TELEGEI

Home

Ежелгі Қазақстан мифтері

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ежелгі Қазақстан мифтері

Қазақ жəне орыс тілдерінде балалар мен ересектерге арналып жазылған көркем суретті «Ежелгі Қазақстан мифтері» атты кітап ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған Тəңірге сыйыну діні (тəңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды. Бұл кітапта есте жоқ ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН

МИФТЕРІ

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2006. – 252 бет. ІSBN 9965-26-074-5 Қазақ жəне орыс тілдерінде балалар мен ересектерге арналып жазылған көркем суретті «Ежелгі Қазақстан мифтері» атты кітап ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған Тəңірге сыйыну діні (тəңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды. Бұл кітапта есте жоқ ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер мекендеген Енисей аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі ұлан-асыр атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі-аңыздары да жинақталып, өңделіп, түсіндірілген.

ББК 82.3 (5 қаз)
Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз
кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды.

Ж 4803250104

00(05)-05

ІSBN 9965-26-074-5

© «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006
ББК 82.3 (5 қаз)

Ж 26

Ж 26

Миф шежіресі

Құрметті
оқырман!
Біздің
баспамыз

сөрелерде
көздің
қарашығындай сақталған қолжазбалардың қазыналы қорынан сіз-
дерге тағы бір тарту ұсынуды ұйғарды. Осы жолғы кітабымыз Ұлы

Даланың – Қазақстанның байырғы атамекен жерлерінің мифтері
жайында.
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүние-
лері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үш жанрға жік-

теледі. Бұл жанрлардың ортақ сипаттары көп-ақ, дегенмен,
оларды бір-бірінен бөлектеп, өзгешелеп тұратын бірқатар
ерекшеліктері де баршылық.
Сіздердің әрқайсыларыңыз балалық шақтарыңызда таң-

ғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдыңыздар. Ертегі-
лер – тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша
сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлар-
мен, жын-перілермен және басқа да халық қиялы тудырған

жалмауыз-құбыжықтармен шайқасады.
Аңыздар нақты тарихи оқиғаларға негізделеді. Біздің
байырғы баба жұртымызға соғыс сала келген қаһарлы парсы
патшасы Кирді тас-талқан етіп жеңген сақ патшайымы То-

мирис туралы аңыз – соның мысалы.
Ал ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айыр-
машылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың
жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері

көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жара-
луы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік
жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, бол-
маса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге бо-

лады.
Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған,
содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан
күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер

Миф дегеніміз не

– адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы

жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған
жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Олар
неліктен күндізді – түн, жазды – қыс алмастыратынын, неге
күн күркіреп, бұршақ жауатынын, найзағай жарқылдап,

жер бетінде су тасқыны мен басқа да табиғат зілзалалары бо-
латынын бейнелі түрде түсіндіреді.
Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған.
Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыз-

дар мифтерді пайдаланған (мұндай білімдарлық ғұлама абыз-
дарда ғана болған), мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың
сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Сондықтан мифтерде
бағынбағандарды жай оғымен жайрататын құдайларға үлкен

мән беріледі. Алайда адамдарға көмектесетін, оларды кесір-ке-
сапаттан құтқарып, отпен жылытатын мейірімді құдайлар да
кездеседі. Айталық, адамдарға от сыйлаған ежелгі түркі Про-
метейі – Надулуша нақ осындай.

Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі.
Әдетте, кез келген миф тарихи тәжірибеге, адамның әлдебір
бастан кешкен іс-әрекетіне негізделіп құрылады. Мифтерде,
әсіресе, өткен күндердің шын мәнісіндегі тарихи оқиғалары

маржандай тізіліп, сабақтаса баяндалады. Сол себептен де,
жекелеген халықтардың тарихын зерттеу орайында мифо-
логия бірде-бір өнер теңдесе алмайтын құрал болмақ.
Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адам-

дар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан.
Ертедегі көшпелілер өздерінің төрт түлік малын отарлап,
үйірлеп, табындап, өрістен-өріске айдағанда, түнде ұлан-
ғайыр дала аспанының жұлдыздарына көз тігіп, осынау

ұшы-қиырсыз кеңістікте бағыт-бағдар алған. Сонымен бірге
оларға өздерінше ат қойып, айдар таққан: Темірқазық, Аспан
қайығы, Жетіқарақшы, Үркер, Есекқырған... Осылайша
әлемнің сыр-сипатын, құрылымын мифологиялық тұрғыдан

түсіндіре отырып, адамдардың өмір сүруіне көмектескен.

Кейбір тарихи тұлғалар әдеби немесе ғылыми шығар-
маларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше бо-
латын жағдайлар да кездеседі. Қорқыт, Алаша хан бейнелері
осындай. Олардың өмірде шын болғандығына кейбір зерттеу-

шілер үлкен күмәнмен қарайды. Себебі, олардың есімдері та-
рихи шежірелерден табылмай отыр...
Тілдің киесі арқасында мақал-мәтелдер арқылы жетіп,
қазіргі күнделікті өміріміздегі әдет-ғұрып, салт-жоралар-

да сақталған мифологиялық айшықтар қайран қалдырады.
Көптеген қанатты, нақыл сөздер, тіркестер мен оралымдар
бізге алыстағы тарихи һәм мифологиялық дәуренімізден ке-
ліп жетіп, тілімізге сіңісті болған. Күнбе-күн, сәт сайын тілі-

мізге оралатын сол сөздердің мағынасының ежелгі төркініне
кейде ой жүгіртіп те жатпаймыз.
Қымбатты оқырмандар! «Ежелгі Қазақстан мифтері»
кітабы сіздерге көне мифтер мен аңыздарды зерделеп, көш-

пелі бабаларымыздың бағзы мәдениетін байыптап түсінуге
көмектеседі. Ендеше, қисапсыз мифтер, ертегі-аңыздар

– көне заманның қиял-ғажайыптары күтіп тұрған саяхатқа

аттанайық!
Ежелгі Алтай – қазіргі Қазақстанның шығыс аудандары
мен Ресей Федерациясының Алтай республикасы орналасқан
жерлер – көптеген халықтардың, әлбетте, ең алдымен,

түркілердің ата жұрты, кіндік кескен Отаны. Ал енді осы
ежелгі алтайлықтар кімдердің арғы тегі, бабасы болғанын
қалай анықтау керек?
Ертедегі тарихты және тілді зерттеуші ғалымдар тіл білі-

міндегі салыстырмалы-тарихи әдіске сүйене отырып, көптеген
тілдердің бастау бұлағы ретінде алтай ата тілін немесе көне ал-
тай тілін алға тартады. Түркі, монғол, тұнғыс-манчжур, корей
және жапон тілдері, Орал аймағы тілдерінің үлкен әулеті көне

Ежелгі Алтай мифтері

алтай тілінен тамыр тартқан деп есептейді. Мұндай жорамал
жасауда әр тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматика-
лық бірліктерін салыстыру, талдау арқылы дәйектелген тіл-
дік деректер негізге алынған. Мысалы, «қол» сөзі түркі тіл-

дерінде – «қол», монғол тілінде – «гол», маньчжур тілінде

– «голо», корей тілінде – «кол» деп қолданылады, т.с.с.

Көне алтай тілі көптеген тілдердің, солардың ішінде, ең
әуелі түркі тілдерінің түп атасы болғандықтан, ежелгі ал-
тай аңыздары да түркі халықтары аңыздарының ішіндегі ең
көне, бағзысы болып табылады. Бұл жайт, ең алдымен, алтай

аңыздарында тұрақты кейіпкерлер ретінде Аспан құдайы

– Тәңір, Үлкен Тәңір, Ұмай-Ана, Еркілік сайтан, Майтөре

мен Маңғышөре дәулер және басқаларының көрініс табуы-
нан байқалады. Бұлар ара-кідік басқа түркі және монғол тек-
ті халықтардың мифологияларында, аңыз-ертегілерінде де
кездесіп тұрады. Алайда ежелгі алтай аңыздарында олар бір-

біріне дос пейілдегі немесе өзара жауласып жүрген құдайлар
бейнесінде әуел бастан сіңісті болған.
Ежелгі алтай аңыздары ерте замандағы түркі халық-
тарының мәдениет тарихы, фольклоры, әдебиеті, діни та-

нымы, пәлсафасы мен мифологиясы орайындағы неғұрлым
толық әрі аса құнды деректер көзі болып табылады. Ал ең бас-
тысы, біз үшін аса қызығушылық тудыратын себебі, ежелгі
алтай аңыздары тәңіршілдік діні жөніндегі түпнұсқа, бас-

тау бұлақ екендігі.

Тәңірдің жаралуы туралы миф

ағзы замандарда Ұлы Дала-

ны мекендеуші көшпелілер

Көк Құдайы – Тәңірге сен-
ді. Осыған орай олардың ұстанған
діні тәңіршілдік деп аталады.
Тәңір дүниедегі жан иелерін

жаратушы, барлығына тіршілік
лебін үрлеуші Бас Құдай
делінеді. Бірақ Тәңір
пайда болғанға дейін

ғаламды бұлдыраған
тұман, буырқанған
мұхит басып жат-
қан. Бабаларымыз-

дың, ежелгі түркі-
лердің, мифтерінесү
йенер болсақ, іздің
әлеміміз осы мұхиттан

жаратылған.
Ол былай суреттеледі:
«... Баяғыда көк те, жер де бол-
маған, тек бір ғана шетсіз-шек-

сіз мұхит болған. Күндердің бір
күнінде мұхиттың ортасында Ақ
Жарық көрініп, одан нұр шашқан
алтын жұмыртқа шыққан. Оның

ішінде күллі әлемнің болашақ түп
атасы Тәңір жаралған.

Тәңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры,
бір күні оянды да, жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты.
Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті жаратты, ал төменгі бөлігі-
нен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да

аласапыран орнамас үшін Тәңір олардың арасына асатаяқ – те-
мір қазық қойды. Ол Аспан таяғы – Темірқазық жұлдызы. Тәңір
Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан арғымақтарын

– жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады».

өк пен Жерді жаратып, оларды бір-бірінен ажыратқан соң,

Тәңір өмірге ұрпақ келтіру үшін өзі еркек пен әйелге бөлінді.

Құдай-әйелді Ұмай Тәңір деп атап, оны Сумер тауының
ұшар басына, сүтті көлі (Сүткөл) бар Аспан тауының қия шыңына
қондырды.
Көк жүзінде жол қалдыра сарқырай ағып, Сүткөлге құятын

жұлдыздар жолы, Құс жолы – осы Ұмай Тәңір-Ананың сүті.
Тәңірдің құдіреті мен күш-қуаты шексіз, оның аузынан шыққан
әрбір сөз ақиқатқа айналып, жүзеге асты. Екпіні тау тұрғызып,
теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің

күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жа-
ратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі
жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын
жын-шайтандарды жасынмен (найзағай) соғып жайратты.

Тәңір – ең жоғарғы Құдай. Басқа Құдайлар оның әмірін екі ет-
пей, ықтиярына бағынды.
Адамдардың да тағдыры Тәңірдің қолында, олардың қашан
туып, қалай өмір сүретіні және қай кезде өлетіні тек оған ғана

мәлім. Ешбір адам Құдайдың талқысынан, Тәңірдің тезінен
құтылып кете алмайды. Өйткені, Тәңірге беймағлұм құпия жоқ.
Тәңір бәрін көреді, бәрін біледі. Ал адамдарды ақиқат жолына са-
лып, әрі сынау үшін ол Жер бетіне өзі қалаған пайғамбарларын жі-

береді. Сондықтан Адам өзінің барлық тілеулері мен құлшынысын
Тәңір – ең жоғарғы Құдай

Көк Құдайы – Тәңірге деген сенімімен үйлестіруі керек. Адам барлық жағдайда Көк пен Жердің иесі, Әлемнің иесі – Мәңгілік Тәңірдің еркіне бағынышты. Адам Тәңірге құлшылық етіп қана бақытты бола алады.

т – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен

ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп

санаған). От түркілерде (баяғы заманда да, қазір де) әулие ретінде қастерленіп, қасиет тұтылады. От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі ОтАнаның желеп-жебеуімен болады. Түркі халықтарында әйелдер балаларының өмірін сақтап, отбасын бақытсыздықтан қорғапқоршап жүруі үшін От-Анаға сыйынып, жалбарынатыны осыған байланысты. Мифке сәйкес, отты ағаштан бірінші болып шығарған Надулуша пайғамбар немесе Надулу шад, яғни Надулу ханзада немесе бек. Отқа түкіруге, қоздап жанып жатқан шоқты басуға, ошақтағы отты өшіруге болмайды. Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды... Соғыс кезінде жауынгерлер халқының алдында адал болуға ант беру рәсімін өткізу үшін екі жерге от жағып, жас сарбаздарды «екі оттың» ортасынан өткізіп, қаруларын сүйгізеді. Басқа бір елдің елшісін дала әміршісіне (қағанға, ханға немесе сұлтанға) кіргізбес бұрын оны да екі оттың ортасынан өткізіп, отпен аластайды. Аластау рәсімінен кейін ондай адам жамандық жасай алмайды деп саналған. Егер елші жанып жатқан екі алаудың ортасынан өтуге қарсылық етіп қасарысса, онда оның сынақтан өтпегені. Мұндай жағдайда арам ниетті адам деп танып, оны өлтіріп жіберуі де әбден мүмкін. ХІІІ ғасырда осы ғұрыпқа қатысты қанды оқиға От – Ана

да болған. Орыс князі Михаил Алтын Орда әміршісі Бату ханның
ордасына кірер алдында аластау рәсімін орындаудан бас тартып,
сол үшін өлімге кесілген.

әңірдің Қайсар (Гесер), Шыңғыс, Ер-Сайын (Ерен-Сайын)

атты үш ұлы бар. Бір бүтінді құрайтын үш ағайындыны Үш

құрдас, Үш хан, Үш әмірші деп түрлі есіммен қосарлай атаған.
Кейде оларды бір сөзбен Телегей деп те айтады.
Ежелгі түркі және алтай мифтері христиандықтан көнерек
болғандықтан, бәлкім, христиандық Үштік (Троица): Құдай-Әке,

Құдай-Ұл және Қасиетті Рух осыдан шығуы да ықтимал.
Тәңірдің үлкен ұлы – Қайсар. Әкесі оны адамдардың арасына
түрлі ерліктер жасауға жіберген. Ортаншысы – Шыңғыс. Бұл есім
«теңіз» деген мағынаны да білдіреді. Кішісі – Ер-Сайын. Тәңір

өз ұлдарына көмекші ретінде бүкіл әлемді және ондағы барлық
істерді басқарып, билеп отырған Үлкен Тәңірді жаратты.

үндіз Күн нұрын төккен, түнде Ай сәулесін шашқан ғалам-

да тоқсан тоғыз әлем бар. Олардың әрқайсысының өзінің

Күні мен Айы, Көгі мен Жері болады. Жерінің астында Тозақ
орналасқан.
Ғалам Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемдерге бөлінген.
Жоғарғы әлем – Қан (Құрбыстан, Тенгере). Мұндағы жер Алтын

Телегей деп аталады. Оны Манғызын-Матмас билейді. Манғызын-
Матмасты Үлкен Тәңір бастық қылып қойған. Жоғарғы әлемнің
тозағы Манғыс-точири-там деп аталады. Тозақтың бас әміршісі

– Батпан-Қара.

Тоқсан тоғыз әлемнің ортаншысы Эзрен Тенгере деп аталады.
Онда Бильгейн-кере-атту-Тяран-Мызықай – Аса Құдіретті билік
Тәңірдің ұлдары
Ғаламның әлемдерге бөлінуі

жүргізеді. Ортаншы әлемдегі жер – Алтын Шарқа, ал оның иелігін-
дегі тозақ – Тепкен-қара-там. Мұндағы тозақтың билеушісі – Бат-
пан-Қарақшы.
Біздер, адамдар өмір сүріп жатқан әлем тоқсан тоғыз әлемнің

ішіндегі ең кішісі және ең төменгісі болып табылады. Ол Қара Тен-
гере (Қара Аспан) деп аталады. Ондағы басты әмірші – Майтөре.
Қара Тенгере әлемі аспанының отыз үш қабаты бар. Олар бір-
бірінен жоғары орналасқан. Бұл әлемнің еншісіндегі тозақ Тап-

тан-қара-таш деп аталады. Тозақта Керей хан, яғни Жауыз билік
жүргізеді.

ердің қақ кіндігінде әлемдік Сумер тауы (немесе Хан Тәңір)

орналасқан. Бұл – ежелгі түркілердің Олимпі. Онда құдайлар

мен біздің ата-бабаларымыздың аруақтары мекен етеді. Таудың дәл ортасында Жер мен Көк түйіседі. Олардың тоғысқан жерінен алтын бұтақты, алқа жапырақты зор Бәйтерек өсіп шыққан. Бәйтеректің ұшар басы Үлкен Тәңір мекендейтін Жоғарғы әлемге дейін жетеді. Сумер тауында Жердің киесі, жер мен судың иесі – Жер-Су тұрады. Ол – басты киелілердің бірі. Сумер тауының ұшар басында Сүткөл бар. Сүткөлдің шығысына қарай қызыл сулы үлкен көл орналасқан. Бұл көл жай көзге көрінбейді екен. Сол суда Кер Балық, яғни теңіз жануарларының иесі тіршілік етеді. Оның ішінде жан-ұрықтар жаратылады. Кер Балық қажеттілігіне орай жан-ұрықтарды жер мен судың иесі – Жер-Суға беріп отырады. Жер-Су өз кезегінде оларды Жайыққа табыстайды. Жайық – Көкте тұратын аруақ. Әйткенмен, ол көбінесе Жерде, адамдардың арасында жүреді. Үлкен Тәңір оны адамдарды әр түрлі қырсық, кесапаттардан, бәле-жалалардан қорғап, сақтау үшін жіберген. Жайық – адам мен Үлкен Тәңір арасындағы дәнекер. Себебі, адамдардың Үлкен Тәңірді және басқа құдайларды көзбе-көз көруіне болмайды. Жер–Су

Жайық Жер-Су берген жан-ұрықтарды От-Анаға табыстайды.
Осыдан кейін От-Ананың желеп-жебеуімен тіршілік иелері (адам-
дар, жан-жануарлар) жаратылады.

өкте жол құдайлары, ағайынды екі жігіт Алажол Тәңір

мен Қаражол Тәңір тұрады. Бұлар көшпелілер үшін өте

маңызды құдайлар. Алажол Тәңір – таң шапағының, жарық
күннің ұлы. Қаражол Тәңір – түннің ұлы. Алажол таң сәріден ат-
танып, қараңғылықты түре қуады, адамдарға жарық пен нұр-
шуақ сыйлайды, күш-қуат беріп, өмірлерін ұзартады. Қаражол

өз бауырының соңынан жүреді. Ол тек түнде ғана сапар шегеді,
күндіз жіберілген олқылықтарды түзетеді, науқастарды емдей-
ді, жалқаулар мен жалған айтуға жаны құмарларды жазалай-
ды. Құдайлар Тәңірдің жарлығын орындап, оның ықтияры мен

әмірлерін адамдарға жеткізіп отырады.

лемді бір-біріне қарама-қайшы екі құдірет билейді. Соның

мейірімдісі – Үлкен Тәңір және оның мәңгілік бітіспес жауы

– Еркілік (жамандық құдайы). Бұлардың екеуіне де көптеген

жын-перілер бағынады. Үлкен Тәңірге ізгі ниетті – ару-немелер,
Еркілікке қара ниетті – қара-немелер бағынышты.
Үлкен Тәңір – өте ақпейіл әрі мейірбан Құдай. Ол адамға еш
уақытта жаманшылық жасамайды. Еркілік сайтан – Үлкен Тәңірдің

мәңгілік қас дұшпаны. Ол адамға қаскүнемдік жасамай тұра алмай-
ды. Кейде адамға қарсы арамдықтарын тоқтатқандай болады да, аз
уақыттан соң қитұрқысын қайта бастайды. Жер бетіндегі барлық
бәле-жала Еркілік сайтаннан шығады.

Жолдардың Ақ және Қара
құдайлары
Үлкен Тәңір мен Еркілік

ер бетінде әлі адамдар болмаған заманда, яғни олар әлі

жаратылмаған кезде Үлкен Тәңір теңізде сең сияқты қалқып

жүрген тоң топырақты және соған жабысқан адам сұлбасына ұқсас балшық кесегін байқап қалады. Үлкен Тәңір қалқып жүрген нәрседен әлгі кесек балшықты ажыратып алып: «Жаны жоқ бұл не нәрсе? Ендеше, бұл есті мақлұхат болсын!» депті. Сөйтіп, балшық есті мақлұхатқа айналыпты. Үлкен Тәңір өзінің алғаш жаратқан есті мақұлығына «Еркілік» деген ат беріпті. Бұл «батыл, өжет» дегенді білдіреді. Ал бағанағы суда жүзген сең кесегі Үлкен Тәңір Құдайдың қолы тиіп, демі жанасқандықтан, зор балыққа айналып кетеді. Үлкен Тәңір оны пель-таймень балығы деп атайды. Есті болып оянған Еркілік маңайын барлап, Үлкен Тәңірді тауып алады. Алғашқыда ол Үлкеннің сенімді досы әрі інісі болды. Бірақ шамалы уақыттан кейін оны қара қызғаныш буып, өзін ойша Үлкен Тәңірмен теңмін деп есептеп, тіпті одан да жоғары қоя бастады. Бірте-бірте менмендікпен: «Егер мен құдай болсам, мақлұхаттарды Үлкен Тәңірден жақсырақ жасар едім!» деп те ойлайтын болды. Енді Еркілік Үлкенді дүниедегінің бәрін өзінен бұрын бірінші болып жасап-жаратып қойғаны үшін одан сайын күндеп қызғанды. Ақыры, Үлкен Тәңір жаратқан барлық мақұлықтарының қас дұшпанына айналды. Еркіліктің өзімен жауласқысы келетінін көрген Үлкен Тәңір (ал бұлай істеуге мүлдем болмайтын) өзіне басқа бір дос – Манғышөре Алыпты (Мәңгілік Билік, Мәңгілік күш-қуат, Мәңгілік Тақ) жаратты. Ол ылғи қасынан табылып, Еркілік сайтанға қарсы шығып, айқасуға тиіс болды. Еркілік сайтанның, Манғышөре Алыптың және басқа жан иелерінің пайда болуы

Манғышөрені жарату үшін Үлкен Тәңір тастан май шығарып,
содан алынған металдан (шойын мен күмістің қоспасы) Алыптың
тастан қатты мүсінін бәдіздеп құйды. Осы кесекке ол дем салып,
жан бітірді. Жер бетінде Мәңгілік билік пен Мәңгілік күш-қуат –

Манғышөре Алыптан асқан құдірет иесі болмады.

дам тән мен жаннан тұрады. Адам жанының тіршілік етуі

үшін төрт қасиет қажет. Бұл қасиеттер құт, юла, тын және

сұр болып табылады.
Құт – адамның болмысы басталатын ұрық, адамның тіршілігіне нәр
беретін өмірлік қуат. Құт аспанның тоғызыншы қабатында, Үлкен
Тәңір мен оның балаларының қасиетті қайыңының бұтақтарында

жапырақтар сияқты салбырап тұрады. Біреу туатын кезде құт
Тәңірдің еркімен қасиетті қайыңнан үзіліп түсіп, мұржа арқылы
үйге кіреді. Сол уақытта-ақ Тәңір жаратылатын адамның болашақ
тағдырын айқындап қояды.

Адамның құтын көкте жаратушы – Ұмай. Ұмай жаратқан құт
От-Ананың көмегімен әйел-ана құрсағына еніп, қызыл құрттың
кейпіне кіреді. Содан бастап ұрық табиғи өсіп-өну жолымен кәдімгі
адам бітәнасына ауысады. Құтпен бірге Жерге Ұмай да түсіп, оны

тіпті ананың құрсағында жатқанынан бастап, жарық дүниеге кел-
геніне дейін желеп-жебейді. Толғақ кезінде де баланы өзіне қарай
тартып, тууына бөгет жасаушы Еркіліктің жын-шайтандарымен
айқасқа түсіп, нәрестенің өмірге келуіне жәрдемдеседі. Одан ке-

йін де Ұмай Тәңір-Ана баланы күзетіп қана қоймай, оны күтеді,
бетін жуады, кірпіктерін тазалайды. Оны ойнатып, тәрбиелейді,
өзінше сөйлеседі. Олар бір-бірін жақсы түсінеді. Ұмай Тәңір ұдайы
баланың қасында болып, ол жүріп, жүгіріп, ең бастысы, сөзді

түсініп, еркін сөйлей бастағанға шейін, яғни бес-алты жасқа кел-
генше қамқорлығына алады. Содан соң барып, баланың Ұмаймен
қатынасы үзіліп, әрі қарай ол өз бетімен өседі.
Жануарлар мен өсімдіктердің жан-ұрығы да құт кейпінде

және одан әрі оның тіршілігіне нәр беретін өмірлік қуат ретінде қабылданады. Юла дегеніміз де – құт сияқты адамның тіршілігі үшін қажетті қасиеттің бірі. Оның адам тәнінен шығып адасып, қайтып бармайтын кезі де болады. Адамнан ажырағаннан кейін ол кеңістікте, еркіндікте өмір сүреді. Бұл уақытта оның иесі ұйқы ауруынан азап шегеді: қайда отырса, сонда ұйықтап кетеді. Дүниені кезіп жүргенде юла жын-шайтандардың қолына түсіп, олар оны жеп қоюы да мүмкін. Мұндай жағдайда юланың иесі ұзақ та ауыр сырқатқа шалдығады. Мұның арты тіпті адамның жер бетіндегі тіршілігінің тоқтауына әкеліп соғуы да ықтимал. Тын – рухани қасиет. Тын – тыныстау қабілеті. Ол адамға, малға, аң мен құсқа, өсімдікке тән. Тек тасқа ғана мұндай қабілет берілмеген. Өсімдік әлемінде тын «өсу қабілеті» ретінде қабылданады. Оның тыны (тіршілігі) толассыз әрі мәңгілік. Өйткені, тамыр жерде қалып, өсімдік өзінің болмысын мәңгілік сақтай алады. Сондықтан аса зәрулік болмаса, ағаштарды кесіп, шөпті жұлып, оларға азап шектіруге болмайды. Сұр дегеніміз – адамның бет-бейнесі, келбет-кейпі. Бейнелеу, кескіндеу мағынасындағы «сурет» сөзі сұр сөзінен шыққан (сұр келбет, бет-әлпет деген мағынаны береді). Сұр жануарларға да тән. Сұрдың адамнан ажырауы Ұмайдың еркімен болады. Өзінің мұндай ерік-қалауын Ұмай Үлкен Тәңірдің «Савбыр битиг» кітабына жазады. Егер сұр адамнан ажырауға тиіс болса, онда кітаптағы жазу қараға айналады. Сұрды адамнан ажырата отырып, Ұмай сол арқылы оның жердегі тіршілігінің тәмамдалуына жол ашады. Сұр енді адамнан тысқары өмір сүріп, құдды оның ажалының көлеңкесіндей болады. Сұр адамның жан тәсілім етуінен жеті немесе он жыл бұрын ажырап кете алады. Адам өлгеннен кейін оның сұры сол адамның жерде тіршілік етуіне құт жіберген иесіне қарай жол тартады. Адам жаны – суна. Адам жанын о баста Еркілік сайтан жасап, Үлкен Тәңір мен басқа құдайлардың қарсылығына қарамастан,

адамға дарытқан. Иесі өлген сәтте суна (жан) денеден шығып, жер-
легенге дейін марқұмның үйінде қалады. Сунаның қасында болуына
орай, марқұм айналасында болып жатқан нәрселерді түсініп, біліп,
айтылған сөздерді естіп жатады. Ал жерленгеннен кейін марқұмның

жаны біршама уақыт үйде жүре тұрып, сосын Еркіліктің талқылы
сотына барады.

лкен Тәңір Еркілік пен Манғышөреден басқа да көптеген

жан иелерін жаратты. Оларды өзіне қызмет еткізіп, әлемдерге

бөліп орналастырды. Үлкен Тәңір адамдардың сүйектерін қамыстан, денелерін балшықтан жасады. Содан соң олардың құлақтары мен мұрындарына дем үрледі. Үлкен Тәңір құлаққа үрлеген кезде құдайдың демімен адамның денесіне жан кірді. Ал мұрнына дем жібергенде адамның басына ақыл-ес орнықты. Сөйтіп ақыл-ойы бар тірі адам, тіршілік иесі пайда болды. Үлкен Тәңір осылайша жеті еркекті дүниеге келтірген.* Оған қоса сонша ағаш жаратты. Адамдарды жаратқан соң Үлкен Тәңір сол жерден кетпей тұрып, бетін шығысқа бұрды. Шығыс жақта Алтын тау (Алтай, Алатау) болатын. Сөйтіп, тағы бір еркек пен ағаш жаратып, олардың беттерін батысқа қаратып, Алтын таудың үстіне қойды. Алайда, сегізінші адамға жан мен ақыл-ой үрлемес бұрын, Үлкен Тәңір оған: «Ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өз билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» – деді. *«Я открою тебе сокровенное слово...» Вавилония мен Ассирия әдебиеті. Художественная литература, М., 1981, 56-бет. Адам қалай жаратылды Әлемнің жаралу мысалын біздің дәуірімізге дейінгі «Атрахасис туралы аңыз» атты өте көне шумер-вавилондық кітаптан алынған үзіндімен салыстыруға болады. Онда былай делінген.

егіз адам мен сегіз ағашты жаратқан соң Үлкен Тәңір ша-

руаларымен сапарлап жүріп, өзі жаратқан жандарына жеті

жыл бойы қатыспай кетеді. Жеті жылдан кейін қайтып оралғанда ол сегіз адамның баяғы қалпында қалғанын, оларға жаңадан ешкім қосылмағанын көреді. Тек сегіз ағашқа ғана бір-бір бұтақ өсіпті. Сонда бұған қатты таңданған Үлкен Тәңір: – Неге бұлай? Ағаштар өсіп-өніп жатыр, ал адамдар неге көбеймеген? – деп сұрайды. Бұған Алтын таудың төбесінде тұрған сегізінші адам басын көтеріп: – Үлкен Тәңір, қалай көбеймекпіз? Бізге өсіп-өнудің жолын көрсетпедің ғой, –деп жауап береді. Үлкен Тәңір: – Сені жаратқан кезде мен саған «Сен ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өзіңнің билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» деп айтып едім ғой. Қазір жетеуіне бар, ал мен саған үш күннен кейін келемін, – дейді. Үлкеннің әмірінен соң сегізінші адам Алтын таудан түсіп, қалған жетеуіне келеді. Сонда оған бір ой сап ете қалады: – Маған ғой Үлкен Тәңір «Сен ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өзіңнің билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» деген болатын. Иә, енді мен не істеу керек екенін түсіндім! Осыдан соң ол дереу іске кірісті. Үлкен Тәңірдің еркек кіндіктерді жаратқаны сияқты әйелді жарата бастады. Сүйектерін қамыстан жасап, денесін балшықтан мүсіндеді. Бірақ осының бәрінің басын құрап, біріктірейін десе, жамап-жасқалған дене саудырап шашылып Иттің хикаясы және Еркіліктің әйелді жаратуы

қала берді. Сонда ол сиқырлы шөпті жұлып алып, қолымен уқалап, алақанына салды да, үрлеп жіберді. Әлгі шөп әп-сәтте жылан бола қалды. Адам сол жыланмен өзі жаратқан мақлұхаттың денесін айналдыра орап байлап тастайды. Осы кезде қасына аузына хат тістеген бір ит келеді. Оны Үлкен Тәңір жіберген екен. Сегізінші адам хатты алып «Сенің атың Майтөре болсын. Менің жаратқандарымның барлығына әміріңді жүргіз» деген сөздерді оқиды. Үшінші күні Үлкен Тәңір өзі Майтөре деп ат қойған сегізінші адамға бармақ болып жолға шықты. Бұл уақытта Майтөре де өзінің жансыз туындысын күзетуді әлгі итке тапсырып, оны мүсіннің қасына қалдырып, Құдайды қарсы алмаққа, оған ықылас-ізетін білдірмекке асығып келе жатқан еді. Жауыз сайтан Еркілік осы жаңсақтықты күтіп тұрған. Майтөре кетісімен ол әлі аяқталмаған туындыға келді де, жеті күйлі кернеймен оның мұрнына үрледі, сосын тоғыз тілді темір аспаппен күй тартып тұрып, қос құлағына үрледі. Сөйтіп, әйел жынысты адамның денесіне жан мен ақыл енгізді. Бірақ әлгі жан иесі өз бойына ақыл-ой мен тіршілік қуатын зұлымдық сайтаны Еркілік үрлегендіктен, көңілдегідей болмады. Оның жаны құдды жыландай ысылдаған ызақор, мінезі алуан күйлі тұрақсыз, ақылы тоғыз тарапқа тартқан толымсыз болып шықты. Оның үстіне, денесінен жағымсыз иіс шығады. Бұл жайдан бейхабар Майтөре Үлкен Тәңірді қарсы алып оған: – Сен маған «ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы өзің боласың» деп айтқансың. Мен соған үміттеніп, әйел адамды жараттым. Бірақ оның әлі жаны жоқ. Енді ары қарай жаратуымды жалғастырайын ба, әлде жоқ па деп өзіңнен сұрауға келдім, – деді. Үлкен Тәңір бір жамандықты сезіп, «Бар тезірек, кейін жүгір!» деп жауап қатты. Майтөре қайтып оралғанда өзі жасаған мүсінге жан біткенін көрді. Күзетке қойған итіне назаланып: – Сен Еркілікті неге жолаттың? Оның алдауына қалай түсіп жүрсің? – деп ұрысты.

Ит оған былай деп жауап қайтарды: – Еркілік маған «Жазда ылғал мен ыстықтан құрысып-тырысып кеуіп қалмайтын, қыста суықтан тоңдырмайтын тон беремін, ешқашан тозбайтын тағалы аяқ киім беремін, ашықсаң – өлтірмейтін, тоя жесең – семіртпейтін дәмді азық беремін» деп уәде берді. Майтөре иттің мынадай ақымақ сөзіне онан әрі ыза болып: – Саған Еркілік уәде еткен тон – өзіңнің теріңе өсетін жүн, тағалы аяқ киім дегені – аяқтарыңда тырнақтарың болады, дәмді тамағың – ашыққанда қуанып көрісетін қалған-құтқан, сүйек-саяқ, – деді. Сонда Майтөре итті «Жейтінің сүйек-мүйек, өлексе болсын, адамның тамағы көзіңнен бұл-бұл ұшсын, қазірден бастап адаммен тұрушы болма, ылғи үйдің сыртында жүріп, есіктің алдын қарауылда. Адам сені ұрып-соқсын, ал сенің оны қалдырып кетуге жүрегің дауаламасын. Егер оның алдында айыпты болсаң, ажалың қыл тұзақтан келсін!» деп қарғады. Майтөренің айтқаны айдай келді. Бұрын ит адаммен бірге тұрып, тамақты бірге ішетін, тырнақтары да, жүні де болмаған, адамның тілін түсінетін және адамға ой-сезімін өзі-ақ анық жеткізе алушы еді. Осыдан соң Майтөре Үлкен Тәңір жаратқан жеті еркекті шақырып алып, оларға Еркілік жан бітірген әйелді көрсетіп «Мына әйелді қайсың аласың?» деп сұрады. Олардың ешқайсысы үндемеді. Енді Майтөре әрбіреуінен жекежеке сұрамақ болып, жетеуін бір-бірлеп қолынан жетелеп, әйелге апарды. Еркілік жан бітірген әйелдің қасына барған алғашқы адам: «Мына адамның бейнесі де, демі де өзгеше, иісі жаман, төзіп болмайды», – деді. Майтөре әйелдің қасына келесі адамды апарды, бірақ оның да айтқаны сол: «Мына адамның бейнесі өзгеше, рухы бөтен, денесі сасық!» – деді. Әлгі әйелден үшінші адам да бас тартты. Бұл істері әміршілеріне ұнамайтынын біліп, жазадан қорыққан үшеуі жалма-жан қашып кетіп, бой тасалады.

Осы уақытта Үлкен Тәңір келіп, қалған төрт адамға ат қоя бастады. Біреуін ол Тарғын-Нама деп атады. Сосын Тарғын-Наманың қос бүйірінен екі-екі қабырғадан алып, олардан сол арада тірі әйел, Тарғын-Наманың әйелін жаратты. Оған Мүнтүйшайди деген ат тағып, Тарғын-Намаға табыстады. Сөйтіп Үлкен Тәңір барлық тірі жан иелеріне: «Кімге қандай шөп, жидек және басқа да өсімдік жемістері ұнаса, соны жей берсін!» – деді. Майтөре оған: «Сен жаратуға шебер екенсің. Қаласаң, малды да, аңды да, адамдар мен басқа тіршілік иелерін де өзің жарата бер. Менен сұрама және маған тапсырма», – деді. Осыны айтып, Майтөре Алтын Таудағы мекеніне жол тартпақ болды. Әйтсе де кетпес бұрын қалған үш еркекке ат қойды. Біреуін Тидым-Мине-бурхан, екіншісін Шилы-Мине-бурхан және үшіншісін Топшун-бурхан деп атап, оларды өзіне көмекші әрі хатшы етіп тағайындады. Үлкен Тәңір де Алтын Тауға аттанды. Ол Алтын Тауға жеткенде осында Еркілік жан бітірген әйелдің жаман иісіне шыдамай қашып келіп, өзінің кітаптарын оқып отырған үш адамды көрді. Олар үйілген кітаптардан бастары да көрінбей, бар ынталарын салып оқып отыр екен. Үлкен Тәңір оларды оқымыстылығы мен зейінділіктері үшін жақсы көріп қалды. Содан біреуінің басқаларына қарағанда беріле оқып отырғанын байқап, оған: «Сенің атың Тепқара болсын. Сен өлген адамдардың жандарын Еркілікке бермей, мәңгібақи күзетіп, сақтайтын боласың», – деп тапсырды. Келесі адамға ол Шанг-Димы деген ат қойды. Оған: «Сен адамның балалары мен жануарлардың төлдерін күзетесің. Сүтке шашалып қалмас үшін оларды емуге үйретесің. Құс балапандарын қорғап, жануарларды шөп жеуге баулисың. Мас адамдарды бәледен сақтап, қаусаған кәрі шалдарды сүріндірмей сүйеп жүресің. Барша адамды жақсылыққа талпындырып, олардың ой-ниеттерін жамандықтан жирендіресің», – деді. Үлкен Тәңірдің ықтиярына бой ұсынған Шанг-Димы адамдарға мынадай өнеге айтады: «Егер қарыз алған адамың өлсе – ол өлді екен деп қуанба және де қарыздан құтылдым, енді өлген кісі оны менен өндіріп ала алмайды деп ойлама. Егер ол адамның

тіршіліктегі теріс әрекеттері көп болып, күнә арқалап өлсе, он-
да Тепқара сені өлген күнәһардың қарызын төлеу үшін
марқұмның жатқан жері – тозаққа жібереді. Ал егер қарыз бе-
руші тақуа болып, оның жаны алғашқы адамдар тұрған және

кумюньдағы (үстінде Үлкен Тәңірдің тағы тұрған Алтын Таудың
айналасы) жалпы сотқа дейін адамдардың жандары сақталатын
қасиетті жерде болса, онда Тепқара сені қарызыңды төлеу үшін
сонда жібереді. Бірақ ол жаққа сен жете алмайсың. Жол бойы

жылымды ми батпақ пен қорыс сазға батып, азап шегесің.
Батпаққа малтығып жатқан кезіңде саған қансорғыш сары
манғыстар – сары жылан-шаяндар жабысып, денеңді сорады».
Үшінші еркекті Үлкен Тәңір Поудо-Сонко деп атап, оған:

«Қайда қантөгіс соғыстар болса, сен сонда жүресің. Өзінің күшіне
сеніп, әлсіздерге қарсы кеуде қағып шыққандардың мысын ба-
сып, жеңіліске ұшырат. Күші аз болса да, Тәңірге үміт артып
шыққандарға көмектес, оны жеңімпаз ет. Сауда адамдары мен

басқа да жолаушыларды қарақшылардан сақта, кәсіпшілерді
жыртқыш аңдардан, суда жүзуші адамдарды балықтар мен теңіз
құбыжықтарынан қорға, барлық адамдарды бәле-жала мен кесір-
кесапаттан аман сақта. Жауыз адамдарды таңбала: өтірікшінің

тілінің ұшын арпа дәнімен белгіле, ұрының төбесіне жағулы шырақ
қой», – деді.

айтөре бұйрық жазып, оны өзінің көмекшілеріне беріп,

Еркіліктің қолына тапсыруға әмір етті. Хаттың мазмұны мы-

нандай еді: «Өзің жан бітірген сасық әйеліңді өзің ал, оны да, одан туған бір қауым жұртты да алып кетіп, осы арадан құры! Әкетпесең, әйелді де, сені де күн сәулесі түспейтін, ай жарығы жетпейтін қос теңіздің арасындағы аралға айдап жіберемін». Шилы-Мине атты көмекшісі бұл бұйрықты Еркілікке апарып берді. Әккі әрі залым сайтан оған: – Бұл адамды мен жараттым ба екен? Мен тек оған үрлесем не болар екен деп байқап көргенмін. Үрлеп едім, жан кірді. Бірақ оны жаратқан мен емес, сондықтан оны өзіммен бірге алып кетпеймін! Үлкен Тәңір өзі жаратқан басқа бір адамын берсін, тек сонда ғана алуға келісемін, – деп жауап қайтарды. Сонда Майтөре әлгі әйелден туған барлық қауымды жинап алды. Сөйтіп бүкіл үрім-бұтағымен бірге әйелді де, Еркіліктің өзін де жер астына, күн де, ай да жарық шашпайтын қос теңіздің арасындағы тозаққа қуып жіберді. Алайда біраз уақыт өткен соң аса әккі сайтан Еркілік жер астынан жол тауып, қапас қамаудан қашып кетті. Жердің үстіне шыққан соң ол адамдарға келіп, қолымен «оп-қурай» жасамақшы болды. Яғни шыбын ұстағандай қолын сілтеп, тірі адамдардың жандарын ұстап алып, жер астындағы қапасқа алып кетпек. Алайда, білмейтіні жоқ дана Үлкен Тәңір мұны алдын ала болжаған еді. Ол адамдарға Еркіліктен бұрын келіп, «Қый!» деп қатты айқай салады. Осы бір ерекше әуезді айқайымен ол адамдардың бәрін өзіне Еркіліктің «оп-қурай» жасап, адамдардың жандарын өзіне алғысы келгендігі жайында

қаратып, «А!» дегізеді. Сол сәтте «оп-қурай» жасап қолын сілтеген
Үлкен Тәңір барлық адамдардың жандарын уысына салып, оларды
Алтын Тауға алып кетті.
Сөйтіп «оп-қурай» жасамаққа келген Еркілік ешбір жанды ұс-

тай алмады. Өйткені, бұл уақытта олардың барлығы Үлкен Тәңір-
дің қолында болатын.
Адамдардың жанын Еркіліктен құтқарып қалған Үлкен Тә-
ңір мен Майтөре Алып Алтын Тауға қайтып келеді. Еркілікті

«Малайларының саны көбеймесін, бірақ дүниенің соңына дейін ке-
мімесін» деп қарғайды.

шкімнің жанын әкете алмағанына ызаланған Еркілік сай-

тан еліне аттанды. Қайтып келсе, өз қауымының саны не

көбеймепті, не кемімепті. Ол Үлкен Тәңірге бұрынғысынан
да қатты өшігіп, оның әлеміне қайта айналып соқты. Сосын әрбір
ағаш пен жемісті өсімдікке нақ сондағыдай жеміс пен жидекті қоса
өсіріп, «Кімде-кім менің жидектерімді жесе, ол мені жегені, мен

жидектер арқылы адамдардың ішіне кіремін» деп дуа сөздерін айт-
ты. Оған қоса, Еркілік сайтан жаңадан жемісті ағаш өсіріп, оны да
«Менің ағашымнан қанша адам жеміс жесе, соның бәрі менікі бол-
сын» деп дуалап қойды.

Үш жылдан кейін өзі жаратқан адамдарының хал-жайын білу-
ге оралған Майтөре мұндағы ағаштарға Еркіліктің зиян жасағанын
және оған қоса басқа ағаш отырғызғанын көрді. Ол итін шақырды.
Бірақ иті оны тыңдамады. Енді Майтөре әмірші қаһарланып, ит

күтушілеріне өзі барды. Сол кезде барлық ит күтушілер иттерімен
бірге дереу жүгіріп келді. Майтөре оларға барлық ағаштардан же-
міс кейпіне еніп мәуелеген Еркіліктің малайларын қуып шығуға
Ер Тарғын-нама есімді

алғашқы адам, оның әйелі
және жыланның қарғыс алуы

әмір етті. Өзі Еркілік сайтан отырғызған ағашты тамырымен қоса жұлып алып, барлығын күн сәулесі жетпейтін, ай жарығы түспейтін алыстағы екі теңіздің арасындағы қаратүнек қапасқа айдап жіберді. Ал бұған дейін Майтөре Жыланға өзінің сиясауытын күзетуге әмір еткен болатын. Жылан сауытты денесімен жауып, ішіндегі сиясын қоруы тиіс еді. Еркілікті малайларын қуып шығып, кейін қайтқан Майтөре Жыланның бұрынғысынша сиясауытты басып жатқанына көзін жеткізді. Бірақ ішіне үңіліп қараса, сауыт бос екен: біреу сияны түк қалдырмай ұрлап әкетіпті. Майтөре Жыланнан: – Сен сияны кімге бердің? – деп сұрады. – Сияны сен бұйырды деп Ер Тарғын-Наманың әйелі алды, – деп ол жайбарақат жауап берді. Майтөре дереу Ер Тарғын-Наманың әйелін алдына келтіруге жарлық берді. Одан «Сен сияны алдың ба, неге алдың?» деп сұрады. – Күйеуім сенің бұйрығың бойынша алып кел деп әмір етті. Мен барып сияны алдым да, оған әкеліп бердім, – деп жауап берді ол. Майтөре енді Ер Тарғын-Намадан «Осы рас па?» деп сұрады. Сонда ол: – Жоқ, әйелім маған өзі әкеліп берді, – деді. Осылайша, әйелі мен күйеуі кінәні бір-біріне аударды. Сөйтсе, Ер Тарғынның әйелі Еркілік өсірген ағаштың жемісін жеген екен. Жидекпен бірге оның ішіне жын-шайтан кіріп алған да, күйеуінің кейпіне еніп оған сия әкеліп бер деп әмір еткен. Сол кезден бері әлгі ағаш Ұрғашы ағаш – Әйел ағашы немесе Әйел жидегі деп аталып кетіпті. Майтөре Жыланның нашар қызметіне күйініп, оған «Осы кезден бастап сұрыңа қарауға көздің өзі қиналарлықтай жексұрын әрі жиіркенішті боласың. Басыңды қарға шоқысын, денеңді лашын іліп алып, асап жесін, ит қидалап қаққа бөліп, сүйреткіге салып соққыласын! Адаммен ұшыраса қалсаң, ол сені басыңнан ұрып мылжалап, теріңді сыпырып алсын, сонда жалаңаш денең ирелеңдеп, күнге шыжып, кеуіп жататын бол!» деген қарғыс айтты.

Содан соң Майтөре Ер Тарғын-Намаға қарап: «Сенің барлық ісің
кері кетсін, өкпе-бауырың құрт ауруына шалдықсын, сенен өрбі-
ген ұрпақ ұры-қары, өтірікші, қаскүнем болсын! Тәңір сендерге еш
рақымшылық жасамасын, айыпкер деп қарасын, ауру-сырқаудан

сау мүшең болмасын, көзің су қараңғы соқыр болсын! Ішсең
тамаққа жарыма, кисең киімге жарыма!» дегенді айтты. Ал Ер
Тарғын-Наманың әйелін: «Бала тапқан кезде асқынған үш аурудың
қыспағында қал: бауырыңды құрт жесін, өкпең мен жүрегіңді

жөтел қыссын, егер ішек-қарның жарылса, онда өл, өлмесең өмірем
қап, балаңды тап! Барлық аурудан бала табу асқан азап болсын!» –
деп қарғады.
Айып арқалаған Ер Тарғын-Нама мен оның әйеліне қарғыс

жаудырған Майтөре оларды Тәңірдің Арун-Сюдундағы (Пейіш
Бағы) сән-салтанатты Алтын сарайынан қуып шықты. Өзі Алтын
Таудағы Үлкен Тәңірге кетті.

ейіш бағынан жерге қуылған Адамды Үлкен Тәңір аяп,

оған жеуге жарамды барлық өсімдіктер мен жемістерді

көрсетіп, «Дәмін тат та, өзіңе ұнағанын жей бер» деді.
Әрқайсысының дәмін татып көрген Ер Тарғын-Нама олардың
бәрін нәрлі деп білді. Жемістермен, өсімдіктермен қоректенген ол
шырайланып, өңі кіріп, еш таршылық көрмей өмір сүріп жатты.

Әйткенмен күз келіп, шөптер қурап сола бастады. Адам да солғын
тартып, жүдеді. Сөйтіп, азықсыз қалған ол қыстан әрең дегенде
аман қалды.
Тәңірдің Арун-Сюдун

деп аталатын Алтын
сарайынан қуылғанынан
кейінгі адам

Өткен қыстың өкінішінен сабақ алған адам келесі жылы жемістер мен көгерістен* азық дайындап алды. Қыс түсісімен оның жиған қорына әр алуан жануарлар көп келгіштейтін болды. Қоры тез таусылып бара жатқанын көрген адам азығын жануарларға жегізбей, оларды таяқпен ұрып қуа бастады. Бұған жәбірленген аңдар өздеріне құстар мен балықтарды шақырып қосып алып, Үлкен Тәңірге адамның үстінен шағым айтты. Үлкен Тәңір олардың барлығын Ер Тарғын-Наманың мекеніне жинап, арыз-шағымдары мен мұң-мұқтаждарын асықпай тыңдады. Артынан оларға: «Балықтар мен құстар нені қаласа, соны жей берсін. Ал сендер, жануарлар, шөп жеңдер. Адам, сен дәннен жасалған нан мен жануарлардың етін же. Жануарлардың жейтініне сен жолама, ал адамға қажетті азыққа жануарлар тиіспесін. Сен, адам, оларды өлтір, терілерінен өзіңе киім тігіп ки, етін пісіріп же!» – деп әрқайсысының қорегін белгілеп берді. Мынадай соттан кейін жануарлар адамнан қорқып, аулақ жүретін болды. Кейбіреулері адаммен жауласа бастады. Шөппен және жемістермен қоректенген кезде адам отқа мұқтаж емес еді, тіпті оны білген де жоқ болатын. Енді адамға басқа азық белгілегеннен кейін Үлкен Тәңір қолын созып көктен бірі ақ, екіншісі қара екі тас алды да, құрғақ шөпті алақанына салып умаждап уқалады. Сосын шөпті бір тастың үстіне қойып, екінші таспен ұрған кезде от ұшқындап, шөп лап етіп жанды. Осылайша алғашқы алауды жаққан Үлкен Тәңір: «Мына от – менің Аспандағы әкемнің күшін тасқа көрсететін от», – деді. *Көгеріс – көк шөп, бау-бақша.

дамдар мен жануарлардың өсіп-өніп көбейіп кеткені

соншалық, жер тарлық ете бастады. Бірақ олар өлімді әлі біл-

мейтін. Сонда Үлкен Тәңір өмірдің ақыры туралы Жарғы
жариялау үшін жерге өзінің қызметшісі Жара-Шешенді жі-
берді. Адамдар мен аңдарға өлім жайында жария етпес бұрын
Жара-Шешен олардың барлығын бір жерге жинап, әрқайсысына

тиесілі ғұмыр белгіледі. Басқаларға қарағанда адамға зияны аз
болғандықтан, балықтар бәрінен де ұзақ – сегіз жүз жыл жасай-
тын болды. Оның үстіне, олар адамның азығына тиіспегендіктен,
аңдар сотында да кінәсіз болып шықты.

Жара-Шешен адамдар мен жануарлар тірі жан иесінің қалай
өлетінін көрмесе, өлімнің не екенін біле алмайды деп пайымда-
ды. Сондықтан өлімнің қандай болатынын көздеріне көрсетуді
ұйғарды. Сөйтіп ол қылыш алып, адамның мойнынан ұрып, басын

кесті. Бірақ оған адам өле қойған жоқ, аяғын басып жүре берді.
Сонда Жара-Шешен оның аяқтарын тізесіне дейін шауып тастады.
Адам жерге құлап түсті, бірақ ол қос қолымен жерге жармасты.
Енді Жара-Шешен оның екі қолын шапты, ақыры, адам өлді.

Бірінші өлімге дейін адамдар өлім туралы білмейтін, бір-бірімен
жанжалдаспайтын. Осыдан бастап олардың араларында өштік пай-
да болды, бір-біріне кектеніп, бір-бірін өлтіру басталды.

лкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін

Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып,

жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық өлгендердің
тағдыры Еркіліктің қолына көшті.
Еркілік қара темір сарайда тұрды. Бұл сарай тоғыз өзеннің
Тойболдымға құятын құйылысында орналасқан. Тойболдым

өзенінің жағасын жасыл бөкселі, жадау көкірек, жақ сүйектері
Еркіліктің он сегіз тозағы
Өлімнің келуі

үлкен қайық тәрізді Жұтпа дейтін су құбыжықтары мекендеген. Еркіліктің сарайын осы Жұтпалар күзеткен. Тойболдымның арнасы адамдардың көз жасына толып аққан. Оның үстінен аттың қылынан жасалған көпір тартылған. Оны «қыл көпір» дейді. Еркіліктің патшалығын мекен еткен өлген адамдардың қисапсыз көп жандары патшалықтан қашуды ойласа, осы қыл көпірге аяқ басқанда-ақ өзенге құлап кетіп, толқындар оны Еркіліктің қапас патшалығына қайтарып әкелер еді. Еркіліктің өзі суда ескексіз қара қайықпен жүзіп жүреді, ал жерде көк қасқа бұқаға мінеді. Бұған дейін бір кездерде Еркілік ақ арғымаққа мініп жүрген. Бірақ оны Тәңірдің бір батырының жанына айырбастап жіберген. Ал Тәңір оны алдайды. Жанның орнына қара бұқа беріп, оған теріс қарап отыруға және қамшының орнына айбалтамен қуалауға бұйырады. О дүниелік болған әрбір адамның жаны көрілмеске айналады. Көрілместердің тағдыры иесінің тіршіліктегі жақсылы-жаманды істеріне байланысты болады. Ізгілікті адамдардың жаны Еркіліктің сотынан кейін Арун-Сюдунға көшеді. Осындағы Үлкен Тәңірдің тағының айналасында олар ару-немеге, яғни аруақтарға айналады. Жаман адамның жаны өзінің кеселді істері үшін жаза тартып, Еркіліктің Төменгі әлеміне барады. О дүниеге көшкен сәтінен бастап Еркіліктің малайы – алшыға (сайтан, қара-неме) айналады. Алшы адамдарға жамандық жасап, ауру-сырқауға шалдықтырып, өз патшалығына туыстарын еліктіріп тартуға тырысады. Жер астында он сегіз тозақ (тама) бар. Солардың әрқайсысында Еркіліктің жүз мың алшысы қызмет жасап, жер бетін кезіп, өлгендердің жанын аулайды. Еркек алшылар – шұтқыр, әйелдері – шұлмұс (албасты) деп аталады. Албастының бар күші бір тал алтын қылшықта сақталады. Шұтқырлар сияқты, олар да қартаймайды, өлмейді және өз беттерімен ұрпақ жаймайды. Қара-немелер теке мен тікен бар жерде жүрмейді. Сондықтан олардан сақтану үшін тікенді жерді паналауға болады.

Шұтқырлар әр алуан. Олардың ішінен, егер шақырып көндіре алса, тек тейрандарды көзбен көруге болады. Тейранның бір аяғы мен бір қолы ғана бар. Әу баста кімге келсе, сол оның қожасы болады, қожасының әмірін еш уақытта екі етпейді. Есесіне кейін одан құтылу өте қиын. Егер құтылмаса, ол өз қожасының жанын жаулап алады. Адамды шұтқырға немесе албастыға айналдыратын он күнә бар. Оларға кісі өлтіру, бұзықтық, ұрлық жасау, өтірік, өсек айту, ұрыскеріс, қиянат, жаман ой, қызғаныш, күдікшілдік сияқты мінезқұлық, әрекеттер жатады.

ады-тас бұрын жануарларда болған. Олар оны ауыздарын-

да сақтаған. Жады-тастың жәрдемімен жаңбыр, қар шақы-

руға болады. Егер Жады-тасты аңдаусызда өзенге түсіріп
алса, қырық күн, қырық түн толассыз қар жауады. Кез келген өртті
өшіруге де сиқырлы тастың көмегі тиеді.
Көп жұрт осынау керемет тасты қараңғы үңгірлерден,

құрбандыққа шалынған қойлар мен сиырлардың ұлтабарынан,
бүркіттер мен сұңқарлардың ұяларынан іздеген. Өйткені, бұл тас
өзінің иесіне құдіретті күш дарытқан. Оның кереметімен бұлт асты-
нан күнді шығарып алуға болады, сонда шөптер жайқалып өсіп,

гүлдер қауыздарын ашады деп есептеген.
Сиқырлы тасқа ие адам болашақты болжайтын көріпкел
болады. Ал шайқас кезінде оны жанында алып жүрген адам
жарақат алмайды. Жау жебесі оны сырт айналып өтеді. Сөйтіп

ол жеңілмейтін жаужүрек жауынгерге айналады. Сиқырлы та-
сы бар жауынгердің күші тасқындап, бір өзі жаудың жүздеген
һәм мыңдаған әскерін жайратып жеңе алады. Зұлым жау қан-
шалықты толағай болса да, мұндай өжет батырға ол ергежейлі-

дей көрінеді.
Сиқырлы Жады-тас
жайындағы миф

Сиқырлы тасты іздеушілер көп болғанымен, ол тек әділеттілер
мен ақылдылардың ғана қолына түседі. Шырқау көкте самғаған
қыран бүркіттер ондай адамдарға құдіретті де ғажайып Жады-тас-
ты өздері әкеліп береді.

Жаңбыр жауғызу үшін бақсылар Жады-тасты таяққа жіп-
пен байлап, оны отқа қақтайды. Сосын таяқты басындағы байлау-
лы тасымен қоса жан-жаққа сермей бұлғап, айқайға басып, жыр
толғайды:

Қайрақан-ау, Қайрақан!
Алас, Алас, ау, Алас!
Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!

Мен – жаңбырдың дабылы,
Жаңғақ ағаш тамыры...
Көк перісі, жерге қаш!
Жер перісі, көкке қаш!

Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!
Асқар таудың төсін сүй!
Абақан бұлақ көзін сүй!

Қайрақан, Қайрақан!
Алас, Алас!

(Аударған Қорғанбек Аманжолов)

ара-Шешен бір күні адамдардың ғұмыр мерзімін жария

етуге келіп, қыздары көп үйге бұрылыпты. Аттап кіргені сол

екен, күлегеш қыздар оның сұсты түрін келеке етіп күліпті.
Бұл мазаққа ызаланған Жара-Шешен сонда оларға былай деп ай-
тыпты:

– Үлкен Тәңір мені сендердің ғұмыр шектеріңді белгілеуге жі-

берді, ал сендер келеке қыласыңдар. Сол үшін жазаларыңды тарт-
тырамын. Әрқайсыңның пешенең мынадай болады:
Туғаныңды жат етер, қара болсын бауырың,
Алсын билеп ойыңды бөтен елдің ауылы.

Ою-өрнек кестемен болып сенің жасауың,
Туған әке-шешеден шарт үзілсін тұсауың.
Болғайсың сен кәрі аттың қабырғасындай төзімді,
Туған үйден тал түсте кетсін алып өзіңді.

Сұлулығың жат үйдің қызығына көрінсін,
Шашың сенің бүгіннен қос бұрым боп өрілсін.

(Аударған Қорғанбек Аманжолов)
Осы кезден бастап қыздардың ақыл-ойы мен сезімдеріне өзгеріс
енді, олар күйеуге шығып, ата-анасының ошағынан аулаққа кете
бастады. Ал оған дейін барлығы бір үйде тұрып ұрпақ жайған,

ешқандай туыстық пен жұбайлық заңдарын білмеген, саналары
жануарлардан озық болмаған.
Қыздардың туған отбасынан
ажырауы

шулы Еркілік адамдардың жандарынан айырылып қал-

ған соң, енді теңізде Жалмауыз аждаһа (Андалма-Муус)

жаратып, оны адамдарға айдап салды. Қорқынышты Жал-
мауыз теңізден сала-құлаш тілін шығарып, адамдарды қармап
алып жей берді.
Үлкен Тәңірдің батырлары Манғышөре, Тяран-Мызықай мен

Майтөре аждаһаның жауыздығын көріп, оны өлтірмекке бел бай-
лады. Бірақ Жалмауыз ешкімді де маңайына жақын жолатпайды,
тілін жалмаңдатып ұстап алады. Бұған қандай амал табу керек?
Аждаһаның көзін құртудың жолын іздеп, батырлар ұзақ бас

қатырды. Алайда, ештеңе ойлап таба алмады. Сонда Тяран-Мызы-
қай тұрып: «Менен күшті ешкім жоқ. Жалмауызды менен басқа
ешкім өлтіре алмайды!» – деді. Осы сөздерді айтып, ол Көктен Жер-
ге түсті де, Ерке-Шудюн есімді қыздан туып, адамға айналды. Өзіне

Тяма-Тюрун деген ат қойды. Ерке-Шудюн Қыдат руынан шыққан
Чуптан мен әйелі Шаадығай-кооның қызы болатын.
Сонымен, Тяма-Тюрун (шын мәнісінде Тяран-Мызықай батыр)
кішкентай балғын бала кейпінде теңіз жағасында жүгіріп жүрді.

Оны көрген Жалмауыз тілін жалмаңдата созып, Тяранды ұстап
алып, басқа құрбандары сияқты өзімен бірге теңізге алып кетпекші
болды. Бірақ Тяма-Тюрун оның өзін тілінен шап беріп ұстап алып,
тарта бастады. Оның қатты тартқаны соншалық, жер суға батайын

деді. Жерді суға батырмас үшін Тяма-Тюрун теңіздің суын сарқып
ішіп, төңіректі түгел құрғатып тастады. Жалмауыздың денесі
мен аяқтары тыраңдап құрғақта қалды. Тяран аждаһаны аяғынан
тартып, теңізден сүйретіп алып шықты да, оны төбесіне көтеріп,

Тяран-Мызықай мен
Жалмауыз. Түрлі-
түсті тастар мен ұсақ
жәндіктердің пайда болуы

бар пәрменімен тасқа ұрды. Аждаһаның ішек-қарны ақтарылып,
айналаға қаны атқылап, тастарды қызыл қанмен жуды. Сол шақтан
бері тастардың реңі өзгеріп, түрлі-түсті бояуға боялыпты...
Осыдан соң Тяма-Тюрун Жалмауыздың денесін садақ сияқты

доғалап иіп, оны қидалап ұсақ қиқым, қоқымдарға айналдырып
тастады. Осылайша әр түрлі ұсақ жәндіктер: құрт-құмырсқалар,
шыбын-шіркейлер, өрмекшілер, шегірткелер, масалар мен басқа да
асыранды құстар пайда болыпты.

алмауыз аждаһаны жеңген Тяран-Мызықайдың кейпі адам

тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім еке-

нін, қайдан келгенін ешкім білмеген. Төменгі жердегі (Қы-
тай) Мергедім-түмен ханға келгенде, ол Тяран-Мызықайды танып
қойып, оның құдай тектес және тоқсан тоғыз әлемнің ортаңғысы-
ның әміршісі екенін айтты.

Тяран-Мызықай оған:

– Мен барлық патшалықтарда болдым, сонда мені ешкім таны-

ған жоқ еді. Жалғыз сен ғана таныдың. Сол үшін батамды беремін,
сенің атың Түмен-асты-Еден-поудо (қытай боғдыханы) болсын, –
деп тіл қатты.
Сол кезден бастап қытай жерінің әміршілері еденхан, яғни

Төменгі Жердің хандары деп аталады.
Тяран-Мызықай қытай әміршісіне тағы да былай деді: «Байқа,
сенімен ешкім соғысып жүрмесін, сен де ешкіммен соғысушы бол-
ма. Басқа жерлермен байланыс жасама. Басқалар сенің патшалы-

ғыңмен соғысқан кезде ақыр заман таяп қалады!»
Осы сөздерді айтқан соң Тяран-Мызықай қытай әміршісі Мер-
гедім-түмен ханға Майтөре Алып құрастырған және аспан шежі-
решілерінен алған Әлемнің пайда болуы туралы кітапты беріп, өзі

белгісіз жаққа кетіп қалды.
Тяран-Мызықайдың
сәуегейлігі

елбеген – жер бетінде тірі жан қоймай жалмап жеген жеті

басты аждаһа. Үлкен де, кіші де, батыр да, баһадүр де соның

қолынан ажал тапқан. Делбегеннің көзін жою үшін не істемек керек деп құдайлар да кеңес құрды. Кеңесте Күн: «Мен Жерге түсер едім, бірақ менің аптап ыстығымнан адамдар өртеніп кетеді ғой», – деді. Сонда да болса Күн адамжегішті өртемек боп бірте-бірте төмендеп, жерге таяп келеді. Күннің аптабынан ағаштар сарғыш тартып, шөптер жанып кетеді, өзендер мен теңіздер қаңсып қалады. Аңдар жүгірген бойында тұншығып, құстар ұшып келе жатып лап етіп өртенеді. Сонда адамдар: – О, құдіретті Күн, аяй көр бізді, өртеніп өлетін болдық, – деп жалбарынады. Күн өзінің бұрынғы орнына көтеріліп, аспандағы өз жолына түседі. Делбеген болса, жеті аузын аңқита ашып, жеті өңешімен қарқылдап: – Ха-ха-ха! Хо-хо-хо! Енді мен Жер бетінде бірде-бір адам қалдырмаймын, бәрін жеп қоямын! – деп айғайлайды. Делбеген күні бойы адамдар мен жануарларды қуалап аулап, жей береді. Бүкіл әлемді алапат үрей билейді! Бір уақыттарда адамжегіш өзінің жүгенсіздігінен шаршап, бірауық демалмақшы болады. Сөйтіп, дөңбектей жеті басымен жерді жастанып жата кетеді. Оның қорылынан таулар үрейленіп төменшіктейді, алаптар дүр сілкінеді, көктен жұлдыз жауады. Сол кезде Ай туып, адамдар тізерлеп отыра кетіп: «Айналайын, жарқыраған Алтын Ай, бізге көмектеспесең, құримыз...» – деп жалбарынады. Сонда Ай Делбегенді үсітіп өлтірмекші боп төмендеп, Жерге қарай таяп келді. Айдың үскірігінен бұталар мен шөптер Делбеген

шытырлап, ағаштардың діңдері қақ айырылады, таулардың шыңда-
ры мұзарттанып, теңіздер мен өзендер көк мұз жамылады.
Суыққа тоңған адамдар: «Айналайын Алтын Ай, аяй гөр бізді,
үсіп барамыз!» – деп жылап жібереді.

Алайда «Адамдар менің суығыма шыдайтын шығар?» деп
ойлаған Ай Жерге бұрынғысынан да жақынырақ таяй береді.
Сөйтіп Делбегеннің мойыл жемісін жеп отырған сәтінде үстінен
түседі. Шындығында, ол өтірік жеміс теріп жеген болып, адамдарды

аңдып, жолын торуылдап жүрген. Бір кезде Делбеген өзінің сұмдық
аңшылығына кіріседі. Ол бір жас әйелді көріп қалып, соңынан қуа
жөнеледі. Үрейі ұшқан әйел жан ұшыра осы төңіректегі мойыл
бұтасын қармайды. Алып аждаһа әйелге жармасады. Мұны байқап

қалған Ай тез жерге түсіп, аждаһаны да, бұта мен әйелді де іліп
алып, қойнына салады да, көкке көтеріліп кетеді. Әп-сәтте аспан
төріне оралады.
Содан бері көк жүзінде Ай аждаһамен мәңгілік арпалысқа

түскен. Делбеген жеңген кезде Ай жадау тартып, кейде мүл-
дем көрінбей де кетеді. Ал Ай басымдық танытқан уақытта
оның дөңгелек дидары толыса жарқырап, айналаға жарық сәулесін
шашады. Сондай кездерде ай бетіне зер сала қараса, ол құтқарған

әйелді де, мойыл бұтасын да байқауға болады. Аймен үздіксіз
жауласып келе жатқан Делбеген кейде оны жұтып та қояды, сол
уақыттарда ай тұтылады.
Ай болмағанда Делбеген барлық адамдарды түгел дерлік жеп

қойғандай екен. Жер бетінде небары сегіз-ақ адам қалыпты. Қазіргі
адамдар солардан тараған көрінеді.

үн де, Ай да жарығын түсірмейтін екі теңіздің аралығын-

дағы елге қуылған жамандық сайтаны Еркілік қайтадан

Майтөреге келіп, одан:

– Сен маған өз аспаным мен өз жерімді жаратуға рұқсат етесің

бе? – деп сұрады.
Майтөре-әмірші бұған рұқсатын беріп:

– Жер сенікі, оны біз сенің билігіңе бергенбіз. Онда не қылсаң да

өз еркің! – деді.
Зұлым Еркілік өз жеріне қайта оралып, онда өзінің аспанын жа-
сап, жердің пішінін өзгертті. Бірақ оның халқында өсіп-өну құқығы
жоқ болғандықтан, Еркіліктің жаңа әлемі құлазып бос жатты.

Сондықтан Еркілік Үлкен Тәңірге келіп, оған:

– Мен өзіме жаңа аспан жараттым, жерді өзімше өзгерттім. Енді

маған оны тұрғындармен – албастылармен, жын-шайтандармен
толтыруға рұқсат ет, – деді.
Үлкен Тәңір Еркіліктің малайларының көбеюге мүмкіндіктері
жоғын білгендіктен, мырс етіп:

– Бар, толтыра ғой, – деді.

Зұлым Еркілікке керегінің өзі осы еді. Ол Үлкен Тәңірге асығыс
тағзым етіп, «Сенің есімің мархабатты болсын!» деді де, жөніне
кетті.
Күн жарығы түспейтін, Ай дидары алауламайтын өз иелігіне

келе сала Еркілік балға, төс, көрік сияқты ұстаның керек-жарақ
саймандарын жасап алды. Сосын темірді қыздырып, төске салып,
балғамен ұра бастады. Ұруы мұң екен, сып етіп күрімес (сайтанның
сапалағы, қара-неме) шыға келді. Ол осылайша өзіне қисапсыз көп

жын-шайтандар мен малайларды жаратты.
Еркілік пен оның малайла-
рының Көктен Жерге һәм
Жерден Тозаққа құлауы

Үлкен Тәңір Еркіліктің осы қулығын білген кезде қатты өкінді. Содан Еркіліктің жаңа жерінде не болып жатқанын байқап келуге Манғышөре батырды жұмсады. Манғышөре батыр Еркіліктің жасағандарын түгел көріп, қасына келді. Ол оның көзінше тағы үш жануар: аю, борсық және көртышқанды жаратты. Манғышөре батыр Еркілік сайтанның зиянкес жануарлар жаратуына бөгет жасамақшы болды. Сол кезде зұлымдық сайтаны оған өзінің сарбаздары Керей хан мен Қарашты айдап салып, Манғышөре батырды қуып жібермекке әрекеттенді. Керей хан мен Қараш Манғышөре батырмен шайқасып, оған от жіберді. Оттың жалыны атының жал-құйрығын өртеп, Манғышөренің шашы мен кірпіктерін күйдірді. Манғышөре батыр жебелермен атқылады, бірақ өзін от қатты күйдіріп тастағандықтан, ол Керей хан мен Қарашты жеңе алмады. Шегінуге мәжбүр болды. Содан Манғышөре батыр Үлкен Тәңірге келіп: – Еркілік аюды жаратты, бұл хайуан өте күшті әрі бұзық. Одан кейін борсықты жаратты. Борсық жүрген жерін бүлдіреді. Оған қоса көртышқанды жаратты. Көртышқан топырақты қазып, сүрлеулерді бүлдіреді. Мал оның ініне аяғын тығып алып, сындырады. Еркіліктің істегенінің бәрі зиянкестік. Егер оған ерік берсе, ол тағы бір жаман нәрсе жасайды, – деді. Үлкен Тәңір бұған: «Ешқандай жаманшылық болмайды! Менен әр түрлі күш-қуат ал да, мен «бар!» деген белгі берген кезде сен дереу аттанып жөнел», – деп жауап қайырды. Үлкен осыны айтты да, «Бар!» деп қолын сілтеді. Манғышөре батыр көзді ашып-жұмғанша Еркіліктің төбесінен түсті. Оған бірінші болып Еркіліктің дәулері қарсы шықты. Манғышөре тайсалмастан оларды темірмен соқты. Керей ханды қылышпен шауып, Еркіліктің аспанынан төменге лақтырды. Сонан соң Қарашты атып жіберді. Ақыры онымен айқасуға Еркіліктің өзі шықты. Манғышөре оны оң иығынан семсермен шаншып, сол бойда семсерін сайтанның сол жақ санынан көктей өткізіп, көтеріп алып

жерге ұрды. Еркіліктің орнатқандарының бәрін тас-талқан етіп,
жердің астына түсірді.
Еркіліктің малайлары, құдды бұршақтай, өз қожайындары-
ның соңынан топырлай домалады. Суға құлағаны – Су иесі бол-

ды. Тасқа құлағаны – Тас иесі болды. Тауға құлағаны – Тау иесі,
орманға құлағаны – Ағаш иесі, үйге құлағаны – Үй иесі, малға
құлағаны – Мал иесі болды. Жерге құлағаны – Жер иесі болды.
Осынау сайтан тектес мақұлықтар аңдарға, балықтарға, құстар

мен барлық жанды атаулыға құлап, солардың иелеріне айналды.
Кім қайда құласа, ол соның еншісіне тиді.

ркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен

Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады.

– Сен мені патшалығымнан айырдың, сол үшін жер бетінен

тым құрыса бір жазық алап берсеңші! – деді.
Үлкен Тәңір оған:

– Саған бірде-бір атырап берілмейді! – деп жауап қайырды.

Сонда Еркілік тым құрыса бір десте жер бер деп сұрады. Үлкен
бұл ретте де көнбеді. Еркілік енді алақандай жер сұрады. Бірақ
оның бұл тілегі де қабыл алынбады. Ақыры ол өзінің таяғының
ұшын тығуға болатындай ғана жер сұрады. Ештеңеден секем алма-

ған Үлкен «жарайды» деп келісті.
Еркілік сайтан таяғын алып, жерге бойлата қақты. Сосын оны
жұлып алғанда, таяққа тісімен жабысып ілесе шыққан қабанды
дүниеге келтірді. Ал қабанның құйрығына бақа мықтап жабысып-

ты, оның соңынан бір-біріне тіркескен кесіртке, шаяндарда есеп
жоқ. Жерден жәндіктердің осындай тобырын суырып алған Еркі-
лік сайтан:

– Барлығың да адамның жауы болыңдар! – деп айқай салды.

Мұны көрген Үлкен Тәңір:

– Жауыз сайтанға көп жер бергенде не болар еді! Ол бұдан да

асқан сұмдық жасайды екен ғой! – деді.
Еркіліктің жауызды³ы

Үлкен Тәңір Еркіліктің зұлымдығына қатты
қаһарланып, «Енді ол жақта қалағаныңды істе!»
деп, оны тозаққа тастап жібереді.
Сонда Еркілік:

– Сен мені малайларыммен қосып көктен жер-

ге құлдыратып құлаттың. Олар әр алуан қырық
үш түрлі жерге: жартастар мен орман-тауларға,
алқаптар мен далаға, от пен суға, адамдарға, аңдар-
ға, малға және басқа да көптеген нәрселерге түсті.

Осылардың барлығының иелері енді менің малай-
ларым. Сондықтан мен еткерлер (бәле әкелетін
жындар) деп аталатын қырық үш түрлі қызмет-
шілерімді жіберемін. Олар зиянкестік жасап, адам-

дарды өле-өлгенше жәбірлейтін болады. Әрбір
еткер өзінің құлап түскен орнын біледі. Сонда
қожалық етіп, өз бетімен әмірін жүргізеді. Адам-
дарды өлімші халге жеткізіп, өлгендерін маған

ертіп әкеліп тұрады! – деді.
Барлық жан иелерінің ғұмыр шегін белгілеу,
ажалын жеткізу Жара-Шешеннің құзырында
екендігіне қарамастан, енді еткерлер барлық

жерде адамдарға зиян келтіріп, олардың өлімін
тездетуге тырысты. Ал, ажал перісі, Еркіліктің
Тыналғыш-алдашы атты малайы өлгендердің
жандарын кеуделерінен суырып алды. Бұларды

жаналғыш әзірейілдер десек те болады.

ýайсарды¼ерліктері

айсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені.

Базбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша

оны Абай Қайсар хан деуге болады. Қайсардың ерлікте-
рі көптеген эпикалық дастандарда, аңыздар мен ертегілерде
жырланған. Сондай аңыздардың бірі мынадай.
Қайсарды Үлкен Тәңір ұзақ уақыт билеушісі болмаған Лин мем-

лекетіне жібереді. Танылып қалмас үшін Қайсар Лин бектерінің
бірінің отбасында Жору атты түрі жаман, боқмұрын бала болып
қайта туады. Бірақ әкесінің інісі қаскүнем Қара Шотан кішке-
не ұлдың құдай тектес жаратылысын сезіп қалып, келешектегі

қаһарынан қорыққандықтан көзін құртпаққа бекінеді.
Жеткіншек ұл жауыз ағайының зұлымдықтарына бой бер-
мей, құрған тұзақтарынан құтылып кетіп жүреді. Оның бойында
ғажайып қабілеттер бой көрсетеді. Ол көптеген сайтандарды жо-

й ып, Үрмай-ханым сұлу тігілген бәйгеде жеңіске жетеді, сонымен
бірге Лин мемлекетінің тағы мен қазынасына ие болады. Үлкен
Тәңір өзінің ұлына көмекке керемет тұлпар жібереді. Сенімді атын
алған соң жас жігіт қайтадан өзінің нұр сипатты келбетіне келіп,

айбыны мен айдынын асырып, Қайсар деген шын есімін қайтып
алады.
Бірақ оның тыныштығы мен отбасылық бақыты ұзаққа созыл-
майды. Елге солтүстіктен сұмырай сайтан шабуыл жасайды. Қайсар

оны жекпе-жекте жеңеді. Содан соң адамжегіш Лубсанды өлтіреді.
Бұл ретте оған адамжегіштің әйелі Түмен Жарғалан көмектеседі.
Қайсарды ұнатып қалған Жарғалан оны қасында ұстау үшін білдір-
мей «ұмытшақ сусын» ішкізеді де, батыр біраз уақыт соның үйінде

болады.
Сол екі арада Лин мемлекетінде Қайсардың Тхотун деген басқа
бір дұшпаны сатқындық жасап, соның салдарынан елге көрші
мемлекеттен шараблылық хандар басып кіреді. Олар Үрмай-ха-

нымды қолға түсіріп, зорлықпен жексұрын Гүрқан ханға қосып,
әйелі етеді.

Құдіреттің шарапатымен Қайсар ақыры сиқырдан құтылып,
ел-жұртына асығады. Шараблылықтардың жайларына кіріп, Гүр-
қанды өлтіріп, осы елді құзырына қаратады, әйелін алып, туған
еліне оралады.

Оның басқа ерліктеріне келетін болсақ, Қытайда Қайсар әр түрлі
кереметтердің көмегімен сол елдегі ең сұлу ханшайымның жүрегін
жаулап, оған үйленеді. Содан соң Қайсар өзінің осы дүниелік ана-
сы, өзін өмірге келтірген әйелді тозақтан құтқарып алып шығады.

Солтүстіктегі, оңтүстіктегі, шығыс пен батыстағы елдерді билеп
тұрған сайтандарды жеңіп, осынау елдердің халықтарын өз билігі-
не бағындырады. Сондай-ақ халық қамыға жоқтаған, шараблылық
хандармен шай-қастарда қаза болған батырларды тірілтеді.

Қайсар – жерді аждаһалар мен сайтандардан тазартушы, Көк-
тен жіберілген қаһарман. Қайсар – әлемнің шалғай шеттерінде
орналасқан басқа елдерге қарама-қарсы қойылған орталық елдің
әміршісі. Қайсар – жауынгерлердің желеп-жебеушісі, төрт түлік

малдың қамқоры, аңшылардың жолын оңғарушы.
Жердегі мерзімін өтеп болған соң Қайсар ақ басты биік тау
шыңына кетіп, сондағы бұлттардың арасында бүгінге дейін
бұлдырап өмір кешеді екен.

Орталық Азия халықтарында Қайсар жайында, оның даңқты істері жа йында көптеген аңыздар, жыр-дастандар сақталған. Рас, ұзақ ғасырларда Қайсардың есімі азын-аулақ өзгерістерге де ұшырады. Қазір түркілер оны көбінесе Қыдыр немесе Қызыр деп атайды. Осынау қаһарман біреу лерге асатаяққа сүйенген ақ сақалды шал кейпінде, енді біреулерге күші тасқындаған жас жігіт кейпінде көрінеді. Қыдыр немесе Қызыр, бақыт әкелетін қария – қазақтың мифологиялық ертегілерінің белгілі кейіпкері. Дін тұрғысынан алғанда, ол әмбебап құдірет ретінде жауынгерлердің қамқоры, төрт түлік малдың қорғаны, мақсат-мұратқа жеткізуші ретінде қабылданады. Шамандық толғауларда Қайсар кейде Бұрхан немесе Тәңір делінеді, оны асқар таулардың ақ басты биік шыңында мекендейтін Көк Ұлы деп те атайды. Мұсылмандардың Құранында Қайсарға арналған Сүре бар: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әй, Мұхаммед, саған шын мәнінде таусылмайтын Кәусар бердік. (Кәусар: Жұмақтағы бір көл немесе зор дәулет пен игіліктің бейнесі). (1). Сондықтан Раббың үшін айт на - мазын оқып, құрбан шал. (2). Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады. (Мұхаммед пайғамбардың жаулары оны ұлы жоқ деп кемітеді екен. (3)». Жүз сегізінші сүре. Кәусар (Қайсар, Гесер).

Ер-Сайынны¼ерліктері

р-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға

әділет орнату үшін жіберілген.

Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың отбасында Ер-Сайын Чечірге атты ұл өседі. Тойбон хан өзінің тоғыз зайсан-уәзірлерімен кеңес жасап, сол кеңесте Ер-Сайын батырды өлтіруге сөз байласты. Тойбон хан ЕрСайынға қорқынышты аждаһа Қарағұлды алып келуді бұйырды. Батыр бұйрықты орындап, Қарағұлды сүйретіп хан алдына әкелді. Аждаһадан зәресі ұшқан Тойбон хан тезірек аулақ әкетуін сұрады. Осыдан кейін Тойбон хан Ер-Сайын батырды зымиян зайсануәзірлерінің айла-шарғысымен, хан әйелі сау-саламат болса да, ауырды деген өтірік сылтаумен алдап, тоғыз қоңыраулы Толышақ бақсыға жіберді. Ер-Сайын бақсыны да Тойбон ханға алып келді. Толышақ бақсы зікір салып, сарнап, тоғыз қоңырауын күркіреткенде, ханның әйелі шудан жан тапсырды. Ханның өзі шошып, батырға Толышақты алып кет деп жалына бастады. Содан Ер-Сайын тоғыз заңды шаманды қайтып апарып тастады. Бұдан кейін зайсандар ханға Ер-Сайынды Қанкере деген әйел бақсыға жіберуге кеңес берді. Ер-Сайын бөгелмей аттанып кетті. Бірақ бұл сапарда ол суы улы Сары Теңізден өтуі керек болатын. Келе жатса, алдынан бір кемпір шығып «теңізден өте алмайсың, өте алған күнде де әйел бақсы Қанкеренің күші ересен, одан басым түсу мүмкін емес» деп түңілдірді. Әйткенмен, Ер-Сайын улы теңізге жеткенше қыс түсіп, теңіздің бетіне мұз қатып, батыр мұздың үстімен жүріп өтті. Ер-Сайын келе жатып, Олокондин Шыңғыс Покози батырды кезіктіреді. Ол Ер-Сайынға Қанкеренің киіз үйіне кіргенде аса сақ болып, не істеу керектігін үйретті. Ер-Сайын Қанкеренің киіз үйіне жақындап келіп торғайға айналып, үйге ұшып кірді. Бірақ Қанкере үйде жоқ екен, мұнда тек екі қызы ғана отыр. Ол енді тысқа шығып,

жас жігіттің кейпіне еніп, үйге қайта кірді. Қанкеренің қыздары Ер-Сайынды құрметтеп қарсы алды. Кенет күн күркіреді. Бұл келе жатқан Қанкере еді. Үлкен қыз Ер-Сайынды қызыл орамалға айналдырып, кебеженің үстіне қойды. Қанкере үйге кіре сала көзіне қан толып «мұнда біреу бар ғой!» деп қаһарына мінді. Қанкеренің үлкен қызы қызыл орамалды еденге тастай салғанда, ол Ер-Сайынға айналды. Қанкере одан: – Сен кімсің? – деп сұрады. Сонда батыр өзінің кім екенін, қайдан келгенін, кім жібергенін жасырмай айтып берді. Құдіретті Қанкере: – Өтірік айтып тұрған жоқсың ба? – деп қаһарлана сұрады. Сөзінің растығын тексеру үшін бақсы әйел бір күн, бір түн зікір салып, даң-дабылын дүңкілдетіп ойнады. Ақыры ол Ер-Сайынға: – Сенің айтқаның рас екен. Тойбон хан сені құртқысы келеді. Оған екеуміз бірге барайық! – деді. Сөйтіп олар дереу Тойбон ханға жөнеліп кетті. Алғашқы ұлыстарға кірген беттен Қанкере зікір салып, дабыл ұрды. Тойбон хан үрейі ұшып, олардың алдынан тоғыз елші жіберіп, зікірді тоқтатуды және Қанкерені кейін қайтаруды сұрады. Сонымен Қанкере үйіне қайтып, Ер-Сайынға: – Маған үш жылдан кейін келерсің! – деді. Тойбон хан мұнымен де қоймай, оны енді Еркіліктен жырақы, яғни арақ қайнататын ыдыс алып келуге жұмсады. Ер-Сайын бұйрықты орындауға аттанды. Өзінің сенімді аты Хангил ЕрСайынға көзін жұмуға бұйырып, олар жер асты патшалығына түсті. Осы арада ат өзінің иесіне былай деді: «Бізді екі қарға, тоғыз қара қыз және екі түйе қарсы алады. Еркіліктің тоғыз атын ұстап алып, олардың көздерін қарғаларға берсең, риза болады. Қыздарға сол аттардың сіңірлерін, ал түйелерге – төрт темір қазық берерсің». Ер-Сайын осы айтылғандарды бұлжытпай орындады. Сөйтіп еш кедергісіз Еркілікке жетіп, одан жырақы (арақ қайнататын ыдыс) сұрады. Еркілік сұраған затын бермек болды, бірақ орнына астындағы мінісін қолқалады. Ер-Сайын атын беріп, жырақыны

алды. Еркілік батырдың атын тоғыз қабат қабырғамен қоршалған қораға қамауға әмір етті. Сенімді серігі, астындағы атынан айрылған Ер-Сайын көңілі босап, көзіне жас алып, үйіне жаяу қайтты. Кенет күн күркіреп, бұлт үйірілгендей болды. Бұл – еркіндікке шығып, көсіле шапқан Хангил екен. Ер-Сайын қуанышы қойнына сыймай, атына қарғып мінді. Ал Хангил болса, оған көзін жұмуға бұйырып, жер асты патшалығынан Жоғарғы Әлемге – жарық дүниеге алып шықты. Ер-Сайын сол бетімен Тойбон ханға келіп, алдына жырақыны лақтырып тастады да, өзі Қанкереге аттанып кетті. Қанкере бақсы: – Сірә, Үш Құрбыстан – Үш Құдіретті Құрдас саған менің қызымды әйелдікке беруге ұйғарған болар! – деп өзінің кіші қызын ұзатты. Ер-Сайын үйіне аман-есен оралып, ұлан-асыр той жасады. Баяғы тоғыз зайсан-уәзір мен тойға жиналған халық батырды өздеріне хан көтерді. Онсегізтоза½тыазатету

р-Сайын әйелімен бес жыл тұрды, бірақ олардың балалары

болмады. Әкесі мен шешесі: «Сен әйел алдың, отау тіктің.

Бірақ сенің мұрагерің жоқ. Бізді қуант, ұлың болатындай бір амалын тап!» – деп құлағының етін жеді. Сонда Ер-Сайын Екі-Өндір-Ұланға шығып, тастарды бір жерге үйіп, үлкен оба жасады. Сырыққа бес түсті мата байлап, «Уа, Тәңір, рақымыңды төгіп, маған ұл бере гөр!» деп Көкке жалбарынды. Осы кезде Көктен «Уа, күшің асып, қуатың тасып туған батыр, Еркіліктің он сегіз тозағын азат ет, Еркілік ханның өзін өлтір! Егер осы сынаққа төтеп берсең, ұлың болады!» де ген бір зор үн шықты. Батыр Көктен түскен әмірді естіп, сенімді аты Хангилге ер салды. Ұзындығы үш құлаштық сары хайдак (жақсылықтың белгісі ретінде қолданылған орамал) алды. Сосын әкесі мен шешесіне кіріп, Еркілікке аттанып бара жатқанын айтты.

Әке-шешесі оған: – Еркілікке сексен сегіз жылда жетесің, – деді. – Мен он алты жылда жетемін! – деп батыр батысты бетке алып аттанып кетті. Жортып келе жатып жол-жөнекей жел тудырып, желмен бірге ұша жөнелді. Хангил жарты күн ұшқанда – алдыңғы аяқтарына қанат бітті, тағы жарты күн ұшқанда – тұлпардың артқы аяқтарына қанат бітті. Сол ұшқаннан мол ұшып, сексен сегіз жылдық жолды сегіз жарым күнде еңсеріп, Еркілік ханның патшалығына келіп қонды. Сол кезде Еркіліктің Арыслан Тарғытай (Арыстан басты) есімді ұлы үш қабатты темір сарайдың төбесіне шығып, келе жатқан батырды көріп, әкесіне: «Құдды қырық мың қосын келе жатқан сияқты, ал келе жатқан бар болғаны бір адам!» – дейді. Еркілік шығып қараса, Ер-Сайынның төбесі көк тірейді, табанының астында жер тітірейді. Еркілік сонда оған қарсы үш жүз салт атты шерік жіберіп, сарайының барлық қақпаларын тарс бекітіп жауып алады. Ер-Сайынның асудан көрінуі мұң екен, қарсы шыққан салт аттылардың қолдарынан найзалары сырғып түсіп, өздері серейіп сеспей қатты. Ол сарбаздарға су шашып, зорға тірілтіп алды. Темір сарайға желе-жортып жеткенде барлық үш құлып өзіненөзі қаңғыр-күңгір десіп шешіліп кетіп, қақпалар мұның алдынан айқарыла ашылады. Еркілікке кіре сала Ер-Сайын оның алдына сары хайдакты жайып салды. Еркілік одан: – Кімсің, қайдан жүрген жансың? – деп сұрады. Батыр қалай үйленгенін, Тәңірден ұл сұрағанын, сонда Тәңір оған он сегіз тозақты азат етуге әмір бергенін баяндады. Еркілік кітабын алып, мұның баянын тексере бастады. Онда «Ер-Сайын келіп, он сегіз тозақты азат етеді» делінген екен. Сонда Еркілік: – Мұнда жазылған жазу сен жайлы емес пе екен осы? Соның сәті келді! – деді де, ұлы Арыслан-Тарғытайға он сегіз тозақтың қақпаларын ашуға бұйырды.

Арыслан-Тарғытай Ер-Сайынды тозақ қақпаларына ертіп келген кезде, олар өздері ашылып кетті. Сол арада бес түсті кемпірқосақ пайда болып, барлық тұтқындар тозақтың қапас зынданынан кемпірқосақтың бойымен Көкке көтеріліп, аруақтарға айналды. Бұдан соң Ер-Сайын мен оның серіктері мәңгілікке қамалған адамдар жатқан тозаққа келді. Олардың шеккен азаптарының шегі мен шеті көрінбеді. Мұндағы қақпалар ашылмады. Сонда ЕрСайын Тәңірдің құрметіне он сегіз дұға оқып, үрлеп жібергенде, есіктер айқара ашылды. Бес түсті кемпірқосақ тартылып, барлық тұтқындар Көкке көтеріліп, аруақтарға айналды. Тек жалғыз Алашы-Үкір-Қара-Батыр ғана қалып қойды. Ер-Сайын оны көтере алмады. Қолынан көтерсе – қолдары үзіліп, белінен көтерсе – аяқтары ажырап қалды. Содан амалы құрып, Еркілікке келіп: – Мұның мәнісі не? Ол не істеуі керек? – деп сұрады. Сонда Еркілік: – Бұл адам дүниеге жеті рет келген. Жердегі өмірге әрбір келісінде ол өзінің әке-шешесі мен ұстазын өлтіріп отырған. Жылына бір дәннен алып отырғанда тарыға лық толған сексен қамба қашан босаса, Алашы-Үкір-Қара-Батыр сонда ғана азат болады, – деп жауап қатты. Ер-Сайын өзінің ауыр алдаспанын суырып алып: – Мен барлық он сегіз тозақты азат етуге тиіспін. Қара-Батырды да кешірім жасап, шығар. Әйтпесе, менің шаруам бітпейді. Егер сен мұны босатпасаң, өзіңмен шайқасамын, – деді. Еркіліктің бұған айтқаны: – Ол мұндай күйге түскен өзі, мейлі, жата берсін. Мен, Еркілік хан, жаман-жақсы істерді тексеру үшін туғанмын, ақ-қараны анық білемін, қара қылды қақ жарамын. Сен үшін оны жиырма бір жылға еркіндікке жіберейін. Бірақ осы мерзім өткеннен кейін ол өзінің ескілікті орнына қайтадан келуі керек. Осылайша, саған жер астындағы он сегіз тозақты азат қылуға әмір еткен Көктің қалауы орындалады. Еркіліктің өзіне көмектесуге әзір екенін білген Ер-Сайын қызбалығы үшін ғафу өтініп, қылышын қынабына салып қойды.

Еркілік хан оған мәңгі өлмеуі үшін аржан толтырылған алтын ыдыс сыйлады. Ер-Сайын Еркіліктен: – Ең үлкен ізгілік пен ең үлкен күнә қандай? – деп сұрады. Еркілік: – Ізгіліктің үлкені – ашты тойындыру, аяқсызды барар жерге жеткізу. Күнәнің үлкені – балағаттау, өкпе-реніш және ұрып-соғу, – деп жауап берді. Ер-Сайын үйіне қайтпақ болғанда, Еркілік хан оған оң сапар тілеп, ыстық уәлаят* арқылы жүруге кеңес берді. Батыр Хангилге қарғып мінді. Арсылан-Тарғытай Хангилді тізгінінен жетеледі. Олар қисапсыз мал: түйе, жылқы, сиыр, қой өріп жүрген бір жерге келді. Адамдар найзамен піскіленген, өне бойлары жарақат, қарындары шұрқ-шұрқ тесік, қан судай аққан. Қатты азап шеккен, қимылдауға шамалары жоқ. Олардың жапан далада ыңырсыған зар дауыстары сай-сүйекті сырқыратады. Ер-Сайын Арыслан-Тарғытайдан: – Бұлар мұндай күйге қалай түскен? – деп сұрады. Ол сонда: – Он екі мемлекет өзімен-өзі соғысты, осы соғыста жараланған адамдар Еркілікке жете алмай, сақараны кезіп жүр. Оларды Көкке аттандыршы! – деп жауап қайырды. Сол арада Ер-Сайын Тәңірге жалбарына тіл қатып, кемпірқосақ орнатып, азап шегушілерді Аспанға көтеріп жіберді. Тағы біраз уақыт өткенде екеуі Бак-Модон ағашына келіп жетті. Оның бұтақтарына шиқылдаған, жылаған балалар мен балапандар қонақтапты. Арыслан-Тарғытай: – Бұлар әлгі қырғын соғыста өлген балалардың жандары, – деді. Ер-Сайын Тәңірге жалбарынып, бұларды да Көкке жөнелтті. Осыдан соң Арыслан-Тарғытай Ер-Сайынмен қоштасып: – Сен де біздің он сегіз тозағымызды азат еттің, енді біз бауыр болдық, – деді де, кейін қайтты. Ер-Сайын өз еліне жөнелді. Сексен сегіз жылдық жолды он алты күнде еңсерді. Шекараға жақындап келген соң Ердене-Торхо-Қара- *Уәлаят – аймақ, өлке, өңір.

Ұла тауына шығып, өз ауылына қараса, отауының үстінен алтын
баған көрді. Ал Көктен сары хайдак салбырап тұр екен. Ер-Сайын
«Тілегім орындалып, ұлды болған екенмін!» деп ойлады.
Жүрегі қуаныштан лүпілдеп, туған ауылына келді. Хангилдің ер-

тоқымын алып, жүгенін сыпырып, табынға қоя берді. Ер-тоқым мен
сауыт-сайманын үйге кіргізіп, сары шапанын киді. Сол кезде ыңыл-
дап әндетіп, алтын тақта еңбектеп жүрген бір жас шамасындағы,
алтын айдарлы баланы көрді. Ер-Сайын баланы қолына алды.

Қуанышқа кенелген батыр күллі халықты тойға шақыруға әмір
етті. Түйелерге теңдеп, қымыз бен шарап келтіртті. Қысырақ бие
қымызын күрпілдетіп, қисапсыз мал сойылды. Қазан-қазан ет асы-
лып, той тағамы мол болды.

Хан ханымымен, Ер-Сайын әйелімен төрге отырды. Әрбір
қонаққа үлкендігі телегей-теңіз, әрқайсысын жетпіс адам көтере
алмайтын жетпіс түрлі сый табақ тартылды.
Сернелі той сексен күнге созылды. Ұлан-асыр ойын тоқсан

бес күн толастамады. Күннің шығуын тоспай тойлай берді, той-
ды күн батса да тоқтатпады. Шалдардың сақалы шарапқа малы-
нып, саусақтарының арасынан ақ май ақты. Ер-Сайын шаттыққа
кенелткен барлық адамдардың өмірлері талай да талай жылдарға

ұзарды.

ðлемдік топан су ½аптауы жайында Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, құдай тарапынан белгі алған Нұх пайғамбар өзі жасаған кемеге отырып, жайқын мұхиттың толқындарында жүзіп, барлық жолаушыларымен бірге Қазығұрт тауына тіреледі (басқа нұсқалар бойынша Синай, Арарат, Ұлыдағ таулары келтіріледі). Орта Азияның көптеген халықтарының фольклорында Нұхтың шын аты Яшкар болғандығы туралы әңгімелер орын алған. Себебі, ол өне бойы құдайға сыйынып, адамдарды тілсіз апаттан құтқаруды сұрап жалбарына бергені үшін оны Жылауық (яш, жас, көз жасы) пайғамбар атап кеткен. «Жылауық пайғамбар» су, тасқын ұғымына жақынырақ. Себебі, оның атының өзі су, су тасқыны дегенді білдіреді. Оның үстіне, көз жасы және су бір-бірінен мағыналық жағынан онша алшақ емес. Көне еврей тілінде Нұх (Ной, Ноах) татуластырушы, адамдардың арашашысы деп тәржімеленеді. Әзірге біз арийлердің шамамен біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – І мың жылдықтарда Арал мен Каспий аралығындағы (қазіргі Қазақстан жері) аймақтан кеткендігін білеміз. Егер әлемдік топан су хақындағы миф арийлерге белгілі болғандығын мойындасақ, демек, олар Каспий төңірегінен көшкенде, өздерімен бірге өз фольклорын, мифтері мен аңыз-ертегілерін ала кеткен. Бірақ нақ осы аңыздар мен мифтер, соның ішінде, әлемдік топан су жайындағысы да, арийлермен көршілес тұрған әрі ешқайда қоныс аудармаған байырғы халықтарда, яғни түркі халықтарының арғы бабаларында қалуы мүмкін ғой. «Ылғал, көз жасы» тұңғысша «ниа», монғолша «ини», фин-угорша, венгерше «ниа» болады. Адамдарды әлемдік су топаны апатынан құтқарған ежелгі түркілердің Нұхы – қазақ фольклорында Нұх пайғамбардың

баламасы ретінде орын алған Жайық-нама, яғни Жайық есімді
адам.
«Жайық» жайқын су, су тасқыны, жайылма деген сөз. Орал
өзенінің бұрынғы атауы – Жайық әлемдік топан су болғандығын

куәландырады.
Та½уа Жайы½ хан.
ðлемдік топан су
½аптауы туралы миф

айық – Үлкен Тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық

жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір

оны адамзатты барлық жамандық пен зұлымдық атаулыдан
қорғап, өмір жапырағын жайғызу үшін жіберген.
Әлемдік топан су қаптағанға дейін бүкіл жер үстінің патша-
сы Теңіз (Шыңғыс) хан болған. Ол патшалық құрған тұста жер

жүзінде Жайық-Нама есімді адамның даңқы шыққан. Үлкен Тә-
ңір оған сыннан өткен сандал ағашынан кеме тұрғызуға әмір етіп-
ті. Тақуа Жайық-Нама өзінің Созұн-ұл, Сары-ұл және Балықшы
деген ұлдарына кемені тау үстіне шығарып жасауға бұйырады.

Жайық-Наманың көзі нашар көруші еді. Сондықтан, кеме жасау
орайындағы жұмыстарды үлкен ұлы Созұн-ұл басқарады. Үлкен
Тәңірдің жарлығы бойынша Жайық-Нама кеменің іші-сыртына
шайырлы қайың қабығын жапсыртады. Бұрыштары мен қабыр-

ғаларына ұштарына шойын саптыаяқтар ілінген, сексен құлаштық
сегіз арқан байлатады. Созұн-ұл әкесі Жайық-Намадан:

– Бұл арқандар не үшін керек? – деп сұрайды.

Жайық-Нама:

– Біз бұларға қарап, су сексен құлашқа көтерілгенде қанша

күн өткенін білетін боламыз, – деп жауап береді.
Кеме жасалып болған соң Жайық-Нама өзі жақсы көретіндерін
түгел жинап алады. Өйткені, оған Үлкен Тәңір «Кімді жақсы

көрсең, өзіңмен бірге соларды ал. Жерде тіршілік ететін тірі атаулы қалмасын, ұшатын құстарды да тастама» деген болатын. Тақуа Жайық-Нама бүкіл әулетімен және достарымен кемеге аяқ басқан кезде, оларға құстар мен аңдар да лек-легімен келіп жатты. Жайық-Нама кемеге жеткен барлық жануарларды кіргізіңдер деп бұйырады. Созұн-ұл: – Мына бір жылан жорғалап келіпті. Қабылдауға рұқсат етесің бе? – деп сұрайды. Жайық-Нама: – Жетіп үлгергеннің, кеме үстіне көтерілгеннің немесе жармасқанның, кім екеніне қарамастан, барлығын да қабыл ал, – дейді. Барлығы кемеге мінген соң Жайық-Нама: – Көздеріңе ештеңе көріне ме? – деп сұрайды. Оған: – Айнала бұлдыр тұман мен қара түнек, – деп жауап қатады. Осы кезде жердің қойнауынан су атқылап, бұлақтар, өзендер мен теңіздер сарқырап құйыла жөнеледі. Көктен жаңбыр нөсерлеп жауады. Су еш толастамай, молайған үстіне молая береді. Кеме сексен құлаш арқан бойы көтеріледі. Сонда арқандар жүктен үзіліп, кеме жүзіп жүре береді. Бірақ қайда жол тартқандарын білмейді. Осылай олар су бетінде ұзақ адасады. Он төртінші тәулік өткенде тақуа Жайық-Нама Созұн-ұлға: «Түндікті ашып, айналаға көз сал!» – деп бұйырады. Созұн-ұл бұйрықты екі етпей, айналаны шола қарап: – Барлығын су басып жатыр, тек бір таудың шыңы ғана қылтияды, – дейді. Бірнеше күн өткеннен кейін Жайық-Нама Созұн-ұлға қайтадан түндікті аш деп бұйырады. Үлкен ұл жан-жақты түгел шолып: – Түк те көрінбейді, тек көк пен су ғана, – дейді. Ақыры кеме бір-біріне жақын тұрған екі таудың шыңдарына келіп тоқтайды. Бұл Қазығұрт тауы болатын.

Сол кезде тақуа Жайық-Нама түндікті өзі ашып, еркек
қарғаны қоя береді. Еркек қарға ұшып кетеді де, қайтып орал-
майды. Екінші күні аспанға ұрғашы қарғаны ұшырады, бірақ ол
да қайтпайды. Үшінші күні сауысқанды жібереді, одан да ешбір

пайда болмайды.
Төртінші күні тақуа Жайық-Нама көгершінді ұшырады. Көгер-
шін ұшып кетеді. Біраз уақыттан кейін қайың бұтағын тістеп,
қайтып оралады.

Жайық-Нама көгершіннен өзінің аспанға бұрын ұшырған құс-
тарының жайын сұрайды. Көгершін:

– Еркек қарға тас шатқалға кептеліп қалған өлі маралдың үстіне

қонып, көзін шұқып отыр. Ұрғашы қарға иттің өлексесін тауып,
көтенін шоқып отыр. Сауысқан аттың арқасын жұлмалап отыр, –
деп жауап береді.
Сонда Жайық-Нама осынау сұмпайы құстарды қарғап: «Олар

қазір не істеп отырса, өле-өлгенше соны істесін. Еркек қарға
өлген малдың көзін шоқысын, ұрғашы қарға көтенін шоқысын,
ал сауысқан арқасын шоқысын. Ал сен, көгершін, менің адал
қызметшімсің. Саған өмір-бақи менің ұрпақтарыммен бірге тұр деп

батамды беремін», – дейді.
Топан су басылғаннан кейін ризашылығын білдіріп, құрмет
тұтқан адамдар Жайық-Наманы Жаратушы деп атай бастайды.
Ол қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары оған құрбан шалатын бола-

ды. Үлкен Тәңірдің шапағатына бөленген оның ұлдары Тауәулие,
Шауәулие (дала әулиесі) және Тірле – Тірілтуші деген аттар алады.
Басқа түркі халықтарында Жайық-Наманы Жайық хан деп
атап, оған ақ қойды құрбан шалады. Бұл құрбан шалу рәсімі көк-

темде биік таудың басында өткізіледі.
Қандай да бір кісің дүние салса, қырқыншы күні киіз үйді
аластау рәсімі жасалып, Жайық ханға жалбарынады, марқұмның
төсегіне ажалды бейнелейтін әтешті байлап қояды.* Мал басы

көбеймесе де Жайық ханға сыйынады. Өйткені, қайтыс болған
*Сол себептен де алтайлықтар мен кейбір түркі халықтары
әтешті жемейді.

Шаманды½ты¼ пайда болуы

опан судан кейін Балықшы сырқаттанып қалып, Тянгар де-

ген кісіні зікір салып емдеуге шақырды. Бұл екеуін де,

бірін – қам (жын-пері) шақыруға, екіншісін – зікір салуға
Еркілік үйреткен екен. Сондықтан Үлкен Тәңір Балықшыға:
«Енді сен өлгеннен кейін Еркіліктің малайы боласың. Себебі оны
мойындайсың да маған құрбан шалмайсың», – деп айтыпты.

Мұны естіп, қорқып кеткен Тянгар Үлкен Тәңірге: «Мен Ер-
кілікке де, саған да құрбан шаламын», – дейді. Үлкен Тәңір оған:
«Бүгіннен бастап сенің атың Қам болады. Ал кімде-кім саған елік-
тейтін болса, жерде оның дәулеті болмайды», – деп үкім кеседі.

Та½уа Жайы½-Нама ж²не
оны¼ Ğлкен ₣лы

ақуа Жайық-Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұн-

ұл мен Сары-ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай

деген: «Сендерден зерделі ұрпақ: ғұламалар мен пайғамбар-
лар, патшалар мен хандар өрбіп тарайды. Ал Созұн-ұлды өлгеннен
кейін Аспанға өзім аламын». Сосын Сары-ұлға қарап: «Мен сен-
дерге көктен патша жіберемін. Ол патшалардың патшасы болады.

Күшінің ғаламаттығы сонша, онымен ешқандай батыр теңеспейді.
Ол патшаларға қарсы соғыспайды. Барлық халық оған бейбіт түрде
бағынады. Оның Телегей батыр (теңіз, зор күш иесі), Төлім батыр
(Тілбеш) және Тенен-ұл деген үш баһадүрі болады», – дейді.

Жайық-Нама қаусаған шал болып қартайған шағында әйелі
оған жер жүзін топан су басқан кезде өзі құтқарған барлық адам-
дар мен жан-жануарларды өлтіруге кеңес береді. Себебі, олар өмір-
ден бұдан ертерек кетіп, о дүниеде мұның билік жүргізетін қауымы

туыстар малды өздерімен бірге өлгендердің мекеніне алып кетеді,
ал құрбан шалынса, Жайық хан ол жақтан малды топан сумен ай-
дап шығып, кері қайтарады деген наным бар.

болуы керек екен. Әйелі күндіз-түні осы әңгімені құлағына құя берген соң тақуа Жайық-Нама да сұмдық пиғылға бекініп, бейімделе бастайды. Мұны біліп, сезгенмен Созұн-ұл әкесінің бетіне тура келіп, шешесінің қитұрқы қастандығын әшкере етуге батпаған еді. Тек бір күні ол әкесіне: – Адамдарды тірідей жұтқалы жатқан қаракөк сиыр көрдім, сыртта салақтап сирағы ғана қалған екен, – дейді. Тақуа Жайық-Нама ұлы айтқан тәмсілдің сырын бірден ұғып, әйелін қылышпен қақ бөледі. Осылайша залым әйелін өлтірген ол Созұн-ұлға: «Мен Көкке сені де ала кетемін», – дейді де, өзі шырқау биікке самғап, ғайып болады. Үш күннен соң Созұн-ұл жоғалып кетеді. Жаратушы Жайық-Нама оны Көкке бес жұлдыздан тұратын шоқжұлдыз етіп іліп қояды. Ал Жайық-Наманың өзі Үлкен Тәңір мен адамдардың арасын жалғастырушы дәнекер. Ол адамдарға Үлкен Тәңірдің – Көк Құдайының шапағатты баталарын жеткізіп, ауру-сырқау мен кесапат-қырсықтан құтылу сырларын ашады. Адамдар³а от олжала³ан Надулуша

сте жоқ ескі заманда түркілердің арғы бабалары «со» деп

аталатын халық екен. Бұл халықтың Ежен Шиду дейтін

ханы болады. Оның Аспан қызы деген әйелінен төрт ұл туады.
Бір ұлы аққуға айналып, ұшып кетеді (ескі наным бойынша өлген
адамның жаны құсқа айналып, көкке ұшып кетеді деп есептел-
ген). Екінші ұлы Апу (Әмудария) мен Гансу (Сырдария) өзендерінің

аралығындағы халықтарды билеп тұрады. Бір ұлы Шу-си өзенінің
бойында қоныстанған жұртқа әмірін жүргізеді. Ал үлкен ұлы
Баси-шу Си-ши деп аталатын тауларда билік құрады. Оның ордасы
да осы жерде орналасады.

Биік тауларда өмір сүретін халықтар суықтан үсіп, қырыла
бергендіктен, Надулуша адамдарды от шығаруға үйретеді. Осы-
дан бастап отты қолдануды басқа халықтар да қабылдап алады.

Олар Надулушаны Тюркю деп атаған («тюкю» – қытай жылнамаларынан алынған атау; қытай тілінде [p] дыбысы жоқ болған себепті, «тюкю» сөзінің ортасына осы әріпті қойып, «тюркю» сөзін шығарамыз). Тюркю сөзі ұшар бас, үшкір шың дегенді білдіреді. Қазақша – дулыға. Қытай нұсқасына жүгінсек, Ежен Шиду дегеніміз Шиду хан, дұрысы, пайғамбар. Ал оның аққуға айналып ұшып кеткен баласы – Алтай өзендері мен Қу-Ман көлдерінде хандық құрып, билік жүргізген кісі. Сондықтан Қу көлінің бойында тұрған халықтар өздерін аққулар (Ақ-Қу-кісі) деп атаған. Қу-Маннан мұраға «құманды» деген сөз қалған. Кейінірек сақара халқы – құмандардың (қомандар) атауы осыдан шыққан. Ежен Шидудың келесі ұлының есімі – қытайша Ки-гу. Ки-гу – «қырғыз» деген сөз. Бұл сөздің шығу тегінде де «тюркюдегі» сияқты қағидаға сүйенеміз. «Ки-гудың» ішіне [p] қойып, «Киргуды» аламыз. Киргу «халықсыз, өз бетімен кезіп жүруші, еркін» деген мағынаны білдіреді. Ежен Шидудың үшінші ұлы Шу-си өзенінің бойында әмірші болған. Ежен Шидудың үлкен ұлының аты – Надулуша. Ол Басишу Си-ши тауларында хандық құрған. Мұндағы Шу – өзен атауы, ал «Си» сөзі халық немесе халықтар дегенді білдіреді. «Ши» (немесе қазақша «шың») – биік таулар деген сөз. Бұл оның Шу өзені ағып жатқан таулы өңірде хан болғандығын аңғартады. Сонымен, жылнамашы Әбілғазы баһадүр ханның жазуына және басқа мұсылмандық шежірелерде көрсетілуіне қарағанда, адамдарға ошақтарына от тұтатып жағуды үйреткен тұңғыш адам Надулуша Тюкю немесе Түркі Надулу шад болған.

Тілдерді¼ сапырылысуы

дамдарды әлемдік топан судан құтқарған тақуа Жайық-

Нама дүние салып, Көкке ұшып кеткеннен кейін таудың

солтүстік беткейлерінде орман-тоғай өсіп, халық көбейді.
Олардың барлығы бір тілде сөйледі. Енді адамдар жер бетін тағы
да топан су алып кете ме деп қорқып, жан сақтау үшін биік тау
тұрғызуға бекінді. Адамдардың бұл әрекеттері Үлкен Тәңірге

ұнамады. Ол сол тауға жойқын дауыл жіберіп, адамдарды да,
тастарды да қаңбақтай домалатып ұшырды. Әйткенмен, адам-
дар алған беттерінен қайтпады, тастың үстіне тас қойып, тауды
тұрғыза берді. Олар таудың айналасында жетпіс жеті қосынға

жайғасып, қайсарлана еңбек етті. Тек Тянар дейтін кісі ғана
қарсылық етіп: «Сендер тау тұрғызып, Құдай алдында зор күнә
жасап жатырсыңдар. Мен бұған келіспеймін, тау тұрғызуға
қарсымын!» – дейді. Осыны айтып, белгісіз жаққа кетіп қалады.

Қайтып оны ешкім көрмейді.
Тянардың сөзіне адамдар құлақ салмады. Ақыры Үлкен
Тәңірдің өзі оларға: «Сендер мені де және менің елшім Тянарды да
тыңдамадыңдар. Сол үшін жаза тартып, әр түрлі тілде сөйлейтін

боласыңдар!» – дейді.
Осыны айтуы мұң екен, адамдар түсініксіз, бір-біріне ұқсамай-
тын әртүрлі тілде сөйлей жөнелді. Бір-бірін ұқпай естері шыққан
олар жұмыстарын тастап, бастары ауған жаққа безіп кетті. Осылай-

ша жетпіс жеті қосыннан жетпіс жеті халық тарады. Мұны көрген
Еркілік сайтан жау жағадан алғанда ол етектен жармасып, жетпіс
жеті жұрттың әрқайсысына өзінің ерекше ауру-сырқауларын таң-
ды. Сөйтіп ол барлық халықтарды тағы да бағындырып, меңгермек-

ші болды.
Еркілікке қарсы күресіп, тайталасқан Үлкен Тәңір жетпіс төрт
халықтың сауатын ашты. Ал үшеуін (сойондар, ұраңқайлар мен
тувалар) сауатсыз қалдырды. Мұның себебі, бұл үш халық Еркілік

сайтаннан даң-дабыл мен бақсылықты алған болатын.

Сондықтан Үлкен Тәңір оларға:

– Дәрі-дәрмектің орнына бақсыларың бар, кітаптың орны-

на тәуіптерің мен дабылдарың бар, өз жағдайларыңды қалай
шешсеңдер де енді өз еріктеріңде, – депті.
О½ымысты ğ²м жасын иесі
Тенгере-Тедыгечи ха½ында

аяғы өткен замандарда жер бетінде Теер-Жанғы есімді бір

кісі өмір сүреді. Оның Тенгере-Тедыгечи, Төре-Керелты және

Шар-Жаалты деген үш ұлы болады. Сол уақыттардағы бар-
лық халықтар тауға жылына екі рет барып, Үлкен Тәңірге әркім өз
білгенінше сыйынатын. Ал Тенгере-Тедыгечи бұлармен келіспеді.
Ол дін туралы ілімді қағазға өзінше жазып алып, халыққа қарсы

дау айтып, олардың сыйынғанындай сыйынуға болмайды, хақиқат
дін менің жазғандарымда деп түсіндірді.
Алайда халық оны мойындамады. Сонда Тенгере-Тедыгечи:
«Егер маған сенбейтін болсаңдар, мен сендерден кетемін. Мені ұзақ

уақыт көрмей көздерің талады!» – деді. Осыны айтып, ол аулаға
шықты да, сол жерде бір қолына кітап ұстап, екінші қолын, құдды
сыйынғандай, маңдайына қойып, қырық үш күн мен түн отырды.
Осы қалпынан ол ұзақ уақыт тапжылмады.

Осы кездерде інісі Төре-Керелты үнемі қасында болды. Қырық
үш күн мен түн өткен соң Тенгере-Тедыгечи орнынан тұрып, осын-
шама уақыт бойы ешқайда кетпей, иесінің қасында түн қатқан ерт-
теулі тұлпарына келді. Атына мініп, шығысқа бет түзеді. Төре-Ке-

релты да атын тез жүгендеп, ағасының соңынан шапқылап, қуып
жетті. Бір уақытта алдарынан үлкен өзен ұшырасты. Сонда Тенге-
ре-Тедыгечи семсерін өзенге сермеп қалып еді, су қақ айырылып,
ағайындылар құрғақ арнадан желе-жортып өте шықты.

Сәлден кейін олар Көктен төңкеріліп, жерге шаншыла түскен
кемпірқосақты көрді. Кемпірқосақ жермен түйіскен тұста алдыңғы
аяқтарын алтын шашақ бағанға, артқыларын сағымды белеске

тіреген ерттеулі ат тұрды. Тенгере-Тедыгечи атқа жақын келді де, қарғып мінді. Сол үнсіз қалпымен, ешқайда бұрылып қарамастан жоғарыға өрлеп көтеріле берді. Биікке самғаған кезде күннің күркірегені естілді. Төре-Керелты ағасының, әдетте, өлгендердің жандары жоғарғы әлемге аттанатын кемпірқосақ бойымен көтеріліп бара жатқанын көріп: «Мен де жалғыз қалмаймын, сенімен бірге кетемін!» – деп айқай салып, жылап жіберді. Тенгере-Тедыгечи: «Жоқ, сенің менімен бірге жүруіңе болмайды. Үйге қайт, бірақ әуелі өзіңе не керегін айт!» – деп жауап қайырды. Ағасын кейін қайтара алмайтынын ұққан інісі: «Мен өзеннен қалай өтемін?» – деп сұрады. Сонда Тенгере-Тедыгечи оған семсерін лақтырып: «Менің істегенімді істе, сонда өзеннен өтесің!» – деді. Тенгере-Тедыгечи Көкке бірте-бірте биіктеп көтеріліп бара жатып, былай деп айқайлады: «Жер үстіндегі барлық нәрсе саған бағынсын, барлығына әміріңді жүргіз! Ал жерден жоғары тұрғандардың бәрін мен билеймін! Мейлі, жақсы ма, жаман ба, қорқынышты ма, әлде, жоқ па, әйтеуір мен аспанды шарлап жүрген кезімде күн күркіреп, жанды атаулының бәрінің үрейін ұшырады. Найзағай мен жасынның әміршісі боламын! Енді мені ешкім көре алмайды, тек саған ғана жыл сайын өзім келіп тұрамын!» Тенгере-Тедыгечи осыны айтты да, көзден ғайып болды. Жалғыз қалған Төре-Керелты осында ағасы екеуі келген жолға түсіп кейін қайтты. Өзенге жеткенде семсерді алып, суға қарай сермеп қалды. Су қақ жарылып, мұны өткізіп жіберді. Қас қарайып, түн болды. Сол кезде оған Тенгере-Тедыгечи келіп, қолына кітап ұстатып: «Осымен халықты оқыт! Мен оқта-текте айналып соғып, кітапты жұртқа қалай үйреткеніңді бақылап жүремін. Оқудан қолың тимеген соң мені сағынып жыламайсың!» – деді. Кітапты алып, Төре-Керелты бірден оқи бастады. Ол осы арада түнеп, үйіне тек келесі күні ғана оралды. Бір жыл өткенде ТенгереТедыгечи інісіне тағы да келіп: – Оқуға үйреткендерің көп пе? – деп сұрады.

Төре-Керелты:

– Мен барлық халықтарды оқытуға тырыстым. Тек бір ғана

халық – татар-аймақтардың ғана зердесіне оқу кірмей жатыр, – деп
жауап берді.

– Менің семсерім қайда? – деп сұрады ағасы.

– Өткен жылы өзіңнен қайтып оралғанымда кітап пен семсерді

әкеліп, міне, мына жерге қойғанмын. Кітап сол орнында, ал семсер
жоқ, – деді інісі.

– Менің семсерімді сенен Таптан-қара деген бір адам ұрлаған.

Ал одан Шөлеміс шайтан алып кетіп, жердің бірінші қабатының
астына тығып қойды. Сен оны өз бетіңмен тауып ала алмайсың.
Сондықтан Таптан-қараның жылқысынан көз алмай, байқап жүр.
Күн күркіреген, найзағайлы бұлт келген күнді күт. Бұрын мені

Тенгере-Тедыгечи дейтін, қазіргі атым – Улуин-Кеген. Ауызымнан
от жалындап, кеудем күннің күркіріне толады. Ал, сен, Төре-Ке-
релты, патша бол!

– Жоқ, мен патша болғым келмейді, – деп жауап қатты бұған

інісі. – Маған Құдайдың кітабынан басқа түк те керек емес. Мен
Тәңір туралы ойлармен ғана өмір сүруді қалаймын. Таққа отыруға
ініміз Шар-Жаалты лайық.
Тап сол күннің кешінде қара бұлт қаптап, қатты дауыл тұрды.

Таптан-қараның малы жүрген жайылымды бұлттар баса сала-
ақ, күн күркіреп, найзағай жарқ етті. Дүние мұндай жарқыраған
жарықты көрмеген еді!
Күннің күркірегенін естіп, Төре-Керелты киіз үйге ұмтылды.

Қараңғыда басын есіктің маңдайшасына соғып алып, лажсыздан
үш күн сонда отырды. Ол мынадай өзгеше алапат дауыл мен ғаламат
күн күркіреуінен зәресі ұшып, қорыққаннан қалшылдап:

– Бұл ағамның ісі болса, ештеңе етпес, өтер, кетер. Егер Тәңірден

келсе, бір сойқан болмай қоймас, – деп күбірледі.
Үшінші күні оған Тенгере-Тедыгечи келіп:

– Маңдайың неден жарылған? – деп сұрады.

– Үш күн бұрын ғаламат күн күркіреуін естіп, елде-күнде

болмаған керемет жарықты көріп үрейім ұшты, сонда байқамай

маңдайымды есікке соғып алыппын, – деп жауап берді бұған Төре-
Керелты.

– Ауызым жалын шашып алаулайды, кеудем күндей күркірейді

деп мен саған айтпап па едім? Бар, енді Таптан-қараның табында-
рын көріп кел...
Сол сәтінде жүгіре жөнелген Төре-Керелты Таптан-қараның
қонған жұрты мен малдары қақ жарылған жер астына түсіп кетке-

нін көрді. Орнында тек шұңқыр қалыпты. Шұңқырда майланған
сары су қайнап жатыр. Мынадай ғажап жайтқа қатты таңырқаған
Төре-Керелты үйіне қайтып келді.
Сонда Тенгере-Тедыгечи оған:

– Осы көргеніңнен қандай сыр ұқтың? Саған тағы да ескерт-

песем болмайды: Таптан-қара табынының аман қалған малынан
бірде-бір тұяқ алма және оларды өз малыңмен араластыр-
ма. Өйткені, оның өзі де, малы да қарғысқа ұшыраған. Оның
табынының қалған-құтқаны елсіз құла дүзге айдалып тасталып,

тағы аңдардың жемі болсын, – деді.
Содан бірталай жыл өтті. Төре-Керелты үлкен таудағы үңгірге
кетіп, төсенішке сұлап жатып, өлген адамның кейпіне түсті.
Қисапсыз шәкірттері оның бір жапырақ хатын тауып алды. Онда

былай деп жазылыпты: «Бұлттар Шығыстан Батысқа қарай көш-
кенде, күн Шығыстан бастап күркіреп, Батыста аяқталғанда, ақыр
заман болады».

Шар-Жаалты Біріншіні¼
патшалы³ы кезіндегі
Тенгере-Тедыгечи

өре-Керелты дүние салғаннан кейін Тенгере-Тедыгечидің

кенже інісі аса рақымсыз болып, ағасының ілімін қабыл

алмаған халықтарды өз патшалығынан қуып шықты. Осы кезде Тенгере-Тедыгечи көктен түсіп, оған: «Малды ұзын қамшымен ұрсаң, желінін жаралайсың, құтты қашырасың, сүт болмайды», – деді. Шар-Жаалты өзінің қоластындағыларға қатал болғанын әшкерелеген бұл тәмсілді түсінді. Сонан соң Тенгере-Тедыгечи жерге құлап, сырғанап жүріп китбалыққа айналды. Жерден тұрғанда қайтадан адам кейпіне кірді. Екінші рет құлап, тағы да сырғанап жүріп алып денелі ашулы аң – қарағұлға айналды. Орнынан тұрғанында адам болып кетті. Жеңдерін сілкіп еді – үлкенді-кішілі кітаптар шашылып түсті. Тенгере өзінің кенже інісіне: «Мына кітаптардың барлығын үш күннің ішінде оқып шық!» – деп бұйырды. Бұрыла бере қайтадан қарағұлға айналып: «Жеті жылдан соң келемін», – деп көзден ғайып болды. Сол аралықта ол жүрген жерінде барлық жанды атаулыны есіртіп, құтыртатын жын-шайтандарды жеңді. Біреулерінің бастарын жұлып алды, басқаларының апай-топайын шығарып, жан-жаққа қуды. Осылайша жеті жыл өтті. Ол жер астынан тағы да жарық дүниеге шығып, Шар-Жаалтыдан: – Мен берген кітаптарды оқыдың ба? – деп сұрады. – Түгел оқып шықтым. Күрделі ештеңесі жоқ сияқты. Тек бір жері қиын соғып тұр. Онда менің он бестен алпыс жасқа дейін ораза ұстауым керек екен. – Саған бұған қиналсаң, жыл сайын тек қыста ғана, көктемде алғашқы күн күркірегенге дейін ораза тұт. Ал жазда сенен ораза талап етілмейді! – деп кеңес берді ол інісіне.

Шар-Жаалты қартайған шақта Тенгере-Тедыгечи тағы келіп, оған ұзындығы үш құлаш, көлденеңі төрт аршын кітап беріп: «Бұл біздің ақырғы көрісуіміз, енді саған келмеймін. Мына кітапты оқы! Ол дария түбіндегі теңіз патшасынан алынған. Егер оның ішіндегісін түгел зердеңе тоқысаң, күшіңе күш қосылады. Сенімді әскерің болады. Жүрсең, суға батпайсың, теңіз түбінен құм көтеріліп, саған көпір болады әрі отқа да жанбайсың», – деді. Содан соң Тенгере-Тедыгечи кенже інісіне семсерін табыстап, «Есіңде болсын, кімде-кім сенімен соғысуға келсе, қорықпай шайқас, шегінбе, ал өзің соғыс іздеуші болма!» деген ғибрат айтты. Шар-Жаалтының патшалығынан қуылған халықтар екі дінге бөлінді. Бір бөлігі шаман, бақсыларға табынды. Ал екіншілері зікір салмай, биік тауларда сүт шашып, маржан-су* сеуіп, түтін түтетіп, құрбан шалды. Тек Тенгере-Тедыгечидің кітаптарын оқыған бір ер бала мен оның шешесі ғана ешқайсысына қосылмады. Бір күні осы баланың аяқ-қолдары ісіп кетіп, ауырып қалады. Шешесі Көкке көз тігіп, Үлкен Тәңірге сыйынып, медет сұрайды. Ананың көз жасын көрген Тенгере жай адамның кейпіне кіріп, Көктен түседі. Әуелі ол зікір салып, жын шақырған жұртқа келіп, оларды сол халықтың екінші бөлігіндей сыйынуға үйретеді. Себебі бұлар құрбанға арналған малдарды сойып, мүжілген сүйектерін бір жерге үйіп, Үлкен Тәңір алдында өртейтін еді. Тенгере бақсыларға табынушыларға: «Сендердің зікірлерің Көкке жетпейді, өйткені, Тәңірге ұнамайды», – деді. Халық онымен таласа бастады. Сондағы айтқаны: «Егер маған сенбесеңдер, бәс тігейік. Шындық кім жағында екенін көреміз. Егер сендердің құрбандықтарыңа Көктен от түсіп, жалмап жеп қойса, шындық сендер жақта, ал егер менікіне түссе, шындық мен жақта болғаны». ...Сонымен бәрі осылай істеуге келісті. Шаман, бақсылар тауға шығып, таңды таңға ұрып зікір салып, Құдайды шақырды. Бірақ олардың құрбандықтарына от түспеді. Халықтың екінші бөлігі тастан қашап құрбан шалатын орын жасады. Осы жерге құрбандық сүйектерін қойып, маржан-су сеуіп, *Маржан-су – қасиетті су.

сыйына бастады. Тенгере екі қауымның арасындағы осы бір талас-
тың куәгері әрі төрешісі болды. Зікір салмаған қауым жалбарынған
кезде күн күркіреп, найзағай жарқ-жұрқ етіп от шашып, құрбан-
дыққа келіп түсіп, ол тас тұғырмен қоса лапылдап жанып кетті. Су

да, тіпті, күл де қалмады.
Бірақ зікір салушылар бұл қауымға:

– Жоқ, біз сендерге сенбейміз, құрбандарыңды тау жындары

жалмап қойды, от Көктен түскен жоқ», – деді.

– Егер сендер осы кереметке сенбесеңдер, мына ауру баладан

жын-шайтан салған дерттің темір бұғауын алып тастап, сонымен
мені бұғаулаңдаршы», – деді Тенгере. (Ал, бұл бұғауды тек абыздар
мен пірадарлар ғана көре алатын).
Шамандар қанша дабылдатып, сарнап, зікір салғанымен, бұ-

ған шамалары келмеді. Сонда Тенгере сырқат баланы азат етіп,
бұғауды өзіне салды. Осыдан соң науқас бірден жазылып кетті.
Ал Тенгере-Тедыгечи: «Егер сендердің діндерің бірінші және
құдайларың құдіретті болса, менен бұғауды шешіп алыңдар.

Мен сендердікі болмай-ақ қояйын, өз жағыма кетейін, ал шеше
алмасаңдар сендерді от жалмасын!» – деді.
Шамандар зікір салып, көптеген жындарын жіберді, бірақ бір-
де-бірі Тенгереге жақындай алмады. Бұғау шешілмеді, от оған ти-

меді. Сол екі арада шамандардың өздері лапылдап жана бастады.
Әлдеқандай тылсым күш қолдарын қозғалтпай, сірестіріп тастады.
Тіпті даң-дабылдарын да, сыбызғы-сырнайларын да лақтыра алмай
қалды. Суға секіріп, жерге аунады. Алайда өздерін күйдірген жа-

лынды сумен де, топырақпен де өшіре алмады.
Тенгере енді шамандарға құрбандарының қандары шашыраған
қызыл тауды көрсетіп: «Менің соңымнан ана тауға жүріңдер, сон-
да сендердің құдайларың тұрады. Енді мен сендердікімін», – деді.

Осыны айтып, ол сумаңдаған жалын тілдерінің арасымен өтті.
Тек Тенгеренің басқан іздеріне ғана от дарымады. Шамандарды
қауымымен бірге тау басына апарып, Тенгере көзден ғайып болды.
Бүкіл жанды атаулы жанып біткенше, қызыл тау алаулап тұрды.

Сосын ол бірте-бірте шөгіп, жазық алапқа айналды. Осылайша

шамандық пен бақсылыққа сенген барлық адамдар жанып кет-
ті, олардың ізінше жын-шайтандар өртенді. Кейбіреулері теңізге
сүңгіп, жалыннан жандарын арашаламақшы болды. Бірақ оларды
теңіздегі Убускху-каан ұстап алып, жанып жатқан тауға қайтадан

лақтырды. Біреулері тозаққа секіріп еді, ол жақтан қашқындарды
Энгыс-каан ұстап, жалынға қайтарды.
Қызыл тау отыз алты жыл бойы алаулап жатты. Оның аты –
Күйгентау, ол Күйікті даласының маңайында. Бүгіндері де шулық

зайсандар (кеңесшілер, уәзірлер) Күйгентаудан топырақ алып,
шамандарға ызаланған кезде беттеріне күл шашады. Бұл жын-шай-
тандар күлден қатты қорқады деген нанымнан туған.
Шар-Жаалты Екінші

патшалы½ ½₣р³ан кездегі
Тенгере-Тедыгечи

ар-Жаалты Бірінші патша дүние салғаннан кейін оның

орнына Шар-Жаалты Екінші таққа отырды. Жаңа патша

бұзық жолға түсті. Халық қамын ойламады. Ішерге асы,
киерге киімі жоқ жарлы-жақыбайлар аштық пен суықтан азып-
тозып, қатты күйзелді. Бір кездерде осы өңірді ұзаққа созылған
ашаршылық, жұт жайлады. Бүкіл өсімдік атаулы тамырымен

қоса шіріді. Бұл халықтың жаңбыр жауып тұрғанда Көкке тіл
тигізіп, түкіріп, «Түбің тесілгір!» деп қарғағаны үшін тартқан
жазасы еді.
Тенгере осы білместігі үшін халықты жазғырып:

– Сендер аспан жабылып, жаңбырды мүлдем жауғызбай қойсын

дейсіңдер ме? – деді.
Қатулана долыққан халық:

– Мейлі! Аспан қатайып, мүлдем түк тамбай, бедеуленіп қал-

сын! – деді.

Ақыры, солай болды да. Бір жаз, екі қыс бойы жерге бір тамшы су тамбады, бір түйір қар түспеді. Сол жылы байлар өз дәулетінің жартысын жеп тауысты. Түгі жоқ, тұлдырсыз кедейлер ашығып, байларды тонай бастады. Ол уақыттарда Тенгере бұл аймақтан кетіп қалған болатын. Біраздан соң қайта оралып, бір кемпірдің үйіне келеді. Одан тамақ сұрап еді, кемпір: – Саған берер ештеңем жоқ, өзім де аштан өлейін деп жатырмын, – дейді. – Неге ештеңем жоқ дейсің? Жақсылап қарасаңшы. – Неменені қараймын? Құр сүлдерім ғана. – Қойыныңды қарап көрерсің. Кемпір сонда қойынынан бір уыс ақ тары алып шығады. Тенгере: – Тағы қарашы, сенде жейтін тағы бірдеңе жоқ па екен? – дейді. – Менде түк те жоқ. – Жә, қарасаңшы! Кемпір қараса, құмыра толы тары талқаны тұр екен. Ол ұялып қалады. Тенгере сол тарыдан ботқа пісіріп бер деп бұйырады. Олар тамақты жеуге кіріседі. Сөйтсе, ботқа да, құмырадағы тары да азаяр емес. Тамаққа тойған соң, Тенгере Молодой деген кісінің үйіне барады. Ол бұдан: – Қайдан келесің? – деп сұрайды. – Күйіктіден келемін. Бір ожау су болмас па екен? Су берші, – дейді. Молодойдың әйелі ұрысқақ болатын, сол: – Күйіктінің ақ текесі, қайда барасың? – деп кекетеді. – Олай болса, ешкілеріңді бағуға барайын, – деп жауап қатады Тенгере. Бір уақытта әйел ешкілерін сауғалы барса, жіптері көгенде шашылып жатыр екен. Бірде-бір ешкісі де, текесі де жоқ. Тенгере сараң Молодойдан шыққан соң, адамдарды сынап, көп жерлерді аралайды. Содан соң баяғы кемпірге қайтып келіп, бір тостаған арпа береді де, алқапқа егуге бұйырады. Кемпір дәнді өзен аңғарына себеді, себебі, құрғақшылық әлі бітпеген еді. Бірақ

Тенгере дақылды тауға өсіруге әмір етеді. Кемпір бұған таулы жерден ештеңе өнбейді ғой деп қарсы болады. Әйткенмен, Тенгере: – Менің айтқан жеріме сеп. Бүгіннен қалдырмай сеп, дән жерде солықтап жатуы тиіс, үш күннен кейін жаңбыр жауады, – деп кемпірді көндіреді. Тенгеренің айтқаны айдай келеді. Егін бітік боп шығады. Қанша орса да, кемімейді. Сосын ол көмекке ауылдағы барлық қауымды шақырып, жұрт қамбаларын астыққа толтырады. Егін сонда да азаймайды. Бұл туралы қауесет патшаға жетеді. Патша қайран қалып, өзіне Тенгеренің келуін талап етеді. Тенгере келгенде, патша оны қараңғы бөлмеге оңаша кіргізіп алып әртүрлі сұрақ қойып, тергеп, сынай бастайды. Тенгере патшаның ойындағысын, пиғылниетін оның өзінен де артық білетін болып шығады. Патша онымен түні бойы әңгіме-дүкен құрады. Ақыры шаршап: – Таң атып қалды ғой деймін, – дейді. – Қазір талтүс. Күн тура осы арадан жарық төгіп тұр, – деп тіл қатадыТенгере. Осы сөздерден соң қабырғаны саусағымен нұқып қалып еді, кенет сол жерден терезе пайда бола кетеді. Қараңғыдан шығып, патша мен Тенгере екеуі шай ішеді. Шайға қанған соң Тенгере: – Мен малымды қарауым керек, қарамасам қырылып қалар, – дейді. Патша Тенгеренің бұл сөзімен нені ишаралағанын аңғара қояды. Халқына қарамаған, қамын жемеген, елдің амандығын ойламаған мұның өзі болатын. Уақытын ойын-сауық, қызықпен өткізген. Адамдар мен жануарларға мейірімсіз болған. Бірде серуенде жүрген ол қамшымен ұрып, атының да көзін шығарып қойған-ды. Патша Тенгерені қақпаға дейін шығарып салады. Кенет жел айдаған бір шыбық әуеде шыр айналып тұрып, патшаның көзінен осып жібереді. Ауырсынған патша көзін қолымен басады. Сонда Тенгере оған: – Әй, патша, сенің қолдарың бар, міне, көзің ауырып еді, қолыңмен бастың. Жылқының қолы жоқ, қамшымен ұрып, көзін мүлдем шығарып жіберсең де, ол ештеңе істей алмайды, – дейді.

Осылайша, өзінің қаталдығы үшін жаза тартқан патшаның көзі
қылиланып қалған екен.
Тенгере патшаға «бүкіл патшалығыңды айналдыра, әлгі
кемпірдің егіндік алқабы да тұтасымен сол қамалдың ішін-

де қалатындай кең етіп, биіктігі сексен құлаштық тас қорған
тұрғыз. Қамалда сегіз қақпа және сегіз ғибадатхана болуы тиіс»
деп әмір етеді. Патша бұл бұйрықты қайткенде іске асыруға
уәдесін береді. Ғибадат үйлері салынатын жерлерге Тенгеренің

өзі биіктігі қырық құлаштық тас бағандар қойып белгілеп, оған
былай дейді:

– Егер осындай қорған тұрғызсаң, сені ешқандай дұшпан ала

алмайды. Кімде-кім саған қарсы соғыс ашса, мен оны жеңуге
көмектесемін, сол халық өзіңнің қол астыңда болады. Мына
қамалдың іші халыққа толатын уақыт та келеді әлі, сол кезде
дұшпандық та жоғалады.

Алайда Шар-Жаалты Екінші патша азғындық әдеттерінен
жуық арада арыла қоймайды. Соны білген Тенгере тағы келіп, оған
былай дейді:

– Сен халықтың қамын ойламайсың, азғындыққа салыну мен

той тойлаудан басқа білерің жоқ. Ел билеуге лайық емессің. Сенің
орныңа басқа патша отыруы тиіс.

– Кімді патша қойсаң да, мейлің. Мен осыдан артық билей ал-

маймын.

– Сенің патшалығыңда қолынан ел билеу ісі келетін ешкім жоқ.

Бәрі де өзің сияқтылар.
Осы сөзден соң Амын-Қылан деген кісі:

– Ел билеуді неге байқап көрмеске? Менің ойымша, патша күн

сайын қаланы шығыстан батысқа қарай тексеріп аралап тұруы ке-
рек! – дейді.
Мұны естіген Тенгере сұқ саусағымен Амын-Қыланды нұсқап:

– Сен халықты билей аласың! – деп жүріп кетеді.

Сөйтіп, Амын-Қылан патша болып сайланады.

Тенгере-Тедыгечи Амын-
ýыланны¼ патшалы½
½₣р³ан кезінде

мын-Қыланды патша қылып сайлағаннан кейін Тенгере-

Тедыгечи бұрынғы билеушінің тұсында маскүнемдіктен,

аштықтан, суықтан өлген адамдардың денелерін жинап,
оларды қаладан аулақ, ертеректе шамандар Көктен от сұрайтын
жерге апарып үйді. Сонан соң ұзындығы жеті құлаш, тереңдігі бір
құлаш шұңқыр қазып, бәрін соған түсірді де, өртеп жіберді.

Қалаға қайтып келген кезінде ол тағы төрт шамандық зікір
жасалғанын білді. Бұған Тенгере-Тедыгечи «Сұрқия адамдарды
жойып жатырмын, олар қайдан шыға береді?» деп қаһарына мінді.
Осы сөзді айтып, ол барлық шамандарды өлгендердің мәйіттерін

өртеген азалы жерге алып барды. Сол жерге түйелермен отын та-
сытып, шұңқырға салды да, лаулатып от жақты. Отын жанып,
көмірге айналған соң, шамандарға шұңқырдағы қызыл шоқтың
үстімен ерсілі-қарсылы жүріп, зікір салуға бұйырды. Әлгі міскін-

дерге ол:

– Қайсың тірі қалсаңдар, сонікі дұрыс деп саналып, бостандық

беріледі! – деді.
Нәтижесінде үш шаман шоқ үстінде өртеніп кетті. Тек Аққыдат
руынан біреуі аман қалды. Бұған патша сайланған Амын-Қылан:

– Егер әркім үш адамнан өртей берсе, неміз қалады! – деп ашу

шақырды.
Бұған Тенгере-Тедыгечи айтты:

– Әрбір аң жүнін сақтайтыны сияқты, сен де өз халқыңды

қорғап тұрсың. Егер де жарлығым ұнамаса, мен бұл арадан шамалы
уақытқа, жеті күнге кете тұрайын.
Амын-Қылан патша одан:

– Бізден кеткенде қай тауға барғың келеді? – деп сұрады.

Тенгере-Тедыгечи қолын созып:

– Міне, мына тауға шығамын! – деп нұсқап көр-

сетті де, аттанып кетті.
Жеті күн өтті. Адамдар оның оралуын күтті.
Бірақ ол қайтып келмеді. Жеті күн жеті рет өтті. Ол
оралмады. Жеті ай өткенде Тенгеренің қаһарынан

қорқып, оны іздеуге екі кісі жіберді. Жіберген
сәлемшілер Тенгере-Тедыгечиді тауып, адамдарға
қайтып оралуға үгіттеді. Бірақ оған сөздері өтпеді.
Жеті жыл бойы патша Тенгере-Тедыгечиге адам-

дарды жіберіп тұрды, үш рет екі адамнан жіберді.
Бірақ ол қайта оралғысы келмеді. Жеті жыл өткен
соң Тенгере-Тедыгечи патшаға өзі келіп, оған:

– Егер патшалығыңнан шамандар шықса, олар-

ды мен өртеген сияқты, өрте. Оттан тірі шыққаны
өмір сүре берсін. Ол шын мәніндегі абыз! – деді.
Патша:

– Қалай айтсаң, солай болады! – деп жауап

қатты.
Сонда Тенгере алақанына күл, білегіне қара
топырақ жағып, осы қолын қиғаштай ұстап, сөзін
жалғастырып:

– Егер менің кеңесімді орындамасаң, сенің пат-

шалығың да тап осындай болады, – деді. Тенгеренің
мына сөздерін естіген патшаға жер аударылып,
қырынан тұрғандай болып көрінді.
Осыны айтып, Тенгере-Тедыгечи бұрынғы, тау-

дағы мекеніне аттанып кетті. Ол жаққа өзін іздеп,
ешкім келмесін деп бұйырды.

Жекпе-жекте
Мормо батырды жеңген
белгісіз патша патшалық
құрған кездегі Тенгере-

Тедыгечи

ірде әлдебір беймәлім патшалыққа Мормо батыр әскерімен

келіп, шайқасқа шақырады. Патшаның үрейі ұшқанымен,

тез есін жиып: «Халықтың қанын босқа төккенше (әскер
дегеніміз де халық қой), сен екеуміз жекпе-жекке шығайық. Көп
адам қырылғанша, жалғыз адамның өлгені жақсы емес пе», – деп
өз талабын қояды. Екеуі осыған уағдаласады.

Патша арыстандай ақырған алып батырды көргенде қатты
қорқады. Ал күшінің басымдығына сенген Мормо патшаның ал-
дына батыл басып келіп: «Қане, мені қылышпен шап!» – дейді.
Патша бар пәрменімен қаруымен құлаштай ұрып еді, Мормоға да-

рымайды. Әрине, мұздай темір құрсанып, болат сауыт киініп алған
адамға бұл шыбын шаққан құрлы бола ма?
Мормо батыр басын еңкейтіп, патшаны мазақ қыла: «Байқа,
басымды шауып тастап жүрме, алтын басым жерде домалап

қалмасын!» – дейді.
Өз патшасының қорланғанына шыдамаған Тенгере-Тедыгечи
оған дәудің мойнын қылышпен қаймықпай шабатын батылдық бе-
реді. Патша сол сәтте батырдың басын шауып түсіреді! ...Мормоның

әскері жеңілістерін мойындап, аусар батырларының денесін алып,
келген іздерімен кері қайтады.
Тенгере жекпе-жекте Мормо дәуді жеңген патшаға келіп, оған
үлкендігі қаздың жұмыртқасындай жұмыр тас береді. Ол осын-

да тұрып жатқан адамдардың барлығы бұл тасты қолдан-қолға

беріп, алақандарында толассыз домалатсын деп бұйырады. «Осы
тас балықтың бір түйір уылдырығындай болған кезде Көктен
патша түсіп, бүкіл елге әмірін жүргізеді. Сонда мен соңғы рет
келемін. Ал осы тастан түк қалмай, әбден ысқыланып біткенде

ақыр заман орнайды», – дейді Тенгере-Тедыгечи.
Патшаға осыны айтып, Тенгере елдің шекарасына қарай жү-
ріп кетеді. Жолда аса таяғымен жерді түртіп қалып еді, сол орын-
нан бұлақ атқылайды. Бұлақты айналдыра, саз балшықтан үлкен

тостаған жасай бастайды, онысы барған сайын биіктей береді. Осы-
лайша, ол аумағы талай жерді алып жатқан, іші суға шүпілдеп
толған төбешікке айналады. Содан кейін оны «Суы асып та кет-
песін әрі кемімесін» деп сиқырмен дуалап тастайды. Әлгі жер әлі

күнге дейін сол қалпында сақталған көрінеді.
Ал Тенгере-Тедыгечи адамдарға алақанға салып домалатуға
берген жұмыр тас қазір көкек жұмыртқасындай болыпты деседі.
Тіршіліктің соңын немесе

ақыр заманды болжау

дамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние

күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің

күнәсі батпандап көбейгендіктен қасиетті құдай Үлкен Тәңір адамдардан қашықтай береді. Ол өзінің көгіне өрлеп, бара-бара суық тартып, адамдардың дұғаларын естімеу үшін құлақтарын тығындап алады. Керісінше, Еркілік тозақтан бірте-бірте жоғарылап, жердің үстіңгі қабатына, адамдарға жақын тұрған Қарашқа көтеріледі. Тіршіліктің соңына қарай Еркілік жерге тақалып келеді, ал Қараш жердің үстіне шығады. Сол кезде халық Үлкен Тәңірді ұмытады. Жердің жоғарғы қабатына көтерілген Қараш пен сонда мекендейтін Тепқара адамдар жөнінде қатты ашуланып айтысады. Қараштың соңынан көмекке, адамдарды жауламаққа жер үстіне Керей хан шығады. Сол уақыттарда Тәңір Көктен Манғышөре батырды түсіреді. Тепқара мен Қараш өзара дауласып жатқанда,

Манғышөре Керей ханның денесінің парша-паршасын шығарып, оны зарлатады. Керей ханның зарын естіп, оның Манғышөреге төтеп бере алмағанын біледі де, Еркілік сайтан жер үстіне шығып, батырды өлтіреді. Үлкен Тәңір өзінің сенімді батырының қазасын көріп, енді жерге Майтөре батырды аттандырады. Оған мынадай өсиет айтады: «Бар, бірақ ешкіммен шайқасқа түспе, тек адамдар Еркілікке көңілдерін бұрып кетпесін, содан сақтандырып, үгітте. Әлбетте, сайтан да қарап жүрмес, оларды тек өзіне ғана мойынсұнуға азғырады. Байқа, ашу үстінде Еркілікті немесе оның батырларының біреуін өлтіріп қойма. Ол үлкен күнә болады. Одан да, Еркілік сені өлтірсін. Өлімнен қорықпа. Сенің еш жерің ауырмайды. Содан кейін өзім келіп, Көкке алып қайтамын». Көктен Майтөре түсетін уақыт та жетеді. Еркілік оның көзінше адамдарды өзіне бой ұсынуға мәжбүрлеп, былай дейді. «Кім маған бой ұсынса, сол менің ерікті қызметшім болады. Ал кімде-кім маған бағынбаса, маған сенбесе, сан түрлі азап шегіп қиналады». Еркілік өзіне бойұсынғандардың барлығын жіңішке сымға тізеді, ал, бағынбағандарды отқа тастап, темір шыбықпен ұрады, найзамен түйрейді. Адамдарды осылай қанша азаптағанымен, олардың тәні ауырмайды. Майтөре адамдарды қасиетті Үлкен Тәңірді құрметтеуге үгіттеп, көпшілігін ғаделет пен тақуалыққа бейімдейді. Мұны көрген Еркілік өз дініне көңіл қоймаған көп қауымды азаптап, Майтөре батырға қаһарын төгеді. Оған: «Сені семсермен жайратарлық күшім бар!» – деп ақырады. Сөйтіп Майтөре батырға қару жұмсап, өлтіреді. Батырдың бойы онша зор болмағанымен, қаны маңайға түгел шашырап, төңіректі қызыл реңге бояйды. Сол сәтінде оның денесі мен қаны лап етіп қызыл жалынға оранып, от бүкіл жерді қаусырып, Көкке өрлейді. Сол кезде Көктен Үлкен Тәңірдің өзі түсіп, алақанын шапалақтайды да «Өлгендер, тұрыңдар!» деп айқай салады. Үлкен Тәңірдің дабылы мен демінен өлілер түрегеледі, топырақ, от, су,

аңдар мен балықтар өздері жұтқан адамдардың денелерін кері
шығарып, қайтарады.
Үлкен Тәңірдің ауызынан жалын ұйтқып, бүкіл жерді орай-
ды. Жер жанғанмен де, ібіліс, сайтандар жүрген үстіңгі қабат қана

жойылады. Қара қыртыстың астындағы ақ балшық сияқты таза
топырақ қабатына от тимей, аман қалады. Содан Үлкен Тәңір жаңа
жер жаратады.
Жалын құшқан қара топырақпен бірге Еркілік сайтанның өзі,

оның әскері мен бойұсынған адамдары түгелдей өртеніп кетеді.
Олардың бәрі денесіз жын-шайтандарға айналады.
Үлкен Тәңір сонда күнәкарларды: «Еркілік, сен өзіңнің бүкіл
жын-шайтандарыңмен бірге мәңгілікке тамұқ* отына күйіп, тозақ

шыңырауында қал, саған бойұсынған адамдар, шіркейлер сияқты,
соңыңнан қалмай ұшып жүрсін!» деп қарғайды.
Сөйтіп, Еркілік пен оның зұлым күштері тозаққа құлатылып,
жалғанның жарығынан жоғалады, ал Үлкен Тәңірге адал адамдар

Тәңірдің саясында рахат өмір кешеді.
*Тамұқ – күнәкар адамға о дүниеде азап көрсететін жер.

Тәңір дұғасы
Өмір үшін тыныстайтын мәңгілік,
Ошақ үшін отын тұрар жандырып!
Ойлап тапқан ғұрпыменен адамның,

Пәктігімен алғашқы арғы бабамның!
Иықпенен, баспен тағзым қыламыз!
Ақ Жаратқан, жетсін саған дұғамыз.
Күндіз-түні сыйынамыз, піріміз!

Уа, Тәңір! Құдайыма, Сарайыңа
Жетсін біздің жалбарынған үніміз!
Келдік тауға абыздардың салтымен,
Уа, ақ қайың, арыз айттық алдымен.

Қабығың бар қақталғандай күмістен,
Көмкерілген төбең тоғыз шыбықпен!
Аяланған жара салмай тамырдан,
Қара жерден қазылып бір алынған.

Бұлт пен тұман арбасқан,
Тау басына әкеліндің қар басқан.
Бағынамыз, бас иеміз саған біз,
Қос иықпен, баспен тағзым қыламыз!

Тәңір тағы жарасқан,
Естісінші дұғамызды Көк Аспан,
Арсыдағы алтын сарай естісін,
Тәңір текті ақ құдайлар естісін!

Ақ қозының оң аяғын бүктірдік,
Ақ аязда басын жерге бұқтырдық,

Ақ қайыңды үш айналып өтіпті,
Алтын жапырақ саны үшке жетіпті.
Құрбан шалып, жардық оның қарынын,
Құрбандықты қабыл алсын Тәңірім.

Құрбанымыз о дүниеде тірілсін,
Уа, Тәңір! Ақ құдайлар ұғылсын!
Қауым-жұртың мекендейтін ел үшін!
Қара жерде көктеп өскен шөп үшін!

Асыл тұқым малдың жейтін жемі үшін,
Уа, Тәңір! Қыстан бізді сақтағай!
Соқпауы үшін кесапатты қара жел!
Кешпеуі үшін бастан кесір бәлені ел,

Жарқын өмір сүруі үшін қара жер,
Уа, Тәңір! Жаса мәңгі!
Көк өріске кенелсін деп дала, бел!
Көк патшасы төксін жаңбыр себелеп,

Тоғыз көкке жетсін осы зар-тілек!
Көктің тоғыз жаратушы көсемі,
Әлемдеріңнің әміршілері естісін!
Уа, Тәңір!

Болуы үшін өлмейтұғын құдірет!
Болуы үшін өмір сыры мәндірек,
Құдайлардан медет тілеп тұрамыз,
Асқар шыңға естілер ме дұғамыз!

Ғұрыппенен пешенеге жазулы,
Болмақ үшін айғырдайын азулы,
Болу үшін аталардай ақ басты,
Құрбандыққа шалдық қара қозыны.

Түлкі көзге тылсым қара күш тұнып,
Аяздардан, қорықпайтын, үскірік,
Алтын жапырақ ай қайыңға апарып,
Шалдық құрбан ішек-қарнын ақтарып.

Дұғамызды –
Көк аспанның астынан, қара жердің үстінен,
Тербетілген қара жердің бетінен,
Қара түнек жамылған жер шетінен,

Көк Тәңірдің сарайына жеткерген!
Адам ұлы жер бетінде қаламыз,
Құдайларға көп құрбандық шаламыз.
Өзің жаратқан

Қызыл, қарабас құрттарыңа мың медет!
Құрбанымыз жетсін саған әуелеп! Уа, Тәңір!
Еркілікке жалбарыну
Уа, қара сайтан, қатал жын,

Күнәһарларды аулайсың.
Тостағанды қотарып,
Төгіп бір сүтті алдайсың.
Жүзің қара күйедей,

Маңғазсың алып түйедей.
Үрпиген шашың шерменде,
Кезесің жалғыз түндерде.
Қолдарың зіл батпандай.

Көзіңнен түсіп көлеңке,
Әлемді түнек жапқандай.
Жабылса да қанша дәу

Ұмай Тәңірдің дұғасы
Отыз басты от-ана –
Батырлардың анасы.
Қырық басты қыз-ана –

Қыдырлардың анасы.
Отың сенің шикінің
Барлығын да дәм еткен.
Демің сенің қатқанды

Елжіретіп еріткен.
Көктен түсіп от-ошаққа пана бол,
Қу бәлені, қайсар жүрек ана бол,
Көл суында кір-батпақты жуасың,

Ақ жаңқамен кіндік кесіп, туасың.
Тау басында – қызығың мен сайраның,
Толқын шашты Ұмай-ене жайладың.
Ұмай-ене – қырық пәк қыз таласы –

Сен – ішінде тазасы да, данасы!
Ақ Тәңірдің мекенінен бер медет!
Кемпірқосақ бойыменен дөңгелеп,
Ай сияқты, түстің Үлкен Тәңірден,

Құрбан шалар темір төске өрмелеп.
Аяғыңды қозғалтпас.
Азуларың сорайған –
Қиялаған құз-жартас.

Сүйегің ауыр темірден,
Терісі – серіппедей керілген.
Айқайың – күннің күркірі,
Тітіретер орманды,

Тітіретер бар маңды!

Ұмай-ене, толқын шашып төгіліп,
Түстің көктен алтын садақ иіліп.
Жаңа туған сәбилерді шошытпа,
Ұмай-ене, қойныңа сал, жарылқа!

Киіміңнің етегіне паналат,
Оң қолтықтың астына алып саялат.
Оң төсіңнен өмір беріп бағарсың,
Сұмырайдың сұқ көзінен қағарсың.

Жақындатпа жын-шайтанды қасына,
Жел-құздар да бәле болар басына.
Балаларды сақта сойқан, кесірден,
Емсін ақ сүт анасының төсінен.

Өсірерсің ізгілікпен аялап.
Өмір беріп, шуағыңды саялат!
Қорға дәйім көк егінін арпаның,
Тамырларын бекіт биік аршаның.

Құдай-ана, үмітімді жалғашы,
Ұлы Дала аналарын қорғашы!
Үлкен Тәңірге жалбарыну
Уа, Ұлы баба Үлкен Тәңір!

Бөркің биік жиектері ызылған,
Әсем түсті зерлі баумен сызылған.
Үш баспалдақ тартылады тағыңа,
Тағың сенің – бар өмірге мағына!

Желден жүйрік арғымақты жараттың,
Азық болар хайуанатты жараттың.
Әйел беріп табиғаты өзгеше,
Адамзатты ұрпақ жайып тараттың.

Жерімізді қайтардың сен түнектен,
Жебе тартса жетпейтұғын түбектен.
Естілмейтін ешбір дыбыс, әуен де,
Жердің жүзін жайнаттың сен бір демде.

Ұлы әке, жаратқаның – адамың,
Әсем жандар нұр кешуін қаладың.
Үш зерлі бау құпиялы бөркіңде
Тербеледі асау желдің еркінде.

Аянбаймыз сен үшін жан жебелеп!
Жалған дүние қызықтары не керек?
Күнәға ол апарады! Не керек?
Саған – мадақ, сенсің әке-шешеміз.

Сыйынамыз! Медет тілеп өтеміз!
Ұмай Ана және Аю батыр

сте жоқ ескі заманда алып Алтай тауын қоныстанған бір

қауым жұрт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң

аулап, жеміс-жидек теріп жеп күнелтеді екен.
Бір жылы қыс ерекше қатал болыпты. Құрық бойы қар жауып,
ел ауыр апатқа ұшырапты. Бірнеше ай толассыз жауған қар тө-
ңіректегі тіршілікке қажетті нәрселердің бәрін тұтастай басып

қалған. Содан адамдар да, жан-жануарлар да аштық пен суықтан
қатты күйзеліп, қырылыпты. Тірі жан иесі атаулыдан тек жалғыз
Аю батыр деген кісі ғана аман қалыпты.
Ол өзі аулаған аюдың терісін жамылып, аюдың терең апа-

нында өмір кешетін болғандықтан ел оны Аю батыр атап кеткен
екен. Сол бір сұрапыл қыста Аю батыр өзінің қараңғы тас үңгіріне
тығылып, қысқа дайындаған азық қорын талғажу етіп, жан сақтап
қалыпты.

Күндердің бір күнінде толассыз жауған қар тоқтапты. Сонда
үңгірінен шыққан Аю батыр: «Маңайда тірі қалған жан бар ма

екен?» – деп жұтаған қауымның жұртын кезіп келе жатыпты. Бір кезде ол үлкен көк бөрінің бірдеңені қар астынан қазып шығарып жатқанын көреді. «Мынаның жегелі жатқаны адамның денесі емес пе екен, айырып алайын» деген оймен айғайлап жыртқышқа ұмтылады. Ол таяп келгенде көк бөрі тапқан олжасын тастай салып, көк сағымға айналып көкке ұшып кетеді. Батыр жақыннан келіп қараса, ақ қардың бетінде айдай сұлу бір қыз жатады. Бұл бөстекке оранған бойы қар астында ұйықтап қалған Айсұлу атты ару екен. Өкпесі бүлкілдеп, тірі жатыр. Уыздай денесіне бөрінің тісі тимепті. Қуанышы қойнына сыймаған Аю батыр айдаладан тауып алған Айсұлуды көтеріп, тас үңгіріне әкеледі. Қыздың бойына жан кіріп, көзін ашуын күтіп ұзақ отырады. Бірақ Айсұлу терең ұйқыға батқан адамдай еш қимылсыз сұлық жата береді. Күте-күте шыдамы таусылған Аю батыр үңгірдің аузына шығып, жан-жағына көз салады. Айнала аппақ. Тау да, тас та, орман да, жер де ақ мамыққа оранған. Құрық бойы қар басқан төрт тарап тып-типыл, тым-тырыс. Жер бетінде қыбыр еткен жан жоқ. Әбден дағдарған Аю батыр осыншама қалың қарды жауғызған Көкке қарап налиды. Сол сәтте ол өзіне қарай ұшып келе жатқан екі құсты – Ұмай мен Құмайды көреді. Олар бірте-бірте төмендей ұшып, үңгірдің аузында тұрған Аю батырдың басын сипай өтеді де, оның қасына екі кесек тас тастап кетеді. Тастың бірі ақ, енді бірі қызыл екен. Бұған таңданған Аю батыр екі тасты қолына алып, бірін-біріне ұрады. Бұлар соғылғанда жарқ етіп ұшқындар пайда болады да, үңгірдегі қу шөптер мен шірік қоқырға тиіп, тұтанып жана бастайды. Осы кезде үңгірге құс бейнесінде ұшып кірген Ұмай ақ шашты анаға айналады да, қу шөпшектерді құшақтап әкеліп салып, жеңімен желпіп, отты маздатып жібереді. Сәлден кейін бойы жылынған Айсұлуға ақырындап жан кіреді. Ол басын көтеріп, жан-жағына қарайды. Орнынан тұрып, өзін өлімнен құтқарған отқа, от анасы Ұмайға иіліп сәлем етеді, сыйынып, алғыс айтады.

Бұған сүйсінген Ұмай-Ене, екі алақанын отқа қақтап, Айсұлудың бетін сипайды. Сонан соң Айсұлуды Аю батырдың қасына жетектеп әкеліп, бір-бірінің қолдарын ұстатқызып: – Енді екеуің бас құрап, түтін түтетіп үй болыңдар, өренжарандарың көп болсын! Оттарың өшпесін! – деп бата беріп, көзден ғайып болады. Орман-тауды ойсыратқан қалың қар түз тағылары – аңқұстарды да ауыр апатқа ұшыратқан еді. Аң аулай алмаған Аю батыр мен Айсұлу әбден ашығып, өлім халіне жетеді. Олардың қолынан бар келгені отты үзбей жаға беру болды. Бірде олар отырған жердің астынан дыбырлаған дыбыс естіледі. Байқап көрсе, үңгірдің қуысында қоянның іні бар екен. Суықтан бүрісіп жатқан қояндар оттың қызуы дарыған соң денелері жылынып, орындарынан тұрып, қыбырлай бастапты. Сонымен бұлар «жер астынан жеті қоян тауып» алып, қатты қуанады. Солардың етін талшық етіп, қыстан шығады. Қазақ қауымының «жерден жеті қоян тапқандай қуанды» деген сөзі осыдан шығыпты. Бірте-бірте қақаған қыс өтіп, қалың қар еріп, жер кеңиді. Аю батыр орман-тоғайды аралап, тау-тасты кезіп, аң-құс аулайды. «Аю да болса байым, үңгір де болса үйім» деп тас үңгірде қалған Айсұлу отын жинап, аң-құс еттерінен тамақ істейді. Бұлардың өмірі осылай өтіп жатады. Күндердің бір күнінде Айсұлу өзінің аяғы ауырлап қалғанын байқайды. Ол бұл өзгерісін Аю батырға білдірмей, жасырып жүреді. Бірақ күйеуі аулап әкелген аң-құстың етін, жемісжидектерді жегісі келмейді. Жесе – құсады. Оны «дерт шалды» деп ойлап қайғырған Аю батыр аң аулаудан қалады. Ақырында бір күні Айсұлу өзінің жүкті екенін, айдындағы аққудың жұмыртқасына аңсары ауып жүргенін айтады. Оның жерік асын тауып әкелу үшін Аю батыр сапарға шығады. Бірақ асқар-асқар таулардан асып, тар жол, тайғақ кешулерді басып, айдындағы аққудың жұмыртқасын қолға түсіру оңайоспақ іс емес еді.

Күн артынан күн, ай артынан ай сырғып өтіп жатады. Аю батыр кешіге береді. Айы-күні толып, босанатын мезгілі жеткен Айсұлудың толғағы басталады. Жападан-жалғыз тас үңгірде қалған жас ару жылап-еңіреп, Жер мен Көктің бәріне сыйынады. Өзін өлімнен құтқарып үй еткен Ұмай-Енеге жалынып-жалбарынады. Сол сәтте Ұмай-Ене келіп, маңдайынан сипайды. Айсұлу дереу толғақтан айығып, егіз бала (бір ұл, бір қыз) туады. Ұмай-Ене жарық дүниеге келген кішкентай шақалақтардың кіндіктерін кесіп, ақ жөргекке орап, Айсұлудың бауырына салады да «Сәбилердің бауы берік болсын! Дендері сау, өмірлері ұзақ болсын!» деген батасын беріп кетіп қалады. Аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алған Айсұлу мен жас нәрестелер сол баяғы тас үңгірде өмір кешіп жатады. Аю батырдан әлі күнге дейін еш хабар жоқ. Бір күні әр түрлі мазасыз ойлардың шырмауына түскен Айсұлу егіз баласын емізіп отырады. Кенет сырттан біреудің тықырлаған аяқ алысы естіледі. Артынан іле «Бармысың, армысың!» деген дауыс шығады. Бұл ұзақ сапардан оралған Аю батыр еді. «Біреу еді ұмайым, екеу болды құмайым» деп, Айсұлу құшағындағы екі баланы батырға ұсынады. Міне, осылай Айсұлу ару мен Аю батыр ұзақ та бақытты өмір сүреді. Айсұлу егіз-егізден құрсақ көтеріп, екеуі көп балалы болады. Олардың ұрпақтары да көбейіп, күшті, батыл, ештеңеден қорықпайтын үлкен рулы елге айналады.

Еуразиялық скифтер (сақтар, сахтар) жер бетіндегі ең байырғы халықтардың бірі болған. Скифтер жайында көптеген аңыздар мен мифтер сақталған. Ұлы Скифия мемлекеті Еділ мен Дунайдың аралығында, орманды-далалы атырапты алып жатқан. Бағзыдағы Ұлы Дала Алтайдан Венгрия алаптарына дейін созылғандықтан, бұл халықты Батыс Ұлы Дала көшпелілері деп атағанымыз әділетті болар еді. Бұған Украина мен қазіргі Ресейдің далалары жалғасады. Скифтер көшпелі халық болғандықтан, олардың мифтері қазақ мифтерін түсінуге көмектеседі.* *Соңғы кезге дейін скифтер мифологиясы жөніндегі негізгі еңбектер Д.С. Раевскийдің 1977 жылы шыққан «Скиф-сақ тайпалары мифологиясының очерктері» және 1985 жылғы «Скифтер мәдение - тіндегі әлем үлгісі» монографиялары болып табылады. Бұған К. Ақышевтің 1987 жылы шыққан «Сақтар мифологиясы» кітабын қосуға болады. Скифтер мен сақтардың мифтері

Скифтердің
мифологиялық шежіресі
Скиф патшасы Тарғытай
және оның ұлдары

кифтер Тарғытайдың* шығу тегі жөнінде оның әкесі – Зевс,

шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді.

Ертеде гректер Борисфен деп Днепр өзенін айтқан.
Тарғытайдың үш ұлы болған. Олардың аттары – Липоксай, Арпок-
сай және Қолақсай. Олар – үш скиф халқының бабалары.
Тарғытай патшалық құрған кезде скиф жеріне Көктен алтын

заттар (Тәңірдің сәлемдемесі): соқа, мойынтұрық, айбалта және
тостаған түседі. Бұл заттарды үлкен ағалары Липоксай бірінші
болып көреді. Ол әлгі заттардың қасына барып жерден көтерейін
десе, алтын лап ете түседі. Ол шегініп, енді ортаншы ұл Арпоксай

жақындайды. Алтын тағы да от құшағына оранады. Лапылдап
жанған алтынның ыстығы екі үлкен ағасын тоқтатып, тек үшінші,
кенже ұл жақындағанда ғана жалыны өшеді. Ол заттарды өз үйіне
апарады. Сол себептен ағалары патшалықты және соған қоса

үлкендік жолын інілеріне беруге келіседі.
Үлкен ұл Липоксайдан авхат деп аталатын скиф тайпасы өрбіген.
Ортаншы ұл Арпоксайдан катиар және траспи халықтары, ал кіші-
сі Қолақсайдан паралат тайпасы тарайды. Барлық тайпаларды бір-

ге қосып, сколоттар, яғни патша адамдары деп атайды. Эллиндер
(ежелгі гректер) оларды скифтер деген.
*Тарғытай – шамамен, біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжыл-
дықтың бес жүзінші жылдарында өмір кешкен, яғни біздің осы

күндерімізден екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген скиф патшасы.

Скифтердің арғы бабасы
Геракл туралы миф

ерионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан

аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан

тигізеді. Герион Понттан (Қара теңіз) алыс, Геракл бағандарының ар жағындағы Гадирдің қасындағы мұхит аралында тұрған (бұл аралды гректер Эрифия деп атайды). Эллиндердің пайымдауы бойынша, мұхит күннің шығысынан бастап, бүкіл жерді айнала ағады, бірақ олар мұны дәлелдей алмаған. Міне, Геракл сол аралдан қазіргі скифтер елі дейтін жерлерге келеді. Онда ол жауын-шашын мен суыққа ұрынады. Содан теріге оранып, ұйықтап кетеді. Осы кезде оның жайылымға жіберген аттары бір кереметтің күшімен ғайып болады. Оянған соң Геракл аттарын іздеп, бүкіл аймақты шарлайды. Ақыры, Гилея деген жерге тап болады. Сондағы үңгірде ол денесінің жоғарғы жағы – әйел де, төменгі жағы – жылан бір мақұлықты жолықтырады. Оны көрген Геракл: «Адасқан аттар көзіңе түспеді ме?» – деп таңдана сұрайды. Жылан-әйел оған аттардың осында екенін, тек Геракл өзіне үйленбейінше оларды бермейтінін айтады. Геракл аттарды алу үшін әйелдің шартын орындауға келіседі. Алайда, әйел Гераклды қасында ұзағырақ ұстауға тырысып, аттарды қайтаруға асықпайды. Ақыры, бірталай уақыт өткен соң барып жылан-әйел аттарды иесіне беруді жөн көріп: «Маған келген осы аттарды сен үшін сақтадым, сен олардың өтемін толық өтедің. Мына өсіп келе жатқан үш ұлымда сенің қаның бар ғой. Айтшы, олар есейген соң не істейін? Осында қалдырайын ба? Мен осы елдің билеушісімін ғой, әлде, саған жіберейін бе?» – деп сұрайды. Геракл бұған: «Ұлдардың есейгенін көзің көрген соң былай істегенің дұрыс болады: олардың қайсысы менің саған көрсеткенімдей етіп садағымды тартып, мына белдігімді тағына алса, соны қасыңда қалдыр. Менің пәрменімді орындай

алмағанын жат елге жібер. Егер осылай істесең, өзің де риза боласың әрі менің де тілегімді орындайсың», – деп жауап қайтарады. Осы сөздерді айтып, Геракл өзінің садағын қалай тартуды және белдігін қалай тағынуды көрсетеді. Содан кейін садағы (сол кезге дейін Геракл екі садақ ұстап жүрген) мен ілгегінде алтын тостаған ілулі белдігін беріп, аттанып кетеді. Балалар өскен соң анасы оларға ат қояды: біреуінің аты – Агафирс, екіншісінің аты – Гелон, кішісінің аты – Скиф. Ұлдар ержетіп, есейген шақта жылан-әйел Гераклдың кеңесін ұмытпай, ол қалай бұйырса, солай істеп, балаларын сынамақ болады. Агафирс пен Гелон әкелерінің садағын тартуға тырысқанымен, шамалары жетпейді, сөйтіп олар елден қуылады. Кіші ұл әкесінің бұйырғанын бұлжытпай орындап, сол елде патша болып қалады. Скифтен, Гераклдың кенже ұлынан барлық скиф патшалары тарайды. Олар алтын тостағанды қастерлеп, осы күнге дейін белдіктеріне тағынып жүреді. Шешесінің Скифке жасаған жақсылығы, міне, осындай.* Айта кететін нәрсе, белдікке немесе ердің қасына құты, тостаған байлап жүру салты қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған. Үш халықтың арғы бабалары ретінде Тарғытайдың ұлдарының аттары былай түсіндіріледі: Агафирс – Аға – үлкендікті білдіретін түркі сөзі, «фирс» – «билік нышаны ретінде қарағай бұтақтарымен безендірілген найза» деген мағына беретін грек сөзі. Гелон – көне грек тілінен сөзбе-сөз «қуаныш, күлкі, шаттық» деп тәржімеленеді. Скиф – «ашулы, ызалы, қаһарлы» деген сөз. Агафирстер деп Иллирия мемлекетінің тұрғындары аргимпейлерді айтқан. Кейіннен, ежелгі Уархун мемлекетінен қалған Шығыс Хунгарияны – Венгрияны мекендеген халықты осылай атаған. *Геродот. Тарих, 4-кітап, «Мельпомена».

Тарғытайдың үш ұлының есімдеріне «әмірші», «патша» мағынасын дағы «сай» деген түркі сөзі жалғанады. Мысалы, Енесай немесе Енисей – күллі Сібір өзендерінің патшайымы. Қолақсай – «Күн – патша»– Жоғарғы әлемнің әміршісі. Арпоксай – Төменгі әлемнің әміршісі. Липоксай – Ортаңғы әлемнің әміршісі қасқыр-адамды, құбылғыш бейне дегенді білдірсе керек. Бұл арада байырғы түркілердің тотемі бөрі болғанын ескеру керек. Скиф неврлер жыл сайын бірнеше күн қасқырларға айналатындығымен белгілі болған. Ежелгі түркілер мифологиясына және филология ғылымдарының қазіргі жай-күйіне сәйкес, скифтердің түп атасы Тарғытайдың ұлдарының есімдерін осылай түсіндіруге болады. Ал Тарғытай (Тарғынтай) – Тәңір – Ер-Тарғын-Нама жаратқан ежелгі түркілердің бірінші адамының аты. Тарбағатай, Тәңір Тау, Алтайдың бір шыңы – Алатау барлық үш әлемді: Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі әлемдерді көктеп өтетін Хан Тәңірі тауын бейнелейді. Тарғытайдың (Тарғынтай, Арғытай, Тарбағатай) өзін бағзыда гректер Гераклмен, Липоксай, Арпоксай, Қолақсайды Агафирс, Гелон, Скифпен шендестірген.

Киммерий патшалары
туралы мифтер

өшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер

әскер күшімен өздерін ол жақтан тықсырып шыққанда,

скифтер Араксқа жылжып, киммерий жеріне кіреді. Жұрт-
тың айтуынша, қазіргі скифтердің қонысы атанған жер бұрын
киммерийлердікі болған. Скифтер ел шетіне таяп келгенде кимме-
рийлер қисапсыз жау әскеріне қарсы не амал қыламыз деп кеңес

құрады. Сонда пікір айтушылар екіге жарылады.
Қарапайым халық мұндай саны көп жаумен шайқасуды
қажетсіз деп біліп, шегінгенді жөн көреді. Дұрысында, осы ежел-
гі екі халықтың арасында соғыс болмай келгендігі скифтер мен

киммерийлердің туыстығы себебінен еді. Сондықтан да кимме-
рийлер ақылдасып, туыстар арасында қантөгісті болдырмауға
тырысады. Патшалар, керісінше, туған жерді басқыншылардан
жанқиярлықпен қорғау керек деп есептейді. Өйткені, олар жерін

қалдырып кетсе, өз биліктерінен айрылатын еді.
Сонымен, халық патшалардың шешіміне құлақ аспады, ал
патшалар халыққа бағынғысы келмеді... Туған жерде керемет
бақытқа кенелген патшаларға Отанынан айрылып, қуғын көрген

бейбақтарды қандай тауқымет күтіп тұрғаны белгілі еді. Осылай
ортақ пікірге келе алмаған киммерийлер екіге бөлініп, бір-бірімен
тайталасады. Патшалар мен қарапайым халық арасында қырғын
шайқас болады.

Туысқандардың қантөгіс соғысында қаза тапқандарды кимме-
рий халқы Тирас өзенінің бойында жерледі. Ол жерден патшалардың
қабірлерін қазір де көруге болады. Осыдан соң киммерийлер өз же-
рінен кетіп, сырттан келген скифтер қаңырап қалған елге ие бола

қойған.*
*Ежелгі грек жазушысы Геродот скифтер жайында, олардың Азия
далаларынан Қара теңіздің солтүстігіндегі атыраптарға келіп
қоныстануы жайында осылай баяндайды.

Скифтердің жеті құдайы
және көшпелілердегі
әлемнің үлгісі

еті – жай, кездейсоқ сан емес, құдайдың мейіріміне бөлен-

ген сан. Барлығы да жеті санымен байланысты.

Скифтердің құдіретті жеті құдайының бірінші санатында тек біреуі ғана дараланады: бұл – Табити (Тәубе). Екінші санаттағы құдайлар екеу. Олар – Папай (Бабай) және Апи (Апа). Үшінші санаттағы құдайлар төртеу: Аргимпаса (Арғын-апа), Арес (Арай), Гойтосир, Геракл.* *Скифтердің әлем үлгісі Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі үш әлемнен тұратын ежелгі түркілердің әлем үлгісімен өте ұқсас. Амазонкалар жайлы мифтер Орта Азияның ежелгі халқы – сарматтардың (савроматтардың) қайдан шыққаны жайында Грек мифологиясындағы амазонкалар – соғыс құдайы Арес (Марс) пен Гармония нимфасынан тараған жауынгер әйелдер тайпасы. Бір кездерде олар Фемискир қаласының қасындағы Фермадонт өзенін немесе Кавказ тауының баурайы мен Азов теңізінің төңірегін мекендеген. Амазонкалар ұрпақ жаю үшін жат жерліктермен немесе көршілес тайпа ерлерімен отасқан. Ұлдарын басқаларға тәрбиелеуге беріп (немесе өлтіріп), қыздарын өздерінде қалдырып отырған. Олар

садақпен, айбалтамен, жеңіл қалқанмен қаруланған. Дулыға мен
киімді өздері дайындаған. Амазонка атауы қару ұстауға неғұрлым
ыңғайлы болуы үшін қыздардың сол жақ төстерін күйдіру ғұрпының
атауынан шыққан-мыс.

Амазонкалар Арес пен Артемидаға құлшылық етіп, уақыттарын
шайқаспен өткізген. Амазонкаларға қарсы Беллерофонт шайқас-
қан. Геракл амазонкалардың қаласы Фемискирді жаулап, олардың
патшайымы Ипполитаның белдігін алады. Тесей Антиопаға

(Ипполитаның шешесі) үйленеді. Бұдан соң амазонкалар Афины-
ны қоршайды. Бірақ кейінірек Амазония аталған жерде тас-талқан
етіледі. Пенфесилея есімді амазонка-әйел соғыста трояндықтарға
көмектесіп, Ахиллестің қолынан ажал құшады.

Амазонкалар Эфес қаласының іргетасын қалап, Артемиданың
құр метіне сондағы атақты ғибадат үйін орнатқан дейді. Амазонка-
лар және олардың олимпиялық қаһармандармен күресі жайындағы
мифтерде матриархаттық сипаттар көрініс тапқан.

ермадонт түбіндегі үлкен жеңістен кейін эллиндер (аңыз

бойын ша) тірідей қолға түсірген амазонкаларды алып, үш

кемемен үйлеріне қайтып келе жатады. Ашық теңізде ама-
зонкалар эллиндерге тарпа бас салып, барлығын қырып салады.
Алайда, олар кеме жүргізу ісімен таныс болмаған. Желкендер
мен ескектерді меңгеруді білмеген. Еркектер өлтірілгеннен кейін

кеме ашық теңізде ұзақ жүреді, ақыры, желдің бағытымен Мео-
тида көліндегі шақпақты шыны тастарға келіп тоқтайды. Шыны
тастар, әлбетте, еркін скифтердің жерінде ғой. Осы арада амазон-
калар жағаға түсіп, төңіректі шарлап кезе бастайды. Сөйтіп жүріп

жылқы табынын ұшыратып, оларды ұстап мініп алады. Енді аттар-
мен құйғытып, скиф жерін тонауға кіріседі.
Скифтер мұның мән-жайын ұға алмады. Себебі, олар үшін
амазонкалар тайпасы, тілі мен киімі беймәлім еді. Скифтер

амазонкалардың қайдан сап ете түскенін түсінбей аң-таң бола-
ды. Оларды жас жігіттерге балап, айқаса кетеді. Шайқаста қаза
тапқан амазонкалардың бірнеше мәйіті скифтердің қолына

түседі. Сонда ғана олар шапқыншылардың әйел заты екенін біледі. Осыдан соң скифтер енді амазонкаларды өлтірмеуді, әйелдер қанша болса, шамамен сонша жас жігітті жіберуді ұйғарды. Жігіттер амазонкаларға жақын жерге қостарын тігіп, олар не істесе, соны істеуге тиіс болады. Егер амазонкалар оларды қуаласа, ұрысқа түспей, қашулары керек. Ал қуғын тоқтағанда жігіттер қайта жақындап, қостарын қайтадан тігуі тиіс. Скифтер ержүрек жауынгер әйелдерден ұрпақ алуды қалағандықтан, осылай ұйғарған болатын. Скифтік жігіттер осы жарлықтарды орындауға кірісті. Әйелдер беймәлім көршілерінің ешқандай жаулық пиғылы жоқтығын байқаған соң, олардың мазасын алмады. Күн өткен сайын екі қос бірбіріне жақындай түсті. Амазонкалар сияқты, скифтік жігіттердің де қолдарындағы қаруы мен астындағы аттарынан басқа түгі болмаған. Ел тонап, аң аулаумен айналысқан екі жақ та бірдей өмір салтын ұстанды. Тал түсте амазонкалар оңашада табиғи қажеттіктерін атқару үшін бір-бірлеп, кейде екі-екеуден жан-жаққа тарайды екен. Мұны байқаған скифтер де соны істейтін болды. Бірде жігіттердің біреуі жалғыз амазонкамен ұшырасып қалады, бірақ әйел оны қумайды. Әрине, тілдерін түсінбейтін болғандықтан, олар бір-бірімен сөйлесе алмайды. Әйел қолдарымен ымдап, жас жігіттің ертең дәл осы жерге жолдасын ертіп келуіне болатынын білдіреді. Өздерінің де екеу болатынын, құрбысымен келетінін ыммен түсіндіреді. Жігіт қосқа оралып, мұны жолдастарына айтады. Келесі күні әлгі жігіт тап сол жерге жолдасымен бірге келсе, екі амазонка күтіп тұр екен. Бұл хикаяны қалған жігіттер де біліп, басқаларын да оп-оңай жуасытып алады. Осыдан кейін екі қосын бірігіп, бірге тұрады. Әркім алғаш кездескен әйелмен отасады. Әйткенмен, күйеулері өз әйелдерінің тілдерін үйрене алмады. Әйелдер болса, күйеулерінің тілін қағып алады. Ақыры, бір-бірін түсіне бастаған кезде ерлер амазонкаларға былай деді:

– Біздің ата-аналарымыз, дүние-мүліктеріміз бар. Бұдан әрі

мұндай өмір кеше алмаймыз. Сондықтан, елімізге қайтып, өз
халқымызбен өмір сүргіміз келеді. Біздің әйеліміз тек өздерің
ғана боласыңдар, сендерден басқа адаммен енді отаспаймыз.
Бұған амазонкалар былай деп жауап қайырды:

– Біз сендердің қауымдарыңмен бірге тұра алмаймыз.

Өйткені дағдыларымыз олардікіндей емес: садақ тартамыз, най-
за лақтырамыз, салт атпен шабамыз. Әйел жұмысына бейімдел-
мегенбіз. Керісінше, сендердің әйелдерің бұл айтылғандардың
бірімен де айналыспайды, олар тек үй жұмысын атқарып,

қоныстарыңнан аттап шықпайды, аң ауламайды, жалпы, мүлдем
ешқайда бармайды. Сондықтан олармен үйлесе алмаймыз. Егер
біз сендерге әйел болып, бірге өмір сүруімізді қаласаңдар және
адалдықтарыңды көрсеткілерің келсе, онда ата-аналарыңа ат-

танып, еншілеріңді алыңдар. Осында қайтып келген соң, өз бе-
тімізбен тұрмыс кешейік.
Жігіттер өздеріне тиісті енші үлестерін алып, амазонкаларға
қайтып оралды. Сонда әйелдер тағы айтты:

– Біз осы елде тұруымыз керек деген ойдың өзінен шошимыз.

Себебі сендердің елдеріңе ғаламат қиянат жасадық. Сендер біз үшін
әке-шешелеріңді, ошақтарыңды тастап кеттіңдер, Бізді әйел етіп
алғыларың келді. Енді қанеки, былай қылайық: бұл елден көшіп,
Танаис өзенінің ар жағына қоныс аударайық.

Жігіттер бұл айтқанға да көнді. Олар Танаисты кешіп өтіп,
өзеннен шығысқа қарай үш күн және Меотида көлінен солтүстікке
қарай үш күн жүріп, сол мөлшердегі бір жерге қоныстанды. Олар
қазірге шейін осы арада мекендеп жатқан көрінеді.

Сол кезден бері саврамат әйелдері өздерінің баяғы замандағы
дағды-ғұрыптарын сақтап келеді: олар күйеулерімен бірге, кейде,
тіпті, оларсыз-ақ салт атпен аңға шығады, жорыққа аттанады әрі
ерлермен бірдей киім киеді.

Савроматтар скифтерше сөйлейді, тек амазонкалар бұл тіл-
ді өте нашар үйренгендіктен, бағзыдан бұзып сөйлейді. Үйлену
ғұрыптарына келетін болсақ, оларда қыздар жауын өлтіргенше

күйеуге шықпайды. Кейбіреулері кемпір болғанша тұрмыс құрмай
өтеді, өйткені, ғұрыпты орындауға шамасы келмейді.*
Скифтер мен амазонкалардың ұрпақтары – савроматтар
немесе сарматтар Жайықтың оңтүстік бетіндегі алқапта,

Елек өзенінде өз мемлекетін құрды, б.д.д. VІ – ІV ғасырларда-
ғы көшпелілердің үлкен одағына айналды. Савроматтар скиф
халықтарының – түркілердің түп бабаларының тарихында
елеулі орын алды, Орта Азияның байырғы халықтарымен бай-

ланысты болды.
*Геродот. «Тарих», 4-кітап, «Мельпомена».
«Аң мәнері» туралы
мифология

Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу,
ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салы-
стыра зерделеу барысында Жер шары халықтарының мәдениеті
ортақ, барлық халықтың мәдениеті, әдебиеті мен өнері бір-бі-

рін өзара байытады деген ойға келесің. Әлемдік мәдениеттің
аса қызғылықты құбылысы – скифтердің «аң мәнері» – көрші
халықтардың өміріне елеулі ықпал жасап, батыс елдеріне өтіп,
еуропалық өнерде, фольклорда, әдебиетте көрініс тапты.

«Аң мәнерінің» басты жұмбағы – мифтік жануарлар, арыстан
текті бүркіттер, қанатты бұғылар, Эдип патша мен қарапайым
адамдарға сұрақ қоюшы дана сфинкстер. Жаратылыста беймәлім,
құпия мақұлықтардың қисапсыз алтын һәм қола мүсіншелері нені

аңғартуы мүмкін?
Қанатты арыстандар мен ілбісіндер жылқылар мен бұғыларды
шайнап жатқан суреттер скиф және сақ тайпаларының өзара теке-
тіресін көрсетеді деген болжамдар айтылды. Егер осы пікір шын

болса, бұл оқиғалар көне жылнамаларда көрініс табар еді. Ай-
даһардың атқа шабуылы ғұндар мен үйсіндердің бір-бірімен
шайқасын білдіріп тұрғанын бағзы заман жазушылары жазып

қалдырар еді. Өйткені, ғұн тәңірқұттарының туында айдаһар бей-
неленген, ал ат – көшпелілердің басты қазынасы. Бірақ мұндай де-
ректер, мысалы, Қытай жылнамаларында айтылмаған, Күлтегін
мен Тоныкөк жайындағы ежелгі түркі мәтіндерінде, тіпті, ишара

да жасалмайды. Сондықтан, тайпалар мен рулар арасындағы тай-
талас және оның «аң мәнерінде» көрініс табуы жөніндегі болжам
расталмаған күйінде қалды.
Ендеше, алтын арыстан-құстардың (грифондардың), ертегі еле-

сіндей мифтік мақлұхаттардың мүсіншелері нені таңбалаған?
Тарандром туралы миф

елондар деп аталатын сақтарда тарандром дейтін өте сирек

жануар бар. Ол жүрген жеріне қарай жүнінің түсін өзгертіп

отырады екен. Яғни ағаштардың, тастардың, жалпы өзін қоршаған зат атаулының түсі қандай болса, оның жүні де соған қарай құбылатын көрінеді. Сондықтан бұл жануарды ұстау қиын. Басқа жануарлар, мысалы, хамелеон мен полип терілерінің түсін өзгертсе, тарандромның жүнін өзгертуі аса таңданарлық жайт. Тарандромның үлкендігі өгіздей, басының тұрпаты бұғыға ұқсас. ...Тарандромның тұрқы өгізбен шамалас, басы бұғынікінен үлкенірек, бірақ содан өзгешелігі жоқ. Мүйізі тарам-тарам, аша тұяқты. Жүнінің қалыңдығы аюдікіндей, ал түсі, өз реңімен жүргісі келгенде, есектің түсіндей болады. Терісінің беріктігі сондай, одан сауыт жасайды. Үрейленген кезде тарандром өзі тығылатын барлық ағаштардың, бұталардың, сондай-ақ сол ортаның түсін қабылдайды, сол себепті ол қолға сирек түседі. Жануардың денесінің осындай сан алуан түспен құбылу қабілетінің болуы, әлбетте, таңсық жәйт, ал мұндай өзгергіштіктің жүнге даруы тіптен таңқаларлық.* *Миф «Ғажайып сыбыстар хақында» және Үлкен Плинийдің «Жаратылыс тарихы» кітаптары бойынша жазылған.

Сфинкс

финкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Арыстан

– аң патшасы. Сондықтан, сфинкс патша билігінің симво-

лы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді. Кейбір сфинкстердің басы – қасиетті жануар саналатын қошқардікі. Ассириялықтарда тәж киген, сақалды сфинкстер бейнеленеді. Мұндай бейне парсылық үлгілерге де тән. Плиний сфинкстерді өзінің Эфиопия жануарлары тізіміне енгізеді. Алайда, олардың тек сарғыш қоңыр жүнді және кең кеуделі екендігінен басқа сипаттамасын айтпайды. Көптеген сфинкстердің басы мен кеудесі – әйелдердікі, қанаттары – құстікі, аяқтары – арыстандікі. Кейде ол ит басты, жылан құйрықты болып келеді. Сфинкстер сөйлей алады, сөйте тұра адамдарға қас. Грифтер. Грифондар

рифтердің (арыстан-құстардың) аримаспілермен толассыз

күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбы-

жықтар» деп атайды. Осынау арыстан денелі құстар алтын-
ды күзетеді. Олар жайында Плиний де бұлдыратып айтып, «аңызға
айналған құстардың» қалқан құлақтары мен имек тұмсықтарын
атап өтеді.

«Бұл елден (әңгіме Тұран жайында) қаскөй әрі залым халық
тұратын Бактрияға саяхаттайды. Мұнда, құдды қойлар сияқты,
жүн беретін ағаштар бар, содан мата жасайды.
Осы өлкеде біресе құрлықта, біресе суда өмір кешетін жар-

тылай адам, жартылай жылқы «ипотамдар» (гиппопотамдар)
жүреді. Олар ыңғайы келіп, қолына түсіп жатса, адам етімен
қоректенеді. Сондай-ақ мұнда басқа жерлерге қарағанда әлдеқайда
көп, қисапсыз арыстан-құстар (грифтер) мекендейді. Біреулер

олардың бас жағы бүркіттікі, ал төменгі денесі арыстандікі дей-
ді. Онысы рас, алайда бұл құстың денесі сегіз арыстанды қосып

есептегендегіден де үлкен, күші жүз бүркіттен де артығырақ.
Әлбетте, арыстан-құс өзінің ұясына салт аттыны немесе егіске
шыққанда қосарлап жегілген екі өгізді көтеріп әкете алады. Себе-
бі, оның аяқтарындағы тырнақтары ғаламат зор, үлкендігі өгіздің

денесіндей, бұл тырнақтардан сусын ішетін тостағандар, ал оның
қабырғаларынан садақтар жасайды».
Гиппогриф

үмкін еместі немесе үйлеспеушілікті таңбалау мақсатында

Виргилий ат пен арыстан-құсты будандастыру әрекеті жа-

йында айтады. Латындықтар шығарған «Грифті атпен будандастыру» деген мәтел әлдебір мүмкін еместікті білдіре бастады. XVІ ғасырдың басында Лудовико Ариосто осыны еске түсіріп, гиппогрифті ойлап тапты. Егер бағзыдағы грифте бүркіт пен арыстан ерлі-зайыптыларша бірге тұрса, Ариостоның гиппогрифтеріндегі қосақтар – жылқы мен гриф. Бұл дегеніміз – құбыжық немесе гиппогрифтер «аң мәнерінен» алынған екінші дәрежелі қиял жемісі. Пьетро Микелли қанатты жылқыға қарағанда гиппогриф анағұрлым үйлесімді мақұлық деп көрсетеді. Германдықтардың «Қайсар Роланд» эпосында гиппогрифтің қиял-ғажайып сипаттамасы берілген: Сиқыршының астында сол бір аттың елесі, Арыстан-құс – әкесі, бие – тапқан енесі. Әкесіне тартып ол кең қанатты құс болған, Әкесіндей шапшаң да, әкесіндей – денесі. Қалған жағы түгелдей шешесіне ұқсаған, Осынау ат әйгілі гиппогриф аталған. Тауларында Рифейдің белгілі боп атағы, Мұзды теңіз сыртына даңқы кетіп тараған.

(Аударған Қорғанбек Аманжолов)
Осы арада кейбір зерттеушілердің Рифей тауларын скиф патша-
сы Липоксайдың иелігі деп есептейтінін айта кеткеннің артықтығы
болмас...

Химера

имера* – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан

бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың

сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты Беллерофонт, Глав-
кінің ұлы өлтірген. Гомердегі суреттелуі бойынша, ол арыстан ба-
сты, ешкі қарын және жылан құйрық мақұлық. Алайда Гесиодтың
«Теогониясында» оның үш басы бар делінеді. V ғасырда жасалған

Ареццоның атақты қола мүсінінде ол нақ осылай бейнеленген.
Жотасының қақ ортасына ешкінің, бір жағына жыланның, екінші
жағына арыстанның басы салынған.
«Эниданың» алтыншы жырында «аузынан жалын атқан Химе-

ра» тағы көрінеді. Түсіндірмеші Сервий Гонорат, барлық беделді
ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, бұл аждаһаның Ликия-
дан шыққандығын атап көрсетеді. Бұл өңірде осылай аталатын жа-
нартау бар. Жанартаудың түбі қаптаған жыландар, баурайы толған

көгалды алқаптар мен ешкі жайылымдары. Төбесінен жалын ала-
улап жатады. Арыстандардың апаны да сонда, жоғарғы жағында.
Химера – осы бір өзгеше таудың бейнелі атауы.
Арыстанның, ешкі мен жыланның ақылға сыймайтын қоспасы,

оның скиф өнернамасынан келген бейнесі «химералық» деген
ұғымды, яғни мүмкін емес деген мағынаны білдіре бастаған.
*Химера – жалған мұрат, жүзеге аспайтын бос қиял. Химера жа-
йындағы алғашқы мағлұматтар «Илиаданың» алтыншы жырын-

да кездеседі.

Айдаһар

детте, айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен

қос қанатты және әрқайсысында төрт-төрттен тырнағы бар

төрт аяқты етіп елестетеді. Сондай-ақ оның тоғыз ұқсастығы туралы айтады: мүйізі – бұғынікіне, басы – түйенің басына, көздері – сайтанның көздеріне, мойны – жыланның мойнына, қарны – моллюсканың қарнына, қабыршағы – балықтың қабыршағына, тырнақтары – бүркіттің тырнақтарына, аяқтары – жолбарыстың аяқтарына және құлақтары – бұқаның құлақтарына ұқсас. Кейбіреулерінің құлақтары жоқ, мүйіздерімен естиді. Көбінесе олардың бейнесін мойынына ілулі інжу моншақпен (інжу күннің белгісі болып табылады) береді. Өйткені оның күші осы моншақта, егер моншақты алып қойса, айдаһар ешкімге залал келтірмейді. Тарих айдаһарды алғашқы императорлардың арғы тегі деп санайды. Оның тырнақтарының, тістерінің және сілекейінің шипалық қасиеті бар. Өз қалауы бойынша ол адамдарға көріне алады. Көктемде көкке ұшып кетеді, күзде тұңғиық суға шомылады. Кейбіреулерінің қанаты жоқ болса да, ұша біледі. Мифтерде айдаһарлардың алуан түрі ұшырасады. Аспан айдаһары өзінің жотасында құдайлардың сарайларын жерге құлатпай ұстап тұрады. Құдай тектес айдаһар адамдардың игілігіне жаңбыр жауғызып, жел соқтырады. Жер айдаһары бұлақтар мен өзендердің ағысын бағыттайды. Жер асты айдаһары адамдарға тыйым салынған қазыналарды күзетеді. Айдаһарлар аспанда ұшып жүреді, оларды әрдайым пішіндерін өзгерткен бұлттардан көруге болады! Айдаһарға ұқсас бұлттар да болады. Шығыс ғұндардың туларында айдаһар бейнеленген.

Перитиялар

еритиялар Атлантиданы мекендейді. Олар – жартылай бұғы,

жартылай құс тәріздес мақұлық. Басы мен аяқтары –

бұғынікі. Ал дене тұрқы, қауырсын-қанаттарымен қоса,
құстан аумайды.
Ең ғажап қасиеті сол, күн жарығы түскенде олардың көлеңкесі
өзінікі емес, адамның сұлбасы болып көрінеді. Осыдан келіп кей-

біреулер перитиялар – құдайлардың желеп-жебеуінсіз жат жерде
өлгендердің аруақтары деген тұжырым жасайды.
Бұл мақұлықтар топталып ұшады, оларды Геркулес мұнарала-
рының маңында шырқау биіктен көргендер бар...

...Олар (перитиялар) – адам затының қас жаулары. Адамды
өлтірудің сәті түскен кездерінде көлеңкелері лезде өз денелерінің
ырқына көніп, құдайдың рақымына ие болады...
Сципионмен бірге Карфагенді жауламаққа жол тартқан римдік-

тер теңізбен келе жатып осы құбыжықтарға тап болып, сапарлары
сәтсіздікке ұшырай жаздайды. Оларға топталып ұшқан көп пери-
тия лар шабуылдап, бірсыпыра жауынгерлерін өлтіріп кетеді...
...Біздің қаруымыз перитияларға қарсы дәрменсіз болғанымен,

олардың әрқайсысы бір адамнан артық өлтіре алмайды...»*.
*«Осы сипаттама жазылған кітапша Мюнхен университетінде
екінші дүниежүзілік соғысқа дейін сақталған. Бұл жайында айту
өкінішті, дегенмен, осы құжат содан соң жоғалып кеткен – әлде,

бомбалаудың салдары ма, әлде, қандай да бір басқа себеп пе – ол
жағы беймәлім...» – деп жазады «Құдай хаттары» деген кітабында
Х.Л.Борхес (М., 1992,318 – 357-беттер).

«Алтын адам» туралы миф

аяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған.

Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап

алған. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» – Көк Тәңірі-
не құрбандыққа шалынған жас жігіт (қыз) немесе абыз. Таңдалып
алынған құрбандықты жаңғырыққа байлап, қақ жүректен қанжар
қадап, айналасында сыйынған, содан соң құрбандықты өртеп жі-

берген. Құрбандыққа адам шалу ғұрпы бір отбасынан тоғызыншы
қыз (немесе ұл) алынғаннан кейін тоқтатылған. Бір күні осындай
рәсімді орындамақ болып жатқанда ақбоз ат мінген салт атты келіп,
«қызға тиіспеңдер, оның орнына тоғыз қозы сойыңдар» дейді. Ақбоз

атты адамды ел Тәңірдің аяны деп ұққан. Сол кезден бері адамдар-
ды өлтіру тоқтатылып, оның орнына жануарларды құрбандыққа
шалатын болған.
Тәңірге құрбандық шалу.

«Алтын адам» кім
Қазіргі уақытта Есіктің «Алтын адамы» кім болған деген сұрақ
кімді болсын толғандырмай қоймайды. Ол жалғыз жерленген,
қасына тіпті әдеттегідей жануарлар да көмілмеген, тек салт-

жоралғылық заттар, қарулар мен ыдыстар, соның ішінде сына жа-
зумен өрнектелген тостаған бар. Бүкіл киімі алтынмен апталған.
Осыған қарап, киімі рәсім өткізуге арналған емес пе екен деген ой
келеді. Әйтпесе, жайшылықта адамдар осыншама алтынға малы-

нып жүрмейді ғой.
Сонымен, Есік обасының «Алтын адамы» кім?*
*Қазақстан түркологы А.Аманжолов Есік тостағанындағы жазу-
ды мұқият зерттегеннен кейін оның мынадай нұсқасын ұсынды:

«Жоғарғы тармағы: «Аға, мына ошақ саған!», төменгі тармағы:
«Бөтен, тізеңді бүк! (Болашақ) ұрпақтың несібесі болсын!» дейді
(«Орхон жазулары», Семей, 2001, 243-бет). Жазудың осы оқылуын
әлі ешкім жоққа шығарған жоқ әрі басқа нұсқа да ұсынған жоқ.

Сондықтан оны ақиқат деп қарастырамыз.

Бұл – сақ жауынгері, он жеті – он сегіздердегі жас жігіт. Жігіт басына биік шошақ бас киім киген. Оның айналасы Жоғарғы Әлемнің белгісі болып табылатын рәміздер – аңдардың, таулардың, ағаштардың суреттері өрнектелген алтын жапсырмалармен зерленіпті. Осынау әсем бас киімнің маңдай бөлігі ешкі мүйізді*, қанатты және арқаларынан төрт алтын жебе өсіп тұрған екі алтын атпен әшекейленген. «Алтын адамның» мойнында жиектерінде барыстың бастары бедерленген алтын алқа бар. Үстіне үш мыңға жуық алтын салпыншақ жапсырылған қызыл былғары шекпен киген. Беліне алтын әшекейлермен зерленген жалпақ былғары белбеу таққан, оң жағында – ұзын темір семсер, сол жағында – алтын зерлі қанжар. Сонымен, бұл жас жігіт көсем, не болмаса көсемнің ұлы. Берел обасы – отбасылық қабір, онда көсем мен оның бәйбішесі немесе шешесі бірге жерленген. Ал Есік обасы – жалғыз адамдық қабір. Мұнда басқалардағыдай жануарлардың сүйектері табылмады. Берелде көсем немесе ірі әскербасы жерленгендігі еш күмәнсіз. Оның үстіне бас сүйегінің шайқаста не жекпе-жекте күл-паршасы шыққанын анық байқауға болады. «Алтын адамның» қалай дүние салғанын, ұрыста қаза тапқанын немесе ауырып өлгенін айыру мүмкін емес, өйткені одан қалған қаңқа сүйектер тым аз. Тек ерекше назар аударатын екі жайт бар: «Алтын адамның» өте жастығы және киген киімінің айрықша салтанаттылығы мен қымбаттығы. «Алтын адамның» шекпенін қарастырайық. Бірнеше мың алтын әшекейлерден тұратын мұндай киімді қысқа мерзімде дайындау *Берел обасындағы сияқты, аттар неліктен ешкі мүйізді болып бейнеленген? Бұл да үлкен жұмбақтың бірі. Ертеде бірінші түн құқығына көсемдер ие болған. Яғни қалыңдыққа баратын бірінші түннің құқын күйеу тайпа көсеміне берген. Бұғылар табынында да осылай. Ондағы айғыр бұғы өзінің шамасы келмей жатса ғана, басқаларға үйірге түсуге рұқсат етеді. Еркек бұғының айбыны мүйіз болғандықтан, біздің заманымызда алданған бейбақтың көзіне шөп салынуын «мүйіз өсіру» түрінде келекелейді.

мүмкін емес. Егер қаза күтпеген жерден келсе, оның күнделікті өмірде мұндай киіммен жүрмейтінін ескерсек, онда ол өлгеннен кейін жасандырған барлық алтын заттарды жерлеу рәсіміне дейінгі үш-төрт күн аралығында дайындап шығу әсте бос қиял. Демек, «Алтын адамның» жерленетін киімін сақ зергерлері күні бұрын дайындаған және алтын киіммен жерленуі тиіс екенін біреу білген. Яғни әлдебір жас адамның осындай киіммен қабірге салынатыны жайында тек бір адам – тайпа көсемі ғана білуі мүмкін. Бұлай деп пайымдауға мынадай себептеріміз бар. Әміршінің ұлын құрбандыққа шалу – көптеген көне халықтарда бар ғұрып. «Аңыз бойынша, швед королі Аун өзінің тоғыз ұлын Один құдайына құрбандыққа шалған. Екі ұлын құрбан шалғаннан кейін король Құдайдан жауап алады: оның ғұмыры әрбір тоғыз жыл сайын бір ұлдан құрбан шалып тұрғанға дейін жетеді екен. Жетінші ұлды құрбан шалатын уақытта Аунның әлсірегені сондай, оны серуенге көтеріп шығарып жүреді. Тоғызыншы ұлдың өлімінен соң, бір жасар нәресте сияқты, корольді тоғыз жыл бойы қолдан тамақтандырады. Ол енді соңғы ұлды құрбан шалмақ болады, алайда бұл тілегі жүзеге аспайды, оған қол астындағы халық кедергі жасайды. Сөйтіп Аун өледі. Оны Упсаладағы әулеттік қорымға жерлейді».* Үлкен ұлды құрбандыққа шалу дәстүрімен байланысты алтын жүнді қошқар жайындағы аңыз бар. Алос қаласын Атамант есімді патша билеген. Оның бірінші әйелі Нефеладан екі баласы: ұлы Фрикс пен қызы Гелла болыпты. Патша екінші рет Ино деген әйелге үйленеді. Өгей шеше өзінен тумаған балаларды суқаны сүймейді. Тек өз баласын тақ мұрагері ету үшін ол өгей балалардың көзін құртуға бекінеді... Сөйтіп, бидай егісі алдында әйелдерді тұқымдық дәнді қуырып қоюға үгіттейді. Олар мұның айтқанын істейді. Қуырылған бидай шықпай, халық өнім ала алмай, елде аштық басталады. Патша дельфилік сәуегейге жұттың себебін *Д.Д.Фрэзэр, «Алтын бұтақ», М., 1986, 276-бет.

білуге кісі аттандырады. Қайтып келе жатқан жаушыны Ино алдапсулап айтқанына көндіреді. Жаушы абыздың жорамалын сұрқия әйелдің жауабымен ауыстырып, «Атамант бірінші некеден туған балаларын құрбандыққа шалмайынша, ашаршылық тоқтамайды» деген хабар жеткізеді. Жауапты ести сала, Атамант қой бағып жүрген балаларын алып келуге әмір береді. Бірақ қой ішіндегі алтын жүнді қошқарға адамша тіл бітіп, Фрикс пен Гелланы өздеріне төнген қауіптен сақтандырады. Олар қошқардың арқасына отырып, ел кезіп ұша жөнеледі. Теңіздің үстінен өтіп бара жатқан кезде Гелла биіктен қорқып, басы айналып, суға құлап кетеді. Фрикс Колхидаға жетеді. Мұнда ол патшаның қызына үйленеді. Өзін құтқарғаны үшін Зевс құдайға алтын жүнді қошқарды құрбандыққа шалады, алтын жүнді терісін патша қайын атасына тарту етеді. Ол оны қасиетті Арес тоғайында еменге қақтырып, күні-түні айдаһарға күзеттіріп қояды. Көріп отырғанымыздай, екі жағдайда да әңгіме тақ жолындағы құпия тартысқа тіреледі. Біріншісінде, патша-әке өз ұлдарына билікті бергісі келмей, әртүрлі ізгілікті ниетті сылтау етіп, ұлдарын бірінен соң бірін құрбандыққа шалады. Екіншісінде, өгей шеше патшалық биліктің заңды мұрагерлерінің көзін жоюға тырысады. Осы оқиға желісі Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегісінде» қайталанған... Адамды құрбанға шалу ғұрпы скифтер, сақтар, фракиялықтар мен дактарда ғана емес, бағзыдағы басқа да көптеген халықтарда болған. Мұндай рәсім Америка құрлығында ацтектер мен майялар, семиттерде де қолданылған. Осынау киелі құрбандар бүкіл ел мен халықты жау шапқыншылығынан, келешектегі ғаламат апаттардан құтқарудың өтемі болған. Бірақ уақыт өте келе құрбандыққа адам шалу адамзат қоғамына қайшы деп танылып, жануарлар шалына бастады. Бірақ нақ сол антикалық мифологиядан тағы бір білетін жайт бар. Аркадия патшасы Лаокоон мен оның елу ұлының арамзалығы

жайындағы сыбысты тексермекші болған Зевс олардың үйіне дуана
кейпінде келеді. Лаокоон мейманның Құдай тектілігін сезіп, соны
тексеру үшін оған өз ұлының етін тартады... Қаһарланған Зевс дас-
тарқанды төңкеріп тастап, Лаокоонды ұлдарымен қоса жай оғымен

жайратады.
Құрбанға адам шалу жорасы – көне салт. Нақ осы мифтің басқа
нұсқасында, Зевстің қатты қаһарланғаны соншалық, ол жер бетін
адамды құрбан шалу зұлматынан тазарту үшін топан су қаптатады.

Сонымен, «Алтын адамның» кім болғандығы жайындағы біздің
мәліметтеріміз тым аз: құрбанға шалынған көсемнің ұлы ма, әлде
басқа ма – анығы белгісіз. Бұл сұраққа біз қазір тұжырымды жауап
бере алмаймыз.

Кентаврлар жайлы миф

ылқыны адамның осыдан үш мың жылдай уақыт бұрын

қолға үйретіп, Азия мен Еуропада көлік және жүк тасу

құралы ретінде пайдаланғаны мәлім. Христофор Колумб ашқанға дейін Америка құрлығында аттар болған жоқ... Ежелгі гректер мен мысырлықтар аттарды қос доңғалақты арбаларға жекті. Олар атқа салт мінуді білмеді. Бүгінде қолымызда бар археологиялық және палеографиялық жадығаттар мен деректерге жүгінсек, біздің дәуірімізге дейінгі адамдар мекендеген барлық белгілі жерлерде «салт аттының киімі» деген ұғым мүлдем болмаған. Ерлер де, әйелдер де ұзын етекті киім киген. Шалбарды, ең алдымен, салт атты адам киімінің қажетті бір бөлігі ретінде көшпелі малшылар ойлап тапқан. Оны әдемі болғандығы үшін емес, атқа мініп-түскенге ыңғайлы һәм қолайлы болғаны үшін киген. Алғашқыда бұл тікенек бұталардың арасымен жүргенде аяқты қорғайтын берік былғарыдан жасалған киім болған. Ер-тұрман әбзелінің аяқ салуға арналған бөлігі – үзеңгінің шығуы етіктің жаңа нобайын ойлап табуға жол ашты. Үзеңгіге аяқты тіреу үшін үшкір тұмсықты, аяқ үзеңгіде тиянақты тұруы

үшін биік өкшелі, балтырды қажамас үшін ұзын қонышты етік
пайда болды.
Кентавр – мифологиялық бейне. Оның ежелгі грек әдебиеті мен
өнерінде пайда болуы – ежелгі Эллада тұрғындарына құдды атпен

тұтасып кеткен далалық адам бейнесінде көрінген сол замандағы
ақиқаттың түсініксіз әрі ғажайып құбылысын санаға үйлесімді
сіңіруі.
Салт атты далалықтардың сипаттамасы мынадай: «Динлин

патшалығы бар. Ондағы адамдардың тізесінен төмен жүн өседі,
(олар) жылқы тұяқты, жаяу жүргенді ұнатпайды». «Тағы да онда
жалбыр жүн басқан, жылқы аяқты батырлар бар. Бұлар Динлин
елінің тұрғындары екен. Олар өз-өздерін аяқтарынан қамшымен

сабалап, күзгі аспандағы жабайы қаздардай «га! га! га!» деп қиқу-
лап, сақарада желдей жүйткіп өтеді».*
Кентаврлардың (жартылай адам-жартылай ат) бейнелеріне,
әсіресе, антикалық классикалық әдебиет пен өнер бай. Мифтер-

де кентаврлар құмарлыққа салынған, кепкен етпен қоректенетін
дөрекі, хайуан кейпінде көрінеді. Олардың негізгі қаруы – ауыр
шоқпарлар мен дұшпанға жойқын күшпен лақтыратын зор жартас
сынықтары. Олар құдды грек өркениеті мен мәдениетіне дұшпан,

дөкір күштің бейнесіндей болды. Сірә, Грекия мен Даланың алғаш
беттесуі, белгісіздік пен таңғажайыптың алдындағы үрей осындай
бейнелерді тудырған болар. Жануар терісінен жасалған киіммен
жапан далада желдей жүйткіген салт аттыларды ежелгі жаяу грек-

тер басқаша пайымдай алмас еді.
Бірақ уақыт өте келе дөрекі жануар бейнесі неғұрлым жұмсақ
сипатқа ауысты.
Антикалық орта дәуірде кентавр мүлдем басқа кейіпте

қабылданды. Мұнда кентаврлар көптеген атақты грек қаһарман-
дары мен батырларының – Ахиллестің, Леонның, Кастордың,
Полидевкінің және Гераклдың ұстаздары ретінде танылды. Әсіресе,
дана кентавр Хиронның аты жұртшылыққа кеңінен мәлім. Ол

*Б.д.д. ІV – ІІІ ғғ. қытай жылнамаларының авторлары көшпелілерді
нақ осылай қабылдады.

сазгер, гимнаст, мерген садақшы, шипагер емші және сәуегей
болған. Өзінің шәкірттерін алуан ғылымға үйретіп қоймай, оларды
нағыз жауынгерлік машықтарға баулыды.
Бірде Геракл мен Хирон керісіп қалып, қиян-кескі шайқасқа

түседі. Геракл улы жебемен кентаврды ұшырып түсіреді. Бірақ
дана шипагер өзінің жарасын кәдімгі көктікен деген гүлмен ем-
деп жазады. Сол кезден бері көктікен кентавр гүлі деп есептеледі.
Кентаврдың мифологиялық бейнесі тек гректердің өнер ту-

ындыларында ғана неше түрлі мүсіндер, бейнелер мен сурет-
тер түрінде сомдалып қоймай, жаратылыс ғылымдарында да,
атап айтқанда, жұлдыздар жайындағы ғылым – астрономия-
да да көрініс тапты. Жұлдызды аспанның солтүстік жарты ша-

рында Кентавр шоқжұлдызы бар. Ал үш-төрт жарық жылы
қашықтығында тұрған, біздің Күнге ең жақын жұлдыз Кентавр
Альфасы деп аталады.
Осылайша, ежелгі гректердің «Кентавр жайлы мифінде»

қорқынышты әрі жұмбақ, сонысымен өзіне тартатын сақара
сарбазының бейнесі құпияланып таңбаланады. Салт атты адам

– күн батарда көрінетін сұлба – астрологиялық әдебиетте Мерген

белгісімен тіркелген Кентавр.

Ғұндардың діні
мен мифологиясы
Ғұндар – бір замандарда
Азия мен Шығыс Еуропаны

мекендеген аса байырғы
халықтардың бірі.
Хундар (ғұндар) үлкенді-
кішілі бірнеше мемлекет

құрған. Солардың ішінде
тарихта зор із қалдырған
ең үлкен һәм ең белгілі екі
империя мәлім.

Ғұндар мемлекеті Ғұндар үлкенді-кішілі бірнеше мемлекет құрған. Солардың ішінде тарихта зор із қалдырған ең үлкен һәм ең белгілі екі империя мәлім. Оның бірі – қытайлар шаньюй Туман деп атаған Тұман (Туман, Теоман жабғу) құрған мемлекет. Тұман (Бумын) б.д.д. 209 жылы дүние салған. Оның кезінде хун мемлекеті біршама әлсіреді, есесіне оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мао Дунь) «Хундардың ұлы империясын» құрып, б.д.д. 209 – 176-шы жылдарда билеп тұрды. Екінші империя – Аттиланың (Еділ патша) империясы. Оның заманында ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейінгі байтақ жерді мекендеген халықтарға иелік етті, ол мемлекет «Хундардың батыс империясы» деп аталды. Еуропалық оқымыстылар да, қытайлық ғалымдар да сол бір алыс заман көшпелілерін әртүрлі атаған. Әрбір ғасырда жылнамашылар мен тарихшылар хундарға өздерінше ат қойып отырған. Ал қытайлар сол халыққа отыз екі түрлі атау таңған. Қазақтар мен басқа түркі халықтары оларды «хундар» деп атайды. Хун империясының оңтүстік шекарасы Ұлы қытай қорғанының бойымен өтіп, ұзындығы 5000 шақырымға созылған... Хун империясының шығыс шекарасы Сары теңізге дейін жеткен, солтүстік шекарасы Байқал көлінде, батысы – Хазар (Каспий) теңізінде межеленген. Бұл империя сол заман үшін ең ірі ел болған... Хун мемлекетінде билікті мұрагерлік жолмен шешу берік ұстанған. Егер жазба жәдігерлерден белгілі алғашқы әмірші Тұманнан бастап есептесек, Хун империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінетін б.д.д. 46 жылға дейін билік басында 22 қаған болған екен. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған «Хундардың батыс империясының» императоры Аттила өзін Құдай текті Мөденің ұрпағымын деп білген. Хундарда ер адамдар шеттерінен жауынгер болған. Бейбіт уақытта мал баққан, бидай еккен, қол өнерімен айналысқан. Олар әлемде темір, мыс, қола қорытумен шұғылданып, алтыннан және

металдан түрлі бұйымдар мен әшкейлер жасаған. Олардың ішінде теңдессіз шеберлер болған. Хундар биік қабырғалармен қоршалған, гүлденген қалалар салған. Хундардың күнделікті өмірдегі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, киім үлгілері, азық-түліктері мен тағамдары, ел мен шаруашылықты басқару қағидалары қазақтардікімен толық сәйкеседі. Кеңкөлдегі, Пазарықтағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдейді. Тіпті, біздің заманымызға дейін хундардың жазба мәдениеті болмаған деп есептеліп келді. Тастардағы Орхон-Енисей, Талас, Есік сына жазуларының хундарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. Ұлы түрколог Лев Николаевич Гумилевтің еңбектерінде: «245 – 250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (Кампучияға) сапар шегіп, өз естеліктерінде мынадай жазба жасаған: «...Кампучиялықтарда кітаптар бар. Оларды архивтерде сақтайды. Кітаптардағы жазу хундардың жазуына ұқсайды», – деген хундарға қатысты айғақ бар». Егер хундардың жазуы болмаса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырар еді? Бұл сұраққа, сірә, біздің болашақтағы зерттеушілеріміз жауап беретін болар. Ғұндардың наным-сенімдері

ұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата-бабалары-

мыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет-ғұрыптарды, неке

мен азаматтық салт-дәстүрлерді түгел ұстанған.
Ғұндар көсемін тәңірқұт деп атаған. Ол «көк пен жерден туған,
күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл
сайын көктемде өздерінің «ата-бабаларына, көкке, жерге және

аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге:
таңертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі
жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұн-
дардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну

бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы – Тәңір
болған.

Көне пайымдар бойынша, аруақтар – адамдардың табиғатынан
өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайыр-
садақамен көңілін аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті
емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиян-

кестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады.
Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы
адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің
жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік

табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде
мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет
етуі үшін достары мен кәнизактарын* құрбандыққа шалған.
Құрбандыққа адам шалудың осынау қатыгез ғұрпы тәңірқұтты

немесе атақты бекзаданы о дүниеге шығарып салу рәсімімен шек-
телмейді. Жауынгерлерге де құрбандыққа ержүрек тұтқындар ша-
лынды. Аруақтар болашаққа сәуегейлік айтатын абыздар арқылы
құрбандық талап етті.

Алыс елдерге жасаған жорықтары кезінде ғұндар Шығыс пен
Батыстың түсініктерін саналарына қатар сіңіріп, оларды ерек-
ше үлгіде ұштастырды. Үндістаннан олар буддизм сипаттарын
қабылдады, Еуропада христиандыққа құрметпен қарады. Мыса-

лы, Еуропа ғұндарының көсемі Аттиланы Мәңгілік қала – Римнің
түбіне келгенде Рим Папасы Пий төртіншінің елшілігі тоқтатқан.
Оның сөзін жерге тастамаған ғұндар көсемі өз сарбаздарын айналма
жолмен әкетіп, қорғаныс қаланы тонатқызбаған.

*Кәнизак – сарайдағы қызметші әйелдер.

Ғұн ханшайымдары
және Көк Бөрі

ұн елінің көсемінің ай десе аузы, күн десе көзі бар, әлемде

теңдесі жоқ екі қызы болыпты. Көсем сол қыздарына жер бе-

тінде ешбір адам жар болуға лайық емес деп, оларды Көк Тәңіріне атағанын айтады. Билеуші екі қызына шаһардан жырақ жерден арнайы қорған тұрғызып, екі қызын сол қорғанға апарып тастайды да, Тәңірге жалынып, оларды өзіне әкетуін өтінеді. Сөйтіп, екі қыз әлгі қорғанда ешбір адамның көзіне түспей өмір сүріп жатады. Бірде қорғанның түбінен Көк Бөрі апан қазып, қыздардың жатқан жерінен тесіп шығады. Мұны көрген көсемнің кіші қызы: – Бізді ата-анамыз Көк Тәңіріне атап, осынау қапасқа қамады, бірақ Тәңірдің еркімен бізге Бөрі келді. Мүмкін, оның осы келісі біздің болашағымыздың бақытты болуының белгісі шығар, – деп сұлу қыз Бөрімен жұптасып, бірге кетпек болады. Сонда үлкен әпкесі сіңлісінің сөзінен қатты шошынып: – Қарабет, ол не дегенің, сені ата-анамыз адамға қимағанда, өзіңді мақұлыққа қиып, сүйекке таңба салғалы тұрсың ба? – деп сіңлісінің Көк Бөрімен көңіл қоспақ ниетіне үзілді-кесілді қарсы болады. Бірақ сіңлісі әпкесін тыңдамайды. Ол Бөрімен көңіл қосып, одан ұл табады. Олардың тұқымдары тез өседі. Тіпті, тез өскені сонша, бірнеше жүздеген жылдардан соң олар үлкен мемлекетке айналады. Сондықтан да бұл елде ән айтқанда созып, Бөрінің ұлығаны сияқты орындағанды жақсы көреді.

Ғұндар тәңірқұты мен
үйсін ханзадасы

йсін мемлекетінің батыс шекарасы хун шекарасымен

қабысып жатқан. Жауынгер хундар үйсіндерге тарпа бас са-

лып, көршілерін жаулап алады. Халқын түгелдей, соның ішінде, көсемі мен оның әйелдерін де қырып тастайды. Тек үйсін көсемінің ұлы Кун-Мо ғана тірі қалады, ол әлі мүлдем жас сәби болатын. Хун қолбасшысы кішкентай ханзаданы өлтірткізбей, аяушылық жасайды, бірақ оны құтқарып та жатпады. Ол нәрестені шалғын шөпке тастап, тағдырдың еркіне қалдырады. Бала даланы басына көтеріп жылайды. Жылаған дауысты естіп, қарға ұшып келіп, піскен ет әкеліп береді. Бала оны жеп алады. Хун қолбасшысы мұны көріп, қатты таңырқайды. Әлгі ұл өзеннің жағасына дейін еңбектеп барып еді, ол жерден оны жақында күшіктеп, емшегін сүт кернеген қаншық қасқыр байқап қалады. Қасқыр жүгіріп келіп, бала тойынғанша емізеді. Хун қолбасшысы бұл сәбиді құдайлар желеп-жебейтінін, аң-құстар оны өлтірмей бағатынын түсініп, кішкентай ханзаданы өзімен бірге ала кетеді де, ұлындай тәрбиелейді. Бала ерен күшті әрі ержүрек жауынгер болып өседі. Алғашында хундар көсемі оны жүз жігітке басшы қылып қояды. Жас жігіт шайқастарда өзін батыл әрі тапқыр сарбаз һәм сардар ретінде танытады. Өзінің алғырлығының арқасында өзі құралпы жігіттердің арасынан дара шыққаны сонша, хундардың билеушісі оны, баяғы әкесі сияқты, үйсін жұртының патшасы етіп тағайындайды. Осылайша, құдайдың рақымы түскен ханзада Кун-Мо заңды түрде өз халқы – үйсіндердің патшасы болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун)
империясы Солтүстік және Оңтүстік
болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап
ол ыдырап, әлсірей берді, ақыры, құрып

тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон
мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол
енді Ұлы Түркі қағанаты деп аталды.
Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар,

оғыздар, қарахандар, қыпшақтар ХV
ғасырдың 1468 – 1470 жылдары Қазақ
хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта
өз мемлекеттерінің негізін қалады.

Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалық
одақтар қазақтардың ата-бабалары
болып табылады.
Ежелгі

түркілердің
мифтері

«Ергенекөн» қиссасы және
қаншық қасқыр ұрпақтары

ргенекөн (Ергенекүн, Эргене күн, Еркіне көн, Еркінді күн)

Көк түркілері дәуіріндегі аса құнды әдебиет ескерткіштері-

нің бірі болып табылатыны еш күмәнсіз. «Ергенекөн» сөзінің өзі жағрапиялық ұғым ретінде ХІІІ ғасырда, Шыңғыс хан билеген заманда пайдаланыла бастады. Монғол тілінен аударатын болсақ, «ергенек» – тік, құлама, қия, ал «көн» – жартас. Сонда бұл «тік жартас», «қия шың» болып шығады. Бұл қиссаның бірнеше нұсқалары белгілі. Мысалы, Орта Азияда кең таралған аңызда түркілер өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз («Ашинаның ұлдары») дейді. Ал монғолдар қисса мазмұнының өздеріне тек жанама ғана қатысы болғандықтан, «Ергенекөнді» тарихи негізі жоқ, жай аңыз деп есептейді.* Түркілермен араласып-құраласқанға дейін Шығыс Сібір мен Алтайда тұрған халықтар темірді пайдалануды білмеді. Ал, Көк түркілері темірді және басқа металдарды баяғының баяғы замандарынан бері қорытып келген. «Ергенекөн» қиссасының ескі мәтінінде нақ осы жайында айтылған. Өкінішке орай, қиссаның әуелгі, өлеңдік нұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізде оның тек қара сөзбен айтылған мазмұны ғана бар. *Бұл жайында 1245 – 1318 жылдарда өмір сүрген монғол тарихын зерттеуші, парсы ғалымы Рашид-ад-Диннің «Жамиғат-тауарихында» егжей-тегжейлі айтылған.

Ашина әулетінің шығуы
туралы аңыз

өк түркілері бір замандарда дербес әрі бейқам өмір сүріпті.

Осы қамсыздығынан олар жапа шегіпті.

Бұл былай болған дейді. Бірде қамсыз, жайма-шуақ жатқан халыққа дұшпан күтпеген жерден шабуыл жасап, кәрі-жас, әйелбала демей, қырып салады. Тек он жастағы баланы аяқ-қолын кесіп, мазақ етіп, ойран-топан болған жұртқа тірідей тастап кетеді... Бұл бала ақсүйек әулеттен, дұрысында ханзада болса керек. Әйтпесе, жаулар оны бірден өлтірер еді. Жаралы ұлды олар өлімге байлап, батпаққа тастайды. Бірақ Тәңір аяушылық етіп, оған қаншық қасқырды жібереді. Жақында ғана күшіктеген қаншықтың емшегі сыздап тұрған. Себебі, бөлтіріктерін аңшылар алып қойған болатын. Қасқыр баланың жарасын жалап жазып, дәрменсіз кемтарды сүтімен асырайды. Әлгі ұл өскен соң қаншық қасқырға үйленеді. Арада бірнеше жыл өтеді. Жаулар баяғыда өздері кемтар еткен ұлдың әлі күнге дейін тірі екенін біліп қалып, сол жерге қайта оралып, оны өлтіреді. Олар түркі әулетін түп-тұқиянымен құртуды көздеген залымдар еді. Бірақ бұл арада Тәңір тағы араласады. Қаншық қасқырға қанат бітіп, жігітті алып, биік таудың басына ұшып кетеді. Осы таудың ішінде бір тар шатқалдан өтіп, жанжағын құзар шыңдар қоршаған, қалың тоғайлы, өзен-сулы, аңқұсы өрген көкорайлы қойнауға тап болады. Қасқыр жігітті осы араға жерлейді. Көп уақыт өтпей осы жерде оның он ұлы дүниеге келеді. Ұлдары өсіп ержеткен соң көрші тайпалардың қыздарына үйленеді. Қасқырдан тараған ұрпақ көбейіп, бір рулы елге айналады. Ұлдардың ішінен Ашина (Ачина, Асена) дегені дараланып, кейін ру басшысы болып тағайындалады. Бірнеше ондаған жылдар өтіп, Ашинаның елі сол таулардың (Алтай) күнгейіне қоныстанады, темір және басқа металл өндірумен айналысады. Алтай таулары шыңдарының бірі алыстан қарағанда

дулығаға ұқсайды екен. Ал, дулыға көне түркі тілінде «түркі» («тірік») деген сөз. Сондықтан осы жерде өмір сүрген Ашинаның қол астындағы тайпа «түркі» атауын алады. Көк түркілері өз төңірегінде тұрып жатқан рулар мен тайпаларды түгел бағындырған. Күш пен құдірет жағынан олармен ешкім теңдесе алмаған. Ақыры, жаулары бұларды бірігіп құртуға бекінеді. Алайда бұл тайталаста да Көк түркілері жеңіп шығады. Ашық айқаста олардың бой бермейтінін көрген соң дұшпан әккі қулықпен айласын асырмақ болады. Әскерін мұқият дайындаған жау тұтқиылдан тарпа бас салып, найзамен түйреп, қылышпен кескілеп, шалдар мен сәби балаларға дейін қырып салады. Тірі қалғандарын тұтқынға алады. Бұл соғыста түркілердің елбасшысы Елхан (Бумын қаған) мен оның ұлдары қаза табады. Көк түркілерінің күні осымен батқандай еді. Алайда Елхан әулетінен жалғыз адам – Қайы аман қалады. Ол жиені Тоғызды ертіп, әйелдерін алып тұтқыннан қашуды ұйғарады. Содан бір түнде олар ойларын іске асырады. Ертеде бабалары – Көк түркілері мекен еткен туған жерге жетуге асығып, түнде ғана жүріп, күндіз жыныс орманда қуғыншылар көзінен тасаланады. Әйткенмен, ата жұртқа жетудің сәті түспейді. Бірақ олар пейіш бағына ұқсас өлкеге тап болады. Байқап қараса, адам аяғы баспаған жер екен. Молшылық, құт-береке осында көрінеді. Жайқалған шабындық, шұрайлы жайылым, мөлдіреп аққан су, тұнық бұлақ, айнала толған жеміс ағаштары, қаптаған аң-құс. Сонымен бұл жерді Ергенекөн деп атап, Тәңірге сыйынып, осында қоныстанып, қалып қояды. Көп айлар мен жылдар өтеді. Қайы мен Тоғыздың балалары, немерелері өсіп-өніп, қанат жаяды. Ергенекөн жері олардың ұрпақтарына тарлық ете бастайды. Сонда Қайының немере-шөберелері өздерінің Ергенекөннен бөлек Отаны, атамекені бар екенін еске алады, сөйтіп, сол жерді таппаққа бел байлайды. Бірақ олар Ергенекөн алабын қоршап жатқан биік таулардан шығатын асулы жолды білмейді. Олардың арасында бір дана темірші ұста болады. Қария: «Осы тауда темір кенін алатын бір жер бар. Егер темірді ерітсек, бұл

арадан шығар жолды тапқанымыз», – дейді. Сонда олар әлгі
жерге ағашты тау қылып үйіп, лаулатып от жағады. Отты жет-
піс өгіздің терісінен жасалған көрікпен үрлейді. Ақыры Тәңірдің
жәрдемімен темір тау балқып, сыртқа шығатын қақпа пайда бо-

лады. Сөйтіп, олар таулардың қоршауынан шығып, өз атамекені-
не жетеді.
Қайы ханның немересі Бөртешін дүниенің төрт тарабына ха-
баршылар жіберіп, түркілер өздерінің атамекеніне қайтсын деп

жар таратады. ...Сәуегейдің айтқаны келеді. Оларға төңіректегі
халық түгел бағынады. Түркілер бұрынғы қуаты мен дәулетіне
жетеді.
Көк түркілер тауды бұзып жол салып, атамекенге оралған күндер

мереке болды. Қағандар Ергенекөн мерекесі күндері темірді отқа
қыздырып, төске салып, алғашқы болып бірнеше рет соғады. Со-
дан соң темірді бекзада, байлар ұрады. Сөйтіп ұлан-асыр той-думан
басталып, олар жұмақ жерде дәурен кешкен, ата жұртқа оралған

күндерді естеріне алады.*
*Рашид-ад-Диннің мазмұндауымен жеткен «Ергенекөн» қиссасының
монғолдық нұсқасы бойынша.
«Ергенекөн» қиссасы ұл бала туралы аңызбен тығыз байланысты.

Онда да адамдар тығылатын үңгірлер, бақыт пен берекеге жол салып
өтетін тау шатқалдары ұшырасады. Әйткенмен, қаншық қасқырдың
ұрпақтары жайындағы аңыз бен «Ергенекөн» қиссасының астарын-
да қандай тарихи ақиқат сырлар жатыр?

Аттиланың жұмбақ өлімінен кейін оның жеті ұлы империяны
пат шалықтар мен ұлыстарға бөліп алып, әрқайсысы өз билігін
жүргізген. Еуропалық ғұндардың бір бөлігі жергілікті тұрғындар-
мен араласып, герман және славян халықтарының құрамына кір-

ген. Қалғандары баба жұрттарын іздеп, күншығысты бетке алады.
Межелі жерге қаншасы жетті, кім біледі... Аңызда айтылғандай,
дұшпан қолынан қырғынға ұшырап, іштерінен кемтар ұл ғана тірі
қалған халық – «Батыс өлкеден батысқа қарайғы Хунну үйіне»

қараған түркілер, яғни Аттила әскерінің бір бөлігі екен.*

Бірнеше ғасырлар бойы жартылай қытай, жартылай монғол – сәнбилер (сейинпи) ғұндардың қас жауы болған. Еуропа жорығынан өз жұртына оралған тайпаны көрген олар өздерінің көптігін пай да ланып, тарпа бас салған. Тұтас бір тайпаның қырғын табу күйзелісінің күштілігі сондай, бала мен қаншық қасқыр жайындағы осынау аңыз өмірге келген. Өйткені құрып кетуі мүмкін халықты тек желеп-жебеуші тотем** ғана қайта туғыза алар еді. Қаншық қасқыр – сақшы, отбасын күзететін, сақтайтын тотем. Дұрысында, бөрі Көк түркілерінің ғана емес, ғұндардың да тотемі болған. Оғыздар да өздерінің ата тегін бөріден таратады. Тарихи тұрғыдан алғанда, «Ергенекөн» «Ашинаның бес жүз түтіні» қайта өркен жайғаннан кейін Ұлы Түркі қағанатының негізін салу үшін түркілер жалғанның жарығына қайта шыққан кезеңдер жайында баяндайды. Бір кездерде темірді өндіруді ғана білетін Ашина түркілері жауларына алым-салықты темірмен төледі. Кейінірек, күшейген Көк түркілер шайқастарда аварларды, өздерін қан қақсатып келген жуань-жуань – сәнбилерді және басқа көп жауларды тас-талқан етеді. Бұның бәріне Ұлы Жібек жолының бекеттерінде тұрып, бейтараптықты сақтаған соғдылықтар куә болған. Монғолияда Бугута қаласындағы сынтастағы жазу нақ осы соғды тілінде бедерленген. Оның биігінен бөріні және бөрінің бауырынан аяқ-қолы шабылған сәби баланың кескінін көруге болады. Қорыта келгенде, халық жадында сақталған қаншық қасқыр мен кемтар бала жайындағы мифте алмағайып мезетте тұтас рудың қырыла жаздағаны айтылады. Алайда, Құдайдың құдіретімен, Тәңірдің ұлға қаншық қасқырды жіберуі арқасында әлгі ру қайта туып өркендейді. *Бұл жайында Н. Бичурин «Деректер жинағында...» (Бірінші том, 229-бет) жазған. **Тотем – бір елдің, рудың арғы тегі болып есптелетін жануар, өсімдік немесе құс.

Оғыз қаған жайлы миф

өне түркі әдебиетінің теңдессіз ескерткіші – «Оғыз-на-

ма» дастанының мазмұнына үңілейік. Кітаптағы мәтін-

нің басында бұқаның – Оғыздың суреті тұр. Баяндау ежелгі
түркілердің, дәлірек айтқанда, ежелгі түркі билеушісі – қағанның
ұлы туған бағзы замандардан басталады.
«Ежелгі түркі билеушісі – қағанның ұлы өмірге келді. Бала

қара көзі мен қара қасы қиылған сұлу болды, жалпы, елден ерек-
ше сипатта туылды. Нәресте айлап емес, күн санап өсті. Қырық күн
дегенде аптал азамат болып, барлық жігіттерді еркін басқарды.
Тамақ жегенде үлкен адамды жолда қалдырды, сөз сөйлегендегі

мәні ақсақал қарияны таңырқатты. Осы бір ерекше баланың атын
әкесі Оғыз деп қойыпты.
Оғыз Көкпен тілдесуді ұнататын. Бір күні оңашада Аспан
Құдайы Тәңірмен сырласып отырса, кенет әлем түрлі-түсті бояуға

малынып, Күннің нұры, Айдың арайы жерге шашылады. Сол кез-
де көктен ғажайып сұлу қыз түседі. Шашы тобығына жетеді. Жігіт
Оғыздар, байырғы түркі руларының одағы, бірінші мыңжылдық-
тың басынан бастап, негізінен, Сырдария өзенінің сағасында өмір

кешкен. Бұл жайында Орхон-Енисей жазуларында, атап айтқанда,
Күлтегін туралы поэмада мағлұматтар бар.
ІX – X ғасырларда оғыздар мемлекет құрып, астанасы Сырдарияда
болды. Бұл қала Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталды. 965 жылы

оғыздар Киев Русімен одақтасып, сонымен бір мезгілде бұл кез-
де кү шейіп алған Хазар қағанатымен соғысады. Бұл шайқаста
оғыздар жеңіп шығып, өз ықпалын Каспий теңізінің солтүстік-
шығыс жағалауына дейінгі аймаққа жүргізеді. Орыс князьдары-

мен бірге Еділ бұлғарлары на жорыққа аттанып, оларды Еділ мен
Кама өзендері аралығындағы шайқаста тас-талқан етеді.
XІ ғасырда қыпшақтардың қысымымен оғыздар артқа, өздерінің
бұрынғы шекараларына қарай шегінеді. Оғыздардың елеулі бөлігі

қыпшақ, қарлұқ, қаңлы руларымен және басқа түркі халықтарымен
араласып кеткен.

оны бір көргеннен ғашық болып қалады. Ару қыз Тәңірдің батырға тартқан сыйы болатын. Оғыз қызға ойланбастан үйленеді. Айы-күні жеткенде әйелі үш ұл табады. Тұңғышына Күн, ортаншысына Ай, кенжесіне Жұлдыз деп ат қояды. Оғыз аңға шығып жүреді. Бір күні ол ағаштың қуысынан ай мен күндей сұлуды көреді. Оғыз оған да ғашық болып қалады. Ақыры тілегіне жетіп, біраз уақыт өкен соң әлгі қыз оның екінші әйелі болады. Бұл әйелінен Көк, Тау және Теңіз есімді балалары дүниеге келеді. Күн өткен сайын Оғыздың даңқы жалпақ жаһанға жайыла береді. Шығыс қағаны – Алтын Оғыздың асқан даңқын естіп, керуенмен елшілерін аттандырады. Қыруар алтын-күміс, жақұт, інжу-маржан тарту етіп, құзырына бас иеді. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, Оғыздың көңіліне желік бітіп, көрші елдердің бәрін өзіне бағындыруға бел буады. Айтты – бітті. Қалың қолмен Оғыз жорыққа шығады. Қырық күн жол жүріп, Мұзтау деген таудың етегіне жетеді. Әдеттегі дағдысымен Оғыз екі қолын көкке жайып Тәңірге жалбарынады. Сол сәтінде оған аспаннан көк түкті, қою жолды бір арлан бөрі түседі. Бөрі тіл қатып: «Ей, Оғыз қаған, мен саған жол бастайын. Соңымнан ер!» – дейді. Бірнеше күннен кейін алдына көк бөріні салған Оғыз бен оның әскері Еділ дариясына жетеді. Сол арада Оғыздың әскері жаумен шайқасады. Сұрапыл соғыс болып, төңірек түгел қанға боялады. Алғашқы жеңіс қымбатқа түседі. Арлан бөрі тағы да алға шығып, шеріктерді бастай жөнеледі. Оғыз қаған үнсіз соңынан ереді. Бір күні олар Синд жеріне табан тигізеді. Мұнда да қырғын шайқас болып, жас көсем екінші жеңісін тойлайды. Синд жері бұған бағынып, бас иеді. Оғыз қағанның уәзірі – Ұлық Түркі деген ақ сақалды қарт бар еді. Сол кісі бір күні түс көреді. Түсіне, кемпірқосақ сияқты, күншығыстан күнбатысқа қарай иіле тартылған алтын садақ және қасында ұшы терістікке қарап жатқан үш күміс оқ кіреді. Уәзір көргенін Оғызға айтып береді. «Ей, Оғыз қағаным! Тәңірім саған кең байтақ ел, Ұлы мемлекет сыйлайды. Ештеңеден қорықпа, ештеңеден тартынба! Жер

бетінде саған бағынбайтын, сенің алдыңда басын имейтін мемлекет жоқ», – дейді. Оғыз қартты бар зейінімен тыңдайды. Ерте ме, кеш пе, Тәңір хабар жіберіп, не істеу керектігін айтатынын ол өзі де білетін. Ертеңіне балаларын шақырып алып: «Ей, ұлдарым! Қартайып, қайратым кеміген сияқты. Көзім бұлдырайды. Тізем дірілдейді. Жағым түсіп, кемиек болдым. Аң аулауды көңілім сүюші еді, бірақ ендігі кезек сендердікі. Күн, Ай, Жұлдыз, үшеуің күншығысқа барыңдар. Көк, Тау, Теңіз, үшеуің күнбатысқа барыңдар», – дейді. Күншығысқа аттанған Күн, Ай, Жұлдыз көп құс-аң аулайды. Қайтар жолда бір алтын садақ тауып алып, олжаны әкелеріне әкеліп береді. Оғыз қаған алтын садақты үш бөлікке тең бөліп сындырады да: «Ей, менің үлкен ұлдарым! Осы садақ сияқты, мықты және мерген болыңдар!» – дейді. Батысқа кеткен Көк, Тау, Теңіз де көп аң-құс аулайды. Қайтып келе жатып үш күміс оқ тауып алады. Бұған қуанған Оғыз қаған оқтарды үшеуіне бөліп беріп: «Ей, кенже ұлдарым! Бұл оқтар сендердікі болсын. Сендер де оқ сияқты кезеулі тұрыңдар!» – дейді. Сонан соң Оғыз қаған зор құрылтай шақырады. Жаулап алған жерлерін ұлдарына бөліп беріп, мынадай баталы сөздер айтады: «Ей, менің қайратты, қайсар ұлдарым! Мен көп өмір өткіздім, қиындығын да көрдім, жемісін де жедім. Көп шайқастарда жауларымды табаныма салдым. Айғыр мініп, бел астым. Жауларымды жылаттым, олар маған жау болғанына өкінді. Достарымды қуанттым, олар маған дос болғанына сүйінді. Бар ғаламды жаратушы, Тәңір борышын өтедім. Артымда көп ізгілікті іс қалдырдым. Енді жұртымды сендерге тапсырдым»*, – дейді. *«Оғыз-нама», болжам бойынша, VІ – ІX ғасырларда, бәлкім, одан да бұрынырақ пайда болған. Оғыз-нама – көне түркі фольклорының ғажайып туындысы, бүкіл түркі халықтарына ортақ әдебиет жәдігері, ежелгі түркінің ататек жайлы аңыздарының негізінде бағзы заман авторлары тудырған эпикалық және тарихи баян. «Оғыз-нама» – ежелгі түркі көркем әдебиетінің тарихи ахуалдарға тәуелсіз, дербес шығармасы.

Шыңғыс хан
Шыңғыс хан – көптеген түркі-монғол халықтарының мифо -
ло гиялық қаһарманы. Оның бейнесі ақиқат тарихи тұлғадан,
XІІ ға сырдағы қолбасшы, монғол империясының негізін қалау-

шыдан бастау алған. Шыңғыс ханның тегі Көктен жаратылған
делінеді. Өз заманында Шыңғыс ханға табынуды монғол им-
периясында жиһангердің немересі – Юань әулетінің негізін
салушы Құбылай заңдастырған. Мифологиялық Шыңғыс хан

ата-баба аруақтарын қастерлеу дәстүріне үйлестіріп енгізіл-
ген. Шыңғыс хан монғол дың ұлы хандары әулетінің ұлы баба-
сы деп жарияланған, оған «Сегіз ақ шатыр» деген атпен белгілі
ғибадатхана орнатылған.

Шыңғыс ханның жалпы құдіретінде оның туға айналған әске-
ри данышпандығының құдайы – сүлде ерекше орын алады.
Әсі ресе, Цаган сүлде – Ақ Ту және Қара сүлде – Қара ту
айрықша құрмет тұтылды. Шыңғыс ханның туларына арнап

ғибадатханалар
салынды,
құрбан
шалу

жорасы
ойласты-
рылды. Цаган сүлде мен Қара сүлде – Шыңғыс ханның нақ-
ты жақын серіктерінің ойдан шығарылған аттары деген

жора мал да бар. Шыңғыс ханның құдіретіне сай оның отба-
сы мүшелеріне: анасына, әйелдеріне, ұлдарына және басқа
туыстарына табыну орын алған.
Шыңғыс ханның бейнесі XVІ – XVІІІ ғасырларда ламаизмнің

таралуына байланысты өзгерістерге ұшырады. Аңыз бойынша,
Шыңғыс ханды қаһарлы құдай тағынан панчен-лама (будда
дінінде құдай дегенді білдіреді) түсіріп, оның құрметіне қан
шығарып құрбан шалуға тыйым салған. Шыңғыс ханның сүйегі

қойылған табытты бекітіп, кілттерін Тибетке алып кеткен.
Шыңғыс хан монғол буддизмінің желеп-жебеуші құдайлары-
ның қатарында болды. Бірқатар дұғаларда оған анттың ақ

әулиесі ретінде сыйынады. Ламашылдық дәстүр Шыңғыс
ханның ата тегін мифтік үнді патшасы Маха Самадиден тара-
тады.
Монғол тектес халықтардың мифтерінде Шыңғыс хан мәдени

қаһарман*, яғни кейбір үйлену тойларының салт-жораларын
белгілеуші, арақты, қымыз бен темекіні ойлап шығарушы,
ұсталық кәсіптің және т.с.с. қамқоршысы ретінде көрінеді.
Топонимикалық сюжеттер жер-су атауларының шығуын өмірде

болған Шыңғыс ханның харекет-қызметіне негіздеп түсіндіреді.
Мысалы, Алтын-өлгей – «алтын бесік» – оның дүниеге келген жері.
Тогон-Чулун – «тас қазан» және Санага – «ожау» шеріктерінің зат
ұмытып қалдырған жерлері. Деш тауы (төс) – Шыңғыс ханның

темір соққан жері. Бір аяғымен Чикой өзенінің оң жағасын,
екінші аяғымен сол жағасын басып тұрып, өзенге өзінің қаруын
суарған. Бірқатар мифтер Шыңғыс ханның ықтимал қабірі болуға
тиісті орынға арналған. Ол орын әдейі бұрылған өзен арнасын-

да, жалпымонғолдық қасиет-киеге баланатын Бурхан-Халдун
тауының үңгірінде.
*мәдени қаһарман – ежелгі мифтерді зерттеушілер қолданатын
арнайы термин. Олар адамдарға араша түсетін, жер жырту мен

тоқуға, садақ тарту мен балық аулауға үйрететін Еуропа, Азия,
Африка мен Австралия мифтеріндегі қисапсыз құдайлар мен жар-
тылай құдайларды осылай атайды. Мысалы, Прометей.

Тұлпар-пегас туралы миф

өшпелі халықтар байырғы замандардан бері өздерінің се-

німді һәм адал серіктері – аттарды киелі жануар деп есептеп,

оларды қисапсыз көп бейнелеген. Аттардың сурет-бейнелері
скиф-сақ дәуірлерінің алтын бұйымдарынан, жартастарға қашал-
ған көптеген таңба-бедерлерден табылып жатыр.
Көшпелілер тіршілігі Қамбар ата түлігімен тікелей байланысты

болғандықтан, жылқыға алуан түрлі мифологиялық және ертегі-
лік қасиеттерді дарыта отырып, оларды мифтердің, ертегілердің,
аңыздар мен батырлық жырлардың кейіпкерлеріне айналдырған.
Әлбетте, қанатты аттардың қиял-ғажайып бейнелері, сиқырлы

қанатты мақұлықтар жайлы наным-түсініктер өте ерте замандар-
да-ақ пайда болған.
Тұлпар туған Бурылдың
Қолтығында бар қанат...

«Қобыланды батыр»
Табиғатынан аңғал қазақтар арғымақтардың жауырынының
астына көзге көрінбейтін кішкентай қанаттар жасырынған
деп білген. Тұлпар туғанда, осы қанаттары зақымданбас үшін,

биенің қарынын жарып, құлынды суырып алған. Әлбетте, бие
жантәсілім етеді. Бірақ бұл – желден жүйрік, теңдессіз ұшқыр
арғымақтың садақасы. Тұлпарлар – болашақ қанатты аттар
(грек мифологиясында – пегастар) дәл осылай, даңқты батыр-

лар мен олардың аттары жайындағы жырларында суреттелген-
дей өмірге келуі тиіс еді.
Тұлпарларда қанаттың болуы олардың Жоғарғы Әлемге
қатыстылығын паш етеді. Жоғарғы Әлемнің өкілдері ретін-

де қанатты аттар көптеген сиқырлы қасиеттерге ие. Мысалы, ат
ертегінің басты қаһарманына құйрығының немесе жалының бір тал
қылын беріп, өзі көзден ғайып болады, дәл керек кезінде батыр осы
қылды тұтатып, оны әп-сәтте шақырып ала алады («Керқұла атты

Кендебай», «Делдаш батыр»). Олардың мұндай сиқырлы қасиеті

Самұрық құстың кереметімен салыстыруға келеді. Қаһарман оның қауырсын жүнінің бір талын тұтатса, құс жәрдемдесуге жан дәрмен болып ұшып жетеді. Әп-сәтте ғайып болу немесе әп-сәтте ғайыптан сап ете түсу қасиеті қанатты аттардың басқа әлемдерге де сапар шегуге қабілеттілігін танытады. Олар өзінің иесін аспанға самғатады, онымен бірге Жерасты әлеміне түседі, әртүрлі бәлелерден аманесен алып шығады. Жалпы, Жоғарғы Әлемнің жан иесі ретінде аттар адамға қызмет етеді, тек жақсылық жасайды. Әрдайым жәрдемдесіп, қиындықтан құтқарады, ақыл-кеңесін айтады. Өмірдегі сияқты, ертегідегі ат та әрқашан көшпелінің қасында, оған дәйім көмек жасауға әзір. Өзінің сиқырлы құдіретінің арқасында қанатты аттар басқа жануарларға айналып, кейіптерін де өзгерте алады. Көне эпостарда батыр мінетін тұлпар болашақ иесі ержеткенше, табында, жай жылқылардың арасында үсті-басын қотыр басып, көзге қораш жабы кейпінде жүреді. Бала есейіп, кәмелетке толған кезде қотыр тай да түлеп, шын келбетімен қунап шыға келеді. Қазақтарда батыр туғанда оның аты бірге туады деген ескілікті наным бар. Мифологиялық түсініктерге сенер болсақ, мұндай ат батырға Көктен, Жоғарғы Әлемнен ұшып келеді. Көшпелі халықтар үшін ат толарсақтан су кешіп, тілерсектен қан кешкен қанды жорықтарды, кескілескен шайқастарды бірге өткізген жан серігі болғандықтан, тәңіршілдік ғұрып бойынша, иесі өлген кезде арғымағын да қоса жерлеген. Адам мүрделерінің қасынан жылқы сүйектері табылған көптеген қорымдар осыны айғақтайды. Өмірге батырмен бірге келген ат о дүниеге де сол иесімен бірге аттануы керек. Қанатты аттың мифологиялық бейнесі қазақ ертегілерінде, ерлік жырларында, аңыздарында ғана емес, сонымен бірге Таңбалы тас жартастарында қашалған бедерлерден бастап замани туындыларға дейінгі бейнелеу өнерінде де кездеседі. Әр дәуірдегі түркілерде, Жетісуды мекендеген сақтарда, батыста өмір кешкен скифтерде қанатты тұлпарлардың алтын және

мыс суреттері мол ұшырасады. Мұның өзі осы халықтардың
мифологияларының ортақтығын, этникалық тамырларының бірлі-
гін дәйектейді.
Қанатты аттардың суреттері әр түрлі көркемдік мәнерде

жасалған әрі өздерінің қазақ фольклорындағы сипаттамаларына
толық сәйкес келеді.
Діни түсініктердің дамуына орай фольклордағы жануар-
лар бейнесі де біршама өзгерді. Көшпелі бәдеуилерде Мұхаммед

(с.ғ.с.) пайғамбар аспанға Алланың тағына Пырақ дейтін қанат-
ты тұлпарға мініп самғағаны туралы миф бар. Осынау аттың бас
жағы адам кейіпті, денесі жылқынікі, бірақ арқасында қанатта-
ры болған. Бұл – қанатты аттың түр-сипаты біршама өзгертілген

бейнесі, яғни өзімізге таныс кентавр, бірақ оның қанаттары бар
һәм мекен-тұрағы – аспан. Сондықтан, мұсылмандық нұсқасында
Пырақтың жауырындарының астынан қанат өскен, басы – адам-
дікі, денесі – аттікі.

Қазақ ертегілерінде Төменгі, яғни Жер асты әлемінде тұратын
аттар туралы да әңгімеленеді. Мысалы, «Жарты Төстік» ертегісін-
дегі Құла Шолақ деген қанатты ат Төменге әлемде тіршілік етеді.
Сол сияқты «Қанатты қара ат» ертегісіндегі қанатты аттың енесі де

Жер асты мақұлығы, яғни жеті қат жер астында тұратын тұлпар.
Сондай-ақ ертегілерде суда тіршілік ететін мақұлықтар: теңіз,
өзен немесе көл аттары да ұшырасады. Олар Төменгі әлемнің
өкілдері болып табылады.

Егер Жоғарғы әлемде мекен ететін жылқыларда құстардың
қасиеттері болса, Төменгі әлемнің жылқыларында жер асты
мекендеушілерінің қасиеттері болуы тиіс. Сондықтан олардың дене
тұрқы немесе құйрықтары жылан тәріздес. Осындай мақұлықтар

көне грек мифтерінде де кездеседі. Мысалы, теңіз патшасы, құдайы
Нептунға жылан денелі аттар қызмет етеді.
Сонымен, үш жұмбақ әлемде әртүрлі аттарды ұшыратамыз:
Жоғарғы әлемде – қанатты тұлпарлар, Ортаңғыда – өзімізге

үйреншікті, сақараның қолтума арғымақтары, Төменгіде – жерас-
ты патшалығының аттары.

Темір адам жайлы миф

өшпелілер темір кенін өте ерте замандарда өндіре баста-

ған. Бұл олардың дүниені түйсінуіне әсерін тигізді. Топырақ-

ты қопарыстырған кезде адам тікелей жерасты патшалығына
баса-көктеп кірді. Сол себептен де ежелгі металл өндірушілер мен
ұсталар Төменгі әлемнің жын-перілерімен тілдеседі деп есептел-
ген. Сібір түркілерінің нанымдары бо йынша Жерасты елдерінің

қожайыны Еркілік ханның өзі тұңғыш ұста болған. Тіпті, оның
ұлдарының аттары да металға қатысты қойылған: Темірхан, Шой-
ын Қара, Жалпақ Темір Жауырынды. Олардың үйлері мен сарайла-
ры, арбалары мен күймелері темірден соғылған.

Жерасты патшалығының билеушісі Темір ханның есімі қазақ-
тың мифологиялық ертегілерінде әлденеше рет кездеседі. «Ер
Төстік» ертегісінде жерасты патшалығының ханы Темір Ер Төстік
пен оның жолдастарын алдап-сулап қарсы алып, темір үйде

ұйықтауға жатқызады, содан соң үйді айналдыра лаулатып от
жағып, олардың көзін жоймақшы болады.
«Күн астындағы Күнікей қыз» және «Тотан батыр» ертегілерін-
де Күнікей сұлудың әкесінің аты да – Темір. Күнікейдің өзі жерас-

ты патшалығында тұрады.
Осындай кеңінен танымал кейіпкердің бірі – жер асты дәуі
Шойынқұлақ («Ер Төстік» ертегісі). Әртүрлі ертегілерде және
сақараның бақсы-тәуіптерінің сарнау жырларында Шойынқұлақ

қолдаушы жын ретінде шақырылады. Қазақ бақсылары мен ша-
мандары зікір салған кездерінде:
Сол-сол, сол-сол, сол жатыр,
Жағасында соның қол жатыр.

Сонша қолдың ішінде
Шойынқұлақ деген дәу жатыр, –
деп сарнайды.
«Ер Төстік» ертегісінде Шойынқұлақтың жаны оның темір дене-

сінен бөлек сақталатындығы айтылады. Жан – балапанда, балапан

– жұрт көзінен жасырын сандықта, сандық – қайқы қара еліктің

ішінде. Ежелгі түркілер адамдардың жанын құстарға, балапандарға
жасырып қоюға болады деп есептеген.
Алтай мифтеріндегі Шойын қара мен Шойынқұлақ – жалпы
түркі халықтарына ортақ мифологиялық бейнелер.

Алайда, олардың ішіндегі ең үрейлі, жеккөрініштілері – металл
өндіруге және өңдеуге байланысты жындар – жезтырнақтар. Қазақ
ертегілерінде олар, әдетте, әйел болып келеді. Еркек жыныстыла-
ры тек бірен-саран ертегілерде ғана бой көрсетеді. Жезтырнақтар

өздерінің өткір металл тырнақтарын қару етіп жұмсайды. Кейде
осы тырнақтарымен кісінің қарнын жарып, денесін паршалап,
өлтіріп те тастайды.
Жезтырнақтар – адам жегіштер, сондықтан, оларды адамды

тұтасымен жұтып жіберетін мақұлық, яғни жалмауыз деп атайды
(«Мерген және оның ұлы» ертегісі). Кейде олардың қақ маңдайында
жалғыз көздері болады («Аламан мен Жоламан», «Жайық пен
Еділ» ертегілері). Жезтырнақтардың киімдері басынан аяғына де-

йін теңгелермен, моншақтармен, алтын және күміс түймелермен,
жапсырма-ілгектермен әшекейленеді. Металл әшекейлер шашта-
рына қоса өріледі. Олар жүргенде осының бәрі сыңғырлап, тіпті
қаңғырлап кетеді. («Боран есімді батыр», «Шора батыр» және басқа

ертегілер).
Адамдар сияқты, әйел жезтырнақтардың әкелері, күйеулері
болады. Олар бала тауып, ұрпақ өрбітеді. Еркек жезтырнақтардың
кейбіреулері жалғыз көзді немесе көздері төбелерінде болуы

мүмкін («Құйттай ұлдың саяхаты», «Шора батыр» ертегілері).
Кейбіреулерінің жеті басы болады («Батыр мен бала» ертегісі).
Жезтырнақ, жалмауыз, дәу, дию, Төбе көз – осы мифтік және
ертегілік кейіпкерлердің барлығы аттары әртүрлі болғанымен, те-

мір ғасырда туындаған бір ғана жын-пері, жауыздарды бейнелейді.
Жезтырнақтар мен алып дәулер, әдетте, апандар мен үңгірлерде,
яғни жерасты патшалығында тұрады. Қыздарды ұрлап әкетіп, жер
астында күңдікке салады. Үңгірлерде олардың қисапсыз қазына-

байлықтары жасырылған.

Ертегілерде батырлар, құралайды көзге атқан мергендер жезтырнақтармен және жалғыз көзді дәулермен жекпе-жекке шығып, оларды садақпен, мылтықпен атып өлтіреді, дуалы семсермен жайратады («Мамай батырдың арманы», «Батыр мен бала»). Дәу (дию) – бағзы замандардағы түркі, иран, араб мифтерінде кең таралған ертегілік кейіпкер. Дәулердің бастарында мүйіз өседі. Сондай-ақ олар түр-түсімен де ерекшеленеді: соған қарай Қара дәу, Қызыл дәу, Ақ дәу болып бөлінеді. Әдетте, әйел-дәулердің бойлары еркектеріне қарағанда аласарақ келеді. Осынау мифтік мақұлықтардың кейбірінің құйрықтары болады. Көне түркілік мифтік мақұлықтарға біресе тырнақ, біресе азу, біресе құйрық пен мүйіз, тұяқ жалғап, денелеріне жүн қаптатып, еуропалық сипаттарға жақындаймыз. Мифтік мақұлықтардың барлығының сурет, кескіндері жартастарда бағзы адамдар мен жануарлардың сұлбаларымен қатар тұрады. Кейінірек ислам мифологиясынан қазақ фольклорына құты мен құмырадан, шамнан шыққан жын келді. Дәулердің (жезтырнақтардың) және сол сияқтылардың қасиеттерін түгел бойына жиған бұл мифтік бейне зәрдәштан (зороастра) тамыр тартады. Өйткені, ол өлгендерді отқа өртеу жорасымен байланысты. Өртегеннен кейін қалған күлді құмыраға салып, оны мықтап тығындап тастаған. Аузын ашса, жын сыртқа шығып кетеді деп сенген. Бір қызық нәрсе, ежелгі түркілердің тас бедерлерінде дәулер өгіздермен бірге бейнеленген. Бұл тосын жағдай, себебі, жер асты және жер үсті әлемдерінің өкілдері қатар тұруға тиіс емес. Айталық, көне үнді мифологиясында зұлым сайтан Махиша өлген бұқаның денесінен шығып жатқан түрінде бейнеленген. Монғол мифтерінде өлілер патшасы Яманың икондарда қара бұқаға мініп келе жатқаны кескінделген. (Осынау зұлымдық сайтандары мен патшаларының өз мойындарына адамның бас сүйектерінен алқа тағатын әдеттері бар. Оларға қарағанда жезтырнақтардың мойындарына тек металл заттар мен моншақтардан жасалған алқа таққан, аяқ-қолдарында жүзік, білезіктер болған).

Ежелгі алтайлық мифтерде жер асты әлемінің әміршісі Еркілік
те қара өгізге мініп жүретіні суреттелген.
Осылардың бәріне өгіз не үшін керек болған? Рәміз белгілерінде
мүйізді, құйрықты, тұяқты пайдалану үшін бе?

Дұрысында, өгіздер металл тасуға неғұрлым қолайлы көлік
екені сөзсіз. Өгіз жегілген арбалармен ежелгі түркілер темір ке-
нін балқыту пештеріне, ал одан дайын темірді – ұсталар мен басқа
қолөнершілердің шеберханаларына тасыған. Жылқылардың дәл

осылардай темір тасуға шамасы жетпегендіктен, өгіздер темір
және басқа металдарға байланысты мифтер мен ертегілердің бас-
ты кейіпкерлеріне айналды.
Орыс ертегілеріндегі Кощейдің қиял-ғажайып бейнесі өзінің

қасиеті жағынан жезтырнақтарға жақын. Ол жұрттан аулақ,
шалғай түкпірде тұрады. Кощей адамдарға жамандық жасай-
ды, жас сұлу қыздарды ұрлап, оларды қапаста ұстайды. Оның
жаны өзінен алыста, емен басындағы сандықта сақталған.

Сол сандықтың ішінде – үйрек, үйректің ішінде – жұмыртқа,
жұмыртқаның ішінде – ине бар. Егер осы инені сындырса, ажал-
сыз Кощей өледі. Қазақ ертегілеріндегі жезтырнақтар, дию-
дәулер және басқа, түрлі жын-шайтандар осындай қасиетке ие.

Кощей – жер астындағы байлықтың қожасы. Оның ажал-
сыз атануының өзі жанының денесінен бөлек тұруымен және
оны табудың қиындығымен байланысты. Кощей бейнесі көне
түркі ертегілері мен мифтерінен славян ертегілеріне тым әріде,

бағзыда ауысқан тәрізді. Мұның ешкімге ұқсамайтын, өз алдына
жеке кейіпкер емес, кірме бейне екендігін қазақ мифтері мен ер-
тегілерінде осы аттас жер асты мақұлықтары ұшырасатындығы
да айқындай түседі. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінде жерасты

әлемінің ханы Темірмен қатар Кеще ханның аты аталады. Ал-
тай халықтарының мифтерінде Кочо ханның есімі кездеседі.
Орыс ертегілеріндегі Кощей де патша, оның да сарайы темір-
ден соғылған. Кощей бейнесінің сыртқы және ішкі белгілері көп

жағдайда оның жерасты патшалығы туралы, Төменгі әлем туралы
көне түркі ертегілерінің кейіпкері бола алатындығын паш етеді.

Қазақ мифологиясы
мен сайтан-намасы
Ғұн дінінде Көктің, Күн мен Айдың
ғарыштың құдіретіне табыну, жын-

перілерге, аруақтарға сыйыну және
т.с.с. бір-біріне кедергі жасамай, қайшы
келмей, қатар өмір сүрген. Ғұндардың
жорамалдауынша, ғарыш құдайы Тәңірдің

ғаламат үлкендігі соншалық, олар жын-
перілер мен аруақтарды байқамайды.
Өз кезегінде, жын-перілер мен аруақтар
дүние жаратылысына жанаспай, өз

шаруаларын тындыра береді.

Жер мен көктің, судың
жаратылуы

онау-сонау, соны меңіреу заманда, Жер мен Көк жарал-

май тұрғанда, барша ғалам тұтас қара түнек, шетсіз-шексіз

кең, түпсіз терең лай су бейнесінде болған. Ол кезде Көк те,
Жер де, Ай да, Күн де болмаған. Ұшан-теңіз су, гүрілдей сарқыра-
ған өзен, ұшы қиырсыз от, толассыз соққан жел, шегіне көз жет-
пейтін жер – барлығы астан-кестен, мидай араласып, сапырылы-

сып қайнап жатқан бір дария еді. «Жасаған»* осы аласапыранды
реттеп, суды тұндырып, мидай былыққан әлемді қара түнектен
айықтырып, тәртіпке келтіріп Жер мен Көкті жаратты.
Жасағанның құдіреттілігі, ұлылығы, жасампаз шеберлігі осы-

дан байқалады.
Ғаламдық жұмыртқа және
адамның жаратылуы хақында

онау-сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы, аңғырт тұ-

йық алаңда, ертеден де ертеде, астан-кестен аунаған лай

теңіздің ішінде жұмыртқадай жұмыр малта тас жүзіп келе
жатыпты. Жалғыз жаратушы Жасаған бұл тасқа бар ынтасымен,
мейірімімен таңырқай қарапты. Қолына алып байқаса, оң беті от-
тай қызыл, астар беті судай мөлдір, таңғажайып тамаша тас екен.

Жасаған өзінің шебер қолымен малта тасты қоспасынан
(қосылған жерінен) қақ жарыпты. Сол сәтте екіге айырылған
жұмыртқадай жұмыр тастың тең жартысы отқа, тең жартысы суға
айналыпты да, от пен су қайта қосылып, буырқана қайнапты. Одан

көтерілген будан Көк Аспан пайда болыпты, ал тандыр сияқты
қатты қабыршағынан Қара Жер жаралыпты.
*Жасаған – Құдай, Алла, жаратушы.

Ең алғашында, Жер де, Көк те тым кішкене – әуе айнадай, жер тебінгідей* ғана болған екен. Осыдан соң Жер мен Көк бірте-бірте өсіп, үлкейе бастапты. Өскен сайын Көк Аспанның көлемі ұлғайып, жоғарыға көтеріле беріпті де, Қара Жер қатайып, қалыңдап, салмағы ауырлап, төмендей беріпті. Мұны көрген жаратушы Жасаған Қара Жерді киелі көк өгіздің арқасына қондырыпты. Алайда, Қара Жер өгіздің үстіне орнықпай, бір жағына қарай ауа береді. Сонда оны орнықтыру үшін Жасаған жалпақ жердің әр өңіріне ұлылы-кішілі тауларды тұрғызып, салмағын теңгеріп, ауып құламайтындай еткен екен. Жер мен Көк жаралғаннан кейін де қараңғы қара қапас айыға қоймаған. Жасаған ие Жер мен Көкті өз қолымен аялап, әлпештеп, жылы мерейімен есіркеп, жарық нұрымен жарылқап, олардың арасынан екі асыл перзент – Күн (ұл) мен Ай (ару) – екі жарықты туғызыпты. Сөйтіп, Күн мен Ай алма-кезек айналып, бірінің артынан бірі жүріп отырып, әлемдегі қара түнекті түре қуыпты. Олар Жер-Көкті жылуы мен жарығына бөлеп, қақаған аяз бен қараңғы түнекті айдап отыратын болыпты. Алайда Аспан әлі де аласа еді, Қара Жер қаңырап, қу тақыр қалпында жатқан-ды. Шебер жаратушы Жасаған Көк еңсесін биіктетіп, құлазыған Жерге тіршілік көркін енгізу үшін, ең алдымен, жалғыз ағаш – «Киелі Бәйтеректі» жаратыпты. Бұл ағаш әуелеп өсіп, көк күмбезінің түңлігін көтеріпті. Өмірдің өркені алғаш рет осы Бәйтеректе жапырақ жарып, мәуелепті. Құдіретті Жасаған енді Жердің иесін жаратпақ болыпты. Ол үшін Жердің кіндігінен бір уыс топырақ алады да, бір еркек пен бір әйелдің мүсінін жасапты. Оларды күнге кептіріп, ауыздарына дем үрлеп жан енгізіпті. Бұлар – адамзаттың алғашқы ата-аналары – Адам ата мен Хауа ана екен. *Тебінгідей – тебінгі сияқты кішкентай, алақандай.

Кейін Адам ата мен Хауа ана үйленіп, егіз-егізден (бір ұл, бір
қыз) жиырма бес құрсақ көтеріпті. Осы балалар жиырма бес рулы
елге айналып, жер жүзіне жайылыпты.
Құдіреті күшті Жасаған ие балшықтан илеп адамның мүсінін

жасағанда, оның кіндігінен ойып алынған бір шөкім балшықтан
итті жаратқан екен. Иттің үнемі адамнан айырылмай, серік
болып жүретіні, қайда барса да иесінің мал-мүлкін қоритыны
сондықтан дейді.

Жануарларды, құстарды
және басқа жан иелерін
жарату

аратушы Көк пен Жерді, Адамзат пен Итті жаратқанда,

аң, құс біткендердің, яғни барлық тірі жан иелерінің де

алғашқы ата-аналары пайда болған екен. Жасағанның жар болып, қолдап-қорғауымен бұлардың бәрі өсіп-өніп, өмір тіршілігін жалғастырып, ұрпақтарын өрбітіпті. Жер мен Көктің арасынан Ай мен Күн туылып, әлемді қара түнектен құтқарса да, қараңғылық біржола айығып кетпепті. Сөйтіп бір тәуліктің жартысы күндіз, жартысы түнге, бір айдың он бесі жарық, он бесі қараңғыға айналып, алма-кезек ауысып отыратын болыпты. Қараңғылық орнаған кезде тіршіліктің жаулары, тірі жан иелеріне қырсығын тигізетін қаскөй құбыжықтар қаптап, өніпті. Олар қара түнді жамылып, түрлі кесір, кесапат, ауру, ажал төндіріпті, жарық түсіп, таң атқанша маза бермепті. Ізгі иелер мен киелер* тіршілікті қорғап, зиянкес құбыжықтарды бірде жеңіп, бірде жеңіліп, шайқасқа түсіпті. Сөйтіп, Қараңғы мен Жарық, Жақсылық пен Жамандық, Ізгілік пен Жауыздық, Өмір мен Өлім арасындағы жаугершілік заманнан заманға созыла беріпті. *Кие – бірдеңенің пірі, иесі.

Жасаған Ай мен Күнді, Жарық пен Жылуды, Көк пен Жерді
жаратып жарылқады. Бірақ жарық нұрдан қорқатын ұсақ-түйек
құбыжықтар қараңғыда қағынып, адамзат пен жан-жануарларға
ажал апатын төндіруге ұмтылады екен. Бұны біліп, қатты қаһарлан-

ған Жасаған оларды жазалау үшін Ажағай киесін аттандырады.
Ажағай киесінің – Жазайылдың садағы тартылғанда күн күркіреп,
оның оғы жасын болып жарқылдап, жауларын жайратады екен.
Адам һәм оның ғұмыры

үниені, Көк пен Жерді және жер бетін жайлаған барлық

жан иелерін жаратып болған соң, құдіреті күшті жаратушы

Жасаған адамды һәм жан-жануарларды әрқайсысына тиесілі
қадір-қасиет пен мөлшерлі ғұмыр бөліп беруге өзіне шақырыпты.
Ең бірінші болып келіп жеткен Адам екен. Оған Жасаған:

– Сен, Адам, Жаратушының өкілісің, сен барлық тіршілік

иелерінің патшасысың, сен олардан артық тұрасың, сол үшін
саған сөйлеуге тіл, ойлауға ақыл берілді, барша мақлұқаттар се-
нен төмен тұрады, сондықтан оларға өз үкіміңді жүргізерсің,
тағдырларын шешерсің, сондай-ақ қырдағы шөп һәм ағаштардың

бәрі саған бағынады, өзің жер үстінде отыз жыл ғұмыр сүрерсің, –
деп айтыпты.
Сонда Адам өзіне аз ғана ғұмыр кесілгеніне разы болмай,
Жасағанның алдынан арырақ кетіп, ішінен: «Егер мен дүниенің

патшасы болсам һәм маған барша қасиеттер тиесілі болса, отыз
жыл ғұмыр сүргеннің не пайдасы бар?» – деп ойланыпты.
Ол көбірек ғұмыр сүруге бұйырылған жануарларға қызығып,
қарап тұрыпты.

Адамнан кейін екінші болып Есектің кезегі келгенде, бар дүние
мен әлемді Жаратушы оған:

– Сен адамның айтқанына көніп, айдағанына жүретін боласың.

Онымен қоймай еңбегің үшін жаза көріп, мехнат шегерсің, таяқтан
қажырсың, жейтін тамағың дәмсіз, құрғақ шөп болар. Саған елу
жыл ғұмыр беріледі, – дейді.

Мынадай үкімді ести сала, Есек Жасағанның аяғына жығылып,
басын жерге ұрып:

– Егер маған дүниеде сондай азаппен өмір сүру жазылса, сонша-

ма жас не үшін керек? Ғұмырымды жиырма жылдай азайтсаңыз
тәуір болар еді, – деп жалыныпты.
Сол уақытта Адам жақындап:

– Есектің жиырма жылын маған қосуыңызды сұраймын, –

деп арыз қылыпты. Бұл өтінішіне ол Жаратушының разылығын
алыпты.
Сонан соң иттің кезегі келіп, оған Жасаған:

– Сенің міндетің – шынжырлаулы тұрып адамның үйін күзету

һәм нәрселерге қарауыл болу. Кеміретінің сүйек-саяқ болар,
ғұмырың қырық жыл деп кесілді, – депті.
Ит сонда қайғырып:

– Егер маған сондай қорлықпен өмір сүру бұйырылған болса,

адамның үйін һәм уақ-түйек нәрселерін күзетіп, қарауылдаумен
ғұмырымды өткізсем, сүйек кемірсем, оның несі өмір? Жасым-
ды жиырма жылдай азайтсаңыз жақсы болар еді, – деп арыз
қылыпты.

Мұны естіп тұрған Адам қайтадан келіп, иттің алмай тұрған жи-
ырма жасын өзіне қосқызыпты.
Ең соңында бар әлемнің құдіретті Жаратушысының алдына
маймыл келіпті.

Оған:

– Сенің адамға тек сыртқы сипатың ұқсар, алайда мінезің бала

сияқты болар, беліңді бүкірейтіп жүрерсің, балалардың ермегіне,
мазағына айналарсың һәм үлкен кісілер қылжақ етіп, дүниеде ал-
пыс жыл жүрерсің, – деген үкім айтылыпты.
Өзіне айтылған үкімді естіп шошынған Маймыл сорлы құдіретті

Жаратушының алдына тізерлеп отыра кетіп:

– Адамға тек сыртқы пошымым ғана ұқсайтын болса, һәм кім

көрінгеннің ермегі болсам, мұндай өмірден не көремін? Ғұмырымды
отыз жылдай қысқартсаңыз, тәуір болар еді, – деп арыз айтып, жа-
лынып-жалбарыныпты.

Мұны естіп тұрған адам тағы келіп, маймылдың отыз жасын
сұрапты.
Бұл жолы да Адамның өтініші қабыл алыныпты.
Барша мақұлықтар бет-бетіне тарап, әрқайсысы өз жөнімен

кетеді.
Адам өзіне берілген әуелгі отыз жылдың ішінде қылшылдаған
жас жігіт болып еш уайымсыз, бақытты дәурен сүріпті. Отыздан
асып, елуге жеткенше ауыр жұмыстарда жүріп, көп қиындық

көріпті. Бұл баяғы есектен алған жиырма жыл екен. Елуден
асқан соң, жетпіс жасқа шейін ана-мынаны аңдып, үйінің
маңын торыпты. Кім болса соған айғайлап, мазасыз күй ке-
шіпті. Адамның бұл кезеңі – иттен алған жылдары. Жетпістен

асқан соң ажарынан, ақылынан айрылып, бала мінезді болып-
ты, белі бүкірейіп, қолына таяқ алыпты, балалар һәм әркім оны
ермек, ойын қылыпты. Бұл өз еркімен маймылдан алған жыл-
дары екен.

Міне, құдіретті Жасаған Адамның ғұмырын кезеңдерге осылай
бөлген екен.

Жаналғыш Әзірейіл*

рте кезде адам жанын алатын жаналғыш Әзірейіл көзге

көрініп келіп, жан алады екен.

Бірде байдың баласы жолда келе жатса, алдынан қолында аса
таяғы бар ақсақалды қария қарсы ұшырасады.
Бала сәлем беріп, жөн сұрайды:

– Ата, кім боласыз? Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл

деуші еді әкем. Жөн сұрасқанның айыбы жоқ шығар, – дейді.
Қария:

– Қалқам-ау, қайтесің менің кім екенімді, сен білмей-ақ қой,

мен айтпай-ақ қояйын. Сенің білмегенің өзіңе жақсы болады, – де-
ген екен.
Сонда әлгі бала жанын қоймай сұрай берген соң амалсыздан
қария:

– Е-е, қалқам-ай, болмадың ғой, ендеше айтайын, мен – ажал

әкелуші Әзірейілмін, адамдардың ғұмыры мен жанын аламын, –
депті де, бұрылып жөніне жөнеле беріпті.
Жанның көшуі

ух адамның тәнін ол өлерден қырық күн бұрын тастайды.

Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтерек-

тің бұтағына, адамның аты жазылған жерге қонады. Жан адам өлгеннен кейін оның тәнінен шығып, алғашында шыбынға айналады да, үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін ғана үйді біржола тастайды. Сөйтіп бәйтеректің ұшар басындағы бір бұтаққа барып отырады. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жан жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда, әйелдің құрсағына қонады. Сөйтіп, жаңа өмір, жаңа тіршілік иесі пайда болады. Жануарлар да, өсімдіктер де дәл осылай өмірге қайта келеді ... *Әзірейіл – қазақ аңыз-әңгімелерінде кездесетін жан алғыш періште.

Бала бастапқыда қатты қорқып, сасқалақтап қалады. Біраздан кейін өз-өзіне келіп: – Қой, не болса да жөнін білдім ғой, енді менің жанымды қашан алатынын сұрап алайын, – деген шешімге бел буады. Ол қарияны қуып жетіп, қайта тоқтатады да, осы сұрағын қояды. – Әй, қарағым-ай, сенің жаныңды алу маған қиынырақ соғып тұр. Әкең саған ақыл десе, ақылы, көрік десе, көркі бар бір қызға құда түскен екен. Сол қызды алып, отыз күн ойын, қырық күн тойың өткеннен кейін, қалыңдығың екеуің оң жаққа жатқан түні, таң алдында келіп жаныңды аламын, – деп жүріп кетіпті. Сонымен, баланың көңілі қатты бұзылып, елге қайтады. Алайда бұл кездесу жайында ол ешкімге ештеңе деп тіс жармайды. Сары уайымға салынып, күннен күнге солып, жүдей бастайды. Не керек, күндердің күнінде әкесі айттырған қалыңдығын алып беріп, дүрілдетіп отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізеді. Бірде қалыңдығы күйеуінің жүдеп жүргенін байқап: – Саған не болды, бір жерің ауыра ма, әлде, мені ұнайтпайсың ба? – деп сұрайды. Сонда күйеуі құпиясын онан әрі ішінде сақтай алмай, жұбайына бір кездегі қарияның айтқанын баяндай келіп: – Қош бол, бүгін таң алдында менің жанымды алады, – дейді қатты қайғылана. Күйеуінің жағдайын түсінген келіншек таза ниетпен ақ жамылып, Құдайдан тілеу тілеп, көз ілмей таңды атырады. Сол кезде аса таяғын асынып, есіктен Жаналғыш та кіріп келеді. Қыз оның аяғына жығылып, жалына бастайды. – Екі жасты айырғанның обалы бар, екі жасты қосқанның сауабы бар деуші еді ғой. Уа, құдіретті, мейірімді Тәңірім, бізді айыра көрме, аяй көр, – деп жылап, зар еңірейді. Сонда Жаналғыш Әзірейіл жаңа қосылған екі жасты аяп, райынан қайтыпты.

– Тәңірдің рақымы жауды сендерге, бақытты болыңдар,

қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, – деп өз батасын беріпті.
… Міне, содан бері Құдіретті Жаратушы ие Әзірейілге өзінің
пендесінің жанын көрінбей келіп алуға әмір беріпті.
Дұмрұл батыр мен

жаналғыш періште

аяғыда Дұмрұл есімді батыр өмір сүріпті. Ол алып күштің

иесі болыпты. Сол күшінің арқасында Тіпті Әзірейілдің өзі-

не қарсы тұрыпты.
Бірде Дұмрұл батыр көпір арқылы өзеннен өтіп, сол төңіректе
отырған бір ауылға кез болады. Ауыл ішіне кірсе, ел, сірә, аяулы
азаматынан айырылған болу керек, күңіреніп жылап жатыр екен.

Сонда батыр:

– Неге жылайсыздар, азаматтарыңды кім өлтірді? – деп сұрайды.

Ауыл тұрғындары:

– Оның жанын Алдашы деген жаналғыш қызыл қанат періште

алып кетті, – дейді.
Дұмрұл батыр әлгі азаматтың жанын арашалап алып қалу үшін
Әзірейілмен, Алдашының өзімен шайқаса кетеді.
Сол кезде Алдашы:

– Сен оның жанын қайтарып аламын десең, орнына басқа бір

жан тауып әкел, – дейді.
Мұны естіп, батыр жігіттің әке-шешесіне жағдайды түсіндіреді.
Алайда олар қартайып отырса да, баласы үшін жанын бергісі кел-
мейді. Сонда:

– Күйеуімнен қалып көрер күнімнің қызығы жоқ, Құдай қосқан

жарымнан жаным артық емес. Менің жанымды алсын, – дейді оның
келіншегі.
Келіншектің жүректен шыққан сөздеріне разы-хош болған
Алдашы жігіттің әке-шешесінің жанын алады да, келіншек пен

күйеуіне жүз қырық жастан өмір береді.

Алдашы мен Бабай Түкті
Шашты Әзиз

ұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені

мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты.

Оның бар медеуі, көз қуанышы әкесінен жастай айырылып,
жетім қалған жалғыз ұлы екен. Ұлы енді ержетіп, ес жиып, ел
қатарына қосылды ма дей бергенінде, аяқ астынан Алдашы жетіп
келіп, қанды қармағын сол кемпірдің жалғыз баласының жанына

салыпты.
Жан ұшырған кемпір жылап-еңіреп Бабай Түкті Шашты Әзиз
әулиеге келіп:

– Әлгі қарғыс атқыр Алдашы деген жалғыз баламның жанын

шырылдатып әкетіп барады, қолдар болсаң, енді қолда, ара түсіп,
жалғызымның жанын алып қал, айналайын бабам! – деп аяғын
құшып жалыныпты.
Бабай Түкті Шашты Әзиз желден жүйрік арғымағына міне са-

лып, Алдашының соңынан шаба жөнеліпті. Көзді ашып-жұмғанша
қуып жетіп:

– Сен мына сорлы кемпірдің жалғыз баласының жанын неге

аласың? Тастап кет! – деп айқайлапты.
Алдашы оған ажырая қарап:

– Мен оның жанын Жасағанның жазмыш-жарлығы бойынша

алдым. Сондықтан ажалға ара түсуге кім-кімнің де қақысы жоқ, –
деп жүре беріпті.
Ашу қысқан Бабай Түкті Шашты Әзиз қатыгез жаналғышты
шапалақпен бетке тартып жіберіпті. Қатты тиген соққыдан Алда-

шы теңселіп тәлтіректегенде, оның қолынан бұлқынып шыққан
баланың жаны қайта ұшып барып, өзінің бойына еніпті.
Алдашы сол қашқаннан қашып отырып, құдіретті Құдайдың
алдына барыпты.

– Жер бетінде Бабай Түкті Шашты Әзиз деген бір тентек бар

екен, құдіретті Құдайға, Сіздің әміріңізге қарсы келіп, ажалға
ара түсті, ал маған, Сіздің құлыңызға қол тигізді, – деп арыз
етіпті. Құдай оған:

– Сен оның адамдардың әулиесі екенін білмеуші ме едің? Ол не

істеймін десе, еркі өзінде. Оның тілін алмаған өз обалың өзіңе! –
депті.
Құдай аққа жақтығын, әділдігін осылай дәлелдеді.
Ал Алдашы болса, Шашты Әзиздің шапалағы қатты тигені

соншалық, содан бері көзі шапыраш болып қалған екен.

ындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифо-

логиялық мақұлықтардың пайда болуы туралы мынадай

әңгімелер айтылады.
Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жара-
тылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам
ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына

көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам
ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Бел-
гілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған
екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес,

дию, жын, пері болып шығады... Албасты, жын-шайтанның әйелге
үйір келетіні де осыдан дейді.
Жын, шайтанның
пайда болуы

Аруақтар

дам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың

қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігін-

дегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп-жебеушісіне
айналады. Әдетте, аруақ деп о дүниеге ертерек кеткен туыс, баба-
ларды айтады. Неғұрлым қасиет тұтылатын аруақтар – атақты
адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары.

Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп
есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады.
Аруақтар аспанға жақынырақ биік тауларды, Хан Тәңірінің
шыңын мекендейді. Олардың мазасын ала беруге болмайды, аруақ

атады дейді. Өте мұқтаж, сирек жағдайда ғана аруаққа жүгіну
керек. Аруақтарды, яғни ата-бабалардың ұшып жүрген жанда-
рын зікір салып, сарнап, сыйыну арқылы тек бақсы, тәуіптер
ғана шақыра алады. Елдің айтуынша, олар ақбоз атқа салт мі-

ніп, алтынмен апталған ақ киім киіп, қалаулы адамдарына ғана
көрінеді екен. Аруақтарды арнайы дайындығы бар адамдар ғана
көре алады.
Баяғыда бір адамның аруағы өте күшті болыпты. Ол кейде

өзінің ұлына: «Сені періштенің немесе Құдайдың, шайтанның не-
месе перінің қызына да үйлендіруге шамам жетеді ... » – деп айтып
отырады екен.
Біраз жылдан соң жігіт жасына жеткен әлгі бала шеңбер сыз-

са, сол шеңберде ару қыз пайда болады. Ол соған үйленіп, кәдімгі
әйелдей тұра бастайды. Содан бір уақыттарда әкесі қатты ауырып,
түс көреді. Түсінде: «Қызды еркіне қоя беріңдер. Ол періштенің
қызы!» деген аян беріледі. Бұл жаздыгүні болған. Қыз киіз үйде

отырған. Ол кенет құсқа айналып, ұша жөнеледі.

Дәулер

әулер – үсті-бастарын жүн басқан, аяқ-қолдарында өткір

тырнақтары бар, ұсқындары адам шошырлық алыптар. Олар

өздерінің апандарында, көбінесе, тау үңгірлерінде, қалың жынысты қиын жерлерде тұрады. Кейбіреуі көл түбін немесе жер қойнауын мекендейді. Онда жер асты қазынасын – алтынкүміс, асыл тастарды күзетеді. Олар – қисапсыз қазына, дәулеттің иесі. Кейбір дәулер зергерлік іске шеберленіп, жердегі қыздарды қызықтыратын әдемі әшекейлерді жасаумен даңқы шыққан. Ертеде тау беткейлері опырылып құласа немесе жер сілкінсе, дәулер өз ұстаханаларында темір соғып жатыр, не болмаса дәулер қаһарланды деп түсіндірілетін. Дәулер адамдарды жек көрген, оларды өлтіріп немесе қапас зынданда ұстаған. Күн сайын түстігі мен кешкі асына екі адамнан жеп тұрған. Оларда тұтқындардың зарына деген аяныш сезімі болмаған, Құдай атынан жалбарынса Құдайға тіл тигізіп, мазақ қылған. Дәулердің кейбіреуі ғана мейірбан болған. Мысалы, тоқымашылардың қамқоршысы, «ақ құдай» – әйел-дәу Сафед осындай. Жұма күндері оған шелпек пісіріп апарады, бұл күні тігіншілер жұмыс істемейді. Көбінесе, дәулер дегеніміз – зиянкес, қаскөй жындар, жалғыз көзді Төбекөз дәулер (циклоппен бірдей). Кейбіреулерінің еркек немесе әйел кейіпті бірнеше басы болады. Бірақ бір мифтерде дәулер жақсы қасиеттерімен көрінеді, адамдарға қамалдар мен қалалар салуға көмектеседі. Дәулердің біреулерінің өз отбасы болады немесе олар үш, жеті және қырық ағайынды болып топталып өмір сүреді. Әдетте, олар ертегілік батырлар құтқаруға тиіс сұлуларды ұрлайды. Бірақ бәрібір батырлар жеңіп шығады. Кейде дәулер батырлармен достасып, ерлік жасауға шарапатын тигізеді. Дәулердің шешелері де алыптар, бірақ олар адамдарға достық ниетте. Олар бақытсыз бейбақтарды паналатады, адамжегіш ұлынан қорғайды. Сайтандар сияқты, дәулердің де мүйіздері болады.

Дәу, жолаушылар
және Жезтырнақ

аяғыда бір Дәу өмір сүріпті. Оның үй-жайы, әйелі болыпты.

Үйінің есігі төбесінен жасалыпты. Келген-кеткен сол есіктен

кіріп-шығады екен.
Бір күні Дәу үйінің үстінде жан-жағына қарап отырса, алыстан
шаңдатқан үш салт атты көрінеді. Ол жерге түсіп, аттылардың
алдынан шығып қарсы алады. Дәудің әйелі бұл кезде бір жаққа

кеткен екен. Ол жолаушыларды үйіне бастап әкеліпті. Содан
соң оларды құрметтеп, төрге отырғызып, өзі далаға шығып кете-
ді. Сөйтіп сырттағы аттарды байлап қояды. Үйге қайтып келіп,
меймандарының алдына ас қояды. Ас желініп біткеннен кейін дәу

ойларында ештеңе жоқ, қаннан-қаперсіз отырған қонақтарының
аяқ-қолын байлап тастайды. Содан үшеуінің әрқайсысының
басы мен желкесін қолымен басып көріп жүріп, байдың баласын
таңдап, оны жей бастайды. Сонда байлаулы екі жолаушының бірі

отырып:

– Әкем қатты қысылғанда жылқының қылын тұтату керек деу-

ші еді, – деп етігінің қонышынан аттың қылын суырып алады.
Бұл кезде Дәу байдың баласын жеп бітіріп қалған. Жолаушы
аттың қылымен алыптың мойнынан ұрып жібергенде, қыл оның
басын қиып түсіріпті. Алайда бассыз қалса да, алып дене орта-

да әлі теңселіп жүр дейді. Естері шыққан екі жолаушы үйдің екі
бұрышына тұра қалыпты. Бір уақытта барып Дәу әлсіреп құлапты.
Сол кезде жолаушылар үйден атып шығып, аттарын шешіп алып,
алды-артына қарамай қаша жөнеліпті.

Біраздан соң байқаса, арттарынан бір әйел қуып келе жатыр
екен. Ол бағанағы Дәудің әйелі Жезтырнақ болып шығады. Еке-
уі садақтарын ала салып әйелге оқ жаудырыпты. Сөйтіп оны да
өлтіріп, жез тырнақтарын алып жөндеріне кетіпті.

Ызықтар

зықтар – таулардың биік жартастарында жүретін ақпейіл

аруақтар. Олар аңшыларға көмектеседі. Малға һәм жер құ-

тына қамқор болады. Ызықтардың мән-жайын білетін
әрбір отбасы олардың көңілін аулауға тырысады. Сондықтан,
жыл сайын бір малды, қошқар немесе жылқыны садақаға бере-
ді. Ол үшін ең сұлу айғырды немесе қошқарды сүтпен жуып, хош

иісті шөппен аластап, жал-құйрығын тарап, түрлі-түсті баулар-
мен безендіріп, бақсы үшкірген бойтұмар тағады. Сөйтіп адамдар
аруақтардан медет тілеп, ызықтарға арналған жануарды еркіне
босатып қоя береді.

Мұндай қошқарды мерт етуге, мұндай атқа мініп жүруге бол-
майды. Өйткені, жаңағыдай жора жасалған соң малдың өзіне де
кие дарып, ызыққа айналып, ол да керемет құдіретке ие болады.
Сонда ызықтар үйірлі жылқыны қорғап, қасқырларды қуып,

ұрыларға алдырмайды. Сөйткенде төрт түлік көбейіп, жұт пен ке-
сір-кесапат адамдардан аулақ жүреді.
Жылан бұзған қала

ңтүстік Қазақстанда Сырдария өзенінің жағасын бойлай

жүргенде көптеген қалалардың ескі қирандыларын байқау-

ға болады. Солардың біреуін жергілікті тұрғындар Жылан
Бұзған деп атайды, ал өздері оның қасына аттап баспайды. Қазір де
сол қаланың орнында үлкен төбе ғана қалған.
Бір замандарда мұнда мыңдаған адамдар тұрған. Билеушісінің

ашкөздігі мен пайдакүнемдігі ақыры шаһарды құртып тынған. Ол
былай болған дейді.
Бір кемпір сиырын өзеннің жағасында саууды дағды еткен
екен. Әрі ылғи талтүсте сауатын болыпты. Бір күні кенеттен судан

үлкен қара жылан жорғалап шығады. Шын мәнінде ол жергілікті
сулардың иесі Үббе сайтан болатын. Кемпір шошып кетеді. Бірақ

Үббе оған жылы шыраймен құйрығындағы алтын теңгені көрсетіп:
«Егер маған күнде сүт беріп тұрсаң, мен алтын теңгеден беріп оты-
рамын», – дейді.
Кемпір келіседі. Күніне бір алтын теңгеден алып тұрған ол ке-

дейлікпен қоштасып, көп ұзамай қаладағы ең бай адамдардың бірі-
не айналады.
Кемпірдің баюының мән-жайын сол қаланың билеушісі естіп,
оны өзіне келтіруге бұйырады. «Саған мұндай байлық қайдан кел-

ді?» – деп сұрайды билеуші. Кемпір әуелде үндемейді. Бірақ оны
қоймай тергеп, қорқытып, қоқан-лоққы жасаған соң, ақыры, ол
сүтіне күніне бір алтын теңгеден беріп тұратын ғажайып жылан
жайында айтып береді. Билеуші бұған сенбейді. Сонда кемпір өзінің

өтірік айтпағанына көзін жеткізу үшін оны талтүсте өзен жағасына
ертіп келеді. Сөйтіп, билеуші һәм қаланың басқа да жәмиғаты
дарияның жағасында тұрып, қабығы асыл тастардай жарқыраған
үлкен қара жыланның судан жайымен жорғалап шығып, сүтті ішіп,

теңгені тастап, қайтадан суға түскенін көреді.
Тылсым, таңғажайып атаулыдан үрейі ұшқан әрі байлыққа
ашкөзденген билеуші кемпірді дарға астырып, алтынын қазынаға
алуға бұйырады. Ертеңіне ештеңеден күдігі жоқ судан шыққан

Үббеге билеушінің нөкерлері қайнаған май құяды. Өзен падиша-
сы Үббе сайтан осылай өледі. Сол-ақ екен, қисапсыз жыландар
мың-мыңдап судан шығып, Үббенің үмбеттері* қалаға лап қояды,
кездескеннің бәрін шағып, адамдарды шетінен қырып өлтіре бере-

ді. Үрейі ұшқан тұрғындар беті ауған жаққа безе қашады. Жауыз
билеуші жан сауғалап басқа қалаға кетеді.
Алайда, өзен падишасының кегі оны ол жерде де құтқармады.
Ол үй-жайына білдірмей кіріп, қошқар мүйізінің қуысына жасы-

рынған жыланның зәһарынан ажал табады.
Сол қала билеушісінің де, халқының да кім екені беймәлім. Тіп-
ті, қаланың атауы да ұмытылған. Тек оның орнында құпия сырла-
рын қойнауына жасырған қирандылар ғана қалған...

*Үмбет – қызметші, бағынышты малай.

Перілер – Көк періштелері

аулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен

қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан

арулары ағындап ұшып жүреді. Кейде елсіз, жапан далада
сырты күн сәулесімен жарқыраған, іші атлас, жібек кілемдермен,
зерлі көрпелермен, алтын, күміс ыдыстармен жайнаған алтын ке-
регелі, күміс уықты ақ шаңқан киіз үйлерін тігіп, аял жасайды.

Сондай сәттерінде олардың ән шырқап, ағаштардың арасында би
билеп жүргенін аңшылар мен бақташылар да талай көрген.
Олар – аспанды мекен ететін Көк періштелері, пері қыздар.
Пері қыздардың сұлу болатыны сонша, олар жүрген жерінде

айналасына нұр шашады, адамдардың жанын қуаныш, шаттыққа
бөлейді екен. Сондықтан Көк періштелерін көргендер мәңгі ты-
ныштығынан, ұйқы, күлкісінен айырылып, күні-түні сондай
сұлуды армандайды.

Жерде тіршілік ететін пәни дүниенің жігіттері арасында осын-
дай қанатты сұлу періштелердің махаббатына қол жеткізгендері
де бар...
Перілерге үлде мен бүлдеге оранған, көзге көрінбейтін қызметші

әйелдер қызмет етеді. Перілер сәуегейлік қасиетке ие. Сондай-ақ
олар жануарлардың, құстардың кейпіне де ене алады. Әдетте, ерте
ме, кеш пе, перілер өздерінің пәнилік күйеулерін тастап, бәрібір
аспандағы тіршілігіне оралады.

Таң қаларлық жайт, Көк періштелері мен жердегі адамның ара-
сынан өрбіген балалар не ғажайып сұлу, көрікті келеді, не болма-
са олардың бойында тек сайтандық сұмдықтар ұштасады. Сөйтіп
пері мен адамнан туған ұлдар, негізінен, есімдері аңыздар мен

жырларда мәңгілік сақталған батырлар, ал, қыздар қарғыс атқан,
түрі жаман, қорқынышты албастылар болатын көрінеді.

Көнаяқ – орман перісі

т мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында,

адам аяғы сирек басатын ми батпақтар арасында жауыз ор-

ман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді. Аяқтарының орнында
қайыс белбеу болады. Өздері адам ұшырасқанша тырп етпей күтіп
жатады екен.
Меңіреу жыныс орман ішінде адам келе жатса, кенет алдынан

шыға келіп, таңырқаған жолаушыны атымен атап, жайма-шуақ
сөйлесіп, жол көрсетуге уәде береді. Сөйтіп, сенімге кіріп алған
Көнаяқ қалжыраған жолаушыға қарғып мініп, оны қайысымен
байлап-матап, әбден әлі құрып, өлесі болып құлағанынша қуалап

мініп жүреді.
Су перісі – Күлдіргіш

алалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай-салаларын-

да, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар

– су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп

атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс
пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді.
Ағаштардың жуан діңдерін аймалаған су ақырын ағып жатады.
Қайраңды саланың мөлдір суында серке балықтардың шорши

жүзгені жоғарыдан байқалып тұрады. Осындай аялы да саялы жер-
лерде қауіп бар деп ешкім ойламайды. Тұңғиықта, сарғыш қоңыр
өзен балдырында Күлдіргіш жасырынатынын біле бермейді. Пері-
лер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып

арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай берген-
де жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып,
өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді.

Шимұрын

гер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын

асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол

жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт болуы мүмкін.
Қаскөй шайтан оны дұрыс жолдан адастырып, милауыт тартпаға
бастап, сөйтіп құртуға тырысады. Егер оның осылай шатастырмақ
болғаны іске аспаса, ол кісінің құлағына қайдағы жоқты сыбыр-

лайды, келекелеп, қытықтап, күлдіреді. Шимұрын шайтанның бұл
қылықтары жай, еріккеннің ермегі, алайда бұл аңғырт жолаушы-
ны үлкен жайсыздыққа ұрындыруы бек мүмкін.
Албасты

лбасты – су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албасты-

лар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жал-

быраған, емшегі арқасынан асып салбыраған ұсқынсыз әйел
кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап
отырады.
Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген

нанымдар бар. Кейде көпене (үйілген шөп), ағаш немесе арбаға
айнала қояды. Олардың аяқтары теріс қараған, құс табан немесе
тұяқты болып келеді. Кейбіреулерінің маңдайында жалғыз көзі,
тас немесе қызыл жез мұрны, қолдарында өткір тырнақтары бар.

Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады.
Олардың қолында әрқашан да сиқырлы кітап, тарақ, күміс теңге
жүреді. Албастының күйеуі – әзәзіл Теміртөс сайтан. Ол – орман-
ды мекендейтін пері.

Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, ауруға шалдық-
тырады. Әсіресе, жас босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге
өш. Ол жас босанған әйелдің жүрегі мен өкпесін ұрлап алып, суға
жүгіреді екен. Оларды суға салса, әйел өліп қалатын көрінеді.

Албасты – өз құрбандарының қанын ішетін қансорғыш.
Жылқыны жақсы көреді, түнде мініп, жалдарын шимай-шатпақ

қылып өріп тастайды. Албасты жалғызілікті адаммен немесе
аңшылармен бірге тұрып, оларға сәттілік әкеледі, өзінің сүтін
ішкізіп, қабырғасынан кесіп алған етін жегізеді.
Адам албастыны бағындыруы үшін оның үстінен бір тал

қылшығын немесе бір затын, сиқырлы кітабын, тарағын не бол-
маса теңгесін қолына түсіруі керек. Сондай-ақ оған айтқанын
істеткізу үшін киіміне ине шаншыса да болады, сонда адам не
қаласа, албасты соны орындайды.

Тейран

ара пері Тейран артынан қарасаң адамға ұқсайды, оны

кәдімгі жолаушы екен деп қаласың. Бірақ бұрылып қара-

уы мұң, ұсқынын көріп зәрең ұшады. Оның басы дөңбектей,
жалғыз ғана аяғы бар, бір көзінен қан сорғалап, екінші көзінен
су тамшылап тұрады. Басында бір шөкім шашы бар, алайда, сол
шашы ғаламат сиқыр, қасиетке ие.

Тейран адамға түрлі ауру-сырқау, кесір-кесапат, тіпті, өлім де
жібере алады. Әйткенмен, осы қара дәуперімен түнде жапан түзде
жалғыз өзі жолығуға тәуекел еткен, байлыққа құштар батылдар да
табылған. Мұндай адам елсізге келіп, ұсақ тастарды жинап алып,

«Мынау – сенікі, мынау – менікі» деп күбірлей сөйлеп, оларды
екі жерге үйеді. Қараңғыда адам тас емес, дәндерді бөліп отыр
екен деп ойлап қалған Тейран жақын келіп, үймелерге үңілгенде,
әлгі батыл кісі оның басындағы бір шөкім жирен шашын шапшаң

қимылдап, жұлып алуы тиіс.
Тейран шашсыз, өзінің сиқыр құдіретінсіз жүре алмайды. Ол
жалынып-жалбарынып, жылап, шашын қайтаруды сұрайды. Сон-
да адам шаштың қарымтасына қажетінше алтын мен күміс талап

етеді. Тейран оған қалағанын қолма-қол беріп, өзінің шашының
өтеуін төлеп, қайтып алып, шүберекпен басын орап, тұрған же-
рінде жата кетеді. Содан соң Тейран біресе даусын шығарып, бі-
ресе сыбырлап, біресе тез, біресе баяу, түсініксіз сөздерді айта

бастайды. Қазынаны алған пысық үшін ең бастысы – дәуперіден

Жезтырнақ аулаққа қашып үлгеру. Өйткені, егер ол Тейранның тым құрыса бір сөзін ұғып қалса, бірден жан тәсілім етеді, алтыны да, басқасы да құтқармайды.

езтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу

жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ

ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады.
Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді.
Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтар-
ды айламен жеңеді.

Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас
келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келге-
ні баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ
жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап

әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың
қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын
оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп,
бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді.

Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
Обыр

ауыз пері обыр түнде молаларды кезіп, өлген кісілердің

мәйіттерін қазып жейді. Көбіне-көп обыр – қаусаған өлмелі

кемпір. Ол қараңғы түнде келіп, тауықтың жұмыртқасын
ұрлайды, сиырдың сүтін еміп қояды, қорада тұрған малды айдап
әкетеді. Кейде обыр ұйықтап жатқан адамдардың қанын соратын
қансорғыш қара мысыққа айналады. Зұлым адамның жаны обыр

болады. Ол тыншымай, адамдардың зәре-құтын алып, берекесін
қашырады.

Мыстан кемпір немесе
Жалмауыз кемпір

сқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық

жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде

тұлпарды қулықпен басып озбақ болады. Өзі жер асты
патшалығында ұстайтын тұтқындарды жейді, дәудің ұлдарымен
бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасындағы о дүниенің,
Еркіліктің жер асты патшалығының есігін күзетеді.

Кейбір мифтерде Жалмауыз кемпір – қорқынышты құбыжық.
Оның жеті басы болады.
Кейде Жалмауыз кемпір батырлардың қамқоры, оған ерлік
жасауға көмектесетін мейірімді мыстан кейпінде көрінеді. Бұл

әзәзіл адам тұрағынан аулақ, таулар мен ормандарда өмір кеше-
ді. Алба-жұлба киінеді.
Момо – мама

омо – мама (әже, орыстың «мама», яғни шеше дегенімен

шатыстырмау керек). Момо – кіндік шешелердің желеп-же-

беушісі, елші әйелдердің жәрдемшісі. Олар шымқай ақ киін-
ген салиқалы бәйбішелердің кейпінде болады.
Өзбектер мен қазақтар момо атауымен басқа ие, пірлерді де
атай береді. Ілтипат белгісі ретінде «момо» сөзі, көбінесе, басқа

мифологиялық кейіпкерлердің есімдеріне қосақталып айтылады.
Мысалы, найзағай иесін – момо Күлдірек, Хауа ананы – момо Хауа
дейді.

Айна

йна – ажал әкелетін әзәзіл әйел. Ол қоныстанған үй

қырсықтан арылмайды. Барлығы өліп біткенше ондағы

адамдар азып-тозып, ауыра бастайды. Айнадан құтылудың
жалғыз амалы – үйден ештеңе, кілем де, төсек те, киім де, ыдыс
та алмай, біржола кету. Өйткені, Айна заттардан қалмай қоюы
мүмкін.

Еркіліктің жерасты әлемінде әйел кейпіндегі барлық жын-
шайтандардың падишасы әмір жүргізетін Айна елі бар.
Айна бізге көрінбейтін әлемде тірілердің жандарын ғана емес,
өлгендердің жандарын да қуалап жүріп, жұтып қоюға тырысады.

Үй иесі

азақтардың ырымы бойынша, үй иесі – адамға қастық

қылатын кемпір. Ол түнде жасырынған жерінен шығып,

үйдегі заттардың орындарын ауыстырып, нәрселерді тығып
қояды, тарсылдатып, сыбдырлатып, аһылап-үһілеп адамның маза-
сын алады. Өз үйінде қорқып-үркіп, мәңгілік тыныштығынан айы-
рылуы үшін, адамдардың үрейін ұшыруға тырысады. Егер үйде үй

иесі пайда болса, одан құтылудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – үйден
кетіп қалып, өзеннен өтіп, біршама уақыт арғы жағада күту. Сонда
үй иесі де ілесе шығып, суды көргенде сасқалақтап, одан жүзіп өте
алмайды, үйге кейін қайтатын жолды ұмытып қалады.

Кермездер

ермез – кесірлі жын-шайтан. Ол кіммен сөйлессе, бар бәле

соның басына үйіріледі, үйіне ауру не ажал келеді.

Кермез адамға сұржекей ат мінген ер кісі кейпінде ұшыраса-
ды. Жолаушының аты тегіс жолда жайдан-жай тоқтап, ары қарай
аттап баспай қояды. Жылқы өзінің алдында жолын кес-кестеген

кесірлі кермездерді, жын-шайтандарды сезеді. Мұндайда тек от
қана тазалап, жолды аша алады.
Егер адам осындай жын жайлап, сайтан иектеген жерлерге тап
бола қалса, әлдеқайдан бір дыбыстар: мысықтың мияулағаны,

жапалақтың жалпылдағаны, ертеде өлген достары мен туыстары-
ның дауыстары естіледі. Бұл да жаман ырым, бәле-жаланың бел-
гісі болып саналады. Кермездер кешке қарай, күн батар шақта,
адамның белсенділігі күндізге қарағанда саябырлаған кезде жанда-

нады. Ұйқы кезінде денеден ажырайтын адам жанын ұрлап алғысы
келеді. Сондықтан қызыл іңірде ұйықтауға болмайды. Бұл мезгілде
кішкентай балалардың жылауына болмайды, өйткені жын-шай-
тан қорғансыз нәрестенің дәрменсіз үнін естіп қалып, түнде келуі

мүмкін.
Кермездер ауылда тұратын адамдарды иектеп, билеп алмас үшін
ауыл сыртына сүт шығаруға болмайды.
Адамға абайлау керектігін еске салып, кермездер кешкі іңірде

көрінбес көлеңкелер болып кезіп жүреді.

Ата-бабаларымыз неге Көк Тәңіріне табынған Сірә, сіздердің көпшілігіңіз біздің аталарымыз бен әжелеріміздің жаңа туып келе жатқан айды көргенде, қолдарын кеуделеріне қойып, оған мынадай сөздермен үш мәрте иіліп, тағзым еткеніне назар аударған боларсыздар: Ассалаумағалейкүм! Ай көрдім, Аман көрдім, Баяғыдай заман көрдім. Ескі ай, есірке, Жаңа ай, жарылқа! Осыдан соң олар «Аллаһуақбар!» десіп, өз шаруаларымен айналыса беретін. Алыс замандардың жаңғырығындай болып жеткен бұл «сәлемдесу» бізге өзгеше, бір түрлі тосын болып көрінетін. Бірақ осы сәлемнің астары мен сәлемдесу салтында көне тарихтың терең сырлы мағынасы жатқанын аңғарсақшы… Бұл сәлемдесудің дүниеге келгеніне кемінде үш-төрт мың жыл болыпты. Жоғарғы Көк Тәңірі, Құдай туралы түсінік-елестер Орталық Азия халықтарының барлық көне аңыз, мифтерінде ұшырасады. Ол ежелде Көк иесіне деген бастапқы балаң сенімнің негізінде қалыптасты. Көне халықтар Көкті (Аспанды) Тәңірдің көрінісі ретінде және оның мекен-тұрағы деп қабылдады. Ежелгі сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түркілер, түркештер, ұйғырлар мен қарлұқтар бір дінге, бір Тәңірге сыйынған. Көк-Тәңір немесе Күн-Тәңір күллі тіршілік атаулыны жасаған Жаратушы ие ретінде қастерленді. Тәңірді адамдардың

өміріне, халық пен мемлекет тағдырына өкімін жүргізетін ер құдай бейнесі ретінде түсінді. Ал, қаған – мемлекеттің билеушісі Көктен бата алған Құдайдың құты ретінде құрмет тұтылады. Қаған дегеніміз де патша. Сондықтан ежелгі түркілер қағанды тәңірқұт деп те атаған. Осыған байланысты ғұндардың билеушісі жөнінде: «Ол Көк пен Жерден туды, Күн мен Ай таққа отырғызды, ол ғұндардың құдіретті тәңірқұты» деген сенім-түсінік қалыптасқан. Билеушілердің өздері, ең алдымен, Тәңірдің (Көктің) жарылқап, қолдап-қорғауымен, тек содан кейін ғана жеке қасиеттері мен бағының арқасында таққа отырып, қаған болып, ел биледік деп есептеген. Білге қаған жазуында былай деп айтылған: «Тәңір жарылқағандықтан, Өзімнің бақытым болғандықтан, Қаған болып отырдым». Осындай ескерткіштерден байқалатын бір жәйт, таққа отыру, билеуші мен халықтың береке-бірлігі Тәңірге деген сенімге негізделген, дін мен мемлекеттік саясат қоян-қолтық жүрген, екеуі бірге ел мен халықты басқарудың құралы болған. Тәңірмен бірге Жер мен Су, Таулар ерекше ардақ тұтылған. Мұны олардың атауларынан да байқауға болады. Ғұндар мен үйсіндер Чиляншан, яғни Тәңір атты құдіретті биік таулардың етегіне қоныстанған. Себебі, ғұндардың тілінде «Тәңір» сөзі «Чинли» делінеді. Қытайлардың Тянь-Шань (Құдайлар тауы) дегені ғұндардан қалған атау, себебі, Тянь деп Тәңірді айтады. Ата-бабаларымыз өз өмірлерінің басым бөлігін ат үстінде, шырқау биік көк аспанның астында өткізген, жерге тек ат тұяғы арқылы ғана жанасқан. Төрт аяқты жануарларды қорек еткен, ал, жан-жүректерін күннің нұрына толтырған, шетсіз-шексіз аспан әлемінен өршіл рух алып, ұшы-қиырсыз ұшан даланың кеңдігін Көкпен теңдестірген, шырқау биікке құлаш сермеген таулардың қарлы шыңдарын аспанмен шендестірген.

Қазақ халқы үшін аспан – Құдаймен теңдес ұғым, сондықтан
да ол қасиетті. Оның көгілдірлігі мен кәусар тұнықтығы –
жастық шақ пен көктемнің, ырыс пен берекенің, тәуелсіздік пен
бостандықтың бейнесі.

Түркілер аспанға құдірет деп қана қарамаған, оны сүйген, оған
сүйінген һәм одан қорқып, сақтанған... Мұның себебі, Күн тек
жарық, жылу және өмір сыйлаумен шектелмей, күн сайын аспан-
ды белдеулеп өтіп, көшудің үлгісін көрсеткен. Түркілер табиғатта

Күннен құдіретті ештеңе жоқ екенін түсінген...
Салт атты көшпелі күннің шығуы мен батуын өмір мен өлімнің,
таң мен іңірдің, жану мен сөнудің бірегей үлгісі деп қабылдаған.
Таңсәріде біздің ата-бабаларымыз көздерін күнге тіккен, оның

қайдан, қалай шыққанына зер салған.
Күн сәулесі баспанаға түсуі үшін киіз үйдің есігі күншығыс
жағына қаратқан. Қағандар өз ордаларын тіккізгенде әрқашан
қақпасының шығыс жақта болуын қадағалаған.

Уақытты да Күннің қозғалысы бойынша анықтаған. Ал, Айдың
түнгі аспандағы жолы күнтізбенің негізіне алынған. Табиғаттағы
өзгерістердің түнгі шырақтар қозғалысымен байланысты еке-
нін байқаған. Шаруаның ыңғайында да осы мағлұматтар үнемі

басшылыққа алынған.
Өздерін Көк перзенттері санап, Көк Тәңіріне, Аспан әлеміне,
Ғарыш пен Ғаламға табынған біздің бағзыдағы бабаларымыз кеш-
кен өмір салтында терең мағына жатыр.

Тәңіршілдік – жер бетіндегі
ең ежелгі дін
Ежелгі адамзат қауымында мәдениет қай мың жылдықта пайда
болған? Тарихшылар, археологтар және көне тарих мәселелерін

зерттейтін антропологтар философтармен біріге отырып, ежелгі
алғашқы адамдардың жабайылықты қалдырған кезі өлген кісіні
алғаш жер қойнына тапсырып, жерлеуі болып табылады деген ойға
келді. Өлген туысын жоқтап зар еңірей жылаған ел марқұмның де-

несін ит-құсқа жем болмасын деп, жер қойнында сақтамаққа бекін-
генде, олардың бойында мәдениет бүршік жарды. Себебі, мәдениет,
мәдени дәстүр дегеніміз – ата-бабаларды, өткен тарихты құрметтеу,
оны ұмытпай, есте сақтау.

Өлім – үрейлі, ғажап құбылыс, бірақ ол ұйқыға көбірек ұқсайды.
Адам ұйықтап кетеді де, оянбайды. Ал, кенет ол оянып, орнынан
тұрып, жер бетінде жүріп, сөйлейтін болса ше? Онда қайтер еді?
Міне, сол себептен де бағзыдағы адамдар мәйітті мүмкінді гінше

ұзағырақ сақтау үшін марқұмды жер қойнына беруге шешкен. Ол
үшін не істеу керек? Әлбетте, әуелі терең шұңқыр қазу керек, оны
өлген кісінің басқа дүниедегі тіршілігіне бейімдеп, қабір ішіне,
мәйіттің қасына оған қажетті заттарды, ішетін тамағы мен сусы-

нын қою керек.
Адам қабірдің ін екенін түсінген. Өйткені, дүниеде суыққа төтеп
бере алмайтын тіршілік иелерінің барлығы да қыста өздерінің
індерінде қыстап, ұзақ ұйқыға шомады, құмырсқалар илеуін-

де, аюлар апанында, суырлар індерінде жатады. Содан олар тек
күн шуағын төгіп, көктем нышаны білінгенде бір-ақ оянады. Тек
аңдар ғана емес, табиғаттың өзі де қыста қар қым танып, қалың
ұйқыға кетеді. Көктем келе барлық тірі жан атаулы жанданып,

оянады. Жыл мезгілдерінің алмасуы осылайша реттестірілген:
жыл тең төрт бөлікке – көктем, жаз, күз бен қысқа бөлінген.
Тіршілік атаулының түп анасы Жердің өзі көктем мезгі-
лінде көгеріп, жазда гүлдейді, күзде мәуелейді, ал қыста қар

жамылып ұйықтайды. Адам өз ғұмырындағы тағы бір ерекшелікті байқаған: балалық және жасөспірім шақ көктемге, жігіттік пен кемел шақ жаз бен күзге, ал ақ шашты, ақ сақалды кәрілік қысқа ұқсайды... Демек, адам да табиғаттағы мезгілдік алмасуларға тәуелді. Өйткені, басқа да тіршілік иелері сияқты, адамның өзі де табиғаттың ішінде, өзін қоршаған әлемде өмір кешеді ғой. Одан тысқары еш жаққа ол шыға алмайды. Мәдениеттің маңызды бөлшегі болып саналатын адамның киімі де табиғат пен ғұмыр кезеңдеріне бейімделген. Жастық шақта – құлпыраған қызыл-жасыл түстер, кәрілікте – қара-қоңыр және ақ түстер қолданылады. Құдіретті, шексіз һәм жалпақ жаһанды тұтас қамтитын Ұлы Көкке сыйынудан адам өзін қоршаған Әлемді, табиғатты өлмейді деп қабылдады. Жыл мезгілдерінің алмасуын жаңару мен жаңғыру деп түсінді. Сөйтіп мәңгілік өмір туралы сенімге келді. Ең көне дін тәңіршілдікте адамның мәңгілік өмірге деген сенімі табиғаттың өзіндей сақталды. Осыған орай, тәңіршілдіктегі өлім құбылысы ұзақ ұйқы ретінде қабылданды. Яғни, өлген (ұйықтаған) адамдар күндердің күнінде әйтеуір бір оянады, тіріледі деп сенген. Сондықтан, адамды жер қойнына бергенде оның қабіріне жаңа өмірге барғанда қажет болады деген сеніммен шараптар немесе басқа сусындар құйылған тостағандар мен құмыралар, өзінің тіршіліктегі қару-жарақтары, жеке заттары қойылған.

Көне мифтерге
негізделген
қазақ ырымдары
Қазіргі қазақтардың көптеген әдеп-ғұрыптары, дәстүрлері,

ырымдары тәңіршілдік пайда болған сонау ықылым замандармен
байланысты.
Қазақтарда аруақтар ата-бабалардың жандары, ал жан мәңгі-
лік өмір сүреді деп есептеледі. Ата-бабаларды құрметтеу ғұр пы

осыдан туған. Аруақтарды көшпелілер мәні жағынан Құдай дан
кейінгі екінші орынға қояды. Тіршіліктің барлық қиын жағ-
дайларында «О, аруақ, қолдай гөр, қолтығымнан демей гөр!..» деп
жалбарынып, құрбан шалады. Өткен ғасырларда-ақ аруақтарға

арнап ай мүйізді, аша тұяқты сиыр, маңдайында жолағы бар ақ
қошқар, ақсарбас қошқар, бауырсақ құлақ қош қар, тілік құлақ
және айыр тіс қошқар, сондай-ақ табындағы тұңғыш төлді
құбандыққа атаған. Дүниеден өткен ата-баба аруақтарының

құрметіне жануарларды құрбан шалу бізге базғыдағы сақ-скиф
замандарынан бері белгілі жәйт.
Қазақтар қасиетті һәм тірі нысан саналатын ағаштар мен
өсімдіктерді қастерлейді. Табиғаттың барлық таңғажайып құбы-

лыстарын әулиеден шапағат дарыған, әулиелердің көзі түскен
деп есептейді. Жапандағы жалғыз ағаштың немесе өзгеше қисық
бұтақты сиықсыз өсімдіктің қасына түнейді, соған тәу етеді.
Жанынан өткен әрбір жолаушы әлгі ағашқа ырымдап шүберек

байлайды, жануарларды құрбан шалады немесе аттың жалына
түрлі-түсті қиқымдар мен шолпы тағады. Сол сияқты аруақтар,
әулиелер жатқан жер деп саналатын қорған-обаларды, ескі мола-
ларды кие тұтып, басына түнейді, зиярат етеді.

Малды кие тұтып қастерлеу көптеген тыйымдардан көрініс
тапқан: малдың сүйегін басуға, сүтті төгуге болмайды, сүтті төгу

– ырысты төгу. Егер сүтті байқамай төгіп алса, оған саусақты ма-

тырып, бетті сипап, сосын құрғатып сүртіп тастайтын болған.
Қазақтарда тыйымдар мен ырымдар өте көп. Мысалы, құрық-
тан, балтадан және иінағаштан аттап өтуге болмайды, олай істе-
ген адам байымайды. Егер түнде сиыр ұшырасса, оның арқасынан

қамшымен ұру керек, себебі, онда жын-шайтан отырады.
Егер жануардың қандай да бір ерекшелігі болса, онда ол қасиет-
ті деп есептеледі. Мұндай жануарың болса – бақытқа кенелесің.
Ондай жануарды ешкімге бермейді.

Аққуды атуға тыйым салынған: қазақтар оны құс патша-
сы дейді. Аққуды өлтірген адам бақытсыздыққа ұшырайды.
Жапалақты, үкіні, тоқылдақты, көк қарға мен көкекті өлтірмейді.
Қарлығашты қадірлеп, қастерлейтіні жалпыға мәлім.

Адамның өзі, жануарлар, құстар, ағаштар Ортаңғы және
Жоғарғы әлемнің жаралмыштары болып табылады. Солардың
әрқайсысы жайында қазақ фольклорында көптеген мифтер бар.

Жұлдыздар мен
шоқжұлдыздар жайлы
мифтер
Өзінің ұлан-байтақ кеңдігі жағынан

сайын дала аспанға теңеседі.
Көшпелілер Құдайы – Тәңір
мекендейтін көк аспан жұлдыз-
әлемдерге толы. Ежелгі түркілердің

VІІ – VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей
жазуларының: Жоғарыда көк аспан
жаралғанда, Төменде қара жер
жаралды... – деп екі тармақ

өлеңмен басталуы да
тегін емес.

Жұлдызды аспан
Дала – үйлесімді әрі ақылға сыймайтын, математикалық асқан
дәлдікпен қиюласқан, жаратылыстың Аспан атты сәулеттік ке-
реметі тиянақ тапқан ұлы негіз, іргетас. Көшпелі қазақтың ой-

лау жүйесіндегі ғарыштық сипаттар, дүниетанымы ның кеңдігі,
дарқан жанды ақ пейілділігі оның сақарадағы өмір салтынан,
кеңістік пен уақыттағы толассыз көшіп-қонуларынан тамыр
тартқан. Көшпелінің санасында Аспан мен Жер-Дала – өзара тең

ұғымдар.
Аспанды құдірет иесіне айналдыру мұраты ертедегі адамның,
жалпы, жоғарғы жалғыз Құдай – Көк Тәңірі туралы алғашқы та-
ным-түсініктерінің негізіне алынды.

Тәңіршілдік қазіргі кезге дейін жетіп, қазақтардың арасын-
да жасырын әрі соншалықты қарапайым түрде көрініс тапқан.
Айталық, оның белгі-сипаттарын күнделікті қолдана отырып,
олардың ғасырлар тереңінен келгендігі жайында, тіпті, ойлан-

баймыз да.
Біздің «Тәңір жарылқасын!» дегеніміз «Көк жарылқасын!»,
яғни «Құдай жарылқасын!» деп айтқанымыз. Бұл тілектің ең қысқа
түрі – «Сақта құдай!», орысшасы «Спаси тебя бог!». Ол «Спасибо!»

болып түрленген. Сондай-ақ Тәңірберген, осы тәріздес Құдай-
берген, Аллаберген, Жасағанберген немесе орысша және болгар-
ша баламалары – Богдан, Федор, немісше – Теодор деген есімдер
құдайға деген сенімді білдіреді.

Арғы түркілердің Тәңірі, парсылардың Құдайы, арабтардың
Алласы әртүрлі тілдерде қолданылғанымен, бір ғана мағына
береді. Қазақтар табиғи алғырлығынан «Тәңір жарылқасын!
Құдай сақтасын! Алла-Тағала байлық-береке, денсаулық бер-

сін!» деп солардың үшеуін қатар пайдаланады. Осындағы әрбір
жағдайда Көк Құдайы – Тәңір мегзеледі. Мұсылмандықты
қабыл алған соң да қазақтар өз тамыр-тектерін, өздерінің басты
діні болған тәңіршілдікті ұмытпады.

Қазақта аспан деген сөз бар. Оның шумерлерден шыққаны
анық. Себебі, шумерлерде аспан – ан, ал жер – қи делінеді. Осы қи
қазақтарда топырақ, балшық, батпақ, көңді білдіреді. Шумерлер
ғарышты нақ солай Анқи деп атаған. Аспа (Асу, Асып) – жоғары,

ілулі тұрған, салбыраған дегенді ұқтыратын қазақ сөзі. Ендеше,
аспан – аспалы көк деген сөз.
Оңтүстік Қазақстанда аңыз бойынша Нұх пайғамбардың кемесі
тоқтаған атақты Қазығұрт тауының маңында Анқи деп аталатын

шың бар...
Тәңірдің тұрағы – Аспан жұлдыздар мен планеталарға тол-
ты рылғандықтан, соған сәйкес, әрбір аспан нысанының, жұл-
дыздар мен шоқжұлдыздардың өз құдайлары болды.

Ерте замандардағы кез келген басқа халық сияқты, ежелгі
түркілер де түнгі жұлдызды аспанның сырын ұғып, зерделеуге
тырысқан. Жұлдыздарға, жұлдыздар шоғыры – шоқжұлдыздарға
жалпыға бірдей түсінікті, мәнді атаулар берген, содан кейін осы

атауларды мифке енгізген. Әрбір түн сайын тамашалауға болатын
Құс жолы ежелгі түркілерде уақыт өте келе оп-оңай Көш жолы
болып өзгерген.
Шумерлер мен бабылдықтар (вавилондықтар) Құс жолын

«Алтын бау» дейді. Кейінірек монғол халықтары мен ежел-
гі түркілер осы атауды қабылдап, Құс жолын Аспан тігісі деп
атады. Хакастар түнгі аспанға Ақ жібек, сахалар – Көк арқаны
деген ат қойды.

Қазақ мифтері мен ертегі-аңыздарында кездесетін белгілі
шоқжұлдыз Жетіқарақшы немесе Аспан қайығы деп аталады.
Оның үстіне осы Жетіқарақшының әрқайсысы өзінің арғыма-
ғымен темір қазыққа байланған. Қазақтар ерекше түйсікпен

Темірқазық деп атаған осы жарық жұлдызды аспан әлеміндегі
басқа жұлдыздар мен шоқжұлдыздар айналып жүреді.
Әрбір ірі аспан нысанының қазақы баламасы бар. Бұл Темір-
қазық пен Аспан Қайығы ғана емес, сонымен қатар Үркер, Қы-

зылжұлдыз (Марс), Шолпан, Босаға, Үш арқар таразы, Қамбар,
Қарақұрт, Сүмбіле және басқалары.

Көшпелі малшы мен аңшының тұрмысынан алынып, жұлдыз-
ды картаны безендірген шоқжұлдыздар мен жұлдыздардың
атаулары олардың сақаралық шығу тегін басқа кез келген
құжаттан арты-ғырақ нақтылайды: айталық, Қоян, Арыстан,

Қасқыр, Аққу, Ат, Үлкен және Кіші төбеттер, Қошқар, Торпақ,
Ешкімүйіз, Мерген, Тұлпар.
Түркияның қазіргі жұлдыздар жайлы кітаптарында Пегас

– Тұлпар шоқжұлдызын Ат жұлдызы деп атайды. Жарқыраған

үш жұлдызбен ерекшеленетін Орион – Аңшы шоқжұлдызының
қазақша Үш арқар таразы деген нақпа-нақ атауы бар.
Аспан – адамдардың жердегі харекеттерінің көрінісі болған-
дық тан, жұлдыздардың, планеталар мен шоқжұлдыздардың

атауларында біздің ата-бабаларымыздың өмір-тіршілігіндегі аса
маңызды оқиғалар бейнеленеді. Аспан көш жолындағы ұшы-
қиырсыз дала атыраптарында тек бағдар ғана емес, куә әрі әділ
қазы, жәрдемші әрі желеп-жебеуші ретінде де өмірлік маңызға

ие болды.
Жер иеленушілер аспаннан өзінің тауқыметті еңбегі мен тұр-
мысының кескінін, көшпелілер – ат жалы, атанның қомындағы
мехнатты тіршілігінің кейіптемесін көрді. Адамдар аспанға өз

өмірінің аса маңызды ақиқаттарын көшіріп, сол арқылы өз тари-
хын халық жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аяулы сәлем ха-
тындай жолдады.
Ай мен Күн

ырқау Көктегі жыпырлаған сансыз жұлдыздар ішінде

Тәңір екі үлкен шырақ, екі құдірет – Күн мен Айды жаратты.

Скиф халқы – массагеттер Күнді Көк жүзінде Шығыстан
Батысқа қарай асығыс көшіп жүретін құдайға балап, оны арғымақ
атқа, әлемдегі ең жүйрік жануарға теңеді (Бұл жайында «Тарих»
кітабында ежелгі грек ғалымы Геродот жазды).

Таңертең Күн көкжиектен көрініп, жоғары көтеріледі. Шуағын
барған сайын мол төгіп, ыстығырақ бола түседі, барлық тіршілік

атаулыға жарық пен жылу сыйлайды. Ең жоғарғы нүктеде, шырқау
шегінде аялдап, тал түстен өтіп, баяулап, бататын жағына қарай
еңкейеді. Кешқұрым алып қызыл шырақ өлгісі келмей, жер үстінде
қимастықпен ұзақ тұрып алады. Сонда да болса құдіретті сайтан

Еркіліктің әлеміне, өлілер патшалығына кетуге мәжбүр. Ол жақта
тынығып, күш жинап алып, әлемді жарқыраған нұр-шуағына ма-
лындырып, құлпыра жайнаған ғажайып күн жасау үшін шығыстан
қайта туады.

Күн жермен қимай қоштасқан әрбір кеш сайын түнгі Аспан-
да ару Ай пайда болып, жұлдыздар арасында жарқырай жана-
ды. Егер Күн – жарық пен жылу жолындағы күрескер болса, Ай

– адам құпияларын сақтаушы, желеп-жебеуші, махаббат пен

сұлулық бейнесі. Өз өлеңдерінде Айды жыр етпеген ақын жоқ!
Көптеген ертегілерде Ай мен Күн – бір-біріне қосыла алмаған
мәңгілік ғашықтар, Ай – ару, Күн – күйеу түрінде көрінеді. Көк
жүзіне Күн шығуы мұң екен, Ай дереу жадау тартып, жоғалып

кетеді. Ай мен Күн – біздің орындалмас армандарымыздың
аспандағы айғақтары, мәңгілік қозғалыстың, мәңгілік өмірдің
нышандары.
Ай неге жалаңаш

қалған

ірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші

Айдың бой-тұрқын өлшеп алады да, көйлекті пішіп, тігуге

кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе,
көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты...

– Иә, мен қателескен екем, – дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті

қайта пішіп, қайта тіге бастайды.
Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге
тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

– Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, – дейді Айдың толыса

беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түңлігінен аспанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен екі еседей үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтаған тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп, тігіншіні таба алмай қояды. Сол себепті Ай көйлексіз, жалаңаш қалыпты. Күн, Ай және Қораз

ұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл, қанша күн

өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен.

Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты.
Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,
үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қораз-
ға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіп-

ті. Қайта оралған Күн Қораздың жоқ екенін көріп, болған оқиғаны
біліпті.
Ойланып отырып:

– Менің байқауымша, сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш оты-

ра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін. Бұдан былай
мен аспанда тек күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың, –
депті.
Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын

көргенде: «Қо-қо-қоқ!» – деп айқайлайтын болыпты. Онысы «Қа-
йырлы таң, мейірімді аға!» дегені екен.
Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кі-
ріп алуға асығатын көрінеді.

Жетіқарақшы мен Үркер
жайында

ырық қарақшының қолбасшысы Қыранқара аспанның

аруы Үлпілдекті айттырып алмақшы болыпты. Бірақ Қы-

ранқараның «бара жатқанның балтасын, келе жатқанның
кетпенін ұрлайтын» нағыз баукеспе екенін білетін Үлпілдек оған
қалыңдық болуды қаламапты. Оның үстіне әке-шеше, ағайын-
туысқан, ауыл-аймақ, ел-жұрты алақандарына салып ардақтаған,

үлде мен бүлдеге малындырып әлпештеген аруларын қанды қол
қарақшыға беруді ар көріпті. Бұларды «құдалыққа» қол қусырта
алмаған Қыранқара Үлпілдекті олжалап, ат артына салмақ болып-
ты. Жасақ жинап, қол бастап келіп, қыздың елін шауып, өрісін

бүлдіріпті.
Осы сұмдықтың бәрін көзімен көрген Үлпілдек ару баукес-
пе қарақшының қолына түсуден қорқып, сары атқа ер салып
қаша жөнеліпті. Қыранқара табын ішінен желден жүйрік тұлпар

таңдап мініп қуаласа да, сұлу сары атқа мінген Үлпілдекке жете
алмапты. Қыз сөйтіп қарақшыдан қашып құтылыпты.
Үлпілдекті қолына түсіре алмай құса болған Қыранқара аспан
әлемін кезіп, сұлу сары атты қуып жететін керемет сәйгүлік із-

депті. Мұндай жүйрік аттар аспанның солтүстігін қоныстанған
Ағай мен Сығай деген екі батырда ғана бар болатын. Олар Ақбозат
және Көкбозат деген аттар еді.
Осы аттарды ұрлап мініп Үлпілдекті қолға түсірмек

оймен Қыранқара қасына жеті қарақшысын (Жетіқарақшы
жұлдызы) ертіп, жортуылға аттанады. Жүргеннен жүріп оты-
рып, олар ат басын Ағай мен Сығайдың ауылына тірейді.
Сөйтіп қарақшылар аспанның солтүстік үйегіндегі темір қа-

зықты (Темірқазық жұлдызы) айнала қонған ауылдарды
(шоқжұлдыздарды) ториды.
Аспандағы Жетіқарақшы (немесе Үлкен Аю) шоқжұлдызын
құрайтын алдыңғы төрт жұлдыз – Қыранқараның негізгі жасағы

да, артындағы үшеуі – ерер-ермес болып шұбатылып жүрген
олардың құйыршықтары екен.
Шоқжұлдыздың екі бүйіріндегі көзге анық көрінетін екі жа-
рық жұлдыз – Ағай мен Сығай батыр. Олардың қасына қатар қон-

ған екі жұлдыз – Ақбозат пен Көкбозат, Ағай, Сығай батырлардың
аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқанда-
ры да, әне, көрініп тұр. Ақбозат пен Көкбозат тұлпарлар Те-
мірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры (жеті

қарақшы) да түнімен төңіректеп айналып жүреді. Қарақшылар
қайтсе де осы сәйгүліктерді қолға түсірмекші. Алайда сақ күзе-
туші алдындағы баққанынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң
да атады. Таң атысымен жеті баукеспе қарақшы да көзден тайып,

тасаланады.
Қарақшылардың қолбасшысы Қыранқараның ел шауып, өріс
бүлдірген лаңынан үріккен ауылдар Ай мен Күннің жолына түсіп,
аспанда айналып, үздіксіз үйме-жүйме болып көшіп жүруге мәжбүр

болыпты. Олар тек айына бір рет Айға ауыл үй қонып, тоғайып
тыным алады екен. Еру отырып тұрақтайын десе, әйгілі жеті
қарақшының жетіп келіп, қыздары Үлпілдекті тартып әкетуінен
қорқады.

Үркер

ркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан. Баяғы заман-

дарда Жерде қыс болмапты. Күн жылы болғандықтан, малға

қора салынбапты. Күндіз мал өрісте жайылып, түнде сай-
салаларда иіріліпті. Жылдың барлық мезгілінде жерде жылы,
күншуақ болып, мал да, жан да емін-еркін тіршілік еткен. Содан
аяқ астынан бәрі өзгеріпті.

Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын жұлдызшалар Жер-
де ұйықтап жатады. Барлығы он екі екен. Жануарлар соларды
өлтіруге ұйғарыпты. Өйткені біреу «солай істесеңдер ешқашан
қыс түспейді» деп айтыпты. Сол уақытта жануарлар әлгі

жұлдызшаларды таптап тастамақ болып өре шауыпты. Әуелі

Жылқы төрт жұлдызшаны, Түйе тағы екеуін табанына салып тап-
тапты. Алты жұлдызша Сиырдың еншісіне тиіпті. Оның аяғы аша
тұяқ болғандықтан, Үркердің жұлдыздары тұяғының арасынан
сытылып шығып, Көкке ұшып кетіпті.

Сол кезден бері қарай Жерде алты ай суық және алты ай жылы
болады. Себебі, Үркер шоқжұлдызының басқа алты жұлдызы
жер бетінде қалған. Жануарлар болса, сиырға өкпелеп, оны
жұлдыздардан айрылып қалдың деп кінәлапты. Бұған сиыр айы-

лын да жимай: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба?
Ыстықтан дымымыз құрып қаталағанымыз жетер!» – деп жауап
беріпті.
Сиыр сондықтан қысқы суықтан қорықпайды екен.

Күн нұры

ртеде бір ханның керемет сұлу қызы болыпты. Хан қызын

елдің көзінен қызғанып, қараңғы темір үйге тығып қойыпты.

Оған тек бір қаусаған кәрі кемпір ғана қызмет етеді екен. Қыз бой жетіп, кемпірдің күнде белгісіз жаққа кетіп қалатын себебін білгісі келіп, «Қайда барып жүрсің?» деп сұрағанда, ол: «Жарық дүние бар, қызым, сонда барамын», – деп жауап береді. Қыз сол жарықты көрсетуін өтініп қоймаған соң, бірде кемпір оны сыртқа алып шығады. Күннің жарық сәулесін көрген бойда қыздың басы айналып, есінен танып құлап қалыпты. Біраз уақыт өткен соң ол өзінің жүкті екенін сезіпті. Сөйтсе, мұның себебі Күн нұрының киесі екен. Сүмбіле

азақтың ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны, Абылай хан-

ның данагөй ақылшысы Бұқар жырау өз толғауларының

бірінде Сүмбіле жұлдызы хақында былай жырлаған екен:
Тағы бір мезгіл болғанда
Сүмбіле туды жылтиып,

Шолпан

ңір қараңғылығы түскенде аспаннан біз әуелі Шолпан

жұлдызын – Венера планетасын көреміз. Ежелгі гректерде

Венера махаббат құдайы саналған. Іңір жұлдызын Бақташы
планетасы деп те атайды. Шолпан ғашықтарды желеп-жебей-
ді, оларға бір-бірінен хабар жеткізеді. Шолпанның қыста тууы
қатты суықтың нышанын білдіреді. Соны алдын ала ескертерде

ол айрықша жарқырап көрінеді. Осыған байланысты оның Тұл
қатын деген тағы бір аты бар. Ескі наным бойынша, Венера плане-
тасын әлі тумаған адамдардың жандары мекендейді. Оның құпия
жарығына адамдардың құмар болатыны сондықтан шығар-ау.

Түнгі аспандағы жұлдыздар

ткен замандарда жұлдыздар асыл тастан үйілген таулар,

ол жер бетіндегі бақытқа әсер етеді деген. Әрбір адамның

көкте өз жұлдызы болады екен де, адам өлгенде оның
аспандағы жұлдызы да ағып түсетін көрінеді.
Ат семірді құнтиып.
Жүз қойға алған құлаша ат

Жүректей болып семірді,
Жыландай болып жарады.
Хан Абылай тақсыр хан
Ұлы бір жүзден қол жиды,

Кіші бір жүзден қол жиды.
Әсіресе қосынды
Уақ пенен Керейден
Рабайсыз мол жиды.

Темірқазық

емірқазық түнгі аспанның шырқау биігі – жоғарғы нүкте-

сінде орналасқан. Кейде Солтүстік жарты шардың осынау

орталық жұлдызын Алтын Қазық деп те атайды. Оған Тәңір
өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық
жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары.
Үш арқар таразы

шоқжұлдызы

ртеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға

аттанады. Олар осылайша із кесіп, ұзақ жүреді. Кенет бір

алаңқайда алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға ке-
леді. Иттер сол арада тап береді, арқарлар тұра қашады. Олардың
соңдарынан аңшылар шаба жөнеледі. Ақыры сиқырлы жануарлар
көкке қарғып, жұлдыздар мен кометалардың ара-арасымен заулай-

ды. Иттер де қалыспай, ілесе аспанға көтеріледі. Олар сол кезден
бері арқарларды қуалап жүр дейді.
Адамдар көктен үш арқар мен оларды қуалаған иттерді көріп,
шоқжұлдызды Үш арқар таразы атап кетіпті.

Табиғат құбылыстары жайындағы мифтер Тәңірдің екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын жыншайтандарды жасынмен соғып жайратты. Қазақтардың ұғымында Күннің күркірі – періштенің айқайы, найзағай – оның оғы. Ол шайтандарды адамдарға жолатпай қуып, жай оғымен атады.

Кемпірқосақ

емпірқосақ – жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таң-

ғажайып сұлу табиғат құбылысы. Ежелгі түркілер оны жаман

нышан ретінде қабылдаған. Кемпірқосақ – Көк пен Жердің арасына тартылған көпір, өлгендердің жандары соның бойымен басқа әлемге көтеріледі. Бұл сөз кемпірдің қосағы дегенді білдіреді. Кемпірдің қосағы – ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобы. Әлі күнге дейін жайлауда, қой-ешкілерді саумас бұрын жан-жаққа бытырап қашып кетпес үшін оларды матастырып байлайды. Аспан елінде тұратын бай кемпір қосағындағы қойларын осылай жинап, ылғи жауыннан кейін сауады деп есептеледі. Ол кемпірқосақтың көмегімен қойларды екі жағынан ілгекке іліп, қосақтап, жерге байлап қояды. Қосақталған қойлардың түр-түсі сан алуан болғандықтан, кемпірқосақ та түрлітүсті. Жел Иесі

арбағатайда Ор Қашар атты тау бар. Сол таудың бір қуы-

сынан оқтын-оқтын қатты жел, қарлы боран толассыз соғып

тұрады. Оны ел «ебі» желі деп атайды.
Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, бұл ебі Ор Қашар тауындағы
«Қара пұшық» деген үңгірден шығады. Ол үңгірдің ішінде ауық-
ауық үрлеп, ебі соқтыратын Жел Иесі бар екен.

Ерте кезде бір әкім осы үңгірді бітеп тастап, желден біржолата
құтылмақ болады. Әскеріне елден тоқсан өгіздің терісін жинауға
және үлкен-үлкен тастарды домалатып, бір жерге үюге бұйрық бе-
реді. Сарбаздарын саты арқылы «Қара пұшық» үңгіріне шығарып,

әлгі өгіз терілерін оның аузына шегелетіп, сыртынан тастармен
бастыртады. Ел жұмысты тындырдық деп масайрап отырғанда,
үңгірдегі Жел Иесі оянып кетіп, қаһарлана үрлеп қалыпты. Сонда
тастар аспаннан жауған бұршақтай, терілер қаңбақтай ұшып, адам-

дарды төбесінен жай түскендей жайратып, жым-жылас етіпті.

Ағаштар
жайындағы мифтер
Ормандар мен бақтарда, кейбір
ағаштардың қуыстарында ағаш киелері

тіршілік етеді. Олар көзге көрінбейді,
маңайыңда жүргенін аңғару қиын. Бірақ
сондай киесі бар ағаштар әрқашан күшті
де өнікті, діңдері сымбатты әрі мәуелері

тәтті болады. Мұндай ағаштың бақта
өсіп тұрғаны тіпті жақсы. Бақтың
иесі, яғни киесі мекен еткен ағашты
байқаусызда немесе әдейі шауып

тастағанға дейін одан ешбір залал
жоқ. Ал сол ағашты шауып тастаған
бейбақтың басына бұлт үйіріліп, әділ жаза
тартып, дәулетінен айрылады, ауырып,

қазаға ұшырауы да бек мүмкін.

Қарағай мен сексеуіл

ым ерте заманда Қарағай да, Сексеуіл де ойпатта, жасыл

алқапта өседі екен. Бұлар қонысқа таласып, «Әрі отыр, бері

отыр!» деп жақ-жақ болып, бір-біріне күн бермепті. Ең соңында тіпті сойылдасып соғысыпты. Сексеуіл мерген болса керек, өзінің жебелерін Қарағайға жаудырыпты. Қарағайдың өн бойын түйреген инелер сексеуілдің атқан оқтары екен. Қарағай найзагер болыпты. Сексеуілдің тұла бойының кедірбұдырлығы қарағайдың найзасынан қалған тыртықтардың орны көрінеді. Оларды арашалау ешкімнің қолынан келмепті. Сонда Тал мен Терек өзара ақылдасыпты да, бұлар соғысып жатқан майдан алаңына сел қаптатып жіберіпті. Сексеуіл селден қашып шөлге кетіпті, Қарағай судан қашып тауға безіпті. Содан бері Қарағай Сексеуіл келіп қалмасын деп, тау басында тұрып қарауыл қарайды екен. Ал Қарағайдан қорыққан Сексеуіл құм-шөлге бұғып, сояуын кезейтін көрінеді. Қонысқа сыйыспай соғысқан екі мықтының бірі, сөйтіп, үркіп тауға шығып, бірі ығып шөлге бұққан соң, суы мол, топырағы құнарлы кең өңірді Тал мен Терек емін-еркін жайлап қалған екен.

Тобылғы, Баялыш
һәм Арша

ірер үйлі жан бір-біріне жақын қоныстанып, бірге өмір

кешіп жатыпты. Бірі – Сексеуіл мен оның ұлы – Баялыш,

енді бірі – Қарағай мен оның қызы – Арша екен. Алғашында
көршілер тату-тәтті, жақсы тұрыпты.
Күндердің күнінде Баялыштың басына Аршаға құда түсу ту-
ралы ой келіп, қалың жинай бастапты. Алайда Арша Баялыш-

ты сүймепті, өңің қара деп күйеуге шығуға ризалығын бермепті.
Бұл әкелерінің ұрысуына себеп болыпты. Тобылғы екеуін қанша
татуластырмақ болса да, мұнысынан ештеңе шықпапты. Ақыры
Сексеуіл мен Баялыш енді бұл жерде тұру қиынға соғатынын бі-

ліп, Тобылғыны қастарына қосып алып оңтүстікке қоныс аударуды
ойлапты. Олардың қашқанына маңғазданған Қарағай тәкаппарла-
на басын жоғары көтеріп, созыла түсіпті. Содан оның бойы мей-
лінше ұзарып кеткен екен. Ал туған жерін тастауға мәжбүр болған

Сексеуіл қайғыдан бүкірейіп қалыпты. Тобылғы болса, Сексеуіл
мен Қарағайды татуластыра алмағанына ұялып, қызарып кетіпті.
Осындай кикілжіңнің тұсында әке-шешесінен қашып кеткен
Аршадан бірталайға дейін хабар болмапты. Сөйтсе ол тасты сүйіп

қалыпты. Содан бері Арша тастардың ортасында өседі екен.
Жұмақ алмасы
Қазақстанның оңтүстігінде жабайы Қара алма алқабы бар.
Бұл – бадам, долана және шетен аралас өскен елу гектарлық

алма бағы. Мұнда алманың он сегіз сұрыбы өседі. Бір ғажабы,
солардың бәрі бір тектен – ежелгі Қара алмадан таралған. Оны-
мен будандасқан апорт жақсылардың ішіндегі жақсы сұрып –
Алматы апортына айналды! Ұлы мұздақ дәуірінде бүкіл солтүс-

тік жарты шардағы алмалар үсіп кеткен. Аман қалғандары тек
Ерен Қабырғаның Медеу сынды терең шатқалдарында және

Шарын мен Ақсу сияқты өзендердің жағалауларында. Қара алма
осы Ақсу өзенінің бойындағы Жабағылы деген жерде өседі.
Құдайдың Адам Ата мен Хауа Ананы осындай байырғы
бақтардың біріне қоныстандырғаны туралы аңыз бар. Шын

мәнісінде, егер басқа жерлерде алма ағашы болмаса, демек,
алма да болмағаны ғой. Ал, мұнда алма болған! Оның үстіне
нақ осы Ақсу-Жабағылы қорығында өте сирек құс – ұжмақ шы-
быншысы мекендейді. Бұл құс неге бұлай аталады? Бәлкім, сол

жер Бейіш бағы – адамзат тегін өрбітуші Адам мен Хауаның
мекені болған шығар. Ақсу-Жабағылы шатқалы – жұмақ
тұрған жер, ал оның саясындағы Қара алма тоғайы – Хауа жеп
қоятын ты йым салынған жеміс өсетін бақ болуы әбден мүмкін.

Қазірде осынау шын мәнісіндегі жәннат қойнаудан кетер ал-
дында әйелдер осындағы ағаштан алма жұлып жеп, «Хауаның
күнәға батуы ның» қалжыңды жорасын жасайды. Содан ке-
йін, жергілікті салт бойынша, діңінің түбінде біздің арғы түп

анамыздың табан ізі қалды-мыс дейтін екі шұңқыры бар тас
жатқан бұтағына түрлі-түсті шүберек байлайды...
«Алма» деген сөздің қазақ тілінде бұйрық райлы «тиіспе!» де-
ген де мағынасы бар. Ей, әйел, жақсылық пен жамандықты білу

ағашында өсіп тұрған, тыйым салынған жемісті «Алма!»
Әлем ағашы туралы миф
Мифологиялық сана ежелгі тарихы бар барлық халықтарға тән
ортақ сипат болып табылады. Осынау халықтардың әрқайсысы

әлемді, қоршаған табиғатты, адам мен құдайлар-ды шамамен
бірдей түсіндіреді. Солардың бірі – адам ғұмыр сүретін әлем үш
бөліктен: Жоғарғы (Көк), Ортаңғы (Жер) және Төменгі (Жерасты)
үш әлемнен тұратындығы туралы мифологиялық түсінік.

Көшпелі халықтар осынау әлемдердің әрқайсында тіршілік бар
және бұл тіршілік адамдардың өздері Өмір кешетін Ортаңғы әлем
тіршілігіне ұқсас деп есептеді. Бұл жайында қазақ ертегілерінде
де айтылған: «Жердің астында тіршілік бар, онда да адамдар мен

көп қауым тұрады. Тек ол жақта жердің үстіндегідей емес: жарық көмескі, ауа тар, онда күн көрінбейді, бірақ ондағы адамдар да, жер үстіндегі адамдар не істесе, соны істейді» («Аюдау» ертегісі). Ал Жоғарғы әлемде, керісінше, жарық пен күннің шуағы мол, Жоғарғы әлемді мекендеушілердің денелерінен жарқыраған сәуле төгіліп, нұр шашылады. Ертедегі адамдардың мифологиялық түсініктерінде осы үш әлемнің мекендеушілері жайында нышандық (символдық) түсінік орнықты. Ортаңғы әлемде төрт аяқты, екі аяқты жануарлар, соның ішінде, адамдар тіршілік етеді. Жоғарғы әлемнің нышандары қанатты мақұлықтар, құстар болып табылады. Ал жер асты мен су асты әлемінің нышандары – сондағы мекендеушілер – бақалар, жыландар, тасбақалар, балықтар. Сондықтан қазақтың сиқырлы һәм қиял-ғажайып ертегілерінде Жоғарғы әлемде тұратын мақұлықтар жерге құс кейпінде келеді, ал өз әлемдерінде олар адам бейнесінде өмір сүреді. Өз кезегінде, Төменгі әлемнің мекендеушілері де жер үстіне жылан кейпінде шығады, ал өздерінің үйреншікті жерасты ортасында олар да адам бейнесінде жүреді. Кейінірек осы мифологиялық түсініктер құрама, буданды бейнелерге ауысты: ертегілер мен мифтерде құс-адамдар, яғни қанатты адамдар, жылан-адамдар (мысалы, скифтердің түп анасы), балық-адамдар (су перілері) пайда болды. Жердің байырғы халықтарының мифологиясындағы аса маңызды бір нәрсе – космологиялық тамыр ретіндегі Әлем Ағашы туралы ұғым. Әлем Ағашы планетаның қақ ортасынан – кіндігінен өсіп шығып, барлық үш әлемді ең төменгі нүктесінен бастап шырқау көгіне дейін көктеп өтеді. Осынау ғажайып алып ағаш Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі – үш әлемді біріктіріп, біртұтас етеді. Ертедегі адамдардың ертегілік таным-түйсігіне тамыры жердің терең қойнауларына тарайтын, ұшар басы шырқау көкке жететін сондай алып ағаштың болуы заңды болып көрінді. Барша халықтардың ертегілерінде осындай ғаламат зор Өмір Ағашының сипаттамасы бар, тіпті суреттері де кездеседі. Оны көбінесе былай суреттейді: Әлем Ағашының аспанға шаншылған ұшар басында

құс қонақтап отырады, ал жердің тереңіне бойлаған тамырларын алып айдаһар шырмап орап жатады. Ортаңғы бөлігінде, жер үстінде – адам, оның қарсысында – жануарлар мен аңдар бейнеленеді. Көшпелі халықтардың, соның ішінде, қазақтардың да әрбір тарихи дәуіріне тән дерлік Әлем Ағашының сан түрлі суретбейнелерін немесе нұсқалы мәнерлерін ұшыратуға болады. Мысалы, қазақ тарихының сақ дәуіріне жататын Есік қорғаны жәдігерлерінің ішіндегі киімге тағатын алтын жапсырмалардан ұшар басына құс қонақтаған Әлем Ағашын көреміз. Ал, Алтайдан табылған алтын заттардың бетіне ұшар басы екеу, әрі бастары жер астынан шығып келе жатқан екі айдаһар бейнеленген Әлем Ағашы салынған. Әлем Ағашының суретін қазақтың тұрмыстық ою-өрнек айшықтарынан да көреміз. Көшпелі халықтың мифологиясында осынау қасиетті Әлем Ағашын көбіне-көп ақиқат өмірдегі бәйтеректермен байланыстырады. Мұндағы бәй, бай – алыптықты, құт-берекені білдіреді. Кейбір Сібір халықтарында зәулім қарағайды Әлем Ағашы деп біледі. Әлем Ағашы шамандардың дінінде де пайдаланылған. Шамандар соның бойымен жоғары-төмен саяхаттай алады, яғни Жоғарғы Әлемнен Төменгіге өтеді деп саналған. Әлемдерді саяхаттайтын осынау сиқырлы шамандық мұратты көненің көзіндей қазақ ертегілері де паш етеді. «Жарты Төстік» деген ертегіде тамыры біреу, ұшар басы екеу осындай ағаштың бойымен Төстіктің әкесі күнде көкке көтеріледі. Содан соң ол төменге, талтүске түседі, талтүсте тұрған бетінде төменге, іңірге өтеді. Ал ұлының бұлай саяхаттауына рұқсат етпейді. Бір күні ұлы әкесінің тілін алмай, ағашқа өрмелеп, ұшар басына шығады. Сонда әлгі бала жайлауға көшіп бара жатқан ауылды көреді. Көштің алдында өңкей жігіт-желең, думандатып, ойын-сауық құрып барады. Олардың артын ала егде тартқан, орта жастағы әйелдер мен ерлер келеді. Ал көштің соңында қаусаған қарт адамдар, шал-кемпірлер бара жатады. Кешке ұлы осы көргенбілгенін әкесіне айтып береді.

– Әй, ұлым-ай, сенің көргенің – біздің судай ағып өте шығатын өміріміз, уақыт ырыққа көнбейді. Уақытты меңгеруге өлілердің де, тірілердің де ақылы жетпейді, – дейді әкесі. Бірақ тілазар ұлы ағаштың басына қайтадан шығып, әрбір уақыттық белдеуде болып, дүние жалғанның опасыз өткіншілігін біледі. Әлем Ағашының ұшар басында қонақтаған құс Самұрық немесе Симиург деп аталады. Ол – барлық құстардың патшасы саналатын сиқырлы құс. «Бұл құс ешкімге зиян шектірмейді, ешкімге жамандық жасамайды, тек адамдарды қайғы-қасіретінен айықтыруға жәрдем етеді...» – дейді қазақ ертегісі «Аюдауда». Кейде Самұрық екі басты құс кейпінде суреттеледі. Бір басы – құстікі, екінші басы – адамдікі («Ер Төстік»). Әдетте, ол батырларға ерлік жасауға көмектеседі. Алайда Самұрықтың сеніміне кіру үшін батыр әуелі жылда оның ұясына өрмелеп шы ғып, балапандарын жеп кететін жер асты айдаһарын жеңуі керек. Әлбетте, батыр істі оңынан келтіріп, айдаһарды өлтіріп, алдағы жорықтарында самұрықтың шапағатына ие болады. Көптеген халықтардың, соның ішінде, қазақ ертегілерінде де оқиға желісі былай өріледі: алып жыланға немесе аждаһаға құрбандыққа адам, көбінесе сұлу қыз тартылады. Ертегідегі қаһарман батыр айдаһарды өлтіріп, аруды құтқаруға міндетті. Сол үшін батыр айдаһармен жекпе-жекке шығады. Міне, осы жекпежекке дайындық, жауыз айдаһарды жайрататын қырық құлаш семсерді табу, осы орайдағы шытырман оқиғалар қиял-ғажайып ертегінің мазмұнын құрайды. Мұндай оқиға желісі көп халықтарға тән. Андромеда жайында ғы бағзыдағы грек мифінде бас кейіпкер-аруды аждаһадан ежелгі заманның батыры Персей құтқарады. Демек, Самұрық құс пен жер астының жауыз айдаһары Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік күресін бейнелейді. Жоғарғы және Төменгі екі әлем бір-біріне қарсылас; Ортаңғы әлемнің өкілі – адам осы екеуінің қайсысын жақтаса, жалпы, әлем тағдыры соған байланысты болады.

Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік күресінде адам мін-
детті түрде әділеттілік жағына шығуы керек. Көне мифтік қисын
бойынша адам Төменгі әлемге түсіп, сондағы айдаһарды жайра-
туы тиіс. Жер астына тап болған ертегі қаһарманы ханның сұлу

қызына үйлену мақсатын көздейді. Ал, қайтадан жер үстіне
шығу үшін Әлем Ағашы – алып бәйтеректі тауып, соның түбінде
Самұрықтың жоғын пайдаланып ұядағы балапандарға жорғалай
өрмелеген айдаһарды өлтіруі керек. Осылайша батыр балапандар-

ды қанқұйлы жауыздан құтқарады. Көбіне-көп ол айдаһарды садақ
жебесімен жайратады, кейде айбалтаны, кейде сиқырлы семсер-
ді пайдаланады. Балаларын ажалдан құтқарғаны үшін Самұрық
батырдың ерліктеріне жәрдем етіп, жол ашады, оған күш-қайрат

беріп, жер үстіне алып шығады. Мысалы, Фирдоусидің «Шаһнама»
дастанының бір тарауының оқиғасында Сам палуан өзінің ұлы Да-
стан – Залды құтқару үшін киелі құс Самұрықтың ата жауы – жер
асты айдаһарын өлтіреді.

Осылайша, мәңгілік Әлем Ағашы жайында баяндалатын ерте-
гілерде басты мағына мен мазмұн барлық үш әлемнің, олардың
өкілдерінің күресі мен бірлігі, Жақсылық пен Жамандықтың бі-
тіспес тайталасы болып табылады. Тек сол тайталаста адам жеңіп

шыққанда ғана мұратына жетеді. Осынау белгілі оқиға желісі –
көшпелілердің мифологиялық философиясының алтын қазығы.
Қазақтың ауыз әдебиетінің ескерткіштеріне және бейнелеу
өнерінің көптеген мысалдарына сүйене отырып, біз ежелгі миф

сұлбасын былайша қалыптай аламыз.
Үш әлем: Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі әлемдер алып Әлем
Ағашына тігінен көктеліп біріктірілген. Әлем Ағашының басында
Жоғарғы Әлемнің патшасы – Самұрық құс (Симиург) қонақтаған.

Әлем Ағашының тамырында оратылып жамандықтың бейне-
сі – айдаһар жылан жатыр. Ағаштың түбінде айдаһарға садағы
мен жебесін кезеген Адам тұр. Ағаш басындағы құс ұясында –
болашақты бейнелейтін, әлі қанаттанбаған балапандар.

Әлем Ағашы жайлы мифтің терең пәлсафалық мағынасы, міне,
осындай.

Қанатты аттар
хақындағы
нанымдар, әдет-
ғұрыптар

мен аңыздар
Шығыс Қазақстан мен Алтайдың
көптеген қорым-обаларында алтын
бетперде кигізіліп жерленген

арғымақтар табылды.
Скифтер Көк Тәңіріне бағыштап аттарды
құрбанға шалған. Бұл о дүниеде ұлы көсем
ең жүйрік жануар – арғымаққа мініп жүруі

тиіс деген нанымнан туған.

Тайпа немесе ру көсемінің өлімі – қайғылы құбылыс. Бірақ бұл жаратылыстың табиғи заңдылығы болып табылатындықтан, адамдар марқұмның мәйітін жер қойнына жөнелтпес бұрын атқарылатын алуан түрлі ғұрып-жораларды ойлап тапқан. Көптеген екі кісілік ескі молаларда, әдетте, ер мен әйелдің мәйітін көруге болады және олардың кім екендігі күмән тудырмайды да. Әрине, бұлар – көсем мен оның зайыбы. Өйткені, көнедегі көптеген халықтардың салттарында көсем өлгеннен кейін оның әйелін де (немесе, егер көп әйелі болса, солардың біреуін) өлтіру дәстүрі болған. Көсемді жерлеуге қатысты бұдан басқа да жоралар толып жатыр. Ол, негізінен, аттармен байланысты. Мәселен, Шығыс Қазақстан мен Алтайдың көптеген қорым-обаларында алтын бетперде кигізіліп жерленген арғымақтар табылды. Скифтер Көк Тәңіріне аттарды құрбанға шалған. Бұл о дүниеде ұлы көсем ең жүйрік жануар – арғымаққа мініп жүруі тиіс деген нанымнан туған. Берел қорғанында жерленген адам Күлтегін сияқты, көптеген шайқастарды өткерген ірі әскербасы екенінде дау жоқ. Ғұмырының әр кезеңінде сынып, қайта бітіп кеткен қабырға, омыртқа сүйектерінің сынықтары оның жауынгерлік ерліктерін куәландырады. Жерленгендерге көгілдір інжу-маржанмен ызылып, алтынмен қапталған, ғажайып ою-өрнекпен кестелене тігілген сән-салтанатты киім кигізілген. Киімнің асылдығы мен әсемдігі осынау адамдардың тірліктегі әлеуметтік мәртебесінен хабар береді. Көсеммен қоса алтын бетперделі он үш ат жерленген. Бұл арғымақтар маңдайдан темір істікпен ұрып өлтіріліп, мола қабырғасының ар жағына жатқызылған. Аттардың бастары күншығыс жаққа қаратылған. Он үш аттың төртеуінің бастарында рәсімдік былғары бетперделер болған. Олар ағаштан жасалған таутеке мүйіздерімен көмкерілген. Бетперделердің біреуі арыстан Құрбан аттары

-грифонның, яғни мысықтұқымдас жыртқыш денелі, зор имек
тұмсықты, былғарыдан жасалған ұзын иір мүйізді қиял-ғажайып
мақұлықтың ағаш мүсінімен безендірілген.
Арғымақтардың шерулік әбзелдері түгел сақталған. Әсіресе,

жыртқыш терісімен жабылған ер-тоқым және грифонның тұяқты
жануарды жаныштап жатқан көрінісін кескіндеген тоқымның киіз
жабуы ерекше көзге түседі. Бір аттың еріне ағаш шыбықтардан
өрілген қалқан бөктеріліпті. Бұл қорымнан бүгінгі таңда Қазақ-

станда ең көне деп есептелетін әсем өрнекті ер-тұрмандар табылды.
Ат жабдықтары бедерлі ағаш бұйымдармен әшекейленген.
Бұйымдардың баршасы – жапсырмалар, салпыншақтар, айылбас-
тар беткі жағынан жұқалап алтынмен және қалайымен қапталған,

ал, ішкі жағынан ат әбзелінің қайыстарына бекітілген.
Аттарды құрбанға шалу – түркілердің арғы түп бабаларынан
түркілерге, олардан монғолдарға және орта ғасырлардағы түркі-
лерге уақыт көшіне ілесе ауысып келе жатқан тәңіршілдік ғұрып.

Қазақ ғұрпында өлген кісінің атын күні бұрын дайындайды.
Ер-тоқымды теріс қаратып салады да, иесінің киімдерін, қару-
жарағын іледі. Төбесіне бас киімін қойып, киіз үйден кесіліп
алынған арқанмен буып байлайды. Аттың құйрық-жалын кесе-

ді. Мұндай атты «тұлданған қаралы ат» деп атайды. Атты тұлдау
өлген адамға құрмет көрсетудің белгісі саналады. Қаралы атты
ұрылар зауалынан қорқып, ұрламаған. Оған салт мініп жүруге
болмайды. Сөйтіп атты бір жылға жылқы ішіне жібереді. Бір

жылдан соң марқұмға ас беріп, сонда сояды. Осы кезде жоқтау
жыры айтылады (бұл, әсіресе, орта жүз қазақтарына тән).
Марқұмның жылындағы аста ат бәйгесі өткізілетін болған. Жа-
рысты өлген кісі ат тұяғының дүбірін естіп жатсын деп, міндетті

түрде зират маңында өткізген. ХVІІІ ғасырдың соңын да Орта жүзде
керей Бұланбай палуан өлерінің алдында: «Мені биік төбенің ба-
сына жерлеңдер. Қасымнан өткен жылқы тұяғының дүбір-дүсірін
естіп жатайын», – деп өсиет еткен екен.

Қазақтарда ұл баланың (ер адамның) ас қамдауға араласуы ұят
саналған, ал, бие саууға ерлер әрқашан құрметпен қараған. Сірә,

бұл Геродот сипаттаған скифтер заманынан бері сақталған және скифтердің алтын бұйымдарында бейнеленген әдет-ғұрып болса керек. Жылқыны кие тұтқан қазақ әдет-ғұрпында тостаған түбінде қалған қымызды төгуге болмайды. Өкінішке орай, кейбіреулер қазақтардың бұл ғұрпын білмей, оларды елемей, кейде тостаған түбіндегі қымызды жерге төгіп тастайды. Бірде бір кісі биелерін сауып, сүт толы шелегін шүпілдетіп, үйіне келе жатады. Сонда шелектегі саумалды көрген көршісі: «Ойпырмай, тас бұлақтың суындай неткен саумал!» – деп таңданыпты. Иесі саумалды сабаға құйып, шелегіне қараса, түбіндегі тас қақ жарылған екен. Сірә, «Тілің тасқа! Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген мақал, міне, осыдан қалса керек. Қазақ мифтері бойынша, Қамбар – жылқы иесі ғана емес, сонымен бірге бие сүтінен қымыз дайындаған бірінші адам. Бағзы кездерде адамдар қой сүтін пісіріп, құрт пен ірімшік жасаған. Ал, бие сүті ешбір икемге келмеген. Сонда Қамбар ата қымыз ашытып, елді үйреткен екен. Жылқыны сойғанда, бақ таяды деп қорқып, қан-жынын жу маған. Әдетте, басқа жануарларды сойған кезде, ет таза болсын деп, қанын жуып шайған. Орталық Қазақстан қазақтары жылқының шекесін тұтас асады. Себебі, оны шауып бірнеше бөлікке бөлсе, халықтан ынтымақ, бірлік кетеді, мал басы көбеймейді деп ырым етеді. Дәл осындай ырым буряттарда да бар. Олар жылқының бас сүйегін лақтырып тастамайды, аяқ асты болмасын деп, биік жерге, жартастарға, шоланның төбесіне қояды, ағаш бұтағына іліп кетеді. Орталық Қазақстанда жылқының бас сүйегін зираттың жоғарғы көлденең ағашына қояды, ал Жетісуда аттың басын, егінге зиян келмесін деп, қарақшы қылып іледі. Құла дүз тақырда аттың шекесін жастанып жатса, бұл қауіп-қатер мен жын-шайтаннан қорғайды деген де наным бар. Атақты тұлпарлардың, жүйрік сәйгүліктердің, батырлардың аттарының бастарын киіз кебінге орап, биік таулардың басында

қалдырған. Мұны «аттың басын кебіндеу» деп атайды. ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншаларына қарсы шайқасқан Қабанбай батырдың жансерік тұлпары Қубастың басы Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданындағы Барлық тауының төбесіне жерленген. Сондай жақсы аттардың басын жерлеу ғұрпы ХХ ғасырдың бас кезіне дейін сақталған. Бұлтартпас деректерге қарағанда, Орта жүздің Шоң биі Қара ала ат деген сүйікті атының басын кебінге орап, жер қойнына тапсырған. Әйгілі тұлпар Құлагерді әнші-ақын Ақан сері де аялап, азалап жерлеген. Күй атасы Құрманғазының Күрең аты иесінен бұрын жантәсілім еткен. Сол аттың көмілген жері Құрманғазының мазарынан оңтүстікке қарай бірер шақырым қашықтықта дейді. ХІХ ғасырдың басында өмір кешкен адай руынан Амантұрлы Қожалақ батырдың Қара атын адам сияқты жерлеген. Қабірі – Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, батырдың кесенесінің қасында. Сиқырлы ақбоз аттар Көшпелілер мифтерінде аттың – далалықтардың сүйікті жануарларының алатын орны мүлдем ерекше. Көшпелі тұрмыс-тіршілікте төрт түлік малдың ішінде жылқы әр-қашанда басқаларынан жоғары бағаланды және дара тұрды. «Арыс-тан – аң патшасы, ат – мал патшасы», «Ат – ердің қанаты», «Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» – қазақтың мақал-мәтелдері түлік төресі жөнінде осылай дейді. «Шаруаның бір пірі – жылқышы ата! Тілегенде өзің бер ақтан бата!» – деп, мал сүмесін* емген қазақтар жылқышы ата – Қамбардан медет тілеген. *Сүме – аң, малдың сүті, сүт тағамдары.

Қазақтар баяғыдан аттар адамдардың ауруын емдеуге де
көмектеседі деп есептеген. Жын-шайтан аттан қорқады, ат келген
кезде науқас адамды басқан албасты тұра қашып, ол ауруынан жа-
зылады деп пайымдаған.

Салт аттының қамшысы да керемет құдіретке ие. Аттың тері
сіңгендіктен, оған жындар мен әртүрлі албастылар жақындауға
қорқады. Сол себептен де қамшыны жас әйелдердің бас жағына
іліп қоятын болған. Әсіресе, тобылғы сапты, сары жезбен өрілген

қамшылардың сиқыр-қасиеті ерекше деп сенген. Тувалар «шай-
тан қызыл қамшылы кісіден қорқады» десе, қазақтар «сайтан сары
қамшыдан сескенеді» деп санаған.
Бала туғанда, ұлдың кіндігін шүберекке орап, айғырдың жалы-

на немесе қошқардың мүйізіне байлап қойған. Өйткені, ата-ана
өз ұлдарының төрт түлікті өргізіп өсіретін малсақ адам болғанын
қалайды. Шебер ісмер болсыншы деп, қыздың кіндігін сандықта
сақтаған. Қырқынан шыққан соң баланы атақты адамдардың:

ақындар дың, қызыл тілді шешендер мен батырлардың үзеңгілері-
нен өткізеді.
Ат тұяғының таңбасы қалған жерді «періштенің ізі» деп
атаған. Мұндай жерден бір уыс топырақ алып, шүберекке орап,

баланың жастығының астына салған немесе суға қосып, баланы
шомылдырған.
Қазақстанның бірталай аймақтарында тастардағы «тұлпар
тұяғының ізі» деп аталатын жылқы тұяғының суреттеріне тәу

ететін ғұрып та бар. (Ат тұяғының суреті бар тастарды барлық
жерде тұлпартас деп атайды). «Тұлпардың ізі өшпес» деген қазақ
мақалы тұлпар тұяғының қаттылығын, сондықтан, оның салған
таңбасының өшпейтінін ишаралайды. Тастағы тұлпар іздеріне тәу

ету, ат тұяғының ізін қастерлеу сақара сиқыр-кереметтерінің бір
көрінісі болып табылады.
Жалғыз ұлға Тұяқ, Тұяқбай деп ат қояды. Өйткені, ол – әкесі-
нің жалғыз мұрагері. Күміс жамбыны (тайтұяқ) тұяқ пішінінде

жасайды. Осының бәрі ат тұяғының қасиет-киесіне деген керемет сенімге байланысты. Жылқының жалы мен құйрығы адамды жын-шайтан, бәлежала, қауіп-қатерден қорғап-қоршайды деген ырым бар. Бесікке жылқының жал-құйрығының қылын байлап қояды. Жылқының жалынан, кекілінен әдейілеп жұлынған қылды шүберекке орап тігіп, баланың мойнына тұмар қылып тағады. Мұның мифтік сипаты фольклорда көрінген. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырында Қозының Күрең бестісіне адамша тіл бітіп: Кекілімнің бір қылын жақсаң егер, Сол кездерде алдыңа келем жетіп, – дейді. Қазақта атақты адамдар жайында айтылатын «ол қара-көктің тұқымынан ғой» деген сөз бар. Абайдың әкесі Құнанбай «Біз қаракөктің тұқымымыз» дейді екен. Ал егер қара халықтан біреу зор атаққа жететін болса, таң қалып, бұл «қарадан шыққан қара-көк» деп сүйінетін болған. Қызыл тілді шешендерді, ақындарды «қара-көк шешен», «қара-көк ақын» деп мадақтаған. Аңыз бойынша, басқалардан бөлек көріну үшін бай-бағландар мен төрелер қара-көк түсті құлынның терісінен тігілген тон киген. Жетісу мен Шыңжаң қазақтары көп жағдайларда ақ атты көк ат деп атайды. Бұл ғұндар мен түркілер Тәңірге ақ түсті жылқыларды құрбан шалған баяғы бағзы заманнан келе жатқан дәстүр. Ақбоз аттар аққудан туады. Абылайдың Алшаңбозы аққуға айналды деген наным бар. Қазақтардың жылқыға байланысты наным-сенімдері, салт-дәстүрлері түркі мен монғол мифтері ию-қию араласып жат қан ерте замандарда пайда болған. Жылқы баққан халықтардың әдет-ғұрыптарымен олардың көптеген ортақ сипаттары бар. Бірақ бірқатар ырымдар тек қазақтарда ғана ұшырасады. Ғұрыптардың көнелігі және ортақтығы Орталық Азия тайпаларының жылқыны өте ерте замандарда, бәлкім, б.д.д. 4 – 3 мыңжылдықта, яғни, осыдан бес-алты мың жыл бұрын қолға үйреткенін куәландырады.

Теңіз аттары Теңіз аттары жайлы мифтер қазақтың бір ғана руында, Маңғыстау түбегін мекендейтін адайларда ғана бар. Бұл мифтердің шыққанына да екі мың жылдан асты. Теңіз аттары жайлы айтқанда, біз «адай» атауының шығу төркініне тікелей жанасамыз. Себебі, осынау этноним «ат» сөзімен тығыз байланысты. «Адай» сөзінің мәнісі оны «атай» деп құбылтсақ түсінікті болады. Яғни, тай, жас теңіз аты. Адайға «тай» сөзі ғана қатысты емес. Шежіре бойынша, адайдың әкесі Елтай деген кісі. Адайлар дың сегіз атасының бірі – Шыбантай. Мифологиялық Алғадай бейнесі де адайларға өте жақын. Көптеген қазақстандық тарихшылар «адай» этнонимі Геродот, Страбон және басқа ежелгі авторларда көрсетілген «дай» руының көне атауынан шыққан деген ойға бейім. Ал, кейбіреу лері қазіргі адайлар ежелгі дайлардың ұрпақтары деп есептеуге ықыласты. Грек-рим жазушылары Страбон, Плиний көшпелілердің сақАқбоз жылқыны қадір тұту әртүрлі салт, дәстүрлерге байланысты. Боз биенің сүтіне шомылған кісі барлық ауруларынан жазылады, оған қайғы-қасірет жоламайды деген ырым бар. Жау ды жеңіп қайтқан Алпамыс өзінің азап көрген ата-анасын боз биенің сүтіне шомылдырады. Халық ішінде ұлға ана алдындағы борышын еске салған кезде әлі күнге дейін «Сен өз анаңды боз биенің сүтіне шомылдырып әлпештеуің керек қой» деп айтып жатады. Соғыс тоқтатылып, екі жақ келісімге келген бітім уақтысында ақбоз ат шалып, жора жасайды: екі жақтың бітімшілері сұқ саусақтарын осы аттың қанына малып, ешқашан жауласпауға ант етеді. Жеңіс хабарын жеткізу үшін ақбоз атты жаушы, жеңілісті хабарлауға қара ат мінген жаушы жіберілген. Ақбоз ат үстіндегі адам айбынды көрінеді және ақ түс жеңісті бейнелейді.

Саназардың теңіз аттары

ртеде адай руында Саназар деген бір бай болыпты. Әлім

руының бір жігіті оның қызына ғашық болып, әкелері

құдаласыпты. Ғашық жігіт Саназардың ауылына қызға құ-
пия келіп-кетіп жүріпті. Жігіттің сиқырлы аты бар екен, мұны тек
Саназар мен оның қызы ғана біліпті. Содан Саназар сиқырлы атқа
біреу-міреудің көзі тимесін деп, ауыл шетінде жігіт пен оның

ғажайып пырағына арнап жеке үй тіктіреді, адамдардың оған
қарауына ты йым салады. Дегенмен де көрсеқызар бір әйел жабудың
арасынан сығалап, қанатты атты көріп қояды. Әйелдің сиқырлы
атқа сұғы жаман көзі тиіп, ат сеспей қатады. Саназар болашақ

күйеу баласына өзінің қанатты тұлпарын беріп, шерін басады. Бұл
сиқырлы тұлпар Саназардың қолына былай түскен болатын.
Бірде ол оннан астам байталын жоғалтып, соларды іздеуге
шығады. Сөйтіп, жылқылары мөлдір де тұнық суы бар бір суаттың

басынан су ішіп тұрған жерінен үстінен түседі. Саназар жоғын
тапқанға мәз болып, дем алып отырса, судан теңіз айғыры шығып,
мұның байталдарымен иіскесіп, ойнай бастайды. Мұны көрген Са-
назар ақсақалдардың теңіз және өзен жылқыларының сиқырлы

қасиеттері жайлы айтқан әңгімелерін еске алып, теңіз айғыры
шапқан байталдарды ғана әкетіпті.
Буаз байталдардың құлындайтын уақыт да жақындайды.
Ғажайып құлындар күткен Саназар байталдарын өзі мәпелеп

бағып, күзетіпті. Бірақ әрбір жолы жаңа туған құлынды көктен
бір тылсым күш келіп, алып кетіп отырады. Саназар тек біреуін
ғана ұрлатпай алып қала алады. Сөйтіп, Саназардың күйеу бала-
сына өлген қанатты тұлпардың бодауына* берген аты нақ сол теңіз

айғырынан туған жалғыз құлынның ұрпағы болатын.
*Бодау – бір нәрсенің төлемі, өтеуі.
массагет тайпалары арасында дайлардың болғанын атап өтеді.
Парсылар оларды дахтар дейді. «Ригведеге» сәйкес, үнді-арий

құжаттарында бұл халық дайтия, данав, даса, дасью деп аталады.

Теңіз аттарының қылшықтары алтын және олардың ауыздарын-
да жады тас болады. Айғырлар судан шыққанда, бұл тасты биік
жерге, төбеге қояды. Адамды көрсе, теңіз аттары бірден суға шо-
мып, ғайып боп кетеді.

Башқұрттардың байұлы руының арғы атасы теңіз аттары деп
есептеледі. Баяғы заманда Күшлік деген бір жігіт өзінің саят
сұңқарын теңіз патшасының бірнеше атына айырбастайды. Су-
дан қанатты Қара Жорға бастап бір үйір теңіз жылқысы шығады.

Осы қанатты тұлпар лар жігіттің қолын сұлу қалыңдыққа жет-
кізеді, екеуінен байұлы руы тарайды.
Кейбір мифтерде аттар айдаһарларға туыс болып келеді. Теңіз
аттары айдаһарлардың бейнесі деп саналған, тұрқы биік барлық

арғымақтар ертеде айдаһар ретінде қабылданған.
Бағзыдағы қытай жазушылары Чжан Цзинь мен Ли Бо сақара
көшпелілерінің теңіз аттары жайында: «Алыстағы Батыс жақта
(Ұлы Далада) айдаһарлардай алып денелі қанатты керемет аттар

мекендейді», – деп әңгімелейді.
Юечжи еліндегі үңгірлерде
Арғымақ аспан тектес келді өмірге.
Арқасы теңбіл-теңбіл жолбарыстай,

Айдаһар қанаты бар денесінде …» –
деп жазады ақын Ли Бо.
Суда туған жылқылар жайындағы аңыз сақараның сан түрлі
аймақтарына мағлұм. Мысалы, Күше шаһарында (VІІ ғасыр) бір

ғибадатхананың алдында «айдаһарлар көлі» болған. Өздерінің
кейпін өзгерте отырып, осы айдаһарлар кәдімгі биелермен
будандасқан. Олардан тараған ұрпақтар – қолға үйренуі қиын, бас
білмейтін тарпаң асау, жабайы жылқылар.

Жылқышы мен айдаһар

ір елде жалмауыз айдаһар пайда болып, жылына бір рет

шаһарға келіп құрбандығын алып кетіп тұрыпты. Шаһар

халқы жыл сайын оған он қой мен беті ашылмаған пәк қыз-
ды беріп отыруға мәжбүр еді. Айдаһарды қалай жеңудің жолын
білмей, дымы құрыған хан осы жөнінде арнайы жарлық шығарған
болатын. Онда жаңа туылған әрбір нәресте қыз он сегіз жасқа

толған соң айдаһарға құрбандыққа тартылуы тиіс делінген.
Міне, тағы да айдаһардың келетін мезгілі тақап қалды. Осы
бір жойқын аждаһаға жұрттың шамасы жетпей, өлтіре алмай-ақ
қояды. Онымен шайқасам деп талай-талай ерен батырлар ажал

құшты. Бұл жолы ханның өз қызы, батырдың сүйген қалыңдығы
сондай құрбандыққа айналуы керек еді. Жарлықты өзі шығарған
хан оны орындамай да тұра алмады, әрі іштен шыққан баласын
мына обыр жалмауызға беруге де қимады. Бір күні хан болашақ

күйеу баласына не істеу керектігін ақылдаспаққа келеді.

– Бір амалы жоқ па, не істейміз? Мына бәледен құтылатын күн

бола ма? – деп қайғырады ол.
Жауларын жайратып, жеңіп жүрген жылқышы батыр бұл жал-
мауыз айдаһар ханға ғана емес, бүкіл халыққа қасірет шектіріп
тұр-ау деп ойланып қалды. Сол арада ол өзінің батыр атын көтеру

үшін:

– Айдаһарды жеңеміз! Көзін жоямыз! – деп айқай салды.

Хан оның мынадай жауабына риза болып, күйеу баласы ешбір
шайқаста беті қайтпайтын нағыз батыр екен деген ойға қалады.
«Егер айдаһар келсе, оған қарсы тұратын күйеу балам бар» деп, хан
құс жастықта алаңсыз жата береді.

Тап осы кезде жылқышы ханның алдында қызбалықпен бөсіп
кеткендігіне қапаланып отырған. Ол «Қылышпен шаба білемін,
аттың құлағында ойнаймын. Зәулім қарағайды түп-тамырымен
жұлып аламын. Бірақ тілсіз айдаһарға не амал қыламын, оны

қалай жеңемін? Білмеймін-ау» деп дағдарды.

Осынау үрейлі ой маза бермей, жылқышы айдаһардан зәресі ұшып, не де болса қашпаққа бекінді. Ешкім көріп қалмасын деп, семсерін беліне байлап, түнде жеңіл киіммен ғана үйінен асығыс аттанды. Таң сібірлеп атқанша, түні бойы жүрді. Шаршап, қарыны ашқан ол жалпақ сақарадан жанына сая таба алмай торықты. Кенет анадай жерде өсіп тұрған зор бәйтеректі көрді: «Осы бәйтеректің басына шығып, бұтағының арасында күннен көлеңкелей тұрайын, түнде қайтадан жолға шығамын», – деп ойлады жылқышы. Сөйтіп, ол ағаштың ең ұшар басына шықты. Таңертең хан күйеу баласын шақыруға әмір етті. Бірақ ол үйінде болмай шықты. Хан тығырыққа тірелді. Амалы құрыған ол, ақыры, жазмышқа мойынсұнып, айдаһардың аранына апарып салуға он қой мен өзінің қызын дайындауға бұйырды. Сөйтіп, хан бастаған бір шоғыр топ айдаһар күтуге тиісті жерге келе жатты. Айдаһардың мекені, құдіреттің бұйрығымен, жылқышы басына шығып, жапырақтарын саялап ұйықтап отырған бағанағы бәйтерек болып шықты. У-шудан шошып оянған ол жылапсықтаған адамдарды көрді. – Әне, әне, қыбырлады, – деген дауысты естіді жігіт. «Бұлар мұнда неғып жүр?» – деп ойлаған ол төңірекке қарап еді, алғашында ештеңе көрмеді. Есесіне тура өзінің астынан тек жорғалағыш мақұлықтар ғана шығара алатын ысылдаған ысқырықты естіді. Төменге қараса, сұмдық-ай, өзі күннен саялаған бәйтеректің дәл түбінде аузынан жалын лақылдатқан қорқынышты айдаһар жатыр. Аждаһа қозғалып қалғанда жылқышының зәресі ұшып, қалтырап, қалбалақтап кетті. Теңселе бере қармаған бұтағы да сынып, жылқышы ағаштың басынан айдаһардың дәл арқасына топ етіп құлап түсті!.. Өмірінде мұндайды бастан кешпеген айдаһар да қатты шошып, елеуреп, өзінің алып құйрығымен жерді соққылай бастады. Оның алапат ысқырығынан қара жер қақ айырылғандай болды. Жерге құласа құритынын білген жылқышы аждаһаның арқасына тастай қатып, айырылмады. Шабандоз атбегілігі, аттың құлағында

ойнайтыны, ерде құйып қойғандай нық отыратыны осы арада ере-
сен көмектесті.
Осының бәрін тамашалап тұрған хан мен шаһар халқы:
«Құдайым-ай, мұнау неткен көзсіз ер! Неткен ер жүрек батыр!»

– деп таңқала сүйсінді. Біреулері: «Қылышпен шап!» – десе, екін-

шілері: «Найзамен түйре!» – деп айқайлады. Үшіншілері: «Балта-
мен басынан шап!» – деп кеңес берді. Айдаһарды ерттеп мінуге ша-
масы жеткен ер енді ешкімнен ақыл сұрамайды деп ұйғарғандар
да табылды. Олар бұл қызықтың немен аяқталатынын көруге

құлшынды.
Ал, тағдырдың бұл ісіне көндігіп, еті үйрене бастаған
жылқышының үрейі тарқап, бір кезде айдаһардың басындағы
айдарынан шап беріп ұстай алды. Сөйтуі мұң екен, айдаһар ты-

ныштала қалды. Айдаһардың жаны, өмір тынысы оның айдарын-
да болып шықты... Жылқышы айдардан ұстап қысқанда айдаһар
тынышталып, ал босатса, құтырынып, құйрығымен жерді соға бас-
тайды. Жылқышы енді батылданып, айдаһардың айдарынан тар-

тып, қос бүйірден қылыштың қырымен ұрғылады.
Ақыры, айдаһар үйретілген аттай жуасыды. Айдарды тіз-
гін қылып ұстаған жылқышы аждаһаның бүйірінен қылышпен
қамшылап, топталған жұртқа жақын келіп, ханнан:

– Әлгі жалмауыз айдаһарыңыз осы ма еді? – деп сұрады.

Хан сілейіп, не жауап берерін білмей, тілі байланып қалды.
Жұрт ұлан-асыр қуанышқа бөленіп, ержүрек батырды мадақтап,
той жасады. Ханшайым оның әйелі болды. Осылайша қарапайым
жылқышы айдаһарды ауыздықтап үйретіп, теңдессіз ерлікпен

даңқы шығып, ұлы батыр атанды. Қолымен айдарынан тартып,
қылышымен құйрығынан піскілеп, ол аждаһаны әбден жуасытып,
қолға үйретіп алды.
Бұл оқиға өте ерте заманда болған екен.

Бес түлік малдың
иелері туралы
Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек
«бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің

«Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата»,
ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп нанатын. Бұлар ту-
ралы көркемденген әңгімелер айтатын. Мысал үшін жылқы піріне
арналған төмендегі жырды келтірейік:

Қамбар атаға
Шаруаның бір түлік пірі – Қамбар ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата!
Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата!
Өзің сақта ысқырған жел мен жаудан,
Қуғын-сүргін сабылтқан төтен лаудан,
Шаруаны беймезгіл бөріктірген.

Өзің сақта пәлелі қиян даудан.
Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенің білейін,
Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған,
Айғыр берсең байсалды.
Үйірі толған байталды.
Өңкей мама биемен,

Сауған сайын иіген.
Биесі бұтын жимасын,

Көнекке сүті сыймасын.
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі,
Таусылмасын Тәңірдің,

Үсті-үстіне берісі.
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған
Шыңғыртып асау құлынды

Қыл арқанмен байлаған.
Ел көшкенде балалар
Қиқу салып айдаған.
Қуғындарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған.
Қамбар ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді!
Жылқы басса үйіңді,

Жимай бассын үйіңді!

Құстар жайындағы мифтер Ертедегі адамдардың мифологиялық түсініктерінде үш әлемнің (Жоғарғы, Ортаңғы, Төменгі) мекендеушілері жайында нышандық (символдық) түсінік орнықты. Жоғарғы әлемнің нышандары қанатты мақұлықтар, құстар болып табылады. Сондықтан қазақтың сиқырлы һәм қиял-ғажайып ертегілерінде Жоғарғы әлемде тұратын мақұлықтар жерге құс кейпінде келеді, ал өз әлемдерінде олар адам бейнесінде өмір сүреді.

Бабай Түкті Шашты Әзиз
бен Ару аққу

абай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасы-

на келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып

келгенін көреді. Олар үстіндегі қауырсынды кебіндерін
шешкен кезде ғажайып сұлу қыздарға айналады. Үш ару қыз
өзен суына шомылып, алтын шаштарын алтын тарақпен тара-
сып отырғанда, Әзиз қулық ойлап ең кіші қыздың кебінін тығып

қояды. Екі үлкен қыз кебіндерін киіп, аққу болып аспанға ұшып
кетеді. Ал кебінінен айырылған кішісі кете алмайды. Осы сәтті
пайдаланып Бабай Түкті Шашты Әзиз оған «жарым бол» деп
ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді. Бірақ оған: «өкпемді

көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» деп үш шарт қояды.
Бабай Түкті Шашты Әзиз мұның бәріне көніп, көк аруына
үйленеді, бірақ жүре келе қыздың шарттарында қандай хик-
мет бар екенін білгісі келеді. Бір күні әйелі кебінін ауыстырып

жатқанда ол көзінің қиығымен байқап қараса, желкесінен миы,
қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады
екен. Үш шарттың бұзылғанын біліп қойған ару қайтадан аққу
кейпіне еніп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Бабай Түкті

Шашты Әзиз өмір бойы үйленбей өтеді.

Қалша батыр мен аққу

аяғы заманда қалың қолды бастаған Қалша Қыдыр деген

батыр қолбасшы өмір сүріпті. Ол бір жолғы жорығында жо-

лы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, қарамағындағы сарбаз-
дары бірі қалмай жан тапсырады. Өзі де жау қолынан жарала-
нып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Аштық пен шөл
қысқан батыр аңқасы кеуіп, әбден өлуге айналады. Осы сәтте көк

аспаннан бір аққу ұшып келіп, ауызына су тамызып, оны өлімнен
құтқарады. Айдын көлдің жағасына апарып, жарасын емдеп жа-
зады. Кейін бұл аққу асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр
сол аруға үйленеді. Олардың арасынан қазақ халқының арғы ата-

сы – Қазақ туады. Қазақтың үш ұлы – Бекарыс, Ақарыс, Жана-
рыстан қазақ халқын құраған үш жүздің – Ұлы, Орта және Кіші
жүздің ұрпақтары тарайды.

Қорытынды Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы һәм тарихшы Орынбай Жанайдаровтың бұл кітабы ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың, ежелгі түркілердің мифологиясы мен дініне арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтардың исламға дейінгі дәуірлерде ұстанған Тәңірге сыйыну діні (тәңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды. Тәңіршілдік – ежелгі Еуразия халықтарының бір ғана Көк Құдайы – Тәңірге деген сенімі. Жер бетіндегі ең көне Шумер мемлекетінде бұдан алты мың жылдай уақыт бұрын дүниеге келген тәңіршілдік әлемдік басқа діндер: буддизмнің, зәрдәштің (зороастризм), христиандық пен исламның негізі болды. Сөйтіп көшпелі түркі және монғол халықтарында өзгеріссіз қалпында сақталды. Автор далалық көшпелі халықтар: скифтер, сақтар, ғұндар мен ежелгі түркілердің көне наным-сенімдерін әдеби, фольклорлық, тарихи және этнографиялық деректерге сүйене отырып зерттейді. Осылайша отандық дінтануда алғаш рет Ұлы Даланың ежелгі мәдениеті – тәңіршілдікті жын-пері мен аруаққа сенетін тұрмыстық наным – шамандықтан бөліп көрсетеді. Бұрын тәңіршілдік пен шамандық бір дін деп есептелетін. Шын мәнісінде, тәңіршілдік (дала көшпелілерінің діні) – ежелгі халықтардың Бір Көк Құдайы – Тәңірге сенетін ортақ діні. Көк Құдайы – Тәңірге деген таза да тұнық сенім – көшпелілер дүниетанымының негізі, олардың өмірінің мән-мағынасы. Әлбетте, ол Еуразия көшпелілері мәдениетінің елеулі бөлігі болып табылады. Ал, шамандық дегеніміз (аруақтарға, өзен мен орман құдайларына, әртүрлі албастылар мен жезтырнақтарға сену) исламның қанат жаюы на байланысты Бір Көк Тәңіріне деген ұлы Сенімнің қарқыны бәсеңдей бастаған ортағасырлық дәуірдің ырымшылдық нанымы, мәжусилыққа (язычество) бой ұруы болып табылады. Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі, мұнда есте жоқ ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер мекендеген Енисей

аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі ұлан-асыр
атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі-аңыздары да жинақталып,
өңделіп, түсіндірілген.
Автор тәңіршілдік пен ежелгі түркілер мифологиясы бірінен

бірі туындап, өзара тығыз байланысып жатыр деп есептейді. Оның
үстіне, «мифология» ұғымының аясы кең. Ежелгі түркілердің діні
де осы ұғымның ішіне кіреді. Қазіргі уақытта мұндай тақырыптағы
мәселелер аз зерттелген. Бұл аталмыш кітаптың мән-маңызын арт-

тыра түседі.
Мифологияны зерттеуге деген ғылыми қызығушылық сонау
ХІХ ғасырдан бастау алады. Ш.Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин,
орыс ғалымдары С.И. Руденко, Л.Н. Гумилев, Н.С. Раевский және

басқа да көне мәдениет зерттеушілері ежелгі түркілердің ертегі-
аңыздарын, мифтерін жинап, жазып алған. «Алтын адамды» зертте-
ген К. Ақышев бастаған археологтар да осыған дейін жұмбақ болып
келген көптеген жәйттерге көзімізді ашты. Соңғы жылдарда архео-

лог З.Самашев ашқан жаңалықтар бізді өткенімізге, Қазақстан та-
рихы мен жалпы мәдениет тарихына, соның ішінде мифологиясына
да жаңаша зер салып қарауға ынталандырады.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Миф шежіресі ............................................................ 3 Миф дегеніміз не ......................................................... 4 Ежелгі алтай аңыздары ............................................... 6 Тәңірдің жаралуы туралы миф .................................... 8 Тәңір – ең жоғарғы Құдай ...........................................10 От-Ана .....................................................................12 Тәңірдің ұлдары ........................................................14 Ғаламның әлемдерге бөлінуі ........................................14 Жер-Су .....................................................................15 Жолдардың Ақ және Қара құдайлары ..........................16 Үлкен Тәңір мен Еркілік .............................................16 Еркілік сайтанның, Манғышөре Алыптың және басқа жан иелерінің пайда болуы .........................18 Жан .........................................................................19 Адам қалай жаратылды ..............................................21 Иттің хикаясы және Еркіліктің әйелді жаратуы ............23 Еркіліктің «оп-қурай» жасап, адамдардың жандарын өзіне алғысы келгендігі жайында ..................29 Ер Тарғын-Нама есімді алғашқы адам, оның әйелі және жыланның қарғыс алуы ......................31 Тәңірдің Арун-Сюдун деп аталатын Алтын сарайдан қуылғанынан кейінгі адам ...................34 Өлімнің келуі ............................................................36 Еркіліктің он сегіз тозағы ...........................................36 Сиқырлы Жады-тас жайындағы миф ............................39 Қыздардың туған отбасынан ажырауы ..........................41 Тяран-Мызықай мен Жалмауыз. Түрлі-түсті тастар мен ұсақ жәндіктердің пайда болуы ....................42 Тяран-Мызықайдың сәуегейлігі ...................................43 Делбеген ...................................................................44 Еркілік пен оның малайларының Көктен

Жерге һәм Жерден Тозаққа құлауы ..............................47 Еркіліктің жауыздығы ...............................................50 Қайсардың ерліктері ..................................................52 Ер-Сайынның ерліктері ..............................................56 Он сегіз тозақты азат ету .............................................58 Әлемдік топан су қаптауы жайында ..............................65 Тақуа Жайық хан. Әлемдік топан су қаптауы туралы миф ...............................................................66 Шамандықтың пайда болуы ........................................70 Тақуа Жайық-Нама және оның үлкен ұлы ....................70 Адамдарға от олжалаған Надулуша .............................71 Тілдердің сапырылысуы .............................................74 Оқымысты һәм жасын иесі Тенгере Тедыгечи хақында .....................................................76 Шар-Жаалты Біріншінің патшалығы кезіндегі Тенгере-Тедыгечи ......................................................82 Шар-Жаалты Екінші патшалық құрған кездегі Тенгере-Тедыгечи ......................................................85 Тенгере-Тедыгечи Амын-Қыланның патшалық құрған кезінде ............................................89 Жекпе-жекте Мормо батырды жеңген белгісіз патша патшалық құрған кездегі Тенгере-Тедыгечи ..................91 Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау ............92 Тәңір дұғасы .............................................................95 Еркілікке жалбарыну .................................................98 Ұмай Тәңірдің дұғасы .................................................99 Үлкен Тәңірге жалбарыну ......................................... 100 Ұмай Ана және Аю батыр .......................................... 102 Скифтер мен сақтардың мифтері ............................... 108 Скифтердің мифологиялық шежіресі. Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары ................ 109 Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф ............... 110 Киммерий патшалары туралы мифтер ........................ 113

Скифтердің жеті құдайы және көшпелілердегі әлемнің үлгісі ................................114 Амазонкалар жайлы мифтер. Орта Азияның ежелгі халқы – сарматтардың қайдан шыққаны жайында ....... 114 «Аң мәнері» туралы мифология ................................. 118 Тарандром туралы миф ............................................. 120 Сфинкс ................................................................... 121 Грифтер. Грифондар ................................................. 121 Гиппогриф .............................................................. 122 Химера ................................................................... 123 Айдаһар .................................................................. 124 Перитиялар ............................................................ 125 «Алтын адам» туралы миф ........................................ 126 Тәңірге құрбандық шалу. «Алтын адам» кім ............... 126 Кентаврлар жайлы миф ............................................ 131 Ғұндардың діні мен мифологиясы .............................. 135 Ғұндар мемлекеті ..................................................... 136 Ғұндардың наным-сенімдері ...................................... 137 Ғұн ханшайымдары және Көк Бөрі ............................. 139 Ғұндар тәңірқұты мен үйсін ханзадасы ....................... 141 Ежелгі түркілердің мифтері ...................................... 142 «Ергенекөн» қиссасы және қаншық қасқыр ұрпақтары ....................................... 143 Ашина әулетінің шығуы туралы аңыз ......................... 144 Оғыз қаған жайлы миф ............................................. 149 Шыңғыс хан жайындағы мифтер ............................... 152 Тұлпар-пегас туралы миф ......................................... 154 Темір адам жайлы миф ............................................. 158 Қазақ мифологиясы мен сайтан-намасы ..................... 163 Жер мен көктің, судың жаратылуы ............................ 164 Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында ................................................ 164

Жануарларды, құстарды және басқа жан иелерін жарату ................................................. 167 Адам һәм оның ғұмыры ............................................ 168 Жанның көшуі ........................................................ 172 Жаналғыш Әзірейіл ................................................. 172 Дұмрұл батыр мен жаналғыш періште ........................ 174 Алдашы мен Бабай Түкті Шашты Әзиз ....................... 175 Жын, шайтанның пайда болуы .................................. 176 Аруақтар ................................................................ 177 Дәулер ................................................................... 178 Дәу, жолаушылар және жезтырнақ ............................ 179 Ызықтар ................................................................. 180 Жылан бұзған қала .................................................. 180 Перілер – Көк періштелері ....................................... 182 Көнаяқ – орман перісі ............................................... 183 Су перісі – Күлдіргіш ............................................... 183 Шимұрын ............................................................... 184 Албасты ................................................................. 184 Тейран ................................................................... 185 Жезтырнақ ............................................................. 186 Обыр ...................................................................... 186 Мыстан кемпір немесе Жалмауыз кемпір .................... 187 Момо – мама ........................................................... 187 Айна ...................................................................... 188 Үй иесі ................................................................... 188 Кермездер ............................................................... 188 Ата-бабаларымыз неге Көк Тәңіріне табынған ............. 190 Тәңіршілдік – жер бетіндегі ең ежелгі дін ................... 193 Көне мифтерге негізделген қазақ ырымдары ................ 195 Жұлдыздар мен шоқжұлдыздар жайлы мифтер .......... 197 Жұлдызды аспан ..................................................... 198 Ай мен Күн ............................................................. 201 Ай неге жалаңаш қалған ........................................... 203

Күн, Ай және Қораз ................................................. 204 Жетіқарақшы мен Үркер жайында ............................. 205 Үркер ..................................................................... 206 Күн нұры ................................................................ 208 Сүмбіле .................................................................. 208 Шолпан .................................................................. 209 Түнгі аспандағы жұлдыздар ...................................... 209 Темірқазық ............................................................. 210 Үш арқар таразы шоқжұлдызы .................................. 210 Табиғат құбылыстары жайындағы мифтер ................. 211 Кемпірқосақ ........................................................... 212 Жел Иесі ................................................................ 212 Ағаштар жайындағы мифтер .................................... 213 Қарағай мен сексеуіл ................................................ 215 Тобылғы, Баялыш һәм Арша ..................................... 216 Жұмақ алмасы ........................................................ 216 Әлем ағашы туралы миф ........................................... 217 Қанатты аттар хақындағы нанымдар, әдет-ғұрыптар мен аңыздар ...................................... 223 Құрбан аттары ......................................................... 224 Сиқырлы ақбоз аттар ................................................ 227 Теңіз аттары ............................................................ 232 Саназардың теңіз аттары .......................................... 233 Жылқышы мен айдаһар ............................................ 235 Бес түлік малдың иелері туралы ................................ 239 Құстар жайындағы мифтер ....................................... 241 Бабай Түкті Шашты Әзиз бен Ару аққу ....................... 243 Қалша батыр мен аққу .............................................. 244

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР! «Аруна» баспасы сөрелерде көздің қарашығындай сақталған қолжазбалардың қазыналы қорынан сіздерге тағы бір тарту – «Қазақстан балалар энциклопедиясының» кезекті томын ұсынады. «Ежелгі Қазақстан мифтері» деп аталатын бұл кітапқа Ұлы Даланың – Қазақстанның байырғы атамекен жерлерінің мифтері жинақталған. Жаңа туынды сіздерге көне мифтер мен аңыздарды зерделеп, көшпелі бабаларымыздың бағзы мəдениетін байыптап түсінуге көмектеседі. Баспа жобасының жетекшілері жəне кітапты шығаруға жауаптылар Қ. Раимбеков, Б. Иманəлиев Авторы О. Жанайдаров Рецензенті Т. Муканова, Алтай Республикасының еңбек сіңірген мəдениет қайраткері Аударған Қ. Аманжолов Суретшісі В. Люйко Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редакторы Е. Козлова Редакторы Н. Сламбекова Корректоры Д. Мамырбаева Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан, 050000, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис Тел./факс (3272) 728 411, 728 421. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (3272) 728 411, 728 421. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Осы жəне басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Гарнитура «Tіmes». Шартты баспа табағы 31,5. Есепті баспа табағы 56. Таралымы 10 000 дана. №2613 тапсырыс. Қазақстан Республикасы, «Атамұра корпорациясы» ЖШС-нің Полиграфкомбинаты, 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41-үй «Аруна» баспасының дизайн орталығы Е. Ильиных

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙