Шу өңірінің саңлақтары
Уәш Асатов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Шу өңірінің саңлақтары. Уәш Асатов
Бармақ Мықамбайұлы Жыр алыбы Жамбылдың шәкірттерінің бірі Бармақ Мықымбайұлы 1882 жылы Шу ауданының қазіргі Балуан Шолақ атындағы колхозына қарасты Далақайнар деген жерде туған. Жастайынан ақындық өнерді ұстанып, Майкөт, Сүйінбай, Майлықожа, Құлыншақ, Бақтыбай жырларын, халық дастандарын жаттап алып, ел арасында айтып жүрген. Сол кездегі Жетісу және Сыр бойының атақты ақындарымен де айтысқан. 1919 жылы Ұзынағаш маңында болған тойда ақын әйел Нұриламен бір топ ақындардың айтысу барысында төрелік еткен.
Жамбыл Бармаққа үлкен баға беріп:
Қолыңда қыл қобызы Бармақ отыр,
Бір сөзді айтайын деп арнап отыр.
От-жалын ақындардың төресі бұл
Әрбір сөзін салмақтап, парлап отыр – дейді.
Бармақ өлеңдерінің әзіл-қалжың, сықаққа құрылғандары да көп. Тілі ащы, өткір болған. Сондықтан да, сол әлгіндегі аталған тойда халық ақыны Кекен де Бармақ туралы;
Ел ақынын қомсынып Бармақ отыр,
Бұйрық айтып, біреуге арнап отыр.
Жұлындырып ежелден отыратын
Мұның сөзі қыршаңқы түйе қотыр – дейді.
Бармақ өлеңдері мен айтыстарына өз өмірі, кедейлердің тұрмысы, әділетсіздік, тәлім тәрбие тақырыптарын арқау еткен. Оның біраз шығармалары «Айтыс», «Ел аузынан» деген жинақтарға енген. Олар Бармақ шығармаларының бір пұшпағы ғана. Бармақ 1937 жылы сталиндік жазалаудың құрбаны болып, 1942 жылы сол айдауда қайтыс болған.
Баласы Мықымбайдың атым – Бармақ,
Ақындық жолдас болды жасымнан-ақ.
От басы, үй арасы өлең айтып,
Ауылда тамашалап жүрдім сарнап.
Болған соң әкем кедей, мал бағуға,
Қазықбай беріп еді байға жалдап.
Қой жайған еңбегіме Қазақбайдан,
Қой, серкеш жалақыма болдым алмақ.
Ұзақ күн қой соңында ішім пысып,
Ағаштан домбыраны жомдым жомдап.
Ән салып, айдалада жалғыз өзім,
Өтінде суық желдің жүрдім зарлап.
Бермеді бай ақымды уағында
Көктемде аларсың деп, әкемді алдап.
Бір тайын мініп алып, қашып кеттім,
Шымырға, Қаратаудағы болдым бармақ.
Қоштастым туған елмен Хантаудағы,
Үшбұлақ, Далақайнар артта қалмақ.
Көрген соң зордан қысым, елден кеттім.
Хантау – қоңыр биік жерден кеттім.
Ел үшін шөл даладан көл боп шыққан,
Жайнаған қоғыз бұлақ жерден кеттім.
Жер едің, семге дайық Далақайнар
Болды ма жастық дәурен, неге кеттім?
Сары изен, қоңыр жусан, көк күйреуік
Бәрі бар төрт түлікке не керектің .
Бойыма атамда жоқ «байлық» бітіп,
Қаңбақтай ойға-қырға дөңгелеттің,
Болған соң әкем қайтыс дүниеден,
Көз салдым мықтысына төңіректің.
Шымырдың барлық дәуі «көзі» деп,
Бет алып, өнер кернеп, төмен кеттім.
Бұралқы датқа болған Қаратауда,
Керімбай баласы ол да сонда.
Өзбек, Өсер, Дәулет – жақсыларға
Жетуге ынтық болып, түстім жолға.
Жолшыбай ел аралап жүргенімде,
Кездестім болып жатқан жиын-тойға.
Айтысқан ақындарды көзім көріп,
Кетемін мен де қызып анда-санда.
Шымырдың мен ақыны, атым – Бармақ,
Көтеріп сал домбыра жүрдім зарлап.
Алдымен керімбайға амандастым,
Жеткіздім білгенімнің бәрін сарнап,
Байболат өлгеннен соң сізге келдім,
Байлығым – бір домбыра, тілім жалдап.
Ел үшін жаратады ақындарды,
Шымырдың баласы деп, келдім таңдап.
«Сен менің ақынып бол, қасыма ер» – деп,
Бірт атты тұрманымен берді қамдап,
Қайда болса той-жиынға апарады,
Бас қосқан мұндай жерде өңкей саңлақ.
Солардың бірін мақтап, бірін даттап,
Әркімнің айттым өлең бойына арнап.
Салғызып домбыраға ән мен ырғақ
Бір басым бар қызықта жүрдім жырғап.
Ойлатар не нәрсені жиырма бес?
Алдында не маңғаздың жүрдім жырлап.
Таныстым төрт Дулаттың датқасына,
Көз жетті жерде босқа жатпасыма,
Бауырын Қаратаудың араладым,
Таныдым Шымыр емес, басқасын да.
Қазақ тұрмақ қырғызға таныс болдым,
Ат шапқан, жиын мен той аптасында.
Өнерге бойға біткен шебер едім,
Жақсының айтып бердім не керегін,
Бір күнге бір ат тапсам, сол күн жұмсап,
Думандаттым боз даланың төңірегін.
Сырға да жиын іздеп барып қайттым,
Таныстым ақынымен үлкен елдің.
«Ат айналып қазығын табар» деген.
Ақыры он бес жылда елге келдім.
Андижан барған Бармағың,
Ақмешіт барған Бармағың,
Түркістан барған Бармағың,
Қу ағашты қолтықтап,
Талай жерді шарладым.
Таразыға түскенде
Басым еді салмағым,
Кедейліктің кесірі –
Малын бағып әркімнің,
Тікен кіріп аяққа,
Еңіреп жылап, зарладым.
Ақындарға жайылды,
Зығыр майдай зардабым.
Ұлы жүздің игі жақсылары бас қосқан бір жиында: «Біздің атамыздан көп батырлар мен ақындар шыққан» – деп, әркім өзінше мақтаныпты. Сол жерде Жуаныш Бәрібаев отырған көрінеді. Жиын үстінде Бармақ келіп қалады. Сонда Жуаныш: «Бармақ ел аралап жүрген адам ғой, әділетін осы айтсын» – дейді. Сондағы Бармақтың айтқаны:
Бәріңе сәлем бердім басшыларым,
Елімнің қараулысы – жақсыларым.
Аман ба, елі-жұртың үлкен-кіші
Қатарлас, құрбы-құрдас, жастыларым?
Қолқаңыз маған салған өлең болса,
Көтеріп көңіліңді шат қылармын.
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баянды» айтсам,
Білемін ел сүйсініп, жақтырарын.
Қинап тұр, сол бір сұрақ айт дегені –
Дулатта кімде қанша жақсы барын.
Сөз берді, билік айт деп өңкей саңлақ
Ішінен жиылған көп мені таңдап.
Ел ішін аралаған сыншы деген
Рас сөз бұрынғыдан қалған арнап,
Білесің бәрін тегіс, көп Дулаттың
Беріңіз ақиқатын шешіп-талдап.
Айтыңыз, әділ билік кімде жақсы
Болғанын бұрын-соңды басымырақ.
Дегенде қосылыпты қатты сасып,
Барынша домбырасын қақты Бармақ.
Шырқадым бар дауыспен аспандатып,
Қолда деп осы арада бабам – әруақ
Көзіммен шалып өттім көпшілікті.
Есіме түсе кетті, мынау сарнап,
Тыңдаңыз, отырғандар осындағы
Айтқаным сонда менің бәріңе арнап,
Қолына домбырасын алды Бармақ,
Абырой қолдан келсе әркім алмақ.
«Бәйдібек, Бәйдібек!» деп, атой салсам,
Отырып, осы арада кімдер қалмақ?
Тыңдаңдар өңкей жүйрік, саңлақтарым,
Мөлшермен әрқайсысын салмақтадым.
Таластың керегі не, бір емес пе?
Ұраның, сиынатын әруақтарың,
Бабамның баласының үлкені Албан
Қытаймен шекарадан орын алған,
Әулие ер Райымбек атам содан
Есімі жарықтықтың мәңгі қалған.
Қойыпты ақ түйесі шөккен жерге
Кезінде атамыздың дүние салған.
Мазары сол атамның Алматыда
Астана – қазағыма мекен болған.
Талайға шарапаты тиген екен.
Болғаны қызырлы адам, емес жалған.
Суаннан Құлан батыр елін қорғап,
Жауына қытай, қалмақ қайрат қылған.
Тең ақын Сүйінбайға табылған ба?
Бөлтірік айтар сөзден жаңылған ба?
Сыпатай батыр шығып ер Ботбайдан
Жеңбеді қас-жаулары жабылғанда.
Шымырдан үздік шыққан датқа Мәмбет,
Байболат, Дәуіталы, Мәңке сәмбет.
Өзбек, қырғыз, қазақ тегіс білед
Бақ қарап, қыдыр дарын, біткен дәулет.
Жаныста Төле бабам атақты би,
Баласы үшін жүзімнің көрсеткен сый.
Ноғайбай қырғыз Шәбден қызын алып,
Келінің Құнанбайдың еткен бір үй.
Қарасай Шапыраштыдан батыр шыққан
Ұрыста қалмақ қашып сайға бұққан.
Күресіп Балуан Шолақ Карон дәумен
Сындырып қабырғасын топта жыққан,
Жігіттер, болмашыға ерегіспе,
Бірігіп ұмтылыңдар керек іске.
Сарүйсін, Албан, Суан, Дулат, Ысты,
Туыстың Шапырашты бір емес пе?
Ошақты, Ойық. Тілек олардағы
Туғаны Бәйдібектен шын емес пе?
Жігіттер, қажаспаған бекер босқа,
Дұшпанға таба болма, күлкі досқа.
Біріңді-бірің силап әзиз тұтқын.
Бір жүріп, бірге тұрып басын қос та.
Беталды жамырама көп алдында
Сөйлеңдер тиімді сөз кезек тос та.
Халқыма шын беріліп қызмет істе,
Мансапты тәкаппарлықты жиып таста.
Мен жақсы, сен жаман деп бұдан былай,
Ешқашан бір-біріңмен қарсыласпа.
Сендерде бақыт-ырыс шырақтарым
Деген рас, асыл-таста, ақыл-жаста.
«Кетеді ала болсаң ауыздағы»
Деген ғой барлық жеңіс ақылдаста.
Кең пішкен тон тозбайды, кеңескен
Азбайды деген нұсқа болсын баста,
Салғаным естеріңе нақыл сөзді,
Артық сөз, кешіріңдер, болса қоспа
Риза бол, жиылған көп жамағайын.
Айттым-ау, есте барын, бірталайын.
Бәріміз Бәйдібектен тарағанбыз
Білесің әруақты бабам жайын.
Мен жақсы, сен нашар деп ағайынның,
Ауыртып кімнің көңілін жаралайын.
Тағы да бас қосылса жиын-тойда
Айтайын білгенімді аямайын.
Әзірге рұқсат бергін жиылған көп,
Осымен өлеңімді доғарайын.
Ақында жан жоқ емес, ол да адам,
Шаршадым, мен де бір сәт дамылдайын.
Бәріміз бір отырып дастарханға
Ішіп-жейін жеңгейдің ет пен шайын.
Келінжан, айналайын, алып келгін
Тамағың бізге арнаған болса дайын.
Т Е Р М Е Л Е Р
Заманаға қарасаң, Ризық, дәулет, мал мен бас,
Майдасы қалып, ірі жоқ, Түгел боп тұрса айтқандай.
Жүзді көріп жасаған. «Өзі өлтірмес кісіні» –
Адамзаттың бірі жоқ. Деген екен бұрынғы,
Өлмейтұғын «тірі» жоқ. Жақын тартқын жатсынбай.
Жарасып ойны тұрғанда, Түсі игіден түңілме.
Замандас, құрбы – құны жоқ Насихат сөз ақпардай.
Сөзді силап, «аға» деп, Білгенімді сөйлейін.
Иіліп тұрған іні жоқ. Сізден аяп ап қалмай.
Баз біреуге мал арман. Жақсымен болса сұхбат.
Баз біреудің ұлы жоқ. Жаның үзір тапқандай,
Баз біреуде аға жоқ, Жанына майдай жаққандай.
Баз біреуде іні жоқ, Наданның сөзі адамға,
Інісіз жанның күні жоқ. Тиеді шаян шаққандай.
Баласы жоқ пенденің, Ит баласы боқ жейді,
Еш нәрседен ділі жоқ. Қарыны тойса құтырып,
Кімге жақсы көрінер, Бетіңнен алып қапқандай.
Миуасыз ағаш, көлі жоқ. Білімсізге айтқан сөз,
Бас амандық, тән саулық. Айдалаға кетеді,
Бәрінен де жақсы екен, Құлағынан аққандай.
Өтпеген екен еш пенде Өлім, ажал дейтін ба,
Дүниеде мұңсыз кісі боп. Түспеген кімге қармағы
Х Х Х Жазудан өмір аспаған.
Артық қадам баспаған.
Әлемнің патша, хандары
Ырыс алды – ынтымақ: Нәубет пен өлім келгенде
Қызыр қандай, бақ қандай? Жарлы да бір, байдағы.
Ер азамат жігітке, Он сегіз мың ғаламның,
«Бағы бар» деген, ат қандай? Бәрін салсаң толмайды,
Қара жердің аңғары, Кім аянып тұрады.
Өлімнен мықты нәрсе жоқ. Ниеті жақын, қимасқа.
Бұл жаһанда болсаң да, Қадіріңді білмеген –
Рүстем, Дастан палуаны. Наданменен силаса.
Ғаламның батыры болсаң да, Жарасар ойын құрдасқа,
Алпамыс, Шора, Қамбары, Сырын айтпай кім тұрар,
Осылардың жалғанда Замандас, құрбы, мұңдасқа,
Бірде-бірі қалмады. Түспесін ісің жаманға,
Күні бітіп бұйрықты – Жақсының ісі бір басқа.
Ажалы келді алғалы. Азамат туған мәрт болса,
Керуендей көшіп жөнелер, Дәулетіне келгенде,
Жан-аманат тәндағы. Мейлі қырғыз, сарт болса.
Ибрагимнің сүңгірі – Шын азамат жігіттің
Қырғынның қырық жыл майданы. Басына дәулет – бақ қонса,
Деп айтады көрмеген, Көптен алғыс алады,
Ғажайыптар ондағы, Ата тегі зат болса.
Жермен жексен қылады. Ер тілегін біледі,
Күллі шахи, әммені. Ниеті адал, ақ болса.
Ол майданда жеңе алмас. Жаман адам белгісі.
Бірдей болып теңелер, - Аузы ұялмай сөйлейді.
Ой менен шұңқыр сайдағы. Өтірік пен ләп болса.
Аспан асты қызыл боп, Барын айтып гүжілдер –
Жер темірдей қайнайды. Өсек, ғайбат, дат болса.
Мына заман алдамшы – Әлде қалай, бір жазым,
Десе де қанша пайдалы. Ер дұшпанға мат болса.
Пайданы дүние демегін – Үйде отырып тау болар,
Бұрынғы ғазиз жандарды. Көрінгенге табалар.
Алланың досы – Мұхаммед, Жаман итше абалап.
Әнсары болған сардары. Қанша таза дегенмен
Алдамыш жалған, бей опа Тыныш тұрмас ылайғыр,
Қай ісіңнің бар, нанғаны? Қайсысын айтып мақтаймыз?
Тоқсан мен жүз өмірді, Сұлулап киіп шапанын,
Ілуде біреу көреді, Ойламай жүрсе қатарын.
Адамзаттың шалдары. Теңін тауып жүрмесе,
Қарап тұрсаң кемде-кем, Пайдасына жүгірсе,
Тоқсан мен жүз жастағы. Бес-он тиын шақаның,
Ислам діні бар жерде, Жөн-жорықты білмесе.
Ризық теріп, күн көрген Жайды білмей көпірсе,
Пендеміз қатар сандағы. Ит қосқаны сол болар,
Отыз бенен қырқында, Әруағына атаның.
Жігіт болсаң жайдары, Арасында екі үйдің.
Талабына тез болып, Мінезі болар коре етпе.
Жолығарсың пайдаға Қайда жүрсе қоймайды.
Секілді базар жаймалы. Жанжалы мен шатағын.
Х Х Х
Еріншек еңбек етпеуге – Шошқа мінез, торс етпе,
Бір-біріне қарайлас. Көрінгенге қалжыңдап.
Бейғам жатса жаны тыншып, Дәмі жоқ сөйлеп мылжыңдап,
Ұйқысы қанып тұрмаққа, Өзінің білмес қатарын.
Заманға қарасаң. Ондай жаман жігіттер,
Әркімге біткен бір мінез, Аузыменен қиратып,
Біреуден біреу бір басқа. Мұртын бұрап, ширатып,
Өзіңде бар нәрсені – Әруағыңды былғайды.
Тараған боп сақалын, Жүгенсіз өскен бас асау
Баланың жақсы тумағы – Әзіл айтсаң тулайды.
Қасиетті анадан. Қарағын мына қылығын.
Бұл жерде біраз айтайын. Бұрқыратып бұрымын.
Ғибрат алсын әр адам Әдеп айтсаң сынбайды.
Ұғып алсын түсініп. Түзге отырса қалбиып.
Кісілігі бар адам. Отыра кетер жалпиып.
Әсте қолын жумайды,
Х Х Х Әйелдер, мұны біліп ал,
Тыңдаңыздар, жарандар, Мұндай мінез барлардан.
Қисығына тез құрып, Жүрегіміз сулайды.
Әйелдер жайын сөз қылып. Х Х Х
Айтуға келдім жаңадан. Жақсы әйелдің белгісі –
Көргенді жерден қыз алсаң. Ерінің көңілін жықпаған.
Балаң жаман тумайды, Көргенді жерден қыз алсаң,
Жаманшылық қумайды. Қанша мейман келсе де,
Көргенсіз жерден қыз алсаң, Қабағын ешбір шытпаған.
Онан туған балаңыз, Тоты құстай таранып,
Адамшылық қылмайды. Жан-жағына қаранып.
Әдебін көрген ауылдың, Жүрісін түзеп, тік тұрып,
Баласы кеңес тыңдайды. Сондай жақсы қатынның.
Көргенді болса әйелің, Қабағына қарасаң.
Басқаға мойын бұрмайды. Күліп тұрар қиылып,
Бір жақтан келсең тік тұрып, Аяғына көз салсаң,
Қызмет қылып жүгіріп, Жүріп тұрар асығып.
Піріңдей күтіп силайды, Бір ісінен бір ісін,
Мейман келсе жүгіріп, Тағы тұрара асырып,
Үйінің ішін жинайды. Бір ауыз жөнсіз сөйлемес,
Теңсіз болса әйелің, Жақсы ісің болса егерде
Отыңның басын сырмайды. Отырады асырып,
Мейманыңмен ісі жоқ, Жаманы болса, жасырып.
Өзінен басқа кісі жоқ, Не десең де «құп» дейді.
Көсіліп салып аяғын, Аяғыңа бас ұрып.
Орнынан, сірә, тұрмайды. Күліп тұрып сөйлесе,
Бетіне байы қараса, Жадыратар денеңді.
Мұнысы қалай деген боп, Гүлі аузынан шашылып,
Алартып көзін бір қарап, Сыр алдырмас кісіге,
Күңкүлден аузы тынбайды. От басында қасынып.
Ондай жаман әйелдің. Ондай жақсы қатыннан.
Қай ісін көріп, мақұл дер. Болмайды ешбір асылық.
Дәулетіңе кесір боп. Ердің көңлі қош болар.
Құмары, сірә, басылып.
Х Х Х
Ойласаңыз, жігіттер. Үлгісіз пішкен тон жаман.
Әуел бұрын, не жаман? Кесе болып көлденең.
Қайғысы қатты қау жаман, Аяққа түскен тор жаман.
Асылы ердің асқаны – Төртіншіден, не жаман?
Жаңылса жазым тәубеден. Төресін бұзған би жаман.
Ұят күшті өлімнен. Керекті нәрсе жоқ жаман.
Ерге намыс – ар жаман. Жоқпын деме дүниеде.
Екіншіден, не жаман? Болмасаң анық қор жаман.
Қайғылы көңіл шер жаман. Шын жоқтықтың белгісі.
Арам бейнет, тер жаман. Еш нәрсеге жете алмай.
Жыртылған жаға, жең жаман. Маңдайы қалың сорлаған.
Үшіншіден, не жаман? Бесіншіден, не жаман?
Белдеусіз болса үй жаман, Нәмерт қандай, мәрт қандай?
Жұмысы бітпес сары ойлы. Затсыз қандай, зат қандай?
«Кері кеткен іс» жаман. Білімсізге айтқан сөз,
Алтыншыдан, не жаман? Айдалаға кетеді.
Толамын деп толмаған, Құлағынан аққандай.
Боламын деп болмаған. Мақтағаның жаманды.
Аңырап қалса сол жаман. Жабу жауып сиырға,
Денің аман-сау болмай, Мойнына қоңырау таққандай.
Таршылық болса кең заман, Жақсының сөзі сары алтын,
Үзілмеген кесел-дерт, Жүрегіңе май жаққандай.
Дүниедегі ең жаман. Наданның сөзі адамға,
Жетіншіден, не жаман? Тиеді шаян шаққандай.
Жіліншіктен оқ тиіп, Жақсыменен сөйлессең,
Жүрейін десе, жүре алмай, Жаның дауа тапқандай.
Тұрайын десе, тұра алмай, Ісің түссе ондайға.
Істен қалса дүниеде, Орындатар мақтанбай.
Бұл өліммен тең жаман. Көңілің өсер раушан боп,
Сегізіншіден, не жаман? Ағарып таң атқандай.
Серке санды ат мініп, Жақсы менен жаманның.
Сергелдең болса ер жаман. Арасы жер мен аспандай,
Тоғызыншыдан, не жаман? Түсіне білер кісіге,
Тоқсанға келген қарт бабаң, Бір ауыз айтқан сөзіңнің.
Тоңқайып масақ тере алмай, Ауырлығы батпандай.
Еңкейіп орақ ора алмай. Екіншіден ойласаң,
Істен қалса дүниеде, Жақын қандай, жат қандай?
Бұдан жаман болмаған. Барлық қандай, жоқ қандай?
Оныншыдан, не жаман? Сәулесі түскен әлемге.
Әуелеп ұшқан құр жаман, Жарықшылық күн қандай?
Жылқы ішінде сұр жаман. Қараңғылық түн қандай?
Екі жақсы қайда бар? Адамға жақын, һәм сая,
Қайда болса қосылар, Қанат-құйрық, жал қандай?
Бір жақсыға бір жаман, Жақсы ойменен жалғасып,
Алыстағы дұшпаннан. Ашылған көңіл, үн қандай?
Жақындағы қас жаман. Жаманменен сөз салғасып.
Туралап келеген ажалдан. Көңілдің гүлі солғандай.
Жағаңнан алған борыш жаман. Насихат тыңдар ер болса,
Ойласаңыз жақсылар. Біраз ғана сөйледім,
Ғибрат ұғып алғандай.
Кәрілік туралы
Ешкімге опа қылмас, дүние деген,
Қу нәпсі әр ылдиға сүйрелеген.
Кәрілік арт жағымнан жетіп келіп,
«Жолыңнан шық былай»,- деп кимелеген.
Жастардың арасында сөйлеме деп,
Кемпірім қолдан тартып, сүйрелеген.
Бәрінен де жеңіліп қалғаннан соң,
Кәріліктің несі қалды, билемеген?
Артқы жас бір-біріңді силап жүргін,
Қай молада мал көрдің үймелеген?
Біріңе-бірің мейман азғантай күн,
Жолдас емес опасыз дүние деген.
Кемшілік, қол қысқалық әуре қылды,
Әр жерде көлденеңдеп араласып.
Жиырма, жиырма бес, қайран отыз-
Жүргенің кездескеннің көңілін ашып,
Сүйікті жора-жолдас, қадірменді,
Бұл күнді ойлап тұрсам қалды қашық.
Келін-кепшік былайша тұра тұрсын,
Кемпірмен де жүремін араздасып.
Обалым кәрілік ит саған болсын,
Сүйкімім әбден кетті-ау менің қашып.
Байқаймын, қаза деген алыс емес,
Бір күні құлатады-ау жаудай жаншып.
Бармақтың Жанат қызбен айтысы
Бармақ Қаратауға кетіп бара жатып, жолда бір ауылға келіп, үлкен ақ үйге түседі. Үйдің иесі де, бәйбішесі де, жақтырмаған сыңай танытады, «Қайдан келесің?, Қай елсің?, Қайда барасың?» - деп отағасы сұрақтың астына алады. Бармақ жөнін айтады: «Хантаудағы Байболат ауылынан Қаратаудағы нағашым Керімбайға барамын» -дейді. «Жолдастарым менен озып кетті. Астымдағы атым болдырып, кейін алдым. Олар мені жолдан тосады», - дейді. Үйдің бойжеткен өзі ақын, өзі сұлу Жанат атты қызы бар екен. Ел ұйқыға кеткенде үйге бір адам кіргендей болады. Келе Бармақты басып-жаншып, қыздың қасына жата кетеді. Әлгінің қылығына ашуланған Бармақ оның киім-кешегін, тығып қояды да: «Ойбай, мына біреу мені өлтіретін болды» - деп айқай салады. Үй іші шам жағып, шаң-шұң болады. Шал таяғын алып, жаңағы немені тұра қуады. Ол үйден шыға жөнелгенде, иттер қоса қуып, қорадағы қой үркеді. Айқай-шу басылған соң, сол үйдің қойшысы келіп, Бармақтан жаңағы жігіттің киімін сұрайды. Оған Бармақ ашуланып, сексеуілдің шоғын басып алады. Біраз жыл өткен соң Бармақ ел аралап жүріп, бір тойда тағы да Жанатпен кездеседі. Сонда Бармақтың айтқаны:
Кездестім, ақын қызбен аты Жанат,
Астына көрпе салған неше қабат.
Айтысқан ақындардың бәрін жеңіп,
Құбылтып неше палуан әнге салат.
Бәріне қалай айтсаң жауап табат,
Іргесін түріп қойып, еркін отыр,
Ішінде қазақ үйдің алты қанат,
Тұсыңа мен де келдім айтысуға.
Серігім домбыраны баса сабап.
Шынында Жанат тойда айтысқан ақындардың бәрін жеңіп, ұзатылайын деп отырған Ажар атты қызға арнап өлең айтып отырады:
Апамыз ілгері өткен ақын Сара,
Ішінен ер Қаптағай шыққан дара.
Айтысып той-жиында Наймандағы,
Келіпті бір сүрінбей жалғыз қара.
Маған да жолын берген апамыздың,
Әруақ, құдай оңдап болып пана.
Ақынның бәрі кетті жеңілген соң,
Айтысып осы тойда жаңа ғана.
Табылса теңдес ақын айтысуға,
Бес тоғыз бәйгесіне тіктім мара.
Елімнің басты өзені-Аса, Талас,
Билікөл, Ақкөл жатыр оған жанас.
Қаратау – батысында жер сұлтаны,
Жайлаған сондықтан да бай мен манап,
Руым Сіргеліден, орта жүзбін,
Қоңырат болады екен ағайындас.
Ошақты, Ойық, Тілік, Шымырларға,
Бір көшіп, қысы-жазы жүр қоныстас.
Бүркітті Қаратаудан бастап шағын,
Құлай аққан таулардан салып сарын.
Елім бай, жонды жайлап, күзде түсер,
Семіртіп кең жайлауда баққан малын,.
Көңілді жастары да біздің елдің,
Өткізіп күнде жиын, сауықтарым.
Той жасап, ұзатады адамына
Жасында құда түсіп, берген қалың.
Солардың сен де бірі Ажар ана,
Көрдің ғой талай қызды ұзатқанын.
Тойыңыз құтты болсын, апатайым,
Барған ел, аман болсын алған жарың.
Жыламай аттаныңыз елімізден,
Аямас жездем сорлы сізден барын.
Осы жерде Бармақ Жанаттың тұсына келіп, өлеңді қоя беріпті.
Бармақ:
Әуелден ақыл-айла, ойға серік,
Өнерім бойға біткен- бермеді ерік.
Мендағы ақын едім, топты жарған,
Кеп тұрмын айтысуға сізді көріп.
Жүрмісің аман-есен ақын Жанат.
Аман ба үлкен-кіші сау-саламат?
Айтысқан ақындардың бәрін жеңіп,
Дауысың саңқылдаған топты жарад.
Жарқылдап көз тартасың топ ішінде,
Секілді қолға қаққан алтын сағат.
Есітіп дабысыңды ақын деген.
Көп тұрмын айтысуға етпей тағат.
Жанат:
Қарамайсың керегеден мойның созып,
Өзіңнен домбыраңның құлағы озып.
Бұл жердің адамы емес, түрің жүдеу.
Қай жақтан келіп тұрсың, азып-тозып?
Біліскен амандықты ізгі міндет,
Әдетте істелетін көпке құрмет.
Сұрасқан аты-жөңді айып емес,
Кім едің, қайдан келдің, білгім келед?
Бармақ:
Шымырдың мен ақыны, атым – Бармақ,
Елімнің сүйенгені – алтын балдақ.
Қашқанды құтқармайтын өзім жүйрік,
Тереңнен жайық ілген мен бір қармақ.
Ақынды жібі түзу менсінбеймін,
Өзіңдей зор ақынды жүрмін таңдап,
Жанат:
Адамға өте қажет ақыл-айла,
Ойлаған ақыл-айла жанға пайда.
Болғанда атың Бармақ, елің Шымыр
Жақсың кім, туып өскен жерің қандай?
Топ жарған ақын болсаң айтысымыз.
Бас қостың, міне, бүгін ұлы тойда.
Ел айтар кімнің басым екендігін,
Ақынның сыналмағы осындайда.
Бармақ:
Хан тауы, Жиделі мен жерім Шоқпар,
Соғатын тасты ұшырып, желі сотқар.
Үш күннен асып кетсе соққан желі,
Дегенде жеті тәулік әрең тоқтар.
Екпінім желден қатты меніңдағы,
Талай қыз жеңілген соң болған көкпар.
Жанат:
Рас қой, желің күшті, жерің Шоқпар,
Желің сотқар болсаң әркім боқтар.
Сотқарды тезге салып түзететін,
Елімде жақсы би мен әділ сот бар.
Тентексіз ел болмайды абайлағын,
Жақсың кім, жазым болсаң, сені жоқтар?
Бармақ:
Бұланбай, Далақайнар, ортасы Еспе,
Самал жел, қоңыр салқын соғар кешті.
Суы мол, шөбі шүйгін жұпар исі
Әсерлі барып көрсең қалады есте.
Қорқатын бала емеспін тентегіңнен,
Болғанда ел ақыны жиырма бесте.
Елім мен жер-суымды қасиетті,
Көріп қайт, меніменен бірге ілесте.
Шу бойы төменірек қалың томар,
Аңы бар, іші толған күнде сонар.
Жайлаубек Көкіректе тіреп тұрған,
Жақсысы – еліміздің болыс Омар.
Арасы Алматы, Арыс толған Шымыр,
Мен үшін бәрі тегіс атқа қонар.
Қатпаса қалың Шымыр ат ойнатып,
Ойланшы, сонда халің қандай болар?
Жанат:
Келіпсіз айтысуға мені таңдап,
Бар ма екен жеңерліктей сенде салмақ?
Көрген де естігем жоқ осы күнге,
Дегенді Шымырдағы ақын Бармақ.
Мал тауып жан сақтауға, ел қыдырып,
Жүгенің ақынмын деп жұртты алдап.
Сенімен айтыспаймын кете бергің,
Тұрақсыз жел айдаған сен де қаңбақ.
Бармақ:
Дулаттан тараламыз, елім Шымыр,
Бақ қарап, бабамызды шалған қызыр.
Елім бай, жерім шүйгін, суым салқын,
Нәубетті, берекелі бізде қыдыр.
Көрсеңіз қошаметін біздің елдің,
Сүйсініп құрметіне ішің жылыр.
Елім мен жерімді айттым жоғарыда,
Қалмаса мен білмейтін титтей шығыр.
Жақсылап өлеңіңді айт, әй құдаша,
Таста да сөздеріңді қисық-қыңыр.
Жанат:
Ақынның ақымағы келеді арсыз,
Ар да жоқ, ұят та жоқ оспадарсыз.
Ақынның қошаметі болмай ма екен?
Жаныңда серігің жоқ, келдің жалғыз.
Жын қуған дуайадай беталбатты,
Арқалап қобызыңды келіп қапсыз.
Иттей боп жеңілген соң осы тойда,
Өлеңді айтпастай боп қоштасарсыз.
Бармақ:
Жолдасым домбырам ғой қасымдағы,
Ақынның айтыста ғой ашынбағы.
Қорықпаймын жалғазбын деп, қамқошым көп,
Шымырдың жақсылары осыңдағы.
Керімбай Қаратауда ағам датқа,
Әділдік ие боған датқа атқа.
Шу бойы Хантауында Дулап елі,
Мәңке би, жақсылар көп мұнан басқа.
Байболат болыс болған мәлім кісі,
Қырғыз, қазақ арыстанда қоныстасқа,
Шымырды Хантауында білмесеңіз,
Көріп қайт, меніменен қол ұстас та.
Той-жиын, жарасымды сауық-сәулет,
Айтысқан той үстінде бір ғанибет.
Түбінде Әулиеата қаласының,
Дулаттың жақсылары – Өсер, Дәулет.
Біледі қырғыз, қазақ бабамызды,
Әулие, шарапатты өткен Мәмбет.
Дулаттан Сыйқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр,
Шымырдан Бекболатпыз, атам Сәмбет,
Бұралқы Қаратауда мықты болған,
Осыңдай жақсы жаннан біздің әулет.
Жақсыға жағымды етіп өлең айтқың,
Жанасқан жақсылармен ол бір мәурет.
Айтыста талайларды жеңіп едім,
Пәр бергін, бабаларым Қуат, Мәулет!
Елімнің жақсы ақыны, Балқыбек бар,
Көрмекке сөзін тындап әркім құмар.
Жібітіп ерітеді тыңдағанды,
Шіркіннің тілі тәтті, шекер мен бал.
Өлеңін есіткенде жаның сүйіп,
Боларсыз жегендей-ақ жая мен жал.
Көзіммен көрем десең мықты ақынды,
Ілесіп менімен жүр, дайындал.
Ауылы алыс емес, осы арадан,
Түбінде Ақыртөбе, жері Мақпал.
Көк майса, тау бөктері жаңға жайлы,
Қайысып, төңірегі жайылған мал.
Сол жерде көрсетемің тағы саған,
Қырғызға мәлім кісі Дәуренді сал.
Қорықпаймың жалғызбын деп қайда жүрсем,
Адам көп Дулатымда мият қылар.
Жанат:
Ақынның өні тйтті, тілі балдай,
Дауысым ашылмайды әнге салмай.
Өлеңді қоя бердің келген жерден,
Алдымен танысып, жөн сұрамай.
Есітіп білгенім жоқ бұл өңірден
Ақынды Бармақ деген әлдеқандай.
Жанат деп жабысасың, мен білмеймін,
Күнде ойнап, араласып жүрген жандай.
Бармақ:
Иеге сен жаңыласың көргеніңнең,
Адаммын ажыратқан ермегіңнен.
Атымды бұрын естіп білмесеңіз,
Білерсіз бүгінгі айтыс еңбегімған.
Жанат:
Несіне жеңілем деп тарылайын,
Айтысып сеніменен жарымаймын.
Адамға бекер босқа жабыспағын,
Көргенім, білгенім жоқ, танымаймын.
Туғалы көрмеген мен адамға,
Неліктен танимын деп жалынайын.
Бармақ:
Құдаша, той үстінде амандастым,
Өзіңмен қатар ақын, замандаспын.
Өзіңнің көрініп тұр амандығың,
Болды екен, халы қалай «жалаңаштың?».
Жанат:
Рахмет, той үстінде амандастың,
Киімін қоснағымның ала қаштың.
Жекжаттың үйге келген киімін ұрлап,
Ұрысың, ақын болмай қара бассын!
Ақынның ақынмын деп атын былғап,
Ұрыға сендей кәззап қарамаспын.
Менімен әуреленбе кездесуге,
Тұрақсыз, айтысуға жарамассың.
Бармақ:
Мен едім елімдегі Бармақ ақын,
Жүретін ақындармен өте жақын.
Құдаша нағыз ұры сол емес пе?
Ұрлайтын түнде жүріп, сол жекжатың.
Ұрыны өшкерелеу айып емес,
Естиіқ жекжатыңның айтқын атын.
Жанат:
Бүйырғай таған ішін, болдың қонақ,
Екесің сөзге дөғал, іске салақ.
Жекжатым осы тойда, абайлағын,
Заманың кім біледі, қандай болмақ?
Бармақ:
Жақының қандай адам, түнде жүрген?
Қой үркіп, ауыл шулап иттер үргеч.
Обалы кімге болсын сол қойшының,
Жекжатқа болысам деп шоққа күйген?
Жанат:
Дегенге қу баласың, қу баласың,
Қу бала деген сайын қуланасың.
Шешеңнің үсті мерез шіріп кеткен,
Жазып ал, мықты болсаң құлғанасын.
Бармақ:
Шешемнің құлғанасын әкем баққан,
Жазған соң әкем бағып, мені тапқан.
Әкемнің сол дәрісі менде де бар,
Алып қал керек болса ей ант атқан!
Әкем пақыр болыпты үлкен тәуіп,
Ержеткен соң кетіпті маған ауып.
Тамыр ұстап жазамын әкеме ұқсап,
Кеселін ауырғанның дәлдеп тауып.
Жанат:
Сен өзің тәуіппісің, бақсымысың?
Үйінде, елде тату жақсымысың?
Домбыра, қобызың бар арқалаған.
Жарын ес, ақыл-ойға тапшымысың?
Қонақ боп, үйде тыныш ұйықтамайсың
Артына «елдің» күзет, сақшымысың?
Бармақ:
Жекжатың жиенің бе нағашың ба,
Түнде әкеп ол немені бағасың ба?
Әкеңіз тәуір адам көрінеді,
Қайынын қара басып сабасын ба?
Жанат:
Қу бала, сен тақымдап қоймағаның,
Бар ма еді, сеніңдағы ойлағаның?
Шешең қыз, әкең жігіт болмады ма?
Әкемнің оң жағында ойнағаным.
Әйелдің күні құрсын, бүйтіп жүрген,
Мендағы өздеріңдей бойдақ адам.
Бармақ:
Жекжатың құда түскен зайыбың ба?
Сөзіңнің түсінбедім пайымына.
Көбейтіп түнде жекжат, а, құдаша,
Сонымен айтарлықтай байыдың ба?
Сөзіңнің көрініп тұр түбі шикі,
Не тартпақ, жалған жекжат айыбына?
Жанат:
Құдая күні құрсын, ұрғашының,
Билігі болмаған соң бір басының.
Жарқылдап ойнап-күліп жүре алмайсың,
Қасында қатар-құрбы, құрдасыңның.
Жасынан құда түсіп, басыбайлы
Білмейді кім екенін жолдасының.
Көргенім, білгенім жоқ, әлде қандай,
Кім білсін, қандай жанның олжасымын.
Бармақ:
Жанатжан басқа бейнет- жаман адам,
Жолдасың – ол да қиын, болса надан.
Теңдік жоқ, әйел түгіл кедейлерге,
Не шара, қорықпасқа заманадан.
Болса да аузы қисық бай сөйлесін,
Деген рас, замана ғой алалаған.
Заманның мына керті талайладың,
Ауыртып, жан жүрегін жаралаған.
Еңірен жылауменен не бір сұлу,
Барады адамына қаламаған.
Адамда кедей сорлы ерік бар ма?
Қолы жетіп, өз ақысын ала алмаған.
Ойыңды, арызыңды кімге айтарсың,
Би қайда, Төле бидей саралаған?
А, Жанат, сен де арманда, мен де арманда,
Бар ма екен, бізге тендік бұл жалғанда?
Қорқамын болмайды деп бізге теңдік,
Болмаса жалпы халық қозғалғанда,
Өзгеріс талай-талай болған еді,
Жиылып ел кеңесіп қолға алғанда.
«Ел жаңа – елу жылда» деген рас,
Өзгеріс болу керек, болжағанға.
Адамның бәрі тегіс теңдік алған.
Арман не, тірі жетсек сол заманға.
Жанат:
Сергілі руынан, атым Жанат,
Жақсының құрметіне жайдым қанат.
Жететін қадіріңе жақсылар ғой,
Іштегі айттырмастан сырың табат.
Жақсымен сөйлескенде жайдары ашық,
Жаныңыз жайбырақат, рахат табат.
Жаманға қадір білмес, керегі жоқ,
Болсаң да қолға түскен алтын манат.
Сөзіңе мән бермейді, ондай адам,
Мұңыңды шақсаңдағы неше қабат.
Сіз жеңіп, мен жеңілдім ақын аға.
Кешергің, айтылса сөз асық-ағат.
Осыменен өлеңімді доғарамын,
Аман бол кездескенше сау-сәламат!
Бармақ:
Мен едім Бармақ ақын Шымырдағы,
Ақынмын тең келмейтін жуырдағы.
Жеңіліп талай ақын айтыстарда,
Бармақтың болған еді «қуырдағы».
Елімнің арқасында мен бір жайын,
Теңіздің шалқып жүрген суындағы.
Ақын қыз олжамды бер мырза болсаң,
Мың тілде өз қалтаңнан суырдағы.
Таппасаң мың тәлләні қасыма ергін,
Суына жасыл көлдің жуындағы.
Жанат Бармақтың өте күшті ақын екенін іштей саралап, өз басы байлаулы болған соң, ауылдың жақсы кісілеріне қарап:
«Бармақты риза етіңіздер», - деп айтқан сөзі.
Жанат:
Ағалар, құлақ салғын мына сөзге.
Ақынға мерт болмайтын жағын көзде.
Тілге бай, сөзі үтымды, өзідағы.
Келбеті келген жігіт, көрер көзге.
Ауылда бойдақ қыздар бар емес пе?
Басы бос, үйде отырған менен өзге.
Солардың бірін беріп, риза қылғын,
Жасы үлкен болып жүрсін ақын жезде.
Той жасап, ат шаптырып дуылдатып,
Берейік ен жайлауда осы күзде.
Құлақтан еркіп тартып, мен жезделеп,
Мойнына секірейін сол бір кезде.
Тыңдаңыз үлкен-кіші аталарым,
Ұлықсат сіздерден мен бата алармын.
Қадалып Бармақ ақын қояр емес,
Алдымда бар еді ғой апаларым.
Солардың бірін қосқын жезде болсын,
Тұсалып, білсін ақын маталарын.
Адамға өр кеуделі қысым салып,
Көрсетсін әкпен шұқып қаталарып.
Жездеме бәрін жауып балдыздардың,
Қымырдай күлге жаншып, табалармын.
Сонда Бармаққа біреу келіп: «Саған телімек болып отырғаны, Салғадат деген үйіне қайтып келіп отырған апасы» - деп сыбырлайды.
Бармақ:
Жанатжан, мен риза ақылына,
Мейірдің түскеннен соң ақыныңа,
Кемітпей бағаладың көп алдында,
Жанашыр, үйлендіргің жақыныңа.
Тұлғасы, мінез-құлқы тегіс келсін,
Сай болсын, көркіне оның ақылы да.
Қыз болсын өзі сұлу, жасы он бесте,
Ыңғайлы, үйлесімді батырыңа.
Қатынсыз өтсем дағы дүниеден,
Үйленбеймін қайтып келген қатыныңа.
Той жасап, отаулан бер қыздарыңды,
Батырдың отауы ұқсас шатырына.
Бір көген қой бересің сойып жеуге
Шетінен көжеміздің қатығына.
Астына көшке мінер аты болсын,
Жағымды, өзі жорға тақымына.
Үш түйе, қап-арқанын қоса бергін,
Көшкенде жүгін буып артуына
Асылып қанша ойнасаң жарасады,
Мойнына мендей жезде, пақырыңа .
Жанат:
Қаратау – біздің ауыл, жайлау Жонда,
Тамаша, не қызықтың бәрі сонда.
Қыз дейсің он бестегі, ақын аға,
Болғаның күйеу бала маған онда.
Тұрғаның тәжім етіп, басыңды иіп,
Әдеппен қайын бике көрген жолда.
Арманда кетпеймісін ойнай алмай,
Аржағын айтпасам да байқап қара.
Ыңғайлы, жезде болған өзіңе де,
Балдыз деп ойнағанға оң мен солға.
Білмейсің ұтарыңды аңқау аға,
Болғаның маған жезде өзіңе олжа.
Бармақ:
Сен тұрсақ мен де тұрдым айтқан сертте,
Апаңмен таныстырған үйіне ерт те.
Сен балдыз мен жезде бұдан былай,
Өтейік ойнап-күліп осы бетте.
Мен кештім, артық-кемін айтылған сөз,
Сен де кеш, сұрағаным онша сөкпе.
Айтыста ылди-өрі болады ғой,
Жамандап, айта көрмес анаңы өкпе.
Екенсің дарынды ақын, сөзің өткір
Айтыста алдырмайтын жекпе-жекте.
Амалың асып түсті менедағы,
Көнбедің қанша айналып айтқан кепке.
Орынды, қисынды айтқан өлеңінді,
Тыңдады құлақ қойып, мына көп те.
Сөзіңнің өткірлігі сол емес пе,
Қояды ел көтеріп оқта – текте.
Кеуілін көпшіліктің тауып айтып,
Бөлендің алғыс алып, қошеметке.
Көпшілік, кешіріңіз, өтінемін,
Айтыстық жаман – жақсы аз ба, көп пе.
Тойында апасының тағы айтармыз,
Қарсы кеп, балдыз – жезде жекпе – жекте.
Хош болғын, көп жамиғат кездескенше,
Тоқтаттым өлеңімді айып етпе.
Жанат:
Ал жезде, қатаң айттым мен де саған,
Батырдың өлеңменен сен де маған.
Айтыста ойлы – қырлы бола бермек,
Кешіргің, айтылса сөз жақсы – жаман.
Жақсылар, жиналған көп риза болғын,
Осымен бүгінгі айтыс болсын тәмам.
Тағы айтыс болып жатар жиын – тойда.
Күн жақсы, ибас қосқанша, болғын аман!
Бармақ пен Кенжеқожаның айтысы Айтыс 1935 жылғы тамыз айының басында қазіргі Шу қаласының базарындағы шайханада өткен. Бұл отызыншы жылдардағы әйгілі ашаршылықтың зардабынан Шу елінің де еңсесін енді – енді көтере бастаған кезі еді.
Бармақ:
Сәлемдестік сіздермен,
Тарқатып қайғы іштегі.
Жиналған көп халайық.
Көптің көңілін табайық.
Бас қосқан соң алдымен,
Өткендерге – салауат,
Амандасып алайық.
Қалғанға тірі қанағат!
Үлкен – кіші, ағалар,
Тіршілік қып жұмылып,
Келін – кепшік, балалар,
Кетілгенді жамайық,
Аман ба, тегіс елдерің?
Дұшпаны көп елімнің,
Амандыққа қанайық,
Байлығы да жерімнің.
Бас қостық бүгін сіздермен.
Табасына солардың,
Қожа да келді біздермен,
Мазақ болып қалмайық.
Көтеріп көңіл ашуға,
Береке – еңбек, бірлікте,
Әнге бір әсем салайық.
Табылар бәрі тірлікте.
Тамаша керек адамға,
Арттырып Отан байлығын,
Керек емес ол наданға.
Қаптап, жинап салайық,
Өлмей тірі қалған соң,
Қазақстан өңірі,
Жер бетінде қарайып,
Көтерейік көңілді,
Не етеміз айтып өлімді.
Кең өріске бағайық.
Таусылмастай көмірі.
Мол егіп жерге астықты,
Молайтып ел байлығын.
Қайталатпайық аштықты,
Әжетіне Отан жарайық!
Он бес жылдық қазақ
Бағалы елге мыс, алтын,
тойына,
Жерлесім бар шығатын.
Зор табыспен барайық,
Зерттеп, іздеп бақылап,
Бас қостық бүгін базарда,
Төңіректі қарайық.
Кенжеқожа, сазарма,
Малды жиып өсіріп,
Әдімілеп айтысып,
Отты жерге көшіріп,
Сыпайы сұлу тарайық.
Шөбі шүйгін, суы мол.
Кенжеқожа:
Сағындым қасиетті Дулат елін,
Шу бойы – Қадір Жайсан басқан жерім.
Көзімнен бұлбұл ұшты сағынғанда,
Кербұлақ, Шоқпар, Сұңқар – асқар белім!
Аңсалым жазда тұрған Қадір Жайсан,
Майдалап, қоңыр салқын соққан желін.
Көз көрегн жақсылар да әсер етті,
Халқына бедел артып, болған сенім.
Келмеді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,
Көрегнше ақ жүзіңді Мырзакерім.
Ерекше сағындырған мені қатты,
Бірге өскен жастайымнан қатар – теңім.
Айқасып құлын – тайдай ойын салған,
Таза ауа, кең далада егін – тегін.
Бас қосып, жүруші едік күліп – ойнап,
Кек қылмай әзіл – қалжың, артық – кемін.
Құдая шүкір еттік мұныңа да,
Көрістік өлмей тірі, абзал бегім.
Бармақ:
Сөзіңе орынды айтқан мен де сендім.
Сағынып ел – жұртыңа қайтып келдің.
Қыз алған күйеу едің сен Дулатқа.
Болып ең бір баласы біздің елдің.
Қадірлі, қасиетті жақсыларға,
Бас қосып, міне,бүгін сәлем бердің.
Бұрынғы айтқандардың сөздері рас,
Үш жұрты – нағашысы, бірі – қайын,
Өз елі – өсіп–өнген туған жердің.
Сағынған мауқынды бас, күйеу бала,
Ойнаған жерлеріңнің бәрін көрдің.
Қасында қанша ел болды, олар қайда?
Аман ба, бәрі тегіс айтып бергін
Олардың елге қайтар ойы барма?
Естісің бәрі бірдей жігіттердің.
Артынан мүмкін барар, толық айтқын,
Бар болса жіберместей іліктерің.
Кенжеқожа:
Аман ба , Ысты, Дулат Қалғандары,
Ағайын, туыс – жекжат, алған жары?
Тойынып, есін жинап елге қайтты.
Біразы Қырғызстан барғандары.
Кейбіреу қайтар емес елдеріне,
Ілескен артында бар жанжалдары.
Етпейді елді керек баз біреулер,
Базарда арақ ішіп, сандалғаны.
Қоштасып жекжатымен, қырғыздағы,
Көп болды қайтуға ел қамданғалы.
Тірісі қалмай келеді, келер жылға,
Сағынып туған жерді еске алғаны.
Мінекей, көріп тұрсыз келгендерді,
Шетінен келіп жатыр жете алғаны.
Бармақ:
Қиындық болып өтті жақсы – жаман,
Адаммен көрісерміз өлмей қалған.
Ауданда 76 колхозым бар,
Елімнің дегенменен жағасы аман.
Оңалар орнында бар деген рас,
Келеді ел қосылып, бері таман.
Берейінтегіс айтып елдің жайын,
Аянбай білгенімді келсе шамам,
Баласын Ысты, Дулат көзің көрген.
Айтайын қалдырмастан бәрін саған.
Айтылмай ұмыт қалған жері болса,
Сездірген сұрақ қойып сен де маған.
Ыстылар – жеті колхоз Жотадағы,
Жартысы – Іле, Топар болсадағы.
Дулаттан кем түспейді, төрелігі,
Байлығы мықтылығы босағалы.
«Биссимилля» деп алдымен,
Халқына жайлы ұнамды – ай.
Ыстыны айтып көрейін,
Аздап қана күндейді,
Басшыларын, жақсысын
Қаратай ғана көре алмай.
Баян етіп берейін.
Қара мен Таз, Жантүгел,
Жақсылап тыңда , күйеужан
Жотаға келді зорлықпен,
Төрт колхоз боп әр жерге.
Қансын әбден мерейін.
Қоныстасып орныққан.
Тегіс айтып жайдарын,
Соқпадан ұрып там салып,
Жырыма қосып төгейін,
Бұрынғы жайлау қорықтан.
Темірқазық, талапкер,
Осылай етіп құтылды,
Ботаборым бастығы –
Көшіп – қонған қорлықтан.
Базабайұлы Әшімбай.
Ақбастау мен Көкбастау.
Басынан- ақ жақсы адам.
Ақтасты бірі – орыстан,
Ел силаған жасында ай,
Аталсын деп колхоздың,
Темірқазық колхозда –
Осылай атын қорытқан.
Шақайұлы Тадаңбай,
Барып тұрған, ақ пейіл.
Кеңес сулы атанып,
Алмайды ешкім жамандай.
Совет болды толықтан.
Төбеге шығып айқалап,
Беркімбай, Жолтай, Исахан.
Жияды халқын табанда -ай.
Қарсыласып жолыққан,
Жүгіріп бәрі жиылар.
Серікбай, Төтен, Сулеймен.
Бір нәрсе болып қалғандай.
Мансап үшін соғысқан.
Насыбай иіскер Табекең.
Ара түсіп Нұрдәулет.
Шақшасын қағып табанға -ай
Жақынына болысқан.
Арыздасып ауданға.
Талапкерде – Қыздарбек,
Кезек – кезек жорытқан.
Гармонда, шіркін, ойнайды- ай.
Күнде шауып арызбен,
Төгілтіп ән салғанда ,
Астында аты зорыққан.
Қызығына жан тоймайды-ай.
Итжығысы боп келеді,
Арыздан жоқ торыққан.
Отырған жері тамаша
Бүлініп жікке кетер деп.
Қызығын адам қимайды -ай.
Аудан да содан қорыққан.
Осындай істі өзара,
Тұқымы деп Бөлтірік.
Бір-бірімен алысқан.
Әруағын әркім силайды -ай.
Оразымбет, Шәйім қойғызып,
Үш колхоздың кәңесі,
Талай рет табысқан.
Итбалаев Дөненбай.
Татулықты көп айтты,
Дүкеншісі бәрінің.
Ағайын келіп алыстан.
Шоңбайұлы Шүленбай.
Болыс етіп Көкелді.
Барлығы бірдей жақсы адам,
Жіберді ақыр қалыстан.
Май колхоздың бастығы –
Қосқұлақов Ыстыбай,
Шудың түсті бойына.
Көкқайнарда інісі –
Колхоз болып үй салды.
Қосқұлақов Бұтабай,
Қоныстанып ойына.
Калинин, Ақсу, Жданов,
Там біткенше отырды,
Жақсы боп тұр жұтамай.
Қамыстан күрке бойрада.
Ыдырыс, Мәулен бастығы,
Қауын – қарбыз көп салып,
Колхозды жақсы ұстады – ай.
Бір жылда қалды тойына.
Әңгелек қауын мол болды.
Тоғыз колхоз болысы –
Үйге кірген тойында.
Қасенұлы Тұтқабай,
Әңгелек болды Ақшаның.
Талабы мықты жас бала.
Базарға сатар қойы да.
Қатарын басып ұтқандай.
Еңбекші, Арал, Белбасар,
Жаңа Шудың жайы осы,
Колхоз атын қойды да.
Жақсылап тыңдап ұққанға-ай,
Бесторсық кетті өзінше
Ақша менен Бесторсық,
Бірлікүстем болам да.
Молотов, Тельман сауыққой,
Тауда қалды бір колхоз.
Үңгірлі өзен бойында.
Ән салып өлең жырлатқан.
Белбасар кетті дүрілдеп,
Алғадайдың әні ащы,
Хатиды бастық қойды да.
Өлеңі жақсы тыңдатқан.
Шетінен Күнту, ән салып.
Алғада бар бес колхоз.
Домбыра шертіп, күй тартқан.
Жаңатұрмыс, Жаршапқан,
Қалымет, Жомарт, Нәметкұл,
Өңдіріс колхоз тағы бар,
Құралған келіп жан – жақтан,
Сауытбекке шын тартқан.
Кезекпенен өлең айтқанда.
Станцияның түбінде,
Күні де батып, таң атқан.
Амангелді – қыпшақтан,
Осылай Күнту көңілді.
Өлеңге бай күнде айтқан.
Кенжеқожа:
Айтқаныңның бәрі маған түсінікті,
Жақсы айттың әңгімені кісілікті.
Колхоздың 76 бәрін айтып,
Зерігіп, тыңдаушы іші пысты.
Елдерді көшіп жүрген орнықтырған.
Өкімет, айналайын, ісі мықты,
Ел білсін, айта жүрсін тыңдағандар,
Бағынып, тазға кімдер кішіріпті.
Осыны айт, бәрін қой ақын Бармақ.
Қай тазың, қай тазыңды түсіріпті?
Дулаттың көріп тұрмын белсендісін,
Ойламай іс қылатын ертеңгісін.
Басшы боп кімге жүрген жақсыларың?
Көбірек қалғандардан кеткен кісің.
Белсенді елді құрттың салық салып,
Төрт түлік малды құрттың алым алып,
Тамақ жоқ, малы да жоқ жансақтауға,
Елімнің кетпеді ме жарымы ауып.
Сәмбетте Түменбай мен Омар қайда?
Жүр ме екен, ел кеткен соң жақсы жайда.
Сәмбетті таз биледі деп естідім,
Белсенді болды дейді Омарбай да.
Асқар таз, Бишан, Ыдырыс, Дүйсенбекпен.
Аман ба Әбілқайым таздар майда?
Жеңгеміз Бүбібала әйелдерден,
Активтің қатарына қосылмай ма?
Жолығып станцияда амандастым,
Базардағы таздың бірі Кешубайға.
Жеті таз билеген соң ауылдарың,
Кетіпті елдең қашып Бармақбай да.
Кетіпті елдің көбі таздан қашып,
Жүргенде таз әуре боп, басын қасып.
Есіттім бұл жағдайды Дәнеғұлдан,
Піспектің базарында амандасын.
Мендағы сол жағдайдан кеттім деді,
Жүр екен не қылса да асып – сасып.
Көкірек сексеуілде төмен отыр,
Тамдары жағал – жағал ала қотыр.
Түйетбай қу кетті, қызметпен,
Басынан қызмет істеп келе жатыр.
Жаңабек, Иманбаймен аман ба екен?
Әйел ғып қарындасын алған батыр.
Байыр таз Қалыбаймен жақсы дейді,
Бір-бірі оңашада басын қасыр.
Асықтан Салпық шықса көзі қисық,
Туаштан болыс болған Молжан соқыр.
Тайлақбай,сары Сапақ ерні жалақ,
Активтің бірі дейді Жіпбай пақыр.
Таз,қисық,соқыр, жалақ Көкіректе,
Бітірген елді түтіп таза тақыр.
Жүргенде елі шуап, Көкіректе,
Болмаса жарар еді заманақыр.
Ағаділ,Қәртайғанмен-Барлыбайсың.
Бекберген дәулеті әкең барындайсың.
Қартайған жиналыста “бай-кулак” деп,
Ақ жүрек, алып-қашып арындайсың.
«Торала қамшысы» деп Барлыбайдың,
Ақырып Иса орынсыз, дарылдайсың.
Шытырлап қамшы үйіріп, атқа мініп,
Сәл ішсең ешкімді де танымайсың.
Өсербай, сен де Сыйқым, Ақылбексің,
Ілгері сот болдым деп барылдайсың.
Моласы аштан өлген қазақтардың,
Айналып Иса шапса, ар қылмайсың,
Ағайын, туыстардың көбін қуып,
Сонда сен кімді есіркеп жарылқайсың?
Жақсының көзі қисық Күнтудағы,
Қисайтып шешеден ғой ұл тумағы.
Сауытбек, Жидебаймен жақсы адамдар,
Қол созса сау кетпеген ұмтылғаны.
Түн қатып жүргенде пайда болған,
Інісі, баласы да сыртындағы,
Болмаса тартқан шығар атасына,
Бәрі болса қыли, қисық тұқымдары.
Әліхан,Уәли, Әли, Сейдуали.
Белсенді тоймайтұғын құлқындары.
Туралап қарай алмай жүрсендағы,
Көзіне ілінеді қырқудағы.
Қырағы болғанымен, елі кетіп,
Ошаққа ие болған жұртындағы.
Кеткен соң елі тарап бет-бетіне,
Болғаны бүйтіп “әктіп” құрсындағы.
Белсенді Ақшадағы Жатаған дәу,
Ет алмай, кәтек келген қатағандау.
Сейтжан, Хати, Әліш, аманқұлды,-
Барлығын бір айғырға матағанба-ау?
Смайыл, Жұпарбаймен бұлар да “әктіп”
Аз ғана сырт айналса қашағандау,
Бесторсық Қырыкүйдегі Қоңырбаймен.
Мал тауып түнде аттанып басы амандау,
Мың шабыр, сайың терең, қалың қамыс,
Ұрыға жері ыңғайлы, тасалаңдау,
Бейсеннің Ағыбайы ұрлық қылмай,
Үйінде бір күн қарап жата алама-ау?
Қалғаны өлмей тірі таңғажайып,
Таз, қисық кешегі өткен топалаңда-ау
Ағайын шының айттым болған істің,
Айтты деп кемшілікті қапаланба-ау.
Ол да кеш болмағаны кемшілікті
Түзесе алу жасқа тақағанда-ау.
Оп-оңай тазды жазу дәрілесе,
Қиыны қылидікі бас алаңдау.
Бармақ:
Болдың ба, барыңды айтып, кезек беріп,
Кем-кетік қоймай айттың жиып-теріп,
Бір жағы рас щығар айтқанының,
Журген соң ел аралап көзің көріп.
Кетпесін әруақ атып, құдай қарғап,
Дулаттан жүрегініңде өсіп-өніп,
Даттадың ерлерімді ел бастаған.
Қойғанда басшылыққа елім сеніп.
“Келеді күлген басқа” - деген рас,
Қалмасын қайдан білдің көзің сөніп?
Қырқында қырын алған таз болады деп,
Жүрмесін басың таз боп басқа келіп,
Дулаттан нені іздесен табылады,
Сондықтан келгендер көп сағынады.
Болмаса жер байлығы – ел дәулеті,
Қожалар қаңғып келіп не қылады?
Тамағы тойғаннан соң тілі шығып,
Жамандап басшыларды қағынады.
Белгісі ақылы аздың басынан-ақ,
Осылай ішіп – жемнен қағылады.
Таз болсың, тақыр болсын, елім силап,
Барлығы бір кісідей бағынады.
Басшымнан қысым көрген тілі тиіп.
«Өт–кеш» деп басын жалап жалынады.
Асқар мен Омарбайлар әруақты Таз,
Сендейлер әруағына табынады.
Жанылдым – жаздым дегін онандағы,
Жеті Таз естіген соң жабылады.
Жабылып ортаға алса ашуланып,
Боларсың Таздардың сен ақ лағы.
Басына тілден пәле жабысты деп,
Қожаға жаман атақ тағылады.
Ауылымды басқарып жүр таз да болса,
Не шара, әруақ келіп тазға қонса.
Ісіне өкіметтің қарсымысың
Қоймадың кемін қорлап, қазып сонша.
Қаулысын өкіметтің орындап жүр,
Қолынан келгенінше аз да болса.
Құдайға, өкіметке шет болғаның,
Қайтып ал, айтқаныңды әлі де болса,
Үйкелеп таз бола ғой ішің күйсе,
Үйіңе таздың бірі келе қалса.
Адамға басты қажет ақыл – айла.
Болады ақыл–айла жанға пайда.
Айласыз ақылы кем адамдардың,
Айырымы көзге түсер осындайда.
«Ұлығың соқыр болса көзіңді қыс» -
Бұрынғы айтып кеткен сөзі қайда?
Болысым Молжанымды соқыр дейсің,
Бір жерде онымен бас қосылмай ма?
Қолында барлық үкім болыстардың,
Қаруын қолда барда қолданбай ма?
Сонда сен не істер едің, бұйрық берсе:
«Артыңа , қожаны ұстап, қолын байла»,
Алдына жасауылдың салып беріп,
Десе егер «адам келмес Сібірге айда».
Сібірдің қысы қатты, қары қалың,
Күн түспес төңірегі қалың тайга.
Алыста арам қатып, өлмейсің бе,
Күйеужан, ақылың жоқ кішкентай да.
Тағы да өкінесің Байырды айтып,
Қалды – ау деп айтылмастан тазда майда.
Өзіңе–өзің пәле іздеп алдын,
Тиіспей жүре бермей жақсы жайда.
Елімде сен келесің неше жылдан,
Кейде ақын, кейде қожа – тегін жырдан.
Ауысып, ақыл – ырыс жұғысады.
Рас сөз, келе жатқан бұрынғыдан.
Жаңабек, Иманбайға күле қапсың.
Жақынын қожа емес пе ең қатын қылған?
Немере – шөбере жоқ қожаларда,
Ағайын бір – бірінің қызын алған.
Немере – шөбересі қыз алысып,
Сондықтан бір – біріне құда болған.
Қазақта мұндай әдет кездеспейді.
Ауызыңды бұдан былай жапқын жылдам.
Көп айттың Күнтулердің қисықтығын,
Көрмеп пе ең қыли адам бұдан бұрын?
Көрмесең түсіндіріп мен айтайын,
Жақсылап тыңдадағы сөзімді ұғын,
Анадан нышаналы ұл туғанда.
Әрқашан жақсы кісі болатұғың.
Уәли, Сейдуәли, Әлидағы,
Жақсылар көзін қысып қарайтұғын.
Пернебай, Бижанбектің әдеттері,
Қарайтын жақтырмаса қисық, қырын.
Бұлардың бәрі білгіш жақсы адамдар,
Жасырмай барлығының айттым сырын.
Тұп–тура өзімізге сезілмейді.
Қыли деп дәнене жоқ айтатұғын.
Даттама беталбатты белсендімді,
Жүрерсің көріп қалып, әлі –ақ қуғын.
Көбіс Күнтулердің базарда жүр.
Жана да айыбынды тездеп жуғын.
Болады біреу ұзын, біреу кіші,
Қортықты қорламағын, ә да кісі.
Ақылды, орта бойға өлшеп құйғын,
Аласаң толған дана іші – тысты.
Орныңмен қағында бітіп жатыр.
Алдына аласамның келген кісі
Абайлап, байқап қара ақын Қожам,
Қортықтың ішінде көп білімдісі.
Сейтжан, Хатиды алсақ Ақшадағы,
Адамның оңдай болмас көргендісі.
Сағынбек сері жігіт моншақ таққан,
Қарайтын неше айналып көрген кісі.
Бес қадақ Исамды ғой білесің сен,
Қалмаған ертенге бүгінгі ісі.
Кәртәйған, Байбекті де түсінесің,
Қожаға сендей талай батқан тісі.
Ұры деп жамандайсың Ботбайымды,
Келеді Ағыбайдың саған күші.
Сыйқым үлкен Дулатта «Өлдім» десең қоймайды.
Аға деп әркім санайды. Қайда барып сиясың?
Айтары бізге бар ма деп, Былғап біттің, күйеужан.
Аузына іні қарайды, Айнала тегіс маңайды.
Ақылдасар ісі болса,
Алдыңа келіп тарайды. Көкірекке барсаң қамайды,
Өсербай, иса үлкені, Сыйқымға барсаң сабайды.
Көргені бар талайды. Сәмбетте Таздар талайды.
Ауданды билеп Кәртайған, Күнту де қисық қарайды,
Әжетіме жарайды. Ақшада жаның қалмайды,
Бай-құлақты құтырып, Жаныс та қарсы алмайды.
Сүйеп келед малайды Сәрүйсін естіп датыңды.
Қожа-молда көрінсе, Қалай сені қалайды?
Шетінен үстап қамайды, Жалайырда жақтырмас,
Құтылам деп ойлама, Даттадың деп талайды.
Пәре берсең алмайды. Ыстыға да симайсың.
Ашуланар шие боп, Өсегің елге тарайды.
«Таптың ба ?» - деп оңайды. Қайтып сені сақтармын?
Есітсе Иса сөзіңді, Ағарттың күйеу, самайды,
Байлап қойып сабайды. Малмен қосып баспасам,
Ашуым бар тез қайтар, Бекітіп қойып сарайды.
Жалынбасаң болмайды. Ол жерде ұйықтасаң, иттер де.
Ауызыңды келіп жалайды.
Ашуың әбден тарамай, Адам деп сонда кім сені
Қатарға қосып санайды?
Кенжеқожа:
Жүрмісің аман-есен сен де Бармақ?
Әзәзілді ажал да бұрын алмақ,
Өлмесе елдіңі бәрі – бұрынғылар,
Сыйыспай жер бетінен қайда бармақ?
Көрістік өлмей тірі сіздер мен біз,
Ұмытқанға кешегі тұрмыз санап.
Әмірі екі болмас жаратқанның,
Әуелде не жазылса, солай болмақ,
Құран шын, пайғамбар хақ мұсылманға.
Жазылған шариғатта неше тармақ.
Мас болып арақ ішкен үлкен күнә,
Түрлерін арамдықтың айтқан талдап,
Бұл істен хабарың жоқ, сен пақырдың.
Сауда істеп, арақ ішіп, жүрсің алдап.
Сәждене басың тимей, дәрет алмай,
Кәпір боп бара жатсың, құдай қарғап.
Барғанда ел пейішке, сен тозаққа,
Жатарсың күйіп – жанып отта зарлап,
Бармақ:
Келдің бе аман-есен сен де Қожа?
Секілді қолға түскен пенде, Қожа.
Кешегі әлеметте опат болған,
Қалғаның өлмей тірі – үлкен Қожа.
Кетіппең көппен бірге әлеметте,
Бет алып Қырғыстан шығып жолға,
Қожалық молдалықты жолға тастап,
Жан бағып, ел ішінде жүрдің зорға.
Аман ба қожа тегіс Ақмешітте,
Жерімнің қазіргі аты Қызылорда.
Құранды шариғатты жақсы білер,
Оқыған бәрі тегіс қожа-молда.
Ешкім жоқ, барып келген ол жағына,
Рас-өтірігін өзің болжа.
Барғаның кім тозаққа, кім пейішке,
Көріп кел өлгендермен жолдас бол да.
Бұлжытпай орындайтын айтқаныңды,
Көнейін дегеніңе мен де сонда.
Кенжеқожа:
Бұл сөзің сенің айтқан надандығың,
Болмаса жарыместік, жамандығың,
Ораза, намаз оқып мұсылмандар,
Құдайдан шын тілеген адалдығың.
Өзің біл, кәпір болсаң діннен шығып,
Болады кімге қажет адамдығың.
Түсініп тәубе қылсаң бұдан былай.
Кеш емес ол да сенің адалдығың,
Бармақ:
Дегеннің мені надан – өзі надан,
Мұсылман, кәпір болсын – бәрі де адам.
Тараған жер бетіне өсіп-өніп,
Барлығы бір әкеден, бір анадан.
Әлемнің жалынары жалғыз құдай,
Таныған жаратқанды түрлі жолмен.
Ақ пейіл, таза ниет, адал адам,
Деседі пейішті сол жағалаған.
Барғанда мен пейішке, сен тозаққа.
Алдымен сен боларсың табалаған.
Жаман ат, шала жүйрік басқа бейнет.
Дін бұзар шолақ молда, нағыз жаман.
Қаншалық жұмысың бар шариғатта,
Жетпей ме, бала пішіп, жүрсең аман.
Құранды, шариғатты адам жазған.
Алладан сен емес қой, хабар алған.
Хабар жоқ, әлі күнге өлгендерден,
Әлі де жұтып келет- мына жалған.
Кісідей сөз сөйлейсің, хабарласқан.
Адаммен, табыттағы көрге салған.
Кенжеқожа:
Тағы да мұның сенің аюандық,
Сөзіңнен айуан деп пайымдадық.
Жарымес, өлген қайтып келе ме екен?
Сондықтан, айуан деуден тайынбадық.
Адамға тәнің ұқсас тік жүресің,
Жерің сол айуаннан айырмалық.
Қанша айтсам түсінбедің, амал қанша.
Кемедей құмға шөккен, қайырлаған.
Болған соң сөзің шәлкес доңыз мінез,
Саған ат «айуан» деп дайындадық,
Көнбессің айдап жүріп баққанға да,
Бетіңнен ауа жүрген қайырмалық.
Болар ең ешкі болсаң қара теке,
Қайқы мүйіз, шот мандай қушық шеке.
Болар ем түйе болсаң қотыр үлек.
Шаңлақтап жатар едің күлге аунап.
Мұрынның сау жері жоқ жетектеуге,
Азаға салар еді әркім сүйреп.
Ит болсаң болар едің қара төбет.
Бой бермес қабағандау сондай ежет.
Айқайлап, қораға үріп таң атқанша.
Жағынып иесіне күнің көріп.
Бармақбай, қай жерінде ақындығың?
Жерің жоқ ақындыққа жақындығың.
Базардың түбінде екен сенің үйің,
Басым-ау ақындықтан пақырлығың.
Ақберген, Кешубай мен інің Ақпан.
Сәудегер, базардағы бәрің жатқан.
Бәрі де сенен кіші амалы асқан.
Сыртыңнан білмейсің бе, сені сатқан.
Бармақ:
Мені ешкім саудаласып, сата алмайды,
Сатқандар үйде тыныш жата алмайды,
Белгілі мен Шымырдың ақынымын,
Сатуға жақсылардан бата алмайды.
Жүрмесе бірді-бірге шағыстырып.
Ауырып, Қожа аяғын баса алмайды.
Отырған осы опта не жақсылар,
Ауызын маған қарсы аша алмайды.
Баласы төтр Дулаттың силамаса,
Дастархан мұндай жақсы жасалмайды,
Жей бергің, тіске жұмсақ, палау-мәнті,
Бұл Қожа не берсең де қақалмайды.
Өсекті шағыстырған не қыласың,
Ол сені жақсылыққа апармайды.
Әруаққа тіл тигізбе бүй деп, Қожа,
Бүйіріңнен алайын ба түйреп, Қожа.
Әкеңді осы Дулат өлтіргендей,
Кеудеңді тағы кепсің сүйреп, Қожа.
Дегенің мені теке – өзің теке,
Баласы төрт Дулаттың дейді көке,
Сартпысың сауанбысың, әлде кімсің?
Шыныңды айт, осы жерде мына көпке.
Қыз алған біздің елден сен бір төбет,
Елден шықпай айналып күнін көрет,
Қожа кетті дегенде, біз сенбедік.
Қайта айналып келмесе, аштан өлед:
Жұбайың жанындағы бізден алдың.
Алдындағы аштықтан өлмей қалдың.
Құзғын қарға сен болдың біздің елге,
Қонақтаған бұтағына ағаштардың.
Тамағың ол қарғаның сен білесің,
Қара ниет екендігін сездіресің.
Нәжісті шоқып алып, бейне қарға.
Жолдасты жанындағы бездіресің.
Кенжеқожа:
Жаз өтіп, шілде шықпай, күз келмейді.
Мезгілсіз замана да, өзгермейді.
Болсаңда қанша жүйрік нәсілің қара,
Қожаға бұл жерде ешкім, тең келмейді.
Нәсілі қожа-төре артық туған,
Қараны нәсіліне теңгермейді.
Нәсілім бұзылар деп біздің Қожа,
Қараға құда болып қыз бермейді.
Ембесе бір емшекті болады деп,
Басқасын жақын-туыс сөз демейді.
Мен күйеу болғаныма қуана бер,
Сендерге басқа Қожа кез келмейді,
Қыздарың қаншық шығар тәбет болсам,
Ендеше мені неге жезде дейді?
Қыздарың итке берген адам бар ма?
Жауап бер төбет деген сөзге енді.
Бармақ:
Сен күйеу қыз алған соң, біздер қайын,
Күйеуге қошаметтің бәрі дайын.
Ізет қып «қайнаға» деп силамайсың,
Үдеп соғып барасың барған сайын.
Үлкенді кіші силап, құрмет еткен,
Жақсы әдет қазақтағы қарапайым.
Адамды көп силаған біздің Дулат,
Біледі әуел бастан Қожа жайын.
Жесірін Сыйқымымның тартып бердің.
Қызы еді Қондыбайдың Күмісайым.
Көндіккен жақсы кісі ел силаған.
Жетпедің қадіріне, не қылайын.
«Нәсілім Қожадан» деп мақтанасың.
Әкеден нашар туған «Кенжетайым».
Әруаққа ит қосады жаман бала,
Күйеужан, бір азырақ етсең пайым.
«Күйеу ит қайын-жұрт» деген қайда,
Білмесең сені айыпқа бұйырмаймын.
Сұрайсың біле тұра барлығын да,
Бар ма екен, сенен өткен үміттайым,
Кенжеқожа:
Бармақбай сенің неден сөзің өткен,
Бар ма екен сенен өткен үміттайым.
Жазғаным, алғаным ба қарындасыңды,
Күйеу боп, сіздерге мен, былтыр көктем.
Қартайып ала қойғын бауырыңды
Сол болса, маған сенен артық өткен.
Орнынан қозғалмайтын сен бір түйе.
Секілді шаңлақтауға күлге шөккен.
«Ауылымда алғашқысы» деген рас,
Ала бер, қарындасты тисе бөксең.
Кездестің жақсы жерде құдай оңдап,
Айта алмай жүруші едім, мен де көптен.
Жеңгеміз екеу болсын үйіңдегі,
Нәресте әжеп емес, туып берсе.
Аяқтың ұшынан сен жүгірерсің.
Қуанып, жерге тимей басқан өкшең,
Бармақ:
Қожеке, басынан-ақ болдың зерек,
Күнәлі қайбар сөздер неге керек?
Көз көрген, құлақ естіп, болған істі
Мендағы көп алдында айтқым келед
Үстінде сартша шапан қырықпа сақал,
Сендер ғой қарындасын жағалайтын.
Елімнің мен таңдаулы ақынымын,
Мен емес, жаман сөзбен қаралайтын.
Қазақта қарындасын қатты силар,
Қожа емес бауырласқа қарамайтын.
Жасыңнан сауда істеген адам едің,
Есепке жүйрік едің жаңылмайтын,
Қожаке не себептен сөзің кесек,
Алдында жақсылардың бергің есеп.
Әзәзіл азғыруға адамдарды.
Шеберсің шағыстырып, айтуға өсек.
Қатасы болмас еді бұл сөзімнің,
Атыңды Қожа демей, шайтан десек.
Бауырың қатын қылған қожа-төре,
Әдетің басынан-ақ шынға келсек.
Ит сегіз таспадағы адалдан аз,
Қожа да көп емес қой, көз жіберсек.
Қожа сен жөніңе кел асқақтамай,
Сөзге сөз табылады айта берсек.
Кенжеқожа:
Нәсілім Қожалардан әулие өткен,
Әулие болғандықтан ел тәу еткен.
Ұрпағы Қорасанның мен боламын,
Секілді бейбақ қатын алма беттен.
Сарт дейсің, қарға дейсің, төбет дейсің,
Есуас адам едің, сен бір неткен.
Әруақты адамдарға ті тигізбей,
Арам ой, қара сана, қайт ниеттен!
Қорасан қожалардың тұқымы едім,
Сүре айтқан, құран кітап, әптиектен.
Сартпысың, сауанбысың деген сөзің,
Қадалды шаншубай боп нақ бүйректен.
Естіген бұрын-соңды сөзім емес,
Руым таралады ақ сүйектен.
Баланы сүндеттесем мұсылмандық.
Әуелде осылай деп баста үйреткен.
Белгісі кесілмесе кәпірліктің.
Жүрерсің кісідей боп, қап сүйреткен.
Мен істің қашан болса ағын айтап,
Әділдік не боламын, жолдан тайсам?
Қайнаға, қалай десең, солай дегің.
Болмайды қанша айтсаң да, Қожа сайтан.
Қожадан сайтан қашып алыс жүрер.
Байлайтын дұғасы бар соны байқап,
Өзің де жын боларсың дұғаласам,
Шақырып шын-періні қолым жайсам,
Онан да жүре бергің осы бетте,
Көрмейсің жын болған соң мұндай майқан.
Бармақ:
Дулаттың мен ақыны – атым Бармақ,
Талмайтын, шаршамайтын мен бір саңлақ.
Болған соң өзім жүйрік, өзім шешен,
Ішінде қалың Дулат жүрген сарнап,
Тұсында не сұлудың жиын-тойда
Ән салып, өлең аттым, құсша сайрап,
Жүйрікті топтан оөған ақындардан,
Әрқашан ел аңыз ғып ауызға алмақ.
Айттырған дуан топта маған өлең,
Ішінен көп ақынның мені таңдап,
Тиімді өлең айттым өздеріңе,
Әркімнің лайықты бойына арнап.
Кісіні кісілікті айуан деме,
Әруаққа шет боласың құдай қарғап,
Сартпысың қожамысың, құдай білсін,
Аралап ел ішінде жүрсің зарлап
Жансақтап жаның үшін күн көруге,
Жүргенің біруеді алдап, біреуді арбап,
Иманын айтамын деп өлгендердің
Қой-қозы жиып алып,жүрсің жалмап.
Баяндыбаянды тұрағың жоқ Қожа екенсің,
Дөңгелеп ұшып жүрген сен бір қанбақ.
Жерінде тұрар едің туып-өскен,
Ауырлап қанбақ болмай, болса салмақ.
Мен теке, ит емеспін, ей жарымее,
Адамды айуаннан есті айырмақ.
Орынды орынсызын айтылғанның.
Әзірге мына отырған көп аңғармақ.
Кенжеқожа:
Халықтың мастанбайық дәулетіне,
Жоқтың тағы қалмай әуресіне.
Дастархан қайта толып тағамдарға.
Адамның ырзық-нәсіп нәубетіне.
Болмайды ел Қожасыз әуел бастан.
Келіскен лайықты сәулетіне.
Кетер еді ел бұзылып, Қожа жоқта,
Жаңылып айтар аят тәубесіне.
Күнәхар болып жүрме, ей пәтшасар.
Қожаның тіл тигізіп әулетіме
Бармақ:
Елімде шайқап жүрдің, дәмін татып,
Ән салып өлең айтып, асқақтатып,
Осылай тамашалап жүрген батыр
Неліктен екі-үш рет кеттің қашып?
Жылт етіп кеп қаласың бір уақытта,
Қол беріп, көп ішінде амандасып.
Мен білем, сен Қожаға ұқсамайсың.
Жүрме сен Қожамын деп атын сатып,
Мінекей, тағы келіп отырғаның.
Айтысып, қайнағаңмен жағаласып,
Сөзіңді бұдан былай естімейін,
Сөйлеген Қожамын деп, асып-тасып.
Мен айтпай, өзің айтқың, көп алдында,
Істедің соңғы кезде қандай нәсіп?
Естімей ұзынқұлақ, көз көрген жоқ,
Болыпты жесір қатын саған нәсіп,
Кенжеқожа:
Мен Қожа елдің ішін аралаған,
Жын-шайтан елден қуып тазалаған,
Жүрмесе Қожа аралап, елдің ішін
Жын-пері сендейлерді жағалаған.
Халық үшін, сауап үшін мен келемін,
Жолымен атам салған саралаған.
Талайды жазып жүрмін дұғаменен,
Мұнымды көре алмайды- надан адам.
Апардым әулиеге Түркістанға,
Сол болса сұрағаның батадан,
Әдеті пасықтардың қашан болса,
Көре алмай адал істі табалаған.
Опасыз адамдар көп дүниеде
Біреуге қылмыс істен паналаған.
Адамның ақыл-ойы бірдей емес,
Дүние-ай, әртүрлі әркім шамалаған,
Жақсылар, осыменен доғарайық,
Өт-кеш, қате болса, жамағайын.
Айтысып талай сөзге барып қалдық,
Мінекей, не істесең де Қожа дайын
Сәлем айт, жақсыларға аты аталған,
Кешірсін, әзіл сөзді барлық қайын,
Бәрі де жақсы адамдар ел басқарған,
Білетін әуелдей-ақ Қожа жайын,
Таз дедім, қисық дедім, қортық дедім,
Кешіргің, бәрін де айналайын,
Дулаттың қасиетті ұрпағы еді,
Жамандап оларды мен не қылайын,
Наз қылып айта салдым күйеулікпен
Бәріне мен кішіріп бағынайын.
Кездесу бола жатыр тірі жүрсек,
Ағызып айтысармыз тілдің майын.
Қайнаға, сен де кештін қате сөзді.
Жеріңнен кеуілдегі табылайын.
Ғафу ет, бұрынғы өткен бабаларым,
Сиынып әруағыңа бағынайын.
Бармақ:
Жақсылар, біз айтыстық сіздер үшін,
Қожа күнде айтысып жүрген кісім.
Айтылды талай сөздер жанға батыр,
Кешіргің артық сөзді үлкен-кіші,
Қу Қожа, күйеу Қожа, сен де абайлап,
Айтылған орныменен сөзге түсін.
Аузыңа келген сөзді қайырмадың.
Бармақты бұдан бұрын көрмеппісің.
Айтыстық талай рет сеніменен,
Әр жерде-ақ қайнағаның көрдің күшін.
Сау болсақ айтысармыз түсіндің ғой.
Байқап, тартып айтарсың ендігісін.
Сағынып қалған екен айтысқанды,
Көп сынап, байқап отыр орындысын.
Кейбіреу ұғып алды, жақсы тыңдап,
Керекті өз ойына қонымдысың
Осымен мен де айтысты тоқтатамын,
Ел айтсын, кім жеңгенін, қорытындысын.
Қылышбай Ержанұлы
Қылышбай 1851 жылы Әулиеата уезінің Аққолтық бойындағы № 12 ауылында(қазіргі Мойынқұм ауылындағы Фурманов атындағы совхозда) кедей- шаруа семьясында туған. Руы – Қоралас, оның ішінде Қарақойлы әулетінен. Әкесі Ержан еті тірі, беделді болған. Ержан Қылышбай жеті жасқа келгенде қайтыс болады. Алғаш Қылышбай ауылда аталас ағайыны Оңғарбай деген молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Бұдан соң Бұхарада діни мектепте оқып, «Қылышбай молда» атанған. Қылышбай өткір өлеңдерімен, нақыл сөздерімен, айтыс жырларымен Шу, Талас өңіріне белгілі болған адам. Жас кезінде қисса- дастандарды көп оқыған, Қылышбай осы өңірдегі Сауытбек, Қожантай, Өзбек, Балқыбек, Жидебай тағы басқа ақындармен қатар жасап, ақындық сайысқа да түсіп отырған. Аққолтық болысындағы Қаработа баласы Байқұлы той-жиындарға қасында қандырмай ертіп жүрген. Жыр алыбы Жамбыл да Қылышбай өнеріне үлкен баға берген. Өзінің «Өсиеті» деген өлеңінде:
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұсқасы келінген.
Дос- жаранға, кемтарға,
Қайырлы болсын делінген,- деген
Қылышбай атқа сыншыл, саяткер, бойы ортадан төмен, бетінде шешектен қалған дағы бар, май мұрынды, қой көзді сары кісі екен. Қылышбайдың ел аузында сақталған терме, жырлары, нақыл, әзіл сөздері мол, бірақ ол аз жиналған, Солардың ішінде «Сыпыр терме». «Сыйқым Мырзаш қызбен қағысуы». «Байқұл болысқа», «Әтейге», «Келіншекке берген бата», «Өсиет терме». «Кәрілік», «Шойжанға айтқан жоқтауы» тағы басқа өлеңдері әзіл- күлкі, сықаққа, пәлсафалық ойға құрылған. Қылышбай 1926 жылы қазан айында өзі туған өңірінің Байсүгір деген жерінде қайтыс болған, бейіті сонда. Қылышбайдан Әуесбай, Әуелбай, Кәрімберді атты үш ұлы, Ұрдана атты қызы қалған. Қазір бәрінен де ұрпақтар бар. Олар Шу ауданы мен Шу қаласында тұрады.
Қылышбайдың термелері
Бұл дүние не жақсы?
Ынтымақ ел жақсы,
Әділетті сұраған,
Кеменгер туған ер жақсы.
Онан кейін не жақсы?
Өзіңнен туған ұл жақсы,
Ұлың жақсы боп туса.
Кісілік қумақшы.
Жаман туған ұлыңнан,
Қызметі артық құл жақсы,
Балаң адал тумақшы,
Адал туған балаңнан,
Көңілің өсіп тұрмақшы.
Құдай қосқан адал жар,
Мүлкіңе болар жинақшы.
Бұл айтылған табылса.
Жалғаннан көңілің тыңбақшы.
Жаман болса алғаның,
Одан гөрі күң жақсы,
Жақсыменен сөйлесі,
Ашылған көңіл, гүл жақсы,
Көңіліңнің гүл сынбақшы.
Жалғанның ісін не дейміз,
Жаман болған демейміз.
Көргенсіздің қызының
Және де бір ісіп айтайын:
Мейман келсе тырқылдап,
Күлекеш болар жырқылдап,
Сыбыр-сыбыр көп болар,
Екеуара тың тыңдап.
Мазаңды алып отырар,
От басында қыңқылдап,
Жұдырықпен бір ұрсаң,
«Жүрегім, ойбай, өлдім»-деп,
Құдай нетер ыңқылдап.
Бір мінезі тағы бар,
Айтайын мұны тұр тыңдап:
«Не болды»-деп беліме,
Білмегенге айтқан сөз,
Құлағынан аққандай,
Айдалаға кетеді,
Тасқа қылыш шапқандай.
Ойлап қара, жақсылар,
Затсыз қандай, зат қандай?
Заты жоққа айтқан сөз.
«Жағады» - деп желіме.
Көп ішеді тамақты,
Ұялмай жейді сылпылдап.
Тойып алып тамаққа,
Бас көтермей ұйқыдан,
Мазаңды алар тұр – тұрлап,
Ондай жаман әйелден.
Туған бала не болар,
Сөз сөйлесе мыңқылдап.
Жөн – жорықты білмейді.
Мас кісідей былқылдап.
Бір сөз айтсаң «балам»- деп.
«не керек ол, маған» - деп.
Шешесімен қосылып,
Ашу қылар бұрқылдап.
Іздегені ұрыс боп.
Мойыны жаман құрыс боп,
Ертелі – кеш тоңқылдап,
«Маңдайдағы барым» деп.
«Неге бұған сөйлейсің,
Оңбайсың – ау, шалым» - деп
Бір жағынан шешесі
О да шығар сұңқылдап.
Көргені жоқ бұл әйел,
Әдепті үлгі ұқпаған.
Кісілікті тұтпаған.
Шажбаңдап беттен алады,
Ұялып ерден бұқпаған.
Ері келсе даладан.
Қарайып алдынан шықпаған.
Жауып қойып түңлігін.
Бас көтермей ұйықтаған.
Тамақ келсе алдына,
Толтырып ауызын ұртаған.
Аяғын басса іркілдеп,
«Әдіре қал, шіркін» - дер,
Бар өнері мықтаған.
Қылышбай ақыл тастады
Артына қалды дастаны.
Қашықта емес адамның.
Қасында жүр қастары
Есекке жүк артқандай.
Жақсыдан жаның жадырар.
Күн шығып таң атқандай.
Ақылдылар, мұны біл,
Иә, мерт қандай, мәрт қандай?
Дүниедене артып бей опа,
Айта берсек болармыз,
Нәпсімізге тартқандай.
Шекер қандай, бал қандай?
Бірі болса, бірі жоьқ.
Жарлы қандай, бай қандай?
Парасаты болмаса.
Тілі майда жігітке,
Қай аты бар нанғандай.
Көрінеді қарасақ.
Біреуге біреу армандай.
Не сұңқарлар қанатын.
Болды өсіріп жайғандай,
Дүниенің қалай өткенін,
Барамыз біліп аңғармай.
Бұрынғының бірі жоқ.
Бірде – бір келген түрі жрқ.
О, дариға жақсылар,
Заман қандай, заң қандай?
Ғибрат еткен құлақтың,
Құрышы бір қанғандай,
Әдеп, үлгі, насихат,
Ақылға нақыш салғандай.
Бұл заманның адамын.
Кезің көріп айтпаймын,
Жақсы деп несін мақтаймын.
Жалған айтып жатпаса,
Жаманның сөзін көп десе,
Ілім менен білімге
Бойлап ойы кетпесе,
Жақсылығы қайда бар,
Еліне қызмет етпесе.
Оның арты жақсы емес,
Дүниенің қайсы бір
Қызығын көріп өтпесе.
Намысын ойлап халқының
Адал бір еңбек етпесе.
Анық жақсы сол болар
Білмегенге білдіріп.
Тұрақсыз жанған дүние,
Ерлердің көңілін шат қылдың.
Топан суға алдырып,
Нұқтың көңілін паш қылдың.
Жүгірген аң, ұшқан құс,
Төрт түлік мал жаратып,
Адамзаттың өмірін
Кәрі менен жас қылдың.
Мұсылман ғып, кәпір ғып.
Бір-біріне қас қылдың
Бір құдайға құл қылып,
Мұхамметке үмбет қып,
Орала заман міндет қып,
Құранына бас ұрдың,
Әдеппен айтып, сөкпесе.
Байдың несін мақтаймыз?
Қайыры тегіс болмаса,
Жемісі жоқ дарақтай,
Көтеріліп бойласа.
Бір көрмей адамды,
Жарлыны күліп қорласа.
Қай жерінің байлығы,
Бес кісі басы бірігіп,
Ішіп-жеп қарны тоймаса.
Әні байдың белгісі –
Жаяуды көріп ат берсе,
Жарлыны көріп қорғаса,
Оны істеген байларды
Рахмет айтып сыртынан
Ескеріп бұлар ойласа.
Бұл санамның адамын
Ескермесе есіне,
Соны дейміз несіне?
Сұрағанды бермесе,
Жылағанды көрмесе,
Қасиеті бола ма,
Жігітке бақ қона ма?
Алдына адам келмесе,
Болыстықтан пайда жоқ,
Әділетті сүймесе.
Қаріп мүскін, пақырға
Көзінің қырын салмаса.
Ақырына бір зауал
Жетім-жесір зарланып,
Үйде отырып қарғаса.
Шешендіктен пайда жоқ.
Артыңа сөз қалмаса.
Босқа ерліктен пайда жоқ,
Қалың бір топ қақ жарып,
Еліне пана болмаса! ***
Саламат жаның сау болса,
Салтанат түзе сәнменен,
Мал жинамақ боларсыз,
Жанға зауал келгенде,
Кімдер жанын қимаған,
Малы түгіл баласын.
Басында бақыт тұрғанда,
Білмесеңде данасың,
Басыңнан бақыт кеткенде
Ақ та болсаң қарасың.
Дүние сөзін сұлулап,
Тіліңмен орақ орасың.
Мәжіліске мас болып,
Жастық шақта білмеппін
Осылардың арасын,
Ауру көңілін кім ашар?
Хал сұраған тең ашар,
Қайғылы ердің шерлерін
Әлдилеп сүйген бала ашар.
Басыңа қонған бақ ашар.
Бәрі алланың әмірі,
Сабырлық еткен жарасар.
Дүние, қашқан түлкі сықылдандың,
Не боп кетті, ахуалы мұсылманның.
Сайда саны, құмда ізі болмай кетті,
Бірнеше қыздар шалған тұқымдардың.
Бай да өткен, батыр да өткен,
Пысықта өткен,
Құдайым әр пендесін қысып та өткен.
Көргем жоқ бұл дүниеде тату жанды,
Аңдысып мысық пен тышқан да өткен. ***
Көлге үйренген қоңыр қаз,
Шөл қадірін не білсін?
Шөлге үйренген бұлдырым,
Көл қадірін не білсін?
Қолыма күміс түспеген,
Алтынды көрсе мыс деген.
Жез қадірін не білсін?
Атасы топқа бармаған,
Сөзге құлақ салмаған,
Менменсіген жігіттер.
Ел қадірін не білсін?
Ғаріптерге қарайлас
Адам бір көшпен керуен,
Құрармыз аз күн серуен.
Керуендей көш тартып,
Асармыз бір күн белінен.
Адал жүріп бірлікте
Айрылмайық сенімнен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ.
Қауып етіңдер елімнен.
Қол қайырың болмаса.
Не әкетесің өмірден,
Өлмей тұрып киіп-іш,
Мініп жорға, сұлу құш.
Ғаріптерге қарайлас.
Өлгеннен кейіп не керек,
Алтын мен күміс зеріңнен?
Не жандар өткен байлықпен,
Өтірік сөз зорлықпен.
Жаһанға малы сия алмай,
Кемтарларға қия алмай,
Тұтыларсың бір күні,
Малтыққан қарға қояндай,
Иманы таза болмайды,
Қанаудан ниет тазармай.
Өлімге қозің жетсе де,
Жақсылыққа бой ұрмай,
Ақыры бір күн өтерсің
Үзіліп сонда кетерсің.
Ішпей-жемей жинағың,
Артыңда қалар бір күні,
Сол кезде сорлы-ау, қайтерсің?
Ақыл-нақыл термесі
Ал отырған халайық,
Тыңдап құлақ салайық.
Жақсы мекен жаманды,
Термелесең азырақ.
Үлкен-кіші бұл жерде
Тыңдап құлақ асырмақ.
Жақсыда да, жасқы бар,
Ақылы дария шалқыған,
Өміріңде айрылмас,
Адамдықтың салтынан.
Көрмей құмар боларсың,
Естіп оның даңқынан.
Айтқан сөзін естісең
Денең сүйіп балқыған.
Азғырса да айнымас,
Өзі туған халқынан,
Мұндай жақсы кез болса,
Жел жақтағы панаң ғой,
Есіркеп, аялап қарайтын,
Адал туған анаң ғой.
Қайсы бірі адамның,
Сұр жыландай ысқырған.
Түріне қарай сөзіңді
Артыңа пішту қыстырған.
Кейбіреуін қарасаң
Өзінің қамын ойлаған.
Қанша пайда көрсе де
Дүниеге көзі тоймаған.
Қайсы бірі адамның
Ұстатпайды жылпылдап.
Су ішіндегі балықтай,
Қолға тұрмас бұлтылдап.
Оңғақ болу сықылды,
Сұр-сипаты жылтылдап.
Найзаның ұшы көрінер
Аңдағайға қылтылдап.
Қайыра сөз сөйлесең
Түсі оның бұзылар.
Сақтанбасаң ондайдан
Боран тұтар бұрқылдап.
Мақал да бар ойлаңыз –
Тамшылар теңіз құралар.
Миллиондаған сандар да
Бірден бастап саналар,
Жақсылыққа тасыма,
Жамандыққа жасыма.
Жанды болып туған соң
Әр түсер басыңа.
Арыңды сатып пайдаға,
Ілініп жүрме найзаға.
Ойланбай сөз сөйлеме,
Оңай деп отпен ойнама.
Ана тілін алмаған
Өмір бойы оңа ма?
Жақсылық пен жамандық
Тартысып мәңгі қоймайды,
Қанағатсыз адамның
Байлыққа көзі тоймайды.
Бойға сіңсе жамандық
Орға жықпай қоймайды.
Әдет қылған ондайды,
Оңдырмайды, оңбайды.
Ақылы кәміл адамдар,
Келешегін ойлайды.
Адамдықтың белгісі –
Ар-ұятын сақтаған.
Жамандықтан аулақ боп,
Жақсылықты жақтаған.
Жақсылық қылсаң адамға,
Адамдық атым ақтадың.
Ерік берсең нәпсіге
Аяққа арды таптадың,
Құрмет ету үлкенге
Жарасады адамға.
Айтқан ақыл қоймайды.
Тәкәппар ақымақ, наданға.
Бақ пен дәулет көшпелі
Өмір бойы тұру жоқ.
Ақыл, сабыр, қанағат
Бітпес дәулет, құру жоқ.
Өзімшіл болма өзгеше
Өз пайдаңа құмарпаз.
Күнделікке қызығып,
Арыңды сатып, болма мәз.
Ғылым үйрен жасыңда,
Жастық тұрмас басыңда.
Надан қалып оқымай,
Қартайған соң жасыма.
Ақымақтың ақымағы
Ісі өткен соң өкінер.
Қасқыр қойын жеген соң
Сақтық қылып бекінер.
Ерінбегің енбекке
Еңбектен жеміс көрмекте.
Надандардан аулақ бол,
Жақсылыққа елікте.
Осындай болса жолдасың,
Басыңа бақыт қондырар.
Егер мұндай болмаса,
Жаз шілдесі тоңдырар.
Жан иесі болған соң
Ішпей-жемей тоя ма?
Алашағы бар адам
Алмай разы бола ма?
Бойға біткен жанамдық
Өз-өзінен қала ма?
Біреуде болса жақсылық
Елін көпке баулиды.
Пайдасы көпке тиген соң
Халқы сүйіп силайды.
Пиғылы жаман адамға
Дауа да жоқ, айла жоқ.
Сапасы жоқ болған соң,
Саны көптен не пайда?
Ақылменен айрылар,
Адам мен малдың арасы.
Нәпсіге ерік береді,
Кей адамның баласы,
Залалдан басқа келтірмес,
Ондайдың өшсін қарасы.
Бұтасыз таудың болмайды,
Дауыл соқса панасы.
Көкіректен кетпейді
Жаман сөздің жарасы.
Жақсы болса әйелің
Басыңа бақыт қондырар.
Жаман болса әйелің,
Жас гүліңді солдырар,
Жақсы болса ұл-қызың
Жанып тұрған шырағың.
Жаман болса ұл-қызың,
Шағып алар жыланың.
Кұшың жетіп, тегі бір
Жеңе алмайтын жауын ғой.
Өнер, ғылым дегендер
Суалмайтын сауын ғой.
Сеніскен сырлас досың да
Бір туысқан бауыр ғой.
Өзімшіл болса туыс, дос
Ол білдірмес жауың ғой.
Ардақтатар адамды
Адалдық шындық, жомарттық.
Арзандатар адамды
Өтірік, құлық, сараңдық.
Қанағат қылу адамның
Қасиетті азығы.
Тату әйел, ер адам
От басының қазығы.
Тауып айтқан тура сөз –
Дәлдеп айтқан оқпен тең.
Сырттан айтқан өтірік сөз
Басып алған шоқпен тең.
Қарт айнаға қараса,
Өзінен жеңілі қалады.
Тоналған түрін көрген соң,
Жастықты еске алады.
Арманы көп, дәрмен жоқ
Уәйімі артады.
Оқсыз мылтық секілді
Құр көнілі тартады.
Адамды сынап болмайды,
Түрі менен түсінен.
Өзінен өзі білінер,
Сөйлеген сөз бен ісінен
Оңбайтынның белгісі
Орынсыз кетер тапқаны.
Басыңа аз пайдасы,
Далаға отты жаққаны.
Ақылдыға бақ қонса,
Көбейтеді достарын.
Ақылсызға бақ қонса,
Қас қылады дос-жарын,
Ашық қабақ, жылы сөз
Сүйгендікті сездірер,
Тұйық қабақ, қанқу сөз
Ұрыспай-ақ сөздірер.
Қанағат, сабыр болмаса.
Ақылдыдан не пайда?
Ақымақтыққа салынса.
Ешбір қылар жоқ айла.
Кәміл адам болмаса,
Өте қиын бір іс қой.
Кәміл адам табылса,
Көшке біткен ырыс қой.
Бақ пен дәулет қонғанның
Барлық ісі дұрыс қой.
Бақ пен дәулет қонбаса,
Дұрыс та болса, бұрыс қой.
Ұқпасқа айтқан әр сөзің –
Суға сызған сызықтай.
Ақымаққа айтқан ақылың –
Құмға қаққан қазықтай.
х х х
Еңбек қылсаң ерінбей,
Мақсатыңа жетесің.
Жамандық қылсаң жерімай,
Су түбіне кетесің.
Көркейтетін тұрмысты.-
Ғылым, өнер, әділдік.
Өркендетпей өшірер
Өзімшілдік, залымдық.
Опасыз болса жолдасың.
Достығы бармас ұзаққа
Басыңа аз пайдасы,
Түсіреді тұзаққа.
Бар ақылы көзінде,
Негізі жоқ сөзінде,
Аузымен орақ орады,
Аулақ бол аман кезінде.
Әр жерде болар ардақты –
Жақсы адамның мінезі.
Адал жүрек, ақ ниет
Арамдықты сүймейді,.
Пайда алуға құмар боп,
Жұла тартып жемейді.
Өтірік, қулық мінез жоқ,
Туралықты жақтайды,
Қызықпайды пайдаға,
Адамдық атын ақтайды.
Әділетті, турашыл,
Жалпы жұрт оны мақтайды.
Бақ-дәулетке таспайды,
Қайғы келсе саспайды.
Қалың дұшпан қамаса,
Ақылмен өзін ұстайды.
Бәрі гауһар болмады.
Қола да бір, мыс та бір.
Арзанды қымбат ететін,
Түрлі-түрлі тас та бар,
Жастық дәуір белгісі,
Қорғасындай балқытар,
Ағын судай толқытар,
Ауыздықсыз асаудай,
Алып қашып қорқытар.
Барды-жоқты ойлатпай
Бір-ақ күнде тойғызар.
Ойламасаң ертеңді,
Басыңа түсер қайғы-зар.
Тәрбиеші әуелі,
Өзіне қарау дұрыс қой.
Айта берсең термені,
Жүрек қылы шертеді.
Азды-көпті осымен,
Аяқтасам қайтеді.
Х Х Х
Алдымен керек нәрсе білім деген,
Білімсіз ел санатқа ілінбеген..
Екінші, елден таңдап бір сұлу ал,
Қиғаш қас, оймақ ауыз күлімдеген.
Үшіншіді, елден таңдап бір жүйрік мін,
Шапса да қазған орға сүрінбеген.
Төртінші, елден таңдап бір кездік ал,
Алмастай кескендігі білінбеген,
Алтыншы, жас шағыңда күліп-ойна,
Бір күні шал боларсың дірілген.
Жау алса егер батырларды,
Менменсіген кезде алар.
Мықтымын деп тұрғанда,
Ажалына кез болар.
Жау алса егер ақындарды.
Ойға шомған кезде алар.
Жағын сүйеп тас боп қатып,
Көңіл күйі қозғалар.
Жау алса егер ғашықтарды,
Жолығысқан кезде алар.
Бар әлемді ұмытады.
Махаббаттан өзге алар,
Жау алса егер жалқауларды,
Жатып ішкен кезде алар,
Ретсіз жеп тойғаннан,
Шамасы жоқ қозғалар.
Жау алса егер сараңдарды,
Жылу жиған кезде алар.
Дәнеңені ойламайды,
Дүниенеден өзге олар.
Жау алса егер жомарттарды,
Құр алақан кезде алар.
Артық дәулет жинамайды.
Ал дегеннен өзге алар.
Келіншекке берген бата
Ертеде Берік атты 70 жастағы шал бір кедейдің он жеті жасар қызын малға жығып, тоқалдыққа алады. Ақын Қылышбай жолаушылап келе жатып, байдың үйіне түседі. Үй ішінің жанжалы үстіне тап болады. Кешкі қонақасыда бай кіші әйеліне ақын Қылышбайдан бата сұратады. Сонда Қылышбайдың берген батасы:
Қонуға жетер жерді бекет деген,
Айтылса, іштегі шер кетед деген.
Дариға-ай, жоқшылықтың қасіреті,
Қу дүние жас өмірді жетектеген.
Тұла бойы арсиған шалға барып,
Көп болды- ау хор қыздары секектеген.
Мал тұяғын қырық жетіге іліктіріп,
Құны осы деп, қыздарды есептеген.
Болады жас пен кәрі қалай тату?
Берсе де қанша пұлды кесектеген.
Махаббат жоқ олардың арасында,
Қыз сорлы күйеуінен безектеген.
Сапсиған сақалы бар шалға тиіп,
Тағы бар қыз сорлыға өсек деген.
Арасы шал мен қыздың жер мен көктей,
Жарай ма, махаббатсыз төсек деген.
Ол өмір өмір емес қара түндей,
Қозыдай тентек болған кекектеген.
Одан да теңін тауып тегін қосыл.
Бір күн өмір сүрсең де жетед деген.
Үйіңе келіп қалды ақын Қылыш,
Берік бай, тілімді алған болар дұрыс.
Шеңгел де гүлін шашар ағашпын деп,
Тораңғыл секілденіп іші қуыс.
Қойныңа паналапты бір балапан,
Жазылсын жаның ашып, сіздің уыс.
Бір жылғы қасқыр жеген малың шығар,
Үйіңе қоя берсең болар дұрыс...
Бай жер шұқып отырып қалады. Байдың бәйбішесі Жұмакүл есті адам болса керек. Табан астында: «Атың Қылышбай екен, сөзің қылыштай екен, берген батаң қабыл болсын»- деп кесімін айтады. Сөйтіп, ақын Қылышбай жас қыздың басына бостандық әперіп, келесі күні ауылына жүріп кетеді.
Тапқырлық Байболат болыс қарамағына мықты жігіттерді ұйымдастырып, ұрлық жасауды әдетке айналдырса керек. Олардың әкелген малың «өзімдікі» деп, артынан келген қуғыншыларға теңдік бермей қойыпты. Бір жолы ұрылар Қылышбайдың ауылының бас байталын, алып кетіпті. Ауыл адамдары өз қолдарынан келмейтіндігін түсініп, болысқа Қылышбайды жұмсайды.Болыс ауылына келгеннен кейін ол бір-екі айдай шамасында қонақ болып, бір күні болысқа:
- Бәрінен де зеріктім. Енді еліме қайтамын ,- деп хабар береді.
Сонда Байболат болыс:
- Бұйымтайыңызды айтпайсыз ба?-депті. Осыған орай, Қылышбайдың айтқаны:
Жоқтап келдім қуалап,
Бес байталдың артынан,
Талай қылып, сұрау сап,
Көкірек, Сәмбет халқынан,
Ісім бітсе – не арман,
Әділеттің салтымен,
Жатып қалдым көп уақыт,
Қу дүниенің зарқымен.
Білетін ерлер депкелдім,
Айтылған сөздің нарқын мен
Шыныда жылқым сіздерде,
Ылайықсыз сөз болар,
Құр көлденең артылған.
Әділетті болысым,
Бізден алған бесі басты,
Олжаңызға көретін.
Бейілің жоқ тартылған.
Қандай жауап айтамын,
Бес байталмен қосыла,
Жоғалып кетті Қылышбай,-
Деп іздесе артымнан,- депті.
Сөзге тоқтаған болыс Қылышбайға ат мінгізіп, шапан жауап, ұрланған малдарын түгел қайтарыпты.
Байқұл болысқа От ауызды, орақ тілді Қылышбай бір аста өз нөқерлерімен отырған Байқұл болыстың үстіне кіре қалыпты. Болыстың шаш-бауын көтеріп, сөзін сөйлеп отырған қожа-молдалар және сопыларқағыта берген соң былай депті:
Кедей менен нашарды,
Ескермесе есіне,
Болыс дейміз несіне?
Сұрағанын бермесе,
Жылағанды көрмесе,
Әжетіне жарамай.
Жоқтан жаман терлесе,
Қасиеті бола ма?
Жігітке бақыт қона ма?
Алдына адам келмесе,
Молдалықтан не пайда?
Өзі біліп жазбаса,
Ілім қайдан табылар,
Инемен құдық қазбаса?
Шариғатқа тік тұрып,
Жамандық іске азбаса,
Сопылықтан пайда жоқ,
Пірінен бата алмаса,
Адамдарды алдаса,
Өтірікті көп айтып,
Бірді-бірге жалғаса,
Сөзіне адам нанбаса,
Оның аты сопы емес,
Ол бір жүрген далбаса.
Кедей менен нашардың,
Алдына тамақ бермесе,
Асың қабыл болмайды,
Үстіне етін салмаса.
Жегенді құсып жүрмеңдер,
Жетім-жесір зарланып,
Үйде отырып қарғаса,-
Қылышбайдың осы сөзінен кейін олар алдарыңда тұрған жал-жаяны жеуге ұялып, барлығы кейін сырға бастапты. Осыны байқаған ақын одан сайын өрши түсіпті.
Адалдық істеп, залал тап, Пайдасын ақыр көрерсің.
Арамдық істеп, пайда тап,
Мәңгі сапар алдыңда,
Ризық-несібең біткен соң,
Керуендей көшіп жөнерсің,
Арыстандай ақырып,
Жүрсең де бір күн шөгерсіің.
Өлмеймін деме өлерсің,
Табиғаттың ісіне,
Қалада болсаң көнерсің,
Осы астың ақысын,
Жемесең де төлерсің,-депті.
Әбден лажы құрыған Байқұл болыс пен қожа-молда, сопылар ат-шапан айыбын төлеп, Қылышбайдан әзер құтылыпты.
Бата Байболат болыстың інісі Өмірбай үйіне Қылышбайды шақырыпты. Үй иесі қотыр лақты соймақшы болып, бой жеткен қызы Қалышқа бата сұратады. Сондағы Қылышбайдың берген батасы:
Аумин дедім лаққа,
Жетелеген шыраққа.
Әркімнің жаны өзіне,
Лақ тұр жылап та.
Лақтың ащы дауысы,
Өтіп кетті құлаққа.
Айтқанымды істесең,
Дабысы кетсін жыраққа-
Бір семіз тай құлат та,
Түк таппасаң, қозы сой,
Әйтеуір, лақты жылатпа.
Бұдан соң, Өмірбай сынамаққа кескек байланған қой әкеліпті. Қылышбай оған былай деп бата беріпті:
Берейін бата Қалышқа,
Өмір жасы ұзақ боп.
Дабысың жетсін алысқа,
Ебін тауып ойнап-күл,
Қатарыңнан қалыспа.
Мейманға мерген қой сойып,
Тие берме намысқа.
Мына берген бата үшін.
Ағаңызға ұрыспа.
Үйір болма, шырағым,
Абырой бермес жұмысқа,- дегенде қыз қойды тастай қашыпты.
Қылышбайдың көңіл айтуы.
Қылышбай жалғыз баласы қайтыс болған ағайындас Есберген дегенге кезінде көңіл айтуға реті келмей, бір күні Әулиеатаға бар жатып, Талас өзенінің өткелінің басында Есбергеннің көшіне кездесіп қалады. Кінәсі ойына түсіп, ұялғанынан Қылышбай табан астында:
Ассалаумағалейкүм, Есеке! Бұл өткел еді.
Өткелден әркімдер-ақ өткен еді.
Дүние біреуге ерте, біреуге кеш,
Арт жағын құдай өзі жеткереді,- деген екен.
Дуалы ауыз Қылышбайдың айтқаны келіп, Есбергеннің әйелі көп ұзамай ұл туыпты. Кейіннен де арты жаман болмай, өсіп-өнген екен.
ҚЫЛЫШБАЙДЫҢ ЖІГІТЕК АҚЫНМЕН ҚАҒЫСУЫ
Қылышбай Бестерек руынан датқа болған Райымбек деген кісінің үйінде отырады. Ол осында атағы елге жайылған ақын, тапқыр жас Жігітектің келе жатқанын естиді. Ал Қылышбай болса «Жігітекпен бір кездессем» деп жүреді екен. Жігітек Райымбек датқамен рулас болса керек. Үйге кіре берген Жігітектің сәлемін алмастан, оны сынайын деген оймен Қылышбай:
Райымбек Бестеректе ұлық датқа,
Қосылар үштің бірі салтанатқа.
Осы жерін Бестеректің біз сұрайық,
Қай жерден қосылады төрт Дулатқа?- дегенде Жігітек ақын іліп әкетіп:
Құдайдың құлы,Мұхамметтің үмбетіміз,
Тарапты Бекболаттан есебіміз.
Ботбайдың Қоралас дегендей-ақ,
Қалмайды "Ноғай" деген өсегіміз-деп Қылышбайдың өзінің де аталары жөніндегі әзіл-қалжыңды алдына тартыпты.
ҚЫЛЫШБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ
Қылышбай Әулиеатаның бір шайханасында өзбек ағайындарымен дастархандас болып қалады. Сөз арасында әзіл-қалжыңды да айтылып жатады. Осы кезде көшемен үстіне топан артқан бір түйені ала қатанды, ала тақиялы біреу жетектеп бара жатса керек. Әрі түйе жүрмей,бақырып,тартыншақтай берген көрінеді.Қылышбайды сөйлету үшін өзбектің біреуі : -Қылыш әкә ! Мына қазақтың түйесі не деп барады?- депті. Сонда Қылышбай жұлып алғандай:
Үстіме батпан артпай, топан арттың,
Басымды атпен тартпай, жаяу тарттың.
Қадірімді білер еді, қайран қазақ,
Дәл әкесін ұрайын сендей "сарттың" - деп бара жатыр деген екен.
ҚЫЛЫШБАЙДЫҢ ТӨЛЕМІ
Байқұлы болыс жеті старшынымен Әулиеатаға келеді. Шабарманын Қылышбайға жіберіп: "Он төрт сом шығынын төлесін" -деп сәлемдеме айтады.Сонда Қылышбай былый деп жауап жазып жіберген екен:
Байқұлы болыс , амансыз,
Амансыз деген бұл сөзім.
Мұсылманға залалсыз,
Үш ай жаттым қалада,
Жете алмадым амалсыз.
Үстімде менің үйім жоқ,
Үйі жоқтың күйі жоқ.
Он төрт сом шығын салыпсың,
Сом тұрмақ менде тиын жоқ.
Жеті старшын елің бар,
Екі сомнан бөліп ал.
Байқұлы болыс Қылышбайға:"Шығын төлетейін деген ойым жоқ еді, көңіл-күйің қалай екен,соны білмек едім"-деп қасына алдырып, астына ат, үстіне шапан жауып,жанына ертіп жүріпті. Үлкен жолмен ауылдарына қайтады. Жолда:"Қылышбай,жол қысқарсын, әңгіме айтшы"- дейді.Сонда Қылышбай:
Бұл атқа, тесік өкпе, кім мінбеген,
Бұл жолмен кімдер кетіп, кім жүрмеген?
Құдайым кейбіреуді жабырқатып,
Басқаға кімді құдай күлдірмеген.
Кейбіреу алтын таққа ие болып,
Жоқ болған ақырында күлгірнемен.
Ілуде бір-ақ адам табылады
Өзінің аш-арығын білдірмеген.
Түлкінің қызығы көп ұстағанға,
Сұлудың арманы көп құшпағанға.
Жайыңды айтар болсаң, жайлап айтқын,
Білетін сөз мәнісін,жақсы адамға.
Арманда дүниеден білгіш те өтер,
Сөздерін ұққыза алмай еш наданға- депті.
КӘРІЛІК ТУРАЛЫ
Мен ақын атанғанмын жастайымнан,
"Ә" десем тамған өлең таңдайымнан.
Емеспін бұрынғыдай - еріншекпін,
Қалыпты өлең шығып жағдайымнан.
Сөйлесем жиын - тойда озар едім,
Әуес қып, әркімге қол созған едім.
Қасыма келіндерді ертіп алып,
Ақсүйек бірге ойнаған жазған едім.
Құдайым сөйлесін деп тілін берді,
Ауылға жиын - тойын, гүлін берді.
Кешегі жиырма - отыз тентегімде,
Ойнаушы ек құрдас қылып келіндерді.
Елудің келді жасым алтауына,
Мінездің ұшырадым жалқауына.
Келіндер бойын билеп аулақ салды,
"Кәрінің көнбейміз" - деп малтауына.
Келінмен енді әзілім жараспай тұр.
Жібектің жүн салғандай арқауына,
Елуге қарап тұрсам, түсі суық,
Алпысты алқындырып тұрмын жуық.
Үйренген жас күндегі өнеріммен,
Барады күннен-күнге көңлім суып.
Жұдырық жығылғанға деген дейін,
Қақырық кеңірдекті алды буып.
Жаманға жалпаң қылма, малы бар деп,
Есекті Сипамағын жануар деп.
Өлеңді қойдым десем жұрт нанбайды,
Қойнында өлген сарттың наны бар деп.
Жарығын қараңғының қайдан білсін,
Қадірін арғымақтың тайдан білсін.
Бұл халқым сөйле дейді молдасына,
Қылыштың қартайғанын қайдан білсін?
Қырқымда қызыл аттай қырындадым.
Жиырма, жиырма бес, отызымда,
Не сұлу, бұраң белді ырымдадым.
Айтқанмен ол дәуірім қайта келмес,
Жас келіп, бұл күнде түсімді алдың.
Келін бар, келіндерде не бір қилы,
Баз келін көтергендей тартқан сиды.
Баз келін бір тамса да тәберік деп,
«Молдакең келсін»-дейді болса күйлі.
Ризамыз ол келінге бармасақта,
Төсекте бір айқасып қалмасақта.
Айтқанмен ол заманым қайта келмес,
Болдық қой, бегімсалды болмасақ та.
«Дүниеге «Молда Қылыш» атанып ем,
Бәйге алып, жарыстарда озбасақта.
СОҢҒЫ СӨЗ
Дүние бір бәйтерек, озып біткен,
Саясын әрбір адам мекен еткен.
Түздегі саятшының қақпанындай,
Ілініп сол қақпанға азап шеккен.
Дүние көзім жетті кетеріңе,
Әуелден тәтті шырын екеніңе.
Өсиет Қылышбайдың айтқан сөзі,
Жиылған кеуіл сұрап көп еліне.
Кеселдің зәрі жаман, батты маған,
Білмеймін ақылым қанша жетеріне?
Өлмекке анық жетті санам енді,
Ойран боп бұзылып тұр қаным енді.
Жазуға қолым жылдам, кеулім жетік,
Біреуің алшы қолға қалам енді.
Жүруге ақ жолыңа жақын қалдым,
Жетпіске жасы келген бабаң енді.
Жас жетсе жол жабдығын дайындай бер,
Ажалға мойынсұнып демал енді.
Қылыштың нақыл өрер әр сөзінен,
Ойламас , білемін деп, жан ішінен.
Кейінгі артта қалған ұрпақтарым,
Сөзімнің аңғарыңдар мәнісінен.
Ел өтеді ру-ру, дүркін-дүркін,
Өтесіз кезекпенен сіз де бір күн.
Қоймайды ажал келсе бір сағатқа,
Етегі кімге опа дүние шіркін.
Құлақ салсаң жақсылар, молда Қылыш назалы,
Мәлім емес, пенденің қай қылығынан жазары.
Үш жылда бір сайланып, болмады бегім базары,
Ойлап тұрсақ үңіліп,замана теріс назары.
Аяғы мықты тұлпардың, басы қалды байланып,
Менменсіген надандар, қайғырды ішер ойланып.
Ойланады әр істі, ақ етеді қара істі,
Айлам сенен артық деп, дәулермен түлкі алысты.
Ойлап тұрсам құбылып, заман шіркін түрленді,
Атқа мінген пысықтар,жүре алмайды бір жөнді.
Кедей деп топқа алмайды, ел қыдырып білгендер
Түрткіледі пысықтар, шаруасымен жүргенді.
Адамның бәрі бірдей боп, кім көреді әділдік,
Тұлпар бол, аз бол, кедей бол,
Көре алмайды желгенді.
Орақбай Қабақұлы
Орақбай 1841 жылы Талас өзенінің бойындағы Түймекент (қазіргі Свердлов ауданындағы Буденовка селосы) деп аталатын жерде кедей шаруаның семьясында туған. Жастай әке-шешеден айырылп, жетімдіқтің тауқыметін көп көреді. Нағашы ағасының қолында жүріп, байлардың қозысын, қойып бағын күнелтеді. Көп ұзамай нағашысы да қайтыс болып мүлдем панасыз қалады. Осы бір қайғылы өмірдің өзі-ақ, зерделі баланың ақын көңілді болып қалыптасуына игі әсерін тигізсе керек. Орақбайдың бейшара халін көріп, оны аталас бір ағайыны Хантауының баурайындағы Сәмбет руының болысы Дәуітәлінің қолына әкеп тапсырады. Орақбайдың бұл жерде де басынан ауыр бейнет ажырамайды. Болыстың қойын бағады, отымен кіріп, күлімен шығады. Осы кездің өзінде өлең өнеріне ден қойып, сауық-думан, ойынтойда , шілдеханаларда өлеңді суырып салады. Әрі өлеңдері өткірлігімен, ойлылығымен жұртшылық назарын бірден аударады. Оның өнеріне Дәуітәліден соң болыс болған баласы Байболат қызығады. Орақбайды жақын тартып, өзінің меншікті ақыны етпекші болады. Бірақ, санасы ашық, қөңілі ояу ақын оған көнбей, қайта бай-болыстарды, қожа-молдаларды өткір өлеңімен сынап-мінейді. Кедей-кепшіктерге жаңы ашып, сөзін сөйлейді. Орақбай өз өлеңінде адам бойындағы жаман қасиеттерді шенеп, парасаттылықты дәріптейді. Әдепті, сыпайы мінезді болуға шақырады. Жетімдікті, жоқшылықты көп көрген ақын өзі оқи алмаса да, туған халқын өнер-білімге үндейді. Жыр алыбы Жамбылдың өзі да от ауызды, орақ тілді ақынды қадір тұтқан. Орақбай ақындыққа әбден төселген шағында ақындар айтысына да қатысқан.
Ақын 1917 жылға Қазан төңкерісінің аз алдында қайтыс болады.
МҰСАҚҰЛ БИГЕ
Мұсақұл Манапбайдың баласы едің,
Талайдан қараулықпен ақы жедің.
Өзіңнен бір қой қарыз алып едім,
Жайыма қарамастан, сабай бердің.
Мұсақұл, кесірменен болдың манап.
Билер көп, сен секілді жүрген қанап,
Өзім қарт, өзім кедей, нашар едім.
Кедейді мен секілді жүрсің сабап.
Алып ең Хиуаменен екі қатын,
Бұзып ең қылығыңмен елдің салтын.
Ыза-қорлық әр сөзді айтқызады,
Көтеріп екі әйелің жатқызады.
Түзге шықсаң, баладай көтереді,
Осы кесір өзінді мерт қылады.
Жалшылар малдарыңды жүр ғой бағып,
Киім жоқ, үсті-басы алба-жұлба,
Сол жетім жүрген жоқ па, отың жағып?
ЖЕТІМ ҚОЙШЫ БАЛА ШАҒЫМЫ
Мұсақұл байдың есігінде жүрген жас қойшы баланың киім-кешегіне, түр-тұрпатына қарап, қонақтардың күлгеніне шыдай алмай, Орақбайдың айтқаны:
Бұтына шалбар кисе биттер еді,
Қышынып, ешбір жерін қасымайды.
Бұл бала бөтен емес, осы елдікі,
Ешкімнің бұған жаны ашымайды.
Құдайдан қорқатұғын бір адам жоқ,
Осыны құл еткенге басыбайлы.
Жақсылар, дұрыс қара жетіміңе,
Мен кепіл дүниенің өтуіне,
Жетімге зорлық еткен әрбір адам,
Ұялып ержеткен соң өқінуде.
Би-еке, қара судың өткелі жоқ,
Жол бергің бұл жетімнің өтуіне.
Кетеді осы бала маңайыңнан
Ені тар жер іздейді секіруг.
Кейін Орақбай балаға жаны ашып: «Мынаны байға апарып бер» -деп, баланың атынан өлең жазып береді.
Мен жүрмін осы күну байға жағып,
Жүремін кешке дейін қойын бағып.
Кесірлі көргенім жоқ мұндай жанды
Тұрады жұмысының бәрі қарап,
Қорлығы осы байдың өтіп кетті,
Әйелі, баласымен – бәрі манап.
Мендағы ел қатарлы болар ма екем,
Кетпесе осы байдың уы тарап.
Құдайым мұндай жанды алмайды екен,
Жетімді мен секілді жүрген талап.
Мұсаке жетіміңе көз салмайсын,
Жастықтан әлі келмей жүрген жылап.
Хатты оқыған бай баланы да, араға түскен Орақбайды да сабайды. Содан соң Орақбай арыз айтып, Байболат болысқа барады:
Отырмыз бір жырады үш үй саяқ,
Бір жетім Мұсақұлдан жеді таяқ.
Жетімге ара түскен байғұс басым,
Мес қарын мені де ұрды алмай-ақ.
Бірақ Орақбайдың бұл сөзіне болыс та, басқасы да құлақ асып, жөнді жауап бермепті.
САРАҢ ӘИЕЛГЕ
Орақбай жазғы шілденің кезінде баласын ертіп келе жатып, бір таныс байдың үйіне түсе қалады. Бай үйінде жоқ екен. Бәйбіше жалшысына айтып, бір аяқ піскен айран береді. Онысы жылымшы екен. Сонда Орақбай тұрап:
Айналайын, айран,
Келдің қайдан ?
Қатындармен ұрысып,
Күбіменен жұлысып,
Айрылыпсың майдаң.
Ағарғаның болмаса,
Көп кейінсің шайдан,
- деп, ернін тигізіпті де қайтып беріпті.
БАЙЛАРДЫҢ КЕЙПІ
Мансапқа байлар тағы құмар еді,
Бастан-ақ жемқорларды құрап еді.
Қараңғы, қапастағы өз халқына,
Беріп сойыл, бірін-бірі ұрар-еді.
Алдап-арбап сөйлейді болыс қалыс,
Көп болды қараңғы елде әңгі намыс.
Егін сап, адал кәсіп істемейді,
Салақтап, кешке дейін босқа шабыс.
Өнері мал біткеннің қатын алды,
Еңбексіз жанын бағып жатып өлді,
Ұрлықпенен залымдары мал жинады,
Кедейдің тәуір қызын сатып алды.
Атшабардың міңдеті – шығын жинау,
Бар-жоғына қарамай елін қинау.
Ішіп-жеген болыстың шығыны деп,
Бермесең қорқытады әкіреңдеп:
Сібір жаққа кетесің тұрған анау.
БАЙБОЛАТ БОЛЫСҚА
Үйімде қазан тұрмақ бақырым жоқ,
Бұл күнде кедейліктен ақылым жоқ.
Байболат кедей десе жының бар ма,
Туыста сенен басқа жақыным жоқ.
Кедейге, жарлыларға сәлемің жоқ.
Адаммен сөйлесесің, тамағы тоқ.
Кедей келсе алдына ұрады дейді,
Мен келдім, қамшыңды ал да, дүреңді соқ.
БАЙБОЛАТ БОЛЫСТЫҢ ҰРЫСЫ
НҰРЖАУБАЙ ТУРАЛЫ
Нұржаубай қанішерің қайтып келер,
Келгенде бір байғұсты зар еңіретер.
Жалғанда ұрыларды жек көремін,
Адамнан бұл секілді зәрем кетер.
Мұндайлар опа қылмас жолдасына,
Бір күні арғымағын мініп кетер.
Байболат кім болады сүйген кісің?
Қожаны ғой, ұстап жүрсің иманүшін,
Нұржаубай қанды мойын ұры емес пе?
Бұл ұры қимайтындай қандай кісің?
Таласар бір өзіңе пейіш, тозақ.
Келе ме бұл сұмдыққа сенің күшің?
Қарады қырғыз, қазақ ауызыңа
Сиғыздың бір тарының қауызына.
Сен өзің жеті басты жалмауызсың,
Сияды Алатау да ауызыңа.
БҰЛТБАЙҒА
Ауылдың әлді байының бірі Бұлтбай, жетпістегі әкесі Сабатаға жас тоқал әпереді. Мұндай әділетсіздікке ыза болған Орақбай, тоқалдың атынан Бұлтбайға арнап өлең шығарады.
Бұлтбай-ау, Бұлтбай!
Қабағыңа қарасам, жауатұғын бұлттай.
Осы үлден мен кетпеймін,
Сабатаны құртпай.
Ауылыңнан, сірә, кетпеспін,
Көңіліңді суытпай.
Әкелерде не деп едің,
Сөзіңді айтшы, ұмытпай?
Орақбай өз атынан былай дейді:
Құдайым жарылқады, Бұлтбайды,
Маңына нашарларды жуытпайды.
Еш адамды келтірмес қапталына,
Сөз болса қағыс-теріс ұмытпайды.
Бұлтбай бұлбұл болды, қызыл-сары
Қызығып сөзін тыңдар елдің бәрі.
Әкесіне әперді жас тоқалды
Жетпісте Сабатаның жасы кәрі.
Жап-жас қызды жетпістегі шал алады,
Бұлардың қайда кеткен ұятары?
ҚҰДАСЫНА АЙТҚАНЫ
Бұл жылдың келіп қалды, міне жазы,
Енпіндеп менен шығар сөздің назы.
Бересің қонақасы қандай жанға?
Алдымнан шыға келді шолақ қазы.
Келіп ем әдейілеп сендей байға,
Құдаға тартатын жамбас қані?
Кісіні менсінбейсің мен секілді,
Би-болыс ұқсай ма екен күн мен айға?
Жөн біліп, сыйлайтұғын адам десем,
Әшейін, жан екенсің тілің майда.
Атандым қаршадайдан қара шешен,
Күнә болып қала ма, жас ет жесем?
Сыйласаң, ақын құдаң Орақбаймын,
Сенің де жының бар ма кедей десе?
Арғымақ атқа мініп, ішін киіп,
Келейін қонақасы соған берсең.
АШУ
Ашу қайдан туады шақырмаса?
Ашу, ашу бола ма қапы қалса.
Ашу сөзден шығады арындасы,
Ашу оты шашылар барқылдаса.
Ашу болмай басылып қалар еді,
Ашуды ақыл жеңіп, жарқылдаса.
Ашудан біреу қашып, тыныш тұрар,
Ақылмен сөзді бағып, мақұлдаса.
Ашумен жазықсызды жәбірлемес,
Ашумыз терең ойлы адам болса.
БАЛА ТӘРБИЕСІ
Бала әдепті болады үлгі көрген,
Бала талдай өседі жөнді білген
Балаға бастан ғибрат бермеген соң,
Балаңыз құлағы жоқ, болар керең.
Баланы оқытыңыз шаһар беріп,
Балаңыз ел сүйсінер болар терең.
Баланы тентектіктен тиын ұста,
«Баламды, - деп ойлама, - «кейін көрем».
Балаңыз еңбек сүйгіш болса жастан,
Балаңа кездеспейді қиын-белең.
Балаңыз әрекетсіз өмір сүрсе,
Ол да бір қисық өскен қурай-желең.
«Баланы бастан» деген қағида бар,
Бала өсірсең шығарма мұны естен.
АҚЫННЫҢ АРМАНЫ
Әр адам түсінеді ойшыл болса,
Еңбексіз жарамайды, тойшыл болса.
Мүддесі кедейлердің орыңдалар,
Көпшілік бірауыздан сөз шығарса.
Тілегі көпшіліктің орындалар,
Егін сап, еңбек етіп, дихан болса.
Халықтың көзі сонда ашылар ед,
Барымта, ұрлық, зорлық бәрін қойса.
Бірігіп бәрі бірдей егін салып,
«Сен кедей, мен баймын» - деп аптықпаса.
Қолынан бір адамның түк келмейді,
Қаншама қажырланып от боп жанса.
Сабаса, мал баққызып, жетім десе,
Мәз болып, бірінің етін бірі жесе.
Мақтаншақ, даңғой мінез қашан қалар,
Мас болар «байеке» деп, «батыр» десе.
Бет алған тура жолдан тоқтай қалар.
«Бір батыр алдыңызда жатыр» десе.
Сәл нәрседен көңілі қалғыш қазақ,
Азға көнбей таласар күпілдесе.
Көп адам байқамайды алды-артын,
Бағынар ата тегі «пәлен» десе.
Білімсіз сахарада жүрген қазақ,
Жаурайды киіз үйде, тартып азап.
Одан да мектеп салып, бала оқытса,
Жат елден қорлық көріп болмас мазақ.
Қыс болса, жаз болады гүл ашылып.
Желпінсе жігіт қалар бір тасынып,
Ұйымшыл ел құрайтын адам болса,
Етегі қалмас еді бір ашылып.
Дүние нысапсызды кетер бұзып,
Бетіне жамандықты тұрар тізіп.
Ақылың жәрмеңкеде сатылмайды,
Көргенің денсаулықта бәрі қызық.
Болғанда ақыл-теңіз, білім-кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Адамда әділет пен ынтымақ бар,
Кісіні білімі бар бөтен деме.
Ақылсыз надан болса туысқаның,
Малды екен деп оған сен жуыспағың
Білімсіз ағайыннан, зерек дұшпан,
Шешеді неде болса істің ағын,
Дүниеде жаман ғой- күншіл адам,
Турасына жүрмейді- діншіл адам.
Дос болғансып, өзіңді жарға жығар,
Жолдасың түсінбейтін болса надан.
Ақылға ақыл керек аққурайдай,
Сөзіңіз майда келсін, май сылаудай.
Желдетпей, борандатпай, дауылдатпай,
Өте шық табанынан боз қыраудай.
Кей адам бетіңе дос, сыртқа бықсық,
Сөйлесе, әжептеуір сөзі пысық.
Көрінер кемшілігі сол адамның,
Алдамақ боп жүргенде көзін қысып.
Жүзіндей ұстараның аударылып,
Егер де қалар болсаң аттан түсіп.
Ақымақ арын таптап, адам сатар
Ақырын жасырынып, мылтық атар.
«Пайда» десе зыр қағып жүгіреді,
Еңбексіз, қарекетсіз қарап жатар.
Кей адам қошаметпен ыржақтаған,
Түлкі міңез көрсетіп, сыр сақтаған.
Өз шамасын кейбіреу өзі білмес,
Қол жетпейтін жұмысқа тыртақтаған.
Кей адамның мінезі от пен жалын,
Жолдасынан аямас барлық малын.
Табылар кейбіреуі аракідік,
Тұрады кейбіреудің іші біліп.
Аяма балалардан ақылыңды,
Бірдей көр, алыс пенен жақынынды.
Көпшілік – дүниенің шар айнасы,
Ажыратып береді ақының да.
САҒАДИҒА
1916 жылы Дәуітәлі өлген соң, оның немересі Сағади болыс болып сайланады. Ағайындығы жақын адам болса да Орақбай ақынның жасы жетпеген кенже баласы Тәттіні де «қара тізімге» жазады. Сонда ақын Сағадиға зарлап, мына өленді айтыпты:
Сағади жарты патша жағалауда,
Адам жоқ бұдан асқан алалауға.
Толымың толса егер бір баламен,
Кейіннен соны аларсың паналауға.
Сағади, шыға алмассың жар басықа,
Қараша, сиқыршының алдасына.
Кемпір-шал жылай-жылай қалабердік,
Солдаттың барып салдың арбасына.
Баламның кенжесі еді, аты – Тәтті,
Қорлықты көргеннен соң басым қатты.
Қолынан біз байғұстың не келеді,
Шешесі тұра алмастан жылап жатты.
Қарғашым, жан сақтаған нарым еді,
Кеуілім болып отыр жарым енді.
Жыладым жалбарынып көрінгенге,
Тыңдайтын бір адам жоқ зарымды енді.
БАЙҚАДАМ ТУРАЛЫ
Байқадам ақылды, өзі батыр,
Кедейге жақсылығы толып жатыр.
Зорлыққа басын тігін қарсы тұрар,
Нашарға болысады, айтып ақыл.
Айыбы – бұл батырдың өте кедей,
Жүреді би-болысты адам демей.
Алдынан оның адам өтпес.
Бітірер қиын істі сөзге келмей,
Алысқа бара алмайды жоңшылықтан,
Алысқан-жұлысқанның бәрін жыққан.
Шақырусыз еш үйге кірген емес,
Адам емес, сескеніп төмен бұққан.
АУЫЛ АТҚАМІНЕРЛЕРІНЕ
Әбілдә Бесіншіде бес нісідей,
Шанашбай жаман тонның ескісіндей.
Иманбек деген біреу қалмайды екен,
Кедейдің шыбын куған ешкісідей.
Жақсысы бұл заманның дұрыс емес,
Адамға қадалады еш кісідей.
Суанда Әбдірахман қара тастай,
Бабаңыз сөз сөйлейді, әсте саспай.
Баласы Дәуітәлінің Мұхаметкерім,
Шарылдар қой қорада бұзаубастай.
Әже мен Әбілмажын озбыр адам.
Келеді озбырлықтан қарны ашпай,
Сатайдың Қожағұлы қарыз берсе.
Нашарға қадалады қара тастай.
Өнері Шолпанқұлдың әйел баққан,
Ілеспей жемқорларға үйде жатқан.
Мал бағып, еңбек етпес, егін салып,
Жоқ шығар адалдықпен тойым тапқан.
Жатады би болдым деп, кешке дейін,
Хабарсыз адам екен, екі жақтан.
Патшаға ұстап берді кедейлерді,
Шаруа күйттеп, ұдайы малын баққан.
Барады Қапас батыр тәуба қылмай,
Қабыл да жалмауыздың орағындай.
Құсайын деген біреу шығыпты ғой,
Кедейдің шыр бітпеген шолағындай.
Сағади пәре жегіш жалмауызы,
Кедейдің қайта соққан қонағындай.
Мәжби мен Алдадайыр елді жеген.
Адамды дұрыс көрем жөнді білген.
Қожағұл, Садырбайдай адам болса,
Нашарды, жетімменен көзіне ілген.
Бүркітбай, Бұхарбайлар адам екен,
Зорлық қып камшыменен кимелеген.
Байтадай жөн білетін адам қайда?
Нашарды жақтайтұғын, ілгеріден.
Керімқұл іші білгіш адам екен,
Шешетін өр жұмысты болса кірбең.
Қышқаш пен дүниеден Кебіс те өтті,
Мен көрген ұлкендердің бәрі кетті.
Жетпістің бесеуіне жасым келді,
Ойласам енді нәубет бізге жетті.
ОРАҚБАЙ МЕН ЖИЫНБАЙДЫҢ ҚАҚТЫҒЫСУЫ
Ауылдың би-болыстары бас қосып отырған бір үлкен жиында қошаметшілердің бірі: «Байболат Жаныс Ноғайбай елінде қалыс, әрі әділ болыс болды, жаманатқа ілінген жоқ. Дәуітәліні де жұрт мақтаған. Соларды мақтап, бір-екі ауыз өлеңге қосыңыз» - депті Орақбайға. Топтың ішінде Көкірек Жиынбай ақын да бар екен. Сонда Орақбай:
Шымырдан шыққан Дәуітәлі,
Ханның тауын жайлаған.
Қолы жеткен Шымырды,
Бір шыбықпен айдаған.
Одан туған Байболат
Қарсы келген адамның,
Бура боп басын шайнаған.
Байболат үш жыл сордың Шөміш елін,
Табылды, Өтегеннің асқар белін.
Шишаға құйған судай бір тұндырдың,
Ноқаңның ылайланып аққан селін.
Мен өзім би, болысқа жақпай жүрмін,
Адамның айтамын деп артық-кемін.
Кошамет Жиынбайша айта алмаймын,
Айтайын әр уақытта сөздің жөнін - дегенде
Жиынбай шамданып қалып, домбырасын қағып-қағып жіберіп, өлеңді қоя береді:
Жиынбай:
Орақбай атаң зарбап, анаң зарбап
Келдің де, Дәуітәліні қойдың жалмап.
Зарбаптың аржақтағы бәрі де бой,
Бұл жақта не ғып жүрсің, құдай қарғап?
Келіп пе ең салайын деп елге тиым,
Жақсыға сөз айтсаңшы, одан да арнап.
Кей уақыт кедейлердің сөзін сөйлеп,
Болмақсың, жалғыз өзің кімге салмақ?
Молданың шариғатын жақтырмайсың,
Екенсің дінсіз кәпір, атаң қалмақ.
Адаммен қасиетті араласпай,
Орақбай жалғыз өзі қайда бармақ?
Орақбай:
Сен өзің білемісің шариғатты?
Арабтың тілі басқа, миым қатты.
Кедей болсаң қорыпайсың еш нәрседен,
Өзің бай, өзің жалқау, жаның тәтті.
Бұлардың бір жақсылық қылығы жоқ,
Мал үшін жанын жалдап, арын сатты.
Ажал келсе етерсің дүниеден,
Шындық жоқ, әділет жоқ, құдай атты.
Көк дөнен жүгіреді күлік үшін,
Сырыңды сөйлеп едім білу үшін.
Белгілі қай Дулаттың баласы едің,
Сабаға түсіп келдің жілік үшін.
Байлар мен бидің сөзін көп сөйлейсің,
Итаршы болып жүрсің, күнің үшін.
Қарасам сары мойын, таз болғансың,
Сазаңды тарттырғандай қылық үшін.
Колынан бір адамның түк келмейді,
Жиынбай, білемісің көптің күшін?
Дәуітәлі ажалынан қалған өліп,
Дәулетің шайқалды ма соның үшін?
Жиынбай, білемсің діннің жайын?
Дәуірлеп, үдеп кеттің, барған сайын.
Сені мен жөн біледі деп ойлап едім,
Тауықсың тары терер алмағайым,
Мені сен қаңғырды деп сөз етпегін,
Дулатқа белгілі еді сенің жайың.
Дейсің сен дінің кәпір, атаң қалмақ
Мұсылман жүре ме екен елді алдап.
Пейішке барар болмас мен барамын,
Қу адам, залым адам қайдан бармақ?
Бар ма екен, шариғатта пәре жеген,
Алдайсың өтірікпен бекер зарлап.
Жиынбай, жолың болмас мұныменен.
Айтсаңшы, бұл сөзіңді байларға арнап.
Жиынбай, жорғаламай, кеттің желіп,
Жүр ме едің Сарыарқадан тойға келіп?
Зорлығын би-болыстың бір айтпайсың,
Тауықсың тамақ баққан, тары теріп.
Малым бар, өзі жалғыз қоспақ атан,
Жиынбай, саған жоқ ед жазған қатам,
Көкірек Тәкежан боп аталар ед,
Бүлдірген Көкіректі сенің атаң.
Отырғандардың ішінен Алқадайыр, Байта деген елдің қадірлі адамдары: «Жиынбай, сенің жасың кіші, батасын ал» - деп қойғызып,
екеуінің үстіне шапан жауып татуластырады.
БИҒАРАҒА
Замана неше түрді өтіп кетті,
Би, болыс молдаларға уақыт жетті.
Малын баққан адамнан ешкім озбас,
Уақыт жақын қалды, алар кекті.
Жақсылық пен жамандық болар егіз,
Жақсы заман болады, малың семіз.
Залымдардың қолына кісен түсер,
Береке енді келер ұшан-теңіз.
Биғара, малыңды бақ ықтиятпен,
Туады тыныштықтан қойын егіз.
Бұл заман залым менен қуды байқар,
Болып жүр біздің қазақ құлан-арқар.
Кешегі айғырынды тартып алған,
Біткенін енді біліп, басын шайқар.
Ол Саржан айғырынды алған тартып,
Жоғалтты одан ары бермей қайтып.
Жабайы аң секілді біздің қазақ,
Бөгде емес, ағайынын жүрген сатып.
Солар да кісімсініп сөз сөйлейді-ау.
Зорлығы көрініп тұр құдай атып,
Биғара, осындай-ақ шамам енді.
Жетпістің алтауында Бабаң енді.
Момыңның айы туып, күні шығар,
Еш пәле жуымайды саған енді.
Жуасып кейінірек қолға тұрар,
Бұрынғы іш жаратын қабан енді.
Биғара, түсінерсің аз да болса,
Сонымен сөзім болсып тәмам енді.
Сауытбек Ұсаұлы Шу өңірінде «Ашаның алты салы» атанған халық өнерпаздарының бірі- ақын Сауытбек Ұсаұлы. Ол 1870 жылы қазіргі Шу ауданының (бұрынғы Аша болысы. Әулие уезінде) «Алға» совхозының жерінде туған. Ата-тегі сирағы шыққан тақыр кедей болған адамдар. Әке-шешелері ертерек қайтыс болып, өздерінің еті тірілігінің арқасында күнелткен. Сауытбек жасынан-ақ әнші-ақын ретінде көрініп, кейінірек Жетісу өңіріне атағы кең жайылған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне үн қосып, әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдіріп бостандықты аңсаған, әділеттікті, шындықты жырлаған ақын. Үстем тап өкілдерінің өткір өлеңдерімен түйреп,шенеген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін оның жарқын көрінісін шаттана жырлаған жырлары да бар. Сауытбек 1931 жылдың көктемінде голощекиндік асыра сілтеушіліктің зардабын шегіп, аз ғана малынын айырылып, түрмеге де жабылған.Сол жылдың күзінде Сәкен Сейфуллиннің көмегінің арқасында күнәсіз екендігі анықталып, түрмеден босатылады. Еліне қайта оралғаннан кейін,1932 жылы қайтыс болады. Бейіті «Новотройцк» совхозының Тоқташ бөлімшесінде. Қазақ халқының әндерін жинаушы белгілі ғалым А.В. Затаевич Сауытбектің аузынан оның өз әндері мен бірқатар халық әндерін жазып алған.
Сауытбектің Солтыбайға амандасуы Жаныс руының Капал деген атасынан шыққан. Солтыбай қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, жағын жоқтаған адам екен. Патша әкімі айтқанына көніп, айдауына жүрмеген Солтыбайды он жылға Сібірге жер аударады. Уақтылы мерзімін өтеп қайтқан Солтыбай еліне келіп, ұлы дүңгір той жасайды. Кезінде тойда бола алмаған Сауытбек ақын Солтыбайға келіп өлеңмен амандасады.
Ассалаумағалейкум, молда Солтым,
Жігітсің дариядай шалқар, толқын.
Асыл зат, қымбат баға ер едіңіз,
Артықша қатарыңнан біткен сортың.
Талайдың тұзын ішіп, ақтағансың,
Бірін қойып, біреуін жақтағансың.
О, дариға-ай, асыл туған азаматым,
Көңілді неше алуан шаттағансың.
Ерлерді дұшпан болған жердей қылып,
Үстіне қызыл судай қаптағансың.
Құдайдың берген жақсы ұланы едің.
Басынан талай ердің аттағансың.
Еліңе сондай ер боп көрінгенде,
Ит Қилуар оязға жақпағансың,
Сүріндің озған жүйрік қазған орға.
Жеңіліп,сұңқар едің түстің торға.
Иншалла, дидарыңды көрдік аман,
Кім келіп, кім кетпеген мұндай жолға.
Сарғайды санаменен сіз кеткен соң
Халқың мен артыңдағы аға-іні,
Жан жарың құдай қосқан Сәндібала.
Сіз үшін қасірет тартты неше жылы,
Еліне қызмет қылған Бибідейін,
Өлгенше қор қылмас тәңір мұңы.
Риза халқың сізге Сәндібала.
Ақылың бірталайдан еді дана.
Қапалық пен қайғы-дертті бірдей көріп,
Жанына еріңіздің болды пана.
Қылыңыз сіз шүкіршілік Зәуре жеңге,
Мүсәпір бірталайдан болдың пенде.
Он жылғы қызметіңіз енді өтеліп,
Сондағы жақсылықты көрдің демде.
Көп емес, атар таңың жасындығы,
Шынарың қалға тиді тау шыңдағы.
Шынардың кәуесіне қолын созып,
Тамаша балалардың асылмағы.
Бұрынғы өткен заманның мысалындай,
Балтайдың сүйек жарды жасығаны.
Баймырза қалмайды естен сенің ісің.
Иншалла, ағаң келіп кірді түсің.
Жылқышы ер Төребек Іңкәрбекпен,
Басыңа келіп қонды дәулет құсың.
Қапалдар көрдің міне күн мен айды,
Қай Дулат жоқтаған жоқ Солтыбайды.
Сағынып дидарыңды жүрген шақта.
Келдіңіз есен-сау боп күйлі-жайлы,
Әр талап, көңіл шіркін кетеді ойға.
Ұзын қол жарасама қысқа бойға,
Меркіде қатты зәру жұмысым боп,
Сондықтан келе алмадым сіздің тойға.
Айыпқа мені ешкім бұйырмасын,
Жамағат шүкірлік қып, артын ойла.
Ақбөпе Сауытбек 27 жасқа келген кезде Шу еліндегі қыпшақ Өтелбай дегеннің Ақбөпе атты қызына ғашық болады, бірін-бірі ұнатады.Беруге қалың малы жоқ. Алып қашуға ретін таба алмай жүргенде Қордайдағы Жаныс руының байы Тантай деген мал беріп алып кетеді. Кеш естіп қалған Сауытбек соңынан қуып, Шу өзенінің оңтүстік шығыс жағындағы Ұланың тұмсығына дейін келіп жете алмай қалады. Амалы таусылып, сол маңдағы Аралтөбе деген жерде отырған Ақша елінің Күдері деген бай адамның үйінде отырып, беделді ру басшылары Сәлімбай, Сақлантайларға шағып, «Ақбөпе» дастанына шығарады.
Арал төбе түбінде бес үй отыр,
Айырылып Ақбөпеден несіне отыр.
Әлдеқашан бір ойран етпес пе едім,
Қолымды кедейшілік кесіп отыр.
Айтып жүрген Саукеңнің жыры кәне,
Бастан-аяқ келіскен сыры кәне
Ақбөпеден айырылып қалғаннан соң,
Тұмсығында Ұланың ұлығаны,
Қалғаным ба Ұланың жотасында.
Кемшілік боп кедейлік соққаның ба,
Жарамадым Бөпенің қолқасына.
Қаңғып қалдым далада қолым жетпей.
Ашадағы жақсыға сөзім жетпей.
Малым жоқ, ақшам да жоқ биге берер
Жүрекке тиіп барад жанған өрттей.
Қаңғып қалдым, қол жетпей боз далада.
Күлкі-мазақ болдым да бозбалаға,
Кезендің кердең заман кедей үшін,
Қолда жоқ қайрат-қуат жол бола ма?
Құрттың ба шаруаның қысқалығы,
Жаз айында киемін қыстағыны.
Өткен күзде бір қырға шығармақ ем,
Боп кетті, болыс-бидің іштарлығы.
Болысыма беретін атым да жоқ,
Биекеме өтетін парқым да жоқ.
Бір атаның баласы бәрі кедей.
Атсалысар ауқатты жақын да жоқ.
Бөрі жеген, Ақбөпе, болдың лақ,
Айыра алмай Ұлыда қалдым жылап.
Елу қара берді де бай әкетті
Бес қара да таба алмадым, басын құрап,
Ақбөпе, торғай болдың жылан сорған,
Қаңғырып, ажыратпай қайттым жолдан.
Басқа тұрмақ мінерге жалғыз ат жоқ
Не келер жылағанмен енді қолдан,
Қош бол, Бөпе, көрем бн, көрмеймін бе?
Айналып келемін бе? Келмеймін бе?
Бөпе, сенен бар болса немді аяр ем,
Қырық тұрмақ елуді бермеймін бе.
Тыңдайтұғын бар болса әділ заман
Басты тігіп жолында өлмеймін бе
Қош бол Бөпе, ақ Бөпе, алтын Бөпе.
Жақсы туған жайдары, жарқын Бөпе
Баладан малды артық бағалаған.
Қайтерсің бұл қазақтың салт ын, Бөпе.
Үш жыл жүрдім соңында үміт етіп,
Таппадым ешнәрсенің шартын, Бөпе!
Тұсымдағы жігіттің,
Сауықта мен серкесі.
Ауылдың әрін ендірген
Қыпшақтың сенең еркесі
Шеңгелден шыққан қызыл гүл,
Өтелбайдай момынның
Туылған аппақ бөпесі.
Малға сатты зарлатып,
Үстіне беріп әйелдің,
Билердің қызсын шекесі,
Жиырма жеті жасында
Сауытбектің қиылды
Кедейліктен желкесі.
Азаға салған тайлақша
Жетекте кеттің байланып,
Саудагердің малындай
Бір жерден жылжып ,бір жерге
Базарға кеттің айдалып.
Ықтиярлы заман жоқ,
Арыстанның аузында.
Босқа кеттің шайналып,
Жете алмай қалдым зар жылап.
Тентек қойша айналып,
Екеуіміз де туыппыз
Әділетсіз уақытта.
Кедей өтті жылаумен
Қолы жетпей суатқа.
Жаманда болса бай ұлы
Ойнаған кез шуақта.
Екеуіміздей қол қысқа
Жылай-жылай күнбе-күн
Көз жаспен бетін жуат та,
Баянсыз өткен бұл дүние
Кедейге жоқ жақсылық.
Ақша,мал мен қуатта.
Әйел үсті бір байға
Қордайға кетті зар жылап,
Қақпанға түскен қасқырдай
Қол байлаулы мен қалдым
Жылап-сықтап шырылдап.
Өтесің де қайғымен,
Жөн білмейтін бір тентек,
Тоқал десіп қалжыңдап,
Орнына кеттің байталдың
Ақша мен малға сатылып.
Жібек жалды арғымақ
Қалған жерім қаңғырып,
Жадыраның даласы
Әулиеата Піспектің
Екі дуан арасы.
Күні құрысын кедейдің
Болмаса отыз қарасы.
Сауытбек қалды сандалып,
Бір қызға жетпей шамасы.
Қара баста ерік жоқ,
Әйел жатыр сатылып,
Қу заманға қарашы.
Жүрегіме оқ тиіп,
Ұлып қалдым далада,
Дүниеде бітпес жарасы,
Ит-құс боп ұлып, ән салып
Патша зұлым болған соң
Естілер кімге наласы?
Өз балаңды саудалап,
Сол жеріңді қайтейін,
Бойға сіңген бұл ауру
Қазақ атамның шаласы,
Жылап қалдым далада
Ем таба алмай жараға.
Өксіп-өксіп жылаймын
Ұқсадым сәби балаға.
Артыңнан қуып іздедім
Қолда қару, ақша жоқ,
Кім жүреді араға.
Үш жыл еткен еңбегім
Босқа кетті далаға.
Малға болса кедеймін
Сөзімді қулар ала ма?
Жоқтап, жылап өтермін
Өле-өлгенше зар жылап.
Күлкі боп бала-шағаға,
Қош бол, Бөпе не дейін,
Атадан туа кедеймін.
Алысқа кеттің айдалып,
Енді қайтіп көрмеймін
Ете алмадым жігіттік,
Уәдеге мәрт болдым,
Оныңды қашан өтеймін.
Жылап-сықтап өтсек те.
Көп жиылған жиында,
Соры да жалғыз көмейдің.
Сауытбектің Тұрармен амандасуы
1923 жылдың жаз айларының бірінде (23 мамырда) қазіргі Шу ауданының орталығы Новотройцк селосына Тұрар Рысқұлов пен Қабылбек Сармолдаев келеді. Ел басшыларымен сөйлесіп, жағдай сұрасады. Ол жиында ауылдың ақындары Сауытбек, Смайыл, Жидебайлар да болады. Сомдағы Сауытбектің амандасуы:
Оу, отырған көп туысқан,
Қызмет етіп берейін,
Сауытбектің тыңда дастанын.
Төрт Дулаттың баласы
Қосылып қапты бастарың.
Тіршілікте адамға
Досыңнан көп қастарың.
Ынтымақты, тату бол!
Сырыңды сыртқа шашпағын,
Ажарлы туған адамның,
Көңілін қатты баспағын.
Етуге сауық кеп тұрмын,
Қосылған жерге бастарың
Рысқұлдың білеміз
Көп қорлыққа шыдамай,
Сайма-сайды өлтіріп,
Қаратауға қашқанын,
Анаңды тастап сенімен,
Көздеді жалғыз бас қамын.
Ағайын жоқ мал да жоқ,
Сүйейтұғын жан да жоқ.
Он екі де жас қалдың.
Апаң ертіп артына,
Шымкентте бар деп туысым
Алдымда көз боп бастадың.
Ауқат сұрап жолшыбай
Бекер қарап жатпадың.
Бір кәрі әйел, бір бала
Нашармын деп саспадың.
Тірлігінен етіңнің
Бай орысқа жалданып,
Анаңның сүтін ақтадың.
Ақымен кіріп мектепке
Орысша білім ақтардың.
Рысқұл жүрді тау-тауда
Бір жанының камы үшін.
Дүние іздеп сонда да,
Қатын меңен бала үшін.
Саймасайды өлтірді,
Қорлық көрген ар үшін.
Қыр Сібірге кестірді,
Төрт-бес қара мал үшін.
Оқытты сені орысша
Досымен тауып танысын.
Сергейге арнап тапсырды,
Достыға бұрын бар үшін.
Сырттан жүріп жәрдем қып,
Аралаймай қала ішін.
Гимназияны бітірдің,
Әкеңнін ақтап ақ ісін.
Ленин туы шыққан соң
Түркістаннан естілді,
Бір-ақ күнде дабысың,
Сен сияқты ініні
Көргеннен соң Сауытбек,
Көп ішінде қарыштап,
Көрсетсін бүгін шабысын
Естіп едім Рысқұлды
Сапары болсын қайырлы,
Менің де емес алысым.
Атқарыпты арулап,
Ботбай, Шымыр, Сыйқым мен
Өкпелі деген Жанысым.
Айып етпе жаңылсам,
Патшалық, зұлым дәуірде
Соққы жедің Тұрарым.
Паналайтын мың торғай
Мәуелі ағаш шынарым.
Алыста жатсам бауыр деп,
Басымды жоқтап сұрарым.
Жаудың түссем қолына
Жаны ашып бұрарым.
Барлық құстың төресі
Тау-тауды жайлап жаз-қысы,
Тауға біткен ұларым.
Арманын жоқ кездестім
Жете алмай жүрген іздесем,
Қымбытты туған шырағым.
Қасыңдағы сары жігіт –
Қабылбегі Сармолданың.
Іздеп кепсің елім деп,
Бола берсің жолдарың.
Бәрінді де білемін
Заманымда бұлбұлым,
Ішінен туған ардақтым.
Сендерді бүгін көргенде,
Шабатын күнім аянбай,
Көзі соқыр жорғаңның.
Айт деген соң жел сөзді,
Аямадым қарағым.
Сендердің айтпай алдыңда
Онда қайда барамын.
Өзің келдің елім деп,
Рахмет, сау болғын,
Іздеп қайдан табамын
Қолдан келер, қайрат жоқ
Жылап едің жасында,
Әруағы қолдады,
Домалақ ана, Жарықшақ,
Бәйдібек ата бабаңның.
Жылда мұнда келмейсің
Бабаңның бір үйі деп,
Шудың екі жағына
Назар салып қарағын.
Сүйреп жүрген бұл күнде
Жалғыз көз бен бір басым.
Езіліп келіп ер болдың,
Айтайын сөздің расың.
Амандаса келіпсің
Шу бойында ел бар деп,
Атаның қуып мұрасын.
Мәскеуге барып істедің
Қырғыз бенен қазақтан,
Еркін асты құлашың.
Артта қалған езіліп,
Мешеу елден туылып.
Ауызекі сөйлестің
Ленин баба көсемге.
Үлгісін алып, кеңестің
Дүниеде асқан «шешенге»,
Аспандағы бұлтқа
Жерде тұрып созғанмен,
Адамның қолы жете ме?
Әкең Рысқұл атақты
Көпшіліктен көп биік,
Рахмет шешеңе.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИНГЕ
1930-31 жылдары ел ішінде Голощекиннің «Кіші Октябрь» саясаты жүріп, асыра сілтеі дәуірі туғанда Сауытбекті де қуғынға ұшыратып, малың көп, байсың деп мазасын алады. Аздаған малдарын алып, жер аударамыз деп әбігерге салады. Осы жағдайды айтып, жиені Смайыл Қалипановты Алматыға аттандырып, Сәкен Сейфуллинге өлеңмен хат жазады. Сауытбектің «Сәкен Сейфуллинге» деген өлеңі 1931 жылы сәуір айында жазылған.
Қойыпты атымызды алты «Бек» деп,
Алтауында алты тай жоқ, мінгенге ерттеп.
«Ең кіші» бағады елдің малын,
Сонымен, күн көреміз ептеп-септеп.
Мал бақтырған байлардың атын мініп,
Ұялып, көпшіліктен жүрміз шеттеп.
Бір анадан туылған,
Алты Бек те тіріміз.
Үшеуі кіші ініміз,
Мақұл дейді бесеуі,
Ішінен айтса біріміз.
Аласалау дембелше,
Доғалақ қоңыр түріміз,
Пысықтауы мен едім,
Желділіеу болды тіліміз,
Бір құдайға бар шығар,
Айып қате мініміз,
Алпыс бірге келгенде,
Ел ішінде қуғын жеп,
Осылай болды күніміз.
Үшеуі – кіші болғанда,
Үшеуі - үлкен ағамыз.
Екеуі егін айдайды.
Сонымен азық табамыз.
Екі үлкен ауыл іргелі,
Ынтымақты арамыз.
Екеуміз өлең айтамыз.
Осымен елге жағамыз.
Үй басы бар бір жылқы,
Той жиынға барамыз.
Жүз он екі уақ мал,
Біріктіріп бағамыз.
Қонақ келсе төрт-бес үй,
Көрпе жинап үй-үйден,
Мейманға әкеп жағамыз.
Қуғын жедім сол үшін,
Қайтіп елге жағамыз.
Тартып алды бар малды,
Шулады қатын, баламыз.
Асыра сілтеу мына тұр,
Қырылып қалса аштықтан,
Адамды қайдан табамыз?
Барлық байлық өлеңім,
Алдыңа барсын өнерім,
Бар болса кешір жазамыз.
Үкіметтің заңы ғой,
Бұйырылсақ та атуға,
Жоғары жаққа шағамыз.
Бір аталаң он жеті үй,
Естілсе егер жиын – той,
Домбыра ала шабамыз.
Өлең сауық тамаша,
Ән менен күй, қызыққа,
Басынан құмар бабамыз.
-деп, жиені Смайыл Қалипановқа арнап айтқаны:
Ұлдан туған мен едім,
Қыздан туған жиенсің.
Амалым жетсе талайда,
Көметұғын иемсің.
Өлеңім жазған арызым,
Айтарсың істің жүйесін.
Байлар болса жұмсайды,
Түйе менен биесін.
Зергер білер зер жайын,
Ініме Сәкен сәлем де,
Басымды біраз сүйесін.
Смайыл хатты алып Алматыға келеді. Сұрай жүріп Сәкеннің мекемесін тауып, кеңсесіне кірейін десе, алдыңғы бөлмеде отырған хатшы қыз: «Не жұмысыңыз бар еді? Мен айтып шығайын»,- деп кіргізбейді. Сонда Смайыл отыра қалып, мына төмендегі өлеңді жазып, қыздың қолына ұстатып: «Осы қағазды беріңіз»- дейді.Сондағы Смайылдың жазғаны:
Уа, Сәке, әдейі іздеп келдім Шудан.
Адамбыз малды бағып, дүние қуған.
Әкелдім аманат сөз арнап сізге,
Болған соң негізіміз бірге туған.
Әкелдім нағашымның тапсырмасын,
Тоқтаттым сізге келіп аттың басын.
Өлеңді өлеңменен сізге өткіздім,
Құрбының жақтырарын, жақтырмасын.
Бұл күнде Заготскот қызметім,
Атқарып өкіметтің бір міндетін,
Бір жауап тілдесуге сізге келдім,
Уақтым жоқ, ұзақ мерзім кідіретін.
Смайылдың айтуынша, Сәкен оны қабылдап, арызды оқып, әңгімелесіпті. Тиісті орындарға айтып, көмегін тигізген екен.
Сауытбектің Латипамен қағысуы Шу өзенінің төменгі жағына қоныс тепкен Көкірек елінде Ләтипа деген көркіне сөзі сай ақын қыз бар дегенді естіп, өзіннің батыс жағындағы құм жиегінде жатқан Аша елінің алты салы Сауытбек, Жидебай, Әтібек, қыдыр, Қалмұханбет пен Ережептер іздеп Соңғы екеуі жігіт ағасы болып қалған көрінеді. Мақсаттары қызбен айтысып, тамаша, ойын – сауық құру болады. Ләтипа болса бұлардың келісім іштей сезеді. Сөйтіп ол салған жерден:
Ашадан қанғып келген алты қақпас,
Қылығы алтауының маған жақпас.
Қаңбақтың салдары бар, мардымы жоқ.
Түлкідей салмағы жоқ қақпан шаппас,
Дегенде алтауының ішінен айтысасың деп сайлап келген Қалмұханбет сөз таба алмай іркіліп қалыпты. Сонда Сауытбек іліп ала жөнеледі:
Шаппаса қанды емес қой қақпаныңыз,
Жарамас бекер босқа мақтаныңыз.
Түлкіңіз жеңіл деген ауыр шығып,
Жүрмесін ойып кетіп, сақтаныңыз,- деп, қыздың бетін қайырып тастаған екен.
Садыр биге
Ассалаумағалейкум, Садыр жезде.
Ашаны билеп тұрсыз осы кезде.
Жаяулап тойға келдік алты кедей
Арызды кім тыңдайды, сізден өзге.
Үйіміз қамыс күрке тасадағы,
Құдайдың бізді бүйтіп жасағаны.
Жатамыз Қараөткелден балық сүзіп,
Сона мен көрген қызық масадағы.
Бар ермек ойын – сауық тамашамыз,
Жиылған тортан қайтіп адасамыз,
Ауқат аз, киім нашар, бәрі кемтар,
Назар сап, біздерге де қарасаңыз.
Бата
Жидебай мен Сауытбек бір байдың үйіне қонаққа келеді. Бай бұлардың келгенін жақтырмай, амалсыздан жас лақты әкеліп бата сұрайды.Сол кезде әлгі лақ маңырап қоя береді. Жидебай Сауытбекке қарап: « Сен бата бер» деді. Сонда Сауытбек іркілместен:
Бата бер дедің лаққа,
Ол дүниеге барғанда,
Дауысы кетті жыраққа.
Алмасын алла сұраққа.
Ащы екен үні бейшараның,
Қой болмаса қозы сой,
Түрпідей тиді құлаққа.
Бейшараны жылатпа. – депті.
Бай ұялғанынан ақынның айтқанын орындайды.
Елге сәлем
1930 жылдары Күнтудің Тұрғынбай деген белсендісінің жаласымен Сауытбек, Әтібек, Даңқожа – үшеуі қамалып, Шымкентке айдалады. Әтібек – Ашаның алты салының бірі. Даңқожа – қара шаруа, момын адам. Шымкентте жатып үшеуінің атынан Сауытбек елге осы өлеңді жазады.
Айтылсын біраз саған кеп.
Даңқожа мен Әтібек,
Бар білгенің бұл болса,
Тыңда мына ғазады.
Қайтейін сені жаман деп.
Алты ай болды жатқалы.
Сендер атқа мінгенде.
Ағайынға не қылдық?
Ойлаушы ем іске жарар деп.
Ат ізін бір салмады.
Қолдай гөр деп жатырмыз,
Мен құдайға не қылдым,
Шымкент, Сайрам мазары.
Силамаймысың ағам деп.
Қапа болма ерлерім,
Алдымдағы аға еді,
Күнәдан пәк боп қайтармыз.
Момбек пенен Әденге
Жазамын дұғай сәлем деп.
Анадан қайта туғандай,
Даңқожамен екеуміз,
Кешірсе алла жазаны.
Жаздай тыным көрмедік.
Жалпы күнту баласы.
Абақтының жолынан.
Тыңдаңыздар құлақ сап,
Бәрінен де сол боп тұр,
Жазылған мына арманды:
Момбек пен Әденді
Атамыздан тараған,
Қоя алмай кетсем қолымнан.
Саламат пен ем Сайбақ.
Қоңыр, Бәрі, Тегінді,
Сабыралы, Әміре – ау,
Дұшпанға бермей намысты.
Атыңды байлап тек тұрдың
Кісілік ісін асырап.
Талайды мұштап жегенді.
Сүйіннен қалған Әбдіғұл,
Олар қайтып кеткен соң,
Бізді ділгір етіп жүр,
Бізге нәубет келгенді.
Білдірмей сырттай мас қылып.
Жауға бермей қордың,
Екінші ауыл дегенді.
Жолдасы едім атаңның,
Намыс үшін жан беріп,
Бір құдайға жылармыз.
Өткіздік бастан нелерді.
Көзімізді жас қылып,
Ұмытпасам жазайын,
Өз ағасын қор қылып,
Ішке сырды ап қалмай,
Кісі ағасын зор қылып,
Әтібек пен Сауытбек
Білсе мұндай болар ма?
Жүйрік бала атандық,
Жетті деуші ем жеткіншек
Мойынға тұмар таққандай.
Деуші едім, белім сынар ма?
Бауберік пен Анарбек
Аяққа түстің қақпандай.
Асылық екен ол ісім,
Жазығымыз жоқ еді,
Жетпедім ондай мүддеме.
Бір құдайға жылармыз.
Қанды қалпақ кисек те,
Адалың болса тапқандай.
Қиыспаспыз сонымен.
Тыңдағын мұны Анарбек,
Мұндай іс ешбір болмаған,
Бұрынғы ата жолыңнан.
Сатарқұлға
Сауытбектің Шымкенттен 8 жасар баласы Сатарқұлға жазған хаты.
Шымкентке кәріп болып келдік Шудан,
Түлкідей жан сауғалап, бүркіт қуған,
Құдайдан тілеп салған Сатарқұлым,
Жете ме айтсам сәлем ұшқын қудан.
Жұлдыздың Басқасынан ыстық еді,
Ойласам тұла бойым, көзім жаста.
Болдың ғой қатарыңнан сорлы бала,
Атаңнан айрылған соң сегіз жаста.
Деуші едім артық болар біліміңді,
Өмір – жас, ұзын қылсын жүріміңді.
Мас болып, есім ауып, тұра алмаймын
Ойласам «ата» деген қылығыңды.
Аша еді дәурен сүріп, өскен жерім,
Бұл мехнат шығар ма екен естең менің.
Қару – күш кеткен уақытта кәріп болдым,
Жасымда жаудан қорқып сескенбедім.
Мүшкілге ойдағы жоқ душар қылды,
Жақын деп, жаным ашып қарап едім,
Құдай – ай, қай пейілімді қош көрмедің?
Тірі болып, қайран Аша көреміз бе?
Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.
Мұнайма көңілім
Басыма мүшкіл түсіп тұр,
Болады заман, күн қандай?
Айырылып елден зар жылап.
Атпайды жарық, түн қандай?
Тағдыр ісі осы екен,
Алысқа кеттік айдалып,
Болмадың мойын бұрғандай,
Бар елдің көзі жылауда
«Қайран Сәукең кетті – ау» - деп,
Алтын кесе сынғандай.
Жоғалтып көзін жойдық деп,
Алатаудай болып жүр,
Білместің көңілі толғандай.
Тірі болсақ барармыз.
Тұра тұр көңілім мұңданбай.
Сауытбектің әйелі Құнбаланы жоқтауы
(немесе Нәметке)
Ей, Бәтәқан, енді саған болады сын,
Жетімсің шешесі өлге, көңілді мұң.
Екі қыз Күләй – Ләйлім, Нәмет шырақ,
Анаңдай енді саған болады кім?
Екі қыз Күләй – Ләйлім, Нәмет шыр
Нәметті жылап жүріп, алдым сұрап.
Шырағым, кеңшілікті тәңірім берсін,
Үш бала әзір болдың жетім лақ.
Пәлені кім тоқтатар басқа келген?
Бір алла жетімдердің қамын жеген.
Қадірін тіршілікте білмеуші едік,
Жүреміз енді қайтіп тәңірім –ай деген.
Жәкеңнің апаң еді берекесі,
Сендер ең одан туған мерекесі.
Құс аумас ақылдасым, қайран Құнжан,
Табылмас жылағанмен көлеңкесі.
Жасымнан жолдас еді құдай дескен,
Талай іс бұл ортада бастан кешкен.
Алсам да тоғыз қатын, уа, дариға,
Мінезі Құнжанымның кетпейді естен.
Апаңды жәкеі қайтіп сағынбайды,
Ойласам көңілім босап сағымдайды.
Көтерген назымды қайран апаң,
Ондай жан енді бізге табылмайды.
Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Сақтай гөр, енді құдай, туысқаннан.
Екі қыз, бір ұлым жалғыз қалдың,
Айрылды екі ағаң дас туысқаннан.
Құнжаным еске түссе көп жылаймын,
Таптырмас кісіге ақыл көп уайым.
Өкініп өткен іске біз қайтеміз,
Нәметке қуат берсін бір құдайым.
Сауытбек пен Сыбанбектің айтысы
Сауытбек:
Сыбанжан, жүр дегенде қалдың не ғып,
Өте ме сенің күнің жылқы бағып?
Бола ма, тәуір жігіт деп ойлаушы ем, -
Қор болдың Жеріндіктің отын жағып.
Әнеу күні біреуден естіп едім,
Жүр дейді Майтүбектен отын алып.
Сыбанбек.
Басыма шаруалықпен кидім тымақ,
Ауылым Майтүбектен кетпейді ұзап.
Баққаным менің жылқы зиян емес,
Бөркімді қара бұйра тойға кидің,
Кигенмен көзің соқыр жараспайды,
Сауытбек:
Шырағым, не қыласың мені қинап,
Қинасаң айтысармыз өлең жинап,
Бетіме бір бөркіңді еттің салық
Көріп пе ең бұдан бұрын аға силап?
Бетіме бір бөркіңді еттің салық
Мінеки, қимай жүрсең қалғын алып.
Саған мен міндет етіп неге айтпаймын,
Жасында арқалаттың жетім қалып.
Сыбанбек:
Рас – ау жас күнімде асырадың.
Намыс қып оның несің жасырамын.
Отын жақ Жеріндіктің дегеніңе
Азырақ бауырлықпен ашынамын.
Жел тұрса шөптің басы селкілдейді,
Жақсы адам айтқан сөзге секірмейді.
Өтіпті бізден бұрын талай жетім,
Құдайым қуат берсе өлтірмейді.
Бір гүлім он екіде ашылмаған,
Көңілім өлең айтпай басылмаған.
Өтіпті Мұхаммед те жетім қалып,
Сен бе едің, соның бәрін асыраған?
Сонда жиында отырған төрешілер: «Сыбанбектің сөзі мығым келді! – деп, жеңісті соған бергізіпті. Ағайынды екеуінің бұл қақтығысуы 1895 жылы болған. Ол кезде Сауытбектің 25, Сыбанбектің 20 жастағы кезі екен.
Ағайынды екі ақынның келесі бір айтысы 1897 жылы болыпты.
Сыбанбектің үйленбей жүргенін бетіне басып, сондағы Сауытбектің айтқаны:
Сауытбек:
Қатын алсаң болмай ма қаңғығанша,
Ауылды ит үргізіп аңдығанша.
Жігіттік бір тіршілік етпейсің бе?
Орынды айтқаныма тарылғанша.
Тапқаның неше жылда жалғыз бөрік.
Соған да шіренесің малы барша.
Жасында бір әйелге жете алмасаң,
Кеткенің жесірді аңдып қарығанша.
Сыбанбек:
Атамыз бастан малға жарыған ба?
Сен жүрсің қошамет қып малы барға.
Айтасың: «Қатын ал» - деп жаның ашып,
Бересің, неменеңді қалың малға?
Аз уақыт күнелтейік, реті келер
Қолыңнан не келеді тарынғанда?
Сауытбек:
Мал бағып не боласың қаңғып жүріп,
Ауылды тойға кеткен бағып жүріп?
Құрай берсең бірталай мал болмай ма.
Ақынды төрт – бес жылғы алып жүріп?
Қошамет қыз көрінсе етет дейді,
Жанына одеколон салып жүріп.
Қызға тарту тартады қартаң адам,
Алпысқа жасы жеткен, әлі құрап.
Сыбанбек:
Той десе домбыра алып аттанасың,
Мәз болып, қыздар күлсе шаттанасың.
Екі қыз тұсыңа кеп өлең айтса,
Соқыр әнге малың – екі жылқы,
Үлкенсіп неменеге мақтанасың?
Сауытбек:
Домбырам, бұл өлеңім, біткен бағым
Талмайды бір түн айтсам, екі жағым,
Ауылда қор болмастан алысқа кет,
Атаның төмен етпе әруағын.
Істелік ата өнерін біреуміз – ақ,
Сен түбін ойласаңшы шаруаның.
Сыбанбек:
Түсінде үлкен атам алған өлең,
Өнерім одан бергі сенен көрген,
Анадан сені туған мен де тудым,
Маған да бір қой сойып, қалжа жеген.
Ауылдың бәрі кедей, бәрі өлеңші
Малы аз боп, біреуі жоқ аштан өлген.
Өлеңім аз болса да, әнім сұлу
Қайғыңды қайтып алш, маған жеген.
Сауытбек:
Ауыр болар деуші едім, қорғасындай
Кісіге бақ қона ма жолы ашылмай,
Өлеңім тұнық дария бойға біткен.
Мың қойдың көлемі үлкен қорасындай.
Көрерміз әніңменен бір қыз алсаң
Есіктің китіңдеген жорғасындай.
Сыбанбек жауап таба алмай, тосып қалыпты. Намыстанған ол сол жылы жалшылықты тастап, ел аралап жүріп Көкірек еліңдегі Күртбай дегеннің қызын алып қашып келіп, Сауытбекке айтқаны:
Әнім бар бойға біткен, сұлу көркем
Дайында бар күшіңді қалың берсең.
Қуғыншы келіп қалар бүгін – ертең.
Берерге тізгін тартар түгің де жоқ.
Тылтиған өңкей қортық елтең – селтең.
Санай бер, келін келді береріңді.
Аяма мықтысынған беделіңді.
Әйел ал деп, мазамды кетіріп ең
Істедім үлкен ғой деп дегеніңді.
Жырлап берсең Көкірек риза болар
Мың қойдың қорасындай өлеңіңді.
Сондағы Сауытбектің айтқаны:
Сыбанбек жүр ме мақтанып,
Бір қыз әкеп талтаңдап.
Жетіп жатыр жиғалы
Күсебек пен Зәуірбек
Қалың малға бергенге.
Лақ сойып, қуанып
Одан да асып артылды,
Жүгіріп жүр қалтаңдап,
Нешеуі сойып жегенге.
Тәтибек пен Іңкәрбек
Қалың малдың сыртынан
Құтыламыз бұдан деп,
Мінтке бердік бір – бір ат,
Қуанады арсаңдап,
Артынан қуған көп елге.
Түскен жерге тас ауыр,
Жылқы, сиыр сыртында,
Жан – жағымды ойланып,
Қойды жидық көгенге .
Жалғыз көз қалды жаутаңдап,
Тамаша сауық етуге
Айқалап шаптым «Күнтулеп»
Мәмбеттегібар жыршы,
Қоңыр менен Тегенге.
Басып жатыр өлеңге.
Жайымды айттым жалдырап,
Риза етіп жібердік,
Мен жақсымын дегенге.
Қалыңын бердік төлемге.
Әрекет қып ұмтылып,
Көкіректі қайырып,
Қарамастан асығып,
Сыбанбектей «ай ыпты»,
Көкірек қуып келгенше.
Қызды әкелген тосынан
Елдегі епті бар Күнту,
Жаудан қалдық айырып.
Бес – алты күн демалып,
Тынышталды алды – арты,
Жұмыстан қалдық айығып.
Мойнымнан түсті ауырлық,
Ең кішіміз болған соң
Уәйімдеп ем қайғырып.
Бет – бетімен бытырап,
Алты жаққа алтаумыз
Істедік тірлік жайылып.
Теңеліп кетті Күнтумен
Кедейліктің кемдігі.
Жоқшылықты білдірмей
Бір – ақ күнде құтқарып,
Елімнің болды кендігі.
Сауытбек пен Ақбөпенің айтысы
Ақбөпе:
Орта жүз арғы бабам, арғын – қыпшақ,
Атаны кем болмаспыз қадір тұтсақ,
Қақ жарған қара қылды Қазыбек би,
Үш жүзге үлгі берген жолды нұсқап.
Хандармен датқа өтті, патша да өтті,
Әділдік жүргізбеген Қазыбек құсап.
Қобланды батыр өтті өз қыпшағым,
Ел қорған ерлікпенен туын ұстап,
Арқаның Ағыбайын кім білмейді,
Жауды алған қарсыласқан матап – тұсап,
Солардың әруағы жәрдем берсе,
Болса да тоқталмаспын қиын – қыспақ.
Бабамыз Арқа жақта ол басында,
Азырақ қыпшақ кепті Шу қасына,
Отыз үйдей қыпшақ бар шамасында,
Оырмыз көп үйсіннің ортасында.
Салмағым аз да болса жеңіл емес,
Салса да таразының бір басына.
Алтынның аз да болса салмағы ауыр-
Нәсілім қосылмайды қорғасынға!
Сауытбек ақын жігіт бар деуші еді
Бұл сөзді терең ойлап байқасын да,
Бар болса бізге неге көріспейді,
Далада, сыртта жүрмей кел қасыма!
Сауытбек:
Ақбөпе көңілің шат, денің сау ма?
Сайрағын бұлбұл құссың сен бір бауда,
Өлеңмен Сауытбек деп шақырғанда,
Жеткендей болды төбем асқар тауға.
Ақ тұйғын қанатымен қағып өтті,
Тор жайсам түсер ме екен жібек ауға?
Созғанмен қолым қысқа жете алмайды,
Шың таста ұясы бар биік тауда.
Шақырсам қолыма кеп қонар ма екен-
Байырғы тұйғын еді осы маңда.
Ақбөпе:
Сауытбек, есенбісіз өзіңіз де,
Қарт-жастар жалпы аман ба еліңізде?
Сауытбек шақырумен әрең келдің,
Алғашқы амандасу жөні сізде?
Болсам да төмен етек мен шақырдым.
Сынаңыз, жөн келе ме көңіліңізге?
Егерде мен шақырып алмағанда
Ескіріп ілмес едің көзіңізге
Кезіктік осы тойда мен шақырып.
Күтсем де келмеуші еді кезіңізде
Іштегі жатқан сырды шығарып айт.
Сыртыңнан құмар едім сөзіңізге.
Мақсатты ойыңдағы ортаға сал.
Тарыдай дақ қалмасын көңілімізде.
Сауытбек:
Ақбөпе, бір көрсем деп болдым құмар.
Сүйгенін көрген кісі көңілі тынар,
Шарықтап шарлап ұшып, іздегенмен,
Серігін таппай жүрген мен бір сұңқар.
Деуші едім бұтағына қонақтасам,
Қыпшақта бар дегенге алтын шынар.
«Айтулы ақ тұйғынға кезіксем» деп,
Сыртынан болып жүрдім көп ынтызар,
сынауға жұрт жиналып қалған екен,
Салмақтап сөзді сынап көрсін бұлар.
Ақбөпе:
Сауытбек, той-жиыннан қалмай жүрсіз.
Көз қырын біз елге салмай жүрсіз,
Білесіз әйел жолы жіңішкелеу.
Ынтызар болсаң неге бармай жүрсіз?
Көңіліңіз сүйген болса бармас па едің,
Шынымен есіңізге алмай жүрсіз,
Ауыл да алыс емес, жақын еді,
Жолығып дедіңіз бе «қайдан жүрсіз?»
Ер жігіт болсам іздеп барар едім,
Амал не, жолым нәзік, жағдай күйсіз!
Сауытбек:
Бара алмай жүрмін атым болмаған соң.
Кедейлік ауып екен орнаған соң,
Жанасып жүрмеген соң бара алмадым,
Сөйлесіп сырыңызды алмаған соң.
Көңілсіз, салқындау ма деп ойладым,
Араға қатынас сөз салмаған соң,
Көз тартар пісіп тұрған сіз бір алма,
Жүрерміз әуестеніп барғаннан соң
Арманым көңілімнен кетпес дедім,
Мейірім алманы иіскеп қанбаған соң.
Ақбөпе:
Ізденіп адам барған Хауанаға,
Қыз бала жігітті іздеп оңала ма?
«Қатынас сөз салмадың» деп отырсаң,
Тура ма ер жігіттік мағынаға?
Сауытбек, мына сөзің жөнсіз тіпті,
Өзінше қыз жігітке сөз сала ма?
Ізденіп Хауа ана да барған емес.
Дүниеге алғаш адам жаралғанда,
Алмаға өзің қолды созбаған соң
Домалап алма аузыңа бара ала ма?
Талапты ер табанына таптамай ма,
Кедейлік ерге кесір бола ала ма?
Біресе «атым жоқ» деп сылтаурайсың,
Аяғың қалай жетті бұл араға?
Сауытбек:
Ақбөпе, ақ байталдай алшақтдың,
Деп едім жақындайын, шалқақтадың.
Білмейсің орта жүздің қайда екенін,
Тербеттің сырттан жүріп әруақтарын,
Аспанға орта жүзді алып шығып,
Көтеріп көкке ұшырып ардақтадың,
Ұлы жүз орта жүзден кейін бе еді?
Бағалы сары алтынмен деп мақтандың?
Қыдырлы дуа қонған Дулатқа көп
Кең байтақ жерімізде жан сақтадың,
Арқадан ауып келген аз үй Қыпшақ
Дулаттың дәулетіне сен мастандың.
Алтыннан ауыр бір қыз бар деген соң
Байқайын деп келіп едім салмақтарын.
Ақбөпе:
Сауытбек, меніменен өзіңді сал,
Ел сынар сөзіңменен сезімді сал,
Көппін деп көтеріліп көпсімегін-
Еліңе аз да болсам елімді сал,
Бір мысқал таразыға алтынды қой,
Алтынның көлеміндей темірді сал,
Қай бірі ауыр екен терең ойлап,
Бағалап саомағына көзіңді сал,
Темір мен алтын парқы аспан-жердей,
Аз деме, осы жағын есіңе ал.
Сауытбек:
Ақбөпе, аздар көптен аса алмайды,
Салмағы аз болған соң баса алмайды,
Болған соң көлемі аз, берекесіз,
Бір жақтан салмақ алып қоса алмайды,
Мақал бар «Көп қорқытар, терең батырар»
Көп қолға жау да қорқып бата алмайды,
Аз елдің ардақтысы көп руда,
Ауызын қарсы сөйлеп аша алмайды,
Болса да әйел үсті мал берген соң
Құтқарып басын алып қаша алмайды,
Басына ноқта салып қойғаннан соң,
Байлаулы бұзауға ұқсап босанбайды.
Ақбөпе:
Сауытбек, мынау сөзің жөн болмайды,
Жөнсіз сөз сөйлегенмен ем болмайды,
Азбын деп азамат ер жау санаспас,
Бар болса жүрегінде ел қорғайды.
Қобыланды жалғыз өзі жауды қуған,
Батырлар елге сеніп ер болмайды.
Қарғалар қаптаған көп, сұңқар жалғыз,
Қарға–жем, сұңқар оған жем болмайды.
Қаңқылдақ қарға шулап іс бітірмес,
Сұңқармен дәрежесі тең болмайды.
Сөйлейді мың адамнан бір-ақ кісі,
Тыңдаушы басқасында сөз болмайды.
Олжаны мыңнан озып тұлпар алар,
Жылқының бәрі шауып бәйгі алмайды.
Қуады мың қарғаны бір-ақ тұйғын,
Қарғаның шулағаны сеп болмайды!
Сауытбек:
Сенен мен, Ақбөпе қыз, кем болдым ба?
Сен-алтын темір, шойын мен болдым ба?
Ақ тұйғын, алғыр қыран бола салып,
Алтынға аспандағы тең болдың ба?
Қақылдап қалың Дулат қарға болып
Аз қышақ жем ететін сен болдың ба?
Отыз үй орта жүзге симаған соң,
Ағызып алып келген сел болды ма?
Орта жүз жақсы болса көшпейсің бе?
Кемшілік көргеніңше кетпейсің бе
Барғанша Қасқарауға қатын үсті,
Ойлаған мақсатыңа жетпейсің бе?
Ақбөпе:
Сауытбек, білгіш болсаң «көш» дер ме едің
Кім қияр көзін ашып, өскен жерін
Болыстың Тілекқабыл қасына еріп,
Атқосшы болғаныңды ескермедің,
Осы ма, Сауыт, сенің білген жерің.
Мініңді бойыңдағы бір көрмедің
Сауытбек, кім қияды ойлаймысың
Кіндіктен қаны тамып тиген жерін.
Өзіме өз шаруам жеткілікті,
Жерім жоқ көп Дулаттан күн көргенім,
Балуан, ақын-әнші Нұрмағанмет.
Аз емес үйсінніңнің білгендерің,
Дулатың саған жақын Шымырынан,
Арқаның аралап жүр күллі елдерін.
Сайраңдап орта жүздің ортасында
Қимай жүр балуаның сүйген жерін.
Жатады ел болған соң араласып,
Аз емес орта жүзде жүргендерің!
Сауытбек:
Ақбөпе, сен емессің барып көрген,
Кісідей айта бердің танып көрген.
Солардың барлығын да көргенсің бе?
Тарайды әр руға халық деген.
Он жеті, он сегізге жаңа келдің,
Сен емес жасың кексе тарих көрген.
Көргендей көрмесең де тоқталмайсың.
Аралап танысып па ең барлық елмен?
Қасқырдан үріккен қойдай шетке шығып.
Адасып аз үй қыпшақ неғып келген?
Ақбөпе:
Сауытбек, болмас сөзді айтасың ба,
Көпшілік сөзді сынап байқасын да,
Әркімнің айтқан сөзі өзіне жөн,
Айыбым көзі көрмес арқасында,
Саытбек, тарих жайын менен сұра
Қарттардан үйренгенмін он жасымда,
Арқадан аз үй қыпшақ келгені рас,
Ел үркіп, шапқыншылық шайқасуда,
Қан аққан қырғыз, қазақ найзасынан.
Наурызбай сло ұрыста қолға түсіп,
Қырғыздың қазақ қалған олжасына,
Келіпті сол қырғынның кесірінен
Отырмыз көп Дулаттың ортасында.
Жараймын аз да болса айқасуға!
Адамға ауыр сөйлеу жараса ма,
Ақылды айқын жодан адаса ма?
«Көппін» деп көпіресің көтеріліп,
Қаттырақ айттым, Сауыт ойлансын деп
Астың да атың да жоқ жаяу жүрсің
Көп елдің саған, Сауыт, пайдасы жоқ!
Сауытбек:
Ақбөпе, қызбаланып жалындадың,
Бой бермей боз байталдай ағындадың,
Айып па өскен елді сөз еткенім,
Сен де айтып орта жүзді сарындадың
Кемсітіп «кедейсің» деп кемітесің,
Бай еді құда болған қайындарың,
Қызығып байлығына құда болып
Айтуға арзымайды алған малың!
Бай болу, кедей болу-ол бір кезең.
Білмейді ешкім болжап арғы жағын,
Біреуді ортасына алып келсем,
Өскен ел ойланады намыс-арын.
Өзімде болмағанмен қалың Шымыр
Төлейді ортасынан қалың жалын
Үстіне екі әйелдің тоқал етпек,
Жағдайың, Ақбөпе қыз маған мәлім.
Ақбөпе:
Сауытбек, мына сөзің жараспайды,
Қисынсыз қиюы да жанаспайды.
Өзіңде болмаған соң не қыласың-
Шынында қалың Шымыр қараспайды.
Сауытбек, елге сеніп елікпегін,
Сөзіндей мынау сөзің еріккеннің,
Теке ойлар «Қойдың бәрі менікі» деп
Мас болған теке құсап желікпегін.
Сауытбек, елім көп деп шіренбегін,
Орынсыз жараспайды шіренгенің,
Қалың мал қалың Шымыр төлер болса
Сандалып атсыз жаяу жүрер ме едің?
Сауытбек:
Ақбөпе, «кедейсің» деп жыға алмайсың,
Шамданып, достық айтсам, тіл алмайсың,
Үстіне екі әйелдің барғаннан соң –
Шаттанып жастық дәурен сүре алмайсың,
Еріккен екі әйелдің тепкісін жеп,
Көңілің көтеріліп күле алмайсың,
Өмірің қорлықпенен өтер сірә,
Басыңа еркіндік алып жүре алмайсың,
Орта жүз өскен болса неге айтпайсың,
Қыпшақтан басқаларын біле алмайсың.
Ақбөпе:
Берейін, Сауыт, жауап сұрағыңа,
Сұраққа сөз қайтармай тұрамын ба?
Қазақтың шежіресін менен сұра,
Жасымда ұғынғанмын құлағыма,
Жатталып көңілімде қалған еді
Он екі – он үш жасар уағымда,
Қыпшақ пен Арғын, Найман Арқа жақта,
Көптікпен қанат жайған әр тарапқа.
Екеуі – Уақ, Керей бір анадан,
Тарақты ноқта ағасы біздің жақта.
Мекендеп Әзіреттің Қаратауын,
Көп халық Сырда жатыр Қоңыратта,
Аталған жеті ру ел бәрі орта жүз,
Сауытбек, есептей бер аз ба, көп пе?
Кемітсең орта жүздің ортасында,
Тірідей үйтер еді басыңды отқа!
Қобыланды ерлікпен елін қорғап,
Халқы үшін қарсы тұрған атқан оққа.
Кім болған қазыбектей әділетті,
Көп болған елді еңіреткен хан мен датқа?!
Қақ жарған қара қылды әділдікпен,
Бар болса Қазыбектей соны мақта!
Сауытбек:
Жаныстан Әлібек шығып би болыпты,
Басқарып ұлы жүзді игеріпті,
Қазыбек, Әйтеке би, Әлібекпен
Заманы үшеуінің бір болыпты,
Бір мүшел Әлібек би үлкен екен
Қадірлеп «ағамыз» деп сый беріпті,
Бір жағы «Ұлы жүз» деп қадір тұтып,
Құрметтеп Әлібекті күнделікті,
Кейінгі әйелінен Әлібектің
Данышпан Төле деген ұл болыпты
Жасынан сөзге шешен сара бопты,
Он төртте бітпей жатқан дауды шешіп
Ақылы атасынан дана бопты.
Төленің «Бала би» деп даңқы шықты.
Жүргізген оның жолы таза бопты.
Мүгедек, мүсәпірге мейірі түсіп,
Жесір мен жетімдерге пана бопты,
Қазыбек, Әйтеке би қартайған соң
Төле би үш жүзге де аға бопты.
Қазақтың түп тарихын анықтауға
Үш жүзді Төле жүріп аралапты,
Мөр басып шежіренің шындығына.
Қазақты анықтаған Төле бопты!
Ақбөпе:
Болыс пен осы кезде биің қандай,
Баз біреулер болысқа сиынғандай,
Болыстың қасында жүр деп естіп ем.
Орынын басасыз ба, түрің қандай?
Жақында сайлау бар деп есітемін
Шу елі Аша болыс жиылғандай
Болыстың бағы саған барған шығар.
Сайлауға ойың бар ма ұрыеғандай?
Байларың қайырылып қараса ма,
Ел тартып таласуға күйің қандай?
Жарысып қалып кетсең үлкен таңба,
Қоя ғой, бола алмасаң шығындамай!
Сауытбек:
Ақбөпе, терең ойлап болжамадың,
Едім деп қатын үсті ойламадың
Зорлықпен бай-болыстың көріп жүрсің
Кедей мен аз руды қорлағанын
Бай менен дегенің ғой болыс жақсы
Көтеріп бай-болысқа болыспашы
Елді езіп зорлық жасап зарлатып жүр,
Бұлардан зияны жоқ орыс жақсы.
Көтеріп деп отырсыз болыс күшті
Істей ме жақсы болса зорлық істі.
Болыс, би әділетті болса тура
Өзің де болмас едің қатын үсті!
Қарасып қайырылатын байым да жоқ
Жалынар бай-болысқа жайым да жоқ
Аз ру, нашарларға зорлық жасап,
Құдайдан қорқатұғын ойым да жоқ.
Мінім жоқ кедейліктен жасырмаймын.
Астымда мініп жүрген тайым да жоқ.
Өзіңдей есі бар қыз еске алмаса,
Мал беріп белгілеген қайным да жоқ!
Ақбөпе:
Сауытбек, деп отырсыз амалым жоқ,
Қайырылып, қарасатын адамым жоқ,
Табылар көңілі сүйген ел емес пе,
Өзіңнің жүрегіңде талабың жоқ.
Көңілі сүймегендер қаламайды,
Сүйіссе бай, кедей деп санамайды.
Уайым түбі терең – терең батырады,
Жігітке жүрексіздік жарамайды.
Тәуекел – мінсе қайық, өте шығар,
Әр жұмыс тәуекелсіз бола алмайды.
Сауытбек:
Кедейге жақсы қыздар қарай ма екен,
Бай менен болыстардай санай ма екен?
Қалыңға берерге мал, мінерге ат жоқ.
Үйлену кедейлерге оңай ма екен?
Ақбөпе, қайның бай-болыс еді,
Қордайда Ұзынағаш қоныс еді,
Өзіңдей жақсы қыздар солардікі,
Кедейге кесір боп жүр сонысы енді.
Ноғайбай бағы жұрттан асып тұрған,
Болыстың әруағы басып тұрған,
Мысалы, Ноғайбайға кім батады,
Не десе Үйсін, Дулат жатып-тұрған.
Ақбөпе:
Сауытбек, жарамайсың сөзің жасың,
Өтпейтін қайраса да өзің жасып,
Байлық пен болыстықтың керегі не,
Ақылсыз, сөзі топас болса сасық.
Дәрежең Жаныстармен тең емес пе,
Шымырдан кетер ме еді, Жаныс асып, Сауытбек, ишаратқа түсінбейсің,
Қалған ба кедейліктен миың ашып ?
Сауытбек:
Ақбөпе, шын сөзіңе жол береміз,
Орынды бұл сөзіңді оқ көремін.
Мақсатым ойымдағы осы менің,
Жеңілдім, енді сізге қол беремін.
Шымырлап сөзің батты сүйегіме,
Бұл сөзің ыстық тиді жүрегіме.
Аңсаған арманымды өзің айттың,
Тоқтадым, қолыңды бер, бүйеріңе.
Ақбөпе:
«Тор жайсам, деп едіңіз тұйғын құсқа».
Ойлама «Жетпейді- деп қолым қысқа».
Ақ тұйғын шақырмай-ақ өзі барар,
Керетін торыңыздың жолын нұсқа.
Ойлаған мақсатыңыз орындалсын,
Қолыңды маған бергін, қолымды ұста!
Сауытбек пен Майсаның айтысы
Сауытбектің бұл айтысы 1890 жылы Дулат еліндегі Сауан деген байдың қызының тойында болады. Майса- атақты Байта деген байдың қызы. Ол сөзге шешен, суырып салма ақындармен менменсіп жүрген талай өр кеуде ақындардың сөзбен тойтарып иесін қайтарып отырған. Ол кезде Сауытбек ақынның 20 жастағы кезі екен. Өзі бойдақ болған соң, Майса қызбен айтысында сөзді. Сауытбектің өзі бастаған.
Сауытбек:
Келіп ем, Майса, саған амандаса
Қалмайды тойдан- Күнту хабарланса,
Жігіттің бағы ашылар деген екен,
Танысып, ағайынды араласса.
Майса:
Келгенің жақсы бопты кәсіп ауып,
Сәмбетті іздеп келдің, қайдан тауып?
Сарқамыстан шықпайтын кедей Күнту,
Келіпсің бір-бір таймен жаппай тауып.
Сауытбек:
Аман ба. Ақын Майса. Елдеріңіз,
Тамаша ойын- сауық ермегіңіз,
Хантауың жайлап жатқан, сұлу бар деп,
Ізденіп айтысуға келгеніңіз.
Майса:
Хантауын мені бір ерке жайлап жатқан,
Сазына жаздай бие байлап жатқан,
Айтысуға келгеннің аузын буып,
«Ауылыңа аман бар»,- деп айтып жатқан.
Сауытбек:
Хантаудың сіздің ауыл бауырында.
Арнайы іздеп келдім ауылыңа,
Бес-он ауыз айтысқан сұлу қыздың,
Талайын тартқан Сауыт бауырына.
Майса:
Ар жақтан айтысам деп келдің жортып,
Кетесің бай ұлындай оршып- оршып,
Көруге бойың қысқа, түрің солғын,
Жеңер деп сескенбеймін сенен қорқып.
Сауытбек:
Оншалық қортық емес, аласамыз,
Бәйгеге бай құлындай таласамыз.
Әнім зор, өлеңім мол, қызығы көп,
Зор байлық – өлең- сауық, тамашамыз.
Майса:
Бойыма біткен өлең, айтсам дайын,
Саған мен байлық айтып не қыламын,
Сауытбек шіренесің неменеге,
Келіпсің сұрап мініп, тайдың майын.
Сауытбек:
Келгенім рас, Маса тайды мініп
Отырсың сұрамастан жайды біліп
Айтыста сұлу қызден әнге басып,
Талайы беттен сүйген қайырылып.
Майса:
Көктемде сиыр қашар оқырадан,
Ауылым күнде базар топырлаған,
Мақтаншақ ақын деген әнгі келер,
Дәрі ме сұлу қызға соқыр адам.
Сауытбек:
Тұрмысың бүгін көріп Сауытбекті?
Бір көзім –бір көзіме ауып кетті,
Атақты Байта атаның сұлу қызы,
Бетімнен қаншық иттей қауып кетті.
Майса:
Ақындар келіп қайтқан талай-талай
Артына қашап кеткен бір қарамай,
Атамыз дін иесі, мықты дейді.
Ұқсаттың адамзатты итке қалай?.
Сауытбек:
Сен менің шұқи бердің бір көзімді,
Сондықтан ұқсатқаным мінезіңді,
Екі жас араз болу қиын емес,
Ұстансаң өкпе тарқар білегіңді.
Майса:
Сауытбек, есте бар ма түнеукүнгі?
Кетіп ең көрместей боп бұл өңірді,
Кедейдің қара қысқа өзі екенсің,
Шыдамай, жарып алмай жүрегіңді.
Сауытбек:
Өзіме өз обалым шыдамасам,
Көзден бұлбұл ұшасың бұлаңдасаң,
Сауытбекті өлдіге санай бергің,
Жақында сене сұлу қыз алмасам.
Майса:
Өлең қызық болмайды сөз болмаса,
Қисық ағаш көбейер тез болмаса,
Кедейге біле тұрып қыз тимейді
Байы өлген, жесір қатын кез болмаса.
Сауытбек:
Айтайын саған бір сөз мақұлдасаң ,
Қыздар жақсы көреді жақындасаң
Дүниеден бос кеткенім жақсы емес пе?
Қыз алмай, жас күнімде қатын алсам.
Майса:
Сені мен зерек деуші ем білерлікті.
Сұрап мініп келіпсің бір көлікті,
Тойға барса ауысып киет дейді,
Алтауы кезек-кезек бір берікті.
Сауытбек:
Бір бөрік алтаумыздың ермегіміз,
Жалғыз кедей болдық па, елдегі біз,
Сұлу қыз ақын көрсе жақсы көрер,
Аяғы өлең боп тұр сенгеніміз.
Майса:
Айтысып екеуміз арыңдағық,
Ылди-өрлі айтылды, тарынбадық,
Алтаудың демде байып кетер едің
Жалдансаң бір-бір байдың малын бағып.
Сауытбек:
Екі үлкен шаруа болды егін айдап,
Екеуі қысқа қарсы соғып байлап,
Екеуміз ақын болдық көпке лайық
Ән салып, той-жиында жүрміз сайрап.
Майса:
Аулымыз сіз бен біздің емес жарық,
Айтқаным, қыз тимейді сізге бірақ.
Бірер түйе қосармын бір қыз тисе,
Тұрармыз құлақ түріп, сырттан сұрап.
Сауытбек:
Кедейдің байығаны түйе берсең,
Өзіме-өзің келгің жүйе десең.
Мәмбетте жиырма үйлі сегіз ақын,
Күнде базар көресің үйге келсең.
Майса:
Өзің кедей болғаныңмен сөзің кесек,
Құнарлы үстінде жоқ киім-кешек.
Ауылға жүр дегенің бір жел сөз ғой,
Үй дегенің –қамыс үй бойра төсек.
Сауытбек:
Шымырдың ұрпағымыз сен де, мен де,
Айбыным, атағым зор көрмегенге.
Майсажан, сене кейін қыз алмаймын,
Жолығар өлі балық- өлмегенге.
Майса:
Қалай деп өкпелерсің табаларсың.
Жаман-жұман елде көп араласаң,
Сәуір қыз жібі түзу тие қоймас.
Едім деп байдың ұлы алдамасаң.
Сауытбек:
Байдың ұлы едім деп құтылмаймын,
Берікпін өз ісіме шатылмаймын.
Өлеңім, өнерімнің бәрі де ашық,
Ешкімнен бүгежектеп жасырмаймын.
Майса:
Кейіндеу саулық болса, бір көрерміз,
Біреуге бір адамды жіберерміз.
Қыз тұрмақ кемпір тиер бір жерің жоқ,
Болмаса бойға біткен бір өлеңің.
Сауытбек:
Білемін, Майса сені ол басынан,
Болыстың дәмін таттың ордасыннан.
Алғанымды көрерсің кейін Майса,
Сатылып барып тиген жолдасыңмен.
Шу өңірінен шыққан сөз зергерлері мен өнерпаздар басқа да тарихи тұлғалар аз емес. Олардың дуалы аузынан шығып, не бір ғасырларды көктей етіп келе жатқан аталы сөздері қаншама? Алайда оны кезінде жинастырып, белгігі бір жүйеге түсіру, сөйтіп өзінше жинақ етіп шығару қолға кеш алынғандақтан көбісі ұмыт болды, ел жадынан шығып қалды. Ал бүгінгі қолдарыңызға тиіп отырған аудандық «Қазақ тілі» қоғамының тырнақалды жинағы Шу саңлақтарының сөз маржандарын жинаушы Уәш Асатовтың ауданымыздағы Сауран Асылбеков , Смайыл Қалипанов, Балтабай Қарынбаев , Райыс Кереев, Жақан Қожағұлов, Садық Смағұлов, Төребай Сейсенбаев, Райхан Досымбекова, Мұрат Сәлімбаев, Мәулен Исаев, Абайкүл Қылышбекова, Әшір Медетбеков сияқты құймақұлақ қариялар мен әдебиет әуесқойларының аузынан жазып алған, арагідік мерзімді басылымдар бетінде жарияланған, тіпті республикалық беделді баспалардан шыққан жеке жинақтардағы шулық өнерпаздарға қатысты бірді-екілі мұралар еніп отыр. Ал бұл жинақты шығарудағы мақсат біреу; ол - не бір жылдарды белінен басып бізге жеткен, әрі ел арасында асылдың сынығындай шашылап жүрген Шу сөз зергерлерінің әдеби мұраларын бір ізге түсіру, оны жинап қағаз бетіне түсіруге бүкіл жұртшылықты жұмылдыруға ықпал ету. Өйткені әлі де баспа бетін көрмей, қағазға түспей жүрген шулық сөз зергерлерінің басқа да әдеби мұралары қаншама!? Олар-Жақсыбайдың, Қуандықтың, Балқыбектің, Жидебайдың, Смайылдың, Сауранның, Әшірәлі мен Жомарттың, Қалметтің, Алғадайдың баспа бетін көрмеген, бізге жетпеген мұралар. Одан бергі Аяз, Әшім, Базарбай, Тоғызбай және Құрманқұл сияқты жаңа лектің, соны лептің сапындағылар да осындай қамқорлықты қажет етеді. Алдағы уақытта мұндай игілікті іске құлшына атсалысушылардың саны көбейіп, бұл бастама құлашын кеңге сермеп жатса, онда осы қарлығаш жинақтың мақсат-мұратының да орындалғаны. Мұндай тұсау кесер жақсы ниет, ізгі бастама игілікті істің жоралғысы болғай дейік. Ендігі сөз Сіздерде, қадірлі оқырман!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру