Мазмұнға өту
Home

Өлеңдер

Жұматай Жақыпбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өлеңдер

Авторы: Жұматай Жақыпбаев

Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең.. Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең, Қарадық та қызығына тоймадық. Бір көргеннен жалт қарастық, сол сәттен Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадық. Жаңа мінез – жастық өбіп түнімен, Жарық таңда жан боп туып үлгілі, Шақырымнан қара көздің нұрымен «Сенікімін» деп сөйледік бір күні. Көңіл босап, аяулы боп түріміз, Көрейінгі деген оймен бір анық, Қарыс жерден бірімізге біріміз Жете алмайтын жандардай боп жыладық. Жан толқытып тік керілген қас пенен Ерініңнен үлбіретіп күлкіңді Тұрғаныңды тіл жеткісіз асқақ ең Асқақ едің сұлулықпен бір түрлі.

Сол сәтті мен қаншама рет ойладым Қанашама рет айттым оны отты үнмен?! Қара көзбен сыйқырлы ойын ойнадым, Одан артық қызық көрген жоқпын мен. Өсімдік аты – Жұматай Сараң да малын алдырған Сайраған кезде жүрегім. Шөлде де шөлін қандырған Жыңғылға тарқан ұл едім. Озбырлар алса бетімнен, Жымию болды мұратым. Ол кезде шырша секілді ем Көгеріп, көктеп тұратын. Мойныма оны алайын, Күнә ма ол ортақ бір маған – Шыбықтай қыздың талайын Құлмақша орап, шырмағам. Бокста көзін ісіріп Қойғанда достың не түрлі, Бетіне бастым қысылып, Атқұлақ қылып бетімді. Қалмадым қарыз-құрызға, Қыздырып тойын досымның. Кезімде шыққан қымызға Күшәлә болып қосылдым.

Сені көргім .... Біраз тілді үйренгем жоқ тегіннен, Бір кісідей білем барлық мұраны. Шоң кеңсеге ертең барар едім мен, Сені көргім келеді де тұрады. Сағыныштың күш-қайраты неге осы Мақсатыңды жерге алып ұрады? Сен жүрген жер секілді бір жер өсі Сені көргім келеді де тұрады. Мен таппаған, мен айтпаған сөз қалмай, Көбейсін деп қазекеңнің жыр-әні, Дастандарды төгер едім қоғалмай Сені көргім келеді де тұрады. Салыңқырап кеттім білем, сірә, мен, Арақтың да көп қой кесір, ылаңы. Әр нарсенің басын шатып жылар ем Сені көргім келеді де тұрады.

Мен нәзікпін, мызғымастай ер емен, Құлағыма кірмейді елдің ұраны. Баяғыда-ақ мен атылып өлер ем, Сені көргім келеді де тұрады. Таудан көшкін көше ме екен еңселі, Ерір ме екен ағаштардың сеңсеңі? Сенің қолың деген қол бар, мен соны, Соны білгім келеді де тұрады. Бір мөлдір достық боп көксеуім Бір мөлдір достық боп көксеуім, Қуантқым келген соң жыр елін. Алдымен байтақтан тек сенің Атыңның озуын тіледім. Қандай сыр құпия бар мұнда? Ала алмас күнәң бар кісі ақтап. Өзіңе сенуден қалдың ба, Күн санап барасың ұсақтап. Шошыдым сырыңды жаңа ұғып, Оны енді қай сөзге қосармын. Сыртымнан бостан-бос жауығып Келгендей менен бір өш алғың.

Ескі дос – қазіргі өш пенде, Біздерден ең соңғы сыр тыңда: Адамнан асқақтық көшкенде Адамдық қалмайды жұртында. Өзгеріп кетіпті пормыңда Бір кезгі сүйкімі құрыған. Асқақтық көшкенде орнында Күншілдік қалады ұлыған. Ешкімге мұндай мінез берілмеген Ешкімге мұндай мінез берілмеген, Күнім ең көптен бері көрінбеген. Ойымда ештеме жоқ, домбыра ойнап Жатыр ем нағашымның үйінде мен. Үстіне артылған соң дара білек, Шанақта бір оқшау күй барады үдеп. Төр. Бөлме. Бір кезде әжем кірді Бесінім қаза болып барады деп.

Мұратқа соныменен жетті ме екен, Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен. Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем: «Ләйлә, илло-алла»... деп тұр екен. Онсыз да жойылса да саны аз күнә Сүреге ұйи қалды сабаз мына. ... Өлең не? Ішінде атың бар болған соң, Оқығым келіп кетті намазды да. Қаншама арман болса елде Қаншама арман болса елде, Соншама маған өптіргін. Қай күні қашан келсең де, Күтіп жүр мені деп білгін. Түсінбес жайым әлі бұл, Жүректің жықпыл орманы. Сұлусың маған бәрібір Сүйегің келсе болғаны. Жаныма кенет жеткен бақ, Жалғыз-ақ сені көргенде. Жанарың бір жалт еткенде-ақ, Жалғызсың дегем сен менде. Шығармай жүрдім бір де естен

Шығармай жүрдім бір де естен, Ұмытып ұйқы-күлкіні, Бір рет қана тілдескен Бейнеңді сенің күн-түні. Қай жұмыс мейлі істесем, Қуат боп жүрдің көңілге. Көзіме менің түспесең, Не көрдім дер ем өмірде?! Тәңірім талай түске енген, Тентек те қылдың ақылды. Ақындық жолға түскенде ем, Жыр қылып сұлу атыңды. Сұлулық – талант, жанымның Қонған-ды саған дарыны, Өспірім менің шағымның Өшпеген жалғыз жалыны. Жуғам жоқ ащы жаңбырмен Жуғам жоқ ащы жаңбырмен Жасыған, мұңды жанарды. Шашым да шәркез тағдырмен Шатыраш ойнап ағарды. Дүние сыртын бергенде, Мырс еттім бейбіи көңілмен Боз жусан өскен мен белде Бозторғай сөзі төгілген.

Төресі қару-жарақтың Төңкере алмас тақ көрдім. Орынын қара шанақтың Ойыма келді ап бергім. «Жазмыштан» бірақ озбай тұр, Жанары тауға қараған Тарлан бір ашқан боздай тіл, Бауырынан күнде жараған. Қай гүлін сөздің төкпедім Жолыңа сенің шын ұлы! Алқара шашты көктемім, Арманның жалғыз құлыны Секілді ең, кеттің ұстатпай... Айтамын жанның басқа әнін «Айтамын жанның басқа әнін, - Дедім де, - үміт жоқ енді», - Ыза боп отқа тастадым Өзіңе жазған өлеңді. Қағазды баурап алды да, Жалын кеп шеттен қармады. Қалғаны түгел жанды да, Бес әріп бар тұс жанбады.

Сарғыштау дақ бар бетінде, Сол үшін өртпен дүрдараз. Ошақтың қалды шетінде «Ләйлә» деп құйттай бір қаңаз. Жұлып кеп алдым ойланбай Аз болар бұл сәт ойда тым. Жүректен өшпей қойғандай, Отқа да жанбай қойды атың. Өзі жайлы ойланғасын туғалы Өзі жайлы ойланғасын туғалы Өлең жолы болғандықтан қуғаны, Өмір жайлы ойламайтын ақын аз, Ойламайтын өлімі де туралы. Армансыз жан көгере ме көктей ме? Көз алдында жүрген мынау көп бейне Ақынымыз, ардағымыз кетті деп, Ойланады жылар ма екен деп кейде – Сапарына аттанғанда ақырғы, Жоғалттық деп қайта тумас ақынды. Қабіріме қандай белгі қояды ел, Қай көшеге береді деп атымды?

Қайтқамын жоқ қайда жүрсем бір беттен, Жоқ мені өмір жөкей де еткен, дүр де еткен. Дәме етпеймін мен ешқандай жоқтаудан, Дәметпеймін мен ешқандай құрметтен. Кетер күнім... Келер, келер ол дағы, Бір қаралы шеру шығар жолға әлі. Сол бір кезде жан баласы жыламай Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны. Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым, Күште жоқ сыр бүгіп қап, жымиятын. Жаным, сен – ақ кітапсың екі мың жыл Толғанып тудыра алған Дүние – ақын. Түрім жоқ мағынаңа сәрі қанар, Тек сені төбесіне шығарады ар, Кітапсың, бастан-аяқ жаттай алсам, Мені де кемеңгер ғып шығара алар.

Көрді өмір кейітіп те сорлатып та, Қойыным көзден ағар толды ақыққа. Мен қашан мұқабаңды ашам сенің, Мен қашан кенелемін сол бақытқа?! Қара алмас көзді қасың да керік Қара алмас көзді қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп Қалып ең қалай паң Ләйлә?! Жүрегім бұлай бүлінбес еді, Кетпес еді ес-түсім. Хиссадан шыққан күніңде сені Көрдім мен биде кешкісін. Жарқылдап жүзің, жайнады өңің, Қарасам – қайта жоқ бопсың. Өлеңнен келген Ләйләні менің Өлеңім қалай тоқтатсын?! Бастан өткен ғажайып сәт көбі ұмыт!..

Бастан өткен ғажайып сәт көбі ұмыт!.. Жан кіретін кез қайда екен бақтарға. Ауызыңнан алқызыл гүл төгіліп, Анадайдан өзің келе жатқанда?! Өмір – ғажап! Сұлу болсын мұнан да, Келісімнен тұрады оның күйі ішкі. Жүректердің билеушісі туарда, Оны иілтер жан тууға тиісті. Туар, туар талай ғажап ұл да әлі, Көш жолымен шайырлар да жиі өтпек. Жұлдызымен қоса туған тұлғаны Әкете алмас ешбір шайтан иектеп. Он жетімде сен жайнаттың көзімді, Үйрендім мен қарауды өсітп гүлге де. Нағыз адам санаймын мен өзімді, Сондықтан да қалай болған күнде де.

Өзі өскенмен суара алмас гүл өзін. Оны әлпештер туған жердің құшағы. Аққуларға тартты менің мінезім Ол да ұнамды қасиеттің нышаны. Мен қазақтың аққуынша сөйлермін Гүлдесін деп болашақтың жас елі. Бәрі-бәрі сенің сұлу бейнеңің Тіл жеткісіз, айтып болмас әсері. Мен өркен боп жайнаған жер құнарлы, Ол жайында бере алмаспын жазып түк. Жер астының суы өсірсе шынарды Мені өсірді елімдегі нәзіктік. Әңгіме өсер менің әрбір ізіме Соны көрем мен көре алмас көп күннен. Қара көзің және нұрлы жүзіңе Мәңгі – бақи борыштар боп кеттім мен. Ләйләң қайда? «Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн, «Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.

Дүниенің көріп жүрген күллі елін Көрдім маған күннің қатты күлгенін. Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп: «Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!» Құшағы бар аялайтын аялы, Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды. Аяды кеп, аялады күлмеді, Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені: «Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп, Күлкілі боп жүрісің де бақыт», - деп. Аямайтын күн болып кел – бәрібір, Аялайтын түн болып кел – бәрібір. Сені, Ләйлә, қара көзді киелім, Қайыспастан қара жерше сүйемін. Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім

Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім, Күн мінез Ләйлә күлімдеп кезіккен едің.. Ерке жүректі, ер кеуде, ессіз құсыңның Естімедің бе: «Ләй-лә», - деп ежіктегенін?! Ойламай жүріп жан бар деп жалғанда керім, Әлемнен мынау көңілім қалғанда менің Өзіңді көріп өспірім, көзіңді көріп, «Ақын болсам, - деп, - атақты», - армандап едім. Жанымды жаншып жылатқан өкшең де... керім... Басқаны көңілім баса алмай көксер менің?! Арманым, саған атың мен затыңа лайық Мәжнүн болып көрнекті, жетсем деп едім.

Тағдырға маған оңай бақ әперме деуші ем, Ойлаушы ем жұрттың бәрін де әкем деп өңшең... ... Гүл ізеп жүріп күнінен айырылып қалған Әпенде көрсең, сәлем айт, әпенде көрсең! Алдымнен менің жасыл тау, қызы таң күлген Алдымнен менің жасыл тау, қызы таң күлген, Өспірім күнім, тәуелсіз, тентек шағымда Қаратал жақта бетпе-бет келіп қалдым мен Биқасап киген бетіде мең бар сағымға. Жанымда қалды жанары күндей сол өңі, Ұмытқан жоқпын ернін де, екі-үш сөзін де. Тектілік, шаттық, өрліктен басқа жоқ еді Меңі бар жүзі менмендеу қара көзінде.

Аспанға щықты-ау асқақтап бала көңіл де, Арнап ол маған аузынан гүлдер төгілсін! Аспанға, Жерге, Ауаға, Баққа, Өмірге Ақындық күшпен жаудырдым алғыс сол үшін. Алдияр Өмір! Сағыныш күйін төгіп кіл, Сарғайған кезім, саяқ та сартап шағымда Қайтадан бір сәт, бір сәтке ғана жолықтыр Ақ жүзді, меңді, атынан сұлу сағымға! Айыбым болса кеше жүр Айыбым болса кеше жүр Асқақтау жердің маралы. Жырладым сені неше жыл Жындантып неше қаланы? Траптан түссең алға аттап, Такаппар, асқақ түрменен, Қалың ел сені ардақтап, Қарсы алса деп ем гүлменен. Дүние діні, тілі көп, Дүрліге жылда той қамдап, Ләйләнің туған күні деп Ләйлісе деп ем мейрамдап.

Жетпеспін сонау арманға Жеткенмен менде құдірет. Ақынның тілін алған ба Адамзат ауылы бір рет?! Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл Мерзімі бар сақталар бейненің де әр. Күнде естесің – меңің бар ақ жүзіңде, Биқасап көйлегің бар. Жадым жақсы, жағымды қинамаймын, Ибасы да асқақтау, илан, айым; Көзді жұмсам, шығады бір көрініс Ғажайып кинодайын. Адам қатар өсірген айламенен Айнала ағаш жап-жасыл айнала - емен, Көлеңкеден шығасың... Басталады Бір фильм «Ләйлә» деген. Ғажап фильм осынау өңірдегі ең Соны көріп мұңаям, көңілденем. Жазып, қойып, шығарған режиссері Бірақ оның Өмір деген.

Екеуміз екі ұдай жолды өттік Екеуміз екі ұдай жолды өттік, Өрлерге жетелеп от кеуде. Көп жанға дарыған сергектік О, Ләйлә емге де жоқ менде. Сонда да сен үшін көнем де, Бұл басқа қилы бір бақ қонса. Мен жылап жазған бір өлеңге Күлді жұрт ішегі қатқанша. Күлді жұрт. Қосыла күлдім мен, Еріген секілді жеке мұң. Сол жолы күлдім мен, білдім мен Қайғың да қуаныш екенін. Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең.. Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең, Қарадық та қызығына тоймадық. Бір көргеннен жалт қарастық, сол сәттен Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадық.

Жаңа мінез – жастық өбіп түнімен, Жарық таңда жан боп туып үлгілі, Шақырымнан қара көздің нұрымен «Сенікімін» деп сөйледік бір күні. Көңіл босап, аяулы боп түріміз, Көрейінгі деген оймен бір анық, Қарыс жерден бірімізге біріміз Жете алмайтын жандардай боп жыладық. Жан толқытып тік керілген қас пенен Ерініңнен үлбіретіп күлкіңді Тұрғаныңды тіл жеткісіз асқақ ең Асқақ едің сұлулықпен бір түрлі. Сол сәтті мен қаншама рет ойладым Қанашама рет айттым оны отты үнмен?! Қара көзбен сыйқырлы ойын ойнадым, Одан артық қызық көрген жоқпын мен. Ләйләға

Ешкімге мұндай мінез берілмеген, Күнім ең көптен бері көрінбеген. Ойымда ештеме жоқ, домбыра ойнап Жатыр ем нағашымның үйінде мен. Үстіне артылған соң дара білек, Шанақта бір оқшау күй барады үдеп. Төр. Бөлме. Бір кезде әжем кірді Бесінім қаза болып барады деп. Мұратқа соныменен жетті ме екен, Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен. Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем: «Ләйлә, илло-алла»… деп тұр екен. Онсыз да жойылса да саны аз күнә Сүреге ұии қалды сабаз мына. …Өлең не? Ішінде атың бар болған соң, Оқығым келіп кетті намазды да. Қара алмас көзді қасың да керік

Қара алмас көзді қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп Қалып ең қалай паң Ләйлә?! Жүрегім бұлай бүлінбес еді, Кетпес еді ес-түсім. Хиссадан шыққан күніңде сені Көрдім мен биде кешкісін. Жарқылдап жүзің, жайнады өңің, Қарасам – қайта жоқ бопсың. Өлеңнен келген Ләйләні менің Өлеңім қалай тоқтатсын?!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙