Мазмұнға өту
Home

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (6)

ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 4 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (6)

Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 4 Жанр:

ҒАБДЕЕВ Қайыржан Нұртазаұлы (26.11.1946 ж.т., Орынбор обл. Ташла ауд. Степной с.) – а.ш. ғыл. докт. (1997), проф. (1996). Қазақстан экология академиясының корр. мүшесі (2010). Батыс Қазақстан а.ш. ин-тын (1970), Херсон а.ш. ин-тының аспирантурасын (1975) бітірген. Батыс Қазақстан обл. а.ш. тəжірибе ст-нда кіші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970–72, 1977–85), Батыс Қазақстан а.ш. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1986– 94), ҚР ҰҒА Батыс бөлімі Орал ғыл. орт. директоры (1994–97), Батыс Қазақстан агр.-тех. ун-тінде проф. (1998–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі, декан, проф. Негізгі ғыл. бағыты – суармалы жəне мелиоративті егін ш-нда азық-түліктен қауіпсіздік жəне экология мəселелерін зерттеуге арналған. «Солтүстік Каспийдің суармалы жерлеріндегі негізгі жəне аралық егістіктерінде дəнді жəне жемшөп дақылдарының өнім түсімділігін арттырудың агротехникалық шарттары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғ. 120-дан астам ғыл.-əдістемелік еңбектің авторы. КСРО ХШЖК күміс медалімен (1991), ҚР БҒМ алғыс хатымен (2011) марапатталған. ҒАБДУЛИНА Айгүл Сəбитқызы (26.6.1980 ж.т., Қостанай обл. Əулиекөл ауд. Əулиекөл а.) – экон. ғыл. докт. (2011). Қостанай инж.- экон. ун-тін бітірген (2001). 2001 жылдан осы ун-те қызмет атқарып келеді. Негізгі ғыл. бағыты – ауылдың жер көлемін арттыру, технология нарығының даму мəселелері. «Индустриальная модернизация экономики регионов Казахстана: стратегия и механизм регулирования» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ҒАБДУЛЛИН Мəлік (15.11.1915, қазіргі Ақмола обл. Зеренді ауд. Қойсалған а. – 2.1.1973, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1959), проф. (1959), КСРО Пед. ҒА-ның акад. (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Қазақ пед. ин-тын (1935, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Ғыл.-шығарм. жұмысын 1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде кіші ғыл. қызметкерліктен бастаған. 1941 жылдан 2дүниежүз. соғысқа қатысқан. Ғ-нің соғыстағы ерлігі Б.Н.Полевойдың «Правда» газетінде жарияланған «Эпостың тууы» мақаласында баяндалған. Көптеген қазақ ақындары Ғ-нің ерлігі туралы өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, əскерден қайтқаннан кейін (1946) Ғ. респ. ғыл.- пед. мекемелерде қызмет атқарды. Тіл жəне əдебиет ин-тының директоры (1946–51), Қазақ пед. ин-тының ректоры (1951–63), Əдебиет жəне өнер ин-ты фольклор бөлімінің меңгерушісі (1963– 73) болды. 1958 ж. «Октябрь кезеңіне дейінгі қазақтың халық ауыз əдебиеті» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғ. «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» (1958, 1964) моногр. зерттеу еңбегінде батырлық жырлар, лиро-эпостық дастандар, айтыс, мақал-мəтелдер, жұмбақтар, ертегілер, т.б. жанрларға талдау жасады. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет жарық көрді. Ғ. жас ұрпақтың тəрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. «Ата-аналарға тəрбие туралы кеңес» (1966) кітабында Ғ. бесік жырынан бастап батырлық жырларға дейінгі халық поэзиясының тəрбиелік мəнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тəсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды отаншылдыққа, шыншылдыққа тəрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде атааналарға кеңес береді. 1972 ж. Ғ-нің əдебиетші Т.Сыдықовпен бірігіп жазған «Қазақ халқының батырлық жыры» кітабына Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. берілді. ҒАБДУЛЛИН Нығмет (26.12. 1927, Ақмола обл. Атбасар ауд. Шұңқыркөл а. – 11.7.2005, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1972), проф. (1975), Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (1998). Қазақ пед. ин-тын (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1950). 1950–69 ж. респ. баспасөз орындарында, 1962 жылҒАБДЕЕВ Қ.Ғабдеев А.Ғабдулина М.Ғабдуллин

дан жоғары оқу орындарында, 1988–97 ж. Алматы мемл. унтінде (қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Қазіргі қазақ əдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Əдебиет мəселелеріне арналған «Шығарма арқауы – шындық» (1968), «Уақыт тынысы» (1981) зерттеулер кітабы, «Замандас келбеті» (1972), «Ғ.Мүсірепов – драматург» (1982) монографиялары жарық көрген. ҒАБДУЛЛИНА Қанапия (1947 ж.т., Алматы обл. Қаратал ауд. Кəлпе ст.) – əлеуметтану ғыл. докт. (1992), проф. (1993). ҚазПИ-ді (1970, қазіргі ҚазҰПУ) жəне аспирантурасын (1973) бітірген. 1973– 74 ж. Қазақстан ЛКЖО Совет ауд. комсомол к-тінде (Алматы қ.), 1974–96 ж. Ташкент т. ж. инжлері, Алматы т. ж. көлік инженерлері ин-тында (қазіргі Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы) қызмет істеді. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. 150-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. ҒАБДЫРОВ Елеукен Хамидоллаұлы (25.12.1929, Атырау обл. Индер ауд. – 16.10.1989, Алматы қ.) – əдебиет зерттеушісі, филол. ғыл. докт. (1968), ҚазМУ-ды (1944, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1944–62 ж. осы ун-тте оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан, 1962 жылдан Қазақ КСР-і ҒАның Əдебиет жəне өнер ин-тында бөлім меңгерушісі, аға ғыл. қызметкері болған. «Кеңес дəуіріндегі орыс-қазақ əдеби байланыстары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл.-зерт. еңбектері əдебиеттің жалпы теор. мəселелері мен əдеби байланыстар тақырыбына арналған. ҒАБИТОВ Тұрсын Хафизұлы (20.11.1947 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. Биғаш а.) – филос. ғыл. докт. (1997) проф. (1998), ҚР Əлеум. ғыл. академиясының акад. (2001). ҚазМУды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1971–79 ж. ҚазҰУ-да ассистент, 1979–83 ж. осы ун-тте оқытушы, 1983–91 ж. доцент, 1991–95 ж. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан проф. «Кеңістік пен уақыт аясындағы өркениет (Қазақ мəдениетінің типологиясы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғ. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). Ы.Алтынсарин жəне А.Байтұрсынов (2004) сыйл. лауреаты (2009). ҒАЗАЛИЕВА Меруерт Арыстанқызы (3.8.1982 ж.т., Қарағанды обл. Қарағанды қ.) – мед. ғыл. докт. (2010), доцент (2010). Қарағанды мемл. мед. академиясын (2005, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті), интернатурасын (2006) бітірген. ҚазақстанРесей ун–тінде доцент (2005–07), Қарағанды мемл. мед. академиясында ассистент (2006–07), Қарағанды мемл тех ун-тінде проф. (2008–12), 2012 жылдан Қарағанды мемл. мед. ун-тінде кафедра доценті. Ғыл.-зерт. қызметінің негізгі бағыттары өндірістің жəне қоршаған ортаның денсаулыққа əсерін бағалау, науқастықтың зиянды поллютанттармен байланысы күшін анықтау, қауіп факторларының жəне олардың үйлесімдерінің əсері, мед.-гигиеналық критерийлер стратегияларын жəне экол. мониторинг принциптерін əзірлеу болып табылады. Ғ. 100-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 3 əдістем. нұсқау, 2 оқу құралы, 1 оқу-əдістем. құралы, 7 алдын ала патенттің авторы. ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты (2008), Қарағанды обл. əкімінің «Қайнар» сыйл. лауреаты (2011), «ЖОО үздік оқытушысы» мемл. грантының иегері (2009). ҒАЗИЗОВА Айгүл Ыдырысқызы (1956 ж.т., қазіргі Ақмола обл. Целиноград ауд. Қызылжар а.) – биол. ғыл. докт. (1997). ЦелиноҒАЗИЗОВА Н.Ғабдуллин Қ.Ғабдуллина Т.Ғабитов М.Ғазалиева

град а. ш. ин-тын (1981, қазіргі Қазақ агротех. ун-ті), Украина а. ш. академиясының аспирантурасын (1987) бітірген. 1987 жылдан Ақмола агр. ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент. Ғ-ның 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ҒАЛИАКБЕРОВ Нажиб Закирұлы (29.11.1911, Солт. Қазақстан обл. Петропавл қ. – 11.9.1987, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. Алматы зоотех.-малдəрігерлік интын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1934–51 ж. Қазақ мал өсіру ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, 1951–64 ж. Бүкілодақтық а. ш. академиясының Қазақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі, 1964 жылдан Қазақ КСР-і А. ш. мин-лігінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Қазақтың сиыры мен қалмақтың герефордтық бұқасын будандастыру арқылы ет алуға бағытталған «Қазақтың ақбас сиырын» шығарғаны (1930–50) үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемл. сыйл-н иеленді (1955). Ғ. 3 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ҒАЛИЕВ Виль Зайнулұлы (1938 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1983). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1964) бітірген. 1960–61 ж. Түркістан пед. уч-щесінде, Шымкент пед. ин-тында (1964–65, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті), Қарағанды пед. ин-тында (1965– 68, қазіргі Қарағанды мемл. унті) оқытушы, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (1968–70, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. унті) доцент, проф., кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның Тарих, археол. жəне этнол. ин-тында бөлім меңгерушісі (1990–95) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан осы ин-тта ғыл. қызметкер. 130дан астам ғыл. жарияланымның авторы. ҒАЛИЕВ Сейітқали Жолдасұлы (18.1.1958 ж.т., Қарағанды қ.) – тех. ғыл. докт. (1997). Қазақ КСР-і ҒА-ның аспирантурасын (1989) бітірген. Қазақстан КП ОК жанындағы баспада слесарь (1975– 76), Жетіқара кен байыту комбтында бұрғылаушы (1979–85). 1990 жылдан ҚР ҰҒА-ның Кен істері ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, жетекші ғыл. қызметкер болған. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ҒАЛИЕВА Алма Қайырболдықызы (25.8.1950 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Тайпақ ауд.) – экон. ғыл. докт. (2010), проф. (2010). Целиноград инж. – құрылыс интын (1973, қазіргі ЕҰУ) Қазақ политех. ин-тының аспирантурасын (1981, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Осы ин-тта оқытушы (1973– 76), Қазақ политех. ин-тының қаратау бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1981–93), Қостанай мемл. ун-тінде доцент (1994–2004), Қазақ гуманит.-заң ун-тінде (2004–10), Қазақ экон., қаржы жəне халықар. сауда унтінде доцент, кафедра меңгерушісі (2010–11). Негізгі ғыл. бағыты минералды – шикізат ресурстар өндірісінің көлемі мен тұтынушы сұранысын болжау мəселелеріне арналған. «Қазақстандағы минералды – шикізат секторындағы корпоративтік құрылымдардың дамуы: теориясы, методологиясы, механизмдері» тақырыпта докт. дисс. қорғады. Бірнеше ғыл. жарияланымның авторы. ҒАЛИЕВА Бақыт Хасенқызы (14.4.1967 ж.т., Павлодар обл. Май ауд. Кеңтүбек а.) – пед. ғыл. канд. (2002), доцент (2011). ҚР Пед. ғылымдары академиясының корр. мүшесі (2011). Павлодар пед. ин-тын (қазіргі Павлодар мемл. пед. ин-ты) бітірген. Павлодар обл. Май ауд. Кеңтүбек анда мұғалім (1989–94), ҚазМУда ассистент, аспирант (1994– 98, қазіргі ҚазҰУ), Экон. жəне құқық колледжінде мұғалім (1998– ҒАЛИАКБЕРОВ Н.Ғалиакберов С.Ғалиев А.Ғалиева Б.Ғалиева

2000), «Қазақстан темір жолы» АҚ Кеңсесінде бас маман-аудармашы (2001–05), Павлодар мемл. пед. ин-тында доцент (2005–06), 2006 жылдан Павлодар мемл. унтінде доцент. Негізгі ғыл. бағыты пед. тарихы, жалпы пед., жоғары мектеп пед. мəселелерін зерттеуге арналған. Ғ. 50-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 ғыл.- əдістем. оқу құралының авторы. ҒҰБАЙДУЛЛИН Фарид Ғалымұлы (1937 ж.т., Қырғызстан, қазіргі Бішкек қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. Қырғыз ғылым академиясының аспирантурасын (1968) бітірген. Амур обл. Селемжин ауд. «Амурзолото» тресінде Токур кентасында инженер-геолог (1959–62). Қырғыз КСР-і ҒА геол. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1966–68), Қазақ КСР-і ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1968–93), «Қазнедра» үкіметтік емес ұйымында лаб. меңгерушісі (1993–97), ҚР ҰҒА-ның Геол. ғылымдар интында жетекші ғыл. қызметкер (1993–96) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан лаб. меңгерушісі. Ғ. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы, оның ішінде 6 монографияның авторы. ҒҰБАЙДУЛЛИНА Мара Шауқатқызы (1.1. 1956 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ.) – тарих ғыл. докт. (2005), проф (2006). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ-да оқытушы, зерттеуші (1980–89) қызметтерін атқарды. 1993 жылдан доцент, проф. Ғ. еңбектері Қазақстандағы, Орт. Азиядағы, Батыс елдеріндегі, сыртқы саясат жəне саяси мəселелерге арналған. Ғ. 150ден аса ғыл. жарияланымның, 10 монографияның авторы. Ä ДАБЖАНОВА Жауһар Балабекқызы (19.3.1953 ж., Өскемен қ.) – филос. ғыл. докт. (2008), доцент (1994). ҚазПИ-ді (1974, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазПИде (1974–80), Арқалық пед. интында (1980–83), Алматы мемл. консерваториясында (1989–91, қазіргі Ұлттық консерваториясы), Алматы мемл. мед. ин-тында (1991–94, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінің Əскери интында (1994–98), ҚР Қарулы Күштерінде (1998–2000), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінің Əскери ин-тында (2000–01), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінің академиясында (2001–10) оқытушылық қызметтер атқарады. Негізгі ғыл. бағыты иудаизм жəне оның эволюциясын зерттеуге арналған. Дінтану, филос., антропология, мəдениет филос. мамандығы бойынша докт. дисссын жабық тақырыпта қорғады. Д. 70-тен астам ғыл. еңбектің авторы. ДАВЛЯТШИН Ильфрит Далвлиевич (5.4.1939 ж.т., Киров обл. Вятско-Полянский ауд. Нижние Шуни с.) – биол. ғыл. докт. (1993), проф. (1996). Қазан мемл. ун-тін (1962) бітірген. Ин-тты тəмамдаған соң, жолдамамен «Қазгипрозем» ин-тында (1962– 66) жұмыс істеді. ҚазКСР ҒА Топырақтану ин-тында кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1966– 84), лаб. меңгерушісі (1984–86), бөлім меңгерушісі (1987–96), Ливияда экспед. құрамында далалық топырақ материалдарының камералық өңдеу тобында басшы (1978–80), 1996 жылдан Ресейде (Казань) тұрады. Негізгі ғыл. бағыты топырақ құнарлылығының статистик. параметрлерін зерттеп,бағалау. Жер кадастрын жасау. Семирафиттік аймақтың жыртылған жерлеріндегі топырақтарды бағалаудың ғыл. концепсиясын жасады. «Статистические параметры и бонитровка пахотных почв семиаридной зоны равнинного Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. 200-ге жуық еңбектің, оның ішінде 6 монография, 5 кітапша, 5 оқу-əдістем. құралдардың авторы. ДАВЛЯТШИН М.Ғұбайдуллина Ж.Дабжанова И.Д.Давлятшин

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙