TELEGEI

Home

Ыстықкөл күнделігі

Шоқан Уәлиханов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ыстықкөл күнделігі

Шоқан Уәлиханов – зерттеуші ғалым, жолсапар күнделіктерін жазушы. Сапарларының негізінде жарық көрген туындысының бірі – «Ыстықкөл сапарының күнделігі». Автор халықтардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын терең зерттеп, фактілерді жинастырады. Қырғыз халқының этнографиясы мен тарихы туралы көптеген ...

ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ

Семейден шыққанда…

Сәуірдің 18-жаңасында Семейден біз Аягөзге аттандық. Жол сусыз сортаң далада анда-сан кеттері арқылы өтеді екен. Алғашқы көкті де біз сол стани– цалардан ұшыраттық. Жолға шыққан күніміз жайма-шуақ болып, бозторғайлар шырылдап, әдеттегі әніне басып тұрды. Саздауыт шабындықтардан, көлшіктерден үйректің талай тұқымын кездестірдік, әсіресе Атырау өлкесінде кең тараған тұрпаң аталатын тіректер көп-ақ. Бұлардың өзі кермек суды жақсы көреді. Ал қырда ондай су аз кездеспейді ғой. Өсімдік дегеннен пішендік шөптер баршылық, сабізжапырақ пен бақбақ жиі. Тобылғы мен қараған әжептәуір екен, бірақ әлі жапырақ жайып үлгермепті.

Аягөзде…

Аягөз қасқа жолының бойындағы бекеттердің барлығы құдық суын пайдаланады. Аягөздің өзіне дейін ғана алты құдық бар. Осынау сортаң дала Аягөзге қарай жоталанып, Арқат тауына ұласады да, одан әрі тағы еңіске қарай құлдилайды. Қалай айтқанмен де, Аягөз жотасы Ертіс қырқаларынан биігірек. Арқат тауларының тік шаншылған шыңдары мұнартып алыстан көз тартады. Сонысымен біркелкі сүреңсіз жолға тың бір серпін береді. Арқат тауларының мал отының молдығымен аты шыққан. Сондықтан Аягөз дуанына қарасты найман мен уақ болыстарының қыстақтары соның баурайына шоғырланған. …Айдың ٢٠-жанасында түнделетіп, біз Аягөзге келдік. Аягөз дегенің – шағын ғана станица. Мұнда дуанның найман руын басқаратын әкімі тұрады. Кенттің негізі ١٨٢٤ жылы қаланған. Кешкісін біз Аягөзден шығып, Аягөз өзеніне құятын Тумырзаның ағысын бойлай отырып, өзеннің оң жағалауымен құз-жартасты қырқаларды басып, Қапал жолының бойындағы бірінші бекет – Көне Аягөзге келдік. Аягөзді жағалай отырып, біз табиғаттың тылсымына әбден бойладық. Дала теп-тегіс, жап-жасыл кілем жауып тастағандай. Қараған мен тобылғының және шіліктің жапырақтары жайылып, маужырап тұр. Шамасы, түстікке тән шуақты күннің қызуы табиғатты түгел исіндірген сияқты. Тау арасындағы сай-жалғаның барлығы қаулап өскен сәбізжапырақтан көрінбейді. Жиде, итмұрын, сәмбіталмен көмкерілген өзен жағасындағы тоғайдан көктеректер андағайлап, үш күн сортаң даламен жүріп құлазыған көңілге тәтті бір сезім себелегендей. Сортаң далада анда-санда бір ұшырасқан түп-түп ши мен қараған, тобылғыдан басқа ештеңе көзге түспеп еді. Жағаның көгорай шалғыны таптырмас жемшөп, ал тоғайлар қысқы боран мен бұрқасыннан күшті қорғаныш. Қазақтың аңыз–әңгімелерінде Аягөздің ағысы жырға қосылуы тегін де емес қой. Айнала қырдың айтақыр шөлейт екеніне қарамастан, Аягөз, шынында, да жұмақ сияқты көрінеді. Биігірек келген сол жағалауы шалғыны ат бауырынан келетін жылғалар мен шұрайлы шабындық. Сондықтан да ол орыстар келіп, бекеттері түспей тұрғандақазақтардың тұрақты жайлауы болған. Қазақтар қазақ-орыстардың көршілігінен қорқады. Мұның нендей себептен туғанын қазір тап басып айту қиын. Әйткенмен, өзін–өзі сақтау сезіміне жететін не бар! Өз басым Аягөзге таңдай қағып, таңырқап қатты құмартамын. Бәлкім, бұл айдай ару Баянның алтын басты Қозы Көрпешке ғашықтығы жөніндегі жыр-дастанның әсері болар. Ол оқиғаның осы өзеннің бойында өтуінің маңызы аз болмасқа керек. Біз оған өзеннің бойында өтуінің маңызы аз болмасқа керек. Біз оған (Қозы Көрпеш мазары) ертеңгілік жетіп, сәресі шайын мазардың түбінде ішкіміз келді. Жол-жөнекей шайды көбіне қираған кенттің жұртында немесе желегі мазалардың түбінде ішіп келеміз. Мұның өзі өткенді ой елегінен өткізіп, ертеңге көз жіберуге итермелейді. Сол мақсатпен ат айдаушыға алдын ала тапсырма беріп қойғанбыз. Күн шашырап шығып, бозторғайлар шырылдап алғышқы әніне басқанда, қараңғылық сейіліп, түнгі бұлт терістікке қарай жөңкіп, шығыстан арайланып алтын күн шапақ шашқанда, ағаштардың басы нұрға шомылып, судың бетіне алтын шашырағандай болған ғажайып бір сәтте мазарға жететін болайық деп шешкенбіз. Алам ойланады да, Алла оңғарады ғой әманда. Түні бойы сабалап жаңбыр жауып, тарантастың шатырын ұрғылады да тұрды. Болдырған аттар сазда тайғанақтап, аяңмен әрең ілбіп отырды. Қамшының шартылы мен шаршаған аттардың пысқыруы, жәмшіктің шу-шуі ғана жаңбырдың біркелкі тысырын арагідік бөліп қояды. Түн сұмдық болды. Жол жүру де қиындай түсті. Жаңбыр алдын ала ойластырған жоспарымызды бұзып кетпес пе екен деген күдікпен әлденеше мәрте ат айдаушыдан: «Қалай, Жаңбыр басылатын емес пе, күннің айығатын түрі бар ма? – деп сұрадым. Байқашағына дейін малшынған делбеші: «Жоқ», – деп бір бұрқ етеді де: «Бұл ауа райына не қыларсың, брр!» – деп етегіндегі суды бір сікіліп тастайды. Ат айдаушыны жаным аяп келеді. Шапшаң жүріп отырсақ қой, баяғыда-ақ жылы пештің үстінде қорылдап ұйықтап жатар ек? Баян сұлудың ескерткішін көре алмай қалсақ қой, өкініштің көкесі – сол.

Осылай біз бір сағат жүрдік.
Жоғары мәртебелім, – деді бір мезгілде делбеші, – Міне, мазарға да жеттік.

Сыртқа басымды шығардым. Бұлыңғыр күн жабырқау бұлттың арасынан сығалай бастапты. Аспанды түп-түгел алба-жұлба, айбақ-сайбақ қара бұлт торлап алған. Бұрынғысынша себелеп жаңбыр жауып тұр. Ақ көбікке оранған аттар саздауыт жердің сортаң балшығынан аяғын әрең алып келеді. Сол жақта өзеннің арғы бетіндегі бәйтеректердің арасынан мазардың тік шаншылған мұнарасы көзге шалынды. Мазар қызыл кірпіштен өріп қаланған сияқты. Мұндай күнде шай ішіп ауыз жылыту жөнінде де, тіпті мынау қазақтың ежелгі мұрасын қызықтау жөнінде де ойлаудың өзі әбес. Зайыры өзен тасып кеткен-ау деймін, жоғары мәртебелім. Арғы жаққа өте алмайсыз, – деді менің ішкі пікірімді сезіп тұрғандай, ат айдаушы. Онда алға жылжи бер, қайтар жолда көрерміз, – деп тонымды қымтанып, оң жамбасқа аунап түстім де, ұйықтап алғалы көзімді жұмдым.

Лепсі мен Ақсу бойында Станицаның жарты жолында Лепсіге таяу Арғанатыдан Лепсі бекетіне дейін бірақ таулар сілемі жатады. Оның арғы жағында жер сипаты мүлдем өзгереді. Бұл тау сілемдерінің түстігінде айналасын қамыс басып кеткен көл жатыр. Жазда ол құрғап қалатын сияқты. Көктемде Лепсі суының жайылуына орай айнадай жарқырап жатады. Оған біз күн батар алдында жеттік. Қаздардың каңқылы құлақ құрышын қандырады. Ал бұл өңірде аса көп құрбақаның айрықша бір түрінің үні құлақты жарады. Сондықтан біз құлағымызға мақта тығып алдық. Өзеннің жағасында тауға қарай Лепсінің сағасына таман қазақ бейттері көрінді. Оларда тіпті сан жоқ. Қыстаулардың жұртын жолда көргенбіз. Ал бұл өңірде ауылдар бар. Бейіттерге қарағанда осы өңір рулардың жиынтық қонысы болған сияқты. Дәл қазір қазақтар Балқаштың қамысын қыстап отыр. Ал жазда тауға тартады. Бұл араға көктеу мен күздеуде он шақты күн тыныс алып тынығып кету үшін ғана тоқтайтын тәрізді. Бұл көлдің арғы жағында Лепсінің дәл өзіне дейін бұйрат-бұйрат құмдар. Құмы және сусымалы. Қамыс пен ши жеткілікті. Ара-тұра көкпек, шеңгел, ақтаспа ұшырасады. Өсімдігінің бар болғаны – осы. Құмда тасбақа мен жылан өріп жүр. Осы тұстан Лепсінің айдын ағысы ашылды. Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау алып, Балқашқа құяды. Оның суы терең. Жағасында қалың тоғай өседі. Шынар, көктерек, қызылтал, жиде, шілік сияқты бұталы ағаштар көп. Сағасы қалың нар қамыстан көрінбейді. Қамыстың арасы – бықыған құс. Ара-тұра жолбарыс та ұшырасады. Бірде жолбарыс бекеттің күзетшісін жарып кетіпті. Бұл өңірдің ауа райы әрқалай. Ақпанның аяғына таман қар болмапты. Пасха мейрамының алдындағы аптада бекетшілер қаз жұмыртқасына лық тойса керек. Бұл жазықта кесіртке мен бүйілер көп деп сендіреді. Бұдан бірнеше жыл бұрын осы өзен орыс иелігінің түстіктегі шегарасы болыпты. Сондықтан бұл арқылы өтуге тыйым салынған екен. Ал қазір… қазір мәселе басқаша. Түнде Басқаннан өтіп, ертеңгілік Ақсуға жеттік. Лепсі сияқты Ақсу арқылы өтетін де өткел бар. Ақсу өзенінің ағысы қатты. Жағасы қызыл талға бай, әрі бір тегіс. Тқтайдай тегіс дала Лепсіге дейін созылып, одан Қисықауыз тауларына ұласады. Ақсудан көзімізге Алатаудың таулы шаңдары шалынды. Одан әрі көгілдір таулар асқақтап, бұлтпен астасып кетеді екен. Әредік шыңдар бұлт арасынан жалт етіп шығып, көтеріліп келе жатқан күннің арайымен алтын қызыл реңке боянады. Суреті көз қарықтарырдай ғажайып. Ал мынау Қисықауыз болса, Алатауға қарағанда, жүз жасаған еменнің түбінде өсіп тұрған шөп сияқты. Біз жүріп келе жатқан дала теп-тегіс. Жусаннан басқа қылтанақ жоқ деуге болады. Оң жақта да, сол жақта да бекініс сияқты бейіттер көз алдырмайды. Көбі төрт құлақты зираттар. Жол-жөнекей жайылып жатқан үйір–үйір жылқылар, отар-отар қойлар, қазақ үйлері көзге шалынады. Бізді көрген бойда қазақтар көзге түспей жедел кетіп қалуға тырысты.

Шелекте Мамырдың 15 жаңасы. Шелек өзенінің жағасында түнедік. Шелек өзені Алатаудың кіндік шыңдарының бірінен бастау алады. Өзімен бірге бастау алған Талғар өзені сияқты кейін ол да Жіңішке өзегі келіп кұйганша батысқа қарай ағады. Содан терістік шығысқа ойысып, Іле өзеніне құяды. Оған құятын салалар көп-ақ. Оң жағынан кліп Көгентөр, Делеқарағай бұлақ, Сүттібұлақ, Үшбайсоры, Күдерге, Құрметі, екі Сарыбұлақ (Келді-Сарыбұлақ, Асу-Сарыбұлақ), Саты және Қарабұлақ: сол жағынан – Үшбұлақ. Текежон, Жіңішке, Сарыбұлақ және Асы өзендері келіп құяды. Шелектің ағысынан мынадай өткелдер өтеді. Оларды Асу деуге де болады. Көгентөр, Делеқарағай, Шелекке құятын және басқа шағын өзендердің бастауында асу бар. Шілде мен тамызда түйелер тек Күрметі арқылы өтеді. Шелек өзенінің ағысы әжептәуір шапшаң. Оның суы жыл бойы тартылмайды. Және едәуір әңірге жайылады. Маусымның аяғында тау қары еріген тұста су тасып төңірекке жайылып кетіп, тамызға дейін молшылық болады. Бұлтұсты қазақтар тары жинау кезеңі дейді. Шелектің жоғарғы ағысы – қазақтардың тұрақты қыстағы. Баяғы заманда Қарабұлақтан Үшбайсорыға дейін сарбағыштар алып жатыпты. Қазір ол араны албандардың қызылбөрік руы қыстайды. Қатал қыстан малды аман алып шығу жөнінен Жіңішке мен Сарыбұлақтың арасындағы Бақалы аңғарының даңқы айрықша. Бақалы деген – «бақасы көп жер» деген сөз. Қырғыздардың сарбағыш руынан шыққан бір азамат мені өз манабы Үмбетәлі қыстаған кезде сол өңірде қыс бойы бақа бақылдап шықты деп сендірді. Оның айтуынша, бұл жердің бақасы ақ келеді, үлкендігі алақандай. Бұл сөзді қазақтар да бекіте түседі. Шелектің жоғарғы жағында бетегеден басқа шөп өспесе де, қандай қары қалың қатты қыстың өзінде мал шығыны болмайды. Ешқандай боран болғанын сексен жылдан бері қариялар білген емес. Шелек бойындағы Алатау жоталарын шыршалы орман әдіптеп жатыр. Шелек бойындағы Алатау жоталарын шыршалы орман әдіптеп жатыр. Шелек жағасындағы жазықта жусан мен қызғалдақтан басқа мал азығындық шөп шамалы. Оның есесіне жаға шілікке, жидеге, тобылғы мен жыңғылға, итмұрын мен талға сыңсып тұр. Бұл бұталар өзеннің екі жағынан жасыл алқап жасайды. Өзеннің орта ағысына таман оны қоршап тұрған шілік тал биік тоғай құрайды. Оны қазақтар Бауағаш атайды. Ілеге барып құяр тұста тоғайды қамыс пен сексеул басып кетеді. «Шелек пен Іледен құралатын Қаратұрыққа дейінгі мүйісте жағалауға жақын жақсы шабындық болады» дейді жергілікті жердің адамдары. Тауға таман бұл алқапта тек шеңгел мен ши ғана өседі. Қаратұрықтан Шелекке дейін сол жақ қолда, қазақтар белгілі батыр Қорамның бейітіне байланысты Қорам атап кеткен, жылап ағып жататын жылға бар. Жолды жағалап жүріп отырады да, аяғы келіп Шелекке жақындағанда сазға айналып, елді шабындыққа кенелтеді. Оның құрғақ екінші басында бекіністердің жұрты, былайша айтқанда, жар жатыр. Оның түбінен құдық қазылған. Қазақтардың аңызына қарағанда, бұл арада қалмақ бекеті болған. Абылай хан ол бекетті талқандап, Шелек алқабын дінсіздерден тазартқан. Шелектің өзінде Бауағаштан жоғарырақ тағы бір әдейік қорғанның жұрты жатыр. Сарбағыштар маған марқұм Орман батыр бұл жерді қоныстанған кезде әйелдер мен балалар меруерт-маржан алқа және басқа заттар тапқанын айтты. Ал өзім болсам, алғашқы қорғаннан балшық құмыралардың сынығын таптым. Шелектен Ыстықкөолге қатынайтын керуен жолы Темірлік арқылы Қарқараға түседі. Екінші бір жол бұдан қолайлырақ. Ол Шелектің жоғарғы жағынан Сөгеті тауын бойлап, Сөгеті асуынан асып, Торайғыр тауына тартады. Сөйтіп, Үш Мерке арқылы Қарқараға түседі. Шарын жазығында Қарқараға баратын Темірлік жолы Меркімен ұштасып, бірден-бір өткел Санташ арқылы өтеді. Темірлік жолы қолайлырақ. Тіпті дөңгелекті көлікпен жүруге де болады. Бір ғана бөгет – Темірлік өзенінің ағысынан пайда болған сай ғана. Сөгеті мен Мерке арқылы өтетін жол түйе керуеніне қолайлы болғанымен, доңғалаққа қиын. Ал біздің жасағымызда бір арба мән бір шағын зеңбігек болатын. Сондықтан да зеңбірек пен арбаны түйеге теңдеп, Сөгеті арқылы өтетін жолды тандадық.

Торайғыр тауы Маусымның ١٧-жаңасы. Торайғыр тауының теріскей жағы. Айыр асуы және сол аттас бұлақ. Сөгеті тауынан тау сілемдерін көктей өтіп, Торайғырға Айыр асуы арқылы астық. Асуға жете бергенде бізді еріксіз тоқтатты. Біз Торайғыр тауының теріскей баурайында түнедік. Күнгей жағына өту қиын болмаса да, әдейі солай жасадық. Теріскей деген – бұл таулардың терістік-батыс баурайының жалпы атауы. Ал Күнгей – түстік жағының жалпы аты. Таулардың арасындағы бұл жіңішке жазықта Сөгетіге қарай рауғаш тым көп екен. Ал Торайғыр тауларының баурайын қарай бетеге мен жусан тұтасып жатыр. Рауғаштың жапырағы солып, қызғылт тартқан. Біздің жолымызға жарыса жалғасып оң қол жақта Шелек өзені келеді. Сөгеті мен Торайғыр тауының арасындағы өзеннің бұл ағысын қазақтар Бартоғай атайды. Сол жақтан жолмен жарысып келе жатқан жазықтың аты – Шарын. Бұғыты мен Торайғыр тауларының тамамдалған тұсындағы Шарынның бұлағын қазақтар Сартоғай деп атайды. Ал бірінші Меркеден Сартойға дейін ағыстың аты – Ақтоғай. Бұл түні салқын болды. Күздегідей ысқаяқ жел есті. Түні бойын күшті қар жауып, Алатаудан Іле алқабына дейінгі жазық қыстағыдай ақ көрпе оранды. Суық күшті болған соң тон киіп, киіз үйге от жақтық. Суықтық ٥ градус. Көз алдымызда қарға оранған Торайғыр тауы мұнартып жатыр. Торайғардың аты «торы айғыр» деген сөзден алынған. Қазақтардың аңызына қарағанда жоңғар қалмақтарын осы өңірден қуған кезде бір торы айғыр тауда қалып қойыпты. Торайғыр – албандардың ең жақсы қыстауы. Айтуларына қарағанда, бұл төңіректе қыс болмайды деуге де сияды. Ал қыс болса да көп ұзамай қар кетіп қалады. Қытымыр қыстың өзінде мал азығы тапшы болса да, жалғыз қынаны ғана азық қып мал қонын түсірмей аман шығады. Жалпы бұл араның жері құнарлы, шөбі шүйгін. Малға жұғымды жер дейді қазақтар. Дәл мамыр айының өзінде сол мақтаулы жерден Құдайдың бізге қарды жіберуін көрмейсің бе?! Қардың көптігі сондай, оның түгел еріп кетуі үшін табаны күректей үш шуақты күн қажет болды. Ал біз үшін уақыт қандай қымбат десеңізші. Ертеңгісін-ақ біз жолға шықтық. Торайғыр тауының күнгей жағындағы Сұлу Қарашоқы деген жерде аз-кем аял жасадық.

Меркеде…
Маусымның ١٩-жаңасы. Бірінші мерке өзені.

Алатау мен Құлық жотасын қосып тұрған иінге көтерілгенімізде, біздің қарсы алдымыздан жартасты биік жылға шыға келді. Оның етегінде табанымыздың астында зымырай ағып Мерке өзені жатырап жатты. Жоғарыдан қарағанда өзеннің ағысы тым тамаша көрінді. Жап-жасыл бір тегіс жылғада ағып жатқа өзен екі жағынан маужыраған сәмбі талдар көмкеріп тұрған көк лента сияқты көрінді. Үш Меркенің үшеуі де бастауын Алатау жоталарынан алып, иіннің өн бойымен зырлап отырып терең аңғар жасап, Шарынға барып құяды. Ал шарын болса арнасын кеңітіп, иінді жарып, Қулық тауын белдеулей өтіп терістікке тура тартады да, Ілеге құяды.

Біз бірінші Меркенің Шарынға құятын тұсында түнедік.

Меркеде арқар мен жабайы ешкілер көп. Оларды аулайын деп едім, бірақ ол қарекетімнен ештеме өнбеді. Арқарлар ерте төлдейді. Мен оның қодығасын Қапалда-ақ көргенмін. Тау ешкілері лағын ертерек, сәуірдің соңына қарай тастап кететін сияқты. Жалпы Алатау жоталарының таутекесімен, арқарымен, маралмен аты шыққан. Қарақұйрықтар жазықта ғана кездеседі. Құстардан мен қараторғайларды, жабайы кептерлерді, қара қарғаларды (қазақтар оларды құзғын айтады), кекіліктерді, шілдерді, қызыл қанатты торғайларды кездестірдім. Жыртқыш құстардан біздің төңіректе қарақұстар, қозышы, қара және қызыл сирақты күшігендер ұшып жүрді.

Мамырдың ٢٠-жаңасы. Шырғанақ өзеніндегі түн.

Бірінші Меркеде киіз үй тігу үшін қарды күреуімізге тура келді. Кешкісін аспан ашылып, бұлт ыдырағанымен, терістік шығыстан ысқаяқ жел тұрып, күн суық болды. Ертеңгілік тұрғанда төңіректі түгел қар басып қалыпты. Бірақ күн шайдай ашық, жақсы екен. Ақ қарға шағылған күн шапағы көзімізді қарықтырып, айналаға қараудың өзі қиын болды. Оппа қарды кешіп, Үш Мерке жылғасынан өту де оңайға түскен жоқ. Жасақтың көптеп-көмектеп күш-жігер жұмсауы арқасында артиллериямызды арқанға асып жоғары көтердік-ау, әйтеуір. Екінші Меркенің құз-жартасты қақ жарып Шарынға құяр тұсының табиғаты таңғажайып. Алып жартастардан қалғандай жағалаудың тік жары, тас кеудесің қарс жарып құзға өскен күмбезді шыршалар көздің жауын алады. Төменде сыбдыр қағып шуылдап ақ көбік атып, Шарынның жасыл толқыны зымырап барады. Екінші Меркенің арнасы тар, ағысы да өте баяу. Одан өтетін асу онша тік емес. Ал Үшінші Меркеге жеткенде аттарымызды шалдырып, түстік жасап алдық. Үшінші Меркенің ағысынан пайда болған жазық әжептәуір және саздауыт екен. Бұл Бірінші Меркеден тереңірек әрі суы мол. Жағаға өскен сәмбі талдар да басқаларынан қалың. Бұл арада өсетін бұталар жапырағына қарағанда талға ұқсайды. Бірақ долана сияқты тікенді. Қабығы да доланаға ұқсағанмен, күңгірттеу. Қазақтар мұны шырғанақ атайды. Ағашы қызғылт түсті. Сондықтан қазақтар одан мылтыққа дүм жасайды екен. Оның мәуесі де шырғанақ сияқты. Үшінші Меркеге көтерілу өте жеңіл болды. Бірінші және Үшінші Меркенің арасындағы жартастарда ырғай, Сарыағаш, сары гүлді райхан, биіктігі әжептәуір қарағандар өседі. Жапырағы ұсақ бұл бұталарды қазақтар бозқараған атайды. Итмұрын, қылша да аз көрінбейді. Жергілікті халық қылшаны отқа жағып, күлін насыбайға салады. Мерке биігінің маңындағы Асыға дейінгі тауларда қарды жиектей отырып, құрылысқа жарамады шыршалар өседі. Биікті басып иіннен әрі асқанда оң жағында – Қулық, сол жағында Алатаудың негізгі жотасы жатады. Құлықтың етегін Шарын өзені сипай ағады. Өзеннің кемері таудың шығыс жағынан басталатын сияқты. Үш Мерке Шарынға дәл осы мойнақта келіп құяды.

Алатау қырғыздары жыршысы Мамырдың ٢٦-жаңасында маған Алатау қырғыздарының жыршысы келіп кетті. Ол «Манас» дастанын жатқа айтады. Дастанның тілі ауызекі сөзге қарағанда әлдеқайда түсінікті. Жырдың қаһарманы Манас – ноғайлы. Тек оның мінез–құлқы шығыс халқына ұқсамайды. Ол әкесіне тіл тигізіп, малын айдап кетеді. Үлкенді сыйлап, сыпайылық таныту жағы нашар. Мұнысы бір ғажап. Жалпы көшпелі жұрт қарттықты қастерлеп, қарттарды сыйлайды, олардың арасында ақсақалдан құрметті кісі жоқ. Дастанда Шу, Ташкент, Іле және Ыстықкөлде үш бірдей халық ноғайлар, қазақтар мен қырғыздар тоқайласады. Зайыры, олар бұрын жақындаспаған сияқты. Барлығының да көлдің төңірегіне қоныстануы, айтуға қарағанда, жетпіс жылдан көп аспайды. Тау қырғыздарына ноғайлылардың аңыздары ежелден әйгілі болса керек. Олар Едігені жақсы біледі. Әңгімесі де қазақтардың не ұқсас. Олар да:

Орманбет би өлгенде,
Он сан ноғай бүлгенде,
Қара орманды өрт шалды,
Көкіректі дерт шалды, –

деп жырлайды.

Бір ғажабы, ноғайлылықтар Орта Азияның барлық көшпенділерінің күллі аңыз–әңгімесінде қоса жүреді. Ташкент ноғайлары «Манас» жырында да кездеседі. Жәнібек пен Асанқайғы мұнда да мәшһүр. Елді бөріктіріп, бүлдірген қазақтардың Ала тайы бұларда да бар. Ноғайлылар жөнінде жыр да жеткілікті. Тобылғыты жазығынан біздің көзімізге арнайы іздеп келе жатқан Ыстықкөл жарқ ете қалды. Саяхатымызға айдан асқанда, мамырдың ٢٨-жағасында, алғаш рет сона мен масаны кезіктірдік. Санташтан көлге қарай құлдилағанда күн әжептеуір ысиын ддеді. Тауға кіргелі бірде-бір жақсы күнді көрген жоқ едік. Шыбын-шіркейді де өте сирек ұшыратқанбыз. Сол күні кешкісін шыбын-шіркейді көп кездестірдік. Мұнда күндіз ыстық та, түнде тым салқын болады екен. Айтуларына қарағанда, көлдің айналасы ұдайы ыссы. Сондықтан жаңбыр «тілеуге» тура келеді дейді қазақтар. Олардың арасында зікір салып, жауын-шашын шақыратын бақсылар болады екен. Оларды жайшы айтады. Бұл наным ежелгі түркілерге тән.

Алтын Емел Маусымның ١٨-жаңасында, күн батар алдында. Шеңгелді арқылы өтіп, суқұбырын көріп, оның бір тұрбасын алдым. Түнде Қарашоқы бекетін тарттық. Оған бес шақырым жерде бұл өңірде Қалыптас деген атпен әйгілі тас кеніші бар. Кеніштің айнала шеңбері – бірнеше аршын. Қазір одан қызыл және қоңыр қалыптас ашыпты. Қоянкөзден өтіп, ертеңгілік Алтын Емелге келдік. Алтын Емел – моңғол атауы. Бұл өңірде күні бүгінге дейін қалмақ атауымен жүрген жерлер көп-ақ. Сағанбұғы, Шөлтөпе, Лабасы және басқалар. Бұл атаулардың қайдан пайда болғанын түсіндіру үшін қазақтар маған аңыз–әңгіме айтып берді. Қонтайшы бүркітпен аң аулауға шығып, Алатаудың Талғар өзенінің жоғары жағындағы Топшық тұсындағы биік нүктесіне көтеріліпті. Бүркіт қойды көріп қолға тұрмайды. Хан қыранның томағасын сыпырып қоя береді де, тұлпарын тебініп соңынан ереді. Бүркіт Сағанбұғыда ақ киікке түсіп, Шөлтөпеде таутеке алады. Сол шабыста ханның аты Іледен қарғып өтіп, артқы аяғының бір тұяғы суға тиеді. Хан сонда мынау бұлақты қаперге алу керек екен дейді. Әңгімеші маған Топшықта көреген қонтайшының ізі күні бүгінге дейін сақталған. Оның керемет шахматының қалдықтары әлі жатыр деді. Алтын Емелде Тезек төренің ауылы Күреңбелде отырғанын естіп, Терісаққан бекетіне жақын жерде деп соған бағыт алдым. Алтын Емелге мен алғашқы келгенде бүкіл дала қазғалдаққа малынып, қып–қызыл болып тұр еді. Қазір қызғалдақтар солып, оның ессесіне бетеге, ебелек және шытыр бойлай өсіпті. Тезек төренің ауылында бес күн болдым. Мен болғанда бұл ауылда үш бәйге, бір той өтті.

Маусымның 23-жаңасында сағат ٩-да Тезектің ауылынан аттандық.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙