзқарасы жағынан өздерін басқаратын және бағындыру шараларын қолдану жөнінде нұсқау беріп отыратын әкімге жақын болуы мүмкін. Ал жеңіске тырысушы жалғыз і ана адам болуы да мүмкін. Осы жалғыздың қарамағында барлық адамдарды бағындыру ісіне жәрдем көрсететін адамдары болады. Бұл адамдар басқалардың бірдеңесіне ие болуға, бірдеңесін тартып алуға тырыспайды, олар тек жеңуді ғана көздейді, бір осыған бола тырысады. Ол адамның өмір бейнесі, табандылығы осылай болған жағдайда, басқаларды жеңу үшін оған бір ғана осының өзі
жетіп жатыр. Мұндай адамға қолғабыс жасаушылар бұл жөнінен алғанда сол адамның айтақтайтын иті, аңға салатын қаршығасы сияқты. Қаланың соңғылардан басқа барлық халқы сол жалғыздың не тілесе соны істейтін құлдары, өзімдікі дейтін түгі жоқ, жәбір шеккен, бағынышқа душар болған құлдары болады. Бұлардың кейбіреуі сол үшін жер өңдейді, басқа біреулері сауда-саттық жасайды, ал әкім болса бір ғана мақсатты көздейді, ол мақсат - басқалардың бәрінің өзіне бағынышты болғанын, өзі үстем болғанын, олардың зәбір шеккенін көру, басқалардың ешқандай пайда келтірмейтінін, тек кем-тарлықта, бағынышта болғанын және осы мансапқор қала оларды билеп отырғанын көру. Бұл қаланың барлық тұрғындары бірдей мансапқор бола бермеуі мүмкін, бұлар қаланың тек жартысы ғана болуы мүмкін, бірақ мансапқор қала деген атақты ондағы тұрғындардың бәріне түгел қолдануға болады. (111-бет) Қала жеңістің тек бір түріне ғана талпынып, бір ғана осының өзінен рахат табатын болса ғана оны осы мағынада ғана мансапқор қала деп атауға болады. Егер қала тұрғындары жеңісті қалағанда не тұтыну заттарына, немесе байлыққа ие болу, не болмас рахатқа кенелу үшін, немесе құрметке ие болу үшін, немесе осылардың бәріне бірдей не болу үшін жеңісті қалайтын болса, онда бұл басқа бір түрдегі мансапқор қала болып табылады, ал бұл қалалардың тұрғындары туралы бұрынырақта әңгіме еткенбіз. Осындай қалалардың бәрін кейбір адамдар мансапқор қалалар деп атайды, бірақ бұл атаққа анағұрлым лайықтылары осы мақсаттың үшеуін де зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асыратын қалалар. Бұл қалалар үш түрге бөлінеді: мансапқорлық тұрғындарының біреуіне ғана, тұрғындардың жартысына немесе тұрғындарының бәріне түгел тән болатын қалалар /36/. Бұлар басқаларды өзіне бағындырып, жазалауға тырысқанда, не бағындыру, не жазалау емес, басқа бір мақсатқа және басқа бір ниетке бола бағындырып, жазалауға тырысатын болуы мүмкін. Демек, жеңіспен бірге тағы басқа бір мақсатты көздейтін басқаша қалалар да болады. Бір қала жеңіске немен болса да, қалай болса да жетуге тырысады. Бұл қалаларда өзіне тук пайдасы болмаса да басқаға зиян шектіру тәртіпке айналған. Мысалы, зорлық-зомбылық жасауға құнығудың салдарынан біреуді өлтіру осыған жатады. Бұл арада қайсыбір күрес пасық нәрсе үшін болып отыр, арабтар туралы осылай деп айтады.
Екінші бір қала жеңіске құмартқанда өз тұрғындары пасықтық деп атамай, мәртебелі деп, абзал деп артықша бағалайтын нәрселер үшін құмартады, ал бұл жағдайда, егер соларды зорлық-зомбылық қолданбай қолға түсіре алатын болса, онда олар зорлыққа бармайды. Үшінші бір қалада бағалы (112-бет) заттардың бірін қолға түсіруге көмектеседі деп сенгенде ғана басқаға зиян шектіреді, басқаны өлтіреді. Ал егер сол қалаған нәрселерін күш қолданбай немесе күрес жүргізбей-ақ молынан алуға немесе жеткілікті мөлшерде алуға болса, басқа бір адамнан ерікті сыйлық ретінде ала алатын болса, онда олар осының өзімен-ақ қанағаттанады, күш қолданбайды, күрес жүргізбейді. Мұнда адамдар да өте әрекетшіл, өте қадірменді адам болып саналады. Бірінші түрдегі қаланың тұрғындары, басқаларды жеңіп шығып, бағындырылғандардан тек қажетті нәрселерді ғана алумен қанағат етеді. Жеңіп шыққандар ақша үшін немесе басқаларды құлдыққа салу үшін қашан олар осының бәрінен жұрдай болғанша күрес жүргізеді, бірақ жеңіп болғаннан кейін және өзінің қалауын, көздеген талабын қанағаттандырғаннан кейін, солардың бәрін қалдырып кетеді, өзіне деп ештеңе алмайды - мұндай жағдайлар да болады. Мұндай адамдар да мадақтауға, сый-құрметке лайықты адамдар. Атақ-құрметке ие болу үшін атаққұмар адамдар осы нәрселердің көбісін қолданады. Мансапқор қалалар атаққұмар қалалардан гөрі анағұрлым қатал, аяусыз келеді. Бұлар қала жұртының көз алдында өз байлығына масаттанады, ойынкүлкіге, тамашаға беріледі, өйткені бұлар өздерін барлық басқа қалалардың тұрғындары ішінде ең қадірмендісіміз деп көрсетеді, осыған сәйкес басқа тұрғындарды менсінбей қарайды. Не күш жоқ, не атаққа деген құмартуы жоқ бұл қалалардың алдында мансапқор қалалардың тұрғындары өктемділік, тәкаппарлық көрсетеді, даңғойланады, мақтаныштық білдіреді, ол қалалар бұлардың өздері ұстаған дәстүр-жолды ұстамағаны үшін, бақыттың әлгіндей екі түрінің бір де біріне мұқтаж болмағаны үшін, өздері таңдаған өмірдің мақтаулы сапаларына мысалы, еркіндікті, сәулеттілікті іздегені үшін оларды тұрпайыларға жатқызады. Сондықтан бұлар өздерін тәкаппармыз, ұлықпыз, өктембіз деп (113-бет) мүмкін тіпті әрекетшіл деп атауға да лайықпыз деп есептейді. Енді бұлар байлыққа, ойын-күлкіге, сауық-сайранға құмар болатын болса, олар осыған қол өнерінің арқасында емес, өздерінің тек жеңіске қабілеттілігі арқасында жетеді. Бұлар үшін байлықтың да, сауық-сайран өмірге жетудің жолы да зорлық-зомбылық жасау. Ал жеңіс бұларды онан бетер дандайсыта түседі. Бұлар қатал адамдарға жатады. Ал біріншілерге келетін болсақ, олар ақылсыздар.
Сонымен, атаққұмар адамдардың ішінде сый-құрметті тек соның өзі үшін емес, байлық үшін іздейтіндер бар. Бұлардың ішінде басқаларды өздеріне құрмет көрсеткенде, тек сол арқылы солардан, не басқалардан байлық келіп түсіп жатсын деп қана құмартады. Бұлар өкімет билігіне құмар болғанда қала тұрғындарының өзіне бағынып тұруын құмартады. Ондағысы - осының арқасында байлыққа не болу. Олардың көбі байлыққа ұмтылады. Өкімет билігіне және басқаларды өзіне бағындыруға құмар болғанда, көбінің көздейтіні байлыққа ие болып алып, оны өз рахатына жұмсау. Олар былай есептейді: өздерінің басқаға өктемдігі және басқалардың оларға бағынуы неғұрлым күшті және толық болған сайын, солғұрлым рахаты да коп болмақ. Олар қала тұрғындарын өз билігінде ұстауға тырысады, ондағы мақсаты - соларға үстем болу және тұрғындардың ішінде бір де біреуі мұнымен тайталаса алмайтындай зор байлыққа жету, ол байлықты көңіл шаттығына, өлшеусіз ішіп-жеуге, зинақорлыққа жұмсау, бұл жөнінде оған ешкім теңесе алмайтындай байлықтың саны мен сапасына не болу. (114-бет) Ұжымдық қала - бұл әрбір тұрғыны не қаласа, соны істеуге ерікті қала /37/. Мұның тұрғындары біріне-бірі тең. Бұлардың заңдары жеке адамдардың ешқайсысына ешбір артықшылық жасамайды. Бұлардың біріне-бірінің және басқа қалалардың тұрғындарының билік жүргізуге олардың бәрінің бостандығын асыра түсуді көздейді. Олардың ішінде түрлі құлықтар, түрліше тіршілік қамдары, ниет-тілектер, сансыз көп заттармен көңіл көтеру кездесіп отырады. Олардың тұрғындары бір-біріне ұқсастығы да, айырмашылығы да бар толып жатқан топтарды құрайды. Барлық осы қалаларды өз бойында біріктіретін бұл қалада пасықтық пен абзалдық ұштасып отырады, өзіміз жоғарыда атап осы мақсаттың үшеуін де зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асыратын қалалар. Бұл қалалар үш түрге бөлінеді: мансапқорлық тұрғындарының біреуіне ғана, тұрғындардың жартысына немесе тұрғындарының бәріне түгел тән болатын қалалар /36/. Бұлар басқаларды өзіне бағындырып, жазалауға тырысқанда, не бағындыру, не жазалау емес, басқа бір мақсатқа және басқа бір ниетке бола бағындырып, жазалауға тырысатын болуы мүмкін. Демек, жеңіспен бірге тағы басқа бір мақсатты көздейтін басқаша қалалар да болады. Бір қала жеңіске немен болса да, қалай болса да жетуге тырысады. Бұл қалаларда өзіне тук пайдасы болмаса да басқаға зиян шектіру тәртіпке
айналған. Мысалы, зорлық-зомбылық жасауға құнығудың салдарынан біреуді өлтіру осыған жатады. Бұл арада қайсыбір күрес пасық нәрсе үшін болып отыр, арабтар туралы осылай деп айтады. Екінші бір қала жеңіске құмартқанда өз тұрғындары пасықтық деп атамай, мәртебелі деп, абзал деп артықша бағалайтын нәрселер үшін құмартады, ал бұл жағдайда, егер соларды зорлық-зомбылық қолданбай қолға түсіре алатын болса, онда олар зорлыққа бармайды. Үшінші бір қалада бағалы (112-бет) заттардың бірін қолға түсіруге көмектеседі деп сенгенде ғана басқаға зиян шектіреді, басқаны өлтіреді. Ал егер сол қалаған нәрселерін күш қолданбай немесе күрес жүргізбей-ақ молынан алуға немесе жеткілікті мөлшерде алуға болса, басқа бір адамнан ерікті сыйлық ретінде ала алатын болса, онда олар осының өзімен-ақ қанағаттанады, күш қолданбайды, күрес жүргізбейді. Мұнда адамдар да өте әрекетшіл, өте қадірменді адам болып саналады. Бірінші түрдегі қаланың тұрғындары, басқаларды жеңіп шығып, бағындырылғандардан тек қажетті нәрселерді ғана алумен қанағат етеді. Жеңіп шыққандар ақша үшін немесе басқаларды құлдыққа салу үшін қашан олар осының бәрінен жұрдай болғанша күрес жүргізеді, бірақ жеңіп болғаннан кейін және өзінің қалауын, көздеген талабын қанағаттандырғаннан кейін, солардың бәрін қалдырып кетеді, өзіне деп ештеңе алмайды - мұндай жағдайлар да болады. Мұндай адамдар да мадақтауға, сый-құрметке лайықты адамдар. Атақ-құрметке ие болу үшін атаққұмар адамдар осы нәрселердің көбісін қолданады. Мансапқор қалалар атаққұмар қалалардан гөрі анағұрлым қатал, аяусыз келеді. Бұлар қала жұртының көз алдында өз байлығына масаттанады, ойынкүлкіге, тамашаға беріледі, өйткені бұлар өздерін барлық басқа қалалардың тұрғындары ішінде ең қадірмендісіміз деп көрсетеді, осыған сәйкес басқа тұрғындарды менсінбей қарайды. Не күш жоқ, не атаққа деген құмартуы жоқ бұл қалалардың алдында мансапқор қалалардың тұрғындары өктемділік, тәкаппарлық көрсетеді, даңғойланады, мақтаныштық білдіреді, ол қалалар бұлардың өздері ұстаған дәстүр-жолды ұстамағаны үшін, бақыттың әлгіндей екі түрінің бір де біріне мұқтаж болмағаны үшін, өздері таңдаған өмірдің мақтаулы сапаларына мысалы, еркіндікті, сәулеттілікті іздегені үшін оларды тұрпайыларға жатқызады. Сондықтан бұлар өздерін і .жаппармыз, ұлықпыз, өктембіз деп (113-бет) мүмкін тіпті әрекетшіл деп атауға да лайықпыз деп есептейді. Енді бұлар байлыққа, ойын-күлкіге, сауық-сайранға құмар болатын болса, олар осыған қол өнерінің арқасында емес, өздерінің тек жеңіске қабілеттілігі
арқасында жетеді. Бұлар үшін байлықтың да, сауық-сайран өмірге жетудің жолы да зорлық-зомбылық жасау. Ал жеңіс бұларды онан бетер дандайсыта түседі. Бұлар қатал адамдарға жатады. Ал біріншілерге келетін болсақ, олар ақылсыздар. Сонымен, атаққұмар адамдардың ішінде сый-құрметті тек соның өзі үшін емес, байлық үшін іздейтіндер бар. Бұлардың ішінде басқаларды өздеріне құрмет көрсеткенде, тек сол арқылы солардан, не басқалардан байлық келіп түсіп жатсын деп қана құмартады. Бұлар өкімет билігіне құмар болғанда қала тұрғындарының өзіне бағынып тұруын құмартады. Ондағысы - осының арқасында байлыққа ие болу. Олардың көбі байлыққа ұмтылады. Өкімет билігіне және басқаларды өзіне бағындыруға құмар болғанда, көбінің көздейтіні байлыққа не болып алып, оны өз рахатына жұмсау. Олар былай есептейді: өздерінің басқаға өктемдігі және басқалардың оларға бағынуы неғұрлым күшті және толық болған сайын, солғұрлым рахаты да коп болмақ. Олар қала тұрғындарын өз билігінде ұстауға тырысады, ондағы мақсаты - соларға үстем болу және тұрғындардың ішінде бір де біреуі мұнымен тайталаса алмайтындай зор байлыққа жету, ол байлықты көңіл шаттығына, өлшеусіз ішіп-жеуге, зинақорлыққа жұмсау, бұл жөнінде оған ешкім теңесе алмайтындай байлықтың саны мен сапасына не болу. (114-бет) Ұжымдық қала - бұл әрбір тұрғыны не қаласа, соны істеуге ерікті қала /37/. Мұның тұрғындары біріне-бірі тең. Бұлардың заңдары жеке адамдардың ешқайсысына ешбір артықшылық жасамайды. Бұлардың біріне-бірінің және басқа қалалардың тұрғындарының билік жүргізуге олардың бәрінің бостандығын асыра түсуді көздейді. Олардың ішінде түрлі қулықтар, түрліше тіршілік қамдары, ниет-тілектер, сансыз көп заттармен көңіл көтеру кездесіп отырады. Олардың тұрғындары бір-біріне ұқсастығы да, айырмашылығы да бар толып жатқан топтарды құрайды. Барлық осы қалаларды өз бойында біріктіретін бұл қалада пасықтық пен абзалдық ұштасып отырады, өзіміз жоғарыда атап өткендей, басшылықтың қандайы болса да кездеседі. Бұл қаланың жұртының өздерін басқаратын басшысын ешқандай қатынасы болмайды, өйткені бұлар өз басшыларын өздері тағайындайды, ал басшылық етушілер не істесе де өз бағыныштыларының еркін орындайды. Бұлардың басшылары бағыныштыларының еркіне бағынады, ал соңғылар басшылардың бұйрығына мойынұсынбайтын болғандықтан, бұл қалаларда шындығына келгенде басшы да жоқ, бағынушы да жоқ.
Оларда кім де кім қала тұрғындарына еркіндік берсе, кім де кім солардың тілегін, талабын қанағаттандырса, олардың осы еркіндігін қорғаса және солардың бір-біріне және дұшпандарына деген алуан түрлі тілек-талаптарын орындап, кім де кім өзінің тілегін қажетті заттарымен ғана тежеп отыратын болса осылардың бәрі мадақтауға туратын құрметті адамдар болып табылады. Олар бағынатын ең қадірменді, ең лайықты адам осындай болады. Ал бұлардың басқа басшылары өз қол астындағы тұрғындардың қалауы мен талабына сәйкес игіліктерді тауып бере отырып, өздері сол тұрғындарымен тең дәрежеде болады, осынысы үшін қала тұрғындары бұлардың сіңірген еңбегіне лайық құрмет көрсетеді, мал-мүлік сыйлайды. (115-бет) Басқа басшыны қала тұрғындары өз дәрежесіне лайықты деп санамай, өздерін одан гөрі ізгілеу деп есептейді, өйткені олар бұл басшыға өз мүддесіне пайдаланбастан, сый көрсетіп ақша берген еді. Бұл қалада сол қаланың тұрғындарының қалауын қанағаттандырудың арқасында немесе қала басқаруға ата-бабаларының өткендегі даңқы арқасында және басшылық етуге деген құқығына ие болудың арқасында елдің сый-құрметіне не болған басшылар болуы мүмкін. Бұл жағдайда осы қаланың тұрғындары осындай адамның басшылығында болады да, бұл қаланың тұрғындарының барлық надандық тілектері мен мақсаттары барынша толық формаға не болады. Мұндай қала барлық надан қалалардың ішіндегі ең ғажайыбы, бақыттысы болады. Өзінің сыртқы бейнесі жағынан ең сәулетті, ең сұлу қала болады да, осының арқасында әрбіреудің сүйікті баспанасына айналады, өйткені бұл қалада қайсыбір адам болсын өзінің қалауы мен талабын қанағаттандыра алады. Сондықтан да жұрт осындай қалаға ағылып келіп жатады, осында қоныстап қалады. Бұл қаланың шеңбері есепсіз өсе береді. Мұнда әр түрлі адамдар туып, әр түрлі некелер қиылып, әр қилы жыныс байланыстары болады, мұнда тегі мен тәрбиесі әр түрлі балалар өседі. Бұл қала бір-бірінен өзгеше бөлшектері (116-бет) бар бір-біріне енетін көптеген бірлестіктерден тұрады, мұнда шет ел адамдары тұрғылықты жұрттан ажыратылмайды, олардың қалауы мен талабы біріккен болады. Сондықтан күре келе бір замандарда осы қаладан ең лайықты адамдардың тууы әбден ықтимал. Мұнда даналардың, шешендердің, ақындардың сан алуан түрлері кездесетін болады. Бұл қаладан бірсыпыра адам осы қаланың өзінен туған қайырымды қалаға бөлініп ауысуы мүмкін. Сондықтан, басқа надан қалаларға қарағанда, дәл осы қалада ізгілік пен зұлымдық көбірек қатар өмір сүре алады. Және бұл қала кеңейіп, халқы көбейген, толыққан
сайын бұл онда ізгілік пен зұлымдық соншалық коп және күшті қатар өмір сүре алады. Әрбір надан қала өз алдында өз мақсатын қояды.Әрбір басшылық пе ең қажет заттарға, немесе байлыққа, немесе жан рахатына, немесе сый-құрметке, даңққа, мадаққа, не жеңіске, немесе азаттыққа жетуді өз алдына мақсат етіп қояды. Сондықтан мұндай басшылық ақшаны түрлі нәрселер сатып алуға жұмсайды. Мұны әсіресе коллективті қаланың басшылығы жөнінде айтуға болады: мұнда тұрғындардың бірде-бірі басшылық жасауға басқа біреуінен кем лайықты болмайды және мұнда егер осылардың біріне өкімет билігін берген болса, онда мұның тұрғындары сол уақытқа деп билікті сол үшін сақтаған немесе олар осының арқасында онан ақша алуға және басқа сыйқұрмет көруге тырысады. (117-бет) Бұларда кімде-кім тұрғындардың сан алуан тілегі мен арманын, бұл армандары қаншалықты әр тарапты болса да, қанағаттандыру, бұларды жаудан қорғау үшін қажетті жақсы ақыл-ой мен тапқырлық көрсететін және өзі ең қажетті нәрселерді қанағат тұтып, өз пайдасына ештеңе алмайтын басшы ең қайырымды басшы болып есептеледі. Оларда нағыз қайырымды басшы қала тұрғындарының қимыл-әрекетін басқарып, оларды бақытты өмірге бастап отыратын басшы, бірақ мұнда қала тұрғындары да өз тарапынан оның өзіне басшылық етіп отырады. Ал егер ол оларға басшылық етсе, онда ол кейіннен ие орнынан ауыстырылады, не сол орында қалады немесе тиянақсыз басшылық орнына не болып қалады. Сол сияқты надан қаланың әрқайсысының тұрғындары өздерінің қарымқатынастарына және тілектеріне сай келетін адамның тілегіне жету жолын жеңілдетіп, осыларға дәулет беріп, соны сақтайтын адамның басшы болғанын тілейді. Олар қайырымды адамдардың басшылық жасауын қаламайды және қабылдамай тастайды. Алайда, қайырымды басшылықтардың пайда болуы бәрінен гөрі, әсіресе, қажеттілік қалалары мен коллективтік қалаларда неғұрлым мүмкін және оңай жүзеге асырылады. Өмірге ең қажетті нәрселерге, байлыққа, жан рахатына, сауық-сайран мен сый-құрметке, зорлық-зомбылық жасау арқылы да, жеңіс арқылы да не болады, сондай-ақ мұның басқа да жолдары бар. Өздерінің алға қойған мақсаттарына сәйкес қалалармен олардың басшылығы төрт түрге бөлінеді. Олардың қайсыбіреулері өзінің мақсатына жеңіс арқылы және зорлықзомбылық арқылы, ал басқалары басқа да жолдармен жетуге тырысады.
Бұларға жеңіс және зорлық-зомбылық (118-бет) арқылы жететіндердің және қарсылық жасау мен күш қолдану жолымен сол ие болған нәрселерін қорғайтындардың денесі шымыр, күшті болуға, ал бұлардың адамшылық құлқына аяусыздық, дөрекілік, ажалдан тайсалмаушылық қасиеттер тән болуға тиіс. Бұлар мұнымен бірге өзінің көздегеніне жету үшін құрал-сайман өнеріне және басқаларды қалай жеңіп, бағындыру амалдарына жетік болу керек деп есептейді. Бұл олардың бәріне тән қасиет. Жан рахатына берілетіндер үшін және ішіп-жемге, әйел құмарлыққа жұмсақтық, ерік күшінің әлсіздігі сонша, оларда ашу-ыза күші дегеніміз тіпті болмайды немесе мүлдем дерлік жоғалып кетеді. Керісінше, басқаларда жан мен дене мүшелері ретінде ашу-ыза мен құштарлықтың күштілігі мен қайсарлығы сонша, бұлар осының екеуін бірдей қанағаттандырарлық әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Олардың жан дүниесінде ашу-ыза мен құштарлықтың өктемдігі бірдей болады. Сонымен бірге өз құмарлығын қанағаттандыруға бар жанын салып тырысатын және осыған қанша күш керек болса, соншалық күш жұмсайтын адамдар болады. Бұл ретте бойдағы ең абзал қасиеттер әрқашанда мейлінше пәс нәрсеге сарп етіледі. Атап айтқанда, ой қабілеті ашу-ыза мен құштарлық күштердің қызметіне жегіледі, ал ашу-ыза күші тағы да сол құштарлық күшінің қызметін атқарады. Адам бұл жағдайда езінің ой-пікірін ашу-ыза әрекеті мен құштарлық әрекеті неліктен болады дегенді анықтау үшін сарп етеді. Ол ашуыза күшінің және оның мүшелерінің әрекетін ішіп-жеу рахатын, зинақорлық рахатын қанағаттандыру үшін және осыларға қолы жетіп, соны сақтауға жағдай туғызатын нәрселерге жұмсайды. Мұндайларды дәулетті түріктер мен арабтардан - шөлді жер (119-бет) тұрғындарынан көруге болады, өйткені өкімет билігіне талпыну, ішіп-жеуге мешкейлік пен зинақорлыққа құштарлық бұл адамдарға тән қасиет. Сондықтан бұлар әйелге табынады. Олардың көбі бұзық жолға түседі де, мұны азғындық деп есептемейді, рухани дүниесі жыныс құштарлығына белшесінен батса да, одан бойын тартпайды. Осылардың көбінің жыныстық қатынаста көрген-білгенінің бәрін әйелдер алдында мақтаныш етіп айтып отырғанын кездестіруге болады. Олар әйелдердің көз алдында өздерінің дәрежесін арттыру үшін еш нәрседен тартынбайды. Әйелдердің жамандаған нәрсесін олар жамандық, ал олардың мақтағандарын жақсылық деп санайды. Олар әйелдердің әуесқойлығының бәрін орындайды, сөйтіп, бұлар көбіне әйелдің жетегінде болып, үй тұрмысын әйелдері басқарады. Олардың көбі осы себеппен әйелдерді байлыққа үйретіп, оларды ауыр еңбекке жекпейді.
Әйелдерді сәнқойлыққа және бос отыруға үйретіп, ең ауыр қара жұмыстың бәрін өзі орындайды. 2 Пасық қала Пасық қала - бұл тұрғындары әуелгі бастамаға сеніп, бақытты қиялдап, соны арман ететін, соған сеніп, бақытқа жеткізетін әрекеттерді басшылыққа алатын, оларды біле, сене тұрып, бірақ сол әрекеттердің бірде-бірін орындамайтын, қайта, өздерінің арманы мен тілегі жағынан белгілі шамада надан қалалардың (120-бет) тұрғындары мақсаттарына: сый-құрметке, жеңіске және тағы сондайларға жетуге бейім туратын өздерінің барлық әрекеттерін және қабілетін соған бағындыратын қала. Бұл қалалардың түрлері сан жағынан надан қалалардың түрлеріне дәл келеді, өйткені олардың әрекеттерінің бәрі надан әрекеттер болып табылады және мінез-құлықтарының бәрі надан мінез-құлықтар. Бұлардың надан қалалардың тұрғындарынан айырмашылығы тек өздерінің көзқарастарында ғана. Бұл қалалардағы тұрғындардың бірде-біреуі мақсатқа мүлдем жете алмайды. 3 Адасқан қала Адасқан қалаларға келетін болсақ, бұлар - тұрғындарының жағдайлар туралы түсініктері жалған, біз айтқан ұғымдарға тіпті сәйкес келмейтін түсініктерді өздеріне басшылық етіп алған қалалар. Оларда әуелгі бастама туралы біздің айтқандарымызға сәйкес келмейтін жалған түсініктер мен бақыт туралы шын бақытқа сәйкес келмейтін түсініктер қалыптасқан. Оларда бақыт туралы жалған ұғым пайда болған. Олар ешқашан бақытқа жеткізе алмайтын әрекеттер мен көзқарастарды басшылыққа алады. Әрекет жасаушылар Қайырымды қалалардағы индивидтер көптеген түрлерге бөлінеді. Олардың ішінде (121-бет) бақытқа бастайтын әрекеттер жасаушылар бар, бірақ бұлар өздерінің әрекеттерінде шын бақытқа емес қайдағы бір басқа бақытқа ұмтылады, соның арқасында адам сый-құрметке, билікке, байлыққа және тағы сондай игіліктерге жете алады. Бұлардың ішінде надан қаланың кейбір қағидалары мен мақсаттарын басшылыққа алатындар бар, бірақ оларға қайырымды қалалардың заңдары мен қағидалары кедергі жасайтын болғандықтан, бұлар заң шығарушының аузына қарайды және солардың жазғандарында айтылған сөздеріне қарайды, сөйтіп оларды өздерінің тілегіне сәйкес түсінеді. Осылай түсіну арқылы олар
сол қағидаларды бұрмалайды. Мұндай адамдар бұрмалаушылар деп аталады. Бұлардың ішінде бұрмалауға тырыспайтындары да бар, бірақ заң шығарушыны дұрыс түсінбегендіктен және оның айтқандарын жете ұқпағандықтан, олар қала заңдарын заң шығарушының түсіндіруі бойынша түсінбейді, сөйтіп бұл адамдардың іс-әрекеттері бірінші басшының мақсаттарына сәйкес келмейді. Олар мұнда дұрыс түсінбегендіктен әрекеттерін қате жасайды. Бұлар - дінді (заңды) бұрмалаушылар. Басқа бір адамдар өздерінің сөздерінде өздеріне және басқаларға арналған заңдарды бұзып, бұрмалауы мүмкін, бірақ, осылай ете отырып, олар қайырымды қалаға қарсы әрекет жасамайды, қайта, керісінше, ақиқатты басшылыққа алады және шындықты білуге ынтығады. Бұл тектес адамдар ұғымының жоғарғы сатысына, еш нәрсе бұрмаланбайтын сатысына көтеріледі. Егер олар осы сатыға көтерілгеніне қанағаттанса, онда олар осында тоқтайды, ал егер қанағаттанбаса және оған қарама-қарсы қағидаға ауысатын болса, онда олар жаңа сатыға көтеріледі, сөйтіп олар сол сатылардың біріне жетіп қанағаттанғанша осылай жүре береді. Ал егер бұлар түсініктің бұл сатысына да қанағаттанғысы келмесе, онда олар ақиқат сатысына және заттар іс жүзінде қандай болса, сол күйінде түсіну сатысына көтеріледі де, олардың пікірі сол жерде тоқтайды. (122-бет) Бұлардың ішінде өзі түсінетін нәрсені бұрмалайтын адамдардың тағы басқа бір тобы бар. Бұлар келесі сатыға көтерілген сайын, оны бұрмалай береді де, ақиқат сатысына жеткенше осылай жүре береді. Бірақ, олар оны тағы бұрмалайды. Осының бәрін олар өкімет билігіне жету үшін ғана немесе өздері бейім тұрған надан қалалар тұрғындарының басқа бір мақсаттары үшін істейді. Олар қолынан келгенінің бәрін бұрмалайды да, жан дүниелерінде бақыт пен ақиқатты нығайта, жақсарта және бекіте түсетін сөздердің ешқайсысын естігісі де келмейді. Олар бақытты бұрмалаған ұғымның негізінде қабыл алады. Бақытқа жеттік деп қиялдайды, сондықтан да олардың көпшілігі надан қалалардың тұрғындарына қарағанда басқа мақсатты көздеп едік деп, сырттай өздерін ақтауға тырысады. Олардың ішінде басқа бір тобы бар: ол топтың бақыт пен тіршілік бастамасы туралы өз түсінігі бар. Олар өз ақылымен оларды түсінуге мүлдем қабілетсіз әрі өз түсінігі бойынша оларды жеткілікті мөлшерде меңгеруге әлсіз. Бұлар өздерінің түсініктерін бұрмалайды да, қайшылықтарға тап болады, сөйтіп ақиқатқа бір табан жақын түсініктің сатысына көтерілген сайын, олар оны бұрмалайды. Бұлар ақиқат сатысына көтеріле алмайды. Өйткені олардың
ақыл-парасаты оны танып білуге қабілетсіз. Бұлардың көбі өздерінің түсініктерін бұрмалағанда оларды шынында да қайшылықтар болғаннан емес, олардың түсініктерінің жетілмегенінен бұрмалайды. (123-бет) Олар мұнда шындығында да қайшылықтар болғандықтан емес, жіті ойламағандықтан бұрмалайды. Олардың көпшілігі, егер мұны жеткілікті дәрежеде жете ұсынуға қабілеті жетпесе немесе шын қайшылықтарға кездесе қалғандай болса және соның себебінен ақиқатқа жете алмаса, онда осының ақиқатына жеткен адамды, соған жеттім деген адамды атақ үшін, билік үшін әдейі өтірік айтып жүр деп есептейді. Олардың ақиқатты бұрмалауға тырысу себептері, өздерінің пікірінше жетіп отырған көзқарасы дұрыс болып көрінеді. Осыдан келіп олардың көбі ақиқатқа жеттік деп ойлаушылардың бәрі де алжасады деген қорытындыға келеді. Соған сүйеніп кейбіреулері ешбір мәселенің шешімі жоқ екендігі туралы қорытынды жасайды. Енді біреулері осыдан келіп пайымдалған нәрседе ақиқат мүлдем жоқ және егер біреу бір нәрсенің ақиқатына жеттім дейтін болса, онысы алжасқандық болады деген қорытынды жасайды. Осы үшін қайырымды қаланың әкімі осылар сияқты әрекет етушілердің әрекеттерін бақылауға алады. Адамдардың бұл топтарын белгілі бір шара қолданып, қаладан шығарып жіберу, жазалау, абақтыға отырғызу сияқты басқа да жазалау шаралар қолдануы керек. Бұлардың ішінде кейбірі уақыт өте ақиқат әркімнің өзіне көрінеді және әр нәрсенің ақиқаты әркімнің сол туралы - ойы деп түсінетіндері де бар. Енді кейбіреулері ұйықтап жатқан кісінің көрген түсіндей түсінеді немесе алыстағы ақиқатты мен көрдім немесе керейін деп турмын деп түсінеді. Бұлардың енді біреулері өзін ақиқатқа жеттім мен оны іштей сезіп отырмын немесе мен ақиқатты жіберіп қойдым, енді оны қайта табуым үшін маған өте көп уақыт қажет деп ойлайды немесе біреулері ақиқатты табу үшін барлық жағдай жасалса-дағы өзінің ақиқатты таба алмайтынын біледі. Әл-Фараби. Азаматтық саясат. Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хилялъ, 1996. 21-127 66. Аударған: Ж. Сандыбаев.
БАҚЫТҚА ЖЕТУ ЖАЙЫНДА БІРІНШІ БӨЛІМ Теориялық ізгіліктер (25-бет) Адамның басына дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе, олар бұл өмірде дүние бақытына, басқа өмірде алыс бақытқа жетер еді. Бұлар теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және практикалық өнерлер. Алғашқы білімдер мен үйрену арқылы келетін білімдер (26-бет) Теориялық ізгіліктер дегеніміздің түпкі мақсаты - өмірде бар нәрселерді рационалды қамтып және сонымен ғана көз жеткізетін білімдер. Бұл білімдердің ішінде адам әуел бастан көңіліне тоқыған білімдер бар. Бұлардың қалайша және қайдан пайда болғанын ол аңдамай да, білмей де қалады, бұлар - алғашқы білімдер. Олардың ішінде ойлау, тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы алатын білімдер де бар. Алғашқы білімдер арқылы мәлім болған белгілі нәрселер - алғы шарттар, бұлардан сондай тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы келетін ғылымдар қалыптасады /3/. Ғылымның дәрежелері мен зерттеу жолдары Адам зерттеу және оқу арқылы танып білуге талпынатын нәрселер алғашқыда белгісіз болады. Ал егер адам оны зерттеп, оған қол тигізсе, олар көздеулі мақсатқа айналады, егер де осылайша зерттеп оқығаннан кейін адамда сенім, көзқарас немесе білім қалыптасатын болса, онда бұлар қорытындыға айналады /4/. (27-бет) Әрбір көздеулі мақсаттың мазмұны - шынайы ақиқатқа жету, алайда, көп жағдайда ақиқатқа жете бермейміз. Кейде біз әйтеуір бір нәрсе жөнінде анық білімге жетеміз, ал екінші бір нәрсе жөнінде пікіріміз бен сеніміміз болады, не болмаса біздің ол жөнінде бейнелі түсінігіміз болады, кейде анық білім /5/ жөнінде оған жеттік деп адасамыз, ал шынында оған жетпеген боламыз. Кейде шындық пен жалғанның екеуі бірдей болып көрінсе, онда қайран қаламыз. Мұның себебі, біздің көздеулі мақсатқа барар жолымыздың әр түрлілігінде. Бір жолдың бізді көздеулі мақсаттарда әр түрлі сенімге келтіруі мүмкін емес. Керісінше, көздеулі мақсаттарға бізді әр түрлі сенімге келтіретін түрлі жолдардың болуы тиіс, алайда, біз олардың айырмашылығы мен алуан түрлілігін аңдамаймыз да, сөйтіп барлық көздеулі мақсатқа бәз-баяғы бір жолмен барамыз деп ойлаймыз. Бір көздеулі мақсатты іздегенде бізді анық
білімге жетелейтін жолды пайдалануымыз керек. Көздеулі мақсатта біз сол сияқты басқа немесе соған ұқсайтын жолмен жүреміз. Ол бізді [анық білімге емес] сенімге немесе пікірге алып келгенін аңдамай да қаламыз. (28-бет) Сондықтан, бізде бір ғана жол болып көрінеді, біз екінші мәрте жүрген жол - нақ біз бірінші рет жүрген жол сияқты көрінеді. Біз коп жағдайда өзімізде де, зерттеу және үйрену ісімен шұғылданатын адамдарда да осындай құбылысты байқаймыз. Бұдан айқын көрінетін нәрсе, көздеулі мақсаттарды зерттеуге кірісуден алдын біз бұл жолдардың арасындағы айырмашылықты, жолдардың әрқайсысына тән айырықша қасиеттерімен белгілерін бір-бірінен ажырата білуіміз керек. Өзіміздің танып білу жөніндегі туа біткен, табиғат бойымызға дарытқан қабілетіміз бізге осы [жолдар] жайында мағлұматтар беретін өнермен қамтылған. Егер біздің туа біткен қабілетіміз осы жолдардың қайсыбірін басқаларынан ажыратуға жеткіліксіз болса [шамасы келмесе], онда біз зерттеушіні нақты және осы ақиқат жөніндегі анық мағлұматқа сөзсіз жеткізуі үшін әуелгі шарттардың қағидалары мен шарттары және олардың реттелетін тәртібі қандай болуға тиіс; зерттеуші ақиқаттан алшақтап, көздеулі мақсаттағы ақиқат қандай екенін білмегенде әуелгі шарттарды қурайтын шарттар мен қағидалар қандай болуға тиіс; көздеулі мақсаттағы нақты білім осы деген сияқты пікір мен сенім туатын болса, ал ақиқатта ол нақты білім болмай шықса, бірінші алғы шарттарды құрайтын шарттар мен қағидалар және олардың реттеу тәртібі қандай болуға тиіс; зерттеуші адасып немесе қателесіп бұл екеуінің қайсы бірі талап етілген мақсат екенін білмесе, зерттеуші ақиқаттың өзіне емес нұсқасы мен бейнесіне жетсе, әуелгі алғы шарттарды қурайтын шарттар мен қағидалар және олардың реттелетін тәртібі қандай болуға тиіс екенін білуі керек. (29-бет) Егер біз осының барлығын білсек, онда біз өмірде бар нәрселер жолындағы білімдерді не өзіміздің дербес зерттеу жолымен немесе басқалардан үйрену жолымен іздеуге кірісеміз. Бұл жағдайда аталған нәрселерді қалай зерттеу керек екенін және оларды танып білуді, қалай үйрену керек екенін білеміз. Осы қабілеттің арқасында біз өзіміздің зерттеуімізді анық білім бе әлде пікір ме, бұл сол нәрсенің өзі ме немесе соның нұсқасы мен бейнесі ме ажырата аламыз. Сонымен катар, біз басқалардан білгенімізді және басқалардың көмегінсіз білетінімізді тексеруден өткіземіз. Алғашқы білім - төрт болмыс негізі Егер өмірде бар нәрселердің әрбірі жөніндегі алғашқы білімдер зерттеушіні осы тектес көздеулі мақсаттағы анық білімге жеткізетін қағидалар мен шарттар болатын болса - ол [сол заттағы] оқу-білімнің негіздері. Белгілі бір
текке жататын түрлердің немесе олардың көбінде болатын себептер арқылы, осы себептерге байланысты және осы себептерден айтылмыш текке жататын түрлер өмір сүріп отырған болса, онда оларды өзінде қамтыған және зерттелінуі қажет болған сол тектің [нәрсенің] болмыс бастамалары. Мұндағы оқып-үйренудің бастамалары болмыс бастамаларымен сәйкес келеді. (30-бет) Болмыстың дәлелдемесі алғашқы білімдерге байланысты, егер ол «бұл өмірде бар ма» дегенді білдірумен қатар «мұның болуы неліктен» дегенді білдіретін болса, «бұл неліктен» дегеннің дәлелдемесі деп аталады /6/. Егер аталған қағидалар мен шарттар жаратылыстағы нәрселердің қайсыбір тегінде бар мағлұматтар осы тектес болмысты таныса білуімізге себептері болып, олардың қайсыбірінің болмысының себептер! болмаса, онда осы текке [турге] қатысты оқу-білімінің бастамасы болмыстың бастамасына сәйкес келмейді. Бұл білімдерден туратын болмыс дәлелдемелері «бұл өмірде бар ма?» дегеннің дәлелдемесі болып табылады бірақ, «бұл неліктен?» дегеннің дәлелдемесі бола алмайды. Болмыстың бастамасы төртеу: зат «не», «неліктен» және «қалай» өмір сүреді - осының бәрінің мағынасы біреу ғана - оның «неліктен» және «не үшін» өмір сүретіндігі. Біздің: «мұның болуы неліктен» деуіміздің өзі әрекет етуші бастаманы көрсетуі де, тіпті материяны көрсетуі де мүмкін. Сондықтан, болмыстың себептері мен бастамалары төртеу болып шығады. Өмірдегі жаратылыс тектерінің ішінде мынадайлары да бар, бұлар да өз болмысы бастамасының мүлде болмауы ғажап нәрсе емес - бұл өмірдегі барлық жаратылыстардың ең алыстағы бастамасы. Бұл бастама жөнінде бізде тек білім бастамалары ғана бар. Олардың ішінде осы төрт бастаманың бәріне (31бет) тән бастамаларда бар, ал бұлардың үшеуінің ғана иемденетіндер де бар. Олар материя бастамаларының ішінде ешқашан да бола алмайтындар. Жаратылыс жанында зерттелетін білімдердің барлығы ақыл-ой мен пайымдалатын білім. Оның мақсаты ең алдымен - [сол] текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Кейін болмыстың бастамаларын танып білу. Оқып-үйрену бастамаларынан бастап оның түрлерін тану, онан соң осы бастамаларды бойына дарытқан нәрсе біткеннің барлығының бастамаларын анық тануға болады. Сөйтіп, осы зерттелген тектің өмірде бар бастамаларын түгел атап шығу керек болады. Егер осы торт бастаманың бәрі де оған тән болса, онда зерттеуші бұлардың тек кейбіреулерімен ғана шектелмей олардың барлығын түгел қамтиды, егер оған торт [бастаманың] бәрі бірдей тән болмаса, онда ол осы бастамалардың саны үшеу ме, екеу ме, әлде біреу ме, соны анықтауға тырысады, бұл ретте ол
бұл тектің ең бергі бастамаларымен тынбайды, қайта бұл бастамалардың бастамаларын және [бұл бастамалардың] бастамаларының бастамаларын анықтауға тырысады, сөйтіп, осы текте өзі анықтаған ең арғы бастамаларға жеткенше тоқтамайды. (32-бет) Егер де бұл тектегі осы ең арғы бастаманың да бастамасы болса, бірақ бұл текте емес, басқасында болса, онда ол мұны [зерттеуге] кіріспейді, шыдай тұрып, мұны зерттеуді кейінге қалдырады /8/ сөйтіп осы текті қамтитын білімді қарастыруға тікелей көшеді де, оқып-үйрену бастамалары осы текке тән болмыстың бастамаларына сәйкес келетін, осы қарастырылып отырған тектің не нәрсе екенін [біліп алуды] көздейді. Ол осы бастамаларды пайдаланып, алдында тұрған мақсатқа көшеді. Қандай да болсын ғылымдағы көздеулі мақсатқа талпынғанда ол «бұл [өмірде бар] ма» және «бұл неліктен» дегенді танып біледі, сөйтіп осы текте өзі жете алатын ең ақтық нәрсеге жеткенше осылай кете береді. Егер өмірдегі заттардың қайсыбір тегі жайындағы оқып-үйрену бастамалары болмыстың бастамаларына сәйкес келмейтін болса, онда бұлардағы болмыс бастамаларының тек бүркеулі жатқаны, әуел бастан мәлімсіз болғаны, сондықтан болмысы болмыстың бастамаларына сәйкес келмейтін оқыпүйренудің бастамалары және [жоғарыдағы] болмыстың бастамалары жөнінде келесі ретте тұруы лазым болған нәрселер бұлардағы оқып үйренудің бастамалары болып табылады. Олардың орналасу тәртібі сондай, соның нәтижесінде белгілі жүйесі мен тәртібі бар заттар болмысының бастамасы болып табылатын қорытынды сөзсіз келіп шығады. Оқып үйрену бастамалары бізге болмыстың бастамаларын танып білу құралдары ретінде қызмет етеді, (33-бет) ал бұлардан жасалған қорытындылар оқып-үйрену бастамалары орын тепкен заттар болмысын [танып білудің] бастамалары мен құралдары ретінде қызмет етеді. Сонымен, [зерттеуші] болмыс бастамаларына қарағанда кейінгі болып табылатын нәрселерді танып білуден, болмысқа қарағанда бұрынғы бастамалар болып табылатын нәрселерді анықтап [білуге қарай] көтеріледі. Ал егер біз осы жолмен жеткен болмыс бастамасының алғашқыдан анағұрлым жоғары және анағұрлым алысырақ тұрған басқа бір бастамасы болса, онда біз оны алғы шарт етеміз де, бұдан осы бастаманың бастамасына қарай көтерілеміз. Осы текте өзіміз анықтайтын ең алыстағы бастамаға барып жету үшін біз әрқашанда осылайша әрекет жасаймыз. Егер біз болмысы осы бастамадан шыққандығы өзімізге белгілі болған нәрселердің қайсыбір бастамасына қарай келер болсақ, онда бұл жерде бастамадан шыққандығы бізге белгісіз, бүркеулі жатқан және әуел бастан мәлімсіз, басқа да нәрселердің болуы әбден ықтимал. Егер біз өзімізге
қазірдің өзінде-ақ белгілі бастаманы алғы шарт ретінде пайдаланып, одан осы бастамадан туатын басқа нәрселерді танып білуге көшетін болсақ, онда, бұл бастама бізге «бұл сол [нәрсе] ма» және «бұл неліктен» деген нәрселер жөнінде білдіретін болады. Тағы бір ықтимал нәрсе, көптеген заттардың бір бастамадан келіп шығуы, бірақ осы толып жатқан заттардың ішінен бізге әуел бастан біреуінің ғана белгілі болуы, бұл бастаманың, сондай-ақ бұдан келіп шығатын әлгі басқа да заттардың бүркеулі жатуы мүмкін. бет) Бұлай болған жағдайда өзімізге белгілі осы бірден-бір заттан сол бастаманы танып білуге көтерілеміз, сонда осы бірден-бір зат сол бастаманың болмысы туралы ғана білім береді. Онан соң біз осы бастаманы сол [бастамадан] келіп шығатын бүркеулі жатқан басқа заттардың мәнісін түсіндіретін алғы шарт ретінде пайдаланамыз да, тек осыдан кейін ғана олардың болмысы туралы білімін де /9/ және болмысының себептерін де танып білеміз. Егер осы бастаманың басқа бір бастамасы болса, онда біз әлгі [бірінші] бастаманы түсіндіру үшін мұны да пайдаланамыз, сонда бұдан бұрынғы [екінші] бастама бізге болмыс жөнінде білім береді. Оны біз екі тұрғыда пайдаланамыз: бірінші, ол бізге өзінің болмысы жөнінде ғана білім береді, ал екінші жағынан, өзінің болмысы жөнінде де, өз болмысының себептері жөнінде де білім береді. Сол сияқты, егер осы бастама бастамасының жайы да солай болса, атап айтқанда, егер оның езінен туатын заттарымен қоса басқа бір бастамасы болса, онда біз бұл бастаманың бастамасын түсіндіру үшін және осыдан келіп шығатын басқа да бүркеулі заттарды түсіндіру үшін пайдаланамыз. Бұл бастама өз тарапынан, бізге өз бастамасының болмысы жөнінде мағлұмат береді, сонымен қатар осы заттардың болмысы жөнінде де, болмысының себептері жөнінде де мағлұмат береді. Математика ғылымы (35-бет) Өмірдегі заттардың зерттелуін, адам ақыл-ойының ауытқуы мен абыржуынан оп-оңай құтқаратын бірінші тек - сан мен шама /10/. Сан мен шаманы қамтитын ғылым -математика /11/. Ең алдымен, біз саннан бастаймыз, одан соң есептеу жүргізіледі, сонымен қатар есептелуге тиісті басқа шамалардың қалай есептелетіндігі жөнінде білім алынады. Кейін, ол [зерттеуші] шама, кескін, жағдай, реттілік, үйлесімділік пен жүйелілік жөнінде білім алады: ол саны бар шамаларды зерттейді, санның арқасында болатын барлық қасиеттері тұрғысынан осы шамаларды: аумағын, реттілігін, үйлесімділігін, жүйелілігін қарастырады.
Аумақтылық, реттілік, үйлесімділік және жүйелілік қасиеттерін ол екі тұрғыдан анықтайды: олардың шамалар ретінде шамаларға жататындығы тұрғысы және сан ретінде шамаларға жататындығы тұрғысы. Ол саны жоқ, бірақ аумағы, реттілігі, үйлесімділгі мен жүйелілігі бар шамаларды бұлардың шамаларға жататындығы тұрғысынан [зерттейді], (36-бет) содан кейін аумағы мен жүйелілігі бар өмірдегі басқа заттарды олардың санға жататындығы тұрғысынан қарастырады. Бұдан соң ол шамалық сипаты бар басқа заттарды қарастырып,бұларға шамалар ретіндегі шамаларға тән кескін,жағдай, аумақ, шама, реттілік, үйлесім мен жүйе сияқты қасиеттерді де, сондай-ақ әрі сан, әрі шамалар ретіндегі осы заттарға тән қасиеттерді де қарастырады. Бұдан екі тектегі нәрселердің бәрі алынады да, мұнда сан мен шамалар ретіндегі осы заттар жатқызылатын, өмірдегі нәрсе біткенді қамту мақсаты көзделеді. Оптика, қозғалушы сфералар жайындағы ғылым, аспан денелері жайындағы ғылым, музыкалық ғылым, және салмақ жайындағы мен шебер тәсілдер жайындағы ғылымдар осыдан келіп шығады /12/. Қарастырылып отырған текте математиканың бастамалары болып табылатын барлық заттарды [зерттеуші] сан мен шамалар түрінде алып кейін жоғарыда айтылған қабілетке қарай анықталатын реті бойынша орналастырады, сөйтіп, бұл заттардың әрқайсысын қарастырылуы тиісті болған әрбір затқа сәйкес зерттеуге тырысады, ол осылардың бәрін анықтап шыққанша немесе сол тек жайында (37-бет) осы өнердің негіздерін тұжырымдауға жеткілікті іргелі білім алғанша осылай ете береді. Егер осы текте қалатын және сан мен шамаларды қарастыратын осы ғылымға тән нәрселер жайындағы оқу білімінің негіздері болмыстың бастамаларымен пара-пар болса, онда мұның барлық дәлелдемесі екі мәселені де қамтиды, яғни заттың болмысы туралы және оның неліктен өмір сүріп отырғандығы туралы да [білім] береді. Бұлардың бәрі «бұл не нәрсе» және «бұл неліктен» дегеннің дәлелдемелеріне айналады. Болмыстың: «немене», «неліктен» және «қалайша» деген бастамалары - [әрекет етуші бастама, материя және «не үшін» деген сияқты басқа] үш бастамадан тысқары пайдаланылады /13/, өйткені материядан зәрулікпен дерексіздендіріліп алынған сан мен шамалардың тегінде олардың болмысының жоғарыда айтылған бастамаларынан басқа бастамалар болмайды. Оларда басқа бастамалардың болатын бір ғана себебі, бұлар табиғи және [адамның] еркімен [жасалған заттарға тән], атап айтқанда, бұлар материядан алынады. Сондықтан бұл ғылым оларды материядан тысқары алып қарайтындықтан және олардағы материялыққа жатпай және сол дәрежеде болмайтын нәрсені пайдаланбайтындықтан, біз ең алдымен, саннан бастаймыз, онан соң шамаларға, содан кейін саны мен шамалары өзінен өзі болатын басқа заттарға, мәселен оптикаға, аспан денелері ретіндегі
қозғалушы шамаларға, онан әрі музыкаға, салмақ жайындағы ғылым мен шебер тәсілдер жайындағы ғылымға көтерілеміз (38-бет). [Зерттеуші] материясыз түсініп, көңілге тоқуға болатын нәрседен бастайды, кейін, көңілге тоқу үшін материяны сәл ғана қажет ететін [нәрсеге көшеді], одан соң оны түсініп, көңілге тоқып, ақыл-оймен пайымдау үшін материясы көбірек нәрсеге көшеді. Саны мен шамалары болатын нәрселер жөнінде де ол осылай пайымдау үшін материяны бұрынғыдан да көбірек қажет ететін нәрсеге көтеріле береді, сөйтіп аспан денелеріне, онан соң музыкаға, содан кейін салмақ [жайындағы ғылымға] және шебер тәсілдер жайындағы ғылымдарға көшеді. Сонда ол ақыл-оймен пайымдауға қиын соғатын немесе тек материяда ғана бола алатын заттарды лажсыз пайдаланады. Бұл жоғарыда ол «не», «неліктен» және «қалайша» дегендерден басқа негіздерді лажсыз енгізеді, бұлар екі тектің қақ ортасында тұрған негіздер: болмыс бастамаларынан «немене» дегені ғана, яғни болмысы ғана бар нәрсе мен түрлерінде барлық төрт бастама түгел кездесетін негіздер болады. Сонда [зерттеуші] болмыс туралы ғылымға кіріседі, сөйтіп ол болмыстың төрт бастамасы бар өмірдегі заттарды біледі және тек материя арқылы ғана ақылоймен пайымдауға болатын өмірдегі заттар тегін таниды. Материя атаулыны - табиғи деп атайды. (39-бет) Табиғат туралы ғылым Зерттеуші бұл ретте математика бастамаларындағы жеке қағидалардың осы тегінде болатын барлық бірінші алғы шарттарды алуға тиіс, сондай-ақ, өзі алғашқы білімнен алған нәрсені қарастыруға және өзінің білуінше бұл ғылымда оқу білімінің бастамасы боларлық нәрсені алады /14/. Ол денелерді, денелердегі заттарды, дүниені құрайтын дене тектерін және дүниені құшағына алған заттарды қарастырады. Тұтас алғанда бұлар -сезіммен қабылданатын заттар тектері немесе олар үшін сезіммен қабылданатын заттары бар тектер, атап айтқанда: аспан денелері, онан соң жер, су, ауа, от, бу және басқалар, онан соң жер бетінде және жер қойнауында болатын тастар мен минералдар, бұдан кейін өсімдіктер, парасатсыз хайуандар мен парасатты жандар әлемдері. Осы тектердің әрқайсысы және әрбір тектегі түрлердің әрқайсысы жөнінде [зерттеуші] болмысы мен болмысының бастамалары жайлы білім алады. Ал көздеулі мақсаттардың әрқайсысы жөнінде «ол бар», «неліктен», және «қалайша» (40-бет) өмір сүреді, ол «не нәрседен» бар болады және «не үшін» өмір сүреді деген туралы [білім] алады, сөйтіп ол ең бергі бастамалармен шектеліп қалмайды, керісінше, олардың
бастамаларының бастамаларын және бұл бастамалардың бастамаларын негізге алады. Мұндағы мақсат - істі [осы текке] жататын ең ақтық дене бастамаларымен аяқтау. Осы білімнің бойындағы оқып-үйрену бастамалары болмыс бастамаларымен пара-пар /15/; оқып үйрену бастамалары болмыс бастамаларын танып білуге бастайды. Табиғи пәндердің әрбір тегі жайындағы оқып-үйренудің бастамалары олардың болмысының бастамалары жөніндегі келесі заттар болып табылады деген сөз. Осы тек болмысының бастамалары оқып-білу бастамалары болмысының себептері болады. [Зерттеуші] осы бастамалардан келіп шығатын заттардың әрбір тегінің немесе түрінің бастамаларын танып білу дәрежесіне жетеді. Егер бұл бастамалар ең бергі бастамалар болса және бұл бастамалардың басқа бастамалары болса, онда оқып-үйрену бастамалары ретінде осы ең бергі бастамалар пайдаланылады, ал бұлардан кейін [зерттеуші] олардың бастамаларын танып білуге ден қояды. Бұл бастамалар әбден белгілі болған кезде, ол бұлардан осы бастамалардың бастамаларын [танып білуге] көшеді де, осы тек болмысының ең арғы бастамаларына жеткенше тынбайды. Егер біз оқып үйрену бастамаларынан болмыс бастамаларына ден қояр болсақ, онда болмыстың бастамалары белгілі болады. (41-бет) Біз өзімізге белгілі осы, алғашқы заттардан әлгі бастамаларға ден қойғанда осы бастамалардан келіп шығатын, бізге белгісіз басқа да заттар бар екенін білеміз. Болмыстың бұл бастамаларын біз оқып-үйрену бастамалары арқылы да танып білеміз. Біз бұл бастамалардан өтіп, бұлардан кейін келетін заттарды танып білуге көшеміз, сонда бұл бастамалар осы заттар жөнінде әрі оқыпүйрену бастамалары, әрі болмыс бастамалары болады. Сезіммен қабылданатын денелердің әрбір тегінде және әрбір тектің әрбір түрінде біз осы жолмен жүріп отырамыз. [Зерттеуші] аспан денелерін тексеру ісін аяқтап, олардың болмысының бастамаларын зерттегенде олардың болмысының бастамаларын қарап тексеру ісі оны табиғатқа да, табиғи [заттарға] да жатпайтын, бірақ табиғат пен табиғи заттардан гөрі неғұрлым жетік заттар ретіндегі, бірақ денелерге жатпайтын және дене де болмайтын бастамаларға көтерілуге мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ол басқа зерттеуге және басқа ғылымға көшіп, метафизикалық заттарды қарастыруға зер салуы керек. Сонда зерттеу және оқып-үйрену реті тұрғысынан алып қарағанда, ол екі ғылымның: физика мен метафизиканың арасында болады, ал болмыс сатылары тұрғысынан алып қарағанда, табиғи заттардан жоғары болып шығады. (42-бет) Зерттеу барысында хайуандар болмысының бастамаларын тексере келіп, ол қалай да жан жүйесін қарастыруға немесе психикалық
бастамаларға қарай, ал бұлардан саналы жанды қарастыруға көтеріледі. Соның бастамаларын зерттегеннен кейін ол өзінің зерттейтін пәнінің «не екенін», «ненің арқасында», «қалайша», «неліктен» және «не үшін» [өмір сүретінін] қарастыруға тиіс. Бұдан кейін ол парасатқа және ақыл-оймен танып білетін нәрселерге дейін жетеді, міне сонда ол қажетті түрде ақыл-ой деген «не екенін», «ненің арқасында», «неліктен» және «не үшін» зерттейді. Ол осыны қарастырып бұдан кейін денелерден өзге бастамаларға көшуі тиіс. Бұлар аспан денелерінен төмен орналасқан, өмірдегі заттарға жатады. Сол сияқты оның өзі зерттеу кезінде барып жеткен аспан бастамалары аспан денелеріне жатады. Жан мен парасат жайындағы мәселеден кейін олардың соларға бола өмір сүріп отырған бастамаларына, адамның өмір сүруіне арқау болып отырған ең арғы мақсат пен ең мәртебелі кәмелетке көтеріледі. Адамның өмір сүргенде көксейтін арманы -кәмелеттікке жетуіне және оқыпүйренуге дем беруі үшін адамға табиғи бастамалардың жеткіліксіз екенін ол түсінеді. Бұл жағдайда зерттеуші өзіне басқа ақыл бастамалары қажет екендігі, осы арқылы оның сол кәмелеттікке талпынатындығы оған айқын болады. (43-бет) Зерттеуші бұл жағдайда басқа, метафизикалық емес текке тап болады. Адам осы тектің қамтитын, атап айтқанда, өзінің ақыл бастамаларынан алатын заттарды зерттей алады. Соның арқасында кәмелеттікке жетеді, бұл оның физиканы танып білуіне көмектеседі. Бұл жағдайда осы ойшылдық бастамалар себеп ретінде адамды өмірінің мұраты еткен кәмелеттікке жеткізе қоймайтындығы оған айқын болады. Бірақ, сонымен бірге ол осы ақыл бастамалары толып жатқан табиғи нәрселердің, оның бойына табиғат дарытқандардан өзге нәрселердің болмыстың бастамалары екенін біледі. Өйткені адам ең жоғары мәртебелі кәмелеттікке жетеді. Осының арқасында ол, егер бастамалардан кәмелеттікке жетуге талпынатын болса, шын мәнісінде кәміл болады. Көптеген табиғи нәрселерді пайдаланып және осы нәрселер жөнінде жасаған іс-әрекеті нәтижесінде бұл [нәрселер]оның өз қабілетіне қарай ең мәртебелі кәмелеттікке жетуіне пайдалы болатын күнде ғана бұған талпынбақ. Бұл жағдайды оның бұл ғылымнан түсінетін бір нәрсесі: әрбір адам осы кәмелеттіктен өзіне белгілі бір үлес қана алады, оның алған бұл үлесі көбірек немесе азырақ болуы мүмкін, өйткені ол көптеген адамнан көмек алмайынша барлық кәмелеттікке жападан-жалғыз жете алмайды. (44-бет) Адам жаратылысындағы қасиеттің бірі сол, ол өзінің көздегеніне талпынуда басқа адаммен немесе басқа жұртпен байланыс жасайды. Кез келген адам осындай жағдайда болады. Сондықтан, әрбір адам өзінің шамасы келерлік кәмелетке
жету үшін басқа адамдардың қоршауында болуға және солармен бірігуге мұқтаж болады. Дәл сол сияқты осынау жанның жаратылысындағы бір қасиеті - ол қауымның өзі тектес өкілдерінен пана іздейді, солардың қоршауында тұруды көздейді. Сондықтан да оны адам немесе азамат жануар деп атайды. Бұл арада осы ақыл бастамаларын, сонымен қатар адамның кәмелеттікке жетуіне дем беретін әрекеттері мен қасиеттерін зерттейтін басқа ғылым мен басқа білім пайда болады. Бұдан азаматтық ғылым туады /16/. Метафизика ғылымы [Зерттеуші] физикадан кейін тұратын болмыстарды зерттеуге кіріседі және мұнда нақ физикадағы сияқты әдістерді қолданады. Ол [метафизикада] осы текке қолайлы келетін бірінші алғы шарттарды окып-үйренудің бастамалары етеді, онан соң физикада дәлелденген қағидаларды жоғарыда айтылған тәртіппен (45-бет) осы тектегі оқып-білудің бастамалары ретінде пайдаланады, осылайша өмірдегі осы тектес заттардың әрбір затына барып жетеді. Зерттеуші бұлардың бірде-бірінде материяның мүлде жоқ екенін анықтап алады /17/. Бұлардың әрқайсысынан ол «мұның не екенін», «мұның қалайша өмір сүретінін», «қандай нәрсенің ықпалымен» және «неліктен өмір сүретінін» зерттеп білуге тиіс. Бұларды белгілі бастамалардан: оның болмысы [төркіні] «қандай» дегенмен де, оның болатыны «неліктен» дегеннен де, оның болу «себебі не» дегеннен де мүлде аман тұлғаға барып жеткенше зерттей беруі керек. Ол - жоғарыда әңгіме болған өмірдегі барлық заттардың бірінші бастамасы /18/. Ол өзінің арқасында өздігінен және өзі үшін өмір сүруші нәрсе, ал [оның өмір сүру] әдістерінде ешқандай мін жоқ, бұл өмір сүру әдістерінің мінсіздігі соншалық, соның арқасында зат өмірде бір зат біткеннің барлығының бастамасына айналады. Егер [зерттеуші] осыны үйренген болса, онда ол бұдан соң өмірдегі заттарда болуға тиісті өзгерістерді зерттейді, мұнда бұл болмыс өзінің сатысы жағынан ең әуел бастан бар заттан бастап олардың болмысының бастамасы мен себебі болуы шарт, ал бұдан кейін ол содан басталатын болмыс арқылы және өмірдегі заттардың ең арғы себептерінің көмегімен сол заттар жайында мағлұмат алады. Бірінші бастама - Ол Құдай. (46-бет) Бұдан кейін келетін және денелерге жатпайтын, әрі денелерде [болмайтын] бастамалар Құдай бастамасы болып табылады. Азаматтық ғылым
Бұдан кейін ол азаматтық ғылымға кіріседі, адамның өмірінде көздейтін мақсатын зерттейді, - ал мұның өзі адамның бойына даритын: «бұл не нәрсе» және «қалайша» [өмір сүреді] деген кәмелеттік болып шығады. Кейін, ол адамның осы кәмелетке жетуіне дем беретін немесе осыған жету үшін адамға игілік, ізгілік, қайырымдылық түрінде пайда келтіретін барлық зат біткенді зерттейді де, бұларды өзінің осы кәмелеттікке жетуіне бөгет болатын жамандық, шалағайлық, қаскүнемдік сияқты заттардан бөлек алып қарайды. Олардың әрқайсысының «немене», «не үшін» және «ол неліктен» болатынын біледі, бұлардың бәрін бір-бірінен өзгеше, ақыл-оймен пайымдалатын белгілі нәрселерге айналдырады. Азаматтық ғылым дегеніміз осы /19/. Бұл - заттар жайындағы ғылым, осы заттар арқасына да қала тұрғындарының әрбірі азаматтық бірлестікте өздеріне табиғаттан қай мөлшерде сыбаға белгіленген болса, сол мөлшерде бақытқа кенеледі. (48-бет) [Зерттеуші] қалалық бірлестіктің және қаладағы тұрғындар бірлестігінен пайда болатын жиын дүние құрылымындағы денелер тәрізді екенін түсінеді. Ол сондай-ақ, қала мен халықты қамтитын ережелер мен дүниені қамтитын ережелердің арасындағы ұқсастықты байқайды. Дүниеде әлденендей бір алғашқы бастама бар, мұның соңынан рет-ретімен басқа бастамалар келе береді. Ал олардан өмірдегі заттар келіп шығады, кейін басқа заттар рет-ретімен келе береді де, болмыс ретімен алғанда өмірдегі ең соңғы заттарға дейін осылай жалғасып отырады. Дәл сол сияқты халықты немесе қаланы қамтитын нәрселер жиынтығында да әлденендей бір алғашқы бастама болады, оның соңынан да басқа бастамалар және осы бастамаларға ілесуші басқа [тұрғындар] келеді, ал осы тұрғындардың ізімен басқа тұрғындар жүріп отырады да, азаматтық және адамдық [болмысы] жағынан ең соңғы тұрғындарға жеткенге дейін осылай жалғасып кете береді /20/. Осының нәтижесінде қаланы құрастырушы нәрселер дүние жиынтығын құрастырушы нәрселерге ұқсас болады. Теориялық кәмелеттік дегеніміз осы. Сондықтан бұл сіз көріп отырғандай, торт текті білімдерді қамтиды, ал осы білімдердің арқасында қала тұрғындары мен халықтар ең жоғарғы бақытқа жетеді. Осыдан соң теориялық қағидаларда көрсетілгендей сәйкес етіп [төрт тектің] халықтар мен қалаларда түпкілікті болуын көздеу ғана қалады. ЕКІНШІ БӨЛІМ Этикалық ізгіліктер Мынадай сұрақ туады: осы теориялық [қағидаларға] сонымен қатар осы [торт тектің] халықтар мен қалаларда түпкілікті болуына септігін тигізетін заттар көрсетілген бе, әлде жоқ па? Егер бұларда осы заттар ақыл-оймен
пайымдалатын заттар ретінде көрсетілген болса, онда бұлардың [жай ғана] көрсетілгені. Ал егер сол қағидаларда бұл заттар әрі ақыл-оймен пайымдалатын, әрі өмірдегі заттар ретінде көрсетілген болса, онда теориялық білімдерде бұл заттардың түпкілікті өмір сүруші заттар ретінде көрсетілгені. Мәселен, егер құрылыс өнері ақыл-оймен пайымдалатын нәрсе ретінде және құрылыс өнерімен құрылысшыға дәнекер болған нәрсені ақылмен аңдаған түсінік ретінде көрсетілген болса, онда бұл өнердің құрылысшының зердесіне әбден қалыптасқаны, яғни егер құрылысшы ақыл-оймен пайымдалатын нәрсе ретінде көрсетілген болса, онда құрылыс та нақты. Теориялық ғылымдарда да сол сияқты мұның [бәрі] көрсетілген. (50-бет) Егер де зат ақылмен түсініліп, бірақ оның өзі ақылдан тыс өмір сүретін болса, онда заттың бар болғаны, яғни егер зат тұлғалы нәрсе ретінде емес, пайымдалғыш нәрсе ретінде көрсетілген болса, онда мұны пайымдауға [талпынған] күнде теориялық ғылымға емес, басқа бір нәрсеге сүйенеді. Себебі ол ақыл-оймен пайымдалғыш зат ретінде жаннан тысқары өмір сүрген кезінде жағдай мен акциденция деген нәрселерден бос болады. Ұдайы бір түрге жататын акциденциялар мүлде өзгермейді де ауыспайды, ал ұдайы бір түрге жатпайтын акциденциялар өзгеріп отырады. Сондықтан, түр жағынан ұдайы біріңғай ақыл-оймен пайымдалғыш заттарды жаннан тысқары жүзеге асыру керек болған күнде, күй және акциденциялармен қалайда байланыстыру тиіс, өйткені бұл заттардың жаннан тысқары, түпкілікті өмір сүруіне тура келген күнде әлгілермен осылай байланыста болуы дағдылы шарт. Мұның өзі түр жағынан бірыңғай тұлғалар ретінде өмір сүретін, ақыл-оймен пайымдалатын табиғи нәрселер үшін де, ерікке негізделген ақыл-оймен пайымдалатын нәрселер үшін де ортақ қағида. Алайда, жаннан тысқары өмір сүретін, ақыл-оймен пайымдағыш табиғи мәндер табиғаты бойынша түзіліп, нақ сол табиғаты бойынша акциденцияларымен байланысты болады. Ал ерікке негізделген жаннан тысқары өмір сүре алатын, ақыл-оймен пайымдалғыш нәрселерді алатын болсақ, олардың болмысына байланысты акциденциялар мен күйлер ең арғы ерікке [қатынасы] бар, сондықтан олар тек осы [акциденциялар мен күйлердің] байланысында ғана өмір сүре алады /21/. (51-бет) Әдетте еріктің тауқыметі мен өмір сүретін нәрсенің бәрі өмір сүре алмайды және әуел бастан белгілі бола алмайды. Сондықтан ерікке негізделген белгілі бір ақыл-оймен пайымдалғыш нәрсе жаннан тысқары түпкілікті өмір сүрер болса, онда ең алдымен мұнымен байланысты болуға тиісті жағдайларды білген жөн, ал егер бұл [нәрселер] саны жағынан емес, түрі немесе тегі жағынан бірыңғай заттар болып шықса, онда бұлармен байланысты болуға тиісті акциденциялар мен күйлер бұларда үнемі ауысып,
көбейіп немесе азайып отырады, заңдар қамти алмайтын мүлде бұлжымас, тұрақты формада бір-бірімен ұштасып отырады; бұлардың біреулері үшін заң шығару мүмкін емес, екінші біреулер үшін мүмкін болады, бірақ бұлардың өздері ауысып, сөздері өзгеріп отыратын заңдар болмақ /22/. Арнайы заң шығаруға мүлде болмайтындары - өте жиі өзгеріп отыратын заттар, ал арнайы заң шығаруға болатындары - күйі некен-саяқ өзгеретін заттар. Бұдан тұлға ретінде шығатын нәрсе екінің бірінде ерік білдірушінің [қалауымен] сәйкес болып шығады, (52-бет) деген мен бұдан ештеңе шықпауы да мүмкін. Мұның өзі оған бөгет жасаушы қарама-қарсылықтардан [келіп шығады], бұлардың біреулері-табиғи заттар, ал екінші біреулері ерікке негізделген және өзге адамдардың еркінен туады. Ерікке негізделген осы ақыл-оймен пайымдалғыш нәрселер әртүрлі уақытта ғана [бір-бірінен] өзгеше болып қоймайды, сондықтан бір кезде болған нәрсе өзінің акциденциялары мен күйі жағынан одан ертерек немесе кешірек болған нәрсеге қарама-қарсы келеді, бұлардың болмыс жағдайлары да, табиғи заттардан айқын көрініп отырғанындай әртүрлі орында [бір-бірінен] өзгеше болады /23/. Мәселен, адамды алып қарайық: егер ол жаннан тысқары түпкілікті өмір сүретін болса, онда белгілі бір уақыттағы оған тән күй мен акциденциялар оның басқа бір, ертерек немесе кешірек уақыттағы күйі мен акциденцияларынан өзгеше болады. Оның әртүрлі орындары күйі жөнінде де дәл осыны айтуға болады: бір елде бар акциденциялары мен күйлері [екінші] елдегі акциденциялары мен күйлерінен өзгеше болады. [Оның бер жағында] осы реттердің бәрінде де «адам» деген ұғымның ақыл-оймен пайымдалатын [мазмұны] сол қалпында қалады. Ерікке негізделген заттар жөнінде де дәл осыны айтуға болады. Мысалы, инабаттылық, байлық сияқты нәрселердің бәрі де ерікке қатысы бар, ақылоймен пайымдалатын ұғымдар. Ал егер біз бұларды түпкілікті алғымыз келсе, онда бұлармен бір мезгілде нақты байланысты акциденциялар бұлармен басқа уақытта байланысты болған акциденциялардан өзгеше келеді; бір халықтың қолында болатын дағдылы нәрсе екінші бір халықта кездесетін нақты акциденциялардан өзгеше келеді /24/. (53-бет) Кейбір халықтарда бұл акциденциялар сағат сайын, екіншілерде ай сайын, үшіншілерінде жыл сайын, төртіншілерінде ғасыр сайын, бесіншілерінде сан ғасырда бір рет өзгеріп отырады. Ал егер осы [акциденциялардың] қайсы бір ерікке негізделгендей болса, онда бұлардың қайсы біріне жаннан тысқары түпкілікті ие болу үшін ерік білдірушінің болуы керек, ал оның өзі белгілі уақыт мерзімі ішінде жер жүзінің белгілі бір мекенінде бұл акциденциялардың қалай өзгеріп отыратынын білуі керек,
оның бұл акциденциларды білуі, сонымен қатар адамның еркі бойынша бұлардың қайсысы сағат сайын, қайсысы ай сайын, қайсысы жыл сайын, қайсысы ғасыр сайын немесе басқа бір ұзақ уақыт ішінде белгілі бір уақыт орнында, азды-көпті нәрседе болатынын білуі шарт; бұлардың қайсыларының ұзақ уақыт ішінде барлық халықтар үшін, кейбір халықтар үшін немесе бір қала үшін ортақ болуы мүмкін екенін, қайсыларының қысқа мерзім ішінде ортақ [болуы мүмкін] екенін, ол өзінің келтірер пайдасы жағынан қайсыларының қысқа мерзім ішінде айырықша [болуы мүмкін] екенін білуі шарт. ҮШІНШІ БӨЛІМ Ойшылдық ізгіліктер (55-бет) Дүниеде не жалпы әлемде, не бір халыққа, не қала халқының бір тобына, не бір адамға ортақ заттар жаралатын кезде оқыл-оймен пайымдалатын нәрселердің акциденциялары мен күйлері ауысып отырады. Өмірдегі заттар табиғи түрде болатын заттар және адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінеді, соңғылары теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұғымдар арқылы танылады. Сондықтан бұлар басқа қабілет пен болмыс мәнін қажет етпейді, соларға сәйкес осы өзгеруші акциденциялар бойына біткен нәрселермен байланысты ұғымдар ажыратылып отырады, осының арқасында олар еріктің тауқыметімен белгілі бір орында және белгілі бір мезгілде түпкілікті өмір сүруші заттарға айналады. (56-бет) Болмыстың мәні мен қабілеті дегеніміз ойлау қабілеті; осының арқасында акциденциялар анықталып, ажыратылып отырады, бұлар әдетте ақыл-оймен пайымдалатын нәрселер жөнінде өзгергіш келеді, ал бұлардың санатындағы жеке-дара [заттар] бұларды белгілі бір, ұзақ немесе қысқа мерзім уақыт ішінде, белгілі бір үлкенді-кішілі орында, белгілі бір жағдайда жұрт түпкілікті етуді көздегенде әдетте еріктің тауқыметімен өмір сүреді. Ойлау қабілетінің обьектісі болып табылатын заттар олардың тек түпкі мақсатқа жету жолында келтірер пайдасына ғана қарай анықталады. Анықтаушының міндеті - өз алдына түпкі мақсат қойып, мұны бірінші кезекке ұсыну, онан соң осы түпкі мақсатқа жетуге және осы міндетті орындауға септігін тигізетін заттарды зерттеуде. Ойлау қабілеті заттардың бойынан [түпкі мақсатқа] жету жолындағы тек қана пайдалы нәрсені анықтаған күнде мейлінше кемелді болады. Мұның өзі нағыз игілік болуы да жамандық болуы да, бәлкім, жалған игілік болуы да мүмкін. Егер анықталатын заттар ізгі мақсатқа жетуде ең көп пайда келтіретін болса,
онда бұл заттардың тамаша да жақсы болғаны, (57-бет) ал егер түпкі мақсаттардың төркіні жамандық болса, онда ойлау қабілеті анықтаған заттардың жамандық келтіргені [бұлардың] сұмпайы да жексұрын болғаны. Егер көзделетін мақсат жалған игілік болса, онда бұл мақсатқа жету үшін керекті заттардың да жалған болғаны. Ойлау қабілеті былайша бөлінеді. Ойшылдық ізгілік дегеніміз - әлденедей бір ізгі мақсатта барынша көп пайда келтіретін нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік. Жамандықты көздейтін мақсатқа жетуде барынша көп пайда келтіретін нәрсені анықтау үшін жұмсалатын ойлау қабілеті ойшылдық ізгілік бола алмайды, сондықтан оны басқаша атаған жөн. Егер де ойлау қабілеті жалған игілік жолына барынша көп пайда келтіретін нәрсені анықтау үшін жұмсалатын болса, онда бұл қабілет ойдағы жалған ізгілік болғаны. Ойшылдық ізгіліктердің ішінде жалпыға бірдей жағдайда барлық халықтарға және халыққа немесе қалаға ортақ ізгі мақсатқа жету жолында барынша коп пайда келтіретін нәрсені жақсылап анықтау үшін жұмсауға болатындары бар. Ізгі мақсатқа қажет және ізгі мақсаттағы ең пайдалы нәрсе - сол мақсаттағы ең әдемі нәрсе. Мұндай ойшылдық ізгілік ойшылдық азаматтық ізгілік болып табылады. (58-бет) Бұл ортақ [ізгілік] ұзақ уақыт бойы қалпында қалып, өмір сүре алады және қысқа мерзімді уақыт ішінде пайда болуы да мүмкін. Алайда барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең әдемі нәрсені ғана анықтайтын, анықталатын нәрсе жөнінде әдетте [жұрттың] зердесінде ұзақ уақыт сақталатын немесе қысқа мерзімді уақыт ішінде ауысып отыратын ойшылдық ізгілік, азаматтық ойшылдық ізгілік болып табылады. Егер мұның өзі әрқашан барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ нәрсені, ғасырлар бойы немесе басқа белгілі бір ұзақ мерзімді уақыт ішінде өзгеріп отыратын нәрсені ғана анықтайтын болса, онда мұндай ізгілік заң шығаруға бәріне де қабілеттірек келеді /25/. Қысқа мерзімді уақыт ішінде өзгеретін нәрсені ғана анықтайтын ойшылдық қабілеті барлық халықтарда, бір халықта немесе қалада жүйелі түрде болып тұратын оқиғалар тұсындағы белгілі бір жеке-дара уақытша басқару түрлеріне деген қабілеттілік болып табылады. Бұл екінші ізгілік бірінші ізгіліктен кейін келеді. Ең ыңғайлы және ең әдемі нәрсені яки қала тұрғындарының белгілі бір тобындағы немесе семья мүшелеріндегі ойшылдық мақсатта болатын ең пайдалы нәрсені анықтау қабілеті осы топқа тән ойшылдық ізгіліктер: мәселен, семьялық ойшылдық ізгілік немесе әскери ойшылдық ізгілік болып табылады. (59-бет) Бұлар, өз тарапынан, тек ұзақ мерзімді уақыт ішінде ғана ауысатын ізгіліктер және қысқа мерзімді уақыт ішінде ғана ауысатын ізгіліктер болып бөлінеді.
Ізгіліктің бұдан да шағын бөлшектерге мысалы, қайсыбір өнердің акциденциясындағы немесе акциденцияда жеке мезгілде пайда болатын әрі ең пайдалы, әрі ең әдемі нәрсені зерттейтін ойшылдық ізгілік сияқтыға бөлінуі мүмкін. Осы ойдағы ізгілік әлгі өнерлер мен қол өнердің бөлінуіне сәйкес бөлінеді. Бұл қаблет сондай-ақ адамның жеке басында кездеседі оның көздеген мақсатындағы ең пайдалы және ең әдемі нәрсені анықтауының ішінде бөлінеді. Нақ осы ойшылдық қабілет арқылы басқаларға қатысы бар ізгі мақсаттағы ең пайдалы және ең әдемі нәрсе де анықталады, - кеңесші ойшылдық қабілет, міне осындай. Мұның екеуі де бір адамның бойына бітуі және әр түрлі адамдардың да бойында болуы мүмкін. Әлбетте, қайсыбір ізгі мақсат үшін ең пайдалы және ең әдемі нәрсені анықтаушы ізгілік игілік болып табылады, ал мұның өзіне оның өз қамы үшін көзделетін игілікті, не басқа бір нәрсенің қамы үшін көзделетін нақты игілікті анықтайды. Ізгілікті қалаушы адам басқа адамға игілік қалауы керек, әйтпесе оның мұндай қабілеті ойшылдық ізгілік бола алмайды, яғни бұл қалаушының ойындағы ізгілік болып қала береді /26/. Нағыз игілік қана ізгі игілік болмақ. Дәл сол сияқты, (60-бетj егер адам игілікті соның өзі үшін тілейтін болса, онда мұның нағыз игілік болғаны, ал мұның өзі оның ойында, тіпті мінез-құлқы мен әрекетінде ізгі игілік болмағанымен, іс жүзінде тек ізгі игілік болмақ, ал оның ізгілігі, мінез-кұлқымен әрекеті оның ең пайдалы және ең әдемі нәрсені анықтау жөніндегі ойлау қабілетіне сәйкес келеді, егер де ол ойшылдық ізгілік арқылы күші астам ең пайдалы және ең әдемі нәрсені зерттейтін болса, мысалы, барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ, әдетте ұзақ мерзімді уақыт ішінде ғана ауысып отыратын ізгі мақсаттағы ең пайдалы нәрсені зерттейтін болса, онда оның этикалық ізгіліктері де осыған сәйкес болуға тиіс. Егер оның ойшылдық ізгіліктері жеке мақсаттағы және жеке жағдайлардағы ең пайдалы заттармен ғана [шектелетін] болса, онда оның этикалық ізгілігі де осыған сәйкес келуге тиіс. Ойшылдық ізгіліктер жетекшілігі неғұрлым кемелді болып және олардағы бар нәрселер неғұрлым күшті болса, осымен ұштасатын этикалық ізгіліктер жетекшілігі солғұрлым толық күшті болмақ /27/. Барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ, ұзақ мерзімді уақыт ішінде ғана өзгеріп отыратын мақсаттармен жағдайлардағы ең пайдалы және ең әдемі нәрсені анықтайтын ойшылдық ізгіліктің жетекшілігі мейлінше кемелді және күшті болады. (61-бет) Сондықтан да соған байланысты этикалық ізгіліктердің де жетекшілігі мейлінше кемелді ал күші мейлінше астам болмақ. Қысқа мерзімді уақытта көзделетін уақытша мақсаттағы ең пайдалы нәрсені анықтайтын ойшылдық ізгілік бұдан кейін келеді.
Кейін, қала [тіршілігінің] әйтеуір бір саласымен: әскери, ақша немесе басқа бір саласымен шектелетін ойшылдық ізгіліктер келеді. Этикалық ізгіліктер солармен үйлеседі. Бұдан соң әрбір өнермен байланысты, осы өнердің акциденциясына сәйкес, әрбір үймен және әрбір үйдегі әрбір адаммен байланысты, белгілі бір сағатта немесе белгілі бір күнде болатын, сол адамға тән белгілі бір жағдайларға сәйкес ойшылдық ізгіліктер келеді. Оған байланысты [этикалық] ізгілікте осымен үйлеседі. ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Ізгілік дәрежелері мен ондағы табиғаттың алатын орны (63бет) Демек, ең күші аса кемелді ізгілікті зерттеу керек. Ол қандай ізгілік? Бұл барлық ізгіліктердің жиынтығы ма, әлде бір ғана ізгілік пе немесе барлық ізгіліктің күшін бойына дарытқан бірнеше ізгілік пе? /28/ Соны зерттеу керек, сонда ең күші астам ізгілік болу үшін қандай ізгіліктің күші барлық ізгіліктердің күші мен тең болуға тиіс екендігі анықталады. Мұның өзі сондай ізгілік, егер адам оның барлық әрекетін толық іске асырғысы келсе, онда ол мұны барлық басқа ізгіліктердің әрекетін пайдаланған күнде ғана істей алған болар еді. Ал, егер ол өзінде бар ізгіліктің барлық әрекетін іске асырғысы келгенімен, мұның бойында басқа ізгіліктер болмай шықса, онда ол өз бойындағы жеке ізгіліктерді пайдаланады. (64-бет) Баралық басқа халықтарда немесе қалаларда, бір халықта, қаланың аудандарында немесе әрбір ауданның атыраптарында болатын ізгіліктердің әрекеті нақ этикалық ізгілікте пайдаланылады. Бұл ізгілік жетекші ізгілік ретінде өзінен бұрын жетекшілік етіп өзіне ұқсаған ізгілікті жоққа шығарады. Кейін осы сияқты [этикалық] ізгіліктер келеді, бұлардың күші қала [тіршілігінің] әрбір саласындағы осындай күш сияқты. Мысалы, әскер басын алайық. Ол кісіде жауынгерлерге ортақ ең пайдалы да әдемі нәрсені зерттеуге жұмсалатын ойлау қабілетімен қатар этикалық ізгілік те болуға тиіс, ал егер ол мұның әрекетін аяғына дейін аяқтағысы келсе, онда ол айтулы жауынгерлерге тән ізгіліктерді пайдаланады. Мысалы, оның батырлығы жеке-дара батыл қимылдар кезінде жауынгерлер көрсеткен батырлыққа сай болуға тиіс. Дәл сол сияқты [егер] қаланың қамы үшін қаражат іздеуші адамдардың ойшылдық ізгілігі арқылы қаражат іздеп табу мақсатындағы ең пайдалы әрі ең әдемі нәрсе анықталатын болса, онда қаражат іздеуші /29/ алуан түрлі адамдарға тән жеке-дара ізгіліктердің бәрін пайдалануға тиіс. Өнер біткеннің жағдайы да дәл осындай болуға тиіс.
Жетекшілік жағынан бір де бір басқа өнерді алдына салмайтын жетекші өнер деп әрекетін барлық өнердің әрекеттерін пайдалану арқылы аяқтай алатын өнерді айтады. (65-бет) Бұл өз мақсатына толық жету үшін барлық басқа өнер атаулыны керек ететін өнер. Мұндай өнер жетекші және күші жағынан ең мықты өнер, ал этикалық ізгілік күші жағынан ең мықты этикалық ізгілік болып табылады. Бұл өнерден кейін басқа өнерлер келеді. Өнер дәлі сол текті өнерлердің әрекетін пайдалана отырып, өзінің мақсатына толық жеткен күнде ғана өз тегіндегі ең кемелді және күші жағынан ең мықты өнер болып шығады. Мысалы, ең басты жеке-дара өнерлердің ішінде әскер бастығының өнері нақ осындай өнер болып табылады, ал мұның өзі жеке-дара өнерлердің әрекетін пайдаланған күнде ғана мақсатына жетеді, дәл сол сияқты, қалада ақша мәселелерімен айналысатын өнер қаражат іздеп табуда жеке-дара өнерлерді пайдаланған күнде ғана өз мақсатына жетеді. Қала [тіршілігінің] әрбір басқа ірі саласы жөнінде де дәл осыны айтуға болады. Тағы бір айқын жағдай, ең пайдалы да әдемі нәрсе біткеннің бәрі не барша жұрт қабылдаған [мағынада], не қайсыбір халық, не шын өмірде әдемі; сол сияқты ізгі мақсаттар не барша жұрт қабылдаған [мағынада], не қайсыбір халықта, не шын өмірде ізгі де игілікті мақсаттар болып табылады. (б.б-бет) Қайсыбір халық өкілдерінің бойындағы ең әдемі, қасиетті, этикалық ізгіліктерді сол халықтың ізгіліктеріне тән адам ғана анықтай алады. Барлық басқа нәрсенің жағдайы да осындай. Ең күшті ізгіліктер мен әлсіздеу жеке-дара [ізгіліктер] жөнінде де осыны айтуға болады. Ең күшті ойшылдық ізгілікпен ең күшті этикалық ізгілік бір-бірінен айырғысыз. Әлбетте, ең басты ойшылдық ізгілік тек теориялық ізгіліктің соңынан жүрмек, өйткені мұның өзі осы теориялық ізгілік белгілеп беретін ақыл-оймен пайымдалатын мәндердің акциденцияларын ғана ажырата алады. Бұл акциденциялар оған ілеспейді. Кімде-кімнің бойына ойшылдық ізгілік дарыған болса ол ақыл-ойы пайымдалатын мәндердің өзгеріп отыратын акциденциялары мен күйін анықтайды, өйткені бұларды танып білу дегеніміз өзіңді-өзің түсініп, білу деген сөз. Сондықтан, егер ойшылдық ізгілікті теориялық ізгіліктен бөліп алуға болады деп жоритын болсақ, ол анықтайтын нәрсесін анықтай алмайды. Теориялық ізгілік, басты ойшылдық ізгілік, басты этикалық ізгілік және басты өнер бір-бірінен айырғысыз. Әйтпесе бұлардың шырқы бұзылар еді де, кемелді болмас еді және жетекшілік мақсатын [көздей] алмас еді. Бірақ, теориялық ізгілік этикалық ізгіліктерді ойшылдық ізгілік арқылы ақыл-оймен пайымдалатын мәнерге айналдырғаннан кейін ғана олар өмір сүруші нәрселер болмақ, (67-бет) ал
ойшылдық ізгілік бұларда ажыратып, акциденцияларын анықтайды, өйткені бұлар жайындағы ұғымдар осы акциденциялардың сонымен ұштасуынан келіп шыққан, демек, ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктерден бұрын келіп отырады. Мұның өзі олардан бұрын келетіндіктен ойшылдық ізгіліктің иесі осы арқылы этикалық ізгіліктерді анықтайды, ал егер ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктен оқшау болса, мұның өзі этикалық ізгіліктерден бөлек өмір сүре алады, бұл ретте ол игілік ретіндегі ізгіліктерді анықтай алады, [солай бола тұрса да] ол бірде-бір этикалық ізгілікте игілікті болмақшы емес. Ал егер ол игілікті болмайтын болса, онда ол нақ өзі үшін немесе басқа бір нәрсе үшін нағыз игілік болатын игілікті қалайша тілей алады? Ал егер ол [осындай] игілікті болмаса, онда мұны өзінің мақсатына айналдырмайынша оны қалай анықтай алмақ? Демек, егер ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктен оқшау болса онда бұл арқылы этикалық ізгілікті анықтауға болмайды, ал егер этикалық ізгілік ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген болса, онда ойшылдық ізгілік қалайша анықтап, өзімен қалай ұштастыра алады? Егер [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген болса, оны ойшылдық ізгіліктің анықтауы қажет. Егер ол мұны анықтамаса, онда [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлек кетеді. Сондықтан да ол не игілікті болады, не ойшылдық ізгіліктің анықтайтынынан өзгеше басқа бір ізгілік ойшылдық ізгілікпен біріккен болып шығады. (68-бет) Егер де осы этикалық ізгілік ерікке негізделген болса, онда мұны нақ ойшылдық ізгілік анықтайды. Сонда тағыда бірінші күдік туады. Демек, нақ ойшылдық ізгілік оны [этикалық ізгілікті] қажетті түрде, игілікті ізгілікпен ізгі мақсаттың иесін ынтызар ететін ізгілік ретінде анықтайды. Бұл ізгілік жаратылыс негізінде өмір сүріп отырған ойшылдық ізгілікпен біріккен және ерікке негізделген этикалық ізгіліктер арқылы анықталатын табиғи ізгілік болмақ. Ерікке негізделген ізгілік адамдық ізгілік болмақ, адам ерікке негізделген басқа заттарды алардағы жолмен осыған жеткенде адамзатқа тән ойшылдық ізгілікке не болады. Бірақ осы табиғи ізгіліктің қандай екенін қарастырып өткен жөн: мұның өзі ерікке негізделген ізгілікпен бірдей ме, жоқ па; мұның өзі санасыз жануарлардан аңғарылатын қасиеттер сияқты, мысалы арыстанның батырлығы, түлкінің айлакерлігі, қасқырдың ептілігі', сауысқанның ұрлықшылығы және сол сияқтылар. Әрбір адамның бойына жаратылысынан сондай рухани күш-жігер бітуі мүмкін. Ал мұның өзі белгілі бір ізгілікпен немесе белгілі бір қасиетпен байланысты іс-әрекет жасауға келгенде оп-оңай қоза кетеді де, бұған қарама-қарсы әрекетке келгенде тартылып қалады. (69бет) Адам ең алдымен оңай істелетін нәрсеге бейім тұрады, әйтеуір мұнда оған еш нәрсе бөгет жасамаса болғаны. Егер адам, мысалы қауіп төнгенде одан жасқанбай батылдық көрсетуге жаратылысынан бейім болса ол бірнеше
рет осылай істесе болғаны, оның бұл қасиеті ерікке негізделген қасиетке айналады, ал оның осыған ұқсас алғашқы қасиеті табиғи қасиет болатын. Егер жеке-дара ойшылдық ізгіліктермен ұштасып отыратын жеке-дара этикалық ізгіліктердің жайы осындай болса, онда үлкен ойшылдық ізгіліктермен ұштасып отыратын ортақ этикалық ізгіліктердің жайы да дәл осындай болуға тиіс. Сондықтан тек кейбір адамдарға ғана үлкен ізгілікке қатысы бар және үлкен табиғи ойшылдық қабілетпен байланысты ізгілікке жаратылысынан бейім келеді. Барлық басқа жағдайлар жөнінде де осыны айтуға болады. Осының нәтижесінде кез келген адамның өнері, этикалық және ойшылдық ізгіліктері күшті бола бермейді. Демек, әкім тек еркі бойынша ғана емес, жаратылысы бойынша да әкім болмақ, дәл сол сияқты қызметкерлер де ең алдымен жаратылысы бойынша кейін барып еркі бойынша да қызметкер болулары керек. Сөйтіп олардың жаратылысынан берілген нәрсесі кемелдене береді /30/. (70-бет) Егер осылай болса, онда теориялық ізгілік, үлкен ойшылдық ізгілік, үлкен этикалық ізгілік және білімге негізделген үлкен өнер жаратылысына бейім тұратын адамдар ғана болмақ. [Бұл адамдардың] бойына аса күшті абзал табиғи қасиеттер дарыған. Егер мұның [бәрі] бір адамның бойынан табылатын болса, онда жеке-дара [ізгіліктердің] халықтар мен қалаларда пайда болуын көздеу, онан соң осы жеке-дара [ізгіліктерді] бойға дарыту әдісін білу керек болады. Осындай үлкен қабілет бойына дарыған адамдар осы жеке-дара [ізгіліктердің] халықтар мен қалаларға дарытуға да қабілетті болуға тиіс. Бұл [ізгіліктерге] екі түрлі бастапқы жолмен не болады: үйрету және тәрбиелеу. БЕСІНШІ БӨЛІМ Тәлім және тәрбие (71-бет) Тәлім дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз. Тәлім тек сезбен іске асырылады, ал тәрбиелеу кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер [адамдардың] жан дүниесін баурап алатындай және [адамдарды] осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді. Ал бірдеңе жасау тілегі кейде сөз арқылы, кейде іс-әрекет арқылы қоздырылады /31/.
(72-бет) Теориялық білімді не имамдармен әкімдер,не теориялық білім меңгеруге қабілетті адамдар [үйрене алады] /32/. Осы екі топ, жоғарыда айтылғандай, көптеген әдіспен тәлім алады. Алғашында олар теориялық білімдердің әрбір тегіндегі бастапқы алғы шарттар мен алғашқы білімдер туралы, онан соң алғы шарттардың түрлері мен тәртібі жайында мағлұмат алады, бұл ретте жоғарыда айтқанымыздай осы нәрселер жөнінде білім алып, тәрбиелеп шыққаннан кейін адамзат жаратылысына тән табиғи дәрежесіне сәйкес жас өспірімдердің жан дүниесін дағдыландыру керек. Олар барлық теориялық білімде логикалық әдістерді қолдануға дағдыланады, олар тәрбиенің басқа да қырларымен қатар Платон баяндаған тәртіп бойынша жастайынан оқып-үйрене бастайды, сөйтіп, ең биік мақсатқа жетуді көздейді, бұдан кейін әкім болуға жаралғандары жеке-дара басқару басқыштары мен билік дәрежесіне жеткенше бірте-бірте көтеріле береді. Олардың оқыпүйрену әдісі, міне, осындай. Олар - өздерінің теориялық танымдарында жалпы жұрт қостаған пікірімен шектеліп қала алмайтын таңдаулы (73-бет) жандар. Теориялық нәрселерді [қалың] жұртшылыққа иландыру әдістерімен үйреткен жөн, ал теориялық [білімдердің] иландыру көпшілігі қиялдау арқылы көңілге тоқылады. Бұлар адам өте көп нәрсені ақылмен пайымдаған кезде ғана ұғына алатын білімдер; ең түпкі бастамалар, тәнсіз бастамалар. Қалың жұртшылық бұларды бейнелі формада меңгеруі тиіс, ал бұларды [қалың жұртшылық] өкілдерінің зердесіне иландыру әдісі арқылы ұялатқан жөн. Белгілі бір халыққа бұдан не түсетінін, барлық халықтарға және әрбір қаланың барлық тұрғындарына не нәрсенің ортақ бола алатынын, ал кейбір қалаларға немесе халықтарға және қала тұрғындарының кейбір топтарына не тиетінін [таңдаулылар] ажырата біледі. [Адамдарға] теориялық ізгіліктерді дарытқан күнде мұның бәрін ойшылдық қабілет арқылы айқын ажыратуға болады. Практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлерді алатын болсақ, бұлар [адамдардың] өздеріне тән әрекет жасау дағдысы арқылы [ұғынылады]. Бұған екі түрлі әдіспен жетеді: бірінші, иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөз және басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді; бұл әрекеттер мен қасиеттердің көңілге толық ұялайтыны соншалық, [адамдарды] осы қасиеттерге байланысты әрекеттерді өз еркімен жасауға жігерлендіреді, ал бұлардың [көңілге ұялауы] шешендік өнерін пайдалану қабілеті мен дағдысына байланысты; екінші, өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге [құлақ аспайтын] бүлікшіл, көнімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді; сонымен [бұл
әдіс] өздері үйрене бастаған теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық білдіруші адамдарға да қолданылады /33/. (74-бет) Демек, өмірді басқару өнерінің ізгілігі, яғни ізгіліктерге ие болып отырған адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекетті қолдану өнері және жеке-дара өнерлермен айналысушы адамдардың өнері бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да өнерлі адамдарды пайдаланатын адамдардың да болуы қажетті шарт. [Осындай адамдардың] екі тобы бар: бір тобы тәрбиеге өз еркімен көнетін адамдарды тәрбиелейді, ал екінші тобы күштеп тәрбиелеуге келетіндерді тәрбиелейді. Мұның өзі семья басшыларының, балалар мен жас өспірімдер ұстаздарының арасында болып отыратын жағдай тәрізді. Жанұя мүшелерінің тәрбиешісі болған жанұя басшысының оқытушысы, балалар мен жас өрендер ұстазының оларға оқытушысы болатыны сияқты, әкім де халықтардың тәрбиешісі мен оқытушысы. Міне, осылардың әрқайсысы біреулерді қайырымдылығы мен иландырғыштығы арқылы, екінші біреулерді күштеу арқылы тәрбиелейтін болса, әкім де [осылай етеді]. Күштеу арқылы тәрбиелеу тәлім-тәрбие алушы адамдар болмысының мәніне байланысты, бұлар өзінің аумағы мен күшіне қарай дараланып отырады. (75бет) Халықтар мен қалалардың ұстаздары және тәрбиешілері ретіндегі әкімдердің тәрбие күші балалар мен жас өспірімдерді семья мүшелерінің тәрбиелеу күшінен анағұрлым асып түседі, дәл сол сияқты халықтарға тәлімтәрбие беру ісінде де жас өспірімдер мен семья мүшелерін тәрбиелеуден күштірек болады. Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте-мөте коп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал мұның мәнісі, басқасын былай қойғанда адамның өмірдегі арманы болып табылатын бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс-әрекет жасау, бағынбаған халықтар мен қалаларды жеңіп алу үшін әскерді шебер басқарып, қару-жарақ пен жауынгерлерді пайдалана білу деген сөз. Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады. Бұдан [жалпы] адамға тиетін үлес ең жоғары бақыт деп аталады. Адамзат қоғамында ие болып отырған дәрежесіне сәйкес қайсыбір адамға тиетін үлес осы текке лайықты ең жоғары мақсат болады. Осы мақсат үшін өмір сүруші индивид - әділетті индивид, ал осы мақсатты көздейтін жеке-дара өнер - жеке-дара әділетті және ізгі өнер. Халықтар мен
қалаларды (76-бет) ерікті түрде оқытып, үйрету үшін пайдаланатын [адамдар] - бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнері [дарыған] адамдар /34/. Әлбетте, әкімнің ақыл-ойымен пайымдалатын теориялық білімдер жөнінен дағдысы болуы қажет. Бұларды анық дәлелдемелер арқылы меңгеруге болады. Бұлардың әрқайсысынан ол болуы мүмкін иландыру әдістерін іздейді және олардың әрқайсысында қандай иландыру әдістерінің [қолайлы екенін] зерттейді. Ол мұны әрбір қағида жөнінде иландыра білетіндігі арқылы істей алады, бұл ретте ол нақ осы қағидаларға жүгінбей-ақ, бұлардың [аллегориялық] бейнелерін алады. Бұл бейнелер барлығына ортақ теориялық қағидаларды адамның зердесінде ұялатуға тиіс. Иландыру арқылы осы бейнелердің сипаттамасын табу керек, оның бер жағында мұның бәрін барлық халықтар мен қалаларға ортақ иландыру әдісі арқылы оны олардың барлығына ортақ бейне ету керек. Бұдан соң ол жеке-дара практикалық ізгіліктер мен өнерлерге байланысты әрекеттерді, жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша, топ-топқа (77-бет) бөлуге және бұлар жөнінде жұртты осы әрекеттерге талпындыратын белгілі иландыру әдістерін қолдануға тиіс. Бұл ретте нақты мәселеге орайлас нақыл сөздер де, сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер де пайдаланылады, бұлар қала тұрғындарының жан-жүйесін баурап, бағындырып алады, жөнге салып, жуасытады, ал бұларға қарамақарсы реттерде сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер пайдаланылады, бұлар қала тұрғындарының жан-жүйесін нығайтып, күшейтеді, қатайтып, қайраттандырады. Өзі сияқты және өзіне қарама-қарсы әкім жөнінде де, өзі пайдаланатын адамдары мен көмекшілері жөнінде де, қайырымды адамдар мен оларға қарама-қарсы адамдар жөнінде де ол осы нақыл сөздерді пайдаланады. Керек жерінде ол адамның жан-жүйесін баурап алып, бағындыратын нақыл сөздерді пайдаланады, ал бұған қарама-қарсы жағдайда адамның жан дүниесін нығайтып, қатайтып, қайраттандыратын нақыл сөздерді пайдаланады, өзінің көзқарастары мен іс-әрекетіне қарсы адамдармен иландыру арқылы күресуге көмектесетін нақыл [сөздерді пайдаланады], сонымен қатар әлгілердің көзқарастары мен әрекеттерін масқаралайтын, сұмпайылығы мен бейбастығын әшкерелейтін нақыл сөздерді пайдаланады. Бұл жағдайда ол екі түрлі нақыл сөзді қолданады: 1) белгілі бір күндерде, белгілі бір мезгілдерде, оқта-текте есте сақтамай-ақ және қағаз бетіне түсірмей-ақ қолдануға болатын сөздер. 2) Есте сақтап, қағаз бетіне түсіру не болатын түрі. Бұл ретте әрбір жазбасында ол жұртқа ұсынып отырған көзқарастар мен іс-әрекетін, осы ұсынған ұрандарын жұрттың зердесінде өшпестей етіп сақтап, (78-бет) көңіліне ұялату үшін пайдаланатын нақыл сөздерді және қарама-қарсы көзқарастар мен
әрекеттерді жақтаушы адамдарға қарсы қолданатын нақыл сөздерін көрсетеді. Жұртты тәрбиелеу үшін қолданылатын білімдер үш сатылы болады /35/. Әрбір білімді сақтауға жаралған кісілер болады. Олар сақталатын осы тектес білімнің көмескі жерін анықтауға, оны жақтауға және оған қайшы келетін немесе қарсы болатын нәрсені теріске шығаруға қабілетті болады; осының бәрін үйретуге [қабілетті] олар бірінші басшының халықтар мен қалалар жөнінде көздейтін мақсатының жүзеге асырылуына жәрдем береді. Онан соң [әкім] халықтардың түрлерін қарастырады, халық [біткенді санап шығып], әрқайсысының жалпы жаратылысына тән адамның қасиеттері мен әрекеттерін атап көрсетеді. Бұдан кейін халықтардың бәрін немесе көпшілігін қарастыруға көшіп, барлық халықтарға ортақ қасиеттерді, атап айтқанда: олардың өздеріне тән адамдық жаратылысын, содан кейін әрбір топтың, әрбір халықтың өзгешелігі қандай екенін анықтайды. Оның қолында әрбір халыққа қандай әрекеттер мен қасиеттер тән екені жөнінде, мұны бақытқа жету үшін қалай жұмсау керектігі жөнінде, шамамен (79-бет) алғанда олардың санының қанша екенін, теориялық және практикалық ізгіліктерді [дамыту үшін] иландырудың қандай түрлері қажет екені жөнінде мағлұмат алады да, алдын ала топ-топқа бөлгеннен кейін қай халыққа ненің лайықты екенін анықтайды. Қайсыбір топ теориялық білімдерді игере ала ма, жоқ па?, жұрттың ойындағыдай меңгеретіні кең тараған білім бе, әлде қиялдағы [білім бе], - міне осыларды қарастырады. Егер олар бәрін меңгеретін болса, төрт [түрлі] білім алады /36/: біріншісі - теориялық ізгілік, осының арқасындағы өмірдегі заттар анық дәлелдемелер арқылы ақылмен пайымдалады; бұдан кейінгісі - иландыру арқылы қол жететін нәрсенің мәнін ақылмен пайымдау; онан соң - осы ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелерін арқау еткен, иландыру арқылы расталған білім; бұдан кейін - осы аталған үш [білім түрінен] белгілі бір халықтардың арасында тараған білім, солай болғасын халықтардың санына қарай бөлінген осы білімдердің әрқайсысы бір-бірін қамтып соның арқасында халық кемелденіп, бақытқа жетеді. Сондықтан әкім белгілі бір адамды немесе халықты, бақытқа жеткізетін белгілі бір білім сатысын анықтап, сол халықты ненің көмегімен тәрбиелеу керек екенін есте сақтауға, сонымен қатар сол халықты иландыру әдісімен тәрбиелеу үшін қолданатын нәрселерді білуге тиіс. Белгілі бір халықтың білетінін есте сақтайтын, (80-бет) сақталуға тиісті игілік жайында [әлі де] танылып болмаған нәрсені анықтай алатын, осыны жақтап, қарама-қарсы нәрсені теріске шығара алатын, халықты осыған үйретіп, халықтың қамын ойлаған, соған барын берген бірінші басшының мақсатын жүзеге асыруға
жәрдемдесетін адамның немесе адамдар тобының болуы қажет. Халықтарды ерікті түрде тәрбиелеу үшін нақ осылардың пайдаланылуы мүмкін /37/. [Бірақ] халықтарды тәрбиелеуге уәкілдік алған топтарда әркімнің бойынан жеке-дара ізгілік пен ойшылдық ізгіліктің табылғаны жақсы, өйткені ол соның арқасында қажет болатын болса соғыста әскерлерді өте дұрыс пайдалана алады, сөйтіп, олардың әрқайсысы өз бойында екі түрлі тәрбие болмысының мәнін ұштастыра алады. Егер бұл [қасиеттер] бір адамның бойында ұштастырылмаса, онда ерікті түрде тәрбиелейтін адамға болмыстың [күштеп тәрбиелеуге қатысты] жеке-дара мәніне ие болып отырған адам жәрдемге келеді. Әдетте әрбір халықты тәрбиелеуге уәкілдік алған кісінің [қарамағында] осы халықты ерікті түрде немесе күштеу әдісімен тәрбиелеуге пайдаланатын адамдары болады, бұл ретте оның пайдаланатын адамдары екі топқа немесе осы екі [түрлі тәрбиеге қатысты] болмыстың мәніне ие болып отырған бір топқа бірігеді. Өз тарапынан, бұл топ немесе осы екі топ екі бөлімге немесе осы [бөлімдер] ішіндегі бөлшектерге бөлінеді, (81-бет) сөйтіп ең кішкене бөлшектерге немесе [бөлшектердегі] ең шағын тәрбие күшіне дейін осылай кете береді. Бұл [топтардағы] басқыштар өз өкілдерінің әрқайсысының ойшылдық ізгілігіне сәйкес орналасады. Белгілі бір бөлшектерді пайдалануға септігін тигізетін белгілі бір ойшылдық ізгілікті алатын болсақ, мұның өзі біреулерде екінші біреулердегіден коп болады, сондықтан бұлардың мәні ойшылдық ізгілік күшіне сәйкес келмек. Ал егер осындай екі топ әрбір халық пен қалада болса, онда бұлардан төмендете басқа бөлімдер құрылады. Адамға тән, адамдар мен қалаларды ең жоғары бақытқа жеткізетін және торт түрлі нәрсеге кенелтетін амалдар мен әдістер міне, осындай. АЛТЫНШЫ БӨЛІМ Философия ғылымы (83-бет) Бұл барлық білімдердің әуелгісі /38/ - дүниеде бар нәрселерді анық дәлелдемелер арқылы ақыл-оймен пайымдалатын мәндер ретінде аңғартатын білім. Бұл дәлелдемелер болмысты сол қалпында алып оны (адамның) көңіліне тоқып немесе оған иландырады, сөйтіп халықтар мен қалалардағы қарапайым адамдарға оқытып-үйрету ісін жеңілдетеді, өйткені халық арасында таңдаулы адамдар да, қалың жұртшылық та бар. Қалың жұртшылық дегеніміз - баршаға мәлім пікірлер арқылы расталатын біліммен олардың теориялық білімдерін шектеуге болатын адамдар.
Таңдаулылар дегеніміз - теориялық білімдерінің ешбірінде баршаға мәлім пікірлер арқылы расталатын біліммен шектеліп қалмай сенімі кәміл және шынайы тексерілген алғы шарттар жөнінде жетік білетін адамдар. (84-бет) Сондықтан қаралатын мәселеде баршаға мәлім пікір бойынша қажет деп танылған біліммен шектелмейтін әрбір адам осы мәселеде өзін таңдаулы деп есептейді, ал өзгені қатардағы [адам] деп санайды. Сол себепті, қай өнерде болса да жетік [адам] өз саласының маманы аталады. Ол өзінің саласында баршаға мәлім пікір қажет деп есептейтін біліммен шектеліп қалмайды, қайта осы [өнерді] терең зерттеп, ақырына дейін тексереді. Тиісінше ешқандай азаматтық жетекшілігі жоқ және өзін қалада жетекші етерліктей ешбір өнер бойына дарымаған әрбір адамды қатардағы жан деп атайды. Ол адамға ешқандай өнер дарымаған, не болмаса қалада қарапайым қызмет көрсету өнерін ғана біледі. Ол белгілі бір азаматтық жетекшілігі бар немесе қалада оның жетекшілігін баянды етерліктей белгілі бір өнер бойына дарыған әрбір адам таңдаулы адам болып табылады. Сол сияқты ол өзі жөнінде қалада белгілі бір жетекші орын алуына себепкер боларлық өнер бойына дарыған деп ойлайды немесе өз ойынша қалада жетекші жағдайға ие болып отырған әрбір адам өзін таңдаулы адам деп атайды. Мысалы, текті жерден шыққан адамдар мен көптеген байлар осындай. Өте-мөте кемелді өнер бойына дарып соның арқасында жетекші орын алуға лайықты әрбір адам (85-бет) таңдаулылар [санатына] жатқызылады /39/. Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс, ол, тегінде, баршаға мәлім пікір қажет деп санайтын біліммен әсте шектеліп қалмайды. Бірінші басшы мен ең таңдаулы жанға лайықты адам және жақсы қасиетпен білгірлік бойына дарыған кісілер де осындай болулары уәжіп. Қолында азаматтық билігі бар әрбір адам осы билік арқылы бірінші басшының мақсатын іске асыруға көмектесуге талпынады, тексерілген көзқарастан ақырына дейін айнымайды. Алайда оның өзі қолданатын көзқарастары және бірінші басшыға өз өнерімен қызмет етуге тиісті екенін түсінетіндігі баршаға мәлім пікір қажет деп есептейтін білімге ғана негізделеді, сондай-ақ, оның теориялық білімдері де баршаға мәлім пікір қажет деп есептейтін білімге негізделеді. Сондықтан, бірінші басшы анық дәлелдемелер келтіре отырып, ақылмен пайымдалатын нәрсе біткеннің барлығын қамтитын білімі бар адам таңдаулы жан болып, қалғандары қарапайым халық, қалын жұртшылық болып табылады. Демек, иландыру әдістері және қиялда туатын түсініктер халықтар мен қалалардағы қарапайым халықты, жәй адамдарды оқытқанда ғана қолданылады, ал енді анық дәлелдемелер келтіре отырып заттардың ішкі мәнін ақылмен пайымдау әдістері таңдаулылар қатарына кіре алатындарды оқытқанда қолданылады /40/. Мұндай білім жетекшілік
тұрғысынан алғанда бұрын келетін ең кемелді білім. Ал басқа басты білімдердің бәрі әлгі білімнің жетегінде болады - менің басқа басты білімдер деп отырғаным екінші білім және біріншісі мен екіншісінен келіп шығатын үшінші білім, бұл білімдер [бірінші] білімнің соңынан келеді де адамның қолынан келерлік ең жоғары бақыт пен ақтық кәмелеттікке жету мақсатын орындап шығу үшін қолданылады. Ерте заманда бұл білім Иракты мекендеген хальданилерде болған, онан соң мысырлықтарда пайда болған, бұдан кейін гректерге, олардан Сириялықтарға, содан барып арабтарға ауысқан делінеді /41/. Бұл ғылымның бар мазмұны грек тілінде баяндалған, онан соң сирия тіліне, одан кейін араб тіліне [аударылған]. Осы білімді меңгерген гректер мұны абсолют даналық және ұлы даналық деп атаған, ал оны меңгерушілікті ғылым ал мұның қасиетін философия деп білген, ал философия деп ұлы даналықты ерекше қадірлеп, соны жақсы көруді түсінген, ал осы ғылымды меңгерген адамды философ деп білген, яғни ұлы даналықты жақсы көріп қадірлейтін адамды осылай деп түсінген. Олар [философия] мүмкіндігі жағынан барлық ізгілік атаулыны қамтиды деп есептеген, [сондықтан] оны ғылымдардың ғылымы, ғылымдар анасы, даналық атаулының даналығы, (87бет) өнер атаулының өнері деп білген, бұлай дегенде өнер біткенді қамтитын өнерді, барлық ізгілік біткенді қамтитын ізгілікті, барлық даналық [түрлерін] бойына жинаған даналықты айтқан, өйткені жұрт даналықты өнердің қай саласында болса да шеберлік деп біледі. Осы өнерді қолданушылар көпшілігінің қолы жетпейтін төтенше өнер көрінісі адамзат даналығы деп аталады, ал қайсыбір өнерге өте-мөте жетік [адамды] сол өнердің түрінде дана деп атайды. Сол сияқты беделді де .ұшқыр ойлы адамды ой толғауы жағынан беделдігін көрсете білген өнерінде дана деп атайды. Алайда, даналық деп осы ғылымға және оны меңгерушілікке айтылады /42/. Егер теориялық ғылымдар оқшау болса және бұларды меңгерген адам бұл ғылымдарды басқа [ғылымдарда] пайдалануға қабілетсіз болса, онда бұлардың кемелсіз болғаны. Кемелді философ әрі теориялық ғылымдарды меңгеріп алады, әрі бұларды өзінің мүмкіндігіне қарай басқа ғылымдарда қолдануға қабілетті келеді. Егер философтың жағдайы, нағыз шын мағынасында, қандай екенін алып қарайтын болсақ, онда мұны мен бірінші басшының арасында айырмашылық жоқ. Өйткені кімде-кім теориялық білімдер [саласына] кіретін нәрселерді қолдануға қабілетті болса, оның бұларды барлық басқа [салаларда да] ақылмен пайымдалатын етуге, (88-бет) ал ерікке байланысты [білімдерді] әрекетті етуге қабілетті болғаны.
Оның бойында осындай қабілет неғұрлым коп болса, солғұрлым кемелді философ болғаны. Шын мағынасында кемелді [философ] деп әуелі теориялық ізгіліктерге жетіп кейін практикалық ізгіліктерге жеткен, бұдан кейін халықтар мен қалаларға әрқайсысының шама-шарқына қарай және соларға қолайлы әдіспен осы екі [ізгілік] түрінде дарытуға қабілетті адамды айтамыз. Ол теориялық және практикалық ізгіліктерді бойға дарытуға, тек анық дәлелдемелерді иландыру әдісі арқылы ғана қолдануға, ой-пікірге ерікті түрде немесе күштеу арқылы әсер етуге қабілетті болғандықтан, философ шынайы мағынасында [әрі] бірінші басшы болып табылады. Философия және дін Зерттеу атаулы екі түрлі нәрседен құралады: зерттеп отырған нәрсені ұғыну және оның мағынасын көңілге тоқу онан соң ұғынылып, көңілге тоқылған нәрсе жөнінде пікір қорыту. Нәрсені ұғыну екі жақты болады: біріншісі - соның нақ өзін ақылмен пайымдау, екіншісі - соған ұқсас нәрсенің бейнесіне ой жүгірту. Пікір екі түрлі жолмен: не анық дәлелдеме арқылы, не иландыру арқылы қорытылады. Егер де жұрт өмірде бар нәрселерді танып білерде немесе зерттегенде бұлардың маңызын тікелей пайымдап, (89-бет) анық дәлелдемелер арқылы бұлар жөнінде пікір қорытатын болса онда осы танымдарды қамтитын ғылым философия болмақ. Ал бұлар өздері сияқты, өздеріне ұқсас нәрселерге ой жүгірту арқылы пайымдалып және ойтолғауының арқасында иландыру жолымен қандай түсінік алынғаны жөнінде пікір қорытылатын болса, онда осы деңгейдегі білімді ерте замандағылар «дін немесе шариғат» /43/ деп атаған. Егер осылай танылатын заттарды сол қалпында алып қарап иландыру арқылы пайымдайтын болсақ, онда мұны «діни ілім» деп атаған жөн. Ерте замандағылардың түсінігінше, «діни ілім» дегеніміз - философияға еліктеушілік; бұлардың [философия мен «діни ілімнің»] екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттардың бастамаларын ұсынады, бұлар өмірдегі заттардың алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері жөнінде білім береді, адамның түпкі өмірдегі мақсатын, атап айтқанда, ең жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін түсіндіреді. Егер философия мұның бәрін пайымдалғыш [мәндер] немесе ұғымдар түрінде көрсететін болса, «діни ілім» мұны ойдағы түсінік түрінде көрсетеді. Нәтижеде философия бәрін осы тұрғыдан дәлелдейді, ал «діни ілім» соған иландырады. Философия түпкі принциптер ретіндегі алғашқы себептермен екінші тәнсіз бастамаларды ақылмен пайымдалатын [мәндер] түрінде көрсетеді. (90-бет) Ал «діни ілім» бұларды тәнді бастамалардан алынған бейнелер түрінде ойша көрсетеді, бұларда
азаматтық бастамалардағы үлгілеріне ұқсатады, тәңірдің құдіретін азаматтық бастамалардың іс-әрекетіне ұқсатады, табиғи күштер мен бастамалардың әрекеттері Платонның «Тимеяда» да жасағаны сияқты оларды ерікке негізделген күштердегі, қасиеттер мен өнерлердегі үлгілеріне ұқсатады, ақылмен пайымдалатын нәрселерді олардың сезімімен аңғарылатын нәрселердегі үлгілеріне ұқсатады: мысалы, материяны ауа кеңістігіне, түнекке, суға ұқсатады немесе болмыссыздықты түнекке ұқсатады; адамзат ізгіліктері әрекеттерінің мақсаты болып табылатын ең жоғары бақыттың әр алуан түрлерін олардың [тек қана] көңілге түйген мақсат ретіндегі игілік ретінде болатын үлгілеріне ұқсатады; бақытты оның тек қана көңілде түйілген бейнесіне ұқсатады; нәрсе біткеннің басқыштарын олардың пайда болып отыратын, уақытша басқыштағы үлгілерін ұқсатады, мұнда [заттардың] үлгілерін олардың өздеріне жақындату мақсаты көзделеді. Философия анық дәлелдемелер келтіретін жердің бәрінде де «діни ілім» көңілге сенім ұялатады /44/. Философия уақыт жатынан «діни ілімнен» бұрын жүреді. Әлбетте, егер практикалық философия зерттейтін ерікке байланысты ақылмен пайымдалатын (91-бет) мәндер түпкілікті өмір сүрсін дейтін болсақ, онда олардың түпкілікті өмір сүруін мүмкін етерліктей жағдай жасау керек, егер осындай жағдай жасалған болса, онда бұларды заңдарға біріктіру керек. Өзінің ой толғауының артықшылығы арқасында жағдайды анықтауға қабілетті адам ғана заң шығарушы бола алады, ал мұндай жағдай тұсындағы заңдар ең жоғары бақытқа жетуге мүмкіндік беретін, түбігейлі өмір сүруші заңдарға айналады, әлбетте бұған дейін заң шығарушы жағдайды байыптап, анықтай алмайды. Заң шығарушы ең жоғары бақытқа жеткізетін жағдайды анықтауға немесе ең жоғары бақытты ақылмен пайымдауға, бұл заттарды ақылмен пайымдалатын нәрсеге айналдыруға шамасы жетеді. Заң шығару мәні алдынала философияны меңгергеннен кейін ғана ең басты нәрсе болмақ. Демек, заң шығарушы адамның ерекшелігі қызметші емес жетекші болуы себепті, философ та болуы қажет. Сол сияқты, философ теориялық ізгіліктерді бойына дарытқандықтан ол бұл ізгіліктердің басқалардың бойында ұдайы өрбуіне мүмкін қадірінше септігін тигізбек. Өзінің бойында ойшылдық ізгілік болмайынша, ол ақылмен пайымдалатын ерікке байланысты әрекеттердің хал-жағдайы мен шарттарын ашып көрсете алмақшы емес. Оның бойындағы ойшылдық ізгілік практикалық ізгіліксіз бола алмақшы емес, (92-бет) сонымен бірге ол жақсылап иландыра білу және көңілге жақсылап ұялата білу арқасында ғана барлық басқа адамдардың бойында ойшылдық ізгілікті туғыза алады.
Демек, «имам», «философ», «заң шығарушы» деген ұғымдар мағынасы бір ұғымдар /45/. Алайда «философ» деген есім теориялық ізгіліктің бар екенін көрсетеді, ал оның теориялық ізгілігі мейілінше кемелді болуға тиіс, сондықтан оның басқа да қабілеттері болуы керек. «Заң шығарушы» деген есім практикада ақылмен пайымдалатын мәндер жағдайын өте жақсы білетіндікті, бұларды анықтап, халықтар мен қалалар арасында заңдар туғыза білетіндікті көрсетеді. Ал практикада ақылмен пайымдалатын мәндердің таным арқылы өмір сүргені ләзім, сондықтан, соңғының өмір сүруінен бұрынғының өмір сүруі келіп шығатыны сияқты, ең алдымен теориялық ізгілік өмір сүруге тиіс. «Патша» деген есім /46/ билік пен құдіретті көрсетеді. Толық қуаттылық дегеніміздің -күші жағынан асқан қуаттылық деген сөз, ал оның күш-қуаты өзінен, тысқары нәрсе (93-бет) жөнінде ғана көрініп қоймайды, егер оның өнері, жаратылысы мен ізгілігі мейілінше жоғары дәрежеде болса, онда асқан қабілеттілігі арқасында мұндай күш-қуат оның өз бойында да болуы мүмкін. Танымдық қабілеті мен ойшылдық қабілеті мол, ізгілігі мен өнері аса күшті болған күнде ғана осылай болмақ. Әйтпесе оның бойына шынайы күш-қуат бітпейді, қолында билік болмайды. Егер ол бұдан былай да бұрынғы күйінде қала берсе, яғни мұның бойында күш-қуат болмаса, оның қайраты азая бермек. Сол сияқты оның қабілеті ең жоғары бақытқа жатпайтын игіліктер жөнінде ғана көрінетін болса, онда бұл қабілет кемелді болмай кеми береді. Міне сондықтан да, нағыз патша әрі философ, әрі заң шығарушы болады /47/. Араб тілінде «имам» /48/ деп әрі қолбасы, әрі жетекші ретінде бой көрсететін адамды айтады, бұл ретте ол не өзінен-өзі, не көздейтін мақсаты жағынан жетекші болып көрінеді. Егер жұрт шексіз іс-әрекет, игілік пен өнер салаларының бәрінде оның жетекшілігіне ден қоймайтын болса, онда ол шын мәнінде жетекші болмақшы емес. Ол өнерлерінің, ізгіліктері мен әрекеттерінің бірде-бірінде өз мақсатынан өзге мақсат көздемейтіндіктен, оның өнері ең күшті өнер, ойлауы ең күшті ойлау, білімі ең күшті білім болады, әйтпесе ол өз мақсатын жүзеге асыру үшін өз бойындағыдан тысқары [тағы да] басқалардың күштерін жинауға тиісті болар еді. Ол кісіде теориялық білім, ең күшті ойшылдық ізгіліктер және философия [саласына] жататын нәрселер болмайынша, бұлай етуі мүмкін емес. (94-бет) Әлбетте, «философ», «бірінші басшы», «әкім», «заң шығарушы» және «имам» деген ұғымдар бір ұғым болып табылады. Егер біздің тілімізде сөйлейтін қалын жұртшылықтың пікірінше осы сөздердің әрбірінің мәнісімен танысар болсақ, онда сайып келгенде, бұлардың бәрінің
жиынтық мағынасы бір екенін байқаймыз. Егер теориялық ғылымдарда дәлелденетін осы теориялық нәрселер қалың жұртшылықтың зердесінде ұялайтын болса, егер көңілге қонған нәрсе жөнінде пікір қорытылатын болса, егер бұларды қалың жұрттың зердесінде ұялатып, оны баурап алуға септігін тигізерлік жағдайларымен қоса практикалық нәрселер туған болса, егер жұрттың тілегі оны бұдан басқа бір іс істеуге итермелейтін болса, онда теориялық және практикалық нәрселер заң шығарушының зердесінде ұялаған күнде де философия болмақ, ал қалың жұртшылықтың зердесінде болса - дін болмақ, өйткені заң шығарушының танымы анық білімге негізделеді, ал қалың жұртшылықтың [танымы] қиялдау және иландыру арқылы көңіліне тоқылады. (95-бет) Алайда, заң шығарушы бұл заттарды қиялдау және иландыру жолымен емес, анық ақиқаттар арқылы түсіндіреді. Ол қиялдау мен иландыру әдісін қолданғанда оны көңілге тоқып алу үшін қолданбайды, өйткені бұларды дінге балаган күнде де көңілде онсыз да бола береді, тек оған [бұл нәрселер] жөнінде қиялдап иландыру әдісін қолданса болғаны, өйткені бұлар басқалар үшін дін болса, оның өзі үшін философия болмақ. Шын философия мен шын философ, міне, осындай. Шын философ Патристикалық философияны /49/ және жалған, дүмбілез және өресіз философтың философиясын алатын болсақ, тиісті даярлығы жоқ болса да ғылымды зерттей бастайтын адамның сиқы осындай болады /50/. Кімде-кім [ғылымды] зерттеуге кірісем десе, онда бұл теориялық білімдерге жаратылысынан бейім болғаны абзал. Бұл шарттарды Платон өзінің «Мемлекет» деген кітабында баяндаған. Нәрсе біткеннің парқын түсініп, ұғынуға келгенде адам мейлінше зерек болуға тиіс, ол ол ма, ғылымды меңгеру ісінде адам шыдамды да табанды болуға тиіс, жаратылысы бойынша ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтастарын сүйетін болуы керек, өзінің талап-тілегінде дөрекілік пен өзімшілдік мінез көрсетпеуі, (96-бет) асқа, ішімдікке келгенде қомағай болмауы, дерхема мен динарды, тағы сол сияқтылардың барлығын жаратылысынан жек көретін болуы керек. Жұрттың теріс деп білетін нәрселері жөнінде ол әдеп сақтап, инабатты болуға тиіс, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынып, жамандық пен әділетсіздікке көне бермеуі керек, мұнда мейлінше естиярлы болған жон. Оның үстіне, адам өзінің табиғи бейімділігіне сәйкес келетін заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбиеленген болуы шарт, өзін аялап өсірген дін жайындағы көзқарастарында кәміл сенімді болуы, өзінің діні [парыз] еткен ізгі әрекеттерден айнымауы, бұларды түгелдей де, там-тұмдап та бұзбауы қажет, бұл ретте баршаға мәлім [пікір] бойына оңды деп танылған әрекеттерге қарсы шықпауы керек. Егер осы
қасиеттер жас ұланның бойына дарыған болса, оның үстіне [философияны] зерттеуге кірісіп оны меңгерген болса, онда ол жалған, дүмбілес, өресіз философ болмауы мүмкін /51/. Өзінің білімін өз шама-шарқына қарай өзге [адамдардың] бойына дарытарлықтай ең биік кемелділікке жетпей-ақ, теориялық білімдерді меңгере бастаған адам өресіз философ. Теориялық білімдерді бұрмаламай-ақ зерттейтін, бірақ белгілі бір дінге тән және баршаға мәлім [пікір] ойша танылған ізгі әрекеттерді жасамайтын, жақсы амалдар жасамайтын, керісінше, бәрінде өз құштарлығы мен нәпсісіне бейімдейтін адам - дүмбілез философ /52/. (97-бет) Жаратылысынан бейімділігі жоқ бола тұрса да, теориялық ғылымдарды зерттей бастаған адам - жалған философ /53/. Теориялық ғылымдар жағынан кемелдене тұрса да жалған және дүмбілез философтар, сайып келгенде, ғылымнан бірте-бірте алшақтай береді, ал ізгілік арқылы кемелденерлік жасқа жеткенде ондай адамдардың білімі, Платон ескертетін Гераклит күні тәрізді /54/, толық сөніп бітеді, өйткені біріншісінің [жалғанының] жаратылысы мен екіншісінің [дүмбілезінің] дағдысы жастайынан олардың бойын күрмеп, өздерінің қолы жеткен нәрселерін сақтап қалуын қиындатады, олар қолы жеткенін ұмытады да, бірте-бірте ғылымнан алшақтай бастайды, сөйтіп олардағы [білім] оты сөніп бітеді, сондықтан олар бұл білімнің жемісін тата алмайды. Философия көздейтін мақсатты сезінбейтін адам өресіз философ болып табылады. Ол тек теориялық білімдер немесе теориялық [білімдердің] бір бөлігін ғана алады, мұнда ол философияның мақсаты қол жеткен алдамшы бақыттың, яғни жұрт игілік деп [атайтын] бақыттың шамасына [байланысты] деп есептейді. (98-бет) Ол өзінің танымын осыған негіздеп, осының арқасында мақсатына жетпек болады. Осының арқасында оның мақсатқа жетіп, соған тоқтап қалатын кездері де болады және мақсатына жете алмай, қиналатын кездері де болады, сонда ол осы [білімдерден] алғанын ізгіліктің дәл өзі деп есептейді. Өресіз философ, міне, осындай /55/. Шын философ біздің жоғарыда айтқанымыздай болады. Егер ол осындай [шын философқа] тән дәрежеге жеткенімен, бірақ өмірде өзінің орнын таппаған болса, онда мұндай философтың өзінің парқы жағынан емес, оған құлақ аспайтын немесе құлақ асуды қажет деп білмейтін адамның тұрғысынан пайдасыз болып шыққаны /56/. Патша немесе имам өзінің қабілеті мен өнері жағынан патша және имам болмақ, ал оның айтқанына бағынып, дегенін істейтін адамдары бар ма, жоқ па, көздеген мақсатына [жету үшін] өзіне қолқабыс, көмек көрсететін
адамдары бар ма, жоқ па, мұның келіп-кетері жоқ. Дәл осы сияқты дәрігер де өзінің кәсібі мен науқастарды емдеу қабілеті жағынан дәрігер болмақ, ал оның науқас адамдары бар ма, жоқ па, өз ісінде пайдалануына боларлық құралдары бар ма, жоқ па, өзі бай ма, әлде кедей ме, мұның келіп-кетері жоқ. Тіпті қолында бұлардың бірде-бірі жоқ болса да ол дәрігер болып қала береді. Дәл сол сияқты, олардың өз істерінде пайдалануына боларлық құралдары болмаса немесе адамдар өз мақсаттарына жету үшін оларды пайдасыз деп тапса да, имам имам қалпында, философ философ қалпында, патша патша қалпында қала бермек. (99-бет) Платон мен Аристотель философиясы Осындай сипаттағы философия бізге гректерден Платон мен Аристотельден келген. Олардың әрқайсысы бізге философияны беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар оған апаратын жолды да, оның құлдырап, ғайып болған кезінде оны жасау жолын да көрсетіп береді. Біз ең алдымен Платонның философиясын және мұның сатыларын баяндаудан бастаймыз. Платон философиясының бірінші бөліміне кірісеміз, онан соң рет-ретімен жүріп отырып, оның философиясының соңғы бөліміне жетеміз. Кейін, Аристотель ұсынған философия жөнінде де біз осылай жасаймыз. Біз оның да философиясының бірінші бөлімінен бастаймыз. Бұдан айқын көрініп отырған нәрсе -олардың бізге берген тәліміндегі мақсаттың бір екендігі. Олардың екеуі де бәз-баяғы бір философияны - Платонның философиясы мен оның бөлімдерін, бөлімдерінің сатыларын бастан-аяқ баяндап беруге тырысқан. Бұл, біздің осы кітаптан тапқан ең соңғы нәрсеміз /57/. Барша әлемнің әміршісі - Аллаһ Тағаланың даңқы арта берсін. Пайғамбарлар басшысы Мұхамед Мұстафаның, оның теңдесі жоқ барлығынан пәк өрен-жарандары мен және барлық үмбеттерінің мерейі үстем болсын. Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында. Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатулъ-хилялъ, 1995. 25-102 66. Аударған: Ж. Сандыбаев.
ПЛАТОН "ЗАҢДАРЫНЫҢ" МӘНІ Егер де адамды кез-келген жануардан артық етіп көрсететін бір нәрсе болатын болса, ол -күш, оның көмегімен адам заттар мен әрекеттерді айыра алады және оларды өз қалауы бойынша қарастырады. Олардың қайсысы пайдалы және қайсысы пайдасыз екендігі өзіне айқын болғанша адам бақылауын жалғастыра береді, пайдалысын таңдайды және өзіне алады, пайдасызын терістейді және одан аулақ болуға тырысады. Күштің әрекетке көшуі тәжірибенің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибенің мәні жеке түрлер туралы пайымдауда және олардың осы жеке заттармен дәл келетін универсалиялары туралы пікірде. Тәжірибе жасай отырып, өзінің әрекеті мен тәжірибесінде аздап қателесетін, заттардың жағдайы туралы іс жүзінде бар нәрсеге қарама-қарсы ой түйген адам емес, осы салада ең үлкен тәжірибеге жеткен адам табиғатындағы ең жетілген және ең лайықты болып табылады. Қателесудің себептері коп. Оларды софистика өнері туралы айтқандар пайдаланды. Кейбір жекелеген заттарды және жалпы мағыналарды бақылағанда, сонымен бірге, өзінде жеке заттарды одан туындаған әрекет бірнеше рет байқалса, жеке зат субстанционалды болатындай етіп біріктіретін уақыт шеңберінде жалпы пікірлерді қолдана білу қабілетіне тумысынан ие адамдар емес, нағыз ақиқаттың не екендігі туралы тәжірибе жинағандар дана адамдар. Шындықты бір немесе екі рет, немесе одан да көбірек айтатыны секілді, бұл зат туралы осы әрекетке сүйене отырып, уақыттың барлық кезеңдерінде пікір айтады, сондықтан ақиқат абсолютті шын деген пікір туа біткен қабілетке айналады. Өтірік айтқанда да іс дәл осылай. Ал батылдық, қорқақтық немесе мінездің кейбір сипатын бірнеше рет қарастырғанда, бұл туралы адамдардың барлығы және барлық уақытта пікір айтады. Егер де данышпандар адамдардың туа біткен қабілетінің осы мәні туралы білген болса, мүмкін, өз жандарында халық ылғи да осы оқиға бойынша олар туралы пікір түйгенше коп рет қайталана берген әлдебір оқиғаны тапқан болар еді. Сонан соң олар осы оқиғаға қарама-қарсы нәрсені жасар еді және оны халықтан жасырар еді, ал адамдар бұл туралы бірінші оқиғадағыдай ойлар еді (4 6.). Бұл діни ережелерді орындау, әділеттілік, аскетизм және құлшылық ету [істерін] жақсы білген, оларды адамдардың арасында таратқан тақуа аскеттердің бірі туралы айтылатын әңгімелерге ұқсайды ІІІ. Ол қатыгез билеушіден үрейленіп, бұл қаладан қашып кеткісі келді. Бірақ билеушінің оны қай жерден табылса, сол жерде қамауға алуды талап еткен жарлығы шықты. Аскетке қаланың бірде-бір қақпасынан өту мүмкін болмай қалды, ол сұлтанның сақшыларының қолдарына түсіп қалудан қорықты. Аскетке үстіне
мерекелерде киетін сәнді киімін киіп, қолына танбур алып, өтірік мас адам болуға және түнде тан бұрын тарта отырып қала қақпаларының алдына келуге [тура келді] Ш. Күзетші: "Сен кімсің?" деп сұрады. Аскет кекесінмен: "Мен пәлен деген аскетпін" деп жауап берді. Күзетші өзін келеке қылып тур деп ойлап, аскетке кедергі жасамады. Аскет осылайша [қудалаудан} құтылды және ешқашан өтірік айтпады. Бұл кіріспеде біздің алға қойған мақсатымыз - данышпан Платон өзіне ғылымдарды адамдардың бәрі анықтауы және тануы мүмкіндігін бермегенін, сондықтан символдар, аллегориялар, жұмбақтар және түсінуге қиындықтар әдістерін қолдана отырып, ғылымды оған қатысы жоқ адамдар игере алмайтын еткендігін қарастыру. Бұл ғылымның жақсы қасиеттерін білмейтін және тиісті мақсатына жұмсамайтындарға қатысты алғанда - дұрыс. Ал егер де ғылым белгілі және түсіндірілген болса және осылайша адамдардың көпшілігінің арасында таратылса, онда, мүмкін, Платон ол туралы ашық және айқын айту тәсіліне көшер еді, ал оның сөзін оқушы мен тыңдаушы онда символдар бар және Платон олардың көмегі арқылы оның кітаптарында кездесетін кейбір құпия нәрселердің қайшылықтары мен мәнін түсіндіргісі келді деп ойлар еді. Өнердің өзіндегі жаттығулардан басқа бұрын түсіндірген және атап нұсқаған нәрселерге тоқталмай, ол оның диалогтарында бар ғылымға қабілеттілік танытқан адамды ғана атап көрсетеді. Бұл оның "Заңдарда" қолданған әдісі. Біз бұл кітапты танып-білгісі келген адамға көмектесу үшін және оны зерттеуде қиындықтарға кездескен адамға пайдалы болу үшін ол осы шығармада нұсқаған негізгі мәнді көрсетуге ұйғардық. 1бөлім (5 б.) Сұрақ қоюшы [Афина тұрғыны] құрастырушыдан заңдарды тағайындаудың себептерін және осы себептердің мәнін және олар іс жүзінде,айтылғандай, жұмыс жасайтынын немесе жасамайтындығын анықтайды. Жауап беруші [Клиний] оларды тағайындаған - бұл істе үлкен нәтижелерге жеткен грек Зевс екендігін айтады. Поэзиядан және заңдарды орнатушылардың бұрынғыларының кейбіреулерін мақтаған адамдардың арасында кең тараған нақыл сөздерден мысалды дәлел ретінде келтіре отырып, заңдардың көп екендігін және олардың көпшілігі жарамсыз екендігін түсіндіру мақсатымен Платон басқа тағайындау туралы әңгімеге кіріседі. Содан кейін ол заңдарды зерттеудің дұрыс [іс] екендігін көрсетеді, себебі, заңға бағынуды қойған адам оларды ақымақтық деп атағысы келеді. Платон заңдардың кез-келген даналықтан жоғары тұратындығын түсіндіреді және ол өз дәуірінде белгілі заңдардың бөлігін зерттеді/3/.
Диалогта кипаристер және сұрақ қоюшы ұстануға тиіс қажетті жол туралы айтылады. Адамдардың көпшілігі мұның астында астарлы мән [жасырынып жатыр] деп ойлайды. Пікір таластырушы адамдардың [арасындағы диалогтар] мен түсінуге қиын және еркін идеялардың көмегімен Платон өз сөзін ол туралы ойлағаннан басқа мәнде созғысы келді. Осы созылғандықтың арқасында ол сөзін өзі жасырғысы келген нәрседен мүлдем басқа мәнде қолданып, оның айқындығына қол жеткізді. Одан кейін ол өздерінде белгілі заңдарды жетілдіруге кіріседі, оларды cay ақыл талап ететіндей дұрыс және қолдануға жарайтын болуын іздеу мақсатында зерттейді. Жетілдірудің мәні - бірге тамақ ішуде, ауыр заттарды тасу үшін жеңіл құралдарды пайдалануда. Ол адамдардың көбі жаяу келе жатқандықтан, тегіс емес жолдарда олардың арасында өзара түсіністік және өзара көмек болатын болса, одан келетін пайданың мол екендігін түсіндіреді. Сонан соң ол қажетті құралдарды қолдану, игеру, бірігу және өзара түсінісу - жеке адамдардың жеке жағдайына емес, үнемі соғыс жағдайына жалпы қажетті нәрселер екендігін түсіндіреді. Ол, сонымен бірге, соғыстан пайда бар ма және оның бөліктері терең зерттелген көптік болып санала ма - осыны да түсіндіреді. Ол жеке және жалпы сұрақтарды түсіндіреді. Заңдардың көптеген нәрселер үшін: істердегі әділеттілікті іздеуде, сырттан [таңылатын] жан ашуын жеңе білу қабілеттілігін іздеудегі адамның өзімен-өзі соғысында (6 б.) пайдалы екендігін ескерте отырып, ол әрі қарай соғыстар туралы сұраққа ауысады. Ол ізгілікті қала деген не және ізгілікті адам деген кім екенін де түсіндіреді, ол ізгілікті қала мен ізгілікті адамның заңды түрде және cay ақылға сай жеңімпаз болып табылатындығын көрсетеді. Ол билеушінің болуын қалаудың шын жүректен шыққан тілек екендігін, оған бағынудың қажеттігін түсіндіреді және бұдан келетін пайданың қандай екендігін көрсетеді. Ол игі тілекті билеушіні сипаттайды, зұлымдықты жоюда, басқаруда мейірімділік және ізгі тілек жолын ұстану арқылы халықты соғыс жолынан ауытқытуда, негізгі және ең кішкене нәрседен бастап оның өмір салты қандай болу керектігін баяндайды. Ол адамдардың өздерінің арасындағы соғыстарды жоюға деген тілектері шын көңілден шыққан тілектер екендігін түсіндіреді және оларды нығайта тусу туралы айтады, себебі бұл не нәрсе /4/. Ал бұл заң бар болғанда және оның мығым құрылымы бар болғанда ғана мүмкін. Заң соғысуды бұйырса, онда бұл соғыс үшін емес, бейбітшілік үшін жасалады. Платон адамның қауіпсіз өмірі үшін бір тана жақсы тұрмыстың жеткіліксіз екендігін атап көрсетеді. Мысал ретінде ол өздерінде белгілі ақын Тиртейдің өлеңдерін келтіреді.
Платон мадақталатын батырлық сыртқы соғыста батырлық болмайтынын түсіндіреді, бірақ өзін жеңу және келісімді қабылдауды орнату өз мүмкіндіктерінің шамасына ғана байланысты. Платон заң құрастырушы /51 кәмелет жасқа жетіп және осы іс оның маңдайына жазылса, оның мақсаты - құдай атымен ержүректілікке, ұлылыққа, о дүниеде марапатталуға, адамның бойында тумысынан бар торт асыл қасиеттен жоғары тұратындай асыл қасиетке не болу тілегі болып табылады /6/. Ол адамдардың арасында осындай заң шығарушылар кездесуі мүмкін екендігін, және олар алдарына әртүрлі мақсаттар қоятынын, бірақ заңдарды құрастырудағы асығыстықтың нәтижесінде нашар нәтижелерге жететінін түсіндіреді. Адамдар осыларға ұқсас заң шығарушыларға алданып қалмас үшін Платон бұл туралы еске салуды мақсат етеді. (7 б.) Платон игіліктерді [екі түрге] бөледі, олардың қайсысы адами, қайсысы құдайы екендігін түсіндіреді. Құдайылары адамиларына әсер етеді. Егер де адам құдайы игіліктерге не болса, онда адами игіліктерге де не болады, ал адами игіліктерге ие болғанда, құдайы игіліктерді назардан тыс қалдыруы мүмкін. Адами игіліктерге күш, әдемілік, байлық, білім және басқалар жатады, оларды [қарастыруға] ол өзінің мораль туралы кітаптарында көшеді. Ол ақиқат заң шығарушы бұл игіліктерді құдайы игіліктерге жетуге сәйкес келетін ретті жүйеге келтірген адам екенін еске салады, себебі олар заң талап еткендей қолданатын адами ізгіліктер құдайы ізгіліктер болып табылады. Платон заң шығарушылар олардың көмегімен игіліктерге жететін құраләдістерге ұмтылуға, адамдарды игіліктерге жету жолында табандылық көрсету туралы ойға сендіруге міндетті екенін түсіндіреді. Бұл [ең әуелі] заңды некеге, сезімдік құмарлық пен шектен тыс тән құштарлығын реттеуге, олардан тек заң талап еткен мөлшерді ғана алуға қатысты. Бұл, сонымен бірге, үрей мен ашу, жағымсыз және әдемі істерге және игіліктерге апаратын басқа құралдарға да қатысты. Сонан соң Платон Зевс пен Аполлон бұл құралдардың бәрін өз заңдарында қолданды дейді; ол олардың заңының әрбір қағидасынан, мысалы, аң аулауға, немесе ұжым болып тамақ ішуге, немесе соғысуға бұйрыққа қатысты қағидасынан қандай пайда болғанын түсіндіреді. Ол соғыс қажеттіліктен /8/ және құмарлық /9/ [сезімінен] және [белгісіз бір] қалаудан болатынын да түсіндіреді. Ол соғыстың қайсысы құмарлық пен одан келетін ләззатқа /10/ сүйеніп, ал қайсысы -қажеттілік бойынша жүргізілетінін нақтылайды. Платон өзінің ақындық сөзінде сұраушы мен жауап берушінің арасында жүргізілетін пікірталас ұсқынсыздық пен оған тәуелділіктің өздеріне ықпалын сезінетін кейбір әсем заттарды еске салуға әкелетінін айта кетеді. Сондықтан
заң шығарушының мақсаты - асыл қасиетті тағайындау және ол туралы басқа пікірді теріске шығару үшін, оның дәлелді және дұрыс екеніне сендіру үшін зерттеу және пайымдау болуы тиіс. (8 б.) Платон сол заңдардағы кейбір белгілі ережелердің шикіліктерін көрсетеді және мұндай бұйрықтардың дұрыс емес екендігін еске салады, олар жас және надан адамдардың еңбектерінің [жемісі]. Ақылды адам өзі туралы күмән тумас үшін және олардың ақиқаттығына сендіру үшін осындай мысалдарды зерттеуі қажет. Платон ең қиын іс - заңды іс жүзінде жүзеге асыру, ал оған күмәндану және ол туралы шағым айту - өте жеңіл іс дейді. Ол алдыңғы заңдарда белгілі болған кейбір бұйрықтар туралы еске салады. Бұл мереке-думандар туралы өте орынды бұйрық, себебі олар адамдардың барлығы табиғатынан құштар және құдайлар тағайындаған заңдарда бекітілген ләззат әкеледі. Платон оларды мақұлдайды және мақтайды және олар қандай пайда әкелетінін атап көрсетеді. Сонан соң ол шарапты заң мақұлдаған жағдайда ғана ішуге болатыны туралы айтады, және басқа бір себеп бойынша ішкенде, не болатынын көрсетеді. Платон жеңімпаздар - ең жақсы, ал жеңілгендер - ең жаман адамдар деген пікірден сақтандырады. Жеңіс кездейсоқ болуы мүмкін, мысалы халықтың көптігінен, және бұл халықты батыр деген пікірмен келісуге болады, бірақ адам жеңіске масаттанбауы керек, ол өз жағдайын заңға [сәйкес келеді] деп қарастыруы тиіс. Заң шығарушы болғысы келген кез-келген адам емес, заңды құрастыруға жаратылған адам ғана нағыз заң шығарушы бола алады /11/. Бұл өнердегі және басқа салалардағы кез-келген басқарушыға да қатысты. Өз қызметі кезінде де, бұл қызметтен кеткен кезде де басшы басшы деп аталуға бірдей лайық, егер де өнерді басқаларға үйреткеннен кейін ол бұл қызметінен бас тартса да, дәл солай болады, сонымен бірге, ол басшы атымен аталуға да лайық. Дәл осылайша, егер де басшының өнердегі қызметі мақтарлық емес және ол бұл істе қабілетсіз болса, ол бастық деп аталуға лайық емес. (9 б.) Платон заң шығарушы: біріншіден, өз заңдарын енгізе білуі; екіншіден, бұйыра білуі тиіс дейді. Егер де ол бұйырған нәрсесін енгізе алмаса, басқалар ұстанған нәрсені өзі ұстанбаса, онда оның нұсқаулары заңды күшке не бола алмайды және оның сөзін қарауындағылар қабылдамайды. Бұл лайықты /12/ және керемет /13/ ереже, егер де әскерлерді өздері батыр еместер басқарса, олардың жағдайы адам қызығарлық болмас екендігіне ұқсас.
Бұл жағдайға байланысты Платон билеушілері мен басшысы маскүнемдікке салынған адамдар болған маскүнемдер туралы мысал келтіреді. Олардың басқаруы да олардың өздері сияқты болды. Маскүнемдерді басқару үшін көрегендік, білім және сақтық жағынан мүлдем сау болуы тиіс. Шынында да, Платон айтқандай, заң шығарушы [қарапайым] адамдар секілді надан болса, онда ол адамдарға пайда әкелетін заң орната алмайды. Ол заңдарды орындауда тәрбие мен жаттығу маңызды орын алатынын мәлімдейді. Заңды өзі орындамайтындар және өз қарамағындағыларды соған шақыратындар өз әрекеттерімен өте зор ретсіздік туғызады. Платон егер де адам оның даңқын шығарып отырғандардың пікірталас және әңгіме жүргізудегі шеберлігінің, сөз байлығының, білімінің күштілігінің арқасында белгілі болса, онда олар мұны қанша жасаса да, оның даңқын қаншама шығарса да, ол туралы істің мұндай жағдайы жақсы емес деп ойлайтындығын еске салады. Егер де адамды сөз құдіретіне қарап сипаттайтын болса, онда бұл ғалымдар көбірек сүйенетін дәстүр. Сөзді тыңдаушының парызы - жағдайдың өзі туралы дұрыс және ақыл-ойға жүгініп, адамның бойында сол айтылған қасиеттер бар ма әлде оларды шешен өзінің шешендік қабілеттері мен тілмәрлығының немесе өзінің барлық нәрсе туралы жақсы пікірде болу әдетінің көмегімен сипаттап отыр ма - осыларды терең зерттей отырып пайымдау. Ал егер де адамның жанында сол қасиеттерге [сәйкес келетін] ізгілік /14/ пен ең жақсы қасиеттердің жиынтығы табылса, онда біз оның жанын сипаттай отырып жеткен пікір /15/ теріске шығарылады. Заңның өзі ізгілікті және өте жақсы болуы тиіс, және оның атынан және ол туралы айтылатынның бәрі барлық жақсы қасиеттерден жоғары. Платон заңдардың мәнін және оның жақсы қасиеттерін танып-білу логика (10 б.) және үйрету жолымен жүзеге асырылатынын түсіндіреді. Халық оларға деген қажеттілікті сезінуге және оларды терең зерттеуге міндетті, әйтпесе ол мақсатына жете алмайды, бәрінен бұрын - түбінде өзіне пайда әкелетін заңның мәніне бойлау ісінде. Платон сәби өнерді игеруге деген зор ынтасы болғанда, есіктер мен үйлерді ойнай отырып қабылдайтыны және сол арқылы өзіне пайда әкелетін өнерге қабілеттілікке ие болатыны туралы мысал келтіреді. Одан әрі Платон назарын заң шығарушыға аударады және егер өзінің жас кезінде оның бойында оған пайда әкелген мемлекеттік істерге және пайымдауларға жаттығулар болған болса да, онда оған ол бұрын айналысқан және жаттығуды [қазір де] жалғастыруға міндетті нәрседе белгілі бір уақыт өткен сайын өзін-өзі бақылау және шыдамдылық қажет болатынын еске салады.
Платон әрбір адамның жанында қарама-қарсы күштердің бір-бірімен біріктірілген жұбы бар деп есептейді: мұң мен қуаныш, ләззат және азап және т.б. Бұл күштердің бірі -тәуірлеу, басқасы - жануарлық. Заң жануарлық күшке емес, тәуірлеу күшке қатысты әрекет етуі керек /16/. Ол жануарлық күш жақтан келетін қарама-қарсылық - күшті және қиын, ал тәуірлеу жақтан келетін күш - жұмсағырақ және жағымдырақ екенін түсіндіреді. Әрбір жеке адам өз жанындағы осы қарама-қарсылықтардың жағдайы туралы ойланып, тәуірлеу күштер жолына түсуге міндетті. Ал қаланың барлық тұрғындары туралы айтсақ, егер олар тәуірлеу күштер жолына түсуге күштері жетпесе, оларға жол көрсететін және пәк адамдардың ең жақсыларының әділеттілігі мен [істері] туралы айтатын заң шығарушылардың әділеттілігіне бағынуы тиіс. Платон заң шығарушылар ұсынатын ауыр жұмыспен және тынымсыз еңбекпен байланысты төзімділік ең жақсы әділеттілік болып табылады дейді, жағымсыз дәрі ішкенде қиналғанымен, ол мақтарлық, себебі түбінде денсаулыққа ыңғайлы нәрсеге әкеледі, осы секілді, ең жақсы әділеттілік жолына да ыңғайлылық пен асыл қасиеттер үшін бел буып түседі. Платон мінездің сипаттарының арасындағы қажеттілерін және оларға ұқсастарын айыра білу және олардың қарама-қарсылықтарын анықтай білу керек деп түсіндіреді. Мысалы, қарапайымдылық - мақтарлық қасиет, бірақ ол шектен тыс болса, онда өзінің күшін жоғалтып, бетке басар, ұялтар қасиетке айналады. Адамдар туралы керемет пікір және оларға деген ақжүректілік мақтарлық, бірақ ол жауларға қатысты болса, онда олар құпталмайды /17/. Сақтық та тап осылай (11 б.), бірақ ол шектен тыс болса, қорқақтық пен бас тартуға айналады және бетке басып, ұялтатын қасиеттер болып шығады. Ол егер де адам іздеген мақсатына жетіп, ең жақсы және лайықты адам болып шықса, бірақ осы мақсатқа мақтауға тұрмайтын жолмен келсе, онда бұл құпталмайды, ол үшін сөгеді. Ең жақсысы - мақсатқа әдемі және лайықты жету /18/. Платон зұлымдықтың билігінде болмай, өзінің оған деген сақтығын күшейту үшін ақылды ойлайтын адамға зұлымдыққа жақындаудың, оны танып-білудің қажеттілігінің пайдалы іс екендігі туралы да еске салады /19/. Ол шарап ішуді мысал ретінде келтіреді. Платон cay адам мас адамға жақын болып, олардың отырыстарына қатысып, олардың мас күйде жасайтын жексұрындықтары туралы, олардың арасында жоғарыда аталған күйде туындайтын сиықсыз және ақымақ істерден қалай сақтану керектігін білуі тиіс деп түсіндіреді. Денесі әлсіз стақандап ішуі мүмкін, ал өзін күштімін деп ойлайды, өзін күшті сезіну үшін шу мен төбелесті тілейді, бірақ күші азая береді. Ішетін адамдардың бойында бұдан басқа да көптеген заттар болады.
Қандай да бір асыл қасиеттерге не болғысы келген адам асыл қасиеттерге қарсы туратын кемшіліктерден арылуға күш салуы тиіс, себебі асыл қасиеттерге сирек және кемшіліктерден арылғаннан кейін ғана жетуге болады. Әрі қарай ол әрбір адами табиғатқа іс жүзінде оған тән мінез ерекшелігі сәйкес келетінін айтады. Адамның өзі де, заң шығарушы да әрбір жеке алған жағдайда мақұлдайтын немесе сөгетін [өзіндік] шешім шығару үшін және ол жойылмас үшін мұны жақсы білуге міндетті /20/. Ал егер де қандай да бір шешім орынсыз шығарылса, онда мұндай жағдайда ол жойылады және одан ешқандай із қалмайды. 2-6 ө л і м Платон адамның табиғи қасиеттерге не екендігін және бұл оның бойындағы мінез және іс-әрекет ерекшеліктерінің себептері екенін түсіндіреді. Заң шығарушы осы қасиеттерді ескеруі қажет, оларды түзетіп, бұл қасиеттерді түзететін заңдар шығаруы тиіс, себебі бұл қасиеттерді түзете отырып, ол [адам] мінезінің (12 б.) ерекшеліктерін және оның іс-әрекеттерін де түзетеді. Платон [бұл жағдайда] балалар туралы және барлық салаларда бірдей, ол заңнама болсын, ғылым немесе дін болсын, жаңадан келгендер туралы айтып отыр деген күдік бар. Басты табиғи қасиеттер болып рахат пен азап шегу саналады, олардың арқасында асыл қасиеттер мен нашар қасиеттерге жетуге болады /21/. Және кемелдік пен білім, оларды даму деп атайды, себебі оларға тәрбие мен жаттығу арқылы жетеді /22/. Заң шығарушы адамдарға бірден рахатқа /23/ асықпауды бұйырғанымен, ол заңнан әзірге көрініс таба қойған жоқ, бірақ та адам рахатты мереке-думан кезінде және ләззатқа бөленген кездерде алады, себебі адамның рахатқа деген табиғи бейімділігі бар /24/. Бұл рахаттар құдайы болып табылады. Бұл дәл осылайша мусикалық (музыкалық - Г.Н.) қасиеттерге де қатысты: табиғи бейімділіктің арқасында олар туралы білетін болғанда, нәтижесінде рахат пайда болады. Платон оларда белгілі би билеу және сырнай тарту секілді мысалдар келтіреді. Ол әрбір жеке жағдайға байланысты әсемдік деген не және ұсқынсыздық деген не екенін түсіндіреді. Әсемдік - музыканың әртүрлі турлері, бұл мінездің жомарттық және ержүректік секілді жақсы да пайдалы ерекшеліктеріне не болуға итермелейтін және жақсы мінезге сәйкес келетін нәрсе. Ұсқынсыздық қарама-қарсы нәрсеге итермелейді /26/. Платон Египет храмдарындағы оларға мығым заң тағайындалған және олар құдайы деп жарияланған әуендер мен суреттерге байланысты мысалдар келтіреді.
Платон әрбір адам ең жас уақытында рахаттан туындаған қуанышқа оны жай және салқынқанды қабылдайтын үлкендерге қарағанда әлдеқайда зор деңгейде бөленетінін түсіндіреді. Білгіш заң шығарушы деп заңды игілік пен бақыт түрінде көрінетін қуаныштарды ескере отырып, адамдардың барлық топтары мен барлық ұрпақтары үшін, барлық жерлердің тұрғындары үшін, басқа қабілеттеріне қарағанда туа біткен қабілеттерін ескеріп тағайындайтын адамды санау керек. Білгір заң шығарушы дегеніміз заңды бір халықтан соң бір халықты жаулап алу үшін емес, заңдарды музыканттың сапаларын ескере отырып тағайындайтын, ал оның бұйрықтары туа біткен қасиеттерді оятатын және заңды мінездің ерекшеліктерінің әртүрлілігін ескере отырып қабылдауға итермелейтін адам (13 б.). Заңды оған ақылды және тәжірибелі адамдарды бағындырып тағайындау -оған тобыр мен тәжірибесіз адамдарды олар ғалымдармен тең болу үшін бағындырып тағайындауға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мұны белгілі бір жасқа жеткен, тәжірибеге, [жанның] беріктігі мен мығымдығына ие адамдарға арнап өлең айтатын музыкантпен салыстыруға болады /27/. Заңды шығарушы да, оның жарлықтарын орындаушылар да халықтың көптеген және әртүрлі істерін олардың істерінде ештеңе жасырын және назарсыз қалмау үшін қатты қадағалап отыруы тиіс. Егер де олар мұны елемейтін болса, онда олардың күші келетін нәрсенің бәрінен оларды аластату керек, егер де олар бірдеңені қайта-қайта елемесе, онда олардың көрегендігі ғайып болады және жоғалады, және бұл әдетке айналады, өздерінің елемеушілігінде олар шаманы сезінуді жоғалтады, олар өздерінің соңынан еріп және олардан үйреніп келе жатқан балалар мен жас адамдардың (істері) туралы білмейтін болады. Егер де жас адамдар қуанышқа бойлары үйренсе және заңға қарсы келетін нәпсі мен рақатқа бөленсе, заң шығарушыға оларды түзеу қиынға түседі, бірақ олардың рақатын заңдарға бағындыру қажет, ал кемел жасқа жеткен адамдар мен жас адамдар бұл жағдайдың ізімен жүруге және оны пайдалануға міндетті. Адамдар заң шығарушыны түсіне алатындай жағдайда болуы үшін оның адамдардың әрбір тобына қатынасы олардың түсінуіне жақын, олардың ақылойына ұғымды болуы қажет, себебі, мүмкін, адамдарға бірдеңені түсіну немесе оны іс жүзінде қолдану қиын шығар. Түсіну қиындығы мұндай заң шығарушыдан бас тартуға сылтау және одан кетіп қалуға себеп бола алады. Бұл жағдайға байланысты Платон бір білімді және мейірімді дәрігердің ауру адамның бойы үйренген және өзі жақсы көретін тамағына пайдалы дәрі дайындағаны туралы мысал келтіреді.
Платон мұндай ізгіліктің абсолютті емес, салыстырмалы екендігін түсіндіреді. Өз сөздерінің ақиқаттылығын дәлелдеу үшін ол көптеген ұрпақтар үшін игілік болып есептелген денсаулық, әдемілік, байлық туралы айтылатын көне өлеңді мысал ретінде келтіреді. Ол бұлардың бәрі лайықты адамдар үшін игілік (14 б.) болып табылатынын түсіндіреді. Ал зұлым және әділетсіздіктерге келсек, олар игіліктерге не емес және бақытқа жетпейді. Тіпті өмір де олар үшін зұлымдық. Егер де игілік салыстырмалы болып табылатын болса, онда заң шығарушы, сонымен бірге ақындар мен олардың нақыл сөздерін жазып алып отыратындардың бәрі нақыл сөздерде не дұрыс емес екендігін түсіндіру үшін оған байыпты назар аударуы тиіс. Платон "барлық ізгілік қазіргі шақта жағымды", "әдемі және игі нәрсенің бәрі жағымды және игілік" екендігі туралы тұжырымды, бұл ақиқатқа қарама-қарсы тұжырым "көптеген жағымды заттар игілік болып табылмайды" деген дәлелсіз тұжырым болатынын, ал бұл заттардың бәріне рақаттанатындар - ақылы әлсіз адамдар екенін түсіндіреді. Игілік оның нәтижесі белгілі адамдарға жағымды, ал кімге оның нәтижесі белгісіз болса, сол адамға ол жағымсыз. Жеке отбасының өмір салты туралы да осылай деуге болады. Платон бір адамға қатысты тағайындау басқа адамдардың бәріне міндетті емес, ал адамдардың бір тобына арналған заңдарды ұстану адамдардың басқа тобы үшін ешқандай да міндетті емес дейді. Ол мынадай мысал келтіреді: ересек адамдар өздерінің жас ерекшеліктерін және олар кейде тап болып отыратын кез-келген басқа жағдайларды бірдей ескере отырып, би билеумен әуестенбегендері дұрыс. Егер осындай адам мұны орынсыз пайдаланса, ол әдемі болып көрінбейді және қоштау таппайды. Ал егер де ол жоғарыда аталған жағдайды пайдаланса және ол оған сәйкес келсе, бұл адам не күйде болады? Платон сыбызғы тартып, би билеу оған жараспайтын бір қарт адамның осы істерді жасағандығының мысалын келтіреді. Мереке-думанға қатысушы адамдар оған ермеді, бутан қуанбады және оны қоштамады. Егер де сыбызғы тартып немесе би билеуге қажеттілік болмаса, бірақ бұл істер жасалса, онда бұл біршама жеккөрінішті және сиықсыз болып есептеледі. Сонымен, егер де жасалған нәрсенің бәрі орны мен уақытына (15 б.) сәйкес болмаса, онда ол, жоғарыда келтірген мысалдағы секілді, әдемі әрекет емес. Егер де әрекет қажеттіліктен туындамаса, ол дәл осылай жағымсыз, әдепсіз және қоштауға лайықсыз болып табылады. [Тіпті] ол оған қарап тұрған
адамдардың, әсіресе тәжірибесіздердің бойында жеккөрушілік пен сөгіс оятады. Егер рахат адамдарға қайшы болса деп түсіндіреді Платон, онда ол [ең әуелі] олардың жағдайына, табиғатына және әдеттеріне қайшы. Ол ержүрек адамдар туралы және қандай да бір өнерге ие адамдар туралы мысалдар келтіреді. Бір өнерге ие адамдар үшін ләззат басқа өнерге ие адамдар үшін ләззат болмайды. Дәл осылайша, бұл дұрыс, әсем және әділетті нәрсеге қатысты. Сонан соң, ол бұл заттар өздері әсем және ұсқынсыз емес, салыстырмалы түрде әсем және ұсқынсыз деп толықтырады. Егер өнерлерге ие адамдардан бұл туралы сұраса, олардың бұл ойды мақұлдайтыны сөзсіз. Платон егер мән белгісіз болса, онда оның бөліктерін, оның үйлесімділігін, қай нәрсеге жататындығын және қажеттілігін бұл затты анықтау мақсатымен тәртіпке келтіру мүмкін еместігін түсіндіреді. Егер де кімде-кім буған талаптанатын болса, ол босқа талаптанады. Ал егер де біреу заттың мәнін білетін болса, онда заттың жақсы және жоғары сапалары және жаман және жексұрын қасиеттері оларға жасырын күйде қалуы мүмкін. Зат туралы жетілген білім оның мәнін, жақсы және жоғары сапасын, сонан соң оның бойындағы жаман және жексұрын нәрселерді білгенде ғана болады. Заңға байланысты, өнерлердің бәріне және ғылымдардың бәріне байланысты істе де дәл осылай. Билеуші оларға пе жақсы, не жаман қарауы тиіс /28/. Оның бұл басқаруы дұрыс және шыншыл болуы үшін ол жоғарыда аталған үш затқа не болуға, оларды жетілдіруге және оларды басқаруға міндетті. Оны жасаушы осы үш затты білу арқылы оған қабілеттілікке ие болатын заң ең жақсы заң болады және бұл заттар барлық жағдайларда да заң шығарушы жасайтын нәрсеге сәйкес келуі міндетті. Егер де ол сол үш ғылымды қабылдауға қабілеттілікке не болмаса, заңдарды қалай жасамақ? Бұл заңдарға ғана емес, кез-келген білімге және кез-келген өнерге де байланысты. Платон мысал ретінде өлеңдерді, олардың өлшемдерін, әуендер мен саздарды, сонымен бірге оларды шығаратын және осы өнердің барлық түрлерін қолданатын адамдарды келтіреді. (16 б.) Платон би билеу мен сырнай тарту туралы айтуды жалғастырады, оларды заңдардағы әрбір бұйрықты ол арналған мақсатқа сәйкес қолдану керек екенін түсіндіру үшін мысал ретінде алады. Кімде-кім арналған мақсатына сәйкес емес бірдеңені жеткізуде және қолдануда өзін дұрыс ұстамаса, ол адам ең қатігез және жексұрын болғаны, және мұндай адамнан бірден бас тарту керек. Оларда белгілі мусикалық өнерлерді мақсатына сәйкес қолдана білетін адамдар мақтауға лайық. Олардың [мазмұнын]
өзгертетіндер және оларды қажет емес жерде қолданып, бақытсыздық пен зұлымдық шақырушылар сөгуге лайық. Гректерде ән айту өнері таңғажайып ерекшелікке ие, заң шығарушылар оларға толық көңілмен қарауы керек. Ақиқатында ән айту өнері өте пайдалы, әсіресе өзінің жанға, сонымен қатар жанға қатысты заңдарға әсер етуі арқылы. Осы тарауда Платон тәнге қажетті физикалық жаттығулар жанға да дәл сондай қажет екенін, себебі тәнді түзету жанды түзетуге әкелетінін айтады /29/. Платон сонан соң басқа ойды түсіндіруге көшеді. Бір заңда, мүмкін, қолданылып, басқасында одан бас тартқан - бірақ ол жеккөрінішті немесе сұрықсыз болғаны үшін емес - бірдеңе бар. Ол шарап ішу туралы мысалдар келтіреді. Гректерде адамдардың бір топтары шарап ішті, басқалары одан бас тартты. Егер де шарап ішудің қажеттілігі болған болса, бұл - парасаттан айырылу үшін, бала босанғанда және жараны күйдіруде, қартайып бара жатқан денені емдеуде қажет болатын жағдай /30/. 3-б ө л і м Платон заңдарды жасау, оларды жоғалту және жаңарту оның заманына тана тән жаңа бір нәрсе емес екендігін түсіндіруден бастайды. Көне замандарда да осылай болған, болашақта да солай болады (17 б.). Ол заңдардың жарамсыздығы мен жоғалуы ол екі себеп арқылы түсіндіріледі деп есептейді: біріншіден, олардың әрекет ету уақыты созылып кеткенде; екіншіден, әлемде болып отыратын су тасқыны, оба эпидемиясы секілді халық үшін жойқын болатын жаппай апаттардың салдарынан. Ол [жаңа қалалардың] қалай салынатынын, басқару мен заңдарға қажеттілік қалай туындайтынын баяндайды. Мысал ретінде ол барлық қалаларды талқандаған дүниежүзілік су тасқынын келтіреді. Су тасқынынан кейін [қала] қайтадан өсе бастайды, оларда адамдар жиналады да, олар халықтар және қалалар болып атала бастайды. О л қалалардың қалайша талқандалғанын және кейін басқа қалалар қалай тұрғызылғанын айтады. Бұл қалалардағы адамдардың мінез-құлықтары әуелі мадақтарлық болды, бірақ адамдардың саны өскен сайын бұл мінез-құлықтар өзгере бастады. Басында, су тасқынынан кейін, өздерін ең бақытсызбыз деп сезінген олар бір-біріне жылы жүзбен қарады, бір-бірін ұнатты. Адам тегінің саны көбеюімен олардың арасында көре алмаушылық пайда болды, олар бірбірін жек көріп, өзара шайқаса бастады. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен өнерлер бұл уақытта мүлдем жоғалды. Оларды бірте-бірте, бірінен соң бірін қалпына келтіре бастайды, себебі, табиғи шикізатты өндіру, ағаштарды кесу, шеберханаларды, үйлерді салу керек болғаны секілді, мұны да жасауға
мәжбүр болды. Бұл оған кітап бойынша жететіндер үшін ғана қиын емес. Адамдар өз міндеттері туралы ойлана бастайды және өнер құралдарын танып-білуге жетеді. Өнер әуелі өзінен-өзі қажет, содан кейін әлсіз және қорғалмаған жерлерді ыстық пен суықтан сақтау үшін қажет болатын киім секілді жақсы және әдемі заттарға не болу қажеттілігі пайда болады /31/. Сонан соң олар олардың ең әсемдеріне көңіл аудара бастайды. Платон адамдар бастапқы кезде қалаларда, қамалдарда және тығылатын жерлерде тағы жануарлар және әлсіз мақұлықтар секілді орналасқанын баяндайды. Сонан соң олар бір-бірінен [қорғана отырып], бекіністер тұрғызды. Осылайша бірте-бірте олардың арасында соғыстар пайда болды. (18 б.) Платон әдеп-ғұрыптар, олардың әкеден балаға қалай берілетіндігі туралы сұрақты да түсіндіреді. Егер де бұл оларды бірлікті саналы түрде ұғынуға әкелсе, онда түбінде ең әуелі өмір салттары әртүрлі адамдарды, белгілі үлкен отбасыларының мүшелерін, жасы үлкен әкелер мен ұлдарды олар үшін игілікті болатын бір тұтас нәрсеге біріктіретін жалпы заң жасауға мәжбүр етеді. Платон эллиндер қаласын және оның пайда болуын сипаттаған Гомерге сілтейді. Әрі қарай Платон бір қаланың тұрғындарына басқасының тарапынан болып отырған жек көру мен зорлыққа құмарлықтан жүргізілген соғыс [ешқандай] пайда әкелмейтінін түсіндіреді, себебі ол заңға қайшы. Мысал ретінде ол көне гректер жеңген қалаларды келтіреді және олардың жағдайы туралы [жоғарыда айтылған] мағынада айтады. Платон бір қалада белгілі бір өмір салтын ұстанған билеуші болғанын әңгімелейді. Бұл қалада өмір сүрген адамдар өздерінің барлық істерінде да оның ізімен жүрді де, бұл адамдардың өмір салты нашар бола бастады, соның нәтижесінде қала құлдырады. Бұл екі себептен болды, олардың біреуі - өздеріне пайда әкелетін нәрсені орындамаған адамдардың өмір салтының нашарлығына байланысты. Басқа себеп - оларға басқа билеушінің үстемдік етуі. Бұл үстемдік заңды жолмен жүзеге асырылған да шығар, бірақ егер де осылай болған болса, онда құдайы заң қабылдау үшін, ол сол заманда өздерінде белгілі қалаларға байланысты мысалдарда еске салғандай, бірнеше билеуші бір қалада, мүмкін, бірігер еді. Платон бір қаланың кейбір тұрғындары өз заңдарын басқа қаланың кейбір тұрғындарына қарағанда тезірек бұзады дейді, халықтың туа біткен әдеттері, ол өзінің мысалдарының бірінде түсіндіргендей, бұған кірмейді. Платон мақтау кейде заңның тұрақтылығына әкеледі дейді және адамның игілік емес бірдеңені мақұлдауы мүмкін екендігін еске салады. Бірақ игілік емес және бақытқа жетелемейтін заңды қалай мақұлдауға болады? Платон мұны айырудың өте қиын екендігін айтады және оны әсем кемеге қарап
тұрғандар (19 6.) оған ие болғысы келетіндігінің, немесе зор байлық пен ауқаттылықты көрушілер оны мақұлдап және мұның бәріне ие болғысы келетіндігінің мысалы арқылы түсіндіреді. Мүмкін, бұл абсолютті игілік емес те шығар. Ол сәби балалық шағында бірдеңеге ие болғысы келетінін, ал ол жастан шыққанда бұдан бұрын қалаған нәрсесін қаламайтынын және [осыған сәйкес] мақұлдамайтынын да түсіндіреді. Ал бұл [қаланушы] бірдеңе өз мәнін өзгертпейді. Әрі қарай Платон қандай жағдайда қаланушы нағыз игілік [...] болатынын және қандай жағдайларда игілік емес екендігін дәлелдейді. Біз сәбидің белгілі бір нәрсені қалайтынын, ал әкесі ақылды, баласы ақылсыз болғандықтан әкесінің бұл нәрсені қаламайтынын және бұл қалаудан сәбидің бас тартуын құдайдан жалбарынып сұрайтынын көреміз. Ақылды адамдар қалайтын бірдеңе өзінен-өзі әсем игілік, ал сәби мен надан ересек адамнан басқа ақылсыздар қалайтын нәрсені қабыл алмау керек. Платон игілік дегеннің не екенін түсіндіреді; ал бұл, заң айғақтайтындай, оның жолымен жүру қажет, оны басқалардан жоғары қою қажет және оған деген ұмтылыс болуы тиіс ақылдылық. Заң шығарушы жан мен ақыл-ойды туындататын заттарға ұмтылуы тиіс, және оларды қамқорлай білуі қажет. Бұл барлық жағдайларда да сенімді болса, онда нұсқауда ең сенімді болады. Тәрбие ақылдылықты туындатады. Тәрбиесі жоқ адам кемшіліктерді жағымды деп түсінеді, ал тәрбиелі адам игіліктерді ғана жағымды деп түсінеді. Заң -игіліктерге апаратын жол, яғни, заң шығарушы тәрбиені нығайту ісіне күш салуы тиіс. Егер де тәрбие қала басшыларының және олар секілді адамдардың мінездерінің ажырамас бөлігі болатын болса деп пайымдайды Платон, онда оның нәтижесі игіліктерден, оларды мақұлдаудан, олардың ақиқаттылығының дәлелдерінен және ерекше даналық болып табылатын мықты дәлелдердің жиынтығынан тәуірірек болады. Платон қаладағы заңдастыру онда билеушілермен бағынушылар болғанда ғана жетілген болатыны туралы айтады /32/. Билеушілер, ең игілікті (бекзат - Г.Н.) адамдар секілді, бірталай жасқа келген және [өмірлік] тәжірибесі бар болуы міндетті. Бағынушылар -балалардан, жас және надан адамдардан басқа қалғандарының бәрі (20 б.). Іс қаншалықты осылай болса, соншалықты дұрыс болады. Билеушілердің бойында тәрбиелілік болмаса деп санайды Платон, онда олардың ісі және оларға бағынушылардың ісі жарамсыз болып шығады. Мысал ретінде ол грек билеушілерін келтіреді. Олар білімге не болмаған болса, өзіне бағынушылардың ісін және өз ісін қалалары күйрегенше жарамсыздыққа жеткізген болар еді. Ал билеушілердің пайымсыздығы - халық үшін ең үлкен зиян. Платон қала тұрғындары үшін билеушінің тәрбиелі, ал басқарудың қанағаттанарлық болуының қажет
екендігін түсіндіреді. Тән үшін тамақ, ал кеме үшін теңізші қандай қажет болса, бұл да сондай қажет. Жан ісінде де дәл осылай. Оны іс нашар болмау үшін басқарып отыру қажет. Қиындықтарды көтере алмайтын және жақсы да пайдалы жұмыстарды атқаруға қабілетсіз ауруға тән секілді, ауру жан ең керемет және пайдалы нәрсені айыра алмайды және таңдай алмайды. Жан ауруы құдайы басқарудың жақсылығын теріске шығарады. Платон өзін білгір және тәрбиелімін деп ойлайтын, ал іс жүзінде олай емес билеушілер өзіне шектен тыс назар аударуды талап етіп, істі құртқаны туралы мысал келтіреді. Ол халық заң шығарушының соңынан еру үшін, заңның мызғымастығы игілікті, ал кемшіліктері - жеңіл болуы үшін заң шығарушы [басқару ісінде] орасан зор жұмыс атқаруы керек екенін айтады, әйтпесе істің қиындығы тереңдей түседі. Ол істі құртқан көп билеушілер болғанын да түсіндіреді, және шығарған заңы мәңгілік болып қалып қоймауы үшін, ол мақсат еткен нәрсе созылып кетпес үшін заң шығарушының мақсаты билеушілерге арнайы бағытталған болуы қажет. Заң шығарушының арнайы және өзіндік заңы болмаса, онда оның ісі [жанашырлықпен қабылданған] болмайды. Ол заң шығарушы үшін ең пайдалы және лайықты нәрсе оның еркіндік әдісін қажет етуі екенін, және де билеушінің бойында көре алмаушылық болмауы керек екендігін түсіндіреді, себебі көре алмаушылық құлдардың мінезіне тән. Егер де заңдастыру еркіндік әдісі арқылы [жүзеге асса], онда бағыну мен мойынсұнуды адамдар қуанышпен және пейілмен қабылдайтын болады және ол ұзаққа созылады. Бұл идеялар мен олардың қарама-қарсылықтарын ол перстердің, олардың билеушілерінің [өмірінен] және олардың мінезқұлықтарынан мысалдармен толықтырады. Платон "асыл қасиет" және "тәрбиелілік" категориялары туралы айтады және заң шығарушы мінездің осы ерекшеліктерін бөліп көрсетуі тиіс екендігін және халықты оларды құлдық бағыныштылық жолымен емес, еркін қабылдау арқылы ұстануға міндеттеу үшін олардың ретіне және түрткі болу [күшіне] ілесе отырып қалай әрекет ету керек болса, солай әрекет ету қажеттігін (21 б.) еске салады. Ол құлдық бағыныштылықтың қате екендігін өз әңгімелерінде айтқан парсылардың мысал ретінде келтіріп, биліктің билеушіден оның баласына көшуін және теңіздегі соғыстан не ұтқандығын мысалға ала отырып көрсетеді. Бұл жерде бір қалада жаулардың қалай достарға айналғаны туралы тарихты қолдануға болады. Заң шығарушы оның заңының [билігінің] қол астындағылардың арасындағы достықты бақылау қажет және оның заңына
кемшіліктер мен жетіспестіктер тән болмас үшін, өз заңдастыруын терең наным мен нақты білімге не бола отырып жүзеге асыруы тиіс. Платон кейбір ережелерді түсіндіреді, мысалы, заңдарды еркін [бағыныштылық] жолымен қабылдау, және одан келетін пайда қандай, заңдарды құлдық бағыныштылық және мәжбүр ету жолымен қабылдау, және ол қандай зиян әкеледі. Платон құдайға қызмет етудегі пайғамбарлықтың [рөлі] туралы еске салады. Егер де қалада шын махаббат, толық тәрбиелілік, жетілген ақыл заңдастырылмаған болса, оны күйреу мен ыдырау күтіп тур, ал осы үш [асыл қасиет] онда бар болса, ол түбінде жақсылық пен бақытқа жетеді. Мұны Платон бүкіл қалаға да, бір үйге де, бір адамға да бірдей қатысты дейді. 4-бөлім Платон нағыз қала өзінің орнына немесе адамдарды біріктіруіне байланысты қала деп аталатын емес, өз тұрғындарына олардың заңдарға және басқаруға сәйкес әрекет етуіне және құдайы құрастырушысы болуына, өз тұрғындарының мақтауға тұрарлық мінез-құлықтары мен әдеттерінің көрінуіне жағдайлары бар, ал оның орналасқан жері табиғи жағдайлары жатынан (22 б.) отан азық-түлік пен тұрғындарға қажетті басқа нәрселерді жеткізуге ыңғайлы қала деп түсіндіреді. Әрі қарай ол басқа ойды түсіндіреді: қала тұрғындары үшін орнатылатын заңның мақсаты - тұрғындардың оған сеніп және бағынып қана қоймай, мақтауға тұрарлық мінез-құлықтар мен қанағаттанарлық әдеттерге ие болуға ұмтылуы. Платон егер де адамның әдеттері мен мінезі заңды, әсем және қанағаттанарлық болып табылмаса, онда ол үнемі төмен, сиықсыз жағдайда болатындығы, заңды қаншалықты бұзса, сонша рет жолдан таятындығы туралы да басқа идеяны еске салады. Мысал ретінде ол өз жандарын жаттықтыруды қойып кеткен, өнерлерге және теңізде жүзу және сол сияқты таты басқа кірісі мол төмен істерге көшуге мәжбүр болған ержүрек адамдарды келтіреді. Платон өздерінде белгілі ақын Гомердің арыстанның өзіне назар аударуды қойғаны соншалық, өзінің батылдығын жоғалтып, киіктерден қорқа бастағаны туралы өлеңдерін келтіреді. Платон мемлекетте керемет және жақсы құрылыс заң шығарушы білімдар, жақсы тұрмыс жағдайы ісінің және басқа істердің жақсы құрылымдарынан хабардар болғанда болады деп есептейді. Керемет [мемлекеттік] құрылыс заң шығарушы оны мемлекеттің тұрғындары мемлекетті басқару [жүйесіндегі] заңдардың ізімен жүруге және оларға бағынуға дайын болатындай етіп құра алғанда да болады.
Платон билік туралы сұрақты да қозғайды; мүмкін, оны мемлекет тұрғындары [асыл қасиеттерге] не болмаған жағдайда қажет етер. Билік билеуші отан қажеттілік болғанда және қала тұрғындары үшін емес, өз салты бойынша не болғанда айыпталады. Бірақ қаланы бағыныштылықта ұстау үшін басқарушы керек болатыны да бар. Ол қаланы бағындырады, оған заңдарды енгізеді, және олар құдайы болғандықтан, біршама мақтауға тұрарлық және қанағаттанарлық деп есептеледі. Егер билік туралы сұрақты қарастырсақ, билік бұл жағынан алғанда өз еркімен таңдау үшін ең сәйкес келетін және ең жеңіл зат болып саналады, себебі заң шығарушы тұрғындарға ез билігін ұсынса, осы арқылы олардың ең қысқа уақыттың ішінде түзелуіне мүмкіндік береді. Ал егер де заң шығарушы қала тұрғындарына [билікті] (23 6.) ұсынбаса, онда жағдай оның ісі қиын, оның пайда әкелуге мүмкіндігі жоқ және игі істерді жасау уақыты созылып кететін болып қалыптасады. Платон құлдардың және зұлым адамдардың үстінен қарайтын билік лайықты іс екендігін, ал еркін және асыл қасиетті адамдарды бағындыру - біршама лайықсыз іс (Платон бұл жерде "лайықсыз" ұғымын "қиын" деген мағынада қолданып тур - Г.Н.) екендігін түсіндіреді. Мысал ретінде эфорлар және оларда белгілі басқа қалалардың тұрғындары келтірілген. Қала тұрғындары қаншалықты асыл қасиетті болса деп санайды Платон, оларды басқару соншалықты көбірек құдайы болады. Егер де олардың билеушісі ең лайықсыз дегендерден болса, ол құдайы билеуші дәрежесіне көтерілгенше, өзінің қол астындағылардың аз ғана бөлігінен басқаларымен өзара түсіністік таба алмайды. Платон оларда белгілі қалалардың тұрғындарына сілтеме жасайды. Ол сонан соң билеудің түрлері заңдардың түрлерінің санына сәйкес екендігін айтады, билік заңдарға бағынатын болғандықтан, олардан пайда болады және оларға негізделеді. Басқару заңдардың санына және сапасына да тәуелді. Жақсы басқару жақсы заңдарға тәуелді, жаман - жамандарға, керемет - кереметке тәуелді, мәні аз ғана өзгереді. Платон даңққұмар басқарушы деген өзінің жетілгендігіне, немесе байлығына, немесе жұртқа белгілі болғандығына, немесе өзінің мақтауға тұрмайтын және қанағаттанарлық деп танылмайтын асыл қасиеттерінің біріне шектен тыс мақтанып кеткен адам дейді, дұрысында, басқарушы өз қарамағындағылардың тақуалығына, өзін және өзінің рақатын ойлайтын ұятсыздарға көбірек көңіл бөлуі керек, соңғыларына еш жанашырлықсыз, қудай атынан жек көрушілік білдіріп, әсем және қанағаттанарлық әсер қалдырмайтындарды қолдамауы тиіс. Платон басқарушы немен айналысуға міндетті екені туралы айтады. Бұл [ең алдымен] - тән рақаты, одан кейін - жан
рақаты, әрі қарай рет бойынша [олардан] тыс жатқандар. Платон көпсөздікке беріліп, себебі оны біршама пайдалы деп есептейді, мысалдар келтіреді, осылайша ұлдар мен олардың әкелері туралы әңгімеге келеді. Олар қандай болуы тиіс, олар заңдарды қалай орындайды, өмірді неден бастайды және немен (24 б.) аяқтайды. Одан кейін ол бұл ізгілікті жолдың қиындығы неде және жеңілдігі неде екендігін түсіндіреді. Осыған байланысты ол белгілі өлеңдерден мысалдар келтіреді. Платон егер де ақын, пікірталастырушы немесе мутакаллим (догматтық құдайы ілім маманы) қандай да бір қарама-қайшылықты айтса, заң шығарушы пайда әкелетін нәрсені ғана қорғауы тиіс деп есептейді. Ол ақындардың өлгендерді жерлеу, оларды кебінмен жабу туралы пікірлерінен мысалдар келтіреді, бұл нәрсе бойынша заң шығарушының пікірі қандай болуы керек және біз жоқтау айтып отырғандар бұл туралы не айтты. Платон заңды адамдардың жүрегіне ұялату үшін не істеу керектігін түсіндіреді, және мысал ретінде балаларға жұмсақ қарайтын дәрігерді келтіреді; және дәрігерлер қызметі жағынан алғанда бір-біріне ұқсас екенін еске салады. Билеушілер де [адамдарды] дұрыс жолмен алып жүргенде және заңдарға жұмсақ қарауға мәжбүр еткенде және оларды адамдар үшін сақтағанда заң шығарушыларға дәл осылай еліктейді. Платон халықтың санын реттейтін негіз неке және туу туралы заң болуы керек деп есептейді. Ол абсолютті жақсартылған және реттелген болуы тиіс. Платон шатасушылық туралы және сол белгілі дәуірлердегі заңдарда айып салу мен жазалау секілді заттардың болғандығын да еске салады. Платон заңдарды жасағанға дейін оларға [дайындық] болмаған болса, бутан сәтті келісімдер, міндеттер және табиғи құбылыстар кіреді, заңдар адамдардың жүректерінен берік орын ала алмайтынын түсіндіреді. Сәтсіз келісім құбылыс ретінде адамдардың арасында бар нәрсені бұзады, сондықтан адамдар оларды біріктіретін және олардың пікірлерін жинақтайтын заңға сүйенуге мәжбүр. Табиғи құбылыстар - адамгершіліктің ұзақ уақыт бойы көрінетін құлдырауы және халыққа тән іш пысу. Міндеттер пікірталастардың [құрамдас бөлігі] болып табылатын сөз сөйлеу мен түсіндірулер арқылы көрінеді. Егер осы үш кіріспе (25 б.) дайындалса, олар адамдардың заңды қабылдауға деген ізгі жігерін қамтамасыз етеді. Адамдар оларға сүйенуге мәжбүр, ал олар келісімге жеткенде, заңдарды қуанышпен қабылдайды. Бірақ бұл жерде түсініліп отырған кіріспенің тегі мүлдем басқа, осы үш [жоғарыда аталған заттың] тегінен емес. Бұл заң шығарушылар, олардың билеушілері жетілдіретін нәрселер, олардың ізімен бұл нәрседе қараңғы және жас адамдар жүреді, мінездің мақтауға турарлық сипаттарына
не болып, оларға бой үйретіп кету үшін, заңды жеңіл қабылдауға және оларды орындау жолында тез бастама көрсетуге қабілетті болғанша, себебі нашар адамдар үшінші нәрселерге бағынбау жеңіл, ал ортадағы адамдар оларға жеңіл бағынады. Платон қала тұрғындарының жандары, олардың тәндері, әдеттері және жағдайлары қандай бұйрықты қажет ететіндігін де түсіндіреді. 5-бөлім Платон [адам] ең бірінші оның қамын ойлауы тиіс нәрсе - бұл оның жаны екендігі туралы айтады, себебі ол ең игі нәрсе /33/. Жан екі бөліктен турады: игілікті құдайы - ең лайықты зат, ол игі істі таңдайды, жанды елемеу сиықсыз іс болып есептеледі. Ол игіліктік құдайы заттарға қатысты екендігін түсіндіреді, олар ең игілікті болғандықтан жанды игілікті және құрметке лайық етеді. Жанды құрметтеу оның құмарлықтарын қанағаттандыру емес, егер осылай болатын болса, балалардың бойында, сонымен бірге надан адамдардың бойында жан құмарлықтарын қанағаттандыру қажеттіліктері пайда болар еді. Олардың жандары ол туралы жақсы және әсерлі деп түсінілетін нәрсені қалайды, ал шындығында бұл құмарлықтарды қанағаттандыру орасан зор зиян әкеледі. Бірақ жанның жетістігі оның құдайы заңдар мадақтайтын тілектерін түзетуінде және қанағаттандыруында. Бұл тілектерді заңдар қаншалықты айыптайтынына, ал жанды құрметтеп, олардан қаншалықты сақтандыруына байланысты, олар жақын арада зиянды бола бастайды. Жан болмаса тән де болмас еді дегенге еріп, жан тәннен артығырақ деп ойлайтын адам қателеседі. Платон бұл мәселені ерекше тәсілмен түсіндіреді. Одан әрі ол адам атқаратын коп істердегі жанды жоғары бағалау туралы айтады, мысалы (26 б.) мүлік жинауда және тағы басқа істерде; жанды сол істерде қалай құрметтеу керек; сонан соң ол заң шығарушының үйретуіне назар аудару керектігін және бұл іс отан [қажет] екендігін атап, жанды құрметтеудің қандай болатындығын көрсетеді. Ол жанды құрметтеудің соңынан тәнді құрметтеу жүретінін түсіндіреді. Ерекше әсем тән өзінің әдемілігі, күші, әлсіздігі, саулығының мықтылығы немесе мығымдылығымен емес, заңдарға сәйкес келетін өмір салтында мақталатын және қанағаттанарлық болып табылатын әдеттерді ұстанатын болғандықтан ерекшеленеді. Тәнді құрметтеудің тәсілі -мінезді тәрбиелеуге деген қажеттілік. Бұл ойды ол пайдалы мысалдарды қолдана отырып, өте кең түсіндіреді. Тәнді құрметтеуді балалардың бойында тәрбиелейтін заңдар деп есептейді ол, орта жастағы және карт адамдардың бойында тәнді құрметтеуді тәрбиелейтін заңдармен тең емес, егер де олар надан болса. Платон жанды құрметтейтін заңдар жатжерліктер, ағайындар және қала тұрғындары үшін
бірдей, ал олардың тәні үшін жасалған заңдарға келсек, олар жатжерліктер үшін өз адамдары үшін жасалған заңдардан басқаша болуы тиіс. Тәрбие ісінде жатжерлік және ағайын адам жасаған, заңдарды бұзуға бірдей әкелетін қылмыстар үшін жазалар болуы тиіс. Бұл саяхаттар мен саудаға қатысты. Бұл істердің жиынтығы мынадай: руға зиянын тигізбейтін құралдарды иемдену мен заңдарға кіріспе (29 б.) болып табылатын тәрбие жанды құрметтеуінің және тәнді құрметтеуінің арқасында айтарлықтай мадақтарлық [іс]. Ал басқаға зиянды нәрсе - сөгуге лайық. Зиян келтіруден бас тарту оған ұмтылыстан артық, себебі тәрбие мен заңдар қалаулы мақсат болып табылады. Платон заң шығарушы сол заңдарды ұстанатын тәрбиелі және ақылды адамдардың байлықты пайдалануына қатаң тиым салып, оны қағидалардың бірінде оның мәнін түсіндіре отырып бейнелеуі тиістігін, заңдар халыққа қажетті болуы үшін және халық оларды бұзбауы үшін заңдардың ізімен қалай жүруі керек екендігін түсіндіруі тиіс екендігін еске салады. Бұл бөлімде философ заң шығарушы кедейлерге де, байларға да көңіл бөлуге, олардың жандарын түзететін және жетілдіретін заңдар тағайындауға міндетті екендігі туралы коп айтады. Заң шығарушы сонымен бірге салмақ өлшемдері және сусымалы тағамдар өлшемдері (микъяль) және адамдар солардың көмегімен қалада бәрін өлшейтін нәрселердің бәрі туралы, сауда туралы ешкімге зиян келтірмеуге сәйкес келетін заңдар тағайындауға міндетті. Адамдардың заңдарды бұзатын, сол арқылы өздерінің кемшіліктерін соңына дейін түзетпей, тағы қайталайтын категориясы қалмау үшін заң шығарушы заңдарда қаланың бай және кедей тұрғындарының әрқайсысының жеке жағдайларын көрсетуге міндетті. Заңдастырулар жиынтығы мен құдайы заңның арасында айырмашылық және кемшілік жоқ, ал айырмашылық идеясы мынада - оларды қарастыратындардың әрқайсысы оларды жасаушылардың мысалдарына келеді, оларды қанағаттанарлық деп мойындайды және терістемейді. 6-бөлім Мұнда Платон ізгілікті қала болып басқарушылар мен билік жақсы табиғи тәртіпке келтірілген қала есептелетінін, ал бұл тәртіпке ие емес қала дұрыс болып есептелмейтінін түсіндіреді; басқарушылардың арасында табиғи тәртіп орнатпаған заң шығарушы ең әуелі келекеге ұшырайды (30 б.), ең соңында оның ісі бұлдырланып, заңы күйрейді, ал онымен бірге қалалар да күйрейді. Платон егер бұл қаланың тұрғындары надан, өмірде тәжірибесіз адамдар мен балалар болса, онда олар заң шығарушы тағайындаған қажетті басқару мен
тәртіпті нашар қабылдайды деп есептейді. Ол оларды қабылдау кезіндегі жағдайлар туралы айтады, және қала көне болса немесе жаңа болса, онда ол толмаған болып табылатындығын ескертеді. Егер де ол көне болса, ондағы заң шығарушының ісі жеңіл, себебі бұл қалада олардың мінез-құлқы мен жағдайларына әсерін тигізетін және келесі заңға кіріспе болатын оған дейінгі заңдар әлі жұмыс жасайды; ал егер де ол жаңа болса, онда [заң шығарушының ісі] қиындайды, себебі ол адамдардың арасынан заң шығарушы олармен бірлесіп әрекет жасайтындай, заңдарды олардың жандарында нығайта алатындай және олардан көмек сұрай алатындай, табиғатынан заңдарды қабылдауға дайын адамдарды таңдап алуы қажет. Басқа қаланың тұрғындары осы қаланың тұрғындарының отандастары болғандықтан осы қаланың заңдарымен танысқан жағдай бола қалса, онда осы қалаға тән заңдар басқа қалаға да тарайды. Заңдарды тағайындауға өмірлік тәжірибеге және жақсы мінез-құлыққа ие, балалар мен надан адамдардан басқа адамдарды да тарту керек. Ал егер де заң жасаушы оларға кездейсоқ тап келіп қалса, онда олардың әрқайсысын тәртіпке келтіру үшін оған оларға сәйкес келетін бірдеңені тәртіпке келтіру керек, сонда оларды заңдарға сендіруге болады, бұл заңдардан олар осьі заңдарға сәйкес өмір сүре алатынын біледі. Біз осыған дейін айтқан бұл ойды Платон Крит және басқа қалалардың тұрғындары туралы өзі еске салған мысалдарда да атап көрсетеді. Ол қала туралы да айтады, ол жаңадан салынғанда нені қабылдайды, онда адамдар қалай орналасады, олардың міндеттері (316.) жас ерекшеліктеріне байланысты қалай бөлінеді. Ақсақалдар жасауға және жақсартуға тиіс істер жастарға үйлеспейді. Философ мұны сенімді дәлелдейді. Адамдардың арасында тәртіп орнатқаннан кейін дейді Платон, соғыс бола қалған жағдайда қажетті стратегтерді, олардың әскербасшыларын және басшыларын тағайындау керек. Сонан соң ол тәртіп идеясына жататын басқа ойды еске салады. Тәртіп, - дейді ол, -бірден абсолютті дұрыс болып орнамауы мүмкін. Егер кейбір энергиясы аз және істі жеткілікті білмейтін басқарушылар аластатылса, бірақ істі жақсырақ білетін, энергиясы көбірек, біріншіні істен аластатудан бас тартпайтын адам табылса, онда екіншісі ісі шыншылдық пен кең пейілділіктен туатын мақсатқа қарай жүру үшін біріншінің орнына тәртіп орнатады. Платон мәжілістер жүріп жатқан кезде уәзірлердің, саудагерлердің, лауазымды адамдардың ісіне зор көңіл бөлінуі тиіс екендігін атап көрсетеді, олар бір-бірімен соғыс немесе бейбітшілік жағдайында ма, заң
шығарушыларға да, қала тұрғындарына да олардың қалаларды сауықтыру (жақсарту) үшін қажет болатын үздік қасиеттері мен тәртібін көрсету аса қажет. Ол басшылардан талап етілетін құндылықтардың әртүрлі болатынын түсіндіреді /35/. Бірінші құндылық жанның асқақтығы және құрмет, екінші - игілік, үшінші - әдемі уәде, төртінші - ардақтау және бедел. Стратегтерге келетін болсақ, олардың құндылықтары пайдалы және байлыққа қатысты, олардың арасында сандық (ценз) бойынша тәртіп болуы тиіс. Мұның бәрі жақсы сақталуы тиіс. Платон билеушілер құндылықтарды шығынға алмастырған жалқау және бірбеткей адамдармен күресуі тиіс екендігін түсіндіреді, сонда тана қаланың істерін дұрыс жолмен жүргізуге болады. Ал егер де құндылықтар мен шығындарды олардың табиғатына сәйкес, оның ақиқаттығын ақиқатқа не әр адам анықтайтын тәртіпке келтірмесе, бұл заңның бұзылуына әкеліп соғады. Платон қалада тәртіп орнату ісіндегі қызықты идеяны көрсетеді. Бұл достықты тудыратын теңдікке қатысты; екеуі де үлкен ықпалға не. Теңдік дегеніміз - құлдар мен аластатылғандардың тумысынан еркін және асыл қасиетті адамдар секілді құндылықтарға не болуы (32 б.) деп түсінуге болмайды. Теңдік - олардың әрқайсысына бұйырған, олар лайық дәреже. Бұл теңдік махаббат пен достықты тудырады. Платон басқа пайдалы идея -дәрежеге де, атаққа да бірдей ие тобыр оларды өздерінің біріне басшыны айналып өтіп беруді қалайтындығы туралы идеяны еске салады. Олардың арасында ұрыскеріс шығып, [билікті] құлату қаупі туар еді. Бұл жерде бақытты кездейсоқтықтар және оларға ұқсас нәрселер үлкен рөл атқарады. Заң шығарушы бұл жағдайға ерекше назар аударуы тиіс. Ол [материалдық] шығындарға байланысты жомарттық және сараңдық туралы айтады, егер де адамдарға берілген өмір сүруге қажетті қаржылар олардың шығындарына сәйкес келмесе, [әртүрлі] бұзықтықтар пайда болады. Бұл басқарудың ең қиын тәсілі. Өзінің өмір сүруіне қажетті қаржыны билігіндегі мүліктен пайда табу мақсатына жұмсамайтын, керісінше, өзіне жинай беретін адам зор зиян әкеледі. Билеушілер мұндай адамдарды бақылап отыруға міндетті, [оларға мұны] сыпайы түрде тиым салып, [олардан] жирендіруі тиіс, сонымен бірге олардың ысырапшылдығын назардан тыс қалдырмауы қажет. Платон бұл ойды біршама толық түсіндіреді, сонымен бірге өз қаржыларын жұмсауды асырып жіберетіндердің нашарлығы туралы сұрақты түсіндіреді, себебі, [дәл осы] олардың шығындары қалада үлкен зұлымдық пен зиян туғызады. Ол қорғаушылар мен күзетшілер туралы еске салады. Олар екі түрге бөлінеді. Олардың бірі қаламы қорғайды. Оларға түнгі күзетшілер мен тұрақты әскерлер жатады. Басқалары -заңдар мен билікті қорғаушылар. Бұл ар
билеушілер, уағыз айтушылар, басшылар және лауазымды адамдар. Платон бұл құрылымды жүзіп келе жатқан кемеге теңейді. Ол сонымен бірге пошта ісінің пайдасы туралы, сақтықтың, жалқаулықтан бас тартудың, күзет ұстаудың пайдасы туралы да айтады. Платонның пікірі бойынша, лауазымды адамдарды тағайындау зор пайда әкеледі. Ол сонымен қатар қала тұрғындарының арасында жүретін және оларды жаулары туралы сұрастыратын барлаушылар (жансыздар -Г.Н.), тыңшылар және таты басқалар туралы сұрақты қарастырады /36/. Сонан соң ол еркектердің мәні туралы сұраққа көшеді. Бұл сұрақты қарастыру пайдалы іс болып табылады, себебі ол заң шығарушылар мен билеушілердің істеріне жақын маңызды істерді жүзеге асыру үшін қажет еркектерді таңдау мәселесімен байланысты. (33 б.) Платон қажетті мөлшерде болуға тиіс табиғи құрылымдар туралы кеңірек айтады. Жүздік жүздікке, ондық - ондыққа, бірлік - бірлікке орнына, күйіне және жағдайына байланысты сәйкес келуі тиіс. Ол қызмет ету туралы сұр акты да қарастырады және қала тұрғындары үшін маңызды құралдардың бірі қызмет ету екенін түсіндіреді, оның екі түрі бар. Қызмет етудің бірінші түріне құлдар мен күңдер жатады. Екіншісіне жататындар -қалаға бейбіт өмірде де, соғыс уақытында да қажет жануарлар. Қаланы қалыптастыру және заңдарды құрастыру ісінде заң шығарушылар мен билеушілер мұны ескеруі тиіс. Платон су туралы сұрақты қарастырады, себебі су көздерін абсолютті дұрыс реттемейінше қала тұрғындарына өмір сүру жоқ. Заң шығарушылар мен билеушілер су мәселесіне, өзен тармақтарына аса зор көңіл бөлуі керек, су бір жерде коп болып, екінші жерде болмай, бір адамдар оны алып, екіншілері сусыз қалмауы үшін бұл істе әділеттілік сақтау қажет. Ол су көздеріне байланысты суару және мұқтаж адамдар үшін қоғамдық құдықтар [қазу] секілді қосымша жұмыстар туралы еске салады. Бұлар қаланың [өмір сүруінің] және оларды қалыптастырудың ең маңызды құралдары. Ол заң шығарушылар мен қалаларды билеушілер бұл құралдарды жақсы күтуді қалыптастыруы тиіс екендігін еске салуды жалғастырады. Сонан соң Платон адамдар басшылыққа алуға тиіс қаланың маңызды құралтәсілдері -салық салу, ол зекет, харадж, джизье секілді басқа ойларға ауысады. Салықтардың әртүрлі түрі бар және олар өмір салты қала тұрғындарының өмір салтына және олардың заңдарына қарама-қайшы келмеу үшін заң шығарушы не туралы [ойлауы] керек нәрсеге жатады. Ол қылмыстар мен жазалар туралы айтады. Қылмыстар екі түрлі болады. Біреуіне -бағынбау, басқасына - заң мақұлдамайтын нәрсені жасау жатады.
Егер де бұларды қарамағындағы адамдар жасаса, онда билеуші заң шығарушы тағайындаған жазаны қолдануы тиіс. Ең үлкен қылмыс - басқарушыдан шығатын қылмыс. Бұл жағдайда басқа билеушілер оны тәрбиелеуге және отан ықпал етуге ереже талап ететін шараларды қолдануы тиіс (34 б.). Ал бутан мән берілмесе, онда ол қаланың бұзылуына және күйреуіне әкеледі. Платон жоғарыда айтылған, бірінші жағдайдағы секілді жалпы игілікті емес, жеке басының игілігін тілейтін қала тұрғындарының өмір сүруіне қажетті қаржылар туралы айтады. Ол билеушілер мен мусикалық өнерлерге қатысы бар лауазымды адамдар не істеу керек екендігін еске салады, себебі [құрылымның бұл түрі] ол туралы үлкен қамқорлық білдіргенде тана емес, барлық уақытта да қажет. Бұл өнерлер, деп есептейді ол, екі түрлі болады, біреулері күрес пен соғыс істеріне шақырады, басқалары бейбіт істер мен қуаныштарға жетелейді. Заң шығарушы мен билеушілер [бұл өнерлерді] ретке келтіруі тиіс, сонда оларды заңдар арқылы адамдарға міндеттеуге болады. 7-бөлім Платон бұл бөлімді сол дәуірдің және келесі дәуірдің адамдары жүгіне алуы үшін заң шығарушылар міндетті түрде тағайындауы тиіс [кейбір] тәлім беру туралы сұрақты түсіндіруден бастайды /37/. Ол мұның ең қажетті іс екендігін еске салады. Тәлім беру мемлекеттік биліктің [заңдарын тағайындау және қалыптастыру ісіндегі заттардың] басқаларымен бірте және біртіндеп жүзеге асырылатын бірінші кезектегі ісі болуы тиіс. Әуелі қалыптасқан [әдет-ғұрыпты] жасандыландырумен айналысатын адамға қатысты тәлім беруді жүзеге асыру қажет. Бұл жасандылық кейін балалар мен заңдарды білмейтін адамдардың кемшілігіне айналады. Егер де тәлім беру ісін біртіндеп және үнемі жүргізіп отырса, онда ол керемет [нәтижелер] береді. Платон жазылмаған әдеп-ғұрыптар бұл тәлімдердің маңызын қарастыратын және зерттейтін адамнан ақиқатты көлеңкелемеуі тиіс екендігін еске салады. Ол мысал ретінде кейбір көне заң шығарушылардың бұл әдеп-ғұрыптарын сынаған және сол маңызы шамалы сөздердің олардың көп түрлі мәніне катысты мазмұнына таң қалған ақындардың сөздерін (35 б.) келтіреді. Ол бұл жазылмаған әдеп-ғұрыптар қала тұрғындарына өздерін білгіш және оны сақтау ісінде өздерін [маңғаз] етіп көрсету үшін қажет болған жаңалық болуы мүмкін екендігін түсіндіреді. Мүмкін бұл әдеп-ғұрыптар қала тұрғындарына белгілі болған нәрселердің жиынтығының арасындағы әдеттегі қарапайым нәрсе болған шығар. Платон көне, өздерінде белгілі мысалдарды келтіреді. Ол
сөз сөйлеудің бірнеше түрі бар екендігін еске салады, олардың қайсысы жақсы екенін анықтау қажет: кең түрде баяндау немесе қысқаша баяндау. Ол сонымен бірге иландырулар туралы да айтады /38/. Егер де қала тұрғындары оларға нанатын болса, онда олардың жүректері жұмсарып, нәзіктік пен бағыныштылық тудырады, ал өздері бағынады және қайғырады. Платон тұрғындар не іздері өшкен, соңында есімінен басқа ештеңе қалмаған [кеткен] адамдарды, не жануарларды, не ғажайып бірдеңені, оны түсінуді қалай отырып, құрмет тұтатынының мысалын келтіреді. Ол бұл ғажайып заттардан алынатын пайданы анықтады. Оның біреуі мынадай: адамдардың табиғатынан тәжірибесіз көпшілігі білімді жазылмаған әдеп-ғұрыптардан алуға ұмтылады және олардың мәніне үлкен қиындықпен жетеді. Басқасы мынадай: бұл адамдар әлдебір жаңалықтарға байланысты таңдану білдіреді. Және үшіншісі - олардың сол ғажайып заттардың мәніне жетуге талпына отырып, заңдарды сақтауы. Ол сол қалалардың тұрғындары білген және мәнін түсінуге тырысқан кітаптар туралы еске салады. Осы туралы мұның бәрін өлеңдерінде бейнелеген ақындар арқылы белгілі болды. Олардың қатарында Гомер және тағы басқалары бар. Платон заң шығарушы жазылмаған әдеп-ғұрыптарды сақтауды, зерттеуді және оларды орындауды өз қаласының тұрғындарына міндеттеуі тиіс дейді. Әрбір заң шығарушы өзінің алдындағы заң шығарушы жасаған нәрсені жоққа шығармағаны дұрыс. Ал егер де алдыңғы заңдардың бұйрықтарының кейбірін өзгерту қажеттілігі туса, онда қала тұрғындары олардан бас тартуы керек, бірақ олар заңда бейнеленуі тиіс. Бұл олардың заңдарында кездесетін ережелерді бұрмалаушылыққа да қатысты. Сонан соң Платон оларды алмастыру туралы айтады. Әрі қарай басқалардың орнына келетін заң шығарушылар туралы сұрақ қарастырылады. Заң шығарушы адамдарды өзінен кейін басқаның келетіні туралы хабардар еткенде, қала тұрғындарының жанына мазасыздық ұялатады, әсіресе, тәжірибесіз адамдардың; олар [сол басқалар] тағайындайтын нәрсені орындауға деген тілектің қайта пайда болуы туралы жалбарынады. Платон бұл заң шығарушыны одан кейін заң шығарушы болмайды деген тұжырымнан аса сақтықпен сақтандыру керек екендігін түсіндіреді. Ал егер де бұл халыққа жария болса және ол уақыт өткен соң бұрынғының орнына келген адамды көрсе, онда бұл олар үшін барлық заңдарды: өз заң шығарушысының заңдарын, бұрын болғанның заңдарын, соңынан келгеннің заңдарын да, теріске шығаруға және қабылдамауға себеп болады. Заң шығарушы халықпен бірге заңдарды қабылдамау мен мойындаудың арасындағы орта жолды таңдау қажет. Оның мәні - заң
шығарушы халықты қағидаларды, заңдарды және адамдардың кемшіліктерін зерттеу үшін керек болатын өз көмекшісінің пайда болғаны және оның ұзақ уақыт болатындығы туралы хабардар етуге тиіс екендігінде. Егер де одан көмекшісі асыл қасиеттер ісінде оның өзіне ұқсас па деп сұраса, ол мұны терістемей, оның халыққа зиян әкелмейтінін [ескертуі] тиіс. Платон қала тұрғындары мен олардың заң шығарушыларының өмірінен мысалдар келтіреді. Ол заңдардың екі түрлі болатыны туралы айтады. Бірінші түрі - заңды тағайындауда заң шығарушылардың әрбіріне уақыт талабы мен олардың қалаларының жағдайының қажеттілігінен туындаған асығыстық тән болғанына байланысты. Басқа түрге жататындар - өзгермейтін және бұрынғыша қалатын заңдар, бұл табиғи заңдар. Платон бұл ойды туысқандарға, берекелі өмірді терістеуге қатысты мысалдармен және басқа мысалдармен толықтырады. 8 - б ө л і м Платон бірінші кітапта қысқаша баяндалған мереке-думандар туралы, бұл мереке-думандардың құрылымы туралы еске салады /39/. Ол мерекедумандардан таңғаларлық пайда болатыны туралы қызық ой айтады. Әңгіме бірінші кітапта айтылған пайда туралы емес, құдайларды құрметтеу және олардың [есімдерін] жаңарту арқылы келетін пайда туралы, себебі оларды құрметтеу (37 б.) және мадақтау арқылы заңдар да құрметтеледі. Құдайлардың санын анықтап, олардың әрқайсысына арнап мереке-думандар және құрбандық шалулар ұйымдастыру керек, соның арқасында адамдар құдайға құлшылық етіп, тазарады. Құдайлар екі түрлі болады: аспан құдайлары - адамдар оларға табынады және жер құдайлары - адамдар оларды құрметтейді, бірақ табынбайды. Құдайлардың әрбір тегін тағайындау үшін оларды заңда құрбандық шалулармен және заңда қарастырылған істермен мейірімдендіру керек. Бұл мереке-думандарда құрбандық шалынғаннан кейін жас адамдар өздері [мереке-думандардағы] күресте пайдаланатын гимнастикалық жаттығуларын жасаулары тиіс. Бұл [үлкен] қуанышты және көңілді күйде жүзеге асу үшін мереке-думандарда мазмұнында мадақтау мен жамандау туралы айтылатын салтанатты ән салудың әртүрлі түрлері қолданылады. Мұның бәрі заңдарды рақаттана және қуана отырып орындауды насихаттау үшін жасалады. Мадақтау мен жамандауды тыңдау заң талап ететіндей әділ іс болатын болса, ол жас адамдардың жүрегінен орын алып, күрестің көмегімен асыл қасиеттерге жетуге итермелейді, оның ұмтылысын ұлғайтып, жүрегін нығайтады және қуатын күшейтеді. Жас адамдар мереке-думандарда қатысатын
гимнастикалық жаттығулар қалаға пайдалы күрес дағдыларын және зор күшті нығайту үшін өткізіледі. Қала билеушілеріне өз істерінде ұқыпсыз болуға болмайды. Бұл құрбандық шалуға және мереке-думанды безендірумен айналысатын адамдарға қатысты, олар да қаланың белгілі бір бөлігі, сондықтан билеушілер қала тұрғындарының көпшілігі осы өнердің адамдары болуына рұқсат бермеуі тиіс, қала тұрғындары бұзылып кетпес үшін оларға жеке бостандық бермеген дұрыс, жаман жақтарын байқап қалып, оны жек көріп кетпеу үшін бұл өнердің жаман жақтарын көрсетпеу керек, табиғатынан жаман және заңдардың орнығуын әлсіретуге себеп болатын нәрселерді ғана жек көруі тиіс. (38 б.) Сонан соң Платон мереке-думан кезінде қолданылатын гимнастикалық жаттығуларды еске салуға қайта оралады, оларды тізбелейді, мақсатын түсіндіреді, гимнастикалық жаттығулардың әр түрінен: оларға сол кезде белгілі болған жаттығу түрлері - атпен салт жүруден, қарумен жаттығудан, және жекпе-жектен қандай пайда келетінін атап көрсетеді. Ол мерекелік рақаттар олардың жүректерінен мереке-думандарда қатысу кезінде орын алғанын еске салады, мереке-думандардан алған рақаттарды заң мақұлдамайтын рахаттардан жоғары деп таңдай алатын жағдайға жеткенше, олар рақаттарға толығымен берілсін және оларды мереке-думан болмаған күндерде де қажет етсін. Заң шығарушы бұл идеяны есінде өте жақсы сақтауы тиіс, әсіресе рақатқа байланысты идеяны. Ол қалай пайда әкелсе, солай зиян да әкеледі. Жас адамдардың пәктігі мен басқа асыл қасиеттерін еске салуға жеткенге дейін Платон бұл туралы өте көп айтады. Ол асыл қасиеттердің жанда қалай ұялайтыны, сондай-ақ заңдастырылған рақаттар туралы және заңнан тыс рақаттардың кемшілігі туралы айтады. Заң шығарушы жасауға тиіс істердің арасындағы ең маңыздысы жоғарыда аталған сұрақтарға аса зор көңіл болу болып табылады. Платон бұл саладағы қиындықтар туралы еске салады, олар күзету және бақылаудың қиындығында. Қарсы әрекет жасау ретінде қоятын ештеңе болмағандықтан, күзету мен бақылау өте қиын іс. Жастар және жаман ниетті адамдар сыртқы сұлулыққа ғана қызығады да, билеушілер олар ұстанған нәрсеге тиым салуға қиналады. Бұл жас адамдар соңын жамандықпен аяқтағанша осындай жағдайда бола береді, ал бұл түбінде қаланың күйреуіне әкеліп соғады. Заң шығарушы осы сұрақтарды, сонымен қатар қолөнершілердің кінәларына, жер өңдеумен айналысатын адамдарға және қаланың шетінде тұратындарға байланысты сұрақтарды оларды түзетуге ықпал ететін заңдар тағайындау үшін назарынан тыс қалдырмауы тиіс. Әрі қарай, шіркеулер мен қасиетті орындар (39 б.) бұзылып-қиратылуға ұшырамас
үшін заң шығарушы олардың ісіне зор қуатын шығындауы тиіс, себебі бұл адамдардың жүректерінің бұзылуына және қала ісін атқарып отырғандардың жүректерінің бұзылуына әкеліп соғады. Заң шығарушы билеушілерді адамдар олар көрсеткен дұрыс жолмен жүру үшін және олардың құрылымы адамдардың бойында жеккөрініштілік туғызбау үшін адамдарды басқаруға үйретуі тиіс. Платон азат болып туғандар мен құлдардың, ара омарталарының [өмірінен] мысалдар келтіреді, ал адамдар арасындағы қатынастарға келсек, ол осындай деп зұлым және жаман адамдарды түсінеді. Ол бір заң шығарушы жазылмаған әдепғұрыптардың, заңдардың, дәстүрлердің бәрін бірдей біле алмайтынын еске салады, себебі ол жалғыз өзі, мүмкін, адамдардың тобын немесе өз елінің тұрғындарын шебер басқаратын болар, бірақ оған басқа, мысалы саны жағынан аз халықты басқаруды тапсырса, онда ол мұны жасай алмайды, себебі ол олардың бұйрықтарын, олардың заңдарын және әдеттерін білмейді. Платон теңіз мемлекеттерінің билеушілері және құрлықтағы мемлекеттердің билеушілері туралы көптеген мысалдар келтіреді. Платон ұрлық туралы сұрақты және мүлік алу туралы сұрақты қарастырады. Мүлікке алуда тұрған ерекше қауіп жоқ, бірақ оны қор ретінде жинауға болмайды. Егер де мүлікті оны басқадан алу арқылы алғандар жазаланбаса, онда қала тұрғындары парасаттылықты және жақсы даңқты жоғалтады. Мүлікті қор ретінде жинап және оны өзі үшін пайдалануға келсек, бұл жаман іс емес. Осындай мақсатпен мүлікті басқадан алатындарды құнды заттарды алатын ұрыларды жазалағандай етіп жазаламайды. Платон [жүзімді] және басқа жемістерді мысалға келтіреді. Платон өнерлер мен кәсіптер туралы айтады және олардың әрқайсысын қала тұрғындарына тән өнерлерге сәйкес қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Өнерлерді қажеттіліктен емес, қызық және ойын үшін, немесе бұл өнермен айналысу күшін жоғалтуы себепті, немесе басқаша себептерге байланысты ауыстыратын әрбір адамға қала басшылары тиым салуы тиіс, қажет болса бұл үшін жазалау да керек, себебі бір өнерден екінші өнерге негізді себепсіз ауысу [мемлекет] құрылымына былық пен бұзылудың енуінің күшті себебі болып табылады. Платон бұл идея туралы және бұл құбылыстардан келген шығындардың орнын толтыру туралы өте көп айтады. Сонан соң Платон қала тұрғындарына қажетті тағам туралы айтады, қала билеушілері тамақтану ісін реттеуі керек, ал заң шығарушыларға бұл істе ұқыпсыз болуға болмайды, олар, керісінше, қаланың тамақтануына, құлдар мен жануарлардың тамақтануына, сосын қаланың тұрғындары бір-біріне не
сыйлайтындығына қатысты мызғымайтын заңдар тағайындаулары тиіс. Платон құдайларға табынатын жерлерді және қала тұрғындары өз мүдделеріне байланысты сұрақтарды шешу үшін жиналатын діни ғимараттарды -соборларды сипаттайды. Осындай орындардың бірі - базар. Заң шығарушылар мен қала билеушілері осылардың бәрін ескеруге міндетті. Платон қажетті болып есептелетін сатып алу және сатуға, адамдар мұқтаж құралдарға, тәжім ететін жерлерге, шіркеулерге, соғыстарға байланысты сұрақтарды, сонан кейін келісім-шарттарға, шекараларға, сенім және діндерге байланысты сұрақтарды қарастырады. Осының бәрі туралы заң шығарушы қам жеуі тиіс. Платон бұл заттардың барлығы туралы бөлімнің соңында еске салады. 9-бөлім Мұнда Платон заңдардың негізгі ережелері туралы және заң шығарушы бұл істің еш жағын да теріске шығармай, олар туралы қамқорлық танытуға міндетті екені туралы айтады. Әрі қарай ол заңды және оның негізгі бөлігін жақсарту қажеттілігін қарастырады (41 б.). Азат болып туған адам заңға өз еркімен, ал құл - бұйрық алу арқылы бағынатын болғандықтан, ол осы қаланың тұрғындарының ең жақсылары заңдарға бұрынғыдан да көбірек бағынуы үшін өз жандарын үнемі жаттықтырып отыру қажет екендігін атап көрсетеді. Қаланың асыл қасиеттерге ие тұрғындары оларды өз еркімен ұстануы үшін, ең бақытты адамдар болуы үшін қаланың асыл қасиеттерге ие тұрғындары заңдарды жақсартуға зор қамқорлық жасауы және олардың жағдайын нығайтуы тиіс. Платон бірінші құндылықтар ретінде қасиетті үйлер мен ғимараттарға мінәжат ету туралы, достық туралы мысалдар келтіреді. Ол мінәжат ету үйлерін ардақтамайтын зұлым адамдармен не істеу керек екенін еске салады. Платон ата-аналары мен билеушілерін құрмет тұтпау қылмыстары үшін жазалау қажет деп есептейді /40/. Билік өкілдері мұндай істерді өз мойындарына алуға міндетті, олар қылмыскерлерге олар жасаған істеріне лайықты: таяқпен үру, айып салу, өлім жазасы және сол секілді жазалар беруі керек. Ол егер жазасын алған адамдардың олардан бас тартқан және олармен араласудан қашқақтайтын ұлдары мен ағайындары болса, бұл мақтарлық нәрсе және бұл адамдарды құрметтеу қажет деп түсіндіреді, себебі олар табиғатынан лайықты адамдар. Платон егер [қылмыскер] жазалауға қарсы болса және онымен келіспесе, бұл қылығымен заңдарға зор зиян - сыртқы жаудан да үлкен зиян келтіретінін еске салады.
Әрі қарай мура туралы сұрақ сипатталады. Егер де қалада көбіне жасы үлкен адамдардың өкілдері орындаған кейбір істерде тақуа адам бар болса, онда, ол өлгеннен кейін оның орнын басқа басуы тиіс болғандықтан, оның ісі басқаға берілуі тиіс. Платон жазалар мен ақшалай өтемдер туралы сұрақтарды қысқаша баяндайды. Ұрылыққа қатысты мысалдар келтіріледі. Егер де ұры ұрланған нәрсені екі есе етіп қайтарса және өкінсе, онда жазалау түрмеге қамаудан жазалаудың басқа түрлеріне дейін өзгертіледі немесе жойылады. Платон егер де адамдар ең асыл қасиеттерге ие болса, онда олар заңдарды мүлдем қажет етпейтінін және өте бақытты адамдар болып табылатынын түсіндіреді. Ал егер де заңдарға қажеттілік бар болса, бұл қажеттілік пайымсыз және әділетсіз адамдарда болады. Ол тәлімдердің қала тұрғындары ескі заңдардан табатын және заңнамаға деген ең аз қажеттілік болғанда, мінезқұлықты түзетуде пайда әкелетін [кейбір түрлері] туралы, сонымен бірге поэзиядан табуға болатын жазылмаған әдеп-ғұрыптар туралы, жалпы заңдар және басқа мысалдар туралы еске салады. Платон әдейі және саналы түрде жасалатын зұлымдық пен әдет бойынша және ойланбай жасалатын зұлымдықтың екеуін де заңдар мақұлдамайды және олар қаланың істеріне зиянын тигізіп, бұзады деп есептейді. Платон [зұлымдық іс жасағаны үшін] жазалаудың әртүрлілігі туралы айтады. Әрі қарай ол қала тұрғындарының бір-біріне тигізетін зияны туралы, ол әдейі жасала ма немесе әдейі жасалмай ма - осы туралы айтады. Ол басқарудың өздерінде белгілі түрлері туралы, әділеттілік пен кең пейілділік туралы, осыған ұқсас заттар туралы және оларды әдейі немесе әдейі емес жүзеге асыру туралы еске салады. Платон оны танып-білу біршама пайдалы болып саналатын бір мақсатты анықтауға кіріседі; бұл - әділеттіліктің ең әдемі нәрсе екендігі. Оның әрекеттері және оған серіктес нәрселердің бәрі ең әдемі бола ма немесе жоқ па? Ол әділеттілікті ош алу және қылмыскерді жазалау ісінде қарастырады. Егер де өлім жазасы, ұрып-соғу, айып салу секілді әрекеттерге қарасақ, олар ең әдемі болып табылмайды. Платон мінәжат ету үйлерінің бірін тонайтындарды соғып немесе өлім жазасына кесетінін айта отырып, осыған мысал келтіреді. Платон өзінің алдына келесі нәрсені түсіндіруді мақсат етіп қояды: заңдар арқылы тәрбиеленетін, олардан басқаны білмейтін, заңдарда жазылған, асыл қасиеттер мақтайтын нәрселерден басқаны жасамайтын адам бар ма немесе жоқ па? Бұдан ол адамдардың арасында әлі күнге дейін бар аса зор қарамақайшылықты көреді. Одан әрі ол қылмысты саналы түрде емес, әдет бойынша
жасаған адамды, егер де ол ерте ме, кеш пе жазаланатын болса, жазалау қажет пе - осы туралы айтады. Егер адамда ақыл күші бар болса (43 б.), ол бұзылуға апаратын нәрседен өзін аулақ ұстайды, ал егер ол өз жанына мән бермейтін болса, онда табиғатынан бұзық заттарға дейін жетеді. Ерте ме, кеш пе, ол барлық жасаған нәрселері үшін жаза алады. Әрі қарай Платон жазалар туралы айтады және оларды қылмыстың дәрежесіне байланысты, сол кездерде өздеріне белгілі нәрселерге сәйкес жіктейді /41/. ["Екінші Ұстаз"] бұл тақырыпты өзіне жеткен кітап бойынша баяндады. Оны мұқият қарастырып және ол туралы ойланып, біз данышпан [Платон] жазылмаған заңдардың мәнін түсіндіруді өзінің алдына мақсат етіп қойды деген қорытындыға келдік, біз олардан керемет те таңдамалы ойлар және ол қойған мақсат біздің де мақсатымыз болып шыққандықтан, екі есе пайдалы болып табылатын бағалы идеялар түйдік. Бұл кітаптан біз жазба нұсқасын дайындамаған бөлімдер қалды. Бұл кітаптың бөлімдері сандарымен бөлектенеді. Біреулер олар он болды деп, басқалары - он торт деп тұжырымдайды. Бізде біз әңгімелеген бөлімдер ғана бар. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата: Наука, 1985. - С. 133-208. Аударған: Г. Нурышева.
ПОЭЗИЯ ӨНЕРІНІҢ КАНОНДАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ /1/ (267 б.) Аса қамқор, мейірімді Аллаға арнадым! Поэзия /2/ өнерінің канондарын Екінші ұстаздың талқылауы. Ол былай дейді: Ой толғауды дәлелдеу және данагөй (Аристотель) "Поэзия өнерінде" бекіткен ойды, білуге (ниет білдіргендерді) онымен таныстыру үшін еске салу осы зерттеудегі біздің мақсатымыз болып табылады. Алайда біз бұның әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі және аталмыш өнерге қатыстының бәрін тиісті деңгейде сипаттап түсіндіріп жатпаймыз, өйткені данагөй (Аристотель) поэзия /3/ өнері туралыны айтпағанның өзінде, әуелі софистика /4/ өнері бойынша да өз ізденісін аяқтамады. Бұған (себеп) ол жөнінде өзінің софистика өнері бойынша ізденісінің соңында өзі көрсеткендей, өзінің ізашарларынан ақиқатқа қол жеткізу ісінде басшылыққа алу үшін ол қолдануға және реттеуге мүмкін болатын ешқандай негіз бен канондарды таба алмағандығы болып отыр 151. Ақылман өзінің бүкіл өнері мен даналығында аяқтауға тәуекел етпегенді аяқтауға тырысқаннан гөрі, осы өнерде қазіргі кезде бізге кездесуі (мүмкін) пайдалы канондарды, мысалдарды және ой толғауларды көрсетумен шектелген жақсы емес пе екен. Біз айтамыз: Сөз тіркесі мағынаны не білдіруі, не білдірмеуі мүмкін. Айтылым жай және күрделі болады. Күрделі айтылым пікір болуы да немесе пікір болмауы да мүмкін. Пікірлердің кейбіреулері кесімді болады, ал екіншілері үзілді-кесілді болмайды; кесімді пікірлердің кейбіреулері ақиқатты болады, екіншілері жалған болады. Жалған пікірдің кейбіреуі қарастырып отырған, пікір орнына жүретін, зат тыңдаушысын ойға түсіреді, ал ол кезде басқалары олардың ойына заттың еліктеуін түсіреді; дәл сол соңғысы поэтикалық пікір болып табылады. Ол еліктеулердің /6/ кейбіреуі біршама жетілген, басқалары жетілмеген болады. Олардың жетілу немесе жетілмеу табиғатын зерттеу толығымен ақындар немесе поэзияны әртүрлі тілде және әртүрлі диалектіде зерттейтін әрі осы жөнінде жазатын адамдар (мәселесінің) шеңберіне енеді. Бірақ "софистика" және "еліктеу" терминдері - екеуі де бір нәрсе деп ешкім ойламауы керек. Керісінше, олар бір-бірінен мынандай қатынастарда ерекшеленеді: софистің мақсаты еліктеушінің мақсатынан өзгеше болады, өйткені софист тыңдаушыны (оны қандайда бір) керісінше (шындықты) (ұйғаруға мәжбүрлей отырып) адасуға апарады; сонымен ол өмір сүретінді өмір сүрмейтін ретінде, ал өмір сүрмейтінді өмір сүруші ретінде елестетеді, осыған орай еліктеуші (268 б.) болса, басқаны емес, керісінше, (шындыққа) ұқсайтынды елестетеді. Осыған ұқсайтын сезімде де кездеседі, өйткені, бір орнында тұрған адам кейде өзін қозғалып бара жатқан адам сияқты сезінеді,
(мысалы), корабльде кетіп бара жатқан адам жағадағы адамдарға қараған кезде немесе адам жерде тұрып аспандағы көшіп бара жатқан бұлттарға қараса осындай күйде болады. Бұл -адамның сезімі оның өзін алдайтын кездегі жағдай-күй. Алайда, адам айнаға немесе қандайда бір адам өз бейнесін көре алатын затқа қараған кезде, ондай күй оны затқа ұқсайтынды (оны көріп тұрғандай) елестетуге мәжбүрлейді. Пікір енді басқаша жіктелуі мүмкін. Біз пікір мүмкін кесімді, не кесімді емес болады деп айтамыз. Егер пікір кесімді болса, онда ол не силлогистік, не силлогистік емес болуы мүмкін. Егер ол силлогистік болса, онда ол не проблематикалық, не ассерторикалық болуы мүмкін; егер ол проблематикалық болса, онда ол не индуктивті болуы мүмкін, не аналогия бойынша айтылған пікір болуы мүмкін. Аналогия көп жағдайда поэзия өнерінде қолданылады; осыдан поэтикалық пікір - ол аналогия болатыны анық. Силлогизмдер және жалпы пікір, сол сияқты, басқаша жіктелуі де мүмкін. Пікір не абсолютті ақиқат, не абсолютті жалған, не тұтастай алғанда ақиқат, бірақ жарым-жартылай жалған, не керісінше, не теңдей дәрежеде әрі ақиқат, әрі жалған деп айтады. Абсолют ақиқат пікір дәлелді деп аталады; онда тұтастай алғандағы ақиқат -диалектикалық, ал теңдей дәрежедегі ақиқат және жалған - риторикалық пікір; тұтастай жалған - софистикалық; ал абсолюта жалған - поэтикалық пікір 111 деп аталады. Осы жіктелуден поэтикалық пікір ол дәлелді де, диалектикалық та, риторикалық та, софистикалық та (пікір) болып табылмайды дейтін түсінік туындайды, бірақ ол силлогизмнің түрі немесе ең алдымен, "силлогизмнен кейінгі" ("силлогизмнен кейінгі" деген ұғымды мен индукция, аналогия, интуиция және т.б. деп түсінемін, яғни олар силлогизмнің күші барлар) /8/ болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендерден кейін бізге поэтикалық пікірлерге және олар қалай жіктеледі деген мәселелерге тоқталу керек. Поэтикалық пікірлер көлемі немесе фабулалар негізінде жіктелуі мүмкін. Көлемі негізінде жіктелу музыканттың немесе просодистің ізденіс саласына жатады және ол сол пікір құрастырылатын тілге және олар жатқызылатын музыка түріне байланысты болады. Фабул негізінде жүргізілетін ғылыми жіктеу символдарды тәпсірлейтіндердің, поэзияға түсініктеме берушілердің, поэтикалық идеяларды зерттеушілердің, (269 б.) (жақ), әртүрлі халықтардың және әртүрлі мектептердің поэзиясын оқып үйренушілердің ізденісі саласына жатады. Мысалы, қазіргі кезде араб және парсы поэзиясын оқып үйренетін мамандар бар және олар осы пәндер бойынша кітаптар жазуда: олар
поэзияны сатираға, пэанға, жарыстырма өлеңге, аллегориялық, комедиялық, сипаттамалық және т.б. поэзияларға бөледі 191. Осылардың бәрін олар кітаптарда сипаттайды, ол кітаптарды оңай табуға болады, ал осының өзі бізді ол туралы жалпылама көрсету қажеттілігінен арылтады. Сондықтан енді басқа сұраққа назар аударайық. Біз деп айтар едік, олар туралы қандайда бір мәлімет білетін, кешегі және бүгінгі ақындардың көпшілігі көлем мен фабуланың ара-жігін ажыратпайды және поэтикалық тақырыптардың әрқайсысы үшін арнайы көлем тағайындап жатпайды. Бұл қағидадан жалғыз тана ежелгі гректерді алып тастауға болады. Олар поэзияның әрбір түріне көлем тағайындап отырды. Сөйтіп, олардың пэанға қоятын көлемі сатираға қарағанда басқаша болады, дәл сондай-ақ, сатира үшін белгіленетін көлем комедиялық өлеңдерге және т.б. қарағанда басқаша болады. Басқа халықтар және мектептер осындай көлемдердің барлығын немесе басым көпшілігін қолдана отырып және бұл салаға гректер істегендей қандайда бір шектеу қоймай-ақ, пэанды әртүрлі көлемде жасап отырады. Қазір біз данагөй (Аристотель) өзінің поэзия өнері бойынша ой толғауларында қолданған жіктеу әдісіне сүйене отырып, грек поэзиясы түрлерін атаймыз және (оның) әрбір түрін қарастырамыз. Біз грек поэзиясы төмендегідей жанрларға бөлінеді деп айтамыз, оны мен осы жерде атап көрсетемін: трагедия, дифирамба, комедия, ямб, драма, айной, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис және акустика /10/. Трагедия /11/ - ол өзінің арнайы көлемі бар поэтикалық жанр. Ол оны тыңдайтын немесе оны декламациялайтындардың бәріне ләззат әкеледі. Трагедияда басқалар үшін үлгі болатын жақсы әрекеттер мен құштарлық істер айтылады; онда, сонымен бірге, қала басқарушылары мадақталады. Музыканттар әдетте трагедияны монархтардың алдында айтады және монарх өлген кезде олар өлген монархқа жоқтау айту үшін трагедияға кейбір қосымша мелодияларды енгізеді. Дифирамб /12/ - ол трагедия көлемі екі еселенген поэзия жанры. Дифирамбада қандайда бір жекелеген монархты немесе адамды мадақтамайтын, бірақ тек жалпы жақсы әрекет қана атап өтілетін жалпы адамзатқа тән жақсы әрекет, жалпы құптарлық әдеп және із ілік айтылады. Комедия /13/ - ол арнайы көлемі болатын поэтикалық жанр. Комедияда жағымсыз істер туралы әңгімеленеді, бетіне басуға турарлық адамдар, олардың әдебі және ұятқа қалдыратын мінезі туралы сатира (беріледі). Кейде
жекелеген мәселеде бетіне басуға турарлық әдеп, адамға да, хайуандарға да тән болатын теріс қасиеттер атап өтілетін лидер қосымша енгізіледі (270 б.). Ямб /14/ - ол арнайы көлемі болатын поэтикалық жанр. Ямбда жақсы да, жаман да істер туралы жалпыға мәлім нақылдар атап өтіледі, бірақ олар мәтелдер сияқты жалпыға мәлім болып келеді. Бұл жанр ыза-кек пен түршігу дәуірлерде наразылық және соғыс жағдайларында қолданылды. Драма /15/ - ол да дәл (алдыңғы сияқты) жанр түрі, бірақ мұнда белгілі бір адамдар мен жекелеген (тұлғаларға) қатысты мәтелдер және жалпыға мәлім нақылдар айтылады. Айнос /16/ - ол өзінде не өзінің жоғары шеберлігінің, не олардың кереметтігі мен таң қаларлығының арқасында адамға ләззат беретін ой толғауларды қамтитын поэтикалық жанр. Диаграмма /17/ - ол тәртіпке бағынбайтын және түзетуге келмейтін адамдардың жаны күтетін үрейлі жағдайларды суреттейтін әрі оны заңгерлер қолданатын поэтикалық жанр. Эпос және риторика /18/ - ол бұрынғы саяси және құқықтық тәртіптер сипатталатын (поэзия) жанрлары. Поэзияның бұл жанры, сондай-ақ, өмір салтты және монарх іс-әрекеттерін, (олардың басқару) уақытын әрі оқиғаларды сипаттайды. Сатира /19/ - ол көлемі бар жанр, оны музыканттар өздерінің ән айтуымен (маскарадшы адамдар) аңдарды және жалпы әртүрлі жан-жануарларды түрлі, (адамдардың) табиғи қозғалысынан ауытқушылығы бар әрі ол адамды таң қалдыратын қозғалыстар жасауға мәжбүрлеу үшін жасаған. Поэма /20/ - ол поэтикалық жанр, ондағы өлеңдер аса жақсыны және жаманды, дұрыс пен бұрысты сипаттайды; бұл өлеңдердің әрбір түрі өте көркем мен өте жақсыны, ұсқынсыздық пен т.б. іс-әрекеттерді еске салады. Амфигенезис /21/ - ол ғалым-жаратылыстанушылар жасаған поэтикалық жанр, онда олар жаратылыс ғылымдарын сипаттайды. Поэзия жанрларының ішінде б.ұл жанр поэзия өнерінен біршама алыстау тұрады. Акустика - ол оқушыларды музыка өнеріне оқытуда қолданатын поэзия ішіндегі бір бөлімі; осымен оның қолдану аясы шектеледі және ол басқа салада қолданылмайды. Бұл жөнінде осы поэзиямен таныс адамдардың бізге толық хабарлап жеткізгеніндей және данагөй Аристотельге, Темистияға және басқа ежелгі (философтарға), сонымен бірге, олардың кітаптарына комментария
жасаушыларға да тиесілі болып есептелетін поэзия өнері бойынша ой толғауларда бұл жөнінде біздің келген шешімдеріміз бойынша грек поэзиясының жанрлары мен мазмұны осындай. Олардың кейбір ой толғауларынан біз классификациялауға қатысты идеяларды кездестірдік, енді біз оларды да қарастырамыз. (271 б.) Біз: ақындарды (үш категорияға бөлуге болады деп айтамыз. Біріншілері) табиғи дарынға және шығармашылық қабілетке әрі өлең оқу /22/ қабілетіне және көпшілік жағдайда не поэзия жанрында, не қандайда бір нақты жанрда керемет салыстыру мен метафораларды (ойлап табу) бейімділігіне ие болғандар. (Бұл ақындар) поэзия өнерімен тиісті дәрежеде таныс емес, бірақ олар керемет табиғи дарынмен және өздеріндегі бар айта білу бейімділігімен қанағаттанады. Олар сөздің ақиқат мәні тұрғысынан алғанда "ойшыл" ақындар емес, өйткені оларда баяндау тұрғыдағы жетілу болмайды және оларда өнердің осы түрінде мықты негіз жоқ. Мұндай ақын тек ақын ретінде өз ісін көрсетуінің арқасында ғана ойшыл" /23/ деп аталады. (Ақындардың екінші категориясы) поэзия өнерінің заңдарымен шын мәнісінде таныс адамдардан, олар қандай салаға бармасын, оларға поэзияны көрсету құралдарының ешқайсысы немесе поэзия канондарының (ешқайсысы) жат болмайтындардан құралады. Бұл (ақындар) салыстыру мен метафораны шебер (ойлап табу) сияқты керемет қабілетке ие болады. Мұндай ақындар заң бойынша "ойшыл" ақын мәртебесін алуға лайықты. (Үшінші категорияға) алдыңғы екі топ ақындарына және олардың шығарғандарын сақтай отырып әрі салыстыру мен метафорада оларға еліктей отырып, олардың шығармашылығына еліктейтіндер жатады. Олар оның үстіне ешқандай поэтикалық тума дарындылыққа немесе осы өнердің канондарын қандайда бір түсіну қабілетіне ие болмайды. Ақындардың дәл осы категориясының арасында кемшіліктер мен қателіктер өте жиі болады. Біз: ақындардың осы үш тобының әрқайсысының шығармасы не "табиғи жолмен", не "мәжбүрліктен" /24/ жасалуы мүмкін деп айтамыз. Бұл жерде мен қандайда бір жағдай адамнан өзі сатиралық (өлеңдерді) немесе басқа қандайда бір жанр өлеңдерін жасау үшін панегириканы туғызуға "табиғи" дарындылықты (қабілетті) талап ететін жағдайы болуы мүмкін деген ойды айтамын. Осы өнерді зерттеуші адам басқалардың ішінен өзі таңдап алған белгілі бір поэтикалық жанрмен танысуы мүмкін, қандайда бір жағдайдың себебінен оған өзінің бейімі жоқ (және сондықтан) ішкі немесе сыртқы мәжбүрліктен (өлең жазатын) жанрмен айналысуға мәжбүр болуы мүмкін. Алайда, ең керемет (поэзия), ол -«табиғи жолмен» жасалынатын поэзия.
Әрі қарай, өлеңнің жазылу кезіндегі ақындардың (рухани) жағдайы олардың дәрежесінің жетілгендігі немесе жетілмегендігі бойынша ерекшеленеді. Ол не идеяға, не (поэтикалық) тақырыпқа байланысты болады. Идеяға қатысты айтатын болсақ, қажетті рухани сапалық күйдің кейде көтеріңкі, кейде бәсең болуына байланысты, олар басқаларға қарағанда белгілі бір уақытта біршама пайдалы болып келеді. Алайда, бұны толық жете талдау жасау бұл зерттеудің мақсаты болып табылмайды, (өйткені) ол этика туралы кітаптарда түсіндірілген және рухани сапаларды әрі олардың жеке дара ықпалдарын сипаттауларда баяндалған. Тақырыпқа қатысты айтатын болсақ, салыстырылып отырған екі жағдай арасындағы ұқсастық бір кезде бір-бірінен алыс болуы мүмкін, ал басқа кезде - жақын әрі ол басым көпшілікке айдан анық болуы мүмкін. (272 б.) (Ақынның) жетілгендігі немесе жетілмегендігі туралы пікір (салыстырылатын) жағдай ұқсастығының жақын немесе алыс болуына байланысты болады. Кейде өнермен кездейсоқ айналысатын адам маманның бәсекеге түсуіне қиын болатын өте тамаша өлеңдер жазуы мүмкін. Алайда бұл таза кездейсоқ және сәйкес келу жағдайының арқасында болады әрі мұндай ақын «ойшыл» деп аталуы мүмкін емес. Салыстыру да сол сияқты басым түсу дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Ол не тақырыпқа және салыстыру жақын әрі сәйкес келе ме дегенге, не ақынның өз өнеріндегі шеберлігіне, әрбір ақынға мәлім тәсіл арқылы қосымша пікірді (шебер) қолдана отырып, оның бірін-бірі еске түсіруші ретіндегі бір-бірінен өзгеше болатын екі жағдайды көрсету қабілетіне байланысты. Мысалы, ақындар А-ны В-мен және В-ны С-мен салыстырады, өйткені А мен В-ның және дәл сол сияқты В мен С-ның арасында жақын, сәйкес келетін және белгілі ұқсастық бар; олар сонымен, А мен С-ның арасында шын мәнісінде алшақтық болғанымен, өздерінің баяндауын тыңдаушылардың ақылына және декламаторларға (тақпақшыларға) олардың арасында ұқсастық бар дейтін оймен әсер ететіндей деңгейде жүргізеді. Мұндай әсерді жасау өнерінде үлкен шеберлік білінеді. Бұл кейбір қазіргі ақындар белгілі бір сөзді елең ұйқасына келтіргісі келгендегі әрекетпен бірдей, ол кезде өлең басында олар сол сөзбен байланысты белгілердің біреуін атап өтеді және ол өте жатымды әсер тудырады. Біз сондай-ақ, бұл енерде (тоғыстыратын) адамдардың және суретшілердің арасында белгілі бір байланыс бар деп айтамыз; олардың өнер материалдары бір-бірінен айырмашылықтары болғанымен, олар формасы, шығармашылығы мен мақсаты жағынан бірдей немесе ең болмағанда ұқсас болып келеді деп айтуға болады. Поэзия өнері пікірге негізделеді, живопись өнері бояуға
сүйеніп жасалынады, олардың айырмашылығы, міне, осында. Бірақ тәжірибеде екеуі де ұқсас (өнер туындысын) жасайды және екеуі де елестету мен сезім арқылы еліктейтін адамды көрсетуге бағытталған. Поэзия өнерін үйренуде қолданатын жалпы канондар осындай. Бұл (канондардың) көпшілігін нақты егжей-тегжейлі қарастырылып жасалуы мүмкін, бірақ мұндай жасау мұндай өнерде адамды аталмыш өнердің белгілі бір түрі немесе аспектісі бойынша мамандандыруға және басқа түрлері мен аспектілерін жек көруге дейін әкеледі. Осы себептен көрсетілген талдау ондай қадамдар жасай бермейді. Поэзия өнерінің канондарына Абу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан (жасаған) талдау аяқталды. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата: Наука, 1975. - С. 527-542. Аударған: Д. Раев.
ПОЭЗИЯ [ӨHEPІ] ТУРАЛЫ /1/ (274 б.) Аса қамқор, мейірімді Алланың атынан "Поэзия (өнері) туралы" кітапты (бастаймын) /2/. (Поэзиялық шығармаларды құрастыру барысында арабтар төмендегідей ережелерді сақтап отырды): 1. Бәйттер /3/ белгілі немесе өзіндік соны, немесе дәстүрлі сөз тіркестеріне аяқталуы керек болды. (Бізге поэзиялық шығармалары таныс көптеген халықтардан арабтардың айырмашылығы сол, олар бәйттердің аяқталуына ерекше көңіл бөлген, дәл сондықтан да олардың бәйттері әдемі және жетілген (туынды) болды.) 2. (Бәйттердегі) ауызша айтылымдардың мағынасы зат болуы тиіс, яғни (сөз болып отырған) еліктеуші /4/ зат болуы керек. 3. Ауызша айтылымдар ритмикалық тұрғыда қурылуы тиіс. 4. Ауызша айтылымдар бөліктерге бөлінуі тиіс. 5. (Ауызша айтылым) бөліктерінің саны ырғақ, стоп, сабаб /5/ және уададтар /6/ тұрғысынан алғанда анық болуы керек. 6. Бөліктердің әрбір өлең өлшемінде орналасу реті анық болуы керек. 7. (Қураушы элементтердің) бір бөлікте орналасуы басқа бөлікте орналасқандайы сияқты болуы керек, (айтылу уақыты бойынша бөліктердің теңдігіне осылайша қол жеткізіледі). 8. Әрбір өлшемде ауызша айтылымдар белгілі бір ретпен орналасуы керек. 9. Бөліктер анық аяқталуы тиіс, өйткені олар бір ғана дыбыстардан немесе айтылу уақыты бойынша бірдей дыбыстардан (құрастырылған). 10. Ауызша айтылған бөліктердің мағынасы да дәл солай (әңгіме болып отырған) еліктеуші затқа ұқсайтын болуы керек. 11. Ауызша айтылым үйлестірілген болуы керек. (Соңғысы жөнінде), өлең жолдарын үйлестіретін бір халықтың әуендері оның кейбір дыбыстары сияқты өлеңнің құрамдас бөліктері болып табылады деп (айтуға болады). (Егер олардың өлеңдерінде әуенсіз айтылым орын алатын болса, онда дәл сол қандайда бір дыбыстың болмаған жағдайындағы сияқты, әдетте, өлеңнің жазылу көлемі бұзылады.) Ал басқа халықтарда (өлеңді құрастырған кезде) дыбыс деңгейіндегі сияқты мұнда да (274 б.) әуен
қолданылмайды, әуелі, керісінше, өлеңдер, мысалы, араб поэзиясындағы сияқты, тек дыбыстарды ғана қолдану арқылы құрастырылады. Мұнда, егер өлеңдер үйлестірілетін болса, онда әуен ырғағы өлеңнің өзінің ырғағын бұзатын болады, ал соның салдарынан өлең ырғағы жоғалып кетеді. Сондықтан әуенді өлеңде қолданған адам, дәл оның дыбыстары сияқты өлең өлшемі бұл жағдайда бұзылуы мүмкін дегеннен қауіптенуі керек. Халықта және көптеген ақындардың арасында (қарапайым) айтылған сөздер өлең жолдарының өлшеміне сыйдырылған кезде ғана және теңдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінгенде ғана ол өлең болады дейтін пікір қалыптасқан. Алайда олар мұнда өлең затқа еліктейтіннен құрала ма әлде жоқ па деген жағдайды ескермейді. Сондай-ақ, олар ауызша айтылған өлеңнің өз тілі аясындағы жағдайы қандай дегенге көңіл бөлмейді: олардың көркемдігі, олардың әуелі жалпыға мәлімдігі әрі жалпының қолы жететін ауызша айтылымдарға басымдылық беретіні оларға жеткілікті. Олардың көпшілігі, (алдыңғы) айтылғандармен қатар, (өлеңнің) аяққы бөліктерінің теңдігі ережесін сақтауды талап етеді, ол (бөліктердің) осы аяққы жақтарының бірдей дыбыстарға немесе бірдей уақыт аралығында айтылатын дыбыстарға бітуінде болып табылады. Сонымен бірге, (грек ақыны) Гомер өлеңдерін қарастырған кезде оның өлең соңдары тендігін сақтамағандығы көрініп тур. Егер айтылым зат бейнелейтіннен туратын болса және өлең өлшеміне сыйғызылмаған әрі ырғағы болмайтын болса, онда ол өлең болып есептелінбейді, ал, керісінше, ол поэтикалық айтылым болып есептеледі. Ал егер айтылым мұнымен қатар тағы өлең өлшеміне сыйғызылатын және бөліктерге бөлінген болса, онда ол бұл жағдайда өлең болады. Көне (ақындардың) өлеңдерінің құрылымы және оның мәні (екі) түрлі ережені сақтауға тоғыстырылды: 1. Өлең зат еліктейтіннен туратын айтылым болуы керек. 2. Өлең бірдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінуі тиіс. Ал өлең құрастырудың қалған ережелерін сақтау міндетті емес болып есептелінді, онда бұл ережелерді сақтау деген мәселе поэзиялық шығармаларды жетілген және айбынды етіп отырды, (275 0.) өйткені өлең құрастырудың бұл ережелері тек (затқа) еліктен білуді ғана емес, сонымен қатар, сол арқылы еліктеу әрекеті жасалынатын затты білуді де талап етті. Олардың ішіндегі біршама төмен дәрежедегі (маңыздысы) өлең жасау өлшемін сақтау ережесі болды. Еліктеу риторика саласында да жеңіл қолданылуы мүмкін, дәлірек айтқанда: өте жақын, түсінікті және барлығына белгілі заттарға қатысты жағдайда болуы мүмкін. Мүмкін, көптеген ораторлар, табиғатынан поэзиялық жолдармен айту
қабілетіне ие бола тура, риториканың талап еткенінен де жиі еліктеуді қолдана отырып, қателіктер жіберген болар. Бұл ораторлардың айтқандары сенім ретінде қабылданбады және көп адамдар оны риторикалық әсіре сілтеушілік ретінде қабылдады. Ал шын мәнісінде бұл айтылымдар поэзиялық құбылыс болып табылды және осы ораторлардың риторика саласынан поэзия саласына ауытқуын білдірді. Көптеген ақындар, сондай-ақ, адамның көзін жеткізе айту табиғи дарынына ие болды. Олар ол өлеңді құрастыра білді және оларды өлең өлшеміне сыйғыза білді, соның салдарынан ол айтылымдарды коп адамдар өлең ретінде қабылдады. Шын мәнісінде олар ол кезде риторикалық айтылымдар болып табылды және сол ақындардың (поэзия саласынан) риторика саласына ауытқуын білдірді. Көптеген ораторлар өздерінің ділмар сөздерінде осы екі мәселені үйлестіріп отырады. Көптеген ақындардағы да жағдай осындай. Бутан мысал ретінде поэзиялық шығармалардың және поэтикалық айтылымдардың көпшілігі дәл сондай болатынын, яғни олар (әңгіме болып отырған) заттарға еліктеуші заттардан құралатын жағдайды келтіруге болады. Затқа еліктеу іс-әрекет және айтылымдар арқылы болуы мүмкін. Іс-әрекет арқылы болатын еліктеу екі түрге бөлінеді: 1. Адам өз қолымен қандайда бір нәрсеге ұқсас нәрсені жасайды. Мысалы, адам адамға және т.б. дәлме-дәл ұқсайтын қандайда бір мүсіндік шығарманы жасайды. 2. Адам қандайда бір адамға және т.б. ұқсастырып әрекет жасайды. Сөз сөйлеуге еліктеу болса сөз құрастыру болып табылады, онда (әңгіме болып отырған) еліктенуші зат осы (еліктенетін) затқа еліктеуші (басқа) затты көрсету арқылы қамтылады немесе айтылады. Затқа ұқсайтындардан құралатын (мұндай) айтылымдар арқылы сол заттарды (275 б б.) не заттың өз ішінде, не басқа заттың ішінде ойша көз алдына елестетуге қол жеткізіледі. Сонымен сөз сөйлеу арқылы еліктеу де, сол сияқты, екі түрге бөлінеді: 1. Затты заттың өз құрамында көз алдыға елестету. 2. Затты басқа заттың құрамында көз алдыға елестету. Мысалы, әлгі зерттеулерде осылайша болып отырады. Бұл түрлердің ішіндегі біріншісі заттың өз ішіндегі зат туралы білім береді, мысалы, анықтама. Екіншісі басқа заттың ішінде қарастырылып отырған заттың саны туралы білім береді, мысалы, дәлелдеу. Осыған негізделе отырып, (затты) көз алдыға
елестету поэзияда да маңызды (деп айтуға болады), мысалы, білім — дәлелдеуде, пікір - топикте және көз жеткізу - риторикада маңызды. Коп жағдайда адам әрекеті оның елестетулеріне байланысты болады. Сонымен, ол қандайда бір затты басқа заттың ішінде елестете алады және соның негізінде осы заттың саны басқа заттың құрамында болатыны сезім немесе дәлелдеу арқылы анықталғанындай дәрежеде әрекет жасай алады. Ол бұл әрекетті егер оның (затты) елестетуі шын мәнісінде дұрыс болмаса да жасай алады. Сөйтіп, мысалы, адам өзі теріс сезімге бөленетініне ұқсас қандайда бір затты көрген кезде осындай болады. Мұндай жағдайда, оның елесінде сол сәтте оған сол затқа деген жеккөрушілікті орнықтырған зат пайда болады және ол одан қаша бастайды әрі әуелі егер сол зат шын мәнісінде оның түсінігіндегідей болмаса да ол одан шеттей береді. Еліктеу қолданылған сөзді естіген адаммен де сондай болады. Бұл жағдайда ол затта қандайда бір басқа заттың образын елестетеді. Ол егер адам (бұрын) сол басқа затты өз көзімен көрген болса және оның ойында сол заттың образы қалыптасқан жағдайда болуы мүмкін. Егер осыдан соң оған затты сөз сөйлеу арқылы сипаттайтын болса, онда ол туралы айтылымдарда оған бұрын оның ойында пайда болған сол басқа заттың образы елестетіледі. Қарастырылып отырған заттағы жақсылық, зұлымдық, әділетсіздік, жамандық пен игі істілік туралы бейнелі түсінікті туғызатын сөз (айтылым) солай әрекет етеді. Сонымен, адамның ісәрекеті оның оймен елестетуіне жиі байланысты болады. Ол, сондай-ақ, оның пікірі немесе біліміне де жиі тәуелді болады. Бірақ, оның пікірі мен білімі ол ойша елестеткен затпен жиі қайшылыққа түсіп отырады. Мұндай жағдайда ол өз әрекетін пікір мен білімнің негізінде емес, керісінше, ол өзі елестеткен заттың негізінде жасайды. Ойша көз алдыға елестететін затты қолдану арқылы айтылатын сөз (276 а б.) тыңдаушының қандайда бір іс-әрекетті жасау сезімін оятуға батытталған деп (атап айтуға болады), ол сезім қарастырылып отырған зат бейнесі арқылы шақырылады. Бұл оның бейнелі елесі дұрыс па әлде бұрыс па, шын мәнісінде ол солай ма әлде солай емес пе дегенге тәуелсіз (тыңдаушыда) пайда болатын көз алдына келтірілген затқа қол жеткізуге деген немесе одан аулақ болу, оны жою, жек көру сияқты, немесе не жақсылық, не зұлымдық әкелетін басқа іс-әрекет жасау сияқты қалауы арқылы көрініс табады. Адам қандайда бір затты бір нәрсемен ұқсастырған кезде де сондай болады. Ол заттың өзіне ұқсас жасай алуы мүмкін және сонымен бірге, ұқсас затқа ұқсас жасай алуы мүмкін. Сөйтіп, ол Зейд мүсінін мүсіндей алады және онымен бір мезгілде Зейд мүсіні бейнелеп көрсетілетін айнаны жасай алады. Біз Зейдпен таныс болмауымыз мүмкін, бірақ оның мүсінін көріп, біз онымен таныс болуымыз мүмкін. Біз онымен оның образын өзіміз көруіміз арқылы емес, керісінше, оның еліктеген нәрсесінің арқасында
танысамыз. Біз оның мүсінінің өзін көрмеуіміз мүмкін, бірақ оның мүсінінің айнадағы бейнесін көруіміз мүмкін. Онда біз онымен танысамыз, өйткені оған ұқсайтын соның өзі тәрізді. Бұл жағдайда біз шын мәнісіндегі (Зейдтен) екі сатыға алыстаймыз. Дәл осы да еліктеу сипатына не болатын айтылымның салдары болып табылады. Бұл айтылымдар заттың өзіне ұқсайтын заттардан және заттың өзіне ұқсас заттарға ұқсайтын заттардан әрі осы заттарға ұқсас заттардан құралуы мүмкін. Сонымен, еліктеу кезінде көптеген сатыларға заттан алшақтау болып отырады. Сол бір айтылымдар арқылы жасалынатын затты ойша көз алдыға елестету міне, осындай болады. Затты ойша көз алдыға елестетудің салдары дәл сондай одан көптеген сатыға алшақтау болып табылады. Елестетуде зат не нәрсеге тікелей еліктеуінің арқасында және айтылған сөзге, (қарастырылып отырған) затқа еліктеудің маңызына байланысты бір немесе екі заттың ықпал етуі жағдайында көз алдыға келуі мүмкін. Көп адамдар жақындағы заттарға қарағанда алыстағы заттарға еліктеу толығырақ жүзеге асырылады және ол жетілген болып келеді деп есептейді әрі сөзді ойлап табушы, дәл осылай істейтіндер, өз өнеріне көбірек жақын келеді және еліктеуге әрі оларды өз шығармашылығында қолдануға біршама турарлықтай дәрежеде деп есептейді. (276 б б.) Кітап аяқталды. Аллаға мадақ. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата: Наука, 1975. - С. 543-555. Аударған: Д. Раев.
РИТОРИКА /1/ (251а бет.) Аса қамқор, мейірімді Аллаға арнап "Риторика" кітабын (бастаймын). Ол дегеніміз силлогистік өнер /2/ және оның мақсаты барлық он текке /3/ көзді жеткізу болып табылады. Бұл тыңдаушының жанына (қандайда бір нәрсеге) көз жеткізушілікті қалыптастыратын құбылыс, (ал ол) риторикалық амалдар /4/ арқылы қол жеткізілетін (оратордың түпкі мақсаты болып табылады). Көз жеткізушілік /51 қандайда бір нәрсе туралы пәкәр болып табылады. Жалпы алғанда көз жеткізушілік - зат туралы, ол сондай болып табылады немесе ондай болып табылмайды дейтін қағида. (Зат туралы құрылған болжам оның шын мәнісінде қандай болатындығынан өзгеше болуы мүмкін.) Осы екі қағиданың кез-келгені адамға ақиқи (қорытындыны) бермейді; (251 б бет) сонымен, кез-келген қорытынды (риторикада) ақиқатты білмеуді көрсетеді. Пікір жалған болуы мүмкін нәрсенің ақиқаттығы туралы көзқарас болмайды деп айтқан кезде, ал, керісінше, пікір жалған болуы мүмкін емес нәрсенің ақиқаттығы туралы көзқарас болады дейтін кезде, онда бұл жағдайда ол пікір болып табылмайды да, керісінше, дәлелді білім болып табылады /6/ және мұнда шынында атауларда қателік жіберілген. Алайда зат туралы пікір (бір нәрсені) жоққа шығарған немесе бекіткен жағдайда ол міндетті түрде ақиқат немесе жалған пікір болады. Бұл жағдайда оның ақиқаттылығы үшінші пікірге орын болмауы арқылы расталады. Көз жеткізу (әдістерін) білуге риторика өнерінде дәл сол дәлелдеу өнеріндегі білім сияқты оқыту арқылы қол жеткізіледі. Көз жеткізу оқып-үйренушінің оқу арқылы алған біліміне эквивалентті. Ол тыңдаушының айтушыны оған айтқандарын қабылдап және ой елегінен өткізу арқылы тыңдауы болып табылады. Сондықтан ол білімге эквивалентті болып есептеледі. "Көз жеткізу" терминінің 111 мұндай мағынада алынуына мұндағы заттың бүтіннің бөлігі ретінде ерекшеленіп көрсетілуі, тіпті егер (затты) кеңейтілген түрде қарастыруға мүмкіндік болғанның өзінде, оның (көз жеткізу) үшін жеткілікті болып есептелуі себеп болады. Бұл болады сондықтан, өйткені адамдар бірбірімен пікір алмасқан кезде, бір-біріне сұраныс туған кезде, бір-бірімен сөйлескен кезде, бір-бірін өз пікірінің дұрыстығына көзін жеткізу үшін шешім қабылдаған кезде бір-бірімен ой-пікірді өте жиі келтіреді, оны білім деп атайды. Ой пікір мен дәлелді білім екеуі де көзқарас болып табылатындықтан ортақ белгіге ие болады. Ал зат туралы, ол мынау болып табылады немесе мынау болып табылмайды деп ойлаған кезде, ол көзқарас болады. Көзқарас бұл екеуіне қатысты тек /8/ ретінде көрініс табады, ал олар мұның өзіне қатысты оның екі түрі ретінде көрініс табады. Көзқарас көрініс табатын және одан тіл құрастырылатын пікір /9/ қажеттілік /10/ туралы пікірге және
мүмкіндік /11/ туралы пікірге бөлінеді. Қажеттілік туралы пікір қажеттілік туралы абсолютті пікірге және уақыт бойынша солай болып табылатын қажеттілік туралы пікірге бөлінеді. Соңғылары сол уақыт болғанға дейін пайда болуға /12/ немесе пайда болмауға мүмкіндігі болатын қажеттілік туралы пікір болып табылады. Бұл пікірлер пайда болу туралы пікір атауына ие болады. (252 а бет) Дәлелді білім өзінде тек қажеттілік туралы пікірді ғана қамтиды. Дәлелді білім түрлері /13/ қажеттілік туралы (пікір) түрлеріне сәйкес келетінін атап көрсетуге болады. Сондықтан олар: 1) абсолютті дәлелді білімге, 2) белгілі бір уақытта сондай болатын дәлелді білімге бөлінеді. Мүмкіндік туралы пікірлерде дәлелді білім мүлдем болмайды. Болуға мүмкіндігі бар туралы біздің біліміміз дәлелді білім болмауы мүмкін дегенді мен айтып тұрғаным жоқ, ал, керісінше, егер қандайда бір зат келешекте пайда болуы немесе пайда болмауы мүмкін болса, біз онда дәлелді білімнің бар болатынын немесе болмайтындығын айта алмаймыз. Ал бұл (пайда бола отырып) дәлелді білімді өзінде мүлдем қамтымауы мүмкін болатын әлде бір нәрсенің пайда болуы туралы ойлайтынымыз болып табылады. Жалпы алғанда, көз жеткізу мен ой пікір қажеттілік туралы пікірде және мүмкіндік туралы пікірлер де болуы мүмкін. "Мүмкіндік" термин! екі мағынаны қамтиды: 1) қажетті түрде (белгісізден) өрбіп отыратын, екі қарамақарсылықтан өзінде көзделінетін ақиқи мағынаны өзінің іске асырылуынан кейін бойында ұстап туратын білмеуді /14/ көрсететін мағынаны; 2) келешекте іске асырылатын (заттың) көп жақтарының біріне сілтейтін мағынаны. Сөйтіп, біз екі қарама-қарсылықтың қайсысы дұрыс немесе ақиқат болатынын білмейміз. Онда біздің біліміміз екі қарама-қарсылықтың кез-келгеніне қатысты ізге әзірше түспей тұрғанында, ол ақиқат болады. Аталмыш жағдайда бұл ақиқат өзінің заттағы өмір сүруі бойынша емес, керісінше, тек бізге қатысты тана ақиқат болады. Сонымен, пікірмен байланысты болатын мүмкіндік шынайы дүниеде - бізден тыс затта өмір сүретін әлде бір нәрсені көрсететін мүмкіндік болып табылмайды, керісінше, ол тек бізге қатысты тұрғыда өмір сүретін нәрсені көрсететін мүмкіндік болып табылады. Мұның мәні (зат туралы) біздің пікіріміз, ол шын мәнісінде қандай дегенге не сәйкес келеді, не сәйкес келмейді дегенге саяды. Осыған байланысты заттан туындайтын мүмкіндік адам жанына сырттан келіп түседі, пікір біліммен үйлесіп келетін білмеушіліктен құралады. Сондықтан біздің зат туралы, яғни оның сондай болатыны туралы пікіріміз (2526 бет) жанға келіп түсетін және соған ұқсас білім (логикасымен) жүру керек дегеннен құралады. Шындығында, біз зат туралы біздің пікіріміз біздің жан дүниеміздегі қалыптасқанға, жаннан тыс шынайы өмір сүретінге қарсы қоюшылық бола ма дегенге сенімсізбіз, өйткені біздің пікіріміз бұл заттың дәл сол оны өмір сүруге
қажетті ететінмен және бізге қатысты мүмкін жасайтынмен сәйкес келетінін біз білмейміз. Бұл қандайда бір дәрежеде мүмкіндік өмір сүреді дегеннің бәріне қатысты болады. Мысалы: "Зейд өзі тұрғанға дейін турады". Бұл (түрегеп туратын қалып) қажетті түрде осы уақытқа жатады. Бұрын өткен уақытта оның (мұндай жағдайда) болуы да немесе болмауы да мүмкін. Таза қажеттілік мүмкіндіктің қоспасынсыз бір адамда бір мезгілде (бір ғана зат туралы) пікірдің және дәлелді білімнің болуына жол бермейді, ал мүмкіндіктің бірігуімен болатын қажеттілік бір адамда бір мезгілде пікірдің және дәлелді білімнің болуына жол береді. Бұл жағдайда ол осы мезгілде өмір сүретін дәлелді білімге және алдағы уақытқа қатысты болатын ой пікірге не болады. Біздің білмеуіміздің себебі біздің ой пікірді тек өзімізге қатысты таза қажеттіліктен қалыптастырғандығымызда болып табылады. Ал мүмкіндікпен біріктірілген қажеттіліктен болатын ой пікірді біз заттың (осы шақта) бізге қатысты өмір сүруі кезінде және келешек уақытта затқа қатысты құрастырдық, себебі ол туралы біз ойлаған және ұйғарған нәрсе бірінші болып іске асуы мүмкін. Ой пікір күшеюі және бәсеңдеуі мүмкін. Ол мынандай жағдайда орын алады: 1) адам қарсылықты /15/ алдын ала сезіп білмеген кезде, 2) адам қарсылықты алдын ала сезіп білген кезде. Сондықтан ол олардың өзінде болатын (ой пікірге) қатысты алдын ала сезіп білген қарсылығының (санына) байланысты немесе ой пікірге қатысты олардың басқаларға айтатын қарсылығына байланысты бағаланады. Ой пікірдің көз жеткізерлік дәрежесі аз мөлшердегі қарсылықтан туындап отырады, ал ой пікірдің әлсіздігі қарсылық санының көп болуынан туындайды. Бірақ көз жеткізу әлсіз болып көрінбейді, егер адам көп қарсылыққа кездесетін болса. Кез-келген адам өзара және басқа адаммен әлденені талқылаған кезде не көз жеткізу арқылы негіздеуді, не ол өзі пайдалы деп есептейтін нәрсені егжейтегжейлі талқылау әрі тыңғылықты сараптау жолымен көз жеткізу арқылы теріске шығаруды қолданады. Егер ол көз жеткізу тұрғысынан аз дәрежеде пайда табатын болса, онда ол біршама жоғары дәрежеге көтерілу үшін (шектен) шықпайды. (253а бет.) Егер ол төменгі дәрежедегі (көз жеткізушілік) оған қалағанын бермейтінін көретін болса, онда ол затты тыңғылықты сараптауға және негіздеуге алады. Егер де оған осылардың ішінен бір нәрсені теріске шығару пайдалы болатын болса, онда ол оны теріске шығарып, қарсы болады. Егер қандайда бір ережеге қатысты көз жеткізуге қол жеткізілетін болса, онда оның өзінде қарсылық болатын азды-көпті айқындылық немесе құпиялылық орын алатын болады. Ой пікірдегі құпия жататын қарсылық ұйғарылушы ретінде әрі зерттеуші ретінде көрсетіле алады және ол зерттелуші заттың өзінде бола алады. Бұл
адамның көзқарасы көптеген көрсететін және адамға оның көзқарасы не жарым-жартылай, не толық жалған болатынын сендіруге тырысатын немесе ол ақиқатты жорамалдауы керектігін көрсететін және сонымен бірге ол олардың (қарсылығын) өзінің инерттігінен немесе оның тыныштықты, өз ойлау жүйесінің (барлық басқаға қатысты) әрекетсіздікті қалайтындығынан, немесе оның (затты) терең зерттеуге көңіл бөлмейтіндігінен және олар (қарсылықтар) ізінен қалмайтындығын көрмейтіндіктен, немесе оған мұнда оның өмір салты кедергі болатындығынан, немесе ол талап етілетін зат тегінің орнына әлдебір басқа заттың тегін қарастыратындықтан, басқа заттардан тыс (ала отырып) оны сезінбейтін және зерттелмеген қарсылықты көтеретіндіктен, немесе оның жеткілікті дәрежеде ақылды болмауынан қарсылыққа тап болған кездегі жағдайда анық көрінеді. Соңғысы егер жастықтан орын алатын болса, онда ол уақыт өте жойылады, егер ол туа біткен кемшілік болатын болса, онда ол өмір бойы қалады. Адам қандайда бір мөлшерде силлогизм өнері арқылы қол жеткізілетін затты игеруге туа бітетін қабілетке ие бола алады немесе ол қандайда бір (зат) тегін игеру қабілетіне де ие болуы мүмкін. Бұл жағдайда, егер ол өзінен кез-келген затты немесе қандайда бір зат тегін осы кейбір мөлшерге қарағанда үлкен (мөлшерде) игеруді талап ететін болса, онда оның бұл (туа біткен) қабілеті әлсірейді. Сондай-ақ ол шаршағандықтың арқасында және келешекте орын алатын затты қарастырудан қажудың арқасында әлсіреуі мүмкін. Егер де оған бұл (затты) ертерек қарастыруға мүмкіндік болған болса, онда ол оларды өзіне қарсы (құпия қарсылықты) көтеруге жол бермейтін өзінің қабілетіне негізделе отырып қарастырады. Бұл физикалық қабілет өзін қалай көрсетеді дегенге ұқсас келеді. Егер қарастырып отырған адам белгілі бір затты зерттесе және ол туралы белгілі бір көзқарас қалдырса әрі одан кейін қандайда бір мақсатты бар күшімен көздей отырып, осы көзқарасты ұстанатын (253 б бет.) болса, онда бұл жағдайда ол осы көзқарасқа қарсылықты таба алмайды және (оның мақсатына) қарама-қарсы мақсатты көздейтін қарама-қарсы көзқарастың дұрыстығын (немесе жалғандығын) анықтай алмайды, себебі оның көзқарасына қарсылық одан жасырын турады. Ол тек оның өзіне қатысты ғана болады, өйткені ол үшін оның көзқарасы оның берілгендігінің немесе (энтузиазмының) арқасында дұрыс болып табылады. Құпия қарсылық қатысты айтатын болсақ, олар осы затта өмір сүретін себептер мен жағдайлардың себебінен заттың өзіне қатысты орын алып отырады. Бутан қарсылық оның өзіне өзі бақылауға және тәжірибе жасауға түсуі керек болатын заттардан алынатын кездегі және оларды қарастырушы (адам) оларға бақылау әрі тәжірибе жүргізуде не олардың уақыт бойынша немесе орнына байланысты бір-бірінен алыс болуынан, не басқа қандайда бір
кедергілерден қиындықтарды бастан кешіретін жағдайлар да жатады. Сөйтіп, мысалы, жануарлар туралы көптеген қағидалар олардың ішкі органдарының (құрылысын) ұзақ бақылауды қажет етеді, осыдан коп жағдайда не құралдардың жетілдірілмегендігінен, не бутан шариғаттың рұқсат етпейтіндігінен (зерттеушілер) бас тартады. Бұған сондай-ақ, көтерілетін қарсылық түсініксіз және шатасып кеткен кездегі жағдай жатады. Осы жағдайда олар (қарсылық) көбірек көз жеткізуді қажет етеді. Бұны игеру үшін (қарсы болушы) өз дәйектерін (оның өнеріне) қатысы болмайтын басқа өнерден алады. Алайда, бұл жағдайда жалған салдарды үлкен алғышарттардан өте оңай күтуге болады және қарсылықтар аз болады. Сондықтан адам (өзінің) көзқарасының қандайда біреуге қарсы қойылған жағдайын байқамаған кезде, бірақ содан кейін олардың адамның өзіне қатысты жасырын болғаны анықталатын болса, онда ол сол өзінің көзқарасына /16/ күмәнмен қарайды және оған толық сүйене алмайды әрі оған сенбейді. Іс жүзінде адамға екі қатыстылықтың қайсысында: не оның өзіне қатыстылығында, не заттың өзіне қатыстылығында жасырын қарсылық бар болатынын анықтау қиын. Адам өзі ойлап болжағанына күмәнмен қараудан мүлдем аулақ болады. Керісінше, ол дәл сол өзінің көзқарасына сенеді, әсіресе оның көзқарасына деген қарсылық оның өзінің тек өз ойлап болжағанын үнемі (дұрыс) деп есептейтін қалауында жасырынып жататын кезде. Алайда адамның көзқарасының дұрыстығы оның өзіне өзінің сәйкес келуінде емес, керісінше, басқа адамның (ұйғарымына) шамаластырылып анықталады деп ойлаған бәрінен де дұрыс болар еді. Әдетте ол өзінің ойпікіріне өзінде ешқандай қарсылықты таба алмайтынын және қарсылық /17/ көрсетушілердің күштеуіне түспегенін ескере отырып, оны қорғағанда өз күшін аямайтын ой пікірі кез-келген адамда үлкен сенімділікке не болады. (254 а бет.) Оның мұндай ой пікірі өзінде мүлдем күмән туғызбайды, әсіресе, егер оның ақылы осы ой пікірге қатысты жалпы күмән туғызбаған болса. Осылайша көне (ойшылдардың) ішіндегі ең танымал болғандары ойша жорамалдауға болатын заттар /18/ туралы өздерінің көзқарастарын негіздеді. Сөйтіп, мысалы, олардың ішіндегі кімде-кім қандайда бір (қажет етілетін) тезисті негіздеу үшін силлогизм іздеген кезде және ол оны табатын болса, онда ол өзінің көзқарасымен өзі силлогизм тапқан сол тезисті жасағаны деп айтуға болады. Сонан соң ол осы көзқарасты ұстанды және сол көзқарасқа қарсы тұратын көзқарасты тапты, содан кейін бұл көзқарасты оған қарамақарсы көзқараспен салыстырды. Кез-келген жағдайда да, егер ол өзінің көзқарасына қарсылық таппаған немесе тапқан жағдайда, (осы тезисті) өз көзқарасының арқасында жасағанының негізінде ол оларға жауап беруге немесе оларды теріске шығаруға жағдайы болды. Осының салдарынан бұл
тезистің дұрыстығына оның көзі жетіп, сенімді болды. Мұнда көзқарастың дұрыстығы оның өзі өзінің көзқарасының дұрыстығы үшін жүргізілген егжейтегжейлі зерттеуімен қатар қандайда бір адамның ұйғарымы бойынша анықталды. Мұндай жағдайда ол риторикалық /19/ (әдіске) қарағанда, диалектикалық әдістердің көмегімен коп нәрсеге қол жеткізді. Бірақ ол оның көзқарасының дұрыстығын теріске шығаратын қарама-қарсы тезистің өмір сүру мүмкіндігіне сенбеді. Сондықтан мұндай көзқарас (уақыт өте келе) бірнеше себептердің: не осы көзқарас иегерінің өлімінің, не оның ақылының адасуының, не оның ұмытылуының немесе оның дәлелдемесінің ұмытылуының, не ол туралы көзқарасты құрастырған адамның өліміне байланысты немесе өзінің қарама-қарсылығына айналуына байланысты заттың жойылуының, не сол көзқарасқа реакция болған және оның иегері алдын ала болжамаған көзқарастың адасушылыққа енуінің, не бұл көзқарасқа қарама-қарсы оның жалғандығын дәлелдейтін ақиқат көзқарасты шығарудың -салдарынан жоғала бастады. Дәлелді білімге қатысты айтатын болсақ, онда оның жоғалуы не өзінің иегерінің өліміне, не оның ақылының адасуына, і'1' омың ұмыт болуына байланысты болады. Бірақ ол ешқашанда зат жоғалғаннан кейін немесе "Дәлелдеме туралы" кітабында түсіндірілгеніндей оған қарсы пікір қойылғаннан кейін жоғалмайды. Егер дәлелді білім алынған болса, егер ол ешқашанда жоғалмайтын және ол өзінің иегерінің аман-есен өмір сүруімен әрі оның ақыл-есінің дұрыстығымен бірге өмір сүретін болса, онда ол абсолютті дәлелді білімнің қасиетіне жатады. Ал қандайда бір уақыт шеңберінде осындай болып табылатын дәлелді білім заттың жойылумен бірге немесе осы білім иегерінің аман-есен өмір сүруіне және оның ақыл-есінің дұрыс болуына қарамастан, ол өзінің қарама-қарсылығына айналуына байланысты жойылады. Келешекте өзінің иегерінің аман-есен өмір сүруіне, ақыл-есінің дұрыстығына және ескерусіз қалмай, заттың бір қалыпты өмір сүруіне қарамастан, оның жойылып кету мүмкіндігі ой пікірдің қасиетіне (254 б бет.) жатады. Жалпы алғанда, қандайда бір уақытта алынған кез-келген көзқарас келешекте қарсылықтың ықпалымен жойылып кетуі мүмкін, өйткені ол ой-пікір болып табылады. Сөйтіп, кез-келген көзқарас қандайда бір уақытқа дейін өмір сүреді, сонан соң қарсылықтың әсерінен жоғалады, өйткені оның иегерінің өзі оның ой-пікір екенін өзі сезінбейді. Кейбір көне (ойшылдар) дұрыстығы не ол, не бұл адамның ұйғарымы бойынша анықталатын көзқарас жайында сұрақтар қалдырды. Олар: "Сен дұрыстығына бүгін сенетін өзіңнің көзқарасыңа қаншалықты сенімдісің, одан (ертең) бас тартпайсың ба? Және оған қарама-қарсы көзқарас жағына шығып кетпейсің бе?" - деген сұрақтар қойды. Олар, сондай-ақ: "Сен өзің тастап кетіп, оның қарама-қарсы жатына өтіп кеткен және ол бүтін сенде дәл сол алғашқыдағыдай қарама-қарсы
жақтан орын алатын көзқарастың бұдан бұрын дұрыстығына және ақиқаттығына сенімді болып па едің. Сондықтан сенің осы (бүгінгі) көзқарасты тастамайтыныңа және оған қарама-қарсы көзқарас жағына өтпейтініңе сенімің қайда?"- деп сұрайды. Көне ойшылдардың қойған қалған сұрақтары да осыған ұқсас сұрақтар. Барлық осы сұрақтар осындай көзқарастардың ойпікір болып табылатынын және дәлелді білімге негізделген көзқарас арқылы игерілетін оймен болжайтын заттарды түсіндіру үшін жеткіліксіз болатынын және бұл көзқарастарды дәлелді білімге негізделген ой-пікір ретінде қабылдаудың керек емес екендігін көрсетуді мақсат тұтты. Бұл сұрақтарға кейінгі (ойшылдар) өздерінін дәлелді білімді әдістерін нашар білуінің себебінен жартылай жауап берді. Сонымен, мысалы, олардың кейбіреуі: "Мен (өзімнің)осы бір сапаға менің қазіргі күй-жайыма еніп, менің қазіргі болмысымды құрап тұру арқылы не болған ой-пікірімнен бас тартпаймын" - деп жауап берген. Бұл жауап айтушының көзқарасын дәлелді білім деңгейіне көтермейді. Сөйтіп, мұндағы бұл жауап пен басқа айтушының жауабы арасында айырмашылық жоқ: "Оған қарсылық таппайынша немесе маған оның дұрыстығын дәлелдеген дәлелдер теріске шығарылмайынша мен өзімнің ой-пікірімнен бас тартпаймын". Ой-пікірмен жағдай осындай. Демек, ой пікір оған қарсылық байқалмаған жағдайда (255а бет.) алдын ала болжанған дәлелді білім ретінде қабылданады. Көне ойшылдардың ал басқалары бұл сұрақтарға жауап берудің қажеті жоқ, керісінше, оларды дұрыс емес ретінде алып тастау керек деп ұйғарды, өйткені бұл және осыған ұқсас сұрақтарды қоюшылар көзқарастарын теріске шығару үшін олардың соңынан қудалады. Сондықтан кез-келген сұраушы олар арқылы басқа адамның көзқарасын теріске шығаруға тырысты. ()сының салдарынан сұрақтар барлық көзқарастарды теріске шығара отырып, адамға қандайда бір көзқараста сенімді болуға кедергі жасады. Сондықтан олар (басқа көне ғұламалар) осы ережені жоюдың қажеттілігін кез-келген адамның қандайда бір көзқарастың болуынан көрді. Сөйтіп, тіпті "менде ешқандай көзқарас жоқ" деп айтылғанды олар айтушының көзқарасы ретінде есептеді. Сонымен, бұл (көнелер) мұндай сұрақтарды алып тастау керек және өздерінің келтірген (ойларына) сүйене отырып, оларға жауап бермеу керек деген байламға келеді. Олардың бұл сұрақтар негізсіз, өйткені олар сол сұрақтарды қойып отырғандардың көзқарасын айналып қозғалушылардың көзқарасы болып табылатындығы туралы ой байламдары жалған және абсурд болып табылады. Себебі егер сұраушының барлық көзқарастары ой-пікір болатын болса және егер ол олардың ой пікірі мәні болатынын алдын ала сезіп әрі мойындайтын болса, онда олар оған қарсы қойылмайды және оның көзқарасын теріске шығармайды. Сұраушы бұл жағдайда сұраққа дейін сұрақ алып келетін
қорытындысы келеді. Оның жалғыз мақсаты сондай сипат алатын оның сұратарын ой-пікір ретінде ойламайтын және мойындамайтын, ал керісінше, ондайлар дәлелді немесе дәлелді болып көрінеді деп ойлайтын адамдарға түсіндіруде болып табылады. Әрі қарай сұраушының көзқарасы, егер олар дәлелді немесе өзінде қандайда бір дәлелдіні қамтитын болса, оның көзқарасын теріске шығара отырып, оған қарсы тұрмайды, өйткені дәлелді білімді көзқараспен ешқандай жойып жіберуге болмайды. Олар (қарсылық) кез-келген көзқарасты теріске шығармайды, барлық көзқарасты теріске шығармайды немесе барлық (адамдардың) көзқарасын теріске шығармайды, бірақ оның көзқарасы ой-пікір болып табылатын, одан тек ой-пікір ғана өрбитін кезде осындай күйде болатындарды алдын ала сезіп білмейтін және мойындамайтындардың көзқарасын теріске шығарады. Ал дәлелді білім немесе ой-пікір болатын, олар мойындайтын және алдын ала сезіп білетін адамдардың көзқарасы бұл сұрақтар арқылы теріске шығарылмайды. Онда неге бұл сұрақтардың жауап алуға құзыры болмайды? (255 б бет.) Әйтсе де мұнда болып жатқан жалпыға мәлім (білім) қандайда бір қорытындының дұрыстығын бекіткен, ал басқасы, силлогистік, ой толғау /20/ оған қарамақарсы қорытындының дұрыстығын бекіткен, оның салдарынан қоғамдық (білім) мен силлогистік ой толғау арасында қарсы тұрушылық пайда болып жатқан кездегіге ұқсамай ма екен? Әйтсе де бұл біреуінен екіншісіне қарамақарсы қорытынды туындайтын екі осындай силлогистік көзқарас орын алатын кездегі жағдайға ұқсамай ма? Әйтсе де мұндай жағдайда оны тыңдамай жатып және оны тілде қолданған адамды тыңдамай жатып ол қорытындылардың біреуін алып тастауға бола ма? Немесе бұл жағдайда ол қорытынды басқаның теріске шығарғанын дәлелдейді деп айтқанға келе ме және одан адасуға орын таба отырып, оны теріске шығаруға қол жеткізуге тырыса ма? Адасушылық адам қандайда бір ой пікірдің дұрыстығын дәлелдеу үшін оның мәлімдігіне және ол туралы барлық (адамдардың) куәгерлігіне сілтеме жасауы орын алған кезде әрі оған қарама-қарсы қорытындыны дәлелдеу үшін аргумент ретінде силлогистік ой толғау алынған кезде әрқайсысынан бір-біріне қарама-қарсы (үдеріс) туындайтын екі аргументтің бір-біріне қарсы тұрушылығы пайда болады. "Зат туралы құрастырылған көзқарас заттың шын мәнісінде қандай болатындығынан алшақ болуы мүмкін ба?" дейтін сұрақ қойылған кезде де дәл осындай болады. Шын мәнісінде мұнда сұраушы осы сұрақ арқылы зат туралы көзқарас ол заттың бізден тыс өмір сүруіне қайшы келе ме әлде жоқ па дегенді анықтағысы келеді. Бұл сұрақтар арқылы көзделетін мақсат, сондай-ақ, дәлелді білім емес, ой-пікір болып табылатын көзқарасты (талдаған) кезде түсіндіріледі.
Ал оймен болжайтын зат туралы өз ой-пікірінің дұрыстығын оларға қарсы пікірдің болмайтындығымен және көтерілмейтіндігімен негіздейтіндер өз көзқарасын ой-пікір ретінде мойындаудан аулақ болады. Онда жағдайда оларға дәлелдеген нәрсені және олардың өздері дәлелдеген нәрсені тыңғылықты қарастырған кезде олардың көзқарасы заттың шын мәнісінде өмір сүретініне қайшы келмейтініне сенімділікті қалыптастырмайтыны әрі туғызбайтыны көрініп тұрады. Сондықтан олар өздеріне солай болып көрінетіндерді дәлелді білімді қамтитын өздерінің көзқарасы деп есептейді және оларды сұрақ қоюшылардың өз сұрақтарымен ізіне түсіп алатын, оларды өзінде болатын олардың мағынасы арқылы емес, өз сөздері арқылы (қорытынды) жасауға мәжбүрлейтін қорытындыларынан қорғайды. сөйтіп, егер сұраушы олардан: "Әйтсе де өзіне қатысты, ол солай немесе олай болып табылмайды дейтін көзқарас қалыптасқан заттың і '56 а бет.) осы көзқарасқа деген қайшылықты өзінде қамтуы мүмкін і іс?", онда бұл сұраққа жауап оған дәлелді білім болып көрінетін және солай болатын күмәнданудан тұратын айтылым тұрғысында болады. Бұл жауап келесідей: "Оған қатысты мен ол сондай немесе ол ондай болып табылмайды деп есептейтін затта ол туралы менің ой-пікіріме қарсы қайшылықтың болуына жол берілмейді". Бұл айтылым өзінде күмәндануды қамтитын айтылым болып табылады /21/. Ол көптеген мағыналарға жол сілтейді. Сөйтіп, бұл айтылымның бір мағынасы мынандай: "жол берілмейді", яғни оның ақылы бұл затта оның ол туралы қалыптасқан көзқарасына қарсы қайшылықтың өмір сүруі туралы ойға жол беруге дәрменсіз және қабілетсіз. Егер ол тіпті оның көзқарасына қарамақарсы көзқарастың дұрыстығын бекіту үшін барлық күшін салса да және бұл мәселеде жеңіске жетсе де, ол егер тіпті өздігінше ақиқат көзқарас болғанның өзінде де бәрібір оның көзқарасын дәлелді білім жасайтын жауап болмайды. Сондай-ақ, мұнда келесідей білім туралы айтылу ықтималдылығының болуы мүмкін: "Ол (зат) туралы адамның көзқарасы дәл сондай болуына жол берілмейді, оның ол туралы көзқарасы ондай болмайды". Мұндай мағынада қарама-қарсы екі көзқарастың бір затқа қатысты болуы мүмкін емес дегеннен басқа ештеңе болмайды. Бұл жауап сондай-ақ, ол (көзқарас) заттың табиғатта шынайы өмір сүруіне қарама-қарсы пікірдің болуы мүмкіндігі туындайтын, ол өз сұрақтарымен (қорытындылардың) өрбуін талап еткен кезде дәл сол қарама-қарсы екі сұрақтың ешқайсысына жауап берілмеген сұрақты қоюшы көздеген көзқарасты білдіреді. (461 бет.) Сөйтіп, күмәндануды қамтып тұрған айтылғаннан (көрініп тұрғанындай), бір мезгілде бір зат сондай және ондай емес болуы үшін жол берілмейді. Осыдан
тек бір зат туралы бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас өмір сүруі мүмкін емес дейтін тана пікір туындайды. Сондықтан мұндай жауап қойылмаған сұраққа берілген жауап болады. Ой-пікірдің екі түрі болады /22/. 1) Не ол оны мүлдем зерттемеуіне, тыңғылықты танып білмеуіне байланысты қарсылық болмайтын, өйткені қарсылықты іздеуге қажеттілік болмады, не ол қарсылықты табуға күш салды, бірақ оны таппауына байланысты, не ол өзіне кездескен қарсылықтарды өзінің қабілеті жеткеніне қарай жойып отыруына байланысты адамда оған қарсылық болмайтын ой пікір. (256 б бет.) 2) Адамда қандайда бір адамның өз (мақсатына) сай табылатын қарсылығы немесе қандайда бір адамдар тобының, немесе барлық адамдардың қандайда бір заманда, немесе қандайда бір адамның, немесе белгілі бір уақыттағы қандайда бір адамдар тобының (мақсатына) сәйкес оған қарсылық болатын ой-пікір. Адамның көзқарасына болатын қарсылықтың ол үшін қандайда бір уақыт аралығында жабық сипат алуы мүмкіндігін, сонан соң олар қандайда бір басқа уақыт ішінде оларға білінуін немесе басқа адам өзінің уақытында не ол өзінің уақытын өткізіп алғаннан кейін білуін жоққа шығаруға болмайды. (Адамдар тобына) қатысты да іс сондай болады. Мұнда да олардың оның ешқайсысының қарсылықты таба алмауына қатысты және белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың кейбіреуі оны таба алатындығына қатысты жалпыға мәлім көзқарасқа не болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Әдетте, оған деген қарсылық өзінде болмайтын кез-келген адамның ой-пікірі көңілге қонарлық ой-пікір болып есептеледі. Мұндай ой-пікір біршама көңіл аударарлық ой-пікір болып табылады. Ал әлсіз ой-пікір болып, әдетте, адамда өзінің инертті болуына және бейтараптылығына немесе басқа заттарға алаңдауына, немесе онымен қанағаттануына байланысты себептерден қарсылық табылмаған ой-пікір есептеледі. Бәрінен де күшті ой-пікір - ол оны тыңғылықты зерттеу үшін барлық күш жұмсалатын және оған қарама-қарсы жағымен оны салыстыру жүргізілген әрі табылған қарсылық жойылған ойпікір. Қарсылықтан көрі оның пайдасына қарай уәждер коп болатын ой-пікір зат туралы біршама ықтимал (шындыққа ұқсайтын) ой-пікір болып табылады. Ал қарсылықтан көрі оның пайдасына қарай уәждер аз болатын және қарсылыққа қарағанда уәждер біршама анық болмайтын ой-пікір күмәндану немесе (күдік туғызатын) айғақ деп аталады. Мұндай ой-пікір алынып тасталынады. Ал оның пайдасына келтірілген дәлелдер өзінің саны және айқындылығы жағынан қарсылыққа тең болатын ой-пікір өзінің қарамақарсылығымен бірге ой-пікірге негізделген өнерде қолданылады. Бірақ олардың екеуі де (ой-пікір мен оның қарама-қарсылығы) бір затқа қатысты бір мезгілде қолданылмайды, ал екі әртүрлі жағдайда және екі әртүрлі уақытта
қолданылады. Мұндай ой-пікірлердің (екеуі де) ғылымда қолданылатын кезде, онда күмәндану және абыржу оның салдары болуы мүмкін, өйткені олардағы жалғанды алдын ала сезіп білуге болмайды. Сонымен, күмәндану - ол адамның өздерінің айқындылығы және ақиқаттылығы бойынша тең келетін екі зат туралы құрастырылған екі қарама-қарсы ой-пікір аралығында болуы. (257 а бет.) Ақиқаттығына катысты теңдігі олардың (екеуі де) ол (екеуінің) әрқайсысынан туындайтын қорытындысының қажеттілігіне қатысты теңдігін білдіреді. Олардың екеуі өздерінің теңдей дәрежеде іске асырылуы үшін қажеттілік немесе мүмкіндік қатынасында болған кезде адамда екі қарама-қарсы пікірдің ешқайсысы бойынша ой пікір болмайды, ол (риторикадағы) көзделетін қалып болып табылады. Бұл жағдайда оған күмән келтірілмейді. Ой-пікірдің ақиқаттылығы оны риторикалық және диалектикалық әдістер арқылы онда оның өзіне қатысты қарсылық табылмайтын жағдайға дейін тыңғылықты қарастырудың және зерттеудің нәтижесінде анықталады. Адам оны диалектикалық әдістен гөрі, риторикалық әдістер арқылы тезірек анықтайды, өйткені риторикалық әдістерді ол, әдетте, жас кезінен бастап, оларды өмір жолында оған кездесетін алғашқы заттарға бірінші болып қолдана отырып пайдаланады. Ал диалектикалық әдістерді олар кешірек қолданады. Ал аподейктикалық әдістер дналектикалыққа қарағанда адамға қатысты біршама жабық әдіс болып табылады, ол өз қалауы бойынша оларды үлкен қиындықпен таба алады. Сөйтіп, философтар ежелгі дәуірде оймен болжап білетін заттарды зерттеуде ұзақ уақыт риторикалық әдісті қолданды, өйткені олар басқа әдісті таба алмады. Олар ақыр аяғында диалектикалық әдісті тапқанға дейін көне философияда риторикалық әдістен бас тартқанға дейін әрі онда диалектикалық әдісті қолданғанға дейін солай болды. Олардың кемшілігі (философияда), сондай-ақ, софистикалық әдістерді қолданды және оларды аподейктикалық әдістерді бірінші болып і апқан және оларды диалетикалық, софистикалық, риторикалық әрі поэтикалық әдістерден бөліп алған Платонның пайда болу уақытына дейін тәжірибеде қолданды. Бірақ оның аподейктикалық әдістерінің (олар) бір-бірінен қолданысы жағынан, материясы бойынша және оларды қаншалықты бос уақытта тауып алу мүмкіндігіне әрі олардың ерекше табиғи біртектілігіне қарай айырмашылығы болды. Ол (Платон) сөйтіп олар үшін жалпы ережені анықтай алмады. Ибн Никомах өзінің "Аподейктика" атты кітабында олар үшін осы жалпы ережені анықтағанға дейін солай болды. (275 б бет.) Ол осы әдістерді анықтағандардың және олар үшін (оларды аса шеберлікпен реттеп қоя отырып) логикада негізделген жалпы ережені орнықтырғандардың алғашқысы болып табылады. Осыдан бастап философтар (көне ойшылдар) оймен болжап білетін ғылымдарда дәлелді білімге қол жеткізу үшін
қолданған ескі әдістерді тастады және математикада диалектикалық әдістерді қолдана бастады әрі халықты заттарды оймен сезіп болжауға үйретуде оларды жиі қолдана бастады. Ал софистикалық әдістерді олар бақытсыздықты әкелуші ретінде жариялады және оларды қолданудан сақтанды. Ал риторикалық әдістерді барлық өнер (мұнда әңгіме қандайда бір жекелеген тек бір ғана өнерге арналған спецификалық әдісті қолдануға болмайтын заттар емес, ал керісінше, барлық өнер үшін жалпы болатын заттарға қолдану керек әдістер жөнінде болып отыр) үшін ортақ болып табылатын заттарға олар қолдана бастады. Олар (барлық ғылымдар үшін ортақ бұл әдістерді) халықты заттарды оймен сезіп болжауға үйретуде және қандайда бір өнер өкілі қатарына жатпайтын адамды осы өнерге жататын затқа оның (адамның) белгілі бір уақытта оған деген қажеттілігі болған кезде оқып-үйретуде жиі қолдана бастады. Сонымен бірге, бұл әдістерді олар азаматтық істер бойынша келіс сөз жүргізгенде қолдана бастады. Пікірге негізделген өнер - ол өзіне жататын заттар туралы онда пікір қалыптасуы тән болатын орта. Ол риторика, ойлау туралы ғылым және сондай-ақ, медицина, егін шаруашылығы, теңізде жүзу сияқты практикалық өнерде және осыған ұқсайтындар. Риториканы айтпағанда, бұл өнердің әрқайсысы оған қатысты болып жатқан немесе өзіндегі барлық нәрседе ақиқатты ұстау үшін барлық күшін салады. Қандайда бір ақиқи ой пікір ақиқат көзқарас болып табылады. Бұл өнердің әрқайсысы өзі үшін спецификалық сипат алатын (зерттеу) пәніне ие болады, сондықтан онда ақиқатқа немесе көз жеткізушілікке қол жеткізу тек пәнге қатысты ғана болып отырады. Риторика олардан өзінің ой толғауларда /23/ қолданатындығынан емес және ол арқылы көз жеткізетін заттың болатындығымен емес, керісінше, өзінің тек көз жеткізу үшін ғана арналуымен ерекшеленеді. (258 а бет.) Басқа ақылмен сезіп білетін өнерде ой толғау олардың пәні болып табылатын затты іздеуде және оған қатысты көз жеткізуге қол жеткізуде қолданылады. Риториканың шындығында өзіне ғана тән көз жеткізу қажет болатын спецификалық пәні жоқ, бірақ ол заттың барлық түріне қатысты көз жеткізуде өзінің дегеніне жетіп отырады. Риторикаға, сондай-ақ, өзінде олар туралы ой пікір құрастырылуы үшін арналған заттар (ол өзі-өзінен мүмкін болатын заттар) туралы және олардан дәлелді білімді туындату үшін арналған заттар (ол өзінде қажеттілікті сақтайтын заттар) туралы ой пікір құрастырылу (құбылысы) тән. Басқа өнерде заттардан дәлелді білім өрбіту үшін емес, өйткені олардың пәні ықтималды заттар болып табылады, керісінше, олар туралы ой-пікір құрастырылуы үшін арналған заттар туралы ой-пікір құрастырылады. Олардың әрқайсысы ол немесе басқа затқа қатысты, ол өзі жатқызылатын өнер үшін ғана анықталған ережеге байланысты болатын оның пәнін анықтау
мақсатымен, ақиқат көзқарасты анықтау мүддесі көзделетін ой толғау кезінде қолданылады. Егер әлдебіреу оның өнерін игергендердің қатарына енген және білім тұрғысынан келгенде бұл өнерді ол қалай басқарған деңгейде болатын басқа адамның көзін жеткізгісі келетін болса, онда ол көз жеткізуге қол жеткізу үшін олар арқылы ақиқат көзқарасты табуға болатын ережелерді қолдануы керек. Бұл жағдайда ол көз жеткізу және оқып үйрену болып табылады. Егер де басқа адам оның өнерін игергендердің қатарында болмайтын болса, онда оның бойында сол өнерге тән әдісті емес, барлық адамдар үшін ортақ риторика әдісі болатын көз жеткізу иісін қолдану қажеттілігі пайда болады. Әйтсе де ол ғана мұны тек гол әдістің өзі (оның өнері үшін спецификалық болып табылатын), сондай-ақ, барлық өнер үшін ортақ болатын кезде ғана жасай ала ма. І тер де дәл осы әдіс барлық өнер үшін ортақ белгі болмайтын болса және ол сол өзге адамның көзін жеткізуді қалайтын болса, онда ол бұл үшін өз орнын ораторға беруі керек. (258 б бет.) Риторика көз жеткізіп сендіру процесінде барлық өнерге ортақ әдісті қолданады, өйткені риторика заттың барлық түрінде көз жеткізіп сендіруге қол жеткізеді және жекелеген әдістерді қолданбайды. Ол (риторика) сондай-ақ, бұл ережеге қатысты тек мынандай жағдайда жеңілдік жасайды, егер де бұл әдістер басқа өнерге тән болса және сонымен бірге, барлық өнерге ортақ болса. Сөйтіп ол (риторика) дәрігерге тән әдістермен емес, керісінше, дәрігерге және дәрігер еместерге де ортақ болып табылатын әдістер арқылы медициналық сұрақтарда сендіруі мүмкін. Дәл солай риторика әрбір өнерде қолданылады. Сондықтан ол кез-келген затқа катысты барлық адамды сендіруге мүмкіндік беретін күшке ие болады. Сондықтан қандайда бір ақылмен болжайтын немесе практикалық өнердің иегері оның өз өнері арқылы қалыптастырылған әлде-бір көзқарастың дұрыстығына өз иегерлігіндегі өнердің қатарына жатпайтын және онымен айналысуға уақыты жоқ әрі ол өнерге оқытып-үйретуге болмайтын адамдарды сендіруге ұмтылған кезде, ол (өнер иегері) бұл жағдайда оратор болу немесе бұл үшін ораторы болуы керектігі қажеттілігін сезінеді. Ол оны тыңғылықты зерттегенге дейін ерекшелігі адамда пайда болатын және оның бойында қалыптасатын қасиеті болатын көзқарас бұдан бұрынғы жалпы көзқарас болып табылады. Ал көзқарасты тексеру адамның өз шамасына қарай өз көзқарасын бекітетін және қолдайтын заттарды іздеуінде болып табылады. Егер ол оларды табатын болса, онда ол мықты көзқарасы бар адам болады және осымен қанағаттанады. Ал егер де ол оның орнына қарсылықты кездестіретін болса, онда оларды жоюға ұмтылады және егер ол оның қолынан келіп, іске асырылатын болса, онда оның көзқарасы негізделеді, ал егер бұл оның қолынан келмесе, онда ол не одан толық бас тартады, не қарсылықтың оған
оның өзінде өзінің аңғалақтығынан жіберіп қойған қандайда бір жағдайдың болмайтындығын көрсететіндігіне көңіл аударады. Міне, бұл өткен көзқарасты тыңғылықты зерттеу болып табылады. Риториканы диалектикамен және софистикамен жақындастырып, ортақ белгіге ие болдыратын нәрсе, ол солар сияқты оның жалған пікірді табуға мүмкіндік жасайтын тыңғылықты зерттеу әдісіне не болатындығы. Энтимема /24/ - ол біреуі түсіріліп тасталатын өзара байланысты екі алғышарттан туратын айтылым. (259 а бет.) Айтқан сөз, сондай-ақ, энтимема деп аталады, егер оның өзінде кейбір алғышарттар түсірілетін және айтылмайтын болса. Ал алғышарттарды түсіру тыңдаушыға түсірілген алғышарттар белгілі болудың негізінде іске асырылады. Ол үшін тыңдаушының одан түсірілуі керектіні түсіруі үшін жалпы көзқарастың айқындылығына көзі жетуі қажет, ондай болмаған жағдайда түсірілу болмайды. Мысал /25/ - ол заттың оған ұқсайтын басқа затта өмір сүруін көрсетудің негізінде бір заттың екіншісінде өмір сүруінің дұрыстығын растауды табу. Мысал халық арасында силлогизм деп аталады. Олардың әрбіреуінде (этимемада және мысалда) оның алғышарттары өзі-өзінен - саны мен құрылымы бойынша - көпшілік мойындаған бұрынғы көзқараста, олардың шын мәнісінде немесе жай елес болуына қарай силлогистік сипат алуынан тәуелсіз, дәлелділікпен басым болуы қажет. Ал қалған ой пікірге, дұрыс көзқарасқа әкелетін және сол арқылы көз жеткізуге қол жеткізілетін негіздеуге қойылған өнерде алғышарттар саны және олардың шын мәнісіндегі құрылымы болуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда риторика, сонымен бірге, ой-пікірге негізделген қалған өнерден де ерекшеленеді. Сондықтан егер оратор (әлдекімнің) қалған өнердің әлде-біреуіне жататын қандайда бір затқа көзін жеткізуге бел байлайтын болса, онда ол осы затқа көзін жеткізу барысында осы өнерге тән әдісті қолданудан қашуы керек және бұрынғы жалпы көпшілік қабылдаған көзқарасқа негізделетін әдісті қолдануы тиіс. Көзқарас бір адамға қатысты көнеден келе жатқан болуы мүмкін. Мұндай көзқарасты оратор өзінің өнерінде ешқандай затқа қолданбайды. Көзқарас бүкіл халық мойындаған, жалпыға ортақ, тек баршаға ғана тән болуы мүмкін. Оратор осындай көзқарасты қолданады. Тыңдаушылар үш топқа бөлінеді /26/. Олар - 1) көзін жеткіздіру үшін қалап алынған адамдар, 2) қарсыластар, 3) төрешілер. (259 б бет.) Көзін жеткіздіру үшін қалап алынған адамдар (әңгімені) бірінші бастайды және сөйлеушіден оларды қандайда бір затқа көзін жеткізуді талап етеді. Не болмаса ол олардан қандайда бір айтылған сөзді қабылдауды және оларға айтқанды мұқият тыңдауды талап еткен кезде (әңгімені) сөйлеуші бірінші болып бастайды. Мұнда екі мақсат көзделуі мүмкін: не оларда өте қатты қызығушылық пайда болған іске қатысты айтылған сөзді есту үшін ой толғауды
тыңдау мақсаты, не олардың бір-біріне қарама-қарсы екі айтылған сөздердің біршама толығын қабылдау мақсаты. Қарсыластар не сөйлеушіге шын мәнісінде қарсы айтушы болады, отан қол жеткізуде кедергі бола отырып, оның айтқан сөзіне қарсы (сөйлеуші тыңдаушының көзін жеткізуге тырысады), не сөз сөйлеуші айтушының сөздерін тыңғылықты зерттей отырып және одан келешекте естуге тура келетіндерін сараптай отырып, сөйлеушінің айтқан сөздерінің біршама көз жеткізерлік болғанын оның жүректен тілей отырып, тек сырттай ғана қарсы болады. Төреші үшін талап етіліп отырған сапа екі қарсыластың сөздеріндегі біршама дәлелді нәрселерді ажыратуда ол қабілетін жетілдіруі қажет дегенге тоғыстырылады. Екі қарсыластың әрқайсысына қаратылып айтылған (төреші) сөзі олардың бір-біріне қарасты айтылған сөздеріне қайшы келетіні толығымен түсінікті. Төреші төрешілік жасаған кезде бұрынғы төрешілердің орнықтырған ережелерін сақтаудың деңгейі төмен болудың себебінен қарсыластың көзқарасы жағында болып қалуы мүмкін. Бұл егер ол осы арқылы екі қарсыластың біреуін сынап-мінеуді қалайтын өз сөзінде екі қарсылас бір-біріне қарсы сөйлеген кезде оның әрқайсысы қолдануы мүмкін болатын сөзді қолданатын жағдайда болады. Сондықтан төрелік жасау үшін талап етілетін сапа болмайтын адамды төрелік жасауға тағайындаудың қажеті жоқ. Ал егер қарсыластардың біреуінің қандайда бір нәрсеге қатысты айтқан сөзі оның пайдасына шешетін дәлелдерінің жеткіліксіздігінен көз жеткізерліксіздей болып, ал төрешіде зат туралы айтқанының біршама көз жеткізерліктей болуы үшін және сол арқылы өз айтқанын күшейту мүмкіндігін алу үшін оған қатысты дәлелдер бар болатын болса, онда ол (төреші) бұл қарсыласты оның сөзінің мазмұнының негізінде емес, оған белгілі дәлелдердің негізінде сынамақшы болған кезде осындайдан ол қарсыластың айтқан сөзінде (260 а бет.) ненің болуына қарай сынай ма әлде ол затқа қатысты оған белгілі дәлелдерге негізделіп сынай ма деген күмән туғызатын жағдай қалыптасады. Егер төреші бұл затты тек төреші ретінде қарастыратын болса және ол екі қарсыласқа осы мағына тұрғысынан көзқараста болатын болса, онда ол олардың айтқан сөздерінің мазмұнын жоққа шығара отырып, оларды оған белгілі дәлелдердің негізінде сынай алмайды. Егер де төреші бұл затты сол заттың өзіне сәйкес немесе бүкіл халықтың жалпы игілігіне, немесе осы (екі) қарсыластың игілігін бүкіл қаланың жалпы иелігіне қосқандағысына (сәйкес) қарастыратын болса және оның осы іске қатысты білімі жалпы игілікке бағытталатын болса, онда ол оларды сол затқа қатысты оған белгілі дәлелдердің негізінде сынауына болады. Мұны ресми түрде төреші лауазымы бардың әрқайсысы, яғни төреші басшылығына енетін лауазымдағы (адам) білуі керек. Төреші өзінің лауазымы негізінде бұл затта қарастыру құқығына
ие болады. Ал қатардағы адам өзінің қабілетіне, табиғи дарынына және өзінің риторикадағы өнеріне қарай дауласушылардың ішінен арбитор болуы мүмкін. Бізге өзінің қолданылуымен (риторикадағы) көз жеткізуге қол жеткізілетін төмендегі мысалдарды (қысқаша) баяндау қажет. 1. Энтимема мен мысалдарды қолдану. Ғылымда дәлелдеу және диалектикада силлогизм қандай маңызға ие болса, олар риторикада да сондай маңызға ие болады. Энтимемалар әлдебір риторикалық силлогизмдер болып табылады, ал мысалдар қандайда бір риторикалық индукция болып табылады. Өзара байланысты екі алғышарттан туратын айтылған сөз энтимема болады. Бұл шын мәнісінде немесе сезілуіне байланысты оның екі алғышарттан құралатынына көз жеткізерлік сенімді қамтыған қорытындыны беретін айтылым болады. Ол сөйлесушінің өз алғышарттарының біреуін түсіріп тастауына және ол туралы ештеңе айтпауына байланысты көз жеткізерлік дәрежеге көтеріледі. Сондықтан да бұл айтылған сөз энтимема деп аталады, өйткені бір алғышарттың түсірілуінің өзі көз жеткізуге қол жеткізудің себебі болады. Алайда диалектикалық ой толғау және дәлелдеу дискуссияларда және кітаптарда қолданылған кезде (260 б бет.) көпшілік жағдайда (олардың) әрқайсысы, түсірілетін алғышарт тыңдаушы мен оқып отырған адам үшін анық болуына байланысты оларды қысқарту мақсатымен бір алғышартқа азайтылған болады, бірақ бұл энтимема деп аталмайды. 2. Сөйлеушінің рақымшылдығына және оның қарсыласының мықтылығына назар аудару. Сөйлеушінің рақымшылдығы, тіпті егер ол оған мүмкіндігі болудан басқа энтимемамен мысалды қолданбайтын болса да, ал тек заттар туралы жәй және қарапайым мәліметтерді хабарлайтын болғанның өзінде оның көз жеткізуге жақсы дәрежеде қол жеткізуді айтатынына және ықпал жасайтынына сенімділікті туғызады. Отан ол (айтушының) өзінің рақымшылдығымен тыңдаушылар арасында танымал болуына, ал оның қарсыласының олардың арасында өзінің мықтылығымен танымал болуына байланысты қол жеткізеді. Ал егер ол толықтыруда таты да энтимема мен мысалдарды қолданатын болса, онда (оның сөзі) максимальды түрде сенімді және тыңдаушы үшін әбден қабылдарлық дәрежеде болады. Егер де оның рақымшылдығы (тыңдаушыға) белгісіз болатын болса, онда ол олар арқылы өз рақымшылдығы мен өзінің қарсыласының мықтылығы сипатталатын айтылымдарға жүгінеді. сонан соң өздеріне қатысты (тыңдаушыларды) сендіруге тырысатын заттарға ауысады. Оны ғылымда қолданған кезде, әсіресе, көзқарасы бойынша оларға қайшы келетін адамдарға қарсы шыққан кезде кейбір адамдар қателеседі. Өзінің қарсыластарына қарсы сөйлеген кезде Гален /27/ осылай әрекет жасады. Өзінің рақымшыл адамдарына
нұсқай отырып, ол өзін жоғары көтере бастады және өздерінің көзқарастарын қорғау кезіндегі олардың кемшіліктерін көрсете отырып, қарсыластарын кемсіте бастады. Оратор (тыңдаушыларының көзін жеткізгісі келген) нәрсеге (қатысты) істі баяндаған кезде өз рақымшыл адамдарына және өз қарсыластарының кемшіліктеріне нұсқау жасамауы керек. Керісінше, оратор бұл істен алыс және тілге тиек болмайтын заттарға қатысты өз рақымшыл адамдарына және өз қарсыластарының кемшіліктерін нұсқауы керек. Өзінің рақымшыл адамын өз әкесін, өз елін атап өту арқылы көрсеткен және өз қарсыластарының әкелерінің және олардың елінің жарамсыз әдетғұрыптарын айта отырып, олардың кемшіліктерін көрсеткен кезде Гален осылай жасады. Сонымен "Денсаулықты қайта қалпына келтіру амалдары" деп аталатын трактатында, (261 а бет.) дәрігер Цельске қарсы сөйлеген кезде, ол оның әкесінің өнерінің опасыздығына нұсқайды. Ол өзінің басқа - "Гиппократтың пікірі туралы" деп аталатын трактатында да солай жасады. Плотин /28/ Мандабариске қарсы сөйлеген кезде (жауап ретінде оның кітабындағы аргументті келтірген кезде) ол ауылда, үлкен қаладан алыста өсті дегенді айта отырып, оны кемсіте бастады және өзінің ол туралы көптеген ақындар жазған улы Римде дүниеге келгендігін, мейлінше ол әдемі әлем болып табылатындығын атай отырып, өзін көтермелегенде де осылай жасайды. 3. Олардың бойында күйзелістік жағдайды қоздыру арқылы тыңдаушыларды еріксіз қызықтыру олардың жүрегін айтушының сөзінің растығына және оның қарсыласының айтқанының жалғандығына сенуге әкеледі. Сөйлеушінің жағына қарай төрешіні және басқа жан-жағындағы адамдарды тарту немесе оларды қарсыластың жағына қарай тарту осыған жатады. Сондай-ақ қарсыласын өзіне-өзінің сенімділігін әлсірететін рухани қобалжуға әкелу және оның сөйлеушінің айтқанына қарсылық білдіруі де осыған жатады. Сөйтіп, қарсыласын ызалану жағдайына келтіру оны ақылынан адасу жағдайына әкеледі. Сөйлеушінің өз айтқанының мазмұнына көзін жеткізіп, иландыру үшін кейбір рухани күйзелістерді қоздыру арқылы тыңдаушыны алдын ала дайындауы және осыған жатады. Бұл дайындық не оның жанына жатымды қандайда бір (әрекетті) жасау арқылы, не оның бойында ашу немесе жанашырлық, немесе сөйлеушінің қажет деп есептейтіндері оның күшіне салмақ түсіру арқылы жүргізіледі. Көз жеткізуші аргументтердің бұл түрі көзқарасты және адамдардың ойындағыларын бекітуде аса үлкен күшке ие болады, олардың бойында энтузиазм мен патриотизмді шақырады, оратордың беделін әрі оның сөзінің қуаттылығын тыңдаушыларының еріксіз бойұсынуына дейін күшейтеді. Осы (амалдың) ықпалымен адамдарда орнықтырылатын көзқарастың әрекет етуі соншалық болады, тіпті оны
дәлелді біліммен қатар қоюға болады. Бұл амал риторикалық болып табылады, бірақ ол, сондай-ақ, софистикалық пікір таластарда қолданылады және әуелі не қателескен жағдайда, не адасудың салдарынан диалектикалық амал ретінде қолданылуы мүмкін. 4. Оның айтқандарына олардың (тыңдаушылардың) көзқарасын тарту арқылы (2616 бет) тыңдаушылардың ниетін ақиқат деп есептеу. Бұған этикалық тұрғыда айтқандар арқылы қол жеткізіледі. Этикалық тұрғыда айтылғандар - ол тыңдаушыларды, тіпті ол оларда жоқ болғанның өзінде, олар қандайда бір адамгершіліктік қасиеттерге ие ретінде ойлауға мәжбүрлейді. Сөйтіп, егер олар ғылымның адамгершіліктік сапаларын игермей тұрып, қандайда бір ғылымдағы ,ғалымдар болатын болса, онда олар сол адамгершіліктік сапаларға ие болған және сол ғылыммен айналысатын адамдарға ұқсас әрекеттер жасайды. Бұл риторикалық амал болып табылады. Оны софистикада қолдануға болады, бірақ қателескен жағдайда немесе адасудың салдарынан басқа, диалектикада қолданылмайды. Бұл (амалды) Гален өзінің: "Жастардың ішіндегі қайсысы дарынды және ақиқаттың әрі құмарлыққа берілмейтін тума қасиеттің ықпалында болатын болса, ал оның ақылы жалған көзқарастармен бұзылмаған болса, сол шын мәнісінде менің айтқандарымды түсінеді, оны сезінеді және қабылдайды" - деп айтқан сөзінде қолданған болатын. Басқа да осыған ұқсас айтқандармен жағдай сондай болады. Бұл амалды қолдану мысалдары адамдардың айтқан әңгімелерінде және ежелгі әрі кейінгі уақыттардағы ғалымдардың көптеген кітаптарында бар. 5. Сөз етіп отырған зат туралы асыра сілтеу және оны асқақтату немесе кішірейту және оны төмендету, немесе оны өсіріңкіреп көрсету, немесе оған деген антипатияны сіңіру және оны жетілген нәрсе ретінде елестету арқылы оған деген симпатияны ояту. І тер мұнда айтушы өзінің айтқан сөзінде жақсыны әрі ақиқатты ұлғайтып көрсетсе және (өзіне қатысты) жалған мен жаманды (оны құрметтей отырып) азайтса және (сонымен бірге) өзінің қарсыласының жалғаны мен жаманын ұлғайтса, онда ол осысымен өз қарсыластарының айтқандарын шегеріп тастайды. Бұл (амал) софистикада қолданылады. Ал диалектикада ол қателесудің арқасында және адасудың салдарынан қолданылады. Бутан сонымен бірге, қарсыластың айтқанын бұрмалау және оларды сенуге тұрмайтын әрі қол жеткізгендерді, мысалы, оның айтқандарының басым мөлшерін көптеген түсіріп тастау арқылы, оның айтқандарын басқаға өзгерту және ол туралы оның үндемеген әрі өз сөзінде тастаған жерлерін алға тарту арқылы жоюға мүмкіндік жасайтын нәрсе формасында көрсету. Бұл амал
адамдардың санасында көзқарасты бекітуде (262а бет), әсіресе, мұнда патриотизм, энтузиазм, симпатия және махаббат сияқты көңіл-күйлер үйлесіп келген кезде үлкен күшке ие болады. 6. Жазылған салт-дәстүрге (аңызға айналған) /29/ сілтеме жасай отырып, дәлелдеу. Бұл дәлелді жүргізетін адам онымен (өз айтқандарын) мықтылауға тырысады, ал оның қарсыласы мұндай жағдайда, егер қолынан келсе, ол (дәлелдердің) сенімділігін жоюға немесе оларды өз айтқандарының пайдасына қарай түсіндіруге тырысады. Бұл амалға оларды не қателесіп, не дәлелдерді көбейту үшін қолданған өз ғылымы саласында ғалымдардың жазған көптеген кітаптардағы мысалдардың саны аз емес. Сонымен, мысалы, Гален өзінің сезімдік күштің (қайнар көзі) бауыр болатыны туралы айтқанын оның елінде өмір сүретін дәстүр бойынша зиянқор адамдарды олардың бауырларын кесіп алу арқылы жазалады дегенге сілтеме жасай отырып дәлелдеді. Мысалы, кейбір ежелгі данагөйлер жан өлмейді, ал ол тәннен ұшып кеткеннен кейін де тіршілік етеді дегенді адамдардағы бейіт басына барып түру дәстүрінің болуына сілтеме жасай отырып, дәл солай негіздеуге тырысты. 7. Куәгерлерге сілтеме жасау. Бұл адамның өз айтқанын оның (куәгердің) куәландыруына сүйене отырып негіздеу үшін куәгер ретінде басқа адамға сілтеме жасауында немесе адамның өз айтқандарын дәлелдеу үшін куәгер ретінде адамдар тобына сілтеме жасауында және олардың куәгерлігіне сүйенуде, немесе олардың ішіндегі оның айтқандарын күшейтіп көрсететініне және қарсыласының айтқанының сенімділігін жоққа шығаратын куәгерлікке сүйенуде болып табылады. Сонымен, мысалы, Гален өзінің "Жанның адамгершіліктік сапасы" атты кітабында "ақыл - мида" деген сөз тіркесін негіздеу үшін дәлел ретінде халық өзі ақымақ деп санайтын адамдарға қатысты айтылатын "ол - мисыз" деп айтқан сөзін келтіреді. Ол, сол сияқты, "ерлік - жүректе" деген сөз тіркесін дәлелдеу үшін дәлел ретінде халық өзі қорқақ ретінде сипаттайтын адамдарға қатысты айтылатын "оның жүрегі жоқ" /30/ деп айтқанын келтіреді. 8. Айтушының қалауы және оның үрейі. Айтушының қалауы оның шындықты айтқаны үшін болатын игілікке тоғысады, ал оның үрейі егер ол өтірік айтқан жағдайда оның өзі күтетін жамандыққа тоғысады. Сондықтан, егер ол өтірік айтатыны үшін (ол өзі күткен) жамандықтан қорқатынын сезетін болса, онда азап көрген адамдар сияқты, ол өзінің бірінші айтқан сөзінің дұрыстығын дәлелдейтін (жаңа) айтылым жасайды. (Азапты басынан кешірген адам өзін (2626 бет.) өтірік айтқаны үшін жазалайды және тағы да азапқа салады дейтін үрейден арылту үшін шындықты айтады). Айтушы, егер шындық үшін алғыс
болатыны оған белгілі болған жағдайда да солай істейді. Игілік күтіп тұрған адам да, егер ол өзінің айтқанынан бас тартатын болса және өзіне жамандық төніп тұрған адам да, егер ол осы айтылғанды ұстанатын болса, дәл солай істейді. Бұл жағдайда ол айтқан сөзден бас тартады. Сондықтан айтушы өзінің (бірінші) айтқанының дұрыстығына тыңдаушының көзін жеткізетін (жаңа) айтылымды ұстанады. Айтқан сөзі үшін өзін үлкен жамандық күтіп тұрған адам да осылай істейді: ол бұл жағдайда осы жамандықтан қорқатындығынан оның (бірінші) айтқанының дұрыстығын дәлелдейтін (жаңа) айтылымға жүгінеді. Өзінің айтқан сөзі үшін үлкен игілікті күткен кезде де ол дәл осылай істейді. Егер осы кезде ол қандайда бір зат туралы үндемей қалатын болса және бұл (үндемеушілік) (күтілетін) игілікті кемітетін болса, онда ол мұндай үндеместікке жол бермейді. Айтушының айтқан сөзі (оның) бірінші айтқанына қарама-қарсы болуы мүмкін, егер осы (қарама-қарсы) айтылған сөз тыңдаушылар үшін біршама қолайлы болатын болса және ол, сондай-ақ, өзінен гөрі, оның қарсыластары үшін біршама пайдалы болатын болса, бірақ оның тыңдаушылары үшін біршама ыңғайлы болатын болса. 9. Алдын ала болжау (көріпкелділік). Мысалы, бәстесу немесе сату туралы келісім жасаған кезде. Мәселен, Гален (өлген адамды) сою арқылы жүрек нервтерінің бастамасын көрсете алатын адамдармен өзінің он мың динарға бәстескенін айтып өтеді. 10. Айтушының өз айтқандарының (ақиқаттығы) туралы ант беруі. 11. Айтушының бет-әлпетінің көрінісі және жай-күйі, оның дене бөліктерінің әрі оның іс-әрекетінің жай-күйі мен түрі. Бұл, мысалы, айтушы өте жақындап қалған жаман жағдайдың келе жатқаны туралы (тыңдаушыға) хабарлаған кезде болады. Осы сәтте оның түр-әлпеті қорқынышты нәрсені, үрейді көрсетуі тиіс немесе ол қозғалысымен бір нәрсені көрсетеді және басқалармен көрсететінді жасайды. Ол оның ақиқаттылығына сенімділікті әкеледі. Ал егер ол көрсеткенді жасамайтын болса, онда аз дәрежедегі сенімділікке қол жеткізіледі немесе оған мүлдем қол жеткізілмейді. Бұл амал мадақтау немесе бетке басу сөздерімен бірге қолданылуы мүмкін. (263 а бет.) Сонымен, айтушының бет-әлпетінің көрінісі және жай-күйі, оның дене бөліктерінің жай-күйі әрі қозғалысы оның айтқанын (тыңдаушыларына) қолайлы ететіндей және оның қарсыласының айтқан сөзінің сенімділігін жоққа шығаратындай жағдай жасайды. 13. (Осы) пікір айтудың пәні болып табылатын зат туралы көзқарас қалыптастыратын айтылыммен бірге жүретін пікір айту манерасы, дауыс және интонация. Сөйтіп, мысалы, адам өзі туралы айта отырып, өз басына түскен
ауыртпашылықтарды өз даусымен аяныштылықты білдіре отырып атап шығады. Содан соң сол адам басқа адамдармен сөйлесу барысында өз даусын қауіп төндіруші ырғаққа келтіреді, созылыңқы және зілді етіп көрсетеді. Энтимемалар мен мысалдар негізгі риторикалық айтылымдар болып табылады және негізгі сендіруші дәлел қызметін атқарады. Сендірудің қалған амалдарына қарағанда олар біршама жиі қолданылады. Олар шынайы риторикалық (айтылымдар) болып табылады. Ибн Никомах /31/ қалған сенімдіретін дәлелдерді осы айтылымнан туындайтын нәрсе деп атайды. Энтимемалар мен мысалдар өздерінің табиғаты және жағдайына қарай басқа дәлелдерден жоғары тұрады. Сөйтіп, мысалы, егер энтимемалар мен мысалдарды бір-бірінен бөліп алып, басқа сендіруші дәлелдерден тыс қарастыратын болсақ, онда әуелі осылардың өзінен-ақ риторика өнерін құрастыруға болады, ал егер де қалған әрбір сендіруші дәлелдерді бір-бірінен бөліп алатын болсақ, онда олардан (бұл) өнерді құрастыруға болмайды, өйткені олар энтимемаларға және мысалдарға жатқа айту арқылы қосымшаланған (қосалқы) ретінде қолданылады. Қобалжу арқылы болған және оны жеңіліске апаратын қарсыластың азап шегушілік жағдайы энтимемалар мен мысалдардың ықпалына мүмкіндік туғызады. Ол оның абыржуынан, қысылып қалуынан және үрейленуінен көрінеді. Ал егер төрешіге қатысты айтатын болсақ, онда ол мүдделі болуынан, үрейден, көтеріңкі симпатиялық сезімнен және осыған ұқсайтын жағдайдан екі қарсыластың біреуінің жағына қарай ойысады. Ал қобалжудан туындайтын басқа жағдайдағы қажеттілік энтимемалар мен мысалдарды егер айтылымдардан өрбитін сендіруші дәлелдер арқылы сенімділікке қол жеткізілмеген жағдайда қолдану мүмкіндігіне ие болу үшін өмір сүреді. Мысалы, Ибн Никомах әртүрлі халықтардың ораторларының бір бөлігі өз ой толғауларында тек энтимемалар мен мысалдарды ғана қолданатынын ескермей, ез сөздерінде (айтылғандардан) туындайтын нәрселерді қолдануға ұмтылғанын (263 б бет) атап өтеді. Ол олар сол нәрселерді энтимемалар мен мысалдардан өрбіген (деп) ұйғара отырып қолданған деп есептейді, ал олар шын мәнісінде одан туындамайды және қажетті түрде сендіруді көздейтін ой қорытындыдан өрбіп пайда болмайды. Керісінше, бұл нәрсе кездейсоқ жағдайдың негізінде олардан өрбиді (және тек) екінші кезекте тана; энтимемалар мен мысалдарға қатысты айтатын болсақ, онда олар шын мәнісінде қажетті түрде силлогизмнен туындағаны сияқты қорытынды туындайтын силлогистік ой толғауларды білдіреді. Бірақ, олардан (айырмашылығы), энтимемалар мен мысалдардан алдыңғы, бәрі үшін ортақ көзқарастарға қатысты қорытындылар туындайды, өйткені барлық адамдар сол нәрселерден туындайтын міндет сенімділікке қол жеткізілуі тиіс болуында
болып табылады деп есептейді. Ал (кейбір) адамдар теріске шығару энтимемалар мен мысалдарға қатысты жүргізілуі мүмкін деп есептейді. Бірақ энтимемаларды теріске шығару мүлдем мүмкін емес, өйткені егер олар теріске шығарылатын болса, онда бұл энтимемаларды теріске шығару болған болар еді және оларды шын мәнісінде теріске шығарушылықты білдірген болар еді, ол шындығында мүмкін емес. (Осыған байланысты) бізде энтимемалар мен мысалдарды қарастыру және олар туралы мүмкін нәрселердің бәрін, олардың бар екендігін, жалпы олар неден пайда болатындығын, қалай пайда болатынын, қанша түрге бөлінетінін, әрбір түр неден пайда болып әрі олар (екеуі) қалай қолданылатынын хабарлау қажеттілігі (туындайды). Энтимемалар мысалдарға қарағанда біршама жоғары дәрежеде болады, өйткені олар арқылы мысалға қол жеткізіледі және олар силлогизмге жақын болады әрі олардан қорытынды өрбуі үшін өздерінде қажеттілік қатынасты қамтып жатады. Бұл да сол сияқты "Силлогизм туралы" атты кітапта түсіндірілген. Адамдар (энтимемаларға) қарағанда мысалдардың әлсіз болатынын бұрыннан-ақ анықтаған. Мысалдар ежелгі дәуірлерде теріске шығару үшін қолданылған және ол біздің кезде де қолданылады. Сөйтіп, мысалы, бүгін силлогизм арқылы теріске шығаратындар ретінде белгілі адамдар, шындығында өз тілі мен сөзі бойынша мысалдар арқылы теріске шығаратындар, (264 а бет) мысалды силлогизм деп атайтындар және осы ұғымнан оларды түсінетін адамдар, өйткені сол сөзбен айтылғандардың мағынасында ұқсастық болады. Халық арасында бұл аталым, ең алдымен, екі өлшемді олардың бірдей болатынын немесе олардың біреуінің екіншісінен басымдылығын анықтау үшін салғастыруды және (екеуінің) қайсысының басқасынан басым болатындығын көрсетеді, ал содан кейін заттарды олардың қайсысы біршама жетілген, жақсы, күшті әрі үлкен немесе біреуінің екіншісіне қарағанда басым болатынын анықтау үшін салғастыруды (көрсетеді). Сондықтан әр, олардың (адамдар) арасында мысал қолданылған кезде, яғни екі өлшемді салғастыруға ұқсас болған кезде силлогизм деп атау біршама дұрыс болды, бірақ бұл атау логиканы ой түйінге негіз болатын пайымдауға ауыстырады, одан олардың кесімді немесе шартты немесе қарама-қарсы қатынаста болуы не болмауынан тәуелсіз қажетті түрде қорытынды туындап отырды. Олар ол сөзді мысалға таратып қолданбай жатып, бұны силлогизм деп атады. Оларда индукция, энтимема және мысал белгілі болған еді. Мысалға қарағанда силлогизм оларда бірінші болып атауға ие болды, оның өзі халық және көптеген ораторлар арасында орныққан көзқарасқа қайшы келді. Дәл сол сияқты олар софистикалық ой толғауларды "силлогизм" деп атады, бірақ бұл атауды оларға толық таратпады, өйткені оларды софистикалық силлогизм, ал энтимеманы - риторикалық силлогизм
деп атады. Ал тікелей "силлогизм" сөзіне қатысты алатын болсақ, олар арқылы өздерінен қажетті түрде қорытынды туындайтын айтылымдарды белгіледі. Энтимемалар шын мәнісінде силлогизм болатындарды және сыртқы көрінісі жағынан да сол болатынды қамтиды. Шынайы көрініске ие болатындардың қатарына жататын энтимемалар зерттелмейтін көзқарас болып табылады. Алайда риторикада жалпыға ортақ көзқарасты қолдануды талап ететін ереженің болуына байланысты, (264 б бет) біз энтимемалардың шын мәнісінде силлогизм болатынына немесе болмайтынына көңіл аудармаймыз. Бір-бірімен жалғастырылған айтылымдардың барлығы үшін не өзінің дәлелдемесі бойынша, не ықпалы бойынша сенімді болғаны жеткілікті. Энтимемалардың бастау бөлігі - ол силлогизмнің бастау бөлігі, өйткені олардан қатаң кесімді және шартты пікірлер құралады. Оларда (энтимемаларда) сондай-ақ, материяға қатысты формаларға, олардың әрқайсысының саны, олардың құрылымы және сапасы "Силлогизм туралы" атты кітапта келтірілгеніндей олардың силлогизмнен туындайтынына көз жеткізу қажет. Әрбір силлогизм коп те емес, аз да емес, екі алғышарттан турады. Оларды (екеуін) біріктіру олардың бір бөлікке тоғысуын білдіреді. Ал олардың құрылымы олардың біреуінің кіші, ал екіншісінің үлкен болуында болып табылады. Алғышарттың біреуі силлогизмге қорытындының туындау қажеттілігін береді, ал басқасы қорытындыны сол алғышартпен дәлелдігіне қол жеткізіледі, өйткені алғышартта қарсылықты болдыратын орын қалады. Ал басқа фигуралардың силлогизмдерінде өзінде қорытындының (туындау қажеттілігін) қамтитын алғышарттың орны әрбір мысалда жасырынып жатады, өйткені оларда қорытындының туындау қажеттілігі (266 а бет) үлкен алғышартта әр кезде міндетті түрде болмайды. Керісінше, кішкентай алғышарт қорытындының (туындау) қажеттілігін қамтуы мүмкін және менсінбеушілікпен айтылған сөзде силлогизм құрылымында қарсылықты шақыру үшін орынның қалуынан басқа жаман ешнәрсе жоқ. Егер де қорытындының туындау қажеттілігін қамтитын алғышарт айтылмайтын болса және тек басқасы менсінбеушілікпен айтылатын болса, онда бұл жағдайда ол орындардың біршама жасырын болғаны әрі қарсылық үшін мүмкіндік пайда болады. Ал барлық алғышартты айтқан және қорытындының болу қажеттілігі үлкен алғышартта болатын кезде, ал әрбір алғышарт силлогизм ережесіне жауап беретін кезде, онда бұл жағдайда (силлогизм) сенімділік сатысынан дәлелді білім сатысына көтеріледі және өзінің құрылымында қарсылықты шақыратын орынды қамтымайды, бірақ мұнымен қатар мұнда, екінші жағынан, оның сенімділігі жоғалады. Бұл - осындай жағдайдағы айтушының жеңіске риторика арқылы емес, керісінше, жасалынған ой пікір тиянақты зерттелген логикалық өнердің арқасында қол жеткізілді немесе ол үшін, оның
тыңдаушылары және оның қарсыластары үшін жалпы болып табылатын әдісті қолданудағы кәмілділікке қол жеткізудің арқасында емес, басқа өнердің арқасында деп есептегендігінің салдары. Адам қарсыласын жеңуге ол үшін және оның қарсыластары үшін жалпы болып табылатын өнердегі емес, өзінің қандайда бір басқа өнердегі жетілгендігінің арқасында қол жеткізілді деп ойлаған кезде, оның айтқан ой пікірі көз жеткізерліксіз болады, өйткені ол көз жеткізушілікке затты білу арқылы емес және (риторикалық) ой пікір айтуды қолдану арқылы емес, басқа өнерді қолдану арқылы деп ойлайды. Бұл екі күрескердің біреуі күресу барысында күресу ережесіне жатпайтын, қару қолдануға немесе басқа затты қолдануға барады дегенге ұқсайды. Ол оның күрес өнеріндегі білімінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан оны күресшілер қоғамынан шығарады. Жалпы әдістің негізінде пікір таластырушылармен де жағдай дәл осындай болады. Сонымен бірге, силлогистік болып табылмайтын алғышарттардың үйлесімділігі силлогизмдер ретінде көрініс табады. Айтушы олардың ішінен түрі бойынша (266 б бет) ол силлогизм деп есептейтінін бөліп алады және пікір таластыруда қолданады. Алғышарттардың бұл үйлесімділігі төмендегілерге бөлінеді. 1. Барлық алғышарттар екінші фигура бойынша мақұлданатындарға. Бұл үйлесімдік, яғни көрініс таба алатын барлық алғышарттар, ал мүмкін түсірілетін немесе ұқыпсыздықпен айтылатын үлкен алғышарт алғашқыда силлогизм болып көрінеді. Егер мұнда алғышарттардың біреуі түсірілетін болса, ал басқасы ұқыпсыз айтылатын болса, онда шын мәнісінде мұнда коп орын алатын қарсылықты болдыратын орынның құпиялылығын ашуға қол жеткізіледі. 2. Үшінші фигура бойынша (қалыптасатын) жалпы силлогистік үйлесімділік. Олардың қорытындысы жалпы болуы керек. Бірақ, олар силлогистік болып табылғанымен де жалпы қорытындыны емес, жеке қорытындыны береді. Сондықтан мұндай үйлесімділік, бұл өнерде (риторикада) олардан жалпы қорытындылар туындайтынына қарамастан, силлогистік болып табылмайды және олардың алғышарттары кейбір дәрежеде олардағы күмәнді болдыратын орынды бүркемелеу үшін ұқыпсыздықпен айтылуы керек. 3. Алғышарттарының біреуі мақұлданатын, ал басқасы теріс болатын, сонымен бірге, олардың біреуі жалпы болып табылатын силлогистік емес үйлесімділік. Мысалы: А кез-келген В-да болады. В S-те С болмайды. Осыдан қажетті түрде: А әрбір С-да болмайды, бірақ ол С -да да болмауы мүмкін дейтін қорытынды туындамайды. Алайда, егер екі алғышартқа да көңіл аударатын болсақ, онда: С кейбір А-да болмайды деген қорытынды шығарылады. Осының салдарынан адасушылық пайда болуы мүмкін және көз алдымызға: А С-да болмайды деген қорытынды келуі мүмкін. Бұл жабық түрде (қол жеткізілетін) көз жеткізу
болып табылады. Бұл үйлесімділіктер осындай мақсаттарда жиі қолданылады. Шартты энтимемдерді қарастырамыз: олардың құрылымы қандай және олар қанша қатынаста көз жеткізерлік дәрежеде болады. Шартты энтимемдер формасы бойынша шартты-жалғаулық және шартты-айырушы болып бөлінеді. Шартты-жалғаулық энтимемдер өздерінде болатын жағдайдың айтылуына және альтернативаның түсірілуіне, одан кейін қорытындының шығарылуына байланысты көз жеткізерлік бола бастайды. Шартты-жалғаулық энтимемдер қорытындысы риторикада, мүмкін, алдыңғысына қарама-қарсы болады және айтушының, осы орайда, альтернатива туралы айтпай тұра әрі осынысымен барлық осындай қорытындылардағы қателескен жерлерді жасыра тұра, өзі үшін пайдалы деп ескеруі бойынша, мүмкін, келесіге (267 а бет) қарама-қарсы болады. Тыңдаушы адамдарға қарағанда айтушы айқын жалпы көзқарастан қай жерде не ол, не бұл альтернативаны алып тастау керектігін және осыған орай қандай қорытынды туындайтынын сезінуін жоймайды. Мұның бәрі тыңдаушылардан жасырын жүріп отырады. Қорытынды алдыңғысына қарама-қарсы болатын кезде, альтернативалар келесіге қарама-қарсы болады. Мұндай конструкция шын мәнісіндегі емес, сыртқы көрініспен алынған, болжал қорытындыны береді. Егер айтушы альтернативаларды айтатын болса және тыңдаушы оларды байқайтын болса, онда айтылған ой-пікірдің көз жеткізерлік дәрежесі жойылады. Сондықтан (альтернативалар) туралы үндемеу қажет және оларды түсіріп тастау керек. Ал қорытындының өзі келесі болған кезде, онда ол алдыңғының айтылғанға сәйкес түсірілуінің салдарынан шығарылған болып есептеледі. Бұл конструкция да шын мәнісінде қорытынды бермейді. Мұндай тұрғыда құрастырылған энтимема сирек қолданылады. Бірақ егер ол қолданылатын болса және айтушы оның көз жеткізерлік болуын қалайтын болса, онда (тыңдаушы) оның құрылымындағы қарсылық шақыратын жерді байқамауы және осының салдарынан оның көз жеткізерлік қуаты жоғалмас үшін ол тағы да альтернативаларды түсіруі керек. Егер де қорытынды келесіге қарамақарсы болатын болса, онда альтернативалар алдыңғысына қарама-қарсы болатыны анық. Бұл конструкция дұрыс конструкция болып табылады. Бірақ та мұндай энтимема тек альтернативаларды түсіріп тастағаннан кейін ғана таңқаларлық дәрежеге ие болады. Ал егер мұнда барлық альтернативалар айтылған болса, онда оның өзінде қарсылық шақыратын немесе зерттеуді талап ететін орынның қалуы үшін жасалатын жағдай айтылмауы керек. Қорытынды алдыңғы болып табылатын кезде, альтернативалар бұл жағдайда келесі болады. Мұндай конструкция тағы да дұрыс конструкция болады. Бірақ мұнда альтернативалар түсініксіз беріледі және түсіндіруді талап етеді.
Мұнда, егер альтернативалар айтылатын болса, онда (тыңдаушылардың оларды) байқамай қалуына сенімділік жоқ, сондықтан оларды айтпаған жөн, өйткені керісінше болған жағдайда энтимемдердің көз жеткізерлік құны жоғалады. Сондықтан ол альтернативаларды тағы да түсіру қажет болады. Түсініксіз берілетін альтернативаларға қатысты айтатын болсақ, (2676 бет) онда қорытындыны негіздеу үшін оларда түсіндіруге деген қажеттілік болады, басқаша болғанда қорытынды дұрыс болмайды. Бұл жөнінде Ибн Никомахтың "Силлогизм туралы"деген кітабында: "Жалпы алғанда айтылған сөз ұзақ болмауы үшін тек қысқарту мақсатымен ғана түсірілетін нәрсе емес, ал тек егер ол көрсетілген және айтылған болса, өзіне қатысты және конструкцияның (соның негізінде дұрыс конструкциялар жасалынатын) логика өнеріне сәйкес дұрыс болып табылуына қатысты түсіндіруді қажет ететіндер ғана түсіріледі" - деп айтылған болатын. Осыған байланысты кесімді фигураларда үлкен алғышарт, ал шартты-жалғаулық энтимемада кішкене алғышарт әдетте бір ғана себеп бойынша түсіріледі. Шартты-жалғаулық (энтимема) басқа өнердегіге қарағанда, риторикада жиі қолданылады. ()л олар арқылы қарсыластың айтқандарын теріске шығару кезіндегі aтап көрсетілетін қарсылықтардан көрініп тұр. Ал шартты-айырушы энтимема бөлуде қолданылады. Әдетте, онда көп ештеңе түсірілмейді - не айырушы жағдай, не альтернативалар. Егер де онда айырушы жағдай мен альтернативалардан гөрі қарсылықты шақыратын жер коп болатын жағдай пайда болатын болса, онда ол айтушының бөлу кезіндегі барлық олардың жағдайын атап көрсетпегендігінің салдары, оның салдарынан қарсыласқа олар туралы әңгіме қозғау үшін орын қалады және оның сонымен қатар барлық альтернативаларды атап көрсетпегендігінің әрі соның салдарынан қарсылас, сонымен бірге, альтернативалар туралы айтуға мүмкіндік алатын, олардың тек кейбіреуін ғана келтіруінің салдары болуы мүмкін. Ал айтушы тек жағдайды атап өтумен шектелетін кезде, оның айтқандары көз жеткізерліктей болмайды, ал, керісінше, түсіндіруді қажет ететін айтылым ретінде немесе ол туралы көзқарас мақұлданбаған күмәнді айтылым ретінде қабылданады. Ал оларға бұл энтимемадағы барлық жағдай және шындығында алып тастауға болатынның барлығына қатысты барлық альтернативалар атап көрсетілетін кезде, оның конструкциясы тұрғысынан ондағы қарсылықты шақыратын орын көрінбейтін болады. Сондықтан мұндай жағдайда қарсылық оның материясы тұрғысынан ізделеді. Бұл энтимемаларда (айтушы) сондай-ақ, егер олар жеткілікті дәрежеде айқын немесе сезім мүшелерімен немесе ақылмен альтернативалар және
қорытынды ретінде қабылданатын заттарды қамтитын болса, онда тек шартты алғышарттарды келтірумен (268 а бет) және альтернативалар мен қорытындыны қамтитындарды түсірумен ғана шектеле алады. Ондай айтылым төмендегідей айтылымға тең келеді: "Қателесуші - не мен, не ол. Бірақ қателесуші мен емес. Сондықтан, ол қателеседі". Мұндай типтегі энтимемдер қарсыласу жағдайында қолданылады. Зат түсініксіз болуы мүмкін, яғни альтернативалар мұнда айқын бола алмайды. Бұл жағдайда ол энтимемалар қолданылмайды, өйткені олар тек альтернативалар жеткілікті дәрежеде айқын болатын кезде ғана қолданылады. Бірақ егер адам мұндай жағдайда оларды қолдануға мәжбүр болатын болса, онда оған альтернативаларды немесе қорытындыларды ол альтернативалар не болып табылатынын анықтағанға дейін айту қажет болады. Теріске шығаруға қатысты шартты-айырушы энтимемалардың мысалы ретінде төмендегі айтылғанды келтіруге болады: "Зейд Иракта емес, өйткені ол Сирияда". Ондағы (энтимемадағы) жағдай дәл сол шарттыжалғаулық энтимемадағы орын алатын жағдай сияқты, онымен қоса - олар онда тек шартты алғышартта ғана тоғысып жинақталады. (Шартты-айырушы) энтимемде альтернативалар түсіріледі, өйткені олар оның күшімен қорытынды туындайтын айқын таралған көзқараста өмір сүретін қажеттілікті жоюы мүмкін. Сондықтан ол тыңдаушы оларды байқамауы үшін олар туралы үндемейді. Себебі егер тыңдаушы екі (алғышарттың) біреуіне қарама-қарсы альтернативаны алатын болса, онда олардан айқын түрде белгілі болатын көзқараста өмір сүретін қажетті түрде қорытынды туындамайды. Осының салдарынан тыңдаушы альтернативаларды түсіруі қажет. Бұл оның олардан (энтимемдерден) алдыңғы немесе кейінгісі туралы қорытындыны шығаруға ұмтылатын кездегі, яғни оған басқа (бөліктеріне) қарама-қарсы альтернативаларды түсіру арқылы қол жеткізуге болатын кездегі жағдайына қатысты болады. Егер ол осы қорытындыны алуға ұмтылатын болса, онда ол тек шартты (алғышарттарды) айтумен ғана шектелмеуі керек, ал, керісінше, онымен бірге (басқаны) қорытындыда айтуы керек және альтернативаларды түсіруі қажет. Басқаша болған жағдайда (оның айтқаны) сенімділігінен айрылатын болады (268 б бет) және тыңдаушыға айтылған альтернативалардан айтушы жасаған қорытындыда теріске шығарғандарды таңдап алуға мүмкіндік береді немесе оны (тыңдаушыны) айтушы қандай зат туралы қорытынды шығарып тұрғаны белгілі болған кездегі жағдайға қоюға, егер айтушыға (ол олай болмаған кезде) ол өзі қорытынды туындатқысы келген зат туралы емес, басқа зат туралы қорытынды туындаған альтернативаларды түсіргендей болып
көрінетін болса, не нәрсе орын алатынын білуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда (айтушының) айтқан сөзі ең алдымен шатасқан нәрсе болады және сенімділігін жоғалтады. Егер де ол, айтушы, екі (алғышарттың) біреуіне қарама-қарсы қорытынды шығаруды қалайтын болса, онда ол олардың біреуін түсіруі арқылы қорытынды жасайды, ал егер ол оны да айтатын болса, онда ол кезде мұндай энтимемалардың құрылымында қарсылықты тудыратын орын қалмайды. Сондықтан альтернативаларды түсірген дұрыс және қорытындыны айтқан дұрыс. Мұндай, одан қорытынды қажетті түрде туындайтын және ол риторикаға сәйкес келмейтін жағдайда (егер алғышарт түсірілмейтін болса) айтылған сөз қысқа да нұсқа болады және шын мәнісіндегі силлогизмге пара-пар болады, өйткені көз жеткізетіннің және риторикаға жататынның бәрі өзінде қарсылықты әрі күмәнді туғызатын, зерттеуді талап ететін орынды қамтуы қажет. Шартты-жалғаулық энтимемада сөз тіркесі теріс мағынаға өзгерген кезде онымен де сондай болады. Мысалы: "Күндіз жоқ немесе күн шығып келеді", "Туфелилер жоқ немесе тері бap", " Егер ол жануар болмаса, біздің көріп тұрғанымыз, адам емес", "Амр сөйлемейінше, Зейд бармайды". Бұл сөз тіркестері және осыған ұқсайтындар шартты-жалғаулық энтимемаларға жатады. Олардағы жиі қателер онда осындай сөз тіркестерінен не түсірілуі керектігінен және і ю нәрсе шын мәнісінде қорытынды болуы керек әрі одан туындайтын айқын түрде белгілі көзқарасқа негізделген қорытынды не нәрсе болуы керек дегеннен пайда болады. Зат және оның қарама-қарсы жағының келесіге немесе алдыңғысына жатуына байланысты айтушыға мұндай айтылғандардың шеңберінде олар болжаған бекітілмеген заттар туралы қорытынды шығару қажет болады. Оған ондағы альтернативаларды айтудан абайлау керек, әсіресе, егер олардың айтқандары энтимемалардың конструкциясындағы кемшіліктердің бетін ашатын болса және өзінен кейін (қорытындының) туындау қажеттілігінің жоғалуына әкелетін болса. Бұл шартты энтимемалар (269 а бет) баяндау немесе бұйрық формасында қолданылуы мүмкін, мысалы, біз: "Зейд, Амр сөйлемейінше, барма" -деп айтқанымыз сияқты. Ал шартты-айырушы энтимемаларда көп жағдайда біршама айқын альтернативалар қолданылады, ал жабықтары қалдырылады және оларда қорытындыдағы немесе айтушы айтудан абай болатын энтимемалар құрылымындағы қарсылықты шақыратын орынды тыңдаушыға нұсқайтын бөлігі анықталады. Енді қарама-қарсылық энтимемаларына көшеміз. Ол - көп бөлігі ой толғау мен қарсылықты теріске шығару үшін қолданылатын энтимемалар. Мысалы: "Егер кез-келген адам сезінуші емес болатын болса, онда кез-келген жануар сезінуші емес. Ол - абсурд". Қарама-қарсылық энтимемасында қажетті түрде күмәнді шақыратын (алғышартқа) қосылу керек болатын шынайы алғышартты
түсіре отырып, күмәнданатын орын және туындайтын абсурд туралы айтылады. Айтушы кейде, қорытынды айқын болмаған жағдайда, шынайы алғышартты да айтуға мәжбүр болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол бұл айтылымды энтимемалардың соңында жасауы керек. Мысалы: "Егер кезкелген адам сезінуші емес болатын болса, онда кез-келген жануар сезінуші емес, өйткені адам -жануар. Бірақ ол абсурд". Енді энтимемалар материяға қатысты қалай сенімділікке қол жеткізетінін қарастыруға көшеміз. Ол өздерінен қорытынды дұрыс туындайтын пікір олардың алғышарты болатынында болып табылады. Осындай пікір болып табылатын алғышарт басқаларға қарағанда энтимемаларға тән болады. Сондықтан оларға коп көңіл бөлу керек. Ал қалған алғышарттар оларды сезінуге болатын не болмайтынына немесе дәлелді не дәлелсіз, немесе сенімді не сенімсіз болуына қарамастан, олар қайда қолдануға болатын болса, сол жерде қолданылады. Материяға қатысты (269 бет) энтимемалардың алатын сенімділігі олардан болатын алғышарттардың қажетті түрде алдын ала туындайтынында болып табылады. Егер бұл жағдай орындалған болса, онда қорытынды дұрыс туындайтын алғышарт энтимеманың алғышарттары болады. Бұл алғышарттар барлық (адамдардың) бұрынғы жалпы көзқарастарындағы қоғамдық алғышарт болуы керек. "Бұдан бұрын өткенгі көзқарастың" мәнін біз алдында түсіндірген болатынбыз. Ол алғышарттар шын мәнісінде қоғамдық сипат алатындарды және шындығында олай болмай тұра солай болып көрінетіндерді қамтиды. Қоғамдық пікір ақиқат болып табылатынды және ақиқат болмайтынды қамтиды. Егер олар ақиқат болғандықтан қолданылған болса, онда қоғамдық еместер кездескен болар еді, бірақ ақиқат алғышарттар оларды сөзсіз қолданған болар еді. Бірақ ол бұлай жасалмайды, керісінше, (ақиқат) алғышарттар алынып тасталады, егер олар қоғамдық болып табылмайтын болса; риторикада шын мәнісінде қоғамдық болып табылатын қоғамдық пікір қолданылған кезде де сондай болады. Бұл жағдайда диалектика өнерінде қолданылғанына Қарағанда олар шын мәнісінде қоғамдық болғандықтан онда қолданылмайды. Алайда олар қоғамдық пікірлер шын мәнісінде ене алатын, барлық адамдарға белгілі айқын көзқарасқа жататындықтан риторикада қолданылады. Пікір тек қоғамдық болып көрінетіндерге ғана қолданылатын кезде де дәл сондай жағдай болады. Бұл пікірлер мұнда олар софистикада қолданылғандықтан қолданылмайды, ал олар тек қоғамдық пікір болып көрінетіндер ғана ене алатын, барлық адамдарға белгілі айқын көзқарасқа жататындықтан қолданылады. Қоғамдық пікірлерге ақиқат және дәлелді пікірлер, толық ақиқат және жартылай ақиқат пікірлер, шындыққа ұқсайтын пікірлер, (270 а бет) түсіндірме пікірлер, қажетті пікірлер, міндетті пікірлер және мүмкіндік
пікірлер жатуы мүмкін. Оларға сонымен бірге, математика және физика ғылымдары саласына және әрі теориялық, әрі практикалық өнер саласына да жататын (пікірлер) жату мүмкін. Алайда бұл өнер өздеріне жататын пікірді, олар мүлдем өздеріне қатысты болатындықтан қолданбайды, ал оларды айқын жалпы көзқараста жалпыға мәлім болып табылатындықтан (қолданады). Алайда бұл пікірлер мұндай жағдайда (олар өздері не ол, не бұл өнерде ие болатын өздерінің спецификалық белгілерімен емес), барлық адамдардың айқын жалпы көзқарасында жалпыға мәлім басқа белгілермен сипатталатынын атап өту керек. Жалпыға мәлім айтылымдар жалпы орынға және түрге бөлінеді. Жалпы орындар - ол не ол, не бұл силлогизмде үлкен алғышарт мазмұны немесе құрамдас бөлігі болып табылатын алғышарттар. Олар өздігінен қолданылмайды. Түрлер - ол өздігінен қолданылатын (айтылымдар). Олар да сондай не ол, не бұл силлогизмде үлкен алғышарт болып табылады. Жалпы орынның нақты бір текке немесе ғылымға тән болатындай және нақты басқа текке немесе ғылымға тән болмайтындай ештеңесі болмайды; керісінше, әрбір ол (орындар) көп ғылымдар мен тектер үшін жалпы болады және әрбір класы басқа текке емес, осыған немесе басқаға емес осы ғылымға жатуы мүмкін жеке пікірлердің көптеген разрядтарын қамтиды. Түрлер - ол олардың әрқайсысы қандайда бір силлогизмге немесе қандайда бір энтимемаларға қатысты болатын (айтылымдар). Разрядтардың әрқайсысы басқа текке емес, осыған, басқаға емес, осы ғылымға жатады. Жалпы орынның жеке алғышарты екі түрге бөлінеді: 1) жалпы орын предикатының бөлігі болатын предикат және жалпы орын субъектінің бөлігі болатын субъект және 2) жалпы орын предикатының бөлігі болатын предикат және жалпы орын субъекті болатын субъект. Жалпы (270 б бет) орын субъектінің бөлігі субъект болатын және жалпы орын предикатының предикаты болатын алғышартқа қатысты айтатын болсақ, онда ол не жалпы орын мазмұнына, не оның бөлігін құрайтындардың санына кірмейді, ал керісінше, үлкен алғышарты жалпы орынның өзі болатын және кіші алғышарты жалпы орын субъектісінің бөлігі болатын алғышарт субъектісінен әрі жалпы орын субъектісінен тұратын силлогизмнен туындайтын қорытындыны білдіреді. Мұндай жағдайда жалпы орын субъекті орташа термин болып табылады. Түрлер - ол мадақтауды құрайтын, жағдайды, барлық адамдарға белгілі айқын көзқарастарда (бекітілген) заңдар мен нышандарды күшейтетін айтылым; басқа зат үшін өмір сүретін немесе ешқандай жағдайсыз ол үшін мүлдем өмір сүрмейтін зат (енетін) жалпы идеялар олардың объектісі болып табылады. Олар немқұрайдылықпен айтылады. Өмір сүретін немесе өмір сүрмейтін зат
енетін идеялар көп жағдайда келешекке жатады. Оларға қатысты, олар үлкен алғышарт ретінде алынатын кезде олардан шындыққа ұқсайтын қорытынды туындайтыны анықталған. Ал мақтау сөзге қатысты айтатын болсақ, онда одан басқа затта өмір сүретін немесе қандайда бір жағдайсыз басқа затта мүлдем өмір сүрмейтін зат алынады. Ол жалпы алғышарт сияқты немқұрайды алынады. Мақтау сөз мақсаты қомақты әрі шынайы болатын және мақсаты қалаулы болатын жақ адамына айтылады. Қомақты әрі шынайы болатын және мақсаты қалаулы болатын жақ адамына айтылатын мақтау сөз сезіммен бекітіледі және оның өзінің ақиқаттығына сенімді туғызады. Жалпыға белгілі пікір өзінде тек белгілілікті қамтитын жағдайда ол шындыққа ұқсайтын болады. Осындай пікірден құрастырылған силлогизм шындыққа ұқсайтын қорытынды береді. Егер олардан алдын ала болжанбайтын ақиқат қорытынды туындайтын жағдай болатын кезде, олардың ақиқаттылығына кездейсоқтықтың негізінде қол жеткізіледі. Сондықтан Ибн Никомах та дәлелдемеде ақиқат кездейсоқтықсыз-ақ ақиқат болуы керек дейтін шарт қойды. Ал таңбалар мен белгілерге қатысты айтатын болсақ, онда олардың әрқайсысы өздерінің санымен басқа заттың туындауына қарай меңзейді. Өзінің пайда болуы кезінде (271 а бет) предикат пен субъектіні бірге алғаннан көрі, предикат субъектіде біршама жалпы немесе біршама жекеше болатын жағдай пайда болатын зат белгі деп аталады. Ал субъектке қарағанда, бұл зат біршама жалпы және предикатқа қарағанда біршама жекеше болатын немесе оған тең келетін жағдай пайда болатын кезде ол таңба деп аталады. Таңба тек бірінші фигурада ғана пайда болады. Белгі екі типке бөлінеді: 1) предикат және субъектті бірге алғандағыға қарағанда, жалпы термин біршама жалпы болады, 2) предикат және субъектті бірге алғандағыға қарағанда, жалпы термин біршама жекеше болады. Жалпы термин біршама жалпы болатын бірінші тип екі қатынаста да екінші фигура бойынша қалыптасады және бірінші фигурамен қатынас жасай алмайды, өйткені, егер де ол көмек сұрау арқылы қатынас жасайтын болса, онда (оның жалпы терминнен) көмек сұрау кезінде, ол сөзсіз предикат пен субъектіге тең болар еді және олардың екі қатынасындағыға қарағанда біршама жалпы болмаған болар еді. Ол көмек сұрауға мәжбүр болатын еді, егер ол төменгі екі жағдайдың бірінде болатын болса: 1) екі алғышарттың біреуі немесе екі алғышарттың екеуі де мақұлданған және жалпы болатын болса, ал субъект оларда предикатқа теңелетін болса, 2) (бір немесе екі) алғышарт теріс жалпы болатын болса. * Екі қатынасқа Қарағанда, біз орташа терминді біршама жалпы жасаған кезде және алғышарттардың ешқайсысы не жалпы теріске шығарылған, не жалпы
мақұлданған болмаған кезде, онда олардағы предикат субъектіге тең болады. Ал екі қатынасқа Қарағанда олардың жалпы термині біршама аз дәрежеде жекеше болатын екінші типтегі белгі сөзсіз үшінші фигура бойынша түзіледі. Біршама жалпы және біршама жекеше олардың өмір сүруі кезінде түрі жағынан предикат субъектіде өмір сүретініне көз жеткізеді, ал шындығында ол олай емес. Біршама жалпының конструкциясы шын мәнісінде не қорытындыға қатысты, не қандайда бір басқаға қатысты мүлдем силлогистік болып табылмайды. Ал біршама жекешенің конструкциясы силлогистік болғанымен де, бірақ, ол өзі болып табылатын затқа және белгіге қатысты силлогизм болмайды. Бұл тек сол жағдайда ғана болады, егер ол (271 б бет) өзінен басқа зат шығарылатын силлогизм болатын болса, өйткені ол заттың кез-келген өз қалпында өмір сүру белгісі қызметін атқарады.Үшінші фигураға жататын энтимемаларда жалпы қорытынды бере алатындай мүлдем ештеңе жоқ. Субъектіге қарағанда біршама жалпы және предикатқа қарағанда біршама жекеше болатын немесе оған теңелетін затқа қатысты айтатын болсақ, онда ол дұрыс таңба деп аталады, өйткені оның конструкциясы силлогистік түзілім және өзі қызмет ететін затқа қатысты силлогизм, таңба болып табылады. Дұрыс конструкциясы бар таңба екі типке бөлінеді: 1) бар болған жағдайда басқа зат өмір сүретін зат және алынып тасталатын кезде сол басқа зат та алынып тасталатын зат немесе бар болған жағдайда басқа зат субъектідегі предикат ретінде өмір сүретін зат, ал алынып тасталатын кезде ол басқа зат сол субъектіден алынып тасталатын зат; бұл таңбаға тең болып табылады; 2) бар болған жағдайда, егер бірінші затты алып тастағанда алынып тасталынбайтын басқа зат өмір сүретін зат немесе бар болған жағдайда предикат субъектіде бар болатын, ол затты алып тастаған кезде алынып тасталынбайтын зат; бұл біршама жеке таңба болып табылады. Бұл екі тип те дұрыс таңба болып табылады. Бар болған кезде ол қайда болмасын және қандай субъектіде болмасын әрі қандай уақытта да болмасын, одан зат өмір сүреді деген қорытынды туындайтын таңба ең дұрыс таңба болып табылады. Содан кейінгісі бар болған кезде зат көп жағдайда өмір сүретін немесе көбінесе таңбаның неменеге меңзейтіні жағдайында, немесе уақыттың көп бөлігіне меңзейтін жағдайында өмір сүретін таңба. Бұл екі типтен басқа бар болған кезінде заттың өмір сүретіні туралы қорытынды туындайтын және бар кезде ол заттың қарама-қарсысы да өмір сүретіні туралы қорытынды туындайтын нәрсе де таңба болып табылады. Сондықтан бір зат басқа заттың таңбасы болатын және сол сияқты оның қарама-қарсылығының таңбасы болатын күй пайда болады. Бұл типке екі қарама-қарсылықтардың басқасына қарағанда, біреуіне баса көрсететін немесе екеуіне де тең көрсететін таңбалар да жатуы мүмкін. (272 а бет) Бұл таңбалар бірінші фигура бойынша силлогистік
конструкцияны түзеді. Олардың кемшілігі олардың конструкциясында емес, олардың материясында болып табылады. Белгі мен таңба, бірінші кезекте, орташа терминді біртұтас жасауды мақсат тұтатын біртұтас қағиданы көрсетеді. Ал таңбалардың бар болатын жағдайында өмір сүретін заттарға қатысты айтатын болсақ, онда оған қатысты ол не толық өмір сүреді, не қандайда бір субъектіде өмір сүреді дейтін қорытынды туындайды. Бұл зат белгіленген (көрсетілген) таңба деп аталады және қандай фигура бойынша әрі ол оның қандай модусында түзілуіне қарамастан үлкен терминді білдіреді. Белгімін де және затпен де, ол өзі болып табылатын белгімен де жағдай дәл солай болады. Белгі орташа термин болып табылады, ал оның өзі өзінің белгісі болатын зат қандай модус бойынша, қандай фигура бойынша түзілуіне қарамастан үлкен терминді білдіреді. Заттарға қатысты таңба әртүрлі болып алынады. Сонымен, таңба заттарға қатысы бойынша жүретін зат ретінде, заттармен болатынындай осы таңбамен белгіленген ретінде, өз себептері үшін олар таңба болатын кезде кейбір себептерге ие болатын құбылыс ретінде алынуы мүмкін, өйткені өмір сүруі кейбір себептерден туындайтын немесе соларға тәуелді болатын заттар сол себептер үшін таңба болуы мүмкін. Жалпыға мәлім себептер үш түрлі: 1) әрекет етуші, 2) материя, 3) мақсат. (Форма да сондай себептердің бірі болады, бірақ ол жалпыға мәлім болмайды.) Өнердің шебердің таңбасы болатыны сияқты және жасалған заттың жай-күйі олардың жасаушыларының жай-күйінің таңбасы болатынындай әрекет етушіден пайда болатындар да оның таңбасы болып табылады. Дәл сол сияқты материядан жасалған заттар да өз материясының таңбасы болып табылады. Киімдердің көрініп тұратын жай-күйі, мысалы, жібінің қандай және материясының қандай екенін көрсете отырып, материал үшін әрі тоқымашының жай-күйі үшін таңба қызметін атқарады, сондықтан материядан жасалғанның өзі өз ішінде бір мезгілде өз жасаушысы үшін де және өз материясы үшін де таңба қызметін атқару (қабілетін) үйлестіре қамтиды. Көптеген заттар дәл солай өз мақсатын және салдарын көрсетеді, яғни (272 б бет) олардың салдары қандай болатынын және олар арқылы қандай мақсат көзделетіні көрсетіледі. Бұл заттар өзінің себептеріне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, жаңбыр бұлттың пайда болғандығының таңбасы болады. Сезілетін түтін мен оттың жануы - біз оны көріп тұрмасақ та от жалынының бар екендігінің таңбасы. Таңба заттардың себебі осы заттардан бұрын болатыны сияқты, оның не үшін таңба қызметін атқаратынынан бұрын тұратын зат болуы мүмкін. Заттардың себебі заттарды көрсетуі мүмкін: сөйтіп, мысалы, от өрттің (өзі) немесе жалынның көрінбей тұрғанның өзінде де от көрініп тұрған жерде пайда болған өртті көрсетеді. Таңба одан бұрын болмайақ және оның артынан ермей-ақ, оның себебі болмай-ақ әрі мысалы, бұлттың
қап-қара болуы келе жатқан жаңбырдың таңбасы болатыны сияқты, өйткені қараю жаңбыр әкелетін бұлт акциденциясы бойынша - не тұрақты, не коп жағдайда болатын құбылыс, одан пайда болмай-ақ өзі белгілеп тұрған затпен үйлесілген зат болуы мүмкін. Әрі қарай таңбадан тұратын және онымен белгіленетін алғышарт дәл солай таңба деп аталады, мысалы: "Түтін қайда болса, от сонда" немесе "От болған жерде жану бар". Содан кейін, осы алғышарт үлкен алғышарт болып табылатын силлогизм, ал онымен біріктірілген - кіші алғышарт деп тағы да таңба аталады, ал таңбамен белгіленген нәрсе осы силлогизмнен туындайтын қорытынды болып табылады. Белгі де дәл сол сияқты. Қалған екі терминге қарағанда онымен біршама жалпы немесе біршама жекеше болатын жалпы термин аталынады. Ал осы орташа терминді өзінің белгісі жасайтын зат та сол сияқты белгі деп аталады. Сонан соң осы орташа терминнен және осы белгімен белгіленген заттан туындатылған алғышарт, тағы да белгі деп аталады. Силлогизм, қандайда бір белгі (273 а бет) болып табылатын орташа термин де солай белгі деп аталады. Барлық осы таңбалар бұрын өткенгі жалпыға мәлім көзқарасқа жататыны анық. Мұндай конструкциялар шын мәнісінде таңба болмауы мүмкін, бірақ ол сезілмейді, егер олар бұрын өткен көзқараста белгілі болатын болса. Таңба болып белгіленетіндерден олар сондай-ақ, бізге ой-пікір әкеледі, ал осындайлардан энтимемалар көз жеткізерлік бола береді. Оның мысалдары қандайда бір заттың басқа затта өмір сүретініне, ол осыған ұқсайтын затта өмір сүретініне адамның көзін жеткізуде болып табылады. Олар сол жағдайда қолданылады, егер қарастырылып отырған заттардың өмір сүруі, басқа заттың өзіндегісіне қарағанда, біршама айқын болатын болса. Мұндағы (мысалдарды қолдану үшін) болатын алдын ала жағдай басқа заттың ұқсастығы нағыз ұқсастық болуы, жалпыға таралған барлық (адамдардың) айқын ой пікірі шеңберінде белгілі болуы және оның айтылуы, ал оның ұқсастығы болып табылатын заттың түсірілуі және ол затты айтуға мәжбүр болатын жағдайдан басқа кезде айтылмауы тұрғысындағы талапта болып табылады. Бұл жағдайлар ол заттардың шамадан тыс жабық болуында немесе қарсыластың шамадан тыс ептілігінде болып табылады, соның арқасында ол екі заттың арасындағы ұқсастықты жоққа шығарады. Ұқсастық сөзбен айтылуы бойынша, сөзбен айтылудың формасы бойынша және мағынасы бойынша болуы мүмкін. Мағынасы бойынша ұқсастық не екі заттың (оларда кездейсоқтықтың негізінде таралатын) бір мағынада толық тоғысуынан және т.б. болады, не екі заттың олар өздері жататын нәрсеге деген қатынасының бір ғана қатынасты немесе екі ұқсас қатынасты көрсетуінен, (яғни екі заттың бір затқа қатынасы бір қатынас болып табылатынынан немесе екі заттың біреуінің басқа затқа қатынасы басқа заттың осы затқа қатынасына
ұқсас) болуынан болады. Сондықтан екі заттың әрқайсысы өзінде (басқа затқа қатысты) не жақын ұқсайтынды, не алыс ұқсастықты қамтиды. Зейд пен Амрға қатысты нәрсе осындай. Олар адамгершілік, хайуандық және тәнділік мәселеде бір-біріне ұқсайды. Сондықтан екі (ұқсас) заттардың қайқайсысында да қандайда бір нәрсе өмір сүрмесін, сондай нәрсе басқа затта да өмір сүруі қажет. Біршама күшті мысал олардың біреуіне (273 б бет) осы бір нәрсе басқа затқа ұқсас болатын (идеяның) мағынасына қатысты бар болатын кезде болады. Осының негізінде осы мағына үшін зат не толық, не коп бөлікпен өмір сүреді. Егер іс осылай болатын болса, онда мысал энтимема немесе силлогизм болмауы мүмкін және "мысал" терминінің шеңберінен шықпауы мүмкін. Ал егер екінші зат өзінің (олар бір-біріне ұқсас болуы мүмкін) мағыналарының бірінде бірінші затқа ұқсас болатын болса және егер ол зат осы мағынада бірінші затта бар болмайтын болса, онда мұндай жағдайда, мұндай мысалда қарсылық шақыратын орынның үлкен бөлігі жеткілікті түрде жасырын болмайды. Екі заттың сөзбен айтылуы бойынша ұқсастығы айтушының олардың ішінен осы орындарды тыңдаушыдан жасырып тұратындарын таңдап алуы керектігінде болып табылады. Сол кезде бұл көз жеткізерлік болады және риторикада қолданылуы мүмкін. Мысалдарды конструкция жасау бірінші жағдайда қатаң түрде жасалынады, егер оның күші қатаң силлогизмнің күшіне сәйкес келетін болса, ол "Силлогизм туралы" кітапта түсіндірілген. Екінші жағдайда - шарттыжалғаулық. Бірақ шартты-жалғаулық конструкция коп жағдайда қарсылық, теріске шығару және әшкерелеу кезінде қолданылады. Дәлелдеуге қатысты айтатын болсақ, онда бұл үшін қатаң конструкциядағы мысалдар қолданылады. Егер мысалдың алғышарты қатаң шешімді болатын болса, онда сол арқылы екі заттың ұқсастығы анықталатын заттың болатыны анық. Сондықтан мұндай жағдайда ұқсайтынды айту керек және оны қорытындыға қосу керек, ал затты түсіру керек. Ал егер зат айқын болмайтын болса, онда оны айтуға болады. Зат төмендегідей үш алғышартта айтылады: 1) бірінші субъект екінші субъект болады (ол бірінші зат болып табылады), ал бірінші предикат қорытындының предикаты болып табылады; 2) бірінші предикат сол арқылы екі зат бір-біріне ұқсас болатын зат болып табылады; (274 а бет) 3) бірінші предикат бірінші зат болып табылады, ал бірінші субъект екінші зат болып табылады. "Риторика" кітабы аяқталды. Мадақ Аллаға. Аль-Фараби. Логические трактаты.
Алма-Ата: Наука, 1975. - С. 439-526.
Аударған: Д. Раев.
ДАНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Біздің айналамыздағы нәрселердің барлығы мәнді және индивидуальді қасиетке ие. Нәрсенің мәні оның табиғилығы емес және табиғилық ұғымына да кірмейді. Егер адамның мәні оның табиғилығы болса, онда біздің адам мәні туралы түсінігіміз оның табиғилығы туралы түсінікпен сәйкес келер еді: өзімізге адамның жалпы кім екенін елестетін болсақ, онда жеке адам туралы түсінік алып, әрі оның болмысын таныр едік. Сөйтіп өмірдегі кез-келген жалпы түсінік нақты растауды талап етер еді. Өз кезінде заттың табиғилығы оның мәніне жатпайды. Әйтпесе онсыз мән туралы жетілген елесті елестетуге болмайды және оны ой арқылы да мәннен айыруға мүмкін емес. Егер адамның мәні оның тәнімен және жануарлығымен сәйкес келетін болса, онда адам туралы осылай ойлаған жан, адамды - дене немесе жануар, «ол [адам] шын мәнінде бар ма?» деген пайымдауға келеді. Шын мәнінде ол бұлай емес, біз түйсіктік сезім немесе ой қорыту арқылы шығатын дәлелге жетпегенше күмәнда жүреміз. Біздің көрсеткеніміздей нәрселердің жеке-дара табиғилығы мен болмысы негізгі бастамалардың қатарына жатпайды. Бұлар қажетті акциденциялардың қатарына жатады әрі қосынды қасиеттерге қатысы болмай мәннен соң туындайды. Кез-келген акциденция мәнге өзінің табиғатынан қатысты болып немесе басқа нәрсе арқылы келеді. Егер мәнге өзінің табиғатынан қатысы болса, онда міндетті акциденция болады. Болмыста жоқ нәрсенің соңынан кейін келетін болмыстың болуы мүмкін емес, сондықтан нәрсенің мәніне өзінен бұрын болған нәрсенің бір нәрсесі жатуы мүмкін деген пікір қате. Дәл осы сияқты мәнге қатысты пайда болу деген пікірде осыған жатады. Оның [мәннің] болмысы ол пайда болған кезде, яғни мән өмір сүре бастаған уақытта пайда болды. Бұл дегеніміз мән өзінен бұрын болды дегенді білдірген болады. Сөйтіп, болмысты өзінде белгіленген мәннің акциденцияларына жатқызу мүмкін емес, яғни мұндай акциденциялар тек өмір сүріп жатқан нәрселерге тиесілі десе болады. Нәрсе өмірге келген мезгілде оның өзіне лайықты акциденциялары пайда болды, яғни бір нәрсеге болып және өзін себепті қажет етсе, онда өзінен шығатынға және өзіне лайықтыға өзі себеп бола алады. Себеп өзі қажет болған уақытта салдарды туғызады, ол өзі өмір сүрместен алдын ала қажет болуы мүмкін емес. Сондықтан болмыс пен мен болмысы әр тур и нәрселердің шартты мәні емес. Ендеше, нәрсенің болмыс бастама сы оның мәнінен өзге нәрсе, яғни акциденция - қайсыбір себептің салдарынан болатын міндетті немесе нәрсенің өзінен пайда болатын яки басқа нәрседен туындайтын кездейсоқтық. Бірақ, жеке-дара табиғилық
нәрсенің өз мәнінен туындамауы және бұл екі ұғымның бір-бірінен ерекшеленуі табиғилықтың басқа бір нәрседен туатынын көрсетеді. Табиғилығы мәніне ерекшеленіп, әрі сол мәннің негізгі бастамасы болмаған кез-келген нәрсенің табиғилығы өз табиғилығын басқа нәрседен алады. Біз осылайша өзінің жеке-дара табиғилығынан ерекшеленбейтін мәннің бастамасына жетеміз. Келісімді мәннің онсыз да болуы мүмкін емес. Әйтпесе, ол өмір сүрмейді, бірақ бұл міндетті де емес. Сөйтіп, [келісімді мән] егер оның бірінші себебі болса ол өзінің табиғатынан мүмкін-мәнді. өйткені бірінші себепсіз оның болуы мүмкін емес. Мұндай мәні өтпелік тән, ол өзінің бірінші себебіне қажетті, әрі міндетті. Мысалы: «Оның жүзінен басқа нәрсенің барлығы ауыспалы [өтпелі]». Келісімді мән өздігінше өмір сүрмейді, оның болмысы басқа нәрседен туған. Өздігінен әмір сүретін нәрселер өз бетінше өмір сүре алмайтын нәрселердің алдында келеді. Келісімді мән үшін әуелі бейболмыс, кейін барып болмыс тән. Ол жаратылған, бірақ өткен шақта емес осы шақта /2/. Кез-келген мән туралы түсінік коп нәрселерге жатқызылады Бұл жағдай нәрсенің дәл мәніне қатысы жоқ. Әйтпесе бұл мән бөлек нәрсенің меншігі болмас еді. Бөлек нәрсенің нақты болмысы басқа нәрседен шығады, сондықтан ол келісімді болады. Басқалармен ортақ мәнге ие әрбір тектің болмысы сол мәннің болмысымен пара-пар емес, ол сол текке жеке-дара тән. Ендеше, әлгі тек болмысының мәні оның болмысының қажетті формасы Оның болмысы сыртқы себепке байланысты, ол осыған орай ыңғайланған. Мәннің тегінде түрлік айырмашылық болмайды, ал болған жағдайда тек жеке-даралық мәнінде болады. Менің айтқым отырғаны тектің табиғилығы, түрдің айырмашылығында болмайтындығы: түрлік айырмашылықта тектің жеке-дара болмысы болады. Мысалы: жануар абсолютті мағынада бар болып, не ақыл-парасатты не ақыл-парасатсыз болады, бірақ жануарлық мән оған парасаттылығы арқылы келген жоқ.
Қасиетті мәнділік өз бетінше түрлік айырмашылыққа бөлінбейді. Түрлік айырмашылықтар болса, онда олар оның болмысының бастаулары болып, оның болмыс құрамына кіреді. Бірақ бұл мүмкін емес, себебі қажетті мәндінің мәні болмыстың өзі. Қажетті-мәнді түрге байланысты ерекшеленетін нәрсеге қарағанда бір бүтін деуге болады. Қажетті-мәнді бөлінбейді. Қажетті-мәнді бөліктерге немесе сандық түрлерге де бөлінбейді. Әйтпесе, бөліктердің әрбірі қажетті-мәнді болып қажетті-мәндінің саны көбейеді немесе мүмкін-мәнді болады. Онда бөлік өз бетінше өмір сүріп және бөліктен бүтін туылып бөлік бүтіннен бұрын өмір сүрген болады. Қажетті-мәнді болған нәрсенің тегі, түрлік айырмашылығы немесе ұқсас мысалы жоқ. Қажетті-мәндінің негізгі бастауы немесе субстраты, яки акциденциясы сияқты әйтеуір бір көрінісі жоқ. Ол анық, әрі айқын. Қажетті-мәнді күллі эманацияның қайнар көзі және ол өзінің табиғилығында анық. Ол жалпылық қожайыны бола тұрып өзінде көптікті білдіретін қасиетке ие емес. Ол айқын және өзінен бүкіл мәндіні дарытатын болғандығы үшін өмір сүреді. Оның бүкіл мәндіні тануы оның табиғилығынан кейін келген. Оның өзін-өзі тануы - оның өзі. Күллі мәнді тануы - көптік, бірақ ол табиғилықтан соң келген, ал күллі мәннің қажетті-мәндінің табиғилығына деген қатысын алсақ, онда ол [көптік] бірлік болып келеді. Ол жалпыдағы [көптіктегі] бірлік, ол - ақиқат. Әрине, ол қажеттілік, басқа болуы мүмкін емес. Ол -айқын, сонымен қатар жасырын. Ол - жасырын, сонымен қатар айқын. Оның жасырындығынан айқындылығына баратын болсаң. Ол саған айқын әрі жасырын болады. Егер бір нәрсенің өмір сүруін қажетті ететін себеп белгілі болса, онда сол нәрсенің өзі де белгілі. Себептер ретімен орналасқан уақытта соңғылары себепті тізбек ретінде жеке-дара нәрселерге жетеді. Осылайша, Бірінші себептің айқындылығы арқасында бүкіл жалпы мен жеке-дара нәрселер анық болады. Бірақ ол бұл нәрселерді олардың болмысы емес өзінің болмысы арқылы, бірін-бірінің соңынан жаратқан тәртіппен таниды. Табиғилықтан соң келетін оның таным әлемі екінші шексіз жалпылық, мұнда бұйрық қасиеті өмір сүреді.
Оның бірінші білімі табиғилығының құдіретіне байланысты және ол бөлінбейді. Екінші білімі оның табиғилығынан шығады. Ол көбейгенде көбею оның табиғилығынан кейін келеді. «Оның білімінсіз ағаштан бір жапырақта түспейді». [...] Адамның мәні құпия және айқынға бөлінеді. Айқынға келер болсақ, сезім арқылы қабылдайтын дене және оның мүшелері. Сезімдік қабылдағыш оны сырттан қабылдаса анатомия оның ішкі құрылымын көрсетеді. Құпиялыға келсек, ол адамның рухани күші. Адамның рухани күші екі категорияға бөлінеді: бірі-іс-әрекетпен шұғылданса, екіншісі -таным. Іс-әрекет үш текті: өсімдікті, жануар және адамдық. Ал танымдық екі түрлі: жануарлық және адами. Бұл әрекеттердің бесеуі де адамның бойында бар және бұлардың көбісі ортақ. Өсімдікті әрекеттің мақсаты түрді сақтау әрі оны өсіру. Оны көбейту арқылы мәңгі ету және сол текті сақтау. Мұның үстінен адамның бір күші билік етеді. Кейбір адамдар оны -рухани күш деп атайды. Жануарлы күштің мақсаты - пайдалы нәрсені тарту, бұл қалаумен байланысты және зиянды нәрсені алшақтату - бұл үреймен қатысты. Оны ашу-ыза басқарады. Адамның күштері осындай. Адамдық әрекет күнделікті, өтпелі өміріміздегі мақсаттарға талпыну барысында пайдалы мен игілікті таңдап алудан турады. Алайда, ағаттылық әділеттіктен жоғары. Бұл мақсаттарға ақыл-парасат бастайды. Ол, яғни әуелгі ақыл-парасат сау-саламат жағдайда адамдар қатынасынан жинақталған және біліммен таңбаға әшекейленген тәжірибеден құралады. Таным біліммен таңбаға ұқсайды. Мөрге бөтен балауыз сияқты. Мөр балауызды жауып, қатты көмкерген соң мөр иесінің есімін және суреттің кескіндерін мөрден ажыратып алып қалған балауыз тәрізді. Әуелде таным үшін зерттеліп жатқан нәрсеге жат. Ал таным танылған нәрсенің кейпін зерттелген нәрседен алған сәтте онымен жаңа қатынас орнатқандай. Бұл сезім қабылдауының қабылданған нәрсенің образын алып еске тапсырғаны сияқты. Тіпті қабылданған нәрсенің өзі жоқ болған күнде де оның образы есте сақталып турады.
Жануарлық [яғни сезімдік] таным сыртқы дене мүшелер арқылы немесе ішкі қасиеттің арқасында іске асады. Сыртқы таным бес сезім мүшелері арқылы іске асады, ал ішкі таным жануарлар үшін инстинкт арқылы болмақ. Сыртқы сезім мүшелерінің әрбірі қабылданған объекттен оның құдіретіне байланысты әсер алады. Егер объект күшті болса, алған әсер ұзаққа қалады. Сол сияқты, егер көз күнге тесіліп қарап тұрса күннің бейнесі қалады, ал енді көз күннің денесінен теріс қараған уақытта көзде күннің бейнесі ұзақ сақталады. Күннің күштілігі сонша кейде ол көз қарашығының табиғатына зиян келтіреді. Құлақта осы сияқты: ол қатты дыбыстан бұрылғанда оның қатты үні құлақта ұзақ сақталады. Түйсік пен дене мәселелерінде де осы жағдай сақталады. Әсіресе бұл нәрсе сезімде қатты байқалады. Көз - қарсысында көрініп тұрған нәрсенің бейнесі суреттелетін айна. Көрініп тұрған объект қанық түсті болмаса, онда объект көзден таса болғанда оның бейнесі де жойылады. Құлақ - ауа толқындары екі дененің арасында тіркесетін және соғысатын шұңқыр. Сол себепті сен естисің. Сезім - мүшеде тең мөлшерде орналасқан әсер етуші күш. Сондай-ақ, ол денедегі жанасу мен болған кез-келген өзгерісті қабылдап әрекетке түсіретін күш. Түйсік пен дәмнің жағдайлары да осы сияқты. Сыртқы сезім мүшелерінің соңында сезімнің арқасында қабылданған образдарды теріп отыратын торлар бар сияқты. Осылардың қатарына мидың алдыңғы қабатына тиіс бейне көрсеткіш күш жатады. Бұл күш қабылдағыш алаңынан ғайып болған немесе бұдан әрі қатысы болмаған нәрселердің сезілген формаларын бекітіп отырады. Олар қабылдағыш сферасынан кеткенімен бейне көрсеткіш күшінде қалады. Тағы бір күш болжау күші деп аталады. Бұл күштің арқасында сезім арқылы қабылдап болмайтын нәрселердің орны толысады. Мысалы: қойдың болжау күші. Қойдың сезімі қасқырдың бейнесін алғанда, қойдың болжау күшінде қасқырдың жауыздығы, қастандығы туралы елес пайда болады, ал бұл жағдайға сезім арқылы жету мүмкіндігі болмас еді.
Тағы бір күш «сақтаушы күші» деп аталады. Бұл күш жорамал күшімен және сезім күштері арқылы келген нәрсені сақтайды. Келесі күш «ой жүгіртуші күші» деп аталады, күштің бұл түрі өзінің алдындағы күштердің қабылдаған қазыналарын біріктіріп, айырып отырады. Ал «ойжүгіртуші күші» деп онымен тек адамның рухымен ақыл-парасаты қолданған кезінде аталады. Егер осы күшпен жорамал күші пайдаланған жағдайда «елестетуші күш» деп аталады. Сыртқы сезімдер таза түсініктерді қабылдамайды, бірақ оларды материалды субстратпен біріктіреді. Оларды қабылданып жатқан объект жоғалған соң күшейтпейді. Мысалы: сезімдер «Зейд» сөзін адамның таза түсінігі ретінде қабылдамайды. Оны сандық, сапалық, мекен-жай, жағдай т.б. категориялар жатқызылатын нақты адам ретінде қабыл етпейді. Егер бұл жағдайлар «адал» түсінігінің шынайы мәніне жатқанда, онда олар барлық адамдарға ортақ болар еді. Бірақ, қабылдау объект жоғалғанда әлгі образдың елесі жоғалып, оны, яғни образды тек материяда ғана таниды, әрине егер оның материямен қатысы болса. Болжам мен ішкі сезімдер таза ұғымдарды танымай оларды материалды субстратпен қосады, бірақ оны объект жоғалған соң барып күшейте түседі. Болжам мен елес күштері ішкі сезімнің адам туралы таза ұғымды қабылдағанындай қабылдай алмайды, бірақ оған сырттан қабылданатын түрлі сандық, сапалық, мекен-жайлық сияқты қоспалар қосады. Ішкі сезім өзіне адамның абстракты мәнін елестетуге тырысқанда оны дәл сондай етіп елестетуге шарасыз. Ол тек сыртқы сезімдер арқылы келген адам туралы аралас образды растай түседі. Адамның рухы өзіне үздіксіз акциденциялардан ажыратып жалпыға ортақ болуы үшін ұғымды анықтамасы мен шынайы мәніне сай елестете алады. Бұл жағдай теориялық ақыл деп аталатын рухқа тән күштің арқасында іске асады. Рух мұнда айнаға, ал ақыл жылтыратқыш өңдеушіге ұқсайды. Бұл ұғымдар рух үшін жылтылдаған айнада көрінген заттардың бейнесі сияқты сақталып қалады. Әрине, егер айнаның жылтырауын бетіндегі дақтар бұзып, оның жақсыға арналған бағытын ауыстырып, орнына құмар, ыза, кек т.б. нашар қасиеттерге бағыттаған болмаса: рух олардан бұрылып бұйрық әлеміне қараған кезде, ол ұлықтық патшалығын көріп жоғарғы рақатқа жетеді. [....]
Егер ішкі сезімдерге сүйенетін болсақ, қарапайым кісілердің рухы сыртқы сезімдерін жоғалтады. Ал егер сыртқы сезімдерге сүйенетін болсақ, онда ішкі сезімдер жоғалады. Егер жалғыз сыртқы сезімдерге сенетін болса, басқа сезімдерін жоғалтады. Ал егер ішкі сезімдерге тән басқа бір күшпен біріксе, онда басқа күштерге жат болады. Осылай есту қабілеті көру қабілетін [көзді] қорқытады. Қорқыныш қалау қабілетін шектейді, ал ой жүгірту еске алудан алшақтайды, ал еске алу ойлауға бөгет жасайды. Қасиетті рухқа келетін болсақ, рухта ешнәрсе ешнәрсеге бөгет болмайды. Сыртқы және ішкі түйсінудің ортақ шеңберінде сыртқы сезімнің қабылдаған әсерлері жиналады. Мұнда жылдам қозғалған заттың образы сақталып қалады. Қабылданған объект жоқ болса да оның образы жоғалмайды. Осы сияқты түзу сызықты, немесе дөңгелек шеңберлі материалды түрде жоқ болғанымен аз уақыт болса да елестетуге болады. Сондай-ақ, бұл жер түс көргендігі ішкі образдардың жиналатын орны. Сөйтіп, біздің шын мәнінде жеткен нәрселеріміз мейлі ол сырттан немесе іштен келсе де оларды осы күш бейнеленеді. Осы күште бейнеленген нәрсе көрінетін болады. Егер оны сыртқы сезімдер билеген болса, ол ішкі түйсіктермен қатынаспайды. Оны сыртқы сезімдер қоя бергенде ол тыным таппайтын ішкі түйсіктердің әміріне кіреді. Оның ішінде адамның ішкі дүниесінде пайда болған нәрселердің бейнелері суреттеліп біздің түсімізге кіреді. Ішкі күштерді қатты қызықтырып, оларды шын мәнінде әуреге түсіретін нәрселерде жоқ емес. Бұл кезде олардың әрекеттерінің күштілігі соншалық, тіпті адамға билік жасайды. Бұл арада екі түрлі жағдай болады: ақыл ішкі күштердің қозғалысын шамалайды және оның асып-тасуына жол бермейді немесе ол [ақыл] мұндай әрекетке тым әлсіз болғандықтан олардан аулақ болады. Егер ақыл-парасат өте әлсіз болған жағдайда немесе елес адамды қатты билеген жағдайда айнаны, яғни осы елесті билеп-төстейтін күш туады. Айнада елестетіп тұрған нәрсенің бейнесін суреттеліп көріне бастайды. Бұл жағдай адамды өзінің ішкі сақтығы билеген сәтте немесе бойында күші пайда болған уақытта болады. Мұның мысалы, адам дауыстарды естіп, көз алдына адамдар елестей бастаған мезгіл. Кейде бұл күш сыртқы әсерлердің өте әлсіз болғанына қарамастан ішкі уайымнан күшті. Осы сәтте адамның жанында жоғарғы патшалықтан келген бір нәрсе жарқ етіп беймәлімнен хабар береді. Дәл сол сияқты адамның сезім
мүшелері демалып, дене мүшелерінің әрекетсіз халде болған кезінде адамның көрген түсін және ұйқыда жалт-жұлт еткен эпизодтарын атауға болады. Естің көрген түсті сақтап қалатын жағдайы да жиі кездеседі. Адам түсті болған күйінде сақтап қалып оған қосымша түсіндірмені қажет етпейді. Ал кейде елестету күші өзінің елесі үшін түсіндіру көмегіне мұқтаж. Түсіндірме дегеніміз - ағаштың шыбықтары арқылы оның тамырына жететін болжам. Сезімді нәрселерге ақыл арқылы жету тән емес, ол ақылмен танылатын нәрселерге ақыл арқылы жетеді. Себебі оларда сезіммен танылатын қасиет жоқ. Бір нәрсені дене мүшесінің жәрдемісіз сезім арқылы қабылданатын нәрселердің бейнелерін және олардың сыртқы акциденцияларын қабылдайды. Ақыл арқылы қабылданатын нәрселерді адамның рухы қабылдайды, ол денелі емес субстанция және бөлінбейді де орын да алмайды. Оның инстинктке қатысы жоқ, ол сезім арқылы танылмайды және бұйыру әлеміне жатады. Сезім төңірегі - жаратылыс әлемі, ал ақыл-парасат бұйыру әлемі. Жаратылыс пен бұйыру әлемдерінен жоғары орналасқан нәрсе сезім мен ақылпарасаттан жасырын. Бірақ, оның жасырынуы көрінуінен айырықша ерекшеленбейді. Мысалы: ашық көрінген күн аз ғана бұлттың артында жасырынғаны сияқты. Алъ-Фараби. Естественно-научные трактаты. Алма-Ата: Наука, 1987. - С. 251-270. Аударған: Ж. Сандыбаев.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Азаматтық саясат 1. «Китаб әс-сияса әл-мәдания» - «Азаматтық саясат» деп аталатын бұл еңбек тура араб тілінен Әли Бумильхам әзірлеген, Әл-Фараби. Китаб әс-сияса әлмадания. Бейрут. Дар уа мактабат әл-һиләл. 1996 ж. негізінде қазақ тіліне аударылды. Әл-Фарабидің бұл еңбегі әуеліде орыс тілінен аударылып жарық көрген болатын. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975. Енді біздерге әл-Фараби бабамыздың осы трактатын орыс тілінен емес араб тілінен тікелей қазақша сөйлетуге мүмкіндік туды. Бұл аударманың жалпы ерекшелігіне келер болсақ, кітаптың мазмұны айқындалып көрсетілді, бөлімдері мен тақырыпшалары белгіленді және шағын болса-дағы қысқаша әл-Фарабидің «Азаматтық саясат» трактатында қолданған философиялық сөз тіркестері мен сөздердің қазақша-арабша сөздігі жасалды. «Азаматтық саясат» араб тілінде бірнеше рет басылымға шыққан, солардың алғашқылары: Хайдарабат. 1927 ж., Мабай. 1938 ж., Кайр. 1948 ж. және Бейрут. 1964 ж. Сондай-ақ, трактаттың көптеген қол жазбалары да бар. Олардың кейбірін атап айтар болсақ, онда: Add. 7518 Rіch., Үндістан. M.S. І. О. 3832., Түркия. Аясофия музейі. т.б. 2. Әс-Сәбаб әл-Әууаәл - Бірінші Себеп, Бірінші Тұлға, Бірінші Қозғаушы деп әлФараби Алланы айтады. Себебі, Алла әлемнің бар болуына себепші. ӘлФарабидің «бірінші себеп», «бірінші қозғаушы», «бірінші тұлға» туралы ұғымы Аристотельдің бірінші себеп, бірінші қозғаушы туралы ұғымына сәйкес келмейді. Аристотельдің «бірінші қозғаушысы», «дүниені жаратушы» да емес, оны «ойлап шығарушы» да емес. Бұл тек қана өзін-өзі ойлайтын, бір орыннан қозғалмайтын дерексіз қозғаушы, бүкіл әлемге еш қатысы жоқ трансценденттік ақыл. Алла ай астындағы дүниеге тікелей емес, жанама түрде, аспандық ақыл-парасаттар арқылы әсер етеді. Әл-Фарабидің Бірінші Тұлға туралы: «Бірінші дәрежеде тұратынның көп болуы мүмкін емес, ол тек біреу, жеке-дара ғана болады. Қалған дәрежедегілердің әрбірінде көптік бар. «Жалғыздық» деген сөздің мағыналарының бірі әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып туратын ерекше болмысқа тарайды. Дәл осы мағынада кез келген тұлға туралы ол жалғыз деп айтуға болады, өйткені оның өзіне ғана тән болмысы бар. Бұл өзі «тұлға» деген [сөзге] сәйкес келетін мағыналардың бірі. Осы тұрғыдан Қарағанда, Бірінші Тұлға да біреу. Ол одан тысқары барлық біреулерден гөрі, жалғыз дегеннің анықтамасы мен мағынасына анағұрлым лайық. Тұрған сатысы жағынан Оған тең түсетін ештеңе болуы мүмкін емес. Керісінше, ол -біреу, дара және жалғыз. Білу үшін Оған қандай да болсын бір
мәннің керегі жоқ, мән дегенде сол арқылы Ол оз тысқары артықшылыққа ие боларлықтай мәннің керегі жоқ. [Нақ осы сияқты Ол] танымалды болу үшін басқа бір мәнге [мұқтаж емес]», - деген сөздері Құрандағы 112 ші «Ихлас» сүресінің мағынасын айтып тур, яғни «Ол Алла, біреу-ақ. Алла мұңсыз. Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Сауд Арабия. 1991ж. Аударған Халифа Алтай. 3. Әсбаб әс-сәуани - «Екінші себептер» деп әл-Фараби жер бетіндегі дүние денелерінен басқаша деп есептейтін аспан денелері болып табылады. Аспан денелері жанды және толық айналмалы қозғалыс жасайды. Бұлардың бәрінің жаны және ақыл-парасаты бар. Екінші себептердің саны аспан денелерінің санына пара-пар. Әл-Фарабидің ойынша бірінің үстіне бірі орналасқан тоғыз аспан денесі бар. Ең алыс сфера бір орыннан қозғалмайтын жұлдыздар сферасы т.б. тоғызыншы болып ең соңында ай келеді. Орта ғасырдағы барлық араби тілдегі философияға тән бұл өзіндік космологияда неоплатонизмнің элементтері Птоломейдің сфералар системасымен ұштасып келіп отыратыны сезіледі. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж. 4. Әл-Фараби: «Денелердің осы алты тегінің орайласуынан пайда болатын жиынтық -дүние», - деп орта ғасырлық араби тілдегі философияға сәйкес дүниені жетілудің түрлі дәрежесіндегі обьектілердің иерархиялық сатысы түрінде көрсетеді. Иерархияда әрбір обьектінің орны Аллаға қатысы жағынан белгіленеді. Олар; аспан денелері, ақыл-парасатты жануарлар, ақылпарасатсыз жануарлар, өсімдіктер, минералдар және торт элемент. 5. Әл-Фарабидің Екінші себептерді «рухтар», «періштелер» және тағы сол сияқты сөздермен атау керек деген сөздері «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта» кездеспейді. Сондықтан, Ұлы ойшыл мұндай атауларды Ислам дінінен алса керек. Дінде «рух», «періште» деген сөздер мен ұғымдар өте кең тараған әрі мұсылмандардың арасында күнделікті өмірде кең қолданысқа ие болған сөздер. 6. *ақл фа "аль - «әрекетшіл ақыл-парасат», бұл ай сферасына сәйкес дүниежүзілік, космостық ақыл-парасат. Адамның ақыл-парасаты потенциялық сатыдан бастап, жүре келе пайда болатын ақыл-парасатқа қарай барлық сатылардан өтіп, ақыр соңында әрекетшіл ақыл-парасаттың әсерімен осы соңғымен қосылып кетеді. Әл-Фарабидің «әрекетшіл ақыл-парасаты» осыны барлық адам бірдей және ортақ деп танитын Александр Афродизийскийдің «әрекетшіл ақыл-парасатына» жақын. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж.
7. Әл-Фараби жоғарыда айтқанымыздай: «Әрекетшіл ақыл-парасатты «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осындай атаулармен атаған жөн, ал мәртебе дегенімізді -періштелер жайы деп және басқа осы сияқты атаулармен атау керек» - дегенді Исламнан алса керек. Себебі, дінде «Рух әл-Құдус» (қасиетті рух), «рух әл-Әмин» (адал рух) - деп Жәбрейл періштені атайды. Жәбрейл періштенің кызметі Аллаһ пен пайғамбар арасындағы хабаршы. 8. «Жан мәртебесінде тұрған көптеген бастама себептер бар: бұлар - аспан денелерінің жандары, ақыл-парасатты жануарлардың жандары және ақылпарасатсыз жануарлардың жандары. Ақыл-парасатты жануарға ақыл-парасат күші, талпыну күші, қиялдау күші және түйсік күші тән», - деп әл-Фараби ақылпарасат жанының үшеу емес төрт күштен құралатынын айтады. Ұлы ойшыл жан мәселесінде Платон мен Аристотельдің ортасын ұстанып отыр. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында әл-Фараби Аристотель сияқты жанның төртеу емес бес күштен туратынын айтқан болатын, ал бұл еңбегінде торт күшпен шектеліп отыр. 9. Аспан денелерінің жандарында не сезімдік қабылдаулар, не қиял болмайды. Аспан жандары өздерінің субстанциялары бойынша аса биікке шырқағаны сонша, олар жаратылыстағы өзінен төмен жатқандарды пайымдамайды, бірақ өздерінен жоғары тұрған «Бірінші Себепті» пайымдайды. Басқаша айтқанда, Екінші [себептердің] әрбіреуі Бірінші [Себепті] пайымдайды да, өзінен төмен тұрған нәрселерді пайымдамайды. Ал «Бірінші Тұлға» болса, Ол өзін пайымдайды және Өзін-өзі пайымдай отырып, денеде бар барлық нәрсені пайымдайды, яғни жаратылыста бар нәрсенің барлығын белгілі мөлшерде пайымдайды. Себебі, болмыстағы жаратылыстың әрбірі өз болмысын Соның болмысынан алады. 10. Әл-Фарабидің айтуынша адамды адам еткен ақыл-парасат күші өзінің мәні жағынан шын ақыл-парасат болып табылмайды, ал басқа нәрселер болса шын ақыл-парасат арқылы ақыл-парасат күшімен пайымдалатын нәрсеге айналады, сондықтан мұндағы «әл-'ақиль» (ақылмен пайымдаушы), «ма'куль» (ақылмен пайымдалушы) және «әл-ақиль» (ақылмен пайымдау) сайып келгенде бір нәрсе болып шығады да, әрекетшіл ақыл-парасат сатысына көтеріледі. Олай болса, ақыл-парасат күші шын ақыл-парасатқа айналып, бірінші қатарда тұрған бұл ақыл-парасат ақылмен пайымдай бастайды. Сөйтіп материядан безген нәрселерге ұқсайды. 11. Денелік субстанция екі бастамадан құралады - материя және форма. Материя субстанциялық күш, ал форма онымен бірігіп субстанцияны шындыққа айналдырады. Материя форманың субстраты, форма - материяның
кемелдеушісі, яғни форма материяның арқасында өмір сүреді, ал материя формалар үшін субстрат болып табылады. Себебі, форма өзінен өзі бола алмайды, олар өзінің болуы үшін субстратты қажет етеді. Материя тек форма үшін өмір сүреді. Материяның бірінші мақсаты - формалардың өмір сүруі. Формалар қандай да босын бір субстратта өмір сүретін болғандықтан, материя формалардың субстраты болып табылады. Сондықтан, материя формасыз, ал форма материясыз болуы мүмкін емес. Ендеше әуелгі материя қандай да болсын формаға ие болған. 12. Әл-Фараби түйсіну күшінде сезім арқылы қабылданатын нәрселердің бейнелері, қиялдау күшінде мен ақыл-парасат күшінде ақылмен пайымдалатын мәндердің формалары бұлардың материядағы формасынан айырмасы бар деп есептейді. Әсіресе ақыл-парасат күшінде ақылмен пайымдалатын мәндердің формалары материядағы формадан айтарлықтай алшақ. Себебі, адамның қиялында олардың формасы материядан құралады - дейді Ұлы ойшыл. 13. "ала әнна қауман - «кейбіреулер» - деп әл-Фараби бұл жерде Платон мен Аристотельді айтып отыр. 14. Мұндағы торт элемент антикалық грек ойшылдарының айтқанындай: топырақ, су ауа және от. Сондай-ақ, табиғаттағы жаралған денелердің формалары торт элементтің араласуынан және бірімен-бірінің орайласып ұштасуынан туады . Осы формалардың біреулері жоғары, біреулері төмен болады. Мысалы, элементтердің формаларына Қарағанда минералдардың формалары анағұрлым жоғары сатыда турады. Өсімдіктер өзінің барлық әр алуан түрлерінің формалары минералдардың формаларынан анағұрлым жоғары сатыда турады. Ақыл-парасатты жануарлардың формалары ақылпарасатсыз жануарлардың формаларына қарағанда, жоғары сатыда тұрады. Барлығы бес түрлі форма болады. 15. Ойшыл форма мен материяны алғашқы алты бастаманың (бірінші себеп, екінші себептер, әрекетшіл ақыл-парасат, жан және форма мен материя) арасындағы кем жаратылғанын айтады. Бірақ, форма материяда ғана өмір сүре алады. Материя өзінің субстанциясы және жаратылысы бойынша формаға бола өмір сүреді, мұның мәні форманы алып беруде. Форма өмір сүрмесе материяда өмір сүрмейді. Форма материяның өмір сүруі үшін өмір сүрмейді, керісінше материя формаға бола өмір сүреді. Материяның өмір сүру болмысы осылай негізделген. Форманың материядан ерекшелігі осы. Дәл сол сияқты материяның да формадан ерекшелігі - ол өзінің болмысында қандай бір субстраттың болуына мұқтаж емес, ал форма субстратқа мұқтаж.
16. Әл-Фараби денесіз субстанциялар, форма мен материяға Қарағанда, субстанция болуға анағұрлым лайық деп Бірінші себепті, Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл парасатты айтып отыр. Денесіз субстанцияларда қарамақарсылық немесе болмыссыздық қасиеттері жоқ. Сондай-ақ, олар қосымша болмысқа мұқтаж емес. Ал енді жоғары дәрежеге бір саты көтерілетін болсақ, онда субстанция болуға Екінші себептер де, әрекетшіл ақыл парасатта лайық болмай қалады. Себебі олар Бірінші себептен төмен турады. Оның үстіне, егер бұларға осы тәріздес жетілмегендік тән болса, онда басқа да түрлі жетілмегендіктерден де құр емес, дәлірек айтсақ, бұлардың субстанциялары басқадан алынады және бұлардың болмысы да басқаның болмысына ере жүреді. Сөйтіп, әл-Фараби бұл тәрізді жетілмегендік «Бірінші Тұлғадан» басқа барлық тұлғаға ортақ қасиет. Бұлардың болмысынан анағұрлым жетілген болмыс - Алла дейді. 17. Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасаттың көпшелік мәні болуының себебі -әлем. Бұлардың көпше субстанциялануларының арқасында әлем пайда болды. Бірақ, бұлардың осы көпшелену қасиеті олардың субстанция болмауына басты себеп. Екінші себептер мен әрекетшіл ақыл-парасат болмысы жағынан өздерінен төмен тұрған нәрселердің мәнін пайымдамайды, тек Алланы және оның мәнін ғана пайымдайды. 18. Аспан денелерінің болмысынан басқа болмыстар туады. Сондықтан, аспан денелері Екінші себептерге тән кемшіліктерге ие, бірақ бұлар мұнан гөрі жетілмеген, өйткені бұларды субстанцияландырып отырған көптік қасиет Екінші себептерді субстанцияландыратын көптіктен артық. Аспан денелерінің жандары да Екінші себеп пен әрекетшіл ақыл-парасат сияқты жалғыз Аллаһты және Оның мәнін пайымдап өзінен төмен дәрежедегілерді тыс қалдырады. 19. Жоғарыда әл-Фараби: «Оның болмысының жетілуі, оның шын күйі, оның сәулеті, әшекейлік пен сұлулығы өзінен жоғарыда тұрған нәрселерді ақылмен пайымдағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз сатысынан төмен тұрған нәрселерді де ақылмен пайымдалғандықтан игеріледі...», - деп адамның ақылын айтады. Адам өзінен жоғары тұрған нәрселерді ақылмен пайымдағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз дәрежесінен төмен тұрған нәрселерді де ойлағандықтан ақылы кемелдене түседі. Енді, бұл арада әлФараби, сөз жоқ Аристотельдегі табиғи болмыстың торт себебі туралы айтып отыр, бұлар: материялық, формальдық, мақсаттық және қозғаушы себептер. 20. Әл-Фараби Алланың барлығы мен бірлігі туралы айтады. «Таухид» - Алланың бірлігі Ислам дініндегі ең бастапқы әрі негізгі шарттардың бірі болып табылады. Мухаммед пайғамбардың (т.е.) пайғамбарлық міндеті жиырма үш
жыл болса, соның он бір жылын Мекке шаһарында адамдарға Аллаһтың бірлігін насихаттаған. Енді, әл-Фарабидің Аллаһ туралы мына сөздерін салыстырыңыз: «Ол - Бірінші. Егер Ол былайша бөлінбейтін болса, онда оның сан жағынан және бөлінудің басқа да түрлері жағынан бөлінуіне ешбір мүмкіндік жоқ. Ол бұл жөнінде де біреу. Сондықтан да дүниедегі басқа нәрселерден ерекше тұратын Оның болмысы басқаша болуы, басқа бір нәрсе болуы мүмкін емес; осының арқасында Ол - өз мәніндегі Тұлға. Сондықтан Оны қалған басқалардың бәрінен ажыратып туратын жағы - Оның мәнін құратын жалғыздығы. «Жалғыздық» деген сөздің мағыналарының бір әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып туратын ерекше болмысқа тарайды». № 2 түсіндірмеге қараңыз. 21. «Бірінші Тұлға абсолюттік мағынада сұлу, ең сәулетті, ең көрікті. Егер бірінші Тұлғаның болмысы ең жетілген болмыс болса, ендеше Оның сұлулығы басқа сұлулық иелерінің бәрінен асып түседі»,- деп әл-Фараби бізге Аллаһтың сұлу екенін, Оның сұлулығы басқа сұлулық иелерінен асып түсетіні айтады. Ол сұлулықты басқа жаратылыстарға беруші. Сондықтан, Одан асқан сұлулық жоқ. Егер Одан асқан сұлулық болса, онда Бірінші себеп біреу емес, екеу болар еді, бірақ бұлай болуы мүмкін емес нәрсе. 22. Әл-Фарабидің: «Басқа нәрселердің [Бірінші Тұлғадан тысқары] өмір сүруі Соның өмір сүруінен туады» немесе «Күннен тараған күннің сәулесі сияқты әлем де Аллаһтан тарайды» - деген пікірлері Платонның әлемнің жаратылысы туралы теориясына ұқсайды. Бірақ, солай бола тур с а да Бірінші Тұлғадан шығатын нәрселердің өмір сүруі ешбір жағдайда Оның өмір сүруінің себебі немесе Оның өмір сүруінің мақсаты бола алмайды. Себебі, мақсат дегеніміз әлсіздіктің белгісі, ол Аллаһ ноқсансыз кәміл. Басқаша айтқанда Аллаһтың өмір сүруі әлемнің болмысына тәуелді емес. 23. Аллаһ мен басқа болмыстардың арасындағы ортақ есім сөздердің болуы Аллаһтың кәмелдігін және сол заттардың Аллаһтан бастау алатынын білдіреді. Біз мұндай «ортақ есіммен» қаласақ Алланы атауымызға болады, қаласақ өзіміз осы атаулармен ат қойған нәрселерді де атауымызға болады. Бұл туралы әл-Фараби былай дейді: «Ол үшін және басқа заттар үшін ортақ атаулардың көпшілігі ең алдымен Соның жетілгендігін көрсететіні, сонан кейін барып, Бірінші [Тұлға] жөнінде өздерінің болмыста қандай орын алатынына сәйкес басқа нәрселердің жетілгендігін көрсететіні анық». 24. Мумкин әл-вуджуд - «мүмкін дұға», «уаджиб әл-вуджуд» - «қажетті тұлға». Әл-Фараби бойынша, шын өмір сүретіндердің бәрі де не «қажетті» немесе «мүмкін». «Мүмкін тұлғалардың» өзінің өмір сүруінің себептері бар деп
ұйғаруды талап етеді. Себептер тізбегі ұшы-қиырсыз бола алмайды және ссбепсіз өмір сүретін тұлғаның өмір сүретіні туралы наным туғызады. Осы «қажет тұлға», әл-Фараби бойынша, Алла - тағалаға, бірінші себеп, қозғалыстың бірінші қозғаушысы. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж. 25. Мәдда - «материя» және сұра - «форма» әл-Фараби бойынша, барлық денелер материядан және формадан турады. Форма дегеніміз нәрсенің шын өмір сүруі, ал материя - ол потенция, болашақ мүмкіншілік. Материяға қарағанда форманың алғашқылығын мойындай отырып, әл-Фараби сонымен бірге оларды ажыратуға болмайтындығын атап көрсетеді. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж. 26. Хайуан натық - «ақыл-парасатты жануар». «Мүмкін тұлғаның ішінде мунан артық кәмелетке жеткен тек болмағандықтан, олар өздерінен жоғары кәмелетке жеткен басқа нәрсеге еш уақытта да көмек көрсетпейді», - деп ұлы ойшыл адамды мақұлықаттардың ішіндегі ең кәміл және «ақыл-парасатты жануар» деп атайды. Әл-Фарабидің ойынша жеке, нақтылы нәрселерді пайымдаудың құралы түйсік, қиял және елестету болып табылады, бұлар адам үшін де, хайуан үшін де ортақ нәрсе, ал енді теориялық ойлаудың арқасында абстрактылы ұғымдарды танып білу қабілеті тек адамға ғана тән. 27. Әл-Фарабидің: «Анағұрлым жоғары тектердің солғұрлым төменгі мүмкін тұлғалы нәрселердің көмегіне келетін болсақ, [жоғарыда] өзіміз айтқандай, ақыл-парасатты жануарларда ешбір нәрсе түрі жағынан өздерінен төменгілерге ешқандай да қызмет етпейді де, көмектеспейді, мұның осылай болуы бұлардың формасына байланысты. Түрлердің біріне-бірінің көмегін дәл осылай түсіну керек», - деген сөздерін адам қате түсінбеуіміз керек. Басқаша айтқанда әл-Фарабидің ойынша адам өзінен төменгі жаратылысқа көмектеспейді деген пікір қалыптаспау керек. Керісінше, Ұлы ойшылдың айтқысы келген ойы мынадай: «Адам жер бетіндегі мақлұқаттардың ең кәміл түрі. Адам өзінің табиғи жаратылысынан өзге мақлұқатқа қызмет көрсету үшін жаратылмаған, керісінше олар адамға қызмет қылып оның барлық қажеті мен пайдасына жарайды. Алайда, адам ақыл-парасат иесі болғанан кейін, ол саналы түрде қоршаған ортамен жануарларға қолынан келгенше өз көмегін аянбайды» 28. Джама"а - «қоғам»; мадина - «қала». Платон сияқты әл-Фарабиде қоғамның пайда болу және даму себептері адамдардың өздерінің материялдық және рухани мұқтаждарын қанағаттандыруда деп біледі. Бұлардың арасындағы бұл жөніндегі айырмашылық сол, Платонда «қоғам»
деген ұғым «мемлекет» деген ұғыммен бірігіп кетеді, ал әл-Фараби бойынша қоғам мемлекеттен бұрын туады, қоғам мемлекетсіз де өмір сүре алады, ал мемлекеттің қоғамсыз өмір сүруі ақылға сиымсыз. «Адам қоғамы», «қала», «қайырымды қала», «қалалық бірлестіктің басты мүшесі», «надан қала» және басқалар сияқты ұтымдарға әл-Фарабидің «Философиялық трактаттар» деген кітабындағы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатқа» берілген ескертулерде талдау жасалған. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж. 29. Әл-Фараби «Бақыт - абсолюттік қайырымдылық» - деп Аристотельге еліктеп отыр. 30. «...егер адам бақытты пайымдап, оны тани білсе, бірақ оны өзінің негізі мен мақсаты етпесе, оны көңілі қаламай немесе оған селқос қарап, өзінің өмірлік мақсаты етіп, бақыттан басқа бірдеңені таңдаса және соған жету үшін бар күшін жұмсаса, онда осыдан да абсолюттік зұлымдық келіп туады», яғни бұл жерде әл-Фараби адамды жамандыққа бастайтын бес нәрсені айтып отыр. Егер адам бақытты біліп тұрып оны өзінің өміріндегі негізгі мақсаты етпей, басқа нәрсені таңдап және соның жолында ләззатқа беріліп, қиялдың соңына түсіп оған бар жігерін салса, онда ол абсолюттік зұлымдыққа жетеді. 31. Әл-Фарабидің бұл жерде адамның бойындағы қасиеттері туралы айтады. Фарабидің пікірінше, адамның бойындағы жаратылысынан бар қасиеттер ол адамды бір амалға күштемейді немесе оны бір белгілі амал жасауға мәжбүрлемейді, керісінше олар сол адамға үнемі жәрдем беріп, оның амалын жеңілдетіп отырады. Егер адам өзінің бойында бар қасиеттерін ізгілікке тәрбиелеп, оны бақылап отырмаса, бойындағы қасиеттері зұлымдық пен пасықтыққа айналуы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай даралық қасиеттерді үнемі жетілдіріп отырмаса немесе белгілі бір дәрежеде қолданыс таппаса бұлар мүлдем жоғалып, өшіп қалу қаупі де жоқ емес. 32. Әл-Фараби «Бірінші басшы дегеніміз кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Ойшыл бірінші басшының абсолютті басшы болуы үшін басқаның басшылығын мүлдем керек етпеуі керек, ол ғылымдар мен білімдерді жақсы меңгеруі тиіс, бірақ орындалуға тиіс жұмыстардың барлығын жеке-жеке білу оған міндет емес - дейді. Сол сияқты әл-Фараби ең бастысы басшы дегеніміз қарамағындағы адамдарды басқара білуі керек. Басшы болу дәрежесі кезкелген адамның басына қонатын бақ емес, басшылық мансап тек жаратылысынан бойындағы қасиеті өте тамаша, абзал адамдарға, яғни жандары әрекетшіл ақыл-парасатпен бірге біткен адамдарға ғана тән деп
басшы болуға лайықты адам туралы пайымдайды. Әл-Фараби «Жан туралы» деп Аристотельдің кітабын айтып отыр. 33. Ақл фалъ - «әрекетшіл ақыл-парасат», ай сферасына сәйкес дүниежүзілік, космостық ақыл-парасат. Адамның ақыл-парасаты потенциялық сатыдан бастап, жүре келе пайда болатын ақыл-парасатқа қарай барлық адам бірдей және ортақ деп танитын Александр Афродизийскийдің «әрекетшіл ақылпарасатына» жақын. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1975 ж. 34. Уахийун - «уахи», Алланың тарапынан Жәбрәйл періште арқылы тек пайғамбарларға келетін ашық хабар. Әл-Фараби осы арада философия мен шариғатты келтіріп отыр, яғни философты пайғамбармен теңеп ол екеуінің араларын бір-біріне жақындату әрекеті байқалады. Себебі, пайғамбар әрекетшіл ақыл-парасаттың арқасында Алламен байланысуы арқылы анық білімді үйренеді. Дәл осындай теңеуді Ибн Рушд өзінің "Дін және философия арақатынасы турасында шешім шығаратын сөз" атты трактатында Алла тарапынан келген "елші" мен халық арасынан шыққан "данагөйді" қатар қояды. Сөйтіп, пайғамбарлық миссия мен философиялық даналық түсініктерін бір-біріне жақындату әрекетін жасаған. 35. Науабит - «ақылы жетілмеген адам». Адамдардың бұл түрі кез-келген мемлекетте өмір сүреді. Бұлар ыдырып жүргендіктен шын бақытқа жетуге мүмкіндіктері жоқ индивидтер. Әл-Фараби бұлардың қоғамдағы рөлін арам шөппен теңейді: «Қалалардағы мұндай индивидтер - бидайдың арасындағы қарақастар, егіндік жердегі дөңбек тастар немесе егіндегі және баубақшадағы арам шөптер тәрізді». Себебі Ұлы ойшыл олар жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар. Олар қала тұрғындары болып табылмайды. Олардың ішінде қайсыбірі мал тәріздес, басқа біреулері - жабайы аң тәрізді, енді қайсыбіреулері жыртқыш хайуан тәріздес екенін айтады. 36. Мәдинату тағал-луб - «мансапқор қала», әл-иджтимаг әт-тағал-луб - «мансапқор қоғам». Әл-Фараби мансапқор қаланы үш түрге бөліп қарайды: мансапқорлық тұрғындарының бәріне тән болатын қала, мансапқорлық тұрғындардың жартысына тән болатын қалалар және мансапқорлық тек бірінші басшыға ғана тән қала. Мансапқорлық тұрғындарының бәріне тән болатын қалаға келетін болсақ, қаладағы тұрғын адамдарының бәрі мансапқорлық мақсатының төңірегінде бірауыздан біріккен болуы керек. Мансапқорлық тұрғындардың жартысына тән болатын қалаға келетін болсақ, қала тұрғындарының жартысы ғана жеңіс үшін қан төгу мен малға ие болуды қалайды. Енді мансапқорлық тек бірінші басшыға ғана тән қалаға келсек,
бірінші басшы мынадай қасиеттерге ие болады: табандылық, тайсалмаушылық, аяусыз қаталдық, өр кеуделік, ішіп-жеуге мешкейлік, құштарлықта барлық игілікке ие болып алу да, зорлап та, бағындырып та барлығын жеңуге талпынуда ешбір қанағатсыздықты білмеу. Оның барлық халқы сол жалғыздың не тілесе соны істейтін құлдары, олардың өзімдікі дейтін түгі жоқ, олар бірінші басшының жәбір шеккен, бағынышқа душар болған құлдары болады. Бұлардың кейбіреуі сол үшін жер өңдейді, басқа біреулері сауда-саттық жасайды, ал әкім болса бір тана мақсатты көздейді, ол мақсат - басқалардың бәрінің өзіне бағынышты болуы, өзі үстем болып басқалардың зәбір шеккенін көру. 37. Мәдинату әл-иджтимагия - «ұжымдық қала». Мұның тұрғындары бірінебірі тең. Бұлардың заңдары жеке адамдардың ешқайсысына ешбір артықшылық жасамайды. Бұлардың біріне-бірінің және басқа қалалардың тұрғындарының билік жүргізуге олардың бәрінің бостандығын асыра түсуді көздейді. Барлық осы қалаларды өз бойында біріктіретін бұл қалада пасықтық пен абзалдық ұштасып отырады, өзіміз жоғарыда атап өткендей, басшылықтың қандайы болса да кездеседі. Бұлардың басшылары бағыныштыларының еркіне бағынады. Оларда кім де кім қала тұрғындарына еркіндік берсе, кім де кім солардың тілегін, талабын қанағаттандырса, олардың осы еркіндігін қорғаса және солардың бір-біріне және дұшпандарына деген алуан түрлі тілек-талаптарын орындап. Олар бағынатын ең қадірменді, ең лайықты адам осындай болады. Ал бұлардың басқа басшылары өз қол астындағы тұрғындардың қалауы мен талабына сәйкес игіліктерді тауып бере отырып, өздері сол тұрғындарымен тең дәрежеде болады, осынысы үшін қала тұрғындары бұлардың сіңірген еңбегіне лайық құрмет көрсетеді, мал-мүлік сыйлайды. Бақытқа жету жайында 1. «Китаб тахсиль ас-са'ада» - «Бақытқа жету жайында» деп аталатын бұл трактат қазақ тілінде екінші мәрте жарық көріп отыр. Бірінші мәрте ӘлФараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975, 295-372 б. Алайда, бұл аударманың өздік ерекшелігі сонда, араб тіліндегі нұсқадан тікелей қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр. Бұл екі аударманың арасындағы мағыналық тұрғыдағы айырмашылықтарды сіз Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында // ӘлФараби. 2004. № 1. 42-47 б. оқи аласыз. Бұл аударманың жалпы ерекшелігін айтар болсақ, мұнда, яғни осы аудармада кітаптың бөлімдері пайда болды, әр бөлімнің тақырыпшалары құралды,
кітаптың мазмұны қалыптасты және трактаттың арнайы арабша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздігі жасалды десек болады. Трактат араб тіліндегі Әли Бумильхам әзірлеген, Әл-Фараби. Китаб тахсиль асса'ада. Бейрут. Дар уа мактабат әл-Тшләл. 1995 ж. негізінде аударылды. Әрине, аударма барысында жоғарыда аталған Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттар. А., 1975, 295-372 б. аудармашыға жанындағы жолдасы ретінде көптеген септігін тигізді. Трактат араб тілінде бірнеше рет жарық көрген. Олардың ең алғашқылары: Хайдарабат. 1926 ж., Бейрут. 1981 ж. т.б. Сондай-ақ, трактат қол жазба ретінде бірнеше жерде сақталған, атап айтар болсақ; Донишке 3/2110, Кітаптар сарайы 120,420 философия. Машкет 10/240, Табғу сарайы, аманат қазынасы 11/1730 және Британия музейі, Add. 7518 Rіch. Трактаттың араб тіліндегі нұсқасын әзірлеген Әли Бумильхамның кіріспеде айтқан мынау сөздерін сіздердің назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. Себебі, бұл кісі өте қызық әрі маңызды пікір айтады: Кітаптың кіріспесін қорытынды сөзімен ашайық. Бұлай деп айтуымыз әлФараби кітаптың соңғы тақырыпшасында былай деген: «... философия бізге гректер Платон мен Аристотельден келген. Олардың әрқайсысы бізге философияны беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар оған апаратын жолды да, оның құлдырап, ғайып болған кезінде оны жасау жолын да көрсетіп береді. Біз ең алдымен Платонның философиясын және мұның сатыларын баяндаудан бастаймыз. Біз Платон философиясының бірінші бөліміне кірісеміз, онан соң рет-ретімен жүріп отырып, оның философиясының соңғы бөліміне жетеміз. Кейін Аристотель ұсынған философия жөнінде де біз осылай жасаймыз. Біз оның да философиясының бірінші бөлімінен бастаймыз. Бұдан айқын көрініп отырған нәрсе -олардың бізге берген тәліміндегі мақсаттың бір екендігі. Олардың екеуі де бәз-баяғы бір философияны - Платонның философиясы мен оның бөлімдерін, бөлімдерінің сатыларын бастан-аяқ баяндап беруге тырысқан. Бұл біздің осы кітаптан тапқан ең соңғы нәрсеміз. Осы бөлімде әл-Фараби философияның даму сатысын, өркендеуін және тоқырауға ұшырауы мен арабтарға гректерден сирянилер арқылы келу жолын баяндайды. Әл-Фараби еңбегінде философияны, метафизиканы, саясатты т.б. ғылымдардың құрылымын қарастырды. Жалпы кітапта ғылымдардың құрылымдары мен оларға жету жолдары кеңінен айтылғанымен кітаптың тақырыбы «Бақытқа жету жайында» сөз аз болады. Осы арада «Егер шынымен
солай болса, онда әл-Фараби неге кітапты басқаша атамады?», - деген сұрақ туады. Кітаптың атауы шартты түрде ғана қойылса керек. Кітапқа мұндай атаудың кім бергені тағы белгісіз, бірақ әл-Фарабидің кітапты «Бақытқа жету жайында» деп атамағаны анық, себебі, оның замандасы Ибн Надим келтірген Фарабидің еңбектерінің арасында мұндай кітап жоқ. Сондай-ақ, Ибн Әби Усибға және Сагид әл-Әндәлусилер көрсеткен «Ескі аудармалар» кітаптарының тізімінде де мұндай кітап кездеспейді. Кітап «Бақытқа жету жайында» деген атаумен 1345 (мұсылман жыл санауымен) Үндістанда Хайдарабад қаласында басылып шыққан. Осыған орай айтарымыз бұл кітап әуел баста бір жеке кітап болмаған. Кітап әлФарабидің ескі кітаптарының тізімінде кездесетін Платон мен Аристотель философияларының бірлігіне қатысты жазылған еңбек болса керек. Айтылған сөзге дәлел ретінде әл-Фарабидің сөздерін келтірсек болады: «...Платонның философиясын және мұның сатыларын баяндаудан бастаймыз. Платон философиясының бірінші бөліміне кірісеміз, онан соң рет-ретімен жүріп отырып, оның философиясының соңғы бөліміне жетеміз. Кейін, Аристотель ұсынған философия жөнінде де біз осылай жасаймыз. Біз оның да философиясының бірінші бөлімінен бастаймыз. Бұдан айқын көрініп отырған нәрсе -олардың бізге берген тәліміндегі мақсаттың бір екендігі.» Осы айтылған мәселе төңірегінде Розентал немесе Штраус сияқты шығыстанушылар да ой қозғаған. Аталмыш еңбекті көшірген (қолжазбадан қағазға түсірген) кісі де кітапты қағазға толық түсіргендігі турасында да анық хабар бермеген, тек қана: «Бұл, біз осы кітаптан тапқан ең соңғы нәрсеміз», - деген. Егер бұл сөйлемнің төркініне бойласаңыз, онда кітап бірнеше бөлімдерден тұратынын немесе кітап толық жазылмағанын байқайсыз, яғни көшіруші кісінің қолындағы барымен тана қанағаттанғанын түсінесіз. Әл-Фарабидің бізге жеткен қолжазбаларының ішінде кейбірі толық емес немесе бір бөліктерінің тіпті жоқ екенін анық білеміз. Сөйтіп, әл-Фарабидің еңбектерін қағазға түсіруші кісінің бір бөліктерін алып оларға мазмұнына қарай атау беріп, дербес кітап қылып жіберіп отырған болуы да әбден мүмкін. Осы сияқты құбылыстар әл-Фарабидің еңбектері мен олардың мазмұндамаларында көрініс тапса керек. Кітапта қаралған мәселелерге байланысты еңбекті алты бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлімде теориялық ғылымдар турасында айтылады, оларды әл-Фараби теориялық ізгіліктер деп атайды: «Теориялық ізгіліктер
дегеніміздің түпкі мақсаты - өмірде бар нәрселерді рационалды қамтып және сонымен тана көз жеткізетін білімдер». Бұл білімдер ақылдағы мәліметтер арқылы қалыптасады. Ол үшін дене күшін сарп етіп іс-әрекет жасаудың қажеті жоқ сол себепті, бұлар практикалық емес теориялық білімдер деп аталады. Теориялық білімдер екі бөлімге бөлінеді: алғашқы білімдер мен үйрену арқылы келетін білімдер. Алғашқы білімдер - адам әуел бастан көңіліне тоқыған білімдер. Адам олардың қалайша және қайдан пайда болғанын аңдамай да қалады. Олардың ішінде тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы келетін ғылымдары да бар. Сондай-ақ, олар болмыс және білім бастамалары, ал болмыс бастамалары дегеніміз төртеу; форма, материя, қозғаушы (әрекет етуші, себеп), және мақсат. Үйрену арқылы келетін білімдер - математика, табиғат туралы ғылым, метафизика ғылымы мен азаматтық тылым. Математиканы әл-Фараби: «Сан мен шаманы қамтитын тылым - математика. Ол саны бар шамаларды зерттейді, санның арқасында болатын барлық қасиеттері тұрғысынан осы шамаларды: аумағын, реттілігін, үйлесімділігін, жүйелілігін қарастырады». Математика ғылымы - арифметика, астрономия, музыка ғылымына, салмақтарды өлшейтін ғылымдарға бөлінеді. Математика өзі зерттеп отырған нәрселердің бастамасы емес және оның арқа сүйеп талпынатын мақсаты «бұл өмірде бар ма» және «бұл неліктен» дегенді танып білу. Әл-Фараби әуелі математикадан бастау керектігін айтады. Кейін, көңілге тоқуға болатын нәрселерден бастап, көңілге тоқу үшін материяны сәл тана қажет ететін нәрсеге көшіп, онан соң ақыл-оймен пайымдау үшін материясы көбірек нәрселерге көшеді. Табиғат туралы ғылым - денелерді құрайтын заттарды қарастырады. Бұларды атап айтқанда: аспан денелері, жер, су, ауа от, бу және жердің бетімен қойнауындағы тастар мен минералдар, өсімдіктер, парасатты хайуандар мен парасатты жандар. Бұл тарауда әл-Фараби зерттеушінің зерттеу барысында хайуандар болмысының бастамаларын тексере келіп жан жүйесін қарастыруға шақырады. Табиғат туралы ғылым бөлімінен соң метафизика ғылымы басталады. Мұнда ойшыл зерттеушінің физиканың артында туратын болмыстарды зерттеуге кірісетінін айтады. Зерттеуші метафизикада қолайлы келетін бірінші алты шарттарды оқып-үйренудің бастамалары етеді, онан соң физика дәлелдеген қағидаларды жоғарыда айтылған тәртіппен осы тектегі оқып-білудің
бастамалары ретінде пайдаланады. Осылайша әл-Фараби зерттеушіге өмірдегі осы тектес заттардың әрбіріне барып жетуін айтады. Сөйтіп, осындай тәртіппен бірінші бөлімді азаматтық саясат аяқтайды. Келесі бөлім этикалық ізгіліктерден құралады. Үшінші бөлімде әл-Фараби ойшылдық ізгіліктер турасында әңгіме өрбітеді. Төртінші бөлім ізгілік дәрежелері мен ондағы табиғаттың алатын орны деп аталады. Бесінші бөлім үйрету мен тәрбиелеу, алтыншы бөлім философия ғылымына арналып мынадай тақырыптардан құралады; философия және дін, шын философ және Платон мен Аристотель философиялары. 2. Фазаилъ назария - «теориялық ізгіліктер»; фазаиль фикрия - «ойшылдық ізгіліктер», фазаиль хульқия - «этикалық ізгіліктер», санаат амалия - «практикалық өнерлер». Адамның өмірінде басты мақсат - ең жоғары бақытқа жету үшін осылар қажет. Салыстырыңыз Аристотель. «Никомах этикасы», VІ кітап параграф екі; X кітап, параграф жеті. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975. 414 6. 3. Улум ула - «алғашқы білімдер», адам әуел бастан көңіліне тоқыған білімдер. Адам олардың қалайша және қайдан пайда болғанын ол білмей де қалады. Алғашқы білімдердің ішінде ойлау, тексеру, зерттеу, үйрену және оқу арқылы келетін білімдер де бар. Муқаддимат әууаль - «бірінші алғышарттар», мұнда аксиомалар жайында айтылып отыр. Әл Фараби бойынша, жүре келе пайда болған білімнен басқа туа біткен, априорлық білімдер болады. Мысалы, «тұтас, бөлшектен үлкен» деген сияқты. Бұлар ақыл-парасаттың әрекетінен тікелей «туып», ой-қорытындысы жолымен сезімдік мәліметтердің негізінде жасалатын таным шарты болып табылады. 4. Аристотель сияқты әл-Фараби де тек анық білім ғана ғылымның міндеті бола алады деп есептейді, ол анық білімді пікір мен сенімнен айыра біледі, яғни ретімен айтқанда адамда әулі сенім болады. Оның арқасында зерттей келіп өзінің (бір нәрсе туралы) пікірі қалыптасады, сонан соң тана анық білім келеді. Анық білім дегеніміз – ешкімнің де күмәні мен таласын тудырмайтын білім. 5. Иакин - ешкімнің күмәнін тудырмайтын анық білім. № 4 түсіндірмеге қараңыз. Заннун - жорамал білім, бәлкім дұрыс болмауы ықтималы да бар. Джубран Масғуд. Райд ат-Туллаб. Бейрут, 1986. Ғалымдар білімнің бұл түріне аса маңыз бермеген. Себебі, бұл білімнің ешбір негізі болмауы мүмкін. Сондықтан әл-Фараби осы еңбегінде «иақин» анық білімнен «зан-нун» жорамал білімді айырып отырады.
6. Антикалық дәстүрге сәйкес әл-Фараби оқып-үйренудің бастамалары болмыс бастамаларымен сәйкес келеді; болмыстың дәлелдемесі алғашқы білімдерге байланысты, егер ол «бұл өмірде бар ма» дегенді білдірумен қатар «мұның болуы неліктен» дегенді білдіретін болса, «бұл неліктен» дегеннің дәлелдемесі деп атаған, яғни (бір нәрсе туралы анықтамаға) сол нәрсенің болуы ғана емес, оның болу себептері де кіруге тиіс деп талап еткен және тек дәлелдеме тана себептің мәнісін түсіндіре алмақшы деген. Әл-Фарабидің айтуынша егер аталған қағидалар мен шарттар жаратылыстағы нәрселердің қайсыбір тегіне қатысты мағлұматтар осы тектес болмысты танып білуіміз үшін себептері болып, олардың қайсы бірінің болмысының себептері болмаса, онда осы текке [турге] қатысты оқу-білімінің бастамасы болмыстың бастамасына сәйкес келмейді. 7. «Болмыстың бастамасы төртеу: зат «не», «неліктен», және «қалай» өмір сүреді...». Мұнда Аристотельдегі табиғи болмыстың мынадай торт түрлі себебі талданған; материя, форма, мақсат және қозғаушы күш. Араби тілдес философтар соңғысын «әрекет етуші себеп» деп атайды. Бұл кітапта осы атаулар мынадай болып аталады; сұра - форма, әл-мадда - материя, әл-фағил - қозғаушы (әрекет етуші, себеп), ғайя - мақсат. Джубран Масғуд. Райд атТуллаб. Бейрут, 1986 (арабша түсіндірме сөздігі). 8. Әл-Фарабише, әрбір ғылым өзінің тегімен байланысты және өздігінен белгілі бірлікте болады. Сондықтан бір ғылымнан екінші ғылымға, бір тектен екінші текке аттап өту ешбір мүмкін емес. Ал егер зерттеушіге төрт бастаманың бәрі де белгілі болса, онда ол бұлардың тек кейбіреулерімен ғана шектелмей олардың барлығын түгел қамтып зерттейді. Егер ол білімге төрт [бастаманың] бәрі бірдей тән болмаса, онда ол осы бастамалардың саны үшеу ме, екеу ме, әлде біреу ме, соны анықтауға тырысады, бұл ретте ол бұл тектің ең бергі бастамаларымен шектелмеуі тиіс, қайта бұл бастамалардың бастамаларын және [бұл бастамалардың] бастамаларының бастамаларын анықтауға тырысуы керек, сөйтіп, осы текте өзі анықтаған ең арғы бастамаларға жеткенше тоқтамай жалғастырады. 9. Кез келген бір заттың болмысын анықтау және дәлелдеу керек. Ал «болмыстың себептері» деп әл-Фараби әлгі бар болған заттың болу себептерін айқындауды айтады. Егер осы бастаманың басқа бір бастамасы болса, онда зерттеуші әлгі [бірінші] бастаманы түсіндіру үшін мұны да пайдаланады, сонда бұдан бұрынғы [екінші] бастама зерттеушіге болмыс жөнінде білім береді. Бұл білім екі түрлі пайда береді: біріншісі, ол зерттеушіге өзінің болмысы жөнінде
білім берсе, ал екінші жағынан, өзінің болмысы жөнінде де, өз болмысының себептері жөнінде де білім береді дейді ойшыл. 10. «Шама» сөзі тупнусқада «әлъ-ағзам». Араб тіліндегі бұл сөзді аль-Фараби сөз «аль-аджсам», «әль - ашкаль», «аль - аузағ» және «ан-низам» деп те қолданады. Яғни «шама» сөзі өз ішінде денелер, кескін, өлшем және жүйелілік деген ұғымдарды да қамтиды. Әл-Фараби «сан мен шаманы» өмірдегі заттардың зерттелуін, адам ақыл-ойының ауытқуы мен абыржуынан оп-оңай құтқаратын бірінші тек дейді. 11. Әл-Фараби математиканы өмірде бір заттардың бірінші тегі деп есептейді де, зерттеуді осыдан бастау керек, өйткені бұл осы заттың не екендігі жөнінде де, мұның не себепті бар болатыны жөнінде де бір мезгілде мағлұмат беретін ғылым деп есептейді. Себебі, зерттеуші санның арқасында болатын барлық қасиеттері тұрғысынан осы шамаларды: аумағын, реттілігін, үйлесімділігін, жүйелілігін қарастырады. 12. Математика ғылымы өмірдегі сан мен шамалар ретіндегі нәрсе біткенді қамту мақсатын көздейді де және төмендегі ғылымдардан құралады: оптика ғылымы, астрономия ғылымы, музыка ғылымы, салмақ жайындағы ғылым және шебер тәсілдер жайлы ғылым (механика). 13. Әл-Фараби формальды себепті ғана зерттейтін математикадан бастап, болмыстың барлық торт түрлі себебін зерттейтін табиғи құбылыстарға дейінгі танымның бүкіл барысын ой елегінен өткізеді. Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттар. А., 1975. 415 б. 14. Табиғат туралы ғылым - дүние өз құшағына алған заттарды қарастырады: денелер, денелердегі заттар, дүниені қурайтын дене тектері (түрлері) және сезіммен қабылданатын заттар тектері, аспан денелері, жер, су, ауа, от, пайдалы қазбалар, адам, жануар және өсімдік әлемдері. Зерттеуші ғылымның бұл түрінде өзі алғашқы білімнен алған білімдерді қарастыруға және өзінің білуінше бұл ғылымда оқу білімінің бастамасы боларлық барлық нәрсені қамтуға тиіс. Сондай-ақ, ол денелерді, денелердегі заттарды, дүниені құрайтын дене тектерін т.б. дүниедегі заттарды қарастырады. 15. «Табиғи пәндердің әрбір тегі жайындағы оқып-үйренудің бастамалары олардың болмысының бастамалары жөніндегі келесі заттар болып табылады. Осы тек болмысының бастамалары оқып-білу бастамалары болмысының себептері болады», - деп Әл-Фараби оқып үйрену бастамалары болмыс бастамаларымен пара-пар деген пікірін қайталап айтады. Себебі, оқып үйрену бастамаларынан болмыс бастамаларына ден қояр болсақ, онда болмыстың
бастамалары белгілі болады. Бірақ, ойшыл болмыс бастамаларын оқыпүйрену бастамаларынан бұрын туратынын әсте естен шығармау керектігін де ескертіп айтады. 16. Бұл еңбегінде әл-Фараби кәмелеттікке жету үшін жұрттың саяси жағынан бірігуі қажет деген пікірін қайталайды. Ол адамды «жануар адам» (хайуан пней) және «жануар азамат» (хайуан мадани) деп атайды, ал мұның өзі Аристотельдің «саяси жануарымен» пара-пар; ал кәмелеттікке жету үшін қажетті әрекеттер мен қасиеттерді зерттейтін ғылымды әл-Фараби «адамзат ғылымы» (илм инсани) және «азаматтық ғылым» (илм мадани) деп атайды ал мұның өзі Аристотельдің «саяси ғылымына» және Платонның «нағыз патша өнеріне» («саясатшы», 259 б., 13-бет) сәйкес келеді. Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттар. А., 1975. 415 б. 17. Метафизика ғылымының зерттейтін тақырыбы материялық негізі жоқ болмыс, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкін емес дүние. Алайда зерттеуші метафизикада физикадан кейін тұратын болмыстарды зерттеуге кіріседі және мұнда нақ физикадағы сияқты әдістерді қолданады. Осы ғылымға қолайлы келетін бірінші алғы шарттарды оқып-үйренудің бастамалары етеді, онан соң физикада дәлелденген қағидаларды ретімен қолданады. Зерттеуші бұлардың бірде-бірінде материяның мүлде жоқ екенін анықтап, кейін бұлардың әрқайсысынан «мұның не екенін», «мұның қалайша өмір сүретінін», «қандай нәрсенің ықпалымен» және «неліктен өмір сүретінін» зерттеп білуге тиіс. 18. Зерттеуші зерттеліп жатырған нәрсенің болмыс төркіні «қандай» оның болатыны «неліктен» дегеннен де, оның болу «себебі не» дегеннен де мүлде аман тұлғаға барып жеткенше зерттей беруі керек. Ол - жоғарыда әңгіме болған өмірдегі барлық заттардың бірінші бастамасы. Барлық болмыстың бірінші бастамасы - Аллаһ. Ол - күллі болмыстың болуына себеп. Әл-Фараби. «Китаб тахсил ас-сағада» Бейрут. 1995ж. 45 б. 19. Әл-Фарабидің айтуынша азаматтық ғылым - адамды «кәміл инсан» болу мақсатына алып баратын жолдарды зерттеп қарастырады. Бұл жол қайрымдылық пен ізгі амал жолы. Қала тұрғындарының әрбірі азаматтық бірлестікте өздеріне табиғаттан қай мөлшерде сыбата белгіленген болса, сол мөлшерде бақытқа кенеледі дейді. 20. «Халықты немесе қаланы қамтитын нәрселер жиынтығында да әлденендей бір алғашқы бастама болады, оның соңынан да басқа бастамалар және осы бастамаларға ілесуші басқа [тұрғындар] келеді, ал осы
тұрғындардың ізімен басқа тұрғындар жүріп отырады да, азаматтық және адамдық [болмысы] жағынан ең соңғы тұрғындарға жеткенге дейін осылай жалғасып кете береді» - деп ойшыл бұл жерде алғашқы бастамаларды; халық патшасы немесе қала әкімі сондай-ақ, патшаның немесе бірінші әкімнің соңынан келетін шенеуніктер мен лауазым иелері деген сөзді меңзеп отыр. 21. Табиғи мәндер табиғаттан туындаса, іс-әрекеттер мен амалдар еріктен туындайды. Әдетте еріктің тауқыметі мен өмір сүретін нәрсенің бәрі өмір сүре алмайды және әуел бастан белгілі бола алмайды 22. Әл-Фараби адамдардың әрекеттері қоғамда орнатылған заңдарға коп жағдайда батына бермейтіндерін айтады. Себебі, адамның еркі табиғат пен қоғамның түрлі құбылыстарына байланысты құбылып тұрады. Өте жиі өзгеріп отыратын заттар үшін арнайы заң шығаруға мүлде болмайды, ал керісінше күйі некен-саяқ өзгеретін заттар үшін арнайы заң шығару қолайлы дейді. 23. Адамның іс-әрекеті мезгіл мен мекен талаптарына сай өзгеріп отырады. Мысалы, адамның әртүрлі жердегі күйі жөнінде де дәл осыны айтуға болады: бір елде бар акциденциялары мен күйлері [екінші] елдегі акциденциялары мен күйлерінен өзгеше болады 24. Этикалық ізгіліктер мен акциденциялар түрлі халықтарда әртүрлі болып және мезгіл мен мекен өзгерген сайын ол екеуі өзгеріп отырады. Мысалы, инабаттылық, байлық сияқты нәрселердің бәрі де ерікке қатысы бар, ақылоймен пайымдалатын ұғымдар алатын болса, онда бұлармен бір мезгілде нақты байланысты акциденциялар басқа уақытта байланысты болған акциденциялардан өзгеше келеді; бір халықтың қолында болатын дағдылы нәрсе екінші бір халықта кездесетін нақты акциденциялардан басқа болады. 25. «Алайда, барлық халықтарға, жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең әдемі нәрсені тана анықтайтын, анықталатын нәрсе жөнінде әдетте [жұрттың] зердесінде ұзақ уақыт сақталатын немесе қысқа мерзімді уақыт ішінде ауысып отыратын ойшылдық ізгілік азаматтық ойшылдық ізгілік болып табылады», - деп Әл-Фарабидің айтып отырғаны халықтар мен қалаларға тиісті заңдар. 26. Өзге адамға жақсылық жасап немесе отан ізгілік тілемейінше сіздің бойыңыздағы өзіңіз қалаған игілігіңіз нақ ойдағы ізгілік бола алмайды. Сондай-ақ, ойдағы ізгілік қабілет адамның жеке басында кездеседі оның көздеген мақсатындағы ең пайдалы және ең әдемі нәрсені анықтауының ішінде көрінеді. Нақ осы ойшылдық қабілет арқылы адамның басқаларға қатысы бар ізгі мақсаттағы ең пайдалы және ең әдемі нәрсе де анықталады, - кеңесші ойшылдық қаблет міне, осындай. Мұның екеуі де бір адамның
бойына бітуі де немесе әр түрлі адамдардың бойында да болуы мүмкін - дейді ойшыл. 27. Әл-Фараби ойшылдық ізгілік пен этикалық ізгіліктің бір-бірінен ерекшелігін айтады. Адамның ойындағы ойшылдық ізгілігі неғұрлым жақсы болған сайын, адамның амалдағы этикалық ізгіліктері де кемелдене түседі. Ал етер адамның ойшылдық ізгіліктері жеке мақсатымен және жеке жағдайының ең пайдалы заттармен тана шектелсе, онда оның этикалық ізгілігі де осыған сәйкес келуге тиіс Адамның амалы ойындағы ниетімен бірге болады. 28. Аса кемелді ізгілік өзінің бойына барлық ізгіліктің жиынтығын қамтыған ізгілік. Ол кемелді әрі күшті ізгілік. Егер адам оның барлық әрекетін, яғни кемел ізгілікті толық іске асыртысы келсе, онда ол мұны барлық басқа ізгіліктердің әрекетін бірте пайдаланған күнде ғана іске асырады. Ал, егер ол өзінде бар ізгіліктің барлық әрекетін іске асырғысы келгенімен, мұның бойында басқа ізгіліктер болмай шықса, онда ол өз бойындағы жеке ізгіліктерді пайдаланады. 29. «...қаражат іздеуші алуан түрлі адамдарға тән жеке-дара ізгіліктердің бәрін пайдалануға тиіс». «Қаражат іздеуші» - халықтан сол дәуірлерде салық жинаушылар. Бұл кісілер түрлі саладағы адамдардан жеке-дара барып салық жинайтын болғандықтан әл-Фараби «қаражат іздеуші» өнер адамы сияқты өз бойында түрлі ізгіліктерді алып жүруі қажет. Себебі, ол барлық адамдармен ортақ тіл табуы керек деп есептейді. Сол сияқты энциклопедист ойшыл «Ең басты жеке-дара өнерлердің ішінде әскер бастығының өнері нақ осындай өнер болып табылады, ал мұның өзі жеке-дара өнерлердің әрекетін пайдаланған күнде ғана мақсатына жетеді», - дейді. Яғни, кез келген саланың басшысы, бірінші жетекшісі өзі басқарып отырған салаға тиісті ізгіліктерді өзінде қамтуы қажет, ол ізгіліктер басшының бойында көрінуі керек. Басшы осы ізгіліктерді қолдануы арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. 30. Әл-Фараби адамның жаратылысы мен табиғатын ойшылдық өнер және этикалық ізгіліктердің негізі етіп табады. Сондықтан тек кейбір адамдарға ғана үлкен ізгілікке қатысы бар және үлкен табиғи ойшылдық қабілетпен байланысты ізгілікке өзінің жаратылысынан бейім келеді. Патша өз жаратылысынан патша, философ өз жаратылысынан философ, қызметші табиғатынан қызметші және басқару жүйесі адамдардың тек жаратылыс қасиетімен болады деп сенеді.
31. Әл-Фараби тәлім мен тәрбиенің арасын тәлім дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарытады, ал тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деп ажыратады. Тәлім - тек сөз арқылы, ал тәрбие - сөз де, әрекет те арқылы болады, яғни тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы қасиеттер адамдардың жан дүниесін баурап алатындай және оларды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болу әрекеті көзделеді. 32. Имам - сөзі келесі мағыналарды білдіреді; «алдағы адам», «бастаушы адам», «жамағаттың алдында намаз қылушы», «адамдар үшін жауапты кісі» т.б. Әл-Фараби бұл жерде «әкім» сөзінен бұрын «имам» сөзін жәй келтірмеді. Себебі, Исламда имам деген өте жауапты лауазым. Имам болып бір талас туған мәселеге шешім шығару Аллаһтың атынан рұқсат бергенмен тең. ӘлФараби «имам» туралы: «...оның өнері ең күшті өнер, ойлауы ең күшті ойлау, білімі ең күшті білім болады, әйтпесе ол өз мақсатын жүзеге асыру үшін өз бойындағыдан тысқары [таты да] басқалардың күштерін жинауға тиісті болар еді». Дегенмен, әл-Фарабиде өзінен бұрынғы грек ойшылдары сияқты философтардың орнын ерекше қояды. Әл-Фараби «имам», «әкімді» және «философ» туралы былай деп айтады: «Олар - өздерінің теориялық танымдарында жалпы жұрт қостаған пікірімен шектеліп қала алмайтын таңдаулы жандар». № 30 түсіндірмеге қараңыз. 33. Патша қалың жұртшылықтың ең жоғарғы бедел иесі ретінде тәрбиелеу барысында сезімге әсер еткіш нақыл сөздермен иландыру және керек болған жағдайда күштеу тәсілдерінде қолдануы керектігін айтады, яғни әл-Фараби қала тұрғындарын адамгершілік қасиеттермен практикалық дағдыларға баулып, тәрбиелеу жөніндегі патшаның рөлін баса көрсетеді. Ол тәрбиенің екі түрлі әдісін; ғылымды меңгеруге бейімділік танытқандарға қолданылатын еріктілік әдісін және теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық білдіруші адамдарға қолданылатын күштеу әдісін ұсынады. Сонымен қатар халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеу барысында қайырымды да өнерлі адамдарды пайдалану қажеттілігін айтады. 34. Әл-Фараби бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнері дарыған адамдар деп отырғаны - философтар. Себебі, шешендік өнер философияның құрамына кіреді, ал бұл өнерді философтар қолданатыны анық. «Халықтар мен қалаларды ерікті түрде оқытып, үйрету үшін пайдаланатын [адамдар] - бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнері [дарыған] адамдар», - де ген
сөздерінен әл-Фарабидің Платон философиясымен әсерленгенін байқауға болады. Халықтар мен қалалардың басқару тізгіні философтардың қолында болу керек деген Платон болатын. Әл-Фарабидің айтуынша халықты басқарған патша, әкім немесе имам философ болмаса да философияны білуі лазым дейді. Себебі, әкімдер мен имамдар бұқара халықтың жан-жүйесін баурап, басқарып, бағындырып, оларды жөнге салып отыру үшін иландыру әдісімен басқарады, осыған орайлас олар нақыл сөздерді, сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздерді де пайдаланады. 35. Адамдар басқару үшін басшылық етіп ұстанатын пікірлер мен іс-шаралар және осы пікірлер мен іс-шаралардың дұрыстығын дәлелдейтін сөздер. Сондай-ақ, осы пікірлер мен іс-шараларды қолдамайтын әрекеттерді теріске шығаратын сөздер. Осы білімдерді сақтауға жаралған кісілер болуы керек. Олар осы тектес білімдердің көмескі жерін анықтауға, оны қорғауға және оған қайшы келіп қарсы болатын пікірлерді теріске шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл адамдар бірінші басшының халықтар мен қалалар жөнінде көздейтін мақсатының жүзеге асырылуына жәрдем беріп отырады. 36. Білімнің төрт түрі бар, олар әл-Фарабидің айтуынша: біріншісі - теориялық ізгілік, осының арқасында өмірдегі заттар анық дәлелдемелер арқылы ақылмен пайымдалады; бұдан кейінгісі - иландыру арқылы қол жететін нәрсенің мәнін ақылмен пайымдау; онан соң - осы ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелерін арқау еткен, иландыру арқылы расталған білім; бұдан кейін - осы аталған үш білімнің түрінен белгілі бір халықтардың арасында тараған білім. Бұлардың әрбірі бір-бірін қамтып соның арқасында халық кемелденіп, бақытқа жетеді дейді. Ал Батыс перипатетигі Ибн Рушд болса бұл мәселе туралы сөз қозғағанда ол бұл білімдердің әрбірін адамдардың ақыл деңгейлеріне байланысты белгілі топтарға меншіктеп берген. Олар: дәлелдеу, тартысу, мысал келтіру және практикада қолдану. Дәлелдеу білімі - таңдаулы адамдар үшін яғни философтар үшін, тартыс білімі -мутакаллимдер үшін, мысал келтіру мен көркем сөз - бұқара халық үшін. 37. Патшаның мақсатын жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамның немесе адамдар тобының болуы қажет дедік. Олар халықтарды ерікті түрде тәрбиелеп бірінші басшыға жәрдем беру үшін қызмет қылады. Халықтарды тәрбиелеуге уәкілдік алған топтағы әркімнің бойынан жеке-дара ізгілік пен ойшылдық ізгіліктің табылғаны абзал. Бұл жақсы адамдардың тобы мыналар: дәлел қолданатын философтар, тартысты пайдаланатын мутакаллимдер, нақыл сөздер мен мысалдарды қолданатын сөз шеберлері.
38. Барлық білімдердің әуелгісі - философия. Философия ақылмен пайымдалатын болмысты анық дәлелдер арқылы көрсетіп адамдарға оқытып-үйрету ісін жеңілдетеді, өйткені халық арасында таңдаулы адамдар да, қалың жұртшылық та бар. Енді мұндағы әл-Фарабидің «таңдаулы» мен «қалың жұртшылық» сөздеріне түсіндірме берсек. Араб-ислам мәдениетінде қоғамды «бұқара» және «элита» топтарына болу үрдісі тән еді. Олар: «хасса» және «амма» немесе «жумхур» - қара халық деп аталады. "Қара халық" -сөзін шығыс - араб ойшылдары әр түрлі ұғымда қолданды. Мысалы Ибн - Туфейл «қара халық» сөзін кедей-кепшіктерге емес байлықтың құлы, мансап құмарларға қолданды. Ибн - Баджа дүние мен киім - кешек жинап мәз болатын дүниеқорды «қара» деп атады. Ал Ибн Рушд Мухаммед пайғамбардың өзін «қара» халықтан шықты деген, яғни Ибн Рушд «қара халық» деп бұқара халықты атады. Ал әл-Фараби болса «амма» қалың жұртшылық пен «хасса» таңдаулыларға мынадай анықтама береді: қалың жұртшылық дегеніміз - баршаға мәлім пікірлер арқылы расталатын біліммен олардың теориялық білімдерін шектеуге болатын адамдар. Таңдаулылар дегеніміз - теориялық білімдерінің ешбірінде баршаға мәлім пікірлер арқылы расталатын біліммен шектеліп қалмай, сенімі кәміл және шынайы тексерілген алты шарттар жөнінде жетік білетін адамдар. 39. Уақытында адамдарды екі сыныпқа яғни таңдаулылар мен қалың жұртшылыққа бөлумен Джахиз де, кейін Ғазали де және Ибн Рушда айналысқан болатын. «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс, ол, тегінде, баршаға мәлім пікір қажет деп санайтын біліммен әсте шектеліп қалмайды. Бірінші басшы мен ең таңдаулы жанға лайықты адам және жақсы қасиетпен білгірлік бойына дарыған кісілер де осындай болулары уәжін», - деген әл-Фараби осы екі топтың арасындағы ерекшелікті айқын көрсетуге тырысты. Әл-Фарабидің бұл ерекшелігі таңдаулы адамдардың қоғамдағы басқару жүйесіне ие болулары еді. № 38 түсіндірмеге қараңыз. 40. Әл-Фараби белгілеп берген екі түрлі үйрету әдісін: біріншіден, таңдаулы жандарды анық дәлелдемелер арқылы, екіншіден, қалын жұртшылықты иландыру арқылы үйрету әдістерін айтады. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975. 416 б. 41. Әл-Фарабидің: «Ерте заманда бұл білім (философия) Иракты мекендеген хальданилерде болған, онан соң мысырлықтарда пайда болған, бұдан кейін гректерге олардан сириялықтарға, содан барып арабтарға ауысқан делінеді». - деген бұл пікірі кейбір философия тарихшыларының философия әуелі грек жерінде пайда болды деген тұжырымдарына қарсы пікір білдіреді.
42. Көпшіліктің қолы жетпейтін төтенше өнер көрінісі адамзат даналығы деп аталады, ал қайсыбір өнерге өте-мөте жетік адамды сол өнердің түрінде дана деп атайды. Сол сияқты беделді де ұшқыр ойлы адамды ой толғауы жағынан беделдігін көрсете білген өнерінде дана деп танылады. Әл-Фараби болса, даналық деп осы ғылымға, яғни философияға және оны меңгерушілікке айтылады деп «даналық» сөзіне мынадай анықтама береді. Тілдегі мағынасы қайсыбір нәрседе өте-мөте жетік меңгерушілікке әрі шеберлікке айтылатыны рас, бірақ, гректер «даналық» деп ғылым мен ақтық білімді айтады. Ал осы даналыққа құштарлықты - философия деп біледі. 43. «Ерте замандағылардың түсінігінше, «діни ілім» дегеніміз - философияға еліктеушілік; бұлардың [философия мен «діни ілімнің»] екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттардың бастамаларын ұсынады...», -деген әл-Фараби шариғат пен философияны бірбірімен ұштастыруға тырысады. Ол екеуінің зерттейтін дүниелері де, көздеулі мақсаттары да бір нәрсе тек соны дәлелдеу және соған жету әдістері мен тәсілдері әртүрлі - дейді ойшыл. Сол сияқты әл-Фараби философия пайымдалғыш мәндер мен дәлелдемелер арқылы көрсетсе, дін ойдағы түсінік түрінде иландырады. Ал иландыру әдісі - патшаның немесе бірінші басшының халықты басқару әдістерінің бір тәсілі. Философия түпкі принциптері ретінде алғашқы себептермен екінші тәнсіз бастамаларды ақылмен пайымдайтын мәндер түрінде көрсетеді. Ал «діни ілім» бұларды тәнді бастамалардан алынған бейнелер түрінде ойша ашықтайды - деп түсіндіреді. 44. № 43 түсіндірмеге қараңыз. 45. Әл-Фараби «философ», «имам» және «заң шығарушыны» бір-бірінен ажыратпайды. Әйтседе, бұлардың әрбірі бір-бірінен аз болса да ерекшеленуі керек дейді. Мысалы, «философ» деген есім теориялық ізгіліктің бар екенін көрсетеді, ал оның теориялық ізгілігі мейілінше кемелді болуға тиіс, сондықтан оның басқа да қабілеттері болуы керек немесе «заң шығарушы» деген есім практикада ақылмен пайымдалатын мәндер жағдайын өте жақсы білетіндікті, бұларды анықтап, халықтар мен қалалар арасында заңдар туғыза білетіндікті көрсетеді. Сонымен қатар әл-Фараби заңды философияның практикалық саласы ретінде, ал философияны діннің теориялық саласы ретінде қарастырады. 46. Бұл еңбегінде әл-Фараби әкімге неғұрлым толық анықтама береді және оның бақытқа жету үшін қажетті торт сатылы кәмелеттікке байланысты атқаратын міндеттерін белгілейді. Әкімнің өзі осы торт ізгіліктің иесі ғана болып қоймай, сонымен қатар үйретіп, тәрбиелеу арқылы бұларды өз
қарамағындағылардың бойына дарыта білуі тиіс. Теориялық ізгіліктер бойға анық дәлелдемелер арқылы сіңірілсе, басқа ізгіліктер мен өнерлер иландыру мен қиялдау арқылы сіңіріледі. Әкім жетік меңгеруге тиісті иландыру мен қиялдау бұқараны тәрбиелеу амалдары болады. Әл-Фараби саяси жетекшілік - тек таңдаулы жандардың тана сыбағасы деп есептейді. 47. Патша сөзі билік пен құдіретті білдіреді. Бұл құдірет адамның анатомиялық немесе физикалық құдіреті емес ақылдың күштілігі. Патшаның танымдық қабілеті мен ойшылдық қабілеті мол, ізгілігі мен өнері аса күшті болған күнде тана осылай болмақ. Әйтпесе оның бойына шынайы күш-қуат бітпейді, қолында билік болмайды. Сондықтан да патша -философ. 48. № 32 түсіндірмеге қараңыз. 49. Батраиия - «патристика» (латынша pater - әке) деген сөзінің арабша нұсқасы. Патристика дегеніміз І-VІІІ тасырлардагы христиан хадісі. ІІІ тасырдан бастап патристика жаңа платоншылдықтың көмегімен христиан дінін орнықтыруға тырысты. Александрия мектебінің басшысы және Мысырда христиандық жаңа платоншылдықтың негізін салушы Ориген (185-254 жылдар) патристика өкілдерінің бірі болды. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975. 418 б. 50. Аталған философтардың философиясы шынайы философия емес. Егер, философ жаратылысы бойынша ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтастарын сүймейтін болса, өзінің талап-тілегінде дөрекілік пен өзімшілдік мінез көрсетсе және асқа, ішімдікке келгенде қомағай болса, ақша мен мал-мүлікті жаратылысынан жек көрмесе онда ол жалған, дүмбілез және өресіз философ болғаны. Жұрттың теріс деп білетін нәрселері жөнінде ол әдеп сақтамаса, инабатты болмаса, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынбаса, жамандық пен әділетсіздікке еркін көнетін болса, шын философ емес. 51. Шын философ - заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбиеленген болуы шарт, өзін аялап өсірген дін жайындағы көзқарастарында кәміл сенімді болуы, өзінің діні [парыз] еткен ізгі әрекеттерден айнымауы, бұларды түгелдей де, там-тұмдап та бұзбауы қажет, бұл ретте баршаға мәлім [пікір] бойына оңды деп танылған әрекеттерге қарсы шықпауы керек және адам өзінің табиғи бейімділігіне сәйкес келетін заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбиеленуі шарт. Сондай-ақ, шын философ әл-Фараби атап шыққан қасиеттерге ие болуымен қатар табиғи дарындылыққа да мұқтаж. Жұрт оны қажет деп тапса да, таппаса да немесе одан пайда алса да, алмаса да ол шын философ болып қала бермек деп әл-Фараби мысал ретінде дәрігерді келтіреді. Дәрігер өзінің кәсібі мен науқастарды емдеу қабілеті жағынан дәрігер болмақ. Оның емдеп
жатырған науқас адамдары бар ма, жоқ па, өз ісінде пайдалануына боларлық құралдары бар ма, жоқ па, немесе ол бай ма, әлде кедей ме, мұның келіпкетері жоқ, - дейді энциклопедист. 52. Дүмбілез философ - теориялық білімдерді меңгеріп, оларды бұрмаламайақ зерттейтін, бірақ ізгі әрекеттермен жақсы амалдарды жасамайтын философ. Ол адам баршаға мәлім [пікір] ойша танылған ізгі әрекеттерді орындамай керісінше, бәрінде өз құштарлығы мен нәпсісіне бейімдейтін адам. Дүмбілез философ пен жалған философтардың білім оты әстін-әстін сөніп бітеді, сондықтан олар бұл білімнің жемісін тата алмайды. 53. Жалған философ - теориялық білімдерді меңгерген, бірақ табиғи дарындылығы жоқ философ. Жалған және дүмбілез философтар, сайып келгенде, тылымнан бірте-бірте алшақтап Платон ескертетін Гераклит күні тәрізді толық сөніп бітеді - дейді әл-Фараби. 54. Бұл фраза Платонның осыған ұқсас нақыл сөзіне сәйкес келеді («Мемлекет», 489 б., 302-303беттер): «Ал қартайған шағында олар, ілуде болмаса, Гераклит күнінен гөрі тезірек сөніп бітеді, өйткені енді ешқашан да қайтадан маздап жанбақшы емес». Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. А., 1975. 418 б 55. Өресіз философ теориялық білімдерді меңгергенімен шын бақыттың не екенін білмейді. Ол тек теориялық білімді немесе осы теориялық білімдердің бір бөлігін ғана игерген. Өресіз философ философияның мақсаты жұрт игілік деп атайтын бақыттың шамасына байланысты деп есептейді. Өресіз философ өзінің танымын теориялық білім арқылы алған ізгіліктерге ғана негіздеп, соның арқасында мақсатына жетпек болады бірақ, оның осы мақсатқа жетіпжетпеуі бірталай нәрсе. Өресіз философ философияның көздейтін мақсатын сезінбейтін адам. 56. № 51 түсіндірмеге қараңыз. 57. № 1 түсіндірмеге қараңыз. Платон "Заңдарының" мәні 1. Тақуа - благочестивый. Платон бұл ұғымды көне мағынасында, дін қағидаларын қатаң ұстанған адам мағынасында қолданып отыр. 2. Танбур - Шығыстың мандолинаға ұқсас ішекті аспабы. 3. Платон "Заңдар" еңбегінде өзінің ертеректе жазылған "Мемлекет" туындысындағы көзқарастарын өзгерткен: мемлекеттегі даналыққа негізделген философия мен философтардың үстемдігі туралы ойдан бас
тартып, олардың орнына заңдардың басымдылығы туралы тұжырымдарын ұсынады және заңдардың мәнін жан-жақты талдауға ұмтылады. Басқарушы философтардың орнын ең ақылды азаматтар одағы басқан, танымның методәдісі диалектиканы математика мен дін ауыстырған, тұлғаның жанын енді даналық басқармайды, оның орнына практикалық ұғыну келген, жеке меншік пен отбасы бұрынғыдай жоққа шығарылмай, біріншісі заңды түрде шектелген, соңғысы мұқият бақылауға алынған. Мемлекеттік құрылымның негізі ретінде монархиялық, дәлірек айтқанда олигархиялық бастаулардың демократиялық бастаулармен сәйкестендірілуі ұсынылған. Платон бұл еңбегінде мемлекеттік заңдарды да, азаматтық және қылмыстық заңдарды да мұқият талдайды. - Г.Н. 4. Платон соғыстың екі түрін атап көрсетеді: бірінші және ең ауыр түрі - адамның өзімен соғысы; екіншісі - сыртқы жаулармен соғыс, бұл біріншіге қарағанда әлдеқайда жеңіл. Өзіңді жеңу - жеңістің ең жақсысы, өзіңнен жеңілгеннен ұят және жаман нәрсе жоқ. Өзімен соғыста адалдық пен ақыл-ой дұрыстығын сақтап қалу үшін адам асыл қасиеттердің (Платон оларды құдайы игіліктер деп атайды) жиынтығына ие болуы тиіс, олар: әділдік, ақылдылық, пайымдылық және батырлық. Осы ойды Платон мемлекетке қатысты да қайталайды. Ең жақсы азаматтары ең жамандарын жеңген мемлекет - өзімен соғыста жеңіске жеткен, сондықтан да мадақтауға лайық мемлекет. Бірақ Платон ең жақсысы, әрине, соғыс та, ұрыс-керіс те емес, бейбітшілік екенін де ескертеді. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М., «Мысль», 1998. с. 390.). 5. Заң құрастырушы - составитель законов. 6. Асыл қасиет - добродетель ("Добродетель" ұғымы жалпы түрде "ізгілік" деп аударылып жүргені белгілі. Бірақ бұл ұғымды терең талдай отырып, әсіресе орыс ғалымы С.И.Ожегов берген "ең жақсы қасиет" деген түсінікке сүйене отырып, оны асыл қасиет деп аударғанды жөн көрдік - Г.Н. 7. Игілік - благо 8. Қажеттілік - необходимость 9. Құмарлық - страсть 10. Ләззат - наслаждение 11. Заң жасаушы, мәтіннің мазмұнына қарай заң шығарушы деп те аударылды – законодатель 12. Лайъщты - достойный
13. Керемет - превосходный 14. Ізгілік - добро 15. Пікірсуждение 16. Тәуірлеу - предпочтительный 17. Ақжүректіліксердечная чистота 18. Мақсат - цель 19. Зұлымдық - зло 20. Соғу, бетіне басу - порицание 21. Платон адамдар заңдарды қарастырғанда көбіне рақат пен азап шегудің төңірегіндегі мәселелерді қамтитынын ескертеді. Оның пікірінше, табиғат осы екеуін екі ағын бойынша берген. Оларды ақылды түрде пайдалана білгенде, жеке тұлғалар да, мемлекет те бақытты. Платон рақатқа байланысты спарталық ережелер дүние жүзіндегі ең жақсы ережелер деп тұжырымдайды. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М., «Мысль», 1998. с. 397.) 22. Кемелдік - зрелость 23. Рахат - удовольствие. 24. Бейімділік - склонность 25. Әсемдік - прекрасное 26. Ұсқынсыздық - безобразное (мәтіннің мазмұнына байланысты осылай аударылды -Г.Н.) 27. Жан - душа 28. Билеуші - правитель 29. Платон мемлекетте өмір сүріп отырған жас адамдар әсем дене қимылдарын жасап және тамаша өлеңдер айтып дағдылануы тиіс дейді. Музыкалық өнердің өлшемі - ләззат. Ең әсем Муза деп Платон ләззатқа кезкелген адамды емес, ең жақсы деген, жақсы тәрбие алған, асыл қасиеттерге ие адамды бөлеген Музаны атайды. Мемлекетте өмір сүріп отырған әрбір адам: жас пен кәрі, азат адам мен құл, еркек пен әйел, бір сөзбен айтқанда бүкіл мемлекет үзбестен ән айтулары тиіс. Платон балаларға арналған әндерге ерекше назар аударады: жас адамның жаны салмақты нәрселерді қиын түсінетіндіктен, ауру және денесі әлсіз адамдарға тамақты тәтті етіп беретіні
секілді, балалардың әндері жеңіл, ойнақы орындалатындай болуы тиіс, Платон музыкалық өнер жанды жетілдірсе, гимнастикалық өнер (оның екі түрі бар: би билеу және күрес) тәнді нығайтып, оған саулық, ептілік, күштілік және әдемілік береді дейді. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М.,"Мысль", 1998. с.542.) 30. Платонның пікірінше, шарап ішу рахатты, қасірет шегуді, ашуды, махаббатты күшейтеді, ал түйсіктерді, есте сақтау қабілетін, пікірлер мен ойларды әлсіретеді, осылайша адам жаны сәби кезіндегі күйіне түседі және өзін билей алмайды. Платон шарап ішу туралы карфагендік заңды мақұлдайды: әскерлер жорық кезінде шарап ішпеуі тиіс; мемлекет шеңберінде құл да, күң де ешқашан да шарапты татып алмауы керек; басқарушыға өз қызметін атқарып отырған жылдарда шарап ішуге болмайды; қандай да бір кеңеске қатысушы адамдардың ешқайсысы шарап ішпеуі тиіс және т.б. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М.,"Мысль", 1998. с. 434). 31. Платон бұл жерде "өнер" ұғымын оның ең алғашқы мағынасында - шеберлік, жасай білу мағынасында қолданып тур. -Г.Н. 32. Заңдастыру - узаконение 33. Платон жанды адам құндылықтарының арасындағы құдайлардан кейінгі ең маңыздысы деп түсінді және әрбір адам өз жанын құрметтесін деп талап етті. Адамға қатысты нәрсе екі түрлі: оның ең жақсы және ең жоғарғы бір бөлігі - билеуші, ал төмен және ең нашар бөлігі - бағынушы. Адам өзінің билеуші бөлігін құл бөлігінен жоғары қоюы тиіс, бірақ, Платонның пікірінше, біздің ешқайсысымыз іс жүзінде өз жанын қадірлемейді, қадірлеп жүрген секілді ғана болады. Өз жанын мақтап, оған ойына келгенін жасауға рұқсат берген, қате қылықтары үшін өзін емес, басқаларды кінәлаған, заң шығарушының айтқанына қарсы келетін рақатқа берілген, арам жолмен мүлік жинаған адам ең құдайы нәрсені - жанды құрметтемейтін адам. Ал адамның бойында зұлымдықтан қашуға, жоғары игілікті іздеп, таба алуға қабілетті - тек жаны ғана деп түйіндейді Платон. Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М.,"Мысль", 1998. с.483.) 34. Платон құдайылыққа, дұрыс өмірге жетуге ұмтылатын адам ләззатқа да, азаға да шектен тыс берілмей, орта жағдайда болуға тырысуы тиіс және осындай өмір салтына адам сәби кезінен бастап әдеттенуі қажет деп есептейді, себебі оның мінез-құлқы негізінен алғанда осы кезеңде қалыптасады.Платонның пікірінше, сәби кезінен бастап үрей ұялаған жан уақыт өте оған бұрынғыдан да көп үйреніп кетеді, ал батылдыққа жас кезінен
жаттыққан жан қорқыныш пен үрейді жеңуге тәрбиеленеді. Баланы шектен тыс мәпелеу оның мінезін ауыр, тез ашуланшақ, ұсақ-түйекке назар аударғыш етеді, ал оны тым қатты ұстау баланың өзін басқалардан төмен санауына, адамдарды жек көруіне әкеледі. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М., «Мысль», 1998. с. 542. 35. Құндылық - достоинство (мәтіннің мазмұнына байланысты осылай аударылды). 36. Барлаушы, жансыз - лазутчик. 37. Тәлім беру - поучение 38. Иландыру - увещевание 39. Мереке-думан - празднество 40. Платон ата-ананы құрметтеу туралы сұраққа ерекше тоқталады. Оның пікірінше, адам өзінде бар нәрсенің бәрі үшін ата-анасының алдында қарыздар, сондықтан адам оларға өзінің мүлкін, тәнін және жанын беруі тиіс, ата-анасына өмір бойы қамқорлық көрсетіп, олар о дүниелік болғанда жыл сайын еске алып отыруға міндетті. Ең жоғарғы құрметтеу, Платонның пікірінше, ата-ананы бір сәтке де ұмытпай, үнемі жадыңда ұстау. Платон әрбір ер адам, сәби және әйел адам қарттардың құрметтеуге лайық екенін бір сәт те естерінен шығармау керек, әрбір адам ісінде де, сөзінде де өзінен жасы үлкеннен ұялуы тиіс, өзінен жиырма жас үлкенді өзінің әкесі немесе шешесі деп есептеуі және мәпелеуі тиіс дейді. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М,:"Мысль". 1998. с. 475.) 41. Платон әрбір қылмыскер жазалаусыз қалмауы керек, мемлекеттен қашып кеткен күнде де ұсталып, түрмеге қамалуы тиіс деп есептейді, оның үш түрі бар: біріншісі алаңда орналасқан, екіншісі - Түнгі жиналыстың мәжілістері өтетін жерден онша алыс емес, ол софронистерий (ақылды дегенді білдіреді, надандықтан қылмыс жасағандарға арналған түрме) деп аталады, үшіншісі - елдің ортасындағы шөлейт, мүлдем жабайы жерде салынған. - Г.Н. (Қараңыз: Платон. Государство. Законы. Политик. М.: «Мысль». 1998. с. 656). Поэзия өнерінің канондары туралы трактат 1. Бұл еңбектің түп нұсқасы "Рисала фи кауанин сына am aш ши"р" деп аталады, ол араб тілді оқырманды грек поэзия өнерінің негіздерімеи таныстыруды өзінің алдына мақсат қоятын құрал сипатына ие болады. Аталмыш трактатты аудару барысында біз А.Арберридің авторлығымен
жарық көрген (Rіvіsta deglі Studі orіentlі, v. XVІІ, fasc. 1, 1937), Іndіa Offіce кітапханасында (№ 3832) сақталған араб тіліндегі мәтінді қолдандық. 2. Сина ат аш-или р - "поэзия өнері" термині Аристотельдің поэтика жөніндегі, дәлірек айтқанда - "Поэзия өнері туралы" еңбегінің тікелей аудармасы болып табылады. 3. Мұнда Аристотельдің "Поэтика" еңбегі айтылады. 4. Мұнда Аристотельдің "Софистикалық теріске шығару туралы" еңбегі айтылады. 5. Бұл фраза Аристотельдің "Софистикалық теріске шығару туралы" еңбегінің соңғы параграфында шын мәнісінде орын алған, онда ол алғашқы (адам) осы пән жөнінде жазады және сондықтан да оның еңбектерінде кейбір қателіктер жіберілген болуы мүмкін деп дәлелдейді. 6. Әсем өнерлерді Аристотель, сондай-ақ, олар еліктеу, қайта шығару (ш,ип,біс) принципі бойынша жасалынады деп есептей отырып, "еліктеу" өнері деп атайды. Еліктеу өнері ақиқатты қайта жасау арқылы емес, керісінше, мүмкін болатынды адамдардың субъективті елестетуі бойынша немесе шындықтың өзінің объективті қажеттігі бойынша қайта жасау арқылы игереді. 7. Егер Аристотель пікірді аподейктикалық (дәлелдеуші), диалектикалық және эристикалық (софистикалық) деп бөлетін болса, ал әл-Фараби бутан тағы риторикалық және поэтикалық түрлерін енгізе отырып, пікірдің санын беске дейін көбейтеді. 8. Сулуджисмус - ол гректің "силлогизм" сөзінің арабтанған түрі. Әл-Фараби мәтіндерінде шетелдік терминдер әдетте өте сирек кездеседі. Оның бүкіл тілі араб сөздерінен турады. 9. Аристотельдің «Поэтикасы» ортағасырлық Таяу Шығыста әдебиет теориясы бойынша құрал болғаны байқалады. Әл-Фараби араб және парсы поэзиясын грек поэзиясының моделі бойынша классификация жасайды. Бұл классификациядағы екі түрлі поэтикалық жанрға ерекше көңіл аударғымыз келеді: 1) Апполон құдайына арналған ежелгі грек хормен айтылатын лирикасы - пэан (немесе пэон) деп аталды. Араб поэзиясында бұл - панегирик - мадақтау әні, ода болуы мүмкін; 2) ақын-трагиктердің айтыстарында айтылатын айтыс өлеңдер. Ежелгі Грециядағы мұндай айтыстар жақсыларына - дельфий лаврасы - жүлдесі берілетін өзінше бір олимпиядалық ойындар іспеттес болды. Шығыс
елдерінде көне замандардан бастап бүгінгі күнге дейін ақындардың осындай айтыстары қалыптасқан. 10. Жанрларды мұндай классификациялау Аристотель «Поэтикасында» кездеспейді. Әл-Фараби «Поэтикадан» бөлек, тағы басқа да деректерді қолданған немесе «Поэтиканың» бізге дейін жетпеген бөлімдеріне негізделген болуы мүмкін. Бізге жеткен «Поэтика» мәтіні түсіп қалған (әріптерге) толы, ал сөздің соңғы буыны мүлдем жоқ. Бұл нұсқада Аристотель негізінен трагедия мен эпикалық поэзияны зерттейді. Әл-Фараби ХІІ-ХІІІ ғасырдың кейбір биографтары ұстаз, ал кейбіреуі - әл-Фарабидің шәкірті деп есептейтін Матта бен Иунус (ум. 939 ж.) жасаған «Поэтика» аудармасын қолданған деп жорамалдауға болады. Грек поэтикалық жанрларын әл-Фараби араб транскрипциясымен келтіреді. Кейбір грек әріптерінің араб тілінде болмауы және олардың сирек немесе жазбада белгіленбеген дауыстылармен араб әріптеріне ауыстырылуы грек терминдерін оқуды өте қиындатады. Бұл мәтінде ол тағы диакритикалық таңбаларсыз жазылған бір қолжазба бойынша құрастырылуымен де күрделенеді. 11. Трагузийа, гр. Traywzіa-трагедия. Театр жанрының түрі ретінде трагедия, Аристотельдің пікірінше, дифирамбаның сатирлардың әрекетімен үйлесіміне құрылған (төменде қараңыз). 12. Дисирамба гр. - дифирамб. Дифирамб - шарап және көңіл көтеру құдайы, ал әрі қарай театр құдайы - Дионистің құрметіне орындалатын хормен айтылатын ән болды. Грек трагедиясы жартылай өз тамырын дифирамбдан тартады. 13. Кумузийа, гр. - комедия. «Комедия» сөзі гректің «мерекелік-көңілді бұқара», «карнавал» және «ода» - әндерін білдіретін «комос» сөзінен келіп шыққан. Грек комедиясы біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІ ғасырда Дионис мерекелері қарсаңында бірігіп орындалатын ән-билерімен көңіл көтеретін жүзім егуші-шаруалардың аттикалық рәсімдік ойындары деңгейіне дейін көтерілген фольклорлық бастаулардан пайда болған. Осы рәсімдік-би әрекеттерден ежелгі Грециядағы негізгі комедиялық жанрлар пайда болады: доридалық тұрмыстық көрініс және V ғасыр басында Дионис құрметіне өткізілетін афиналық азаматтық мереке курамына енгізілген және қоғамдық сықақ құралы әрі жер иеленуші аристократтардың қолындағы саяси үгітнасихаты болған аттикалық хормен айтылатын әшкерелеуші ән.
Комедияға әл-Фараби берген түсіндірмеден, оның осы соңғы жанрды меңзейтіндігін аңғаруға болады. 14. Йамбу, гр. -ямб. «Ямб» сөзіне гректердің әзіл-қалжың сипаттағы шығармалар туралы түсініктері тоғысады, ал жаңа әдебиетте ямб метрикалық ұғым болып табылады. Ямблық поэзия, мүмкін, Деметра культіне байланысты пайда бола тура, фольклорлық бастауларға дейін көтеріледі. Гомер гимнінде айтылатынындай, Ямба есімді, элевсиндік патша Келейдің қызметшісі қайтарып отырған Деметрді күлдіреді. Ямб жергілікті ғұрып бойынша, күлдіргі және әзілдік сипаттың талап етілуіне қарамастан Әлевсинде Афинадан келген мерекелік процессияның белгілі сәттерінде де қолданылды. 15. Драмата, гр. Spapa - драма. Ежелгі грек драмасы Дионис құдайдың құрметіне арналған рәсімдік әрекеттерден өрбіп дамыған. Олар әдетте хороводтармен, билермен, әндермен сүйемелденіп отырды. Дионис күйзелісі туралы әңгімелейтін мимикалық дифирамбдардан біртіндеп оларды қойылымдарда көрсетуге ауысты. Драмалық шығармалар әдетте авторлардың өзара сайыстары ретінде беріліп отырды. 16. Айни, гр. - айнос. Ежелгі грек сөздігінде бұл сөздің төмендегідей мағыналары келтіріледі: баяндау, повесть, нақыл, мадақтау сөз, қаралы сөз. Мәтін бойынша, қайсы поэтикалық жанр туралы әңгіме болып отырғанын анықтау қиын. 17. Дикрама, гр. Sіaypappa - диаграмма. Осы контекске сүйеніп айтар болсақ, мүмкін, жазба түріндегі ұйғарым немесе өсиет формасына ие болатын уағыз меңзеледі. 18. Афика, гр. еяод-эпос. (дәл айтқанда: сөз, баяндау). Эпостың пайда болуы көне дәуірлерге жатады. Эпос деп қаһармандық әндерді, аңыздарды және қоғамдық даму процесті әрі тарих оқиғаларын бейнелейтін эпостарды айтады. Эпикалық поэзияны Аристотель "әңгіме", яғни баяндау ретінде қарастырды. Гомер поэмасын ол эпостың ең жоғарғы үлгісі деп есептеді. Ритура, гр. - риторика. Қоғамдық өмірдің дамуының ерте дәуірінде-ақ Грецияда шешендік өнер маңызды орын алды. Мемлекеттіліктің дамуымен бірге, әсіресе грек-парсы соғыстарынан кейін, б.ж.д. V ғасырдағы демократиялық партиялардың ықпалы күшейе түскен кезде шешендік өнердің дамуы жалғаса берді. Б.ж.д. V ғ. Сицилияда шешендік өнердің негізгі түрлері көрініс ала бастады: саяси, сот, мерекелік (эпидиктикалық) қызыл тілділік.
Әл-Фараби эпос пен риториканы бір рубрикаға біріктіреді, бұл екі жанр да мерекелік стильдері және тақырыптарының - тарихи-қоғамдық оқиғаларды суреттеу - ұқсастығы жағынан ерекшеленуі де осы себептен болуы мүмкін. Тек бірінші жағдайда ғана олар ұзақ уақыт кезеңіне жатқызылды, ал екінші жағдайда олар суреттегенге дейін коп уақыт болмаған қандайда бір оқиғаны атап өтеді. 19. Сатура, гр. сатира — сатир. Ол хормен айтылатын сатиралардан құралатын драмалық шығарманың түрі. Сатиралық хорға қатысушылар жасанады және маскамен жасырынады, аң терілерін киеді, шарап ішіп әрі бимен қызып мас болады. Дионистің қайғы-қасіретін дәріптейтін дифирамбадан айырмашылығы сонда, сатирлар әрекетпен көрсетеді, ойнайды, Дионис туралы мифті қайта жасайды. 20. Фиумата, гр. - поэма. "Поэма" термині эпопеяның синонимі ретінде қолданылады. Поэманың пайда болуы мен қалыптасуы алғашқы қауымдық синкреттік өнерден лирика-эпикалық өлеңдердің бөлініп шығуымен және ондағы эпикалық бастаманың жағдайымен байланысты. Эпикалық өлеңдердің циклға бөлінуінің негізінде эпопея жанры немесе эпикалық өлеңдер қалыптасады. 21. Амфиджанасиус, гр. - грек тілінен аударғанда бұл термин "табиғат туралы", "жаратылыс туралы", "қалыптасу туралы" дегенді білдіреді. 22. Афина театрының ерте кезеңінде ақын әрі режиссер, әрі хородидаскал, әрі бас актер болды. Араб тілді Шығыста орта ғасырда ақын сонымен бірге, мәнерлеп оқушы да болды. Сондықтан, әл-Фарабидің әр кезде өлең жазуды оны мәнерлеп оқумен теңестіретініне таң қалуға болмайды. Біздің аудармамызда біз үлкен анықтылық үшін "оқу" емес, керісінше, өлең "құрастыру" деп жазамыз. 23. Мусалджис - "силлогизациялау" деген грек сөзінің "ой толғаушы", "ойлаушы" деген мағынаға қарай арабизациялануы. 24. Мұнда әл-Фараби қозғалыс формасына қатысты таза физикалық аристотельдік терминді поэтикаға көшіреді. Сондай-ақ, физикадағы сияқты, зат "табиғи" - "ан таб" (табиғи жолмен) және "мәжбүрлі түрде" - "ан кахр" қозғалуы мүмкін, сөйтіп, ақындар да өлеңді "табиғи жолмен" (табиғи дарынмен) және "мәжбүрлеумен" (мәжбүрлі түрде ойдан құрастыру жолымен) жазуы мүмкін. Поэзия [өнері] туралы
1. Бұл трактат аудармасы әл-Фарабидің "Кутуб алъ-Фараби фи ал-Мантик" (MS - 231, ТЕ 41. Братислава, 274а-276а бет.) деп аталатын логикалық трактаттарының Братиславтық араб қолжазбасының тікелей фотокөшірмесі бойынша орындалды. Ф. Хаддадтың ("Іslamіc Quarterіy", 1969, N 4. Ғ. Haddad Alfarabі's vіews on Logіc and іts relatіon to grammar, p. 193) әл-Фарабидің (AІ l;arabі Al-Mantіk, MS-812 of the Hamіdіyyah Lіbrary. Іstanbul) логикалық трактаттарының Стамбулдық араб қолжазбасында осы атаумен айтылатын трактат бар деп хабарлағанынан бөлек, ғылыми әдебиеттерде аталмыш трактат туралы басқа мәліметтер жоқ. 2. Бұл трактатқа жеке атау берілмеген, бірақ ол сол кездегі мұсылман дінін ұстанатын авторлардың кез-келген араб тілді шығармалары басталатын және "Құранның" бірінші "сурах фатиат ал-китаб" (кітап беташары) деп аталатын сөресінің "би исм Аллах ар-рахман ар-арахим" деген бірінші жолынан туратын дәстүрлі (тілдік) айналымға енгізілген. Бұл сілтеме жасалынып отырған жолдар "Аса қамқор, мейірімді Алла үшін" (Құран І (І) 15 бет. М., 1963. И.Ю.Краковскийдің аудармасы) аударылады. Тек осыдан кейін ғана автор, әдетте, өзі баяндауға ниет еткен кітаптың немесе тақырыптың атын жазып отырған. Бұл трактатта оның аты "Китаб аш шиp" деп аталады, ол сөзбе-сөз - "Поэзия кітабы" - деп аударылады. "Аш шир" (поэзия) сөзі араб тілінде әрі ауызша көркем шығармашылық туралы ғылымды, әрі әдеби шығармашылықтың (поэзияның) өзін білдіреді. Трактаттың мазмұнына, сондай-ақ, литор жасаған: "қадам жасаушы өз өнеріне (поэзиясына) дәл осы і тұрғыдан келеді" (276а б.) дейтін оның қорытындысына негізделе отырып, трактат атында аш-шир - поэзия (өнері) туралы сөзінің бірінші мағынасын біз ерекшелеп көрсеттік. Бұл трактат - әл-Фарабидің ерекше туындысы. 3. Бәйт - екі жолдан туратын шумақ (строфа). Бәйттерден газелдер, касидалар, рубаилер және басқа шығыс поэзиясының формалары құрастырылады. 4. Араб тіліндегі хака етістігі және етістік арқылы одан жасалған мухака зат есімі: еліктеу, көшіру, имитация жасау дегендерді білдіреді. Әл-Фараби бұл трактатта поэтикалық шығармашылықты еліктеуге еліктеу ретінде қарастырады, яғни Платон көзқарасын бөліседі, өйткені Платонның пікірі бойынша, заттар идеяға еліктейді ал өнер еліктеуге еліктеу болып табылады. Бұл қорытынды осы трактаттың мазмұнына талдау жасаудан келіп шығады. Хака сөзін HІ Фараби қатаң түрде термин ретінде қолданады. 5. Саба - екі дауыссыз дыбыстан құралатын буын. Белгілі болғанындай, араб жазуы тек дауыссыздарды және ұзақ дауысты дыбыстарды ғана белгілейді.
Қысқа дауысты дыбыстар жазуда таңбаланбайды, ал оқылу процесінде дыбысталады. Бұл ерекшелік буынға бөлуде көрініс табады. 6. Уатад - үш дауыссыз әріптен туратын буын. 7. Гомер өлеңдерінің көрсетілуі тектен-тек емес. Араб метрикасы, сол грек метрикасы сияқты ұзын және қысқа буындардың кезектесуіне құрылған. Сонымен бірге, бұл – әл-Фарабиге Гомердің "Илиадасы" мен "Одиссеясы" белгілі болды дейтіннің куәсі. Риторика 1. Бұл шығарманы аудару тікелей Братиславиялық араб тіліндегі әл-Фарабидің "Кутуб аль Фараби ди аль Мантик" атты логикалық трактатының қолжазбасының фотокөшірмесі бойынша орындалды. MS 231, ТЕ 41. Братислава, 251а-274а бет. Ф. Хададтың және А. Атештің Стамбулдағы араб тіліндегі әл-Фарабидің ("AlFarabі, Al-Mantіk, MS 812 of the Hamіdіyyah Lіbrary". Іstanbul) логикалық трактатының қолжазбасы туралы айтқанынан бөлек осыған ұқсайтын ("Іslame Quarterly". 1969, N 4; F. Haddad. Alfarabі's vіews on loqіc and іts relatіon to grammar, p. 193; A. Ates. Farabі'nіn eserlernіn bіblyografyasі, Turk tarіh Kurumu Belleten, с. XV, 1951: N 57, s. 125-192) деп аталатын трактат бар, ғылыми әдебиетте ол туралы басқа мәлімет жоқ. К. Брокельман бұл трактаттың екі латын тіліндегі аудармасының бар екенін айтады (Brochelmann. Geschіchte der Arabіschen Lіteratur, Leіben, 1938). Бұл мәліметтен басқа оның басқа тілдерге аударылуы жөнінде мағлұмат жоқ. Ал-Хитаба араб тілінде риторика дегенді білдіреді. Әл-Фарабидің түсінігінде риторика ораторлық өнер, барлық нәрсеге иландыра білу өнері туралы ғылым болып табылады. Оның түсінігінше, бұл білімнің қандайда бір нақты саласына қатысы болмайды, ал ол білімнің барлық саласына ортақ сендірудің жалпы заңдарын баяндайды. Әл-Фарабидің "Риторикасы" мен Аристотельдің "Риторикасы" арасында сәйкестік бар. 2. Ас-син 'а ал-кийсийа - силлогистік өнер. Әл-Фараби өнерді силлогистік және силлогистік емес деп бөлді. Силлогистік өнерге ол аподейктикаиы, диалектиканы, софистиканы, риториканы, поэтиканы жатқызды. 3. Фи'ашрат аджнас - "он тектен" Аристотельдің анықтаған: субстанция, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, қалып, игеру, әрекет, өзгеріс сияқты категориялары тұспалданады.
4. Аф'ал мәтінде "амал" дегенді білдіреді. Бұл сөздің лексикалық мағынасы (сөздікте): әрекет, ықпал, қылық, глагол дегендерді білдіреді. 5. Ал-кина'а сөзбе-сөз аударғанда - көз жеткізушілік, қанағаттанушылық, көз жеткізерлілік дегенді білдіреді. Әл-Фараби ол арқылы риториканың - көз жеткізуге арналғандығын көрсете отырып, бұл сөзді термин ретінде қолданады. 6. Мәтіндегі йакин - дәлелді білім. Әл-Фараби оны термин ретінде қолданады, тек осы мағынада ол дәлелді білімді күмәндануға қарсы қояды. Риторикада оның пікірінше, ең бастысы риторикалық құралдар арқылы алынатын пікір - зунун қолданылады. Дәлелді білімге қатысты ол оның ақиқат алғышарттары бар силлогизм арқылы туындатылуы туралы пікір айтады. 7. Исм мәтінде - атау дегенді білдіреді. Автор оны термин ретінде қолданады. Бұл сөздің лексикалық мағынасы: есім, репутация, аты, грамматикалық атау. 8. Джинс мәтінде термин ретінде қолданылады, "тек", "категория", ал нау'— "тур" дегенді білдіреді, яғни бірінші тектік қатынас, екінші - тур қатынасы белгіленеді. 9. Ал-кадийа мұнда - пікір дегенді білдіреді. Әл-Фараби бұл мағынада каул сөзін жиі қолданады. Ал-кадийа сөзінің лексикалық мағынасы - сұрақ, мәселе, іс, жағдай, пікір. 10. Кадийа' дарурийа - "қажеттілік туралы пікір", өйткені ол пікірдің өзіне емес, ал олардың мазмұнына жатады. 11. Кадийа мумкина-мүмкіндік туралы пікір, өйткені ол пікірдің өзіне емес, ал олардың мазмұнына жатады. 12. Мәтіндегі кадийа мумкина ал-ууджуд - "пайда болу мүмкіндігіне ие болу туралы пікір" дегенді білдіреді. Әл-Фараби мұндағы ууджуд сөзінің астарынан "өмір сүру" дегенді емес, "пайда болу" және "жаратылу" дегенді тұспалдайды. 13. Аснаф бұл жағдайда - тур. Бірақ оның негізгі мағынасы - кластар және осы мағынада әл-Фараби оны жиі қолданады. 14. Джахл сөзін автор білім сөзінің антонимі, яғни білмеу ретінде қолданады. Оның лексикалық мағынасы: ақымақтық, надандық, тәжірибесіздік, өзгеріссіздік.
15. Мәтінде 'инад - а) қарсы шығу, б) риторикалық ой толғаудағы қарамақайшылықты қамтитын орын. Әл-Фараби өзінің еңбектерінде 'инад ұғымына үлкен мағына береді: ол жоқ кезде риторикаға емес, дәлелді білім саласына қатысты ақиқат қорытындылар шығарылады. 16. Ар-рай - көзқарас. Әл-Фараби оны ар-раи ас-сабик алмуштарак ли-лджами' - бір адам емес, барлық адамдардың жалпы қабылданған көзқарасы - айтылымы құрамында кеңінен қолданады. Бұл мағына әл-Фарабидің түсінігінде бастапқы білім ретінде қызмет етеді. Ол бұдан бұрынғы өткен білімді, жалпы адамзат тәжірибесін түсінеді. 17. Әл-Фарабидің логикалық трактатының Братиславтық араб қолжазбасындағы "Риторика" мәтінінің 254 а бетінде бұрын басқа мәтіннің болғаны және оның өшірілгені анық байқалады. Бұл мәтіннің палимпсеспен жазылтанының куәсі болып табылады. 18. Ал-ашийа ан-назарийа - ақылмен болжанатын немесе теориялық зат. Әл-Фараби тылымды практикалық және теориялық деп бөледі. Бұл жағдайда теориялық ғылымдардың пәні айтылады. 19. Акдамун - көне ойшылдар. Әл-Фараби одан антика ойшылдарын түсінеді: Платон, Плотин, Гален және басқалар. 20. Ал-каул ал-кийаси - силлогистік айтылым. Ол силлогистік немесе оны имитация жасайтын конструкциясы бар айтылым. 21. Ал-каул ал-мушаккал - күмәнді қамтитын айтылым. Мұнда бұндай айтылымның көпмағыналы, қосмәнді болатындығы көрсетіледі. 22. Дарб - мұнда "тур", "тип" мағынасында қолданады. Бірақ әл-Фараби бұл сөзді силлогизм фигураларына қатысты модус мағынасында, яғни қатаң терминологиялық мағынада жиі қолданады.
23. Рауийа - ойлану, ойлап алу, талдау. Әл-Фараби мұнда риторика туралы айта отырып, оның тек сендіру мақсатын көздейтінін, яғни әрбір сендіргісі келетін адам ақиқат білімге қол жеткізуді көздемейтінін, керісінше, риториканы қолданатынын көрсетеді. Ақиқат білімге рауийа арқылы қол жеткізіледі және оның әдістері қолданылмайды.
24. Дамир - энтимема. Энтимема да солай риторикалық силлогизм деп аталады. Әл-Фараби оның риторикадағы жоғары маңызын көрсетеді және оның құрылымына талдау жасайды. Ол онда тұспалданатын бөліктің біреуі түсірілетінін айтады, бірақ ол энтимеманы қысқартылған силлогизмдерден бөледі. 25. Тамсил - мысал. Мысал риторикада энтимемадан кейін екінші орында турады. Көз жеткіздіру үшін энтимемалар болмаған кезде мысалдарды қолданады. Мысалдар қандайда бір зат басқа затта өмір сүретініне, себебі ол осы затқа ұқсайтында өмір сүретініне адамның көзін жеткізу үшін қолданылады. 26. Ас-сами'ин - тыңдаушылар. Әл-Фараби тыңдаушыларды үш топқа бөледі: а) көзін жеткізуге қаланып алынған адамдар; б) қарсыластар; в) төрешілер. Ал Аристотель тыңдаушыларды мынандай топтарға бөледі: а) ақыл-кеңес берушілер; б) төрешілер; в) қарапайым көрермендер. 27. Гален ол кезде Джалинус деген атпен белгілі болды. Әл-Фараби оның шығармаларымен және көзқарастарымен жақсы таныс болғанын атап өтуге болады, сол шығарманы көрсете отырып, Галеннің пікіріне сілтеме жасалғаны оған дәлел болады. 28. Ифлатун - мұнда Плотин, оның айтқанынан көрініп тұрғанындай, улы Римде туып-өскен болып табылады. Басқа бір жерде ("Риторика" мәтінінің 257а бетінде) Ифлатун деген атпен Платон аталады және оның аподейктикалық әдістерді тапқан және оларды диалектикалық, софистикалық, риторикалық әрі поэтикалық әдістерден бөліп алған алғашқы ойшыл болғаны, бірақ олар үшін сөйтіп ортақ ережені жасай алмағаны көрсетіледі. Соңғыларын одан кейін Аристотель жасады. Платон араб тілді философияда Ифлатун деген атпен белгілі (дауысты "у" мұнда ұзақ), ал Плотин - Ифлатин деген атпен белгілі (дауысты "и" мұнда ұзақ). Бұл жағдайда, әрине, формасы жағынан Ифлатун дегенді Ифлотин деп оқу мүмкін, өйткені қысқа дауысты әріптер араб тілінде жазылмайды. Бірақ осыған байланысты мұндай форма таралмаған, сондықтан көшірушілер оларды ажырата алмаған деп қорытынды жасауға болады. Мысал ретінде келтірілген Плотиннің айтылымдарында биографиялық дәлсіздік жіберілген: Плотин Римде туып-өспеген. Бұл айтылым қарсы қойылған Мандабарис болса оның болмашы қарсыластарының бірі болуы мүмкін.
29. Араб тілінде сунна мактуба "жазылған әдет-ғұрып" деген мағынаны білдіреді. Әл-Фараби мұнда мақалдарды, мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды, салтдәстүрлерді ескереді. Ол мұнда басында ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілген және құранға қосымша қызметін атқарған, ал кейінірек қағазға жазыла бастаған, өйткені сунна сөзінің мағынасына сәйкес келетін мұсылмандардың мінезі туралы ережелер жиынтығын да жатқызды деп жорамалдауға болады. 30. Лa калб лаху - идиоматикалық оралым, адамға қатысты қолданғанда оның қорқақтығын білдіреді. Бұл оралым орыс тіліндегі "оның жаны өкшеге кетті" деген оралымға ұқсайды. 31. Мәтіндегі Ибн Никомахаш сөзбе-сөз - Никомахтың ұлы деп аударылады. Әл-Фараби Аристотельді осылай деп атайды. 32. Мәтіндегі махмал сөзі - ұқыпсыздық, менсінбеушілік деген мағынаны білдіреді, яғни ондағы қарама-қайшылықты орын табылмайтынын көрсететін айту манерасын ұсынады. Даналық негіздері 1. Фукус әл-хикам - араб тілінен сөзбе-сөз алғанда «сақинадағы бағалы тастар» мағынасын береді. Бірақ, бұл жағдайда «мән», «негіз» деген ұғымдармен алсақ болады. Трактатта әл-Фарабидің болмыстағы нәрселердің шынайы мәніне, түрлік ерекшеліктеріне берген пікірі айқын байқалады. Осылардың бірі қажетті-мәнді. Сонымен қатар, әл-Фараби бұл еңбекте мына мәселелерді қарастырады: теология (1-9 тезистер), эсхатология (10), космология (11-13), психология (26-32), әдеп (14-25), адамның жаратылуы туралы білім (3542) және таным теориясы (33, 34, 43, 44 тезистер). Аль-Фараби. Естественнонаучные трактаты. Алма-Ата: Наука, 1987. Әл-Фараби Қажетті-мәндінің орнын айырықша атайды себебі, ойшылдың сөзімен айтар болсақ: «Қажетті-мәнді күллі эманацияның қайнар көзі және ол өзінің табиғилығында анық. Ол жалпылық қожайыны бола тұрып өзінде көптікті білдіретін қасиет жоқ. Ол өзі айқын және өзінен бүкіл мәндіні дарытатын болғандығы үшін өмір сүреді. Оның бүкіл мәндіні тануы оның табиғилығынан кейін келген». Ұлы ойшылдың айтуынша адамның рухани күші екі категорияға бөлінеді: бірі - іс-әрекетпен шұғылданса, екіншісі - таным. Ал іс-әрекеттің өзі үш текті: өсімдікті, жануар және адамдық. Ал адамның танымдық категориясы болса екі түрлі: жануарлық және «инсани» адами. Осы аталған әрекеттердің барлығы да адамның бойында бар. Сөйтіп, ойшыл бұл категориялардың
әрбіріне жекеше тоқтайды. Мысалы: Өсімдікті әрекеттің мақсаты түрді сақтау әрі оны өсіру. Оны көбейту арқылы мәңгі ету және сол текті сақтау болса, бұл күштің үстінен басқаратын басқа күш бар ол-рух. Жануарлы күштің мақсаты - пайдалы нәрсені тарту және бұл қалаумен байланысты. Бұл күш зиянды нәрсені алшақтатады, ал алшақтату күші үреймен қатысты. Мұнымен ашу-ыза басқарады, т.б. 2. Ол мәңгі жаратылмаған. Өз болмысынан бұрын болған белгілі себептерге байланысты ғана тәуелді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру