Анархия
Петр Кропоткин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
"МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ "МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БAҒДАРЛАМАСЫН ICKE АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев М., төраға, Досжан А., төрағаның орынбасары, Аска...
(1842-1921) - революционер, анархизм теоретигі, голым. Рюриктер ұрпағынан. Паж корпусын бітіргенімен, сарай қызметінен бас тартпай ол өз тілегімен Амур казак әскеріне жіберілген. Бес жылдан соң 1867 жылы Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп әрі ішкі істер министрлігінде қызмет атқарды. 1870 жылы Орыс географиялық қоғамының хатшысы болып сайланды. 1872 жылы шетелге сапар шегуге рұқсат алып, Швейцарияда І Интернационал қайраткерлерімен танысып, сол ұйымға кірді, Ресейге қайтып оралып, революциялық іске қызу араласып кетті. "Болашақ құрылыс мұратын қарастырумен айналысуымыз керек пе? " және "Революцияның насихат бағдарламасы " деген еңбектерінде алғаш рет өзінің анархистік бағдарламасын тұжырымдады. Кропоткин түсінігіндегі анархиялық қоғам дегеніміз тек адамдардың ассоциациясы, оларға ешқандай өкіметтің де, ешқандай зорлық-зомбылықтың да қажеті жоқ. Еркін кооперация, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген еркін қоғамдар ғана жаңа өмір, сұлу да еркін өмір орнатады, онда біркелкілік, орталықтандыру тенденциясы жойылады, жеке бастама ынталандырылады. Шынында да біз қазір экономикалық құлдық барда, бостандық туралы тіл безеудің бекер екендігін өте жақсы білеміз. Ақынның:
Айтпа маған бостандықты:
Жарлылардың талайында - құл болу! деген сөзі қазір жұмысшылар бұқарасының санасына, заманымыздың бүкіл әдебиетіне сіңді; ол сөз тіпті жұрттың кедейлігінің арқасында күн көретіндерді де бағындырып, оларды бұрын басқаларды қанауға құқығы бар екендігін мәлімдейтін өркөкіректіктен айыра бастады. Қоғамдық капиталды иеленудің осы заманғы пошымы бұдан былай орын алмауға тиіс -мұнымен Ескі және Жаңа дүниенің миллиондаған социалистері келіседі. Тіпті капиталистердің өздері де бұл пошымның күні қараң екенін сезініп, енді оны бұрынғы батылдықпен қорғаудан тайсақтайды. Олардың бүкіл уәжі, сайып келгенде, сендер әлі жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқсыңдар дегенге саяды. Бірақ меншіктің орын алып отырған пошымдарының тажалды зардаптарын теріске шығаруға да, оған өздерінің құқығын қорғауға да олардың жүрегі дауаламайды. Олар сол құқықты өздеріне рұқсат беріп отырғаннан пайдаланады, бірақ оны қандай да бір принципке негіздеуге ұмтылмайды. Және бұл әбден түсінікті. Мысалы, Парижді - соншама ғасырлардың туындыларын бойына сіңірген, тұтас бір ұлт кемеңгерлігінің жемісі, жиырма яки отыз ұрпақтың еңбегінің нәтижесі болып табылатын қаланы алыңыз. Осынау қаланың оны безендіре түсу үшін, оны сауықтыру үшін, оны асырау үшін, оған адамзат кемеңгерлігінің ең үздік шығармаларын жеткізу үшін, оны ой мен өнер ордасына айналдыру үшін ұдайы жұмыс істейтін тұрғындарын; осының бәрін жасайтын адамдарды Париждің көшелеріне әр беріп тұрған сарайлар, олардың бүкіл құндылығын біздің бәріміз бірігіп жасап отырғанда, бізсіз олар түкке тұрмайтын кезде, әділет бойынша қазіргі кезде олардың заңды иесі болып отырғандарға тиесілі деп сендіре аласыз ба? Халықтың залым тәрбиешілерінің күш-жігерімен осынау өтірік әлі де біраз уақыт өмір сүре алады. Ол туралы тіпті жұмысшы бұқарасының өзі ойланбай тұра алмайды. Бірақ азшылықты құрайтын ой адамдары осы мәселені көлденең тартып, баршаның алдына қойған кезде оған қандай жауап берілетіндігіне күмән жоқ және халық ақылы былай жауап береді: "Әрине, жекелеген адамдар бүкіл осы байлықты жеке өзіне қаратып алса, онда баршаны тонап қана істей алған". Дәл сол секілді помещикке тиесілі ана немесе басқа бір жер оған заңды құқық бойынша тиесілі деп диқанды, ол осы өңірдің жиырма шақырымға дейінгі әрбір ұлтарағының тарихын айтып бере алатын диқанды сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, оны мына бір жердің, айналада сол жерді жыртуға қуана кірісетін диқандар толып жүргенде, анау бір помещиктің бағы мен мекен-жайы болғаны абзал деп сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, жұмысшы мен кенші барлық осынау орасан тонаудың және темір жолдар мен көмір кеніштерін қымқырып кетудің мағынасын түсіне бастағанда, бай мырзалар жер мен зауыттарды заңды тонаудың қандай жолдарымен қолға түсіретінін аз-аздап түсіне бастағанда зауыт жұмысшысы мен кеншіні зауыт пен кеніштер олардың бүгінгі қожайындарына әділетті түрде тиесілі дегенге сенуге мәжбүр ету мүмкін бе? Жалпы шындап келгенде экономистердің жұмысшылардан гөрі байлардың өзін олардың басып алуының заңдылығына сендіруге тырысатын осынау барлық айла-шарғысына халық бұқарасы әйтеуір бір кездерде сеніп пе еді. Мұқтаждық пен жаншылған және қоғамның қамсыз топтарының тарапынан ешқандай қолдау таба алмаған шаруалар мен жұмысшылар жай ғана өмірдің өз ағымымен өте беруіне араласпай, кей-кейде ғана өз құқықтарын қатерлі істермен мәлімдейтін. Және егер қалалық жұмысшылар бір кездері капиталға жекеше иелік, бәлкім, ортақ пайдаға бола, қыруар байлық жинап алып, баршамен бөлісетін күн туар деп сене алса, бүгіндері сол адасу да, басқалары секілді, жойылып барады. Жұмысшы өзі бұрын қалай талайсыз болса, сол күйінде қала беретініне көзі жете бастады: өз қожайынынан өздерінің күшімен жиылған байлықтың титімдей бір бөлігін жұлып алу үшін, оның не көтеріліске, не ереуілге жүгінуіне, яғни ашығуына және абақтыға түсу қатеріне ұшырауына тура келеді, тіпті одан да жаманы императорлық, корольдік немесе республикалық әскер оғына жем болады. Сонымен бірге орын алып отырған тәртіптің басқа да, неғұрлым терең кемшілігі барған сайын айқынырақ көріне бастады. Ол мынада: жеке меншік орын алып отырған кезде, өмір үшін және өндіріс үшін қажет нәрсенің бәрі - жер, баспана, тамақ өнімдері, сол аз ғана адамдар дән өсіруге, үйлер салуға, мата тоқуға және жалпы - әркімнің молшылықта тұруы үшін қанша қажет болса, сонша өндіруге ұдайы бөгет жасап отырады. Жұмысшы біздің техниканың, біздің машиналардың күштілігі сонша, баршаға бәрін еркін жеткізе алатынын, бірақ капиталистер мен мемлекет барлық жерде оған кедергі жасайтынын бұлдыр да болса түсіне бастады. Шаруалар мен жұмысшылардың бәріне ағыл-тегіл не болуының қажеті жоқ: олар бұдан қорқады. Аш адамнан гөрі тоқ адамды ауыздықтап ұстау қиынырақ. Біз тек қана астықты, әртүрлі тамақты, әртүрлі киім-кешекті және басқаларын жұрттың бәріне ағыл-тегіл жететіндей етіп көп өндірмеумен ғана шектелмейміз; біз міндетті түрде қажет нәрселерді тіпті де өндірмейміз. Осы заманғы мемлекеттерде, шаруа помещиктердің ұқсатылмаған жерлеріне, олардың қазылар мен урядниктер күзететін мекен-жайлары мен бақтарына көз салғанда, ол мұны өте жақсы түсінеді; оның осынау бос жатқан жерлерді жыртып, соларда деревняларда жетіспей жататын астық өндірсе жақсы болар еді деп ойлайтыны тектен-тек емес. Кенші, аптасына үш күн қол қусырып қарап отыруға тура келгенде, - ал мұның өзі тас көмір бағасы төмендей бастаған бойда Англияда ылғи да болып тұрады - ол қаншама көмір қазып шығара алар едім және егер әрбір отбасында пешке жағатын көмір болса, қандай жақсы болар еді деп ойлай бастайды. Дәл сол секілді, зауытта жұмыс болмай, жүмысшы іссіздіктен өзін қайда сыйғызарын білмей сенделгенде, ол жұмыссыз сенделіп жүрген тас қалаушыны, жұмыссыздыққа шағынатын етікшіні және т.б. кездестіргенде - қоғамда бірдеңе жетіспейтінін өте жақсы түсінеді. Ол ең бір сорақы лапастарда қаншама халық тұратынын, балалардың жалаң аяқ жүргенін - және осылардың бәрі жүмысшыға керек екенін біледі. Бірақ әлдекім жұртқа осының бәрін салуға және істеуге бөгет жасайды, және оның бәрін сол лапастарды қымбат бағаға жалға беру, аш жүмысшыны ең аз жалақыға бола фабрикаға қуып тығу үшін істейді. Ғалым мырзалар қалың-қалың кітаптар жазып, астықты тым мол өсіріп жіберіппіз, матаны тым көп тоқып жіберіппіз деп, фабрикалардағы қиын кезеңдерді нақ сол себеппен түсіндіргенде, егер біз олардан Англияда, Францияда, Германияда немесе Ресейде коп өндіріп жіберіп, енді оны жасаудың қажеті де болмай қалған не нәрсе еді деп сұрай қалсақ, шындап келгенде, олар жауап таппай, қатты қиналар еді. Жыл сайын Ресейден қаншама астық шығарылады деңіз, сөйте тұра, Ресейде өсірілген бүкіл астық Ресейдің өзінде қалса, - түп-түгелімен - соның өзінде жылына әрбір адамға 10 пұттан, яғни ешкім ашықпас үшін қанша астық керек болса, нақ сонша ғана болып шығар еді. Ресейдің жартысы үйде үйме-жүйме тұратыны соншалық, бір бөлмеде он адам ұйықтайтын болса, орманның тым көп болғаны ма? Немесе қалаларда үйлер тым көп пе? Сарайлар көптеу екеніне дау жоқ, ал жұмысшылар үшін тәуір пәтерлер көп пе - бір бөлмеде бес, он адам тұрып жатса? Немесе, тұтас миллиондаған адамдар жылына бір кітап та көрмей өмір сүріп жатса, кітап қажетінен мың есе көп өндіріледі: бұл - шенеуніктер. Олар, айна-қатесіз тым, тым көп өндіріледі; тек осы тауар туралы, неге екенін қайдам, ғалымдар кітаптарында жазылмайды. Ал бұл қай жері кем тауар! Кім қаласа, сол сатып ала берсін! Ғалымдар "артық өндіріс" деп атайтын нәрсе, шындап келгенде, қожайындар мен мемлекет тұлдыр қалдырмайтын жүмысшылар сатып ала алмайтын әрқилы тауар көп өндіріледі деген сөз. Қазіргі құрылыс тұсында солай болуға тиісті де, өйткені мұны баяғыда Прудон да байқаған - жұмысшылар өзінің жалақысына бір мезгілде өздері өндіретін нәрсені сатып ала алмайды және өздерінің мойнында отырған масылдар армиясына ағыл-тегіл тамақ жеткізіп тұра алмайды. Осы заманғы экономикалық құрылымның мәнісінің өзі бойынша жұмысшы ешқашан оның еңбегінің жемісін құрайтын игіліктерді пайдалана алмайды; және де оның еңбегі есебінен күн көретіндер саны барған сайын ұлғая береді. Ел өнеркәсіптік тұрғыдан неғұрлым дамыған болса, бұл сан соғұрлым көп бола түседі, өйткені еуропалық бұл орайда сондай-ақ толып жатқан азиаттарды, африкалықтарды және т.б. қанайды. Сонымен бірге өнеркәсіп баршаның қажеттерін өтеу үшін жетіспейтіндігі сезілетін нәрсені емес, дәл осы сәтте қожайындарға барынша коп пайда әкеле алатын нәрсені өндіруге бағытталады, және сөзсіз бағытталуға тиіс. Байлардағы ағыл-тегілдік сөзсіз жұмысшылардың жарлылығына негізделеді, және көпшіліктің осынау сорлылық жағдайы, өзін сатуға және өзі тындыра алуға қабілетті нәрсенің тек бір бөлігін ғана алып жұмыс істей беруге дайын жұмысшылар әрқашан болуы үшін қажет. Басқаша болса капиталист байи да алмас еді. Ал оған тек сол керек. Біздің экономикалық құрылысымыздың осынау өзгешелік белгілері оның мәнісінің өзін құрайды. Оларсыз ол тіршілік ете алмас еді. Егер жұмысшыны аштық қорқынышы мәжбүр етпесе, шынында да, өзінің жұмыс күшін ол өндіре алатынынан кем бағаға кім сатар еді? Бірақ біздің экономикалық құрылысымыздың осынау елеулі міндетті белгілері оны үзілді-кесілді айыптауға негіз береді.
Англия мен Франция техникалық даму мағынасында артта қалған басқа халықтар арасында өнеркәсіпте бірінші орында тұрғанда; олар өздерінің мақта, жүн маталарын, өздерінің жібегін, өздерінің темірін, өздерінің машиналарын, сондай - ақ толып жатқан сән-салтанат бұйымдарын олардың өз алармандары есебінен байи түсуіне мүмкіндік беретін бағамен сата алып тұрғанда - жұмысшының бойында күндердің күпінде оған да пайданың азды-көпті бір бөлігі тиіп қалар деген жалған үмітті сақтауға болатын еді. Бірақ қазір бүл жағдай өзгере бастады. Осыдан отыз жыл бұрын мешеу болған халықтар өз кезегінде ірі мөлшерде мақта және жүн маталар, жібек, машиналар және сән-салтанат бұйымдарын шығара бастады. Өнеркәсіптің кейбір салаларында, олар тіпті ағылшындар мен француздарды басып озды және, олар өздерінің ағаларымен бәсекелес алыс елдердегі сауданы былай қойғанда, олардың өздерінің базарларында да бәсекеге түсе бастады. Соңғы кезде Германия, Швейцария, Италия, Құрама Штаттар, Австрия, Ресей және Жапония ірі өнеркәсіп елдеріне айналды. Олардың соңынан Мексика, Үндістан, тіпті Сербия келе жатыр, ал қытайлар жапондарға еліктей бастап, дүниежүзілік базарға өздерінің шайын, жібегін, темірін және машиналарын тоғытқанда не болмақ? Осыдан да өнеркәсіптік дағдарыстар, яғни тоқырау кезеңдері барған сайын жиі-жиі келіп, ұзаққа созылатын болды, ал кейбір өндіріс салаларында тұрақты дерлік құбылысқа айналды. Сондай-ақ осыдан еуропалықтардың базарлар үшін шығыста және Африкада барған сайын жиірек соғыс жүргізуіне тура келіп отыр, еуропалық соғыс та содан, яғни еуропалықтардың базар үшін соғысы толастамай, оларды қару-жарақ шығынымен титықтатып, барлық еуропалық халықтардың басына қатер болып төніп тұр. Егер сол соғыс әлі де басталып кете қоймаса, бұл (ақшамен сауда жасайтын) ірі қаржыгерлерге мемлекеттердің барған сайын қарызға белшесінен бата бергені тиімді болғандығынан ғана. Бірақ егер осынау өсімқорлар тиімділікті соғыстан көре қалса, олар адамдар тобырын бір-біріне айдап салып, бір-бірін қыра беруге мәжбүр етеді, тек қаржы патшалары бұл екі арада байи беретін болсын. Осы заманғы экономикалық құрылыста бәрі де тығыз байланысты, бәрі де өзара ұштасып кеткен, және бәрі де біздің айналамыздағы өнеркәсіп және сауда жүйесінің сөзсіз құлдырауына жетелейді. Оның алдағы ғұмыры тек қана уақытқа тіреліп тұр, және бұл уақытты енді ғасырлармен емес, жылдармен есептеуге болады. Бірақ бүл уақыт мәселесі болса, сонымен бірге ол біздің төл күш-жігеріміздің де мәселесі. Жалқаулар тарихты жасамайды: олар оған ешкім төзе береді! Барлық өркениятты елдерде алдыңғы ұрпақтардың еңбегімен жиналған барлық байлықты қоғамға қайтаруды табандап талап етіп отырған адамдардың соншалық елеулі топтары құрылып жатқаны міне сондықтан. Жерді, көмір кеніштерін, зауыттар мен фабрикаларды, тұрғын үйлерді, қатынас жолдарын және т.б. қоғамдастыру осынау партиялардың ортақ жауынгерлік ұранына айналды және қуғындау - бай да билеуші таптардың сүйікті құралы - көтеріліске шыққан ақылдың салтанатына енді жол бермей тұра алмайды. Және егер миллиондаған жұмысшылар әлі күрт көтеріліп, жыртқыштардың қолынан жер мен зауыттарды тартып ала қоймаса, бұл тек олардың орын алып отырған құрылысты, барлық жерде халықаралық қозғалыс тарапынан жасалатын қолдауды тосып, талқандауға лап беру үшін ыңғайлы сәтті - 1848 жылы болғандай сәтті күтіп отырғандығынан ғана. Ондай сәт кешікпей соғады. 1872 жылдан, яғни Халықаралық жұмысшылар одағын үкіметтер талқандаған кезден бастап - және тіпті нақ сол кезден бастап - жұмысшылар арасындағы халықаралық байланыс идеясы ғаламат табыстарға - тіпті Халықаралық Одақ жақтастарының өзі кейде елей бермейтін табыстарға жетті. Байланыс істе, ойда, сезімде, тұрақты халықаралық аралас-құраластықта орнады, ал плутократиялар - ағылшын, француз, неміс, орыс плутократиясы - бір-бірімен қырбай және минут сайын Еуропаны қарулы қақтығысқа жетелей алады. Бір нәрсе даусыз: Францияда тағы да коммуналар жарияланып, әлеуметтік революция басталған кезде, Франция тағы да дүниенің барлық халықтары тарапынан, соның ішінде неміс, итальян және ағылшын халықтары тарапынан, ол Еуропа халыктарында ІN48 және 1793 жылдары тапқан ризашылықты тағы да табады. Және егер Германия, айтпақшы, республикашыл революцияға жұрт ойлағаннан әлдеқайда жақын тұрған ел осынау - өкінішке қарай якобишілдік - революцияның туын көкке көтеріп, жас та өз дамуының өрлеуін бастан кешіріп (қазір Германия бастан кешіріп отырғандай) отырған елдің бүкіл жалынымен қозғалысқа қосылып кетсе, Францияда барлық ұлттардың батыл революционерлерін жақсы көре алатын және өркөкірек плутокартияны өлердей жек көретін халық тарапынан толық жанашырлық пен қолдау табады. Жігер тіпті осынау қырбай екі ұлт революция сәтінде бауырларша бас қосса, онда Италиядағы, Испаниядағы, Австриядағы немесе Ресейдегі кез-келген революциялық қозғалыс бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының жүрегінен үндестік табарын айтып жатудың қажеті де жоқ. Еуропадағы осынау сөзсіз болатын революциялық қопарылысқа осы кезге дейін көптеген себептер бөгет болып отыр. Кейбір шамада соғыс катері Францияның революция жолына күрт те анық түсуіне мүмкіндік бермей, оның назарын басқа жаққа бұрып, оны жалған патриоттық жолға бағыттап отыр. Бірақ, менің ойымша, басқа, неғұрлым терең себеп бар, мен сіздердің назарларыңызды соған аударғым келеді. Толып жатқан нышандар бізге мынаны көрсетеді: біздің социалистердің көзқарастарында қазіргі сәтте терең өзгерістер болып жатыр, ол мен басында, жалпы ғылым туралы айтқанда нобайлаған өзгеріске ұқсас. Біз ұмтылуымыз керек қоғамдық ұйымға социалистердің өздерінің көзқарастарының бұлдырлығы да олардың жігерін белгілі бір дәрежеге дейін әлсіретеді. Өзінің дүниеге келуі тұсында, қырқыншы жылдары, социализм экономика саласына көшірілген коммунизмге тетелес пошымда, біртүтас әрі бөлінбейтін Республика, диктатура және үкіметтік якобишілдік пошымында болды. Сол кездің мұраты сондай болды. Және ол жылдардың социалисі, ол христиан немесе еркін ойлы болсын, күшті үкімет атаулыға, тіпті империяға бірей бағынуға дайын еді, тек ол жүмысшылар пайдасына экономикалық қатынастарды қайта құруды қолға алатын болсын. Бірақ соңғы елу жыл ішінде ақыл-ойда, әсіресе латын халықтарының арасында және Англияда терең өзгерістер болды. Жүмысшылар үкіметтік және шіркеулік коммунизмге қырын қарай бастады да, соның салдарынан Халықаралық жүмысшылар Одағында жаңа бағыт - ұжымшылдық бағыты пайда болды. Ұжымшылдық әу баста еңбек құралдарына (алайда, өмірге қажет заттарды қоспай) ұжымдық, яғни қоғамдық меншікті және әрбір жеке топтың өз мүшелері үшін өзі қалайтын болу тәсілін: коммунистік пен идивидуалистік тәсілін қабылдау құқығын нобайлады. Демек, біз бірігіп фабрикаға, жерге, темір жолға және т.б. ие боламыз да, артель болып бірге жұмыс істейміз; бірақ әрбір артель өзінің тапқанын өзінше жұмсауға ерікті: ол не ортақ шаруашылық құрып бірге күн көре алады, не ортақ табысты бөліске салады, қалай жөн көрсе солай істейді. Сол кезде (жетпісінші жылдардың ең басында) бүл ұжымшылдық деп аталды және Испанияда анархистер арасында қазір де солай аталады. Гильомның "Әлеуметтік ұйымға жалпы көзқарас" дейтін кітабында осынау жүйе, ол жүйені сол кезде анархистер қалай қабылдап, марксистер үстанған мемлекеттік коммунизмге қарсы оны қалай насихаттағаны тамаша баяндалған. Алайда, француз социал-демократтары там-тұмдап ұжымшылдықты коммунизм мен мемлекеттік капитализм (мемлекет - ең басты капиталист) арасындағы мәміле секілді бірдеңеге айналдырып жіберді; сондықтан да қазіргі кезде ұжымшылдар өндіріске қызмет ететін нәрсенің бәрін қоғамдық меншікке айналдырғысы келеді, сөйте тұра әркімнің өз еңбегінің өтеуін - қанша сағат жұмыс істегеніне қарай - "бес, он, жиырма сағат еңбек" деп жазылған чек немесе қолхат түрінде алғанын қалайды. Сол чектерге қоғамдық дүкендерден барлық тауарларды сатып алуға болады, ал тауарлар өз кезегінде оларды өндіруге қанша сағат керек екеніне қарай бағаланады. Мысалы, егер сұлының белгілі бір мөлшерін өндіруге орташа есеппен төрт жүз сағат кететін болса, сұлының әлгі жүзден бір бөлігі 4 сағат тұратын болады; тас көмірдің бір пұты, шамамен, жарты сағат, ал бір қадақ сабын, айталық, бес минут тұратын болады. Егер жақсылап ойлансаңыз, онда сіз, рақымшылдық, шындап келгенде, мынаған саятынын көресіз: өндіріс құралдары мен тәрбие жөнінде жекеше (жартыкеш) коммунизм және сонымен бір мезгілде астық, баспана және киім-кешек үшін жеке кісілер мен топтар арасындағы бәсеке; адам ақылының туындылары мен өнер туындылары жөнінде индивидуализм; және, ақыр соңында, осы жүйенің ыңғайсыздықтарын түзету ретінде - балаларға, науқастарға және қарттарға көмек. Қысқасы, біз бұл арадан шапағатшылдықпен біршама жұмсартылған бәз-баяғы тіршілік үшін күресті, яғни шіркеулік - әскери "әуелі жарала, содан кейін емде" деген ереженің қолданылуын және тіршілік үшін күресте әрбір адамды өз бетімен жіберу керек пе әлде оған мемлекеттік көмек көрсетілуі керек пе дегенді анықтау үшін полициялық тіміскілеуге жасалған бәз-баяғы кең өрісті көреміз. Өздеріңіз білесіздер, чектер идеясы жаңалық емес, оны сонау Роберт Оуэн, онан кейін Прудон қолданған. Енді ол "ғылыми социализм" деген жаңа атауға ие болды. Алайда, айта кету керек, бұл теория халық бұқарасына нашар сіңуде, оның бүкіл іске аспайтындығын демесек те, бүкіл ыңғайсыздықтарын дәл сезініп отыр. Біріншіден, қандай бір еңбекке жұмсалған уақыт, ол еңбектің қоғамдық пайдалылығы өлшемін бермейді, және тек жұмсаған еңбектен шығарылған өндіріс құнына негіздеуге тырысылған барлық құндылық теориялары - Алдам Смиттен Марксқа дейін - осы уақытқа дейін құндылық туралы мәселені шеше алмады. Тек айырбас қана жүретіндіктен, заттың құндылығы күрделі өлшемге айналады да, ол негізінен бұрын кейбір саяси-экономдар ойлағандай индивидуумның емес, тұтасымен алынған бүкіл қоғамның қалсеттерін қай дәрежеде қанағаттандыруына байланысты болады. Құндылық дегеніміз коғамдық құбылыс. Айырбас нәтижесі болғандықтан оның екі жақты сипаты болады,бір жағынан ол белгілі жетіспеушілікті, екінші жағынан, белгілі қанағаттандыруды көрсетеді, және бұл екі жақ индивидуалдық емес, қоғамдық құбылыс ретінде қарастырылуға тиіс. Бұдан соң осы заманғы экономикалық құрылыстың кемшіліктерін байқастай отырып, біз -ал жүмысшылар мұны өте жақсы түсінеді - оның мәнісі жұмысшының өз жұмыс күшін сату қажетшілігіне мәжбүр етілгенінде екенін көреміз. Жұмыссыз екі апта да күн көре алмайтын, мемлекет оған өзінің күшін пайдаланып, оны қандай да бір пайдалы еңбекке жұмсауға мүмкіндік жасамайтын, оны баринге, фабриканға немесе сол баяғы мемлекетке сата алмаған жұмысшы өзіне өзінің еңбегі бере алатын пайдадан - күш, аштық пәрменімен бас тартуға мәжбүр болады. Ол өзі өсірген немесе жасаған нәрсенің басым бөлігін қожайынға береді, және сол орайда ол өзінің бостандығын және тіпті өзі өндірген нәрсенің пайдалылығы және өндіру тәсілі туралы өз пікірін айту құқығын құрбандыққа шалады. Осылайша капиталдың қордалануы оның қосылған құнды (қосылған құн туралы ұғым бірден кем беруді, қанауды қамтиды) қылғыту қабілетіне емес, жүмысшы, ол өндіретін нәрсенің бәрін түгел ала алмайтынын өте жақсы біле тұра өзінің мүддесі сақталмайтынын, ол жұмыс күші сатып алушы жөнінде төмен жағдайға қойылғанын біле тұра, өзінің жұмыс күшін сату қажеттігіне мәжбүр етілгеніне тәуелді. Егер бүл болмаса, егер жерден айрылған, сормаңдай миллиондаған жұмысшылар өздері тиімсіз шартпен өздерін басыбайлы етуге мәжбүр етілмесе, капиталист жұмыс күшін ешқашан сатып ала алмас немесе жалдай алмас та еді. Катковтың крепостниктер мен мәскеулік фабриканттар партиясының бүкіл тірлігі - шаруларды қайтіп жерден айыру және миллиондаған халықты (барлық фабрикаларға қажет мөлшерден он есе көп) аш та сорлы батрактарға айналдыру, ал оларды тиын-тебенге жалдауға болады. Осыдан шығатын қорытынды: орын алып отырған тәртіпті қайта құру үшін оның себебінің өзін, яғни оның тек салдарларын, яғни капитализмді емес, жұмыс күшін сатуды жою керек. Жүмысшылар мұны еміс-еміс біледі; олар қазір егер әлеуметтік революция барлық өмір құралдарын, яғни, экономистер айтатындай, "бөлуді" басып алудан, сөйтіп әркімді өмір үшін қажет нәрсенің бәрімен, яғни баспанамен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуден бастамайтын болса, онда бұл ештеңе істемегенмен барабар дегенді жиі-жиі айтатын болды. Және біз сондай-ақ біздегі ғаламат өндіріс құралдары тұсында мұндай қамтамасыз ету әбден мүмкін екенін білеміз. Егер жүмысшы жалдамалы жүмысшы болып қала берсе, ол өзінің жұмыс күшін кімге сататын болса – ол жеке адам немесе мемлекет болсын бәрібір - ол соның құлы болып қала береді. Нақ сол секілді халық ақылы, яғни адамдардың миына келетін барлық қисынсыз пікірлердің жиынтығы мынаны да көре біледі: егер жұмыс күшін сатып алып, оны бақылауда қожайынның рөлін мемлекет оз мойнына алса, мұның нәтижесі тағы да мейлінше жиіркенішті басыбайлылық болып шығады. Халық арасынан шыққан адам дерексіз бірдеңелерден, тікелей күнделікті өмір фактыларынан шығарып ой толғайды. Сондықтан ол кітаптарда көсіліп жататын мемлекет дегеніңіз өз басына қисапсыз шенеуніктер пошымында келетінін сезеді, олар өзінің бұрынғы жұмыстас жолдастарының арасынан алынған, ал олардың қандай адамдар екенін ол өз тәжірибесінен тым жақсы біледі. Ол тамаша жолдастар бастық болып шыға келгенде кім бола қалатынын біледі, және ол қазіргі жамандық жаңа жамандықпен алмастырылатын емес, мүлдем жойылатын коғамдық құрылысқа ұмтылады. Міне сондықтан ұжымшылдық халық бұқарасын бәрібір еліктіре алмады, дегенмен ол сайып келгенде коммунизмге, бірақ қырқыншы жылдардың шіркеулік және якобишілдік реңктерден барған сайын арыла түсетін коммунизмге, яғни еркін, анархиялық коммунизмге жетеді. Бұл да жеткіліксіз. Соңғы ширек ғасырда еуропалық социалистік қозғалыста бастан өткізгеніміздің бәріне, артымызға бұрылып қарап, мен осы заманғы социализм еркін коммунизмге қарай алға сөзсіз бір қадам жасауға тиіс екендігіне және ол мұны істемейінше бұқараның ақыл-ойындағы жаңа ғана мен айтқан бұлдырлық, социалистік бұқараның бұдан былайғы табысын кешеуілдете беретіндігіне кәміл сенемін. Маған өмір ағысының пәрменімен социалист ең алдымен қоғамның барлық мүшелерінің тіршілігін материалдық жағынан қамтамасыз ету әлеуметтік революцияның бірінші актысы болуға тиіс екенін мойындауға мәжбүр болатын секілді көрінеді. Бірақ сонымен бірге оның тағы бір қадам жасауына, атап айтқанда, мұндай қамтамасыз етуге мемлекеттің көмегімен емес, мүлдем одан тыс, оның араласуынсыз қол жетуге тиістігін мойындауына тура келеді.
Қордаланған барлық байлықты қолына алған қоғам, өндіріс саласындағы күніне төрт-бес сағат дене еңбегі шартымен, баршаға ішіп-жемді қиналмай қамтамасыз ете алатындығына осы мәселе туралы ойлағандардың бәрі келіседі. Егер әрбір адам бала күнінен өзі жеп отырған нанның, өзі тұратын үйдің, өзі оқитын кітаптың және т.б. қайдан келетінін білуге дағдыланса, және егер әркім ақылы еңбекті өндірістің қандай болсын саласындағы дене еңбегімен ұштастыруға дағдыланса - қоғам бұған оп-оңай, тіпті өндіріс тәсілдеріндегі бізге азды-көпті жарқын болашақ сыйлайтын жеңілдетулерге иек артудан тыс-ақ, қол жеткізе алады. Шынында да, сауатты да білімді қоғам атаулы қаншалықты көп нәрсе ала алатынын, бұл үшін әрбір адамнан қаншама аз еңбек талап етілетінін және ондай қоғам қандай ғаламат істерді - қазір түсімізге де кірмейтін істерді қолға ала алатынын көз алдымызға елестету үшін қазіргі сәтте қаншама күш босқа жұмсалып жатқаны жайында тек ойланып алудың өзі жеткілікті. Қоғамдық ғылымдар шеңберінде, әрине, саяси-экономия ғылымы үшін де орын бар. Бірақ бүл ғылым, оны талдап әзірлей бастаған кезде, қазіргісіне мүлдем ұқсамайтын болады. Ол қоғам физиологиясының орнын алады. Өсімдіктер физиологиясы (қоректену, көбею физиологиясы) өсімдіктер барынша аз күш жұмсап, барынша көп нәтижелерге (өзін және түрді сақтап қалу) жету үшін қандай тетіктерді пайдаланатынын зерттейді; қоғам физиологиясы қоғам үшін нақ соны істейді және, осынау тетіктерді зерттеп, оларды нәтижелермен салыстырып, былай дейді: мынадай-мынадай тетіктер кісінің, түрдің барынша өміршеңдігін сақтауда барынша мол үнем береді, ал мынадай-мынадай тетіктер күшті парықсыз жұмсау. Мыналар үнемді емес, бірақ мынасымен пайдалы. Ал қоғамның дамуы жөнінде метафизикалық трилогиялар жазу және қандай да бір табиғат заңы дейтініміздің шартты нәрсе екендігін білмей тұрып-ақ қараңдар ашу дегеніміз әлі ғылымға айналмай тұрған кезде геология, физиология істегенді қайталау ғана. Ол, бәлкім, керек те болар, тек әлі саяси экономия ғылымы жоқ. Коммунистік қоғам үшін бай болу мүмкіндігі жөнінде, біздің осы заманғы, ғаламат техника тұсында, күмән болуы мүмкін емес. Тек мына мәселеде күмән туындауы мүмкін: кісіні мемлекеттің толық бақылауына бағындырмай мұндай қоғам өмір сүре ала ма және материалдық әл-ауқатқа жету үшін еуропалық қоғамдардың біздің ғасыр барысында соншалық құрбандықтар беріп жеңіп алған елеусіз бостандығының өзін құрбандыққа шалуы талап етілмей ме? Социалистердің бір бөлігі бұл нәтижеге тек бостандықты мемлекет михрабына құрбандыққа шалып қана жетуге болады дейді. Екінші, өзіміз де соған жататын бөлік, керісінше, тек мемлекетті жою, кісінің толық бостандығын жеңіп алу, ірікті келісім және одақтар мен одақтар федерациясына мүлдем еркін бірігу жолымен ғана коммунизмге жетуге, яғни біздің бүкіл қоғамдық мұрамызға бірігіп иелік етуге әрі барлық байлықты бірігіп өндіруге болады деп ойлайды. Бұл мәселе қазіргі сәтте бірінші орында түр, және бұл сұраққа социализм, егер өзінің бүкіл күш жігері тұлдырсыз Шолып шығуын қаламаса, екі жауаптың біреуін дереу беруі тиіс.
Оны өзіне лайық байыппен қарастырайық.
Әрбір социалист, жерге жеке меншікті және капитал тарихи қажеттілікке айналып келеді дегенді алғаш естіген немесе өзі ойлаған кезде, өзінің бойында қаншама соқыр ceмсер болғанын оп-оңай еске түсіреді. Қазіргі кезде мемлекетті оның заңдарымен, оның бүкіл басқару жүйесімен, оның барлық бірлестіктерімен қоса құрту дәл әлгіндей тарихи қажеттілікке айналып келеді, мемлекет құртпай капитализмді жоя алмайсың деген сөзді бірінші рет естіген адаммен де солай болып жүр. Бұл ой, дау жоқ, бізге тәрбиемізбен - өз пайдасы үшін шіркеу мен мемлекет басшылық жасайтын (мұны ұмытпау керек) тәрбиемен сіңірілген барлық ұғымдарға кереғар. Біз өкіметтің қажеттігі туралы коп оқытылып, оқығанымыз сонша, әбден қорқытылып, өзімізден өзіміз (христиан- мемлекеттің көмегімен емес, мүлдем одан тыс, оның араласуынсыз қол жетуге тиістігін мойындауына тура келеді. Қордаланған барлық байлықты қолына алған қоғам, өндіріс саласындағы күніне төрт-бес сағат дене еңбегі шартымен, баршаға ішіп-жемді қиналмай қамтамасыз ете алатындығына осы мәселе туралы ойлағандардың бәрі келіседі. Егер әрбір адам бала күнінен өзі жеп отырған нанның, өзі тұратын үйдің, өзі оқитын кітаптың және т.б. қайдан келетінін білуге дағдыланса, және егер әркім ақылы еңбекті өндірістің қандай болсын саласындағы дене еңбегімен ұштастыруға дағдыланса - қоғам бұған оп-оңай, тіпті өндіріс тәсілдеріндегі бізге азды-көпті жарқын болашақ сыйлайтын жеңілдетулерге иек артудан тыс-ақ, қол жеткізе алады. Шынында да, сауатты да білімді қоғам атаулы қаншалықты көп нәрсе ала алатынын, бұл үшін әрбір адамнан қаншама аз еңбек талап етілетінін және ондай қоғам қандай ғаламат істерді - қазір түсімізге де кірмейтін істерді қолға ала алатынын көз алдымызға елестету үшін қазіргі сәтте қаншама күш босқа жұмсалып жатқаны жайында тек ойланып алудың өзі жеткілікті. Қоғамдық ғылымдар шеңберінде, әрине, саяси-экономия ғылымы үшін де орын бар. Бірақ бұл ғылым, оны талдап әзірлей бастаған кезде, қазіргісіне мүлдем ұқсамайтын болады. Ол қоғам физиологиясының орнын алады. Өсімдіктер физиологиясы (қоректену, көбею физиологиясы) өсімдіктер барынша аз күш жұмсап, барынша көп нәтижелерге (өзін және түрді сақтап қалу) жету үшін қандай тетіктерді пайдаланатынын зерттейді; қоғам физиологиясы қоғам үшін нақ соны істейді және, осынау тетіктерді зерттеп, оларды нәтижелермен салыстырып, былай дейді: мынадай-мынадай тетіктер кісінің, түрдің барынша өміршеңдігін сақтауда барынша мол үнем береді, ал мынадай-мынадай тетіктер күшті парықсыз жұмсау. Мыналар үнемді емес, бірақ мынасымен пайдалы. Ал қоғамның дамуы жөнінде метафизикалық трилогиялар жазу және қандай да бір табиғат заңы дейтініміздің шартты нәрсе екендігін білмей тұрып-ақ заңдар ашу дегеніміз әлі ғылымға айналмай тұрған кезде геология, физиология істегенді қайталау ғана. Ол, бәлкім, керек те болар, тек әлі саяси экономия ғылымы жоқ. Коммунистік қоғам үшін бай болу мүмкіндігі жөнінде, біздің осы заманғы, ғаламат техника тұсында, күмән болуы мүмкін емес. Тек мына мәселеде күмән туындауы мүмкін: кісіні мемлекеттің толық бақылауына бағындырмай мұндай қоғам өмір сүре ала ма және материалдық әл-ауқатқа жету үшін еуропалық қоғамдардың біздің ғасыр барысында соншалық құрбандықтар беріп жеңіп алған елеусіз бостандығының өзін құрбандыққа шалуы талап етілмей ме? Социалистердің бір бөлігі бұл нәтижеге тек бостандықты мемлекет михрабына құрбандыққа шалып қана жетуге болады дейді. Екінші, өзіміз де соған жататын бөлік, керісінше, тек мемлекетті жою, кісінің толық бостандығын жеңіп алу, ерікті келісім және одақтар мен одақтар федерациясына мүлдем еркін бірігу жолымен ғана коммунизмге жетуге, яғни біздің бүкіл қоғамдық мұрамызға бірігіп иелік етуге әрі барлық байлықты бірігіп өндіруге болады деп ойлайды. Бұл мәселе қазіргі сәтте бірінші орында тұр, және бұл сұраққа социализм, егер өзінің бүкіл күш жігері тұлдырсыз болып шығуын қаламаса, екі жауаптың біреуін дереу беруі тиіс.
Оны өзіне лайық байыппен қарастырайық.
* * *
Әрбір социалист, жерге жеке меншікті және капитал тарихи қажеттілікке айналып келеді дегенді алғаш естіген немесе өзі ойлаған кезде, өзінің бойында қаншама соқыр сенімдер болғанын оп-оңай еске түсіреді. Қазіргі кезде мемлекетті оның заңдарымен, оның бүкіл басқару жүйесімен, оның барлық бірлестіктерімен қоса құрту дәл әлгіндей тарихи қажеттілікке айналып келеді, мемлекетті құртпай капитализмді жоя алмайсың деген сөзді бірінші рет естіген адаммен де солай болып жүр. Бұл ой, дау жоқ, бізге тәрбиемізбен - өз пайдасы үшін шіркеу мен мемлекет басшылық жасайтын (мұны ұмытпау керек) тәрбиемен сіңірілген барлық ұғымдарға кереғар. Біз өкіметтің қажеттігі туралы көп оқытылып, оқығанымыз сонша, әбден қорқытылып, өзімізден өзіміз (христиандық) және "парықсыз тобырдан" (тарих) одан да бетер қорқатынымыз сонша, көтерілістердің сұмдықтарын, "былықтың", "анархияның" тәртіпсіздіктерін көп естігеніміз сонша, өкіметсіздік туралы ой бізді салған жерден үрейлендіреді. Бірақ өкіметсіздік ойы осыдан бейәділет бола қоя ма? Және біз өзіміздің азаттығымыз жолына қожайын, меншік, дін жөніндегі соншама соқыр сенімдерімізді құрбан ете тұрып, мемлекет деген соқыр сенімнен имене қаламыз ба?
* * * Мен мемлекетті сынауға бойлап жатпаймын; бұл талай рет істелді. Дәл сәл секілді мен оның тарихи рөлін қарастырып жатпай, өзімнің басқа бір еңбегіме сілтеме жасай саламын ("Мемлекет және оның тарихтағы рөлі"). Мен бірнеше ескертпелермен шектелемін. Ең алдымен, адами қоғамдар жер бетінде адамның пайда болуынан бастап тіршілік етіп келе жатса, керісінше, мемлекет біздің еуропалық қоғамдарда өте таяу арада құрылған қоғамдық өмір пошымы болып табылады. Алғашқы мемлекеттер құрылғанша адамдар тұтас мыңжылдықтар бойында тіршілік еткен: Македония және Рим империялары пайда болғанша, Грекия мен Рим тұтас бір ғасырлар бойы гүлденіп тұрған, ал біз, осы заманғы еуропалықтар үшін мемлекет, турасын айтқанда, тек он алтыншы ғасырдан ғана бар. Нақ сол кезде еркін қауымдарды құрту аяқталып, әскери және қазылық өкімет, жер иелері мен капиталистер арасындағы өзара сақтандыру қоғамы құрылды да, ол мемлекет деп аталды. Тек он алтыншы ғасырда ғана соған дейін басым болған еркін одақтар мен ұйымдардың қалалық және селолық еркіндігі, қазір мемлекет оз қолына жиып алған барлық міндеттерді атқарған тәуелсіз топтар федерациясының барлық сатыларындағы еркіндік туралы түсініктерге үзілді-кесілді соққы берілді. Тек шаруалар қозғалыстары, гусистік және анабаптистік қозғалыстар талқандалғаннан кейін және еркін қалалар бағындырылғаннан кейін ғана шіркеу мен туындап келе жатқан корольдік өкімет арасындағы одақ федерациялық еркін ұйымның түбіне жетті. Ал бұл құрылыс тоғызыншы - он бесінші ғасырлар бойы өмір сүріп, тұтас бір жаңа да ғаламат өркеният жасаған, сипатын бүгінде, өкінішке қарай, тым аз оқылатын тарихшылар - Тьерри мен Сисмонди өте жақсы аңғарған ортағасырлық еркін қалалардың тамаша кезеңін берді. Дворян, священник, көпес, қазы, солдат және король арасындағы осынау келісім өз үстемдігін қалайша нығайтқаны белгілі. Орта ғасырлардағы қала және деревня қауымдарында болған барлық еркін одақтар - барлық гильдияларды, қолөнершілердің, шеберлер мен шәкірттердің барлық одақтарын, бауырластықтарды, көршілестіктерді және т.б. барлық жерде: Англияда, Францияда, Испанияда, Италияда және Германияда корольдар, Ресейде мәскеулік патшалар қырып-жойды. Қауымдарға тиесілі жерлер тонауға берілді; гильдиялардың меншігін құраған байлық тәркіленді; адамдар арасындағы еркін келісімдер атаулыға сөзсіз әрі аяусыз тиым салынды. Өзінің үстемдігін орнату үшін, содан кейін өзара ешқандай тікелей байланысы жоқ тек табындарды басқару мүмкіндігін алу үшін Шіркеу мен Мемлекет ештеңеден тайынбады: жекелеп және жаппай құпия өлтіру, дөңгелекке байлап өлтіру, дар, семсер мен өрт, азаптау, тұтас бір қалаларды көшіріп жіберу - бәрі де іске қосылды. Голландияда қырып салынған жүз мыңнан астам шаруаларды, Швейцарияда да соғыста өлген жүз мың шаруаны, Иван Грозныйдың Новгордтағы хайуандығын еске алыңыз... Енді ғана, тек соңғы жиырма жылда ғана біз күрес және революция жолымен орта ғасырлардағы қолөнершілер мен шаруалар, тіпті басыбайлылар пайдаланған еркін артельдер мен сан алуан одақтарға құқықтың қалған-құтқанын қайтып ала бастадық. Біз сол құқықтарды қайта жеңіп ала бастадық, және егер сіздер осы заманғы өркениятты халықтардың өміріне үңіле түссеңіздер - кітаптар бұл туралы айтпайды, өмірдің өзінен іздеңіздер, - біздің заманның үстем ұмтылысы осы заманғы адамның барынша алуан түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін мыңдаған одақтар мен қоғамдар құруға ұмтылыс екенін көреміз. Бүкіл Еуропа өнеркәсіпті, сауданы, ғылымды, өнер мен әдебиетті зерттеуді үйретуді мақсат етіп қойған, қанауды және қанаудан қорғауды мақсат ететін, көңіл көтеріп, байыпты жұмыс істеуді, ләззаттану мен жан пида етуді - қысқасы, сергек те ойлы адамның өмірін құрайтын барлық нәрсені мақсат ететін ерікті одақтармен торлануда. Біз осынау ұдайы өсіп шығып жатқан одақтарды Америка мен Еуропаның саяси, экономикалық, көркем және ақылы өмірінің барлық түкпірлерінен табамыз. Олардың біреулері тез арада ізі-қайым жоғалып кетеді, енді біреулері ондаған жылдар бойы атардан қалмай келеді, және олардың бәрі де әрбір топтың, үйірменің, бөлімшенің немесе тармақтың тәуелсіздігін сақтай отырып, бір-бірімен бірігуге, топтасуға, өздерінің арасында әрбір елде және халықаралық федерациялар құруға ұмтылады, сөйтіп өркениятты адамдардың бүкіл тіршілігін ұштасып, тоқайласып жататын дәнекерлер желісімен қамтуға ұмтылады. Осынау қоғамдар ондаған мыңдарды құрайды және миллиондаған адамдарды құрайды, ал бүл екі арада Шіркеу мен Мемлекет олардың кейбіреулеріне - тек олардың кейбіреулеріне - төзе бастағаннан бері елу жыл да өте қойған жоқ, Барлық жерде бұл қоғамдар бұрын мемлекеттің міндеті деп саналып келген нәрселерді қолға алып, оның біріккен, шенеуніктік өкіметінің қызметін ерікті қызметпен алмастыруға ұмтылуда. Англияда біз тіпті ұрлықтан қамсыздандыру қоғамдарын, суда құтқару қоғамдарын, елдің ерікті қорғаушылары қоғамдарын, жағалауларды қорғау қоғамдарын және т.б. таусылмайтын қоғамдарды табамыз. Мемлекет, әрине, осындай қоғам атаулыны өз қанатының астына алып, оны өз өкіметін беркіте түсудің құралына айналдыруға тырысады, және кейде мұның сәті түседі (Қызыл Крест); бірақ барлық осынау қоғамдардың бастапқы мақсаты - мемлекетсіз тіршілік ету. Шіркеу мен Мемлекет болмаса, еркін қоғамдар білім беру және тәрбиелеу саласын баяғыда-ақ қолға алып, мемлекет беретін - тіпті де баршаға емес - жалған білімнен әлдеқайда жақсы білім берер еді. Осы бағытта, мемлекеттен тыс және оған кереғар (өйткені ол соңғы үш жүз жыл ішінде ие боған үстемдігінен айрылғысы келмейді) қаншама көп нәрсе істеліп жатқанын көргенде, ерікті одақтар аз-аздап бәрін қолына, өзінің дамуында тек мемлекеттің қуатынан қаймығып қана тоқтайтынын көргенде, біз бұл арада ғаламат ұмтылыс көрініп, осы заманғы қоғамның жаңа күштері бас көтеріп келе жатқанын амалсыз мойындаймыз. Сонда біз толық құқықпен мынадай сұрақ қоя аламыз: егер бес, он, жиырма жылдан кейін -бәрібір көтеріліске шыққан жұмысшылар меншік иелерінің, банкирлердің, священниктердің, қазылардың және солдаттардың арасындағы өзара қауіпсіздендіру қоғамының күшін жеңе алса; егер халық бірнеше ай бойы өз тағдырының қожайынына айналып, өзі жасаған және құқық бойынша өзіне тиесілі байлықты қолына түсіре алса, - ол жыртқыш қоғамды қалпына келтірумен қайтадан айналыса бастай ма? Ол, керісінше, қолға түсірген байлықты өзі пайдалану және өмір сүру әрі өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәрін өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатымен, әрбір жекелеген жердің сан алуан әрі ұдайы өзгеріп отыратын қажеттеріне сәйкес, өзара келісімге негізделген, қарапайым нәрседен бастап, күрделі нәрсеге қарай ілгерілей беретін ұйым құруға тырысып көрмей ме? Басқаша айтқанда, әлеуметтік төңкеріс жасау үшін осы заманғы мемлекеттік ұйымды күйретіп тастаған соң, тағы да жаңартылған пошымда мемлекет - халықтарды езіп-жаншудың ғасырлар бойғы құралын - қайта құра бастаған жақсы ма, әлде онсыз да күн көре алу құралын іздеген жақсы ма? Халық ғасырдың үстем ұмтылысының соңынан ере ме, әлде, керісінше, өзі талқандаған өкіметті қайталандыруға ұмтылып, оған қарсы шыға ма?
Фурье менсінбей "өркениятты" деп атаған мәдениетті адам - күндердің күнінде қоғам қазыларсыз, жандармдарсыз және абақтышыларсыз қалуы мүмкін-ау деген ой келгенде қалтырап кетеді. Алайда, кітаптарда - әдетте өздеріне дейін не жазылғанын өте жақсы білетін, бірақ көбінесе халықты да, оның күнделікті өмірін де мүлдем білмейтін ғалымдар жазған кітаптарда айталатынындай әлгі мырзалар бізге шынында да керек пе? Егер біз полицейлер қаптап жүретін Париж көшелерінде ғана емес, жүргіншілер ілуде бір ғана ұшырасатын деревня жолдарында да қауіп-қатерсіз жүре алатын болсақ, біз бұл үшін кімге қарыздармыз: полицияға ма, әлде, өлтіргісі немесе тонағысы келетін адамдардың жоқтығына ма? Мен әрине қалтасында миллиондар жүретін адамдарды айтып отырғаным жоқ, ондайлар аз, мен өзінің айла-шарғымен табылған бірнеше червонецтермен толтырылған әмияны үшін емес, өзінің өмірі үшін қорқатын қарапайым буржуаны айтып отырмын. Оның қаупі орынды ма? Таяудағы тәжірибе бізге мынаны көрсетті. Джэк Қанқұмар Лондонда өзінің хайуандықтарын тұп-тура полицейлердің көз алдында жасаған, - ал Лондон полициясы әлемдегі ең тынымсыз полиция, - және олардың тек оны Уайтчепель тұрғындарының өзі аңди бастағанда ғана тоқтатқан. Ал біздің өз азаматтарымызбен күнделікті қатынастарымыз ше? Және сіз қоғамға қарсы қылықтарға қазылар, абақтылар және жандармдар жол бермейді деп қалайша ойлайсыз? Қазы, яғни заңшылдық дертіне ұшыраған және соның салдарынан ылғи да аяушылықты білмейтін адам, сыбырлақ, шпион, абақтышы, полиция жендеті (оларсыз қазы қалай күн көре алмақ?) және соттар төңірегінде күн көріп жүрген барлық күмәнді адамдар, шынына келгенде, солардың әрқайсысы, қоғамда таратылатын азғындықтың кіндігі екенін сіздер қалайша көрмейсіздер? Қазылардың осынау өміріне үңіліңкіреп қараңыз, процестер туралы есептерді оқып алыңыз, хабарландыруларға көз жүгіртіңіз, олар тәжірибелі із кесуші әйелдердің көмегімен ері мен зайыбының қайда барып, қайда қоятынын түкке тұрмайтын ақыға аңдуды ұсынатын жекеменшік анду агенттіктерінің газеттерінде өріп жүр; үзіп - жұлқып болса да Скотланд-Ярдтың (ағылшын үшінші бөлімшесі), тротуарда жататын көмекші әйелдерімен қоса Париж Құпия Полициясының және орыс Үшінші бөлімшесінің картинасын елестетуге тырысыңыз, соттардың пердесінің арғы жағына үңіліңіз, салтанатты тас фасадтардың ауласында не болып жатқанын көріңіз, сонда сіз қатты жиіркенішті сезінесіз. Адамның бойындағы ырық атаулыны және мінездің күші атаулыны жер шарының қай нүктесіндегіден де масқара амалмен өлтіретін абақтылар әрқашан қылмыстың жоғары мектебінің, ал сот залдары - сот атаулының залы ең аяр аяусыз мектебінің рөлін атқарған жоқ па? Біз мемлекет пен оның барлық органдарын жоюды талап еткенде, мына болмыста бар адамдар әлдеқайда жақсы адамдары бар қоғам туралы армандайды деп дау айтады. Олай емес, дейміз біз, мың рет те олай емес! Біз бір нәрсені талап етеміз: осынау аяр мемлекеттік мекемелер адамдарды өз болмысынан жаман етпесін!
* * * Белгілі неміс заңгері Иеринг бірде өзінің ғылыми еңбектерін бір шығармасында тиянақтағысы келді, онда ол қоғамды өмірді қолдап отыратын барлық құралдарды талдауға ниеттенді. Бұл шығарманың аты "Құқықтағы мақсат" және әбден лайық беделге ие. Ол өз еңбегінің жоспарын жасап, мәжбүрлеуші екі құралды: жалдау ақысын және заңда белгіленген мәжбүрлеу пошымдарын істің жай-жапсарын жете біліп талдап шықты. Ең соңына ол мәжбүрлемейтін екі құралды атай кету үшін екі тармақты қалдырды, олар атап айтқанда: парыз сезімі және ұнату сезімі болатын, бұларға ол барлық заңгерлер істейтіндей онша маңыз бере қойған жоқ. Сонымен не болды деңіз? Мәжбүрлеуші құралдарды тереңірек үңіліп зерттеген сайын, олардың мүлдем жеткіліксіз екендігіне, қоғамдық құрылысқа таяныш болуға мүлдем қабілетсіз екендігіне көзі жете түсті. Ол соларға тұтас бір том аралады, және зерттеудің нәтижесінде - олардың маңызы мықтап шайқалды. Ол соңғы екі тармақты қолға алып, қоғамдық өмірдің мәжбүрлемейтін құралдары туралы ойға шома бастаған кезде, ол солардың орасан зор, басым маңызы бар екендігін көрді де, осынау екі құрал: өзін-өзі ерікті шектеу және өзара қолдау туралы екі тараудың орнына бірінші томнан екі есе қалың тұтас екінші томды жазып шығуына тура келді, және де ол тақырыптың тек болмашы бөлігін ғана тәмамдай алды, өйткені ол тек жеке ұнату сезімінен не туатыны туралы айта алды да, қоғамдық реңктерді орындау үшін еркін келісім туралы мәселені шамалы ғана қозғай алды. Егер сіздер осы тақырып төңірегінде тереңірек ойлансаңыздар және мектепте үйренген формулалардың орнына, осы мәселемен байыпты айналыссаңыздар, Иерингпен болған жағдай сіздердің де бастарыңызға келеді. Иеринг секілді, сіздер де молсбүрлеудің ерікті келісумен салыстырғанда қоғамда қандай түкке тұрмайтын маңызы бар екенін көресіздер. Екінші жағынан, егер сіздер Бентам берген ескі кеңеске құлақ қойып, заңды мәжбүрлеудің тажалды - төте, әсіресе жанама зардаптары туралы ойлансаңыздар, сіздер Толстой және біз секілді, күштің осынау қолданылуын өлердей жек көріп кетесіздер де, қоғамның қолында қоғамға қарсы қылықтарға жол бермеудің мыңдаған басқа, әлдеқайда пәрменді құралдары бар екен деген байламға келесіздер; егер қоғам сол құралдарға қазір жүгінбей отырса, бұл тек шіркеу мен мемлекет басқаратын оның тәрбиесі де, оның қорқақтығы мен ой жалқаулығы да осы мәселелерді айқын түсінуге бөгет жасап отырғандықтан. Егер бала қандай да бір жағымсыз қылық жасап қойса - ең оңайы оны жазалау: ондайда, бері салғанда, ешқандай түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Ал адамды өлтіріп жіберу, әсіресе бұл үшін жалдамалы баскеселер барда, Англияда әрбір дарға асылған адам үшін небәрі бір фунт - 10 сом төленетін кезде, қиын шаруа ма? Несіне қиналамыз! Жылына бірнеше жүз сан төлей салыңыз - қылмыстардың себептері туралы дворян басыңызды қинап жатпайсыз! Сібірге жер аударып жіберу немесе Крестке қамап тастау - одан да оңай! Бірақ - бүл кісіні жиіркендірмей ме? Бізге, сендер, анархистер, арман дүниесінде қалықтап жүресіңдер де, осы заманғы нақты болмысты көрмейсіңдер деп жиі айтады. Ал іс лсүзінде біз, бәлкім, оны тым жақсы көріп, білетін болып шығамыз да, сол себептен де "Құдайдан немесе осы дүниеден" берілген өкімет атаулы туралы мәселеде бізді қоршап тұрған ғасырлар бойғы соқыр сенімдер нуында балтамен жол ашуға ұмтыламыз. Біз тіпті де елестер дүниесінде тұрғанымыз жоқ және адамдарды олардың іс жүзіндегі қалпынан жақсы деп білмейміз: керісінше, біз оларды нақ өз қалпында көреміз, сондықтан да былай деп кесіп айтамыз: өкімет тіпті ең жақсы адамдарды да аздырады және "өкілеттің тепе-теңдігі" және "үкіметті бақылап отыру" секілді теориялардың бәрі билік басында отырғандар басқа халықты, нақ солар билеп отыр-мыс деп сендіру үшін ойлап тапқан таптаурын формулалардан басқа ештеңе де емес. Ал іс жүзінде халық еш жерде билеп-төстемейді. Барлық жерде кедейлерді байлар мен басқаруға үйретілгендер басқарады. Нақ адамдарды өзіміздің білуіміздің пәрменімен біз өздерінсіз адамдар бір-бірін шайнап тастар еді деп ойлайтын билеушілерге былай дейміз: "Сіздер шетелге кетуге мәжбүр етілген француз королі "Менсіз сорлы бодандарымның көрген күні не болар екен!" дегені секілді ойлайсыздар". Әрине, егер адамдар өкімет утопистері бейнелейтіндей ең жоғары тіршілік иелері болса, егер біз нақты болмысқа көз жұмып қарап, солар басқаруға тиіс деп санайтындардың инсанияттық биіктігі жөніндегі иллюзиялар дүниесінде солар секілді өмір сүре алатын болсақ, сонда біз, бәлкім, солар сияқты ойлап, солар сияқты билеп-төстеушілердің жақсылығына сенер едік. Шынында да, егер құл иеленушілер, оларды құлдық утопистері бейнелейтіндей, жүзінен нұр төгілген әулиелер болса, құлдықтан қандай жамандық табар едіңіз? Сіздер, бәлкім, осыдан отыз жылдай бұрын американ құл иеленушілері мен крепостник-помещиктерін бізге реңкті бояулармен көрсететінін ұмытпаған боларсыздар? Олар өздерінің құлдары мен басыбайлыларына әкелік қамқорлық жасап отырмап па еді! Баринсіз осынау жалқау, қамсыз, ертеңін ойламайтын балалар аштан өліп қалатын еді ғой! Барин, - дейтін бізге крепостниктер, - өздерінің құлдарын не үшін ауыр еңбекпен титықтатпақ немесе оларды дүремен азаптамақ! Оның төте пайдасы өз құлдарын жақсылап тамақтандыру, оларға жақсы қарау, оларға оз балаларындай қамқорлық жасау ғой! Біздің бала кезімізде бұл туралы айтқанда бүкілресейлік Скарятиндердің, американ газетшілерінің және ағылшын поптарының тілінен бал таматын! Ал мұның үстіне, құл иеленушіні өзінің міндеттерін орындаудан титтей де ауытқу үшін жазалайтын "заң" болды ғой! Ал бұл екі арада Дарвин өзінің Бразилияға саяхатынан оралып, ғұмыр бойы сол Бразилияда жазаға ұшыраған құлдардың ойбайынан, қолына салынған бұғау қыспағынан жан ұшыра шыңғырған әйелдердің өксігінен арыла алмады. Ал біз, бұрынғы помещиктердің балалары, біздің әкелеріміздің не істегені есімізге түссе, осы күнге дейін нарттай қызарып кетеміз. Егер, билік басында тұрған мырзалар, мемлекетті мадақтаушылар оларды бейнелейтіндей, шынында соншалық ақылды да қоғамдық іске шын берілген болса - үкімет пен қожайындар билейтін қандай тамаша утопия жасауға болар еді деңіз! Қожайын өз жүмысшыларының тираны емес, әкесі болар еді: зауыт жақсылап сейілдеп қайтатын орынға айналар еді және жұмысшылардың тұтас бір ұрпақтары ешқашан дене жағынан азып-тозуға ұшырамас еді. Мемлекет өзінің жұмысшыларын, қызылмен ауыстыру оп-оңай болса да, ақ сіріңке жасауға мәжбүрлеп жұмсамас еді. Өздері үкім шығарған кісілердің ешқандай жазығы жоқ әйелдері мен балаларын тұтас бір жылдарға аштық пен жоқтықтан азап көруге, содан титықтап өлуге кесетін қазылар - ондай хайуандар болмас еді; прокурорлар өздерінің ділмарлығын көрсету үшін ғана сотқа тартылған жанды өлім жазасына кесуді талап етпес еді, қазылар өздері орындағысы келмейтін үкімдерді атқаруға келісетін абақтышылар да, жендеттер де табылмас еді! Несін айта берейік! Сонау бір мамыра заман депутаттарының, Панама чектерінің өңінің өзі жүрегін айнытатын депутаттардың барлық жақсылықтарын айтып жеткізуге Плутархтың өзінің сөзі жетпес еді! Тәртіптік батальондар жақсылық атаулының жылыжайына, ал тұрақты армиялар азаматтар үшін бір рахатқа айналар еді, өйткені мылтық солдаттарға найзасына гүлдесте іліп алып, бала күтушілер мен балалар алдында сап түзеп өту үшін ғана қажет болады ғой. Біз өкімет басында тұрған адамдар қарапайым пенделердің әлсіздігі жат немесе жат дерлік адамдар табы деп топшылаған бойда, біздің қиялымызда қандай тамаша утопия, қандай тамаша ертегі пайда бола кетер еді деңіз! Шенеуніктерді лауазым туралы тізбеге сәйкес бірін-бірі бақылап отыруға мәжбүр ету және егер бір жерде дауыл қазының дарағын жұлып кетсе, кеңселердің бір-бірімен алмасатын рапорттары мен өтініштерінің санын небәрі жиырма бес нөмірмен шектеу жеткілікті болар еді (қазір біріккен Францияда дауыл сындырып кеткен ағашты сату үшін кеңселер 53 нөмірлі қағаз алмасады). Қажет кезінде шенеуніктерді қадағалап отыруды қарапайым пенделерге де беруге болады, олар мемлекеттік утопияларда өзара қатынастарында мін атаулының қабы болады да, өз билеп-төстеушілерін таңдағанда кемеңгерліктің суреті болып шыға келеді. Билеп-төстеушілердің өздері жасаған мемлекеттік басқарудың бүкіл ғылымы осынау утопияға толы. Бірақ біз ондай арманға берілейік десек, адамдарды тым жақсы білеміз. Біз әңгіме басқарушылар немесе басқарылатындар жөнінде екендігіне қарап, әртүрлі екі өлшем қолданбаймыз, біз өзіміздің міндеріміз де көп екенін және біздің тіпті ең таңдаулыларымыз өкіметке араласа қалса, бұзылып шыға келетінін білеміз, сондықтан адамның адамға билігі атаулыны жек көреміз және барлық күшімізбен - бәлкім, тіпті жеткіліксіз де болар оны құртуға тырысамыз.
* * * Бірақ бір ғана қирату жеткіліксіз. Жасай білу де қажет. Халықтың барлық революцияларда алданып қалатыны нақ осы жасампаздық туралы жеткілікті ойланбағанынан. Ескіні талқандап жібергеннен кейін ол болашақтың қамын әрқашан буржуазияға арта салатын, буржуазияның одан артықшылығы, өзінің нені қалайтынын азды-көпті анық білетін, сәйкес өкіметті тағы да өз пайдасына қарай қалпына келтіретін. Міне сондықтан, өкіметті оның барлық көріністерінде жоюға, оған бағынуға мәжбүр ететін заңдар мен механизмдерді жоюға ұмтыла отырып, жершілдік ұйым атаулыны терістей отырып және еркін келісімді насихаттай отырып, анархизм сонымен бірге жұртшылықтың, онсыз ешқандай адамдар қоғамы, ешқандай жануарлар қоғамы өмір сүре алмайтын қымбат ұйқысынан сақтап қалып, кеңейте беруге ұмтылады. Тек, осынау қоғамдық дағдыларға қолдауды ол бірнеше адамның өкіметінен емес, ол баршаның тұрақты қызметінен күтеді. Коммунистік мекемелер мен дағдылар қоғам үшін экономикалық қиындықтарды шешудің тәсілі ретінде ғана емес, сондай-ақ адамдарды жақындастыратын, олардың арасында әркімнің пайдасын баршаның пайдасына айналдыратын қатынастар орнататын -адамдарды бөлшектеу орнына, оларды біріктіретін мекемелер жасайтын жұртшылық дағдысын қолдап дамыта беру үшін де қажет. Біз өзімізге адамдар және жануарлар қоғамында белгілі бір инсанияттық деңгей қандай құралдармен сақталып отырады деп сұрақ қойғанда, біз ондай үш қана құралды таба аламыз: олар - қоғамға қарсы қылықтарды індетіп, жазалау, инсанияттық тәрбие және өмірде өзара қолдауды кеңінен қолдану. Ал бүл үш тәсіл сыналып көрілгендіктен, біз оларды нәтижелеріне қарап, таразылай аламыз. Сот арқылы жазалаудың дәрменсіздігіне келсек, ол дәрменсіздік осы заманғы қоғам белшесінен батқан жиіркенішті жағдаймен және біз ұмтылатын әрі оның сөзсіз болатындығын бәріміз сезінетін революцияның қажеттігінің өзімен жеткілікті дәлелденеді. Шаруашылық саласында мәжбүрлеу жүйесі бізді фабрикалық каторгаға, саяси салада - мемлекетке, яғни бұрын азаматтар арасында орын алған барлық байланыстарды бүлдіруге (1793 жылы якобишілер тіпті король өкіметіне қарсы төтеп бере алған байланыстарды да бүлдірді) алып келді, бұл олардан барлық жағынан бір ғана орталық өкіметке бағынған сұрықсыз бодандар бұқарасын жасау мақсатымен істелді. Мемлекеттік заңдар мен жазалау осы заманғы шаруашылық, саяси және қоғамдық құрылыстың барлық қасіреттерін жасауға көмектесіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның инсанияттық деңгейін көтеруге мүлдем қабілетсіздігін де корсетті. Олар оны тіпті бұрынғы деңгейінде де ұстап тұра алмады. Шынында да, егер әйтеуір бір шарапатты періште кенет біздің көз алдымызға өркениятты қоғамда беймәлімдіктің, жоғары мансапты адамдар қамқорлығының және заңның өзінің бүркемелеуімен жасалатын қылмыстардың бәрін жайып салса, қоғам тәні қалшылдап кетер еді. 2-желтоқсандағы Наполеон төңкерісі, немесе коммунаны қанға бөктіріп жазалау, немесе каторгалар мен Шлиссельбургтегі патша айуандықтары секілді ірі саяси қылмыстар үшін жазықтылар ешқашан жазаланбайды. Некрасов: "Үлкен ұрылар ләззат алуы үшін ұсақ ұрылар әуреленеді" дегенде, расын айтқан. Бүл да аз. Өкімет қоғамдық инсаниятты "жазықтыларды жазалау" арқылы жақсарту міндетін өз мойнына алғанда, ол тек бірқатар -соттар мен абақтыларда - жаңа қылмыстарды ғана туындатады. Мәжбүрлеуге адамдар тұтас бір ғасырлар бойы жүгінген, және оның сәтсіздігі сонша, біз қазір, өткенініміздің мәжбүрлеуші мекемелерін күйретіп, жоймасақ, басқа жолмен шыға алмайтын жағдайда отырмыз. Біз аталған құралдардың екіншісінің: инсанияттық тәрбиенің маңызын тіпті де жоққа шығармаймыз; әсіресе қоғамда біреуден біреуге санасыз беріліп жататын, біздің әрқайсымыз күнделікті өмірдің оқиғалары жөнінде айтатын ойлар мен пікірлердің ортақ жиынтығынан шығатын тәрбиенің маңызы. Бірақ бұл күш қоғамға бір ғана жағдайда ықпал ете алады: оған қазіргі бар мемлекеттік мекемелерден шығатын басқа, инсаниятсыз тәрбие бөгет жасамайтын болсын. Осынау соңғы, мемлекеттік мекемелерден шығатын тәрбие бөгет жасайтын жағдайда оның ықпалы жоққа тон немесе тіпті зиянды болып шығады. Христиандық инсаниятты алыңыз: крестке керілген Құдай атынан сөйлейтін және өзінің құпиялылығының бүкіл күшімен, бүкіл азапталу поэзиясымен, жендеттерге кешірімнің бүкіл ұлылығымен қарекет жасаған христиандықтан артық қандай инсаният ақыл-ойға соншалық күшті ықпал ете алар еді? Сөйте тұра мемлекеттік мекемелердің ықпалы христиан дінінен күштірек болып шықты. Христиандық өзінің мәнісі жағынан иудейлердің императорлық Римге қарсы көтерілісі болатын, бірақ іс жүзінде оны сол Рим бағындырып алды, ол соның негіздерін, оның салттарын, оның тілін қабылдап алды. Христиан шіркеуі Рим мемлекеттік құқығының негіздерін өзек етті де, соның салдарынан тарихта мемлекеттің - христиандық өзінің тіршілік етуінің бастапқы кезеңінде тудырған жартылай коммунистік мекемелердің ең бітіспес жауының одақтасы болып шыға келді. Біз, бір сөтке болса да, министрліктердің қамқорлығымен орнатылатын инсанияттық тәрбие христиандықта болмай шыққан жасампаздық күшке ие болады деп топшылай аламыз ба? Және тәрбие адамдарды шынында да қоғамдық мақұлық етyгe шынымен ұмтылса да, егер басқа тәрбие, күн сайынғы барлық қоғамға қарсы дағдылар мен мекемелердің жиынтығынан шығатын тәрбие оған қарсы тұрса, ол не істей алмақ. Енді үшінші элемент - қоғамдылық сезімдері көрінетін дағдыға айналатындай, инстинктке айналатындай етіп қарекет жасайтын мекеменің өзі қалды. Бұл күш, бізге тарих көрсетіп отырғанындай, ешқашан дәрменсіз қалып көрген емес, ол ешқашан екі жаққа бірдей шабатын қару болып көрген емес. Және егер ол өзінің мақсатына жете алмаған сәттер болса, бұл жақсы салт аз-аздап мызғымайтын, тазаланып шыққан зат бола отырып, қандай да бір тіл тигізілмейтін дінге айналатын, сөйтіп кісіні, оның бүкіл қарекет бостандығын тартып алып, сол арқылы өзінің одан әрі дамуына бөгет болатын нәрсемен күресуге мәжбүр ететін кездерде ғана туындайтын сәт болатын. Шынтуайтына келгенде өткенде даму, прогресс элементі ретінде немесе адамзатқа инсаниятты әрі ақылы тәрбие берудің құралы ретінде қызмет еткеннің бәрі - осының бәрі өзара қолдау бастауларын практикада қолданудан және адамдар арасындағы теңдікті мойындайтын дағдылардың көрінуінен туындайтын, олар адамдардың өздерін өндіріс және тұтыныс үшін бір-бірімен бірігуге, топтасуға немесе ортақ қорғаныс үшін одақтар құруға және өздерінің арасында туындаған дауларды шешу үшін өздерінің арасынан таңдап алынған мәмілегерлерге жүгінуге итермелейтін. Халық өз бостандығын жеңіп алған дәуірлерде халық жасампаздығының жемісі ретінде дүниеге келген осынау мекемелер тарихта оз дамуының шыңына жеткен әрбір жолы — қоғамның инсанияттық деңгейі де, оның материалдық дәулеті де, оның бостандығы да, оның ақыл-ой прогресі де, кісінің дамуы да - бәрі де әрбір жолы көтеріле түсетін. Керісінше, сыртқы дұшпанның жаулап алуының пәрменімен болсын, немесе мемлекеттік соқыр сенімдердің дамуының пәрменімен болсын, адамдар барған сайын қанаушылар мен қаналушылар ретінде басқарушылар мен басқарылушыларға көбірек бөлінген әрбір жолы - қоғамның инсанияттық деңгейі төмендеп кететін; көпшілік дәулетінің орнына кейбіреулердің жеке пайдасы қонжиып, ғасырдың ортақ рухы тез арада ұсақтап кететін. Тарих бізді осыған үйретеді, және біз өзіміздің қоғамның мемлекетшілдік дағдыларымен төмендетілген инсанияттық деңгейін көтере алатын күш ретінде еркін коммунизмнің орнатылуына сенімімізді нақ содан аламыз. Қазіргі кезде біз қалаларда басқа адамдармен, тіпті оларды білмей-ақ, көрші тұрамыз. Сайлау күндерінде біз бір-бірімізбен жиналыстарда ұшырасамыз, кандидаттардың жалған уәделерін немесе парықсыз сөздерін тыңдаймыз да, өзіміздің үйімізге қайтамыз. Қоғамдық мүдде бар барлық істерді мемлекет басқарады; жекелеген адамдардың өз отандастарының мүдделерін бұзбауы, қажет болғанда, жазықтыларды жазалау арқылы олар келтірген нұқсанды түзету соның мойнында. Ашыққандарға көмектесу жөніндегі шаруа, білім беру, жаулардан қорғану шаруасы және т.б. шаруалар соның мойнында. Сіздің көршіңіз аштан өліп қалуы немесе балаларын өлімші етіп сабап тастауы мүмкін -бірақ мұның сізге қатысы жоқ: бұл полицияның шаруасы. Сіз көршілеріңізді білмейсіз; сізді онымен ештеңе байланыстырмайды, қайта бәрі бөліп тұрады, және, жақсы ештеңе болмағандықтан сіз Құдіреттіден (бұрын ол Құдай болатын, қазір - Мемлекет) қоғамға қарсы нәпсілерді асқақтатып жібермеуді тілейсіз. Коммунистік қоғамда іс сөзсіз басқаша жүруге тиіс. Коммунистік құрылысты ұйымдастыру ісін қандай да бір заң шығарушы жиналысқа - парламентке, қалалық немесе дүниауи кеңеске тапсыруға болмайды. Ол баршаның ісі болуға тиіс; ол халықтың өзінің жасампаз ақылымен жасалуға тиіс; коммунизмді жоғарыдан таңуға болмайды. Баршаның тарапынан тұрақты, күн сайынғы қолдаусыз ол тіршілік ете алмас еді; ол өкімет атмосферасында тұншығып өлер еді. Осының салдарынан коммунизм, адамдар арасында олардың ортақ істері жөнінде мыңдаған түйісу нүктелерін жасамай, басқаша өмір сүре де алмас еді. Ол ең ұсақ бірліктер:әрбір көше, әрбір шоқ үйлер, әрбір орам, әрбір қауым мен қала үшін тәуелсіз жергілікті өмір жасамай, басқаша өмір сүре алмас еді. Ол өзінің мақсатына қоғамды сан алуан қажеттерді: қанағаттың, салтанаттың, зерттеудің, ойын сауықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға қызмет ететін артельдер мен қоғамдар желісімен қамтығанда ғана жете алады. Ал бұл қоғамдар дәл сол секілді таза жергілікті болып қала алмайды; олар, қазір ғылыми қоғамдармен, велосипедистер қоғамдарымен, суға батып кеткендерді құтқару қоғамдарымен және т.б. болып жатқаны секілді бүкілхалықтық және халықаралық болуға сөзсіз ұмтылады. Және коммунизмді - әу баста ең болмағанда жартыкеш коммунизмді - өмірге сөзсіз әкелетін қоғамдық дағдылар қазірдің өзінде бар қоғамдық дағдылардың ұйтқысын қолдап, дамыта беру үшін алуан түрлі жазалау шараларынан әлдеқайда күштірек болып шығады. Біз өзара келісім рухын дамытуды міне осындай өмір пошымынан, осындай қоғамдық құрылыстан күтеміз. Орайына қарай айта кетелік, бұл пікірлер сондай-ақ коммунизм мен анархизм сыйыспайды дейтіндерге де жауап. Іс жүзінде олар бірін-бірі қажетті түрде толықтырады. Кісінің және оның төл ерекшеліктерінің толық дамуы - біздің жолдастарымыздың бірі әділетті ескерткеніндей - адамның тамақ пен баспана жөніндегі бірінші, басты қажеті қанағаттандырылған кезде, оның өмір жолындағы, табиғат күштеріне қарсы күресі оңайлаған кезде, оның уақыты өзінің тіршілігін сүйемелдеп отыру үшін қажет мың сан ұсақ қаммен жұтып қойылмайтын кезде ғана орын ала алады. Сонда ғана адамның ақылы, көркемдік талғамы, ойлап тапқыштығы және жалпы барлық қабілеттері еркін дами алады. Осылайша, коммунизм кісінің дамуының - жұртты бір - бірімен күресуге итермелейтін және осы кезге дейін бір өзі ғана мағлұм болып келген индивидуализмді емес, - адамның барлық қабілеттерінің толық шешек атуын, онда бар тосын нәрсенің бәрін, оның ақылының, сезімдерінің және ырқының ең мол қызметін дамытудың ең жақсы негізі болып табылады.
* * * Біздің мұратымыз осындай, және ол толық күйінде алыс па, жақын ба, болашақта, әйтеуір бір жүзеге асатындығында шаруамыз жоқ! Оның ішінара жүзеге асырылуын біз қазірден, өзіміздің арамызда бастай аламыз - және сонда біз, біздің алыста жатқан мақсатымыз қоғам ілгері қарай жасайтын әрбір қадамға қалай ықпал ететінін, қазірдің өзінде не істеуіміз керектігі жөніндегі барлық көзқарастарда қалай бейнелейтінін, әрбір жеке мәселеге қалай қарауымыз керектігін көреміз. Біздің шаруа - ең алдымен осы заманғы қоғамдық құрылысты оған дамудың қазіргі сәтінде тән оның ұмтылыстарын, оның бет-бағдарын ашу, сөйтіп сол ұмтылыстарды көрсету. Содан кейін - сол ұмтылыстарды өзіміздің пікірлестерімізбен қатынаста жүзеге асыру; және ақыр соңында - қазірдің өзінде, әсіресе, революциялық кезең табалдырықтан аттаған бойда, сол ұмтылыстардың дами түсуіне кедергі жасайтын мекемелер мен соқыр сенімдерді қиратумен айналысу. Бұл - біз бейбіт жолмен де, революциялық жолмен де жасай алатынымыздың бары осы. Бірақ біз осы ұмтылыстардың көрінуіне жәрдемдесе отырып, прогреске көмектесетінімізді және оларға қарсы жасалатын нәрсенің бәрі, прогресті тек кешеуілдете алатынын білеміз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру