Әке туралы ой-толғау
Қасым-Жомарт Тоқаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қ. К. Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты кітабы белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған. Автор әкесінің қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жас кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Кітапта жа...
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әке туралы ой-толғау
Слово об отце
Нұр-Сұлтан
2021
ІSBN 978-601-338-774-1
Қ.К. Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты кітабы белгілі
жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы
Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған. Автор әкесінің қиын
шылыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен
соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Кітап
та жазылған естеліктер майдангер-жазушының отбасы өмірінің
жалпы қазақ халқының терең әрі қасіретті тарихымен тығыз аста
сып жатқанын айқын көрсетеді. Туынды оқиғаларды шынайы
дәлдікпен суреттеуімен ерекшеленеді. Автор ата-анасына және
жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.
«Әке туралы ой-толғау» кітабының бұл шығарылымында
туындының екі тілдегі аудионұсқасы флеш-картаға жүктеліп қоса
ұсынылып отыр. Сонымен қатар кітаптың мұқабасына қойылған
QR таңба арқылы да тыңдауға болады. Оқырманға қолайлы бо
луы үшін флеш-картаның ішіне туындының PDF форматтағы элек
тронды нұсқасы да салынды.
Книга К.К. Токаева «Слово об отце» посвящена жизненному
пути известного писателя, основоположника детективного жанра
в казахской литературе Кемеля Токаева. Автор рассказывает о
непростом детстве своего отца, его фронтовой молодости и твор
ческом пути в послевоенные годы. Изложенные в книге воспоми
нания ярко отражают неразрывную связь биографии семьи писа
теля-фронтовика с величественными и трагическими страницами
истории всего казахского народа. Издание отличается глубоко
искренней тональностью. Автор делится глубокими размышлени
ями, своим теплым отношением к родителям и близким.
Данное издание книги «Слово об отце» включает аудиовер
сию произведения на двух языках, которая записана на прилагае
мую флеш-карту. Кроме того, текст можно прослушать с помощью
QR-кода, размещенного на обложке. Для удобства читателей
флеш-карта содержит также электронную версию книги в форма
те PDF.
ІSBN 978-601-338-774-1
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5Қаз)
Т 52
Т 52
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5Қаз)
© Тоқаев Қ., 2021
© Қазақ және орыс тіліндегі басылым.
«Фолиант» баспасы» ЖШС, 2021
Әке туралы ой-толғау
5
Алғы сөз
Ә
рбір саналы адам өткеніне ойша көз жі
беріп, өмір жолындағы іс-әрекеттерін ата-
анасының берген ақ батасымен салмақтап
таразылайды. Бұл, әсіресе бір қырдан асып, елу
ді еңсерген адамдарға тән. Мен де солардың
бірімін. Сондықтан көп жылдар бойғы ой-тол
ғауларымды тұжырымдап, қағаз бетіне түсіріп,
әке-шешем туралы әңгімелеп беруді жөн көрдім.
Мен 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге
келдім. Ол кезде әкем 30 жаста, анам 22-де, олар
жас жағынан және өмірде көрген қиындықтары
ерте есейткен, ақыл тоқтатқан кісілер болды.
2013 жылы әкем Кемел Тоқаев 90 жасқа толар
еді. Бұл дегеніңіз көптеген адамдар үшін, әсіресе
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
6
Еуропаның бақуатты елдерінде тұратындар үшін
егде жас. Азияда да солай. Мәселен, Жапония
мен Қытайда мұндай белесті көптеген адамдар
еш қиындықсыз-ақ еңсеріп жатады. Біздің еліміз
де де ұзақ жасап, жақындары мен туыстарын
қуантып жүрген ақсақалдарымыз болды. Олар
дың қатарында 2007 жылы 90 жылдығын атап
өткен бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Төрағасы Бәйкен Әшімовты ілтипатпен еске ала
мыз. Даңқты Батыр, армия генералы, тәуелсіз
Қазақстанның ең жоғары наградасы — «Халық
Қаһарманы» атағының тұңғыш иегері Сағадат
Нұрмағамбетовті құрметпен атаймыз. Еңбек арда
герлері — бұрынғы мәдениет министрі Жексенбек
Еркімбеков пен бұрынғы сауда министрі, Министр
лер Кеңесі Төрағасының орынбасары Сұлтан Жи
енбаев бақуатты өмір сүруде.
Мұндай мысалдарды жиі кездестіруге болады.
Өнегелі өмірлік тағылымы мен зерделі білімін
жастарға аманаттайтын қазыналы қарттарымыз
арамызда аман-сау жүргеніне Аллаға мың да бір
разымыз. Ұрпақ жалғастығының арқасында уа
қыт пен кезеңдер үндестігі байқалады. Мұның өзі
қоғамымыздың қайшылықсыз дамып, еліміздегі
тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуына игі
ықпалын тигізері хақ.
Өкінішке қарай, әкейге тағдырдың сыйлаған ғұ
мыры ұзақ болмады. Ол 1986 жылы 10 қарашада
63-те, Пайғамбар жасында дүниеден өтті. Біздің
әулетіміз үшін орны толмас осынау қасіретті қа
заны еске алған сайын көп ойланамын: өмірдің
барлық қиындығын, жетімдікті, Ұлы Отан соғы
сының қанды кезеңін бастан кешкен оған, ең бол
маса, тағы да біраз уақыт бақытты ғұмыр сыйлап,
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздік алуы
тәрізді ұмытылмас тарихи оқиғаны көзімен көру
ді неге жазбады екен. Жаңа дәуірге аяқ баспастан
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
7
сәл бұрын, осы төңіректе әңгіме қозғалғанда, ол
Қазақстан міндетті түрде шетелдерде өзінің дип
ломатиялық өкілдіктері болатын тәуелсіз, жеке
мемлекетке айналатынын айтатын. Ол қазақтың
«Егемен болмай ел болмас» деген мақалын жиі
қайталаушы еді.
Алайда XX ғасырдың 20-жылдары дүниеге кел
ген барша қатарластары сынды тағдыр оған да
қатал қарады. Ол қиын да қилы оқиғаларға толы
өмірді бастан кешкенімен, көп нәрсені көре алмай
кетті. Әкейдің маңдайына бақуатты өмір сүріп,
үлкен немерелерінің, оның ішінде менің ұлым
Темірдің қызығын көру жазылмапты. Қайтыс бо
ларынан аз уақыт бұрын ғана біздердің, яғни бала
ларының, аяғымыздан тік тұрып, қоғамда құрмет
ке ие болып, енді өз балаларымызды тәрбиелеп,
оларға жақсы білім беретінімізді армандайтын.
Бірақ та әкей пәниге өзі жайында ізгі естеліктерді
қалдырып, асыл арманы мен ақтық аманатын та
быстап кетті.
Уақыт өткен сайын орны толмас асылдың
жоқтығына мойынсұнғанмен, әкейдің өмірден
соншалықты ерте кетуінің себеп-салдарына
үңілуге ұмтыламын. Кейде осы бір қайғылы де
ректен белгілі бір заңдылықты көргендеймін.
Ол, ең алдымен, әкейдің қысқа ғұмырынан бай
қалады. Оның өмірі, жоғарыда айтқанымдай,
қым-қиғаш оқиғаларға толы, қисапсыз қиын
дық пен ауыр азаптан тұрды. Ерте жасында
ата-анасынан тұлдыр жетім қалып, олардың
мейірім-шапағатын сезіне алмай, өмірдің қатал
соққысын бастан өткізді. Еркінен тыс сұрапыл
соғысқа жіберіліп, бұғанасы бекімеген балаң
жігіт шағында фашист басқыншылармен қанды
майдан даласында ажалмен сан мәрте бетпе-бет
келген, соғыстан кейінгі таусылмас қиындықтар
дың бәрін бастан кешкен азаматқа басқадай бір
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
8
тіршілікке, мамыражай берекелі өмірге сенім ар
тудың өзі қиын еді. Өмірде ешнәрсе із-түзсіз кет
пейді, оның ішінде қиындық пен қайғының қара
табы өшпек емес. Ал әкейдің көргені бір адамның
басынан жетіп артылады.
Сондықтан Кемел Тоқаев туралы, оның өмірі
мен ой-толғаулары жөнінде қарапайым түрде әрі
ашық айтып беруді өзімнің перзенттік парызым
санаймын. Менің жазғандарым, ең алдымен, әкем
ді білетін адамдар, оның көркем шығармалары
ның оқырмандары, сондай-ақ өткенге назар ауда
рып, өздерінің қаһармандық еңбегімен Қазақстан
тәуелсіздігінің негізін қалаған аға ұрпақтың қалай
өмір сүргендігін білгісі келетін жастардың ынта
сын туғызар деп ойлаймын.
Осы кітапта мен өз өмірімде ерекше орны бар
анам туралы айтуға әрекеттендім. Өйткені бар
өмірім мен жеткен табыстарым үшін мен оған
шексіз разымын, ол менің тағдырыма қапысыз
сенді, әкейден айрылған соң ең басты төрешім
мен ақылшыма айналды. Анама арналған та
рауды мен шетелдерге сапарлармен ұшқанда
және елге оралар кездерде жаздым. Биік аспан
төрінде перзенттік алғыспен әрі жан-дүнием
күйзеле отырып, мақсатшыл, ерік-жігері мол
ізгілікті әйел-ананы есіме алдым. Өзіме ең қым
бат жан туралы тебіреністі ойларым қағаз бетіне
түсті.
Ата-анам туралы естеліктер бұған дейін бөлек
кітап болып жарық көрген. Оның негізгі мазмұны
оқырманға ұсынылып отырған еңбекте қамтыл
ды. Алайда оған біршама өзгерістер енгізілді, бұл
да заңды. Олай дейтінім, уақыт өткен сайын
жаңа ойлар келеді, бұдан бірнеше жыл бұрын
маңызды болған жайттар бастапқы мәнін жоғал
татыны да бар.
9
І т а р а у
Балалық пен жастық шақ
К
емел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда қарапай
ым отбасында дүниеге келген. Оның әкесі
ауыр шаруа еңбегімен шұғылданып, анасы үй
тірлігімен айналысқан. Әкейдің туған жері — Алма
ты облысының (бұрынғы Талдықорған облысы)
Қаратал ауданы, Қалпе ауылы. Ол отбасындағы
екінші бала болатын. Үлкен ағасы Қасым қазақ
дәстүріне сай атасының қолында тәрбиеленіп, сол
себепті басқа фамилияға жазылған. Әкейдің қа
рындасы болған.
Әкемнің айтуынша, кішкентай кезінен-ақ әке-
шешесіне шаруашылықты жүргізуге көмектесіп,
ауыр еңбектің дәмін татқан. Оның әкесі Тоқа қа
рапайым және біртоға кісі, шаруадан қолы қалт
еткен шағында бала-шағасының жанында, бере
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
10
келі отбасының мәңгілік таусылмастай көрінген
қызығын тамашалауды қалайды екен. Сол кездің
қиындығына қарамастан, әйелін, балаларын жақ
сы көргені соншалық, барлық қажетті дүниелерін
тауып беруді басты борышы санаған. Әкейдің ана
сы өте көрікті, келісті келбетімен ауылдастарын
таңғалдырған деседі. Оның үстіне дастарқаны
мол, ақжарқын әйелдің қолынан дәм татып, әң
гімелесу үйден үзілмейтін қонақтарды да ерекше
әсерге бөлейтін. Әкейдің отбасы адалдығымен,
өнегелі тәрбиесімен, әрі қайырымды және ұлт
тық салт-дәстүрді берік ұстануымен ауылдаста
рының құрметіне бөленген. Алайда әкейдің бар
лық жақын туған-туыстарының тағдыры сол бір
сұрапыл кезеңнің тарихи оқиғалары салдарынан
қасіретті қайғыға ұшырады.
1927 жылы БКП(б)-ның XV съезінде елде ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру науқанын жүргізу
туралы шешім қабылданғаны белгілі. Бұл шешім
бүкіл елдегі ауылда тұратындарға өзінің қасірет
ті салдарын ала келді, әсіресе Қазақстан мен
Украинаның тұрғындары орасан зардап шекті.
Адамдарды колхоздарға күштеп кіргізді, байларға
және орта дәулетті адамдарға қарсы дүлей күрес
басталды. Оларды елдің алыс аудандарына жер
аударды, түрмеге отырғызды, ал көпшілігі ату жа
засына кесілді.
Осы науқанда ғасырлар бойы мал шаруашы
лығымен шұғылданып келе жатқан қазақтар
құрбандыққа шалынды. Олар өз еркінен тыс кол
хоздарға кіргізіліп, қолындағы малынан айрылды.
Сөйтіп, бір сәтте тіршілік көзінен ажыраған халық
дәстүрлі тұрмысына Кремльден төнген қара тү
нек қатер алдында дәрменсіз күй кешті. Ол кез
де Мәскеудің Қазақстандағы қолшоқпары — Ле
ниннің және оның жақтастарының тапсырмасын
«асқан тиянақтылықпен» орындап, Ресей патша
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
11
сының отбасын тып-типыл қырған большевик
көшбасшылардың бірі Голощекин-тұғын. Патша
әулетінің қанын мойнына жүктеген Голощекин
XX ғасырдың басында Орта Азиядағы ең ірі эт
носты құраған қазақтардың ішіндегі жылт еткен
еркін ойшылдықты да өлермен жауыздықпен жа
ныштады.
Ұжымдастыру және қазақтарды азайту саяса
ты ұлттың генофондына орны толмас зиян әкел
ді. Туған халқына пайдасын тигізер жүз мыңдаған
адамдар аяусыз жойылды. Тарихтың сол бір қаты
гез кезеңінде ұлттың жартысына жуығы қырыл
ды, соның ішінде қазақ зиялыларының басына
зауал күн туды.
Осыған байланысты мына бір фактіні айта кет
сем деймін. XІX ғасырдың аяғында патша әкім
шілігі жүргізген Орта Азиядағы халық санағы
бойынша, қазақтар («қырғыз-қайсақтар») біздің
аймақтың ең көп санды халқы болған. Біз 4 мил
лионнан астам едік. Ал өзбектердің саны 500
мыңнан аспаған. Санақта «түркіленген тәжіктер»
деп белгіленген сарттардың саны 2 миллионға
жуық адам. Қалған 1,5 млн адам — тәжіктердің өзі,
қырғыздардың саны («қарақырғыздар») мүлде аз.
Большевиктердің қанды репрессиясы, жоға
рыда айтқанымдай, қазақ генофондына орасан
зиян әкеліп, біздің мәдениетіміз бен тілімізге ауыр
зардабын тигізді. Ғалымдардың деректері бойын
ша, қазақтар өз санының жартысынан астамынан
айрылды, бұл Ашаршылық салдарларын адам
зат тарихындағы аса ірі трагедиялардың бірі деп
санауға негіз болады. Аталмыш трагедияға саяси
және тарихи баға берілген жоқ, зерттеулер жалға
суда, уақыт бізді сол бір адамзат апатынан неғұр
лым алыстата түскен сайын, оның жадымыздан
өшпейтіні соғұрлым айқындала бермек. Біздің
орнымызды қазақ тәуелсіздігінің құрдастары —
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
12
жаңа буын өкілдері алмастырады, міне, нақ солар
қазақ халқының таңдаулы ұлдары мен қыздары
ның көзін құрту саясатын жүргізген кеңес басшы
ларының атына салмақты да дәлелді айып таға
тын болады.
Совет үкіметі қарсы келгендердің барлығын
бұрын-соңды әлем тарихында кездеспеген жой
қын репрессияға ұшыратты. Кінәсіз адамдар құр
бандыққа шалынды. Олардың қатарында Кемел
Тоқаевтың да жақын-жуықтары бар. Олардың
өмірден өтуінің үрейлі болғаны соншалық, ай
тып-жеткізуге тіл бармайды. Дегенмен осы кітапта
ол жайында да айтуды жөн көрдім.
Алдындағы барынан айрылған менің атам
аштан өлмес үшін туған жерді тастап шығуға бел
буады. Мал-жанынан айрылған қазақтардың кө
бісі Қытай жағына қоныс аударатын. Алайда атам,
әкейдің айтуынша, ол жаққа барудан бас тартқан.
Жат жерде өмір сүру әулетке әлдеқайда ауыр ти
еді және ең бастысы — Отанмен, туған-туыстармен
байланыс ажырап қалады деп түйген. Сондықтан
отбасы кеңесе келе, қазақтарды қынадай қырған
аштықтан құтылу үшін, кесепатты кезең өткенше
өлмеудің қамын жасап, Фрунзе қаласына барып
тірлік етуге тоқтаған. Фрунзеге дейінгі жол ауыр әрі
ұзақ, десе де олар қалаға аман-есен табан тірепті.
Фрунзеде — бүгінгі Бішкекте — атам бір орыс үйі
нің шаруашылығындағы қара жұмысын істеп, бір
шама уақыт сонда тұруға келісіпті. Қожайынның
үлкен үйіне жақын жерден атама бала-шағасымен
шағын кепешік бөлініпті. Қасіреттің үлкені тап сол
жерде болатынын білмеген олар, құлағалы тұрған
кепешіктің өзіне қапысыз қуанады.
Қазақ отбасын паналатқан қожайынның есімі —
Яков, қазақша айту қиынырақ болғандықтан, бір
ден «Жақыпқа» айналады. Кейін, 70-жылдары
әкей маған Бішкекке барып, сол үйді көруді өмір
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
13
бойы ойлап жүргенін айтқан. Әдетте, тіршіліктің
тауқыметінен қайбір қол босасын, шұғыл шаруа
лар бар, әйтеуір сапары ылғи кейінге ысырылып,
сол күйі Бішкекке бара алмады.
Бішкекке барғаннан екі жыл өткен соң әжем
кедейшіліктің тауқыметі, әрі адам төзбес өмірдің
жағдайы қосылып, оның үстіне суық тиіп, сал ау
руына ұшырайды. Отбасын асырау үшін жанын
салып жүрген атама аяулы жарының ауыр нау
қасы үлкен соққы болып тиді. Болашаққа деген
сенімі азайып, қалың ой құшағына жиі берілетін.
Кешқұрым төсекке таңылған әйелінің жанында
көзінің жасын тыя алмай, оны әйтеуір жұбатуға ты
рысып, төніп келе жатқан қайғыны сезгендей ба
лаларына аянышпен көз тастайтын. Қасірет үйді
айналып өтпеді. Бұл 1933 жылы болған.
Ол жыл ең ауыр жыл еді, адамдар аштыққа
ұшырап, күн сайын жүздеген мың адам көз жұмып
жатты. Алдағы қаһарлы қыс ең ауыр сынаққа ай
налды. Кедейлер үшін қатал қыс ешбір жақсылық
әкелмейтіні әлмисақтан мәлім. Қыс ажалынан
құтыла алмағандар арасында әкейдің жақын
туған-туыстары да бар-ды.
Қожайынның үйінде жұмыс істеп жүрген күн
дердің бірінде атам еңбегіне алған ескі етікті нанға
айырбастауға қала базарына барады. Әкей ағасы
Қасыммен бірге аш құрсаққа талғажау етерлік
бірдеңе іздеп, қалаға шығып кетеді. Қалаға барар
жолда оларды қаңғыбас балаларды жинап жүр
ген милиция патрулі тоқтатады. Нашар киінген
балаларды жетімдер деп ойлаған милиционерлер
оларды күшпен арбаға отырғызады. Балалардың
қаңғыбас емеспіз, біздің ата-анамыз бар деген
сөздеріне, жалынып-жалбарынғандарына мили
циялар қыңқ етпейді. Әкемнің айтуынша, тіпті
олардың бірі, бетінде шешектен қалған терең із
дері бар үрейлі кейпімен, егер де қарсыласа бер
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
14
сеңдер, құдыққа тастап жібереміз деп қорқытады.
Осыдан кейін балалар тынышталып, тағдырдың
дегеніне мойынсұнып, үндемей қалған. Бір сағат
тан соң, оларды балалар қабылдайтын жерде құ
жаттарын шұғыл рәсімдегеннен кейін балалар үйі
не апарады. Осылайша әкей онсыз да аз ғана ғұ
мыры қалған әке-шешесінің көзі тірісінде-ақ жетім
атанған.
Сол қасіретті күні әжем үйде кішкентай қы
зымен қалады. Әкейдің қарындасы қатты аяздан
жылыну үшін пештің жанында ойнап отырған екен.
Бір кезде аяғы тайып кетіп, пеште жанып тұрған
оттың ортасына түсіп кетеді. Төсекке таңылған
ана сәбиіне қол ұшын да соза алмайды. Туған
баласы тірідей өрт құшағына оранған қасіретті
оқиғаны көзімен көруден басқа дәрмені жоқ ана
жүрегі де жан шошырлық көрініске шыдамай, бір
неше минуттан кейін мәңгілік тыныс тапты. Бір
сұмдықты сезген атам мен Яков кепешікке жүгіріп
жеткен. Қайғылы көріністен шошынған атам жы
лап жіберіп, әлі құрып, әйелінің бас жағына тізер
лей отырып кешірім сұрайды. Сол уақытта Яков
пешке су шашып, одан жанып кеткен қыздың де
несін алып шығады. Яков атама әйелі мен қызын
жерлеуге көмектесіп, одан кейін екеуі жоғалған
балаларды іздеп шыққан. Ұзақ уақыт іздегенмен,
нәтиже жоқ. Ешкім де олардың қайда екендігін
айтып бере алмайды. Көршілердің бірі балаларды
бір үлкен адамдар күштеп арбаға отырғызып, бел
гісіз бағытқа алып кеткенін көріпті. Әйелі мен қы
зының өлімінен кейін есеңгіреп қалған атама бұл
тағы бір үлкен соққы еді. Оған ұлдарын қылмыс
керлер немесе құл иеленушілер ұрлап әкеткендей
көрінді. Ол кезде мұндайлар көбейіп, жиілеп кет
кен. Үйге әрең дегенде жетіп, өмірінің ешқандай
мәні қалмағанын Яковке айтқан ол, егер бала
лардың бірі үйіне оралып келсе, қол ұшын беруді
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
15
сұрайды. Сол түні атам қожайынның үйінен атта
нып кетеді, бұдан кейін оны ешкім көрмепті. Осы
лайша, ол із-түзсіз жоғалған.
Ал балалар бұл кезде әрбір үзім нанға қуанып,
жетімдер үйіне біртіндеп үйрене бастайды. Ке
йін әкейдің есіне алғандай, тіпті үнемдеп, мата
дан тігілген сөмкеге қара нанның қалғанын жи
най беріпті. Олар әйтеуір балалар үйінен шығып,
әке-шешесі мен қарындасын тауып, оларды аштық
жылдарының ең қымбат сыбағасымен қуантамыз
деп ойлаған ғой.
Жетімдер үйінде бір айдан астам уақыт тұрған
нан кейін, әкей ағасымен бірге қашып шығуды
ойластырады. Қаңғыбас балаларды милиция пат
рулі ерекше аңдитын болғандықтан, екеуіне бір
дей қашу қиынға соғады. Ақылдасып алып, бөлек-
бөлек қашуға бел буады. Балалар үйінде жас
жағынан кіші менің әкем қалып, ал ағасы Қасым
жақындарын іздеуге жөнелген.
Бір аптадан соң ол балалар үйіне ұнжырға
сы түскен күйде қайтып оралады. Қараңғылық
қымтаған, балалардың барлығы ұйықтап жатқан
мезгіл еді. Әкейдің айтуынша, оның «Солдат
соғысқа кетті» автобиографиялық романында су
реттелгендей, Қасым ұйықтап жатқан балалар
дың үстімен інісінің кереуетіне ақырындап жа
қындай түскен. Әкей, неге екені белгісіз, қатты
ұйықтап жатқан сыңай танытады. Қасымның
жақын достарының бірі сыбырлап одан қайда
болғандығын, балалар үйінің биік қақпасының
ар жағында не болып жатқанын сұрайды. Қасым
інісін оятқысы келмегендей, өзінің ата-аналарын
іздегенін айтып береді. Үш күнгі сенделістен кейін
ол әке-шешесінің соңғы тұрағы болған үйді ақыры
тауыпты. Яков оған әке-шешесі мен қарындасы
ның қасіретін түгел жеткізеді. Бала басына төніп,
сәби жанын жаралаған ауыр жайдан арылу үшін
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
16
Қасым сол бір қасіретті кепешікте болған оқиғаны
досына бүкпесіз баяндайды.
Әкем ағасының жантүршігерлік әңгімесін бар
ынтасымен үнсіз тыңдап, тыныш жатады. Ол өн-
бойын билеген қорқынышын білдірмей, терезеден
төгілген ай сәулесіне қарап, бейкүнә бала кеуде
сіндегі бар күшімен көз жасын жасыруға тыры
сады. Сол кезде Қасым терең күрсініспен: «Біз
жарық дүниеде енді Кемел екеуміз ғана қалдық.
Егер маған бірдеңе болса, Кемел туған-туыссыз,
қолдаусыз жалғыз өзі қалады» дейді. Өкінішке қа
рай, оның айтқаны келеді — 9 жылдан соң Қасым
Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында қаза тапты.
Кемел Тоқаев соңғы тірегі — жалғыз ағасы Қасым
нан да айрылып, тұлдыр жетім қалды.
Студент кезімде мен әкемнен өмірінің ең қиын
кезеңі жайында сұрадым. «Мен үшін ең қиын
сәт — ағамның қайтыс болғаны туралы хабарды —
«қарақағазды» алған сәтім» деп еді сонда. Қасым
1942 жылдың ақпанында қаза тапты. Әкей оның
хаты мен Кеңес Армиясының лейтенанты шенінде
түскен суретін ұқыптылықпен сақтайтын. Сурет
тің артына қарындашпен: «Інім Кемелге естелік
үшін» деп жазыпты. Әкей Қасымның жиі түсі
не енетіндігін, бірдеңелерді айтып, кеңес беріп,
өмірдің соққыларынан сақтандырғысы келетін
сыңай танытатынын жиі айтатын. Кейде маған
әкем туған ағасы аяқасты тіріліп келеді деп үміт
тенетіндей көрінетін. Осындай сәттерде: «Мүмкін,
ол ауыр жарақаттан немесе контузиядан кейін
госпитальде жоғалып кеткен шығар, соғыста бәрі
болады ғой. Мен ауыр жарақатпен Гомель, Омбы,
Алматының әскери госпитальдерінде жатқанда
аяқсыз, қолсыз қалған көптеген жауынгерлердің
үйлеріне қайтудан бастартып, вокзалдар мен бе
кеттерде қалып жататынын жиі көрдім» деп оты
ратын. Алайда Қасым оралған жоқ. Кейінірек оның
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
17
майданда қаза тапқаны туралы ресми қағаз келді.
Осыдан соң ғана әкей бүкіл жарық дүниеде тұтас
Тоқаев әулетінен жалғыз өзі қалғанына амалсыз
көнгендей.
Айтпақшы, өзімнің есімім үшін мен тағдыр кө
руге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал Жомарт
деп менің болмысымның жомарт әрі жан-дүниесі
кең үлкен азамат болуымды армандаған анам ата
ды.
Басқа барар жер, басар таулары қалмағанын
түсінгеннен кейін ағайынды екеу балалар үйін
де білім алуға кіріседі. Бір жылдан кейін Қасым
ең алғыр және тәртіпті тәрбиеленуші ретінде ста
ростаның орынбасары сайланады. Жоғары қоғам
дық деңгейі арқасында інісіне барынша көмек
тесіп, тіпті асханадан қосымша нан алып беретін
амал тапқан. Балалар үйінде жөні түзу оқу қай
дан болсын. Онда неше түрлі балалар, арасында
қаңғыбас, бұзақылар да кездесетін. Сондықтан да
Қасым балалар үйінің бастығына өзі мен інісінің
толыққанды оқу оқып, білім алуы үшін басқа бала
лар үйіне ауыстыру жөнінде өтініш жазады. Ақыл-
ойы сергек азаматтығын көрсетіп, үлкен өмірде
білімсіз күн көрудің қиындығын ерте түсінген ғой.
Айта кетерлігі, балалар үйінің бастығы бұл ті
лекке немқұрайды қарамай, қолдапты. Бәлкім,
ол Қасымға бұзақы балалардың арасында тәртіп
орнатуға көмектескені үшін разы болған шығар.
Осылайша, әкем ағасымен бірге Шымкент мырыш
зауыты жанындағы жетім балаларға арналған ин
тернаттан бір-ақ шығады. Сол жерде орта білім
алып, өз өмірлеріндегі алғашқы ресми құжат —
кәмелетке толғандығы туралы аттестаттың иегер
лері атанды.
Әкемнің жеке мұрағатында бірге оқыған шә
кірттермен түскен албырт бала бейнедегі сурет
тері сақталған. Олардың арасында кейіннен та
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
18
нымал жазушы атанған Амантай Байтанаев та
бар. Ол майдан даласына сол қолын тастап орал
ды. Біз — інім мен қарындастарым бәріміз бала
кезімізде ол кісіні «жалғыз қолды ағай» дейтін
біз. 60-жылдардың басында Амантай аға біздің
үйге жиі келетін. Күнұзақ әкей екеуі интернатта
өткен балалық шақтарын еске алысып, майдан
жайында әңгімелесетін, шығармашылық жоспар
лары туралы ой бөлісетін. Ауыр жарақатына қа
рамастан А. Байтанаев ұзақ өмір сүріп, отбасы
ның ортасында 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мен дайындағын «Азамат» кітабында ол Кемел
Тоқаев туралы естеліктерімен бөлісіп, интернат
та қалай бірге оқығандары, соғыстан кейін қалай
қарым-қатынас жасап тұрғандары, тіптен әкей
70-жылдары қолында Алматыға қайтар не билеті,
не ақшасы жоқ оны Мәскеу әуежайында кездей
соқ кездестіріп қалып, мейрамханадан тамақтан
дырғаны және билет алуға көмектескені жайлы
қызғылықты әңгімелеп берді.
Әкейдің ағасы интернаттан кейін фельдшерлік
училищені аяқтаған соң, Свердловскіге жіберіледі.
Сонда жас офицерлерді әзірлейтін қысқа мерзім
дік курсты тәмамдайды. Сабақтан бос уақытта
інісіне хат жазады. Сондағы хаттары оқыған адам
ды бей-жай қалдырмайды, мағынасы терең, әр
жолынан інісіне ағалық қамқорлықтың лебі еседі.
Қасым әрбір хатында Кемелге оқуға жауапкер
шілікпен қараудың және қоғамдық тапсырмалар
ды орындаудың маңыздылығын еске салады. Ол
інісінен төбелесқой балалардан алыс жүріп, өзін
сақтауды тапсырады. Былайша айтқанда, Қасым
қайғылы жағдайда өмірден ерте кеткен ата-ана
ның орнын басуға ұмтылып, бар жауапкершілікті
өз мойнына алған.
Алғыр шәкірт ретінде интернаттағы оқуды әкей
еркін игереді. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті пән
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
19
дерін жақсы оқиды. Мектепте жүргенінде ол Абай
дың шығармашылығымен танысып, ұлы ақын
ның, қазақ даласынан шыққан философтың дана
туындыларын ерекше жақсы көрді. Осының бәрі
мамандық таңдауына әсерін тигізгені анық.
Біздің отбасының мұрағатында әкеме мектеп
директоры мен сынып жетекшісінің берген үлгерім
табелі мен мінездемесі мұқият сақтаулы. Бұл құ
жаттар оның интернатты табысты аяқтағанын,
барлық пәндер бойынша «жақсы» және «үздік»
бағалар алғанын айғақтайды. Тек қана орыс тілі
нен «орташа» баға алыпты. Бұл түсінікті. Өйткені
ол ешқашан орыс тілінде сөйлемеген шалғайдағы
ауыл баласы ғой.
Әкем өмір бойы білім алуға ұмтылды, шектен
тыс еңбекқор һәм тиянақты еді. Мектептегі мі
нездемесінде Кемел Тоқаев оқуға ынтасы зор,
қоғамдық өмірде белсенді, тәртіп бұзған жоқ деп
жазылыпты. Жоғары оқу орнына түсу оның бас
ты арманына айналды. Сол бір жылдары жетім
балаларға институтқа түсу қол жетпес мақсаттай
көрінетін. Өйткені оларға қол ұшын беріп көмек
тесетін ешкім жоқ емес пе.
Әкей өзінің өмірбаянына ғана емес, тіпті мінезі
не өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстан кейін
ғана университетке оқуға түсті. Ол майдандағы
қанды қақтығыстарда күрт есейіп, қатыгездік пен
зұлымдық туралы өз пайымы бар азамат ретінде
шыңдалды. Егер де сұрапыл соғыста аман қал
сам, Отаныма, халқыма адал қызмет етемін деп
өзіне ант береді. Ұрыс даласында ол Коммунистік
партия мүшелігіне қабылданды. Әкемнің соғысқа
қатысқандығы туралы жеке баяндаймын, ал қазір
оның қиындықта өткен балалық кезеңінің кейбір
сәттерін әңгімелесем деймін.
Сол жылдары интернатта кеңестік ұжымдасты
ру кезінде ата-анасыз қалған жетім балалар оқып
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
20
ты. Олардың дені шалғай ауылдан келгендіктен
орыс тілін білмеген, оның үстіне мұғалім не айтса,
соған шексіз иланатын аңғал еді. Мұғалімдердің
де білімі шамалы, көпшілігі бастауыш мектептің
7–8-сыныптарын тәмамдап сабақ беруге алынған
дар. Ол уақыттары онжылдықты бітіргендер өте
жоғары бағаланып, терең білімділер қатарында
саналатын. Дегенмен интернаттағы жағдай тұтас
алғанда жаман емес. Оқушылар біртіндеп оқу бағ
дарламасына сәйкес білімді игере бастайды. Әкем
интернатты аяқтауға жақындағанда тарих, әде
биет және математика сұрақтарын еркін игереді.
Мұның өзі жоғары білім алуға бастайтын базалық
білім еді.
Содан кейін оқуды қалай да бір институтта
жалғастыруды, журналист немесе тарихшы болу
ды армандайды. Мұндай ізгі тілектің орындала
қоюы ол кезде екіталай. Ауылдан шыққан бала
қаншама тырысқанымен, ата-анасымен бірге тұ
ратын қалалық құрдастарына қарағанда жағдайы
мен мүмкіндігі төмен. Ал жоғары білім алуға орыс
тілін білмеу, сондай-ақ өркениеттің қарапайым
жетістіктерінің жоқтығы зор кедергіге айналды.
Әкемнің айтуынша, сол уақыттағы бозбалалардың
басты арманы қол сағат тағу екен. Қазіргі кезде
күнделікті жай нәрсеге жататын бұл затты басқа
лар сияқты ол да аңсаған. Тек сегізінші класта ғана
оларға қол сағатты пайдалану мен уақытты қалай
білуді түсіндіріпті. Әкемнің тәрбиеленген жағда
йына қарай оған, түптеп келгенде, мырыш зауы
тындағы жұмысқа қанағат етуіне тура келді. Биік
мақсаттарды армандауды қойып, серіктерімен
бірге ауыр жұмысқа әзірлене бастады. Дене еңбе
гіне үйренген шымыр бозбалаларды әртүрлі еңбек
ұжымдарына қол жұмысына жиі жіберетін.
Мектептен бастап оларға Коммунистік партия
ның идеяларына адал болуды, кеңес халқының
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
21
көсемі И. Сталинге тағзым етуді құлақтарына
құйған. Совет Одағының ұлан-ғайыр аумағында
ғы атқарылған істің бәрі Кремльдік диктатордың
есімімен қатар аталды. Әрине, балалардың са
насында олардың жетім қалғандығына Сталин
кінәлі деген ойдың кіріп-шықпауы тиіс еді. Сол се
бепті де балалар «сүйікті көсемге» өздерінің білім
алғаны, қазынадан тамақ бергені үшін алғысын
білдірді. Ешкімнің де, балалар түгілі, мұғалімдердің
де жоғары жақтың қолымен жасалған аштықтан
ауыл-ауылдың қырылғаны, миллиондаған бала
лардың қаңғып қалғаны, тіпті аз-маз білімі бар
адамдардың неліктен жаппай саяси қуғын-сүр
гін құрбандары болғаны және көпшілігінің қаты
гездікпен өлтірілгені жөнінде өздеріне сұрақ қою
ға батылдықтары жетпеді. Ол кезде балаларды
түгелімен комсомолға қабылдап, Компартияның
белгілі ұстанымдарына сай идеологиялық өңдеу
ден өткізіп жатты.
Солай бола тұра, әкейдің айтуына қарағанда,
өз әкелеріне кеңес өкіметінің тап жауы ретінде
қол көтерген балаларды мадақтауды оның құр
быластары арасында жақтай кеткендер кезде
се қойған жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе
жатқан қазақы дәстүрдің қасиеті туған әке-шеше
сіне сатқындық жасау идеологиясын, тіпті, сана
сы қатаймаған жас балалардың бойына жұқтыра
алмады. Тағдырдың қатал жазуымен ата-ананың
аялы алақанын сезінбеген қазақ балалары тап
күресінің қиғаштықтарын ауыр қабылдайтын.
Өз әкесін сатқан Павлик Морозовтың «ерлігі» қа
зақ жастарының арасына сіңе қоймады. Есесі
не жетім балаларға «Сталин мен партияға жала
жабу — әке-шешеңе жала жабумен бірдей» деген
ұран түсінікті еді. Ата-анасынан тірідей айрылса
да, олардың ғайыптан тіріліп, қайта оралатындай
үмітін жоғалтпаған балалар өз әке-шешелеріне
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
22
жала жабу тұрмақ, жаман сөз айтуға дәті бармай
тын.
Әкей тіршілік үшін жанталастан тұратын сол
кезеңді ешқашан елжіреп еске алған емес. Жасан
ды тап күресі қағидасымен құрылған қоғамның о
бастан «дімкәстігін» жиі айтатын. Әйтсе де, интер
натқа түскенін жолым болды деп санады, өйткені
түрмеден бір-ақ шығаратын жолға салатын басқа
балалар үйі немесе жетімханалардың біріне түсуі
де мүмкін ғой. Сол бір ауыр жылдары мұндай мы
салдар жетіп артылатын. Интернатта ол аштықтан
құтылды және орта білімге қол жеткізді.
Тек өмірден ерте өткен әке-шешесін өлімнен
алып қалуға қолдан келер қайран болмағанына
қатты өкініп, қайғыдан іштен тынатын. Мұндай
азапты сәттерде сүйеу болар жалғыз тірегі қоғам
дық жұмыстарға белсене араласып жүрген ком
сорг ағасы Қасым еді. Ол Кемелге жиі келетін, қо
лынан келер жәрдемін аямайды, тіпті тамағын да
бөлісті. Қасым мектеп бітірген соң институтқа тү
суді, сөйтіп жатақханаға орналасып, інісін қасына
алуды армандаған екен.
Алайда ағалы-інілінің үмітін соғыс үзді. Он се
гізге жасы толған Қасым алғашқылардың бірі бо
лып майданға алынды. Ол, сонау 1939 жылы әске
ри бөлімдерде тәрбие жұмысын жүргізу міндеті
жүктелген саяси жетекшілер даярлайтын курсқа
түскен.
Әкейдің еске алуынша, мынау жалпақ дүниеде
жақын атаулыдан жалғыз өздері қалған аға-інінің
айырылысуы тым ауыр өткен. Тіпті, қоштасар кез
де әңгіме-ақыл айтысып, сырласуға қайран жоқ.
Екеуі интернат жанындағы сәкіде үнсіз тұнжырап,
жұлымжұлымы шыққан аяқкиімдеріне тесіліп
қарап қана отырды. Зіл-батпан үнсіздік басып,
бір-бірімен қоштасуларының біржола екенін, енді
ешқашан бірін-бірі көре алмайтынын сезгендей.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
23
Қасым орнынан тұрып, Кемелге әскери комисса
риатқа баратын уақыты таяғанын айтады. Әкем
оны шығарып салғысы келгенмен, кеш түсіп қал
ғандықтан, қараңғыда қайтарда бірдеңеге ұры
нып қалмасын деп келіспейді. Абзал аға осындай
сәттің өзінде інісінің қамын ойлаған ғой. Олар қат
ты құшақтасып, Қасым әскерге шақырылғандар
отырып үлгерген жүк машинасына қарай беттеді.
Інісінің соңынан қарап тұрғанын сезген Қасым
бұрылып қол бұлғады. Әкей оның көз жасын әзер
тыйып бара жатқанын байқап қалды. Ол Қасым
ның жылағанын бұрын көрген емес. Әкей де аға
сын ақырғы рет көріп тұрғанын тылсым құдіреттің
күшімен сезгендей, кеудесіне ащы өксік тығылып,
жылап жібереді.
Жүк машинасы әскери комиссариатқа бет ал
ған кезде, Кемел жетімдердің жатағына сүйреті
ліп жетіп, төсегіне келіп, әл-дәрменсіз құлай кетті.
Өз-өзіне келіп, орнынан тұрып, үсті-басын түзеген
ше біраз уақыт өткен. Әйтеуір, ауыр ойдан арылу
дың жалғыз жолы күнделікті оқу еді. Көз жасы
көмектеспесін, қатал тіршілікте тек қана оқу мен
жұмыс істеу қажеттігін қапысыз түсінді.
Бір жарым жылдан соң өзінің де соғысқа ба
ратын кезегі келді. Он сегізден жаңа асқан әкей
сержанттарды даярлайтын қысқа мерзімді курс
қа жіберіледі, оны бітірген соң фашист басқын
шыларға қарсы қанды шайқас жүргізген Кеңес
әскерінің жауынгері атанды.
Әкемнің онсыз да бақытсыз балалық шағы
осылайша көңілсіз аяқталды.
* * *
Әкей өмір бойы ағасын сағынып, іздеумен өтті,
оның қайтып ораларына шексіз үміттенді, бірақ
мұның орындалмайтын арман екенін де білді.
Алайда ғайыптан, бәлкім, мүлде басқаша болары
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
24
на сенгісі келді, өйткені Қасым Болтаевтың жер
ленген жерін нақты білген жоқ қой. «Қарақағазда»
бұл туралы ештеңе айтылмаған, тек қана социа
листік отаны — КСРО-ны қорғау кезінде ерлікпен
қаза тапты делінген.
Міне, көптеген жылдар өткен соң К. Тоқаевтың
ағасының қаза тапқаны туралы деректерді табуға
мүмкіндік туды. Тиісті жұмысты Н. Әбіқаевтың
басқаруымен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
жүргізді. «Мемориал» қоғамының мұрағатында
Бас ПУР РККА ЧК бөлім бастығы, полк комисса
ры Гитерманның «Калинин майданы саяси кеңесі
мүшелерінен қаза болғандар, Қызыл Армия қата
рынан шығару» деген баянжазбасы табылды. Осы
құжаттың қосымшасынан Қасым Болтаев деген
фамилия табылды, ол «1942 жылы 22 ақпанда
ұрыста қаза тапты» деп жазылған. Материалда
Қ. Болтаев кіші саяси жетекші шенінде, 186-шы
атқыштар дивизиясының 290-шы атқыштар пол
кі көлік ротасының саяси жетекшісі лауазымын
атқарғаны айтылады. Биографиялық мәліметтері
не келсек, Қ. Болтаев 1920 жылы Алматы облы
сының Қаратал ауданында дүниеге келген, қазақ,
бойдақ, 1942 жылдан БКП(б) мүшесі, Қызыл Ар
мия қатарында 1939 жылдан бері, саяси жұмыста
1941 жылдан.
Тверь облысы, Ржев ауданының Трубино ауы
лындағы бауырластар зираты оның жер бетінде
гі соңғы мекеніне айналды. Бұл зират көпшілікке
түсініксіз себептермен соғыс кезінде және одан
кейін де құпия ұсталды. Тек қана «хрущевтік жы
лымық» кезеңде, 1957 жылы қорымның айнала
сын ретке келтіріп, темір қоршау орнатып, сәулет
ші Казаковтың жобасымен монумент орнатылды.
Алайда осы ұлағатты істен кейін де, зиратқа жер
ленген сарбаздар туралы мәліметтерді туыстары
на бермеді. Әйтеуір, әкейдің өзі де, оның балалары
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
біздер Қасым Болтаевтың жерленген жері туралы
ешнәрсе білмедік.
Біз әкемнің ағасының мүрдесін жер қойнына
тапсыруда ілтипат пен қамқорлық танытқан Ржев
ауданы мен Трубино деревнясының жергілік
ті билік өкілдері мен тұрғындарына ризашылық
білдіреміз. Ол адамзат тарихындағы ең бір қиян-
кескі соғыстың алғашқы кезеңінде ерлікпен қаза
тапқан жауынгерлердің бауырластар зиратында
өзінің соңғы мекенін тауып, мәңгіге тыныстап
жатыр.
26
І І т а р а у
Соғыс
Ф
рунзе жаяу әскер училищесін бітірген соң
әкейді Сталинград майданы құрамына кі
ретін әскери бөлімге жібереді. Әскери іс
жөніндегі нұсқаушылар қазақтың жас жігітін 226-
шы атқыштар дивизиясының бөлімше команди
рі лауазымына ұсынды. Шайқасқа қатысқан үш
айдан кейін ол жараланып, әскери госпитальге
түседі. Жас жауынгер госпитальде қала бергісі кел
мей, көп ұзамай-ақ соғысып жатқан бөлімге қайта
жіберуге сұранады. Осылайша Бірінші Украина,
кейіннен Екінші Белорус майданы құрамына кір
ген 7-ші гвардиялық танк полкіне кірді.
Оның міндетіне шабуыл кезінде танктерге қол
дау көрсету және қарсы жақтың жанды күшін жою
кірді, былайша айтқанда, десант ретінде шайқасты.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
27
Соғыс ардагерлері әділін айтар, мұндай ұрыс
қимылдарына қатысу сарбаздардан дене күшін,
мергендікті, ең бастысы, жоғары әскери рухты
талап етті. Әкей айтушы еді, шайқас алдында әс
керлермен саяси жетекшілер әңгіме жүргізетін,
Отан үшін жан аямауға сендіретін. Жігерлендіру
үшін спирт те пайдаланылыпты. Шабуыл алдын
да соғыстың жантүршігерлік алапатымен алғаш
бетпе-бет келгелі отырған жас жауынгерлерге қо
сымша батылдық үшін дәстүрлі «наркомдық жүз
грамм» берілетін.
Соғысты еске алғанда, әкем ауыр әскери іс-қи
мылдарды жеңіл серуендей суреттейтін көркем
шығармаларға сенбеу керек дейтін. Қан судай
аққан шайқастарда қорқуды білмеген сарбаздар
мен офицерлер жайлы көптеген авторлардың
«көпірме» әңгімелері оның ашуын туғызушы еді.
Соғыс ардагері ретінде барлық сарбаздың, әсіресе
жаумен алғаш кездескенде бойын үрей билейтінін
анық білетін. Ал, біреулердің қорқынышты жеңіп,
қас жауынгерге айналғаны басқа әңгіме, өзгелері
осы бір желімдей жабысқан сезімнен арыла ал
мағаны рас.
«Солдат соғысқа кетті» кітабында әкей өзінің
жас жауынгерлермен бірге жау бомбасының ас
тында қалғаны туралы жан-жақты жазды. Олар
мінген эшелонды жаудың бомбалаушы ұшақтары
атқылайды. Аспаннан жаңбырша жауып, ысқы
рып келіп соққан снарядтың даусының өзінен қор
қып зәресі ұшқан адамдар естен танып жатты.
Кейбір жас жауынгерлер орындарынан қозғала
алмай қалады, жараланғандары жанын қинаған
азаптан жанұшыра айқайлап жылағанда, әуе бом
басының да даусын басып кеткендей.
Әкем бойындағы бар күшін жинап, вагоннан
алыс ашық далаға жүгіріп шығады. Қасындағы
сарбаздармен бірге бір төбешіктің астына жата
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
28
қалады. Құлақ тұндырар жарылысқа үйрене келе,
шалқасынан жатып, бомбалаушылардың әреке
тін бақылай бастайды. Жаудың мессершмиттері
ешбір қарсылық көрмей, ойларына келгенін істеді.
Құрбан болғандарда сан жоқ, әсіресе жәй адам
дар көп қырылды. Әке-шешелерінің бомба астын
да қалып өліп жатқанын жандары шошына көр
ген балалар шырқырайды. Неміс авиациясы ажал
сепкен бомбаларын түйдек-түйдегімен тастап,
ендігі кезекте тірі қалған адамдарды пулеметпен
атқылайды. Ұшақтардың бірі оқ жаудырып, әкей
дің үстіне төне ұшып өтеді. Оқ бірнеше сантиметр
ғана қиыс кеткен.
Оның соғысқа алғаш араласуы осылай бас
талды. Ұшақтар әйтеуір кеткен соң жолдастарын
іздеуге шығады. Әскерге жаңа шақырылғандар
дың жартысынан сәл астамы ғана өлім аузынан
қалыпты. Олар уақытты жоғалтпай, жаралылар
ға көмектеседі. Қырғын «қасапханадан» тірі қал
ған командирлер полк штабымен байланысып,
жағдайды баяндайды. Топтасуға бұйрық алған
сарбаздар кіші офицердің бұйрығымен негізгі әс
кери бөлім орналасқан жерге беттейді.
Әкемнің түскен полкі көп ұлтты екен. Негізінен
орыстар, қалғандары — украин, татар, белорус,
өзбектер мен басқа да халықтардың өкілдері.
Полкте екіақ қазақ болған, оның бірі — Кемел
Тоқаев. Полк темірдей тәртіптілігімен және бір
лігімен ерекшеленді, ұлттық негізде «есеп айы
рысу» деген жоқ. Барлық жауынгерді бір ғана
мақсат — фашист басқыншыларын жеңу бірік
тірді. Соғыс жылдары патриотизмнің күшті бол
ғаны шындық, шегінгендерді қатаң жазалады,
ал сатқындарды аямады. Соғыс бәрін де өз ор
нына қойды: батыр, ержүрек жауынгерлер құр
метке ие болса, қорқақтар мен екіжүзділерді
сарбаздар жек көрді.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
29
Бірінші тарауда айтып өткенімдей, әкей қиян
дағы ауылдан шыққандықтан орыс тілін білмеді.
Қатал жағдайлар тоғысуымен соғыс оған нағыз
азаматтық пен орыс тілін үйреткен бірінші универ
ситет атанды. Көп жылдар өте келе, ол орыс тілін
мектеп партасында емес, ұрыс даласында жүріп
үйренгенін мақтанышпен еске алатын. Кейін де
орыс тілін терең меңгеруді тоқтатқан емес. Оның
әдемі қолтаңбасымен грамматикалық мысалдар
ды жазған жеке қойындәптерлері әлі сақтаулы.
Көрнекті орыс жазушыларының шығармалары
нан тұтас бөлімдерді жаттап, мазмұндама жазатын.
Соғыста әкем екі жарым жылын өткізді. 1944
жылы Кеңес әскері Белоруссияны, Украинаны жә
не Польшаны жаудан босату үшін Екінші дүние
жүзілік соғыс тарихындағы ірі әскери операция
лардың бірін жүзеге асырды. Онда танктер аса
маңызды рөл атқарды. Кеңес Одағы қисапсыз
күш жұмсап, техникалық сипаты жағынан Герма
нияның әскери техникасынан кем түспейтін, тіпті
асып кететін танктер жасауды жолға қойды. Әсіре
се Ұлы Отан соғысындағы жеңістің символына
айналған «Катюшамен» қатар Т-34 танкі аталатын.
Бұл танкілер жаудың қорғаныс шебін бұзды, оның
әскери техникасын жойды.
Ал жау әскерлерін жою міндеті негізінен танк
десантына жүктелді. Танкте келе жатқан сар
баздар командирлердің бұйрығымен секіріп тү
сіп, жау шебін автомат оғымен атқылады. Ұзақ
қашықтықтардан өту, қарсы оқ астында қалмау
үшін үнемі қырағы болу қажет. Егер танкистер
сауытпен қорғалса, десантшылар жаппай қарсы
атқылау кезінде қорғансыз қалатын.
Әкемнің әңгімелерін тыңдай отырып, менің
көз алдыма оның қолындағы автоматымен танк
үстінде тұрғаны, сонан соң «Отан үшін! Сталин
үшін!» деп айқайлап секіріп түсіп, ұрысқа кіргені
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
30
елестейтін. Қазір кейбір жиырмадағы болбыраған
бос жігіттерді көргенде, әкелеріміздің қатал со
ғыста қайыспай, фашист қабырғасын күйреткен
ерліктері үшін мақтанамын.
Қанды шайқастар бүкіл майданда жүріп жатты.
Әрбір взвод, рота, батальон, полк, дивизия өзінің
қимылын жақсы білді және жауды жою үшін аян
бай қимылдады. Кеңес әскері нағыз ерліктің үл
гісін көрсетіп, фашист армиясының шабуылын
тойтарып қана қойған жоқ, тегеурінді қарсы ша
буылға шықты. Еліміздің әскери және азаматтық
тұрғындары арасында соғыстың жеңіспен аяқта
ларына деген үміт оянды. Бірде мен әкемнен,
оның, яғни соғыстағы Кеңес әскерінің сержанты,
дивизия немесе әскердің стратегиялық жоспарын
білуші ме еді деп сұрадым. Ол ротаның жоспарын
жақсы білгенін, ұрыс алдында батальон немесе
полк алдында қандай міндеттер тұрғанын шама
лағанын, ал дивизияның әскери жоспарынан еш
теңе білмегенін, өйткені «оны білуге тиіс еместігі»
жөнінде шынын айтты.
Ұрыс
арасында
әскерді
тамақтандырудың
өзі — үлкен бір тақырып. Әкемнің айтуынша, бұл
жағы жақсы жолға қойылыпты. Әрине, тамақтың
уақтылы жетпей қалған кездері болған, дегенмен
бұл соғыс кезіндегі қалыпты жай еді. Далалық
асүй бір жерде артиллерия оғы астында қалса,
енді бірде тамақ тасушылар азықты жоғалтып
алатын, кейде жаяу әскерлердің өздері әскери
бөлімшелерге асты жеткізе алмай қалады. Бірақ,
жалпы алғанда, сол бір ауыр жылдары әскер
азықпен толық қамтамасыз етілді. Бұл таңғала
тындай да жайт емес, өйткені Кеңес әскеріне «Бар
лығы соғыс үшін, барлығы жеңіс үшін» ұранымен
бүкіл халық еңбек етті. Тылда барлығы — әскери
қызметтен босатылғандар, әйелдер мен балалар
күн-түн демей ауыр жұмыс істеді. Барша көпұлтты
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
31
кеңес халқы сол бір сұрапыл жылдары әлемдік та
рихта болмаған жанқиярлық ерліктің үлгісін көр
сетті.
Әкей бірде маған үш күндік ұрыстан кейін пол
ктің ішер ассыз қалғанын әңгімелеп берді. Дала
лық асүй бірдеңеге ұшырап, ұрыс қимылы өтіп
жатқан майдан даласына жете алмай қалады.
Уақтылы тамақ ішіп үйренген сарбаздардың ұн
жырғасы түсе бастайды. Дәстүрлі ботқа мен бұқ
тырылған етсіз жауынгерлік рухтың көтерілуіне
сенім арту қиын.
Жауға қарсы ауыр да ұзақ жорықтардан кейін
әкемнің өзі де қатты қалжырап шаршайды, бірақ
майдандастарын тамақтандыру үшін қол қусы
рып қарап отыруға болмайтын еді. Бір ашық алаң
қайға шыға беріп, өліп жатқан жылқыны көреді.
Табан астында шешім қабылдап, ол жылқыны
мүшелеуге кірісіп кетеді. Кесек-кесек еттерді кесіп
алып, бір солдатты көмекке шақырып, екеулеп
жас етті рота орналасқан жерге алып келеді. Жа
уынгерлерге бірнеше шелек тауып, етті пісіруді
ұсынады. Бұл ұсыныс барлығына бірдей ұнай қой
маса да, аштық өз дегенін істетеді. Екі сағатта ет те
пісіп, солдаттар құшырлана тамақтануға кіріседі.
Осыдан кейін майдандастары әкейге тығырықтан
алып шығар амал тапқаны үшін көпке дейін алғыс
айтып жүріпті. Ал әкем оларға «ұлттық аспен та
мақтандырдым» деп қалжыңдайды екен.
Әкей танк полкімен бірге Белоруссияда, Украина
мен Польшада болған, Сталинградты қорғауға қа
тысқан. Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы үшін 1944
жылдың аяғында екі рет Отан соғысы орденімен,
басқа да көптеген медальдармен марапатталды.
Жуықта ғана Қорғаныс министрлігінің архив
терінен Кемел Тоқаевтың соғыс кезіндегі ерлік
істерін айғақтайтын жаңа деректер табылды. Бұ
дан әрі «Литер» газетінде 2016 жылы 5 мамырда
жарияланған осы құжаттардан үзінді келтіріледі.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
32
Поляк жерінде қатты жараланып, Берлинге
жете алмай қалады. Айтысына қарағанда, ол не
міс мергенінің тірі қарауылына айналған, дүрбі
мен танк үстінде отырған азиат солдатты анау
әдейі көздеп атқанға ұқсайды. Жау оғы әкейдің
оң аяғын жаралаған. Ол танктен сол сәтте-ақ
ұшып түсіп, есінен айырылып қалады. Он сағаттай
ес-түссіз жатып, тек санитарлар зембілге салған
уақытта ғана есін жияды. Жау жерінде жараланып,
тұтқынға түсіп масқара болмағанына әкей өмірі
нің соңына дейін Жаратушыға алғыс айтып өтті.
Жарақаты ауыр болып, етігі түгелдей қанға то
лыпты. Дәрігерлердің айтуынша, сүйек мылжала
нып сынғандықтан, аяқты сақтап қалуға ешқан
дай мүмкіндік жоқ. Сөйтіп, оң аяқты кесуге ұйғар
ған, бірақ әкей есін жиғаннан кейін аяғын кеспеу
ді сұрайды. Жас жауынгерді оң аяғынан айырса,
оның бүкіл болашағына балта шабатындықта
рын түсінген әскери дәрігерлер әкейдің өтінішіне
құлақ асыпты. Оны Гомельдегі госпитальге жібе
руді ұйғарады, өйткені қан көп кеткен. Жаралы
жауынгер Белоруссияда көп болмаған, әскери-ме
дициналық комиссияның шешімімен соғысқа жа
рамсыз деп табылады да, Омбыдағы әскери гос
питальге жіберіледі.
Отбасылық мұрағатта оның емдік қағазының
көшірмесі бар. Осы құжатты толық көрсеткім ке
леді.
«1945 жылдың 16 маусымындағы № 761 эва
куациялық госпитальдің ауру туралы куәлігінің
көшірмесі. 1494-ші эвакуациялық госпитальдің ко
миссиясы.
Атағы: гвардия сержанты, бойы 172 см, сал
мағы 60 кг, кеуде ауқымы 95 см. 1945 жылы 21
қаңтарда оң аяғынан жараланған. Хирургиялық
операция жасалған және жараны жуып-тазалаған.
Орама гипс салынған.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
33
Аурудың объективті белгілері: оң аяқ тізесінің
үстіңгі жағында Н тәрізді 15 х 4 см көлемді тыр
тық бар. Тыртық ортасында ірің бөлініп тұратын
екі жыланкөз тесік бар. Тыртық оқтың кірген және
шыққан тұсында. Балтыр тұсы буындарының
қозғалысы дұрыс, одан төменгі тобығының бү
гілуі — 100 градус, табанның бүгілуі — 110 градус,
балдақ арқылы жүре алады. Оң аяғын кесуден бас
тартты.
Арнайы тексеріс нәтижесі: 1945 жылдың 25 ма
мырындағы рентгенограмма. Сирақтың екі сүйегі
де сынған.
Аурудың атауы: оқ тесіп еткен сирақ сүйегінің
сынуына байланысты оң аяқ қозғалысының те
желуі, остеомиелиттің ауыр түрі.
Емі: физиотерапия, сүйекті таңу.
КСРО ҚХК-ның 1942 жылғы №386 аурулар тәрті
бі бұйрығының 49-бабының ІІ–ІІІ бөлігі негізінде
бұдан арғы әскери қызмет атқаруға жарамайды.
Айрықша есепке алынып, алты ай сайын куәлан
дырылып отырады. Мүгедектік тобы — екінші, үш
айдан кейін куәландырылып отырады.
Жаяу жүруге жарамайды.
Қасында адам жүрудің қажеті жоқ.
Аурудың негіздемесі: КСРО-ны қорғау кезінде
жараланған».
Осыдан кейін әкей үшін соғыс шартты түр
де аяқталса да, ұзақ жылдар бойы, тіпті өмірінің
соңына дейін соғыс зардабын тартып өтті. Қай
тыс боларынан бес жыл бұрын соғыстың кейбір
көріністері есіне түсіп жүрді, түнде ұйқысырап
майдандастарына бұйрық беріп айғайлап ояна
тын. Соғыс туралы фильмдерді жібермей көріп,
көркем туындыларды оқитын. Бірақ оған барлығы
бірдей ұнай бермеді. Соғыс туралы кейбір әңгіме
лер шындыққа жанаспайды, үлкен адамзаттық
трагедияны дұрыс жеткізе алмаған деп есептей
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
34
тін. Ол жазушы Әди Шәріповтің, кейіннен үкімет
тің құрметіне бөленген бұрынғы «орман жауын
герлерінің» партизандар туралы жазғандарына
сын көзбен қарады. Сонымен бірге жазушының
шығармаларын хрущевтік «жылымық» кезеңін
дегі әскери тарихнаманың өзіндік ерекшелігіне
көңіл аудару арқылы ақтауға тырысушы еді.
Өйткені Н. Хрущев билік басына келген кезде
әскери тарихшылар оның тікелей нұсқауымен көр
некті қолбасшы — маршалдар: Г. Жуков, К. Рокос
совский, И. Конев, тағы басқалардың Германияны
жеңудегі беделдерін түсіру мақсатында партизан
дық топтардың әрекеттерін тым асыра бағалап жі
берді. Кейбір тарихшылар, тіпті, партизандар жау
ды жеңуде шешуші рөл атқарған деуге де барды.
Бірақ халық кегін алушылардың ерліктеріне ешкім
күмән келтірмегенімен, мұның асыра айтушылық
екені белгілі ғой.
Әкем, жоғарыда айтып өткенімдей, Гомель мен
Омбы госпитальдерінде негізгі ем алады, дәрі
герлер оған аяғын кесу керектігін үнемі ескертіп
отырған. Әкей бұған қарсы болып, ем алуды жал
ғастыра береді. Осы бірбеткейлігінің арқасында
сол жылдары сүйекті ұзарту экспериментін жа
сап жүрген жас хирургтің көзіне түседі. 30 жыл
дан кейін бұл әдіс әлемдік медицинада «Илиза
ров аппараты» деген атпен әйгілі болды. Бұл ап
параттың авторы — қорғандық хирург Г. Илизаров
ашқан жаңалығы үшін Лениндік сыйлық иегері
атанады, ол жайында көп жазылып, фильм де
түсірілді.
Ал, сол кезде, соғыстың соңғы жылдарында
жас хирург өзінің үміті мен мақсаты жолында жұ
мыс жасап, клиникалық сынақтар жүргізді. Ол
әкейге арнайы шендеуіш аппаратты қолдана
отырып, аяғын сақтап қалуға болатынын айта
ды. Әкей үш айдан астам уақыт емхана төсегіне
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
35
таңылды. Ақыры үміті ақталып, ұзақ емделуден
соң балдақпен жүре бастайды. Аяғы аман қалды.
Бұдан кейін Алматыдағы А. Сызғанов жетек
шілік ететін әскери госпитальге жіберіледі. Бұл
госпитальде сүйекті жасанды біріктіру экспери
менті жүргізілген. Жарты жылдан кейін майдангер
ақырындап балдақпен жүре алатын жағдайға же
теді.
Әкей соғыстан ІІ топтағы мүгедек болып орал
ды, басында баспанасы, не білімі, тұрақты жұмы
сы жоқ.
Өмірін қайта бастауға тура келді. Арқа сүйейтін
де ешкім болмады, өйткені соғыстан күйзелген
ауылдағы туыстарының жағдайлары да мәз емес.
Бірде ол маған вокзалда жұмыс іздегенін де
айтқаны бар. Жұмыс табу өте қиын, кез келген
жұмысқа денсаулығы мықты, сау адамдар қажет.
Біраз уақыт өте келе Алматы маңындағы туыс
қандарын тауып алады. Олар әкейді өз қолдары
на алғанымен, аса бір қонақжайлық көрсете қой
майды. Бұндай жағдайда көп тұра алмасын біліп,
қалаға оқуға баруды ойластырады. Бірақ туыс
қандары «соғыс мүгедектері ешкімге керек емес,
оларды оқуға қабылдамайды, жұмысқа да алмай
ды» деп, әкейді қалуға, үй шаруашылығымен айна
лысуға көндірмек болады.
Бірақ әкей аяғымды емдетемін, қалаға барып
оқуға түсемін деп шешеді.
1945 жылы дегеніне жетіп, Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетіне бірінші
курсқа оқуға түседі. Оқуға әскери киімде, балдақ
пен жүріп кіреді.
Жоғарыда айтып өткенімдей, соғыс әкемнің мі
незіне терең әсер еткен. Он сегіз жасқа толар-тол
маста бастан өткізген сұрапыл соғыс оның міне
зін шыңдайды, адамдық тұрмыс, жақсы мен жа
ман, өлім мен өмір жайлы көзқарасын түбегейлі
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
36
қалыптастырады. Ол ержүрек әрі мықты болды,
бірақ қатыгез емес-ті, алдына биік мақсат қойды,
алайда аярлыққа бармады.
Әңгімелерінің бірінде маған әр адамның пе
ріштесі мен шайтаны болатынын, адам бойында
алғашқыда жақсылық пен жамандықтың ымыра
сыз күресі жүретінін айтып еді. Осындайда әзәзіл
дің арбауына ырық бермей, шайтанның шырма
уынан сақтанып, теріс жолмен жүрмеу керектігін
баса ескертетін. Шыны керек, жас кезімде мен бұл
философиялық толғаныстардың мәнін түсіне бер
мейтінмін, кейіннен, өмірдің түрлі соқпақтарынан
өте келе әкемнің сөздерінің соншалықты шын
дығына кәміл көзім жетті.
Әкей өмір бойы соғыс ардагерлеріне үлкен
құрметпен қарады, Сталин мен кеңестік маршал
дарды мақтан тұтты, ал Хрущевті, соғыс туралы
жазғыштарды жақтырмайтын. Әлі есімде, 1965
жылы Жеңістің 20 жылдығына арналған әскери
шеруді тамашаладық. Әскерлердің сап түзеген қа
дамдары мен салтанатты әуені әкеме қатты әсер
етті: «Босқа соғыспаған екенбіз. Әттең, көптеген
майдангерлер бұны көре алмай кетті», — деп, көзі
не жас алды.
Өмірінің соңына дейін басты мерекесі Жеңіс
күні болды. Мейрамға бүкіл отбасымызбен мұ
қият дайындалатынбыз. Шешей отағасының бұл
күні міндетті түрде үйге достарын, жолдастарын
шақыратынын біледі. Ол соғыс кезіндегі бауыр
ластықты бәрінен жоғары қоюшы еді. Соғысқа
қатысқандар үлкен құрмет пен сенімге ие, оларға
кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады деп
санайтын.
Жеңістің 40 жылдығына орай әкей І дәрежелі
Отан соғысы орденімен марапатталды. Бірақ қа
лалық әскери комиссариат соғыс ардагерлерінің
шеруіне шақыруды ұмытып кетіпті. Үкіметтің со
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
ғыс ардагерлеріне құрмет көрсету туралы қаулы
сының жарық көргеніне қарамастан, Алматыда
сол жылдары пәтер, автомобиль, санаторийлерге
жолдама бөлу кезінде қараулық, лас әрекеттер
белең ала бастады. Арнайы жеңілдіктер ардагер
лерді айналып өтіп, мүлде беймәлім адамдардың
қолына тиетін. Әкей де сондай жағдайды бастан
кешіп, жеңілдіктерден сырт қалды. Бірақ өзін-өзі
төмендеткісі келмей, ешкімге жағдайын айтып
көмек сұрамады.
Жеңіс күні халықпен бірге қыдыру үшін бар
лық медальдары мен ордендерін тағып, алаңға
шықты. Сол күні қаладағы таныс та бейтаныс
адамдар әкейді мерекесімен құттықтап жатты.
Бірақ олардың ешқайсысы да майдангер үшін ең
қымбат мерекеге арнайы шақырусыз қалған со
ғыс ардагерінің жаралы жан-дүниесінде үлкен
өкпе-реніш жатқанын сезген жоқ, әрине. Билікте
гілердің жөнсіз әрекетіне ренжісе де ол, соғыс ар
дагері, ешқандай сыр бермеді. Мықты да тәкаппар
жан еді.
Әкейдің бір жарым жылдай ғана өмірі қалған.
38
І І І т а р а у
Әдебиетке барар бұралаң жол
К
емел Тоқаевтың соғыста алған ауыр жара
қаты мен тұрмыстың қиындығынан басына
түскен тауқыметтерді жеңіп шығуға жігері
жетті. Ол университетке түсуге шешім қабылдады.
Соғысқа қатысқандарға жеңілдіктер берілгендік
тен, жолы болатындығына сенімді еді. Қабылдау
комиссиясы отырған залға омырауы ордендер
мен медальдарға толы балдаққа сүйенген жас
қазақ жігітінің кіріп келуі оқытушыларға әсер ет
кені анық. Комиссия мүшелері қай факультетте
оқығың келеді деп сұрайды. Шорқақ орыс тілінен
ұялып, бала кезімнен журналист болуды арман
дайтынмын деп қазақ тілінде жауап береді. Ақы
ры, 1945 жеңіс жылында сол кездің атақты оқу
орындарының бірі — С.М. Киров атындағы Қазақ
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
39
мемлекеттік университетіне емтихансыз дерлік
қабылданады.
Университетке түскен кезі ауыр да қайғылы өмі
рінің ең бақытты шақтары екенін әкем көтеріңкі
мақтаныш сезіммен еске алатын. Бұл әбден түсі
нікті. Себебі оның бойында 22 жылдың ішінде
алғаш рет жарқын болашаққа деген үміт оянды.
Талапты жас журналист болуды армандайтын,
оқуға деген құштарлығы өте күшті еді. Жетімдікпен
өткен балалық, аштық пен жоқтықтың ауыр еле
сі санада сайрап тұрғандықтан, ауыл адамының
өмірі оны тарта қоймады.
Университетте оқу әрі қиын, әрі қызықты еді.
Қисапсыз қиын ғұмырында алғаш рет өзіне түсі
ністікпен қараған өрелі ортаға тап болды. Ол жыл
дары университеттің оқытушылар ұжымы кілең
мықтылардан тұратын. Дәрістерді танымал ға
лымдар, жазушылар мен журналистер оқыды. Жо
ғарғы курстарда әкейге қазақ әдебиетінің класси
гі Мұхтар Әуезовтің лекцияларын тыңдау бақыты
бұйырды. Оқу орнында қалыптасқан атмосфера
ғылым мен міндетті пәндерді терең игеруге же
телейтін. Соңғылардың ішінде жоғары шығарма
шылық және қызметтік өсуге «рұқсат қағазын
дай» болған орыс тілі де бар. Орыс тілін жетік
білмейінше, оңды жұмысқа тұрып, әсіресе мемле
кеттік орган жүйесінде кедергісіз, сәтті жоғарылау
мүмкін емес-ті.
Әкей орыс тілін терең оқып меңгеруге айрықша
ынтамен кірісті. Маржандай жазуымен грамма
тикалық ережелер жазылған көптеген қойындәп
терлері әлі күнге сақтаулы. Әкейдің жазбаларына
қарағанда, ол кезде орыс тілін оқу тиісті деңгейге
қойылған, оқыту әдістемесі жан-жақты, сондай-ақ
қарапайымдылығымен ерекшеленетін.
Өкінішке қарай, мектептер мен жоғары оқу орын
дарындағы қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
40
туралы олай деп айта алмаймыз. Дей тұрғанмен,
осынау төтенше маңызды істе ілгерілеу де жоқ
емес. Біздің жас буын мемлекеттік тіл мәртебесі
не ие болған қазақ тілін оқуға қызыға бастады.
Оның үстіне президент Н. Назарбаев Қазақстанда
тұратын барлық ұлттарды келешекте қазақ тілі
біріктіретінін нақты мәлімдеді. Сондықтан мем
лекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің болашағы шын
қуантады.
Әкей табандап жатып үйренгеннен кейін орыс
тілінің грамматикасын үздік меңгерді, өзінің ойын
«ұлы да құдіретті» тілде еркін баяндайтын, тіпті
өте ауыр мәтіндердің өздерін біліктілікпен түзе
тетін, орыс тілінде өте сауатты жазды. Бірақ ауы
зекі сөйлеуінен орыс тілі оның ана тілі еместігі білі
нетін, жеңіл акцентпен сөйледі.
Жастайынан ана сүтімен сіңген қазақ тілі өле-
өлгенінше ол үшін қасиетті болып қала берді. Ана
тілін жан-тәнімен сүйіп, оны шынында да орасан
бай тіл деп есептейтін. Отбасында жиі қайталай
тын сөздеріне қарағанда, көп қырлы оралымы
жағынан әлем тілдері арасында қазақ тіліне тең
келетін тіл жоқ.
Университетте оқып жүрген кезінде әкей, әри
не, басқа пәндерді: қазақ және орыс әдебиеті, фи
лософия және тарихты оқыды. Бұл пәндерге аса
құмарлығының дәлелі ретінде мемлекеттік мұра
ғатта университетте оқығандығы туралы дипло
мы сақталған. Жетімдер үйінде тұрған, интернатта
оқып, майдандағы қантөгіс шайқастардың ащы
дәмін татқан әкей соған қарамастан жоғары оқу
орнының бағдарламасын еркін игерді. Оның дип
ломында бірде-бір «үштік» болған емес, барлық
пәндерді «төрт» пен «беске» меңгерді.
Студенттік шағында кейінгі өмірінде маңыз
ды орын алған адамдармен танысты. Оқып жүр
генде Саттар Имашевпен танысып, достасты.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
41
Оларды жақындастырған — соғысты бірге бастан
кешкені, себебі олар әлі қанаттары қатаймастан,
өмір дәмін татпай тұрып сұм соғысқа аттанды,
өмір мен өлімнің қас қағымдай айырмасын ұқты.
Әкейдің әңгімелеріне қарағанда, С. Имашев үздік
оқып, қоғамдық тапсырмалардың бәрін құлшы
на орындаған. Мінезінің бұл қыры ақырында
оның қызметтік мансабына оң әсерін тигізді, пар
тия функционерлерінің көзіне түсіп, сатылап алға
жылжып, Қазақстанның ықпалды адамдарының
біріне айналды. С. Имашев Қазақстан Компартия
сы Орталық Комитетінің хатшысы лауазымын
атқарған кезінде республикамыздың мықты идео
логтарының бірі ретінде танылды. Сол уақытта,
70-жылдардың басында, ұлттық мәдениет шын
мағынасында өрлеу дәуірін бастан кешті, КСРО-да
ғана емес, одан тыс жерлерге де кеңінен танылды.
Қазақ мәдениетінің көрнекті шеберлері — Роза
Жаманова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Би
бігүл Төлегенова, Шәкен Айманов, Асанәлі Әшімов
және басқалары ең жоғары атақтарды, соның
ішінде КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сый
лықтың лауреаты атақтарын иеленді. Танымал қа
лам шеберлері — Ілияс Есенберлин, Әбділда Тәжі
баев, Жұбан Молдағалиев, Әбдіжәміл Нұрпейісов,
Тұманбай Молдағалиев пен Шерхан Мұртазаев
тың, тағы басқа жазушылардың қызықты көркем
шығармалары жарық көрді. Дәл осы кезеңде Әбіш
Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақата
ев, Әкім Тарази, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзали
ев, Қабдеш Жұмаділов, Сәтімжан Санбаев, Мұхтар
Мағауин, Баққожа Мұқаи, Әнуар Әлімжанов, Қоға
бай Сәрсекеевтер үлкен әдебиетке қадам басты.
Көптеген көркемөнерпаздар ұжымы пайда болды,
театрлар құрылды, көркем және деректі фильм
дер түсірілді. Қылқалам шеберлерінің даңқы бүкіл
Одаққа тарады. Талантты сәулетшілер шоғыры
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
42
пайда болды. Осылардың бәрінде Саттар Има
шевтің еңбегі зор.
Әкей оның адамгершілік һәм іскерлік қасиет
терін жоғары бағалайтын. Ізгі жанды бұл адамды
мен де ұмытпаймын, өйткені 6 жасқа толғанымда
маған ойыншық ұшақ сыйлады ғой. Осы уақыт
қа дейін сол бір қымбат сыйлықты құнды дүние
ретінде сақтап келемін. Университетті бітірген
соң да қызметтік алшақтық өз әсерін тигізгенмен,
екеуінің достығы еш суыған жоқ. Қалай болған
күннің өзінде, әкей Орталық Комитеттің хатшысы
С. Имашевпен жылына екі рет кездесіп тұратын,
бұған шын қуанып, жігерленіп жүруші еді. Әлі есім
де, сондағы кездесулердің әрқайсынан көтеріңкі
көңіл-күймен оралып, қандыкөйлек досымен әң
гімені егжей-тегжейлі баяндап беретін. Саттар Нұр
машұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы
ның Төрағасы болып тағайындалғанда әкей жеке
құттықтап барды. Өкінішке қарай, С. Имашев бұл
орында ұзақ жұмыс істей алмады, 60 жасқа да
толмастан, қарапайым хирургиялық операциядан
кейін дүние салды. Әкем, әлбетте, студенттік досы
ның қазасына қатты қайғырды, тағдыр оған қатал
қарады, күш-қуаты мол шағында арамыздан алып
кетті деп қамықты.
Студент кезіндегі достарының бірі — кейіннен
атақты ғалым-филолог, Қазақ КСР Ғылым ака
демиясының Әдебиет және тіл білімі институты
ның директоры болған Мүсілім Базарбаев. Әкей
өмірінің соңына дейін оған айрықша құрметпен
қарады. Тұл жетім қалған, соғыста жалғыз ағасын
жоғалтқан жаралы көңілімен — Мүсілімді жақын
досындай ғана емес, тағдырдың өзі жолықтырған
інісіндей жақсы көрді. Онымен дос болу жеңіл әрі
қызықты, себебі Мүсілім сырт-келбеті ажарлы,
көңілді, қуатты, оның үстіне жомарт мінезді жігіт
еді. Әкей сияқты, Мүсілім де ауылдан шыққан, жас
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
43
кезінде орыс тілін нашар меңгерген, бірақ білімге
талпынысы мықты адам. Екеуінің жалғыз айыр
машылығы — Мүсілімнің әке-шешесі ол кезде тірі
және де ұлдарына әрдайым көмектесіп тұрады.
Әрі ол жасына байланысты соғысқа барған жоқ,
нағыз бейбіт өмірдің адамы болатын. Универ
ситетті бітірген соң М. Базарбаев әкеймен бірге
жастар газетінің редакциясында жұмыс істеді,
бірақ соңынан ғылым жағына біржола ауысты. Ол
кандидаттық диссертациясын өте жастай қорғап,
орыс және кеңес әдебиеті классиктерінің шығар
маларын қазақ тіліне аударумен шұғылданды.
М. Базарбаев қазақ әдебиетінің ғұламасы Мұх
тар Әуезовтің қамқорлығы мен қолдауына ие
болды. Кемеңгер Әуезов жас ғалымның бойынан
қазақ әдебиеттану ғылымының болашақ беделін
байқаған сыңайлы. Мүсілім Базарбаев бұл үмітті
толығымен ақтады.
1961-ден 1970 жылдарға дейін ол Ғылым ака
демиясының Әдебиет және тіл білімі институтын
басқарды. 70-жылдардың ортасында докторлық
диссертациясын қорғады, десе де білімінің ауқы
мы мен деңгейі жағынан бұл ғылыми атаққа
одан көп бұрын дайын еді. Қазақ ғалымдарының
алғашқысы болып әлі ақталмаған ақын Мағжан
Жұмабаевтың шығармашылығын зерттеді. М. Ба
зарбаев қаламынан қазақ әдебиетін байытқан
көптеген бірегей еңбектер дүниеге келді. Өмірінің
ақырына дейін ол сүйікті ісіне адалдығын таны
тып, ұлттық әдебиеттану ғылымына зор үлес қос
ты. Үкіметтік шенеунік мансабын аяқтап, 1981
жылы туған институтына директор ретінде орал
ды. Замандастары мен әріптестері М. Базарбаев
ты ұлы ғалым, жан-жақты адам деп еске алысады.
1970 жылы М. Базарбаев Мәдениет министр
лігін басқарып, қазақ мәдениетін дамытуға көп
еңбек сіңірген қабілетті басшы ретінде танылды,
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
44
шығармашылық ұжымдар мен жазушылар орта
сында зор беделге жетті. Бір қызығы, оның бұл
жоғары лауазымға тағайындалуы менің Мәскеу
мемлекеттік халықаралық қатынастар институ
тына түсуіммен дәл келді. Әлі есімде, Мәскеуден
Алматыға келгенде әкейдің айтқан бірінші жаңа
лығы досының жоғары лауазымға тағайында
луынан басталды. М. Базарбаевтың Үкімет мүше
сі болғанына әкем шын ниетімен қуанды. Себебі
бұған дейін олар уақыттарын жиі бірге өткізетін,
ал іссапарлар мен демалыстар кезінде хат жазы
сады.
Алайда өмірде жиі кездесетіндей, мұндай бұл
жымас достыққа да сызат түсті, асылы, «сыртқы»
факторлардың әсері тисе керек.
Не себептен екенін білмеймін, бірақ бұрынғы
достар күн өткен сайын бір-бірінен алшақтай бер
ді, олардың кездесулері де сиреді, ал 80-жылдар
дың басында мүлдем тоқтады. Бұл уақытта әкей
«Соңғы соққы» кітабының кейбір тараулары төңі
регінде туған жасанды әрі шектен тыс дабырай
ған жанжалға қатысты, оның үстіне мемлекеттік
қызметтен шеттетілгеніне байланысты қатты қа
мығып жүрген. Әкей үзеңгілес жақын адамымен
араздасуына қапаланбай қалған жоқ, бірақ өзінің
қысқа өмірінің соңына дейін ол кісіні тек жақ
сылықпен айтып отырды, сырласқан күндерін
еске алды. Ол М. Базарбаевпен достығына берікті
гін сақтады: дүниеден қайтарынан екі жыл бұрын
досымен бірге түскен фотосуреттерін жинап, жеке
конвертке салып, Мемлекеттік мұрағатқа тапсыр
ды. Сонда бүгінге дейін сақтаулы.
1995 жылы М. Базарбаевты жерлеуге қатысып,
қала әкімшілігіне оның бейнесін мәңгі есте қалды
ру жөнінде ресми хат жолдау менің маңдайыма
жазылыпты. Басқаша жасай алмайтын едім, се
бебі бұл адам өмірден өткен соң оның ғылым мен
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
45
мәдениет саласындағы қызметімен байланысты
барлық игі істері тарихқа айналды. Оның үстіне
Мүсілім Базарбаев бес жыл көлемінде Қазақ КСР
сыртқы істер министрі қызметін атқарып, ұлттық
дипломатия жылнамасына енген. Сонымен қа
тар мен Кемел Тоқаев пен Мүсілім Базарбаевтың
көп жылдық достығына құрмет көрсеткім келді.
Екеуінің бір-біріне бауырласқаны сондай, кезінде
олардың есімдері егіздей көрінетін.
Әрқайсысының қазақ әдебиетінде өз ізі бар.
Екеуі де замандастарының есінде қызығынан қи
ындығы мол өмірлерін әдебиетке арнаған тұлға
лар, өз істерінің майталмандары ретінде қалды.
М. Базарбаев дүниеден өткен соң оның жары,
ұзақ жылдар бойы Қыздар педагогикалық инсти
тутында жұмыс істеген Гүлбараш Байтоғаева қа
зақ әдебиеттану ғылымында бүтіндей бір бағытты
дүниеге әкелген әрі біздің мәдениетімізде елеулі із
қалдырған осынау қызықты адам туралы естелік
тер кітабын жарыққа шығарды. Шынын айтсам,
мен бұл кітапты мұқият оқып шықтым, сөйтіп
бұған дейінгі беймәлім біраз жайттарға қанықтым.
М. Базарбаевтың қызы Зейнеп әке жолын қуды.
Мәскеудің М. Торез атындағы шет тілдер инс
титутын бітірген соң Қазақстан Ғылым академия
сының Тіл білімі институтында қызмет етіп, фило
логия ғылымдарының докторы атағын алу үшін
диссертация қорғады, Қазақстан Ғылым акаде
миясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
2017 жылы Ғылым академиясында М. Базарба
евтың туғанына 90 жыл толуына арналған ғылы
ми конференция өтті. Осы айтулы оқиғаға орай
мен құттықтау хат жолдадым.
Университетті бітірген 1948 жылы әкей Жамбыл
қаласына барып, облыстық газетте бір жыл істеді,
соңынан Алматы қаласына «Қазақстан пионері»
балалар газетінің редакциясына ауыстырылды.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
46
Осылайша, журналистің буырқанған өміріне тү
бегейлі бас қойып, бұл қызықты істе өзінің күшін
байқауға, тәжірибелі қалам шеберлерінен үлгі
алуға мүмкіндік туды. Әкейдің естеліктері бойын
ша, газеттің шағын таралымы мен тақырыптық
шектеулеріне қарамастан, редакция ұжымында
қалыптасқан ахуал белсене жұмыс істеуге шақыр
ғандай. Газет оқырмандары негізінен балалар еді,
әрі Орталық комсомол комитеті тарапынан қатаң
бақылауда тұрды. Соған қарамастан, әкей бас
пасөз әлемінің ішкі жайын, қыр-сырын таныды,
басылымдардың жарыққа шығуының барлық
қатпарларын меңгерді.
Бірнеше жылдан кейін ол осы газеттің бас ре
дакторы болып тағайындалды. Қазақстан жур
налистикасының ардагерлері 50-жылдардың ба
сында «Қазақстан пионері» ерекше сипат алып,
шынайы танымалдыққа жеткенін еске алады. Ре
спубликаның қазақ мектептерінде кең тарап, ел
дің қоғамдық өмірінің мәселелерін жазуда жаңа
көзқарасымен ерекшеленетін басылымды бала
лар қызыға оқыды. Әкей республика комсомолы
ның Орталық Комитетіне мүшелікке сайланды.
Газетте істей жүріп ол көркем туынды жазу ту
ралы ойланды. Сол кез үшін оқырман қауымды
қызықтыратын көкейтесті тақырып іздеді. Де
тективтік әдебиет жанрына көшуге уақыт әлі жет
кен жоқ, сондықтан алғашқы кітабы — «Жұлдыз
ды жорық» республика пионерлеріне арналған.
Бұл оның әдебиеттегі алғашқы қадамдары еді.
Жазушылық жолға түсу шешімін әріптестерінің
барлығы бірдей қолдай қоймады, кейбір «сыншы
сымақтар» әдебиетке ынтасын жою үшін бірінші
кітабын сынаған мақалалар жазды. Бірақ әкей
ондай шабуылдардан тайсалмады, жазушы бола
мын деген түбегейлі шешім қабылдады. Бұл еңбек
тің ауыр екенін, тіпті оның соңына түскен кейбір
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
47
адамның денсаулығына да үлкен зияндығын білді,
әрине. Түйсігі алдамапты, жазушы ісі расында да
өте ауыр еді, шеберліктің жетіспеуінен емес, көп
теген тосқауылдардың, соның ішінде цензураның
кесірінен туындыларын жарыққа шығару қиынға
соқты.
Көркем шығарма жазу үстіндегі әкейдің түн
гі толғаныстары әлі есімде. 50-жылдары біздің
отбасы өте ауыр тұрмыстық жағдайларда өмір
сүретін — барлығымыз коммуналдық пәтердің
жалғыз тар бөлмесіне сыйып тұрдық. Түнде оянып
кетсем, әкей үстел шамының әлсіз жарығымен
қағаздарына шұқшиып отыратын. Сол қолында
түтіндеген папиросы, оң қолымен бір сөзден соң
бір сөзді маржандай тізе береді. Сосын ойланып
қалады да, папиростың тағы бірін тұтатып, қала
мын сиясауытқа малып алып, әрі қарай жазуға
кіріседі.
Алғашқы кітабы жарық көрген соң үш жылдан
кейін әкей милиция қызметкерлерінің қауырт та
қауіпті еңбегі туралы өте қызықты туындысын
аяқтады. Кітаптың атауы сәтті шықты — «Тас
қын» — көп мағынаны бір ғана сөзге сыйғызған
дай. Бұл кітапты қазақ оқырмандары ғана емес,
Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияның көр
кем әдебиетті сүйетін қауымы жылы қабылда
ды. Отбасы мұрағатында оқырмандардың роман
туралы тебіреністі ойлары жазылған, уақыттан
сарғайған хаттары сақталған. Шындығында, осы
кітапқа дейін қазақ көркем сөзінде бұл туынды
лар кездеспеген, әкем тыңға түрен салған бірінші
қаламгер еді. Жанрды сәтті таңдау, қиын тақы
рыпты біліктілікпен ашу, роман фабуласын оңтай
лы түзу кітапқа табыс әкелумен бірге, жазушының
қазақ әдебиетіндегі орнын да анықтады. Ол біздің
әдебиеттегі детективтік жанрдың негізін қалаушы
ретінде танылды. Бұл кітабы үшін Кемел Тоқаев
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
48
алғаш рет милиция органдарының қызметіне ар
налған республикалық көркем шығармалар бай
қауының бірінші сыйлығын жеңіп алды. Соңынан
ол екі рет осындай байқаулардың жеңімпазы
атанды.
Жазушының қаламынан туған шығармаларды
талдауға мен кітаптың жеке тарауын арнамақпын.
Ал қазір оның жазушылық ісіне үлкен жауапкер
шілікпен, ең бастысы, адал қарағандығын атап
өткім келеді. Жаңа кітапқа кіріспес бұрын, ол ІІМ
және МҚК мұрағаттарынан алынған көптеген ма
териалдарды түбегейлі зерттейтін. Сол кездегі рес
публика құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан
тергеу істері толық мазмұндалған мыңдаған қо
йындәптер парақтарын мен қызыға да құныға
оқитынмын. Әкей, әсіресе Жетісудің алғашқы қы
зыл комиссары Ораз Жандосовтың қызметін, ақ
тардың атаманы Дутовты өлтіруді ұйымдастыру
туралы материалдарды көп зерттеді. Өкінішке қа
рай, қатал цензураның кесірінен осынау күрделі де
қызықты істің біршама жайттары «Соңғы соққы»
романына енбей қалды. Менің білуімше, әкем бұл
кітабында Қазақстан аумағында патша генералы
Анненков пен оның жандайшаптары жасаған қа
тыгез қылмыстары туралы жазғысы келген, бірақ
оған бұл ұлтаралық қатынастардың бұзылуына
әкеледі деп, жазғызбай қойды. Айта кетерлігі, сол
жылдары қатаң цензор ретінде сөйлеген Комму
нистік партияның Орталық Комитеті мәдениет
бөлімінің кейбір басшылары, соңынан горбачевтік
қайта құруға құлшына кірісіп, ұлтаралық қатынас
тардың тұрақтылығын сақтауға тырысудан гөрі,
ұлттық картаны құбылта пайдаланған айтулы де
мократтарға айналды.
Шығармаларын жазуға түбегейлі дайындық
арқасында Кемел Тоқаевқа ешкім де фактілерді
өзгерттің, насихаттауды күшейттің деп айып таға
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
49
алмады. Ол бірде-бір кітабында коммунистік идео
логияны мадақтаған емес, олай істеген күннің өзін
де түсінуге болар еді, себебі 1944 жылы майданда
жүріп, кезекті шабуылдың алдында Коммунистік
партия қатарына өткен. Оның шығармаларын
да Қазақстан чекистері мен милиционерлерінің
ауыр әрі қауіпті өмірлері ешқандай әсірелеусіз су
реттелген. Сондықтан сансыз көп оқырмандары
жазушының кітаптарын жақсы көретін, ал партия
идеологтары жақтырмады.
Кемел Тоқаевтың шығармалары мыңдаған ба
сылымдармен шыққанына қарамастан, кітап дү
кені сөрелерінде жатып қалмайтын. Ал ресми
«классиктер» мен басқарушы идеология авторла
рының кітаптары керісінше жағдайда — оларды
бұйрықпен кітапхана, мектеп және институттарға
таратады. Оқырман қауымды тракторист пен са
уыншының махаббаты, партия функционерлерінің
«жанкешті» еңбегі немесе Қазақстанның жеке
леген аймақтарында Кеңес үкіметін орнатудың
ұзақ-сонар тарихы қызықтырмады. «Тынық Дон»
немесе «Көтерілген тыңның» авторынан артық
ешкім жаза алмасын, ал Айтматовтың «Жәмила»
және «Қызыл орамалды шынарым менің» повесі
нен кейін махаббат дастанын осыншалық нәзік те
әсем жырлай алмасын оқырман анық аңғарды.
Бірде үйде үстел басында әкейдің менің кітапта
рымның есебінен баспалар кейбір «классиктердің»
«еңбектерін» жариялаудан шеккен шығындарын
жабады деп әзілдегені бар. Анығында солай еді:
көп жылдар өткен соң мен тәжірибелі баспагер
лерден сол кездегі жұмыс жағдайлары туралы
сұрағанда, олар істің дәл әкем айтқандай болға
нын растады.
Жазушы өзінің кітаптары туралы жылы лебіз
дер, милиционерлер мен чекистердің ауыр жұ
мыстары туралы әңгімелерін жалғастыру жөнін
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
50
де өтініштер жазылған хаттарды көптеп алатын.
Әкемнің шығармашылығына америкалықтар да
көңіл аударды, оның атына АҚШ Конгресі кітап
ханасы мен Иллинойс университетінен «Соңғы
соққы» романының екі данасын салып жіберу
жөнінде хат келіп түсті.
Шығармашылық қарымын әкем ешқашан асы
ра бағалаған емес. Табиғи қарапайымдылық пен
тектілігінен шығар, басқа кейбір қаламдас әріптес
тері сияқты өзін өзі мақтау мен кітаптарын наси
хаттаудан аулақ ұстады. Бос мақтан жазушыға
абырой әпермейді деп санайтын. Таңдаған жанры
көпшілік оқырманға арналғандықтан, ешқашан
дәстүрлі классика қатарына енбейтінін жақсы тү
сінді. Хаттарының бірінде ол, ең алдымен қалың
оқырман қауымға, сондай-ақ «өз балаларына»
жазғандығын айтыпты. Үміті мен сенімі алдамап
ты. Оның шығармаларын қарапайым адамдар,
сондай-ақ эпистолярлық жанрға қатысы барлар
да ұмытқан жоқ. Елімізге кеңінен танымал «Қазақ
әдебиеті» газетінде (2008 жылғы 22 тамыздағы
саны) жазушы-журналист Рахметали Асылбектің
«Қазақ детективі қай деңгейде?» деп аталған қы
зықты мақаласы жарық көрді. Мақалада жазушы
Мағира Қожахметова былай деп еске алады: «Қа
зақ детективі дегенде, ең алдымен Кемел Тоқаев
есімі ойға оралады. Қалай құмартып оқитын едік,
шіркін!» Бұл кісінің айтуынша, К. Тоқаевтың шы
ғармалары нақтылы тағдыр, қым-қиғаш мазмұн,
қайран қалдырарлықтай оқыс шешімімен баурай
тын. Адам жанының жылуы асқақтығымен аста
сып, ерекше әсер қалдыратын. Ал, ардагер журна
лист Әтина Жәкетова: «Қазақ детективін қалып
тастыруда Кемел Тоқаевтың көп еңбектенгенін
білемін. Шығармаларын қызыға оқығанбыз. Қа
ламгердің бір қасиеті — шыншыл, турашыл адам
еді» деп атап өтеді. Қазіргі жас буынның өкілі, Өнер
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
51
институтының студенті Салтанат Жарқынбекова
мынадай пікір білдіріпті: «Әрине, кітапты жиі оқи
мын. Маған, әсіресе тарихи тақырыпқа жазылған
көркем шығармалар ұнайды. Детективтерді де
оқығанмын. Бірақ К. Тоқаевтан басқа бұл тақы
рыпқа арнайы қалам тартқан қазақ жазушысын
білмеймін. Қазақ тілінде жазылған мұндай шығар
малар жоқ сияқты. Дүкен мен кітапхана сөре
лерінде тек шетел жазушыларының орыс тіліндегі
кітаптары немесе солардың қазақша аудармала
ры ғана тұрады».
Мақала авторының өзі Рахметали Асылбек қа
зақтың детективті әдебиетінің қазіргі жағдайын
және оны шетелдік әдебиетпен салыстыра тал
дай келіп, тап Кемел Тоқаев біздің әдебиетіміз
де осындай танымал жанрдың бар екенін бүкіл
әлемге паш етті деп тоқталады. Жазушының кең
танылған туындысы «Сарғабанда болған оқиға»
негізінде мақала иесі шырғалаңды оқиғаның ше
шімі милиция тергеушілерінің жоғары кәсіби жұ
мысымен сәтті үйлесім тапқанын баяндай оты
рып, К. Тоқаевтың шығармашылығы аты аңызға
айналған Шерлок Холмс туралы кітаптың авторы
Конан Дойлдан ешбір кем емес деген тұжырым
жасайды.
Әрине, мен Кемел Тоқаевтың шығармашылы
ғына жоғары баға берген авторлардың барлығы
на ризамын. Баспасөз жарияланымдарынан бас
қа мен әдебиетсүйер қауымнан көптеген хаттар
аламын. Олардың барлығы әкейді ұлттық әдеби
етімізді қызықты детектив жанрымен байытқан
өзіндік қолтаңбасы бар қарымды қаламгер ретін
де ілтипатпен еске алады.
Жазушының туған халқына деген ерекше ма
хаббаты лайықты қайтарымын тапқандай, өмі
рінің соңына дейін еліміздің қай өңіріне барса да
сый-құрметке бөленді. Мемлекеттік мұрағатта түр
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
52
лі облыстарға жұмыс сапарымен барғанда түскен
фотосуреттер сақталған. Олардың бәрі жазушы
Кемел Тоқаев пен оның мыңдаған оқырмандары
ның өзара ықыласының айнымас куәсіндей боп
қала бермек.
Ол қазақ әдебиетінің марқасқалары — Сәкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров,
Мұхтар
Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтарға
ерекше құрметпен қарап өтті. Олардың шығарма
лары уақытқа бағынбайтын дара тұлғалар дейтін.
Қазіргі заман жазушыларының ішінде Әбділда
Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевты бөліп айтатын. Бір
де мен оның «Қазақ әдебиеті» газетін беріле оқып
отырғанын көрдім. Сол кездің көкейтесті мәселе
лерінің біріне жазылған Ә. Тәжібаевтың мақаласы
екен. Мақала туралы пікірін сұрадым. Сонда қа
зіргі жазушылардың ішінде өз ойын Әбділдадай
әсерлі де әдемі жеткізетін, поэзия мен прозаға бір
дей қуаттылары шамалы деп жауап бергені бар.
Оның Әбіш Кекілбаевқа деген көзқарасы ерек
ше еді. Әкей оның шығармаларын тарихи ауқым
дылығы және философиялық тереңдігі үшін жоға
ры бағалайтын. Бұл жазушы гуманитария сала
сында энциклопедиялық білімге ие және оларды
өз шығармаларында ұтымды пайдалана біледі
деп ылғи айтып отыратын. Әбіш Кекілбаевты ба
қытты жазушылық тағдыр күтіп тұр, ол қазақ әде
биетінің классигі болып танылады деуші еді.
Арада біраз жылдар өткенде маған Әбіш Кекіл
баевты жерлеуге қатысты мемлекеттік комиссия
ны басқаруға тура келді. Марқұмды ақтық сапарға
шығарып салардағы қаралы жиында мен қазақ
әдебиетінің классигімен, ұлттық интеллигенция
ның көрнекті өкілімен қоштасып тұрғанымызды
баса айттым.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
53
Әкей білім мен ағартудың қайнар көзі ретінде
кітаптарға аса мұқият қарады. Басында баспана
сы жоқ, қаражат жағы қинап тұрса да, кітаптан
ақшаны аямады. Бұл әдетін өмірінің соңына де
йін жалғастырды. Соның арқасында біздің үйде
көптеген қызықты кітаптар жиналды. Мен олар
ды мерзім сайын қайталап оқып, ата-анамның
көзі тірі кездерін еске аламын. Асылы, әкем мен
шешей осынау қымбат байлықтың мәнін нақты
түсінсе керек, енді ол кітаптар о дүниелік болған
марқұмдармен біздің арамызды мәңгілік жалғап
тұрған алтын арқауға айналды.
Әкей өзінің жазушы ретіндегі бағасын білді,
қазақ әдебиеті шамшырақтарының, жоғары ла
уазымды шенеуніктердің алдында құлдық ұрған
емес. Әрдайым қарапайым, бірақ өз ісіне берік
және шыншыл еді, біреулерге ұнамаса да, тек қана
шындықты айтатын. Қызметтік мансаптың жа
лына жармаспағаны да осы мінезінен шығар. Өсу
үшін икемді әрі жағымпаз болу қажет екенін түсін
ді, бірақ өз мінезінен қайтпады. Отбасында әкей
«турашыл болуға моральдық қақым бар, себебі
жастайымнан жетім қалдым, балалар үйінде тәр
биелендім, соғыс жылдары өлімге бас тіктім» деу
ші еді. «Бұндай өмірлік тәжірибесі жоқтар өзгерсе
өзгере берсін, төселсін».
Бір жоғары қызметтік кабинеттен екіншісіне
көшіп, сыйлық пен марапатты сұрап алатын, би
лікке «мадақ жыр» айтып, ал сыртынан жаман
дайтын біздің кейбір шығармашылық қайрат
керлерге қарай отырып, әкейді еске аламын да,
оның дәл осындай: ер мінезді әрі өз ісіне жауап
ты қарағанына ризалығымды білдіремін. Тіпті
еш кінәсіз өзекке тебілген өкінішті жылдарында
әкей біреуге «бас ию», кешірім іздеп жұмыс сұрау
ды ойлаған да емес. Өмірінің соңғы жылдары ол
тек мен үшін қам жеді, өйткені өзінің жоғарғы бас
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
54
шылықпен қарым-қатынастарындағы түйткілдер
одақтық министрліктегі менің жұмысыма кері
әсерін тигізе ме деп алаңдады. Бұлай алаңдауға
себеп те жоқ емес, өйткені әкемнің ашық қарсы
ластарына немесе тасада тұрып тас лақтыруды
қалайтын жасырын жауларына оның ұлының
Мәскеуде, демек, республика шенеуніктерінен тә
уелсіз жұмыс істеп жүргені ұнамайтын.
Әйтеуір, КСРО СІМ басшылығын ауыл арасының
арандатуды көздейтін «жергілікті» жасырын әре
кеттері қызықтырмайтын, ол кезде адамдарды ең
алдымен іскерлік және моральдық қасиеттеріне
қарап бағалайтын.
Шығармаларын орыс тіліне аудару проблема
сы әкейді ойландырмай қойған жоқ. Бұл іске мәс
кеулік аудармашыларды тартуға материалдық
мүмкіндігі жетпеді, сондықтан жергілікті әдебиет
шілердің қызметін пайдалануға тура келді. Аудар
ма ісі аса күрделі, алдымен жолма-жол аударма
жасалды, соңынан орыс тілінің стилистикасына
сәйкес келетін көркем форма табу қажет. Бірақ,
өкінішке қарай, аударманың соңғы кезеңінің сапа
сы төмен шықты, тіпті жолма-жол нұсқадан кейін
аудармашы бұл мәтінге қол тигізбегендей. Аудар
машының өз ісіне салақ қарауының салдарынан
жазушының орыс тіліндегі кітаптары көркемдік
жағынан ақсап жатты. Ол қолынан келгенше ау
дарма ақаулықтарын жоюға тырысып, мәтіндер
мен ұзақ жұмыс істеді, бірақ жалғыз өзі, әрі тиісті
тәжірибесі жоқтығынан орыс тілді оқырманға ар
налған шығармаларын жетілдіруге мүмкіндігі жоқ-
тұғын.
Соған қарамастан Кемел Тоқаевтың кітапта
ры үлкен таралыммен шығып, кітап дүкендерін
де тұрып қалмай, өз оқушыларына жетіп жатты.
Оқырман алдындағы мұндай табысты идеоло
гиялық қызметкерлер мен кейбір жазушылар
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
55
қызғана бастады. Кейбіреулері шытырман оқиға
жанрындағы кітаптардың авторы «қомақты» қа
ламақыны еңбексіз алып отыр десе, енді біреу
лері детективтік әдебиет «классикаға» көлеңкесін
түсіріп, оқырмандарды «талғамсыздыққа тәрбие
лейді» деп байбалам салды. Жазушылардың бі
рі (айтқандай, мен оның фамилиясын білемін)
мәскеулік «Литературная газетада» жазушы К. То
қаевтың кітаптары кітап нарығын толтыратын
дай лайықты емес-мыс деген шағымнан тұратын
лас пиғылды хат жариялауды ұйымдастыруға
дәті барды. Бір қуаныштысы, мұндай «бықсыма»
қаламгердің шығармашылығын жақсы көретін
мыңдаған оқырмандардың сеніміне селкеу түсіре
алмады. Ал анау бір жазушы әлі де жарық күнін
көріп, сүйікті ісімен айналысуда. Тәңірі жарылқа
сын.
Қызғаныштың қызыл тіліне ергендер оқыр
мандардың ойымен санасқысы да келмеді, ресми
идеология бірінші кезекте Кеңес үкіметі мен пар
тия қызметкерлерінің әрекетін жырлайтын шығар
малар тұру керек деп есептейтін. Сондықтан кіта
бын шығармастан бұрын әкеме еңбектің көкей
кестілігін дәлелдеп, цензурадан туатын көптеген
кедергілерді жеңуіне тура келді. Шығармаларын
басу қиын тиіп жүргенін көріп, біз оған әзіл-шы
ны аралас, махаббат немесе партия тақырыбы
на көшуді ұсынатынбыз — сонда цензордың да
үні өшеді. Бұндайда әкем атағы дардай совет
жазушыларының шығармаларына еліктегенше,
шытырман әдебиет жанрында алғашқы болғаным
артық дейтін.
Отбасы мұрағатында әкейдің кітаптарына қо
рытынды жазған цензура органдары басшылары
хаттарының көшірмелері сақталған. Бұл хаттар
цензордың кітап қолжазбаларын қалай өңдегенін
дәлелдейді.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
56
«Соңғы соққы» романы туралы хаттардың бі
рінде шығарма авторы совет қауіпсіздік органда
рының қызметін біліктілікпен ашып-көрсеткен
және бұл орайда мемлекеттік құпияға жататын де
ректерді жарияламаған деп жазылыпты. Шынын
да автордың бұған қалай қол жеткізгеніне таңға
ласың, себебі кітапта МҚК мұрағат материалдары
пайдаланылған, барынша шынайылығымен ерек
шеленетін.
Әкейге үш рет милиция қызметкерлерінің жұ
мысына арналған әдеби байқауларда бірінші сый
лықты беріп, Ішкі істер министрлігі көп қолдау жа
сағанын айту керек. Ол лауреат атағымен мақта
натын, оны құрметті атақ деп санады. Өмірінің
соңына дейін әкей «Милиция үздігі» белгісін таста
май тағып жүрді. ІІМ басшылығы оны жас қызмет
керлердің милиция ардагерлерімен кездесулеріне
шақыруды дәстүрге айналдырды. Ондай кездесу
лерден кейін әкей үйге қанаттанып әрі толқып ке
летін. Оның үстіне соңғы кезде оған адамдармен
жиі араласу жетіспегендіктен, ІІМнің назары мен
жылы қарым-қатынасына көңілі серпіліп қалатын.
Мемлекеттік мұрағатта жұмыс істеп отырып
мен қызық құжат тауып алдым: министр М. Есбо
латов пен Жазушылар одағы басқармасының
бірінші хатшысы Ә. Әлімжанов қол қойған 1975
жылғы 16 желтоқсандағы ҚазКСР алқасы мен Қа
зақстан Жазушылар одағының бірлескен шешімі.
Алқа Қазақстан Жазушылар одағының ішкі істер
органдарымен байланыс бойынша секцияның
жаңа құрамын бекітуге шешім қабылдайды. Сек
цияның төрағасы болып Кемел Тоқаев, ал оның
орынбасарына Ішкі істер министрінің орынбасары
А.Е. Жданов тағайындалған. Секцияның құрамы
на тәжірибелі милиция қызметкерлерімен қатар,
жазушылар Қ. Исабаев, Ө. Қанахин, Б. Тілегенов,
Е. Әукебаев, П. Косенко еніпті.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
57
Қазақстан қоғамы туралы әңгімеге қайта орал
сақ, 80-жылдары онда белгілі бір қозғалыстардың
нышаны аңғарылды. Жақындап келе жатқан өз
герістер екпіні біздің республиканы да айналып
өтуі мүмкін емес-ті. Мәскеуден барлық респуб
ликаларға қоғамдық-саяси тербелістер толқыны
тарайтындықтан, біреулер үмітпен, ал енді біреу
лері күдікпен қарай бастады. Сол бір ұзақ күттір
ген үмітті өзгерістер бірнеше жыл өткен соң 1986
жылғы желтоқсандағы трагедияға ұласарын еш
кім білген жоқ. Бұл қайғылы оқиғаны әкей көре
алмай кетті, ол туған халқының намысын таптаған
Кремльдің әрекетіне төзе алмаған қазақ жаста
рының қарсылығына бір ай қалғанда көз жұмды.
Бүгін ол жастар туралы не айтса да, кейбіреулер
олардың ашық та батыл қимылын өз пайдасына
бұрғысы келсе де — тап сол кезеңдегі қазақ жас
тары жаңа тарихи дәуірдің бастамашылары бол
ды. Алматы қаласындағы шеру әкейдің қырқын
берумен дәл келді. Ол кісіні еске алып, көңіл айтуға
келгендер өзара оқиға жайын әңгімелеп отырды.
Жастарды көшеде аяусыз ұрып-соғып, жаппай
қуғын-сүргін басталған, сондықтан адамдардың
жүзінде күйзеліс пен торығу табы бар еді. Келген
қонақтардың көпшілігі марқұм бұл күндерге жет
педі, әйтпегенде турашыл да шыншыл Кемел Тоқа
ев қалтарыста қалмай, жастарды қолдар еді деп
бүкпесіз өкініштерін білдірді.
Біраз уақыт өткен соң Мәскеу Қазақстанда
тәртіп «орната» бастағанда, біздің шығармашыл
интеллигенцияның кейбір өкілдері партия бағы
тын жарыса қолдап, «қазақ ұлтшылдығын» айып
таған мәлімдемелерге қол қойды. Арада жылдар
өткенде базбір қаламгерлер өмірлерінің осы бір
сүреңсіз сәттерін еске алудан да жалтаратын. Ала
сапыран жылдары саусақпен санарлық тұлғалар
ғана азаматтық ерлік көрсетті, солардың ішінде
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
58
Жұбан Молдағалиевті, Сафуан Шаймерденовті за
мандастары құрметпен еске алады. Сол оқиғалар
жайында айта отырып, біреуді қаралағым келмей
ді: бұған менің моральдық қақым жоқ. Десек те,
жаңғырығы алыстан жететін қаһарлы Желтоқ
сан оқиғалары ресми идеология жаршыларының
конъюнктуралық көңіл күйге бейім екендігі жөнін
дегі ескі қағиданы қапысыз дәлелдейді.
1986 жылғы оқиғалар Қазақстан қоғамының
азаматтық өсуі мен моральдық тазалығына сын
болды. Өкінішке қарай, тағдырдың тезіне шыдай
алмағандар кездесті, дегенмен халық өзінің көп
жылдық тарихындағы осы бір ауыр кезеңді абы
роймен көтере білді. Шетелдерде шығатын көпте
ген саясаттанушылардың еңбектерінде КСРО-ның
ыдырауының түп-тамыры Алматыдағы оқиғадан
басталады дейтіні жайдан-жай емес.
Біздің мемлекетіміз қазақ жастарының ерлігін
әділ бағалады. Президент Н. Назарбаев милиция
қапастарында қыршын кеткен Қайрат Рысқұлбе
ковке «Халық Қаһарманы» жоғары атағын берді.
Желтоқсан көтерілісінің басқа қатысушылары да
аталып өтті. Тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан
қазақ жастарының ерлігін халықтың есінде мәң
гі қалдыруды көздейтін көптеген жұмыстар атқа
рылуда. Бұл мәселені бұрмалауға ешқандай жол
беруге болмайды, трагедияны пайдаланып өзде
рінің атақтарын шығаруға тырысатындардан сақ
тану қажет. Мұнда тек қана тарихи әділдік салта
нат құруы тиіс. Оқиғаға қатысушылар оған әбден
лайық.
Әкейдің шығармашылық еңбегіне тоқталған
да, оның өз ісіне барынша берілген айрықша
табандылығын айтқан жөн. Ол 1980 жылға де
йін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді — «Қа
зақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік
Қазақстан» газеттерінің редакциялары және Қа
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
59
зақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы. Мұның
барлығы оның табиғатына тән жоғары тәртіп пен
жауапкершілігін дәлелдейді. Өмірінің соңына де
йін осы әдетінен танбады.
Жұмыстан кеш келіп, асын ішіп, теледидардан
жаңалықты көрген соң ұйықтауға жататын, бірақ
түнгі сағат үште тұрып алады. Жуынып, шайын
ішіп, жұмысқа отыратын. Біз үшін таңғаларлық
жұмыс тәртібін сұрасақ, шығармашылық еңбексіз
отыра алмаймын деуші еді. Ол таңға дейін оқи
тын, қолмен жазады немесе машинкаға басады.
Ал таңғы сағат 8-де жұмысқа баруға дайын тұра
тын. Әрдайым таза әрі ұқыпты болатын, жұмысқа
мыжылған костюммен немесе жуылмаған жейде
мен бара жатқанын көрмейсің. Әкейдің сымбатты
сыртқы келбеті, әрине, отағасының киімдерін та
залап, ретке келтіруден еш шаршамайтын анам
ның арқасы. Әкейде ешқашан көп киім болған
емес — үш костюм, әрі кетсе бес жейде. Мен Синга
пурде жұмыс істеп жүргенде әкеме тапсырыспен
тігілген ақ және көгілдір жейде, бірнеше галстук
салып жібердім. Бұл сыйлыққа оның қатты қуан
ғаны сөзсіз, бірақ қуанышының шын себебі дүние
емес, ұлының дипломат болып жұмыс істейтіні
және әкесін ұмытпай, перзенттік ықылас көрсет
кені еді.
Кемел Тоқаевтың еңбексүйгіштігі мен қарапа
йымдылығының тағы бір дәлелі — өмірінде бірде-
бір рет демалу үшін Алматыдан шығып көрмепті.
Қазір бұған сену қиын, алайда әкей Қырымға,
тіпті мына тұрған Ыстықкөлге де бармаған. Тек
70-жылдардың ортасында көркем туындыларын
жазуды үзбей, анда-санда «Алматы» санаторий
інде демалатын. Бос уақытында бильярд немесе
шахмат ойнайтын. Сол жылдары жазушылар мен
шенеуніктер («шенеунік» сөзі жақында ғана айна
лымға енді, 70-жылдары «жауапты қызметкер»
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
60
деген басқа сөз қолданылатын) арасында кең та
раған преферансты да жек көрмеді.
Әкей қызмет пен шығармашылықты сәтті са
бақтағанын оның еңбексүйгіштігімен түсіндіруге
болады. Ол кезде бұл сирек кездесетін қасиет,
мемлекеттік қызметтегі адамдардың кейбіреуі
ғана кітап жазумен айналысатын. Ал оның өте кө
лемді әрі ауыр жұмыс екеніне мен Мемлекеттік
мұрағатқа барғанда көзім жетті. Онда, К. Тоқаев
тың жеке қорында кітаптардың қолжазбалары,
МҚК мен ІІМ құпия мұрағаттары материалдары
нан көшірмелер жазылған жұмыс қойындәптер
лері жиналған 10 папка таптым. Өзіне қажет дерек
терді тірнектеп жинап, ерінбестен жазып отырған
әкейдің шыдамдылығына еріксіз таңғаласың.
Сыншылар мен көптеген оқырмандардан жақ
сы пікірлер алған «Соңғы соққы» романы жа
рық көргеннен кейін әкей өмірбаяндық шығарма
жазуды ойластырып жүрген. Анығына келгенде,
оны жазуға ертеден дайын еді. Материалдары да
жеткілікті. Ауыр әрі жоқшылыққа толы өмірінің
бүге-шігесіне дейін есінде тұрды, тек үстелге оты
рып, басынан өткергендерді қағазға түсіру ғана
қалған. Ақыры солай істеді, әрі өте жоғары деңгей
де атқарып шықты. Жазушының «Солдат соғысқа
кетті» деп аталған мемуарлық шығармасы тарихи
шынайылығымен ерекшеленеді.
Бұл жұмысты орындау аса қиын еді, себебі
Қазақстандағы ұжымдастырудың салдарларын,
соғыс туралы құпияны ашуға, Кеңес әскерінің
фашистермен соғысын боямасыз жеткізуге ше
шім қабылдау қажет болатын. Әкей Қазақстан
жазушыларының
ешқайсысы
соғыстың
ащы
шындығын толығымен оқырмандарға жеткізген
жоқ деп айтатын. Тек Бауыржан Момышұлы мен
Дмитрий Снегинді бөлек атау керек, бірақ олар да
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
ресми идеология шеңберінен шыға алмай, аяғына
дейін айта алмады. Оның ойынша, көбі шындықты
жасырып, соғысты көңілді серуендей суреттейтін,
бұл жеңіс қисапсыз құрбандықпен келгенін ескер
меді. Соғыс атаулыға тән нәрселер Ұлы Отан соғы
сында да болды: ерлік пен ездік, командирлердің
стратегиялық көрегендігі мен қарапайым топас
тығы, шабуылдар мен шегіністер, жеңіске деген
сенім мен сенімсіздік.
Маған «Солдат соғысқа кетті» романы оның
авторы әкем болғандықтан ғана емес, шыншыл
дығымен ұнайды. Кемел Тоқаевтың соңғы іргелі
шығармашылық еңбегі — өзі де ажырамас бөлігі
болып табылатын қазақ халқы тарихының ауыр
кезеңдерінің жылнамасы. Мен бұл кітапты жұмыс
сапарларыма жиі алып шығамын, кездесулер мен
келіссөздерден босаған сәттерімде ішкі толға
ныспен қайта-қайта оқимын.
Ал әкей өзінің шығармашылығына көңілі толды
ма? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Өзіне қашан
да сын көзбен қарайтын, бұдан да қызықты әрі
көлемді шығармалар жаза алар едім дейтін. Су
реткерліктің өзіне тән заңдары билейтінін түсінді:
көркем әдебиетке лайық басты қасиеттерді жо
ғалтпай, көпшілік оқырманның назарын аудара
білу қажет. Меніңше, бұл күрделі міндетті ол өте
сәтті орындады, оның кітаптары детектив сияқты
кең тараған жанрдың озық үлгісіне айналды. Әкей
бұл сөзден ешқашан тартынбады, әдебиеттегі шы
тырман оқиға жанрының орны ерекше деп сана
ды. Қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін
қалаушы аталғанын оның мақтан тұтуы негізсіз
емес.
62
І V т а р а у
Кемел Тоқаевтың
шығармашылығы
Ә
рбір перзент ата-анасын кие тұтады. Ол үшін
әке-шешесі тұтынған кез келген зат қастер
лі. Маған да әкей жазған кітаптар соншалық
бағалы әрі қымбат. Мезгіл сайын оларды қайталап
оқимын. Сонда менің көз алдыма түннің бір уағы
на дейін үстел басында тапжылмай жазу жазып
отыратын әкем елестейді. Оның шаршаңқы жүзін,
ұсақ әріптер жеп, әбден қызарған көзін көргендей
боламын. Жұмыс үстінде ол күнәһар жер бетін та
стап, биік аспанда қалықтап жүргендей елестейді.
Қаламгердің қолынан шыққан кітаптардың әрқай
сысының өзіндік тағдыры, тарихы бар.
Әкейдің әрбір жаңа кітабы біздің отбасымызға
үлкен қуаныш алып келетін. Ішкі сырын ақтара
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
63
бермейтін, сезіміне әрдайым ұстамды әкей, деген
мен әрбір кітабына жұмсаған ауыр еңбегі аяқта
лып, оқырманға жол тартарда іштейгі қанағат
сезімін жасыра алмайтын. Кітаптарының дүкен
сөрелеріне түскеніне қуанбады десек, ақиқаттан
алшақ кетер едік.
Бұл сезім маған да таныс, халықаралық қаты
настар тақырыбына арналған кітаптарым жарық
көргенде өзім де сондай күйді бастан кештім. Де
сем де, мен әкемнен өз-өзін сынай білу қасиеттерін
үйренген тәріздімін. Кітап жарыққа шыққан сайын
кейбір сәттерді одан да тартымды, қызықты жа
зар едім деп өкінемін. Кемел Тоқаев та қолына қа
рындаш алып, баспадан шыққан шығармаларын
түзеп отыратын.
Үйімізде кітап көп болғанын айтып кеттім. Бала
кезімізден мен, інім және қарындастарым көркем
сөзге құмар болдық, мектеп бағдарламасынан
тыс, өзіміз үшін де көп оқитынбыз. Ол кезде теле
видение қазіргідей адамдардың көзқарасын қа
лыптастыратындай жойқын сипат ала қоймаған,
ақпараттың сарқылмас қайнар бұлағы кітаптар
болатын.
Кітапқа құмарлығым өз болашағымды халық
аралық журналистикамен байланыстырсам де
ген ойға жетеледі. Бозбала шағымда бір ірі газет
тің шетелдік тілшісі болуды ерекше армандадым.
Сосын әкейге Мәскеу мемлекеттік халықаралық
қатынастар институтына түскім келетінін айттым.
Бұл ұмтылысымды ол қызу қолдап, институттың
қабылдау комиссиясына хат жазуға кеңес берді.
Сол бір хатымды парақтан парақ қоймай әбден
ұзақ жазғаным есімде. Ресми орындарға алғашқы
өтінішім де сол болар, әйтеуір есімнен кетпестей
сақталып қалды. Екі аптадан кейін институттан
Мәскеуде қандай емтихандар тапсыруым қажетті
гін түсіндірген жауап хат келгендегі таңданысым
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
64
ды жеткізудің өзі қиын. Тағдыр менің жолымды
басқа арнаға бұрғанымен, журналист болсам де
ген сол бір жастық арманым жүрегімнің құндағы
на бөленгендей, жазу үстеліне отырып, кітап, ма
қалалар мен сұхбаттар жазуға аңсарым ауып ке
тетін сәттерді жиі бастан кешемін.
Мен, әлбетте, әкемнің қаламгерлік қызметі
не толық талдау жасайын деп отырған жоқпын,
оның шығармаларын зерттеу де мақсатым емес.
Бұл кәнігі сыншылардың ісі ғой. Оқырмандарға
жазушы Кемел Тоқаев туралы көкейімде жүрген
ойларымды әңгімелеп беруді ғана парыз санай
мын.
Ешкім оқып жазушы болмайды. Жазушылық —
жаратқанның сыйы. Сол сыйдың қадір-қасиетін
біліп, шеберлігін шыңдау үшін күні-түні талмай
еңбек еткен адам ғана дегеніне жетеді. Әйгілі ой
лап табушы Томас Эдисонның дәл айтқанындай:
«Данышпан дегеніміз — 1 пайыз рухтану және 99
пайыз тер төгу». Кейде шығармашыл адамдар
құдайдың берген осы қабілетін дұрыс пайдалана
алмайды. Әдетте бұл өмірбаяны таяз, жазам де
ген шығармасына арқау боларлық өмірлік дерегі
аз адамдарда кездеседі. Әлем әдебиетінің, соның
ішінде қазақ әдебиетінің тарихында тұлпар талан
ты болғанымен, ұзаққа көсіліп шаба алмай, орта
жолда болдырып, қалған өмірінде бұрынғы жет
кендеріне қанағат етумен жүрген қаламгерлер аз
емес. Керісінше, таланты әлгіден кем түскенімен,
өмірден көргені, көңілге түйгені мол жазушының
даңқ тұғырына көтерілгені жайында мысалдар
көп.
Кемел Тоқаевқа ойша орала отырып, оның
өте күрделі, қат-қабат, көбінесе қайғылы оқиға
ларға толы өмір сүргенін тағы бір айтып өтпекпін.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ол не
көрмеді десеңші! Қабырғасы қатпаған қаршадай
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
65
кезінде ата-анадан айырылып, тұл жетім қалған
ағайынды екі баланың басынан кешкен тарихы
бірнеше кітапқа жүк боларлық. Жұрт жаппай аш
тан қырылып, ел арасын тұтас дерт жайлаған сол
бір қиын-қыстау кезде олар бірінбірі жетектеп жү
ріп аман қалған. Балалар үйіне тап болып, содан
жан сақтаған. Ондай мекемелерде өмірдің қандай
екені белгілі ғой. Кім күшті, мақсатшыл болса, со
лар ел қатарына қосылды.
Әр кезде айтып отыратын әңгімелеріне қара
ғанда, әкей қаршадай кезінде-ақ қайырымы кем
қатал ортада жасымай, өмірден өз орнын алу
үшін күрескен. Десе де, жас баланың кіршіксіз
пәк жан-дүниесі соншалық зәру мейірім мен
жылылықты бойына сіңіруге дайын тұрған. Ата-
ананың аялы алақанын аңсап, жарымжан көңілді
уайым басып, мұң торлайды ғой. Ол көп әділет
сіздік көре жүріп, өмірдің бұрқ-сарқ қайнап жатқан
қазанына түсіп ерте есейді, тез шыңдалды. Осы
ның өзі «ересек» өмірінде, мейлі соғыста немесе
кейінде адамдардың қиянаты мен әділетсіздігіне
ұшырағанда талай қиындықтарды жеңуіне жәр
демін тигізді.
Оның әкесі де, шешесі де сол балалар үйі, сол
мемлекет еді. Ол кісі бар жақсылықты мемлекет
тен көрді, Отанның ұлы болып ержетті. Әкей үшін
Отан деген ұғым бәрінен жоғары тұратын. Билікке
қатысы бар кейбір адамдарға қанша ренжісе де,
туған жер мен елінің қасиетіне ешқашан күмән
келтірген емес, Қазақстанның нағыз патриоты еді.
Кемел Тоқаевта жекеменшіктік психология де
ген атымен болмайтын, қоғамның, мемлекеттің
мүддесін әрқашан бәрінен биік қойды. Бір қызық
мысал келтірейін: ол Отан соғысының ардагері
ретінде өзіне кәсіподақ ұйымы тегін берген сая
жайлық учаскеден бірнеше рет бас тартты. Оның
шытырмандық жанрды таңдап алуы да, менің
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
66
ойымша, осы мінезімен байланысты шығар. Қа
ламгердің қай шығармасын оқысаңыз да, мем
лекеттік мүдде мен кейбір жекелеген адамдар
дың жеке басты күйттеп, жосықсыз байлыққа
ұмтылуының арасындағы ымырасыз күрес жүріп
жатады. Қоғам тарапынан қарсылыққа ұшырама
са, мұндай адамдардың тоқтаусыз тәбеті, әсіресе
саяси дәмесі мемлекеттік мүддеге қисапсыз зиян
келтірерін адамзат тарихы сан мәрте дәлелдеген
шындық. Мұндай жағдайда қоғамның шырқы
кетіп, ішкі үйлесімі бұзылып, ақырында қарапа
йым халық зардап шекпек.
Арқа сүйер асқар таудай әке, ағар бұлақтай
жүрегі мейірімге толы аяулы анасынан ерте ай
рылған Кемел Тоқаев өмірдің осындай әділетсізді
гіне тым ерте тап келді. Адамдардың қиянатын өз
басынан өткергендіктен, ол әрдайым әділдікке,
қайырымға ұмтылды. Ақкөз өктемдікке өшпен
ділік сезім оның жігерін қайрады, турашылдыққа
бастап, қаталдыққа үйретті, алайда қатыгез бол
ған жоқ. Болмысына тән бұл қасиеттері, әрине,
жазушының шығармашылығына әсерін тигізгені
хақ. Қайбір туындыларында қылмысты тексеру
кезінде айтылуы тиіс жауыздық көріністер сипат
талғанымен, Кемел Тоқаевтың шығармашылығы
гуманизм идеяларына толы. Менің ойымша, егер
оның қазақ әдебиетіндегі жаңа, «криминалдық»
бағыттың негізін қалаушы екенін ескерсек, бұл
арада автор ұстанымының маңызы өте зор.
Жазушы аз емес. Жақсы жазушылар да, құдай
ға шүкір, жетерлік. Кезінде «өндірістік тақырыпқа
қалам тартты, социализмді жырлады» деп дә
ріптелген қаламгерлердің кейбіреуі ұмытылған.
Себебі шығармаларының мазмұны уақыт сыны
на төтеп бере алмады, бүгінгі оқырманды мүлде
толғандырмайды. Сол жазушылар бір сәттік қана
мәні бар мәселелерге алданып қалды.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
67
А. Чеховтың заманында Григорович деген жақ
сы жазушы өмір сүрген. Заманында аты дүркіреп
тұрған сол адам қазір тек әдебиет сыншылары
мен ғалымдардың ғана есінде қалған. Александр
Фадеевті совет идеологиясы классик деп дәріпте
ген, қазіргі кезде оның «Жас гвардиясын» білетін
дерді табу қиын, ал Ахматованың, Мандельштам
мен Пастернактың және Шолоховтың шығарма
ларын әдебиет сүйер қауым әлі де іздеп оқиды.
Кемел Тоқаевты бұл әйгілі қаламгерлермен қа
тар қояйын деген ойым жоқ, дей тұрғанмен көпте
ген адамдар оның кітаптарын ұмытпағаны көңілге
қуаныш ұялатады. Әкемнің қаламынан шыққан
туындыларда басты кейіпкерлер нақты өмірден
алынғандай әсер қалдырады, олар жалпы оқыр
манға таныс һәм түсінікті. Жазушы өз қаһарман
дарын күнделікті өмірде біздің жанымызда жүр
гендей, боямасыз, бүркеусіз суреттейді. Әсіресе
милиция қызметкерлері мен чекистер бейнесінің
осы тұрғыда берілуі өзін ақтаған. Кемел Тоқаев
құқық қорғау жүйесіне қатысты советтік детектив
әдебиетінде қалыптасқан қасаңдықтарды қабыл
дамады. Оларды асыра мақтап, жарқырата жаза
бермей, күнделікті еңбек адамдары ретінде сурет
тейді.
Кітаптарын қайталап оқу арқылы жазушының
белгілі бір шамада уақыттан озғанын байқаймын.
Әкемнің ой-толғауларының сүзгісінен өткен қа
һармандары кәдуілгі артықшылықтары мен кем
шіліктері бар нағыз адамдар.
Жазушы кітап жазып отырғанда барлық кейіп
керлерді бір өзі ойнап шығады ғой. Бұл, әрине, әр
кімнің қолынан келе бермейтін, хас таланттарға
тән сипат. Десе де, мен кейде табиғатында жаны
жұмсақ, аяушылық сезімі күшті адам Кемел Тоқа
ев роман, повестеріндегі қатыгез қылмыскер
лердің шынайы бейнесін қалай жасады екен деген
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
68
ойға қаламын. Оның шығармашылық талантының
осы қыры терең талдауды қажет етері анық. Иә,
әкей көп нәрседе жұмбақ жан еді. Оның әлемінде
бір құпия бар — әйтеуір, менің өзіме солай көрі
неді. Дәл осылайша қайшылықты адам болатын,
бұл да өзіндік ерекшелігі мол, жарқын тұлғаларға
тән мінез ғой. Әкем көңілді де мұңды, ұстамды да
сезімтал жан деймін.
Ол кісі маған көп сырын ақтарды, айтылмаған,
айта алмай кеткен мұң-шері де аз емес шығар.
Екеуміздің арамыздағы сондай қимас күндер
есіме түскенде, оған деген сағыныш көңіліме мұң
қамайды. Өкінетінім — сырласу сәттеріміз аздау
болыпты. Алды-артымды толық танып болмай
жатып Мәскеуге оқуға кеттім, каникул уақытында
ғана Алматыға, ата-анама келіп тұрдым. Оқу бітір
ген соң шетелдердегі көп жылдық дипломаттық
көшпелі өмірім басталды да, екеуміздің дидар
ласып, сырласуымыз сирей берді.
Кемел Тоқаев шын мәніндегі зиялы еді. Адам
дар туралы ешқашан өсек айтпайтын, артық сөзі
жоқ, реніші мен көңілі толмаған сәттерін сыртқа
шығара бермейді. Мұндай мінез әркімде кездесе
қоймауы мүмкін. Оның әріптес жазушыларының
бірінің сыртынан партияның ОК-не немесе МҚК-ге
арыз жазуын, яки жала жапқан мақала ұйымдас
тыруын елестетудің өзі мүмкін емес. Ал мұндай
адамдар шығармашылық ортада болды, аттары
да мәлім. Қазақстанның тәуелсіздігі кезінде дәл
сол адамдар тоталитарлық өткенді қарғап-сілеп,
жастарды патриоттық пен өзге де ізгіліктерге үй
рете бастады.
Әкей қиын немесе ыңғайсыз жағдайға тап
болған басқалар үшін әрдайым мазасыздана
тын. Бірде мен оның белгілі жазушымен шахмат
партиясына куә болдым. Басында ап-анық жеңіп
отырған, бірақ партияның соңына қарай шахмат
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
69
фигураларын теңестіріп, ойынды тең аяқтауға жет
кізді. Менің таңырқаған сұрағыма әкем былай
деді: «Адамды, оның үстіне осындай белгілі де құр
метті кісіні ыңғайсыз жағдайға қалдыру орынсыз,
әрі сенің алдыңда олай еткенім жөн болмас еді».
Мен үшін бұл сөздер үлкен өмірлік сабақ болды.
Кітаптарының қаһармандары да көбіне өзіне
ұқсайды, олар адамгершілігі биік, ұстамды, табиға
тынан зиялы, мінезі орнықты, жарқын және үлкен
жүректі, жомарт әрі қайырымды жандар.
Менің Кемел Тоқаевты көкке көтеріп мақтай
бергім келмейді. Түптеп келгенде, әкем жайлы
ойларымда ұлының әкесіне деген перзенттік құр
метінің ыстық табы бар, басқаша айтқанда, субъ
ективті пікірге жатады. Алайда бұл әбден табиғи,
оны түсінуге де, ақтауға да болады. Өйткені әрбір
перзент өз әкесінің тек жақсы жақтарын көруге
ұмтылады емес пе. Сондықтан мен де әкейдің ең
бектеріне осындай көзқараспен қараймын, өзім
нің жеке бағамды беремін.
Кеңес заманында өмір сүрген Кемел Тоқаев
сол дәуірдің идеяларын көзсіз таратушыға ай
налған жоқ. Алдыңғы тарауларда мен жазушы
ның бірде-бір еңбегінде коммунистік идеологияны
мадақтаудың кездеспейтінін айтқанмын. Оның
кітаптарын тағы бір оқып шығып, басты қаһарма
ны жан-дүниесі мен көңіл-күйі әралуан сәттерді
бастан кешетін, өзіндік қуаныштары мен қайғы
сы бар Адам екенін айқын сезінемін. Түрлі тағ
дыр, ұқсамайтын образдар. Мен, әрине, олардың
барлығы бірдей кемшіліксіз деп айта алмаймын.
Солай бола тұра, әр кезде жарық көрген туынды
ларының көбі уақыт сынынан мұқалмай өтті. Бү
гінгі күні де жазушы Кемел Тоқаевтың кітаптарын
іздеп, қадірлейтін адамдар аз емес екен.
Шынында да, оның шығармаларын оқып оты
рып ойланасың, тәлкекке түскен тағдырларға
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
70
жаның ауырады, қылмыс әлемінің шегінен асып,
қоғамды қамтыған қатыгездікке қиналасың, кү
йінесің. Белгілі бір мағынада Кемел Тоқаев таңға
ларлықтай көрегендік танытқан сияқты, ол адам
затты ірі сынақтар күтіп тұрғанын ескерткен,
дәстүрлі құндылықтар мен жоғары адамгершілік
ке сенімнің құлдырауы жаппай нигилизм мен то
рығуға жеткізеді.
Ол кісінің сонау 50-жылдардың екінші жарты
сында тәртіп сақшыларының өмірінен жазылған
«Тасқын» хикаясында шынайы өмір бар. Қым-
қиғаш тағдырлар, сан қилы оқиғалар оқырманды
баурап алады. Осы шығарма жазылғалы жарты ға
сырдай өтіпті. Қоғамдық қарым-қатынас түбегей
лі өзгеріске ұшырады, тіпті адамдардың өздері де
өзгерді. Қазіргі әлемдік құрылысқа тың көзқарас
әдебиеттің мазмұны мен сипатына жаңа әсерін
тигізетіні түсінікті. Қазақ әдебиетінде шыншылдық
деңгейі өсті, қалам шеберлерінің қарымды қуа
тымен көптеген лайықты туындылар дүниеге кел
ді. Ұлттық әдебиетіміз барынша жоғары деңгей
ге көтерілді. Қазақ жазушылары ой тереңдігі мен
стиль ерекшелігі жағынан шетелдік әріптестерінен
бір мысқал да кем емес, тіпті көп жағдайда асып
түседі деп санаймын. Мәселе басқада: сапалы ау
дарманың, әсіресе ағылшын тілінде жоқтығынан
олардың шығармаларын шетелде аз біледі. Орыс
тілінде де солай. Егер М. Әуезовтің «Абай жолы»
жақында ғана біршама жоғары көркемдік аудар
мада жарық көрсе, қазіргі заманғы жазушылар ту
ралы не айтуға болады! Егер біз өз жазушылары
мызды лайықты бағаламасақ, онда шетелдік сын
шылар мен оқырмандардан не күтеміз? Маңдай
терімен бүгінгі қазақ әдебиетінің негізін қалаған
қаламгерлерді ешқашан естен шығаруға болмай
ды. Осыған байланысты тағы бір сұрақ мазалай
ды: Пауло Коэльо дегеннің сапасыз, мағынасыз
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
71
кітапсымағына қалайша таңдай қағып, тамсануға
болады, ол Қазақстан туралы жолжазбаларын
«роман» деп атапты, ал сол кезде қазақ қаламгер
лерінің шын мәніндегі жарқын туындылары таса
да қалады?!
Бұрынғыға баға бергенде бірбеткей кетіп, жөн
сіз жорамал жасауға болмайды. Кешегісіз бүгін
жоқ. Сондықтан өткенге құрметпен қарағаны
мыз абзал. Өмір қаншалық өзгеріп, адам санасы
сапалық тұрғыдан жаңғырды дегенмен, біздің
өткеніміз — әкелеріміздің күш-жігерімен, ақыл-па
расатымен жасалған рухани байлық, демек, оны
мансұқтауға мүлде болмайды.
Жоғарыда айтқанымдай, Кемел Тоқаев әдеби
етте өзіндік орнын алды. Оған тән көркем шығар
машылық ерекшелікті ешкім жоққа шығара қой
мас. Жазушының қаламынан туған «Соңғы соқ
қы», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс»,
«Көмескі із», «Таңбалы алтын», «Түнде атылған
оқ», «Сарғабанда болған оқиға» сияқты кітаптары
әлі талай ұрпақтың кәдесіне жарайтын шығар.
Әкейдің «Соңғы соққы» романына арнайы тоқ
талғым келеді. Бұл шығарманы әдеби сын қазақ
әдебиетіндегі аз кездесетін нағыз детективтік ро
ман деп бағалағаны есімде. Ол кісі бұл романды
жазуға отырғанда, «қалай болар екен, «Атаманның
ақыры» фильмі шықты, романның жалпы мазмұ
ны белгілі» деген сияқты күдіктер мені мазалаға
ны рас. Атаман Дутовтың көзін жоюға байланыс
ты оқиғаның кітапта жазылған нұсқасы күткен
дегіден асып түскендіктен, күдігімнің бекер бол
ғанына қуандым. Роман сәтті шықты.
Мұның себебі — фильм туралы сан түрлі қай
шылықты пікірлер айтылды. Баспасөзде «Тарихи
фактілер бұрмаланған, нағыз шындық басқаша»
деген пікірлер жарияланып жатты. Әңгіме аяғы
өршіп, дау басылмай тұрған кезде осы тақырыпқа
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
72
бару үшін тәуекел керек еді. Жазушы тәуекелдің
қайығына мініп, аласұрып жатқан ашық теңізге
шығып кетті, өйткені өзіне сенімді болатын. Себебі
аталған тақырыпқа шығарма жазуға жылдар бойы
дайындалды. Барлық бос уақытында МҚК және
ІІМ мұрағаттарын ақтарды, қажетті деректерді тір
нектеп жинады. Осы бір жанкешті тірлікке қарай
отырып, менің есіме көрнекті қалам шебері Томас
Манның «Жазушы — басқа адамдарға қарағанда
жазуы анағұрлым қиын адам» деген қанатты сөзі
түседі. Әкейдің еңбегі ақталды ақыры. Роман тура
лы баспасөз қазақ әдебиетіндегі өзіндік құбылыс
ретінде бағалап жазып жатты.
Ол кезде Сингапурде қызметте едім. «Соңғы
соққыны» оқып шығып, романның жақсы жазыл
ғанын айтып, әкейге хатпен сүйінішімді жеткізуге
асықтым. Мен, тіпті, бұл кітап — оның шығармала
рының ішіндегі озығы деп айтқаным есімде. Әкей
мұндай бағаға қуанып, жауап хатында романды
жазуға көп күш жұмсағанын баса айтқан екен.
Роман ширақ басталады. Облыстық ревком
нан уездік милиция бөліміне келіп жатқан жедел
хаттар оқырманды бірден оқиға ортасына қарай
жетелей жөнеледі. Бұл тәсілді ол кісі өте тиімді
пайдаланған. Жалпы әкей қай шығармасының да
тартымды шығуына, сюжеттік желіні ширақ құру
ға мейлінше көңіл бөлетін. Бұл еңбегінде де сол
жорғасынан жаңылмаған. Шымыр да ширақ өр
битін шым-шытырық оқиғалар оқырманды жетек
тейді де отырады. Диалогтары жігерлі, қимылға,
әрекетке шақырады.
Романның қамтитын панорамасы өте кең. Су
реткер атаман Дутов пен оның көзін жоюға мүд
делі аз ғана топпен шектеліп қалмайды. Револю
циядан кейінгі кезеңді толыққанды, нақты көрсе
ту үшін ел өмірін жан-жақты зерттеген, сол кездегі
ауылдың тұрмысын, тыныс-тіршілігін ой елегінен
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
73
өткізіп, өзіне керектісін екшеп алған. Жазушы на
зарынан төңкеріс дауылына ұшыраған адамдар
өмірінің бір қарағанда көзге іліне бермейтін ерек
шеліктері де қағыс қалмайды. Автор уақыт тамы
рын тап басып, сол кезеңнің әлеуметтік ахуалын
боямасыз анық суреттейді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жылдары Қа
зақстан, әсіресе Жетісу өлкесі бірден тынышта
лып, мамыражай тірлікке көше қойған жоқ. Ішкі
жақтан қопарыла көшкен ақгвардияшылар Жеті
су жері арқылы өтті. Атаман Анненковтың дала
лық дивизиясының Жетісуда бір жарым жылдың
ішінде қандай ойран жасағанын тарих айтады.
Жүкті әйелдердің қарнын жарып, өліктерді Алакөл
ге тастаған. Жас әйелдер мен қыздарды туыста
рының көзінше масқара зорлыққа ұшыратқан.
Қаннен-қаперсіз тыныш жатқан қазақ ауылын
тып-типыл ғып өртеп жіберген. Мұның бәрі жер
гілікті халықтың әділетті наразылығын туғызып,
әскери казак құрамаларына қарсы көтерілген.
Дәл осы кезеңде тоз-тозы шығып, бытырай
қашқан ақ гвардия бөлімшелері бас біріктіріп, те
геурінді қарсылық көрсетуге тырысады. Сондай
ірі құрама атаман Дутовтың армиясы болатын.
Қытайға барып бекініп, қарсы шабуылға дайын
далған, мұздай қаруланған Дутов армиясы жаңа
құрылған жас мемлекет үшін үлкен қауіп туғызды.
Сондықтан Төтенше комитет облыстық ревком
мен бірлесіп, атаман Дутовтың көзін жою жоспа
рын жасайды. Бұл жоспар сәтті орындалды.
Роман детективтік сипатта жазылғанымен,
менің ойымша, бұл тарихи шығарма. Қандай шы
ғарма жазса да, жазушы бірінші кезекте оқиғалар
мен тарихи тұлғалар жайындағы өз ойына сүйе
неді ғой. Мысалы,
«Соғыс және бейбітшілік» 1812 жылғы Отан
соғысының хронологиялық көшірмесі емес. Сон
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
74
дықтан ондағы тарихи тұлғалар да Л. Толстой
фантазиясының жемісі. Әйгілі жазушының шығар
машылығын зерттеуші ғалымдар: «Кутузов де
ген — Лев Толстой», — дейді. Сол сияқты кейбіре
улер Наполеонның бойынан Толстойдың қасиет
терін іздейді, тауып жүргендер де бар.
Осыған орайлас пікірді А. Толстойдың «Петр
Бірінші», В. Шукшиннің Степан Разин туралы шы
ғармалары хақында да айтар едік. Демек, көркем
шығарма тарихтың көшірмесі емес. Әйткенмен
жазушы тарихи шындықтан алыс кете алмайды.
Бұл әмбеге аян ақиқат.
Кемел Тоқаев «Соңғы соққы» романын жаз
ғанда осы принципті берік сақтаған сыңайлы.
Мұрағат материалдарының негізінде романда
О. Жандосов, Б. Шагабутдинов сынды ірі тарихи
тұлғалардың көркем бейнесі сомдалған.
Автор нақты құжаттарға сүйене отырып, біздің
тарихи әдебиетімізде тұңғыш рет чекистер Чаны
шев пен Худжамьяровтың ауыр еңбектері жа
йында әңгімелейді. Олар Дутовтың сеніміне кіріп,
кейін кек алу операциясын сәтті аяқтаған. Роман
да сталиндік репрессия құрбандығына ұшыраған
батыл чекистердің қайғылы тағдырлары баянда
лады. «Атаманның ақыры» фильмінде жарқын
да бірегей актер Асанәлі Әшімовтің арқасында
Дутовқа кесілген жазаны чекист қазақ орындаған
екен деген ой қалыптасады. «Соңғы соққыда»
Чанышевтің татар екені нақты айтылады, ал Худ
жамьяров — ұйғыр. Кітапта ақгвардияшылар бұл
чекистерден жауыздықпен өш алғаны суреттеледі:
шекарадан өтіп келіп, олардың отбасын тып-ти
пыл бауыздап кеткен. Әсіресе Худжамьяровтың
жақындары зауалды зардап шеккен.
Соңғы он жылда Ресей авторларының ықпа
лымен казак атамандарын дәріптеп, коммунистер
ге қарсы күрескерлер және патриархалды Ресейдің
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
75
ғасырлық мүдделерін қорғаушы ретінде олардың
әрекетін әсірелеп көрсету етек алды. Алайда казак
қозғалысының көптеген басшылары жан түршік
тірер хайуандық зұлымдыққа барғанын ұмытуға
болмайды. Кемел Тоқаевтың жеке мұрағатынан
мен МҚК-нің құпия материалдарынан жазылып
алынған деректерді кездестірдім. Құжаттар казак
тардың соғыс тұтқындарына және бейбіт халыққа
көрсеткен қисапсыз қорлығын айғақтайды. Қан
ды ізін атаман Дутов бастаған Орынбор армиясы
және атаман Анненковтің Жетісу армиясы қал
дырған. Олардың Қызыл Армия әскерлеріне және
қарапайым шаруа отбасыларына жасаған қия
наттарын жабайы жыртқыштық деуден басқаша
атау қиын. Күндерінің тақағанын сезген казактар
мыңдаған адамдардың көзін жойды. Сондықтан
атамандардың абыройсыз ақыры белгілі-тұғын.
«Соңғы соққы» көркем шығарма болғандықтан
қаламгер тарихи жайттарды шынжыр бауындай
тізбелей бермейді. Романда сол замандағы сая
саттың бет бейнесі, халықтың өмірі, әлеуметтік
жағдайдың ерекшеліктері бар бітім-бояуымен кө
рінеді.
Рас, аталған роман жарыққа шыққан тұста
социалистік реализм әдісінің айдарынан жел
есіп, айтқаны өтіп тұрған. Сол себепті көптеген
жазушыларымыз өз кейіпкерлерін кәдімгі өмір
дегі адам келбетінен айырып, олардың тағдырын
социалистік кезеңдегі әлеуметтік-тарихи тенден
цияның жалаң бейнесіне айналдырып жібергенін
көпшілік біледі. Мен Кемел Тоқаев шығармалары
идеологияның кебін кимегендіктен күні бүгінге
дейін «ескіріп» қалмағанына тәубе деймін. Сақшы
лар мен чекистердің ауыр еңбегі жайында әңгіме
лей отырып, олардың партия нұсқауларын емес,
өз қызметтерін адал атқарғанын жазады, кітап
тарында социалистік құрылысты дәріптеу кездес
пейді.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
76
Білетінім — әкей шығармаларында өмірдегі
нақты оқиғалар мен көркемдік қиялды жымдас
тыруға бар күшін жұмсады. Ойымша, бұл қиын
міндетті қаламгер сәтімен жүзеге асыра білді —
шығармалары ырғақты, мазмұнды әрі қызықты
оқылады.
«Стиль деген — адам» деген сөзді К. Маркс қай
талап айтқанды ұнатады екен. Кемел Тоқаевтың
кітаптары оның өз мінезінің айшықты айғағын
дай: ол пайым-парасаты толысқан, көрнекті адам
еді. Қолжазбаларының өзінен ұқыптылығы мен
тыңғылықты еңбекті қапысыз танисыз. Мен осы
кітаптың алғашқы тарауларында әкемнің қиын
да қайғылы балалық шағы, отқа оранған жастық
шағы және тар жол, тайғақ кешумен әдебиетке
барған өзіндік жолын айтып өткенмін. Трагизмге
толы тағдырының табы оның шығармаларынан
білінбеуі мүмкін емес, барлығында дерлік ке
йіпкерлері арқылы көрінетін тарқамас мұң бар.
Олар сөйлесіп сырласады, шаттанып қуанады,
алдағы күндеріне жоспар құрып, арман құшағы
на беріледі, бірақ, қалай дегенмен, жазушының
ішкі дүниесінен шыққан бұл кейіпкерлер басқаға
ұқсамайды. Көркем бейнелердің жалпы тобынан
қоршаған ортаға көзқарасы жағынан бөлектеніп
тұрады. Кітаптарын мұқият оқыған сайын қаһар
мандарының дүниетанымында өн бойы өріліп
отыратын тылсым уайым табы сезіледі.
Менің білетінім — әкемнің көкірегінде сон
дай бір айықпас мұң жататын және ол ешқашан
сарқылып біткен емес. Бұл, бәлкім, арманда кет
кен жалғыз бауырына деген сағынышы болар,
әлде өзі Уильям Теккерейдің сөзімен «мансапқұ
марлық жәрмеңкесі» деп жиі атайтын қазақ қоға
мының менменшіл, жәдігөйлігінен жаны жүдеген
нен бе? Мүмкін, өзімен бірге мәңгілікке ала кеткен
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
басқа бір өмірлік құпиясы болды ма, кім білсін.
Мен бұл құпияның сырын ашқан сияқтымын.
Әкейдің шығармаларының саны аз емес. Та
ралымына да өкпе айтудың жөні жоқ. Ол кісі әде
биетке көзсіз берілген жан еді, сондықтан күн де
мей, түн демей еңбек етті. Басқа жазушылармен
салыстырғанда жеке мүдделерін насихаттаумен
айналыспады, сөйте тұра, барлық шығармаларын
да өмір шындығы мен көркем шындық астасып,
кірігіп, жақсы жарасым тапқанын оны жақтыр
мағандардың өзі мойындайды. Мұндай шеберлік
ке қалай қол жеткізді, ол жағы қазір, бәлкім, ешқа
шанда түсіндірілмейтін талант сыры шығар. Қа
ламгердің құпиясы да осында. Ол өмірде де ерек
ше болатын, кейде түсініксіз адамдай көрінетін.
Басқаларға ұқсамайтын, кітаптарына да беймәлім
күштің әсеріндей өзіндік айрықша мінез-құлық
тән еді. Әлдебір өркөкірек жазушының «Өмірдегі
ең басты іс — өмір, іс емес» деп айтқаны бар. Әкей
өмір бойы осы жалаң пайымды жоққа шығаруға
тырысты. Иә, ол өмірді сүйді, алайда ең бастысы —
іс деп санады. Ол үшін бұл іс — көркем әдебиет еді.
Үлкен әдебиетте Кемел Тоқаев өз Сөзін айтты.
Туған перзенті ретінде мен оның Сөзі шынайы,
ақиқат және әділ екендігіне кәміл разымын.
Бұлай болуы да заңды. Кемел Тоқаевтың өзі де
нақ сондай: шыншыл, адал әрі тәкаппар адам еді.
Оның көркем шығармашылығын қадірлеушілер
мен замандастарының есінде тап осы бейнеде қа
ларына кәміл сенемін.
78
V т а р а у
Кемел Тоқаев
және оның замандастары
Ә
кей күрделі, әрі қарама-қайшылығы қат-қа
бат болса да, өзіндік қызығы бар кезең
де ғұмыр кешті. Ол дүниеге келгенде Қа
зақстанда Кеңес үкіметі нығайып, таптық қанды
күрес ымырасыз қарқын алған. Ата-анасынан
тым ерте — халқымыздың екі миллионнан аста
мы қырылған қаралы коллективтендіру жыл
дары айырылды. Кейінірек жүздеген мың кеңес
жауынгерлерімен бірге Отанын жаудан қорғап,
сұрапыл соғыста Украина, Белоруссия, Польша
жерлерін жаудан азат етті. Сталинградты фашист
басқыншыларынан қорғауға қатысты. Сөйтіп, 20
жасында өзінен ересек бірнеше адамға жетерлік
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
79
өмір мектебінен өтті. Соғыс оны шыңдағанымен,
ғұмыр бойы іздеп сағынумен өткен жалғыз ба
уырынан айырды. Ауыр жарақатына қарамастан
университетке түсіп, жоғары филологиялық білім
алып, көптен аңсаған арманы — журналист және
жазушы болды. Ол төрт бірдей тарихи — сталиндік,
хрущевтік, брежневтік және аз уақыт горбачевтік
кезеңнің куәсі болды. Олардың әрқайсысы әкей
дің өмірлік көзқарасы мен шығармашылығында
өзінше бөлек із қалдырды.
Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіне шытырман
оқиғалы детектив жанрын алғаш әкелген қарым
ды қаламгер ретінде қоғамға танылды, есімі жұрт
тың есінде қалды. Шығармашылық талантымен
бірге бойындағы тазалық, адалдық, шыншылдық
қасиеттерімен дараланды.
Әкем жайында қазақтың шығармашыл зиялы
қауымының көптеген өкілдері қызықты естелік
әңгімелерін айтқан кітап жарық көрді. Мен олар
дың барлығына шынайы алғысымды білдіремін.
Өз тарапымнан, әкей жақсы араласып, өмірінің
қызығы мен қиындығын бөліскен тамаша адам
дар жайында айтуды парыз санаймын. Бұл аза
маттар, мейлі, мемлекет қызметінде болсын, шы
ғармашылық қайраткерлері болсын, әке тағды
рының ажырамас бөлігі еді. Замандастары ісімен
де, ақыл сөзімен де көмектерін аяған емес. Әкем
де ол кісілерге тек жақсылықпен жауап қайтаруға
тырысты.
Кемел Тоқаев мемлекет қызметін шығарма
шылық жұмыспен ұштастыра білді. Оның доста
рының ішінде қаламгерлер, әскери адамдар, мем
лекет қызметіндегілердің жиі кездесуі де сон
дықтан шығар. Әкейдің студент шақтағы достары
Саттар Имашев пен Мүсілім Базарбаев жөнінде
мен кітаптың алдыңғы тарауында кеңінен тоқтал
дым. Шын мәнісінде осы екі азамат әкемнің соғыс
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
80
тан кейінгі жылдарғы алғашқы жақын достары
және ұзақ жылдар бойы олармен жақын арала
сып, өмірінің соңына дейін риясыз достыққа де
ген адалдығын сақтап өтті.
Зейнеткерлікке шығуға мәжбүр болған соң да
әкем шығармашылығынан қол үзген жоқ. Деген
мен үйдегі жұмыс кабинеті табиғатында қуатты,
жігерлі, өмірге құштар әкеме тарлық етті. Сөйтіп,
Жазушылар одағына қызметке шақырған ұсы
нысты қуана қабылдады.
80-жылдардың басында Жазушылар одағын
белгілі ақын Жұбан Молдағалиев басқарушы еді.
Соғыстан кейін газет редакциясында бірге қызмет
істегені бар, әрі жастарының қатарластығы еке
уін тез тіл табыстырды. Жұбан аға жастайынан-ақ
ақын, әрі орыс және кеңес поэзиясын қазақшаға
аударушы ретінде үлкен үміт күттірген еді. Әкей
оның танымал ақындардың өлең шумақтарын
өз шығармашылығымен салыстыра шебер тал
дайтынын айтып отыратын. Ж. Молдағалиев та
биғи талантын әдеби ортада толық мойындатып,
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Ақынның «Мен қазақпын» поэмасы ұлттық әдеби
етіміздің тарихына енді.
Бірнеше жылдан соң Жазушылар одағының
бірінші хатшылығына тағы бір атақты ақын — Ол
жас Сүлейменов сайланды. Кемел Тоқаев онымен
жақсы қарым-қатынаста болды. Өзі жақын ара
ласқан арқалы ақынның орыс тілінде жазатынын
желеу етіп, Қазақстанның Жазушылар одағын
басқаруға лайық емес деп сыртынан күңкілдеген
кейбір қаламгерлерді әкем қолдамады. Жазушы
ның шығармашылық талантына әділ баға беретін
оның азаматтық көзқарасы мен қалың оқырма
ны ғана деген пікірінен айныған емес. Кейіннен
О. Сүлейменов дипломатиялық жұмысқа ауысты,
бірақ қоғамдық-саяси қызметтен қол үзген жоқ.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
81
Бүгінде Олжас Сүлейменов «Қазақстан Республи
касының Еңбек Ері» жоғары атағына ие, біздің
қоғамымыздағы аса көкейкесті мәселелерге бел
сене араласады.
80-жылдардың соңында Жазушылар одағы
ның екінші хатшысы Әбіш Кекілбаев болды. Әкем
Ә. Кекілбаевтың тарлан таланты оның есімін уа
қыт өте келе қазақ әдебиеті алыптарының қата
рына жеткізеді деп санайтын. Ә. Кекілбаев туын
дыларынан қазақ ұлтының өр рухы сезіліп тұрады
деп жиі айтушы еді. Сонымен қатар жазушының
қарапайымдылығы мен қайырымдылығын да
жоғары бағалады. Уақыт әкейдің «болжамының»
шындыққа ұласқанын дәлелдеді. Ә. Кекілбаев қа
зақ әдебиетінің көрнекті өкіліне айналды, саяси
сабырлығы мен шебер мәмілегерлік қасиеттері
арқасында күрделі жағдайларда көптеген жылдар
бойы тәуелсіз Қазақстанда жоғары лауазымды
мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарды. Ол
Жоғарғы Кеңестің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы
болды, мемлекеттік кеңесші қызметінде биіктен
көрінді. Өмірінің соңына дейін Әбекең қоғамы
мыздың шынайы ілтипатына бөленіп өткен айтулы
тұлға болды. Екеуміз Қазақстан Парламенті Сена
тында бірге қызмет істедік. Ол депутат ретінде де,
өзекті деген тақырыптарға қалам сілтей отырып,
жазушы, публицист ретінде де көп еңбектенді.
Әбіш Кекілбаевтың әкемізге деген құрметін
біздің жанұя ол кісі қайтыс болған күндері айқын
аңғардық. Үйге арнайы көңіл айтуға келгенде әке
мізді өзінің «қаламдас үлкен ағасы» ретінде сый
лайтынын шын пейілімен білдірді.
Әкейдің республика Жоғарғы Кеңесі Президиу
мындағы ұзақ жылдарғы қызметіне тоқталғанда,
он жыл бойы осы маңызды органның екінші бас
шысы болған Бижамал Рамазанованы айтпай өту
ге болмас. Б. Рамазанова білікті басшы ретінде әр
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
82
кез өзінің еңбекқорлығымен, қызметтес әріптес
теріне деген ілтипатымен есте қалды. Ол кісінің
Жоғарғы Кеңес Президиумы хатшылығынан Қа
зақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас архив
басқармасы бастығы қызметіне ауысуы респуб
лика билік құрылымындағы үлкен қателік болға
ны рас. Б. Рамазанова қазақстандық парламента
ризм тарихына тұлға ретінде енді.
Ұзақ уақыт Жоғарғы Кеңес Президиумына Са
быр Біләлұлы Ниязбеков жетекшілік жасады. Ол
ұстамды, іскер және қарамағындағы қызметкер
леріне әркез қамқорлық жасайтын басшы еді.
Әкем Сабыр Біләлұлын өз қызметіне лайық деп
санады. Ұжымның ішіндегі іскерлік, адамгершілік
ахуал ең алдымен бірінші басшыға байланысты
ғой. С. Ниязбеков құжаттардың қазақша-орысша
мәтіні сапалы дайындалуына үлкен мән беретін.
Әкей өзге әріптестерімен бірге заң жобалары мен
қаулылардың мәтінімен жұмыс істеп, қызметтен
тым кеш оралатын күндері менің әлі күнге есімде.
Шындығын айту керек, әкемді Жоғарғы Кеңес
Президиумы аппаратындағы әріптестері ерекше
сыйлайтын. Аппараттың бұрынғы қызметкерлері
бірде Кемел Тоқаевтың сол кездегі Президиум хат
шысы М. Қаржаубаевқа батыл қарсы шыққанын
ұмыта қойған жоқ. Кезекті бір партия жиналысын
да әкем оның басшылық жасаудағы шектен тыс
қаталдығы мен ұжымның жұмысына жеткілікті
мән бермейтінін бетіне айтады. Бұған дейін қара
мағындағылар үлкен лауазымды басшыны жи
налыста ешқашан сынамаған. Ұжымға мұндай
жағдай мүлде күтпеген «жаңалық» еді, алайда
олар түгелге жуық әкейді жақтап сөйлеген. Шама
лы уақыттан соң әлгі басшы Орталық Комитеттің
шешімімен жұмысынан босатылды.
Парламенттік органда жүріп әкем Жоғарғы
Кеңес Президиумының іс басқарушысы Хамза
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
83
Әбілғазинмен жақын араласты. Қазір ойлап қара
сам, екеуін жақындастырған соғысқа дейінгі ша
лақұрсақ балалық шақтары мен майданның алғы
шебіндегі сұрапыл күндер тәрізді. Әкейдің айтуын
ша, Х. Әбілғазин адал, шындықты бетке айтатын,
аппарат қызметкерлерінің мұң-мұқтажына — пә
тер алуына, демалыс үйлеріне жолдама берілуіне
түсіністікпен әрі әділ қараған. Сөйте тұра, өзіне
артық нәрсе сұрамаған, бұл — соғыстан кейінгі
ауыр кезеңді бастан өткерген адамдарға тән қа
сиет. Оның ұлы Бағдат Сыртқы істер министрлігі
жүйесінде жемісті қызмет істеді, төрт жыл бойы
еліміздің Өзбекстандағы елшілігінде кеңесші ла
уазымын атқарды, содан кейін Әзірбайжанда қыз
метте болды, қазір Ардагер дипломаттар ассоциа
циясын басқарады.
«Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы жар
шысы» бас редакциясында жұмыс істеген әріп
тестері арасынан әкем Баймырза Дәуренбеков
пен Жүніс Бектеповты бөле-жара атайтын. Олар
қазақ тілінің терең білікті мамандары әрі аудар
машы ретінде дараланып, әкеме қызмет бабында
көп көмектерін тигізді. Ол уақытта қазақ тіліндегі
арнайы терминология әлі қалыптасып болмаған,
тіпті қазірге дейін толыққанды аударма мәселесі
күн тәртібінен түскен жоқ. Сол жылдардың өзінде
редакция қызметкерлері алдында Мәскеуде, сон
дай-ақ республикамызда қабылданар заңдар мен
өзге де мемлекеттік актілерді қазақ тіліне білікті
аудару міндеті тұрды. Әрине, мұндай жауапты жұ
мысты табысты жүргізу ұжым мүшелерінің кәсіби
шеберлігін ғана емес, өзара түсіністігі мен көмегін
де талап ететін. Солардың қатарынан Елизавета
Абдулинаны атап айтуды жөн көремін. Жоғарғы
Кеңес Президиумының аппаратында өзге де білік
ті қызметкерлер аз емес-ті, бірқатары қазір де
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
84
бақуатты өмір сүріп, Ардагерлер кеңесінде қоғам
дық істермен айналысуда.
Жоғарғы Кеңестегі жұмысының тым ауырлығы
на қарамастан, әкей шығармашылықпен де айна
лысуға уақыт таба білді. Сенбі, жексенбі күндері
Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің мұрағаттарында отырып, ал түн бала
сы тапқан материалдарын өңдеп, әдеби қазақ тілі
не «аударатын». Ондайда әзілдеп, «күндіз — Отанға,
түнде әдебиетке қызмет етемін» деп, шаршағанын
білдірмеуге тырысушы еді.
Құқық қорғау органдарымен жұмыс бабы бо
йынша байланыста жүріп, МҚК төрағасының бірін
ші орынбасары Әбдіманап Тілеулиевпен, Ішкі істер
министрі Мақан Есболатовпен, оның орынбаса
ры Ахмет Тұрарбековпен жақсы араласып кетті.
Олар инемен құдық қазғандай ерінбей-талмай,
қазақстандық чекистер мен милиция қызмет
керлерінің жұмысын әдебиетке арқау етуді мақ
сат тұтқан әкейдің еңбегіне шынайы құрметпен
қарады. Сол азаматтардың көмегімен әкей кейін
өзінің көркем шығармаларына өзек болған жабық
мұрағаттардағы материалдармен жұмыс істеу
ге мүмкіндік алды. Кейбір «жабық» деректер мен
құжаттарды олар жоғары жақпен келіспей, баста
рын қауіп-қатерге тіге отырып бергенін әкемнің өз
аузынан талай естідім.
1978 жылдың ортасында «Жалын» журналында
Кемел Тоқаевтың жаңа романынан үзінді жария
ланды. Оқырман қауым баспадан кітаптың өзінің
шығуын асыға күтті. Алайда романның журналдық
нұсқасы сол кездегі идеология қызметкерлері
нің «қырағы» назарына ілігіпті. Олар еңбектің бір
шағын эпизодында сөз болған Сәкен Сейфуллин
мен ірі көпес Шәріп Ялымов арасындағы қатынас
қайшылығын «байқап» қалыпты. Сәкен Сейфул
лин бұл фактіні өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» ро
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
85
манында анық жазды, әрі бұл жағдайды айғақтай
тын құжаттар МҚК мұрағатында да сақталған.
Алайда партия идеологтарының «төбе шашын тік
тұрғызған» сенсациялық материалдағы С. Сейфул
линнің жеке жауы Димаш Ахметұлы Қонаевтың
жұбайының әкесі болып шықты. Пиғылы терістер
тыныш жүрген бе, республика басшысына Кемел
Тоқаевтың журналдағы жазғаны жөнінде сыбыр
лап үлгеріпті. Олар, тым болмаса, С. Сейфулиннің
танымал шығармасымен сырттай болса да таны
сып шықсашы.
Орталық Комитеттен шұғыл нұсқау түсіп, жур
налдың тиражы түгелдей кері қайтарылып алы
нады да, сол нөмірмен Кемел Тоқаевтың рома
нынан үзіндінің орнына басқа материал салынып,
қайта басылады. Әкем кеткен қағаз шығыны үшін
1000 сом айып төлеп, жанұямыздың бюджетін
тұралатуына тура келді. Ал осы оқиға төңірегін
де тұтанған «шатақтың» моральдық салдарының
салмағы тіпті ауырлай түсті. Оқиғаның басы-қа
сында болғандардың айтуынша, бұл жайт Орта
лық Комитеттің тиесілі бөлімдерінде талқыланып,
кейбір идеологиялық жандайшаптар әкейді рес
публика басшылығына «күйе жаққаны» үшін пар
тиядан шығаруды ұсыныпты. Өкінішке қарай, еш
кім де жоғарыда келтірілген фактінің С. Сейфуллин
еңбегінде жарық көргенін елемеген, тіпті елегісі де
келмеген. Жоғары басшылыққа жағынуды ғана
ойлаған пысықайлар соғыс ардагерін партиядан
шығаруды ұсына отырып, мұндай шешімнің қарт
жауынгерге қаншалық ауыр соққы боларын қа
періне де алмаған.
Сол бір сындарлы сәтте Орталық Комитет хат
шысы С. Имашев қана Кемел Тоқаевтың әске
ри және әдеби еңбегін ескеруге шақырып, асыра
сілтеушілердің ентігін басты. Ақыры бұл мәселе
партиялық жаза қолдануға жетпегенімен, респуб
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
86
ликаның жоғары басшылығы жағынан үлкен
наразылық бар екенін білдіріп, әкемді өз еркімен
арыз жазып қызметінен кетуіне мәжбүр етті.
«Кесімді» Жоғарғы Кеңес Президиумының төраға
сы С. Ниязбеков жариялап, жұмыс бабына қатыс
ты ешқандай кінә қоя алмайтынын, тек қана рес
публика басшылығының тапсырмасын орындауы
тиістігін айтқан. Коммунистік тәртіп рухында тәр
биеленген әкем наразылық білдіріп жатпай-ақ,
әріптестерімен қош айтысты.
Болмашы жайтқа бола күтпеген жерден мем
лекеттік қызметтен босауы әкеміздің ғана емес,
барша жанұямыздың көңіл-күйіне қаншалықты
ауыр тигенін айтып жатудың қажеті бола қоймас.
Оның үстіне, осы бір кездейсоқ келеңсіз оқиғаны
орынсыз далитып, түрлі өсек-аяңға айналдыру
шылар республиканың партия басшылығына ба
рынша жарамсақтанып, жазушының әдебиетке
жолын мүлде жабу керек деп өрекпігенін қайтер
сіз. Газет-журналдар әкемнің мақалаларын жария
лаудан бас тартса, көзкөрген ескі таныстардың
біразы, тіпті, жұрт көзінше сәлемдесуден қаш
қақтаудан тайынбады. Алайда ата-анамыз қолдан
жасалған дақпырттың еріксіз куәсіне айналған
олардың ешқайсысына да кек сақтамады. 1984
жылы Д. Қонаевтың отставкға кетуі жайлы әңгі
мелер үдей түскен шақта әке-шешеміз дүниеге
келген немересіне Зухра есімін беріп, ұзақ жыл
дар бойғы республика басшысына деген құрметін
аңғартты.
Осы орайда Орталық Комитеттің бірінші хат
шысының көмекшісі, белгілі жазушы Владислав
Владимировтің естелігінен бір үзінді көзіме ша
лынды. Бір күні Д. Қонаев одан жазушы Кемел
Тоқаевтың шығармашылығы туралы ойын сұраса
керек, жағымды жауап алған соң хатшы ойланып
қалыпты.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
87
Мемлекеттік қызметтен қол үзуі әкемнің мұ
рағат мәліметтеріне сүйене отырып, шетелде жұ
мыс істеген барлаушы қазақ жөнінде бірегей жаңа
роман жазуына кесірін тигізді. Шығармашылық
жоспары әбден пісіп-жетіліп, жаңа романның сұл
басы көз алдында тұрған. Айтуы бойынша, жаңа
туындының бас кейіпкері өзінің кәсіби шеберлігі
мен жұмысының нәтижесі жағынан даңқты бар
лаушылар Рихард Зорге мен Рудольф Абельдер
ден кем түспесе керек. Өкінішке қарай, әкеме жұ
мысын жалғастыруға рұқсат етпеді, МҚК-нің бас
шылығы өткен ғасырдың 30-жылдары қытайлық
кәсіпкер ретінде Қытай жерінде қызмет істеген
барлаушы жерлесіміз жөнінде көркем шығарма
жазуға тыйым салған арнайы шешімнің қабыл
данғанын көлденең тартты.
Шығармашылық жұмысының амалсыз кідіріс
теп, еңбектерін жариялау мүмкіндігінің шекте
ле түскеніне әкей мойымады. Шындықтың түбі
бір айтыларына кәміл сенді. Үйдегі жұмыс каби
нетінде ұзақ отырып, болашақ еңбектерінің жо
басын жасады, күнделік жазды, кеңестік және
шетелдік классиктердің шығармаларын қайта
лап оқып шықты. 1960 жылдары өзі сатып алған
«Бүкіләлемдік әдебиет» сериясының жүз томды
ғы, тағы басқа ертеден жинастырып келген көп
теген кітаптары кәдеге жарады. Әкейдің көзіндей
көрінетін үй кітапханасын бүгінде немерелері пай
далануда.
Сол бір күрделі кезеңде әкемді рухани демеп,
кемек қолын созған «Социалистік Қазақстан»
газетінің редакторы, ескі досы Сапар Байжанов
болатын. Ол Кемел Тоқаевтың үлкен мақаласын
республиканың бас газетінде жариялауға келісі
мін берді. Әкей басқа редакторлардың жүрегі да
уаламаған батылдыққа барған досына дәйім ри
залығын үнемі айтып жүрді.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
88
С. Байжановпен газет редакциясында бірге жұ
мыс істеген сонау 1950 жылдардың ортасынан
таныс еді. Қаламдас әріптесін оны шебер публи
цист-жазушы ретінде ғана емес, орнықты мінезі
мен пәтуалығы, жоғары адамгершілігі үшін де
ерекше сыйлайтын. С. Байжанов еліміздің басты
партиялық газетін жоғары публицистикалық әрі
шығармашылық деңгейге көтергенін замандаста
ры еске алысады. Екеуінің еменжарқын әңгіме
лесіп отыратын сәттерін талай көргенмін, олар
бір-біріне деген терең сыйластық пен әдеби-қа
ламгерлік достықты шынымен қадір тұтты.
Қазіргі уақытта қызмет бабы бойынша мен
оның ұлдары — Ұлан, Ерланмен жиі араласамын.
Ұлан Байжанов мемлекеттік табыс министрінің
орынбасары қызметін атқарды, содан кейін «Қаз
МұнайГаз» ұлттық компаниясына ауысты, Бас
прокуратура қызметіне елеулі үлес қосты. Ерлан
Байжанов Президент Әкімшілігі мен СІМ-дегі жұ
мысынан кейін мәдениет және ақпарат минис
трінің бірінші орынбасары, мемлекет басшысы
ның баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Қазіргі кезде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде
кеңесші-кіші елші қызметін атқарады.
Нақты жәрдем белгілі жазушы, жоғарыда айт
қанымдай, Д. Қонаевтың көмекшісі болған Вла
дислав Владимировтен келіп түсті. Әкей онымен
70-жылдардың басында Жоғарғы Кеңес Прези
диумында бірге жұмыс істеген кезінде танысқан.
Мемлекеттік мұрағатта әкейдің өз досының шы
ғармаларын талдаған мақалалары сақталыпты.
В. Владимиров те қарыз боп қалмай, жазушы
К. Тоқаевтың кітаптарын саралаған рецензия
лар жазды. Олардың достығы беріктігімен уақыт
тезіне төтеп берді. В. Владимиров республика
басшылығы алдында Кемел Тоқаевтың шығар
машылығын ақтау мәселесін көтерді. Содан кейін
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
89
әкейдің басқа еңбектері жарияланды, соның ішін
де «Солдат соғысқа кетті» романы жарық көрді.
Міне, ширек ғасыр өткен соң В. Владимиров
менің «Нұр мен көлеңке» кітабымды мадақтаған
мақала жазыпты, ол Кемел Тоқаевты «көрнекті
адам, батыл майдангер әрі тамаша жазушы» деп
еске алады.
Бұдан бес жыл бұрын В. Владимиров К. Тоқа
евтың шығармашылығы туралы мазмұнды мақа
ла жариялап, 70-жылдардағы республика бас
шылығының іс-әрекеті жөнінде қызықты оқиға
ларды оқырман назарына ұсынды. Осы тақыры
пқа қатысты очерктер кітабын маған сыйға тарт ты.
Әкем белгілі әдебиетші Шериаздан Елеуке
новпен де достық қатынасын ешқашан үзген
емес. Ол кісінің көп ізденіп, көп оқитынын, те
рең білімін қапысыз бағалады. Ш. Елеукенов те
шығармашылық жұмысты мемлекет қызметімен
қатар алып жүрді. Ұзақ жылдар Баспа және кітап
ісі жөніндегі мемлекеттік комитетті басқарып,
әкемнің журналист, жазушы ретіндегі еңбегіне әр
дайым құрметпен қарады. Ш. Елеукеновтің ұлы
Дастан СІМ жүйесінде қызмет етеді.
Әкей Қалмұқан Исабаев, Әзілхан Нұршайықов,
Тахауи Ахтанов, Бердібек Соқпақбаев, Ғафу Қа
йырбеков, Өтебай Қанахин, Берқайыр Аманшин,
Мұзафар Әлімбаев, Камал Смаилов, Тұманбай
Молдағалиев, Әбілмәжін Жұмабаев секілді көрнек
ті қаламгерлермен жақын араласып жүрді. Олар
дың барлығын рухани біріктірген де көркем сөздің
құдіреті еді. Әкем бұл қаламгерлерді қазақ әде
биетінің тарланбоздары деп бағалайтын, оларсыз
ұлттық әдебиетіміздің іргесі үңірейіп тұрар еді.
Қалмұқан Исабаев та соғыс ардагері. 2005 жыл
дың ортасында ол кісі 80 жылдығын атап өтті.
Қ. Исабаев қазақ әдебиеті тарихына Ертіс-Қараған
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
90
ды арнасын салған жұмысшылардың ерен еңбегін
сәтті бейнелеген қаламгер ретінде енді. Әкей Т. Ах
танов, Т. Молдағалиев, Ө. Қанахинге құрметпен қа
рады. Олар әдеби жиындарда немесе өздері жиі-
жиі бас қосып, қазақ әдебиетінің жай-күйін қызу
талдайтын.
60-жылдардың басында әкем Қасым Қайсенов
пен бірге Украинаға барып, соғыс жылдарындағы
партизан қозғалысына қатысушылармен кездесіп
қайтты. Әсіресе оған даңқты партизан командирі
Ковпакпен кездесу үлкен әсер қалдырды. Кейі
нірек, сапар кезінде жинаған деректері бойынша
украин партизандары туралы повесть жазды.
Партизан қозғалысының ардагерлерімен әкей
он шақты жылға таяу хат алмасып тұрды. Олар
кәнігі майдангерге сенім артып, басқыншыларға
қарсы «орман соғысы» жайында жасырмай жа
затын. Таяуда мен Кемел Тоқаевтың жеке мұраға
тынан партизан-жауынгерлердің хаттарын кездес
тірдім. Олардың мазмұнында бұрын ешқашан
айтылмаған жайттар бар екен. Қанды шайқастан
өткен партизандар боямасыз айтқан шындықтың
соғыстан кейін көп жылдар өткен соң шыққан
кітаптарда елдің санасына сіңірілген «қаһарман
дық» хикаялардан айырмасы недәуір. Егер әкей
сол хаттарды 60-жылдардың басында жариялап
жіберсе, партизан тақырыбына жазылған аты
шулы «туындылар» авторының біразының өмірі
қиындап кетері күмән туғызбайды және олардың
«ерліктерін» адамдар басқа қырынан танып-білер
еді. Бірақ ондай әрекет Кемел Тоқаевтың мінезі
не жат. Соған қарамастан, ол өз өмірінің соңына
дейін «өткендегі ерліктері» туралы ойдан құрас
тырылған әңгімелер айтатын, ал бейбіт кезеңде
ондаған жылдар бұрын өтіп кеткен оқиғалар үшін
жоғары марапаттар дәмететін жазушыларға қа
тысты сыни пікірінен айныған емес.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
91
Белгілі жазушы Берқайыр Аманшинмен де
әкемнің достығы ұзақ жылдарға созылды. Әсіре
се оның қарапайымдылығы мен Махамбет Өтеміс
ұлының шығармашылық мұрасын зерттеудегі та
бандылығын тамсанып айтып отыратыны есімде.
Кемел Тоқаев өздерінен кейінгі жас буын жа
зушылардың шығармашылығына да үлкен мән
беріп, сәтті шыққан еңбектеріне шынайы қуана
тын. Базбіреулер секілді ондайда қызғаныш біл
діру, кітапты авторымен қосып жамандау дегенің
әкейдің қолынан келмейтін іс. Өкшелес інілері
Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ,
Мұхтар Мағауин, Сәтімжан Санбаев, Асқар Сүлей
меновтің, сондай-ақ Баққожа Мұқаи, Дулат Иса
беков, Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан
үлкен үміт күтті. Оның болжамы тұтастай расқа
шыққаны қуантады, аталған қаламгерлердің бар
лығы да халыққа танылып, жоғары атақтар мен
дәрежелерге ие болды. Есімдері қазақ әдебиетінің
шежіресіне алтын әріптермен жазылып, миллион
даған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Жас айырмашылығына қарамастан әкей Қоға
бай Сәрсекеевпен жеке қарым-қатынасын ерекше
бағалайтын. Олар жиі кездесіп, әдебиет пен рес
публикадағы жағдай туралы ұзақ әңгімелесетін.
Екі жанұя бала-шағасымен жиі араласып тұрды.
Ауырып қайтыс болғанға дейін Қ. Сәрсекеев «Қа
зақ» газетінің редакциялық алқасын басқар
ды. Ол — әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, Қа
зақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Кемел Тоқаев Әкім Таразимен жиі сұхбаттасып,
осынау бірегей жазушының талғамы мен талан
тын, адамгершілік қасиеттерін өте жоғары бағала
ды. Шынында да, Ә. Тарази жасы үлкен жолдасын
әрі әріптесін тіпті ол қиналып жүрген кездерінде
де ұмытпай, рухани демеп, жиі хабарласып тұр
ды. Ә. Тарази талантты жазушы, публицист ретін
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
92
де халыққа кеңінен танылып, Мемлекеттік сый
лықтың лауреаты атанды. Ол Елбасының астана
ны ауыстыру туралы бастамасын алғашқылардың
бірі боп қызу қолдады, өзі Астанаға көшіп, жаңа
елорда жөнінде көптеген тартымды мақалалар
жазды. Сондықтан оның Жазушылар одағының
астаналық бөлімшесінің басшысы тағайындалуы
қай жағынан да заңды. Жазушы күні бүгінге дейін
көркем әдебиеттің түрлі жанрларында қалам тер
беп келеді. Ол замануи тұрғыда әрі кең ауқымда
ойлайтын, сөздің шын мәніндегі ірі һәм әйгілі қа
ламгер. Суреткердің шығармалары әлі ондаған
жылдар бойы оқырмандардың жүрегінен терең
орын алары талассыз.
Әкем Баққожа Мұқаимен де жақын аралас
ты. Кезінде екеуі Жазушылар одағының ғима
ратындағы жұмыс бөлмесін де бөліскен. Осы
бір сабырлы да әдепті және талантты адаммен
әңгімелесу әрдайым тың серпін беріп, шығарма
жазуда көмектеседі деп отыратын. Мен Б. Мұқаи
дің Кемел Тоқаев жөнінде «Парасат» журналын
да жарияланып, кейін естеліктер кітабына енген
мағыналы мақаласына тәнті болдым. Кейінірек
Баққожа Мұқаиге Мемлекеттік сыйлықтың дип
ломын өз қолыммен табыстағанымды да риза
шылық сезіммен еске аламын. Ол басқарған «Па
расат» журналы — мазмұн ерекшелігімен, сапалы
материалдарымен Қазақстандағы танымал ба
сылымдардың бірі. Өкінішке қарай, ауыр дерттің
салдарынан Б. Мұқаи өмірден ерте кетті. Емделуге
Германияға барарының алдында маған хат жазып,
ажалдың алыс еместігін сезген қаламгер ізгі ті
лектерін жолдапты. Ол шынында да өзгелерді қай
таламайтын қолтаңбасы бар дарынды жазушы
еді, көз жұмарынан сәл бұрын шығармаларының
бес томдығы жарық көрді.
Әкей Сәтімжан Санбаевтың шығармашылығын
жоғары бағалады. Екеуі жиі кездесіп, әдебиеттегі
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
93
соны жаңалықтарды талқылайтын. С. Санбаев
қаланың Фурманов көшесіндегі біздің пәтерге жиі
қонаққа келетін, бұл турасында ол өз естелікте
рінде әсерлі әңгімелейді.
70-жылдардың соңында әкем талантты жазу
шы Сәкен Жүнісовпен де жақсы араласып жүрді.
Оның «Ақан сері» романын мақтап отыратын.
Әкейдің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Тал
дықорған жаққа бірге барып қайтқан еді. С. Жүні
сов кейін Абылай хан туралы айшықты еңбек жаз
ды. Бұл шығарма көркем фильм түсіруге дайын
сценарий еді, бірақ олай болмай шықты. Осыған
байланысты автордың өзі де, мыңдаған оқырман
дары да үлкен өкініш білдірді.
Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романын қа
зіргі қазақ әдебиетіндегі «құбылыс» деп бағалаған
әкем оның шығармашылығына үлкен құрметпен
қарады. Берген бағасы толық ақталды, Қ. Жұма
ділов шығармалары уақыт тезіне төтеп берді. Қа
ламгер күні бүгінге дейін жазушылық ортада үлкен
құрметке ие болып отыр.
Кемел Тоқаев сонымен бірге қазақ поэзия
сындағы жаңалықтарды да қалт жібермей, үнемі
қадағалап жүретін. Тұманбай Молдағалиевтің
шығармашылығы жөнінде маған жиі айтушы еді.
Тұмағаңды махаббат пен достықтың жыршысы,
асқан лирик ақын ретінде тамсана мақтаған та
лай сәттерін көзіммен көрдім. Суреткердің жоғары
адамгершілік қасиеттерін бағалап, ақынмен әң
гімелесуден үлкен қанағат алатын. Анам қайтыс
болғанда Т. Молдағалиев марқұмға арнап мазмұ
ны аса тебіреністі өлең жазды. Мен, әрине, даңқты
ақынға біздің жанұямызға деген таза көңілі үшін
кәміл разымын.
Жас ақындардың ішінен Мұхтар Шахановты,
Фариза Оңғарсынованы, Жұматай Жақыпбаев
ты, Нұрлан Оразалинді, Жарасқан Әбдірашевті
бөле-жара айтатын. Ал, Мұқағали Мақатаевтың
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
94
поэзиясы ақынды көзі тірісінде классик дәреже
сіне көтеруге тұрарлық дейтін. Әкем үлкен ақын
Қадыр Мырзалиевті, Сәкен Иманасовты, Жұмекен
Нәжімеденовті сыйлап өтті. Жазушылар одағын
да бірге жұмыс істеген Рамазан Тоқтаров пен Бек
Тоғысбаевты қарымды қаламгерлер дей отырып,
өзіне жақын тартты.
Арманына жете алмай, өмірден ерте озған та
лантты ақын Кеңшілік Мырзабековке арнайы
тоқталғым келеді. Ол Жазушылар одағында жұ
мыс істеп жүргенде әкеме өте жақын болды.
К. Тоқаевтың жеке мұрағатында екеуінің іссапар
лар кезінде бірге түскен суреттері сақталыпты.
Есімдері аталған ақын жазушылардың тағ
дырлары сан қилы болды. Фариза Оңғарсыно
ва Парламенттің екі шақырылымның депутаты
болып сайланды. Өмірден өткеніне қарамастан,
оның шығармалары көптеген оқырмандарын қуа
нышқа бөлеп келеді. Нұрлан Оразалин Жазушы
лар одағын табысты басқарды, Қадыр Мырзалиев
70 жасқа толуын атап өтті, замандастары туралы
естеліктер кітабын жариялады, алайда, өкініш
ке қарай, көрнекті философ ақын ретінде артына
үлкен із қалдырып, о дүниелік болып кете барды.
Кіші отаны — Батыс Қазақстан облысында оның
құрметіне мемориалды кешен орнатылды. Бек
Тоғысбаев та соңына тарихи тақырыпқа жазған
шығармасын қалдырып, өмірден озды. Мұхтар
Шахановтың өмір жолы қызықты болды. Ол он
жыл Қырғызстанда Қазақстанның елшісі қыз
метін атқарды, сосын Мәжіліске депутат болып
сайланып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
қызу қолдады.
Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов,
Жарасқан Әбдірашев, Рамазан Тоқтаров, өкініш
ке қарай, дүниеден озды, дарынды қаламгерлер
ретінде олардың аттары ел есінде қалды.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
95
Кемел Тоқаев ірі ғалым-филологтармен тығыз
араласып тұрды. Ұзақ уақыт ол Әбдуәли Қайда
ровпен достасты. Әбекең кейін академик, Ғылым
академиясы Тіл білімі институтының директоры
болғаны белгілі. Әкей Ә. Қайдаровты қазақ тілінің
ғана емес, түркі тілдерінің үлкен маманы деп баға
лады. Академик ағамыз күні бүгінге тіл білімі сала
сында жемісті еңбек етуде. Ол бірнеше жыл «Қазақ
тілі» қоғамының төрағасы ретінде ана тіліміздің
шынайы жанашыры бола білді. Елімізге сіңірген
ерен еңбегі үшін «Отан» орденімен марапатталды,
ал 90 жасқа толғанда бірінші дәрежелі «Достық»
орденіне ие болды.
Әкей филология ғылымы бойынша энциклопе
диялық білімі бар, үлкен ғалым-маман Шора Са
рыбаевтың еңбегін биік бағалап, қызмет бабын
да немесе былайғы кездері де жақсы араласты.
Ш. Сарыбаев өте бірегей, кейде, тіпті ғажап адам
деуге болады. Ол кісі ұзақ жылдар бойы лингвис
тикалық мәселелер бойынша, тіпті өзіндік ерек
шелігі бар футболға қатысты да мәлімет-картотека
жасаумен айналысты. Ш. Сарыбаевтың ұлы Қай
рат Шораұлы СІМ жүйесінде табысты еңбек етеді,
Түркияда және ГФР-да елші болды, қазіргі кезде
Австрияда елші және ЕЫҚҰ-ның тұрақты өкілі.
Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар Зейнолла
Қабдолов, Серік Қирабаев, Әбдеш Қалмырзаев
тарға құрметпен қарайтын.
Кемел Тоқаевтың тағы бір досы — Ермұхамед
Жақсылықов туралы айта кетуді парыз санаймын.
Өмірден ерте озған осы бір абзал жан әкейдің өмір
жолында жарқын із қалдырды. Олар 1970 жыл
дардың басында, Ерекең Кеген аудандық партия
комитетінің екінші хатшысы кезінде танысқан еді.
Кейінірек Алматыға көшіп, журналистикамен ай
налысты. Біздің үйге қонақ шақырылғанда, әкей
бірінші болып Ерекеңе хабарлай-тұғын. Екеуінің
әңгімесі, тіпті әзіл-қалжыңына дейін өздеріне жа
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
96
расымды шығатын. Әкем қайтыс болғаннан кейін
де ол біздің жанұямен байланысын үзген емес,
анама телефон шалып, республикадағы соңғы
оқиғалар жайында айтып отыратын. Біздің әуле
тіміз ол кісіні әрдайым ілтипатпен еске аламыз.
Кемел Тоқаевтың замандастарының үлкен бір
тобы ғылыми орта өкілдері мен университетте бір
ге оқыған түлектестері еді. Олардың ішінен мен Ай
дарбек Құсайыновты, Сейілбек Тілеубаевты және
қауіпсіздік органдарындағы қызметін аяқтаған
соң оқытушылық жұмысқа ауысқан Хамит Әлжа
новты бөліп атар едім. Хамит Әлжанов көп жыл
дар бойы бірқатар оқу орындарында профессор
болып еңбек етті, еліміздің қоғамдық-саяси өмірі
не қатысты кейбір өзекті мәселелер төңірегінде
баспасөзде жиі көрініп тұрды. Жасы ұлғайған
шақта өзінің жарқын оқиғаларға толы өмірінің ең
қызғылықты сәттері туралы естеліктер кітабын
шығарды. Менің кеңесіммен «Дипломатия жар
шысы» журналында Х. Әлжановтың дипломат,
барлаушы және ғалым ретіндегі өмір жолы туралы
қызықты мақала жарияланды.
Әкем өмірден ерте кеткен тәжірибелі партия
қызметкері Айташ Жақыповты да айрықша сый
лаушы еді. Өкінішке қарай, бұл абзал азамат мез
гілсіз дүние салды, әкемнің бұған қатты қайғырға
ны да есімде.
Кемел Тоқаев өзінің достарымен қарым-қаты
насын, бүгінде «сәнге» айналғандай, «жерлестік»
тұрғыдан емес, адамның іскерлік, адамгершілік
қасиеттеріне қарап бағалайтын. Оның жақын-жо
ралары Қазақстанның әр аймағынан табылатын.
Әкеммен әңгімелесе отырып, мен қандай да бір
басшы немесе жазушы жайында оның шыққан
руы төңірегінде айтқанын естіген емеспін. Кейін
естіп-білуімше, қазақ зиялыларының ортасында
әкейдің «интернационалдығы» олардың бәріне
бірдей ұнай бермеген сыңайлы.
Суреттер сөйлейді
Кемел Тоқаевқа Шымкент қаласындағы
мектеп-интернатта оқып жүрген кезінде
берілген мінездеме. 1940 ж.
Шымкент қаласындағы мектеп-интернаттың
10-шы сынып түлектері. Кемел Тоқаев – төменгі
қатардың ортасында. 1940 ж.
Шымкент қаласындағы мектеп-интернаттың
8-ші сынып оқушылары. Кемел Тоқаев –
төменгі қатарда оң жақтан екінші. 1938 ж.
Кемел Тоқаевтың үлгерім табелі. 1940 ж.
1932–1940 жылдар аралығында Кемел Тоқаевтың
балалар үйінде тәрбиеленгені жөніндегі куәлік
Майданға аттанар
алдында. 1942 ж.
Кемел Тоқаевтың ағасы Қасым Болтаев.
Ол 1942 жылы 22 ақпанда майданда ерлікпен
қаза тапқан. Бұл суретті К. Тоқаев 1941 жылы
Свердлов облысының Котельничи қаласынан алған еді.
Суреттің арғы бетінде «На память Кемелю» деп жазылған
Екінші Белорус майданы. 1944 жылғы қараша айы
Сержант
Кемел Тоқаев.
1943 ж.
Кемел Тоқаев – Қазақ мемлекеттік
университетінің түлегі. 1948 ж.
К. Тоқаев. 1950 ж.
Кемел Тоқаевтың
«Сталинградты
жаудан қорғағаны
үшін» медалімен
марапатталғаны
туралы куәлік
Кемел Тоқаев, жұбайы Тұрар және
ұлы Қасым-Жомарт. 1953 ж.
Тұрар Шабарбаева студенттер жатақханасында
Кемел Тоқаев –
«Қазақстан пионері»
газетінің Бас редакторы.
1954 ж.
Гүлбараш Байтоғаева, Кемел Тоқаев,
Тұрар Шабарбаева. 1950 ж.
«Қазақстан пионері» газетінің қызметкерлері.
Ортада – Кемел Тоқаев, оның сол жағында отырғандар –
Амантай Байтанаев пен Берқайыр Аманшин
«Қазақстан пионері» газетінің Бас редакторы болып
қызмет істеп жүрген кезі. 1954 ж.
Алматы маңында демалыста жүрген кезі
Солдан оңға қарай: Кемел Тоқаев, «Лениншіл жас» газеті
редакторының орынбасары К. Салықов,
қызметкері Байжұман Ордабаев. 1950 ж.
Кемел Тоқаев
ҚазМУ-ді бітірген жыл
Қайран жастық
Кемел Тоқаев пен Асқар Тоқмағамбетов
«Социалистік
Қазақстан» газетіндегі
алғашқы жыл
«Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында
ауыл шаруашылығы озаттарымен кездесу. 1957 ж.
Әскери госпитальде. 1956–1957 жж.
Кезекті кітап жазуға дайындық барысындағы
қолжазбаларының бірі. 1963 ж.
Әзілхан Нұршайықов пен Кемел Тоқаев. 1959 ж.
Жұбайы Тұрар Шабарбаевамен
Кемел Тоқаевтың жұмыс дәптерлерінің бірінен үзінді.
Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында
сақталған Қазақстан жерінде Борис Анненков
дивизиясының жасаған жауыздықтары туралы
құжаттармен танысқан. Өкінішке қарай, идеологиялық
цензураның қысымына байланысты жиналған
деректердің біршамасы оның кітаптарына енбей қалды
ҚазМУ түлектері. Кемел Тоқаев, Мүсілім Базарбаев
(оңнан солға қарай) достарымен бірге
Мүсілім Базарбаев.
1960 ж.
Мереке күндері. Кемел Тоқаев, балалары Бақытбек,
Салтанат және Роза Қайырбаева
(қазір ҚазМУ-дің профессоры)
Жұбайы Тұрар, балалары Қасым-Жомарт және
Бақытбекпен бірге. 1960 ж.
Тұрар Шабарбаеваның Алматы шет тілдері институтында
қызмет істеп жүрген кезі. 1967 ж.
Партизан қозғалысына қатысқандар арасында.
Оң жақтан үшінші – Қасым Қайсенов,
сол жақтан екінші – Кемел Тоқаев. Украина. 1963 ж.
Кемел Тоқаев. 1967 ж.
Амантай Байтанаев пен Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев пен Сейтағын Жаманбаев. 1973 ж.
К. Тоқаевтың
екінші ұлы Бақытбек
Шабарбаев. 1971 ж.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы
Сабыр Ниязбековтің Кемел Тоқаевқа мемлекеттік
награда тапсырып тұрған кезі. 1970 ж.
Орталық газеттердің тілшілерімен бірге Петропавл
қаласына іссапармен барған кезі. Оң жақтан екінші –
С. Байжанов, сол жақтан екінші – К. Тоқаев
Кемел Тоқаевтың 50 жылдық мерейтойы күні
Кемел Тоқаев – «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы
жаршысының» Бас редакторы. 1973 ж.
Кемел Тоқаевтың жолдастары (оңнан солға қарай):
Айдарбек Құсайынов, Әбдуәли Қайдаров,
Ермұхамет Жақсылықов, Баймырза Дәуренбеков,
Хамза Әбілғазин, Хамит Әлжанов (сол жағында екінші)
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры
Талғат Бигелдиновпен бірге
Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» романының жүлде
алғаны жайлы құжат. Осы сынды жүлделерді
оның шығармалары сан мәрте иеленген еді
Кемел Тоқаев Жоғарғы Кеңес Президиумының
отырысында баяндама жасап тұр. Оңнан солға қарай:
Президиум төрағасының орынбасары А. Часовникова,
аппарат басшысы К. Абаев, Жоғарғы Кеңес
Президиумының хатшысы Б. Рамазанова.1974 ж.
Қаламдас замандастар Солтүстік Қазақстан
облысына барғанда. Ортада – К. Тоқаев,
оң жақтан екінші –С. Байжанов. 1972 ж.
Ұлы Жеңістің
35 жылдығы қарсаңында.
1977 ж.
Жоғарғы Кеңес Президиумы қызметкерлері сенбілікте.
1976 ж.
Жоғарғы Кеңес Президиумы аппаратының қызметкерлері –
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Төменгі қатарда сол жақтан бірінші – Х. Әбілғазин,
оң жақтан екінші – К. Тоқаев. 1970 ж.
Кемел Тоқаев тәртіп сақшылары арасында
Кемел Тоқаев.
1977 ж.
Жеңістің 35 жылдығына орай
Кемел Тоқаевқа жолданған құттықтау
Кемел кезең. 1978 ж.
Мың жылдық құда Рымтай Ізбастинмен бірге
Қаламгерлер арасында. Сол жақтан үшінші –
Қоғабай Сәрсекеев, оңнан солға қарай –
Жаппар Өмірбеков, Кемел Тоқаев,
Сафуан Шәймерденов. 1981 ж.
Әкім Тарази, Кемел Тоқаев, Қабдеш Жұмаділов
Жазушылар Теміртау қаласында. 1982 ж.
Маңғыстау сапары. 1980 ж.
К. Тоқаев Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы
қызметкерлері арасында
Қостанайдағы оқырмандармен сұхбат. 1980 ж.
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен кездесу.
1984 ж.
Қызылорда облысына сапар.
1980 ж.
Әкім Тарази мен Кемел Тоқаев.
1983 ж.
Жазушылар (оңнан солға қарай): К. Тоқаев, белгісіз,
Хамит Ерғалиев, Берқайыр Аманшин, белгісіз,
Ғафу Қайырбеков
Кемел Тоқаевтың балалары.
2000 ж.
Қасым-Жомарттың анасы Тұрар Шабарбаева
Үштөбе қаласындағы №1 орта мектепте Кемел Тоқаевқа
орнатылған ескерткіш. Желтоқсан, 2007 ж.
Кемел Тоқаев атындағы конкурстың
өткізілуі туралы хат
Кемел Тоқаев біздің жадымызда
Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев
атындағы №1 орта мектеп
Өмір... 1984 ж.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
97
Әкей орыс әдебиеті мен журналистикасының
талантты өкілдерімен де жиі араласты. В. Влади
миров туралы жоғарыда айтып өттім, енді Ростис
лав Петров жайында да бірер ауыз жылы сөз айт
пақпын.
Бұл адамның тағдыры қиын да қызықты еді.
Өзі қазақ прозасына бүйрегі бұрып тұратын. Олар
«Соңғы соққы» романын бірлесіп аударды. Шы
нын айтсам, орысша жарық көрген шығармалар
дың ішінен Р. Петровтың аудармасы ғана автор
дың көңілінен шықты. Әкей 70-жылдары «Лите
ратурная газетаның» Қазақстандағы тілшісі Алек
сандр Самойленконы кәсіби журналист ретінде
бағалады, жас айырмашылықтарына қарамастан
жиі кездесіп, пікірлесетін.
Сондай-ақ әкем Жоғарғы Кеңес Президиумы
аппаратындағы жұмысы бойынша әріптесі Алек
сей Никифоровқа ілтипатпен қараушы еді. Оны
әркез «досым» деп атайтын. Үйге немесе емханаға
болсын жиі келіп, А. Никифоров та осындай жылы
қатынаспен жауап беретін. 1983 жылы әкейдің 60
жылдық мерейтойына байланысты ол: «Ең жақын
досым Кемел...» деп басталған арнайы құттықтау
хатын жолдады.
Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі шытыр
ман оқиғалы детектив жанрының негізін қалап,
өмірінің соңғы күндеріне дейін оған адал қызмет
етті. Әкем 10 қараша — милиция қызметкерлері
күнінде қайтыс болды. Бұл қаза біздің әулетімізге
қаншалық ауыр тигенін айтып жеткізудің өзі қиын.
Әсіресе немересі Дананың1 шырылдап жылап,
атасын іздегені еңсемізді езіп жіберді. Қанша сыр
бермеуге тырысқаныммен, менің көңіл-күйім тіпті
құлази түсті. Әкемнің тым болмаса 70 жылдығын
көре алмағаны жаныма батты.
1 Қазір Дана — саяси ғылымдардың докторы, профессор, екі бала
тәрбиелеп отыр.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
98
Сол бір қаралы күндері әкейдің құдасы, адам
гершілік қасиеттің жарқын үлгісін көрсеткен Рым
тай Ізбастин қасымызда болып, қайғымызды бір
ге көтерісті. Екеуінің тағдырлары да ұқсас. Ол кісі
де Отан соғысына қатысып қайтқан, жеңістен ке
йін Павлодар облысы, Баянауыл ауданында ұзақ
жылдар жемісті еңбек етті. Ғұмырының соңына
дейін сонда тұрды, Баянауылдың құрметті азама
ты. Жеңістің 50-ші, 55-ші жылдығына арналған ар
дагерлердің салтанатты шеруіне қатысты. Бүгінде
сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалымыз әлі тың,
немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр. 2005
жылғы тамызда Президент Баянауылға барғанда
Рымтай аға ауданның құрметті ақсақалы ретін
де мемлекет басшысының алдында сөз сөйледі.
Оның құрметіне Баянауылдың бір көшесі соның
есімімен аталған.
Әкейді соңғы сапарға шығарып саларда мен
оның бүкіл болмыс-бейнесін, денсаулығы мықты,
қуатты кезіндегі алаңсыз, еркін әңгімемізді, сон
дай-ақ сырқаты күшейіп, қиналып жүрген уақыт
тағы сыр-сұхбатымызды еске түсірдім. 80-жыл
дардың басында менің Мәскеудегі пәтерімді кө
руге арнайы келіп, «шашу» шашқаны, бізбен бірге
бірнеше күн тұрғаны, кешкілік асүйде шай үстінде
өткен-кеткенді еске алысып, айналып келгенде,
«өмір» деген бір ауыз сөзге сыйып кететін мәңгілік
ұғым жайында келелі әңгіме қозғап, түн жарымы
на дейін отырғанымыздың бәрі көз алдымда.
Маған жазған соңғы хаттарының бірінде не
мересі Темірдің фотосуретін алғанын және оның
менің бала күнімнен аумайтынын айтып, Алма
тыға алып келуімді тапсырған еді. Көп ұзамай
екі жасар Темірді атасына әкелдік, бірақ кешігіп
қалдық... Үйге көңіл айтуға келгендердің бәріне
«Мен Тоқаевпын» деп сәби көңілмен былдырлаған
оған ересектер не айтарын білмей дал болды. Ал
мен болсам бұл екі ауыз сөзден «ата, мен сенің
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
99
өміріңнің жалғасымын» деп, ұрпақ үндестігін паш
еткен сәби дауысты естігендей күй кештім.
Кемел Тоқаевтың бақилыққа көшуімен оның
істері мен ойлары өшпейтін мұра ретінде Темір
Тоқаевқа беріледі. Сол сәтте әкемнің немересі
Темір дүниеге келгенде шексіз қуанғаны есіме
түсті. Қазір ұлым — екі баланың әкесі, саяси ғы
лымдардың докторы, екі кітаптың авторы.
Әкей 1986 жылы дүниеден озды, сол қайғылы
күннен бері біраз уақыт өтті. Алайда оның маған
жазған соңғы хатының әрбір сөзіне дейін есімде.
Ол менімен ер-азаматқа тән байсалды қоштасты.
Өмір жолымның әрбір сәті көз алдында екенін ай
тып, өзіме берік және туған-туыстарға бас-көз бо
луымды тапсырды, барлығымызға амандық, бе
реке-бірлік тіледі.
Мен әкемді Тұлға, елін, жерін сүйіп өткен нағыз
Азамат ретінде мәңгілік сыйлап өтемін.
1995 жылы республика үкіметінің шешімімен
Үштөбе қаласының №1 орта мектебіне Кемел
Тоқаевтың есімі берілді. Біздің жанұя үшін бұл ай
рықша қуанышты хабар еді. Әкем дүниеге келіп,
балалық шағын өткізген Қаратал ауданының тұр
ғындары да осы жаңалыққа шынайы риза болды.
Мектеп директоры Валентина Георгиевна Спири
донованың бастамасымен аталған оқу орнында
Кемел Тоқаевтың мұражайы ашылды. Қор белсен
ді жұмыс істеп тұр.
2003 жылғы 31 тамызда әкемнің атындағы
мектепте оның қоладан жасалған ескерткішінің
ашылу рәсіміне қатыстым. Осы салтанатты оқиға
ны үлкен алғыс сезіммен еске түсіремін. Мектеп
директоры мен оның әріптестері — ұстаздар мере
келік бағдарламаны соншалық мазмұнды, ғибрат
ты ұйымдастырыпты. Жоғары сынып оқушыла
ры Кемел Тоқаевтың шығармаларынан өздеріне
ерекше ұнаған жерлері жайлы әңгімелесе, төменгі
сыныптағылар даңқты жерлесіне арналған өлең
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
дерді оқыды. Ескерткіштің ашылуына байланыс
ты мұражайға біздің жанұямыз үшін аса бағалы
әкеміздің жеке заттарын тапсырдым. Олардың
арасында оның соғыс және бейбіт жылдары ма
рапатталған ордендері мен медальдары тағылған
пиджагі, сонымен бірге мемлекеттік мұрағатта
сақталып келген кейбір құжаттар бар.
2007 жылдың желтоқсан айының соңында
Үштөбе қаласындағы мектепке бардым, мұғалім
дер мен оқушылар өте жылы қабылдады. Әлбет
те, мұражайға соқтым, ол мектеп директорының
және барша ұжымның күшімен жаңа келбет алып,
мазмұны толыға түсіпті, қызықты экспонаттары
көбейген нағыз мұражайға айналған. Мектепте
жақсы дәстүр қалыптасқан екен: жазушы Кемел
Тоқаев туралы үздік шығармаға бәйге жарияла
нады. Оқушылардың жұмысы арнайы жинақта
басылады. Озат оқушыларға стипендиялар таға
йындалған. Мектеп бітіргеннен кейін ең қабілетті
оқушыларға Кемел Тоқаев атындағы қордың қа
ражаты арқылы Қазақстан мен Қытай универси
теттеріне оқуға жолдама беріледі.
Біз — Кемел Тоқаевтың және Тұрар Шабарбаева
ның балалары — ата-анамыздың қамқорлығы мен
тәрбиесіне шексіз алғысымызды айтамыз. Олар
дың ұлағаты шын мәнінде біздің кейінгі тағдыр
жолымызды анықтап берді ғой. Бәріміз белгілі оқу
орындарында жоғары білім алдық, тиісті салалар
да маман болдық. Ең бастысы — біз әке-шешеміз
ден адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді бойымы
зға сіңірдік. Біз әрдайым ата-анамызды мақтан
етеміз, ал олардың өмірден ерте кетуі күні бүгінге
дейін қабырғамызды қайыстырады. Кейде олар
біздің өмірде жіберген қателіктерімізді, шалыс
қадамдарымызды өздеріне алғандай көрінеді.
Сондықтан ата-анамыздың бойымызға сіңірген
ең биік қасиеттерін енді өз балаларымызға беруге
тырысамыз.
101
V І т а р а у
АНА
М
ен үшін және біздің отбасымыз үшін
анамыздың дүниеден озуы орны тол
мас орасан қайғы еді. Бұл өзекті өртеген
өкінішті оқиға 2000 жылдың 20 шілдесі күні болды.
Анамыздың соңғы деміне дейін Дюссельдорф қа
ласындағы ауруханада қасында болған қарында
сым Қарлыға маған телефон соғып, жылап тұрып
анамыздан айрылғанымызды жеткізді. Көз жұмар
алдында марқұм жастықтан әрең дегенде басын
көтеріп, жан-жағында үнсіз тұрған балалары мен
немерелерін соңғы рет жанарымен аймалап, «Қош
болыңдар» деп бір ауыз ғана сөз айтыпты.
Сол телефон қоңырауына бес минуттай қалған
да жұмыс кабинетімнің терезесін жан ұшыра соқ
қан көгершіндерді көргенмін. Ойыма осындай
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
102
құбылыстар туралы бір кезде оқыған мақала
түсті: үйге кіруге жанталасқан құстар төніп келе
жатқан қасіреттің хабарын білдіреді екен. Үрейлі
ой өне-бойымды дір еткізді: анамнан айрылғаны
мыз ба? Өкінішке қарай, солай болып шықты. Бес
минуттан кейін мен өз өмірімдегі ең қайғылы ха
барды естідім.
Мен анамды көз жұмарынан бірнеше күн бұрын
көрдім. Ол кісінің ауыр халде жатқанын естіп,
Мәскеу арқылы Дюссельдорфқа ұштым. Ауруха
наның төсегінде әлсіз жатқан, ауыр науқас меңде
ген бейнесі еңсемді езіп жіберді. Бір кездегі күшті,
үнемі жігерлі және өзіне сенімді анам көз үйрен
беген әлсіз адам болып көрінді. Төсегіне ақырын
жақындап, үн қаттым. Анам басын баяу бұрып,
естілер-естілмес қана «Жомарт» деді. Біз үнсіз ғана
қол ұстасып, бір-бірімізге ұзақ қарадық. Сонан соң
мен Дюссельдорфқа қалай жеткенімді, еліміздегі
соңғы жаңалықтарды айта бастадым. Ол кісі ықы
ласпен тыңдап жатты. Сөйлеу ауыр болғандықтан,
мені тыңдап отырғанын білдіріп, анда-санда бір-
екі ауыз сөз айтып қояды.
Көп кешікпей палатаға кірген неміс дәрігер
лері алыс Қазақстаннан келген емделушінің халі
біршама жақсарып қалғанын айтты. Бәрі жақсы
болардай, анам аяқасты науқасынан жазылып,
ортамызға оралатындай үміт оянды. Өзі де сергіп,
«Міндетті түрде жазылып кетемін» дейді. Сонан
соң маған қамқор көзімен қарап, көп отырмай,
қонақүйге барып демала беруімді айтты. Өзі ауыр
халде жатса да, анам ұзақ жолдан шаршап келді
деп менің қамымды ойлады.
Жүрегім ауыра, қарындасымның күйеуі — Темір
таймен бірге қонақүйге келдім. Анамыз жайлы көп
әңгімелестік, өз шаруаларымызды бәрінен маңы
зды санап, ол кісіге жеткілікті көңіл бөле берме
генімізді айтыстық. Теміртай маған анамның Ал
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
103
матыға оралуды ерекше көксегенін, балаларының
жаңа үйіне келіп тұратынын таныстарының бәріне
айтып, айрықша толғаныспен дайындалғанын әң
гімеледі. 2000 жылдың көктемі бойы ол кісі елге
қайту туралы оймен өмір сүрді, жарқын жоспарлар
жасады. Екі жылдан кейін туған-туыстарын көріп,
ширек ғасыр араласқан көрші-қолаңмен жүзде
серіне шын көңілімен қуанды. Барлық туыстары
мен көршілеріне арнап бір жыл бұрын сыйлықтар
сатып алып қойыпты.
Алайда бәрі аяқасты өзгерді, анам кенет нау
қастанып, күн сайын тіршілік қуатын жоғалтып,
көз алдымызда сөніп бара жатты. Туған жеріне
жуық арада орала алмайтынын ойлаудың өзі ол
кісіні қажытып, түңілтіп жіберген тәрізді. Өйткені
анам нағыз өз халқының қызы еді. Қазақ әндері
мен телехабарларын сүйетін, айтысты жібермей
тыңдайтын, қазақ әдебиетінің жаңалықтарын қа
ғыс қалдырмай, газет-журналдар оқитын. Бұның
барлығы өмірінің алтын өзегі еді.
Анам 1931 жылы Алматы облысының Көктал
ауылында дүниеге келді. Әкесі Шабарбай колхоз
төрағасы болған, өмірінің соңына қарай аудандық
атқару комитетінде қызмет атқарған адам. Ол
ерте, 55 жасында қайтыс болды. Қандай себеппен
екенін білмеймін, анам 12 жасына дейін әкесінің
жақын туыстарының қолында өсіпті. Сонан кей
ін ғана әке шаңырағына қайта оралған. Ол кісінің
анасы көзі жұмылғанша көкірек көзі ояу, ақыл-
есі сергек күйі 93 жас жасады. Бүкіл отбасымыз
кейуанаға үлкен құрметпен қарайтынбыз, өйт
кені әйел-ана ретіндегі қамқорлығына қоса өмір
лік мол тәжірибесі мен орнықты мінездің адамы
еді. Нағашы әжеміздің үйі немерелерінің, әсіресе
жазғы каникул кездерінде үзбей келіп тұратын
құтты мекеніне айналды. Ақсеңгір ауылына жиі
келіп, біз ауыл балаларымен танысып достастық,
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
104
қарапайым ауыл өміріне бой үйреттік. Кейін сол
көргендерімнің маған көп пайдасы тиді.
Анам туған ауылындағы орыс мектебінде оқы
ды, сондықтан да орыс тілінде таза сөйлеп, өте
сауатты жазатын. Сондай-ақ, жоғарыда айтқа
нымдай, қазақ тілін де терең білетін, шын мәнінде
екі тілді таза меңгерді.
Алматыға елуінші жылдардың басында келіп,
медицина институтына оқуға түсті. Отбасы мұраға
тында студент кезінде курстастарымен операция
үстелінің басында түскен суреті сақтаулы. Алай
да институтты бітіру бұйырмады. Тағдыр ол кісіні
менің болашақ әкеммен кездестіріп, 1953 жылы
олардың тұңғышы — мен дүниеге келдім.
Отбасының тұңғыш перзенті ретінде мен ата-
ананың ерекше шапағатын сезініп өстім. Олар
мені шексіз жақсы көрді десем, ештеңе айтпаға
ным болар, сәби күнімнен кәмелетке толғанша
ерекше қарайтын, басқалардан даралап, әке-ше
шенің қамқор пейілін аямай төкті. Әкей маған үл
кен сенім артатынын ешқашан жасырған емес.
Мені қазақстандық қоғамдағы белгілі адам, үлкен
мемлекеттік лауазымдардан көргісі келетінін ай
тып отыратын. Мәскеу халықаралық институтына
түскенімді зор мақтанышпен қабылдады, КСРО-
ның Қытайдағы елшілігіне диплом алдындағы
тәжірибеден өтуге бөлінгенім жайлы хабарыма
қатты қуанды. Әлі есімде, телефонмен сөйлесіп
тұрып, қытай тілін жатпай-тұрмай үйренуді, Қытай
дың ішкі-сыртқы саясатын жалықпай зерттеуім
қажеттігін айтты. Әке-шешем менің институтты
бітіріп, КСРО СІМ жүйесіне кіргенімді мақтаныш тұт
ты. Ол кезде бұл шынында да жоғары бедел әрі үл
кен дипломатиялық карьераға бастайтын даңғыл
жол еді.
Институт бітірген соң менің тағы бір «бала
ма» жолдама алғанымды айта кету керек: маған
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
105
одақтық СІМ-нен бөлек, барлау қызметінде кү
шімді байқап көру ұсынылды. Бұл үшін Мәскеу тү
біндегі құпия оқу орындарының бірінде бір жыл
дық дайындықтан өтуім керек екен. Кеңес барла
уының кадр қызметкерлері менен болашақта жақ
сы барлаушы шығарына сендіріп, сол уақыт үшін
осы бір мәртебелі қызметке баруыма барынша
үгіттеді, ал өзімнің жүрек құндағына бөлеген ар
маным — СІМ болса, оның ешқайда қашпайтынын,
бұл ықпалды ұйым болашақта шетелдерде барлау
жасау үшін қалқа боларын немесе «жанашырлық»
көрсетуді ұсынатынын жеткізді.
Әрине, мен мұндай өмірлік маңызы бар мәсе
ле туралы міндетті түрде ата-анаммен ақылдас
тым. Әкей біраз ойланып барып, қалай дегенде
де әскери ұйым ұсынысынан бас тарту қажетті
гін айтты. Оның үстіне, ол уақытта Кеңес Одағы
мен Қытайдың өзара қарым-қатынасы ширығып
тұрғандықтан, болашақ бұлыңғыр еді. Ал мен бұл
ұсынысты қабылдасам, агенттік жұмысты сол Қы
тайда жүргізерім күмәнсіз. Ұзақ уақыт МҚК қыз
метін зерттеуге арнап, чекистердің қиын еңбектері
туралы кітаптарында талай қатпарлы оқиғаларды
жазған әкей, әрине, менің болашағым үшін әбден
алаңдады.
Анам да үнемі мені қолдайтын. Бала күнімнен
мен оның көптеген мағынасы терең мазмұнды
әңгімелерін, ой-пікірі мен пайымдауларын тыңдап
өстім ғой. Әңгімені жақсы айтатын және менің де
ықыластана тыңдайтынымды сезген болар, сөй
тіп өмірлік дүниетануыма өлшеусіз ықпал етті.
Жан-жағыма байыпты қарап, ұстамды болуға, жақ
сыны үйренуге және одан тек пайдалысын алуға
үйретті. «Күні бойы және кешке немен айналыса
тыныңды таңертеңнен ойлау керек. Жинақы жүру
қажет, асып-сасқан адам сәтсіздікке ұшырайды»
деп жиі айтатын.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
106
Кейде мен анаммен бірге анау-мынау шаруа
лармен қалаға шығатынмын. Мұндай кезде мені
міндетті түрде асханаға апарады, көбіне Шевчен
ко көшесі бойындағы тұшпараханаға соғатынбыз.
Өзі көп ештеңе жемесе де, сол кезде маған ерек
ше дәмді көрінетін асхана тамағын құмарта жеп
жатқаныма аса бір жылылықпен қарап отыратын.
Кейде асханадан шығып, мені сыртта күтіп тұра
ды.
Төрт балалы біздің отбасы қарапайым тұр
ды. Анам ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен
жұмыс істемеді, ол кісі үй жұмысын атқарды.
Жалғыз асыраушымыз әкей. Айлық жалақыдан
бөлек, ол кейкейде мақалалары мен кітаптарына
қаламақы алатын. Мұндай күндері біздің үйде
нағыз мереке орнайды. Әкей бізді мейрамханаға
апаратын, сөйтіп біз оның кезекті жарияланымы
ның жарыққа шыққанын «жуатынбыз». Біздер,
балалар, әсіресе 60-жылдардың басында кең та
раған балапан еті мен түрлі шырындарға құштар
едік. Сөйтіп «қарын жарылғанша» тоятынбыз, со
нан соң келесісін күтіп, бұрынғы тойды еске алып
жүреміз.
Шешей ол кезде жас әйел бола тұра, көп нәр
седен, оның ішінде әшекей заттар мен қымбат
киімдерден тартынатын. Әрине, сәнді киініп, әсем
әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда
бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық пары
зын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып
өтті. Тіпті, қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік
туған кезде де, өзіне ұнаған заттарды немерелері
не әперумен шектелетін. Балалық шақты еске ала
отырып, анамыздың балалар үшін өзін аямаған
тағы бір мысалын айтпақпын. Басқа бозбалалар
сияқты, менің де, қымбат болмаса да, көзге тұрар
лықтай киінуді қалайтынымды түсініп, анам маған
ол кезде қат саналатын шетелдік туфли мен кос
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
107
тюмдер әперетін. Ал сол ақшаға өзіне сәнді бір
деңе алуына да болар еді. Айналып келгенде, сол
жылдары әке-шешелерінің ақшаны барынша қы
сып әпергенін ғана киюді қанағат еткен балалар
аз еместі. Алайда анам өзін шектей отырып, менің
әдемі әрі талғаммен киінгенімді қалады. Мұндай
мейірім, әрине, ешқашан ұмытылмайды.
Ең жақсыны балаларына, алдымен маған бе
ретін өзгермейтін әдетінен жаңылған емес. Мені
Мәскеуге оқуға аттандырар кездегі қамқорлығы
естен кетпейді. Ұзын-сонар кезекте тұрып, костюм,
плащ және маусымдық аяқкиім әперу үшін Алма
тының дүкендерін түгел аралап шықты. Бас қа
лаға барар алдында өзімді қалай ұстау, асқа және
киімге ұқыпты болу, оқуға қатыстының бәріне тия
нақты қарау жөнінде жалықпай ақыл-кеңесін айт
ты. Ол кісінің жақсы көретін сөзі «режим сақтау
қажет» еді. Студент кезімде анамның айтқандары
ның барлығын орындадым дей алмаймын, бірақ
олардың пайдасы тигені рас. Мұның барлығын
ақыл-кеңес деуден, аналық мейірім деген жөн бо
лар.
Енді өз ұлыма да сол сияқты кеңестер бере
отырып, әке-шешем, әсіресе анам мен үшін ай
рықша алаңдағанын айқын түсінемін. Өйткені
өз тұңғыштарын қиянға, алыстағы Мәскеуге ат
тандырды ғой олар. Әрине, менің мақтаулы инс
титуттағы оқуымның табысты болуын тіледі. Ол
кезде көптеген қазақстандық жастар тұрмыс
пен оқудың қиындықтарына төзе алмай, оқуды
ата-аналарының қанаты астында жалғастыру
үшін топ-тобымен Алматыға қайтып жататын. Ал
менің түрлі себептерге байланысты олай жасай
алмайтыным анық еді, әсіресе үлкен сенім артқан
әке-шешемді ұятқа қалдырғым келмеді.
1970 жылы Қазан мерекесінде мені көріп қай
ту үшін ата-анам Мәскеуге келді. Олар М. Горький
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
108
көшесіндегі «Минск» қонақүйіне тоқтапты. Анам
күтіп отыруға шыдамай, институтты іздеп кетеді.
Бұл кезде ол Алматы шет тілдер институтын
да жұмыс істейтін, әрине, баласы оқып жатқан
жердің қандай екенін көріп-білгісі келеді. Әйтсе де,
ең алдымен мені сағынған ғой.
Мен үлкен аудиторияда халықаралық қатынас
тар тарихынан дәріс тыңдап отырғанмын. Неге
екенін білмеймін, бәрінен бұрын ішкі түйсік шығар,
ақырын ғана ашыла бастаған есік жаққа бұры
лып қарадым. Сол сәтте маған қуанышпен әрі
аналық мейіріммен қарап тұрған анамды көрдім.
Есік ақырын қайта жабылды. Дәрістің бітуін асыға
күттім, сонан кейін анаммен жүздесіп, әкей күтіп
отырған қонақүйге жеттік. Алматыда қалыптас
қан дәстүр бойынша әбден айыз қанғанша әңгіме
лесу үшін мейрамханаға бардық. Мен әке-шешеме
институттағы оқу туралы, бірге оқитындар мен
оқытушылар жайында әңгімеледім. Айтқан са
йын олар әңгімеге ұйи түседі. Анам мені өте мұ
қият тыңдады. Ол кісі өз балаларының мектептегі
істерінің бәрін білетін, барлық мұғалімдерді, сы
ныптастарымыздың көпшілігін танитын.
Ешкімді ренжіткім келмейді, алайда барлығы
ның бірдей шешелері балаларының оқуына дәл
осылай мұқият қарай бермейді. Біздің анамыз
ұсақ-түйек нәрсеге дейін түгел білуді қажет сана
ды. Ол кісінің қатысуынсыз ата-аналар жиналысы
өткен емес. Төрт баласының оқытушыларының
бәрін білетін. Балалық тентектігімізге, жеткіншек
тік қуаныш пен күйініш-сүйінішімізге қатысты жай
ларды түп-түгел сезініп отыратын. Анығын айт
қанда, анамыздан жасыратын құпиямыз болған
жоқ. Ол кісі біздің өмірмен ғұмыр кешті, ал біз
оның өмірінің ажырамас бөлшегі едік.
Студент болуыммен өз өмірімде ғана емес,
анамның өмірінде де жаңа кезең басталды. Әкей
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
109
екеуі атағы дардай институтқа түскеніме орай
қуанышы мен мақтанышын жасыра алмады. Ол
кезде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қаты
настар институты бүкіл Кеңестер Одағындағы ең
мақтаулы институт екені белгілі. Оған түсу де оңай
емес, Мәскеуде төрт пәннен емтихан тапсыру қа
жет. Қабылдау комиссиясының талабы қатаң,
бірақ, шын мәнінде ешкімді бөле қарамайтын1.
Қазір ММХҚИ-ға түсу жеңілдеді: бұрынғы әрбір
одақтық республикаға квота бөлінеді. Талапкер
лер өз елдерінде жеңілдеу тест тапсырып, инс
титутта әңгімелесуден ғана өтеді. Мұндай жүйе,
әрине, осынау жоғары оқу орнының бір кездегі
биік беделіне нұқсан келтіргенімен, оқу процесі
бұрынғысынша сапалы деңгейде.
«Минск» қонақүйінің мейрамханасындағы кеш
кі ас үстінде алдағы уақытта қалай сөйлесіп тұру
жайын келістік. Ол оп-оңай еді: екі аптада бір рет
үйден жатақханаға жақын жердегі поштаға теле
фонмен сөйлесуге шақырған жеделхат жіберіледі.
Мен сол жерге белгіленген уақытта келіп, бір сағат
күткеннен кейін әке-шешеммен байланыстыра
тын. Айта кетерлігі, телефонмен сөйлесу ақысын
да өздері төлейтін. Ата-анам ең аяғы осыған дейін,
студенттің ақшасы бітіп, хабарласуға мүмкіндігі
болмай қаларын әріден ойлап, бәрін өлшеп-пішкен
ғой.
Айтпақшы, ақша туралы. Мен 40 сом стипен
дия алдым. Әке-шешем басқа қалада толыққан
ды өмір сүру үшін бұны жеткіліксіз санап, маған
ай сайын осындай сомада ақша салып тұруды
шешті. Бұл оңай емес еді, өйткені олардың қо
лында әлі де мектеп қабырғасындағы, соған сай
өзіндік сұраныстары бар үш бала бар емес пе. Әрі
десе, ата-анамыздың өздері де жас адамдар, сән
1 Институтқа түскенім туралы мен «Беласу» кітабында жан-жақты
айттым.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
110
ді киініп, жақсы өмір сүргілері келгені анық. Алай
да олар үшін менің оқуым бірінші орында тұрды,
сондықтан олар, әсіресе анам, бауырларым мен
қарындастарым көп нәрседен өздерін шектеп
ұстауға мәжбүр болды. Бұның бәрін анам бастап
көтерді. Ол кісі менің жоғары білімді маман ғана
емес, қоғамға сыйлы белгілі адам болғанымды
көргісі келді. Мүмкін, мұндай сезім көптеген ана
ларға тән шығар, алайда мен үшін анам айрықша
аналық махаббатын төкті.
Бірде Нью-Йоркте қызметтік сапарда жүріп,
атақты дипломат, бұрынғы Мемлекеттік хатшы
және АҚШ президентінің ұлт қауіпсіздігі жөнінде
көмекшісі болған Генри Киссинджердің құрметіне
арналған қабылдауға шақыру алдым. Өз атын өзі
шығарған, яғни ешкімнің қамқорлық-қолдауын
сыз үлкен табыстарға жеткен адамға лайықты
құрмет көрсету үшін бұл шараға Нью-Йорктің бар
лық ақыл-ой және кәсіпкер элитасы жиналды.
Қалалық синагоганың раввині қызықты сөз сөй
леді. Ол жиналған көпшілікке өзіне лайықты білім
әперу үшін бар күшін аямаған анасы туралы айт
ты. Шешесі ұлына үнемі келешекте АҚШ-тың пре
зиденті болуы тиістігін айтады екен. Алайда Джон
Кеннеди қатыгездікпен өлтірілген соң баласына
телефон шалып, «Мен өз ойымнан айныдым, сен
раввин боласың» депті. Еврей әзілімен ажарлана
түскен осы әңгімені ести тұрып, мен өз анамды
есіме алдым: ол кісі мен үшін қаншама алаңдап,
аналық махаббатымен аялап, үлкен үміт артты де
сеңші!
Біздің отбасының Амангелді көшесіндегі шағын
пәтерінде 60-жылдардың басында Жаңа жылды
қарсы алған мерекемізді аса бір жылылықпен
еске аламын. Төрт баланың әрқайсысы тақпақ не
месе өлең дайындадық, өзінше бір қызықты кон
церт болып шықты, ал бізді разылықпен, әрі ұйып
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
111
тыңдаған көрермендеріміз — әке-шешеміз. Сонан
кейін олар бізге болашаққа тілек тілеуді ұсынды.
Мен, екінші сыныптың баласы, ойланбастан, тыл
сым бір күштің еркімен болар, болашақта көп сая
хат жасап, шетелдерге сапарға шыққым келетінін
айттым. Ата-анам жауап қатқан жоқ, тек маған
көңіл тоқтата қарады. Есімде қалғаны, олардың
көзінде таңғалу бар еді. Бұл түсінікті ғой, өйткені
сол жылдары шетелдерге шығу жөнінде ешкім
ауыз ашпайтын, себебі әлемдегі ахуал күрделі
және шетелге шығу тек қана жоғары лауазымды
тұлғалардың еншісі саналатын. Ол кезде шетел
тұрмақ, Мәскеуге барудың өзі үлкен оқиға.
Жоғары сыныптарда мен «Известия», «За ру
бежом» және ағылшын тіліндегі «Морнинг Стар»
сияқты газеттерді құлшыныспен оқи бастадым.
Халықаралық қатынастар маманы болып, шет
тілдерін біліп, түрлі елдердің тарихы мен әлемдік
экономиканы үйренсем деген тілегім күннен-күн
ге күшейе берді. Тіпті ағылшын тілінде өзімді қы
зықтырған мәліметтер, күнделікті көп қолданыла
тын сөздер мұқият жазылған арнайы дәптер жүр
гіздім. Әке-шешем, әрине, менің бұл құмарлығыма
қолдай қарады.
Мектеп жылдарының өзінде ағылшын тілін үй
ренуге тырысатынымды көрген анам белгілі оқы
тушы Александр Сергеевич Рогачқа қолқа салып,
мені қарамағына алып, біраз сабақ беруін өтінді.
Шет тілдері институтындағы жеке сабақтарға үл
кен ынтамен барып жүрдім. Жаңа ұстазымның
тағдыры қызық адам болып шықты: ол өткен ға
сырдың 30-жылдары, АҚШтағы «ұлы дағдарыс»
кезеңінде ата-анасымен тарихи отаны Кеңестер
Одағына қайтып оралған. Бұрынғы америкалық
Алматыдан қалай шықты, ол жағы өзіне ғана
мәлім, әйтеуір, ол біздің әңгімемізді тек жалғыз
пәнмен — ағылшын тілімен шектеп, бұл жайлы
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
112
ештеңе айтпайтын. Дегенмен бір күні ол әскери
қызметін арнайы бөлімшеде өткізгенін, сонда
ағылшын тілін таза білуі керекке жарағанын ай
тып қалды. Оның сабақтарының үлкен пайдасы
тиді, институтқа түсер қарсаңда мен әбден дайын
едім. Анам ағылшын тілін үйренудегі табыстары
ма шынайы қуанды, мұның өзі мені алға жетелеп,
өзіме деген сенімді арттыра түсті.
Әке-шешемнің маған деген көңілінің ерекше
болғанын мына бір оқиға да айғақтайды. 60-жыл
дардың аяғында Алматыға Қазақстанға жылы
қарайтыны белгілі СОКП ОК Бас хатшысы Леонид
Брежнев келді. Жаздың жаймашуақ күні мен, әкем
және шешем үшеуміз Ленин даңғылында тұрдық.
Даңғыл бойын милиция қоршаған — үкіметтік ав
томашиналар кортежі тау жаққа өтуі тиіс еді. Ақы
ры МАИ-дың жол бастаушы автомобилі көрінді,
іле-шала кеңес жетекшісі отырған «Чайка» үлкен
жылдамдықпен ағызып өтті. Қала халқы үшін бұл
үлкен оқиға — қас қағым сәтке болса да баршаға
құдайдай елестейтін Л. Брежневтің жүзін көріп
қалды ғой. Машиналар көзден таса болған соң
анам әкеме «Мен осындай бақыт біздің Жомартты
да айналып өтпесін деп тілек тіледім» деді. Әкем
шешеме разылықпен қарап, сонан соң ойлы жана
рын маған аударып, «Алла жар болсын» деп бата
сын берді.
Студент атанып жатақханада тұрған кезімде
анам үнемі менің жағдайыма алаңдайтын. Әртүрлі
республикалардан және мемлекеттерден келген
қатарластарыңмен, оның үстіне тұрмысқа қолай
сыз жатақханада тұру оңай емес — жинақылық
пен шыдамдылық керектігін ескертіп отыратын.
Жатақханада тұрудың жеңіл еместігін чемода
нымның ішіндегісіне қарап-ақ түсінетін. Қысқы
және жазғы демалыстарға мен үйге әбден киілген
көйлек-киімдерді үйіп алып келемін. Әкем чемо
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
113
даннан киімдерімді алып жатқан маған күле қа
рап, шешеме «Ал, енді жұмыссыз қалмайтын бол
дың» дейді.
Анамның үй шаруашылығымен әйелдік ықы
ласпен, бар ынтасымен айналысқанын айту қа
жет. Балалық шақты еске алғанда, ол кісінің от
басындағы әрқайсымыздың ойымыздан шығуға
бейімдігіне әлі күнге дейін таңғаламын. Кір жуу
мен үй жинаудың өзі көп уақытын алатын және
соның барлығын бір өзі атқарды. Ол кезде біздің
үйде кір жуу машинасы да, үй күтушісі де болған
емес. Сөйте тұра, ол кісі соның бәріне үлгеріп қана
қоймай, балаларының оқуын да назардан таса
қалдырмады. Отбасымызда қалыптасқан «мін
деттерді бөлісу» дәстүрі бойынша біздің оқуымы
зға анамыз жауапты еді. Ол ешқашан ата-аналар
жиналысынан қалған емес, барлық мұғалімдерді
білді, достарымыз бен сыныптастарымызды тани
тын. Мектепте жақсы оқуымыз және университет
дипломдарын алғанымыз үшін біз — мен, бауырым
Бақытбек, қарындастарым Салтанат пен Ляля —
үздік білім алуымызға айрықша көңіл бөлген ана
мызға қарыздармыз.
Әке-шешем Мәскеуге бара жатқан достары мен
таныстары арқылы маған сәлем-сауқат жіберуді
ешқашан естен шығарған емес. Сол кездері қа
уіпсіздік органдарында қызмет атқарып жүрген
Хамит Әлжановтан беріп жіберген ақ чемодан әлі
есімде, ішіне ұқыпты оралған алма салыныпты.
Алматы апортының иісі қандай, шағын бөлмеден
асып, бүкіл жатақханаға жайылып кетті. Көп күт
тірмей-ақ, ғажап иістің қайдан шығып жатқанын
білгісі келген көршілер бөлмеме жиналды. Ақыры,
дастарқандағы жалғыз ас — Алматы апортына
толған кішігірім тойға ұласты. Ұзақ уақыт студент
достарым сол бір аяқасты ұйымдастырылған
мерекені еске алып, келесі сәлем-сауқат қашан
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
114
келеді деп сұрап жүрді. Өткен жүзжылдықтың
90-жылдарының соңында Ресей сыртқы істер ми
нистрлігінің бір басшысы келіп, Алматыдан же
тетін айрықша сәлем-сауқат арқасында болған
сол баяғы студенттік дастарқанды еске алыстық.
Мен бұл жайлы шешеме айтып, бір қуанттым.
Институтты табысты аяқтағаннан кейін мені
Сингапур Республикасындағы елшілікке қызмет
ке жіберді. Бұл қызмет әке-шешемді бір жағы
қуантса, бір жағынан толғантты. Кәсіби дипломат
ретіндегі қызметімнің басталуы олардың үміті
мен армандарының орындалуын жақындатты.
Алайда алыстағы Сингапурдағы жұмыс алдында
КСРО СІМ орталық аппаратында жұмыс істеуге
тиіспін. Бұл жағдайға олар ерекше мұқият әзір
ленді. Маған костюм алу үшін шешей біраз дүкенді
аралап шықты. Сол костюммен мен 1975 жылы
1 қыркүйекте кеңес дипломаты болып Смоленск
алаңындағы СІМ ғимаратына кірдім, сол костюм
мен үш айдан кейін Сингапурға ұштым.
Ол жылдары хабар алысудың жалғыз жолы —
екі-үш аптада жететін хат еді. Бүгіндері бұл таңға
ларлықтай көрінер, өйткені қазір ұялы телефон
байланысы, электронды пошта, факс тәрізді ком
муникация құралдары өміріміздің ажырамас бөл
шегіне айналып үлгерді, көп адамдарға, әсіресе
жастарға өркениеттің бұл жетістіктері баяғыдан
келе жатқандай елестейді. Осы бір таңсық сапар
алдында ата-анам қалайда тұрақты хат жазып
тұруымды өтінді. Осылайша біздің арамызда пош
тамен хат алысу басталды. Мен Сингапурдағы жұ
мысым жайлы айтатынмын, әкей өз сәлемін қазақ
тілінде және жазушыға тән мәнермен тәптіштеп
жазады, анам отбасындағы жаңалықтарды қы
зықты етіп орыс тілінде жазды. Сондағы хаттарын
оқи отырып, орайы келсе, ол кісі де жақсы журна
лист, тіпті жазушы болар еді деп ойладым, өйткені
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
115
хаттары соншалық тартымды әрі стилистикалық
сауатты болатын.
Анам бойындағы осындай ерекше бейімділік
теріне қарамай, жоғарыда айтқанымдай, өз өмірін
отбасына арнады. Тіпті, сирек барып тұратын түр
лі шаралардың үстінде ол сөйлегеннен гөрі көп
тыңдап, өзін күйеуінің тасасында ұстады. Үйге
келген соң ғана бізге, балаларына көргені мен есті
генінің әсерлі жақтарын әңгімелеп беретін. Бұл да
бір өзінше «ненің жақсы, ненің жаман екенін» үй
рететін өмір сабақтары еді. Мен еліміздің үкіме
ті мүшесі болғанда да, өзінің қарапайым адам,
әйел-ана ретіндегі қайырымдылығынан, әдебі мен
сезімталдығынан өзгерген емес. Ол кісінің минис
трдің шешесі екендігін Алматыда көп адам біле де
бермейтін. Мұндай мінез шынайы құрмет сезімін
туғызары талассыз, өйткені ол менің тәрбиеме қан
шама ерік-күшін жұмсады. Оның үстіне, ол кісінің
инабаттылығы осы күнгі, әжептеуір жасқа келсе
де, салтанатты дастарқандарға қатысуды, онымен
шектелмей, бала тәрбиесі төңірегінде ұзақ-сонар
ақыл айтуды басты міндеті санайтын кейбір сөзу
ар әйелдермен мүлде қабыспайды. Анам, керісін
ше, мұндай ірі жиын-тойлардан қашық жүруге
тырысатын. Ол кісі әңгімесі жарасты жандармен
оңашаланып жүруді қалады. Көбіне сонау 50-жыл
дардың басынан бері араласатын, ол кездерде
әлі студент — Серікқали Төлеповпен, оның әйелі
Роза Қайырбаевамен1 әңгімелесетін. Осы бір өзіне
жақын тартқан адамдарға деген достығына анам
өмірінің аяғына дейін кірбің түсірген емес. Ол кісі
өмірден ерте өткен ҚазҰУ профессоры Гүлжауһар
Жанбатыровамен және Қазақстанның еңбек сіңір
1 С. Төлепов көп жылдар бойы шаруашылық саласында жұмыс
істеді. Р. Қайырбаева Қазақ ұлттық университетінің професоры бо
лып, лайықты құрмет пен абыройға бөленді.
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
116
ген білім қызметкері, сталиндік қуғын-сүрген құр
бандарын еске алу қорында қызмет істеген Эста
Ахметовамен шын пейілімен достасты. Оларды
қатты құрметтейтін.
Анамыздың ажырамас сырласы әрі, дипло
матиялық тілмен айтқанда, «іске сенімді адамы»
туған апайы Бақыт Шабарбаева болды.
Бірінші еңбек демалысымда Сингапурден Мәс
кеуге әке-шешем үшін күтпеген жерден келгендей
болдым — мен үшін маңызды бұл оқиға туралы
хат жолда бір жерде жоғалса керек. Мәскеуден
үйге телефон соқтым, тұтқаны анам көтерді. Бұл
біздің арада жарты жылдай уақыт өткен соң ба
рып сөйлескеніміз еді. Ол кісі өзін байсалды ұстау
ға тырысқанымен, аналық шексіз қуанышын тіпті
телефон арқылы да сездім. Ал бір-екі аптадан ке
йін туған қалама, қастерлі шаңырағыма келдім.
Кейінгі демалыстарымда, мейлі Сингапурден
немесе Қытайдан келейін, анам мені аэропорттан
күтіп алу үшін Мәскеуге келетін. Енді ғана, арада
көп жылдар өткенде ол кісінің басқаша істей ал
мағанын түсіндім. Мені қатты сағынатын, содан да
тұңғышымен қауышатын сирек кездесулерді күн
санап күткені күмәнсіз.
Әкей болса, біздің отбасында қалыптасқан үр
діспен қолымды қысып күтіп алу үшін Алматы
әуежайына келетін. Біздің отбасында бір-бірін сүю
тұрмақ, құшақтасу деген әдет қалыптаспаған.
1986 жылы қарашада, әкей қайтыс болғаннан
кейін әуежайда жалғыз өзі күтіп тұрған шешемді
көру тым ауыр тиетін, әкейдің енді қайтып оралма
сын бар болмысыммен сезініп, жаным жабырқай
түсетін. Осындай сағыныш пен қайғы аралас ауыр
сезім шешеміз қайтыс болғанда-ақ бойымды би
леді. Бала кезіңде, тіпті есейгенде де жетім қалу
қиын екені туралы бір кездері кең таралған өлең
жолдары есіме түсті.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
117
Өз өмірімінің Кеңес Одағы тарауымен тұспа-
тұс келген сындарлы сәтінде анамның батыл қол
дағаны ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қауырт
күндері Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің
Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу, неме
се елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сон
да анамның «Әкең тірі болса, саған бірден Қазақ
станда қызмет ету керек дер еді» деп айтқаны
есімде. Бұл сөз бұйрықтай болып естілді, оның
үстіне тағдырымды анықтаған осы әңгімеге бір
апта қалғанда түс көрдім: мен әкеммен әлдене
жайлы әңгімелесіп тұр екенмін, ол менің батыл
және сенімді әрекет етуімді баса айтып жатты.
Анам менің туған елге оралғаныма шын жүре
гімен қуанды. Бірнеше ай біз әкейдің Жоғарғы
Кеңес Президиумында қызметте жүріп 1973 жы
лы алған пәтерінде бірге тұрдық. Сол пәтерден
әке-шешемді ақтық сапарға шығарып салдым. Ал
90-жылдардың басында анамыздың қайтыс бо
ларындай еш қатер жоқ-тұғын. Ол кісі үнемі сер
гек, жадыраңқы көңілмен жүрді, бір кезде бізді
баққандай немерелерін бағып-қағуға көмектесті,
олардың сабағын мұқият қарады.
Мен Сыртқы істер министрлігінде қызметке
кірістім. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан ал
ғашқы қадамдарын енді жасай бастаған, еліміз
дің дамуының сол бір жауапты кезеңіндегі жұмыс
аса қиын болды. Барлық басшы қызметкерлер
жұмыста әбден кеш түскенше отыратын, біздің
алдымызда көптеген жоғары деңгейдегі кезде
сулер мен келіссөздер құжаттарын әзірлеу, сон
дай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының тұжы
рымдамалық негізін жасау міндеті тұрды. Анам
тамағын ертерек дайындап қойып, мені күтетін.
Ол кісі менің тамаққұмарлығымды жақсы біледі
және көңіл күйімнің қандай екенін пәтерге кірген
бетте-ақ дәл табатын. Көбіне біз асүйде отырып
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
118
жұмыс жайлы, оның ішінде қызметтік жайттар
төңірегінде әңгімелесетінбіз.
Анам менің қызметіме бар ынтасымен қарады
және әрдайым көмектесуге тырысатын. Ол кісінің
кеңестері, негізінен, менің ұзақ уақыт бойы Қа
зақстаннан тысқары, шетелдерде жүруіме байла
нысты ел ішінде жақсы білмейтін түрлі адамдар
мен арақатынасыма қатысты болатын.
Сол кездерде Отанға қызмет етуді әркім әрқа
лай түсінді, мысалы, біреулер инфляция жағда
йында тез құнсызданып кететін банк несиелерін
алу немесе шикізатты сыртқа шығаруға лицензия
беру есебінен жылдам байып кету деп пайым
дады. Шешеміз, әрине, кейбір шенеуніктердің аяқ
астынан қисапсыз байып шыға келіп жатқанын
білді, бірақ мұндай тіршіліктің баянсыз және ақы
ры жақсылыққа апармайтынын жалықпай ай
тып отырды. Өзі де қарапайым тірлік кешті, көзі
жұмылғанша көп нәрседен өзін шектеп отырды.
Ылғи да ел алдында ұятқа қалмау үшін өзімді таза
ұстауды, ешқашан көрсеқызарлыққа бармауды
айтып кеңес беретін.
Ол кісі Дюссельдорфқа емделуге барғанға де
йін тұрмыстың рахаты мен жеңілдіктерін пайда
ланған емес, тіпті тамақ дүкендері мен базарға
трамваймен немесе таксимен баратын. Бірде мен
ыстық тамаққа кафеге тапсырыс беруді ұсын
дым, бірақ үй жұмысы үйреншікті тірлігі екенін ай
тып, одан бас тартты. Анамыз барлық қолайсыз
дықтарға шыдамды болатын, қыстың күні жылу
болмаса, жылы шәлі мен кофтасын киіп, тамақты
электр плиткасына әзірлейді, жазда ми қайнаған
ыстыққа да төзетін. Өмірінде бір рет те қиындық
қа шағымданбапты, қайта балалары мен немере
лері тұрғанда оның бәрі түк еместігін, өзінің ба
қытты екенін айтатын.
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
119
Сыртқы істер министрлігіндегі жұмыс ұдайы
жолсапарға шығумен байланысты ғой. Анам мені
алыс жолға жақсы тілекпен шығарып салып, қуа
нып қарсы алып жүрді. 70-жылдардағы осындай
шуақты, жылы күндеріміз қайта келгендей бол
ды, әрине, енді басқа тарихи жағдайларда. Ана
мыз мені Сингапурдағы және Қытайдағы қызмет
теріме шығарып салуы өз алдына, Шереметьево
аэропортынан немесе Ярославль вокзалынан
күтіп алатын. Тек осы бір жақсы дәстүрдің тым
қысқа болғаны өзекті өртейді.
1998 жылы шілдеде анам инсульт алды. Бұл
ауыр науқас қатты қорыққанымыздай болмай,
біздің бақытымызға орай, ұзаққа созылған жоқ,
дегенмен ол кісінің денсаулығын әжептеуір төмен
детіп кетті. Осындай ауыр жағдайдың өзінде анам
таңғаларлық төзімділік танытты, өз шаңырағын
да-ақ ем қонарын айтып, ауруханаға жатудан бас
тартты. Табандылықпен емделіп, жарты жылдан
соң-ақ инсульт әсерінен айығып шықты. Бұған
балалары мен немерелері қатты қуанды. Алайда
бізге дәрігерлер анамыздың толық емделіп, са
уығу қажеттігін айтып ескертті, содан соң отбасы
ақылдаса отырып, ол кісіні, Қытайға барған аз
күндік сапарын айтпағанда, өзі ешқашан болмаған
шетелде емдетуді шештік. Анам бұған қуанды, өйт
кені үздіксіз емнен өзі де шаршаған еді, әрі өмірін
де бір өзгеріс болуын қалады.
Ол кісінің оңай келісуі менің Астанаға ауысып,
Алматыға сирек келуіммен де байланысты болған
шығар. Біздің кездесулеріміз сирей түсті, көбіне
телефонмен сөйлесетінбіз. Осындай әңгімелердің
бірінде анам үлкен бір мағынамен «Сендер жаңа
астанаға көшкеннен кейін біз мұнда жетімсіреп
қалдық» деп еді. Мен кей уақытта осы сөзді ойы
ма алып, түпкі мәнін түсінгім келеді. Кейде маған
Қ а с ы м - Ж о м а р т Т о қ а е в
120
анам бұл сөзімен мені сағынатынын, мәңгіге қош
тасарын сезініп айтқандай көрінеді.
Әрине, ол кісіге менімен қайта айырылысу
ауыр тиді, дегенмен астананы ауыстыруға қарсы
болғандардың пікірін қолдай қойған жоқ. Анам
Президент Н. Назарбаевты шын пейілімен жақ
тады, үнемі ол кісіні қолдап, аналық сезіммен
мақтаныш тұтатын. Анамның мемлекет басшы
сына келгенде көзқарасы айнымас адал еді, Пре
зидентті жамандайтын адамдарды жек көретінін
жасырмайтын. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара
Алпысқызының журналдан қиып алған суретін
көзі жұмылғанша сақтап жүрді.
Анам Дюссельдорфта болған кезінде үнемі те
лефонмен сөйлесіп тұрдық. Тұрмыс жағдайының
көңілден шыққаны мен ауа райының жаққанын
айтып, алаңдамауымды өтінетін. Көз жұмарынан
сәл ғана бұрын барғанымда, ол кісі тұрған пәтердің
өзі айтқандай тіпті де кең еместігін көріп, көңілім
құлазып қалды. Бірыңғай немістер тұратын көп
қабатты үйдің шағын пәтері екен. Жергілікті тұр
ғындар анамның адамгершілік қадір-қасиетін та
нып, үлкен құрметпен қарады. Әсіресе ол кісінің
немерелерінің асты-үстіне түскенін көріп таңға
лыпты. Көршілері, тіпті, ең алдымен өзі үшін өмір
сүру қажеттігін, балалар мен немерелер өздері-ақ
өмір жолдарын тауып кететінін айтып үгіттесе
керек. Бұндай пайымның ұрпақ десе ішкен асын
жерге қоятын балажан халқының барша қасиетін
бойына сіңірген абзал жанға мүлде жат екенін
олар қайдан білсін. Батыста балалар ержетісімен
өз бетінше өмір сүрулері және ересек өмірге үй
ренулері керек деген желеумен әке-шешесінен ау
лақтатып жіберетін әдетті естігенде, анам тіптен
қайран қалған ғой.
Менің премьер-министр болып тағайындалуы
ма байланысты анам ішкі сезімін білдірмеуге ты
рысып, ұстамды түрде құттықтады. Тек «Әкеңнің
ә к е т у р а л ы о й - т о л ғ а у
жоқтығы өкінішті. Ол шексіз қуанар еді» деді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы менің аты
ма аяусыз бағытталған жала-тиісулерді қатты
уайымдады, бірде тіпті инсульттан кейінгі ден
саулығына үлкен қауіп төндіріп, гипертониялық
дағдарыспен жатып та қалды. Телефонмен сөйле
скенімде менің қасыма қайтып келіп, ақыл-кеңе
стерімен қолдағысы келетінін де айтқан. Само
летпен ұзақ жолға ұшудың әсері ауыр боларын
ескеріп, райынан қайтаруға тура келді. Ол кісінің
бәрібір, өмірінде соңғы рет бұл алыс сапарға шыға
тынын кім білген.
Анамнан айырылу аса ауыр тиді. Тек қызмет,
туған-туыс, жақындармен тығыз араласу ғана
ауыр ой мен өзекті өртейтін өкініштен аз да бол
са алыстатқандай. Алайда айықпас сағыныш пен
қаумалаған қайғыдан арыла алмадым. Мұндай
сезім отбасындағы әрқайсымызда бар екенін бі
лемін. Жұбаныш етеріміз — анамыздың көз жұ
марынан біраз ғана бұрын «Мен барлығына разы
мын» деген бір ауыз сөзі және шетелде түскен су
реттері. Бұл суреттерде ол кісі жасарып, әдеміле
ніп, әрі қуанышты көрінеді.
Әлем әдебиетінің классигі Оноре де Бальзак
ана жүрегінде кешірім үшін орын қай кезде де та
былады деп жазды. Анамның балаларының қа
телігін, оның ішінде ол кісінің өзінің алдындағы
жасаған қателіктерін түсінікпен қабылдағанына
сенгім келеді. Сүйетін жүрек бәрін түсінеді, бәрін
кешіреді. Ал біздің анамыздың бізді қаншалық
жақсы көргенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Балалары мен немерелерінің тағдыры мен өмірі,
шындап келгенде, ол кісінің өз тағдыры мен өмірі
не айналды. Түсінбей қалар деген қорқыныштан
ада көңілмен және өтірік көлгірсімей, аяулы ана
мыз жер бетіндегі барлық аналардың арасындағы
өз орнын тапты деп айта аламын.
122
С о ң ғ ы с ө з о р н ы н а
Алматыда болған кезімде мен ата-анамның
мәңгілік соңғы тұрағы — Кеңсай зиратына мін
детті түрде барамын. Алтын әріптермен: «Кемел
Тоқаев — 1923–1986 жж., Тұрар Шабарбаева —
1931–2000 жж.» деп жазылған екі қара ескерткіш
тастың қасында үнсіз ұзақ тұрамын. Неге екенін
білмеймін, зират басында менің ойларым бұлды
рап, алаңды болып кетеді. Сананы торлаған қалың
ойдан арылу үшін ұзақ уақыт аспанға қараймын,
сонау жақта, алыс-алыста менің қымбатты ата-
анамның да жандары жай тапқандай сезіледі.
Олар шексіз ғарыштағы сапарларын жалғасты
рып, жердегі балалары мен немерелеріне мей
ірімді жандарының көзге көрінбес шуағын төгіп
тұрғандай сезінемін. Көп жылдар өткен соң, о дү
ниедегі аяулы ата-анамның жандары аспандағы
сапарын аяқтап, жерге түсуі мүмкін-ау, сонда жер
бетінде Тәңірі биік адамгершілік қасиет дарытқан
тағы да екі адамның мағыналы ғұмыры басталар.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру