Баба басындағы бәтуә
С. Қабылдаұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Баба басындағы бәтуә. С. Қабылдаұлы
Баба басындағы бәтуа
Жалпақ жатқан қазақ елінің тағдыры таразыға түскен алмағайып заманда ақ найзаны қолға алып, жа уына атой салған Деріпсалы батырдын 300 жылдық мерейтойына әзірлік әлден-ақ басталып кетті. Келесі, 2007 жылы аталып өтетін баба тойы иісі қазаққа ортақ той болмақ. Осыны ниет еткен батыр ұрпақтары бас қосып, аудандық тарихи - өлкетану мұражайынан Деріпсалы батырға арнап бұрыш ашты. Батырдың бейнесі салынған үлкен портрет іші, мерзімдік баспасөз беттерінде шыққан деректер жинақталған бұрыштың ашылу салтанатында батыр ұрпақтары С.Жақсыбеков, С.Шеменбаев Деріпсалы жайлы қысқаша мағлұмат беріп, ел арасынан аса құнды деректер мен тарихи жәдігерлерді жинақтауға бір кісідей атсалысудың қажеттілігін айтты. Батырға арналған алғашқы бас қосуға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары К.Тілеубергенов қазақ елінің іргелі ел болып қалыптасуында Деріпсалы батырдың алатын орнының ерекшелігіне, батыр есімі иісі қазаққа белгілі екеніне топтала келе, ұрпақтары қолға алып отырған үлкен істің сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, игілікті жұмыстың елдігімізге де үлкен сын екенін айтты. Сазгер Зәрубай Сүйіндікұлы батыр бабасына арнап шығарған күйін алғаш рет көпшілік алдында орындап берді. Мұражайдағы салтанатты жиыннан соң мешітте баба аруағына арналып құран оқылды. Батырдың мәңгілік дамылдап жатқан жері, өзінің аты берілген Деріпсалы ауылына ат басын бұрған көпшілік бірқауым ел еді. Аяқ жетер жердегі хабар тиген ұрпақтарының барлығы келген. Құсмұрын тауының етегін ала жылап аққан арналы өзеннің солтүстік жағасындағы төбеге жерленген батыр басына 1987 жылы ұрпақтары белгітас қойып, темір шарбақпен қоршапты. Кезінде күмбезді кесене-мазар болған дейді білетіндер. Соғыстан кейінгі қиын жылдарда жетесіз бір бастық бұздырып, кірпішінен бұзау қора салдырыпты. Аруақты батырдың киесі қойсын ба, қалаған қоралары қайта-қайта құлап, колхоздың бұзауларын басып қалып, қырып тастапты дейді. Содан бері жалаңаш жатқан батыр басынан көзкөрім жерде Деріпсалы ауылы көрінеді. Батыр аруағына бағыштап дұға оқытып, бас қосқан ұрпақтары Деріпсалы жайлы білетін әңгімелерін алқақотан отырыста ор- таға салып, кейінгі жас ұрпақтың құлағына сіңісті бола берсін деген ниетпен талай-талай ертегіге бергісіз аңыздарды еске алған. Деріпсалы жайлы мұрағат деректерін көрдім деген Мұсатай атты ғалым азамат Қарағандыдан арнайы келіпті. Оның айтуынша, Апматыдағы Ғылым Академиясындағы сирек кездесетін қор деп аталатын тарихи құжаттар сақталатын қорда батыр жайлы жазылған мол материалдар бар екен. Есінде қалған кейбір деректерді айта отырып, ел арасындағы аңыздарға да кезек берілген отырыстан әдемі-әдемі әнгімелер де естідік. Соның бірі былайша баяндалады: Қалың қалмақпен жан алысып, жан берісіп жатқан қиын кез екен. Екі жақта әбден титықтаған. Түнере келген түнмен бірге тыныстап, қыр астында жатқан жаумен тағы да жағаласпақ болып таң бозынан атқа қонған қазақ қолы қырға шықса, кеше кештен ғана ойда отырған ордалы жау жоқ дейді. Орда орнында жалғыз ғана ақ отау тұр. Сол кездегі соғыс тәртібінде бітімге келуді көздеген жақ бір атақты адамның сұлу қызын барлық жасауымен басына ақ отауын тігіп, жұртта жалғыз қалдырып кетеді екен. Олжаны алған жақ жауын өкшелеп қумай, бітімге келдік деп сол жерден қайтатын болған. Қалмақтың қалың қолы осылайша қазақ қолын бітімге шақырып, бір сұлуын отаумен қалдырғанын түсінген батырлар өзара келісіпті: «Отауға кімнің аты бұрын жетсе, қалмақтың сұлуы соған берілсін» деп. Осыған тоқтаған қазақ батырлары, ішінде Деріпсалы да бар, сапқа тұрады. Ат айылын мықтап тартып, олжадан дәмелі қазақ батырлары отауға дейін жарысыпты. Деріпсалының алдына аты ұшқыр екі-үш батыр шығып кеткен екен дейді. Енді жете алмасын білген Дебекең отауға қарай ат үстінде келе жатып найзасын лақтырыпты. Оқша зулаған найза шаңырақтан ортадағы ошаққа түскен екен. Отауға аты бұрын жеткен бір батыр мейманасы тасып, олжа менікі деп тұрғанда отаудан шыққан сұлу қолына Деріпсалы лақтырған шашақ- ты найзаны ұстай шығып: «Аты жеткендікі емес, аттан бұрын заты жеткен батырға тиемін. Мына найзаның иесі кім?» деген екен. Сөйтіп, қалмақтың сұлу қызын батыр баба- мыз олжаға алып, кері қайтыпты. Ел арасында сөз жата ма? Отауымен қалмақ қалдырған қыз өте сулу екен. «Бұл қыз қалмак ханынын қызы, оны Абылайға арнап қалдырған, ханға лайық қыз. Абылайды аттап Деріпсалы алды» деген сөз Абылайдың да құлағына жетіпті. Абылай хан Деріпсалы батырды шақыртады. Аңыз айтушылар Қазыбек бидін баласы Бекболат та барған екен дейді. Сонда Дебекен:
«Түйінді өзіңіз шешіңіз
Кемшілік болса - кешіңіз.
Батырлар солай деген соң,
Шығып кетті есіміз.
Хан дауына қалдық па, Қатын дауына қалдык па?» - деген екен дейді Абылайға тіке қарап. Аңызды айтушылар Деріпсалы батыр мен Керней Балта батырдың ат- тарының көп шықпауы осындай ханға қарсы келген істерінен екен деген сөз айтады. Абылай «екеуінің ерлігін айтпаңдар» деп елге айтқызбай қойыпты дейді. Әрине, ел арасына тараған, ертегіге бергісіз аңыз ғой бұл. Аңыз болса да негізінде шындық жатыр. Иә, батыр баба басында алқалы жиын еткізген ұрпақтары «жә» десіп, келес жылы келетін мерейтойды лайықты қарсы алуға қам жасау жайын да ақылдасқан. Алда атқарылар қыруар шаруа бар. Батырдың кесенесін тұрғызу, ерлік ұрпаққа ұран болған Деріпсалыдай тарихи тұлға жайлы осы уақытқа дейін кітап шықпапты. Бұл да алдағы атқарылар игілікті істін бірі. Осындай маңызды мәселелерді кеңінен сөз еткен Дебекең ұрпақтары батыр атындағы арнайы қор ашуға, қолдан келгенше қаржы жинап, 300 жылдық баба тойына лайықты тарту әзірлеуге бәтуаласты. Берекелі істің осындай бәтуалы ауыз бірліктен басталатынын еске алған біз игілікті жұмысқа сәттілік тіледік. Дебекең көші орнынан қозғапды, қалғанын алдағы уақыт көрсетер.
Серғазы ҚАБЫЛДАҰЛЫ.
Шет ауданы.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру