Мазмұнға өту
Home

Қазақстанның сәулет тарихы

Әлкей Марғұлан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстанның сәулет тарихы

Әлкей Марғұлан — «Қазақстанның сәулет тарихы». КІРІСПЕ

/uploads/145ac813-20af-5e16-a8ed-9cf5713c76c1/cover.png

КІРІСПЕ

(монографиялық еңбек)

Қазақ сәулет ескерткіштерін егжей-тегжейлі зерделеу тек ХХ ғасырдың ортасынан басталды. Археологиялық қазбалар қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейін Қазақстан аумағында басымшылық еткен ежелгі құрылыс мәдениетінің ауқымды ескерткіштер кешенін зерделеуге, ғимараттар типі мен құрылымдарын, құрылыс тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның дала кеңістігінде құрылыс ісінің тарихы көп і ш ырлық. Өзінің тарихи жолының басында-ақ адам, қолайсыз күндерден және жыртқыштардан қорғана отырып, тек табиғи паналарды пайдаланған. Қазақстанда және Оңтүстік Оралда ежелгі адамның іздері қалған үңгірлер кездеседі.

Құрылыс ісінің туындауы қола дәуіріне (б.з.б .11 мыңжылдық) дәл келеді, яғни бүгінгі таңдағы Қазақстан аумағында мекендеген тайпалардың өмірінде мыс металлургиясын игерумен, тас құралдардан металлдық құралдарға және алғашқы қауым аңшылығынан мал шаруашылығына ауысумен байланысты өзгерістер пайда болады.

Мал шаруашылығының және металлургияның дамуы Орталық Қазақстан тайпаларында күрделі әлеуметтік өзгерістердің туындауына әкелді. Шарушылық іс-әрекеттердің жаңа түрлері қоғамдық өндірісте ерлерді бірінші орынға шығарды. Материалдық игіліктер өндірісінде ерлер ролінің күшеюіне байланысты әкеге сыйыну, патриарх, ата-бабаға сыйыну пайда болады.

Шаруашылық қызметіндегі жіктелу құрылыс ісіне қатты әсер еткен металлдық құрал-жабдықтардың туындауымен бірге өтті. Өндірістің жаңа түрлеріне ауысу жаңа шаруашылық және мәдени дағдылардың жинақталуына алып келді, адамның дүниетанымын кеңейтті. Металлдық құрал-жабдықтар адамдарға ағаштар мен тастарды жылдамырақ және жақсырақ өңдеуге, бұрынғы кездерден қарағанда үй-жайларды анағұрлым ыңғайлы етіп салуға мүмкіндік берді. Бұл кезең малшылар мен ежелгі металлургтердің қоныстарының көптеп пайда болуымен ерекшеленді.

Қоныстарды зерттеу Қазақстанның ұланғайыр аумағында және онымен шектес Оңтүстік-Шығыс Орал өңірі мен Оңтүстік Сібір аудандарында кең таралған қола дәуіріндегі үй-жайлардың құрылымдары мен түрлері жөнінде түсінік береді. Өзінің негізгі бітістерімен бұл қоныстар бір-біріне ұқсас, айырмашылықтары ландшафт ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Қола дәуіріндегі үй-жай құрылымы ұжымдық шаруашылық түрлерімен және рулық ұйым қағидаларымен анықталды, үлкен патриархалды отбасылар ошағы бір шатырдың астында тұрды. Өндіріс құралдарына деген ұжымдық иелік ортақ шаруашылық құрылыстарды, қоғамдық қоймаларды және мал ұстайтын орындарды салуға негіз болды.

Оңтүстік Сібір мен Орталық Қазақстанның ежелгі шеберлері үшін тас сүйікті материал болды. Жетісуда және Солтүстік Тянь-Шаньда тастан жасалған ежелгі үйсіндердің (б.з.б. III мыңжылдық) үй-жайлары табылды.

Ежелгі құрылыс мәдениетінің бірегей ескерткіштеріне алып ғимараттар жатады. Бұл ескерткіштерді зерделеу тас өңдеу әдісі жөнінде, ежелгі құрылыс ісі және сәулет жөнінде біздің білімімізді толықтырды.

Ежелгі құрылыс мәдениетінің анағұрлым мардымды ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Қола дәуірінің Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, Ақсу-Аюлы алып тамдары тайпа басшыларының жер асты тас қабірлерін құрайды. Осы тамдарды тұрғызу кезінде кейде алып тас кесектер пайдаланылған.

Қазақстанның тарихында қола дәуірінде пайда болған қабырғаны тастан көтеру дәстүрі кейінгі орта ғасырға дейін сақталған. Орта ғасырдағы қамалдар, қазақтардың қысқы үй-жайлары, шаруашылық жайлары мен жаппалы аулалар (қора) негізінен тастан жасалған.

Тас тамдар ұлттық сәулетшіліктің ерекшелігін құрайды. Бұл жайлы XIX ғасырда орыс саяхатшылардың және ғалымдардың еңбектерінде жазылған. Ежелгі заманда тастан жасалған ескерткіштердің көбісі осы күнге дейін сақталған.

Ұлттық сәулет тарихында киіз үйдің пішінін қайталайтын

тамдар ерекше орын алады. Бұл пішін скиф заманынан басталатын бейіттерге тән.

Х-ХІІ ғасырларда үшкір аркалары, көп қырлы барабандары мен күмбездері бар шикі және күйдірілген кірпіштен жасалған ғимараттар кең тарала бастайды. Ғимараттарды сәндеу кезінде кірпіштерді нақыштап қалау, кеспелі терракота, өрнектелген жиектер сызығы пайдаланылған.

Қазақ сәулетшілігінің тарихы ежелгі керуен жолының бағытымен байланысты. Оңтүстік және Орталық Қазақстанда, Каспий өңірі даласында және Маңғыстауда көптеген тамаша ежелгі ескерткіштер сақталған. Бұл жерлерді Қазақстан сәулет тарихының ірі мұражайы деп атауға болады. Сәулет ескерткіштері орналасқан жерлерде қазақ тайпалары өмір сүрген: Оңтүстік Қазақстанда және Жетісуда-үйсіндер мен қаңлылар, Батыс Алтай, Тарбағатай және Ертістің жоғарғы аңғарында наймандар мен керейлер, Орталық және Батыс Қазақстан аумағында және Сырдария өзенінің аңғарында-қыпшақтар.

Халық шеберлерінің көптеген ұрпақтарының шығармашылық күшімен туындаған сәулет ескерткіштерінің елеулі саны қазақ халқының мәдени өмірінің бірізді кезеңін бейнелейді. Қазақ сәулетшілігі ескерткіштерінің композициялары өтe өзгеше, оларға басқаларға ұқсамайтын пішін және кейде таңғажайып құрылымдық шешім тән.

Ежелгі қазақ тайпаларының негізгі шұғылданған істерінің бірі - Сырдария, Талас, Шу, Сарысу және т.б. өзендер аңғарларында суармалы егіншілікпен үйлескен жайылымдық мал шаруашылығы болды. Алтай мен Тянь-Шаньның алқабындағы көгал, Қазақстан даласы мал үшін жақсы жайым болды, ал өзен аңғарлары суармалы егіншілікті дамыту үшін пайдаланылды. Осы жерлерде бүгінгі заманның өзінде-ақ тарихи, аса ғылыми және көркемдік құндылығы бар өзіндік сәулет ғимараттары тұрғызылды.

Қазақстан аумағындағы құрылыс ісі мен сәулетшілік бірнеше мың жылдарға жетті - ол дегеніміз, оның барысында шаруашылық-мәдени іс-әрекеттің өзіндік түрі қалыптасқан және қолданыста болған тарихи жол.

I. Бөлім. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМ ДӘУІРІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ІСІ

1. ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАБЫРҒАЛАР МЕН КҮМБЕЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Өзінің тарихи жолының басында-ақ адам, қолайсыз күндерден және жыртқыштардан қорғана отырып, тек табиғи паналарды пайдаланған. Қазақстан мен Оңтүстік Оралдың аумағында ежелгі адамның іздері қалған үңгірлер көптеп кездеседі. Пскем (Қазықұрт), Қаратау, Баянауыл, Қарқаралы  , Ұлытау (Айдахарлы) үңгірлері ғылымға белгілі. Кейбір үңгірлердің іші кең және оған әжептеуір адамдар сиған. Ежелгі адамдарға пана болған және үй-жай болған үңгірлердің барлығы оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қараған, нәтижесінде үңгірлердің күзгі және қысқы уақытта табиғи жылуы болған. Суық уақытта жылуды сақтау үшін ежелгі адамдар үңгірлердің аузын сырғауылдармен және аң терісімен жауып-қымтаған.

Үңгірлі тұрақтарда алғашында кішкентай таптармен өмір сүріп, кейін рулық қауымға дейін өскен алғашқы аңшылардың өмір сүрген ізі бар. Жоғарғы палеолит дәуірінде-ақ адамдар от алуды үйреніп, тас құралдарды пайдалана бастаған. Үңгір күмбездерінде ежелгі мекендеушілер жаққан ошақтан шыққан ыстың ізі қалған. Ежелгі адамдардың табиғатқа үйрену шарттарында от пен тас құралдар олардың өмір сүруінің негізі болған.

Адамдар үй-жай ретінде табиғи паналарды пайдаланып жүрген дәуірдің өзінде, үй-жайларды көркемдік сәндеу қажеттілігі туды. Алғашқы қауым адамдарының діни наным-сенімінен туындаған бейнелеу өнерінің элементтері құрылыс ісінен бұрын пайда болғандығын дәлелдейді. Оған алғашқы қауым адамдары өмір сүрген үңгірлердің төбесінен табылған жартасқа салынған суреттер дәлел болады.

Баянауыл тауларында үстінен төніп тұрған алып таспен біріккен қуыстары табылды. Осы қуыстарда ежелгі адамдар өмір сүрген. Қуыстардың пішіндері жайпақ күмбезі бар сопақша сегмент болып келеді. Бірінің күмбезінде қызыл минералды бояумен адамдар мен жануарлар бейнеленген.1.

Қарағанды облысы Шет ауданының Қотыр-Қызылтау тауларында күмбезі биік және аузы оңтүстікке қараған сопақша жайды құрайтын Тесіктас қуысы орналасқан. Бүкіл дерлік аумақ адамдар мен жануарларды бейнелейтін петроглифтерге толы. Петроглиф қызыл минерал бояуымен орындалған.

Бұқтырма (Шығыс Қазақстан) өзеніндегі қуыс Орталық Қазақстандағы үңгірлі тұрақтарға ұқсас. Мұнда үңгір аузының алдында биіктігі екі метр қызыл минерал бояуымен белгісіз жануар және адам бейнеленген. Петроглифтер палеолит кезеңінен бастау алады. Осы алғашқы суреттер ең ежелгі «үңгір» мәдениетін құрайды. Осындай суреттер Алтай мен Сібірдің неолит тұрақтарында жиі кездеседі.

Алғашқы қауым идеологиясында табиғат күштерін құрмет тұту, күнге және айға табыну басым болды. Ежелгі адамдардың мәжусилік-шамандық діни ұғымдары табиғат күшін рухтандыру түрінде көрінді, ол петроглифтерден, биік менгирлер құрылымдарынан, жануар мүсіндерін орнатудан (Батпақсу, Қойшоқы, Сартабан, Бұғылы, Қанаттас және т.б.) байқалды. Би, музыка, бейнелеу өнері адам өмірінің ерте кездерінде пай¬да болған, адамдар жануарлар мен құстардың үндерін қайталап, жануарлардың бейнесін тастарға қашап, би арқылы аңшылықты бейнелеген.

Алғашқы қауым өнерінің ескерткіштері-жартасқа салынған суреттер.

Орталық Қазақстанның таулы аудандарында, Бетпақдалада, Қаратауда, Жетісуда, Тарбағатайда, Алтайда кездеседі. Олар тек идеологияның элементтері - өнер нышанының пайда болуын ғана емес, сондай-ақ кеңістіктік-көлемдік композиция сұрақтарын шешудің бастапқы тәжірибесін дәлелдейді. Бұл-аңшылық шаруашылығынан адамның бақташылық мал шаруашылығына ауысуға, металл игеру мүмкіндіктерінің туындауына, қоғамдық еңбек бөлінісіне дайындығының ұзақ үдерісіндегі үдемелі қадамдары болып табылады.

Адамның алғашқы тұрақтарының табылған іздері жоғарғы палеолит дәуіріне (120-20 мың жыл бұрын) тиісті. Кейінгі палеолит дәуірінің тұрақтары Ертістің жоғарғы бойында, Ұлытау,Жезқазған, Баянауыл аудандарында, Солтүстік Бетпақдалада байқалды. Бұл тұрақтар әдетте ашық биік жерлерде, өзендердің биік жайылымдықтарында, тау үстірттерінде орналасты. Осы жерде тас шеңберлері түріндегі ошақ іздері және тас құралдары көптеп сақталған.

Ғылыми экспедициялармен б.з.б. IV соңында және III мыңжылдықтағы неолит және энеолит мәдениеттерінің көптеген тұрақтары ашылды, оларды зерделеу, олардың өздеріне тән бітістерін анықтауға мүмкіндік берді.

Орталық Қазақстанның кең-байтақ аумағынан, Бетпақдаланың құмды төбелерінен, Балқаш өңірінен, Сарысу, Шерубай, Мойынты, Есіл өз. аңғарларынан, Ұлытау тауларынан табылған неолит тұрақтары кремний мүкәммалының жалпылығымен сипатталады. Неолит тұрақтарының орналасу және алғашқы үй-жайлардың орнығу сипаты табиғи шарттарға және ортақ шаруашылық түріне тығыз байланысты.

Қазақстан жерін мекендеген неолит тайпаларында тас құралдарының түрі әр басқа, әбден қалыптасқан пішіні болды. Сол заманға шағын құралдар-ұсақ аң-құсты және балық аулауға арналған микролиттер тән болды. Лақтыру құралдары-ұштары үшкір және ішпекті жүздері бар садақ пен жебе, тастан кесу және шабу құралдарын, ал кейінірек батырғыларды, кетпенді, жақсы тегістелген балташаларды, қашауды ойлап шығару, неолит дәуірімен байланысты. Ежелгі адам, үй-жай құрылысы кезінде ағаш өндеу үшін тас құралдарды пайдалана бастады.

Неолит қауымдастықтары күзде және қыстың басында шөппен коректенетін жануарлар көптеп жайылатын, аңшылықпен айналысуға және балық аулауға ыңғайлы өзен аңғарларын қоныстады. Ертіс, Есіл, Сарысу, Сілеті, Орал өзендерінде аңшылар мен балықшылардың өзен жанындағы және көл жанындағы тұрақтары, ал Жеті-Қоңыр, Арал өңірі және Балқаш өңірі дала оазистарында маусымдық аңшылық аймақтарында аңшылардың дөң тұрақтары болған. Олар әдетте Бетпақдаланың жарықшақ су орындарынан немесе Бетпақдаладағы, Арал өңіріндегі, Маңғыстаудағы құдықтар орналасқан орындарында кездеседі. Уақытша тұрақтар шашыраңқылығымен және материалдық мәдениет заттарының аздығымен сипатталады.

Эмпирикалық тәжірибе негізінде кейінгі неолит және ерте қола дәуірінің адамы тас құралдардың көмегімен қарапайым үй - жай сала бастайды. Сол уақытта саз балшық пен ағаш қолжетімді құрылыс материалы болды және ағаш материалы өңделмеген түрінде пайдаланылды.

Бөрене, сырғауыл, жаңғырық түріндегі ағаш жердегі қабырғаларды қаптау кезінде, тіреу бағаналары ретінде және шатыр құрылымдарында пайдаланылды. Құрылыс бөлшектерін жай ғана байланыстыру үшін тал, қамыс, ши қолданылды. Металлдық құралдардың пайда болуымен тақта, енсіз жұқа тақтайша жасауға, бұрғылауға және байланысатын элементтерді бір-біріне дәл келтіруге мүмкін болды.

Қазақстанның, Сібірдің және Оңтүстік Оралдың кейбір аудандарында зерттелген тұрақтар неолиттік қауымдардың үй - жайлары жөніндегі мәлімет береді. Олар шатырлық немесе екі жағы да еңіс жабыны бар 5-6 жертөлелерден тұратын аңшылық - балықшылық қотанды құрайды. Осындай үй-жайлардың ішінен тастан жасалған ошақтардың (алау) іздері табылды. Ошақтан шыққан түтін жоғарғы саңылаудан шыққан, осы саңылаудан жертөлеге жарық түскен.

Кейінгі неолит және ерте қола дәуіріндегі үй-жайлардың іздері сол кездің өзінде-ақ адамда композиция туралы әлжуаз, композицияның кеңістік-көлемдік мәселелерін шешудің бастапқы тәжірибесі, жоғарғы бөлігі-жабын және төменгі бөлігі-негіз деп оны екіге бөлумен үй-жай құрылымы туралы алғашқы ұғымы пайда болды деп айтуға болады. Бұл уақытты құрылыс ісінің пайда болған кезі деп санауға болады.

Ежелгі адам үшін үй-жай-бұл тамақ дайындап, жылу сақтайтын пана болды. Ерте қола дәуірінің үй-жайлары бір лақытты. Кейінірек, үй-жайлардың пішіні мен құрылымы климаттық шарттарға ғана емес, сондай-ақ рулық ұйым құрылымына және шаруашылықтың ұжымдық түріне лайықтана бастады.

Қазақстан аумағында анағүрлым кең таралған ежелгі үй-жайлардың түрі-конфигурациясы торт бұрышты жартылай жертөлелер. Үй-жайдың негізі бір немесе одан көп тереңдікте жерге қазылған ойпаң болған, ал жоғарырақ оның жер үстіндегі бөлігі тұрған. Жердегі қабырғалары шарбақпен, саз балшық және құм топырақ араласқан қоспамен бекітілген.

Андроновтық үй-жайларда бөренелі жабын үшін тіреу болған ағаш бағаналар басты құрылым болды. Бағаналар мықты болуы үшін оларды 35-тен 40 см-ге дейінгі тереңдікке грунтқа батырған. Орманды-дала жолағында орналасқан Қазақстанның солтүстік аудандары үшін үй-жайларын жылыту үшін және жердегі қабырғаларды бекіту үшін қабырғаның қасына ағаш бағаналар немесе тас плиталар орнатылған. Осының арқасында бүгінгі күні тас қабырғалары бар байырғы үй-жайлар - кішкене ғана жартылай жертөлелер және үлкен қауымдық үйлер жер бетінде бітімі тік бұрыш немесе дөңгелек түрінде шығып тұр.

Қысы қатты солтүстік аудандарда жертөлелер көлденең өзегімен басым жел бағыты бойынша орналасқан, яғни батыстан және солтүстік-батыстан шығысқа және оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Құрылыс ісі қайталама іс-әрекеттердің негізінде жетіле түсті. Игерілген дағдылар мен тәжірибе табиғаттан алынған ритм мен симметрия заңдарына бағынған жеке бөлшектерді дұрыс орналастырумен құрылыс композицияларының пайда болуына әкелді.

Қоныстардың археологиялық қазбасының материалдарына сүйенсек, үй-жайдың екі кеңістік құрылымы болған: дөңгелек және көп тарағаны бұрыштары домаланып келген тік бұрыш.

Археологиялық зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда қола дәуірінде қазылған ойпаң шеттерінің бойымен жер, саз балшық және құмның қоспасынан қабаттап салу әдісімен үй-жай қабырғасының жер үсті бөлігі бір метрге дейін, кейде екі метрге дейін тұрғызылған. Әр қабаты жақсы тапталып тегістелген, нәтижесінде үй-жайдың жер үсті бөлігін қамтамасыз ететін үймек немесе бруствер (топырақ үйіндісі) пайда болған. Көп материалдар араластырылып салынуы себебінен мұндай қабырғалар түйіршік-түйіршік болып шығатын. Алексеевка қонысында құрылыс материалы ретінде саз балшықты қолданудың алғашқы тәжірибелері байқалады.

Үй-жайдың кіре берісі көбінесе оңтүстік бөлігінде болған және оның пішіні сатылы дәлізге ұқсаған, қалыңдығы 20-30 см-ге дейін жететін құмның, қиыршық тастың және саз балшықтың тапталған ерітіндісінен жасалған жертөле еденінің деңгейіне дейін еңіс болған.Кейінгі қола дәуірде патриархалды отбасының өмір салтының өзгеруіне байланысты үй-жай ауданын шұғыл ұлғайтудың қажеттілігі туды.Ежелгі құрылысшылардың алдында ескі міндет тұрды: бір жағынан үлкен үйдің композициялық-жоспарлау сызбасын жасау және осындай үйлер шатырының мықты құрылымын іздеумен байланысты туындаған қиындықтарды жеңу. Үй-жайдың ауданын ұлғайту тік бұрышты құрылымның бүйір ұштарын ұзарту жолымен жүзеге асты. Патриархалды отбасылар бұл дәуірде ауданы 300 м 2 дейін жететін кең үй-жайлар - «ұзын үйлерде» тұрды, ол шағын отбасылар үшін бірнеше жайларға бөлінді, бірақ жайдың ортасында орналасқан «ошақ басы» ортақ болды, ол отты сақтаудың ежелгі дәстүрімен байланысты. Мұндай үйдің негізі жерге кіріп тұрды.

Шатыр құрылымы мәселесінің шешімі үлкен аудандар шатырының жабылуын қамтамасыз ететін ішкі тіреу бағаналарын қолданумен жүзеге асты. Ежелгі құрылысшылар үй кеңістігін шатыр тіреуге арналған бағаналармен бөлу арқылы оңтайлы ұйымдастырды.

Ежелгі үй-жайларда, сондай-ақ бейіттерде (бұдан әрі толығырақ) орталық-күмбезді жабын жүйесі үшін екі тіреу түрі болды: қабырғалы және ішкі. Мемориалдық ғимараттарда шатыр салмағы тас құрылымдарға түскен. Үй-жайларда бұл қызметті бөренелі бағаналар атқарған.

Бағаналардың беріктілігін қамтамасыз ету үшін оларды әдетте 25-тен 40 см-ге дейін жететін тереңдікке грунтқа батырған. Оған Қазақстан аумағындағы және оған іргелес Орал және Заволжье аудандарындағы андронов үй-жайларының түбінде бағанадан қалған көптеген шұңқырлар дәлел болады. Әдетте, әрбір үй-жайда шұңқырлар саны 200-ден асқан, кей кезде 300-ге дейін жеткен. Шұңқырлардың осынша көп болуы олардың көбісі судың жиналуы себебінен туындаған деп түсіндіріледі. Үй-жай құрылымымен байланысты бағаналардан қалған шұңқырлар анағүрлым анық және заңды орналасқан.

Бағаналар жабын мен қабырғаларға тіреу болған. Бағаналардан қалған шұңқырлардың диаметрлеріне қарап, бүл мақсатта диаметрі 16-18 см-ден кем емес бөренелер пайдаланылғанын көреміз  .

Бөренелі қабырғалардың бұрыштық қосылуы үшкір құралмен және мыс қапсырма шегемен жасалған жаппалардың көмегімен жүзеге асты. Бөренелер жақсы өңделіп отырған, олардың ұштары кесілген, кей жағдайларда бөренелер екі жағынан тегістеліп, жаңғырыққа ұқсаған. Мұндай бөренелер М. П. Грязновпен Ақтөбе облысындағы Орал-Сайдан, О. А. Кривцова-Граковамен Қостанай қаласының маңындағы Алексеевка қонысынан 2 және бізбен Талдынұра өзенінен (Былқылдақ, 1 және 2 қорым) табылды. Және де ағаш материалымен көбінесе кескіні тік бұрыш болатын үй-жайлардың жер қабырғалары қапталған, домалақ қабырғалар шарбақпен немесе өрмемен айнала қоршалған.

Ауданды кеңейтудің және үй-жайдың ішкі кеңістігін ұйымдастырудың басты әдісі-көлденең өзегі бойынша біртіндеп өрістету болды. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін бағаналар бір-бірімен қиылысатын екі өзегі бойынша орналастырылды, нәтижесінде үй-жайдың тік бұрыш жоспары шаршы негізін құрай отырып, үш аралыққа бөлінді. Үлкен қауымдық үйдің тік бұрыш жоспарын үшке бөлу қарағаштың немесе жиденің қысқа сырғауылынан шатыр жасауға мүмкіндік берді, бұл мәселені шешудің дұрыс жолы болды. Пирамида түріндегі шатыр үйдің дәл орта бөлігінің үстінде тұрып, орталық тіреу бағаналарына сүйенген бөренелі тік бұрыш жақтауынан құралды. Үй-жай шатырының орта бөлігі бағаналардың арасында, негіздің шаршы ортасында орналасқан тас ошақтың үстінде орналасты. Ежелгі құрылысшыларға тегіс шатырдың саңылауы арқылы түтіннің шықпайтыны, оның ішке таралып, қабырға мен төбеге дақ қалдыратыны белгілі болған. Эмпирикалық тәжірибе ежелгі шеберлерді түтін шығуы үшін ошақтың дәл үстіндегі шатырда саңылауы бар мұнара тәрізді күмбез жасау шешіміне алып келді, сөйтіп үй-жайдың ішінде ыстың ізі болмаған. Осындай күмбездің құрылымын біз шошаладан байқаймыз.

Орталық бөлігінен айырмашылығы ашық аралықтың бүйір жақтары жайпақ шатырмен жабылған, орталық тіреу бағандарының жоғарғы ұштары қабырға деңгейінен биік болғандықтан, ол біраз еңістеу болған.

Үй-жайлардың тік бұрышты пішінінің шешуші маңызы болған. Көлденең және тігінен келген бағаналы пирамидалы шатырдың және ашық аралардың бүйір жабындары үшін тіреу болған. Бұл бағаналар, сондай-ақ үйді бірнеше жайларға бөліп тұрған қалқа болды.

Жабынның мұндай құрылымы орта ғасырға дейін қолданылды. Далалы жерлерде ағаш материалы аз болғандықтан, шатыры жайпақ пирамидалы күмбез түрі неғұрлым қолайлы болды. Сырғауылдарды бір-біріне тығыз орналастыру арқылы шатырдың мықтылығына қол жеткізілді. Шатырдың ағаш бөлігі үстіңгі жағынан шоқ талдармен, қамыстармен, шилер мен және басқа қолда бар материалдармен жабылды, одан кейін топырақтың немесе шымның қалың қабаты төселді.

Үш бөлікке бөлу тек үй-жайлар үшін ғана тән болған жоқ. Бұл жүйенің қағидалары белгілі бір шамада үй-жай құрылымын қайталайтын мемориалдық ғимараттарда да жүзеге асырылды. Бұл ғимараттарда тіреу бағаналарының қызметін грунтқа тігінен қазылып көмілген үлкен гранит тақталарының немесе бірін-бірі шоғырлана қоршаған қосарланған тас қабырғаларының атқаруы олардың айырмашылығы болып табылады. Бейіт тамдарының орта бөлігі бүйірлеріне қарағанда кең болған (Ақсу-Аюлы, Бегазы, Дәндібай және т.б.). Ғимараттың көлеміне қарай ашық аралардың ені 3-тен 5-ке дейінгі аралықта болған.

Қазақстан аумағындағы ең көне күмбезді ғимараттар - Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дәндібай тас молалары кейінгі қола дәуірінде б.з.б. II мыңжылдықтың соңғы шегінде салынды. Бұл ғимараттардың пирамидалы-бағаналы күмбезі тас бағаналармен сүйемелденді. Құрылымы бойынша мұндай күмбез барлық құрылымдар үшін ең қарапайым және сенімді болды, олардың негізін шеңбер, шаршы немесе көп бұрыш құраған. Осы жүйені қолдану қысқа бөренелерден үлкен ашық аралық күмбездерін тұрғызуға мүмкіндік берді. Бұғұлы III кесенесі күмбезінің пирамидалы-сатылы құрылымы тас тақталардан жасалды, олар жоғарылаған сайын көлемдері азая түсті, бүл кертпештердің пайда болуына әкелді. Жабын ұшы пішіні жарты шеңбер болып келетін тақтамен аяқталды. Осындай құрылыс тәсілінің арқасында жабын қиық шошақ конус пішініне ие болды.

Күмбезі пирамида болып келетін ғимараттардың пайда болуы отырықшылық өмір салтына байланысты туды. Құрылымның пирамидалы-бөренелі күмбезі Алтай мен Кавказдың ежелгі үй-жайларында, дарбазы және қарадам 3 тәрізді үй-жайларында кең тараған, бірақ олардың Әмудариядан оңтүстікке қарай аумақта кездеспейтінін білеміз.

Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында адам өзінің үй-жайын жер астынан шығарады. Жартылай жертөлелерден тастан және ағаштан қиып жасалған, берік, бір лақытты жер үстіндегі үй-жайларға ауысып, адамдар шатырды ұстап тұруға арналған бағаналарды орнатудан бас тартады. Бұл дәуір-ежелгі адам өміріндегі түбегейлі өзгерістер дәуірі.

Шошала  - пішіні шошақ, жер үсті үй-жайы. Қола дәуірінің соңында (б.з.б. IX-VIII ғғ.) 4 еуразия даласында пайда болды, оған патриархалды отбасының құлдырауы себеп болды. Шошала - өмір сүру аймағына байланысты қабырғасы тастан, саз балшықтан немесе ағаш қимасынан жасалатын ауданы кішірек стационарлы үй-жай.

С. В. Киселев шатыр күмбездері алынып-салынатын, пішіні домалақ немесе көп қырлы болып келетін «ағаштан шабылып жасалатын» үй-жай 5 туралы жазады, бұл жерде «шошала» жөнінде айтылып тұрғандығында күмән жоқ.

Ауыспалы кезеңде жартылай жертөлелер мен жер үстіндегі үй құрылысы бірдей қолданыста болғанымен, үй-жайды грунтқа батыру сияқты құрылыс әдісі біртіндеп жойыла бастайды. Адам Қазақстанның далалы аймақтарында шошаланы тастан,шикі кірпіштен және шымнан тұрғызған, оған ағаш материалының болмауы себепші болды. Осындай материалдардан тұрғызылған үй-жайдың негізі шеңбер немесе шаршы болды және табиғат құбылыстарына қарсы тұра алды.

Орманға бай Қазақстанның солтүстік аудандарында алты-сегіз қырлы ағаш қимасынан тұрғызылған шошаланың қыр саны да сонша болған. Бірақ осы екі жағдайда да шошаланың көлемдік-кеңістіктік құрылымы еденнен және шатырлық күмбезден тұратын бір элементті тұтас құрылымды құраған.

Шошаланың анағүрлым күрделі бөлігін оның шошақ күмбезі құрайды, мұнда ежелгі адамның көп ғасырлық құрылыс тәжірибесі, байырғы құрылысшылардың бір элементті үйдің күмбезін тұрғызудағы оңтайлы шешімін іздестіру нәтижесі көрінеді.

Негізі шеңбер немесе шаршы болып келетін шошалада бағаналардың үстіне күмбез орнатылып (тіреуіші бар күмбез), ежелгі дәстүр жалғастырылған. Күмбездің осындай құрылымы төрт ішкі бағанаға және үй-жайдың негізі шаршы немесе шеңбер болып келетін бөренелі немесе тас қабырғаларға сүйелді, оның ортасында бағаналардың арасында дөңгелек шұңқырда ошақ орналасты. Шошаланың қаңқалы түрі Солтүстік-Шығыс Қазақстанда анағұрлым кең таралған.

Ошақ үстіндегі сатылы күмбез көлденеңінен жатқызылған бөренелерден пирамида түрінде тұрғызылған. Қазақстан аумағындағы алғашқы күмбезді ғимараттарда, кейінгі қола дәуірінің Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дәндібай тас молаларында пирамидалы-бөренелі күмбез тас бағаналармен тірелді. 6.

Бағаналардың үстіндегі пирамида түрінде тұрғызылатын тас немесе бөренелі күмбез Қазақстан аумағында пайда болған байырғы сәулет құрылымы болып табылады. Негізі шеңбер, шаршы немесе көп қырлы болып келетін стационарлы ғимараттар үшін осындай күмбез анағүрлым қарапайым, берік және лайықты болған.

Шаршы жоспарындағы шошаланың өлшемі 4x4 м немесе 6x6 м, домалақ негіздің диаметрі 5-6 м. Шатыр үшін диаметрі 7-8 см болатын сырғауылдар немесе диаметрі 12-14 см болатын ағаш (қайың) бұтақтары қолданылған, олардың ұштары тік тұрған бөренелердің жіктеріне қиюластырылған. Шатырдың түтін шығатын және ішке жарық түсетін саңылауы болған.Сырғауылдардың үстіне қалыңдығы 2 м-ге дейін жететін талдардан құралған төсеме немесе бір-біріне нығыздап бекіген шымнан жасалған кірпіш қабаты төселген. Шым кірпіштің өлшемі 12x16x18 см, оның өзінің салмағы әжептәуір болған. Күмбезді шатырдың жалпы қалыңдығы 30-40 см аралығында болған. Яғни, бөренелі жабынның қалыңдығы - 16 см, тал төсемесі 1,5-2 см, қамыс қабаты - 1-1,5 см, шымнан құралған жоғарғы қабат -18 см.

Үнемі қатты жел соғып тұратын далалық климат жағдайында шымнан жасалған кірпіштер тез тұтанбайтын және желге төзімді, мықты шатыр материалдарының бірі болған. Осыны білген далалықтар шошаланың жылуын ұстап тұру үшін сондай-ақ шымды пайдаланған.

Күмбезі бар шошала қабырғалары биіктігі 5-6 см болатын .шып ғимаратты құрайды. Шошаланың ішкі қабырғаларында пайдаланушылық маңызы болған терең қуыстар болған, оған тұрмыстық заттар қойылған.

Шеңбер немесе шаршы түріндегі негіз Қазақстанның құрылыс тарихында үлкен роль ойнаған. Бұл композицияның негіздері қола дәуірі кезінде бір элемент жартылай жертөлелер мен тастан жасалған мемориалдық ғимараттар құрылысы кезінде әзірленді. Ғимараттың шеңбер және шаршы композициясы күмбез құрылымының туындауына себепші болды. Кейінгі ғасырларда көрсетілген жоспарлар ішкі жағынан жабынды тіреп тұратын бағаналарды орнатусыз шатыр түріндегі төбе жабыны үшін анағұрлым қолайлы болған. Осындай табаны бар үй-жайлардың кішкентай ауданы біртіндеп күмбезге ауысатын қабырғаны тұрғызуға мүмкіндік берді. Шошаланың табанына көбінесе грунта көмілген.

Ежелгі адамдардың дауылды жерлерден және басқа табиғи апаттардан қорғай алатын мықты үй-жайларды салуға ұмтылуы қарапайым ғимараттар салудан басталды. Сөйтіп, бүкіл Қазақстанға бір элементті үй-жай «шошала» кең тарады.

Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Ақмола облысының солтүстік аудандарында биіктігі 2,8-3 м-ге жететін бөренелі бағаналар тігінен қазылып көмілген, екі жағынан шарбақпен қапталған, сонымен қатар бос жерлер топырақпен және көңмен толтырылған, ал шарбақтың үстіне саз балшықтан қалың қабат төселген. Сондай қабырғалардың қалыңдығы 60-80 см дейін жеткен. Тігінен тұрғызылған бағаналардан құралған шошала құрылысында дөңгелек табаннан шатырлы төбе жабындысына дейін биіктейтін қабырға ауысымы ерекше. Дөңгелектеніп орналасқан брустардан құралған шатырлық төбе жабындысының пішіні алты қырлы немесе сегіз қырлы. Брустың тең жартысына дейінгі қиығы оларды өзара байланыстырған. Көп қырлы брустардың мықтылығы мен тұрақтылығына тік бағаналарға бекіген алып тік бұрышты қапсырма шегелер түріндегі бекіткіштердің және көлденең тәжілердің көмегімен қол жеткізілді. Алып тіреулерге орныққан және мықты шатырмен жабылған шошалалар әлі бірнеше он жылдар бойы үй-жай ретінде қолдануға тұрарлық.

Климаты қалыпты және салыстырмалы түрде қысы жылы болатын Оңтүстік Қазақстанда анағұрлым жеңіл шошаланы тұрғызған, оның қаңқасы киіз үйдің керегесіне ұқсас болған. Қабырғадан шатырға ауысуы уықтардың жеңіл-желпі өңделген сырғауылдың көмегімен жүзеге асырылған, оның бір ұшы керегеге, екіншісі - жартылай сфералы куполға немесе саңылауы бар тік бұрышты жақтауға сүйелді. Уықтың сырғауылдары терең қималардың көмегімен күмбездің түбіне бекітілді. Тік бұрышты жақтаудағы шошала күмбезінің пішіні қиық шошақ болды. Киіз үйден айырмашылығы шошаланың қаңқасы киізбен емес, қамыспен, тақұрақпен немесе шимен жабылды ж»не екі жағынан да балшықпен сыланды.7.

Қазақстанның ежелгі тайпаларының көшпелі мал шаруашылығына ауысу кезінде шошала көшу шарттарына бейімделген киіз үй тәрізді жеңіл жиналып-құрылатын болған. Бұл жерде ежелгі заманда пішіні жарты сфера бір тұрпатты үй-жайлардың болғандығы белгілі: отырықшылық шаруашылық түрімен байланысты шошала және бір жайлаудан екінші жайлауға көшу шарттарына бейімделген жеңіл жығылатын киіз үй болған.

Біз қамыстан жасалған үй-жайлар шошалаға ұқсас, бірақ балшықпен сыланбаған түрін 1954 жылы Тәжікстанның Вахш аңғарынан көрдік. Осы, өзбек ауылында тек қана осындай үй-жайлар болды.

Стационарлы бір элементті күмбезді үй-жай - шошаланың таралуы композициясының қарапайымдылығымен ерекшеленетін, шатырлық типті үй-жайлар дәстүрдің сақталғандығын көрсетеді. Осындай үй-жай отырықшылық өмір салтында пайда болған және жартылай отырықшылық шарттарында жалғастырылған.

Киіз үй . Ағаштан жасалған элементтер кешенінен құралған, саңылауы бар, киізден жасалған үйдің шаңырақ құрылысын күмбездің ерекше түрін құрайды.

Киіз үй күмбезі құрылысының басты элементі - уық, қимасы 7-8 см, көбінесе қызыл-қайыңнан жасалған, бұталардың аздап өңделген кесегі. Уықтың төменгі ұштары киіз үйдің ағаш қабырғасы керегеге тіреліп тұрады, ал жоғарғы ұштары жіктердің көмегімен шаңыраққа бекиді. Осылайша диаметрі 3-4 м шаңырақтың жарты сфералы күмбезі құралады. Шаңырақтан және уықтардың бүйір кернегіштерінен түсетін салмақ киіз үйдің қабырғасы - керегеге түскен. Түнде түндікпен жабылатын шаңырақтың құрылымы саңылауы бар шошаланың жарты сфера түріндегі күмбезіне ұқсас. Кей жағдайларда киіз үйдің шаңырағын құру үшін тік бұрышты жақтаулар пайдаланылған. Бұл жағдайда куполдың пішіні қиық шошаққа ұқсаған.

Күмбезі шошақ ғимараттардың сипаттамалары Антика жазбаларында кездеседі. Абакан даласындағы «Бояры» 8 тауының пертоглифінен, Керчидегі Анфистерия 9 сағанасының көркем суреттерінен, Радзивиллов жылнамасындағы қыпшақ вежаларынан киіз үйдің бейнесін көреміз.

Дің, діңгек, үйтас . Қазақстанда феодалдық қатынастар қалыптасқан кезде исламға дейінгі ескерткіштерде (б.з. V-VI ғғ.) «дің», «діңгек», «үйтас», «бүрме-тас» ғимараттарының құрылысында «жалған» күмбез идеясы жүзеге аса бастайды.

Дің, діңгек, үйтас тамдары бір-біріне төніп тұратын көлденең қойылған тастар қатарынан құралған монолитті құрылыс етіп тұрғызылған. Ол үшін домалақ немесе шошақ күмбездің анағұрлым анық композициясын беретін қатпарлы тас тақталары қолданылған. Тамдардың табаны домалақ болғанда «еңіс» қалама жерден немесе жерден бір метр биік деңгейінен басталған, ал табаны шаршы болғанда қатардың бірінен соң бірінің қалануы үш метрден кем емес биіктіктен басталған.

Сырдария сақтары жарық түсуі үшін саңылау қалдыра отырып, күмбезі домалақ ғимарат тұрғыза алған (Квинт Курций). Ал Страбон: «жители гор возводят каменные жилища, имеющие круглую форму, как их юрта», - деп жазған. Қалыңдығы үш метрге дейін жететін бұл ғимараттардағы тас қабырғалар тастан жасалған күмбездің мықты құрылысымен аяқталған. Алып ғимараттарда тас күмбез қабырғамен қосылып бір тұтастықты құраған, табаннан куполға өту шегі анық емес.

«Жалған» күмбезі бар тасты-сатылы ғимараттар ұзақ сақталған. Қазақстан аумағында б.з. дейін сақталған дің, үйтас сияқты сәулет ескерткіштері ежелгі құрылысшылардың ізденісі бұл сұрақтың шешімін табуға және ерекше күмбезді ғимараттарды тұрғызуға әкелді.

Қазақстанның климаттық жағдайында пайда болған «жалған» күмбез ежелгі бағананың үстіне орнатылған пирамидалы-сатылы күмбез негізінде пайда болған. «Жалған» күмбезі бар құрылыс құрылымында ішкі бағаналарды тұрғызу қажет болмауы оның басты жетістігі болып қалды.

Ғимарат күмбезінің ежелгі бағаналардың үстіндегі пирамидалы-сатылы құрылымнан анағұрлым жаңа нысанда «жалған» күмбезі бар тас құрылымға өту эволюциясында пирамидалы-сатылы күмбездің жіксіз, яғни «жалған» деп аталатын күмбез құрылымына өтудің қалыптасқан тарихи құрылыс дәстүрінің заңды тасымалдануы байқалады.

Қазақстанның жер-жерінде құрылыс ісі бірқалыпты дамыған жоқ, ол табиғи және климаттық шарттарға тәуелді болды. Құрылыс ісінің дамуында кең-байтақ дала кеңістігінде қоғамдық қатынастардың әркелкі дамуы маңызды роль атқарған. Қола дәуірінде құрылыс ісі Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарында анағұрлым қарқынды дамыды. Сонымен қатар, Орталық Қазақстан үшін тас құрылымдар, Сырдария және Талас өз. жайылымдары үшін - саз балшықтан, ал Жетісу үшін-саз, ағаш және тас араласқан құрылымдар тән болған.

2. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚОНЫСТАР МЕН ҮЙ-ЖАЙЛАР

Бүгінгі таңдағы Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өмірінде түбегейлі өзгерістер болды, ол б.з.б. II мың жылдықтың басында тас құралдардан металл құрал-жабдықтарына ауысу және алғашқы қауым аңшылығынан шаруашылық ісінің ,жаңа түрлеріне ауысу. Мұндай табыстарға жету жануарларды қолға үйретумен және мал өсірумен, металлургия мысын игерумен, кептенді жер шаруашылығының дамуымен байланысты болды. Өндірістің жаңа түрлеріне ауысу жаңа шаруашылық және мәдени дағдыларды жинақтауға себеп болды, адамның дүниетанымын кеңейтті, құрылыс ісінің туындауына және үй-жай өнерінің пайда болуына түрткі болды. Осының барлығы б.з.б. II мың жылдықта Қазақстанда кең өpic алған мыс пен қалайы металлургиясының пайда болуының арқасында мүмкін болды. Металл аспаптардың пайда болуы адамға ағаш пен тасты анағұрлым тиімді өндеуге мүмкіндік берді.

«Из достижений в области производственной деятельности па этой ступени», - деп жазды Энгельс, - особенно важное значение имеют два: первое-ткацкий станок, второе-плавка металлических руд и обработка металов. Медь и олово и вы- I шавляемое из них бронза были важнейшими металлами; бронза давала пригодные орудия и оружие».

Қазақстан аумағында және оған іргелес Оңтүстік Орал, Сібір, Алтай, Поволжья аудандарында жүргізілген археологиялық қазба нәтижелері қола дәуіріндегі құрылыс ісі тарихында маңызды сәттерді егжей-тегжейлі жариялауға, қоныстар мен үй-жай тұрпаттарын, олардың құрылымдарының өзгешелігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан аумағындағы қола мәдениеті Сібірдегі,Алтайдағы, Орал өңірінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарындағы қола мәдениетімен бір мезгілде дамыды, сондықтан осы аудандардағы құрылыс мәдениеті ескерткіштерінің жергілікті ерекшеліктермен ұқсастықтары көп. Атап өткен аудандардың үй-жайлары, қоныстары, мемориалдық ғимараттар типтері, тұрмыстық заттары, әсіресе керамикалық және қола бұйымдары өте ұқсас.

Үй-жай тұрпаттарының ұқсастығы ең алдымен өмір сүру мен шаруашылық түрлерінің табиғи шарттарының жақындығына байланысты.

Өзінің геологиялық шарттары бойынша Орталық Қазақстан өзен-сулары көп ұлан-байтақ қатпарлы ел болып табылады. Жүз жылдар ішінде бұл ұшы-қиыры жоқ кеңістік мал шаруашылық тайпалар үшін ыңғайлы жайылым болған. Сарысу, Есіл, Нұра өзендері Орталық Қазақстанның басты су артериялары бола отырып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың өмірінде үнемі маңызды роль атқарған. Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар, қола дәуірінде отырықшы өмір сүрген, көбінесе өзен аңғарларында және және тау баурайларында орналасқан, мұнда бақташылық мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілікті дамыту үшін қолайлы жағдай болған, мықты үй-жайлары — жартылай жертөлелері болған.

Кетпенді егіншілікті дамыту үшін ылғал жақсы сіңген топырақ тары мен бидай егуге мүмкіндік берді. Қола дәуірінде, сондай-ақ суармалы егіншілік болған, оған көне суару құрылыстарының ізі дәлел болады.

Орталық Қазақстанды мекендеген халықтың маңызды шаруашылық іс-әрекетінің бірі -кен шығару және одан металл балқытып шығару болған.

Қола дәуірінде үй-жай құрылысы шаруашылықтың ұжымдық түріне және рулық ұйым қағидасына тәуелді екендігін қазба материалдарынан байқауға болады. Ұлғайған патриархалды отбасылар ошағы ортақ бір шатырдың астында орналасты. Қосарлана салынған шаруашылық жайлар - қоймалар, мал ұстайтын қаша (Атасу, Бұғылы I) ортақ болды. Үй-жай мен қосарлана салынған жайлар әдетте шеңбер бойынша бір-біріне жақын орналасты.  Ашық алаңда шеңбердің ішінде табын (ашық қаша) орналасты. Ашық қашаны тек жазғы уақытта пайдаланған. Қыста малды үй-жайдың жанында орналасқан арнайы орындарда ұстаған. Осы тектес жабық қашалар Атасу, Бұғұлы I, II, Шортанды-бұлақ, Алексеевка ежелгі қоныстарынан байқалады. Қоныстарда 15-тен (Жамбай-Қарасу) 80-ге дейінгі (Бұғұлы I, II, Шортанды-бұлақ, Ақкезең, Атасу, Суық-бұлақ) қоныстар болған. Атасу қонысынан қидың қалың қабаты (0,7 м) табылды, ол мұнда ірі қара және ұсақ малдың ұзақ тұрғандығын дәлелдейді 10 .

Үй-жайлардың маңында арнайы салынған тамбурларда, кейде үй-жай құрылыстарының ішінде металл балқытатын және өңдейтін шеберханалар болған. Осында, шамасы қыш құмыра жасайтын шеберханалар болған. Қоныстан тыс, төбешіктерде рулық қауымның қабірі және діни тамдары болған.

Орталық Қазақстанның ескерткіштері қоғамның дамуын сипаттайтын бірнеше хронологиялық сатыларды байқауға мүмкіндік береді. Осы ескерткіштердің арасындағы анағұрлым ескілері энеолит дәуіріне немесе әуелгі қола дәуіріне, яғни ежелгі адамдардың металл өндеуді білген, бірақ тас құралдарды әлі де көп пайдаланған тарихи кезеңге тиісті. Кремний құралдарының көптеген қалдықтары Орталық Қазақстанда металл (қола) пай¬да болса да, ескі неолиттік тұрмыстың көпке дейін сақталғанын дәлелдейді, оның аяқталуы қола дәуірінің анағұрлым дамыған кезеңіне және темір дәуіріне дәл келеді.

Ерте қола дәуірінде Орталық Қазақстанда жануарлар қолға үйретілді және мал өсіру үрдісі бастау алды. Дәл осы кезеңнен бастап Орталық Қазақстанда халықтың салыстырмалы түрде тығыз орналасуы байқалады.

Жайылымдық мал шаруашылығының, кетпенді егіншіліктің және металлургияның үйлесіміне негізделген шаруашылық отырықшылыққа әкелді. Бұл уақыт қоғамның патриархалды-рулық қауым құрылымының тұрақтануымен, тайпалар орналасуының нақты қағидаларымен және қоныстардың тұрақты түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осы уақытта бөренелі қаңқа қабырғалары бар жартылай жертөлелер - үй-жайлар пайда болады. Ерте қола дәуіріндегі үй-жайлардың құрылысы ұжымдық шаруашылығы болған патриархалды-рулық отбасының қауымдық құрылуына тәуелді болды.

Металлдық құралдар адамдарға ағаш пен тасты тез әрі жақсы өңдеуге, өткен дәуірлермен салыстырғанда анағұрлым ыңғайлы үй-жайлар салуға мүмкіндік берді. Бұл заманда Орталық Қазақстанда ежелгі металлургтер мен малшылардың қоныстарының көп пайда болуы байқалады.

XX ғасырдың 30-шы жылдары Қостанай облысы аумағының Тобол өзенінің жоғарғы бойындағы Алексеевка және Садчиковское қоныстары зерттелді".

ОҚАЭ-мен 1950жылдан 1970 жыл маусымдарында Орталық Қазақстаннан қола дәуіріне тиісті алпыстан аса қоныстар табылды. Осы қоныстарды зерттеу құрылыс ісінің дамуындағы негізгі сәттерді белгілеп қоюға, б.з.б. ІІ-ші мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған құрылыстардың құрылымдық өзгешелігін анықтауға, яғни ол қола мәдениетінің тарихын анықтауға мүмкіндік берді.

Қоныстар Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шідерті, Түндік, Жарлы өзендерінің аңғарларында және олардың Жабай, Терісаққан, Батпақсу, Шерубай-нұра, Талды-нұра, Ақбастау, Қазанғап, Құсақ, Беғазы, Жіңішке тармақтарында, Қарқаралы және Баянауыл далаларында орналасты. Қоныстардың елеулі бөлігі Ақмола, Көкшетау (Бестөбе, Степняк, Бозша-көл), Ертістің жоғарғы бойындағы аудандардан (Қанай, Кіші Красноярка) табылды және зерттелді. ОҚАЭ-мен Атасу (Жаңаарқа ауданы), Бұғұлы I, II, III, Ақбауыр, Шортанды-бұлақ, Сенкебай (Шет ауданы), Тағыбай-бұлақ (Баянауыл ауданы) және т.б. қоныстарындағы үй-жайлар жоспары және құрылысы мұқият зерттелді 12 .

Қола дәуірінің соңында мал басының көбеюі және халықтың өсуі жайылымдық мал шаруашылығының пайда болуына әкеледі. Оған Орталық Қазақстанның тарихи топографиясы дәлел болады. Осы өзен аңғарларынан оқшау Солтүстік Бетпакдала оазистерінде (Жеті-Қоңыр, Талды-Қоңыр, Мыйқайнар), Жезқазған маңында (Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Солтүстік Балқаш өңірінде (Ақжал, Саяқ, Қараүңгір, Тесіктас) пайда болған қоныстар бақташылық тайпалардың кең таралып қоныстануын, олардың жайылымдық ретінде Бетпақдала шөлейтіне дейін кең-байтақ жайлау жазирасын пайдаланғанын дәлелдейді 13 .

Шөл мен шөлейт аудандарында қоныстардың пайда болуына жер асты су көздері себеп болды. Сумен қамтамасыз ету мәселесі көптеген құдықтар мен су жинайтын жайылымдар салу жолымен шешілді, оның іздері Жезқазған және Ұлытау қоныстарында анағұрлым жақсы сақталған.

Милықұдық, Сорқұдық, Златоуст, Айнакөл, Бестөбе, Жолымбет, Степняк, Ескіжұрт, Тағыбай-бұлақ, Суық-бұлақ, Қарқаралы I, II, Мырзашоқы, Бұғұлы, Шортанды-бұлак, Есіл ө. жайылымындағы Сарғар қоныстарын зерттеу деректері бұл жерде ежелгі металлургия орталығының болғандығын растайды. 14.

Қоныстарда еңбектің бірінші ірі қоғамдық бөлінісі негізінде пайда болған және дамыған жаңа палеометалл эрасының негізін салған ежелгі бақташы-малшылар, кеншілер мен металлургтер тұрды. Қоныс мекендеушілері бір этникалық-мәдени қоғамдыққа тиісті болды.Қоныстардың жалпы бітімдері бір-біріне ұқсас болған, аздаған айырмашылықтары ол ландшафт ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Үлкен патриархалды отбасылар қауымдық үйлерде, ошағы ортақ бір шатырдың астында тұрды. Өндіріс құралдарына деген ұжымдық иеленушілік жалпы шаруашылық құрылыстардың, қоймалардың және малды ұстауға арналған ортақ орындардың салынуына әкелді.

Қола дәуіріндегі кішкентай қоныстар тұрғылықты жартылай жертөлелер-қола дәуіріндегі Қазақстанның дала аймақтарындағы негізгі үй-жай типтерінің тобын құраған, ор қайсысындағы үй-жай саны 10-нан 40-қа дейін жеткен. Ірі қоныстар 2-3,5 га аумақты алып жатты, ондағы (Бұғұлы І Шортанды-бұлақ) тұрғылықты үй-жайлар саны бірнеше ондаған болды. Мұндай қоныстарды жоспарлау қоғамдық малды қорғау міндеттеріне бағынды. Тұрғылықты және шаруашылық құрылыстар кешені әдетте табын орналасқан ашық орталық алаңы бар шеңбер бойынша орналасты.

Қоныстарды салу кезінде ежелгі тұрғындар тау шатқалдарын, орманды жерлерді, өзен аңғарларын таңдай отырып, сол жердің климаттық жағдайын және бедерін ескерген. Үй-жайлар өздерінің көлденең өзегімен батыстан және солтүстік-батыстан шығысқа және оңтүстік-шығысқа бағдарланған, яғни Солтүстік және Орталық Қазақстанға тән басым жерлердің бағыты бойынша орналасқан. Осылайша орналастырылған тұрғын жайлар өздерінің бүйір жақтарымен (яғни қабырғаның аз ғана бөлігі) суық желдерге қарсы орналасқан. Қола дәуірінің қоныстары етегінде су қайнары мол және отынға бай болған таулы төбешіктер қатарымен  жақсы қорғалды. Ашық жазықтықтарда жасанды қоршау -ағаш шарбақ қойылды, ол қыс қатты болған кездері суық желдер мен қар ұшқындарына бөгет болған. Осындай қоршаулардың іздері Атасу, Ақбауыр, Алексеевка, Садчиковское қоныстарында сақталған  .

Орталық Қазақстанда кейінгі қола дәуірі үй-жайларының анық кескінделген жоспары тәжірибелі құрылыс идеяларының пайда болғандығын дәлелдейді.

Қола дәуірінің соңында Орталық Қазақстандағы мал шаруашылық тайпаларының өмірінде құрылыс ісінің кемелденуіне байланысты туындаған түбегейлі өзгерістер болады. Бұл дәуірде адам өз үй-жайын жер астынан шығарып, жер үстінде мықты тас үй-жайлар (Атасу, Бұғұлы I, II, Тағыбай-бұлақ қоныстары) сала бастайды. Көп лақыты ошақтары бар, жеке құрылыстар пайда болады (Ақкезең, Бұғұлы I, II, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбай-бұлақ, Атасу, Суық-бұлақ және т.б.).

Көп лақытты үй-жайлар құрылысы ішкі қаңқалы бағаналардың және күрделі тас қабырғалардың көмегімен жүзеге асқан (Атасу, Ақкезең, Бұғұлы I, II, Қаратомар, Тағыбай-бұлақ және т.б.). Қабырғаларды ірі гранит тақталармен қаптау және үй-жайларды өзара байланыстыратын жер асты өтпелердің болуы (Атасу, Шортанды-бұлақ) үй-жайлардың ерекше сипаттамасы болып табылады. Кейінгі қола дәуірде үй-жайлар мен қабірлерді салу кезінде жер жұмыстары металл құралдарының көмегімен жүзеге асқан, олардың көмегімен тік сызықтар мен тік бұрыштар (Садчиковское қонысы, Беғазы) жасау мүмкін болды.

Соңғы 30 жылда ашылған Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары толықтай зерттелмеген. Атасу, Бұғұлы I, II, Ақкезең (Бада), Шортанды-бұлақ, Тағыбай-бұлақ, Меиізек, Саяқ қоныстарындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру Орталық Қазақстанның қола мәдениеті жөнінде беретін көптеген жаңа қызықты мәліметтері көп.

Атасу I

№1 Атасу қонысы 1955 жылы Атасу өзенінде (Сарысу өзенінің сол ағысы) оған кішірек Мыңбайсай өзенінің құйылысында ашылды. Шамамен 5 га ауданда 40 тамның ізі сақталған, оның ішінде 22-сі үй-жай, қалғандары - шаруашылық құрылыстар және шеберханалар. 22 үй-жайдың ішінен бізбен алтауы зерттелді: 1955 жылы үй-жай 4, 1975 жылы - 20, 21, 1976 жылы - 5, 6, 7 қазылды. Үй-жайлар қоныстың ортасында орналасқан.

Зерттелген алты үй-жайдың ішінде бесеуінің жоспары тік бұрыш, олар ұзын өзегімен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағдарланған. Үй-жайлардың бірінің пішіні домалақ, көлемі 12x11 м. Атасу үй-жайларының қабырғалары жерге 30- 40 см тереңдікте тігінен қазылып көмілген, ұзындығы 1,50 м-ден 1,80 м-ге дейін жететін ірі гранит тақталармен қапталған.

Үй-жай 4 - қоныстың ортасында орналасқан, жоспары тік бұрыш. Үй-жайдың қабырғалары ішкі кеңістігін топырақ араласқан, қиыршық таспен және малта таспен толтырып, қырымен қойылған екі қатар ірі гранит тақталарынан құралған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,5-2 м,үй-жай ауданы 156м2(13х12 м). Жайдың солтүстік-шығыс бұрышынан үлкен тас ошақтың қалдықтары табылды. Жайдың едені екі қабаттан тұрады: төменгі қабатында саз балшық қосылған ірі құм, жоғарғы бетінде - саз балшық қабаты. Мәдени қабаттан кен шығару мен кен өңдеуге арналған көптеген тас құралдар табылды.

Ошақ қасынан және қабырға бойынан мыс қож, мыс кесегі, отбақыр, льячок сынығы және қалыпқа құюға арналған пішіндер сақталған. Шамасы, үлкен тас ошақ үй-жайды жылыту үшін ғана емес, сондай-ақ мыс кенін балқыту үшін қолданылған.

Қоныс тұрғындары жылқышылар мен қойшылар болған. Оған жылқы мен қой сүйектерінің көптеп жиналуы дәлел болады. Атасу қонысынан салт аттылар үшін пайдалы және ыңғайлы әдет-ғұрыптардың және тәсілдердің болғандығын дәлелдейтін деректер табылды.

Қоныстың оңтүстік-батыс бөлігін қазу кезінде ойығы бар шұңқырдың ортасынан өлшемі 15x11 м болатын үй-жай 21—жартылай жертөле табылды, оның түбі 40 см тереңдікте орналасқан және кей жері саз балшықпен сыланған ізі қалған тығыз тапталып нығыздалған грунт болып келеді. Солтүстік қабырғадан алып күлдікке қарай дәліз өткен. Өндірістік қалдықтар мен еңбек құралдарынан түзілген мәдени қалдықтардың сипатына қарағанда бүл жерде мыс кенін балқытатын және қыш бұйымдарын күйдіретін шеберхана болды деп пайымдауға болады. Жартылай жертөленің ортасында биіктігі шамамен 0,40 м, диаметрі 1,45 м, түбіне екі жайпақ гранит тақталары төселген тас қосылған саз балшықтан жасалған күмбез тәрізді там орналасқан. Шұңқырдың ішінде және оның маңайында үлкен қыздыру ізі қалған. Оның қабырғалары көлемі орташа саз балшық ерітіндісіндегі кесек тастардан жасалған.

Оңтүстікке қарай, бір метр қашықтықта тереңдігі 0,7 м екінші шұңқыр табылды, оның шығыс жағында тас қаламасы сақтаған. Қождар, ағаш көмірінің алып қабаты және кен құралдарының барлығы бұның мыс балқытатын пештің қалдығы екендігін дәлелдейді.

Үй-жай 20 - жоспарының пішіні домалақ, өлшемі 12x11 м. Оның стратиграфиясы үй-жай 21стратиграфиясына балама. Үй-жайдың түбі нығыздалып тапталған. Еденде, солтүстік-батыс бөлігінде, орталықтан алыс емес жерде пішіні домалақ, тереңдігі 1,2 м құдық сақталған. Құдық сагасының маңы және жоғарғы бөлігі тас тақталардан тұрғызылған.

20-шы және 21-ші жартылай жертөлелерден төбе жабындысын тіреуге арналған бағаналардың ізі табылмады. Шамасы, олардың қабырғаларын іздері сақталмаған тоқып істеген боқшаның немесе қыш пахсаның қабаты жапқан.

Үй-жай 5, 6, 7 Атасу 1 қонысының ортасында орналасқан және солтүстік-шығыс жағынан үй-жай 4 жалғасады. Қазба жұмыстары кезінде үш жартылай жертөленің қара дақтары 40 см тереңдіктен анық көрінді. Екеуі домалақ деуге болады, біреуі сопақша келген. Дақтар батыстан шығысқа қарай созылған. Үй-жай 5 өлшемі 9,7x8 м, үй-жай 6 - 9,5x9 м, үй-жай 7 - 7х6м. Үй-жайдың төменгі бөлігі жерге 40-50 см көмілген. Әр жартылай жертөленің шеттері бойынша 60-70 см олардың жиектерінен үй-жайдың төбесін тіреп тұрған тіреу бағаналарынан қалған бес домалақ шұңқыр табылды. Шұңқырлардың диаметрі шамамен 16-20 см, ал тереңдігі - 6-дан 20 см-ге дейін жетеді.

«Үлкен үйдің» (үй-жай 4) солтүстік-шығыс бұрышынан 5-ші жартылай жертөленің солтүстік-батыс ұшына қарай ұзындығы 2 м және ені 1 м дәліз өтті. 5-ші жартылай жертөленің солтүстік жиегінде диаметрі 1,5 м және тереңдігі 1,3 м домалақ шұңқыр болған. Шұңқырдың қабырғалары саз балшық қабатымен сыланған, ал оның солтүстік бөлігі жайпақ тас тақталармен қапталған. Саз балшықта да, таста да оттың ізі бар. Екі ұқсас шұңқыр жартылай жертөленің солтүстік және шығыс қабырғаларына қосарлана салынған тамбурлардан табылды. Оларда да саз балшықпен сылау және оңтүстік қабырғаны таспен қаптау ізі сақталған. Шұңқырлардың бірінің солтүстік-батыс бөлігінде диамерті 50 см, пішіні домалақ қысқа түтік-түтіндік анық көрінеді. Түтіндіктің бір ұшы шұңқырдың жоғарғы жағында болды, ал екіншісі қазындының солтүстік-батыс бұрышынан шықты. Қосарлана салынған шығыс жақтағы тамбурда орналасқан үшінші шұңқырдың қазбасы бұл жерде мыс балқыту пешінің болғандығына еш күмән қалдырған жоқ. Оның жоғарғы жиегі бойынша өлшемі 1,6x2 м, ал тереңдігі 0,8 м. Шұңқырдың айналасында тас тақталар шашылып жатыр. Шұңқырда саз балшық сыламасының ізі бар. Сондай сылама оның түбінен де байқалды. Шұңқырдың солтүстік жиегінде пештің батыс бөлігін оңынан солға қарай шиыршықтап орайтын ауа айдайтын каналдың (фурма) жоғарғы ұшы болып табылатын шұңғыма сақталған. Ауа айдайтын канал қимасының пішіні жарты сопақша және қабырғаға 8-10 см тереңделген, пешке қараған оның кең бөлігі 18-20 см жеткен. Пештің барлық қабырғалары секілді ол да саз балшықпен сыланған.

Осы үш пештен керамиканың сынықтары, мыс қожының, кеннің және мыстың тамшы тәрізді кесегі табылды.

Бұғұлы I

Бұғұлы I - Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ең ірі қонысы, ол Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 120 км және Ақсу-Аюлы ауылынан 35 км солтүстікке қарай, Бұғұлы тауының шығыс етегінен өтетін Шерубай-Нұра өзенінің құйылысында Шопа тау өзенінің оң жағалауында орналасқан. Бұғұлы кең тау аралық аңғары және қалың орманы бар тау тізбегін құрайды. Шүйгін шөбі бар жайлау және грунт суының салыстырмалы түрде жиі шығуы қоныстардың пайда болуына себеп болды және сондықтан Орталық Қазақстанда тұруға дайындалған орын болды.

Қоныстың ауданы шамамен 7 га. Шамамен 100 құрылыстың қалдықтары сақталған, олардың жартысынан көбісі үй-жайлар.

Қоныс 1955 жылы үй-жайдың қабырғаларын қаптаған, жиектері жер бетіне шығып тұрған гранит тақталары арқылы ашылды. Бүл қоныстың жоспарын түсіруге мүмкіндік берді. Тақталар 60-80 см тереңдікте қазылып көмілген, олардың жоғарғы жиектері жер бетіне 30-40 см шығып тұрды.

Үй-жайдың құрылысын және үй-жайлар қатарында мәдени қалдықтардың сипатын анықтау үшін шурфтар салынды, нәтижесінде барлық үй-жайлардың жоспары тік бұрыш екендігі анықталды. Бұғұлы I қонысының екіге бөлінуі оның топографиялық ерекшелігін құрайды: оңтүстік - анағүрлым ескілеу бөлігі және солтүстік бөлігі. Олардың арасында үй-жай құрылыстарымен алмасатын және құрылыс сипаты бойынша оңтүстік топқа тиісті кішірек мола орналасқан. Бұғұлы I оңтүстік бөлігіндегі үй-жай солтүстік бөлігіндегі үй-жайлардан ішкі алаңы ашық дұрыс шеңбер құрайтын жоспарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қоныстың осы бөлігіндегі барлық үй-жайлардың жоспары домалақ немесе бұрыштары домаланып келген тік бұрыш. Жертөлелердің ауданы 120-дан 300 м2дейін жетеді.

Бұғұлы I қонысының оңтүстік бөлігінде неолит тұрақтарының бітістері бар, ал солтүстік бөлігі топографиялық жоспарының мардымдылығымен айрықшаланады, ол қоғамдық құрылымының өзгеруін және құрылыс ісі деңгейінің өсуін дәлелдейді.

Қоныстың солтүстік жағындағы үй-жайлар мекендеушілерінің көп болғандығын дәлелдейтін көп лақытты жайлар. Осы бөлікте шаруашылық құрылыстарға көп орын бөлінген: мал ұстайтын қаша, кен балқыту мен металл өндеуге арналған пеші бар шеберхана, қойма болған. Олардың барлығы үй-жайлармен қатар орналасқан.

Үй-жай 17-ортақ бір қабырғасы бар және екі шаруашылық жайы бар екі тұрғын жайдан құралған. Бірінші үй-жайдың ауданы - 220 м2, екіншісінікі - 130 м2, шеберхана - 100 м2, қосалқы жай - 80 м2. Кешеннің жалпы ауданы - 530 м2.

Үй-жай 22 - бір қабырғамен біріккен, жоспары домалақ шеберханадан және мал ұстайтын қашадан тұрады. Кешеннің жалпы ауданы — 660 м2.

Үй-жай 24 - ауданы 360 м2. Бұл үй-жай 25 байланысқан шаруашылық құрылыс. Оның оңтүстік-шығыс бұрышында шеберхана орналасқан, еденінде мыс кені, қож, құралдар мен керамиканың сынықтары түріндегі өндірістік қоқыс сақталған.

Үй-жай 26 - ірілердің бірі. Мұнда ортақ қабырғамен және екі шаруашылық жаймен біріккен екі тұрғылықты тамның кескіні байқалады. Үлкен жертөленің ауданы - 208 м2, кішісінікі - 128 м2. Жер асты дәліз оны үй-жай 25 байланыстырады. Тік қаптама тақталар үй-жайдың тек бұрыш бөлігінде сақталған.

Үй-жай 28 - тас негізі жақсы сақталған жоспары тік бұрыш. Құрылыста бес тұрғын жай бар, олар ішкі қабырғалармен бөлінген ж»не оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа тізбектеліп орналасқан. Тамның жалпы ауданы ~ 1500 м2. Олардың арасындағы анағұрлым ірісінің ауданы ~ 400 м2 және анағұрлым көнесі тізбектің соңында орналасқан. Қалған жайлардың өлшемдері 240-тан 340 м2 дейінгі аралықта. Тамның биіктігі және қатаң пішіні басшысының қонысы деп топшылауға негіз болады.

Үй-жай 32 - қабырғалары ортақ және оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеліп орналасқан үш тұрғын жайдан тұратын ірі кешенді құрайды. Үй-жайлардың ауданы 180-200 м2-. Екінші жайда тас ошақтың ізі сақталған. Үй-жайдың негізі жақсы сақталған, тік тұрған тақталардың кей жерлері бұзылған.

Үй-жай 37 - пішіні тік бұрыш екі үй-жайдан, бітімі үшбұрыш және бітімі төрт бұрыш 1 қосарлана салынған жайдан құралған кешен. Олардың барлығы бір ортақ қабырғамен біріккен. Соңғы үш жайдың шаруашылық маңызы болған - шеберхана және қойма ретінде қолданылған. Үй-жайлар бір ретпен, ұзын өзегімен батыстан шығысқа қарай орналасқан. Олардың өлшемдері 240 м2 және 260 м2. Үй-жай негізін құрайтын тастар алғашқы салынған күйінде сақталған.

Үй-жай 38 - бітімі тік бұрыш, бүйірлері арқылы бір-бірімен байланысқан және көлденең өзегімен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағдарланған екі жартылай жертөле. Үй-жайдың қабырғасы тұрғызылған тақталар өздерінің алғашқы қалпында сақталған. Үй-жайдың ауданы: батыс бөлігі - 320 м2 және шығыс бөлігі - 288 м2.

Үй-жай 40 - пішіні тік бұрыш, қоныстың солтүстік соңында орналасқан. Ол қола дәуіріндегі тұрғын тамдардың арасындағы ірілердің бірі. Осы барлық үш тұрғын жайдың және екі шаруашылық құрылыстардың тас негізі жақсы сақталған. Үшінші жайдың солтүстік бұрышында үлкен тас ошақтың ізі қалған, бәлкім бұл жер отқа табыну орны болған. Барлық жайлар бір-бірімен ортақ қабырғалар арқылы байланысқан және оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып, тізбектеліп орналасқан. Бірінші үй-жайдың ауданы -253 м2, екіншісінікі - 396 м2, үшіншісінікі - 484 м2. Шаруашылық құрылыстар ортадағы үй-жайдың оңтүстік қабырғасына қосылған. Олардың ауданы - 72 м2 және 64 м2.

Үй-жай 43 - пішіні қатаң үшбұрыш, ол қоныстың шығыс соңында жеке орналасқан.

Оның шығыс қабырғасына бітімдері үшбұрыш екі шағын жай қосарлана салынған. Гранит тақталардың тек төменгі бөлігі сақталған. Үлкен жайдың ауданы - 168 м2, кішісінікі - 36 м 2 . Жайдың ішінде, солтүстік-батыс бұрышқа жақын жерде тамақтың қалдығы мен жануарлар сүйегінің ізі қалған үлкен тас ошақтың кескіні сақталған. Ошақтың диаметрі -1,8x1,2 м.

Қоныста үлкен ғылыми қызығушылық тудыратын басқа да көптеген тұрғын жайлар бар. Олардың дені әзірше ашылмаған.

Ең ірі 2-ші және 3-ші қосарлана салынған жайлардың пішіні қатты созыңқы. Осы белгілері бойынша оларды сәулет тарихына белгілі «ұзын үйлер» типіне жатқызуға болады. Бірақ, мәдени қабаттардан бұлардың үй-жай екендігін дәлелдейтін олжа табылған жоқ. Қосарлана салынған жайлар қоныстың оңтүстік-батыс бөлігінде, ежелгі жерлеу орындары бар дөң үстінде жеке орналасқан. Қосарлана салынған жайлардың ұзындығы -42 және 88 м, ені - 17 және 32 м, ауданы ~ 714 м2 және 813 м2. 3 қосарлана салынған жайдың оңтүстік-батыс бұрышында тас төсеме түріндегі алтарь орналасқан, оған екі тас жол барады. Оңтүстік-шығыс бұрышында орналасқан кіре берісте табыну және құрбандық шалу орны болған. Ежелгі жерлеу төбесінде орналасқан қосарлана салынған жайлардың, алтарьлар мен тас жолдардың мәжусилердің ғибадатханасы болған деп айтуға негіз болады, мұнда қасиетті отқа және аспан шырақтарына табыну рәсімдері өткен.

Ортау кешенінде, сондай-ақ орта және кейінгі қола дәуіріне тиісті ежелгі жерлеу алаңдары ауданында орналасқан жақсы сақталған «ұзын үй» зерттелді. Тамның түбін тазарту кезінде құрбандық шалу отының ізі мен жануар сүйектерінен түзілген күлдің қалың қабаты табылды.

Нұра (Байғана) өзенінің оң жағасының жайылма алқабында, қоныстың шығыс жиегіндегі үлкен үйлердің маңында орналасқан тағы бір «ұзын үй» біздің ойымызша рудың ақсүйек өкілдеріне тиісті болған. «Ұзын үйдің» жанында Нұра ө. жағасының жоғарғы жайылымында Беғазы заманына тиісті тігінен қойылған тақталардан құралған қорымдары бар үлкен обалар орналасқан. Жоспары тік бұрышты Нұра құрылысы ұзын өзегімен оңтүстіктен солтүстікке бағдарланған. Оның ұзындығы - 20 м, ені - 10 м, жалпы ауданы -200 м2. Кіре берісі батыс жағынан. Барлық белгілері бойынша - бұл мәжусилер ғибадатханасы. Оның шығыс қабырғасына қарай бұрыш жасай отырып, ұзындығы 130 м тас жол өтеді. Анағұрлым мықты тас жол Беғазы заманының Ортау IV тобынан табылды. Ірі малта тас төселіп жасалған оның мықтылығы сондай, тіпті бүгінгі күнде де оның алғашқы қалпы сақталған.

Бұғұлы II

Қоныс Бұғұлы, Қостұмсық және Қаратұмсық тауының етегінде иілім жасайтын, шатқалдан жазыққа Шопа өзені ағатын Қаратұмсық тауларының солтүстік-шығыс сілемдері арасындағы таулы аңғарда орналасқан. Қарама-қарсы сол жақ жағада Бұғұлы II үлкен мола тұр. Әлі зерттелмеген басқа мола төмпешікте, қоныстан 0,5 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Бұғұлы I және II қоныстарының маңында орналасқан екі ірі мола олардың ұзақ уақыт тұрғандығын дәлелдейді.

Қоныс жер бетінен 10-20 см шығып тұрған тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстардың бітістері арқылы табылды. Осы белгілері бойынша қоныстан 30-дан аса қосарлана салынған жайлар табылды, олардың ішінде 20 шақтысы - үй-жайлар. Әрбір үй-жайдың қасында бір немесе екі шаруашылық маңызы бар құрылыстардың - мал ұстайтын қашалардың, шеберханалардың, кішкентай қоймалардың және т.б. болуы тән. Үй-жайлардың және шаруашылық құрылыстардың қабырғалары көлденең қалау әдісімен тас тақталардан тұрғызылған және қырымен орнатылған ірі гранит тақталарымен қапталған, бұл қалама түрі бұғұлы қоныстарындағы үй-жайлар құрылысының ерекшелігін құрайды. Тамның жоспары тік бұрышты немесе шаршы. Ірі үй-жайлар қоныстың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, олардың ауданы - 100 м2, ал кішірек үй-жайлардың ауданы ~ 30 м2 болған. Өлшемі және оқшау орналасқанына қарағанда әр жертөле жеке отбасына арналған болуы керек. Бұғұлы II қонысында 100-ден кем емес адам өмір сүрген (бір отбасында 5 адам деп есептегенде), ал көршілес Бұғұлы I қонысында тұрғындар саны едәуір көбірек болды, 300- ден кем емес.

Бұғұлы II қонысынан үш мәжусилер ғибадатханасы табылды: екеуі - қоныстың батыс бөлігінде, біреуі - шығыс бөлігінде. Қоныстың батыс бөлігіндегі ғибадатханалардың бірі Бұғұлы I қонысындағы 2-ші ғибадатхана ұқсас. Бұл өлшемі 5x6 м болатын тік бұрышты ғимарат. Солтүстік қабырғаның бұрышынан өзен малта тасы төселген жол өтеді, ол әрбір 10 м сайын батысқа бұрылады. Жолдың жалпы ұзындығы - 25 м. Оның қасында ірі тас блоктардан құралған екіншісі орналасқан. Мәжусилер храмының кіре берісі солтүстік жақта орналасқан. Кіре берістің жан-жағында тас үймесі бар екі кішкентай оба орналасқан. Біздің болжауымызша, бұл жерде ежелгі бақсы - шамандардың жерленген жері.

Қоныстың шығыс жақ ұшында пішіні тік бұрышты үшінші храм орналасқан, қыр жақтарының өлшемдері - 7,5 м және 10 м, кіре берісі оңтүстік-батыс жақта. Оңтүстік-шығыс бұрышында шағын алтарьдің ізі қалған. Осы бұрыштан шығысқа қарай ұзындығы 18 м тас жол өтеді. Егер оңтүстік қабырғаны алып тастасақ, онда ғибадатхананың жоспары тек үшбұрыштардан құралады. Үшбұрышты фигуралар қола дәуіріндегі материалдық мәдениет заттарының көбінде кездеседі. Бұл олардың сиқырлық маңызы болған деген ойға әкеледі.

Кейінгі қола дәуіріндегі алтарьлардың ұзындығы ~ 3 м, ені 1,1 м-ден 5 м-ге дейін және биіктігі 0,3 м-ден 0,8 м дейін, көбінесе батыс және оңтүстік қабырғаларда орналасқан. Табыну орны болған ғибадатханалардың анағұрлым ежелгі түрлері ашық тас ошақтар болған. Ашық аспан астында жағылған құдыретті алау кейін жай ішіне ауыстырылды. Бұғұлы қоныстарынан ашық аспан астындағы оттың қалдықтары және алтарьлар табылды.

Жиырма қоныстың ізі Бұғұлы шатқалынан шығысқа қарай 28 шақырым, Шерубайнұра өзенінің кең алқабынан табылды. Олардың бірі - Шет ауданың «Нұрталды» (Қошқарбай) совхозының орталық мекенінен 6 шақырым жерде ірі Ақсу қонысы орналасқан. Тағы бір Қармыс өзенінің (Шерубайнұра өзенінің оң тармағы) аңғарынан, Қарсақбай шатқалынан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерден табылды. Қоныстардың елеулі бөлігі Талдынұра өзенінің аңғарында тұр. Бұл ежелгі қоныстар Бұғұлы I және II қоныстарынан 8-ден 50 шақырымға дейінгі радиуста орналасқан, бұл Нұра өзенінің аңғарында және оның тармақтарында халықтың қалың қоныстанғанын дәлелдейді.

Ақкезең

Ақкезең қонысы (Кезенауыз, Бада зәйімке) 5 га ауданда, Байбала қонысынан 7 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай және Қарағанды облысы Шет ауданы Ақбауыр ауылынан 7 шақырым батысқа қарай Қотыр-Қызылтау тауының шығыс етегінің кең сайында орналасқан. Қотыр-Қызылтау тауының солтүстік етегінде, 12 шақырым батысқа қарай Шортанды-бұлақ қонысы және ежелгі Алабұға кеніші орналасқан.

Ақкезең қонысында ежелгі 60 құрылыстың ізі табылды, оның жартысы - үй-жайлар. Қоныстың топографиялық жоспарының пішіні солтүстік-шығысы ашық, бос орталық алаңы бар жарты шеңбер. Солтүстік бөлігінде жертөле түрінде (20) үй-жайлары бар ескі бөлігі орналасқан. Үй-жай жертөлелерінің топографиялық кескіні тереңдігі 40-тан 80 см-ге дейін жететін шұңқырлар болып келеді, көбінесе сопақша пішінді, ал қалғандары тік бұрышты. Ірі жертөлелердің ауданы - 325 м2, орташасы -130 м2-ден 150 м2-ге дейін, кішілері - 50-60 м2. Қоныстың ескі бөлігінде бейіттер үй-жайлармен араласып орналасқан, мұндай көрініс Бұғұлы I қонысынан да байқалады.

Ақкезең қонысының оңтүстік бөлігінің топографиялық кескіні басқаша. Жер үсті үй-жайлар анағұрлым ірі көлемдерімен, ұзын тас блоктарды көлденең қалау әдісімен тұрғызылған және ірі тіреу тақталармен бекітілген тас қабырғалар құрылымының алыптығымен ерекшеленеді. Тұрғын жай құрылыстарының саны - 9, анағүрлым ірілерінің ауданы - 330 м2, орташасы - 264 м2.

Осы бөлікте шығыстан батысқа созылған 3 «ұзын үйдің» қалдықтары табылды. Бірінің көлемі - 32x7 м, ауданы - 225 м2. Үй ірі тас тақталарынан құралған сыртқы қорымы бар кесек тастан қаланған, оны батыс бөлігінде сақталған қорымның қалдықтарына қарап айтуға болады. Бәлкім, бүл үй-жайды суық солтүстік-батыс желдерден қорғау үшін салынған қорғаныс бөгет болар.

Бізбен зерттелген «ұзын үй» композициясына өзара көлденең қабырғалармен бөлінген он жай кіреді. Үйдің ортасында екі үлкен бөлме және көлемі орташа екі бөлме орналасқан. Бұл кешен шамамен патриархалды отбасының басшысына тиісті болған. Үлкен бөлменің ауданы - 30 м2, қалған екеуінікі - 18 м2. Оңтүстік жағынан үлкен бөлмеге қосалқы жай қосарлана салынған. Патриархалды үйдің шығыс қабырғасының бойымен бірі -утилитарлы, екіншісі діни маңызы болған екі тас ошақтың ізі сақталған. Үй-жайдың орта бөлігіне шығыстан және батыстан екі қанат қосылып салынған. Үй-жаймен оны ені 1,8 және 2 м болатын дәліз біріктірген. Батыс қанатында ауданы 24 м2 ірі жайдың ізі жақсы сақталған, оның оңтүстік-батыс бұрышынан тас ошақтың кескіні табылды. Осы қанатта ауданы 12 м2 тағы екі жай анықталды. Шығыс қанатында да екі жай болды, олардың шеткісінің ауданы - 30 м2, ал орта бөлігіндегісі біріншісінен екі есе кем.

Біздің ойымызша, тайпа басшысы және оның жанұясы «ұзын үйдің» тұрғындары болған. Жас отбасылар үшін үлкен үйді ошағы бар жеке бөлмелерге бөлу - ру-тайпалық ұйымдарда орын алған үлкен өзгерістердің дәлелі.

Қоныстардан тысқары, жерлеу төбелеріндегі мәжусилер храмы және ру басшысының қабірі зерттелді. Мәжусилер храмының пішіні шаршы, ауданы - 156 м2, пішіні тік бұрышты дөрекі өңделген тастардан салынған. Құрылыс сипатына қарағанда мәжусилер храмы және қоныстың оңтүстік бөлігіндегі тас үй-жайлар кейінгі қола дәуірде пайда болды. Олар қоғам санасының эволюциясындағы жаңа кезенді көрсетеді. Бір қоныста қола дәуірдегі андроновтық және беғазы-дәндібай заманына тиісті ескерткіштерінің болуы оның жүз жылдар бойы тұрғанын дәлелдейді.

Байбала

Байбала қонысы Талдынұра өзенінің оң жағасында, Ақкезең қонысынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде тұр. Ол 1947 жылы жер бетіне шығып тұрған тақталардың кескіні арқылы ашылды. Жоспары түсіріліп, өзінің тас қабырғаларының арқасында сақталып қалған бір жертөле қазылды. Оның солтүстік қабырғасы ауыл шаруашылық жұмыс жүргізу кезінде трактормен бұзылып қалған.

Үй-жайдың бүйір жақтарының өлшемі - 11 және 10 м, ауданы - 110м2. Үй-жайдың қабырғалары қырымен орнатылған гранит тақталарының екі қатарынан тұрғызылған, ол 0,6 м- ге дейінгі тереңдікте грунтқа батырылған. Қатар арасындағы бос кеңістік қиыршық таспен толтырылған және мықтап нығыздалған. Жабыннан түскен бар салмақ қабырғаларға және ішкі тіреу бағаналарына түскен.

Қола дәуірінің құрылыс ісіне тиісті жалпы қағидаларды сақтау барысында да Орталық Қазақстан қоныстарының жеке үй-жайларынан жергілікті өзгешіліктері байқалады. Осылайша, Павлодар облысының Баянауыл ауданының Қалба тауларында Қаратомар қонысынан бұрыштары дөңгелектенген үй-жай табылды.

Ұзын тас блоктардан тұрғызылған қабырғалары және жақсы сақталған негізі бар үй-жай Ортау қонысынан табылды. Оның ауданы - 78 м2. Үй-жай Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріне тән құрылыс ісінің дәстүріне сай салынған.

1947 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Кеншоқы» совхозының орталық мекенінен 30 шақырым оңтүстікке қарай, Құнанбай тауының оңтүстік-батыс етегінен ауданы ~ 3 га Жамбай-Қарасу қонысы ашылды. Оның топографиялық кескіні шөп-шалам басып кеткен терең шұңқыр болып кеткен. Ауданы 100-ден 250 м2 дейін жететін 15 жартылай жертөлелердің қалдықтары анықталды. Осы тектес қоныстардың іздері Есіл, Нұра өзендерінен ескі Ахметауыл қыстауының маңынан, Талдынұра өзенінен, Сенкебай шатқалынан және Шет ауданындағы Баспалдақ өзенінің аңғарынан табылды.

Шортанды-бұлақ

Шортанды-бұлақ - Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі ірі қоныстардың бірі. Жаңажұрт ауылынан 10 шақырым оңтүстікке қарай және Байбала қонысынан 14 шақырым оңтүстік-батысқа қарай ескі Айнакөл қыстауының маңында Талдынұра өзенінің сол жағасысының көркем аңғарында орналасқан. Қоныс биіктігі бір метрге дейін жететін екінші жайылма алқап террассада орналасқан. Қоныстың көмбе ауданы Қотыр-Қызылтау тауының маңында, Талдынұра өзенінің аңғарында және оның ағысынан 45-50 шақырым радиуста, ол жиналған кейінгі қола ескерткіштерімен ерекшеленеді. Осы ауданда ежелгі Алабұға кеніші, Ақкезең, Байбала, Сенкебай қоныстары бар. Олардан батысқа қарай алып Ақсу-Аюлы, Бұғұлы, шығыста - Былқылдақ, Қаражал, Ақбастау, Бесоба және басқа алып ескерткіштер орналасқан. Қоныстар және жерлеу алқаптары түріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің көптігі осы жерлерде халықтың қалың қоныстанғанын және Орталық Қазақстанның осы аудандарындағы ежелгі тұрғындарының дамылсыз өмірін дәлелдейді.

Қоныс - ауданы ~ 5 га және орталық алаңы ашық, қисық шеңбер түріндегі топографиялық кескін. Пішіні тік бұрыш және шаршы түріндегі жертөлелер солтүстіктен оңтүстікке қарай екі-үш қатармен тізбектеліп орналасқан. Үлкен үй-жайлардың ауданы - 275-360 м2, орташа -120-200 м2, кішісі - 35-75 м2.

Қоныстың шығыс ұшында кесек тастан қаланған шеберхананың қалдықтары сақталған. Шурфтау кезінде шеберхананың түбінен мыс қождың кесектері, керамиканың қалдықтары және жануарлардың сүйектері табылды.

Гранит шөгінділері тас күйінде 100-200 м. жерде жатса да, Шортанды-бұлақ қонысының тұрғындары үй-жай салу кезінде ағашты көп қолданған. Қоныс аумағында екі құрылыстың қалдықтары болды: мәжусилер ғибадатханасы және жоспары тік бұрыш етіп тұрғызылған металл өңдейтін шеберхана.

1955 жылғы топографиялық түсірілім кезінде қоныстың кескіні әлде де сақталған еді. 38 құрылыстың ізі табылды, оның 30-ы үй-жай ретінде танылды. Қоныстан тыс оңтүстік-шығысқа қарай мәжусилер ғибадатханасының ізі табылды.

Содан бері көп өзгеріс болды. Аңғардың сол жақ жағалауы толықтай жыртылып, нәтижесінде көптеген үй-жайлардың кескіні жоғалып кеткен. Қоныстың аумағы бойынша жол салынған. 38 ескі кұрылыстың арасынан тек 18-нің кескіні сақталған.

Шортанды-бұлақ қонысының алаңында екі стратиграфиялық шурфтың көмегімен екі үй-жай 14 және 21 зерттелді.

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған, пішіні тік бұрышты ойпаң түріндегі 14-ші үй-жай қоныстың оңтүстік-батыс бұрышында үй-жайдың екінші қатарында орналасқан. Оның ауданы - 160 м2. Оңтүстік-шығысқа қараған кіре беріс жұқа қатпарлы тас тақталарынан сатылы табалдырық түрінде салынған. Үй-жайдың шығыс жақ қабырғасына бүйір жақтары 3 және 4 м бітім тік бұрыш тамбур жалғасады. Үй-жайдың батыс бөлігінде, оны екі бөлмеге бөлетін ағаш қалқаның қалдықтары байқалады. Ауданы 15 м2 кішісі дәлізбен екіге бөлінген. Бұрыштардағы үлкен үшбұрыш жәшіктер бөлменің қойма болғандығын көрсетеді.

Үй-жайдың жер асты бөлігі 60 см тереңдікте болды, ал жер үсті бөлігі биіктігі бір метрден кем емес. Еден ортасына қарай еңіс келген. Үй-жайдың түбінде қара жолақтар байқалады, ол өрттің болғандығын дәлелдейді. Үй-жай қабырғасының бойымен диаметрі 25 см-ден 40-қа дейін, тереңдігі 12-15 см домалақ шұңқырлар түріндегі тіреу бағаналарының ізі табылды. Ұзын бүйір жақтары бойынша олардың саны - 9, қысқалары - 8, шұңқырлардың түбі тастарға толы. Шұңқырлардың диаметрлеріне қарағанда, тіреу бағаналары ретінде айтарлықтай салмақты көтере алатын қалың бөренелер пайдаланылған. Қабырғаларды және жабынды тіреп тұрған бағаналар аралығы 1 м - 1,5 м - 2 м тік қойылды.

Үй-жайдың ортасында диаметрі 40 см болатын төрт шұңқыр болған. Мұнда алып-салмалы раманы ұстап тұратын төрт үлкен бағана тұрды. Алып-салмалы раманың құрылысы үй-жайға жарық түсіру және ошақтан түтін шығару үшін есептелініп салынды.

Ортада ұзындығы шамамен - 6 м, ені - 1 м, тереңдігі - 30- 35 см үй-жайдың өзегі бойымен созылған негізгі ошақ орналасты. Оның түбі қатты күйген. Ошақ тастан қаланған. Бұған бүкіл алаң бойы шашылып жатқан тастар дәлел болады, осы тастардың қатты қыздырылғандары соншалық, саусақ сәл тиіп кетсе олар үгітіліп қалады.

Шеңбер ретінде тастардан қаланған екінші ошақ кіре берістің солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан. Оның диаметрі - 1 м, ені - 0,3 м, күл қабатының қалыңдығы - 18 см.

Үй-жайдың солтүстік-батыс бөлігінде тұрмыстық өндіріспен байланысты үшінші ошақтың ізі байқалған. Күлдің, қождардың және мыс дөңгелекшелердің көп болуы Атасу қонысындағы үй-жай 4 өндірістік пешін еске түсіреді.

1,2 м тереңдікке кететін және бүйір жақтарының өлшемдері 9 м және 8,5 м тік бұрыш түріндегі шұңқыр - үй-жай 21 алаңның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның шығыс қабырғасынан ұзындығы 3 м және ені 2,5 м тік бұрышты дәліз өткен.

Үй-жай қаңқалы болды, оған тереңдігі 25 см-ге дейін, диаметрі 30-40 см бағанадан қалған шұңқырлар дәлел болады. 17 шұңқырдың арасынан екеуі тамбурдың шетінде, үшеуі -оңтүстік қабырғада және төрт-төрттен - басқа қабырғаларда орналасқан. Ошақ маңының, үй-жайдың ортасында бағаналардан қалған тағы төрт шұңқыр байқалады, онда бөренелі жақтау орнатылған, олар біраз көтерілген кезде бөлмеге жарық түскен және ауа алмасып тұрған.

Қатарға қойылған бөренелерден салынған үй-жайдың қабырғаларын ішкі бағаналар сүйеп тұрды. Оны едендегі шіріген бөренелерден қалған қара дақтар дәлелдейді. Ортада құлаған шатырдың салдарынан 0,4 м тереңдікте өлшемі 8x7 м және қалыңдығы 8-ден 10 см-ге дейін жететін қара дақ бар.

Үй-жайдың ортасында тығыз нығыздалған және тегіс еденде түбі қатты қыздырылған және осы қабырғалар тұрғызылған қождалған саз балшық түйіршіктері үйілген саз пештің ізі сақталған. Пештің өлшемі - 1,5x1,4 м, тереңдігі - 0,8 м. Оның түбінен сынған керамиканың және қождалған керамика материалдарының сынықтары коп табылды, оның барлығы пештің қыш құмыра бұйымдарын күйдіруге арналғандығын дәлелдейді. Жайпақ тастардан салынған басқа пеш үй-жайдың алдыңғы бөлігінде орналасқан шеберханада болды. Үй-жайдың шетінде саз балшықпен сыланған жоспары тік бұрыш үлкен балқыту пеші тұрған. Оның ұзындығы - 2 м, ені - 1,5 м, биіктігі - 0,8 м. Пештің маңында ұсақталған кеннің, қождың кесектері, жануарлардың сүйектері жатты.

Шортанды-бұлақ қонысы Беғазы-Дәндібай заманындағы ең ірі ескерткіштерінің бірін құрайды. Қоныстарды қазу кезінде табылған бай материалдар мал шаруашылығы басым қоныс мекендеушілерінің кешенді шаруашылық сипатынан көрініс береді. Сонымен қатар қоныс тұрғындары кен шығарумен және металлургиямен, егіншілікпен және тұрмыстық өндіріс түрлерімен айналысқан.

ҚОНЫСТАРДЫҢ ҚАРҚАРАЛЫ ТОБЫ

Қола дәуірінде Қарқаралы даласы Орталық Қазақстанның ірі кен-металлургия орталығы болған. Солтүстікте - Баянауыл даласымен, оңтүстікте - Балқаш өңірімен, батысында -Есіл-Сарысуымен бірге ол Еуразия континентінің барлық дала алқабында қола мәдениетінің таралуына ықпалын тигізген аймақтың негізгі тарихи-мәдени торабын құрайды. Оған ежелгі ірі Атабай, Әділ, Шұрұқ, Кеңтөбе, Қызылеспе, Қорғантас, Саяқ кеніштері және т.б. көптеген қоныстар, ұлан-байтақ жерлеу алқаптары, күрделі тас ғимараттар дәлел болады.

Қарқаралы II

Қарқаралы I қонысы Қарқаралы өзені аңғарынан, тау шатқалынан шыға берісте табылды. 1940жылықонысалаңында Қарқаралы өзенінің құлама жарында геолог И.А. Могилевский түбі домалақ ежелгі мыс балқыту пештерін ашты. Өкінішке орай, қазіргі уақытта ежелгі мәдени алқаптан түк те қалған жоқ, қоныс аумағы қала құрылыстарына толы. Жер қазу жұмыстары кезінде қоныстану алаңынан керамика, еңбек құралдары, жануарлар сүйектері және кейде күл жиналған тас ошақтардың үймесі түріндегі ежелгі мәдениет заттары табылады.

Қарқаралы II қонысының ауданы - 7500 м2 (150x50 м). Үй-жайлардан басқа шаруашылық маңызы болған пішіні сопақ көптеген шұңқырлар сақталған: сумен флотациялауға арналған су жинайтын шұңқыр, байытылған кен және т.б. сақтауға арналған қоймалар.

60-шы жылдары қоныстану алаңы толықтай жыртылды. 1962 жылы Қарқаралы II қонысында үш үй-жайға қазба жұмыстары жүргізілді. 1947 жылдың жоспарында белгіленген 12 үй-жайдың ішінен тек үй-жай 1 салыстырмалы түрде жақсы сақталған.

Өзеннің тік жарында орналасқан үй-жайдың батыс бөлігі көктемгі судың тасқынымен жуылып кеткен. Сақталып қалған үй-жайдың ауданы -240 м2 (12x20 м). Жартылай жертөленің төменгі бөлігі 50-60 см тереңдікте грунтта тұрған. Жоспары тік бұрышты үй-жай батыстан шығысқа бағытталған. Үй-жай құрылысы кезінде қоныс тұрғындары өндеуге келетін ағаш материалдарын пайдаланған. Бөренелі қабырғалардың іздері ені 20-25 см қою-сары жолақтардың кескінінен жақсы байқалады. Олардың арасынан құрылыс материалдары ретінде қайың діңдерінің қолданғанын дәлелдейтін қайың қабығының кесектері табылды.

Ағаштан шауып жасалған, қосарлана салынған жайдың бұрыштары анық көрінетін оңтүстік қабырғаның кескіні жақсы сақталған. Үй-жайдың бұрыштарынан жабынды тіреп тұратын бағаналардан қалған диаметрі 30-35 см домалақ шұңқырлар анықталды. 0,7-0,8 м тереңдіктен табылған үй-жайдан едені тегіс емес, орта тұсында ойықтар бар. Үй-жайдың солтүстік-шығыс бұрышында пішіні домалақ, диаметрі ~ 3 м, тереңдігі 35 см-ге дейін жететін үлкен ошақ тұрған.

Үй-жай 2 ауданы шамамен 300 м2 пішіні тік бұрышты ұңғыма түрінде Қарқаралы өзенінің құлама жарынан табылды. Қабырғалары бөренелерден тұрғызылған. Үй-жайдың еденін ірі құм араласқан саз балшықтың қалың қабаты жапқан. Пішіні төрт бұрыш шұңқыр болып келетін бір ошақ солтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Домалақ шұңқыр түріндегі, екіншісі үй-жайдың ортасында, оңтүстік қабырғаға жақын орналасқан.

Үй-жай 3 өзеннің құлама жарында орналасқан, оның солтүстік-батыс бөлігі толықтай шайылып кеткен. Ол 1 және 2 үй-жай сияқты бөренелерден тұрғызылған, ұзын өзегімен батыстан шығысқа қарай бағдарланған, сақталып қалған аудан - 112 м 2 .

Қарқаралы III (Суық-бұлақ)

Қоныс Қарқаралы қаласынан 25 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, Суық-бұлақ өзенінің сол жағасында, Мұхтарсай шатқалының тереңінде орналасқан. Бұл елдімекен жан-жағынан биік орманды таулармен қоршалған, тек солтүстік-шығыс жағы ашық. Қоныс қорғасын алынатын кеніште пайда болған.

Осы қонысты 1947 жылы алғаш қарау кезінде Қарқаралы III (Суық-бұлақ) 12 үй-жайдың ізі бар металлургтердің ірі қонысы екендігі анықталды. 1955 жылы түсірілім кезінде қоныс алаңында ұңғыма түріндегі 8 үй-жайдың кескіні анық көрініп тұрды. 1962 жылы жағу кезде тек бір ғана үй-жай, шеберхана және дәл өзен жағасында күлдік аман қалған. Стратиграфиялық шурфтардың көмегімен үй-жайы болмаған жердің ортасынан пішіні домалақ үлкен тас ошақ табылды.

Топографиялық кескіні және мәдени қалдықтары бойынша Қарқаралы I, II, III кеншілердің және металл балқытушылардың қоныстары болған. Қоныс мекендеушілерінің тұрмысындағы металлургияның маңызын Қарқаралы өзенінің құлама жарынан табылған балқыту пештерінің қалдықтары және қонысқа жақын жерде орналасқан көптеген ескі кеніштер дәлелдейді.

Тағыбай-бұлақ

Тағыбай-бұлақ қонысы Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағында, Тағыбай-бұлақ өзенінің сол жақ биік жайылымында, Қызылтау тау сілемінің солтүстік-шығыс ылдиында, ескі Тайшық қыстағынан шығысқа қарай бірдей шақырымда түр. Қоныстан солтүстікке қарай екі-үш шақырым жерде, Жаңтайма бөктеріне қарама-қарсы алқапта қола дәуірінің әр кезеңінің ескерткіштері орналасқан. Әулие деп аталатын қола дәуірінің басқа ескерткіштер кешені Қызылтау тауының ең жоғарғы шатқалынан ағатын Қобдық өзенінің аңғарында орналасқан. Ежелгі үлкен кешендер құрғап қалған Жосалы көлінің маңында кездеседі, мұнда ежелгі мыс кенін шығару іздері сақталған. Өндіріс материалдарының қалдықтарына қарағанда Тағыбай-бұлақ қонысында ежелгі кеншілер мен металлургтер өмір сүрген.

Қоныс орналасқан жер үш жағынан биік емес тас төбелер қатарымен қорғалған және оңтүстік-шығыс жағы ашық, биік аланды құрайды.

Қоныс қосарлана салынған жайлары бар солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай тізбектеліп орналасқан алты үй-жайдан құралған. Жер үсті типті үй-жайлардың барлығында қалыңдығы 2 м-ге дейін жететін мықты тас қабырғалары болған. Олардың арасындағы ең ірісі оңтүстік-батыс соңында орналасқан, оның ауданы 375 м2, ең кішісі -88 м2. Үй-жайлар бірінен соң бірі 4-тен 10 м-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.

Тағыбай-бұлақ қонысының алты үй-жайының арасынан ұзын өзегімен оңтүстік-батыс-солтүстік-шығыс сызығы бойынша бағдарланған ең ірі үй-жай зерттелінді. Пішіні тік бұрыш үй-жайдың бұрыштары біршама домалақтанған.

Үй-жайдың қабырғалары қырымен орнатылған ірі түйіршікті құмдақ тақталарынан тұрғызылған. Ішкі қабырғалар анағүрлым ірі тақталардан (1,5x0,78x0,28 м және 1,5x0,96x0,27 м) салынған. Қабырғалар арасындағы кеңістік тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған.

Үй-жай қалқамен екі бөлікке бөлінген: оңтүстік-батыс (180 м2) және солтүстік-шығыс (150 м2). Үй-жайдың оңтүстік бөлігіне басты үй-жайға кіретін бөлме қосарлана салынған, ал шығыс бөлігіне солтүстік қабырғасы тұтас бөлме қосарлана салынған. Сақталып қалған қабырғаның биіктігі 0,50м-ден 0,60 м-ге дейін жетеді.

40 см тереңдіктен анықталған үй-жайдың едені кей жерлері тегістелген тау жынысының табиғи жаратылысын құрайды. Тастың жоғарғы жағы қиыршық таспен, саз қабатымен және нығыздалған топырақпен жабылған. Үй-жайдың ішінде үш тас ошақтың қалдықтары табылды. Солтүстік қосарлана салынған жайдың орта бөлігінде кіре беріске қарай көлденең салынған тақталардан тұрғызылған тағы бір ошақ табылды. Ошақтың пішіні тік бұрыш, оның өлшемі - 1,2x0,5 м. Табылған олжаларға қарап, солтүстік қосарлана салынған жай металл өндеу және керамикалық бұйымдарды шығаратын өндірістік жай -шебер¬хана болған деп айтуға болады.

Жезқазған қоныстары

Ежелгі материалдық өндіріс іздері қола дәуірде және орта ғасырда Орталық Қазақстанның ірі металлургия орталығы ретінде Жезқазғанның аса ерекше экономикалық және мәдени маңыздылығын көрсетеді.

Жезқазған ескерткіштерінен жергілікті өзгешелігімен қатар, Орталық Қазақстанның басқа аудандарындағы ескерткіштерімен ұқсас екендігін көреміз. Оларға: алып тас қабырғалары бар жартылай жертөлелер, ауқымды жерлеу алқаптары, кеніштер, кареьерлер, қазба, таратқыштар, үйінділер, мыс пештері, қождардың, тау құралдарының жиналуы, көптеген шаруашылық және иррагациялық құрылымдардың (бөгеттер, жасанды су айдыны, қойма-шұңқырлар, құдықтар) және т.б.қалдықтары) қалдықтыры жатады.

Жезқазған қоныстарының арасындағы анағұрлым ірілері: Милықұдық, Айнакөл, Сорқұдық, Кресто-Воздвиженское (Кресто), Златоуст. Қоныстар Кенгір, Жезді және кішкентай тармақтарының бойында 3 шақырымнан 8 шақырымға дейінгі қашықтықпен тізбектеліп орналасқан.

Ежелгі үй-жай - жартылай жертөлелер керамика, кен ісі құралдарының сынықтары көп жиналған шұңқырлар түрінде (8-ден 20-ға дейін) табылған.

Жезқазғанның бірегей ескерткіштерінің арасынан сақталып қалғаны аз. Жезқазған қаласының шекарасында бұрын болған ежелгі металлургия мәдениетінің қалдықтары бар (Кресто, Златоуст) үлкен қабат қазіргі кезде жаңа құрылыстарға толы.

Кеншілер мен металлургтердің көп жылдық жұмыстарының нәтижесінде, сондай-ақ әр дәуір мәдениеттерінің қабаттануы салдарынан Жезқазғанның ежелгі қоныстарының топографиясы күрделі, әрі шиеленіскен. Дегенмен, ескерткіштерді мұқият тексерген кезде әр дәуірдің кескіндері жеткілікті түрде анық байқалады.

Милықұдық қонысының тарихы қола дәуірінен басталып орта ғасырға дейін жеткен. Қазақтар оны Елуқұдық деп атаған. Ол өзеннің кең аңғарында, Жезқазған кенішінің ортасынан 1 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Қоныс ауданы кең, оның зерттелген бөлігінің өлшемі батыстан шығысқа қарай - 800 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай -шамамен 600 м, Қ.И. Сәтбаевтың өлшеуі бойынша ~ 10 га құраған.

Милықұдық көптен бері геологтарды қызықтырып келеді. Ең алғашқы терең траншея революцияға дейін, үгілген мыс кені және кен құралдары бар ашық үлкен ор табылған кезде қазылған еді. Кең әрі терең траншея Жезқазғанның бас геологы Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен 1939 жылы қазылды. Геологтар ежелгі кенмен қаныққан жердің көлемін анықтап, қоныста қалған мәдени қалдықтарды көргілері келді.

Қоныстың мәдени қабаттары жер қазу жұмыстары кезінде, әсіресе теміржол салу кезінде бірнеше рет ашылып қалған.

Милықүдық қонысы (Жезқазғанның басқа да ескерткіштері туралы) жөніндегі біліміміз Жезқазғанның жаңа құрылыстарында археологиялық қадағалау жасаған Н.В. Валукинскийдің тынымсыз еңбегінің арқасында толықты. Осы ашылулардың негізінде ғалым ауданның жалпы кескіні 800x600 м деп анықтады. Оның зерттеулері қоныстың анағұрлым ескі бөлігін құрайтын батыс бөлігін және орта ғасырға (XII-XV ғғ.) тиісті саз балшық пен тастан жасалған жер үсті құрылыстарының елеулі бөлігінің қалдықтары сақталған шығыс бөлігін қамтыды. Милықұдықтың қола дәуіріне, ерте және кейінгі орта ғасырға тиісті төменгі, орта және жоғарғы горизонттары бар екендігі анықталды.

Төменгі қабаты жоғарғы қабаттардан саз балшық түсімен және материалдық өндіріс қалдықтарымен айрықшаланады. Осы қабаттан ирек тісті баспа-таңбамен түсірілген өрнегі бар жапсырмалы керамиканың фрагменттері, кварциттен, кремнийден және басқа қатты жыныстардан жасалған құралдардар табылды.

Төменгі қабаттың ортасында ошақ қалдығы қалған таяз шұңқырлар түріндегі төрт жартылай жертөленің ізі табылды. Жертөлелер қатармен орналасқан, олардың арасы 1,5-2 м-ден көп емес. Жертөлелердің кіре берісі солтүстік-шығыс жағында орналасқан.

1-ші, 2-ші және 3-ші жертөлелердің ауданы 72 м2, 56 м2 және 30 м2 ұзын өзегімен басым жел бағытында, яғни солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Осы тектес үй-жайлар Айнакөл және Сорқұдық қоныстарынан табылды.

Жезқазған қоныстарында үй-жай - жартылай жертөлелердің негізі биіктігі бір метрден асатын тік қабырғалары бар кең ойпаң түбінде болды. Ойпаң қабырғалары құмдақтың ірі тақталарынан тұрғызылған, оны шұңқырдың ішінде көп жиналып қалған тас тақталар дәлелдейді. Ойпаңдар тас қайлалармен орылды, олардың көбісі Милықұдықтың төменгі мәдени қабатынан табылды. Жартылай жертөлелер шатырының салмағы тас қабырғаларға түсті.

Ежелгі кеншілер мен металлургтердің үй-жай қалдықтары қалған Милықұдықтың төменгі қабаты кейінгі қола дәуіріне тиісті. Бүл уақыт керамикамен дәлелденеді.

Әр жертөледен табылған тас ошақтың қалдықтары Жезқазғандағы ежелгі металлургтер үй-жайында міндетті түрде табылды. Ошақтар мыс құмдақ тақтасынан салынып, қырымен қойылған үй-жайдың ортасында орналасқан. Ошақтардың пішіні сопақ, ұзындығы шамамен 2 м, ені 0,7 м. Күлдік қабатының қалыңдығы 0,3 м-ге жеткен. Күлдің қабатынан көмір, мыс кені қожының ұсақ кесектері, ал ошақ маңынан кремний құралдары мен сүйектер табылды.

Төменгі мәдени қабаттан ұсақталған және байытылған кенді сақтауға арналған шұңқыр-қойма түріндегі шаруашылық құрылыстардың, сондай-ақ ежелгі бөгеулердің, бөгеттердің қалдықтары және тастан тұрғызылған құдықтардың іздері сақталған. Диаметрі 100 м-ден асатын үлкен су жинайтын шұңқырлар мыс кенін жуу үшін және су флотациясы үшін қолданылды. Су жинайтын шұңқырлардың маңында төмпешіктер, үйінділер, «шашыранды» түрде сақталған шұңқыр-қоймалар, мыс кенін үгетін және байытатын орындары болған.

Милықұдық қонысының әр телімінен мыс балқытатын пештер табылды, оның елеулі бөлігі қола дәуіріне тиісті. Қоныс ауданында мыс кенін жуу үшін және су флотациясы үшін қажетті су сақтауға арналған тастан жасалған бөгеттер мен бөгеулердің қалдықтары табылды.

Сорқұдық қонысы - қола дәуірінде үлкендігі бойынша Милықұдықтан кейінгі Жезқазғандағы екінші металлургия орталығы. Ол Жезқазған кенішінің солтүстік бөлігінде орналасқан.

Сорқұдық 1945 жылы А.В. Кузнецов пен Н.В. Валукинскиймен ашылып, зерттелді. Екі үлкен су тармағы қосылатын үлкен аумақта қола дәуірінің және ерте орта ғасырдың (қыпшақ) ескерткіштерінің орналасқаны анықталды.

Сорқұдық қонысындағы үй-жай - жертөлелердің іздері дәлдеп келтірген.

Қола дәуірінің бейіттері әдетте көне қоныстарға немесе ұзақ тұрақтар орнына жақын жерде орналасқан. Жеке топтарда 40-тан 300-ге дейінгі бөлек тұрған құлпытастар орналасақан. Жерлеу алқаптарының ұзындығы кей жерлерде 10-15 шақырымға дейін жетеді. Мемориалдық кешендердің көбісі және олардың өлшемдері ежелгі адамдар үшін олардың ерекше маңыздылығын білдіреді және қола дәуірінде Орталық Қазақстан халқының тығыз орналасқандығын дәлелдейді. Тас ғимараттар қола дәуірдегі тамдардың пішіні мен салыну тәсілдері жөнінде анық мәлімет береді.

Үлкен тас кесектерінен тұрғызылған қола дәуірінің тамдары халық арасында - «алыптың үйі» немесе «мықтының үйі» деген атауға ие болған.

Ш. Уәлиханов: «на пути из Каркаралов в Актав встречается множества гробниц, составленных из плит вертикально и плотно сжатых между собой, с одной стороны находятся двери. Подобные галереи есть в Большой орде», 15 -деп жазған.

Қола дәуірінде қалыптасқан мемориалдық ескерткіштерді салу дәстүрі ежелгі адамдардың діни ұғымдарымен байланысты сол уақыттағы идеологиялық қажеттіліктердің болғандығын және патриархалды-рулық құрылысты қалыптастыру кезеңіндегі қоғамның даму деңгейін дәлелдейді. Осы дәуірде бейіттерді үй-жайға ұқсас етіп салу идеясы пайда болған, ол жоспардың геометрлік бітімдерінен және қабырға құрылыстарынан байқалады. Үй-жайдың жер қабырғалары сияқты жерлеу қорымдарының қабырғалары жерге қазылып көмілген және қырымен қойылған жалпақ гранит тақталарымен қапталған. Әрине, бұл әдіс үй-жай құрылысының көп жылдық тәжірибесімен шындалған. Тайпа басшыларының немесе ру ішіндегі беделді мүшесінің құрметіне мемориалдық ескерткіштерді тұрғызу кейінгі қола дәуірінде дәстүр болып қалыптасады және тайпалық одақтардың құрылу кезеңінде және кейінгі дәуірлерде дамуын жалғастырады. Әкеге сыйыну, ата-баба рухын құрметтеуді дәріптейтін осы дәстүрдің туындауы және бекуі ескі наным-сенім - тәңірмен байланысты.

Ежелгіде халықтық синклиттер, ас беру, діни рәсімдер мен құрбандық шалған орындарда ескерткіштер көп жиналған. Діни ғимараттар - мингирлерде көктемнің келуімен, ежелгі малшылардың малды көбеюі және егіннің бітік шығуы үшін дұға қылу рәсімдері өткен.

Мегалиттер Орталық, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда (Тарбағатай), Жетісуда кең тараған. Олардың қарапайым түрлеріне - менгирлер, жалпақ тастар, цисталар, тақталы қоршаулар және т.б. жатады. Олардың ең ежелгілері - менгирлер, олар жерге қазылып көмілген алып тақталар, биіктігі 1,5 м және одан биік, кескіні домалақ немесе тік бұрыш. Неолит және ерте қола дәуірдегі менгирлер - өңделмеген тас кесектер, жалпақ ұштары жоғары қараған, кейбірі (Байғана, Атасу өз.) 30- дан 60° еңіс тұр. Бұл тастарды халықта «алып тас», «дәу тас» деп атайды. Менгирлер орналасқан орындар да солай аталады.

Менгирлер ежелгі табыну ескерткіштері. Олардың маңында қайтыс болғандардың құрметіне ас беріліп, құрбандық шалынған.

Олар төбелер мен жазықтық баурайларында орналасқан. Жеке тұрғандары да (Байғана ө.) және тас аллеясы түрінде топ-тасып келетіндері де (Көрпетей, Қорғантас, Қызылшоқы таулары) бар. Менгирлер тобы Қызыл-Арай, Көрпетей тауларында, Байғана өзенінде (Нұра өзенінің тармағы) және Атасу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан.

Темірастауда және Бесобада менгирлер тобы өздерінің орналасуы бойынша киіз үйлерден құралған көшпелі қотанды еске салатын жабылмаған айналым қоршау құрайды.

Кемелденген қола дәуірінде тас сағана дольмендер кең тарала бастайды - олар дала қоғамындағы көрнекті өкілдерінің қабірлері, сондай-ақ рулық жерлеу орындары. Саңғыру және Беласар кешендерінде қырымен қаратып, бір-біріне нық қойылған, жонып тегістелген ірі гранит тақталарынан жасалған үлкен тас жәшіктер қорымның ішінен табылды. Дольмен-жәшіктер лақыттардың бүйір тақталарының жиектеріне нық тіреліп тұрған көлденең қойылған екі тас тақтамен жабылды. Дольмендердің өлшеміне қарай жабын тақталардың ені 1,2 м- ден 3 м-ге дейін жеткен. Жерлеу лақыттарға су өтіп кетпеу үшін жабын тақталары бүйір қабырғаларының үстінен 10-20 см-ге биік болған. Бүл құрылысы әдісі, сондай-ақ үй-жай құрылысы кезінде де қолданылған. Жабын тақталарының үсті көбінесе мұқият тегістелген, соның арқасында олар бүйір тақталардың жиектеріне нық келген. Кейде олардың қосылған жерлерін жасыл түсті саз балшықпен бекіткен, олар үшінші өңдеу қалдықтарынан алынған. Оның мықтылығы сондай, бұзылуы ете қиын. Дольмендердің төменгі бөлігі осындай балшықпен сыланған.

Ерте және орта қола ескерткіштері үшін үймесі жоқ, тігінен жерге қазылып көмілген тас тақталардан құралған қорымдар айналымы түріндегі мола үсті тамдары тән. Осындай қорымдардың ортасында - екі-үш гранит тақталарымен жабылған тас жәшіктер бар, ол ұзын өзегімен оңтүстік-батыстан және солтүстік-шығысқа бағдарланған. Олардың бітімдері негізінен патриархалдық-рулық құрылым идеологиясын бейнелейді. Осы ескерткіштерден табылған олжалар сол кезеңнің шаруашылық тұрмысы жөнінде анық көрініс береді.

Кейінгі андронов дәуірінің бейіттері өткен дәуірлерге қарағанда ірілігімен ерекшеленеді және домалақ, сопақ, тік бұрыш немесе шаршы болып келетін қорымдар құрайды. (Қосымша. 1-ші кесте) Олар қырымен жерге қазылып көмілген ірі гранит тақталарынан жасалған, көбіне үймесі жоқ, егер болса да 20-30 см-ден аспайды. Қорымның ішінде 2-ден 12-ге дейінгі және одан көп жәшіктер табылды, оларда бір отбасының мүшелері жерленген, әдетте сол жақ қырымен, бүріскен күйінде жатқызылған.

ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚОРЫМДАР

Қырымен қойылған тас тақталардан құралған тік бұрыш немесе шаршы қорымдар түріндегі қабірлердің ауқымды тобын үймесіз «қотан-тастар» құрайды, олардың ішінде тас жәшік - «бесік тастар» орналасқан, мұнда бір патриархалды отбасының мүшелері жерленген. Бұл қорымдардың тарихы қола және ежелгі көшпенділер дәуірін қамтиды. Өзінің құрылымы бойынша қотан-тастар Солтүстік Кавказдағы және Кубаньдағы дольмендерге ұқсас.

Қазақстанның ежелгі құрылыс мәдениеті ескерткіштерінің көптеген топтарының бірін ғылымда «циста» деген атауы бар тамдар құрайды. Цистаға өртелген мүрденің күлін салған.

Цисталардың қабырғалары дольмендердегідей тік қойылған тақталардан емес, тасты көлденең қалау арқылы тұрғызылған. Қатар түзу болып шығуы үшін қалыңдығы 4-5 см-ден құмдақтың жұқа қатпарлы тастары пайдаланылған. Цисталардың тереңдігі 1,1 м-ге жеткен. Жабын үшін өлшемі 125x85x12 см болатын жайпақ тас тақталар таңдалынған. Цисталар әдетте үймесіз келеді, егер болса да биікті 30 см-ден аспаған. Екі жағдайда үйменің үстіне немесе жерге көлденең қойылған тас тақталарды айналдыра қалаған. Айналым жалпы диаметрі 6-9 м болатын бірінің ішіне бірі шоғырлана орналасып, екі реттік, үш реттік қаланған.

Қола дәуірінің соңында цисталар көлемінің ұлғаюы және айналым қаламалардың орнына біршама тереңдікте орналастырылған, жерге тігінен қазылып көмілген жайпақ тас тақталардан алып тік бұрыш немесе шаршы қорымдарға ауысу байқалады. Осы қорымдардың ортасында ашық алаңда бір-екі циста орналасқан.

Орта қола мәдениетінің кемелдену кезеңінде Орталық Қазақстанның аумағында пішіні мен өлшемі дәстүрлі андронов мәдениеті ескерткіштерінен айырмашылығы бар ауыспалы типті ескерткіштер пайда бола бастайды. Осы уақытта тайпа басшыларының, тайпа ақсүйектері өкілдерінің және атақты жауынгерлердің қабірлерінің үстіне айналым қорымдары бар топырақ немесе тас үймесі түрінде обалар тұрғызыла бастаған. Осындай обалар Орталық Қазақстанның бүкіл аумағында: Нұра, Шерубайнұра, Талдынұра, Аққойтас, Түндік, Жарлы, Ақшы өзендерінің аңғарларында, Сарысу, (Жаманөзен, Үркек), Тоқырауын, Талды (Кент тауларында), Аппас (Ақтерек, Бөрітас шатқалы) өзендерінің жоғарғы бойында, Сарыөлең (Қызыл-Арайдың солтүстік тау үсті), Қаршығалы, Қазанғап, Құсақ, Дағанда (Көкшетау тауында), Сораң шатқалында, Темірші, Бақты, Мыржық, Арқалық, Қу және т.б. тауларында кездеседі.

Өкінішке орай, Орталық Қазақстандағы обалардың көбісі ертеден қазылып қойған, үймелердің ортасында терең ұңғымалар байқалады.

Олардың кейбіріне тоқталып өтейік.

Атасу өзенінің сол жағасында орналасқан Айшырақ Б кешенінде ауыспалы кезеңнің 9 оба-қорымы бар. Обалардың барлығы көзге тамаша көрінетін ақ кварцтан жасалған қорымдармен қоршалған.

Оба 6 - тас үйме түрінде Айшырақ Б кешенінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Обаның диаметрі - 14,6 м, биіктігі 1 м. Үйменің түбі бойынша қырымен қазылып орнатылған жайпақ тақталардан құралған айналдыра салынған қорым өтеді. Оба биігінің маңында кварциттің ірі сынықтарынан тұратын екінші айналдыра салынған қорым өтеді.

Оба 7 - ақ түсті ірі кварцит блоктары көлденеңінен қойылып, екі рет айналдыра салынған үйме, ол кешеннің солтүстік-батыс соңында орналасқан. Обаның диаметрі - 11 м, биіктігі -0,65 м. Оба мұқалған: үстіңгі бөлігінде таяз шұңғыма бар, бұл жерден құрылыс үшін тастар алынған. Шұңғыманың түбінен жерлеу жәшігінің жоғарғы жиектері көрініп түр.

Оба 11 - биіктігі бір метрге дейін жететін жер үймесі Атасу өзенінің аңғарынан Бетпақдалаға өтетін жолдағы топтаманың оңтүстік соңында орналасқан. Обада қырымен орнатылған гранит тақталарынан құралған үш қорым үш жапырақты гүл өрнекті еске түсіреді. Обалардың ішінде ұзын өзегімен батыстан-шығысқа қарай бағдарланған бір-бір жәшіктен орналасқан.

Егізек 1967 жылы ашылды және 1968 жылы алдын ала тексерілді. Алып некрополь ғимарат құрылысы, жерлеу рәсімдері және мәдениет заттары ұқсас келетін екі топшадан құралған. Ол оңтүстіктен Қызылтау, батыстан Алғабас, солтүстіктен Ортау және шығыстан Аба тауларымен қоршалған жазықтықта орналасқан. Топшаларда 145 жеке тамдар бар, олардың ішінде «мұртты» оба, Түрік қағанаты заманының тас мүсіні бар үш қорым бар, қалғандары қола дәуіріне тиісті. Солтүстік топшада ең көбі 105 қорым бар. Андронов заманынан қола дәуіріне ауысу кезеңінің оба-қорымдары ірі тақталардан жасалған, айналдыра салынған қорымдары бар үлкен үйме төбелерді құрайды.

Байбала II тобы етегінде қола дәуірінің Байбала және Сенкебай қоныстары орналасқан Қотыр-Қызылтау тауынан алыс емес Талдынұра өзенінің оң жағасында орналасқан. Байбала тобы айналдыра салынған қорымдары бар пішіні сфера немесе және куб болып келетін үлкен үймелі обалардан тұрады, айналдыра салынған қорымдардың саны - 10, шаршылы қорымдар - 20.

Айналдыра салынған қорымдары бар тас пен топырақтан құралған үймені құрайтын үлкен обаға қазба жұмысы жүргізілді. Оның диаметрі - 28 м, үйменің биіктігі - 1,8 м, айналдыра салынғанқорымныңдиаметрі-20м. Айналдыра салынған қорым жақсы сақталған. Онда қырымен қазылып көмілген 54 гранит тақтасы бар. Тақталардың барынша үлкен өлшемі -1,4x1,2 м, ені -0,75x0,75 м. Үйменің астында 0,7 м тереңдіктен екі қатар етіп тас кесектерінен қаланған ішкі қорымның қабырғалары табылды. Қаламаның қалыңдығы - 1,3 м, биіктігі - 1,2 м. Айналымнан ішкі қабырғаға дейінгі қашықтық - 7 м. Қорымның ішінде ұзын өзегімен батыс-шығысқа қарай бағдарланған үлкен тас жәшік бар. Оның көлемі -2,3x1,55, тереңдігі - 1,6 м. Ол бір біріне тығыз орналасқан екі алып гранит тақталарымен жабылған. Жәшік пен жабын тақталарының жиектері анық көрінген.

Беласар Б - Орталық Қазақстанның ірі некрополі. Орта қола дәуірінің соңында, жайылымдық мал шаруашылығы мен кен-металлургия кәсібі белсенді дамып, жаңа жайылымдарды игеру қажеттілігі туындаған кезде пайда болған. Орналасу жері бойынша Беласар Бетпақдала шөлі арқылы оңтүстікке, Шу және Сырдария өзендерінің аңғарларына өту кезіндегі транзитті пункт болып табылады. Ол оңтүстіктен - Тайатқан, батыстан-Шұнақ, солтүстіктен - Арат-Үшқызыл тауларының арасында, Киік станциясынан 20 шақырым солтүстік-батысқа қарай және Қарағанды теміржолының Мойынты станциясынан 45 шақырым жерде орналасқан.

Беласар кешенінде көбінесе андроннан кейінгі қолаға ауысу кезеңінің ескерткіштері орналасқан, олар айналдыра салынған қорымдары бар тік бұрышты қорымдар мен үймелі төмпешіктер түрінде сақталған. Үлкен Беласар кешенінде осы тектес қорымдары бар обалар шамамен оншақты. (Қосымша. 1-ші кесте).

Беласар кешенінің әр кезеңдегі ескерткіштерін зерттеу нәтижесі орта қоланың соңында бейіттер құрылымының өзгере бастағанын дәлелдейді.

II мың жылдықтың соңында андроновтық шеңберлер мен сопақшалар жойылып кетеді. Енді қырымен қазылып көмілген алып гранит тақталарынан құралған айналдыра салынған қорымдары бар үлкен обалар патриархалды-отбасылық қауымның жерленген жері емес, ол тайпа басшылары мен белгілі жауынгерлердің қабірлері. С.В. Киселев: «В Западной Сибири в позднеандроновское время замечается та же тенденция, что и в конце срубной культуры. Появляются крупные курганы, насыпавшиеся, очевидно, над выдающимися членами рода. Нам удалось исследовать такие курганы в местности Бесоба, под Каркаралинским» 16 .

Айналдыра салынған қорымдары бар обалар тек Орталық Қазақстанда ғана кездеседі және кейінгі қола дәуірінен беғазы-дәндібай заманына ауысуын білдіреді. Олардың пайда болуы мүліктік дифференциацияның үрдісімен қатар жүрген осы өңірдегі тайпалардың қоғамдық өмірінде болған терең өзгерістерге тәуелді.

Б.з.б. II мың жылдықтың соңында қола мәдениетінің жаңа даму кезеңінде Сарыарқа кеңістігінде андроновтардан ірі өлшемімен, пішінімен және жерлеу рәсімімен ерекшеленетін ескерткіштер пайда болды. Олар өткен және аяқ басқан дәуірлердің мәдениеті арасындағы сабақтастықты растайтын кейбір бітімдерін сақтайды.

1952 жылы ОҚАЭ-мен Қарағанды облысы Шет ауданының орталығы болып табылатын аттас кенттің маңында Ақсу-Аюлы кешені зерттелді. Кешен қырымен орнатылған, ірі гранит тақталардан құралған, айналдыра салынған қорымдары бар өлшемі әр түрлі 12 обадан құралған. Жарты сфера пішіні бар ең ірі обаның астынан қола дәуірінің ең ірі ғимараттарының бірі - Ақсу-Аюлы II кесенесі табылды. Бұл мегалиттің мезгілі б.з.б. ХІІ-ХІ ғғ.

Там үйменің астында болғандықтан ол осы күнге дейін сақталған және бізге қола дәуіріндегі құрылыс ісі мен сәулет өнерінің жауһары болып табылатын тас құрылымды егжей-тегжейлі зерттеп, суреттеп беруге мүмкіндік туды. Тамның алыптылығы мұнда тайпа басшысының жерленгенін дәлелдейді.

Ол диаметрі 30 м, биіктігі 1,8 м айналдыра салынған қорымы бар, қырымен қазылып көмілген ірі гранит тақталарынан құралған оба үйіндісі. Оның диаметрі - 24,5 м, тік тұрған тақтаның биіктігі - 1,2 м-ден 1,6 м-ге дейін. Бірінші айналдыра салынған қорымнан 11 м ортаға қарай ірі тік бұрышты тақталарды көлденең қалау әдісімен жасалған, пішіні таға тәрізді екінші қорым өткен. Ол қорымның өлшемі (ішкі өлшем бойынша) батыстан шығысқа қарай - 7,9 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 7,6 м, сақталған биіктігі - 1,5 м. Түбіндегі қаламаның ені ~ 2 м.

Екінші қорымға жалғасқан үшінші қорымның пішіні-бұрыштары домалақтанған тік бұрыш. Бүйір жақтарының ұзындығы 4,45 м және 3,40 м. Екінші қорым сияқты ол да батыстан шығысқа қарай созылған және тік бұрышты тақталарды көлденең қалау техникасымен салынған. Тамның орталық бөлігінде, сондай-ақ ішкі қорымның батыс және шығыс бүйірлерінде қырымен қазылып көмілген тақталар тұр. Осы тақталарда сатылы жабын орналасқан.

Ішкі қорымның бүкіл алаңы күйіп қалған ағаштың қалдықтары бар күл қабатымен жабылған. Шамасы, 30 сантиметрлік күл қабаты төбе жабындысының өртену себебінен пайда болған. Оның қалыңдығына қарап жабын үшін пайдаланылған материалдың саны жөнінде айтуға болады. Жәшіктің тас тақталары ысталған, ал арасындағы бос кеңістік күлмен және көмірмен толтырылған. Оңтүстік-батыс қабырғаның жоғарғы бөлігіндегі кең ойық ағаштан жасалған жабын тозбай тұрып өрттің болғандығын дәлелдейді. Жабынның құлауы себебінен оңтүстік-батыс қабырғасы басқа қабырғалардан төмен.

Ішкі қорымның ортасында ауданы - 2,5x1,45 м, тереңдігі 1,6 м грунтты жәшікте пішіні тік үлкен жәшік тұр. Жәшік ішкі қорымнан 1-1,2 м, қашықтықта түр. Екінші және үшінші қорымның арасында ені 1,8 м айналып өтетін дәліз болған.

Жәшік ұзын өзегімен батыстан шығысқа бағытталған. Ол екі гранит тақталарымен тығыз жабылған. Жәшіктің шығыс бөлігін жауып тұрған тақталардың өлшемі - 1,85x1,2x0,41 м, батыстағы - 1,4x1,36x0,2 м. Жәшіктің бүйір жақтарында ертеректе тік тұрып, жабынның орталық тіреуі болған үлкен гранит тақталары жатқан. Там түбінің барлық алаңы қалыңдығы ~ 50 см болатын саз, ірі құм, топырақ және қиыршық тас араласқан нығыздалған қабатпен жабылған. Бүл кесектеу тіреу қабырғаларына тіреліп, контрфорс қызметін атқарған. Еденді кесектеу сыртқы және ішкі қорымның тұрақтылығын қамтамасыз еткен. Осындай құрылыс тәсілдерімен тас табыт қойылған орталық жайдың үстіндегі жабынды ұстап тұрған қорымдар мен тіреу тақталарының беріктігі қамтамасыз етілген.

Құрылыс техникасы жағынан алып қарасақ, мегиттік құрылыс кезінде қолданылған көлденең қалау әдісі үлкен қызығушылық тудырады. Осындай әдіспен тұрғызылған қабірдің ішкі қорымы негізгі және қоршау құрылымы болып, екі қызмет атқарған. Көлденең қалау үшін өлшемдері 40x35x5 см-ден және 120x80x7 см-ге дейін жететін пішіні тік бұрыш немесе шаршы болып келетін тас тақталар пайдаланылған.

Тік қима ішкі қабырғаның төменгі қатары грунтта екі қатар етіп қойылған үлкен жалпақ тас тақталардан, ал жоғарғы бөлігі - кішірек тақталардан тұрғандығын көрсетті, сондықтан қабырғалардың төменгі жағы - 1,2 м-ге дейін, ал жоғарғы бөлігі - 0,4 м дейін жеткен. Тақталар өзара саз балшық ерітіндісімен байланысқан. Тастардың кедір-бұдырлығы себебінен пайда болған бос аралықтар ұсақ қиыршық тастармен толтырылған. Домалақтау келген бұрыштардың байланысы тік жапсарларды бекітетін ұзын тас блоктардың көмегімен жүзеге асқан.

Ішкі қорымның өлшемі - 2,5x3,4 м, сыртқы - 8x7,4 м (ішкі орам бойынша). Тұтастай қалау үшін әрбір бір-екі қатардан соң қабырғаның бүкіл қалыңдығы бойымен ашық «тесіктер» өтті, олар «жатқызылып қойылған» тастармен бір қатарда алмасып орналасты. Жоғарғы қатардағы тақталар тұтастай тек «тесіктер» түрінде салынған. Сыртқы жақтан көлденең қалау пішіні тік бұрышты тастармен қапталды. Домалақтанған бұрыштарды байланыстыру үшін ұзын тас блоктар таңдалынды, олардың көмегімен тік жапсарлар жасалынды, және олардың төменгі жағы тік, ал жоғарғы жағы ішке қарай еңіс болды. Осы құрылыс әдісінің негізінде кейінгі дәуірлерде кеңінен қолданылған бос аралықтарды азайту идеясы жатты.

Өрттің ізі Ақсу-Аюлы II қабірінде бөренелерден тұрғызылған жабынның пішіні пирамида болғандығын дәлелдейді. Ол үшін бөренелерді қалау әдісі қолданылған, там биіктей келе әрбір жаңа сатыдағы бөрене 15-20 см қысқа болған.

Ортау II

Бейіт құрылысы бойынша Ортау II кешені Ақсу-Аюлы II ұқсас. Ол да негізінде айналдыра салынған қорымдары бар обадан тұрады. Ортау кешенінде 20 қорым бар, олардың барлығы беғазы мәдениетінің әуелгі кезеңіне тиісті.

Осы топтың ішінен бізбен үш үлкен оба зерттелді, олардың барлығы бұрында-ақ тоналып кеткен.

Оба 1 кешендегі ең үлкені, оның диаметрі 36 м, айналдыра салынған қорымының диаметрі 28 м, обаның биіктігі - 3,2 м.

Қорымның ішінде батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, пішіні сопақ, тастал салынған там болды. Ішкі алаңның өлшемі-3,5x3 м, сақталған биіктігі - 1,5 м. Ені 0,5 м қабырғалардың бүйірлері сыртқа қаратып салынған («тесік») ашық тақталармен алмасып келетін екі қатар етіп, тек қалау әдісімен орындалған. Ортау II қаламасының қалыңдығы қабырға түбінде және оның жоғарғы жағында да бірдей. Қабырғаның қимасы мынаны көрсетті: төменгі қатарда таспен бірдей анағұрлым ірі тақталар, ал олардың үстінде «бір жарым кірпіштен» екі қатар етіп тік бұрыш тақталар салынған. Ортасында 1,8 м тереңдікте қырларының өлшемдері 1,5 м және 1,8 м пішіні шаршы дерлік үлкен тас жәшік түр. Жәшіктің қабырғалары жақсы тегістелген және тақталар бір-біріне жақсы ұштастырылған.

Оба 2 біріншісіне қарағанда кішірек. Обаның пішіні сопақ, батыстан шығысқа қарай созылған, ауданы ~ 17,0 м2; қаламаның ені және биіктігі бір метрден асады. Үлкен тас жәшік қорымның ортасында орналасқан, ол да ұзын өзегімен батыстан шығысқа бағдарланған. Жәшіктің бүйір өлшемдері 1,5 және 2 м, биіктігі-1,2 м. Жәшіктердің жиектері жерден 40 см-ге шығып тұрған. Оның қабырғаларының беріктігі қиыршық тас пен ірі құмды кесектеу арқылы қол жеткізілген.

Бұғылы III кесенесі - тастан жасалған там, Бұғылы I қонысынан 0,5 шақырым шығысқа қарай, Бұғылы тауының шығыс баурайында қола дәуірінің соңғы шегінде тұрғызылған.

Бұғылы таулары Қарағанды қаласынан 80 шақырым оңтүстікке қарай Шерубайнұра өзенінің сол жағасында және Успенка кенішінен 60 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Ескерткіштердің көп болуы осы орындарда халықтың қалың болғандығын дәлелдейді. Тау жайылымдарының және су қайнарларының мол болуы, тамаша ландшафт, кеніштердің көптеп кездесуі адамдарды ежелгі дәуірден бастап-ақ қызықтырған.

Әр замандағы ескерткіштердің ірі кешені шоғырланған Бұғылы тауларымен қоршалған Шопа өзені аңғарының тарихи-топографиялық ортасы бедерлі болып келеді. Олардың арасында кейінгі қола дәуірінің немесе беғазы-дәндібай заманының ескерткіштері басым.

М.Қ. Қадырбаевтың катысуымен 1955-1956 жылдары зерттелген Бұғұлы III ескерткіші зерттелді. Бұғылыдағы тас қабір батыс жағынан екі алып менгир орналасқан үлкен обаның астында болған. Обаның биіктігі шамамен 4 м, оның диаметрі - 28 м. Обаның үйіндісі аршылған соң біздің алдымызда композициялық аяқталған сәулетті ескерткіш көрінді.

Ескерткіш маңызы әлі анықталмаған ерекше шұңқырлар тобының оңтүстік соңында орналасқан. Шұңқырлар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған.Шұңқырлардың диаметрі 2 м-ден 25 м-ге дейін жетеді. Барлығы топта 22 шұңқыр болған, оның үшеуінде сирек кездесетін тас нобайлар бар. Шұңқырлардың бірін қазу кезінде оның отқа табыну рәсімі жасалатын діни орын екендігі анықталды. Отқа табыну іздері шұңқырлардың бірін қазу кезінде және моланың өзінен анықталды.

Ғимараттың композициялық аяқталғандығы және оның алып өлшемдері бұның тайпа басшысының қабірі деп қорытынды жасауға негіз болады.

Бұрыштары анық шоғырланған шаршы түріндегі тамның жоспары - бұл жаңа тарихи кезеңді білдіретін жаңа бітімдер. Бұғылы III композициясы қос қабырғалы, шаршы тамды құрайды, оның жалпы ауданы - 225 м2.

Қабірдің сыртқы қабырғасының қалыңдығы - 1,5 м, саз балшық ерітіндісімен қосылған пішіні тік бұрыш (ұзындығы 40-70 см, қалыңдығы 18-22 см) ұзын тас блоктарды көлденең қалау әдісімен салынған. Осы тектес техника Ақсу-Аюлы II, Ортау II және Беғазы молаларынан байқалады.

Қабырғаларды қалау кезінде ежелгі құрылысшылар бос аралықтарды ұсақ тастар мен саз балшықтармен толтырып, жапсарларды байланыстырған. Бұғылы тамдары тоғыз қалама қатарынан тұрған, әр қатардағы тастардың қалыңдығы орташа 20 см, сөйте тұра сыртқы және ішкі өлшемдері (1,8 м және 2,1 м сәйкесінше) бір-біріне сай келмеген. Мүмкін бұл сәйкессіздікке қабырғаның ішкі қаламасы ойпаңнан басталуы себеп болған шығар.

Тамның солтүстік жағында кіре беріс орналасқан, ол биіктігі - 2,5 м, ені 1,15 м және қалыңдығы - 0,68 м тік бұрыш, қырымен орнатылған екі гранит тақталарынан тұрғызылған. Молаға кіре берісте бағаналарға және бүйір қабырғаларына тірелетін екі метрлік гранит тақталары қойылған. Қабірдің кіре берістің өлшемі 1,7x1,15x0,16 м, бітімі -тік бұрыш тақтамен қалқаланған.

Ішкі жай өзінің композициясы бойынша бүйір жақтары 4,1x4,1 м, жалпы ауданы -17 м2 нақты шаршыны құрайды. Қабір - қырымен қойылған гранит тақталарынан құралған үлкен тас жәшік. Тақталар жақсы өңделген, олардың биіктіктері бірдей, бірақ ені әр түрлі. Қабірдің батыс, шығыс және оңтүстік қырлары өлшемдері 2,18x0,7x0,18 м - 2,20x1,5x0,18 м аралығындағы үш ірі тақталармен қапталған. Солтүстік қабырғада тік қойылған тақталары бар көлденең қаламасының үйлесуі байқалады.

Қабірдің солтүстік-шығыс қабырғасы және сыртқы қабырғаның солтүстік-шығысы арасында құрбандық шалатын орын болған айналып өтетін дәліз өтеді. Дәліздің ұзындығы - 3,3 м, орташа ені - 0,8 м. Қасиетті от жағылған дәліздің едені тегіс тақталардан салынған.

Тас тақталардан салынған кесенелер жабындарының құрылысы сатылы болып келеді. Ежелгі құрылысшылар тас жабынның салмағын дұрыс бөле білген. Төрт алып гранит тақталар негіз болған. Биіктей келе азая беретін тақталар бірінің үстіне бірі қойылып, кертпеш құраған. Пирамиданы пішіні жарты шеңбер тақта аяқтаған. Осындай құрылыстың арқасында жабын қиық шошақ түріне ие болған. Саз балшық ерітіндісімен қосылған жабын тақталарының арасына тас жастықшалар қойылған. Ішкі қабырғалардың биіктігі - 1,8 м болғанда, ұшы шошақ жабын тақталарының арқасында тамның биіктігі -3,7 м жетті. Тас жабынның салмағы және бұрыштан бұрышқа диагональ бойынша орналасқан, граниттен жасалған орталық және бұрыштық тіреу бағаналарына түскен. Бір тіреу бағанының өлшемі-1,65x0,28x0,17 м.

Орталық Қазақстанда кейінгі қола дәуірінде пайда болған жабынның пирамидалық-сатылы құрылысы кейінгі ғасырларда кеңінен тарала бастаған «жалған» күмбездің үлгісі болып табылады.

Саңғыру I. Қабір I

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріндегі Саңғыру I ескерткіштер тобы 1955 жылы Ақмоладан Ташкентке қарай үлкен керуен жолы өтетін әсем Саңғыру тауының етегінде, Сарысу өзенінің сол жақ тармағында, Атасу өзенінің жоғарғы баурайынан ашылды. Кешеннің әкімшілік атауы - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Ақтау» совхозы.

Атасу өзенінің аңғарында қола мәдениетінің үш кезеңінің ескерткіштері орналасқан: андроновтан кейінгі, андроннан Беғазыға ауысу кезеңі және беғазы. Қола мәдениетінің Атасу өзенінің аңғарында таралуы Нұра, Есіл және Ертіс өзендерінің аңғарларында жан мен мал басының қарқынды өсуімен және жаңа жайылымдық орындарды іздеумен байланысты болды. Беғазы заманында жаңа аумақтарды игеру Бетпақдала шөлінің солтүстік шекарасына дейін жетеді.

Саңғыру I қола дәуірінің соңғы кезеңінің, яғни беғазы заманының 40-тан астам тақталы қорымдары бар. Тас қорымдар Саңғыру («Бүркіттің үясы») тауының шығыс етегі бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар тізбектеліп орналасқан. Олардың анағұрлым ұзыны ертерек пайда болған. Бүтін қалған қорымдардың арасынан 1955 жылы жетеуі, ал 1963 жылы - сегізі зерттелді. Қалғандары тонаушылармен бұзылған, бізбен зерттелген қорымдардың ішінде біреуі ғана аман қалған.

Саңғыру I кесенесі кіші тізбектің батыс бөлігінде орналасқан және басқа үш қорыммен бірлесіп кешеннің оқшау бөлігін құрайды. Жоспары бойынша төрт жаққа бағдарланған екі қабат қабырғасы бар төрт бұрышты ғимарат.

Сыртқы қабырғалардың өлшемі 10x9 м, қаламаның қалыңдығы ~ 2 м. Сыртқы қабырғаның барлық қабырғалары жергілікті халықпен шаруашылық мақсатта пайдаланылған, оңтүстік бөлікте жоғарғы жағы мұқалған тек төрт тақта және солтүстік-батыс бұрышында екеуі қалған.

Шығыс қабырғадан басқа ішкі қабырғалар грунтқа 0,3 м тереңдікке көмілген және қырымен орнатылған ірі тақталардан тұрғызылған. Тақталардың өлшемдері -2,75x1,2x0,16 м, 2,36x1,2x0,16 м, 2,2x1,2x0,18 м. Тақталардың жапсарлары төрт қырлы тас блоктардан тұратын тіреулермен бекітілген.

Сыртқы және ішкі қабырғалардың арасындағы кеңістік - ол құрбандық шалатын орын, ені - 0,8 м айналып өтетін дәліз болған.

Саңғыру I тобындағы 7-ші тас кесене 1963 жылы зерттелген. Ол Саңғыру I моласының үлкен тізбегінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Ғимараттың үлкен өлшемдері және оның оқшау орналасуы бұның тайпа басшысының қабірі екендігін білдіреді.

Қазу жұмыстарын жүргізер алдында бұл тас үйіндісі бар оба болған, оның түбінен гранит тақталарынан жасалған тік бұрышты қорымның кескіні байқалды. Үйіндінің астынан Саңғыру I кешеніндегі ең ірі там анықталды. Кесенеде бір-біріне жалғасқан үш алып қабырғалардың ортасында үлкен тас сағана бар.

Оның жоспары бұрыштарымен төрт жаққа бағдарланған, шоғырланған төртбұрышты құрайды. Сыртқы қабырғаның өлшемі 10x10 м, екінші қабырға 8,4x8,4 м, үшінші ішкі 5х5х м. Тас сағана қырымен қойылған төрт алып гранит тақталарынан құралған үлкен төрт бұрышты жәшік түрінде жасалған. Оның ені - 2,4 м және биіктігі - 1,0 м.

Орталық Қазақстанның ескерткіштері арасында - бүл үш қабырғасы бар жалғыз ғана қабір. Сыртқы қабырға көлденең қалау әдісімен тұрғызылған, мұнда пішіні тік бұрышты тастарды - көлденеңінен және тігінен орналастыру арқылы тұрғызылған. Қалау арқылы қабырғаның орта бөлігі салынған. Сыртқы қабырғаның бұрыштары бойынша тіреулері бар үлкен тас тақталар түр. Қабырға сыртқы жақтан қырымен қазылып көмілген үлкен гранит тақталарымен қапталған. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғалардың тақталары жақсы сақталған. Басқа бөліктердің тақталары бұзылған, олардың көбісін жергілікті халық шаруашылыққа жаратқан.

Екінші, анағұрлым мықты қабырға тік бұрышты тастардан 4-5 қатар етіп көлденең қалау әдісімен тұрғызылған. Бүл үшін бірдей тастар таңдалынған. Қатарлар арасындағы кеңістік саз балшықпен араластырылған тастармен толтырылған. Қабырға қаламасының қалыңдығы - 1,5-2 м, сақталған биіктігі - 0,6-0,7 м.

Үшінші, ішкі қабырға қырымен орнатылған ірі гранит тақталарынан құралады. Қабырғалардың арасында айналып өтетін дәліздер орналасқан. Біріншісінің ені - 0,8 м, екіншісі - 0,85 м, үшіншісі, ішкі - 1,1 м.

Тамның қабырғалары тіреулермен бекітілген. Тастан жасалған жатын тақталары құлаған кезде тамның ортасында үйінді пайда болған. Шамасы, мұнда екі жабын жүйесі қолданылған. «Жайпақ төбе» болғанда дәліздердің үстіне жабын төселген, ол үшін ұзындығы 1,5-2 м гранит тақталары қолданылған. Ішкі төрт бұрыштың шатырлық төбе жабындысы болған, бұрыштары біртіндеп кертілу және тақталы жақтаудың өлшемін біртіндеп сатылы түрде азайту әдісі бойынша құрастырылған. Бұндай құрылыс техникасы Орталық Қазақстанның мегалиттік ғимараттарын (Беғазы, Дәндібай, Бұғылы III, Саңғыру I, Ортау, Ақсу-Аюлы) салу кезінде қолданылған.

Тамның маңайында жайпақ граниттің көптеген кесектері жатты, осылардан шамасы жабын жабылған. Өлшемі - 2,3x1,0x0,18 м, 2,2x1,8x0,18 м болатын жайпақ гранит тақталары тек бұрыштарда ғана сақталған. Бұғылы III кесенесінде сақталған сатылы жабын сол замандағы құрылысшылардың туындысы. Қорыммен тірелетін тегіс тақталар бұрыштардан ортаға қарай олардың периметрлерін жоғарыға қарай біртіндеп азайта салынды.

Тас табыттың пішіні ені — 2,4 м және биіктігі - 1,0 м төрт ірі гранит тақталарынан салынған төрт бұрышты үлкен тас жәшік. Орталық Қазақстанда кейінгі қоланың ескерткіштері арасында Саңғыру I үш қорымы бар жалғыз ғана ескерткіш.

Сыртқы қабырғаның ішкі жағы тік бұрышты тас блоктарды көлденең және тігінен алмастыра отырып, көлденең қалау әдісімен гранит тақталарымен қапталған (сурет).

Анағұрлым мықты ортадағы қабырға тік бұрышты тастарды 4-5 қатар етіп көлденең қалау әдісімен орындалған. Бүл үшін бірдей тастар таңдалынған. Қатарлар арасындағы кеңістік саз балшықпен араластырылған тастармен толтырылған. Қабырға қаламасының қалыңдығы - 1,5-2 м, сақталған биіктігі шамамен - 0,7 м.

Ішкі қабырға қырымен қазылып орнатылған және тік контрфорстармен бекітілген алып гранит кесектерінен құралған. Қабырғалардың арасында үш айналып өтетін дәліз орналасқан: біріншісінің ені - 0,8 м, екіншісі - 0,85 м, үшіншісі, ішкі - 1,1 м. Ғимараттың қабырғалары мықты тіреулер - контрфорстармен бекітілген, олардың биіктігі 0,9 м-ден 1,05 м-ге дейін жететін аздап өңделген тік бұрышты бағаналар. Әсіресе, арақашықтығы 1,5-2 м болатын мықты тіреулер қорымның ішкі жағынан орнатылған: солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс қабырғалары бойынша бес-бестен, оңтүстік-батыста - 3. Саны осындай тіреулер ішкі қабырғаның үшінші тақтасын тіреп түр. Тонаушылар өтетін саңылауы бар оңтүстік-шығыс жағында тақталар мен тіреулер табылған жоқ.

Тамның ортасында және бұрыштарында өлшемдері 1,5x0,6x0,10 м-ден 2,4x0,4x0,18 м болатын ірі гранит тақталарының жиналуы байқалады. Бұл бұзылған жабынның тақталары көп. Шамасы, мұнда жабынның екі жүйесі қолданылған. Қабырғалар арасындағы дәліздер жайпақ төбе түрінде жабылған. Ол үшін ұзындығы 1,5-2 м гранит тақталары қолданылған. Ішкі төрт бұрыштың үстіне шатырлық төбе жабындысы жабылған. Бұл төрт бұрыштардың бұрыштарынан ортаға қарай жоғарғы тақталардың өлшемін біртіндеп азайта отырып жүзеге асқан. Шатырдың осындай құрылысы Безағы-Дәндібай заманындағы Орталық Қазақстанның мегалиттік ғимараттарына тән.

Беғазы некрополі

Орталық Қазақстанның әр замандағы ескерткіштері арасынан осы өңірде қола мәдениетінің дамуының шарықтау шегін сипаттайтын кең-ауқымды кешендер - қабірлерді ерекше атап өтуге болады. Көпке дейін бұл тамаша ескерткіштер ғылымға белгісіз болды. Олар академик және сол жұмыстың авторы Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған ОҚАЭ-мен ашылып, зерттелді және беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштері, Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінің ескерткіштері ретінде ғылымға енді 17 .

Беғазы мәдениеті андроновтан қола дәуіріне өту кезеңінде (б.з.б. ХІІІ-ХІ ғғ.) қалыптасады. Осы кезеңнің ескерткіштерінде етіп жатқан андронов дәуірінің бітістері де, сонымен қатар өткен кезеңдерге беймәлім материалдық мәдениеттің жаңа пішіндері анық көріне бастайды.

Беғазы кесенелері - монументалдық тас сәулеттің жаңа дәуірін белгілейді. Олар жазықтықта, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы тамаша Беғазы және Қызыл-Арай тауларының маңында орналасқан.

Орталық Қазақстанның топонимикасында сақталған ежелгі «Беғазы» атауы өте қызықты. Алғашқыда, бүл тек ескерткіштің атауы болды, өйткені бүл жерде б.з. IV-V ғғ. белгілі болған «азы» тайпасынан шыққан «бектер» жерленген. Кейін жужань тайпалық одағының күшеюіне байланысты олар батысқа қарай ығысты. Уақыт өте келе жақын жатқан таулар мен өзендер осылай атала бастады. Мемориалдық ғимараттан жергілікті топонимикаға ауысу - бүл заңды құбылыс, бұны академик Н.Я. Марр бірнеше рет атап көрсеткен. 18.

Орталық Қазақстанның топонимикасы көне заманда осы ұлан-ғайыр аумақты мекендеген басқа да тайпалардың атауларын сақтаған: қазылықтар (қарлұқтар), тоқырауындар, мүкірлер, маутандар, жебенейлер, баятырлар, қыпшақтар және т.б. Тоқырауын, Мүкір, Беғазы өзендері бір-біріне жақын ағады және осы жергілікті атауларында сақталған тайпалардың дәстүрі мен тұрмысы ортақ болып, бір кездері өздерінің рулық аумақтарында өмір сүрген. Осы ауданда орналасқан жоталардың бірі «Бектау-ата» деп аталынады, кейінірек оған ата сөзі қосылған. Байырғы замандарда, шамасы бұл жерлер бектердікі болған. Бектердің тайпа ақсүйектерінің қатарынан болғандығын Беғазы және Бектау-ата аудандарында орналасқан мемориалдық тамдар дәлелдейді.

Некрополь Беғазы өзенінің оң жағасының жайылма алқабында, Беғазы өзенінің Тоқырауын өзеніне құйылысынан 18 шақырым биік, Ақтоғай ауданынан 40 шақырымжерде орнал асқан. Қызыл-Арай және Беғазы таулары Арал-Ертіс су бөлінісінің ең жоғарғы нүктесін құрайды. Әсем таулы алқап, қыналы және жапырақты орман, судың молшылығы - бұның барлығы әрине өздерінің тұрғылық жері етіп Беғазы және Тоқырауын өзендерінің алқаптарын таңдаған ежелгі тұрғындардың назарын аударды. Бай тау жайылымдары малшылардың шаруашылық және іс-әрекеті үшін өте жағымды болды. Беғазы некрополінен алыс емес жерде көптеген ежелгі кен шығару орындары (кеніштер) болған, ол кеннің шығарылғандығын және одан мыс, қалайы, ал кейін темір (Бесшоқы, Қарашоқы, Қызыл-Арай) балқытылғанын дәлелдейді. Әрине, қола дәуірінде бүл ауданда белсенді әрі қарбалас өмір өтіп жатты. Бір өкініштісі, кешен маңындағы бар жазықтық жыртылған және енді ежелгі қоныстардың ізін табу мүмкін емес.

Қоршап тұрған ландшафтың арасынан ежелгі заманда мола салу үшін тас алынған гранит жартастары мен құздар ерекше.

Беғазы нерополі алып жатқан аумақтың жалпы ауданы 10 га құрайды. Онда жеті ғимарат орналасқан. Кешеннің солтүстік бөлігінде орналасқан тас кесене 1 және 2 ірілігімен айрықшаланады.

Беғазының тас кесенелері құрылымдық жағынан ұқсас болған - кіре беріс дәлізі, жоғарғы айналып өтетін галерея, тіреу бағаналары бірдей, дей тұрсақ та өлшемі мен қабырғаларының тұрғызылуы бойынша бір бірінен айырмашылығы болған.

Беғазы қабірлерінің жоспары бір-біріне жалғасқан екі анық төрт бұрыш түрінде жасалған. Олардың бүйірлері төрт жаққа бағдарланған. Кесене 1 және 2 сыртқы қабырғалары тегіс гранит тақталарын тік қою арқылы, ал қалғандары саз балшықты қоймалжыңмен цементтелген кесек тастарды көлдеңінен қатарлап қалау әдісімен жасалған. Жерлеу камерасы сыртынан бір-біріне қиюластырылған және қырымен қойылған ірі гранит тақталарымен қапталған.

Бегазылық кесене 1 және 2 тұрғызу үшін өзінің өлшемімен таң қалдыратын, сұр түсті ұсақ түйіршікті кесектер таңдалынған. Тік бұрышты, тегіс тақталар түрінде жасалған бұл кесектердің салмағы 1-ден 3 тоннаға дейін жеткен.

Мықтылықты қамтамасыз ету үшін тақталар өлшеміне қарай грунтқа әр тереңдікке батырылған, әдетте 0,8 м, 1,3 м, ең ірілері өздерінің биіктіктерінің үштен біріне дейін батырылған. Тақталар жер бетінен 2-2,5 м шығып, алыстан көрініп тұрған.

Гранит тақталарын сүйеп тұруға арналған төрт қырлы етіп тегістелген тіреу бағаналары мен тіреулер Беғазы ескерткіштерінің өзіне тән ерекшелігінің бірін құрайды. Тіреулердің биіктігі ішкі лақыт қабырғасының биіктігімен немесе қаптау тақталарының биіктігімен дәл келген және ғимараттың өлшеміне қарай 0,80x1,20 м аралықта өзгеріп тұрған. Тастарды көлденең қалау әдісімен орындалған контрфорстың қарапайым түрі тіреу ретінде қолданылған.

Бегазы, Ақсу-Аюлы, Бұғұлы, Саңығру мегалиттік ғимараттарда қола дәуіріндегі құрылыс мәдениетінің негізгі идеялары жалпыланған. Тұрғын жайлардан, дольмендерден, цисталардан, ауыспалы кезең ескерткіштерінен байқалатын негізгі құрылыс әдіс-тәсілдерін біртіндеп жасау қола дәуірінің соңғы кезеңінде, Қазақстанның сәулет тарихында алғаш рет құрылыс құрылымының көлемдік-кеңістік тапсырмалары өз шешімін тауып, тіреу және күмбезді жабын идеясы іске асқан кезде өз шарықтау шегіне жетеді. Беғазы заманының алып тамдарында тік тұрған алып кесектерден тұрғызылған қабырғалар құрылысының идеясы іске асты, осы күнге дейін ол менгирлер мен кромлеханы шеңберлетіп қатармен қою түрінде кездеседі.

Тайпа басшылары мен белгілі жауынгерлерді мәңгілікке есте сақтау дәстүрі бірнеше жүз жылдықтан бұрын пайда болған. Қола мәдениетінің жоғарғы даму кезеңінде ірі гранит тақталарынан жасалған алып беғазы кесенелерінің пайда болуы кен ісі мен металлургияның дамуымен және патриархалды-рулық қоғамдағы өзгерістерге әкелген мал басының қарқынды көбеюімен байланысты экономикалық өсіммен байланысты.

Кесене 1 және 2 тоқталып кетейік.

Кесене 1 некропольдің солтүстік бөлігінде, Беғазы тауының етегінде орналасқан. Кесене көп жылдар бойы тоналған. Бірінші қараған кезде кесененің ортасында тереңдігі 4 м-ге жететін тонаушылар шұңқыры табылды. Кесене жойылған деген күдік туды. Бірақ, біз қателесіппіз. Қазба жұмыстары арқылы жұптасқан қабырғалары және кең айналып өтетін галереясы бар сұр түсті граниттің үлкен кесектерінен тұрғызылған сәулетті кесене аршылды. Тамның жалпы ауданы 128 м2. Өлшемі бойынша бүл қола дәуіріндегі ең алып ескерткіш.

Бүйір жақтары төрт жаққа бағдарланған екі төртбұрыш тамның жоспарын құрайды. Төрт бұрыштың сыртқы жағының ұзындығы 9,6 м, ішкі жағы — 6,0 м.

Там жер асты және жер үсті бөліктерден тұрады. Жер асты бөлігі 1,2 м тереңдікке кетеді, оның қабырғалары пішіні тік бұрышты гранит тақталарының көлденең қаламасынан тұрғызылған. Жапсарларды байланыстыру үшін саз балшықты ерітінді қолданылған. Ойпаңның бүйірімен биіктігі 1,1 м жер үсті қаламасы басталған. Нәтижесінде қаламаның жалпы биіктігі ~ 2,3 м, қалыңдығы 2,0 м. Тас тақталары арасындағы бос аралық киыршық таспен толтырылып, саз балшықпен бекітілген.

Көлденең қалау әдісімен тұрғызылған қабырғаның жер үсті бөлігінің маңында бір-біріне тығыз келетін қырымен орнатылған сұр түсті алып гранит кесектері тұр. Алғашқыда 42 тақта болған. Қазіргі кезде 20 тақта қаз қалпында тұр, 10-ы құлаған. Кейбір тақталардың жоғарғы бөлігі қағылған, ал қалғаны бұзылған. Тақталардың жер үсті бөлігінің өлшемі мынадай: 1,6x1,1x0,14 м - 2,5x1,15x0,14 м. Олар жерге 1 м-ге дейінгі тереңдікте қазылып көмілген. Тақталардың жер үсті бөлігі ішкі жайдың қабырғаларынан 1,1 м биік тұр. Сондағы қорымның жалпы биіктігі - 3,5 м.

Кесене жабынының биіктігі 1,5-2 м-ден кем емес, сондағы тамның биіктігі 5 м-ден кем емес.

Кесененің жабынын жасау үшін оның ішкі жайы әр қайсысында үш-үштен болып келетін екі бөлікке бөлінген. Ішкі жайды екіге бөлу ұзындығы алты метр кеңістікті ұзындығы үш метр тақталармен төбені жабу үшін қажет болды, нәтижесінде тақталардың бір ұшы қабырғаның тіреулеріне, ал екінші ұшы - бағаналарға орнықты. Сақталғаны 5 баған, оның үшеуі батыс қабырғаның бойында, ал екеуі - ортасында түр. Үш баған толықтай сақталған. Ғимараттың ортасында тұрған екі бағанадан еден үстінен 0,5-1,2 м шығып тұрған тек екі негіз қалған.

Сыртқы қаптама тақталар ішкі қабырғаға төніп тұрған, нәтижесінде биіктігі - 1,1 м, ені -2,0 м, ауданы - 50 м2 болатын айналып өтетін галерея түрінде кең кеңістік пайда болған. Осы галереяны жабу үшін екі метрлік тақталар қажет болды, нәтижесінде екінші қабат үлгісі пайда болды. Галерея жерлеу мүкәммалын қоятын сөре ретінде пайдаланылды. Мұнда алғашында 40-50-ден кем емес керамикалық ыдыстар тұрды, олардың сынықтары кесененің әр ұшынан және әр тереңдіктен табылды.

Кесене 1 тағы бір ерекшелігі оның сыртқы және ішкі қорымдары оларға тақалған, қырымен қойылған төрт қырлы бағаналармен сүйемелденеді. Біздің заманымызда солтүстік қабырғада үш тіреу, оңтүстікте - екі тіреу және батыста - екі тіреу сақталған.

Шығыс жағында орналасқан кесененің кіре берісінде екі жағынан қойдың алып тас мүсіні орнатылған, ол жерленген адамның маңыздылығын білдірген. Оған ұзындығы - 9 м, ені - 4 м тамбур (дәліз) өтеді. Оның шеттері мен кесек тастарды көлденең қалау әдісімен қорым салынған. Қаламаның биіктігі кіре берісте 1,0 м, қалыңдығы 0,8 м, тамбурдың басында 0,5 м, қалыңдығы 0,4 м, яғни шығыстан батысқа қарай бағытта, тамға жақындай бере дәліз қабырғасының қаламасының биіктігі де, қалыңдығы да ұлғая түскен. Мұнда алғашқы қауымдағы үй-жайдың кіре берісі сияқты етіп салу ежелгі дәстүр байқалады.

Тамбурдың еденіне қиыршық тас төселген және жақсы тапталған, шеттері еңіс және көлденең өзегі биік тұрған пандус ретінде жасалған.

Кесене 1 алтарь діни заттарға арналған жер үймесі ретінде ішкі жайдың батыс қабырғасында орналасқан. Оның ұзындығы - 3,5 м, ені — 1,5 м және биіктігі - 0,4 м. Үйменің үстінде қырымен қойылған үш биік менгир тұр. Ежелгі адамдардың ұғымында тас мәңгіліктің, мықтылықтың нышаны болған, ал тас менгирлер діни зат (құбылыс) болып есептелген.

Кесене 2 . Алғаш рет 1946 жылы зерттелген, 1984 жылы археолог JI.P. Кызласовтың қатысуымен қазылды. Беғазы кешенінде - бұл үлкендігі бойынша екінші ескерткіш. Ол кесене 1 оңтүстікке қарай бес метрлік жерде орналасқан.

Композициясы бойынша кесене 1 ұқсас, ішкі жай қабырғасының құрылысында және дәліздің кіре берісі құрылысында айырмашылықтары бар.

Тамның жоспары төртбұрыш, біріне-бірі жалғасқан екі алып қабырғасы бар. Қабырғалары төрт жаққа бағдарланған. Сыртқы қабырғаның өлшемі - 9,5x9,5 м, ішкі 5,5x5,5 м, сыртқы шаршының ауданы - 90 м2, ішкі - 3 0 м2. Ішкі жайдың қабырғалары жерге 1,2 м тереңдікке батып түр, қабырға бойында өлшемі - 2,0x1,0x12 м-1,2х0,4х0,12 м болатын ірі тақталар қойылған. Ішкі жайдың құрылымы бойынша кесене 2 Беғазыдағы кіші тас кесенелердің құрылысына ұқсас. Ойпаңнан биік, оның бүйір бөлігінен биіктігі - 1,0 м, қалыңдығы — 1,8 м кесек тастардан жер үсті қаламасы өтеді. Сыртқы тақталардың жоғарғы бөлігі мен ішкі жайдың жабыны арасында орналасқан қаламаның жоғарғы қабаты айналып өтетін галерея ретінде салынған екінші қабатты құраған. Галереяның биіктігі - 2 м, ені шамамен - 2 м, ауданы - 36 м2. Кесене қабырғасының жалпы биіктігі шамамен төрт метр. Ішкі қабырғалардың сыртқы жағында тастар қатарын құрайтын ірі сүр гранит кесектері тігінен жерге көмілген.

Қатармен тұрған үлкен тас тақталар ғажайып айбынды құрылыс атмосферасын құрайды.

Алғашқыда сыртқы қабырғалардың жанында шамамен өлшемдері бірдей 40 тақта тұрған. Олардың арасында 20-сы сақталған, 8-ші жерде жатыр, қалғандары шамасы, жергілікті халықпен пайдаға жаратылған, олардың іздерін жер бетіне аздап шығып тұрған ұштарынан ғана байқауға болады. Сақталып қалған тақталардың жоғарғы жағы қабырға үстінен 1,6-2,0 м биік. Олар аздап өңделген және пішіні тік бұрыш. Қалама деңгейінен бастап тақталардың өлшемі 2,5x1,2x0,13 және 2,4x1,3x0,13 м құрайды. Олардың шамамен 1/3 ұзындықтары жер астында жатыр.

Қабырғалар сыртынан да және ішінен де тігінен қойылған, төрт қырлы жақсы тегістелген блок пішінді алып тіреулермен тірелген. Көлденең қимасындағы олардың өлшемдері 0,15x0,21 м-ден 0,24x0,24 м. Кесененің ішінде мұндай блоктардың саны - 10, сыртында - 6. Олар негізінен көп болған, өйткені тастардың ірі-ірі сынықтары жер-жерде шашылып жатыр. Блоктар қаптама тақталардың бұрыш және қабырға жапсарлары бар жерлерде негізгі тіреу ретінде пайдаланылған.

Ішкі жайдың тебе жабындысының қаламасы жоғарыға қарай біртіндеп тарыла беретін сатылы құрылым түрінде болды. Беғазы 2 орта тұсында биіктігі 2 м-ге жететін тіреу бағаны сақталған. Бұл пирамидалы күмбезі бар кесененің биіктігі 5 м-ге дейін жеткен деп топшылауға мүмкіндік береді.

«Мәңгілік үй-жайдың» кіре берісін құрайтын гранит кесектерін өндеуде аса мұқияттылық байқалады, ол шығысқа қараған. Шаршының басты өзегі бойынша кіре беріске қарай ұзындығы 7,0 м, ені 3,5 м болатын кең тамбур (дәліз) өткен. Тамбурдың қорымы қырымен қойылған ірі гранит тақталарынан орындалған. Мұнда бізбен басқа ескерткіштерден байқалған құрылыс әдісі қолданылған, тақталардың ені мен биіктігі кесенеге жақындай келе біршама үлкейеді, ол объектіні алыстатып көру әсерін береді.

Кесене 2 ерекшеліктерінің бірі оңтүстік-шығыс бұрыш пен дәліздің арасында үлкен төрт бұрыштың сыртында орналасқан төрт бұрышты жай түрінде орындалған құпия орын болып табылады. Ауданы 8 м2 құпия орын қырымен қойылған ірі гранит тақталарынан құралған. Оның өлшемі 2,8x3,0 м. Бүл негізгі сағанаға қосарлана салынған құрылыс. Мұндай қосарлана салынған құрылыстар Бұғылы ІІІ және Саңғыру I табылды, мүмкін бір үйдің мүшелері үшін салынған болар.

Кесенені қазу кезінде ретсіз жатқан жұқа тақтайлар табылды, олардан еден жасалған. Бұны солтүстік-батыс бұрышта алғашқы қалпында жатқан пішіні төрт бұрыш екі жайпақ тақта арқылы анықтауға болады.

Тамның ортасында құлап қалған жабынның ұзын тақталары жатты. Осы жерде шығыс қабырғадан 1,6 м қашықтықта, 0,5 м тереңдікте тас бағана (менгир) табылды, оның сақталған биіктігі 1,5 м және қимасындағы өлшемі 0,25x0,35 м, ол жабынды тіреу үшін пайдаланылған және құрбандық шалатын орын болған. Менгирдің жоғарғы бөлігі мұқалған. Өзегі бойынша қатар орналасқан тіреу бағаналары 3-тен кем болмауы қажет. Шамасы, ол тонаушылармен бұзылған.

Кіші беғазы кесенелері 3,4,5,6 кесене 1 және 2 ұқсас: пішіні төрт бұрыш, бүйір жақтары төрт жаққа қараған, қабырғалары гранит тақталарынан жасалған, қаптама тақталарының жапсарлары тіреу бағаналарымен бекіген, сыртқы және ішкі қабырғалардан пайда болған айналып өтетін галерея, кіре беріс дәлізі бар. Сонда да, кіші беғазы кесенелердің өлшемі кішірек, кей жағдайларда ішкі жайдың қабырғалары бойында көлденең орнатылған бір гранит тақтасымен ішкі жайды екі камераға бөлген (кесене 5).

Осы кесенелерінің жайпақ шатыры тас тіреулеріне қойылған жұқа гранит тақталарынан құралған. Олардың өлшемдері 2-ден 3м-ге дейінгі аралықты жабуға мүмкіндік берген. Аралықтың қашықтығын қысқарту үшін жоғарыда аталған қабырғаның жоғарғы бөлігін ішкі алаңға еңіс қылдыру әдіс қолданылған. Жабын тақталары кей кезде алғашқы қалпында сақталған, ал олардың ұштары бүйір тіреулерінің үстінен төніп тұрды. Тас жабынның салмағы гранит тақталарына және орталық тас бағаналарға түсті.

Беғазы кесенелері Орталық Қазақстандағы ескерткіштердің ерекше тобын құрайды. Қола дәуірінің өткен кезеңдерінің тамдарымен байланысты беғазы ескерткіштері тек қана Орталық Қазақстанның қола дәуірінің соңғы кезеңінде кездесетін өзгеше сәулет-құрылыс ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Қабырғалары көлденең қалау әдісімен орындалған және ірі гранит тақталарымен қапталған құрылыс беғазы кесенелерінің жалпы бітімін құрайды. Төрт қырлы тас бағаналар және көлденең қалау әдісімен орындалған тастардан жасалған контрфорстың қарапайым түрі қабырғалардың мықтылығын сақтауға арналған. Кіре беріс дәліздері мен айналып өтетін галереялар беғазы кесенелерінің ерекшілігін құрайды. Кесене 1 және 2 дәліздерінің (тамбурларының) биіктігі жерлеу лақытының деңгейінен жоғары.

Ежелгі құрылысшылар үлкен жайды ішкі бағаналармен бөлу арқылы шатырлық жабынның шешімін тапқан.

Беғазы кесенелерінің айбындылығы құрылыс техникасы тарихымен айналысатын зерттеушілерді қызықтырды. Қарқаралы және Коунрад аудандарының қазба байлықтарын зерттеген белгілі геолог М.П. Русаков ежелгі тамдардың түр-сипатын байқау үшін Бегазы некропольіне әдейілеп барған. Біздің ойымызша, кесенелерді тұрғызу үшін әкелінген тастар Беғазы тауынан жеткізілген, олардың шыққан жерлері некропольден 300-500 м қашықтықта тұр.

Беғазы құрылыстары - таптық қоғамға дейінгі адам қызметінің жемісі. Олар алғашқы-қауымдық еңбек шарттарында рулық ұжымның күшімен тұрғызылған. Жұмыстардың барлығы тетіктер, катоктар және бөренелердің көмегімен жасалды деп сеніммен айтуға болады. Үлкен тас кесектерін жеткізу қыс кезінде жүзеге асты. Үш мың жылдықтан аса уақыт тұрған алып тастардан тұрғызылған қабырғалар байырғы адамдардың таңқаларлықтай дене күші мен рухани күшін көрсетеді.

Қола дәуірінде өзара этникалық туыстас көптеген дала тайпаларын біріктірген мәдениеттің күрделі даму үрдісі өтіп жатты. Кен ісі мен металлургияның, керамикалық өнер мен құрылыс ісінің, басқа қолөнердің кемелденуі негізінде қола мәдениетінің басқа, жеңіл, қарапайым түрлерден анағүрлым күрделілерге ауысуы жүріп жатты.

Беғазы заманының құрылыс әдістері таң қаларлық. Ежелгі құрылысшылар жабыны пирамидалы, жайпақ тас тақталарды көлденең қалап, алып тас кесектерін орнату арқылы үлкен кеңістікте күрделі құрылыс идеясын іске асыра алған. Осындай әдістер кешені андронов дәуірінде әлі болған жоқ. Тас тамдарының көптігі мен алыптылығы, керамикалық өнер заттарында оюлардың әсемдігі мен сан-қилы болуы, қола және алтын бұйымдарының үлкендігі мен пішіні Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңі болып табылады. Осы аталып өткен материалдық мәдениеттің бітімдері қола мәдениеті болған басқа облыстардан анықталған жоқ, ол мынадай тоқтамға әкелді: Орталық Қазақстан - қола мәдениеті дамуының басты ошағы болған ежелгі металлургия орталығы.

Айбындылығымен және сәулеттігімен таң қалдыратын Беғазы 1 және 2, Бұғылы III, Саңғыру I кесенелері, күрделі мүсіндер, керамика өнерінің заттары Еуразиядағы дала тайпаларының көрнекті ежелгі мәдениет құбылысының біріне жатады. Олар тайпалардың өсіп, нығаюының дәлелі, олардың құрметіне осы кесенелер тұрғызылған ақсүйектердің, ру-басшыларының бөлініп шығуының дәлелі.

Осы бірегей ескерткіштердің жалпы тарих үшін, ежелгі кезеңнің материалдық мәдениет тарихы және сәулет тарихы үшін маңызын бағалау мүмкін емес. Ұлы қола дәуірінің мәдениеті осы ұлан-ғайыр аймақта пайда болған ежелгі өркениеттің нәтижесі болып табылады. Орталық Қазақстанның көне ескерткіштерін одан әрі зерттеу - осы дәуір жөнінде біздің білімізді тереңдетуге мүмкіндік береді.

Тастан күрделі тамдарды тұрғызу дәстүрі көпке дейін сақталды. Тайпа одақтарының дәуірін қамти отырып, ол ерте орта ғасырға дейін (VIII-X ғғ.) сақталды. Феодализация және идеологиялық құрылымның өзгеруі кезеңінде ежелгі құрылыс дәстүрлерінің орнына жаңалары келеді, тамдардың сәулет түрлері өзгереді. Тас тамдармен бірге саз балшықтан, шикі және күйдірілмеген кірпіштен жасалған тамдар пайда болады.

II Бөлім. ЕРТЕ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ КӨШПЕНДІЛЕР ДӘУІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІ.

Қола дәуірінің соңында (б.з.б. VIII-VII ғғ.) Қазақстанның ежелгі малшылары мал басының өсуіне байланысты біртіндеп отырықшылықтан жайылымдық мал шаруашылығына және көшпелі өмірге ауысады. Осыдан дала кеңістігін игеру басталады.

Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтары арасындағы жыл сайынғы көшіп-қону климаттық жағдайға байланысты болды. Сырдария жағасынан және Қаратау тау алдынан солтүстікке, Сарысу және Есіл өзендерінің айдындарынан бассейндеріне өтетін меридиандық бағыттағы көшпелі жол көп жылдарға дәстүрлі болды.

Мал басының есуіне байланысты қауым ішінде ежелгі рулық ұйымының негіздерін бұзған мүліктік теңсіздік және әлеуметтік антагонизм үрдістері күшейе түсті. Тайпа ақсүйектері жайылымдықтарға иелік етіп, малдарды тартып алуға тырысты, ол тайпа арасындағы дау-дамайға әкелді. Сонымен қатар ұжымдық өндіріс қағидаларына негізделген үй-жайларда және қоныстарда алғашқы экономиканың бітімдері сақталған.

Көшпелі өмір салты төрт доңғалақты арба үстіндегі үй-жайдың пайда болуына себеп болды. Арба үстіндегі үй-жай түрі қола дәуірінің соңында пайда болып, ежелгі көшпенділер даласында кең тарала бастады және Батыс Қазақстан, Арал өңірі аудандарында, Маңғыстаудағы оғыздарда және Астрахань облысындағы ноғайларда XIX ғасырдың соңына дейін болған. Ат жегілген күймелі арба көрінісін қарасу стеласынан19 және белгілі қырым «Анфистериясынан» 20 байқауға болады.

Далалықтардың көшпелі өмір салты жеңіл жығылатын үй-жай түрі - киіз үйдің туындауына негіз болды.

Киіз үй ағаштан шабылып жасалатын және саз балшықты жер үсті үй-жайларынан кейін пайда болды. Шошала — оның түптұлғасы болып табылады. Киіз үй б.з.б VII-VI ғғ. кеңінен тарала бастайды. Киіз үйдің скифтердің, сақтардың, ғұндардың және көшпелі мал шаруашылығы басты шаруашылық түрі болған басқа халықтардың үй-жайы болғандығын антика қайнарларынан белгілі. Қытай саяхатшыларының сипаттауынша, үйсін қожайындары жазғы уақытта «киізбен жабылған домалақ лашықтарда» тұрған.

Орта ғасырларда Плано Карпини киіз үйді былай суреттейді: «Ставки у них круглые, изготовленные наподобие палатки и сделанные из прутьев и тонких палок. Наверху же в середине ставки имеется круглое окно, откуда попадает свет, а также для выхода дыма, потому-что в середине у них всегда раз-веден огонь. Стены же и крыша покрыты войлоком, двери сде-ланы также из войлока,... некоторые быстро разбираются и пе-реносятся на вьючных животных, другие не могут разбираться и перевозятся на повозках» 21 . Осындай үй-жайларды тасымалдау үшін олардың өлшемі мен жолдың алыстығына байланысты бірден беске дейін бұқалар жегілген.

Таптық қоғамның пайда болуы кезеңінде домалақ үй-жай — «үйтас» және тастан жасалған діни ғимарат «дің» пайда болады. Антика тарихшысы Приск Каспий теңізінен солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай мекендеген көшпенділердің домалақ тас ғимараттарын «восходяшие в высоту с известной мерой пропорции» 22 деп суреттеген. Грек географы Страбон былай жазған: «Жители гор ... возводят каменные здания, имеющие ту же круглую форму, как их юрта».

Қазақстанның мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың өмірінде түбегейлі өзгерістер (б.з.б. VII-VI ғғ.) темір құралдардың пайда болуына байланысты болды. Темірдің туындауымен, деп жазды Энгельс, «начинается эпоха железного меча, ... железного плуга и топора». Темірмен катар таспен де, қоламен де салыстыруға келмейтін мықты және өткір құралдар пайда болды.

ОҚАЭ-мен ескерткіштер тобы зерттелді, бұл ескерткіштерде кейінгі қола дәуірінің мәдени дәстүрлерімен бірге ерте темір мәдениетінің қалыптаса бастауына дәлел болатын бітістер пайда болады. Айдарлы (Атасу өзенінде), Бұғылы II (Құсмұрын), Кент (Қарқаралы таулары), Былқылдақ I топтарынан, Тағыбай-бұлақ (Баянауыл ауданы), Суық-бұлақ (Қарқаралы III) және т.б. қоныстарынан жерлеу құрылыстарының және керамика бұйымдарының қарапайым түрін көре аламыз. Осы ескерткіштерден табылған еңбек құралдары кейінгі қола дәуіріне тән емес, олар ерте темір мәдениетіне ауысу кезеңіндегі дала қоғамында болған күрделі өзгерістерді бейнелейді.

Бұл дәуірде негізгі қозғалыс көзі ретінде атты үйрету қарқынды дамыды, бұқа мен түйе жегу көлігі ретінде пайдаланылды. Жалпы осының барлығы көршілес тайпалардың арасында мәдени-экономикалық қарым-қатынастың туындауына, сауданың өсуіне, тәжірибенің алмасуына алып келді, қолөнердің дамуы ынталандырылды. Қауымның іс-әрекет шеңберінің ұлғаюымен олардың тайпалық одақтарға бірігу шарты пайда болды.

Еңбек бөлінісі туындаған уақытта көшпелі қоғамның болмысын қамтамасыз етуге арналған алғашқы қоныстар мен салалық шаруашылық пайда болды. Г.В. Григорьев былай деген: «Чистых кочевников не бывает, в той или иной мере всякие кочевые народы знают земледелие, обеспечивающее им растительную пищу. Как показали исследования сакских городищ, ... существовало известное разделение труда: часть населения кочевала, а другая оставалась на месте» 23 . Ежелгі малшылардың шаруашылық өмірінде қалалардың орны туралы С.П. Толстов айтқан: «Анализ истории ... центрально-азиатских государств с гегемонией кочевников показывает, что связь северных ставок кочевых царей с городами юга является одной из важнейших препосылок самого существования центрально-азиатских кочевых империй» 22 . «Вслед за потерей городов, через более или менее продолжительный срок наступает политический распад кочевых царств» 25 .

Қазақстан аумағында алғашқы ірі бірлестік - Сырдарияның төменгі ағысынан Жетісуға дейінгі кеңістікті мекендеген сақ тайпаларының одағы (б.з.б. VII-III ғғ.) болды. Арал өңірі мен Каспии маңы даласын мекендеген даилар мен каспиилықтар, Жетісуда және Балқаш көлі жағасындағы мекендеген исседондар сақ тайпаларының құрамына енді. Сақ тайпаларының экономикалық негізін көшпелі мал шаруашылығы кұрады. Сақтар дәуірінде (б.з.б. VI-IV ғғ.) Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Сырдария, Талас және Шу өзен айдындарында су бөгеттері мен суару каналдарының кең желісі бар ирригациялық жүйеге негізделген суармалы жер шаруашылығы дами бастайды.

Геродот бойынша Орталық, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның далаларын аргиппей, аримаспа тайпалары қоныстаған, олардың бірін антика тарихшылары «гриф алтындарын күзетушілер» 26 деп атаған. Осы тайпаларда да сақтар сияқты негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Тұрғындардың көбісі тайпа қажеттіліктерімен қатар, айырбас үшін кен шығарумен, алтын, мыс және басқа да металлдарды іздеумен айналысқан. «От грифов, через исседонов греки получали золото», — деп Геродот айтқан (б.з.б. V ғғ.).

Дала мекендеушілерінде шаруашылықтың қосалқы саласы ретінде егіншілікпен, дәнді дақылдар өсірумен, соның ішінде тары өсірумен айналысты. Көшпелі малшылардың осы ерекшелігі жөнінде Ф.Энгельс былай жазды: «В климатических условиях Туранского плоскогорья невозможна пастушеская жизнь без запасов корма на долгую и суровую зиму; луговодство и куль-тура зерновых хлебов были здесь необходимым условием» 27 .

Жаңа экономикалық шарттар ежелгі рулық қауымның салтын бұзып, қоғамның кедейлер мен байларға бөлінуіне негіз болды. Анағұрлым анық бұл құбылыс кейін сақтардың (б.з.б. IV ғғ.), үйсіндер мен қаңлылардың ортасында байқалады. Көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы егіншілік кедейлердің еңбегін пайдалану арқылы жүзеге асты.

Сырдария, Талас және Шу өзен айдындары қала мәдениетінің бесігі болған. Қалалардың пайда болуы сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың, қыпшақтардың тарихымен байланысты. Тайпалық одақтар пайда болған заманда (б.з.б. V-III ғғ.) Сырдария, Ангрен, Шыршық, Келес өзендерінің аңғарларында алғашқы қоныстар мен қалалар — тайпалық одақтардың орталықтары пайда болады, онда әскери, саяси және аймақтық мәселелерді шешу үшін ру-тайпаның басшылары жиналған.

Сырдариядағы қоныстар туралы алғашқы мәліметтер Алексендр Македонскийдің сақтар еліне шабуыл жасау кезіне тиісті (б.з.б. IV ғғ.). Македонскийдің әскери жорықтары туралы жазған тарихшы Арриан былай деді: «восстали жители сакских городов, расположенных на берегу Яксарта [Сырдария]» 28 . Ал Диадор (б.з.б. I ғ.): «царица саков Зарина ... построила много городов» 29 .

Сырдарияның орта және төменгі ағысына саз балшықтан соғылған ғимараттар тән. Қоныстардың жанында дуалдар тұрғызылып, тереңдігі 2-3 метрге дейін жететін op қазылған. Қақпасы оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қараған. Ежелгі үй-жайлардың жоспары патриархалды-рулық қауымның ежелгі бітімдерге негізделген. Саз балшықтан соғылған үй-жайлар ұзын, тар дәліз ретінде салынған және жабынмен жабу ыңғайлы болған. Ортақ ошақ үй-жайдың ортасында орналасқан, одан шығатын түтін күмбезді жабынның саңылауынан шыққан және осы саңылаудан ішке жарық түскен. Ошақтың маңында отбасы мүшелеріне арналған жантайма төсектер болган 30 .

Кейін, феодалдық қоғамның қалыптасуы барысында таптық бөлінудің күшеюімен бірге қамал қабырғаларының ішінен екінші қорым - цитадель салу қажеттілігі пайда болды, олар тайпа басшысының және ақсүйектерінің қауіпсіздігі үшін жасалынды. Феодалдық билік нығайған сайын қалалардың жанында фортификациялық мұнаралары бар қабырғалар салына бастады.

Малшы-сақтардың қотандары әдетте төмпешіктермен қоршалған терең сайларда, тау өзендерінің аңғарларында орналасты. Қыстаулардың осылайша орналасуы климаттық және табиғи шарттарға және жайылымдарды маусымдық пайдалануға байланысты болды. Жартылай көшпелі сақтардың қотандарының қалдықтары Қаратау, Іле-Алатау тауларының алдында, Жетісуда сақталған. Осы жерлерден сақтардың отырықшылық мәдениеті табылды.

Малшылар шаруашылықтарына байланысты киіз үйлерді топтап (ауыл) орналастыру әдісін қолданған, әдетте мал сиятын жердің маңында орналасқан. Қазақша ол «қотан», ал монғолша - күрең деп аталған. Екі термин бір мағынаны білдіреді - малды қорғау, сақтау. Түнгі уақытта киіз үйлердің арасында арбалар қойылған немесе арқан керілген, яғни малды жыртқыш аңдар мен бөтен адамдардан қорғау қажет болды. Анағұрлым байырғы заманда көшпелі қостың құрылымы ерте орта ғасырда бекіген сырдариялық, қаратаулық және басқа қоныстар мен қалалардың құрылыс кезінде феодалдардың қыстауларынан бастау алды.

Археологиялық мәліметтер бойынша б.з.б. V ғғ. сақтарда шикі кірпіш пайда болған. Мықтылық беру үшін шикі кірпішке сабан, аттың қылын, жүн, қиыршық тас қосқан.  Кірпіштің пішіні мен өлшемі қытайлық және ирандық кірпіштерден айырмашылығы болған.

Сақтардың үй-жайлары туралы Квинт Курций былай деді: «Они строят лачуги из сырцового кирпича и так как земля бедна материалами, то [лепя] их на голом склоне горы пользуются тем же кирпичом до верхушки здания, где они оставляют отверствие для света»31. Квинт Курцийдің бұл хабарламасы - құрылыс кезінде ағаш материалы қолданылмай салынған сол кездегі үй-жайлар жөніндегі жалғыз ғана қайнар көз.

Төбе - ежелгі қала орны түріндегі сақ қоныстарының қалдықтары Сырдарияның жағасында және оның ағысында орналасқан. Келес өзенінің аңғарында Жартөбе, Қаратөбе орналасқан, Арыс өзенінің аңғарында - Жуантөбе, Майбалық, Қосқоңыр, Талас өзенінде Жұмабайтөбе, Талас-Алатау етегінде Құлан ежелгі қала орны орналасқан. Осы қоныстарда саз балшықтан және жоспары домалақ, сопақша келген, көбінесе анық бітімі жоқ ірі шикі кірпіштен тұрғызылған құрылыстар болған. Аталған ежелгі қала орындарын қазу кезінде осы қоныстардың тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқандығын дәлелдейтін көптеген үй жануарларының сүйектері және жер игеру құралдарының қалдықтары табылды 32 .

Отырар оазисіндегі Қауыншы ескерткіші, Қуандарияда Жетіасардың төменгі қабаты және Сырдарияның төменгі ағысындағы Шірік-рабад ескерткіштері сақтардың отырықшы қоныстарының мәдениетін анағүрлым жарқын бейнелейді.

Профессор С.П. Толстовтың жетекшілігімен Хорезмдік КСРО ҒА экспедициясымен Жетіасар кешені зерттелді, бұл кешеннен әр кезеңдегі құрылыс ісінің ерекшеліктері байқалады. Жетіасар Жосалы теміржол станциясынан алыс емес Қуандария өзенінің ескі арнасының ауданында орналасқан. Оның төменгі қабаты - бұл ерте сақ заманының (б.з.б. 1-ші мың жылдықтың ортасы) көне-қауымдық үйлердің қабаты, жоғарғы қабаты (б.з. II-III ғғ.) кейінгі антика дәуіріне тиісті.

Жетіасар сопақша қабырғамен қапталған үлкен қауымдық үйлер тобынан тұрады. Олардың бірінен сәкісі және ортасында ошағы бар жай табылды. Жетіасар сақтардың тайпа бірлестіктері басшыларының резиденциясы болған Сырдариядағы ірі орталықтарының бірі.

Кешендегі ең ірісі Алтынасар ежелгі қаланың орны бітімі трапеция тәрізді, төрт құлап қалған төбеден құралған. С.П. Толстов бірінші төбені - «Үлкен үй» деп атаған. Үлкен қауымдық үйдің қираған орнының жоспары - шиыршықты құрайды. Мәдени қабаттарынан 16 құрылыс қабаты табылды. Ежелгі қала орнының ежелгі қабаты қатар орналасқан ұзын, тар жайлардан түрады 33 .

Отырықшы қоныстардың ішіндегі анағұрлым ірісі - Шірік-рабад. Ежелгі қала орны 1946 жылы КСРО FA Хорезм экспедициясымен Қызылорда қаласынан 300 шақырым оңтүстік-батысқа қарай Қызыл-құм шөлінен табылды. Қоныстың уақыты б.з.б. І-ші мың жылдық. Ежелгі қала орнының бітімі - сопақша. Оның ұзындығы - 850 м, ені - 600 м. Оның ауданынан ені 40 м және тереңдігі 4,5 м әр заманға тиісті орлармен қоршалған бекіту жолақтарының ізі қалған. Ежелгі қала орнының орталық бөлігінде - цитадель орналасқан. 34.

Сақ заманында Сырдария сағасында пайда болған басқа ірі қоныс - Күйік қаласы - сақ тайпасы басшыларының бірінің қыстауы. Пішіні тік бұрышты ежелгі қала орнының бұрыштары домалақтанған саз балшықтан соғылған аласа қабырғасы бар, көлденең өзегімен батыстан шығысқа қарай бағдарланған. Қабырға негізінің қалыңдығы - 5 м, оның айналасында ені 10 метрге дейін жететін ор қазылған. Бекініс қабырғасы ежелгі Сырдария қоныстарына тән пішіні шаршы болып келетін шикі кірпіштен тұрғызылған. Қоныстың солтүстік қабырғасының тұсында өлшемі 50х50м домалақ ғимараттың құлаған төбенің ізі қалған.

Отырықшы қоныстардан алыс емес жерде көбінесе үлкен оба үймелері түріндегі бейіттер табылды. Сақтардың анағұрлым ежелгі құлпытастарында қола дәуірі мәдениетінің құрылыс бітімдері болған. Бұл тас қаламалардың пішіні - шеңбер болған, ортасында жалпақ тақталармен жабылған үлкен тас жәшік (дольмен) болған.

Антика авторлары сақтардың арасынан батпақ пен көлдерге толы Арал өңірінде, Сырдария сагасында өмір сүрген массагет тайпаларын бөліп көрсетеді. Олардың бекітілген қоныстары кеңес ғылымына «батпақты ежелгі қала орны» ретінде белгілі. Мекендеушілерінің негізгі тіршілік көзі — мал шаруашылығы, егіншілік және балық аулау болған. С.П. Толстов былай деген: «История «болотных городищ» завершается в Х-ХІ вв., когда их обитателями стали тюркские племена, выступающие в источниках под именем огузов». 35.

Талас өзенінің жоғарғы бойында және Орталық Қазақстанда аршылған үңгірлері бар обалар бұл жерлерде оңтүстік және солтүстік облыстары арасында маусымдық көшпелі күй кешкен ғұндардың орны болғандығын дәлелдейді. Ғұн обалары Ұлытаудан, Торғай және Терісаққан өзендерінің жоғарғы бойынан шығысқа қарай Қарқаралы және Шыңғыстау тауларына қарай созылған таулы және өзен аңғарларын алып жатыр. Мүрделердің бас сүйегінің бұзылуы ғұн жерлеу орындарының ерекшеліктері болып табылады 36 . Ғұн тайпаларының орналасуына қарасақ ғұндардың көшу жолы қаңлы иелігінің аймақ шекарасынан шығысқа қарай өрбіген және Талас аңғарынан меридиан бойынша солтүстікке қарай, Сарысу, Есіл өзендерінің айдындарына және Қарқаралы даласына өткен.

Көне заманда Жетісу қалаларының құрылысына ғұндардың билеушісі Мөденің (б.з.б. 209-174 жж.) қосқан үлесі зор болды. Мөденің Орта Азияның көптеген тайпаларын біріктіріп, Қытайға қарсы шыққаны қытай деректемелерінен белгілі. Мөде заманында шығыс пен батыс арасында керуен жолы салынды. Мөденің ұрпақтары Түрік қағанатының билеушілері болды. Мөдеден кейін бұл қалалардың құрылысына Оғыз хан көп үлес қосты. Мөде сияқты, Оғыз хан да Орта Азияның көптеген тайпаларын біріктірді 37 . Оның әскері ұйғырлардан, қаңлылардан, қыпшақтардан, қарлұқтардан, қалаштар мен ағашерлерден (орман тайпасы) құралды. Кейінірек оларға керейіттер, наймандар (сағыз), онғұттар (уақ), қырғыздар, бекрендер, танғұттар, дулаттар, қоңыраттар қосылды 38 . Оғыз-ханның резиденциясы — Талас қаласы болды, ал жайлау Орталық Қазақстанда Ортау және Кертау тауларында орналасты 39 .

Жаңа дәуірге дейінгі бірінші ғасырда ғұндардың басшысы Шижы қалалар құрылысын бастады. Сыма Цянь, Де Грот және Е.Шаван Шижыдың Талас өзенінде салған қаласы -астана болғандығын жазған.

Тараз (Талас) «жарыс» деген мағынаны беретін «Чангу» ат ойындарына арналған тас қорымы бар алаңда салынды. Осыдан бүл қаланың «Талас» деген атауы шығады. Тас қорымдары бар осындай аландар ежелгі ғұндардың дәстүрінде болған.

Тараз (Талас) қаласы үйіндімен жабылып қалғаны қытай жазбаларынан белгілі, оның ішінде киіз үйлер орналасқан 40 .

Шижы дәуіріне Тараз қаласынан 45 шақырым шығысқа қарай орналасқан Шөлтөбе бекінісінің құрылысы жатады. Шөлтөбе бекінісінің жоспары бүйір жақтарының өлшемдері 80x100 м шаршы болатын төрт бұрыш пішінді. Бекіністің айналасында қалыңдығы 1,3 м жететін мықты қабырға болған. Шөлтөбе бекінісінің ерекшілігі, жабыны болған дәліздердің периметрі тар. Сыртқы қабырғада атысу орны белгілі бір ретпен орналасқан. Бекініс қабырғаларының өлшемі 45x35x25x9 см болатын трапеция тәрізді пішіні бар үлкен шикі кірпіштен тұрғызылған. Дәлізі бар бекіністің ішкі қабырғасында диаметрі 80 м, бұрыштарының пішіні жартылай домалақ мұнарасы бар жоспары төрт бұрыш бекініс тұрғызылған.

Тараз қаласынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде ғұн заманына тиісті Қызыл-Қайнар қамалының ескі жұрты орналасқан. Бекіністің пішіні төрт бұрыш, қабырғалары өлшемі 45x35x25x8 см пішіні трапеция болатын шикі кірпіштен жасалған, олардың бойында бір-бірінен бірдей қашықтықта ату орындары орналасқан (әр бір қабырғада ~ 20). Шөлтөбедегі секілді қабырға бойымен тар дәліздер өтеді. Қамалдың ішінде, оның оңтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 4,5 м-ге дейін жететін құрылыс болған. Оның екі төменгі қатары тік орналастырылған пахсадан жасалған, ал үшіншісі - кертіктерді жасай отырып, шикі кірпіштен жасалған. Жоғарғы қатардың биіктігі ~ 1,6 м. Киіз үйдің шаңырағы тәрізді күмбездің биіктігі 3 м, ол қола дәуірінен бастау алатын сатылы қалау әдісімен шикі кірпіштен тұрғызылған және сабан қосылған саз балшықпен сыланған. Шөлтөбе және Қызыл-Қайнар қамалдары б.з.б. I ғасырда қытайлардың Талас қаласын күйреткенге дейін пайда болған.

Талас Алатауының солтүстік баурайында, 45 шақырым Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай, Талас өзенінің оң жағасында ежелгі - Түймекент ескі жұрты бар. Ежелгі қамалдың жоспары бүйір жақтарының өлшемі 375 м, төрт бұрыш. Қамалдың жанында ірі (45x35x12 см) шикі кірпіштерден тұрғызылған кең, терең емес ор болған. Сақталып қалған қабырға үймесінің биіктігі 20-дан 35 м-ге дейін жетеді. Төрт бұрыш алаңның төрт жағында бұрыштары төрт жаққа қараған, басқа төбелерден анағұрлым биік - күзет мұнараларының қалдықтары орналасқан. Мұнаралардың барлығы - 24.

Ежелгі Қызыл-Қайнар және Шөлтөбе қамалдарының шекарасында қою қызыл құмдақ кесектерінен тұрғызылған, өзінің сәулеттігімен таң қалдыратын, салынып аяқталмаған Ақыртас (б.з.б. I ғ.) бекінісінің қалдықтары бар. Түймекентпен көршілес орналасқан Ақыртастың тарихын аңыз байланыстырады. .

Ақыртастың жоспары төрт бұрыш, бүйір жақтарының өлшемі 185 және 205 м. Ежелгі қала орнының ауданы ~ 4 га. Кең ішкі аула шоғырланған қорыммен қоршалған. Ауланың оңтүстік бөлігінде қожайынның бекінісі орналасқан, ал ауланың ортасы оның сарбаздарына тиісті болған, дәл осы жерде су айдыны болған. Ауланың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде ішкі аулалары мен өтпелері қосарлана салынған тұрғын жайлары болған. 41.

Ең биік мұнара және негізгі қақпа оңтүстік-шығыс бөлікте орналасқан, солтүстік-шығыс жағындағы қақпа қосымша қабырғалармен қорғалған. Қамалдың ішінде үй-жай құрылысының ізі көрінбейді, мұнда көшпелі өмірмен байланысты киіз үйлер, арбалар және шаруашылық заттары болуы мүмкін. Зәулім Ақыртас ежелгі сәулеттің көрнекті құрылысы.

Атақты қала құрылысшы және қолбасшы Тон-Алып (иран аңыздарында Афрасиаб), сақтар мен ғұндардың батырлық дәстүрлерін сақтаушы Арал теңізінің жағалауын мекендеген ғұндардың абдал (абделдер, эфталиттер) тайпасынан шыққан. Абдалы - ақ ғұндар, олар юечжийлерге тікелей қатысты.

Афрасиаб (Алып-Тон) біздің заманымыздың бірінші ғасырдың ортасында өмір сүрген. Афрасиаб анасы жағынан печенегтерден таралғаны иран деректемелерінен белгілі. Ол Әмудариядан Дешті-Қыпшақтың солтүстік шекарасына дейін созылып жатқан үлкен елдің билеушісі болған. Алып-Тон Шу өзенінің аңғарын езінің туған жері деп есептеген. Алып-Тон ел басқарған кезде 40 жыл бойы халық жақсы тұрған.

«Сауран хикаяларына» енген Афрасиаб туралы аңызды Сауран қаласында Закария Казвини жазып алған. Казвини иран әскерінің Афрасиабқа шапқанын, Сайрам және Қаратау қалалары арқылы Ташкенттен Қорғалжын көліне және Жезқазған қаласына дейін барған жолында қудаланғанын суреттейді. Махмуд Қашғаримен жазылған аңыз бойынша Алып-Тон — белгілі қолбасшы және зерек билеуші болған. Махмуд Қашқари оны «Аюн бек» — «Күн құдайы» деп атайды. Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде және наймандардың эпостық аңыздарында Алып-Тон жайлы айтылады.

Алып-Тонның дәуірінде қалалар Сырдарияда, Арал және Каспий теңіз жағалауларында, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында, Ыстық көл жағасында салынған. Олардың көбісі иран әскерімен бұзылған.

Ыстық-көлдің жағасында Алып-Тон баласы Барысханның құрметіне Барысхан қаласын тұрғызды. Осы қалада қарлұқтардан шыққан Махмуд Қашқари дүние келген. Гардизидің пайымдауынша, Барысханда қыш құмыра ісінің және құрылыс ісінің шеберлері, балташылар және ұсталар көп болған.

Алып-Тон қайтыс болған соң әкесінің ісін балалары - Алып-Тегін, Құтты-Тегін, Күш-Тегін, Барысхан және қызы Қаз жалғастырған. Олар Жетісу қалаларында және Шу алқабында басшылық еткен.

Алып-тонның қызы - Қаз өте дарынды болған. Ол балалық шағын аңшылықпен және ат ойындарымен шұғылданып Арал теңізінің жағасында өткізген. Қаздың ең сүйікті орны -Балқаш көлі - «Қаз суы» болған. Махмуд Қашқаридің айтуынша Қаз құралай атумен айналысты, көп уақытын Балқаштың солтүстік жағалауында өткізген. Осы жерде Қаз деп аталатын қамал салынған. Фортификациялық ғимараттары бар Қаз қамалының үйіндісі Мойынты өзенінің аңғарында болуы мүмкін. Ол орыс геодезисті Нифантьевпен зерттелді және суреттелді. Балқаштың жағасында Алып-Тонның ұрпақтарымен «Қаз-қаласы», «Құм- шаһар», «Жарық-шаһар», «Бармен» қалалары тұрғызылды.

Б.з.б. ІП ғасырда сақ конфедерациясынан эконикалық қатынастан алып қарағанда анағұрлым мықты тайпалар үйсіндер мен қангюйлер (қаңлылар) бөлініп шығады. Үйсіндердің ежелгі мәдени іздері Жетісуға және Іле Алатауының етегінде кездеседі, қангюйлер - Қаратау аудандарымен шекаралас Сырдария және Талас өзендерінің аңғарларында кездеседі. Үйсіндер мен қангюйлердің шаруашылық өмірінде мал шаруашылығы егіншілікпен қатар жүрді. Олар қой, жылқы және ірі қара, түйелер мен қодастарды өсірді, олар жүк тиейтін көлік ретінде пайдаланылды.

Тарихи топография үйсіндер мен қангюйлерде қоныстардың үш типі болғандығын дәлелдейді:

1.Үйсіндердің ірі қотандары - тау өзендерінің аңғарларында және тау етегінде орналасқан тұрғылықты құрылыстары бар қыстаулар мен қыстақтар. Олардың мекендеушілері жартылай отырықшы өмір сүрген, жаз мезгілін табындарымен бірге биік тау алқабындағы көгалдарда өткізіп, күз кезінде қыстауларына қайта оралған.

Үйсіндер қотандарының іздері Іле-Алатау етегінен табылды - Алматыдан, Талғардан, Шіліктен, Түргеннен, Ыстықтан, Қарғалыдан, Ақсайдан, Қаскелеңнен, Іле өзенінің алқабынан, Ыстық-көл жағасынан, Талас Алатауының етегінен (Мерке, Құлан) және Шу өзенінің (Ақыртөбе) аңғарынан табылды.

2.Қоныстардың екінші типіне - көбінесе бекінісі жоқ қоныстарды құрайтын қангюйлердің қыстақтары орналасқан жерлер. Бұл тұрғындары мал шаруашылығымен қатар суармалы егіншілікпен және бағбаншылықпен айналысқан отырықшы егіншілік қоныстары. Олар Сырдарияның оң жағасынан, Ташкент қаласынан оңтүстікке қарай, Арыс, Талас, Шу өзендерінің аңғарларынан, сондай-ақ Қаратау тау алдынан табылды.

Қоныстардың мәдени қабаттары әдетте отырықшы өмір салтына тән егіншілік құралдарына және керамикаға толы.

3. Үшінші тип - бұл тайпалық одақтардың қурылуы кезінде туындаған бекітілген қоныстар мен қалалар.

Сырдариядағы қангюйлердің Қаңқа және Битянь қалалары, Жетісудегі үйсіндердің Чигу қаласы қытай жазбаларынан белгілі болды. Бұл қалалар тайпалық одақтардың орталықтары болған.

Қангюй және оғыздан кейінгі ескерткіштер Сырдария және Сарысу өзендерінің төменгі бойынан Ырғыз және Торғай далаларына дейін таралған. Қаңқа қаласы — Орта Азиядағы ежелгі қоныстарының бірі, Қангюй мемлекетінің сауда және саяси орталығы. Ол жайлы естеліктерді біз санкриттік жазба ескерткіштерінен, «Авеста» хикаясынан және Фирдоусидің «Шах-намесінен» білеміз. Қаңқа иран әскерімен қуғындалған Афрасиабтың соңғы паналаған жері.

Баяғы кезде «қаң», «қаңқа» сөздері — биік арба сөзін білдірген. Көшпелі өмір шартында пайда болған алғашқы жартылай отырықшы қоныстармен байланысты туындаған қаңқаның тарихы біз үшін өте қызықты. Қаң, қаңқа сөздерінен биік арбаларда тұратын адамдар — «қаңлы» деп аталатын тайпа шықты. 43 Қытай деректерінде «қангюй» [қаңлы] -Сырдарияны және оның шекаралас аудандарын мекендеген тайпалардың бірі. Ұзақ уақыт тұрақтаған кезде арбалар қатары жартылай отырықшы қоныстарға ұқсаған. Бәлкім, ежелгі «Қаңқа» қаласының атауы тоқтап тұрған арбалар қатары дегенді білдірген болар. Жаппалы арбалардан құралған қоныстардың болғандығын Нұра өзеніндегі - Тоғанастың тоқсан екі күймесі, Обаған және Орал өзеніндегі - Қырық арба деген жер атаулары айтып тұр. «Қырық арба» қонысы туралы аңыз Саратов көпесі Я.П. Жарковпен жазылып алынды. Онда алғашқы құрылысшылар және Орал өзеніндегі қамалдың алғашқы қоныстанушылары қырық арбамен келгені жазылған. 44 Бұл Қазақстан аумағындағы кейбір ежелгі қоныстардың атаулары жабық арбалардан атау алғандығын растайтын дәлел.

Ермакпен соғыста жеңіліс тапқан Кушім ханның қонысы Павлодар облысы Ертіс ауданының Черноярканың маңында арбалармен қоршалғаны XVI ғасырдағы орыс мұрағат құжаттарынан белгілі. Царь Федор Иоановичтің грамотасында (1595 жылы) «царь Кучум стоит вверх по Иртышу меж двух речек, одернувшихся телегами», — деп жазылған. 39.

Қаңқа қаласының құлаған бөліктері Ангрен өзеніне құятын Қарасу өзенінің сол жақ биік жағасында орналасқан. Ежелгі қаланың орны ұлан-байтақ жерді алып жатыр, бұл ерте кезде қаланың экономикалық және мәдени маңызы болғандығын дәлелдейді.

Сырдариядағы Битянь қаласы жөнінде былай айтылады: «кангюйский владетель пребывание имеет в стране Лоюени, в городе Битянь... От Лоюени семь дней пути до летнего владетелева местопребывания». 46 Осы дерек көздеріне сүйенсек, Битянь қаласы ежелгі Ферғананың [Үзген] бас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 1510 ли (шамамен 755 км) орналасқан.

Үйсіндер арасында байлар мен кедейлерге бөліну үрдісі қарқынды жүрді. Сол кездегі қытай жылнамаларында бай үйсіндерде бес мыңға дейін жететін жылқылары болғандығы жазылған. Бір отбасының бай болуы рулық ұйымның бөлінуін жылдамдатты. Билік басшылық ететін гуньмосы бар бөлініп кеткен ақсүйектің қолында болды, мұрагерлік құқығы орнықты. Үйсін билеушісі гуньмо және тайпа ақсүйегі бұрын бәріне ортақ болған ең жақсы жайылымдарды - «корукты» өздеріне алып алған. Патриархалдық-үй құлдығы кең тарай бастайды.

Үйсіндердің қысқы қотандары таулардың, тау алдарында, көлдер мен өзендердің жағасында орналасқан. Үйсіндер Қытаймен жақсы сауда қарым-қатынас жасаған, малды олар жібекке, көркемөнер бұйымдарына, күрішке айырбастады. Қытаймен және басқа көршілес елдермен айырбастың өсуі тәжірибенің көбейіп, қолөнердің дамуына ықпал етті.

Қытай деректеріне сүйенсек үйсін гуньмолары қамалдары, үйінді дуалы және орлары бар бекіністі құрайтын ордаларда тұрған. Бұл жерге кеңес құру үшін тайпа басшылары келген, осы жерде көршілес елдердің елшілерін қабылдаған. Үйсін билеушісінің оңтүстік ордасы -Чигу қаласы, ал солтүстік - Канграс қаласы болған.

Чигу қаласында ұзақ өмір сүрген қытай саяхатшысы Чжан Цзянның жазбаларында үйсін билеушісі Қашғар қаласы Ақсудан 610 ли солтүстік-батысқа қарай және ежегі Фергананың бас қаласынан 2000 ли солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Чигу қаласында болғандығы айтылады. Бичурин бойынша Чигу Тэмурту-норадан [Ыстық-көл] солтүстік-шығысқа қарай және Кучиден солтүстік-батысқа қарай, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан. 47 Үйсін гуньмосының бұйрығымен Чигу қаласында сарай салынғаны қытай деректерінен белгілі. Бұл ғимараттың ізі сақталмаған. Қала б.з. V ғасырдың ортасында жужаньдармен қиратылды, үйсін басшысы Луковые тауына [Памир] қашады. 48 Осы қайнар көздерінен Тэмурту-нора [Ыстық-көл] көлінің маңында Гуньюе 49 қаласы болғандығы және Іле өзені мен Тэмурту-нора көлінің арасындағы Жоңғар қақпасында -Хынлос қаласы болғаны белгілі. 50.

Қаратау тау алдында, Талас және Шу өзендерінің аңғарларында, Жетісуда саз балшық тамдары Сырдариядан қарағанда б.з.б. II ғасырда кешірек пайда болған. Осы уақытқа дейін құрылыс материалы ретінде тас, ағаш, қамыс, ши қолданылған.

Бейіттерді тұрғызу кезінде үйсіндер тянь-шань шыршасын пайдаланған, ал қамыс пен шиді байланыстырушы материал ретінде қолданған. Ежелгі үйсіндік бейіттер ұсақ тастармен көмкерілген, ал шатыр үшін жуын шырша бөренелері қолданылған, үстінен қамыспен жабылған.51 Үйсін обаларын қазу кезінде сылақ табылды.

Біздің заманымызға дейін жеткен оба үймесінің астында жатқан ағаштан жасалған жалғыз ғана сәулет ескерткіші - Қ.А. Ақышевпен ашылған және зерттелген Іле өзенінің аңғарында, Алматы қаласынан 80 шақырым орналасқан Бесшатыр қабірі (б.з.б. IV ғғ.). Бесшатыр тянь-шань шыршаларынан тұрғызылған.

Ежелгі үйсіндердің қотан-қоныстары Алматы маңындағы елдімекеннен, Ақсайдан, Қарғалыдан, Қаскелеңнен, Талғардан және т.б. табылды.

Бұрындары қолөнермен және саудамен айналысқан ығы-жығы болған қала орталықтарының іздері Жетісуда сақталған. Иран-хазар аңыздарында, «Оғыз-намеде», қасиетті «Шу» қаласы туралы хикаяда Жетісудың табиғаты, ең биік шың — Хан-Тәңірі орналасқан Тәңір-Тау (Тянь-Шань) тауы туралы айтылады. Жетісу қалалары туралы құнды хабарлар «Муджал ат-таварих уа л-кисас» иран дерек көздерінде, аға және іні Хань династиясы қытай анналдарында, Вей династиясының жылнамаларында жазылған.

Шу [Чу] өзенінің жағасында салынған ежелгі Шу қаласы туралы көптеген аңыздар бар. Махмуд Қашқари қалдырған баға жетпес хикаяда «Шу» қаласын атақты Шу қолбасшы тұрғызғаны жазылған.52 Қала б.з.б. IV ғасырда болған, ол кезде Сайрам, Талас [Тараз], Баласағұн қалалары болмаған. Қала тұрғындары негізінен сақтар, үйсіндер, қаңлылар, қайлар [оғыздар] болған. Қалада сауда мен қолөнер дамыған.

Ежелгі заманда ескерткіштердің көп тараған түрі обалар, олар қола дәуірінің құрылыс дәстүрінен басталады.

Обалар Қазақстанның аумағында және оған шекаралас Оңтүстік Сібір, Орал, Орта Азия облыстарында кездеседі. Әсіресе Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда болған.

Оба үймелері тайпа басшыларының, ақсүйектер өкілдерінің, аты шыққан жауынгерлердің бейіттерін құрайды. Тайпа басшыларының оба-қабірлері сәулеттігімен ерекшеленеді. Кейбір обаларда ат көмілген жерлеу орындары бар.

Обалар ата-бабаға сыйынумен байланысты патриархалды-рулық шамандық идеологияның көрінісі болып табылады. Дала халқы қабірлердің үстіне топырақ немесе тас үймелер жасаған, бұл жерді адамның аяғы баспаған және жаудың тарапынан ешқандай қорлау бомаған. Қабірлер рулық аумақтың белгілері сақталған қоныстарға жақын жерлерде тұрғызылған. Анағұрлым ескі обалар б.з.б. II мың жылдықта пайда болған. (Қосымша. 2-ші кесте. «Обалар»).

1905 жылы обалар туралы кен-тау инженері И.В. Козырев жазған: «При своих многочисленных поездках я поражался обилием древних курганов, разбросанных по плащади уезда  . Особенно богата ими южная часть, начиная от левого берега р. Ишим» 53 .

Обаларды тұрғызу дәстүрі көшпелі қоғамның тұрақтану дәуірінде алып көлемдерге ие бола бастайды. «37 жауынгер» қабірі (Қарағанды облысы Шет ауданы), айналдыра салынған қоршауы бар Байыштың-Қарашоқысы, Қызылтас обалары (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы), Бесоба обасы (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) ерте скиф заманына тиісті. Қабірлер құрылысының ұқсастығы және әдет-ғұрыптардың қайталанған іздері оларды ежелгі заманнан бері Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың материалдық мәдениет заттар жатқызуға мүмкіндік береді. «Ежелгі көшпенділер» дәуіріне немесе кейбір ғалымдардың айтуынша «скиф-сармат» заманына Орталық Қазақстанның көптеген ескерткіштер тобы жатады. Осы заманда шамасы, кейін, қыпшақтар деген атаумен белгілі болатын этнос қалыптасады.

Ежелгі обалар сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың тайпалық одақтардың тарихына тиісті. «Күюші», «қыйшақтар» [қыпшақтар] оба мәдениетіне зор үлестерін қосты54. Осы халықтардың обалар мәдени етіне шынайы берілгендігі әдет-ғұрыптардың, тұрмыстың және дәстүрлердің ортақ болғандығын дәлелдейді.

Ежелгі сақтардың, ғұндардың, қаңлылардың обалары Сырдарияда, Жетісуда, Іле Алатауының солтүстік баурайының аңғарында, Орталық Қазақстанда орналасқан. Ең әйгілі сақтардың обасы 1976 жылы Қ.А. Ақышевпен ашылды, Алматы қаласынан 50 шақырым шығысқа қарай Есік обасы астынан сақ ханының жерлеу орны - сақ өнерінің заттары бар «алтын киімдегі адам» табылды. 55.

Ерте сақ заманының обалар тобы Байыштың-Қарашоқысы (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) шатқалында, Тоқырауын өзенінің жоғарғы баурайында орналасқан. Олар кейінгі қола дәуіріне тән тігінен қазылып көміліп, айналдыра салынған обаларға ұқсас, бұл әр дәуірдің мәдениеттері арасындағы сабақтастықты дәлелдейді.

Ғұндардың болған іздері - обалар тізбегі түріндегі ерте көшпенділердің жерлеу орындары Қазақстанның оңтүстігінде (Талас өзенінің аңғары) және шығысында, сол сияқты Орталық Қазақстанда (Қаракеңір өзенінің жоғарғы ағысында, Арқалық тау алдында, Қызыл-Арай таулары және т.б.) байқалады.

Үңгірлер — ғұн обаларының ерекшелігін қурайды. Талас өзенінің жоғарғы баурайында және Орталық Қазақстанда табылған үңгірлер оңтүстік және солтүстік облыстар арасын мекендеген гундардың болғандығын дәлелдейді. Ғұндардың обалары тау және өзен аңғарларында орналасқан, Ұлытаудан, Торғай және Терісаққан өзендерінің жоғарғы ағысынан шығысқа қарай Қарқаралы және Шыңғыс тауларына дейін таралған. Ғұндардың жерлеу орындарының ерекшелігі — жерлегендердің бас сүйектері зақымданған болады.

Қарағанды облысы Шет ауданының Беғазы тауларынан беғазылық кесенелер кешенінен батысқа қарай үңгірлері бар ғұн обалары қазылды. Пішіні жарты сфера обалар ірі тас сынықтарынан тұрғызылған. Обаның диаметрі - 8 м, биіктігі - 0,9 м. Обадан 3 шақырым оңтүстік-батысқа қарай өңделмеген, биіктігі 1,2 м сүр түсті граниттен жасалған тас бағана түр. Обаның астынан зақымдалған бас сүйегі жақсы сақталған орта жастағы әйелдің қаңқасы табылды.  Осы сияқты зақымдалған бас сүйектер Талас өзенінің аңғарындағы үңгірлері бар обаларды қазу кезінде А.Н. Бернштаммен табылды. Ал біз Ұлытау ауданындағы Қаракеңір өзенінің жоғарғы баурайында орналасқан обадан кездестік. Осы бас сүйектердің барлығы артқа қарай еңіс шошақ пішін тән. Бұл бала кезінен үшкір шлемдерді киюдің салдары. А.Н. Бернштам үңгірден кеңкөлдің 6-шы обасынан бас сүйегі әдейі зақымданған баланың бейітін анықтады.57 Антрополог Е.В. Жиров осы дәуірде бас сүйекті жасанды түрде зақымдау әдісі болғандығын растайды.

Үйсіндер мен қаңлылардың тайпа ақсүйектерінің өкілдері үшін обалар тастардан шоғырлана салынып, меридиан өзегі бойынша бөлініп (Іле өзені аңғарындағы Қарашоқы және Қаратау тауындағы Бекқара обалары) салынған. Обаның ортасында қорыммен қоршалған жерлеу камералары болған.

Көрсетілген оба кешендерінде кеңістікті композициялық игеру, көзбен қабылданатын алыптылығына сай оны құрылымдық болу идеясы іске асқан. Кешендер жазық бетте орналасқан, біртұтастығын көкжиек деңгейінен жоғары тұрған тас бағаналар мен жарты сфера түріндегі обалар қатары бұзады. Құрылыстың бір бөлігінің басқалардан биік болуы олардың байланысын бұзбайды, керісінше кешенді біртұтас, біркелкі ансамбль ретінде қабылдануын күшейтеді.

Ұлытау және Арғанат обаларының көлеміне таң қалған Г.Ф. Гене: «Можно ли вообразить, чтобы горы, возвышающиеся от горизонта до 25 или более сажень, были сделаны руками человеческими для прикрытия бренного праха? Иногда на степи гладкой, как морская поверхность, показываются уединенные холмы, покрытые зеленым дерном, представляя путешественнику великолепный вид и внушая невольное почтение к покоя-щемусы праху», 58 — деген.

Григорий Иванович Спасский XIX ғасырдың ортасында шығыс ескі көздерін тайсалмас жинаушы және жанкешті энтузиаст болған. Орталық Қазақстанның ескерткіштеріне арналған «Древности Сибири» мақаласында ол үлкен оба үймелері мен тас қорымдардың тарихи-мәдени маңызын талқылайды: «Нельза без удивления смотреть на оные высокие насыпи, подобно холмам возвышающиеся над горбницами и на огромные камни из гранита, порфиры, яшмы и других пород, около их поставленные». Спасский бұл тастардың басқа алыс жерлерден әкелінгенін айтады: «ибо в окрестностных горах вовсе нет одинакового с ними свойтва камней». Спасский секілді көптеген ғалымдарды мына сұрақ мазалайды: «Удивительно, каким образом переведены были сии громады, когда (даже) при нынешних механических пособиях невозможно сего исполнить без величайших трудов?». 59.

Оба ескерткіштерінің екі түрі белгілі. Біріншісін ру ақсүйектері жанұясымен жерленген бейіттері тізбектеліп орналасқан обалар қурайды, екіншісін «сәулелі» тас обалар қурайды.

Обалар топтармен кездеседі: бес-оба, үш-оба, жалғыз-оба.

Обалар тізбегі әдетте солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан өзегі бойынша ажыратылып жарты шеңберді құрайды. Осындай композиция көшпелі ауылдың жоспарынан көрінеді.

Қазақстанның сәулет тарихында және құрылыс ісінде ежелгі көшпенділер — ғұндардың мәдениетіне тиісті «сәулелі» обалар ерекше орын алады. Ал «мұртты» обалар тек Орталық Қазақстанда, Талас өзенінің аңғарынан және Қаратау тау алдынан кездеседі. Олар әдетте тау алды жазықтықтарының үлкен аумағын иемденіп, өзгеше тастар ансамблін құраған. Бұл кешендер адам жерленген үлкен обадан және ат көмілген кіші обадан және тас «сәулелерінен» құралған.60 Олар Шыңғыс жотасынан Тобол өзенінің жоғарғы бойына дейінгі бүкіл Орталық Қазақстанға таралған. Обадан шығысқа қарай өтетін екі «сәуле» атақты жауынгердің немесе тайпа басшысының «мәңгілік үй-жайы» бар қорымды бейнелейді. (Қосымшаны қара, 3-ші кесте).

Елеулі қашықтыққа (250 м.) созылған «сәулелі» обалар - ғылым үшін өте қызықты дерек. Кейде осы обалар кешендерінде стелалар кездеседі. Орталық Қазақстанның әр бұрышынан табылған биік, тегістелген стелалар қыпшақ дәуіріне тән (VI- XIII ғғ.) тас мүсіндердің түпнұсқасы болып табылады.

Әр дәуірдің обаларын шолып өтейік.

Мойынты станциясынан 16 шақырым батысқа қарай, Арқалық тау жотасының оңтүстік баурайында ірі тас үйіндісінен құралған обалар тобы бар. Үйіндінің пішіні тік бұрыш, ол батыстан шығысқа қарай созылған. 15 обадан құралған тізбек солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр.

Үш кіші оба Кеңгір өзенінің арнасынан батысқа қарай 1,5 шақырым орналасқан.

5 обадан құралған тізбек Қараағаш таулы үстіртіндегі Аймысық тауынан солтүстік-шығысқа қарай екі шақырымдық жерде орналасқан. Жер үймесі түріндегі обалар терең орлармен қоршалған, кіре берісі шығыс жағында орналасқан. Обалардың осы тобынан өздері ірі және өлшемдері тең екеуі ерекше көрінеді. Олардың биіктігі~ 3,2 м, диаметрі ~ 16 м.

Осы обалардан алыс емес қашықтықта (~ 1,5 км), оңтүстік-шығыс бөлігінде 1905 жылы кен инженері И.В. Козыревпен әйгілі Қараағаш обасы қазылып алынды. Козыревтің суреттеуінше «курган этот имел высоту 3,5 м, диаметр - 10,5 м и был окружен рвом с перешейком с восточной стороны». 61.

Аймысық (Қараағаш) тауының биік ұштары (әсіресе батыс төбелер) тас үйінділерге толы екендігі зерттеу арқылы анықталды. Мұнда шамамен 20 шақты ірі және орташа көлемді тас обалар болады. Обалардың негізі дөңгелек, ал ұш жағы жалпайтылған немесе шашақ, биіктігі 0,5-тен 2 м-ге дейін, диаметрі 7-ден 15 м-ге дейін жеткен.

Обалар тобы «Қараағаш» колхозының аумағында Қараағаш қарағай орманының батыс жағында және Аймысық тауының солтүстік-шығыс ұшында, биік террасада орналасқан. Арасындағы бір обаның өлшемі өте үлкен. Биіктігі — 3 м, диаметрі — 18 м үлкен тас үйінді. Тас үйінділердің маңында дұрыс емес шаршы немесе көп бұрыш түріндегі ежелгі тас құрылымдарының қалдықтары табылды. Мүмкін, ол діңгілер болар.

Ескерткіштердің көп бөлігі Қараағаш қарағай орманы мен Қорғалжын көлінің арасындағы кең ойпаңнан өтетін Құлан-Өтпес өзенінің төбелі жағасында орналасқан. Ескерткіштер Құлан-Өтпес және Hұp екі өзеннің арасын ала отырып, шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай өтіп, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан ескерткіштерге ұласады. Бұл ескерткіштер негізінен бір уақытта пайда болған және ежелгі көшпенділер дәуіріне, яғни Орталық Қазақстанның ұлан-байтақ жерін көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі тайпалар қоныстанған уақытқа сай келеді.

Ескерткіштердің көп бөлігі Құлан-Өтпес өзенінің оң жағасында орналасқан, ондағы қатпарлы алқаптар кең жазықтықпен алма-кезек ауысады. Мұнда, ежелгі көшпенділер дәуірінен басталып кейінгі қазақтар дәуіріне дейін дала малшыларының қыстаулары болған, оны XVIII-XIX ғасырлардағы ежелгі бейіттердің және қазақ қыстауларының қираған бөліктерінің көп болуы дәлелдейді.

Жазық дала басталатын сол жағада жазғы уақытта көптеген қой отарлары, ал қыс кезінде жылқы табыны жайылған.

Құлан-Өтпес өзенінің аңғарында Молдабай өткелінде, Қараағаштан (Шошқа көл) Киевкаға (Нұра ауданының орталығы) өтетін үлкен даңғыл жолдың жанында жоғарғы жағы шошақ киіз үй түріндегі ашық сарғылт түсті жер обасы орналасқан. Өзінің өлшемі бойынша бұл Құлан-Өтпес өзенінің ірі обаларының бірі болып табылады (оның диаметрі 30 м, биіктігі - 3,5 м). Дегенмен, жауын-шашын әсерінен оба қатты шайылып қалған және оның бетінде ойықтар пайда болған.

Дәл осы ауданда Құлан-Өтпес өзенінің оң жағасында, Осакаров ауданында ежелгі көшпенділердің обалар тобы орналасқан. Бұл орын биік жерлерінде өлшемдері әр түрлі тас үйінділері бар төмпешіктер тізбегін қурайды. Осылайша, үлкен обалар тобы Құлан-Өтпес өзенінің оң жағасынан 2-3 шақырым шығысқа қарай және Комсомол атындағы колхоз фермасынан 3-5 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан төмпешікте үлкен обалар тобы орналасқан. Тас үйінділері түріндегі жеті обадан құралған тізбек пішіні дұрыс емес шеңберді құрай отырып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған. Батыс («құрметті») бөлігінде ең ірі обалар орналасқан (олардың арақашықтығы 3-4 м), осы тізбектен 8-10 шақырым шығысқа қарай өлшемі кішірек үш үйме орналасқан. Құлан-Өтпес өзеніндегі тізбектің жалпы сипаты жарты шеңбер немесе шеңбер түріндегі көшпелі ауылдың (қостың) жоспарын еске салады.

Қараағаш таулы үстірт ауданында және Құлан-Өтпес өзені жағасында ескерткіштердің көп болуы көшпелі мал шаруашылығы белсенді даму кезінде (б.з.б. ІІІ-І және б.з. VIII ғғ.) Орталық Қазақстанның осы аудандарында қоныстанушылардың көп болғандығын дәлелдейді, ол жайылымдықтың мол болғандығына байланысты.

Батыс және солтүстік-батыс желдері басым болып келетін Орталық Қазақстанда шаруашылық ошақтан алыс болуы үшін ру қауымының ақсүйектері көшпелі қостың батыс бөлігін иемденген. Батыстағы «құрметті» бөлікті иемденген ру ақсүйектерінің жерлеуіндегі обалар тізбегі көшпелі қостың архитектоникасын қурайды. Келтірілген мысалдар Құлан-Өтпес және Hұp екі өзен арасындағы ескерткіштердің көбісі таптарға бөліну түрі белсенді жүріп жатқан ежелгі көшпенділердің тарихына тиісті болғандығын дәлелдейді.

Өлеңті (Ерейментау тау алды) өзенінің аңғарындағы обалар тізбегі — «Бесоба» деп аталады. Ол Өлеңті өзенінің (Қорық) жайылма алқабының батыс шетінің биік террасасында орналасқан. Кішкентай оба (оның диаметрі 14,10 м, биіктігі 0,80 м) тізбектің солтүстік бөлігінде, оның сол қанатын қурай отырып орналасқан. Одан кейінгі оба № 2 -тізбектегі ірі, орта бөлігін алып отыр. Оның диаметрі - 24,20 м, биіктігі - 2,3 м. Обаның жоғарғы бөлігінен тонаушылардың болғандығын дәлелдейтін терең ұңғыма табылды. 42 м қашықтықта оңтүстікке қарай үшінші үлкен оба орналасқан - ол осы тізбекте тонаушылардан аман қалған оба. Оның диаметрі - 23,70 м, биіктігі -2,6 м. Оба № 4 - ең ірі, оның диаметрі - 25 м, биіктігі - 2,8 м, ол № 3 обасынан 24 м шақырымда оңтүстікке қарай орналасқан. Оған тонаушылардың қолы жеткен, мұны үйменің үстіндегі тереңдігі 1,20 м ұңғыма дәлелдейді. Ең оңтүстік оба - бесінші, ол тізбекті аяқтайды, одан 12 м қашықтықта № 4 оба орналасқан. Пішіні жалпиған бүл жер үйіндісінің биіктігі - 1,3 м, диаметрі -28,20м. тізбектің жалпы ұзындығы - 216 м.

Нұра және Есіл өзендерінің жайылымдарында, әсіресе олардың жоғарғы ағыстарында ежелгі көшпенділердің ескерткіштері орналасқан, ол ерте кезде жайылымдықты және көптеген көшпелі тайпалардың жиналған орны болған. «Ботақара» атауымен белгілі осы заманның ескерткіштерінің бірі Қарағанды облысы Тельман ауданы Сенокосный кентіндегі Нұра өзенінің сол жағасынан екі шақырымдық жерде орналасқан. Жер үйіндісі түріндегі обаның пішіні сопақша, ол солтүстіктен оңтүстікке созылған. Ол оңтүстік-шығыс жағынан шеттері ашық терең ормен қоршалған. Өзінің кофигурациясы бойынша оба қараағаштікіне ұқсас. Сопақшаның ұзындығы -47,7 м, ені - 41,1 м, обаның биіктігі -3,86 м. Бір шетінен екінші шетіне дейінгі ордың ұзындығы шамамен - 150 м, тереңдігі -1,60 м. Көрсетілген өлшемдер Ботақара обасы - Орталық Қазақстандағы ең ірі обалардың бірі екендігін дәлелдейді.

Үлкен тас үйінділерінің арасында колхоз фермасынан 4 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан «Сарыоба» обасы бөлек тур. Биіктігі -2,5 м, ал диаметрі - 26 м болатын тастардан құралған бұл топырақ үйіндісінің пішіні - домалақ.

Кескініне қарағанда бұл ескерткіштің салынған уақыты ежелгі көшпенділер дәуірінің соңы, жаңа эраның басы.

Кейде елеулі қашықтыққа (250 м) созылған «сәулелі» обалар - ғылым үшін өте қызықты дерек.

Құлан-Өтпес өзенінің оң жағасында, Комсомол атындағы колхоз мекенінен 5 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай және Ізенді шатқалынан 4 шақырым шығысқа қарай «сәулелі» «»ба орналасқан. Оба ұзындығы - 0,30 м, ені - 0,15 м тас блоктардан құралған. Оның биіктігі шамамен -1,5 м, диаметрі - 12 м. Обада бес қатар етіп қойылған тастардан екі айырылатын «сәулесі» (жолдары) бар, олардың ұшы кіші көлемді тас үйіндісімен аяқталады. Әр қаламаның ені шамамен 1,00 м. Оңтүстік «сәуленің» ұзындығы (батыс ұшынан кіші шығыс обаға дейінгі аралық) - 198 м, солтүстік - 200 м, шығыс ұштарының арақашықтығы - 150 м. Оба алыстан көрінеді. Осы жерде тағы екі топырақ үймесі бар, жоғарыда суреттелген обадан 20 м оңтүстік-шығысқа қарай, ал үшіншісі - одан 25 шақырым солтүстікке қарай орналасқан. Кейінірек, осы жерде «сәулелі» обаға жақын жерде орналасқан көптеген ұсақ топырақ үйінділерінің бар екендігі анықталды.

«Сәулелі» обалар Құлан-Өтпес өзенінің солтүстік бөлігінде, фермадан 2 шақырым солтүстік-батысқа қарай жерде ашылды. Олар пішіні дұрыс емес жартылай шеңбер түрінде оңтүстіктен солтүстікке қараған жазықтықта орналасқан. Тізбекте бір-бірінен арақашықтығы 15-тен 40 м-ге дейін болатын 5 тас үйінді орналасқан. Үлкен обалардың біреуі алаңның орта бөлігінде орналасқан, оның диаметрі - 14 м, биіктігі - 0,65 м. Екіншісі, анағұрлым ірісі соңғысынан 8 м батысқа қарай орналасқан, оның биіктігі - 0,70 м, диаметрі - 16,0 м. Қалған кіші обалар тізбектің оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан. Ортадағы үйінділерден ені - 0,80 м, ұштары шығысқа қараған сәуле тәрізді екі тас қалама өтеді. Солтүстік қаламаның ұзындығы 52 м, оңтүстік бөлігі - 50 м. Кіші тас үйінділермен аяқталатын шығыс ұштарының арасындағы аралық - 45 м. Соңғы үйінділердің диаметрлері - 5,4-5,5 м, биіктігі - 0,30 м.

Шет ауданының Қарасай өзені аңғарында ежелгі көшпенділер обаларының бірнеше топта орналасқан. Топ үлкен обалардан және екі жәшіктен тұрады. Обалардан «сәуле» түріндегі тас қалама өтеді. Үлкен оба алаңның батыс бөлігін, жәшіктер - шығыс бөлігін алып жа-тыр. Жәшіктердің шығыс шеттерінде бір биік стеладан тұр. Стелалардың беті тегіс, олардың жоғарғы жағы бет-әлпеті анық көрінетін адамның басы түрінде өңделген. Стелада Орхон жазбаларын еске салатын белгілер бейнеленген. Кешендердің алыптығы қоғамдағы теңсіздіктің күшеюін көрсетеді, өйткені бұл ескерткіш ақсүйектердің құрметіне тұрғызылған. Белгілеріне қарап, ескерткішті Түрік қағанатының құрамына енген қыпшақтардың тайпалық одағының қалыптасу кезіне жатқызуға болады.

Бес обасы мен стеласы бар өзгеше кешен Коунрад ауданының ортасында, Ақтоғайдан 40 шақырым солтүстікке қарай, Тоқырауын өзенінің жоғарғы баурайында Былқылдақ қойнауында орналасқан. Обалар биік террасада жарты шеңбер болып, әр алаңның ішінде орналасқан. Бұл көшпенділердің дәстүрлі құрылысы. Ескерткіштің өзгешілін тас үйме құрайды. Оның басқа үймелерден өзгешелігі мұндағы тастар белгілі бір жүйемен орналасқан. Ең үлкен обаның диаметрі - 16 м және биіктігі - 1,2 м. Одан шығысқа қарай төрт қырлы тас блоктардан салынған екі майысқан «сәуле» өтеді. Оңтүстік «сәуленің» шығыс ұшында (оның ұзындығы — 72 м) биіктігі — 2,2 м, ені - 0,6 м жақсы тегістелген стела өтеді. Дәл осындай стелалар обалардың батыс жағында орналасқан. Біз оларды жартылай қулаған күйінде тауып алдық. Олар жер бетіне тек 80-90 смге шығып тұрды. Бұл стелалар Орталық Қазақстанның бүкіл аймағында кездесетін тас мүсіндердің түпнұсқасы болып табылады.

Құлан-Өтпес өзенінің оң жағалауының биік жерлерінде, Комсомол атындағы сүт фермасынан 5-8 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай обалар тізбегі тексерілді. Тізбек батыстан шығысқа қарай созылып жатыр және өзінің батыс ұшымен Құлан-Өтпес өзенінің оң жағасының жайылма алқабына тіреледі. Өлшемі анағұрлым ірі обалар бірінен соң бірі 200-500 метр қашықтықта орналасқан тас үйінділерді құрайды. Комсомол атындағы колхоз мекенінен 6-8 шақырым шығысқа қарай солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан төбелер тізбегі орналасқан. Осы төбелердің биік жерлерінде тас үйінділер өте көп, олардың арасында алып «Қараоба» обасы ерекше көрінеді. Оның биіктігі - 2,8 м, диаметрі - 28 м. Оба гранит тақталарынан салынған және орта тұсындағы биік жері шошақ. Обалар маңында тік тақталардан тұрғызылған қорым бар. Тақталардың кейбірі адамның бет-әлпеті әлсіз көрінетін мүсін түрінде өңделген. «Қараоба» түріндегі обалар қыпшақ заманына (VI- X ғғ.) тән. Бұл обаның осы замандағы ескі ескерткіштердің қатарына жататындығы анық.

Ұлытаудың солтүстік жазықтығында обалар тобы орналасқан. Орталық обада сүр граниттен жасалынған «тас әйел» жатты. Тас мүсін кеудесі анық көрінетін, қарны үлкен және жамбасы кең жалаңаш әйелдің мүсінін бейнеледі. Бас бөлігі болған жоқ. Сақталған бөлікте ешқандай бітімдері жоқ жайпақ бет болды. Мүсін орналасқан үйменің ортасында терең тонаушылар ұңғымасы болды. Үйменің диаметрі - 25 м, оның биіктігі тексеру кезінде 0,5 м құраған. Үйменің оңтүстік-батыс жағынан тағы бір кіші үйме өтеді. Негізгі үймеден шығысқа қарай ірі жалпақ тастардан жасалған екі айрылатын «сәулелер» өтеді. «Сәулелердің» ені шамамен бір метр. Оң жақтағы «сәуле» негізгі үймеден басталып, ұзындығы 116 метрге жетеді, ал сол жақтағы үймеден 5 метр жерден басталады және оның ұзындығы-130 метр. «Сәулелер» шығыс жақ ұштарының арасы 80 метр. «Сәулелердің» арасындағы аланда бірнеше тас үймелер болған. Жергілікті тұрғындар бізге обалардың бірін қазу кезінде табылған тас мүсінді берді.

Ежелгі көшпенділерден кейінгі оба құрылысының келесі кезеңі кейінгі көшпенділермен байланысты.

ОҚАЭ-мен Төртқара күмбезінен 3 шақырым, Жанғабыл тау өзенінің жоғарғы террасасында орналасқан кейінгі көшпенділердің обалар тобы табылды. Осы өзеннің оң жағасының бойында Ұлытаудан Атбасарға қарай ескі даңғыл жол өтті, ал 8 шақырым оңтүстікке қарай — Ұлытау-Ақмешіт орналасқан. Мұнда Ұлытаудың солтүстік және солтүстік-батыс етегінде көптеген тас үймелер бар. Қазып алынған обалардың бірі құрбандыққа шалынған қой сүйектерінің ізі қалған кенотаф болып шықты.

Осы Жанғабыл тобындағы басқа обаларды зерттеу кезінде шамандық әдет-ғүрыппен байланысты кейбір ерекшеліктер табылды. Осы обаның құрылысында үйменің ортасында гранит тақталарынан тұрғызылған - соляр шеңберінің бейнесі салынған. Соляр шеңберінің бейнесі обаның жанында тұрған тас мүсінде де кездеседі. Үшінші обада адаммен бірге оның аты көмілген. Қазылған обалардың диаметрі - 8,0-9,0 м, тас қабаттың биіктігі -0,5-0,6 м. Жерлеу камералары тік бұрышты тас тақталардан тұрғызылған, ұзындығы -1,8-2,3 м, ені - 0,9-1,1 м және тереңдігі - 0,6 м. Осы обалар тобының уақытын көрсететін аспектінің бірі пішіні VI-VIII ғасырларға тән - керексурлер. Осы тектес керексурлер Алтай мен Енисейдің материалдары бойынша С.В. Киселевпен және JI.A. Евтюховпен суреттелген.

Әдетте таулы аудандарда шоғырланған ежелгі көшпенділердің ескерткіштеріне қырымен қойылған тақталардан салынған төрт қырлы қорымдар жатады. Әдетте қорымның шығыс жағында тұратын тас мүсіндер осындай қорымдардың тұрақты серігі болып табылады. Мүсіндердің беті шығысқа қараған. Бұл тамдар түріктер дәуіріне (VI-VIII ғғ.) тиісті.

¥лытау ауданындағы Жақсы-Арғанат тауында, Атбасар даңғыл жолынан алыс емес жерде бір-біріне жақын орналасқан он шақты қорымдар бар. Өкінішке орай, тас мүсіндер қорымдардың барлығында сақталған жоқ. Көбінесе Ұлытаудан Атбасарға өтетін керуен жолының жанында орналасқан қорымдар запа шеккен. Түнгі немесе күндізгі аялдайтын орындарда тас мүсіндер және тақталар жарылып, оттың астына пайдаланылған. Біз оттың ізі бар тас мүсіннің бөлігін тауып алдық. Арғанат тау жотасының ең басты нүктесі - Мық тауының солтүстік-шығыс етегінде орналасқан қорымдар толықтай бұзылған.

Кейінгі көшпенділер дәуіріне «Бесоба» атауымен белгілі обалар жатады, олар Қарағанды қаласынан 46 шақырым батысқа қарай, кішкентай Соқыр өзенінің Hұp өзеніне құйылысында, жергілікті халық «Жартас» деп атайтын жерде орналасқан. Жартылай сфера тәрізді бес жер обасынан құралған тізбек солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, оның ұзындығы шамамен - 125 м. Тізбекте диаметрі - 18 м, биіктігі - 1,4 м топырақ обасы ортада тұр, оның екі жағында оң және сол жақ қанатын құрайтын екі-екі обадан орналасқан. Солтүстік жағында кішкентай обалар, оңтүстік жағында - ірі обалар орналасқан. Соңғы солтүстік обаның диаметрі — 12 м , биіктігі - 1,12 м, соңғы оңтүстік оба тізбектегі ең ірісі болып табылады, диаметрі - 3,4 м, биіктігі - 3,6 м.

Оңтүстік обаны қазу кезінде бізбен Ұлытау ауданында зерттелген шикі кірпіштен жасалған кейінгі-қыпшақ камераларына ұқсастығы бар жерлеу камерасынан ер адамның қаңқасы табылды, оның қасында қару-жарақтар - болат қылыш, садақ және темір жебе салынған қорамсақ, сондай-ақ, ат әбзелдері және күміс бақырлар жатты. Жылқының бай құрал-жабдықтары аттың жерленген орындары бар половец-қыпшақ обаларынан табылды. Біз зерттеген оба XIII ғасырға тиісті және кейінгі қыпшақ заманына дәл келеді.

Жартас тобының обалары - кейінші қыпшақ жерлеу орындары феодалдық таптың ұзақ уақыт тұрақтануын көрсетеді. Обалар 2 және 3 жерлеу ғұрыптары ортақ болған және осы үрдістің бастапқы фазасына дәл келеді. Обалар 4 және 5 кемелденген, тіпті исламның ықпалында болған феодализмнің бітімдері байқалады. Одан табылған заттар исламға дейінгі көшпенділердің жерлеу орындарына жатады.

Қазақстанның аумағында таралған обалар, тақталы қорымдардың пішіні әр түрлі және әдет-ғұрыптары ұқсас, ежелгі көшпелі қоғамның, оның тұрмыс-тіршілігін суреттейтін аспектілері байқалады. Ескерткіштердің ерекшелігі, олардан табылған материалдық мәдениет заттары ежелгі қайнар көздерінен алынған деректермен қосылып, олардың уақытын дәл анықтауға және осы ескерткіштерді бүгінгі Қазақстан аумағында мекендеген тайпалардың тарихына және мәдениетіне орайластыруға мүмкіндік береді. Бұл ескерткіштерді ары қарай зерттеу көшпелі мәдениет жөнінде білімімізді толықтырып, тайпалардың этногенезіне байланысты көптеген мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер (I және II бөлім бойынша)

1. Драверт П. Грот с писаницей на озере Джасыбай в окрестностях Баян-Аула. ИЗСГО. Т.VII, Омск, 1930.

2. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение и могильник. Труды ГИМ. Вып. XVII. М., 1948.

3. Ильина М. Древние типы жилищ Закавказья. М., 1946.

4. Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. М., 1950. С

357.

5. Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. СА. T.XVI, 1952.

6. Грязнов М.П. Боярская писаница. ПИМК. 1933, №7-8. С.41.

7. БлаватскийВ.Д. Искусство Северного Причерноморья античной эпохи. М., 1947. С.43.

8. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979. С. 165.

9. Кривцова-Гракова О.А. Указ.соч. Ю.Маргулан А.Х. Указ.соч. С. 163-164.

11. Там же. С. 261.

12. Там же. С. 164.

13. Там же. С. 184.

14. Там же. С. 191.

15. Там же. С.194

16. Там же. С. 196.

17. Там же. С.198.Ш6.

18. Там же. С.215 Кар.

19. Там же. С.225 Тб.

20. Там же. С.233 Дж.

21. Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. Т.ПІ. Алма-Ата, 1965. С.36.

22. Маргулан А.Х. Указ. соч. С. 275.

23. Там же. С.26.

24. Там же. С.55.

25. Там же. С.ЗЗ.

26. Киселев С.В. Указ. соч. С. 102.

27. Маргулан А.Х. Указ. соч С.101.

28. Там же. С. 112.

29. Марр Н.Я. Чуваши-афетиды на Волге. Чебоксары, 1926.

30. Маргулан А.Х.Указ.соч. С.70.

31. Там же. С.81.

32. Там же. С.86, 90, 92, 97.

33. Киселев С.В. Указ. соч. С. 186.

34. Блаватский В.Д. Указ. соч. С.43, рис.19.

35. Плано Карпини. История монголов. Перевод А. Малеина.

С.7.

36. Дестунис Г.С. Сказания Приска Понтийского. Ученые записки, II отдел. АН. Кн. VII, вып.1. СПб., 1861.

37. Маркс К, Энгельс Ф. Избранные произведения. Т.П. С.295.

38. ГригорьевГ.В. Келесская степь в археологическом отношении. Известия АН КазССР. Серия археол. Вып. 1. Алма-Ата, 1948. С 57.

39. Толстов С.П. Древний Хорезм. М.,1948. С.258.

40. Там же.

41. Россия. Т. VIII. С. 138.

42. Маркс К., Энгельс Ф. Указ. соч. С.93.

43. Баженов JI.B. Древние авторы о Средней Азии. Ташкент, 1940. С.24.

44. Там же. С.61.

45. Тереножкин А.И. Холм Ак-Тепе. Труды Института истории и археологии АН УЗССР. Т.І. Ташкент, 1948.

46. Баженов JI.B. Указ. соч. С.24.

47. БернштамА.Н. Памятники старины Таласской долины. Алма- Ата, 1941. С.13; Григорьев В.Г. Келесская степь в археологическом отношении. Известия АН КазССР. Серия археолог., вып. III. Алма- Ата, 1948. С.57.

48. Археологические и этнографические работы Хорезмской экспедиции 1949-1953.М., 1958. С. 235-237.

49. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М.,1962. С. 139.

50. Там же. С. 136.

51. Жиров Е.В. Об искусственной деформации головы. КСИ- ИМК. VIII вып. 1940; Бернштам А.Н. Кенкольский могильник. JL, 1940.

52. Рашид-ад-дин. Сборник летописей. ТВО. 4.V. СПб, 1858.

С.17.

53. Там же. С.7-8.

54. Там же. С.12-13; Его же. Сборник летописей. Т.І, кн.1. M.-JL, 1952. С.80.

55. БернштамА.Н. Памятники старины Таласской долины. Алма- Ата, 1941. С. 12.

56. Байпаков К.М., Ерзакович Л. Б. Древние города Казахстана. Алма-Ата, 1971. С.58-61.

57. Диваев А.А. Легенда о великане по прозвищу Алангасар- Алиф. Протоколы заседания Туркестанского кружка любителей археологии. 1908-1909, XIII. С. 20-24; Его же. Рассказ о Алангасар-Алифе. ЗВО, т. XI. С.292-297; Его же. Аланғасар Әлиф туралы әңгіме. Рукописный фонд ЦНБ, папка 1162, лл. 146-148.

58. Толстов С.П. Древний Хорезм. С.20.

59.3аписки саратовского купца Я.П.Жаркова о киргизах. Библиотека для чтения. 1852. Т. CXV. №9. С.25.

60. Миллер Ф. История Сибири. Т.І. 1939. С. 367.

61. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.,1950. Ч.ІІ. С. 184.

62. Там же. С. 152.

63. Там же. С.258.

64. Бичурин Н.Я. Указ. соч. Ч.ІІІ. С.22.

65. Тамже. С.61.

66. Воеводский М., Грязнов М.П. К истории усуней. ВДИ. 1938, №3. С.158.

67. Махмуд Кашгарский. Извлечения из «Диван лугат ат-тюрк». МИТТ. Т.І. С.309.

68. Козырев И.В. ИАК. Вып. XVI.

69. Бичурин Н.Я. Указ.соч. Ч. III. С. 183.

70. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

71. БернтшамА.Н. Кенкольский могильник. Л., 1940. С.15.

72. Жиров Е.В. Указ. соч.; Бернштам А.Н. Указ. соч. ЖС. 1916, вып.И-Ш. С. 57.

73. Гене Г.Ф. Замечания о древностях в Киргиз-кайсацкой степи. СВ. 1822, ч.ХХ, кн. 10-12. С.146.

74. СпасскийГ.И. Древности Сибири. СВ. СПб., 1818, ч. I. С.148-149.

75. Исмагулов О.И. Черепа из курганов с каменными выкладками (Центральный Казахстан). В сб.«По следам древних культур Казахстана» Алма-Ата, 1970. С.251.

76. Козырев И.В. Указ. соч. С.2.

77. Маргулан А.Х. Отчет о работах Центрально-Казахстанской археологической экспедиции 1947 года. Известия АН Каз.ССР. Серия археолог. 1949, вып 2. С.6.

78. БернштамА.Н. Основные этапы культуры Семиречья и Тянь- Шаня. СА. XI. 1949. С.362.

79. Там же.

80. Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т. I. Кн.1. М.-Л., 1952. С. 84.

81. Абулгази. Родословное древо тюрков. Перевод и предисловие Г.С.Саблукова. Казань, 1906.

82. Радлов В.В. К вопросу об уйгурах. СПб., 1893. С.25, 34.

83. Бартольд В.В. Киргизы. Фрунзе. 1927. С. 20

84. Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды.

85. Киселев С.В., Евтюхова Л.А. Отчет о работах Саяно-Алтайской археологической экспедиции в 1935 г. Труды ГИМ. Вып. XVI. М., 1941.

86. Маргулан А.Х. Раскопки погребения воина XIV века в долине реки Нуры. Труды ИИАЭ АН Каз.ССР. Археология. Алма-Ата, 1959. Т.7.

87. Городцов В.А. Результаты археологических исследований в Бахмутском уезде. Труды XIII археологического съезда. С.271-273; Его же. Типы погребений печенегов, торков, половцев. Труды XIII археологического съезда С. 142. Спицын А.А. Курганы киевских торков и берендеев. ЗАО. Т.ХІ. 1899; Его же. Кочевнический курган близ города Юрьева Польского. ИАК. Вып. 15. 1905; Кривцова-Гракова О.А. Погребения поздних кочевников из раскопок в Оренбургском уезде летом 1927 г. Труды секции РАНИОН. IV, 1929.

III Бөлім. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СӘУЛЕТІ. ҚОНЫСТАР, ҚАЛАЛАР, КЕСЕНЕЛЕР.

Феодализмнің туындап, дамуы шартында Қазақстаннын сәулет және құрылыс ісінің даму тарихын төрт кезең бөлуге болады: VІ-ІХғғ.-ертефеодализм,ХІІғғ.-дамыған феодалдық қатынастардың орнығуы, XIII-XTVғғ. - монғолдардың басып алуы және XV-XVIII ғғ. -кейінгі орта ғасыр. Қазақстаның ұлттық сәулетінде осы кезеңдер өзінің жетістіктерімен белгілі.

Қалалардың және құрылыс өнерінің дамуы Х-ХІІ ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жетеді. Осы уақытта қалалық қоныстардың саны ғана емес, сонымен қатар сәулет өнерінде және сәндеу өнерінде сапалы қадам жасалуы байқалады. Қазақстанда қала мәдениетінің өсуі көп салалы шаруашылықпен, дамыған феодалдық қатынастардың орнығуымен және исламның келуімен негізделген. Қарахандықтардың әулетінен шыққан ақсүйектер исламды басты идеологиялық тірек ретінде қабылдап, Оңтүстік Қазақстанда және Жетісуда өзінің басымдығын көрсетеді. Қарахан мемлекетінің қалаларында -Баласағунда, Таразда, Отырарда, Сайрамда, Баба-Атада және т.б. феодалдық қажеттіліктер сәйкес сәулет композицияларының және құрылыс әдістерінің жаңа пішіндері пайда болады. Бұл цитадельдері мен рабадтары бар, бірқатар қоғамдық және діни ғимараттар - мінәреттері, сардоб, керуен-сарайлары, күзет мұнарасы және фортификациялык құрылыстары бар қамалмен қоршалған қалалар. Осы дәуірде Қазақстанда Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» және Махмуд Қашқаридің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты алғашқы әдеби ескерткіштер пайда болады.

Сырдарияда, Жетісуда, Маңғыстауда жүргізілген археологиялық зерттеулер орта ғасырлық сәулетшілік ескерткіштерінің ашылуына әкелді. Осы зерттеулердің нәтижелері А.Ю. Якубовскийдің (Сығанақ), М.Е. Массонның (Туркістан), А.Н. Бернштамның (орта ғасырлық Тараз), С.П. Толстовтың (Сырдарияның төменгі бойы және Арал теңізінің жағалауы),.

Қ.А. Ақышевтің, К.М. Байпақовтың, Е.Б.Ерзаковичтің (Отырар, Жетісу) еңбектерінде жазылған.

Көптеген сәулет ескерткіштердің және қоныстардың іздері Торғай және Ұлытау далаларынан, Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің аңғарларында және т.б. орналасқан. Н.П. Рычков, Х.М. Френ,И.П. Фальк, П.С. Паллас,И.С. Георги, И.П. Шангин, Г.И. Спасский, Г.Ф. Гене, А.И. Левшин, А.И. Шренк, М.М. Иванин, Э.Н. Эйхвальд және т.б. өз еңбектерінде осылай деп жазған. Академик Х.М. Френ былай жазған: «Многочисленные памятники далекого прошлого, каменные гробницы, усыпальницы с надписями скульптурами весьма часто встречаются на всем протяжении Южной Сибири, на Ишиме, Иртыше, Енисее, на озере Зайсан»1. Белгілі бір пішін жасалып күйдірілген кірпіштен тұрғызылған ғимараттар жөнінде, исламға дейінгі замандағы ерекше ескерткіштер туралы Г.Ф. Гене жазған. Бұл ескерткіштер Ұлытаудан Ертіске дейінгі, Қорғалжын көлінен Сырдарияға дейінгі кең-байтақ кеңістікте кездеседі. «Всякий исторический процесс для него [казахского народа] не прошел незаметным, - деп жазды Я.Я. Полферов ... Памятники прошлого многое скажут пытливому уму об исторической жизни степи и прольют свет на социально-духовные явления прошлого».

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТӘСІЛДЕРІ

Келесі ғасырларды құрылыс өнеріне негіз болған жаңа құрылыс тәсілдері Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалыптасты. Кеңес ғалымдарымен бірнеше рет Х-ХІІ ғасырлар - « были эпохой чрезвычайного развития строительного искусства в Средней Азии и Южном Казахстане» деп айтылды. Сол заманның сәулет өнеріндегі ең бастысы -жаңа идеялардың пайда болып, олар сарайлардың, собор мешіттерінің, күмбездердің, сардобтардың, медреселердің, керуен-сарайлардың, феодалдык қамалдардың безендірілуінен және олардың құрылымдарынан байқалды.

Бетше босағаны жасаумен қатар тромптардың, көп қырлы барабандардың және күмбездердің тромп жиектерінен тұратын ғимараттың құрылымдық бөлігі қарқынды дами бастайды. Күмбездер, сүйірлі аркалар, қуыстар және тас үңгілер үлкен өнермен жасала бастады, олардың сәндік және құрылымдық маңызы болған. Орта ғасырлардағы құрылыстардың архитектоникасын «желкенді» күмбездер құрайды.

Х-ХІ ғасырлардан бастап Оңтүстік және Орталық Қазақстанда кесенелерді салу кезінде күйдірілген кірпіш негізгі құрылыс материалы болып табылды. Осы кезде төрт бұрышты кірпіштер көп тарала бастайды. Мемориалдық сәулет ескерткіштерінде төрт бұрыш, үшбұрыш, ромб, шыршалы өрнек түрінде кірпіштерді қалау әдісімен ажарландыру элементтері пайда болады, ол үшін бедерлі кірпіштер және кесілген терракота қолданылған. Ғимараттарды кірпішпен сәндеу қалау кезінде аса мұқияттылықты қажет етті.

Осы заманда галереясы бар екі қабатты ғимараттар пайда болады. Жоғарғы беті ганч ерітіндідегі байланысқан тақталар қатарымен қапталған жарты сфералы күмбездер көп қырлы немесе пішіні басқа барабандарға сүйенді. Осы құрылым пішіндер үйлесімінің аяқтау нысаны болды.

Сәулеттік сәндеудің бір элементі - түрлі тұрмыстық, аңшылық, соғыс көріністерін, мәйіттің өмірінен эпизодтарды бейнелейтін суреттерді қабырғаға салу. Ежелгі қабырға суреті Кеңгір өзенінің кесенесінде бейіт тақтасында сақталған, қару- жарақтарымен және атымен тұрған жауынгер бояумен бейнеленген. «Бағана» таңбасының болуы бұл жауынгердің бағаналы руынан шыққандығын дәлелдейді. Кесене қабырғаларындағы су-реттер Сырдария, Талас, Шу, Ембі өзендерінің аңғарларынан табылды. Қабырға суреттері Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Байтымбет, Жантая кесенелерінен байқалды. Олар киіз үйдің ішкі көрінісін және қазақтар өмірінің тұрмысын бейнелейді.

Құрылыс ісінің және сәулеттің дамуы үшін — құрылыс материалы басты мәселе болған. XIX ғасырлардағы орыс ғалымдары Н. Богаевскийдің, М. Татаржинскийдің, М.Я. Киттардың, кеңес ғалымы А.Н. Глуховтың еңбектерінде Қазақстан сәулетінің тарихында алғаш рет құрылыс материалдарының мәселелері жазылған.

Ежелгі заманнан бері Қазақстанда және Орта Азияда тас, саз балшық, сарғыш топырақ, шикі және саманды кірпіш, ағаш,.

шым, қамыс, сабан, гипс - құрылыс материалдары болған.

Ежелгі орта ғасырда зәулім ескерткіштерді тұрғызу кезінде тас басты құрылыс материалы болған. Осы замандағы қабірлер яшмадан, порфирден, қызыл және жасыл құмдақтан және т.б. салынған. Маңғыстауда, Қу, Дегелең тауларында бұл жағдайда әктас кең пайдаланылды, Атасу өзенінде ақ тастан жасалған құрылыстар кездеседі. Граниттен, сиениттен, диориттен, габбродан жасалған мүсіндер қыпшақ бейіттерінің айнымас бөлігі.

Осы кезде тастан салынған құрылыстармен қатар ғимараттар саз балшықтан, пахсадан және ірі шикі кірпіштерден салына бастайды, ганч  алебастр - жаңа құрылыс материалдары игеріле бастайды.

Іргетасы мықты болған жағдайда шикі кірпіштен тұрғызылған ғимарат өте берік болған, оны жүз жылдықтар бойы тұрған кейбір қамалдар мен кесенелердің қабырғалары дәлелдейді. Н. Пудовиков: «Дома из сырцового кирпича удобны, теплы, прочны и дешевы», «лучшими строителями жилых домов из сырцового кирпича были казахские мастера»- деген. Сүттері мол болғандықтан ежелгі малшылар соны шикі кірпіштің және қыш ыдыстардың сапасын жақсартатын құрал ретінде пайдаланған, соның арқасында олар өте мықты болған. .

Күйдірілген кірпіш байырғы күйдірілген батпақ пен шикі кірпішпен қатар кеңінен қолдана бастайды. Ғимараттың іргетасын салу кезінде дәстүрлі құрылыс материалы - тас пайдаланылған, ал ағаштарды байластыру үшін жиде және шоқ тал қолданылған.

Ежелгі құрылысшылар саз балшықтың иілімділігін жақсы білген. Үй-жайларды, қыстауларды салу кезінде шикі саз балшықты қабат-қабат етіп жапсырған. Мұндай ғимараттар - саз балшықты деп аталған. Саз балшықтан қабырғаларды тұрғызу кезінде «пахса» деп аталатын сарғыш топырақ тамаша құрылыс материалы болып табылды. Одан салынған молалар бірнеше жүз жылдар бойы бұзылмай сақталған. Әсіресе осындай саз балшықтан жасалған күмбездер Балқаш өңірінде және Шығыс Бетпақдала көп. Саз балшықтан салынған ғимараттар бүкіл Орталық Азияда кең таралған.

Саз балшық ерітіндісі - лай, қақ, май қабырғаны шикі кірпіштен тұрғызу кезінде байланыстыру материалы ретінде қолданылған. Көбінесе қабырғалар гипс қосылған саз балшық ерітіндісімен жасалған, ол «ганчхак» деп аталған.

Саз балшық, сондай-ақ сылақ дайындайтын материал ретінде пайдаланылды. Ол үшін саз балшық ерітіндісіне қамыр сияқты қоймалжың болғанға дейін саман қосылған, оны бір тәулік қойып қойған. Және көбіне саз балшық шаңы мен кішкентай самандарды илеуіштен өткізген. Бұл ерітінді сылақтың бірінші қабаты ретінде пайдаланылды, одан кейін ганчхак, оның үстінен - таза гипстың қабаты өтті, соңғы қабатқа су бүркіп, темір үккішпен тегістеліп отырған.

Ерте орта ғасырдың соңынан бастап кесенелердің (кешен, күмбез) және басқа ғимараттардың қабырғалары шикі кірпіштен салынып, күйдірілген кірпішпен қапталған. Кейде тек қана күйдірілген кірпіштен салынған. Құрылыс ісінде шаршы, үшбұрыш, ромб, шырша түріндегі қоғамдық және мемориалдық ғимараттардың маңдайшаларын бедерлі кірпішпен қалау әдісі кең тарала бастайды. Колонналары, пилондары, ұшқыр аркасы бар бетше босаға (пештаки) түрлі өрнектермен әшекейленді, мысалы, «шым-шимен» және өрнектелген жиектермен көмкерілді.

Орта ғасырдың сәулет ескерткіштерінде күмбездерді, аркаларды және қабырғаларды нығайту үшін және жапсырма өрнектер мен терракотаны орындау үшін құрылысшылар гипс пен алебастрды (бор) қолданған, соңғысы түсінің ақ болуына байланысты қымбат бағаланды. Гипспен қоса алебастр кесенелердің ішкі қабырғаларын сылау үшін қолданылған.

Ағаш «астауда»  немесе жер шұңқырында шикі кірпіш дайындау үшін саз балшықты сумен немесе әк-құмдақ ерітіндісімен белгілі бір қоймалжың болғанға дейін араластырған. Ол үшін өгіздер мен аттар пайдаланылған. Осы қоймалжыңнан шикі кірпіш дайындалған. Кірпіштер мықты болуы үшін ерітіндіге сабан, жүн және сүт қосылған, содан кірпіш өте мықты болған. Шикі кірпішті күйдіріп, содан күйдірілген кірпіш шыққан. Күйдірілген кірпіштен ежелгі Түймекент, Жанкент, Созақ қалалары, тамаша Жұбан ананың, Жошы ханның кесенелері және т.б. салынған. Кесенелерден алыс емес кейбір жерлерде кірпіштер күйдірілген пештердің ізі сақталған.

Ағаш сүрегі - Жетісуда, Ертісте, Алтайда, Солтүстік Қазақстанда бірегей құрылыс материалы болып есептелді. Қарағайдан, майқарағайдан және қайыңнан үй-жай салынып, кесенелерді тұрғызу кезінде ағаш сүрегі пайдаланылған. Сырдарияда, Талас және Шу өзендерінің аңғарларында үй-жайлар теректен, жидеден және қарағаштан жасалған арқалықтармен жабылып, жайпақ төбе қамыспен, шөппен, ал ең үсті топырақ араластырылған қимен жабылған. Осы үйлердің төбесі саз балшық ерітіндісімен сыланған. Ағаш материалдарының арасында терек өте мықты болып есептелген.

Жаңа сәулет феодалдардың жаңа талғамы мен идеологиялық қажеттіліктеріне жауап берді. Сол замандағы ескерткіштердің арасында діни және қорғаныс ғимараттары, қамалдар, кесенелер, собор және басқа да мешіттер, сондай-ақ керуен-сарайлар, сардобтар, моншалар және т.б. көп кездеседі. ХІ-ХІІ ғғ. ескерткіштері арасында сақталып қалғаны аз, және олардың көбісі уақыт өте келе бұзылған.

ҚЫСТАУ, АУЛА, ҚОРА ЖӘНЕ ШОШАЛА

Ежелгі заманда қазақтармен жалғастырылған жерді ұтымды пайдалану дәстүрі қалыптасқан. Сонда жер аймақтарға бөлінген: қыстау, қыстақ (қысқы қоныс), жайлау (жазғы тұрақтар), күзеу (күзгі тұрақтар). Қазақтар қыстауда қазаннан бастап сәуірге дейін, ал жайлауда - мамыр-шілде, күзеуде - тамыз-қыркүйек айларында қоныстанған.

Қыстау үшін жер таңдау кезінде, ежелгі замандағы сияқты, далалықтар басым желдерден қорғайтын төмпешікті жайылымдықтарды таңдай отырып, елдімекеннің топографиясын ұтымды пайдаланған. Қыстау етіп таңдалынған жерлердің табиғат байлығы орыс ғалымдарымен де айтылған. Тау-далалы ландшафт қыстау үшін анағұрлым оңтайлы жерлер болған. Таулы аймақтар далалықтардың өздерін және олардың малдарын қатты аяздар мен борандардан қорғаған.

XIX ғасырдың ортасында жартылай көшпелі шаруашылықтарды зерттеген П. Медведевский мынаны байқаған: қоныс орнату үшін далалықтар желден қорғалған жерлерді іздеген, отынды және мал үшін мол жем-шөп алу үшін қыстаулардың жанында ыңғайлы су айдындары болуы керек. «Киргизские землянки разбросаны по степи по одиночке, или по нескольку вместе; в обоих случаях, - деп жазды П.Медведский, -поселение носит название аул. В ауле от 2 до 8 жилищ». «Выбирая местность, защищенную от ветров, казах имеет в виду не столько личные удобства, сколько удобства для скота». Басқа автор: «Каждый қыстау с обособленным участками, с пастбищами, сенокосными угодьями и колодцами считался собственностью владельцев қыстау».

Қыстау (қыстақ) - қоршауы болған қысқы қоныстың атауы. «Границы каждой зимовки обозначаются обыкновенно природными знаками, как то: речкой, озером, лощиной, горкой; если же для определения границ не представляется природных удобств, тогда ставится большой камень или другие [знаки] замечательные предметы, которые, конечно, каждому из киргиз хорошо известны. Границы зимовок были издавна распределены» - деп белгісіз автор жазған. Қоршаудың ең қарапайым түрі - ішінде мал қамайтын қашасы бар қамыстан, саз балшықтан, шарбақтан шеңбер немесе төрт бұрыш етіп жасалған қоршау.

Қыстау жанындағы қарапайым қорымдар ежелгі орта ғасырда «аула» деп аталды. Ауланың ішінде киіз үй, шошала орналасқан, кең ашық алаңда табын тұрған. Қыстаудың жоспары үнемі бір мақсатты көздеген - басты байлық ретінде қоғамдық табынды қорғау болған. Ауланың қорымы домалақ, сопақ, кейде тік бұрышты пішінді болған, қыстаудың кіре берісі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қарап тұрған. Орта ғасырлық аула қорымының конфигурациясын сырт пішінін Қазақстанның көптеген аударында сақталған ойпандар береді. Осындай ойпаңдар Қаратау тау алдындағы Күлтөбеде, Сырдария бассейнінде, Жетісуда, Ұлытау тауының төңірегінде (Нөгербек-Дарасы, Қаратон, Орда-қонғай), Сарысу, Есіл, Нұра өзендерінің айдындарында, Қарқаралы және Баянауыл таула-рында байқалады. Тарбағатайда және Алтайда орта ғасырлық тас қорымдар аулалардың іздері «керген-тас» деп аталды. Ауласы бар қыстауларда тек қысқы уақытта өмір сүрген, ал жазғы уақытта оның тұрғындары жазғы жайылымдықтарға көшкен. Қазақстанның аумағында осындай қыстаулар үлкен тарихи кезеңге — кейінгі қола дәуірінен біздің заманымызға дейін болған.

Аула қорымдардың дені феодалдық соғыс кезінде және жоңғарлар шапқыншылығы (1723-1728 жж.) кезінде бұзылған. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанның жартылай көшпелі қоныстары көбірек бұзылғаны XIX ғасырда Қазақстан аумағында топографиялық түсірілім жүргізген орыс кен инженерлерімен байқалды. Осы жайлы жазбалар Н.П. Рычковтың, И. Германның, И.П. Шангиннің, С.Б. Броневскийдің, Нифантьевтің және т.б. күнделіктерінде кездеседі.

Жайлаудан-жайлауға көшіп-қону барысында әр ауыл жыл сайын өткен жылы өздері болған жерлерге қайта орналасқан. Ескі, көп жылдық тұрақтарды қазақтар «ескі жұрт» деп атаған. «Жұрт» деген сөзінің мағынасы - бір орында көптеген адамдардың жиналуы, оның негізгі ұғымы - халық, қоғам. Жазғы тұрақ киіз үйдің ізі туған елді, туған жерді білдірген нышан. Бұл сөздің заңды мағынасы да бар, бұрын болған жерде ізі сақталған орынды иемдену, яғни жұрт - бұл жазғы тұрақ үшін орнықты орын. Орта ғасырларда әр бек -феодалдың өзінін киіз үйі (жұрты) болған. Туыстық қатынасы бар бірнеше ауыл орналасқан жер, басқа ешкімнің құқығы жоқ ұжымның меншігі болған.

«Қотан» деген көне сөз Орта Азия халықтарының қолданысында кездеседі және әр мағына білдіреді. Қазақтарда ол - қасқырлардың шабуылынан қорғайтын мал қамайтын қашаны білдірген.

Феодалдық қоғамның қалыптасуымен қыстаулардың жанында мұнарасы - «қамалы» бар саз балшық немесе тас қабырғалар тұрғызыла басталды, оларды айнала топырақ ойпаңы қазылды. Қамалдың ішінде тайпа басшысы өз отбасымен және жақын адамдарымен бірге тұрған цитадель салынды. Феодалдық таптың нығаюымен қамалдармен бірге фортификациялық құрылыстар және қамалдан жоғары тұрған биік мұнаралар салына бастайды. Қорған сөзінен бұрындары әскери бекіністер болған қалалар мен ірі қоныстар өз атауларына ие болды: Ақ- Қорған, Қызыл-Қорған, Қорған-төбе және т.б. Кейінгі орта ғасырда осы бекіністердің кейбірі феодалдық қожайындардың резиденциясы және ордаларына айналды.

Мойынты өзенінің жоғарғы бойында, Егінді-бұлақ қойнауында орналасқан мықты қамал түріндегі орта ғасырлық бекіністер топограф Нифантьевпен суреттелді: «Игин-булак -огромный курган [крепость] из глины, укрепление с многочисленными бойницами. Построен для отвращения нападения врага».

Орта ғасырлық нығайтылған қоныс-қыстаудың топографиясы жөнінде қызықты мәліметтерді Орталық Қазақстанда жұмыс істеген генерал С.Б. Броневскийдің жазбаларынан, «ок-ружных приказов», (1822-1830 жж.) байқаймыз. Оның жазбаларында мынадай жазулар бар: «В окрестностях Каркаралинских гор и на равнинах у реки Нура много каменных укреплений в виде эллипса; они суть большие и малые, но фигурно одни другим совершенно подобны. Все они развалились до основания. При входе у стен были по две круглые башни, на середине двора были врыты толстые каменные плиты для стрельбы из-за оных». Бұл жерде «қамал» жөнінде сөз болып отыр. Броневский, басқа да авторлар сияқты қазақтардың атауымен олардың пайда болуын қалмақтармен байланыстырады. Шын мәнінде бұл құрылымдар қалмақтарға дейін пайда болған. Бекініс қоршау - қамалдардың пайда болуы қалмақтардың тарихымен байланысты емес, олар қалмақтардан бұрын ерте пайда болған. Қазақтар оларды тек сақтық себебінен қалмақтармен байланыстырады, өйткені исламның келуімен бұрынғы қазақ мәдениеті мәжусилер сияқты қуғындала бастайды. 1508 жылы Шайбани ханмен қолданған кертартпашыл мұсылмандық діни қауым «алдамшы» халық ретінде қазақтарға қарсы арнайы қасиетті соғыс туралы «фетва» шешімін шығарады, бұл қазақтарды ғасырлар бойы құрылып келген барлығынан бас тартуға мәжбүр етті, исламға дейінгі кезеңдегі сәулет ескерткіштері ислам ықпалына көнбеген қалмақтардың ескерткіштері болып есептелді.

Сонымен катар Нифантьев пен Броневский суреттеген атыс ойығы жөніндегі мәселеге тоқталып өткен жөн. Осы авторлар жазған ескерткіштер соғыс болмаған аудандарда орналасқан. Қазақ ханы мен шайбанидтер арасындағы феодалдық соғыс кезінде қақтығыстар Сырдария, Талас өзендерінің жағасында, Қаратау және Ұлытау тауларында өтті. Осы жерлерде Қасым ханмен, Бұрындықпен, Хақназар ханмен салынған фортификациялық мұнаралары бар қамалдар қатарынын қалдықтары сақталған.

Нифантьев пен Броневский суреттеген қамалдардағы амбразуралар құрылыс ісінің дәстүрімен байланысты. Олар көбінесе қазақтар бейіттерінің қабырғаларында кездеседі. Бұл ойықтар жайылып жүрген малдың және үй жануарларының басты жауы -қасқырларды бақылап жүру үшін жасаған.

Жартылай отырықшы қыстаулар орта ғасырларда аула және қора (кура) деп атала бастайды. Бұл кезде аула сөзінің мағынасы кеңейгені байқалады, оның ұғымы қорымнан қыстауға дейінгі аралық дегенді білдіреді. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, аулаға киіз үйлер, арбалар, шошалалар ғана емес, сондай-ақ мал қамайтын қаша сыйған, сондықтан қорадан қарағанда ауланың көлемі үлкен болды.

«Қора» сөзі «аула» сөзі сияқты - қорғау мағынасын береді. «Қора» сөзінің қорымның қарапайым түрі - «қоршау» сөзінің және қорғаныс қабырғасы бар қамал - «қорған» сөзінің түбірі бір.

Қора (кура) - қоршауы бар және ішкі алаңы ашық қыстау орта ғасырларда пайда болады. Осындай қоныстар жөнінде Темір сарайының тарихшысы Ұлытауға жорығында бірге болған Шараф ад-дин Әли Йазди алғаш рет хабарлайды. Йазжи қоршауды «курья» деп айтады. Ол: «Для Тимура устроили курьи ... и внутри них воздвигли высокие шатры и палатки», - деп жазады. Йаздидің айтуынша «курья» [кора] дала өкілдерінің, ақсүйектердің, ірі мал ұстаушылардың шатырлары, киіз үйлері, арба-үйлері тұрған қоршалған аумақты білдерген. Қора тек жануар көліктері - салт аттар мен түйелерге ғана арналған. Ірі бай қазақтар «қой ауыл» деп аталатын зәйімкеде, шалғай жерде өз малдарын ұстаған.

Бізбен зерттелген Кеңгір өзеніндегі ойпаң Йазди суреттелген қораның (курья, кура) сипатын береді. Бәлкім, бұл жерде Темірдің ордасы болған. Дешті Қыпшаққа жорығында (1391 жыл) ол Сарысу өзенінде ұзақ тоқтап, құландарды атқаны әдебиет қайнарларынан белгілі.

«Қораның» екі түрі бар: «ашық қора» және «жабық қора». Ашық қора Қазақстанның оңтүстік аудандарына тән. Тұрғын жайлар әдетте оның оңтүстік бөлігінде, ал шаруашылық жайлары - солтүстікте, ортасында ашық аула болған, онда тұрғын жайға жақын шошала орнатылған.

Жабық қора ауа-райы қатты солтүстік аудандарда кең таралған және онда мал ұстайтын қаша, тұрғын жай мен шаруашылық қосарлана салынған жайлар орналасқан.

Орталық және Солтүстік Қазақстанда - ауа-райы қатты аймақтарда қорымдар, бұрынғы замандағы сияқты тастан, шикі кірпіштен немесе шымнан тұрғызылған. Қарқаралының жанындағы алып қорым туралы М.Красовский былай жазды: «К югу от селения тянется стена довольно значительной высоты, в иных местах около 5 аршин и толщиной 2 аршина. Отсутствие башен и пристроек, огромное пространство, занимаемое стеной, указывает на то, что внутрь огороженной площади сгонялся скот». Тас қорымдар кей жерлерде бүкіл қойнау арқылы бір жартастан екінші жартасқа өткен. Кейбір ғалымдар осы тас үйінділерінің адам қолының ісі екендігіне күмән келтіреді. Осындай қорымдар жабайы аң аулау кезінде оны қамау үшін жасалған деген пікір бар.

Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарында қорымды ағаштан (шақа), шетеннен немесе қамыстың жуан бумасынан жасаған, осыдан шомқора деген атау пайда болған.  Жабық қоралардың төбесі жазық болған, ол қола дәуіріндегі сияқты ағаш бағаналармен тірелген.

Қамыстан жасалған қорымдар қазақтар өз жерлерінен қуғындалып Арал теңізі, Каспий маңы, қамысы көп көлдердің жағасында қоныстанған «Ақтабан шұбырынды» кезінде кең тарала бастайды.

XIX ғасырда Оңтүстік Қазақстанда және Жетісуда экономикалық және саяси шарттардың өзгеруіне байланысты қорымдарды көбінесе қамыс пен шетеннен жасай бастады. Қазақстан туралы еңбегінің белгілі авторы А.К. Гейне Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы қыстауларға барып, былай деген: «Зимовка состоит из большой скирды сена, запаса кизяка и просторного загона для скота, сделанного из тростника и обложенного землею. Все это обнесено плотной изгородью из тростника. В середине оставлено место для юрты. Когда грянут холода, юрта будет перенесена сюда и снизу обсыпана снегом или землею. Скирда сена, гора кизяка и загон, охватывающие с трех сторон юрту, будут охранять ее от ветра и буранов».

Қыстау ішкі жағында малды қамауға арналған қашасы бар ашық алаң «аула» қорымынан қорасында тұрғын жайлар мен шаруашылық жайлары салынған қыстауларға дейінгі эволюциядан өтеді. Қыстаулардың бұл түрі бүкіл Қазақстанда кездеседі.

XIX ғасырдың ортасында жаңа шаруашылық шарттарында, орыс дәстүрінің ықпалымен тастан, шикі кірпіштен, шымнан, ағаштан, күйдірілген кірпіштен (Торғай, Ұлытау және Атбасар аудандары) жасалған шаруашылық жайлары бар қораларды салу идеясы кеңінен таралады. Ең ірі шаруашылық ғимарат қысқы уақытта малды тасалауға арналған. Қазақтардың малдарына қаншалықты қамқор болғандығын В. Шнэ жазады: «Хотя постройка и распланировка двора отличаются замечательной целесообразностью и пониманием потребностей скота, но скотный навес киргиз делает непосредственно над входом в свое человеческое жилище. Этим жилище свое изолировал от притока свежего воздуха».

Тұрғын жайлар шымнан - шым уй, шикі кірпіштен — там- үй, ағаштан - ағаш-үй тұрғызылды. Жабық аулалардың жазық төбесін ағаш бағана — аша, бақан, тіреу, сондай-ақ көлденен мәтке - арқалық және сырғауыл ұстап тұрған. П. Медведский: «Казахские жилища складываются из нежженного кирпича и представляют собой невысокие домики с плоскою крышей из камыша, тальника в смеси с глиною, или же .. .из досок и обсыпается землею... Самый домик внутри вымазан глиною», - деп жазған.

Шаруашылық жай етхана немесе еттіктен және жас малды ұстайтын - үйшік және т.б. қоймалардан құралған. Үй иесінің дәулетіне қарай қорада мал тұратын әр түрлі жайлар болған: қой қора (контора), сиыр қора, ат қора, сондай-ақ ауыз қора-тұрғын жайды мал тұратын жайдан бөлетін дәліз, қойма - жазғы киіз үйлерді және түрлі мүкәммалды сақтауға арналған орын, қый қора - тезек сақтайтын орын, шолан т.с.с. олардың барлығы бір шатырдың астында болған. Өрт кауіпсіздігі үшін аран, пішен қора және қырман оқшау орналасқан.

Орта ғасырларда шошала өз мәнін жоғалтпайды. Қаратаудан Шу, Сарысу өзендерінің төменгі ағысынан солтүстікке Петорпавлға, Омбыға, Тарбағатай мен Алтайға дейін таралу себебі, оның құрылысының қарапайымдылығы. Шошала өзінін саз балшықтан және шетенмен қапталған қабырғаларымен кедейлер үшін әбден жарамды қысқы үй-жай болған.

«Шошала» сөзінің синонимі ретінде Орталық және Солтүстік Шығыс Қазакстанда «қаратам» сөзі пайдаланылады, ол «қара, ысталған қосарлана салынған жай» болып ауда рылады. Шу өзенінің аңғарында және Қаратау тау алдында кең таралған шошаланың басқа синонимі «ошақ» және «мор»-түтін, ыс мағынасын беретін сөздерден ..құралған «морошақ» сөзі қолданылған. Осыдан «морлау» - етті ыстау сөзі шыққан. «Қаратам» және «морошақ» сөздері «шошала» сөзінің синонимі ретінде шошаланың үй-жай ретінде ежелгі заманнан бері колданылған мағынасы өзгерген уақытта осы жерлерде пайда болды. Ол ұзақ уақыт сақталуы үшін етті ыстайтын асүй ошағы түсінігін берген. Оны шошала шаруашылық қосарлана салынған жайлар кешеніне енетін қазақтар қыстауларының тарихи топографиясы дәлелдейді.

Бір қызығы ғылыми әдебиетте шошала туралы мәлімет аз. Біршама қысқа, бірақ нақты мәліметтерді біз қазақтардың тыныс-тіршілігін зерттеген В.Шнэдан көреміз, ол шошала сөзіне«чучело» деген транскрипциясын береді. Шнэ: «чучело ... жилье, не отличающееся однако ни теплотой, ни сравнительным удобством и по виду похоже на летнюю войлочную в юрту киргиза».Шошаланың ортасындағы ошақтың түрі қола дәуіріндегі үй-жайлардағы ошақтарға ұқсас. «Посредине чучелы выка пывается продольная, с отвесными боками яма, куца кладутся дрова, - деп жазды Шнэ, - устанавливается или непосредственно на краях ямы казан [чугунный котел] или на треножнике - тагане». Сонымен қатар Шнэ шошаладағы оттың үздіксіз жағылғандығын айтады: «Горит неугасаемый огонь: в чучелах он поддерживается толстыми сырыми древесными пнями и усиливается по надобности подкладываемыми мелкими дровами и хворостом. Отопление юрт осенью до перехода в зимовки, отопление чучелы и кошей в течение не менее семи месяцев - отопление непрерывное».

XIX ғасырдың ортасынан бастап, тұрғындардың әлді тобы шаруашылық жайлары бар қораларды сала бастаған кезде, құрылымы жағынан аз өзгерген шошала өзінің ежелгі атауын (шошала - «ошақ үстіндегі конус»), ежелгі күмбезді үй-жайдың және ошақтың пішінін сақтай отырып, батрақтардың үй-жайы бола тұра ас үй мағынасына ие бола бастайды. Жабық қорада - шошала тұрғын және шаруашылық қосарлана салынған жайлардың арасында алаңның ортасын иемденген. Бұл жер «ескі жұрт» деп аталады. Қоралардың салына басталуы себебінен шошаланың қабырғалары бұрынғыдай көрінбейді, тек оның пирамидалы күмбезі бүкіл ауладан биік тұрған.

Шошала сияқты қазақтардың - жер үйлерін жарық күмбездің саңылауынан түскен. Ол үшін төбеде үйдің жазық шатырының үстінен биік тұрған және көпіршіктеніп қапталған кішкентай пирамидалы күмбезі бар алып-салмалы тік бұрышты жақтау орналасқан.

Қазақ шошалаларының кейбір түрлері ежелгі алтайлықтардың үй-жайлары «жер ұйық» — XIX ғасырға дейін болған жер үйлердің құрылымына ұқсас болған, бұл кездейсоқ емес, өйткені екеуі де ежелгі күмбезді үй-жайдың бір түпнұсқасынан бастау алады. Біздің байқауымызша, қазақ үй-жайлары түп тамырымен ежелгі дәуірлердің бітімдерін сақтаған. Бір элементті қысқы үй-жай «шошаланың» таралуы құрылымының қарапайымдылығына байланысты шатырлық тұрпатты үй-жай құрылысы дәстүрінің тұрақтылығымен түсіндіріледі.

Құрылыс ісінің дамуына байланысты шошала біртіндеп өзінің алғашқы мәнін жоғалтып, шаруашылық жай кызметін атқаратын болады.

Құрылыс ісінде және бүгінгі таңда қолданылатын ежелгі замандарда пайда болған терминдер бар: «там тұрғызу», «там көтеру», ірге, қабырға, еңсе, үй еңсесі, төбе, арқалық, белдік, үйдің оғы, сақы, еден, терезе және т.б.

Қазақ ұлттық стиліндегі тұрғын үй құрылыстары шикі кірпіштен, күйдірілген кірпіштен, кейде тастан жасалған. Мұса Шорманов қазақ шеберлері (үйші) туралы жазған, олардың арасында үй шебері, қалақшы, сылақшы, ағаш ұсталары болған.Қазақ тілінде «там» сөзі сақталған: «там үй» - шикі кірпіштен салынған үй, «қызыл там» - күйдірілген кірпіштен салынған үй  .Тұрғын үйлер бірнеше жайлардан тұрған: «қонақ үй», «ас үй», «қазандық». Төбесі жазық және терезесі бар үй-жай оңтүстікке қараған. Тұрғын жайлардың қасбеттері қарапайым сәнделген.

Оңтүстік Қазақстандағы стационарлық үй-жайлардың негізгі түрлері С. Жолдасбаевпен зерттелген және суреттелген.Оңтүстік Қазақстандағы тұрғын үй қосарлана салынған жайлар құрылысының материалына қарай әр түрлі аталған: кепе, жерүй, қаратам, там үй, ағаш үй. XV-XVIII ғасырлардағы қазақтардың стационарлық үй-жайларының құрылымдары және сипаты екі түрге бөлінген: жерге батырылып орналасқан - жертөлелер және жартылай жертөлелер және жер үстіндегі құрылыстар. Жертөлелердің тереңдігі 1,5 м-ден 2 м-ге дейін, жартылай жертөлелердікі - 60-70 см. Осы үй-жайлардың жоспары тік бұрыш немесе шеңбер. Жертөлелердің төбесі жер деңгейінде орналасты, жартылай жертөлелердің төбесі жердің бетіне 1-1,5 м шығып тұрды. Осы екі жағдайда да негізгі арқалық екі немесе үш тік тұрған бағаналарға орнықты. Арқалыққа бір ұшымен жартылай жертөлелердің шетіне тірелген сырғауыл қойылды. Тік бұрышты үй-жайлардың төбесі екі еңіс, ал домалақ үй-жайлардың төбесі шошақ болған. Осындай үй-жайлардың қалдықтары Ақтас мешіт қонысында және Сауран маңында зерттелген. Біз суреттеген жер үсті стационарлық үй-жайлар - шошала. Кейбір аудандарда шошала «тошала» деп аталды. Осы суреттелген үй-жай түрлерінің туындауы түбірімен қола дәуіріне тиісті.

1849 жылғы М.Я. Киттардың «Ставка хана Внутренней Киргизской Орды» мақаласында Жәңгір ханның Каспий теңізі жағасында 1826 жылы құрылыс бастап, Жаңа 1828 жылы қоныс тойын жасаған ордасы жөнінде жазады. Хан үйінен басқа қызметшілер үшін үйлер салынған. Кейбір сұлтандар Жәңгір ханға қарап осы жерге қоныстанған. 1846 жылы жазда ұзын өзегімен батыстан шығысқа қарай орналасқан ордада 89 үй болған. Үйлердің орналасуы орамдар мен көшелерді .құраған.

Ханның үйі ағаштан салынып, сыланып, төбесі жасыл түсті темір төбемен жабылған және жаңбыр ағатын құбыры болған. Үйдің әсем маңдайшасының ортасында кішкентай террасаға өтетін есік болған. Террасаның үстінен алты ақ колоннамен тіреліп тұрған мезонин балконы болған. Хан сарайының бағында пішіні крест тәрізді әдемі орда ғимараты - мешіт болған. Шаруашылық ауласы тақтай шарбақпен қоршалған. Осы жерде шаруашылық қызмет болған, ал ауланың сыртқы бөлігінде малға арналған жай орналасқан.

Еуропа стилінде салынған хан үйін суреттей отырып, Киттара кедейлердің үйлері - «тас» үйлер жөнінде жазады. Бұл үйлер тас деп жай аталған. Каспий өңіріндегі үйлер тастың болмауы себебінен әжептәуір шөп қосылып, саз балшықтан дайындалған шикі кірпіштен салынды. Осындай үй-жайдың төбесі қабырғаларды тіреп тұрған жұқа сырғауылдар негіз ретінде салынған саз балшықпен жапсырылған кірпіштерден жасалған. Осындай үй тек бір ғана бөлмеден тұрған.

Кіші жүз қазақтарының үй-жайлары А.Н. Глуховпен зерттелген және суреттелген. Үй-жайдың қарапайым түрі тереңдігі 1,5 метрге жететін жартылай жертөле, ол аласа топырақ ойпаңымен дөңгелектене қоршалған. Осындай үй-жайлардан басқа кірпіш ретінде кесіліп, тақта тастан, шымнан жасалатын құрылыстар кездеседі. Саман кірпіш сонда да ең көп таралған материал болып табылады, ол тер төгуді қажет еткен, бірақ одан, мықты және салыстырмалы түрде көп жыл тұратын үй-жай тұрғызылған.

Жартылай жертөле түріндегі үй-жайларды салу кезінде құлап қалмауы үшін оның қабырғалары ішке қарай еңіс орналасатындай етіп ор қазылады. Шым кірпіштен қабырға тұрғызу кезінде жабысуын арттыру үшін кірпіш шөпті қабатымен темен қаратып қойылған. Тақта тас қаламасы саз балшықпен цементтеледі. Жабынды ұстап тұру үшін ғимараттың орталық өзегі бойымен ағаш бағаналар «бақандар» олардың ұштары қабырға үстінен 20-30 см биік тұратын етіп қойылады, нәтижесінде екі еңіс төбе пайда болады.

Жабынды ұстап тұрған ағаш бағаналар, тастан жасалған қабырғалар, алып-салмалы терезелер, шұңқыр-қоймалар және ауланың ішінен тастармен қапталған құдықтар түбірімен қола дәуірінің құрылыс мәдениетінің дәстүрлерінен бастау алатын архаикалық қазақ құрылымдарын дәлелдейді.

Қыстау саз балшықтан (топырақ қорған), тастан (тасқорған), шикі кірпіштен, пахсадан және қамыстан (дуал), шетеннен, ағаштан (шақа) салынған аула ішіндегі кең кеңістік, мұнда мал ұстайтын қора, үй-жай, шаруашылық қосарлана салынған жайлар және тастармен қаланған құдықтары бар ашық аула болған. XVIII ғасырдың басында жоңғарлармен өздерінін тұрақты жерлерінен қуғындалған қазақтар Аралдың жағасында, Телі-көл, Қорғалжын көлдерінің жағасында, Ақсақал-Барби көлінің Торғай даласында, Солтүстік Каспий өңірінің жағасында қоныстана басталған және көп уақыт бойы қолда бар материал - қамыстан қорым жасады. Осындай қорымдардың қалыңдығы бірнеше метрге жеткен (Аманбайдуап), оларды шомқора деп атаған.

Д.Л. Львовоич өзінің байқағандарымен бөліседі: «Подошли мы к деревушке... смотрим, какие тут дома есть. Смотрим, да дивуемся. Избушки из дерна состроены. Нарезан дерн в болоте, вроде как кирпичи, да домины из него складены. Дырочки в стенах понаделаны, кругом будто двор стеной обнесен, а никого нет. А это киргизские зимовки. В них киргизы летом не живут. Они с весны как закатятся в степь, так только к зиме возвращаются. Киргизу на одном месте стоять нельзя, потому что у него скотины много».

Солтүстік далаларда қыстауларды тас пен кірпіштен салу жалғаса берді. Геодозист Ю.А. Шмид: «В долине Сары-Су на расстоянии 360 верст были размещены 19 киргизских зимовок [кыстау], в Акмолинском уезде - 9, в Атбасарском уезде всего 28, расположенных друг от друга с интервалом 12-15 верст». Fалым кірпіштен жасалған үйлер жайлы жазып отыр (Бәтештің, Құнанқараның, Жандәулеттің, Сарғұттың үйлері). Бәтештің үйі Сарысу өзенінің төменгі ағысында орналасқан «в 10 верстах к югу от старинного укрепления Жаман-Курган». Шикі кірпіштен салынған қабырғалары бар қамал түріндегі Сарғұттың үйі Кеңгір өзенінің Сарысуға құятын жеріне жақын орналасқан. Оның жанында «Аманбайдуал»  атауымен белгілі Сарғұттын атасы қамалының үйіндігі жатыр. Бір жерде әр заманнын құрылыстарының болуы Аманбай руы осы жерлерде шамамен 250 жыл тұрғандығын дәлелдейді.

Ю.А. Шмидтің суреттеуінше, «по обоим берегам р. Сары- Кенгир тянется целый ряд отдельных киргизских зимовок, удаленных друг от друга не более одной версты». Анағұрлым ірі қыстақ Бармақ көне Басқамыр ежелгі қала орнында болған. Кеңгір және Қара-Жыланды өзендерінің құйылысында Тобылды және Арыстанбай қыстақтары болған, Нүркетай қыстағы Кеңгір және Жезді өзендерінің құйылысында орналасқан.

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОНЫСТАР МЕН ҚАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ШАРТТАРЫ.

Отырықшы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығы арасындағы қарым-қатынас мәселелері кеңес ғалымдары В.В. Григорьевтің, С.П. Толстовтың, А.Н. Бернштамның, ТА. Жданконың, А.Х. Марғұланның, Қ.А. Ақышевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылған.

Көшпелі шаруашьшық нақты бір әлеуметтік және табиғи- климаттық шарттарда пайда болды. Қазақстанның дала кеңістігі көшу феномені жаңа эраға дейін пайда болып, екі мыңнан аса жыл өмір сүрген жайлы орын болды. Көшуді ретсіз қозғалыс, хаос ретінде түсінуге болмайды. Бұл нақты аумақ шекарасында (тайпалық, рулық, қауымдық) жайылымдық алқаптарын ұтымды пайдалануға негізделген жүйе.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде байқалған (б.з.б. X-VIII ғғ.) мал шаруашылығының қарқынды дамуы, мал басының өсуі шаруашылық түрінің және Қазақстанның ежелгі тайпаларының тұрмысының өзгеруіне әкелді, алдымен жайлау, ал кейін көшпелі мал шаруашылығына ауысу үшін жайылымдықты дайындаған. Жайылымдық мал шаруашылығының басымдығы бүл шұрайлы жерлерді кеңейтуге негізделген отарлық мал шаруашылығын ұйымдастырудың жаңа үлгісі болған. Мал шаруашылығының табысты өсімі және осы мезгілдегі халық санының көбеюі жаңа жайылымдықтарды игерудің қажеттілігі туындайды.

Бұл дәуір феодалдық қатынастардың тұрақтануымен және дамуымен байланысты терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен белгілі. Мал жайылымы үшін анағұрлым ыңғайлы аудандар көшу кезеңінің басында-ақ анықталған еді. Бүкіл көшпелі ақсүйектер өз малдарын жақсы жайылымдықпен қамтамасыз ету үшін шөбі шүйгін жерлерді иеленуге тырысты. Малмен және мал өнімдерімен сауда-саттықты дамыту биліктегілердің байлығын арттырды. Бұл өз кезегінде мал басының өсуіне және жаңа жайылымдықтарды игеруге әкелді.

С.П. Толстов Ғұз қалалары. С. оның іздерімен ежелгі хорезмдік өркениет.

Ежелгі малшылардың шаруашылық өмірінде жылдың әр маусымында табиғи және ауа-райыға байланысты жер алқаптарын ұтымды пайдалану қағидаттарына негізделген жайылымдықтарды маусымдық пайдалану құбылысы байқалды. Нәтижесінде оңтүстік және солтүстік облыстардың арасында Сырдария жағасынан және Қаратау тау алдынан солтүстікке Сарысу және Есіл өзендерінің жайылымдарынан Орталық Қазақстанның жайылымдықтарына меридиан бағытында көшпелі жол өткен. Осы жерде ерте орта ғасырда оғыздар, қыпшақтар және қаңлылар өмір сүрген. Қытай жылнамаларының мәліметіне қарағанда қаңлы тайпаларының жазғы қоныстары қыстауларынан жеті күндік жерде орналасқан. Гардизи «Зейнуль-Акбар» шығармасында оңтүстік қалалар мен қимақтар елі арасындағы меридиан жолы жөнінде былай деген: «Что касается пути к кимакам, то из Фараба идут в Янгикент [Жанкент]; на пути из Янгикента в страну кимаков встречают реку, переправляются через нее и приходят в пески, тюрки называют это место Уюкман [Жеты-Конур]. Дальше приходят к горе Кенд-Ортагы. [Путешественник] идет по берегу все той же реки [Сарысу] среди зелени, травы и деревьев до истока реки; гора высока. После этого поднимаются на гору по узкой тропинке. От горы Кенд-Ортагы приходят к реке Асус [Есиль]; по этой дороге в течении пяти дней на людей совсем не падает свет солнца из-за тени деревьев до самого берега реки Асус». Ол Сарысу өзенінің арнасынан және оның Арғанат тауынан бастау алатын Қаракеңгір тармағы бойымен өткен керуен жолы жайлы жазады. Жол Қаракеңгір өзенінің жоғарғы бойынан шатқал арқылы өтіп, Терісаққан өзенінің аңғарына, одан соң Есіл (Асус) өзеніне төмен түседі, одан барып Ертістің төменгі ағысына дейін осы өзен бойынша ағады.

Көшпелі және отырықшы шаруашылық түрлерінің үйлесуі ежелгі Қазақстанның қалалары және қоныстары бар шаруашылық және мәдени аудандарының пайда болуына себеп болды. С.П.Толстов: «Возникновение восточных городов... обусловлено именно первым крупным разделением труда - отделением кочевников от земледельцев. Возникающий на этой ступени город, как центр натурального обмена между скотоводами и земледельцами является тем звеном, которое сохраняет внутреннюю связь общества», - деп жазады.

Басқа аудандарға қарағанда Оңтүстік Қазақстанда мал басының көбеюімен қоғамның байлар мен кедейлерге бөліну әлеуметтік үрдісі қарқынды дами бастайды.Феодалдар таптардын құрылуы халықтың негізгі тобының жоқшылыққа ұшырауына және көшіп-қонуы үшін малы болмаған жатақтардың пайда болуына әкелді. Дүние-мүлкі жоқ жатақтар отырықшы өмір сүруге мәжбүр болған, олар алғашында аңшылықпен және балық аулаумен күн көрген.

Феодалдық қатынастардың қалыптасу үрдісі қоныстар мен қалаларға жақын жатқан аудандардан тұрғындарының келуіне ықпал етті. Әсіресе VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қолөнер және сауда орталықтары болып табылатын отырықшы қоныстар санының үдемелі өсуі байқалады. Талас және Шу өзендерінің аңғарларында, Сырдарияда, Қаратау, Іле-Алатауы етегінде үш жүзге жуық қоныстар бар. Осы кезде суармалы егіншілік кең құлаш жаяды, оған Сырдария өзенінің жайылымдағы, Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы суару каналдарының және ирра гациялық құрылыстардың қалдықтары дәлел болады. Жаңа экономикалық шарттар қолөнердің дамуына және айырбастың кеңеюіне ықпал етті.

Профессор С.П. Толстов былай жазады: «У...племен, как дотюркского, так и тюркского периода до XI в. доминировало комплексное оседлое или полуоседлое, скотоводческо-рыболовно-земледельческое [культура проса] хозяйство, связанное с наличием укрепленных постоянных поселений - городов, локализующихся у воды, чаще всего в хорошо естественно орошаемых и изобилующих рыбой дельтовых районах, являющихся местами наибольшего тяготения степных племен».

Көктем басталысымен феодал-малшылар Сырдария, Талас, Шу өзендерінің жағасынан, Қаратау тау алдынан өздерінің киіз үйлерімен және малдарымен солтүстікке, Орталық Қазақстанның жайылымдарына, Сарысу, Есіл, Нұра, Тобол өзендерінің аңғарларына көшкен. Сарыарқаның ауа-райы мен табиғаты малды сақтап, оның өсіп-көбеюіне ықпал етті. Күз басталысымен малшылар оңтүстікке, қысты өткізген өз қыстауларына қайтып оралған. Қызылқұмның алып алқаптары, Арал теңізінің аралдары мен жағалауы, Сарысу, Шу, Арыс өзендерінің төменгі ағыстары, Талас Алатау, Қаратау тау алды, Келес даласы мал үшін қысқы жайылым болды. 1253 жылы қыркүйектің соңында Сарысу даласынан өткен Рубрук оңтүстіктен оралып келе жатқан малшыларды көрген.

Көшпенділер оңтүстіктен Бетпақдала шөлінен жылына екі рет өткен: ерте көктемде және ыстығы қайтқан күзде өткен.

Оңтүстіктен солтүстікке көшудің меридиан жолдары тұрақты болған, олар Бетпақдала арқылы өтті. Баяғыда Бетпақдаланы оңтүстіктен солтүстікке бірнеше жолдар қиып өткені тарихи-топографиялық зерттеулермен анықталды, олардың іздері соқпақ жол, бейіттер және дабыл маяктары (тас белгілер - омақа) түріндегі іздері бүгінгі күнге дейін сақталған. Осы жолдардың ішінде Талас аңғарын (Тараз қаласы) Ертістегі қимақ қоныстарымен қосып тұрған ең шығыс жол Бетпақдаланың солтүстік-шығыс шекарасы арқылы («Хан жолы») ары қарай Мойынты - Ақсу - Қарқаралыға өтіп Ертістің жағасына дейін жеткен. Басқа жол Таст-Уванас-Орда-Шағыл-Жаңаарқа (Сарысу өзенінің жоғарғы бойы) маршруты бойынша Түркістан, Созақ және Құмкент қарақұм қалаларынан - Нұра өзенінің төменгі бойынан Есіл өзені бойынша қимақтардың шеткі қоныстары орналасқан Ертістің төменгі бойына дейін жеткен. Үшінші жол - ежелгі Отырар мен Сығанақтан өткен, оның тармақтары Жеті- Қоңырда екіге айырылған: біреуі Қаражар-Ұлытау-Торғай, екіншісі -Жиделі-Қоңыр-Аралтөбе-Түгескен-Қайып-Ата-Қарағаш- Қорғалжын бағыты бойынша өткен, одан Есіл бойымен жүріп Ертістің жағасына дейін жеткен. Ыстық жазғы айларда керуендер Телікөл-Белен-Ана (Төбежар)-Жаңа-Қорған-Қаражар (Болған- Ана) - Арал-Төбе-Түгескен-Қайып-ата - Жұбан-ана - Қарағаш- Қорғалжын (Саға) бағытымен Сарысу өзенінің бойымен жүрген. Осы бағытта ежелгі қала орындары, суару каналдарының және сәулет ғимараттарының іздері орналасқан, олардың кейбірі осы күнге дейін сақталған.

Тағы бір керуен жолдарының бірі Сығанақтан және Сарысу өзенінің төменгі бойынан (Телі-көл) Оңтүстік Оралға, бұл бұлғарлардың жері болған. Ибн-ал-Асир (XIII ғ.) қыпшақтар туралы былай деген: «Они [кипчаки] кочуют летом по соседству с землей булгар, зимою около Баласагуна». 1253 жылы осы жолмен Созақ, Құмкент, Саудакент, Жетісу қалаларынан Рубрук өткен. Бетпақдаланың оның әр ұшымен қиып өткен осы жолдар оңтүстік қалаларын солтүстік облыстарымен байланыстырған.

Меридиандық көшпелі жол жазық даланы кесіп өтетін екі өзен - Сарысу мен Шу өзендерінің жайылымдықтарын мекендеген тайпалардың шаруашылық өмірінде өзіндік ізін қалдырды. Әсіресе мұнда отырықшылық және көшпелі мал шаруашылығының арасында байланыс өте жақсы көрінеді.

Көшпенділердің шаруашылық іс-әрекетімен байланысты меридиан бағытында көшпелі жолдардың болғаны ескі жазбаларда жазылған.

Батыс Қазақстанда тұратын адай тайпалары да меридиан бағытында оңтүстіктен солтүстікке, Ойыл арқылы Маңғыстаудан Хобда өзеніне дейін, сондай-ақ Үстірт бойынша көшкен.

Жетісу және Шығыс Қазақстан қазақтарында Орталық және Батыс Қазақстанның далалары мен шөлейт жерлеріндегі көшпелі мал шаруашылығынан мүлдем басқа жартылай көшпелі - жартылай отырықшылық мал шаруашылығын жүргізу нысаны болған. Су және жайылымдықпен еш қиындық көрмейтін осы аудандарда дала және шөлейт аудандарындағы сияқты қысқы жайылымдықтардан жазғы жайылымдықтарға көшу қажеттілігі болған жоқ.

Қ.А. Ақышев былай деген: «В истории развития хозяйственной деятельности в Средней Азии и Казахстане, древнее Семиречье занимает особое место. Его географическая среда обусловила своеобразный путь развития хозяйства саков и усуней. Своеобразие состояло в том, что в отличие от районов «классического» земледельческого или кочевого скотоводческого хозяйства здесь скотоводство сочеталось с земледелием, а кочев-ничество - с полуоседлостью. В Семиречье - горной стране не могло быть многодневных изнурительных переходов с зимних на летние пастбища, как это было в степных и полупустынных районах, например, в Западном и Центральном Казахстане». Тұрғындар Жетісудың солтүстік аудандарынан Орталық және Батыс Қазақстанда орын алған оңтүстіктен солтүстікке емес, керісінше оңтүстікке, тау жайылымдарына көшкен. Жетісудың малшылары үшін ұзақ уақыт бойы көшу қажеттілігі болған жоқ. Осы аймақта көптеген табындар Іле Алатауының және Жоңғар Алатауының таулы алқабындағы көгалда, өзен-көлдердің жағасында жайылды. Жетісудың оңтүстігіндегі тұрғындар өз отарларын қоныстарына және қалаларына жақын бақты.

С.И. Руденконың мәліметтері бойынша, Бұқтырма мен Қара Ертістің жағасында қыстаған наймандар мен керейлер мамырдың соңында көшуді бастап, бір жаққа 60-100 шақырымнан көп өткен жоқ. Өз қыстауларына қазан айына қарай қайтып оралған.

Отырықшы өмір салты құрылыс ісінің қарқынды дамуына ықпал етті. Қоныстар мен қалалардың пайда болуымен егіншілік, қолөнер түрлері мен сауда белсенді дами бастады. Біртұтас, экономикасы бір қоғамдағы еңбек бөлінісі мал өнімдерін, дәнді- дақылдар мен қолөнер бұйымдарын тұрақты түрде сату мен айырбастауға әкелді.

Тарихи әдебиетте көшпенділер мен отырықшы халықарасында қарама-қайшылық болды деген пікір кең таралған. Біз бір нәрсені түсініп алуымыз керек, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылық егіншілік қоғамның экономикалық негізін құраған. Сондағы айтатынымыз, көшпенділер туралы ұғымдар белгілі түрде шартты екендігін мойындаймыз. Көшуден отырықшылыққа ауысу үдерісі өзара байланысты. Көшпенділер кей кезде қоныстағылар мен қалалықтардың санын толтырып отырықшылық өмір салтына көшкен, ал отырықшы халық мал санын көбейтіп көше бастаған.

Қалалар екі басты шаруашылықты біріктіретін негізгі буын болған. С.П. Толстов: «Своеобразный специфически «городской» облик древней цивилизации среднеазиатских оазисов, несомненно, находит свое объяснение в исключительно крупной роли связи кочевников и земледельцев. Эта роль также ... определяет огромное значение торговли в жизни среднеазиатских полисов при относительно примитивном характере общественной организации и господстве натурально-хозяйственных отношений», - деп жазды. Үлкен материалдық фактілерге жүгініп және ізашарлардың зерттеулерін негізге ала отырып, С.П. Толстов көшпелі шаруашылықты орта азиялық қалалардың қалыптасуында шешуші рөл ойнаған фактор ретінде суреттейді. «Роль кочевников в формировании среднеазиатского города, в которое оседающие кочевники входят как весьма существенный составной элемент, - деп жазады ол, — может быть прослежена на большом материале».

Көшпенділер мал өнімдерін тұтынып қана қойған жоқ, оларға қоныстар мен қалаларда шығарылатын өнімдер керек болды. Малшылар малдарын және мал өнімдерін егіншілік өнімдеріне және қолөнер затына тұрақты түрде айырбастап отырған. Салалық шаруашылықтағы қолөнершілердің орны бөлек болды. Олар ат әбзелдерін, киіз, керамикалық, ас үй ыдыстарын және басқа да көптеген заттарды жасаған. Қытай,.

Византия және сирия қайнар көздеріне сүйенсек, Қазақстанның қойнауынан кен шығару қарқынды жүріп жатқаны белгілі болды.

XVIII-XIX ғасырлардағы орыс саяхатшыларының айтуынша Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау тау алдын мекендеген қазақтар жақсы «егіншілер» болды. XVIII ғасырдағы қазақтардың отырықшы өмір салты жөнінде И.С. Георги былай айтқан: «Киргизы Большой орды живут во всегдашних зимних деревнях, а летом обитают по большей части в тростниковых юртах. Некоторые из них занимаются земледелием».

Жетісудың ақыны Құлмамбет Майкөт ақынмен айтысқанда Үлкен жүздің қазақтарының отырықшы өмірі жайлы айтады:

Қаратаудың қазағы.

Тамның артын шөмейткен,

Там мен үйді көбейткен.

Нансыз, асқан еті жоқ

Етін нанмен көбейткен.

Осы туралы ескі мақал да бар:

Ұлы жүз әуелі бастан нанға той,

Алатауды қия алмай алтын қой,

Арыс, Талас, мекен қып Шудың бойы.

Қазақстанның оңтүстік аудандарының салыстырмалы түрде жұмсақ климаты мал басының сақталуына, көбеюіне және егіншілік мәдениетінің үздіксіз жалғасуына ықпал еткен. Халықтың отырықшы бөлігі Сырдария, Талас, Шу өзендерінің аңғарларындағы, Қаратау тау алдындағы қалалар мен қыстауларда шоғырланды. Осы аудандарда көшпейтін - жатақтар өмір сүрген. Орталық Қазақстанда оның қатты ауа- райымен және жұтымен - отырықшылық мәдениет үздіксіз дами алмады, ол қайта жаңғырып, қайта басылып отырды. XIX ғасырдың орыс қайнар көздерінен Орта жүздің қазақтары мал шаруашылығымен, қолөнермен, саудамен және астық өсірумен айналысқаны белгілі. Көкшетау, Көкпекті, Аягөз, Қарқаралы, Ақмола және Баянауыл округтері астық өсірумен көзге түсті. Қазақтар қамтылған қыстақтарда өмір сүрді, суармалы егіншілікпен, шөп шабумен, өзі үшін және сауда үшін жануар шикізатымен өңдеумен, қысқа отын дайындаумен айналысты. Сонымен қатар Старков: «только безвыходная бедность может заставить кайсака обратиться к хлебопашеству, которое он оставляет при малейшей возможности обойтись без него», — деген.

Қыпшақтардың жартылай отырықшы және отырықшы тұрмысымен «қорұқ», «үй», «көң», «қотан» терминдері байланысты. «Қорұқ» [кұрық, қорық] сөздері қабырғамен қоршалған күзетілетін орын, кеңістік деген мағынаны білдіреді. Ежелгі үйсіндер мен түрік қағандарының арасында осы сөз осындай мағынада қолданылды. Нәтижесінде Қорұқ сөзі ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ханның алпауыт қожалығын білдірді. Қабырғалардың қалдықтары қалған қорұқты Жетісудан, Орталық және Шығыс Қазақстаннан кездестіруге болады.

Көне «көң»  сөзі Қазақстанның топонимикасында (Жақсы- көң, Жаман-көң өзендері) және бір қақпалы алынбас қамал мағынасында (Ергене-көң) тарихи аңыздарда сақталған. Осы сөздің тағы бір мағынасы - тұрақты, бұрынғы орын. Торғай және Алатау далаларында көң сөзі - қыстау сөзінің синонимі болып келеді (мысалы, Амангелді көңі).

«Үй» сөздің мағынасы: ел, иелік, үлес, жер, отан, үй. Осылайша, «қыпшақ үйлері» қыпшақтардың елі (жері), «найман үйлері»-наймандардың елі (жері) деген мағынаны береді. Барақтың үйі, Орда-Еженнің үйі сөздері «иелігі, үлесі» дегенді білдіреді.

«Қотан» сөзі — жазғы жайылымдардағы тайпалардың бірлестігін білдіреді.

Махмұд Қашқаридің айтуынша, кішкентай ауыл - қышлақ (қыстау, қыстақ), тураглыг-йер, очаглыгйер, бекініс - сенгир қала тұрпатындағы қоныстар - кент, кенжек-сенгир - қыпшақ қаласы.

Оғыздар мен қыпшақтардың отырықшы өмір салтын суреттейтін сөздерге В.В. Бартольд нақты тарихи анықтама береді. Ол «ятук», «ятак» жатақтар, отырақ, «қышлақ» — қыстаулар деген сөздерге назар аударады. Оның айтуынша, «жатақ» сөзі - көшуге шамалары келмейтін отырықшы кедейді білдіреді. Қыстақ тұрғындарының көбісі жайлауға көшіп кеткенде жатақтар егістерге және құрылыстарға ие болып қалған. Қыпшақ сөзі «отырақ» — отырған дегенді білдіреді, ал В.В. Бартольд бойынша, ол отырықшылық мағынасын берген.«Отырақ», «отырар» — синонимдес сөздер, отырықшылық мағынасын береді. Осыдан көшпейтін, бір орында тұрақтаған деген мағына білдіретін Отырар қаласының атауы шыққан.

Қазақстанның аумағында алып төбелер түріндегі жоғалып кеткен қалалардың іздері Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Талас, Шу, Іле өзендерінің аңғарларында, Қаратау және Тянь-Шань тауларының етегінде, Орталық Қазақстанның даласында, Ертіс, Жайық, Ембі, Сағыз өзендерінің жағасында, Каспий маңы ойпатында, Аралдың жағасында, Маңғыстауда орналасқан.

Осы кең-байтақ кеңістікте орта ғасырларда өмір қайнап жатты. Ең ежелгі отырықшы мәдениеттің орталықтары Сырдария өзенінің жайылымдығында, Жетіасар, Шірік-Рабад, Іңкәр-қала және т.б. ежелгі қоныстарында пайда болған. Тайпалық одақтардың құрылуы кезінде Талас, Шу өзендерінің жайылымдықтарында қоныстар мен қалалар пайда болады.

Қазақстан қалаларының бірінші құрылысшылары сақтар (б.з.б. VII-IV ғғ.), кейін ғұндар, үйсіндер, қаңлылар (б.з.б. ІІІ-І ғғ., б.з.б. I-VI ғғ.) болғаны ежелгі қайнар көздерінен бел-гілі. Олардың ізбасарлары - қыяттар, оғыздар, кьпашақтар. Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының тарихы түрік заманынан (VI-VIII ғғ.) басталады. Осы кезде қоныстар, феодалдык бекіністер мен қамалдар саны көбейеді, егіншілік, қолөнер, сауда серпіліс алады. Көшпенділер, егіншілер және қолөнершілер арасындағы еңбек бөлінісі, сондай-ақ феодалдық таптарының нығаюы Х-ХІІ ғғ. Қазақстанның қала мәдениетінің гүлденуіне әкеледі.

Қазақстанның орта ғасырлық қалалары туралы қытай, араб, парсы, орта азиялық және орыс қайнар көздері хабарлайды. Темірдің сарай тарихшысы — Йаздидің хабарламалары өте құнды.

Йазди Жетісу қалалары Іле-Бапықты, Жоңғар Алатауындағы Еміл Ғожыны, Балқаштағы — Май-Балықты, Янгид, Көкше- теңізді, Аягөзді, Көк-Саланы суреттейді. Ол Ұлытаудағы қалалар мен қыстақтар туралы жазады. Кішіктау, Ортақ, Кертақ, Кұтлұқ-үй, Ұлық-Бақырлық - «Ұлы жез» қаласы [Жезқазған], Орда-Базар, Жар-қала, Қарасу, Ұлық-үй, Өрен-сарай, Алтышақ қамалы, Нұр (Нұра өзенінде). Йазди Сырдария қалалары - Арыс өзенінде Баршын [Кент], Құтлұқ Балық, Қара-Асман (Қара-Аспан), Орда-Балық (Орда-Кент), Бал-Шымкент, Қаратау етегіндегі қыпшақ қалалары - Құмкент, Қүмкенжек туралы жазады.

Сырдария қалалары туралы және олардағы шатырлар туралы Ф. Рузбихан былай деді: «В каждом улусе есть свой правитель, который пребывает со своим народом в старинном юрте».

Мамұт Қашқаридің айтуынша, қыпшақтар, қарлұқтар, шекілдер (шекті), ягма (ягмауыттар) әдемі әдеби тілде сөйлеген, ол қала тұрғындарына тән. Қарлұқтар, шекілдер (шекті), ягма Қарахан мемлекетінің негізін құрып, Жетісудың тұрғындары болған. Шу аңғарында Ыстық көлде, Талас аңғарында олармен қалалар тұрғызылды, оның ішінде: Қыяс, Саблы-Қыяс, Өрен- Қыяс, Қары-Қыяс, Талғар. XIII ғасырдың басында қарлұқтар қаңлылармен одақтасып Жетісу қалаларын басқарған, олардың ішінде Алмалық болды.

Археологиялық жұмыстар VI-VIII ғғ. қалыптасқан және кейінгі ғасырларда Қазақстанда сақталып қалған қоныстардың тұрпатын анықтауға мүмкіндік береді. Қоныстардың мына-дай түрлері анықталды: егіншілер мен қолөнершілердің жатақ қоныстары, керуен-сарайлар, жауынгерлер қамалдары, ақсүйек өкілдерінің замоктары мен билеушілердің резиденциясы.

Ежелгі жатақ қоныстарында көне бітімдер байқалады, олардың сырт пішіні бекініс қабырғалары жоқ, домалақ, сопақ және төрт бұрышты, мәдени қабатында қолөнер өндірісі мен егіншілік заттарының қалдықтары бар.

Әскери қамалдарда да, керуен-сарайлардың да сырт пішіні төрт бұрышты, бірақ біріншілері екіншісінен ірі өлшемімен және дуал жанындағы мұнараларымен ерекшеленді.

Билеушілердің және ірі феодал-малшылардың резиденциясы күзет мұнарасы және су толтырылған айналдыра қазылған орлары бар, бекініс қабырғамен қоршалған қамалдардан тұрады. Осындай қоныстың бірі цитаделі бар Ордакент. Осы тектес замоктардың қираған бөлшектері көбінесе Талас және Шу өзендерінің аңғарларында, Қаратау тау алдында кездеседі.

Тұрақты және серпінді дала өркениеті көшпелі және отырықшы өмір салтының бірін-бірі толықтыруға негізделген. Екі шаруашылық түрлерінің үйлесуі ежелгі заманнан кейінгі қазақтарға дейінгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың бүкіл тарихынан өтеді. Көшу жүйесі б.з.б. IX-VII ғасырларда қалыптасты. Ол жайылымдық және су көздерін маусымдық пайдаланудан бастау алды. Археологиялық ескерткіштердің, қоныстардың, қыстаулардың тарихи топографиясы негізінде ғалымдар мынадай бітімге келді: жайылымдық-көшпелі жүйе мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз болған. Мал шаруашылығының және егіншіліктің үйлесуі Қазақстан тұрғындарының өмір сүру шарты болған.

Сырдарияның төменгі және орта ағысы, Қаратау тау алды және Жетісу ежелгі заманда отырықшылықтың туындаған ауданы, қала мәдениетінің бесігі болды. Қазақстанның Оңтүстігінде тайпалардың шоғырлануы орта ғасырларда олардың бірігуіне әкелді, XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды.

Қазақстан тарихы, XV ғасырдың екінші жартысынан бастап феодалдық қақтығыстардың және кенеттен шапқыншылық жасаудың себебінен қала мәдениетінің құлдырауына әкелді. Әсіресе Темір әскері мен қазақ хандары Керей мен Жәнібектің арасындағы соғыстар өте ауыр тиді (XVIF.). Жоңғар басқыншыларының.шапқыншылығы қалалардың бос қалуына және кейінгі мәдениет пен сәулеттің дамуына кері әсерін тигізді. Әбілқайыр ханның жоңғарларды қуып шыққан соң кейбір Сырдария қалаларын қалпына келтіру әрекеті қайтыс болуы себебінен мәресіне жетпеді.

Сырдария - Орта Азиядағы ірі өзен, ол қала мәдениетінің пайда болуында жетекші роль атқарды. Тибр және Евфрат сияқты Сырдария Әмудариямен бірге ежелгі суару және отырықшы егіншілік мәдениет орталығы болды.

Сырдарияның жағасында алғашқы қоныстардың пайда болуы сақтар мен қаңлылардың іс-әрекетімен байланысты. Сырдарияның орта және төменгі ағысы аудандарында ежелгі орта ғасырдан бастап монғол шапқыншылығына дейін оғыздардың, қаңлылардың және қыпшақтардың отырықшы және жартылай отырықшы тайпалары тығыз қоныстанған еді. Сырдария сағасының аудандарында екі ірі оғыз тайпалары - бузок (сагкол - оң қол) және үш-оқ (сол қол) өмір сүрді, осы жерден ежелгі оғыздардың Бузок және Сагдере қалаларының қираған қалдықтары табылды. ІХ-Х ғасырларда Сырдариянын орта және төменгі жайылымдарында оғыздардың мемлекеті құрылды.

Орта ғасырлық Сырдария қалалары жөніндегі мәліметтер араб географтары Ибн-Хаукал, ал-Макдиси, ал-Идрисидің еңбектерінде, Худуд ал-Алемнің анонимдік шығармасында бар, мұнда қысқы жайылымдық жерлердің суреттері қалған: «Между Исфиджабом и берегом реки находится главное пастбище всего Исфиджаба и некоторых (частей) Чача, Параба и Кенджиде  . В нем расположена тысяча палаток» [киіз үй].

Ал-Идриси былай деген: «Города гузов многочисленны. Они тянутся друг за другом на север и восток» Анағұрлым ірі оғыз қалалары: Жент, Жанкент, Баршакент, Қора, Еркебай, Күйгенқала, Құмқала.

Сырдарияның орта және төменгі ағысы аудандарында елеулі қала мәдениетінің болуы және оның монғолдар шапқыншылығы кезінде күйреуін 1246 жылы осы жерлерде болған Плано Карпини дәлелдейді: «В этой земле мы нашли бесчисленные истребленные города, разрушенные крепости и много опустошенных селений».

Орта ғасырларда Сырдария қалалары тұрғындарының жартысын қыпшақтар мен қаңлылар құраған. Плано Карпинидің және Жамал Қаршидің айтуынша, бұл қалалардың тұрғындары коман (қыпшақ) тілінде сөйлеген. Сол дәуірдің ескерткіші ретінде бүгінгі күнге «Махаббат-наме» поэмасы жетті, ол Жент қаласының тұрғынымен қыпшақ тілінде жазылған. Бізге қыпшақ тілінде жазылған және польша шығыстанушысы Заичковский зерттеген біршама поэтикалық, діни және тарихи-әдеби шығармалар, сондай-ақ ресми мадақтамалар (хандык жарлықтар) жеткен.

Сырдария жайылымындағы егіншілік Ильич қонысынан Арал теңізінің жағасына дейін жететін - 500 шақырымнан аса кеңістікті қамтитын күрделі суару жүйесі негізінде да-мыды. Суарылатын алқаптың ені Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойына жайылып, 8-ден 20 және одан көп шақырымға жетті. Ежелгі суару орындарында археологтар аймақтың топографиялық фонын көрсете отырып, ескі Шиназдан оңтүстікке қарай Арал теңізіне дейін - Сырдариянын жағасы бойымен үздіксіз тізбек болып орналасқан егіншілік қоныстардың үйінділерін тауып алған.

Сырдария тұрғындары үшін егіншіліктің үлкен роль ойнағанын сол кезде қолданыста болған сөздер дәлелдейді: эгин-егін, ашлық - ас үй, ғұздарда «ашлық» сөзі бидайды білдірген, ягма, тухси тілдерінде енмек - «нан», кейбір оғыздар мен қыпшақтарда, түріктерде-тары, тарышы, бамбук сөзі - ғұздар бойынша «мақта», тұрма - шұмыр, сары тұрма - сәбіз, туки (дән), үгірген - қызыл дәндері бар өсімдік, ұрынша - оғыздарша жоңышқа және т.б.83 Махмұд Қашқари жазып алған сөздер Сырдария қазақтары бидай мен тары егіп қана қоймай, сондай-ақ мақта (бамук) мен жоңышқа (үрынша) отырғызғанын білдіреді. Осы сөздердің көбісі қазақ тілінде сақталған. Мысалы, ашлықастық, эгин - егін, тары және т.б.

Қала құрылысымен бірге Сырдария жағасында монументалдық сәулет дамыды. Зерттеліп отырған дәуірдің сәулеті жөнінде пішіні шошақ куполы бар куб түріндегі (Қармақшы-ата кесенесі) және шатыр құрылысы түріндегі (Қара-батыр, Төре-батыр, Төретам, Шек-Нияз және т.б. кесенелер) ескерткіштер байқалған.

Сырдарияның орта және төменгі ежелгі қала орындарында, ескі Шиназдан оған Арыс өзенінің құйылысында бітімі шеңбер, шаршы, тік бұрыш, көп қырлы, кейде бітімі анық емес жоспарлар байқалады. Олардың арасында Оқсұс, Сүткент, Ұзын-ата, Артық-ата (ежелгі Артық қаласы), Жартөбе.

Сырдария қалалары кеңес ғалымдары А.Ю. Якубовскиймен, М.Е. Массонмен, А.Н. Бернштаммен, С.П. Толстовпен және т.б. зерттелді. Профессор С.П. Толстовтың зерттеулері бойынша, Сырдарияның төменгі бойындағы қоныстар мал шаруашылығымен және егіншілікпен байланысты жартылай отырықшы жатақтардың еңбегі есебінен дамыды. С.П. Толстов өзінің жұмысында Махмұд Қашқаридің жазғандарын келтіреді: «Вид гузов, который живет в городах, не переезжает в другие места и не воюет, называется ятук».

Сырдария жайылымының оазисінде және Қаратау тау алдында феодал-малшылардың замоктары және егіншілікпен айналысып жазғы уақытта жазғы жайылымдарға көшетін малшылардың замоктарын күзеткен жатақтар өмір сүрген кишлактар болған. Ірі феодал-малшылардың және бүкіл көшпелі ақсүйектердің үлкен алқаптары болған, олар феодалдық-патриархалдық заңдар бойынша жеке-жеке байларға бекітілді, бірақ сонымен қатар жерді қоғамдық пайдаланудың ежелгі дәстүрі сақталды. Осы жерлер малға азық болды, кейбір қожайындардың мал басының саны он мың немесе одан көп болған.

Бекітілген қамалдар мен қоныс-кишлактардан алыс емес жерде қысқы жайылымдықтар болған. Қызылқұмның алып алқаптары, Арал теңізінің аралдары мен жағалауы, Сырдария, Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысы, Мойынқұм жерлері, Талас Алатауының тау алды, Келес даласы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау тау алды қысқы жайылымдық орны болған.

Сауран - Сырдарияның төменгі ағысындағы ірі қалалардың бірі. Ал-Макдиси былай деген: «Сауран - большой [город], окруженный стенами, одна за другой, в нем есть рабад, соборная мечеть». Ибн Хаукаляның айтуынша: «Сабран - город, в котором собираются гузы для [заключения] мира и перемирия и для торговли, когда они в мире; это укрепленный город». Бұл байқауларды Худуд ал-Алем шығармаларының аноним авторы растайды: «Сабран - город очень богатый, место гузских купцов».

«Крепость Сабран является сильно укрепленной твердыней, такой сильной и мощной крепостью, что рука вращения судьбы никогда не достигала подножия ее вала», - деп жазды Хафиз Тыныш. Бекіністің маңында «өзенге ұқсас» op болған.

Сауран в XIV ғасырда біраз уақыт Ақ Орданың астанасы болған. XVI-XVIII ғасырларда Сауран саяси және экономикалық басымдығы бар қазақ хандарының резиденциясы болады. XVI ғасырдың соңында Сауран Ресеймен алғаш рет достық қарым- қатынас орнатқан қазақ ханы Тәуекелдің ордасы болады. Ол 1595 жылы Сауранда орыс елшісі Вельямин Степановты сенім грамоталарымен қарсы алады. Степанов Сауранда екі ай жатады, Тәуекел ханның қысқы сарайы мен оның жазғы киіз үйін сипаттаған. Бұхар ханы Абдулланың бұйрығымен Тәуекел ханның құрметіне Сауран мұнаралары салынады. Мұнаралар бұхарлық негізде, биіктігі ~ 16 м етіп салынды.

Сауранның ескі жұрты Түркістан қаласынан 35 шақырым солтүстікке қарай орналасқан. Жеті ор түріндегі мұнарасы бар қамалдың қалдықтары сақталған.

Сауран ежелгі қала орнының оңтүстік-батыстан солтүстік- шығысқа қарай созылған пішіні дұрыс емес көп қырлы түріндегі архаикалық жоспары бар. Көп қырлы пішіннің бітімі оғыз қалаларына тән. Осындай бітімдер Сырдария жайылымының көптеген ежелгі қала орындарына және Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарына тән. Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы жансыз қалалар үшін домалақ, шаршы, тік бұрыш бітімдер, кейде бітімі анық емес пішін тән.

Сүткент - Отырар оазисінен алыс емес, Сырдарияның сол жағасында орналасқан ірі қоныс. Х-ХІІ ғасырларда Сүткент бай Фараб округіне кірген және Келес даласының жайылымдық мал шаруашылығымен тығыз байланыста болған. Шаруашылық даму деңгейі бойынша араб саяхатшылары, соның ішінде Ибн-Хаукаль (X ғ.) Сүткентті Фараб (Отырар) және Тараз қалаларымен бір қатарға қойды.

Сүткент қаласының қираған бөліктері 700 м кеңістікте шашырап жатты, биіктігі шамамен 5 метрге жететін үлкен төбені құрайды. Ежелгі Сүткент қаласынан көптеген мұнаралары бар қамалдар сақталған, онда цитаделі бар шахристан - қала орталығы болған, оның ішінде қала иелері мен феодалдар өмір сүрген. Қамалдан тыс қала орамдары орналасқан, онда қолөнершілер, ұсақ саудагерлер және қарапайым халық тұрған. Үйіндіге қарағанда қаланың төрт жағында дуал болған, олардың ең негізгілері батыс жаққа қараған.

Отырар - Қазақстанның көне қалаларының бірі, орта ғасырларда ірі сауда орталығы болған, Сырдариядағы саяси және мәдени орталық, Еуропадан Қытайға өтетін керуен жолының басты торабы болған.

Қаланың тұрмысы жайлы мәліметтерді араб және иран мәліметтерінен көреміз. Отырар туралы алғаш рет VIII ғасырда айтылады. Араб қайнар көздерінде Отырарды Фараб деген. Сырдария өзенінің орта ағысы жайылымында орналасқан Отырар (Фараб) мен Кедер  қалалары бар Фараб округі орта ғасырда ірі орталықты құраған, оның шаруашылығында жайылымдық мал шаруашылығы мен егіншілік басым болған. Фараб округіне, сондай-ақ Артық-ата, Жаңаасар, Қауған-ата, Икан, Иткент, Шорнақ және т.б. қалалары енген. «Худуд ал-Алем» шығармасының авторы: «Параб — богатый округ, главный его город называется Кедер...  Это место [стечения] купцов», — деп жазған.

Қаланың даму тарихында сақтар дәуірінен басталып, кейінгі қазақ дәуірімен (XVIII в.) аяқталатын бірнеше тарихи кезеңдер бар.

Ежелгі Отырар қаласы Сырдария өзенінің оң жағасында, оған Арыс өзені құятын манда орналасқан. Кедер және Отырар қалалары бір қаланың атауы ма, әлде екі жеке-жеке қала ма екендігін анықтау мүмкін емес. Отырар қаласын ежелгі замандарда Сырдарияның суы басып кету қаупі болған, сондықтан оның шекарасы ашық далаға қарай бос болды. Отырардың Көк-Мардан мен Қанды-Тоғай сияқты көне бөліктері бүгінгі күні де халық шаруашылығына зиян келтіріп Сырдарияның суы басып кетеді. Бәлкім, Кедер Сырдарияның жағасынан әрірек тұрған Отырардың жалғасы болған шығар. Отырар оазисіндегі ірі ежелгі қала орындарының бірі Құйрық-төбені зерттеушілер X ғасырдағы Отырардың округінің астанасы Кедер қаласы деп айтқан.

Ежелгі Шаштың (Ташкент) және Сайрамның бай аудандарымен қатар орналасуы - бір жағынан, Арыс өзенінің аңғарымен шекаралас болуы - екінші жағынан Сырдарияның орта ағысындағы кең-байтақ оазисіндегі географиялық жақсы орналасуы, Отырар қаласының бірнеше жылдар қатарынан оның қарқынды гүлденуіне ықпал етті. Қала халқының не-гізгі бөлігін қолөнершілер, саудагерлер және жатақтар - ауыл шаруашылығының өнімін өндірушілер құраған.

Х-ХІІ ғасырларда Отырарда қоғамдық және сауда ғимараттары, соның ішінде «түрлі-түсті тастармен қапталған» (Макдиси) орталық мешіт салына бастайды. Байлар және қолөнершілер деп қала орамдарға бөлінген, саз балшық қабырғамен қоршалған және айналдыра терең ор қазылған. Оның сыртында бақтар мен егістік алқап болған. Қалада билік өкілдері, көпестер, қолөнершілер мен жауынгерлер тұрған. Оның тұрғындары оғыздардан (Истахри, Масуди), қарлұқтардан (Ибн-Хордадбек), қыпшақтардан, қаңлылардан (Иазди) құралған.

Отырар округінде, Весидж қаласында әйгілі философ Әбу Насыр әл-Фараби туған, оның еңбектерін зерттеу кезінде маңызы үлкен тарихи-мәдени мәселелер көтеріледі.

Қаланың Сырдария өзеніне құятын Бөген және Арыс қалаларының сағасы арасындағы бай жазықтықта орналасуы шаруашылықтың екі түрі — жайылымдық мал шаруашылығы мен суармалы егіншіліктің дамуына ықпал етті. Отырар ежелгі қала орнындағы бүкіл кеңістік екі арыққа толы, көбінің ені 4-5 метрге жетеді. Арыстан Түркістанның шекарасына жететін басты арықтың бойында Бұзақ, Актөбе, Ақмола, Жаңаасар және т.б. деп аталатын суармалы орындардың іздері №байқалады.

Ежелгі қала орнына бірінші қазба жұмысы 1904 жылы археологиямен айналысатын Түркістан үйірмесінің мүшелері А. Кларемен және А. Черкасовпен жүргізілді. Отырар оазисі аймағындағы археологиялық зерттеулер профессор А.Н. Бернштамның жетекшілігімен ҚазССР FA Тарих, археология және этнография институтының ОҚАЭ-мен 1947-1949 жылдары басталды. Бұл аймақ алдын ала тексерілді, ежелгі қала орнының алдын ала хронологиясы және керамикасына жіктеме жүргізілді. Экспедиция өз күшін VI-VIII ғасырлардағы ескерткіштер мен мәдени қабаттарға шоғырландырды. Қанды-тоғақ, Көк-Мардан, Алтын-төбе төбелері қазылды.

1966-67 жылдары Отырар оазисінде Жетісу экспедициясы жұмыс істеді, ал 1969-1970 жылдары аралығында-Қ.А. Ақышев басқарған Отырар экспедициясы жұмыс істеді.

Отырар экспедициясы Отырардың, ежелгі қала орындары мен қоныстар оазисінің стратиграфиясы мен топографиясын зерттерді. Үзген, Қаршығалы, Қотан, Қандөз-төбе, Төрткөл-төбе, Бершін-төбе, Шаға, Шаш-төбе, Қарасуан ежелгі қала орындары және сегіз қоныс зерттеліп, уақыты белгіленді.

Отырардан алыс емес, Отырар оазисінде орналасқан Алтын-төбе, Көк-Мардан, Қара-Қоңшы, Жалпақ-төбе, Пышақшы-төбе, Қанды-Тоғай төбелері ежелгі орта ғасырдағы халықтың шоғырланғандығын дәлелдейді. А.Н.Бернштам: «Такой тип расселения был связан, прежде всего, с позднеантичной и до-феодальной системой общественных отношений, когда патриархальная семья жила еще в качестве экономической ячейки», — деп жазған.

Сырдарияның төменгі бойында бұл кезде оғыздар тайпасы мекендеген. Олардың бекіністері мен қоныстарының бітімі домалақ немесе көп қырлы болған.

Феодалдық қатынастардың дамуымен жан-жаққа тараған халық қоныстарға кете бастайды, онымен қатар қалалар өсіп, феодалдық қамалдары пайда болады.

Монғол шапқыншылығының алдында Отырарда қолөнер өндірісі кемелденіп, Орта Азиядағы ірі сауда орталығының бірі болған. Отырардың көлемі туралы Джувейннің хабарла масы бойынша білуге болады, қаланы қорғай алатын ересек ер адамдардың саны — 60ООО. Отырар арқылы көптеген керуен жолдары өткен, оның ішінде Алмалықтағы Үргенші керуен жолы. Шыңғыс ханның жауынгерлері гүлденіп тұрған қаланы бұзып, оны қираған бөліктерге айналдырды. Отырардың жандануы XIII ғасырдың екінші жартысында басталады, ол монғол кезеңіндегі халықтың қалаға келуімен байланысты. Отырар XVIII ғасырға дейін болған.

Отырар оазисінің жазықтығынан көптеген төбелер түріндегі ежелгі Отырардың ескі жұрты Темір теміржол станциясынан алыс емес, Түркістан қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Отырар төбе ежелгі қала орнының ортасындағы алып төбе болды. Ежелгі қала орнының аумағы күйдірілген кірпіштердің, құйма және құйма емес керамиканың фрагменттеріне толы болды. Ежелгі қала орнының маңында солтүстік-шығыс және шығыс жағы жақсы сақталған қабырға байқалады. Мұнаралар құлаған үйінді түрінде болды. Орталық төбенің маңында ордың іздері байқалды. Қалаға кірер қақпа үш жақтан орналасты: оңтүстік, солтүстік-шығыс және батыс. Орталық көше оңтүстік және солтүстік-шығыс қақпаны біріктірді.

Төбенің астында ежелгі қаланың орталығы, оның цита-ғимараттары, соның ішінде «түрлі-түсті тастармен қапталған» (Макдиси) орталық мешіт салына бастайды. Байлар және қолөнершілер деп қала орамдарға бөлінген, саз балшық қабырғамен қоршалған және айналдыра терең ор қазылған. Оның сыртында бақтар мен егістік алқап болған. Қалада.

билік өкілдері, көпестер, қолөнершілер мен жауынгерлер тұрған. Оның тұрғындары оғыздардан (Истахри, Масуди), қарлұқтардан (Ибн-Хордадбек), қыпшақтардан, қаңлылардан (Йазди) құралған.

Отырар тебе ежелгі қала орнының ортасындағы алып төбе болды. Ежелгі қала орнының аумағы күйдірілген кірпіштердің, құйма және құйма емес керамиканың фрагменттеріне толы болды. Ежелгі қала орнының маңында солтүстік-шығыс және шығыс жағы жақсы сақталған қабырға байқалады. Мұнаралар құлаған үйінді түрінде болды. Орталық төбенің маңында ордың іздері байқалды. Қалаға кірер қақпа үш жақтан орналасты: оңтүстік, солтүстік-шығыс және батыс. Орталық көше оңтүстік және солтүстік-шығыс қақпаны біріктірді.

Төбенің астында ежелгі қаланың орталығы, оның цитаделі, шахристаны, шикі және күйдірілген кірпіштен жасалған тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың қалдықтары, тандырнан салатын пештері бар жайлар, су қоймасы және т.б. болды. Орталық төбенің жан-жағында қаланың басқа бөліктері көміліп қалған төмпешіктер орналасты.

Археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы бойынша Сырдарияның орта ағысындағы ірі қалалар XV-XVII ғасырларда - Қазақ хандығы құрылып, күшейген кезді қоса отырып, XIII-XV ғасырлардан кейін де біраз болған. Олардың сақталуына Сырдария қалалары Отырар, Сүткент, Артық-Ата, Ұзын-Ата, Сайрам және т.б. арасындағы экономикалық байланыс ықпал етті. Осы кезде Қазақ хандығының қала орталығына айналған Отырардың маңызы зор болды. Феодалдык қақтығыстардың және жоңғарлардың шапқыншылығының нәтижесінде тұрғындары қаладан кетуге мәжбүр болды, сөйтіп қалалар қаңырап, қирады.

Археологтар Отырар ежелгі қала орнын және Отырар оазисін зерттеп, үлкен жұмыс атқарды. Әлде де жұмыс көп. Отырар оазисінде және оның ежелгі қала орындарында ақтарылмаған сырлар көп.

Іңкәрдарияның солтүстік және оңтүстік арналарының арасындағы ауданда КСРО FA Хорезм экспедициясымен Сырлы-там-қала және Заңғар-қала екі ірі оғыз ежелгі қала орны табылды.

Сырлы-там-қала (С.П. Толстовта-Сары-там-қала) қамалдан, қоныстан және кесенеден құралған. Пішіні қисық домалақ, жоспарындағы ежелгі қала орнының диаметрі ~ 250 м. Цитадель мұнаралармен бекітілген, онда үш құрылыстың қалдықтары байқалады.

300x400 м ежелгі қала орнынан батысқа қарай төбелер орналасқан, олардың астында қоныс кеміліп қалған. Оны үйлердің және түрлі қолөнер шеберханаларының қалдықтары дәлелдейді. Қоныстың мезгілі қыш өндірісінің заттарымен X- XII ғасыр деп бел тіленеді.

Сырлы-там мазары биік төбеде орналасқан. Жоспары бір жағының ұзындығы 10 м болатын төрт бұрышты құрайды. Мазар күйдірілген кірпіштен салынған, оның өлшемі — 27x27x4,5 см және 23,5x12,5x4,5 см. Мазардың ұшқыр аркасы бар бетше босағасының қуысында кіре беріс орналасқан. Мазардың бетше босағасын терракота тақталары сәндейді. Бетше босағанын бұрыштарында кірпіштен салынған диаметрі — 40 см домалақ пилястрлар қаланған. Мазардың үстінде биік купол бар.

Жанкент - оғыз тайпасы одағының астанасының бірі, оғыз хандарының ордасы. Қала Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра өзендерінің аңғарларына өткен керуен жолында тұрған. Жанкент арқылы Сығанаққа жол өткен.

Жанкент шығыс шығармаларында «Ал-Карьят», «Дех-и- Нау» деп аталады, яғни «Жаңа мекен» деп аударылады. Ибн Хаукаль былай жазған: «В Новом Селении [Янгикент] живут мусульмане, и, вместе с тем, оно - столица государства гузов; там живет зимой царь гузов. Новое Селение находится в 10 днях пути от Хорезма и в 20 днях пути от Фараба».

Х-ХІ ғасырларда Жанкент оғыз билеушілерінің қысқы резиденциясының болғандығы қайнар көздерінен белгілі. Плано Карпинидің айтуынша, Жанкент қаласы монғол шапшылығынан кейін аман қалған жалғыз ғана Сырдария қаласы. Жанкенттін тұрғындары Баршынкент құлағаннан кейін монғолдарға қарсылық көрсетпеді, «вышли им навстречу и добровольно предались в их руки, отчего город их не был разрушен.. .».

Орта ғасырлық Жанкент қаласының қираған қалдықтары Сырдарияның солтүстік бөлігінде, оның арнасынан 4 шақырым, Қазалы қаласынан 22 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. XIX ғасырдың ортасында Жанкент қаласына П.Н. Jlepx және В.В. Верещагин қазба жұмыстарымен айналысты. Қазба жұмыстары кезінде сапасы мықты күйдірілген кірпіш, бедерлі сәндік қаптама тақталар, ақшыл және қою көк түсті әйнекелі тақталар табылды. Осындай тақталар мен Алтын Орда заманындағы .ғимараттардың қабырғаларын әсемделген.

С.П.Толстовпен жасалған ежелгі қаланың жоспары - трапеция тәрізді.Қала ғимараттары ірі шикі және күйдірілген кірпіштен салынған. Бұл шомбал бекініс қабырғасымен қоршалып, сыртынан терең ор қазылған жақсы бекітілген қала. Қаланың солтүстік-батыс бөлігінде цитадель болған. Материалдық өндірістің қалдықтары қаланың ұзақ жылдар бойғы өмірін дәлелдейді, соңы XIII-XIV ғасырлар деп белгіленеді.

Сырдарияның жағасында орналасқан көптеген отырықшы қоныстар мен қалалар, саз балшықтан жасалған құрылыстары бар кишлактар оның кезең-кезеңмен су басуы себебінен жоғалып кеткен. Мүмкін, Жанкент қаласы да осындай күйге ұшыраған болар.

Жанкенттен алыс емес Сырдарияның төменгі ағысында Қорқыт мазары орналасқан.

Сырдарияның тасуына байланысты Жент, Сауран, Отырар, Сығанақ, Түркістан сияқты ірі қалалары оның жағасынан алыс орналасқан.

Жанкентті қайта қалпына келтіргісі келген Әбілқайыр хан орыс өкіметіне Жанкенттің түсіру үшін инженер-геодезистерін жіберуді сұраған. Орыс өкіметінен инженер Гладышев пен геодезист Муравин іссапарға жіберіледі. Әбілқайыр хан қайтыс болған соң оның ойы жүзеге аспай қалды.

Сырдарияда Жаңадария иілімнен жоғары оғыз қалаларының ішіндегі ірілерінің бірі Жент қаласы болған, кейін ол Дешті-Қыпшақтың шығыс астанасының бірі болады. Жент Қызыл Ордадан 140 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай, Жосалы станциясынан 110 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан.

Якуттың суреттеуінше: «Дженд - имя большого города в странах Туркестана. Между ним и Хорезмом 10 дней пути». IX ғасырда Жент оғыз билеушілерінің ордасы болады. Жент философ Сұнақ-Ата мен ақын Құтыптың өмір сүруімен белгілі.

Жент қаласын оқшаулау мәселесімен В.В. Бартольд, П.Н. Jlepxa, В.А. Каллаура және т.б. айналысты.

Профессор С.П. Толстов басшылық еткен Хорезмдік экспедиция ежелгі қала орнына археологиялық қазба жүргізді, Толстов орталығы орта ғасырлық Жент қаласы - Жанқала ежелгі қала орны болып табылатын ауқымды орта ғасырлық ескерткіштер кешені жөнінде жазған.

Сырдарияның төменгі бойындағы ірі қалалардың бірі - Баршынкент ( Баршынлыкент қаласы). Монғолдарға көпке дейін берілмегеніне қарағанда бұл мықты бекітілген қала, ол Жентке және Жанкентке баратын іргені қорғаған. «Один город по имени Барчын долго противился ему (т.е. Окедаю)», - деп жазады Плано Карпини.

Баршынкенттің қираған бөліктері Сырдарияның оңтүстік жағасында, Қызыл Орда мен Шиелі арасында орналасқан және Қызқала атауымен белгілі.

«Баршынкент» атауы халық поэмасының кейіпкері «Алпамыспен» байланысты. Оғыз феодал ақсүйектерінің өкілі Баршын-сұлу есімді атақты әйел Сырдарияның төменгі бойындағы қаланы өз есімімен атады, осыдан Қызқала атауы шыққан. Аңыз бойынша Сырдарияның оңтүстік жағасындағы Көк-Кесене кесенесі Баршын сұлудың құрметіне салынған.

Қазақ тарихында Сырдария бассейніндегі ең ірі қалалардың бірі ретінде - Сығанақ қаласына ерекше мән берілген. Сұнақ-Ата атауымен белгілі Сығанақтың қираған қалдықтары Ташкент теміржолы Түймен-Арық теміржол станциясынан 20 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Сығанақ қаласы — Дешті Қыпшақ және Ақ-Орда қыпшақтар мемлекетінің астанасы Сырдария жайылымының дала бөлігінде, Отырар мен Женттен солтүстікке және солтүстік-шығысқа, Сарысу, Есіл, Hұpа және Торғай өзендерінің жайылымдарына кіретін ежелгі қыпшақтардың мекендеген жерлеріне баратын ежелгі керуен жолдарының қиылысында орналасқан. Сығанақтың маңында Раң, Ордакент, Боройнақ (Тиел) қала тип-тес кішкентай қоныстар орналасқан.

Қытай қайнар көздерінде Сығанақ Сигян деген атауымен Түрік қағанатынан белгілі. Сунах [Сугнак, Сығнақ] қаласы туралы «Худуд ал-Алем» шығармасының белгісіз авторы (X ғ.) жазған. Махмуд Қашқари (XI ғ.) оны «одним из городов гузов» - деп атайды. Джувейнидің айтуынша, XII ғасырда Сығанақтың тұрғындары және оның жанында тұрған тайпалар оларды исламға бас игізіп, Сығанақты өздеріне бағындырғысы келген қарахандықтарға қатты тойтарыс берген. Джувейнидін айтуынша, хорезмшах Текеш «под предлогом священной войны против неверных отправился в Сугнак».

Әдеби қайнар көздерінің және археологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, Сығанақ қаласы пайда болғаннан бастап XVIII ғасырға дейін бірнеше даму кезендерінен өткен. Алғашқыда бұл суармалы егіншілікпен, аңшылыкпен және балық аулаумен айналысқан жатақтардың кішкентай қонысы болған. Монғолдар күшпен басып аларда (XVIII ғасырдын басы) ол ірі сауда орталығы және қолөнер орталығы болған. Сауда байланыстарына негізделген Сығанақтың экономикасы сонымен қатар дәстүрлі түрде жайылымдық мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілікпен байланыстырған.

Сығанақ ішкі жағында сауда жайлары, керуен-сарайлары және басқа да қоғамдық ғимараттары бар, қала орамдары орналасқан мықты қала қабырғасымен қоршалған. Сығанақ монғол әскеріне қарсылық көрсеткен, оның тұрғындары Үгедейдің елшісі Хасан-Хаджиді өлтірген. Жеті күндік қоршаудан кейін 1219 жылы қала монголдардың қолына түседі, тұрғындарды түгелдей қырып тастайды.

Монгол шапқыншылығынан кейін Сығанақтың қайта қалпына келуі XIII ғасырдың екінші жартысына дәл келеді. Сырдария қалалары Отырарды, Сауранды, Жентті, Баршынкентті және Сығанақты қалпына келтіруде Ерзен хан көп еңбектенеді, оның моласы Сығанақта орналасқан. Қаланың тез қалпына келуіне солтүстік далалар зор үлес қосты, ол жаққа жазғы жайылымдарға бір жағынан өзінің отарларымен малшылар және екінші жағынан Сырдарияның отырықшы егіншілікпен айналысатын қоныстары көшкен.

Сығанақтың тұрғындары егіншілікпен және басқа да кәсіпшілікпен айналысқан. Суармалы егіншілік Сығанақ үшін өте маңызды болған. Ф. Рузбехан: «Поля орошаются выведенными из Сейхуна [Сырдарьи] арыками», — деп айткан.Сығанақ Сырдариядан шамамен 25 шақырым қашықтықта кейін орналасқан, сондағы жатакшы-егіншілер қалаға баратын канал орнатқан, әдебиетте ол Төмен-арық атауымен белгілі. Осы каналдан Сығанақтың маңайын суарып тұратын ұсақ арықтар желісі таралған.

XIII ғасырдың соңында Сығанақ Ақ Орданың астанасы болады.Ф. Рузбехан былай жазған: Саганак в Дешт-и Кипчаке ... город в древности был очень цветущим, был окружен большими постройками и обработанными полями, богат разнообразными продуктами и являлся торговым пунктом для казакского народа; он еще известен своей обширностью и мирным населением».

XIV ғасырдың соңында Сығанақта хан тағына Тоқтамыс отырады. Ақ Орданың және Дешті Қыпшақтың мәдени және саяси орталығында Темір мен Алтын Орданыц кенеттен шабылуына дайын болу үшін үлкен әскери күш ұсталынған, күміс шығарылған, ресми грамоталар шығарылған, жер телімдерін және суару каналдарын игеру үшін тархандық (вакуфтық) белгілер берілген. Вакуфтық сонау XVI-XVII ғасырларда, қазақ хандары Тәуке мен Есім хан кезінде берілген.

Эрмитажда «Орыс ханның есімі бар Сығанақта соғылған» он бір күміс сақталған. Сығанақ ол кезде Мәуереннахр қалаларымен бәсекеге түсе алды. Осы кезде қалалар құрылысы қарқынды жүреді, ол оның билеушісі - Қазақ хандығын құрушылардың бірінің ұрпағы болып келетін Орыс ханмен байланысты. Орыс хан кезінде қалалардың қорғаныс құрылыстары бекіді және күйдірілген кірпіштен тамаша ғимараттар тұрғызылды, оның арасындағы он алтысын жартылай күйреген күйде бүгінгі күндері көруге болады.

Ф. Рузбеханның айтуынша, астаналық қала және «гаванью Кипчакской степи» бола тұрып, Сығанақ XIV ғасырда өзінін жанына ірі қазақ тайпаларын шоғырландырып, Темірге қарсы күресуге бағытталған орталық болады. Ақ Орданың атымен жүргізілген осы күрестің негізінде, XV ғасырдың ортасында қазақ тайпаларының саяси одағы қалыптасады және Қазақ хандығы құрылады.

XVII ғасырға дейін Сығанақ қыпшақ даласындағы жалғызған сауда орталығы болады. «Производимые в Дешт-и Кипчаке товары, прямо поступают сюда и, в свою очередь, необходимые для него товары идут сюда из Туркестана, Мауранахра, Кашгара и Хотана. Саганак является местом сосредоточения купцов. Здесь всегда в достаточном количестве имеются товары всех стран». «Когда-то в нем было такое большое население, что еже-дневно поступало на базар пятьсот верблюдов с вьюками, из которых к вечеру ни один не оставался непроданным» - деп айтты Ф.Рузбехан.

Сығанақта Сырдария жайылымындағы ірі қалалар сияқты Мәскеуідің Русімен белсенді сауда байланыстары болған, ол орыс және Орта Азиялық нарративті қайнар көздерімен дәлелденеді. Орыс көпестері маталар, металл бұйымдарын, әшекейлер әкелді, оны тұрғылықты халыққа өте қажет болды.

Рузбехан Сығанақты Сырдария қалаларынан және Мәуеренахр қалаларынан бөлек қарастырды, ол тек Қыпшақ даласымен байланысты қала деп есептеді. Оның айтуынша: «Саганаком начинается пустыня Бетпакдала, там нет культурных и населенных мест. Поэтому, если умирали главные ханы, то их доставляли в Саганак, там их хоронили и над ним воздвигали мавзолей. Останки Абулхаир-хана, деда Шейбанихана, покоятся в восточной стороне вне города».

Кейінгі орта ғасырдағы Сығанақ жөнінде мәліметті орыс география әдебиетінен көреміз. XVI-XVII ғасырдағы «Чертежные книги» әдебиетінің маңызы зор. Мысалы, әйгілі «Книга Большого чертежа» атты әдебиетте былай жазылған: «А от Усть-Кендерлика верст, с левой стороны реки Сыра град Сунак, против Карачатовой горы. А промеж озера Акбашлы и реки Саук, и озера Акколь и по обе стороны реки Зеленчика, и реки Кендерлика Сарсы, и песков Кара-Кум на тех местах на 600 верстах кочевье Казацкия орды. На реке же Сыре от Сунака града 90 верст град Ясырван [Сауран]». «Книга Большого чертежа» кітабының авторы Сунақ (Сығанак) қаласының Қаратау тау алдынан оңтүстік-батыстан алыс емес далада, Сырдарияның он жағасында орналасқанын дұрыс жазады. Осы кітапта келтірілген ежелгі топономиялық атаулардың көбісі осы күнге дейін сақталған, тек Сауық пен Кендерліктің атауы өзгерген. Сауық - Ырғыз өзенінің орта ғасырлық атауларының бірі, ал Сарысу өзенінен құятын Кеңгір орта ғасырларда Кендерлік деп аталған.

Бұл атау Хавиз Тыныштың «Абдулла наме» шығармасында жиі кездеседі.

Сығанақ қаласы 1701 жылы Семен Ремезовпен құрастырылған «Чертежной книге Сибири» кітабында да және 1737 жылы Ресей Академиясымен шығарылған атласта да бар. Ремезовтың атласында Сығанақ № 22 және № 23 деп белгіленген, бірақ бітіруші картада Сығанақ ретінде, екіншісінде - Сұнақ ретінде берілген.

Сұнақ-обасындағы Сығанақтың маңында күйдірілген кірпіштен, кейде тас іргесімен тұрғызылған ежелгі кесенелердің қираған бөліктері жатыр, олардың арасындағы ең ірісі Сұнақ- ата кесенесі.

Орта ғасырлық поэзияда жырланған, тарихи аңыздарға толы Сығанақ XVII ғасырдың соңында өзінің маңызын жоғалтады. Ориенталист П.И.Лерхтің айтуынша, Сығанақтың соңғы тұрғындары оны XIX ғасырдың бірінші жартысында тастап кеткен, осы уақытта қаланың көп бөлігі қираған бөлшектерге айналған еді. Кейін орта ғасырлық Сығанақ та-быну орнына айналды. Дала тұрғындары бұзылған ежелгі діни ғимараттардың жанына жиналған, осы жерге қайтыс болған туыстарын жерлеген. Бұл жерге ел кезіп жүретін діндарлар келе бастайды. Қаланың қираған қалдықтарында XX ғасырға дейін Сығанақтың «мәңгілік алауын» сақтап тұрған шырақшылар өмір сүрген. Оны В.А.Каллаур және проф. А.Ю.Якубовский айтады.

Сырдария қалалары орта ғасырлардағы феодалдық хандықтар арасындағы ұзаққа созылған кырқысудың нәтижесінде құлаған. Шағатай мен Ақ Орда феодалдық хандықтардың құлау нәтижесінде пайда болған Темір мен Орыс ханның арасында туындаған күрес кейінгі ғасырларда анағұрлым қатты бола бастайды. Қазақ хандығының басшылығында жүрген Орыс ханның ұрпақтары мен Темір ұрпақтарының арасындағы күрестің басты себебі Сырдария қалалары болған. Қалалары бар Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы бассейіндер қазақ тайпасы мекендеген жер болған. Сырдария қалалары үшін қазақ және өзбек хандары Барақ пен Ұлықбектің арасында, Қасым хан мен шайбанидтердің арасында қанды-қырғын шайқас болған.

Көптеген Сырдария қалалары Сырдарияның көктемгі тасуының нәтижесінде құлаған. Осындай су апаты нәтижесінде құлаған қалалардың бірі Сығанақ қаласы, оның қалдықтары ғылымда Сұнақ-ата атауымен белгілі, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан үлкен төбе түрінде бүгінгі Яныкурган ауданында орналасқан. Сұнақ-ата ежелгі қала орнын зерттегендер В.В.Бартольд, В.А.Каллаур и А.Ю.Якубовский болды, осы жұмыстардың арқасында бізде ежелгі қала орнының жоспары, оның топографиясы және ежелгі ескерткіштердің сипаттамасы бар.

Сығанақ қаласы 1701 жылы Семен Ремезовпен кұрастырылған «Чертежной книге Сибири» кітабында да және 1737 жылы Ресей Академиясымен шығарылған атласта да бар. Ремезовтың атласында Сығанақ № 22 және № 23 деп белгіленген, бірақ бітіруші картада Сығанақ ретінде, екіншісінде - Сұнақ ретінде берілген.

Сырдария қалалары орта ғасырлардағы феодалдық хандықтар арасындағы ұзаққа созылған қырқысудың нәтижесінде құлаған. Шағатай мен Ақ Орда феодалдық хандықтардың құлау нәтижесінде пайда болған Темір мен Орыс ханның арасында туындаған күрес кейінгі ғасырларда анағұрлым қатты бола бастайды. Қазақ хандығының басшылығында жүрген Орыс ханның ұрпақтары мен Темір ұрпақтарының арасындағы күрестің басты себебі Сырдария қалалары болған. Қалалары бар Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы бассейіндер казак тайпасы мекендеген жер болған. Сырдария қалалары үшін қазақ және өзбек хандары Барақ пен Ұлықбектің арасында, Қасым хан мен шайбанидтердің арасында қанды-қырғын шайқас болған.

Ежелгі Сығанақ, Сауран, Жент, Отырар қалаларының аудандарында орта ғасырлық сәулеттің ғажайып ескерткіштері бар. Олардың көбісі Тәуекел және Шығай хандары кезінде XVI ғасырда салынған. Осы дәуірдің сәулеті мен құрылыс дәстүрлері жөнінде мәліметті осы уақытқа дейін салыстырмалы түрде жақсы сақталған ескерткіштер береді. Осылайша, Сырдарияның төменгі ағысында Қармақшы-ата және Сарман-ата кесенелері орналасқан.

Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы мәдениет ошақтарының бірі — Талас аңғары мен ежелгі Шаштың арасында орналасқан Сайрам оазисі болды. Сайрам оазисі Нучигянь, атауымен Сюань Цзаньның (VII в.) жазбаларында Талас аңғарының оңтүстік-батысында орналасқан бай аймақ ретінде айтылады.

Қарахандықтардың еншілігінің бірін құрайтын Сайрам оазисінің орталығы - Сайрам қаласы. Сол кездегі қайнар көздерінен ол Испиджаб атауымен белгілі. Х-ХІІ ғасырда, гүлдену уақытында Сайрам Талас Алатауы тау алдында, Бадам және Арыс - Шымкент, Манкент, Қарабұлақ, Ақсу, Түлкібас және т.б. өзен аңғарларында орналасқан көптеген қоныстар мен кишлактарды өзіне қосты. Сайрам оңтүстіктен солтүстікке өткен керуен жолындағы ірі жол тораптарының бірі болды. Қаратаудың бай аудандарына жақын орналасуының арқасында, көп салалы экономикасы мен солтүстік және оңтүстік аймақтарымен үздіксіз сауда байланыстарының арқасында Сайрам сол кезде ірі сауда орталығы болып келген Таразбен және Отырармен бәсекелесе алды. Қала бірнеше рет кұлаған, бірақ үнемі кайта жаңғырған. Сайрам бүгінгі күндері - өзінің ескі орнында орналасқан қалалардың бірі.

Ежелгі Сайрам дегеніміз — саз балшықтан жасалған қамалдары және бірқатар фортификациялық ғимараттары бар Орта Азия тұрпатындағы феодалдық қала. Ежелгі қала орнының бітімі төрт бұрыш, ал оның бұрыштары төрт жағынан бағдарланған. Сәулет құрылыстардың көптеген қалдықтары Сайрамда тұрғын үй, қоғамдық және діни ғимараттардың болғандығын дәлелдейді: сарайлар, сауда жайлары, шеберханалар, керуен-сарайлар, мешіттер, күмбездер, моншалар. Сайрамда күйдірілген кірпіштен салынған кесенелер мен мешіттер табылды. Олардың арасында ақын Қожа-Ахмет Иассауидің әкесіне арнап салынған Ибрагим ата кесенесі бар. Сайрамнан алыс емес, Қарабұлақта Есім ханның жазғы ордасының қалдықтары қалған.

Сайрамның құрылысы кезінде тас кеңінен қолданылған. Оны тас бағаналар, құдықтар мен жер астына апаратын баспалдақ дәлелдейді.

Сайрамнан ежелгі діни ғимараттарының көптеп табылуы Түркістан қаласына дейін Сайрам исламның ірі дәріпкері болғандығымен түсіндіріледі. Қожа-Ахмет Йассауи Сайрам туралы былай жазды:

Төрт пайғамбар ту құрған

Кіндік қаны жуылған Кіші деуші еді

Сайрам  деген жерімді.

Меккелігін айтайын;

Айтулы тұр азаны, 

Қызулы тұр базары.

Әзірет Сұлтан  алыстан,

Нақыстап құрған көк күмбез,

Астананың қазаны.

Түркістан  (Әзірет) қаласы XII ғасырда қаңлылардан шыққан феодалдардың емін-еркін сезінетін жері болған, ол жерден софылық ақын Қожа-Ахмет Йассауи шыққан. Ол кезде қала Яссы деп аталды. Жоспары бойынша Яссы саз балшықтан салынған құрылыстары бар, көшелері тар, қамалы бар кәдімгі қоныс болған. Бірақ сонымен қатар мұнда күйдірілген кірпіштен салынған ғимараттар болды, олардың арасында діни ғимараттар -мешіттер, кесенелер және медреселер көп болды.

XIV ғасырдың соңында Түркістан Темір наместниктерінін билігінде болды. Темірдің бұйрығымен Қожа-Ахмет Йассауидің моласының үстінен кесене салынды. Орта Азиядан және Қазақстаннан Түркістанға қажыға барушылар келе бастады.

XVI ғасырдың соңында Түркістан қазақ хандығының ордасы болады. Әбілғазының айтуынша осы жерге бірінші болып Есім хан келген. XVII ғасырда Түркістанда Қожа-Ахмет Иассауи кесенесінің қасында Есім ханға және Жәңгір ханға арналған кесенелер тұрғызылған, олар сақталмаған.

Орыс әдебиеттерінде XVII ғасырдың соңында және XVIII ғасырдың басында Түркістан «Тәуке хан қаласы» деп аталады. «Тәуке ханның қаласы» деп бұл қаланы I Петр атайды, ол 1696 жылғы 17 сәуірде өзінің жарғысында тобыл ұлы Семен Ремезовке: « .. .сколь далеко от Тобольска до Казачьей орды, и каким путем ход бывает, и много ли дней пути.. .от Тевки-ханова города до Бухарин», — деп суреттеп беруді бұйырады.

Өзінің мықты саяси және мәдени ықпалының арқасында Түркістанды Әзірет Сұлтан деп атай бастайды. Қаратау тау алды мен Сырдарияда орналасқан қалалар мен қоныстар Түркістанмен байланысты болған. Созақ, Қарашық, Қарнақ, Шымкент, Сайрам, Ташкент және т.б. қалалар оған бағынышты болған. XVIII ғасырдың басында Түркістанды жоңғарлар басып алады. Жонғарларды қуып шыққан соң, Түркістан қазақ қоғамының қайтадан мәдени, экономикалық және саяси орталығы болады.

Қожа-Ахмет Йассауи кесенесін зерттеген профессор М.Е.Массон былай деген: «Он уникален. В его вознесшейся мощной громаде за традиционными формами, выработанными искусством ислама, невольно чувствуются отголоски созвучных эпохе настроений, почерпнутых, быть может, не случайной интуицией из царственного стиля Персии эпохи Сасанидов и архитектуры императорской Византии».

Қожа-Ахмет Йассауи кесенесі - үлкен аумақты алып жатқан, көп кумбезді ғимарат. Көлемі және құрылыс күрделілігі бойынша кесене орта ғасырдағы ең ірі сәулет ғимараты болған. «Громадный величественный портал, обширный полутемный казанлык, залитая розовым светом могила знаменитого суфия... — все это оставляет неизгладимый след», - деп жазды М.Е. Массой. Кесенені көріп таң қалған Рузбехан: «Мавзолей Ахмеда Ясеви - редкостный среди памятников населенной [части] мира, чудо творения рук человеческих», — деген.

ТАЛАС-ШУ ЕКІ ӨЗЕН АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАР

ЖЕТІСУ ҚАЛАЛАРЫ

Талас, Шу және Жетісу өзендерінің жайылымдарындағы қала мәдениетінің дамуына ғұндар мен түріктер ықпал етті. Орта ғасырларда Оңтустік Қазақстандағы отырықшы қоныстар мен қалалар феодалдық қатынастармен және көп салалы экономикамен негізделген, әбден анықталған топографиялық түрге ие болады. Оңтүстік Қазақстанның қалалары — Тараз, Құлан, Сайрам, Отырар, Баласағұн және т.б. қалалардың жоспарлары бірдей болған. Қалалардың ортасында - шахристанда феодалдар тұрған цитадельдер болған, сондай-ак базарлар, собор мешіттері, керуен-сарайлар, қала маңында — рабадта қолөнершілер мен қарапайым халық тұрған. Қалаларда қоғамдық ғимараттар - керуен-сарайлар, моншалар, сардобтар (су қоймасы), инженерлік құрылыстар - көпірлер, екі қапталдан атқылайтын мұнарасы бар бекініс қамалдары, бөгеттер тұрғызылған. Осы уақытта медресе, мешіттерді салуға көп көңіл бөлінген. Қалалардың жанында қақпалары мен күзет мұнаралары бар саз балшықтан салынған қабырғалар тұрғызылған. Үлкен қалалардың рабадтарының бірнеше қақпалары болған, осы арқылы керуен әр жаққа кеткен.

Оңтүстік Қазақстанның қалалары туралы анағұрлым ежелгі мәліметтерді біз қытай саяхатшысы Сюань-Цзаньның жазбаларынан көреміз, ол VII ғасырдың 30 жылдары осы жазық жерлерден өткен.

Оңтүстік Қазақстанда археологтармен ежелгі отырықшы мәдениеттің көптеген қалдықтары табылды: қазіргі кишлактарға ұқсас қоныстар, феодалдық бекіністер, керуен-сарайлар, құйылып жасалатын және құйылмайтын керамиканың фрагменттерінен, еңбек құралдарынан, күмістерден және сол сияқты заттардан тұратын мол көтермелі материалы бар алып қала мәдениетінің қалдықтары. Осы материалдар Оңтүстік Қазақстанда ежелгі орта ғасырда қала құрылысы осылардың негізінде дамыған мал шаруашылығының, суармалы егіншіліктің, қолөнердің, сауданың дамуымен байланысты елеулі экономикалық үрдісі басталғандығын дәлелдейді.

Көне қайнар көздеріне сүйенсек, ежелгі орта ғасыр дәуірінде Тараз және Баласағун қалалары ең ірі саяси және экономикалық орталықтар болған.

Тараздың орналасуы академик В.В.Бартольдпен сонау 1894 жылы анықталды, кейін проффессор А.Н. Бернштамның зерттеулерімен нақтыланды. Ежелгі Тараз (Талас) бүгінгі Тараз қаласының орнында болғандығы анықталды. Археологиялық материалдар Тараз қаласы бірінші мың жылдықтың басында пайда болғандығын дәлелдейді.

Тараз қаласы ғұндар тайпалық одағының астанасы (б.з. I- V ғғ.), түрік қағанатының ордасы (VI-VIII ғғ.), қарлұқтар мен қарахандықтар мемлекетінің орталығы (VIII-XII ғғ.) болған. Ежелгі орта ғасыр дәуірінде соғды мәдениетінің пайда болуына ықпал еткен, Тараз қаласына соғды ақсүйектерінің елеулі бөлігі келді деген дерек бар.

Ежелгі Тараз туралы осы қалада Түрік қағанаты (568 жыл) кезінде болған Византия елшісі Земарх Киликийский және тарихшы Менандр Протектор жазған. Земарх осы кезде Тараз қаласының үлкен саяси маңызы және сауда байланысы болғандығын айтады.

Тараз жөнінде осы сияқты анық мәліметтерді біз Земархтан кейін 60 жыл өткен соң, осы қалаға келген қытай саяхатшысы Сюань Цзаньның жазбаларынан көреміз. Оның айтуынша, Тараз әр елдің көпестері келетін маңызды сауда қаласы болған.

Қарлұқтар-қарахандықтар (VIII-XII ғғ.) кезінде Тараз қаласы өте жақсы дамиды. Цитаделі бар қаланың сыртында айналдыра ор қазылған, шолғыншы және екі жақ қапталдан қорғалатын күрделі мұнаралар кешені бар қабырғамен қапталған. Қаланын қақпасы төрт жақтан болған. Қаланың ортасында базар алаңында собор мешіті тұрған.

Тараз қаласының қалдықтары бұл - бұрынғы алып қаланын көлемі мен ескілігін дәлелдейтін шомбал қабаттар. Қазба жұмыстары кезінде шахристаны, цитаделі және сауда-қолөнер орамдары бар кәдімгі ортаазиялық феодалдық қаланың жоспары анықталды. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық мәдениет заттарының арқасында әр кезеңдегі қаланың өмірі анықталады.

Мәдени қабат түріндегі қабаттар б.з. бірінші ғасырларынан басталып XVI ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. Қарахандықтардың дәуіріне (Х-ХІІ ғғ.) тиісті үшінші қабат ең мықты болып келді. Осы қабаттан ежелгі қала орнының тереңіне баратын қыш түтіктерден құралған қаланың су құбыры табылды, сондай-ақ көп күмбезді ғимарат түрінде, күйдірілген кірпіштен салынған монша табылды. Монша қабырғалары жақсы сыланған бес бөлмеден құралды, оның төменгі бөлігінде қабырғаға сурет салынған.

Сол уақыттағы Тараз қаласында қолөнер өндірісінің жоғары даму деңгейін көркем сурет керамикасының фрагменттерінен, құймалы керамика бұйымдарынан және терракота зат-тарынан білуге болады. Тараз  қаласының мәдени мәні жөнінде эпиграфиялық ескерткіштер мен мол нумизматтық материал дәлелдейді, оның арасында түргеш қағандарының күмістері бар. Кемел қала құрылысының деңгейі және қолөнер өндірісінің кен құлаш жаюы Тараздың экономикалық мықтылығын және оның үлкен саяси ықпалын білдіреді.

Тараз қаласы монғол шапқыншылығына дейін гүлденген.

Монғол шапқышылығынан кейін 300 жыл өткен соң Тараз бос және құлдыраған күйінде болды деп Мухаммед Хайдар Дулати айтқан. Қазақстанның осы ескі қаласы XIX ғасырдың екінші жартысында Әулие-ата атауымен қайта құрыла бастады.

Біздің күнге дейін Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет ғимараттарының көбісі бұзылып қалған. Осы кезеңнің сақталып қалған ескерткіштерінің бірі Тараз қаласынан 20 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Айша-Бибі кесенесі  ол өзінің ғажайыптылығымен таң қалдырады  Кесененің батыс жақ қабырғасы жоқ, қалғандары да едәуір бұзылып қалған. Екі бұрыштық колонналары бар бетше босағадан тұратын басты қасбет жақсы сақталған. Колонналардың және бетше босағалардың қаптамалары қатты бұзылған, жазылардың көбісі өшіріліп қалған.

Сәулет жағынан алып қарасақ, Айша-Бибі кесенесі түр-сипатымен және құрылымымен ерекшеленеді. Мұнда дәстүрлі күмбездің орнына шошақ купол салынған. Оның қабырғаларында ай мен күнің бейнесі көрінеді.

Аңызда екі белгілі есімдердің кездесуі Айша-Бибі кесенесінің уақытын XII ғасыр деп айтуға негіз болады. Талас аңғарында Қарахан кесенесі тұрғызылған. XIX ғасырдың екінші жартысында Кастанье оның жартылай құлаған күйін суретке салады. Кесене Тараз қаласының ортасында, бүгінгі күні бұрынғыдан айыршыланатын жаңа кесене тұрғызылды. Ескі Қарахан кесенесінің пішіні төрт бұрыш. Оның қасбетінде шырақтары бар екі бұрыштық мұнара болған, қасбет өрнектермен сәнделген.

Айша-Бибі қабірінің қасында Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіші Бабаджа-хатун кесенесі орналасқан, ол да өзінің өзгеше сәулетімен және кұрылысымен көзге түседі. Бабаджа-хатун кесенесінің алып қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған, қасбеті сәнделмеген. Кесененің қабырғасында ай мен күннің бейнесі анық көрінеді. Ғимарат шатырлық, барабандағы он алты қырлы купонмен аяқталады.

Талас аңғарындағы отырықшы қоныстар бүгінгі таңдағы Талас қаласының оңтүстік жағынан, сондай-ақ солтүстік-шығыс жағынан, талас және Шу өзендерінің арасын құрайтын оазисте орналасқан. Осы жерде пайда болған қалалардың ішінде мәдени-экономикалық қатынастан алып қарағанда Отлық**, Құлан, Жікіл, Бехлу қалалары анағұрлым маңызды болған.

Макдисидің суретгеуінше, Отлық Талас аңғарындағы ірі сауда қоныстарының бірі болған «по величине приближался к Таразу». Қаланың бау-бақшасы өте әсем, көп болған, қаланың қабырғасы болған, оның маңында жүзім өсірген. Базарлар Отлықтың жанында болған.

Отлық Жамбыл облысы «Кеңес» колхозының ауданында орналасқан ежелгі қала орны Жұбан-төбемен теңестіруге болады. Ежелгі қала орнының бітімі тік бұрышты. Оның ұзындығы ~ 380 м. Мұнда, қамалдар мен мұнараның іздері бар елеулі мәдениет қабаттары табылған.

Қайнар көздеріне сүйенсек, Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай жазықтықта қамалдары, цитадельдері мен мешіттері бар Жікіл (Шекті) және Бехлу (Беклу) екі ірі қонысы болған. Талас аңғарында ежелгі қоныстар көп болды. Қандай да бір бір үйінділері Жікіл және Бехлу қалаларымен теңестіру әзірше мүмкін емес.

Орта ғасырлық жазба ескерткіштерінің мәліметіне қарағанда Талас өзенінің жоғарғы бойында, Талас Алатау шатқалында қабырғалары саз балшықтан тұрғызылған феодалдық қамалдары, күзет мұнаралары және цитадельдері бар - Ботамойнақ және Садыр-Қорған қоныстары орналасқан.

Ботамойнақ және Садыр-Қорғанның қалдықтары араб саяхатшыларымен суреттелген Шелжі және Күміскент ежелгі қалалары ұқсас. Олардың айтуынша Шелжі - цитаделі және мешіті бар кішкентай қала, ол Тараз қаласынан 24 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан.

Тарихы Күмістау тауының күміс кенінің шығарылуымен байланысты Күміскент -салыстырмалы түрде ірі қоныс болып есептелген.

Орта ғасырлық қайнар көздері айтқандай, Төменгі Барысхан керуен жолындағы ірі сауда қонысы болған, оның қалдықтары Жамбыл облысындағы шыны шығаратын зауыттың маңында, Қарасу өзенінің жағасында жатыр. Ежелгі қала орнының ұзындығы 0,5 км, дуалының биіктігі 15 метрге дейін жеткен, мұнаралардың ізі жақсы сақталған.

Талас, Қырғыз, Іле Алатауы тауларының алдында, Талас, Шу өзендерінің аңғарларында Әулиетас, Барысхан, Тарты, Шалдабар, Аққұм, Бесағаш, Тамды, Қоқыртай, Қарақомар, Суяб, Аспара (Ашпара), Мерке және т.б. қалалары мен қоныстары болған.

Талас аңғарындағы қала қоныстарының өмірі Шу өзенінің аңғарында және Қаратау оазистерінде орналасқан қалалар мен қоныстарға тікелей тәуелділікте болды. Осы қоныстар, басқалар сияқты VI-VIII ғасырларда пайда болып, Х-ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жетеді.

Чань Чуньның айтуынша Талас пен Шу өзендерінің арасында егінішілік болған, егістіктер өткізілген каналдардың суымен суарылған. Жол бағыты Сарысу өзені және Қаратау тау алдынан өткен Ұлытаудан Жетісуға барған Рубрук былай жазған: «На седьмой день к югу нам стали видны высокие горы, и мы въехали на равнину, которая орошалась, как сад, и нашли возделанные земли». Ол өзі Сарысу өзенінің төменгі бойынан келіп, Қаратаудың солтүстік етегінде орналасқан кең-байтақ оазисті суреттейді. Осы жақтан шынында да алыстан Қаратаудың биігімен әсем панорама ашылады.

Қаратау тау алдында және Талас-Шу екі өзен арасындағы жазықтықта феодалдық бекіген қамалдар мен кедей жатақ қоныстары аралас болған. Осы жерде Баба-ата, Ақсүмбе, Тарсатөбе ежелгі қала орындары орналасқан. Шу өзенінің орта ағысының кең жайылма алқабында Ақтөбе ежелгі қала орны орналасқан.

Орта ғасырлық қала Баба-атаның қалдықтары Қаратау тауының солтүстік баурайында, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудан орталығының Шолақ-Қорған кентінен 25 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Қалада цитадель, шахристан және рабад болған. Ежелгі қала орны биіктігі —11-ден 25 метрге дейін, ұзындығы — 200 метр тік бұрышты алаң түрінде көрінеді. Қалыңдығы 3 метрге дейін жететін ірі шикі кірпіштен жасалған бекініс қабырғалары дуалмен қоршалған. Ежелгі қала орнының оңтүстік бөлігінде саз балшықтан салынған ғимараттың төменгі бөлігі және биіктігі —25 м мұқалған мұнаралары бар қақпаның қалдықтары қалған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Баба-ата ежелгі қала орнының ең ескі жағы ол биіктігі алты метрге жететін тұтас қабырғасы және жоғарғы бөлігінде терезелері бар шикі кірпіштен тұрғызылған, аумағы—240 м2 цитадель болғаны анықталды. Цитадельдің ортасында діни ғұрыптарды өткізуге арналған сегіз қырлы жай болған. ХІ-ХІІ ғасырларда цитадель мен шахристан өзгертіліп, рабад салынады. Цитаельдің орнына сарай тұрғызылады. Сарайдың ортасында пішіні сегіз қырлы, төрт жақтан кіре берісі бар зал орналасқан. Залға жабыны жазық пішіні тік бұрышты жай қоса салынған.

Ақсүмбе қамалының қалдықтары бүйір жақтарының өлшемі — 25x25 және биіктігі 2,5-3 м төрт бұрышты алаңды құрайды. Қамалдың айналасында топырақ ойығы болған. Бұрыштарында біздің уақытқа ойпаңнан биіктігі —0,5 м көрініп тұратын төмпешік түрінде жеткен аласа мұнаралар тұрды. Қамалдан алыс емес, Солтүстік Қаратаудың сілемін құрайтын аласа таудың биігінде үстіңгі жағы қиылған шошақ пішінді ғимарат, тас іргеге ірі шикі кірпіштен тұрғызылған «Ақсүмбе» мұнарасы орналасқан. Солтүстік жағында мұнарада 1,5 метр биіктікте арка орналасқан, одан шикі кірпіштен салынған ені 0,8 метр бұралмалы басқышқа өтуге болады.

Аңыз бойынша Ақсүмбе барлау мұнараларымен және оқ ату

Ақсүмбе. Қамалдың жоспары.

орындарымен жоңғорлардың шапқыншылығы кезінде салынған. Дегенмен, жазба қайнар көздеріне сүйенсек ол ертерек, XIII ғасырда салынған. Осылай Шараф ад-дин Йаздидің Ақсүмбе мұнарасы XIV ғасырда болған. Темір өзінің әскерімен оның жанында аялдаған. Йазди былай жазады: «Аксумбе - башня, которую устроили на вершине горы Карачук [Каратау] для дозора за стороной Дешт-и Кипчака».

Қаратау оазисінің қала қоныстары арасынан суреттеліп отырған дәуірдегі ең ірілері Құмкент, Саудакент және Созақ болған. Оңтүстіктен солтүстікке карай өтетін үлкен керу-ен және көшу жолында орналаскан осы қалалар орта ғасырда өте маңызды болған, олар мал және егін өнімдерін сатып алатын басты сауда орталықтары болған. Дегенмен, алдымен монғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде, кейін феодал әскерлерінің өзара қыркысып, жонғарлардың түгелдей кырып- жоюының нәтижесінде қалалардан тұрғындар кетіп қалған. Осы күнге дейін тек Жаңа Созақ қана жеткен, ал қалғандары XVII- XVIII ғасырларда бос қалып, бұзылып қалған.

Қаратау тау алдындағы жоғалып кеткен қалалар жөнінде мәліметтер жоқ. Ол жөнінде соңғы кездері ҚазССР ҒА археологиялық экспедициясының ашқан жаңалықтарына бай-ланысты айта бастады. Созақтың ескі бөлігі Тарсатөбе ежелгі қала орны болғаны белгілі, ол бүгінгі Созақтан екі шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Тарсатөбе ежелгі қала орны монғолға дейінгі үлкен қаланың қалдықтарын құрайды. Қалада цитадель, шахристан және сауда-қолөнер орамдары болған. Оның тарихы шамамен 500 жылды құрайды (VII-XII ғғ.), монгол шапқыншылығы кезінде қоныстағы өмір тоқтап қалды.Монғол кезеңі аяқталған соң, Ескі Созақтың тарихы басталады, оның қалдықтары бүгінгі күні атауы бір қоныстың оңтүстік бөлігінде жатыр. Ескі Созақ ежелгі қала орны - бұл оңтүстік бөлігінің шеттері қатты мұқалған, алаңы үш тік бұрышты, биік-тігі 15-тен 35 метрге дейін жететін үлкен төбе.

Анағұрлым алып орталық төбенің ұзындығы 350 метр, ені 200 метр. Қала көшелерінің бітімі осы күнге дейін жақсы байқалады. Саз балшықтан салынған ғимараттың қираған бөліктеріне қарағанда Ескі және Жаңа Созақтың көп бөлігі қаптаған керуен-сарайлардан, тұрғын үй және сауда жайларынан, қолөнер тауарлары шығарылатын кішкентай шеберханалардан құралған. Сонымен қатар, мұнда тері өңдейтін, ұсталық және зергерлік шеберханалары болған. Керамикалық ыдыстарды күйдіруге арналған кұмдан (үлкен шоқ ошақ, еденге салынатын пеш) табылды. Қаланың қалдықтары Ескі Созақтың монғол шапқыншылығынан кейін дамыған феодалдық қала болғаны және XVII-XIII ғасырда азып кеткенін дәлелдейді.

Орта ғасырлық қала қоныстарының арасында Құмкент ерекше орында тұр. Қамұкент [Құмкент] қаласында қоғамдық және діни ғимараттардың болғандығы, қала саз балшықтан тұрғызылған қабырғамен қоршалғаны араб қайнар көздерінен белгілі. Және базарлардың қала маңында орналасқаны да осы әдебиеттерден белгілі. Қала Тараздан солтүстікке қарай жазықтықта орналасқан. Ежелгі Қамұкенттің шектелген жері Баба-ата ежелгі қала орнынан 30 шақырым солтүстік-шығысқа қарай Құмкент ежелгі қала орнының орналасуына дәл келеді. Құмкент жөнінде хабарламаны біз қалаға 1253 жылдың қарашасында келген Рубруктан білеміз: «Через неделю после праздника всех святых мы въехали в некий саррацинский город по имени Кинкет». Рубруктың маршруттық картасында қала Қаратаудан солтүстікке қарай көрсетілген, ол ежелгі қала орны Құмкенттің орналасуына сай келеді.

Құмкент Орталық Қазақстанның даласын мекендеген қыпшақтардың даласына Тараз бен Сайрамнан өтетін екі керуен жолының қилысында орналасқан.

Құмкент ежелгі қала орны Байқадам кентінің Сарысу орталық ауданынан 25 шақырым солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай өлшемі - 450 м, ба-тыстан шығысқа қарай өлшемі - 300 м, дұрыс емес тік бұрыш конфигурациясын құрайды. Оның оңтүстік бөлігінде қала қақпасының қалдықтары - 35 метрлік үймелі төбе байқалады. Қала орамдары, ғимараттардың қалдықтары төбелер түрінде жақсы көрінеді, кей жерлерінде ғимараттардың іргетасы және жаяу жолдардың жұмыр тастары байқалады. Ежелгі қала орнының жоғарғы беті керамиканың фрагменттеріне, сондай-ақ, XII-XIV ғасырларға тән күйдірілген кірпіштің бөліктеріне толы. Ежелгі қала орнының жанында екі шақырым радиуста көптеген дөңестер көрінеді, олар - қала жанындағы құрылыстардың қалдықтары, көптеген ғимарат қалдықтарының арасында ұзындығы 5 шақырым болатын суару каналдарының кең тарамдалған желісінің іздері сақталған.

Құмкенттен 25 шақырым шығысқа қарай орта ғасырлық қала Саудакенттің қалдықтары жатыр.

Қаратаудың солтүстік баурайында Тәуке ханның жазғы резиденциясы - Күлтөбе болған, мұнда Тәуке хан Қазыбек және Әйтеке бимен «Жеті жарғыны» құрастырған, осыдан «Күлтөбенің басында күнде кеңес» мақалы туындайды. Қаратаудың солтүстік тау алдында және Сарысу өзенінің төменгі жағында қыпшақ-қазақ заманына тиісті (XVI-XVII ғғ.) Хантегі, Ақсүмбе, Алатегі замоктарының қалдықтары жатыр.

Оңтүстік Қазақстанның көптеген қалалары Орталық Қазақстанға оңтүстіктен және солтүстіктен келетін керуен жолында орналасқан. Сарысу керуен жолының бастапқы орындары Отырар, Сауран, Жанкент, Сығанақ болды. Қаражарда (Болған-ана) керуен жолы екіге бөлінді: біреуі Сарысу өзені бойынша жоғарыға қарай Сымтас, Түгіскен шатқалдарына, одан әрі Көнек аңғары және Қараағаштан солтүстікке қарай жазық дала арқылы Нұра өзенінің төменгі бойына жеткен; екіншісі Қаражардан баратын жол солтүстікке Кеңгір өзенінің жоғарғы бойына кетті. Шу өзенінің төменгі ағысының аңғарын, Жамбыл тауларын және Мойынты, Сарысу су бөлінісінің тораптарын қоса отырып Шығыс Бетпакдаланы алып жатқан байтақ кеңістіктін тарихи-экономикалық маңызы зор болды. Ол сонау ежелгі заманда жайылымдық алқаптарды жазғы маусымда ұтымды пайдалануға негізделген Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтарының экономикалық қарым-қатынасына негізделді. Ерте және кейінгі дәуірлердегі көшпенділердің көптеген ескерткіштерін зерделеу Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аудандарының арасындағы байланыс мал басының көбейіп, бір орында отыруға мүмкіндік болмай оңтүстік пен солтүстік аралығында көшу заманынан бастап құлаш жая бастағаны белгілі. Оған дәлел ретінде оңтүстікте де, солтүстікте де жазғы және қысқы кезеңдерде көшпелі-малшылардың ұзақ уақыт бір орында болған жерлеріндегі шоғырлана орналасқан ескерткіштерін көреміз. Бетпақдала шөлінде және Торғай даласында ескерткіштер жоқ.

Бетпакдаладан басталып, Шу өзенінің орта ағысының аңғарында орналасқан ежелгі қала орындары ерекше. Ежелгі орта ғасырда бүп аудан байланыстыру торабы болған: бір жағынан ол Шу өзенінің жоғарғы ағысы мен Талас-Шу екі өзен аралығындағы қалаларымен (Суяб, Баласағұн, Құлан және т.б.), екінші жағынан Орталық Қазақстанмен байланысты. Оны біз Шу өзенінің төменгі ағысының аңғары бойында байқалатын отырықшы мәдениеттің ескерткіштерден байқаймыз. Бұл ескерткіштер VII-XIV ғасырлардағы аудандағы қарқынды өмірдің үнсіз дәлелдері болып табылады.

Осы ауданның өмірі жайлы алғашқы мәліметтерді орыс ғалым-академигі А.Н.Шренктің басшылығымен жұмыс істеген геодезист Ю.Л.Шмидттің, статистик Л.Р.Чермактың, кен инженері А.А.Козыревтың, гидротехник А.П.Соловьевтің, А.Н.Шренктің өзінің жазбаларынан байқаймыз. Ғалымдардың сұрақтары коп болды: тарихи геология, орналасу тарихы, суару, егіншілік, кен шығару, тарихи топография. Олардың еңбектерінде Шу өзенінің төменгі бойындағы орналасқан сәулет ескерткіштері мен ежелгі қоныстардың қираған қалдықтары суреттелген, үш жыл бойы А.Н.Шренк кейін Кенесары ханның көтеріліс бастауымен байланысты және Батыс Сібір мен Орта Азия арасындағы керуен жолын қалпына келтіру қажеттілігі салдарынан XIX ғасырдың 40-шы жылдары ұйымдастырған әскери-топографиялық экспедицияға қосылды. Біріккен экспедицияда топографтар және геодезистер Соболев, Нифантьев, Фролов, Лобанов және т.б. жұмыс істеді. Бұл экспедицияға дейін осы жерлерге Бетпақдаланың шығыс бөлігін Бурнашов пен Поспелов, ал 1813 жылы Жеке Сібір корпусының аудармашысы Назаров, 1830 жылы хорунжий Потанин келіп кетті.

Шу және Сарысу өзендерінің жайылымдарындағы ескерткіштер туралы қызықты мәліметтер КСРО ҒА мұрағатында сақтаулы тұрған академик А.Н.Шренк экспеди-циясына қатысушыларының материалдарында бар. Топограф Нифантьевтің Бетпақдаланың шөлі арқылы өтетін ежелгі керуен жолдарын тарихи-топографиялық суреттеуі аса құнды материал болып табылады. Шөлейіттің шығыс бөлігінен үш керуен жолы бойынша өтті және бірінші болып нақты атауларымен оларды картаға түсірген. Нифантьевтің керуен жолдарын суреттеуі капитан Гольметремнің, геодезист Ю.А.Шмидтің және Л.Р.Чермактің түсірілімдеріне дәл келеді.

Нифантьевтің топографиялық суреттеулерінде екі бағыт көрсетілген: «Шығыс жол» (Шмидт бойынша «Қарқаралы») және «Абылай жолы» - «Хан жолы». Ол туралы Нифантьев: «Это название носят две дороги, идущие от гор Тайаткан-Чунак и Койлыбай-Булат. Обе они соединяются на речке Кок-Джиде и отсюда следуют на р.Чу. Предание гласит о том, что по ней часто ездил Аблай на баранту в Большую Орду и к дикокаменным киргизам». Пересекая «восточную дорогу» в районе р. Моинты, в направлении на юг идет левый маршрут «ханской дороги» через горы Тайткан и Чунак по западной стороне горы Караулшокы, следует к р. Жаман-Жартас, далее по урочищам Кара-Мурза, Кара-Айгыр, Чакчагай, Кок-Джиде, Кызыл-Эспе, Кой-Жарылган, Хантау, Уч-Кербулак, Анракай, Долан-Кара, Копа, Ргайтак, Кенелы и Чу». «Хан жолының» он (батыс) бағыты жайлы айтсақ, Нифантьев бойынша Қойлыбай-Болаттан Көк-Жидеге дейін, яғни екі бағыттың қосылуына дейін ол Шолдың Ақ-Дүңлі, Сорқұдык, Тоғыз-Құдык Қыйлы-Ходжа), Седақты Сары-бұлак, Қайып Мергеннің Жартасы және Көк-Жиде керуен жолынан Талас өзенінің жайылымында Шу өзенінің төменгі ағысының аңғары бойынша (Қызыл-Қорган) Байғара тауы арқылы үшінші (батыс) бағыты өтеді. Нифантьев: «Дороги проложены, по местам, которые во всякое время бывают удобно проходимы даже и с тяжестями. Летом и осенью проезжают по ним по 500 и более человек вместе». Нифантьевтін суреттеуінше, «Хан жолы» екі бағыттан тұрған — солтүстік және солтүстік-шығыс, олар Шығыс Бетпақцалада, Көк Жиде шатқалында қосылады. Одан әрі бір ғана жол өткен.

Оңтүстік пен солтүстік арасында делдал рөлін атқарған керуен жолдарының үлкен мәдени-үлкен маңызы болған. Олар ІІІу және Талас өзендерінің жайылымындағы қалаларды Сарысу және Қарқаралы далаларымен байланыстырған. Орыс ғалымдары бірінші болып Қазақстанның оңтүстік және солтүстік облыстарының өзара экономикалық тәуелді болғандығына назар аударды. Далалықтар оңтүстік пен солтүстік аралығында көшіп-қонып жүріп, жазғы маусым ішінде 4000 шақырым жол жүрген.

Ежелгі қоныстардың қираған қалдықтары оңтүстіктен солтүстікке қарай Тастұмсық (Шу станциясынан солтүстікке қарай) ауласынан басталып, Жамбыл тау алдымен аяқталып ұзындығы шамамен 150-180 шақырымға созылып жатқан. Ең шеткі қоныстар Жамбыл тауының оңтүстік-батыс етегінде, Фурмановқа қонысынан солтүстікке қарай 35-40 шақырымда байқалды.

Сексеуіл тоғайында бір-бірінен 10-15 шақырым қашықтықта ежелгі керуен жолында Үлкен-Ақтөбе, Орта-Ақтөбе, Аяқ- Ақтөбе, Бала-Ақтөбе ежелгі қала орындары орналасқан. Шу өзені жағасынан ежелгі қала орнына дейін 12-15 шақырым және олардан Жамбыл тауларына дейін 25-30 шақырым. Қоныстардың Шу өзені жағасынан осынау қашық орналасуы көктем кезіндегі су тасқынынан қауіптенген дала тұрғындарының көрегендіктерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар жазғы уақытта өзенге жақын тұру қауіпті болды, өйткені ұлы жәндіктердің көп болуы жан үшін де, мал үшін де өте аса қауіпті. Белгілі зоолог профессор Д.Н. Қошқаров: «Река Чу, могущая служить базой для проникновения в Бетпак-дала, летом закрыта для транспортных животных, закрыта непреодолимой завесой из слепней, убивающих верблюда, лошадь», — деп жазган. Осы екі жағдай қоныстардың неге Шу өзенінен шалғай, оның жоғарғы террасада орналасқандығын түсіндіреді.

Шудың орта ағысында орналасқан ежелгі қала орындарының ішінде ең ірісі — Ақтөбе I  Ол Шу өзенінің оң жағасынан 12 шақырым солтүстік-шығысқа қарай жазықтықта орналасқан, ол жан-жағынан шөгінді сексеуілмен қоршалған. Ежелгі қала орны пішіні қисық көп бұрыш, биіктігі 5-тен 8-метрге дейін жететін құлап қалған ақ саздақтың төмпешігі түрінде көрінеді. Сыртқы бітімі бойынша бұл саз балшықтан тұрғызылған, қабырғасы мен мұнарасы бар бекініс. Оңтүстік-шығыс бұрыштың маңында шығыс жақ бөлігінде екі жақтан мұнарасы бар қақпа болды, оның іздері төбе түрінде сақталған. Ежелгі қала орнының алаңындағы төмпешіктердің конфигурациясына қарап, мұнаралардың сегіз болғандығын айтуға болады, ол ежелгі қала орнының сегіз қырлы бітіміне сай келген. Ежелгі қала орны бітімінің көне тұрпаты Х-ХІІ ғасырлардағы Сырдариядағы оғыздардың көп қырлы ежелгі қала орны бітіміне ұқсас.

Ақтөбе I он шақырымдай жерде бітімі тік бұрыш. мұнараларының ізі қалмаған, құлап қалған Бала-Ақтөбе төбесі орналасқан. Ежелгі қала орнының биіктігі 5 м, бүйір жақтарының өлшемдері және 55 м, бұрыштарымен төрт жаққа бағдарланған. Төбенің жанында ежелгі егістіктің ізі бар. Бұл қоныс осы топтың басқа қоныстарымен бір уақытта болған. Оны керамиканың бір типті фрагментгері дәлелдейді.

Осы аудандағы ірі қоныстардың бірі — Төрткөл. Ежелгі қала орны ұзындығы - 1500 м және ені - 300-500 м алаңда орналасқан құлап қалған сегіз төбеден құралады. Төбелердің арасында ең ірісінің бітімі тік бұрыш, өлшемі - 200x180 м, бұрыштарымен төрт жаққа бағдарланған. Мұнда ежелгі қаланың іскер бөлігі болған. Солтүстік-батыс жағындағы төбе Шу өзенінің жағасына жақын орналасқан, сондықтан төбенің бөлігі көктемгі су тасқынымен шайылып кеткен. Өзеннің құлама жарында және саяз жерлерінде көптеген керамиканың фрагменттері мен жануарлардың сүйектері жатыр. Ежелгі қала орнының бүкіл аумағы керамиканың фрагменттеріне толы: үлкен ыдыстар - хумдар, құмыра ыдыстар мен құмыралар, сондай-ақ ас үй керамикасы - көк жылтырауықпен қапталған кесе, шыны аяқ. Керамиканың фрагменттері, қождар мен металл кесектері түріндегі қыш және ұста өндірісінің көптеген қалдықтары қолөнер өндірісінің кең құлаш жайғанын және үлкен сауда айырбастың болғандығын білдіреді. Қождар, әлбетте қалада темір кенін өңдейтін кәсіптің болғандығын дәлелдейді, ол шамасы Бетпақдаладан, темір кені шығарылған Балқаш көлі мен Атасу өзені аудандарынан әкелінген болар.

Бетпақдаланың әйгілі зерттеушісі В.А.Селевин ежелгі кең шығарылған және металл балқытқан іздері бар бірқатар орындарды тауып алды. Ол: «В центре Бетпақдалы возле гор Домбралытау известны на урочище Кок-ирюм, которое пересекает один из древнейших караванных путей, кучи шлака, получив-шегося, вероятно, от выплавки либо меди, либо свинца», - деді. Селевиннің айтуынша «найденные в Бетпакдале следы плавки металла, скорее позднейшего происхождения».

Төрткөл XIII-XIV ғасырларда шарықтау шегіне жетеді. Осы қаланың да, бәлкім Сығанақ, Құмкент, Созақ және Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалалары сияқты оңтүстік пен солтүстік арасында делдалдық маңызы болған.

Шу өзенінің орта ағысының аңғарында орта ғасырда VII- VIII ғасырларда пайда болып, феодалдық қарым-қатынастар дамыған кезде Х-ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен-дігі келтірілген материалдан белгілі. Шу аңғарының көптеген қоныстары монғол шапқыншылығының құрбаны болды. Бірақ кейбір қоныстар, мысалы XIII-XIV ғасырларға дейін жеткен.

Отырықшы қоныстардың іздері Шу өзенінің орта ағысының аңғарларымен шектеліп қана қоймай, солтүстікке қарай да кездеседі. В.А. Селевин: «Следы их укреплений [сторожевых вышек], сохранились до сих пор в саксаульниках Южного Прибалхашья. Аналогичные с вида сооружения мы видели в Юго- Восточной Бетпакдала, невдалеке от р. Чу», - деді. Селевиннің айтқандары сол экспедицияның қатысушысы «в восточной половине пустыни экспедиция видела, хотя небольшие, культурные гнезда, где люди жили, орошали небольшие поля и сажали тыкву, сеяли просо», - деп жазған профессор Д.Н. Қошқаровпен дәлелденеді. Адамның іздері Бетпақдаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Май-Жарылған, Жамбыл, Арқарлы және Оғызтау тауларының шекарасынан байқалды. Мұнда Бетпақдаладан өту кезінде және маусымдық аңшылық кезінде дем алу орны болған негізгі оазистері шоғырланған.

Жер асты су бар жайылымдықтар көшпелі малшыларға Орталық Қазақстанмен және Шу өзенінің төменгі ағысының аңғарымен аумақтық байланысқан транзиттік базасы болған.

Жамбыл және Май-Жарылған тауларының маңында көшпенділер дәуірінің ескерткіштері (обалар) және кішірек суару құрылыстарының қалдықтары орналасқан, олар көшпелі және отырықшы мәдениеттердің үйлесуін дәлелдейді.

Ерте көшпенділер дәуірінің обалары кішірек топтармен биік жерлерде немесе жазғы уақытта қауіп қалатын төмпешіктердің көлбеу террасаларында орналасқан. Ежелгі көшпенділердің мәдениетіне Шайбектің Сорбұлағы бұлағынан алыс емес, Жамбыл тауларының солтүстік-батыс тау сілеміндегі жартас суреттері жатады.

Бетпакдаланың орталық бөлігінде көшпенділер дәуірі мен феодалдық орта ғасырдың ескерткіштері мүлдем жоқ. Мұнда кей кезде неолит дәуірінің немесе кейінгі орта ғасырдың ескеркіштері (қазақтың бейіттері) кездеседі. Осы жайлы Селевин жазған: «Монотонный горизонт ее не возмущен насыпями курганов - обычных спутников в расположенных севернее полупустынь и подгорной полосы Каратау - на юге. Эти молчаливые свидетели многовековых передвижений народностей, столь обычные для равнин всего Казахстана, совершенно отсутствуют в описываемой пустыне».

Қазақстанда феодализмнің дамуымен ең жақсы жер телімдері феодал қожайындары мен тайпа ақсүйектеріне бөлінеді. Осынын арқасында жаңа шаруашылық және мәдени аудандар пайда болады. Археологиялық материалдармен дәлелденген көне жазба де-ректер бойынша Қаратал және Көксу өзендерінің аңғарлары, Іле өзенінің төменгі ағысы орта ғасырларда мал шаруашылығымен, балық аулаумен, суармалы егіншілікпен айналысқан жартылай отырықшы жатақтар қалың қоныстанған. Іле өзенінің төменгі ағысында көптеп табылған суармалы жүйелерінің қалдықтары оған дәлел болады. В.В.Бартольд Чань Чуньның байқағандарын айта отырып, осы кең-байтақ кеңістікте (XIII ғасырдың бірінші жартысы) дамыған егіншіліктің болғандығын растады.

Жетісуда орта ғасырда бірқатар қалалар мен қоныстардың (болғандығы археологиялық зерттеулермен расталды, ол жазба қайнар көздерімен де дәлелденеді. Жетісудың кемелденген қола мәдениетінде, Қазақстанның басқа да аудандарындағы сияқты, отырықшы мәдениеттің дамуында басты фактор болған жайылымдық мал шаруашылығы мен суармалы егіншіліктің үйлесуі шешуші роль атқарды. Бұл аймақ IX ғасырдан басталып XIII ғасырға дейін орта ғасырлық Қазақстандағы қала мәдениеті орталығының бірі болған.

Ежелгі Жетісудың тарихи топографиялық суретін Рубрук қалдырды. Қаратал мен Көксу өзендерінің аңғарынан өтіп, ол: «Мы въехали в очень красивую долину, имеющую справа высокие горы, а слева некое море или озеро, тянущееся на 25 дней пути в окружности. И эта равнина вся прекрасно орошена стекающими с гор водами, которые все впадали в упомянутое озеро», деп жазды. Мұнда Балқаш көлі жайлы сөз қозғалып отыр. Оның солтүстік жағасы бойымен Рубруктың кері бағыты етті.

Монғол шапқыншылығы кезінде Жетісу күлге айналды. Ол туралы Рубрук: «На вышеупомянутой равнине прежде находилось много городков, но по большей части они были разрушены татарами», - деп жазды. Ол Іле өзенінің оң жағасында, одан өтетін жердің жанында бұзылып калған, саз балшықтан тұрғызылған үйінділер туралы айтты.

Монғол шапқыншылығынан кейін Жетісудағы және Шудың аңғарындағы өмір XIII ғасырдың ортасынан бастап қалпына келе бастады. Бұл уақытта, тұрғындар қайтадан еңбектеніп, саудамен, егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады. Жазықтықта каналдар, суармалы егіншілік қалпына келтірілді. Осы аймақтың жандануы туралы 1253 жылы Рубрук жазды: «С гор спускалась большая река, которая орошала всю страну, так как они проводили от нее воду, куда им было угодно; эта река не впадала в какое-нибудь море, а поглощалась землей, образуя также много болот. Я видел там лозы и дважды пил вино».

Дәл осы уақытта Жетісу қалалары қайта қалпына келе бастайды. ІХ-ХІІ ғасырларда қарлұқ хандарының ордасы болған Қойлық қаласының және XIII-XIV ғасырлардағы Жетісудың басты қаласы - Алмалықтың үлкен шаруашылық және мәдени маңызы болған. Алмалыққа және Қойлыққа батыстан да, шығыстан да көптеген сауда керуен жолдары жалғасып жатты.

Жазба қайнар көздерінен белгілі болғаны мынау: XIII ғасырдың басында «Алмалыку были подчинены 8 или 9 городов; везде было множество плодов, жители возделывали все пять родов хлебных растений». Көксу өзенінің аңғарында орналасқан Қойлық туралы Рубрук былай жазды: «Там небольшой город по имени Кайлак, в котором был базар, его посещали многие купцы».

Қойлықтың саудалық және мәдени маңызы археологиялық материалдармен дәлелденеді. Ежелгі Қойлық қала орны орналасқан орын А.Н.Бернштаммен анықталды. «Дүнгене» ата-латын оның қираған қалдықтары Көксу өзененің сол жағасында, Талдықорған қант зауытының аумағында орналасқан. Бай мәдени қабаты бар алып үйінділер Х-ХІІІ ғасырларда Іле өзенінің жайылымындағы Қойлық қаласы ірі қоныс болғандығы белгілі. Қала дуалмен қоршалған және қақпасында солтүстік-шығыска қараған қосымша қабырғасы болған. Ұзындығы шамамен 680 м, тік бұрышты пішінді ежелгі қала орны бұрыштарымен төрт жаққа бағдарланған. Солтүстік қабырғада дөңес түрінде күзет мұнараларының ізі сақталған.

Ежелгі Қойлықтың қираған қалдықтарын қазу кезінде үш мәдени қабат анықталды, төменгісі қарлұқтар дәуіріне (VIII- X ғғ.), ортаңғысы - қарахандықтар дәуіріне (ХІ-ХІІ ғғ.) және жоғарғысы - монғол кезеңіне (XIII-XTV ғғ.) тиісті. Төменгі қабаттан табылған құймалы емес долбарлы керамика қарлұқтар дәуіріне тиісті. Ортаңғы қабаттың мәдениеті қолөнер мен шаруашылықтың жоғарғы деңгейде болғандығын көрсетеді. Мұнда жылтырауықпен қапталған және розетка, геометрлік және өсімдік мотивіндегі өрнектермен әшекейленген құймалы керамика мен жұқа қабырғалы ыдыстардың фрагменттері көптеп табылды. Үлкен шеберлікпен орындалған қолөнер ісінің заттары, әрине ауқымды айырбасқа арналған. Заттар кешені сондай-ақ, күмістермен, бедерлі терракотамен, ас үй керамикасының фрагменттерімен толықтырылды, олар ежелгі Жетісудың егіншілік қоныстарына тән. Қойлық ХІ-ХІІ ғасырларда экономиканың өсіп, феодалдық даму шартында өзінің шарықтау шегіне жеткендігін дәлелдейді. Бірақ, шығыстан келген жаулаушылар мен феодалдық кақтығыстар Қойлыктың өмірін тоқтатты.

Іле өзенінің жайылымындағы белгілі қалалардың біріне Екі-Өгіз қаласы жатады. Махмұд Қашқаридің картасында ол.

Іле өзенінің оң жағасынан алыс емес, Кем-Талас (кіші Талас) қаласымен қатар орналасқан, ол әрине ежелгі Қойлыққа сай.

1253 жылдың күзінде Екі-Өгіз қаласына Рубрук келеді, ол өзінің жазбаларында «Эквиус» деп атайды. Махмұд Қашқари (XI ғасыр) оны «Еки-Буиз» (екі мүйіз) деп атай бастайды. Іле өзенінен өткен соң, «мы нашли некий хороший город по имени 'Эквиус, в котором жили саррацины», - деп жазды Рубрук.

Ежелгі Екі-Өгіз қаласы Іле өзенінің оң жағасынан алыс емес, қазір Шіңгілді ауылы тұрған жерде орналасқаны археологтармен анықталды, ол Махмұд Қашқаридің картасында көрсетілгендей. Бұл жерден ас үй керамикасының фрагменттері, қыш су өткізу құбырлары және басқа заттар табылған. Н.А.Абрамов былай деген: «В долине реки Кокеу находится много курганов, особенно у подошвы хребта Алатау. Они различной высоты и стоят отдельно или группами. Древнее земляное укрепление близ речки Чингильды я ... видел в 1860 году. Все пространство, заключающееся в этом укреплении, обведено земляным валом... возле вала заметно был ров. Укрепление имеет фигуру круглую... С западной стороны в укрепление был въезд. Возле укрепления к северу находится много могил древних. Возле пикета Чингильдинского находится колодец или резервуар. Из резервуара до самого укрепления находятся подземные гончарные трубы, искусно сделанные так, что один конец трубы вкладывается в другой и так далее. Каждая часть трубы длиною 5 четвертей, внутри в диаметре около 6 вершков. Через эти трубы вода из колодца ... под землею шла в ... укрепление».

В.В.Бартольд және А.Н Бернштам Эквиусті ежелгі қала Іле-Балыққа ұқсатады. Біздің ойымызша бұл қате, өйткені Екі- Өгізден қарағанда Іле-Балық едәуір кейін (XVI г.) пайда болған және ол Іле өзенніц төменгі ағысында, бүгінгі Қапшағай торабында орналасқан. Бұл орын осы күнге дейін зерттелмеген, бірақ мұнда ежелгі егіншілік мәдениет заттары байқалады.

Мұхаммед Хайдар Дулати жазғандай, XVI ғасырдың басында Іле-Балық қаласы моғолыстан ханы Вейстің бас ордасы болған.182 XVIII ғасырдың екінші жартысында, мұнда жоңғарлар қоныстанған, оған көптеп табылған будда жазулары мен Будданың бейнесі дәлелдейді. Бұл орынды қазақтар «Таңбалы- тас» деп атаған.

Қойлықпен және Іле-Балықпен көбінесе мәдени қабаттары бар, ауданы төрт бұрышты шағын қоныстар қатарымен байланысты. Қоныстар Іле өзенінен Жоңғар қақпасына дейін баратын ежелгі керуен жолы бойынша орналасқан. Бүгінгі Талдықорған, Қапал, Жаркент қалалары ежелгі қоныстардың үйінділерге жақын орналасқан.

Бүгінгі Алматы қаласы мен Талғар, Түрген, Шілік ауылдарының орындарында орта ғасырларда Алмалыққа баратын үлкен керуен жолында отырықшы егіншілік қоныстар орналасқан.

Талғар немесе араб қайнар көздерінде Талхиза - Іле Алатауы тауының етегіндегі ең ірісі болған. «Худуд ал-Алем» шығармасында: «Тонг и Талхиза - два селения, расположенные среди гор, на границе между владениями джикилей и карлуков, вблизи озера Иссык-Куль», - деп жазылған.183 «Тау арасы» сөздері екі қандас тайпалардың облыстары арасында табиғи шекара болған Іле Алтауын білдіреді. Осы жерде бірі Талғар  деп аталатын екі қыстақ болған.

Археолгиялық мәліметтерге сүйенсек, Талғар қонысының гүлденуі ХІ-ХІІІ ғасырларға дәл келеді. Құрылыс материалының қалдықтарына қарап, мұндағы құрылыс тек шикі және күйдірілген кірпіштен жасалды деуге болады. Қалдықтарда егіншілік мәдениеттің көптеген заттары сақталған: көркем сурет және ас үй керамикасының фрагменттері, жазуы бар және тамаша өрнектелген табақтар, құмыра ыдыстар, хумдар, бидай үккіштер, қыш түтіктер, диірмен тасы, диірменнің, тандыр пештерінің және т.б. қалдықтары табылды, ол ежелгі Талғарда түрлі кәсіптердің болғандығын дәлелдейді. Осы олжалар X-XIV ғасыр кезеңіндегі Іле Алатауының етегінде болған қоныстардың арасында ежелгі Талғардың маңызын бөліп көрсетеді.

Құрылыстары бар ежелгі коныстардың іздері Алматы қаласының батыс бөлігінде, Үлкен Алматы өзені ағатын шатқалға қарсы табылған. Архитектор П.В.Гурдэ осы қалдықтарды В.В.Бартольдке көрсетеді.

Ежелгі Жетісу қоныстарының жоспары Оңтүстік Қазақстанмен Орта Азияның қоныстарынан өзгеше, цитадельдері жоқ, ал құрылыс материалы ретінде ағаш қолданылған. Сонымен қатар, көшпелі жартылай отырықшы шаруашылықпен үнемі байланысты болғандығын дәлелдейтін іздері қалған.

Шу-Талас аңғарында 300-ге дейін кіші қала болған, олардың арасында Құлан, Мерке, Аспара (Ашпара, Асабола, Осубола), Суяб (Суйе) және Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы Невакет өзгеше қалалар.

Сюань Цзан VII ғасырдың 30-шы жылдары Ыстық көлден солтүстік-батысқа қарай 500 ли (250 шақырым) өтіп, Іле өзені аңғарындағы Суяб қаласына келгендігін жазады.

Суяб қаласы шарықтау шегіне жетіп, Түрік қағанатының (VI-VIII ғғ.) саяси орталығы болады. Монғол кезеңінде Суяб Оқтайдың (Ала-Қаман, Эмиль) ұрпақтарының және Қайдының баласы Күйіктің ордасы болады. Қала несторианның таралуымен де белгілі болған.

Сюань Цзаньның айтуынша Түрік қағанатының ішіне Барысхан, Яр, Тоң-Алып, Талғар қалалары кірген.

Афрасиабтың ұрпақтарымен салынған Тоң-Алып қаласы кейін Тоң-Кент (Худуд ал-Алем) деп атала бастайды. Мақдисиде қаланың атауы - Нушкет, Қытай қайнар көздерінде - Дун. Ежелгі атау Тоң өзенінің атауында сақталған, оның аңғарында ежелі қаланың орны орналасқан.

Талас Алатауының баурайында қытай дерек көздері бойынша қазіргі таңда ұмытылып қалған Гойлосы (бәлкім, Құйылыс) және Байшұңқыр қалалары орналасқан. Гойлосы қаласы Сүйе (Суяб) қаласының батысында орналасқан.

Құрдай тау жотасының солтүстік-батыс баурайында Ордакент және Бекілік қалалары болған. Қастек өтпесі орналасқан орындар қасиетті болып саналды. Мұнда бұрын діни маңызы болған тас мүсіндер қалған.

Ежелгі орта ғасырдың ірі қалаларының бірі Баласағун - қарлұқтар мен қаңлылардың шеберлерімен салынған Қарахандықтар мемлекетінің астанасы. X ғасырдағы араб географы ал-Мақдисидің айтуынша, Баласағун Алмалықтан (бүгінгі Хоргос) Таласқа баратын жолда орналасқан Жетісудың бай, халқы коп және үлкен қаласы.

Қала Түрік қағанаты құлаған соң, қарлұқтар Жетісудың иелері болған соң (766 жылы) пайда болды. Сағұн - қарлұқ ру басшыларының құрметті атауы. Дана және құрметті адамдарды - Ата-Сағұн деп атаған.

Баласағұн-Ордакент қамалмен және су толтырылған ормен қоршалған болды. Қалада биік мұнарасы бар цитадель болды, онда Қарахан билеушісінің сарайы орналасты. Баласағұн-Ордакенттің қираған қалдықтары - Шу өзенінің аңғарында Қастек өтпесіне (Жамбыл облысы Қордай ауданы) қарсы орналасқан. Қасында Қара-Қоңыз дүнген қыстағы орналасты. Баласағұн монгол шапқыншылығы кезінде бұзылған жоқ, өйткені оның билеушілері қарсылықсыз берілді.

Бекініс ғимараттарының қалдықтары ірі өлшемімен ерекшеленеді. Ежелгі қала орнының композициясы төрт бұрыш. Биік аланда билеушілердің нығайтылған қамалдары байқалады. Бүкіл Ордакент кешені алып қабырғалармен айналдыра қоршалған.

Чань Чуньның айтуынша, Қаскелеңнен оңтүстікке қарай, Төқмақа қаласының маңында екінші қала Баласағұн - Құз Орда, түрік қағанатының жазғы ордасы болған қала орналасқан. Яғни «биік тас», оның синонимі қия тас, бұл жерде жаз кезінде салқын. Кейбір авторлар Баласағұнды «Губалық» деп атаған, оған Пельо қарсы шықты. Баласағұннан шыққан Махмұд Қашқари Құз- Орда деп қаланың атауын нақты айтады.

Қырғыз Алатауының етегі бойымен Аспара, Мерке, Құлан ежелгі қала орындары орналасқан.

Өзінің маңғаздығымен таң қалдыратын ежелгі қала орны Аспара Құз-Ордадан (Баласағұн) батысқа қарай, өзінің ескі атауын сақтаған Аспара өзенінде орналасқан. Аспара ежелгі қала орнын қазу жұмыстары 1964 жылы басталды. Қала екі жақ қапталдан қорғалатын мұнарасы бар бекініс қабырғамен және мықты дуалмен қоршалған, сыртынан ені 10 метрге дейін жететін терең ор айналдыра қазылған. Қаланың ортасында цитадель орналасқан. Цитадель көміліп қалған төмпешіктің биіктігі 20 метрге жетеді. Аспара қаласы алғаш рет IX ғасырдағы араб қайнар көзінде айтылады. Аспара XIV ғасырда Темірдің әскери шебі болды, бірақ қала өртеніп кетеді. Аспараны қалпына келтіру үшін Темір Самарқандтан шеберлерді жібереді.

Аспараны қазу кезінде темір заманының тұрғын үй және шаруашылық құрылыстары табылды. Олардың қабырғалары сол кез үшін дәстүрлі өлшемдері 36x22x7 м ірі шикі кірпіштен тұрғызылған. Саз балшық едендері бедерлі қаламен салынған пішіні төрт бұрышты шикі кірпішпен жабылған. Бекініс қабырғасы карц құмы қосылған шикі кірпіштен тұрғызылған. Сақталған қабырғаның биіктігі шамамен 3 метр. Қалпына кел-тірілген соң Аспара тағы жүз жыл жасады.

Аспарадан батысқа қарай Қырғыз Алатауының солтүстік- шығыс баурайында осы күнге дейін атауын сақтаған ежелгі Мерке қаласы тұр. Қаланың композициясы тік бұрыш, қырларының өлшемі - 500x200 м. Қала биік дөңде түр.

Сауда және қолөнер маңызы бар тағы бір ірі қала - Құлан. Құлан - ежелгі түріктердің жерінде орналасқаны қайнар көздерден белгілі. Құланнан батысқа қарай 84 шақырым қашықтықта ежелгі Тараз орналасқан.

Құлан ежелгі қала орны бүйір жақтарының өлшемі - 320x300 м және биіктігі - 9-10 м пішіні төрт бұрыш тәрізді дөң түрінде көрінеді. Құлап қалған дуалмен қоршалған ежелгі қала орнына ауданы шамамен 50 м2 аумақ қосарланып келді, онда жалпақ ор қазылған. Олардың топографиясы мұнда орта ғасырлық қамалдардың болғандығын дәлелдейді. Олардың бірін қазу кезінде жеті бөлмесі болған, оның алтауы - дәліз ретінде жасалған ғимарат қабырғасының тұрпаты шықты, ол Түрік қағанатының дәуіріне (VI-VIII ғғ.) тән. Қабырғалар пахса блоктары мен шикі кірпішті қалау арқылы және саз балшық пен алебастрдың қалың қабатымен сылап қаланды. Сылақтың қалыңдығы - 4-5 см. Құрылыстың қорап күмбезі доғал-сатылы пішінді бұрыштық парусқа тірелді.

Құланның қираған қалдықтары бірнеше жыл бойы (VII- XIII ғғ.) тұрған қаланың өмірін дәлелдейтін бірнеше мәдени қабаттардан құралған. Шарап шығаратын шеберхана және көптеген тас құдықтар табылды, ол құдықтар қыш және шарап шығаратын шеберханаларды сумен қамтамасыз етті.

Оңтүстік Қазақстанның отырықшы қоныстары мен қалаларының тұрғындары Үлкен жүздің қазақтары болды. Кейін, орта ғасырда қала мәдениеті көп жылдық феодалдық соғыстармен, әсіресе Орыс хан мен темірдің соғыстарының кесірінен құлдырады. Жоңғарлардың соққысы өте ауыр тиді. Бұл жұт қазақтарда «Ақтабан шұбырынды» деп аталады. Жоңғарлар Тараз, Шымкент, Түркістан, Сауран және г.б. қалаларды басып алып, тонады. Қалалар мен қоныстардың тұрғындары далаға қашты, нәтижесінде олар босап қалды. Оңтүстік Қазақстанның қала мәдениеті өз өмірін тоқтатты дерлік.

САРЫАРҚАНЫҢ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚОНЫСТАРЫ, ҚАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

ҰЛЫТАУ ДАЛАСЫ

Қалалар мен отырықшы қоныстар Оңтүстік Қазақстанда - Сырдарияның жағасында, Қаратау тау алдында, Талас аңғарында, Жетісуда ғана емес, сондай-ақ Орталық Қазақстанда да болды. ОҚАЭ көптеген ежелгі архитектура ескерткіштерін, аймақтың топографиялық фонын беретін бекітілген қоныстардың қалдықтарын тауып алды. Табылған мәдени-экономикалық ошақтар Орталық Қазақстанда тамаша жайылымдықтар мен қатар, елеулі отырықшы мәдениет болғандығын дәлелдейді. Орталық Қазақстанның ескерткіштері өзен аңғарларында және тау алдында, шатқалдарда, көлдердің жағасында және шөл мен шөлейттің оазистерінде топталған.

Орталық Қазақстанда оғыз және ерте сақ заманының (VI- IX ғғ.), монғолға дейінгі (Х-ХІІ ғғ.), монгол заманының (XIII- XV ғғ.) және Қазақ хандығының құрылу кезеңінің (XV-XVII ғғ.) ескерткіштері сақталған. Ерте қыпшақ қалалары монғол шапқыншылығы кезінде бұзылды. Монғол кезеңінде қалалар мен қоныстардың құрылысы қалпына келтірілді.

Көптеген ғасырлар бойы Сарыарқада қыпшақтардың этносы исламның ықпалынан шет қалған этностарға қарағанда көбірек мекендеген. Қыпшақтардың мәдени мұрасы суарыла-тын жерлері бар қала қоныстарының қираған қалдықтары және көптеген сәулет ескерткіштері күйінде осы күнге дейін жеткен. ОҚАЭ-мен зерттелген қоныстар XIII-XIV ғасырларда шарықтау шегіне жеткен Дешті-Қыпшақтағы феодалдық қатынастардың бекуі және сауданың дамуы кезіндегі далалықтардың тұрмысы мен шаруашылығын көрсетеді.

Қыпшақ мәдениетінің көптеген тас мүсіндері Орталық Қазақстанның бүкіл аумағынан кездеседі: Ұлытау, Арқанат, Ерейментау, Атасу, Нұра, Есіл өзендерінің бассейндеріне қосылатын тау аңғарлары. Қыпшақтардың құрылыстары жөнінде Рубрук жазған: «Команы насыпают большой холм над усопшим и воз-двигают ему статую, обращенную лицом к востоку и держащую в руке перед пупком чашу. Они строят для богачей пирамиды - остроконечные домики. И кое-где я видел большие башни из кирпичей, кое-где каменные дома, хотя камней там и не находится».

Беғазы, Абралы тауларынан зерттелген тас мүсіндерінде қыпшақ, қарлуқ дәстүрлерінің іздері сақталған. Қарлұқтардың Ертістің жоғарғы ағысынан Шыңгыстау мен Қарқаралы тауларына дейін мекендегені жайлы қытай хроникасынан белгілі. Бичуриннен мына оқып білеміз: «Гэлолу произошло из тукюеского Дома, кочевало от Бэй-тьхин на северо-запад, от Алтайских гор на запад, по обеим сторона реки Пугу-чжень. Много поперечных хребтов».190 Пугу-чжень - Ертістің қытайша атауы. «Көлденең тау жотасы», әрине, Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау және Қарқаралы тауларын білдіреді. Ендік бағытпен Ертістен батысқа қарай баратын бау жүйесі жоқ. Қарлұқтар Жоңғар қақпасына дейін көшкен (Бэй-тьхиннан солтүстік-батысқа қарай, яғни Турфан оазисі), ол жақтан солтүстікке Қарқаралы және Шыңғыстау тауларына жыл сайын көше алған. Қарқаралы тауының ескі атауы - «Қазылық», қарлұқ тайпасы этнонимінің тағы бір нұсқасы болып келеді. Қазақ фольклорінде Қарқаралы таулары - «Қазылық-тау» деп аталады. Осының барлығы Тарбағатай, Шыңғыстау, Абралы тауларында кездесетін тас мүсіндерді қарлұқтардың тайпасымен байланыстыруға негіз болады. Қарлұқтардан солтүстікке қарай қимақ тайпасы - басими мекендеген. Тайпа Ертістің орта ағысынан бастап Баянауыл және Қарқаралы тауларына дейінгі аумақта қоныстанған. 742 жылы олар Батыс Сібірді мекендеген тайпалармен күресу үшін қарлұқтармен одақтасқаны белгілі. Беғазы, Баянауыл, Абралы, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларынан кездесетін тас мүсіндер олардың жалпы мәдениетіне тиісті деп топшылауға болады.

Орталық Қазақстанда алпыстан асқан бекітілген қамалдар (орда) мен қоныс -қыстақтардың (қыстау) қалдықтары табылды. Олардың расындағы шамамен оны Есіл өзенінің бассейінде (Аққайрақты I-VI, Ормамбет, Өркешегі, Қима, Қараөткел, Көрпеш-бұлақ), тоғызы Нұра өзенінің бассейінде (Саға, Мартұқ І-ІІІ, Ботағай I, II, Қарт I, II, Жосалы курорты жанындағы Әулие- бұлақ, Шерубайнұра өзеніндегі қоныстардың іздері), Сарысу өзенінде оннан асады (Қараағаш, Мәулімберді, Қарасакал, Жұбан-Ана, Қайып-Ата, Талмас-Ата, Айт-бұлак, Төрткұлақ- қорған, Жаман-Қорған, Белен-Ана, Ататегі және т.б.), Қеңгір өзенінің аңғарында он, Жездіде төрт (Басқамыр, Аяққамыр, Талдысай, Жезқазған), он - Ұлытау тау етегінде, Жеті-Қоңыр шағылында - біреу (Талдыкент), Ақтау тауында - біреу (Қорған), Мойынты өзенінің жоғарғы ағысында Егінді-бұлақ қонысы, Сілеті өзенінің төменгі бөлігінде - Қараоба, Тұлпартас, Қарқаралы тауында - үш қоныс, Баянауыл ауданында Ескі-Жұрт және Ермектас.

Ұлытау даласында алып Жер-Қорған дуалдары түріндегі бекіністердің қалдықтары бар, Айбас-Дарасы, Нөгербек-Дарасы бекініс қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған Алтыншоқы, Қаратон бекініс қамалдарының қалдықтары. Қ.И. Сәтбаев былай жазған: «Алтын-шокы - развалины значительных сооружений, стены их сложены из кирпича и красивых амфиболитовых плит с ошлакованными поверхностями». Ұлытау даласында Қаракеңір өзені бойынша алып Хан-Ордасы дөңесі, Жошы-хан ордасының және Ескі-жұрт қамалының қалдықтары орналасқан.

Жезді өзенінде Топырақ-Қорған, Басқамыр, Аяққамыр бекініс ғимараттарының қалдықтары. Топырақ-Қорғаннан бір шақырым жерде ежелгі мыс балқыту орталығының қалдықтары анықталды. Кішітаудың батыс етегінен, Ақтас кенішінен 28 шақырым солтүстік-шығысқа қарай бекініс құрылысының қалдықтары жатыр, тастан жасалған бекініс қабырғасынын қираған қалдықтары Шығырлы өзенінен, Бодық шатқалынан табылды, суару жүйесінің ізі бар бекітілген қыстақтың қираған бөліктері Жыланшық өзенінен байқалды. Ф.Генспен және А.А.Красовскиймен Үлкен Торғай өзенінің шығыс жағасынан, Қараталдан (Ұлытаудың солтүстік тау беткейі) және Қараағаштан (Сарысу өзені) бекініс қоныстарының қалдықтары анықталды.

Сарысу өзенінің төменгі ағысы бойынша орналасқан бекініс қоныстарының реті мынадай: ежелгі қала орны Қараағаш, Жұбан-Ана (әлі қазылмаған үлкен төмпешік Сарысу өзенінің сол жағасында №81 разъезде тұр), Аманбайдуал, Жер-Қорған немесе Қаражар бекініс, Төртқұлақ-Қорған (Қызылжанғыл),.

Жаман-қала. Осы аңғардың жанында ежелгі қала орны Талды-Кент (Жеті-Қоңыр құмында), жартылай отырықшы мәдениеттің қалдықтары бар Тосбұлақ оазисі орналасқан. Мойынты-Сарысу су бөлінісінде, Сартау тауында, Ақтау бекінісінен оңтүстікке қарай Қорған бекінісінің қалдықтары, Мойынты өзенінің жоғарғы ағысында Егінді-бұлақ бекінісі, күйдірілген кірпіштен салынған қабырғаның қираған бөліктері Көрпеш-бұлақ (Осакаров ауданы) және Ащысу (Ульянов ауданы) шатқалдарынан табылды. Мұнда күйдірілген кірпіштің және қыпшақ заманындағы керамиканың фрагменттері кездеседі. Осы айталған қоныстардың кейбірі XVIII ғасырға (Аманбайдуал, Қаражар бекінісі) және XIX ғасырдың басына (Шығырлы, Төртқұлақ-Қорған) тиісті.

Орталық Қазақстанда отырықшылық дәстүрінің пайда болуы қыпшақтармен, қаңлылармен және оғыздармен байланысты. Қыпшақтар, оғыздар және қарлұқтар тарихи аренада ежелгі ғұн одағы ыдыраған соң , ол б.з. V-VI ғасырлары, бұл тайпалар Орта Азия мен Қазақстанның аумағында ерте феодалдық мемлекет - Батыс-Түрік қағанатының қалыптасуына қатысты. Түрік қағанаты ыдыраған соң қыпшақтар бөлектеніп, монғол шапқыншылығының алдында бүкіл Еуразия даласында мықты саяси құрам болды. Шыңғыс ханның әскері қудалаған наймандардың, меркіттердің, керейіттердің тайпалары Дешті Қыпшаққа келіп тығылғаны кездейсоқ емес.

Дешті Қыпшақ деп XI ғасырдың араб және парсы әдебиеттерінде Сырдариядан солтүстікке қарай созылған дала кеңістігін атайды. VIII-IX ғасырларда Хамдаллах Казвини бойынша Батыс Дешті Қыпшақ Дешті Хазар деп, кейін оғыз даласы делінеді. Автолар осы далада оғыздардың билік еткендігін жазады және Дешті Қыпшақ ол - бұл бұрынғы гуз [Мафазат алгуз] даласы дейді, В.В.Бартольд: «Происшедшая в XI в. эт-нографическая перемена выразилась в том, что обширная степь, которую географы X в. называют «гузской», по имени огузов, теперь стала называться кипчакской [Дешт-и Кипчак]...К кипчакам, вместе с тесно связанным с ними народом канглы, перешло наследие огузов на Сыр-Дарье и наследие печенегов, вытесненных огузами в Южной России, так что их владения заняли огромную территорию с востока на запад», - деп жазған.

Монғол шапқыншылығынан кейін бейбіт күндер басталған соң қыпшақтардың негізгі жұрты Ақ Ордада немесе Шығыс Дешті-Қыпшақта (XIII г.) орнықты. Қазақтың тарихи аңыздарында Шығыс Дешті-Қыпшақтың тұрғындары – ноғайлы  деп, ал Батыс Дешті Қыпшақтың тұрғындары - көндігер-құбаң жұрты деп аталды. Осы негізде XIII-XV ғасырлардағы монументалды сәулет ескерткіштері және эпос батырлары ноғайлы  (ноғайлы заманы, ноғайлының жыры) деп аталына бастады.

Ал-Идрисидің суреттеуінше: «кипчаки владеют превос-ходными пастбищами и проточной водой, но в их стране чрезмерный холод, главный город их называется Хиам... Хиам - это неприступная крепость на вершине горы с трудным подъемом, она крайне неприступна и укреплена». Хиам – Қиян  түрік сөзінің қате жазылуы. Үлкен биіктікте орналасқан бекіністерді солай атаған. Хиам атауы ру басшысы атақты Домбауыл болған қыят тайпасының атауынан шыққан болар. Домбауыл кесенесі Кеңір өзенінде орналасқан.

Археологиялық қазбалардың нәтижесі қыпшақтардың шаруашылығы көп салалы болғандығын дәледейді, оларда: мал шаруашылығы, егіншілік, кен ісі, металлургия, әр түрлі кәсіптер болған. Мал шаруашылығы қыпшақтардың басты саласы болды.

Дешті Қыпшақ аумағының негізгі бөлігін ежелде Сарыарқа  деп аталған бүгінгі Орталық Қазақстан құрайды.

Сарыарқа - кең-байтақ жайылым, онда орта ғасырларда феодал-малшылар өз елдерімен жазғы уақытты өткізген, ал күзде Сырдария, Талас, Шу өзендерінің төменгі ағысындағы және Қаратау тау алдындағы қыстауларына оралған.

Дешті Қыпшаққа көшу суреті Ибн-Батутпен жақсы суреттелген. Көшу кезінде арбалардың (күймелердің) ұзын қатары үлкен кеңістікті алған, ол қозғалып тұрған қаланың әсем су-ретін берген. Осы тізбекте жүзден бес жүзге дейін араба болуы мүмкін еді. Олардың алдында билеушілердің арабасы жүрген. «Қыз Жібек» поэмасы Төлеген күні бойы қалыңдығы Жібек оғырған арбалар керуенінің басына дейін арғымақпен шауып жете алмаған.

Сауда - Дешті Қыпшақ экономикасының басты бөлігін құраған.Жылқылардың үлкен партиясы Үндістанға,Ауғанстанға, Иранға жіберілген. Ол жайлы XIV ғасырда Ибн-Баттут, XVІғасырда Дешті Қыпшақта болған Венецианец И. Барбаро былай жазған: «Люди, торгующие ими [конями], покупают их во множестве и потом отводят на продажу в другие страны. Перед отъездом моим из Орды отправился оттуда в Персию целый ка-раван, в коем было до 4ООО лошадей... Мне в странствии моем случалось встречать купцов, которые вели с собой такое множество коней, что вся степь была ими усеяна».

Ибн-Батуттің және ал-Омаридің суреттеуі бойынша, қыпшақтардың өмірінде егіншілікте өте маңызды орын алды. Олар бидай, тары, арпа және сұлы екті, құрғаққа шыдамды астық тұқымды дақылдарды, соның ішінде қандай болмасын ауа-райында жақсы егін берген сорочин тарысын (қонақ тары) өсірген.

Ұлытау және торғай далаларында археологтармен табылған ескі өңделген жердің үлкен алқаптары, суару жүйесінің және иррагациялық құрылыстардың қалдықтары, толып жатқан бөгеттер (тоғандар), құдықтар, бөгеулер қыпшақтардың егіншілікпен айналыскандарын дәлелдейді. Сонымен қатар егістіктер өзендерден тартылған сулармен ғана емес, сондай-ақ су көтеретін механизмдерді пайдаланып, құдықтардың және көлдердің суымен суландырылды. Қыпшақтардың осы шаруашылық түрін Махмұд Қашқаримен жазып алынған сөздер дәлелдейді: арық - суару каналы, тоғ [тоған] - бөгет, тоғ ұрмақ - бөгет жасау, тарнау  - құбырлардан су өткізгіш жасау, шығыр- су көтеретін механизм, таруглык йер - дақыл сақтайтын қойма және т.б.

Ұлытау, Торғай, Жыланшық, Кеңір, Жезді, Сарысу өзендерінің бассейндері олардың тамаша жайылымдық жерлерімен отырықшы мәдениеттің ірі ошақтарының пайда болуы-на - Болған-Ана, Нөгербек-Дарасы, Алаша-хан, Орда-Базар, Хан-Ордасы, Аяққамыр, Басқамыр, Қаратон, Топырақ-Қорған және т.б. бекінген қоныстардың пайда болуына ыкпал етті. Осы аймақ көп жылдар бойы көшпелі қыпшақ мемлекетінің мәдени-экономикалық орталығы болған.

Ежелгі мәдениеттің іздерін зерттеген соң Г.Ф. Генс мынадай қорытындыға келді «здешняя страна была удобной не для одной кочевой пастушеской жизни. И.П.Шангиннің байқауынша Нұра өзенінің алқабын мекендеген қазақтар жерді қамыстардан тазартып, оны жыртып, әр түрлі бидай еккен.

Орыс ғалымы И. Герман Ұлытау даласында бос қалған қазақ егістігін және саз балшық құрылыстары бар қоныс іздерін суреттетен. Ол: «Кайсаки выбирают поля всегда подле рек и озер. И пашни свои наводняют посредством каналов, поднимая воду из рек или озер машинами, которых механизм очень прост и удобен» - деп жазған. Ол жайлы А.А. Красовский жазған: «Кайсаки воду пускают в оросительную сеть при помощи подъемных машин. Последние больше встречаются у киргизов, стоящих на низовьях Нуры, редко у каракенгирских пахарей» Жазушы Д.Д. Минаев тек бір ғана Қабырторғай өзенінен осын-дай жүзден аса су көтергіш машиналарды есептеген.

Т. Сейдалиннің есептеуінше 1866 жылы Торғай бассейнінде ~ 600 егістік алқап болған, олардың барлығы су көрсеткіш механизм - шығырмен суарылған. Құрақоға – 416, Батпаққара өзендерінің бойында - 300, Сәуілкөлде - 200, Құмкеште 120, Сарыкөпеде - 80, Тоқанда - 73, Қабырға бойынша - 70, Ұлтжақылы - 60, Қарасу - 47, Ұлқаяқ - 34, Сенкебайда - 22 және Қараторғай бойынша - 7 шығыр орналасқан. Барлығы Торғай бассейнінде 1429 шығыр болған.

Бүгінгі күндері біз Торғай, Жыланшық, Кеңір, Сарысу және т.б. өзендердің аңғарлары бойында шашырап жатқан шығырлардың көп болғандығын байқайды. Шығыр сөзінен ІІІығырлы-Жыланшық өзенінің атауы пайда болды.

ІХ-ХІ ғасырлардағы Орталық Қазақстанның отырықшы мәдениет ошақтары туралы «Худуд ал-Алем («Рассуждения о стране кимаков  и их городах») шығармасының авторы Ибн ал-Факих, Махмуд Қашғари, Тамим ибн Бахр, Гардизи, Рашид-ад-дин, Әбілғазы, Қадырғали Жалайыр және т.б. айтады. Худуд ал-Алем шығармасының авторы қимақтар бейбітшілік заманда Сырдарияның жағасына қыстайтынын жазған. Ал-Мас'уди қимақтар мен ғұздардың қысқы және жазғы тұрақтарында орналасқан Қара Ертіс пен Ақ Ертіс өзендері туралы жазады. «Местности по Сырдарье и к северу от Каспийского и Аральского морей, покинутые гузами, были заняты кипчаками», - деп жазды В.В.Бартольд Осы хабарламалардын барлығы қыпшақ тайпаларының қоныстану аумағынын қаншалықты ауқымды болғандығын көрсетеді.

Қыпшақ қалалары жақсы күшейтілген болды. Әр қалада жер иелерімен бірге жауынгерлер тұрды. Хақандардың астанасы - ең үлкен кала болған. Астанада темір қақпасы бар қамалы болған. Қалада базарлар мен храмдар болған. Тау үстінде орлармен қоршалған, сумен толтырылған замок-қамалдары болған. Араб географы ал-Идрисидің суреттеуінше, қимақтардың 16 қаласы болған, қол жетпес таулы аудандарда, өзендер мен көлдердің жағасында, пайдалы қазба орындарында орналасқан. Ал-Идриси ежелгі металлургия орталығы ретінде Ұлытау мен Жезқазғанның тарихи-топографиялық фонын жақсы сипаттайды.

Жүздеген жылдар бойы малшылыққа, кен ісіне және металлургияға, сондай-ақ егіншілікке негізделген қыпшақ мемлекетінің мәдени-экономикалық өмірі Ұлытау таулы ауданында, Сарысу, Торғай, Жыланшық, Кенгір, Жезді өзендерінің жайылымдарында шоғырланған. Осы мәдени алқапта ежелгі кен орны ретінде, сондай-ақ халқы мал шаруашылығымен қатар кен шығарумен айналысқан Ұлытау мен Жезқазғанға ерекше тарихи мән беріледі. Мыс, темір, алтын, күміс, сонымен қатар түрлі- түсті тастар Дешті-Қыпшақтың Риммен, Хорасанмен, Армениямен, Қытаймен, яғни сол заманның барлық мәдени әлемімен байланыс жасайтын сауда заттары болған.

Батыс және Орталық Қазақстанның елдімекендері туралы мәліметтер 1375 жылы ағайындар Пициганилер (1367ж.) және Фра-Маурен (1459ж.) құрастырылған Каталондык әлем картасында бар. Осы ағайындылардың картасы Дешті Қыпшақпен, Орта Азиямен және Шығыс Түркістанмен (Алмалық) сауда жүргізген италиян көпестері үшін жол бағыты ретінде құрастырылған. КартағаХІІІ-ХІVғасырларда Солтүстік Каспий маңы, Сырдария өзендерінде, Орталық Қазақстанда және Жетісуда болған кишлактар, қоныстар мен қалалар анык белгіленген.

Пициганидің картасында көрсетілген Төменгі Поволжьяның, Қазақстанның және Орта Азияның тарихи топографиясы анағұрлым толық. Ол картада қазіргі уақытта қираған белшектер түрінде жатқан көптеген қалалар мен қоныстардын орны көрсетілген. Каталон картасында көрсетілген Торғай өзенінің төменгі ағысы ауданында Кәңлікент (Conglicat) елді-мекені көрсетілген. Бәлкім, ол - Қаңлыкент, ал-Идриси бойынша - Ханка-Киши болуы мумкін. Пициганидің картасында Нұра өзенінің аңғарында бейнелеген Ақшакент (Axicet) аталатын қаланың орны ғылым үшін өте қызықты. Осы картада Сарайшықтан шығысқа қарай керуен жолы арқылы Торғай және Сарысу даласы арқылы өткен салттылар мен түйелер керуені бейнеленген.

Кіші көлге (Телікөл?) құятын өзенде (Сарысу?) қоныстардың бірі Фра Мауроның (XV ғ.) картасында көрсетілген. Онда Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы бүгінгі Тамғалы жарға сай ислетін тастарда суреттер бейнеленген. Солтүстікке қарай, Hұpа (өзенінің төменгі бойында қайнар көздер бойынша Ботағайға дәл келетін қалалар орналасқан. Орталық Қазақстанның даласы көшпенділер көшкен төрт доңғалақты арбаның бейнесімен белгіленген.

Орта ғасырдағы итальян картасында белгіленген қоныстар қазіргі кезде бұзылып қалған. Ш.Ш. Уәлиханов былай жазған: «I '.Ханыков предполагает, что курганы [укрепления] в Азии образовались на местах древних городов. Наибольшая часть этих городов, состоявшая, вероятно, как и ныне из глиняных зданий, совершенно исчезла потому, что глиняные здания действительно исчезают без малейших следов. В этом я убедился, посетив северо-западный край Китая, где курганы исчезали перед нашими глазами».

Орталық Қазақстанның топографиясының мәселелері бойынша осы жерлерден екі рет өткен( 1253-1254 жж.) Рубруктің мәліметтері ғылым үшін өте құнды. Алғаш рет Волгадан Ұлытауға, кейін оңтүстікке қарай Шу өзеніне дейін барған, одан әрі бағыты Іле өзені арқылы Алтай мен Қарақорымға барған. В.В.Рокхильдің және Ф.М.Шмидттің картасы бойынша оның қайтар жолы Қарақорымнан Сарай Батуға Орталық және Батыс Қазақстан арқылы өткен. Рубрук: «Туда мы ехали зимой, а возвращались летом и по гораздо более высоким северным странам», - деп жазған. Рубруктің бағыты оған жылқы беретін орындардан, яғни Орталық Қазақстандағы жылқышылардың жазғы тұрақтары болған жерлерден өткен.

Саяхатшылармен суреттелген орта ғасырлық қоныстардың топографиялық кескіні осы күнге дейін сақталған. XVIII ғасырда Солтүстік-Шығыс Қазақстанда зерттеу жүргізіп жүрген орыс ғалымдары мен экспедицияға қатысушылардың тарапынан Орталық Қазақстанның тарихи топографиясын зерттеуге қызығушылық пайда болған. Алғашқы зерттеушілер: Н.Витзен, Мессершмидт, Ф.Страленберг, академиктер Г.Ф.Миллер, Гме-лин және И.П.Фальк, Х.Барданес, П.И. және Н.П. Рычковы (әкесі мен баласы), Гавердовский, Г.Ф. Гене, И.П.Шангин, А.Герман, Г.И. Спасский, А.И. Левшин және т.б. Олардың кейбірі бірнеше рет дала жазықтығынан өтіп, ескерткіштерді сипаттап, суретке түсіріп алған. Осы жазбалар мен суреттер ғылым үшін өте маңызды.

Орталық Қазақстанның орта ғасырлық отырықшы мәдениет ескерткіштерін зерттеу кезінде Сібірлік сызба кітабы, С. Ремезовтің атласы, П. Чичагов пен Богдановтың, Волошаниннің, капитан Незнаевтің картасы бағдар берді. Дала кеңістігін түсірілімі хан билігі аяқталған соң, 1822 жылы бірден басталды және 1841 жылға дейін жүргізілді. Полковник Милорадовичтің түсірілімі туралы жазылған журналдар және 1823 жылы Қырғыз-Қайсақ даласының әскери-топографиялық көрінісі, Орталық Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінің картасы, Гавердовскийдің Қырғыз-Қайсақ даласының көрінісі, Орталық Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінің топографиялық суреттемесі, поручик Яковлевтің Торғай даласын топографиялық суреттеуі және өзі жинаған осы жақта қыстайтын қыпшақ руы «қайсақтар» туралы мәліметтер, сауда керуенімен Сарыарқамен талай рет өткен Мұртаза Файзуллиннің жазбалары өте қызықты. Нифантьевтің Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің топографиялық суреттемесі өзінің нақтылығымен өте құнды. Мұнда ғалым-геодозист Солтүстік Бетпақдалада, Мойынты өзенінен 25 шақырым батысқа орналасқан көптеген бекіністердің анық суреттемесін береді. Оның айтуынша, бұл: «огромный курган [укрепление] с многочисленными бойницами. Он построен для отражения нападения врага».

Ұлытау және Торғай далаларын геологиялық зерттеумен айналысқан инженер Г.Ф. Гене былай жазған: «Знаменитые здания - замки, храмы, гробницы построены из обожженного кирпича и принадлежали владетелям этой страны. Все остальное из глины. Достопримечательные здания были сооружены также из дикого камня с малой частью из кирпича». Исламға дейінгі ескерткіштер туралы: «Развалины, до введения магометанства построенные, отличаются особливо тем, оные имеют вид капища. Таковые встречаются от горы Ұлытау к востоку, по горам до Иртыша, особливо по реке Нұра, у озера Кургальджин и к югу от Иртыша до малой Бухарин» - деп жазған. Ұлытау даласының ескерткіштерін Г.Ф.Генс үш типке бөледі: храмдардың қаллдықтары, ақсүйектер үшін пана болған қамалдардың, бекіністердің қираған бөліктері, топырақ төбелер - тас құрылыстары бар қыстақтардың қалдықтары. Гене: «они довольно обширны, многие не совсем истреблены временем, в середине обширнейших селений находятся каменные замки, обнедснные двумя или тремя стенами...», - деп жазған.

Сарыкеңгір өзенінің сол жағасындағы орта ғасырлық мәдениет ескерткіштері Ю.А. Шмидттің назарын аударды. Осы географиялық жағымды ортаның және халықтың көп қоныстанғанын ескере отырып Шмидт: «Местность эта пользовалась известностью в давно прошедшее время, так как в котлонинах левого берега реки имеются остатки укрепления довольно обширных размеров», - деп жазған. Сол замандағы кейбір орыс ғалымдарында қалыптасқан ұғымдары бойынша Шмидт қамалдарын қалмақтарға жатқызады. Бұл - бұрыштарында домалақ мұнаралары бар алты қырлы ғимараттар жөнінде сөз болып отыр. Қамалдың едені сол жердің тақтасынан, ал қабырғалары саман кірпіштерден тұрғызылған. Кіре берісі оңтүстік-шығысқа бағдарланған еді. Домалақ мұнаралары бар осындай көп қырлы ғимараттар ІХ-Х ғасырлардағы оғыздар мен қыпшақтардың құрылыс мәдениеттеріне тән болған. Осы тектес ғимарат Қос-үйтастың қасында, 20 шақырым батысқа қарай орналасқан.

М. Красовский: «на севере степи больше встречаются остатки круглых башен с коническим верхом. Это башня или дынг - древнейший и широко распространенный тип сооружений, давно разнесенных временем», - деп атап өткен. Қазақстанның солтүстігінде кездесетін осындай мұнаралар туралы С.Броневский жазған.

Қыпшақ ескерткіштерінде тапқа бөлінген қоғамның бітімдері анық көрінеді. VI және XIII ғасыр аралығындағы ескерткіштер Ұлытаудан бастап Торғай уезенінің жоғарғы бойына дейін Ертістің жағасына дейінгі үлкен аумақта кездеседі, олар қыпшақ мәдениетінің жергілікті ерекшеліктерімен белгіленеді. Олардың арасындағы анағұрлым ескілері топырақты, тас және аралас үйме, домалақ, сопақ немесе тік бұрышты (анағұрлым кейінгі) бітімді, кейде шаршы пішінді төсемелер. Исламға дейінгі бай феодалдардың қамалдары тас пирамидалар түрінде тұрғызылған, исламды қабылдаумен (XI-XV ғғ.) кесенелер -«кешен» күйдірілген кірпіштен тұрғызыла бастайды.

1. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ МӘДЕНИЕТ

Орта Азияда биік мұнараларды тұрғызу дәстүрі болған. Қасиетті отқа (отқа табыну) арналған Бухар жеріндегі мұнара-храм туралы Бируни жазған. Сырдарияда, ежелгі Жанкент қаласының ауданында оғыз мәдениетіне тиісті Бегім-Мұнара мұнарасы сақталған. Сырдарияның төменгі ағысында күмбезі шошақ, кесек тастан жасалған Дің-Қорған киіз үй тәрізді ғимараты болғаны қайнар көздерінен белгілі.

Исламға дейінгі дәуірде (VI-VIII ғғ.) халық эпосы, халықтық-қолданбалы өнер, тас мүсін және архитектура тығыз байланыста дамиды. Өнердің барлық түрлерінде өзгешілік байқалады. Орталық Қазақстанның исламға дейінгі сәулет ескерткіштерінде ежелгі дәуірлердің сәулет бітімдері байқалады және орта ғасырлық ескерткіштерден мүлдем айрықшаланады. Дің (мұнара), діңгек, үйтас (тас үй) сәулет құрылымдары центрлес ғимаратты құрайды, ол пішіні бойынша обаларды немесе көшпелі киіз үйді күрайды. Бұл ескерткіштер архитектоникасының қарапайымдылығымен және сәндеудің жоқтығымен айрықшаланады.

Нұра өзенінің аңғарында, Қарқаралы қаласынан 70 шақырым батысқа қарай көне киіз үй тәрізді тас ғимараттардың бірі - Шапқантөбе орналасқан, ол сақ заманында тұрғызылған. Ескерткіш диаметрі 50 м, биіктігі 7 м үлкен оба үймесінің астында сақталған. Домалақ пішінді ғимараттың диаметрі 5 м және биіктігі 3,5 м, күлгін түсті жабысқақ саз балшықпен қосылған гранит тақталарынан құралған. Осы жерден біз сатылы әдіспен тастан жоғарыға біртіндеп тарылтып және біртіндеп шошақ күмбезге ауысатын «жалған» күмбез идеясының жүзеге асқандығын көреміз.

Феодалдық қатынастар қалыптасқан кезде «жалған» күмбез идеясы (б.з V-VI ғғ.) дің, діңгек, үйтас, бүрме-тамда орын алған. «Жалған» күмбездің пайда болуы кейінгі қола дәуірдегі пирамидалы-сатылы жабын композициясының және киіз үйдің «шаңырағының» үйлесуінің нәтижесі. Дің, діңгек, үйтас ғимараттарында қалыңдығы 3 метрге дейін жететін қабырғалары бар күмбез еденінен бастап биігіне дейін біртұтас болып келген.

Дің, діңгек, үйтас монолиттік құрылыстар бірінің үстіне бірі төніп тұрған көлденең қойылған тастар қатарынан құралған. Ол үшін домалақ немесе шошақ күмбездің пішінін беретін қатпарлы тақталар қолданылды. Еден домалақ болғанда «еңіс» қалама жерден немесе жерден бір метр биік деңгейден басталды, ал егер төрт бұрыш болса бірінің үстіне бірін қою үш метрден кем емес биіктіктен басталды.

Діндер мен үйтастар тас мүлдем кездеспейтін жерлерден табылғаны қызық. Оларды салу үшін тастарды басқа жерлерден әкелген. Сарысу, Көң, Нұра, Мойынты өзендерінің аңғарларында, Балқаш көлінде, Шу өзенінің төменгі бойында, Бетпақдалада мұнаралар саман кірпіштен тұрғызылған.

Дің және үйтастар Сарыарқаның ежелгі мекендеушілері - қыпшақтардың мәдениет ескерткіштерін құрайды. Қыс қатты суық болған кездері XVII-XVIII ғасырларда үйтастар қазақ қойшылар үшін пана болған.

Кейде кешенінде тас мүсіндері бар әр түрлі сақталған үйтастар Атасу, Сарысу, Жезді, Терісаққан өзендерінің аңғарларынан, Ұлытау тау алдынан, Кеңгір және Торғай өзендерінің жоғарғы ағысынан, Қарқаралы және Баянауыл тауларынан кездеседі.

Орхон бейітінің бірінде былай жазылған: «Мен ангар таш барк жараттуртым», яғни «мен осы тас құрылысты салуға бұйрық бердім» дегенді білдіреді. Біздің ойымызша, түрікше «таш барк» - бұл қазақтың тас-үй немесе үйтастың ежелгі түрі, өйткені екеуінің де мағынасы бір. Біздің ойымыз ежелгі қытай хроникасында жазылған дерекпен дәлелденеді, «таш барк» те, үйтас та кешенде тас мүсіндер табылған. Тань-шуда: «В здании, построенном при могиле, ставят нарисованный облик покойника и описание сражений, в которых он участвовал в продолжение жизни». «Таш барк» түрік ғимараттарынан орыс ғалымдары храмның және кішкентай шіркеудің баламасын көреді. Осы жайлы С.В. Киселев: «При гробницах ханов строили часовни с изображением умершего и каменными плитами ... Около этих сооужений рядами расставлялись статуи ближайших родственников», - деген. Академик В.В.Радлов «таш барк» ғимараты мен Белгі-қаған мен Күлтегін ескерткіштеріндегі тас мүсіндерді зерттейді. Осы баламалардың негізінде үйтастар - «таш барк» сияқты діни ғимараттар деп айтуға болады, олар VI-VIII ғасырларға тиісті.

Кеңгір өзенінің жоғарғы бойында бұзылған үйтастарды қазу кезінде бейіттер табылған жоқ. Тас қуыстарда ғұрыптық заттар - қойдың жауырыны мен жібек матаның жыртысы жатты. Ортада үлкен оттың ізі байқалады. Осының барлығы үйтастардың шынында да отқа немесе аспан Тәңірге табынған діни гимараттар маңызы болғандығын дәлелдейді.

Көлемдік-композициялық шешім бойынша үйтастар сатылы қаламамен көтерілген және сфера тәрізді күмбезге ұласатын қабырғалары көтерілген едені домалақ бір камералы центрлес ғимаратты құрайды, бұл исламға дейінгі құрылыс өнерінің үлкен жетістігі болып табылды.

Киіз үй тәрізді ғимараттар үйтас, дің, діңгек әдетте биік жерлерде орналаскан, ол алыстан жолаушылардың назарын өзіне аударған.

Үйтас 1 ескі Ыбырайхан қыстағының жанында, Қаракеңгір өзенінің жоғарғы бойындағы биік жерде орналасқан. Тастан киіз үй тәрізді етіп жасалған ғимараттың ішкі орама бойынша еденінің диаметрі - 4 м және ғимарат биіктігі - 5 м. Кіре берісінің биіктігі - 1,4 м, ені - 0,8 м, шығыс бөлікте орналасқан. Оның батыс бөлігінде үлкен тақтада және кіре берісте оттың және қатты қызып қалған із (терендігі 12 см-ге дейін) табылды, бұл осы жерде отқа табыну ғұрпы өткендігін дәлелдейді.

Қаракеңгір өзенінің төменгі бойында бұзылған үйтастардың үлкен тобы жатыр. Олардың арасында Қараадыр төбесінде кіре берісі бұзылған тас ғимарат салыстырмалы түрде жақсы сақталған. Ішкі орам бойынша түбінің диаметрі — 5м, сақталған биіктігі - 4,5 м.

Қараторғай өзенінің оң жақ биік жағасында, Сарысу өзенімен қосылатын жерде, Жәуке қыстағының қасында әр түрлі дәрежеде бұзылған он шақты бұзылған үйтастар орналасқан. Салыстырмалы түрде жақсы сақталған үйтас киіз үй тәрізді пішінді тақтатастан түрғызылған, кіре берісі шығыс жақта орналасқан. Ғимарат жартылай сфера болып аяқталған. Сыртқы орам бойынша диаметрі - 9 м, кабырғаның қалыңдығы - 3 м, сақталған биіктігі ~ 4 м.

Тағы бір үйтас суреттеп өткеннен оңтүстік-батысқа қарай екі шақырымда, Сарыторғай өзенінің оң жақ биік жағасында.

орналасқан. Домалақ тас ғимарат ұшы шошақ тақтатастан тұрғызылған, биіктігі - 4,5 м, негізінің диаметрі (ішкі орам бойынша) - 4 метр, қабырғаның қалыңдығы - 2,5. Пішіні тік бұрышты кіре беріс шығыс бөлікте орналасқан. Еденге ірі тақталар төселген. Үйтастың ішіне жарық күмбездің жоғарғы бөлігіндегі саңылаудан түскен.

Үйтастар Ұлытау ауданындағы Мық тауында, Жанай шатқалындағы Жезді өзенінде, Бұланты өзенінде орналасқан.

Жақсы-Көң өзеніндегі үйтас туралы біз Т. Шангиннің суреттемесінен білеміз. Бұл биіктігі 4,5 м, түбінің диаметрі 4 м домалақ ғимарат. Тас ғимараттың күмбезі жартылай сфера пішінді. Оңтүстік бөлікте және солтүстік жағында саңылау болған. Үйтастар неше ғасырлар бойы көз жетпес даланың айнымас бөлігі болып табылады.

«Қос үйтас» тас сәулет ескерткіші Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Қаракеңгір өзенінің жағалау бөктерінде орналасқан. Қос үйтас - бұл киіз үйге ұқсас, композициясы домалақ бір камералы тас ғимарат. Олар пішіні төрт бұрыш немесе тік бұрыш қатпарлы тастан салынған. Олар бір-бірінен 6 м қашықтықта орналасқан. Домалақ негізінің диаметрі (ішкі орам бойынша) 4 метр, ғимараттың биіктігі 5 м, түбі жағындағы қабырғаның қалыңдығы 3 м. Сатылы қалама домалақ негіздсн басталып, жарты сфералы күмбезбен аяқталады. Кіре берісі шығыс бөлігінде орналасқан, күмбезінде ғимаратты жарықтандыру үшін кішкентай терезе бар.

Қазақстанда «дің», «діңгек» атауымен белгілі мұнаралары бар ғимараттар ерте феодалдық заманында пайда болған. Дің үйтастан көлемімен ерекшеленеді.

Пирамидалы «діңгектер» ханның қыздары мен ақсүйек келіншектер үшін той салтанатының алдында салынған, діңгектің ішінде отырған қыздар жиналған жігіттерге көз жүтіртіп, өзіне күйеу таңдай алған. Осы салт-дәстүр жөнінде аңыздар мен халық хикаялары көп.

Уванас діңі Бетпақдала шөлінде болған. Ф.Назаров оны 1813 жылы сақталған күйін көрген. Ол: «Эта надгробная пирамида, стоящая на возвышенном бугре сей безмолвной, никем не обитаемой степи» - деп жазған.

В.Рубрук Киіз үй тәрізді ғимараттар туралы былай айтқан: «Команы ... строят для богачей пирамиды, т.е. остроконечные домики. Кое-где я видел большие башни из кирпичей, кое-где каменные дома, хотя камней там и не находится. Я видел одного недавно умершего, около которого они повесили 16 шкур лошадей по четыре с каждой стороны мира». Бул жерде ұштары сыртқа шығып тұрған бөренелер туралы сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, Рубрук: «Идолопоклонники ставят свои храмы в направлении с востока на запад и в северной стороне устраивают комнату, выступающую наподобие клироса [corum]. Если дом четырехугольный, эта комната бывает в середине дома», — деген.

Дің мұнара түріндегі шошақ ғимарат, кейде биіктігі 20 метрге дейін жеткен. Олар домалақ, төрт бұрыш және көп бұрышты болған. Негізден күмбезге өту үйтастағы сияқты «жалған күмбез» жүйесі арқылы жүзеге асқан, яғни біртіндеп тарылып, биікке қарай домалақтана берген. Діңдердің күмбезі жұптанған, ішкі және сыртқы деп бөлінген. Еденге, әдеттегідей тақталар төселген, сондағы тақталардың шеттері қабырға қаламасына коса салынған. Ішкі күмбез жоғарғы күмбездің салмағын көтеріп тұрған ағаш бөренелерге бекіген.

Діңдерді кейде «тас мола» деп атайды. Әр түрлі деңгейде сақталған олар Торғай өзенінің аңғарында, Ұлытау тау алдында, Итмұрын тауында, Өленті өзенінің солтустік аңғарында, Әулие-Қызылтау тауында орналаскан. Терісаққан өзенінің төменгі бойында орналасқан Буқадіңнің қалдықтары, Қызылтас тауының солтүстік тау алдында, Жезқазған қаласының маңындағы Жанай шатқалындағы дің, Ботақара төбесіндегі тас пирамидалар олардың өлшемінің үлкен болғандығын дәлелдейді. Діндердің сипаттамасына тоқталып өтейік.

1-ші дің Қараторғай өзенінің оң жақ жоғарғы жағасында, Сарыторғай өзенімен қосылатын жерде, ежелгі қазақ қыстағы ~ Жәуке ауылында орналасқан. Бұл - пішіні киіз үй тәрізді, кіре берісі шығыс жағында орналасқан тас ғимарат. Ғимараттың қабырғалары сатылы қалама әдісімен тұрғызылған, соның арқасында сфералы түрде аяқталған. Негізінің диаметрі (сыртқа орам бойынша)-9 м, қабырғаның қалыңдығы - 3 м, сақталған биіктігі шамамен - 4 м. Осы ауданда діңге уқсай көптеген тас обалар көп.

2-ші дің Қараторғай өзенінің сол жақ жоғарғы жағасында, Сарыторғай өзенімен қосылатын жерде орналасқан. Жақсы сақталған ғимарат қоршаған жазықтықтан биік. Ежелгі сәулет ескерткіші дала пейзажымен жақсы үйлескен. Дің - қабырғасы қиық шошақты құрайтын биікке қарай көтерілетін, негізі домалақ тас пирамиданы құрайды.

Домалақ, ұшы шошақ ескерткіш сол айтып өткен ескерткіш салынған материалдан тұрғызылған. Діңнің биіктігі - 4,5 м, домалақ негізінің диаметрі ішкі орам бойынша - 3,5 м, сыртқы орам бойынша - 7,5 м, негізіндегі қабырға қалындығы - 2,5 м.

Қалама топырақ араласқан сүр түсті жабысқақ саз балшықпен бекітілген. Пішіні тік бұрышты кіре беріс шығыс бөлікте орналасқан, куполда диаметрі 1,2 м домалақ саңылау бар.

1-ші және 2-ші дің меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан, арасындағы қашықтық екі километр.

1974 жылы ОҚАЭ Қорғалжын ауданындағы, Жақсы-Көң өзенінен екі шақырым жерде орналасқан дің зерттелді. 'Түбі домалақ дің жұқа қатпарлы тақталардан құралған. Ішкі орам бойынша түб жағының диаметрі — 5 м, қабырғалардың қалыңдығы - 3 м. Пішіні тік бұрышты кіре беріс шығысқа қараған, есік орнының биіктігі - 2,3 м, ені шамамен - 1 метр. Оның куполы толықтай құлап қалған. Діңнің шығыс қабырғасында ірі түйіршікті диориттен жонып жасалған үш тас мүсін тұрды. Бір мүсін әйелдің бейнесі ( алқасы мен сырғасы анық көрінеді), ал екеуі ер адамдікі.

Қара-дің 1 Ұлытау ауданында, Қара-Жланды озенінің биік жағасында (Тамды өзенінің ағысы) орналасқан, саз балшық ерітіндісімен бекітілген қара түсті (осыдан «қара» сөзі) қатпарлы тастан салынған.Сурет тақталар арасындағы тесіктер ұсақ тастармен толтырылған. Ішкі орам бойынша негізінің диаметрі 8 м. Дің қабырғаларының қалыңдығы 3 м-ге дейін жетеді. Ғимаратттың екі бөлінген күмбезі болған. Осы күндерге дейін жоғарғы күмбез ішкінің биігіне дейін құлап қалған, діңнің сақталған биіктігі 10 м. Кіре берісі шығыс жақта. П. Рычковтың суреттеуінше діңнің биіктігі 19 м-ге дейін жеткен. Күмбезде екі саңылау болған, олардан жарық түскен: бірі - солтүстік жақта, екіншісі -оңтүстік жақта болған. Діңнің өзіне тән сипаттамасы - ол күмбез астындағы шығыңқы қаламасы, қаламаның ағаш бөренелері жақсы сақталған.

Қара-дің 2 - тастан жасалған, сәулетті, жақсы сақталған ғимарат. Діңсай шатқалында Ұлытау ауданында, Сарыкеңгір өзенінің жоғарғы бойында орналасқан. 2-ші Қара-діңнің негізі төрт бұрыш, сондағы қабырғаларда шекара ізі сақталмаған. Қабырғалар биіктігі 7 м-ге дейін жететін торт қырлы шошақ күмбезге ауысады, шошақ кырларының өлшемі -6,1x6,1 м. Күмбез шығыңқы бөренелерге тіреледі. Қуыс түріндегі кіре берістің пішіні тік бұрыш, ол шығысқа қараған. Оңтүстік жағынан қабырғаға ауысар жерде күмбезде саңылау болған, одан ішке жарық түседі.

Тасмола-діңі исламға дейінгі уақытқа сай қою-қоңыр түсті, темірлі құмдақтың ірі тақталарынан домалақтана салынған. Дің Торғай облысында Торғай өзенінің биік жағасында Кентүбек ауылының аумағында, ескі Күлеке қыстағында орналасқан.

Домалақ негізінің диаметрі - 9,5 м (ішкі орам бойынша), сақталған биіктігі 5 м, қаланған қабырғаның қалыңдығы 3 м, жоғарғы бөлігі - 1,5 м. Қалама үшін таңдалынған тақталардың ұзындығы - 3 м-ге дейін жетеді, ені -1,8 м. Қабырғалар біртіндеп шошақ күмбезге ауысады. Ғимараттың ерекшілігін ғимараттың жанындағы тік қойылған тас тақталар құрайды, оның бірінде ежелгі қыпшақтардың рулық таңбасы ойылған.

Тасмола - бұл ру таңбалары бар көптеген тас молалар орналасқан ежелгі үлкен некрополь.

Атасу өзенінде ішкі орам бойынша диаметрі 12 м болатын, пішіні көп қырлы ірі дің орналасқан. Ғимараттың жоғарғы бөлігі бұзылған, сондықтан оның алғашқы биіктігі туралы айту мүмкін емес. Сақталған биіктігі - 4 м.

Исламға дейінгі кезеңдегі тас сәулеттің ең бір маңыздыларының бірі - Домбауыл. Бұл алып ғимарат Кеңгір өзенінің сол жақ биік жағасында, Жезқазған қаласынан 45 шақырым солтүстікке қарай және Жошы ханның кесенесінен 4 шақырым орналасқан.

Бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған ескерткіштің түбі төрт бұрышты, қырларының өлшемдері - 8,9x7,9 м, жақсы тегістелген, ганч қоспасымен цементтелген ірі қатпар тастардан жасалған. Ғимараттың биіктігі - 5,5 м. Қалыңдығы - 1,5-2,0 м қабырғалар біртіндеп екінші күмбезге өтеді. Тік бұрыш есік орны түріндегі кіре беріс дәстүрлі түрде шығыс жаққа караған. Биіктігі бір метрге дейін жететін негізіне жалпақ тастар төселген. Ғимараттың жоғарғы жағында солтүстік және оңтүстік жағынан саңылау бар, одан ішке жарық түскен. Ескерткіштердің әсемдігі және көзге бірден көрінетін мұқияттылықпен тегістелген тас тақталар оның ежелгі бір батырдың құрметіне салынғанын білдіреді.

Домбауыл туралы және оның құрметіне салынған ескерткіш туралы аңыздар мен хикаялар сақталған. Онда Домбауылдың атақты мерген, ақын және музыкант - күй шығарушы болғандығы айтылады. Ұлытау таудың батыс бөлігінде Домбауыл өмір сүрген ежелгі қамалдың қираған қалдықтары жатыр.

Аңыз бойынша Домбауыл ханның қызына ғашық болады. «Бір ханның қызы болған. Хан қызына арнап «түн теңізінің» ортасына үй салады, қасына қырық қыз береді де ешкімнің кіріп-шығуына рұқсат бермейді. Қыз не күнді көрмей, не айды көрмей биік қара мұнараның ішінде отырады. Бір күні ол қыздардан: «Қабырға сыртында не болып жатыр?» - деп сұрайды. Қыздар қабырғаның арғы жағында жарық деп жауап береді. Ханның қызы олардан сол күнді көрсетіңдер деп сұрады. Қыздар терезені ашқан кезде, ханшайымға күннің сәулесі түседі. Ол жүкті болып қалды. Ханға осы хабар жеткенде, ол қақпағы бар алтын қайық жасап, қызын соның ішіне отырғызып, қайықты өзен ағысымен жіберіңдер деп бұйырды. Сол өзенде бүкіл далаға есімі белгілі Домбауыл мерген өмір сүрген, ол да өз хандығынан қуылған. Оның жолаушысы Шаба-Соқыр досы болған, ол қырық шақырым жерден көрген екен. Шаба-Соқыр жүзіп келе. жатқан алтын қайықты көріп қалып, ол жайлы Домбауылға айтады, бірақ ол бірден Домбауылға шарт қояды, қайық жағаға келгенде сыртын мен аламын, ішін сен аласың дейді. Қайық жақындағанда Домбауыл: «Қия атайын ба? Кесе атайын ба?» - деп сұрайды. Шаба-Соқыр қия ат дейді. Домбауыл мерген, атып жібергенде қайықтың қақпағы бірден түсіп қалады. Сондықтан Домбауыл мен Шаба-Соқырды қыяттар  деп атаған. Қайық жағаға тірелгенде, олар ішіндегі ханшайымды көреді. Домбауыл оған үйленеді, одан ұл туып есімін Тәңір деп қояды.

Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу кесенесі - сәулет тарихындағы тамаша ескерткіштердің бірі. Ол туралы алғаш рет академиктер И.Фальк (1771 ж.), П.Паллас жазған. «На реке Аягуз стоит древнее здание, которое кайсаки называют Куз-Курпеч».

Ескерткіштердің суреттемесін П.П.Семенова-Тянь-Шанскийдің, Ш.Ш.Уәлихановтың, Г.Н. Потаниннің, Н.А.Абрамовтың, П. Галицкийдің және т.б. еңбектерінен оқуға болады. Зерттеушілер Е.Баранов пен И.Кастанье ескерткіштермен байланысты аңыздарды жазып алған. Орыс офицері П.Галицкийдің айтуынша, ескерткіштің сыртқы жағында төрт тас мүсін тұрған. Ол монғолға дейінгі кезеңдегі аңызды жазып алған.

1812 жылы Уфа қаласында А.С. Пушкин танысқан «Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу» аңызының бір нұсқасы шығарылды. Оның шығармашылық мұрасында дала махаббат жырына арналған жолдар бар.

«На берегу р.Аягуз, впадающей в оз. Балхаш, стоит остроконечное здание, весьма тщательно построенное из гладких каменных плит. В нем 3 каменные статуи, из которых две, по словам киргиз-кайсаков, изображают прославляемых в легендах любовников Баян-Сулу и Козы-Корпеша» - деп жазды Д.И. Левшин. Томск университетінің профессоры В.В. Сапожников сүйсіне отырып, «что имел возможность посмотреть на знаменитую башню, с которой связана романтическая легенда о любви Баян-Сұлу и Козы-Корпеша», -деп жазған.

Қозы-Көрпеш және Баян-сұлу кесенесі Таңсық ауылына қарсы, Аягөз өзенінің биік жағасында орналасқан. Сәулет архитектурасы бойынша ол діңдерге тиісті.

Қазақ аңыздары бойынша тас алынған және ескерткіш тұрғызылған таулардың арасында, 90 шақырымға тасты қолдан қолға берген салт аттылардың тізбегі созылған.

Бүйір жақтарының өлшемі - 6,4x6,7 м шаршы негіздің астында пішіні шошақ, биік ғимарат көтерілген. Төрт бұрыш негізден шошаққа қарай біртіндеп ауысу жерінде «жалған» күмбез идеясы іске асқан. Осы құрылыс әдісінің арқасында биікке қарай біртіндеп тарылу жүзеге асқан. Ғимарат қызғылт түсті, пішіні тік бұрыш қатпарлы тастардан құралған, ол саман себілген, ірі түйіршікті құм мен казейннің ізі бар саз балшық қоймалыжыңымен цементтелген. Ғимараттың биіктігі ~ 12 м.

Еденге қалындығы 0,5 м қатпарлы тас тақталары төселген, шеттері қабырғаның қаламасына қосылған. Пішіні тік бұрышты кіре беріс шығысқа қараған, оның биіктігі 2,9 м. Күмбез жұптанып келген: ішкі және сыртқы. Кесенеге жарық күмбездің саңылауынан түскен. Ішкі қабырғалар мен күмбез бөлігінде бірнеше қатпарлы саз балшық қоймалыжыңымен сыланған. Сылақтың қалыңдығы ~ 12 см.

Ішкі кесенені қазу кезінде батыс қабырғадан 1,3 м тереңдіктен әйел ер-тоқымы табылды. Ер-тоқымның шеті соғу техникасымен жасалған дөңбешіктер тізбегі түрінде өрнектелген жуқа мыс тілігімен безендірілген. Алдыңгы ердің қасында көркем суреттің ізі бар. Сондай-ақ, алдыңғы және артқы ердің маңайын әшекейлеу үшін пішіні домалақ, мыс қаңылтыр және түрік тұрпатты мыс тоға, қоңыр түсті жібек киімнің жыртыстары, ер-тоқым үшін киіз төсемесі бар жібек жастық табылған. Осының барлығы перизат Баян-сұлумен байланысты.

Бақсы-мола ежелгі кесене күйдірілген кірпіштен жасалған, «дің» сәулет ескерткішіне тиісті. Ол Үлкен Торғай өзенінің оңтүстік биік жағасында, Лекер шатқалында орналасқан. Ескерткіш жөнінде мәлімет 1851 жылғы 13 желтоқсандағы Омбы кеңсесінің құжаттарында, сондай-ақ орыс офицері-геодозистерімен құрастырылған материалдарында бар, олар әр түрлі мұрағаттарда сақталған.

Бақсы-мола тауы бұл жерде бақсының жерленгенін білдіреді. Ескерткіш - күмбезі шошақ киіз үй тәрізді ғимаратты құрайды. Сыртқы қабырғалар және ішкі қабырғалардың көбісі өлшемі 25x25x5 см және 28x28x6 см күйдірілген кірпіштен жасалғаны белгілі. Қабырғаның орта бөлігі ішкі жағынан өлшемі 25x25x5 см және 30x30x6 см шикі кірпіштен жасалған. Қалама саз балшық қоймалжыңымен бекітілген сурет.

Батыс қабырға, бетше босаға және күмбездің жоғарғы бөлігі бұзылған. Ғимараттың қабырғалары домалақ негізінен көтеріліп, шошақ күмбезге ауысады. Сақталған биіктігі 6 м, ішкі орам бойынша негізінің диаметрі - 4,1 м, негіздегі қабырғалардың қалындығы - 2,3 м.

Шығыс жағында пішіні сүйір кіре беріс орны орналаскан. Оның биіктігі - 2 м, ені - 0,8 м. Еден, басқа діңдердікі сияқты төрт бұрыш тақталармен төселген, еденнің қалыңдығы - 1,8 м.

Бақсы-молада тас мүсіннің болып оны ерекшелейді. Осындай тас мүсіндердің Ибн Фадланның (X ғ.) бойынша оғыздар үшін маңызы зор болған. Тас мүсін жерге 0,43 м тереңдікке шомып кеткен. Оның жоғарғы жағы қатты мұқалған, бірақ әлде де адамның бейнесі сақталған. Сақталған биіктігі - 0,45 м, ені - 0,42 м. Моланың сыртқы жағынан кіндігінде керамика ыдысы бар тастан жасалған қыпшақ әйелінің мүсіні тұрған.

Бақсы-мола орналасқан ауданда қыпшақтардың, оғыздардың, арғындардың, қоңыраттардың, қаңлылардың және т.б. рулық таңбалары бар көптеген тас қабірлері бар некрополь орналасқан.

XI ғасырда оғыздардың Торғай даласында болғандығын «Текенің діңі» ғимараты және Жалдама өзеніндегі (Торғай өзенінің тармағы) Қараоба пирамидасы дәлелдейді.

Рашид-ад-дин бойынша Сарыарқаның ежелгі қаласы - Жубанч (Жубаныш) қаласы болған. Ол үш-оқ атты оғыз тайпасына тиісті Ортақ (Ортау) және Қазтак  жазғы жайылымдықтарға жақын орналасқан.

Әдебиеттерде Жұбаныш қала атауы әр түрлі аталады. П.Рычков оны - Жубин, А.А. Семенов - Инандж261, И.Н.Березин - Анабайдж-деп атайды.

Профессор А.Тоган Ежелгі жазбалар сақталатын Стамбул кітапханасында сақтаулы тұрған Рашид-ад-дин жазбаларының негізінде: город находился на территории к северуот Аягуза» - деп жазады. М.Қашқари мен Джувейни қаланы деп атайды. Рашид-ад-динде парсы тіліне сай ол бугінгі қазақша Жұбаныш атауын береді.

П.Рычковтың суреттеуінше, Жұбан-Ана ежелгі қала орны Кеңгір өзенінің Сарысу өзеніне құятын жерінде, Үлкен Жезқазғаннан 80 шакырым жерде орналасқан. Ол жайлы П.Рычков: «Джубан-Ана - признак немалого города на реке Кенгир, впадающей в Сарысу, от устья оной верст восемь. Тут и поныне видимо мечетей до пяти и палаты, кои немало опустились в землю» - деп жазады.

Археологиялық зерттеулермен П.Рычковтың Жұбан-Ана қаласы орналасқан жері әлі дәлелденбеген. Кеңгір өзенінің Сарысу өзеніне құятын ауданда екі топ ежелгі қоныстар зерттелді, оларды біздің ойымызша, ежелгі Жұбан-Ана қаласына ұқсастыру өте қиын. Бұл жер шөлейтті, мұнда ірі қоныстың ізі байқалмайды.

Жайылма алқаптың аласа террасасында, Кеңгір өзенінің оң жағасынан алыс емес жерде оңтүстік-шығыстан солтустік-батысқа қарай үш төрт бұрыш алаң түрінде созылып жатқан, бүйір жақтарының өлшемі 24-тен 35 м-ге дейін кішкентай қоныстардың іздері табылды. Биіктігі 1,5 м төбенің ортасында тұрғызылған шурфтің көмегімен, егіншілікпен айналысатын қоныстарға тән құйма емес керамиканың фрагменттері түрінде материалдық өндірістің аздаған қалдықтары табылды. Керамика жақсы күйдірілген, қыш шеңберінде мықты саз балшықтан жасалған. Басқа төбенің ортасында тұрғызылған шурф үй жануарларының-жылқылар, қойлар, сиырлардың көптеген сүйектері табылды. Құрылыстардың қабырғалары ірі шикі кірпіштен салынғаны анықталды.

Қамалдың болмауы осы шағын қоныстарда малшылықпен және егіншілікпен айналысқан жатақтар тұрғандығын дәлелдейді, ол ұзындығы 2-3 км ежелгі суару жүйесінің ізімен дәлелденеді.

Сарысу ескерткіштерінің арасында ежелгі Жұбан-Ана (Жұбаныш-әулие) кесенесі - дің сәулетінің соңғы кезеңіне тиісті І и марат, ол Жаңаарқа ауданында, Сарысу өзенінің оңтүстік биік жағасында, оған Атасу өзенінің құйылысынан 50 шақырым төмен орналасқан. Ол туралы мәлімет Рашид-ад-диннен, Иаздиден және т.б. көреміз. XIX ғасырдың ортасында Ш.Ш. Уәлиханов: «Жубан-Ана считается кайсаками за усыпальницу святой (аулие). На ней много «жалау», оставляемых всякими проезжающими в честь ее святости», - деп жазған.

Жұбан-Ана қабірі - күмбезді-орталық, төрт бұрыш пішінді, бір лақытты құрылыс. Сыртқы бөлігі оның өлеші 27x27x7 см пішіні төрт бұрыш тақта түріндегі күйдірілген кірпішпен тұрғызылған. Ішкі жағынан қабырғалар іргетастан бастап 1,18 м-ге дейін шикі кірпіштен тұрғызылған, одан кейін күйдірілген кірпіш қаламасы өтеді. Сыртқы және ішкі қаптаманың арасындағы кеңістік саз балшық араластырылған қиыршық таспен толтырылған. Өлшемі - 7х7х, төрт бұрыш негізден басталатын қабырғалар бұрыштық сүйір қуыстардан сегіз қырлы барабанға ауысады, оның үстінде ішкі жарты сфера куполын жабатын бедерлі шатыр тұрған. Сүйір болып келген кіре беріс орны оңтүстік-шығысқа қараған.

Тастан жасалған іргетастың қалыңдығы - 1 метр. Қалыңдығы — 1,5 м-ге дейін болатын көп қырлы мұнараның салмағын дұрыс таратумен ескеріліп, әзірленген. Ішкі жағынан төрт бұрыш негізде жоғарғы бұрыштары үшкір терең емес қуыстар орналасқан. Негізден жоғарғы деңгейі басқа жоғарғы қуыстардың деңгейінде тұр.

Ғимараттың жалпы биіктігі - 7 м. Жайдың ішіндегі алебастр сылағы ғимаратты ХІ-ХІІ ғасырларға жатқызады. Кесене апаттық жағдайда тұр.

Жұбан-Ана кесенесінің қабырғаларында қасқыр басты жыланның бейнесі салынған. Тақталардың бірінде ұйғыр әліппесінің әріптерімен «Талмас-Ата» деп жазылған.

Қазақ аңыздары бойынша Талмас-Ата Жұбан-Ананың күйеуі болған. Оның қабірі, А.И.Шренктің суреттеуінше, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, Қаражар төбесінен төмен, Сарысу өзенінің аңғарында орналасқан. Сарысу өзенінің сол жақ жағасындағы барлық төбелер 40 шақырым алыста Талмас- Ата деп аталады. Талмас-Ата қабірі бүгінгі күні тек күйдірілген кірпіштердің қалдығы. Кей жерлерде ойма өрнектер мен айшық түріндегі таңбаның суреті кездеседі. А.И.Шренк: «по рассказам кайсаков памятник стоит недалеко от усыпальницы его второй супруги, выше по р.Сарысу». «При посещении мавзолея Талмас-Ата кайсаки привязывали пучки конской гривы к шесту», - деп жазды. Талмас-Ата ескерткіші және Жұбан-Ана кесенесі бір уақытта пайда болған.

Жұбан-Ана кесенесі Қорқыт-атаның қарындасының кесенесі ұқсас, ол Сырдарияның төменгі ағысында оның сскерткішінің қасында дің түрінде орналасқан. 1860 жылы түсірілген кесененің суреті бүгінгі күні М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақтаулы.

Ай-Болат кесенесі - күйдірілген кірпіштен тұрғызылған (VIII ғ.) көп қырлы мұнара, құрылымы бойынша тас діңдерге ұқсас. Қызылорда облысында, Сарысу өзеннің сол жағасында орналасқан. Кесене бұрыннан бұзылған. 1818жылыГ.И.Спасский жарияланған мақалада оның сипаттамасы бар. Жартылай қираған кесененің суреті Ш. Уәлихановпен жасалған.

Кесене күйдірілген кірпіштен жасалған ғимарат түріне жатады. Көлемі бойынша Жұбан-Анаға ұқсас. Төрт бүрышты негіздің үстіне шатыр түрінде биік, көп қырлы мұнара орналасқан. Қырлар ғимараттың жалғыз ғана әшекейі болған. Шығысқа қараған қасбет биік, сүйір арканың ішіндегі тік бурышты есік орны болды.

Түкті-Ата I, II, III дің түріндегі кесенелер Батыс Қазақстанда орналасқан. Мойынты, Шу өзендерінде, Бетпақдаланың адам қоныстанған аудандарында биіктігі үлкен, шикі кірпіштен тұрғызылған тас пирамидалар түрінде қазақ мұнаралары кездеседі. (Қосымша: кесте).

Күмбезі шатыр немесе шошақ түріндегі үйтас, дің, діңгек сияқты киіз үй тәрізді тас құрылыстар Қазақстанда феодалдық қатынастар қалыптасқан кезде (б.з. V-VI ғасырлары) пайда бола бастады. Өзгеше домалақ құрылымдар исламға дейінгі кезеңдегі.

сәулетке тән - ежелгі қыпшақтар мен оғыздар, Түрік қағанаты заманында пайда болды. Ежелгі замандардан келе жатқан дәстүрді бұзбай, құрылыстардың бір жерге шоғырланғанмен, олардың Орта Азиялық сәулетшіліктен өзгешелігі бар. Ежелгі құрылысшылардың ізденісі қабырғаларының қалыңдығы 3 м-ге дейін жететін тас пен кірпіштен тұрғызылған өзіндік күмбезді ғимараттардың пайда болуына әкелді.

Монолиттік құрылым дің - әр кейінгі қатар алдыңғысының үстінен төнетін көлденең және тігінен салынған жалпақ тас тақталардың бірізді қаламасының нәтижесі болып табылады. Негізі домалақ болғанда «еңіс» қатар дәл еденнен немесе еденнен бір метрі биік деңгейден басталды. Негіз төрт бұрыш болғанда «еңіс» қатар екі метрден кем емес биіктіктен басталған. Шошақ, биік монолитті тас құрылымның берік болуы үшін қалыңдығы 3 м-ге дейін жететін қабырға сатылы түрде салынуы керек болды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙