TELEGEI

Home

Алтынсарыұлы Ыбырай

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алтынсарыұлы Ыбырай

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

(1841-1889)

Ыбырай бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Арақарағай болысында, Тобыл өзенінің бойында туған.

Ыбырайдың ата-бабалары шонжар байлар, билер болған. 1968 жылы патша өкіметі жаңа заң шығарып, қазақ елін: "күнбатыс қазақтары", "күншығыс қазақтары" - деп екі бөліп билеген уақытта, Торғай облысы күнбатыс көлемінде болған. Қазақ даласы патша өкіметіне 1731 жылдан бастап бағынған болса да, өкімет пен халық арасында айтыс-тартыстар көп заманға дейін болып келеді. Өкіметке қалайда болса қазақ даласын жуасытып, шын бағындырып алу керек болды. Бұл үшін жасайтын шаралардың бірі қазақтың байларының, билерінің балаларын оқытып, қазақ елін солар арқылы билеу, соларды өзіне агент етіп, ел мен өкімет арасына дәнекер жасау еді. Осы ретпен 1844 жылы Орынборда қазақ балалары оқитын мектеп ашылсын деп қаулы шығарады. Өкімет мектепке бала жинау ниетімен қазақ ішіндегі байларға, билерге, төрелерге хат жазып, адам жіберіп, "балаларды оқуға беріңдер" деп, үгіт жүргізе бастайды. Патша өкіметінің етегінен жем жеген Балқожа би 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды Орынборда ашылатын сол мектепке оқушы етіп, жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августта мектеп ашылды. Мектепке кірген 30 баланың бірі 9 жасар Ыбырай Алтынсарыұлы болды. Мектеп жетіжылдық еді. Әуелгі кезде өкімет оқуды татар тілінде жүргізді. Оқушылары татарлар болды. Оқушы балалар намаз оқып, ораза ұстап тұратын болды. Оқу орыс тіліне бірте-бірте көшті. Қазақ халқын өзіне шын бағындырып алу үшін қазақ байларының, билерінің, төрелерінің балаларын оқуға тартқандағы өкіметтің бір мақсаты - қазақ елін шоқындырып, христиан дініне көшіру еді. Өйткені, өкіметтің түсіндіруінше, қазақ елін поптардың уағыз-насихатына шырмаса ғана шын бағынатындай көрінген. Сондықтан қазақ балалары үшін ашылған мектепте мұсылмандықпен қатар христиандық та орын алған. Татар молдалары оқушыларға мұсылман дінін үйретсе, орыс поптары жіңішкелеп христиан дінін де үйрете береді. Ыбырай Алтынсарыұлы осы жеті жылдық мектепті бітіріп шыққанда мұсылман дінін де, христиан дінін де мейлінше түсініп шыққан сияқты. Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін тілмәш болған, оқытушы болған, мектептерді басқаратын инспектор болған, қысқасы, халық ағарту майданында бірталай жұмыс істеген. Алтынсариннің әдебиеттік шығармаларын талдап тексеру арқылы біз, ол уақыттағы қазақ елінің шаруашылығымен, тұрмыс күйімен, таптарымен танысамыз.

Ыбырай — қазақ әдебиетіне өнер-білім жайын жырлауды ендірген ақын. Ыбырайдың тұрғысы Абай. Екеуінің таптық тегі де бір. Екеуінің ой өрісі мен пікір бағытында да көп ұқсастық, бірегейлік бар. Екеуі де ендігі өмірді замана ыңғайына үйлесуден күткен. Ыбырайдың сөздерінде буржуазия табы мен өрісін бірлестіргендік бар. Өнер-білімге шақыру, кәсіп қылып мал табуға шақыру — мұнда да негізгі жол. Ол кейде өз заманындағы әкімдердің ескі түрдегі парашыл "әділсіздігіне" қарсы тұрады. Өтірік айтып, тамағын тауып жүрген молдасын да шенейді. Бұл өлеңдеріндегі кездесіп отыратын "жарлы, ғарып, бейшара" деген бұқарашыл сөздер буржуазия табының алғашқы дәуіріндегі қалың қара шаруаны өз артынан жетелегісі келген сөз. Ыбырайда буржуазия табының жаратылысындағы дарашылдық бар. Кісінің дара басының қасиетін, қабілетін, өнерін, білімін дәріптеп, қоғам өмірінің ортасынан оған кең орын береді. Сүйтіп, Ыбырай мектепте оқып, Күнбатыс мәдениетімен таныса келе, ұлт буржуазия табының мақсатына көшеді, соны жырлайды.

Ыбырайдың қазақ әдебиет тарихынан алатын орны осыдан туады.
Ыбырай қазақ әдебиетіне тұңғыш рет өнер-білім жайын жырлауды енгізеді.

Жастарды қолға ұстамақ болды. Жастарға тәлім-тәрбие, білім беретін қысқа-қысқа сөзді білім әңгімелерін жазды. "Надандық", "Киіз үй мен ағаш үй" деген қара сездері әдейі балалар үшін арналған шығармалар. Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ тарихының белгілі дәуірінде ағартушылық, жаңалық жайын сөйлеген кісі. Оны шығарған дәуір өлкеде сауда кәсібі туып, ескі феодал-ақсақал құрылысы ыдырай бастаған дәуір. Осы кездегі ішкі, тысқы әлеуметтік саяси қатынас Ыбырайдың өміріне де, пікіріне де үлкен әсер еткен. Ескі феодал табынан шығып оқып, жаңа заманның бетіне қарай өз табын бастаймын деген ақын Ыбырай өз заманындағы сол ілгершілдік бетімен бағалы.

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Мал-дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы
Күннен күнге көп болар,
Еш жұғамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Надандықтың белгісі

— Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген хайуандай,
Ақ-қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.

Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!
Оқу деген шыныды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар

Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.

Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Әлпештеген ата-ана

Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Атаң, анаң қартайса,

Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

ЖАЗ

Сәуірде көтерілер рақмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен — жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы.

Аспаннан рақым менен күн төнгенде,
Қуанып қыбырлайды ыңы-жыңы.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.

Таң атса, күн шығады мұнарланып,
Жаңбырлы бұлт шығар тұманданып,
Жетпеген үлкендікке жас балалар
Жүгірер ойдан қырға жұмарланып.

Сәуірде неше түрлі жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкпеңбек жердің жүзі шалғын болып,
Адамзат рақаттанып баурын төсер.

Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Ғаламға дәрмен бол деп еткен пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.

Күлісіп, құшақтасып әзіл етер
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған...
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...

Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар күліп, "кел" деп мұнда!
Көл бұзылып, көк шығып, қойнын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.

Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой қоздап, түйе боздап шат болады,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай.

Айғырлар, жылқы иірсе азынасып,
Жаратқан мұнша таңсық дүниені-ай.
Кеш болса күн батады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып,

Аһ ұрып шүкірлікпен қуанысып,
Жолығар кеш болған соң тамам ғашық.
Боз үйден таң алдында күйеу шықса,
Артынан қарар жары жүзін басып.

Күніне шүкір етер жас пен кәрі,
Бердің деп жанға рақат мұндай дәрі.
Қырда — орман, жер жүзінде бәйшешектер
Шуылдап шүкір етер мұның бәрі.

НАДАНДЫҚ

Менің бір дос адамым әңгіме етеді: 1875 жылда жолаушы келе жатып, бір ауылға түстім. Әңгімелесіп отырғанда бір бала келді; екі көзі жылағаннан ісіп кеткен. Бөтен балалардай ойнамай, тамақта жемей отырған соң аяп, қасындағы кісілерден сұрадым:

"Бұл бала неге қамығып жүр; ойнамайды, тамақ жемейді" — деп.
Сонда ауыл кісілері айтты:

"Бұл баланың кешегі күні ертемен шешесі қазаланды; өлген соң-ақ қасымыздағы қыр үстіндегі молалардың қасына апарып қойдық. Кешке бұзау қайтарып жүрген балалар моланың қасына барса, манағы қатынның моласынан дауыстап шақырған көмескі бір үн келеді. Балалар бұзауларын тастай қашып, ауылға айтқан соң, үлкен кісілер де молаға жақындап барсақ, моладан үш шыққанын анық есіттік. Бұл сұмдықты көрген соң, бір кесапатына ұшырармыз деп, ауылымызбен көшіп, бүгін осы жерге қондық. Сол қатынның мынау он екі жасар баласы "әжем тірі жатыр ғой! Көрден ашып алып бер!" деп жылап, тіленбеген адамы қалмады. Әрине, ешкім көрге бармақ түгіл, қайта баланың өзін де жібермей бағып тұрмыз" десті.

Сонда манаты бала өзі де жылап қоя берді:
"Ағаеке, сіз бір қайыр қылмасаңыз, әжем тірі қалуы рас", — деп.

Бұл балаға абайлап қарасам, сонша есті бала кескінді. Қанша үлкендердің айтқанына болмай, өз ақылына салып, шешесін тірі қалды деп тұрғанына таң қалып, алдыма шақырып, сүйіп отырып:

– Тірі болса-болмаса да, шырағым, мен әжеңді барып корейін, — дедім.

Отырған жұрт "ойбай, мырза, айта көрмеңіз, өлген кісі тіріледі деп көр актарған не сұмдық! Ол дүниеге күнәсын тартып жатқан қатынға бола өзіңіз мерт боларсыз" деп үрпиісе тұра келді. Мен баланы "үйіңе барып киініп кел" деп шығарып жіберіп, отырған кісілерге: "Дұрыс, өлген кісі қайта тірілмейді, бірақ сіздер есін танып жатқан қатынды өлді деп танып, тірідей көмгенсіз; дауыстап шақырғанын есітіп тұрып, ашып алмауыңыз үлкен обал", — дедім. Сол арада манағы бала келді. Ауылдан күрек, кетпен алып, қасымдағы екі жолдасым мен баланы ертіп молаға бардым. Ауылдан еш адам ермеді. Молаға барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. Сонан соң, моланы аштырып, екі кісіні түсіріп қарасақ, бишара қатынның қолы-басы жара, қан, кебінін жыртып тастаған, денесі жып-жылы екен, қатынды көрден алып, үстіне шатыр тіктіріп, бір күн бақтым; әуелгі уақытта аз ғана жаны бар ма деп едім, бірақ сол күннің кешіне суынып, шынымен-ақ өлді. Осындай істер әр елде болатын шығар деймін. Білімі зор дәрігерлер айтады: қайсы бір аурулар бар, бір жұмаға дейін адамды есінен тандырып, ешбір жан бар белгісі болмай жатқызатын деп. Соның үшін өлікті тым асықпай, байқаңқырап көму керек.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙