TELEGEI

Home

Шежірелі Шаян өңірінің тарихы

Сабит Жолдасов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шежірелі Шаян өңірінің тарихы

Шежірелі Шаян өңірінің тарихы. Сабит Жолдасов

К і р і с п е

Шаян!.. Шырайлы Шаян... Шуақты Шаян... Шежірелі Шаян...

Қалай десек те ежелгі дәуірде ата-бабаларымыз мекен еткен Боралдай, Қошқарата өзендерінің орта ағысы мен басын Қаратау жоталарының шатқал- дарынан алатын тастан тасқа секіріп, сылдыр қағып ағатын Бөген, Шаян, Арыстанды өзендері өтетін бұл өңірдің сол заманда қандай болғандығын бізге дәл айту қиын шығар бұл күні. Осы бір тамаша, Қаратау жоталарының бөктерлерінен басталатын екі жағы қалың бадалдармен қапталған жылғалар мен сай- салаларының таңғы шықтың тамшысынан құралғандай мөлдір бұлақтары, бұл күні де өзінің табиғатының қайталанбас сұлулығымен талайларды таң қалдырған ұлан-ғайыр, шырайлы да шуақты аймақты бір ауыз сөзбен "Шаян өңірі" дей саламыз. Сонау заманда аттары ежелгі Парсы, Грек және Қытай деректерінде кездесетін Сақтар заманы мен одан кейінгі мыңжылдықта бұл өңір, Қытайдан Батыс елдеріне баратын аты әйгілі "Жібек жолының' бойы болса, кейінірек Жетіасар, Сығанақ, Сауран, Түркістан қалаларынан Тараз асып Баласағұнға, одан Қытайға баратын керуен жолының бір тармағында жатқанын ешкім теріске шығара алмас. Қазіргі Бәйдібек ауданы орналасқан өңірдің ер- те кездегі өткен тарихының куәгері өткен уақыт, бір шеберлердің сонау Қола дәуірі кезінде Қаратау жоталарының беткейлеріндегі тас бетіне салып қалдырған таңбалары, археологиялық қазбалардың үш мың жыл бұрыңғы Боралдай өзенінің бойындағы Қостұра етегіндегі шоқы тас беттеріндегі әлі күнге дейін өшпеген, қара бояумен салынған суреттей етіп бүкіл Қаратау беткейіне жазып кетсе гой, шіркін- ай, кім білсін, қазіргі қазақ елінің қалың томдардан тұратын тарихының бір салалы тарауы дәл осы Шаян өңірінен басталар ма еді, кім білсін. Біз сол тас бетіндегі суреттерді содан бері ешкімге тигізбей, бүлдіртпей көзінің қарашығындай сақтап, бүгінге жетуіне қамқорлық жасағандар алдында басымызды иеміз. Қаранызшы, бұл еліміздің тарихы үшін бір байлық болса, екіншісі, осы өңірде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында алғашқы адамзат тұрақтары негізінен қазыналы Қаратау етектерінен табылуда. Бұл күндері Шаян өңіріндегі жайпақ төбелердің жанынан өтіп бара жатып, солардың бір кездердегі ата-бабаларымыздың тұрақтары болғанын іштей сеземіз. Бұл Шаян өңірінің сонау замандардың өзінде тұрақтар болғандығын көрсетеді. Ал мұндай, ерте кезде адамдар өмір сүрген қалашық орындары - қорғандар бұл өңірде ондап саналып отыр. Атап айтқанда, жаңа ғана айтып отырған, басы Қаратау сілемдерінен басталатын, жағалауы кезінде қалың нумен көмкерілген Арыстанды, Бестоғай, Шаян, Сасық, Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Боралдай өзендерінің бойлары ерте заманнан мәдениеті өркендеген, шаруашылығы өскен, елді мекендер, шағын қорғандар құрылысы дамыған алқап. Біздің ата-бабаларымыз осы өңірде де өмір сүрген. Бұл өңір тұрғындары басқа елдердегі түрлі жетістіктермен дер кезінде хабардар болып отырған. Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттықты былай қойғанда Сейхундария (Сырдария) мен Жойқындария (Әмудария) өзендерінің бойындағы қалалардың көпшілігі оларга таныс болған. Сөйтіп мұндағы тұрғылықты халықтар мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен айналысып, сан ғасырлар бойына шаруашылықтағы, құрылыстағы, мәдениеттегі қол жеткізген жетістіктерін кейінгі ұрпақтарға мұра етті. Шаян өңірі өзінің топырағында қаншама таң-ба ескерткіштерді, ежелгі және ортағасырлық үлке- нді-кішілі елді мекендерді, оларда өмір сүрген ата-бабаларымызды келтірді. Бүгінде елімізге та- нымал қаншама зиялыларды, аты тарихымызда аталмағанымен, тіпті кім екені кезінде ауылына ғана белгілі болған, бірақ, біздерге, кейінгі ұрпақ үшін еңбек еткен, айналасындағы аңдармен, көрші жаулармен алысып, жұлысып жүріп жанын сақтап, біздердің өмірге келуімізге себеп болған, аруақтарына бас иетін, қаншама адамдарды дүниеге келтірген бүгігі шежірелі Шаян өңірінің тарихын көрші жатқан аудандардан, жалпы облысымыздың, еліміздің тарихынан бөліп, дараламай, біртұтас етіп жазудың жөні бар деп ойлаймыз. Өйткені олардың жер жағдайы ғана емес, бүкіл өмірі, тарихы бір бірімен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан оны жеке дара алып жазудың өзі қиын. Солай десек те, бұл өңірдегі ата-бабаларымыздың өмір кешкен дәуірлерінде қоғам үнемі бірқалыпты өркендеп, шаруашылығы ырғақты дамып отырмаған. Адамзат баласы тарихында белгілі болғандай, сонау замандардағы жеке меншіктің шығуы, ру, тайпа, мемлекеттің пайда болуы бұл өңірде де тұрғылықты халықтарды қаншама рет бейбіт өмірден алшақтатты, өзара қырқысулар көбейді, сырттан көз алартушылар ешқашан тоқтаған жоқ. XІІІ ғасырдың екінші онжылдығының соңында моңғол әскерлері Арыс өзенінің басына келіп тоқтап, одан кейін бір бөлігі Отырар қаласына қарай бет алғанда 1219 жылдың қыркүйегінде Қостұра арасындағы асудан өтіп, Боралдай өзенінің жағасындағы шағын қаланы қоршаған екен. Сол кездің ескерткіші, "Үлкен Тұра етегінен басталатын бір бастаудың суы жер асты арқылы қалаға келтірілген. Судың бұлақ болып шығын жатқан жері қазір "Теректі әулие" деп аталады. Зерттеушілер одан бұрын осы өңірдегі талай рудың атасы Бәйдібектің, сол заманда аты қазақ жұртына белгілі, ел аузында "Домалақ ана" деп аталып кеткен Нүрила анамыздың өмір сүргенін айтады. Шаян өңірінің тарихын кең байтақ жерді мекен еткен қазақ халқының өткен тарихынан бөліп қарау мүмкін болмаса, арысын айтпағанда, берісі қазақ хандығының құрылу тарихы сөз болғанда аузымызға ең алдымен Мұхаммед Хайдар Дулатидің түсетіні белгілі. Ол хандығымыздың құрылған және қалыптаса бастаған кезі мен сол кездегі жағдай жөнінде бізге едәуір мағлұматтар қалдырды. Ал оның жазғандары Шаян ауданына қатысты емес деп айта алмаймыз. Қазақ хандығы жөнінде арнайы көп жайды айтпағанымен, сол кездегі көрші елдердегі болып жатқан сан қилы оқиғалармен жете таныстыратын Захир әд-дин Мұхаммед Бабырдың және шежіре кітап жазып қалдырған Қадырғали (Қыдырғали) Жалайридің, моңғол шапқыншылығы дәуірінен бастап XVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Орталық Азиядағы оқиғалар, жекелеген қазақ хандары жөнінде едәуір мағлұмат беретін Әбілғазының да еңбектерінің ел тарихын зерттеуде мәні зор. Бұлар да Шаян ауданына қатысты екендігі сөзсіз.

Одан кейін халқымыздың жаңа дәуірдегі тарихына байланысты көптеген мағлұматтар беретін тамаша еңбектер қалдырып кеткен белгілі ағартушымыз Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановпен мақтанамыз. Оның жазбаларында Шаян өңіріне де қатысты, қазақ жеріне Жоңғария тарапынан сұрапыл соғыс болған кездегі халық жайының қандай болғандығы жөнінде мағлұматтар бар. Оңтүстік өңірінің XІX ғасырдың ортасындағы аса бір дүрбелең де шиеленісті тарихының көптеген мәселелері, соның ішінде орыс әскерлеріне қарсы Қоқан хандығының жағында соғысып жүрген Сыздық сұлтанның ерлік істері жөнінде, жалпы, Россия мен Қоқан хандығының арасындағы аса бір текетірескен, шиеленісті жайлар, сол кездегі Орталық Азия және Қазақстанда болып жатқан көптеген адамдар үшін түсініксіз болған дүрбелең оқиғалар туралы жан-жақты мағлұмат берген Ахмет сұлтанның кітабының да өзіндік маңызы бар екенін айтпай кетуге болмайды. Кеңес өкіметі жылдарында көптеген қоғам қайраткерлері, тіпті мамандықтары тарихшы болмаса да жазба деректермен бірге сол кездегі халық аузындағы өшіп бара жатқан аңыздарды пайдалана отырып елінің тарихын өз қолдарымен жазып кетуді мақсат етті. Солардын ішінде Шаян өңірінің жоңғар дәуіріндегі тарихы жөнінде көп мағлұмат беретін, мамандығы теміржол инженері Мұхамеджан Тынышпаев. Ол XX ғасырдың 20-жылдарының соңында Түркістан-Сібір темір жолын салу кезінде өлке тарихымен айналысып, тікелей Шаян өңіріне қатысты көптеген еңбек жазды. Оның жазғандарының XVІІІ ғасырдағы Шаян өңіріне қатысты қаншама жайлармен танысамыз. Әрине, Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында қазақ тарихына арнап жазылған еңбектерде өңір аты атала қойған жоқ, немесе, арнайы зерттелмегені белгілі. Шығысымыздан қара жерді дүбірлетіп, қаптаған Шыңғысханның әскерлерінің дәл осы Шаян өңірінің етегі арқылы өткені, жоңғар басқыншыларының тарапынан шапқыншылықтар болып, елді мекендерді басыпалып, катаң билік жүргізгені айтылды. Бұл өңірге Қоқан хандығының қоластына түсіп, одан кейінгі жылдары Россияның қарудың күшімен отарлауы басталғаны, XІX ғасырдың 60 - жылдарының ортасында Қазақстанның оңтүстік өңірі түгелдей жаулап алынып, енді оны игеру жұмыстары басталғаны, қазақтар бойы пайдаланып келген ата-бабаларынан мұра болған шұрайлы жерлерінен, мал жайылымынан айрылып, олардың негізгі бөлігін орыс отарлаушылары тартып алғаны айтылды.

Кеңес өкіметінің кезінде және одан кейінгі жылдары аудан тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерін айтқанда ең алдымен анықтамалық құжаттардың маңызды екендіктерін айтпай кете алмаймыз. Мұнда белгілі археологтар қаншама жылдар бойы облысымыздағы сияқты ауданымыздағы тарихи жерлерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде сонау Сақтар дәуіріндегі, орта ғасырлар кезінде салынған ғасырлар бойы тұрған елді мекендердің орындарын анықтады. Зерттеу қорытындыларында Шаян өңіріндегі ертедегі қалалардың тұрған жерлері, көлемі, құрылыстары жөнінде ғана емес, сонымен бірге олардың тұрмыс жағдайы, шаруашылығы, діни сенім-нанымдары туралы көпте- ген мағлұматтар береді. Кейбір жазбагерлердің тарихтың кей кезеңдерін жазуы,өткен тарихи дәуірлердегі оқиғаларға өздерінше бағалар беруі орын алды. Ешқандай құжаттык негіз болмаса да ойдан құрастырып, өз руын, тегін мақтап, тіпті өзінің ата-бабаларының "ерлік істерін" дәріптей түсуі орын алды. Әсіресе, қазақ-жоңғар, қокандық билеу кезін жазу, сол кездегі ата-бабаларының істерін орынсыз мадақтау, бірін жоңғарлармен соғысқан батыр немесе небір дауларды шешкен би десе, енді бірін қоқанға қарсы күрескен қолбасшы, немесе датқа етіп көрсету орын алды. Бірақ, датқалар негізінен қоқан билеушілерінің жергілікті ең сенімді өкілі екендігін көпшілігі түсінген жоқ. Әркім бұрын белгісіз болып келген өз аталарын мақтаған кезде оны міндетті түрде әз Тәукемен, Абылаймен қатарластырып қойды. Ата-бабаларды мадақтау науқаны басталды. Тарихымыз тағы да бұрмалана бастады. Бірақ, бұл салада ауданымызға қатысты материалдар да баршылық. Кеңес дәуірінде Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардағы елдегі социалистік құрылыстың барысы, ондағы қол жеткен жетістіктср жөнінде көптеген еңбектер жазылғаны белгілі. Алайда, ол кезде бүкіл КСРО-дағы, сондай-ақ республикадағы сияқты Қазақстандағы социалистік құрылыстың барысындағы жетістіктер барынша марапатталып, жаңа кұрылыстың жүруі барысындағы еліміздегі жіберілген қателіктер мен кемшіліктер айтылмады. Екінші сөзбен айтқанымызда, тек орын алған жақсы істер ғана айтылып, асыра мадақталды. Біз бұдан бүкіл Одақ көлемінде, Қазақстанда социалистік қайта құру жолында қол жеткен аса ірі істерді, жетістіктерді жоққа шығарғалы отырған жоқпыз. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін еліміздің тарихшы-ғалымдары кезінде зерттеуден шет қалған мәселелерге көңіл бөлді. Тарихымыз жаңа тұрғыда жазыла бастады. Жоғары оқу орындары үшін жаңа оку құралдарын жазу қолға алынды. Мұнда айта кететін бір жай. тарихшыларымыздың ежелгі және ортағасырлар дәуіріне байланысты жазылған еңбектеріндс бұрыннан келе жатқан негізгі көзқарас өзгермеді десек болады, тек олар кейінгі жылдардағы Оңтүстік өңірінен табылған тарихи жаңалықтар негізінде толықтырылды. Алайда, бұрыннан қалыптасқан кейбір көзқара- стардың өзгеріссіз берілгені, немесе, ешқандай жаңа ізденіс жүргізбестен еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі өткен тарихымызға деген оң саясаттың ығымен жаңаша жазамыз деп, жаңа ізденістер жасаудың орнына бұрын "жақсы" деп келгендерді "жаман" деп өзгертіп, немесе "жаман" деп келгендерді "жақсы" деп өзгертумен ғана тынды. Кей тарихи оқиғаларға, жекелеген кейіпкерлерге деген көзқарас мүлде анық болмай комескіленген күйінде қалды. Сонысына қарамастан соңғы жылдары еліміздің тарихшылары жаңа замандағы қазақ тарихына байланысты зерттеу еңбектерін жазуға мейлінше кірісті. Солардың ішінде, Ә.Шілтерханов Шаян өңірінде өмір сүрген Қамбар батыр жөнінде жазса. Ә.Жансейітов қазақ-жоңғар қатынасының шиеленіскен кезіндегі кездегі бүгінгі Шаян өңіріндегі жекелеген оқиғалардан мағлұмат берсе. жазушы Е.Тұрысов моңгол шапкыншылығы, Әмір Темір заманы, Жонғария кезеңі, Кеңес өкіметінің алғашкы жылдарындағы аудан жеріндегі оқиғалар жөнінде кеңінен сөз етеді. Кім білсін, осы аталғандардың бүгінгі күнгі берген мағлұматтары ғасырлар өткеннен кейін сирек кездесетін қорлардан табатын аса қымбат дүние болмасына кім кепіл. Кезінде аудандық газеттің редакторлары болған Қ.Түркеұлы, Ш.Серімбетов. Б.Тұрмағамбетов, Е.Тұрысов, А.Көлбаев, С.Дәулетбаевтар аудан өмірі жөнінде қаншама мақалалар жазса, солардың кай қайсы да бұл күні өткен тарих. Ал осы өңірде партия және комсомол саласында қызмет етіп, сол саладағы жұмыстарды таныстырса, енді ауданымыздын перзенттерінің екінші тобы, журналистер Ә.Айтбеков, Е.Дәуменов, Ж.Ералиев, Б.Қалаубаев. Т.Қоршабаев, С.Сапаров, Б.Сейітбеков, Т.Орманов, т.б. журналистер Кеңес дәуіріндегі социалистік құрылыс тарихынан көптеген мағлүматтар береді. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Біз солардың ішінде газет бетінде жарияланған бірнеше еңбектердің ғана аттарын атағымыз келіп отыр Кезінде, осы өңірге келіп, елдегі халықтың жағайымен танысып. ауданның тек сол кездегі экономикасымен ғана емес, сонымен бірге тарихымен де танысқан Халыкаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты М.О.Әуезов шопандар тойына қатысып, соның бір сәті жөнінде аудандық газетке мақаласы шыққан еді. Бұл да бүгін тарих. Соңғы жылдары Оңтүстік өңірінің Кеңес өкіметі мен еліміздің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік алғаннан кейінгі жағдайы туралы бұрын бұрмаланып келген тарихи оқиғаларды бүгінгі заман тұргысында беру мақсатында жазылған еңбектер көптеп жарық көруде. Олар Шаян өнірінің кейбір өткен тарихы мен XІX ғасырдың ортасындағы жайы жөнінде көп мағлұмат береді. Біз осы өңір жөніндегі А.И.Добросмысловтың Сырдария облысының қалаларының тарихы жөнін- де жазылған еңбегін, сол сияқты басқа да орыс жазбагерлері1' оңтүстік өңірі жөнінде аз болса да атап кеткен. Дәл осы Шаян ауданының батыс өңірімен Петербургтен Ташкентке барып қайтқан П.И.Пашино өзінің 1868 жылы Петербургте жарык көрген "Туркестанский край в 1866 году" деген еңбегінде Шаян жерінің табиғаты жөнінде айтып өткен. Ал 1886 жылы салынып біткен "Қызыл көпір" тарихы Түркістан генерал-губернаторы фон Кауфманның қызының басынан кешкен оқиғаға байланысты екендігін кейбіріміз білмейтін де болармыз. Әрине, Шаян өңірінің тарихы жөнінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының Сырдария округтік атқару комитеті деп аталатын 74-қоры және Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының бөлімшесінің Шаян аудандық партия комитеті деп аталатын, 363 қорларында Кеңес өкіметі дәуіріне катысты көптеген материалдар бар. Сол сияқты, аудандық "Социалистік колхоз", "Алғабас" газеттерінің бетінде жарияланған материалдар пайдаланылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін еліміздің тарихшы-ғалымдары кезінде зерттеуден шет қалған мәселелерге көңіл бөлді. Тарихымыз жаңа тұрғыда жазыла бастады. Жоғары оқу орындары үшін жана оку кұралдарын жазу қолға алынды. Мұнда айта кететін бір жай, тарихшыларымыздың ежелгі және ортағасырлар дәуіріне байланысты жазылған еңбектерінде бұрыннан келе жатқан негізгі көзқарас өзгермеді десек болады, тек олар кейінгі жылдардағы Оңтүстік өңірінен табылған тарихи жаңалықтар негізінде толықтырылды. Расында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі бар-жоғы он жеті жылдың ішінде археологиялық қазба жұмыстарының барысында көптеген жаңалыктар ашылып, ортағасырлық дәуірдегі оқиғалар жөнінде кей жазбагерлердің де еңбектері ғылыми айналымға енді. Ауданның сонау ғасырлардан бергі өткен тарихы дүниежүзіндегі адамзат баласының дамуы тарихының шағын ғана бір бөлігі екендігі сөзсіз. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін біздер шалғайдағы елдердің тарихын тереңдеп оқыдық та, өз еліміздің, туған жеріміздің тарихына көңіл бөлмедік. Бізде ұлттық Еңбекті жазу кезінде патша үкіметінің саясатының Шаян өңірінде жүруі мен одан кейін, большевиктер партиясының социалистік қайта құру жұмысындағы басшылығы, ауыл шаруашылығын қайта құру, мәдениетті өркендету мәселелері айтылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының З-корында Ұлы жүз қазақтары мен Алатау округінің бастығының жұмыстары, 5-қорында Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің, 30-қорда Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің, Казақстан Республикасы Президенті мұрағатының 139-қорында БК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің, 141- қорында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің аталған өңірге қатысты материалдар бар. Сол сияқты еліміздің тәуелсіздік алуынан кейінгі кездегі материалдар да баршылық. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының "Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің кеңсесі' деп аталатын 4-қорының, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі" деп аталатын 17-қорының Шаян өңіріндегі шаруашылыктарға қатысты 1992- 2000 жылдардағы материалдары пайдаланылды. Өзбекстан Республикасы Президенті мұрағатының 56-қорында Түркістан Коммунистік партиясы Сыр- дария облыстық комитетінің, 60-қорында Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің осы өңірдегі социалистік құрылыстағы жүргізген рево- люциялық іс-шаралары, оның облыс көлемінде жүзеге асуының барысы көрсетілген. Өңірдін тереңнен басталар тарихы бар екені бұрыннан белгілі. Одан кейін ше!.. Халқымыз не- бір ерлік істердің үлгісін қалдырды. Өкініштісі сол, хат бетіне түспей тек халық аузында ұрпақтан- ұрпаққа беріліп, кей оқиғалардың болған жерлерінің, кейіпкерлерінің аттары өзгеріп кетті. Тарихымыз үшін аса маңызды жекелеген оқиғалар ұмыт қалды. Ол аз болғандай, патша өкіметінің кезінде де, Кеңес өкіметінің кезінде де шын тарихымыз көбіне бұрмаланып, кейде басқаша жазылып келді. Бірақ, біз ол жазбалардағының бәрін теріске шығармауымыз керек, өйткені, соның өзінде қаншама тарихи жағынан манызы зор накты материалдар қалдырды. Енді тарихшылар алдында бұрынғы жазылғандарға сын көзбен карай отырып, кей мәселелерді шындық тұрғысынан қайта жазу міндеті қойылды. Өйткені, ата-бабаларымыздың ерлік істерімен жасалған тарихты таразылап, келер ұрпаққа қалдыру, олардың зердесіне құю. туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту басты мақсатымыз. Сөйтіп, адамзат баласының өткен тарихының сонау кезеңің тереңінен айтпай-ақ, бергісі - біз-дің заманымыздың басталуына дейінгі жарты мың- жылдық пен кейінгі екі мыңжылдық бетін, үшінші мыңжылдыққа аяқ баскан сәтке дейінгі өңірдің тарихына тағы бір көз салып, ата-бабаларымыздың өткен жолы, бізге қалдырған ұлы мұралары жөнінде өз өрісіміздің. біліміміздің жеткенінше қысқаша болса да айтқанды жөн санадық. Жалпы, "ІІІаян' деген сөздің қандай мағна беретіні жөнінде бірнеше пікірлер бар. Соның бірінде, ерте кезде парсылық екі ғалым осында келіп, таңертен сәулесімен көк аспанды тілгілеп, Қаратаудан асып енді шашақшашып келе жатқан Күн нұрына бөленген ауылды қызықтап: Мына жер нағыз "шайан ғой (күннің шапағы немесе, күннің шапағы түскен жер) десе керек. Содан кейін жергілікті тұрғындар ауылды осылай атап кетіпті. Бұл бізге жеткен аңыз. Кім білсін, жерлесіміз, бүгінгі Шаян ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі Ләззат Шәдібекованың ауданның сексен жылдығының қар- саңында жазған бір өлеңінде: Алғашқыда атанған Шаян болып, "Таң нұрымен" баршаға аян болып - деп жырлағанда осыны айтқысы келген болар. Ал шаяндық белгілі ақынымыз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Елтай Дәуменов болса, бұл жайды: Шаяным, шыққан күннің нұрысың сен, Шаяным, кеуде керер тынысым сен. Өзіңді тебірене жырлар болсам, Сезімнің мендік алау гүлісің сен , - деп басқа жағынан алып толғайды. Ақын бұл шумақта "Шаяным, шыққан күннің нұрысың сен" дегенде жоғарыдағы, сол аңызды мегзеп, арнайы айтып тұрған сияқты. Бұл сонау кездегі берілген атау екен. Міне, содан бері бұл ауылдың да, өңірдің де жылдардан жылдарга жалғасып келе жатқан тарихы бар. Бәйдібек ауданының бүгінгі әкімі С.Кенжебаев атап көрсеткендей, егер біз, Бәйдібек ауданының құрылуынан бергі сексен жылдың қана емес, тіпті одан арғы сонау замандардан бергі өткен тарихын жүйелей алсақ, мәдени мұраны іске асыруға қосқан үлесіміз болып табылмай ма. Уақыт өткеннен кейін, жылдар жылжи келе біз де, біздің бүгінгі өмір сүріп отырған кезеңіміз де тарихка айналады. Өмір заңдылығы солай ,- десе, бұл бізге көп жайды айтып тұрғандай. Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл кітапта - өткені небір шежіреге толы Шаян өңірінің сонау заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қысқаша баяндауды мақсат еттік. Дегенмен, біз өңірдің сонау ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан, тұнып тұрған тарихының мазмұны мен маңызы толык ашылды деп айта алмаймыз. Ол болашақ жастарымыздың үлесіне тигелі отыр.

ӨҢІРДІҢ ЕЖЕЛГІ

ТАРИХЫНАН

І

Мыңдаған жыл бұрын... Біздік ата-бабаларымыз осы жерде өмір сүріп, ұрпақтан ұрпақ жалғасты. Тарихи зерттеу еңбектерге Қарағанда бүгінгі Шаян өңірінде алғашқы адамдар сонау тас ғасырының палеолит дәуірінде өмір сүрген. Ол кезең адамзат тарихының дамуындағы маңызды мезет еді. Оған 20 айғак ескерткіштер - қазба жұмыстарының барысында табылып, адамдардың бізге жеткен көптеген тұрақтары, олардың күнделікті тұрмыста, аң аулауда пайдаланған құралдары болып отыр. Олар әсіресе Шаян өңірінің солтүстік шығыс бөлігіндегі қатпарлы қарт Қаратау жоталарынан көптеп табылып отыр. Қазіргі ғалымдардың айтуынша сол дәуірде бұл өңірде өзен-су, көлдер көп болған. Соның ішіндегі сонау Жамбыл облысымен шектескен Ағаштысай ауылының аяғынан басталатын, ең ірісі қазіргі Борлысай ауылының Кеңсай, Қошқарата, Ақтас елді мекендері орналасқан жердегі ені кей жерінде сегіз- тоғыз, ұзындығы он төрт- он бес шақырым жерді алып жатқан айдын шалқар, толқыны жағаға ұрып, тұнық түбінде небір балықтар ойнап, жағалауы құсқа толған, бізге жетпей, сонау бір ежелгі заманда-ақ жоғалған қол еді. Оның орнында қазір бірнеше елді мекендер бар. Қошқарата өзенінің орта ағысы болған бұл жерде оған Талдыбұлақ. Бас Сүңгі, Орта Сүңгі, Аяқ Сүнгі деген | шағын өзендер мен көптеген бұлақтар келіп құяды. Сол бір жоғалған көлдің аты қандай болды, ол жағы біз үшін беймәлім. Белгілісі, сол бір заманда осы жерде дүние жүзінде өте сирек кездесетін екі жерде ғана өмір сүретін құстың бірі осы көлде өмір сүргендігін археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Сонау ерте замандағы біздін ата-бабаларымыздың беткейлерінде пәкене ағаштар өскен Қаратау жоталарынан басталатын, басында сылдырлап қана ағып. бір-біріне қосылған бұлақтар жазыққа шыққаннан кейін шағын болғанына қарамастан көктемде өткел бермес, жаз кезінде жағалауы жаюлы кілемдей түрленген көкорай шалғынды өзендерінің бойында өмір сүргендігі ғылыми жолмен дәлелденді. Мұндағы алғашқы адамдар құрал-сайман үшін пайдаланған тастарды өңдеу керектігін әлі түсінбеген еді. Мұнда тас ғасырындағы адамдар тұрақтарының молдау табуылының себебі әлі де дөрекі кұралдарды ғана пайдаланып, "Шақпақ желі" деп аталып кеткен өңменіңнен өткен қатаң желі соққан кезінде қыстың шыңылтыр суығында табиғаттың қаталдығына қарсы күресе алмайтын кезде Қаратаудың қойнауларында ауа райының жылы, керекті заттар мен аңның көп болуы еді. Өңір олардың өмір сүруіне қолайлы болды. Алғашқы ата-бабаларымыздың Жер бетіндегі басқа да аймақтарында өмір сүргендеріндей ол кезде ойлау қабілетінің. сананың әлі де төмен болуына байланысты өздерінің жеке басының күшін, мүмкіндіктерін біле бермеді. Табиғат алдында жеке өзі қорғансыз күй кешті. Сондықтан олар бірігіп, ұжым болып жүрді. Сол бір бағзы заманнан бері қарай қаншама жылдар бірінен соң бірі таудан сарқырап аққан судай тоқтаусыз ағып өте берді. Ата-бабаларымыздың отты пайдалануының өзі олардың санасына қаншалықты әсер етті десеңізші. Олар суықтан қорғанды, тамақты пісіріп жеуді үйренді. Ғасырлар өткен сайын негізгі еңбек құралдары, әрі қаруы болған тасты өңдеу техникасы жетіліп отырғанымен олардың күнкөрісі жақсара қоймаған. Әрқайсысының бар ойы тек тамақ тауып жеу ғана еді. Бүкіл ғұмыры тек сонымен өтті. Шаян өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында Қаратаудан табылған көптеген тас құралдар расында бұл өңірге алғашкы қауым бұдан бір миллион жылдан астам бұрын аяқ басқанын аңғартады. Мұнда палиалит дәуірінің адамдарының тұрақтары. пайдаланған тас құралдары табылып отыр. Ал осыдан елу - қырық бес мың жыл бұрынгғы саналы адамдардың қаңқаларының жұрнақтары, олардың тас құралдарды жасаған бір орны Шаян өңірінде және көрші жатқан Түркістан төңірегіндегі Ащысайдан да табылған . Кентау маңынан табылған Қосқорған, Шоқтас тұрактары үлкен бұлақтардың басына орналасқан. Бұлақтар жағалауындағы шөгінді тау жыныстарында қалып койған жануарлар сүйектері бұдан 530-470 мың жылдай бұрын деп анықталып отыр. Адамдардың пайдаланып жүрген кұралдарының жетілдірілуі, икемділігінің артуы уақыт өткен сайын енді олардың бұрынғыша табиғи үңгірлерді, жарқабақтардың саясын тұрақ етуімен қатар ағаштан, ірі жануарлардың сүйектерінен іргесін бекіткен жеркепелер мен шайлалар сала білуіне әкелді. Бұл адамдар тұрмысындағы үлкен өзгеріс - қоныстардың шығуына жағдай жасады. Адамдардың санасы өсіп, бұрынғыдай топ-топ болып жүріп аңдарды жан-жақтан қоршамай, соңынан жүріп жеке-жеке аулайтындай мүмкіндікке ие болды. Жалпы, археолог ғалымдардың пікірі бойынша да тас ғасырының ең көне ескерткіштері оңтүстік өңірінің біраз жерін алып жатқан Қаратау жоталарынан қазып алынған ескерткіштер болып табылады. Жүздеген ғасырлар бойында өмір сүріп келе жатқан адам коғамында үлкен жаңалық болып табылатын жайлар көп. Сондай жаңалықтың бірі - садақ пен жебенің шығуы екендігі сөзсіз. Мезолит дәуіріндегі олардың пайда болуы, немесе адамдардың ойлап табуы табиғатқа деген адамның тәуелділігін жоя түсті. Бұрынғыдай қауымға деген тәуелділік те садақ пен жебе пайда болған соң біртіндеп азайды. Жаңа жерлер игеруге де, қоныстануға мүмкіндік ашылды. Алгашқы мүлік жинау мен элеуметтік теңсіздіктер де осы карудын шығуымен жылдамдай түскен болса керек. Уақыт өте берді. Біздін заманымыздын басына да жакындады. Бүл кезде осы өңірді мекендеген ата-бабаларымыздың өмірге икемділігі артып, бұрынғыша табиғаттын дайын заттарын пайдаланып қоймай, енді өздері өнім өндіре бастады. Ол күнделікті пайдаланып жүрген қару-жарактарының бұрынғыдан да жетілуіне ықпал етті. Егер алғашқы кезде садақ жебесінің, найзанын ұшын отқа жағып, істік етсе, енді Қаратау қойнауларынан мыстың. қалайының т.б. металдардың табылуына байланысты олардың ұшына үшкірлеп жасалынған металдарды кигізіп қойды. Құрал- саймандары барған сайын жинақы, әрі икемді бола түсті. Осының нәтижесінде аң аулау, киім үшін жүн мен теріні өңдеу ісі бұрынғыға Карағанда әлдеқайда жеңілдеді. Ал біздің заманымыздан бұрынғы бес мың жылдықта басталған жаңа тас дәуірінің соңына қарай Шаян өңіріндегі мекендерден табылған саз балшықтан жасалған ыдыстар пайда болды. Олардың санасы жақсарды, тұрмысқа кеңінен пайдаланды. Осыдан кейін адамдар кұрал жасауға жарайтын тасы бар, суы мол өзендер мен бұлақтар басынан едәуір ұзаққа, көгі мол, аңы көп жерлерге ұзап барып келуге мүмкіндік алды. Олар тек күндіз ғана емес, аспанның ашық кезінде жұлдыздарды бағдарға алып, түнде де мекендерінен алыс жаққа, жазық далаларға бара алатын дәрежеге жетті. Сол кезде, шамасы, табиғат та өзгеріп, ауа-райы бүгінгі жағдайға ұқсас болды. Қаратаудың күнгей бетінде өмір сүрген адамдар да аң аулаумен қатар оларды қолға үйретіп, біртіндеп егіншілікпен де айналыса бастады. Бұлдәуірдің ескерткіштері еліміздің барлық жерінде дерлік кездеседі. Қазір осындай төрт жүзден астам ескерткіш есепке алыныпты. Оңтүстік өңірінде адамзат дамуындағы мезолит пен неолит ескерткіштерін арнайы зерттеу әлі кең түрде жүргізілген жоқ. Соның өзінде Қаратау аймағындағы өзендердің бойларынан, бұлактардың басынан және үнгірлерден сол дәуірден қалған құрал-саймандар мен мүліктер көптеп табылуда. Өмірдің қажет етуіне байланысты сол заманнан бері күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген негізгі құралы болған тасты өңдеу ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, осы өңірде де біздің ата-бабаларымыз бүкіл адамзат балалары сияқты тас дәуірінен кейін әдеттегідей қола, одан соң темір дәуірлерін басынан өткізді. Біз мұның бәрін соңғы ғасырлардағы жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерінен біліп отырмыз. Сөйтіп, тас дәуірі ғылыми деректерге Қарағанда бүгінгі Қазақстан жерінде б.д.д. 800 мыңыншы жылдықтан бастап мыңжылдықка дейін созылса керек. Соңғы жылдардағы қол жеткен археологиялық деректер бойынша Жер шарының басқа да жерлерінде адам мекендеген кезде бүгінгі Қазақстанның оңтүстігінде , соның ішінде Шаян өңірінде де адамдар тіршілік еткендігіне күмән жоқ. Әрине. ғылым үшін аса маңызды болып саналатын бұл мәселе зерттеле жатар, бірақ бүгінгі күндері жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалардың нә- тижелері көрсеткеніндей, сол дәуірде оңтүстік өңіріндегі Қаратау жоталары мен Сыр бойындағы, Бетбақдаладағы қаптаған аңдардың, қажетті тамақ пен су көздерін ін. өзендер жағасындағы жақсы орындардың болуы мұндағы адамдардың күн көруі үшін мейлінше қолайлы болғанын ешкім теріске шығара алмайды. Бізге жеткен кей заттай деректерге Карағанда Қаратаудың қалың ормандарында шілдер, бизондар дала мүйізтұмсықтары, кеңмаңдайлы бұландар өмір сүрсе, тау шатқалдарында арқарлар мен еліктер. жазық далаларында жабайы жылқылар, түйелер, калың қамысты жерлерінде шошқалар мен шибөрілер қаптап жүрген. Ал Қаратаудан бастау алатын "Арыстанды" деп аталып кеткен шағын өзеннің аңғардан шыққан жеріндегі жазықтан бастап Қаратаудын бүкіл етегін жағалап Қостұраны басып өткен беткейлерде арыстандардың, Арысқа барып құятын Боралдай өзенінің қалың қамысында жемтік іздеп шыққан жолбарыстардың қаптап жүргеніне бүгінгі күні сенудің өзі қиын шығар. Осындай қолайлы табиғат жағдайы мен жабайы аңдардың көп болуы жағдайында Шаян өнірінде ежелгі адамдар өмір сүрді. Сол кездерде Қаратау аймағында өмір сүрген қайран ата-бабаларымыздың көбі аң аулаймын деп жүріп байқаусызда ізіне түсіп аңдыған талай жыртқыштардың аузында өзі түсіп кеткен де шығар. Қазір ойлап тұрсаң, Сырдариядан Арыс арқылы Боралдай бойымен жоғары өрлеген, жүргенде қамысты сыбдыр еткізбей бас салатын жолбарыстар, Қаратау шатқалдарындағы үйір-үйір қасқырлар мен етегіндегі азулы арыстандар, тоғайлардағы шәуілдеген шиебөрілер ата-бабаларымыздың үнемі қырағы болуын қажет еткен. Олар отты сөндірмей сақтауды білді, өсімдік өнімдерін жинап. аң аулап күн көрді. Бізге жеткен заттай деректерге Карағанда Қаратаудың калың ормандарында шілдер, бизондар дала мүйізтүмсықтар, кеңмаңдайлы бұландар өмір сүрсе, тау шатқалдарында арқарлар мен еліктер, жазық далаларында жабайы жылқылар, түйелер, қалың қамысты жерлерінде шош- қалар мен шибөрілер каптап жүрген. Сол замандағы Қаратау етектерінде өмір сүрген алғашқы адамдардың ақыл-ойының тағы бір дамуы орта тас дәуірінде болған. Бұл кезде олар ұстанған тас құралдар біршама өңделіп. үшкір етілді, немесе жұқартылып пайдаланылды. Құралды өңдеу келесі, жаңа тас дәуірінде одан әрі жетілдірілді. Сөйтіп біздің дәуірімізге дейінгі оныншы мыңжылдық пен төртінші мыңжылдыктар бойында осы өңірде өмір сүрген адамдар тастан жасалған құрал-саймандарды үздіксіз жетілдірумен болды. Олар тас балта, жер ағаш, дән майдалағыштарды пайдаланумен бірге садақты пайдаланды, қару-жарақ салатын қаптары жасалды. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында төменгі тас дәуірі ескерткіштері Қазанқап, Шақпак, Үшбұлақ және шартты түрде Ш.Уэлиханов тұрағы деп аталатын жерлерден табылса, жоғарғы тас дәуірінін ескерткіштері жиырмадан астам мекендерден кездесті. Солардың ішіндегі ен ірілерінің бірі - әлі күнге дейін қазба жұмысы жалғасып келе жатқан, Ш.Уәлихановтың аты берілген тас дәуіріндегі ата-бабалар тұрағы. Арыстанды өзенінің оң жақ биік жарқабғынан табылған ол ескерткіштер, қазір тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия, Франция, Америка ғалымдарының да назарын аударып, үлгі ретінде ұсынылар ескерткіштердің қатарынан есептелінеді. Мұнда қазба жұмысы кезінде бірінші қабаттан 537 тас құрал, екінші қабаттан 1233, үшінші қабат - 443, төртінші қабаттан — 946, бесінші қабаттан - 2006 құрал табылды. Сөйтіп, қола дәуірінде іргесін мықтап бекіткен малшылық пен егіншілік біздін заманымызға дейінгі 1-ші мыңжылдыктың бас кезінде мал басының өсуіне, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйдің жасалынуына. арбаның көбеюіне. жайылым іздеп қыстаулар мен жайлауларға ауысып отыруға жағдай жасады. Осы- лайша қазіргі Шаян өңірдегі алғашқы адамдар негі- зінен Қаратау етектерінде болса, енді бірте-бірте өзендер бойындағы жазықтарға ауыса бастады, сөйтіп ұшы-қиырсыз далалар егіншілер мен малшылардың тұрақтарына айналды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәти- жесіне қарасақ, біздің заманымызға дейінгі бі- рінші мыңжылдықта бүгінгі аудан жеріндегі көптеген ескерткіштер осы өңірдегі ертедегі ата- бабаларымыздың тұрмыс жағдайы. шаруашылығы жөнінде мағлұматтар береді. Сол кездегі ата- бабаларымыздың шаруашылығы жөнінде тас бет- теріндегі суреттер - петроглифтер де көп жайлармен хабардар етеді. Соның мысалы, Боралдай өзенінің бойындағы (Боралдай және Қошқарата өзендерінің қосылған жеріне жақын манда) Теректі әулиенің жоғары жағындағы қыраттардағы тастар бетінде салынған ит, арқар, тауешкі, түйесияқты жануарлардың суреттерінің сақталғаны. Бұл ертедегі суретшілердің күн қағып қарайып кеткен тас бетінен қарапайым құралмен өзін қоршаған ортаның ерекшеліктерін танып, адамдар жабайы аңдар бейнелерін сондайлык шындықпен қашап сала білгенін көрсетеді. Біз болсақ, сол тас беттеріне салынған суреттерге, оның ашык аспан астында жатқанымен әлі күнге дейін бояуының сақталғанына қарап тан қалып, сонымен бірге бүгінгі Шаян өңірінде сонау бір заманда қандай аңдардың болғанын, ата-бабаларымыз қандай шаруашылықпен айналысқанын, сол кездерде олардың қай аңдарды қолға үйреткендерін шамалаймыз. Бұлар суреттер емес, Ататауға барып түйіскен Қаратаудың баурайында өмір сүрген ата-баба- ларымыздың сол заманнан бізге жеткен, тас бетіне жазылған сурет түрінде берілген тарихы. Олар сол дәуірдегі ата-бабаларымыздың шаруашылығы, тұр- мыс-тіршілігі жөнінде көптеген мәліметтер беретін, теңдесі жоқ тамаша өнер туындылары. Аттары белгісіз осы суретшілер мыңдаған жылдардан кейін өздері қалдырған сол таңбалардың ұрпақтар үшін асыл мұра болатынын білді ме екен, деп таң қаласыз. Кім білсін, осы кітапты қолына алып, оқып, суреттерді көріп отырғандардың бірі болмаса бірінің сол, қолынан өнер тамган суретшінің шамамен жүзінші ұрпағы болуы да ғажап емес. Дәл осындай тас бетіндегі суреттер Боралдай өзенінің бойындағы (Боралдай және Қошқарата өзендерінің қосылған жерінің маңында), сондай-ақ Түркістан аймағындағы тастарда да көптеп кездеседі. Бізді таң қалдыратыны, соншама ғасырлардан бері ашық аспанда жатса да осы жәдігерлердің сол күйі сақталуы. Соған қарап, олар мыңдаған жылдар бойы өңін бермейтін қандай бояулар пайдаланды екен, деп таң қаласыз. Ерте заманнан қалған нағыз шынайы қалыптағы таңбалы тасты көргенде бейнебір сурет көрмесіне енгендей боламыз. Елімізді былай қойғанда, дүние жүзінде өте сирек кездесетін тастағы жазулардың бірі осы, Боралдай өзенінін жоғары тұсындағы петроглифтер Теректі шатқалының беткейлері мен шоқы ұштарындағы беттері тегіс жартастарда орналасқан. Бұл шатқал Боралдай өзеніне құятын "Теректі" өзенінің бас- тауынан жоғары орналасқан. Осы жердегі ауыл да осы өзеннің атымен аталған. Бұл Боралдай өзенінің сол тармақтары Қаратастыбұлақ пен Қызылбұлақ арасындағы суайрықтың биік жері. Осы жерде бірінші және екінші топ петроглифтері тауға қарай созылған бетейдегі екі шоқыға шоғырланған. Петроглифтері бар шоқылар тау етегінен басталып, Боралдай өзенінің жағасына дейін созылған. Үшінші топ петроглифтері Боралдай өзенінің оң жағындағы. немесе қарсы беттегі биік жартасты шоқының беткейіне орналасқан. Бұл суреттер жартас шыңдары мен коңыр-қара патина басқан жекелеген тастардың бетгерінде қашалған. Солардың ішінде, бірінші топ петроглифтері ұзындығы Боралдай өзенінен өрге қарай созылған 200 метр жартас тізбегі мен жекелеген тастарда топтасып орналасыпты. Суреттердің бұл тобы маңайда аспанмен таласқан бірден бір биік тауға жақын орналаскан. Бұл тізбек. кей ғалымдардың жорамалына Карағанда сірә. салт-жоралғылық орталық болса керек. Мұны петроглифтердің ерекше орналасуы ғана емес, жартастарға қашалған сюжеттердің өздері де дәлелдейді. Жеке орналасқан жартас шығысында сым шыбыкты төрт дөңгелектің бейнесін кездестіреміз, оның жанында тағы төрт күн таңбалары мен күйме арба қашалған. Аталмыш суреттердің тобына барлығы 36 антропоморфты дене, төрт салт атты бар, күрделі әрі көп денелі композициялар басым. Петроглифтердің екінші тобы өзен жағасына дейін түскен үлкен шоқыда шашыла салыныпты. Бұл топта жануарлар бейнелері басым, бірақ сонымен бірге антропоморфты денелер. салт аттылылар мен аң аулау көріністері кездеседі. Суреттер салынған тас тақталардың негізгі бөлігі қырқада орналасқанымен, жекелеген суреттер солтүстік-шығыс беткейі мен мен шоқының өзен жағасына дейін келіп түскен солтүстік етегінен табылды. Мұндағы жекелеген жартас шыгысында садақ бейнесі, бірнеше ешкінің суреттері және таңба көрсетілген. Боралдай петроптифтерінің үшінші тобы шартты түрде бөлініп көрсетілген. Оған жекелеген тастардың беттеріне, өзеннің оң жағасына орналасқан үлкен шоқының беткейіне салынған суреттер жатады. Мұнда суреттер көп табылмады, бірақ, салт-жоралғылық сипатқа ие қызықты сюжеттер кездесіп отырады. Ең жиі кездестіні - салт-жоралғылық жекпе-жектердің суреттері. Боралдайдың сол жағасында басқа да суреттердің шоғырланған археологиялық нысандары табылды. Жылғаның маңындағы тегіс әрі үлкен жартас шығысында зерттеушілерге қашалып жасалған құр- бандық шұңқырлары ерекше қызығушылык тудырады. Мұндай шұнкырлар жын-перілердің көңілін аулауға және үй жануарларын қорғауға бағышталған салтқа орай ойылатын. Мұндай салт алғаш рет қола дәуірінде тіркелген. бірақ оның ең көп таралуы ерте темір ғасырында мал шаруашылығының көшпелі түрге өтуімен байланысты . Ежелгі көшпелілердің Теректі шатқалын жетік игергенін обалы қорымдар растайды. Теректі ауылы территориясынан ортағасырлық қала орны табылып отыр. Көне суреттер орналасқан аумақтан өлкетанушылардың кездейсок тапқан олжалары өте қызықты. Олардың ішінде салт-жоралғылық ыдыс пен тас мүсін бар. Қазіргі кезде үй құрылыстарын салу кезінде ортагасырлар кезінде пайдаланған ыдыс аяқтар мен басқа да бұйымдар табылып жатыр. Боралдай бойындағы бұл таңбалы тастарының тақырыбының ауқымы кең. Дегенмен негізгі тақырыбы аңшылыққа, жаугершілікке арналған, сондай-ак, жан-жануарлардың тіршілігіне ерекше көңіл бөлінген. Мұнда түрлі жануарлардың, сонымен бірге шаруашылық үшін және соғыс кезінде пайдаланатын арбалардың суреттерін де кездестіресіз. Осыньщ барлығы сөз жоқ ертедегі бейнелеу өнерінің қазынасына жатады және мұқият сипаттауға, әлі де зерттеуге тұрарлык екендігі даусыз. Айта кететін бір жай. ата-бабаларымыз арбаны тек көшіп-қону үшін емес, ілгерідегі Батыс елдерінің жауынгерлері сияқты әскери көлік ретінде ойлап тауып, пайдаланған. Ал кейбірінде жылдың төрт мезгілінін ауысып келуі сияқты табиғи құбылыстар бейнеленген. Бұл суретшінің табиғат құбылыстарын қандай жетік білгендігін, ой өріс дәрежесінің биіктігін көрсетеді. Сонау замандағы суретшілер күн қағып қарайып кеткен тас бетіне қарапайым құралмен өзін қоршаған ортаның ерекшеліктерін танып. адамдар жабайы аңдар бейнелерін сондайлық шындықпен қашап сала білген. Олардың ішінде ең мол кездесетіні адамдардың тұрмыстық кәсібі болған аңшылыктың түрлі сәттері. Айталық, көптеген тазы, иттердің садақшылар жасырынып жатқан жерге таутекелерді қуып әкелуі немесе жаяу садақшылар мен шоқпар ұстағандардың бір-бірімен қактығысы... Сол кездегі тұрғындардың әсіресе түйе малына ерекше көңіл аударғаны байқалады. Шамасы олар осы түлікті аса кастерлеген. Түйенің тұсалған, мұрындық кигізілген суреттері олардың колға үйретіліп ұсталғанын корсетеді. Қазір, қаншама мың жыл өткеннен кейін ойласақ, кім білсін, қайран ата-бабаларымыз Жер шарының бүгінгі кейбір орманды тоғайларындағыдай үйір-үйір аңдармен араласып жүріп, олардын талай бауырлары сол азулы аңдардың тырнағына ілініп, жемтігіне айналған шығар. Шаян өңіріне салыстырмалы түрде жақын жатқан Шу мен Сырдың бойындағы қаптаған жолбарыстар мен Қаратау бөктеріндегі арыстандардың XІX ғасырдың соңына дейін адамдарға көп шығын келтіргені жөнінде көптеген деректік материалдар бар. XІX ғасырдың ортасынан бастап орыстардың келуі, олардың атылатын қаруларының болуы нәтижесінде кейіннен олар біржола жоқ етілді. Ата-бабаларымыз болса, кезінде бұл жыртқыштарға қарсы бірлесе отырып күресті, тіпті аулап. ұстап алып, тамақ етті. Адамзат баласының жалпы даму жолы сияқты Қаратау өңірі мен Шy, Сырдың бойындағы кең аймақтағы адамдардың жалпы даму жолын зерделегенде олардың қаншама ауыр жолдардан өткенін шамалаймыз. Ол жол, әрине, өмір сүру үшін басты бәйгеге тіккен ауыр дәуірлердегі жолдар болды. Олар өз бастарынан небір жайларды, жыртқыштардың тырнағына іліне жаздау, жұқпалы аурулар, ашаршылықтарды, басқа да көптеген қиындықтарды кешіріп, аман қалу үшін жанталасты. Сонда да әйтеуір ұрпақтар жалғастығы үзілген жоқ. Сол аман қалғандарының ұрпақтары мына біздер. Шаян өңірі де алғашқы адамдардың өмір сүрген жері. Атақты археолог Х.Алпысбаев алғашқы адамдардың тұрақтарын осы өңірден тапты. Басы Қаратау жоталарынан басталып. бір-бірімен жақын жатқан Арыстанды, Шаян? Боралдай өзендерінің бас жағында тас дәуірінің адамдарының пайдаланған құралдары табылған мекендердің санының өзі қазір отыздан асып отыр екен. Егер қазба жұмыстарын жалғастыра беретін болса, ондай ескерткіштер саны одан әрі өсе беретіндігі даусыз. Алайда, қолымыздағы материалдың өзі біз үшін көптеген мағлұмат беріп отыр. Бүгінгі Бәйдібек ауданынан Созаққа асатын шекараға жақын жердегі Арыстанды өзенінің оң жағасындағы Қарасу қойнауында зерттелген ескерткіштерден шақпақ және халцедон заттардың мол жинағы табылды. Осы жердегі ІІІақпак ойпатынан дөңгелек нуклеустер, тегіс қалақтар, Қарасу елді мекенінің маңында, Арыстанды өзеніне құятын Ащысай, Шөлтоғай. Майбұлақ, Қаратас сайларының мүйістері мен жайылым беттерінен ертеде өмір сүрген адамдардың қолымен сындырылған ақ және боз сұр жартылай мөлдір шақпактар табылып, зерттелуде. Олар бізге жаңа ғылыми деректер беруде. Олар сонау заманда өмір сүрген ата-бабаларымыздың, мүмкін біздін мыңыншы не одан бұрынғы, не одан кейінгі атамыздың пайдаланған заттары, бұйымдары. Біле білсек, олар шекемізге тигізіп тәу етіп, үйіміздің төріне іліп қоятын-теберік бұйымдар, ата бабамыздан қалған жәдігерлер. Әрине, олар сол кезде өздерінің қолдарына ұстап, пайдаланып жүрген қажетті заттарының жүздеген ғасырлар өткеннен кейінгі өздерінің кейінгі ұрпақтарына таптырмайтын ескерткіш болатынын білмеді. Біз, іргелі елі, берекелі де тұрақты шаруашылығы бар шежірелі Шаян, жалпы Оңтүстік өңірі осыдан миллион жыл бұрын пайда болған алғашкы адамдардын отаны болудан бастап, осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тарихтың сан-түрлі кезеңдерінің барлығының дерлік ескерткішіне бай екендігін атап өттік. Бұл аталған ескерткіштердің қай-қайсысы да өз алдына жеке кітапқа арқау боларлық маңызы бар. Оны өу кезінде толық етіп жазуды әрине маман, тарихшылар мен археологтар үлесіне қалдырмақпыз. Біз тек жалпы жұртшылықтың көңіліне туған жеріміз Шаян өңірінде осындай аса құнды ескерткіштер бар екендігін олардың қай қайсысы болсын, осы өңіріміздің тұнып тұрған тарих екендігін көңілдеріне құйғымыз келеді. Расында да солай. Біз қаншама айтып жүргенімізбен Қаратаудың бір биігінің бауырындағы орны бәрімізге жақсы белгілі Жетіотау тарихын да толық біле бермейміз. Кей журналистер оны өте ертедегі адамдардың тұрағы деп те айтып жүр. Айтпағымыз Шаян өңірі қашаннан тұнып тұрған тарих. Тек оны зерттей түсуіміз, түсіне білуіміз. қағаз бетіне түсіре білуіміз керек. Мәселе осында. Қазіргі кезде жүздеп, мыңдап саналатын бұл ескерткіштерді сақтау аса маңызды іс. Қала орны немесе басқа да мұралар туралы айтқанда "олар көп екен ғой, бірі кетсе, екіншісі бар ғой" деп тоқмейілсіну мен тоғышарлыққа салынудан сақтану қажет. Өйткені әрбір жеке адам сияқты өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар ескергкіштерді жою қазақ тарихының жазылып. Бізге жеткен жалғыз дана кітаптың керекті бір парағын отқа жағып жіберумен парапар. Жасыратыны жоқ, кезінде Оңтүстік өлкесін басқаруға келген кездейсоқ ұраншыл бастықтар олардың көкірегі оянбаған, ойлауы таяз көмекшілеріні - "арқасында" ұжымдастыру, отырықшы ету, тың игеру кездерінде жүздеген ескерткіштерді жойып жібергеніне куә қарттарымыз әлі де бар. Мысалы, күні кешеге дейін сақталып келген "Үсіктасты" алайықшы. Оның аты бұрын "Үш тесік тас" делінген. Ол адамның бойының биіктігіндей сақина сияқтанған, бір бірімен жалғасқан үш тесік тас болған. Оны жергілікті тұрғындар әулие санап, зиярат етіп, сақиналарынан ары-бері өткен. Бүгінде соның біреуі бүтін, екіншісінің жартысы, үшіншісінің төменгі жағы ғана сақталып қалган. Басқасын тың игеруге келгендер үстіне шығып, екі сақинаның жоғарғы жағын құлатып койған. Ал, Шаяннан Қызылкөпірге қарай шыққанда сол жағыңдағы "Қарауыл төбенің" жағдайы ше?.. Төбеге шықса бүкіл төңірек алаканындағыдай ап- анық көрінбей ме! Бұл төбе үстінде отырған күзетші- жауынгерлер алыстағы екінші "Қарауыл төбеден" көз алмай, жаудың келе жатқанын күншілік жерден хабардар етпеді ме! М.Тынышбаевтің Жоңғария шапқыншылықтары жөнінде жазған еңбегінде "Ордабасы тауының басынан Шаян көрінеді" дегенде осы "Қарауыл төбені" айтқан болар. Сонда неге айтты екен... Осы төбе үстінде жаудың келе жатқанын хабарлап, қанша рет от жанды екен деген ойға келесіз!.. Олай болса, елдің амандығына хабар еткен бұл төбе аудан орталығына келген мейманды күтіп алып, шығарып салатын орынға ғана айналып отырған жоқ па екен бұл күні... Сондықтан бүгінгі талай құпияларды әлі де ішіне жасырып жатқан жеріміз шетінен жеке адамдарға сатылып жатқан кезде жастарымызға: Абай бол, көзің ашык, көкірегің ояу болсын, ата-баба мұрасын тани біл, сақтай жүр, жанашыры бол, деп тағы бір ескерткіміз келеді. Әрине, өңірдің мәдениеті мен бейнелеу өнерінің арғы-бергі тарихын күллі мәдениет тарихынан бөлек қарастырудың жөні жоқ. Қала берді осы төңіректі мекен еткен байыргы бірлестіктердің, тайпалардың. ұлтгардың жасаған рухани байлықтарымен тығыз байланысты зерттеу керек. Біздің қазақ мәдениетінің, бейнелеу өнерінің тарихын қай кезеңдерден бастау керектігі жөнінде де кезінде талас-тартыстар аз болған жоқ. Бұрынғы өткен дәуірлерімізде түк жоқ, қазақ халқының тарихын кейінгі кезден бастасақ та жетеді деген сыңаржақ, үстірт пікірдің дұрыс еместігін дәлелдеу де оңайға соққан жоқ. Бүгінде қазақ мәдениеті, әдебиеті мен бейнелеу өнерінің тарихы да сонау ескі, көне дәуірлерден бастау алатыны, сол кездегі біздің өлкелерімізде 34 және басқа тарихи тағдырлас тұстарда өмір сүрген тамырлас, туыстас ру, тайпалардың, бертін келе күллі түркінің рухани қазыналары басқа ұлттар секілді қазакқа да ортақ екендігі анық белгілі болып отыр. Қазақ халкының арғы ата-бабалары бүгінгі өзбек пен қырғыз, әзірбайжан мен түркімен, қарақалпақ пен ұйғыр, саха мен хакас, татар мен башкұрт, тіпті түрік және басқа да халықтардың этникалық құрамына енген ру-тайпалар екенін ешқашан естен шыгарып, рухани мұраларымызды бөле-жара қарастырып, таласуға болмайды. Сонау заманнан бізге жеткен осы бір баға жетпес мәдени мұралардын қай-қайсысы болса да баршамызға ортақ. Осы өңірде тұрған сол замандағы адамдарды қалай атағанын қазір нақты кесіп айту, әрине, қиын екені белгілі. Дегенмен, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІІ-ІІІ ғасырларда қазіргі аудан территориясында бүкіл оңтүстік өңіріндегі сияқты парсылар айтқан Сақ тайпаларының мүшелері өмір сүрді дей аламыз. Бірқатар ғалымдар еліміздің оңтүстік өңірің шошақ бөрікті сақтар (тигрохауда) жайлаған деген болжамға келіп отырса, б.д,.д. VІІ б.д. ІV ғғ. Сақ тайпаларының орналасқаны туралы қазіргі кезде мектептерде пайдаланып жүрген оқулық карталарының өзін Қарағанда Жетісу, Шу, Талас және Қаратау өңірі мен Сырдың шамамен орта ағысының арғы бетіндегі едәуір жерлерде тиграхаудалық Сақ тайпалары тұрған деп белгіленсе, бұл дегеніңіз тарихы сонау заманнан басталатын Шаян өңірінде де шошақ бөрікті сақтар тұрған дегенді білдірсе керек. Олардың бір бөлігі егіншілікпен, екінші бөлігі мал шаруашылығымен, үшінші бөлігі бұл шаруашылықтың екі түрімен де айналысты. Тарихтан білетініміздей. Сақ тайпаларының адамдары өте жауынгер, олар шет басқыншыларына сан рет ойсырата соққы берген. Сол ержүрек Сақ жасақтарының арасында осы өңірден шыққан қаншама сарбаздардың болғандығы сөзсіз ғой, деп ойлайтыныңыз да заңды. Қазіргі кезде археологиялық қазба жұмыстарының кей нәтижелеріне Қарағанда Сақ заманының өзінде- ақ осы өңірдегі адамдар кең өндіру мен өңдеу, темір ұсталығы, металды құю және зергерлік істермен де айналысты. Бізге жеткен көптеген тарихи деректерге сүйенер болсақ, Сақ тайпаларынан кейінгі Қаратаудың тұрғылықты халқы да каңлылар делінеді. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мынжылдықтың соңы мен біздің заманымыздың алғашкы мыңжылдығының ортасына шейін осылай аталган олар Жетісуды жайлаған үйсіндермен, сондай-ақ Сейхун, Жойқын өзендерінің төменгі ағысына орналасқан оғыздармен араласып, өзара қарым-қатынаста болған. Бүгінгі аудан өнірінде І-V ғасырлардың өзінде көптеген өркендеп-өскен елді мекендердің болғаны тарихи тұрғыдан да дәлелденіп отыр. Шаян өңірінде Қаңлы дәуірінде ата-бабаларымыздың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқаны жөнінде археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген айғақтық материалдар табылып отыр. Боралдай, Бала Бөген, Үлкен Бөген, Сасық. Шаян, Арыстанды, Бестоғай өзендерінің бойларындағы тепсендердегі тұрақтардан табылған, бізге жеткен ескерткіштер солардың мысалы. Расында да, адамдардың өмір сүруіне, шаруашылық жүргізуіне мейлінше қолайлы, қыста ықтасын, жазда ыңғайлы Шаян өңірінде Сақ дәуірінің соңында келген Қаңлы мемлекеті кезінде қаншама тұрақтар, елді мекендер болған. Тарихи деректерге Қарағанда Қаңлы мемлекетінің астанасы Қытай деректеріндегі рас болса Шаян өңіріне жақын жатқан жоқ па. Олай болса, Қаңлы мемлекетіне қараған осы аймақта қаншама ірі елді мекен, қалашыктар, шағын елді мекендер болған. Қазіргі кезде археологиялық қазба жұмыстарының барысы кезінде табылған қалашықтар мен елді мекендердің бірқатарының Қаңлы дәуірінің басынан, Түркі дәуіріне дейін өмір сүргенін көреміз. Әрине, олар бұл күні төбешік болып жатқан үйінділер. Кей археолог ғалымдар жоғарыда айтқан Шаян- Қызылкөпір тас жолының сол жағасындағы (Шаяннан он бес шақырымдай жерде) "Қарауыл төбе" аталып кеткен, бір кездері қолмен үйілген, биіктігі он, төменгі шеңбері 55-60 метрдей келетін төбені б.д.д. V- б.д. І ғасырлары арасындағы салынған төбе24 деп көрсетеді. Олай болса, бұл Сақ дәуірінің соңы немесе одан кейінгі Қаңлы мемлекеті дәуірі болып табылады. Олай болса, Шаян ауылы тұрған өңірдің өзінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Қаңлы мемлекеті кезіндегі Шаян өңіріндегі елді мекендердің бірінің орны бүгінгі Шаян елді мекеніне жақын болғанын байқаймыз. Одан екі шақырым жердегі Жамбыл атындагы елді мекенге баратын жолға жақын жерден І-ІІІ ғасырлардан қалған мазарларды көреміз. Бір-бірімен тізбектескен мазарлар созылып жатыр. Одан сәл арыректе б.д.д. ІІ - б.д. І ғасырларындағы қорған орнын Ақбұлақ қайнар бастауына жақын жердегі қорымды көреміз. Шағын қорғандар да, қорымдар да бізге сол жерлерде адамдар тұрақтарының болғанын көрсетеді. Осы өңірдегі Қаңлы дәуірінен қалған осындай қорымның бірін Бөген-Төрткүл тас жолының 14-ші шақырымында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған қорым тізбегінен көрсек, енді бірін бүгінгі "Қостұра" елді мекені жанындағы, ауылдан батысқа қарай төрт шақырым жердегі үш бөліктен тұрған қорымдар тізбегінен көреміз. Мұндағы бір қорғанның төменгі диаметрі 60 метр, жоғарғы диаметрі 15 метр, биіктігі 4 метр. Мұндай қорым-қорғандарды Боралдай, Бала Бөген, Жоғаргы Боралдай, Арыстанды өзендердің бойынан да кездестіреміз. Бұл мазарлардан Қаңлы мемлекеті кезінде оның құрамында болған бүгінгі Шаян өнірінің тұрғындарының шаруашылығын. олардың аңшылык кезінде, күнделікті тұрмыста пайдаланған заттарын, құрал-саймандарын көреміз, дәстүрін, діни сенімдерін білеміз, сөйтіп, Қаңлы мемлекетінің басқа жерлеріндегі тұрғындарының жағдайымен салыстырамыз. Қаңлы дәуіріндегі Шаян өңіріндегі өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмысы, шаруашылығы, қала өмірі, қорғаныс дәрежесі жөнінде көбірек мағлұмат беретін - ата-бабаларымыздың тұрақтары. Елді мекендер, қалашық-бекіністердің бізге жеткен қиранды орындары. Аталған дәуірдегі ондай мекендер орны Шаян өңірінде жеткілікті екендігі белгілі. Жерлес жазушымыз Е.Тұрысов өзінін "Шаянның өткені мен болашағы деген мақаласында Ұлы Жібек жолы Қаратау өлкесін басып өткен атырабындағы сан ғасырлар Шығыс мәдениетінің орталықтары жатса, соның бірі - Шаян ірі елді мекен , керуен тоқтайтын жер болғаны белгілі , дейді. Соның бірі - Ақтөбе елді мекені. Қазір Қапшағай су қоймасының астында қалып қойған бұл қалашық Шаян өзенінің басталар бойында. Ол өзеннің жағалауын қуалай. солтүстіктен онтүстікке қарай біржарым шақырымға созылып жатқан екен. Онда қолөнер дамып, керамикадан ыдыс жасау ісі кең өрістеген. Қазба жұмыстары кезінде әшекейленген түрлі ыдыс- аяктардың табылуы олардың көптігі осыны дәлелдейді. Әсіресе. алебастрдан жасалған түрегеп тұрған әйел мүсіні ғалымдар назарын ерекше аударған. Шаруашылығы өсіп, өркендеген осындай елді мекендер ескерткіші VІ-VІ1І ғасырларда одан да көп болғанын көреміз. Шаян ауылынан батысқа қарай үш шақырым жердегі Ақбұлақ елді мекенінде мал, егін шаруашылығы жақсы дамып, қолөнері өркендеді . Мұндай елді мекендер Арыстанды, Бала Бөген, Бөген, Боралдай, Шаян өзендерінің бойында ондап саналатыны белгілі. Расында да, бүкіл оңтүстік өніріндегі сияқты Шаян өңірінде көне ескерткіштер мен қорғандар, обалардың көптеп кездесуі бұл өңірде қаншама қалашықтардың болғандығын дәлелдейді. Шаян өңіріндегі сол қалашықтар Жібек жолындағы керуендердің жолдарында жатыр.

ТҮРКІ ДӘУІРІНІҢ БАСЫНАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ

КҮШЕЮІНЕ ДЕЙІН

Біздің дәуіріміздің VІ-XVІ ғасырларында қазіргі аудан жері бүкіл Оңтүстік Қазақстан сияқты Батыс түрік қағанаты құрамында болса, VІІІ-X-ғасырларда мұндағы тұрғындар да қарлұқтар делінеді. Бұдан шығатын қортынды - Қаратаудан басталатын Қарасу, Шаян, Арыстанды өзендері мен Боралдайдың орта ағысындағы жерлердегі бүгінгі Шаян өңірінің байырғы тұрғындарының ата-бабалары да VІ-X ғасырларда өмір сүрген сол тайпалар екендігі. Бір тармағы Қаратаудың етегімен өткен көне заманнан бері Қытайдан Батысқа қарай жібек маталарын тасыған ¥лы жібек жолы" бойындағы Шаян өңірінің тұрғындарының осы бір Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тарихымен тығыз байланысты болса керек. Ежелгі дәуірдің соңы мен орта ғасырлардағы осы аймақта өмір сүрген елдердің сауда және мәдени байланыстарының аса маңызды қарым-қатынас жолында біздің дәуірімізге дейінгі 1- мыңжылдықтың орта кезенінен "Дала жолы деген жол болғаны әлемге белгілі. Грек тарихшысы Герадоттың жазбаларына Қарағанда бұлжол Қаратеңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан бері савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, одан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылды. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, қымбат металдардан жасалынған небір әшекейлі бұйымдар ерсілі-қарсылы тасылып жатты2; Ол жібек мата тоқып шығару және онымен сауда жасау кезені еді. Тарихымызда ортағасырлык дәуірге өту кезені басталды. Бұл күні сонау замандағы ата-бабаларымыздың өткен тарихын зерделеп қарағанымызда осы күнгі Шығыс пен Батысқа қарай созылған кен байтақ жерімізде болған олардың мемлекеітерінің аттарының өзгеріп, бір кездері күшейіп шегіне жетіп, енді бірде өз мемлекеттік атауын өзгергенін көреміз. Соның мысалы. енді Үйсін, Қаңлы, Ғұн мемлекеттерінің аттарының аталмай, басқа атауларының келуі. Мұны түркі дәуіріндегі мысалынан айқын білеміз. Ал "Түрік" деген ат алғаш рет Қытай деректерінде 542 жылы аталады. Қытайлықтар түріктерді өздеріне бұрыннан таныс ғұндардың ұрпағы дегі санаған. Алғашкыда "түрік" сөзі ақсүйектердің немесе әскери аристократияның өкілі дегенді білдіріп, яғни таза әлеуметтік мағына берді. Кейіннен сөздің мәні кеңейе түсіп, ол билік етуші "патшалық тайпаның және оған бағынатын тайпалардың символы болды. Көршілес тайпалардың барлығы да бұларды "түріктер' деп атап кетті. Оңтүстік өңіріндегі тайпалар ортағасырлық дәуір басында мал өсірумен бірге диқаншылықпен де айналысты. Металл өңдеу жоғары дәрежеге жетіп. алтын, күміс, жез, темір. қорғасын өндірілді. Қалаларда қолөнермен бірге тоқымашылық дамыды. Сауда- саттық кең өркендеді. Осы кезде бүгінгі Қазакстанның оңтүстік өнірінде Сүткент. Аргубаникент, Аққорған, Өзгент, Жент, Ашнас, Баршынкент, Жанкент, Фараб. Исфиджаб, Кедр, Шауғар, Қарнак, Сығанақ, Сауран. Жөлек, Баласағұн, Алмалык. Тараз т.б. қалалардың бірі мейлінше гүлденсе, енді бірі енді ғана өсіп- өркендей бастады. Қалалар өмірінде үлкен өзгерістер болып жатты. Олардың бәрі ары-бері жүргенде Шаян өңірі тұрғындарына таныс болғаны белгілі. Соңғы кездері Шаянға жақын жерден VІ-XІ ғасырлардың ескерткіші саналған тағы бірінің табылуының өзі осыны дәлелдеп отыр. ІІІаян өңірінде Түркі дәуіріндегі ата- бабаларымыздың тарихынан мағлұмат беретін археологиялық қазба материалдары жеткілікті. Соның біріне қазіргі кезде "Тұрақтытөбе" дегі аталатын, Тұрақты ауылынан бір шақырымдай жердегі Балабөген өзенінің он жағындағы VІ-VІІІ ғасырлардағы елді мекеннің орны. Жалпы, түркі дәуіріне мағлұмат беретін қалашыктар, елді мекендердін негізгі бөлігі VІІІ ғасырлардан басталады. Соның ішінде, VІІІ- XІІ ғасырларға жататын бүгінгі "Бірлік" ауылының жанындағы қазіргі кезде "Ақтөбе" деп аталып кеткен қалашыктың орны бізді қатты қызықтырады. "Ақтөбе" қалашыгы екі бөліктен тұрған. Қаланың орталығы болған негізгі бөлігінің орны екінші бөлігіне Қарағнда биік, мұнарасы болған. Қалашаққа "Сасық" деп аталатын өзенге барып құятын шағын бұлактың жағасына салынған. Қаланың екі бөлігінің де айналасына терең ор қазылып, суға толтырып қойған. Қаланың айналасы Түркі дәуіріндегі барлық қалалар сияқты биік, әрі қалын дуалмен қоршалып қойылған. Кезінде ордың терең болғандығы сонша, қаншама ғасырлар өткенімен әлі күнге дейін оның орны білініп жатыр. Шамасы монғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген осы бір табиғаты тамаша, мөлдір бұлақты, жерінің жайы өте қолайлы болған қалашықтан кейін тұрғындардың баска жерге қоныс аударуының себебі белгісіз. Ал осы қалашықтың алып жаткан көлеміне келетін болсак, бір бөлігі солтүстіктен оңтүстікке 55 метрге созылып, батыстан шығысқа 60 метрге созылса, екіншісінің ішіндегі алаң солтүстіктен оңтүстікке 65 метрге, батысынан шығысына қарай 95 метрге созылып жатыр. Төбешіктін биіктігі 8 метрге дейін, аланның биіктігі 5 метрге дейін жеткен . Бұл дегеніңіз ортағасырлық қалашықтар үшін үлкен жерді алып жатқан бекініс қалашық деген сөз. Әрине, ол қалашық дуалының сыртын айнала тұрғындардың тұрақтары болған. Олар егіншілікпен. мал шаруашылығымен айналысқан. Олай болса, Шаян өңірінде бекінісі мықты қазіргі кезде жоғарыда айтқанымыздай "Ақтөбе" аталып кеткен кезінде Қаратау, Сыр өңіріне белгілі болған, Жібек жолының бір тармағында жатқан бұл қалашық үлкен орталықтың болғаны белгілі. Қаласының жатқандығы жөнінде айтады. Сол жер ерте кезде бір ханның ордасы болған екен, дейді аңыз. Осы. "Ақтөбе" қаласы жөнінде кезінде Айнабек Нысанов деген ақын: Ақтөбе болған екен хан тұрағы, Ертеден сондай аңыз айтылады. Піскен қыштан қаланған қабырғасы Бір сарай жер астында жатыр әлі... деп жырлаған болса, бұл күні ол үйінді астынан керамикадан жасалынған ыдыстар, құмыралар, қол диірмені, зергерлік бұйымдар табылып жатады. Бір таңғаларлығы, кейбірі бүтін, кейбірі сынық жартыкеш болғанымен, кей заттардағы әшекей өрнекті бояулар баягы қалпындай жарқырап тұрады екен . Бұл өңірдегі "Кенестөбе" аталатын жердің одан кейініректегі кездегі де өзіндік тарихы бар екендігі айтылады. Кезінде ауыл ақсақалдары сонау заманның өзінде жиналып кенес өткізеді екен. Бұл елді мекені осылай, "Кенестөбе" аталып кетіпті. Түркі дәуірі мен монғол шапқыншылығынан кейінгі ғасырларда өмір сүрген қалалардың бірі ауданның солтүстік батысындағы Бөген ауылы өңіріндегі бүгінгі күні тұрғындардын "Есей төбе,? деп атайтын ескі қалашықтын орны. Оны зерттеген археологтар бұл елді мекенді X-XVІ ғасырдардағы тұрақ дейді. Айналасы ашық, бұлақтың суы келетін бұл қалашық та екі бөліктен тұрған. Қаланың орны солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 метр, батыстан шығысқа қарай 50 метрге созылса, екінші бөлігі солтүстіктен онтүстікке 180, батыстан шығысқа 80-100 метрге созылып, қала орнының қирандысының орташа биіктігі 3 метрге жақын болды. Қаланың көлемінін үлкендігіне қарап, сол өнірдегі әкімшілік оргалығынын бірі болғандығын көреміз. Қазба жұмыстарының барысы ірі құрылыстардың болғандығын байқатады. Мұнда да қалашық сырты биік те қалын дуалмен қоршалып, бекініс айналасына терең ор қазып, су толтырып қойған. Археолог ғалымдар қаланың өмір сүруінің кейінгі кезін XVІ ғасырға әкелгенімен, кейбір аңыздар оны жоңғар дәуіріне дейін, яғни XVІІІ ғасырдың басына дейін болған деген пікір айтады. Түркі дәуірінің соны мен моңғол шапкын- шылығының басында өмір сүрген қалашықтың біріне Балабөген өзенінің оң жағасындағы, қазіргі кезде "Домалақтөбе" деп аталып кеткен қалашық. Ол да жоғарыда айтқан қалашықтар сияқты екі бөліктен тұрған. Қалашық "батыс бөлігі, "шығыс бөлігі деп екіге бөлінеді. Батысының биіктігі 7-8 метрге дейін жетіп солтүстіктен оңтүстікке 80 метр, батыстан шығысқа 85 метрге созылса, екіншісі солтүстіктен оңтүстікке 160 метр, батыстан шығысқа 140 метрге созылып жатыр. Айналасының биік те калың дуалмен қоршалуы басқа қалашықтардағы сияқты. Дәл осындай VІІІ-XV ғасырлардың ескерткіші болған "Сырғасалды" аталып кеткен қалашықтың орны. Бұл қалашық Шаян елді мекеніне жақын, ауылдың шығыс жағында, Шаян өзенінің сол жағында, бір шақырым жерде ғана жатыр. Қорғанысы әдеттегі ортағасырлық қалашықтардағыдай болғанымен, басқа қалашықтардан бізге жеткен бір артықшылығы, мұнда әлі күнге дейін мұнараның орны анық көрінігі жатыр. Мұнда да ата-бабаларымыздың пайдаланған заттары мен бұйымдары табылуда. VІІІ-XV ғасырлардағы қалашықтар қатарында Сарқырама өңіріндегі Бөген өзенінің оң жағындағы "Жалаутөбе" деп аталатын және қазіргі кездегі "Шалдар" елді мекенінің жанындағы қалашықтар . Сонғы екеуі 1219 жылдың күзіндегі Шынғыс ханнын Қостұрадан асып. Отырарға қарай жол тартқан жер қайысқан қолының дәл жолында жатқаны белгілі. Әрине ондай күшке төтеп бере алмайтынын түсінген қалашықтар бірден берілген болса керек. Біз Шаян өңіріндегі ортағасырлық қалашықтар жөнінде көп айта алмадық. Әрине, олардың       құрылысы, қалашық төңірегіндегі ауылдар, қолөнер ескерткіштері, шаруашылығы жөнінде әр қайсысы бойынша жеке-жеке талдап айтуымызға болар еді. Екінші жағынан, оқырман жастарға бұл қалашықтар жөнінде арнайы айтып отырғанымыз, еліміздің басқа жерлеріндегі сияқты Шаян өңірінде де ортағасырлық қалашықтардың болғандығын, келешекте осылардың тарихын арнайы зерттеу керек екендігін ескерту болып отыр. Бұл жөнінде айтқанда, 1990 жылы сол кездегі Жамбыл атындағы шаруашылықтың Шымкентке шыға берісіндегі жолдың бойындағы көпірдің сол жағында адамның мүсіні кескінделген бір тастын табылғаны. Мүсін жоғарыдан төмен қарай екіге бөлінген екен. Осы екі бөлікті құрастырғанда адамның бейнесі бедерленген тас мүсін ап-анық көрінген. Қолына тостаған ұстаған ер кісі оң қолын белдігінен сәл жоғары ұстап тұр. Үш бұрышты жағалы киім, белдігінде қанжар және қылыш байлаған. Қалың мұртты жауынгер мүсіні жөніндегі алғашқы пікір, ол VІ-XІ ғасырда жасалынған дейді. Бұл бізге сонау кезде осы өңірді мекен етіп тұрған ата-бабаларымыздың қару-жарақтарымен ғана емес, сонымен бірге олардың бейнелеу өнерінің қандай дәрежеде болғандығын да көрсетеді. Жалпы, XX ғасырдың 70-80 жылдарындағы аудан көлемінде ескі тұрақтар орындарын зерттеулер адамдардың өмір сүруіне қолайлы, шаруашылыққа жайлы Шаян өңірінде оның көптеп табылғанын көрсетті. Тек орындары белгіленіп, алғашқы зерттеулер жүргізілгенін ғана айтатын болсақ, аудан көлемінде ерте дәуір мен орта ғасырлар кезіндегі 57 қалашықтар орындары. елді мекен, немесе тұрақтар орындары, қорымдар тізбектері есепке алынған. | Олардың біразына археологиялық қазу жұмыстары жүргізілген. Солардың ішінде 29 қорымдар орындары, 9 елді мекен орындары, бір қарауыл төбе, 8 қалашық орындары және басқа да тұрақтар болып отырса Шаян өңірі тұнып тұрған тарих емей немене. Осымен бірге әлі де қалашықтар мен елді мекендердің белгісіз болып жатқандары қанша. Соның өзінде белгілісі алпысқа жетіп отырса, бұл дегенінің бір аудан үшін аз емес. Ал оларды зерттеу ондаған жылдардың жұмысы болып табылатыны сөзсіз. Иә, Шаян өңірі тұнып тұрған тарих. Бұлардың бірі Сақ дәуірінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрақтары болса, енді біреулері Қаңлы дәуірінде, кейбірі Түркі дәуірінен қалған жәдігерліктер. Әрине, қалашықтар мен елді мекендердің орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу еліміздің осы бір өңіріндегі ертедегі көрші елдермен болған жаугершіліктер, сауда қарым-қатынасының қандай болғандығы, шаруашылығы, оның түрлері, тұрмыс-салты, діни сенім-нанымдары қандай екендігі жөнінде қаншама жаңа мәліметтер әкелетіні сөзсіз. Кім білсін, жылдар өтер, бір күні зерттеушілер тағы бір алтын киімді билеушінің денесін табар, немесе тарихымызда теңдесі жоқ жаңалық дәл осы біздің өңірден табылар... Ол сөзсіз... Ұзындығы шамамен жеті мың шақырымнан астам жерді алып жатқан "Жібек жолы бойында орналасқандықтан, бір жағы Испиджабтан солтүстікке қарай шыққан жол Қаратаудың терістік баурайындағы Құмкент, Бабата, Созақ қалаларына баратын. Жазба деректерге Қарағанда V-VІІ ғасырлардың өзінде Испиджаб қаласы сауда жолында жатқан. Бұл өңір Византия мен араб халықтарына ірі экономикалық және әкімшілік қала ретінде белгілі болды. Орта ғасырлық жазба ескерткіш М.Қашкаридің "Диуани лұғат ат-түрік" атты еңбегінде алғаш рет осы қала туралы дерек бар. Онда: "Сайрам - Испиджаб деп аталатын ақ қаланың аты" делінген екен. Оған бір жағы шығысында Талас аңғарымен қоса, екінші жағы солтүстік батысында Сауранға дейінгі кең аймақ қарады. Бүгінгі Шымкент қаласынан он екі шақырым жерде орналасқан Испиджабтан Қазығұртты бауырлап Шаш қаласына, солтүстікке карай Құмкент, Бабата, Созаққа, ал, батысқа қарай Отырар жаққа сауда жолдары кететін. Экономикасы өркендеп, мәдениеті гүлденген бұл қалаға көп ел көз тігіп, оған қарулы шабуылдар да жасады. 714 жылы Испиджабты араб халифатының умейалық кезінің соңына таманғы ірі колбасшысы Муслим ибн Кутайба қарудың күшімен басып алса , кейіннен оған түркілер мен Шаш билік етті. VІІІ ғасырдың ортасында бұл өңірге шектесіп жатқан Қарлұқ қағандығымен белгілі. Бұл Шаян өңіріне де қатысты. Кей жазбагерлер дәлелдеріне сүйенсек, Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуіріндегі қалалардың бәрінде дерлік "кент" сөзі қосылып айтылған. Соған қарағанда Шымкент қаласының аталуы да осы оғыз- қыпшақ дәуірінен басталса керек деп ойлаймыз. Бұл Шымкент елді мекенінің моңғолдардың шап- қыншылығына дейін болды деген сөз. Әрине, VІІ-VІІІ ғасырларда мұндағы елді мекен- дер өзара қатынас орнатты. Жазба деректерде аты аталмағанымен Қаратаудың етегіне таман Йассы- Тараз, Шаш-Саудакент, Созақ-Испиджап керуен жолы- ның түйіскен жеріндегі жусаны мен бұл аймақтан басқа жерде өспейтін дермене сияқты емдік қасиеті бар шөп өсетін. аса қолайлы жерде жатқан Шаян тарапында сол кезде өзіңде шаруашылығы мен саудасы дамыған елді мекен болды-ау деген ой келеді. Кім білсін, небір емшілер осы бір керемет қасиеті бар шөгіті алып кетіп, дәрілер жасаған да шығар. Бірінші мыңжылдықтың соңына карай Орталық Азия мен Қазақстанға арабтардың келуі күшейді. 714 жылы Шаш қаласын басып алған арабтар Испиджабқа жорық жасады. 719 жылы арабтарға қарсы Фарабта көтеріліс болды. Араб тарихшылары да Фараб, Испиджап өңірінде жаулап алушыларға қарсы қозғалыстар болып жатқанын жазған. Осы кездегі қоғамдық өмірдегі аса маңызды өзгерістердің бірі — жаңа мемлекеттік діннің - исламның келуі болды. Ислам дінінің тарай басталуымен бірге араб әрпі түрік жазуын ығыстырды, ғылым өсті. Жазба әдебиет дамыды. Кім білсін, қазіргі аудан жерін дүние жүзіне белгілі ғалым-энциклопедист Әбу-Насыр-әл Фараби және жалпы түркі әлемінің ұлы перзенттері Қожа Ахмет Иасауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашкари, Сүлеймен Бақырғани, тағы басқалар тең-тең жүк артқан керуендермен бірге өздерінің теңдесі жоқ бағалы кітаптарын жаза жүріп, сан рет ары-бері кесіп өткен болар. Сол сапарларында Қаратаудың бір-бірімен жалғасқан төбелері мен кең жазықтарынан басып өтіп, небір әдемі шатқалдарындағы сылдыр қаққан мөлдір бұлақтарынан шәрбат татыған суын ішіп, жалғыз аяқ жол жағалауындағы айналаға өң берген гүл- бәйшешекті сұлу көріністерге тамсана қараған болар. Иэ, дүниенің төрт бұрышын шарласа да Мың бір түн ертегісінде айтыла беретін небір бақтарын аралап көрсе де Шаян өңіріне келген кез келген саяхатшыңды Арыстанды, Қарасу, Шаян, Қошкарата, Бөген мен Боралдай сияқты жағалауы жапырағынан небір керемет жұпар иісі аңқыған сәмбі талдар мен жиделерге толы өзендерінің жағасындағы көкорай шалғынды алқаптары қызыктырмауы мүмкін емес еді. Өзен бойын жағалай өскен жабайы талдар алқаптары ше. Сол бір табиғаттың сыйлаған байлығынын бәрін өз қолымызбен жойған бүгінгі ұрпақ- біздердің сол керемет көріністерді көз алдымызға елестетуіміз мүмкін емес әрине.

Осы өңір сол ғасырларда бір билеушіден кейін екінші билеушінің қолында болғаны белгілі. Біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығы да аякталуға жақын қалды. Бұл кезде Араб халифатының үстемдігі Оңтүстік Қазакстанның белгілі бөлігінде ғана жүрді. Солай дегенмен де қазіргі аудан жеріндегі тайпалар өкілдерінің Тараз-Фараб, Испиджап-Фараб жолы бойында тұратындары Араб халифаты құрамында болған-ау деген пікір айтуга болады. Айта кетер бір жайт, ІХ-ХІ ғасырларда бұл өңірге Сеухунның арғы бетін мекендеген оғыз тайпалары да келіп, араласып, Шаш, Фараб өңірін былай қойғанда, тіпті Қаратаудағы Бөген, Шаян, Боралдай өзендері бойларына дейін ат басын тіреген. Осы ғасырларда бүкіл өңірдегі ірі қалалардың нығаюуы, сауданың дамуы, Арыстанды. Боралдай және Шаян бойындағы елді мекендер мен шағын қалалардың өсуіне ықпал жасаған. Суармалы егіншілік дамыды, суландыру құрылысы кең қанат жайды. Қолөнер дамып, әсіресе қыш-құмыра кәсіпшілігі өркендеді, зергерлік бұйымдары көптеп жасалды, қару-жарақ ісі жақсы жолға қойылды, сауда қызды. Бүкіл өңір гүлдену, өсу-өркендеу кезеніне аяқ басты. Шаян өңірінің аты шартарапқа жетіп жатты. Сол кезде де Қаратаудан асып, енді шашақ шашып келе жатқан Күн нұрына бөленген, күннің шапағы түскен ауылды талайлар қызықтаған болар. Орта ғасырлык мәдениеттің өркендеуі кезінде ел аузында қаһармандық пен батырлар туралы жырлар пайда болып, елден-елге тарады. Олар туралы айтқанда - Шаян өңіріне тікелей қатысты "Қамбар батыр" дастаның сөз етпей күтуге болмайды. Мысалы, "Жібек жолы журнальіның тұңғыш номеріндігі "Қамбарбатыр жыры қалай туған"- деген мақалада Ә.Шілтерханов оны Қаратаудағы бізге қазба жұмыстарынан кең танымал болған Арыстанды өзеніне жақын жердегі Үсіктас - Қарасу бойында өмір сүрген дейді. Жазбагерлердің айтуынша, қыз Назымның ауылы ескі Баба-ата қаласынан бері. Баба Түкті-Шашты Әзиз кесенесіне жақын жердегі небір ауруларға шипа болар, айналасында ну қамыс өскен, жағалауы құсқа толы, Қызылкөлдің сазында болған. Осы бір шипалы судан сол өнірдегі ұшқан кұс, жүгірген аң шөлін қандыратын. Дастан жөніндегі әлгі айтылғандарға сенер болсақ, Қамбар батырдың ауылын асыраймын деп құс салып жүріп Назымға кездескен жері осы Қызылкөлдің жағасы "Қыз әулие", Үсіктас" (Үш тесік тас) туралы ел аузындағы аңыздарда да дол осы жерден басталады. Үсіктасқа байланысты айтылатын бір аңызды ертеректе менімен қызметтес болған, Шымкент облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, сол жерде туып-өскен Дәулетбек Білісбеков деген ағамыздан естіген едім. Ол кісінің айтуы бойынша, сонау бір заманда Сыр бойында тұратын бір ару соғысқа кеткен жігітің көп күтіпті. Сүйгені келмегеннен кейін қасына бірнеше құрбылары мен серіктер алып, оны өзі іздеп шығады. Осы жерге келгенде алыстан Үсіктасты көреді. Үш сақина алыстан ап-анық көрініп тұрғаннан кейін жолай сұрап, онын басындағы тесігінен өткен адамның тілегі қабыл болады дегенді естиді. "Іздеген жігітім табылар ма екен",- деп үміттенген әлгі қыз, Үсіктастан (үш тесік тастаан) өтпекші болады. Алайда, күн батып қалғаннан кейін таңертең бармақ болып, жақын жердегі бір бұлақтың басына түнейді. Өкініштісі, соншама жерден арып-ашып келген қыз сол ұйыктағаннан оянбай қалады. Қасындағы серіктері мен құрбылары оны сол бұлақтың басындағы кішкене төбешікке қояды. Сол тесіктасқа жете алмай кеткен ару жерленген төбе қазір "Қыз әулие" деп аталады. Ол бүгінгі "Үсіктас" ауылынан екі шакырым жердегі "Қарабұлақ" деп аталатын бұлақтың басында тұр. Бір кереметі болса керек, сол "Қыз әулиеге" барып түнесе шапағаты тиеді екен. Дәулетбек ағаның айтқан бір аңызы осылай еді... Осы кезеңдегі гүлдену, өсу монғол шапқыншылығына дейін жалғасып, мәдени салада кейінгі ұрпақтар үшін қаншама өлмес мұралар жасалынды. Қазіргі ауданның оңтүстік-батысы түгел монғол шапқыншылары таптап өткен жері десек, онда жергілікті халық оның ауыр зардабын бастан кешіргені анық. Шыңғысханның қазак жеріне шабуылының алдында Отырар билігі қыпшақтар қолында болғаны мәлім. Отырар өңірі ғасырдың басында Хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) пен монғол билеушісі Шыңғысхан сияқты мейлінше алып екі билеушінің текетірескен аймағына айналды. Отырарлық билеуші Қайырханнын Хорезм шахы Мұхаммедті қолдағаны белгілі. Өйткені сол кезде Отырар және оның төңірегіндегі Йассы, Шаш, Сауран, Сайрам Мухаммед Хорезмшахқа қарап қалды. 1214 жылы ғана Хорезмшах Испиджабты қиратса, 1216 жылы Отырар билеушілерінің көтерілісің басқан болатын. Дәл осы жылы ол Қайырханды Отырар билеушісі етіп қойды. 1219 жылы моңғолдардың керуеніндегі саудагерлерін өлтірткен Қайырханды Мухаммед Хорезмшахтан Шыңғысхан өз қолына беруін сұрады. Жүз "елшісін" өлтірткенін естігенде Шыңғысхан: Алтын арқанымды қидырып, қол қусырып отырамыз ба? Жүз жігітіміздің кегін қайтарып, сартауылдармен соғысып, егеске қысас істеп, сартауылдармен шайқасайық ,- деген. Ал Қайырханды Шыңғысханның қолына ұстап беру мәселесіне келсек, әрине олай болу мүмкін емес еді. Содан, 1219 жылдың көктемінде бас-аяғы Зайсанда жиылып, сол жерден екі тармақ болып жол алған қалын қол бүгінгі қазақ жеріне қарай жылжыды. 1219 жылдың қыркүйек айында моңғолдың Отырарға бет алған жер қайыскан қалын әскері Қаратаудың Алатаумен түйіскен жері арқылы асып, "Жас кешу'' деген жерге келіп, қос тігіп, аялдады. Кей тарихшылар сол кездегі моңғол жылнамасында олардың жүрген жеріне таяу жатқан бүгінгі Шымкент қаласының атының аталмау себебіне жауап іздейді. Біздіңше, біріншіден, ол кезде Шымкент өзінін көлемі жағынан да, маңызы жағынан да мән беретіндей мекен болмаған. Екіншіден, моңғол әскерлері Тараздан шығып, Қаратау жоталарынан асып, Арыс өзенінін бас жағындағы "Жас кешу" деген жерге келіп тыныққан сон бір бағыты Испиджаб арқылы Қазығұрттың етегін жағалап Орталық Азияға қарай кетсе, екінші бағыты Отырарға қарай тартып, екі ортасындағы Шымкент моңғолдар үшін көптеген кіші елді мекендердің бірі ретінде елеусіз қалуы мүмкін. Дегенмен бұл қаланың пайда болуын Б.Ә.Байтанаев, А.Н.Грищенко, Б.Мұстафаев сияқты археолог ғалымдарымыз біздің дәуіріміздің басына дейінгі кезге алып келеді. Моңғолдар шапқыншылығынан кейін ғасырлар бойына гүлденген Сырдария жағасының қалалары қансырап қалды. Жасыл желеңге бөленген алқаптар қараусыздыққа ұшырады. Қалалардағы үйлер қирап, жер өңдеу мәдениеті жойылды. Содан. Отырарға бағыт алған моңғолдар "Қостұра" арқылы өткен. "Жетім Тұранын" шығысына таман, кейін "Шыңғыс асуы" делініп кеткен жермен жүрген моңғолдар Үлкен Тұраға жақын тұрған қаланы (қазіргі "Теректі әулие" ауылының орнында) бағындыру үшін үш-төрт мың әскерін қалдырса керек. Жақсы қаруланған халық, беткейдегі қалың орманды қалқалай отырып соғысып, жауды қалаға жібермеген. Шайқаста жене алмай шарасы таусылған басқыншылар ежелгі соғыс әдеті бойынша таудан келетін суды басқа жаққа бұрып, қаланы сусыз қалдырған. Боралдай өзені жағына шыға алмайтындай етіп қоршаған. Осындай қиын жағдайда Отырардан "тезірек көмекке келсін',- деген тап сырма да жеткен. Моңғалдардың қайгып соғатынын білетін қала тұрғындары қыстың көзі қырауға, тоң-мұзга қарамай, ертелі-кеш дамыл таппай таудағы бір бастау суын жер астымен тас қалап әкелген. 1220 жылдың көктеміне қарай Отырарды алған моңғол әскерлерінің бір түмені қайта соғып қаланы, бүкіл орманды өртеп, қамалды тікелей шабуылмен алды. Бала-шаға қарттар мен әйелдер "Үлкен Тұра" үстіне бекінген еді. Соңғы күш тау баурайына бекінді. Бірақ бір сатқын Тұраның басына шығатын жасырын жолды айтып қойып, моңғолдар бірден тас қамалға лап қойып, төмендегілерге өздері дайындаған дәу тастарды домалатып, қырып салған. Қолга түскен қолбасшысын екі қолынан атқа керіп тұрып, бір моңғол жауынгері қабыртасының астын тіліп жіберіп. жүрегін суырып алып, буы бұрқырап тұрған күйі түмен басының қолына берген екен,- деседі. Бұл халық аузындағы бізге дейін жеткен аңыздың бірі. Бірақ жер астымен әкелінген су әлі күнге дейін сарқырап ағып жатыр. Қаланың қираған орны ғана қалып, орманы із- түссіз жоғалған кең беткейде бес-алты шакырым жер астымен келтірілген бұлақ әлі күнге дейін талай құпия сырларды ішіне жасырып жатыр. Аудан көлеміндегі моңғол шапқыншылығынан бүгінге дейін жеткен, бізге мәлім ескерткіш осы ғана. Жайлаутөбе (Сарқырамада), Ақтөбе (төменгі Боралдайда), тағы басқа көптеген елді мекендер осы кезде жермен-жексен етілген- ау деп ойлаймыз. Шаян өңірінін тау өлкесін басып өткен Жошы сапары жөнінде де мәліметтер бар. Онда 1224 жылдың жазында, Алатау баурайындағы Құланбасыда өткізілген құрылтайға бара жатып, Шынғысханның үлкен ұлы Сырдария бойындағы ірі қалаларды түгелдей дерлік жаулап алған. не біржола қиратқан Жошы Боралдай мен Қошқар-ата өзенінін басталар жағына жақын қазіргі Борлысай ауылының оңтүстік шығыс шекарасындағы үлкен асу үстіне тоқтап, бір топ жергілікті билермен кездесу өткізген. Жазушы Е.Тұрысовтың шығармаларындағы кейбір мәліметтерге Қарағанда сол кездесуге Үйсін, Сіргелі билері, Айшыкел би мен Бәйдібектің баласы Жалмамбеттер сияқты белгілі адамдар қатысқан. Ол жер бүгінде "Үлкен Орда қонған", "Кіші Орда қонған" деп аталады. Осыған Қарағанда қай кезде өмір сүргені жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып жүрген Бәйдібек пен Байтулы моңғол шапқыншылығынан көп бұрын жасаса керек. Аудан өңірінде әлі күнге дейін сақталып отырған қолдан үйілген төбелер жөнінде де тоқтала кеткеніміз жөн. Соңғы жылдарға дейін бұл "Қарауыл төбелерді жоңғар шапқыншылығы кезінде жергілікті халық салған деген пікірлер айтылып келді. Расында, аттары айтып тұрғандай "Қарауыл төбенің бірінің төбесінде ЗбТынышаев М. История казахского народа Алматы: Қазақ университет! 1991 жанған от екіншісіне көрінеді. Яғни, жау келе жатқанын хабарлау үшін қолдан үйілген төбелер тізбегі бұл. Деректер оларды Шыңғысханның салдырғаның айтады. Ол бойынша, бұл өңірдегі ірі-ірі шайқаспен алынған жеті қаланы алуының белгісі ретінде әдейі жасатқан болса керек. Онын әр кайсысының кұрылысына мыңдаған адам қатысыпты. Шаян өңірі тұралы тарихи жазбалар әліге дейін аз. Бұл жөнінде өте ертедегі жазба ескерткіштер болмағанымен, ортағасырлық заманнан бері бар. Соның бірі - 1584 жылы жазылған Шараф намейи шахи" (Патшаның даңқы туралы кітап). Оны жазған Хафиз-Тыныш бен Мир Мұхаммед әл-Бұхари екен. Ол аталып отырған кітабында 1582 жылдың сәуір айының 9-жұлдызында Сайрамнан шыққан Бұхар ханы Абдоллахтың Бөген, Шаян және Арыстанды өзендерін кесіп өтіп Түркістанға бағыт алғанын айтады екен . Әрине, сол бір дүбірлі XІV-XV ғасырлар бойындағы оңтүстік өңірінде болған қиян-кескі шайқастар, Темір жорықтары Қаратаудың оңтүстік күнгей бетіндегі халықтарды қамтымай қойған жоқ. Қазақ хандығы құрылған дәуірдегі Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанак, тағы да басқа қалалар тарихы Арыстанды, Боралдай, Бөген, Шаян өзені бойындағы тұрғындар тарихымен сабақтас жүргенін ешкім бекер дей алмас. Ортағасырлар кезінде өркендеген қаланың бірі - Саудакент болды. Шаян, Арыстанды өзендері басталатын жоталардың арғы бетіндегі бұл қалаға жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары оның өмір сүрген кезі ІX-XV ғасырлар екенін анықтап отыр. Әрине ежелгі Түркістан, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Құмкент және Шаш ұзына созылған бойы, қарт Қаратаудын арғы жағы мен бергі жағын толассыз өмір тіршілігімен жалғап жатқан дәуір мәйегі, тарихи деректермен жылдар өткен сайын дәлелдене түсері сөзсіз. Ал қазіргі орнының өзі бізге көп нәрсені айтып тұрғандай. Қазақ хандығынын құрылуы қарсаңында да бұл өңірде небір дүбірлі оқиғалар, шапқыншылықтар болып жатты. Шамасы, Шу аймағына Керей мен Жәнібектің көшіп келген уақыты - 1457 жылдың күзі. Керейдің хан көтеріліп Қазақ хандығының түпкілікті құрылған жылы 1458 жыл болса керек,- деген пікірлер осы жайға байланысты айтылады. Кей жазбагерлер қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылдар дейді. Ал Әбілхайыр өлгеннен кейін оның билігіндегі жерде алауыздықтар болып, қоластындағылардың бір бөлігі Керей мен Жәнібек хан жаққа қарай көшіп кетті-8. Осы жерде қазақ хандығы құрылды,- деген пікір қалыптасты бізге. Қазақ хандығы құрылған кезде хандықты Керей мен Жәнібек одан кейін олардың ұрпақтары кезектесіп басқарғаны белгілі. Сөйтіп, қазақ хандығы барған сайын нығая бастады. Қазақ әміршілері енді өз билігін бірде бір елдің, енді бірде екінші елдің билеуіне өткен ата-бабаларының бұрынғы көшіп-қонып жүрген жерлеріне, ежелден келе жатқан қалаларына толық орнатуды, соның бірі Гүркістан қаласын өздеріне қайтаруды ойлады. 1470 жылы Қаратау етегіндегі ежелгі Созақты қосып алады. Одан кейін таудың арғы бетіндегі Сауран да алынады. Қазақтың байырғы жеріндегі керемет ғимараты бар Гүркістан қаласы үшін талас күшейеді. Жалпы Түркістан XV-XVІ ғасырларда Мауреннахр билеушілерінің осы өңірдегі әкімшілік орталығы болған. Ол қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілері арасында үлкен таласты жерге айналды. Олар қаланы алма-кезек бағындырып. ақырында XVІ ғасырдың соңында қазақ хандығының құрамына біржола еніп, XVІІ ғасырдан бастап қазақ хандығының астанасына айналды. Сөйтіп, ірге көтерген хандықтын алғашқы хандарының кезінде-ақ территориясы кеңейді. Көптеген қалалар мен алқаптар, Қаратау өңірі, Сырдың төменгі ағысы, солтүстік Арал жағалауы, Сарыарқа енді. Жетісудағы ата қоныстар қайта қосылды. XVІ ғасырдың басында Сайрам алынды. Қасым (1511- 1521 жж.) тұсында қазақ хандығының күшейгені белгілі. Әз Жәнібектің тоғыз ұлының бірі болған ол Бұрындық хан түсында бүкіл әскер қолбасшысы болған. Шайбандықтарға талай рет соққы берген ол Созақ. Сауран, Сығанақ қалаларын алған. Ортағасырлық Оңтүстік өңірінде озық ойлы ғұлама ғалымдар көптеп саналды. Соның бірі-әрібірігейі Әбу- Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) Арыс өзенінің Сырға құяр жеріндегі Фараб қаласында тұрды. Шын аты Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг аль-Фараби. Ол артына өшпес мұра қалдырды. Сол дәуірде Фараб қаласынан басқа да ғалымдар шықты. Сондай-ак Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") атты кітабы мен басқа да еңбектерімен белгілі, өзіне Арыстанбабты ұстаз санаған, бүкіл Орталық Азия мұсылмандарының рухани ұстазы болған Ахмет Йассауй (XІ ғасырдың аяғы - 1167ж.) алғашқы білімді сансыз бабтар жері осы Испиджабта алды. Әкесі Ибрахим мен анасы Қарашаш сол қалада жерленгені. Оңтүстік өңіріндегі халық әулие санайтын аса ірі тұлга - Баба Түкті шашты Әзиз. VІІІ ғасырдың соны мен ІX ғасырдың басында өмір сүрген оның әулиелігі жөнінде Шаян өңірінің тұрғындарының да жақсы білгендігі сөзсіз. Жыраулар дүниелері көбірек туындады. Қаһар- мандық пен батырлар жырлары да халқымыздың ауыз әдебиетінде орын алды. Олар туралы айтқанда, көпшілігініц ішінде келтірілген жер-су мен адамдардың аттары Сыр бойы мен Қаратау өңіріне тікелей байланысты екендігін аңғарамыз. Осыған сүйенсек "Қобыланды'' жырында кәдуілгі басының бір тармағы бүгінгі Шаян өңіріндегі қатар жатқан Қошқарата. Боралдай болып келетін Арыс өзенінің бойындағы Қарасман атауын кездестіреміз. Ондағы көп жағдайлар Оңтүстік өңіріне байланысты. "Алпамыс батыр" жыры туралы да осыны айтуға болады. Ежелгі көптеген рулардың атасы саналатын Қаратау өңірінен шыққан Бәйдібек Қарашаұлы мен тірі кезінде-ақ көріпкел әулие ретінде танылған Домалақ ана - Нүрилә заманы олардан бұрынырақ, VІІ-VІІІ ғасырлар болса керек. деген пікірлер де бар. Дегенмен кейбір аңыздар Әмір-Темірдің заманына алып келеді. Әрине біз бұларды бізге дейін жеткен кейбір жазбалармен бірге халық арасында бүгінге дейін сақталған аңыздардың негізіне сүйене отырып та айтамыз. Ортағасырлар дәуірінде жартастарға. шоқылардағы тегіс тастар бетіне суреттер салу көп кездеседі. Біздің ғалымдарымыз оларды қола дәуірінде салынған суреттерден ажыратып, олардын өзіндік ерекшеліктері бар екендіктерін көрсетіп отыр. Шаян еңіріндегі Боралдай жартастарында ортағасырлар дәуірінің суреттері кездеседі. Олардың негізгі бөлігі қола дәуірі ғибадатханаларының сыртындағы өзен жағасындағы жартастарда орналасқан. Жебесі салынған садақ бейнесі өзіне назар аударады. Қашау әдісіне қарап бейненің қатты темір бұйыммен қашалғанын білеміз. Сонымен бірге, су ретті пати на басқан, демек су рет жаңа заманда салынуы мүмкін емес. Қарудың имек пішіні жақсы көрініп тұр, демек бұл бірнеше бөліктерден құрастырылған құрамы күрделі садақтың суреті. Оның жанында, жарықтан кейін төрт арқар бейнеленген. Олардың қашау әдісі садақ пен ешкінікінен бөлек, олар әлдеқайда жұмсақ, сірә, тас қарумен қашалған және ол ерте темір ғасырына жатады. Садақ пен жебенің сол жағында қашалған ешкінің ірі бейнесі қару бейнесі секілді темір құралмен қашалған. Жалпы, көнетүркі суреттеріне орналасудың мынадай түрі тән: бізге белгілі жартас суреттері бар ғибадатханалардың көбісінде ортағасырлардың жоралғылық орталықтары көне ғибадатханалар шетінде немесе оның сыртында орналасқан. Бірақ, суреттер міндетті түрде көне салт- жоралғылық орталықтардың жанында қашалатын. Жоғарыда айтқан бірінші және екінші топ петроглифтері арасынан табылған салт аттылардың және атқа мінген садақшылардың ешкі аулауының жекелеген бейнелері көнетүркі уақытына жатуы әбден мүмкін,бірақ олардың нашар сақталуы бұл жәйт туралы сенімді пікір айтуға мүмкіндік бермей отыр. Өкінішке орай. уақытын анықтауға көмектесетін найза, ту, ауыр қаруланған салт аттының әскери отырысы, киім-кешек әлементтері анық байқалмайды. Сол себепті қазіргі таңда көнетүркі уақытына біз тек жоғарыда айтылған қатарымен тізілген садақ және ешкі таңба бейнелерін жаткыза аламыз. Ортағасырлық петроглифтердің аз болуының себебін жакын маңда Теректі өзенінің Боралдайға құятын жерінде қала орналасқандығымен түсіндіруге болатын секілді. Әскери салт-жоралғылық орталықтар әдетте ірі отырықшы орталықтардан алшақ жерде орналасқан. Ортағасырлық ғибадатхананы. сірә, Боралдай өзенінің жоғары тұсында, шатқалдан іздеу керек.

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ШАЯН ӨҢІРІ

Шаян өңірінде жоңғарлар шапқыншылығы күшейген жылдардағы азаттық соғыстың болған жерлері баршылық. Жалпы, қазақ тарихында ерекше орын алған Есім ханның тұсында Қазақ хандығының көрші жатқан жоңғарлармен қайшылығы бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Оның таққа келуінен жетпіс- сексен жыл бұрын басталған тынымсыз майдан енді бітпес кекке ұласты. Қазақ хандығы мемлекеттілігінің дамуында оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-қатынастары, әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу фактілері тұрғысында тарихтың қатаң сыңынан өтуі тиіс болды. Расында, XVІІ ғасырдығ басынан қазақ жеріне көрші елдердің көз алартуы бұрынғыдан күшейді. Онын үстіне жүздер, тайпалар, рулар арасында талас- тартыс орын алды. Бұл алауыздықтарды көршілер пайдаланып, ретін тауып бір-біріне айдап салды. Араларына шоқ тастап, қазақ хандығын мейлінше әлсіретіп, жерін алуды ойлады. Бұл кезде қалайда елді аман сақтау, басқыншыларға тойтарыс беру, үнемі қырағы болу мәселесін әр жылы ерте көктемде, немесе күзде жиналатын, казақтың үш жүзінің ханы басқарып, әр жүздің сұлтандары, билері, рубасылары бас қосатын Мәртөбе кездесуінде үнемі айтылып отырды. Мәртөбе —Сайрам қаласының шығысындағы бес-алты шақырым жердегі жиын өткізу үшін жазық жерге арнайы қолдан үйілген үлкен төбе болатын. үш бұрышты болып қолдан үйілген бұл төбенін әр жағының ұзындығы елу метрдей. Кей жағының биіктігі он метрдей болса, батыс жағындағы бұрышындағы үй орнындай жер тағы екі метрдей биіктегілген. Ол жерде қазақтынханы мен сұлтандары, ірі билері отырған болса керек. Мәртөбе төбешігі жай көздің өзіне жиын өткізетін жер екені көрініп тұр. Сондықтан ата-бабамыздан қалған, арысын қайдам, берісі Салқам Жәңгір мен әз Тәуке осы төбенің басында қаншама per жиын өткізген бұл жәдігердің тарихымыздағы орны ерекше. Қазақ жасақхарынан 1643 жылы қатты соққы алған жоңғарлар өткен кегін қайтару мақсатында 1652 жылы қайтадан шабуыл жасап. Салқам Жәңгір жоңғарлармен шайқастағы хошоуттық Галдамой тайшымен жекпе-жекте қаза тауып, сүйегі Түркістан қаласына жерленген. Содан кейін оның орнына он жегіге келген баласы Тәуке (Тәуекел) таққа отырды . Айта кетейік, көптеген тарихшылар жазып келгендей Тәуке таққа 1680 жылы емес, Омбы мұрағатында көрсетілгендей. одан 32 жыл бұрын отырған. Өткен жылы Тегеран университетінің орталық кітапханасында Иран шахы Аббастың 1661 жылдың желтоқсанында қазақ ханы әз-Тәукеге жазған хатының табылуы соның тағы бір мысалы болмақ. Оған әкесінен кен байтақ жер, жаксы жайылым, ірі қалалар мұра болып қалды. Оның хандығындағы қалалардың санының өзі жиырма бес еді. Сол кездегі қазақ қалаларының бір-бірімен жақын орналасқаны сонша, алыс деген ірі қалаларына суыт жүргенде Тәуке ордасынан үш күндік жерде тұрған. Соған Қарағанда, қалалардың негізінен осы оңтүстік өңірінде болғаны белгілі. Солардың ішінде Түркістан, Ташкент, Сайрам ерекше орын алды. Халықтың әз-Тәуке деп ерекше кұрметтеп, осылай атап кеткен ханнын билігі кезінде қазақтарға шығыстағы оранхай қалмақтарымен (жоңғарлармен) бірге батыстағы құба қалмактары тарапынан да шапқыншылықтар күшейді. Олар Еділ бойында XVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейін бастарын біріктіріп, Моншақты Аюке ханның қоластында 1669 жылдан 1724 жылға дейін болды. Ол құба қалмақтарын 54 жыл бойына биледі. Осы ұзақ жылдардағы билігі кезінде ықпалы тіпті оның хандығымен іргелес жатқан қазақтарға, қарақалпактарға, түркмендерге де жүрген. Ол сонау алыстағы бауырларымен байланыс жасай отырып, Жоңғарияның ханы Цэуан Рабданға қызы Стержапты берген соң, жоңғарлық Дарма Бала ханымға үйленіп, өз хандығының қатынасын Қытай, Осман империясымен де жолға қойып үлгерген . Бұл жоңғарлардың қазақ даласының оңтүстік өніріне шапқыншылықты күшейткен кезі болатын. Бірақ ол тойтарыс та алды. Мысалы, 1681 жылы Тәуке хан Қалдан Бошақту әскерлері Сайрамды қоршап, Түркістаннан қол бастап келгенде тойтарыс берді. Осы шайқасқа Кіші жүз әскерінің бір бөлігін басқарған, кейін осы жүздің биі болған Жалантөс баһадурдың немересі Әйтеке батыр қатысты. Ол батырлығымен бірге шешендігімен де көзге түскен еді. Бірақ, жоңғарларды осы жолы кейін шегіндіргенімен 1683 жылы Сеуан Рабдан қолбасшылығымен қайта келіп. Сайрам қаласының тас-талқаның шығарды . Осыдан кейін оның жанында жыл сайын екі рет жиналатын Мәртөбе кездесуі өтпей қалган. Халқының саны жағынан қазақтарға Қарағанда әлдеқайда аз болғанымен әскери күшті басым жонғарлар Ташкентті де алды. Қазақтар оны 90- шы жылдардың ортасында ғана өзіне қайтарды. Сол жылдары үш жүз өкілдерінің бас қосуы Түркістандағы Ахмет Йассауй кесенесінің оңтүстік-батыс жағындагы Күлтөбеде өтіп отырған . Кейін бұл кездесу ¥лы жүз хандығынын ордасы болған Ташкенттің оңтүстігіндегі шамамен қырық бес шақырым жердегі Ангрен өзенінің жағасындағы Күлтөбеде өіті. Әз-Тәукенің басшылығымен дәл осы жерде Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке би Бәйбек ұлы билердің қатысуымен "Қасым ханнын қасқа жолы мен "Есім ханның ескі жолы" негізінде "Жеті жарғы" қабылданды, әр рудың таңбасы белгіленді. Қазір сол Күлтөбенің ескі орны сонау замандағы өткен оқиғалардың ескерткішіне айналған. Өкініштісі сол жердегі барша оқиға барған сайын ұмыт болып барады. Еділ қалмақтарының ханы Аюке (Аюхай) таққа отырған соң келесі жылы солтүстік-батыстан қазақ жеріне басып кірді. 1673 жылы ақпанда Россия қоластына кіргендігі жөнінде ант берді. Осыдан кейін қай ісі болсын Россиямен келісіп жасауы тиіс еді. Бірақ, шығыстағы бауырларына көмек көрсету мақсатында қазақтарға қарсы шабуыл жасаудан ешкашан бас тартқан емес. Қазақ халқының тарихында XVІІ ғасырдың ортасынан бастап жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстардың жиілей түсті. Әсіресе, 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылганнан кейін бұл жағдай шиеленісе түсті. Ол қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Өзінен күшті Цин империясының жерін алудың ешқандай мүмкіндігі болмағандықтан олар бүгінгі Қазақстанның кең жайылымды даласына көз сүзді. Сауда, қолөнер да- мыған оңтүсгік батысқа қарай жылжыды. Толассыз сыртқы қақтығыстар мен қазақтардың өзара алауыздықтары ел ішінде көп қиындық туғызды. Жоңғарлардың қазіргі Шаян өңірін қалың әскер табанымен таптаганы белгілі. 1708 жылғы кезекті бір шабуылында жоңғарлар Бөген, Шаян, Боралдай өзендерінің бойларындағы қазақ ауылдарың талқандады. Дәл осы кезде олардың бауырлары - батыс жағымыздағы Еділ қазақтары да ел шетінен тиді. Қазақ халқының басына күн туған 1710 жылы Түркістан - Сайрам керуен жолында, Шаян өзенінен өткен жеріне таяу мандағы Қарақұм деген жерде үш жүз қазақтарының бас қосуы өтсе керек. Қаратаудың перзенті, Бөген өзеніне тау шатқалдарынан шыққан жеріне таман дүниеге келген жиырма тоғыз жастағы кейін Қанжығалы Бөгенбай атанған Алашаұлы көп билеушілердің: "Қарсы тұрар қауқар жоқ, босқа қырылғаннан гөрі үдере көшіп кетейік' дегеніне көнбей, туған жер үшін, өзінің кіндік қаны тамған Бөген бойы, Шаян өңірі, жалпы туған жері үшін бас болып, дұшпандарға өлтіре соқкы берді. Айта кететін бір жай, 1710 жылғы Қарақұм кездесуінің қай жерде өткендігі жөнінде жансақ пікірлер бар. Соның бірі Қазақстан энциклопедиясында беріліпті. Онда: Қазақ жүздері өкілдерінің жоңғар басқыншылығына қарсы күрес уйымдастыруға арналған Арал маңындағы Қарақұмда өткен жиын. XVІІІ ғасырдың басында жоңғар әскерлерінің басқыншылық әрекеттері күшейе түсті1 ... дейді. Өкінішті жай, Жоңғария мемлекеті тағы да кезекті шапқыншылығын жасаған кезде Бөгенбай батыр қол бастап, жоңғарларды апанына қарай бір серпітіп тастаған Қарақұм кездесуі өткен жер XX ғасырдың 60- жылдары Арыс- Түркістан каналының бойына мақта еккенде тегістеліп кетсе керек. Бірақ ол ауылдың соңғы кездерге дейін "Қаракұм" ауылы дегі келгені, әлгі тобені "хандар мен батырлар отырған әулие төбе" деп келгені белгілі. Енді біреулер әлгі төбе жоқ болып кеткеннен кейін кездесу өткен төбені одан ары үш-төрт шақырымда еді деп, тағы бір орынды көрсетіп жүр. Бірақ, оның өткен жерін оқиға болған жерден алыстатып, Қаракұм құрылтай -1710 жылы үш жүз өкілдерінің жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшін құрылған жиын. Ол Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұм алқабында өтті. Бұл бас қосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды../'46- деп көрсетеді тағы бір жазбагерлер. Осы жерде де келіспейтін жайлар бар. Біріншіден. Каратаудан асып жау келіп қалғанда. әрине. хабар Арыс өзені бойынан Түркістандағы қазак хандығының астанасына Қарауыл төбелер арқылы бір күн ішінде жетер. Сонда Тәуке хан бастаған қазақ жасақтары жау келіп қалғанда дәл қасында, төрт күндік жерде Ұлы жүздің астанасы Ташкент пен күншілік жердегі Кіші жүздің астанасы Сауранды тастап мың шақырымдық Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұмда не істеп жүр. Керуен күніне отыз шақырым жүрсе, мықты тұлпарларыңның өзі суыт жүргенде жетпіс-сексен щақырымға жетіп, ертеңіне жүре алмай қалмай ма?.. Атты дем алдыру керек. отқа қою керек... Ол бензин құйса жүре беретін бүгінгінің машинасы емес... Сайрамнан мың шақырымдай. он бес күндік жол. Сонда барып-қайтуы бір ай... Екіншіден, бүкіл қазақтың негізгі бөлігі осы үш астананың төңірегіне топтасқан болса, Аралдын солтүстігіне не үшін бармақ... Біздің жазбагерлер осыдан шатасты ғой деймін. Жалпы, бізде сондай тарихи оқиғаларды өз аулымызға тарта беретін жайлар көп. Осы жерде тағы бір айта кететін жай, халқымыздың сол кездегі тарихы жөнінде жазба деректердің әзірше көп болмай отырғандығы. Осыған байланысты тарихымызда небір оқиғалар өткен жерлерді терең зерттеп, бұл жәдігерлерді сақтауымыз керектігі. Өкінішке орай ондай жерлерге соңғы кезге дейін қамқорлық болмай келді. Мысалы, арысын айтпағанда, берісі Салкам Жәңгір мен әз-Тәуке жыл сайын көктем мен күзде үш жүздің басын қосып, кездесу өткізіп отырған Сайрамның жанындағы Мәртөбенің бір шеті ілгеріректе басқа жер табылмағандай егістік үшін қопарылып, айдалынып тасталса, Ташкенпен қырық бес шақырым жердегі "басында күнде жиын өткен" қазақ тарихындағы аты ерекше орын алатын Күлтөбе сол төңіректегі ауылдардың марқұмдарды жерлейтін қорымына айналған. А.Левшиннің бұдан жүз жетпіс алты жыл бұрын, | 1732 жылы жазып кеткен "Жеті жарғы" қабылданған жерді көп іздестіріп, тапқанымызда сол жердің тұрғындарының көпшілігі бұл жайды естіп таң қалды. Ұлты өзбек болып кеткенімен қазақ руларына жататын бұл жердегі кей тұрғындар көп тарихи оқиғаларды білгенімен, өкінішке орай ашык айтқысы келмеген сынай таңытты. Бізге керекті оқиға өткен жерге 1998 жылдың қырқүйегінде кезінде осы Шаян өңірінде еңбек еткен, халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесінің төрағасы болып істеген, кейін "Ордабасы" тарихи-мәдени қорығының директорлығы қызметін атқарған, ел тарихына деген жанашырлығы мол Ә.Жансейітовтың бастауымен Күлтөбе кездесуі болған жерге арнаулы сапармен барып қайттық. Ангрен өзенінің ескі арнасының арғы жағасында тұратын жасы 90-ға жақындап қалған Абдулла-ұлы Чинпулат (Шынболат Әбділдаев) деген өзбек болып кеткен қазақ қария ол оқиға жөніндегі аңыздарды жақсы білетін болып шықты. Оның жонғарлардың қоластында болған кез бен Төле би жөніндегі әңгімесіне қарап, оқиғаның өткеніне қаншама ғасыр болғанымен тарихи оқиғалардың ел жадында сөзсіз қалатынына кәміл сендік. Осы жерде құрметті оқырмандарымыз үшін айта кететін бір жай, кезінде орыс жазбагері А.И.Левшиннің жазып кеткен Күлтөбе төбесінің етегіндегі Ангрен өзенің қазір таба алмайсыз. Одан қалғаны ескі арнасының шөп шығып кеткен орны мен кезінде Ангрен өзенінен ары-бері өткізетін паромның арқаны байланған темір бетоннан құйылған жағалаудағы биіктігі екі метр болып шығып тұрған шамамен отыз тонналық темір бетоннан жасалынған құйма ғана. Сонда: Кезінде кездесу өткен Күлтөбе бар да, Ангерен өзенінің өзі қайда кеткен?- деген сұрақтың қойылатыны заңды. Сөйтсек, Кеңес өкіметінің суландыру жұмысын қолға алған XX ғасырдың 40- жылдарының аяғындағы канал қазу кезінде канал тоғаны ылдыйлау жерден жасалынған екен де, содан біртіндеп канал арнасы қазылып, барлық су соның бойымен кетіп, Ангрен өзені қайтып биікте қалған бұрынғы арнасына шықпай қойған. Мұны айтып отырғанымыз, арнайы іздеп барып, күнде жиын өткен Күлтөбені тапқанымен кезінде хатқа түскен Ангрен өзенінің ол жерде жок болғанын біздің зерттеушілеріміз түсінбей қалмасын дегеніміз. Біз сол жердегі тумон әкімшілігіндегі бізбен бірге жүріп Күлтөбені көрсеткен жауапты қызметкерлерге қазақ-жоңғар қатынасы шиеленісіп тұрған жылдары неше бір шайқастар болған Шаян өңірінен екендігімізді айтқанбыз. Әрине, бүгінгі тарихшыларымыз "Күлтөбенің басында күнде жиын' өткен жерді алысқа барып әуре болмай-ақ, Түркістандағы атақты кесененің алдындағы екі жүз қадымдай алаңнан "тауып алды". Енді сол, "Ата-бабаң осы жерге дейін иеленген" деп Ташкенттің оңтүстігіндегі қырық бес шақырымға дейінгі, әдейі белгілеп беріп кеткен жерді барып көрудің талайлар үшін қазір мүмкіндігі болмай отырғаны былай тұрсын, ол туралы ұмытып барамыз. Бұдан екі жыл бұрын жарық көрген"Қазақхандығы деп аталатын Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған, •Аруна" баспасынан жарық көрген кітапта бірде бұл Күлтөбені Түркістан қаласындағы Йассауй кесенесінен 350 метр жерде деп көрсетсе, енді бірде, "Шамамен, Түркістан төңірегіндегі Күлтөбенің басында "Тәуке ханның жеті жарғысы" деген атауға ие болған заңдар жиынтығы қабылданды" - дейді. Сонда бұрынғы ғалымдарымыз Түркістан қаласының жанында өткенін білмей қателесті дейміз бе! Жоқ, біздінше олай емес. Күлтөбе жайында да айтарымыз жаңағы. Төле би қайтыс боларда мүмкіндігі бола түрып, елдің зиялылары жерленетін Түркістанды айтпай, кезінде Ұлы жүздің астанасы болған, ұзақ жыл өзі билеген Ташкентке, "Шайхантаур мазарының жанына жер- леңдер"- дегенде, кейінгі ұрпақ "ата-баба жерінің шекарасын ұмытпасын" дегенді ойлады ма екен деген ой келеді. Несін жасырайық, тарихымыздағы көп жайды біле бермейміз. Айтпағымыз, біздін шежірелі Шаян өңірі сияқты бүкіл Оңтүстік жері әлі қағаз бетіне толық түсіріліп болмаған шежірелі өңір. Тек соны жоғалтып алмасақ, кейінгі ұрпақтарға жеткізсек дейміз. 1710 жылы Боралдай, Бөген, Шаян өзенінің бойларында болған шайқаста қатты соққы алған жоңғарлар кейін шегінуге мәжбүр болды. Алайда, 1713 жылы жаңа шапқыншылық жасалды. Ал, 1717 жылы Сібір генерал-губернаторы М.П.Гагарин Түркістандағьі Тәуке хан, Қайып. Батыр сұлтандарды жоңғарларға қарсы әдейі айдап салды. Соғысқа дайын емес қазақтар жасақтарының бұл жорығы қатты жеңілуімен аяқталды . 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері Бөген. Шаян және Арыс өзендерінде қазақтарды тағы да қырып салды. Аудан жеріндегі сол кездегі тұрғындар 1723 жылы жоңғар шапқыншылығының ең ауыр азаптарын бастан кешірген еді. Алтай, Тарбағатай тауларын алып, Балқаш көліне құятын жеті өзен (Жетісу) атырауынан өтіп, бірде тіке ескі Тараз жақтан, енді бірде Қаратаудың Арыс жағындагы беткейіне өтіп Шаш өңіріне содыр сойқан салған болатын. Жалпы, Жоңғария шапқыншылығы тұсындағы азаттық күрестің қиян-кескі шайқастары 1712-1718-1723 жылдары Шаян, Бөген өзендері бойында өтті. Мысалы. 1712 жылы Шаян өзені бойындағы шайқаста қазақ жасақтары сіргелі Есіркеп батырдың басшылығымен өзінен әлденеше есе басым жауға қарсы қайсарлықпен қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Жергілікті халық ішінде Есіркептің 700 адамнан тұратын жасағы Шаяннан тауға кіреберіс шатқал маңында жоңғарлардың бір түмен әскерінің жолын бөгеп, Сырға қарай ойысқан ел көштерін қорғап, түгелдей дерлік ерлікпен қаза тапқан деген аңыз бар. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың ұрыс майданы Қаратаудын шығысындағы Күйік асуынан, батыста Ақжойқын-Айғыржалы тауларына дейінгі кең атырапты қамтығаны белгілі. Атақты қолбасшылар - Бөгенбай, Тоғанас, Қойгелді. Саңырық. Рысбек бастаған жасақтар тау асуларын ерлікпен қорғады. Қостұра тауының аралығындағы Садыркамал, Бөген өзеніндегі Тарақтықамал. осы өзеннің терістік саласындағы Қаржас камал, Ұзынбұлақ, Сарытау, Хорен, Сарыкемер шайқастары қазақ халқының жанқиярлық ерлігінің көрінісі болған. Мысалы, Тарақтықамал (Бөген өзенінің тау шатқалы) шайқасында Бөгенбайдың қолбасшылығымен қа- лың жалайырлармен бірге шығыс Қаратау өлкесін мекендеген Дулаттың, Сіргелі, Қарабатыр, Бәйжігіт, Батыр, Жайдақ. Тутамғалы руларының біріккен жасақтары ерлікпен ұрыс жүргізген. Сол қамалда жоңғарлардың бір мыңдык қолын қоршап, түгелдей жойып жіберген екен. Өзеннің таудан шыға беріс шатқалындағы бұл ұрыс майданы халық есінде әйгілі "Тарақты камал шайкасы' деп қалып қойды. Біз осы жерде жерлестерімізге "жоңғарлар" деген кімдер, бірде оларды "жоңғардар" десек, бірде неге 4іқалмақтар" дейміз. Жоңғарлар мен қалмақтар бір халық болса неге екі түрлі атаймыз. Олардың негізгі отаны шығыста болғанымен неге үш мың шақырымдай жердегі Еділ бойында жүр? деген сұрақтарға жауап бере кетуді жөн көрдік. Жоңғарларды түркі тілдес көршілері ойраттар деп, көбіне "қалмақтар" деп атаған. Бірақ қалай атағанымызда да екеуі бір халық. XVІІ ғасырдың басында жоңғарлар жайылым іздеп қазақтың солтүстік даласы арқылы Жайықтан өтіп. Еділ бойына барып орналасқан. Біразуақыттан кейін кері қайтпақболғанда, шығыстағы Ертістің арғы бетінде қамалдар салу үшін онсыз да орыстарға жер тарлык жасап жатқандықтан патша үкіметінің әскерлері алдынан тосып, тоқтатты. Бұлардың ол жакқа қайта оралуы онсыз да шығыс жағында шиеленісіп тұрған орыс-жоңғар қағынасын қиындатып, қамал салуға кедергі жасар еді. Бірақ, аралары соншама алыс болғанымен Жоңғариядағы оранхай қалмақтар мен Еділдегі құба қалмақтар бір- бірімен байланысты ешқашан үзген жоқ. Міне, сол жоңғарлар немесе, қалмақтар Шаян жерін де ойрандауға келген. Қошқарата өзеніне Талдыбұлақ саласының құяр жеріндегі Сарыкемердегі ірі шайқастан белгі Қошқарата сағанасы еді. Жоңғарлармен күресте қаза тапқан мыңбасы - Қошқар осы жерге жерленген, дейді аңызда. Енді бір аңыздар Қошқаратаны әулие кісі дейді. Әрине, қалай болғанда да ол кісінің тегін жан болмағаны белгілі. (XІX ғасырда салынған бұл сағананы 2005 жылы сол жердің перзенті Оралбек Ботбай қайтадан үлкейтіп салдырды).       Бөген өзенінің бойындағы бұл қанды шайқас жеңісі Бөгенбайдың есімінен бөліп алғысыз. Туған жер, оның киелі қасиеті дарынды қолбасшының жеңіске деген жігерін тасытып, әруағын тасыта түскендей еді. Шынында Қаратау ішіндегі бұл қанды қырғындардан кейін жоңғар жасақтары біраз уақытқа дейін ес жия алмаған. Бірақ, қазақтың аңқау билеушілері алдауға түсті. Сібір генерал-губернаторы М.П.Гагарин Түркістан- дағы Тәуке хан мен Қайып, Батыр сұлтандарды соғысуға әлі дайын емес екендігін біліп, арандату мақсатында үгіттеп , кей тарихшылардың жазып жүргеніндей әдейі жоңғарларға айдап салған. Одан әрі не болғаны белгілі, күші жеткіліксіз қазақ жасақтары Аягөз түбінде болған 1717 жылғы үш күндік қанды шайқаста ойсырай жеңілді . Айта кететін бір жай, тарихи деректерге көз салсақ, жоңғарлар, башқұрттар, қазақтар арасына сырттан от салып, бір-біріне айдап салып отырған мемлекеттер болған. Сол жылдардағы Орынбор мұрағатында сақталған бір құжат мынадай мазмұнда жазылыпты: қазақтар сияқты жоңғарлар мен башқұрттар бір мінездес, аңқау, сенгіш жабайы халықтар. Егер оның біреуі Россияға қақтығыса қалса, қалған екеуін оған айдап салу керек. Біреуін екіншісіне айдап салу арқылы олардың тарапынан болған кез-келген қарсылықты оп-онай басып тастауга болады. Сейтіп, бұл мәселеде Россияның араласуыңсыз-ақ жуасытудың мүмкіндігі бар. Олар бұл ойдың түпкі мәнін түсінбейтін халық, дейді. Халық бірде достасып, бірде жауласып бір-біріне қаншама қиындықтар жасады. Бірақсол кезде олардың ешқайсысы "өзгенің қолымен от көсеп" отырған көршісінің үшеуін де әлсіретіп, өзінің дегенінен шы- ғармау ойын түсінген жоқ. Мұндай саясат Россияға не үшін керек болды? Өйткені, Россия империясы бұл өңірді қалайда өзіне қаратуды ешқашан есінен шығарған емес еді. Осы орайда сонау заманның өзінде-ақ орыс патшасы І- Петрдің қазақ жерін бүкіл азиялыҚ елдер мен жерлердің кілті мен қақпасы деп қарағандығы жөнінде еске алудын өзі-ақ түсінікті. І Петр өлді, бірақ қазақ жерін қалайда отарлау керек деген сол саясат тоқтамай, одан әрі жалғаса берді. Осы саясатты Россия империясы жонғарларға да жүргізуді ойлады. Бірақ мұнда өте сақтық саясат жүргізу керек болды. Өйткені, шығыста бекіністер салуға көп кедергі жасап отырғандықтан жоңғарларды қаншама жек көргенімен орыстардың негізгі күшті жауы болып табылатын Қытайға қарсы соғысып, олардың батыска қарай жылжуына мүмкіндік бермей отырғандықтан оларды бірде іштей қолдап, қазақтардың қансырап орыстарға бодан болуға өздері еріктерімен келуі үшін әдейі айдап салды. Осы кездегі Жоңғария хандығының жағдайына келер болсақ, XVІІІ ғасырдың басында бір миллионнан астам халқы бар қуатты әскери-феодалдық мемлекет болған еді. Олар ұзақ жылдар бойына бірде Россиямен, бірде Қытаймен, бірде Сібір хандықтарымен, бірде Қоқан хандығымен, енді бірде Қазақ хандығымен соғысып, соғыс өнері жағынан көп тәжірибе жи- нақтаған, қарулы күштері қатаң әскери тәртіпке бағынған мемлекет болатын. Тез уакыттың ішінде-ақ көп әскер жинай алатын. Кей жазбагерлер оның соғыс кезінде 100 мың әскер шығара алатындығын жазады. Кей деректерге Қарағанда Жоңғария көрші елдерге қарсы барлау жұмыстарын да жақсы жүргізген. Жоңғарлардың ішінде кейбірі орыс әскерлері қатарында қызмет етіп, мылтықты пайдалануды білген екен. Керісінше олардың әскерлерінің қатарында 400- дей орыс әскерлері мен солдаттары қызмет етіпті. Олар, әрине, атылатын қару, оның дәрісі мен оқтарын қалай жасау керек екендігі жөнінде көп кеңес беріп, жасасқан да. Оқ жасау үшін таулардағы кен орындарын зерттеген. Жалпы, ежелгі "Жібек жолы" бойында қандай кендердің барлығы түрлі тыншыларының тіміскі әрекеттерінің нәтижесінде бұл кезде орыстар үшін белгілі болған. Мысалға алатын болсақ, Россия империясының Сауда және өнеркәсәп министрлігі Тау-кен департаментінде білікті инженерлер жұмыс істеп, солардың ықтияттауымен "Ащысай папкасы' деген қалың папкада осы кең орны жөніндегі барлық материалдар жинақталған екен. Ал "Сібірдің Сызба Кітабында" С.У.Ремезов деген орыстын тұңғыш атласындағы жиырма үш қартаның ішінде "Бүкіл сусыз, жолсыз тасты дала жерінің сызбасы да бар екен. ОндаСырт (Сырдария) пен Чуй (Шу) аралығында іргелерін тау бөлген, жазудағыға Қарағанда "тастан қорғасын қорытқан Қарнак, Сусақ қалалары көр- сетіліпті. Дегенмен Қаратаудың кенді екенін айтқан тұңғыш картограф С.У.Ремезов емес, 70 жыл бұрынғы картада берілген еді. Шамасы сол кездердің өзінде ашық әдіспен алынған кен орындарынан қазақтар көрші елдерден сатып алған атылатын қарулар үшін оқ жасаса керек. Бірақ мұндай қарулардың аз болуы жонғарлардың қазақ жеріне басқыншылық істеріне кедергі бола алмағаны белгілі. XVІІІ ғасырдың 20-жылдарының басына қа-рай Қазақ хандығының біраз жерлері Жоңғария мем- лекетінің қолына өтті. Баянауыл, Шұбартау, Аягөз. Балхаштың терістік бетіндегі жердің көбі, Іле өзенінің шығыс жағы біраз уакыт солардың иелігінде болған. Сөйтіп, қазақтын кең даласының шығысының бір бөлігін қоластына алған жоңғарлар негізінен халық көп тұратын, егіншілігі мен саудасы дамыған, өркендеген қалалары бар оңтүстік өңіріне қарай шешуші шабуыл жасау үшін дайындалып жатты. Ол үшін аса бір сәтті кезеңді күтті. XVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында хандықтың сыртқы жағдайы мейлінше шиеленісіп, ішкі алауыздықтар барған сайын өсіп келе жатқан кезде әз Тәуке қайтыс болды. "Енді әз Тәуке орнына кімді сайлау керек?" деген сұрау талайлардың басын қатырды. Ақырында, Түркістанда өткен хан сайлауында билер оның баласы Болатты сайлады. Бірақ. ол "төбе хандық' билік жүргізе алмады . Ел ішінде береке кетті. Оны менсінбеген үш жүздін ірі сұлтандары ресми түрде өздерін хан жариялады. 1718-1719 жылдары Ұлы жүздін ордасы болған Ташкентте бұған дейін сүлтан делінген Жолбарыс Абдоллаұлы (1690-1740 жж.) өзін хан жарияласа, әз-Тәукенің тағы бір ұлы Орта жүздің бірсыпыра руларының қолдауымен хан болды. Ол-Сәмеке (Шахмұхаммед) (т.ж.б.-1738жж.). Орта жүздің ордасы, әрі қазақ хандығының ордасы Түркістанда өзін Орта жүздің ханымын деп есептеді. Бірақ ол қаласын-қаламасын өзі ұната қоймаған Болаттын қасында отырды. Кіші жүздін сұлтаны Әбілхайыр (Мұхаммед Ғази Баһадур Қажыұлы (1693- 1748 жж.) болса, алғашта Кіші жүздің ордасы болған Сауранда отырып, енді Болатты менсінбегендіктен, өзін одан жоғары санағандықтан онымен жақын отырғысы келмей, ордасын одан алысқа, Арал жаққа көшірді. Бұл соңғы жылдары Кіші жүз ордасы ретінде гүлденіптұрған Сауран қаласының біртіндеп тозуына алып келді. Расында Сауран қаласының Сыр өңіріндегі ерте- дегі басқа қалалардан кейін тозғынға ұшырағаның әлі күнге дейін оның бекініс дуалдарының, тіпті шығыс жағындағы кіре беріс қақпасының сақталып қалғанынан байқаймыз, 1866 жылы осы өңірге келген орыстың белгілі әскери адамы, кейін осы Түркістан өңірдің XІX ғасырдың ортасындағы жағдайы жөнінде аса көп мағлұмат берген П.И.Пашино өзінің кітабында ел тұрмайтын, каңырап бос қалған Сауран қаласында биіктігі он бес-он алты метрлік екі мұнараның тұрғаның жазып, М.К.Приорев мұнара мен оны кұлатуға әрекет жасап жатқан екі адамның суретін салған. Бізге жеткен суреттегі екі мұнара сол кезде-ақ құлатылып, оның күйдірілген мықты қыштары біреулердің құрылысына пайдаланылған. Жалпы, Сауран қаласын тастап кеткен Әбілхайыр туралы көп айтуға болар. Біздіңше, әз Тәуке өлгеннен кейін хандық билікті алу соның жолы еді. Өйткені ол қолбасшы ретінде таңылған жан болатын. Бірақ, айтқанынан қайтпайтын, менмендігі күшті, мінезі қатаң екен. Осы кемшілігі қазақ билерін қатты ойландырса, анығын айтканда, тіпті қорқытса керек. Ал Болат болса, шамасы, билердің айтқанынан шықпайтын, момын жан. Дегенмен оның ең басты кемшілігі - қолынан ел басқару келмейді екен. Алайда хан сайлауы кезінде Әбілхайырдың жақсы жағы айтылмай, билер ханды тікелей мирасқор аркылы сайлау жолын іздеген сынай танытыпты. Билердін көпшілігі дәл осындай, ішкі және сыртқы жағдай мейлінше шиеленісіп тұрғанда елге мейлінше мықты, бүкіл хандықты уысында ұстап түра алатын билеушінің керек екендігін қасақана естен шығарып, пендешілік жасап, ел тағдырын ойламай, өздеріне жайлы Болатқа тоқтады. Әбілхайыр аты аталғанымен жол Болаттікі болып шықты. Иә, реті солай келіп тұрған сияқты. Өйткені Әбілхайыр Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібектің тоқалынан туған Өсеке деген ұлының жетінші ұрпағы. Ұлы жүздің ханы болған Жолбарыстың інісі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, XVІІІ ғасырдың 20-жылдары "Жүз" дегеніміз Қазақ хандығының құрамындағы өз алдарына жеке хандықтарға айнала бастады. Бұрынғы жүздер басындағы сұлтандар өздерін "хан" деп жариялады. Бірақ ол кезде қаласын- қаламасын Төбе ханға еріксіз бағынды. Осы бір бөлінудің ақыры неге апаратын еді, ол жағы бізге белгісіз болып қалды. Қытайдан шыққан "Шинжиаң қазақтарының қоныс аудару тарихы" деп аталатын кітапта атап көрсеткендей, қазақ хандарының іргесі қазақ үш жүзі хандарының ұлы хандыққа таласуынан бастап шайқалды. Берекесі бұзылған және жаратылыстық ауыр апатқа тап болған қазақ хандығы жерлеріне 1723 жылдан бастап жоңғарлар сұрапыл шабуыл жасады50. Сөйтіп, Шыңғыс ұрпақтары үшке бөліп, бір- тұтас қазақ хандығында ынтымақ кете бастаған кезде ел ішіндегі берекесіздікті пайдаланған жоң- ғарлар қоян жылының ерте көктемінде Цэуан Рабдан қонтайжының баласы Шона Добанның қолбасшылығымен жетпіс мыңнан астам әскер Жетісу жақтан лап қойып, қазақтарды Қожаберген жыраудың осы басқыншылықты өз басынан кешірген жұбайы Айшаның аңыратып салғанындай "Елім- ай" дегізіп зарлатты. Ұлы жүз қазақтары жоңғар басқыншыларының табанында тапталды. Билік басындағылардың таласы, билеріміздің ел басында босбелбеу ханды отырғызуы қазақ халқына орны толмас қасірет алып келді. Жоңғарлар Іледен шыққан бойда Талас Алатауының бөктеріндегі Меркі, Құлан өңірінде қазақ руларының басқа да жасақтары сияқты Бәйдібектің ағасы Байтулының ұлы ІІІақшамнан тараған алты ата ұрпағынын жасақтары да көмек ала алмай жаудың ауыр соққысына тап болғаны жөнінде аңыз бар. Онда Шақшам ұрпақтарының ерлікпен шайқаскандығы, төтеп бере алмаған сон көпшілік бөлігі Ұлы жүздің басқа да ауылдарымен бірге Ташкентке қарай шегінгендігі, олардың бірнеше жылдардан кейін ғана Меркідегі ата-мекендеріне қайтып оралғандықтары жөнінде айтады. Бірақ шашырап кеткен олардың бір бөлігі бүгінгі Өзбекстанның Янги юл ауылымен. Бостандық аудандарындағы Асықата өңірінде қалып кеткен. Енді бір бөлігі Арыстың бойына, одан кейін Боралдайға келіп қосылатын Қошқарата өзенінің басындағы Борлысай ауылында. Әрине, жер қайысқан қалың қолмен келе жатқан жоңғарлық басқыншыларға қарсы Жетісудан өткеннен кейін-ақ көптеген жерлерде қарсылықтар болғаны сөзсіз. Өкініштісі сол, олар туралы мәліметтер бізге дейін жетпей қалған. Меркі, Құлан өңіріндегі қарсылыктардан кейін жоңғарлар тоқтаусыз жүріп отырып, ескі Тараз өңірің қырып-жойып өтіп. Қаратауда жан түршігерлік қырғынды одан әрі жалғастырды. "Елім-ай" дастаны қазақтың белгілі батыры Қожаберген жыраудың Оңтүстік өңірің мекендеген қазақтардың басынан кешкен жан түршігерлік жағдайын өз көздерімен көргенінен туған тарихи шығарма екені мәлім .

Қазақтың қайғы жұтып қалың елі, Үстіңнен көшкен жылдар керуені... дегенде жерлесіміз, ақын Е.Дәуменов та осыны мегзеп тұрса керек. 1723 жылдың көктемі. Бұл кезде тұтас қазақ жерін Шыңғыс ұрпақтары үшке бөліп басқара бастады. Қазақ билерінің өздеріне жайлы деп сайлап алған ханы Болат елді басқара алмады. Сұлтандар арасында алауыздық үстем болып, берекесіздік орын алғанын пайдаланған жоңғарлар ерте көктемде Сэван Рабдан контайшының баласы Шона Добан басшылығымен 70 мың әскер лап қойды. Қапыда қалған қазақ ауылдарын жайпап шыққан жоңғарлар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршык. Сырдария өзендерінің бойында қырып салды. Ол қазақ халықтарын Ташкент, Түркістан. Сайрам секілді қалалық қолөнер орталықтарынан бөліп тастады. Бұл кез қазақ халқының тарихында "Ақтабан шұбырынды" деп аталған сұрапыл жағдай болды. Осы сұрапылдың қандай болғандығы тұралы белгілі қайраткер, Түркістан - Сібір жолын салуда басшылық жасаған инженер М.Тынышбаев аса багалы мәліметтер берген. Ол Шаян өңіріндегі кей оқиғалар жөнінде тамаша баяндайды. Оның айтуына Қарағанда, Боралдай өзенінің қазіргі "Теректі әулие деген жеріндегі елді мекенде бір келіншек жиырма бес күндік нәрестесін қолына алып тұрғанда "Үлкен Тұраның бағыс жағындағы асудан қаптап келе жатқан жауды көріп, тасып жатқан Боралдай өзенінен баланы өткізе алмайтын болғандықтан үстіне қазанды төңкеріп кеткен. Содан аман қалған бала - Тасболаттың бесінші ұрпағы - осы Мұхаметжан Тынышпаев екен. Бұл жер белгілі қолбасшы, 1710 жылғы Қарақұм кездесуінен кейін жоңғар басқыншыларына қарсы азатгық күресте қолбасшылық жасаған Бөгенбай батырдың туған жерінен алыс емес. Халқымыз басым жаумен жан аямай жағаласты. 1726 жылы Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде исі қазақтың жиыны өтіп. онда жаулап алушыларға қарсы күресті күшейту жөнінде бірауыздан бәтуаға келді. Мұхаметжан Тынышпаев осы жердің стратегиялық маңызы жөнінде айта келіп, онын айналасының сон- шама жазықтығы,тіпті алыстығы Шаянның көрінгенің жазған. Ордабасы кездесуінен кейінгі қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқастар бүгінгі Шаян ауданының жерінде де болғандығы жөнінде көптеген мәліметтер бар. Соның бірінде Бөген өзенінің бой¬ындағы Тарақты қамал шайқасы, Боралдай өзенінің бойындағы Қос Тұра баурайындағы "Садырқамал", Үлкен Боралдай өзенінің ішіндегі "Байқалмақ "Жолбарыс қамал", "Қарабастау-Жамантас" биігіндегі Қазбек бек Тауасарұлы жазды деп жүрген "Түп тұкияннан өзіме дейін" деген кітапта айтқандай қазақтар мен жоңғар жасақтарынң арасында қырық күндей шайқас болған "Ұзынбұлақ аталатын жерлерде болған оқиғалар жөніндегі мәліметтер. 1729-1730 жылдары болған ірі шайқастарда жоңғарлар талқандалып, Кіші жүз бен Орта жүз жерінің біразы азат етілсе, бұл ұрыстарға қазіргі аудан жерін мекендеген көптеген ата-бабаларымыздың қатысқаны еш күмәнсіз. Осы шайқастарда Жетісуға асар жердегі Аңырақай шайқасының маңызды екені сөзсіз. Оңтүстіктегі қазақ ауылдары жоңғар тепкісінде ауыр азапты бастан кешіріп жатты. Ел алдында күш біріктіріп жауға қарсы соққы беру міндеті тұрды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 1726 жылдың көктемінде Бадам өзенінің Арысқа құяр жерінен шығысқа қарай жиырма шақырымдай жердегі Ордабасы тауында қазақтың үш жүзінік өкілдерінің бас қосқан жиыны өтті. Кездесуді үш жүздің ханы Болат ашты. Оның қасында Жолбарыс, Сәмеке, Әбілхайыр хандар, билерден Төле би, Қазыбек би, Ақсуат шешен мен Шаян өңірінің перзенті Бөгенбай, т.б. батырлар болды. Реті келгенде айта кететін бір жай, соңғы кезге дейін осы кездесудегі билердің қызметін артықша етіп көрсетудің орын алғандығы. Тіпті, көптеген суреттерде Ордабасы төбесінің етегінде қалың әскердің алдында үш бидің ғана сөйлеп тұрғаны бейнеленді. Бұл кім білсін. қаншама жылдар бойы айтылмай келген аталарымызбен мақтанудан туған да жағдай шығар. Өтпелі кезде оны түсінуге болады. Бірақ, біз Қазақ хандығын билер емес ханның басқарғанын ешқашан ұмытпауымыз керек. Олай болса, XVІІІ ғасырдың 20- жылдары да Қазақ хандығының басында Болат хан, одан кейін үш жүздің хандары, үшінші болып қазақ билерінін тұрғанын естен шығармаған жөн. Тағы бір айта кететін жай, көптеген жазбагерлердің айтып жүргеніндей, осы кездесуде Әйтеке бидің болмағандығы. Бірақ, бұдан Ордабасыдағы бас қосудың рөлінің кемімейтіндігі сөзсіз. Дегенмен дәлелімізді келтірейік. Біріншіден, Қожаберген жыраудын "Елім-ай" дастанындағы "Өткен жылы Әйтеке өткен еді"- деген сөзі оның 1722 жылы қайтыс болғандығын мегзеп тұрса керек. Екінші бір дәлел - Мәскеу, Орынбор, Омбы мұрағатында XVІІІ ғасырдың 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басындағы құжаттарда Төле би, Қазыбек би, Бөгенбай, Әбілхайыр аттары көп кездескенімен Әйтекенің атының тіпті аталмайтындығы. Кіші жүз қазақтары Россияга қосылып жатқанда, егер сол кезде өмір сүрген болса, Әйтеке сияқты қайраткердің атының аталмай қалуы еш мүмкін емес. Олай болса, Әйтекенің кей тарихшылардың жазып жүргеніндей 50-жылдардың ортасына дейін өмір сүрді дегені дұрыс емес. Әйтеке өмірін зерттей қарайтын болсақ ол ғасырлар бойы хандықты билеген Шыңғыс тұқымына қарсы жан болғанын көреміз. Шамасы ол кей жағдайда шыққан тегі бөтен болғаннан кейін қазақтың қарапайым халқына жаны аши қоймайтынын байқаса керек. Осы ойды айта отырып, ол қазақ елін басқалар ' емес, қазақтардың өздерінің билегенін жақтаған. Ол ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі билеу, басқару туралы ойды айтты. Сол кезге дейін қазақты Шыңғыс ұрпағынан шыққандар басқарса, енді қазақтардың өздерінің де басқару дәрежесі бар екендігін айтты. Қазақтан ондай ел басқаратын адамдардың шығуы мүмкін еді, бірақ оған билік басында отырған төре тұқымдары мүмкіндік бермеді. Самарқанды қырық жыл билеген Шыңғыс тұқымы емес, қара қазақтан шықкан Жалаңтөске жеткен мықты билеуші болған ба. Өзге қазаққа өмірі орындалмайтын істей көрінгенімен, Әйтеке үшін қара қазақтын ел басқаруы мүмкін, әрі заңды да еді. Сөйтіп, қазақ топырағында ханды тақтан тайдырып, қарадан туған ұлдын да басқара алатынын айтқан да осы Әйтеке еді. Оның әбден мүмкін екенін Жалаңтөс Баһадур қанша жыл бұрын-ақ дәледеген болатын. Ал Ордабасыдағы кездесуге қайтып оралсақ, осы жерде Әбілхайыр үш жүз әскерлерінін бас сардары сайланып, туды Шаян өңірінен шыққан Бөгенбай батыр көтерді. Кейбір жазбагерлер айтқандай, болашақ жеңіс үшін дәл осы жерде ақбоз ат құрбандыққа шалынды, жеңіс туы көтерілді. Бұл Онтүстік өңіріндегі бүкіл қазақ жұрты үшін дүбірлі оқиғаның бірі. М.Тынышпаевтың бесінші атасы дүниеге келген жердің байырғы тұрғындары бізге жонғарлар шабуылы, оларға қарсы Ұзынбұлақ, Қатынқамал, Садырқамал шайқастары мен "Қалмаққырған" оқиғалары жөнінде көптеген мағлұматтар берді. Осындай оқиғалардың бірі Жамбыл облысынын Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысынын қазіргі Бәйдібек аудандарының шектескен жеріндегі Талдыбұлақ өзенінің Қош қаратаға құйған жеріндегі "Сарыкемер" деп аталатын жан- жағы жармен, тік қиямен қоршалған, бұл күні тікенді шеттік басып кеткен жазықтағы сұрапыл шайқастың болғандығы туралы көп еститінбіз. Кезінде сол өңірдің тарихынан көп хабардар әкем Жолдас пен ағасы Тұрыс Әжібекұлы сондағы болған ұрыс туралы аңыздарды көп айтып отыратын. Расында да қазіргі кезде ауыл жігіттерінің көкпар шабатын жеріне айналып кеткен дөнгеленген кен жазықтың кемерлерінен соңғы кездерге дейін ауыл балалары топырақ астында қалып қойған найзаның, садақтың ұштарын. қылыштар мен қалқандарды тауып алып жүрді. Жалпы, Үлкен Бөгендегі "Тарақты камал", Үлкен Тұраның баурайындағы "Садыркамал", Қарабастау - Жамантас асуындағы әйгілі "Ұзынбұлақ", Талас жеріндегі - "Берікқара*, "Билікөл" т.б. шайқастары болған жерлер ел азаттығы үшін болған жеңісті болған ұрыстардың орындарын көрсетеді. Шаян өңірінен шыққан ақынымыз Лян Нысаналин осы жылы Боралдай мен Қошқарата өзендерінің бойында қазақ жасақтарының түрлі әскери жаттығулар жасап жатқандықтары туралы айтады. Дәл осы жерде жорыққа қатысқан қаншама жігіттер жартастар бетіне өз руларының таңбасын салып кеткен екен. Мұның өзі, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғыс кезінде Ұлы жүздін биі Төле мен Жолбарыс ханның жасактарының құрамында қандай рулардың болғандығын көрсетеді. Расында да. қазақ даласының төрт бұрышынан келген батырлары мен жасақтарының табаны тиген Қаратау беткейінде табылған. Ордабасы жерінен жоңғарларға қарсы азаттык соғыс басталып, 1729 жылғы Аңырақайдағы ірі шайқасқа жегкізді. Осы шайқаста қазақтар жоңғарларды таудың арғы бетіндегі Іле өзенінің бойындағы апанына дейін тықсырды . Ол шайқастың болған жері белгілі тараздық жазбагер Б.Әбілдаұлының айтуына Қарағанда Қордай асуындағы Қозыбасы шоқысының маңында. Ал бұл шоқы қазіргі Алматыдан Таразға апаратын үлкен жолдың 172 шақырымында. Осы шоқыдан 41 кунге созылған ғаламат шайқас - Аңырақай шайқасы өткен жер анық көрінеді . Бірақ, шайқаста жараланған Болат хан Түркістанға әкелінген сон қайтыс болып, қазақ билері Әзірет Сұлтан кесенесінде бас қосып, оның баласы Әбілмәмбетті хан сайлағаннан кейін билік бұл жолы да қолына тимеген, бірде қалмаққа, бірде жоңғарға қарсы соғысып жүрген, 1724 жылы Түркістанды 30 ұлысымен жоңғарлардан қайтадан тартып алған Әбілхайыр пендешілік жасап, өкпелеп, ұрыс даласын тастап кетсе, тақтан үміткер болған екінші адам Сәмеке де жеңісті ақырына дейін жетуін күтпей, Түркістанға қайтты. Ұлы жүз жері қайтадан жоңғар басқыншыларының тепкісінде қалды . Қытайдағы қазақтарихшысы Ж.Мырзаханұлы айтқандай, Шыңғыс тұқымынан шыққан билеушілер таққа таласып, қазақ халқынық басына тағы бір ауыр кезеңді әкелді. Кім білсін, егер Әбілхайыр әз Тәукенің орнына хан сайланып кеткенде ел басынан кешкен көптеген қиындықтар болмас па еді, деп те ойлайсын. Жоңғария мемлекетінің құрылғанынан кейінгі қазақтар мен қалмақтардың араларындағы біржарым ғасырлық соғыстың соңғы кезеңі қазақ жұртының санасында "Шаңды жорық' деген атпен белгілі кезең. Бұл оқиға аты айтын тұрғандай шан бораған жорық емес, қаншама жылдар бойына біздін халкымызға бір тыныштық бермеген. кезінде қаншама адамдардың қанын мойнына жүктеген жоңғарлардың сол бейкүнә адамдарға жасаған қиянатының себебінен соңғы ұрпақтарының қандарының судай аққан. мейлінше қатал және құрбандығы мол аса зор және ең ақырғы майданы еді. Шығыстағы оқиғалармен хабардар Еділ қалмақтары Аюке өлгенен кейін бұрынгы жайдан айрылды. Россияның бұларға деген көзқарасы өзгерді. 1761 жылы қалмақтардың хандық билігі жойылды. Еділ бойына орыстың қара шекпенділері көшіп келген бойда қалмақтардың жерлерін, малдарын тартып алып. зорлық көрсете бастады. Қарсылық көрсетпек еді. байлаи әкетті. Діндерінен айырып, еріксіз шоқындыру етек алды. Ұбашы мен Серен тайшылар ата-баба жеріне қарай көшуден басқа жол жоқ екенін байқады. Сөйтіп, 1770 жылдың күзінде барлығы да ата-бабаларының жеріне қайтуға шешім қабылдады. Бірақ бүкіл қалмақ түп котеріліп көшетін 5-ші қаңтардың қарсаңында сақылдаған сары аяздан Еділ үстіндегі қалың мұз жарылып, үстінен қызыл су жүрді. Арғы беттегі қалмақтардың 11.198 шаңырағы бергі бетке өтe алмады. Дарияның бергі бетіне қоныс тепкендер мен өтіп үлгергендер 30.909 шаңырак, адам саны шамамен 170- 180 мың болған. Жолда әлдеқандай жағдайлар болып қалу мүмкіндігін ескергендіктен 40 мың адамнан жасақ құрды. Орыс үкіметі Еділ қалмақтарының негізгі бөлігінің ауа көшкені туралы хабарды естіген соң кері қайтару мәселесін ойлады. Алайда олар сол қарқынмен қазақ жеріне кіріп үлгерген еді. Хабар Кіші жүздің ханы Нұралыға жегіп, ол асығыс түрде әскер жинап, қалмақтарға қарсы аттанады. Қазақ даласын кесіп өтіп бара жатқан қалмақтар көші наурыз айынан бастап. жаз ортасына дейін үнемі қарсылыққа кездесіп, шайқастар жасап жылжуға мәжбүр болды. Маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындағанда Абылай жасақтары қоршауқа алады. Абылай хан қалмақ елшілігінің бодандық сұраған кіріптар ұсынысынан кейін эскери кеңес шақырады. Ол қалмақ елшілерінің ұсынысын толық қабылдау жағында болады. Әскер басыларының үлкен тобы ешқандай бітімнің, келіссөздің керегі жоқ, қолда тұрған қалмақты түк қалдырмай шауып алу керектігін айтты. Абылай Жоңғария талқандалса қазақ-қытай шекарасы ашылып қалатынын түсінді. Дүркірей көшкен жауды күн-түн демей қуалап. үнемі үрейін алып, қырып-жойып, тоздыра берді. Мойынты ұрысынан кейін, 1771 жылы шілдеде тарихта "Шанды жорық ' деп аталып кеткен оқиғаның ен соңғы түйінді кезеңі басталады63. Күннің ыстығы мен шөл қысқаннан қаншасы қиналып өліп, жаралылары қансырап көз жұмды. Көздері шаңға толып, кең даланың аңызақ желінен азап шегіп, бір ұрттам суға зар болған қалың тобыр әбден титықтап, сонда да әлдебір үмітпен алға қарай тоқтаусыз жылжи берді. Шамасы келмей қалып қойғандар көбейе бастады. Күн сайын жүздеген адамдар тұтқынға түсіп, шан бората шұбырған қалмақтардың ішінде қарулы, қайратты бір болігі ғана Қастек, Қаскелеңді басып, Кеген, Марынқолдан асып, көп қиындықпен Жоңғария жеріне аяқтарын әрен іліндірді. Мойынтыдағы түнгі қарбаласта қалмақтардың үлкен бір тобы ұлы шеруден бөлініп, тасада қалқан екен. Тәнжі тайшы бастаған көш шөлсіз-ақ үлкен қырғынға ұшырайды. Сол көштің оннан бір болігі ғана Ілені өрлеп, Қытай шегіне жетіпті. Осыншама қанды кешуден өтіп, тірі шыққан жұртты ежелгі Жоңғария жерінде бостандық емес, бұғау күтіп тұр еді. Цин әкімшілігі оларды жеке-жеке ауыл етіп қондырып бәрін де бодан деп жариялады. Еділ бойынан Жоңғарияға дейінгі алты ай бойы жүргізілген үздіксіз соғыстың нәтижесінде ойрат- қалмақ жұрғының ең соңғы ұйытқы ошағы жойылды. Екінші сөзбен айтқанда, 1771 жылдың басында ескі ата-бабасының қонысына жол тартқан 170-180 мың адамнан 20 мыңдайы ғана жетті. Ұлы шерудің алғашқы күні Еділ өзенінің өту бермеуінен қалып қойған 11 мың түтін, немесе, шамамен 60 мыңдай адам кездейсоқтықтан аман қалып қойды. Осы жылдары жоңғар басқыншыларына қарсы елдің азаттығы жолында қаншама қазақ жасақтары қатысқанында дау жоқ. Солардың ішінде Бөгенбай жөнінде ғана айтпақпыз. Бөгенбай батырдың ерліктері жөнінде қаншама жазбагерлер хаттың бетіне түсірген. ел арасындағы аңыздардың өзі қаншама. Солардың ішінде, 1726 жылғы Бұланты өзенінің бойында, 1727 жылдың көктемінің жазға ұласар шағында ұстазы Қожабергеннің жасағымен тізе қосып. қазақ, ноғай, қарақалпақ әскерлері Нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғар әскерлеріне соққы беріп, есеңгіретіп тастағаны жөнінде, енді бірі, 1728 жылдың жазында Балқаш көлінің батыс жағындағы Киікті деген жерде ол басқарған қазақ жасақтары оранқай қалмақтарының шабуылын тойтарып, күйрете соққы бергендігі жөнінде айтады. Өмірінің жарты ғасырдан астамын жорықта өткізген жерлесіміз Қанжығалы Бөгенбай жоңғарларға қарсы 103 рет шайқасқа қатысса керек. Оның соңғы жорығының бірі - 1750 жылы болыпты. Аягоз маңындағы қапы шайқастан кейін жоңғарлар ол басқарған жасақтардың тегеуіріне төтеп бере алмай, тас-талқан болып жеңіліпті. Ол жөнінде кезінде онымен кездесіп, сұқбаттас болған орыс жазбагерлерінің айтқандары да жеткілікті. Олардың жазғанына Қарағанда, Бөгенбай өте батыр болумен қатар аса ақкөңіл, жұртпен жақсы сөйлесетін жан екен. XVІІ - XVІІІ ғасырларда қазақтың мемлекеттігін, тәуедсіздігін нығайтуға кептеген қайраткерлер үлес қосты. Қасиетті аттар кеңінен тарады. Ел қорғаған батырлардың беделі шырқау биікке көтерілді. Дастандар, толғаулар туды. Олардың біразында Оңтүстік өңірінің жер-сулары анықталады. Қазақ-қалмақ қатынасының шиеленіскен кезінен қалған аңыздар Қаратау өңірінде кеңінен сакталған. Соның бірі - "Қыз Жібек" дастанына байланысты. Әрине, "Қыз Жібек" дастанындағы Қорен қалмақтың мазары Бәйдібек ауданынан Созаққа өтстін асу маңында десе, көптеген оқырмандардың күмәнданары белгілі. Бірақ ел аузындағы аңызға сөз берсек, ол былай дейді: Сырдың бойындағы Қыз Жібек ауылына жасырын алып кету үшін Төлегеннің інісі Сансызбай қалмақ батыры Қореннің зорлығынан алып қашады. Сырдың бойымен кетсе ұсталып қалатынын біліп, Қаратаудан асып, Арқадағы жағалбайлылардың жазғы , жайлауына тіке тартады. Бірақ Жібек мінген тұлпардың ізін тұяғына әдейі қақтырып қойған тағасынан біліп, Қорен олардың соңына түседі. Үсіктас" маңында бір өзі қуып жетіп, Сансызбаймен жекпе-жек атыста өлген. Артынан қуып жеткен сарбаздары оны осы жерге қалмақтардың ежелгі дәстүрі бойынша таспен бастырып көмген. "Қореннің мазары, "Қорен бастауы сол қалмақ атына байланысты болса керек деп ойлаймыз. Әрине, 4кҚыз жібек" дастанын окымай, Кеңес дәуірінде тек бұрмаланған кинодан суға ағып кеткенін көрген кей оқырмандар Сансызбайға тұрмысқа шыққан Жібектен Тасбатырдың туылғанын, оның Еділ қалмақтарымен соғысқанда қаншама ерліктер жасағанын білмеуі де мүмкін. Солсияқты Бекежанның Шекті руынан, яғни, Қыз жібекпен бесінші атадан қосылатын туысы екенін, Бекежан өз ажалынан 1731 жылы 63 жасқа келгенде дүниеден өткенін, Төлегенді өлтірген Бекежан емес, Жібекке ғашык болған Ұзынтұра деген қарақшы екенін кей оқырмандар әлі біле бермейді деп ойлаймыз. Бүгінге дейін ел аузында қазақ-жоңғар қатынасының шиеленіскен кезінде осы өңірде болған басқа да қызықты оқиғалар бұл өңірде де сакталғаны белгілі. Сондықтан ол аңыздарды жинап, ел кәдесіне асыру аудан тарихшылары мен әдебиетшілерінің алдындағы үлкен мұрат екендігі сөзсіз.

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ ҮШІН ҚОҚАН- РОССИЯ

ТЕКЕТІРЕСІ КЕЗІНДЕ

...Қазақ хандығының Оңтүстік өңіріне үнемі шабуыл жасап тұратын жоңғарлардың біржола жойылуынан кейін де бұл өңір халқы бейбіт өмір сүре алмады. Енді Орталық Азия хандықтарының шабуылы күшейді. Аралдың оңтүстігінен Кіші жүз қазақтарына Хиуа хандығы шабуыл жасап тұрса, Түркістан өңіріне Бұхара әмірлігі, оңтүстігінен Қоқан хандығының шабуылы күшейді. Солардың ішінде әсіресе Қоқан хандығының тарапынан шапқыншылықтар мейлінше қатерлі болды. Сөйтіп, XІX ғасырдың қарсаңында Қазакстанның оңтүстік өңірінің Орталық Азия хандықтарымен шектесуі олардың көрші жатқан қазақ ауылдарына үздіксіз шапқыншылықтар жасап тұруына жағдай жасады. Ал ол шапқыншылықтардың сәтті болуына көптеген жағдайлар әсер етті. Оның біріншісі, сол- түстіктен Россия империясы, солтүстік батысында қалмақтар, шығысынан Қытай, оңтүстігінен Хиуа, Қоқан хандықтары мен Бұхара әмірлігінің жан- жақты қыспағына түскендіктен қазақ билеушілері өзара ынтымақтастығын сақтай алмаса, екіншіден, барған сайын күшін әлсіретіп, қарсыластарына төтеп беру мүмкіндіктерінен айрыла бастады, үшіншіден, жарты ғасырдай өткенімен жоңғарлардың ауыр шабуылдарынан кейін бастан кешкен ауыр жағдайлар көпке дейін түзеліп кете қоймады. Осы кездегі Түркістан қаласындағы жағдай Ташкент билеушісі үшін қолайлы болды. Түркістан әкімі Бұхара хандығынын билігінен азат болуды ойлайтын. Осы жағдайда пайдаланған Юнус қожа 1799 жылы Түркістан қаласына шабуыл жасап,оны Бұхара әмірінен тартып алды. Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің төменгі ағысы да түгелдей соның қолына өтті. Бұхара хандығы үшін Түркістаннан айырылып қалу ауыр жағдай болды... Қаланы қайтып алуды ойламай қойған жоқ. Бірақ сол кездегі хандықтағы жағдай оған мүмкіндік бермеді. Оның үстіне, Ташкент хандығы барған сайын күшейіп, тіпті 1799 жылы Қоқан хандығынын күшті әскерін талқандап Шыршык өзенінің сол жағалауы мен құрамалар тұратын аймақтың билігін алды. Ақыры, 1801 жылы, Юнус қожа өлген сон орнына аз уақыт қана оған жақын жүрген Мухаммед қожа отырып, ол қайтыс болғаннан сон Юнус қожаның баласы Сұлтан қожа отырды. Осы жылдары Бұхара әмірі Түркістан қаласын қайтадан алу үшін дайындала бастады. Ақыры Бұхара әмірі Түркістан қаласын қайтадан тартып алып қойды . Дәл осы кезде Ташкент хандығына Қоқан ханы Әлім де ерекше көз тігіп. экономикасы өркендеген, бай өңірді жаулап алуды мақсат етті 1809 жылы Қокан ханы Әлім Ташкент қаласын басып алды да ол өнірдегі жағдайга түбірлі өзгеріс жасалды. Енді қоқандықтардың Ұлы жүз қазақтарының территориясына тереңінен енуіне жағдай жасалды. Омар хан 1810 жылы Шымкентке шабуыл жасады. Қала жан-жағынан қоқандық әскерлермен қоршалды. Бұл кезде бекініс түгелдей Мұңлық (Қошқарата) өзенінің оңтүстік-батысқа бұрылған жерінен басталып, жарты шақырымға созылған жардың биігінде болатын. Бұл жағы қауіпсіз саналатын. Өйткені өзенді жағалай қазып су толтырылған терең ор, одан кейін биік жар, оның үстінде дуал-қорған болатын. Бекініс-қаланың Қазығұрт жағының ғана жары биік емес еді. Дегенмен ол жағын доға сияқтанған "Айкөл' деп аталатын көл жартылай қоршап жататын. Осы жазылғаннан көргеніміздей, шынында қала бекінісі мықты еді, бірақ, күші басым қокандықтар басып алып келесі жорық Сайрамға бағытталып, үш күн бойына қоршалып, қазақтар бақайшықтарына дейін қаруланған, соғыс өнеріне әбден жаттыққан қоқандық әскерлерге қарсы аянбай соғысты, қала халқын тізе бүктірді. Ақыры 1815 жылдың ерте көктемінде қазақ сұлтаны Тоқай Төре билік жүргізіп отырған Түркістан қаласын басып алды. Енді Омар Қаратаудың арғы бетіндегі қазақ ауылдарына да билік жүргізе бастады. Бекіністер салуды ойластырды. Қоқан билеушіcі өз территориясын Оңтүстік қазақтарының жерінің есебінен кеңейте түсті. Стратегиялық маңызы бар жерлерде ескі бекіністерді жөндетті, Сыр бойына жаңадан Жаңақорған, Жөлек сияқты күшті бекіністерін салдырды. 1818 жылы Ақмешіт қорғанының негізі қаланды. Қаратау өңіріндегі Бестамғалы, Қоңыраттар тайпаларын бағындырып отыру үшін олардың Шаян өңірімен іргелес жатқан шағын елді мекеніне Шолаққорған бекінісін салдырды. Сол өңірдегі ескі Созақ бекінісі күшейтілді. Жалпы, Түркістанды алғаннан кейінгі Сырдың төменгі құйылысындағы қазақтар қоныстанған қолайлы жерлеріне салдырған алты бекінісінің ішіндегі ен үлкені Ақмешіт болды. Қоқан әскерлері бір жағы Ақмешіттен бастап Аралға қарай кетсе, екінші жағы Жетісуға жетті. Қазақтар Қоқан хандығының езгісінде өмір кешті. Қазақтар тұрмыстарының ауырлығын айта алмайтындай күй кешті. Соның салдарынан олар 1821 жылы-ақ қоқандықтарға қарсы бас көтерді. Көтерілісті Тоқтамыс ханнын ұрпағы, кейіннен лақап аты Тентек төре аталып кеткен (Рүстем Аспандиярұлы) кісі басқарған08. Көтеріліс мынадай оқиғадан басталды... Сол жылдың қысында Қоқан ханының бұйрығымен Сейдакұл бек басшылығымен қазақ ауылдарына қол жіберілді. Олар қазақ ауылдарың қаталдыкпен тонады. Осыдан Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Сайрам қалалары мен Шаян, Саудакент өңірін қамтыған көтеріліс бүрк ете қалды. Сол өңірден 12 мың қазақ жиналып, Сайрамды басып алды, сөйтіп оны көтеріліс оргалығы етті. Көтеріліс алғаштан-ақ кен ауқым ала бастағанымен ұйымдасу дәрежесі төмендігімен бірге бірікпей, Шымкент пен Сайрамға бөлініп кеткен қазақ шаруаларының бұл бас көтеруі өздерінің мүддесіне қауіп тууы мүмкін деген ой келген төрелер сатқындығының салдарынан берілді. Омар хан әскерлері келешекте сабақ болып, қайтадан бас көтеруді ойлатпас үшін Сайрамдағы да Шымкенттегі де қазақтардың көтеріліске шыққандарын қан жоса етті. Қазақтар Мәллебек хан сайланғаннан кейін де көтерілді. Қоқандықтар салық жинау үшін жүздеген әскерлермен Әулиеата өңіріндегі әр ауылға келді. Жүртқа хақын келе жатқан орыстарға қарсы тосқауыл жасау үшін дегенімен негізгі мақсаты халықтың барын тартып алу еді. Осыған байланысты Ұзынағаштағы шапыраштылардың. Қордайдағы жаныстардың, Меркідегі ботбайлардың, Қаратаудағы сиқым мен шымырлардың, Сарысудағы ысты-ошақтылардың, Қазығұрт пен Түлкібастағы, Бөген-Шаяндағы сіргелі, дулаттардың датқа-бектеріне хабар жетті. Осы кезде Шаяндағы қарабатыр Кеншім датқа да Әулиеата өңіріндегі қазақтарды қолдайтынын білдірді. 1853 жылы генерал Перовский Сырдария жа- ғасындағы Ақмешітті алып, 1854 жылы Жетісудың батысында Верный бекінісі салынғаннан кейін Қоқан ханы олардың қазақ даласынын оңтүстігіне қарай одан әрі терендей түсетінін түсінді. Ташкеттен ІІІымкенттке, одан Созаққа жүрер жолдағы Шаян өңірі де орыс әскерлерінің қауіпінен тыс қалмады. Күміскорған бегі Құрманәлі, Шымқорған бегі Секер, Түркістан бегі Батырбасы, Созақ бекінісінің бегі Тайшық сұлтан орыс әскерлерінің тегеуіріне төтегі бере алмайтындығын жақсы түсінді. Осындай, сырттан қиын жағдай болып тұрған кезде бүкіл оңтүстіктегі сияқты Шаян өңірінде де рулар мен тайпалардың арасында барымталық тоқтамастан, қайта күшейе түсті. Бұл өңір рулары мен Қаратаудың арғы бетінде тұратын рулар арасындағы бір-бірінің ауылдарын шауып кету тоқтамады. Соның бірі — 1856 жылы маусымда жасалынған үлкен шапқыншылыққа қатысуы еді. Жалпы Шаян өңіріндегі барымталықта талай қазақ жігіттері қаза тапқан болатын. Ол рулар арасындағы тартыстармен байланысып, ел арасындағы дау-дамай бір тоқтамай, одан әрі жалғасып жатты. Осылармен бірге Қоқан қоластындағы қазақтардың қатты қаналуына байланысты Россия қарамағына өтуге деген ұмтылысы да басталған еді. Бүкіл оңтүстік өңірін қамтыған көтерілістер қазақ шаруаларының діні де, тілі де бөлек болса да орыстар жағына өтуге мәжбүр етті. 1863 жылдың мамырында полковник Черняев бастаған әскер Созақ пен Шолаққорғанға келгенде, бекіністердегі қазақтар өздерінің Россия қарамағына бейбіт өтетіндігін мәлімдеген". Сөйтіп, 1864 жылы 22-мамырда Перовский фортынан Сырдың бойымен оңтүстікке қарай орыс әскерлері шығып, 1864 жылдың маусым айының басында полковник Н.А.Веревкин бастаған орыс әскерлері 12-маусымда Түркістанды алса, оған дейін, 4-маусымда Алатау әскери округінен шықкан полковник М.Г.Черняев бар-жоғы 1500 қоқан әскері бар парваначи Ниязалы басқарып отырған Әулиеата бекінісін алып қойған еді . Әулиеата мен Түркістан қалалары алынғаннан кейін келесі шабуыл кезегі Шымкентке бағытгалды. Таяу уакытта шабуыл жасала қалғанда қандай бекіністер мен елді мекендерді басып өту керектігі жоспарланды. Осының алдында ғана хан дәрежесінде ел билеп отырған аталық, молда Әлімқұл барлық қазақ беделділерін шақырып, көп қазақ руларының орыстарға қарсы соғысқысы жоқ екенін біліп, оларға мұсылман туынын астына бірігу орнына кәпірлерге жақтасып отырғандарына қатты ұрысып, көмектеспесе қаған жазалайтындығын айтты. Қыпшақтан шыққан ол Шымкент қаласын орыс әскерлерінен қорғау үшін келген кезде отыз үш жаста еді. Әндіжан өңіріндегі Қарасу елді мекенінде туылған ол 50- жылдардың ортасынан әскер қызметіме араласып, танылды . Россия әскерлерінің Шымкентке карай бағыт алуы мұндағы бекініс маңындағы халықтарды қатты тітіркендірді. Орыс әскерлеріне қарсы ақырына дейін аянбай соғысу керек екендігін түсінген кей бекініс 92 басылары өзінің төңірегіне мейлінше сенімді. жаужүрек жігіттерді топтастырды. Соның бірі Кенесары ханның баласы Сыздық төре еді. Әкесі Кенесары хан өлтірілген 1847 жылы он жаста болған Сыздық сұлтан орыс әскерлері Шымкентке шабуыл жасаған 1864 жылы жиырма бес жаста болатын. Бірде Қоқанға барып, ханның өзінен "пансат" лауазымын алғаннан кейін, ол Ташкенттен Шымкентке, одан Созаққа бара жатқанда Арыс, Боралдай, Бала Бөгеннен өтіп, Шошқабұлаққа жақын жағалауы жаздың ыстығынан пісіп, иісі мұрын жарған жиде өскен Үлкен Бөген өзенінің бойындағы жайлаудағы ауылға тоқтап, одан Шаян елді мекені арқылы Созаққа өткендігі жөнінде аңыздар бар. Айтушыларға Қарағанда, оны осы ауыл байларынан бастап жалшыларына дейін жақсы білген екен. Бұл дегеніңіз, Сыздық сұлтанның Созақтан Ташкентке осы жол арқылы ары-бері бірнеше рет өткен деген сөз. Содан болса керек, 1864 жылдың шілде айының басында Шаян өңіріндегі билерге Әулиеатадан полковник М.Г.Черняев бастап келе жатқан орыс әскерлеріне қарсы күресу үшін жігіт сұрағанда бірнеше күннің ішінде барлығы екі мыңдай қазақ жігіттерінің баруы тегін емес. Шымкентті алуға келген орыс әскерлері Ақбұлақ, Көкбұлақ маңындағы шілдеде болған шайқастан кейін ханның әмірімен осы өңірдегі барлық билеушілер, қолбасшылар, датқалар Шымкент бекінісіне жиналды. 1864 жылғы шілдедегі шайқас кезінде қоқандықтардан 3 мыңдай, орыс әскерлерінен 451 адам өлді. Әлімқұл әскерлерінің саны барған сайын көбейе түсті. Полковник Черняев енді қаланы ала алмайтынын түсініп, кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыдан кейін Шымкент бекінісінде әулиеаталық Байзақ датқаны дегендеріне көнбегені үшін Қоқан билеушісі Саийд Сұлтанның бұйрығымен ағылшындардан алдырған төрт зеңбіректің аузына байлап, Әулиеата жаққа қаратып аттырып жіберді. Патша әскерлері 19-қыркүйекте қайтып келіп. бекіністің оңтүстік жағындағы шығыстан батысқа қарай созылып жатқан доға тәрізденген Айкөлі жағына бекініп, қаншама рет бекініске қарай зеңбірек атып, ақыры М.Г.Черняев әскерлері 22-қыркүйек күні таңертен қалаға алдымен зеңбірек оғын қардай боратып, жұрт бұрқыраған шан астында қалғанда тікелей шабуыл бастады Л Қала беріліп, халқын орыс әскерлері екі күн бойы талады 4, көптеген бейбіт тұрғындар аяусыздықпен өлтірілді. Айта кететін бір жай, ''қоқандыктар" дегеніміз, түгелдей өзбектер емес. Негізгі бөлігі ұрысқа қорықпай кірісетін, батыл қазақ жігіттері болатын. Олардың көбінің өз еркімен келмегені, тек ауылыңды шабамыз, малдарыңды тартып аламыз,- деп қорқытқаннан кейін еріксізден келгендер екені белгілі. Бірақ қоқандық әскерлер қатарында жүргендіктен олар да "қоқандықтар" деп атала беретін. Жалпы, орыс әскерлерімен болған соғыстарда Қоқан хандығына қарсы қазақтар да, қырғыздар да, қарақалпақтар да болды. Орыс әскерлеріне қарсы жан-тәнімен соғысқан ерлердің көп болмауы да осыдан еді.

РОССИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ

ҚОЛАСТЫНДАҒЫ ӨҢІР

Патша үкіметі қазақ даласын түгелдей алғаннан кейін бірыңғай басқару жүйесін енгізуге дайындық жүрді. 1867 жылы 11-шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже", ал 1868 жылдың 22-қазанында "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже' бекітілді. Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді. Әр генерал-губернаторлық облысқа. облыс уездерге, уезд болыстарға, болыс ауылдарға бөлінді. Сөйтіп, отаршылдық әмірі жұрген тұста патшаның сенімді тірегіне айналған Омбы қаласы Орта жүздің қазақтарының әкімшілік орталығы. Орынбор Кіші жүз қазақтарының саяси-әкімшілік орталығына айналды. Ал бұдан кейін Орталық Азия тұтасымен Россия тарапынан жауланып алынған соң ол өлке облыстарға бөлініп, Ұлы жүз қазақтарының ел билеудегі саяси- әкімшілік орталығы Ташкент қаласына қаратылды. Түркістан генерал-губернаторлығына сонау ғасырлардан бергі тарихы мол шежірелі Оңтүстік өңіріндегі Жетісу және Сырдария облыстары да енді. Сырдария облысына Әулиеата, Шымкент, Түркістан, Қазалы, Перовск, Ташкент. Ходжент және Жизак уездері кірді. Жергілікті жерде бүкіл билік уезд бастықтарына берілді, болыстар рулық емес, территориялық негізінде құрылды. Уезд бастықтары орыстардан, әскери офицерлерден тағайындалды, болысты болыстар, ауылды старшындар басқарды. Олар қазақтардан сайланып қойылды. Осы кезден бастап бұған дейін Россия құрамына өткен аймақтардағы сияқты Қазакстандағы ең даулы нәрселердің бірі жер мәселесі болып қала берді. Патша өкіметі қазақ жерлерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялап, қазақтарды жерге меншік құкығынан айырды. Отаршылдық саясаттың өн бойында патша өкіметі қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алумен бол ды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Қазақжерінің оңтүстік өңірінде біраз жылдар билеген Қоқан ханы Худоярдың Шаян өңірін басып өткені жөнінде деректер бар. 1875 жылы қасында екі ұлы бар Россияға жер аударылған ол 50 адамымен 12- тамызда Ташкенттен шығып. Орынбор жолымен жүріп отырып 15-тамызда Балабөгенге (қазіргі Қызыл көпір) жетіп, 16-сы күні аттанып, 18-тамызда Түркістанға жеткен екен. 1886 жылы генерал-губенаторлық ресми түрде Түркістан өлкесі атанды. Оған Сырдария облысы кірсе, сол кезде қазіргі Шаян өңірінің территориясың қамтыған Арыстанды, Шаян болыстары Шымкент уезінің құрамында болды. Соның ішінде 1889 жылы Арыстанды болысына "Үш арық" ауылында 60, Шақпақ" ауылында 120, "Қызылжар" ауылында 316, Жүзімдік" ауылында 216. "Қарабас" ауылында 258, Нұра" ауылында 64, "Ақтас" ауылында 320, "Қайнар- ақ ата" ауылында 120, "Қатын кемел-Шылбыр" ауылында 62 түтін тұрды. Ондағы ауылдар негізінен мал шаруашылығымен айналысып көшіп-қонғанымен егіншілікпен де айналысты. Осы болыспен іргелес жатқан Шаян болысына Х.Хаджиев би болыстық етіп, оған "Бала Бөген", "Үлкен Бөген", "Сары Тоғай", "Жартүген", "Ақжар арық", "Қаратас арық", "Шаян" т.б. өңірлер қараған. Жалпы, Арыстанды болысына 9 ауыл, 948 үй қараса, Шаян болысына 13 ауыл 1373 үй қарады. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен де айналысты. Мысалға алатын болсақ, 1890 жылы 6.2 мың десятина жаздық, 6 мың десятина күздік егіліп, 10 мың десятина жердің шөбі орылған екен . Осыған қарап-ақ Шаян болысының тұрғылықты халқының қандай шаруашылықпен айналысқанын білуге болар еді. 1896 жылы Арыстанды, Бөген, Шаян болыстарында барлығы 4770 үй болды. XX ғасырдың басына дейін Сырдария облысы құрамында кірген Шаян өңірінде де көптеген әкімшілік-терригориялық өзгерістер болып жатты. Қоқан қоластынан "азаттық алған" қазақтардың қолы бостандыққа жеткен жоқ. Россиядан ағылып келген отаршылдар қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін кұла дүзге, тау-тастақ пен құнарсыз жерге қуды. Патшалық Россияның қолына өткеннен кейінгі алғашқы жылдардан Шаян өнірінде көптеген ескерткіш бар. Соның бірі - 1879 жылы жоспарланып 1886 жылы аяқталған Түркістан - Шымкент жолынан Бөген өзенін қиып өткен жеріндегі Қызыл көпір . Осы көпірдің салынуы жөнінде бізге жеткен бір аңыз былай сыр шертеді. Генарал Константин Петрович фон- Кауфманның қызы тұрмысқа шығып, жас жұбайлар Түркістандағы кесенені көруге аттанады. Аңыз бойынша, Бөген өзені бойындағы бекетте әлгі кел іншек пен бір қазақ жігітінің бір біріне көзі түсіп, ұнатып қалса керек. Оны көрген қазақ жігігтері қызығып, үлде мен бүлдеге оранған аруды қайтар жолда тартып алуға сөз байласады. Қайтып келе жатқан қоныраулы күймені алыстан көрген жігіттер өзеннен өткелін қазып шұқыр жасағандықтан, аттар сүрініп, күйме аударылып, екі жасауыл аттан секіріп түскенде қамыс арасында жасырынып тұрған жігіттер қарсыласуға шамаларын келтірмей байлап тастаған. Жігіт те, арба айдаушы, әрі тілмаш та солардың жайын құшты. Содан оларды "Сарқырама" жаққа апарып алдын- ала тіктіріп қойған киіз үйге апарып, әр қайсысын бөлек-бөлек ұстаған. Жігіт келіншекпен сөйлесе алмай, екеуі бір-біріне қарап жымия күліп, іштей үғысқаннан әріге бармаған. Губернатордың қызын тұтқында ұстап отырғанын естіген ауыл қариялары қарулы әскер келетінінен қоркып, үшінші күні оларды босатып, кешірім сұраған. Осы жайды естіген Ташкенттегі Түркістан әскери округінің генерал-губернаторы, округ әскерлерінің қолбасшысы Константин Петрович фон Кауфман қатты ашуланып, кінәлілерді жазаламақ болған. Бірақ араға қызы түсіп: "Бізге ешқандай зәбір көрсеткен жоқ" деп әкесінің ашуын басып. оқиға болған жерге сол бір қазақ жігітімен кездейсоқ кездескен жайдың ескерткіші ретінде көпір салуды өтінді. Біреулер қыз жігітті жақсы көріп қалғандықтан, соның ескерткіші ретінде күймесі құлаған жерге салғызған екен десе, енді біреулер, әлгі жігіттің өмірінің соңына дейін жандаралдың қызындай тең таппай үйленбей өтіпті,- дейді. Бұлар аңыз ғана. Иә, аңызға сенсек. 1879 жылы жоспарланып, 1886 жылы салынып біткен, басқа жерге емес, шағын ғана Бөген өзеніне көпірдің салыну тарихы осылай екен. Алғашқыда көпір қыздың суға құлаған жерінде болғандықтан "Қыздың көпірі" десе, кейін бояуының түріне байланысты "Қызыл көпір" аталып кетіпті. Ал, фон Кауфманның қызы болса, ойламаған жерден "қиргиздардың" қолына түсіп, басынан кешкен сол бір үш күнгі қызықты оқиғаны айтудан еш жалықпайды екен . Осы жылдары оңтүстік өңірінде өндіріс орындары салына бастағаны белгілі. 1883 жылы Н.И.Иванов Шымкент қаласында сантонии зауытын салуға кірісті, сол жылы 16-желтоқсанда алғашқы өнімін берді. Сантонин зауытының шығарған өніміне көптеген елдерден сұраныстар түсті. Сөйтіп, зауыт жылына 2000 пұт таза сантонин шығаратын дәрежеге жетіп, оның өнімі Жапония, Индия, Германия, Англия сияқты елдерге жіберіліп жатты. Оның шикізатының бір бөлігі Шаян өзенінің оңтүстік- шығыс жағындағы кен жазықта өсетін дермеден алынды. Сол жердегі қазақтар дермені орып, бастырып. дайын дәнді орыс көпестеріне тапсырып отырды. Ол кезде Шаян өңірі азулы жыртқыш аңдарға бай болыпты. Орыс көпестері Шаян өңіріндегі азулы жыртқыш аңдардың терісін алуға қызыққан. Орынбор облысының мұрағатындағы бір құжатта 1866 жылы орыс көпестерінің тапсырмасымен Арыстанды. Қарасу, Шаян өзендерінің маңындағы беткейлердегі сирек өсетін пәкене ағаштар саясын мекен еткен 60 арыстанның терісін алғандығы жөнінде жазылған. Алайда, кейіннен орыс аңшыларының терісі бағалы бұл аңды атып алуға машықтануға байланысты отыз- қырық жылдық ішінде ғана бірін қалдырмай құртып жіберген. Сыр бойы мен Шу, Арыс бойындағы ну қамыс арасындағы жолбарыстар да солай, бірнеше онжылдықтың ішінде-ақ бірі қалмай құртылған еді. Бұл өңірде жастарға білім беруге ерекше мән берді. 1867 жылы Шаян елді мекенінде, өзенінің бойындағы Қapa бастау" жанында медресе салу жоспарланады. Сол жылы іргесі қам кірпіштен қалана бастаған. Мешіт медресесін сол жерде тұратын рулардың адамдары өзара келісіп, шығынын көтерген. Кейін, Қасым ишанның баласы - Аппақ ишан кұрылысты күйдірген қыштан салуды қолга алған. Мешіт медресе комплексінің салыну тарихы жөнінде әзірше құжаттың мәліметі жоқ. Дегенмен, кейбір ауызша деректерге Қарағанда оның салынуы 1872 жыл болса керек 8. Алғашкы кезде 40 құжыра жасау жоспарланады да. түрлі себептерге байланысты оның 29-ы ғана салынады. Енді бір жазбагерлер осы қырқының да салынғанын. бірақ кейіннен біразының құлап қалғанын айтады. Бізді ойландыратыны, басқа жерде қайталанбайтын осы бір тамаша архитектуралық құрылыстың дәл біздің Шаянда салынуының себебі неде екен,- деген сұрақ. Жауабы біреу-ақ болса керек. Ол - Шаян қыстағының осы өнірдегі атақ-даңкы талай елге белгілі, үлкен әкімшілік орталығы болғандығы. Ал мешіт мұражайындағы кейбір кейінгі кездегі жазбаларға Қарағанда медресе өз заманындағы іргелі орта білім беретін оқу орындарының біріне айналып, онда сол жылдардың өзінде жылына орта есегіпен 150- дей шәкірт білім алған. Оларға 20-ға тарта ұстаз сабақ берді. Оның кітаптханасында араб, парсы тілдерінде көптеген әдебиеттер болған. Өкінішке орай жоғарыда айтқан араб тіліндегі діни, тарихи, әдеби, басқа да кітаптар XX ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын- сүргін жылдарында жоғалып кеткен. Мешіт, дәрісхана. құжыралар бірінен-бірі бөлек салына отырып. барлығы тұйық төрт бұрышты бір аланға жинақталған. сөйтіп мұнда стилистикалық бірлік сақталған. Комплекстің құрылысына күйдірілген қыш пайдаланылған. Күмбез Орталық Азияның басқа да архитектуралық ескерткіштері сияқты күйдірілген қыштан өрілген. Құрылыстың фасадына сылақ жүргізілмеген. Сондықтан күйдірілген қыштардың өрнектеле өрілуі бұл ескерткішке әлі осы уақытқа дейін архитектуралық сән беріп тұр. Осы өңірдегі атақты ақыннын бірі, аты әлі күнге дейін аңызға айналып. халық аузында жүрген қыз Манат (1856-1890 жж.) та аталмыш медреседе оқып, білім алған болса керек. Ел аузында Көктеректен шыққан бұл қыздың Орынбай Таймановтың туысы ақын Қоңырбаймен айтысы әлі күнге дейін сақталған . Бір куанарлығы, кейінгі жылдары Манат қыздың айтыстары жөнінде көптеген ғалымдар мен журналистердің зерттеулері жарық көруде. Соның бірі - белгілі ғалым Н.Төрекұлов та айтулы зерттеу жүргізген. Аудан мәдениеті тарихында сол ғасырда дүниеге келген ақын Орынбай Таймановтың өз орны бар. Оның жарық көрген шығармалары ақындық дәрежесінің соншама жоғары екенін көрсетеді. Қазіргі аудан жерінде Россияның орталық аудандарынан көшіп келгендер орналасқан бұрынғы Шошқабұлақ деп аталатын шағын ғана бұлақ бойында Глинкова, Бөген өзеніне Ұзынбұлақтың құйған жерінде Леонтевқа, Орловка, одан әрі Ақшоқы етегінде Китаевқа, Қошқарата өзенінің бойындағы Бесшоқы бауырында Михайловқа елді мекендері пайда болды. Жалпы, сол кезден ескерткішке қалған, әлі де зерттелінбеген тарихи орындар бар. Соның бірі ішіне небір сырларды бүгіп жатқан Құдайберген үңгірі . XX ғасырдың басы бұл өңірге Россияның орталық аудандарынан қоныс аударушылардың көбеюімен ерекшеленеді. Мысалы, 1897 тек Шымкент уезінде европалықтар барлық халықтың 3.59 пайызын қамтыса, 1910 жылы ол 7,68 пайызға жетіп үлгерді. Европалықтардың сан жағынан өсуімен қатар мал шаруашылығындағы қазақ шаруаларының жерсіздене басталуы орын алды. Келіп қоныстанушылар қазақтардың ғасырлар бойы пайдаланып келген шұрайлы жерлерін тартып ала бастады. Заңсыздықтар күшейді. Жерлерінен айрылған қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі шаруалары шағымданатын жер таппады. XІX ғасырдың 90-жылдары ауа райының шаруашылыққа қолайсыз болғанын көреміз. Соның нәтижесінде егін шаруашылығының дамуы біршама темен болды. Мысалы, Шымкент уезінде қар аз түсіп, күздік бидайлар үсіп кетті. Егін шаруашылығын дамытуда бұл өңірде де көптеген қиындықтар қайталанып отырды. Бұл мал басының азаюына да алып келді. Мысалға алатын болсақ. осындай қиындықтан егіннен аз өнім алу 1906 жылы да болды. Осы жылы Шымкент уезі бойынша Шаян, Бөген, Арыс өзендерінің бойындағы егілген астықтан ғана ортадан жоғары өнім алды. Ал Сырдария бойындағы астықтың аз алынуының себебі қысқы және көктемгі ылғалдың аз болуына байланысты дарияның суынын денгейі едәуір төмен түсіп, кей жерлерде арыққа көтерілмей қойды. Оның үстіне. солтүстік-шығыстан соққан ыстық жел егістікті қуратып жіберді. Ал осы жылы облыс тұрғындары негізінен қоныс аударып келгендердің астықты пайдаланатындығына байланысты астыққа деген сүраныстың өскеніне, бағаның көтерілгеніне бұрынғы жылдарға Қарағанде егінді көп еккен. Осы жылы астық егуге тек Шаян өңіріне қоныс аударып келген орыс шаруалары ғана емес, сонымен бірге өзен жағалауына қоныстанған жекелеген қазақтар да көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығы техникалары өсті. Дәулетті қазақ байлары бұрынғы жерағаштың орнына темір соқаны пайдалана бастады. Сонын нәтижесінде, олардың егістік көлемі де өскенін2 көреміз. Сол кезде қазіргі аудан территориясы түгелдей дерлік Шымкент уезіне қарап, онда Арыстанды, Байжігіт, Глинково, Ұлықты Шаян болыстары мен Арыс. Бөген, Қошкарата, Сарыбұлақ болыстарының едәуір ауқымын қамтыған болатын. Соның ішінде Шаян болысына 13 ауыл 1373 үй, Арыстанды болысына 9 ауыл, 948 үй қарады. Егіншілік дамыды. Шаян болысына 6.000 десятина күздік, 6.200 десятина жаздық бидай, 200 десятина сұлы, 300 десятина тары егілді. Мал басына келетін болсақ, 1891 жылы Шаян болысында 1.200түйе, 1.600 жылқы, 535 сиыр, 15.000 қой, 4.000 ешкі болса, Бөген болысында 1.516 түйе, 1481 жылқы, 47 сиыр, 29.956 қой, 3.282 ешкі, Арыстанды болысында 1.556 түйе, 700 жылқы, 30 сиыр, 26.780 қой, 1.987 ешкі болған. Ал халық санына келеек, 1896 жылы Бөген, Шаян, Арыстанды болыстарында 4.770 үй болса, 1900 жылы Шаян болысындағы тоғыз ауылда 1544 үй болды . Аталған болыстардың аймағында ауыл шаруашы- лығында негізінен малдың үлес салмағы жоғары болады. Олардың негізгі өндіріс құралдары жерағаш болып, кейіннен темір соқа, тырма, орақтар келе бастады. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар жақсы жайылымдар іздеп, мал жайын ойлаи көшіп- қонып жүрсе, өзендер жағалауындағы аса шұрайлы жерлерге орналасқан отырықшылар егін салды. Кей деректерге Қарағанда, бұл өңір көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан дегенімен кей ауылдар негізінен егіншілікпен айналысқан. Мысалға алатын болсақ, 1898 жылғы бір материалда Арыстанды болысында "Үш арық", "Шақпақ", "Жүзімдік", "Қызылжар", "Қарабас", "Нұра", "Ақтас", "Қайнар- Ақ ата", "Қатын Кемел", "Шылбыр" ауылдарында көбі көшпелілікпен қатар егіншілікпен айналысқан. Егін еккен. Ал Шаян болысында "Бала Бөген", "Төрткүл арық' "Үлкен Бөген", "Сарытоғай", "Жертүген", "Жаңа ұйық", "Ақжар арық "Шаян Қаратас арык' "Шаян Қараған арық" т.о. суландыру мақсатында салынған арықтар болған. Дегенмен кей жылдары қуаңшылық болып, егіннің шықпай калуы, өндіріс күшінің төменгі дәрежесі, мал жайылымының нашарлығы салдарынан адамдар жиі- жиі көлденең қиындыктарға тап келіп, тіпті кейде жұтқа ұшырайтын кездер аз болмаған. Осындай орын алған қиыншылықтардан шығудың жолы деп халықтың бір бөлігі тікелей егін шаруашылығымен айналысуға көшті. Өзеннің бойындағы егін егуге жарамды жерлерді суландыру жүйелерін жетілдіру істері қолға алынды. Мысалға алатын болсақ, Мыңбұлақ болысының 1-Мыңбұлақ ауылында (болыс орталығы) "Мыңбұлақ", "Қытай арықтары, 2-ауылында (Шаяннан батысқа қарай 30- шақырымдай) "Ақбұлақ"Күшікбай", "Шылбыр", "Қайнар" арықтары, 4-ауылда (қазіргі "Бестоғай" жері) "Қарабас, "Қараторғай" арықтары болса, 5-ауылда қазіргі Шаяннан 15-шақырымдай жерде) Арыстанды өзенінің суын пайдаланып. бидай, арпа, тары, жүгері сияқты дәнді дақылдарын екті. Жекелеген болыстарда осылармен қатар қонақ егу дәстүрге айналды. Әрине, 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы ақпан, қазан айларында болған төңкерістерге аудан көлеміндегі халыктардың қаншалықты дәрежеде қатысқанын жан-жақты ашып көрсету бізге қиын. Дегенмен, сол толқулардың лебі бұл жерлерде де із қалдыруы мүмкін. Өйткені патша өкіметінің қазақ халқына жүргізіп отырған отарлық саясатының мәнін. өз басынан қиындықты кешкен әрбір адам түсінді емес пе? Шаян өңірінде жер мәселесі бұрынғыдан да шиеленісіп кетті. 1907 жылы 50 отбасы Россиядан келіп, оларды орналасу үшін "Алмалы ауылына жіберілді. Олар Бөген өзенінің бойындағы Боралдай тауынан 5 километр жерге келіп тоқтады Қоныс аударушылырдың бір бөлігі Бөген өзенінің бойындағы Ұлы жүздің Ташша руының 109 отбасының қонысының жанына келді. Алғаш Лопаткин дегендерден 5 отбасы келіп, қазақтардан жерді уақытша пайдалануға алып, ол жерге үй салды. 1908.1909 жылдары Ставрополь губерниясынан келген тағы 25 отбасы орналасты. Олар да жерді қазақтардан жалға алды. 1910 жылы тағы да 50 отбасы қоныс аударып келді. Барлығы дерлік ауқатты шаруалар еді. Олардың малдары, егін шаруашылығымен айналысуы үшін құрал-саймандары болды. Мысалға алатын болсақ, Г.С.Курочка деген Ставрополь губерниясының Благодар уезінің Джахан деген селосынан келгенінің отбасында 7 адамы, малдан 1 жылқы, 6 өгіз, 7 сиыры, құрал-сайманнан бір соқасы болса, Т.И.Филипенко деген қоныс аударушының отбасында да 7 адам, малдан 6 өгіз, 10 сиыр, кұрал-сайманнан бір соқа, бір шөп оратын машина мен бір шөп жинағышы болды. Ал И.П.Чуб деген келімсектің 1 жылқы, 6 өгіз, 5 сиыры, ауыл шаруашылығы құрал-саймандарынан 1 соқа, бір шөп жинайтын машина, бір тырмасы бар еді. 1910 жылы олар "Алмалыда" мектеп ашып, онда бірінші жылының өзінде 43 бала оқыды. Осының өзі бұл жерге қоныс аударушылардың қаншасының қоныс теуіп қалганын көрсетеді. Келіп жайғаса бастаған қоныс аударушылар егіске керекті жерді. шөп оратын шабындықты көрші жатқан Шаян, Бәйжігіт, Боралдай болыстарынан алды. 1909 жылы олар егістіктен жақсы өнім алды. "Алмалы өңірінің табиғатының тамаша болуына байланысты қоныс аударушылар бұл жерге ағыла бастады. Мұның өзі олардың "Бөген" мен "Бала Бөген" өзендерінің бойын толтыруы мүмкін еді. Осы жерді бұрыннан бері мекендеп келе жатқан қазақтар болса, жан-жағынан қыспаққа алынды. Ақырында, 1910 жылдың қазан айының 27-жұлдызында Бойжігіт болысының №1, № «2 ауылдарының қазақтары мен Шаян болысының екі ауылының қазақтарымен келімсектер арасында талас басталды. Қазақтар өздерінің жалға берген жерлеріне енді өздері егін салатындықтарын айтты. Eгіс басына орыстардан 40, қазақтардан 300 адам жиналды. Орыстар мылтық алып шықты. Ақыры келісіп тараған болды. 28-і күні қазақтар әлгі жерге егін еге бастады. Бірақ, 30-күні екі ұлт адамдары арасында адам айтқысыз төбелес болды. Осы төбелесте қаншама адам жарақат алды, бір қазақ жігіті мерт болды. Осыдан кейін қазақтар қоныс аударушыларға жалға жер бермеуге келісті. Екі халық арасындағы дау-жанжалга Шымкент уездік басқармасы араласып, дауды бейбіт жолмен шешуге әрекет жасай бастады. Бірақ, адам өліміне алып келген бұл жанжалды патша үкіметінің әкімшілігі қарулы адамдарының күшімен қорқытып, тұншықтырды. Өз жерінде әділеттікке қолы жетпеген қазақтар іштен тынуға мәжбүр болды. Отарлық саясатын жалғастырған патша өкіметінің сайындаладағы тірегі;орыс құлақтары жергілікті өкімет орындарына арқа сүйей отырып қазақ шаруаларының шұрайлы егістік және шабындық жерлерін тартып алуды жалғастырады. Отаршылдар ІІІаян өңірінде де ең таңдаулы деген жерлерді иемденіп. жоғарыда айтқан "Леонтьевқа", "Орловқа", "Китаевқа", "Михайловқа", "Глинкова" деген орыс селоларын құрды. Ол аттардың барлығы орыс ұлықтары мен ауып келген қоныс аударушы мұжықтарының ата-тегінің аттары еді. Патша өкіметі қоныс аударып келгендердің шаруашылығын жақсы дамытып, өздеріне тірек болатын құлақтарды көбейту үшін несие ақша мен шаруашылық техникаларын беріп. оларға көптеген көмек көрсетті. Орыс қоныс аударушылардың атылатын қарулары болғандықтан қазақтар олардың маңына жолай алмады. Кез-келген дау-жанжалды олар қару күшімен шешіп, қазақ шаруалары барлық құқыларынан айрылды. Қазақ шаруаларының жерін қоныс аударып келгендердің пайдасына алу қазақ шаруаларының наразылығын туғызды. Мысалға алатын болсақ, Қошқарата болысының нөмері бірінші ауылының тұрғыны К.Тазабековтың 1913 жылдың 15-желтоқсанындағы Сырдария облысының губернаторына жазған хатында 1906 жылы ата-бабасының ежелден бері пайдаланып келе жатқан жерінен айрылып, сусыз, мал үшін жайылымы тар жерге қуылғанын айтады, Ол 30 отбасыны Талдыбұлақ өзенінің бойындағы егін егуге қолайлы жері мен жайылымы бар жерге орналасуға рұхсат сұраған. Осы болыстың алтыншы ауылынан Р.Нұралиевтің Черняев уезінің Қоныс аудару ісінің меңгерушісіне жазған хатында Боралдай өзенінің бас жағындағы "Көк Тұра" өңіріндегі "Ақбастау", Қошкарата өзеніне келіп құятын шағын өзен басындағы "Доланабұлақ", "Қараның сайы" т.б. жерлердегі осындай даулы жағдай жөнінде айтқан . Кейбір құжаттарда қазақтар мен қоныс аударып келген орыстар арасында дау-жанжалдардың болып тұрғандығы жөнінде айтылады. Соның бірі 1912 жылы 22-шілдедегі бір құжатта Глинкова селосында тұратын орыс шаруаларының хатында "Ұзынбүлақтағы" егістіктерінің қазақ егістіктерімен қатар жатқандығы, қазақтардың қайта-қайта бүлдіру әрекеттерін жасағандықтары жөнінде айтады. Сол сияқты үй малдарының жайылымының да қауіпті жайда екендікіерін жазады83. Бірақ оның негізгі себебі қайда жатқаны жөнінде ештене айтылмапты. Әрине, ол жағы біз үшін әбден түсінікті. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін патша үкіметі майдан даласында зебіректерді тарту, жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін жылқы малының санын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Шымкент уезінің жері, әсіресе Қаратау өңірі жылқы өсіруге қолайлы болғандықтан қазақтардың қыстаулар салып, жылқылар тұратын сарайлар салу ісіне мән берді. Сөйтіп, "Қошкарата" әулиенің маңындағы "Әулиебүлақ", "Талдыбұлақ" сияқты шағын өзендердің бойында сарайлар салу істері жоспарланған екен. Сол кездегі қазіргі "Борлысай ауылдық аймағының қандай болыстарға қарағанына келетін болсақ. "Қошкарата әулие" аймағы "Қошкарата" болысының 4-ауылына қарап, "Шұқыршақ" ауылы "Боралдай" болысының 6-ауылы болды. Шұқыршақпен шекаралас жатқан Ұзынбұлақтағы шоқайлар да Боралдай болысының 5- ауылы болды. Бұл жылдары орыс қоныс аударушыларының жергілікті қазақ халкымен дау-жанжалдары жалғасып жатты. Кезінде Борлысай ауылдық Кеңесіне қарасты "Ақтас" колхозы басқармасының бастығы, бірнеше шаруашылықтарда партком хатшысы болып кызмет атқарған Сауытбек Есбаев аға ауыл тарихы жөніндегі бір әңгімесінде орыс қоныс аударушыларының қазақтарға жасаған қиянаттары жөнінде көп айтқан еді. Соның бірінде ол: ... 1915 жылдың жазы болатын,- деп бастады әнгімесін. Мен тоғыз жаста едім. Біздін ата-бабаларымыздың қонысы Шұқыршақта болатын Ол Қошқарата өзенінің орта түсында бір жағынан Қарагайлармен іргелес болса, екінші жағынан Сарыойлықтармен шектесетін. Ауыл орыс қоныстанушыларының тарапынан қатты қысым көріп, екі жүздей ІІІоқай руынын отбасылары Қарабастауға қарай көшуге мәжбүр болды. Сөйтсек, ол жерге де көз тігіп отырған қоныс аударушылар бар екен. Кенжебай Рысымбетұлы деген ТҮЫСЫМЫЗ ауыл старшинасы болатын, ол: "Енді бұл жерді орыстарға бермейміз, қашанғы бір жерден екінші жерге көше береміз"- деп ауылды сол жерге қондыра бастайды. Бірақ бірер күннен кейін "ол жерден көшшін, ол жер біздікі- деген хабар келді деп естідік. Кенжебай: "Оттамасын, бұл біздің ата-бабамыздың жері, енді ешқайда көшпейміз"- деп ауылды орнынан қозғалтпай қойды. Бұл хабар орыстарға жетіп, бірер күннен кейін мылтық асынған оншақты орыс келді. Елден зәре кеткен. Олар Кенжебай үйінің алдына келіп тоқтады. Бүкіл ауыл демін ішіне тартып, тым-тырыс бола қалған. Өйткені, старшина ағамыздың алыстан мылтықтарының жарқ-жұрқ еткен найзасынын ұшы көрінгеннен үйіне кіріп кеткенін көргенбіз.

Бірі орыс тілінле бірдеңелерді айтып, қылышын сермеп қояды. -Старшин үйде жоқ,- деді Баян жеңгей... Жаңа алаша ("ат" дегеннің "орысшасы") мініп ана жаққа кеткен,- деп қолын қарағай шоқайлар ауылына қарай сілтеді. Салт аттылар әлгі сөздерді орысшаға аудармай-ақ, старшинаның атқа мініп, басқа жаққа кетіп қалғанын түсінді. Дегенмен. әлгілердің бірі мылтығын кезеніп ішке кіріп кетті. Айнала тағы да тым-тырыс бола қалған. Іштен шыққан ешкім жоқ. Бір кезде алты қанат ақ үйдің шаңырағынан будактаған көк түтін шығып. артынша лаулаған жалынның ұшы көріне бастады. Үйдегісі сыртқа шықты да атына мінгені сол еді. барлығы аттарынын басын қарағай шоқайлар ауылына қарай бұрды. Қарулы орыстар қырдан асқан кезде Баян жеңгей: тез үйді аударып тастаңдар. Сағымбайдың көкесі іште қалды,- деді. Тұрғандар үйді аударып тастағанда, жаман киізді жауып тастаған сандық ішінен Кенжебай көкеміз аман-сау шыға келді. Бірақ орыстардың қайта оралатыны күмансыз екендіктен ауыл сол күні-ақ "Ұзынбұлақты тастап, Қостұра етегіндегі "Теректі әулиені" бетке алып көшіп кетіп "Кентоғай" деген жерге келіп көшті тоқтатты. Үлкен ауылға ол жер тарлық жасағандықтан көп кешікпей сол жердегі Темір руының ақсақалдары өздерінің пайдаланып келген жерінен бөліп берді.

Сөйтіп біздің ауыл сол жерге орналасып қалды ,- деп аяқтады әңгімесін. Осы оқиғаларға қазақ шаруаларының саналы тобы құлақ түріп. болып жатқан дүбірлі өзгерістер нәтижесінде өз ұлттық тәуелсіздігімізді алып қаламыз ба деп күтті, соны іштей армандады. Бұл мәселелерде қазақтың оқыған зиялыларымен бірге ауқатты байлар да сергек болып, ел тәуелсіздігін аңсады. Дегенмен, Кеңес дәуіріндегі саясат салдарынан соңғы кездерге дейін "бай" деген мәселеде біздер бір жакты қате пікірде болып, мүлде бұрыс бағыт ұстадық. Егер хан, би, бай болмаса елді, халықты кім басқарар еді. Оның бай дегеніміздің дені істің көзін білетін шаруақор адамдар емес пе. Олардың бәрі бірдей халық қанын сорған жоқ. Соның бірі - осы өңірдегі, Майбұлақтағы Бәйжігіт руынан шыққан елдің айтуынша бақ дарыған Бөрібек бай. Ол ауыл тұсынан өтіп бара жаткан кез-келген жолаушыны мейман етпей жібермейді екен. Дастарханы жиылмаған береке дарыған оның балалары Үркімбай, Күрішбай. Әбдірлерге де жұғысты болған дейді. Мұндай байлар көп-ақ еді. Бірақ қоныс аударушылардың жер-суды күшпен ала бастауына байланысты олардың да саны азая бастады. Көрші Сайрам ауданынан шыққан Жандарбек болыс та халқының қамын ойлап, отқа да, шоққа да түскен азаматтың бірі. Бұл жылдары қазіргі аудан көлемінде белгілі билер мен болыстар жөнінде мұрағаттарда біраз деректер табуға болады. Мысалға алатын болсақ. 1882 жылғы бір материалда Шаян болысындағы Қайтмүхаммед Қожаев туралы айтылса, 1912 жылғы тағы бір құжатта Бөген болысы болған Батырша Бекбауов жөнінде айтады . Бірінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі осы өңірге де жетіп жатты. Россияның Австро-Венгриямен соғысында 1915 жылы Орынбор-Ташкент жолымен Сырдария өңіріне түрлі ауылдар мен селолардағы қара жұмыс істеу үшін 3500 тұтқын әкелініп Ташкент, Шымкент, Әулиеата уездерінде жол салу ісіне пайдаланылды . Қолға түскен тұтқындардың бір бөлігі осында, тау жолдарын жөндеу жұмысына жіберілді. Сөйтіп солардың күшімен Михайловқа. Китаевқа, Орловқа, Глинкова, Шаян жолдарының біраз жерлері жөндеуден өтті. Біздің қолымыздақы Россия Федерациясы Орынбор мұрағатынан алынқан бір суретте: "Тұтқындар Черняев уезінің Китаевқа селосына жол салуда. 1915 жыл"- деген жазу бар. Осы суретте соғыста тұтқынға түскен австриялық отыздай тұтқын солдат жол салып жатыр. Айтушыларға Қарағанда, соғыс аяқталған соң олардың барлығы дерлік елдеріне кеткен де, бірлі- жарым орыс, украин қыздарына үйленгендері осында қалған.Соның ішінде, солтұтқындардың бірі Вагнердің ұлын 50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында Шаян ауылында тұрған азаматтар жақсы білсе керек. Ол бұған дейін Борлысай жетіжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, директоры болып қызмет атқарып, аталған кезде Қазақстан компартиясы Шаян аудандық комитетінің насихат және үгіт бөлімінде қызмет атқарған А.А.Багин болатын. 1914 жылғы Бірінші дүниежүзілік соғыстың созыла түсуі қазақ ауылдарына да әсерін тигізді. Алғашқы кезде мал, астық өнімдері алына бастаса, енді. 1916 жылғы патша үкіметінің қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығынан кейін, оған қарсы жер-жердегі болып жатқан ұлт-азаттық қозғалыстар мұнда да әсерін тигізді. Бұл өңірден де қара жұмысқа адамдар алынды. Орыс шаруаларының қоныс аударып келуінен кейін, кейбір ауылдар жанында шағын базарлар ұйымдастырылды. Соның бірі Ілинкова атты орыс селосының жанында болды. Қазақтар "Шошқабұлақ базары деп атаған бұл жердің олай аталынуының себебі, Шымкенттен келе жатқан жолдың он жағындағы жан- жағы қалың қамыс бадалы болған бұлақ жанында базар ұйымдастырылған. Бұрын бұл жердің жан-жағы қалың қамысты бадалының арасындағы сазы мен көлкіген суында жабайы шошқалар мекен еткеннен кейін оны осылай атаған. Бірақ, атылатын қарулары бар орыс қоныстанушылар мылтығының дауысын естігеннен-ақ бұл жерден бірі қалмай, басқа жаққа безіп кеткенімен, бұлақтың аты сол күйінде қалды. Қаратау жоталарының шеткі етегіндегі бұрын осы жерді мекен еткен, кейін басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтардың жазғы жайлауы болған 'Үкітас" деп аталатын шағын шоқы етегіндегі жазық арқылы жан-жағы аттылы кісінің бойы көрінбейтін ну қамыс арасымен келетін таза бұлақтың жағасына орналасқан орыстар осы жерде қазақтармен сауда жасайтын еді. Сөйтіп, XX ғасырдың басында Шаян өңіріндегі жалпы өмір ауданның шаруашылыққа мейлінше қолайлы болған жерлерінде отарлаушылардың сан жағынан көбейіп, ағылып келе бастауымен, қазақ шаруалары жағдайларының қиындай түсуімен айқын- далады. Бүкіл қазақ халқы сияқты Шаян өңірі тұрғындары Қазан төңкерісінен көп үміт күткен. Сол жылдары Шаян өңірінің табиғаты аса бір бай, суы мол, орман-тоғайы көп болған. Біз оны мұрағаттағы мынадай материалдан көреміз. Қоныс аударып келген шаруалардың бір хатында: Бізге Алмалы поселкесінің жанындағы Ұзынбұлақтан жер берді. Оған бару мүмкін емес, жүре алмайтын қалын орман. Барлык жағы ну . Шаян өңірінде патша өкіметінің кезінде жастардың білім алуына мән бергені белгілі. XX ғасырдың басында. Қазан төңкерісіне дейін Глинкова, Орловқа, Леонтьевқа, Китаевқа сәл кейінірек Михайловқа селосында орыс бастауыш мектептері ашылды. Сондай-ақ мешіттердің жұмысына да көңіл бөлгенімен оның жұмысы үнемі патша үкіметінің тарапынан бақылауда болды. 1911 жылы Шаян учаскесінің өзінде 3 мешіт, 3 молда болуы үкімет тарапынан көңіл бөлініп отырғанының мысалы еді. XІX ғасырдың екінші жартысының соңы мен XX ғасырдың басында өңірге танымал болған ақын Орынбай Тайманов болды. Ол бүгінгі Боралдай кеңшары орналасқан ауылда туып өскен. Он екі жасынан өлең, жыр айтып "Акын бала", "Боралдайдың бозторғайы атанып, белгілі "Саудаишанды" жазған Нұралы ақынды өзіне ұстаз тұткан. 1885 жылы он сегіз жасында Құлмамбетпен айтысқан. "Жәнібек батыр', "Мырзашөл' "Заманхан" дастандары бар. Кеңес заманында да өзінің ақындығымен танылды. Біз жоғарыда ергедегі ата-бабаларымыздың тас бетіне түрлі суреттер салып, өз заманындағы жайды, оқиғаларды сонымен білдіргенін айттық. Тас бетіндегі жазулар ежелгі дәуір мен ортағасырларда ғана жазылған жоқ, сонымен бірге жаңа заманда да жазылды. Әрине бұл кездегі тас бетіндегі жазулардың бұған дейінгі дәуірлерге Қарағанда негізгі айырмашылықтары бар. Жаңа заман мен этнографиялық уакыттағы қазақ петроглифтерінің негізін қазақ руларының таңбалары құрайды. Қазақ руларының таңбаларында дулат, ошақты, матай, уақ, садыр және тама руларының таңбалары бар;5. Рулық таңбалардан бөлек қазақтың жаңа заман петроглифтеріне ешкілердің жекелеген суреттерін жатқызуға болады, бірақ ғибадатхананың аумағында мұндай суреттер көп кездеспейді. Ал, негізінен жартастардың бетіне жазылған рулардың таңбалары Қазақстанның оңтүстігінің көптеген жерінде кездеседі. Соның бірі — жоғарыда айтқан, 1726 жылғы Ордабасыдағы кездесуден кейін Төле би мен Жолбарыс хан бірге болған қазақ батырларының басшылығымен жоңғарларға қарсы шайқастар болған Боралдай өзенінің бойындағы жартастар бетіндегі түрлі рулардың таңбалары. Бұл күні әрең-әрең байқалатын бұл таңбалардың жоңғар басқыншыларына қарсы осы бағыттағы шайқаста қандай рулардың өкілдері болғандығын білеміз. Мұндай таңбалар Жамбыл облысындағы Талас Алатауының, Қызылорда облысының оңтүстік батысындағы Қаратау жоталарының етегінде де табылып жатыр. Сөйтіп, ежелден келе жатқан, тас бетіне сурет ретінде тарих жазу өнері Шаян өңірінде де жалғасқан. Өкініштісі, қола дәуіріндегі жазуларға Қарағанда сапасы нашар болғандықтан олардың КӨПШІЛІГІ бізге жетпей, өшіп кетті.

КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АУДАН

Кеңес өкіметінің алғашкы жылдарында Петрофадтағы 1917 жылдың ақпан айында болған буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңісінің нәтижесінде патша өкіметі құлатылып, уақытша үкімет орнағандығы жөніндегі хабар ұлт аудандарына да жетгі. Буржуазия енді революцияны одан әрі өрістетпей, халықты уақытша құрылған өздерінің үкіметін қолдауға шақырды. Осы кезде басқа да шет жерлердегі сияқты Қазақстанда да уақытша өкіметтің органдары құрыла бастады. Сол сияқты жер-жерде жұмысшылардың. шаруалардың жиындары болып, Кеңестерді құру қозғалысы өсті. Ал сәуір- мамыр айларында Әулиеатада жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері бірікті, келесі айда-ақ Әулиеата, Перовск уездерінде шаруа депутаттарының Кеңестері, сондай-ақ Әулиеата, Перовск, Қазалы уездерінің қырғыз (қазақ) Кеңестері де құрылды. Перовск большевиктері болса, бірден үстемтап өкілдеріне қарсы шығып, жер-жерде революциялық ұрандар көтерді. Халықарасында революциялық көңіл- күйдің арта түсуіне тыл жұмыстарынан оралғандар06 ықпалы зор болған еді. Осы, 1917 жылдың мамырында Черняев қаласында жұмысшы-солдаттар депутаттарының қалалық Кеңесі құрылды, оның төрағасы болып революционер- большевик Н.А.Морозов сайланды. Бірак, сәл кейінірек барлық билікті қолына алған уақытша үкімет патша үкіметі кезіндегі сияқты қазақ халқына ештеңе бермеді. Ақырында, 1917 жылы Петербургтағы В.И.Лениннің басшылығымен қарулы көтеріліс болды. Уақытша буржуазиялық үкімет құлады. Социалистік революция жеңді. Бүкіл Қазақстандағы сияқты Оңтүстік өңірінде большевиктердің басшылығымен Кеңес өкіметі орнады. Мұнда Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қазактың зиялылары- ның топтасқан жері, ежелден қазақтың орталық қаласы болған Ташкенттің ықпалы зор еді. "Жергілікті жерлердегі бүкіл өкімет билігі жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің қолына көшуі тиіс" деген ұран көтерілді. Осы ұранды іске асыру мақсатында Оңтүстік өңірінде де көптеген жұмыстар жүргізілді. Мысалы, Петроградтағы социалистік революцияның жеңісінен кейін бес күн өткенде Перовскіде жұмысшы-солдаттар депутаттары әскерлерді өздерінің жағына тартып, большевиктер басшылығымен уақытша буржуазиялық үкіметті тұтқындап, билікті өздерінің қолдарына алды . Соның нәтижесінде облыста Кеңес өкіметі негізінен сол жылдың желтоқсан айында толық орнап аяқталды. Жергілікті халықтар бұл төңкерістен көп үміт күтті. Бірақ аз ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын беру туралы большевиктердің айтқандарының барлығы бос ұран екені біртіндеп байқала бастады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазіргі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын біріктірген Сырдария облысында да барлық өндіріс орындары мемлекет қарамағына алынды. Соның бірі. 1918 жылы 8-сәуірде Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасының Халық комиссарлары Кеңесінің декретімен Черняев (Шымкент) қаласындағы сантонин зауыты мемлекеттің қарамағына алынды. 15- мамырда зауыттың комиссары болып М.И.Зибаров 51 тағайындалды. Өндіріс орны жақсы жұмыс істей бастап, жұмысшылардың саны өсті. Бір жылдан кейін-ақ, сол кездегі қиындыққа қарамай, оның жанында клубтар, кітапхана, жұмысшылардың сауатсыздығын жою мақсатында кешкі мектептер ашылды. Зауыт маңында жұмысшы поселкесі салынды. Осыдан кейін-ақ бұл өңірдегі өнеркәсіптін басқа да салалары мемлекет қарамағына алына бастады. Бірінші кезекте отын өндіру және кен-зауыттық сияқты елдің экономикасына ерекше ықпал ететін маңызды өнеркәсіптер алына бастады, Леңгірдегі, Келтемашат. Боралдайдағы көмір өндіретін шахталар мен Ащысайдағы рудниктер мемлекет меншігі деп жарияланды. 1918 жылы 12-қазанда Түркістан уездік халық шаруашылық Кеңесі Ащысай қорғасын қорыту зауыты мен кенінің жұмысы туралы қарап. онда зерттеу- іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қорғасынның ірі қорының бар екені анықталғаны, оны игеру үшін тек мамандар мен отынның жетпей отырғаны айтылды. Осыдан кейін осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп,көмек көрсетуі сі басталды.Соның нәтижесінде, 1919 жылы мұнда 2240 пұт қорғасын өндірілді158. Әрине бұл шаралардың үлкен қиындықтар барысында ' іске асқаны белгілі. Ол өндіріс орындарында ескі мамандарды, ескі аппарат қызметкерлерін пайдалану қиын болды. Өйткені, өзінің жұмысын жақсы білетін жекелеген мамандар мен шенеуніктер енді жаңадан орнаған Кеңес өкіметіне жұмыс істегісі келмеді. Соған қарамастан жаңа қоғам орнату жолында большевиктер партиясы бас болып, кездескен қиындықтарды шешуге кірісті. Бұл салада Қазақстанның Оңтүстік өңірінде де кездескен қиындықтарды жеңіп, үлкен істердің атқарылғанын, әрине, теріске шығара алмаймыз. 1920 жылы 26-тамызда Бүкіл россиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің "Қазақ Кенестік социалистік Автономиялық Республикасын құру туралы" М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған декреті жарияланды. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылып, орталығы Орынбор қаласы болды. Бірақ, ол кезде Жетісу, Сырдария облыстары орталығы Ташкент болған, 1918 жылы құрылған Түркістан АКСР-нің құрамына енді. Сырдария облысына Қазалы, Перовск. Түркістан, Ташкент, Мырзашөл, Чернияев, Әулиеата уездері кірді. Черняев уезіне Ақсу, Ақтас, Алексевка, Арыс, Бадам, Белые воды, Боралдай, Ванновка, Георгиевка, Дорофеевка, Жабағылы, Жылыбұлақ, Қазығұрт, Қа- рабұлақ, Қаракөл, Қошқарата, Машат, Мыңбұлақ, Первомай, Сарыкөл, Сайрам, Сырдария, Темірлан, Түлкібас, Шаян болыстары енді. 1925 жылы республика орталығы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, сәуірде Орынбор губерниясы Россия құрамына берілді. Елде барлық өндіріс орындары мемлекет меншігіне алынып, ірібайларға тығыр таянды. Революцияға қарсы пікірдегілер қудалана бастады. Бүкіл Қазақстандағы сияқты Шаян өңірінде халық басынан сан дүрбелеңнің өткенін әрбір ауылдағы халықтың азайып кеткенінен көреміз. Мысалға алатын болсақ, 1917-1920 жылдары Мыңбұлақ болысының (1920 жылға дейін Арыстанды болысы) 7-ші ауылында үйдің саны 99-дан 60-қа дейін кемісе, 2-ші ауылында 202-ден 81-ге, осы жердің екінші ауылында 204-тен 83-ке, 1-ші ауылында 147- ден 103-ке, 3-ші ауылында 115-тен 85-ке дейін азайды. Ұлықты болысының Шақаман ауылында 88 үйден 55- ке, Сасық өзені бойындағы 2-ші батырлар ауылында 73-тен 51-ге, 9-шы мамырлар ауылында 88-ден 55-ке дейін азайды. Мұндай мысалды Шаян болысының Жартоған, Жалаулы, Кеңтоғай, Тасқұдық, Қазанқап, Қарауылтөбе басқа да ауылдарынан көруге болар еді. Ауданкөлемінде мұндай жайдың орын алуының негізгі себебі Қазан төңкерісінен кейін ауыл өмірінде туған қиындықтар еді. Көптеген шаруалар басқа жаққа қоныс аударып кете бастады. Ғасырдың бас кезеңінде болыска кіретін рулар мен тайпалар арасында талас-тартыс шиеленісті оқиғалар көп еді. Олар негізінен 1916 жылы Батыс майданға қара жұмысқа қазақ жасақтарын алу, алым- салықтар жинау, ел ішінде туып жататын жер. жесір, мал даулары, барымта сияқты шатақтардан туып жатты. Сол кезде орыстар тұратын Леонтьевқа, Китаевқа. Глинкова, және Орловқа селениелері Темірлан болысына қарады. Әкімшілік-басқару жүйесіне өзгерістер енгізілді, мәселен, 1920 жылы қазіргі аудан территориясына негізінен Боралдай, Глинково, Мыңбұлақ, Шаян болыстары болып, төңкеріске дейінгі 10 болыс іріленді, немесе көрші жатқан кей ауылдар басқа уездерге қарап кетті. Соның ішінде Арыстанды, Бөген, Мыңбұлақ болыстары біріксе, Байжігіт, Ұлықты, Шаян болыстары Шаян болысына. Боралдай. Сарыбұлақ болыстары Боралдай болысы болып бірікті, ал Глинково болысы өз алдына жеке қалды. 1922 жылдың шілде айының 4-жұлдызында Түркістан АКСР Орталық Атқару комитетінің шешімі бойынша осы айдың 15-жұлдызынан Қошқарата болысы Шымкент уезінін қарамағынан Әулиеата уезіне берілсе, сол болысқа қарайтын қазіргі "Ақтас" елді мекенінің Оңтүстік шығыс жағындағы біраз ауылдар қоса кетгі. Бұл кезде қазіргі ауданның жеріндегі Мыңбұлақ болысын Көлбай Жұмабайұлы, Бөген болысын ілгерідегі орыс отаршылдарына халық күресін үйымдастырушылардың бірі - Бекбау болыстың немересі Батырша ұлы Ескендір, Шаян болысының болысы Қалбыр ұлы Тарғынбай, тағы басқалар басқарып тұрды. 1920 жылы Шаян болысы Мақсұт Тылаев, орынбасары Бегалы Бекзатов, хатшысы Д.Мәмбетовболев, Мыңбұлақ болысы Алдас Нұрманов, орынбасары А.Патсаев, хатшысы Тышан Досболаев болды. Ал 1922 жылы Шаян болысы Бегалы Бекзатов, Мыңбұлақ болысы Қалдыбек Байқұбов болды. Осы кезде Мыңбұлақ болысындағы 7 ауылда 5979 халық тұрса, Шаян болысындағы 8 ауылда 9208, Қошкарата болысындағы 6 ауылда 6801, Боралдай болысындағы 8 ауылда 12.666 адам тұрды . Талас-тартыс тоқтамады. Сондай ру аралық бақталастықтың себебінен Ащы өзенінің кұйылысында Көкмешіт деген жерде Бөген болысының болысы Батыршаұлы Ескендір қасына ілестірген хатшы, шабарманымен бірге өлтірілді. Бұл шатақтың ақыры уезден әскери отряд шығып, болысқа қарсы ұйымдасқан Ащы. Бөген қазақтарының жаппай қуғынға ұшырауына ұласты. Болысқа қарсы топты ұйымдастырушы Ерден мен оның қасындағылар уезден шыққан жасақтар аркылы жазаланады. 20-жылдардың басында ауданда мал шаруашылығы, егіншілік дамыды. Мұндағы қазақтар әсіресе қой. ешкі, жылқы және түйе түліктерін өсірумен көбірек айналысты, сондай-ақ ілгеріден келе жатқан бидай, тары, жүгері, дақылдарын егумен шұғылданды. Дегенмен, осы екі шаруашылықтың үлес салмағын салыстырғанда, мал шаруашылығы мейлінше басым болды. Қазақ шаруаларының жерлерін қайтаруда 1920-1922 жылдары жүргізілген жер-су реформасының белгілі дәрежеде маңызы болғанымен, ол облыс орталығынан әлде қайда алыс жатқан бұл өңірге келе қоймады. Сөйтіп, Михайловқа, Китаевқа, Орловқа, Леонтьевқа секілді елді мекендерде тек орыстар ғана тұрып, оның бұрыңғы иелері ата-қоныстарын қайтарып ала алмады. Осылайша қазақ шаруалары бұрынғысынша ШӨЛ- шөлейт, таулы-тасты аймақтарда қала берді. Ауданның көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарында байлардың ықпалы мықты еді. Рулық тұрмыс салты барлық жерлерде орын тепті, туысқандық байланыс күшті болды. Мұнда қазақтар мыңға жақын малы бар байлар мен он шақты уақ малды кедей шаруалар болып бөлінді. Кейінгілер байларға жалшылық етті. Бірақ қазақтарда адамды адам қанаудың классикалық көрінісі болған емес. Рулық қатынастың өмір сүруі құлдықтың болуына мүмкіндік те бермейтін. Ал төңкеріс бүкіл елдегі сияқты аудандарда қазақтар мен орыстар арасындағы жерді пайдалануда орын алып отырған теңсіздікті толығынан жойған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатының көрінісі одан әрі жалғаса берді. Сөйтіп 1920-1922 жылдары реформа іс жүзінде халыққа мардымды ештеңе әкелмеді. Аталған болыстарда 20-шы жылдардың алғашқы кезінде ешқандай ауыл шаруашылығы бірлестігі болмаған деген пікірлер көп айтылатын. Негізінде, революциядан кейін-ақ бұл өңірде ауыл шаруашылығы бірлестіктері құрыла бастаған екен. Соның бірі - "Кеңестөбе" ауылының Кеңес өкіметіндегі тарихына келетін болсақ, мұнда алғашқы ауыл шаруашылығы артелі 1919 жылы құрылыпты. Оның алғашқы төрағасы болып Ә.Қасымбеков деген кісі сайланған екен. Мұнда ауыл балаларына білім беру үшін 1921 жылы мектеп ашылыпты. Жазбагерлер сол кезде өрістің малға толы екенін айтады. Қазақ байларын тәркілеген 1928 жылы осы жердегі бір ғана Жанбатыр деген байдың 15 үйір жылқысы, 300-дей ірі қара мен уақ малы болса керек. Бүкіл елімізде жаппай ұжымдастыруға бағыт алған 1929 жылы "Кеңестөбе" ауыл шаруашылығы артелі қолхозға айналып, колхоз басқармасының бастығы Н.Бактыоразов, 1934 жылы Ә.Байзақов жұмыс атқарыпты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы асыра сілтеудің нәтижесінде ашаршылық болып, ақырында, "Кеңестөбе" колхозында 1933 жылы бар- жоғы 8 сиыр, 50-ден астам қой-ешкі ғана қалған екен. Ал ашаршылыққа дейін мұнда 380 отбасы болса, ашаршылық жылдарында 20-дан астам ғана үй қалған екен111. Сырдария облысының негізінен егіншілік шаруашылығымен айналысатын аймақтарында сов- хоздар. коммуналар, ауыл шаруашылығы артельдері мен түрлі серіктіктер құрылып жатса, мұнда олардың алғашқы түрлерін сол уақыттардан бастап кездестіреміз. Соның бірі - орыс шаруаларын ұйымдастырған "Орловқа" ауыл шаруашылығы қарыз беру кооперативі мемлекеттен қарыз алып, шаруашылықты жүргізу үшін орыс шаруаларына бөлігі беру мақсатын қойды102. Сөйтіп алғашқы кооперативтердің өзі қазақ шаруалары үшін қызмет ете алмады. Ұйым саналған "Қосшы одағының бастауыш ұялары осы жылдары құрыла бастады. Олар шаруашылықтың дамуына, мәдениеттің өсуіне ықпал етуі тиіс болды. Нақты деректерге сүйенсек, 1923 жылы ондай ұйымдардың Шаян, Боралдай болыстарында едәуір дәрежеде ұйымдастырылғанын байқаймыз. Мұндай ұйымдар сол кезде Темірлан болысына қараған Михайловқа. Китаевқа, Глинкова елді мекендерінде отау көтерді. Олар ауыл мәдениеті, мектеп, ағарту ісінің дамуына ықпал жасады. Атап айтатын бір жай, соңғы кездерге дейін: Қазан төңкерісі қарсаңында қазақтар түгелдей дерлік сауатсыз болды,- деген ұғым орын алды. Ол әдейі бұрмалау, қазақтарды "қаранғы халық еді дегі кемсіту мақсатынан туған еді. Мұнда ауыл молдасынан арабша білім алып, сауат ашқандар түгіл арнаулы медреселерді бітіргендері де сауаттылар қатарына жатқызылмады. Бұл дұрыс емес-ті. Бірақ төңкерістен кейін мемлекеттік мектептер санының құрт өскенін ешбір жасыруға болмайды. 1921 жылы Темірлан болысына қараған Михайловқа селосында 22 оқушы болса, 1923 жылы Китаевқа селосында бір басқышты мектепте 27, Леонтьевкада 49, Глинковкада — 25, Орловкада - 48 бала окыды. Бірақ бір басқышты осы мектептердегі оқушылардың бәрі тек орыс балалары еді. Қазақ мектептері де жұмыс істеді. Кей жерлерде ескі мұсылмандық білім беру жалғасты. Мысалға алатын болсақ, Шаян болысының4- ауылындағы Ағыбет мешітінде 16 оқушы оқыды. Олар қазақ тілінде ескіше хат танып, жазып үйренді . Аудан көлеміндегі елді мекендерде шаруашылық және мәдени орындардың дамуы, әсіресе Орталық Азия республикаларының ұлттық межелеуінен кейін ерекше орын алды. Сырдария, Жетісу облыстары Түркістан республикасы құрамынан Қазақ АССР- іне берілді. 1924 жылдың 12-желтоқсанында облыс губерния болып қайта құрылып, орталығы Ташкенттен Шымкент қаласына көшірілді. Қазіргі аудан жері Шымкент уезінің құрамында болды. 1925 жылы 31-наурыздан 15-мамырға дейін Қа- зақстанда болыстарды ірілендіру жүріп, Боралдай болысы Гүлкібас, Арыс болыстарына бөлініп берілсе, Жылыбұлақ болысы Шаян болысына беріліп, көп кешікпей, Қаракөл, Мыңбұлақ болыстары да Шаян болысына берілді. Шаян болысының территориясы кеңейіп бұрынғы бірнеше болыстардың жерін қамтыса, одан кейін Темірлан болысы таратылып, оған қарайтын ауылдар Шаян, Арыс болыстарына берілді. Сырдария губерниялық атқару комитетінің 1925 жылдың 1-қазанындағы қаулысымен Әулиеата уезінен Қошқарата болысы Шымкент уезінің Арыс болысының құрамына берілді . Ауылдарда европалық тұрғындар төрт селоға топтасты. Мысалға алатын болсақ, 1926 жылы Шаян болысындағы Глинково селосында 264, Китаевқа селосында 281, Леонтьевқа селосында 308, Орловқа селосында 181 тұрғын, жалпы төртеуінде 1034 адам тұрды. Ал Михайловка селосы ол кезде Шаян болысының құрамына еңбеген еді. Жалпы, Шымкент уезіне қарайтын Шаян болысына барлығы 30 мың тұрғыны, 24.860 шаршы шақырым жері бар Шаян, Мыңбұлақ, Қаракөл, Жылыбұлақ. Глинково, Орловқа, Китаевқа болыстары қарады. Кейін, 1928 жылы Қошқарата болысы Жуалы ауданы құрамына енді. (1928 жылдың басында ол Жуалы ауданында өтті). Шаян болысында коммунистердің саны өсіп, олар- дың халық шаруашылығы, мәдени орындардағы басшылығы өсті. Бірақ, болыста алғашқы кездері коммунистердің саны өте аз болатын. Олардың санының өсуі Коммунистік партияның (большевиктер партиясының) негізін қалаушы, партияның көсемі Владимир Ильич Лениннің (Ульянов) 1924 жылдың 21-қаңтарда қайтыс болуынан кейін келесі 1925 жылы оның туылған күні (22-сәуір) қарсаңынан бастап жаппай коммуниске қабылдау нәтижесінде өскен еді. Мұрағат деректеріне Қарағанда коммунистердің біразы 1922, ал көпшілік бөлігі 1925 жылдан кейін қабылданғандар. Жалпы, ауданда Ұлы Қазан төңкерісіне дейін бірде- бір большевик болған емес. Сөйтіп, 1926 жылдың 1- қырқүйегінде мұндағы 4 партия ұясы, 3 кандидаттық тобына біріккен 31 БК(б)П (Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясының) мүшесі мен 130 мүшелікке кандидаттар, барлығы 161 коммунист болып, болыстық партия комитетінің кеңсесі Шаян ауылындағы Мешіт ғимаратында болды. Болыстағы барлық коммунистерге партиялық басшылық осы. дүние жүзі коммунистерінің күресіп өткен діннің бірі ислам дінің уағыздайтын орталық - мешіттен жүрді. Соның ішінде, Шаянда 13 БК(б)П мүшесі мен 30 кандидат, барлығы 43 коммунист болған екен. Түрлі ауыл шаруашылығы бірлестіктері пайда болып, жұмыс істеді, 1926-1927 жылдары көптеген кооперативтер колхоздарға айнала бастады. Сөйтіп. 1928 жылдың І қазанында Шаян ауданында 2 ауыл шаруашылығы артелі, ал 1929 жылдың 1-маусымына дейін тағы да жетеуі қосылып. жыл аяғында олардың саны 26-ға жетті. Дегенмен, 1928 жылдың басындағы бір құжатқа Қарағанда Шаян болысының ауылдарында бірде бір ауыл шаруашылығы машинасы болмағандықтан ағаш соқа пайдаланған екен. Шаян болысының барлық ауылдарында Кеңестердің қайта сайлау науқаны өтті. Мұндағы 23 ауылдың барлығында ресми түрде үш адамнан: ауылдық Кеңестін төрағасы, орынбасары, хатшысы сайланды. Бұл кезде ауыл шаруашылығы Кеңесінің құрамына өтіп алып. Кеңестерді өздерінің қолына алу мақсатында ауыл байлары түрлі әрекеттер жасай бастады Шаян болысының территориясында орталығы Шаян елді мекені болған аудан құрылды.

Шаян ауданы құрылғаннан кейінгі өңір

Республикада 1928 жылғы қаңтар айының 17-жұлдызында губерниялар орнына округтік басқару келді. Уездер мен болыстар таратылып, 21 аудан құрылды. Қазақстанда 13 округ, 193 аудан құрылды. Сырдария губерниясының жерінде Қызылорда, Сырдария округтері болды. Қызылорда округінде 8 аудан: Арал, Аламесек, Қазалы, Қармақшы, Қараөзек, Қызылорда, Тереңөзек, Шиелі; Сырдария округіне Арыс, Әулиеата, Бадам. Белые воды, Бостандық, Ержар, Жаңақорған, Жуалы, Келес, Қаратас, Қызылқұм, Машат-Сайрам, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Созақ. Талас, Түркістан, Түлкібас, Шаян, Шу аудандары болды (Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылдың 3-қыркүйектегі округтер құру туралы шешімі бойынша торагасы М.И.Калининнін қолымен бекітілген). Аудандар құрылды, олардың бірінші хатшылары сайланды. БК(б)П Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына бұған дейін БК(б)П Шаян болыстық комитетінің хатшысы болған Сафар Ыдырысұлы Арыков, аудандық атқару комитетінің төрағасы болып осы кезге дейін болыстық атқару комитетінің төрағасы болып істеген Қанаев сайланды. Ал, аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне бұған дейін болыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болған Доланов, ал аудандық "Қосшы одағының төрағалығына бұған дейін болыстық "Қосшы" одағының төрағасы болған Бердиев сайланды107. Екінші сөзбен айтқанда. бұған дейін іріленген Шаян болысының осы басшылары болыстық басқарудан аудандық басқаруды қолдарына алды. Осы жерде Шаян аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланған С.Ы.Арыков жөнінде бірер сөз айтатын болсақ, мұрағат деректеріне Қарағанда ол 1903 жылы туылған, өзінің іскерлігін танытып, 1922 жылдың тамызында РК(б)П мүшелігіне кандидат, 1922 жылдың 22 қарашасынан партия мүшесі болған. Сол жылдары Коммунистік университетте оқу бөлімінің меңгерушісі, 1925 жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақ өлкелік комсомол комитетің дередактор,оданкейін Кеңес партия мектебінде, Коммунистік университетте қызмет атқарып, 1927 жылы Сырдария губерниялық комитетінің шақыруымен келген. Шаянға БК(б)П болыстық комитетінің хатшысы болып сайланғаннан кейін №1 партия ұясында есепте тұрған108. Сөйтіп, сол жылы басқару орындары құрылып, жұмыс істей бастады. Аудандық партия комитеті мен Еңбекшілер депутаптары атқару комитеті, басқа да бірнеше мекемелер бұрынғысынша Шаян орталығындағы Мешіттін ғимаратындағы, кезінде медреседе оқыған балалар тұрған бөлмелерде жұмыс істей берді. Сөйтіп, енді Сырдария губерниясының орнына Сырдария округі құрылып, бұрынғы Шаян болысы негізінде Шаян ауданы құрылды109. Ауданның терри- ториясы 14.715 шаршы километр жерді алып жатты. 1926 жылғы санақ бойынша аудан жерінде көбі шағын 177 елді мекен, 6.978 шаруашылық. 38.213 халықтұрды, оның 36.666-сы қазақтар, 767 орыстар мен украиндар, 17 өзбек, 663 тағы басқа ұлт өкілдері тұрып, 1925 жылы 10.091 гектар егістік, оның ішінде 3494 гектар суармалы жер, малдан, 6.340 жылқы, 4.443 ірі қара, 7.667 түйе, 219.811 бас уақ мал болып110, Глинкова, Китаевка, Леонтьевка, Орловка селоларында 1.034 орыс тұрды. Ал 1928 жылы аудандағы 177 елді мекенде 4.978 шаруашылық, 26 ауылдық кеңесте 38.213 халық тұрды. Мал санына келетін болсақ 1926 жылы аудан территориясындағы шаруашылықтарда 6.340 жылқы, 4.443 ірі қара, 7.667 түйе, барлығы 18.450 ірі қара, 219.811 бас уақ мал болды. Сөйтіп, орта есеппен әр шаруашылыққа 51,5 уақ мал, 2,6 ірі қарадан келді. 1928 жылдың 30-тамызында қабылданған "Қазақстан көшпелі, жартылай көшпелі және оты- рықшы аудандарын белгілеу туралы Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлары Кеңесінің арнаулы қаулысында таза көшпелі аудандарға Сырдария округінднегі Қызылқұм, Созақ, Сарысу, және Шу аудандары, жартылай көшпелі аудандарға Сырдария округінде 8 аудан, Қызылорда округінде 4 аудан, отырықшы аудандарға Сырдария округінен 6 аудан жатқызылды. Қызылорда округінде ешқандай отырықшы аудан жоқ деп саналды . Аудандар осы кезде шартты түрде төрт топқа бөлінді: мал шаруашылығымен айналысатын, мал шаруашылығымен-егіншілікпен, таза егін ша¬руашылығымен, егіншілік-мал шаруашылығымен айналысатын аудандар. Сөйтіп, мал шаруашылығымен айналысатын алты көшпелі ауданның біріне Шаян ауданы жатқызылды . Мұнда шаруаларды социалистік құрылысқа тарту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Соның бірі - шаруаларды түрлі кооперативтерге тарту болды. Олар шаруаларды мүшелікке тарта отырып, оларды бір үйымға біріктіріп ұжымға бірігудің қажеттігін, жеке шаруашылықтарға Қарағанда ұжымдық шаруашылықтың артықшылығын көрсетуді мақсат етті. Ондай кооперативтердің негізгі түрлері тұтыну кооперативтері, ауыл шаруашылығы кооперативтері, кәсіпшілік кооперативтері болды. Мұның ішіндегі шаруалар үшін мейлінше қолайлы, әрі жақыны тұтыну кооперативтері еді. Бұл бойынша ауылдағы шаруалар тұтыну кооперативінің бастауыш ұйымына. немесе, серіктігіне мүше бола отырып, белгілі бір мөлшерде мүшелік жарна төлеп, жалпы дауыспен басқарма мүшелерін сайлайды. Сол ұйым мүшелері қаладан келген тұтыну заттарын мүше болуына байланысты дүкеннен алады. Соның бірі -Шаян ауылындағы ең үлкен тұтыну кооперативі болды. Оған 540 адам мүше болды. Бірақ ол ештеңе өндірмейтін. Шаруашылықты дамыту үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін үйымдастыру керек еді. Кооперативтің бұл түрі шаруаларды өндірістік мақсатта біріктіретін еді. Оның алғашқы сатысы - ауыл шаруашылығы қарыз беру кооперативтері болды. Бірлестіктің бұл түрінің тұтыну бірлестіктерінен айырмашылығы, тұтыну үшін емес, енді ауыл шаруашылығының бір саласын дамыту мақсатында қарыз ала отырып, оны шаруашылықты өркендетуге жұмсайды. Олар да белгілі бір жарна төлей отырып, мүше болып, мемлекеттен берілген көмекті бірлесе отырып пайдаланады. Мал шаруашылығымен айна- лысатыңдар осыған бірікті. Мұның да халыққа жақын екендігіне байланысты мүшелерінің саны 540-қа жеткен екен. Шаруалардың социалистік құрылысқа тартылуына 20 ауылдағы қатарында 1349 мүшесі бар "Қосшы одағы да көп жұмыс атқарды . Республиканың оңтүстік өңірінде Қазақстанның басқа да өңіріндегі сияқты тәркілеу науқанын 1928 жылы 1-қарашаға дейін аяқтау көзделгенімен, ол 1929 жылдың ақпан айына дейін созылды. Бұл дегенініз үиі-төрт ай тағы да жаңадан басқа да "байларды" іздеп табу міндетін қойғаны белгілі. Халықтың негізгі бөлігі байларды күштеп тәркілеуді қолдай қойған жоқ. Басқа округтарға Қарағанда Сырдария округінде қазақ шаруаларының наразылығы күшті болды. Соның бір мысалын 1928 жылдың қырқүйек айындағы Шаян ауданында болған оқиғадан көреміз. Онда тұрғындар Кеңес үкіметінің тәркілеу саясатына үзілді-кесілді карсы шықкан болатын.

Жазықсыз жау атанды бабаларым,
Қуғынға түсті-ау талай даналарым.
Туған жер көзден ұшты артта қалып,

Шұбырып өзге жұртты паналадын ,- деп Шаяндық Ергешәлі Әбдіразақұльі жырлағандай, сол жылдары халкымыздың қаншама адал перзенттері зардап шекті десеңізші. Әкімшілік-территориялық қайта құрудың нәтижесінде округтер мен аудандардың құрылуы шаруашылығын өркендетуге басшылық жұмысын өркендетуге, басшылық жұмысын жетілдіруде едәуір роль атқарды. Уақыт мемлекеттік аппараттардың алдына шаруашылық және мәдени басшылықты бұрынғыдан да жақсартуды талап етті. Ең алдымен бұл кезде колхоз құрылысың өркендету ісіне баса назар аударылды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы ; артельдерінің саны көбейіп, мөлшері өсті. Мысалға алатын болсақ, 1929 жылы Шаян ауданындағы 6 ауыл шаруашылығы артелі, 6-ы серіктік құрылып, оларда барлығы 359 мүше болды, немесе әр бірлестікке орта есеппен 32,6 мүшеден келді. Ал, 1930 жылы колхоздардың саны 18-ге жетіп, оның ішінде 10-ы ауыл шаруашылығы артелі, 8-і серіктік болып, олардағы мүшелер саны 981-ге жетті. Олардың саны одан әрі өсе берді. Осы колхоздардың егістік көлеміне келсек, 1929 жылы И колхозда барлыгы 107 гектар жер, онын 38 гектары суармалы еді. 1930 жылы 18 колхоздағы 2746 гектар егістіктің 2391 гектары суармалы жерлер болды. Бүкіл елдегі сияқты ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қозғалысы басталып, 1929-1930 жылдары ауданда жаппай колхоз құрыла бастады. Соның ішінде, ауданның таулы өңіріндегі қазіргі Борлысай ауылдық аймағына қарайтын жерде "Ақтас", "Ақбастау" колхоздары 1929 жылы үйымдастырылса, ауданның ең шеткі жеріндегі "Ағаштысай" колхозы 1930 жылы. негізінен қоныс аударушылардың келіп орналасқан Михайловка селосында "Горная воля" колхозы 1933 жылы шаңырак көтерді. Осы жылдары бүкіл елде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға бет бұрғаны белгілі. 1929 жылдың күзінен бастап Сырдария округінде де колхоз құрылысында "ұлы бетбұрыс' басталды. Жекелеген аудандарда әлі де экономикалық және саяси алғышарттарының жасалмауына қарамастан олар да жаппай ұжымдастырылатын аудандар тізіміне ілікті. Соның мысалы мұндағы Келес, Мақтаарал, Сайрам сияқты ілгеріден егіншілікпен айналысып келе жатқан аудандардың қатарына Шаян сияқты жартылай көшпелі, Қызылқұм, Шәуілдір, Созақ сияқты әлі де бірлестікке тартудың мүмкіндігі жасалынбаған көшпелі аудандар да қосылып кетуі еді. Кошпелі аудандарда ұжымдастырудың қарқынының мүлде шапшаң жүргені сонша, кей жерлерде тіпті олар отырықшы аудандардан "озып кетті'. Осындай бұрмалаушылықтар мен орын алған қателіктердің және асырып көрсетулердің салдарынан 1930 жылдың ортасынан бастап колхоздар санының азайғаным көреміз.Өтірік ақпарларды тек үйымдасып жатқан ауыл шаруашылығы бірлестіктері ғана емес, сонымен бірге аудандар да жіберіп жатты. Ол ақпарларда бірлестікке кірген шаруалардың саны, олардың қолындағы малы асыра көрсетіліп жатты. Жалпы, аудандағы колхоздардың құрылуы тари- хына келетін болсақ, 1929 жылы Досан ауылдық Кеңесіне қарайтын "Ақтас" ауылында "Ақтас Бестоғай ауылында "Бестоғай", Досан ауылында "Досан Қайнар" колхоздары, Қызыларық ауылында "Қызыл арық" колхозы, Жүзімдік ауылдық Кеңесіне қарайтын "Жүзімдік", Бөген ауылдық Кеңесіне қарайтын ь,Жолғабас' Жолөткел ауылында "Кеңес', Қоғалы ауылында "Қоғалы" колхоздары, Төрткүл ауылдық Кеңесіне қарайтын Төрткүл ауылында Исаев атындағы, Ақтөбе ауылында Ленин атындағы колхоздар, Майбұлақ ауылдық Кеңесіне қарайтын Майбұлақ ауылында "Қызыл жұлдыз", Жүзімдік ауылында "Қарасу" колхоздары, Мыңбұлақ ауылдық Кеңесіне қарайтын Мыңбұлақ ауылында "Қаңбақты"', "Мыңбұлақ" колхоздары, Теректі ауылдық Кеңесіне қарайтын "Қостұра", Бала Бөген ауылындағы "Тұрақты" колхоздары, Қосақжар ауылдық Кеңесіне қарайтын "Тұрмыс", Глинкова ауылдық Кеңесіне қарайтын Глинкова ауылында "Қызыл жұлдыз", Көктерек ауылдық Кеңесіне қарайтын Көктерек ауылында "Кеңес одақ" және "Бірлік', Төрткүл ауылдық Кеңесіне қарайтын Төрткүл ауылында "Қызылжар" тағы басқа колхоздар құрылды. Олай болса, Шаян ауданы құрылғаннан кейінгі екінші жылы мұнда жиырмадан астам колхоздар құрылып, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында алғашқы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатты. Колхоз құрылысы одан кейінгі жылдары одан әрі өріс алып, 1930 жылдары тағы да бірнеше ұжымдасқан шаруашылықтар құрылды. Атап айтқанда, 1930 жылы Глинкова ауылдық Кеңесіне қарайтын "Ақбастау", Тұрақты ауылында "Талап", Орловка ауылдық Кеңесіне қарайтын "Бозбұтақ", "Жаңаталап", Октябрь атындағы, Қаражайлау ауылында "Қызылбұлақ" колхозы, Төрткүл ауылдық Кеңесіне қарайтын Тасқұдық ауылында "Тасқұдық", "Жиенқұм", "Қызыл Ту" колхоздары, Ал малы ay ылдык Кеңесіне қарайтын "Интернационал", Бала Бөген ауылында "Қызыл Октябрь", Теректі ауылдық Кеңесіне қарайтын Теректі ауылында Карл Маркс атындағы колхоз, Көктерек ауылдық Кеңесіне қарайтын Көктерек ауылында "Кеңес Одақ" колхозы, Бөген ауылдық Кеңесіне қарайтын Бөген ауылында "Сарқырама" колхоздары, Қосақжар ауылдық Кеңесіне қарайтын Сталин атындағы, Алматы ауылдық Кеңесіне қарайтын Алмалы ауылында "Ұзынбұлақ", Майбұлақ ауылдық Кеңесіне қарайтын Майбұлақ ауылында "Үсіктас" колхоздары кұрылды, 1931 жылы Глинкова ауылдық Кеңесіне қарасты Глинкова ауылында "Прогресс" колхозы Орловқа ауылдық Кеңесіне қарасты Орловқа ауылында "Красная Нива колхоздары құрылды. "Ортақшыл" және "Талапты колхоздарының қай жылдары құрылғаны туралы әзірше нақты құжатқа кездеспедік. Ал, 1932 жылы "Амансай" колхозы құрылып, оны Срайыл Әбдірахманов деген кісі жиырма жылдан астам басқарған екен. Алғашқы кезде колхозда 80 ірі қара, 20 жылқы және 250 қой болды. Жылқы және өгіздер күшкөлік ретінде пайдаланылды. Егіншілікте бидай мен мақта өсірілді. Колхоз құрылысындағы бұрмалаушылық пен зорлық-зомбылық жасауға қарсы Шаян ауданымен көрші жатқан жерлерде халық толқулары болды. Ірі көтерілістің бірі - 1930 жылдың 6-ақпанда басталып, кейін 1.100 адамға дейін қатысқан Созақ көтерілісі еді. Кеңес өкіметін құлатып, ақ киізге көтеріп хан сайланған Сұлтанбек Шонақовтың көтерілісі ұжымдастыру кезіндегі адам төзбес бұрмалаушылыққа қарсы бағытталған еді. Алайда, Сұлтанбек хан да, уәзірлері, муфтиі мен уағыздаушысы сияқты қозғалысқа қатысушылардың көпшілігі сотсыз-ақ атылып тасталды. Қарулы әскерлер оларға еш аяушылық жасаған жоқ. Жалпы, көтерілісшілерден 316 адам өліп, 7 адам жараланып, 276 адам қолға түскен . Осы кезде Шаян өңірінің солтүстік шығысындағы Саудакент жағында "Анқай" ұранымен болған көтеріліс те белгілі. Бірақ кейбір жазбагерлер Аңқай көтерілісінің тарихын білмегендіктен оны Созақ көтерілісіне жатқызып жүр. Шындығына келгенде бұл екеуі екі көтеріліс. Ал онын шығу тарихына келсек, Саудакент жақтан сіңірі шыққан Өмірбай деген жігіт Кеңес өкіметіне қарсы байлардың ықпалына гүсіп Бабатадан Үшбас тауына барып жасырынып жүріп, қызылдарға қарсы топтың біріне қосылып кетеді. Білек күші мықты жігітті женгелері неге екені белгісіз "Аңқай'" деп атап кеткен екен. Кеңес өкіметінен аяушылық болмайтынын түсінген қарапайым ауыл адамдары Өмірбайдың төңірегіне топтасып, оның "Аңкай" атын ұран етіп бас көтереді. Баскасын айтпағанда іргелес жатқан.солтүетігіндегі Созақ, шығысындағы Сарысу аудандарындағы бұл көтерілістер Шаян өңіріне қатты әсер еткені белгілі. Бірақ ол жақтағы. қарудың күшімен аяусыз басып- жаншу, қырғындар жасау қарсылықтың басылуына мәжбүр етті. 1930 жылғы шілде айының 23-жұлдызындағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Округтерді жою туралы қаулысына сәйкес желтоқсан айының 17-жұлдызында округтер жойылып, Қазақстанда іріленген 121 аудан құрылды. Осыған байланысты Шаян ауданы да тартылып, оның жері Арыс, Созак. Түркістан және Талас аудандарына бөлініп берілді. Ауыл шаруашылығының жаппай ұйымдастырылуы жүріп жатқан кезде мұндағы жұртшылық тек мал өсірумен ғана емес, егіншілік пен де едәуір дәрежеде айналысты. Мұнда дәнді дақылдар мен мақта егістігінің шығымдылығы біршама өсті. Осы жылы аудандағы мақта егетін 8 колхоз бұл дақылдан жоспарды орындап. меже биігіне көтеріле берді. Бұл жылдары Шаян өңірінде өндіріс орындарының құрылуына жол ашылды. Осы кезеңде елге түсті металл өте қажет болып, оның қорын іздестіру жаппай жүріп жатты. Мұндай зерттеу жұмыстары Шаян ауданының Қаратау жоталарында да жүрді. 1930 жылы Қаратау сілемдерін кезіп жүрген кен барлаушыларына жолыққан сол жердін тұрғыны аңшы Байжан Асанбаев (1881-1972 жж.) оларга: Сендердің іздеп жүргендерің мына тас па?- деп, дорбасына салып алған, өзі оқ жасап жүрген бір кесек тасты көрсеткен. Кен іздеушілер мына жайға сенерін де, сенбесін де білмей қалған. Содан оларға металдың кенін көрсеткен. Кен іздеушілер түсті металлдың көп қоры бар екенін анықтап, ойламаған жерден тап болған жағдайға қатты қуанып, Байжанның атын жазып алып. тапқан кен орны жөнінде тиісті орындарға хабар берген. Кейін Ащысай түсті металл комбинаты на қараған бұл кен қазу орны руданы алғаш тапқан кісінің құрметіне «Байжансай» деп аталып, 1937 жылдан өзінің қазба жұмыстарын бастады. Байжансайдың тар шатқалдар ішінен машина жүретіндей жол салынып, ол Леонтьевкаға жетер жерде солға бұрылып, қыр үстіне шыққаннан кейін Шоқан асуы арқылы Глинковаға келіп, одан Шымкентке жететін жолмен жалғасты. Сөйтіп, бұл жылдары түсті металл рудасын беруде Қаратау шатқалынан басталатын Бөген өзенінің бастау алар жеріндегі Байжансай кенінің маңызы зор болды. Жалпы, облыста республика көлемінде аса ірі қорғасын зауытын салу қажеттігінің 20-жылдардың сонында-ақ айтыла бастаған еді. Оның ашылатын жері Қаратау өңірі делініп, салатын орын таңдалды. Соның ішінде негізгі кен орнына жақын Түркістан, Арыс, Шымкент қалалары таңдалды. Ақырында басқаларына Қарағанда халқының саны көп. орналасқан жері де қолайлы, Қошқарата және Бадам өзендерінің суы жеткілікті Шымкент қаласына салу белгіленді. Сөйтіп, Ащысай, Қаракенсай, Хантағы, Қарасай мен басқа да Торлан тобына жататын кен орындарының шикізаты негізінде жұмыс істейтін Шымкент қорғасын зауыты салынатын болды. 1932 жылы құрылысы салына бастаған бұл кәсіпорында 1934 жылы 20-қаңтарда. тарихи дәлелмен айтар болсак 6 сағат 50 минутта алғашқы қорғасын алынды. Бұл оңтүстік өңіріндегі аса ірі өндіріс орнының іске қосылуы болды. Шымкент қорғасын зауытының өндірістік күшінің дәрежесі соншалықты, сол жылдың өзінде ғана ол 1914 жылы бүкіл Россия көлемінде өндірілген қоргасыннан 43 есе артық өнім берді. Осы жылы 27-сәуірде Қазақ полиметалл комбинаты таратылып үш дербес өндіріс орны құрылды: Шымкент қорғасын заводы, Ащысай полиметалл комбинаты, Хантағы кен баскармасы. 1937 жылдан Байжансай кенінің рудасы жеткізілді. Зауыттың өнім берудегі өсу қарқынын осы ұжым мүшелерінің бүкілодактық социалистік жарысқа түсе отырып, 1938 жылы елге 39 мың тонна таза қорғасын беру жөніндегі міндеттеме кабылдағанынан көруімізге болады. Мұнда зауытқа жаңадан ашылған Байжансай шахтасынан руданы жіберіп жатқан Шаян өңірінің үлесінін де бар екендігін айтқымыз келеді. 30-жылдардың басы қазақтардың басына небір қиындық түсіп, ауылдарға ашаршылық келе бастаған кез еді. 1931-1932 жылдардағы ашаршылық бүкіл Қазақстандағы сияқты оңтүстік қазақтарынын жағ- дайын мейлінше күйзелтіп кетті. Халық аштан қырыла бастады. Республикада халық басына күн туып, аштықтан қиналып жатқан кезде тағы бір кезекті әкімшілік- территориялық баскару жүйесі іске асырылды. Кей аудандардағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезіндегі орын алған қателіктер мен асыра сілтеулердің болуы аудандар мен ауылдардың республикалық басшылықтан алыс жатып, кей жағдайда бақылаудың өз дәрежесінде болмауынан да еді. Республика орталығы мен аудандар арасындағы байланыс киындады. Ол халық шаруашылығына да әсер етті. Осыған байланысты енді осы екі аралықта байланыстырушы жаңа әкімшілік басқару жүйесін құру қажет болды. Мұны өмірдің өзі қажет етті. 1932 жылы 10-қаңтарда БК(б)п Орталық Комитеті Қазақстанда облыстың басқару жүйесін енгізуді дұрыс деп тапты. Осыған байланысты 1932 жылы наурыз айының 10-жұлдызынан Қазақстанда қайтадан әкімшілік- территориялық болу басталып, алғашкы алты облыс отау тікті. Соның бірі қазіргі Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін біріктдірген Оңтүстік Қазақстан облысы еді. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында 19 аудан болды, ал бұл кезде Шаян ауданы әлі қайта құрылған жоқ-ты. Ақырында. 1933 жылғы қазан айының 16- жұлдызында Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің шешіміне сәйкес Арыс ауданынан 7 ауылдық кеңес, Талас ауданынан 1, Түркістан ауданынан 4, Жуалы ауданынан І ауылдық кеңес біріктіріліп Шаян ауданы қайта құрылды, орталығы әдеттегі Шаян селосы болып белгіленді . Ондағы 163 елді мекендегі халықтың саны 21.737, оның ішінде қазақтардың саны 15.454. орыстар 1325 болды . 1933 жылыаудан қайтадан құрылған кезде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Жиенбаев Әбдрахман Хажығалиұлы сайланды. Ол аудандық коммунистердің бірінші конференциясында (қайта кұрылғаннан кейінгі) ұйымдастыру бюросының жұмысы жөнінде баяндама жасап, аудандық партия комититетінің кезектегі алдатұрған міндеттері жөнінде нақты мәселелер қойды. Конференция қаулысында қайтадан құрылған аудан алдында ауыл шаруашылығын дамыту, әсіресе мал шаруашылығының көп шығынға ұшырауына байланысты оны қалпына келтіру мәселелері айтылды. Сондай ақ, мұнда колхоздардың ұйымдық жұмыстарын жетілдіру, ондағы коммунистердің, жастардың міндеттері көрсетілді. Тарихтан белгілі бұл кез қазақ халқы өзінің басынан ауыр азапты өткізіп болған уақыт еді. 1930-1931 жылдарғы жаппай ұйымдастыру қазақ шаруаларын мейлінше күйзелтті. Көптеген сай, қырларда аштан өлген адамдар сүйектері жерде жасырылмай жатқан 1932 жыл да өтті. Жеке малдар колхозға біріктіріліп, көп кешікпей оныц бәрі талан-таражға ұшыраған-ды. Қыстық жем-шөп қора болмай малдар аштан өліп, оның ақыры адамдардың алапат қырғынға ұшырауына алып келді. Кейбір көзімен көргендердің айтуына Қарағанда, ашаршылық жылдары Талдыбұлақ, Қошқарата, Боралдай өзендерінің бойы өлігі жатқандардан адам жүргісіз болыпты. Ауданда бұдан кейінгі жылдары осы жіберілген орны толмас кемшіліктерді жөндеуге көп күш жұмсалды. Еңбекші халық жан киярлық еңбек етіп, жеке шаруашылықтарда едәуір жетістікгерге қол жетті. Еңбек белсенділігі өсті. Тағы да колхоз құрылысына көңіл бөлінді. Атап айтқанда, 1934 жылы Теректі ауылдық Кеңесіне қарасты Боралдай ауылында "Қаратас", Көктерек ауылдық Кеңесіне қарайтын Сырлыбай ауылында "Қоғам" колхозы ұйымдастырылды. Ауданның 1935 жылдың басындағы жағдайына қысқаша сипаттама беретін болсақ, бұл кезде халқының саны 21.737 оның ішінде қазақтар 15.454 немесе 92,4 пайызы, орыстар 1325 немесе 7 пайыз болды. Колхозға 4103 шаруашылық бірігіп, онын 310-ы орыс шаруашылықтары болды. Ауданда 14 ауылдық Кеңес болса, онын 9-ы түгелдей қазақтардан, 4-і аралас, ал 'Жыланды совхозында түгелдей дерлік орыстар болды. Ауданда 163 елді мекен болса, оның 147-сі қазақтардан 6-ы орыстардан тұрып, 10 елді мекенде қазақтар мен орыстар аралас болды. Ауданда колхоздар мен жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктерінің (ТОЗ) саны 61, оның ішінде 52 колхоз бен 5 жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері болды. Халыққа білім беру саласына келетін болсақ, 1928 жылғы мұрағаттық бір материалдарға қарағанда, бұл жылдары мектептер негізінен кеңестік болғанына қарамастан Шаянда әлі де үлкен діни мектептің болғаны. "Шаяндағы бұл діни мектеп,- делінген құжатта,- діни мамандар дайындайтын өлкелік маңызы бар болып отыр. Бұл күні мұнда губернияның бүкіл территориясынан 40-тай адам оқиды. Халық арасында молдалар үлкен беделге ие, жұрт оларды қатты тыңдайды". Бұл жылдары қазақ балалары араб хәріпімен хат таныды. Мұның өзі кей мектептерде діни оқуды одан әрі жалғастыра беруге жағдай жасады. Әрине. заманның өзгеруіне байланысты балалар тек діни білім алып қана қоймай, сонымен бірге жаратылыстану, математика, тарих сияқты пәндерді оқуы қажет болды. 1930 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей бастауыш білім беру ісі шешіле бастады. Өйткені, білім әрбір адамның жеке басы үшін де, қоғам үшін де маңызды еді. Білімсіз ешбір қоғам алға жылжуы мүмкін еместігіне байланысты ең алдымен мектеп беретін білімді дамыту керек болды. Глинкова.Орловка, Леонтьевка, Китаевка, Михайловна сияқты елді мекендерде ХХ ғасырдың басында-ақ мектептер жұмыс істей бастаған болса, енді орталық және орталыққа жақын жерлерде ғана емес, аудан орталығынан алыс жатқан жерлерде де мектептер құрыла бастады. Ауданның ен шетіндегі, Борлысай ауылдық Кеңесіне қарайтын Ағаштысай мектебі 1926 жылы құрылған болса, Ақтас мектебі 1932. Кеңсай мектебі 1936 жылы құрылды. Жалпы, қазақ ayылдарына қарағанда орыстар мекендеріндегі мектептердегі балалардың санының жоғары болғаны белгілі. Мысалға алатын болсақ, 1935-1936 оқу жылында Михайловка селосындағы үш жылдық 'Горная воля" мектебінде 81 бала оқып, келесі оқу жылы олардын саны 91-ге жетті. Осы өңірдегі жоғарыда аталған мектепті бітіруші балалар жақын жерде жеті жылдық, немесе сол кездін тілімен айтқанда "орталау" мектеп болмауынан мектептен қол үзулеріне тура келді. Жеті жылдық мектептер керек болды. Осыған байланысты, Шаян аудандық атқару комитетінің президиумы 1937 жылдың маусым айының 7-ші жұлдызында Орловка, Алмалы, Майбұлақ, Теректі, Төрткүл, Борлысайдағы салынып жатқан жеті жылдық мектептерін тез арада бітіріп, қыркүйек айында сабақты осы ғимараттарда бастау керек екендігін атап көрсетті. Бұл дегеніңіз екінші сөзбен айтқанда, осы мектептердің жеті жылдыққа айналу кезі. Жеті жылдық мектептердің ашылуы аудандағы мектептер жүйесінің одан әрі жақсара түсуіне жол ашып, ауыл мәдениетінің өсуіне ықпал етті. Ауылдағы мәдениет орталықтары саналатын қызыл бұрыштар, қызыл отаулар, кітапхана қызметкерлері тікелей мектеп мұғалімдерімен байланыс жасап, олардан ақыл-кеңестер алып, көптеген мәселелерді солармен бірлесе отырып шешті. Алайда, мектептерде мұғалім кадрлары жетіспеді. Атап айтқанда, осы оқу жылы Шаян ауданы бойынша 183 мұғалім керек болса, 51 мүғалім жетіспеді, барлығы 132 ғана мұғалім ұстаздық қызмет атқарып жүреді. Аудан мектептеріндегі мұғалімдердің аздығы сияқты оқушылар үшін сабаққа керекті оқулықтар мен сабақ кезінде пайдаланатын көрнекті құралдар да жетіспеді. Мұндай қиындықты 1936 жылы орта мектеп болып қайта құрылған Шаян, Сталин атындағы мектептер де кешіріп жатты. Жалпы, 1938 жылы аудан бойынша барлығы 68 мектеп болып, оның 62-сі қазақ, 4-і аралас, 2-і таза орыс мектебі болды . Таза орыс мектептерінің саны азайды. Осы жылдың ортасында бірінші кластық білім беретін 69, екі кластық білім беретін 64, үш кластық білім беретін 4 мектеп жұмыс істеді, оларда барлығы 2.944 бала оқыды. Онын ішінде 1107 бала, 1837 қыз болды. Оларға сабақ беретін мұғалімдердің 41-нің білімі 2-3 кластық болды. Бұл кезде ересектер арасында 5539 адам сауатсыз, 1203 адам шала сауатты болып саналды . Бірақ, олардың көпшілігі араб харіпімен жазып, оқи білетіндер еді. Ауданда көшпелі қазақ шаруашылықтарын жаппай отырықшыландыру жүріп жатты. Шаруашылықтардың табысы арта берді. 1935 жылы ауданның бірнеше озат колхозшылары Бүкіл Қазақстандық озат колхозшылардың ІІ - съезіне қатысты. Сонын ішінде Шаян МТС-іне қарасты "Тасқұдық" колхозынан Бекебаев Бегалы, Жүзімдік колхозынан Сәрсенбеков Шәмші, "Қызыл арық" колхозынан Әлімбеков Дәрібек сияқты жарыс озаттары болды . 1935 жылдың 20-тамызында облыстық "Южный Казахстан" газеті "Большевиктік істің үлгісі деген мақалада жаңа құрылыстағы "Ақбастау", "Красная Нива" колхоздары еңбекшілерінің еңбектегі табыстарын атап өтті. Онын үлгілі жақтарын көрсетті. Бұл істегі қыздар мен келіншектер де өзіндік үлестерін қосты. Сол жылддың қыркүйек айында ауданда бірінші қыз-келіншектер конференциясы болды. 68 қыз-келіншектер қатысқан бұл конференцияда делегатгар алда тұрған негізгі міндеттер, ондағы аудан қыздарының үлестері туралы талқылады. Мұнда қыздар арасындағы сауатсыздықты жою, қызыл отаулар ұйымдастыру мәселелері кеңінен сөз болды . Ауданда 1935 жылдың 20-наурызындағы бір мәліметтегі ауылдық Кеңестер бойынша сауатсыздар мен шала сауаттыларды айтатын болсақ, Борлысай ауылдық Кеңесі бойынша 130 сауатсыз, 127 шала сауатты, барлығы 257 адам хаттанитын болса, Алмалы ауылдық Кеңесі бойынша 40 сауатсыз, 42 шала сауатты, барлығы 82 адам, Орловқа ауылдық Кеңесі бойынша 62 сауатсыз, 17 шала сауатты, барлығы 79 адам, Теректі ауылдық Кеңесі бойынша 73 сауатсыз, 34 шала сауатты, барлығы 124 адам, Майбұлақ ауылдық Кеңесі бойынша 67 сауатсыз, 57 шала сауатты, барлығы 124 адам, Жүзімдік ауылдық Кеңесі бойынша 74 сауатсыз, 211 шала сауатты, барлығы 285 адам, Досан ауылдық Кеңесі бойынша 57 сауатсыз, 74 шала сауатты, барлығы 131 адам, Мыңбұлақ ауылдық Кеңесі бойынша 56 сауатсыз, 70 шала сауатты, барлығы 126 адам, Төрткүл ауылдық Кеңесі бойынша 190 сауатсыз, 147 шала сауатты, барлығы адам, Бөген ауылдық Кеңесі бойынша 65 сауатсыз, 63 шала сауатты, барлығы 128 адам, Көктерек ауылдық Кеңесі бойынша 45 сауатсыз, 41 шала сауатты, барлығы 86 адам, Глинкова ауылдық Кеңесі бойынша 70 сауатсыз, 50 шала сауатты, барлығы 120 адам, Қосақжар ауылдық Кеңесі бойынша 98 сауатсыз, 65 шала сауатты, барлығы 163 адам, Жыланды совхозы бойынша 110 сауатсыз, 200 шала сауатты, барлығы 310 адам хат таныды. Ауданда комсомолдардың рөлі өсті. Олардың жастар арасындағы жұмыстары жанданды. Комсомол үйымдары мектептерде де құрыла бастады. Мысалы, 1936 жылы Орловка мектебінде жастар тұңғыш рет комсомол мүшесіне кабылданды. Олардың ішінде Әділбаева. Бұғаев, Голенка, Дәуталиев, Досбергенов. Мамыраев, Т.Жолдасов, Кошевой, Қалыбеков. Молдашев, Ниткитенко, Онжігітова, Сердюкова. Ә.Токтамысова, Шәметова, Шегебаев, Шкуренко, Е.Шөкеев. Чубов сияқтылар болды по. Сөйтіп, мектепте бастауыш комсомол ұйымы ұйымдастырылды. Олар еңбекшілер арасына барып, социалистік құрылыстың болашақтағы бағыты, еңбекте қашанда алда болу керектігі туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл жылдары еңбекшілер ел болашағы үшін жан аямай еңбек етті. Шаяндық еңбекшілерінің осындай ерен еңбектерінің нәтижесінде шаруашылықтардың жағдайлары едәуір жақсарып, тұрмыс дәрежесі біршама артты. Қоғамдық мал санын көбейту шаралары жүргізілді. 1925 жылдың 1-қаңтарында аудандағы күллі колхоздармен "Жыланды совхозының барлығы 16.360 бас мал, оның ішінде 1.555 сиыр, 460 өгіз, 163 түйе, 12.084 қой мен ешкі, 300 шошқа болды. Мал басының аздығы аудан шаруашылықтарының алдына оның санын жедел арттыру қойды. Сөйтіп осы жылға жоспар бойынша жыл аяғына дейін малдың жалпы саны 23.942-ге жетуге тиіс еді. Бұл салада табысты жұмыстар жасалынып, 1935 жылдың 1- шілдесінде барлық мал саны 24.630 бас болды. Төлді азайтып алмау шаралары қоса-қабат жүргізілді. Бұл ретте әсіресе "Красная Нива" және ЬкАқбастау" колхоздарында едәуір істер атқарылды . Жалпы алғанда, мал басын арттыру бағытындағы республика көлемінде жүргізілген жұмыстарда, Қазақстанның құрылуының XV жылдығы құрметіндегі жарыста Шаян ауданы малшыларының облыста бірінші орын алуға толық мүмкіндіктері де бар болатын. Осы кезде 1935 жылы Жұмабайұлы басқарған "Шаян колхозшылары" газетінің алдында елдегі аудандағы социалистік құрылыстың жетістікгерін газет бетінде көрсетуде үлкен міндеттер тұрды. Ол жылдары мақта егу ісі облыстың көптеген аудандарында жүргізілді. Бұл іске шаяндықтардың да өзіндік үлесі болды. Мақта егетін колхоздар да өнімді жақсы жинап алу конкурсына қатыса отырып, бұл жарысқа іспен жауап берді. Мұнда еңбекшілердің белсенділігін арттыруда Шаян колхозшыларының Созақ ауданы еңбекшілерімен жарысқа түсуіне пайдасы зор еді. Аудан еңбеккерлері шитті мақта алу жоспарын асыра орындауына байланысты облыстық партия комитеті мен атқару комитетінің 10 мың сомдың бәйгесіне ие болып, ол қаржы, Шаян селосының орталығындағы ескі мешітке орналасқан клубты жабдықтауға жұмсалды. Аудан халқы жол құрылысы жұмысына да белсенді түрде қатысты. Оған ауылдық Кеңестері мен аудандың жол бөлімі басшылық жасап отырды. Мәселен, 1935 жылы Глинково ауыл кеңесіне қарасты төрт колхоз ұзындығы 24 шақырым болатын жолды ретке келтіру жұмысын қолға алды. Әр колхозда жол секциялары құрылып, оған озат еңбеккерлер жетекшілік етті. Колхоздаржол жөндеу ісінешұғылкірісіп.бұл мақсатты нәтижелі және тез аяқтау үшін өзара жарысқа түсіп, әр ұжым жоспарды асыра орындау үшін күресті133. Өзара социалистік жарысқа түсті. 1936 жылы аудандағы 61 колхозда 4472 колхозшы. 93 жеке шаруашылық, 1130 жұмысшылар мен қызметкерлер мемлекеттік кооперативтік одақта 23 адам болды. Осы кездегі мал санына келетін бол сақ. 61 колхозда 1.321 ірі қара, 1.469 жылқы, 79 түйе, 10.196 қой. 254 ешкі 109 шошқа болса, 4.472 колхозшыларда 2.542 ірі кара, 225 жылкы, 72 түйе, 14.611 кой. 1285 ешкі 1295 шошка болды. Сол сиякты жекелерде, жұмысшылар мен кызметкерлерде, мемлекеттік кооператив секторда едәуір бар еді. Сөйтіп, жалпы аудан бойынша мал санына келетін болсак. 14.418 ірі кара. 2.176 жылкы, 194 түйе, 32.851 кой, 754 ешкі, 3.257 шошка бар еді. Осы жылы ауданда барлыгы 3.732 шаруашылык болған екен. Олардагы жүмыс колы 5.307 адам, күш көлігі 1515 болып, жалпы 4.240 гектар күздік. 11.815 гектар жаздык бидай, 1.500 гектар арпа. 25 гектар сүлы, 350 гектар тары, 165 гектар жүгері егілген екен. Сонын ішінде тау жактагы Борлысый ауылдык Кенесі аймагындагы "АгаштысаіГ колхозында 80 шаруашылык, 183 жүмыс колы. 12 күш көлігі болып. 300 гекгар жаздык- 300 гектар күздік бидай, 25 гектар арпа, 5 гектар тары, 5 гектар жүгері ексе, Елтай колхозында (кейін "Кенсай" колхозы делінді) 119 шаруашылык, 261 жүмыс колы, 32 күш көлігі, 500 гектар жаздык, 500 гектар күздік бидай, 35 гектар арпа, 5 гектар тары, 5 гектар жүгері еккен екен. Ал "Акбастау" колхозына келеек, онда 130 шаруашылык, 306 жүмыс колы болып, 115 күш колігімен 110 гектар күздік, 800 гектар жаздык бидай, 75 гектар арпа, 10 гектар сұлы, 5 гектар жүгері егілсе,"Актас" колхозында 150 шаруашылыкта 332 жұмыс колы, 119 күш көлігі болып, 120 гекгар күздік, 815 гектар жаздык бидай, 80 гектар арпа, 10 гектар тары, 5 гектар жүгері еккен. Осы өнірдегі негізінен орыстартұратын "Горная воля^ колхозына келеек, мүнда 48 шаруашылык, 96 жүмыс колы, 40 күш көлігі болып, 72 гектар күздік. 330 гектар жаздык бидай, 10 гектар арпа. 25 гектар сүлы, 5 гектар жүгері1-5 екті. Ауданның екінші шетіндегі облысымыздың Созак ауданымен шекараласып жаткан онірдегі "Карасу*\ "Үсіктас" колхоздары жөнінде айтар болсак, "Қарасу" колхозында 54 шаруашылық, 127 жұмыс қолы, 11 күш көлігі болып, 10 гектар күздік, 70 гектар жаздық бидай. 12 гектар арпа ексе, "Үсіктас" колхозында 76 шаруашылық, 191 жұмыс қолы болып, 11 күш көлікпен 30 гектар күздік, 200 гектар жаздық бидай, 18 гектар арпа егіпті. Мемлекеттік жоспарды орындауда осындай жақсы істер жалғасын тауып, үнемі жетістіктерге қол жетті. Сөйтіп, 1937 жылы да ауданда 4.857 мүшесі, 21.900 егістік гектар жері бар 61 колхоздың негізгі бөлігі мемлекеттік тапсырмаларын асыра орындап, үлкен енбек үлгілерін көрсете білді. Солардың ішінде 1939 жылы 23 колхоз мақта екті. Осы колхоздардан 33-і "Бөген" MTC-іне, 27-сі "Шаян МТС-іне қарап, біреуі дербес болды. Жалпы, 30-шы жылдардың екінші жартысынан елдегі сияқты ашаршылық жылдарындағы қиындықтан өтіп. халық шаруашылығы едәуір дамыған болатын. Мұндай оң өзгерістер Шаян ауданында да орын алды. Осы кезеңде, аудан басшыларында да өзгерістер болып тұрды. 1934-1937 жылдары аудандық партия комитетінің хатшысы болған, Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып 1934 жылдың қыркүйегінде Юсупов Төлеш сайланды. (Мұрағатгағы барлық материалдарда Жүсіпов емес, Юсупов деп көрсетілген). Ол 1893 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген, 1926жылдан БК(б)П мүшесі, 193 1-1932 жылдары БК(б)ІІ Орталық комитетінің жанындағы партия курсында оқыған болатын. Бұған дейін мектепте мұғалім, Екібастұздағы рудникте партия жұмысында істеп, 1933-1934 жылдары Геренөзек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған еді. Т.Юсупов Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сол бір ел ішінде аласапыран болып жатқан 1934-1937 жылдардың аралығында жұмыс атқарды. Бірақ оның "халык жауы болып, ұсталып кетуінен кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшыларының тез-тез ауысқанын көреміз. Мұрағатта 1937 аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Ш.Байбатшаев істесе, 1938 жылдың сәуіріндегі тағы бір мәліметтен бірінші хатшы болып Байдаровтың, екінші хатшы болып Ш.Байбатшаевтің, үшінші хатшы болып Мұңғолтаевтің істегендігі жөнінде мәліметтер бар. Ал. 193.8 жылдың мамыр айындағы материалда бірінші хатшы болып Оспан Шураев, екінші хатшы болып Әбдиев. үшінші хатшы болып Ахметовтың жұмыс істегендіктері жөнінде, ал. 1939 жылдың қаңтарында Ықыласов деген азаматтың аудандық партия комитетінің хатшысы болғандығы жөнінде айтылады. Айта кететін бір жай, 1926 жылдан Лениндік большевиктер партиясының мүшесі Төлеш Юсуповке жат элементтермен күреспегендігі, өзінің тап жауларымен бірге болғандығы жөнінде ауыр кінә тағылып, 1937 жылдың желтоксанында қызметінен алынып, орнына Байдаров "сайланып", көп ұзамай. "халық жауларына" қарсы күрес жүргізбегені үшін139 ол да аудандық партия комитетінің хатшы кызметінен кетуге мәжбүр болды. 1937 жылы редакторы Онжігітов болған аудандық "Шаян колхозшылары" газеті аудандағы болып жатқан барлық оң өзгерісгерді еңбекшілерге насихаттауда өте сақтықпен жұмыстар жүргізіп жатты. Біз, аудандық партия комитеті бірінші хатшылары мен аудандық атқару комитетінің төрағалары туралы оқырмандар үшін дәлме-дәл, нақты мәліметтер бере алмай отырғанымызды білеміз. 20-жылдардың соңындағы материалдардың араб харіпімен, 30- жылдардағы материалдардың латын харіпімен жазылуымен бірге мұрағатқа түскен материалдардың толық еместігі, жүйелі болмағандығы, жазуларынын өшіп кеткендігі бізге көп қиындық туғызды. Осыған байланысты, осы мәселемен айналысатын жастарға жеңіл болу үшін, біз шамамыздың келгенінше осыларды зерттегенде кай қордан қарау керектігі жөнінде сілтемелер жасап, бағыт беріп қана отырмыз. Әрине, оқырмандар түсініп отырған болар, сол кезеңде аудандық партия комитетінің бірінші хатшыларының тез-тез ауысып отыруының себебі сол кездегі партия қатарын тазалау науқанына да байланысты еді. Осы жылдары Шаян ауданының көптеген азаматтарының "елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуына кедергі жасап, бүлдіру әрекетгерін" жасағаны да, сол үшін "халық жауы болғандары да белгілі. Мысалға алатын болсақ, 1936 жылдың 8-қыркүйегіндегі Шаян аудандық партия комитетінің жабық бюросында Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің тамыз айының 30- шы жұлдызындағы бюро мәжілісінің шешіміне сәйкес Әлімбетов, Молдабаров, Құлтаев сынды коммунистерді жоғарыда аталғандай кінә тағып, БК(б)П қатарынан шығарған еді140. Ал ондай кінә қойылып, партиядан шығудың артында қандай ауыр жаза тұрғаны белгілі еді. Сол науқан одан әрі жалғаса берер ме еді, кім білсін, 1939 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін тоқтатуға мәжбүр болды. Жалпы, бұл кезде әрбір коммуниске қатаң талап қойылатын, партияға кез келген алынған жоқ. 1939 наурыздағы бір мәлімет бойынша ауданда 251 коммунист болса, оның 107-сі партия мүшесі, 144-і партияға кандидаттар еді. Партия мүшелігіне әйелдерді тартуға көңіл бөлінді. Мысалға алатын болсақ, осы жылы 85 адам мүшелікке қабылданса, 10-ы әйелдер болды. Осы жылдары ауданда мал басының өсіп, ста- хановшылардың қатары нығайып, абыройлары арта түсті. Мал басы артты. Мысалға алатын болсақ, 1939 жылы 1-қаңтарда ауданда 14 сиыр фермасы, 61 қой, 12 жылқы, 4 түйе, 1 шошқа, 1 кус фермасы болса. 1940 жылдың 1 каңтарында 61 қой, 32 сиыр, 9 түйе, 2 шошқа, 1 кұс фермасы болды. Бір жыл ішінде мал санының өсуі қойдан 147 пайыз, түйеден 48, сиырдан 46, жылқыдан 23, шошқадан 200 пайызға өсті . Аудандағы шаруашылықтардың материалдық жағдайлары өсті. Алғашқы миллионер шаруашылықтар шыға бастады. Соның алғашқылары "Красная Нива" және "Октябрь" колхоздары еліміздегі миллионер колхоздардың қатарына қосылды. Аудан колхозшылары ауыл шаруашылығын өркендетуде қолдан келгеннін бәрін жасады. Осы жылдардағы қуғын-сүргіннің кеңінен орын алуына қарамастан елдің байлығын арттыруда әрбір еңбеккер өз үлесін қосуға әрекет етті. Еңбек екпінділерінің саны артты. Ауыл шаруашылығы озатттарының қатары көбейді. 1939 жылдың тамыз айында Москва қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне ауданнан ондаған озаттардың қатысуы олардың ерлік ісінің жемісі болды. Сөйтіп, жыл өткен сайын облыстың басқа да аймақтарындағы сияқты Шаян ауданындағы шару- ашылықтардың табысының өсуі, олардың техникалық жағынан жабдықталу дәрежесіне байланысты еді. Егер 1940 жылы ауданда 61 колхоз, 1 совхоз, 2 МТС болды десек, олардағы ауыл шаруашылығы техникаларынан 130 трактор, 33 комбайн, 22 жүк автомашинасы жұмыс істеді. Барлық егістік жер 33.989 гектарға ұлғайды, оның 26.401 гектары колхоздар еншісіне тиді. Осы кезде кен байтақ Қазақстанның оңтүстік өңірінде бұған дейін соқаның тісі тимей, бос жатқан жерлерді игеру жұмыстары басталды. 30-жылдардың соңында Ташкент өңіріне іргелес жатқан, Сырдарияның арғы бетіндегі Мырзашөл өңірін игеруге назар аударылды. 1939 жылдың 21-қазанында Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен республика Халық Комиссарлары Кеңесінің Мырзашөлде канал қазу жөнінде бірлескен қаулы қабылдауына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданының өкілдері Бас каналдың "Бірінші Тоғай тармағындағы қазу ісін белгіленген мерзімде бастады. Онда жұмыс істеу үшін 6.211 адам барды. Сол кездегі жағдайдың ауырлығына қарамастан олар тамаша еңбек етті. Күрекпен, кетпенмен жұмыс істеген олар канал қазу кезінде әр күні бірнеше нормадан орындады. Канал қазу жұмысына Шаян ауданының 57 колхозынан колхозшылар барып қатысты. Киров каналының құрылысына қатысушылар ішінде күндік нормаларын төрт-бес есе арттырып орындаушылар болды. Мысалға алатын болсақ. "Мыңбұлақ" колхозының мүшесінің бірі күндік нормасын 500 пайызға орындаған болса. "Тұрмыс", "Жүзімдіктен", "Таскұдықтан", барған жекелеген колхозшылар 3,1 текшеметр орнына 14-15 текшеметр етіп орындады. 1940 жылғы 20-шілдедегі облыстык атқару комитетінің шешімі бойынша Киров каналы бойындағы жерді игеру мақсатында облыс аудандарынан отбасыларды көшіру басталды. Осыған байланысты облыстың жекелеген аудандарынан Мырзашөлдегі жаңадан игерілетін жерге кей колхоздар тіпті барлық мүшелерімен түгелдей дерлік көшіп барып, бұрынғы ұжымының атымен жаңа колхоздар құрды. 1940 жылы Киров ауданы осылай құрылды. Алғашқыда онда 18 колхоз болды. Мырзашөлді одан әрі игеру 1941 жылдың жазында тоқтап, ол соғыстан кейінгі жылдары қайтадан жаңа қарқын алды. Суландыру жумысының маңыздылығына ерекше мән берген аудан басшылары Мырзашөл өңіріндегі 1939 жылғы Киров каналының құрылысының жүруімен бір кезде ауданда да суландыру жұмыстарына мән беріліп "Бөген", "Шаян" каналдары қазылған болса, бұл жылы сол тәжірибелерді пайдалана отырып "Бозарық" каналын салу жұмысына кірісті. Ол жумыскқ 56 колхоздан 533 адам қатысты. Олардың көпшілігі бұған дейін Бөген-Шаян, Киров каналын қатысуға қатысқандар болатын. "Талап", "Бестоғай" "Бірлік", "Тұрмыс", "Кеңес", "Қоғам", "Көктерек" колхозының еңбекшілері тамаша еңбек етті. Ауданда стахановшылар қозғалысы өсті. Кейбір колхозшылар өздерінің күндік нормаларын 250-300, тіпті 400 пайызға орындалды. Осы жылдары аудан колхоздарында халық шаруашылығын өркендету саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Аудан өткен жылдың жоспарын ірі қара бойынша 135, түйеден 127, жылқыдан 107, қойдан 106 пайызға орындады. Соның ішінде, Төрткүл ауылдық Кеңесіне қарайтын "Көктөбе" колхозы (төрағасы Дүйсенбай Ахметов) қойдан әр жүз аналықтан 136 қозыдан алды. Борлысай ауыл Кеңесіне карасты Кеңсай колхозы (төрағасы Әділай Тәшімбетов) шаруашылықтар арасында еңбек ұйымдастыру жұмысын ұйымшылдықпен жүргізіп, нәтижесінде мемлекетке астык өткізу жоспарын артығымен орындап шықты Мұндай колхоз төрағаларының қатарында алғашқыда 1935-1938 жылдары "Жалаңтөс", кейіннен "Косарық колхозының төрағасы болған Қонысбек Ауқатов та болды. 1941 жылы Борлысай ауылдық Кеңесіне қарасты "Горная воля" колхозы (төрағасы А.Иванов) мемлекетке мал өткізуден 1942 жылдың жоспарын орындап қойды. Соның ішінде саулық саны 166 пайызға орындалды. "Прогресс" колхозы (төрағасы Г.Ким) 27 бие мен 17 сиырдан құлын мен бұзау алуды 100 пайызға орындап, астық тапсыру жоспарын 105 пайызға орындады. Ауданның мәдени саласында да көптеген жетістіктерге қол жетті. Ол ең алдымен халыққа білім беру ісінде айқын көрінді. Атап айтсақ, осы жылыдың жазында ауданда барлығы 63 мектеп болса, оның екеуі 1936 жылы орта мектепке айналды. Олар Боралдай және Шаян орта мектептері еді. Ауданда 9 орталау, 52 бастауыш мектеп болса146, 1940 жылдың басында, ауданда 64 бастауыш, 11 орта және орталау мектеп жұмыс істеп. 10.500-ден астам балалар оқып, оларға 240 мұғалім сабақ берді. Осы жылдары оқушылар саны көбейгенімен мұғалімдер санының сол дәрежеде қалуының себебі жекелеген сауатты адамдардың қуғын-сүргінге ұшырауына байланысты еді. Дегенмен, сәл де болса мектептердің материалдық жағдайлары барған сайын жақсара түсті. Дәл осы 1940 жылы әріптің өзгеруіне байланысты, яғни латын әріпінен кирилицаға көшіп, тағы да "сауатсыздар" пайда болып, оларға жаңа әріптерді танытатын ликбездер ашылды. Онда 6341 адам оқып, жаңаша хат таныды. Ауданда 3 клуб, 37 оқу үйі, 3 жерде тұрақты киноқондырғы болып, радио нүктелерінің саны 44-ке өсті. Совхоздар мен колхоздардағы 77 үгіт ұжымдарында 576 үтітші жұмыс істеді. Халық денсаулығын сақтау жұмыстарында да айтарлықтай үлкен шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде 2 амбулатория, 40 төсектік 2 ауруханада 44 медицина қызметкерлері жұмыс істеді, оның 4-і жоғары білімді дәрігерлер болды. Әрине, бұл жылдары ауылдық жерлерде халык әлі де дәрігерлерге Қарағанда емші-тәуіптерге көбірек баратын. Тәуіптердің ішінде аурудың түрін нақты анықтайтындары, ел сенімінен шыққандары аз болмаған. Еңбекшілер арасында үгіт және насихат жұмысында аудандық "Социалистік колхоз" газетінің айрықша маңызы болды. Онда еліміздегі, облыстағы, аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан игілікті істер мен халық шаруашылығындағы жасалынуы тиіс мәселелер, мәдениет саласындағы жұмыстар жан-жақты сөз болып отырды. Аудандық бұл газет шамасы қайтадан 1935 жылдан бастап шыққан. Алғашқыда ол жоғарыда айтқан "Шаян колхозшылары" деп аталған148. "Социалистік колхоздың" 1940 жылдың 16-шы қаңтарындағы №1 санында шыға бастағанына 6 жыл болғаны мен бұған дейін 327 нөмерінің шыққаның көрсетеді. Ал аталған кезде бұл газет 1350 данадан басылып, онын алғашқы нөмерінде "Жаңа жылдың жаңа міндеттері, "Колхоздарда дәнді егістерді жоспарлау тәртібі, "Төрткүл ауылдық Кеңесінің тұңғыш сессиясы", "Үлгілі мұғалім" т.б. тақырыптардағы мақалалар жарық көрді. Ал, 29-қаңтардағы нөмерінде "Қазақ Кеңес социалистік Республикасының құрылуының XX жылдығына дейін облыста еңбекшілер арасындағы сауатсыздықты және шала сауатсыздықты жою шаралары туралы" Еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңестің атқару комитеті мен КК(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті бюросының 1940 жылдың 13-каңтардағы қаулысы жарық көрді. Онда "Халқымызды жаппай сауатты етейік" айдарымен берілген мақалада ауданда оқуға тиіс барлыгы 8.607 кісіден, соның ішінде 1939 жылы сауаттануға тиісті 3.125 кісіден 1.767 адамның ғана сауатты, 1358 шала сауатты екендігі атап көрсетілді. Жалпы, жауапты редакторы болып М.Оңжігітов тағайындалған "Социалистік колхоз" газеті еңбекшілерге аудан тынысын көрсетуде өзіндік үлес қосты. Осы жылдары ауданда өзінің ақындығымен Орынбай Таймановтың аты шығып жатты. Ол 1934 жылы маусымда Алматыда өткен жиынға қатысып, Жамбыл Жабаевпен жүзбе-жүз жолығысады. Ал 1936 жылы халық таланттарының республикалық екінші слетіне қатысады. Сондағы оның "Домбыра" деген дастаны "Правда" газетінде жарық көрген екен. 1938 жылы Жамбыл Жабаевтің 75 жылдық мерейтойына қатысып, "Тауқұдірет" деген атақ алған екен. Жалпы айтқанда, ХХ-ғасырдың 30-жылдары Шаян ауданында халық шаруашылығы мен мәдени құрылыста айтарлықтай жетістіктер болды. Алайда, бүкіл елдегі сияқты Сталиндік қуғын-сүргін өзінің көп зардабын тигізді. Көптеген ел үшін еңбек етіп жүрген адал азаматтар жазықсыз жазаланды. Бұл елдің өркендеп өсуіне көп зардабын тигізді. 1939 жылдың 1- қыркүйегінде басталып, 1945 жылдың 2-қырқүйегінде аяқталған екінші дүниежүзілік соғыс осы қуғын- сүргінді уақытша тоқтатты. Соғыс қарсаңында бүкіл КСРО халықтары соғыс қаупінің тұтанып келе жатуына байланысты елдің қорғанымпаздығын арттыру жолында еңбек етсе, ІІІаян ауданының еңбеккерлері де аянбай еңбек етіп жатты. Осы бір, екінші дүниежүзілік соғыс басталып, елімізге қауіп төніп тұрған кезде ауданда БК(б)П аудандық комитетінің хатшысы Жүзбай Жүнісбеков, аудандық атқару комитетінің төрағасы Омаров еді. Соғыс қаупі тұтанып тұрған кезде аудандағы коммунистер мен комсомолдар барлық игілікті істердің басында болғаны белгілі.

Соғыс жылдарындағы аудан өмірі

Расында, 1939 жылдың 1-қыркуйегінде басталған екінші дүниежүзілік соғыс сталиндік қуғын-сүргінді уақытша тоқтатты. 1945 жылдың 2-қыркүйегіне дейін, 6 жыл 1 күнге созылған осы соғыс кезінде 1941 жылдың 22-маусымынан 1945 жылдың 9-мамырына дейінгі ұлы Отан соғысында бүкіл елдегі сияқты қазақстандық еңбекшілер майдан үшін жанқиярлыкпен еңбек етіп, ерлік үлгілерін көрсетті. Аудан еңбеккерлері соғыс басталған алғашқы күннен бастап бүкіл халқымыз сияқты өздерінің бар күш-жігерін жауды жеңу бағытына жұмылдырды, жанқиярлықпен еңбек ете бастады. 1941 жылдың 2- шілдесіндегі"Социалистік колхоз"газетінде"Фашистік варварларға өлтіре соққы береміз" тақырыбындағы "Правда" газетінің 23-маусымдағы бас мақаласы жарияланды. Ал 6-шілдедегі нөмерінде Мемлекеттік Қорғау Комитетінің төреағасы И.В.Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзіне байланысты Шаян ауылының орталыгындағы еңбекшілердің митингісі болды. Оған колхозшылар, жұмысшылар,қызметкерлер өкілдерінен 450-дей адам қатысып, шығып сөйлегендер Отанға деген шын берілгендіктерін, барлық жұмысты соғыс талабына сай жүргізетіндіктерін 150 атап көрсетті. Қаншама ер азаматтар әскерге алынып, қиындықтар туып жатқанына қарамай. майданға мол астық, тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін тапсыру үшін аудан халқы еңбек туын барған сайын жоғары ұстады. Өзгелерді жарысқа шақыру ісі өрістеді. Соның бірі 1941 жылдың тамыз айының27-жұлдызында "Екпінді" колхозының 328 мүшесі қатысқан жалпы жиналысында фашизмді талқандау ісіне өз үлестерін қоса отырып, алдағы кезде уақытпен санаспай тер төгетінің мәлім етті. Сондай-ақ, көрші "Сарқырама" колхозшыларын жарысқа шақырып. өздерінің бұл жарыста сөзсіз озатынын шегелей жеткізді. Осы жылдың қараша айының 16-жұлдызында "Қарасу" колхозшылары да жиналыс өткізіп, елді қорғау жолындағы еңбек майданында жан-тәндерін аямайтынын білдірді. Жаз бойы жасаған еселі еңбек өзінің жақсы нәтижелерінберді. 1941 жылыаудан еңбеккерлері дәнді дақылдардың әр гектарынан 8 центнерден өнім алса, мемлекетке мақта тапсыру жоспарын 158 процентке орындады. Жекелеген колхоздар өнім өндіруде айрықша ерекшеленіп, "Қосбұлақ', "Қосарық", "Қоғам" колхоздары ак егістен 12-18 центнерден өнім алса, "Алғабас'1, "Қызылту" колхоздары тарыдан 20 центнерден "Кенес "Жолғабас" колхоздары мақтадан 23 центнерден "ақ ұлпа" жинап мемлекетке тапсырды. Осы жылы аудан шаруашылықтары мемлекетке ірі қара өткізу жоспарын 100 пайызға орындаса, қой-ешкі өткізуді 101, шошқа өткізуді 191 пайызға жеткізді. Аудан еңбеккерлері елді қорғау қорына 515 центнер астық, 105.610 сом ақша, 2.425 килограмм ет, сондай- ақ қызыл әскерлерге көптеген сыйлықтар жіберді 51. Жастар арасында да өзара жарыс кен құлаш жайды. 1941 жылдың қазан айының 16-жұлдызында "Қарасу'4 колхоз жастарының жиналысында бар күш жігер ел қорғауға жұмылдырылатыны айтылса, осы айдың 26- жұлдызында "Үсіктас" колхозының жастары да еңбек қарқынын бұрынғыдан да арттыра түсетінін білдірді. Осы колхоздың партия, комсомол ұйымының "Жас қайрат" атты қабырға газеті айына екі рет шығып, онда жастарды еңбек майданының алдыңғы қатарында болуға шақырды1'2. Оның көп маңызы болды. Отан үшін қиындық туған осы кезде, ел қорғау сияқты жалпыхалықтық қасиетті іске өз үлестерін қосуға аудан қариялары да үндеу көтерді. Осы жылдың жазынын өзінде-ақ "Мыңбұлак" колхозындағы алпыс бес жастағы Көкеева, сексен жастағы ері екеуі аянбай еңбек ететіндігін айтып, өзгелерді де жанқиярлыққа шақырды. Ол ер қорғау қорына 60-еңбек күнің беретіндігін баян қылды. Оны осы колхоздың Мырзабекова, Нұртазаев сияқты мүшелері қолдап, олар осы мақсатта өздерінің 150-180 еңбек күндерін беретіндіктерін мәлім етті. Ауыл шаруашылығының қай саласында болсын ер- азаматтардың жаппай майданға аттануына байланысты барлық ауыртпалық әйелдер мен қарттардың мойнына түсті. 1942 жылдың көктемінде аудандағы 58 колхоз бен 1 совхоздан жұмысқа жарамды адам 7.337 болса, соның ішінде 4.006-сы әйелдер еді. Әйелдерден 3 колхоз төрағасы, 3 ауылдық Кеңес төрағасы, 183 звено жетекшісі шықса, сонымен бірге олар аз уақыт ішінде техниканы да меңгеріп, 143 тракторшы, 8 комбайн жүргізуші, 38 комбайн жүргізушінің көмекшісі еңбек даласында еңбек етті. Соғыс жылдарында бүкіл елдегі сияқты техника тілін білетін әйелдер санын өсіруге ерекше көңіл бөлінді. Мысалыға алатын болсақ. осы жылдың қысында Шаян МТС-інде 123 тракторшы, 126 комбайншы, 16 машина жүргізуді дайындаса, Бөген МТС-інде 34 тракторшы, 33 комбайншы дайындалды. Бұлардың бәрі әйелдер еді . Олар ер-азаматтардың ісін атқарды. Мысалы, Айшабекова, Тәжібекова, Сұлтанова сияқты колхозшылар күндік нормаларын 300 пайыз орындап жүрді. Ал "Көктөбе" колхозының он төрт жасар колхозшысы Қожақүлов Игенбай күніне жоспар бойынша 30 килограмм орнына 90 килограмға дейін мақта теріп, өзі үшін де майдандағы әкесі үшін де еңбек етті. Осы колхоздағы жетпіс бес жасар Микабасова Жұмақыз, жетпіс алты жасар Садыбеков Дүйсенбай сияқты қарттар да күндік нормаларын асыра орындады. Д.Садыбеков "Мен өзім үшін ғана емес. сонымен қатар майдандағы екі ұлым үшін де еңбек етіп жүрмін" -деді. Аудан еңбеккерлері мақта жинау науқаны кезінде ерекше еңбек етіп, тамаша өнеге үлгісін көрсетті.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙