TELEGEI

Home

Бақталай пьесасының жобасы

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақталай пьесасының жобасы

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

(Жобалар)

(І вариант)

БІРІНШІ АКТ

Бірінші сурет

Пьеса Доғал байдың үлкен үйіндегі оқиғадан басталады. Бай Доғал өзінің серіктері — құрбы, мырзалары Байыр, Жәкеш, Сартай және өзінің жылпос жігіті Жалтырменен көптен қымыз ішіп масайып, есіре шалқып отырған болады. Биік төсек жанында бәйбіше оюлы үлкен шым шидің ішіне қарап, ақырын бұйрықтар беріп отырады. Үлкен үйдің шым ши қоршаған бір жақ бөлімінде саба, күбі шелек жанында бой жетіп қалған қыз Алуа маслобойканың үлкен күбі шелегін көптен талған, қажыған күйде шайқап, айналдырып отыр. Үстінде жыртық, жамаулы кемзал. Бәйбішенің әмірімен қыз мырзалар қолына су құяды. Mac мырзалардың кейбіреулері бұған сұқтана, қызыға қарасады. Қыз шидің ішіне кеткенде, тоқалдыққа алу жайы да тұрпайы түрде сөз болады. Доғал қызып ерегіседі, құрбысы Сартаймен бәстеседі. Сартай "ала алмайсың, маған бер дегенде", қол алысып, уәделесіп:

— Ендеше, тап бүгін алайын, ал ендеше, менің тоқалым Алуа болады, - дейді. Осыдан кейінгі халдер, оқиғалар шұғыл өзгереді.

Алуа шошиды. Бұның сөзін сөйлейін деген бәйбішені Доғал үйден айдап шығады. Ол жылап дудырап кетеді. Енді Жалтыр байдың емеурінімен іске кіріскен. Көршіден қонақ үй отау боп әзірленбек. Сексекті шақырып алады. Оны бәрі мазақ ете отырып, қарындасыңды бер деседі. Сексек тартынады, қашып шығады. Алуа алай - түлей жылайды, үйден жөнелмек болады. Доғал мен Жалтыр қатты бұйрық етіп, отауын әзірлетеді. "Осы үйден шықпайсың, қыбыр етпе" деп бұйрық етеді. Аздан байлар тысқа шығып, той әрекетіне кіріседі. Үйдегі Алуаға бір топ адуын, аю бәйбіше кемпірлер келеді, оның қарсылығына қарамай, үстіндегі шоқпыт киімін дар - дар айырып, Доғал жіберген сый киімдерді — көйлек, кемзал, оқалы тақия, шолпы, алқалар тағады, әсемдейді. Алуа жылауда. Бәйбіше мен Мардан кіреді. Доғалдың оқыған інісі Мардан бұл істі қабылдамағандай, жеңгесі жақта. Доғал, Байырлар кіргенде, Мардан байды сескендірмек боп екіұшты сөз айтады.

- Байлығың мен барлығыңды аман сақта. Өкіметті ерегістіріп не қыласың. Қос қатын алу онсыз да осы елдің үлкен байы деп, аты шығып жүрген саған сыймайды. Қыз өкіметке жалынса да, сен таяқ жейсің, — дегендей болады.

Алуа үмітпен тыңдайды. Бірақ Доғалдар мас, қызу, Марданға көнбейді, бәйбішені сабап, айдап шығады. Алуа жалғыз қайғыда, алакөлеңке кеште құлағына сыбызғы күйі келеді. Зар күй. Бейсен қойшы үйге кіргенде, жөн сұрайды, "күй тартқан Сексек пе?" дейді. "Мен дертте жатқанда, кімді жұбатып жатыр күйімен" дейді. Бейсен "жұбатып емес, жылатып жатыр көрші-қолаң, кедей - кепшікті" дейді. "Сенің зарыңды шерткен күйі анау". Алуа Бейсеннен ақыл сұрайды. "Өкімет бар дейді, бостандық дейді, құтылам ба, жол бар ма?" — деп сұрайды. Бейсен анық шешілмей, бірақ тұспалмен тілеулестік жауап береді. Сексек арқылы білесің дейді. Енді біразда көрші отауға Алуаға арналып жасау жиналып, төсек әзірленіп, шымылдық құрылғанын айтты. Тасымалдаған хабар әкеліп, қатындар, қонақтар, байлар келіп, кетіп жүреді. Енді түн болған, қызды сонда әкетпек. Алуа зарлы. Қасына жасырынып Сексек келеді. Алуа буынып өлгелі жатыр. Сексек енді бекінді. "Ақылдасайын деп келіп ем, енді бекінгеннен басқа шара жоқ, соңымнан ер, кеттік, қаштық" дейді. Бұлар жөнеледі. Алуаны енді баптап, күйеу қасына апармақ боп мас байлар, бәйбішелер, қартаң жеңге, кемпірлер қатар түзеп келеді де, Алуаның орнын сипалап қалады. Осыдан әрі алай-түлей әбігер, қуғынға әзірлену. Доғалдың бәйбішесін сабауы, малшы, малайларға бұйрықтар беріп қуғызу. Бейсен, Оспандар "қуған боп атқа мінейік, бірақ теріс жаққа шабайық" деседі. Осындай әбігер үстінде шымылдық.

Екінші сурет

Ендігі оқиға совет кеңселерін құраған, қатар тігілген үлкен екі киіз үйде. Сахнада қанаттаса тігілген екі киіз үй. Бұның біреуі — судья Сапардың кеңсесі, екіншісінде Нина бастаған әйелдер бар, бұнда қызыл отау. Әуелі сот кеңсесіне Сексек пен Алуа кірген. Сапар мен Алуа сөйлеседі. Сапар дос, жылы бейіл көрсетеді. Алуа мен Сексекке қызыл отауға барып, арыз жазуды мәслихат етеді. Жолай, көлденең жұрт Сексекті қылжақ етеді. Алуалар қызыл отауда. Нина мен Алуа, Сексек пен Сәруәр, басқа қыздар сөйлеседі. Сексектің жайы күлкі боп айтылады. Шабуылмен шаңдатып мас, бұзар, даңғой топ болып, байдың сойыл соғарлары — мырзалар жетеді. Бұл хабарды естігенде шошыған Сексек төңкерулі үлкен қазанның астына кіріп кетеді. Байлар тобы Сапар үйінде, онда тартыс, кесесу, жарым топ Жалтыр, Байыр бастаған қызу күйде қызыл отауға кірген. Алуаны тартып алмақ болысады. Нина өз төсін төсеп қорғайды. Болмаған соң мылтық атады. Байлар іркіле береді. Осы кезде Сапар жіберген жігіт қызыл отауға келіп, Алуаны, Нинаны сот үйіне апарады. Соттың алдында ашық тартыс. Алуаның жаңа ғана тілі шыққандай, өзінің риза емесін, жетімдігін, Доғалға қарсылығын айтады. Байлар жеңіледі, жөңкіліп кете береді. Соттың кеңсесінен шыққан қыздардың алды қызыл отауға қуанып келе беріседі. Қазан астында екі көзі жылтылдап жатқан Сексек енді қазанмен бірге жорғалап жүріп, зорға қазан астынан қыздар көмегімен шығады. Бет-аузы бес батпан күйе. Бірақ Алуалар келер алдынан мәз, масайрап, осы арада туған азаттық, шаттық күйін қуанып ойнап қарсы алады.

ЕКІНШІ АКТ

Үшінші сурет

Бұл суретте Түрксибтің салынып жатқан жайы көлденең көріністер арқылы танылады. Бұлақ басында, көп ауылдар ортасында отырған байлар және молдалар. Бұлардың басында малшы кедейлер әр алуан әрекет етіп жүр. Молда Түрксибтің қазақ кедейлерін өзіне тартып жатқанын айтады.

— Бұзады, дінінен азады, ырымы жаман, — деседі. — Құмда жол салушылар қиналып жатыр. Су құрыпты, қазған құдықтар тұз боп кетіпті, бұрынғы шыңыраулардың суы тартылып кетіпті. Шойын жол салушылар шөлге қамалып, қырғынға ұшырап жатыр, — десіп, кедейлерді шошыта сөйлемек болады.

Бірақ Назарбек, Бейсен, Оспан сияқты малшылар бұған иланбайды. Өзі құдықты улатып және өзі Түрксиб туралы неше алуан адам иланғысыз лақаптар айтып отырған суайт, сұмырай Жалтырды малшылар мазақ етіседі. Осы ауылға Алуа шапқылап келеді, жәрдем сұрайды. Кедейлер бұған иланады, көмек бермек. Байлар тоқтатпақ. Доғал мен Алуа арасында егес, тартыс. Кедейлерді Алуа өзіне бұрып алады, өгіздеріне, есектеріне, қотыр түйе, тай - тулағына мінгізіп, су-сусын атаулыны Түрксибке жөнелтеді. Осы сәтте конфискациямен Доғалдың аулына Сапар бастаған ел кедейлері, коммунистер, жастар келеді. Алуаны осы комиссияға Уком қосқаны мәлім болады. Сөйтіп, Доғалдың конфискациясы сахнада жүреді. Бұнда Назарбек Доғалға болыса сөйлемек болады. Бейсен, Оспандар Алуаны қостап, Доғалға қарсы шығады. Тартыс болады. Байлар үгіті күшті, белгісіз екіұдай күйдің үстінде Мардан сөз алады. Ол ағасы Доғалды конфискелеуді мақұл дейді. Алуаны қостайды. Алуа Марданға барынша сенеді. Конфискеленген Доғал Жалтырды ертіп, бәйбішесін алып жөнеледі. Қалған кедейлер енді ұжымдасып жаңа өмір, дәурен бастамақ болады.

Төртінші сурет

(Бұл сурет әзір аса шалағай, шикі күйде).

Бұның оқиғасы колхоздың үлкен клубында болмақ керек. Алуа мен Бейсен, Нина осында. Алуа мен Арман тартысы. Сексек пен Алуа арасында әңгімелер. Арман мен Алуаның ұрысқанын Сексек жақтырмайды, жігітті жақтайды. Алуа колхозшы Назарбек, Бейсен, Оспан сияқты еркектермен, Айбаладай әйелдермен егіс науқаны жөнінде қызық, қызу батыл байлаулар жасайды. Арманмен араздығы, мінез жөнінен ұғыспағаны айқын ашылады. Аса бір жирене жатырқау да бар, жастық қызба егес те бар, сонымен қатар екеуі де бірін-бірі ұмыта алмастай, пыстары басып, алмастары тартқандай болысады. Осы суретте Алуа бұрынғы күнді еске алып сөйлеуге болады. Жетім қыз Әсияны құшақтап отырып, өзінің жетім қалған жайын айтады. Колхозшылар қайтып, концертке әзірленіп жатқан кез болады. Сонда Алуа залға, зрительге өз жайын өзі сөйлеп, Қытай спектакліндегі героина машығын танытады. Бұнда ол ауыр естегіні ойлай отырып, бүгінгісін түсініп, ән салғандай. Бірақ сөзімен, сезімімен ән салады. Кішкентай Әсия өз топтарымен концерт береді. Сексек соларды басқарып жүрген, оның қазір оркестрі бар. Алуа жаңағы сөзбен айтқан жүрек әнін енді сахнаға шығып, әуенімен айтады. Осы суретте бұны мал фермасына Назарбек шақырған. Сонда кетпекші. Бұл сурет Алуаның әнімен, концерт ақырымен бітуге лайық.

Бесінші сурет

Бұл суреттің оқиғалары сценарийде жазылған ретпенен сондағы көп оқиғаларды жиыстыра, сығымдай көрсетеді. Оқиға Назарбектің қорасында болады. Әуелі Доғал мен Назарбек, Жалтыр мен Доғалдар болады. Кейін Назарбек пен Алуа жауларменен атысады. Алуаның жаралы болуы, жаулардың уақытша жеңуі, Алуаны өлтірер шағында көмектің жетуі көрінеді. Көмекшінің басшысы Арман. Доғалмен жекпе-жек атысып, Алуаның амандығын өзі арашалап алып қалады. Бірақ жаралы Алуамен сөйлескенде Арман қатты кінәлап, кекете сөйлейді. Алуа бұрынғы мінез шәркездігі себепті Арманмен тағы да ұрысып, шекісіп қалады.

—Құтқарушым болмасаң, бар мінезің дос емес, дұспан мінезі мен сөзі дер едім, — деп, Арманды қатты кеудеге қаққандай болады. Жалғыз жылайды. Осы арада Нина жеткен. Нинамен сыр, шынды ашу, өкіну. Нина мұны жұбатып, үгіттеп отырып, оқу қажеттігін айтады. Өзі де оқымақ, өспек.

Алуа бірақ жаралы, тез әкету, көмектесу керек. Осы араға Мардан жеткен. Назарбек қайран болады. Мардан Алуаға аға, дос болып барынша еміреніп, ішін ақтара сөйлейді:

—Доғал жау, сен ғана емес, менің де жауым, - дейді. — Оқы, өс, адам бол, — дейді. Бұнысы Нинаның айтқан байлауына қосқан сөзі болады.

Доғал ұсталған, бірақ Арман мен Алуа арасы, Мардан мен Алуа арасы зрительге үлкен жұмбақ жайда қалатын болады. Осы күйде сурет бітеді.

ҮШІНШІ АКТ

Алтыншы сурет

(Бұл сурет әлі көп материалды шеберлікпен бір-екі суретке сыйғызатын етіп ойлануды, жоспарлауды талап ететін ең қиын суреттердің бірі болмақ). Мөлшермен айтқанда бұл суреттің оқиғалары Алуаның жаңада ауданға райком мүшесі боп келгенін және аудандағы әйелдер халін өзі көп аралап, көргенін аңғарту керек. Сол аралап өткен кеңселер, ұйымдар, мектептер, колхоздар және өндірістер ішінен кейбір ірі мәселелер қазір райкомда, женотделде талқыланып, екшеліп шешілмекке тиіс. Сол себепті Алуа райкомда приемдар жасап отыр. Алғашқы келушілердің бірі болып, ержетіп қалған Әсия және оған ерген қыздар, бұрынғы мектептен кеткен Жанар, Кәмшат, Анар, Сәуле сияқтылар келген болады.

Төртінші сурет

(Бұл сурет әзір аса шалағай, шикі күйде).

Бұның оқиғасы колхоздың үлкен клубында болмақ керек. Алуа мен Бейсен, Нина осында. Алуа мен Арман тартысы. Сексек пен Алуа арасында әңгімелер. Арман мен Алуаның ұрысқанын Сексек жақтырмайды, жігітті жақтайды. Алуа колхозшы Назарбек, Бейсен, Оспан сияқты еркектермен, Айбаладай әйелдермен егіс науқаны жөнінде қызық, қызу батыл байлаулар жасайды. Арманмен араздығы, мінез жөнінен ұғыспағаны айқын ашылады. Аса бір жирене жатырқау да бар, жастық қызба егес те бар, сонымен қатар екеуі де бірін-бірі ұмыта алмастай, пыстары басып, алмастары тартқандай болысады. Осы суретте Алуа бұрынғы күнді еске алып сөйлеуге болады. Жетім қыз Әсияны құшақтап отырып, өзінің жетім қалған жайын айтады. Колхозшылар қайтып, концертке әзірленіп жатқан кез болады. Сонда Алуа залға, зрительге өз жайын өзі сөйлеп, Қытай спектакліндегі героина машығын танытады. Бұнда ол ауыр естегіні ойлай отырып, бүгінгісін түсініп, ән салғандай. Бірақ сөзімен, сезімімен ән салады. Кішкентай Әсия өз топтарымен концерт береді. Сексек соларды басқарып жүрген, оның қазір оркестрі бар. Алуа жаңағы сөзбен айтқан жүрек әнін енді сахнаға шығып, әуенімен айтады. Осы суретте бұны мал фермасына Назарбек шақырған. Сонда кетпекші. Бұл сурет Алуаның әнімен, концерт ақырымен бітуге лайық.

Бесінші сурет

Бұл суреттің оқиғалары сценарийде жазылған ретпенен сондағы көп оқиғаларды жиыстыра, сығымдай көрсетеді. Оқиға Назарбектің қорасында болады. Әуелі Доғал мен Назарбек, Жалтыр мен Доғалдар болады. Кейін Назарбек пен Алуа жауларменен атысады. Алуаның жаралы болуы, жаулардың уақытша жеңуі, Алуаны өлтірер шағында көмектің жетуі көрінеді. Көмекшінің басшысы Арман. Доғалмен жекпе-жек атысып, Алуаның амандығын өзі арашалап алып қалады. Бірақ жаралы Алуамен сөйлескенде Арман қатты кінәлап, кекете сөйлейді. Алуа бұрынғы мінез шәркездігі себепті Арманмен тағы да ұрысып, шекісіп қалады.

—Құтқарушым болмасаң, бар мінезің дос емес, дұспан мінезі мен сөзі дер едім, — деп, Арманды қатты кеудеге қаққандай болады. Жалғыз жылайды. Осы арада Нина жеткен. Нинамен сыр, шынды ашу, өкіну. Нина мұны жұбатып, үгіттеп отырып, оқу қажеттігін айтады. Өзі де оқымақ, өспек.

Алуа бірақ жаралы, тез әкету, көмектесу керек. Осы араға Мардан жеткен. Назарбек қайран болады. Мардан Алуаға аға, дос болып барынша еміреніп, ішін ақтара сөйлейді:

—Доғал жау, сен ғана емес, менің де жауым, — дейді. — Оқы, өс, адам бол, — дейді. Бұнысы Нинаның айтқан байлауына қосқан сөзі болады.

Доғал ұсталған, бірақ Арман мен Алуа арасы, Мардан мен Алуа арасы зрительге үлкен жұмбақ жайда қалатын болады. Осы күйде сурет бітеді.

ҮШІНШІ АКТ

Алтыншы сурет

(Бұл сурет әлі көп материалды шеберлікпен бір-екі суретке сыйғызатын етіп ойлануды, жоспарлауды талап ететін ең қиын. суреттердің бірі болмақ). Мөлшермен айтқанда бұл суреттің оқиғалары Алуаның жаңада ауданға райком мүшесі боп келгенін және аудандағы әйелдер халін өзі көп аралап, көргенін аңғарту керек. Сол аралап өткен кеңселер, ұйымдар, мектептер, колхоздар және өндірістер ішінен кейбір ірі мәселелер қазір райкомда, женотделде талқыланып, екшеліп шешілмекке тиіс. Сол себепті Алуа райкомда приемдар жасап отыр. Алғашқы келушілердің бірі болып, ержетіп қалған Әсия және оған ерген қыздар, бұрынғы мектептен кеткен Жанар, Кәмшат, Анар, Сәуле сияқтылар келген болады. Жанар Алуаның себебімен кеше свадьбаны бұзған. Бұл жөнде Алуаның үстінен райком хатшысы Бейсенге күйеу жағынан және ауданның басшы қызметкері Әбекең жағынан шағым болған. Алуа бір кезең Бейсеннің алдында Жанарды, Әсияны сөйлетіп отырып, Әбекеңді мысқылдап, әшкерелейді. Күйеудің бұның өз үйіне терезеден тас лақтырған қастығын, қылмысын баяндайды. Осы бөлімде ендігі бір кезек мәселе "Ақтал" колхозының балалы әйелдері мен бригадир жөніндегі бала бақшасын жасау қамы болады. Тағы бір кезек оқиға сиыр фермасындағы Назарбек, Айбала және басқа сауыншы әйелдер арасындағы жарымы күлкі, жарым сыншы тартыс болады. Тағы бір кезек оқиға Арманның басшылығындағы құрылыс жайынан болады. Әйелдер құрылыс басшысының үстінен шағым жасаған, әлі де келіп жатыр. Алуа өзі де көрген. Құрылыс басшысын шақырған. Осы кезде Алуаға сағынып, қуанып ұмтылған Арман келеді. Алуа оның бастық екенін білмей, қуанып қарсы алады. Әйелдер түңіледі. "Екеуің бұлай дос болсаң, бізге несіне шағым айтқызғансың, шырақ" деп, Алуаға кінә айтушылар болады. Алуа енді аңғарады. Арманды енді шұғылынан ұрысып, кінәлауға кіріседі. Екі арасында үлкен тартыс, тайталас туады, бірақ бір жағынан Арман құмар, құштар күйден арыла алмайды.

Затемнение

Нина Алуаның кеңсесінде, ол Алматыдан келген, риза. Алуа ауданға әйелдерден үлкен саналы, инициативалы стахановтық мықты кадрлар өсірген. Арада екі жылдай уақыт өткені аңғарылады. Институт бұны аспиранттыққа шақырады. Бірақ Арман екеуі енді үй іші тұрмыс жасамақ. Нина мен Сексек бір жағы бұлардың сондай тойына келген. Марданнан хат келеді. Ол Алуаны диссертациямен тосады. Бірақ бұның планына риза емес. Қараүлек, Бопай сияқты хан ханымдарын зерттеп қосу керек деген талаптар қойған. Алуа толқуда. Бірақ уақыт тығыз, соғыс күні басталған кез. Той тойламақ шағында Арманға повестка келеді. Арман запастағы офицер. Құрылысты бітірген, енді ол ертең соғысқа аттануға керек. Осындай қат-қабат хал үстінде Бейсен де, Әсия да әскерге жүріп бара жатады, қоштаса келеді. Осы халде Алуа Бейсеннің орнына "Ақталға" хатшы болғаны анықталады. Орталық үкімет бастығы самолетпен Алматыға өтіп бара жатып Ақтал ауданына тоқтаған, Алуамен ауызша сөйлесіп, тапсырма берген. Алуа аудан әйелдері атынан серт береді. Аудан әйелдері бүкіл Қазақстанға, Одаққа әйелдер үндеуін қабылдайды. Бұл оқиға сценарийдегі апофеозбен аяқталады.

ТӨРТІНШІ АКТ

Жетінші сурет

Бұл — институттың үлкен залы. Алуа диссертация қорғайтын күн. Әуелі Алуа жалғыз. Ол Арманнан талайдан хат алмаған, Арманды өлді деп санаған ауыр жылдар өткен. Жалғыздықта, айырылудың дертінде, жар қайғысы зарға жеткен шақта, бүгін ғана бірінші хат келіп отыр. Арман партизандар арасында, бірақ хат келгенмен, бары-жоғы белгісіз. Осы бөлімде Ақтал ауданы туралы ерекше қуаныш хабар әкелген Нина. Ақталдың он төрт әйеліне орталық үкімет Еңбек Геройының атағын бергенін айтады. Бірақ кісі аттары әлі мәлім емес. Енді Нина қазіргі қорғалатын диссертация жайына көшеді. Бұл жөнде ол Алуаға үлкен кінә қойып, ұрысады.

— Сенің осы арада әкеліп отырғаның соғыстан бұрын бірнеше жыл және соғыстан бері қарай тағы да көп ауыр жылдардың асыл қорытындылары, ардақты нәтижелері — Октябрь әйелге не берді деген жөнде сен жаңағы он төрт әйелді, оған қоса басқа да сан он төрт Еңбек Ері әйелдерді айтуға міндеттісің. Өзіңді соған қоса айтуға және қарыздарсың. Бұнда тәрбие, өмір, бұнда жүйе, ғылым, лениндік ғылым бар жайдың басын қосқан. Саған сол жетпей ме? Хандар не керек, хан қыздары не қажет, — деген түрде сын айтады.

Алуа өзінің де осы туралы көп толқығанын білдіреді. Бұл бөлімдерді шығарып тастауға бекінеді. Сол жайын оппоненті Марданға айтады, Мардан бұған ашуланады. Осыдан кейін защита болады. Сценарийдегі оқиғалар өтеді. Мәжіліс бітеді, соның артынан интермедия сияқты бір көріністе Сексек пенен Балжанның сценарийдегі күлкілі оқиғасы баяндалатын болады. Дәл осы сурет аяғында халықты қайта тоқтатып, үкімет қаулысын оқиды. Ақтал ауданында он төрт әйел герой болған, сол тізімнің ішінде Алуаның аты шығады және осы арада Алуа шет елге — Қытайға ұшатын хабар алады.

Сегізінші сурет

Бұл суреттің оқиғалары сценарийде жазылған материалға құрылады. Пекиндегі атақты дворецтің залында сценарийде келтірген кейбір драмалық, идеялық тартыстар соңында сахнада Алуаға бой тартқан, совет әйелдерін қоршаған көп басқа халықтар, әр раса, әр ұлт, әр жас әйелдері біріне-бірі зор сеніммен құлаш жайысқандай көңіл білдіріседі, бірақ сенімдерін жеткізер, бір-біріне түсіндірер тілдер жоқ. Сонда Алуа Бирманың, Индияның, Индонезияның, Малайяның, Жапонның әйелдеріне ұсыныс айтады.

—Бәрімізге ортақ тіл бар, ол — әннің тілі ғой. Әрқайсымыз өз еліміздегі әйел күйін білдіретін, ең бір шыншыл, ең бір сырлы әнді айтысайық, — деп ұсыныс етеді.

Барлық әйел қабылдайды. "Бұл жүрек ашысу. Жанмен жырлау", — десіп үш-төрт ән айтылады. Совет әйелі атынан Алуаның өзі он айтады. Тамаша, жарқын, күншуақ көңіл жайды баяндай келіп, ол өңін үзбестен сахнада, трибунала тұрған болады. Сол трибунадан алдындағы әйелдер конференциясына сөйлеген Алуа біразда зрительный залға сөйлейді. Енді біразда театрдың, сахнаның шартты шеңберінен, шегінен асып шығып, дүниеге, эфирге сөйлеп тұрғандай болады. Сонымен, спектакль тамам болады.

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙