Қобыланды батыр. Сәдуақас Ділманов нұсқасы
Сәдуақас Ділманов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қобыланды батыр. Сәдуақас Ділманов нұсқасы. Сәдуақас Ділманов
«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
(Сәдуақас Ділманов нұсқасы)
Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенде Орта жүз ішінен қыпшақ руынан Қоқыхан баулы қыпшақтың бір қара қыпшақ деп аталады. Соның ішінде Қыдырбай дейтін ерте заманда бай өткен. Сол Қыдырбайдың баласы болмаған, үлкейіп келгенде жалғыз Қобылан дейтін баласы болған, бала көрмей зарғып жүргенде халқын жинап алып “Мені Қыдырбай демендер, мен Қыдыр көрген бай болсам, төрт жағым тең болар еді, бұл малдан маған не пайда балам жоқ, ертең өлсем кім болса соның қолында кететін. Менің атымды ендігі әрі бала көрмей қорыққан Тоқтарбай дендер, Қыдырбай болу маған неге керек, бала жоқ, ертең осы мал біздің осы қу басты шал, шаруалық етіп не қылат деген сөз құлағыма тиіп те жүр, осыны айтып налып жылаған. Халықтың қария ақсақалдары сол күндегі батыр жылағанға Құдай тілегіңді берер, алғыс алған ер едің, мұнауың жаман, жақсы деп алалаған жоқ едің. Бізде яғни, жалпы халықта басқа көңіл жоқ, ер зарықпай молықбас деген сияқты тарықпа деп ақыл айтқан. Келін балалы болар ма екен, мұның аты Аналық болсын деп Аналық қойып бата берген себебі, әйелінің аты бұрын Ақзарбап екен, жас шамасы алпысқа жақындап қалған, мұның әкесі Қанымса ноғайлы халқындағы атақты Қанымсаның қызы екен. Мысаның үш қызы болған, ең үлкені Ақзардап, одан кіші Ақбілек, бұдан Төреқан туады. Ең кенжесі Ақсәуле бұдан Құлбек туады. Мамай үлкен Орақ кіші осылармен бірге туады. “Халықтың қайғырып берген батасымен маған не болар дейсің” – деп Қыдырбай зарығып біраз заман жүреді. Бір күні Ноғайлы халықында Ақшахан дейтін хан баласы Жоқ жан екен бір қызды болат. Үлкейген кезінде қызда болса ұлдай көріп маңайдағы халықты шақырып ұлы үлкен той қылады. Сол тойға Қыдырбайды да шақырады. Қыдырбай хан тойына саба артып, қант пен шай артып Ақзарбап екеуі жүрет, сол тойға мамай Ақзарбаптың ағасы сол тойдың басқарушысы болады, сол күндегі халықтың қадірлі ханының бірі екен, Қыдырбайдың малға мас болып баланы ойламай бұл уаққа дейін жүргеніне жақындықпен жаны ашып, Исаның ұлы Ахметті алдынан жібереді. Жібергендегі мақсаты таң менен татпай сол тойда нендей қызық бар деп Қыдырбай сұрар. Сонда сен мынаны айт:
Ұлы барға орын бар,
Қызы барға қымыз бар,
Ұлы менен қызың жоқ,
Тойда сенің нең бар, - де де кет деген екен, ер зарықпай молықпайды, зар ғып тілер екен. Ахмет Қыдырбайға таң алдында соғып, таң алдында қойдың алдында келе жатқан Қыдырбайға соғып кім екен Танытбай Мамайдың тапсырғанын түгел етіп айтып кетіп қалады, тойдан қызық сұраймын деп көп қайғыға кездесті. Балам жоқ, тойға бару маған жөн емес екен деп, жаңағы бала айтқанды жұрттың бәрі айтады екен, қасындағы жолдастарымен Ақзарбапты елге қайырып, өзі сол жерде жаяу бала іздеп кетеді екен. Сол жылаған зарымен әулиеге төніп, қыздай жылаған көзінің жасымен бір ұл, бір қыз береді. Ұлының аты Қобылан болсын, қызын Қарлығаш болсын деп қояды екен. Қысқарта келгенде Қобылан халықтан асқан батыр болады. Бұл алты жаста Көктенің қызы Аққұртқаны алады. Он үш жасында Көбікті деген қалмақты өлтіріп Көбіктінің қызы Қарлыға сұлуды алды. Қорытып айтқанда жиырма екі жасында Ақтауықты Алып ханның жалғыз қызы Илия сұлу Қобыландыға ғашық болып, түсіне кіріп Құртқаның соған талап қылған бір саласы болатын, бұл Қобыландының сегіз саққа сөзі бар, соның бірі Илияны алатын саласы осы, сонда Құртқаның түсіне Илия сұлу он төрт жасар Қобыланға ашық болып Құртқаның түсіне кіреді. Уәдесін түсінде береді. Бұның себебі Қобыланға ғашық болып, екі жылдан бері жер үстінен іздеп шын хабарын білмей тарығып, ауру болған. Ғашықтық дертіменен бір күні Құртқаның түсіне кіріп, екеуі сыр айтып сөйлеседі, Құртқа қыздың сөзінен жеңіліп Қобыландыны жібермекші болған, бұл қыздың тұрған жері Қасарман Қаратауының арғы жағында бұл күнде сол жерге Барса келмес деп атақ берген екен. Себебі таудан асып және бара алмаған жалғыз-ақ есік бар, таудан асуға еш мүмкіншілігі жоқ, жеті атасынан бері жаушылық көрмеген, ешкім таудан асып бара алмай және есікті бұза алмай, қырық сан Қырымның қанша батырлары болса да таудан асып есікті бұзып өте алмаған. Ең ақыры Қарасай Қазы барып есікті бұза алмай, бұлардан бұрын бірнеше батырлар барып қайтқан екен. Тесікті бұза алмай Қазы таудан сал құлатып төте жол салған бірнеше батыр жолдасымен қара өлектей қарт мамасы бұл Орақ Мамайдың шешесі сол күнде тірі екен, түсіне кіріп балам қайта алмайсын деген Мыса, Айса, Жаңбыршы өз атаң Мамай, Орақ, Ахмет, Телағыс арғы аталарың да бұл таудан өте алмаған. Бекерге әуре болмай қайт деп қайырған екен. Жолының алыстығы үш айлық жол екен, Шөл өткел бермес дария қиыншылық екен. Бұдан Құртқаның да хабары бар екен, қыз да жасырмай түгел айтып бұл жайды түсіндірген қыз сөзінен ұтылып бір тәуекел деп жіберем деп уәде қылады. Қысқартып айтқанда бұл сөздің басы Құртқа мен қыздың түсіндегі сөйлесуімен басталады. Халық аузында көне сөз, қария адамдардың айтуынша көрген, білген бұл жағдайды білетін ешкім жоқ, бұл бір айтылған ертегі. Қобыландының сол күнде жасы жиырма екіде Құртқа мен Қарлыға дейтін екі әйелі бар еді, екеуінде де бала жоқ, екеуі ермек қылып қол тұзақ, асық ойнап отырушы еді, Қобыландының қарындасы Қарлығаш жеңгелерімен ойын ойнап, көңіл көтеріп қайтушы еді. Үшеуі отырып қол тұзақ деген ойын ойнап Құртқа өз қолын көп түсіріп, Қарлығаштың қолын аз түсіреді, кейде түсірмейді, оған себеп жалғыз бала ерке болған соң сыйлайды. Қарлыға ойнатып ол әдепсіз олақ адам Қарлығаштың қолы түссе жібермей қалады. Асық ойнаса ұпай салып, ұпайымды бер деп мазасын да алады. Сөйтіп жүргенде Қарлығаш ашуланып, сендердің бөтен тілегің жоқ, ойыннан бөтен деп ұрысқан екен. Қарлығаштың сондағы сөзі:
Қарлығаш ашуланып қайғы басты,
Көзінен ағызады қанды жасты.
Сен екі ит ешнәрседен хабарын жоқ,
Ойынға аударғансын ықыласты.
Келемін анда-санда көрейін деп,
Көңілімді жалын шалған болайын деп
Жан жеңгем Құртқа салшы құлағыңды,
Қарашы өзің ойлап жан-жағыңды.
Кемітпен өз басыңды
Көретін күн бар ма Жаппар Құдай,
Ойлаған персентіз деп көз жасыңды
Ойлаған ешнәрседен хабарың жоқ,
Не дейсін мына тұрған жолдасыңды.
Болама ойын бала күлгенменен,
Үміттің қызығына сендер түсіп,
Жинаған ата-анаңның мүлкіменен
Құдайдан бала сұра ойын бақпа
Жастарың келіп қалды осы уақта.
Зарлайды кемпір мен шал күндіз-түні,
Бір перзент жалғызымнан көрмедім деп.
Жасы жетіп қартайғанда мейірім қанып,
Балдардан бала туып сүймедім деп.
Көкемнің жасы асты жиырма жастан
Дұшпанның қарсыласқан көңілін басқан.
Кемпір шалдың зарланғанын естігенде,
Көңілі басылады судай тасқан.
Қу бедеу құлындамас қосты Құдай,
Жазғасын не амал бар, әуел бастан
Осылай айтты дағы жүре берді
Жылаумен бір кідірмей есік ашқан.
Есітіп қыздың сөзін асыл Құртқа,
Уайым қара тұман қайғы басқан.
Бұрында ойламайтын жоқты жері,
Қозғалды көңілінің қайғы шері.
Біреуі екі көздің мұндай дейді
Сырттағы не дейді екен бөтен елі.
Жанына бұрынғыдан қатты батты,
Балаға аз емес ет бұрын шөгініп,
Әл жетіп екі көзге асыл Құртқа
Бүркеніп алтын тақта жатты өзі.
Жылаумен күні-түні жатып Құртқа.
Ұйқыға таң алдында барды көзі,
Жатқанда тұнық ұйқы тыныш тауып,
Бір сұлу сәуелінде енді өзі.
Сүйеніп алтын таққа бас жағында,
Бір сұлу жауап қатпай тұрды өзі.
Қарады сонда Құртқа көзін ашып,
Уһ деп демін алды мауқын басып.
Сүйенген қасындағы қызды көріп,
Налыған ғаріп екен бұда мендей,
Жарамас енді сұрап жөнін білмей,
Жаным сенің өзің неткен жансың
Көрмеген бұл маңайда мәлірмесін,
Боласын қайсы жақтан қай рудан,
Жарқыным жүрісіңді баяндашы.
Илияның сөзі
Апажан мен айтайын жағдайымды,
Жат қылар бір жаратқан Құдайымды
Кез қылды он төрт жаста мені мұндай,
Табылмас жер жүзінен уайымды
Бір адам сауелімде болып пайда
Кездестім бұл сықылды қайғы жайда.
Тұрағын сұрамаппын қайда екенін
Таба алмай жер жүзінен қайғы жедім.
Зарлаймын ғашықтықтың дерті түсіп.
Екі жыл әуре болып сонша іздедім
Табалмай сол жоғымды зарыққаннан,
Жан апа білсең айтың сізге келдім.
Тапсырсам сіз жасырсаң бір Құдайға,
Қайғым бар кеткен асып осы жайда
Қызы едің сен деудің Көктен атты.
Басыңнан өтіп еді бұл ғашықтық,
Жаныңа сол мезгілде қандай батты.
Сарғайып запырандай жүзім солды
Ғашықтық дертімен ішім толды,
Жан апа данасы едің адамзаттың
Қайғысы ғашықтықтың жанға баттың
Ғаріппін жылап жүрген жөн табалмай
Білесіз берің маған шын хабарды
Қаһарлы түсі нұрлы көркем жігіт
Көрген жан ол адамнан қылар үміт,
Сөйлесең сыр жасырмай текке сізде
Қайғыға себеп болар ашсаң кілтін
Жан ашыр жас жаным деп келіп тұрмын.
Халыққа Құртқа атаң қылып үміт
Көңілім қара тастай қалды қатып,
Қайғысы бұл ғашықтың жанға батып
Үш рет сауелімді кездескен жан
Нұрына ғашық болдым ұйықтап жатып
Ішсем ас тарамайды өз бойыма,
Түседі бір қызыл шоқ күнде ойыма,
Зарлығымды жаңылдырмай түзу сілтеп,
Арамдық кір салмай апа ойыңа.
Құртқаның сөзі:
Зарықтың мұнша неге жан қарағым,
Орнына келсегей еді бұл талабың.
Атағы кім болады ол адамның
Әуелде сұрап па едің сен шырағым
Жан емен дүние кезген атым әйел
Жасырмай біле қойсам мен шырағым
Тұрағы қайда болат қандай адам
Білмесең аты-жөнін қайдан табам.
Илияның сөзі
Апатай мен айтайын бастан-аяқ,
Басына берген Тәңірім әуелден бақ,
Бойыңды кейін тастап сөз сұрама
Қасыңа келіп тұрған мен бір қонақ.
Адамдай түсінбеген көп сұрайсын,
Айтайын әңгімемді мен бір құрап.
Екінші түсіме енген сапарында,
Қалғанмын аты-жөнін анық сұрап.
Білмейтін адам болсаң саған келмен,
Тыңдаңыз енді апа бермен қарап.
Айтты да осы сөзді қыз Илия,
Жіберді өксіп-өксіп қатты жылап.
Әй, апа мен ғаріппін болған мұңды,
Кез қылды жас кезімде мұндай күйді,
Атағын айтуға ұлықсат бер
Ол адам қашықта емес сіздің маңда,
Аяулық көрсетпедің маған тібет
Несіне құр айтайын сөзім тыңда
Тағыда тоқтап қалды қыз бейшара
Егіліп босағанын біліп Құртқа
Атай бер жарқыным деп қылды ишара.
Сайрады сонда тұрып Илия жазған,
Көңілінде ауыр мүдде болып арман.
Әй, апа мен айтайын тыңда өзің,
Сарарқа саласында деді жерім,
Тарқатам бастан-аяқ көңіл шерін.
Ұлықсат сіз бергесін енді өзім
Атағым Қобыланды деп айтып ет
Атасы бай Қыдырбай қәдден асқан,
Атанған Ер Қобылан жеке туған
Жері жоқ дұшпаннан ешбір сасқан
Алғаным асыл Құртқа деу қызы
Білігі тәжірибелі жаннан асқан.
Тұрғанда Илия сөйлеп осы сөзді,
Сұрланып ақ Құртқаның нұры қашқан
Илия Ақ Құртқаны тұрған бағып
Жан апа кеттің деді сіз бір нағып
Құртқа айтты айта берсең жан шырағым
Жайымды түгел айтам сен болғасын,
Арттан кезек келер әм шырағым.
Әй апа, мен айтайын ендігісін
Орнына келер енді бұл жұмысым
Жан апа қатты шошып сыр білдірдің,
Көнбеске ылаж барма Құдай ісін,
Жас басым жалын болып күйді жаным
Қалдырсаң менің босқа тілегімді
Алдында Тәңіріңнің күнәлісін.
Көргенсін Қобыландыны деп іздедім
Екі жыл күтіп едім ердің сертін,
Ішіме салып кетті ғашық дертін.
Зарыққан мен сықылды жас баланы
Аяман деген апа ердің сертін
Айтты да осы сөзді қалды Илия
«Уһ» деп демін алды сонда Илия.
Құртқаның сөзі
Сөйледі Құртқа толғанып
Ашумен жатқан байғұстың
Қайғысы қалың қозғалып
Ай қарағым құлақ сал
Сыр жасырмай саған деп
Билік қалса қиын ба
Бұл жұмысың маған дерт.
Өзі жалғыз өзі жас
Жаңағы айтқан сөзіңнің
Өтірік емес бәрі рас.
Аға менен іні жоқ
Өзінен бөтен демі жоқ
Жалғыздың күні құрысын
Алай-бұлай болып кетсе
Тарылар деп қорқамын,
Сонда менің тынысым
Қартайған ата-ана бар
Теңдесі келмей отырған
Өзіммен туған Қарлығаш
Ондай адам жалғанда
Мұқтажды жанға табылмас.
Жалғыздықтың кесірі
Бермей отыр тегіне
Тұтқа болат демейді
Байтақ жатқан еліне
Қарасы жоқ қайтесін
Сонан бөтен ізінде
Бір Құдайға сен тапсыр
Жалғаны жоқ айтқан сөзімде
Жалғыз сағат көрмесе
Ата-енесі төзе алмайт
Нағып төзсін ол байғұс
Зарығып көрген баласы.
Қобыланды атаса
Құриды мұның шарасы
Алшағыр залым дос болып
Достықтың түбі бос болып
Алдап айдап жіберді
Көбектің еліне.
Барса сонда өлем деп
Барма дедім батырға
Қарамады Қобылан
Достар айтқан ақылға.
Егестірді бір залым
Саласың деп ақылды,
Қойныңда жатқан қатынға.
Сол сапарда қорлықты
Көріп едік біз талай
Қайырын берді соңынан
Жаратқан ие бір Құдай
Көңілденсе көнеді
Өз дегені болмаса
Қарсы айтатын жайым жоқ
Енді оған не дейін
Сен зарығып жылайсын
Менен көмек сұрайсын
Тірі жүріп сау болса
Маған сода болады.
Менде білем шырағым
Екі жылдан бері қарай
Батырдың да жүрегін
Сенің қайғың алады.
Әуелден маған серті бар
Сенсіз қатын алман деп
Көңілге жара салман деп
Қанша қатын алса да
Қарсылық қылман өзіне
Қарайып жүрсе болады,
Көрініп менің көзіме.
Жалын жансын тарықтың,
Жіберейін жалғызды
Тұрсаң айтқан сөзіме
Қарлығадай жәрдем ет
Қысылған жерде өзіне
Ата-аға деп аяма
Ер керек болса құмарлық
Ғашықтығың шын болса
Еремін десең ізіне
Жан ашырлық жан жолдас
Жамандықты сақтамас
Шын Құдай десе өзі еді,
Атасы менен інісін
Өлтіріп еді Қарлыға
Ғашықтықпен ізіне
Еге қайсы бір дезген
Беріп қойып отырмын.
Қарлыға жанның өзіне,
Сараңдық етті Құдайым.
Күң менен құлға көп берген
Баласын қимайды өзіме.
Жиырма екі де дәл жасы
Мұқтаж емес ешнәрсе
Жалғыз бала болмаса
Атаға біткен ең дәулет
Жалғыздың тайса табаны
Әліде кімнің олжасы
Ойлап ойға тоймаймын
Иесіз тұрған сықылды
Шырылдап жатқан бала жоқ
Бұл төренің ордасы
Ерте кеші белгісіз
Жуық жанға қыр басы
Жерің шалғай жол алыс
Қырымның аспас белі еді,
Арасы сусыз шөл еді
Бара қой деп мен айтсам
Еріксіз батыр жүреді,
Қиындық жерге кездессе
Пірлері көмек береді
Тәуекел еткен ер жігіт
Еш уайым жемейді
Едігенің тұқымы
Қарасай Қазы қос батыр
Асалмай келді тарығып
Өткен жылы деп еді
Алла берер бұл жолды
Жіберермін жөн сілтеп
Жол мәнісін елменен
Түгел айтшы қарағым
Естісін анық құлағым
Жасырмай сөйле сырыңды
Оңайсынып келсін деп
Құдайға менде тапсырдым
Сақтасаң ішкі кіріңді
Ақ тауықты алып қан
Даңқы озған халықтан
Жете алмай Қырым сол жерге
Сан батырлар зарыққан
Жалғыз Тәңірі жар болсын
Мен ондайдан қорықпан
Он төрт жасар Илия
Қосқан шығар Құдайым
Менде тілек сұрайын
Тірі жүрсе жалғызым
Неше сұлу, неше қыз
Алмас дейсін талайын.
Илияның сөзі
Жан апа сен сұрадың жер мен елді,
Арада бірнеше айлық сусыз шөлді
Деп айтат қалмақ деу екі түрлі
Қызыл сор маңайында тұрған елді.
Келеді көптен бері сол қоныста
Қиындық жолы жаман сақтар Құдай
Жау алып шын көрмепті бұл қоныста
Күнінде Барсаланың бір барыпты
Мыса хан, Айса батыр, Ер Жаңбыршы
Бұлар да ала алмайтын қалы келіп
Сақтатып жау келер деп содан бері
Салыпты осы тауға шойын есік,
Батырлар өткен екен содан тесіп.
Тұқымы Барсаланың алып батыр
Алпыстан жасы асты осы кезде
Аман сау әлі күнге келе жатыр
Алыптың әрі ұлымын әрі қызы
Бала жоқ менен бөтен енді өзінде
Інісі Қасарма хан он сегізде
Беріпті тау атағын енді өзіне
Жан батып маңайына бара алмады
Не дәу не зәңгілер ала алмаған,
Қорқамын жалғыз ағам енді содан
Кәрі ғой өз атам кері қайтқан
Таусалман атап айтып бәрін бірдей
Бәле көп неше түрлі жолда жатқан
Жалғыз-ақ қанды өзен бар өткен бермес
Көпір бар жиылмалы адам білмес
Көпірге батыр түссе болар қарық
Сақтансын ондай жерді есіне алып,
Басында бір адам бар өзгерілмес
Жас жанмен тілегімді берсе Құдай
Қиын жер қорқынышты адам жүрмес.
Ғашықтық дертіменен ұшырадық
Бір құдай сақтамаса жөні келмес.
Аман сау таудан өтіп бара қойса
Қайламды менің еткен адам сезбес
Үш түрлі белгіменен көрінермін,
Батырға ескертерсін қылып кеңес.
Алдағы не бар, не жоқ көз жетпейді
Білмесе жалғыз Алла адам білмес.
Қиындық не ауырлық осы жолда
Жан апа зейінің қойып түгел тыңда.
Бір жаным пида қылып көргенімше
Жүрермін менде жылап бір Құдайға
Илия берік болың айтқан сөзге
Үш рет көрінгенде ер көзіне
Болады қандай белгің ескертіп кет
Қалыпсын айтпағанмен бәрі өзіңде.
Қыз айтты “Дұрыс апа сұрағаның
Жолында бір ғашықтың жылағаным.
Белгіміз осы болар ат жалынға
Енші атым көк қасқа ат бар өзі тұлпар
Көңілім бөтен малға болмайды іңкәр
Иілсін Ақ тауықтың күрең жорға
Талабын біз байғұстың Тәңірім онда.
Қайғылы қауіпті күн бола қойса
Киермін қара киім қара жорға,
Жанымды бірдей отқа саламын деп
Жан апа айтып тұрмын осы жолда.
Қан кешкен қабырғадан болар ұрыс.
Ойламас ешбір адам оңай қолға.
Түсет деп тереңдегі жатқан жұмыс
Еркекше сездірместен бір жүремін
Кейінгі қолдан келсе біздің жұмыс.
Құдайға арманым жоқ бір қосылсам
Ғашық дерт жүрегімді қайғы шалған
Әр хан да, қай батыр да қызың бер деп
Әкеме әр жерден де сөз салдырған.
Берем деп сүйгеніне жалғыз қызын
Халыққа маңайдағы жар салдырған.
Сүйгенім Ер Қобылан сенің иең
Жүрсемде күңдігіңде арманым жоқ
Адамды қор етеді дүние боқ
Жан апа аяқтадым мен сөзімді
Жүректе ғашық қайғы бір қызыл шоқ
Қобылан даңқы күшті дебесі зор
Келеді деп қауіп ойлайды біздің халық
Күзетші жол бойында қарауыл көп
Қарасай Қазы дейтін екі ерден
Қаубайлап алаңдайды атам өзі.
Дабылды күшті дейді тымақ өзі
Болмаса осы үшеуі бөтен жақтан
Жан батып тие алмайт саған өзі
Бір құла бар есік баққан тау қасында
Өнер көп айтарлықтай өз басында
Күші көп кеудесі зор үлкен дұшпан
Сақтансын ең әуелі осы тұстан.
Амалдап осы таудан өтіп кетсе
Ар жағын көре жатар талабынан.
Даңқына ғашық болып әуре болдым
Жер басқан артық қой деп адамынан.
Жана апа қарсылығың болмағансын
Оң болар деп те отырмын талайымнан.
Жан апа айтып болдым білгенше ақтап
Құсамен өлем бе деп мен қорқамын
Жіберші батырыңды ыждағаттап.
Құртқаның қызға берген уәделі сөзі
Илия жан қарағым
Қайырлы болсын талабың
Бастан аяқ түсіндім
Әңгімеңе шырағым
Қиын екен жолдары
Алыстан талып барған ер
Оңай болмас алуға
Алланың бардай жазғаны
Жас жансың ғой шырағым
Бір Құдайдан сұрай көр
Тілегің оңға келуін.
Атақты дұшпан асқар тау
Асуын білмес арадан
Сауын айтып ел жинап
Жөні келмес жанадан
Сарыарқасындай саладан
Қырымнан шыққан ерлер көп
Ешкімнен көмек сұраман.
Өзі жалғыз өзі жас
Күтеді тағы Құдайдан.
Атасы қазақ елінде
Ізінен ерер ешкім жоқ
Жалғыз-ақ Шора ағасы
О да жатыр қияда.
Ноғайлының халқына
Күні түсіп үңілсін
Алыс екен жері деп
Жалғызбын деп түңілсін
Сырттағы дұшпан күлмей ме?
Ажалы жеткен жан болса,
Үйде отырса өлмей ме?
Сіз сықылды асылдың
Аузынан шыққан сөзіне
Біз сықылды апасы
Уәде етіп сенбей ме?
Жіберемін тездетіп
Тау менен тасты бұзуға
Қиын емес жігітке
Тәуекел етсе өзіне
Жеті ғайып қырық шілтен
Кәміл бәрі жар болса
Есікті бұзу қиын ба
Табармын амал өзіне
Торша тұлпар сау болса
Алысын жуық қылмайма
Айла тізген оңғарса
Тәуекел еткен ер жігіт
Жау санасып ұрыспас
Егескен жауын алмайма
Тәңірдің берген бағы бар
Абыройы тағы бар
Бірі басшы бірі қосшы
Жолдас болар қасына
Маңайдан ақ табылар
Саспа қалқам қамың же
Апаңның сөзі бір болар
Ерге жәрдем беретін
Әйелі Құдай екінші
Жәрдем берер пір болар.
Ажалдан Құдай сақтасын
Бейнетінен қорықпасын
Тірі жүрсе ер жігіт
Жұмысқа нендей жолықпас
Тілегін берсе Құдайым
Ықылас қойып еріме
Қосылам деген сен бір жас.
Алла ағлам сөзіме
Нансын балам бәрі рас.
Құртқаның түсінен оянып тұрып сауелінде көргенге қайран қалып, біраз ойға түсіп отырды, неде болса батырды алдырып өзіне кеңес салып айтайын деп қиял ойлады.
Құртқаның толғауы
Орнынан Құртқа тұрды ұйқысы қанып
Көрген түсі сауалында есіне алып.
Білмеді жын екені, пері екенін
Отырды көргеніне қайран қалып.
Қыз сөзі көңіліне енді түгел
Қапыда уәдені берген қалып.
Болат деп мұның арты әлде қандай
Отырды уайымдап есінен танып.
Кездесті бір қайғыға кесе түскен
Ойласа тоқтатпайды сағым салып
Жатады қайта таққа, қайта барып
Құсамен ойлағанда іші толып.
Ойласа ой жетпейді түбі терең
Ақылға салып көрді түбін шолып.
Болмас деп енді қайту айтқан серттен
Жасаған жазған шығар дәмін шеттен
Көремін неде болса талабымнан
Көрейін ақылдасып қарағыма
Жалғыздың жары Құдай деген сөз бар
Жәрдемдес болғай Алла талабыма
Қатты жау асу бермес бұл Қаратау
Құдайға сыйнайын неде болса
Сан батыр бара алмаған бұл Қаратау
Оңғарса Алла тізгін көрет тағы.
Батырдың шоши қоймас дер уағы.
Шақырып көргенімді баяндайын
Өзіне ақыл салып недер тағы
Шақырып Қарлығаны алды қасқа
Адам жоқ екеуінен тағы басқа
Қайғымен көзі толған мұның жасқа
Қарағым шақырып кел Қобыланды
Жүректі үлкен тұман қайғы басқан.
Бір дертке осы күнде ұшырадым
Сұрама мұның жайын Қарлыға жан
Жалынға салдым төзбей ғазез басты.
Қарлыға қайырмады жүре берді
Шақырып әкелмекке қырдағы ерді
Ерттеді ақбоз атты тез қамданып
Тұрмады бөтен затқа енді айналып.
Көк сауыт дулығаны алды киіп
Бес қару түгелінен беліне іліп
Жөнеледі кідірместен жолға түсіп
Құртқаның бұл сөзінен зәресі ұшып.
Қобылан сол күнде қырық жігітмен сейіл құрып тұманшының биік төбесінде шатыр құрып жатушы еді. Ит жүгіртіп, құс салып, көңіл көтеріп бір жағынан қалмақ халқының қалың ортасында Ұлы Қобда деген жерде қоныс болатын Ешікқырған, Тұманшы деген екі өзен шыққан су бар қамыс құрақ ысық көлдерде Қыдырбайдың көп жылқысы сол көлдерде жатады. Қобыланның Қарақшы қасындағы бес жүз үй қазақ ноғай халқынан бөлек жүрген көрінеді. Енді көршілер қалмақ хандары еді Қара Қобдасар Қобданың саласындағы мана қалмақтың хандары еді. Хан Тәуке дейтін қалмақтың күшті ханы. Солар күндегі ойлы саласында қалмақтың үш ханы бар еді: Қонжар хан, осы күнгі Қонжар дейтін жер сол ханның атағына берілген. Қариялардың аузында бар, сол қанжардың ордасының ескі орны Афған саласында Қайнар хан дейтін хан болған қазақ Сағыз Қайнар деп атақ берет, бұл сол ханның қонысы екен. Қиыла деген сала да Қыналаны дейтін ханның жері, Ащы, Ойыл, Алшағыр, Баба ханның қоныстары екен. Сағыздың аяғы Теріс хан, мына жағы тай сойған Қомыра Оңғар ханның қонысы, тағы бөтен қалмақтарда көп. Қысқартып айтқанда осы қалмақтың ішінде бес жүз үймин Қобылан жалғыз екен, Арқаның алпыс екі саласында қырық сегіз хандық қалмақ бар екен, жоғарыдағы көрсетілген қалмақтармен Қобылан келісім жасап біріне-бірі тимеске уәде еткен. Сонда да сенбей Қобылан қарауыл қарап үйіне жетісінде бір келеді екен. Қобылан ерте тұрып қарауылға шығады, бөтен кісіні шығармай өзі шығады екен. Себебі Қобыланның көзі үш күндік жерді болжайды екен, күніне үш рет қарайды екен. Ертесімен ерте тұрып қарауыл шығып қарағанда бөтен ешнәрсе көрінбей тек ауыл жақтан бір қараны көріп, Қобыланды қасындағы қырық жолдасын оятып айтқан сөзі:
Қобыландының толғауы
Жігіттер тұрың жатпаңыз
Аттарыңды алдыртып
Ер салындар тездетіп
Көрінеді бір қара
Еркелетіп келер ел жақтан
Жайшылық болса жарар ет
Аман ба екен кемпір-шал
Асығыс келет сол адам
Жан-жақта дұшпан көп еді
Оңайсынып қадаған
Бір жағдайда жүр шығар
Сендер келе жатарсын
Мен солай қарап барамын
Осыны айтып Қобылан
Жүре берді ілгері
Бет-бетіне жүгіріп
Ат жинады ерлері
Астына мінген батырдың
Тұлпардан туған көбекті
Не екенін біле алмай
Ердің көңілі зерікті.
Астына мінген боз атты
Қатты жүріп булапты.
Жақындады Қарлыға
Қобылан танып сонадан
Жүрісі қатты Қарлыға
Мінген атын булаған
Жау қаруын киініп
Етек-жеңін жиынып
Алысқа сапар еткенді
Келеді сұлу шүйіліп
Жақындап келіп батырға
Аттан түсе қалады
Ибалық етіп қырындап
Теріс қарап тұрады.
Жайшылық па жүріс не
Асығып батыр сұрады
Жасанып келген жау бар ма
Тұтанып жатқан дау бар ма
Ондай болса тәуекел
Шал мен кемпір бұл сау ма?
Қарлығаның сөзі
Жайшылық жаным саспа деп
Еңсеге келген жау да жоқ
Тұтанып жатқан дауда жоқ
Атам мен анам дені сау
Шақыр деп апам жіберді
Бүгін түнде ауырып
Азған болды бір сырқау
Көзінің жасын булаған
Тұрмайды тақтан құлаған
Сұрап едім айтпады
Шақырып жылдам кел деді
Тор атыңды мін деді
Жабысты бір дерт ішіме
Төзетін емес мен деді.
Қайыратын жағдай жоқ
Өзің төрем біл деді.
Ойланды батыр Қобылан
Найзасын жерге таянып
Налыды екен нағылып
Көзі жасқа боялып,
Қырық жігіті бытырап
Келіп қалды артынан
Батырға жақын таянып,
Қыдырхан, Шабай, Мысабан
Қырық жігіттің бастығы
Қобыланға барады
Бөтеннен жоқ достығы
Не хабар екен ер деді
Жайшылық деді Қобылан
Кетіндер жайлап соңымнан
Осыны батыр айтты да
Қарлығаны ертіп
Жүре берді соңынан.
Қобылан үйге келіп атын байлап жатқанда батырдың келгенін білмей әлде қандай болат деп Құртқаның аздап толғауы:
Болады әлде қандай ойға алғаным
Жұмысты жүз қат ойға алғаным
Жалғызым не деп шешер мұның жөнін
Келгенде не деп айтам бұған өзім.
Құдая құдіретіңнен айналайын
Кез қылма осы жолда сақтағайсын
Ажал мен бейнетіңнің құрған кезін
Кездесіп сауелімді бір қызбенен
Жұмысқа ұшырадым енді мұндай
Ақыры қайырлы еткен патша Құдай
Айтты да осы сөзді асыл Құртқа
Тағыда жата берді енді жылай
Бұл сөзді түгел естіп болды батыр
Асығыс үйге кірді енді қапыл
Ақ Құртқа сасып қалды ерді көріп
Орнынан түре келді таппай ақыл.
Қылышқа беліндегі салды қолды
Сескентіп шошытпаққа ойлап өзін
Ақ Құртқа жылай берді ерді көріп
Суынған қанын тартып түсін көріп.
Қобыланның сөзі
Әй Құртқа не себептен жаттың жылап
Құдайдан не тіледің бүгін сұрап
Жасырмай шынынды айтшы енді маған
Жалтарсаң қылыш жан тұр ғой жақын
Бас аман ден сауында мұнша жылап
Ырымың не себептен болды жаман.
Орынсыз зәбір берген жерім бар ма
Тарығып налығандай менің саған
Құртқа айтты әй бір жаным сал құлағың
Кемістік бір басымда аз ба еді менің
Сол үшін еске түсіп қайғыландым
Жаңылып ақылымнан сасып тұрмын.
Шешініп орныңа отыр жаным
Қылышқа қолды қойып шаппақ болып
Ажарың қатты суып кірдің өзің.
Шешініп қаруыңды ілші орнына
Сөйлейін баян етіп мұңымды өзім.
Артынан күнәм болса өлтірерсін
Ризамын сен өлтірсең енді өзім.
Батырдың рахымы түсіп кетті аяп
Келеді Ақ Құртқаға сонда қарап
Кіре алмай Қарлыға да далада тұр
Апамды қайтеді деп сырттан қарап.
Батырдың күлгендігін естігенсін
Есіктен кіріп келді кідірместен
Ай секілді бұл жарқырап
Батырды шешіндірді екі сұлу
Құртқа да қорқып дені қалтырап
Батырдың жайғасқанын көріп көзі
Жарқырап айдай түрі кірді жүзі
Батырдың қаруларын қойды іліп
Отырды тақ үстінде бірге күліп.
Әңгіме кеңінен сөйлеп көңілін бөліп
Сұрады жаныменен егірендеп
Мұншама егілгендей не болдың деп
Жасырмай айтшы маған бастан аяқ.
Шаршаттың мұнша неге қатты жылап
Сөйледі сонда Құртқа көрген жайын
Оңғарсын бұл мүддемді бір Құдайым
Батырым кейімесең сен ренжіп
Білесін атай қойсам мұның жайын.
Екі жыл болып еді түсіңе енген
Илия сұлу қыздың болған ғашық
Жабысып дерті келіп өз басыма
Отырмын уәдемнен берген сасып.
Батырым біле тұрып бұрын айтпай
Сіз жүрсіз неден қорқып мұнша сасып.
Сіз айтсаң сырыңызды бұрын маған
Көңілім байғығарма ет мұнша менің
Түңіліп сізден хабар алмағасын
Сөйлестім сауелімді араласып.
Серттесіп уәде бердім сол сұлуға
Ал кел енді соны жас санасып.
Алсаңда қанша қатын тарылмайсың
Қайғысы сондай күшті ғаріп жастың.
Жылайды ғашықтықпен сонша бағұс
Ағызып көздерінен қанды жасты.
Қобыланның сөзі
Қой Құртқа пәле салмай енді маған,
Білгенім болса айтамын енді саған.
Түсіме сенен басқа жан енбейді,
Ондайды жасыртырып айтпа маған.
Құртқаның толғауы
Жарқыным жалған сөйлеме
Білмейтұғын сырыңды,
Жатсамда үйде мен деме
Екі жылдан бері қарай
Ұйқыңды бөліп тыныштай
Тіліңді алған сол неме
Бастағы айтқан сертіңнен
Асалмай жүрген сен едің
Мұсылман кәпір екі ұлтан
Сені сүйген мен едім
Білдірсе Құдай жаңылман
Алдама жаным білемін
Қате айтып көрген жоқ едің
Жасырғанға күлемін
Сыр жасырма жолдасым
Жолында өлсем арман жоқ
Жалғыз-ақ менде кемістік
Әлі күнге бала болған жоқ
Ана менен атаның
Көңілінде арман көп
Көбікті қызы Қарлыға
Бұл келгелі жеті жыл
Бұдан да бала болған жоқ
Құдайлық сырым айтайын
Батырым бермен мойның бұр
Тоқсан қатын алсаң да
Екеумізде тарлық жоқ
Сақтама ішке айтпай сыр
Он төрт жасар жас бала
Илия сұлу бұл екен
Алыптың жалғыз қызы екен
Сүйгеніне берем дер
Әкесінің сертті сөзі екен
Екі жылдан бері қарай
Ғашық болып бір саған
Қайғы басып жүр екен
Арманым жоқ Құдая
Қосылсам саған дер екен.
Қасарма деген ағасы
Он сегіз жасар жас бала
Халықтан асқан ер екен.
Қасарманың Қаратау
Атағына арнаған
Жаннан қауіп қылмаған
Барсала ханның баласы
Заманында Алыптың
Шендескен жаны тарыққан
Даңқы озып халықтан
Жеті хандық байтақ ел
Қалмақ дәу аралас
Көптігі болған мас
Жау көрмеген қашаннан
Қаратаудай қорғаны
Ешкім онан асалмас
Қырымнан шыққан саңылақ
Барған екен сол маңға
Асалмай таудан тарыққан
Билігі асқан хан Мыса
Өз нағашың кешегі
Орақ пен Мамай әкесі
Сол Мыса екен тескен су тауы
Қасындағы жолдасы
Айса менен Жаңбыршы
Ақшаның ұлы Зарықбар
Дұшпанға салған тарықты
Жолдастарыменен Бөкен бар
Қырым деген халықтан
Қайсысын айтып тауысам
Мен батырмын деген бар
Қайтқан екен бөгеліп
Алынбасын жүрегің
Қабыл болар иншалла
Бұл сапарда тілегің
Қанды Орақ пенен Ахмет
Барған екен ер ағасы
Бұлар да қайтқан өте алмай
Мақсатына жете алмай
Орақтан туған қос батыр
Қарасай Қазы ер еді
Бұл сенмен қаттар үзеді
Өткен жылдың ішінде
Таудан әрі өте алмай
Бөгеліп қайтты деп еді
Таудан төте жол салып
Тас құлақтан ер Ғазы
Асамын деп көлденең
Жер ортаға барғанда
Қарауліктей аналы
Шайқы Пұрқыт бабасы
Баруға ерік бермеген
Ат артып, тон тозып
Тарғып қайтты деп еді.
Аттанам деп сол жерге
Қарасай Қазы қос берен
Қамданып жүрген кез еді
Әзелде жазған ырызық
Айдаған жерден Тәңірім
Қайда да болса тереді.
Жасқанба батыр сөзінен
Бәленше бәлен дегенменен
Тәуекел етсең кім артық
Ойланып қарашы өзіңнен.
Кессең тақсыр міне бас
Асалмай зарлап отырмын
Илияға берген уағдам
Түндегі айтқан сөзімнен
Осыны айтып тоқтады.
Қобылан басын шайқап қалды тоқтап
Көрсетпе демен ішке енді сақтап.
Құртқа батырдың ойлағанын біліп қайрат беріп айтқаны:
Көңілім дария сөз бұлақ
Естігесін хабарын
Жасыдың ба жан шырақ
Болған істі көп ойлап
Уайымнан пайда жоқ
Тәуекел етсең болмай ма
Жас кезіңнен бері қарай
Кездесіп жүрсін талайға
Жалғызбын деп жасқанып
Сәуін етсең күлмейме
Қазақ пенен ноғайға
Оңына Алла кетірсе
Ұзақ келер оңайға
Батырма екен деуші едім
Жасқанғаның тең бе еді
Болат ба екен деуші едім
Су келуі табылған
Жасық болған нең деді.
Ойлаған жерден шығар деп
Есітсе соған құмар деп
Егескен жауын алар деп
Сынасып жауын саспас деп
Екі аяқты бір басты
Баласынан адамның
Нағып кейін қалар деп.
Ойлаушы едім батырым
Жасып мұнша жасқанып
Тоқталып қалған нең деді.
Бірі баш бірі қош
Қасына жолдас еретін
Бұл маңайдан табылар
Біраз жатқан ел деді
Аға мен іні туған жоқ
Өзіңнен бөтен сенетін.
Тәуекел ет Аллаға
Ажал жетсе ер жігіт
Қайда да болса өлетін.
Жасыма мырзам жасқанып
Қалдың неге тоқталып.
Алла сапар оңғарса
Келерсін аман атқарып.
Әрдайымда жүргенде
Жаңылма жаным жадыңа ал
Көкшауыл Бүркіт бабаңды
Жаңылдырып кетпесін
Мен сілтеймін жан төрем
Қуық болмас жерлерді
Жамандықты көрінген
Жасырып қалман өзіңнен
Жасқанып батыр бас көтер
Жәрдемді жігіт жолдасты
Ертемін тауып ізіңнен
Барамын деген сөзіңді айт
Өтірікші болмайын
Илия сұлу мұңдыға
Зарғып жүрген ғаріп жас,
Бір сен үшін тарығып
Көзінен аққан қанды жас
Барғын келіп тұрса да
Өтінсін Құртқа дедің бе.
Орынсыз жерге оқ атып
Құртқа жөнсіз жалынбас
Құдай берсе бір нәрсе
Көремін деп ойлаймын
Тілегі қабыл болса жас
Ойланып батыр айтсайшы
Құдай бірде Құран шын
Айтқанымның бәрі рас
Бұл жалғанның жүзінде
Тани алмай қалмасам
Илиядай жан болмас.
Зарландырмай тұрсайшы
Ертеңді күнді кеш қылмай
Зарланып жүрген байғұстың
Еңбегі күйер еш болып
Ойна да батыр жата бер
Қамда зәмін керегін.
Үміт еткен жеріме
Тездетіп хабар беремін.
Тұлпардан туған торыны
Бақты дайын баптатып
Найзаны болат өзгертсем
Шеберлерге саптатып.
Батырың төзе алмады тұрды сонда
Әй Құртқа ақыл айтың арбап маған.
Тілеймін әрдайымда бір Алладан
Өтініп бір адамнан сауеліңді.
Салмақты салғаның ба енді маған
Қырық жігіт қасыма ерген тек сәні бар
Бірі жоқ қол беретін сасса маған
Тәуекел неде болса еттім деді.
Қосатын адамыңды айтшы маған деді
Күледі сонда Құртқа езу тартып
Болама я болмай ма кім біліпті
Болмайды ол сырымды ілгері айтып
Досыңыз ақіреттік белгілі адам
Қас ойлап жамандығы болмас саған
Жалғызым сен қойсаң енді өзіме
Келгенде көрсетермін сонда саған.
Болат деп Ер Қобылан тұрып кетті
Бұл жолдың керектерін міндеті етті
Барам деп кемпір-шалға салам бере
Баруға орда жаққа жүріп кетті.
Ағзарбап Қыдырбаймен қарсы алады
Жалғызын көріп көзі сағынғаннан
Екеуі ортаға алып сөз сұрады
Қарағым күнде-күнде келмейсін деп
Біздерде сенен бөтен не ермек бар
Жағдайын ата-анаңның білмейсін деп
Жалғызым жанын кезген болдың адам
Қорқамын кездеседі қандай заман
Құдайдан тілейтұғын тілегім жоқ
Сен жүрсең көз алдымда болды аман.
Қарлығаш тағы келді үйге кіріп
Еркелеп көкесіне көзін сүзіп
Алдына келді дағы құлай кетті
Жалғызым сағындым деп жасын төгіп.
Қарағым неге налып болдың мұндай
Келуге күнде-күнде уақыт жоқ
Жүремін қарауылда енді тынбай
Ренжіп жүрмедің бе сен шырағым
Көтермей ойынды екі
Алайын басын кесіп шашын қиып
Жасырмай айт сырыңды болса солай.
Қарындасы Қарлығаштың толғауы
Жан көке ойлап зарығам
Зарыққан менен не пайда
Сағатында көрмесем
Ақ түріңді сағынам.
Әлде артында таяу жоқ
Өзің жалғыз болғансын
Өшіккен жауда аяу жоқ
Аңдыған дұшпан көп еді
Қайсын тапса аямас
Жаратты жоқта қарындас
Таңдап ерткен жігіттің
Ат ерттеуге жарамас
Алшағыр шауып алғанда
Әкем менен әжемді
Қой көтен салғанда
Болып едім арманда
Құртқа менен екеуміз
Жау қолында тұрғанда
Мұсылманың таппадым
Ара түсер баласын
Бұрынғыдан үдеді
Көке сенің бұл күнде
Қатар жатқан қалыптан
Осы күнде таласың
Жалғыздықтың зарына
Алысқа кетсең жол тартып
Кім көз салар деп қорқамын
Есіз қалған артыңа
Осындайды көп ойлап
Шаршаймын көке зарығып
Екі жеңгем не десін
Есен сау өзің тұрғанда
Төбесі көкке тиеді
Анда-санда барғанда
Құлағын кессем көнеді,
Құртқа адамның данасы
Отырса да далада
Осының бәрін біледі.
Олардан зәбір көрдім деп
Саған айтар мен бе еді
Жалғыз мұдда көңілімді
Ойды бұзып тербеді.
Қобыланның қарындасына берген жауабы
Олай болса Қарлығаш
Бұл айтуың жөн еді.
Сөзіңе жауап берейін
Ашуланба жалғызым
Бұл сөзіме сен деді.
Мына отырған анадан
Екеуміз бірдей туғанбыз
Неге жалғыз боламын
Сен тұрғанда соңымда
Жасық жаман болмасаң
Жүрмейсін бе жорықтың
Түн ұйқыңды төрт бөліп
Мен жоғында жолында
Аман тұрсақ Қарлығаш
Мені жоқтап дұшман қорима
Сипатпа сен піріңе
Сен де осал емессін
Екі аяқты бір басшы
Баталмас адам өзіңе
Шамданба жан қатты айттым
Еркеліктің қырсығы
Шықпай жүрсін жарыққа
Ертеде өткен дарияға
Ғали менен алысқан
Аяғында дос болып
Құдай қосып табысқан
Тәжірибе үшін айтамын
Көңілге алма қарағым
Сен бір аман сау тұрсаң,
Мен бөтендік ойламан.
Арнаулы екінші атың бар
Тұр тұлпарың иінсін
Қару сайман бәрі әзір
Біледі жеңгең Құртқа да
Жүре бер тас алысқа
Қорған бол өзің жұртқа да
Атағың шықсын қарағым
Мұсылман кәпір ұлтқа да
Құр жасытпа өзімді.
Кім екенін байқап қой
Еркеліктен пайда жоқ
Есітпейін екінші
Мұндай айтқан сөзіңді.
Құртқаның Қарлығаға тобылғы меңді торы тұлпарды бақ деп тапсырған толғауы
Қарлыға мында кел деді
Міндеттеймін бір жұмыс
Бітіре алсаң сен деді,
Келмейтін болса қолыңнан
Маңнан аулақ жүр деді.
Атың әйел дегенмен
Ақылың дана сен едің
Ат қадірін білетін
Әруақты ер едің.
Өлігер деп мұнымды
Шырағым саған сенемін
Бапта бағып торатты
Алысқа батыр жүреді.
Сапарын Алла оңғарсын
Үш айшылық алыс жол,
Жарауын түсір күйін тап
Күндегі айға жарасын
От пенен суды мұқтаж деп
Тілейтұғын болмасын
Шырын болат нағыздан
Қақтыр аттың тағасын
Сауры күнге күйместей
Құбылған гүл-гүл масаты
Жаптыр атың жабуын
Кіндігін жаратып
Басын көкке қаратып
Айшылық жерді алғандай
Жарауын тауып күте алсаң
Кетер торы ат бұдауға
Биіктегі көз жетпес
Ертеңгі ұшқан тұрымтай
Басына шығып қоналмас,
Кездеседі сонда тау
Сонда сырды бермесін
Жарауында тораттың
Жетпіс екі бабы бар
Кеміс болып жорғасын
Көз жетпейтін дария
Шалқар алыс ені бар.
Қарғи алмай жүрмесін
Осындай жерге сәйкестеп
Жаратудың мәні бар
Қарлыға жан есіңе ал
Ал жасырма ат күйін
Қатты болып ізімен сал
Белі қатпай жүрмесін
Қарсыласа ерменен
Талабы мықты дауы бар
Аударыспақ болғанға
Белі қатпай қайысса
Ер тарығып налыса
Обалына қаламыз
Осы араны есіңе ал
Жендетіп жолын
Омыртқаны өсерсің
Тартса талмас жануар
Шын тұлпардың тұқымы
Жабайы емес нәсілі
Сонан еді асылы
Еңбек етіп тапқанмын
Ердің серік аты деп
Жалынды сұлу қыздарың
Баласы еді тұлпардың
Енесі еді кәрі бие
Қасиеті неге тең
Жолы болса батырдың
Білінер нышан өзінен
Әр дайымда ұйықтаса
Шын жарауы түскенде
Кемісі жоқ жетілсін
Төрт аяғы көсіліп
Еш нәрседен шошынбас
Етін кесіп алсаңда
Қабағы қатып ашылмас
Құйрығын жайып жалменен
Кекілі жерге салбырап
Қабағы тіптен ашылмас.
Осы айтқаным түгелдей
Бола қойса төреден
Аман келет жалғызым
Осы сапар жолынан
Ықылас етіп қарасаң
Бәрі де келет қолынан.
Қарлыға Құртқаның сөзін мақұл алып болат деп айтқаны
Жан апа айтқанымды орындармын
Тор аттың бабын тауып неше түрлі
Жасырман жаным апа сізден сырды
Хайуанмен сөйлесе алам біліп тілді
Тор аттың жетпіс екі күйін тауып
Ат күйін таба алмасақ бізге қауіп
Жаңылып кетпес емес жарар еді
Жан апа сізде көрің ауық-ауық.
Жан апа бала жастан баққан атың
Әр қашан бабың өзің тапқан атың
Жанына жем берер де жуық барсам
Жаратпай бойын бағып сақтанатын
Тор атты сендер де қолыма бер.
Қарлыға бұл міндетті атқаратын.
Құртқа айтты олай болса жан қарағым
Адамға менен бөтен үйір емен
Айырып енесінен алдым талай
Аударды ықыласымды соған қыздай.
Аузына емшегімді салушы едім
Баладай бой ертіп сорушы еді
Балаң деп туды тұлпар сенің Құртқа
Мазақтап батыр маған келуші еді,
Білемін көптен бері ол жайыңды
Жатырқап сені тор ат жүруші еді.
Адамды мінезінен айырады
Хайуан деп айырып болмас білуші еді.
Әңгіме
Біз мұны ұлы Ер Сайымның түс көріп оянып таң алдында әйелі Аюбикені оятып түс көрдім Қобылан ақіреттік досым еді, оны өзің де білесін деп барса келмеске жол жүруге әзірленіп жатқан сапары екен. Қасына еретін сенімді жолдас керек болып ол жақтан ешкім таппай Құртқаға жауда жаны ортақ, елде малы ортақ өзіме сенімді серік кісі тап деп қысым салған қалың ноғайлының халқына хабар айтуға арланып ақыреттік дос деп маған хабар салған хабарлаушы ақылы жаннан асқан адам данасы Құртқа сәуелімденіп осы хабарды маған түгел айтқан сенде бір әйелден кем деп жүрген жоқсын осы түсім қалай айтшы.
Әйелі Аюбикенің түсін жорығаны
Жориын батыр түсіңді
Алла оңғарғай ісіңді
Бұл түсіңді көргенің
Ғажайып екен ойласам
Сауеңде ақ Құртқа
Түсіңе сіздің көрінген.
Ол шамданып жүру шарт
Менің айтқан сөзімнен
Қобыландыны бір ертіп
Ұлы жиын дүпірге
Аса ауыр қиынға
Салмақшы еді өзімен
Қобыландыдай досыңмен
Өз басында кінә жоқ
Қатыны Құртқа айлакер
Ат желгізіп келгенде
Ақыреттік дос болып
Қарындасың бергенде
Разы болып мен айттым
Өзіңе батыр белгілі
Көшекке атын жегізіп,
Жаяуласып жүрген біреуге
Мұнша неге қызығып,
Бикешті неге бердің деп
Сол сөзімді кектеген
Жібермей Құртқа тоқтатты
Жеті жылдан бері қарай
Нағып аты жетпеді
Ақыл салған қатынға
Ердің ісі қашанда
Шығарма сірә мақұлға
Достықтың шегін ұмытып
Ойламай кеткен біреуге
Барамын десең батырым,
Соқпасын мұның шамаға,
Қарны ашып ол неме,
Ерместей біреу қараға,
Еділ Жайыққа қайтадан,
Қалың жатқан ноғайлы,
Түсінсең айттым батырым,
Бара көрме бұл жайға.
Сайым
Сонда Сайым сөйлейді
Қарағым Айша қарындас
Қобылан деген бар еді
Достым қалың жаңылмас
Ақіреттік сол достым
Барса келмес жеріне
Ақ тауықты алыптың
Барайын деп өзіне
Өзі жалғыз өзі жас
Көмегіне шақырды
Бармай қалсам жарамас
Өлгенде бірге иманым
Пірімен бірге жиғаным
Сол сықылды досыма
Барамын десем бұл залым
Қарсыласып сөз айтты
Жамандықты көп айтты
Ашуым келіп сол айтты
Өлтірмекші мен едім
Саған барып тығылып
Жаны қалды өзінде
Екінші де көрмеспін
Ертіп итті ізіме
Кідірме Айша қарағым
Тел күреңді алып кел
Ер тоқымын салып кел
Өз қолыңнан ертіп бер
Күн шықпай қалқам жүремін
Не салғанын Алланың
Талайымнан көремін
Жүгіріп Айша барады
Тел күренді шығарып
Сарайда тұрған алады
Ер тұрманын жабдықтап
Ат үстіне салады
Жетелеп келіп күреңді
Ағасына толғады.
Жаным көке сен деді
Күні өткен күреңмен
Жол жүрем деген нең деді
Сырт буын болған жазған ғой
Жасы келіп қалған ғой
Жүні қашып қарыған
Алтай жазға мінбедің
Көріктің белгісін
Алған еті мынау ғой.
Тіл алсаң мінбе жан көке
Алыс жолға жарамас
Жүрмей қалса мінген ат
Көңіліңе қарамас
Бөтенді тауып мін деді.
Сайым
Ат барма басқа қарағым
Көптен мінген атым ет
Осыдан бөтен жылқыға
Сенім жоқ қарағым
Қапелімде ат болмас
Іздегенмен бөтен ат
Тездетіп тауып беретін
Табылып тұрма қолқанат.
Жан серігім қашан
Кәрі де болса күрең ат,
Ат керек деп бөтеннен
Сұрап жүру бізге ұят.
Айша
Сода Айша сөйледі
Терлікбайдың Кершабақ
Білмейтінін көкесі
Осы арада біледі
Салшы көке құлағың
Терлікбай жан шырағың
Жалшы аты бар бағулы
Жеті жасар Кершабақ
Алаулы қалмақ елінен
Тай күнінде әкелдің
Енші қыл деп балаларға
Ұмытпадың сен көке
Әкеліп соны берейін
Қуанып кетті ер сонда
Бар екен ғой ат қолда
Есіңде барма еді қарағым
Алып кел мінем шырағым
Жүгіріп Айша жөнелді
Жеңгесіне барады
Кілтті бер деп сұрады.
Кілтті Бике бермеді,
Жаяу кетсін бермеймін,
Баланың енші бір атын
Қартайғанда қаңғыртып
Алама мұны Құдайым
Жүре берсін атымен
Не болғанын қарайын
Ашуланды Айша қыз
Жігіт болса Терлікбай
Ат табылмас деп пе едің
Құдай қосқан жарыңның
Қатты сөзін кектедің.
Кер шабақтай тұлпарды
Естіген соң хан көкем
Мінбей кетер деп пе едің.
Осыны айтып Айша қыз
Үйден шығып барады
Тұлпар тұрған сарайдың
Есігін бұзып алады.
Алпыс құлаш ала арқан
Ішін жібектен иірген
Мойнына аттың тағулы
Тайынан бері бапталып
Бұл кер шабақ бағулы.
Болаттан таға қақтырған
Сауры күнге күйер деп
Біреудің көзі тиер деп
Құлақ пенен құйрықтан
Басқа жерін жаптырған.
Ерігіп тұрған тұлпарды
Шығарып сыртқа қарады.
Күн көрмеген жануар
Көтеріп қызды көкке алып
Ерік бермей барады.
Екі алып жерге түсірді
Қаңбақтай қызды ұшырып
Айрылып қалам деп састы
Айша сонда қысылып.
Далада көріп тұр екен
Батыр да келді жүгіріп
Арқаннан ұстап алады.
Я Алла деп басына
Аттың жүген салады.
Алып келіп ерттеді
Шуда менен желдіктеп
Мақпал менен терліктеп
Түзулеп ерттеп қарады.
Сапарым оңға келер деп
Атты көзі көрген соң
Сүйініп батыр тұрады.
Сымбаты сұлу Кершабақ
Ер көңіліне ұнады.
Ұйықтап жатқан баласын
Оятып алып Ер Сайым
Бұрынғыдан бірім деп
Тәуекел өзің мінің деп
Баланы сүйеп мінгізіп
Олай-бұлай жүргізіп
Ел қыдыртып жүреді.
Жасырынып есікте
Бике мұны көреді
Іштегі терін білген соң
Көзінің жасын төгеді.
Шақырып алып Айшаны
Табыстыр деп ерменен
Кінәмді кеш деп тіледі.
Шыдамды Айша қыз
Көкесіне келеді.
Келе сөйлей береді.
Құтты болсын жан көке
Кершабақтай тұлпарың
Алыс жерге барасын
Тағыда барма іңкәрің.
Көрсе көзің сүйінген,
Жеті жасар кер атқа
Емеспе шайқас жан көке
Қырық аршын семсер болатқа
Нағып мініп жүр демес.
Еш мүшесі кем де емес.
Көрген адам сүйінер
Құтты болсын бұл атқа.
Күнәсін кеш ғафу ет
Жан жеңгемді жылатпа
Терлікбаймен мен үшін
Ашуыңды таратта.
Амалсыз көнді Ер Сайым
Айшаның айтқан сөзіне
Хан қосылған қашаннан
Итте болса жолдассын.
Келсін деді өзі де
Кештім деді күнәсін
Өтіп еді айтқан сөзі де.
Аюбике келеді
Аяғына жығылып
Күнәмді кеш деп тіледі
Батыр кешті күнәсін
Түсіріп аттан отырды.
Терлікпайдай баласын
Жиналып келді халқыда
Жанға өлшеген қырық жігіт
Әзірленіп бұлар да
Түгел келіп көрінді.
Сайым
Сайым сонда сөйлейді
Нұрқасын мен Шыныбек
Негізің еді асыл тек
Қиын қыстау жер келсе
Сеніштерім сен едің
Алла сапар оңдаса
Алысқа сапар шегемін
Сен екеуің бас қылып
Жиырма жігіт аламын
Әзіленің тездетіп
Я өлім деп я бейнет
Таланжа саламын.
Жасқансаң қалың ермей-ақ
Өздеріңе саламын.
Жалғыз да болсам тәуекел
Әзірлендім барамын.
Кеңесіндер серт беріп
Мәделсіз болсын біреуің
Разылық ал өзінен
Ренжу болып ермесін
Енді менің ізімнен.
Осыны айтып Ер Сайым
Қырық жігітін бөледі.
Халыққа қалған сөйледі
Жаман айтпай жақсы жоқ
Барасын қалып өздерің
Үлкен аға кіші іні
Аман болың келгенше
Сапарым алыс ұзақ жол
Дұғада болың кәрілер
Алдымда не бар екенін
Пендесі ғаріп не білер
Балдағы жауар көк семсер
Жауға арнап соқтырған
Ат тұяғы тимеген
Ешкім барып көрмеген
Барса келмес жеріне
Сондағы жатқан еліне
Алып пенен Қасарма
Атағы шыққан еріне
Қазақтан шыққан Қобылан
Аттанып жатыр қамданып
Қанша екенін білмеймін
Ер жинаған шақырған
Ақіреттік досым ет
Хабар салды келсін деп
Сонымен бірдей боламын
Артымда қалған байтақ ел
Жасымнан баққан жабдықтап
Деңіңе дұшпан келтірмей
Ешкімнен қорлық көрсетпей
Бақи болың қалған ел
Қатын мен бала қара орман
Байтақ халқым тапсырдым
Әуелі Құдай өзіңе
Киікбай мен Бөкенбай
Балдырғандай жас бала
Барады қалып ізімде
Аюбике жолдасым
Ақіреттік қосылған
Жан жолдасым сен едің
Налыма енді қолың бер
Сапарыма жүремін
Аман келсем оңғарып
Тіріде сені көремін
Ажалым жетсе бұл жаудан
Көре алмай халқым өлермін
Неде болса Алланың
Жазғанына көнемін.
Халқы шулап жылады
Ішінен тынып Ер Сайым
Сабырлықпен шыдады.
Халықтың мауқын басқан соң
Қарындасы Айшаға
Тағыда сөйлеп қарады.
Қарындасым қарағым
Артымда қалып барасын
Дәл он беске сен келдің
Толмаған ақыл баласын.
Інілерің басқарып
Ақыл салып жеңгене
Айтқанымды сен тыңдап
Халқымды бағып қарашы.
Атағы әйел дегенмен
Белгілі едің сен маған
Ақылың дана жан едің
Өзіңді өзің ұстаған.
Балалықпен аңдамай
Жаңылып жүрме жан Айша
Белгім бар саған тастаған.
Осыны айтып болған соң
Киікбай менен Бөкенбай
Екі бірдей баласын
Қол қусырып тұрады
Біз барайық бұл жолға
Бата бер деп сұрады
Шүкір қылды Ер Сайым
Мұны естіп Құдайға.
Риза болды көңілі
Өзінен туған балаға.
Разымын балаларым
Барам деген сөзіңе
Жеткен жоқсын ертерек
Аттанып жеріңе.
Адам болып ескерсең
Еліңді бақ қорған бол
Барасын қалып ізімде
Осы сөзбен тоқтатты
Қатын мен бала елдерін
Қатар құрды теңдерін
Жаранлар салсаң құлақты
Айтайын деп келемін
Нұрқасын мен Шыныбек
Қырық жігіттің сөздерін.
Келіс қылып арадан
Жиырмасы шықты бөлініп
Жүрегінде жігер бар
Жігіт болып туған жан.
Мұндай жерден бөлініп
Басын тартып қалама
Сайымменен жиырма бір
Бөлініп шықты елінен
Таңдап мінді тұлпар ат
Жарағанын елінен.
Садақ атып сандалып
Халқы қалды ізінен.
Аюбике жолдасы
Терлікбайды көтеріп
Батырдың жүрді ізінен.
Тоқтай тұр батыр сабыр ет,
Сапарыңды оңғарсын
Бір жаратқан құдірет
Бір-екі ауыз сөзім бар
Жадыңа батыр салайын
Ұнаса мұны аларсын
Қобыландыдай досыңмен
Баруға бірге құмарсын
Тізгінін бер өзіне
Қарсы келме сөзіне
Бабын тауып ұстасаң
Жолдасын жауға тастамас
Жамандық жолға бастамас
Мұсылманның баласын
Мінезі еді қыстамас.
Қарсысына келмесең
Кінә сақтап ұстамас.
Билікті берер өзіңе
Пір деп ерер ізіңе
Жамандық күнге кез келсе
Тастап кетіп сен жүрме,
Жолдасыңды ізіңе.
Ондай әдіс қолданба
Лайық болмас өзіңе.
Ханның қызы Илия
Ғашық болып барады.
Сарқыттап берсе алмаңыз
Қызды көріп қызығып
Ұятқа үлкен қалмаңыз
Сізге де бір қыз табылар
Сол болар батыр олжаңыз
Сәуелім шайтан болмаса
Бейнетің көп ұлың жоқ
Қайтарсыз аман бұл жолдан
Терлікпай жаның Кершабақ
Жас күнінен бағып ем
Күн тигізбей аялап
Төрт аяқты бір басты
Қала қоймас хайуаннан
Көңілің орта болмасын
Сапарың құтты оң болсын
Қош енді аман сау болың
Жолың болсын жолдасым
Қобылан Құртқа Қарлыға
Бізден сәлем айтарсың
Тілектеспін жолына
Осыны айтып әйелі
Қала берді соңында.
Сайымның жүрісі көрінісі
Қош болың деп жігіттер
Сайым бастап жөнелді
Маңдайын түзеп жөніне
Жиырма жігіт Ер сайым
Дәл бесінде аттанды.
Жаратқан хақты жатқа алды.
Астына мінген Кершабақ
Ойнақтап басын өнерлеп
Ешан беріп батырға
Көңілін ашып мақтанды.
Арасы айлық жер еді,
Жеті күнде жетем деп
Шарт қойып батыр жөнелді.
Көлденең жатқан Жайықтан
Сол күні жүріп күнімен
Тағы жүріп түнімен
Сәскеде келіп кесе етті
Ат суарып шалдырып
Шатырын құрып дем алып,
Түс ауа тағын жүреді.
Імпиті мен жімпитті
Сарайшық дөңдер саладан
Кеселеп өтіп келеді
Бірде желіп аяндап
Жүрісі қатты келеді.
Ыждиқатпен түн қатып
Амандықты Алладан
Батыр Сайым тіледі.
Теректі шалқар саладан
Қараға соқпай батырың
О да жүреді даладан.
Төрт күн жүріп құлады
Қобданың сала шетінен
Шыбындыны баса өтіп
Жүрісі қатты күн іссі
Ұйқыдан ерлер жүреді
Шығырлаудың қарасын
Сәскелік жерден көреді,
Бұрылып батыр маңдайлап,
Қобдаға төте жүреді,
Жүре тұрсын Ер Сайым
Жақындатты қарасын
Азғантай кеңес қылайық
Қыдырбайдың баласын.
Ақылы дана ақ Құртқа
Келе жатқанын біледі
Халыққа хабар береді
Соғым малын бөлгізіп
Әзірлетті деп еді
Ит жүгіртіп құс салып,
Еш нәрседен қауіпі жоқ
Қобылан қырда жүр еді.
Келе жатыр деп Ер Сайым
Батырға хабар береді
Енді халқым тыңдаңыз
Құртқа сұлу дананың
Азғантай сөзі келеді.
Әңгіме Құртқадан
Құртқа мен Қобыландының кеңесі Сайымның алдынан шығып күтіп алған соң әзірлік жасап Құртқаның айтқаны: Батыр сізге ұнаса, келе жатқан қонақтың алдынан Қарлыға Қарлығаш үшеуміз шығамыз, туғандық көңіл білдіріп. Сізде екі түрлі мойныңызда кінә бар, бірінші достасқаның бер жағында арадан жеті жыл өтті сәлемге бармадың, мен де бара ғой деп айтпадым. Екінші Сайымның еткен еңбегіне қарап достасқасын достық көңіл білдіріп шақырып алмадың. Аюбикенің бір ауыз сөзі арада кінә болды. Бұл батыр ақ ниет адал жүрек кінә кек сақтамайтын кісі болу керек. Өзің болсаң бармайсын, осыны ойла батырым, осы шыққан сапарында Аюбикенің айтқанын қылмай ақіреттік досыма барамын деп келе жатыр сол себепті сіз мынадай пормымен шығыңыз. Оны ар, қор керме бір сапарға тілімді ал сонда ұтасын бармаған кінәдән құтыласын жаман атпен жайдық астында тулақ салып жалаң аяқ жалаңбас қолыңа сабау алып ноқталап мін, өзі шабан өзі жаман болсын, құйрығы шолақ болсын соны көргенде ер ескеріп, мейірімі түсіп сенің жалғыздықпен қолың тимей жүр екен деп аяушылық етіп бар күнәңді кешер, осыменен шығайық. Ертең ерте сіз бізбен жалғаса шығып бір тасада тұрарсыз біз күтіп алғаннан кейін келерсіз.
- Бұл қалай деді? Құртқаға Қобылан. Құртқа жығылыс таппайтын жерді ойла, бұл Сайымға менен кінә көп, мұнымен кінәдан құтылатын болсам болыпты. Қойшы мінетін торшолақ дейтіңді мініп жүрді.
Сондағы Қарлыға Құртқаның айтқан сөзі
Құртқа айтты Қарлығаға есіңе алың
Тапсырған тапсырмамды орындағың.
Боз жорға көк аяқты түзу ертте
Жүреміз ертең ерте қызға барың.
Қаз мойын қаракүрең жорғаны алың
Үстіне ер тұрманын түгел салың
Яқұт пен інжу маржан нақыштатқан
Құралы қолында еді жан ананың.
Бардағы түгелінен сұрап алғын
Сауыты сайманымен бір кілемде
Білетін мұны тағы анам өзі
Тегістеп түгел берсін қаруларын.
Сонымен күреңді алып сен жетелеп
Таң ата Қарлығашқа хабар салың
Киінсін жан көрмеген асыл киім
Ер келсе ертең бүгін еңсемізге
Болады бір тамаша үлкен жиын.
Тапсырып Қарлығаға осы сөзді
Жабдық табып жинады тағы да өзі.
Боз жорға аты алтын жалды жарқылдаған
Үстіне киді киім асыл Құртқа
Күн көзі шағындатып жалтыраған.
Қарлыға көк аяққа мінді өзі
Асынып жау құралын көк сауытын
Үстіне көк сауытын киді өзі
Айбаты жаннан асқан Қарлығаның
Қалай деп күрең атты жетекке алып
Сынатып апасына келді өзі
Жарайды деді жаным осы түрің
Екеуің бір пормыда киініңдер
Ортанда мен жүремін сосын өзім
Қаз мойын қаракүрең жетекке алып
Ордаға келді сұлу хабар қылып.
Атынан жабу түсіп дыбыс бермей
Есіктің тұрды алдында қарсы барып.
Екі атты төбеп тастап сәлем етті
Атасы енесімен көзін салып.
Көп жаса бақытты бол жаным балам
Мезгілсіз нағып жүрсін қылдың алаң
Қарағым жүрмеуші едің бұл уақытта
Жағдайын жүрісіңнің айтшы маған
Ақзарбаб орнынан келді тұрып
Қарлыға жауап берді анасына
Бұралып бала қаздай мойнын бұрып.
Жан ана батырым Сайым келе жатыр
Алдына бару үшін келдім мұнда
Бикешті ерте кетем өзімменен
Ат тұрман керек болды қаруларын
Барады апам бірге біздерменен
Сөйлесіп айтқан жоқ па сіздерменен
Ақзарбап сонда тұрып берді жауап
Қарлыға келініне күле қарап,
Қарағым анық нәрсе мұның бәрі
Отырған бақыт ойлап біз бір кәрі
Досы ғой жалғызымның ақыреттік.
Барындар жолың болсын нағылайын
Айтты да осы сөзді үйге барды,
Төрдегі жүкті бұзып кілемді алды.
Салынған Қарлығаштың бар құралы
Кілемді көтере алмай тұрып қалды.
Қарағым өзің келіп көтеріп ал
Құрмағы ауыр екен белім талды.
Қарлыға сәлем етіп үйге кірді
Кілемді қолтыққа алып кетіп қалды.
Кілемді Ақзарбаппен бірге істеп
Күреңнің еңгерулі ерін алды.
Қараңғы таңның көзі көрінбесін
Сәулесі ер тоқымың жарқыраған
Далада жүрген шығып маңдайдағы ел
Бұл жарық не жарық деп қалтырапты.
Жан ана аруақты пір едің
Керегін өз қолыңнан берші салып.
Жүгенін жүгендеңіз өзің барып
Сіз бар да мен ерттеуге дұрыс болмас
Терлегін сен жүгенде де өзіме бер
Бөтеннен үлгірермін қолыма алып
Қарағым болады деп барды Зарбаб
Жүгенді жерден алып ат басына
Ей Алла құтты қыл деп салды Зарбап
Мақпалдан терегі бар зермен төккен
Тұтынбай жатқан зат қой көрмей көптен
Қарағым өзің ерте үйге барам
Атаңның дәрет суы соны жылытам
Ақзарбап үйге кетті осыны айтып
Қарлыға күрең атты ерттеді тез
Ертоқым сәулесінен ұялат көз
Әзірлеп атты болып Қарлығаш
Ордасына келіпті тез
Ақ сандық алтын аршын қолтыққа алып
Үстінен қару салған кілем салып,
Жетелеп екі тұлпар келіп тұрып
Бикешім есік аш деп дыбыстады
Қарлығаш есікті ашып кіргізді үйге.
Асынған жау құралын көріп көзі
Жарқыным не болды деп сұрады өзі
Алдынан Сайым ердің барымыз деп
Қысқалап әңгімесін айтты өзі
Киінді Қарлығаш та тездеп тұрып
Таранып тоты құстай Қобыланды
Шырайына кісі бойы қарап тұрып
Ақ сандық аузын ашып қойды жерге
Болың деп Құртқа келді кіріп үйге
Киінген қыз киімі түрі бөлек
Секілді екі көзі дөп-дөңгелек
Жан жеңге қару іліп не қыламын
Құртқаға қарап айтты күлімсіреп
Жылады сонда Құртқа қатты налып
Батырдың жалғыздығын есіне алып
Қарағым іні де сен бәрі де сен
Тілімді ал айтқанды істе мені десең
Қарлыға ер жолдасы жауға сергек
Ер Сайым көңілі болсын төрден көріп
Сендағы көкежан бірге тудың
Көз көріп көңілі тойсын сонда суып
Бес қару көк сауытпен тек жатама
Көкенде көзі көрсін шықсын буып
Жоғында көкең үйде келсе дұшпан
Намысты қолдан берме бірге туып
Балалық тастайтұғын болды мезгіл
Қарағым ойыңа алшы бұл сөзімді
Құдайым жан жұртқа жаратқансын
Қимайды білмесін бе көкең өзі
Қарлыға сонда тұрып әзілдеді
Бұл қыздың наурызы өтпейді деп
Еркелік бойға сіңген кетпейді деп
Досына көкесінің көрініске
Алдынан қарсы шығып бару үшін
Апамның айтқан сөзі бітпейді деп
Жан апа мен айтайын бір жағдайды
Бала деп біз санаймыз әлі мұны
Жігіттер мазамды алып кетпейді деп
Қарлығаш ала көзбен бір қарады.
Ұялып ақ Құртқадан қыз тұрады
Жетпейме оңашада әзілдесең
Кетші деп шапалақпен жаққа ұрады.
Күлімдей қойды Құртқа қырын қарап
Сұлу да киінеді шашын тарап
Асулы бес қаруын белге байлап
Шығады ордасынан я Құдайлап
Мінгізді өз қолынан сонда Құртқа
Күреңге, қазмойынға я Құдайлап
Сипаты Қарлығаштың жаннан асқан
Қобылан келіп тұр еді сол арада
Ой түсіп қара тұман қайғы басқан
Құдайым жат жұрттыққа жаратқаның
Аға жоқ ініменен жалғыз өзім
Жалғызым неғып қиям бөтенге өзім
Көрмесем жалғыз сағат тұра алмаймын
Адам болып қалған екен анда Құртқа
Кез болып Тәңірім жазып қандай ұлтқа
Қыз бала дегенменен бойы ер жетті деп
Дыбыс шашылып жүр әрбір тұсқа
Теңіне өзің тауып қоса көрші
Әуелде Құдай нашар жаратқансын
Болмайды бізге серік елге тұтқа
Айтты да осы сөзді жасын төгіп
Қобылан жүре берді үйге қарай
Құртқа жүріңіз деп жолға түсті
Қарлыға жалғыз қызды ортаға ала.
Толғау
Жүрді Құртқа маңдайлап
Тумашының жалына
Күн шыға барып қарамақ
Ер Сайымның жолына
Қуанышы қойнында
Келет деп тілеп ойында
Қарлығаш пен Қарлыға
Балапан қаздай ылығып
Келеді еріп соңында.
Күн шыға тауға барады
Көзін салып қияға
Сұлулар қарап тұрады
Күн шарпып тұрғанда
Шатыраған шаң шықты
Шаң астына қараса
Бір топ адам бұл шықты.
Найзасына ту байлап
Кер шабақ ат алысқа
Дұлғасы жарқырап
Жиырма жігіт қасында
Батыр Сайым бұл шықты
Ер Сайымды көргесін
Аттан түсіп жаяулап
Үшеуі қарсы жүреді
Сайымды көріп қарасын
Бұларды танып сонадан
Жігіттерге сөйледі
Мынау тұрған үш адам
Құртқа менен Қарлыға
Қарындасы Қарлығаш
Алдан күтіп жүр екен
Аттан түсің жігіттер
Екі-екіден тең жүріп
Аттарыңды жетелеп
Бастайын алда мен жүріп
Осылай айтып Ер Сайым
Жігіттерге береді
Айтқанын мақұл көреді
Екі-екіден тең жүріп
Қаруларын асынып
Ер соңынан келеді
Сайым бастап кер атпен
Жүрді жолға құлатпен
Қарсы келіп бұлармен
Аттан түсіп көрісті
Амандықты білсін деп,
Сонда Сайым сөйледі
Бақытты бол қарақтар
Көктегі жүрген көк тұйғын
Саялы жерге қонақтар
Аманбысың, саумысың
Жан қарағым шырақтар
Қобылан сау ма қайда деп
Қуанады кемпір шал
Жақсымысың қалай қал?
Құртқа
Сонда Құртқа сөйледі
Жолың болсын жан аға
Келгеніңді есітіп
Алдыңнан шығып тұр едік.
Дәм шашылып шет елге
Бөлек жүрген ел едік.
Сіз ауылдан шыққан соң
Қауышбаққа аман-сау
Жаратқан Хақтан тіледік
Батыр да қазір келеді
Жалғыздың жайы өзіңде
Белгілі ғой жан аға
Ері тегіс жетеме
Арқаның алпыс салаға
Бір шаруамен айналып
Қалған шығар кідіріп
Келер уәде деді аға
Ата мен енем дені сау
Жалғызың үйде тұралмайт
Жалғыз ауыл болғасын
Айдалада қалмақ жау
Аюбике Айшамен
Балалар жүрме аман сау
Осыны айтып тұрғанда
Астына мінген тор шолақ
Қыл жіппен мінген ноқталап
Астына салып қом тұлақ
Тор шолақ шабан жүрмейді
Сабау мен келет сабалап
Жалаң аяқ жалаң бас
Басына тартқан орамал
Жігіттер көріп күледі
Мынау қалай адам деп
Тамаша қылып көреді
Қобыланды Ер Сайым
Нани қалды көргеннен
Ер көңілі босады
Мына түрмен жүргенге
Жігіттерге кейіді
Танымай тұрып күлгенге.
Жігіттерім күлме деп
Бұл келе жатқан Қобылан
Білмейтұғын жағдайын
Ақымақ адам менбе деп
Аттарың түйіп тастаңдар
Істеңіз қару жарақты
Қол қусырып тұрудан
Осыны айтып Ер Сайым
Аттан түсе қалады
Сағындым деп жалғызым
Алдынан кетіп барады
Қобылан менен екеуі
Құшақтасып көрісті
Ақыреттік достығын
Сол жерде халық білісті
Иба қылып жігіттер
Қол қусырып алдынан
Жігіттер келіп көрісті
Амандасып тұрады.
Жол болсын деп Қобылан
Батырларға қарады
Сонда сөйледі Ер Сайым
Ау Қобылан қарағым
Арамыз шалғай алыста
Болып жүр ғой тұрағы.
Мұншама көңілің басылып
Жасыдың нағып шырағым
Өздеріңдей шын достың
Тілегені қосылып
Менде бірге сұрадым
Жеті жылдан бері қарай
Бір-біреуді көрмедің
Амандықты білмедің
Жалғыздықтың жабасы
Ол жағдайды білмейтін
Адам емес мен деді
Ол жолыңнан қысылма
Енді жаным сен деді
Қарлыға, Құртқа, Қарлығаш
Алдымнан шығып тұрғасын
Разы болдым мен деді.
Мұнша түрің түсіріп
Налып келдің досым деп
Бірігіп тілек тілейік
Қарлыға, Құртқа қолың жай
Ақ батамды берейін
Қайырмаған жан едім
Қашаннан Алла мерейім
Батасын Сайым береді
Аумин деп қолын жайып
Қобылан, Құртқа, Қарлыға
Тілекті тілеп тұрады.
Бір перзенттің кемдігі
Көзден жасын төгеді
Тоқтау айтып Ер Сайым
Бұлардың көңілін бөледі
Ат сабылтып түн қатқан
Мезгілсіз жерден дәм татқан
Ұйқы бөліп түс қашып
Салғып ерлер келеді.
Күн ысып шөлдеп тұрғанын
Қобылан батыр біледі.
Жүріңдер енді қонақ деп
Әлден бастап жүреді.
Барыңыз деп ілгері
Қарлыға, Құртқа, Қарлығаш
Бұларға сылтау бар еді
Үшеуі кетті ілгері
Тамаша қылды жігіттер
Бөлек екен адамнан
Үшеуінің түрлері.
Береме адам қандай жан
Көзі ұялып тынғандай
Үшеуінің жүрісін
Бір адамнан туғандай
Қарлығаш қой кішісі
Құртқа мұның қайсы екен
Таныса алмай келеді
Нысанбай сонда сөйледі
Бозжорға атты Құртқа деп
Даңқы шыққан жұртқа деп
Жау қарағын асынған
Көбікті қызы Қарлыға
Тұласы бөлек адамнан
Балдырғандай жас бала
Қарындасы Қарлығаш
Қаз мойынды күреңмен
Жау жарағын асынған
Қобыланменен бір туған
Мұныңда келген келбеті
Еңкейіп жаннан шошымас
Не десеңде жігіттер
Құдай берген адам ғой
Құртқа менен Қарлыға
Мұндай тауып қосылмас.
Күңкілдеп ерлер соңынан
Әңгімелеп келеді.
Қыдырбай мен Ақзарбап
Алдынан шығып күтеді
Баланың досы Батбаң ер
Алдынан шығып тұралық
Үлкенді-кіші бұлдамай
Көтеріп аттан алайық.
Тамаша қылып қасында
Халқына тұрды қамалап
Жақсы менен жаманы
Қобылан мен Ер Сайым
Екеуі кеңінен кеңесіп
Халықтың айтып жағдайын
Келеді ерлер сөйлесіп,
Жігіттерді шұбыртып
Шал кемпірді көргесін
Аттан түсті жаяулап.
Алдына ерлер келеді
Қыдырбай Зарбап көрісіп
Екі жақтың адамы
Кезекпенен көрісті
Амандықты білісті
Көк шалғынды кепсенге
Масатты кілем салдырып
Мақпалдан көрпе жайғызып
Дем алысып отырды.
Шөлдеп келді балалар деп
Ортаға саба қойдырып
Үрбітті сары самарды
Ортаға қойған сабырды
Белгілі елдің адамы
Ақсақалдар жиылып
Конақпенен сөйлесіп
Қастарына отырды
Қыдырбай сонда сөйледі
Жолың болсын Сайым жан
Әкеңмен қатар тең едім
Атағынды естиін
Құмар болып көруге
Көптен бермен жүр едім
Баламның досы баламсын
Төрт жағың бірдей тең еді,
Құдай берген адамсын,
Сенде жалғыз ер едің,
Баламмен дос болғансын,
Нағылып бөтен көремін
Үйге жүрің қонақтар
Талығып келген күн өтіп,
Жол жүру оңай емес қой,
Ұйқы бөліп жүдетіп
Дем алған соң соғармыз
Әңгімені үдетіп
Төребай кел Ер Әшім
Қонақпен бірге болындар
Бөтенің қара жөніне
Тыным алсын қонағым
Той қыламын бір үлкен
Мойнымда жүрген міндет бар
Келген соң Сайым шырағым
Шақырамын сол тойға
Аттарың болса жаратып
Жүректі жігіт балуан
Бәйгем бар тігіп істейтін
Әрбір түрлі алуан.
Айтып болдым көп қараша
Қонағым ер соңымнан
Қонағын ертіп Қыдырбай
Ордасына енеді,
Ықласпенен тік тұрып
Қобылан күтті қонағын
Қысырдың тайын сойғызып
Түрлі жеміс қант пен шай
Араласты шарабы
Қонақ асы құрметтен
Сын таппады қонағы.
Әңгіме
Қыдырбай қонағын жайлап болған соң, маңындағы халыққа хабар салдырып той қылды, Сайымның құдалық құрметті жолынан құтылды. Той үлкен тамаша қызық болып өтті. Малды аямай шашты. Жалғыз баланың құрметіне ат шаптырып балуан тұрғызып тағыда басқа қызықтар жасады. Құданың киітін атады, Сайымға бір бөлек өлшеусіз сыйлық берді. Жиырма жігітке бас-басына ат пен шапан кигізді. Сайымды ертіп Құртқа бір түйенің басына отырып жүретін жолдың жағдайын сөйлесіп сондағы Құртқаның айтқан толғауы.
Толғау
Сайеке салшы құлағың
Бұрын сонды болған жоқ.
Біздің үйде тұрағың
Ағалықтан мінің жоқ
Туыс бірге Айшамен
Тілегім бірге болған соң
Қарындасың салатын
Сізге барды қолқасы
Тыңдасаңдар айтамын
Жалғыз еді жекелі
Қобыланның бір басы
Бір адамның жаныма
Батып кетті көз жасы
Сол жылаған байғұстың
Ықыласын қимадың
Сауелімде көрініп
Уәде қылдым өзіне
Ғашық екен қайғылы
Алыптың қызы Илия
Дәл он төртте жасы бар
Қобыландыны көруге
Пенде болып еруге
Қашаннан бері ынтызар
Барсала ханның баласы
Алып пенен Қасарма
Аса туған ер дейді
Жеті хандық ел дейді
Қиындық жолы сондай-ақ
Барса келмес қалың сор
Бер жағында асырмайт
Асқар қара тауы бар,
Соған жүрет досыңыз
Жалғызбын деп жабығып
Жасығасын ер төрем
Ақіреттік дос қой деп
Хабарлаған мен деді.
Ендігісін жан аға
Келіпсін өзің біл деді.
Сайым
Ер Сайым естіген соң мақұл деді
Кімім бар сенен артық жақын деді.
Көрерміз бір Тәңірімнің бір жазғанын
Қарағым көңіліндегі сол ма арманың
Жазуы бір Алланың сірә болар
Көңілі адамзаттың әр неде ғой
Қарағым билігі сенде жол қамының.
Әзірленші жүрмекке мақұл
Дегенмен затың әйел данасы едің
Қарағым білгеніңді айтшы маған
Қырымның талай барып аспас тауын
Құдайым берсіндағы деннің сауын.
Құртқаның өз тапсырмасымен білгенін баян етіп айтқаны
Сайеке артық білім жоқ
Естіген ұзақ хабарым
Баяндайын сіз тыңда
Үш айшылық жолы бар
Арада сусыз шөлі бар
Жеті күн қонып шыққан соң,
Қандашының көлі бар
Сауелім шайтан болмаса
Сол көлден шығып ажыра
Сіздерменен ұрысат
Сол жыланды өлтірсең
Жол болмайтын несі бар
Осы айтқаным түс келсе
Бәрі де түгел табылар
Билікті берме батырға
Жол билігін өзің ал
Еркін берме әр жерде
Батыр аңқау ер күдер
Қызу еді жаңылар
Қара тауда есік бар
Қырымның барған ханшасы
Өте алмай сонан тарыққан
Сиыныңыз Аллаға
Шыққан соң шет кет халықтан
Оның берсе өзі де
Бұзбай таудың несі бар
Жаңылма Сайеке ескертем
Екі түрлі тапсырам
Сол араны есіңе ал
Қанды өзен дейтін өзен бар
Шалқыған үлкен дария
Жиылмалы көпір бар
Қапыда түсіп жүрмендер
Осыны аға есіңе ал
Екінші тағы тапсырам
Алып шығып соғысар
Бірнеше ауыр қолменен
Сол мезгілде Илия
Кездесер келіп көлденең
Елші болып жолығар
Әкесі мұны білмеген
Астына мінер көк аяқ
Ерекше киім киініп
Желкеге шашын түйініп
Ат жалында үкі бар
Белгісі осы есіңе ал
Екінші рет көрінер
Астына мінген күреңді
Сипаты бөлек атының
Ондада белгі үкісі
Зарланып жүрген байғұстың
Сөзінің болмас мүкісі.
Жазым қылып жүрмесін
Аңдамай батыр бір жерде
Сізге айтамын бұл сырды
Қайғылы күнге кез келсе
Астына мініп қараны.
Қалың ауыр әскер көп
Артықша дейді құрамы.
Алдырмайтын еш жанға
Бөлек рудың қыраны
Жар болсын Құдай сендерге
Аман келіп қауышсаң
Арман бар ма біздерге
Атымыз әйел нашармыз
Тілектестік болмаса
Қолдан келер жәрдем жоқ
Ере жүріп сіздерге
Сансыз жатқан ноғайлы
Алданып па едім бұл жайда
Пендесіне несібе
Өлшеулі берген ризық
Бір жаратқан Құдайды
Сайеке көріп келесін
Жасыңнан бері талайды
Амал айла сенде көп
Өзіңе өзің сақ болып
Күтінбесең жарай ма
Жетпіс екі бәле бар
Жолы жаман қиындық
Тәуекел етің жасыма
Кезек қусаң екеуің
Неде болса шошымай
Қысқартайын сөзімді
Білдім аға осындай
Бейнетің көп өлім жоқ
Дәм татасын жол жүріп
Ер тарықбай молықпас
Бақ пенен дәулет жолында
Ізденбей үйде жолықпас
Тәуекел етің төзіңіз
Ертеңгі күн таң ата
Қырық жігітті ертіп жүріңіз
Артыңнан жүрем кешікпей
Бірер күн кейін еніңіз.
Айтып болдым мен енді
Ағеке өзің біліңіз
Пана қылып Ер Сайым
Орнынан тұрып барады
Аттарыңды күтіңдер
Ерлерге жарлық салады
Сол күні қонып жайғасып
Күн шыға жүреді Ер Сайым
Кемпір шалмен қоштасып
Батасын беріп Қыдырбай
Садақасын сан айтып
Құда жолы Құдайға
Қошқар бура айғырдан
Кісесін салып мойнына
Жылатып тұрып тіледі
Балдардың аман келуін
Келіп елді көруін.
Қобылан жүретін күні әке-шешесінің қасына келіп көңілдерін көтеріп алдар қатып отырумен таң атты деп Құртқа мен Қарлыға торша атты ерттеп батырдың құрал сайманын алып таң біліне Қыдырбайдың ордасының қасына келіп, жүретін мезгіл болды деп Құртқа батырға хабарлады. Қобылан орнына тұрып ата-анасына жүрем деп бата сұрады. Сондағы Қыдырбайдың баласына берген батасы.
Сонда айтқаны:
Батамды балам берейін
Жасым жетіп келгенде
Салынып көрген жалғызым
Жаратқан Хақтан аман-сау.
Келуіңді тілеймін
Өзің жалғыз өзің жас
Алысқа кетіп барасын
Әлде қандай боласын
Баламның Алла бағын аш
Тілектес еді сыртыңнан
Дін мұсылман қарындас.
Құдайдан тілеп алған соң
Елеулі сұлтан ер қылып
Білегі жуан ер қылып
Бергесін Алла тілегім
Барма деуім жарамас.
Жазғаны Хақтың бар шығар
Зарғып жүрген мұңды үшін
Қарағым кетіп барасын
Жолдас қылдың қасыңа
Бозмұнай ұлы Сайымды
Теңіңді тауып ерткесін
Жамаймын тағы уайым
Тірі жүрсең жалғызым
Көрерсін күннің талайын.
Шайқын бүркіт бабама
Қамқор едің балама,
Тәңірдің берген ен дәулет
Адалдан жиған малыма
Садақаға арнадым
Қабыл ет Жаппар Құдайым
Жол иесі Қызыр жардем бер
Балалар қайтып келгенше
Аман-сау келіп көргенше
Ажалыңа сабыр бер
Кауес, Қияс, Қызыр, Ілияс
Зарыққан жерде қолдан ал
Жол иесі Қамбар тапсырдым
Адасса тура жолға сал
Жеті әулие жеті пір
Жер астына қамыл пір
Жалғыздан бөтен кім бар
Зарланып Алла тілейін
Көз жасымды көрер ме
Артында қалып барамыз
Кемпір мен шал жас балдар
Жасаған сен жар болып
Бұл мұңымды есіңе ал
Ау Ақзарбап отыр ма
Жалғызыңның аузына
Балдан тәтті тәттісін
Мамаңды бер ақ сүтің
Емсін балаң егіліп
Босқа отырсын сен шіркін
Көзіңнің жасы төгіліп
Білдірсе Құдай білермін
Аман келет жалғызым
Шынарым тұр көрініп
Мамасын берді анасы
Емді жатып қойнында
Жас баладай Қобылан
Алпыс екі тамыры
Кемпірдің иіп сүт шықты
Ер мейірімі қанады
Бетінен сүйіп Ақзарбап
Жыламаймын жалғызым
Жолың болсын бар деді.
Есіңнен шығып жүрмесін
Кемпір менен шал деді.
Өз қолынан батырды Қыдырбай Зарбап мінгізіп қош айтысып қалады.
Шал кемпірменен амандасып жүріп қарындасы Қарлығаш есінен шығып амандаспай ұмытып жүре береді. Қарлығаш көкелеп соңынан жүгіреді. Қарлығаштың даусын естіп батыр тұра қалады. Құртқа амандасып келерсін, келгесін бізге сендер соқтырмай алып барасын деп келген бетінде ашумен бізге зәбір берер деп Қарлыға мен Құртқа ілгері жүріп кетті. Батырға тапсырды, бізге өкпелетіп жүрме, кінәнің өзіңнен болғанын айтып бізбен тапсырып кет деді. Қарлығаштың көкесімен қоштасып айтқан толғауы:
Көкежан соқпай кеткенің
Өкпем күйіп соңынан
Жан көке қуып жеткенім
Жазығым барма өзіңе
Жалғызыңа қайрылмай
Мұнша көке неткенің.
Мен жолыңа құрбан ылағың
Қарағым деген сөзіңді
Есіткен қашан құлағым
Кетеді деп есітіп
Қалмады сабыр тұрағым.
Шырылдаған дауысым
Көке естіп кідірдің
Сенің-ақ жалғыз құлағың
Екі бірдей залымның
Дұшпандығын көрдің бе
Қарындасың қалды деп
Есіңе алмай ортаға
Неге алып барады
Төбе шашын жұлармын
Ренжіме қан көке
Қой көтен салармын
Зәбірімді Құртқадан
Тірі жүрсем алармын
Жеке туған аға едің
Тілекші көке мен едім
Бір жанымды пида етіп
Тілегің келіп жүр едім.
Құртқа білмес не бар ет
Сол себепті көрермін
Сен келгенше жан көке
Қорлыққа неғып көнермін.
Осыны айтып жылады
Қобылан батыр егіліп
Қарлығашты көтеріп
Алдына алып жылады.
Қарағым жалғыз бауырым
Мен жоқ болсам сен қожа
Елсіз деме ауылың
Жеңгеңнен болған кінә жоқ
Ата-анамның зарымен
Есімді танып барамын
Зәбірлеме оларды
Өлтірсеңде көнеді
Айдауыңа жүреді
Ашуыңды бас жалғызым
Көкең саған сенеді
Еркелетіп өсірген
Өлгенде кетпес есіңнен
Бауырым жалғыз сен едің
Сенен бөтен кімім бар
Тапсырамын шырағым
Елің менен жұртыңды
Осы айтқанды есіңе ал
Қарлыға менен екеуің
Қатар жүрсең жан батпас
Ала қар көк шын тұлпар
Торша аттың інісі
Биыл шықты төрт жасқа
Жер астында бағулы
Жеңешең саған баптаған
Сол атыңды мініп ал
Ел шетіне жау келсе
Қарлыға менен бірге бар
Жөнсіз жерге сілтемес
Жеңгеңнің Құртқа тілін ал,
Сақтаса Құдай келермін,
Қош аман бол қарағым,
Жылама көзің жасын тый
Сансыз жатқан жылқынды
Жетісінде арала
Бала емессің шырағым
Бұл сөзімді шамала
Күнде соғып тұрғайсың,
Атаң менен анаңа,
Жазуы болар Алланың
Айтқаны адал бола ма
Сапар шығып жол тарттым
Барса келмес жеріне
Айтып болдым қарағым
Мен сөзімді өзіңе
Әуел Құдай тапсырдым
Екінші сенің өзіңе
Иесіз қалған ел жұрты
Аздырып алма ізімнен
Санаң болса жаңылма
Осы айтқан сөзімнен
Көкенде жалғыз арман бар
Табалмадым жалғанда
Өзіңмен қатар теңінді
Өз қолымнан бермедім
Қызығыңды көрмедім
Ат терлеген кептірмей
Алысқа қолды сермедім
Бір тәуекел Аллаға
Бұл емес жалғыз көргенім
Қош есен бол қарағым
Мақұл болар жүргенім
Қарлыға қайтар қазір-ақ
Құртқа жүрер азырақ
Менімен бірге ілгері.
Қарындасы көкесінің сөзіне риза болып жылағанын қойып көке жолың болсын аман бол деп қала берді. Қоштасып Қобылан Құртқа менен Қарлығаға келіп қосылды, Қарлығаны кейін қайырды Қарлығашты жұбатып үйге апарып көңілін бөл деп, батырменен қоштасып Қарлыға кейін қайтты. Қарлығашты ертіп үйге келіп ата-анасының алдында қызмет етіп Қарлыға жүре берді. Құртқа менен Қобылан бірге жүріп ілгері кетті. Сондағы Құртқаның сөзі:
Құртқа менен Қобылан
Ілгері жүріп барады.
Құртқа сынды данышпан
Әңгіме дүкен құрады.
Жолың болсын ер деді
Осы кеткен жолыңнан
Аман есен кел деді.
Білгенімді баяндап
Ер Сайымға айтқаным,
Несін айтам сізге деді
Шығарып салған жолдасың
Жолдастыққа сәні жоқ
Дегені бар да бұрынғы
Берік ұста батырым
Бұл сапарда өзіңді
Сайымға бер қожалық
Не айтса да көне бер
Ақыреттік жолдасың
Ойламас қастық өзіңе
Кездесерсін бірталай
Бейнеттің қорған тезінен
Қашқан жауды қума деп
Қусаң батыр қор болдың
Бұл сөзімді анда деді
Илия сорлы айынбас
Жазым қылып алма деді
Түсіндірдім Сайымға
Осының бәрінен тегістей
Жеңіліп бұдан қалма деді
Жолың болсын ер төрем
Жүріс болды бір ұзақ
Разы болың күнім деп
Жасыңнан жауға мініскен
Атағың бар ер едің
Аңсыз қалып сен жүрме
Түрлі әдісті қолдан
Қолдан келсе он дұшпан
Өлтірмекке қамдандар
Өзіңе өзің мықты бол
Қашса қума соңынан
Жасырыңды жырамен
Жабулы жатқан түрі бар
Арқаның емес саласын
Еркінше шауып жүретін
Батпақ қалың сор болар
Ат шаршапты болдырып
Орғыл қызыл құм болар
Жер әдісін білмеген
Тұсыннан барған адамға
Қиындысы молы болар
Жаңыла көрме піріңді
Тастап жүрме аузыңнан
Ісін Алла жаңылмас
Сиынып жүрсең жол болар
Қош есен батыр аман бол
Көріскенше күн жақсы
Әлде қандай күн болар
Қорқыныш етпе бұл жолдан
Жазудан артық болмаған
Тілеймін зарлап Алладан
Қолынды бер жалғызым
Көрісейік көргенше
Жаным құрбан жолыңа
Қайтып аман келгенше
Сен келгенше қайғымен
Уайымды шегермін
Жеті ғайып қырық шілтен
Шынауыңнан қолдасын
Барып аман-есен қайт
Қызыр болсын жолдасың
Осыны айтып ақ Құртқа
Ағызып төкті көз жасын
Қолын алып батырдың
Аттың мойын бұрады
Қош айтысып екеуі
Айрылып барады
Қарасы асып кеткенше
Сол төбенің басында
Құртқа қарап тұрады
Сыр бермеді Қобылан
Сабырлық етіп шыдады
Бір Құдайға тапсырып
Қарамай кетіп барады
Күн сәскеге толғанда
Атқа үкім салады.
Кешегі кеткен Сайымның
Соңынан кетіп барады
Желе аяңдап шоқытып
Бұлан салып теңірегін
Жүріп батыр көреді
Түсінік деген шамада
Торша тұлпар терледі
Терлеген сайын жүрісі
Ілгері басып өрледі
Естіп тұлпар жер тарпып
Жүрісін тілеп жануар
Батырға ерік бермеді
Басын жерге салады
Жел маядай желігіп
Мойнын созып барады
Тарта-тарта батырдың
Алақаны тозады
Көктегі ұшқан құба үйрек
Қараша қаздар қаңқылдап
Қатар ұшқан мұнымен
Шаң астында бөгеліп
Қанатын қақпай қалады
Тозаңы көкті шалады.
Төрт аяғы жиналып
Бауырында барады.
Құйысқаны сартылдап
Саурына соғады.
Өмілдірік өрме алтын
Омырауда сартылдап
Тебенгі терге тиеді
Шапқан сайын шілпелдеп
Найзасы батыр қарында
Күн көзінде жылтылдап
Дүзі ғали көк сауыт
Үстіне киген секілді
Қозы жауырын қобып
Жанында дабыл жарқылдап
Тоғыз қабат қалғаны
Түнерген қара бұлттай
Суық демін алады.
Ер Қобылан қайғырып
Артында қалған жұртты
Атасы менен анасы
Қарындасы Қарлығаш
Әлде қандай болат деп
Келеді батыр ұмытпай
Зарланып айтқан сөздерін
Құртқа менен Қарлыға
Жалғыз еді өз басым
Бір Құдайға тапсырдым
Мекен еткен жерімді
Жалпы жатқан елімді
Ширатың көрінді.
Жан жолдасым тор атым
Көңілденіп жеттің
Еркіңді бердім жануар
Барынша шауып көр деді
Қалғандарды қайғырып
Нағылайын мен деді.
Жан жолдасым серігім
Жасыңнан баптап баққаның
Көрмеп едім мен сені
Көңілденіп мұнадай
Тізгінді созып шапқаның
Баратын жерім алыс жер
Өзің біл тор ат
Бастырмаған Құдайым
Дұшпанның жайған қақпанын
Осыны айтып Қобылан
Жинады бастан қалғанын
Ер қасына іледі
Шу жануар торы деп
Сайымның жүрген жолымен
Солардың жүрген ізімен
Батыспенен Құбыла
Екі ортасына маңдайлап
Батыр жүріп келеді.
Бірде шауып бірде жайлап
Ат жүрісін бөледі.
Ойнақтап басып торша ат
Ауыздыққа сүйеніп
Басын жерге түйеді
Тағыда жүріс батырдан
Ерік бермей тіледі
Дәл бесіннің кезі еді
Тор аттың беріп тілегін
Еркін берді өзіне
Кешегі кеткен Сайымды
Көрсетіп бүгін көзіме
Тасқан судай толқынды.
Бүктетіліп жануар
Илеуі жеткен қайыстай
Созылып тұлпар шабады.
Сай менен санжар кеп
Бұрайын десе көнбеді
Қарғып өтіп барады
Қате болып кетер деп
Ер қасынан берік ұстап
Бір қолымен Қобылан
Ағынына шыдамай
Я Құдайлап барады.
Сымбаты сұлу торының
Сырланып жонған сырықтай
Құйрық жалы суылдап
Екпіні күшті торының
Мезгілсіз соққан дауылдай
Омыраудан аққан тер
Екпінді жауған жауындай
Жүрісті торат жануар
Көрейін бүгін қызығың
Құртқа менен Қарлыға
Ерке жарды ұмытсын.
Өнеріңменен сені арбап
Ақ қудай болып таранып
Торда тұрған сұңқардай
Артымда қалды қаранып
Жүрісі торат ерінбе
Кешегі кеткен Сайымға
Бүгінгі күні баралық
Түсініп тұлпар сөзіне
Еснесіп екі алады
Жерді тарпып желігіп
Тағы да кетіп барады.
Өрге келсе үрледі
Алдында жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай болады
Толар сақтай қара тас
Екпініне шыдамай
Жұмсадыма етерін
Торытқа жазым болар деп
Қауып бір етіп бір соннан
Маңайдағы тас болып
Ойнасып тұлпар тебеді.
Тұяғы тиген тас болса
Күл-күл қылып бөледі.
Тас шашырап тараса
Таудағы жүрген аңдардың
Тигеніне өледі.
Тауда жүрген аңдарға
Үлкен қырғын сол болды.
Бұрқыраған қара тас
Аңдар қашты безіп
Тау маңында бола алмай
Ылдиға құлай екпіні
Бөлінген өрттен түтіні
Өзінің шыққан шаңымен
Алды-арты келет көрінбей
Ат шабысы ұнады
Ер көңілін жеренбей
Күн еңкейді кеш болды
Сескеде шапқан батырға
Отыруға дәретке
Торат ерік бермеді
Кемімейді жүрісі
Бұрынғыдан өрлейді
Сыйпай соғып қамшы
Ер қиқулап сермейді
Жетіп еді Сайымда
Кандашаның көліне
Жеткен екен Қобылан
Бұ да байқамай тозаңмен
Кандаштың деңіне
Сайым көріп сонадан
Ер қарасы қуанды
Көтерді туды алдалап
Шатырын құрып жігіттер
Алдынан қаптап барады.
Көтеріп аттан алады
Амандасып көрісіп
Қуанысып қалады.
Жолың болсын батыр деп
Бәрі шулап айтады
Шатырды құрды жабылып
Қалған екен Ер Сайым
Досын іздеп сағынып
Қыдырттырды торы атты
Жектіріп желіктеп
Жүрген жолын сүйеді
Батыр Сайым баяндап
Атты қинап келіпсің
Мұнша қатты жүрісің
Қашан шықтың ер деді
Сәскеде шықтым бағана
Ерлер қайран қалады
Дәл жеті күн жол жүріп
Шалғып жеткен жеріне
Жарты күнде жеткесін
Таң қалды оның өзіңе
Сайым қорқып сөйлейді
Дем алайық осы жерде
Бірер күн жатып тоқталып
Сонан кейін жүреміз
Осы жерден баллра аттанып
Мақұл деді Қобылан
Дем алып сөйлесіп
Отырды жайлап соңынан.
Жол жүріп талып келген батырлар аттарын жіберіп дем алып жата берді. Кешке күн батқан соң аттарын арқандап қарауыл қойып тыныш ұйқыға кірісті. Сайым қарауылда тұрған екі жігітке: көл жағына баса қарап сақ болыңдар, ұйықтап отырып қалмандар, мұндай иесіз, елсіз суда болмайтын мақұлұқтан болмауды өте сақтану керек. Өзімде ұйықтамай қарауылдаған Қобылан ат соғып шаршап келген ұйықтасын, мұны еш қайсың оятпаңдар қандай қиыншылық кездессе де еш бір оятпаңдар деп жай жігіттерге хабарлады. Жеке шатыр тігіп Қобылан еш нәрседен хабарсыз ұйықтап қалды. Таң алдында су толқып көтерілп сарыл, күріл дыбыс білінді. Қарауылда жүрген жігіттердің тізесінен су келді. Көлдің алабынан асып, тұман басып қараңғы дыбыс күшейді. Аттар кісінеп арқанын үзіп төзбеді. Сайым көлге қарай кете берді. Жігіттерге саспаңдар, қашпаңдар да әзірленіп тұрындар, бұл көлде қауіпті жәндік бар шығар өзім барайын, Қобыландыны оятпаңдар, тыныштық сақтап тұрың. Көлден айдаһар шығып құйрығын сабай бастады.
Батыр Сайым саспады,
Жыланнан қорқып қашпады.
Жалынын шашып бұл жылан
Лебімен тартып Сайымды
Жамандығын бастады.
Құртқаның айтқан жыланы
Осы екен деп Ер Сайым
Суырып алып қылышын
Қадам ұрып барады.
Тау менен тас жерді шөп
Лебінен күйіп жанады.
Я Құдай деп Ер Сайым
Пірлеріне сиынып,
Жыланмен ұрыс салады.
Будақ-будақ бу шығып
Көлден шалып су шығып
Арқанда тұрған тұлпарлар
Шыдай алмай қан сиіп
Қиындық үлкен болады.
Қырық жігітте төзе алмай
Құдайына сиынып,
Тездетіп ерлер киініп
Төзе алмады лебіне
Бара алмады Сайымның
Көмек бере өзіне
Ойығып жүзіп қырық жігіт
Қобылан жатқан шатырдың
Соқтықты келіп өзіне
Аяғын басып кетеді.
Шатырында өтеді.
Оянып кетті Қобылан
Дүбірімен бұлардың
Не болды деп жігіттер
Шатырдан басын шығарды.
Қыдырхан сонда сөйлейді,
Састық батыр біз деді.
Жатырсыз ұйықтап сіз деді.
Шапшаң киін жылдам деп
Судан шықты бір пәле
Сайым жатыр ұрысып
Көзіңді салып көр деді.
Ұрысып Сайым жүреді
Жыланмен алысып,
Алқымнан қолды салыпты
Алысу менен Ер Сайым
Күн шыққанша зарықты.
Бар қаруды шабалмай
Екі қолын босатпай
Ер көңілі жабықты.
Құйрығын соға сабапта
Бұрқатып борандай
Сайымдықтан төзіп жүр
Шыдатар емес болмаса,
Бұдан бөтен адымды.
Қобылан көзі көреді
Киінуге шама жоқ
Қылыш алып қолына
Жүгіре беред деп еді,
Сайым көрді сонадан,
Қобыланның келгенін
Киінбей батыр би ғапыл
Мұнша асығып жүргенін
Жан Қобылан қарағым
Асығып жүрген нең деді.
Ойнатып жүрген ағаң жоқ
Жыланның түрін көр деді.
Кейін қайтып қосқа бар
Киініп келші сен деді.
Кейін қайтты Қобылан
Сайымның тілін алады.
Қосқа қайтып барады
Шатырға кірді Қобылан
Шапшаң датып киінді
Әлде қайтып кетет деп
Батырдың іші күйінді
Қобылан бүйтіп жатқанда
Батыр Сайым ақырды.
Хан телбеген жабырды
Әруағын ұрандап
Бабасын кәміл шақырды.
Көтеріп алып жыланды
Былғалап жерге ұрады
Алты құлаш ақ семсер
Кеудесінен салады.
Басын кесіп жыланның
Лақтырып тастады.
Есінен қалмас ерлердің
Сол жыланнан сасқаны
Ашушы деп жігіттер
Қобыланнан сұрады
Есінен шығып қашқаны
Сайымның шығып алдынан
Ортаға ерлер алады.
Сақтады деп бір Құдай
Бәрі шулап тұрады.
Аузын желге толтырып
Маңдайдан терін сыпырып
Батыр демін алады.
Демін алып тынғансын
Шақырып алып қасына
Қобыландыдай жолдасын
Әр дайымда қарағым
Ер сасқанда сабыр қыл
Асығыстық қылмашы
Бір адамнан кем емес,
Жігітсін туған өз басың
Кереметтен құр емес,
Құртқа сынды жолдасың
Жолымыз болат шырағым
Айтқаны сірә көп еді.
Осы күйге төзсең
Жылан шығар деп еді,
Жыланды алсаң тарықпай
Айтқаным бәрі анық деп
Асылық болып жүрмесін
Көрерсіз аман бәріміз,
Деп еді қайтып халықты
Иншалла сау болсақ
Мәқсуд болып қайтамыз
Талқан қылып алыпты
Осыны айтты Ер Сайым
Қобыланменен күйіне
Енші алысар жер келді
Кел батырлар өзіңе
Қол билігін алыңыз
Құлшылық етем Қобылан
Аруақты ер едің
Арланбаймын ізіңе
Шошып кетті Қобылан
Сен тұрғанда Сайеке
Қол менен жолды билеген
Мен алғаным нем деді.
Өзің биле өзің ал
Мен соңанан еремін
Сіз айтқанға көнемін
Кешігіппін Сайеке
Қосқа тезек теремін
Сенің айтқан жеріңе
Өл десең де өлемін
Тілегім бірге досымсын
Осы айтқаным бөтенбе
Айтыңызшы қырық жігіт
Сайекең алда тұрғанда
Еш нәрседен тілеуім
Лайықпа мен үміт
Жігіттер шулап сөйлейді
Батырдың сөзі жөн деді.
Сайеке қашпа бұл жерден
Өзің басшы хан болдың
Ортамыздан сайлаймыз
Атағының жолы еді
Шариғатқа жөн деді.
Жаудан өлсек шейітпіз
Ақ кигізге аунатып
Қан қоямыз Сайеке
Қайтып елге барғанша
Басшы болсақ тұрамыз
Қансыз болсақ болар ма
Енді біздің қарамыз
Алыс сапар ұзақ жол
Жауға кетіп барамыз
Үкіміңе көнерміз
Соңынан тегіс ерерміз
Осыны айтып қырық жігіт
Басшы болып Қобылан
Ер Сайымды көтерді
Басшы қылып өздері
Хан сайлаған ерім деп
Өздерінше той қылып
Қуанышты шаттықпен
Мерекесін жасады.
Көп айтқан соң амал жоқ
Сайекең көніп қалады
Екі күн жатты дем алып.
Екі күннен соң дем алып, ат тынығып болғансын, Қобыландыны шақырып алып Сайым бастады: Ей, Қобылан шырағым, сені жұмсаймын, осы көлдің арғы бетінде жалғыз аяқ жол бар, сол жол Қаратауға жеткізеді. Бұл жол Қырымның батырының қайсысы барса да шұбырып жүрген жол еді. Сен барып тауды бұзып жолды ашып қой, саған міндет осы, жол таусылған жерге түн қай уақытта барсанда сол жерге түс, мен естіген хабарымды жол таусылған жерде қаз бойы қазып көмген тас бар, сол қабырға қонуың керек. Барған батырлардың қайсысы болса да жағдайын жазып кеткен. Бұлар мән-жайы менен аттың бабы мен азық іздеп киік-құлан қағып барамын. Сен ертең ерте Алла қосса аттан дейді. Қобылан құлдық тақсыр, мақұл деп орнынан тұрып қош алды. Атты баптап азықтарын даярлап ертең-ерте Қобылан Сайымнан бата алып ілгері жүріп кетеді. Қобыланның тауға қарай маңдайлап жолға түсіп кетіп бара жатқандағы жүріс жағдайы.
Қобылан жолға түсті я Құдайлап,
Ат күйі керекболар ертең деп
Қинамай бір жүріспен жүрді жайлап
Торымен жел жорытып жүр дағы.
Алады біраз жерді ойдағыдай
Алыс жол ары шалғай деседағы
Торша ат шаршар емес келіп тынбай
Шалдырып анда-санда сол арада
Келеді ескілікті сүрлеу жолмен
Арада сусыз асқар таумен шулы
Алады желіктіріп торы тұлпарды
Батырдың тау көргенше көңіл іңкәрі
Араға жеті қонып көрді тауды.
Жолына үш айшылық жүрді жеті
Таусылды тауға келіп жолдың шеті
Күн болды намаздігер мезгіл өзі
Бір бұлақ ағып жатыр тастан шығып
Батырдың хошты келіп соған өзі
Әзірленіп дүмше қойып отын жағып
Артынан намазының тамақтанды.
Алланы бір жаратқан жадына алды
Сиынып Ер Қобылан піріне
Жіберіп атын отқа жатып қалды.
Жол жүріп неше күндей шаршаған ер
Оянды таң атқанда тыныш ұйықтап.
Намазын оқып алып етіп тамам
Таусылған жерге келіп тас қараған
Қар бойы жерден тапты қақпақ тасты
Тасты алып Ер Қобылан қайран қалды.
Жазыпты келген ерлер жолдың жөнін
Тақалып тау түбіне барың тіке
Қырық қадам күн шығысқа барсаң өзі
Сол жерде есік бар деп жазыпты өзі.
Ақыры Ер Қарасай Қазыменен
Ең соңы келген болар екен өзі.
Тастан оқып қанған соң
Осындай хабарды алған соң
Жат етті батыр Алласын
Тасты қайта көмеді
Атын ерттеп мінеді
Тауға тіке жүреді
Аттан түсіп Қобылан
Қырық қадам жүріп қадамдап
Есікті тесіп қарады
Табалмай таудан есікті
Қайран болып тұрады
Оқыранып торша ат
Үйілген тасқа барады
Аяқпен тартып көрсетіп
Шырат ерге жылады
Түсініп барды Қобылан
Тор аттың тауып тұрғанын
Он қадам артық кетіпті
Қобыланның қадамы
Артық екен бөтеннен
Өлшеуін жердің білмеген
Адамнан есті жануар
Есікті тапты іздеген
Қуанып кетіп батырың
Тауға шелгек салады
Құшақтап тасты алады
Тауды талқан қылады
Күрекпенен балталап
Көрінді есік жылтырап
Тегіс ашты жан-жағын
Шойын менен қара тас
Қайнатып қойған бұл есік
Аң-таң қалды Қобылан
Бозлатып бұлар нешік
Есікті аңдып қараса
Жетпіс екі таңба бар
Балтаның түскен белгісі
Қол қойыпты хат жазып
Келген ерлер тарығып
Ер Қобылан торықты
Бұза алмай кеткен болар деп
Маған қалай болар деп
Келген екен Едіге
Одан туған Нұрадын
Жеткізбей Алла мұрадын
Жасында өлді деп еді
Сонан бөтен тұқымы
Түгел келді деп еді
Айса менен Жаңбыршы
Келіпті Мұса данышпан
Ақылмен айласын
Бәрін бұған тауысқан
Орақ пенен хан Мамай
Ахмет пенен Телағыс
Ералы менен Ермекбай
Есқұлы менен Бұққарбай
Келіпті батыр саны жоқ
Асам деп таудан бірталай
Бәрініңде анты бар
Есікте жазған хаты бар
Бұзамын деп зарығып тарығып
Енді мұны апырмай
Ең ақырссы келгені
Қазы менен Қарасай
Қанды Орақтың баласы
Темірхан ұлы Төрехан
Алпамыс ұлы Жәдігер
Бүгілген мұнда сансыз ер
Мәліктің ұлы ер Шора
Қоянақ ұлы қарт Қожа
Қарыстың ұлы Ер Тарғын
Бақтың ұлы Жалмамбет
Зарлықтың ұлы Алмамбет
Әлібек пен жан Шора
Келмеген тауға шамасы
Төте жолды салыпты
Таудан тасты алыпты
Орақтың Қазы баласы
Жер ортаға барғанда
Ұлықсат бұған бермеген
Сиынып жүрген пірімен
Қара өліктей мамсын
Орақ пен Мамай анасы
Келмеген адам болған жоқ
Түгелді айтып таусылман
Осының бәрін көргенсін
Ер Қобылан долданды
Осының пірі менде деп
Балтамен келіп бір салды
Балтасы ердің өтпеді
Кешке дейін Қобылан
Бұзам деп есік өктеді.
Бұзылатын есік жоқ
Сызып таңба салады
Қайраты қайтып сал болып
Амалы құрып батырдың
Күн бата барды бұлаққа
Есін танып отырды
Намазын оқып жылады
Әуелі Құдай екінші
Пірлерден жәрдем сұрады.
Айшық оқып жастанып
Қару жарақ ер тоқым
Батырың жатып қалады
Көзі кірді ұйқыға
Таң мезгілі болғанда
Түсіне Құртқа енеді.
Егілме жаным ер деді
Басыңды көтер сен деді.
Масағының ішінде
Ақ жібекпен ораған
Салып едім бір оқты
Соны тауып көр деді.
Әзір етің жалғыз оқ
Жатушы еді өзімде
Есіктің біліп берекен
Беріп едім өзіңе
Үмітпен кетер де
Мәнісін саған айтуға
Тұрда батыр атқа мін
Көзіңді таңып көрместей
Ау деген жерге кейін бар
Тауға қарай текке сал
Аруаққа сиынып
Есіктегі оқты татып ал.
Аруақ Құдай жар болса
Бұзбай мұның несі бар
Бұзыла қойса бұл есік
Жоғалтпай оғың тауып ал
Әр дайымда керек ер.
Орнынан шошып оянды
Зарғып жатқан жалғыз ер
Ояна келсе түс екен
Торы атқа ер салды
Қоржынды қолға алды
Құралын төгіп қарады
Ақ жібекпен ораған
Жалғыз оқты табады
Е Құдайлап Қобылан
Өзінің көзін таңады
Жынды адамдай ақырып
Кейін шауып барады
Пірлеріне сиынып,
Қой жаурын көк жіп
Саржаны қолға алады.
Тауға шапты маңдайлап
Көкшауын бүркіт бабасы,
Жадына алып айқайлап
Төбесіне төрт бүркіт
Шүйілгіп ердің төнеді.
Есікке тура басқарып
Батырды алып келеді.
Жақындадың балам деп
Ерге хабар береді.
Үзенгіге шіреніп
Я Алла деп тартты оқты.
Есікке тура тиді оқ
Талқан болды тас есік
Кейін қашып барады
Атын жазым қылар деп
Шешкіл балам көзің деп
Дыбыс беріп қарады
Не екенін біле алмай
Қобылан аң-таң қалады.
Қорқып қашқан кісідей
Артына батыр қараса
Үңірейіп тесік тұр
Қайта шауып барады
Тақалып тұр бір тасқа
Ар жағына кетпеген
Оғын тауып алады
Пірлеріне сиынып
Қоржынан салады
Кірейін деді есікке
Шегініп тор ат жүрмеді
Түсе қалды атынан
Жасқанды деп бұл неден
Тағыда жатқан бар ма екен
Өткізбестен көлденең
Аттан түсіп батырың
Тесікті өзі қарады
Жебелі болат көк шеге
Қаққан екен жолына
Жүрсе аяққа кірсін деп
Қобылан мұны көреді
Білген екен жануар
Көрдің бе деп мынаны
Айтқан жандай жануар
Оқыранып егу қағып
Ер соңынан ереді.
Балта менен қиратты
Құрулы қорған жебені
Тор ат еріп соңынан
Пір батырмен бірге келеді.
Тау қалың сондай-ақ
Күні-түні жеті күн
Шаққа шықты деп еді
Қараңғыда жүрген ер
Қиындықты көрген ер
Күннің көзін көрген соң
Жарыққа шығып келген соң
Омақасып құлады.
Біраз жатып ес жинап
Уһ деп демін алады.
Қасында тор ат жүр екен
Атты көзі көреді.
Жағалап тауды қарады
Бір төбенің басында
Жан-жаққа қарап тұрады
Қалың орман көп тоғай
Ар жағына көз жетпес
Қалындығы ағаштың
Ортасынан оқ өтпес.
Ар жағында бір су бар
Қалың жатқан елі бар
Ар жағына көз салса
Қаптаған қалың мал екен
Көзі көрді бұларды
Барамын деп ертең
Түнде жүріп болмас деп
Жолы қиын жер екен
Осыны айтып Қобылан
Атының ерін алады
Арқан тағып аунатып
Атын жайлап болған соң
Намазын оқып қалады
Оқып болып намазын
Зікір айтып Аллаға
Отырады жас бала
Өзі жалғыз болған соң
Көңілді отыр жасыған
Тау жағалап тоқтамай
Бір кәрі шал келеді.
Қырық ешкісін айдаған
Жанына торсық байлаған
Асасы бар қолында
Өзі Хақтың жолында
Ақ сақалды кәрі адам
Барасын қайда балам деп
Батырдың жөнін сұрады.
Жөнін айтпай Қобылан
Мұнда сиқыр көп деуші ет
Соның бірі болар деп
Сынап келіп сұраған
Айтпаймын деді жөнімді
Сен сықылды шалдарға
Ешкінді бақ та жүре бер
Келдің бе мені алдарға
Сендей жанға сенбеймін
Тоқтамай жылдам кет деді.
Көп кідірсең бұл жерде
Өлтіремін мен деді
Оныменен қоймайды
Суырып оғын алады
Садаққа қолды салады.
Шын қаһарын көрген соң
Ғайып болып барады
Қайран болды Қобылан
Айыра алмай қалады
Апырау қақта қылдым деп
Көңілге күпті болады.
Қобылан пірін танымай жөнін айтпай қалды. Сол күні сол жерге қонып, үлкен уайымға қалып, бұл шалдың не екенін білмей, пірім болса қате қылдым деп, үлкен налып жатты. Ой-уайымнан кім екеніне сенбей таң да атты. Таң атқан соң намазын оқып, я Алла деп торатқа ер салып мініп алып жалғыз аяқ жолмен жүруге ойланды. Тағы да ой түсті, бұл тау иесіз емес шығар кім бар, кім жоқ әбден қарап көрейін деп о жақ бұ жағына шығып батыр қарады. Қараса тауда бір үлкен үңгір бар, бір адамның жатқан орны бар, асулы қазан, жиналған құралы көрінеді. Қой мұның аржағында адам бар шығар деп аттан түсіп ішіне кіріп аралады. Адамның орны бар өзі жоқ, ат ерттеген жеріне келді, байқап тұрса басқан табанның орны Қобыланның табанынан екі есе үлкен, Қобылан қайран қалып, бұл нендей үлкен адам деп атқа мініп ізіне түсті. Қалың тоғай арасымен, жолға тарта берді. Бұл жолы жаңағы жатқан судың арғы бетіндегі елге келді. Қобылан суға келіп тұрып қалды. Жан-жағына қарап тұрса, судың арғы бетінде қырық қыз суға түсіп шағала ойнасып жүрген мұны көрді. Бір қыз павозка арбаға сүйеніп тұр. Түр сипаты ана қыздардан бөлек, Қобылан қыздан сөз тартайын деп судың өткелін сұрады.
Сонда Қобыланның айтқаны:
Ар жақта тұрған құдаша
Іздегенім тамаша,
Өткелі қайда суыңның
Жөн сілтеңіз ұнаса.
Сонда сұлу сөйледі
Ар жақта тұрған жолаушы
Өткелін судың біле алман
Жөніңді айтшы әуелі
Көрмеген жансың бұл маңнан.
Түрің бөлек көрінеді
Қай жерлерден келесін
Өз жөніңді айтпасаң
Өткелін судың айталман.
Қобылан:
Ар жақта тұрған сұлу қыз
Ажарың айдай көрінген
Көргесін көңілім бөлінген
Керек болса жөніміз
Жасырмайын өзіңнен
Мен алыс жердің адамы
Шалғай жатыр бұл жерден
Еліміздің табаны
Шаршап келем ат соғып
Өткен соң судан айтамын
Өткелің сілте шырағым.
Қыз:
Жасырма батыр сырыңды
Айтпасаңда білемін
Кім екенің өзің де
Жардан ұшып өлсеңде
Сен жасырдың мен айтпан.
Көрініп тұрған сырыңды.
Қобылан
Ар жақта тұрған шырағым
Есітсін мұны құлағың
Сарарқада болады
Белгілі менің тұрағым
Негізім қалмақ пір енен
Мен Оңғар ханның баласы.
Атым Мұнар деуші еді
Қорлық көріп Қырымнан
Осылай қарай келемін
Жәрдем сұрап ханыңнан
Алыптың күшті дабылы
Келемін іздеп осыдан.
Қобылан дейтін ер шығып
Жолымды қиып айдады
Сансыз жатқан жылқымды
Пірімен емес ол жаққа
Қалмаққа күнде бермеген
Алыпқа барып айтпаппын
Жүріс көрдім көлдеңен
Қыз
Ағеке сабыр етіп түзе түрің
Сөзіме менің айтқан сене тұрың.
Қызы едім Алмамбеттің Қалия атты
Зәбірің сіздің көрген жанға батты.
Түрі бөлек жерді басқан
Таныдым астындағы торша атты
Әкем БарСайекен жатса күні кеткен.
Қайғысы бастан асып
Жылаушы еді көрмедім деп бір адамды
Сол ма деп саған ай көңілім кеткен.
Ер болсаң сабыр етіп тұра тұрың
Әкеме хабар берем барып бұрын
Біледі кім екенің сені әкем
Бұл жерде қарауылдап жүрмін көптен
Тау бұздың күңіретіп келіп өзің
Таң қалдым сәулетіңе көріп көзім
Ер болсаң сабыр етіп тұра тұрсаң
Әкемді ертіп келем осы жерге өзім.
Қобылан
Қобылан қыз сөзіне қалды қайран
Мұндай жан кездесіп ет бұрын қайдан
Тәуекел неде болса көрейін деп
Қызбенен уағда қылды сол арадан
Қырық қызын ертіп алып қыз да кетті
Жегіпті павозкеге үш қара көк
Хайуаннан түрі бөлек дөп-дөңгелек
Үшеуі бір биеден туды ма деп
Қобылан қайран болып көз жіберді
Қырық қызды қоя берді жөн жеріне
Бәрінде бүгін барың енді үйге
Келерсін ертең ерте сарайыма
Жалғыз қалды жан жуытпай маңайына
Барады атасының ордасына
Есіктен кіріп киліп қыз сөйледі,
Алмембет жатыр еді алтын тақта.
Тау бұзған қандай адам болар ең деп
Көңілін қан жіберіп әр тарапқа.
Қыз
Жан ата басың көтер жатпа өзің,
Бір адам тор аты бар көрді көзім
Сыр айтат ол жасырын енді маған,
Сол үшін жаным ата келдім саған.
Қалмақпын деп айтады ел қарағы
Қалмаққа ұқсамайды түрі түсі
Бөлекше адамзаттан мұның иісі.
Өзіңнің көп жылайтын Қобыланның
Ұқсайды бұған соның түр пішіні
Астында қос қанатты мінген торы
Беліне асыл гауһар ілген болат
Тоқтатып тастап кеттім сол араға
Ол адам күтіп отыр сізге қарап
Жегулі арбам ауыр далада тұр
Көрейік сіз сөйлесіп жүрші атам.
Тау бұзып талқандаған осы батыр
Тез киін жаным ата кідірмеші
Көрейік жан сезесін жүріп қапыл
Я Құдай бергеніңе мың шүкір деп
Орнынан Алмамбетхан түре келді
Көз жасын жерге төгіп дөңгеленді
Киініп шапшаң атып тәжін басқа
Қыз бенен пауескеге бірге мінді
Есігін павозкенің жауып тастап
Қыз бен хан елден аулақ суға келді
Батыр тұр ат үстінде найза таяп
Тұрады тамаша ойлап қызға қарап
Алмамбет жерге түсіп ерді көрді
Танысы сондайдан бұл пішімді
Тоқтамай балам өт деп бермен судан
Қол бұлғап айғай салды.
Өткелден қыз жүгірді бермен кел деп
Торатпен батыр жүрді бұл көлбеңдеп
Бар еді қайран өткен өте шықты
Құданың құдіретіне шек келтірме
Тамаша үлкен қызық бұл бір кепті.
Келді де ханға батыр сәлем берді
Қалмақша сәлем беріп тұрды өзі
Алмамбет ерді танып сөйлей берді.
Алмамбет
Қарағым балам жас
Келдің бүгін қасыма
Дидар қайып нәсіппен
Дегені Хақтың осыма.
Менің атым Алмамбет
Дұшпаным деп шошыма.
Ұмыттың ба қарағым
Астыңа мінген көк ала
Аламын деп Құртқаны
Алты жасар күнінде
Бала ақырет сен бала
Тал құйрығың сүйреткен
Тарпаң еді көк алаң
Асаудан жаңа үйреткен
Қарсы соққан мен едім
Жеті ханның бірі едім
Әкеңмен құрдас Қыдырбай
Жасасып өскен тең едім
Өлтірем деп алып хан
Алшағыр мен екеуін
Ортаға алып тұрғанда
Айырып алған мен едім
Ұмыптпан деп жалғанда
Достасқан батыр сен едің
Қыдырбай мен Ақзардап
Өлгенде көрген жалғызын
Өлтірем деуің жол емес
Екі жақ болып сол жерде
Аман сақтап қалғаным
Сонан бермен жүр едім
Көруге сені арманым
Өлтіртпедің сен дейді
Ер жетіп тұрған балам жоқ
Өзім жалғыз болған соң
Күнім кеткен қарымын
Маңдайда барым жалғыз қыз
Мен көрмеген қорлық жоқ
Таратып алды елімді
Тартып алды жерімді
Осы араға бір келсе
Ұстап бер деп қарауыл
Етіп қойды өзімді
Жеті ханның қорымен
Күндіз-түні жыладым
Бір Құдайдан сұрадым
Тіріде көріп өзіңді
Жалғызымды тапсырып
Бер дер Хаққа ұлыңды
Мұсылман болдым дінім ақ
Өлтірем десең мен риза
Ұмытып батыр сөзіңді
Арманым жоқ Құдайға
Қалипа есімді жалғыз қыз
Айтып болдым сөзімді
Қоры бірде Құран шын
Сен ұмытсаң қайтейін
Қолыңнан өлтірт өзімді.
Қобылан
Қобыландай батырдың
Есіне түсті өткен іс
Өкініп батыр жылады
Жаным атам сен бе едің
Ажалдан аман сақтаған
Көрмегелі көп болды
Ұмытыппын жан ата
Олай болса тоқтаман
Күнәмді кеш деп балаңа
Аяғына жығылды.
Алмамбетпен Қылипа
Екеуі бірдей жылады.
Айналайын қарағым
Қайырлы болсын талабың.
Тілегімді берген соң,
Қобылан сені көрген соң
Сыртым бүтін іш жалын
Үлкейгенде қорлықты
Оны теңімнен көрген соң
Жанға сенімді қарағым
Сезіп қалса білдірер
Жөніңді айтшы тездетіп
Естиін түгел шырағым.
Қобылан
Жан ата келем елімнен
Өзің көрген Қобдадан
Әр не болса кім көлбейт
Бір жаратқан Алладан
Талабым бармақ алысқа
Даңқы жарып шыдатпақ
Арқада жатқан халыққа
Көрейін деп келемін
Қасымда бар қырық жігіт
Бозмынай ұлы Ер Сайым
Басшы болған аға бар
Олар келет кейіннен
Тауды бұзып шаққа өттім
Кім бар еді бұл тауда
Бір адамның ізі бар
Шошындық қорқып ізінен
Қос тігіп жатқан орны бар
Түгел ата баянда
Білгенің мен көргенің
Болса менен аяма
Алыпсың қайда қанша жер
Жақынба мұнан айтып көр.
Әңгіме
Алмамбет батырдың жағдайын естіген соң шырағым бұл арада баяндап айтып тұруға болмас біреу сезіп қалса хабарлар сен қазір ізіңнен кейін қайтып тесік аузына барып жата бер кешке ел жатқан соң нендей керегіңді Қалипа жан жеткізіп берер ертең өзің аңға шыққан адам болып барып қайтармын қазір жанға көрінбей қарауымыз керек, Құдайың жар болсын деп бетінен сүйіп Қобыланды ізінен өткізіп жіберді.
Алмамбет әйеліне келіп сүйінші сұрап айтқан сөзі:
Ау алғаным, алғаным
Орындалды жалғанда
Сұраған Хақтан арманым
Сүйінші бер ханымын
Қобыландыдай баламның
Бүгін келіп қалғанын
Алла тізгін оңғарса
Ертең көріп қуанам
Дұшпаныма ойранды
Қыса шауып салғанын
Атаң нәлет Алыптың
Өлгенде естен кетер ме
Елім менен жерімді
Тірідей тартып алғанын
Шын сұрасаң Құдайдан
Бермейтұғын жері жоқ
Сайып қыран қасында
Ерген жолдас ері көп
Көріп келдім көзбенен
Тауды бұзған сол екен
Қасындағы жолдасы
Батыр Сайым дер екен
Әзірленші тездетіп
Қалипамен екеуің
Алтындағы ақ шатыр
Тау басында ер жатыр
Әзірлеші азығын
Түрлі жақсы тағамды
Павозкеге салдырып
Күн батқан соң тездетіп
Жалғызыма барыңдар
Керек екен нендей зат
Өзінен сұрап қатындар
Кемпір байғұс қуанды
Қуанғанның белгісі
Жылап жүріп қамданды
Көк павозке арбаға
Жал менен жая шекер бал
Кемпір мен қыз жол салды
Түрлі алуан тағамын
Әзірлеп кемпір алады
Күн батуға шақ тұрды
Батқанын күннің көрген соң
Кемпір менен Қалипа
Қаладан шығып барады.
Дыбыстан біреу сезер деп
Қоңырауды сыпырып
Атқа таққан алады
Үш қара көк жымиып
Жолға түсіп жөнелді
Қобыланды төзе алмай
Арқандап тастап тор атты
Ер қаруы бес қару
Ер беліне асынып
Бір төбенің басында
Қарауыл қарап жүр еді
Келе жатқанын бұлардың
Сонадан көзі көреді
Елін жауын біле алмай
Келіп атқа мінеді
Найзасын жерге таянып
Қос тіккен жерде тұрады
Қалипа мен ханым да
Бөтен жан жоқ жанында
Арбадан түсіп тұрады
Тек екеуін білген соң
Аттан түсіп келеді
Қалипа сонда сөйледі
Мына тұрған жан анам
Көре келді өзіңді.
Бөтенсінбе жан ағам
Қобылан қарсы жүреді
Ана деп сәлем береді.
Жалғызым деп құшақтап
Көзінің жасын төгеді
Даярлап келген азықты
Түгелінен береді
Алтындаған ақ шатыр
Қыз қолынан тігеді
Отырғызып шатырға
Жолың болсын балам деп
Қаншаның айтқан сөзі еді
Ау жалғызым сұрайын
Тату едік жалғанда
Қыдырбай Зарбап Тәңірін
Туғанда барып тойыңа
Сайқалдаған мен едім
Сондағы туған Қобылан
Жалғызы байдың сен едің
Құрдас едік екеуміз
Жалғанда тірі сау жүрсең
Дос болармыз дер едік
Ақыры соқты достыққа
Дұшпанның қорлық күшімен
Тартып алып жеріміз
Азды байтақ еліміз
Қорлықта жүрміз қарағым
Баратын жерің алып дейді
Өзің жалғыз өзің жас
Бара көрме қарағым
Қор боларсың көрімнен
Тілеп алған жалғыз ең
Жазым болсаң өкініш
Өмірде кетпес өзімнен
Қайтқыл балам бізді алып
Барма бұған ізіңнен.
Қобылан
Жан ана қайтпан қорынып
Мықты екен деп торығып
Неде болса Алланың
Мен жазғанын көрермін
Барма деп айтпа өзіме
Қорлығын берген сендерге
Оны алдына келтіріп
Ертермін ана ізіңе
Қалипа жан қарағым
Қарлығаштан кем көрсем
Мені Құдай таппайма
Жасанған жауда ер жігіт
Намысы үшін шаппайма
Ажалың жетіп бұл тұрса
Сандыққа салып қойсаңда
Кілтін мықтап салсаңда
Одан Құдай сақтайма
Тәуекел еттім өзіне
Ертең бүгін келеді
Артымда қалған ер Сайым
Сойыстық малын жеткізіп
Даярла қалқам қант пен шай
Күніне келіп соғып тұр
Жатамын енді дем алып
Тыныштық берсе осы жерде
Хан атама сәлем айт
Келген соң Сайым келер деп
Алдында Сайым білгенін
Сосын айтып көрер деп
Қалипаға тапсырды
Бұлар қайтты еліне.
Қобылан дем алып жата берді, Қалипа сұлу азық-түлігін жеткізіп бес жүз қой, жүз жылқыны бөліп айдап Қобыланның қасына тастады, бір жетіден кейін Сайым да келіп тауға жетті. Ер Сайым тауды бұзған ерді көрді. Құдайға шүкірлікте би разы болды.
Оңғарар ей жігіттер жұлымызды
Өтіпті тауды бұзып Қобылан ер
Құдайым мұсылманның тілегін бер
Сан Қырым сасып қайтқан жер емес пе ед,
Жігіттер Қобыланның қайратын көр
Жібердім сынау үшін тауға жұмсап
Өзімше бұзды деген жоқ еді ойым
Жалғызым салған екен үлкен ойым
Тор аттың ізіменен келер ме екен
Жігіттер жүре берді тауға кіріп
Нағылып кешікті деп Ер Қобылан
Тесікті байқаушы еді күнде келіп
Қобылан қарсы келді ар жағынан
Көрген соң ерді аман қуанысып
Қамалап жабырласты жан жағынан
Көрген соң ерді аман қуанысып
Қамалап жабырласты жан-жағынан
Ер Сайым разымын деп қайратыңнан
Қырымның бұзбас тауын бұздың жалғыз
Кім төзер жаным сенің айбатыңа
Қобылан жүрді бастап жолдастарын
Өзінің жатқан мекен жерге қарап
Алдында көрінеді алтын шатыр
Шағылысып күн көзіне бұл жарқырар
Шатырды қайдан алдың сен жаным деп
Ер Сайым сұрады ерден бұл сыбырлап
Шатырды көріп пе едің қоржындағы
Жүз кісі еркін кетер салып жүрген
Бес жүз қой, жүз жылқы бар семіз тайдан
Арындық емес пе еді бір Құдайдан
Естіп Сайым күлді болып риза
Ашығып келе жатқан ер жүріп жолда
Керектің біз жоқтаған бәрі әзір
Қарағым ризамын сіздің қолда.
Күлісіп ерлер түсті аттарынан
Білмейді не боларын арттарынан.
Тамаша жан көрмеген шатыр екен
Батырлар қарасып жүр жан-жағынан
Құралы тағы әзір үй ішінде
Жайнаған алтын табақ күміс кесе
Құрылған сабасы бар дала десе
Жайғасып отырғасын түсіндірді
Қобылан бастан аяқ Сайым ерге
Сөйлесіп дем алысып отырғанда
Қалипа Алмамбетпен келді қалып
Көрісті қырық жігітпен батыр Сайым
Қонағын амандасып ортаға алып.
Жол болсын айтып болып Алмамбет хан,
Сөйледі бастан аяқ айтып жайын.
Бұл алып жеті қандық елден айтты,
Біреуі жеті ханның мен деп айтты,
Айлық жол осы арадан алып өзі,
Бар еді Шойынкөттей қарауылы
Бұл тауды бағып жатқан соның өзі,
Түс көріп сол Шойынкөт сонда кетті,
Білмейтін дінсіз залым құдіретті
Балаларым тілімді алсаң қайтың елге,
Келіпсіз қиыншылық мұндай жерге,
Шамаңыз келмейтін бұл Алыпқа
Шығармас қарын төксе ол жарыққа
Батыр көп алуан-алуан айлас асқан
Жасы бар алпыс неше бұл алыптың
Жан емес жастан бері тізе бүккен
Тіл алсаң кейін қайтың елдеріңе.
Хабар ет мұсылманның ерлеріне,
Бері қарай Едігеден аспаған тау
Ат ізін ешкім келіп баспаған тау
Бұзыпсыз жалғыз өзің ер Қобылан
Қорқамын сондадағы бұл кәпір жау
Ел табың амандыққа деп айтамын
Қорқамын бұл залымнан артын ойлап,
Шынжырлап қойғандар бар мұнда байлап
Ажырар неше түрлі от шашатын
Дұшпанға даярлаған артын ойлап,
Айтты да осы сөзді жылай берді,
Балалар өздерің біл болдым енді
Мезгілі жақындады келе тұғын
Тау бағып осы арада жатқан барып,
Есітіп Алмамбеттен мұның жайын,
Батырлар төмен қарап қалды бәрі,
Батырдың жасығанын көріп көзі
Қобылан ашуланып шықты зары,
Жасқансаң елге қайтың барың деді,
Әркімнің өзінде ғой ықтияры.
Пендеге ажал біреу әзел жазған,
Қайталман мықты екен деп бұл Алыптан,
Өлермін ажал жетсе енді осыдан
Адамнан екі аяқты ешбір қорықпан
Сайеке енді өзің біл қайтем десең
Ат басын мен тарталман бұл жорықтан.
Шамданып ер Қобылан кетті тұрып,
Сөйледі қырық жігітке мойнын бұрып,
Құдай бір неде болса жазды өзі
Жабысса жауды көрмей ердің көзі.
Құтылмай қашқанменен бұл адамзат
Құрылған ажал бейнет болса тез
Сендерді зорламаймын соңыма ер деп
Пәлеге мұндай тұрман қарсы жүр деп
Тәуекел неде болса етем өзім
Қырық күндік азық берің тез даярлап,
Жүремін енді ілгері мен аяндап,
Айтты да осы сөзді батыр өзі
Басына бір төбенің кетті шығып,
Қарады төңірекке шығып өзі
Кеткен соң ер Қобылан ер кеңесті
Адамның айтқан тілін бұл алмайды
Маңдайын бағыттаса бұра алмайды,
Отырды қайран қалып Сайым өзі
Жасқанып қырық жігіттің отырғанын
Сөйледі сонда Сайым көріп көзі
Жасыма ей жігіттер құр тоқталып,
Жолдастық міндетімді атқаралық,
Адамға ажал біреу әзелдағы
Бір шығып елмен жұрттан қорқып қайтсақ,
Дұшпанға сонда таба боламдағы.
Қайтпаған бастан бағы жаңа талап,
Қобылан қайтпас мұнан кетті құлап,
Жігіттер өздерің біл не қылсаңда
Бір барам Қобыланменен не болсамда
Құдайдан бір жаратқан жәрдем сұрап,
Қобылан сырттан үйге келді кіріп,
Ер жүріп тітіркеді бұлар көріп
Алмамбет әңгіме айтты тағы отырып
Батырдың келген кейіп көңілін бөліп,
Шырағым өздерің біл ендігісін
Сендермен тілек бірге жоқты күшім
Шойын гөт келіп қалар сақ болыңдар,
Қарауыл берік болсын қойған кісің
Шойын гөт қалай болар келсе өзі,
Көрерміз сонан кейін бір сөйлесіп.
Бір ыңғай бұл залымның болсын өзі
Залымға қылыш өтпейді тәні қатты,
Тәуекел етің батыр неде болса,
Жеті жыл осы тауда күтіп жатты
Қолында тоқсан батпан шоқпары бар
Құлатат қарын төксе тау мен тасты
Күтініп ерлер жатты қарауылдап,
Бір күнде соқты ауыл күн дауылдап
Борады тас бұршақтай домаланып,
Суылдап тауда терек соғып жерге
Шыдамай аттар тұрды екпініне
Не болды деп бір састы бұлар өзі
Ұйқыда жатыр Сайым Қобыланды,
Әншейін күн дауылы деп бір ойлап
Айдаған қырық ешкісін шал да жетті.
Жолына Қобыланның салған епті
Оятып ер Сайымды көр шапшаңдап
Көзінің әлгі шал жасын төкті.
Жатпаңдар тұрың балам шапшаң киін,
Жау келет ыждиғаттап енді жиын,
Дәу келді жақын жерге ел жақындап
Хабар бер Қобыландай батыр ерге
Көрмен деп кетіп едім қатты ренжіп,
Қыдырбай еңбегінен келдім қорқып,
Жан жолдас бабасы едім жастан ерген,
Ол шіркін мені дұшпан айтсам көрген.
Танымай қалған шығар өзгергесін
Көрмеген жау жерінде кез келген соң,
Хабар бер тезден барып алар атын,
Алдынан шықсын жаудың келе жатыр
Құдайға жалбарынып көрің балдар
Дәм шығар я бейнетпен осы ажал,
Өлемін деп ойламаңдар мұны есіңе ал,
Айтты да ғайып болды көздерінен,
Жаңағы келіп тұрған бұл ғаріп шал.
Сайым орнынан тұрып жігіттерді тездетіп аттарын алдырып Қобыландыны оятты. Батыр жау жақындап қалды, басыңды көтер, Қобылан орнынан түре келіп тездеп жау құралын киіне бастады. Сайыммен барайын сен жайлап жатырсын деп, атына мінді. Қобылан тоқтай тұр сенің жауың қандай жау маған түсіндірші деді. Сайым тұрып тау бақташы Дәу деді. Осы дауыл соның дауылы келе жатқан екпіні деді. Жақындап қалған бұлар Қобылан олай болса, аттарыңнан түсіңдер, мен көріп жау десем бір-ақ адам ба, олай болса мен өзім-ақ барам деп Қобылан торы атты дұрыстап өз қолынан ерттеді.
Толғау
Қобылан атын алдырып,
Жабдықтап ерттеп қарады.
Төс айылын берік тартып,
Шап айылын бос тартып,
Үзеңгісін ұзартып,
Құйысқаның қысқартып,
Бадана көзді ақ сауыт
Осыны тарта киеді,
Балдағы алтын ай болат
Аждаһардың қанына
Үш қайырып суарған,
Шапшаң тарқар құмардан
Іш пейілін біледі
Я Алла деп торы атқа,
Ер Қобылан мінеді,
Таң салқыны болғанда
Шолпан жұлдыз туғанда
Дауылдың соққан түбіне
Маңдайын түзеп жүреді.
Қырық жігітпен Ер Сайым,
Батасын беріп жылады.
Жолың болсын барғыл деп
Артында шулап қалады.
Тәуекелге бел байлап,
Найзасына ту байлап,
Алдынан жүрді бұл жаудың
Тор атпен батыр ыңғайлап.
Жүрді біраз жеріне
Жүре алмай аты ығады,
Дауылдың қатты лебіне
Көп жүрдім десе аз жүріп,
Жүргізбей келеді бұл дауыл,
Тас топырақ бураған
Биік терек тал-қайың,
Солқылдап жерді сабаған.
Ер емеспе Қобылан,
Осыларға шыдаған,
Сарғайды да таң атты,
Қызарды да күн шықты.
Күн астына қараса,
Сары ала тұлпар астында.
Болат қалқан басында,
Он екі аршын бойы бар.
Кеудесі зор басы үлкен,
Шойынкөт залым бұл шықты,
Қарасын көріп сонадан,
Тәуекел деп Қобылан
Адам ғой деп әйтеуір,
Неде болса шыдаған.
Найзасын келіп өңгеріп,
Алдына қарсы тұрады.
Келе жатыр Шойынкөт,
Күркіреген күн құсап,
Қараңғы айсыз түн құсап,
Түнеріліп бұлттай,
Тоқсан батпан шой темір,
Тақымын салып тұр,
Он екі құлаш ақ найза,
Өңгеріп кесе алыпты.
Тұлғасы жаман залымның,
Бет алды суық неме екен,
Адамзаттың баласы
Мұндай ары болар ма,
Кеш шамасы байқаса,
Он саусақтың саласы,
Екі қарыс ені бар,
Екі қастың арасы.
Мұрны бештей құлаған,
Екі иықтың арасы.
Жеті аршынға мол екен,
Мойны жуан бұғыдай.
Бет алдымен келе жатыр,
Қобыланды көзге ілмей,
Кісі екен деп қарамай,
Өте шықты қасынан.
Ерді көзге ілмеді,
Көзі түсіп көрмеді.
Қайтеді деп бұл шіркін,
Қобылан алдын орады,
Сонда барып қарады.
Қобылан
Тоқта деді Қобылан,
Тоқтамаймын мен деді.
Тауды бұзған кім деді,
Сол адамға барамын,
Соны тауып бер деді.
Қобылан
Қобылан сонда ақырды,
Қан тегпемін жапырды.
Тауыңды бұзған мен деді,
Бұзған жанды көргенде,
Не дейін деп ең сен деді.
Ілгері басып жүрмейсін,
Жібермеймін мен деді.
Шойынкөт
Тоқтатпа дейді жолымнан,
Тау бұзу түгіл тас алу,
Келмес дейді қолыңнан.
Қобылан
Қобылан сонда долданды,
Анда қалмақ көзіңді аш,
Тауды бұзып дал қылып,
Аудардым деп қара тас.
Көшкендей қомбайып,
Көзің жерге түспеген,
Тасқындама көңілің бас.
Сендей нешеу өспеген,
Ісігіңді басармын,
Алда тізгін оңғарса,
Қаныңды судай шашармын,
Мен менсінген көңіліңді,
Қазыр-ақ бәлем басармын.
Ілгері аттап жүріп көр,
Көрсетейін көрімді,
Танытайын өзімді.
Астам-астам сөйлеме,
Алғырсынып сөзіңді.
Ойынға келіп тұр деме,
Алдында тұрған өзімді.
Сөйлемейсің жасыған,
Тау бұзу келмес қолыңнан
Бастығың кім тау бұзған,
Жасырма маған сырыңды айт,
Іш сырыңды айтпасаң,
Бір ұрғаннан қалмассың,
Жатарсын тасты жастана,
Қобылан сондай сөйлейді,
Шойынкөт сенбісін?
Тауды баққан жасыңнан,
Сенен қорқып жасыған,
Мен сырымды жасырман,
Сендей сасық қолдардың,
Аяғына бас ұрған.
Менің атым Қобылан,
Ұрыссам жауды қашырған,
Сендейдің көрдім талайын,
Кеудесі зор кеуекенің,
Қанын судай сапырған,
Ұрыссам десең тез қамдан,
Іздегенім сен дейді.
Қан шиді қайтпан жол-жолдан.
Шойынкөт
Қой Қобылан емессін
Ат қошшы сен шығар.
Хабарын біліп кел деген,
Кім екенін көр деген.
Қобыланды батырды,
Қосыңа бар да тез хабар жібер,
Обалыңа қалмаймын,
Жаның олжа өзіңе.
Қобылан
Нанбасаң шіркін сөзіме,
Қобылан екей келмейді.
Жан екен деп өзіңе
Мені алсаң келеді Қобылан,
Әр не келсе қылып көр,
Енді маған қолыңнан.
Нанбасаң саған не дейін,
Ат басындай құланың,
Жұдырықтай алтыннан,
Таразын тартқанда,
Болама ауыр салмағы.
Мен Қобылан шын нансаң,
Ілінген жерден жарылғас,
Болаттан соққан қармағым.
Қобылан болса қормадың.
Жолдан қалу жөні жоқ,
Өнерің болса шығарың,
Тарқар сонда құмарың.
Шойынкөт
Қобылан деген даңқың зор,
Арқадағы қалмақтың
Қысқа күнде қырық шапқан,
Дыбысың ауыр даңқың зор.
Көзім көріп нанғаным,
Не Қобылан шын болсаң.
Ол елден адам тумадың,
Тең өзің деп нанбаймын.
Шойын менен қара тас,
Есігімді бұзғаның.
Бұзғанда өзім болмадым.
Көңілдегі арманым.
Мен болғанда сен иттің,
Көрер ем тауды бұзғаның.
Мен қола көкірек Шойынкөт,
Оңайын десең жолап өт,
Тоқсан екі қоңырау,
Бір бойыма тағынған.
Жеті хандық бұл халық,
Бір өзіме бағынған.
Жасқанбай сөйлеп тұрасын,
Неткен жансын қағынған.
Тәуекел етсең түз деді,
Бір ұрғаннан қалмайсын.
Обалыңа қалармын,
Астыңдағы тор атты,
Түрі бөлек мал екен,
Жаныңа олжа бер деді.
Қобылан
Қобылан сонда шамданып,
Алдына қарсы келеді.
Лашын құстай шүйіліп,
Жеңсең тұлпар сенікі.
Жеңілсең ала ат менікі.
Мақтанба кәпір сен деді.
Кәміл пірім жар болса,
Көрермін артын мен деді.
Былшылыңды білмеймін,
Ұрысам десең кел деді,
Шойынкөт сонда ақырды.
Көтеріп алып шоқпарын,
Парпардың қара тасына,
Қалыңдығы қырық аршын,
Шоқпарды салып қалады.
Күл-күл болып қара тас,
Көрінбей кетіп барады.
Ондағы еткен амал
Ерлігімді көрсін деп,
Тірілей атын берсін деп,
Кім екенін білсін деп,
Саспады бұған Қобылан.
Таяу келіп Сайым тұр,
Сақта деп Құдай соңынан.
Алмамбет пен Қалипа,
Бұлар да келіп жылаға,
Даудың сырын біледі,
Құдайдан тілек сұраған.
Садақасын сан айтып,
Төрт түлік жатқан мал айтып.
Бір Құдайға зарлады,
Алмамбет пен Қалипа,
Жылаудан көңілі тынбаған.
Шойынкөт
Шойынкөт сонда сөйледі,
Өз обалың өзіңе
Әуелгі кезек менікі
Соңғы кезек сенікі
Кезегімді бер деді.
Ұрамын батыр берік бол,
Қабыл еттім деп жүрме,
Қалқаныңды ки деді.
Ер Құдайға сиынды,
Қалқанын киіп басына,
Пірлерінен сұрады,
Қарсыма қарсы тұрады.
Атаңа нәлет дінсізсін,
Тоқсан батпан шоқпармен,
Ақырып кеп ұрады.
Тоғыз қабат қалқаны,
Бет-бетіне тарады.
Ұруына шыдамай,
Қалқан сынып дал болды,
Айналасы болды шоқ,
Сонда да батыр шыдады.
Екі қару салдырып,
Дүмпуімен шоқпардың.
Аздап есін танады,
Күнді мұнар шалады.
Жерді тұман алып тұр,
Пірлер беріп медетті,
Шойынкөт естен танып тұр,
Талықсыған баланы
Дәудің көзі көрер деп,
Пірлер келіп бағы тұр,
Етпетінен толқыса,
Екпін торы ат сүйейді,
Шалқасымен құласа,
Шынтағымен тиейді.
Көлденеңге толқыса,
Қанатымен қағады,
Адамнан есті жануар,
Толарсақтап жерге еніп,
Ерді сонша бағады,
Көк шаулы Бүркіт бабасы,
Балам аш деп көзіңді.
Қанатпен қағып қарады,
Есін жинап ер алып,
Амандыққа қуанып,
Дәуге қарсы барады.
Тұман кетті ашылып,
Мұнар кетті басылып.
Ердің көріп аманын,
Кейінде тұрған Ер Сайым.
Алмамбетпен Қаншадан,
Сүйінші барып сұрады.
Шойынкөттің алдына,
Қобылан қарсы барып тұр,
Ер аманын көрген соң,
Залым есін танып тұр.
Шоқпары кеткен үзіліп,
Сабы қалған қолында,
Сағасынан бөлініп,
Шошыды сонда Шойынкөт,
Ұрғанынан қалқанға,
Мұндай күшті жоқ шығар,
Мына пәни жалғанда.
Осыдан аман сау қалсам,
Болмас едім арманда,
Орамдағы он ұста,
Қырымдағы қырық ұста.
Аман барсам қырармын,
Бастарыңды алармын.
Сағасын шикі пісіріп,
Тарқатпадым құмарым.
Осыны айтып Шойынкөт,
Жарадың батыр ер деді.
Кезегіңді ала бер,
Қатын емен мен деді.
Қобылан
Қайтадан мініп тор атқа,
Қорамсаққа қол салды,
Суырып алып көк жеме,
Көп оғына жол салды.
Пірлеріне сиынып,
Күшін қарға иініп,
Өзеңгіге шіреніп,
Жүректен тартып қалды,
Тоғыз қабат көк сауыт,
Қатарланған дал қылды,
Көк сауыттың жағасы,
Тәніне барып өтпеді.
Сынды оқтың сағасы,
Толқыды ала ат тұра алмай.
Ашуланды Шойын гөт
Сауыт түгіл оқ өтіп
Көрген жоқ еді күпеден
Елемей жүріп қор қылар
Сақтанайын немеден.
Түсі сұрғылт көк жебе
Өтпей қоймас денеден.
Түбі азғантай болғанмен
Күші шіркін көп екен
Осылай ойлап Шойын гөт
Найзасын қолға алады.
Батырға таулап салады.
Тигізбеді найзасын
Ер Қобылан қағады.
Найзасы ұшып аспанға
Ортасынан сынады.
Суырып алып қылышын
Тағыда ерді салды
Ұстады батыр қылыштан
Сабы дәудің қолында
Дүзін ұстап қолынан
Ат үстінен тартысты
Екеуі талқан қылады
Тау менен тастың арасын
Тамашаға қырық жігіт
Сайым менен қарасын
Екі бөрі таласты
Нағылып қылыш шыдасын
Ортасынан бөлінді
Алиыр бүркіт қырандай
Бір-біріне төнеді.
Найза қылыш төзбеді,
Ортасынан бөледі.
Бал таласты батырлар
Балта түкте қылмады
Сағасынан сынады
Екеуінің екпіні
Рүстем мен Дастанның
Ұрысындай болады.
Қарудан пайда таба алмай
Екі күн тынбай ұрысты
Ат үстінен екекуі
Жағаласты салады
Дал дал болды Сауыттың
Қатарланған жағасы
Жәрдем берсін батырдың
Сиынып жүрген бабасы
Алмамбет қанша қырық жігіт
Бір Құдайға жылады.
Ердің көріп қайратын
Тілекті ҚҰдай бере деп
Қанша менен Алмамбет
Қорыққан көңілі тынады.
Астына мінген аттары
Жүрелеп жатып қалады.
Атынан түсіп екеуі
Қампиысып тұрады
Біріне бірі жүгіріп
Жұдырықпен ұрады,
Онда да амал болмады.
Шойын гөт
Жарайсын батыр ер деді
Қарудан пайда болмады,
Күресейік кел деді.
Болады деп Қобылан
Екекуі күрес салады
Бірін-бірі көтеріп
Жерден тартып алады,
Қобыландыдай баланы
Үш рет атты үйіріп
Тіке түсті Қобылан
Қалмады бұған жығылып,
Еңіреп қалмақ сасып жүр
Қанымды ішпей кетпес деп
Шын екен деп айтқаны
Елемеген Шойын гөт
Сол мезгілде сасып жүр
Алысты тор ат күн тынбастан
Күн жетіге толғанда
Қобыландыдай жас жерен
Бақалшағы майысты
Қабырғасы қайысты
Талдырып дұшпан барады
Батырдың біліп талғанын
Қырық жігіт шулап жылады
Алмамбет пен ханша
Мойнына салып кісесін
Әлде қандай болат деп.
Еңіреп сорлы жылады
Қалипадай жалғыз қыз
Садақа қылды бір жанын
Ағасының жолына
Келмейме деп талабым
Қорықты сорлы оңына
Құрбан қылып бір жанын
Шыдай алмай қалына
Сайымның келді жанына
Жан жолдасы ер деді
Досыңа көмек бер деді.
Қарап тұрған нең деді.
Сайым сонда жылады
Жан Қалипа қарағым
Қобыланнан аянып
Несіне тірі қаламын
Сабырдың түбі сары алтын
Сабырлық етпек жарасар
Шыдайық аздап шырағым
Сонда жылап Қалипа
Жаным аға кідірме
Қасына шапшаң бар деді.
Атаңа нәлет дұшпанның
Мойнына арқан сал деді.
Қыз сөзіне төзе алмай
Жүрді Сайым тебініп
Қырық ешкісін айдаған
Көн торсығын байлаған
Бабасы жетті боратып
Ешкісін қуып жетеді
Шапшаң жүр деп Сайымға
Дөңнен зулап өтеді
Сайым да шапты көрген соң
Пірлер қоршап келген соң
Үсті басын шаң басып
Таңдайы кеуіп шөлдеген
Батырдың кетіп қуаты
Шөл соғып үлкен мендеген
Дәудің тілі кетіпті
Кездей шығып салақтап
Екі көзі қызарып
Құтырған иттей алақтап
Бабасы келіп қасына
Састыңба балам сен деді
Көз сүрде сиынбай
Ұмытқаның нең деді.
Аузына қолын салады
Толған екен топырақ
Екі ұртынан алады
Бір стакан бал сүтін
Таңдайыңды жібіт деп
Аузына құяды
Шөлдеп жүрген батырдың
Мейірі қанып шөл басып
Ақылын жинап алады
Пірің қылар пірім деп
Сиынбадың бұрын деп
Қимылда балам тоқтама
Бір адамнан кем болмас
Тәңірі берген күшің деп
Жауырына ұрады
Сайымның барып қасына
Шал да тоқтап тұрады
Төзе алмай жүр Қалипа
Атеке деп еңіреп
Шалдың келді қасына
Қалай екен халы деп
Дәуім басым көрінет
Қорқып тұрмын әлі деп
Саспа балам сен деді.
Ағаң аман қауышар
Сүйіншімді бер деді
Алмамбет қанша сен үшін
Келіп тұрмын мен деді
Алмамбетті оқытып
Ақтың жолын білгізген
Қорлық көріп тарығып
Жүргенінде зар жылап
Ақырет достық баласын
Кім екен мұнда келгізген
Садақасын сандасын
Сүйіншісін қамдасын
Қуанып барып өздерін
Қобылан менен Шойын гөт
Алыса берді айқайлап
Жүрген жері ерлердің
Жер ошақтай қазылды
Сүт ішіп батыр тынығып
Құлаш ұзап жазылды
Мықты бол деді Шойын гөт
Амалың болса етіп қал,
Тартамын жерден мен деді
Салмағын жерге салады
Бөкседен еніп барады
Қоба келіп айғайлап
Бабасын батыр шақырып
Төбесіне төрт бүркіт
Шүйлігіп төніп қалықтап
Көкше бұлт жайнады
Құдай тілек берді деп
Қырық жігіт Сайым қуанды
Алмамбет пен ханша
Ей Құдайлап бұларда
Сүйіншісін әзірлеп
Кеудесін сүзіп қарады
Жасқанбап жүр Қалипа
Шал менен Сайым қасында
Орамалы мойнында
Көзінің жасын төгіп жүр
Сырын білмет батырдың
Байғұс неге сөніп жүр
Түгі тұтам сауыттан
Көктеп өтіп барады
Екі көзі қызарып
Күшін жинап алады
Күркіретіп бұл дәуді
Суырып жерден алады
Аяғын жерге тигізбей
Былғап жерге ұрады
Кеудесіне мінгенде
Бозторғайдай күрсінген
Нағылып мұны жықтым деп
Тұлғасын көріп бұл дәудің
Өзінен өзі жерінген
Көшіліп жатты Шойын гөт
Жықтың батырсың-ақ
Басымнан тайды ауыр бақ
Күшің деңгел өзіммен
Қолдады соны аруақ.
Былшылдамай тек жат деп
Қанжармен жаққа салады
Шабайын деп тамақтан
Қанжар менен өктеді
Тасты көскен көк қанжар
Тамағынан өтпеді
Қалипа келді төзе алмай
Жаным көк жалғызым
Тәніне қару өтпеді
Өкшесінен оқ тарса
Өлмей дұшпан кетпейді
Ақырды сонда Қобылан
Қайдасын Сайым кел деді
Мерген едің кешегі
Құралайды көзге атқан
Жүргеніңде елде дет
Мына атаңа нәлет дұшпанды
Қару өтпей шаршадым
Қалипа жан айтып тұр
Өкшеден айтып көр деді
Атынан түсе қалады
Оғын қолға алады
Атайын деп өкшеден
Сығалайды тізесін
Жерге батыр бөгеді
Қобыланға тиер деп
Тағы қорқып сасады
Кейіді сонда Қобылан
Мергендігің қайда деп
Сасқан жерде көрмедім
Сенен ешбір пайда деп
Тисе тисін атқан оқ
Ажалым жетсе өлермін
Тура келіп тисе дүп
Атшы шапшаң кідірме
Сайым тартып қалады
Өкшеден оғы жарады
Екі көздің қарасын
Миығынан дүп шығып
Лайла лама лоқы деп
Қалмақ жанын береді.
Қанжарды салып садақтан
Басын кесіп алады
Айтқн сертін орындап
Қанын ішіп қанады
Уһ деп демін сонда алып
Ер Қобылан тынады
Алмамбет қанша жүгіріп
Қырық жігітті қамады.
Дәл жеті күн алысып
Шойын гөт тамам болады.
Әңгіме
Сол жерден түгелімен қосын артып Алмамбет қаласына көшіп барып, бірнеше күн жатып демін алып сенімсіз адамдарын ұстап өлтіріп қалғанын зынданға салып Алмамбет көңілі жайғасып тойын жасап көңілі болып, болған соң батырларға Алыптың жайын айтып жөнін сілтеді. Әлдеде тіл алсаңдар, бармағандарың мақұл, барамын десеңдер не амалым бар маңдайларыңнан көрерсіңдер. Алыптың көші мұнан он есе артық тағы басқалары да көп, мен қорқамын қалай да болып қай жағына жүрсеңдер де жүру керек деп сөзін қысқартты. Қобылан Сайым кеңесіп жүрмекші болды. Алланың не жазғанын маңдайымыздан көреміз. Қырық жігітке әлі де айлық жер жол бар, сендерге елге қайтыңдар, қайтпасаңдар осында болыңдар, аман-есен біз келгенше жатындар деп айтып еді оған жігіттер көнбеді, сендермен бірге барамыз Алланың жазуы болар, қалмаймыз да, қайтпаймыз да деді. Олай болса жүрудің талабын етіп әзірлену керек деп батырлар азықтарын даярлап жүруге дайындалды. Алмамбет жолдарың болсын деп батасын беріп батырларды өз қолынан аттандырып жолға салды Қалипа бұларменен еріп күндік жерден қайтпақшы болды. Сайымға Қобыланмен жолдың жөнін сілтеп Илияның ғашықтық жайынан баяндап айтқаны:
Қалипа
Жолың болсын ағалар
Ысқырып соқса дауыл жел
Киіктің жетім лағы
Жар тасқа барып паналар.
Таудағы жүрген арыстан
Тау көбелей желетін
Тұяғын тасқа тигізіп
Дүмпуін жұртқа білгізіп
Түн қатып жортып жүретін
Сол сияқты жан аға
Біз киіктің лағы
Күн барма кеткен сендерді
Амандықпен көретін
Әзелде барған Алланың
Бар шығар несіп ризығың
Уайымнан түк өнбес
Тауекел қылып төзелік
Құлағың сал жан аға
Илия құрдас өзіммен
Жылында келіп екі рет
Қайтушы еді өзімнен
Қайғылы еді ғашықтық
Дерті түсіп өзіне
Сіздің жоқтап ізіңнен
Тілегі қабыл байғұстың
Бола қойса жарар ет
Байтақ жатқан көп халық
Басқарып тұрған мұны алып
Парменменен атқарып
Айдаған шығар әскерін
Аламан жинап сақтанып
Тәуекел еттің нендей іс
Кездессе де тоқталып
Саны жоқ әскер көп болар
Көптігіне көнерсің
Алыппен қарсы келгенде
Шендеспей қару қалыңдар
Жуый көрмең маңына
Белдессең жазым боласың
Амалын тапса Илия
Жүрген шығар ішінде
Ғашықтықтың зарымен
Қыз болып аға есінде
Жолығар келіп тоқтамай
Жолын тауып келе алса
Қанды өзеннің бойында
Жиылмалы көпір бар
Жуымаңдар өзіне
Көпірге түссең болдың қор
Сонда құрған амал мол
Аждар жылан дәуі бар
Кабарсыз болмаң ағалар
Осыны айтып Қалипа
Қолдасып тұрып зар жылар
Қобылан сонда сөйлейді
Жасыма қалқам қарағым
Тәуекел етіп лдымда
Неде болса барармын
Құр қайғыдан пайда жоқ
Ер тәуекел етпесе
Қобылан Сайым бола алмас
Айтқанына жетпесе
Нағыламын мал қылып
Кершабақ пен торыны
Көпірсіз судан өтпесе
Сақтаған Алла талайдан
Мықты екен деп осы көп
Жасқануың жарайма
Тәуекел деп бел буып
Жау қарасын көрген ер
Санасуға жарайма
Кешікпе қалқам енді қайт
Ата менен анама
Дұғада болсын сәлем айт
Тілекті берсе көрерміз
Аман болсақ келерміз
Ажалым жетсе бұл жаудан
Қашқанменен өлерміз
Таусылған дәмге не дерміз
Осыны айтып қоштасып
Қалипаны қайырды
Кейін де қалған еліне
Я құдайлап батырлар
Жүрді бастап жөніне
Арада неше қонады
Ат күйімен жай жүріп
Батырлар тартып келеді
Бірнеше күн болғанда
Қанды өзенді көреді
Шалқыған үлкен дария екен
Байқаса ені көз жетпейт
Қан сықылд қызыл су
Бұрқыраған шығып су
Көпіргенде көбігі
Жексенге тіккен отаудай
Сең толқыны тым күшті
Судың түрін көргенде
Қырық жігіттің құты ұшты.
Жоғары суды жағалап
Көпірді ерлер көреді
Түсейін деп Қобылан
Көпірге сонда меңзеді
Жібермеді Ер Сайым
Мұның батыр нең деді
Айтпап беді Қалипа
Шығарыңда Ақ құрқат
Ұмытқаның нең деді
Есіне түсіп тоқтады
Өтпесе көпір өзінен
Бөтен өтер амал жоқ
Ерді қайғы басады
Сәске болған мезгіл ед
Ер қысылып егілед
Алладан бөтен жардам жоқ
Тосыннан келген жолаушы
Көпірден бөтен не білед
Ердің біліп сасқанын
Тұлпардан туған торша ат
Нәсілі сүйін жануар
Сүйегім асыл шын болат
Ек көтеріп есінет
Жерді тарпып аяқпен
Үш қайтара кісінет
Тізгінін созып ұсынып
Өтуге суға маңдайлат
Ер түсініп атына
Сиынды сонда піріне
Шегініп кейін шығады
Жынды адамдай айқайлап
Көпіріп жатқан қанды өзен
Екпіндетіп шабады
Ақсұңқардай созылып
Сонда торат ұшады
Коба үйректей пырылдап
Кетті торат жылысып
Қырық аршыдай шамасы
Ұшқан еткен жоғары
Бір тарқады деп еді
Қырық жігіт пен Сайымның
Мұны көріп құмары.
Ар жағынан торша ат
Жерге түсті дүмп етті
Жат етті батыр құдіретті
Көпірді баққан жалмауыз
Залым жатқан құмыстан
Шошып кетті дірілдеп
Орнынан тұрады
Батырды көрсе қалады
Қарбаң – құрбаң киініп
Батырға тура жүгіріп
Келе жатыр қу мыстан
Қобылан түсіп жүгірді
Торатты тастап сол жерге
Ақырды мыстан бұл залым
Қайдан келдің сен дейді
Менің жүрген жеріме
Келуші еді кім дейді
Көктен ұшып түстің бе
Боласың өзің кім дейді
Жоқ қылайын қазір – ақ
Енді сені мен дейді
Батыр болсаң сескен бе
Берегірек кел дейді.
Жасамай қару Қобылан
Қамшысын алып қолына
Бір ұрғаннан қалмас деп
Астамшылық көңілмен
Жүгіріп барып ұрады.
Қолы қатты Қобылан
Кемпірге қатаң батады
Тізе бүгіп тік тұрды
Қан сорғалап басынан
Тоқтап кемпір тұрмады
Қаруды қолға алғанша
Ұстады келіп жағадан
Екекуі салды алысты
Алқымнан алып кемпірді
Батыр бермет ерлікті
Өшіккен залым желікті
Екі емшекпен кезектеп
Енді сабай беріпті
Емшегінің қаттысы
Кем емес ұрған күрзіден
Жауырынға тиеді
Ер жанына батты енді
Емшегі кемпір қатты енді
Дүмпуі мен ұрудың
Кесек-кесек қара қан
Аузыннан атты енді.
Оқыранып тұр тұлпары
Есінің біліп сасқанын
Емшектен тістеп алады.
Төрт тағандап бұл тартып
Емшегін жұлқып жыртады
Қалғаны да жүк болды
Талып жүрген батырға
Келтірмей барат ақылға
Қобылан сасып тарықты
Қанжарға қолы жете алмай
Бөгелген сайын қырық жігіт
Дариядан өте алмай
Кісінеді торша ат
Сайымға хабар салғаны
Естіді Сайым дыбысын
Жаны төзбей қыдырды
Амалын таппай сасады.
Атқа қарай жүгірді
Кер шабаққа мінеді
Бүйтсем суға кеткенім
Досым сасып жатқанда
Мен отырып неткенім
Қозғалмандар жігіттер
Суға қарай шабады
Айтқанында Айшаның
Кер шабақта болады.
Арқасы тұлпар құрысып
Аққан судай жылысып
Жиырылып атты енді
Қорыққанынан ер Сайым
Көзін тастай жұмады
Ат жалынан берік алып
Ақтын жардем сұрады.
Ар жағынан дарияның
Торша аттың қасына
Кершабақ барып қонады.
Көзін ашып Ер Сайым
Сонда тұрып қарады
Аттан түсіп жүгірді
Қылышын алып қолына
Тұлпардан туған торша ат
Жұлып тастап бір емшек
Жабысқан екен тағыда
Бір емшекті жібермей
Толарсақтап жерге еніп.
Көзі жайнап тұр екен,
Қобыландыдай батырдың
Сасып жүрген кезі екен
Жүгіріп Сайым барады
Қылышым қата болар деп
Жерге тастап қылышты
Қайта салар шама жоқ
Қанжарға қол салады
Өкпесінен кемпірдің
Шабысына қарай жарады
Шалқалай барып құлады.
Қоя берді Қобылан
Есін танып құлады
Лөкілдетіп қан құсып
Батыр жатып қалады
Мылжалады Ер Сайым
Басын кесіп кемпірдің
Өшіккен торат қоймады
Тор атқа беріп тұрады
Қос аяқтап тебеді
Кемпірді төртке бөледі
Жайғастырып болған соң,
Талып жатқан батырды
Аты келіп көреді
Оқыранып иіскеп
Ешнәрсе етпес дегендей
Кершабаққа жөнеді
Ешарақ қылып Сайымға
Оқыранып қасасып
Екеуі ойнап тұрады
Жастық жастап басына
Кеміреді Ер Сайым
Көпірдің барды қасына
Тетігін көріп ұстады
Батырларға өттің деп
Еждиғаттап қыстады.
Батырлар шулап өтеді,
Қобыландыны көре алмай
Не болғанын біле алмай
Қорқынышпен жетеді.
Жайшылық деп Ер Сайым
Батырларға хабарлап,
Қорықпай көңілін басады.
Қобылан жатты екі күн
Батқан екен жанына
Кемпірді елеп көзге іліп
Қару алмай қолына
Есін жинап ер болып,
Демін алып жатады.
Тынығып ерлер жатқанда
Тор тұлпар мен кер шабақ
Жау келгенін сездіріп
Басын жерге салады
Қауіп етіп аттың түрінен
Қарауылға Ер Сайым
Өзі шығып барады.
Қырға шығып қараса
Жер жүзінде қайыққа
Қалың әскер ауыр қол
Он жеті жерден ту байлап
Келе атқан қаптап көреді
Қостағы жатқан батырға
Атой беріп шақырды.
Қобылан мінді тор атқа
Қасына Сайым барады
Бұ да көріп қуанып
Қасында Сайым тұрады
Найза шылбыр жалғады
Үшеуін жаудың ала алмай
Екеуі қайран болады.
Қобылан сонда сөйледі
Тәуекел етпек Сайеке
Неде болса жарасар
Қаптаған ауыр қалың қол
Айтқандай-ақ бар екен,
Әр дайымда жігітке
Жәрдемші пір жар екен
Алынбасын жүрегің
Неде болса өз басым
Көп екен деп сасалман
Енді қорқып қашалман
Жәрдем берсін Құдайым
Неде болса көрерміз
Сайым сонда күледі
Сасқаным менің нем деді
Ажал біреу әзәлда
Жазықтан артық іс болмас
Орынсыз дұшпан күш қылмас
Тәукел етпек жөн деді.
Ердің көңілі бекініп
Аттарын ерттеп мінеді
Дүбірді естіп қос тұлпар
Ерік бермей ерлерге
Жерді тарпып пысқырып
Шыпыршық атып ойнады
Қара бұлт басында
Ерлерді келіп торлады.
Қанатын жайып төрт бүркіт
Сұңқылдап ұшып ойнады.
Қалың қолдың алдында қасарма ағаң келеді
Бірнеше батыр жолдаспен
Ерлердің тұрып көргені
Көңілін үлкен бөледі.
Желігіп келген жау екен
Шойын гөт менен Алмамбет
Құртқан екен өздерін
Таудан қалай өте екен
Тапшы мұны өздерің
Жиылмалы көпірден
Өтті қалай аман сау
Кемпір қайда қараған
Бір амалын тапқан ғой
Болмаса ұқтап сұм кемпір
Тыныштық тауып жатқан ғой.
Өтті қалап сол судан
Ойым жетпей келемін
Қалай болар ақырын
Бұл Қырымның қаңғыған
Желігіп жүрген батыры
Қырым Қырым болғалы
Таудан өтті демейді
Мыса келген бір рет
О да ала алмай тарғып
Барсаланың күніңде
Қайтты кейін деп еді
Осы келген Қобылан
Өзі жалғыз өзі жас
Жеке туған ер еді,
Арқадағы қалмаққа
Он үйіне бір қазан
Ойната берді деп еді
Қырымдағы атақты
Айтушының бірі еді
Шойын гөт көрген түсінің
Қорқыныш көп еді
Аумай келіп бар еді
Бүлінбесе жарар ет
Байтақ елдің арасы
Қан төгіліп қайтатын
Жеті атадан бері қарай
Келген тағы шамасы
Жайсыз екен қарасы
Екеуіне көз салсам
Түрі бөлек ер екен
Құрылған болат жебе екен
Бұлтын көкке үреген
Өзінен артық адамды
Жер үстінен де көрмеген
Құстарын қолға қондырып
Ерегіп жүрген неме екен
Төбесінде төрт құс жүр
Бұл недеген жөн екен.
Өзім барып келейін
Екенін қандай көрейін
Тоқтасын әскер осы жерге
Бар жағдайын балайын
Осыны айтып қасарма
Қара қасқа тұлпармен
Батырларға жөнеді.
Келе жатқанын көрген соң
Елші екен деп бұл өзі
Қобыланды қайырды
Кейін қалған қосына
Сайымның өзі тұрады
Сол төбенің басында.
Қасарма
Қасарма келді желігіп
Қара қасқа тұлпармен
Ұсыныс бас кел болат
Найзасын кесе өңгеріп
Сөйлей берді Сайымға
Кідірместен бұл келіп
Жолың болсын ер деді.
Аты-жөнің білдірші
Кім боласын сен деді.
Алыптың жалғыз інісі
Менің атым Қасарма
Қырым өткен жоқ еді,
Бұл таудан қашанда,
Өттің қалай сен деді.
Сайым
Сонда Сайым сөйлейді
Ау Қасарма сенбісің
Қан алыптың інісі
Артында жүрген тынысы
Қиын ба еді бұл тауың
Бұзған жанға жұмысы
Тауыңды бұзып талқандап
Шойын көтті өлтіріп
Өзіңе келдім мен деді
Асқақтап батыр сөйлеме
Елшіге келсең жөніңді айт
Ұрысу болса керегің
Күш сынасаң мен әзір
Таудан қалай өттің деп
Сұрағаның нең деді.
Қасарма
Сонда сөйлейт Қасарма
Қарсы келген адамның
Сөзі сыпайы болама
Айтшы батыр қашанға
Өзіннің атың кім деді
Өткеніңдің белгісін
Көп сұрайын мен деді.
Сайым
Жөн сұрасаң айтайын
Менің атым Ер Сайым
Қобыланның жолдасы
Бұзылмай қалмас сау жүрсең
Алла тізгін оңғарса
Жаудың тіккен ордасы
Сайып қыран қырық жігіт
Бөрі батыр бәрі бек
Қобыланның жолдасы.
Қасарма
Осылай болса Ер Сайым
Қобыландыны шақыршы
Көрейін енді көзімнен
Жұмыстарың білемін
Ізденіп жүрген ізінен
Қарындасым Илия
Ғашық болып қан жұтып
Қобыландының өзіне
Қандай екен көрейін
Ғашық болып ылғанған
Батырын анық көзменен
Қарындасым Илия
Теңін тауып қосылса
Тегін берем деуші едім
Айқандай болса атағы
Өз көзіммен көрейін.
Сайым
Ер Сайым атты бері Қобыланға асығып отырған Ершаққа түреп атына мініп алды. Мұны көріп Қобылан келе жатқанын көріп көзі Сайымға кете бер деді, Қасарма өзі оңаша сөйлесейін батырға өзім, бұл жерде тұрма батыр енді өзің, батырдың келе жатқанын көріп тұрмын.
Түсінің бұл айтқанға Сайым өзің
Ер Сайым түсінді де жүре берді.
Батырға ер Қобылан қарсы келді
Сөйледі сонда Сайым айтып жайын
Қасарма келіп тұрған қанның өзә
Балқыған нұры толып ай секілді
Адамның сұлуы екен тағы да өзі
Жас бала жасы толмаған сөзі батыл
Батырым аңдап сөйле болма ғапыл.
Төрт жағын бірдей балап сөйлейді екен,
Жеңіліп кейін қайттым мен де өзің
Күйеуді көрем дейді өз көзімен
Тең тауып қарындасым ғашық болса
Берем деп өз қолымнан бердім сертті.
Оңаша сөйлесемін келеді өзің
Қобылан болады деп жауап берді
Қасарма қанға тұрған келді жетіп.
Қасарма
Қобылан жолың болсын батыр өзің
Бөтеннен маған жақсы болдың өзің
Илия ғашық болды сонша жерден
Ізденіп келіп тұрсын мұнда өзің.
Бүлдірмей сонша жұртты елші салсаң
Кім бермейт қызын тегін саған өзі.
Өлтіріп Шойын гөтті таудан өтіп
Келіпсің сонша жерден мұнда өзің.
Батырым жүрісіңді баяндашы
Қандай зат саған мұқтаж болған өзі.
Қобылан
Қашаннан қаның қарсы едің қалмақ
Мұқтажым сенің тартып қызымды алмақ.
Оңғарса Алла тізгін бұл сапарда
Өлтіріп қан Алыптың басын алмақ.
Қашаннан қанның қарсы жау болғасын
Мұқтажы жау адамның қандай болмақ.
Қасарма
Қайран қалды бұл сөзіне
Қызбенен бітім қылмас жоқ түріне
Мақбұсты бізді құртып жеңбек екен
Мұнымен жөн сөйлесіп болмас өзі
Ойланып жан-жағына тұрды қарап
Батырдың аты менен өзін сынап.
Оқ тартып қару менен ұрыс қылсам
Қалар деп Илия жан тағы жылап
Ойланып ер Қасарма тағы да айтты
Қобылан көнемісін мына сөзге
Кемің жоқ сипат толған нұр түсінде
Себеппен сені айдаған қарындасым
Құлады саған ықыласым.
Қарусыз күресейік кел екеуміз
Қарудан жазым болсақ қапа қылар
Күні жетсе кім аяйды ерді құмар.
Жығылып жығысқанды серт қылайық
Сеніменен достасуға болдым құмар.
Ойымнан тас та болса түспеуші еді
Әркімде өз көңіліндей ойлағанда
Өзіңнен адам артық демеуші еді
Илия қарындасым сыр жасырмай
Мен ғашық Қобыланға болдым аға
Қоссайшы екеумізді сен деуші еді,
Құсамен қайғыланып күнде жылап
Жалғыздың көңілін қимай жылаған соң
Шақырам осы күзге мен деуші едім.
Көңілімнен Илияның кетпейді сөзі
Ғашықлық қайғы түскен байғұсқа өзі
Илияның жалғыз ауыз сөзі үшін
Айтамын шын көңілімнен батыр өзі.
Жасқанып тау шағылмай бітім қылмайт.
Алыпты жалғыз ағам тентек өзі
Қобылан мақұл десең достық сөзім
Өлімге қимай тұрмын сені өзім
Сырыма шын айтқанда нанбасаңыз
Не дейін бұдан артық саған өзім.
Қобылан
Қобылан мақұл көрді айтқан сөзін
Қимай тұр Қа арманы бұ да өзі
Атынан жерге түсіп екі батыр
Күреске ыңғайланды енді өздері.
Сайым да жақындап тұр бұл қасында
Екеуі салды күрес қыр басында
Көтеріп бірін-бірі алып жерден
Буратты топырақты оң мен солға.
Сан шұқыр болып кетті жүрген жері
Таң қалды көрген жанның мұны өзі
Алып та тұрды көзін жеті салып
Шақ келген Қасармаға қандай жан деп
Қайғырат қайтеді деп есін танып
Бір бірін лақтырар аямастан
От шығат тиіп кетсе қара тастан
Сол күні күніменен күресті ерлер
Тынбастан түніменен жүрді тағы.
Шаршайтын адам емес бұлар тіпті
Дүбірі бір күншілік жерге жетті
Күн шықты көтеріліп ұясынан
Ер Сайым тілеп тұрды бір Құдайдан
Кәпірдің сүріндірме баласынан
Талқан болат екі батыр жүрген жері
Дем қағат көк сауыттың жағасынан
Тілейді жардем батыр енді ішінен
Жардем кердем сүйеуші бабасынан
Торлады көкше бұлт тағы келіп
Бабасы шайпц бүркіт жуық келіп.
Ерсайым бұлтты көріп көңілі толды.
Батырға сонда ақырды жуық келіп.
Ей батыр не қылғаның мұнша жүріп
Төзе алмай келдім жақын бойым еріп
Қобылан күлді сонда саспа Сайым
Абырой берсін өзі бір Құдайым
Шамданып сүйек қызар қамшыменен
Бір ұршы жауырыныма енді Сайым
Шақырып ұрандады батыр сонда
Күші бар Ер Сайымның екі қолда
Шылбырын алып жиырып қамшыны алып үйіріп
Арқаға салып қалды қымылдатып
Жиынып ердің қолы қатты енді
Жай ұрсада батырдың арқасына батты енді
Күшін жинап қолын көтеріп жерден алды.
Айналдырып қаңбақтай былғап жерге ұрды.
Суырып алды қылышты уабайын деп
Қасарма сонда күледі
Батырға тіктеп қарады
Жарайсын достым ер деді
Уағададан жаңылып
Жұмсаған қару нең деді
Өлтірем десең өзің кел
Айтысқан сөзден жаңылып
Кетің батыр сен деді.
Жығылды батыр сөзінен
Орнынан тұрып шақырды
Ер Сайымның өзінде
Жеті батыр жалғаса
Бірге келді ізінде
Қасарманы байлады
Қосқа апарып тастады
Жігіттер алып жөнеді
Жіберме деп сүйеген
Әскерге алып бұйырды
Қаптады әскер қалың қол
Шапшаңдап мініп атына
Қобыланда алады
Сайыменен екеуі
Тізе қосып ұрысты.
Араға түсіп кернеді
Жігіттер жібермей
Батырлар қылыш сермеді.
Қайырды жауды ақырып
Қойға тиген бөрідей
Қуды кейін жабырып
Екеуінің дауысы
Жерді жарып барады
Аямай ұрыс салады
Ерлердің көріп қызығын
Әлімбет қатты тарықты
Қасарма батып жанына
Көздің жасын тия алмай
Қалмаңыз енді бірің деп
Осы жерге екеуін
Тірідей байлап келді деп
Жұмсамады батыр балуан
Түңілгендей іс болды
Көрген адам жанынан
Қобылан салды ұрысты
Бет алдына шыдамай
Жау табын жылысты
Суырып енді алмасын
Жат етіп батыр Алласын
Әшейінде бүктелген
Шын тұлпарға жүктелген
Сермегенде қырық құлаш
Кескен жері жым жалас
Сермесе бір құлаш
Шойын гөттің көргенін
Өтірік емес қылды рас.
Қамалдан қалынды
Қақ барып батыр шабады
Алып тұрып жиектен
Мұнарадан қарады.
Ердің көріп ұрысын
Іші оттай жанады
Халыққа салды зарлықты
Қасында тұрған Алып хан
Елші болып баратын
Бұдан хабар алатын
Кім бар еді көңілді
Тілегенін беремін
Алдына келді Илия
Көк аяқ атпен ұмтылып
Барайын тақсыр мен деді
Сонда алып қалады
Жас баласын қарағым
Жасқанып қорқып бара алмай
Жалған айтып жүрмей.
Илия
Сонда жігіт сөйлейді
Алдияр бас тақсыр қан
Жасқанман жаудың өзінен
Ұлықсат болса өзіңнен
Кім екенін айырып
Келу болса керегі
Айырып анық келемін
Еліге бейнет өлім жоқ
Білетін шығар қырымда
Жол емеспет келе атқан
Ақымақ па ол адам
Білетін шығар бұрыннан
Олай болса бар деді
Осы екеуін айырып
Атағын біліп кел деді.
Туғызайын қара түн
Келген соң саған мен деді
Жүре берді Илия
Белгісін алып елшінің
Қалың жауды аралап
Ерлерге қарсы жүреді
Қобыланмен Ер Сайым
Елшіні көзі көреді.
Желігіп жүрген батырға
Елшіге барат қарамай
Арасын жаудың аралай
Қолында алған найзасы
Қалмақтан асып қайласы
Қара құшқыл қан болды
Келте-келте сай басы
Қан менен ағып барады
Қалмақтың қиған дегені
Көпшілігі бұл қалмақ
Бірін-бірі басады.
Тұлпарменен кер шабақ
Кеселеп басты белінен
Илия қуып жетеді
Ер Сайымның ізінен
Жол болсын батыр ер деді
Қаннан бейнет өлім жоқ
Қаннан келген елшімін
Сөйлесейік кел деді.
Атақтарың кім болт
Жасырмай айтып бер деді
Мұқтаж болды қанымыз
Кім боласыз өзіңіз?
Сайым
Сайым сонда қарады
Құртқа айтқан белгі бар
Қызды тани қалады
Аумин деді шырағым
Өз жөніңді жасырмай
Әуелі айтшы қарағым
Түріңді аңдып қарасам
Ұқсамайсын еркекке
Илиямысын шырағым
Аттанарда Құртқа жан
Айтып еді өзіме
Ат пенен түрің ұқсайды
Сонда айтқан сөзіне.
Илия
Илия сонда күледі
Асыл төрем ер деді
Ғашық болып қан жұтқан
Сол Илия мен деді.
Көп кідірер жағдай жоқ
Өзіңе өзің берік бол
Әліде де келет ауыр қол
Жетпіс екі балуанмен
Жібереді темір тор.
Қапыл түсіп қалмаңдар
Қобылан менен Илия
Ишарат қылып көрісті
Бірін-бірі танысып
Сол арада білісті
Кетті кейін Илия
Алыптың барды жанына
Көргенін баян қылады
Қобылан Сайым ер екен
Қырымнан шыққан екеуі
Қанды судай кешіп жүр
Шыдатарлық ер емес,
Мың кісіні көрмейді
Бір кісідей көзге іліп
Тобылғы менді тор атты
Алдында жүрген Қобылан
Жасы жиырма шамасы
Артында жүрген Ер Сайым
Қырыққа келген түрі бар
Бұл екеуі сау жүрсе
Жан қалмайтын түрі бар.
Амалың болса қанымыз
Енді қылып қалыңыз
Екпінінен қорқып
Шықпай келді жанымыз.
Алып
Разымын балам деп
Сендей елші табылмас
Бұл соғыстан маған кедет
Разы болдым өзіңе
Теймай қарсы барған соң
Жаудан хабар алған соң
Өз қасымда бол деді
Қан қасына алады
Тағыда төрт мың әскерге
Бер деп жарлық салады.
Шынжырменен байлаған
Босанса бүлік салар деп
Дәулет бар еді ойлаған
Жетпіс екі палуан
Әрқайсысының қолына
Тоғыз қабат темір тор
Алың деп әмір береді
Қобыланды байлап бер
Көңілімнен тарқасын
Бүгінгі күнгі хапа шер
Дұшпанды байлап әкелсей
Сендерге азат беремін
Осыны айтып босатты.
Байлауда тұрман ерлерін.
Жан торығып сасады.
Күргенде мұның түріненастарына піл мініп
Жүре берді өздерің
Шаң үстіне шаң басты
Бір-бірінен батырлар
Кептігімен адасты
Еселеп келген әскердің
Тағыда көріп шапқанын
Қыдырқан сонда сөйледі
Лайық болмас жігіттер
Қоста тыныш жатқаным
Бұрқасын мен Шыныбек
Аттарыңа мініңдер
Қоста қалың оныңыз
Отызың бірге жүріңдер.
Не салғанын Алланың
Бүгінгі күні көрерміз,
Ажалды болсақ өлерміз,
Бейнетті болсақ бөлерміз,
Қайырмады жігіттер
Аллалап атқа мінеді
Нұрқасын мен шыныбек
Қыдырқан мен нысабай
Бастап алды төртеуі
Жауға бұлар тиеді
Шыныбек пен Нұрқасын
Жауды қырып оқ атты
Оғын қардай боратты.
Батырларды көре алмай
Аттарын шауып булатты
Ер басына мың кісі
Санағанда келгенде
Құран болды Алып қан
Бары батыр неме екен
Біздің әскер байқасам
Бір қоғажай шөп екен
Шыдатар емес қарасам
Қырымнан шыққан қырық батыр
Естуім бар ет сыртынан
Бас қосқан екен тегістен
Дым қалдырмас бұлардың
Түрі жаман тұрыстан
Манағы келген жетпісін
Қобыланды ортаға
Аңсыз жүрген алады
Тоғыз қабат тор тастап
Батырды байлап алады.
Тор ішінде қозғалмай
Ер Қобылан тұрады.
Тұс-тұсынан тартады
Қозғалта алмай тақымын
Толқымай тор ат тұрады
Төрт тағандап жануар
Ақырды сонда Қобылан
Қайдасын Сайым кел деді.
Аңсыздықтан байланып
Түстім торға мен деді.
Даусын естіп сонадан
Нұрқасын мен Шыныбек
Қыдырқан мен Нысанбай
Түбімен жетті бұл жерге
Ердің көріп тұрғанын
Байланып қол қалғанын
Шыныбек сонда ақырды
Қырыл деп жігіттер
Қобылан үшін қан төгіп
Байланыпты арыстан
Дін дұшпаным тұр төгіп
Жаным құрбан жолына
Түсірмей жылдам алайық
Жау кәпірдің қолынан
Жігіттер жауға қаптады
Тартынып атын тартпады
Сайым да келді бір жақтан
Сұр шабақты бұлаған
Қобыланның дауысын
Естіп батыр қараған
Нар кескенді қолға алып
Тор ұстаған дұшпанға
Тиді батыр оңдалып
Торды талқан қылады
Сайым шапқан көк алмас
Шіркін боздай көрмеді
Болат арқан темір тор
Дал-дал қылып қияды
Қобылан да қозғалып
Босанып тордан ұмтылды.
Жетпіс екі палуанға
Ашуы келген Қобылан
Бүркітше тиіп жүреді
Найзаменен шыдатпай
Ат үстінен түседі
Торша аңсыз түскенге
Іші оттай күйеді
Ашуы келіп долданып
Қорамсаққа қол салып
Суырып алып көк жебе
Оны байлап тізеді.
Бүркіттей болып пілінен
Құрқырап ұшып құлады
Амалы аспай пайдаға
Бет-бетіне тарады
Жетпіс екіге келгенін
Біреуін шашау жібермей
Сол арада қырады.
Мұны көріп алып қан
Сақалын жұлып жылады.
Жігіттері жиналып
Амандасып батырдың
Қал жайын сұрады.
Есептесе Ер Сайым
Сегіз жігіт жоқ екен
Қоста нешеу қалды деп
Шыныбектен сұрады
Қоста қалды он жігіт
Жаудың түрін көрген соң
Қауышам деген сіздермен
Бізде жоқ-ты иш үміт
Отызымыз келгенбіз
Кім бар кім жоқ белгісіз
Осы арада бас қостық
Қобыландыдай батырдың
Торға түсіп шақырған
Даусын естіп ат қойдық
Тірі жүрсе бар шығар
Түгендерміз артынан
Қазір қайдан табылар
Қобылан сонда сөйлейді
Жігіттер қайтың қосқа ат
Алланың болар жазғаны
Неде болса саспа деп
Бір тәуекел Аллаға
Сайымменен екеуміз
Жау шамасы байқалды
Ажалдың уы тимесе
Берерміз жауға сыбаға
Қос жағына мықты бол
Қайтыңыз енді шын аға
Сайым менен Қобылан
Ерлерін салып алдына
Қайтарып кейін барады
Қашаған қуған адамдай
Қобылан мен Ер Сайым
Қамаған жауды қуады
Қалың түнек тұманнан
Шығарып салып бұларды
Қайтадан шапық екеуі
Тарқатпай жүрген құмарды
Сонда сөйлейт Қобылан
Соңы қандай болады
Жаудың тобы тым жаман
Қайтсақ олжа болар ет
Бұл сапардан енді аман
Қайда екен сегіз жолдасым
Аман болса жарар
Өлгеніме өкінем
Олар аман сау болса
Неде болса өз басым
Қимылдай көр Сайеке
Сақтаулы күшің қалмасын
Ажал жетсе көрерміз
Сағым шалған қыр басын
Екі күннен бұл асты
Жау жалғасып ұласты
Артымды бағып өзің жүр
Аңдығаны мен шығар
Қорыққанменен қояма
Мезгілі жетсе жан шығар.
Бет алдыммен жүрейін
Көп болмақ түгіл сан болсын
Қызығын мұның көрейін
Осыны айтып Қобылан
Жауға тиді есіріп
Шапты торат жазылып
Төрт аяғын көсіліп
Көк алмасын алады
Оң мен солға сіптіріп
Батыр шауып қарады
Қолына алып қылышты
Ұлғайтты батыр қырысты
Тебінгісін терлетіп
Өтетті ерлік өрлетіп
Түтігіп түсі бұзылып,
Түйдекпен тұрайын топ болса
Төзе алмай кетті бұзылып
Жау да болса сүйінді
Көргені бұған қызығып
Анда-санда қояды
Батыр қатты ақырып
Жүрегі ұшып көп өлді
Қайғыланып аһ ұрып
Қанды суға жіберді
Сонша төгіп сапырып
Анда-санда қояды
Бармысын Сайым шақырып
Астына мінген тор аттың
Жарауы түсіп желікті
Ауыздықпен қан ішіп
Қан ішкен сайын елікті
Сымбатына көз салса
Сырлап жонған сырықтай
Мойнына көз салса
Қобылан жонған уықтай
Баын жерге иеді
Жауға батыр тыныштпай
Желігіп асып тиеді
Артында жүріп Ер Сайым
Бұда қарап жүрген жоқ
Ерлігін ердің сүйеді
Найза қылыш бес қару
Шапшаңдығы кім сондай
Көз ілеспей алады.
Қандай келсін ыңғайға
Келгенімен салады
Саржасын тігіп атқанда
Он-онбестен жапырып
Жауды өшігіп қырады.
Алып
Алып тағын шақырды
Елшіге барар баласын
Өзіміздің адамға айтып
Ашсын бұдан арасын
Аждаһаны жіберем
Болмас деді өзгеге
Бастарын бағып қарасын
Қамданды сонда Илия
Күреңді мініп алады.
Қырмызы қызыл киініп
Тағыда кетіп барады
Аралап жаудың арасын
Халқына хабар салады
Қобыланменен Сайымға
Қарсы келіп тұрады.
Танымай қалып Қобылан
Найзасын алды үйіріп
Илия қорқып бір састы
Сайымға қарап бұл қашты
Араға түсті Ер Сайым
Танымай батыр оның не
Елшіге бейнет өлім жоқ
Тоқтай тұр деп айтады
Біреу сезіп қалар деп
Келіп тұрған Илия
Ат үстінен сыпырылып
Не хабары болар деп.
Илия
Илия сонда сөйлейді
Жау тарайды қума деп
Қаптатарын жыланды
Бастарыңды қорға деп
Атсыз жаяу тұрыңдар
Сонда болар бір амал
Атқа жазым қылар деп
Айтты да шауып жөнелді
Кідірмеді деңіне
Араласып қалмақтың
Қашың деді көбіне.
От шашып келет аждаһа
Жерді сабап ысқырып
Торша ат пен кер шабақ
Жер тапиды пысқырып
Аттан түсе қалады
Қоя беріп екі атты
Екеуі жаяу тұрады
Етек-жеңін түрініп
Жыланмен ұрыс салады.
Шыдатпады екеуі
Дал-дал қылып қырады
Ұстап беріп басшысын
Былғап жерге Қобылан
Құйрығынан ұрады
Басшысы қолға түскен соң
Қалғаны қашып барады.
Тауға кетті басын бағып
Алып көріп зарықты
Қоймас деп мынау халықты
Басын жерге сабады.
Сақалын жұлып жылады.
Төрт күннен бері тынбаған
Орыстың көрдім мұндайын
Аждаһаны шыдатпай
Нешік амал қылайын
Жетпіс екі палуанды
Талқан қылып мұны алды.
Енді алмаған не қалды
Шығайын өзім мұнымен
Кәрілік жеңіп кетпесе
Бір тарқатып құмарды
Артық емен халқымнан
Он сегіз жасар Қасарма
Ғайып болды көзімнен
Тірі өлісі белгісіз
Артықпын ба солардан
Менде өлейін ізінен
Елшіні бала шақырды
Жеті күн дәулет берсін деп
Ат жүрмеді өліктен
Тоқтасын батыр желіктен
Қамтамасыз боласын
Қалқанымды жияйын
Тілегім берсін сұраған
Іркілмей балам бар соған
Қамданды сосын Илия
Қандай заман болат деп
Мінді қара жорғасын
Өлімге байлап аянбай
Жүр Илия бір басын
Батырларға баяндат
Қанның салған қолқасын
Сөйледі сонда Илия
Батырлар енді сақтаның
Өзі шығат майданға
Құдай жөнін бермесе
Оңайсынып ойланба
Жақындаспа өзімен
Құдай ұрсын ізінен
Амалы көп істеген
Қашса қуып жүрмеңіз
Бүркелмелі қандек бар
Жебелі қорған түрі бар
Қазған терең оры бар
Сақ болыңыз осыдан
Бірге жүрмін ішінде
Шошынып жаным қорыққан
Аман қайтсаң игі еді
Болса барып жорықтан.
Жасып отыр жасқанып
Жанына батып ел жұрты
Уайым шеккен емес ет
Бұл жалғанда талығып
Амал құрып таусылды
Уайымы ойлаған.
Алам дейт қайтып нағылып
Айтып болдым жігіттер
Қайтамын деп ізімнен
Не дейсін қанның сұрауын
Сонда Сайым сөйледі
Жазғанын алда көрерміз
Арта берсін сенімің
Сен келген соң амал жоқ
Сұрағаны жеті күн
Дем алу болса берер
Амалын тапсаң келіп тұр
Хабарын бізге беріп тұр
Тілек бірге шырағым
Бара бер деп Ер Сайым
Батасын беріп қалады
Жайшылықпен сөйлесіп
Қобыландыны көрген соң
Қыздың көңілі тынады
Қош айтысып бұлармен
Аттың мойнын бұрады.
Арада бітім болған соң
Туын жинап долданып
Жамылып қара басына
Қалғанын ертіп қасына
Қаласына қайтады.
Қобылан Сайым
Қобылан Сайым бұдағы
Қайтқанын көріп бұлардың
Қосқа қайта жүреді
Ердің көріп аманын
Алдынан шығып жігіттер
Қуанысып қалады
Жігіттерден Қобылан
Жоқ сегізін сұрады.
Айта алмай сонда бөгеліп
Шыныбектер тұрады.
Жоқтығын біліп жігіттің
Атынан түсіп Қобылан
Жер бауырлап құлады
Аз кісіге көп қырған
Мұны да батыр санады
Қасарма қайда жатыр деп
Жігіттерден Ер Сайым
Қатты айқайлап сұрады
Шұқырда жатыр Қасарма
Неше күннен бер қарай
Естіген соң шошынды
Батыр Сайым төзе алмай
Жүгіріп өзі барады
Шұқырдан тартып алады
Қол аяғын босатып
Амандасып тұрады.
Қасарма
Амандасып ерменен
Қобыланның жатқанын
Ер Қобылан қайда деп
Сайымнан сонда сұрады
Сайым сонда айтады
Әне жатыр батыр деп
Аз кісіге көп шығын
Сегіз батыр жоқ болды
Уайымдап соларды
Келген соң естіп жатыр деп.
Қасарма
Сайымменен екеуі
Қасына ердің барады
Сонда сөйлет Қасарма
Ажалы жан қайда өлмейт
Тірі жүрсе жалғанда
Ердің басы не көрмейт
Өткен іске өкініп
Батыр мұнша қайғырма
Басыңды көтер сен деді
Ел-жұртымды қыдырып
Байлаулы жаттым жеті күн
Ажалым менің жоқ шығар
Құдай қосса досым деп
Ерлігіңе сенгенім
Ұрысқалы жеті күн
Бүгін қайтып келгенің
Менде өзіңдей ер едім
Екі аяқты бір басты
Жанға болман дер едім
Бағым тайып басымнан
Халқымның кетіп қасынан
Қол-аяғым байланып
Шоқырға түсіп қалғаным
Көтермейтін жан барма
Рас болса Қобылан
Алланың басқа салғанын
Байланып мұнда келген соң
Молдадан нысан үйрендім
Ақтың жолын анықтап
Құдай берді құрын ішін
Білдім кәмал мен танып
Мұхамедтің дініне
Ықлас қойдым шын нанып
Достық қайда көңілің
Көрісейік көңілің
Көрісейік Қобылан
Енді екеуміз қолды алып.
Қобылан
Көтеріп басын алады
Құшақтасып көрісіп
Амандасып тұрады
Ақыреттік доспын деп
Қатемді өт деп сұрады
Аз ғана күн бе бірге
Кездестірдім Қасарма
Көңіліңде қалып жүрмесін
Күнәмді кеш деп өтінем
Әл шықпай шаршадым
Ойға алған ісімнің
Шығармын қашан шетіне
Айналдырған қырық кісі
Сегізі өліп қалған соң
Аз жара болмай өзіме
Жатыр едім қайғыланып
Елге аман барайын
Күн болса ертең не дермін
Атасы мен анасы
Алдымнан шығып жыласа
Жасымнан жауға шыққан
Жаралы болған жоқ едім
Жаудан қалып жолдасым
Қаса жаман қорғайды
Қысылған жерде өз басын
Қалғаны аман болса да
Шүкір етем Аллаға
Айтқан сөзің дұп-дұрысы
Құтылмайт пенде жазғаннан
Күнәмді кешсең мен риза
Шұқырға түсіп қалғанға
Достым дедім Қасарма
Екі болмас сөзімнен
Не десеңде ерермін
Осы сапар ізіңнен
Жеті күн мәулид сұрады
Алып ағаң өзіңнен
Мәулітін беріп қайырдым
Дос пенен қастың арасын
Батыр айтқан сөзіңнен
Оқыласың танылды
Айрылды сөзіңнен
Қасарма батыр кеңесіп
Қобылан Сайым үшеуі
Жатты ерлер тынығп
Ертеңгі күн барады
Жеті жігіт бөлініп
Сегізін өлген табады
Арулады ақ жуып
Бұйырған жері осы деп
Намазын оқып қояды
Аттарын ердің баптады
Мұқалған қару найзасын
Күдігін құрып ер Абжан
Кемсін жерін таптады.
Батырлар дем алып жеті күн сол арад жаты. Қасарма батырдан түрлі жағдайдың барын түсініп көңілдерін көтеріп ойнап-күліп жата берсін.
Алып
Хан Алып та арланып тағыш шықты
Жиынып бар қаруын алды бойға
Тағыда майдан асып жекпе-жектен
Майданға өзі кірді жеке келіп.
Қобылан
Батырда әзірленді мұны көріп
Жігіттер қарауылда хабар беріп
Тобылғы жеңді торатты
Алла деп ерін салады
Бес қаруын байланып
Алыпқа кетіп барады
Тапсырдым деп Құдайға
Батыр Сайым қалады
Майданда тұрған Алыптың
Қасына барып Қобылан
Барса Алып тұр екен
Найзасын жерге таянып
Күйінгеннен төзе алмай
Көзі жасқа боялып
Қаңғырып келіп қазағым
Ел бүлдірген нең деді.
Елемей қалып әуелде
Қапы қалдым мен деді.
Қасарман нағылдың
Айтшы соны сен деді.
Қобылан
Асба деді Алыбым
Азайған шығар қалығың
Біткен шығар жеріңнің
Қанменен аққан жарығын.
Қасарманы не етерсін
Алла тізгін оңғарса
Сен залымсын имансыз
Жаһаннамға кетесін
Сендей талай менменсініп
Лебімен қазан пісірген
Менің атым Қобылан
Тағынан шаншып түсірген
Басыларсын Алыбым
От жанып көңілің сөнген
Мұсылман кәпір болған
Орындалмай келе атқан
Сен едің жалғыз арманым
Беріктікке жан сақтап
Өзімнен бөтен жан жоқ деп
Ешкімді көзге ілмедің
Алдыңа келді енді Алып
Алмамбеттей қасыма
Орынсыз зәбір бергенің
Есімнен менің қаларма
Алты жасар күнімде
Айдалада кездесіп
Өлтірем деп Шөгенің
Сол кек үшін келгенім
Алшағыр мен Бабақан
Бар сенгенің Көбікті
Естіп пе едің егенін
Білмей тұрсын сен Алып
Шамыңның жаққан сөнгенің
Таусылғаның емес пе
Майданға өзің келгенің
Халқың көріп түңілер
Жемтігіңді итің жеп
Салбыратып басыңды
Байтерекке келгенде
Астындағы ақ тобық
Алла қосса менікі
Асылдық болмас бұл сөзім
Құдай деген ер едім
Исламның ері үшін
Халқымның байтақ қаны үшін
Сары арқадан келемін
Етек кесіп жең болмас
Ежелгі дұшпан ел болмас
Өшпеді деп тауыңнан
Мақтанасын Қырымды
Өтіп келген мен едім
Жер қобасы сен едің
Нағып тұрсын сен шыдап
Ұрысам десең кел деді.
Алып
Ашуланып долданды
Қобыландай батырға
Аңсыз тұрған кезінде
Толқытып найза бұл салды
Қобылан шапшаң ер еді
Найзасын тәнге тигізбей
Балтамен қағып жіберді
Найзасы сынып Алыптың
Аспанға ұшып барады
Екеуі келіп ұрысты
Қарсыласып қағысып
Түрлі амалын қылысты
Найза қылыш жұмсады
Қарудан пайда бола алмай
Екеуі біраз жүреді
Екі жақта тұрған жан
Ұрысын көріп бұлардың
Қайран болып тұрады
Найза сынса жаңалап
Жеткізіп тұрды бұларда
Біраз заман жүрген соң
Алып қарап батырға
Е Қобылан балам деп
Дұшпан да болсаң күшің тең
Қолға алған қаруым
Түк қылалмат саған да
Сүйегің болат шыны екен
Өзіммен теңген сен
Қарудан болмайт еш пайда
Жерге түсіп қаралық
Белгі етіп жерді сызалық
Арқан байлап белдесіп
Тартысып сөйтіп қаралық
Өткізіп тартып сызықтан
Күші жетіп кім алса
Бағынып соған тұралық
Көресін қалай сен деді
Қашатұғын ер емес
Мақұл деді Қобылан
Аттан түсе қалады
Айғай салды қан Алып
Артында қалған халқына
Тоқсан құлаш Торарқан
Тоғыз қабат сол арқан
Алғызып алып салады
Жерді сызып қамданып
Белдеріне байланып
Екеуі барып тұрады.
Сонда алып сөйледі
Ер Қобылан сен деді.
Әуелгі кезек менікі
Соңғы кезек сенікі
Мақұл десең ақырып
Берік болып тұр деді
Ер Қобылан естіп
Бұйырқанды ұрсанды
Мұздай темір құрсанды
Аруағын шақырып
Салмағн жерге салады
Бөкседен жерге енді-енді
Батыр кіріп барады
Су өгіздей өкіріп
Тауда жүрген арқардай
Тартты алып секіріп
Қозғалта алмат қарында
Қалдыма деп шамданып
Соншама дұшпан бекініп
Кәрілік жеңіп кетті ме
Алпыс үшке келгенде
Батырғандай баланы
Тартып жерден ала алмай
Дауренім бастан өтті ма
Осыны айтып қан Алып
Нар бурадай бақырды
Күшін жинап бойына
Батырды тартып қарады
Суырды жерден шыдатпай
Түтіккен екен сонда Алып
Тоқтатпастан батырды
Сызыққа алып барады
Жалғыз сүйем бір табан
Жақындады сызыққа
Қамданға шатағын алып
Қожекең жетіп қалыпты
Етегінен берік ұстап
Қобыландының Алыпты
Састым балам мен деді
Жетпегенде тездетіп
Кетіп едің сен деді
Салмағыңды сала бер
Не қылар дейсін қайыршы
Сасқан екен Қобылан
Таужеке келді соңынан
Шалсынып батыр жүргенде
Шалдықтыра жаздады
Намысты беріп қолынан
Тартты Алып ақырып
Арқанды үзіп барады
Екпінімен тоқтамай
Етпетінен құлады
Қайтадан тұрып қан Алып
Тағыда арқан алдырды
Белдеріне байланып
Ақырысып тұрады
Кезегін алып Қобылан
Арқанды тартып қарады
Бір тартқанда ала алмай
Екінші тартты шамданып
Күшін жинап бойға алып
Екі адам жерге қозғалтты
Одан артық ала алмай
Батыр қайран болады
Кезекті Алып тағы алып
Мықты бол деді Қобылан
Қате кеттім деп жүрме
Дауыңды салып соңынан
Қобылан жерге салмағын
Ашуланып салып тұр
Бабасы да жабысып
Арқаннан келіп алып тұр
Қанша Алып тартса да
Қаратаудай салмағы
Қобыланның болып тұр
Бағынан тер құйып
Қаһарланып кәрі Алып
Үш тартып арқан үзеді
Қозғалталмат орнынан
Сосын-ақ күдер үзеді
Қабағын тастай түйініп
Атына барып мінеді
Бұ несі деп Қобылан
Аңқаулықпен тұрады
Уәдесі қайда деп
Атына кетіп барады
Мінді де қашты қуалып
Ойынан шықты қумайтын
Тобылғы меңді торымен
Соңынан қуып барады
Құтылсаң Алып көрермін
Айғай салды Сайымдар
Қума батыр қума деп
Қателесіп қалма деп
Ажал мен бейнет жігітті
Тартпай қоймас ізінен
Екі көзге қан толып
Тоқтамады Қобылан
Қуа берді жетем деп
Қашқан жауға қатын ер
Айырылып қалғанын
Намысын көріп долданып
Жетпедің деп торыны
Қамшымен тартып жіберді
Ашуланып бір салып
Қашты залым жөнімен
Өзінің білген жерімен
Төте қуып тоқтатып
Алдынан шығып тоқтатып
Алдына шауып Қобылан
Басты жайған торынан
Қабаттап қазған орынан
Жанына қамшы батқан соң
Қабаттап салған ормен тұр
Бүркелмей құлады.
Қандекке қазған жолынан
Қашқан Алып қарамай
Қаласына барады
Орда қалып Қобылан
Сонда өкініш қылады.
Қаруым мен торатты
Жау қолына түсер деп
Шығарып тысқа тыстады
Жазғаны деп Алланың
Ер Қобылан саспады
Алып келді жиналып
Ор басына ынталап
Қанын ішіп қанам деп
Қуанып жүр жан талақ
Илия бұрын ілесіп
Батырға келіп қарады
Қару қылмай беріл деп
Ерге ишарат қылады
Тірі жүрсем бір амал
Табармын батыр саспа деп
Жайлап айтып барады.
Қобыланды берік байлап
Жеңген дұшпан алады.
Көзі жайнап жауының
Қолында кетіп барады.
Алып
Шалықтап Алып қуанып
Халқына хабар салады
Қалғанын жинап алды
Бітті деп мықтап арманып
Алпыс екі амалдың
Бәрі бірдей өзімде
Шын қорқып қашты деп
Аңқау Қырым батырын
Орға келіп салғаным
Керегі жоқ ендігі
Қостағы кейін қалғаны
Өлтірсем қалай кек бітер
Шақырып едім сендерді
Осыған ақыл салғалы.
Халықпен ақылдасып қалай өлтіргенде құмарым тарқап кегім бітет деп үлкен кеңес ашты. Әркім әр түрлі ақыл айтып Алыпқа бірі де ұнамады. Қайда елші балам соны шақыр елші балам не дер екен деп Илияны шақыртыпты.
Сонда Илияның толғауы
Алдияр тақсыр қанымыз
Ақылыңа салыңыз
Байлауда тұрған дұшпанға
Қайтсекте келет әліміз
Тез өлтіріп тастасаң
Бітпей бұдан кегіңіз
Шын сұрасаң айтайын
Өзіңіз ойлап біліңіз
Мылтықпен атсаң тез өлет
Оныменен кек бітпес
Дараға асып өлтірсең
Созылып мойыны өледі
Оныменен орнына
Қайсыбір кегің келеді.
Суға салып жіберсең
Батады да кетеді
Балық көрет қызығын
Отқа жағып өртесең
Көмір болып күйеді
Халқың нені көреді
Тілімді алсаң Алып хан
Сексен құлаш зынданның
Түбіне тастап апарып
Аштан өлсін тарығып
Ас пенен су бермейік
Әбден өліп болған соң
Байтерекке ілейік
Кешегі елді бүлдірген
Мынау Қырым демей ме
Сөйтіп көңіл бөлейік.
Алып
Мақұл айтты балам деп
Данышпан сендей табылмас
Қысылған жерде қол бермес
Тіліңді сенің алам деп
Зынданға сал деп бұйырды
Көтеріп алып қырық кісі
Зынданға алып барады.
Өзі көзіңнен салғыз деп
Балаға бұйрық қылады
Апарып тастап зынданға
Я Құдай деп сиынып,
Қателікке күйініп
Қобылан батыр жатады.
Қан қаперсіз халық жайшылыққа салынып еш уайымсыз жата береді.
Илия
Әр дайым түнде соғып батырдың азығын беріп Сайым кездесе ме деп бір қайыршының киімін киіп жүре береді. Бұған аз күнде болса батырдың орда көретін бейнеті Сайым кездесіп соқпады. Илия қанша барып жүрсе де батыр қапа шегіп хабарласпады. Берген тамақты жемей қасына жиып қойып өзінің қателігіне өкініп, енді мұның соңы қалай болар екен деп осымен өткеніме деп уайым шегіп айтқаны:
Қобыланның зары
Жаратқан қадір Құдайым
Асқаны һәм бар шығар,
Кешіре көр қатемді
Өзіңнен жардем сұрайын
Мұсылманның ары үшін
Қатын мен бала қамы үшін
Өзім емес халық үшін
Төңкердім жаудың талайын
Көп тілеуі бұл деуші ет
Халыққа пайдам тигіздім
Жасымнан бермен жасаған
Халықтың көріп көз жасын
Құдайды да сынайын
Ниетім ақ дінім пәк
Қор қылама бұл орда
Бір Алладан сұрайын
Естіп тұрып ұмытып
Еңбегін еш мен қылдым
Илиядай мұңдының
Амалым барма алданып
Жауды қуып соңынан
Жетпедің деп тораттың
Санына қамшы ұрғаным
Жаны ауырып күйзеліп
Аңдамай орда қалғаны
Жасимын ойлап жабығып
Досым Сайым көп жігіт
Жүр екен артта не қылып
Кете алмас Сайым ол тастап
Жүрген шығар керменен
Мені іздеп ұйқастап
Нағып келмейді Қасарма
Сайымды бастап қалама
Түрлі саққа жүгіртіп
Ойлағанмен көңіл ит
Еш нәрседен тынама
Батыр Сайым көп жігіт
Тапсырдым Жаппар Құдайға
У дариға не дейін
Кейінде қалған ата-анам
Қарлығаштай жалғызым
Көкем қашан келер деп
Жолымды күтіп қараған
Көрмесе сағат көз алмай
Қырға шығып қараған
Жас жеткен кемпір жан атам
Болмайма қабыл ақ батаң
Орда жатыр зар жылап
Білмейсін бе жан ботаң
Аман шығып бұл тордан
Қолыңнан қашан дәм татам
Көре алмай кетсем осымен
Қорлықпенен күн кешіп
Жалғызыңды көре алмай
Өткеніңбе ата-анам
Құртқа менен Қарлыға
Ақыреттік жолдасым
Жатырмын орда жабығып
Осы күнде өз басым
Ақылға дана шүйші едің
Білер ме екен ақ Құртқа
Зарығып бөйтіп жатқаным
Ажалдың басып қақпанын
Айтып едің кетерде
Тіліңді алмай ақ Құртқа
Жау артынан шапқаным
Зәбір қылып ешкімнің
Төккен жоқпын ақ қанын
Тоқталар күнге келіп кез
Мінекей енді жатқаным
Илия салып еңбегін
Зарланып жүр бұл байғұс
Күніне екі келгенің
Қалипа Қанла Алмамбет
Алыстан келіп дос қылған
Бір жаратқан құдірет
Оларда зарлап жүр шығар.
Сонша тілек ішінде
Нағылып мұнда жатамын
Қой көңілім сабыр ет
Әзелде болар жазғаны
Я өлім деп я бейнет
Жазған шығар құдірет.
Сайым
Ер Сайым күнде зарлап мінеді атқа
Сыр шашып сөйлемейді бөтен сыртқа
Екі атпан күнде аралап таба алмай жүр
Таң ата қайтып кетет шығып сыртқа.
Кездесіп Илияны көре алмайды
Қырық бір күн дегенде дұшарласты
Илия таны кетіп асыл затты
Білмеді батыр Сайым кетіп барат
Таныды астындағы екі атты
Шақырды ер Сайымды тоқтатады
Жүр екен есін танып Ер Сайым да
Танымай қызды көзі түсірқады
Сөйледі сонда Илия: жүрмісін аға сау-саламат
Егесі қайда кетті торша аттың
Қайғысы не нәрсенің жанға батты.
Жайын айт түнде жүрген жұмысыңның
Білдірші барысы жөнін жұмысыңның.
Қарады сонда Сайым қызға еңкейіп
Танымай қалған екен ер жаңылып
Қарағым Илиямысын сенің өзің
Мұндай іс кездесті деп-ау нағылып.
Мен жүрмін қырық күн болды қайғы басып
Жолынан бұл Қобыланның адасып
Хабарын қандай сенің айтшы маған
Қобылан тірі барма жан шырағым
Бар деді жоқтағаның аға сенің
Бейнетім аз болмады көрген менің
Тұрғанда біреу сезіп көрер деді
Соңымнан көп кідірмей ерің менің
Ерсайым я Құдайлап ере берді
Басына жатқан зындан келді бұлар
Иісін ердің біліп ат жануар
Кісінеп оқыранды торы тұлпар.
Дыбысын аттың шыққан батыр біліп
Ақырып Ер Сайым деп дауыс салар
Дауысын ердің естіп Сайым түсті
Жалғызым аманбысың, денің саума
Арқаннан жылдам ұста шығарайын
Сезбесін ешбір адам осы маңда
Арқанды салбыратып салды Сайым
Е Құдай бергеніңе мың шүкір деп
Арқаннан ұстап алды тұрған дайын.
Суырып сексен құлаш бұл зынданға
Жарқырап жаңа туып күн мен айың.
Сайыммен құшақтасып көріседі,
Амандық бастан аяқ біліседі
Көрісіп Илиямен амандасты
Қателік еткен іске күліседі
Жүрейік енді батыр көп кідірмей
Қалар деп біреу келіп деді Сайым
Қаруы сауыт сайман Қобыланның
Қоржында салулы еді бәрі дайын.
Киінді Ер Қобылан түк айтпастан
Ерттеді торша атты қайта қарап
Құдайдан бір жаратқан жәрдем сұрап.
Қорлығым естен кетпес мұнан көрген
Жөніме кете алмаспын енді қарап.
Қыз айтты қойың батыр жөні келмес
Барайық қосқа кейін осыменен
Ат тоқым менінде әзір тұрған дайын
Қобылан тыңдамады мінді атқа
Қан жатқан шаба берді сол қақпаға
Сайым да ала алмады бірге кетті
Қақпаға сол бойымен келіп жетті
Ат үсті тұтқасынан жұлып тастап
Қақпаға ер Қобылан кіріп кетті
Қарауыл қара басып қалды сасып
Екі жүз адам екен құты қашып
Сайымға осыларды жайғастыр деп
Ордаға Алып жатқан қадам басты
Суырды я Алла дер Ер Қобылан
Белінде жау жарағы көк алмасты.
Алыпқа ұйықтап жатқан кіріп барды
Жатқанда шапсам ұят болады деп
Білсін деп Ер Қобылан айқайлады
Шошыды ұйықтап жатқан Алып сонда
Батырдың ащы шыққан дауысынан
Көтеріп басын алып түре келді
Бүркіттей алғыр қыран ашуланып
Үстінен ер Қобылан барып төнді
Көтеріп Қобыланды түре келді
Залымды жан ұшырып арпалысып
Қобылан қалды екеуі сонда алысып
Үстінде алтын тақтың болды ойран
Сайым да келіп қалды сырттан жылдам
Батыр мен ер алыпқа көзін салған
Екеуі опыр-топыр болып жатыр
Қауіпті дұшпан еді деп осы залым
Ер Сайым қадам ұрып келе жатыр
Көк өткір қанжарын қолына алып.
Алыптың салды келіп жүргеніне
Енінің шықты барып түйгенінен
Аһ деп тақтан құлап кетті Алып
Сүйрелеп тепкіледі жерге салып
Алыптың басын кесіп қанын ішіп
Қобылан демін алды кегін алып
Қатыны жүгіреді айғай салып
Қолына алты құлаш семсер алып
Алыптан не қылам деп тірі қалып.
Ер Сайым тартып қалды қол оқпенен
Маңдайдан атқан оғы кетті жарып
Екеуін айқастырып жерге тастап
Алыптың сыртқа шықты басын алып
Қалаға хабар тиіп қалған екен
Жаң болды көше бойы айғай салып
Алыптың басын іліп бір терекке
Қобылан жетті сонда айтқан сертке
Ұрысты екі батыр түніменен
Көшеде қуып жүріп жөніменен
Адалың босқа өліп кетпеңіз деп
Жалғаннан қапа шегіп өтпеңіз деп
Кешегі қолға түскен мен Қобылан
Қуамын өшіккен соң жау соңынан
Өлтірдім Алыбыңды өз қолымнан
Көріңдер теректі тұрған басын
Бекерге босқа өліп не қыласын
Майдын жоқ тар көшеде болған ұрыс
Бұл болды айтарлықтай үлкен ұрыс.
Жан сақтап ақылды үйге кірді
Ақымақ ажалдысы босқа өлді.
Сайым мен Қобыланға не шақ келсін
Шаһарды толқындырып жаман қырды.
Қырмас ет оқ атады қарсыласып
Алыптың өлгендігін білмей халық
Бүлінді осы түнде қырғын басып
Күн шығып сәске болды сол уақытта
Қалған соң таң атуға батыр Сайым
Бір сұмдық болған шығар ерге деді.
Жігіттер лайық па тек жатуға
Қалындар қоста оның ие болып
Жүріңдер қалғандарың маған еріп
Қасерме жігіттерді жүрді бастап
Шыныбек ортасында туын ұстап
Қалаға жақындас көрді тозақ
Айқай шу қала арасы үлкен тұман
Ұрыстың болғандығын бұлар біліп
Қасарма я Алла деп қойды атты
Жігіттер ізімнен ер бөлек шаппа
Қазулы ор қандегінен Құдай сақта
Айқайлап ұран салды енді бұлар
Бет алды жайсыз болды кіоген жерден
Құтылмайт қашқан адам Қасарма ерден
Оғына онан байлап құлатады
Қасарма нағыз палуан шын мерген
Таныған Қасарма халық көріп
Жаным-ау не болды деп қасына ерген
Мен десең туқта халқым ұрыс қылма
Айтамын ақыр жайын сендерге өзім
Түсінген тоқтап қалды басын бағып
Батырлар келіп жатыр шыдатпастан
Дұшпанды қарсыласқан шөптей қағып
Қобылан Ер Сайыммен душарласты
Қос тұлпар астындағы судай ағып
Көргенсін бірін-бірі тұрды қалып
Көрісті құшақтасып естен танып
Сұрасып амандықты жігіттерден
Бәріде ер қасына тұрды жылап
Қасарма бар жағдайға алды қанып
Қабағын бір шытпады есіне алып
Ей достым ренжімен бұған деді
Өзіне өзі қылды ағам деді
Берейік тең келсе тегін деп ем
Көнбеп еді әуелден-ақ маған деді
Халықты босқа қырып тауыспайық
Кейін де ел керек қой маған деді
Халыққа жар салайын түсіндіріп
Ұнаса бел айтқаным саған деді.
Қобылан
Сен едің ақыреттік сүйген достым
Бейнеттің бір азғантай көрдің тосын
Өлтірдім ашуменен мен Алыпты
Көңіліңе сен алмадың мұны деді.
Доспын деп айтқан сөзім Құдай аты
Көңіліңде ешбір болмас мұның даты
Халқыңды түсіндірде өзің тоқтат
Кінәсіз болсын мұның кейінгі аты.
Біз саған билік бермей не қылайық
Халқыңды жинап алып өзің тоқтат
Қозғалмай осы арада ал тұрайық
Қасарма разы болып алды қолын
Оңғарды ер тілегін болып жолы
Айқайлап шаһарына ер Қасарма
Тоқтаң деп хабарлады сонда тұрып
Қасарма менің атым елден кеткен
Құтылмай келген кезі нәубеттен
Ей халқым сабыр әйләп тоқтап тұрың
Ажалы қан Алыптың бүгін жеткен.
Батырмен бітім болды тоқтап ұрыс
Тастаңдар қаруыңды қылып тыныс
Қасарманы дауысынан халқы танып
Алыпты өлді деген естіген соң
Жабырлап көріп жатыр халқы барып.
Тоқтады осыменен соғыс арты
Бағынды Қасарма да байтақ халқы
Таратып бет-бетіне қалғандарын
Орындап әр көңілде армандарын
Қасарма ертіп жүрді енді ізінен
Қасында тұрған мейман қонақтарын.
Әкеліп өз жайына енді батыр
Жабырлап халқы шулап келіп жатыр
Қостағы қалғандарды алып кел деп
Жіберді кісі қосып екі батыр
Басына дарбазаның шығып тұрып
Халқына баяндады қайта батыр
Әй халқым тыныштықпен жатың енді
Қорқыныш жаушылық жұт кейін де өзі
Жау түбі бітім деген айтқан жоқ па
Кең бітім келісімді болды өзі.
Қауіпті қашқан халық неше күндей
Кім өлі кім тірісін өзі білер
Білеме тосын адам басқа келмей
Құрысын Алып өлсе онан арман
Халыққа тыныштықты жоқты салған
Құтылдық бір пәледен жөнсіз айдар
Қасарма ондай болмас деп бір ойлар
Шал кемпір күбірлесіп шаруа жағын
Жанар енді елдің шам-шырағы
Қобылан Қасарма мен бағытты бол
Шырағым тыныштықпен тілегіміз,
Батасын беріп тарат бір парасын.
Әңгіме
Қаладағы ұрыс басылғаннан кейін батырлар демін алып шаһарының ішіндегі қырғыннан қаза тапқан адамдардың өліктерін жинап шаһар ішін толық тазартып болғаннан кейін ерлер басын қосып кеңесіп шаһар халқына Сынамбай молдадан үйретіп сол шаһарға жеті жерден мешіт салдырды.
Өлең
Қобылан ер қасарма батыр Сайым
Сейілге күнде шығат құрал дайын
Қасында сансыз ерген жолдасымен
Танытты тау менен тас көлдің жайын
Аралап аң атады таудан ерлер
Көтеріп көңілдерін жүрді ерлер
Салдырып жеті мешіт жеті жерден
Жұмылды ықласпен тамам елдер
Молдада дамыл таппай дін үйретіп
Халыққа уағыз айтып халын сөйлер.
Батырлар кеңеседі тағы бір күн
Алмамбет қанды алдырып той жасалық
Келгелі бес-алты айдың жүзі болды
Кейінге қайту мақұл болар енді.
Хат жазып Алмамбетке Қобылан ер
Қасарма батыр Сайым бұлармен бір
Жағдайды бастан-аяқ түсіндіріп,
Келіңіз тегісімен кешікпеңіз,
Тойымыз сізді күтіп отыр қаным
Қалипа қаншаменен бұл қалмасын
Тыныштық болды жайлы ер арасың
Қалдырма жанға серік жолдасыңды
Жігіттер ер көңілді келсін тағын.
Хан сайлап халық өзгереді бұрынғыдай
Келіңіз ыждихаттап енді мұнда
Жіберді Шыныбек пен Қыдыр ханды
Қасына ертіп жолдас елден алды.
Жүз кісі шақыруда аттанысып
Жол тартып Алмамбетке кетіп қалды
Арада бірнеше күн бұлар қонып.
Еліне Алмамбеттің жетіп барды
Топпенен барсақ бізден шошиды деп
Алдынан екі жігіт хабар салды
Қуантып Алмамбет пен Қаншалы.
Саны жоқ бұл екеуі сүйінші алды
Торығып жатыр екен Алмамбет хан
Шықпаған кеудесінен құр шыбын жан.
Кеткелі екі ай он үш күн болыпты,
Сарғайып запырандай жүз солыпты.
Есітіп қуанышты толды қаным
Басына қайта келіп өткен бағың.
Жар бол деп орынан түре келді
Құтты мұсылманның аруағы.
Қыдырқан Шыныбекпен көрді көзі
Көрісті жылап тұрып бұларға өзі
Саулығын Қобылан мен батыр Сайым
Есітіп орнығады көңілі өзі.
Сол Алып шын өлімде айтшы маған
Қайталап түсінейін айтшы маған.
Әңгіме
Алмамбет қуанғаннан Қараша халқына хабар салып екі күнде жиналып жүріп болды. Күні-түні қатып сансыз ауыр қолмен Алмамбет хан келіп жетті алдынан құрметпен Қасарма қарсы шығып күтіп алуға даярланды. Қобылан Сайым бұларға келе жатарсын деп кідірмей алдынан жүріп кетті. Жақындап келіп аттарын тастап жаяулап батырлар қол қусырып ханға сәлем берді.
Алмамбет
Аманбысың балаларым
Сендерден хабар ала алмай,
Шаққа төзді жандарым
Аман – есен жүрмісің
Қобылан Сайым қарағым
Қайыры болғай артының
Алыптың бұзып алыпсыз
Жан бұзбаған қорасын
Өсе берсін бақтарың
Халық үшін туған құралың
Бұл жалғанның жүзінде
Адамға болмас деуші едім
Ауатын күні келгенде
О, дәулет екен шырағым
Жерде жатпас тыныштап
Шойын менен қара тас
Қоса көмбей өзіне
Желікпен ерткен жоқ еді
Қорқытып ертті халықты
Қорлық беріп өзіне
Әркімге де бір зауал
Деген сөзі бұрынғы
Рас екен өзі де
Қасарма ғадел жан болар
Дүниеге қызықпас
Парасатты паң болар
Алыппенен бір туды
Дегенменен Қасарма
Бір адамның баласы
Қарап тұрсаң әр түрлі
Дос болыпсың онымен
Халықтың тұтқа ерімен
Айтқанынан қайтпайтын
Сондықтан аты Қасарма
Алыптың қойған аты еді,
Айтқанына көнбеген
Халыққа зәбір бердің деп
Қарсы шығып алдына
Айтушы едің көлденең
Аққа зауал жоқ деген
Қалыпты аман Қасарма
Алғыс алған ер еді
Қайырлы болсын шырағым
Қобылан Сайым қос балам
Жәрдем болған алладан
Ел жақта да көп шығар
Сіздерді аман келсін деп
Күндіз – түні зарлаған
Жақын жерде отырып
Сөзім дұрыс, көңілім ақ
Келіп хабар ала алмай
Сендерге көмек бере алмай
Жылаудан басқа не болсын
Қолымнан келген күшім сол
Айтқанымнан қайтпаймын
Жалғыз қызым Қалипа
Жолдарыңа арнаған
Төрт түлік жатқан малымды
Кеудедегі жанымды
Атамаған қалмаған
Бүгін ажал жетсе де
Өкінбеймін алладан
Немді аяп бұдан қалайын
Қобылан жалғыз баладан.
Ақ батамды берейін
Қолдарың жай балдарым
Біз тілекші артыңда
Кемпір менен шалдарың
Бола берсін шырағым
Жорытқан сайын жолдарың
Мұнша қырғын соғыста
Шығын болмай тұрар ма
Шайыт болған сегіз ер
Иманы болсын жолдасы
Ойламаңдар балларым
Топырақ жазған жер шығар
Жақсы жалғыз біреудің
Қадірлі сондай жан шығар
Уайымнан түк өнбейт
Ойыңнан балам сен шығар
Өкініпсің тұрмапсың
Сайымның тілін алмапсың
Қателік балам ол жерің
Оныменен амандық
Табыла бермес жігітке
Сынаған адам сезбей ме
Жарамайды шырағым
Астана сенен дәм етет
Қобылан деген үмітке
Көп тілеуі көл деген
Көрінді балам көзіңе
Аз күн болсын дәм татып
Жатып шықтың кілітке.
Жігіттермен амандасып болған соң Алмамабет Қобыландар қалаға қарай жүрді. Сансыз ауыр қолмен Қасарма Илия аттан түсіп жаяулап алдынан шығып Алмамбет қанды аттан көтеріп алып амандасты. Алмамбет Қасарма өткеніне қайырлы болсын айтып жаңа талабың құтты болсын деп айтқаны:
Аманбысың Қасарма
Қайырлы болсын талабың
Өткен іске жасыма
Болат едің шырағым
Барсаладан Бер қарай
Халықты ұстап биледің
Онда да шыққан мүйіз жоқ
Соқтығып ешкім тимеді
Көлденең жатқан Қаратау
Ашып дұшпан келмеді.
Бақ таяр күнге кез келіп
Заманында Алыптың
Қобылан Сайым қырық жігіт
Бұлардың өтіп келгені
Уақыт шығар дәм бітіп
Себеп болып бұлардан
Ағаңның Алып өлгені
Қазалы жан қайда өлмейт
Мұншама халық бөлгенің
Жасымаған түрің бар
Әлде де байтақ елің бар
Өлді деп айтпан Алыпты
Көрмеген қорлық жоқ еді
Маған зәбір бергенде
Араға түскен сен едің
Жақсылыққа жақсылық
Ер алдына келеді
Түсінерсің бұл сөзге
Түсін ашып не ғылам
Қобыланменен дос болып
Қосылыпсың шырағым
Қайырлы болсын мен айтып
Сөз аяғын қысқартам
Қасарма деген атақты
Ағаңның қойған атағы
Белгілі еді халыққа
Кімнің мақұл шатағы
Алғыс алған ер едің
Алып жөнсіз ұрысса
Араға түсіп кес – кестен
Талайды алдың айырып
Алдынан шығып қайырып
Сексен кісі бір жерде
Жазықсыз дарға астырып
Қатынменен баласын
Өлтіріп еді бұл Алып
Айдап малға бастырып
Разы болмай ісіне
Қарсы тұрған сен едің
Ашылып араң кеткенде
Бітім айтып сендерге
Басыңды қосқан мен едім
Мақтаныш емес бұл сөзім
Тірісі елдің біледі
Еске түссін деп айтам
Ескілікті бұл сөзді
Көзі кеткен Алыпты
Күндеп айтқан сөз емес
Алып өліп қалған соң
Бұл айтуым жол емес,
Екі жұрттың елі бар,
Ескеретін ері бар
Елменен жұрт сенікі
Боларсың ие шырағым
Мен бір сенің қонағың
Бұл сөзімді есіңе ал
Артық десем айтқаным
Қобылан сайым алдында
Мойныма менің кінә сал
Болдым айтып Қасарма
Көңілдің кірі айтпаса
Ер ашуы тарарма.
Қасарма
Сөзің мақұл Алмамбет
Айтуыңның міні жоқ
Дендестерің екеуің
Зәбір көрген кісің жоқ
Тудың десең екеуің
Мойныма алам кінәні
Сізге тиген еш жерде
Менің ауыр сөзім жоқ
Көрдің зәбір талайын
Кек қылып ішке сақтама
Қан тақсыр сізден сұраймын
Ел тағына өзің мін
Бітсін көңіл зарыққан
Бөтен демес сіз мінсең
Осы тұрған халықтың
Мен қарашы нөкерің
Айтпан сөздің бекерін
Құдай дескен досымның
Алдында айтып анықтасам
Сен өлгенше Алмамбет
Қызметіңді өтермін
Осыны айтып Қасарма
Алмамбетпен қолдасып
Құшақтасып қалады.
Екеуін халық сол жерде
Шаққа айырып алады.
Бата қылып байтақ көп
Қалаға қарай барады
Түсірер жерде таумалап
Қанымыз деп Алмамбет
Ортасына алады
Ақ киізге аунатып
Қасарма мен Қобылан
Батыр Сайым көп халық
Көтеріп алып барады
Алтын таққа мінгізіп
Басына тажы кигізіп
Құтты болсын тағың деп
Басыңа қонған бағың деп
Халық алғыс береді.
Ат шаптырып той қылып
Жиын болды біраз күн
Садырман сауық күн мен түн
Қасарма батыр басқарып
Кісі қылма деп айтады
Алмамбетке жасқанып
Ойын күлкі тамаша
Осыменен қонағын
Ұзын сөздің қысқасы
Жүргізбек болды атқарып
Илияны Қасарма
Қобыланға қосады.
Қалауын салып алдына
Тартынбай енді алың деп
Разылықпен тұрады.
Қара қасқа тұлпарды
Қобыланға мінгізді
Торыға серік болсын деп
Жауһарлы қылыш ілгізді
Батыр көңілі толсын деп
Аямады мал дәулет
Ақіреттік сен досым
Атымды бердім арнаған
Немді аяп қалайын
Илия жалғыз баладан
Алмамбет пен Қанша
Жан Қобылан балам дет
Жалғыз қызым Қалипа
Қарлығашпен бір болсын
Несіне алып қалам деп
Құлағы кесік қолға бер
Разымын саған дет
Келер жазға сау болсам
Қыдырбай Зарбап балдарға
Өзім арнап барам дет
Разы бол жалғызым
Керегің болса аяман
Барды алдыңа сәлем дет.
Қобылан
Ата менен анам дет
Ағалығым еш болмас
Мен ортаңда балаң дет
Мақұл көрсең айтамын
Көңілдегі мұддамды
Өздеріңе саламын
Ақиреттік досым ет
Қасымдағы ер Сайым
Соған арнап мен тұрмын
Мұны қалай көресің.
Қанша
Жалғызым бізден сұрама
Бір билігін берген соң
Екілік бізде болама
Бір билігін берген соң
Екі көзің біреуі
Кімге берсең оған бер
Сен қожасың балаға.
Қобылан
Разы болып қанына
Қайта келді Қобылан
Ер Сайымның жанына
Қырық жігітпен Ер Сайым
Жатыр еді оңаша
Алтынды жауһар сарайда
Далаға шық дет екеуің
Жүрмесін ешкім маңайда
Саеке айтар сөзім бар
Қырық жігітпен саған дет
Ертең ерте жүреміз
Кеншілікте кеңесу
Мақұл көрдім сенімен
Жолдас болған ер едің
Қиындықта менімен
Қош айтысып аттан
Жүреміз ертең елімен
Арада малал болмасын
Жасың үлкен аға едің
Қалауды саған беремін
Басы Илия олжаның
Қолыңды қақпан жолдасым
Іркілмей алың қалауың
Билігін сізге беремін
Жолда айтудың жөні жоқ
Достан достың алуы
Қорғалама міні жоқ.
Сайым
Жақсы айтасың Қобылан
Олжа алам деп мал жинап
Бергем жоқпын соңынан
Құдай беріп тілекті
Дұшпанды жеңіп мұқатып
Жаудың туын құлатып
Қалдырдым атақ соңыма
Осыда маған болады
Ақыреттік жолдасың
Илия жанды атама
Ауызға алған нең деді
Сен разы болсаң қарағым
Арманым бар ма мен деді.
Бір ауыз айтар сөзім бар
Мақұл көрсең сен деді.
Қасармадай досыңның
Жалғыз атын алмашы
Жанына серік өлшеген
Достыққа болмас жөн деді.
Нағыласын сен алып
Астына мінген қасқасын
Өз дәулетің жетеді
Берсе де алма басқасын
Атсыз жаяу емессін
Нағыласын сен алып
Нағып шығар өздері
Кеңесіп жатыр жиналып
Мақұлма деп айтамын
Өзің біл батыр ойға алып
Қобылан сонда күледі
Сайеке асқан ақылың
Өзімде ойлап жүр едім
Астындағы бір тайын
Жанға өлшеген серігін
Алмау қой деп мақұлы
Бәсе солай шырағым
Ойлаған жерден шығасын
Зейіннің жетет қарағым
Мен жөнінен қысылма
Аман сау елге қосылсақ
Мақсатым болар қарағым
Көп айналман ерте түн
Күннің кесеті көрінеді
Жүрейік елге қарағым.
Қобылан
Сайеке салшы құлағың
Менің көңілім бір бөлек
Дүние деген тұрақсыз
Аңдаған жанға дөңгелек
Илияны бас қылып
Алдыңа тарту қылғаным
Көңілімнің кірі жоқ
Шын достықты білдірдің
Айтуыңның міні жоқ
Сіз қашты деп олжадан
Ойыма алған мұқтажды
Айтпаымның жөні жоқ
Жалғыз едім анадан
Тілегім де сен едің
Қысылған күнде сұраған
Қырық бір күн орда жатқанда
Көзіңнің жасын көл қылып
Ізімнен іздеп жылаған
Қандай ауыр күн болсын
Сасбағын досым сен едің
Сабырлық етіп шыдаған
Асығыс деме мұнымды
Арнап тұрған нұрым бар
Тілегімді тілеген
Қалипа атты қызым бар
Қарлығаштан кем көрмен
Жазған шығар Тәңірім
Сынды жерде кез келген
Қан баласы екен деп
Қайрылған бөтенге
Достығыңа лайық
Қалипа жанды арнадым
Алмаймысын Сайеке
Тумағалы тұйғынды
Қондырамын қолыңа
Төрт түлік жатқан малымды
Сарып етемін жолына.
Ертең елге барғансын
Қыдырбай Зарбап алдында
Халық арнап қолыңа
Алданатын мен емес,
Дүниенің боғына.
Мен үшін шалған жанынды
Жасқанбай жаудан тартынып
Ажалдың жайған торына
Қашпа бұдан Сайеке
Шын достығын білдірген
Атағың шықсын Қырымға
Қырыққа жасың келгенде
Тереңнен қуды ілдірген
Соны тыңдағын қырық жігіт
Қобыланның шын сөзі
Еріксіз айдап күлдірген
Сайеке сонда сөйледі
Жақсы айтасың қарағым
Қыз алу емес талабым
Заманы қатар жас өткен
Сен бердің де мен алдым
Не қылайын шырағым
Шыныбек сөйледі шыдамай
Сайеке қашып неткенің
Досың беріп тұрғанда
Мұнша қашып кеткенің
Жасы өткен деп қате айтпа
Қартайтарсын он қызды
Берді досың шынымен
Ұмыттың ба Сайым ер
Қоштасам деп келгенде
Бике сұлу ізіңнен
Досың берді ала бер.
Қалипадай табылса
Арманы бар ма жігіттің
Білігі асқан кемеңгер
Сонда Сайым күледі
Жігіттер мені қыспа деп
Ағаға тарту ұсынған
Атадан қалған нұсқа деп
Қалипадан сұрандар
Көңілде мәдел болмасын
Қанша айтқанмен әйелдің
Шашы ұзын ақылы
Теңін ойлар қысқа деп.
Малалсыз болса қашпайын
Қобылан жан берген соң
Өзіне ақыл салыңдар.
Мақұл көріп Қобылан
Шыныбек пен Қыдырхан
Екеуің енді барыңдар.
Қалипа жанға хабарла
Көкеңнің сөзі осы деп
Батыр Сайым жолдасы
Ақыреттік дос деп
Сайекем сөзі дұп-дұрыс
Малалсыз болсын арасы
Ардақтаған біреудің
О да жалғыз баласы.
Тұр кідірмей екеуің
Шапшаң барып сұрашы
Шыныбек пен Қыдыр хан
Екеуі кетіп барады
Илия мен Қалипа
Отыр екен сарайда
Шар айнаға қараған
Дандармен шашын тараған
Тал шыбықтай бұралып
Орнынан тұрды екеуі
Батырларды көрген соң,
Жоғары шық деп Илия
Ерлерге орын береді
Қыдырхан сонда сөйледі
Шықпаймыз деді жоғары
Сен екеуіңе көз салсам
Асқар таудың шынары
Көрген жанның тарқайтын
Көңіліндегі құмары
Қобылан бізді жіберді
Қарындасы Қалипа
Беремін дейді бір қолға
Разы болса өзіне
Екі көзінің біреуі
Арнайтұғын түс келді
Осы арада кезіне
Қол дегенге қорықпа
Құдайдың қолы адамзат
Көңіліңде болмасын
Қалипа жан ешбір зат
Жалғыз ағаң жіберді
Сайым сынды досына
Болсаң риза ыхтият
Қалипа сонда жылады
Нағылғаны көкемнің
Сұрағаны менен деп
Құлағы кесік қол болса
Көкем айтса көнем деп
Сайым болса бергені
Қосқаны шығар Құдайдың
Неге бөтен көремі деп
Жалғыз-ақ сұрар тілегім
Қарлығашты көргенше
О жақтағы халыққа
Аман сау барып қауышып
Ақ Құртқамен табысып
Сусын берсін қолынан
Тілегім осы көкемнен
Мен айтты деп қалмасын
Жығылыс тауып жолынан.
Жігіттер қайтып келіп айтты сөзін
Риза деп не дегенге қыздың өзің
Тілегін Қалипаның түгел айтты
Мақұл деп ер Қобылан қуанады
Шүкіршілік көңілін сонда алады.
Күйеу деп ер Сайымды Қыдырхан ер
Кәдемді бересін деп жұлмалады.
Шыныбек ара түсті ағасына
Қыдыр хан қандай кәде аласындар
Асығыс кәде сұрап айтқан сөзің
Аман сау ертең елге барғаннан соң
Күйеуге отау тігіп өз алдына
Кәденді сонда аларсын Қыдыр хан ер
Күлкімен ерлер көңілін қош етеді.
Екі адам ханнан келіп бұл жетеді
Қобылан батыр Сайым келсін дейді
Шақыртып хан жатыр деп жасауылдар.
Алмамбет
Қобылан Сайым шырағым
Мына отырған халқынның
Тілегі бар сұрайтын
Ел мұқтаждан қылса
Ер емеспе баратын
Көлдененнен көрген жан
Білгіш болат ер мініп
Кеміс екен мынау деп
Айтпаса да сынайтын
Кездеспесе сусынға
Халықтың барды қаумашы
Арқадағы көп халық
Екі қызыма ердің деп
Алып келген олжасын
Арнап отыр Қасарма
Ақ отаулы ордасын
Енші беріп тағы отыр
Екі қызға сыбаға
Бес жүз бедеу жорғасын
Алпыс нарға арттырмақ
Қыздардың керек жиһазын
Гауһар алтын тасы бар
Сендерді жоқтай берген деп
Есіңе алма балларым
Дұшпанның көзі тоқтасын
Мақұл деді көп халық
Ел кеңесіп тапқан соң,
Қалипа менен Илия
Салтаң ерішу жөні жоқ,
Қобылан Сайым батырға
Алтындаған орданы
Кұрыңыз жапан шатырды
Қобылан Сайым қарағым
Қашпаңыз әлің бергенді
Досыңның көңілі сүйінсін
Дұшпанның көңілі күйінсін
Қыдырбай мен боз Монай
Халықтан асқан бағы бар
Мал дүние табылар
Дұшпан көздеп береміз
Бұданда көп алсаңда
Дүние жағы табылар
Қасарма мен Алмамбет
Аямайды бар малын
Қолың ашық алыңдар.
Қобылан
Жақсы айтасын тақсыр хан
Сіз берген соң тастаман
Олжа азба біздерде
Сіздерменен достасып
Қайтқасын елге бас аман
Қасармадай досымның
Ықыласын көрген соң
Атын бердім өзіне
Жанға өлшеген бір атын
Нағылайын мен алып
Кінәсіз тұрмын қайырып
Қасарма жан жасқанба
Алып бердім атынды
Тілегіңді шулаған
Көріп тұрмын халқыңды
Аманатым арнаған
Досым десең ұмытпа
Ренжітпей баға көр
Алмамбет қанша қартымды
Екеуіңді шақырам
Көріп қайтың бір келіп
Менінде тапшы халқымды
Батаңды берсең болады
Халық ұстаған жан ата
Мал кемісе жетісет
Табылмайды ақ бата
Бұл сөзімде жоқ шығар
Сынаңшы халқым еш қата.
Алмамбет
Алмамбет сонда сөйлейді
Разымын балам-ай
Ақылдасып айтқандай
Болды ғой сөзің маған-ай
Қонтажы ханның елінен
Тай күнінде әкелген
Қара тасқа тұлпарды
Арнап ердің өзіне
Астындағы бір тайын
Алмағаның майма қол
Болды балам өзіде
Қасыңа ерген қырық жолдас
Қор кетуі жөн болмас
Ер басына қос бедеу
Қосарына бергенім
Ер басына жамбы алып
Жабамын жанут қамқа тон
Айтыңызшы көріп халық
Кеміс барма бұдан соң
Қобылан Сайым қос балам
Екеуіңе еркін жоқ
Қолыңа бердім дәулеті
Ала берің ойға алған
Осыны айтып болған соң
Халық шулап қозғалған
Ханның сөзін мақұл деп
Қасарма батыр сөйледі
Қобылан Сайым қос күйеу
Ұялып иба қылмаңыз
Көңілде болған мұддаңыз
Қайыру жоқ алыңыз.
Кінәсіз бердім қасқаны
Сен мінгенде бөтен бе!
Ер сыналық емес ет
Көп ұйғарды не дейін
Сөйлесе бер Әлеке
Жүргізетін қонақтың
Жабдығына кірейін.
Әңгіме
Қасарма бес жүз бедеу мен алпыс нарды әзірлетіп нарлардың үстін кигізіп масатымен қаптаған зәрмен шалдырып екі ақ отауды асы жібек гауһар тастан алпыс нарға бастырып жүк арттырды. Жан көрмеген асылдан 500 жүз бедеуді әкеліп матамай бос тастады. Себебі күрең шолақ бір биені Қыдырханның қолына берді. Осыдан айрылмасаң 5 жүзі еш қайда кетпейді ере береді қасиеті осы сәскеде батырларды аттандырып жатқанда қырық қыз нөкерімен Қасарманың алам деп жүрген ғашық ханның қызы Қанбике сұлу бұл келіп қалды. Бұл келген соң үш күн ерлерді тоқтатып кідіртті, ойын-күлкі мереке болды. Үш күннен кейін батырлар аттанып жүріп кетті. Қасарма Алмамбет кеңесіп, Қасармаға таудан өткізіп бірнеше жолдастарыңмен таудан шығарып сал деп міндет етіп Алмамбет батырлармен қош айтысып шығарып салып батасын беріп қалды. Қанбике сұлу дым болмаса қыздармен бірге болып таудан шығарып салам деп бұлармен бірге кеті. Қасармада қарсы болған жоқ. Батырлар арада бірнеше күн жүріп тауға келді. Таудан өтіп тасбұлақтың басында бірнеше күн дем алып күлдіп ойнағаннан кейін Қасарма кейін қайтпақ болды. Қасарманың қоштасып кейін қайтқаны:
Қасарма
Сайым менен Қобылан
Біраз жерге шығарып
Еріп келдім соңынан
Естеріңнен шығарма
Елдеріңе барған соң
Ақыреттік дос болдық
Әзелде Алла жазғансын
Ара шалғай ел қашық
Достықтан кетпен адасып
Қиыншылық күн келсе
Қол берерміз жалғасып.
Келер жазға барармын
Жазса Алла бір нәсібін
Илия жан Қалипа
Қайғырмаңдар қарағым
Жат жұртыққа жаралған
Адам едің әуелден
Сен екеуің ақ сұңқар
Екеуі шын қосылды
Қияда жүрген кез келіп
Құдай берді Құран ішін
Кетпес көңіл өзгеріп.
Қобылан
Қобылан сонда сөйледі
Қасармадай жан досым
Көргенше қайта аман бол
Бір-біреуді ұмытсақ
Болама ойлау ондай жол
Қол беруден мен қашпан
Қолында бер антым сол.
Бие бауда күтемін
Қалдырмаңдар Қаншаны
Алып кел бірге келінді
Кетейін деп жатқанда
Асығыста көрінді.
Құртқа менен таныссын
Достарына табыссын.
Қасарма мен Қобылан
Құшақтасып екеуі
Сүйісіп ерлер тұрады.
Бірін-бірі қия алмай
Сайым келіп айырды
Ерлікке емес лайық
Амандықпен Құдайым
Қауыштырсын сұралық
Қасарма салшы құлағың
Аз ғана күн бір болды
Бізбенен бірге тұрағым
Тірі жүрсең жалғанда
Ұмытпастай дос болдық
Шықпасын естен қарағым
Жарым жазға келгенде
Қобылан ертіп бір барар
Келмей кетпе қарағым
Кемпір мен шалға сәлем айт
Аман жүрсем соғармын
Менде болдым баласы
Біз болып салып көзіңді
Соларға тура қарашы
Ойлағанда жалғызын
Құритын шығар шарасы
Көрмесе саған тынбаған
Тілеген жалғыз баласы
Қат бұйрығы болған соң
Амалсыз қалды артында
Алданатын кімі бар
Осы араны қарағым
Тапсырам саған есіңе ал
Дүниеден сау жүрсем
Жылына келіп соғармын
Батасын алып тұрармын
Мен болып ханның қолын ал.
Қыздардың қоштасқаны
Илия қош айтысты ағасына
Мекендеп бастан өскен саласына
Болғансын Хақ бұйрығы амал барма
Шыдамай қыз тулады шарасына
Төзе алмай аттан түсті ер Қасарма
Туыстан тек екеуі шыдасын ба?
Қарағым жылама деп айта алмады
Бассын деп мауқын ерлер қайтармады
Қалаған деп жалғыз ағам енді өзің.
Жар болсын жаратқан Хақ жаным аға
Ісіне Хақтың жазған бар ма шама
Жеңгеммен бір жыл ойнап күле алмадым
Көңіліме осы үлкен болды жара
Жылына бір келмесең разы емеспін
Мен едім тілекшіңіз соңында жана
Жеңгемді ала келің тастап кетпей
Құдайым тілегімді берген жанмын
Жан жеңгем іздеп келді өзім кетпей
Алдай көр Алмамбет пен Қаншаны
Қалипа бір жыл туған құрдас еді
Дәм жазып меніменен кетті шетке
Жан аға көңіліңді бар мұдда болса
Кешірің өтінемін бізге кекті.
Қалипа
Қалипа зарлап тұрып айтқан сөзі
Ойласа ата-анасын төзе алмайды
Асалмай айтқан сертен кетті басым
Қия алмай мен кеткен соң сорлы анам
Шашқылап қалды артта көздің жасын.
Жан аға мен не айтам енді өзіңе
Тапсырдым кемпір шалды бір өзіңе
Алладан ажал жетіп екеуі өлсе
Кімім бар сенен бөтен қалған бізде
Жаз келіп Илияға келмей кетсең
Аршылмас бұл дүниеде сізден өкпе.
Жан аға жалғыз қалып тұрсын жылап
Ізіне екі қызды енді қарап
Жат жұрттық жаратылған біз әуелден-ақ
Кемді күн болдық сізге бір бір қонақ
Білмеймін алда күннің не боларын
Пайда жоқ көп жылаудан тоқтатайын.
Қош болың бірге келген ағаларым
Күн барма көрмейтұғын уай дүние
Бір келіп Қара таудың салаларын
Қалған ел амандасып араларын.
Сайым
Қасарма көп егіліп кеттің жылап
Бауырға жан төземе көрсе шыдап
Күн қызып бара жатыр аттанайық
Сау болсақ кездесерміз талай-талай
Құдайдан амандықты жалпы сұрап
Бата қыл молда-ныса амандыққа
Жүрейік қош айтысып енді қарап
Батасын молдасына берді өзі
Қол жайды амин деп ерлер келіп
Жалғыздың көрген күні осы ғой деп
Қобылан тұрды батыр көңілін бөліп.
Қарлығаш біреуменен кете қоса
Болам деп менде осылай шыдай алмай
Жіберді көңілін бұзып жасын төгіп
Қасарма мұны көріп сөз сөйледі
Қобылан жасымашы жалғыз ерім
Мал емес адам едің етек жеңің
Құдайым тілек берсін өздеріңе
Пайда жоқ құр тұрудан босқа іркіліп
Тарасақ қош айтысып жөн-жөніне
Қоштасып ерлер қарап бара жатыр
Найзасын ерлер жерге таяп тия алмады
Қасарма тұрды біраз тоқтап батыр
Сайыммен ер Қобылан түсті жолға
Сапарды Жаппар ием өзің оңда.
Сиынып пірлеріне жүріп барады
Илия Қалипа мен жылай қойса
Шыныбек Қыдырқанмен тоқтау айтады.
Сұлудың көңілін басып ерлер жүрді
Кеткенше белден асып қия алмай ер Қасарма
Қарап тұрды өлгеннен тірі
Айрылған жаман екен болмас деп
Сосын аттың басын бұрды.
Батырлар жолға түсті я Құдайлап
Көтеріп найзасына туын байлап
Ер Сайым бастап келді елге қарай
Жігіттер қуанышпен келе жатыр
Ән салып қуанышпен күліп-ойнап.
Сауырлап кеш жатады ерте жүріп
Келеді ыждиғаттап тынбап тоқтап
Амн-сау қауышшақтап Құдай сақтап
Арада бірнеше күн жол жүреді.
Көліне қандашының тік жүреді.
Аман-сау қандашыға келіп жетті.
Дем алып жатайық деп бір-екі күн
Батырлар осы араға кеңес етті
Қобылан қарауылға шықты қырға
Жаяды жай бұлтын алып қолға
Білсін деп амандығын асыл Құртқа
Көрер деп біреу жүрсе шығып сыртқа
Белгісін беріп батыр қайта келді
Тігіліп жатқан әзір ақ ордаға
Илия атын байлап алдан шығып
Қуаныш болды ерге сол арада
Қалипа қарындасы бірге тұрып
Отырды Ер Сайыммен кеңес қылып.
Қобылан көңілі жай боп үйге кіріп
Сайеке жарты жолға келдік қалып.
Қарасақ қайтер екен хабар салып
Жіберсек екі жігіт біз ілгері
Қуантып ел мен жұрттың көңілін ашып,
Мақұл деп батыр Сайым мына сөзің
Өзімде ойлап едім мұнің өзін.
Абжан мен Ер Шыныбек барсын деді.
Сүйінші кемпір шалдан алсын деді.
Төрт болып екі көзі хабар алмай
Қуанып естіп көңілі тынсын деді.
Батырлар мақұдасып осы сөзді
Болады Шыныбек пен Абжан ерді
Қосарға екі ат алып бұлар кетті.
Жат етіп бір жаратқан құдіретті.
Жолменен бұлар жайлап жүре тұрсын
Айтайын бір азғантай қалған елден.
Қыдырбай Ақзарбаппен жүрген зарлап
Жалғыздың хабары жоқ қашан келер
Күн-түні уайымменен көңілін бөлер.
Бір күні Ақ Құртқаның отауында
Отрды бұл үшеуі мұңын сөйлеп.
Ақ Құртқа көтерді көңілін делбеп
Алдырған балгері бар Досқарадай.
Балынды балам отыр ашып көр деп
Хабарын жақсы-жаман білсең анық.
Жасырма Құдай кісі айтып көр деп
Жалғызым аман келсе бұл сапардан
Арылтам қырсығыңды бұған сен деп.
Досқара жауырнын алды қолға
Жаяды құмалағын тағыда ала.
Бақсысы сарын тартып сарнай берді
Келеді балаң аман бай Қыдырбай
Жолдасы ат ылауы түгел аман
Атап қой беретінің болса маған
Ер Сайым бастығы екен осы қолдың
Қырсықсыз аман келеді осы жолдан.
Шығын бар сегіз адам жолдасынан
Бәле жоқ бәрі де аулақ ер басынан
Екі қыз нұр сәулелі тағыда бар
Болмаса пірім шайтан
Келмейме қазір хасар қыр басынан.
Қыдырбай сонда ақырды Досқараға
Алдырттым сені арнап бұл араға.
Сенбейсін қанша айтсамда атамасам
Алдайтын сені жаным мен балама.
Қораңа қой салайын бұған нансаң
Көшерлік түйе берем бие қосып.
Төрт түлік малдан берем саған қосып
Баламнан бүгін хабар анық келсе
Айтқаның қате болмай көзім көрші
Қыдырбай Хақың жемес қара балаң,
Аузыңнан аман деген айналайын,
Жалғыздан аяп қалар не жаным бар,
Балыңды қарай берші мен қояйын.
Қарлығаш Қарлығамен қырда жүрген,
Күн-түні аттан түспеді қарауылдан
Дұшпан көп қауіп етеді көзін сүзген,
Екеуі қарауылда жүруші еді
Ауылға жетісінде келуші еді.
Есіне түсіп кетсе ер Қобылан
Қысылып көзің жасын төгуші еді.
Басында Тұманшының тұрды бұлар,
Көз салып төңірекке сонда қарар.
Қарлыға жақындады Қарлығашқа
Барады көзім тартып жүрек лүпілдеп
Қарағым бұл не болар айтшы басқа
Қарлығаш бұ да айтты
Болады бір қуанып ай Қарлыға,
Меніңде шыдатпай тұр жүрек ойнап.
Қайтайық кел екеуміз ауыл жаққа
Ұрысар атам көрсе біздер барсақ,
Кідіріп біз азырақ мұнда тұрсақ.
Мезгілсіз қайтып барсақ шошып кетер,
Тұрайық осы арада сабыр қылып,
Екеуі осыменен тұрды тоқтап,
Ақша бұлт бытыраңқы кетті қаптап.
Қарлығаш Қарлығаға қара деді
Көкемнің бұлты жоқ па тұрған ойнап.
Жүрегің қуанғандай болды ойнап,
Қарашы ауыл жаққа не бар екен
Қарлыға көзін салып қарай берді
Үстінде ақ орданың тұрған ойнап,
Батырдың жай бұлтын сонда көрді
Көкеңнің бұлты келді Құдай берді
Жүр тез деп Қарлыға атының басын бұрды.
Қарлығаш бұлтты көріп танды есін
Қорыққан қуанғанмен бірдей екен,
Көз жасын екеуі де төкті жылап,
Я Құдай бергеніңе мың шүкір деп
Ат қойды енді екеуі елге қарап.
Жақындап келсе ауылға
Алдынан бір шал шықты не деп сұрап,
Қарлығаш Құдай берді ата деді,
Көкемнің бұлты келді үстімізге,
Жоқ шығар енді ешбір қатер деді.
Шал байғұс қуанғаннан жылай берді
Қарағым отауда отыр ата-анаң,
Қуантшы шапшаң барып енді жылдам.
Қарлыға иба қылып кейін қалды
Қуанған Қарлығаның бір жағында,
Айырмай екі көзін бұлтқа салды.
Ағылтып қара көкті қыз Қарлығаш,
Алдына ақ отаудың жетіп барды.
Домалап аттан түсіп үйге кіріп,
Сүйінші беріңіз деп айғай салды.
Көкемнің бұлты келді көрмедің бе
Жеңеше сыртқа шық деп жұлмалады.
Ақ Құртқа сасқанынан кебіс кимей,
Сүрініп я Құдай деп бұл барады.
Кемпір шал домаланып сыртқа шықты,
Қарағым бұлты қайда көрсетші деп
Құртқада кемпір мен шал жол сұрады.
Көрсетті сонда Құртқа ердің бұлтын
Орданың тұтып тұрған тұтыс сыртын.
Қыдырбай бұлтты көріп қалды талып
Кісесін мойнына алды салып.
Қыдырбайдың толғауы
Айналсам жалғыз болмайма,
Төбеге келген бұлтыңнан
Көк тұйғыным келдің бе
Жау қарасын көргенде
Жарақсыз шауып ұмтылған
Бір мен емес көп халық
Тілектес жалғыз сыртыңнан
Бүгін өлсем арман жоқ
Қайғыдан басып қамықтым
Жеті айдан бері қызыл шоқ
Тілеп алған жалғызым
Көріп өлсем деп едім
Осы кеткен сапарың
Қауіпті жолдың бірі едің,
Енді Аллаға арман жоқ
Айналйын Құртқа жан
Анықтап бұлтты қарашы,
Бөтен бұлт болмасын,
Естен танып жүргенде
Жыңылыс болып қалмасын.
Балам қой деп қарағым,
Сенен де кейде көремін,
Көңіліңе алмашы
Анық қара бұлтқа,
Сырласың ғой жолдасың.
Құртқа
Жан ата бұлты балаңның,
Тілегі қабыл болмайма,
Зарланған ғаріп адамның
Жалғызың жауға кеткенде
Амандығын білерсін
Белгісі еді бұл берген
Сорлы ғаріп анамның.
Ақ Зарбап пен Қыдырбай
Зарланып бұлтқа қарады.
Көтеріліп бұлт тарап
Жайына кетіп барады.
Келуіне қарамай
Айғырын сойып ақыртып
Бурасын сойып бақыртып,
Қойдан қошқар шалады.
Жалғызым аман келеді деп
Халқына хабар салады.
Төребай Әбіш Әлиді
Ел бастаған қарттары,
Бәріде келіп қалады.
Қыз келіншек боз бала
Толды орда маңына
Ат таппаған кедейі
Қыдырбайдан сұрады.
Алдынан шығып баруға
Қарсылап ерді алуға
Менен несін сұрайсын
Жылғыға бар да ала бер,
Жарағанын мініңдер,
Бүгінгі күн аяман,
Кемпір менен шал қалсын,
Есті білген жастарың
Алдынан шығып барыңда,
Адасып жүрме ау халқым,
Сайымға көріш әуелі,
Қобылан мұны кектемес,
Қадірлі қымбат қонағы,
Құрметтесең Сайымды
Онында халқым шетте емес.
Қарлыға менен Қарлығаш
Ақ Құртқаға келеді.
Шықсақ қайтеді алдынан
Қыз-келіншек ертіп
Құртқа мақұл көреді,
Қарлыға жан сен бар деп
Мен шықпай-ақ қояйын,
Атам менен енемнің
Қасында бірге болайын,
Ұят болар менім баруым
Мақұл деді Қарлығаш
Екі жүздей қыз келіншек
Атқа мініп жүреді,
Боз баласы бір бөлек
Жүрді қаптап алдынан.
Құртқа
Шақырды Құртқа қасына
Қарлыға мен Қарлығаш,
Езуін тартып күледі,
Аңдамай қалма батырлар,
Ілгері барың екеуің,
Екі қыз бар бұл топта,
Біреуі болар қарындас,
Батыр менен туысқан,
Жаңылмасам Қалипа
Ханның қызы Алмамбет,
Көріскен жерде екеуің
Жеке қылың құрмет
Қателесіп жаңылып,
Ашуы келіп батрыдың
Жазым қылып жүрмесін
Қарлыға соған мықты бол
Екі көздің бірі деп
Алып келет қолына,
Ерекелер батырдың
Қалмай кейін соңында
Илия ермей қалады,
Ата ағаның жолы сол,
Оны Сайым біледі,
Осы араны ескертем,
Батыр аңқау ер көдек
Желігіп жүрген қос батыр,
Айтпады Құртқа демеңіз.
Қарлығаш
Жеңеше батыр деме енді бізге,
Ескертем көкем барда айта көрме,
Оңаша санасаңыз жетет бізге,
Күледі сонда Құртқа қыз сөзіне,
Шырақ-ау қолда жоқта сіз емес бе ет
Кешегі жауда шапқан жеке өзіне.
Ауылда көкең жоқта қорған болған
Екеуің батыр демей мен не дейін,
Ақымды толық берсең сен екеуің,
Алдында мен көкеңнің сөйлемейін.
Қарлығаш қалағаның беремін деп
Күледі жеңгесіне сонда қарап,
Тастайын қару-жарақ сайманымды,
Мұнымен барсақ ұят болар деп
Ақ Құртқа тастама деп құралыңды.
Батырлар білсін деді қыранымды,
Болмаса сен екеуің бүгін барма
Жандырған шырағымды сен екеуің,
Бұл көпті бөтен демес көкең өзі.
Екеуің еңбек етіп ел баққаның,
Батырдың бөтенменен көрсін көзі.
Тапсырып барлық жөнін қалды Құртқа,
Қарлыға Қарлығашпен жүріп кетіп,
Қосылды алдындағы қалың топқа,
Саулатып бары жолмен келет жүріп,
Қаратады әр төбеден кісі бөліп,
Бұларды осы араға қоя тұрып,
Ерлерге бұрылайын көңіл бөліп.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру