Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен...
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ғалым Әріп
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Ғалым ӘРІП «Сөздік-Словарь» Алматы
ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз)-5 Ә 72 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-9965-822-99-5 ISBN 978-9965-822-99-5 © Әріп Ғ., 2015 © «Сөздік-Словарь», 2015 Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен.../Ғалым Әріп. Өлеңдер. –Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 216 бет. Әріп Ғ. Ә 72 Бұған дейін жарық көрген «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Каспий трагедиясы», «Ақын арманы (азабы), тағы басқа да кітаптары арқылы қалың оқырманға жақсы таныс қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері Ғалым Әріптің ұсынылып отырған жаңа жыр жинағы адамгершілік,имандылық, асқақ адамзаттық-гуманистік үнімен ерекшеленеді. Әрбір жазған шығармасында елді, жерді, Отанды, ата-ана мен бауырларды шексіз сүю идеясын айқара алға тартатын автор өмірден түйін түйіп, тіршіліктің мән-маңызын өз бағасымен өлшей білуге, ақылмен ғұмыр кешуге үндейді. Бүгінгідей дүбірлі дүние, адами пейілге селкеу түскен қоғамда автор адамның барша ғаламға тек жақсылық ойлау, қайырымдылық жасау, ұлттар мен халықтардың өзара тату болуы, ана тілің мен ата дәстүрді құрмет тұту арқылы ғана шынайы бақытқа жете алатынына даусыз иландырады. Ақ жауындай ақтарылған алғаусыз сезім, жаратылысқа, махаббат, достық, мәрттік, ізгілік әлеміне деген құштарлықтан туындаған пәк те шынайы жырлар жан дүниеңізге жылы шуақ ұялатады. Тұнба бұлақтай мөлдір лирикалық туындылардағы ақжал толқындардай асау иірімдер мен сыршыл ырғақтар кіршіксіз ақын жаны мен кісілік болмысының жарқын айнасы тәрізді әсер қалдырады. Кітаптың тілі көркем, бейнелі, жырсүйер қауымның жан әлемін баурап алары сөзсіз. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Лирика Ғалым Бисембіұлы ӘРІП Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылындағы орта мектепті 1976 жылы бітірген соң, алғашқы еңбек жолын облыстық «Коммунистік жол» газетінде корректорлықтан бастады, әдеби қызметкер болды. 1977 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне күндізгі бөлімге түсіп, 1982 жылы тәмамдады. 1982-84 жылдарда Алматыда «Жалын» баспасында поэзия редакциясында кіші редактор, редактор қызметтерін атқарды. Редакторлық (баспагерлік ісі) курстан өткен. 1984-88 жылдарда облыстық «Коммунистік жолда» тілші, секретариат қызметкері, жауапты хатшының орынбасары. 1988-90 жылдарда Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет сарайында нұсқаушы-методист. 1990-94 жылдарда қалалық-облыстық «Маңғыс тау» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, ал 1994-2012 жылдарда бас редактордың бірінші орынбасары. «Жыл он екі ай», «Жақсы жұмыс», «Көңілді тоқсан», «Қарлығаш», «Абитуриент-77», «Мерейлі мекен», тағы басқа жинақтарға топтама өлеңдері енген. Өзінің дербес «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Каспий трагедиясы», «Жұлдыз-ғұмыр», «Рух жанар тауы», «Ақын арманы»(азабы), «Төрт толғау» атты поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптары жарық көрді. Форт-Шевченко қаласының 160 жыл
дығына арналған «Жаңарған Ақкетік», Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Отты жылдар жаңғырығы» кітаптарының авторы. «Гармония» атты жыр жинағы ақын Р. Рябцовскаяның көркем аудармасымен (жолма-жол аударған Раушан Әріп) орыс тілінде басылып шықты. Жазба ақындардың 1990 жылғы Алматыда өткен республикалық тұңғыш Мүшәйрасына Маңғыстау облысынан бірден-бір қатысушы. Ғ. Әріп журналистер мен ақындар арасындағы облыстық, республикалық бәйгілерде жеңімпаз, жүл дегер атанды. Облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерекелік медальмен және ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Бұрқан-талқан жазған менің жырларым: жанартаудың жарылысы, ырғағын, тұрса деймін сездіріп жан толқынын, ағытылып алғауы жоқ сырларым... Жүрегімді алып келемін: Бойдағы жігер күшімен Лаулаған өрттің ішінен, Алаулы отқа шалдырмай, Қып-қызыл шоққа жандырмай. Өлермен болып сүйгенмен, Келемін сақтап күймеуден. Күйіну тең ғой күйреумен – Өмірден мұны үйренгем. Жүрегімді алып келемін: Қуаныштармен жол бастап, Қасіреттерден қорғаштап. Қайғыдан қатты күрсінбей, Соқса да мейлі дүрсілдей, Болмайды оны жеңбеуге, Шықтым ғой керіп мен кеуде: Болашақ үшін терлеуге, Бақытты қолдан бермеуге – Жүрегімді алып келемін.
- * Сен де тыныш, мен де тыныш,тынышпыз, Ұры уақыт өтіп жатыр ұрыссыз. Ойлап көрсек бәрі тыныш секілді, Жүрек, бірақ, қалмайды ғой жұмыссыз.
Ғалым ӘРІП Жүрміз қазір үнсіз іштен тынып біз, Кездескенде сөйлесеміз құлықсыз. Сендік арман қандай екен? Білмеймін... Мендік арман... Бал бұлақтай тұнық қыз... Соңғы кезде алыстадық, қашқақтап, Қайсымыз да кете алмадық асқақтап. Шаршадық па, тыныш тірлік іздедік, Жанарларға жасықтау бір жас сақтап. Байланыссыз бірте-бірте ұзадық, Ерімей жүр көңілдегі мұз анық. Кеш болғанда мұңайып көз саламыз, Батып бара жатқан күнге қызарып... Көрсеттік-ау махаббатқа жан сауға, Шын сезімдер шыдамайды шаршауға. Бір өзіңді сүйетінім рас-ау – Суысам да, жүрек сені аңсауда!..
- * Музыка сазын тыңдасам кейде мұңаям, Өзімнің жайым өзіме менің шын аян. Өткенді ойлап көңілім босап күрсінсем, Бүгінгі бақыт жайында ойлап тыңаям. Музыка сазы сезімді мендік ұрлаған, Мұңшыл бір әуен санамды кейде шырмаған. Сәттерде, шіркін, қолыма алсам қаламды, Сырласым болып ағылып келер жыр маған...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Өзіңді сүйгенімді пайдаланып, Кеткенің шалқақ тартып айдан-анық. Намысқа тие берсең, еріксізден Өткен күн кетеді ғой қайталанып. Содан соң жүреміз ғой қайта налып, Қазірде жандармыз ғой жайға қанық. Қош десіп кете барсақ қайырылмай, Бақытты таппақшымыз қайда барып? Білем ғой әлдекімнің кездесерін, Бірақта мен мұндайға төзбес едім. Өзімді сүйген жанмен өмір сүріп Мәңгілік бір болуға сөз кесемін. Бақытың бола алмайды өзге сенің, (Бұ тағдыр бұйыртпасын өз кеселін!) Махаббат бұл-бұл ұшса көз алдымнан, Мен өзім бұ жалғаннан баз кешемін. Сен менен көрінесің қашатындай, Бейне бір сезімсіздің мазағындай. Келемін әлі күнге түсіне алмай, О, Өмір, ғашықтықтың азабын-ай! Жүрсің-ау сезім шегін толық баспай, Көріндің «хош» деуден де қорықпастай. Жүргенше шала жанып, бықсық болып, Кетейік ғұмыр-бақи жолықпастай. Егерде болса бәрі еркелігің, Көңілді көп қалдыра берме, күнім. Сен теңіз төріндегі кемедейсің, Мен болсам, бастар алға желкенімін...
Ғалым ӘРІП * Жүрмін қазір санамды салқын ұстап, Арыла алмай қойдым ба алқыныстан? Күрсінгенде үздігіп демігемін, Айрылатын жандайын бар тыныстан. Талай рет жан жүрек езілді де, Қыс келерін жаздан соң сезінді де. От-жалынға оранып кетпесін деп, Тежей ұстап келемін сезімді де. Түйсігіме түсім боп бір бала кеп, Ақыл айтты музыка тыңдама деп. Мазалаған ойларды қуып жүрмін, Берілмейтін боп алдым мұңға да көп. Қойып кеттім сірә да сыра ішуді, Азайттым ғой досқа да сыр ашуды. Топас болып кетпесін десең енді, Қалқатайым, қия гөр бір ашуды!
26.11.79 * Билеп алып бойымды өлең-сезім, Көз алдымда көп елес тұрады да, Сағымданған жүзіңді көрем сенің, Оранып ап көк түтін тұманына. Ақ қағазға түн бойы төнем келіп, Берілем де ғашықтық жайлы мұңға. Қаламымның ұшына өлең келіп, Жыр жазамын шыдамнан айрылам да. Мұндай кезде кетеді ұйқы қашып, Ойым сенің бөлмеңді алған құшып, Жан-дүнием қиялшыл күйге ұласып, Ұшырамын жүректің арман-құсын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Ойым сенің бөлмеңде, төсегіңде, Нұр жүзіңде тылсым түн құшақтаған... Ғажайып бір түс көрдім кеше түнде, Сырын кейін ашармын бірақ саған...
6.12.79 * Бос көңілдің бүлкілін басып әрең, Отырамын мұңланып, жазып өлең... Билеп жүрген кездерде жолдастарым Әсершіл бір әуендер сазыменен. Сұлу қыздар жоқ емес бір қарауға, Талайының жүзінен нұр тарауда. Бірде-бірі тартпайды сонда-дағы, Жүрек деген шіркінге бар ма дауа?! Көңілсіздік билейді осындайда, Шыдамымнан айрылам өзіңді ойлап... Сағынышым самғайды саған қарай, Алған кезде санамды сезім жайлап. Шақырар ем тангоға болғанда сен, Мен шақырсам, сен ешбір бұлданбас ең. Билер едік бойымыз балқып-жанып, Бүгінгідей мен онда мұңланбас ем. Қазір жалғыз отырмын... Жырым-ғашық Саған деген жүректің сырын ашып... Ұғысатын жұлдыз да бұлтқа айналып, Тұнжырайды тұман-түн түрі қашып...
Ғалым ӘРІП * Жүректегі сезімді буып барлық, Бірте-бірте барамыз суық тартып. Намыс деген пердені жамылып ап, Аяз болып кетуге жуықтадық. Сарсаң болып жүргенде іздеп бақыт, Зырлап өтіп барады тізбекті уақыт. Көктем болып қыс-көңіл жібігенше, Жарар еді қалмасақ мұз боп қатып...
12.12.79 * Жаным менің, Керек маған сөзімді тыңдағаның, Серпу үшін тұманын мұң-наланың, Қос жүректі қосуға тиістіміз, Жалғыздықтан мен онсыз жынданамын. Жаным менің, Сенсіз өткен күндерім азап маған, Жақсы шығар уайымсыз тозақ та одан... Кей кездері түннің де ортасында Саған тартып кетуге аз-ақ қалам. Жаным менің, Шыдай алар емеспін енді тіптен, Ғашықтықтың шешімі келді күткен. Жеткізейік арманға қос жүректі, Жылдар бойы көңілді елжіреткен. Жаным менің, Жан сырымды отырмын жайып саған, Ашылдың деп асығыс айыптама. Төзе алмаймын ал енді ештеңеге, Қарсы тұрар халдемін жай-оққа да!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жаным менің, Бізге мерзім жетіпті бірлесетін, Арман болып, бақыт боп тілдесетін. Шақтар қайда мұңымнан арылатын, Нұр жүзіңді көретін күнде сенің?! Жаным менің, Онсыз мәні кеткендей тірлігіңнің, Бір жыл болып өтетін бір күнімнің, Не қызығы бар маған, айтшы Өзің, Жалғыздыққа ұрынған жынды түннің? Жаным менің, Жай емес пе шынында ойланатын, Шын сүйгеннің жалыны қайралатын? Мені сүйсең дайын бол, мен дайынмын, Шымылдығы бақыттың – той да жақын...
14.01.80 * Пәк жүрегім, Өткен күндер шыққан жоқ еш есімнен, Өртке салған кінәмді кешесің бе? Білетінім – мен сені қалдырғанмын – Бейнеу атты станция көшесінде. Сақ жүрегім, Мені енді балама жас балаға, Одан гөрі өзгеше, басқа сана. Бала кезде жоғалтқан от жанармен Биыл қайта табыстым астанада. Жан жүрегім, Шыдадың ғой қайғы-мұң ауырына, Қосыласың түбінде бақытыңа. Арманыңды орындап Алматыдан Оралармын туған жер, ауылыма...
Ғалым ӘРІП * Бейнеу, вокзал... қыс түні жаңа жылдың, Түседі еске бір сәті бала күннің. Үзілген-ді перронда жас сабағы – Жүрегімді жайлаған лала гүлдің. Бейнеу, вокзал... бейкүнә, алдамшы шақ, Пәк жанымнан өшкен-ді арман-шырақ. Еш есімнен кетпейді мұңды жанар, Балауса қыз өкіне қалған жылап. Бейнеу, вокзал... бір шешім... бекініп ек... Күйген еді кінәсіз екі жүрек. Қол берісіп қоштасып мәңгілікке, Алғаш рет өмірде өкініп ек... Бейнеу, вокзал... өтті ғой жылдар ағып, Өскен сайын тағдырдың шыңдары анық. Түсінеді барлығын пенде, шіркін, Тіршіліктен сан түрлі сындар алып. Бейнеу, вокзал... тым ыстық таныс перрон, Өмір көрген, алуан ағыс көрген, Жігіт болып оралдым қайта саған, Бақытымды тауып ап алыс жерден.. Бейнеу, вокзал... бала кез.... таныс перрон...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жетінші жатақхана – АГМИ-педфак, Сен мені жатсындың ба ақырында? Бесінші жатақтағы – КазГУ-журфак – Басылмас желік бар деп ақыныңда? Сері жігіт сезімін түсінбесең, Есігіңді аттаман, мақұл онда! Көңілі пәк, кең құшақ қыздарым-ай, 226-да қыстағыдай – Отырмаспыз біз енді шалқып-тасып, Сипағанда самайдан ызғар ұдай. Ақ жүректі, ақкөңіл достарым-ай, Шампандар-ай атылған, тостарым-ай, Сонау бақыт күндерін елес еткен – Жатақтарың не деген тас бауыр-ай? Қалып қойған муза үні құлақтағы, Сағынғанды сазыңмен жылат тағы. Тыңдар едім тынбастан елжіреумен, Амалым не, жатағың ұнатпады. Біз оқыған орамды өлеңдер-ай, Бүгін бөлек әсерге бөлендім-ай. Енді ешбір 226-да – Жыр оқымай жүруге көнем қалай? Кештерім-ай, түн бойы көз ілмеген, Құрбы-құрдас – жарасқан әзілменен, Балқуменен өтетін бақыт таңым, Маза қашып кетті ғой қазір менен...
Ғалым ӘРІП * Суыпты жүрек бүгемін оның несін мен, Сөйлеймін бүгін сөйлеймін жігіт шешіммен. Сөнуге қалған қоламта шоқты тұтатпай – Сұлуым, сені суығың үшін кешірмен! Кешегі ыстық тартыпты енді жылылық, Жанарлар бейне қарайды аңдып, сыр ұғып. Бұл жолы жіби алмаспын Ана-табиғат Жаратса-дағы ғашық сезімнің құлы ғып! Түсіндім бәрін: есейтті сабақ сананы, Емдеймін өзім жігермен барлық жараны. Адамға тегі сабырлы мінез керек-ау, Салқынға шыдап, жеңуі үшін жаланы. Суыпты жүрек, қалыпты суып, сөніп от, Кешеге дейін жалын боп жанып келіп ек: Үйретті өмір тұйыққа терең тірелмей, Жүруді әркез көңілді болып, сері боп!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Мамырлаған майыңның бесіндегі Кінәм үшін, жаным-ау, кешір мені. Жалындаған жастықтың қызбалығын Көңіліңе аласың несін тегі? Жаным деймін, жаным-ау, кешір мені. Шарап-теңіз, кетеміз жүзіп кейде... Жаралған соң адам боп қызық пенде: Серілік те жасағың кеп кетеді, Бір оқиға аңсайды «бұзық» кеуде, Артық кетіп қаламыз қызып кейде... Ертеңіне өкініп кешегіңе, Жансыздай боп сұлайсың төсегіңе. Жібігенмен жүректер Кинолента Уақыт-тарих оныңды кешеді ме?! Кей-кейде өкінесің кешегіңе. Аһ ұрасың, ішіңді тырнап мысық, Кінәлінің беделі тұрмақ түсіп. Өз-өзіңнен қашасың намыстан да, Ашуыңа жүресің шындап пісіп, Қыжытады ішіңді тырнап мысық. Көктемеде кетеді ерік деген, Көз тартады айналаң көрікпенен. Табиғаттың тамаша кезеңінде, Жігіт жігіт бола ма желікпеген, Көктемеде қашады ерік менен. Сүйіп соғып тұрса да жүрегіміз, Бүлдіреміз барлығын біз өзіміз. Айрыламыз шебінен шалқаюдың, Өзгереді еріксіз мінезіміз, Бүлдіреміз барлығын біз өзіміз.
Ғалым ӘРІП Достардан да жүруші ем қашып көптен, Қаша алмадым көктемнен ғашық еткен. Мойындаймын кінәмді шалқимын деп, Шамамыздың шегінен асып кеткен, Қаша алмадым көктемнен ғашық еткен. Өкінемін ойласам тірлігіме, Кінәлімін көңілдің кірбіңіне. Өтінемін көктемде оранбайық Қыстыкүнгі тұманның түндігіне, Оралмайық көңілдің кірбіңіне...
8.05.80 * Сағыныш ой санамды қоршап алған, Дос жоқ кездер батады сонша маған. Қиын екен жалғыздық әсіресе, Шыдамсыздау жаралған болса адам, Дос жоқ кездер батады сонша маған. Олар жоқта қасымда сырласатын, Бар сырымды өлеңге, жырға ашамын. Ай, жұлдызсыз бұлт басқан көкке қарап, Тұман тұнған түнменен мұңдасамын, Достар жоқта сырымды жырға ашамын. Оларсыз мен мазасыз күй кешемін, Мұндай халге барады сүймесе кім? Достарым да көп менің – Ғашығымдай – Бар сырымды ақтарып сөйлесетін, Мұндай халге барады сүймесе кім? Келетінін білмеймін сабыр қай күн, Жалғыз қалсам бөлмеде жабырқаймын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сыймай кетем мұндайда ешбір жерге, Жалғыз кезім – бұл менің ауыр қайғым., Жалғыз қалсам бөлмеде жабырқаймын. Билеп алып бойымды терең сезім, Сағыныш қып ағытам өлең селін. Түсінеді қадірін достарының – Жалғыздыққа мендей боп бөленсе кім, Ақын болса тасытып өлең селін!..
- * Аққу боп маған кезіге, Арманым болған, қалқам-ай, Айтқан бір әзіл сөзіме, Ашуың жүр ме тарқамай? Ақынның сері мінезін Артыққа, жаным, балама. Сүйгенім менің – бір өзің, Саялар мәңгі санама. Бір кінә болса менде егер, Өткен күн үшін кеш бәрін, Күндемеу үшін өзгелер, Күрсінбеу үшін достарым. Шешімге келсек шалағай, Жүрерміз кейін қайғырып. Байқамай қалған баладай – Бақытымыздан айрылып...
Ғалым ӘРІП * Біледі бәрі, жасырып біздер жүргенмен, Қайтеді дейсің, қариялар оны білгенмен. Мен жігіт болсам жастық күш бойға сыймаған, Сен бойжеткенсің миуа ағаштай гүлдеген. Екеуміз бірдей келдік қой жасқа жалынды, Балалық буған махаббат шебі алынды. Мен сүйер болсам қырмызы қырдың қыз-гүлін, Сен сүйесің ғой жасын боп туған дарынды. Туған жер бірге, топырақ бірге, салтым да, Жүрек те бірге, тілек те бірге халқымда. Бозбала күннің құрығыменен қоштасып, Ізімді қуып келеді інім артымда. Біледі бәрі, жүргенмен жұрттан бүгіп біз, Үйленер едік үйленер болсақ үгітсіз. Көздерден өзге қаймығып, жаным, қайтеміз, Екеуміз енді есейген қыз бен жігітпіз. Өмірге –теңіз, қойса да бізді асық қып, Ойлашы өзің, тірліктің мәнін кеш ұқтық. Асықпау керек! Ол үшін, жаным, мәңгілік Жүректе жанған сөнбесін сезім-ғашықтық!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Сен туған күн... сентябрьдің бесі ме, Ұмытқам жоқ, түсіп отыр есіме. Неге сәлем жолдамадың Көкшеден, Шақырғанда баратын ем кешіңе. Маңғыстаудан демес едім жол алыс, Қолым да бос, бізге қазір демалыс. Енді кеш қой, өкінішті өлеңнен Пайда қанша, болғаннан соң болар іс. Жыр төгіліп жүрегімнен сонда да, Сағынышқа сабыр берген сол ғана. Қиялымда самғап ұшып жетем де, Сені, жаным, шақырамын тангоға... Елес дүние – сезіміңді сарқа ма, Қолым жетпей тұрған кезде қалқама, Сағыныштан ештеңені елемей, Тартып кеткім кеп кетеді Арқаға. Шыдап бағам, салып бәрін ақылға, Жыры – жолдас осындайда ақынға. Сенің, жаным, нұр жүзіңді есіме ап, Тебіренем туған күнің хақында: Жүрегімнен ұшып жатыр тілектер... Көңіліме алғаш рет гүл еккен, Қыс кезінде көктемедей түлеткен, Мені сүйген пәк те таза жүрекпен, Бұл өмірде бір мен үшін жаралған, Өшпейтін боп орын алған санамнан, Бақытым қып менің мәңгі фәнилік – Айналайын, сені туған анаңнан!
Ғалым ӘРІП Сен туған күн – мен үшін де ұлы той, Көңілім шат, денем жалын, жылы бой. Бүгін, жаным, жүре алмадым толқымай, Ғашық ақын қуаныштың құлы ғой. Саған, бірақ, құттықтау да салмадым, Сыйлайтындай ескерткіш те алмадым. Сенің туған күніңе арнап тек қана – Жүрегімнің жырын жаздым, арманым.
5.09.80 * Көптен бері болды мені нәзік сезім қинап-ақ, Буынымды босатады мұңға толы күйтабақ. Мұндай кезде жаны жақын достарымды жинап ап, Думандатып, шарап ішіп, ән саламыз гитара ап. Бәрі жақсы: көңілденіп, серпілеміз сауық сап, Тамақ дайын: ет пен шұбат, қуырдақ пен бауырсақ. Жүзіміз – жаз, күлкіміз – мәз, бұл – көңілдің тоқтығы, Сонда-дағы көрінеді періштемнің жоқтығы... Ашық айтсам: өзім үшін, басқа жанын сезе алман, Еш кетпейді ғашығымның жаутаңдаған көзі алдан. Көрмегелі көп боп еді... бір-ақ сәтте жабырқап, Қалғанымда жан достарым қарайды кеп таңырқап. Тұрып бәрі қоштасады таң-тамаша пішінде, Күбірлеумен жалғыз өзім қалам үйдің ішінде... Бір-бірінен алшақ кету – ғашықтарға мың сабақ, Шын сүйгендер жүреді екен сағыныштан күн санап.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сайтан уақыт кеткен кезде өтпейтіндей көрініп, Ой тіземін арманымның қиялына беріліп... Осындайда санамды бір алғанында мұң басып, Отырамын жанымды ұғар өлеңіммен сырласып...
- * Пойызбен бірге қозғалып, Теңселіп ессіз халде бір, Жүректі бейне мұз қарып, Сезімге түсіп әлдебір, Қимастық билеп бойымды, Қарадым саған соңғы рет. Сол сәтте менің жайымды Түсінсең, жаным, болды тек. Пойызбен кенет жарысып, Жүгіргім келді қалмастай. Бойымды сан ой жанышып, Тілгілеп кетті алмастай. Қарадым көкке елтумен, Қанатын құстың армандай... Жүрегім менің сен мінген Вагонда кетіп қалғандай..
- * Жан-тәніңмен шын езіліп сүйгесін, Мінез деген табады ғой үйлесім. Бір сәтсіздік үшін сату – күнә ғой, Бақыт толы махаббаттың күймесін!
Ғалым ӘРІП Ойлау керек тәтті күндер елесін, Елжіресең, ашуыңды жеңесің. Тағдыр-толқын аудара алмас бір соғып, Арман толы ғашықтардың кемесін!
- * Болып ек бірге: шар тараптарда, алуан атыраптарда, Бейнеудің шаң-топырақтарында. Қалыпты сағыныш қонып қайыңның жапырақтарына. Пәктігім қазақ ауылдың – қыстағы аппақ қарында, Аңызақ,аптаптарында, Іздерім қалған Шетпенің батпақтарында, Соның бәрін мен енді ұмытпақпын ба? Пойыздың вагондарында, тамбурларында, көктемнің жаңбырларына, шомылып таң нұрларына, перронда жүрген кездерім, күлген кездерім – көзімнен бұл-бұл ұшып кеткені ме? Ғашықтық дәурен өткені ме? Маңғыстау даласындағы, Ақтау қаласындағы кездесіп бір болған күндер, теңіздің жағасындағы жүздесіп, жыр болған түндер,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Бозбала күнім –сағым боп қалған, жатыр ғой өтіп ағын боп жалған... Алты жыл бопты танысқаныма, Бақытым үшін өмірмен алысқаныма. Айтайын енді астананы да, Жетсе де көзім жанардан жас тамарына... АГМИ жетінші жатақханадан бастап, ҚазГУ бесінші жатақханамен қостап, қуанышым мен өкінішімді, тәкаппарлық пен өтінішімді, тәттіліктер мен сәттіліктерді, күрсініскен де, түсініскен де шақтарымызды, бақыт боп атқан ақ таңымызды, қамқоршы болған достарымыз бен ақ тілек айтқан тостарымызды кештердегі сырласу үшін жарық өшкендегі, тамада болып отырыстарға, толқыған жүрек алып-ұшқанда, ресторан, кафелерде шайқағандағы, шампаннан байқағандағы, Медеу мен Көктөбедегі, Жаз, күз, қыс, көктемедегі, Театрлар мен кинолардағы, Шақыру билетін жаздырып бірге, ескерткіштерді сыйлағандағы – Барлық өмірдің жолы күйгені ме, Қосылмай қалу заң ба екен ғашықтар сүйгеніне?!.
Ғалым ӘРІП * Бейнеуде жүрген бейкүнә Бейтаныс қыз ең бір кезде... Бейнеңе көңлім тойды да, Бейбаққа айналдым лезде. Бейне бір болып делқұлы, Бейшара жанның күйінде: Беймаза жүрек толқыды, Бейуақта бардым үйіңе... Бейқам сен жаттың ұйқыда, Беймезгіл уақыт, бей-жаймын... Бейнеу, қыс... боран ұйтқыған... Беймәлім... жанды қинаймын... Беймәлім... денем өртенген... Бейне оты жанды арманның... Бейнеңді бір-ақ көргеннен Бейшара ғашық болғанмын...
- * Сен – тамашасың! Қуанасың бақытқа балаша шын. Ақ қайыңның астында сүйіскенде, Ерініме түсетін қара шашың. Күлкілерің ғажап-тын, сыңғырлаған, Кездерімііз көп еді-ау түнді ұрлаған...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Айта жүргін сүйгенім бар деп менің – Махаббат мөлдірлігін шын жырлаған...
- * Дүниенің қызығы – Махаббаттың күшінде: қайнап жатар қызуы – жанартау боп ішінде. Бұл өмірді бал ету – Сол сезімнің мөлшері, Сүйгеніңді жар ету – Бақытыңның өлшемі!
9.09.81 * Танысты да жүруші ем ырза ғып, Талай жерде жасағанмын мырзалық. Ішім ашып кейбіріне солардың, Отырғаным осы енді жыр жазып. Бар адамға ашып едім сыр сандық, Хас дұшпаным болатұғын мыстандық. Сол сырларым өршіді де өсек боп, Қыр соңыма ұрыдайын түсті аңдып. Ақтарылып тұратұғын ақкөңіл Арамдықтың ащы уын татты бір. Аңғал жанды алдап кете қоймайтын, Адал достар тауып берші, тәтті өмір!
Ғалым ӘРІП * Бәлкім, мені базбіреу желпінді дер, Не десе де, о жағын еркім білер. Мен өзімнің иемін өміріме, Еркімді бер, дүние, еркімді бер! Қолқа салғыш бәрі де мына маған, «Елге кел,деп,жан балам» жылады анам. «Зоотехник бол» деген әкемді де Ұқпадың деп жанымды кінәламан. Олар жүрек сырымды сұрамады, Маған жалғыз сонысы ұнамады. Қажытады қаракөз жарымның да Сұлу жайлы жырымды сынағаны. Артық демен, әрине, ақыл-ана, Жан емеспін күйбеңшіл, пақырана. Неге мені қинайды, неге мені, Елікте деп өзіне ақын аға? Ұят қайда? Қойыңдар, жетер тегі, Керегі не мазалап бекер мені. Қожайын да күйдірді керек кезде Шамды өшіріп қоятын пәтердегі. Ау, ағайын, мақұлда, мақұлдама, Тіл қатайын сендерге батыл ғана. Табиғаттың бейне бір еркесіндей – Сүйеді әман жүрісті ақын дара!
- * Түнде мысық жылағаны жағымсыз, Ондай кезде тартады әбден жаным күз.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Шырылдайды-ау тоңғанынан жарықтық, Құшағына алғанында қар үнсіз. Неткен қатал сықырлаған қыс,боран, Зар айтады терезе де мұздаған. Естігенде жылағанын сәбидің, Менің-дағы жан-жүрегім сыздаған. Балбөбегім қолында еді қарттардың, Сағыныш қой көңіліме артқан мұң. Босаңдау жан босамайын мен қалай, Естіп жатып сыңсығанын бақтардың?..
қаңтар, 1983 * Шалқытып ақын жанын өмір-ғашық, Шыраймен адамдарға көңілі ашық, Келемін жүрегімнің жайып сырын, Шақтарда жалғыз қалған өңім қашып. Дарханға болам дария, даладайын, Адалға пәк сезімді баладайын. Адамды сүйсе сүйсін менше адамдар, Сүйем мен жүрекпенен анадайын. Сезсем-ақ жылылығын жаны ізгінің, Еселеп орындаймын қарызды мың. Жаныма жара салар жан болса егер, Кешпеймін өмір-бақи жауыздығын!..
- * Ертеңге асықпаған үмітпенен – Ел үшін жанып туған жігіт пе екен? Арманға ұмтыл, жүрек, талпын алға, Жүре алман бойкүйездей бұғып төмен.
Ғалым ӘРІП Онан да сыр ашайын адамға мен, Солардан тұрмайды ма қоғам деген? Тірліктен азамат боп өтсек деймін, Күн кешпей түлкіқұйрық бұлаңменен. Көргенде пенделерді екіжүзді, Бір ойдың билері бар көңілді «ізгі»: Шайтанға айналдырып жіберсе ғой – Аулақтап «мақұлықтан» тегімізді...
- * Қос аққуды өмірде сүйіп керім, Солар үшін бәрін де қиып едім. Поэзия, Махаббат – Екеуі де – Алдағандай бейне енді күйінемін. Жүрегімді өлеңім ұға алмады, Мөлдір бұлақ секілді тұна алмады. Жарым болса, жырыма елжіремей, Жан сырымды жайғанда жұбанбады. Бұл – аңқау бір сәбидей ақынға уайым, Жалғыз қалған жетімге жақындаймын. Қолда тұрып арманның қос шынары, Бас имесе, қалай мен аһ ұрмайын? Ішқұса боп, өзді-өзім өртенемін, Күйреуіме кім білген, ерте ме тым? Бәлкім, бір күн өздері-ақ Пір тұтқандай – Мойыныма асылар еркелерім?!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Пәтер жағы қандай қиын қалада, Қарайлайсың қаршығадай балаңа. Көше кезіп жыларман боп жүргенше, Кеткің келер туып-өскен далаңа! Уақыт таппай тереңірек ойлауға, Бұйығы боп жүргендейсің байлауда. Қор еткенше жырдың асыл сәттерін, Кеткің келер шопан болып жайлауға! Жайсыз тірлік жанымызға тым батты, Жалын атқан от жүректе мұң жатты... Арманыңды күйдіргенше күйбеңге, Шіркін, елде тер төккенің қымбат-ты! Кім үңілген ішіңдегі дауылға, Ағыл-тегіл саулаған жыр-жауынға. Поэзиям, билеушім сен қайтсең де, Таңда өзің: Алматы ма, ауыл ма?!
- * Таң ертемен жанарым шұғыла шашып, Жүрегіммен сырласам жырға ғашық! Ғасырымның көшінен қалмайын деп, Ғарышпенен өлеңім жүр таласып! Бала күннен аңсаған арман асқақ, Талпынбасам, кетердей жолға тастап. Уақыт-тұлпар жеткізбес уайымсызға, Ұшқыр қиял тұрмаса алға бастап!
Ғалым ӘРІП Қолға қалам алғалы алмай тыным, Өлең сүйіп келемін балдай шырын. Қыран болғым келеді Ұшқан сайын Шырқау биік шыңдарға самғайтұғын!..
- * Тітіркен, бойым, тітіркен, Томсарып кеттім тегі мен. Топастай бейне бей-жаймын, Тезірек, жүрек, емірен! Оянар нағыз шақ туды, Аңсайды көңіл шалқуды. Шабытқа мінген сындымын, Сезімге жаным балқулы. О, муза, қалқам, келдің бе? Еркіңе сенің көндім бе, Есімнен әбден айрылдым, Елжіреп, мас боп мен мүлде!
- * Мен отырмын құшағында музаның, Көз алдымда көлбеңдейді бу-сағым. Алыстағы асыл жарды аңсаумен, Сағыныштың шәрбатына сусадым. Тарам-тарам бөлінеді ойым мың, Бал ләззәтқа келмейді ғой тойынғым. Шабытымды шақырғанда сел сезім, Жан толқуын сезінемін бойымның.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сонда ғана кетер ұшып барша мұң, Тәтті ойдан келмейді еш шаршағым. Сүйгенімнің сүйіп елес бейнесін, Теңіз-сағым арасынан аршамын...
- * Қайран ауыл, кіндік қан тамған жерім, Балалығым өзіңде қалған менің. Жүргенімде жырақта көп ойлаймын, Жүректегі сағыныш, арман ба едің? Алыстамын, алайда жаным бірге, Жаным бірге,бауыр ет, қаным бірге. Оралармын мен, бәлкім, жылдар оза, Шырқауынан шыңдардың алып жүлде. Қайткенде де, тұрасың сен есімде, Аңсау сезім бар сынды елесіңде. Қайран, ауыл, айтсаңшы, Туған ұлға Шарықтар деп қырандай сенесің бе?!
- * Жүргенімде жолында арман-шынар, Кездерім көп көзімді шалған мұнар. Егде тартып ата-анам барады, әттең, Ұлым, бірақ, ержетіп қалған шығар. Қанжардай боп тиіп әр түн мысыма, Сағынышым самғайды тұңғышыма. Жолға қарап қарттар да сарғайғанды-ау, Телмірумен көктемгі жыл құсына.
Ғалым ӘРІП Туғанымнан жаралған алаң-пенде, Шыдамымнан айрылып барам мен де, Мазалайды жүректі жалғыз арман – Қауышсам-ай: Ата-анам, баламмен де!
- * Жүрегімді емдеші, сезесің ғой шуылын, Жүрегіңмен сүйіп ап, қалайша сен суыдың? Жүрегіңді онан да, бақытым боп бер маған, Жүрегіңді қолыңа ап, сүйемін деп кел маған. Жүрегімді емдеші, кейде қатты қысылам, Ауырғанмен жүрегім, бір өзіңе ұсынам. Сақтау үшін жүректі жоғалтайық кірбіңді, Маған ем боп қонады сенің күлкің бір күнгі.
- * Па,шіркін! Неткен аңыз өмір деген! Сүреміз қызық ғұмыр көңілменен. Жігіттер пейілімен мас қылады, Жаралғам достық үшін тегінде мен! Ғажап-ау ақындағы сезім деген, Ел-жұртты көрем бауыр өзімменен. Жаңа жыл... таңға дейін көз ілмеген Кездерде шаршауды бір сезінбегем. Мейлі ғой, жүрек ептеп мазаласын, Музыка тербесе өлең жаза аласың.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Мына бір бал сусыннан сапырайын, Жанымды мөлдір етіп тазаласын. Жатса да тыным тауып бәрі ұйқыда, Тамаша таңым үшін жаным қия, Сөнгенше Шолпан жұлдыз жыр толғайын, Бойыма жаңа жылдан жалын жия. Сонда мен толғанармын асқақ тұрып, Жырымды тыңдар дерсің достар ұғып. Күндерді сауық-сайран бірге өткізген – Тарихта қалдырармын дастан қылып...
- * Бәрі маған жетеді, бәрі маған, Шаңырағым, ошағым, жарым аман. Қайнар бұлақ секілді қайран ғұмыр, Тұнығынан шөлдесем қанып алам. Әлпештеген атам мен анам да сау, Әлдилеген бөпешім – балам да сау. Сағынғанда еске алып, ой тербетіп, Қиял құсын ұшырам алаңдасам. Ағайын да, туыс та – аман бәрі, Амандығы олардың – маған дәрі. Мен өзімнің бойыма күш құямын, Қасиеттен бар жақсы адамдағы. Содан болар қасым жоқ, достарым көп, Мені ешкім жеңе алмас босқа күндеп. Кімге болсын тұрамын құлшынып бір Жақсылықты жасап тек тастағым кеп.
Ғалым ӘРІП Ағалар да жетеді мейірімді, Білетұғын менің пәк пейілімді. Жылыұшырай қараса олар маған, Бұра берем мен-дағы зейінімді. Ініден де ізгілік аямадым, Ізет көрсем, келеді аялағым. Адамдардың асығып ортасына, Таң нұрымен таласа оянамын!
- * Дүниеде жеткізген бе жігітке арман, Жүрегі от сезіммен ұрықтанған: Менің ғой келер дейсің Пушкин болғым, Шалқып бір шайқап ішіп тұнық балдан. Дүниеге масаң көңіл мас бола бер, Тереңнен жаныңды ұғар досқа кенел. Жүр жүзіп өмір-теңіз кемесінде, Жыр жазбай бірақ лағыл таспа бекер. Осылай қайраймын да өзімді-өзім, Жүрегім еміреніп, езілгесін: Өлеңмен өмірімді өбемін де, Шалқимын шабыт күшін сезінгесін. Мұндайда болам қыран,жолбарыс та, Дайынмын мейлі қандай арпалысқа... Таяқ жеп тағдырының талайынан, Біздің күн айналмайды тоң-торысқа. Жетелеп қай-қашанда сенім алға, Санамды бір құдірет жеңіп алған... Қайтесің, Пушкин болсам дейді жүрек, Жігітке жеткізген бе тегінде арман...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Адамдағы ақ ниетке елжіреп, Алғыс-жыр боп төгіледі сел-жүрек. Кім болмасын ақ жауындай көктемгі Ақ пейілін алып келсе болды тек. Мен де ол жанға ашыламын айдын боп, Талайларға жан сырымды жайдым көп. Бір-ақ ауыз жылы сөзге еримін, Ол болмаса, одан артық қайғым жоқ! Сірке бұлттай сал бойына сыр бүккен, Сұрқай, суық, сұмдарыңнан түршіккем. Сенімсіздік ұялайды жаныңа, Сәл де болса көңілдегі кіршіктен. Ондайларға өртенердей өзек шын, Зымиянды іреп сояр қажет сын. Дүниеге Адам болып келген соң Адамшылық қасиетке не жетсін!
- * Тегі мен жүре алмаспын алабұртпай, Мазасыз секілді бір бала құрттай. Пендеуи тіршілігің жаныма жат, Күйкі өмір сүре алмаспын ана жұрттай. Мен тегі жүре алмаспын қамалып та, Бой жазсам, ақынға ерсі саналып па? Қаланың тар бөлмесі бұғалықтай, Біз сынды саяқ өскен далалыққа. Ежелден құмармын мен бал бұлаққа, Талайды төстей озған арғымаққа...
Ғалым ӘРІП Қайтейін өзгелердің не дегенін, Көңілмен сүрем өмір шалқып-ақпа...
- * Күз. Шамал түсті, тұман басты, Көктем, жаз құйрықтарын бұлаңдасты. Қашанғы соғар дейсің салқын самал, Қыс келсе, күз де орнында тұра алмас-ты. Өмір де солай екен, айналмалы, Тобықтай тайып кеткен ойнамалы. Бір күні бақыт қонса, бір күні мұң, Бұл жүрек қалай ғана жай табады?
- * Өмір, өмір, өлең деп өтермін мен, Жасытпайды бұл жолда қатер мүлдем. Төкпесе де шуағын тағдыр,мейлі, Өлең үшін өліп те кетермін мен! Өлең-жүрек, бұл да бір ғажап әлем, Махаббатшыл жүректер жазады өлең. Өлеңменен жаны егіз ақын жанның, Өлең жоқта, жаны оның әлем-жәлем. Жыр тумаса жүремін мен де сынып, Күндеріме налимын пендешілік. Жалын атқан жүрек бар сырға толы, Іштей мұңды күй кешем неге тынып? Жанның өрті басылмас ақтарылмай, Жатыр қанша жүк ауыр ақтарылмай.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Аржағымда бұғынған жанартау бар, Жүргені тек болмаса бақ дарымай...
- * Ортақ біздің мұңымыз, Жүрек жарды сырымыз. Аңсауменен өтерміз Бірімізді біріміз. Жырақ,мейлі, жүрсек те, Жалғыз жылап, күлсек те, Жан достарға сенеміз, Жалын құяр жүрекке! Шырқай қалсақ біріміз, Досымызбен іріміз. Асқақ біздің армандар, Өмір-өнер – піріміз. Осы жолда таластық, Өнерменен жарастық. Бұрыс басқан қадамда Дос сөзімен санастық. Шын көңілді қаластық, Досқа әрдайым қарастық. Бас қосылған шақтарда Сүйісумен тарастық. Дос қуанса қуандық, Дос жыласа жұбаттық. Жанымызбен ұғыстық, Қашан кімге кінә арттық?
Ғалым ӘРІП Біз жыланып көрмедік, Қаңқу сөзге ермедік. Қол ұстасып қияға Бірге қанат сермедік.
10.03.86 * Таң атсыншы тезірек, Шығайын мен далаға. Отырғанша мезі боп, Қыдырайын қалада. Адамдарға қарайын, Бәрі бауыр, туыс қой. Ағайынға барайын, Алшақтамай, суыспай. Жүремін бе тымырсып, Құрысыншы мұң әрі, Шынығайын шымырсып, Қансын бойдың құмары. Мұздай суға жуынып, Алайын да серпіліп, Белді бекем буынып, Іс қылайын желпініп! Шаршадым ғой мұңлы ойдан, Таусылар ма күйбең де, Күтіп мені сарғайған Барайыншы сүйгенге! Дұрыс шығар ал енді, Ұйқыға сол жатқаным. Қояиын да өлеңді, Күтейін таң атқанын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жұртым мені дей ме ақын, демей ме, Ірке алмаймын жыр құйылса көмейге. Нөсерлетіп төгіп-төгіп тастасам, Ішке құса болмайтындай ол бейне. Кім біліпті, қазынам бар мәңгі асыл, Жақтырмайтын жасырғанды жанға сыр. Жанып-күйіп жүретұғын жігітпін, Жырламасақ, кешірмес те ән-ғұмыр.
Мен қайтейін, іште арғымақ туласа, Жүрек, шіркін, маза тауып тұрмаса? Мен қайтейін, еміреніп өмірге, Жан-дүнием тебіреніп жырласа? Жұртым мені десін ақын, демесін, Аға буын елемесін, елесін, Бүлк-бүлк қайнап буырқанған қан тамыр Сеземін мен жанға маза бермесін. Мұндай күйде толғамасқа жайым не, Жыр құйылса, жабығарға уайым не? Жатыр менің аласұрып теңізім, Толқын атқан, міне, нағыз шайыр де!
- * Бала күннен жүрегімді жырлатып, Жүргеніммен ойға шомып, мұңланып, Өсіп келем адалдықты ардақтай – Әкелер мен ағалардан үлгі алып. Бұлқынумен тұла бойда бал дарын, Өлең-өзен болғанымен арманым,
Ғалым ӘРІП Елтісем де жел-буына өнердің, Тура жолды, түзу жолды таңдадым. Әсерімен құйылған жыр-нөпірдің, Бәлкім, талай желпіндім де лепірдім. Бірақта мен тазалықты пір тұтып, Арсыздармен алысуға бекіндім. Шабыт буса шалықтаймын, тасамын, Бар адамға жан сырымды ашамын. Жаман пиғыл ойлағанды жек көріп, Жақсыларға жыр шашуын шашамын. Арман жолы – өлең-өмір болса да, Адам болу – мендік мақсат, жол сара. Азамат деп айтса деймін ел-жұртым, Ақындығым – өз алдына ол, сірә!..
- * Өзіңді өмір бойы сүйіп өтем, Махаббат,айналайын биік мекен! Мен дайын тағдырымның тартысына, Жаныма жолатпасқа күйік-шемен. Білемін, күрес үшін туғанымды, Бақытым жолында бел буғанымды. Арманым үшін тіптен аянбаспын, Ештеңе жасыта алмас өр жанымды! Сөзімді ұғындың ба, асыл құрбым, Қалайша кеуде керіп, тасып тұрмын? Өйткені, мен өзімін Махаббаттың, Мәңгіге таусылмайтын Ғашық Жырмын!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жылымшы қыс... жылыстауда... Жаумады қар... жарықтық, тыныстауға. Жүреміз тек жан бағып... бұйығылау... Жағаласып жаурынмен құрысқанда. Жігіт едік өрге жүзген... Жүрек жалғап жалынды ерке қызбен... Жылдар енді жағаға салады қол, Жұлқып, нұқып алардай желкемізден! Жо-жоқ, достым! Мен емен оған көнер, Жеңем деген өмірде адам жеңер. ...Жылымшы қыс мейлі, аулақ жылыстасын, Жан серпілтер көктемім о да келер!..
- * Беймазалау жүрегіме, дауасыз Жағады тек туған ауыл ауасы. Жазбақ үшін оның күйік, жарасын, Кезем кейде байтақ өлкем даласын. Көкірегімді кере дем ап жұтамын Қырдың жанға шипа лебін, жұпарын. Таңғажайып боз жусанның исіне Масаям да, қарай берем сүйсіне, Сағынамын музам болған жаныма, Асығамын көлбеңдеген сағымға. Шілдедегі шегірткенің шырылы – Бала шақтың ұмытылмас бір үні. Ботақанның жәудіреген көздері Еске түссе, ет-бауырды езгені...
Ғалым ӘРІП Алыс кетсе аңсай күтер баласын, Туған ауыл – менің асыл анашым.
- * Ұш, көңілім, самға алысқа, Жолдап сәлем барша досқа. Арылсын бір мұңнан ақын, Жаны күйген арзымасқа. Тіршіліктің көп ұсағы, Жоқ жерден кеп жабысады. Шалғайыңнан алар митың, Жаңқа көріп ағыстағы. Кейін серпіп бәрін оның, Мәңгі алаудай жалындармын. Ұш, көңілім, самға алысқа, Құш достардың бәрін, бәрін.
- * Жан баласын өмірде жамандама, (Жауласса егер, әрине, оған қара). Жауыз көрсең, ал келіп жағасынан, Әділдік сен жағында, алаңдама! Жара салса кей кімдер жаны жазға, Мәңгі өшпейтін шырақтай жанып, мазда! Жалыныңа шарпылсын жағымсыздар, Түлкі пішін топастар, жағымпаздар. Ешбір жанның соңынан сыр аңдыма, Көзқараспен қарама адамға ала.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Көрмей тұрып өзгенің зұлымдығын, Сырттай даттап, бекерге жамандама, Сондай болар ақ жүрек адам ғана.
- * Сен мені шектемеші... Шектен шығып кетсем тек өкпелеші. Шабыт іздеп шарқ ұрған бұла жүрек Өктем мінез танытса, сөкпе мені. Мен де бір дауыл сынды, Жанмын ғой бейне нөсер-жауын сынды. Кейде бір толқындайын аласұрсам, Жау емес, ұқшы нағыз жарым сынды. Көбелек секілденіп, Жын соққандай қыр кезіп, екіленіп, Кеуде керіп жыр оқып, өрекпісем, Жүрек сүйген тұнық көз, кешір, елік. Демеші астамсыды, Көрсетпеші көзіме жас-тамшыны. Күнделікті күйбеңнен алшақтайын, Сейілсін көңілді оның басқан мұңы...
- * Бір аруақ арқырап, Қолтығымнан демеді, Құз басынан сарқырап, Нөпір өзен келеді! Күш, Сенімге мықты едім, Келші бермен, Ой, Сезім,
Ғалым ӘРІП Өлең-жырды төккенім, Ең бақытқа бай кезім. Әрі-бері төпейін, Талай қырға жетейін, Суландырып өтейін, Нуландырып өтейін, Елге қызмет етейін. Қандырғасын мерейін, Нұрға айналып кетейін...
- * Кейде өзімді ұқпаймын алай-дүлей, Соққанымды сезбеймін қалай үдей. Алақұйын күй кешіп әрі-сәрі, Ішімде бір дауылдар алысады. Толқындаймын мұндайда аласұрған, Арлы-берлі сапырып жартасты ұрған. Бірде бұлтқа ұқсаймын төніп келген, Бірде күзгі нөсердей төгіп берген. Арқырасам тасқындай басылмаймын, Тымық түнде шарт сынған жасындаймын.
- * Мен соншалық бақытты жан болайын, Тағдыр-тартыс иеленген жеңісін, Бәрібір де түнің мұңлы, ағайын, Әсерлі сәт, қияли шақ мен үшін.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Ұйқы қанша алсын есті талдырып, Музам-өлең сағымдайын-сағыныш. Тұлабойды бал сезіммен балқытып, Жүрегімде болады сан жарылыс. Жанартау боп атылардай алқынып, Жас қайраттың шарпыламын өртіне. Түні бойы ширығамын шарқ ұрып, Түннің қарап таңғажайып көркіне. Шабытыма жел берер де сол менің, Ай мен Жұлдыз, алқара көк түнгі аспан... Сенделемін кезіп ішін бөлменің, Жым-жырт түнге көзім салып мұңдасқан...
28.11.87 * Көп адамға жүруші ем сенуменен, Өзгертіпті кей-кімді өмір деген. Өзді-өздері тымырсып тірлік кешер, Жараспаймын жандармен тегінде мен. Құшақ жайған азамат пейілменен, Жігіттерге жан құрбан, көңіл де кең. Оларменен бірге өткен дүниең жаз, Сыр қалмайды ішіңде төгілмеген. Ондай жандар шынында сиреді ме, Жүр ме екен келе алмай күйлеріне. Әлде, уақыт тынысы биледі ме, Серпілтуге бұйығы ойларынан, Соғайын мен олардың үйлеріне...
Ғалым ӘРІП * Қайран, жүрек, сен ұра бер сабалап, Жаным менің қай-қашанда дауылды. Мендік көңіл өршілдікті қаламақ, Келгенде күн алармыз да дамылды. Заман болса самғаған бір ғажайып, Бұйығылық уақыттың дерт жанына. Мен жүремін махаббаттан масайып, Қайран,жүрек, өз ырқыңа бағына. Сен соға бер, соқ лүпілдеп, дүрсілде, Баста мені қиын, шалғай шептерге. Бүкіл ойым, санамменен сілкіне, Өмір жайлы жыр тізейін дәптерге...
- * Теңіздейін шалқып аққан кемерден, Симаймын мен шектеулі тар шеңберге. Толқындарға қарсы жүзген адуын Ұқсаймын мен тау тұлғалы кемеге. Өмір де айдын,өршелене жүзбесең, Жапырақсыз мұңлы ұқсайсың күзге сен. Арман үшін алған жолдан тайынбас, Ғұмырында шын бақытты іздеген. Осы сырым – өзгеге де, өзіме, Сарғаюды қоялық, дос, езіле. Мен жүземін шетсіз-шексіз қиырға, Тағдырымның тура қарап көзіне!...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жарасады, жаным, саған нұрланған, Айналайын, жаз бейнелі тұлғаңнан. Жүрегімде жапырақ жайған, махаббат, Жүзіңді бір көрмейінші мұңланған. Сен мұңайсаң, менің жаным дімкәс-ті, Сен мұңайсаң, мені де ауыр мұң басты. Сыймай кетем мұндайда жер бетіне, Кезіп кеткім келер жалғыз тау-тасты... Сенің мұңың – менің мұңым, дертімдей, Сенің күлкің – жүрегімнің өртіндей. Сенің жүзің нұрға толған кезінде, Таң шапағын шашқан күннің көркіндей! Жанарыңа іркілсе бір қаяу мұң, Баладайын бал кейпіңді аяимын. Жабыққанда жаның күйіп әрнеден, Маған ғана жет жүгіріп, аяулым!
- * Жігіттер, өткізбейік босқа күнді, Дүние өтер-кетер қас-қағым-ды. Күйбеңнен қолдарың бір босағанда, Ой-мұңнан серпілтсеңші достарыңды. Көңілсіз болып кетсе тегінде өмір, Жүрегім күрсінеді егіле бір. Тып-тыныш тірлігіңнен жалығып тез, Аңсайды той-думанды сері көңіл...
Ғалым ӘРІП * Серпіліссіз, бұғып жүрген күндерім – Менің іштей тынып жүрген күндерім. Тымырсимын күзгі бұлттай түнеріп, Қалғандайын өлеңсіз құр сүлдерім. Оған қарап сөнді деп, дос, ойлама, Жалын атқан жүрегіммен ойнама! Жанарымда жарқылдайды от-ұшқын, Келгенім жоқ бұл өмірге жәй ғана! Ортасынан ауып кеткен түн-жарым, Естімейсің десе де ақын мұң-зарын: Азабы да, рахаты да жетерлік – Мен өзімнің ғұмырыма ырзамын.
- * Өзіммен-өзім сырласып, Келемін кеме-қиялда... Жүрегім болған жыр-ғашық Шақырар шырқау қиянға. Алматы жүрдім кезінде, «Ауыл!» – деп соқты жүрегім. Сағыныш тұнып сезімде, Сарғаюменен жүдедім. Оралып туған жерімнің Жүрсем де жұтып ауасын, Алматы десе егілдім, Таба алмай жүрек дауасын. Бар онда тарлан жігіттер, Жарысқан жырдың көшінде.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жүлдеден мен де үміткер, Тулаймын Далам төсінде!..
- * Естідім жылағанын қайыңның мен, Өнбойын билегендей уайым мүлдем. Біртүрлі сезіледі сыңсығандай, Күз келді, болар енді қайыр кімнен? Мұң толы қалай одан саз ұқпайын, Налиды тағдырына нәзік қайың. Жайылған жапырағы жым-жылас боп, Мелшиіп қалған қатып қазықтайын. Күндері болып ұмыт көктемдегі, Күз-нөсер суық –тамшы төккен енді. Жалаңаш тәнін оның сорады әбден Қатігез қарашаның өкпек желі...
- * Келді қыс. Дала боран азынаған, Үскірік, сірә, кімге саз ұнаған? Желді қыс қасқырдайын ұлытады, Ал қайың-тал бойын кім жылытады? Апырай, басқан кезде көңілді мұң, Суықтан жылытады өмірді кім?
Ғалым ӘРІП * Өр мінезін сағына, Тарқасын деп бар мұңым, Теңіз барып тағы да, Тебірендім, шалқыдым. Жатыр екен тулап-ақ, Жайды құшақ, шақырды. Мізбақпай тас жарқабақ, Шағалалар шарқ ұрды. Қан ойнады, ет қызды, Емірендім, елтідім. Тереңдік пен шексіздік... Терең ойда мен тұрмын...
- * Қандай қиын сәтте де Мендік жүрек жылама! Тағдырыңа өкпе не, Қолдар сені жыр-ана. Күйініп бір жүргенде, Нөсер болып құйып бер, Толып құшақ гүлдерге, Созсын қолын биіктер!
- * Уақытымнан кеш қалып қоярдайын, Жүрмін мынау өмірде ояу дәйім. Мазаласа түндерде жүрек, шіркін, Жыр жаңбырын төгуден аянбаймын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өз-өзіме шыдамсыз жайым мәлім, Өлеңімнің тағдырын уайымдадым. Өмірімнің өзегі, кілті сынды – Ештеңеден бұл жолда тайынбадым. Өтсе күндер, өтсе айлар күйбеңменен, Өз-өзімді күн кешем сүйреуменен. Қаламыма кенеттен жармасамын, Суық тартып кетердей сүйген өлең...
- * Жаралғам дүниеге өлең үшін, Өлеңсіз мендік жүрек сөнеді шын. Өмірді тербеп өтсем арманым не, Тырбанған пенде болмай қорек үшін. Бұрқанып тұрғанда өрттей бұла жүрек, Бойымнан аптаптайын ұрады леп! Қалай мен өткізейін күйбеңменен, Өмірді келетұғын бір-ақ рет?!
- * Күтерін бір қуаныш сезім едім, Жүрегім еритінін, езілерін. Бұл өмір қандай тәтті көңіл хошта, Іркілмей жүргенінде көзіңе мұң. Бүгінде барлық әлем сұлуланып, Тал бойым махаббатқа жылынды анық. Суық қыс барады өтіп, о,шіркін-ай, Көктемім келді, міне, күлім қағып...
Ғалым ӘРІП * Бөлесе де бақытқа жыр-қаламым, Уақыт өткен сайын мен мұңланамын. Жатпағасын жазғаның жарық көріп, Тұнғанынан не пайда сырға жаның? Кәусар бұлақ Шығыстың ақындары – Бауырымдай жаныма жақын бәрі. Олар ғашық сұлулық атаулыға, Жансыз бенен жандының затындағы. Осы көзбен қараймын мен де өмірге, Біз болармыз ынтыққан пенде гүлге. Жаралған ғой жан дүние жырлау үшін, Аққу болып қалқуға көл бетінде. Көншітпей жүр көңілді әттең, бәрі, Жұғар емес жүрекке көктем нәрі. Маңғыстаудан жылда ұшам Алматыға, Арман – Өлең, Алатау шатқалдары!
- * Күндер өтіп барады, күндер өтіп, Ақ қағазға төнемін түнделетіп. Апта жылжып барады, апта жылжып, Сенделемін бейуақта бақта жым-жырт. Жылыстайды айлар да дөңгеленіп, Бірте-бірте басылар менде желік. Жылым мені қарсы алар сүйіп тұрып, Өрісімді, өремді биік қылып.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жүрегіме өлеңім жүгін артар, Жанарымның сол сәтте мұңы тарқар. Дүлей шабыт күшіне енгенімде, Өзіме-өзім күркірей сенгенімде – Аруақты Даламдай арқаланып, Тілден маржан төгермін бал тамарлық...
- * Теңіз жақтан соққан самал Тітірентіп төсімді, Көптен күткен көктем-жамал Көңілімді өсірді. Көкірегім сайрап бұлбұл, Жан сарайым кеңіді. Жарқын жүзім жайнап бал-бұл, Жан жүрегім еріді. Бейне масаң бұла ғашық, Теңселемін, тербеліп. Құсша самғап, құрақ ұшып, Жасағым кеп еркелік. Дала қандай,ауа қандай! Өмір қандай ғажайып! Қыс кірбіңі тарағандай, Ашу бұлты азайып.
- * Өмірде күн кешкем жоқ алыспастан, Кезім көп бірақ менің шалыс басқан.
Ғалым ӘРІП Басынан не өтпейді бұ пенденің, Онымның өзі де бір ғарыш-дастан. Білемін,талай жерде қателестім, Алайда,тәтті өмірге жат емеспін. Сүюге,махаббатқа жаным іңкәр, Топас бір қуыс кеуде жан емеспін. Тағдырмен бақыт үшін жағаластым, Әрине, кей күндері жаза бастым. Сыр – теңіз,тауысайын қайсыбірін, Сірә да оны түгел жаза алмаспын. Жеткізбей сағымдай боп арман-алып, Өкінген сәттерім де болғаны анық. Десе де мен ешқашан мойымадым, Жасықтық деген,шіркін, жолда қалып!
- * Беу, ағайын, сөзімді ұғасың ба, Зейініңді бері бір бұрасың ба, Іште бүккен менің де сырым жетер, Балап қайтем, алайда, шын асылға. Бажайларсың ол жағын халқым өзің, Қаным ыстық,оған жат салқын сезім. Адамдарға жайсам деп жүрегімді Үздігемін, қызулап, жалын кезім! Неде болса, сендерге айтарым бар, Жыр оқиын, келіңдер, қайдасыңдар? Жаныма жат жалғандық, жансыз әлем, Іңкәр көңіл жай таппай айға асығар.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Ай дегенің – сұлулық, пәктік болар, Пәктік болса, өмірде шаттық болар. Балбыраған бөбектей табиғат бұл, Қарап тұрсаң, бойыңа шабыт қонар. О, адамзат, қайтеміз өршеленіп, Бұл қара жер қарудан теңселеді... Көңілдердің кірбіңі таусылар ма, Бағы жанған алаяқ белсенеді... Өмір, өмір, болмай тұр оңай өмір, Күніне сан толғантар қалайда бір. Соның бәрін бұл жүрек көтерер ме, Буырқанып шықпаққа қалайды жыр. Жыр құйылса, толғаймын жаным қалмай, Түйдек-түйдек ойлардан арыла алмай. Қуаныш та, қайғы да сыймайды ішке, Іркер болсам, жүрегім жарылардай...
- * Жалын шарпып тұрса да кеудемізден, Жасып,жүнжіп жүреміз кейде біз де. Жалғыз қалсақ жай таппай жалын жүрек, Жанға тағат таппаймыз бөлмемізден. Шуақ іздеп қашанда ізгі өмірден, Жарастығын жан тауып жаз көңілмен, Жаға жайлау жүреміз дос-жаранмен, Жалғыз қалсақ, күй кешіп өзге мүлдем, (Жалғыз жүру асылы бұйырмаған, Жақын жансыз тіршілік қиын маған).
Ғалым ӘРІП Ғұмырыңды бір кешер тағдырлас боп, Бір-біріңе әманда сиыншы, Адам!
- * Маза жоқ,маза жоқ мына менде, Жанымды ұғар жан бар ма бұл әлемде? Сонда осынау тірлікке келгенімде, Жалғыз ғана сырласым жыр-өлең бе? Көңілмен алып-ұшып өрекпіген, Топастың соқыр жанын көр еттім мен. Ақжарқын құшақ жайған адамдарға Қарадым ілтипатпен ерек мүлдем. Кімнің болсын аңдасам арамдығын, Адамдық пейілінің сараңдығын, Сол сәттен сырт айналар шалт мінезім, Кім білген жеке-дара қалам бір күн? Қалармын, қалмаспын да, кім біледі, Кім ұғар жаным кірсіз, мұңлы мені? Адамды алалап мен көрген емен, Кешпесім алаяқты шындық енді. Амал не,жақын жан да ұға алмаса, Сыналар шақта ойымнан шыға алмаса, Мазалы болар қайдан жаным менің, Арманым сағым болып бұлаңдаса?..
- * Мұңым қайда, мұңым қайда, тәтті мұң? Тәтті мұңнан жалын жүрек татты мың.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Түніменен тебірене жыр толғап, Тербеп ылғи тұрушы еді-ау пәктігім. Мұңлы болсам дей алмаймын жасыдым, Мұңлы болсам, ой толғадым, тасыдым. Өлең құйып жүрегіме, нұр құйып, Ізгілікке баурап тұрды осы мұң. Мұңым барда күңірендім, тербелдім, Мұңым менің, шабытыма жел бердің. Мұң дегенің асыл сезім екен ғой, Өмір-бақи енді оныңа шөлдермін. Дейтұғын-ды маған достар «мұңайма», (Мұңшыл жігіт өзгелерге ұнай ма?) Енді көзден бұл-бұл ұшқан тәтті мұң, Мұңсыз адам күрсіне ме, жылай ма? Мұның өзі алабөтен дерт екен, Суық тартқан от жанарым, өрт денем. Жүрегімде қалған тұнып мұңымды, Аялауға, әлдилеуге серт берем!
28.03.87 * Өзімді-өзім түсінбейтін кезім көп, Көктеме-гүл салатындай сезімге от. Желік-көңіл бұғалыққа көнер ме, Жүрегімді жеңе алатын өзім жоқ! Пыр-пыр ұшқан торғайдайын бейне бір, Түнгі ұйқыдан оятады кейде жыр... Неде болса тәтті өмірге тым ғашық – Алып-ұшып өрекпіген кеуде бұл!
Ғалым ӘРІП * Бой тоңазып,өлең жазып, Балқимын мен қиялда.... Бәрін құшып, келем ұшып, Аңыз әлем-қиянға... Аңсауым көп, шаршағым жоқ, Шақырады гүл-өмір, Ертеңге асық, мәңгі ғашық Өрекпиді жүрегім...
- * Бойымда бар қызбалық! Жалын өртпін! Бұл ғұмырдан келеді жанып өткім. Бықсыған бір шаладай жүргім келмес, Қызуындай қайнайды қаным оттың! Бұл ғұмырдан келеді жанып өткім. Бұл мінезбен басымды тасқа ұрдым да, Жанарымды жауындай жас қылдым да. Арман жолын ең биік пірім тұттым, Өзімді-өзім қинадым(қас қылдым ба?) Мәңгі музам санаған бұлақ әнін Нәзік едім, жаным бос, жылағам мың. Көргенімде тағдырдың жөнсіздігін, Намысымды қайрадым, шыдамадым... Шыдамадым, кей кімге ұнамадым, Достарым да азайды, сұрамағын. Жөнсіздікті көргенде тұра алмадым... Таза менің адамдық бірақ арым.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Адал жанды шағым жоқ сатып кеткен, Шын достармен шынайы уақыт өткен. Бойымда бар қызбалық! Өршелендім, Жөнсіздікке жол бермеу – бақыт деп мен!
- * Көктемде бір ғанибет дала кезген, Құмарым қанға сіңген бала кезден. Боз жусан, боз топырақ исі қандай, Айналдым ботақаннан, танакөзден. Жігітте арман деген көп тегінде, Бетіңнен қыр самалы өпкенінде, Көсіліп көк майсаға аунасаң бір, Көңілдің аңсарына жеткенім де!...
- * Өмірдің даңғыл жолында Жігерің талай қайралар. Жанып бір тұрған жалынға Арманшыл өрен айналар. Арманшыл өрен, өр, асқақ, Жанылған сайын жасымас. Алатауменен таласқан Қиял мен үміт басылмас. Кернесе бойды от-дауыл, Аңсатпас кімге құс-қыран? Өртеніп тұрған шақта бұл Леп тисе, өршір жас ұлан!
Ғалым ӘРІП * Жігіттердің бірімін мұңы басым, Жаным төге алмай жүр шұғыласын. Жалындаған кеудемнен жыр ұша алмай, Жүрек сұлық тартса егер, не қыласың? Сүйреп талай ілгері ғашық ғұмыр, Толқын атып арманға асықтым бір. Тағдыр-теңіз төсінде өршеленіп, Аласұра айдындай тасыппын бұл. Менің тұнық жанымды лайлаған Жерді басып жүр пасық талай адам. Сол адамдар шайқалтып пәк сезімді, Қатігездік сыйлаған қалай маған?! Бір кездері баладай аңқау едім, Дүниені дариядай шайқап едім. Бүгіндері жоқ-барға өршіп кетем, Секілденіп ұрысқақ шайпау келін. Сәл нәрсеге күйемін қызбаланып, Жарқын жаным күз тартып, сызданамын. Қайда менің бір кезгі шуақ кейпім, Айтшы, достым, неге мен ызғарландым?
24.08.88 * Айқайы көп, шуылы көп дүние, Мың құбылып жүргенің сол күніге. Жарылардай болып кейде бақыттан, Кейде мәнсіз тірлігіңнен түңіле.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Қала жүрсең, Дала болар аңсарың, Дала барсаң, көзге іркілер қанша мұң. Қала, Дала – бәрі де бір тіршілік, Ғұмыры емес мәңгі жасыл шыршаның. Уақыт ағып, жылдар жылжып, көшіп бұлт, Бара жатыр бір қиянға жосылтып. Асыл қайда артымызға із қылар, Оянсаңшы жанарымнан тосын жылт!..
22.09.88 * Даламмен бейне тай-құлын, Ақырған асау айдыным, Арқасын жанның қоздырар Адуын, асқақ айбының. Мұңайып келген шағымда, Тербедің мені тағы да. Көкірек кере бергенім, «Теңізім бар деп бағыма». Аспанға атып толқының, Аласұра бір шалқыдың. Өзіңдей болсам деп кеуде, Өрекпіп жүрек, толқыдым. Соға бер, толқын, сабалап, Қалықтап аппақ шағала... Шабыт бер, шалқар айдыным, Өзіңнен өнген балаңа.
Ғалым ӘРІП * Талқанмын... Жүрегін неге жылаттым сүйген қалқамның? Қажытты осы тұрмыстың итір-қылжыңы, Онсыз да жүрсе жегідей жеумен арман-мұң... Күйзелдім... Келуін қара боздаған ағыс – күй-селдің. Алақаныма қалықтап қонған аққуды Жасыттым неге, жартастай безер күйге ендім? Быт-шытпын... Жарыма неге жауымдай көріп қырсықтым? Ерке бір елік елеңдей қарап бейкүнә, Жанарын салса, жаралап жанын, күрсінттім? Қояиын... Кінәмді түгел жуып бір оған шаяиын. Арманым болып, арайлап атқан таңымды Аялап қолда, нәзік бір гүлдей аяиын, Қорғаныш болып, құшағымды ыстық жаяиын...
26.10.88 * «Өмір сүргім келмейді, дедің, кейде», Мендік жүрек бұл сөзге еңірей ме, Есім жиып, егіліп, емірендім, Жоғалтардай мәңгілік сені бейне...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Құлдығым ең бал күнгі құлын мүше, Бір өзіңе арналған жырым неше! Бұрын-соңды болмаған ғашықтардай – Махаббат боп маздап ек күні кеше! Күні кеше біз балғын, балауса едік, Бірте-бірте дем басты алау неғып? Алып-ұшқан от көңіл аптығыпты, Жан суына берсе егер қалар сөніп. Қалар сөніп... Қайғының қары жауар, Жазылмастай жараның табы қалар... Жылап өтер ғұмырдан жүрек байғұс, Жауымыздың сірә да бағы жанар. Жо-жоқ, қалқам, Кеш мені, Келші бермен, Тірі тұрсам, о дүниеге мен жібермен! Сен өмірдің өзісің тұнып тұрған, Тағдыр бізге бір ғұмыр енші берген, Келші, жаным, жайраңдап, келші бермен!
15.11.88 * Сөйлемеймін суайттай мақтанып құр, Жыр толғасам сырымды ақтарып бір: Менің мына кеудемнен дауыл ұрып, Көкірегімде қып-қызыл от жанып тұр! Кәдімгі от! Бір дүлей іште бұққан, Бұл денемді қайтермін ыстық атқан! Ақша қармен ысқылап, қызуымды Басармын ба ұлпа алып қысқы бақтан.
Ғалым ӘРІП Шағым туды, дер шағым, мазда, жаным, Шарпы әлемді, іркілмей жаз қаламым... Жалын-жүрек сыймастай жер-дүниеге, Өртен өлең, жетеді аздаған мұң...
15.11.88 * Жаттандылық, жасықтық, жасандылық Жер бетінен жоғалар қашан құрып? Жанның бәрі жалындап, жігерленсе, Жіберер ме ек дүниені жасандырып?! Өрен өрге ұмтылса өзегі өрт, Өз елінің өр мінез өрені боп, Көр көңілді кей кімдер күні кеше Қақпан құрып, тілдерін безеді кеп. Өткен сырын сезімтал сезер жүрек, Мүлги алмас тоңмойын безерді деп, Жалған ұран жамылған жарымесің Жүгіреді әркімнің көжегі боп. Ақыл-ойы, ісі мен харекеті, Тұмшаланған түнекке әрекеті, Адамдардан қоғамды арашалап, Ән-ғұмырдың басталар әлеметі...
23.11.88 * Жүрек: Баста, мейлі, тағдырым, тау-тасыңа, Тасып аққан дарияның арнасына,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Дауыл атқан жаныммен, жүрегіммен Оқ жыланның кірермін ордасына. Тигізсем деп халқыма қайырымды, Жиғым келмес тегінде айылымды. От-жалынға келемін орауменен Жанарынан нұр тамған шайырымды. Ақыл құйса аянбай Санам маған, Жан-жағыма жалтақтап, алаңдаман! Күн кешермін толқындай аласұрып, Жартасыңды күні-түн сабалаған!.. Ми: Менде жетік бәрі де, сәуелімін, Жеміс ағаш секілді мәуелімін. Шайқап алма арзымас тіршілікпен Асыл сырдың тұп-тұнық әлемімін. Сүттей ұйып тұрса сол сұлу әлем, Қазынамды құямын жырыма мен. Өрт жүректің өшпейтін оты болса, Шығар шырқау биіктің шыңына өлең... ...Ми мен жүрек осылай сыр ағытты, Алдан арман елесі бұлаңытты... Ми мен жүрек бір-бірін аяласып, Арғымақтың тізгінін шын ағытты...
28.12.88 * Не тындырдық осы өмірге келгенде, Іштей күйіп, боп жүреміз шерменде...
Ғалым ӘРІП Көкіректегі күңсік ойдан арылып, Қашан жарып шығады екен өр кеуде? Деген ойлар, халқым үшін не қылдым, От-намысын оятады бетімнің. Өртенемін, серпілемін, ширығып, Қаны қызып етімнің... Туған дала, туған елім, мен ұлың, Ақтасам деп ұлы Уақыттың сенімін, Түнгі ұйқымнан жүрмін шошып оянып, Тіршіліктің күйбеңінен жерідім...
7.01.89 * Көп жайларды кеш ұқтық қой, бауырым, Бәріміз де ботасымыз ауылдың. Дүниеге келдік қарап жәудіреп, Пәк жанармен – тамшысындай жауынның. Мөлдіреген сол қарақат жанарға Тартыс-тағдыр кейде кірбің салар ма, Тұрмайды ұйып тамылжыған табиғат, Құбылады қулығы көп адам да. Заман көші жылдан-жылға алға асты, Қоғам кілті қолдан-қолға алмасты... Ғарыш-ғасыр жайды көкке қанатын, Адам, шіркін, болдыруда болмасты. Адам деген, адам деген ұлы есім, Өмір үшін аямады өз үлесін. Жер-жаһанды жаңғыртқан да адамдар, Тоқтатпастан дүниемен күресін.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Қыран құстай көңіл алыс самғайды, Кең даланы кезіп әбден шарлайды... Ес жиялық, ел болайық, ағайын, Етек қоспай, аспанды бұлт торлайды. Көп нәрсені кеш ұқтық қой, бауырым, Көп нәрседен кешіктік қой, бауырым. Құшақтасып, күн кешелік жымдасып, Бәріміз де ботасымыз ауылдың...
10.01.89 * Бұл күйіммен мені бір күн жын ұрар, Бұл күйімен ақын бір күн құтырар. Дауыл атқан ішкі жаным әлемін, Сірә да жан табылар ма ұғынар? Оны айтасың, ұға алмай жүр жақын жан, Кім іздейді дәтке дәру ақыннан? Ел қатарлы жүрсе бүгін қалыпты, Ертеңгі күн жанартаудай атылған. Жүрсе өзі дүниеге ойы алаң, Одан сырт та айналады кей адам. Тар секілді оған пақыр тірлігің, Ақын көзі қарайды ғой қиядан. Ол жүреді дүниені тербетіп, Қиял құсын қияндарға серметіп. Ақын да бір шырылдаған балапан, Тағдыр оны жаратқан ғой ерке етіп. О, бауырым, айтып,айтпай не керек, Ақындарды ауру жандар деме тек.
Ғалым ӘРІП Кең даламен қанат қаққан бейкүнә Ол-дағы бір нәзік жүрек көбелек. Қаралап сен жанын оның нетесің, Сүйкенсең сәл жаралап-ақ кетесің. Дауылдардан алып шығар алып та Ол, Тағдырының толқын соққан кемесін. Ақын жүрек әрі нәзік, әрі отты, Ол-дағы бір дерсің қыран қанатты. Ақын аңғырт болғанымен баладай, Арқалы да, әулиедей әруақты. Көп жайларды салып көрсек ақылға, Титімдей де жазық болмас ақында. Ұқпағанға ұнамауы мүмкін-ау Келмей жүрген кездерінде бабына. Атым шықса демейді Ол әлемге, Жүрек сырын жайсам дейді Өлеңге. Ол жырлар ед сұлулықты тек қана, Кей пенделер түсірмесе көлеңке. Сондықтан да көзінде оның кіреуке, Өшпенділік оты да бар реңде. Кінәмшілдеу жүрегі де жаралы, Жүзі де тым дімкәс жандай жүдеу ме? Кім шыдамақ, міне, осынау мұң-күйге, Тағдыр өзі ақыныңды сілки ме? Беу, дүние, қара тастай безерген, Жынданардай боп жүреміз бұл күнде. Қалай ие болам жүрек шіркінге, Басады да тұрады ләйім дүрсілге. Әкем айтты: «Өзіңе, ұлым, бол мығым, Жаныңменен жылама да, күрсінбе».
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... «Қайғыға да қара, деді Ол, сабырмен, Өзді-өзіңді тізгіндей біл ақылмен. Әке сөзін құп алсам да іштейін, Қалай жартас болмақшымын жалын мен?!» «Жоқ! – дедім де, еңсемді тік көтердім, Бұл өмірден осы күйде өтермін, Мұңланармын, жылармын да, күлермін, Кім біліпті, жынданып та кетермін...» Соғыс көрген кәрлі көзі әкемнің Өз сөзіне тұратындай бекем тым. Деді тағы: абай болшы, асыл ұл, Бұл тірлікте кезігеді қатер мың... Одан сайын қызып кетті от денем, Мейлі, қатер, кезі келсе өртенем, Дедім күйіп, күресемін бәрімен, Қаталмын да, дүниеге ерке мен. Шашып тұрса алтын шапақ шуақ күн, Жаным –арай, жаз өмірді қуанттым. Жүзін көрсем жарқын көңіл жандардың, Мөлдірлігі билер мені бұлақтың. Жаны жайсаң жанға жайып жақұт-сыр, Бүкіл ішкі әлемімді ағыттым... Жанымды ұғар жанды көрсем сезінем – Балдай дәмін дүниедегі бақыттың. О, қайран дос, айқара ашық құшағың, Саған қарай қиялыммен ұшамын. Келші бермен, жанымды ұққан азамат, Тарқат шерін ішімдегі ызаның. Бұл күйімде мені бір күн жын ұрар, Бұл күйінде Ақын бір күн құтырар.
Ғалым ӘРІП Осы күйде Ақын мәңгі өте ме, Жайым жоқ еш неде болса бұғынар. Жағдайым не тышқаншылап тығылар, Бұқсаң төмен, бықсық жандар сұғынар. Мен өлмеспін топасыңды түйремей, Халқым ақыр жан сырымды ұғынар. Жұрты ұқпай талай ақын өткен ғой, Жұрты ұқпай көбі қайғы шеккен ғой. Дүниеге қарай алмай безеріп, Талай ақын отша жанып кеткен ғой... Талай ақын мұратына діттеген жете алмай, душар жайға күтпеген... Айтқан олар айтатұғын жерінде, Арамзадай ішке пиғыл бүкпеген... Кейде мен де шырай берсем қатулы, Кей алаяқ күйеледі атымды. Туған сайын заман оңнан жарқырап, Ұғады ғой ақ жүректі ақынды. Сенем бұған, сөзімнің бар негізі, Нағыз ақын – мәңгіліктің егізі. Ақын деген жартасты ұрған сабалап, Табиғаттың асау толқын-теңізі!..
12.01.89 * Жел-ай! Қобыздың әуезі ме ең, Құлағымды түремін елегзумен.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жайбарақат тіршілік кешу қиын, Желпінтесің жанымды мінезіңмен. Алақұйын күйдемін, Тұлабойды сиқырыңмен биледің. Кім біліпті, ғасырлармен жалғасқан Боздаған бір күй ме едің? Дауылым-ай! Дамыл тапсам, мен де бір аурудай Дүниеден жерініп кетерім бар, Еліктірдің сен туған бауырымдай. Өмір де – жел, жансызда тыныш тірлік, (Жан бағумен біраз күн тыныс қылдық). Бұрқанатын, азамат, шағың осы, Бас бұқпайық тұрғанда ұлы іс күтіп!
27.01.89 * Қайран, досым, жүрегің ақын екен, Содан біздің жанымыз жақын екен. Көлбеңдейді нұр жүзің көз алдымда, Сағыныш та құдірет сағым-әлем. Сол сағыммен кейде мен жүзіп кетем, Кездескендей өзіңмен қызып кетем... Жан сырыңды жаятын досың болмай, Өмір өзі, бауырым, қызық па екен?
Ауасымен тыныстап Ақтөбенің, Ауылыңнан аттандың от-беренім. Кеткенің жоқ қамымен қара бастың, Жөн-жосықсыз келмейді өкпелегім.
Ғалым ӘРІП Мақсатымнан келмейді менің тайғым, Алға сүйреп барады өмір-айдын. Соғысып кеп жатқандай Капийіңде Шарпысады толқындар небір жойқын. Сен жазыпсың хатыңда сезім жайлы, Сен жазыпсың хатыңда өзің жайлы. Сезімі жоқ адамнан қорқамын мен, Мұндай хаттар бекерге жазылмайды. Көкірегіңде өзіңнің іңкәрлік бар, Жүрегің бар, жаның бар жырға құмар. Жыр дегенің – пәктік пен тазалық қой, Сенің ішкі әлемің – бұлағың бал. Мойындашы, қарашы тура маған, Көп пе өмірде жаныңды ұғар адам? Менің өзім жай таппай бұл қаладан, Анау жатқан айдындай тулап алам... Біз тілекші бақытың, бағың үшін, Бір бойыңа жетеді жалын-күшің. Ыстық, білем, қаның да, намысың да, Бір кісідей, білемін, дарындысың. Еселейік ендеше арынды шын, Қуат алып сазынан сағыныштың. Күн де келер қауышар, қапаланба, Жүрген жоқсың о жақта жаның үшін. От-жанарың елестеп сенің ұшқын, Кеп кетеді кей күні менің де ұшқым... Саған қарай ақ қанат самолетпен, Салмағы ауыр боп тұр тек тегі қыстың.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Осы, достым, біздегі жүрек деген, Ойсыз, қамсыз, сірә, бір күн өтпеген. Арманымның жолында аласұрып, Өзіңдейін достарды тірек көрем. Сен өмірді сүйесің, пәк көңілді, Иектеген жалғыздық шақта мұңлы: Ұл-қызыңа, жарыңа, достарыңа Бората бер сыр толы хаттарыңды...
28.01.89 * Жарасады әйелге самал желге өптіріп, Ерке елікше елтіп бір еліктірер пәк қылық. Ерін сүйсе ес танып, махаббаттан масайып, Жанарында бақыттың алауындай от тұнып! Жарасады әйелге Күн көзіндей күлу де, Жатса бұлақ сылдыры сыңғырлаған үнінде. Сөйлегені ұқсаса жас сәбидің тіліне, Мейірімі төгілсе жылу есіп түрінде. Жарасады әйелге жанға шуақ іздесе, Сүйгенінен ғұмыры ішкі үмітін үзбесе, Болам деген жігіттің болмашы бір қылығын
Ғалым ӘРІП Әшкере ғып өзгеге жұрт алдында тізбесе. Жарасады әйелге қашып аулақ ұрыстан, Үй ішінде, тірлікте татулыққа тырысқан. Әйелдердің бақыты – жанұяның бақыты, Әйел таба ала ма шын бақытты жұмыстан? Айта алмаймын іркіліп бұл сұраққа жауап мен, Дей алмаймын әйелде еркектерден сауат кем. Бірақ, әйел – әйел ғой, әйел деген – ана ғой, Қарай алман оларға ерге қояр талаппен. Жұмыс,жұмыс, айтыңшы, ал ұрпақтың ертеңі, Саулығы мен бақыты, ғұмырының көркемі: Әйел-ана сіңірген махаббаттан құралса, Әйел-ана сіңірген шапағаттан құралса, Сол өмірің – ертегі. Гүл-гүл жайнап өтсе деп нұрын шашқан бұл өмір, Құлпырады өзі де секілденіп лала гүл. Жарасады-ау әйелге жайраң қағып жүргені,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Қызғалдақтан осындай жайнап туған дала, қыр! Жарасады әйелге кең пейілді болғаны, Жабықпайды ол сонда, орындалып арманы. Жазған менің жырымның кілтін ұқса қыз-қауым, Басына бақ қонғаны.
31.01.89 * Жүрсең сүйген жүрегің нар маядай иіп бір, Мен өзіңе боламын жан-тәніммен сүйіп құл. Жанымызбен жарасып, тағдырымыз қосқанда, Жолығады дедік пе екеумізге күйік бұл. Әйел жаны – әулие, ер деген де тас емес, Үлбіресе гүл-жүрек, көңіл қалай босамас? Үлпілдеген сезімді үкілей біз алмасақ, Алтын таңдай әлемнің ғұмыры ұзақ жасамас. Бұл әлемді баласақ теңіздегі кемеге, Капитаны кім екен?.. Іркілемін мен неге?
Ғалым ӘРІП Ер басыммен... жо-жо-жоқ. билеушім бол сен ізгі, Ақылды бол, арлы бол, алау жақ өр кеудеме. Күннің нұрын құйып ап бұлт шалмайтын бейнеңе, Жан жарыңа сен мәңгі, оны ешқашан жау деме. Біз келеміз, жарығым, ұлы өмірдің көшінде, Жарға жықпас тегінде жас жұбайды әлдене! Ұзақ-сонар тіршілік... не жолықпас пендеге, Бұлқан-талқан болмайық ашу түйіп әрнеге, «Сен – капитан» дедім ғой, басқара біл ендеше, Майда тілмен тербей біл, өктемсіп құр терлеме. Әйел жаны жұқа тым, жұмсақ болған жарасар, Күн шуағы секілді жарқыраса ана, жар, Дүниенің тұманы тозаңынан сейіліп, Жүректер де жазылар болған небір жарадар. Әйел-ана емші ғой тіршіліктің бәріне, Сусындаған бар адам махаббаттың нәріне,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Соныменен жеңеді ол қатігездік дегенді, Бір ғаламат сиқыр бар жаны менен тәнінде. Сен де, жаным, сол күйің жанды баурап, бағындыр, Жүрегіңнен төгілсін өмір сүйген жалын-жыр, Құдіретің сол болсын, махаббатың зор болсын, Көзің тайса сәл ғана тағат бермей сағындыр. Сонда саған бас иіп, біз де күшке енерміз, Буырқанып қан тамыр, оттай жанар денеміз, Махаббатқа ұйыған ғұмыр-дария төсінде Толқындардан тайсалмай өрге жүзер кемеміз!
7.02.89 * Ұлы өмірге ынтыққан қайнар бұлақ секілді: Тұнық әрі мөп-мөлдір, Теңіздейін көл-көсір – Жан-тәніммен сүйемін мен сезімді. Сезім, төгіл, жаным, егіл бақыттан, Қандай ғажап тасқыныңды ағытқан... Бұл дүниені кетермін бе ұмытып, Сел сезімге алса баурап жақұт жан?
Ғалым ӘРІП Бал ғұмырдың сезіп сонда шырынын, Ақтарылар ақ теңізі сырымның... Осы болар тірліктегі бір бақыт, Менің өзім мөлдірліктің құлымын. Мен құлымын сұлулықтың, пәктіктің, Жан шуағы, жан мейірі, тәттіліктің. Мәңгілікке пірім менің – махаббат, Сол сезіммен сездім рухын шаттықтың. Рухым да, жыр-әнім де, ұраным, Бұл – өмірлік махаббатым, мұратым. Сезгендеймін дүниенің бесігі – Сол сезіммен тербетіліп тұрарын...
7.02.89 * Көз алдымда... түннің тіліп пердесін Қыран құстай бір жұлдыз ағып өтті... Жалт етті де, жарқ етіп жанып кетті... Жүрегіме өрт-сәуле жағып кетті... Неге,дедім, жарық жұлдыз, неге өштің, Тағдырыңмен неге ғана егестің?.. Түн қойнынан естілердей бір жауап: «Түсін, достым, мен бақытсыз емеспін. Арпалысы аз деймісің аспанның, Жұлдыз көп деп, келмес менің жасқанғым. Жалғыз ғұмыр, жанып өтем керексе, Көк жүзіне қадалғанша бостан құр...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сәл де болса жарығымды төгіп нұр, Жарқыратып түн қойнауын сөгіп бір, Десін мынау табиғаттың әлемі – Бір шамшырақ жүректерге от жағып жүр...» Сол бір жұлдыз сол жетеді дегендей, Мен қапалы күй кешемін елеңдей. Дей беремін: «Ағып түскен жұлдыздар, Сендер қалмақ емессіңдер еленбей». Дедім-дағы, көк жүзіне көз салдым, Жыпырлаған мың-сан жұлдыз... қозғалдым... Жылт еткеннің бәрі жұлдыз болып па, Жұлдызың сол – жанар болса маздап кім?! Осы ойға табан тіреп, беркіндім: Шолпан болып тумасаң да, өртіңнің От-жалынын құйған жақсы-ау өмірге, Жан-дүниесіне алау жағып кей-кімнің... Бәлкім, көкте айқын жарқыл қағарсың, Тұғырыңда мәңгі солай қаларсың... Бәлкім, тылсым алмағайып әлемнен Шын мәнінде жұлдыз болып ағарсың... Көз алдымда... түннің тіліп пердесін Қыран құстай бір жұлдыз ағып өтті... Жалт етті де, жарқ етіп, жанып кетті, Жүрегіме өрт-сәуле жағып кетті...
24.02.89 * Болғасын маған демалыс, Мен кеттім, қалдың сен алыс.
Ғалым ӘРІП Қимастық билеп бойымды, Көмейде жүзді бір ағыс. Жас па екен ыстық іркілген? Барамын босап біртүрлі... Қол бұлғап қалған,қалқам-ай, өткізем қалай бұл түнді? Атқанша таңым арайлап, Жатармын,сірә,сені ойлап. Елестей берші, еркем-ай, Жүзіңде жарқын нұр ойнап.
24.02.89 * Білмеймін... бұлақпын ба, құр атпын ба, Білмеймін... биікпін бе, қыратпын ба? Білмеймін... жүдеу көңіл, жүдеу өңім, Жүрек пе, кім біліпті, ракпын ба? Білмеймін... бұл өмірде босқа жүрмін, Білмеймін... тиді пайдам досқа бір күн? Білмеймін... бар бақыттың иесімін, Жоқ, әлде ол астында ма басқа қырдың? Білмеймін... Кіммін өзі? Неткен жанмын?
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Білмеймін... Күзбін бе әлде, көктемгі әнмін? Білмеймін... мен бейшара бала көңіл, Жоқ, әлде тумысымнан өктем жанмын? Білмеймін... Менің осы не бітірдім? Көзіме шындығыңды айт тегі, құрбым. Ел үшін іс қылдым ба азын-аулақ, Жоқ, әлде, күйбең күйге тоғытылдым? Білмеймін... Кіммін осы? Адаммын ба, Білмеймін... бұза-жарды лаңмын ба? Беу, досым, білсең айтшы, тура қарап, Мен осы Қарғамын ба, Қыранмын ба? Өзімді өзім жырлап не қыламын, Айт, досым, дегеніңе бағынамын. Туған ел, сеніміңді артсаң маған, Қаным – от, шырағың боп жағыламын. Шарқ ұрған оянса деп атырабым, Білемін, бойымда бар батыл арын. Сен егер сеніміңді артсаң, халқым, Сен үшін мейлі өртенем, атыламын.
Ғалым ӘРІП Өткенде кеткен аз ба ақыларың, Шақ емес соған өксіп «аһ» ұратын. Тағдырдың салған жара, таңбаларын Күреспен емдемекке шақырамын. Білемін, қаным – тасқын, мен – осыны, Халықпыз көрген небір көресіні. Тілім де кесілуге шақ қалды ғой, Қор болып қасиетті жер бесігі. Білемін, менің де аздап білерім бар, Ел десе, жанар маздап жүрегім бар. Туған жұрт қия-көкке самғаса деп, Бірі боп көп қазақтың жүрерім бар. Жүргенде тымырсық та, бықсық та емен, Туған жер десе қан боп ыршып кетем. Далиған даламның кең төл ұлымын, Кім білген, көктер ертең бүршік пе екем? Оны өзің пайымдарсың дана-далам, Жуасқа ұқсатпағын жарамаған. Кім білген шабысым бар тұлпардайын, Маржанын өлең-сөздің саралаған. Келген-ді бір айыбым қаным таспай, Сұрғылттау дүние өткен бағымды ашпай. Ғарышқа енді тура жол салармын, Тауды да қопаратын жалын жастай. Сөзімді тек, ағайын, дақпырт деме, Аңсайды жойқын ағыс албырт дене. Тәуекел! Халқым үшін Дарияға Жүзетін мен болайын бір құт кеме!..
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Ей, Адам, бір-біріңе сүйіп қара, Жақтырмау –жанға біткен күйік, жара. Жаныңда болмаса егер дос-жараның, Шыңдарға шырқамассың биік, дара. Бауырым,міне солай,мұны ұғып па ең, Сүр өмір махаббатпен,жылылықпен. Білсеңіз жанын болсын аямаған – Халықтың қамын ойлап ұлы біткен.
8.11.89 * Дауыл жүрек дауа таппай, Жүнжіп, жүдеп, ауа жақпай қысқы күндей түнердім. Жанды ұқты кім, бар не шара? Мен – мықтымын, Мен – бейшара! Жылармын ба, Күлермін?..
8.11.89 * Болмайды ақыныңның кейде күйі, Көңілім азынайды желдей жиі. Біртүрлі күңіренген сәттерімде, Налыған жолдар тізем дәптеріме.
Ғалым ӘРІП Серіпсем де тұман селін кейінірек, Жүремін сарғаюға бейімірек. Осы күй,бәлкім, мендік муза ма екен, Жүректе жүрсің неғып азалы өлең?
8.11.89 * Кейде менің жүрегім Ауыр тартып қыжынар. Кейде менің нұр-өңім Бұлтты күндей бұзылар. Кейде менің көздерім Мұң көліне бөгер ме? Кейде менің сөздерім Ағыл-тегіл келер ме!..
8.11.89 * Болса да шағың нағыз жанып тұрар, Ырду мен дырду мәнсіз жалықтырар. Босқа өткен күндер ішті өрттей жалап, Күрсінтер,өкіндірер,қамықтырар. Ұзатпай есің жисаң,бұ да тәуір, Сосын кеп бассаң қамшы құлаға бір. Уақыттың қалмай ұшқыр арынынан, Ей,Адам,ұрпағыңа мұра қалдыр.
8.11.89 * Таң атады, күн батады өз хақынша, Барады өтіп қыс дегенің уақытша.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Тереземнен төгіледі көктем-нұр, Самал желпіп, толқыған бір ақынша. Тамаша ғой айналайын табиғат! Қатып қалған бір мінезге жаны жат. Көңілдегі кірбің тоңын ерітсе, Күндей күлер Адам атты перизат!
8.11.89 * Бәлкім, жұртым деп ойлар ма қыңыр тым, Бұл өмірдің кей жайынан түңілдім. Пысқырмадым пәтуасыз тірлікке, Жұғысқанға жұдырық боп жұмылдым. Дарынсызға билік бітсе не шара, Даңғазамен күн кешеді бейшара. Парықсызды жеңе алмассың дауласып, Пысық келер ондайға ол біршама. Не болса да күндер өтіп елеусіз, Өзімізді өрге сүйреп келеміз. Туған жерім, жатыр елеп ел-жұртым, Әруақты даламменен мен егіз, Күйіп-жанар оттай ыстық денеміз!..
20.05.89 * Қызбалық қып қайтеміз, Заман күшке еніп тұр, Сабыр қылсақ не етеміз, Сондай ой да жеңіп жүр. Астарлауға үйренген Аңдысады көп халық.
Ғалым ӘРІП Аңдамай бір сүйкенсең, Аластар ма топтанып. Қызып тұрған мартендей Осы өмірге қарап сақ, Күйіп, жанып, өртенбей, Не қылады жүре алсақ? Ішкі дауыл шыдамай, Жақпай күйбең тірлігі, Қалса кей жай ұнамай, Жарылар ма бір күні?!
20.05.89 * Ай туыпты аспанда... дала тымық, Бал кейпіңе қараймын бала қылық. Бұла күнгі пәктіктің табын сездім Жанарыңнан жылты мол, қара, тұнық. Қарай бердім жүзіңе, қарай бердім, Көктегі айдай сен неткен арайлы едің! Қаңқылдаған қазым-ау – бауырымдай, Жарты жаным болғансың қалай менің. Қалай біздер кеткенбіз жақын тартып, Сейілгендей көздегі сағым барлық. Жанымызбен ұғысқан сайын дәйім Шабыттанып, тасимын, бағым да артып. Қараймын да пәк, елік келбетіңе, Берем сертім өзіңді ерке етуге. Бозбала шақ қайта кеп оралғандай, Мені тәтті сезімдер тербетуде...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Сөйлейді деп ойлама ала-құла, Жан сырымды жаймап па ем баяғыда. Жалт етіп бір көргеннен байыз таппай, Жанұшыра асыққан Баянына: Қозы Көрпеш секілді ғашық-аңыз, Өліп-өшіп өзіңе асыққанбыз. Сенсіз басып жүрместей жердің бетін, Жүректегі сезімге бас ұрғанбыз. Күрсінсек те жас күнде күйіп талай, Жыр толғағам түн бойы ұйықтамай. Өмірдегі санаған егізіме «Хош» демекпін көзім бір қиып қалай? Сүйген жүрек жүре алмас толқын атпай, Маздаған ем сөнбейтін мәңгі оттай. Махаббаттың осынау құдіретін – Сақтап келем жебеушім – жанды рухтай!
23.05.89 * Күз, мұңлымын... Көктем, жаз өткен алмастан мүлде бір тыным. Арманның жолы алданып арзан тірлікпен, Жүріппіз ойсыз құрбаны болып күлкінің. Күлкі де керім, қуаныш, қызық – бәрі де, Күрделі мынау өмірдің солар мәні де. Қаншама әсем болса да шаттық шақтарым, Бақытым менің жатқандай тұнып әріде. Іркіліп іште жанымның жақұт жұмбағы, Ашылмай әлі келеді асыл сырлары.
Ғалым ӘРІП Арманшыл емес, сауықшыл болып барамын, Тағдырдың басқа салғаны ма екен бұл-дағы? Өр мінез жан ем өзіме-өзім қатал тым, Соңғы бір кезде таусылмас тойға маталдым. Ақындық атым алдымен енді айтылмай, Той десе бөсер асаба жігіт атандым. Құдай, хош, мейлі, болса да, шүкір, безер тіл, Тірліктен мынау мен қашан енді безермін? Жолбарыс сынды жұмыссыз жортқан азулы Арысқа бұл да артқан бір жүгі кезеңнің. Таусылды дәтім, бейшара ақын күйреп жүр, Тағатсыз уақыт, тақуа тірлік билеп жүр. Аржақтан ағыл-тегіл боп төгер ақ жауын, Ақпа да төкпе, күмбірлі күміс күй кеп жүр... Сауық та өтер, қоярмын бір күн нүктесін, Мазасыз мынау даңғаза жайттан шықты есім. Мағыналы ғұмыр секілді емес бос дырду, Менің ғой өзім бағымды бұдан күтпеспін. Алдымда айдын жолым бар сара сайраған, Жүректе өрт бар жігерді жанып қайраған. Жылтырға құмар жылпосың мүлде мен емес, Ұғады терең жаныма нәзік бойлаған. Жалықтым мүлде, үлде мен бүлде, тойдан бұл, Тағармын тағат төгілмей қалай бойдан жыр?! Сауық пен сайран өршітсе-дағы желікті, Арманның мұңы сейілер емес бойдан бір. Серпілгім келіп дәл бүгін, міне, ес жидым, Келмейді тіпті өткенге бола жас құйғым. Жүрегім менің балқитын тәтті сезімнен Күйіне көшкен аранын ашқан қасқырдың.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жайым жоқ мүлде мұң шағып жанға өкпелер, Жайым жоқ мүлде кімге де болса кектенер. Тек қана өзім өзімді қайрап сілкініп, Келіпті шағым арманым үшін серт берер!
13.09.89 * Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен, Адамнан жылы-жылы сөз бағам мен. Әлдекім тасыр мінез танытса егер, Әруақты бабамдай боп қозғалам мен. Ұғысқан жандарменен ашық кетем, Көңілдің от-жылуын шашып кетем. Ізгі бір сезімімен тілдескенді Кіршіксіз пейіліме ғашық етем. Ешкімнің ермесем де жетегіне, Достармен шыңдарды асып кетемін де! Өмірді өле сүйген өрен едім, Пәниден патша-күймен өтемін де! Өзімді тар ортада қор санаймын, Топасқа ашылуды ар санаймын. Жанымның тылсымдарын ұға алмайтын Жандарға жұғыспауды жөн санаймын.
8.11.89 * Тұла бой еріп отыр, балқып отыр, Көңілім кең даламдай шалқып отыр. Айдыннан қалқып ұшқан аққудайын Дүниеге құштарлығым артып отыр.
Ғалым ӘРІП Сезіммен балбыраса жаны-тәнім, Мен ләйім шабыттымын, бабымдамын. Жүректен құйылады өлең-ағыс, Тулатып өр толқынды қанымда тың. Тасимын, өрекпимін, өршеленем, Аумаймын дариядағы өр кемеден. Осылай алай-дүлей болғанымда, Ұшады жасын-жырлар бұл кеудеден...
8.11.89 * Ештеңенің қызығы жоқ кейде осы, Сор секілді жалғыздықтың бөлмесі. Ұлы мұрат өмірдегі – жар, балаң, Жырақ шықса, ойдан кетпес бейнесі. Мұндайда пәс өр Ғалымның кеудесі, Сейілмейді селкеу мұңның пердесі. Осы дүние көрінеді тамұқтай Үйдің болмай елігі мен еркесі. Бұл пікірім сөлекет пе, түзу ме? Жаралған бір жанмын өзім сезімге, Бар бақытым тұнып бейне жатқандай Сол жандардың алтын нұрдай жүзінде...
8.11.89 * Жаны егіз жандарға жаным асық, Жарқын жүздің бәріне Ғалым ғашық. Көңіл кірі шайылар, жағаң жайлау, Жаз көңілді жандармен жақындасып.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Мерейің де өседі осындайда, Өмір бір-ақ берілер, осыны ойла. Жуып кетсе жаныңа бауырыңдай Жылу құяр жүректен досың бойға. Сыйласқанға не жетсін міне осылай, Қатқанша іште шер-шемен сыр ашылмай. Менің өзім сүйем кей жігіттерді, Жырға қосып өзімше Расулдай!
8.11.89 * О, тылсым түн, тылсым түн, Ұқсайсың неге ұрыға? Ұйқы боп мені торыма. Жүректен жырым арнайын Төркіндеп кеткен жарыма. О, тылсым түн, тылсым түн, Мәңгілік жырсың сен де аңыз, Сұлу бір қызсың ең нағыз. Сылқымсып айың күледі, Көз қысқан жұлдыз – ол да қыз. Өңшең бір пері кілең қыз, Сиқырлы жұмбақ, білеміз. Тылсым түн, сенсіз жоқ қызық, Түнеңіз, күнде түнеңіз...
8.11.89 * Кей түні алыссам да жүрегіммен, Мен өзім қорықпастаймын қу өлімнен.
Ғалым ӘРІП Қорқамын қуарып тек қала ма деп, Айрылса қос өскінім тірегінен. Бұл менің жігерімді жанып берер, Бұла күш тұлабойға дарып келер. Сезем де өмірімнің құнын сонда, Айығып құлан таза, шауып кетем. Осы екен өзін адам жеңу деген, Тәубаға жүрек басып келу деген. Балаңның бақыты үшін, ағайындар, Алыспай болмайды екен өлімменен.
8.11.89 * Махаббат! Онсыз да кептер көңлімді самғатып алып барасың, Шабытты ұлдың қиялы шарлайды қазақ даласын. Баянды ғұмыр сүрсек деп талпынсақ уыз сезіммен, Қолдар деп әруақ сенемін өзінен өнген баласын. Махаббат! Өмірде біздер ту еттік, өзіңдей ұлы киені, Сенімен жүрек жасарып, жасайды ғұмыр жүйелі. Махаббат десе балқырдай сиқырлы мынау жан-әлем, Ағылып сөздің тиегі.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Махаббат! Онсыз да өжет құлыңа қиялдың құсын қондырып, Көтеріп көкке барасың жүректің отын жандырып. Өзіңдей асыл әулием қорғаным болып жүрсе егер, Жырым да, мен де, жаным да – жасаймыз ғұмыр мәңгілік.
14.11.89 * Сен жүрсең жанымда, Арман не Ғалымда? Өзіңсің өлең-жүрегім, Арым да, таңым, бағым да. Сен барда көңілді, Нұр билер өңімді. Сүремін мәнді, сенімді Осынау ұлы өмірді. Сенімен батырмын, Сенімен ақынмын. Серігі мәңгі болайық Сел сезім менен ақылдың. Шалт көңіл «шарт» етпе, Сап, сабыр, қатты кетпе. Аяла асыл ғашығың, Ұқсатып балғын бөбекке. Жатқан бір бейне жөргекте, Оны да өбекте. Шайқалса туған жан ұяң, Өмірің мынау керек пе?!
Ғалым ӘРІП Жұп болып жарасқан Ғұмырың тамаша. Өтейік біз одан Пәк жүрек балаша.
14.11.89 Қарашаның желінен жерідім мен, Жер-дүниені айырған көркінен. Жапырағы тоналған қайың-талдар Өлшенеді десеңші дерті немен? Қашан қар жауады жапалақтап, Әлем қандай мамықтай әппақ, әппақ? Кіршігі жоқ аңсаумен ақ үлпекті Телміремін далаға мен алақтап. Өмірдің өтуі де қас-қағым бұл, Кей күні сағынтады достарың бір. Күншуақ көктем-жазды күні кеше, Ал бүгін сазарумен аспаның тұр... Кейде бір болғандаймын мұңға зәру, Кейде бір болғандаймын жырға зәру. Зәру боп жүрсем шөлден ештеңе емес, Болмасам қайтер едім дымға зәру?! * Көңілің хош болса өмір – айдын болар, Пәс тартсаң, жүрегіңде қайғың болар.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Не болсын, тағдырыңа бой ұсынба, Күрессең, жоғыңның да орны толар. * Жылаумен о, бауырым, күн өткізбе, Көңіліңе қара түнді түнеткізбе. Тағдырдың салғанына мойынсұнба, Берілген лаулау үшін жүрек бізге!
14.11.89 * Аумаған сапырылыс айдын өмір, Кезігер қуаныш та, қайғы да бұл. Тулатпай қояды ма жүрегіңді Тасырлап аласұрған толқын көңіл. Біресе жартасты да төпелейсің, Бұрқанған тасқыныңа көмердейсің. Бірауық кеше алмасаң қалыпты күй, Несіне Жаратқанға өкпелейсің? Басылып қалар болса асау арын, Пендедей тіршілікте пәс-ау халің. Айныма адуын сол ағысыңнан, Алысқан арман үшін асыл дарын.
29.04.90 * Айтпа маған астамсыған мықтыңды, Дей алмаймын онысымен ықтырды. Беті күліп, іші жылып жасанды, Жүретұғын мың құбылып біртүрлі.
Ғалым ӘРІП Айтпа маған ондай-ондай менменді, Ешкім менің түсіре алмас еңсемді. Елден өзін ерек санар көкірек, Барып тұрған нағыз шала белсенді. Айтпа маған ондай жанды жымысқы, Жымысқыны көрсем маңдай тырысты. Жандайшаптық, жағымпаздық – жат мінез, Құбылғанша жер қапқаның дұрыс-ты. Мен адамды адам қалпы көремін, Адамшылық ең асыл іс дер едім. Ақымақтар көңіліңді жер етер, Адал жандар – бұл өмірде сенерім. Өмірімнің өлеңі де, әні де, Өзегі де, қазығы да, сәні де, Адамдардың ақ пейілі дер едім, Сол пейілді ұсынамын бәріңе.
8.05.90 * Ойсыз жүрсем, мұңсыз жүрсем аз-ақ күн, Мазам қашып, жаным жүдер қазақпын! Күйбеңменен күн өткізгеннен артық – Бұл өмірде көрмедім мен азапты! Жыланумен күн кешкенше тірлікте, Тағдырыңа қойған ләзім бір нүкте. «Дүниеге қаланбасақ кірпіш боп», Сүрмедік не өмірді бұл, сүрдік не? Ұқсамау тек жануарға, жәндікке – Қарын қамдап, қызыл қуу, сәндік пе? Көтереді өз басына түскенін Олай десек, құмырсқа да, қандік те!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Серпіл, досым, серпіл сен де ендеше, Жүре бермей жылуы жоқ пендеше. Туған жерге тұлабойдың бер отын, Күн кешкенше жандайын бір өлмеші!..
8.05.90 * Көзіме жүрегімнен мұң құйылды, Қабағым қатуланып, бұлт үйірілді. Жанымды алай-дүлей дауыл тербеп, Бұ Ғалым бір күйінді, бір сыйынды. Жүрген ем нөсерімді төгілте алмай, Жан – шуақ, көңілің – пәс өмір қандай? Күпті боп жүруші едім өзді-өзімнен Осынау дүниеңнің мәні болмай. Жаным ғой мына менің әсем әлем, Сезімтал жаннан туар босаң өлең. Кешегі көңілсіздеу кезеңдерде Қашқан-ды алабөтен маза менен. Жарқын таң, майда самал желпіп енді, Жүрегім от-намысқа беркінеді. Алдағы алынар деп асқар асу, Көңілім жыл құсындай серпіледі.
17.05.90 * Тоғытпайын десем де өзді-өзімді тозаққа, Салмай болмас азапқа. Саф алтындай сұлу сөздің сүлейі – Сұңғылалар керек біздің қазаққа.
Ғалым ӘРІП Ұлы Абайдан Шығыстың ақынынан неше алып, Олар жұтқан қайнардың бұлағынан бас алып, Бір тұңғиық түпсізге – шыңыраулы құдықтың Сүңгімесем болмады-ау жиһанкезше жасанып. Мен кетіппін кейінде өз жанымнан шегініп, Арғымағым тебініп, Бабы келсе төпейтін ақ жауынға ұқсап бір – Жүрегім тұр төгіліп...
17.05.90 * Түндердің ұйқы қашқан тылсымында, Жүрейін жараулы аттай жыр соңында. Манаурап, мүлгуменен күнім өтпей, Арманым – асығайын қыр-сағымға... Онысыз тірлігімнің мәні бекер, Күйбеңмен, күңсуменен дүние өтер. Өзімді ширатайын шуда жіптей, Шағым ғой дүниені дүрілдетер.
17.05.90 * О, достым, көз сал бір сәт жұлдыздарға, Ұқсайды жымың қаққан гүл-қыздарға.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Аспанда ай туыпты аунатылып, Арудың ажарындай алматылық. Самалмен жапырақтар сыбдырлайды, Тыңшыдай тылсым түннен сыр тыңдайды. Ақ қайың май-мамырмен арбалғандай, Жан-тәні жанып-күйіп қарманғандай... Айдын да асып-тасып арнасынан, Қос ғашық көз сүзеді жар басынан...
17.05.90 * Көзіңе көзім қадалды, Көркемім, жақұт жанарлы. Көңліңде тұнған мейірім, Саласың еске анамды. Елжіреп жүрек барады, Сезімім от боп жанады. Кіршіксіз сенің көзіңнен Махаббат нұры тамады. Сол нұрда менің қызығым, Сол нұрда отым, қызуым. Тәнтімін ұлылығына – Айнымас ару жүзінің. Көздерің сенің – шапағат, Уылжып піскен қарақат. Кейпіңе керім ғашықпын, Аяулы, асыл махаббат.
Ғалым ӘРІП * Өмір жайлы жиі ойланар жан болдым, Асқарына жете алмаған арманның. Жүрегімде үміт шамы тұр маздап, Жанарымды бұлтша торлап алған мұң. Ол бұлтымды, ой-мұңымды шер деме, Тасынбақпын, мәз болмақпын мен неге? Жанып жалын «Қазақ!» деген кеудеде, Сыя алмаймын төрт қабырға-бөлмеге. Сондай жанмын, ашылмаған аспанмын, Баршылыққа келмес мүлде мастанғым. Ақжал толқын болып кейде тасимын, Арасында ақкөңілді достардың. Жалғыз қалсам, жұмбағы мол әлемнен Сыр іздеймін сезім селі – өлеңнен. Өмір жайлы ойланамын жиі мен, Айдын сынды асып жатқан кемерден...
16.07.90 * Қобалжу көңілдегі басылғандай, Албырттық от жүрекке бас ұрғандай. Азуы алты қарыс жолбарысша Адымым алға басқан жазылғандай. Түспеймін орыңа да, торыңа да, Сенемін семсер мінез арыныма. Пердесін сілкіп тастап тұманды ойдың, Өмірді алдым орап жалыныма. Жалынсыз дүниенің бар ма мәні, Жырламай жүрегіңнің арман-әні?
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өртеніп тұрсаң егер сен алаулап, Өзге де жандалбаса қарманады. Қармансын, түссін жарыс-жорға жолға, Жалтақтап кешіп ғұмыр жан-жағына. Қызғанбан шын аламан бәйгені мен Хас дүлдүл оза шауып алғанына. Қарсымын кей топастың тірлігіне, Өзінше айтқан долбар билігіне. Ұстасам деймін туын әділдіктің, Дауым жоқ дара дарын – жүйрігіңе...
18.07.90 * Ән салып жаным, Шырқаймын кейде. Өмірде бәрін Ұмытам бейне. Бір қиял әлем, Дүние – өлең. Адамды көрем – Адал жан кілең. Күн төгіп нұрын, Саф самал есіп, Ай қағып күлім, Дүние – бесік: Тербеді керім Сәбише жайнап, Жүзімде менің Балғын нұр ойнап.
Ғалым ӘРІП Оянып қалдым, Қайта бір түлеп. Осынау қалпын Сақтағай жүрек.
18.07.90 * Өтті жылдар, өкпем не өкінердей, Қалғаным жоқ шаң қауып шоқыбелдей. Өрекпіген көңілдің оты өшпеді, Өлең-өнер-өмірдің көгіне өрлей. Қызғанбадым бақытын өзгелердің, Өсек-аяң, көп сыпсың сөзге ермедім. Тайқымайтын алдымда тура бағыт, Сол бағыттан айнымас өзгермедім. Мықты алдында желмедім домаланып, «Үрит соққа» ермедім шабаланып. Шалқайғанның жанарын шатынатып, Тілдім сөзбен жүрегін аралатып. Бергенім жоқ ешкімге намысымды, Өмірде өз іздедім дауысымды. Адал жанды жаныма бауыр тұтып, Арамдардың көріндім жауы сынды. Жанарымнан от ұшып нажағайдай, Ішкі әлемде бірауық маза болмай, Күннен-күнге ширығып шыға келдім, Қаралықтан дүниені тазалардай...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жанарымды басты бүгін жаңбыр-мұң, Жабығыңғы кеткен-ді үйден жан құрбым. Жүрегімде – аяушылық сезімі, Жан қалқамның көңілін неге қалдырдым? Жүдеу тартып күннен-күнге ол өзі, Бұйығыңқы боп барады мінезі. Бұртиған бір реңіндей сәбидің, Балалықтың табы қалған бал жүзі. Қой, қой, жігіт, сабаңа түс, қой енді, Жабырқатып не табамыз әйелді, Деймін іштей, өзді-өзімнен қайталап, Сол баяғы әуенді...
2.08.90 * Жұпары аңқыған жусан бел, Жоныңа неге асықтым? Қаным бір тамған туған жер, Сары далаңа ғашықпын. Созылып жатқан ніл-айдын, Көлбеген сағым көз алдым. Жете алмай саған, шырайлым, Аңсаумен жүдеп, бозардым. Бозардым, бозаң, боз далам, Ботадай боздап ішкі әлем. Жан-дүниемді қозғаған Сендегі ғажап күш деген!
Ғалым ӘРІП Анамның алақанындай Ол ыстық топырағың ба, Оралмас бұла шағымдай, Ойнақы бұла сағымды-ай – Жүрегім, сағынасың ба?..
3.08.90 * Қуып келем, қуып келем бұлғаңдаған сағымды, Сағым-өлең, ұқсаң етті жанымды. Дір-дір етіп жапырағы жүректің, Кей күндері долы желдей қағынды. Мен адастым? Ж-жо-жо-жоқ! Асыл ару аумаған, Бала күннен жан-жүйемді баураған, Алға сүйреп сен келесің өмірде, Көркем гүлдей көңілімді аулаған. Өлең, өлең! Көбелегім! Аққуым, Өн бойыңда бүкіл менің шаттығым. Сен – музасың, сағымсың сен, елессің, Бақ гүлім. Жетемін деп Ел арқасы – қиянға, Есіл ерлер қол жеткізер шынарға, Ерттеп мінген арғымағын мен де арыс, Қалмаң балап көрсеқызар, құмарға.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Қайран, Өлең! Ыстық құшақ, өртімсің, Дала ұлындай ағыл-тегіл еркінсің. Көк теңіздей тасып-тасып тұрсаңшы, Мұңға толы жаным менің желпінсін. Сенің нұрың, өмір гүлің, шуағың – Дәнім, нәрім, Сәнім-әрім, Қуатым. Сен сағым боп жөнелесің көлбеңдеп, Жаным қалмай, Жете алмай, Мен өзіңді қуамын...
9.08.90 * Адамдарды көрем мен, Көңілінде – мұң көлі. Жалтақтаймын елеңдеп, Неткен сезім бұл тегі. Тартысы мол тұл тірлік Ағысындай айдынның, Ғұмыр емес бір күндік, Қуаныш та, қайғың мың. Асау айдын толқыны Арса-гүрсе соғады. Адуындығы арқылы Сұс көрсетіп бағады.
Ғалым ӘРІП Бірі қалса именіп, Шығар бірі жұлқына. Бірін-бірі итеріп, Жатыр теңіз бұрқырап. Ал адамдар –пенде ме, Бас иетін тағдырға, От сөнбесе кеудеде, Болар мәңгі шалқуға. Серпіп тастап сел мұңды, Өзіңе, дос, бол мықты. Жоғалтпасаң сенімді, Көрмессің еш қорлықты.
9.08.90 * Жүрекке артып зіл ауыр, Жұлқына ғұмыр кешсек пе, Жағамыз жайлау, бірауық Жел болып самал ессек пе? Жалындап өтер жас ғұмыр Жабығып зая кетер ме? Жан бақсақ егер бас бұғып, Жылыстап дүние өтер ме? Жалынан алып Уақыттың, Жағасына қол салсақ па, Жауқазын өмір – бақыттың Жарасым жолын тапсақ па? Жағада қалмай жаңғақтай, Жарысқа түсер күн туды, Жосыған босқа қаңбақтай Жоғалтып күйбең шіркінді.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жорғаңды, достым, мін ерттеп, Жосылтып біз де байқалық. Жаярмыз тамыр күні ертең, Жусан боп қырда жайқалып.
12.08.90 * Жүрсем мен кейде жанардан кеппей мұнар-мұң, Жаратылысымнан жаралған солай шығармын. Жаныма менің жат мүлде тірлік даңғаза, Жалғыз қалсам да, теңіз-ойларға құмармын. Жүзем де келем, керім-ау соның өзі де, Жақұтын мынау дүниенің түгел сезіне. Жалт-жұлт ететін нажағай оты да елестер, Жұлдыз жанарлы түн аруының көзі де... Жыр-сезім-әлем сүйреген сәтте тылсымға, Жүректен сенем ақтарылатын шын сырға. Жанымда жүрген достарым қалай қарайды, Жанардан бұлты арылмай қойған мұңшылға?..
Ғалым ӘРІП * Жүргем жоқ шел ел, жат жерде, Тағдырға айтар өкпем не? Туған жер жайып құшағын, Тынысым жаздым көк белде. Жаз өтті, күз, қыс, көктем де, Жылдарым сыңсып кеткен бе? Жасымыз асты отыздан, Бұлқынған қайран от кеуде! Емес пе ек жігіт жұлдызды, Арман ғып сүйген гүл-қызды. Қияли күндер жырақтап, Кеттік пе күйттеп тұрмысты? Жүргем жоқ шет ел, жат жерде, Тағдырға айтар өкпем не? Жүрегім бірақ жұлқынып, Тойынар көңіл жоқ менде. Алматы-ару қол бұлғап, Күтердей «кел!» деп алтын бақ. Достар да аңсап жүргендей Жүздері кілең жарқылдап.
12.08.90 * Үйдің іші жап-жарық, ұлым отыр қасымда, Сөйлемейді шаттанып, не ой барын басында. Ойынымен өзі әлек, ойы бірақ басқада, Бата алмайды айтуға әкесінен жасқана.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Маған көзін сүзеді көңілінде аңсау бар, Сағынады сол күнді, қарындасын қарсы алар. Кім біліпті, құлыным ойлайды ма шешесін, Көз алдына келтіріп сол жандардың елесін. Ақ қағазға шұқшиып жазу түзсем бас алмай, Әрнелерді айтады ол мені ойынға қоса алмай. Зерігеміз біріміз, бірімізде мұңлы өлең, Олар жоқта аумайды үйдің іші түрмеден.
18.09.90 * Бауырым, осы өмірдің өлшемі не, Өзімді санамаймын көсеміңе, Десе де көңілдегі сырды ашайын, Адамға, жаратылыс бөлшегіне. Бәріміз ботасымыз қара жердің, Өскенбіз аунап-қунап далада еркін. Көңілмен жіберер ек жасандырып, Масаты кілемдей ғып дүние көркін. Тек қана арғы бетте кір жатпаса, Тіршілік бір-біріне оқ атпаса, Дүниеге келгендегі пәк сезімін Аялап ғұмыр-фәни жоғалтпаса...
Ғалым ӘРІП * Тұтқындадың, тұсадың, тұраладым... Енді қалай ес жиып жүре алармын? Келем жүзіп сезімнің айдынында, Ізгілігін жиып ап бұ ғаламның. Тал бойымды ерітіп алақаның, Балбырайды алдыңда – балапаның... Келгендеймін бөбек боп қайта өмірге, Елжіретіп жанымды қарағаның. Жанарыңның тұнығын, қарақатын Бақытыма ғұмырлық балағанмын. Самайым мен шашымнан сипағанда, Еске салдың нұр жүзін жан анамның. Ұлылығың іркіліп пейіліңде, Жанды баурап, баулыдың мейірімге. Алақаның – жүйкемнің емшісіндей, Күйінгім түк келмейді, кейігім де!..
- * Мен бұрын қара дауыл секілді едім, Өмірмен шарпысуға бекінгенмін. Шарт сынып кей күндері жай отындай, Атымды алға қарай тебінгенмін. Үйірген мінезімде дүлей бар-тын, Ұйтқыдым ақтүтектей, үдеп алдым. Үрейдің ауылынан алшақ жүріп, Қасқайып жылдан-жылға түлеп алдым. Секілді ем адуындау ағысты айдын, Сәтім жоқ тағдырыммен алыспайтын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жел болып соғушы едім алақұйын, Сеніммен алға қарай қарыштайтын. Көзімде ұшқын-оттар жарқыл қағып, Асқарға жетелейтін алғыр шабыт. Арман деп өрге ұмтылған өрен едім, Алысқа бара ма ұзап алтын уақыт?.. Біртүрлі бәсеңсіпті бұла көңіл, Алды ма бағындырып бұлақ өмір? Жүрегім, бұлқын қайта сол қалпыңда, Теңіздің толқынындай тула да бір!
12.01.91 * Сайын дала... армансыз бір шалқып көр, Ақ қанатты көбелекше қалқып көр... Шалқар дүние жаяр ыстық құшағын, Боз жусаны бұрқыраған барқыт бел. Еркіндіктің әлеміне шығып бір, Шырқыраған тірлігіңді ұмыт қыл. Ақ қанатты көбелекше тербеліп, Алаңы жоқ бейкүнә өмір сүріп біл. Қайдан, қайдан... өмір –майдан болып тұр, Алынбаған алдағы асу толып тұр. О,табиғат, қырға шықсақ кей-кейде Арман үшін ақ көбелек жолықтыр...
Ғалым ӘРІП * Қара теңіз, өзіңмен Каспий –егіз, Теңіздердің бәріне жастық негіз. Жарымды алып жағаңа келіп тұрмын, Толқыныңмен алыстым, желіктірдің. Жүрегіміз жөнелді лүпіл қағып, Жаным жүзі жайнайды күлім қағып. Қара теңіз, Сен неткен көркем едің, Су періште секілді ерке ме едің? Ентелеген толқының есімді алды, Өрекпіген жүрегім басылмады. Аруымның ай жүзі алтынданып, Хор қызындай жымиды жарқыл қағып. Тұла бойды алғандай сиқыр билеп, Жағажайға шықтық-ау сылқым күйде... Қара теңіз, Көңілді демдедің бе, Жанымыздың жарасын емдедің бе? Біз де бір кез өзіңдей тасып едік, Алып-ұшып қосылған ғашық едік. Дауылына шыдамай жас көңілдің, Кей күндері ой-мұңы басты өмірдің. Шарпысып та қалушы ек толқындардай, Ғұмыр кештік бәрібір салқындамай. Қара теңіз, өзіңдей өршіл едік, Жанған сайын маздаумен өршіп едік. Қым-қуыты тірліктің шаршатқанда, Асқақ айдын, бір сені аңсатқанда, Маңғыстаудан жол түсіп келдік саған, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердік саған, Қара көздің тілегін қабыл алғын, Қара теңіз, рухыңа табынамын!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Алматы… Пәтер жалдап өткен күндер… Соңыңда қалған сенің көп белгілер. Қорғансыз даладағы қайыңдайын Сарыуайым, мұң, жоқшылық шеккен түндер… Жырақта туған жерден, түу алыста, Қаймықпай қарсы жүзіп біз ағысқа, Өмірдің майданымен бетпе-бет кеп, Түсіппіз небір тартыс-қақтығысқа. Ех, шіркін, жүрек кейде жылап кетер, Қайтесің, егіледі бірақ бекер. Жастыққа тән емес пе албырт күйің, Алдырмас асу сынды ұнапты өнер. Шарпылып бал махаббат алауына, Балқытып бойды заман шарабына, Кешіппіз қиқулатып сауық-дәурен, Шалдырмас асыл арман қанатында. О, жастық, келіпсің-ау тізгін бермей, Ойласам, енді жүрек үздігердей. Мысықтың қысқы түнгі зарғағындай Кез еді дүлей өкпек күзгі желдей. Қазақтың астанасы дегенменен, Өмірді өлшеп арман-өлеңменен, Көлденең көк аттыға ұқсаппыз-ау, Жат жұртта бейне жөнсіз көлеңдеген. Дүниеге сөйтіп жүріп сәби келген, Ол қай бір жал-пәтерде «әлди» көрген? Жалынып қожайынға құлындай боп, Сөз есту неткен қорлық әркімдерден.
Ғалым ӘРІП Қайран-ай, Кейде күйіп қапаланам, Қары есте Алматының жапалақтаған, Ұлымды көтеріп ап пәтер іздеп, Бейне бір қайыршыдай алақтаған. Бәрі есте… Жыр ғып оны не қыламын, Еске алсам сол күндерді аһ ұрамын. Тұрағым қазір – туған топырағым, Жайылды жап-жасыл боп жапырағым, Сонда да Алматыны сағынамын…
13.01.91 * Жаны ізгі жандарға жаным асық, Жарқын жүздің бәріне жаным ғашық. Жағаң жайлау жүргенге не жетеді, Жаз көңілді жандармен жақындасып. Мерейің де өседі осындайда, Өмір бір-ақ берілер, осыны ойла. Жуып кетсе жаныңа бауырыңдай – Жылу құяр жүректен досың бойға. Сыйласқанға не жетсін, міне, осылай, Қатқанша іште шер-шемен сыр ашылмай. Менің өзім сүйем кей жігіттерді – Жырға қосып Ғамзатов Расулдай!
13.01.91 * Жусанның исі-ай, дедің сен бірде қыр шығып, Жұпарына оның жан-дүниең елтіп тұншығып. Жауқазын гүлі өзіңсің нағыз сол қырдың, Жарасқан содан жұптасып біздің тіршілік.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жаныммен сүйем, жаратқан ием – Даламды, Жүрегім менің Даламнан жылу, нәр алды. Жусанын қалай қаласа көңілім Дәл сендей Аруын солай аңсадым жәудір жанарлы. Көзіңде сенің – бұлақтың мөлдір келбеті, Қылығың бейне ботаның кейпі ерке тым. Жанымда өзің отырсаң қасың қиылып, Қазағым жайлы күйімді терең шертемін. Өмірде мені өзіңе қосқан – бағым бар, Шабытты жардан алады шайыр-ақындар. Бақытым тұнып жүзіп жүр сенің көзіңде, Жыр болып содан шашылар жақұт-лағылдар. Жүрегің берген, асылың көрген арысың – Жүйткіген мынау ғұмырда бермес намысын. Жастықтың оты, көңілдің шаты көктемдей, Жасаймын бәрін жалынды ыстық жар үшін.
13.01.91 * Таң күлгенде Көктемдей кейіпке еніп, Нұрға малғым келеді жанарымды. Күншұғыла жер төсін сүйіп, еміп, Қандырардай менің де құмарымды. Жүрегіме ұялап жылу нәрлі, Дүниеге қараймын махаббатпен. Тұла бойым өртеніп қызу қанды, Сәулеленер арайлы таң-шапақпен.
Ғалым ӘРІП * Жүрек – бұлбұл, сайрамайды бірақ та, Күйкі өмірің кіршік салар бұлаққа. Па, шіркін-ай, кетер ме еді қыр кезіп, Мініп алып шалдырмастай құр атқа. Көңіл-дөнен жүйткігенмен тұлпардай, Қиял-пырақ самғаса да сұңқардай, Теңіз-жаның тасыса да айдындай, Іркілемін ақ қағазға жыр тамбай. Сырлы әлемім тұнып тұрған құпия, Түнгі арудай құшақ жаяр жымия. Жан жұмбағы жатыр іште бұғынып, Алған қымтап арнасына жылы ұя. Болам ба ақын түндер өтіп тым тәтті, Одан, бәлкім, жан қинауым қымбатты. Ұйқыменен өлшемеймін өмірді, Кешсем, мейлі, өлең-ғұмыр түнқатты...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Сыршыл едім жаным әуес сезімге, Ақтарылған ақ көңілім – жүзімде. Мына өмірдің сапырылыс айдыны – Ұшқын оттар жандырыпты көзімде. Мен әуелден шала емес ем, маздақ ем, Мәуе жаным жарасатын жазбенен, Ағыл-тегіл тасыған соң жүрегі, Бұ Ғалым да ерте бастан жазды өлең. Әттең, шіркін, шыңдайды екен тартыс күн, Күйін кеше алмадым мен байғұстың. Алаяқпен алысады ақындар, Жүрегіне түгін жиып барыстың!
24.01.91 * Жан досым Сағат Матекеевке Күте-күте таусылды ғой тағатым, Келсең етті елге тездеп, Сағатым. Туан жерге тартып кетсең нетеді, Бар емес пе құс секілді қанатың. Зымыраған заманаға ілесіп, Маңғыстауда сазды желдей жүр есіп. Тірі пенде тартпай қоймас қанына, Дандайсыған даңғойлармен күресіп. Сен кеткелі біздің жақ та гүрлеп тұр, Тамырында бүлкілі ерек жүрдек бір,
Ғалым ӘРІП Ыю-қию, айхай-сүрен дүние, Есті азамат, ел-жұртыңа бүйрек бұр. Онсыз ғұмыр өтер-кетер бекерге, Сен мен үшін жүргендейсің шет елде. Қаның тамған топырағың – анаңдай, Ал ол үшін бас тігерміз қатерге. Күте-күте таусылды ғой тағатым, Жет еліңе жез қанатпен, Сағатым. Бұл өмірде жандай сырлас дос қымбат, Жүрегіңе сөнбес алау жағатын.
24.01.91 * Келгеніңді көрдім де мен көншідім, Май тамызған өрт секілді өршідім. Жалынымды осылайша үрлей бер, Сен өзің де долы желдей гулей гөр. Азынаған ұлымыз ғой Даланың, Өмір мынау ашып тұрған аранын, Біз де дүлей дауыл болып үдейік, Бұл ғұмырды думандатып сүрейік. Мойынсұнбай наласына тірліктің, Бұлтын түріп тұман-түннің-түндіктің, Құладүздің қыранындай мәрт мінез танытатын туды мезгіл, отты кез. Мейлі, бізді тағдыр қанша сілкісін, Табанымыз тайқымасын, жыл құсым!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Сен, ренжіме, көзіңдегі мөлдір тұнба бұлақты, жүзіңдегі өмір сүйген қуатты, өңіңдегі ізгілікті, шуақты – маржан жырдың жолдарына ілмесем, күннен-күнге қызғалдақтай гүлде сен. Жазғытұрғы таңғы нұрдай аяулы, шұғыла шашып мың-сан сәуле бояулы, құлпыра бер, махаббатым, баянды. Шапағына шарпылайын мен-дағы, елжіретіп сезіміңнің бал дәмі. Сонда Күн де нұрын төгіп малынта, айналармыз біз қып-қызыл жалынға, көңіл мас боп өзің барда жанымда, осы өмірдің бар қызығын татармыз, рауандаған алтын таңдай атармыз. Күз өкпегі көңілге дық сала алмай, есерміз біз көктемдегі самалдай, тіршіліктің жұпарына қана алмай, жанарыңда тұрған тұнық жақұт-нұр, мәңгі муза, айнымайтын бақыт бұл, төгілмесін қалай ғана шабыт-жыр?! Сен ренжіме, Жыр арнамай жүрсің деп соңғы кезде, Тағдыр сыйы – жұп ғұмыр мәңгі бізге. О, ақыным, мұндайда шалқы лезде. Ғашық жарым, өмірім де өзіңсің, өлеңім де, көңілім де шат күйге бөленуде, сыр сандығым – сезімім тереңімде... Сол баяғы ынтыққан бұла қалпы, менен саған осындай мұра қалды.
Ғалым ӘРІП * Жүрегім менің, сабала, Жүрегім менің, сабала. Жартасты соққан жас толқын Жаныңа сенің жаға ма? Үдеген дауыл далада, Үздіге келдім жағаға. Үрейлі сұрқы теңіздің Үркітіп тегі баға ма? Шаңқылдай ұшып шағала, Шарықтай қиқу қаға ма? Шабытсыз қалай жүрсің деп, Шамдантып мін де таға ма? Түнеріп қара көкте бұлт, Түйіле қарар кектеніп. Тымырсып қалай қаларсың Тұрғанда жүрек өртеніп?! Алай да дүлей күй кештім, Айдынмен асау үйлестім. Арқамды менің қоздырар – Теңізді қалай сүймеспін?!
27.01.91 * Мүжігенде орамды ойлар миымды, Мазасыздау тағдырыма сиындым. Маубас доңыз мәз болады тойғанға, Мағыналы тірлік жайлы ол ойлар ма? Маңғазсынып, кісімсіген тұл-пенде, Мекіреніп, қоразсынып жүргенге.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жаны қуыс дүмше менен дүбара Ит-жыныңды қоздырады-ау, сұрама! Атпал ерлер түн ұйқысын төрт бөлер, Ел деп, жер деп тұла бойы өртенер. Дүрілдеген дүниеден шет қалмай, Кең даланы дүбірлеткен Сақтардай, Құс ұйқылы, сергек көңіл болмас па, Ұқсайтұғын жарқыл қаққан алмасқа! Сауал қойған атар таң мен батар күн, Мына өмірде қалай бей-жай жатарсың? Миды ашытпай, жауыр болмай жауырын, Мимырт тірлік жер қаптырар, бауырым. Зердеменен көз салайық әрнеге, Жын-пері ме, жел-құйын ба, әлде не? Замананың шылбырына жармасып, Жұлқысалық, тартысалық, арбасып. Түн баласы құлай салмай төсекке, Ойға шомсақ туған Дала-бесікте. Беймезгіл шақ: бір ме, мейлі екі ме, Жұлдыз санап жатқан қандай сәкіде! Қыс түнінде жел үніне құлақ түр, Жер-дүниең күңірене жылап тұр! Ертеңі үшін ұйқысына алаңдар – Жан бағам деп жанұшырған адамдар.
Ғалым ӘРІП Қара мысық жас сәбише зарлайды, Кім біліпті, кімді, не үшін қарғайды? Уайым-қайғы, ой мен мұңсыз түн өтпей, Атпал ерді қоймайды-ау бұл жүдетпей.
27.01.91 * Өмір – ағыс Бірде күйде қалыпты, Өзгерместей арнаменен ағыпты. Өршеленген толқын да жоқ, қарғын да, Кей кімдердің жанына осы жағыпты. Өмір – ағыс Кейде бұра тартады, Жүректерге зілдің жүгін артады. Өрекпіп ол соғар болса ашумен, Шикіөкпелер тереңіне батады. Өмір – ағыс Мінезі бар не түрлі, Бірде дүлей сарқырама секілді. Өзді-өзіңе нық боласың діңгектей, Қай кезде де қорғай білсең бетіңді.
27.01.91 * Не үшін біз келдік осы жұмыр жерге, Тек қана тоқтық үшін ғұмыр сүрме. Теңселмей текетірес дүниеде, Халқыңды жаманатқа іліндірме. Жүргізбес тең жүруге, тең де қылмас, Жайнай түс секілді өткір жүзді алмас.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Тектен тек өтіп кеткен өмір ме өмір, Тұлпар бол тарпысқанда тұяғы талмас!
27.01.91 * Өзімді өзім шегелеп, Өктемдік қылдым санама. Өмір ме бейқам көбелек Армансыз ұшқан далада? Күндердің батып салмағы, Түндер де ойлы жүк артар. Кей кезде түсіп қармағы, Көңілсіз етіп мұңайтар. Сондайда жігер жиып мен, Сілкінген ұқсап қыранға, Сенімді жалғап үмітпен, Асығам алыс шынарға. Өзімді өзім шегелеп, Бастаймын өнер өріне. Тағдырым қойған некелеп, Өлеңнің қанбас шөліне.
28.01.91 * Серігім де сен мәңгі, сенімім де, елігім де, еркем де, керімім де. Ай жүзіңді ұйқыға қимағандай кейде шошып оянам жеті түнде! Қызғаныш па, сезім бе, сағыныш па, өрекпіген көңіл ме алып-ұшпа,
Ғалым ӘРІП Балаға ұқсап жатасың бал тыныста, мендік жүрек тұрғанда жарылыста! Сомдай алмай бейнеңді өлеңімде, қалам ұстап құр босқа келемін бе? Дәріптемей махаббат ұлылығын, жыр жазудың, асылы, керегі не?! ...Нұрлы бейне, өңіңе қарап тағы, ақ жауын сыр құйылып баратқаны... Алғанында өн бойды сезім билеп, сезілмейді сиқырдай таң атқаны. Өмір –ұлы, ол өмір – жүзің сенің, түн болғанда бақыттан көз ілгенің. Күні бойы жадырай жарқын жүріп, жаз көңілдің шуағын сезінгенің. Мен де сонда шабыттың пырағымын, жүрегімнен төгемін жыр-ағынын. Ғашық сезім мәңгіге жоймақ емес толқын атқан баяғы бұлалығын. Серігім де сен менің, сенімім де, елігім де, еркем де, керімім де, Мейірімге жанымды ұйытпаққа – бал кейпіңе қараймын жеті түнде!
28.01.91 * Босына өткен күндерге налимын мен, Қиял қумай құр жүрсем аримын мен. Зымыраған дүние, қанатым бол, Шабыттанып, шарықтап, шалқиын мен.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Шашу үшін шапағын шаттық өмір, Күйбең күйге алданба отты көңіл. Жанартау боп жыр көгін жарып шықпай, Мейлің, қанша ой мүжіп, жанды кемір. Серпіл, санам, Ұнжырғам, түспе төмен, Ұсақтамай тірлігім, күш бер, өлең. Ұшпасына шықпаққа ұлы арманның, Ұшатұғын заңғарға құс боп келем...
1.02.91 * Пенделіктің құлымыз бәріміз де, Мұң билейді жүзіңді сары күзде. Ақша қарды арман ғып ару қыста, Жаз, көктемдей – өмірдің сәні бізге. Алданышы тірліктің мұның бәрі, Ауа райы тағдырдың құбылмалы. Аласұрған толқыны соқса бірде, Алдарқатар кейде оның шырын-балы. Беймәлім боп қияға ұшарың да, Жердің астын қай күні құшарың да, Жағаласпен өтеді жалын күнің, Жаның ұйып жарыңның құшағында. Таң атады, күн батып, қайталанып, Арман алыс жүзсе де Айға атылып, Тыныштығын ойлайсың ошағыңның, Шаңырағың кетпеске шайқатылып. Мейлі, көкте қыран боп қалықтадың, Қыр астың ба қызметте жанып бағың,
Ғалым ӘРІП Дей алмаймын: өмірде пенделіктің Шылауына шалдырмай жабықпадың? Тізгініңді ешкімге бермесең де, Туған жер деп, халқым деп терлесең де, Тіршіліктің құлындай адам деген, Ел сыйлаған батыр боп ерлесең де. Өмір солай, өзіндік ағысы бар, Аз ғұмырда кім-кім де бағын сынар. Пенделік те құрығын салмай қоймас Арғымақтың өзіне жарып шығар...
1.02.91 * Күлімдеп сен келсең ғой, пай, қашанда, Асау көңлім ұқсамас жайбасарға, Жалынымды үрлесең жалыныңмен, Кім біліпті, арманмен Айға асам ба? Күлімдеп кел, сен, жаным, ерке назбен, Айдындағы үйлесіп аққу-қазбен, Жанарыңда жүзбесін ашу, қайғы, Жарасып бір жүрсеңші мәңгі жазбен. Күлімдеп кел қасыма, тұнжырама, Қарақаттай көзіңе мұң шылама. Алтын таңдай жүзіңді ұнатамын, Ақ бидайлы секілді нұрлы дала! Күлімдеп кел сен маған күндей болып, Түнерсем де кейде мен түндей болып, Жауқазын-жыр төгілер жүрегімнен, Өзің тұрсаң қып-қызыл гүлдей болып.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Күлімдеп сен келсең ғой, пай, қашанда, Күлкі барда күмістей Айға асам ба? Күңіреніп жүргенде жаным менің, Көңілімді аулашы анда-санда, Күлімдеп кел жаныма қай-қашанда.
1.02.91 * Өмірдің тура қарадым Алмастай өткір жүзіне. Талдырмай арман қанатын, Талапшыл болдым өзіме. Таптаурын жолға түспеуге Өзіме өзім серт қылдым. Талпынып соны сүрлеуге, Жүректі жалын, өрт қылдым. Айнымай алған бетімнен, Тірлікте тауым шағылмай, Тартысқа түсіп өмірмен, Өршідім өжет ағындай. Нажағай болдым кейде мен, Шатыр да шұтыр шағылған. Оранған отқа кеудеден Өшпестей алау жағылған. Өзекті жарған өлеңді Әкелмен қалай өмірге? Өлімсіресем, сөнем-ді, Жүктемей сенім көңілге.
Ғалым ӘРІП * Адамзатқа құшағымды жайсам деп, Ашылады, асығады сыр-сандық. Ақ көңілді жаратылыс – ақындар, Ағыл-тегіл махаббатқа, жырға ынтық. Оның жаны көсілген кең даладай, Дүниеге сеніп қарар баладай. Жаймашуақ болып тұрса күн көзі, Дейді олар да: алақай да алақай! Шуақ көңіл алдарқанып әрнеге, Сыймай кетер кейде тарлау бөлмеге. Адамзатқа ақ пейілін ұсынып, Ақ шулан боп толқиды екен ол неге?
1.02.91 * Он бітірдім... Ауыл қалды алыста, Оқу қудым белді буып намысқа. Отыздан да жас асыпты ал енді, Оза шауып самғамаппын ғарышқа. Өз-өзімді қамшыламай әлі мен, Тіршіліктің әуенімен елігем. Тұсаламын қапасында қаланың, Ауа жұтпай кең даланың төрінен. Қайран, далам, қайран аулым, асқағым, Мендік өмір барады өтіп қас-қағым, Ұланыңды бауырыңнан жаралған Ұлағатыңмен суарып бір тастағын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Қуыс тартсам, қуатың бер, демің бер, Аруағыңнан нәр алайын сенің өр. Мен кеткелі болған екен он бес жыл, Сол баяғы көңіл десем, сеніңдер. Сүйем сені, боз жусаным, сағым-бел, Шабытыма дем беретін самал жел, Сағындырмай қоясың ба тегінде, Қаным тамған, кіндік кескен, туған жер!
1.02.91 * Қолға қалам алғанда, Қайран, жүрек, зорланба. Құс қанаты талмастай Қиялмен ұш арманға. Пенделікке илікпе, Талпына біл биікке, Жүрек барда өзіңдей Мен қалмаспын күйікте. Жыр-теңізі тасынып, Жатсын сырым ашылып, Толқын сынды жүрегім Бір ұрып, бір басылып... Өмір заңы бұл деген, Ғажап ғұмыр нұрлы әлем, Лүпілдей бер, жүрегім, Тумаса да күнде өлең. Өтер-кетер тіршілік, Кешпейік күн тұншығып, Дүрсілдей бер, жүрегім, Дүниеге құлшынып!..
Ғалым ӘРІП * Жадыраған жаздайын Жүрші болып мәз дәйім. Жабырқасаң, мұңайсаң, Жаным жүдеп, боздаймын. Жаны сұлу, мәңгі жас, Жансың бейне аққу-қаз. Желіксем де, өзіңдей Асыл ару таптырмас. Көңіл кейде тасынып, Қылған болсам асылық, Жүргені деп ойлама, Әлсіз жанды басынып. Мен өзіңе бас ұрғам, Жүрек сырын жасырман: Сенсің жалғыз сүйгенім, Айналайын, асыл жан. Бақытым да, бағым сен, Арайлы аппақ таңым сен. Осы өмірді бір кешер, Таңғажайып жарым сен.
5.03.92 * Сенің нұрлы жүзіңнен өмір көрем, Көзің күлім қақса бір көңілденем. Айнымаған баяғы елік қалпың, Айнымаған бұлақтай тұнық қалпың, Қарақаттай жанарың қадалғанда, Жаманшылық көрсетпей бұ жалғанда, Қиялменен келеді қияға ұшқым,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Мәңгі-бақи бір ғана сені құшқым, Махаббаттың аялап аруағын, Шалқытумен шабыттың арғымағын, Жайылумен жауқазын-жапырағым, Аман болып жанұя-шаңырағым, Бала-шаға мәз болып, жайраңдап сен, Қылығына ақынның қайран ғап сен, Жүретұғын келер күн, сабыр қылшы, Жыламашы, айналдым, жаным, күлші...
5.03.92 * Елдейін мынау қалыпты ғұмыр кеше алмай, Еліріп жүрсем, есіріп жүрсем асаудай, Елігіп кетсем, ерме боп кетсем кей күні Ер мінез келген ерекше достан қаша алмай: Кешерсің мені... Ақкөңіл жаным айдын боп менің тасиды, Жүрмейін қайда шуағы көздің шашулы, Оныма қарап біреулер, бәлкім, ұнатар, Түңілер, бәлкім, кезімде көрсе ашулы. Сондаймын өзім, кезім жоқ мүлде жасанды, Кешеміз ғұмыр тымырсық тегі қашанғы, Кешерсің, қалқам, кешерсің біздей бәдәуи, Кең дүниеге тамсанып келген масаңды. Кетермін кейде сезім мен көңіл жанды аулап, Майда бір сөздер, әуеннің сазы, ән баурап, Кешерсің мені көңліңе сызат түсіріп, Сеніскен доспен сырласып қалсам түнде аулақ. Қайтейін, жаным, өтуде өмір құйындап, Кетеді кейде мұң іліп көзге қиындап,
Ғалым ӘРІП Арамыз алшақ бөліне қалған сәттерде Шын жақын достың айқара көңілі бұйырмақ. Айдын ғой өмір, онда біз жүзген кемелер, Құрдымға кетер сүйеніш таппас жекелер. Ғайыптан тайып іс түсер болса басыңа, Жан достар бірге нардың да жүгін көтерер. Еркектің өзі ерсі де болар кей ісі, Шектен бір шықса орынды-ау ару кейісі... Кешерсің мені кезбедей кейде сенделіп, Бұйырмай жүрсе жанұямның жұмақ-пейіші...
5.03.92 * Жігіттердің ұнатам жайсаңдарын, Жайып тұрар жанының күйсандығын. Жаға-жайлау жүретін жаз-көңілмен, Жалын лаулап тұратын көздерінен! Жігіттердің ұнатам мықтыларын, Жан достықтың сертіне нық тұратын. Жазатайым күн туса басыңа бір, Жарқыл қағып жүретін қасыңда кіл. Жампоз ерге осындай арнап өлең, Жан беретін кезінде жан да берем! Жаман жолдас ерткенше жолға тастар, Жақсы серік бір болсын алға бастар. Жақсыларға жан сырды ашамын да, Жан бауырдай көрісіп, құшамын да. Жігіттерше сал-сері жүреміз ғой, Жалғыз – ғұмыр, барынша сүреміз ғой...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Күндерім күйбеңменен тұтылуда, Бұ Ғалым ұлы Уақыттан ұтылуда. Жырламай жүрегімнің пернелері, Жастық шақ жан бағыспен жұтылуда. Көкірек кейде қарыс айрылардай, Жөнім бар басым шайқап қайғырардай. Жігіт ем жанарыма алау жаққан, Желісім әлі шабан тай-құнандай. Бойдағы буырқанған тасқын қайда, Мас болған дүниеге жас күн қайда? Бұйығып өте шықса өмірің – қор, Ондайын тірліктен не, достым, пайда? Бұрқанып бұрынғыша күн кешелік, Балқытып жанды әнмен, жыр еселік. Пәс-ғұмыр пешенеге жазылмаған, Пәниде күйкі-күнмен күреселік.
12.07.92 * Жанар ма, жанбас, бәлкім, бір күн бағым, Жанымның жаяиын бал сыр-жұмбағын. Жылты бар жанарының, жарандарым, Жаныма келіп кәусар жыр тыңдағын. Адамдар, ашылайық ақтарылып, Болмасын алтын таңдай шақтар ұмыт. Бәріміз ғасырласпыз, замандаспыз, Жүрелік замананы мақтан қылып. Көңілдің ақ маржанын алға жайып, Ғұмырды кешсек деймін бір ғажайып.
Ғалым ӘРІП Адамдар адам қалпы өмір сүрсе, Дүниең тартпақ емес алмағайып. Па, шіркін, өмір қандай, өлең қандай, Барша жан бақыт үшін жаралғандай. Адамдар көзіндегі Күн-жылудан – Тіршілік ұйып жаны нәр алғандай. Жарандар, тыңда жырым құлақ қойып, Тоқмейіл топас күйден жырақтайық. Жаратқан өзімізді адам етіп, Үмітін Жер-Ананың біз ақтайық. Қашанда қарсы келмей табиғатпен, Жанымыз жарасып бір жәмиғатпен, Жүзіміз жарқыл қағып жүрелік те, Өмірге қарап ұлы махаббатпен!
12.07.92 * Қалам бер, қарбалас күн қалсын артта, Қиялмен қыр кезейін жазғы бақта. Қашаннан арман қуған албырт едім, Қамшыны басайын бір арғымаққа. Күздейін сұрғылт тартып сері көңіл, Күйбеңмен тұмсалайды мені де өмір. Күндерім құйқылжумен барады өтіп, Жүреміз ілбіп қана ебіл-себіл. Тірліктің алданыш боп қамыменен, Түс болып, кешке ұласар таңы деген... Жүректің жоғалған ба дірілі деп, Түртеді Тәңірімдей лағыл-өлең...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Кезім жоқ бұл өмірде бопсалаған, Жігітпін барға көңіл тоқ санаған. Жайсаңға жаным сырын жайып салам, Аянып көрген емен жақсы адамнан. Кей кімдер мұны бәлкім түсінбейді, Ондайға өр көңілім кішірмейді. Жаралған мәрмәр тастай мәртті жаным, Қайтадан боркемік боп пішілмейді. Қалармын мұзарт шыңдай осы қалпым, Ерітер жан-жүректі досым жарқын. Ақкөңіл, арамза емес, адал жанға Әрдайым әруағымдай бас ұрармын.
12.08.92 * Мұңсыздық – дертім ол менің, Жаныма жақын жолатпа. Мұңсыз мен жүрсем, сөнгенім, Сөнгенім менің – өлгенім, Келгем жоқ, өмір, қонаққа. Білемін мәңгі жасаман, Болмайын, бірақ, масыл ұл. Боркемік пенде, жасық ұл, Ұлы өмір, менмін ғашығың, Мұңыңнан қалай қаша алам? Мұңсыз мен жүрсем сорлымын, Босқа өткен күндер – ол күнім. Мұң барда жыр боп шалқыдым, Сезімге селдей балқыдым, Құсың боп көкте қалқыдым.
Ғалым ӘРІП Асылым менің жарық күн, Демеймін ойсыз, ғаріппін. Кетпейін барға мастанып, Астамсып жұрттан төс қағып, Ойласам қамын халықтың. Мұңымнан мені айырма, Мұң-сағым сүйрер қиырға... Уайымсыз жүрген жандарда Жансыздан қандай айырма? Баста, өмір, мені арманға!..
12.08.92 * Ұйқы да кейде қашатын менен жайы бар, Өткен бір күндер оралған сәтте ойыма. Бара ма өтіп жаныққан біздің жас дәурен, Дүлей бір күшті құятын ылғи бойыма. Зулайды күндер, барады жылдар сағым боп, Қайнайды іште қызынған әбден жалын-от. Баяғы біздің қияли кезең қайда екен, Балалық қайда, бүгінде оның табы жоқ. Жылайды жүрек маржаны жырдың іркіліп, Жылыстап жылдар жүретін болдым тым сұлық.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Серпіліп қайта сезімге бойлар туды шақ, Әйтпесе, езіп барады-ау мынау тіршілік...
12.08.92 * Мен соншалық бақытты жан болайын, Тағдыр-тартыс иеленген жеңісін. Бәрібір де түнің мұңлы, ағайын, Сырға толы, қияли шақ мен үшін. Ұйқы қанша алсын есті талдырып, Өлең-өзек-сағымдайын-сағыныш. Тұла бойды бал сезіммен балқытып, Жүрегімде болады сан жарылыс. Жанартау боп атылардай алқынып, От-жүректің шарпыламын өртіне. Түні бойы ширығамын шарқ ұрып, Түннің қарап таңғажайып көркіне. Шабытыма жел берер де сол менің, Ай мен Жұлдыз, алқара көк түнгі аспан... ...Сенделемін кезіп ішін бөлменің, Жым-жырт түнге көзім салып мұңдасқан...
12.08.92 * Билейді бойды кейде сезім керім, Сондайда нұрын төгер көзімде Күн, Көңілдің құсы көкке шалқып ұшар, Секілді қанат біткен өзім де шын, Жан-әлем беу дүниені балқып, құшар.
Ғалым ӘРІП Масайып көктем-ару шәрбатына, Өмірдің жайқалармын бау-бағында. Бақытым болып менің ұлан-асыр, Бұлбұл құс салар әнін зәузатымда. Көркейіп жүрген кезде жан-дүнием, Ғұмырды ғасылымдай мен сүйемін. Қашанда бұ Ғалымға демеуші боп, Қолтықтан жүргін сүйеп о, Киелім!
12.08.92 * Өмірге іңкәр ғұрыппен ғұмыр кешемін, Өзіндік жолым: қайтпады мүлде меселім. Өрекпіп тұрар өр кеудем қалды сол күйі, Өзенде бейне ескекті желдей есемін. Көңілім – көктем жаз болып кейде жайдары, Ақжарқын жүзім ашылған күндей жайнады. Ашынып-тағы қыстайын кейде қабардым, Сарғайып күздей уайым-мұң басып қайдағы. Тірліктің заңы: жаза да басқан бар кезім, Жұмсарды жәйлап мізбақпас қайсар мінезім. Жанардың ғана жасындай оты тұр маздап,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жылдармен бірге өзгерер ме екем мен өзім?
12.08.92 * Көзіме менің жас тұнған кезде көңілімнің босап кеткені, Жүректен ыстық ағыстар сел боп, сезімнің боздап шектері, Бүтіндей мынау тұлабойымнан ақ жауын құйып селдетіп, Жанымның жайлы толқынды, Һәм қайғы шеккені. Көзіме менің жас тұнған кезде шұрайлы шағым сол болар, Жанарым жасқа малынса-дағы шуағым төгер мол болар. Дүниеге мынау қара тас болып жаралған пенде емес ем, Тірлікте мынау шарасыз кейде көз алдың тұман-торланар. Көзіме менің жас тұнған сәтте жаныма жақын кел, қалқа, Көңілдің көлі көлкіген тұста көкеңнен керім жан бар ма? Қиял да, шіркін, көкжиектерге қиялай ұшып кетеді, Ұқсаймын өзім аспандағы айды сұрайтын сәби-аңғалға. Ынтығам дәйім баладай бейім талпынған алыс арманға, Жамандық деген болмаса деймін осынау пәни-жалғанда.
Ғалым ӘРІП Мұндайда менің көкірегімнен көгершіндерім ұшады, Мол мейірімін төккісі келіп айнала, туыс, бар маңға. Көзіме менің жас келіп егер жаңбырдай болып құйылса, Қарақат жанар қарағым менің, бірауық келіп сиыншы, ә. Қанатым бардай қалықтап сонда қияға самғай ұшармын, Жан еріп кетер – Жер-Анадайын – жанарым жасқа жуынса...
14.08.92 * Сен аман боп жүрші-ау жаным ләйім, Арманым да, ардағым сен – Күн, Айым. Тұнба бұлақ секілденген көздеріңТәңіріден мұңланбауын сұрайын. Қатты кетсем жүрегіңді жаралап, Ақбұлақтай көңіліңді қаралап, Ақымақтың ашуы деп білерсің, Қызғанышы қызған шоқтай ғаламат! Қайтсем де мен бой ұрамын бір саған, Аққұсымсың, аруымсың аңсаған. Бүкіл мынау ғұмырымның мәнісі, Бір өзіңсің қиялым да, ой-санам. Қарап саған қанатымды қомдаймын, Қайда жүрсем піріңдей боп қолдаймын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Тірі жүрсем қара жердің бетінде – Шаң тигізбей қызғыштайын қорғаймын.
14.08.92 * Жан баласын жамандамас жан ғой деп, Бұ Ғалымға баяғыдан таң ғой көп. Асып кетсем, тасып кетсем арнамнан, Оу, ағайын, сөге көрме даңғой деп. Жігіт едім ақ көңілім жайылған, Жарқын жүзді жайсаңдарға бой ұрған. Жер-жаһанға жақсылықты тілеушіАйырмам не атышулы шайырдан? Жырды бағым санасам да аялар, Ақтарыла алмай жүрген жайым бар. Жанымменен түсінісіп тұрады Бала күннен балғын бұтақ қайыңдар. Жүрегімде ізгіліктің сәуесі, Адамзатқа жетсе деп ем мәуесі, Сыйласқанға көңілдің жоқ кіршігі, Жанарымда – айнакөлдің сәулесі. Содан болар, жұрттың бәрі бауырдай, Жан баласын жат санаман жауымдай. Жүз шайысып қалсам егер кей-кіммен, Жүрек, шіркін, жүре алмайды ауырмай. Ойланамын, бәрі де адам баласы, Мейлі, қандай өзіңе көзқарасы, Әрбір жанның – жаны терең сыр сандық, Шамаң жетсе, бойлап соған қарашы...
Ғалым ӘРІП Жан баласын жамандамас жігіт деп, Жатқаны емес жұртым мені үгіттеп. Адамдардың жарқын жүзі, ақ көңілі Ақындардың жан әлемін үгітпек, Ертеңімнен күдік емес, үміт көп...
15.08.92 * Қаланың мынау тірлігі Көңілге қаяу сала ма? Өмірдің өскін бүршігіҚарайлау керек балаға. Қағынған мынау заманда Қапыда қалсаң, тым айып. Қамқорси қарап балаңа, Қасынан табыл ұдайы. Осындай ақыл тұрақтап, Ойыма менің ой қосты. Өмірде мынау мұрат, бақБаладан артық болмас-ты. Өркенің өссе жетіліп, Тиер-ау себі еліне. Көрмесін олар жетімдік, Көңілі шалқып көгіңе. Алдында ұзақ тұр ғұмыр, Абай да болған жөн кейде. Жазылмау үшін мұңлы жыр, Бақыттан тассын бал бейне.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жыр құмар жанға мен құмар, Жанардан ұшып көк мұнар, Жүрегім иіп жөнеліп, Тербетер сезім тәтті-бал. Өлеңнің билеп тылсымы, Ашылар жанның қыр-сыры. Ағыл да тегіл айдындай Жетелер жұмақ жыр-шаңы. Жазғаның жұртты толғантып, Отырса ойың қонғансып, Шабыттан шалқып, тасынып, Жүрерсің соны арман ғып. Жыр құмар жанға бас ием, Өзіңсің менің о, кием! Өлеңім жақса жаныңа, Қолдап жүр, достым, өтінем!
17.08.92 * Түнеріп те жүрем-ау түнек күйде, Жын ұрғандай жұлқынар жүрек кейде. Жаурынымды қоздырса жел үскірік, Кетердеймін қағынып, үдеп бейне. Дауыл болсам, мен тездеп басылмаспын, Ашуымнан ашынған ашылмаспын. Адуын бір келсе де дүлей-пері, Албастысын басымнан асырмаспын. Әруақтанып кетсем ғой бабамдайын, Қобыз сарын күңіренер Даламдайын,
Ғалым ӘРІП Сезінермін өзімді желмаяменҚорқыт бабам жіберген адамдайын! Мен күшіме енгенде тылсым сырмын, Дөйді көрсем, доңызды дүр сілкіндім. Менің сезім-түйсігім қалар мәңгі, Жүрек, шіркін, кетсе де ыршып бір күн!..
19.11.92 * Айдынды көр асып-тасқан айбынды, Жаны сүймес жайбарақат жай күнді. Ақшулан боп жататұғын ақырып, Аза тұтып, бөліскендей қайғыңды, Айдынды көр, асыл достым, айбынды. Асау айдын арманымның шынары, Алғауы жоқ ақ көңілім құмары. Арпалысқан ғажайыптай осынауАқыныңа айқасты өмір ұнады. Тұғырыма мықты қонған беренмін, Тайталаста тау-құзды да жеңермін. Аруақтарға алармын да сиынып, Толқын атқан от жүрекке сенермін.
21.11.92 * Өкпем жоқ осы өмірге, Өрекпи өрт боп өтермін. Өнердің өрлеп өріне, Өрнектеп өлеңдетермін. Өзгелер, бәлкім, қызғанар, Өзекті жарған жырымды,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өлеңді сүйген қыз-жанар Өзгеше ұғар сырымды. Мейлі ғой маған тегінде, Меселім тегі қайтар ма, Мәңгілік жүрер сенімде Сенгенмін жүрек-қайнарға.
21.11.92 * Жек көрсем егер, тілдеспе бекер, жаныма жақын жуыспа, Жақпаған жанға жарбақши алман жекжат па мейлі туыс па. Жайдары мінез жарқырап туған жігіттер маған жағады, Жайылса құшақ, жанын сап Ғалым Жақсылық жасап бағады. Болмаса егер көңілдің хошы көктем боп қалай ашылам, Бір сәтке дерсің табылғым келмес тоң-торыс жанның қасынан. Тілеулес болып жүрсе де жырақ аңсайтын досқа асықпын, Өмірде мынау жаныңды ұғар жаз көңіл жанға ғашықпын.
Ғалым ӘРІП Айқара құшақ ашар ем дәйім жайылған жанға ағынан, Адаммын сондай жүректің толқын талғам-күйіне бағынам. Ұнатпай қалсам, ұласа мүлдем алмайды маған кімің де, Ұшпаймын құрақ, сыйлай да алман сұрланған жанның бірін де. Біреулер мені жаз көңіл дейді біреулер болса қыс-қатал, Біреулер ізгі жандырса бойды, үскіріп біреу мұздатар. Қайтейін, достым, кім болса-дағы, жолым жоқ менің шегінер, Қандайма мейлі күн тусын басқа асау бір көңлім бекінер.
21.11.92 * Түн ілгендей жанарыма ілкі мұң, Сол мұңымды келер емес сілкігім. Күндер өтіп қамдаумен өз жайымды, Жан бағуға ауып кеткен құлқыным. Отбасының оматылып күйіне, Тышқаншылап тығыламын үйіме. Тынысымды жазбадым кең далаға, Қыр жұпарын жұтпадым да сүйіне. Туған ауыл, туыс-бауыр, таң нұрым, Сағынышпен есіме алдым барлығын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Анашымның нұрлы жүзі Күндей боп, Жүрегіме жеткізгендей шарпуын. Ғұмыр-пәни, о,дүние-ай, зырлаған, Уақыт, шіркін, ай-күніңді ұрлаған. Қала, тірлік... Тұмсаланып кетіппін, Бәрінен сол қатты батып жүр маған. Түн ілгендей жанарыма ілкі мұң, Келер емес сол мұңымды сілкігім. Абызымдай – ауылыма арнадым Жүрегімнің сағынышты жыр гүлін.
21.11.92 * Желменен бірге азынап, Желігіп мен де келемін. Жүрегім толған қазына, Жаныма демеу – өлеңім. Жабырқап қайтем, замандас, Жалықсам кейде бір сәрі. Жігерім менің мұқалмас Жігітпін нағыз жыр шағы. Көңілім көкке өрлеп-ақ, Қанатым қағам қырандай. Таусылар емес арман, бақ, Тілегім ойдан шығардай...
22.11.92 * Өмір – өзен, өмір-өлең, өмір-мұң, Өмір – әсем, өмір-өксік, өмір-түн.
Ғалым ӘРІП ӨМІР, ӨМІР – өтіп жатқан дүние, Өрлігімен өлшенетін көңілдің. Өміріңде қалса да, дос, жол болмай, Өзгелерге ғұмыр кешкін қор болмай. Өмір сүйер өр тұлғалы өренді, Өрге жүзгін өжет мінез тарландай. Өміріңді өткізе біл өзіңше, Өлең жазғын түндерде жұрт көз ілсе. Өртене біл өзегіңді жандырып, Өлекседей күн кешпей жас кезіңде...
22.11.92 * Жаманат ой ойламай, Жанар оты жарқылдап, Жұртқа тісті қайрамай, Жүрелікші аңқылдап. Жылдар жылжып өтеді, Жанталасқан өмір ғой. Жымдассаң нең кетеді, Жақсылық – ақ көңіл ғой! Жібектейін желбіреп, Жайнаса нұр-жүзіңіз, Жаз-дүние елжіреп, Жуықтамас күзіңіз. Жарқын қабақ танытсаң, Жаны иір кімнің де, Жаның сырын ағытсаң, Жасарарсың, білдің бе?!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Мені өзіңе тартады, Сендік жүрек-қуатың. Сендік жүрек-арманыМенмін бақыт-мұратың. Жүз шайысып қалсақ та, Жан-жүрекке артпай мін, Қызу мінез болсақ та, Жанбыз тағат таппайтын. Іңкәр жүрек ынтығып, Бірін-бірі іздейді, Жырақтаса, жұлқынып, Үміт жібін үзбейді... Тартысып та қалғанмен, Таптым сені бағыма. Бағыналық арман мен Тартылыстар заңына...
30.11.92 * Қарсы жүзген толқындармен өштеніп, Дауылдарға қарсы келем төс керіп. Көкірегіне түймейтұғын сұмдығын Жүрерім бар жарқын жанды дос көріп. Менің кеудем мәңгі өшпестей алаулы, Мейлі жылдар болсын қанша санаулы, Маздақ болып жасар өшпес рухым, Кетер кезіп көл-дария ғаламды...
Ғалым ӘРІП * Өзіңе сен, өзіңе сен, беу, досым, Менмендердің кергілерміз кеудесін. Өмірдегі таймай тура жолыңнан, Тұлабойды шабыт-шалқу кернесін. Досқа сенсең, сеніміңе жаусын нұр, Сенім-сезім аялаумен жарқын жүр. Сенің қара көздеріңнің отындай – Ақын бауырың жазар арнап жарқыл-жыр. Бұл өмірге келдік неге дегенде, Жанартауың атқыласын денеңде. Жұбымызды жазбай ғұмыр кешелік, Өрт қалпымыз, өрнек салып өлеңге...
15.01.93 * Сергіп бір жүрген шағымда Серілік мені буады. Сырлас дос іздеп жаныма, Жүректен жырлар туады. Сүйетін жігіт едім мен Айқара көңіл ашқанды, Сұп-суық сұрғылт өмірден Қалайды жаным қашқанды. Көктемдей болып құлпырып, Желпініп жүрсек керім-ді, Жүрегің – бұлақ бұлқынып, Сырлас дос іздер сері үнді. Па, шіркін, пәни тірлікте Жарасым тауып жан-әлем,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Дос келер деген үмітте Күндерің өтсе дәмемен. Оларды күтіп жалықсам, Мен өзім маза таппаймын. Ойларға шомып жабықсам, Тып-тыныш үйде жатпаймын. Кетемін кезіп даланы, Кетемін кезіп қаланы. Достар да мәз боп қалады, Көңілдің өсіп самалы.
7.02.93 * Өмір жайлы ойлай қалсақ, бауырлар, Мойындағы жүк дегенің ауырлар. Күнделікті қым-қуытың – тұл тірлік, Оның өзін өмір деуге дауым бар. Жылдар жылжып, көшіп уақыт керуені, Тығырыққа тірейтіндей пендені. Сенделесің сең соққан бір балықтай, Өмір бейне өрмекшінің өрмегі. Барады ағып сол тымырсық дүние, Тығыласың тышқаншылап үйіңе. Арыла алмай күнделікті күйбеңнен, Түн баласы күрсінесің күйіне. Шешім таппай жұмбағына өмірдің, Ұйқы қашып өткен жоқ па небір түн. Сол өмірдің құпиясы көрінер – Астарынан Күрес пенен Көңілдің. Күрес деген басталады өзіңнен, Көрінеді ұшқын атқан көзіңнен.
Ғалым ӘРІП Туған жер деп, туған ел деп толғансаң, Халқың сені ер-азамат сезінген. Бұқпай төмен ұрпағыңның алдында, Ұқсап өтсең түнді тілген жарқылға, Ұлағатын бабалардың сіңірген Ұландарың қалса өзіңдей артыңда. Тай-құлыны секілденіп Даланың, Жеткіншегің жаза берсе қадамын, Абыроймен өткіздім деп есепте, Бұл өмірдің өзгеше бір парағын. Жан сырыңды ашық жайып адамға, Жақсылықты жасап-ақ бақ ғаламға, Көңіліңде тығылмасын түйткілің, Бұл өмірді қия көрме арамға. Ей, бауырым, құлағың түр бір сәтке, Бұл өмірді жандырып бір сүрсек пе?! Сен, ендеше, сезік салма сенімге, Сен, ендеше, тайғанақтық көрсетпе!
2.12.93 * Соңғы кезде ой басады, мұң қалың, Толғанады терең бойлап бұл Ғалым. Көшкен бұлттай жылдар жөңкіп аулаққа, Жастығымның ала кетті-ау гүл бағын. Көкірегімнің күйі қайда дауылды, Ағыл-тегіл шағым қайда жауынды? Шалқып жүрген ақын қайда өрт мінез, Аңсай сүйген туған дала, ауылды.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сағынышпен еске алатын бауырды, Кездер қайда қаным тасқан арынды? Кең дүниеге сыя алмай сенделіп, Ғұмыр кешкен күндерім-ай жалынды. Өтті бәрі, өкініш жоқ өзімде, Өмір сүйген махаббат бар көзімде. Ақыл тоқтап, ойлылыққа ұласып, Шалынғым-ақ келмейді ұшпа сезімге. Тұла бойда қалса-дағы қызу-от, Желпінсем де бал шарапқа қызып ап, Желік құмар тіршіліктен беземін, Жанұямнан жоқтай артық ұжмақ.. Солай деймін, бекем менің жүрісім, Жынды құсап кешкен тірлік құрысын, Жазғы самал секілденіп желпиін, Жан-жарымның кеңітейін тынысын. Өз ошағым ғана емес, ұлы елім Сеземін ғой сенім артып жүрерін. Жас жетпістен асқан ата-анам да Білемін ғой ұл тілеуін тілерін. Ей,азамат, енді өзіңе бол мығым, Елден ерек тасамын деу – сорлы ұғым. Одан-дағы қазағыңа қорған бол, Көрсеттірмей көлденеңнің қорлығын. Осы сөзді өзіме-өзім серт қылам, Жүрегімде оянады өртті ұран. Бәріміз де елдің қамын ойлайық, Құлағың түр, қайсар қандас, беу, қыран!
Ғалым ӘРІП Алданбайық арзанына тірліктің, Марғасқасы атанайық жігіттің. Осы ойымды арнадым бар қазаққа, Үзігінен ұстағандай үміттің.
2.12.93 * Өлім жайлы айтасың суық сөзді, Салқын ойлар кеудемді қуып, кезді... Жыл өткесін өзіңді жоғалтардай Мұздай жасым барады жуып көзді... Шошынғандай тағдырлы ертеңімнен, Отырғандай ес кетіп тентегіңнен. Өміріме нұр құйған Махаббатым, Қоштасам ба күншуақ-келбетіңмен? Кездесіп ек балауса шағымызда, Тағдыр тартқан мол сыйын бағымызға. Бақытымыз секілді балапандар Бал күлкімен ұйыған жанымызда. Қол ұстасып арманмен алға асып ек, Асау мінез айдынның арнасы ма ек? Ажырамастай мәңгі жарасып ек, Алып-ұшқан толқындай талмас жүрек. Мерейленіп, талай мен тасып кеттім, Ақын көңіл, арнамнан асып кеттім. Шартылдаған бейне бір жасын едім, Достарға ақ көңілді шашу еттім. Сондай кезде сен мені басуладың, Ренжідің, ұрыстың, ашуландың. Қанша кеуде қақсам да өршеленіп, Бәрі сенің арқаңда асыл, жаным.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сен болмасаң, мен деген бейшарамын, Құлазысаң, қалайша жай табамын? Өтер болсаң ал осы дүниеден, Дауыл ұрған кемедей шайқалармын. Бұл өмірдің жоғалар мәні сонда, Ондай ащы сөз айтпа налысаң да. Шығармашы есіңнен балаларды, Сенсіз өгей тағдырмен алысам ба? Жер астында өзіңмен табысам ба?
2.12.93 * О, достар, достар! Жүздерің нұрлы арайлап атқан ақ таңдай, Өздерің барда көл-көсір көңіл толқындай тулап жатқандай. Жанамын өзім жарқылдап көзім лаулаймын маздақ оттардай, Жаздайын жайнап, гүл атқан жасыл құлпырған барқыт бақтардай. О, достар, достар! Кең болса пейіл, керім ғой өмір, тарылмаң мынау тірлікте, Далада туған жас күнде думан ұқсалық қыран бүркітке.
Ғалым ӘРІП Ағыстап жатқан заманда мынау бізден де артта қалсын із, Жанымен жақын ұғысқан жаннан ішіңе мерез сыр бүкпе. О, достар, достар, теңіздей болып тасып бір жүрсек, асық боп жүрсек көрмекке, Өлеңдей өмір толар-ау небір өкінбес ертең өрнекке. Өзіңмен өзің қымтанып кешкен тірлікке тұмса жаным қас, Жалғыз бір қалсам сыймайтын жанмын достарсыз мұңлы жыр-көкке!
29.03.94 * Мұңайып қалсам кейде мен: ондайда жаным өзім де ұқпас тылсым сыр, Жүректен жарып шығады дерсің жыр-сыңғыр. Зымырап мынау ағындап жатқан фәниде О, муза, мені сиқыршы жандай сілкіндір. Тұқшиып төмен өткізер күнін пенде ме ем,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өмірге мынау өкіну үшін келмегем. Іздесең мені үйіме келші қайран дос, Болайын қыран қияға құлаш сермеген. Ақтарсақ сырды шалқытып құсын көңілдің, Бар мәнін сонда ұғармыз ұлы өмірдің. Бопсалап тірлік кешкенше келте ғұмырда Келеді дәйім ақ жауын болып төгілгім. Базбіреу бәлкім кінәлар бізді жаратпай, Жаттанды ойды қылармыз бейне талақтай. Өзгенің, достым, қайтесің қаңқу сөздерін, Үйіме келші тылсым бір түнде таң атпай. Сонда біз тірлік кешпейміз мүлде жаттанды, Қарсы алып бірге арайлап атар ақ таңды. Кетейік кезіп көктемгі жасыл бақтарды, Еске алу үшін елестей сол бір шақтарды...
Ғалым ӘРІП * «Душа просит покоя» А. Блок Айдын көңіл асып-тасып арнадан, Тіршіліктің қызығына қанбаған. Той-думанмен жатыр өтіп ән-ғұмыр, Жарық күнге тойынатын бар ма адам? Жаным-дауыл, қалай ғана бұйығам, Өмір, шіркін, жалғыз рет бұйырған. Бал бақытын аямаған қашанда Тәңірінің құдіретіне сиынам. Жанарыма сәуле шашып, нұрлы еткен Өтті күндер, өтті жылдар дүрмекпен. Қуанышты шақтар барда шуақты, Бұл өмірді тыным тауып сүрмек пе ем? Ағыстайын өрлігінен таймаған, Отты жүзім күн көзіндей жайнаған. Ақ көңілім ақтарылып адамға, Жүрегімде сандуғаштар сайраған. Мен ғашықпын ұлы өмірге соншама! Дейді көңіл: бұйықпа да шаршама. Дамыл таппай болмас кейде бірауық, Күтіп тұрған сәттер алда қаншама!
14.03.94 * Халқының қаны сіңген келбетіне, Ел үшін кеуде керген жел өтіне, Ез емес, ер мінезді жаратылған Көңілдің хошы келер ерлеріме.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жүрегім тыным бермей ұрғылаған Жан едім тереңімнен жыр құраған. Даңғайыр жігіттермен дала болып, Жусанның жұпар иісі бұрқыраған. Шалқыдым асау теңіз – дариямдай, Шабыттың шуағынан арыла алмай. Жасасын жайсаң жанды азаматтар, Сыйлассаң сыйлайтұғын жаны қалмай. Атырдым ондай жанмен таң да бірге, Достардың қалған ізі әр күнімде. Солармен өмірімді думан еттім, Жүруге дайынмын да мәңгі бірге. Сырымды мен оларға жайып тұрам, Дос көрсем көзден мұңды ғайып қалам. Қашанда көңілімді көркейтедіҚазақтың жігіттері сайыпқыран!
21.03.94 * Бармын мен жердің бетінде, Өтеді заулап әр күнім. Беймаза жаным тегінде Адамның іздер барлығын. Көргем жоқ дүние тарлығын, Көңілдің құсы шалықтап, Сөздерге жылы балқыдым, Қырандай көкте қалықтап. Айналам толған арай-жүз, Құлпырып атар әр таңым, Арқалы туған адаймыз, Шуаққа бөлер бар маңын.
Ғалым ӘРІП Ескермей қалса ел егер, Есептен шықтым демеспін. Сене бер, достым, сене бер, Ұмыта қоймас мені ешкім.
8.04.94 * Көңілсіз келем үйге мен, Көңілсіз келем үйге мен, Дүние түгел құлазып, Сұрланған сұрқай күйге енем. Мазасыз менің жанымды Жалғыздық дерті билеген. Жабықтырдым ба жарымды, Өзім де енді күйрегем. Жігіт ем сондай, қайтейін, Жанға да басын имеген, Толықсып туған айдайын Қалқаны сондай сүйген ем, Қалдырып оның көңілін, Қашты ғой, маза, күй менен, Қайдасың, қайда, өмірім, Оралдым саған үйге мен!
9.04.94 * Маған түк те керек емес, ағайын, Байлығың да, атағың да, даңқың да. Жылы сөзге жүрем шөлдеп ләйім, Дүниеге ғашық болған қалпымда. Сен де, мен де – жаратылыс пендесі, Замандаспыз жарық күнді бір кешер. О, адамзат, ғаламда жоқ теңдесі, Жайсаң жандар жарқыл қағып тілдесер.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жалғыз рет тағдыр тартқан тірлікте Жарастықпен не жетер күн кешкенге. Жолдас болсаң, ішмерездік сыр бүкпе, Не жетеді самал жел боп ескенге. Жақсыларға жуықтасаң жаның нұр, Жүрегіңе шашпай тұрмас сәулесін, Адамдардың ақ көңілі – лағыл-гүл, Иітеді сезімтал жан кеудесін!
5.08.94 * Тағы тұр ма сезіліп күз лебі, Мына желің не іздеп үздігеді? Менің жаным құс болып ауылға ұшып, Жүргім келер ата-ана, бауыр құшып, Тумысымнан жан едім туыс құмар, Тірлік кейде жаурынды құрыстырар, Кеуде керіп замана өкпегіне, Жете алмадым кең жайлау бөктеріне, Айлар менен апталар ағыстады, Ауылыма жете алмай алыстағы, Сағыныштың кептері самғайтындай, Көңілімнен мұң-муза қалмайтындай, Қанат та бар шырқасам талмайтындай, Сонда жайым не елге бармайтындай? Болмайды екен өзімді қайрамасам, Бойда қанды тулатып қайнамасам, Тірлігім не бауырды баурамасам, Ата-анамның көңілін ауламасам?
2.08.94 * Өлең мені тастады деп сөгер ме, Өрен едім өмір қияр өнерге.
Ғалым ӘРІП Жан-дүнием жүргенімен жырлатып, Жалын лаулап дауыл толы денемде, Мен арманнан аулақ салып іргені, Аз болды ма мақсат қуып жүргелі, Ақыныңа артады зіл салмағын Беу, дүние, тылсым заман дүрмегі! Қатайып та кетемін-ау тым өзі, Қарасуық секілденген мінезі, Қайсарлықтың қанжарына ұқсаған Қайран, қайран, жарқын жанның нұр жүзі. Өзді-өзімді танымаймын кейде мен, Жүре берем жан ұқпайтын бейнемен, Суық тартып кеткенінде жан-әлем, Сырға толы жүрегімді сөйлетем. Өлең деген мәңгі мендік сыр-тұнба, Жүрем шөлдеп ғұмыр-пәни жыр-мұңға. Өлең деген – бабалардың мұрасы, Қанға сіңген қасиет қой ұлтымда.
2.08.94 * Өлең-жыр қуған арманшыл бала едім мен, Өмірге мынау ынтыққан албырт көңілмен, Кең дүниенің жайылған жарқын құшағы – Қарсы алған мені қашанда ыстық пейілмен. Мен кімге тегі жүрген ем шағым, кінә артып, Бәрінен маған ақниет жандар мың артық. Жүргенде шалқып жылдарым жылжып барады Алыста қалған сағымдай болып мұнартып. Көңілім менің жанға да жат боп жайылмай, Тербеліп жүрдім ырғалған аппақ қайыңдай. Адамға тегіс жақсылық ойлап тек қана, Кештім ғой дүние бірінен-бірін айырмай.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Ғаламнан мынау осылай шалқып өтерміз, Бұйырса бір күн армандарға алыс жетерміз. Өмірге менің өзімнің мүлде жоқ өкпем, Өмірге мынау нұр шашып келген екенбіз. Тірлікте әсте болмайды қар-мұз құрсанып, Кешелік ғұмыр дауылды желдей бұрқанып. Жастығым, шіркін, зымырап алып кетер-ау, Өтеді уақыт байқатпай тіптен ұрланып. Арғымақ атым, ағылшы сен бір іркілмей, Дүние-дәурен өтеді дерсің бір күндей. Бойымда барды халқыма беріп кетейін, Өтеді уақыт сиқыршы сынды білдірмей...
23.08.94 * Көзімнің шуағындай, Жанымның бұлағындай, Жалын-күш-қуатымдай, Көктегі қыранымдай, Мәңгілік мұратымдай – Балаларым. Сендермен мақтанам да, Қуанып, шаттанам да, Өмірлік бақ табам да, Көңілім елжірейді Баладай тәтті адамға. Бақытты жүздеріңде Мәз күлкі жүзгенінде, Тағдырға тағзым еттім, Әке еткен өздеріңе.
Ғалым ӘРІП Балапан құрақтарым, Жанарым-шырақтарым, Балауса шыбықтарым, Қошақан, лақтарым – Сүріңдер ғұмыр тәтті, Болыңдар шын бақытты.
23.08.94 * Көп күндерім өтті менің тербеліп, Кең дүниеге жасадым сан еркелік. Құшақ жайып жарқын құшақ жігіттер, Шалқытты ғой шабытыма жел беріп. Бұл өмірде тасқын болған кезім көп, Лапылдаған шағым қанша сезім-от, Күйбең тірлік бұғауына көне алмай, Қорықпастан кетуден де жазым боп, Кеуде керген дауылдарға өрт едім, Досын сатпас арын мінез мәрт едім, Тұмсалықтың сілкитіндей пердесін Қараңғыда жарқыл қағар жалт едім. Ұққаны да аз ба достың ақынды, Сыйлай алмас мен бе кісің жақынды? Бауырым деп жаяр болса құшағын, Қияр едім сол жан үшін жанымды. Беу, дүние, бесігіңде тербелем, Бұл дүниенің қызықтарын мен көрем. Жалғыз қалсам жындыдайын сенделем, Тұлабойды сезім селі кернеген. Дос-жаранмен ғұмырымды жайнатқан, Жігіт едім жүрегімді сайратқан.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жақсы жандар туысымдай ыстық боп, Жәдігөйлер зығырданды қайнатқан. Ізгі ойлар жарып бойдан бүршігін, Зымыраумен барады өтіп тіршілік... Кей күндері дамыл тауып тыншыдым, Қатты-қатты жүрістерден түршігіп...
8.09.94 * Мына өмірге сыймай кетер ме екенбіз. Мына өмірді қимай кетер ме екенбіз? Ұлы өмірмен қоштассақ та қай күні, Сол өмірге ғашық болып өтерміз. Біз өтерміз мүмкін бір күн аз жасап, Сол аз жылда жалын болып маздасақ, Керек кезде дауыл болып дүлейлі, Жайшылықта жарқырасақ жаз құсап. Жүрсек кейде ұшқан құстың кейпімен, Күйіп-жанып от жүректің өртімен, Салқын қабақ танытқанда дүние, Шарпыласың тіршіліктің дертімен. Соған бола боламыз ба құса біз, Қақсақ қанат биіктерге ұшамыз. Жарық күнге іңкәр болған жан едік, Бар әлемді бауырлардай құшамыз. Дархан ниет далаға ұқсас кеңдікпен Ақ көңілді адамдарға ентіккен... Ақшуланды теңіз көрсе тасынып, Арғымақтай шабытына жел біткен.
Ғалым ӘРІП Өмір сүру мүмкін емес бір қалып, Өмір емес кешкен тірлік сұрланып. Қаумаласа жан-жағыңнан достарың, Ғажап дүние шұғыла шашар нұрланып. Сол өмірге сыймай кетер ме екенбіз, Жанға шуақ сыйлай кетер ме екенбіз? Лапылдаған мәңгі алаудан айнымай, Кім біліпті, өшпес күйге жетерміз? Кім біліпті, тірлік кештік бекер біз?
15.09.94 * Мен неге босай берем, Көңілім берік еді, Өзімді асау көрем, Жігерім – сенім еді. Кей күні тылсым жанмын, Табиғат секілденген, Жанарға мұң шылармын, Желдейін екіленбей. Мың риза Жаратқанға, Үні едім пайғамбардың, Әр күні таң атқанда Көңілді жайлағанмын. Тәңірім берді бәрін Бақытын, базарын да. Жырла деп енді Ғалым, Тұр күтіп Қазағым да.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Бойымда – сағынышым, Жетелеп ойлар алыс, Сапарда – бақыт құсым, Сарғайдым, күн демалыс.
11.02.95 * Тәтті өмірдің бесігі тербетеді жанымды, Айдынында қалқимын сындырмастан сағымды. Тереңіне теңіздің ой бойлатып тұрғанда, Тоқтата алмай барамын жүректегі ағынды. Ағын жырым жаңбырдай құя берсе демекпін, Адам болып жер бассам мен халқыма керекпін. Қазынамды іштегі шығарайын жұртыма, Мынау заман бойыма шабыт құйды ерек тым! Шалқар шабыт бойымды алай-дүлей кернесе, Шашайын жан жылуын адамдарға ендеше. Мынау дүрмек дүниенің дариясында жүзейін, Жан бағумен отырмай үйкүшік бір пендеше. Бола ма ер егерде сенімі нық болмаса, Дүниенің түйткілін терең барлап шолмаса.
Ғалым ӘРІП Мен келемін ғарышкер кемесінде бейне бір, Жұлдызға да жетердей Бекет атам қолдаса! Кеудем көлкіп барады арнасынан асардай, Бұл өмірді сүрелік жуас емес, асаудай. Мимырт тірлік жараспас болам деген жігітке, Арғымақтар жүйткісін арындарын баса алмай!
17.05.95 * Сеземін дүние-арман, дүние-жалған, Қара жер бауырына кімді алмаған. Кешегі жүрген жандар жаныңда емес, Жоқ болар әмір келсе бір Алладан. Тірліктің ұқпаймыз-ау кейде мәнін, Зымырап өтетінін бұ жалғанның. Адамдар өтсе өмірден ойланамын, Сезініп сұм тағдырдың зіл салмағын. Аяулы талай арыс аттанды алыс, Көп адам көз жұмуда маған таныс. Қарасаң заулап жатқан өмір-өзен, Секілді өтер-кетер адам да – ағыс...
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Тұрамын да төсегімнен күнде ерте, Тағдырыма тағзым етем мың мәрте. Тәңірінің тартқан сыйы сен едің, Бақыттымыз бірге ғұмыр сүргенге. Әр таң сайын арай шашып нұрланар, Жалын жүрек толқын атып жырлатар. Сен барында теңіздейін тасынып, Сүйген жарың ақтарыла тіл қатар. Қанат бітіп сенің тұнық кейпіңнен, Әр күн сайын қуаттанып, серпілем. Махаббаттың әулиесі секілдіО, періштем, мәңгі айнымас сертінен! Қай-қашанда саған құрақ ұшамын, Көрмей қалсам, билер бойды құса-мұң. Сенсіз маған жарық күннің мәні не, Күннен де ыстық сенің отты құшағың!
17.05.95 * Сен қарайсың күліп маған, Жүзің бал-бұл жайнайды. Жан-дүниең тұнық ғалам, Жүрегімді баурайды. Іңкәрлік бұл кімдегі артқан, Мен бе, сен бе тым ғашық? Өліп-өшіп шын ұнатқан Жалғыз қалса мұң басып? Екеуміз де делқұлыдай Махаббаттың Мәжнүні? Асау Каспий толқынындай Аласұрған әр күні.
Ғалым ӘРІП Келші, қалқам, келші бермен, Дүрсілдесін от жүрек. Бақ-құсымсың мен тілеген, Ет-бауырым елжіреп. Өмір – қысқа, өтер заулап, Қаналық біз балына. Сүйген жардың көңілін аулап, Кіршік салмай жанына. Сонда Күн де нұр-шұғыла, Төге берер аямай. Өткен қандай ғұмырыңда Асылыңды аялай.
26.05.95 * Сынық кездеріңді көрмейін, Тұнық көздеріңнен өбейін. Қала көрмегейсің мұңланып, Жана бергейсің нұрланып. Бала қалпыңнан еш айныма, Дара қалпыңнан еш айныма. Лаулап жүрегіңде от-жалын, Жайнап жүре берші, жаным.
26.05.95 * Көңілімнің хошы болмай тұрғаны-ай, Беу, ақыным, тасырлығың бұл қалай? Жүресің сен жынды мінез танытып, Қолыңдағы бақыт құсын жұлмалай.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өміріңнің сол емес пе мәнісі, Жүрекке ыстық махаббаттың дауысы, Кірпігіне кірбің іліп не еткенің, Онсыз да өтіп барады өмір – ағысы. Сыйластықпен өлшенбей ме аз ғұмыр, Жарың қандай секілденген жазғы нұр. Еңірейсің енді іштей сен өзің, Жараланып жабырқайды нәзік гүл. Кетіп кейде қаласың-ау тым еркін, Үнсіз жүрсең, қара бұлттай түнердің. Сенің жұмбақ әлеміңді кім ұғар, Неге суық, неге қатты жүрегің?!
29.05.95 * Түндер, түндер, Сыршыл, жұмбақ әлемім, Қайда, қайда Мұңлы менің өлеңім? Ұйқыменен барады ағып жылдарым, Жыр нөсерін қашан енді төгемін? Соны ойласам, кейде көңілім болар пәс, Муза-түндер – періштем бе оралмас? Бұл күндері маубас болып кеттім бе, Сел сезімнің шарпуына оранбас. Бұл өмірден бақ тапты ма бұ Ғалым, Жүрек қайда жалын атқан сұрапыл? Бала күнгі жоғалды ма ізгі арман, Болсам дейтін дара туған ұлы ақын?!
Ғалым ӘРІП Өмір, өмір, алғаның ба жетекке, Сол өмірге икемделу керек пе? Өмірімдей сүйген едім өзіңді, Өлең, маған артасың-ау сен өкпе?
2.06.95 * Көңілімнің кептері қайда самғап барасың, Шағаладай көктегі неге қиқу саласың? Жаз айында жаным бір маза таппай толғана, Қиял, шіркін, қалықтап құсша қанат қағасың. Тұла бойды ой билеп муза-мұңнан арылмай, Қызу қаным өртеніп, лапылдаймын жалындай. Талай күндер зуылдап дүрмекпенен өткен бе, Тағы да жаз келіпті неткен жүйрік апырмай. Өткен күндер қалады елес болып сағымдай, Жаның барда кеудеңде аларсың ба дамылдай? Сәйгүлікке мініп ап құйғытқым-ақ келеді, Кең даланы сүйемін қаным менен жанымдай. Жүрем қанша, бауырым, құрсауында қаланың,
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Туған жерден нәр алған арманы асқақ баламын. Жаз айында жадырап жүрудің мен орнына, Сағынышты сезіммен мұңға оранып барамын. Ауылды да аңсаймын жұпарына ынтығып, Бауыр десе жүрегім өрекпиді жұлқынып. Қалай көңіл аумасын Алматыдай шаһарға, Аңыз қала – астана, айтатындай жыр қылып. Пай-пай, шіркін, жаз шыға кетсең кезіп әлемді, Тамаша ғой тамаша шарласаң ғой бар елді. Саяхаттап, сайрандап, сапар шегіп жүрсеңіз, Бұғау салып ірікпей көңіл, шіркін, дөненді. Жаз күніндей жарқырап, сонда өмірің гүлденер, Сылдыр қағып ақбұлақ, бар тіршілік түрленер. Жаз айында шабыттың пырағына мініп ап, Жан-дүниең сайраса, жүрекке өлең-жыр келер. Ай-хой, жаздың күнін-ай тұла бойды тұр өртеп, Күн шыққанда нұрлана кімнің өңі түнермек?
Ғалым ӘРІП Жарық жүзбен жәмиғат, жолықсақ біз жымиып, Табиғатпен жарасып, Адам жаны түлемек.
7.06.95 * Сыймаймын кейде жердің бетіне мен, Көңілді көкке ұшырар өмір-өлең. Бір ауыз жылы сөзге жаным ұйып, Әуен-саз тыңдай қалсам тебіренем. Шалқыған шат күйімде дара-дүрмін, Іс қылғым келмес тегі қарадүрсін. Әлдекім намысымды қайраса егер, Үрейін ұшырардай баһадүрмін. Дүниеге іңкәр болып күн кешемін, Жақсымен жаным жасап тілдесемін. Еримін адамдардың мейіріміне, Достарсыз жалғыз қалсам мұң кешемін. Мен өзім мазасыздау жан ба екенмін, Жайнаған нұрлы әлемге таң ба екенмін? Бұйырған жалғыз рет тіршілікті Қолымнан келгенінше мәнді етермін. Марғасқа ғұмыр кешіп кейіппенен, Мен талай табылармын биіктерден. Мәңгілік менің жаным болар бірге Жаратқан туған жерім, сүйікті елмен!
22.06.95 * Қарап маған кейіппенен өкпелі, Қызғанасың алабөтен көп мені.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Сенсің, жаным, сәуле шашар жаныма, Жалғыз ғана жарық жұлдыз көктегі. Қызғанасың жүрек сыры-өлеңнен, Қызғанасың мынау жарық әлемнен, Мені бүкіл дүниеден қызғанып, Толғанасың, толғатасың тереңнен. Есепке алып минөтімді әр күнбе-күн, Ғажап дерсің қызғанумен жүргенің. Қызғандың сен көбелектен қырдағы, Қызғандың сен кең даланың гүлдерін. Есің қалмай сүйіп жаны-тәніңмен, Қызғанасың мені бәрі-бәрінен. Махаббаттың киесіне ұқсағанМәңгі-бақи тағдыр қосқан жарым ең. Сенің көңілің кіршіксіз ақ бұлақтай, Көзің сенің – оты өшпейтін шырақтай. Мені, жаным, елестерден қызғанып, Жүрсең етті құр бекерге кінә артпай. Сенен өзге керек дейсің маған кім, Аруымсың, асылымсың жаны алтын. Құшағыма алып мәңгі өзіңді, Махаббаттың уызына қанармын.
26.09.95 * Қоңыр күз. Бұлтқа оранған көгімде күн, Біртүрлі өмір сұрқай, көңіл жетім. Бойлайды өнбойымды қарасуық, Сезілер селкеу тартқан өңімде мұң.
Ғалым ӘРІП Тегінде мен боркемік пенде ме едім, Жанымды ұғар жанға кенде ме едім? Өмірдің айдынында талмай жүзіп, Желкенін кеудем-көкке керген едім. Жабығып, жан емеспін жасып қалар, Марғасқа жайсаң жігіт жасын болар. Жүрегім тау толқындай ұрғанымен, Кей күні күрсініс те басымда бар. Күз күні мазалайды ойымды орап, Қараймын қалтыраған қайыңды аяп... Жегі құрт секілденіп бойымды алған Кетер ме көңілдегі уайым тарап?..
6.10.95 * Күн артынан күн өтіп, Жыл артынан жыл өтіп, Уақыт-сынап сырғиды Жылдамдығын үдетіп. Кейде көңіл өседі, Көктем-самал еседі. Бәйшешектер бүр жарып, Қою бұлттар көшгеді. Бірде күліп таң нұры, Бірде құяр жаңбыры. Маңдайына жазыларӘр адамның тағдыры. Бақытыңыз – бағыңызАман болса жаныңыз, Тіршілікте бес күндік Сынбай жүрсін сағыңыз.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Пенделікке тұсалмай, Ғұмыр кешсек асаудай: Елдің мұңын арқалап, Азап шеккен Асандай! (Асан Қайғы)
11.04.96 * Лаулап тұрған отпын мен, Қызып тұрған шоқпын мен, Қызбалықтан арылып, Сөніп қалған жоқпын мен. Ойлы шағым бұл менің, Сабыр сақтап жүргенім. Көз алдымнан өткізем Кең дүниенің дүрмегін. Ағыстайды жылдарым, Алға тартып думанын. Арлы азамат ойлайды Келешегін, ұрпағын. Қияс кетер жөнім не, Нұрлы шуақ – өңімде. Ұялайды жылылық Қатты мінез, көңілге. Арғы иінім бос мүлдем, Ағыл-тегіл тасқын ем, Намысына қайралған Өжет туған жас күннен. Енді өзімді тұсаймын, Жуас жанға ұқсаймын. Самғап,самғап, дем басқан Бейне қыран құстаймын.
Ғалым ӘРІП Көз тігемін тауларға, Көз тігемін заңғарға. Өзімді өзім баптайынЖетпек үшін арманға!
26.04.96 * Мен бұрын мұң кешуші ем өлеңді ойлап, Толғанам өмірге енді терең бойлап. Өртенген өн бойымның дауылы өшпей, Толысып, толқын атар кемел-қайрат. Мен мәңгі тумасам да жырдан бөлек, Екпінмен өткізсем де жылдарды ерек, Өмірдің асау-ағыс айдынында Өзгеше шабыт-күймен тулар жүрек. Мен мүлде тайыз да емен сарқылардай, Жүре алман күркіремей, арқырамай. Өмірді өлеңменен өлшесем де, Санамда сан-сан сауал жаңғырардай. Ойлаймын ауылдағы анам жайлы, Ойлаймын қос құлыным – балам жайлы. Қазаққа тағы да ұл керек десем, Жарыма қарап көңлім алаңдайды. Демеймін таққа асығам, баққа асығам, Тәңірім ғұмыр жазып, сақтасын жан. Елімнің қадесіне жаратамын, Тірлікті басталатын отбасынан.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Жүректен өлең, шіркін, сорғалап тұр, Жүрмейін бұл өмірде қорғалап құр. Жан-жақтан жиналмай ма дүйім жұртым, Ақынның жыр оқуын қолқалап бір. Шомылып сел сезімнің бұлағына, Жанымнан небір кәусар сыр ағыла, Мініп ап қиялды алыс серметейін Шабыттың шарықтаған пырағына. Ішкі әлем ақ жауынын құйып берсін, Тәңірім өнбойымды иіткесін, Жауайын нөсер болып толас таппай, Халқыма болып мен де сүйікті есім. Ер едім еркін өскен маң Даладан, Көзіме оттай ыстық барша ғалам, Жыр сүйер тағзым еттім басымды иіп, Зерделі әлеуметке қаумалаған. Халқымның көзі ашылса, жанып бағы, Атқаны арайлаған бақыт таңы. Гүлденген Қазақстан – мендік арман, Осынау дүбірлеген Уақыттағы! Мен де бір қалықтасам жыл құсы боп, Қаланар қажетінде кірпіші боп, Өзімнің өміріме өкінбеймінКүн кешсем туған елдің жыршысы боп!
10.05.96 * Жүзіңе ұлы сенім ұялаған, Мен үшін өмірде сен киелі адам.
Ғалым ӘРІП Осынау жаралғанда дүниеге, Бір сен ең жүректегі қиял-арман. Тағдырдың тоғыстырып жол торабы, Тәңірім бізге бақыт жолдағаны. Ғұмырда дегеніне жетсін деуменӘулие-әмбиелер қолдағаны. Тасиды көңіл, шіркін, толғанады, Жан сарай ашылады, ән салады. Тірліктің бар тәттісін татсам дейтін Алтындай ардақ тұтып қолда барды. Жолдаған тарту етіп бағыма Алла, Малынған падишамсың жаны нұрға. Ай жүзің ақша бұлттан аумай қалған, Аунаған ашық аспан бауырында. Кіршіксіз жаныңа қас жалған-әлем., Күн кешіп ізгі үмітпен алға деген, Шынайы махаббатты асқақ тұтып, Ағады сезім мөлдір арнаменен. Бар менің көріп мұны шалқыр жайым, Шуақ-нұр шаша бердің әр күн сайын. Сен мені өртедің ғой, өртедің ғой, Өшпейтін шырақтай боп жарқылдаймын. Қосылып екеуміздің алауымыз, Жақұтқа толтырармыз жанарды біз. Жайылып жанұяның жапырағы, Отбасы – болар берік қамалымыз. Сен, жаным, көзіңе еш кірбің ілме, Бір күн де жүзің сынық мұңлы жүрме. Өзіңе табынумен өтермін менОсынау таңғажайып тірлігімде!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... * Сені маған Тәңір өзі жіберген: Осы арудың болшы деумен серігі, Қосағыңның болшы деумен сенімі, Жеті құрлық жердің шарын кезсең де, Жолықпайды одан асқан керімі, Ғажап деумен жаратылыс елігі! Алғаш рет көргенімде гүл-өңмен: Жанарыңнан жақұт-сәуле шашылып, Сөйлеп едің ақ бұлақтай ашылып... Мендік жүрек жанартаудай бұлқынып, Жалын сезім оянды да ғашықтық, Сөйлеп едім толқын сынды тасынып. Ұлы Аллам аппақ тілеу тілеумен: Төгіп өтті жанымызға ақ нұрын, Аямады ақ нөсерлі жаңбырын. Бал құрақтай балауса шақ кезінде Ұйығанбыз махаббатқа бал-шырын, Жырақтасақ, көзге ұялап тамшы-мұң. Егіздейін бір ананы тем емген: Жалғыз жүріп бұл ғұмырды сүрместей, Жүзі жайнап, ойнап-тағы күлместей, Жан-тәніміз жаралған бір жандармыз, Түсінісіп тұратұғын тілдеспей. Шағым болса менің кейде түнерген, Сенің отты жүрегіңнің күні өртер. Білем, жаным, жетті көзім, білем мен, Сені маған Тәңір өзі жіберген. Құлым болшы десең болам құлың мен, Тәнті етесің баладай пәк түріңмен,
Ғалым ӘРІП Ерітесің, елжіретіп үніңмен, Сені, жаным, тең санаймын Тәңірім тарту еткен мынау ұлы ғұмырмен!
12.05.96 * Мен бір риза пендемін өмірге шын, Көк теңіздей көлкиді көңіл керім. Көрмей қалсам бір сәтке – көзімде мұң, Бақытым сол – жалт етіп көрінгенің. Жүрек – жалын, денем-өрт, сезім-шекер, Жан-тәніммен жайым бар өзіңді өбер. Жаймасаң да кейде сен құшағыңды, Менің үшін бір ауыз сөзің жетер. Елестетіп алтын нұр дала таңын, Құс сайраған көктемнің лала бағын, Жәудіреген жанарың тұнық қалпы Есімді алар елжірей қарағаның. Айдын-көлдің киелі аққуысың ба, Махаббаттың шырқауы – шыңысың ба? Мынау Жарық Ғаламды Жалғыз Өзің Тұрғандайсың ұстап бір уысыңда. Ғаламатқа осынау тәнті болам, Шағым бар ма шаттанып, шалқымаған? Шолпан жұлдыз секілді шамшырағым, Құдай қосқан қосағым мәңгі маған. Текті туған ұл едім тентек мүлдем, Табындыра қоясың ерке тілмен.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Тұлабойды тұзақтап алардайсың, Тап-таза, пәк, табиғи келбетіңмен. Бар бақытын тапсын деп жер бетінен, Ұшқан кие-құссың ба көл бетінен? Жаманатқа ілініп қалмасын деп, Пірімсің бе, жоқ, әлде, тербеп жүрген?!
2.05.96 * Айдындай асыр-тұсыр тасырлаған, Мелшиген жартасқа да бас ұрмаған: Апшыған толқын мінез танытқанда, Алапат жарқыл қағар жасын болам! Мұндайда шартылдаған күйге енермін, Талайды тартысқанда түйрегенмін. Жалтақтық, жағымпаздық жаныма қас, Жанып бір туған жанды сүйген ермін. Маған дос бұл өмірде марғасқалар, Керексе жарқ-жұрқ еткен алмас болар. Мен өзім жақсыларға жарасамын, Жігітпін жағам жайлау, жолдас құмар. Анамнан ақ көңіл боп туылғанмын, Пасық пен ішмерезге жуымадым. Алаяқ, екіжүзді пенделерді Көргенде бойым мұздап, суынамын. Қысастық жасар болса кей-кім маған, Шыдатпас дауылыма жойқын болам. Ешкімнің бопсасына көне алмайдыӨзіне сеніп туған айбынды адам. Керегі азаматқа ар дер едім, Намыс пен мәрттікке де мән беремін.
Ғалым ӘРІП Абырой, кісіліктің жолында мен – Байлық пен бақ дегенді тәрк етермін. Жалғанға жалғыз рет жаралғанда, Қарсымын қасиеттен тоналғанға. Төзбеймін бақа-шаян тіршілікке, От ойнап асау жүрек, асау қанда!
15.05.96 * Жүрегімнен жатыр менің қан ағып, Жүрегімнен жатыр менің қан ағып, Жүрегімнен жатыр менің қан ағып, Алпыс екі тамырыма таралып. Қуат алып өнбойыма сол қаннан, Қызба жаным теңіздейін долданған. Жон арқама әруақты қонғызып, Кезім қанша қыран құсап қомданған. Асау қаным, алабөтен ағысым, Арым да сол, от-жалыным, намысым. Жүрем дәйім жанған алау ішінде, Өр өзеннің күркіріндей дауысым. Қозса қаным кейде өзімді билемен, Өзге әлемде жүргендейін күйге енем. Қарсы келген неше жойқын дауылды Бір алапат жанартау боп күйретем. Кей күндері тәтті өмірді тербетем, Білем, білем, бұл ғұмырдан ерке өтем. Ыстық қаным ағыл-тегіл тасиды, Өлең болып өзегімді өртеген.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жүрегімнен жатыр менің қан ағып, Жан-дүнием қан-жүректен нәр алып. Жансыз болып, қансыз болып жүрмейін Жарық күнге жалғыз рет жаралып. Жүрегімнен жатыр менің қан ағып...
9.06.96 * Ой-санамды сан дерттен сауықтырдым, Соңғы кезде келмейді сауық құрғым. Салтанатқа, сапарға құмарым жоқ, Селкілдеген жүрісті қауіп қылдым. Еркімді де тежедім еркіндеген, Жүрегімнің желпимін өртін де мен, Жастығымның жалынын жалғастырар Балаларым өсіпті желкілдеген. Ауылдағы ойлаймын қарттарымды, Үйімдегі ойлаймын аппағымды, Күлімсірей отырып еске аламын Бұл-бұл ұшқан көзімнен шақтарымды. Шарапқа да шалдырмас қуаттамын, Шапағатын шашады шуақ таңым. Шабыт, шіркін, шалқытып барады алып, Бір өзгеріс болатын уақтамын... Жанарымның от шашып жарқылдары, Жоғалтпаспын жалынды қалпымды әлі. Байқалса егер ақынның салқын қаны, Боп жүрмей ме сезімнің сарқылғаны?
Ғалым ӘРІП * Көңілім бүгін бұзылды, Көзімде көл-мұң жүзулі. Ауырып қалмаса екен деп, Ойлаймын құйттай қызымды. Қолдаса деймін Тәңірім, Сақтаса деймін бауырын. Құр бекер болып шықса деп, Тілеймін ішкі қауібім. Аяимын балапанымды, Бауыр ет, жарты жанымды. Ол үшін салып барымды, Қияр ем қасық қанымды. Ол үшін өзім ауырып, Ол кетсе деймін сауығып. Несі бар деймін біздерге Тағдырдың тұрар жауығып. Қызымды, Тәңірім, ауыртпа, Демімді менің тарылтпа. Балайтын өзім жақұтқа, Қызымды жеткіз бақытқа. Осылай ойға шомамын, Көзімде мұң бар – көл-ағын. Батады жанға, батады Сырқаты бауыр-баланың...
4.12.96 * Тасымайтын, таспайтын, Шек-шептерден аспайтын, Тыныш ағар өзендей – Тылсым ғұмыр бастаймын.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Теңіз болып ақырман, Шабытымды шақырман. Ойлы ғұмыр бастаймын Суғарылған ақылдан. Сезім селін іркемін, Ақ жауын боп бүркемін. Сабыр сақтап қызынбай Ғұмыр кешем бір керім. Өзімді-өзім ұға алман, Шыға алам ба құмардан? Көзім қашан ашыларМұң секілді мұнардан?
5.12.96 * Мынау пақыр тіршілік, Өр көңілді пәс етер. Тіршілікпен тұншығып, Қайран ғұмыр бос өтер. Басылады екпінің, Торға түскен қырандай. Елей алмай ел мұңын, Жүрсең мойын бұра алмай. Іштен жалын тұтанып, Жүрек дүрсіл қағады. Өнбойыңнан күш алып, Қаның тасып ағады. Сезіп оның ағысын, Дауыл жаның тыншыр ма, Өршіп Өлең-Дауысың, Жетелейді жыр-шыңға!
Ғалым ӘРІП * Жардан артық жан бар ма, Жағаң жайлау жар барда. Жалғыз ғұмыр жартыкеш, Жарың болмай сән бар ма? Жар дегенің – жәннатың, Зәмзәмыңдай қанатын. Жарты әлемді шарлардай Шалқар шабыт – қанатың. Жарың болса жаныңда, Жігер болса қаныңда, Жарқыл қағып жүрерсің Жанартаудай жалында. Жан да бақпай кей-кімдей, Жаңғақтайын жөңкілмей, Жарың сүйіп дәурен кеш, Жұлдыз-дүние көркіндей.
22.05.97 * Жан сырын жардың асыл түйсінбеген, Ойлаған өз жайымды мисыз ба екем? Құшақтап көйлегіңді сүйе бердім, Сағынып қалыппын ғой исіңді мен. Боздадым ай жүзіңді бір түн көрмей, Ойласам, жанарға жас іркілгендей. Жүрсең де жер бетінде, қасымда жоқ, Жүрегім тілгіленіп, күрсінгендей. Күйзелдім, күңірендім, қапаландым, Емес ем жауың сенің, жат адамың.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Елжіреп енді өзіңді еске аламын, Жалт етіп көрінші бір, атар таңым...
27.05.97 * Сенің маған құқың бар... не істеуге де, Бас иеді бір саған тасқын кеуде. Білем, білем, мені сен қорғаштайсың, Жалғыз сөзге қимайсың ешкімге де. Демесек тек бір ана емізбеген, Жан-жүректер әуелден егіз бе екен? Жаным байыз таппайды бір сәт көрмей, Сендік әлем өрекпіп мені іздеген. Көзден тайсам, көңілің қаяу тартып, Бұртиясың баладай кінә артып. Мынау бес күн зырлаған тіршілікте Кім бар дейсің өзіңнен аяулы, артық? Бар иінім босанар сен дегенде, Сөз таппаймын теңеулі теңгерерге. Қойған атым мәңгілік – пәк әулие, Ұқсатпаймын пәс сезім пенделерге. Сенің маған құқың бар... көпсінбеймін, Бас айналып кеткенше өпші, мейлің... Тәңіріден кейінгі Құдайым сен, Не істейсің, өзің біл... шексіз деймін...
Ғалым ӘРІП * Сенсіз: ӨмірСәнсіз, Әрсіз, Мәнсіз, Жүрем Нәрсіз, Қансыз, Сөлсіз, Жансыз. Неткен азапТірлік жалғыз!
30.05.97 * Қорқамын кейде, қорқамын, Қорқу да іс-ау керек-ті. Туғанда күндер арта мұң, Жұлқи бір шымшып жүректі. Тыныс та қалар тарылып, Түсемін сабыр, сабама. Өмірді ойлап, қамығып, Қарай да берем балама. Жүргенде пенде-қылықпен, Зулайды Уақыт дүрмегі. Алдағы күнге үмітпен, Жылжимыз жәйлап ілгері. Қуаныш мұңмен алмасып, Әмірін Тәңір тыңдатқан. Күндерге күндер жалғасып, Жаңылмас өздік ырғақтан.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Тірлікке адам қанар ма, Өшер ме жарқыл жанарда? Кім білсін, жүрек бір күні Өшкендей өкпе талар ма, Кілт етіп тоқтап қалар ма?..
30.05.97 * Жастық шақ, жаси көрме жалын қайтып, Жігерден көріп пе еді Ғалым тайқып? Жазамын жыр-өлеңді жүрегімнен Сойылған малдың жаңа қанындай ғып. Өрт-дауыл – ақын жанның дерті болар, Өмірде алға қойған серті болар. Ақындар – алаңдаушы жер-жаһанға, Ақындар ұлы өмірдің көркі болар. Жайқалған мың-сан бояу жыр-бақтағы, Ақ ниет ақын жанның қымбат бәрі. Соғады жүректері бір әуенмен, Секілді бір атаның ұрпақтары. Олардан мен өзімді бөле алмаспын, О, дүние, өлеңге мен өле маспын. Қайралмай жүрем қалай ортасында, Өңшең бір жарқылдаған ақ алмастың. Жастық шақ, жаси көрме жалын қайтып, Өмірде көріп пе еді Ғалым тайқып? Поэзия, мен сендік сезімімдіСақтармын аппақ адал арымдай ғып!
Ғалым ӘРІП * Мен қашаннан жақсылыққа жаршымын, Мен қашаннан қаралыққа қарсымын. Келемін мен аласартпай өмірде Алға қойған асқақ арман – ар шыңын. Ойлар пенде емеспін мен өз қамын, Туған елмен бірге жаным, маздадым. Отан үшін от кешуге даярмын, Адал мәңгі ақ ниетім, ожданым. Көк аспанның кең пейілі сиятын, Қыранындай болсам деймін қияның. Адамзатты сүйемін мен, сүйемін, Жауласуға жібермейді ұятым. Жат болмайды маған жақын, алысың, Бауыр сынды сыйлас тамыр-танысым. Тіршілікте ең керегі – кісілік, Адамшылық, абырой мен намысым. Қай кезде де өзіме үстем әмірім, Тартар сыйдан тарылмады Тәңірім. Бес күн тірлік болсын деймін баянды, Алтын бастың жете ұғынып қадірін!
6.02.98 * Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан – өлең-төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі ғұмыр кешеді. Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар жөңкіле, Көшкен бір зулап қап-қара бұлттар дерті не?
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Көшеді алыс, асықты қайда, білмеймін, Көшеді бұлттар, қоймастай Тәңір еркіне... Көшеді бұлттар жұлдыздар сынды үзілген, Көшеді бұлттар сағым боп елес түзілген. Көшеді, әне, аттанып суыт бейуақта, Келте бір ғұмыр танытып кейпін жүзінен. Көшеді бұлттар, ызыңдап жел де еседі, Көшеді бұлттар, қайтқан бір жандай меселі. Аңғартып мынау жанталас тірлік жалғанын, Қашқандай болып қоп-қою бұлттар көшеді...
25.03.98 * Саған менің жоқ өкпе, ренішім, Езілетін жансың ғой жүрегі шын. Жаралдық қой екеуміз жарық күнге Осы үйді үй қылып, тіреу үшін. Саған менің жоқ мүлде қояр кінәм, Мен емеспін сенен түк аяр адам. Қазақтың бір ерке өскен болсам ұлы, Сен біреудің қызысың аялаған. Жан-тәніңді тұрасың жайып маған, Ешқашанда өзіңді айыптаман. Кей күндері кетсем де қызбаланып, Кей күндері ойланып, байыптанам. Саған менің жоқ ешбір талабым да, Өмір сүріп келеміз өр ағында. Аяқ, шіркін, кейде бір кетсе тайып, Алжастырар кей-кейде арағың да.
Ғалым ӘРІП Саған менің жоқ екен наз-налам да, Тілге тиек етердей аздаған да. Тереңінен түртпектеп терер болсақ, Бұ кемшілік, мін деген аз ба адамда? Соның бәрін не жетсін қазбағанға, Жалын болып сөнбейтін маздағанға. Жан-әлемді жыр-әлем қозғағанда, Жүрек, шіркін, ботадай боздағанда...
11.07.98 * Айналып уақыт келер ме, Артымда қалды бір өткел. Ақ адал қалпы өлеңге Арнады төгіп жүрек тер. Білемін, достым, білемін, Белеске жеттім асулы, Ала алар ма екен жүрегім, Алдағы жаңа ғасырды? Тентектеу болды-ау бұл жүрек, Тұрса да өзі елжіреп. Қалар ма сенен мәңгі леп, Жастықтың туы желбіреп, О, жан жүрек, жан жүрек?!
5.10.98 * Бесіктен алып терең тынысымды, Алланың жанарыма нұры сіңді. Сиынып аруақты бабаларға, Жазамын құрысым мен тырысымды.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Бабалар – асқақ рух, мұратымдай, Киелер қолдап дәйім тұратындай. Жалын-от жанарымда жарқылдағанӘулиелі әлемнің пырағындай. Жүрекке ұялатып сезім-селін, Өзімді Баба-ұрпағы сезінемін. Көк Тәңір –Жұлдыздардың ғаламынанШашады нұр-шапағын көзіме Күн. Емес бұл сағым сынды елес мүлде, Білмеймін, табиғатпен тел өстім бе, Лапылдап жанарымда жанған оттыЛаулаған жұлдыз-ғұмыр демеспін бе! Жалау ғып алауды өмір сынағында, Күш құям кеудемдегі жыр-ағынға. Жауады жан-әлемнің жақұт-сыры, Жұлдыздай жарқылдаған шырағымда!
13.07.98 * Көкейге қай кезде де дық ілмеген, Жүретін жайыңды ішкі ұғып терең: Ақпейіл көргеніңде көршілерді Тәңірге тартуы үшін жүгін дер ем. Жақсымен жақын болсаң – жасағаның, Әрдайым ізгі ниет дос адамың. Сыйласқан сырбазбенен қоңсы қонсаң, Сыйы ғой бұл-дағы бір Жасағанның. Етене туысқанның талайынан, Таяулау алыстағы ағайыннан, Қызық пен қиындықты қатар кешіп, Жылы леп тұрар есіп самайынан.
Ғалым ӘРІП Көрдім мен дәл осындай көрші керім, Әрқайсы керген бөлек еншілерін. Әрбірі әр әулеттің бір серкесі, Көрші елдің елестеткен елшілерін. Ләйім жарасса деп ынтымағы, Кімнің де пенде көңлі бұлқынады. Еркелеп ортасында жүрем мен де, Жанымның маржан төгіп жыр бұлағы. Мен үшін бұ көршінің бәрі жақсы, Ерлердің мәрт мінезді бары жақсы. Керемет арулардың көргендісі, Жігіттің жайсаң туған нары жақсы. Соларға сүйенесің, мақтанасың, Жуыспай жүрсең егер жат боларсың. Аралас-құраласпен кешсең ғұмыр, Тірлікте шаттанасың, бақ табасың. Оралып тіл ұшына нелер есім, Шабыттың толтырардай кенересін. Көршінің мәңгі дос боп қалғаны көп, Оларсыз сездім өмір мәнді емесін. Көршінің бауыр болып қалғаны көп, Шын бауыр бола білсең арманың жоқ. Жарасқан тату-тәтті тірлік қандай, Адамдар бір-бірінің ардағы боп!
- * Сағынып жеттім сендерге, Сел-сезім тұнып кеудемде, Сарғая көзді тастаймын Сағымы жүзген белдерге.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Оралып жастық әлемі, Тербейді сазды әуені. Көз алдыма көлбеңдеп, Жүздерің жарқын келеді. Бәрі де ыстық көңілге, Шуағын нұрлы төгуде. Бірге оқуға жаралдық Келгенде ұлы өмірге. Қызық та күндер өтті ғой, Қилы да күндер өтті ғой. Арманға толы албырт шақ Босардай көңіл тәтті ғой. Ауылдан алыс аттанып, Арғымақтарды баптадық. Бірге оқыған достарды Аңыз ғып айттық мақтанып. Дөңгелеп дүние ұршығы, Ағыстап жылдар сыңсыды. Көңілде қайта оянды Көктемнің жасыл бүршігі. Жанымыз жайнап, жасарып, Сәніміз сондай жарасып, Тізбегін сөздің ағыттық, Бір-бірімізбен таласып. Жүректің құсы шарықтап, Барамыз алыс қалықтап. Болайық аман, бауырлар, Тірлікте мынау тауып бақ. Болайық бауыр біз деген, Бір-бірімізді іздеген.
Ғалым ӘРІП Жолығып тұрсақ бірауық Сағыныш толы жүзбенен. Тағдырдан тарту толайым – Болдық біз бүгін көзайым. Сағынып жеттім сендерге, Сағынып маусым – жаз айын.
мамыр, 2002 * Бірте-бірте басылып көңіл-арын, Өр ағысын тежей ме өмір-ағын? Бір-бірімен санамда шарпысады, Бір-біріне ұқсамас екі Ғалым. Бірі жойқын, бірі тым байсалдырақ, Теңіздейін тереңнен ой салдырар. Мейірімге ұйытса жан-дүнием, Сыртқы әлемім дүлейді тайсалдырар. Өзді-өзіммен алысып, күресемін, Дей алмаймын күні-түн жыр есемін, Іріккендей жастықтың сел сезімін, Ойлылықтың көшіне ілесемін. Тірлік кешіп парасат, парықпенен, Сүрлеуімді өзіндік салып келем. Тура жолдан таймадым тіршілікте, Тағдыр-талай үйлесіп халықпенен. Жүрегімнен құйылса шабытты өлең, Жұлдыздайын қиядан ағып келем. Елім менен жерімнің ертеңі үшін Жанартау боп атылып, жанып кетем.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Салсын мейлі құрығын сабыр қанша, Тіл дегенде төзбеймін, жаным парша... Қазақ үшін қасқайып тұра алар ем, Бас имейтін баяғы батырларша! Па, шіркін-ай, не деген айбатты олар, Кірпік ілмей ел жайын ойлап тұрар. Өттік біз де өмірдің елегінен, Бойда қуат – ел үшін қайрат қылар. Күндер өтіп желетін ақ тайлақтай, Кез де жетті мәрт мүсін, от қайрақтай. Елу – досым, еңсені түсірмелік, Намыс туын нық ұстап Көкбайрақтай!
- * Толғанған толағайдай жүрегімен, Төліңмін, жаныма жақ халық дәйім. Жеті атам теңізшілер түгелімен, Айдынды төстей жүзген балықтайын. Маңғыстау – маңғаз ұя, кие-төрім, Маңдайға біткен баян-бағым дермін. Аруақты бабалар – сүйенерім, Шабытына дем берген жалынды ердің. Оянар бозторғайдың шырылымен, Бел балаң сұңқар сынды талап-шыңда. Ғасырдың жартысымен ғұмыры тең, Тәңір аян бергендей қанатты ұлға. Шырқаудан жыр нөпірі құйылғанда, Шылбырды беу, ақыным, тарта берме. Поэзия Піріне сиынғанда, Қамшы бас қасиетті мәрт өнерге!
Ғалым ӘРІП Елуге толған шақта есім жиып, Еліммен сырласайын ебіл-себіл... Адамзаттың алдында басымды иіп, Себейін көңілге –жыр, өмірге – нұр!..
- * Өмір неден тұрады, өмір неден, Қол апартпас жалына өмір-дөнен? Өмір-өлең өлшенер ең әуелі – Ақтарылған ақжарқын көңілменен. Жартасты ұрып күні-түн сабалаған, Асау толқын, мінезің жағады әман. Өмір деген осы ғой, жас күніңде – Көңіліне ешкімнің қарамаған. Өмір ақыр түйінін түйгізеді, Сүйгізеді, күйінтіп, күйгізеді. Бүгін саған бақыт-таң арайласа, Басқа бәле кей күні үйгізеді. Өмір – осы: сомдалған сан асудан, Тұрады ол адасу, санасудан. Өмір кейде тұрса да таласуден, Өмір мәні құралар жарасудан! Алыспен де сыйласып, жақынменен, Күн кешелік, бауырым, ақылменен. Әрбір істі тындырып сабырменен, Парасат-күй кешкенді мақұл көрем. Өмір неден тұрады білесіз бе, Өлшеулі-өмір, пайыммен сүресіз бе?
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Құлқын үшін күй кешпей, беу, азамат, Елдік ерен істерден үлес ізде!
- * «Лирикаң қалай, Ғалым? Лирикаң өшсе, сен де өшесің, өшкен, таусылған ақын боласың...» Ақынжанды асыл досым, марқұм Сағат Матекеевтің сөздерінен. Әуелден асық едім арман-мұңға, Білмеймін, күйбең-күнге алдандым ба, Білмеймін, тоқшылықты малдандым ба, Білмеймін, мұңсыз болып қалғанмын ба?! Осы екен жанға батар дертім менің, Қайда екен өзек жарар өртім менің? Өлгенше өзіңменен біргемін деп, Қайда екен жырға берген сертім менің?! Өрлігім қайда менің өрекпіген, Өршумен өрге жүзер, өр екпінмен?! Мәз болып келгенім бе тегі, апырай, Талғажу еткеніме қоректі мен?! Бойдағы рух қайда, алау қайда, Маздаған мәңгі оттайын жанар қайда! Шыр етіп дүниеге келгенде адам, Дүр етіп күн кешуге жаралмай ма?! Өтер-ау күндікші өмір, пасық ғұмыр, Беу, көңіл, ел-жұртыңа басыңды бұр. Қайдасың жаны бірге қайран достар, Қайдасың қайран жастық, ғашық ғұмыр?! Қалғандай өмір жолы тұйықталып, Демеңдер ақын енді бұйықты анық.
Ғалым ӘРІП Өмірдің шоғын бірге үрлейікші, Бекерге күй кешпелік күйіп, налып. Зымырап өткен сайын уақыт-тізбек, Әр күні дәуренімен бақыт түзбек. Сағат дос болмаса да қасымызда, Теңізге баралықшы шабыт іздеп. Сапырып сусындар мен сырды бөлек, Мен-дағы толғайыншы жырды бөлек. Беу Музам, құдіреттім, Лирика, Сондайда қолтығымнан жүрші демеп...
- * Саған қарап әр таңымды атырдым, Саған қарап ай-жұлдызды батырдым. Саған қарап жүрегіне от тұнар, Саған қарап жаны жібір ақынның. Саған қарап билер мені дүлей күш, Саған қарап дауыл болып үдейміз. Саған қарап самал болып желпініп, Саған қарап ғұмыр кешем үрейсіз. Саған қарап теңіз болып тасамын, Саған қарап кемерімнен асамын. Саған қарап рух алып жаныма, Саған қарап жанардан нұр шашамын. Саған қарап бұлбұл құсша сайрадым, Саған қарап жігерімді қайрадым. Саған қарап шүкір етіп тағдырға, Саған қарап әр күнімді тойладым. Саған қарап тарқайды бар ашуым, Саған қарап толғатады ғашық-үн.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Саған қарап мынау жарық дүниенің, Саған қарап ұғынамын асылын. Саған қарап менің жаным ериді, Саған қарап төгем маңдай терімді. Саған қарап сүйіп мынау пәниді, Саған қарап сүйем туған жерімді. Саған қарап сүйем туған елімді. Саған қарап басамын мен қара жер, Саған қарап жүйрікпін мен қаракер. Саған қарап күш жиям да бойыма, Саған қарап атанамын дара ер. Саған қарап махаббатым маздаған, Саған қарап құшақ жаяр әз-ғалам. Саған қарап қыран болып қалықтап, Саған қарап шалқытады боз далам. Саған қарап бес күн тірлік баянды, Саған қарап бәрі маған аяулы. Саған қарап жүрегімде ізгілік, Саған қарап мейірімім оянды. Саған қарап алысқа ұшты сағым-мұң, Саған қарап қою бұлттан арылдым. Саған қарап күйзелісі азаяр, Саған қарап менің ақын жанымның. Саған қарап бола алмаймын қатал да, Саған қарап міне алмаймын қаһарға. Саған қарап бейбіт күнді тілеймін – Саған қарап мынау жалпақ жаһанға. Саған қарап кететіндей бақ орнап, Саған қарап ел ертеңін бағамдап, Саған қарап сен сияқты деймін мен Саған қарап ниет болса адамда ақ.
Ғалым ӘРІП Саған қарап күй кешпеймін беймаза, Саған қарап жаным жауһар, ой таза. Саған қарап тірлігіме шаттанып, Саған қарап жүрем бірге бой жаза. Саған қарап күй кешпеймін сенделе, Саған қарап әнге салам тербеле. Саған қарап деймін ару-ақ құсым, Саған қарап деймін, қане, еркеле. Саған қарап күн кешпеймін күйгелек, Саған қарап санам ақыл түйді ерек. Саған қарап кеңіп жаным сарайы, Саған қарап шалқар шабыт – күй бөлек. Саған қарап күн кешемін бір аңыз, Саған қарап деймін: «жаса, бұла қыз!» Саған қарап қаракөзі қазақтың – Саған қарап болса деймін күнәсіз! Саған қарап пасықтық жоқ бойында, Саған қарап жасықтық жоқ бойында, Саған қарап болса деймін арулар – Саған қарап ғашықтық бар бойында! Саған қарап бұ ғаламды болжадым, Саған қарап түсті қолға олжа мың. Саған қарап Әйел заты – ұлылық – Саған қарап сезгендеймін ол жағын. Саған қарап жанын қияр бала үшін, Саған қарап сездім Ана дара ісін. Саған қарап бой көтеріп тектілік, Саған қарап тікті туын Ар үшін! Саған қарап қорған болып кешірім, Саған қарап шайқалмады бесігім.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Саған қарап жырдан нөсер құйылып, Саған қарап елге мәлім есімім. Саған қарап бар тіршілік әуезді, Саған қарап барлық жанның жаны ізгі. Саған қарап ойлаймын мен балалар, Саған қарап өтесе деп парызды. Саған қарап құтты менің ошағым, Саған қарап жас баладай босадым. Саған қарап Өмір мәнін ұғынып, Саған қарап Өмір сүрдім, Қосағым! Саған қарап маңдайымда жанды бақ, Саған қарап алып-ұшты арғымақ. Саған қарап патшадаймын мен өзім, Саған қарап орнағандай алтын тақ. Саған қарап сылдыр қағып балбұлақ, Саған қарап өркен жайды тал-құрақ. Саған қарап ұл, қыздарым, келінім, Саған қарап немерем жүр балбырап. Саған қарап менде туыс, дос та көп, Саған қарап болдым пенде қас та жоқ. Саған қарап көңлімде жоқ кінәрат, Саған қарап ашық маған аспан-көк. Саған қарап мен жүрмеймін алаң боп, Саған қарап әр кезде де болам тоқ. Саған қарап мынау жарық дүниеде, Саған қарап менен күшті адам жоқ! Саған қарап күмбірлеймін күй сынды, Саған қарап, жаным, әркез сүйсіндім.
Ғалым ӘРІП Саған қарап Өмір парқын пайымдап, Саған қарап сұлулықты түйсіндім. Саған қарап жаз күніндей жайнадым, Саған қарап тылсым сырға бойладым. Саған қарап төсіндегі теңіздің – Саған қарап жұп аққуды ойладым. Саған қарап жалған демей жалғанды, Саған қарап мәңгі деймін арманды. Саған қарап мәңгі деймін махаббат, Саған қарап сүйем деймін жан жарды! Саған қарап деймін жүрші дін-аман, Саған қарап ұзақ ғұмыр сұрағам. Саған қарап өмірімнің өлшемі – Саған қарап басымды идім Ғұламам! Саған қарап мен ұқсаймын құлыңа, Саған қарап ұқсаймын делқұлыға. Саған қарап философқа ұқсаймын, Саған қарап ұқсаймын мен ұлыға. Саған қарап балқып жүйке, жаным да, Саған қарап жүгінемін сабырға. Саған қарап шаңырағым тіктеліп, Саған қарап берік уық, қабырға. Саған қарап сыйлап барлық адамды, Саған қарап сенен жаным нәр алды. Саған қарап самайымнан сипаған – Саған қарап еске аламын анамды. Саған қарап көкжиегім кеңіс тым, Саған қарап таттым балын жемістің. Саған қарап сынақтарда сүрінбей, Саған қарап таттым дәмін жеңістің!
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Саған қарап өрнек тауып өлеңім, Саған қарап – кәусәр ішкі әлемім. Саған қарап бар бақытқа бөленіп, Саған қарап, саған қарап келемін...
- * Нұрлан Оразалинге Үш томдық кітабыңыз қолға тиіп, Мен ауылға оралдым... олжаны үйіп... Әр парағы – ой-сезім... Жосыласыз, Секілденіп қырдағы жорға-киік... Жанды тербеп... самал боп есілесіз, Жаратылыс жұмбағын сезінесіз... Шалқар-әлем, шабыттың пырағымен Кең даланың төсінде көсілесіз... Шапқан сайын төске озып орғытасыз, Арғымақтай алымды, арлы нағыз. Адамдарға, достарға сену екен – Бойға жалғыз сіңісті бар «күнәңіз». Ұялаған ұятты жанында мұң, Тұнық сырдың шашасыз лағылдарын... Көнбейтұғын өр дауыс қараулыққа, Ақиқатты айтпаса ақын ба ақын?!
Ғалым ӘРІП Адалдықсыз өмірде бар ма бақыт, Көкірегіңізден жыр-маржан толғады уақыт. Қазынаны жидыңыз қалай ғана, Жан сарайға –сыр сандық сонша жақұт?! Жан екенсіз тәңіршіл бір кісідей, Азаматтық, кісілік үлгісіндей. Бола алмайсыз сырғыған сынаптайын, Қырдың сайқы қып-қызыл түлкісіндей. Әр жолыңыз – Нұрлының нұрлы ісіндей, Зымыраған тірліктің түр-түсіндей. Сыршыл жаның – бұлақтың сыңғырындай, Сыршыл жаның – құрақтың сылдырындай, Алғауы жоқ арудың күлкісіндей. Шөлдеп еді апырай сырға жаным, Сыршыл дүние ашты ғой бір ғаламын. Нұрағаның оқысам өлеңдерін, Нұрланамын, ой кешем, мұңланамын... Бойыңызға қондырып ұлы күшті, Сыршыл жырға жан-әлем жүгіністі. Француздың ақыны Пьер Ронсар – Секілді поэзия – РУХ ұшты!..
- * Жасын ем... Жасып қалған жайым да жоқ, Жан емен барына мәз, уайым да жоқ. Білсеңіз бұғалыққа көнетұғын, Тұл мінез қанымда жоқ, бойымда жоқ.
ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Жүргенді сергек қалып жөн ұғатын, Жан едім өмір парқын ұғынатын. Кей күні бір беймағлұм шайтан түртіп, Беймаза кезім де бар жынығатын... Ақынға аласұрған айып деп пе ең, (Ұқса ғой осындайда жайымды, әттең). Кеш мені, көңіл таза, ар таза боп, Байқамай кезім болса «шайып» кеткен. Әрине, жан емеспін дәрмені кем, Жаңылғым келмес өмір өрнегінен. Кеш мені қызбаланып, шығып кетсем Парасат пен сабырдың пәрменінен!.. Бәрібір мен жүрермін дара қалпым, Дүниеге ақ адал боп жаралғанмын. Тура қарай аламын ақиқатқа, Дәл осы қасиетімді бағаларсың!
Мазмұны «Бұрқан-талқан...»....................................................................5 «Жүрегімді алып келемін...»......................................................5 «Сен де тыныш...».....................................................................5 «Музыка сазын...».....................................................................6 «Өзіңді...»................................................................................7 «Жүрмін қазір...».....................................................................8 «Билеп алып...»........................................................................8 «Бос көңілдің...».......................................................................9 «Жүректегі...»........................................................................ 10 «Жаным менің...»................................................................... 10 «Пәк жүрегім...»..................................................................... 11 «Бейнеу, вокзал...».................................................................. 12 «Жетінші жатақхана...».......................................................... 13 «Суыпты жүрек...».................................................................. 14 «Мамырлаған...»..................................................................... 15 «Сағыныш ой...»..................................................................... 16 «Аққу боп...».......................................................................... 17 «Біледі бәрі...»........................................................................ 18 «Сен туған күн...»................................................................... 19 «Көптен бері...»....................................................................... 20 «Пойызбен...»......................................................................... 21 «Жан-тәніңмен...».................................................................. 21 «Болып ек бірге...».................................................................. 22 «Бейнеуде...».......................................................................... 24 «Сен «тамашасың!..»............................................................... 24 «Дүниенің қызығы...»............................................................. 25 «Бәлкім, мені...»..................................................................... 26 «Түнде...».............................................................................. 26 «Шалқытып...»....................................................................... 27 «Ертеңге...»............................................................................ 27 «Қос аққуды...»...................................................................... 28 «Пәтер жағы...»...................................................................... 29 «Таң ертемен...»...................................................................... 29 «Тітіркен...»........................................................................... 30 «Мен отырмын...»................................................................... 30 «Қайран, ауыл...»................................................................... 31 «Жүрегімде...»....................................................................... 31 «Жүрегімді...»........................................................................ 32 «Па, шіркін!..»........................................................................ 32 «Бәрі маған...»........................................................................ 33 «Дүниеде...»........................................................................... 34 «Адамдағы...»........................................................................ 35 «Тегі мен...»........................................................................... 35 «Күз...».................................................................................. 36 «Өмір, өмір...»........................................................................ 36
«Ортақ біздің...»..................................................................... 37 «Таң атсыншы...».................................................................... 38 «Жұртым мені...»................................................................... 39 «Бала күннен...»..................................................................... 39 «Өзіңді...».............................................................................. 40 «Жылымшы қыс...»................................................................ 41 «Беймазалау...»...................................................................... 41 «Ұш, көңілім...»...................................................................... 42 «Жан баласын...».................................................................... 42 «Сен мені...»........................................................................... 43 «Бір аруақ...»......................................................................... 43 «Кейде...».............................................................................. 44 «Мен соншалық...».................................................................. 44 «Көп адамға...»....................................................................... 45 «Қайран...»............................................................................ 46 «Теңіздейін...»........................................................................ 46 «Төр асады...»......................................................................... 47 «Жігіттер...».......................................................................... 47 «Серпіліссіз...»....................................................................... 48 «Өзіммен-өзім...».................................................................... 48 «Естідім...»............................................................................ 49 «Келді қыс...»......................................................................... 49 «Өр мінезін...»........................................................................ 50 «Қандай қиын...».................................................................... 50 «Уақытымнан...».................................................................... 50 «Жаралғам...»........................................................................ 51 «Күтерін...»............................................................................ 51 «Бөлесе де...».......................................................................... 52 «Күндер өтіп...»...................................................................... 52 «Теңіз жақтан...».................................................................... 53 «Өмірде...»............................................................................. 53 «Беу, ағайын...»...................................................................... 54 «Жалын шарпып...»................................................................ 55 «Маза жоқ...»......................................................................... 56 «Мұңым қайда?..»................................................................... 56 «Өзімді-өзім...»....................................................................... 57 «Бой тоңазып...»..................................................................... 58 «Бойымда...».......................................................................... 58 «Көктемде...»......................................................................... 59 «Өмірдің...»............................................................................ 59 «Жігіттердің...»...................................................................... 60 «Айқайы көп...»..................................................................... 60 «Даламмен бейне...»................................................................ 61 «Талқанмын...»...................................................................... 62 ««Өмір сүргім...»..................................................................... 62 «Сөйлемеймін...».................................................................... 63 «Жаттандылық...».................................................................. 64
«Жүрек...»............................................................................. 64 «Не тындырдық...».................................................................. 65 «Көп жайларды...».................................................................. 66 «Бұл күйіммен...»................................................................... 67 «Жел-ай!..»............................................................................ 70 «Қайран, досым...».................................................................. 71 «Жарасады әйелге...».............................................................. 73 «Жүрсең...»............................................................................ 75 «Ұлы өмірге...»....................................................................... 77 «Көз алдымда...».................................................................... 78 «Болғасын...»......................................................................... 79 «Білмеймін...»........................................................................ 80 «Ей, адам...»........................................................................... 83 «Дауыл жүрек...».................................................................... 83 «Болмайды...»........................................................................ 83 «Кейде менің...»...................................................................... 84 «Болса да...»........................................................................... 84 «Таң атады...»........................................................................ 84 «Бәлкім жұртым...»................................................................ 85 «Қызбалық...»........................................................................ 85 «Ай туыпты...»....................................................................... 86 «Сөйлейді деп...»..................................................................... 87 «Күз, мұңлымын...»................................................................ 87 «Өмірді өлшеймін...»............................................................... 89 «Тұла бой...»........................................................................... 89 «Ештеңенің...»....................................................................... 90 «Жаны егіз...»........................................................................ 90 «О, тылсым түн...».................................................................. 91 «Кей түні...»........................................................................... 91 «Махаббат!..»......................................................................... 92 «Сен жүрсең...»...................................................................... 93 «Қарашаның...»...................................................................... 94 «Қашан...»............................................................................. 94 «Өмірдің...»............................................................................ 94 «Кейде бір...».......................................................................... 94 «Көңілің...»............................................................................ 94 «Жылаумен...»....................................................................... 95 «Аумаған...»........................................................................... 95 «Айтпа маған...»..................................................................... 95 «Ойсыз жүрсем...»................................................................... 96 «Көзіме...»............................................................................. 97 «Тоғытпайын...»..................................................................... 97 «Түндердің...»........................................................................ 98 «О, достым...»......................................................................... 98 «Көзіңе...»............................................................................. 99 «Өмір жайлы...»....................................................................100 «Қобалжу...».........................................................................100
«Ән салып...»........................................................................101 «Өтті жылдар...»....................................................................102 «Жанарымды...»....................................................................103 «Жұпары...»..........................................................................103 «Қуып келем...».....................................................................104 «Адамдарды...».....................................................................105 «Жүрекке...».........................................................................106 «Жүрсем мен...».....................................................................107 «Жүргем жоқ...»....................................................................108 «Үйдің іші...»........................................................................108 «Бауырым...»........................................................................109 «Тұтқындадың...»..................................................................110 «Мен бұрын...»......................................................................110 «Сайын дала...».....................................................................111 «Қара теңіз...».......................................................................112 «Алматы...»..........................................................................113 «Жаны ізгі...».......................................................................114 «Жусанның...»......................................................................114 «Таң күлгенде...»...................................................................115 «Жүрек «бұлбұл...»................................................................116 «Сыршыл едім...»...................................................................117 «Күте-күте...»........................................................................117 «Келгеніңді...»......................................................................118 «Сен, ренжіме...»...................................................................119 «Жүрегім менің...».................................................................120 «Мүжігенде...»......................................................................120 «Өмір-ағыс...».......................................................................122 «Не үшін...»..........................................................................122 «Өзімді-өзім...»......................................................................123 «Серігім де...»........................................................................123 «Босына өткен...»...................................................................124 «Пенделіктің...»....................................................................125 «Күлімдеп сен...»...................................................................126 «Өмірдің...»...........................................................................127 «Адамзатқа...»......................................................................128 «Он бітірдім...»......................................................................128 «Қолға қалам...»....................................................................129 «Жадыраған...».....................................................................130 «Сенің нұрлы...»....................................................................130 «Елдейін мынау...».................................................................131 «Жігіттердің...».....................................................................132 «Күндерім...»........................................................................133 «Жанар ма...»........................................................................133 «Қалам бер...».......................................................................134 «Кезім жоқ...».......................................................................135 «Мұңсыздық...».....................................................................135 «Ұйқы да кейде...»..................................................................136
«Мен соншалық...».................................................................137 «Билейді...»..........................................................................137 «Өмірге іңкәр...»....................................................................138 «Көзіме менің...»...................................................................139 «Сен аман боп...»....................................................................140 «Жан баласын...»...................................................................141 «Қаланың мынау...»...............................................................142 «Жыр құмар...».....................................................................143 «Түнеріп те...».......................................................................143 «Айдынды көр...»..................................................................144 «Өкпем жоқ...»......................................................................144 «Жек көрсем...».....................................................................145 «Түн ілгендей...»....................................................................146 «Желменен бірге...»................................................................147 «Өмір-өзен...»........................................................................147 «Жаманат ой...».....................................................................148 «Мені өзіңе...».......................................................................149 «Қарсы жүзген...»..................................................................149 «Өзіңе сен...».........................................................................150 «Сергіп бір...»........................................................................150 «Өмір жайлы...»....................................................................151 «Соңғы кезде...».....................................................................152 «Өлім жайлы...»....................................................................154 «О, достар...».........................................................................155 «Мұңайып қалсам...».............................................................156 «Айдын көңіл...»...................................................................158 «Халқының...»......................................................................158 «Бармын мен...».....................................................................159 «Көңілсіз келем...».................................................................160 «Маған түк те...»....................................................................160 «Тағы тұр ма...».....................................................................161 «Өлең мені...»........................................................................161 «Өлең-жыр қуған...»...............................................................162 «Көзімнің шуағындай...»........................................................163 «Көп күндерім...»...................................................................164 «Мына өмірге...»....................................................................165 «Мен неге...».........................................................................166 «Тәтті өмірдің...»...................................................................167 «Сеземін...»...........................................................................168 «Тұрамын да...».....................................................................169 «Сен қарайсың...»..................................................................169 «Сынық кездеріңді...»............................................................170 «Көңілімнің...»......................................................................170 «Түндер, түндер...».................................................................171 «Көңілімнің кептері...»...........................................................172 «Сыймаймын...».................................................................... 174 «Қарап маған...».................................................................... 174
«Қоңыр күз...».......................................................................175 «Күн артынан...»...................................................................176 «Лаулап тұрған...».................................................................177 «Мен бұрын...»......................................................................178 «Жүректен...».......................................................................179 «Жүзіңе...»...........................................................................179 «Сені маған...».......................................................................181 «Мен бір риза...»....................................................................182 «Айдындай...».......................................................................183 «Жүрегімнен...»....................................................................184 «Ой«санамды...»....................................................................185 «Көңілім...»..........................................................................186 «Тасымайтын...»....................................................................186 «Мынау пақыр...»..................................................................187 «Жардан артық...».................................................................188 «Жан сырын...».....................................................................188 «Сенің маған...».....................................................................189 «Сенсіз...».............................................................................190 «Қорқамын...».......................................................................190 «Жастық шақ...»...................................................................191 «Мен қашаннан...».................................................................192 «Көшеді бұлттар...»................................................................193 «Саған менің...».....................................................................194 «Айналып уақыт...»...............................................................194 «Бесіктен...»..........................................................................194 «Көкейге...»..........................................................................195 «Сағынып...».........................................................................196 «Бірте-бірте...»......................................................................198 «Толғанған...».......................................................................199 «Өмір неден...»..................................................................... 200 «Әуелден...»..........................................................................201 «Саған қарап...».....................................................................202 «Үш томдық...»......................................................................207 «Жасын ем...»...................................................................... 208
ӘРІП Ғалым ӨМІРДІ ӨЛШЕЙМІН МЕН ӨЗ БАҒАММЕН... Өлеңдер Редакторы Б. Байғул Техникалық редакторы А. Тлеукеева Компьютерде беттеген Б. Мұстафа Басуға 21.04.2015 ж. қол қойылды. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Пішімі 84х108/32. Шартты баспа табағы 11,3. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Сөздік-Словарь» ЖШС, Қазақстан Республикасы Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11. Тел.: +7 (727) 274 59 23 E-mail: sozdik@mail.ru Тапсырыс берушінің файлдарынан «Курсив» ЖШС баспаханасында басылды. Алматы қаласы, «Бағанашыл» ықшам ауданы, Восточная көшесі, 2-үй.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру