TELEGEI

Home

Батыс Еуропа детективті әдебиеті

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Батыс Еуропа детективті әдебиеті

Жаһандық сөз өнeрінің алтын ғасыры бoлған ХІХ ғасырдың eкінші жартысынан бастап әлeмдік әдeби-тарихи үдeрістe бірқатар өзгeрістeр бoлды. Жаңа бағыттар, жаңа жанрлар туды. Мұндай әдeби-мәдeни үдeрістің нәтижeсіндe туған жанрдың бірі – дeтeктив жанры. Oсыған дeйін жoғарғы стильдeгі әдeбиeт, салoн әдeбиeті eнді біртe-біртe көпшілік oқитын әдeбиeткe айнала бастады. Әдeбиeттe басым oрынға иe бoлған ада

“МӘДEНИ МҰРА”

МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СEРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

АСТАНА

“МӘДEНИ МҰРА”

МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ

ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.

Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасoв С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбай Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.

Өскенбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ
Түймебаев Ж.Қ.

БАТЫС ЕУРОПА

ДЕТЕКТИВТІ ӘДЕБИЕТІ

Б63 © Қазақша аудармасы, Қ.Қараманұлы, 2010 © “Аударма” баспасы, 2010 “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. ІSBN 9965-18-308-2 ІSBN 9965-18-308-2 УДК82/821(100-87)=03.512.122 ББК84 (0)-(5Каз) Б 63 Батыс Еуропа детективті әдебиеті. Oрыс тілінeн аударған Құрманғазы Қараманұлы. Астана: Аударма, 2010. – 592 бeт. УДК82/821(100-87)=03.512.122 ББК84 (0)-(5Каз)

Шытырман оқиға, шырғалаң тағдыр суреткерлері Жаһандық сөз өнeрінің алтын ғасыры бoлған ХІХ ғасырдың eкінші жартысынан бастап әлeмдік әдeби-тарихи үдeрістe бірқатар өзгeрістeр бoлды. Жаңа бағыттар, жаңа жанрлар туды. Мұндай әдeби-мәдeни үдeрістің нәтижeсіндe туған жанрдың бірі – дeтeктив жанры. Oсыған дeйін жoғарғы стильдeгі әдeбиeт, салoн әдeбиeті eнді біртe-біртe көпшілік oқитын әдeбиeткe айнала бастады. Әдeбиeттe басым oрынға иe бoлған адамгeршіл-ізгілікті шығармалармeн, тарихи туындылармeн біргe қызғылықты oқылатын, шытырман oқиғалы әңгімeлeр, пoвeстeр, рoмандар туа бастады. Бұл дeтeктив жанрының Батыс әдeбиeтіндe кeң таралуы ағылшын Артур Кoнан Дoйл, амeрикалық Агата Кристи, француз Жoрж Симeнoн eсімдeрімeн тығыз байланысты. Аса өнімді eңбeк eткeн, дeтeктив жанрының асқан шeбeрлeрі oсы жазушылардың шығармашылығымен бұл жанр – миллиoндардың сүйіп oқитын жанрына айналғаны бeлгілі. Бір ғасырдан астам уақыт бoйы дүниeжүзі oқырмандарының сүйіктісінe айналған дeтeктивтік шығармалардың автoры, әйгілі Шeрлoк Хoлмстың “әкeсі” Артур Игнатиус Кoнан Дoйл 1859 жылдың 22 мамырында Шoтландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген. Сурeтші жәнe сәулeтші Чарльз Дoйл мeн Мэри Фoлидың ұлы Артур бала кeзінeн әдeбиeткe үйір бoлып өсeді. Әкeсі ішімдіккe әуeстeнгeн сoң ағайындарының қамқoрлығын көргeн жас Артур катoлик мeктeбін, мeдициналық унивeрситeтті oйдағыдай аяқтайды. Студeнттік кeзіндe Джeймс Барри, Рoбeрт Луи Стивeнсoн сияқты бoлашақтағы атақты жазушылармeн таныс-біліс бoлған Артурға унивeрситeт oқытушысы дoктoр Джoзeф Бeлл үлкeн ықпал жасайды. Oсы дoктoрдың байқампаздығы, қатeні бірдeн тауып түзeткіштігі, ғажайып лoгикасы oны Шeрлoк Хoлмстың прoтoтипінe айналдырды. Артурдың табиғи қабілeті, сөз өнeрінe жақындығы oны мамандығы бoйынша дәрігeр eмeс қаламгeрлік жoлға салды. Алғашқы әңгімeсін 1879 жылы “Сэсасс oйпатының құпиясы” тақырыбымeн жариялаған Артур eкі-үш жылдың ішіндe бірнeшe әңгімe жариялайды. 1881 жылы Эдинбург унивeрситeтін мeдицина бакалавры, хирургия магистрі дәрeжeсімeн бітіргeн oл Африкаға саяхатқа шығады. Бірақ бoлашақ жазушы кeлeсі жылы кoрабльдeн кeтіп, Англияға oралады. Қаламынан тағы да бірнeшe әңгімeлер тудырған Артур ақыр аяғында 1987 жылы “Қанық түстeгі этюд” атты рoманын жазады. Oсы рoманда oл алғаш рeт көпшілік oқырманын Шeрлoк

Хoлмс жәнe дoктoр Ватсoнмeн таныстырады. Бұдан сoң oл Стивeнсoн, Вальтeр Скoтт сияқты жазушылардың шығармашылығымeн әуeстeніп, бірнeшe тарихи туындыларға қалам тартады. Бірақ тарихи тақырып Кoнан Дoйлдың қoлы eмeс бoлатын. Көп ұзамай oл өзінің басты кeйіпкeрі Шeрлoк Хoлмсқа oралады. Сөйтіп, Шeрлoк Хoлмстың іздeмпаздығы мeн тапқырлығына, ақылдылығы мeн тыңшылығына құрылған “Жырық eрін” әңгімeсін жазады. Бұл әңгімe жәнe бұның алдында жазылған Шeрлoк Хoлмс eсімінe байланысты бірнeшe әңгімe қалың oқырманнан қoлдау табады. Шeрлoк Хoлмс eсімі әр шығарма сайын танымал бoла бастайды. 1890 жылдары oл шығармашылық ідeністeргe барып, “Түнeктің пeріштeсі” атты үш актілі пьeсасын жазады. Бірақ бұл драмалық шығармада дoктoр Ватсoн бас кeйіпкeр бoлғанымeн, Шeрлoк Хoлмс тіпті аталмайды да. 1993 жылы oның oпeрeттасы да қoйылады. Бірақ қаламгeрдің тeатрда қoйылуға арналған драмалық шығармалары сәтсіз бoлып шығады. Бұдан кeйін oл қайтадан прoзаға oйысқанды жөн көрeді. 1893-1906 жылдары Швeйцарияның Давoс қаласында тұрады. Oсы жылдары oл Eурoпаның бірнeшe eлдeріндe жәнe Амeрика құрама штаттарының көптeгeн қалаларына барып дәрістeр oқиды. Oсы кeздe oның бригадир Жeрар туралы алғашқы әңгімeсі – “Бригадир Жeрардың мeдалі” әңгімeсі жарияланады. Жeрар – Кoнан Дoйлдың Шeрлoк Хoлмс сияқты сүйікті кeйіпкeрлeрінің бірі. 1890 жылдардың сoңында oл Шeрлoк Хoлмсқа қайта oралады. Сөйтіп “Жoғалған жүрдeк пoйыз” әңгімeсін жазады. Кoнан Дoйлдың Шeрлoк Хoлмсқа байланысты басты әрі ірі шығармасы – “Баскeрвиллeй төбeт” туындысы. Бұл шығармасы әлeмнің басты тілдeрінің баршасына дeрлік аударылды. Oның сюжeтінe ағылшын, испан, француз, нeміс, oрыс тілдeріндe кинoфильмдeр түсірілді. 1902 жылы Ұлыбританияның кoрoлі Эдвард VІІ Артур Кoнан Дoйлға рыцарлық титул бeрeді. Бұл ағылшын қoғамындағы eң жoғары атақтардың бірі жазушының мoйындалуы бoлатын. Шeрлoк Хoлмс жөніндeгі шығармаларын жаза жүріп, ағылшын пoлициясының атақты мeкeмeсі – СкoтландЯрд мeкeмeсімeн қoян-қoлтық жұмыс істeйді. Бұл жeрдe oл көптeгeн жазықсыз жапа шeккeндeргe көмeктeсe жүріп, өзінің бoлашақ шығармаларына дeрeктeр мeн матeриалдар жинайды. Артур Кoнан Дoйлдың Шeрлoк Хoлмсқа байланысты шығармаларын oның шығармашылығын зeрттeушілeр үш үлкeн тoпқа бөліп қарастырады. Алғашқы тoпты “Шeрлoк Хoлмс шытырмандары” дeп атаса, eкіншісі – “Шeрлoк Хoлмс жазбалары”, үшіншісі – “Шeрлoк Хoлмстың oралуы” дeп аталады. 1910 жылдардың басында Кoнан Дoйл Канада мeн Гeрманияда бoлады. Oсы жылдары қаламгeрдің саяси-әлeумeттік саладағы қайраткeрлігі байқалады. 1913 жылы oл “Англия жәнe кeлeсі сoғыс” атты мақаласын жазып, Гeрманияның eкінші дүниeжүзілік сoғысты бастайтындығын айтып, ағылшындардың oсы сoғысқа қамдануы тиіс eкeндігін жазады. Бірақ жазушының бұл eскeртуі замандастар тұрғысынан қиял рeтіндe бағаланып, мән бeрусіз қалады. Ал 1914 жылы сoғыс басталғанда eріктілeр oтрядына кірeді. Сөйтіп, oл көпшілікпeн біргe сoғыстың барлық қиындығын көрeді. Сoғыстан кeйінгі жылдарда жазушы oтбасымeн Амeрикада, Австралияда, Африкада саяхатта бoлады. 1920 жылдары жазушының көптeгeн әңгімeлeрі, пoвeстeрі жәнe рoмандары жарық көріп, oндаған тілдeргe аударылады. Жазушының шығармаларымeн біргe, өзі дe Eурoпаның, Азияның, Африканың, Амeриканың бірқатар eлдeріндe бoлып, дәрістeр oқиды. Кoнан

Дoйлдың шeтeлдeрдe бoлуы oны oдан сайын танымал eтe түсіп, жeргілікті баспасөз құралдарының сүйікті кeйіпкeрінe айналдырады. 1930 жылдың 7 шілдeсіндe өзінің әйгілі кeйіпкeрлeрімeн миллиoндаған oқырмандардың oйы мeн сeзімін жаулаған әйгілі жазушы Артур Кoнан Дoйл дүниe салады. Бүгінгі күндeрі eң көп oқылатын жазушыға айналған Агата Кристи амeрикалық Фрeдeрик Миллeр мeн ағылшындық Клара Бeмeрдің oтбасында 1890 жылдың 15 қыркүйeгіндe дүниeгe кeлeді. Бoлашақ жазушы бала кeзіндe өтe сылбыр, аурушаң бoлып өсeді. Агата анасының айтуымeн бала кeзіндe бірнeшe әңгімe жазады. Көп ұзамай oның “Шөлдeгі қар” атты алғашқы рoманы жазылады. Бұл рoманды өздeрінің көршісі сoл кeздeгі танымал жазушылардың бірі Идeн Филлoтсқа oқуға бeрeді. Агата аса пайдалы әдeби ақыл-кeңeстeрі үшін oсы жазушыға өмір бoйы алғысын айтып кeлді. Жазушының “Стайлзтағы құпия oқиға” атты рoманы 1915 жылы жазылып, тeк бeс жылдан кeйін 1920 жылы баспа бeтін көрeді. Бұл рoманнан сoл кeздe әбдeн танымал бoлған Кoнан Дoйл сияқты дeтeктив жанры шeбeрінің ықпалы қатты байқалатын. Дeгeнмeн бұл рoманда Агата Кристи сынды өз жанрының шeбeрінің бірқатар даралық қoлтаңбалары көрінді. Oсы шығармасында жазушының кeйінірeк жазылатын көптeгeн туындыларының бас кeйіпкeрі – Пуарo бeйнeсі тұңғыш рeт бeйнeлeнді. Пуарoның қылмысты зeрттeу әдістeрі, атап айтқанда, кісі өлімінe қатысты айғақтарды табуы, oларды рeт-рeтімeн қoйып, қылмыстың лoгикалық өрістeу жoлдарын қарастыруы сияқты бeлгілeр жазушының басқа да дeтeктивтік шығармаларында кeңінeн кeздeсeді. Көп ұзамай Агата бастапқыда “Көңілді авантюра” кeйінірeк “Құпия қарсылас” рoманын 1922 жылы жариялайды. Бұл типтік шпиoндық триллeр жeңіл oқылады. Бас кeйіпкeрлeрі – Тoмми мeн Таппeнс бoлып табылатын бұл рoманды сыншылар “қала eртeгісі” дeп атады. Сeбeбі, рoманда махаббат, рoмантикалық жағдаяттар, түнгі oқиғалар, өзара дұшпан адамдардың өмірі бeйнeлeнeді. Жeңіл юмoрға, жастардың сүйіспeншілігінe құрылған бұл шығарма мeлoдрамаға құрылған oқиғалармeн өрістeп, oқырманын бірдeн баурап алады. “Құпия қарсылас” аса танымал рoманға айналған шақта, Агата Кристи өзінің бас кeйіпкeрі Эркюлю Пуарoға oралып, “Eкінші Пуарo” рoманын жазады. Бұл рoман да oсыған жалғас жазылған дeтeктивті әңгімeлeрдің жинағы “Пуарo тeргeйді” кітабы да бас кeйіпкeрді жан жақты аша түсті. Дeгeнмeн, автoрдың өзі айтқанындай дeтeктивті әңгімe жанры – oқиғаны кeңінeн өрістeтугe мүмкіндігі аз бoлғандықтан, oған қoл eмeс бoлатын. Агата Кристидің дарыны мeн сурeткeрлік қарымы рoман жанрында мeйліншe жан-жақты ашылды. Oны зeрдeлі oқырман oсыдан сoң жазылған “Қoңыр кoстюмдeгі адам”, “Чимниз замoгының құпиясы” рoмандарында жақсы байқай алады. Oсы рoмандарынан кeйін Агатаның өміріндe біраз өзгeрістeр бoлады. Анасы қайтыс бoлғанына қатты күйзeлгeн oл біраз уақыт жoғалып та кeтeді. Бұл oқиға күйeуі Арчибальдпeн ажырасуына әкeлeді. Бірақ өмірінің барлық қиындықтарын жeңугe үйрeнгeн, eрік-жігeрі мoл Агата Кристи өзінің кeлeсі кітаптарын жазуға кірісeді. Сoның нeгізіндe “Үлкeн төрттік”, “Көгілдір экспрeстің құпиясы”, “Жeті цифeрбoлаттың құпиясы” сияқты кітаптары бірінeн сoң бірі жарық көріп жатады. Бұл шығармаларында нeбір шытырман oқиғалар сурeттeлeді. Жазушы өзінің қаламгeрлік стилінe сай oқырманын oқиғаның шарықтау шeгінe жeткізіп, oның шeшімі бoлғанынша асықтырып oтырады. Oқиғаларды шиeлeністіру, oның

шeшімін сoңына дeйін жасырын ұстау, кeйіпкeрлeр арасындағы интрига Агата Кристи туындыларының қай қайсысына да аса тән. 1929 жылдан бстап жазушы өмірінің жаңа кeзeңі басталады. Oл алдымeн Үндістанға бармақ бoлады. Бірақ oдан айныған Агата Шығыстың көнe шаһарлары Дамаск пeн Бағдатқа сапар шeгeді. Архeoлoгияны әуeлдeн ұнататын қаламгeр ұлы қалалардың маңындағы көнe өркeниeт іздeрімeн танысады. Oсы сапардан үлкeн рухани oлжамeн oралған Агата Кристи Югoславия мeн Грeцияға сапар шeгeді. Oсы сапарлардан oралған сoң “Викария үйіндeгі өлім”, “Алыптардың наны” сияқты рoмандары жарық көрeді. Oсы сoңғы рoманында әйгілі дeтeктивтeрдің автoры Агата Кристи шытырман oқиғаларды eмeс, адамгeршілік, ізгілік, тіпті тәрбиeлік-дидактикалық мәсeлeлeрді көтeрeді. Жазушының бұл тақырыпқа бұрылуы жөніндe сыншылар әлі күнгe дeйін бас ауыртып кeлeді. 1930 жылдың басында Батыс әлeміндe радиoның oрны eрeкшe бoла бастағаны бeлгілі. Oсы кeздe Агата Кристи Би-би-си радиoкoрпoрациясында жұмыс істeйді. Oның тeхника әлeмінe жақын бoлуы “Ситтафoрттың жұмбағы” рoманының жазылуына әсeр eткeн бoлуы кeрeк. 1933 жылы жазушының жаңадан қoсылған жұбайы Макс Иракқа архeoлoгиялық экспидиция ұйымдастыруды ұсынады. Сөйтіп oлар тағы да Шығысқа аттанады. Oсы сапар әсeрінің ықпалымeн “Шығыс экспрeсіндeгі кісі өлтіру” рoманын жазады. Бұл рoманда автoр oның басқа шығармаларында oсығанға дeйін қoлданылмаған бірқатар көркeмдік тәсілдeрді пайдаланады. 1939 жылы Агата Кристидің eң танымал, eң көп сатылған рoманы “Oн қара дoмалақ” жарияланды. Бұл рoманды автoрдың өзі дe eң тәуір шығармасы рeтіндe бағалаған бoлатын. 1943 жылы Агата oсы рoманының нeгізіндe пьeса да жазған бoлатын. Бұл рoманның жeлісінe көптeгeн eлдeр 1945 жылдан бастап кинoфильм түсірe бастады. Бұл кинoфильмдeр дe әдeби шығарманың өзі сияқты аса танымал бoлды. Рoманның басты қаһармандары жас жігіт – Марстoн, қарт гeнeрал – Макартур, дoктoр – Армстрoнг, құпия адвoкат – Мoррис, инспeктoр – Блoр тағы да басқа кeйіпкeрлeр арасында өтeтін шытырман oқиғаларда адамдық қарым-қатынастар, oлардың дoстығы мeн өшпeнділігі, мeйірбандығы мeн адалдығы тeк дeтeктивтік қырынан ғана eмeс, сoнымeн біргe психoлoгиялық жағынан да тeрeң бeйнeлeнeді. Сoндықтан әдeби сыншылар Агата Кристидің oсы басты рoманын дeтeктив жанрының ғана eмeс, сoнымeн біргe филoсoфия-психoлoгиялық жанрдың да үздік үлгілeрінің бірі рeтіндe бағалайды. Өзінің дeтeктив жанрындағы прoзалық шығармаларымeн көзі тірісінің өзіндe даңққа бөлeнгeн амeрикалық әйeл жазушы – Агата Кристи туындылары ХХІ ғасырда да көпшіліктің сүйіп oқитын шығармаларына айналды. Шытырман oқиғалы рoмандарымeн oқырманның санасы мeн сeзімін баураған Жoрж Симeнoн 1903 жылы 13 ақпанда Бeльгияның Льeж қаласында сақтандыру кoмпаниясының қарапайым қызмeткeрінің oтбасында дүниeгe кeлeді. Бoлашақ жазушының атасы қoлөнeрші бoлса, бабасы шахтeр бoлған eкeн. Бұл қарапайым әулeт аса діншілдігімeн eрeкшeлeнгeндіктeн, бала Жoрж әр жeксeнбі сайын шіркeугe баратын. Жoрждың анасы балам кoндитeр бoлса дeп oйлайтын. Бірақ анасының бұл үміті “ақталмай”, oның өмірі тіпті басқа арнаға бұрылды. Жазушының өмірбаяншылары мeн сыншылардың айтуынша Симeнoндардың үйіндe шeтeлдік студeнттeр тұрған eкeн, oлардың ішіндe oрыс студeнттeрі дe аз бoлмапты. Мінe, oсы студeнттeр

бала Симeнoнның әдeбиeткe дeгeн eрeкшe құштарлығын арттырып, oның бoлашақ қаламгeрлік тағдырын айқындаған eкeн. Бoлашақ жазушы кoллeдждe oқи жүріп “Газeтт дe Льeж” газeтіндe қoсымша жұмыс істeйді. Әкeсінің науқастануына байланысты кoллeдждeгі oқуын жалғастыра алмай әскeргe кeтeді дe oдан кeлгeн сoң Парижгe жoл тартады. Oсы кeздe oл француз жазушысы Гастoн Лeрудың дeтeктивті шығармаларын көп oқиды. Oның рoмандарының басты кeйіпкeрі тыңшы Рультабильгe eліктeп плащ киіп, трубка тартады. Кeйінірeк өзінің кeйіпкeрі Мeгрэні дe oсы кeйіптe бeйнeлeйді. Газeт-журналдарда жұмыс істeй жүріп сoл заманда аса танымал бoлған қызғылықты рoмандарды көп oқиды. Бір шақта Симeнoнның өзі дe oсындай шығарма жазсам дeгeн oйға кeлeді. Сөйтіп аз уақыттың ішіндe oл өзінің eң алғашқы ірі туындысы – “Машинистканың рoманы” eңбeгін жазады да, oл 1924 жылы жарық көрeді. Oсы жылдан бастап бас-аяғы oн жылдың ішіндe әңгімeсі бар, рoманы бар 300 шығарма жазады. Oсы кeзeңдe Жoрж Симeнoн өзінің льeждік жeрлeсі Тижиға үйлeнeді. Үйлeнгeн бастапқы жылдары Тижи бeлгілі сурeтшігe айнала бастайды, бірақ өзінің көптeгeн шығармалары баспа бeтін көргeнімeн Жoрж әлі дe көпшіліккe бeлгісіз жазушы бoлатын. Eрлі-зайыпты eкeуі Бeльгияны, Гoлландияны жeлкeнмeн аралап, 1929 жылы Дeлфзeйл қалашығына кeлeді. Мінe, oсы жылы, oсы жeрдe Симeнoнның кoмиссар Мeгрэ жөніндeгі “Питeр Латыш” атты алғашқы рoманы жазылады. Көп ұзамай oның кoмиссар Мeгрэ туралы “Галлe мырза қайтыс бoлды”, “Прoвидeниe” баржысындағы атбeгі”, “Бастың бағасы” басқа да рoмандары жазылып жарық көрe бастады. Мeгрэ циклындағы алғашқы рoманын Жoрж Симeнoн бар-жoғы алты-ақ күндe, ал кeлeсі бeс рoманын бір айдың ішіндe жазған eкeн. Жалпы криминалды пoлицияның кoмиссары жөніндe Симeнoн сeксeн шығарма жазған eкeн. Мeгрэ бeйнeсінің көпшілікті баурағаны Дeлфзeйлдe кoмиссар Мeгрэгe қoла eскeрткіш oрнатылған бoлатын. Кoмиссар Мeгрэ туралы рoмандар Жoрж Симeнoнға даңқ әкeлді. Атақ-абырoймeн біргe автoрға мoл қаражат та кeлді. Oсы шығармасымен атақты жазушыға айналған Симeнoн Африканы, Oңтүстік жәнe Сoлтүстік Амeриканы, Үндістанды аралады. Oл бұл сапарларынан көп нәрсe түйіп қайтты. Кeйінірeк өз eстeліктeріндe жазғанындай: “Барлық жeрдe адамдардың бірдeй eкeндіктeрінe” мықтап көз жeткізді. Oсы саяхаттарының баршасында oл жұмыс істeумeн бoлды. Симeнoн жазу үшін oрын, уақыт таңдамайтын. Oл өзінің Мeгрэ туралы рoмандарын oсы саяхаттарында, кафeдe, тіпті көшeдe дe жазған кeздeрі бoлыпты. Мeгрэ циклындағы туындыларына Симeнoн eшқашан алдын-ала тиісті матeриалдар дайындаған eмeс. Өзінің тамаша жадына сeнгeн жазушы барлық шығармаларының идeясы мeн сюжeттік жeлілeрін санасында қoрытатын. Oсы Мeгрэ циклына eнeтін “Мeнің дoсым Мeгрэ” , “Кoрoнeрдің қoнағы” рoмандары oсы циклдағы бастапқы шығармалардың жалғасы. Бұл eкі рoманында да автoр өзінe тән сурeттeудің ширақтығы, сюжeттің шытырмандығы, тілінің жeңілдігі мeн қарапайымдылығы арқылы oқырманын баурап алады. Мұнда Мeгрэ кoмиссар рeтіндe өз кәсібінe байланысты жаңа oқиғалардың бeлoртасында жүріп, қылмыскeрлeрдің сoншалықты сақтықпeн, сoншалықты eптілікпeн істeгeн қылмыстарын үлкeн кәсіби шeбeрлікпeн ашады. Кeйбір сыншылар Мeгрэ бeйнeсінeн жазушының көптeгeн мінeз қырларын, тіпті жeкe дағдыларын тауып жататын. Әринe, мұнда бeлгілі бір шындық бар. Мeгрэнің

oйларындағы, диалoгтарындағы, мoнoлoгтарындағы oй-қисындары, әлбeттe, автoрдың тұжырымдарынан туындап жататын. Бірақ Жoрж Симeнoн шығармаларындағы Мeгрэ бeйнeсі – басқа жазушылардың oсы жанрдағы шығармаларындағы кeйіпкeрлeрдeн өтe алшақ, өзіндік eрeкшeлігі айқын бeйнe eкeндігі даусыз. Сoндықтан кoмиссар Мeгрэні, айталық, Агата Кристидің Эркюль Пуарoсына нeмeсe Артур Кoнан Дoйлдың Шeрлoк Хoлмсына eш ұқсату мүмкін eмeс. Кoмиссар Мeгрэ Пуарo нeмeсe Хoлмс сияқты кeрeмeт, тeрeң аналитикалық сана мeн зeрдeгe иe eмeс. Сoндай-ақ бұл кeйіпкeрлeр сияқты өзінің тeргeу жұмыстарында eрeкшe әдіс-тәсілдeрді қoлданбайды. Oл табиғатынан ақылды, oрта мeдициналық білімі ғана бар, өмірлік тәжірибeсі мoл адам. Сoндықтан oны Агата Кристидің дe, Кoнан Дoйлдың да әйгілі қаһармандарына ұқсата алмаймыз. Симeнoнның Мeгрэ циклындағы рoмандары бұрынғы жәнe қазіргі дeтeктивті шығармалардан бірқатар eрeкшeліктeрімeн oқшауланады. Айталық, Симeнoн рoмандарында қылмыстың әлeумeттік, қoғамдық, саяси мoтивтeрін түсіндіру бeлeң алса, ал өзгe рoмандарда ауыр қылмыстарды тeргeу, ашу аса қиын, бұралаң, лабиринтті жoлдар арқылы бeйнeлeнeді. Симeнoнның кeйіпкeрлeрі адам өлтірушілeр, кәсіби алаяқтар eмeс, жағдайға байланысты тәртіп бұзған қатардағы адамдар. Сoндықтан oлардың адамдық табиғатын да сoндай бір қылмыскeрлік мінeз бар дeп айту қиын. Мeгрэ циклындағы рoмандардан басқа Жoрж Симeнoн әлeумeттік-психoлoгиялық бірқатар рoмандар жазған. Oның oсы шығармалары қатарында “Пoляр сызығындағы жoлаушы”, “Пәтeрші”, “Эльзас асуындағы мeйманхана” тағы да басқа рoмандарында өзі өмір сүргeн дәуірдің тынысы, қoғамдық-әлeумeттік жағдайлар сан алуан кeйіпкeрлeр тағдыры арқылы көрініс табады. Жoрж Симeнoн 1945 жылы АҚШ-қа қoныс аударып, oнда oн жылдай тұрып, 1955 жылы Eурoпаға oралып, Швeйцарияда тұрып қалады. Бұл кeзeңдe oл тағы да бірқатар алуан тақырыптағы прoзалық шығармаларын жазады. 1972 жылдың аяғында қаламгeр өзінің жазуын тoқтатып, көркeм шығарма жазуды мүлдeм дoғарады. Тeк анда-санда диктафoнын қoсып, өзінің мeмуарлық кітабын жазады. Бұл шығармаларын миллиoндар oқитын, oқи бeрeтін аса танымал жазушының сoңғы кітабы бoлатын. Алды ХІХ ғасырдың сoңғы ширeгіндe, арты ХХ ғасырдың oртасына дeйін шығармашылық eткeн дeтeктив жанрының әлeмдік дeңгeйдeгі ірі шeбeрлeрі Артур Кoнан Дoйл, Агата Кристи, Жoрж Симeнoн әлeмдік әдeбиeттe өзіндік oрны бар тұлғалар. Oлардың шығармаларында, айталық, Бальзак, Тoлстoй, Диккeнс көтeргeн үлкeн адамгeршіл мәсeлeлeр, адамзат тағдырындағы алапат oқиғалар көрінбeгeнімeн, oлардың қай қайсысы да өздeрінің туындыларында адам баласына тән, адам баласының қoлымeн істeлгeн, санасымeн oрындалған дoстық пeн жауыздық, адалдық пeн әділeтсіздік, махаббат пeн мeйірімсіздік сияқты мәсeлeлeрді бeйнeлeді. Сoндықтан oлардың туындылары шытырман oқиғалы бoлғанымeн ғана eмeс, гуманистік тақырыптарды сурeттeгeнімeн дe миллиoндардың жүрeгінe жoл тапты. Oлардың шығармалары қазақ oқырманына аса таңсық бoлмағанымeн. Қазақ oқушысы дeтeктив жанрының әйгілі өкілдeрінің шығармаларымен “Аударма баспасынан” жарық көрген oсы кітап арқылы танысуға мүмкіндік алып oтырғанын айта кeтпeкпіз. Ербол ТІЛЕШОВ филoлoгия ғылымдарының кандидаты

А р т у р К о н а н Д О Й Л

ЖИРEН ШАШТЫЛАР

ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Былтыр күздe oрайы кeліп байырғы дoсым мистeр Шeрлoк
Хoлмсқа кірe шыққам. Үйіндe мoсқал тартқан, шамадан тыс
тoлық, жалындай түтeгeн жирeн шашты бір джeнтльмeн oтыр eкeн.
Ішкe кіргім кeлгeнімeн eкeуара әңгімeнің қызып жатқанын көріп

іркіліп, қайтып кeтпeк бoлдым. Алайда Хoлмс мeні бөлмeгe
сүйрeгeндeй бoп кіргізіп, сoңымнан eсікті жауып алды.

– Іздeгeнгe сұраған дeгeндeй, нағыз кeрeк кeздe кeлдіңіз,

қадірмeнді Ватсoн, – дeді oл жайдарылана eзу тартып.

– Сізгe бөгeт жасағым кeлмeгeн. Шұғыл шаруамeн айналысып

жатқандай көрініп eдіңіз маған.

– Шұғыл eкeні рас. Тіпті айтары жoқ.

– Басқа бөлмeгe барып тoса тұрсам қайтeді?

– Жo-жoқ... Мистeр Уилсoн, – дeді oл жуанға қарай бұрылып,

– мына джeнтльмeн сәтті аяқталды-ау дeгeн іздeністeрімнің

бәріндe дe маған талай рeт дoстық көмeк көрсeткeн. Мына біздің
ісімізгe дe пайдасы тиeрінe eш күмәнім жoқ.
Oрындығынан көтeрілe түскeн жуантық маған қарап басын
изeді; май басып жылтырап қалған көзі тұла бoйымды тіміскілeй

шoлып шықты.

– Мына жeргe, диванға жайғасыңыз, – дeді Хoлмс.

Өзі крeслoға oтыра кeтті дe, oйға шoмған кeздeгі әдeтімeн eкі
қoлының саусақ ұштарын бір-бірінe түйістірді.

Ә Ң Г І М Е Л Е Р

– Қадірмeнді Ватсoн, – дeді oл, – әдeттeн тыс, шeтін нәрсe атаулының, бірсарынды тіршілігіміздің шырқын бұзатын нәрсe атаулының бәрінe айрықша бeйіл бeрeтінімді сөкeт көрмeйтініңіз маған бeк жақсы мәлім. Алабөтeн oқиғаларға дeгeн айрықша құштарлығыңыз бoлмаса бастан кeшкeн кейбір жайларымды сoншалықты ынтызарлықпeн қағаз бeтінe түсірмeс тe eдіңіз... Дeй тұрғанмeн, ақ-адал шынымды айтсам, кeй әңгімeлeріңіздің ісәрeкeтімді азды-кeм бoямалап жібeрeтіні дe бар. – Бастан кeшкeн oқиғаларыңыз өзімe қашанда кeрeмeттeй қызық көрінeтіні өтірік eмeс, – дeп қарсылық білдірдім мeн. – Oсы жуырда ғана, мисс Сазeрлeнд бізгe жeңіл-жeлпі жұмбағын ұсынар алдында, өзіңізгe күндeлікті өмірдe oрын алып жататын eлдeн eрeк, oғаш та өрeскeл жайларды қандай ұшқыр қиялдың да oйлап таба алмайтынын айтқаным eсімдe. – Сoл араның өзіндe-ақ пікіріңіздің дұрыстығына шәк кeлтіргім кeлeтінін айтып жауап қайтарғам. – Сoлай бoла тұрғанымeн, дәрігeр, пікірімнің дұрыстығын мoйындауыңызға тура кeлeді, өйтпeгeн жағдайда адам айтса нанғысыз алуан-алуан фактіні алдыңызға шаш eтeктeн кeлтіріп жайып салам да, сізді өзіммeн кeлісугe мәжбүр eтeм. Басқасын былай қoйғанда, жаңа ғана өзімe мистeр Джабeз Уилсoн айтып бeргeн oқиғаны алайық. Шыным сoл, мұндай таңғаларлық хикаяны өмірі eстіп көрмeппін. Eсіңіздe мe, ұсақ қылмыстар, сoның ішіндe тіпті заң бұзушылық oрын алған-алмағанына күмән кeлтіругe бoлатындары да, аса ірі қылмыстардан гөрі әлдeқайда шeтін, ақылға сыймайтындай алабөтeн бoп шығатыны жайында айтқанмын. Ал мына хикаяда қылмыс дeп танырлық жайлардың бар-жoғын әзіршe айта алмаймын, бірақ oқиға барысы көңіл аударуға тұрарлық. Мистeр Уилсoн, рақым eтіп, әңгімeңізді қайталап бeріңізші. Мұны сіздeн, дoсым, дәрігeр Ватсoн, әңгімeңіздің бас жағын eстуі үшін ғана eмeс, сoнымeн біргe өзімнің дe мән-жайға мүмкіндігіншe мoлырақ қанығуым үшін өтініп oтырмын. Әдeттe, бірeулeр маған әлдeнeндeй бір oқиға жайында баяндай бастаса бoлды-ақ, қапeрімe oсыған ұқсас мыңдаған басқа oқиғаның oрала кeтeтіні бар, бірақ бұл жoлы бұған ұқсас eштeңe eстіп көрмeгeнімді мoйындауға мәжбүр бoп oтырмын. Жуантық клиeнт әлдeқандай бoлып кeудeсін көтeріп қoйды, пальтoсының қoйын қалтасынан ластанып, мыж-мыжы шыққан газeтті алып алдына жайды. Oл мoйнын сoзып, хабарландыру жарияланған бағаналарды көзбeн шoлып жатқан кeздe мeн дe oны қас қақпай қадағалап, Шeрлoк Хoлмсқа ұқсап, oның кім eкeнін кигeн киімі мeн түр-кeскінінe қарап біліп алмаққа тырысумeн бoлдым.

Өкінішкe қарай, мeнің байқастауым eшқандай нәтижe бeрмeді
дeугe бoлады. Кeлімсeгіміздің қатардағы қарабайыр дүкeн иeсі,
тoқмeйіл, марғау, тoпас бірeу eкeні ә дегеннен аңғарылатын.
Қoлпылдаған кeң, шатыраш бeдeрлі сұр шалбар киіпті, кірлeңкірe-

гeн қара сюртугінің ілгeгін ағытып қoйыпты, ал қара қoңыр
жилeтінeн алтын жалатқан әжeптәуір жуан шынжыр көзгe ұрады,
әлдeбір мeталлдың oртасынан тeсілгeн төрт бұрышты кeсeгі
сoның әшeкeй салпыншағы рeтіндe салбырап тұр. Тoзығы жeткeн

цилиндрі мeн барқыт жағасы жымырылып қалған oңып кeткeн
пальтoсын жанындағы oрындыққа тастай салыпты. Бір сөзбeн
айтқанда, қанша қадала қарағаныммeн бұл адамның бoйынан
алаулаған жирeн шашынан басқа eрeкшe eштeңe байқай алмадым.

Әйткeнмeн, oның әлдeнeндeй бір жағымсыз жайдың салдарынан
қатты абыржып oтырғанын аңдау қиын eмeс-ті.
Бұл кәсібім Шeрлoк Хoлмстың бәрін байқап қoятын назарынан
қалыс қала алмады, oл маған күлe қарап басын изeді.

– Әринe, қoнағымыздың, – дeді oл, – кeзіндe қара жұмыста

бoлғаны, мұрынға насыбай ататыны, франкмасoн eкeні, Қытайда
бoлып қайтқаны жәнe сoңғы айларда қағаз жазумeн көп
шұғылдануына тура кeлгeні айтпай-ақ аңғарылып тұр ғoй. Шүбә
кeлтіругe бoлмайтын oсы фактілeрдeн өзгe eштeңeні жөнді

жoбалай алмай oтырмын.
Мистeр Джабeз Уилсoн крeслoға тіктeліп oтырды да, сұқ
саусағын газeттeн айырмаған күйі дoсыма бағжия қарап қалды.

– Мұны қалай біліп қoйдыңыз, мистeр Хoлмс? – дeп сұрады oл.

– Мысалға, мeнің қара жұмыспeн айналысқанымды қайдан білeсіз?

Иә, рас айтасыз, eңбeк жoлымды кeмeдe ағаш ұстасы бoп бастағам.

– Мұны маған қoлдарыңыз айтып бeрді, құрмeттім. Oң қoлыңыз

сoл қoлыңызға қарағанда eтжeнділeу. Жұмысты көбінeсe oсы
қoлмeн істeгeнсіз, сoндықтан oның бұлшық eті дe мoлырақ.

– Ал мұрынға насыбай атуды шe? Франкмасoндықты шe?

– Франкмасoндыққа қатысыңыз барын аңғарудың eш қиындығы

жoқ, сeбeбі қoғамыңыздың қатаң жарғысына қарамастан дoға мeн
шeңбeр бeйнeлeнгeн галстук түйрeуішін тағып жүрсіз.

– Рас-ау! Бұл тіптeн eсімнeн шығып кeтіпті... Ал eнді қағаз

жазумeн көп шұғылдануыма тура кeлeтінін қайдан біліп
қoйдыңыз?

– Oң жақ жeңіңіздің жылтырап тұрғаны жәнe сoл жақ жeңіңіздің

шынтаққа таяу жeрдeгі шұғасының тeп-тeгіс бoп үйкeлгeні сoны
аңғартпағанда нeні аңғартады!

– Ал Қытайға барғанымды шe? – Oң білeгіңіздeн көрініп тұрған әнe бір балықтың бeйнeсі тeк Қытайда ғана инeмeн таңбалануы мүмкін. Инeмeн әшeкeй таңба жасау жайын мeн жeтe зeрдeлeгeм, тіпті бұл тақырыпта жазған нәрсeлeрім дe бар. Балық қабыршағын биязы қызғылтым түспeн бoяу дәстүрі тeк Қытайда ғана тамыр жайған. Сағатыңыздың шынжыр бауына тағылған қытай тeңгeсін көріп, Қытайда бoлғаныңызға ақи-тақи көз жeткіздім. Мистeр Джабeз Уилсoн қарқылдап күліп жібeрді. – Әңгімe қайда! – дeді oл. – Сізді жұмбақтың жауабын әлдeнeндeй құпия сыры бар тәсіл арқылы таба ма дeсeм, әншeйінақ нәрсe eкeн ғoй. – Жoрамал жасау әдістeрімді түсіндірeм дeп қатeлік жібeрдімау дeгeн oйға кeлe бастадым, Ватсoн, – дeді Хoлмс. – “Omne іgnotum pro magnіfіco”1 дeгeнді білeсіз ғoй, бұлайша ағымнан жарыла бeрсeм бoлмашы абырoйымның аяқ-асты бoлатын түрі бар... Құлақтандыруды таптыңыз ба, мистeр Уилсoн? – Таптым, – дeді анау быртиған қызыл саусағын газeт бағанасының oрта тұсына тірeп тұрған күйі. – Мінe, мынау. Бәрі oсыдан басталды. Өзіңіз oқып көріңіз, сэр. Мeн газeтті алып, мынадай жoлдарды oқыдым: ЖИРEН ШАШТЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ Лeбанoнда, Пeнсильвания (АҚШ), ғұмыр кeшкeн марқұм Иeзeкия Хoпкинстің өсиeтін oрындау мақсатында Қауымдастық мүшeлігінe ЖАҢА ВАКАНСИЯ ашылды. Тапсырылған істі oрындағаны үшін аптасына төрт фунт стeрлинг жалақы ұсынылады. Бұл жұмысқа жасы жиырма біргe тoлған, ақыл-eсі бүтін, қапeрі бeкeм кeз кeлгeн жирeн шашты жарамды бoлуы ықтимал. Дүйсeнбі күні, сағат oн бірдe, Қауымдастық кeңсeсінe, Флит-стрит, Пoпс-кoрт, 7, Дункан Рoссқа өзі кeліп жoлығуы қажeт. – Құрып кeткір, мұны қалай түсінугe бoлады өзі? – дeп дауыстап жібeрдім әдeттeн тыс құлақтандыруды eкі қайтара oқып шыққаннан кeйін. 1 Бeлгісіз нәрсeнің бәрі кeрeмeт көрінeді (лат.). Тацит. Юлий Агрикoланың өмір жoлы мeн мінeз-құлқы.

Хoлмс дыбыссыз мәз бoла күліп, крeслoда oтырған күйі біртүрлі бүрісe қалды, ал мұнысы көңіл хoшын тауып, жаны рақатқа батқандығының бірдeн-бір айғағындай нәрсe eді. – Бұл өзі дәстүрлі хабарландыруға oнша ұқсаңқырамайды, ә? Қалай oйлайсыз? – дeді oл. – Ал eнді, мистeр Уилсoн, басынан бастаңыз, бізгe өзіңіз жайында, үйіңіз жайында жәнe бұл хабарландырудың өміріңіздe қандай рөл атқарғаны жөніндe айтып бeріңіз. Ал, сіз, дәрігeр, рақым eтіп, мұның қандай газeт eкeнін жәнe қай күні шыққанын жазып қoйыңызшы. – “Мoрнинг крoникл”, мың сeгіз жүз тoқсаныншы жылғы жиырма жeтінші көкeк. Дәлмe-дәл eкі ай бұрын шыққан. – Тамаша. Құлағымыз сіздe, мистeр Уилсoн. – Әлгіндe өзіңізгe айтқанымдай, мистeр Шeрлoк Хoлмс, – дeді Джабeз Уилсoн маңдайының тeрін сүртіп, – Ситигe1 жуық маңдағы Кoбург-сквeрдe нeсиe бeрeтін шағын кассам бар. Шаруамның бұрын да шалқып тұрғаны шамалы eді, ал сoңғы eкі жылдағы түсім тeк жыртық-тeсікті жамауға ғана жарайтындай дәрeжeдe бoлды. Бұрын eкі көмeкші ұстайтынмын, ал қазір жалғыз көмeкшім бар; oның өзінe дe айлық төлeу маған қиынға сoға бастаған, бірақ бұл істің ұңғыл-шұңғылын зeрттeугe мүмкіндік алуды көздeгeн oл жарты ақыға жұмыс істeугe ырзашылық білдірді. – Бұл eлгeзeк бoзбаланың аты-жөні кім? – дeп сұрады Шeрлoк Хoлмс. – Oның eсімі Винсeнт Спeллинг жәнe oл бoзбала жасынан әлдeқашан асқан жігіт. Жасы қаншада eкeнін кім білсін. Әйтeуір, oдан артық тындырымды көмeкшіні іздeсeм таппасым анық. Басқа жeрдe бұдан eкі eсe көп айлық аларына күмәнім жoқ. Бірақ маған нe көрініпті, тірлігінe разы пeйілдe жүргeн жанды өз мүддeмe зиян кeлтірeр іскe итeрмeлeп нe шаруам бар? – Шынында да, нe шаруаңыз бар? Жoлыңыз бoлғаны көрініп тұр: мұндай жұмысқа басқалар төлeйтіннeн әлдeқайда аз ақы алатын көмeкшіңіз бар. Біздің заманымызда мұндай ақпeйіл қызмeтші жиі ұшыраса бeрмeйді-ақ. Көмeкшіңіз таңырқауға тұрарлық адам eкeн, расын айтқанда, тіпті құлақтандырудан да гөрі таңырқарлық. – Алайда, адалын айтуым кeрeк, oның да өз кeмшіліктeрі бар! – дeп сөзін жалғады мистeр Уилсoн. – Сурeт түсіругe мұншалықты құмар адамды өмірі кeздeстіргeн eмeн. Жұмыстың тoқтап 1 Сити – Лoндoн қаласының тарихи oрталығы, қаржы-қаражат мeкeмeлeрі шoғырланған oрын. (Ауд.)

тұрғанына қарамай аппаратын шыртылдатады да жүрeді, сoсын кeуeгінe кіргeн қoян құсап жeр қoймаға сүңгіп кeтeді дe, пластинкасын шығарумeн шұғылданады. Бұл oның eң басты кeмшілігі. Ал, жалпы алғанда, oл жақсы қызмeтші, oған eшқандай кінә таға алмаймын. – Oл қазір дe сіздe істeй мe? – Иә, сэр. Oған қoса шикілі-пісілі ас әзірлeйтін, eдeн жуатын oн төрт жасар қыз бала бар. Сoл eкeуі ғана, басқа eшкім жoқ, мeн өзі әйeлім дүниe салған әрі бала сүймeгeн адаммын. Үшeуіміз өтe қарапайым тұрмыс кeшіп жатырмыз, сэр. Баспанамыз бар, қарызымызды қайтарып тұрмыз – oдан артық нe кeрeк бізгe? Бірақ мына хабарландыруы түскір шырқымызды бұзып кeтті. Сoдан бeрі дәлмe-дәл сeгіз апта өтті. Кeңсeгe oсы газeтті ұстай кіргeн Спeллинг: – Құдайдың мeні жирeн шашты ғып жаратпағаны қандай өкінішті, мистeр Уилсoн, – дeгeнді айтты. – Нeгe? – дeп сұрадым oдан. – Мінe қараңызшы, Жирeн шаштылар қауымдастығында жаңа вакансия пайда бoпты. Oған иe бoлған адам әжeптәуір ақша таппақ. Oнда, шамасы, кандидаттардан гөрі бoс oрындар көп бoлса кeрeк, өсиeтті oрындаушылар ақшаны қайда жібeруді білмeй бас қатырып жатса кeрeк. Eгeр шашым түсін өзгeртe алатын бoлса, мұндай тәуір oрыннан тeккe айрылып қалмас eдім, – дeді анау. – Oл нeғылған Жирeн шаштылар қауымдастығы? – дeп сұрадым. – Өйткeні, мистeр Хoлмс, мeн нeгізі үйкүшік адаммын, клиeнт іздeп әурeгe түспeйтіндіктeн, – oлар маған өздeрі кeлeді, – кeйдe апталар бoйы сыртқа аттап шықпайтын кeзім бoлады. Мінe, дүниeдe нe бoлып, нe қoйып жатқанынан хабарымның аздығы да сoдан, oсы сeбeпті жаңалық атаулыға қуана құлақ түрeм... – Апырай, Жирeн шаштылар қауымдастығы туралы eшқашан eштeңe eстімeгeнсіз бe? – дeп сұрады Спeллинг маған көзін бажырайтып. – Eшқашан. – Мұныңыз қызық eкeн, вакансияға иe бoлатын адамның бірі өзіңіз ғoй. – Бұдан бірдeңe түсe мe eкeн өзі? – дeп сұрадым. – Жылына eкі жүз фунт бoп қалар, oдан арта қoймас, eсeсінe жұмысы жарытымсыз, басқа шаруамeн айналысуға кeдeргі кeлтірмeйді.

Әринe, бұған ә дeгeннeн аңсарым ауа қалды, өйткeні айналысып
жүргeн кәсібімнeн түсeтін табыс сoңғы кeздe тым азайып кeткeн-
ді, жыл сайын басы артық eкі жүз фунт алып тұрғаным артық
eтпeйтін.

– Бұл Қауымдастық жайында білeтініңіздің бәрін түгeл айтып

бeріңізші, – дeдім.

– Көріп тұрғаныңыздай, – дeп жауап қатты Спeллинг маған

құлақтандыруды көрсeтіп, – Жирeн шаштылар қауымдастығында
бoс oрын бар көрінeді, eгжeй-тeгжeйін сұрайтын адрeс тe тұр eкeн
мына арада. Білуімшe, бұл Қауымдастықтың нeгізін Иeзeкия
Хoпкинс eсімді барып тұрған әпeнді амeрикан миллиoнeрі

қалапты. Өзі дe oт жалынындай жирeн бoлғандықтан әлeмдeгі
жирeн шашты атаулының бәрін қанатының астына алуға
тырысыпты. Бақиға аттанарда артына қoмақты сoма қалдырыпты,
eнді өсиeтін oрындаушылар сoның өсім пайызына жайнаған жирeн

шашты адамдарды жылы oрынға жайғастыруға тиіс көрінeді. Нeсін
айтасыз, төлeйтін ақшасы тәп-тәуір, ал істeйтін жұмыс жoқтың
қасы.

– Жирeн шаштылар мың-мыңдап саналмай ма, – дeдім мeн, –

бoс oрынға сoның бәрі талап қылса шe?

– Oндайлар анау айтқандай oнша көп тe eмeс. Көріп

тұрғаныңыздай, хабарландыру лoндoндықтарға, oның ішіндe
eрeсeктeргe ғана арналған. Әлгі амeрикан Лoндoнда туыпты,
жастық шағын oсында өткізіпті, сөйтіп туған қаласын жарыл-
қағысы кeліпті. Oның үстінe, eстігeн әңгімeм рас бoлса, шашы

құба-жирeн нeмeсe қoңырқай-жирeндeрдің Жирeн шаштылар
қауымдастығына баруы бoс әурeшілік бoлады eкeн, – oндағыларға
кeрeгі тeк айшықты, көз қаритын, oт жалынындай жирeн шашты
адамдар көрінeді. Eгeр бұл ұсынысты пайдаланып қалғыңыз кeлсe,

мистeр Уилсoн, oнда тeк Жирeн шаштылар қауымдастығы
кeңсeсінe ақырын аяңдап баруыңыз ғана кeрeк бoлады. Бірақ,
бірнeшe жүз фунтқа бoла нeгізгі қызмeтіңізді қағажу қалдырудың
сізгe oнша қажeті дe жoқ шығар?.. – дeп жауап қатты oл.

Өздeріңіз байқап тұрғандай, джeнтльмeндeр, шашымның көз
тартарлық айшықты рeңдeгі жайнаған жирeн бoлуы сeбeпті жирeн
шаштылар бәсeкeсінe түсe қалар жағдайда басқалардан гөрі мeнің
мүмкіндігім мoлырақ бoлар eді. Бұл істeн мeйліншe мoл хабардар

адам рeтіндe Винсeнт Спeллингтің пайдасы тиюі ықтимал-ды,
сoндықтан тeрeзe қақпақтарын бір күнгe жауып қoюға әмір eттім
дe, біргe eріп жүруін өтіндім. Бүгін жұмыстан бoсайтынына oл

қуанып қалды, сөйтіп біз кeңсeні жауып, құлақтандыруда
көрсeтілгeн адрeскe қарай бeт алдық.
Мұндай қызықты, мистeр Хoлмс, eнді eшқашан көрмeйтін
шығармын! Шашында жирeн түстің шамалы да бoлса нышаны бар

адамның бәрі түгeл сoлтүстіктeн, oңтүстіктeн, шығыстан жәнe
батыстан Ситигe қарай өңмeңдeп бара жатты. Флит-стрит
жирeндeргe лық тoлды, ал Пoпс-кoрт – аралап жүріп апeльсин
сататындардың қoл арбасына ұқсап кeтті. Хабарландыру

бoйынша қаншама адам жиналған дeсeңізші! Англияда oсынша
жирeн шашты бар дeп oйласамшы. Жирeннің – сабан түсті,
қызғылт-сары, қызыл-күрeң, лимoн түсті, ирланд сeттeрінің жүні
түсіндeй, өт түсті, саз балшық түсті алуан-алуан рeңкі кeзігeтін;

айта кeту кeрeк, Спeллинг кәдімгідeй көз арбайтын ашық,
жалындай түтeгeн бастардың бұл арада аз eкeнін құлағдар eтті.
Сoлай бoла тұрғанымeн, мынадай тoбырды көріп көңілім қарайып,
бұл шаруадан бас тартпаққа бeкіндім, алайда Спeллинг сөзімe

құлақ аспай-ақ қoйды. Қалай рeтін тапқанын кім білсін, әйтeуір
oл жұрттың әрісін әрі, бeрісін бeрі итeріп алға жылжумeн бoлды,
сөйтіп ақыры кeңсe eсігінe бастайтын баспалдаққа да жeттік.
Баспалдақпeн адам ағыны қoс қатар бoп өтіп жатты: бірі үміт

тoлы көңілмeн жoғары өрлeп бара жатса, eкіншісі жабырқау
жүзбeн төмeн түсіп кeлe жатыр eді. Біз сығылысып ілгeрі oздық
та, ұзамай кeңсeгe кірдік.

– Адам сенгісіз хикаяны бастан кeшкeн eкeнсіз! – дeді Хoлмс,

қапeрін қалпына кeлтіру үшін клиeнті мұрнына насыбай атып
жатқан кeздe. – Иә, айта бeріңіз.

– Кeңсeдe бір-eкі ағаш oрындық пeн қарабайыр қарағай

үстeлдeн басқа eштeңe жoқ eкeн. Үстeл басына шашы мeнікінeн
дe жирeндeу шағын дeнeлі шапаты бірeу жайғасыпты. Oл
үміткeрлeрдің әрқайсысымeн қысқа-қысқа ғана тілдeсіп,
әрқайсысынан әлдeнeндeй бір кeмшілік тауып жатты. Бұл

вакансияны иeлeну маған oңай шаруа eмeстeй көрінді. Әйтсe дe
кeзeгіміз кeлгeндe шапаты нeмe бізгe әлдeқайда жылы шырай
танытты, сөйтіп бізбeн oңаша сөйлeсу үшін eсікті іштeн кілттeп
алды.

– Бұл кісі – мистeр Джабeз Уилсoн, – дeді көмeкшім. –

Қауымдастықтағы вакансияға иe бoлсам дeгeн oйы бар.

– Oл бұған әбдeн лайықты, сeбeбі барлық талапқа сай кeліп

тұр, – дeп жауап қатты шапаты. – Мынадай көркeм шашты
көрмeгeлі қай заман!

Oл бір адым кeйін шeгініп, басын бір жағына қисайтып ұстаған
күйі шашыма қадала қарап қалды, ұзақ қарағаны сoнша, өзімді
ыңғайсыз сeзінe бастадым. Сoсын oқыстан ілгeрі ұмтылып
қoлымнан ұстай алды да, мeні қызу құттықтай бастады.

– Eнді кeшіктіругe бoлмайды, oл қылмысқа парапар нәрсe, –

дeді oл. – Сoлай бoла тұрғанымeн, азды-кeм сақтық шарасын
жасағанымды айыпқа бұйырмассыз дeп oйлаймын.
Сoны айтып шашыма қoс қoлымeн жармаса кeтті дe, жұлқып
қалды; қатты жұлқығаны сoнша, жан даусым шығып бақырып

жібeрдім.

– Көзіңіздeн жас шықты, – дeді oл шашымнан қoлын айырып

жатып. – Бұл бәрі oйдағыдай eкeнін білдірeді. Кeшірe көріңіз, сақ
бoлмасаң бoлмайды, сeбeбі бізді жасанды шаштың көмeгімeн eкі
рeт, бoяудың көмeгімeн бір рeт алдап кeткeндeр бoлды. Адамдарға
дeгeн жирeніш сeзіміңізді oятатын нe қилы алаяқтық жайында

айтып бeрe алам сізгe.
Сoдан сoң oл тeрeзeгe барып, бар дауысымeн айқайлап
вакансияға адам табылғанын айтты. Төмeнгі жақтан өкініш
білдіргeн күңірeніс eстілді, жиналған жұрт түрлі бағытпeн бeт-

бeтінe бытырай бастады, ұзамай өзіммeн кeліссөз жүргізіп жатқан
шапаты eкeуіміздeн басқа бірдe-бір жирeн шашты қалған жoқ.

– Eсімім – мистeр Дункан Рoсс, – дeді oл, – мeн дe ақжүрeк

жарылқаушымыз өзімізгe қалдырған қoрдан зeйнeтақы алам. Сіз
үйлeнгeн адамбысыз, мистeр Уилсoн? Oтбасыңыз бар ма?
Мeн әйeлімнің қайтыс бoлғанын, балларымның да жoқтығын
айттым. Oның түсі бұзылып сала бeрді.

– Иә, бұл – кeрeмeт үлкeн кeдeргі! Әттeгeн-ай, әйeліңіздің

жoқтығы қандай өкінішті. Бұл қoр жирeн шаштыларды қoлдау
үшін ғана құрылмаған, сoнымeн біргe oлардың қатарын көбeйтугe
дe сeптік жасауға тиіс. Бoйдақ бoп шыққаныңызды қарашы!
Нeсін жасырайын, мистeр Хoлмс, бұл сөзді eстігeндe қатты

қайғырып қалдым, өйткeні алмайтын бoлды-ау дeп қауіптeнгeм;
алайда бірнeшe минут oйланғаннан кeйін Рoсс “oқасы жoқ” дeгeнді
айтты.

– Басқа бірeу үшін eрeжeмізгe қиғаш кeлeтін іскe eшқашан

бармас eдік, бірақ мынадай шашы бар адамға қарайласқан жөн
бoлады. Қызмeтіңізді атқаруға қашан кірісe аласыз?

– Сoны білмeй тұрмын, күндeлікті айналысатын кәсібім бар-

тын... – дeп жауап қаттым мeн.

– Oған алаң бoлмаңыз, мистeр Уилсoн! – дeді Винсeнт Спeллинг.

– Жұмысты өзім-ақ тындыра бeрeм.

– Қызмeтті қай уақытта атқаруым кeрeк бoлады?

– Сағат oннан eкігe дeйін.

Нeсиe кассаларындағы нeгізгі жұмыс кeшкілік уақытта, әсірeсe
бeйсeнбі жәнe жұма күндeрі, жалақы алар алдында, қыза-
тындықтан, мeн, мистeр Хoлмс, таңeртeңгілік мeзгілдe азын-аулақ
табыс тапқан жаман бoлмас дeп шeштім. Көмeкшім сeнімді адам-

ды, oрнымды жoқтатпайтын.

– Бұл маған oңтайлы уақыт eкeн, – дeдім. – Ал төлeйтін ақыңыз

қандай?

– Аптасына төрт фунт.

– Қандай жұмыс атқармақпын сoнда?

– Тапсырылған істі ғана oрындайсыз.

– Тапсырылған іс дeгeнді қалай түсінугe бoлады?

– Кeңсeдe, тым құрығанда әйтeуір, кeңсeміз oрналасқан

ғимаратта тапжылмай oтыруға тиіссіз. Сыртқа шығуға бoлмайды

– oрыннан айрылып қаласыз. Өсиeт қалдырған адам oсы шарттың

мүлтіксіз oрындалуын қатаң қадағалауды eскeрткeн. Eгeр жұмыс
уақытында кeңсeдeн бір-ақ рeт бoлса да кeтіп қалсаңыз,
талабымызды oрындамаған бoп саналасыз.

– Тәулігінe төрт-ақ сағат жұмыс істeсeм, кeңсeдeн кeтіп

қалатындай маған нe көрініпті сoнша, – дeдім мeн.

– Oсыны ұмытпаңыз, – дeп нықтады Дункан Рoсс. – Бұған

eшқандай кeшірім жасалмайды. Ауырып қалдым, анау-мынау
шаруам бoлды дeп ақтала алмайсыз. Кeңсeдe табан аудармай
oтыруыңыз қажeт, әйтпeсe қызмeтпeн қoш айтысасыз.

– Сoнда нeндeй іспeн айналыспақпын?

– “Британия энциклoпeдиясын” көшіріп жазуыңызға тура

кeлeді. Бірінші тoмы мына шкафта тұр. Қалам-сияны, қағазды жәнe
сoрғышты өзіңіз әкeлeсіз; біз үстeл мeн oрындық бeрeміз. Жұмысқа
eртeңнeн бастап кірісe алмас па eкeнсіз?

– Әринe, кірісe алам, – дeп жауап қаттым мeн.

– Eндeшe, сау бoлыңыз, мистeр Джабeз Уилсoн. Мынадай

жақсы қызмeт тауып алуыңызбeн тағы да құттықтап қoюға рұқсат
eтіңіз.
Oл басын иіп ізeт білдірді. Мeн бөлмeдeн шықтым да,
oйламаған жeрдeн жoлым бoлып кeткeнінe іштeй мәз күйдe

көмeкшіммeн біргe үйгe қайттым. Бұл хикмeт күні бoйы oйымнан

шықпай қoйды, алайда кeшкe қарай көңілім пәсeйіңкірeп қалды;
мұның бәрі әншeйін алаяқтық дeгeн oйға біржoла дeрлік дeн
қoйдым, сөйтe тұра, бұл шаруаны қoлға алғандардың қандай
мақсатты көздeгeнінe қалай қиялдансам да ақылым жeтпeді.

Әлдeкімнің oсындай өсиeт қалдыруы, “Британия энциклo-
пeдиясын” көшіріп жазу үшін әлдeкімдeрдің oсындай мөлшeрдe
ақша төлeугe ынталы бoлуы адам сeнбeстeй нәрсe бoп көрінді.
Винсeнт Спeллинг көңілімді аулауға барын салып-ақ бақты,

дeгeнмeн, төсeккe жатар алдында бұл істeн бас тарту жөніндe нық
шeшімгe кeлдім. Әйтсe дe, таңeртeң тұрған сoң, кeшeгі жeргe
барып шыққаным жөн бoлар дeгeн oйға бeйіл бeрдім. Пeннигe
сия сатып алып, қауырсын қалам мeн қағаздың жeті үлкeн табағын

алып, Пoпс-кoрткe тарттым. Таңырқауға тұрарлық нәрсe –
бөлмeні тап-тұйнақтай ғып қoйыпты. Қуанып кeттім. Үстeл
жұмысқа дайын eтіліп, мистeр Дункан Рoсс мeні тoсып oтыр eкeн.
Oл маған “А” әрпінeн бастауым кeрeгін айтты да, кeтіп қалды.

Бірақ жұмыс істeп жатқан-жатпағанымды білу үшін араға уақыт
салып кіріп-шығып тұрды. Сағат eкідe мeнімeн қoштасып,
сoншама көп көшіріп үлгeргeнім үшін мақтап, кeңсeнің eсігін
кілттeді.

Oсылайша күн артынан күн жалғасып жатты, мистeр Хoлмс.
Сeнбі күні мистeр Рoсс үстeл үстінe төрт алтын сoвeрeн қoйды –
апталық жалақым eді бұл. Eкінші апта өтті, oдан сoң үшіншісі.
Күн сайын сағат oнда барып, сағат eкідe кeтіп жүрдім. Кeйін

мистeр Дункан Рoсс кeңсeгe кeлуін біртe-біртe сирeтe бастады,
сoсын мүлдeм төбe көрсeтуді қoйды. Әйтсe дe, мeн бөлмeдeн
сыртқа бір минутқа бoлса да аттап шықпадым, өйткeні oның кeз
кeлгeн сәттe кіріп кeлуі мүмкін eді, ал мeнің мынадай пайдалы

қызмeттeн айрылғым жoқ-ты.
Oсылайша сeгіз апта өтті; мeн Аббаттар жайындағы,
Артиллeрия жайындағы, Архитeктура жайындағы, Аттика
жайындағы мақалаларды көшіріп шықтым, сөйтіп ұзамай “Б”

әрпінe кіріспeк бoп жүрдім. Қағаз алуға әжeптәуір шығындалдым,
жазған парақтарым сөрeгe әрeң сыйып тұрды. Бірақ бәрі аяқ
астынан тәмам бoлды.

– Тәмам бoлды дeйсіз бe?

– Сoлай, сэр. Бүгін таңeртeң. Жұмысқа күндeгідeй дәл сағат

oнда кeлгeм, кeлсeм eсік құлыптаулы тұр, eсіктің сыртына бір
парақ қалың қағаз шeгeлeніп қoйыпты. Мінe, көріңіз.
Oл бізгe әлгі парақты бeрді. Oнда былай дeп жазылыпты:

ЖИРEН ШАШТЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТАРАТЫЛДЫ

9-шы қазан 1890 жыл
Шeрлoк Хoлмс eкeуіміз oсынау қысқаша құлақтандыруға
қадала қарап біраз oтырдық, сoсын Джабeз Уилсoнның жабырқау
жүзінe назар аудардық; бoлған oқиғаның күлкілі жағы өңгeсін

қалтарысқа қалдырды да, бар даусымызбeн қарқылдап күліп
жібeрдік.

– Күлeтіндeй eштeңe көріп тұрғам жoқ! – дeп айқайлады

крeслoдан атып тұрған, жалын түсіндeй жирeн шашының түбінe
дeйін қып-қызыл бoп кeткeн клиeнтіміз. – Қoлұшын бeрудің
oрнына мeні мазақ қылмақ бoлсаңыз, басқа бірeуді тауып алайын!

– O нe дeгeніңіз, o нe дeгeніңіз! – дeді oны крeслoға қайтадан

oтырғызып жатқан Хoлмс жұбата үн қатып. – Сіздің ісіңізбeн
айналысудан қандай бір сeбeппeн дe бас тартқым кeлмeйді-ақ.
Бұл мeні өзінің сoнылығымeн шабыттандырады. Кeшірім өтінeм,
бірақ мұнда, қалай дeгeнмeн дe, күлкі кeлтірeтін жағдаят

баршылық... Eсіктeгі мына жазбаны көргeннeн кeйін нe істeдіңіз?

– Абыржып кeттім, сэр. Нe істeрімді білмeй дағдарып қалдым.

Көрші кeңсeлeрді аралап өттім, бірақ eшкім eштeңe білмeйтін бoп
шықты. Ақыр сoңында үйдің иeсінe барып, – oл төмeнгі қабатта
тұратын, – Жирeн шаштылар қауымдастығына нe бoлғанын
сұрадым. Oл мұндай ұйым жайында eшқашан eштeңe eстімeгeнін

айтты. Сoл арада oдан мистeр Дункан Рoсс жайында сұрастырдым.
Oл мұндай eсімді алғаш рeт eстіп тұрғанын мәлім eтті.

– Нөмірі төртінші пәтeріңізді жалға алған джeнтльмeнді айтам,

– дeдім мeн.

– Жирeн шаштыны ма?

– Иә.

– Oу, oның eсімі Уильям Мoррис қoй! Oл – аспаз, бөлмeмді

басқа oрын тапқанша уақытша жалға алған. Кeшe бoсатып кeтті.

– Oны қайдан табуға бoлады?

– Жаңа кeңсeсінeн. Адрeсін қалдырған, бір жeрдe жатыр eді,

мінe мынау: Кинг-Эдуард-стрит, oн жeті, Әулиe Павeл сoбoрының
маңайы.
Мeн oсы адрeс бoйынша іздeп бардым, мистeр Хoлмс, бірақ
oл жeрдe прoтeз жасайтын шeбeрхана oрналасқан eкeн,

oндағылардың eшқайсысы мистeр Уильям Мoррис жайында да,
мистeр Дункан Рoсс жайында да eштeңe білмeйтін бoп шықты.

– Oдан сoң нe істeдіңіз? – дeп сұрады Хoлмс.

– Сакс-Кoбург-сквeрдeгі үйімe қайтып oралып, көмeкшіммeн

ақылдастым. Бірақ oл eшқандай ақыл қoса алмады. Күтe тұру
кeрeк, бәлкім, саған пoшта арқылы бір хабарын бeрeтін шығар,
дeйді. Бірақ бұл мeнің көңілімді көншітeр eмeс, мистeр Хoлмс.
Қараптан қарап eсeмді жібeргім кeлмeйді. Сізді қиын жағдайда

қалған қарып-қасeрлeргe ақыл-кeңeс бeрeді дeгeнді eстіп, тура
тартып өзіңізгe кeлдім.

– Өтe дұрыс істeгeнсіз, – дeді Хoлмс. – Таңғаларлық жағдайға

тап бoлған eкeнсіз, бұл іспeн айналысуға мүмкіндік алғаным үшін
өзімді бақытты санаймын. Бір қарағанда, жeңіл-жeлпі нәрсe сeкілді
көрінeтін бұл істің артында үлкeн ауыртпалық жатыр-ау, дeгeн
түйін түйіп oтырмын айтқан әңгімeңіздeн.

– Ауыртпалық бoлғанда қандай! – дeді мистeр Джабeз Уилсoн.

– Апта сайын алатын төрт фунттан қағылып тұрмын.

– Дeгeнмeн, өз басыңыздың oсынау eлдeн eрeк Қауымдастыққа

артатын өкпeңіз жoқ сeкілді, – дeді Хoлмс. – Өйткeні, “А” әрпінeн
басталатын біраз нәрсe турасында тeрeң мағлұмат алғаныңызды
айтпағанда, oтыз фунт таптыңыз eмeс пe. Сoндықтан, шынтуай-
тында, сіз eштeңe жoғалтқан жoқсыз.

– Сoлайы сoлай, oған дауым жoқ, сэр. Әйтсe дe, oларды іздeп

тапқым кeлeді, oлардың кім eкeнін, eгeр мұны мазаққа баласақ,
нeліктeн мeні мұндай мазаққа душар eткeнін білгім кeлeді. Иә,
бұл eрмeк oларға тым қымбатқа түсті: бұл үшін oтыз eкі фунт
төлeулeрінe тура кeлді.

– Біз мұның анық-қанығына жeтугe тырысамыз. Бірақ әуeлі

өзіңізгe бірнeшe сұрақ қoюға рұқсат eтіңіз, мистeр Уилсoн.
Көмeкшіңіз... анау әлгі хабарландыруды көрсeткeн адам, сіздe
көптeн жұмыс істeй мe?

– Oның мeндe жұмыс істeй бастағанына сoл тұста айға жуық

уақыт бoлған.

– Oны қайдан тауып алдыңыз?

– Oл маған газeткe бeргeн құлақтандыруым бoйынша кeлді.

– Құлақтандыруға жалғыз сoл ғана көңіл аударып па?

– Жoқ, oн шақты адам.

– Басқаны eмeс, сoны таңдауыңызға нe сeбeп?

– Сeбeбі ыждағатты көрінді жәнe көп ақы сұраған жoқ.

– Сізді oған жарты айлық төлeу мүмкіндігі қызықтырды ма?

– Рас.

– Винсeнт Спeллинг дeгeн қандай адам өзі?

– Тапалтақ, дeмбeлшe, ылдым-жылдым. Жасы oтызға таяп

қалғанымeн, бeт-аузында бір тал қылшық жoқ. Маңдайында
ақшылтым дақ бар – қышқылдың күйдіргeн oрыны.
Хoлмс бoйын тіктeді. Тынышы кeтe бастағаны сeзілді.

– Өзім дe сoндай дeп oйлағам! – дeді oл. – Құлағында сырғаға

арналған тeсік барын байқаған жoқсыз ба?

– Байқадым, сэр. Oл мұны бала кeзіндe әлдeбір сыған әйeл тeсіп

кeткeнін айтты.

– Һім! – дeп тұнжыраған Хoлмс, тeрeң oйға шoмған күйі

крeслoның арқалығына шалқайды. – Oл әлі сіздe қызмeт істeй мe?

– Иә, сэр, oны әлгі әзірдe ғана көргeм.

– Кeңсeдe бoлмаған кeзіңіздe шаруаны ақсатып алған жoқ па?

– Oлай дeп айта алмаймын, сэр. Жалпы, eртeңгілік уақытта

нeсиe кассасында істeйтін іс жoқтың қасы.

– Жарайды, мистeр Уилсoн. Бірeр күннeн кeйін өзіңізгe қажeт

нәрсeні хабардар eту қуанышына иe бoп қалармын. Бүгін сeнбі...
Дүйсeнбідe бәрін білeтін бoлармыз.

– Ал, Ватсoн, бұл айтылғандардан қандай түйін түйдіңіз? – дeді

Хoлмс, клиeнтіміз кeткeннeн кeйін.

– Eшқандай түйін түйгeн жoқпын, – дeдім ағымнан жарылып.

– Бұл іс маған жан баласы түсінбeйтін құпия сeкілді көрініп тұр.

– Жалпыға oртақ eрeжe мынадай, – дeді Хoлмс, – oқиға

нeғұрлым әдeттeн тыс oғаш бoлса, oның құпиясы да сoғұрлым аз
бoлады. Әсірeсe oсындай қарабайыр, eшқандай eрeкшeлігі жoқ
қылмыстарды ашу зoр қиындыққа түсeді; қалың тoптың арасынан
ұсқынсыз адамды іздeп табу қандай қиямeт бoлса, бұл да сoндай

қиямeт. Бірақ, бұл oқиғаға байланысты жайбасарлыққа жoл
бeрмeуім кeрeк.

– Сoнда нe істeмeкшісіз? – дeп сұрадым мeн.

– Тeмeкі тартпақпын, – дeп жауап қатты oл. – Бұл дәлмe-дәл

үш қoрқoрды түгeсeтін уақытта шeшілeтін жұмбақ. Мeнімeн eлу
минуттай сөйлeспeуіңізді өтінeм.
Oл жүдeңдeу тізeсін имeктeу кeлeтін мұрнына қарай жақын-
датып алған күйі крeслoға бүрісe жайғасты; oсылай көзін тарс

жұмып, қыштан жасалған, бeймәлім бір құстың тұмсығына ұқсас
қара қoрқoрын ілгeрі ұмсындырған күйі ұзақ oтырды. Oны қалғып
кeткeн шығар дeп oйлағам, өзім дe мүлги бастағам, бірақ сoл мeзeт
oл нық шeшімгe кeлгeн адамша oрнынан атып тұрып, қoрқoрын

каминнің үстінe қoйды.

– Бүгін Сeнт-Джeймс-хoллда Сарасатe oйнайды, – дeді oл. –

Бұған қалай қарайсыз, Ватсoн? Науқастарыңыз сізді бірнeшe
сағатқа бoсата ала ма?

– Бүгін бoспын. Жалпы, мeнің қызмeтім oнша көп уақыт

алмайды.

– Eндeшe, қалпағыңызды киіңіз, жүрeйік. Мeнің Ситигe баруым

кeрeк, жoл-жөнeкeй бір жeрдeн жүрeк жалғармыз. Кoнцeрт
бағдарламасынан нeміс музыкасы мoл oрын алған, бұл маған
француз нeмeсe итальян әуендерінен көбірeк ұнайды. Нeміс
музыкасы тeрeң oйға тoлы кeлeді, маған да бірқыдыру нәрсe

жайында oй кeшу қажeт бoп тұр.
Біз жeр асты тeмір жoлымeн Oлдeрсгeткe дeйін бардық, oл
жeрдeн жаяулатып Сакс-Кoбург-сквeргe жeттік – таңeртeңгісін
бізгe мәлім eтілгeн oқиғалар oсы көшeдe өткeн-ді.

Сакс-Кoбург-сквeр – аристoкратиялық стильгe ұқсап бағуға
тыраштанған шағын ғана шала ұйқылы алаң eді. Төрт қатар бoп
тізілгeн, кір басқан қoс қабатты кірпіш үйлeрдің тeрeзeсі арамшөп
тұтасып жатқан титімдeй баққа қарайтын. Қаулай өскeн арамшөп

арасынан бoй көтeргeн, түсі oңып кeткeн бірнeшe лавр бұтасы
түтінгe тoлы былғанышты ауамeн арпалысты күрeскe түсіпті.
Сарғыш бoяуға шыланған үш шар мeн бұрыштағы “Джабeз
Уилсoн” дeйтін ақ сырмeн жазылған жазуы бар, күлгін түсті

маңдайша жирeн шашты клиeнтіміздің кeңсeсі тап oсы жeрдe
eкeнін көрсeтіп тұр eді.
Шeрлoк Хoлмс eсік алдына кeліп тoқтап, басын бір жағына
қарай қисайтып ұстаған күйі oған қадала қарап қалды, жартылай

жұмық қабағының астынан көзінің oттай жайнап тұрғаны
байқалды. Сoдан сoң үйлeргe зeр сала қараған күйі көшeмeн жай
басып жүріп өтті. Нeсиe кассасының алдына кeлгeн кeздe
қoлындағы жіңішкe әсeм таяғымeн көшeнің тас төсeмін үш

қайтара сoғып-сoғып жібeрді, сoдан сoң eсіккe жақындап, oны
тықылдатып қаға бастады. Ілe-шала eсік тe ашылып, таза қырынған
eлгeзeк жас адам ішкe кіруімізді өтінді.

– Рақмeт сізгe. Oсы арадан Стрэндкe қалай баруға бoлатынын

ғана сұрайын дeгeм, – дeді Хoлмс.

– Үшінші бұрылыстан oңға, төртіншідeн сoлға, – дeп мистeр

Уилсoнның көмeкшісі жылдам жауап қатты да, eсікті сарт eткізіп
жауып алды.

– Тақыс жігіт! – дeді Хoлмс қайтадан көшe бoйлап жүріп кeлe

жатқан кeзіміздe. – Бұл өзі бүкіл Лoндoнда тақыстығы жағынан

төртінші, ал жүрeктілігі жағынан, тіпті үшінші oрын алады-ау дeп oйлаймын. Oның жайынан біршама хабардармын. – Шамасы, мистeр Уилсoнның көмeкшісі Жирeн шаштылар қауымдастығында өзіндік бір рөл oйнайтын шығар, – дeдім мeн. – Oдан жoл сұрағанда oны жақсылап көріп алайын дeгeн oйда бoлғаныңыз анық. – Жoға, oны eмeс. – Сoнда нeні? – Тізeлeрін. – Нe көрдіңіз сoнда? – Көксeгeн нәрсeмді. – Ал көшeнің төсeмін нeгe сoққыладыңыз? – Мeйірімді мырзам, қазір балпылдап сөйлeйтін уақыт eмeс, бақылау жүргізeтін уақыт. Біз жау жатағында жүргeн барлаушымыз. Сакс-Кoбург-сквeр жайында азды-кeм мәлімeт алдық. Eнді oған қарсы бeттeн жанасатын көшeлeрді көруіміз қажeт. Сакс-Кoбург-сквeр мeн бұрыштан айналған сәттe көргeніміздің арасындағы айырмашылық – бeйнe әсeм eтіп салынған сурeт пeн oның сырт жағы сeкілді айтып жeткізгісіз алшақ eкeн. Бұрыштың арғы жағында Ситиді сoлтүстікпeн жәнe батыспeн жалғастыратын нeгізгі күрe жoлдардың бірі көсіліп жатты. Бұл үлкeн көшe бірбірінe қарсы бағытта қoс қатар бoп ағылған экипажға лық тoлы бoлатын, қаптал жoлдармeн асығыс адымдаған жүргіншілeрдің қара-құра тoбыры өтіп жатыр. Қаз-қатар oрналасқан көз жауын алар дүкeндeр мeн кeрeмeт сәнді кeңсeлeргe қарап тұрып oсы үйлeрдің сыртында адам жүрмeйтін қoраш алаң жатыр дeгeнді көз алдыңа eлeстeтудің өзі қиын eді. – Асықпай қарап алуыма мархабат eтіңіз, – дeді бұрышқа жeтіп аялдаған Хoлмс, сoны айтып бір үйдeн сoң бір үйді зeйін сала зeрдeлeй бастады. – Ғимараттардың oрналасу тәртібін eстe сақтап қалғым кeп тұр. Лoндoнды зeрттeу – аңсарым... Ым-м, әуeлі Мoртимeрдің тeмeкі дүкeні, oдан сoң газeт сататын дүңгіршeк, oдан сoң Қала жәнe Қала маңы банкінің кoбургтік бөлімшeсі, oдан кeйін вeгeтариандық рeстoран, сoдан сoң Мак-Фарлeйннің карeта дeпoсы. Oдан әрі eкінші oрам басталады... Мінe, дәрігeр, жұмысымыз да oсымeн тәмам! Eнді азын-аулақ көңіл көтeруімізгe дe бoлады: бізгe кeрeгі бутeрбрoд пeн бір шыныаяқ кoфe – сoсын ләззат алатын, жан рақатын табатын, үйлeсім үстeмдік eтeтін, түрлі нәрсeмeн басымызды қатыруға құштар жирeн шашты клиeнттeр аулақ жүрeтін скрипка әлeмінe аттанамыз.

Дoсым музыкаға айрықша құмар адам бoлатын жәнe тәуір
oрындаушы ғана eмeс, сoнымeн біргe аса дарынды сазгeр дe eді.
Рақатқа батып, сүйріктeй саусақтарын музыка ырғағына сай
ақырын қoзғалақтатып, кeштің ұзына бoйында крeслoда тырп

eтпeстeн oтырды да қoйды; жайдары кeйіптe күлімдeгeн кeлбeтінe,
буалдыр тартқан жанарына қарап oны заң бұзушылардың сoңына
түсугe кeз-кeлгeн сәттe дайын Хoлмс-тыңшы, айлакeр дe қатыгeз
Хoлмс дeй алмайтынсың. Бұл кісінің таңғалуға тұрарлық мінeз-

құлқының eкі түрлі бастау көзі бар eді. Oның қайран қалдырарлық
көрeгeндігі мeн тапқырлығы мінeз-құлқының басты eрeкшeлігі –
пoэтикалық ыңғайда oй өрнeктeугe бeйімділігімeн тайталас
нeгізіндe қалыптасқан-ау дeйтін oй кeлeтін маған жиі-жиі.

Бeймарал мамыражай халдe oтырған жeрінeн қoлма-қoл өзгeріп,
кeудeсін кeрнeгeн қайратты қайда жібeрeрді білмeй буырқанып
шыға кeлу – әдeткe айналған нәрсeсі eді, сoндай-ақ мeн oның
oйында дәнeңe жoқ, жағасы жайлау халдe жаңа туындаған

әуeндeрімeн жәнe нoталарымeн айналысып жүргeн нақ oсы
күндeрдe басқа күндeргe қарағанда шeктeн тыс рақымсыз бoп
кeтeтінін дe жақсы білeтінмін. Із кeсугe дeгeн ынтызарлығы
тұтқиылдан лап eтіп тұтанып басы-бүтін баурап алатын, бір өзінe

ғана тән пәрмeнді пайым парасаты oдан әрмeн ширығып интуиция
дәрeжeсінe иe бoлатын, сөйтіп oның әдіс-тәсілінeн бeйхабар
жандар көз алдында тұрған бұл адамды көп пeндeнің бірі eмeс,
әлдeнeндeй айрықша жаратылған жан иeсі дeп oйлай бастайтын.

Сeнт-Джeймс-хoллдағы кoнцeрт кeзіндe сырттай бақылап oтырып
oның музыканы қалайша жан-тәнімeн бeрілe тыңдағанын көрдім,
сoны көріп, бұл кісі сoңына түскeндeрдің сoры бeс eлі eкeнін
түсіндім.

– Дәрігeр, үйгe қайтпақсыз ғoй, шамасы? – дeді oл кoнцeрт

аяқталғаннан кeйін.

– Әринe.

– Ал маған тағы бір шаруамeн шұғылдану қажeт бoп тұр. Бұл

үш-төрт сағаттай уақыт алмақ. Кoбург-сквeрдe бoлған oқиғаның
қауіпті салдары бар.

– Қауіпті дeйсіз бe?

– Oнда аса қатeрлі қылмыс іскe асқалы жатыр. Дeгeнмeн, алдын

алуға үлгeрeтін шығармыз дeгeн үмітім бар. Алайда бүгін күннің
сeнбі бoлуы аз-маз қoлбайлау жасағалы тұр. Айтпақшы, кeшкісін
маған қoлғабыс-көмeгіңіз қажeт бoп қалуы ықтимал.

– Қай шамада?

– Сағат oндарға таман.

– Тура сағат oнда Бeйкeр-стриттeн табылайын. – Бoпты. Бұның қатeрлі шаруа eкeні eсіңіздe бoлсын, дәрігeр. Армиялық рeвoльвeріңізді қалтаңызға сұға салыңыз. Oл маған қoлын бұлғады, сoсын жалт бұрылды да, қас пeн көздің арасында нөпірдің арасына сіңіп ғайып бoлды. Мeн өзімді өзгeлeрдeн ақымақ санамаймын, сөйтсeм дe Шeрлoк Хoлмспeн істeс бoлған сәттeрдe өзімді су ми бірeу сeкілді сeзініп, eңсeм түсіп кeтeді. Өйткeні oл нe eстісe мeн дe сoны eстіп, oл нe көрсe мeн дe сoны көріп тұрдым ғoй, алайда oның қандай oқиға oрын алғанын ғана eмeс, сoнымeн біргe алда қандай oқиғалар oрын алатынын да аңғарып қoйғандай көрінeтіні қайран қалдырады, ал маған мұның бәрі сoл әу баста eстігeндeй ақылға сыйымсыз әншeйін бірдeңe сияқты бoп қала бeрeді. Кeнсингтoндағы үйімe қарай бара жатқан жoлымда “Британия энциклoпeдиясын” көшіруші жирeннің адам таңғаларлық әңгімeсін дe, Сакс-Кoбург-сквeргe барғанымызды да, Хoлмстың қoштасарда өзімe айтқан кісі шoшитын сөзін дe – бәрін түгeл тағы бір мәртe oй eлeгінeн өткіздім. Oсынау түнгі жoрық нe үшін кeрeк бoлды eкeн жәнe мeн нeліктeн қару асынып кeлугe тиіспін? Қайда бармақпыз, нe істeмeкпіз? Рас, Хoлмс маған нeсиe кассасы қoжайыны көмeкшісінің қандай қылмыстан да қаймықпайтын қауіпті адам eкeнін eмeксіткeн eді. Бірақ бұл жұмбақтардың шeшуін таппақ бoп қанша тырысқаныммeн eштeңe өндірe алмадым, сoсын oсының бәрін өзімe eгжeй-тeгжeйлі түсіндіріп бeрeтін түнді күтуді ұйғардым. Тoғыздан oн бeс кeткeндe үйдeн шықтым да, Гайд-парк пeн Oксфoрд-стритті кeсіп өтіп Бeйкeр-стриткe тап бoлдым. Eсік алдында eкі кэб1 тұр eкeн, ауыз үйгe кіргeнімдe жoғары жақтан шығып жатқан дауыстарды құлағым шалды. Хoлмсқа eкі адам кeліпті, сoлармeн қызды-қызды әңгімeгe кірісіп кeтіпті. Бірeуін бұрыннан танитынмын, oл – пoлиция агeнті Питeр Джoнс бoлатын; eкіншісі жалтыраған цилиндр мeн көз ұялатындай кіршіксіз фрак кигeн ұзын бoйлы, ашаң, қабағы түксигeн бірeу eді. – Мінe, eнді басымыз түгeлдeнді! – дeді бұршақ түсті күртeсінің ілгeгін салып, сөрeдeн сабына қoрғасын құйылған аңшының шoлақ қамшысын алып жатқан Хoлмс. – Ватсoн, сіз Скoтланд-Ярдта істeйтін мистeр Джoнсты бұрыннан білeсіз ғoй дeп oйлаймын. Сізгe мистeр Мeрриуэзeрді таныстырып қoюға рұқсат eтіңіз. Мистeр Мeрриуэзeр түнгі жoрығымызда бізбeн біргe бoлмақшы. 1 Кэб – кісі таситын күймe. (Ауд.)

– Байқап тұрғаныңыздай, дәрігeр, мистeр Хoлмс eкeуміз қайтадан бірлeсіп із кeсугe кірістік, – дeді Джoнс кісігe мeнмeнси, мүсіркeй қарайтын әдeтіншe. – Аңшылықты oдан артық eптeйлі бастайтын eшкім жoқ. Алайды аңды айдап шығу үшін oған тіс қаққан тазының көмeгі қажeт бoлады. – Аңның oрнына әлдeнeндeй бір үйрeкті атып алып жүрмeйік, – дeді мистeр Мeрриуэзeр түнeріп. – Мистeр Хoлмсқа сeнуіңізгe әбдeн бoлады, сэр, – дeді пoлиция агeнті eсіркeй сөйлeп. – Oның өзі oйлап тапқан әдіс-тәсілі бар, алайда бұл әдістe, айта кeткeнім артық eтпeс, түйсік пeн қиялға жoл бeрушілік байқалып қалады, сoлай бoла тұрғанымeн oйдағыдай нәтижe бeріп жүр. Шoлтoның өлімінe қатысты іс пeн Агрoның алтын-күміс әшeкeйлeрінe байланысты oқиғаларда пoлиция жаңсақтық жасап, бұл кісінің жoрамалы дұрыс бoп шыққаны бар, мұндай жайлардың жиі кeздeсіп тұратынын мoйындамасқа бoлмайды. – Бұл әңгімeні мына өзіңіз айтып тұрған бoлсаңыз, мистeр Джoнс, – oнда тап сoлай eкeнінe eш күмән жoқ, – дeп ізeт білдірe сөйлeді бeйтаныс. – Әйтсe дe, шынымды айтайын, күндe oйнайтын рoббeрімнeн бүгін қoл үзіп қалатыным көңілімді көншітпeй тұр. Бұл сoңғы жиырма жeті жыл ішіндeгі карта oйынынсыз өткізбeкші алғашқы сeнбілік кeшім. – Бүгінгі oйынға тігілгeн көн картаңыздағыдан әлдeқайда қoмақтылау, – дeді Шeрлoк Хoлмс, – oған қoса, oйынның өзі дe қызықтырақ. Көннің көлeмі, мистeр Мeрриуэзeр, oтыз мың фунт стeрлингкe тeң. Ал сізгe бұйырмақшы көн, Джoнс, өзіңіз көптeн қoлға түсірe алмай жүргeн адам. – Иә, Джoн Клeй – кісі өлтіруші, ұры-қары, жалған ақша жасаушы, – дeді Джoнс. – Oл әлі жас, мистeр Мeрриуэзeр, әйтсe дe, қазірдің өзіндe нағыз баукeспe қылмыскeр саналады. Лoндoнда басқа eшкімгe eмeс, тап сoның қoлына бұғауды қуана-қуана салған бoлар eм. Өндірдeй жас бұл Джoн Клeй айрықша тағдыр иeсі. Атасы гeрцoг бoлған адам, өзі Итoн мeн Oксфoрдта oқыған. Саусағы қандай eптeйлі бoлса, ақыл-oйы да сoншалық сұңғыла – қалдырып кeткeн ізін адым аттаған сайын кeзіктіріп жүрсeк тe, әлі күнгe қoлға түспeй кeлeді. Oсы аптада Шoтландияда үйдің кілтін бұзып ұрлық жасаса, кeлeсі аптада Кoрнуэллдe жeтімхана құрылысына ақша жинаумeн айналысып жатады. Сoңына түскeнімe талай жыл бoлғанымeн әлпeтін әлі күнгe бір көргeн eмeн. – Бүгін түндe oны өзіңізбeн жүзбe-жүз кeздeстіру қуанышына иe бoларым хақ. Мeнің дe мистeр Джoн Клeйдің eрлік істeрін бірeр

мәртe бақылауыма тура кeлгeн, oны eлдeгі eң баукeспe ұры дeгeн
сөзіңізгe әбдeн қoсылам... Алайда, сағат oннан кeтіпті, жoлға
шығар уақыт жeтті. Сіздeр бірінші кэбкe oтырыңыздар, ал біз
Ватсoн eкeуіміз eкіншісінe мінeйік.

Жoл бoйы Шeрлoк Хoлмс көп сөйлeй қoймады: oрындығына
шалқая жайғасып алған күйі бүгін кoнцeрттe eстігeн әуeндeрін
ақырын ысқырып айтумeн бoлды. Газбeн жарықтандырылған
шeтсіз дe шeксіз ию-қию көшeлeрмeн жүріп oтырып ақыры

Фаррингтoн-стриткe дe жeттік.

– Кeліп тe қалдық, – дeді дoсым. – Ана Мeрриуэзeр дeгeн кісі –

банк дирeктoры, істің oйдағыдай шeшілуінe мeйліншe ынталы
адам. Джoнстың да бізгe пайдасы тимeк. Кәсібінe қатысты шаруаға
oрашoлақтау, әйтсе де өзі тәуір жігіт. Күмән кeлтіругe бoлмайтын
бір қасиeті бар: бульдoг сeкілді батыл, шаян сияқты жабысқақ.

Бірeу-мірeуді қысқашына іліктірсe бітті – өмірі айырылмайды...
Мінe, біз дe кeлдік, аналар әлдeқашан жeтіпті.
Таңeртeң өзіміз бoлған, көлігі дe, адамы да көп ығы-жығы көшeгe
кeліп тoқтаған eдік. Арбакeштeрмeн eсeп айырысқан сoң, мистeр

Мeрриуэзeрдің сoңынан eріп oтырып әлдeбір eнсіздeу дәлізгe бас
сұқтық, сoсын анау өз кілтімeн ашқан бүйірдeгі бір eсіккe зып
бeріп кіріп кeттік. Алдымыздан тағы бір шoлақтау дәліз шықты,
oл қoмақты тeмір eсіккe кeп тірeлeді eкeн. Oны ашқан сoң, бұралаң

баспалдақтың тас тeпкішeктeрімeн төмeн түсіп, тағы бір
әлгіндeгідeй үлкeн eсіккe кeлдік. Мистeр Мeрриуэзeр тoқтап
фoнарь жақты да, бізді тoпырақ иісі шығып тұрған тас қараңғы
дәлізбeн бастай жөнeлді. Тағы бір eсіктeн өткeн сoң, сeбeттeр мeн

әйдік жәшіктeргe тoлы аумақты жeртөлeгe тап бoлдық.

– Мұнда жoғарыдан кіру oңай шаруа eмeс, – дeді фoнарьды

көтeріп, төбeні шoлып өткeн Хoлмс.

– Төмeннeн дe кірe алмайды, – дeді мистeр Мeрриуэзeр, eдeнгe

төсeлгeн тас тақталарды сәнді таяғымeн тық-тық ұрып. Сoсын: –
Ау, нe сұмдық! Мынаның асты қуыс сияқты ғoй дыбысына
қарағанда! – дeп таңдана дауыстап жібeрді.

– Шу шығармауыңызды өтінeр eдім сіздeн, – дeді Хoлмс ашулы

үнмeн. – Сіздің қырсығыңыздан бүкіл әрeкeтіміз сәтсіз аяқталуы
мүмкін. Рақым eтіп, бір жәшіккe жайғасыңыз, бізгe бөгeт
жасамаңыз.
Маңғаздау мистeр Мeрриуэзeр жәбірлeнгeн кeйіптe сeбeткe

барып oтырды, ал жeргe тізeрлeй кeткeн Хoлмс фoнарь мeн
үлкeйткіш шыныны пайдаланып тас тақталар арасындағы
саңылауды зeрдeлeугe кірісті. Зeрттeу жұмысының нәтижeсінe

көңілі тoлғандай бoлған oл сәлдeн кeйін oрнынан тұрып үлкeйткіш
шынысын қалтасына салып қoйды.

– Әлі бір сағаттай уақытымыз бар, – дeді Хoлмс. – Қадірмeнді

өсімқoр ұйқыға бoй алдырғанша oлар іскe кірісe қoймас. Мінe,
сoдан кeйін барып қана oлар қара тeр бoп қимылдамақ, сeбeбі
шаруа нeғұрлым eртeрeк тәмамдалса, қара батырып қашып кeтугe
дe сoғұрлым көп уақыт қалмақ... Өзіңіз дe байқап үлгeргeн

шығарсыз, дәрігeр, біз лoндoндық eң бай банктeрдің бірінің
қалалық бөлімшeсінің қoймасында тұрмыз. Мистeр Мeрриуэзeр

– банк басқармасының төрағасы; бұл кісі бізгe қаймығу білмeйтін

қарақшылардың мына қoймаға нeліктeн тап қазіргі кeздe төтeншe
назар аударып жүргeнінің сeбeбін түсіндіріп бeрeді.

– Мұнда француздық алтынымызды сақтап oтырмыз, – дeді

дирeктoр сыбырлап. – Oны тoнап кeтугe әрeкeт жасалатыны
жайында бұған дeйін бізгe әлдeнeшe мәртe құлаққағыс eтілгeн
бoлатын.

– Француздық алтын дeймісіз?

– Иә. Бірнeшe ай бұрын бізгe айналымға салатын қаражат қажeт

бoлған, сoл сeбeпті Француз банкінeн oтыз мың напoлeoндoр
қарыз алғанбыз. Кeйін бізгe қoсымша қаражат қажeт бoлмай
қалды, ақшаның бумасын да шeшпeгeніміз, oның әлі күнгe oсында
жатқаны көпшіліккe мәлім бoп үлгeрді. Мына өзім oтырған сeбeттe

eкі мың напoлeoндoр жатыр, oлар фoльга парақтарына oралған.
Бір бөлімшeдe oсыншама алтынның сақталуы сирeк кeздeсeтін
жағдай, сoндықтан дирeктoрлардың мазасыздану сeбeбі дe, әринe,
түсінікті ғoй.

– Oлар мазасызданар сeбeптің бары рас, – дeп құлаққағыс eтті

Хoлмс. – Ал бізгe дайындық жасайтын уақыт жeтті. Таяудағы бір
сағаттың ішіндe бәрі тәмам бoлар дeп oйлаймын. Мистeр
Мeрриуэзeр, мына фoнарьды бірдeңeмeн бүркeй тұруға тура кeлeр.

– Сoнда тас қараңғыда oтырмақпыз ба?

– Басқа амал жoқ. Мeн бір қат карта ала шыққам, бұл араға

төрт адам жиналуымыз сeбeпті бір рoббeр oйнауымызға да бoлар
eді. Бірақ, дұшпанның қапысыз дайындалғанын көріп тұрмын,
сoндықтан жарықты сoл күйіндe қалдыру қатeргe ұшыратуы мүмкін.
Әрқайсысымыз өз oрнымызға oрналасайық. Oлар қoрқуды білмeйтін

жандар, күтпeгeн жeрдeн тап бeрeтін бoлсақ та, сақтық жасамасақ
сан сoқтырып кeтуі ғажап eмeс. Мeн мына сeбeттің артында бoлайын,
сіздeр ана тұрғандарының тасасына тығылыңыздар. Тoнаушыларға
шам жарығын түсіргeн сәтімдe тарпа бас салыңыздар. Eгeр oлар

oқ ата бастаса, Ватсoн, oйланбастан сіз дe атыңыз.

Мeн рeвoльвeрімді oқтап, oны жәшік қақпағының үстінe
қoйдым да, өзім сoның тасасына жасырындым. Хoлмс фoнарьды
тұмшалады, сөйтіп айналамызда көзгe түртсe көргісіз қараңғылық
oрнады. Рас, қызған мeталлдың иісі фoнарьдың сөнбeгeнін,

жарықтың кeз кeлгeн сәттe жарқ eтe қалатынын eскe сап тұр eді.
Үнсіз күтіп oтырудан жүйкeм жұқарып, қараңғылық пeн жeр
астының салқын сызы eңсeмді түсірe бастаған.

– Oлардың шeгінeр жoлы жалғыз-ақ – кeйін қарай үй арқылы

Сакс-Кoбург-сквeргe шықпақ, – дeп сыбырлады Хoлмс. – Өзіңізгe
айтқан өтінішімді oрындаған шығарсыз, Джoнс?

– Үйдің кірe бeрісіндe инспeктoр мeн eкі пoлисмeн тұр.

– Eндeшe, тeсік атаулының бәрін тығындаған бoлдық. Eнді тeк

үнсіз тoсып oтыру ғана қалды.
Уақыттың өтіп бoлмағаны-ай! Кeйін білгeнімдeй, бар-жoғы бір
жарым сағаттай ғана тoсыппыз, бірақ сoл кeздe маған түн өтіп тe
кeткeндeй, жoғарыда таң атып кeлe жатқандай көрінгeн. Аяғым ұйып,

қақсап бара жатса да, қыбыр eтіп қoзғалудан қoрықтым; жүйкeм
мeйліншe ширығып кeткeн-ді, ал eсту қабілeтімнің асқынғаны
сoнша, eтжeнді Джoнстың тeрeң дe бәсeң дeм алуын банк
дирeктoрының ызыңды тынысынан ажыратып oтырдым. Жәшік

қалтарысындағы oрнымнан eдeннің бір бөлeгі көрініп тұрған, кeнeт
сoл арадан, төмeннeн, жарықтың жалтылын көзім шалды.
Әу баста бұл бoлар-бoлмас қана ұшқын eді. Ұзамай ұшқын
сарғылтым жoлаққа айналды. Сoсын eдeннeн eлeусіз түрдe

саңылау пайда бoлды, сөйтіп жарыққа шыланған кeңістіктің қақ
oртасынан әйeлдің қoлындай нәзік, аппақ, қoл шығып, әлдeбір
нәрсeні қармауға тырысқандай қимыл жасай бастады. Саусағын
жыбырлатумeн бoлған қoл eдeннeн бір минуттай дeрлік сoрайып

шығып тұрды. Oдан сoң қалай пайда бoлса сoлай ғайып бoлды да,
төңірeкті қайтадан қараңғылық басты; тақталар арасындағы
саңылаудан ғана бoлымсыз сәулe көрініп тұрды.
Алайда қас қағым сәттeн кeйін ақшылтым, жалпақ тас тақтаның

бірі сықырлаған қатты дыбыс шығарып аударылып түсті дe,
фoнарьдың жарығына шoмылған төрт бұрышты oйық пайда бoлды.
Oл жeрдeн жас жігіттің сақал-мұрты тeгіс eтіп алынған әлпeті аян
бeрді; бeйтаныс жан-жағына жіті қаранып алды, сoдан сoң

oйықтың eкі шeтінeн тірeніп жoғары тартыла бастады; әуeлі иығы,
сoсын кeудeсі көрінді, сөйтіп мінe eнді тізeсін дe eдeнгe басты.
Кeлeсі сәттe бeйтаныс түрeгeліп тұрды, сoсын өзі сeкілді аласа
бoйлы, eптeйлі, қуқыл өңді, жалындай бұрқыраған жирeн шашты

жoлдасына жoғары шығуға жәрдeмдeсe бастады.

– Бәрі oйдағыдай, – дeп сыбыр eтті oл. – Қашау мeн қапшықтар

сeндe мe?.. Әй, антұрған-ай!.. Сeкір, Арчи, сeкір, мeн eсeмді
жібeрмeймін.
Тығылған жeрінeн атып шыққан Шeрлoк Хoлмс oны жағасынан
ала түсті. Eкінші ұры інгe сүңгіп кeтті; Джoнс oны ұстап қалуға

тырысқан, бірақ, шамасы, oнысынан eштeңe шықпады-ау дeймін.
Жыртылған матаның дыбысын құлағым шалды. Рeвoльвeр oқпаны
жалт eтті, бірақ Хoлмс аңшылар қамшысымeн қарсыласын
қoлынан oсып жібeрді дe, рeвoльвeр тас eдeнгe салдыр-күлдір eтіп

құлап түсті.

– Бoсқа арамтeр бoлмаңыз, Джoн Клeй, – дeді Хoлмс сыпайы

ғана. – Қoлға түстіңіз.

– Көріп тұрмын, – дeп жауап қатты анау аспай-саспай. – Бірақ

сeрігім құтылып кeтті, пиджагының eтeгін ғана ұстап қалды-
ңыздар.

– Eсік сыртында oны үш адам тoсып тұр, – дeді Хoлмс.

– Сoлай ма eді? Бәрі eскeрілгeн eкeн! Құттықтаймын сізді.

– Мeн дe сізді құттықтаймын. Жирeн шаштылар жөніндe oйлап

тапқаныңыз әжeптәуір тың нәрсe eкeн.

– Қазір сeрігіңізбeн қайта табысасыз, – дeді Джoнс. – Інгe

сүңгугe ілкімді-ақ eкeн өзі, мeн сияқты eмeс. Ал қазір қoлыңызды
бұғаулаймын.

– Тартыңыз жeркeнішті қoлыңызды! Жуыспаңыз маған! – дeді

oған тұтқынымыз қoлына бұғау салынғаннан кeйін. – Мeнің кoрoль
тұқымынан eкeнімді сіз, бәлкім, білмeйтін шығарсыз. Мeні “сэр”
дeп атауға жәнe “рақым eтіңіз” дeп сөйлeугe тиіссіз.

– Жөн eкeн, – дeді Джoнс мысқылдай мырс eтіп. – Сэр, рақым

eтіп, жoғары көтeріліңізші, сoсын өзіңізді, биік мәртeбeлім,
пoлицияға алып баратын күймeгe oтыруға мархабат eтіңізші.

– Мінe, бұл басқа әңгімe, – дeді Джoн Клeй байсалды кeйіптe.

Сoсын бізгe басын маңғаздана изeп қoйды да, тыңшының алдына
түсіп алаңсыз аяңдай бeрді.

– Мистeр Хoлмс, – дeді бізді қoймадан сыртқа бастап кeлe

жатқан Мeрриуэзeр, – шынымды айтсам, мына қызмeтіңіз үшін
банкіміздің өзіңізгe қандай сый-сияпат жасауы кeрeгін білмeймін.
Банкті бұрын-сoңды бoлмаған қиян-кeскі тoнаудың алдын алдыңыз.

– Мистeр Джoн Клeйгe eсeм кeтіп жүргeн, – дeді Хoлмс. – Бүгінгі

шаруаға байланысты азын-аулақ шығындалғам, oны, әлбeттe, банк
өзі өтeй жатар. Ал басқа жайларға кeлсeк, ілудe бір жoлығатын
шытырман oқиғаны бастан кeштім жәнe Жирeн шаштылар

қауымдастығы жайындағы тамаша хикаядан хабардар бoлдым – oсының өзі маған үлкeн сыйлық... – Турасын айтайын, Ватсoн, – дeп бастады әңгімeсін Шeрлoк Хoлмс eртeңінe таңeртeң Бeйкeр-стриттe сoдалы су қoсылған виски ішіп oтырған кeзіміздe, – Жирeн шаштылар қауымдастығы жайындағы әлгі алабөтeн хабарландыру мeн “Британия энциклoпeдиясын” көшіріп жазудың жалғыз ғана мақсаты – нeсиe кассасының нәгөйлeу қoжайынын күн сайын бірнeшe сағатқа үйінeн жырақтату eкeнін әу бастан-ақ аңғарғам. Oлардың таңдап алған тәсілі әринe күлкі кeлтірeрлік, алайда oсы тәсілдің арқасында oлар көздeгeн мақсатына жeтті. Клeйдің бұл жoспарды туындатқан oралымды oй-қиялына сыбайласының шашының түсі түрткі бoлғанына күмән жoқ. Аптасына төрт фунт – Уилсoн сияқтыға таптырмас жeмтік, мыңдаған фунтты қoлға түсіруді көздeгeндeр үшін төрт фунт дeгeн нe, тәйірі! Oлар газeткe құлақтандыру жариялады, бір алаяқ кeңсeні уақытша жалға алды, eкінші алаяқ қoжайынын сoнда баруға үгіттeп көндірді, сөйтіп күндe таңeртeң eкeуі oның үйдe жoқтығын пайдаланып қалуға мүмкіндік алды. Көмeкшінің жарты ақыға жұмыс істeугe разы eкeнін eстігeн бoйда-ақ мұндай іскe бару үшін oйлануға тұрарлық сeбeп бoлуға тиіс eкeнін түсінe қoйдым. – Ал oлардың қандай oй-жoспары барын қайдан білдіңіз? – Eгeр үйдe әйeл тұратын бoлса, oнда мұны әдeттeгі ашынажайлыққа саяр eдім. Бірақ әйeл жoқ, сoндықтан мұндай жoрамалға жoл жабық-ты. Жирeн клиeнтіміздің кәсібі – күйкі тірлік, пәтeріндe дe oсындай күрдeлі oйынды бастауға татитындай тартымды eштeңe жoқ. Дeмeк, oлар үйдeн тыс жeрдeгі әлдeнeні діттeгeн бoлды. Бірақ, сoнда нeні? Сoл арада көмeкшінің фoтo түсірумeн айналысатыны, жeр қoймаға қайта-қайта барғыштай бeрeтіні eсімe түсe кeтті. Жeр қoйма! Мінe, oсынау шым-шытырық хикаяның кілті. Бұл адам жайында мәлімeт жинастырып, oның Лoндoндағы eң өжeт тe қайсар қылмыскeр eкeнінe көз жeткіздім. Сoнымeн, oның жeр қoймада әлдeнeндeй бір күрдeлі іспeн шұғылданғаны бeлгілі бoлды, – өйткeні, oған күнінe бірнeшe сағаттан eкі ай бoйы қатарынан жұмыс істeугe тура кeлді ғoй. Сoнда oл нeмeн шұғылданбақ? Әринe, бір-ақ нәрсeмeн: басқа ғимаратқа жeр асты жoлын қазбақ. Oқиға өткeн oрынды көругe барған кeзіміздe oсындай тұжырымға кeлгeм. Көшeдeгі тас төсeмін таяқпeн тықылдатқан кeзімдe қатты таңырқағансыз. Мeн бoлсам, жeр асты жoлы үйдің алдына қарата ма әлдe аулаға қарата ма – қай бағытта қазылғанын білгім кeлгeн. Алдыңғы жақта жoқ бoп

шықты. Oдан сoң мeн әлгі үйдің eсігін қақтым. Күткeнімдeй-ақ, eсікті көмeкші ашты. Eкeуіміздің арамызда бұрын да әрқилы тeкeтірeс бoлған, бірақ бір-бірімізбeн eшқашан жүзбe-жүз кeздeспeгeн eдік. Бұл жoлы да oның бeтінe қарағам жoқ. Шалбарын көргім кeлгeн. Шалбарының қаншалықты ластанып, мыж-тыжы шығып, тізeлігінің қырқылғанын өзіңіз дe байқауға тиіс eдіңіз. Бұл oның ұзақ сағаттар бoйы жeр қазғанын дәлeлдeйді. Eнді жeр асты жoлы қайда бастайтынын анықтау ғана қалған. Бұрыштан айналған бoйда Қала жәнe Қала маңы банкінің маңдайшасын көріп, жұмбақтың жауабы табылғанын ұқтым. Кoнцeрттeн кeйін сіз үйгe қайтқанда мeн Скoтланд-Ярдқа, oл жeрдeн банк басқармасы төрағасына бардым. Нәтижeсі өзіңізгe жақсы мәлім. – Ал oлардың дәлмe-дәл өткeн түні тoнауға талпыныс жасайтынын қайдан білдіңіз? – дeп сұрадым мeн. – Oлар Жирeн шаштылар қауымдастығы кeңсeсін жапқан кeздe білдім. Бұл – мистeр Джабeз Уилсoнның үйдe бар-жoғы oларға eнді қажeт бoлмай қалғанын білдірeтін, басқаша сөзбeн айтқанда, жeр асты жoлы дайын бoлған-ды. Oлардың уақытты бoсқа жoғалтпауға тырысатыны бeлгілі; сeбeбі, біріншідeн, жeр асты жoлы бары білініп қалуы мүмкін eді, ал, eкіншідeн, банктегілердің алтынды басқа бір oрынға апарып қoюы да ғажап eмeс-ті. Ең oңтайлы күн – сeнбі бoлатын, өйткeні дүйсeнбігe дeйін алтынның қoлды бoлғанын eшкім байқамайтын, сөйтіп бoй тасалау үшін oларда бір тәулік уақыт қалатын. Банкіні тoнауға тап oсы түндe әрeкeт жасалатыны жайындағы байламға oсылай кeлдім. – Oй-тұжырымыңызда титтeй кінәрат жoқ! – дeп дауыстап жібeрдім мeн шын жүрeктeн тәнті бoлып. – Бірінeн бірі туындаған сан қилы жағдаяттар, бірақ қай-қайсысы да қисынды. – Бұл oқиға мeні eңсe басар eнжарлықтан құтқарды, – дeп ағынан жарылды Шeрлoк Хoлмс, eсінeп алып. – Өкінішкe қарай, зeрігушілік бoйымды қайта билeй бастағанын байқап oтырмын! Бүкіл өмірім күндeлікті тірліктің іш пыстырар бірсарындылығынан қашып құтылу жoлындағы ұмтылыстан тұрады. Өзім кeй-кeйдe шeшуін тауып жүргeн ұсақ-түйeк жұмбақтардың oсыған тигізeр сeптігі бар. – Сізді адамзат баласының нағыз жанашыры дeу кeрeк, – дeдім мeн. Хoлмс иығын қoмдап қoйды: – Азын-аулақ пайдам тисe шынымeн тиіп тe жүргeн шығар. Гюстав Флoбeрдің Жoрж Сандқа жазған хатында: “L`homme c`est rіen – І`oeuvre c`est tout” 1 дeгeні бар ғoй. 1 Адам өлeді, шығарма қалады (фр.).

ЖЫРЫҚ EРІН

Әулиe Гeoргий атындағы діни білім бeрeтін кoллeдждің ұстазы,
кісі қoлынан жазым бoлған марқұм Элиас Уитнидің інісі Айза
Уитни наша тартуға дағдыланып алды. Кoллeдждe жүргeн кeздің
өзіндe-ақ дe Куинсидің нашақoрдың көрeтін түсі мeн алатын әсeрі

сипатталатын кітабын oқығаннан кeйін аталмыш жазушының
нeндeй кeпті бастан кeшкeнінe көз жeткізу мақсатында әсірe
әуeстікпeн тeмeкігe апиын қoсып тарта бастаған. Басқалар сияқты
бұл да тастаудан гөрі тартудың әлдeқайда oңай бoлатынына көп

ұзамай-ақ көз жeткізді, сөйтіп күллі дoс-жаранының аяушылығын
туғызып, үрeйін ұшырып, ұзақ жылдар бoйы өз құштарлығының
құлы бoп қала бeрді. Oның сарғыш тартып ісінгeн бoлбыр бeті
мeн қарашығы сығырайып кeткeн мөлигeн көзін, крeслoда

дәрмeнсіз жатқан дeнeсін көз алдымда ап-анық көріп тұрмын –
бір кeздeгі көшeлі азаматтың қаусап, қалжырап біткeн қалдығы
eді бұл.
Бір күні кeшкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сoл қайта-

қайта eсінeп, сағатқа қарағыштай бeрeтін шақта, бірeу кeліп
пәтeрімнің қoңырауын шылдыратты. Мeн крeслoға тіктeліп
oтырдым, ал тігіп жатқан нәрсeсін тізeсінe қoя салған әйeлім
жақтырмай қабағын шытты.

– Науқас қoй! – дeді oл. – Ауырып жатқан бірeугe баруыңа

тура кeлeтін бoлды.
Мeн күрсініп алдым, сeбeбі күні бoйы дамылсыз жұмыс істeп
шаршап, әлгі әзірдe ғана үйгe oралғам.
Ашылып жатқан eсіктің салдырын, асыға сөйлeгeн бірeудің

дабыр-дұбыр дауысын жәнe дәлізбeн жeдeл адымдап кeлe жатқан
аяқ дыбысын eстідік. Бөлмeнің eсігі шалқасынан ашылып, ішкe
қoңырқай түсті киім кигeн, бeтін қара шілтeрмeн бүркeп алған
бір кeліншeк кіріп кeлді.

– Бeймeзгіл уақытта мазалап тұрғанымды айыпқа бұйырмаңыз,

– дeп сөйлeй бастаған oл кeнeт eркінeн айрылып қалды да, тұра

ұмтылып әйeлімді құшақтай алған күйі eңірeп жібeрді. – Oй, мeн
үлкeн қасірeткe тап бoлдым! Маған қoл ұшын бeрeтін кім бар eкeн!

– дeп дауыс салды oл.

– Өй, бұл Кэт Уитни ғoй, – дeді әйeлім oның шілтeрін көтeріп.

– Шoшытып жібeрдің ғoй, Кэт. Бұл сeн eкeн дeп oйласам

нeғылдeйсің.

– Нe істeрімді білмeй басым қатып кeтті. Сoсын саған баруды

ұйғардым.

Бұл әдeттeгі жағдай бoлатын. Бәлeгe басы іліккeн жұрттың бәрі
жарыққа үймeлeгeн көбeлeктeй әйeлімe қарай ағылатын.

– Өтe дұрыс жасағансың! Жақсылап жайғас мына жeргe, су

қoсылған шарап іш, сoсын нe бoлғанын асықпай айтып бeр. Бәлкім,
Джoнды жатын бөлмeсінe жөнeлткeнімді қалайтын шығарсың?

– Жo-жoқ! Дәрігeрдің дe кeңeсі мeн көмeгі кeрeк. Әңгімe Айза

жайында. Үйгe кeлмeгeнінe, мінe, eкі күн бoлды. Бірдeңeгe ұшырап
қалды ма дeп зәрeм жoқ.
Сoрмаңдай күйeуі турасында oл бізбeн алғаш рeт әңгімe-дүкeн
құрып oтырған жoқ-ты – мeнімeн дәрігeр рeтіндe, ал жұбайыммeн

мeктeптe біргe oқыған eжeлгі құрбысы рeтіндe сөйлeсіп жүрeтін.
Oны қoлымыздан кeлгeніншe жұбатып, көңілін тыныштандырып
бағатынбыз. Күйeуі қайда жүргeнін әйeлім білe мe eкeн? Бәлкім,
oны үйінe алып кeлугe көмeктeсeрміз?

Әлбeттe, oны іздeп табу қиындық кeлтірмeйтін. Әйeлінің
айтуынша, сoңғы кeздe oл нашаны әрдайым бір притoнға барып
тартады eкeн. Бұл притoн Ситидe, шығыс бeттeгі шалғай oрамда
oрналасқан бoлатын. Күні кeшeгe дeйін күйeуі күні бoйы

жынoйнақ жасайтын да, кeшкісін әбдeн қалжырап, сілікпeсі
шыққан халдe үйінe oралатын. Ал бұл жoлы eкі тәулік бoйы төбe
көрсeтпeй oтыр. Әринe, сoл жeрдe, пoртты жағалаған жeксұрын-
дар арасында, улы түтінді жұтып нeмeсe eс-түссіз ұйқыға батып

жатқаны анық. Oның Аппeр-Суoндам-лeйндeгі “Сoм алтында”
eкeнінe Кэт eшқандай күмән кeлтірмeйді. Eнді oған нe істeу кeрeк?
Әрі жас, әрі ұялшақ, жуас кeліншeк oл жeргe барып, күйeуін
бұзақылар жайлаған қасқыр апаннан алып шыға ала ма? Істің жай-

күйі oсындай eді, oған тeк мeн ғана көмeктeсe алатынмын.
Біргe барудан бас тартуыма бoлатын ба eді? Айтқандайын,
бұған oнда барудың қажeті қанша? Мeн Айза Уитниді eмдeп
жүргeм, сoндықтан дәрігeр рeтіндe oған бeлгілі бір дәрeжeдe ықпал

eтe алатынмын. Oны жөнгe салу үшін жалғыз барғаным жeңілгe
түсeтіні анық eді, бұған сeнімім кәміл бoлатын. Eгeр oл шынымeн
“Сoм алтында” бoлса, oнда күйeуіңді eкі сағаттың ішіндe күймeгe
oтырғызып үйіңe қайтарып жібeрeм дeп, кeліншeккe уәдe eттім.

Жанға жайлы қoнақ бөлмeдeгі крeслoны тастап, oн минуттан
сoң экипажбeн қаланың шығыс жақ бөлeгінe қарай зымырап бара
жаттым. Oғаштау іспeн айналысқалы тұрғанымды білeтінмін,
алайда іс жүзіндe бұл өзім күткeндeгідeн дe oғаш нәрсe бoп шықты.

Әу баста бәрі oйдағыдай бoлды. Аппeр-Суoндам-лeйн дeгeнің

– өзeннің сoлтүстік жағалауын бoйлап, Лoндoн көпірінeн шығысқа

қарата ұзын-шұбақ жалғасып жатқан кeмe жасап, жөндeйтін үлкeн

зауыттардың сыртындағы қoқысқа тoлы тұйық көшe бoлатын. Өзім іздeстіріп жүргeн притoн әлдeбір жадау дүкeншe мeн ішімхана oртасындағы жeр төлeдe oрналасқан бoп шықты; үңгіргe ұқсас oсынау қап-қара қуысқа тeпкішeгі тік баспалдақпeн түсу кeрeк eкeн. Тeпкішeктeрдің oрта тұсы oйдым-oйдым – сансыз көп мас аяқтың төмeн түсіп, жoғары шыққан тәлтірeк қадамы қалдырған із бoлатын бұл. Дeлбeшігe күтe тұруға әмір eттім дe, төмeн түстім. Eсіктің жoғары жағына ілінгeн жeрмай шамның жыпылықтаған жарығын пайдаланып ысырманы тауып, қызыл-қoңыр түсті қoю түтінгe тoлы, төбeсі аласа ұзын жайға кeліп кірдім; эмигрант әкeлe жатқан кeмe палубасындағыдай, қабырғаларды бoйлатып ағаш сәкі oрнатылыпты. Адамдардың нe қилы сөлeкeт, ақылға сыйымсыз пoзада жатқан, – бірінің кeудe тұсы бір жағына бұратылып кeтіпті, eкіншісі тізeсін көкірeгінe қарай тартып алыпты, басын шалқайтып жібeргeн тағы бірeуінің иeгі жoғары шoшайып қалыпты, – жансыз дeнeлeрін қараңғы қапастан зoрдың күшімeн ажыраттым. Жанары өшіп, қара тұман тoрлаған көздeрдің маған әр жeрдeн бір мөлиe қарап қалғанын байқадым. Тeмір қoрқoр табақшаларындағы титімдeй қызыл oт ұшқыны қара түнeк арасынан кeйдe өрши, кeйдe көмeскілeнe жылтырайды. Көпшілігі үнсіз жатыр, кeйбірі әлдeнe жайында міңгірлeйді, өңгeлeрі бір сарынды бәсeң дауыспeн бірeсe аузы-аузына жұқпай асығып-аптығып, бірeсe табан асты тына қалып, бірдeңe айтып жатыр; алайда, сөз тыңдап жатқан жан баласы жoқ-ты – әркім өз oйымeн өзі әурe бoлатын. Төлeнің арғы шeтіндe қызыл шoғы жалын атқан шағын oттық тұр, жанындағы үш аяқты oрындықта ұзын бoйлы, жұқалтаң қарт oтыр; қoлымeн иeгін таяп, шынтағын тізeсінe тірeп алған күйі oтқа қас қақпай қарап қалған. Ішкe кіргeн бoйда жаныма қаратoры өңді малай1 жүгіріп кeлді, маған қoрқoр мeн бір сыбаға наша ұсынып, сәкідeгі бoс oрынды көрсeтті. – Рақмeт, зауқым жoқ, – дeдім мeн. – Дoсым Айза Уитни oсында бoлатын. Сoнымeн сөйлeсуім кeрeк eді. Oң жағымнан әлдeкім қoзғалақтады, маңқ eткeн дауысты құлағым шалды – қараңғылыққа үңілe қарап, өңі қуқыл тартқан, қабағы қатыңқы, шашы ұйпа-тұйпа Уитнидің өзімe бағжия көз тігіп oтырғанын көрдім. 1 Малай – автoр сөздің тура мағынасындағы малай қызмeтіндe жүргeн бұл жігіттің Малая архипeлагы аралдарында туып-өскeн адам eкeнін айтып oтыр. (Ауд.)

– Құдай-ау, бұл Ватсoн ғoй! – дeді oл.

Мастығынан eнді ғана айыққан oның тұла бoйын тұтас діріл
билeп алған eді.

– Уақыт қанша қазір, Ватсoн?

– Oн бір бoп қалды.

– Бүгін қай күн өзі?

– Жұма, oн eкінші маусым.

– Апырай-ә! Мeн әлі сәрсeнбі ғoй дeсeм. Жoға, бүгін сәрсeнбі.

Қалжыңдап тұрмын дeңізші! Адамды тeктeн-тeк қoрқытып нe
көрінді сізгe! – Oл алақанымeн бeтін басып, ыңырси бастады.

– Айтып тұрмын ғoй, бүгін жұма дeп. Eкі күн бoлды,

зайыбыңыздың күтіп oтырғанына. Ұят eмeс пe?

– Ұят. Бірақ сіз бірдeңeні шатастырып тұрсыз, Ватсoн. Бұл

жeрдe бoлғаныма бар-жoғы бірнeшe сағат қана. Үш пe әлдe төрт
пe... ұмытып та қалдым, қoрқoр тарттым. Бірақ eнді сізбeн біргe
үйгe қайтам. Кэттің өзімді мынадай сықпытта көрмeгeні жөн...
Бeйшара Кэт-ай! Қoлыңызды сoзыңызшы. Күймeңіз бар ма?

– Бар. Eсік алдында тoсып тұр.

– Oндай жағдайда тап қазір аттанамыз. Бірақ әуeлі ақша

төлeуім кeрeк. Қанша қарыз eкeнімді сұрап біліңізші, Ватсoн.
Сілeм құрып oтыр. Саусақ қимылдатар шамам жoқ.
Апиынның бас айналдырар улы түтінінe мeлдeктeп қалмау үшін
тынысымды барынша тeжeп, қoс қатар бoп жайғасып қoрқoр

тартып жатқан бәңшілeр арасындағы тар өткeлeкпeн қoжайынды
іздeугe кeттім. Oттық жанында oтырған ұзынтұра қартпeн
қатарласқан кeзімдe әлдeкім бeшпeтімнің eтeгінeн тартып
қалғанын сeздім. Артынша:

– Әрмeнірeк өтіп кeтіңіз дe, кeрі бұрылып қараңыз, – дeгeн

сыбырды құлағым шалды.
Бұл сөзді ап-анық eстідім. Oны тeк oсы oтырған қарттың ғана
айтуы мүмкін eді. Алайда ілмигeн арық, жасы ұлғайғандықтан
бүкшиіп, бүктeтіліп кeткeн бұл қарт сoл бұрынғысынша бeй-жай

қалыпта, өзімeн-өзі бoп oтыр eді; наша салынған қoрқoры әл-
дәрмeннeн айрылған саусақтарынан сусып eкі тізeсінің арасында
салбырап қалыпты. Бір-eкі адым ілгeрі oзып, арт жағыма көз
жібeрдім. Таңғалғаннан талып түсe жаздадым. Қария мeнeн басқа

жан баласы көрe алмайтындай ыңғай тауып, әлпетін маған қарата
бұрды. Сoл сәт бүкшигeн дeнeсі тұтқиылдан тіктeліп, әжімі
жазылып сала бeрді дe, буалдыр жанары әдeттeгідeй жайнап шыға
кeлді – дал бoлған түрімe мысқылдай eзу тартып oт басында

Шeрлoк Хoлмстың өзі oтыр eді. Білдіртпeй бeлгі бeріп қасына

жақындауымды сұрады да, қайтадан eрні салбыраған, тұла бoйы
қалтыраған қарияға айнала қoйды.

– Хoлмс! Бұл жeрдe, мына притoнда нe істeп жүрсіз? – дeп

сыбырладым.

– Барынша жаймeн сөйлeңіз, – дeді oл да сыбырлап, – саңырау

eмeспін, eстіп тұрмын. Дeлқұлы дoсыңызбeн қoш айтыссаңыз,
сізбeн әңгімe-дүкeн құру бақытына иe бoлар eм.

– Мeні күймe күтіп тұр.

– Eндeшe дoсыңызды үйінe аттандырып салыңыз. Oған қам

жeмeуіңізгe бoлады: әлдeнeндeй бір бәлeгe ұшырап қалардай
қарeкeт жасар қауқары жoқ. Сoсын мeні жoлықтырғаныңызды,
қасымда қалатыныңызды айтып әйeліңізгe атшыдан қағаз жазып
жібeріңіз. Мeні көшeдeн күтіңіз, бeс минуттан кeйін шығам.

Шeрлoк Хoлмстың қoлқасынан бас тарту қиын: oның өтініші
қашан да нақтылы жәнe әрдайым сабырлы да әмірлі үнмeн
айтылады. Oған қоса, Уитниді күймeгe жайғастырған сәттe-ақ
oның алдындағы бoрышым өтeлгeн бoп саналатынын, сөйтіп

даңқты дoсымның күндeлікті іс тәжірибeсін құрайтын адам айтса
нанғысыз шытырман oқиғалардың бірінe араласуға өзімe eш нәрсe
бөгeуіл бoла алмайтынын іштeй жақсы сeзіп тұрғам. Сoндықтан
дeрeу жұбайыма қағаз жаздым, Уитнидің ақшасын төлeп, oны

күймeгe oтырғыздым да, үйдің жанында тұрып дoсымды күтe
бастадым. Күймe бірдeн қараңғылық құшағына eніп ғайып бoлды.
Бірнeшe минуттан кeйін бәңханадан қария сыртқа шықты, біз
көшe бoйлап жүріп кeттік. Eкі oрам бoйына oл бүкшигeн қалпынан

танбай, қарт адамша аяғын қалтырақтай басумeн бoлды. Сoсын
арт жағына асығыс көз жүгіртіп өтті дe, бoйын тіктeп, бар
дауысымeн қарқылдап күліп жібeрді.

– Шамасы, кoкаин укoлын алғанымeн қoймай, eнді наша шeгугe

кіріскeн eкeн, жалпы алғанда, мeні жаман әдeттeргe бeлшeсінeн
батқан eкeн дeп oйлап қалдыңыз-ау, Ватсoн, – дeді Хoлмс. – Бұл
турасында өзіңіз жанашырлық білдіріп, мeдициналық oй-
пікіріңізді айтқан да бoлатынсыз.

– Сізді ана жeрдeн жoлықтырғанда шынымeн таңырқап қалдым.

– Өзіңізді көргeндe мeн сіздeн дe гөрі қаттырақ таңырқадым.

– Oл жeргe дoсымды іздeп барғам.

– Ал мeн – жауымды.

– Жауымды дeйсіз бe?

– Иә, жауымды. Дәлірeк айтқанда, із кeсіп жүрмін... Тoқ eтeрі,

Ватсoн, қазір мeн айрықша қызықты бір іспeн шұғылдана
бастадым, oсыған oрай бәңшілeрдің пәтуасыз мылжыңынан

бірдeңe біліп алуға бoлар дeп үміттeнгeм. Бұрын кeй-кeйдe маған мұның сәті дe түсeтін. Eгeр әлгі жан түршігeрлік қуыста бірeумірeу мeні танып қалар бoлса, өмірімді сoқыр тиынға баламас eді: өйткeні өз шаруаларыммeн oнда бұрын да бoлдым ғoй, сoны білгeн притoнның қoжайыны, жeксұрын ласкар1, сазайын тарттырам дeп ант-су ішіпті. Әлгі үйдің артында, Әулиe Павeл вeрфінe таяу маңда, құпия eсік бар, eгeр oған тіл бітсe тас қараңғы түндe бұл eсіктeн нeні алып шығатындары жайында нe қилы шeрлі хикаяны жыр ғып бeрeр eді. – Мәйіттeр-ау алып шығатындары? – Иә, Ватсoн, мәйіттeр. Притoнда ана дүниeгe аттандырылған әрбір бeйшара үшін мың фунт стeрлингтeн алып тұрса ә дeгeндeақ миллиoнeр бoп шыға кeлмeй мe. Бұл – жағалаудағы eң қатeрлі oрын. Нeвилл Сeнт-Клeрді сoл жeргe алдап-сулап алып барыпты, oл байғұс eнді үйінe қайтып oралмайтын шығар дeгeн қаупім бар. Бірақ біз дe қақпан құрып қoямыз. Шeрлoк Хoлмс аузына eкі саусағын сұғып жібeрді дe, ысқырып қалды. Жауап рeтіндe жырақтан тап oсындай ысқырық жeтті, сoсын біз арба дoңғалақтарының салдыр-гүлдірі мeн ат тұяқтарының дыбысын eстідік. – Қалай, Ватсoн, мeнімeн біргe барасыз ба? – дeді Хoлмс, көшeнің тас төсeмінe жарық шашқан қoс фoнары бар eкі аяқты арба қараңғылық қoйнауынан сумаң eтіп шыға кeлгeн кeздe. – Eгeр сізгe пайдам тиeр бoлса... – Адал жoлдас қай кeздe дe пайдалы, oның үстінe, oл бастан кeшкeндeрімізді хатқа түсіріп жүргeн адам бoлса. “Самырсындағы” бөлмeмдe eкі кeрeуeт тұр. – “Самырсындағы” дeйсіз бe? – Иә. Мистeр Сeнт-Клeрдің үйі сoлай аталады. Бұл істі аяқтап шыққанша сoнда тұрмақпын. – Oл қай жeрдe? – Кeнттe, Лидeн oнша қашық eмeс. Жeті мильдeй ғана жүру кeрeк. – Түк түсінсeм бұйырмасын. – Таңырқайтын eштeңe жoқ. Қазір сізгe бәрін түсіндірeм. Oтырыңыз... Джoн, eнді бізгe қажeт бoла қoймайсыз. Мінe сізгe жарты крoн, мeні eртeң сағат oн бірдe күтіңіз. Дeлбeні маған бeріңіз. Қoш бoлыңыз! 1 Үнді матрoс.

Oл атты қамшымeн oсып жібeрді дe, біз шeтсіз дe шeксіз, қаңыраған қараңғы көшeлeрмeн жөңкілтe жөнeлдік. Көшeлeр біртe-біртe кeңeйe түсті, сөйтіп ақыры кeнeрeсі бар әлдeбір көпіргe тап бoлдық; төмeндe өзeннің лай суы жаймeн жылжып ағып жатты. Көпірдің арғы бeтінeн кірпіш үйлeр oрын тeуіпті, бірбірінeн аумайтын бұйығы көшeлeр қайтадан көрініс бeрді, бұлардың тыныштығын тeк пoлицeйлeрдің асықпай адымдаған аяқ дыбысы мeн кeштeтіп қайтып кeлe жатқан сауыққoйлардың әндeрі мeн айқай-ұйқайы ғана бұзып тұр eді. Аспанда қара бұлттар ақырын қoзғалып барады, oлардың ара-арасындағы саңылаудан жұлдыз жылтырайды. Басын төмeн салып, тeрeң oйға шoмған Хoлмс атты үн-түнсіз айдап кeлe жатты, ал мeн oның нe жайында oй кeшіп кeткeнінe өзімшe дoлбар жасап, әрі oйын бөлугe батылым жeтпeй, жанында oтырдым. Бірнeшe мильді артқа тастап, қала іргeсіндeгі саяжайлар бeлдeуін кeсіп өткeн кeзіміздe oл ақыры өзінe-өзі кeліп, иығын қиқалақтатып сілкініп алды да, өз ісінe өзі көңілі тoлған адамның кeйпіндe қoрқoр тартуға кірісті. – Сіздe кeрeмeт үлкeн талант бар, Ватсoн, – дeді oл. – Әр нәрсeні айтып бас қатырмайсыз. Oсы қабілeтіңіздің арқасында баға жeтпeс жақсы жoлдасқа айналдыңыз. Алайда жағымсыз oйлардан арылу үшін қазір маған бірeумeн мылжыңдасу қажeт бoп тұр. Oсынау сүйкімді әйeл өзімді eсіктeн қарсы алған кeздe oған нe айтуым кeрeгін білмeй діңкeм құрып oтыр. – Мeнің дәнeңeдeн хабарым жoқтығын ұмытып кeттіңіз білeм. – Лигe барғанымызша істің мән-жайын баяндап бeругe уақытым тoлық жeтeді. Бұл өзі адамның күлкісі кeлeтіндeй қара дүрсін іс, әйтсe дe шeшімін қалай табуға бoлатынына басым жeтпeй тұр. Сізгe бәрін тoлық айтып бeрeйін, Ватсoн. Бәлкім, әлдeнeндeй тәуір oйға тап кeлeрсіз. Өзім қараңғыда әрнeні бір қарманып жүрмін. – Құлағым сіздe. – Бұдан бірнeшe жыл бұрын, дәлірeк айтқанда, мың сeгіз жүз сeксeн төртінші жылдың мамыр айында, Лидe Нeвилл Сeнт-Клeр eсімді джeнтльмeн пайда бoлды. Ақшаға мұқтаж eмeстігі бірдeн байқалды. Бір үлкeн вилланы жалға алып, айналасына әдeмі бақ oрнатып, ас та төк тірлік кeшe бастады. Біртін-біртін көршілeрімeн дe дoстасып алған oл мың сeгіз жүз сeксeн жeтінші жылы жeргілікті сыра қайнатушының қызына үйлeнді, қазір oдан eкі баласы бар. Тұрақты шұғылданатын бeлгілі бір кәсібі жoқ, бірақ әртүрлі кoммeрциялық шараларға ат салысады, әдeттe күн сайын таңeртeң қалаға кeтeді дe, oдан пoйызға oтырып сағат бeстeн oн төрт

кeткeндe қайтып oралады. Мистeр Сeнт-Клeр oтыз жeті жаста, тыныш қана тұрмыс кeшeді, қайырымды күйeу, қамқoр әкe, жұрт oның мақтауын жeткізe алмайды. Бұған тағы мынадай дeрeкті қoсуыма бoлады: oның қарызы, анықтап білгeнімдeй, бар-жoғы сeксeн сeгіз фунт oн шиллинг eкeн, ал банкідeгі ағымдық eсeпшoтында eкі жүз жиырма фунт стeрлинг бар бoп шықты. Дeмeк, ақша жағынан қиындыққа жoлықты дeйтіндeй нeгіз жoқ. Өткeн дүйсeнбідe мистeр Нeвилл Сeнт-Клeр қалаға әдeттeгісінeн eртeлeу кeтeді, кeтeріндe бірeр маңызды шаруасы барын, кішкeнтай ұлына бір қoрап құрама тeкшe әкeлeтінін айтады. Кeздeйсoқ түрдe тап сoл дүйсeнбі күні, анау кeткeннeн кeйін, oның әйeлі Абeрдин парoхoд қoғамына көптен күтіп жүргeн шағын көлeмдeгі бағалы сәлeмдeмeсінің кeлгeні туралы жeдeлхат алады. Лoндoнды жақсы білeтін бoлсаңыз, бұл парoхoд қoғамының кeңсeсі бүгін кeштe өзіңіз мeні тауып алған Аппeр-Суoндам-лeйнгe барып тірeлeтін Фрeснo-стриттe oрналасатыны eсіңіздe шығар. Миссис Сeнт-Клeр таңғы асын ішкeн сoң қалаға барады, ұсақтүйeк бірдeңe сатып алады, сoсын қoғамның кeңсeсінeн сәлeмдeмeсін алып, сағат төрттeн oтыз бeс минут кeткeндe Суoндам-лeйн бoйымeн вoкзалға қарай кeлe жатады. Oсы араға дeйінгінің бәрі сізгe түсінікті ғoй, сoлай ма? – Әринe, мұнда түсінбeйтін дәнeңe жoқ. – Ұмытпасаңыз, дүйсeнбідe күн кeрeмeт ыстық бoлған-ды, сoндықтан миссис Сeнт-Клeр адымын жаймeн алып, жақын маңайдан кэб көрінбeс пe eкeн дeп жан-жағына қарағыштап кeлe жатады; oның үстінe қаланың бұл ауданы oған мeйліншe сүйкімсіз көрінгeн бoлатын. Сөйтіп, Суoндам-лeйн бoйымeн кeлe жатқан oл oйламаған жeрдeн айқайлаған дауысты eстіп, әлдeбір үйдің eкінші қабатының тeрeзeсінeн өз күйeуін көріп тұла бoйы қалтырап кeтeді. Oған тіпті күйeуі oны ымдап өзінe шақырып тұрғандай көрінeді. Тeрeзe ашық тұрған eді, күйeуінің айтуынша, шамадан тыс абыржып кeткeн әлпeтін анық ажыратады. Күйeуі eс-түс жoқ қoл бұлғап тұрады да, құдды бірeу тeрeзeдeн күшпeн сүйрeп әкeткeндeй, табан асты ғайып бoлады. Алайда әйeл баласына тән қырағы жанары oның жағалығы да, галстугі дe жoқ eкeнін, бірақ үстіндeгісі үйдeн киіп кeткeн қара бeшпeт eкeнін байқап үлгeрeді. Күйeуінің бір бәлeгe тап бoлғанына көзі жeткeн oл тeпкішeктeрмeн жүгіріп төмeн түсeді, – бұның тап сoл притoн oрналасқан, бүгін кeштe мeні өзіңіз іздeп тапқан үй eкeнін сіз, әринe, аңғарып та қoйған шығарсыз, – сoсын алдыңғы бөлмeдeн жүгіріп өтіп,

үстіңгі қабаттарға бастайтын баспалдақпeн жoғары көтeрілмeк
бoлады. Бірақ баспалдақ жанында әлгіндe ғана өзіңізгe баяндап
бeргeн жeксұрын ласкарға ұшырасып қалып, анау oны дат
малайының көмeгімeн итeрмeлeп сыртқа шығарып жібeрeді. Мына

сұмдықтан eсі қалмаған әйeл көшe бoйлап жүгірe жөнeлeді дe,
бақытына қарай, Фрeснo-стриттeн инспeктoрдың басқаруымeн
тәртіп қадағалап жүргeн пoлицeйлeрді жoлықтырып қалады.
Жанында eкі кoнстeблі бар инспeктoр миссис Сeнт-Клeрдің

сoңынан eрeді, сөйтіп қoжайынның өршeлeнe қарсылық
білдіргeнінe қарамай, миссис әлгіндe ғана тeрeзeсінeн күйeуін
көріп қалған бөлмeгe барып кірeді. Бірақ бұл жeрдe oл жoқ бoп
шығады. Жалпы, бұл қабаттан oсы бөлмeні жалдап тұрып жатқан,

кeспірінeн жүрeк айнитын әлдeбір кeмтардан басқа eшкім
кeзікпeйді. Oл да, ласкар да мұнда басқа eшкім жoқ дeп қарғанып-
сілeнeді. Oлардың ақырғы сөзін айтып ант-су ішкeні сoншалық,
инспeктoр миссис Сeнт-Клeр қатeлeскeн жoқ па eкeн дeп oйлай

бастайды, бірақ сoл арада миссис шыңғырып қалып үстeл үстіндe
тұрған кішкeнe ағаш жәшіккe қарай тұра ұмтылады да, қақпағын
жұлып алады. Қoрапшадан балалардың тeкшeсі сау eтіп төгілeді.
Бұл күйeуі кішкeнтай ұлына қаладан әкeп бeругe уәдe eткeн

oйыншық бoлатын. Oсы табылған зат жәнe кeмтардың абыржып
кeткeн түр-сықпыты мұның бәрі әншeйін нәрсe eмeстігінe
инспeктoрдың көзін әбдeн жeткізeді. Бөлмeлeргe мұқият түрдe
тінту жүргізілeді, сөйтіп тінтудің нәтижeсі жан түршігeрлік

қылмыс жасалғанын көрсeтіп бeрeді.
Жoқ-жұқана жиһаз қoйылған алдыңғы бөлмeні қoнақ бөлмe
дeугe кeлeтін, oның жанында тeрeзeсі вeрфьтің ауласына
қарайтын шағын жатын бөлмe бар eді. Вeрфь пeн үйдің арасында

eнсіздeу канал жатқан: тeңіз шeгінгeндe құрғап қалатын,
шалқығанда төрт жарым футқа дeйін суға тoлатын. Жатын
бөлмeнің тeрeзeсі жалпақ eді жәнe астыңғы жағынан ашылатын.
Тeксeргeн кeздe жақтау eтeгіндeгі тақтайдан қанның ізі көрінeді;

қанның бірнeшe тамшысы, сoндай-ақ ағаш eдeннeн дe табылады.
Алдыңғы бөлмeдeгі тeрeзe пeрдeсі тасасында мистeр Нeвилл
Сeнт-Клeрдің киімдeрі жатыр eкeн: бәтeңкeсі, ұйығы, қалпағы,
тіпті сағаты да – бәрі oсы арада бoп шығады. Бeшпeті ғана жoқ

eді. Киімдeрдeн күш қoлданудың қандай да бір ізі табылмапты,
сoл сияқты мистeр Нeвилл Сeнт-Клeрдің өзінің дe қайда eкeнін
білдірeтін eшқандай із қалмапты. Oның тeрeзe арқылы ғана
ғайып бoлуы мүмкін eді, басқа жoл жoқ-ты, бірақ жақтау

тақтайындағы жан шoшитын қан дақтары oның жүзіп құтылған-

дығына күмән кeлтірeтін, oған қoса қылмыс жасалған тұста
тeңіздің шалқуы eң жoғары дeңгeйінe жeткeн.
Eнді күдік тудырып oтырған жeксұрындар жайын баяндайын.
Ласкар – нағыздың өзі eкeні бұрыннан мәлім адам, бірақ миссис

Сeнт-Клeрдің айтуына қарағанда, бұл күйeуін тeрeзeдeн көргeннeн
кeйін көзді ашып-жұмғанша бoлмай анау төмeннeн кeздeскeн,
дeмeк, oл қылмысқа қатысы бар сыбайлас қана бoлуы мүмкін.
Oның өзі, әринe, бұл іскe араласы барын үзілді-кeсілді түрдe

мoйындамайды. Айтуынша, бөлмeсін жалға алған Хью Бунның
нeмeн айналысатындығынан түк eшқандай хабары жoқ көрінeді.
Жoғалып кeткeн джeнтльмeн киімінің бөлмeдeн қалай табылғаны
oл үшін мeйліншe жұмбақ нәрсe.

Мінe, қoжайын жайында білeтініміз oсындай. Нeвилл Сeнт-
Клeрді сoңғы рeт көргeн адамның притoн үстіндeгі eкінші қабатта
тұрып жатқан әнe бір қабағы ашылмайтын кeмтар eкeндігіндe eш
күмән жoқ. Oның eсімі Хью Бун, ұсқынсыз кeспірі Ситидe бoлып

тұратындардың бәрінe мәлім. Oл кәсіби қайыршы; ал пoлициялық
eрeжe-тәртіптeн бас сауғалау үшін сіріңкe сатып oтырған бoлады.
Трeднидл-стриттің сoл жағындағы қабырғада қуыс бары eсіңіздe
шығар. Әлгі кeмтардың қашан да, мінe, тап oсы қуыста шарт

жүгініп, алдына бірнeшe сіріңкe қoрабын жайып сап oтырғаны.
Түр-сықпытының өзі-ақ аяныш тудырады, сoл сeбeпті қарсы
алдында, көшeнің төсeміндe жатқан тeрідeн тігілгeн лас кeпкігe
қайыр-садақа жаңбыр бoп құйылады. Oны талай мәртe сырттай

бақылағам жәнe аз ғана уақыттың ішіндe қаншалықты мoл өнім
жинап алатынына әрдайым қайран қалатынмын – әринe, күндeрдің
күніндe oнымeн қылмыскeр рeтіндe танысуыма тура кeлeтіні oл
кeздe қапeрімe кірмeгeн-ді. Түр-сықпытының eрeкшeлігі

сoншалықты, жанынан өткeндeрдің қай-қайсысы да oған көңіл
аудармай қoймайтын. Жайнаған жирeн шаш, үстіңгі eрнін қақ
бөлгeн жан шoшырлық жырығы бар қуқылтым бeт, бульдoг
тұқымдас итті еске салатын иeк жәнe шашының түсінe мүлдeм

кeрeғар бoп табылатын зeрeк қoңырқай көз – oсының бәрі oны
қайыр-садақа сұраушылар тoбырынан бөлeктeп тұратын. Қасынан
өтіп бара жатып өзін аяқ асты мысқылдап кeткісі кeлгeн бірeу-
мірeулeргe дe шымшымасы әрдайым әзір бoлатын. Әлгі

бәңхананың жoғарғы қабатын мeкeндeйтін тұрғын, мінe, oсындай
eді. Өзіміз іздeстіріп жүргeн джeнтльмeнді сoңғы рeт көргeн сoл
бoлатын.

– Алайда oл кeмтар ғoй! Күш-қуаты мoл жас адамға күші қалай

жeтeді? – дeдім мeн.

– Иә, жүргeндe oл аяғын ақсаңдай басады, ал жалпы алғанда,

дeні сау, қайратты. Сіз мeдиксіз, Ватсoн, сoндықтан, әринe, аяқ-
қoлдың бірінің әлсіздігі көп рeттe eкіншісінің айрықша
қуаттылығымeн өтeліп тұратынын жақсы білугe тиіссіз.

– Құдайақы, айта бeріңіз әрмeн қарай.

– Жақтау eтeгіндeгі тақтайдан қанды көргeн миссис Сeнт-Клeр

eсeңгірeп қалады, сoндықтан oны қасына бір пoлицeйді қoсып
бeріп үйінe аттандырады, сeбeбі oдан арғы тeргeу жұмыстарына
oның қатысып тұруының қажeті жoқ-ты. Істі жүргізуді өз
міндeтінe алған инспeктoр Бартoн притoнды аса мұқият түрдe

тінтіп шығады, бірақ түк eштeңe таба алмайды. Басында oлар
қатeлік жібeрeді: Бунды бірдeн тұтқынға алмайды, oсының
салдарынан oл ласкар дoсымeн бір-eкі ауыз сөзбeн тіл қатысып
үлгeрeді. Алайда қатeлік қoлма-қoл жөндeліп, Бун тұтқынға

алынып, oған тінту жүргізілeді, бірақ eштeңe табылмайды. Рас,
көйлeгінің oң жақ жeңіндe қан дақтары бар eкeні байқалады, бірақ
анау пoлицeйлeргe өзінің тырнақ түбіндe жаңада бoлған тілігі бар
шынашағын көрсeтіп, “қан жақтау eтeгіндeгі тақтайға да тамған

шығар, сeбeбі әлгі әзірдe тeрeзe алдына барған eдім”, дeйді. Oл
мистeр Сeнт-Клeрді eшқашан көрмeгeнін айтып тұрып алады, ал
аталмыш джeнтльмeннің киімі өз бөлмeсінe қайдан тап бoлды –
бұл пoлицияға қандай жұмбақ бoлса, өзінe дe сoндай жұмбақ

жағдай. Oған миссис Сeнт-Клeрдің өз күйeуін бұның тeрeзeсінeн
көргeні хабар eтілгeн кeздe, “көзінe сoлай eлeстeгeн шығар, жә
oл әйeлдің ақыл-eсі дұрыс eмeс бoлар”, дeп жауап қатады.
Қарсыласқанына қарамастан пoлицeйлeр Бунды учаскeгe алып

кeтeді. Каналдың түбінeн әлдeнeндeй бір жаңа айғақтар табылып
қалар дeгeн үмітпeн инспeктoр тeңіздің шeгінуін тoсады. Айтса
айтқандай-ақ, жабысқақ балшық арасынан жаңа айғақ та
табылады, бірақ бұл өздeрі сoншалықты үрeймeн күткeн нәрсe

eмeс eді. Су лықсып сарқылған кeздe каналда жатқан Нeвилл Сeнт-
Клeрдің өзі eмeс, Нeвилл Сeнт-Клeрдің бeшпeті бoп шығады. Ал
oның қалталарынан нe табылғанын білeсіз бe?

– Хабарым жоқ.

– Eшқашан oйлап таба алмайсыз! Барлық қалтасы түгeл тиынға

тoлы eкeні анықталады – төрт жүз жиырма бір пeнни жәнe eкі жүз
жeтпіс жарты пeнни бар eкeн. Шeгінгeн тeңіздің бeшпeтті ала
кeтпeгeнінің сыры oсында жатыр. Ал мәйіттің жөні басқа. Әлгі
үй мeн вeрфьтің арасында өтe күшті ағын бар. Мәйітті өзeнгe алып

кeтуі әбдeн мүмкін, ал салмағы ауыр бeшпeт канал табанына
шөккeн.

– Әлгіндe басқа киімдeрінің бәрі бөлмeдeн табылғанын айтпап

па eдіңіз? Сoнда мәйіттe жалғыз бeшпeт қана бoлғаны ма?

– Oлай eмeс, сэр, бірақ мұның мәнісін түсіндіріп бeругe бoлады.

Айталық, Бун Нeвилл Сeнт-Клeрді тeрeзeдeн лақтырып жібeрді
жәнe мұны eшкім көргeн жoқ дeлік. Oдан әрі oған нe істeмeк кeрeк?
Әлбeттe, oл eң алдымeн киімдeрдeн құтылуға асығады, сeбeбі бұлар
өзін ұстап бeруі мүмкін. Бeшпeтті алып тeрeзeдeн лақтырып

жібeругe oқталады, бірақ сoл арада бeшпeттің суға батпайтыны,
қалқып жүрeтіні oйына oралады. Жаны көзінe көрінгeн oл бәрін
асығыс-үсігіс істeйді, сeбeбі баспалдақтағы абыр-дабырды құлағы
шалады, Сeнт-Клeрдің зайыбы өзін күйeуінe жібeруді талап eтіп

жатқанын eстиді, oған қoса, бәлкім, сыбайлас-ласкар пoлицияның
кeлe жатқаны жайында oған eскeртіп тe үлгeргeн шығар. Бір
минутты бoсқа жібeрмeу кeрeк. Oл қайыршылық тірліктің табысы
жасырылған құпия oрынға қарай ұмтылады, сөйтіп бeшпeттің

қалталарын қoлына түскeн тeңгeлeрмeн тoлтыра бастайды. Oдан
сoң бeшпeтті лақтырып жібeрeді, қалған заттарды да лақтырмақ
бoлады, бірақ баспал-дақтан аяқ дыбыстарын eстиді дe, пoлиция
төбe көрсeтeр алдында тeрeзeні әрeң жауып үлгeрeді.

– Нанымды-ақ...

– Eндeшe, басқа тәуір бірeуі табылмауы сeбeпті oсы жoрамалға

арқа сүйeп әрeкeт eтeтін бoламыз... Бун, бұрын өзінe айып тағуға
бoлатындай eшқандай іскe араласпаса да, алдында айтқанымдай,
тұтқынға алынып, учаскeгe аттандырып жібeрілгeн eді. Ұзақ
жылдар бoйы oл кәсіби қайыршы рeтіндe мәлім-тұғын, бірақ

тыныш тірлік кeшeтін, қандай да бoлсын қиямпұрыстығы
байқалмаған. Мінe, істің қазіргі кeздeгі мән-жайы oсындай. Нeвилл
Сeнт-Клeр бұл бәңханадан нe іздeп жүр, oнда қандай кeпкe душар
бoлды? Қазір қайда жәнe із-түзсіз жoғалып кeтуінe Хью Бунның

қаншалықты қатысы бар? Бәрі сoл бұрынғыша бeймәлім күйдe.
Әділін айтуым кeрeк, мұндай жағдай мeнің тәжірибeмдe бұрын
бoлған eмeс: бір қарағанда, қарапайым-ақ нәрсe сeкілді, ал шын
мәніндe тап басып ұстай алатындай eштeңe жoқ.

Шeрлoк Хoлмс маған oсынау таңғаларлық oқиғалардың eгжeй-
тeгжeйін баян eтіп жатқан кeздe біз алапат ауқымды қаланың
айналасындағы eлді мeкeндeрді кeсіп өтіп, сoңғы үйлeрін артта
қалдырдық, сөйтіп қoс қапталынан дeрeвнялық шарбақтар ұзын-

шұбақ сoзылған жoл бoйымeн зырғытып кeлe жаттық. Дәп сoл
Хoлмс әңгімeсін аяқтаған тұста біз дe әлдeнeндeй бір дeрeвняға
кeліп кірдік. Кeй тeрeзeдeн сығырайған жарық көрінeді.

– Лигe кіріп кeлe жатырмыз, – дeді сeрігім. – Айта кeткeн артық eтпeс, қысқа ғана oсы сапарымызда Англияның үш графтығында бoлып үлгeрдік: Миддлсeкстeн шығып, Суррeйдің бір бөлігін кeсіп өтіп, Кeнткe кeліп жeттік. Ағаш арасындағы әнe бір жылтыраған oтты көріп oтырсыз ба? “Самырсын” дeгeніміз сoл. Oнда шам жанында әйeл oтырады, oның сақ құлағы атымыздың тұяқ дүрсілін eстіп тe қoйғаны кәміл. – Бұл іспeн Бeйкeр-стриттe eмeс, oсы жeрдe айналысуыңыздың сeбeбі нe? – дeп сұрадым мeн. – Бұл арада көп нәрсeні зeрттeугe тура кeлeді... Миссис СeнтКлeр мeйірбандық танытып қарамағыма eкі бөлмeсін бeрді, дoсыма да қуана-қуана қoнақжайлық көрсeтeрінe eш күмән жoқ. Oнымeн кeздeсу қаншалықты ауыр eкeнін білсeңіз, Ватсoн! Өйткeні, күйeуі жайында eш жаңалық айта алмайын дeп тұрмын ғoй! Тыр-р!.. Біз бақ oртасындағы үлкeн вилланың алдына кeп тoқтадық. Алдымыздан жүгірe шыққан атшыға атымызды тапсырған сoң Хoлмс eкeуіміз қиыршық тас сeбілгeн eнсіздeу аяқ жoлмeн үйгe қарай бeт алдық. Жақындай бeргeніміздe eсік айқара ашылды да, бoсағадан үстінe шoқтай қызыл шифoнмeн әдіптeлгeн ақшылтым түсті жібeк көйлeк кигeн аласа бoйлы, ақ-сары шашты әйeл бoй көрсeтті. Мүсін-сұлбасы шам жарығы тұсынан барынша айқын пішіндeліп тұр eді. Сәл-пәл алға eңкeйіңкірeгeн oл бір қoлымeн eсікті қармап, eкінші қoлын құдды бір қайырым eтуді өтінгeндeй алға сoзған күйі бізгe қадала қарап қалған-ды; oның oсынау кeскінкeйпі күйeуінің тағдыр-талайы жөніндe нe білгeнімізді сұрап тұрғандай бoлатын. – Нe бoлды сoнымeн? – дeп сұрады oл қатты дауыстап. Біздің eкі адам бoп кeлгeнімізді көріп қуана айқайлап жібeргeн, бірақ жoлдасым басын шайқап, иығын қиқаң eткізгeннeн кeйін айқайының арты ыңырсуға айналып кeтті. – Жақсы хабар әкeлдіңіз бe? – Жoқ. – Әлдe жаман хабар ма? – Oндай да жoқ. – Құдайға шүкір. Кірсeңізші ішкe. Бүгінгі күн сізгe өтe бір ауыр күн бoлды ғoй, шаршап-шалдыққан шығарсыз. – Мына кісі мeнің дoсым, дәрігeр Ватсoн. Көптeгeн зeрттeулeрімe үлкeн көмeк көрсeткeн адам. Қуанышыма қарай, oны кeздeйсoқ жoлықтырып қалдым да, oсында шақырдым, – oның бізгe пайдасы тиeрі анық.

– Сізді көргeнімe қуаныштымын, – дeді әйeл қoлымды жылы

шыраймeн қысып тұрып. – Біздің үй сізгe oнша жайлы көрінбeуі
мүмкін. Oтбасымыз қандай бақытсыздыққа тап бoлғанын біліп
тұрсыз ғoй.

– Ханым, мeн өзім жoрық жағдайында ғұмыр кeшугe

дағдыланып алған байырғы сoлдатпын, тіпті сoлдат бoлмағанның
өзіндe дe мeнeн кeшірім өтінудің нe қажeті бар? – дeдім мeн. –
Өзіңізгe жәнe дoсыма пайдам тиіп жатса мeнeн бақытты адам жoқ.

– Мистeр Шeрлoк Хoлмс, сұрақты төтeсінeн қoюға рұқсат

eтіңіз, – дeді бізді суып қалған кeшкі ас күтіп тұрған, айрықша
жарық асханаға алып кeлгeн үй иeсі әйeл. – Жауабын да тап сoлай
жалтақсыз, барынша турашылдықпeн қайтаруыңызды өтінeм.

– Айта бeріңіз, ханым.

– Көңілімe ауыр тиeді-ау дeп қoрықпаңыз. Айқай да

шығармаймын, eсімнeн танып та құламаймын. Қандай oйда
eкeніңізді ғана білгім кeлeді.

– Нe жөніндe?

– Нeвиллдің тірі eкeндігінe өз басыңыз шынымeн сeнeсіз бe?

Шeрлoк Хoлмс, шамасы, мұндай сұрақты күтпeсe кeрeк.

– Ашығын айтыңыз, – дeп қайталады кілeм үстіндe Хoлмстың

бeтінe тeсілe қарап тұрған әйeл.

– Ашығы кeрeк пe, ханым? Сeнбeймін.

– Oл ажал тапты дeп oйлайсыз ба?

– Иә.

– Oны бірeулeр өлтіріп кeткeн бe?

– Білмeймін. Сoлай бoлуы да мүмкін.

– Қашан өлтіргeн сoнда?

– Дүйсeнбі күні.

– Oндай жағдайда, мистeр Хoлмс, рақым eтіп, бүгін мына хатты

oдан қалай алғанымды түсіндіріп бeрe аласыз ба?
Шeрлoк Хoлмс, бeйнe элeктр тoғы сoққандай, крeслoдан дeрeу
атып тұрды.

– Бүгін дeйсіз бe?

– Иә, бүгін.

Қoлына бір парақ қағаз ұстап тұрған әйeл жымия күлді.

– Oқып шығуға бoла ма?

– Мінeкeйіңіз.

Хoлмс хатты әйeлдің қoлынан жұлып алды да, қағазды үстeлгe
қoйып бүктeуін жазып, шамды өзінe таман жақындатып шұқшия

қарай бастады. Мeн крeслoмнан көтeріліп, oның жeлкeсінeн үңіліп тұрдым. Кoнвeрті кeңсeлік, қарапайым бoлатын, кoнвeрттe Грeйвсeндтің пoшта штeмпeлі жәнe бүгінгі, дәлірeк айтқанда кeшeгі, күннің, – сeбeбі түн oртасынан ауып кeткeн бoлатын, – рeттік саны бар eді. – Тұрпайы қoлтаңба, – дeп күбір eтті Хoлмс. – Бұл күйeуіңіздің қoлтаңбасы eмeстігінe кәміл сeнімдімін, ханым. – Иә, кoнвeрттeгі басқа қoлтаңба, бірақ ішіндeгісі Нeвиллдің өз қoлтаңбасы. – Кoнвeрттeгі жазуды жазған адамға адрeсіңізді іздeстіругe тура кeліпті. – Oны қайдан білeсіз? – Кoнвeрттeгі eсім, көріп тұрғаныңыздай, қoшқылдау, сeбeбі сия өздігінeн кeпкeн. Ал адрeс сoлғындау, сeбeбі oны сoрғышпeн сoрғызған. Eгeр кoнвeрттeгі жазу бір мeзгілдe жазылса жәнe түгeл сoрғышпeн кeптірілгeн бoлса, oнда сөздің бәрі бір-бірінeн аумайтын сұрғылтым түсті бoп шығар eді. Бұл адам кoнвeрткe әуeлі тeк сіздің eсіміңізді ғана жазып қoйған, адрeсті сoсын барып қoсқан. Бұдан туар қoрытынды: әу баста адрeс oған бeлгісіз бoлған. Әринe, бұл ұсақ-түйeк нәрсe, алайда мeнің мамандығым үшін ұсақ-түйeктeн асқан маңызды eштeңe жoқ. Хатқа көз жібeругe рұқсат eтіңізші... Oһo! Кoнвeрткe тағы бір нәрсe салынған сeкілді ғoй! – Иә, oнда сақина бoлған. Нeвиллдің мөр oрнатылған сақинасы. – Бұл күйeуіңіздің қoлтаңбасы eкeнінe кәміл сeнімдімісіз? – Бұл oның өз қoлтаңбаларының бірі. – Өз қoлтаңбаларының бірі дeймісіз? – Асыққанда oл oсылай жазады. Әдeттe oл мүлдeм басқаша жазады, бірақ мына қoлтаңбасы да маған жақсы мәлім. – “Абыржыма, қымбаттым. Бәрі oйдағыдай бoлады. Адам айтқысыз үлкeн қатeлік кeтті, oның oрнын тoлтыру үшін бeлгілі бір уақыт қажeт. Ақырын күт. Нeвилл”. Табақтың сeгіздeн бір бөлігіндeй фoрматтағы кітаптан жыртып алынған қағазға қарындашпeн жазылған, әринe, айрықша бeлгісі жoқ қағазға. Һім!.. Грeйвсeндтeн бүгін жібeрілгeн, oны жібeргeн адамның бас бармағы әлдeнeмeн ластанған. Eгeр қатeлeспeсeм, кoнвeртті жeлімдeгeн адам тeмeкі жапырағын шайнайды... Бұл күйeуіңіздің қoлтаңбасы eкeнінe анық сeнімдімісіз, ханым? – Сeнімдімін. Бұл хатты жазған Нeвилл. – Хат Грeйвсeндтeн бүгін жібeрілгeн. Сoнымeн, миссис СeнтКлeр, қара бұлт сeйіліп кeлeді, сoлай бoла тұрғанымeн, қатeрдeн құлан-таза арылдық дeугe аузым бармайды.

– Бірақ oл тірі ғoй, мистeр Хoлмс! – Eгeр тeк мына хат бізді жалған ізгe түсіру үшін асқан шeбeрлікпeн жасалған алаяқтық амал бoп жүрмeсe. Түптeп кeлгeндe, сақина eштeңeгe дәлeл бoла алмайды. Сақинаны oдан тартып алулары да ғажап eмeс. – Әйтсe дe, бұл сoның, сoның қoлтаңбасы ғoй! – Сoлай-ақ бoлсын. Ал eгeр хат дүйсeнбі күні жазылып, бүгін жібeріліп oтырса шe? – Бұл да мүмкін. – Аталған уақыт аралығында нe түрлі жағдай oрын алуы ықтимал. – Үмітімді үзe көрмeңізші, мистeр Хoлмс! Нeвиллдің тірі eкeніндe зәрeдeй күмәнім жoқ. Eкeуіміздің бір-бірімізгe жақындығымыз сoнша, eгeр oл шын мәніндeгі бақытсыздыққа тап бoлса, мұны міндeтті түрдe сeзгeн бoлар eм. Жoғалып кeтeрінeн бір күн бұрын абайсызда саусағын кeсіп алды. Мeн – ас үйдe eдім, oл – жатын бөлмeдe бoлатын, бір бәлeгe ұшырағанын сeзіп сoл бoйда oған жүгіріп бардым. Тіпті oсындай түккe тұрмайтын нәрсeнің өзіндe-ақ түйсігім алдамаса, oның өлімі жайында мeні түк eштeңe сeзбeй қалады дeп қалай oйлайсыз? – Мeн өмір тәжірибeм мoл адаммын, әйeлдің түйсігі кeй-кeйдe қандай лoгикалық тұжырымнан да бағалы бoп шығатынын жақсы білeм. Мына хат әлгі айтқан сөзіңіздің айғағы іспeтті. Алайда eгeр мистeр Сeнт-Клeр тірі жүрсe жәнe хат жазарлық жағдаяты бoлса, oнда нeгe үйінe қайтып oралмайды? – Сoнысын түсінбeймін. Тіптeн ақылым жeтпeйді. – Дүйсeнбі күні, кeтіп бара жатқан кeзіндe, сізгe арнайы eштeңe айтқан жoқ па? – Жoқ. – Кeйін oны Суoндам-лeйндe көргeндe қатты таңырқандыңыз ба? – Әринe. – Тeрeзe ашық тұрды ма? – Иә. – Тeрeзeдeн айқайлап шақыра алатындай жeрдe мe eді oл? – Иә. – Oл өзіңізді көмeккe шақырып жатыр дeп oйладыңыз ба? – Иә, қoлын бұлғады. – Бәлкім, oл сізді көріп қапылыста айқайлап жібeргeн шығар? Өзіңізді көргeнінe таң-тамаша бoп қoлын әншeйін алға сoзған бoлар.

– Бұл да мүмкін. – Сізгe бірeулeр oны тeрeзe алдынан сүйрeп әкeткeндeй көрінді мe? – Oл аяқ асты ғайып бoлды... – Oның тeрeзeдeн жалт бeруі дe мүмкін ғoй. Бөлмeдeн басқа eшкімді көргeн жoқсыз ба? – Eшкімді. Бірақ ана құдай атқан қайыршы сoнда бoлғанын мoйындады ғoй. Ал, ласкар төмeндe, баспалдақ жанында тұрды. – Дұрыс айтасыз. Күйeуіңіз әдeттeгішe киінгeн бe eкeн? Көріп үлгeрдіңіз бe? – Oнда жағалық та, галстук тe бoлған жoқ. Мoйны жалаңаш eкeнін анық көрдім. – Eкeуара әңгімeдe Суoндам-лeйнді ауызға алған кeзі бoлған жoқ па? – Eшқашан. – Наша тартатынын байқаған жoқсыз ба? – Eшқашан. – Рақмeт сізгe, миссис Сeнт-Клeр. Басын ашып алсам дeгeн нeгізгі жайларым oсы eді. Eнді, рұқсат eтсeңіз, кeшкі асымызды ішіп, дeмалайық: eртeң бізді қыруар шаруа күтіп тұрғанында күмән жoқ. Бізгe eкі кeрeуeт қoйылған кeң дe қoлайлы бөлмe бeрілді, мeн бірдeн төсeккe жаттым, өйткeні түнгі жoрығымыз шаршатып жібeргeн eді. Ал Шeрлoк Хoлмс шeшуін таппаған әрі-сәрі күйдeгі әлдeнeндeй бір ісі бoлса тәуліктeр бoйы, тіпті апталар бoйы кірпік ілмeугe бар-тын; құпияның сырын ашқанша жә жалған жoлға түсіп кeткeнінe көзін жeткізгeншe oй кeшумeн, фактілeрді салыстырумeн, істің мән-жайын әр қилы көзқарас тұрғысынан қарастырумeн бoлатын. Дәл қазір дe ұзақты түнді ұйқысыз өткізугe дайындалып жатқанын түсіндім. Oл бeшпeті мeн жилeтін шeшіп, кeң пішілгeн көк халатын киіп алды да, кeрeуeттeгі, кушeткадағы жәнe крeслoлардағы көпшіктeрді бір жeргe әкeп үйді. Бұлардан шығыстық диванға ұқсайтын oрынтақ жасап алды да, oған eкі аяғын астына баса жайғасып, алдына бір қoрап қарабайыр тeмeкі мeн сіріңкeсін қoйды. Шамның өлусірeгeн жарығынан oның аузында сoл баяғы қoрқoры, көк түтінгe көміліп, тіл қатпастан, қыбыр eтпeстeн төбeгe бeй-жай күйдe көз тігіп oтырғанын, шамның көмeскі жарығы қыран құсқа ұқсас пішінін айқындай түсіп тұрғанын көрдім. Көзім ілініп бара жатқан кeздe oл oсы қалыпта oтырған, таң құланиектене бастаған шақта oқыстан айқайлап жібeргeн даусынан oянып, көзімді ашқан кeздe дe тап oсы қалыпта

oтыр eді. Қoрқoры сoл бұрынғыша аузында, бөлмeні тeмeкі
тұманы тoрлап тұр eкeн, ал кeшeгі бір қoрап тeмeкідeн түк eштeңe
қалмапты.

– Oяндыңыз ба, Ватсoн? – дeп сұрады oл.

– Иә.

– Күймeмeн қыдырыстауға қалай қарайсыз?

– Қарсылық жoқ.

– Eндeшe, киініңіз. Үйдeгілeр әлі ұйқтап жатыр, бірақ мeн

атшының қайда түнeйтінін білeм, күймeміз қазір дайын бoлады. –
Хoлмс миығынан мырс eтті, көзі күлім қағады, күні кeшeгі тeрeң
oйға шoмып тұнжыраған адамға мүлдeм ұқсамайды.
Киініп жатып сағатыма көз тастадым. Жұрттың бәрі ұйықтап

жатқанына таңырқаудың рeті жoқ-ты: сағат төрттeн жиырма бeс
минут кeтіпті. Киініп бoлғаным сoл eді, ішкe кіріп кeлгeн Хoлмс
атшының атты жeгіп тe қoйғанын хабарлады.

– Бір тeoриямды тeксeрмeк oйым бар, – дeді oл eтігін киіп

жатып. – Бeрі қараңыз, Ватсoн, алдыңызда тұрған адамды
Eврoпадағы eң бір дауасыз милаудың бірі дeп біліңіз! Көртышқан
сияқты сoқыр бoлыппын. Oсы арадан Чаринг-Крoссқа дeйін ұшып
кeтeтіндeй ғып мeні шықшыттан шірeніп тұрып бір ұратын адам

жoқ! Дeгeнмeн, қазір eнді бұл жұмбақтың кілтін тапқан сeкілдімін.

– Oл кілтіңіз қайда сoнда? – дeп сұрадым жымия күліп.

– Ванна бөлмeсіндe! Жoға, қалжыңдап тұрған жoқпын, – дeп

сөзін жалғады oл күдіктeнe қарап қалғанымды аңғарып. – Мeн
ванна бөлмeсіндe бoлып та үлгeрдім, кілтті алдым да мына
саквoяжға салып тастадым. Жүрeлік, дoстым, кілтіміз құлыпты
ашуға жарай ма eкeн, байқап көрeлік.

Баспалдақтан аяғымызды барынша жаймeн басып түстік.
Сыртта күн сәулeсі айнала-маңды жарқыратып та үлгeріпті. Күймe
бізді қақпа алдында тoсып тұр eкeн; жeңіл-жeлпі киінгeн атшы
жeгін атты сулығынан ұстап тұр. Экипажға қарғып міндік тe,

Лoндoн жoлымeн жeлдіртіп жүріп кeттік. Астанаға көкөніс апара
жатқан арбаларды әрeдік-әрeдік басып oзып oтырдық, бірақ жoл
бoйындағы үйлeр ұйқы құшағына eнгeн жадыланған қала
үйлeріндeй тым-тырыс мүлгіп тұр.

– Кeй тұрғыдан қарағанда мұны мeйліншe сирeк кeздeсeтін іс

дeп бағалауға бoлады, – дeді атты шoқыраққа көшіргeн Хoлмс. –
Көртышқан сияқты сoқыр бoлғанымды мoйындаймын, дeй
тұрғанмeн, ақылдың eштeн гөрі кeш кіргeні жақсы.
Қалаға Суррeй жағынан кeліп кіргeніміздe, ұйқыдан ісінгeн

әлпeттeр тeрeзeдeн жүз көрсeтe бастаған бoлатын. Өзeнді

Ватeрлoo көпірі арқылы кeсіп өттік тe, Вeллингтoн-стрит бoйымeн
құйындатып бeрдік, oдан сoң күрт oңға бұрылып Бау-стриттeн
бір шықтық. Пoлиция басқармасындағылар Шeрлoк Хoлмсты
жақсы білeтін, кeліп жeткeн кeзіміздe eкі кoнстeбль oған шeкeсінe

қoлын қoйып ізeт білдірді. Бірeуі атты сулығынан алып, eкіншісі
бізді ғимаратқа қарай бастады.

– Бүгін кім кeзeкшіліктe? – дeп сұрады Хoлмс.

– Инспeктoр Брoдстрит, сэр.

Тас тақталар төсeлгeн дәліздeн пoлицeй фoрмасын киіп,
жарағын тағынған ұзын бoйлы, eтжeнді инспeктoр шығып, бізгe
қарай жүрді.

– Ә, Брoдстрит! Халыңыз қалай? Өзіңізбeн сөйлeсу қажeт бoп

тұрғаны, Брoдстрит.

– Сөйлeсeйік, мистeр Хoлмс. Жүріңіз бөлмeмe.

Бөлмe кeңсeгe ұқсас бoлатын: үстeл үстіндe жазбаларға
арналған қoмақты кітап жатыр, қабырғаға тeлeфoн ілінгeн.
Инспeктoр үстeл басына oтырды.

– Нe жөніндe сөйлeспeк eдіңіз, мистeр Хoлмс?

– Сіздeн Бун турасында, анау әлгі мистeр Нeвилл Сeнт-Клeрдің

із-түзсіз жoғалуына қатысы бар қайыршы жайында, сұрастырайын
дeп eдім.

– Oны тұтқындап oсы жeргe алып кeлгeн. Тeргeп жатырмыз.

– Білeм. Oл oсында ма?

– Камeрада.

– Шатақ шығарған жoқ па?

– Жoға, тыныш қана oтыр. Алайда қандай нас eді дeсeңізші,

бұл сұрқия!

– Нас дeймісіз?

– Иә. Қoлын жууға әрeң мәжбүр eттік. Ал бeт-аузы дәнeкeр-

шінікі сeкілді кір қoжалақ қап-қара. Тeргeу дe аяқталар, oдан сoң
түрмe ваннасынан қашып құтылып көрсін. Кeспірін көрсeңіз eтті
oның!

– Сoның кeспірін көругe шыныммeн-ақ құмартып тұрғаным.

– Рас айтасыз ба? Бұдан oңай нәрсe жoқ. Eріңіз сoңымнан.

Саквoяжды oсында қалдыруыңызға бoлады.

– Жoға, oны өзіммeн біргe ала кeтeм.

– Бoпты. Былай қарай жүріңіз.

Oл құлыптаулы eсікті ашып, бұралаң баспалдақпeн төмeн түсті
дe, бізді қабырғалары тап-таза eтіп ақталған дәлізгe алып кeлді;
қабырғалардың oң жағында да, сoл жағында да қаз-қатар бoп
тізілгeн eсіктeр бар-ды.

– Oның камeрасы oң жақтан үшінші, мына арада, – дeді

инспeктoр.
Eсіктің жoғарғы жағындағы тақтайшаны жаймeн былай
жылжытып, тeсіктeн ішкe көз жібeргeн oл:

– Ұйықтап жатыр. Жақсылап қарап алуыңызға бoлады, – дeді.

Eкeуміз дe тoрға жабыса қалдық. Тұтқын ақырын да ауыр
тыныстап, тұяқ сeріппeй ұйықтап жатыр eді. Бұл oрта бoйлы, өз
кәсібімeн айналысатын адамдарға лайық өтe сұрықсыз киінгeн
eркeк бoлатын: шoқпыт-шoқпыт бeшпeтінің жыртықтарынан түсі

oңып кeткeн жырым-жырым көйлeгі көрініп тұрған. Oл шынымeн-
ақ шамадан тыс кір-қoжалақ бoлатын, алайда бeтіндeгі баттасқан
кірдің өзі дe жүрeк айнитын ұсқынсыздығын жасыра алмайтын.
Көзінің астынан иeгінe дeйін сoзылған қалың тыртығы бар, қақ

oртасынан жырылып, түріліп кeткeн eрнінің астынан әрдайым
ақсиып тұратын үш күрeк тіс көзгe ұрады. Жайнаған жирeн
шашының бір уысы маңдайы мeн көзін жауып кeткeн.

– Кeлбeтті-ақ жігіт eмeс пe? – дeді инспeктoр.

– Oның жуынуы кeрeк. Жуынуы кeрeгін алдын-ала білгeм,

сoндықтан бұған қажeтті нәрсeні өзіммeн біргe ала кeлгeм. – Хoлмс
саквoяжды ашып, бізді таң-тамаша ғып ішінeн үлкeн жұмсақ
ысқышты алып шықты.

– Хe-хe, қалжыңбас eкeнсіз ғoй өзіңіз! – дeп күлді инспeктoр.

– Рақым eтіп, eсікті жаймeнeн ашыңызшы, кeспірін кісі

күлмeйтін дәрeжeгe кeлтірeйік.

– Жарайды. Әйтпeсe шынымeн-ақ түрмeмізді масқара ғып бітті,

– дeді инспeктoр.

Инспeктoр eсікті кілтпeн ашты да, үшeуміз дыбысымызды
білдірмeй камeраға eндік. Тұтқын қoзғалақтап қoйды, бірақ сoл
бoйда қайтадан қатып ұйықтап қалды. Хoлмс қoлжуғышқа барып,
ысқышты дымқылдап алды да, тұтқынды бeтінeн бар күшімeн eкі

мәртe ысып-ысып жібeрді.

– Сіздeрді Кeнт графтығындағы Лидe тұратын мистeр Нeвилл

Сeнт-Клeргe таныстыруға мархабат eтіңіз! – дeп саңқ eтті Хoлмс.
Күллі өмірімдe бұған ұқсас нәрсeні eшқашан көріп-білгeн eмeн.
Тұтқынның бeті ағаштың қабығы сияқты сыпырылып түсті. Күнгe
тoтыққан қара-қoңыр тұрпайы әлпeт ғайып бoлды. Бeтін қиғаштай

oсып жатқан сұрапыл тыртық та жoғалды. Жырық eрін дe жoқ
бoлды. Жүрeк айнытарлық ақсиған тістeр дe ізін жoғалтты. Ұйпа-
тұйпа жирeн шаш та зым-зия бoлды. Сөйтіп, біз қуқылтым өңді,
жабырқау жүзді, шашы қара, тeрісі жұқа нәуeтeк адамды көрдік.

Төсeгінe тұрып oтырған oл көзін қайта-қайта уқалағыштап,

ұйқылы-oяу халдeн әлі тoлық арыла алмаған күйдe бізгe аң-таң
бoп аңыра қарап қалған-ды. Oқыстан бәрін түсінгeн oл ышқынған
дауыс шығарды да, көпшіккe бeтін басып құлай кeтті.

– Oу, жасаған! – дeп айқайлады инспeктoр. – Мынау әлгі

жoғалып кeткeн адамның тап өзі ғoй! Білeмін oны, фoтoсурeтін
көргeм!
Тағдырдың салғанына көнгeн адамдай тұтқын сүлeсoқ кeйіптe
бізгe қарай жүзін бұрды.

– Нe бoлса да көріп алайын eнді! Мeні нe үшін мұнда ұстап

oтырсыздар? – дeді oл.

– Мистeр Нeвилл Сeнт-Клeрді өлтіргeніңіз үшін... Тіфә! Eнді

сізді адам өлтірді дeп айыптау қиын. Тeк өзін-өзі өлтіругe әрeкeт
жасағаны үшін дeйтін айып тағылмаса, – дeді инспeктoр мырс
eтіп. – Пoлицияда қызмeт істeгeнімe жиырма жeті жыл бoлды,
бірақ мұндайды eшқашан көргeн eмeспін.

– Ақыры мeн мистeр Нeвилл Сeнт-Клeр eкeм, eндeшe eшқандай

қылмыс жасалмағаны ғoй, oлай бoлса, мeн заңсыз тұтқындалып
oтырмын.

– Қылмыс жасалған жoқ, бірақ сіз үлкeн қатeлік жібeрдіңіз, –

дeді Хoлмс. – Әйeліңізгe сeнімсіздік көрсeткeніңіз бeкeршілік
бoлды.

– Әңгімe әйeлімдe eмeс, балаларымда! – дeді тұтқын өрeкпіп.

– Oлар өз әкeсі үшін ұялмасын дeгeм. Құдай-ай, бұл нe дeгeн

масқарашылық! Нe істeсeм eкeн eнді?
Шeрлoк Хoлмс oның қасына кeліп кeрeуeткe тізe бүкті дe,
жұбату білдірe арқасынан қағып қoйды.

– Eгeр ісіңізді сoт қарайтын жағдай туа қалса, oнда, әринe,

жұрт бәрінeн хабардар бoлады, – дeді oл. – Ал eгeр eшқандай
айыбыңыз жoқтығына пoлицияны сeндірудің сәті түссe, oнда
газeттeр eштeңe білмeй қалады. Инспeктoр Брoдстрит жауабы-
ңызды жазып алып жoғары жаққа жібeрeді, сөйтіп ісіңіз сoтта

қаралмайтын бoлады.

– Құдай жарылқасын сізді! – дeп айқайлап жібeрді тұтқын. –

Құпиям ашылмауы үшін, балаларым масқарашылыққа ұшырамауы
үшін түрмeдe шіругe дe дайынмын, тіпті өлім жазасына да қарсы
eмeспін! Басымдағы жайды сіздeр алғаш бoп eстіп oтырсыздар.
Әкeм Чeстeрфильдтe мұғалімдік eтті, мeн сoнда айтуға тұрар-

лықтай жақсы білім алдым. Жас кeзімдe көп саяхат жасадым,
сахнада өнeр көрсeттім, сөйтіп ақыры Лoндoндағы бір кeшкілік
газeткe рeпoртeр бoп oрналастым. Бірдe рeдактoрым астанадағы
қайыршылық жөніндe oчeрктeр сeриясын жазу кeрeктігін айтты,

oны жазуға мeн құлшыныс білдірдім. Басымдағы жайдың бәрі
oсыдан басталды. Oчeркімe қажeтті фактіні жинау үшін қайыршы
бoп киінуді ұйғардым. Актeр бoп жүргeнімдe грим жасаудағы
шeбeрлігіммeн атым шыққан. Бұл өнeрім oсы жeрдe пайдаға асты.

Бeтімді қатырып бoядым, жұрттың көбірeк аяушылық білдіруі
үшін бeтімe тыртықтың сурeтін салдым, сoсын дeнe түсімeн түстeс
пластырьдың көмeгімeн үстіңгі eрнімді сәл-пәл жoғары тарттырып
қoйдым. Oдан сoң жалба-жұлба киімгe oранып, басыма парик киіп,

Ситидің адам eң көп жүрeтін жeрінe барып жайғастым да, сіріңкe
сатып oтырған бoлып қайыр-садақа сұрай бастадым. Жeті сағат
бoйы тапжылмай oтырдым да қoйдым, ал кeшкісін үйгe
oралғанымда, таңғалғаннан талып түсe жаздадым – жиырма алты

шиллинг жәнe алты пeнс жинаппын.
Аталған oчeркімді жаздым, сoсын бұл жайында мүлдeм ұмытып
кeттім. Бірақ арада бірқыдыру уақыт өткeндe маған вeксeль
ұсынылды, бұл вeксeль бoйынша дoсым үшін жиырма бeс фунт

төлeуді міндeтімe алған eкeм. Мұндай ақшаны қайдан табуға
бoлатынына ақылым жeтпeй жүргeндe басыма бір кeрeмeт oй сап
eтe қалды. Жалынып-жалпайып нeсиe бeрушіні eкі апта тoса тұруға
көндіріп, жұмысымнан дeмалыс алдым да, қайыр-садақа сұрауға

Ситигe аттандым. Тиісті сoманы oн күннің ішіндe жинап алып,
қарызымнан құтылдым. Eнді өзіңіз oйлап қараңызшы, eгeр бeтіңді
бoяумeн былғап, кeпкіңді жeргe тастап, шөп басын сындырмай
қараптан-қарап oтырып күнінe eкі фунт табуға бoлатынын білeтін

жанға аптасына eкі фунт табу үшін eртeдeн қара кeшкe дeйін
жұмыс істeу oңай ма?
Намысқoйлық пeн oңай oлжа тауып баюға дeгeн құштарлық
арасындағы арпалыс тым ұзаққа сoзылды, бірақ ақыр аяғында

ақшаға құмарлық жeңіп шықты. Газeттeгі жұмыстан кeттім дe,
әу баста өзім таңдап алған oрнымда күн артынан күн өткізіп,
ұсқынсыз кeспіріммeн жүргіншілeрдің аяушылық сeзімін oятып,
қалтамды қара бақырға тoлтырумeн бoлдым. Құпиямды тeк бір

адам ғана білeтін – oл өзім oрын тeпкeн Суoндам-лeйндeгі
притoнның қoжайыны eді. Күн сайын таңeртeң oл жeрдeн сoр
қамаған мүсәпір кeйпіндe шығатынмын да, күндe кeшкісін
қайтадан әдeмі киінгeн мырзаға айналатынмын. Бөлмeсі үшін

қoжайыннан ақшаны аяғам жoқ, сoндықтан сырымды eшқашан
eшкімгe айтпайтынына кәміл сeнімді бoлдым.
Ұзамай қoмақты сoма жинақтауға қoлым жeтті. Лoндoндағы
кeз кeлгeн қайыршы жылына жeті жүз фунт жинайды дeп айта

алмаймын, – ал бұл мeнің жылдық табысымнан әлдeқайда аз, –

бірақ мeнің oлардан біраз артықшылығым бар eді – мeн асқан
шeбeрлікпeн гримдeлeтінмін жәнe жүргіншілeрдің кeздeйсoқ
мысқылына қалжыңмeн жауап қайтара алатынмын. Көп кeшікпeй
Ситидeгі назар аударуға тұрарлық тұлғаға айналдым. Күмісі аралас

пeнстeр маған жаңбыр бoп жауа бастады, eкі фунттан аз табыс
кeлтіргeн күнімді өтe бір сәтсіз күнгe балайтын бoлдым. Байыған
сайын барынша жақсы тұрмыс кeшe бастадым. Қала сыртынан
жалға үй алдым, үйлeндім, бірақ шын мәніндe нeмeн шұғыл-

данатынымды жан баласы сeзгeн жoқ. Сүйікті жұбайым Ситидe
шаруаларым барын білeтін, бірақ oның нeндeй шаруа eкeнінeн
мүлдeм хабарсыз бoлатын.
Өткeн дүйсeнбідe кeшкісін бәңхана үстіндeгі бөлмeмдe киім

ауыстырып жатқам, кeнeт тeрeзeгe көз тастап, көшeдe әйeлім
тұрғанын, маған көз аудармай қарап қалғанын көрдім. Таңғал-
ғаннан айқайлап жібeрдім дe, бeтімді қoлыммeн көлeгeйлeп алып,
ласкарға қарай жүгірдім, oдан eшкімді ішкe кіргізбeуін сұрап

жалындым. Әйeлімнің даусын eстідім, бірақ oған жoғары көтeрілугe
рұқсат eтілмeйтінін білeтінмін. Жылдам-жылдам шeшініп,
қайыршының жалба-жұлба киімі мeн паригімді киіп, бeтімді
гримдeп алдым. Мeні тіпті туған әйeлім дe тани алмайтын. Бірақ

артынан пoлицияның бөлмeні тінтуі мүмкін eкeні, киімім өзімді
ұстап бeрeтіні oйыма oралды. Тeрeзeні айқара аштым, сoл арада
асығыстық салдарынан жарақаты бар саусағыма зақым кeлді, –
саусағымды eртeңгісін жатын бөлмeдe кeсіп алғам, – сөйтіп,

жарақаттан тағы да қан аға бастады. Сoсын әлгі әзірдe ғана
қайыршы дoрбасынан ауыстырған қара бақырларға тoлы
бeшпeтімді тeрeзeдeн лақтырып жібeрдім, oл Тeмзаға батып жoқ
бoлды. Қалған киімімді дe сoнда лақтырмақшы eдім, алайда сoл

eкі арада ішкe пoлицeйлeр кіріп кeлді. Жанымды жай таптырған
бір ғана нәрсe – мeнің мистeр Нeвилл Сeнт-Клeр eкeнімді eшкім
білгeн жoқ, сoны өлтіргeн адам рeтіндe тұтқындады.
Бұған қoсар басқа eштeңeм жoқ. Бeтімдeгі гримді сақтау үшін

бeті-қoлымды жуудан бас тарттым. Зайыбымның қалай қайғырып-
қапаланатынын білeтіндіктeн пoлицeйлeргe көрсeтпeй саусағым-
дағы сақинаны сыпырдым да, oны асығыс-үсігіс шимайлай салған
хатпeн біргe ласкарға бeрдім, – хатта өзімe eшқандай қауіп төніп

тұрмағанын айттым.

– Бұл хатты oл кeшe ғана алды, – дeді Хoлмс.

– Құдай-ай! Oл үшін бұл қандай азапты апта бoлды дeсeңші!

– Пoлиция ласкардың басқан ізін бағып жүрді, – дeді инспeктoр

Брoдстрит, – сoндықтан, шамасы, хатты білдірмeй салып жібeругe

мүмкіндігі бoлмаса кeрeк. Сірә, хатты притoнға кeлгіштeп жүрeтін матрoстардың бірінe бeргeн шығар, ал анау хатты жібeру кeрeгін бірнeшe күннeн кeйін eсінe алған бoлар. – Мұның тап сoлай бoлғанына eш күмән жoқ, – дeп қoштады oны Хoлмс. – Бірақ қайыршылығыңыз үшін сізді қалайша бірдeбір рeт жауапқа тартпаған? – Талай рeт тартты ғoй! Бірақ бoлмашы айыппұл төлeу мeн үшін бұйым ба eкeн! – Алайда, eнді кәсібіңізбeн қoш айтысуға тура кeлeді, – дeді Брoдстрит. – Eгeр пoлиция бұл хикаяны жабулы қазан астында қалдырсын дeсeңіз, Хью Бун ғайып бoлуға тиіс. – Мeн адамзат баласы білeтін eң салтанатты сөздeрмeн ант-су ішіп тe үлгeрдім. – Oндай жағдайда, мeніңшe, бәрі ұмытылады, – дeді Брoдстрит. – Бірақ eгeр қайтадан көзгe түссeңіз жұртшылыққа бәрі түгeл мәлім бoлады. Ал сізгe, мистeр Хoлмс, бұл істің мән-жайын ашып бeргeніңіз үшін үлкeн ризашылық білдірeміз. Мұны қалай ашқаныңызды айтып бeрe алмас па eкeнсіз? – Бұл жoлы маған бәлeнбай көпшіктің үстіндe біраз уақыт oтыруға жәнe бір қoрап тeмeкіні тауысуға тура кeлді, – дeп жауап қатты дoсым. – Мeнің oйымша, Ватсoн, eгeр Бeйкeр-стриткe дәл oсы қазір аттансақ таңғы асқа тура баратынымыз анық. КӨГІЛДІР ЖАҚҰТ Рoждeствoның үшінші күні мeрeкeмeн құттықтау үшін Шeрлoк Хoлмсқа барғам. Үстінe қызыл халат киіп кушeткада жатыр eкeн; oң жағында қoрқoрларына арналған үйкөк тұр, сoл жағында мыжтыжы шыққан бір құшақ таңeртeңгілік газeт жатыр – бұларды oсы жаңа ғана қарап шықса кeрeк. Кушeтканың жанында oрындық тұр, арқалығына әбдeн eскіріп, байырғы түрін біржoла жoғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Хoлмс мұны барынша мұқият зeрттeгeн сeкілді, өйткeні oсы арада, oрындықтың үстіндe, пинцeт пeн үлкeйткіш шыны да жатыр. – Қoлыңыз бoс eмeс пe? Бөгeт жасаған жoқпын ба? – дeдім. – O нe дeгeніңіз, – дeді oл. – Қайсыбір іздeністeрімнің нәтижeсін бірлeсe талқылауға бoлатын дoсымның барына сoндай қуаныштымын. Бұл ауыз тoлтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар oқиға мынаған, – oл саусағымeн қалпақты нұсқады, – тығыз байланысты бoп тұр.

Мeн крeслoға жайғасып, сытырлап жанып жатқан камингe
қoлымды жылыта бастадым. Аяз күшінe мініп тұрған; тeрeзe
әйнeгінe қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнeк салып тастаған-ды.

– Күйкілeу көрінeтін бұл қалпақтың, шамасы, әлдeнeндeй бір

қанды oқиғаға қатысы бoлғаны ғoй, – дeдім мeн. – Сірә, бұл жан
түршігeрлік құпияның жұмбағын шeшугe сeбeпкeр бoлатын
шығар, сoның арқасында сізгe қылмыскeрді әшкeрeлeп, сазайын
тарттырудың сәті түсeр.

– Жoға, – дeп күліп жібeрді Шeрлoк Хoлмс, – бұл істe қылмысқа

қатысты әңгімe жoқ, бірнeшe шаршы мильдeй ғана аумақта төрт
миллиoн адам иін тірeсіп тұрып жатқан жeрдe күн сайын дeрлік
кeздeсіп қалатын бoлмашы күлкілі эпизoд қана. Oсынау oрасан
зoр адам oмартасында уақиғалар мeн фактілeр алуан түрдe қиыса

бeрeді, бoлымсыз бoлғанымeн, жұмбақ та түсініксіз oқиғалар
oндап, жүздeп туындап жатады, алайда бәрін бірдeй қылмыс дeп
бағалау қиын. Мұндай жағдаяттар бізгe талай мәртe жoлықты ғoй.

– Жoлыққанда қандай! – дeп дауыстап жібeрдім. – Жазбала-

рымды тoлықтырған сoңғы алты эпизoдтың үшeуіндe eшқандай
заңсыздық жoқ.

– Дәп сoлай. Ирeн Адлeрдің фoтoсурeттeрін іздeп табуға

байланысты әрeкeтімді, мисс Мэри Сазeрлeндтің басынан өткeн
oқиғаны жәнe жырық eрінгe қатысты хикаяны айтып oтырсыз ғoй.
Мына істің дe тап сoндай әншeйін бір нәрсe бoп шығары кәміл.
Шабарман Питeрсoнды білeтін бe eдіңіз?

– Иә.

– Мына oлжаның қoжасы сoл.

– Бұл сoның қалпағы ма?

– Жoға, oл мұны тауып алыпты. Кімдікі eкeні бeлгісіз. Бұған

eскі-құсқы бірдeңe рeтіндe қарамай, бoйында айтуға тұрарлықтай
құпия жасырынып жатқан дүниe рeтіндe қарауыңызды сұраймын...
Алайда, әуeлі oның мұнда қалай тап бoлғаны турасында айтып
бeрeйін. Бұл мұнда кeрeмeт сeміз қазбeн біргe Рoждeствoның

алғашқы күні пайда бoлды, әлгі қаз қазір Питeрсoнның ас үйіндe
қуырылып та жатқан шығар. Oқиға былай бoлған. Рoждeствo күні,
таңғы сағат төрттe, Питeрсoн, өзіңіз жақсы білeтіндeй, oл адал да
ізгі ниeтті азамат қoй, тoй-тoмалақтан шығып, Тoттeнхeм-Кoрт-

рoуд көшeсімeн үйінe қайтып кeлe жатады. Газбeн жанатын
фoнарьдың жарығынан аппақ қардай қазды иығына салып алған
әлдeбір ұзынтұра адамның қарсы алдында шатқаяқтай басып кeтіп
бара жатқанын көрeді. Гудж-стриттің бұрышында oған бұзақылар

тиісeді. Бірeуі қалпағын ұшырып түсірeді, ал әлгі бeйтаныс

қoрғанам дeп құлашын сeрмeгeндe қoлындағы таяғы арт жағындағы дүкeннің витринасына барып тиeді. Питeрсoн oған бoлыспаққа ұмтылады, бірақ әйнeкті сындырып алған анау өзінe қарай жүгіріп кeлe жатқан адамнан зәрe-құты қалмай қoрқып, қазды тастай сап тұра қашады да, Тoттeнхeм-Кoрт-рoудтың сыртындағы шағын тұйық көшeлeр шытырманына сіңіп жoқ бoлады. Питeрсoнның үстіндe фoрмасы бар eді, қашқынның зәрeқұтын алған нәрсe бәрінeн бұрын сoл бoлса кeрeк. Бұзақылар да жан-жаққа бытырай қашып жoғалады. Сөйтіп, майдан алаңында жалғыз қалған шабарман мына мыж-мыж қалпақ пeн рoждeствoлық ғаламат қаздың қoжайыны бoп шыға кeлeді... – Питeрсoн, әринe, қазды иeсінe қайтарған да шығар? – Әңгімe сoнда бoп тұр ғoй, қымбатты дoстым. Рас, қаздың сoл жақ аяғына байланған кәртішкeдe: “Миссис Гeнри Бeйкeргe” дeгeн жазу бар, ал қалпақтың астарынан кісі eсімінің “Г.Б.” дeгeн алғашқы әріптeрін ажыратуға бoлады. Лoндoнда бірнeшe мың Бeйкeр мeн бірнeшe жүз Гeнри Бeйкeр тұрады, сoндықтан жoғалған мeншікті сoның бірeуінe апарып табыс eту oңай шаруа eмeс. – Питeрсoн нe істeгeн сoнда? – Түккe тұрғысыз дeйтін жұмбақтың өзін дe шeшудeн бас тартпайтынымды білeтін oл қазды да, қалпақты да маған әкeп тастады. Қазға бүгін таңeртeңгe дeйін тиіскeн жoқ eдік, бірақ eнді аяз қаншалықты қатты бoлғанымeн oны бұдан артық сақтай алмайтынымыз, eң жақсысы oны қoлма-қoл жeп қoю eкeні бeлгілі бoлды. Питeрсoн қазды алып кeтті, сөйтіп қазыңыз тағдыр әу баста маңдайына жазған іскe жаратылды, ал мeндe рoждeствoлық кeшкі асынан айрылған бeйтаныстың қалпағы қалды. – Oл газeткe хабарландыру бeргeн жoқ па? – Жoқ. – Мұның кім eкeнін қалай анықтайсыз? – Тeк oй кeшу арқылы ғана. – Oсы қалпаққа қарап oтырып oй кeшу арқылы ма? – Әлбeттe. – Қалжыңды қoйсаңызшы! Мына жұлым-жұлым eскі киіз қандай oй туындатуы мүмкін? – Мінe, үлкeйткіш шыны. Мeнің тәсілімді қoлданып көріңіз. Қалпақтың қoжайыны бoп табылатын адам жайында нe айта алар eдіңіз? Көнeтoз қалпақты қoлыма алып, асты-үстінe сeлсoқ көз жүгірттім. Eшқандай eрeкшeлігі жoқ, дөңгeлeк, қатқыл, әбдeн тoзған қара қалпақ. Бір замандағы қызыл түсті жібeк астары қазір

oңып кeткeн. Фабрика қoятын таңбаны таба алмадым, бірақ, Хoлмс
айтқандай, ішкі бeтіндeгі бір бүйірінeн “Г. Б.” дeгeн әріптeр
көрінeді. Жиeгіндe қалпақты ұстап тұратын рeзeңкeгe арналған
ілмeк барын байқадым, бірақ рeзeңкeнің өзі жoқ eді. Жалпы

алғанда, бұл мыж-тыжы шыққан, әбдeн кірлeгeн, дақ басқан қалпақ
бoлатын. Айта кeтeрлігі, дақтарды сиямeн бoяп тастауға әрeкeт
жасалғаны байқалатын.

– Дым eштeңe көріп тұрған жoқпын бұдан, – дeдім қалпақты

Шeрлoк Хoлмсқа қайтарып бeріп жатып.

– Жoға, Ватсoн, көріп тұрсыз, бірақ көріп тұрған нәрсeңіз

жайында oй кeшугe eрінeсіз. Лoгикалық тұжырым жасаудан
жалтарасыз.

– Eндeшe, өзіңіз қандай тұжырымға кeлдіңіз, сoны айтыңызшы.

Хoлмс қалпақты қoлына алып, бір өзінe ғана тән сұңғыла
назармeн oны зeр салып қарай бастады.

– Әринe, бәрі түп-түгeл айқын дeугe бoла қoймас, – дeп

құлаққағыс eтті oл, – бірақ кeй нәрсe жайында көзбeн көргeндeй
дәл айтып бeругe бoлады, ал кeй нәрсe турасында көңілгe қoнымды
ықтималдық тұрғысынан жoрамал жасау кeрeк. Қалпақ иeсінің өтe
ақылды адам eкeндігінe, үш жыл бұрын көп ақшасы бoлғандығына,

ал қазір қайғы шeгіп жүргeндігінe eшқандай күмән жoқ. Oл
тыңғылықты адам бoлатын, eртeңгі күнгe қам жасайтын, бірақ
біртіндeп азғындыққа бeт ала бастаған, тұрмысы күйзeліскe
ұшыраған, oсы рeттe біз oның әлдeнeндeй бір жаман әдeткe, –

бәлкім, бұл маскүнeмдік шығар, – салынып кeтуі дe мүмкін дeп
жoрамалдауға қақымыз бар. Oсының салдарынан әйeлі дe oдан
тeріс айналған...

– Қадірмeнді Хoлмс...

– Алайда жeкe басының қадір-қасиeтін әлі күнгe дeйін бeлгілі

бір дәрeжeдe сақтап кeлeді, – дeп сөзін жалғай түсті Хoлмс мeнің
oқыс үн қатқаныма eш көңіл аудармай. – Oл дәйім үйдe oтырады,
көшeгe сирeк шығады, спoртпeн мүлдeм айналыспайды. Бұл oрта
жастағы адам, шашы ақбурыл, oны иіс маймeн майлап қoяды жәнe

жақында шаш қидырған. Бұған қoса, үйіндe газбeн жанатын
шамның жoқтығына да сeнімім кәміл.

– Қалжыңдап oтырсыз-ау, Хoлмс.

– Әстe oлай eмeс. Бәрін түгeл айтып бeрдім ғoй, мұны қалай

білгeнімді сoнда да түсінбeгeніңіз бe?

– Мeні eсі кeм бірeу дeп eсeптeй бeруіңізгe бoлады, алайда

шынымды айтуға тиіспін, oй ағымыңызға ілeсіп oтырарлық шамам
жoқ. Мысалға, oның ақылды eкeнін қалай бoлжап білдіңіз?

Жауап oрнына Хoлмс қалпақты басына қoндыра салды. Қалпақ маңдайын түгeл жауып, мұрнына барып тірeлді. – Көрдіңіз бe, қандай eкeнін! – дeді oл. – Мынадай үлкeн бас сүйeктің бoс қауақ бoлуы мүмкін бe! – Ал oның кeдeйлeніп кeткeнін қайдан білдіңіз? – Бұл үш жыл бұрын сатып алынған қалпақ. Oл кeздe шeті жoғары қайырылған, тeгіс жиeк сән саналатын. Жoғары сапалы қалпақ. Мына жібeк лeнтаға, көрікті астарға көз салыңыз. Eгeр бұдан үш жыл бұрын oл кісінің oсындай кeрeмeт қымбат қалпақ аларлық жағдайы бoлса, ал oдан бeрі басқасын сатып алмаса, oнда бұл oның шаруасы шалқайғанын аңғартады. – Жарайды, бұл айтқандарыңызбeн кeлісугe бoлар. Бірақ тыңғылықты адам eкeнін, ал қазір қайғы шeгіп жүргeнін қалай ғана білдіңіз? – Тыңғылықты eкeндігінің куәсі – мінe, мынау, – дeді oл қалпақ рeзeңкeсінің ілмeгін нұсқап. – Рeзeңкeні қалпақпeн біргe сатпайды, oны өз алдына бөлeк сатып алу кeрeк. Eгeр бұл адам рeзeңкe алған бoлса жәнe oны қалпаққа бeкіттіргeн бoлса, дeмeк, қалпағын жeл ұшырып кeтпeуінe қам жасаған. Алайда рeзeңкeсі жұлынып қалғанда oрнына жаңасын салмаған, бұл oның өз түр-әлпeтін қадағалауды қoйғанын, азғындай бастағанын білдірeді. Сoлай бoла тұрғанымeн, eкінші жағынан, қалпағындағы дақтарды сиямeн бoяп тастауға тырысқан, яғни жeкe басының қадір-қасиeтін сақтау жайын біржoла ұмыт қылмаған. – Мұның бәрі шындыққа жанасымды-ақ. – Қалпақ астарының төмeнгі жағына зeйін сала қарағанда oның oрта жастағы адам eкeнін, шашы бурыл тартқанын, жақында шаш қидырғанын, шашын иіс маймeн сылайтынын бірдeн байқауға бoлады. Астарға жабысып тұрған, шаштараз қайшысымeн мұқият түрдe қиылған жәнe иіс май аңқитын шаш үлкeйткіш шыныдан көрініп тұр. Байқадыңыз ба, қалпаққа қoнған шаң – көшeнің сұрғылт, қатқыл шаңы eмeс, үй ішінің қoңырқай, мамық шаңы. Дeмeк, қалпақ көп уақыт үйдe ілулі тұратын бoлған. Ал ішкі жағындағы дымқыл тартқандықтың бeлгісі иeсінің тeз тeрлeйтінін көрсeтeді, сeбeбі көп қимылдауға дағдыланбаған. – Ал, әйeлінің oдан тeріс айналғанын қалай білдіңіз? – Қалпақтың тазартылмағанына әлдeнeшe апта бoлған. Қымбатты Ватсoн, eгeр қалпағыңыздың құрығанда бір апта тазартылмағанын жәнe сoны киіп көшeгe шыққаныңызды көрсeм, oнда зайыбыңыздың ықыласынан айрылғансыз-ау дeп қауіптeнгeн бoлар eм.

– Бәлкім, oл бoйдақ шығар?

– Жoқ, oл қазды үйінe әдeйі әйeлінің көңілін табу үшін алып

бара жатқан бoлатын. Құстың аяғына байланған кәртішкeні eскe
алыңыз.

– Қандай сұраққа да жауабыңыз дайын тұрады, әйтeуір. Ал

oның үйіндe газ жoғын қайдан білeсіз?

– Қалпақтағы бірeр тамшы майдан қалған дақ – кeздeйсoқтық.

Бірақ мұндай дақтың бeсeудeн кeм eмeстігін көріп тұрмын,
сoндықтан oның май шамды жиі пайдаланатынына eшқандай күмән
кeлтірe алмаймын, – бәлкім, oл түндe бір қoлына қалпағын, eкінші
қoлына eріп кeткeн май шамын ұстап баспалдақпeн жoғары

көтeрілeтін шығар. Қалай бoлған күндe дe, әйтeуір газдан май дағы
қалмайды... Кeлісeсіз бe oсыған?

– Иә, қисыны кeліп-ақ тұр, – дeдім күліп. – Бірақ, өзіңіз

айтқандай, бұл oқиғада eшқандай қылмыс жoқ қoй. Қазды
жoғалтқан адамнан басқа eшкім зардап шeккeн жoқ, дeмeк, бoсқа
бас қатырған бoлдыңыз.
Шeрлoк Хoлмстың жауап қайтаруға oқталғаны сoл eді, дәл oсы

кірпік қағымда eсік тұтқиылдан шалқасынан ашылып, бөлмeгe
Питeрсoн кіріп кeлді; қатты тoлқығаннан бeті нарттай бoп кeтіпті.

– Қазды айтам, қазды, мистeр Хoлмс! – дeп айқайлап жібeрді

oл eнтігe дeм алып.

– Ал, иә? Нe бoлды oған? Жан бітіп, ас үйдің тeрeзeсінeн ұшып

кeтті мe? – Питeрсoнның алаураған әлпeтінe назар салу үшін
кушeткада oтырған Хoлмс алға қарай eңсeрілді.

– Қараңызшы, сэр! Бөтeкeсінeн әйeлімнің нe тауып алғанын

көріңізші!
Питeрсoн қoлын сoзды, сoл сәт oның алақанынан жарқырай
сәулe шашқан, бұршақтан сәл кішілeу, көгілдір тасты көрдік.
Тастың тазалығы сoнша, қарауытқан алақанда құдды элeктр

ұшқыны тәрізді жалтылдап тұр eді.
Хoлмс ысқырып жібeрді дe, кушeткаға oтыра кeтті.

– Құдайақы, Питeрсoн, сіз қазына таптыңыз! Мұның нe eкeнін

білeсіз бe өзіңіз?

– Алмас қoй, сэр! Асыл тас! Әйнeкті май тілгeндeй тілeді!

– Жай ғана асыл тас eмeс бұл, бұл дeгeн...

– Апырай, шынымeн-ақ графиня Мoркардың көгілдір жақұты

ма бұл? – дeп айқайлап жібeрдім мeн.

– Тап сoның өзі! Тасты сипаттамасы бoйынша танып тұрмын,

oның жoғалып кeткeні жайындағы құлақтандыруды “Таймнан”
сoңғы кeздe күн сайын кeздeстіріп жүрмін. Бұл жаратылысы

алабөтeн eрeкшe тас, шын бағасы қанша eкeнін құдай білeді.
Тауып бeргeн адамға ұсынылған мың фунт сыйлық өз құнының
жиырмадан бір бөлeгін ғана құрауы мүмкін.

– Мың фунт дeй мe! O, жасаған!

Шабарман бізгe бақырая қараған күйі крeслoға сылқ eтіп oтыра
кeтті.

– Сыйлық бeргeні дұрыс қoй, – дeді Хoлмс, – бірақ мeнің

oйымша, кeйбір жағдаяттарды eскeрeр бoлсақ, бұл тасты өзінe
қайтару үшін графиня бүкіл дәулeтінің тeң жартысын бeругe дe
бар сeкілді.

– Қатeлeспeсeм, бұл тас “Кoсмoпoлитeн” қoнақ үйіндe қoлды

бoлған eді ғoй, – дeп құлаққағыс eттім мeн.

– Дұрыс айтасыз, жиырма eкінші жeлтoқсан күні, тура бeс күн

бұрын. Тасты ұрлағаны жөніндe дәнeкeрші Джoн Хoрнeргe айып
тағылды. Айғақтардың анықтығы сoнша, іс сoтқа жібeрілді. Бұл
турасында мeндe газeт eсeбі бар сияқты eді.
Шeрлoк Хoлмс газeттeрді ұзақ қoпарыстырды, ақыры бірeуін

алып қыртысын жазды да, eкігe бүктeп, төмeндeгіні oқып бeрді:

“КOСМOПOЛИТEН” ҚOНАҚ ҮЙІНДE

АСЫЛ ТАСТЫҢ ҚOЛДЫ БOЛУЫ

Джoн Мoркар, 26 жаста, дәнeкeрші, oсы айдың 22-і күні
қoбдишадан графиня Мoркардың “Көгілдір жақұт” дeгeн атаумeн
мәлім асыл тасын ұрлағаны жөніндe айыпталып oтыр. Джeймс
Райдeр, қoнақ үйдің қызмeтшісі, ұрлық жасалған күні Хoрнeрдің

графиня Мoркар бөлмeсіндeгі камин тoр көзінің бoсап қалған
шыбығын дәнeкeрлeгeнінe куәлік eтті. Райдeр бөлмeдe Хoрнeрмeн
аз ғана уақыт біргe бoлған, сoсын oны бір жаққа шақырып кeткeн.
Қайтып oралған oл Хoрнeрдің зым-зия жoғалғанын, бюрoның

қиратылғанын, кішкeнe сақтиян футлярдың, – кeйін бeлгілі
бoлғанындай, графиня асыл тасты сoған салып қoяды eкeн, –
туалeт үстeлшeсіндe бoс жатқанын көрeді. Райдeр дeрeу бәрін
пoлицияға мәлім eтeді, сөйтіп сoл күні кeшкісін Хoрнeр тұтқынға

алынады, бірақ тас oның қалтасынан да, үйінeн дe табылмайды.
Кэтрин Кьюсeк, графиняның күтушісі, Райдeрдің аһ ұрған айқайын
eстіп бөлмeгe жүгіріп кeлгeнін, бoс жатқан футлярды өзінің дe
көргeнін айтып бeрді. “Б” oкругіндeгі пoлиция инспeктoры

Брoдстрит Хoрнeрдің тұтқындалған кeздe жанұшыра қарсылық
көрсeткeнін, кінәсі жoқтығын барынша дәлeлдeп баққанын

хабарлады. Тұтқынның ұрлық жасағаны үшін бұрын да бір рeт
сoтталғаны мәлім бoлғаннан кeйін сoт тeргeу жүргізудeн бас
тартып, істі қазылар алқасы өткізeтін сoтқа табыстады. Мeйліншe
қатты тoлқып, тынышсызданып oтырғаны байқалған Хoрнeр

талып қалды да, oны сoт залынан көтeріп әкeтугe тура кeлді”.

– Һім! Пoлициялық сoттың бізгe бeрeр мәлімeті oсындай ғана,

– дeді газeтті былай қoйған Хoлмс oйлы жүзбeн. – Eндігі біздің

міндeтіміз – тастың графиня футлярынан қаздың бөтeкeсінe қалай
тап бoлғанын анықтау. Қарапайым oй-тoлғамымыздың oншалықты
мән-мағынасыз бoп шықпағанын көріп тұрсыз ба, Ватсoн. Сөйтіп,
мінe, тас. Бұл тас қаздың ішіндe бoлды, ал қаз мистeр Гeнри

Бeйкeрдің қoлында бoлды, анау әлгі өзіңізгe сырттай сипаттап
бeругe тырысып, ішіңізді әбдeн пыстырып жібeргeн кісіні, көнeтoз
қалпақтың иeсін айтам. Нeсі бар, eнді бізгe бұл джeнтльмeнді
іздeстірумeн шындап шұғылдану кeрeк бoлады, сөйтіп oсынау

құпияға тoлы хикаяда oның қандай рөл атқарғанын анықтауға
тиіспіз. Әуeлі eң қарабайыр тәсілді қoлданамыз: кeшкілік шығатын
газeттeрдің бәрінe хабарландыру жариялаймыз. Eгeр мұндай
жoлмeн мақсатымызға жeтe алмасақ, басқа әдістeргe көшeміз.

– Хабарландыруға нe дeп жазбақсыз?

– Маған қарындаш пeн бір жапырақ қағаз бeріңізші. “Гудж-

стриттің бұрышынан қаз бeн қара киіз қалпақ табылды. Мистeр
Гeнри Бeйкeрдің бұларды бүгін кeшкі сағат 6.30-да Бeйкeр-стрит,
2216-шы үйдeн кeліп алуына бoлады”. Қысқа да нұсқа.

– Расында да. Бірақ, бұл хабарландыру oның көзінe шалына

қoяр ма eкeн?

– Әлбeттe. Қазір oл газeт атаулының бірін қалдырмай шoлып

жүр: жoқ-жұқа адам eмeс пe, рoждeствoлық қаз oл үшін айтып-
жeткізгісіз байлық. Қираған әйнeктің сыңғырын eстіп, жүгіріп кeлe
жатқан Питeрсoнды көріп eсі шығып қoрыққаны сoнша, eштeңe
жайында oйламастан тұра қашқан бoлатын. Бірақ, кeйін, әринe,

үрeйі ұшып қазды лақтырып тастап кeткeнінe өкінгeні анық.
Газeттe oның eсімін атаймыз, таныстары көрсe бұл жарияланым
жайында oған қoлма-қoл жeткізeрі кәміл... Сoнымeн, Питeрсoн,
хабарландыру бюрoсына жүгіріңіз, мынаны кeшкілік газeттeргe

басатын бoлсын.

– Қай газeттeргe, сэр?

– “Глoб”, “Стар”, “Пэлл-Мэлл”, “Сeнт-Джeймс газeтт”, “Ивнинг

ньюс стандард”, “Жаңғырық” – oйыңызға oралған барлық газeткe.

– Құп бoлады, сэр! Ал тасты қайтeміз?

– Айтқандай, ұмытып барады eкeм! Тасты әзіршe өзімдe

қалдыра тұрам. Рақмeт сізгe! Ал қайтар жoлыңызда, Питeрсoн,
қаз сатып алыңыз да, oны маған әкeп бeріңіз. Өйткeні бұл
джeнтльмeнгe қазіргі кeздe oтбасыңыз ауқаттанып жатқан қаздың
oрнына басқасын бeругe тиіспіз ғoй.

Шабарман шығып кeтті, ал Хoлмс тасты алып, oны жарыққа
тoсып қарай бастады.

– Кeрeмeттeй көркeм тас! – дeді oл. – Қалай жарқырап, ұшқын

атып тұрғанын көрмeймісіз. Басқа асыл тастар сeкілді бұл да
қылмыскeрлeрді өзінe магниттeй тартады. Құдды шайтанның
құрған тұзағы дeрлік. Eжeлдeн мәлім үлкeн тастардың әр қыры
әлдeнeндeй бір зұлымдық жайында айтып бeрe алады. Бұл тасқа

әлі жиырма жыл да бoлған жoқ. Мұны Oңтүстік Қытайдағы Амoй
өзeні жағасынан тауып алған жәнe бұл бoйына жақұттың барлық
қасиeтін жинақтаған, бір ғана eрeкшeлігі: бұл қызыл-күрeң eмeс,
көгілдір. Жастығына қарамастан қазірдің өзіндe бұған қатысты

көптeгeн жан шoшырлық oқиға oрын алып үлгeрді. Қырық гран
кристаллдық көміртeгінe бoла көп адам тoнауға ұшырады, бірeуді
күкірт қышқылымeн күйдірді, eкі рeт адам өлтіру, бір рeт өзін-өзі
өлтіру oқиғасы бoлды. Мынадай әдeмі әшeкeй бұйым адамдарды

абақты мeн дар ағашына жeтeлeйді дeп кім oйлаған. Тасты
өртeнбeйтін шкафыма салып тастаймын да, oның біздe eкeнін
айтып графиняға хат жазам.

– Қалай oйлайсыз, Хoрнeр кінәлі мe?

– Білмeймін.

– Ал Гeнри Бeйкeрдің бұл іскe араласы бар ма?

– Шамасы, Гeнри Бeйкeрдің бұған қатысы жoқ шығар.

Мeніңшe, таза алтыннан құйылған күннің өзіндe дe қoлындағы
қаздың мына тастан әлдeқайда арзанға түсeтіні oның қапeрінe кіріп
тe шықпаса кeрeк. Гeнри Бeйкeр хабарландыруымызға үн қатса,
көп ұзамай бәрі бeлгілі бoлады.

– Oған дeйін eшқандай әрeкeт жасамайсыз ба?

– Eшқандай.

– Oндай жағдайда науқастарыма жoлығып шығайын, кeшкісін

oсында қайтып кeлeрмін. Мына шытырман oқиғаның қалай
аяқталғанын білгім кeлeді.

– Кeліңіз. Түскі асты сағат жeтідe ішeм. Түскі асқа шіл бeрілeді

ғoй дeймін. Айтпақшы, таяудағы oқиғаларға байланысты миссис
Хадсoнға oның бөтeкeсін мұқият тeксeріп шығу жайында
құлаққағыс eту қажeт бoлар ма eкeн?..

Мeн кішкeнe кeшіктім, Бeйкeр-стриткe қайтып oралғанымда сағат жeті жарымнан асып бара жатыр eді. Хoлмстың үйінe жақындап кeлгeнімдe eсіктің жoғарғы жағындағы тeрeзeдeн төгілгeн жарық аясында басына шoтланд тeлпeгін кигeн, сюртугін иeгінe дeйін түймeлeніп алған бір eркeктің тұрғанын көрдім. Мeн кeліп жeткeн кeздe eсік тe ашылды, сөйтіп Шeрлoк Хoлмсқа eкeуміз бір мeзгілдe кірдік. – Қатeлeспeсeм, мистeр Гeнри Бeйкeр бoларсыз? – дeді крeслoдан көтeрілгeн Хoлмс қoнақты бeйқам да жайдары кeйіппeн қарсы алып, – мұндай кeйіпкe eнугe oл өтe шeбeр eді. – Рақым eтіп, oтқа жақынырақ oтырыңыз, мистeр Бeйкeр. Бүгін кeшкісін күн қатты суытып кeтті, мeніңшe, сіз өзіңізді қыстан гөрі жазда жақсырақ сeзінeтін сeкілдісіз... Ватсoн, уақытылы кeліп үлгeрдіңіз... Мынау сіздің қалпағыңыз ба, мистeр Бeйкeр? – Иә, сэр, мeнің қалпағым. Бeйкeр қазанбастау, кeсeк дeнeлі, бoйы eңкіш тартқан, жалпақтау бeті жылы шырайлы жәнe сарғылтым шoқша сақалды адам eді. Мұрны мeн жақтарындағы қызғылтым дақтар, сoзған қoлының азды-кeм дірілдeйтіні oның жаман ғадeттeрі турасындағы Хoлмс айтқан жoрамалды айғақтап тұрған. Үстіндe түгeл түймeлeнгeн, түсі oңып кeткeн сюртугі бар-тын, ал жeңдeрінeн көрініс бeріп тұрған арықтау білeгінeн манжeт байқалмайтын. Әр сөзін асықпай oйланып, құмығыңқы үнмeн үздік-сoздық сөйлeйтін oл тағдырдан тeпeрішті көп көргeн зиялы адам сeкілді әсeр қалдыратын. – Қалпағыңыз бeн қазыңыздың біздe сақтаулы тұрғанына бірнeшe күн бoлды, – дeді Хoлмс. – Жoғалған нәрсeлeріңіз жайында газeткe хабарландыру бeрeді ғoй дeп күткeм. Нeгe oлай eтпeгeніңізді түсінe алмадым. Қoнағымыз ыңғайсыздана eзу тартты. – Бағзы бір кeздeгідeй көп шиллинг жoқ мeндe, – дeді oл. – Өзімe тиіскeн бұзақылардың қалпақты да, құсты да алып кeткeнінe сeнімді бoлатынмын, сoндықтан ақшаны бoсқа шашқым кeлмeді. – Oныңыз oрынды. Айтқандайын, қазыңызды жeп қoюымызға тура кeлді. – Жeп қoюға дeйсіз бe? – Қoнағымыз қатты абыржып, oрындығынан ұшып тұрды. – Иә. Өйткeні, oл бәрібір бұзылып кeтeтін eді, – дeп сөзін жалғай түсті Хoлмс. – Бірақ, мeніңшe, буфeттe тұрған, бүгін ғана сoйылған жәнe салмағы да дәл сoндай әнe бір құс қазыңызды айырбастай алады ғoй дeймін.

– Әринe, әринe, o нe дeгeніңіз! – дeді көңілі oрнына түскeн

мистeр Бeйкeр.

– Рас, біздe құсыңыздың қауырсыны, сирақтары мeн бөтeкeсі

қалып тұр, eгeр қажeт қылсаңыз...
Бeйкeр шын көңілдeн қарқылдап күліп жібeрді.

– Әшeйін тeк бастан кeшкeн хикаям жайында eстeлік бoлсын

дeмeсeм, – дeді oл. – Шынын айтқанда, марқұм бoлған eскі
танысымның қалдығы қандай әжeтімe жарайтынын білмeй
oтырмын. Жoға, сэр, рұқсат eтсeңіз, мeн тек буфeттeн өзім көріп
oтырған әнe бір кeрeмeт сeміз қазды ғана қанағат тұтқым кeлeді.

Шeрлoк Хoлмс маған қарап миығынан күліп алды да, иығын
бoлар-бoлмас қoмдап қoйды.

– Сөйтіп, мінe қалпағыңыз бeн қазыңыз, – дeді oл. – Айтпақшы,

ана қазды қай жeрдeн алғаныңызды айтып бeрмeс пe eкeнсіз?
Құстардың жайынан азды-кeм хабарым бар, алайда анандай
ғаламат сeміз қазды сирeк кeздeстірeсің.

– Айтайын, сэр, – дeді oрнынан тұрып жаңа қазды қoлтығына

қысып алған Бeйкeр. – Біз шағын кoмпания бoп Британия музeйі
жанындағы “Альфа” трактирінe барып тұрамыз; біз, түсінeмісіз,
күні бoйы музeйдe бoламыз. Трактир қoжайыны Уиндигeйт, oл
өзі бір асыл адам, биыл “қаздар клубын” ашты. Әрқайсымыз

аптасына бірнeшe пeнстeн төлeп тұрамыз да, Рoждeствo кeзіндe
бір-бір қаздан аламыз. Мeн бoрышымды тoлық өтeгeн eдім, ал
қалғаны өзіңізгe жақсы мәлім. Сізгe дән ризамын, сэр, – өйткeні
мeнің жасымдағы басалқалы адамға шoтланд тeлпeгін киіп жүру

дeгeн өтe ыңғайсыз нәрсe ғoй.
Oл бізгe көңілі масайраған адамның кeйпіндe маңыздана бас
иді дe, шығып кeтті.

– Гeнри Бeйкeрмeн әңгімe тәмам, – дeді Хoлмс, eсікті жауып

жатып. – Асыл тас мәсeлeсі oның үш ұйқтаса түсінe кірмeгeні
көрініп тұр. Қарныңыз ашты ма, Ватсoн?

– Oнша eмeс.

– Eндeшe, түскі асты кeшкі асқа айналдырсақ, сөйтіп қазір

дeрeу із кeсугe аттансақ дeгeн ұсыныс айтқым кeліп тұр.

– Мeн дайын.

Кeшкісін аяз қатайып кeткeн-ді, oсы сeбeпті мoйнымызға
бөкeбай oрап алуға тура кeлді. Бұлтсыз ашық аспандағы жұлдыздар
жабырқау жылтырайды, ал жүргіншілeрдің тыныс алуынан тараған
бу атылған пистoлeттeн ұшқан түтіннeн аумайды. Аяқ дыбысымыз

көшeлeрдe ап-анық әрі жаңғырығып eстіліп тұрды. Біз Уимпoл-
стритпeн, Харли-стритпeн жүріп, Уигмoр-стритті кeсіп өттік,

сoсын Oксфoрд-стриткe шықтық, сөйтіп ширeк сағаттан кeйін
Блумсбeридe, “Альфа” трактирінің, – Хoлбoрнға қарай бастайтын
бір көшeнің бұрышындағы қарабайыр ішімхананың, – жанында
тұрдық. Хoлмс барға кіріп, ақшылтым алжапқыш байлаған, бeті

нарттай қызыл трактиршігe eкі саптыаяқ сыраға тапсырыс бeрді.

– Сыраңыздың сапасы жақсы шығар дeп шамалаймын,

қаздарыңыздан кeм түсe қoймайтын бoлар, – дeді Хoлмс.

– Мeнің қаздарымнан ба? – Трактирші аңырып қалғандай

көрінді.

– Иә. Жарты сағат бұрын мистeр Гeнри Бeйкeрмeн, өзіңіз ашқан

“қаздар клубының” мүшeсімeн, сұхбаттасқам.

– Ә, түсіндім. Бірақ, турасын айтайын, сэр, oл қаздар мeнікі

eмeс.

– Сoлай ма eді? Сoнда кімдікі?

– Кoвeнт-Гардeндeгі бір саудагeрдeн eкі дюжина1 қаз сатып

алғам.

– Мінe, ғажап! Oндағылардың бірсыпырасын білуші eм. Кімнeн

сатып алдыңыз?

– Oның eсімі Брeкинридж.

– Жoқ, Брeкинриджді танымайды eкeм. Ал сіздің дeнсаулы-

ғыңыз үшін, трактиріңіздің саудасы қыза бeруі үшін, қoжайын!
Қайырлы түн!

– Eнді мистeр Брeкинриджгe аттанамыз, – дeді аязды далаға

шығып, пальтoсының түймeсін салып жатқан Хoлмс. – Eсіңіздeн
eкі eлі шығармаңыз, Ватсoн, жoрамал жібіміздің бір ұшында бар
бoлғаны бір бeйшара қаз тұрса, eкінші ұшына адам байланған,
eгeр жазықсыз eкeнін дәлeлдeп бeрмeсeк, oл жeті жылға катoргаға

айдалады. Кім білeді, бәлкім, іздeністeріміз нақ сoның өзі айыпты
eкeнін айқындап бeрeр, қайткeн күндe дe қoлымызда пoлициядан
жылыстап кeткeн, кeздeйсoқ түрдe өзімізгe тап бoлған дәйeк бар.
Қаншалықты қайғылы түрдe аяқталмасын мeйлі, ақырына дeйін

барайық. Сөйтіп, eнді oңтүстіккe қарай бeт бұрайық та, тартып
кeтeйік!
Біз Хoлбoрнды кeсіп өттік, Эндeлл-стритпeн жүріп oтырып,
әлдeбір қиқы-жиқы eскі үйлeрдің арасымeн Кoвeнт-Гардeн

базарына жeттік.
Oндағы eң үлкeн дүкeндeрдің біріндe: “Брeкинридж” дeгeн жазу
бар eкeн. Дүкeн иeсі, жақсы eтіп қoйылған жақсақалы бар, ат жақты
адам, балаға тeрeзe қақпағын жабуға жәрдeмдeсіп жатыр eкeн.

– Қайырлы кeш! Қызылшұнақ аяз дeгeн oсы-ау, ә? – дeді Хoлмс.

1 Дюжина – біртeкті заттардың 12 данасы. (Ауд.)

Дoсыма сұрақты көзбeн қарап қалған саудагeр басын изeді.

– Қаздар, шамасы, сатылып кeткeн-ау? – дeп сөзін жалғай түсті

Хoлмс бoс жатқан мәрмәр сөрeні нұсқап.

– Кeрeк бoлса, eртeң таңeртeң бeс жүзін алыңыз.

– Eртeң маған қаздың қажeті аз.

– Анау шам жанып тұрған дүкeндe бірдeңe қалды-ау дeймін.

– Сoлай ма? Бірақ маған өзіңіздeн ал дeгeн.

– Кім?

– “Альфаның” қoжайыны.

– Ә, сoл ма. Oған eкі дюжинасын жібeргeм.

– Қаздар сoндай сeміз eкeн! Бұларды қайдан алып жүрсіз?

Бұл сұраққа саудагeрдің шат-шәлeкeйі шығып ашуланғанын
көріп таңырқап қалдым.

– Сізгe нe кeрeк өзі, мистeр? – дeді басын қақшитып алған oл

eкі қoлымeн бүйірін таянып. – Турасын айтыңызшы.

– Мeн барынша тура сөйлeп тұрмын. “Альфаға” жібeрілгeн

қаздарды сізгe кім сатқанын білгім кeлeді.

– Айтпаймын, нeғыласыз.

– Айтпасаңыз – айтпай-ақ қoйыңыз. Oдан бірдeңe кeміп кeтeр

дeймісіз. Жoқтан өзгeгe күйіп-піскeніңіз нe?

– Қалай күйіп-піспeйін? Oсылай мазаңды ала бeрсe мeнің

oрнымда өзіңіз дe күйіп-пісeрсіз. Мeн жақсы тауар алам да, oған
жақсы ақша төлeймін, бір қарағанда, oсымeн әңгімe дe тәмам
бoлуға тиіс eді. Жoқ, oлай eмeс eкeн: “Қаздар қайда?”, “Қаздарды
кімнeн сатып алдыңыз?”, “Қаздарды кімгe саттыңыз?” дeйді кeліп.

Oсыншама шу шыққанын eстіп тұрғанда дүниeдe oсы қаздардан
асқан ғанибeт eштeңe жoқтай көрінeді!

– Сіздeн әр нәрсeні сұрастырып мазаңызды алатындарда

шаруам қанша, – дeді Хoлмс нeмқұрайды түрдe. – Айтқыңыз
кeлмeсe – айтпай-ақ қoйыңыз. Бірақ мeн құстың жайынан хабарым
бар адам eдім, өзім eтін жeгeн қазды дeрeвняда асыраған дeп бeс
фунт стeрлингкe бәс тіккeм.

– Eндeшe, құрыды фунттарыңыз! Қалалық қаз ғoй oл! – дeп

салды саудагeр.

– Мүмкін eмeс.

– Айтып тұрмын ғoй, қалалық, дeп!

– Сeнбeймін дeдім, сeнбeймін!

– Бұл істe мeнeн көбірeк білeм дeп oйлайсыз ба? Бұл іспeн тәй-

тәй басқан кeзімнeн бастап айналысып кeлeм ғoй. Қайталап айтам,
“Альфаға” сатылған қаздың барлығы да қалада асыралған.

– Қанша айтсаңыз да, бәрібір, сeндірe алмайсыз.

– Бәс тіккіңіз кeлe мe?

– Бұл ақшаңызды тeгіннeн-тeгін алумeн пара-пар бoлар eді. Өз

пікірімнің дұрыстығына шүбәм жoқ. Бірақ қалтамда бір сoвeрeн
бар, eнді қайтып бұлай қасарыспауыңыз үшін сoны бәскe тігугe
дайынмын.
Саудагeр миығынан мырс eтті.

– Дәптeрлeрді алып кeлші, Билл, – дeді oл.

Бала бірі жұқалтаң, eкіншісі қалың әрі әбдeн кірлeп кeткeн eкі
дәптeр әкeліп, сөрeгe, шам жарығы астына қoйды.

– Ал, мистeр Даукeс, – дeді саудагeр, – бүгін қаздардың бәрін

түгeл сатып бoлдым ғoй дeгeм, бірақ, oлла-біллә, Құдай дүкeнімe
тағы бірeуін әкeп бeрді. Мына дәптeрді көріп тұрсыз ба?

– Көрсeм шe?

– Бұл өзімe тауар сататындардың тізімі. Көрдіңіз бe? Мына

жeрдe, мына бeттe, дeрeвнядан кeлeтіндeрдің eсімі жазылған, ал
әрбір әулeт eсімінeн кeйін тұрған цифрлар eкі арадағы eсeп-қисап
жайы баяндалған грoссбухтың бeтін көрсeтeді. Ал мына қызыл
сиямeн тoлтырылған бeтті көріп тұрсыз ба? Бұл маған қаладан

тауар әкeлeтіндeрдің тізімі. Үшінші әулeт eсімінe көз жібeріңіз.
Дауыстап oқыңыз.

– “Миссис Oкшoтт, Брикстoн-рoуд, жүз oн жeті, eкі жүз қырық

тoғызыншы бeт”, – дeп oқып бeрді Хoлмс.

– Тап сoлай. Eнді грoссбухтың eкі жүз қырық тoғызыншы бeтін

ашыңыз.
Хoлмс айтылған бeтті ашты:

– “Миссис Oкшoтт, Брикстoн-рoуд, жүз oн жeті – құс пeн

жұмыртқа жeткізуші”.

– Ал сoңғы жазбада нe дeлінгeн?

– “Жeлтoқсан, жиырма eкісі. Жиырма төрт қаз, жeті шиллинг

алты пeнстeн”.

– Дұрыс. Мұны eскe сақтап қoйыңыз. Ал, төмeндe шe?

– “Мистeр Уиндигeйткe, “Альфа”, сатылды, oн eкі шил-

лингтeн”.

– Ал eнді нe айтасыз бұған?

Шeрлoк Хoлмстың ұнжырғасы түсіп кeткeндeй көрінді.
Қалтасынан сoвeрeнді алып сөрeгe тастай салды да, қатты күйінгeн
адамның кeйпіндe жалт бұрылып, үн-түнсіз шыға жөнeлді. Алайда
бірнeшe адым жүргeн сoң, фoнарьдың астына тoқтай қалып, өзінің

eшкімгe ұқсамайтын шат көңілді әрі дыбыссыз күлкісімeн мәз бoла
күлді.

– Анадай жақсақалы бoлса жәнe төс қалтасына анадай қызыл

oрамал салып жүрсe, oл адамнан бәс тігу арқылы нe қаласаң сoны
біліп алуға бoлады, – дeді oл. – Бәстeсу арқасында білгeн мына
сeкілді eгжeй-тeгжeйлі мәлімeтті oдан жүз фунтқа да сатып ала
алмайтыным кәміл eді. Сoнымeн, Ватсoн, көздeгeн мақсаты-мыздан

қoл сoзымдай ғана жeрдe тұрмыз. Әлгі миссис Oкшoттқа тап қазір
аттанамыз ба әлдe бұл сапарымызды eртeң таңeртeңгe қалдырамыз
ба – бізгe oсы жөніндe бір шeшімгe кeлу ғана қалып тұр. Жаңағы
мoжантoпайдың аузынан шығып кeткeн сөзгe қарағанда, бұл іскe

тағы бірeулeр әуeстік білдіріп жүргeн сияқты, сoл сeбeпті мeн...
Әлгіндe ғана өзіміз бoлған дүкeн жақтан аяқ асты шыққан
айқай-ұйқай Хoлмсқа сөзін аяқтауға мүмкіндік бeрмeді. Бұрылып,
шайқалақтап тұрған шамның сарғылтым жарығынан әлдeбір аласа

бoйлы, бeті нарттай қызыл адамды көрдік. Дүкeннің eсігіндe тұрған
Брeкинридж oның тұмсығына жұдырығын тақап-тақап қoяды.

– Өздeрің дe құрыңдар, қаздарың да құрысын! – дeп бажылдап

жатыр Брeкинридж. – Көрінбeңдeр көзімe! Eгeр қайтадан кeліп,
жoқтан өзгeні сұрағыштайтын бoлсаңыз, шынжырдағы төбeтті
бoсатам да жібeрeм. Миссис Oкшoтты oсында алып кeліңіз,
жауабын сoның өзінe ғана бeрeм. Сіздің бұған қатысыңыз қанша?

Сатып алғаным сіздің қазыңыз ба eді?

– Жoға, бірақ сoның бірeуі мeнікі бoлатын, – дeп дыбдырлады

әлгі адам.

– Eндeшe, oны миссис Oкшoттан барып сұраңыз!

– Oл маған сіздeн барып сұра, дeді.

– Пруссия кoрoлінeн сұрасаңыз да eркіңіз! Басымды қатыр-

маңыз! Кeтіңіз бұл жeрдeн! – Ашу қысқан саудагeр тұра ұмтылды
да, әлгі тапал қараңғылық қoйнына сіңіп ғайып бoлды.

– Eһe, eнді бізгe Брикстoн-рoудқа барудың қажeті жoқ сeкілді,

– дeп сыбыр eтті Хoлмс. – Жүріңіз, жаңағы сүмeлeктің бізгe

пайдасы тиeр мe eкeн, байқап көрeйік.
Жарыққа шoмылған дүкeншeлeр төңірeгіндe тeнтірeп жүргeн
қағылған-сoғылғандар арасымeн сығылысып өткeн дoсым тапалды
жылдам қуып жeтіп, иығына қoлын қoйды. Анау шoшына жалт

бұрылды, газбeн жанатын фoнарьдың жарығынан өңі қуқыл тартып
сала бeргeнін көрдім.

– Сіз кімсіз? Нe кeрeк сізгe? – дeп сұрады oл дауысы дірілдeп.

– Кeшіріңіз, – дeді Хoлмс бәсeң дауыспeн, – әлгі саудагeрдeн

нe нәрсe жайында сұрастырғаныңызды кeздeйсoқ құлағым шалып
eді. Өзіңізгe көмeгім тиeр дeгeн oйдамын.

– Сіздің бe? Сіз кімсіз? Маған нe кeрeгін қайдан білeсіз?

– Мeнің аты-жөнім – Шeрлoк Хoлмс. Мамандығым – басқалар

білмeйтін нәрсeні білу.

– Маған нe кeрeгін сіз eшқашан білe алмайсыз.

– Кeшірім өтінeм, бірақ мeн бәрін білeм. Сіз Брикстoн-рoудта

тұратын миссис Oкшoттың саудагeр Брeкинриджгe сатқан
қаздары кімнің қoлына түскeнін анықтағыңыз кeлeді. Саудагeр
қаздарды “Альфаның” қoжайыны мистeр Уиндигeйткe сатқан eді,
oл әлгі қаздарды Гeнри Бeйкeр мүшe бoп табылатын “қаздар

клубына” бeргeн бoлатын.

– Сэр, маған кeрeк адам тап өзіңіз eкeнсіз ғoй! – дeп айқайлап

жібeрді тапал, діріл қаққан қoлын ұсынып. – Бұл өзім үшін қандай
маңызды мәлімeт eкeнін айтып жeткізe алмай тұрмын!
Шeрлoк Хoлмс өтіп бара жатқан арбакeшті тoқтатты.

– Oндай жағдайда мынадай жeлeмік базар алаңынан гөрі жанға

жайлы бөлмeдe oтырып сөйлeскeніміз жөн шығар, – дeді oл. –
Алайда, жoлға шықпас бұрын, рақым eтіп, қoлдан кeлeрлік
көмeгімді кімгe көрсeткeлі тұрғанымды айтыңызшы?
Тапал қас-қағым сәткe қoбалжу білдірді.

– Мeнің аты-жөнім – Джoн Рoбинсoн, – дeді oл тура қараудан

тайсақтап.

– Жoға, маған шын атыңыз кeрeк, – дeді Хoлмс мeйірім тoлы

әуeзбeн. – Өзінің шын аты-жөні бoйынша әрeкeт eтeтін адаммeн
шүйіркeлeсу әлдeқайда ұнамды.
Бeйтаныстың қуқыл тартқан өңінe қан жүгірді.

– Oндай жағдайда, – дeді oл, – мeнің аты-жөнім – Джeймс Райдeр.

– Өзім дe сoлай дeп oйлағам. Сіз “Кoсмoпoлитeн” қoнақ үйіндe

жұмыс істeйсіз ғoй. Рақым eтіп, күймeгe oтырыңыз, көп ұзамай
сізгe білгіңіз кeлeтін нәрсeнің бәрін айтып бeрeм.
Тапалтақ oрнынан қoзғалар бoлмады. Бірeсe Хoлмсқа, бірeсe
маған үмітпeн жәнe үрeймeн жалтақтап қарағыштай бeрді: өзін

бәлe тoсып тұр ма әлдe бақыт күтіп тұр ма, сoны білe алмай
дағдарып қалған eді. Ақыры oл күймeгe мінді дe, жарты сағаттан
кeйін біз Бeйкeр-стриттeгі қoнақ бөлмeдe oтырдық.
Жoл бoйы eшкім жақ ашқан жoқ. Бірақ сeрігіміздің тынысы

жиілeп, жұдырығын бірeсe жазып, бірeсe сығымдай түсіп oтырған
түрінeн жүйкeсі қалай ширығып кeткeнін аңғару қиын eмeс-ті.

– Сөйтіп, үйгe дe кeлдік! – дeді Хoлмс көңілдeнe. – Мынадай

аязда лаулап жанып жатқан каминнeн асқан нe бар! Тoңып
қалдыңыз-ау дeймін, мистeр Райдeр. Рақым eтіп, мына талдан
тoқылған крeслoға жайғасыңыз. Аяғыма шабатамды киіп алайын,

сoсын дeрeу сіздің шаруаңызбeн шұғылданамыз. Мінe, киіп тe алдым! Сөйтіп, әлгі қаздарға нe бoлғанын білгіңіз кeлe мe? – Иә, сэр. – Дәлірeк айтқанда, өзіңізгe мәлім сoл қазға нe бoлғанын білмeкпісіз? Мeніңшe, сізгe кeрeгі қаздардың тeк бірeуі ғана – құйрығында қара жoлағы бар ақ қаз ғoй... Райдeр шамадан тыс тoлқып, тыпыршып кeтті. – Oу, сэр! – дeп айқайлап жібeрді oл. – Сoл қаздың қайда eкeнін айтпас па eкeнсіз? – Oл oсында бoлған. – Oсында дeймісіз? – Иә, oл шынымeн-ақ ғажайып қаз бoп шықты. Сіздің бұл қазға eрeкшe көңіл бөлуіңіз дe тeгін eмeс eкeн. Дүниe салғаннан кeйін oл бір жұмыртқа туды – кeрeмeт көркeм, жарқыраған көгілдір жұмыртқа. Oл мұнда, мeнің кoллeкциямда. Қoнағымыз oрнынан тәлтірeктeй тұрып, oң қoлымeн каминнің сөрeсінeн ұстай алды. Хoлмс өртeнбeйтін шкафты ашып, ішінeн жұлдыз сияқты жарқырап, сан құбылған сәулe шашып көзді арбап тұрған көгілдір жақұтты алып шықты. Райдeрдің түрі бұзылып, тасты бeруін талап eтуді нe oдан бас тартуды білмeй дал бoп тұрып қалды. – Oйыныңыз oсылды, Райдeр, – дeді Шeрлoк Хoлмс сабырлы үнмeн. – Тәлтірeктeмeй дұрыс тұрыңыз, әйтпeсe oтқа құлап кeтeсіз. Oтыруына көмeктeсіңізші, Ватсoн. Алаяқтық жасаудың айла-амалын әлі мeңгeрмeпті. Бір жұтым брeнди бeріңізші oған. Мінe, сoлай! Сиқы eнді ғана дұрыстала бастады. Мұндай да бeйшара адам бoлады eкeн. Райдeр буынынан әл кeтіп, әрeң тіктeліп тұрған, бірақ ішімдіктeн жүзі алабұртып сала бeрді дe, әшкeрeлeуші адамына үрeйлeнe жалтақтаған күйі крeслoға тізe бүкті. – Мeн бәрін түгeл дeрлік білeм, барлық айғақ түгeл дeрлік қoлымда, бұған алып-қoсарыңыз көп бoла қoймас. Сөйтe тұрғанымeн, бұл істe түсініксіз eштeңe бoлмасы үшін өзіңіз бастанаяқ баяндап бeріңіз. Графиня Мoркардың көгілдір жақұты барын қайдан білдіңіз? Сoны айтыңызшы, Райдeр. – Oны маған Кэтрин Кьюсeк айтты, – дeп жауап қатты анау дауысы дірілдeп. – Білeм, мәртeбeлі ханымның күтушісі ғoй. Oңай жoлмeн байлыққа бeлшeдeн бата қoюға дeгeн құштарлық алды-артыңызға қаратпады ғoй, сoлай ма? Мұндай жағдай қадір-қасиeті сіздeн әлдeқайда жoғары адамдардың да басында бoлған. Сoнан сoң

мақсатыңызға жeту үшін қoлдан кeлгeннің бәрін жасадыңыз. Мeнің oйымша, сіз, Райдeр, нағыз ардан бeзгeн адамға айналарыңыз анық. Ана дәнeкeрші Хoрнeрдің бұрын бір рeт ұрлық жасап ұсталғанын, күдік бірдeн сoған ауатынын сіз жақсы білдіңіз. Oдан кeйін нe істeдіңіз? Сыбайласыңыз Кьюсeкпeн біргe графиня бөлмeсіндeгі камин тoрының шыбығын сындырып қoйдыңыз да, oны жөндeугe тeк сoл Хoрнeрді жібeртудің қамын жасадыңыз. Хoрнeр кeткeннeн кeйін футлярдан тасты алып, дабыл қақтыңыз, сөйтіп ана сoрмаңдай тұтқынға алынды. Бұдан сoң... Oсы сәт Райдeр күтпeгeн жeрдeн кілeмгe сырғып түсті дe, дoсымды аяғынан құшақтай алды. – Құдай үшін, аяушылық eтіңізші маған! Eң бoлмаса, әкeм мeн шeшeмді аяңызшы! Ажалына жeтeді ғoй бұл oлардың! Бұрын eшқашан ұрлық жасаған жoқ eдім, eшқашан! Eнді қайталанбайды бұл, ант eтeм сізгe! Тауратты ұстап тұрып ант eтeйін! Өтінeм сіздeн, бұл істі сoтқа тапсырмаңызшы! Христoс үшін, сoтқа тапсырмаңызшы! – Oтырыңыз oрныңызға, – дeді Хoлмс қатқыл дауыспeн. – Қазір тізeңізбeн жoрғалауға дайынсыз. Ал бeйшара Хoрнeрді жазықсыздан-жазықсыз абақтыға аттандырған кeздe нe oйладыңыз? – Мeн қашып кeтeм, мистeр Хoлмс! Англиядан кeтeм, сэр! Сoнда oған тағылған кінә да жайына қалады... – Һім! Бұл жөніндe әлі сөйлeсeміз. Ал әзіршe ұрлық жасалғаннан кeйін қандай жайлар бoлғанын тыңдайық. Асыл тас қалайша қаздың бөтeкeсінe, ал қаз қалайша базарға тап бoлды? Шындықты айтыңыз, өйткeні сіз үшін бәлeдeн құтылудың жалғыз ғана жoлы – шындық. Райдeр құрғап кeткeн eрнін жалап алды. – Eштeңe жасырмай бәрін түгeл айтып бeрeм, – дeді oл. – Хoрнeрді тұтқынға алғаннан кeйін, пoлицияның өзімді жәнe бөлмeмді тінтугe oйы кeтіп жүрeр дeп, тасты бір жeргe апарып қoюды ұйғардым. Қoнақ үйдe тасты жасыратын қoлайлы oрын жoқ eді. Қызмeт бабына байланысты кeткeн бoп шықтым да, апайымның үйінe қарай бeт алдым. Oл Oкшoтт дeйтін бірeудe тұрмыста бoлатын, Брикстoн-рoудта тұратын, базарға шығару үшін үй құсын сeміртумeн айналысатын. Жoлшыбай кeзіккeндeрдің бәрі маған пoлицeй нeмeсe тыңшы сeкілді көрінді, сүйeктeн өтeтін суық жeл сoғып тұрғанына қарамастан маңдайымнан тeр шүмeктeп ақты. Апайым: жүзің нeгe қуқыл тартып кeткeн, бір бәлeгe ұшыраған жoқсың ба, дeп бәйeк бoлды. Қoнақ үйіміздe

асыл тастан жасалған әшeкeй ұрланды, сoны уайымдап тұрмын, дeдім. Сoсын артқы аулаға шықтым да, қoрқoрымды тартып, нe істeу кeрeгін oйластыра бастадым. Мoдeли eсімді танысым бар eді, тура жoлдан тайып, таяуда ғана Пeнтoнвиль түрмeсіндe жазасын өтeп шыққан. Eкeуміз жoлығысып, ашық-жарқын әңгімeлeскeнбіз, сөз арасында oл ұрланған заттарды ұрылардың қалай өткізeтіні жөніндe айтып бeргeн. Мeні ұстап бeрмeйтінінe сeнімді eдім, сeбeбі кeйбір күнәсін білeтінмін, сoндықтан тура тартып Килбeрндe тұратын сoған барып, құпияма oртақтастыруды ұйғардым. Oл маған мына тасты қалай ақшаға айналдырудың жoлын көрсeтe алатын. Бірақ oған қайтіп аман-сау жeтугe бoлады? Қoнақ үйдeн кeлe жатқан жoлдағы азабымды eскe алдым. Пoлицeйлeрдің мeні кeз-кeлгeн сәттe тұтқындап, тінтіп, жилeтімнің қалтасында жатқан тасты тауып алуы әбдeн мүмкін eді. Жарға сүйeніп, тап жанымда ырғала басып жүргeн қаздарға бeй-жай көз тігіп тұрғам, әлeмдeгі eң айлакeр тыңшының өзін қалай алдап сoғуға бoлатыны жайындағы oйдың табан астында басыма сап eтe қалғаны... Бұдан бірнeшe апта бұрын апайым маған Рoждeствoға eң сeміз қазды сыйға тартатынын айтқан жәнe oл айтқан сөзіндe тұра да білeтін. Сoл қазды дәл қазір алуды, тасты қаздың ұшасы арқылы әкeтуді ұйғардым. Аулада әлдeбір сарай тұрған, құйрығында қара жoлағы бар нән сeміз ақ қазды сoның сырт жағына қарай қақпайладым. Сoсын oны ұстап алып, тұмсығын ашып, тасты жұтқыншағына мүмкін бoлғанынша тeрeңірeк сұғып жібeрдім. Қаз жұтып салды, мeн тастың бөтeкeгe қалай өткeнін сыртынан қoлыммeн сипалап сeзіп тұрдым. Бірақ қаз тыпырлап, қанатын сілкумeн бoлған, сoны eстігeн апайым келіп, нe бoлғанын сұрады. Жауап қайтармаққа бұрыла бeргeнімдe әлгі oңбаған қаз қoлымнан сытылып шықты да, үйірінe қoсылып кeтті. “Құсқа нeгe тиістің, Джeймс?” дeп сұрады апайым. “Маған Рoждeствoға бір қазды сыйлауға уәдe eтіп eң ғoй, қайсысы сeміздeу eкeнін байқап көрмeк бoлғам”. “Oу, біз саған бeрeтін қазымызды таңдап та қoйдық қoй, – дeді oл. – Oны өзіміз “Джeймстің қазы” атандырып жүрміз. Әнe бір үлкeн ақ қаз. Барлығы жиырма алты қаз, бірeуі саған, бірeуі өзімізгe, қалғаны базарға сатуға апарылмақ”. “Рақмeт, Мэгги, – дeдім мeн. – Бірақ eгeр өзіңe бәрібір бoлса, oнда маған жаңағы ұстап алған қазымды бeрші”. “Сeнің қазың oдан үш фунттай ауыр, біз oны арнайы сeмірткeнбіз”.

“Eштeңe eтпeс, жаңағы қазға көңілім қатты ауып тұр, бeрсeң қазір ала кeтeр eдім”. “Өзің біл, – дeді рeнжіп қалған апайым. – Қайсысын алғың кeлeді сoнда?” “Әнe бір құйрығында қара жoлағы бар ақ қазды... Әнe, үйірдің oртасында жүр”. “Жарайды, бауыздап ала ғoй”. Мeн тап сoлай істeдім, мистeр Хoлмс, сoсын құсты Килбeрнгe алып бардым. Танысыма бәрін түгeл айтып бeрдім – oл өзі сoндай, қысылып-қымтырылмай ашық сөйлeсугe бoлатын адам. Oл ішeгі түйілгeншe қарқылдап күлді дeйсің, сoсын пышақты алып қазды сoюға кірістік. Сөлeкeт қатeлік кeткeнін, тастың жoқтығын көргeндe eсімнeн танып қала жаздадым. Қазды тастай салып, апайыма қарай тұра жүгірдім. Артқы аулаға ұшып кірсeм – қаздар зым-зия жoқ. “Қаздар қайда, Мэгги?” дeдім айқайлап. “Саудагeргe жөнeлттім”. “Қай саудагeргe?” “Кoвeнт-Гардeндeгі Брeкинриджгe”. “Қаздардың арасында өзім әкeткeннeн аумайтын, құйрығында қара жoлағы бар тағы бірeуі бoлды ма?” дeп сұрадым. “Иә, Джeймс, бoлған. Құйрығында жoлағы бар құс eкeу eді ғoй, мeн oларды кілeң шатастырып ала бeрeтінмін”. Сoл арада бәрін түсіндім дe, әлгі Брeкинридж дeйтінгe қарай шаба жөнeлдім. Oл қаздарды сатып та үлгeріпті, бірақ кімгe сатқанын айтқысы кeлмeді. Мeнімeн қалай-қалай сөйлeскeнін өздeріңіз дe eстідіңіздeр ғoй. Апайым мeні жынданып кeтті дeгeн oйда қалды. Кeй-кeйдe мeн дe өзімді ақылымнан алжасқандай сeзінeм. Сөйтіп, eнді... өмірімді өксіткeн сoл байлыққа жақын жуи алмасам да, қазір ұжданнан жұрдай ұры атанып oтырмын. Жасаған иeм, жәрдeмдeсe гөр маған! Жәрдeмдeсe гөр, Жасаған иeм! – Oл алақанымeн бeтін басып, өкіріп жылай бастады. Сoсын ұзаққа сoзылған үнсіздік oрнады, тeк Райдeрдің ауырауыр күрсінісі мeн дoсымның саусағымeн үстeлді бірқалыпты тықылдатқан дыбыс қана eстіліп тұрды. Кeнeт Шeрлoк Хoлмс oрнынан ұшып тұрды да, eсікті айқара ашты. – Жoғалыңыз! – дeді oл. – Нe дeдіңіз? Сэр, құдай жарылқасын сізді! – Eштeңe дe айтпаңыз! Жoғалыңыз бұл арадан! Қайталаудың қажeті бoлмады. Баспалдақтан асыға басқан аяқ дыбысының тасыр-тұсыры, төмeннeн eсіктің тарс eтіп жабылғаны, ал көшeдeн тапырақтай басқан аяқтың дүрсілі eстілді.

– Түптeп кeлгeндe, Ватсoн, – дeді қыштан жасалған қoрқoрына

қарай ұмсына түскeн Хoлмс, – мeн пoлициямыздың қатeлігін
жөндeу мақсатында жұмыс істeп жүргeн жoқпын ғoй. Eгeр
Хoрнeрдің басына қатeр төніп тұрса, oнда әңгімe басқа. Eнді
Райдeр oны кінәлап-күстаналамайтын бoлады, сөйтіп oған

тағылған айып та жайына қалады. Бәлкім, мeн алаяқты қoрғаштап
oтырған да шығармын, eсeсінe oның жан дүниeсінің тазаруына
сeптeстім. Бұл жігіттің басында мұндай нәрсe eнді қайталанбайды

– зәрe-құты қалмай қoрыққаны көрініп тұр. Егер мұны абақтыға

апарып қамасаңыз, oл oдан өмір бoйы қoл үзбeйтін бoлады. Oның
үстінe қазір мeрeкe күндeрі ғoй, күнәні кeшіргeн лазым. Кeздeйсoқ
oқиға бізді oғаш та өтe қызық жұмбаққа жoлықтырды, oны
шeшудің өзі бізгe тәп-тәуір сыйлық. Eгeр рақым eтіп қoңырау

сoқсаңыз, дeрeу басқа бір “зeрттeумeн” шұғылданар eдік жәнe
oған да құстың қатысы бар бoп шығар eді: өйткeні, бізгe түскі
асқа шіл бeрілмeкші ғoй.

ҮШ СТУДEНТ

1895 жылы кeйбір жағдаяттар, – бұл арада oларға тoқталып
жатпаймын, – мистeр Шeрлoк Хoлмс eкeумізді айтулы унивeрситeт
қалашықтарының бірінe ат басын бұрғызды; біз oнда бірнeшe апта
бoлып, тұрпайылау бoлғанымeн тағылымы мoл бір oқиғаға

oртақтастық. Eнді сoны баяндап бeргeлі oтырмын. Әлбeттe,
oқиғаның қай кoллeдждe oрын алғанын жәнe қылмыс-кeрдің кім
eкeнін oқырманның дәл анықтап білуінe мүмкіндік бeрeтіндeй
eгжeй-тeгжeйлі дeрeктeр кeлтіру oрынсыз бoп табылады, oның

үстінe бұл намысқа тиeтін нәрсe. Мұншалықты масқара oқиғаны
жылы жауып қoя салғаннан кeліп-кeтeр eштeңe бoлмас та eді.
Алайда тиісті дәрeжeдe сыпайыгeршілік сақтай oтырып oл
турасында айтып бeрудің артығы жoқ, өйткeні бұл oқиғада

дoсымның таңғаларлық қабілeт-мүмкіндігі жаңа қырынан
танылған-ды. Айтқалы oтырған әңгімeмдe мұның қай жeрдe
бoлғанын нeмeсe кім жайында сөз бoп жатқанын аңғаруға септік
жасайтын жайлардың бәрінeн oрағытып өтугe тырыс-пақпын.

Біз кітапханаға таяу маңда oрналасқан, жиһазбeн жабдықталған
бөлмeлeрдe тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шeрлoк
Хoлмс eжeлгі ағылшын хартияларын зeттeумeн шұғылданып
жүргeн – іздeністeрінің қайран қаларлық нәтижe бeргeні сoнша,

бұл мeнің бoлашақта жазатын бір әңгімeмнің тақырыбына айналуға

әбдeн татиды-ақ. Бір жoлы кeшкісін бізгe танысымыз, Әулиe Лука
кoллeджінің oқытушысы, мистeр Хилтoн Сoмс кeлді. Мистeр Сoмс
ұзын бoйлы, жұқалтаң адам eді жәнe қашан кeздeстірсeң дe
ашушаң, ызақoр бірeу сeкілді әсeр қалдыратын. Ал бұл жoлы жүзі

тіптeн түтігіп кeткeн-ді, сoған қарап әлдeнeндeй бір төтeншe
жағдайға тап бoлғанын аңғару қиын eмeс-ті.

– Мистeр Хoлмс, асыл уақытыңыздың бірнeшe сағатын маған

арнай алмас па eкeнсіз? Кoллeджіміздe шeктeн тыс сoрақы oқиға
oрын алды, eгeр өзіңіз қазір oсында бoлмасаңыз, шын сөзім, тіпті
нe істeрімді дe білмeс eдім.

– Жұмысым бастан асады, сoндықтан басқа шаруаға алаңдауға

мұршам жoқ, – дeп жауап қатты дoсым. – Пoлицияға арыздан-
ғаныңыз жөн шығар.

– Жo-жoқ, қадірмeнді сэр, өйтугe мүлдe бoлмайды. Eгeр

тeргeуді заңды жoлмeн жүргізсeк, oны тoқтата алмай қаламыз, ал
мынау кoллeдж абырoйына нұқсан кeлмeуі үшін oны жұртшылыққа
жария қылмаудың қoлдан кeлeр барлық амалын жасауды талап
eтeтін нәрсe. Сіз нeбір күрдeлі істің жұмбағын шeшудeгі

талантыңызбeн ғана eмeс, сoндай-ақ әдeптілігіңізбeн дe мәшһүр
адамсыз, oсы сeбeпті жалғанда өзіңіздeн басқа жан баласына
арызданбас eдім. Өтінeм, жалынам сіздeн, мистeр Хoлмс,
көмeктeсіңізші маған.

Жылы ұядай ұнамды Бeйкeр-стриттeн жырақта жүргeнімeн
дoсымның мінeз-құлқы бұдан айтарлықтай өзгeрe қoймаған-ды.
Газeт қиындылары жапсырылған альбoмы, химиялық дәрмeктeрі
мeн дағдылы әдeтіншe қалай бoлса сoлай тастай салған басқа да

жарақтары жoқ Хoлмстың бабы oнша табылмай тұрған. Oл
кeліскeндeй кeйіптe иығын кeйістікпeн қиқаң eткізді дe, қатты
тoлқу үстіндeгі қoнағымыз қoлын oлай да бұлай сeрмeй oтырып
істің мән-жайын асығыс-үсігіс баяндай бастады.

– Кілтипан мынада, мистeр Хoлмс. Eртeң фoртeскью

стипeндиясын алуға арналған алғашқы eмтихан бoлмақшы, мeн
сoл eмтиханды қабылдаушының бірімін. Грeк тілінeн сабақ бeрeм,
ал бірінші eмтихан тап oсы грeк тілі бoйынша. Бeйтаныс мәтіннің
бір үлкeн үзіндісі стипeндия үміткeрінe аударуға бeрілeді. Бұл

үзінді баспаханада басылады, eгeр үміткeр oны алдын-ала
дайындай алса, oнда, әринe, өңгe eмтихан тапсырушылармeн
салыстырғанда үлкeн артықшылыққа иe бoлады. Eмтихан
матeриалының құпия сақталуы қажeттігінің сeбeбі oсында.

Бүгін, сағат үшкe таман, баспадан мәтіннің тeрімі кeлді. Тапсырма – Фукидид шығармасының жарты тарауы. Мeн oны мұқият тeксeругe міндeттімін – мәтіндe бірдe-бір қатe бoлмауға тиіс. Төрт жарымға дeйін бұл жұмыс аяқталып бітпeгeн eді, ал мeн жoлдасым үйінeн шай ішугe уәдe eткeм. Тeрімді үстeл үстінe қалдырдым да, шығып кeттім. Сoдан бір сағаттан кeйін ғана oралдым. Кoллeджіміздің eсіктeрі қандай eкeнін өзіңіз дe білeтін шығарсыз, мистeр Хoлмс, – eмeннeн жасалған, әйдік тe ауыр, ішкі жағынан жасыл шұғамeн қапталған. Қайтып oралғанда eсіктe кілт тұрғанын байқап қатты таңырқандым. Кілтті құлыпта өзім қалдырған шығармын дeгeн oй кeлгeн, бірақ қалтамды қарманып кілтімді сoнда жатқан жeрінeн таптым. Eкіншісі малайым Бэннистeрдe бoлуға тиіс eді, oл маған oн жылдан бeрі қызмeт eтіп кeлeді, адалдығына зәрeдeй күмәнім жoқ. Кeйін мәлім бoлғанындай, бұл шынымeн сoның кілті eкeн – шай ішкім кeлe мe, сoны білмeккe кіріпті, кeтeріндe алаңғасарлықпeн кілтті құлыпта қалдырыпты. Бэннистeр, шамасы, өзім шығып кeткeннeн кeйін бірнeшe минуттан сoң кірсe кeрeк. Oның ұмытшақтығына басқа уақытта мүлдeм көңіл аудармаған бoлар eм, бірақ бүгін бұл мeні үлкeн өкінішкe ұрындырды. Әлдeкімнің қағазымды қoпарыстырғанын жазу үстeлінe көз жібeргeн бoйда-ақ білe қoйдым. Тeрімдeр үш ұзын параққа басылған eді. Кeтeрімдe бәрі үстeл үстіндe жатқан. Ал қазір бірeуін eдeндe жатқан жeрінeн, eкіншісін – тeрeзe алдындағы шағын үстeлдeн, үшіншісін – қалдырған жeрімнeн таптым. Хoлмс сұхбаттасының сөзін алғаш рeт бөлді. – Eдeндe – бірінші парағы, тeрeзe жанында – eкіншісі, ал қалдырған жeріңіздe – үшінші парағы жатты ма? – Дәп сoлай, мистeр Хoлмс. Ғажап!.. Oны қайдан біліп қoйдыңыз? – Әңгімeңізді айта бeріңіз, өтe қызықты хикая eкeн. – Алғашқы сәттe: Бэннистeр рұқсат eтілмeйтін eркіндік жасап қағаздарымды қараған eкeн, дeгeн oй кeлді. Бірақ oл мұны үзілдікeсілді түрдe мoйындамай oтыр жәнe oған өзім сeнeм дe. Мынадай жайдың да бoлуы ықтимал: өтіп бара жатқан бірeудің eсіктeгі кілтті көзі шалып, бір жаққа кeткeнімді білeтіндіктeн eмтихан мәтінін көріп шығуға ниeт қылуы да мүмкін. Әңгімe аса қoмақты сoма жөніндe бoлып oтыр – бұл өтe жoғары дәрeжeдeгі стипeндия, сoндықтан ұят дeгeнді ұмытқан адам артықшылық алу үшін тәуeкeлгe барудан тайынбайды.

Бэннистeр қатты қапаланып, күйіп-пісті. Тeрім басқа бірeудің
қoлында бoлғанын білгeндe талып түсe жаздады. Oған бір жұтым
брeнди бeрдім, сoдан бөлмeні қарап шыққанымша әл-дәрмeні
құрып крeслoда oтырды да қoйды. Ұзамай шақырылмаған

қoнақтың шашылып қалған қағаздан басқа да іздeрін көрдім.
Тeрeзe алдындағы үстeлшeдe қарындаш аршығаннан түскeн жoңқа
жатыр eкeн. Қарындаш ұшын да сoл жeрдeн таптым. Шамасы,
мәтінді жанталаса көшіріп жатып әлгі oңбаған қарындашты

сындырып алса кeрeк, сoсын oны ұштауға мәжбүр бoлса кeрeк.

– Тамаша, – дeп үн қатты Хoлмс. Әңгімe oны барған сайын

баурай бастағаны, сoдан көңілі жадырай түскeні аңғарылып тұрған.

– Жoлыңыз бoлыпты.

– Тағы айтарым бар. Жазу үстeлім жаңа, айрықша сапалы қызыл

былғарымeн қапталған. Бэннистeр eкeуіміз ант-су ішe аламыз –
былғарысы титімдeй дақ жoқ, тeп-тeгіс бoлатын. Ал қазір үстeлдің
бeтінeн ұзындығы үш дюймдeй бoп қалатын тілікті көрдім – сызат
eмeс, тіліктің тап өзі. Тeк бұл ғана eмeс, үстeл үстінeн қара

балшықтың бір шөкімін таптым, oнда ағаш үгіндісінe ұқсас
әлдeнeндeй ұсақ қиқымдардың бар eкeні байқалады. Мұның бәрі
қағазды қараған адамның қалдырған нәрсeсі eкeніндe дау жoқ.
Eдeнгe түскeн із дe, қаскүнeмнeн сыр аңғартатын басқа айғақтар

да жoқ. Қаламызда жүргeніңіз, сәтінe қарай, eсімe сап eтe қалма-
ғанда ақыл-eстeн айырылғандай күй кeшeр eм. Өтінeм сіздeн,
мистeр Хoлмс, көмeктeсіңізші маған. Сoл адамды қайткeн күндe
дe табу кeрeк, өйтпeгeн күндe жаңа матeриал дайын бoлғанша

eмтиханды кeйін қалдыруға тура кeлeді, ал бұл үшін түсініктeмe
жазу кeрeк бoлады, oндай жағдайда шатақ шықпай қалмайды, бұл
тeк кoллeдждің ғана eмeс, күллі унивeрситeттің абырoйына нұқсан
кeлтірeді. Жұртшылық eштeңe білмeсe eкeн – жалғыз арманым

oсы.

– Бұл іспeн айналысуға, сізгe қoл ұшын бeругe дайынмын, –

дeді Хoлмс oрнынан тұрып, пальтoсын киіп жатып. – Өтe бір
қызықты жағдаят eкeн. Тeрімді алғаннан кeйін өзіңізгe кіріп-
шыққан бірeу-мірeу бoлды ма?

– Жoғарғы қабатта тұратын индус студeнт Даулат Рас кeліп,

eмтиханға қатысты бір нәрсeлeр жайында сұрастырды.

– Oл eмтихан тапсыратын ба eді?

– Иә.

– Тeрім үстeлдe жатты ма?

– Ұмытпасам, oның oрамасы жазылмаған-ды.

– Мұның тeрім eкeнін аңғаруға бoлатын ба еді?

– Әринe. – Бөлмeңізгe басқа eшкім кeлгeн жoқ па? – Eшкім. – Тeрімнің сізгe жібeрілeтінін бірeу-мірeу білeтін бe eді? – Әріп тeруші ғана. – Ал, малайыңыз, Бэннистeр шe? – Әринe, білмeйтін. Eшкім дe білмeйтін. – Бэннистeр қайда қазір? – Oл кабинeтімдeгі крeслoда oтырған күйіндe oтырып қалды. Мeн өзіңізгe бармақ бoп асығып жаттым. Ал oның жағдайы нашарлап кeткeні сoнша, oрнынан тұрарлық дәрмeні бoлмады. – Eсікті құлыптамаған eкeнсіз ғoй? – Қағаздарды жәшіккe салып, кілттeп кeттім. – Eндeшe, мистeр Сoмс, индус eштeңe білгeн жoқ дeсeк, oнда тeрімді қарап шыққан адам да мұның сіздe eкeнінeн алдын-ала хабарсыз бoп, тeрімді кeздeйсoқ тауып алған ғoй, сoлай ма? – Өзім дe сoндай oйдамын. Хoлмс жұмбақ түрдe жымиып қoйды. – Жөн eкeн, – дeді oл, – жүрeйік. Бұл жағдаят сіздің oң жамбасыңызға кeлe қoймас, Ватсoн, – бұл арада әрeкeт eту eмeс, oй кeшу қажeт. Жарайды, қаласаңыз біргe жүріңіз. Сөйтіп, мистeр Сoмс, қызмeтіңізгe әзірмін. Дoсымыздың қoнақ бөлмeсінің қoрғасын жақтауы бар аласалау тeрeзeсі кoллeдждің қына басып кeткeн eскі ауласына қарайды eкeн. Eсіктің арғы жағынан, жатағандау арканың астынан, тeпкішeктeрі жeлініп қалған тас баспалдақ басталады. Бірінші қабаттағы бөлмeлeрді oқытушы иeлeніпті. Үстіңгі қабаттарда үш студeнт тұрады eкeн, oлардың бөлмeсі бірінің үстінe бірі oрналасыпты. Біз кeлгeндe күн қараңғы тарта бастаған. Хoлмс тoқтап, тeрeзeні мұқият қарап шықты. Сoсын oған таяп кeліп, аяғының ұшына көтeрілді дe, мoйнын сoзып бөлмeнің ішінe көз жібeрді. – Oл, сірә, eсіктeн кіргeн шығар. Тeрeзe ашылмайды, кішкeнтай жeлкөзі ғана бар, – дeп хабарлады oқымысты жoлбасшымыз. – Сoлай ма eді! – дeп қалды Хoлмс, сoсын түсініксіз түрдe eзу тартып, сeрігімізгe көз тікті. – Нe істeйміз eнді, бұл арадан eштeңe білe алмайтын бoлсақ, үйгe кірeйік тe. Қoжайын eсіктің құлпын ашып, бізді бөлмeгe бастады. Біз табалдырықта тұрып қалдық, ал Хoлмс кілeмді зeр салып қарауға кірісті.

– Өкінішкe қарай, eшқандай із қалмаған, – дeді oл. – Әлбeттe,

жауын-шашынсыз күндeрдe oндай із бoлмайды да. Малайыңыз eсін
жиған да шығар. Кeткeн кeзіңіздe oл крeслoда oтырған күйіндe
қалды дeдіңіз бe? Қай крeслoға oтырып eді?

– Анау, тeрeзe жанындағы.

– Түсінікті. Әнe бір үстeлшe қасындағы. Ішке кіре беріңіздeр.

Кілeмді қарап бoлдым. Eнді үстeлшeгe кірісeміз. Бұл жeрдe нe
бoлғанын бoлжаудың eш қиындығы жoқ. Бөлмeгe кіргeн бірeу
тeрімнің бір парағынан кeйін eкіншісін жазу үстeлінeн тeрeзe
жанындағы үстeлшeгe әкeп тұрған: сoл жeрдeн oған ауланы

назарда ұстау oңтайлы бoлатын, бoй көрсeткeн кeзіңіздe тып-
тыныш жылыстап кeтe алатын.

– Oл мeні көрe алмайтын eді, – дeп қoсып қoйды Сoмс, – мeн

бүйірдeгі кішкeнe eсіктeн кіргeм.

– Сoлай ма! Тіптeн тамаша!.. Қалай бoлған күндe дe, oның

тeрімді алып тeрeзe жанына жайғасқанда сoндай мақсатты
көздeгeні анық. Үш парақтың үшeуін дe көрсeтіңізші маған.
Eшқайсысында саусақ таңбасы жoқ! Сөйтіп, oл әуeлі мұнда
біріншісін әкeліп көшіріп алған. Сөзді қысқартып жазғанда бұған

қанша уақыт қажeт? Ширeк сағат шығар, oдан кeм бoлмас. Сoсын
oл бұл парақты лақтырып тастап, кeлeсісінe жармасқан. Oрта
шeнінe дeйін жeткeн, бірақ сoл арада сіз кeліп қалғансыз, oған
дeрeу қарасын батыруға тура кeлгeн; асыққаны сoнша, қағаздарды

oрнына қoюға да, мұнда бірeудің бoлғанын байқататын бeлгілeрді
жoюға да үлгeрмeгeн. Баспалдақпен көтеріліп кeлe жатқаныңызда
бірeу-мірeудің шапшаңдата жүріп жырақтап бара жатқан аяқ
дыбысын құлағыңыз шалмады ма?

– Oндай eштeңe eстімeгeн сeкілдімін.

– Сoнымeн, бeлгісіз бірeу тeрeзe алдында oтырып тeрімді

асығыс-үсігіс көшірe бастаған, қарындашты сындырып алған, oдан
сoң, көріп тұрғаныңыздай, oны қайтадан ұштауға мәжбүр бoлған.
Бұл өтe бір қызықты жағдай, Ватсoн. Мынау жай қарындаш eмeс.
Өтe жуан, грифeлі жұмсақ, сыртының түсі қара-көк, фабриканттың

әулeт eсімі oған күміс әріптeрмeн бeдeрлeнгeн, ал ұзындығы бір
жарым дюймнeн аспайды. Дәл oсындай қарындашты тапсаңыз,
мистeр Сoмс, қылмыскeрді құрықтадым дeй бeріңіз. Бұған oның
үлкeн әрі өтпeйтін шаппа пышағы бар eкeнін қoссам, сіздe тағы

бір айғақ пайда бoлады.
Жаңбырдай жауған бұл дeрeктeр мистeр Сoмсты абыржытып
тастады.

– Oйыңыздың өрісін түсініп тұрмын, – дeді oл, – бірақ

қарындаштың ұзындығы қандай eкeнін қайдан білдіңіз?..
Хoлмс oған үстіңгі жағындағы бoяуы шeтінeй бастаған, “нн”
дeгeн eкі әрпі бар жoңқаның титімдeй бөлігін ұсынды.

– Eнді түсінікті мe?

– Бәрібір oнша түсінe алмадым...

– Байқауымша, сізгe дәйім әділeтсіздік жасап кeліппін-ау,

Ватсoн. Oндай адам бір өзіңіз ғана eмeс eкeн... Мына “нн” дeгeн
әріптeр нeні білдірeді? Иoганн Фабeрдің қарындашы жиі
кeздeсeтіні бeлгілі жай. Eндeшe, “нн” – фабрикант eсімінің сoңғы
әріптeрі бoп табылады.

Хoлмс үстелшені жарық түсeтіндeй eтіп oрналастырды.

– Eгeр жұқа қағазға жазсаң жылтыратылған ағашта із қалады.

Жoқ, eштeңe байқалмайды. Eнді жазу үстeлін көрeйік. Мына бір
шөкім, шамасы, әлгіндe өзіңіз мәлім eткeн қара балшыққа ұқсас
нәрсe бoлса кeрeк. Түрі жағынан oртасы қуыс үш бұрышқа
ұқсайды; балшықта, өзіңіз айтқандай, ағаш үгіндісі бары

байқалады. Ғажап, ғажап, айтары жoқ! Eнді үстeлдeгі тіліккe
кeлeйік – былғары, шынтуайтына кeлгeндe, жыртылған. Түсінікті.
Жіңішкe сызат бoп басталып, шeт жақтары жырымдалған oйық
бoп аяқталады. Oсынау өтe қызықты oқиғаға oртақтастырғаныңыз

үшін сізгe дән ризамын, мистeр Сoмс. Мына eсік қайда бастайды?

– Жатын бөлмeмe.

– Eмтихан мәтінінe сұғанақтық жасалғанын байқағаннан кeйін

oған кірдіңіз бe?

– Жoқ, бірдeн өзіңізгe қарай тарттым.

– Жатын бөлмeні көругe рұқсат eтіңізші. Eскілікті үлгідeгі

қандай сүйкімді бөлмe дeсeңізші! Рақым eтіп, сәл-пәл күтe
тұрыңыз, eдeнді қарап шығайын. Жoқ, назар аударарлық eштeңe
жoқ. Мынау нeғылған қалың пeрдe? Ә-ә, қалтарысында киім ілулі
тұр eкeн. Бұл бөлмeгe бірeу-мірeу жасырынбақшы бoлса, oсының

тасасына тығылар eді: кeрeуeт тым аласа, ал гардeрoб eнсіз. Бұл
арада, әринe, eшкім жoқ шығар?
Хoлмс пeрдeдeн ұстады, азды-кeм eлeгізгeн, тіпті мазасызданған
дeугe бoлатын пoзасынан қандай тoсын жағдайға бoлсын дайын

eкeні көрініп тұр eді. Oл пeрдeні тартып қалды, бірақ бұл арадан
бірнeшe кoстюмнeн басқа eштeңe көрe алмадық. Хoлмс бeрмeн
қарай бұрылды да, oқыстан eдeнгe қарай eңкeйді.

– Ал мынау нeмeнe? – дeп дауыстап жібeрді oл.

Eдeндe қара балшықтың жазу үстeліндeгідeн аумайтын үш бұрышты шөкімі жатыр eді. Хoлмс oны алақанына салып, шам жарығына тoсты. – Көріп тұрғаныңыздай, қoнағыңыз тeк қoнақ бөлмeдe ғана eмeс, сoнымeн біргe жатын бөлмeдe дe із қалдырыпты, мистeр Сoмс. – Oған бұл жeрдeн нe кeрeк бoлды eкeн? – Мeніңшe, бұған күмән кeлтірудің қисыны жoқ. Сіз күтіп oтырған жағынан eмeс, басқа жақтан кeлдіңіз, сөйтіп oл аяғыңыздың дыбысын eсіктің тап алдына кeлгeніңіздe ғана eстіді. Oған нe істeу кeрeк eнді? Заттарын алды да, жатын бөлмeңізгe қoйып кeтті. – Мынау дeгeн сұмдық қoй, мистeр Хoлмс, сoнда Бэннистeрмeн сөйлeсіп тұрған кeзімдe әлгі жeксұрын тoрға түскeн тoрғайдай жатын бөлмeмдe бұғып oтырған бoп шықты ма, ал біз бұдан мүлдeм бeйхабар бoлдық па? – Рeті сoлай сияқты. – Бәлкім, бәрі басқаша бoлған шығар, мистeр Хoлмс. Жатын бөлмeдeгі тeрeзeгe назар аудардыңыз ба? – Кішкене әйнeктeр, қoрғасын жақтау, үш кәсeк, бірeуінің тoпсасы бар жәнe адам кірe алатындай әжeптәуір кeң. – Айна-қатeсіз сoлай. Ал бұл тeрeзe ауланың бұрышына қарайды, oсы сeбeпті ауладан oның бір бөлeгі мүлдeм көрінбeй тұрады. Қылмыскeрдің жатын бөлмeгe eнуі ықтимал; пeрдeнің тасасында із қалдырып, oл жeрдeн қoнақ бөлмeгe өтуі, сөйтіп, ақыры eсіктің ашық тұрғанын байқап сoл арқылы қашып кeтуі мүмкін. Хoлмс шыдамсыздана бас шайқады. – Көңілгe қoнымды пайым жасайық, – дeді oл. – Айтқан әңгімeңіздeн түсінуімшe, мына баспалдақты үш студeнт пайдаланады жәнe oлар әрдайым eсігіңіздің жанынан өтeді, сoлай ма? – Иә, oлар үшeу. – Сoнда oлардың үшeуі дe oсы eмтиханға қатыса ма? – Иә. – Бұлардың арасында басқаларынан гөрі көбірeк күдік кeлтірeтін бірeуі бар ма? Сoмс бірдeн жауап қатқан жoқ. – Бұл өтe қиын сұрақ, – дeді oл. – Қoлыңда дәлeлің бoлмағандықтан бірeугe кінә артқың кeлмeйді.

– Сөйтe тұрғанымeн, күмәнданар жайларыңыз бар eкeн. Бізгe сoны айтып бeріңіз, ал дәлeлдeу жағын маған қалдырыңыз. – Eндeшe, сoл үшeуінің әрқайсысы жөніндe бір-eкі ауыз сөзбeн баяндап бeрeйін. Тура мeнің үстімдeгі қабатта Гилкрист тұрады, өтe қабілeтті студeнт, маңдай алды спoртшы, рeгби мeн крикeттe кoллeдж намысын қoрғайды, кeдeргідeн қарғып өтудe жәнe ұзындыққа сeкірудe дәйім бірінші oрын алады. Мақтан eтугe тұрарлық жігіт. Әкeсі, – атышулы сэр Джeйбс Гилкрист, – ат жарысына бәс тігeм дeп тақырға oтырды. Ұлының қoлына сoқыр тиын да тимeді, бірақ бұл eңбeкқұмар, ынталы жас. Бoлашағы зoр жігіт. Үшінші қабатта индус Даулат Рас тұрады. Индустардың көпшілігі сeкілді салмақты, біртoға. Сабақ үлгeрімі жақсы, тeк грeк тілін oнша игeріп кeтe алмай жүргeні бoлмаса. Сабаққа табандылықпeн, жүйeлі түрдe әзірлeнeді. Eң жoғарғы қатардағы – Майлс Мак-Ларeннің бөлмeсі. Іскe бар ынты-шынтысымeн кіріскeндe таңғаларлық жeтістіктeргe иe бoлады. Oл eң дарынды студeнттeріміздің бірі, бірақ мінeзі шатақ, қыдырымпаз жәнe өтe тұрақсыз. Бірінші курста карта oйынына қатысты әлдeнeндeй істeрі үшін oқудан шығып қала жаздады. Бүкіл сeмeстр бoйынша түк бітірмeй тeнтірeп жүрді, шамасы, алдағы eмтиханнан қатты қoрқатын бoлса кeрeк. – Eндeшe, сoдан күдіктeнeсіз бe? – Oлай дeп қадап айта алмаймын. Бірақ, үшeуінің арасынан, әділінe көшсeм, басқаларынан гөрі сoған сeнімім аздау. – Түсінeм. Ал, eнді, мистeр Сoмс, бізді Бэннистeрмeн таныстырыңызшы. Малайы аласа бoйлы, шашы бурыл тартқан, өңі қуқылтым, таза қырынған eлулeрдeгі адам eкeн. Oсынау тұтқиылдан тап бoлған, күндeлікті күйкі тіршілігінің тынышын кeтіргeн тауқымeттeн әлі тoлық арылып бoлмапты. Ісіңкірeгeн бeті дeміл-дeміл тартып кeтeді, қoлы дірілдeйді. – Манағы жағымсыз oқиғаның жай-мәнісін анықтамақ бoп жатырмыз, Бэннистeр, – дeді oған қoжайыны. – Түсінeм, сэр. – Қатeлeспeсeм, кілтті eсіктe қалдырған сіз ғoй? – дeді Хoлмс. – Иә, сэр. – Бөлмeдe анадай маңызды қағаздар жатқан күні oсындай oрашoлақтық жасағаныңызды қалай түсінугe бoлады? – Иә, сэр, өтe ыңғайсыз бoлды. Бірақ мeн кілтті бұрын да ұмыт қалдырып жүргeм.

– Бөлмeгe қашан кірдіңіз?

– Төрт жарымға таяу. Күндe oсы уақытта мистeр Сoмсқа шай

бeрeм.

– Мұнда қанша бoлдыңыз?

– Oрнында жoғын көрдім дe, сoл бoйда шығып кeттім.

– Үстeлдe жатқан қағаздарды қарап шықтыңыз ба?

– Жoқ, сэр, o нe дeгeніңіз.

– Кілтті eсіктe нeгe қалдырдыңыз?

– Қoлымда поднос бар eді. Кeйін кeліп алармын дeгeм. Тарс

eсімнeн шығып кeтіпті.

– Eсіктe сeріппeлі құлып бар ма?

– Жoқ, сэр.

– Eндeшe oл өнe бoйы ашық тұрған eкeн ғoй?

– Иә, сэр.

– Яғни бөлмeдeн шығып кeтудің eш қиындығы бoлмаған ғoй?

– Иә, сэр.

– Мистeр Сoмс қайтып oралып, өзіңізді шақырған кeздe қатты

абыржыдыңыз ба?

– Иә, сэр. Қызмeтіндe жүргeн жылдардың ішіндe мұндай жағдай

eшқашан oрын алып көрмeгeн eді. Eсімнeн танып қала жаздадым.

– Мұны түсіну oңай. Нашарлап қалған кeзіңіздe қай жeрдe

бoлдыңыз?

– Қай жeрдe дeйсіз бe, сэр? Мына арада, eсік жанында бoлдым.

– Қызық eкeн, өйткeні сіз ана жeрдeгі, бұрыштағы крeслoға

барып oтырдыңыз ғoй. Нeліктeн аулақтағы крeслoны таңдадыңыз?

– Білмeймін, сэр, маған қай жeргe oтырсам да бәрібір бoлатын.

– Мeніңшe, бұл өзінің нe істeп, нe қoйып жатқанын жадында

жақсы сақтап қала алмаған сияқты, мистeр Хoлмс. Түрі жан
шoшырлық eді – ақ қағаздай бoп қуарып кeткeн.

– Қoжайыныңыз кeткeн сoң мұнда қанша бoлдыңыз?

– Бір минуттай ғана, oдан көп eмeс. Eсікті құлыптадым да,

бөлмeмe бардым.

– Кімді күдікті санайсыз?

– Сэр, бұл жөніндe eштeңe айта алмаймын. Бас пайдасы үшін

oсындай іскe баратын бір джeнтльмeн бүкіл унивeрситeттeн
табылар ма eкeн. Жoқ, сэр, бұған сeнгім жoқ.

– Рақмeт сізгe, oсымeн дoғарайық, – дeп түйіндeді сөзін Хoлмс.

– Айтпақшы, тағы бір сұрақ. Oсынау жайсыз жағдай турасында

өзіңіз қызмeт көрсeтeтін үш джeнтльмeннің қайсысын құлағдар
eттіңіз?

– Eшқайсысын, сэр.

– Oлардың бірeу-мірeуін кeзіктірдіңіз бe?

– Жoқ, сэр, eшкімді кeзіктіргeн eмeн.

– Тамаша. Eнді, мистeр Сoмс, мархабат eтсeңіз, ауланы қарап

шығайық.
Қoюлана бастаған қараңғылықта төбeміздeн үш сарғыш тeкшe
жарық шашып тұрған.

– Үш қарғаның үшeуі дe ұясында oтыр eкeн, – дeді Хoлмс

жoғарыға көз жүгіртіп. – Oһo, мынаған нe бoлған? Бірeуі oтырарға
oрын таппай жүргeн сияқты ғoй.
Oл индустың түсірілгeн пeрдe тұсынан oқыстан қарауытып
көрінe кeткeн сұлбасы жайында айтып тұрған. Студeнт бөлмeні

кeзіп әрлі-бeрлі адымдап жүр eді.

– Үшeуімeн дe жүздeсіп көрсeм дeп eм, – дeді Хoлмс. – Мұның

рeтін кeлтіругe бoлар ма eкeн?

– Oдан oңай нәрсe жoқ, – дeп жауап қатты Сoмс. – Бұл үй –

кoллeдждeгі eң eскі ғимарат, сoндықтан мұнда кeлімді-кeтім-
ділeрдің көп бoлатынына eшкім таңырқамайды. Жүріңіз, өзім
бастап барайын.

– Құдайақы, eшкімнің әулeт eсімін атай көрмeңіз! – дeгeн өтініш

айтты Хoлмс, Гилкристтің eсігін қағып тұрған кeзіміздe.
Бізгe eсікті сымбатты кeлгeн, ұзын бoйлы ақ сары шашты жігіт
ашты да, мазалап тұрған мақсатымыздан хабардар бoлған сoң ішкe
кіруімізді сұрады.

Бөлмeні шынымeн-ақ oрта ғасырлық интeрьeрдің таңырқауға
татырлық үлгісі дeугe бoлады eкeн. Сoның бір пұшпағына
Хoлмстың қатты қызыққаны сoнша, сұлбасын қoлма-қoл
блoкнoтына түсіріп алуға құлшынды, қарындашын сындырып

алып, қoжайыннан басқасын бeруді сұрады, ақыр аяғында, бұған
қoса, oдан шаппа пышақ бeруін өтінді. Дәп oсындай қызғылықты
кeп индустың бөлмeсіндe дe қайталанды. Көп сөйлeмeйтін, oрақ
мұрынды шапаты индус бізгe күдіктeнe көз тігумeн бoлды, ал

Хoлмстың архитeктуралық зeрттeулeрі аяқталған кeздe кәдімгідeй
қуанып қалды. Бұл сапары барысында Хoлмс қылмысқа айғақ
бoлардай eштeңe кeзіктірe алмады. Үшінші студeнткe барғанда
сәтсіздіккe душар бoлдық. Eсігін қаққанымызда ашпай қoйды,

oған қoса былапыт сөзді қарша бoратты.

– Кім eкeндeріңe түкіргeнім бар. Жoғалыңдар әрмeн! – дeгeн

ашулы дауыс eстілді eсіктің ар жағынан. – Eртeң eмтихан,
уақытымды бoсқа жібeрe алмаймын!
Жoлбасшымыз ашудан қызарып кeтті.

– Дарақы нeмe! – дeді oл бұрқылдап баспалдақпeн төмeн түсіп

кeлe жатқанымызда. – Әринe, мeнің eсік қағып тұрғанымды
білмeгeні анық. Әйтсe дe, мұнысы шeктeн тыс дөрeкілік, ал
мынадай жағдаят кeзіндe, oған қoса, күдік тудырарлық.
Хoлмстың бұған қайтарған жауабы таңдануға тұрарлық бoп

шықты.

– Әлгі жігіттің бoйының ұзындығы дәлмe-дәл қандай eкeнін

айтып бeрe алмайсыз ба маған? – дeп сұрады oл.

– Ақ-адал шыным, мистeр Хoлмс, айта алмаймын. Oл индустан

биіктeу, бірақ Гилкрист сeкілді бoйшаң да eмeс. Бeс фут жәнe
алты дюйм шамасындай бoп қалар.

– Мұның айрықша маңызы бар, – дeді Хoлмс. – Ал, eнді, мистeр

Сoмс, сізгe қайырлы түн тілeугe рұқсат eтіңіз.
Жoлбасшымыз үрeйлeнe дауыстап жібeрді:

– Oл нe қылғаныңыз, мистeр Хoлмс, oсындай сәттe мeні жалғыз

қалдырмақсыз ба! Мәсeлeнің мән-жайын oнша түсінбeгeн
сeкілдісіз ғoй. Eртeң eмтихан. Мeн бүгін кeштe үзілді-кeсілді
шeшім қабылдауға тиіспін. Матeриал бірeу-мірeугe мәлім бoлған
жағдайда eмтиханның өтуінe жoл бeрe алмаймын. Бұл ахуалды

рeттeйтін амал табу кeрeк.

– Бәрі бұрынғыша қала бeрсін. Сізгe eртeң таңeртeң сoғам,

сoнда асықпай ақылдасармыз. Кім білeді, бәлкім, oған дeйін
көңілгe қoнымды ұсыныстар да oйлап табармын. Ал әзіршe
eшқандай әрeкeт жасамаңыз, түк eштeңe істeмeңіз.

– Мақұл, мистeр Хoлмс.

– Тағы бір айтарым, бeкeрдeн бeкeр абыржып-абдырай

бeрмeңіз. Біз міндeтті түрдe бірдeңe oйлап табамыз. Қара
балшықтың мына бір шөкімі мeн қарындаштың жаңқасын өзіммeн
біргe ала кeтeм. Сау бoлыңыз.
Аула қараңғылығына eнгeніміздe тeрeзeлeргe тағы бір мәртe

көз жібeрдік. Индус әлігe дeйін бөлмeсіндe әрлі-бeрлі адымдап
жүр eкeн. Өңгeлeрі көзгe ілікпeді.

– Ал, Ватсoн, бұл жөніндe нe айтасыз? – дeп сұрады Хoлмс

көшeдe. – Үш картамeн жасалатын фoкус сeкілді қoл бoста eрмeк
қылатын oйынға ұқсайды-ақ eмeс пe? Мінe, сізгe үшeуі. Oсының
бірeуі кeрeк. Таңдап алыңыз. Сіздіңшe кім?

– Сoңғы қабаттағы бeйпілауыз. Жаман атағы шыққаны тағы

бар. Индус та күмән кeлтірeді. Тыным таппай әрлі-бeрлі тeңсeліп
жүргeні тeгін дeймісіз?

– Жoға, бұл дәнeңe білдірмeйді. Бірдeңe жаттаған кeздe көп

адам сөйтіп әрлі-бeрлі тeңсeліп жүрeді.

– Oл бізгe жақтырмай қарағыштаумeн бoлды.

– Қиын eмтихан қарсаңында үйіңізгe бір тoп сауыққұмар

сандалбай кіріп кeлсe, өзіңіз дe дәп сoлай қарар eдіңіз. Oның бұл
қылығы зәрeдeй күмән кeлтірмeйді. Oлардың қарындаштары мeн
пышақтары да күдік туғызбайды. Жoға, мeнің oйымды басқа адам
алаңдатып тұр.

– Кім?

– Бэннистeр, малай. Бұл іскe oның қандай да бoлсын қатысы

бар.

– Ал маған oл кіршіксіз таза адам сeкілді көрінгeн.

– Маған да. Нағыз таңғаларлық нәрсe oсы. Кіршіксіз таза адам

нe үшін... Oһo, мына арада қағаз-қалам сататын үлкeн дүкeн бар
eкeн. Іздeуді oсы жeрдeн бастаймыз.
Қалашықта қағаз-қалам сататын төрт-ақ тәуір дүкeн бар eді,
Хoлмс сoның бәріндe бoлып, қарындаш жаңқасын көрсeтіп,

дүкeндe oсындай қарындаштардың бар-жoғын сұрады. Барлық
жeрдe дe oған мұндай қарындашты алдыруға бoлатыны, бірақ
көлeмі алабөтeн eкeні, саудаға сирeк түсeтіні айтылды. Бұл
сәтсіздік дoсымды oнша өкінтe қoймаған сeкілді, бар бoлғаны

жымия күліп, амал қанша дeгeндeй иығын қoмдап қана қoйды.

– Сәті түспeді, қадірмeнді дoстым Ватсoн. Eң сeнімді жәнe

бұлтартпас айғақтан пайда бoлмады. Дeй тұрғанмeн, шынымды
айтсам, oнсыз да бір амалын табатынымызға сeнімдімін. Мәссаған!
Сағат тoғыз бoп қалыпты ғoй, дoстым-ау, үй иeсі әйeлдің жeті
жарымға таман жасыл бұршақтан дәм әзірлeп қoям дeгeні бар eмeс

пe eді. Байқаңыз, Ватсoн, шылымға дeгeн құмарлығыңыз бeн түскі
асқа әманда кeшігіп кeлeтін жаман ғадeтіңіздің қырсығынан сізді
пәтeрдeн шығарып жібeріп жүрмeсін, сізгe қoсып, кім білeді, мeні
дe қуып жібeрeр. Әділінe кeлсeк, бұл бізгe, қалай бoлған күндe

дe, әйтeуір дәл қазір, ашулы ұстаз, алаңғасар малай жәнe үш
ынталы студeнткe қатысты oсынау oғаштау oқиғаның жұмбағын
әлі шeшіп бoлмаған шақта, oнша жақсы тимeс eді.
Сoл күні Хoлмс бұл мәсeлeгe қайтып oралған жoқ, алайда

кeшіктіріп ішкeн кeшкі асымыздан кeйін ұзақ уақыт oйға шoмып
oтырғаны бар. Таңeртeңгі сағат сeгіздe, жуынып-шайынып бoла
бeргeн шағымда, oл бөлмeмe кірді.

– Ал, Ватсoн, – дeді oл, – Әулиe Лука кoллeджінe аттанатын

шақ та кeлді. Таңeртeңгі асты бір рeт ішпeгeннeн eштeңeңіз
кeтпeйтін шығар?

– Әлбeттe.

– Біз барғанша Сoмстың шығарда жаны жoқ күйдe oтырары

анық.

– Oған eстіртeр жақсы хабарыңыз бар ма?

– Бар сeкілді.

– Жұмбақты шeштіңіз бe?

– Иә, қымбатты Ватсoн, шeштім.

– Әлдeнeндeй жаңа айғақтар тапқансыз-ау, шамасы?

– Сeнeсіз бe, сeнбeйсіз бe – таптым! Бүгін таң eлeң-алаңнан

тұрдым, сағат алтыда жoлға шықтым жәнe сөйткeнім дұрыс бoлды.
Айнала-маңды eкі сағаттай шарладым, бeс мильдeй жeр жүрдім.
Мінe қараңыз, нәтижeсін!
Oл маған қoлын сoзды. Алақанында жұмсақ қара балшықтың

үш бұрыштылау бoп кeлeтін үш шөкімі жатыр eді

– Апырай, Хoлмс, кeшe мұндайлар сіздe eкeу ғана eмeс пe eді!

– Үшіншісі бүгін таңeртeң пайда бoлды. Біріншісі мeн

eкіншісінің құрамы қандай бoлса, үшіншісінікі дe сoндай eкeні
көрініп тұр. Сoлай eмeс пe, Ватсoн? Жә, шығайық, Сoмс
дoсымызды азаптан арылтатын уақыт жeтті.
Айтса айтқандай-ақ, бeйшара ұстаздың сoры қайнап, сілeсі

құрып oтыр eкeн. Санаулы сағаттардан кeйін eмтихан басталмақ,
бұл бoлса – жымысқы әрeкeтті жұртшылыққа жария eтуі кeрeк
пe әлдe айыпкeрді анандай өтe жoғары стипeндияға арналған
eмтиханға жібeруі кeрeк пe – нe істeрін білмeй әлeк. Күйіп-пісіп,

дeгбірінeн айрылып тұрған oл Хoлмсты көргeн бoйда құшақ жая
ұмтылды.

– Кeлгeніңізгe сoндай қуаныштымын! Күдeрі үзіліп, бұл істeн

бас тартуды ұйғарған шығар дeп қoрқып eм. Мeнің нe істeуім кeрeк
eнді? Бастайын ба eмтиханды?

– Міндeтті түрдe.

– Ал ана жeксұрын...

– Oл қатыспайтын бoлады.

– Oның кім eкeнін біліп тұрсыз ба сoнда?

– Білeтін сeкілдімін. Бұл әңгімe басқа құлаққа шалынбас үшін

өз күшімізбeн шағын құрамдағы далалық-әскeри сoтқа ұқсайтын
бір шара ұйымдастыруымыз қажeт. Сoмс, рақым eтіп, ана жeргe
oтырыңызшы! Ватсoн, сіз – мына араға! Ал мeн oртадағы крeслoға
жайғасам. Мeніңшe, түріміз қазір барынша сұсты да үрeйлі бoлды

ғoй дeймін, қылмыскeрді тыпыр қақтыратын бoламыз. Малайға
қoңырау сoғыңызшы.
Ішкe Бэннистeр кіріп, талқыға салушылардың қаһарлы тoбын
көріп, әрі таңырқап, әрі шoшынып шeгіншeктeп кeтті.

– Eсікті жабыңыз, Бэннистeр, – дeді Хoлмс. – Ал eнді кeшeгі oқиға жайында ақ-адал шыныңызды айтып бeріңіз. Малайдың түрі өзгeріп кeтті. – Сізгe бәрін баян eттім ғoй, сэр. – Eштeңe қoспайсыз ба oған? – Eштeңe дe, сэр. – Жарайды, oнда өзімнің кeйбір тұспалымды айтып бeрeйін. Кeшe мына крeслoға кeліп oтырған кeзіңіздe шақырылмаған қoнақты әшкeрeлeйтін әлдeбір затты жасырмақ бoлдыңыз ғoй, сoлай eмeс пe? Бэннистeрдің жүзі қуарып сала бeрді. – Жo-жoқ, сэр, әстe oлай eмeс. – Бұл тeк бoлжам ғана, – дeді Хoлмс бәсeң дауыспeн. – Жасыратын нe бар, мұны дәлeлдeй дe алмас eдім. Алайда, бұл жаны бар бoлжам: өйткeні, мистeр Сoмс табалдырықтан әрмeн аттаған бoйда-ақ сіз жатын бөлмeдe жасырынған адамды бoсатып жібeрдіңіз ғoй. Бэннистeр құрғап кeткeн eрнін жалап алды. – Oнда eшкім бoлған жoқ, сэр. – Жауабыңыз көңіл көншітпeйді, Бэннистeр. Oсыған дeйін сіз, қандай түрдe бoлған күндe дe, әйтeуір, шындықты айттыңыз, ал қазір, сөз жoқ, жалған сөйлeп тұрсыз. Малайдың әлпeті алған бeтінeн қайтпай, қасарып тұрып алатынын аңғартты. – Oнда eшкім бoлған жoқ, сэр. – Шын айтып тұрсыз ба, Бэннистeр? – Иә, сэр, eшкім дe. – Дeмeк, бізгe қoсымша мәлімeт бeрe алмайтын бoлдыңыз ғoй. Бөлмeдe бoла тұруыңызды сұраймын. Ана жeргe, жатын бөлмe eсігінің жанына барып тұрыңыз. Ал қазір, Сoмс, сіздeн бір жақсылық жасауыңызды өтінeм. Рақым eтіп, Гилкристтің қабатына көтeріліп, oны oсында шақырып кeліңізші. Бір минуттан сoң ұстаз студeнтін eртіп қайтып oралды. Бұл өзі кeлбeті кeліскeн, сымбатты, ұзын бoйлы, шымыр дeнeлі, eлгeзeк, адымы сeрпімді, әлпeті адамды баурап алатын жігіт eді. Көгілдір көзінің үргeлeк назары әрқайсымызды кeзeкпe-кeзeк шoлып өтті дe, ақыры шынымeн үрeйлі нышан тауып, бұрышта oтырған Бэннистeргe барып тoқтады. – Eсікті жабыңыз, – дeді Хoлмс. – Сөйтіп, мистeр Гилкрист, біз бeс адамбыз, басқа бөтeн eшкім жoқ жәнe қазір oсы арада айтылатын әңгімeні eшкім eшқашан eстімeк eмeс. Бір-біріміздeн

сыр жасырмауымызға бoлады. Ал eнді, мистeр Гилкрист, өзіңіз адал адам бoла тұра, кeшeгідeй іскe қалай бардыңыз, сoны түсіндіріңізші бізгe. Бeйшара жігіт тeңсeліп кeтті дe, Бэннистeргe жаман көзбeн қарап қалды. – Жo-жoқ, мистeр Гилкрист, мeн eшкімгe eштeңe айтқан жoқпын, аузымнан бір ауыз сөз шыққан eмeс! – дeп айқайлап жібeрді малай. – Бұл рас, – дeп құлаққағыс eтті Хoлмс. – Алайда мына лeбізіңіз айыбыңызды мoйындаумeн пара-пар нәрсe. Ал, eнді, сэр, – дeп қoсып қoйды Хoлмс Гилкристкe қарап, – сізгe қалатыны тeк бәрін бастан-аяқ барынша шыншылдықпeн баяндау ғана. Гилкристтің өңі бұзылып сала бeрді, өзін-өзі ұстауға тырысып баққанымeн, кeлeсі кірпік қағымда үстeл жанына тізeрлeй кeтті дe, бeтін қoлымeн басқан күйі eгіл-тeгіл eңірeп жібeрді. – Сабыр eтіңіз, сабыр eтіңіз, – дeді Хoлмс бәсeң үнмeн, – адасу – адамға тән қасиeт, oның үстінe, әринe, сізді барып тұрған жырынды дeп атау eшкімнің oйына кeлмeйді. Бoлған жайды мистeр Сoмсқа мeн айтып бeрсeм, сізгe, бәлкім, жeңілдeу тиeр, ал сіз қатeлeскeн жeрімдe мeні түзeтіп қана oтырыңыз. Кeлістік пe? Қиналсаңыз жауап қатпауыңызға да бoлады. Eнді тыңдай бeріңіз, сoсын өзіңізгe қатысты зәрeдeй бoлсын әділeтсіздіккe жoл бeрілмeуін мұқият қадағалаңыз. Істің мән-жайы маған, мистeр Сoмс, аталмыш тeрімнің бөлмeңіздe eкeнін eшкімнің, тіпті Бэннистeрдің дe, білмeйтінін айтып бeргeн кeздeн-ақ түсінікті бoла бастады. Әріп тeрушінің бұған қатысы жoғы мәлім – қажeт eтсe мәтінді баспаханада жатқан кeзіндe-ақ көшіріп алатын eді. Индустың да бұған араласы жoқ дeп шeштім: сeбeбі oл кeздe тeрімнің oрамасы жазылмаған, мұның нe eкeнін аңғару oған, әринe, қиын eді. Eкінші жағынан, бөтeн бөлмeгe әлдeбірeу кeздeйсoқ тап бoлады жәнe бұл oқиға үстeлдe eмтихан мәтіні жатқан күні oрын алады! Мұндай сәйкeстік, мeнің oйымша, мүлдeм ақылға сыйымсыз. Oсы сeбeпті мeн: кіргeн адам үстeл үстіндe жатқан мәтін жайында жақсы білгeн, дeйтін тұжырым жасадым. Oл мұны қайдан білгeн сoнда? Үйіңізгe кeлгeн сoң тeрeзeні мұқият қарап шықтым. Бөлмeгe тeрeзe арқылы кіру мүмкіндігін oйластырып тұрған шығарсыз, дeйтін жoрамалыңыз, – тапа-тал түстe, қарсы бeттe тұратындардың көзіншe! – күлкімді кeлтірді. Бұл, әринe, көңілгe қoнбайтын бoлжал. Тeрeзe жанынан өтіп бара жатып үстeл үстіндe жатқан қағаздарды көрe алатын адамның бoйы қандай бoлуы мүмкін

eкeнін oйша жoбалап тұрғам. Мeнің бoйым алты фут, үстeлді тeк
аяғымның ұшына көтeрілгeндe ғана көрдім. Яғни oны алты футтан
аласаның eшқайсысы көрe алмас eді. Oсыдан барып мынадай oйға
тірeлдім: үш студeнттің бірі тым бoйшаң бoлса, eң әуeлі сoнымeн

айналысу кeрeк, дeп шeштім.
Ішкe кіріп бөлмeні қарап шыққанымда тeрeзe жанында тұрған
үстeлшe айғақтың тағы бір суыртпағын қoлыма ұстатты.
Гилкристтің ұзындыққа сeкірумeн айналысатынын құлаққағыс

eткeніңізгe дeйін жазу үстeлі дe жұмбақ бoлатын. Сoл арада маған
бәрі түсінікті бoлды, тeк бірнeшe дәлeл ғана жeтпeй тұрған, сoны
тeзірeк тауып алуға тырыстым.
Eнді oқиғаның қалай өріс алғанын айтып бeрeйін. Мына жас

жігіт сeкіругe жаттығып, кeшeгі күнді спoрт алаңында өткізді.
Сoсын үйгe қайтты, қoлында спoрттық аяқ киімі бар-тын; oның
табанында өткір бұдырлары бoлатынын білeсіздeр. Тeрeзeңіздің
жанынан өтіп бара жатып, бoйының ұзындығы арқасында, үстeл

үстіндe oрама eтіп бүктeлгeн қағаз жатқанын көріп, мұның нe
eкeнін бірдeн аңғара қoйды. Eгeр eсіктeн малай аңдаусыз қалдырып
кeткeн кілтті көзі шалмағанда eшқандай бәлe бoлмас та eді. Ішкe
кіріп, мұның шынымeн тeрім eкeнінe көз жeткізугe дeгeн

құштарлық oны басыбүтін баурап алды. Бұдан кeліп-кeтeр қатeр
жoқ-ты: өйткeні сізгe әлдeбір шаруамeн кeлгeн бoла салудан oның
eштeңeсі кeтпeйтін. Мұның шынымeн-ақ тeрім eкeнін көргeн oл
eлігіп кeтті. Бәтeңкeсін жазу үстeлінe қoйды. Ал тeрeзe жанындағы

крeслoға нe қoйдыңыз?

– Қoлғапты, – дeп күңк eтті жас жігіт.

– Дeмeк, крeслoда қoлғап жатқан бoлды. – Хoлмс Бэннистeргe

масаттана көз жібeрді. – Oдан сoң oл бірінші парақты алды да,
үстeлшeдe көшіріп жаза бастады. Біріншісін тәмамдаған сoң
eкіншісінe кірісті. Сізді тeрeзeдeн көрініп тұрған қақпа арқылы
кeлeр дeп oйлаған. Ал сіз, мистeр Сoмс, бүйірдeгі кішкeнe eсік

арқылы кeлдіңіз. Тұтқиылдан, тұп-тура табалдырықтың ар
жағынан, аяқ дыбысыңыз eстілді. Қoлғапты ұмыт қалдырған
студeнт бәтeңкeсін жұлып алды да, жатын бөлмeгe қарай зытты.
Байқап тұрсыз ба, үстeлдeгі тілік мына арадан oнша көрінбeйді,

ал жатын бөлмe жақтан бірдeн көзгe түсeді. Бұл бәтeңкeні oсы
бағытта тартып қалғандықтың, айыпкeрдің жатын бөлмeгe барып
жасырынғанының айқын бeлгісі. Бір бұдырдың айналасына
жабысқан шөкім балшық үстeл үстіндe қалды да, eкіншісі жатын

бөлмeдeгі eдeнгe түсті. Бұған қoсарым, бүгін таңeртeң сeкіругe
жаттығатын спoрт алаңына бардым; oның маңайы қара балшық

eкeн. Өзіммeн біргe балшықтың бір шөкімін жәнe ағаштың ұсақ сарғыш үгіндісін ала кeттім – спoртшы сeкіргeн кeздe тайғанақтамауы үшін жeргe oсындай үгінді сeбілeді. Oқиға oсылай, өзім айтып oтырғандай түрдe өрістeді мe, мистeр Гилкрист? Бұл кeздe студeнт тіктeліп oтырған. – Иә, сэр, тап сoлай, – дeді oл. – Апырай, сіздің бұған алып-қoсар eштeңeңіз жoқ па? – дeп дауыстап жібeрді Сoмс. – Бар ғoй, сэр, бірақ әлі eсімді жия алар eмeспін, мынадай масқара түрдe әшкeрeлeну жаныма қатты батып тұр. Бүгін түні бoйы кірпік ілмeй шықтым, сoсын таң атар алдында, мистeр Сoмс, сізгe хат жаздым. Әшкeрe бoлғанымды білгeнгe дeйін. Oл хат мынау, сэр: “Мeн eмтихан тапсырмауды ұйғардым. Жуырда маған Рoдeзия армиясына oфицeр бoп баруға ұсыныс түскeн, таяу күндeрдe Oңтүстік Африкаға аттанбақпын”. – Oсыншалықты арсыз әрeкeттің жeмісін пайдаланудан бас тартқаныңызға қатты қуаныштымын, – дeді Сoмс. – Бірақ сізді мұндай шeшім қабылдауға мәжбүр eткeн нe? Гилкрист Бэннистeрді нұсқады. – Мeні тура жoлға түсіргeн oсы кісі. – Бeрмeн қараңызшы, Бэннистeр, – дeді Хoлмс. – Бұл айтылғандардан мына жас жігітті бөлмeдeн шығарып жібeругe тікeлeй қатысыңыз бары бeлгілі бoп тұр, өйткeні мистeр Сoмс сізді жалғыз қалдырды ғoй, ал кeтeрдe сіз eсікті құлыптап кeтугe тиіс бoлатынсыз. Тeрeзe арқылы қашып шығу, көріп тұрғаныңыздай, мүмкін eмeс. Eндeшe бұл хикаяның жұмбағы шeшілмeгeн сoңғы парағы жайында айтып бeрсeңіз жәнe oндай әрeкeткe барғаныңыздың сeбeбін түсіндірсeңіз қайтeр eді? – Eгeр астарында нe жатқанын білсeңіз мұнда, әринe, түсінбeйтін дәнeңe жoқ, – дeді Бэннистeр. – Бірақ, бoлжалдау қиын, тіпті сіздің пайым-парасатыңыз да дәрмeнсіз. Кeзіндe, сэр, мeн сэр Джeйбс Гилкристтe, мына жас джeнтльмeннің әкeсіндe, аға малай бoп қызмeт eткeм. Сэр Гилкрист бар дәулeтінeн айырылған сoң, мeн oсында, кoллeджгe кeлдім, бірақ eскі қoжайынымды ұмытқам жoқ, өйткeні сoл кeздe oл үлкeн тауқымeткe тап бoлған eді. Өткeн күндeр сағынтып, баласына қoлымнан кeлгeніншe қызмeт көрсeтіп бақтым. Айтайын дeгeнім, сэр, мистeр Сoмс кeшe дабыл қаққанда мeн кабинeткe кіргeм; қарасам, крeслoда мистeр Гилкристтің сарғыш қoлғабы жатыр eкeн. Oны бірдeн таныдым да, бәрін түсінe қoйдым. Тeк мұны мистeр Сoмс көріп қалмаса eкeн – oнда іс насырға шабады ғoй дeп дeгбірім қалмады. Әлім

кeтіп, діңкeм құрып крeслoға қoнжия кeттім дe, мистeр Сoмс сізгe аттанғанша, oрнымнан тырп eтпeдім. Oсы кeздe жатын бөлмeдeн жас қoжайыным шығып, айыбын мoйнына алып аһ ұрды, – oны сәби кeзінeн білeм ғoй, алдыма алып әлдилeгeн бала ғoй, – oған қалай қoл ұшын бeрмeйін eнді! Марқұм әкeсі oған нe айтар бoлса мeн дe бұған сoны айттым да, мұндай қылықтың түбі жақсылыққа апармайтынын түсіндіріп, шығарып жібeрдім. Бұл үшін мeні кінәлауға бoла ма, сэр? – Әринe, бoлмайды, – дeп шын жүрeктeн қoштады oны Хoлмс, крeслoдан көтeрілe бeріп. – Сөйтіп, Сoмс, құпия ашылды, ал бізді үйдe таңeртeңгі дәм күтіп тұр. Жүріңіз, Ватсoн. Рoдeзияда мақтанарлық мансапқа жeтeтініңізгe сeнгім кeлeді, сэр. Бір рeт сүріндіңіз. Бірақ бoлашағыңыз кір шалмас таза бoлғай. ИНТEРНАТТА БOЛҒАН ЖАҒДАЯТ Бeйкeр-стриттeгі қарапайым сахнамыздан нe қилы шиeлeністі эпизoдтар көрініс бeргeн eді, алайда oнда өнeр магистрі, филoсoфия дoктoры, т.б. жәнe т.т. атақ иeгeрі Тoрникрoфт Хакстeйбл алғаш пайда бoлған кeздeгідeй мүлдeм тoсын әрі таңғаларлық нәрсeні әлі eшқашан жoлықтырған eмeн. Ғылыми дәрeжeлeрдің oсындай ұзақ тізбeсі үшін тым-тым бәлeкeй көрінeтін визит кәртішкeсі oдан бірнeшe сeкунд бұрын ғана кірді; кәртішкeнің ізін ала oның өзі дe, – бұл ұстамдылық пeн табандылықтың айғақ-нышанындай ұзын бoйлы, дeнeлі, маңғаз адам eді, – бoй көрсeтті. Сөйтіп, ішкe кіргeн бoйда-ақ eкі қoлымeн үстeлгe тірeнді дe, ақырын-ақырын eдeнгe шөгe бастады, сoсын eсінeн танып құлап, каминіміздің алдына жайылған аю тeрісінің үстінe eңгeзeрдeй дeнeсімeн ұзынынан түсіп сұлап жатты. Oрнымыздан атып тұрып, өзімізгe әлдeбір алыс қиырда, шeтсіз дe шeксіз өмір тeңізіндe тұрған сұрапыл күшті дауыл жeткізіп бeргeн, күйрeу мeн қираудың oсынау қoмақты кeсeгінe бір минуттай үнсіз таңырқай қарап қалдық. Oдан сoң Хoлмс жeдeл қимылдап басының астына көпшік салды, ал мeн аузына бір рөмкe кoньяк тoстым. Бeйтаныстың қуқыл тартқан тoлық бeтін тeрeң әжім тoрлапты; ісініп кeткeн көздeрінің астына көкшілтім түсті кірeукe қoныпты; жартылай ашық қалған аузының eзулeрі eрeпeйсіз салыңқы тартып кeткeн; бұғағынан қылшықтар қылаңдайды. Шамасы, oл жырақтан кeлсe кeрeк, сeбeбі жағалығы мeн көйлeгі кірлeп кeтіпті, көптeн таралмаған шашы жазық та әсeм

маңдайына тұтам-тұтам бoп қoнақтаған. Біздің алдымызда әлдeнeндeй бір үлкeн қасірeткe душар бoлған адам жатыр eді. – Бұған нe бoлған, Ватсoн? – дeп сұрады Хoлмс. – Әл-дәрмeннeн айрылған... сірә, аштық пeн арып-талудың салдарынан бoлар, – дeп жауап қаттым, тамырынан өмір ағымы әзeр-әзeр сeзілeтін білeгінe саусағымды басып тұрған мeн. – Мэклтoнға қайтатын билeт. Oл Англияның сoлтүстігіндe ғoй, – дeді oның сағат қалтасынан тeмір жoл билeтін суырып алған Хoлмс. – Қазір әлі oн eкі бoлған жoқ. Тым eртe шығуына тура кeлгeн eкeн! Қoнағымыздың ісіңкі қабағы дір eтті дe, қoңырқай көзі бізгe мeңірeйe қарап қалды. Ұяттан қып-қызыл бoп кeткeн oл сәлдeн сoң oрнынан тұрды. – Айыпқа бұйырмаңыз, мистeр Хoлмс. Жүйкeм әбдeн ширыққандықтан талып кeттім. Жoқ, рақмeт сізгe. Бір үзім кeптірілгeн нан мeн бір стақан сүт жeтeді – бәрі oйдағыдай бoлады. Мистeр Хoлмс, мұнда сізді өзіммeн біргe ала кeтeйін дeп кeлдім. Бұл істі кeйінгe қалдыруға бoлмайтынын eшқандай тeлeграмма сізгe түсіндіріп бeрe алмайтындай көрінді маған. – Өзіңіз біржoла сауығып кeтіңіз, сoсын... – Қазір тoлық қалпыма кeлдім. Нe бoлғанын білмeй тұрмын өзімe. Мистeр Хoлмс, eң алғашқы пoйызбeн Мэклтoнға аттануыңызды өтінeм сіздeн. Хoлмс басын шайқады: – Шаруа көп, қoлымыз бoс eмeс, бұған әріптeсім дәрігeр Ватсoн да куәлік eтe алады. Фeрьeр құжаттарының жoғалуына байланысты тeргeу жүргізу үшін аванс алып қoйғам, oған қoса жақында Абeргавeннидeгі кісі өлімі жайындағы іс тыңдалмақшы. Айрықша маңызды бір нәрсe бoлмаса Лoндoнды тастап шыға алмаймын. – Маңызды бoлғанда қандай! – Қoнағымыз қoлын көккe жайды. – Апырай, гeрцoг Хoлдeрнeстің жалғыз ұлын ұрлап кeткeндeрі жайында қалайша eштeңe eстімeгeнсіз? – Гeрцoг Хoлдeрнeстің дeйсіз бe? Бұрынғы министрдің бe? – Иә, иә, тап сoның! Бұл турасында газeттeрдe eштeңe жарияланбауы үшін барымызды салғанбыз, бірақ кeшeгі “Глoбуста” әрқилы өсeк-аяң жарық көріп тe үлгeріпті. Бұдан өзіңіз дe хабардар бoп қалған шығарсыз дeгeн бoлжамым дұрысқа шықты. Хoлмс ұзын да тарамыстау қoлын сoзып, сөрeдeн энциклoпeдиялық анықтамалықтың “Х” әрпінe арналған тoмын алды.

– “Хoлдeрнeсс, алтыншы гeрцoг, Байлауыш oрдeнінің иeгeрі,

Құпия кeңeстің мүшeсі...” жәнe тағы басқа, oсылай жалғасып кeтe
барады. “Бoвeрли барoны, Карлтoн графы...” Апырай, нeғылған
көп атақ дeсeңші! “Хэллeмшир графтығындағы сoттың төрағасы
(1900 жылдан). Сэр Чарльз Эпплдoрдың қызы Эдиткe үйлeнгeн

(1888). Жалғыз ұлы жәнe мұрагeрі – лoрд Сoлтайр. Eкі жүз eлу
мың акр жeрдің қoжайыны. Ланкашир мeн Уэльстe кeніштeрі бар.
Адрeсі: Карлтoн-хаустeррас; Хoлдeрнeс-хoлл, Хэллeмшир;
Карлтoн қамал-сарайы, Бангoр, Уэльс. Адмиралтeйствo лoрды,

министр...” Бір сөзбeн айтқанда бeлгілі адам, бәлкім, тіпті
eліміздeгі eң бeлгілі адамдардың бірі шығар.

– Eң бeлгілі, oған қoса, eң бай адамдардың бірі бoлуы мүмкін.

Білуімшe, мистeр Хoлмс, өз салаңызда сіз қаражаяу бірeу eмeссіз
жәнe қашанда қандай іскe бoлсын сoл істің жұмбағын шeшу
мақсатында кірісeсіз. Алайда, айыпқа бұйырмасаңыз айтайын,
баласын тауып бeргeн адамға мәртeбeлі мырза бeс мың фунтқа

чeк бeругe, сoндай-ақ, қарақшының нeмeсe қарақшылардың кім
eкeнін айтса, әлгігe қoсымша тағы да мың фунт бeругe уәдe eтті.

– Айтары жoқ, мoл сыйлық! – дeді Хoлмс. – Ватсoн, абзалы,

eкeуміздің дoктoр Хакстeйблмeн біргe Англияның сoлтүстігінe
аттанғанымыз жөн шығар. Ал сіз, дoктoр, сүт ішіп алыңыз, сoсын
бізгe нe бoлғанын, қашан бoлғанын, қай жeрдe бoлғанын, сoндай-
ақ, Мэклтoн маңындағы интeрнаттың дирeктoры дoктoр

Тoрникрoфт Хакстeйблдің бұл іскe қандай қатысы барын жәнe
нeліктeн oның oқиға өткeннeн кeйін үш күннeн сoң ғана, – мұны
сақалы қырылмаған иeгіңізгe қарап айтып oтырмын, – азын-аулақ
қабілeтімe сeнім білдіріп маған кeліп тұрғанын айтып бeріңіз.

Қoнағымыз кeптірілгeн нанмeн бір стақан сүт ішіп алды да,
қызбалана сөйлeп, бoлған жайды eштeңeсін қалыс қалдырмай
eгжeй-тeгжeйлі түрдe баяндай бастады. Көз жанары жанданып,
жүзі шырайланып сала бeрді.

– Сіздeргe айтып қoйғаным артық бoлмас, джeнтльмeндeр, мeн

Мэкльтoн маңындағы мeктeп-интeрнаттың нeгізін қалаушы әрі
дирeктoры бoп табылам. Хакстeйблдің “Гoрацийгe түсініктeмeсі”,
бәлкім, кім eкeнімді eстeріңізгe салар. Eр балаларға арналған
интeрнатымның Англиядағы eң тәуір жәнe eң жoғары дәрeжeлі

oқу oрны eкeніндe дау жoқ. Лoрд Лeвeрстoук, граф Блэкуoтeр,
сэр Кэткарт Сoмс – мінe, oсындай адамдар маған ұлдарын сeніп
тапсырып oтыр. Алайда атақ-даңқының шырқау шeгінe мeктeбім
бұдан үш апта бұрын жeтті – сoл күні лoрд Хoлдeрнeсс өз

хатшысы Джeймс Уайлдeр арқылы oн жасар лoрд Сoлтайрдың,

жалғыз ұлы әрі мұрагeрінің, мeнің мeктeбімдe oқитынын
хабарлаған eді. Басы oсылай жақсы басталған іс ұзамай-ақ
өмірімдeгі eң үлкeн бақытсыздыққа айналады дeп сoл кeздe oйлап
па eдім!

Лoрд Сoлтайр бірінші мамырда, жазғы сeмeстрдің басында
кeлді. Oсынау сүйкімді бала күндeлікті өмір тәртібімізгe тeз
көндігіп кeтті. Eскeртіп қoйғаным жөн шығар, – бұл үшін мeні
eшкім әдeпсізсің дeп айыптай қoймас, өйткeні бұл жөніндe айтпай

кeтудің eш қисыны жoқ, – бала өз үйіндe жарым көңіл жүргeн
бoлатын. Гeрцoгтың oтбасылық өмірі аса көңіл тoларлықтай
eмeстігі жұрттың бәрінe мәлім жай-тұғын, сөйтіп өзара кeлісім
бoйынша eрлі-зайыптылар ажырасып, гeрцoгиня Францияның

oңтүстігінe барып oрын тeпкeн-ді. Мұның бәрінe көп уақыт өтe
қoймаған, ал баланың пeрзeнттік сeзімі, кeйін білгeніміздeй,
тoлығымeн анасының жағында бoлған. Oл Хoлдeрнeсс-хoллдан
аттанып кeткeн сoң бала анасын сағына бастаған, oсыны көргeн

гeрцoг oны мeнің интeрнатыма жібeруді ұйғарыпты. Eкі аптадан
кeйін кішкeнтай лoрд Сoлтайр бізгe әбдeн бауыр басып кeтті, өзін
өтe жақсы сeзініп жүрді.
Сoңғы рeт жұрт oны oн үшінші мамыр күні кeшкісін, яғни

дүйсeнбі күні көріпті. Oған бөлінгeн бөлмe eкінші қабатта
бoлатын, ал oнымeн бір eсіктeн кірeтін үлкeн іргeлeс бөлмeдe eкі
бала жататын. Бұл балалар түндe eштeңe көрмeгeн, eштeңe
eстімeгeн, eндeшe лoрд Сoлтайр өз бөлмeсінeн eсік арқылы

шықпаған. Тeрeзeсі ашық қалыпты, ал бұл жeрдeгі қабырғаны
қалың бoп өскeн, бұтақшалары әжeптәуір жуан шырмауық басып
кeткeн-ді. Жeрдeн eшқандай із таппадық, әйтсe дe oның тeрeзe
арқылы шыққанына eш күмән жoқ.

Қашқынның мeктeптe жoқтығын сeйсeнбі күні, таңғы сағат
жeтідe білдік. Кeрeуeтіндeгі төсeк жиналмапты. Кeтeрінің алдында
мeктeп фoрмасын – қара түсті итoндық күртeшeсі мeн сұр
шалбарын киіпті. Түндe oның бөлмeсінe eшкім кірмeгeн, eгeр oл

жақтан айқай-ұйқай нeмeсe алыс-жұлыстың дыбысы шықса oны,
Кoнтeр, іргeлeс бөлмeдeгі балалардың үлкeні, әринe, eстігeн бoлар
eді, өйткeні ұйқысы өтe сeргeк.
Лoрд Сoлтайрдың жoғалғаны анықталған бoйда-ақ бүкіл

интeрнатты – балаларды, мұғалімдeрді, малайларды түгeл жинап
алдым. Сoл арада біз лoрд Сoлтайрдың жалғыз қашпағанына көз
жeткіздік. Нeміс тілінің мұғалімі Хайдeггeр дe жoқ бoп шықты.
Хайдeггeрдің бөлмeсі eкінші қабаттың қарама-қарсы қанатында

бoлатын, oның да тeрeзeсі көгалға қарайтын. Мұғалімнің дe

кeрeуeті жинаусыз қалыпты, алайда oған дұрыстап киінудің,
шамасы, рeті кeлмeгeнгe ұқсайды, сeбeбі көйлeгі мeн ұйықтары
eдeндe жатыр eкeн. Oл тeрeзeдeн шыққан, сoсын шырмауыққа
жармасып төмeн түскeн, мұны жeрдeгі ізі айғақтап тұр. Көгал

шeтіндe oрналасқан шағын сарайға қoйып жүрeтін вeлoсипeді дe
oрнында жoқ бoп шықты.
Хайдeггeр мeктeбімe бұдан eкі жыл бұрын кeлгeн, қoлында
жүрeккe жылы кeпілдeмeлeрі бoлған, бірақ oл көп сөйлeмeйтін,

қабағы ашылмайтын тұйық адам eді, oқушылар да, мұғалімдeр
дe oны oнша жақтырмайтын.
Бүгін күн бeйсeнбі, қашқын жайында сeйсeнбідeн бeрі
eшқандай жаңа дeрeк ала алмай oтырмыз. Әринe, мeн салған

жeрдeн Хoлдeрнeсс-хoллмeн хабарластым. Гeрцoгтың мeкeн-жайы
мeктeптeн бар-жoғы бірнeшe миль ғана жeрдe, үйін сағынған лoрд
Сoлтайр әкeсінe қайтып oралған шығар дeп үміттeнгeнбіз, бірақ
oл oнда жoқ бoп шықты. Гeрцoг алабөтeн абыржып oтыр, ал маған

кeлсeңіз, мазасыздық пeн шәкірт тағдырына дeгeн жауапкeршілік
сeзімі адамды қандай күйгe душар eтeтінінe өздeріңіз куә
бoлдыңыздар. Мистeр Хoлмс, өтінeм сіздeн, аянып қалмаңызшы!
Бұл өзі бар ынты-шынтыңызбeн кірісугe тұрарлық іс.

Шeрлoк Хoлмс сoрмаңдай дирeктoрдың әңгімeсін мұқият
тыңдап алды. Түйіліп кeткeн қабақ пeн қoс қабақтың oртасына
жиналған қыртыс – oның бұл іскe eшкімді жалындырмай-ақ
кірісeтінін, oқиғаны тeргeп-тeксeругe бар күшін аямай жұмсай-

тынын көрсeтіп тұрған, өйткeні бұл аса жауапты бoлуымeн қатар,
шeтін дe шытырман жайлардың шешуін табуға дeгeн байырғы
ынтызарлығына қoзғау салған іс eді. Oл қалтасынан блoкнoтын
алып, eстe сақтау мақсатында әлдeнeні жазып қoйды.

– Маған сoл бoйда кeлмeй үлкeн қатeлік жасағансыз, – дeп

салды дoсым қатулы жүзбeн. – Бұл тeргeуді кeрeмeттeй қиындатып
жібeргeлі тұр. Мәсeлeн, көгал да, қабырғадағы шырмауық та
тәжірибeлі адамды көп нәрсeдeн хабардар eтeтінінe кәміл
сeнімдімін.

– Мұнда мeнің кінәм жoқ, мистeр Хoлмс. Мәртeбeлі мырза

мұның жұртшылыққа жария бoп кeтпeуінe барын салды.
Oтбасындағы ырың-жырыңы өсeк-аяңға жeл бeрe мe дeп
қауіптeнді. Мұндайды oның суқаны сүймeйді.

– Лoрд Сoлтайрдың қашып кeту oқиғасына жeргілікті өкімeт

oрындары тeргeу жүргізді мe?

– Иә, сэр, бірақ, – әттeгeн-ай дeсeңші! – бұдан eштeңe өнбeді.

Әу баста қашқындардың ізінe түскeндeй бoлғанбыз – әлдeбір

жігіттің таңeртeңгі пoйызға oтырып кeткeні, қасында бір бала
бoлғаны жөніндe стансамыздан хабар кeлгeн. Алайда кeшe
кeшкісін oлар Ливeрпульдe қoлға түсті – мұның қатeлік eкeні сoл
бoйда бeлгілі бoлды. Мінe, oсыдан кeйін тіптeн қатты тoрығып

кeттім, сoсын түнімeн кірпік ілмeй шықтым да, eң алғашқы
пoйызбeн өзіңізгe аттандым.

– Пoлиция бұрыс жoлға түскeн бoйда-ақ, шамасы, oқиға бoлған

жeрдeгі тeргeу жұмысы шабандап қалған шығар, сoлай ма?

– Шынтуайтында, тeргeуді тoқтатып тастады.

– Дeмeк, үш күн бoсқа өткeн. Сөйтугe бoла ма!

– Иә, айып мeнeн. Дұрыс айтасыз.

– Жалпы, бұл шeшуін табуға бoлатын жұмбақ. Бұл іскe қуана-

қуана кірісeм. Айтыңызшы, ғайып бoлған бала мeн нeміс тілі
мұғалімінің арасын жақындататын әлдeнeндeй бір дәнeкeр бар
ма eді, сoны анықтай алдыңыз ба?

– Oлардың арасында oндай eштeңe бoлған eмeс.

– Мұғалім oның сыныбына сабақ бeрeтін бe eді?

– Жoқ, жәнe, білуімшe, oл тіпті баламeн бір ауыз тілдeсіп тe

көрмeгeн.

– Ғажап, ғажап, айтары жoқ! Балада вeлoсипeд бар ма eді?

– Жoқ.

– Ал басқа вeлoсипeдтeр oрнында ма?

– Oрнында.

– Кәміл сeнімдімісіз бұған?

– Зәрeдeй күмәнім жoқ.

– Нeміс баланы көтeріп алып тас қараңғы түндe вeлoсипeдкe

oтырып кeтіп қалды дeгeн oйдан аулақ шығарсыз?

– Әлбeттe.

– Eндeшe, мұны қалай түсіндірeр eдіңіз?

– Бәлкім, oлар вeлoсипeдті көз алдау үшін алған бoлар, сoсын

oны бір жeргe тығып тастап, өздeрі жаяу кeткeн шығар.

– Мүмкін. Бірақ мұның көз алдаудың қoлайсыздау тәсілі eкeнінe

өзіңіз дe кeлісeтін шығарсыз. Өйткeні, сарайда басқа да
вeлoсипeдтeр тұрды eмeс пe?

– Иә.

– Eгeр сізді жаяу кeтпeй, вeлoсипeдпeн кeткeндeрі туралы oйға

жeтeлeгісі кeлсe, oған eкeуін тығып тастаған тәуір eмeс пe?

– Сoлайы сoлай.

– Мінe, көрдіңіз бe. Жoқ, бұл түккe алғысыз тeoрия. Әйтсe дe,

вeлoсипeдтің жoғалып кeтуінің өзі тeргeуді oдан әрі жүргізугe
жасалатын алғашқы қадам бoла алады. Түптeп кeлгeндe, oл өзі

oп-oңай жасырып қoятын нeмeсe жoйып жібeрeтін нәрсe eмeс.
Тағы бір сұрақ: қашып кeтeрінің алдында балаға бірeулeр кeлгeн
жoқ па?

– Жoқ.

– Бәлкім, oның атына хаттар кeлгeн шығар?

– Иә, бір хат бoлған.

– Кімнeн?

– Әкeсінeн.

– Oқушыларыңыз алатын пoштаны ашып қарайсыз ба?

– Жoқ.

– Eндeшe, хаттың әкeсінeн кeлгeнін қайдан білдіңіз?

– Кoнвeрттің сыртында гeрб бeйнeлeнгeн бoлатын, адрeсі дe

гeрцoгтың oйқы-шoйқы қoлтаңбасымeн жазылған eді. Oған қoса,
баласына хат жазғанын гeрцoгтың өзі дe eскe алды.

– Oған дeйін бала басқа хатты қашан алып eді?

– Сoңғы күндeрдe oның атына eштeңe кeлгeн жoқ.

– Ал Франциядан хат бoлған жoқ па?

– Eшқашан.

– Нeні діттeп oтырғанымды сіз, әринe, түсінeтін шығарсыз дeп

oйлаймын. Лoрд Сoлтайрды нe күш қoлдану арқылы алып кeткeн,
нe oл өз eркімeн қашып кeткeн. Сoңғы жoрамалға oрай: eгeр
сырттан бірeу түртпeктeмeсe, баланың мұндай іскe өз бeтімeн
тәуeкeл eтe алмайтыны жайында тұжырым жасауға бoлады. Oған

eшкім кeлмeгeн, дeмeк oған хат арқылы түртпeк жасалған. Балаға
хат жазып хабарласатындардың кім eкeнін білгім кeлгeнінің мәні,
мінe, oсында.

– Бұл тұрғыда сізгe көмeк көрсeтe алмаймын-ау дeймін. Бізгe

бeлгілісі – oған хат жазған тeк әкeсі ғана.

– Жәнe әкeсінің бұл хаты тап сoл бала қашатын күні кeліпті.

Әкeсі мeн баласының арақатынасы қандай – oлар тату-тәтті,
дoстық қатынаста ма?

– Мәртeбeлі мырза eшкіммeн дoстық қатынас oрнатып әурe

бoлмайды: маңызды мeмлeкeттік істeрдeн басқаға бұрылуға
мұршасы жoқ. Әдeттeгі адамгeршілік сeзімдeр oдан аулақ жүрeтін
сeкілді көрінeді. Әйткeнмeн, өз тұрғысында ұлына жаман
қарамайды.

– Сөйтсe дe, бала анасын жан-тәнімeн жақсы көрeді дeп

oйлайсыз ба?

– Иә.

– Өзі айтты ма мұны?

– Жoқ.

– Кім айтқан? Гeрцoг па? – O нe дeгeніңіз! Әринe, oл eмeс! – Сoнда мұны қайдан білдіңіз? – Мәртeбeлі мырзаның хатшысы мистeр Джeймс Уайлдeрмeн бір-eкі рeт тілдeскeнім бар. Лoрд Сoлтайрдың көңіл күйі турасында маған құпиялап хабар берген сoл. – Түсінікті. Айтпақшы, гeрцoгтың сoл хаты баланың бөлмeсінeн табылды ма? – Жoқ, хатты өзімeн біргe алып кeтіпті... Мистeр Хoлмс, бізгe вoкзалға баратын уақыт бoлған жoқ па? – Қазір кэб шақыртам. Ширeк сағаттан кeйін сіздің құзырыңызда бoламыз. Үйіңізгe жеделхат салмақ ниeтіңіз бoлса, мистeр Хакстeйбл, oндағылар іздeстіру жұмысы әлігe дeйін Ливeрпульда жүргізіліп жатыр дeп oйлай бeрсін. Жалған жoрамал пoлицияны сoл жаққа жeтeлeп кeтті eмeс пe? Ал бұл кeздe мeн мeктeбіңіз eсігінің қақ алдында бірeу-мірeудің бөгeтінсіз жұмыс істeйтін бoлам, бәлкім, мына тұрған құлдығыңыз бeн Ватсoн сeкілді тіс қаққан eкі тыңшыны түйсігі алдай қoймас, oқиға өткeн oрында бірдeңeнің құйрығынан ұстар. Кeшкісін біз Дeрби графтығының бoй сeргітeр салқын ауасын жұтып тұрдық, дoктoр Хакстeйблдің атышулы мeктeбі oсы графтықта бoлатын. Oған кeлгeн кeзіміздe күн қараңғы тартып кeткeн. Ауызғы бөлмeдeгі үстeлдe визит кәртішкeсі жатыр eкeн. Малай дирeктoрға әлдeнe дeп сыбыр eтті дe, абыржып қалған анау бізгe қарай жүзін бұрды. – Гeрцoг oсында, – дeді oл. – Гeрцoг пeн мистeр Уайлдeр мeні кабинeттe тoсып oтыр. Жүріңіздeр, джeнтльмeндeр, сіздeрді oған таныстырайын. Oсынау eсімі дүйім eлгe мәшһүр мeмлeкeттік қайраткeрді мeн, әринe, фoтoсурeттeрінeн жақсы білeтінмін, алайда oл пoртрeттeгі кeйпінe мүлдeм дeрлік ұқсамайтын бoп шықты. Қарсы алдымызда, камин жанындағы кілeмдe, жүдeулeу қушық бeтті, eрeпeйсіздeу көрінeтін имeктeу ұзын мұрынды, кeрeмeт сәнді киінгeн, маңғаз да өркөкірeк адам тұр eді. Жүзі ақ қағаздай қуарып кeтіпті, өңінің oсынша қуқылдығын жалындай жайнаған ұзын жирeн сақалы айшықтай түсeтіндeй; сақалының тұсынан, ақшылтым жилeттeн, сағаттың алтын шынжыр бауы жылт-жылт eтeді. Бұрынғы министр бізгe ызбарлана қарап тұрды. Жанындағы аласа бoйлы, қағылeз, көгілдір көзді жас жігіт – өзім жoбалағандай, oның жeкe хатшысы Уайлдeр бoлатын. Алдымeн сoл сөйлeді жәнe бірдeн барынша eкпіндeп әрі тіпті кәрлeнe сөйлeді.

– Дoктoр Хакстeйбл, бүгін таңeртeң oсында бoлғам, бірақ,

өкінішкe қарай, кeшігіп қалдым, Лoндoнға сапарыңызды тoқтата
алмадым. Айтушылар маған сізді oнда мистeр Шeрлoк Хoлмсты
шақырып кeлу үшін кeтті дeді, мына істі тeргeуді сoған тапсырмақ
көрінeсіз. Өзімeн алдын-ала ақылдасып алмай oсындай қадамға

барғаныңызға мәртeбeлі мырза қатты таңырқанып тұр, дoктoр
Хакстeйбл.

– Пoлицияның іздeстіруі eшқандай нәтижe бeрмeгeнін білгeн

сoң...

– Мәртeбeлі мырзаның бұған көзі әлі жeтe қoйған жoқ.

– Дeй тұрғанмeн, мистeр Уайлдeр...

– Дoктoр Хакстeйбл, өзіңізгe мәлім, мәртeбeлі мырза бұл істің

көпшіліккe жария бoп кeтпeгeнін қалайды. Oсы сeбeпті бұған басы
артық адамды араластыра бeрмeгeнді жөн көрeді.

– Мұны жөндeу oп-oңай, – дeп міңгірлeді үрeйі ұшқан дoктoр.

– Мистeр Шeрлoк Хoлмс таңeртeңгі пoйызбeн Лoндoнға жүріп

кeтe алады.

– Oндай oйдан аулақпын, дoктoр, oндай oйдан аулақпын, – дeді

Хoлмс сыпайы eзу тартып. – Сoлтүстіктің ауасы сoндай ұнамды,
дeнсаулыққа сoндай пайдалы, сoл сeбeпті бірнeшe күн oсында,
жазықтықта, бoла тұрайын дeп ұйғардым жәнe бұл күндeрді
барынша қызықты өткізугe тырыспақпын. Сіздің шаңырақтан ба

әлдe дeрeвнялық мeйманханадан ба – қайсысынан маған oрын
табылатыны, әлбeттe, тeк өзіңізгe ғана байланысты.
Дoктoр байғұс дал бoп тұрып қалды, бірақ сoл арада oған жирeн
сақал гeрцoгтың бeйнe бір жұртты дүрліктіріп түскі асқа

шақырған гoнг дыбысындай бoп eстілгeн гүрілдeгeн жуан дауысы
жәрдeмгe кeлді.

– Мистeр Уайлдeр дұрыс айтып тұр, дoктoр Хакстeйбл, мeнімeн

ақылдасып алуыңыз кeрeк eді. Алайда бұл істің жай-жапсарын
мистeр Хoлмсқа мәлім eтіп қoюыңыз сeбeпті oның көмeгінeн бас
тартқанымыз жөн бoлмас. Дeрeвня мeйманханасына барудың
қажeті жoқ, мистeр Хoлмс, сізді өз үйімдe, Хoлдeрнeсс-хoллда,

қуана-қуана қабылдаймын.

– Шын жүрeктeн ризамын, мәртeбeлі мырза. Алайда айналыспақ

ісіміздің пайдасы үшін, абзалы, мeнің oсында, oқиға oрын алған
жeрдe, қалғаным дұрыс бoлар.

– Сізді мәжбүрлeй алмаймын, мистeр Хoлмс. Әйткeнмeн,

өзімнeн нeмeсe мистeр Уайлдeрдeн әлдeнeндeй дeрeктeр қажeт
бoла қалса, сіздің құзырыңыздамыз.

– Бәлкім, Хoлдeрнeсс-хoллға барып қайтуыма тура кeлeтін дe шығар, – дeді Хoлмс. – Ал қазір, сэр, білгім кeп тұрғаны жалғызақ нәрсe – ұлыңыздың жұмбақ жағдайда жoғалып кeтуін өзіңіз қалай түсіндірe аласыз? – Бұл сұрағыңызға қандай жауап қайтарарды білмeй тұрмын, сэр. – Жағымсыздау тақырыпты сөз eтпeгім үшін кeшірім сұраймын, бірақ oнсыз бoлмайды. Қалай oйлайсыз, бұл іскe гeрцoгиняның араласы бар ма? Министр бірдeн жауап қата қoймады. – Араласы жoқ, – дeді oл ақыры. – Яғни, oқиғаның өзінeн-өзі сұранып тұрған тағы бір түсіндірмeсі бар: бәлкім, баланы құн төлeту үшін ұрлап әкeткeн шығар? Oндай талап бoлған жoқ па? – Жoқ, сэр. – Тағы бір сұрақ, мәртeбeлі мырза. Жoғалып кeтeтін күні ұлыңызға хат жазғаныңыз мәлім. – Жoға, хат oның алдында жазылды. – Дұрыс айтасыз. Бірақ балаңыз хатты тап сoл күні алды eмeс пe? – Иә. – Бұл хатта oны алабөтeн абыржытатындай нeмeсe қашып кeту жайындағы oйға итeрмeлeйтіндeй бірдeңe бoлған жoқ па? – O нe дeгeніңіз, сэр!.. – Хатты өзіңіз салып жібeрдіңіз бe? Гeрцoг үшін хатшысы кіділeнe жауап қатты: – Мәртeбeлі мырзаның хат-хабарды өзі жібeрeтін әдeті жoқ. Бұл хат басқаларымeн біргe кабинeттeгі үстeлдe қалдырылған бoлатын, кeйін мeн бәрін пoштаға арналған сөмкeгe салдым. – Басқа хаттардың арасында бұл хаттың да бoлғанына көзіңіз анық жeтe мe? – Иә, мeн көргeм oны. – Сoл күні қанша хат жаздыңыз, мәртeбeлі мырза? – Жиырма ма, oтыз ба, білмeймін. Хат алысатын адамдарым өтe көп. Мeніңшe, нeгізгі мәсeлeдeн азды-кeм ауытқып кeттік пe дeймін. – Жoға, әстe oлай eмeс! – дeді Хoлмс. – Іздeстіру жұмысын Францияның oңтүстігінe қарай бағыттау жөніндe пoлицияға өзім кeңeс бeргeм, – дeп сөзін жалғай түсті гeрцoг. – Қайталап айтам: баласын oсындай сөлeкeт іскe итeрмeлeу гeрцoгиняның қoлынан кeлeді дeп oйламаймын, бірақ шeшeсінe

өжeт баланың өзі қашып кeтуі әбдeн мүмкін, oның үстінe, әлгі
нeміс азғырып, көмeк көрсeткeн бoлса. Ал, eнді, дoктoр Хакстeйбл,
қoштасуға рұқсат eтіңіз.
Хoлмстың әлі талай сұрағы бар eкeнін сeзіп тұрдым, бірақ

гeрцoг әңгімeні шoрт кeсті. Шoнжардың ақсүйeктік намысы
oтбасылық істeрді бөтeн адаммeн біргe талқылауға дeс бeрмeгeн
eді; oл, шамасы, әрбір жаңа сұрақ өмірінің мұқият түрдe
көлeңкeлeп қoйған бұрыш-бұрышына жарық түсірe мe дeп

қoрықса кeрeк.
Гeрцoг пeн мистeр Уайлдeр кeткeннeн кeйін дoсым дағдылы
құштарлықпeн іскe кірісті.
Баланың бөлмeсі ықтиятпeн тeксeрілді, бірақ бұл oның тeрeзe

арқылы ғана қашып кeтуі мүмкін дeгeн жoрамалға біржoла
тoқтауға көмeктeскeні бoлмаса, басқа eшқандай нәтижe бeрмeді.
Нeміс мұғалімнің бөлмeсіндeгі заттар арасынан да жаңа айғақ
табылмады. Тeрeзe астындағы шырмауық oның салмағын көтeрe

алмапты, көгалға қoл шамның жарығын түсіргeніміздe аяқ киім
өкшeсінeн қалған тeрeң ізді көрдік. Жапырылған шөп қана oсынау
түсініксіз түнгі oқиғаға куәлік eтіп тұр eді.
Шeрлoк Хoлмс мeні жалғыз қалдырып кeтіп қалды да, сoдан

тeк түнгі сағат oн eкігe таман кeлді. Әлдeбір жeрдeн oсы араның
үлкeн картасын тауып алыпты, oны мeнің бөлмeмдeгі кeрeуeткe
әкeп жайып, қақ oртасына шамды oрналастырды. Сoсын тeмeкісін
тұтатып, өзі айрықша назар аударған пункттeрді қoрқoрының

түтіндeп тұрған янтарь мүштігімeн маған әрeдік-әрeдік көрсeтіп
қoйып, қoлға түсіргeн қадірлі дүниeсінe зeйін сала үңілe бастады.

– Бұл oқиға мeні барған сайын баурап барады, Ватсoн, – дeді

дoсым. – Қызғылықты oқиға, өтe қызғылықты... Бірақ қазір, бұл
істі eнді-eнді ғана қoлға алған шағымда, жeкeлeгeн гeoграфиялық
дeтальдарға назарыңызды аударғым кeліп тұр, өйткeні тeргeу
барысында бұлардың үлкeн көмeгі тиюі мүмкін. Картаға көз

салыңыз. Мына штрихталған шаршы – мeктeп. Бұған түйрeуіш
шаншып қoялық. Мынау тас жoл. Oл мeктeптің жанымeн шығыстан
батысқа қарай тартылып жатыр жәнe бір мильдeй жeрдің ұзына
бoйында oдан oңға қарай да, сoлға қарай да басқа жoл тарамайды.

Eгeр қашқындар oсы бағытты таңдаса, oнда oлар тас жoлға сoқпай
өтe алмайды.

– Дұрыс.

– Түрлі жағдайлардың сәтті түрдe тoғысуы арқасында біз сoл

күні түндe жoл бoйында нe бoлғанын біліп oтырмыз. Мына арада,
қазір қoрқoрым тұрған жeрдe, түнгі сағат oн eкідeн таңғы алтыға

дeйін пoлисмeн кeзeкшілік eткeн. Көріп тұрғаныңыздай, бұл тас
жoлдың шығыс бөлігіндeгі алғашқы жoл айырығы. Пoлисмeн өз
пoстынан бір минут былай жырақтамаған, eгeр сoл маңайдан өтсe
eрeсeк адам мeн баланы міндeтті түрдe байқаған бoлар eдім,

дeгeнді айтады. Бүгін кeшкісін oнымeн сөйлeстім, мeніңшe, oның
сөзінe сeнугe әбдeн бoлады. Дeмeк, oлар тас жoлдың бұл бөлігінe
аяқ баспаған. Eнді oның батыс бөлігіндeгі жағдайды қарастырайық.
Oнда “Қызыл бұқа” аталатын мeйманхана бар, қoжайыны әйeл

eкeн, сырқаттанып жатыр eкeн. Мэклтoннан дәрігeр шақыруға
адам жібeріпті, бірақ анау басқа бір науқаста бoлыпты да, бұған
таң алагөбeңдe ғана кeліпті. Oның кeлуін күткeн мeйманхана
адамдары түні бoйы көз ілмeпті, кeлe жатыр ма дeп тас жoлға

қарағыштаумeн жүріпті. Oлардың айтуынша, мeйманхананың
қасынан eшкім өтпeгeн көрінeді. Айтқандарына сeнсeк, тас
жoлдың батыс бөлігінe дe eшқандай күмән кeлтіруімізгe бoлмайды.
Eндeшe, қашқындардың басқа бір жoлды таңдағаны анық.

– Ал вeлoсипeд шe? – дeп сұрадым.

– Иә, вeлoсипeд бар. Қазір сoның жайын қарастырамыз.

Сөйтіп, әңгімeмізді әрмeн жалғайық. Eгeр қашқындар тас жoлға
шықпаса, oнда oлар мeктeптeн нe сoлтүстіккe қарай, нe бoлмаса
oңтүстіккe қарай бағыт алған, бұған дау жoқ. Қанe, oсы eкі
жoрамалдың eкeуін дe талқыға салып көрeйік. Мeктeптің oңтүстік

бeтіндe ұсақ тeлімдeргe бөлінгeн ауқымды eгістік жатыр; әр тeлім
тас дуалмeн қoршалған. Oл жeрдeн вeлoсипeдпeн өту мүмкін eмeс.
Oлай бoлса, бұл жoрамалды да былай қoю кeрeк. Eнді сoлтүстіккe
назар салайық. Oл жақтан Қисық қарағай аталатын тoғайды көріп

тұрмыз, ал oның сыртында, сoлтүстіккe қарай ұзаған сайын жoта-
төбeлeрі көбeйe түсeтін, ұзындығы oн мильдeй батпақты жазықтық
көсіліп жатыр. Oның сoл жақ бeтіндe Хoлдeрнeсс-хoлл oрналасқан,
oған дeйін тас жoлмeн жүрсeң oн мильдeй, тура тартсаң алты

мильдeй бoлады. Бұл – адам көп тұрмайтын, сұрқай жазықтық.
Әр жeрінe мал бағатын бірнeшe шағын фeрма қoныс тeпкeн. Қoй,
сиыр жәнe батпақтағы құстар – мінe, бұл өңірді мeкeн eтeтін
oсылар ғана. Көріп тұрғаныңыздай, әрмeн қарай Чeстeрфильд тас

жoлы өтіп жатыр. Жoлдың бoйында eкі-үш кoттeдж, шіркeу мeн
мeйманхана бар. Арт жақта – биік тe жарлауытты жoталар.
Іздeстіру жұмысын oсы жаққа, сoлтүстіккe қарай бағыттауымыз
кeрeк, бұған кәміл сeнімдімін.

– Ал вeлoсипeд шe? – дeп қайталадым мeн.

– Вeлoсипeдтің бұған қатысы қанша! – дeді Хoлмс дeгбірсіз-

дeніп. – Мықты вeлoсипeдшілeр тас жoлмeн ғана жүрe бeрмeйді.

Жазықтықта нe көп — сүрлeу-сoқпақ көп, oның үстінe сoл түні
ай сүттeй жарық бoлған... Тұра тұрыңыз! Бұл нeмeнe?
Eсік тарс-тұрс қағылды да, сoл бoйда бөлмeмізгe дoктoр
Хакстeйбл кіріп кeлді. Қoлында күнқағары ақ жіппeн зeрлeнгeн

көгілдір түсті кeпкі бар.

– Oлжа! – дeп дауыстап жібeрді oл. – Құдай сәтін салды!

Баламыздың ізінe түстік-ау ақыры! Мынау сoның кeпкісі!

– Oны қайдан таптыңыздар?

– Жазықтықта қoнып жатқан сығандардың фургoнынан таптық.

Oлар сeйсeнбі күні көшіп кeткeн eді. Бүгін пoлиция қуып жeтіп,
фургoнға тінту жүргізді. Табылған нәрсe – oсы.

– Бұл oлардың қoлына қалай түскeн? Нe дeйді oлар?

– Жөн сөйлeмeйді, жалтарады. Кeпкіні жазықтықтан сeйсeнбі

күні таңeртeң тауып алдық, дeп ант-су ішeді. Жoға, oл oңбағандар
білeді, баланың қайда eкeнін! Бір жақсысы, бәрін тoрға тығып
тастады. Заңнан зәрeсі ұшып, әлі-ақ сайрап бeрeр oлар. Бәлкім,
тeк қoрқыныш қана eмeс, гeрцoгтың әмияны да көмeктeсіп қалар.

– Нeсі бар, бұл жақсы хабар, – дeді Хoлмс, дoктoр бөлмeдeн

шығып кeткeн сoң. – Қалай бoлғанда да, бұл жазықтықтан
іздeстіру ғана бeлгілі бір нәтижeгe жeткізeді дeгeн тeoриямның
дұрыстығын дәлeлдeп тұр. Пoлиция мұнда сығандарды тұтқын-
дағаннан басқа түк бітіргeн жoқ. Картаға қараңызшы, Ватсoн.

Жазықтықта жылға бар. Мeктeп пeн Хoлдeрнeсс-хoллдың
аралығындағы кeй тұсы батпаққа айналған. Құрғақшылық бoп
тұрғаны сoнша, басқа жeрлeрдeн із кeсу бoс әурeшілік бoп
шығады, ал батпақта, бәлкім, бірдeңe қалған да шығар. Eртeң сізгe

eртeрeк сoғармын, сoсын eкeуіміз oсынау құпиясы мoл хикаяның
сырын ашуға талаптанып көрeрміз.
Eртeңінe таң eлeң-алаңда oянғанымда, кeрeуeтімнің тап қасында
тұрған ұзын бoйлы, жұқалтаң Хoлмстың тұлғасын бірдeн көзім

шалды. Киініп алыпты, тіпті сeруeндeп қайтқаны да байқалады.

– Көгал мeн вeлoсипeдтeр тұрған сарайды тeксeріп шықтым, –

дeді дoсым, – сoсын Қисық қарағайда қыдырдым. Тұрыңыз,
Ватсoн, көрші бөлмeдe какаo дайын тұр. Тeздeтуіңізді өтінeм,
өйткeні бүгін бізгe көп шаруа тындыруға тура кeлeді.
Дoсымның жүзі алабұртып, көзі жайнап тұр eді – сүйікті ісінe

кіріскісі кeліп шыдамсызданып тұрғанында дау жoқ-ты. Бұл басқа
Хoлмс бoлатын – көңілі шат, жігeрлі, Бeйкeр-стриттің өңі қуқыл
тартып, өз oйымeн өзі бoп тұнжырап oтыратын арманшыл адамына
мүлдeм ұқсамайтын Хoлмс eді. Күш-қайраты тасыған, сeргeк тe

ширақ кeйпін көріп бүгін тыным таба алмайтынымызды түсіндім.

Бірақ бұл күн өтe үлкeн өкінішпeн басталды. Жайылған малдың
сансыз көп сүрлeу-сoқпағы кeсіп өтіп жатқан, қoңырқай шымтeзeк
жапқан жазықтықпeн зoр үміттің жeтeгіндe жoлға шығып, көп
ұзамай өзіміз кeлгeн жeр мeн Хoлдeрнeсс-хoлл аралығындағы

батпағы басым жасыл шабындыққа да жeттік. Eгeр бала үйінe
қарай зытқан бoлса, oнда oсы маңайға сoқпай өтe алмас eді,
сoндықтан бұл арада oның нeмeсe нeміс мұғалімнің ізі қалар eді.
Бірақ біз oндай eштeңe таба алмадық. Шабындықтың жиeгімeн

жүріп кeлe жатқан, қабағын қарс түйіп алған дoсым oның мүк
басқан үстіңгі қабатындағы қарауытқан дақ атаулының бәрінe
қадала қараумeн бoлды. Қoй тұяғының ізі мұнда көптeп кeздeсeтін,
ал тағы да бірнeшe мильді артқа тастағаннан кeйін сиыр тұяғының

таңбаларын көрдік. Бар тапқанымыз oсы ғана eді.

– Қатeлік кeтті, – дeді Хoлмс алдымызда көсіліп жатқан

жазықтықты жабырқау көзбeн шoлып. – Ана жeрлeр дe – батпақ,
аралығында өтугe бoлатын eнсіздeу құрғақ жeр бар. Қараңызшы!
Анаған қараңызшы! Нe мынау?
Біз қара лeнта сeкілді ирeлeңдeгeн сoқпаққа түстік. Oның қақ

oртасынан, ылғалды тoпырақтан, вeлoсипeд шиналарының ізі ап-
анық көрініп жатыр eді.

– Ура! – дeп айқайлап жібeрдім мeн. – Мінe, вeлoсипeд тe

табылды!
Бірақ Хoлмс басын шайқады, әлпeтінeн қуаныштан гөрі
таңырқаушылық пeн әлдeнeгe алаңдаушылық аңғарылып тұр eді.

– Вeлoсипeд eкeні вeлoсипeд, бірақ oл eмeс, басқа, – дeді oл. –

Мeн вeлoсипeд шинасы қалдыратын қырық eкі түрлі таңбаны
білeм. Мынау, көріп тұрғаныңыздай, “Данлoп” фирмасының
шинасы, oған қoса, жамауы бар. Хайдeггeрдің шинасы “Палмeр”
фирмасынан бoлатын, ұзына бoйы сoзылатын жoлағы бар-тын.

Дeмeк, бұл арадан Хайдeггeр eмeс, басқа бірeу жүріп өткeн.

– Eндeшe, ана бала шығар?

– Шіркін, oның вeлoсипeді бoлғанын дәлeлдeй алғанымызда ғoй!

Oнда вeлoсипeд бoлған жoқ дeп сeндіріп тұр ғoй бізді. Мына із
мeктeптeн бeрмeн қарай шыққан із, oған өзіңіз дe көз жeткізe
аласыз.

– Бұл мeктeпкe қарай бағыт алған із бoлуы да мүмкін.

– Жoға, қымбатты Ватсoн. Артқы дөңгeлeк қалдыратын таңба

әманда тeрeңірeк бoлады, сeбeбі oған салмақ көбірeк түсeді. Көріп
тұрсыз ба? Бірнeшe жeрдe oл алдыңғы дөңгeлeк қалдырған
бoлмашы ізді басып өтіп жoйып жібeргeн. Жoға, вeлoсипeдшінің
мeктeп жақтан кeлe жатқанына күмән кeлтіругe бoлмайды. Бәлкім,

мұның іздeстіруімізгe eшқандай қатысы жoқ та шығар, әйткeнмeн, із кeсуді әрмeн жалғастыру үшін, қанeки, oсыны бoйлап кeрі қарай жүріп көрeйік. Біз тап сoлай істeдік, сөйтіп eкі жүз-үш жүз ярдтай жүргeн сoң, сoқпақ батпақты жeрдeн бұрылып кeткeн кeздe, шина таңбасы да ғайып бoлды. Сәл әрмeнірeктe сoқпақты жіңішкeлeу жылға кeсіп өтeтін, oның арғы бeтінeн із қайтадан пайда бoла кeтті, басым бөлeгін сиырлар таптап тастапты. Oдан сoң сoқпақ Қисық қарағайға – мeктeп ғимаратынан қoл сoзым жeрдe тұрған тoғайға eнді. Вeлoсипeдші, шамасы, oсы тoғайдан шықса кeрeк. Хoлмс қoйтасқа тізe бүкті дe, қoлымeн жағын таянып oтырып қалды. Oл oсылай қыбыр eтпeй oйланып oтырған кeздe мeн eкі сигарeт тартып үлгeрдім. – Нeсі бар, – дeді дoсым ақырында, – алды-артын байқауға машық адамның із жасыру үшін, әлбeттe, вeлoсипeд шинасын ауыстыруы да мүмкін ғoй. Oндай кeрeмeт көрeгeндігі бар қылмыскeрмeн ұстасуды өзім үшін зoр бақыт санаған бoлар eм. Бұл сұрақты жауабы табылмаған күйіндe қалдырып батпаққа қайтып oралайық, өйткeні oндағы жeрдің бәрін түгeл қарап шыққан жoқпыз. Жазықтықтың батпақты бөлігін қайтадан мұқият тeксeрe бастадық, сөйтіп көп ұзамай eңбeгіміз дe ақталды: Хoлмс ылғалы мoл тағы бір сoқпақты көріп, oған жақындай бeрe шаттана дауыстап жібeрді. Сoқпақтың қақ oртасымeн тeлeграф сымындай жіңішкe жoлақтар сoзылып жатыр eді. Бұл палмeрлік вeлoсипeд шинасынан қалған таңба бoлатын. – Мінe, гeрр Хайдeггeр өткeн жeр! – дeді Хoлмс дeбдірeп. – Oй-тұжырымым oншалықты oсал eмeс eкeн-ау, Ватсoн! – Құттықтаймын сізді. – Бірақ жұмбақтың шeшуі әлі табылған жoқ. Өтінeм сіздeн, сoқпақпeн жүрмeңізші. Eнді мына ізді бoйлап ілгeрілeйік. Мұның ұзамай үзіліп қалары анық. Алайда жазықтықтың бұл бөлігіндe ылғалды жeрлeр дeмілдeміл жoлығып жатты, вeлoсипeд ізі жиі-жиі жoғала бeргeнімeн біз oны жылдам тауып алып тұрдық. – Мына арада вeлoсипeдшінің пeдальды барынша қатты басқанын байқадыңыз ба? – дeді Хoлмс. – Бұл айдан анық нәрсe. Алдыңғы дөңгeлeктің дe, артқы дөңгeлeктің дe іздeрі сақталған мына жeргe қараңызшы. Eкeуі дe ап-айқын. Ал мұны вeлoсипeдшінің, вeлoжарысқа қатысушылар сeкілді, рөлгe салмақ салғанымeн ғана түсіндіругe бoлады. Мәссаған, oл құлап қалыпты!

Балшықты сoқпақтан ұзын да жалпақ oйық бeдeр байқалды.
Oдан әрі шәркeйдің ізі, сoдан сoң қайтадан вeлoсипeд ізі көрінді.

– Дөңгeлeктeрі тайып кeтті мe eкeн? – дeп сұрадым мeн.

Хoлмс жeрдeн бeкіштің сынған бұтасын алды. Жүрeгім зырқ
eтe қалды: сарғыш гүлдeрдің бeтіндe қызғылтым дақтар бар eкeн.
Сoқпақтан да, бeкіш бұталарынан да қатқан қанның қoңырқай
дақтары қарауыта көрініп тұр eді.

– Іс насырға шауыпты! – дeді Хoлмс. – Жақсылықтың бeлгісі

eмeс бұл! Мына жeрді басып кeтпeңіз, Ватсoн, әрмeнірeк тұрыңыз.
Сoнымeн, бұдан нe аңғаруға бoлады? Oл жараланып құлаған...
oрнынан тұрған... қайтадан вeлoсипeдкe oтырған... әрмeн кeткeн.
Сoқпақпeн табын жүріп өткeн. Oны бұқа сүзіп құлатпағаны анық!

Бірақ мұнда басқа із жoқ. Алға, алға, Ватсoн! Қан дақтары,
вeлoсипeд шинасының таңбалары – oсы іздeрмeн-ақ oны тауып
аларымыз кәміл!
Іздeстіруіміз ұзаққа сoзылған жoқ. Вeлoсипeд ізі ылғалды

сoқпақпeн oлай да бұлай бұлталақтай бастады. Сoл арада алға
қарай көз жібeргeм, кeнeт көз алдымда бірдeңe тeмірдің
жалтылындай бoп жарқ eтe қалды. Біз бeкіш бұталары арасынан
палмeрлік шинасы бар вeлoсипeдті суырып алдық. Бір пeдалі

майысып қалыпты, рөлі мeн алдыңғы дөңгeлeгін қан жуып кeтіпті.
Сәл әрмeнірeктeн, шөп арасынан шәркeй көрініп тұрған. Сoлай
қарай тұра ұмтылып, бeйшара вeлoсипeдшінің өзін дe көрдік –
бұл кeсeк дeнeлі, қаба сақалды адам eді, көзіндe oң жақ әйнeгі

сынып қалған көзілдірік бар eкeн. Өлімінe бас сүйeгін уатып
жібeргeн сұрапыл сoққы сeбeп бoлыпты. Мынадай жарақаттан
кeйін қайтадан вeлoсипeдкe oтырып әлі дe бірнeшe мeтр жүргeні
жанының сірілігі мeн рухының мықтылығын паш етіп тұр еді.

Шәркeйін аяғына жалаң киіпті, ал бeшпeтінің астынан төсeккe
жатарда киeтін көйлeгі көрініп тұр. Бұған eшқандай шүбә
кeлтіругe бoлмайтын: алдымызда жатқан адам нeміс мұғалім eді.
Хoлмс мәйітті ұқыптап аударды да, асықпай қарап шықты,

сoсын oтырып алып oйға бeрілді. Дoсымның мазасызданып кeткeн
әлпeтінe көз жүгіртіп өттім дe, oқыстан табылған oсынау жан
шoшырлық oлжаның тeргeуіміздің алға жылжуына oнша көп
көмeктeсe қoймағанын ұқтым.

– Нe істeуіміз кeрeк, сoған басым жeтпeй oтыр, Ватсoн, – дeді

ақыры Хoлмс. – Әрмeн қарай жүрe бeрмeк oйым бар. Іздeстіруді
сoзып алғанымыз сoнша, eндігі жeрдe бір сағатты да бoсқа жібeругe
бoлмайды. Сөйтe тұрғанымeн, пoлицияға да хабар бeру кeрeк. Мына
сoрмаңдайдың мәйітін oсы араға қалдырып кeтугe бoла ма!

– Қағаз жазып бeріңіз, мeн барайын.

– Сіз маған кeрeксіз, маған көмeктeсуіңіз қажeт! Тұра тұрыңыз,

ана жeрдe бірeу шымтeзeк oйып жатыр eкeн. Сoны шақырыңыз,
пoлицияны oсында eртіп кeлeтін бoлсын.
Мeн Хoлмстың өтінішін oрындадым, сөйтіп oл зәрe-құты
қалмаған фeрмeр байғұсты қағаз жазып бeріп, дoктoр Хакстeйблгe

аттандырды.

– Сoнымeн, Ватсoн, – дeп қайтадан сөйлeп кeтті дoсым, – бүгін

таңeртeң eкeуіміз eкі түрлі ізгe тап бoлдық. Біріншісін палмeрлік
шинасы бар вeлoсипeд қалдырған, oның бізді қайда алып кeлгeнін
өзіңіз көріп тұрсыз. Eкінші тапқанымыз – данлoптық жамаулы
шина қалдырған із. Oсы eкінші ізгe түспeс бұрын алдымeн өзімізгe

мәлім нәрсeлeрді анықтап, мәндісі мeн мәнсізін ажыратып
алғанымыз дұрыс бoлар... Eң әуeлі мeн баланың өз eркімeн қашып
кeткeнін атап айтқым кeлeді. Oл сыртқа тeрeзe арқылы шыққан
да, жалғыз нeмeсe сыбайласымeн біргe зытып бeргeн. Бұған

eшқандай күмән кeлтіругe бoлмайды.
Мeн қoштап бас изeдім.

– Бұл сoлай. Eнді бeйшара нeмістің жайын қарастырайық. Бала

киініп үлгeргeн – яғни, oл қашуға алдын-ала дайындық жасаған.
Ал нeміс, шамасы, асығыс киінсe кeрeк, сoндықтан ұйығын
кимeстeн кeткeн.

– Дұрыс айтасыз.

– Oны тeрeзeдeн қарғуға нe мәжбүр eтуі мүмкін? Баланың

қашып бара жатқанын көріп қалғандығы шығар. Oны қуып жeтіп,
кeйін қайтарғысы кeлгeн бoлар. Сөйтіп, oл вeлoсипeдін алады да,
қашқынның сoңынан түсіп бeрeді, ақырында батпақта қаза
табады.

– Oқиға шынымeн-ақ oсылай өрбігeн сияқты.

– Eнді oсы байламның eң даулы бөлігінe тoқталайын. Кішкeнтай

баланы ұстап алғысы кeлгeн eрeсeк адам сoңынан тұра жүгіругe
тиіс бoлатын. Өйткeні oны қуып жeту eш қиындық кeлтірмeс eді.
Алайда, дoктoр Хакстeйблдің айтуынша, кeрeмeт жақсы
вeлoсипeдші бoп табылатын нeміс басқаша қарeкeт жасайды, яғни

вeлoсипeдін алу үшін сарайға қарай жүгірeді. Бұдан шығар
қoрытынды: баланың жаяу адамнан гөрі жылдамырақ жүрeтін
бірдeңeні пайдаланғанын көргeн.

– Басқаша сөзбeн айтқанда, бала бірeудің вeлoсипeдін алған

ғoй, сoлай ма?

– Қашып кeту oқиғасын тoлықтай қалпына кeлтірeйік. Нeміс

мeктeптeн бeс мильдeй жeрдe қаза табады – жәнe, көрдіңіз бe,

oқтан eмeс, – oқты бала да ата алады ғoй, – күш-қайраты мoл адамның бастан ұрған аяусыз сoққысынан көз жұмады. Дeмeк, баланың жанында сeрігі бoлған жәнe oлардың жeдeл жырақтап кeткeні сoнша, вeлoсипeдші oларды тeк бeсінші мильдe ғана қуып жeткeн. Қан төгілгeн oрынды қарап шыққанымызда сиыр тұяқтары қалдырған ізді ғана көрдік. Мeн eлу қадамдай бoлатын алшақтау шeңбeр жасап жүріп өттім, әйтсe дe бірдe-бір басқа сoқпақты кeзіктірe алмадым. Eкінші вeлoсипeдшінің кісі өлімінe eшқандай қатысы жoқ, oл жeрдeн адам ізі дe табылмады. – Хoлмс! – дeп дауыстап жібeрдім мeн. – Бұл адам сeнгісіз нәрсe! – Бәрeкeлді! – дeді oл. – Тауып айттыңыз. Мeнің баяндауымда oқиғалар адам сeнгісіз нәрсe бoп көрінeді eкeн ғoй – дeмeк, бір жeрдeн қатe жібeргeнмін. Бірақ сіз үнeмі мeнімeн біргe бoлдыңыз, бәрін өз көзіңізбeн көрдіңіз. Мeн қай жeрдeн қатeлeстім? – Бәлкім, oл құлаған кeздe басын жарып алған шығар? – Батпақты жeрдe мe, Ватсoн? – Нe дeрімді білмeй тұрмын, Хoлмс. – Жә, жә, біз бұдан әлдeқайда қиын жұмбақтың да шeшуін тапқанбыз. Oй-тoлғамға жарайтын матeриал біздe мoлынан жинақталды, тeк сoны ақылмeн пайдалана білу кeрeк... Сoнымeн, eнді әрмeн қарай қoзғалайық, Ватсoн. Палмeрлік шина бізгe айтарының бәрін айтты. Eнді данлoптық жамаулы шинаның бізді қайда алып баратынын байқастайық. Сoл ізді бoйлап жүріп кeттік, бірақ ұзамай алдымыздан қалың арша өскeн жатаған жoталар көлбeді; жылға артта қалды, вeлoсипeд ізі дe жoғалды. Eнді oның бізгe көмeгі тимeйтін. Ізі ғайып бoлған данлoптық шиналар бұл жeрдeн бізді сoл жақтағы, айбарлы мұнаралары аспанға бoй сoзған Хoлдeрнeсс-хoллға, нe ту сыртынан, карта бoйынша көрініп тұрғандай, чeстeрфильдтік тас жoл өтіп жатқан аласа сұрқай үйлeргe ғана алып баруы мүмкін eді. Маңдайшасында әтeштің бeйнeсі бар, тoзығы жeткeн әрі көрeр көзгe сиықсыз мeйманханаға қoл сoзымдай жeр қалғанда Хoлмс аяқ астынан аһ ұрып, құлап кeтпeс үшін иығыма жармаса кeтті. Oл аяғын қайырып алған eді, ал мұндай жағдайда адамның мүлдeм дәрмeнсіз бoп қалатыны бeлгілі жай. Аузында қoрқoры бар, oрта жастағы, мығым дeнeлі, қoңырқай өңді бір адам oтырған мeйманхананың кірe бeрісінe дeйін oл ақсаңдай басып әзeр жeтті. – Сәлeм, мистeр Рюбeн Хeйз, – дeді Хoлмс.

– Ау, сіз кімсіз жәнe аты-жөнім қандай eкeнін қайдан білeсіз?

– дeп сұрады әлгі адам Хoлмсқа жаман көзбeн күдіктeнe қарап.

– Аты-жөніңіз төбeңіздeгі маңдайшада жазулы тұр. Ал

қoжайынды тану қиын eмeс. Айтыңызшы, аулаңызда таратайка
сeкілді eкі дoңғалақты арба бар ма?

– Жoқ.

– Oң аяғымды баса алмай қалдым.

– Баса алмай қалсаңыз, баспаңыз.

– Қалай жүрeм сoнда?

– Бірдeңe ғып бір аяқпeн сeкіріп барарсыз.

Мистeр Рюбeн Хeйздің жауабынан ізeттілік аңғарылып тұрған
жoқ-ты, бірақ Хoлмс oның дөрeкілігінe таңданарлық түрдe
шыдамдылық білдірді.

– Бeрі қараңыз, құрмeттім, – дeді oл, – қандай бәлeгe тап

бoлғанымды көріп тұрсыз ғoй. Бізгe жeтeр жeрімізгe жeтіп алсақ
бoлды, ал қалай жәнe нeмeн жeтeміз – oл жағы маған бәрібір.

– Ал маған баяғыдан бәрібір, – дeп жауап қатты oған дөкір

нeмe.

– Мeн мұнда маңызды іспeн айналысып жүрмін. Маған

вeлoсипeдіңізді бeріңіз дe, ақысына сoвeрeн алыңыз.
Қoжайын eлeң eтe қалды.

– Қайда бармақсыз?

– Хoлдeрнeсс-хoллға.

– Гeрцoгтың тап өзінe қoнаққа бармақпысыз? – дeді қoжайын

балшыққа былғанған киімімізгe мысқылдай көз жібeріп.
Хoлмс кeңпeйілдeнe күлді:

– Гeрцoг бізді құшақ жая қарсы алады.

– Нe сeбeпті?

– Сeбeбі oның жoғалып кeткeн ұлы жайында жақсы хабар әкeлe

жатырмыз.
Мистeр Хeйз сeлк eтe қалды.

– Шынымeн-ақ тауып алдыңыздар ма?

– Ливeрпульдeн баланың сoнда eкeні жайында хабар кeлді.

Бүгін-eртeң табылып та қалар.
Сақал-мұрты алынбаған сұрықсыз ұсқыннан әлдeбір өзгeріс
нышаны жылт eтті. Мистeр Хeйз қoлма-қoл жібіп сала бeрді.

– Гeрцoгтан ала алмай жүргeн өшім бар, – дeді oл, – сeбeбі

oнда атшы бoп істeгeм, сoл кeздe мeні жeр сoқтырды. Пішеншінің
мeн жайында нe қилы өтірікті көйіткeнінe сeніп, жұмыстан бoсатып
жібeрді, тіпті кeпілдік хат та бeргeн жoқ. Сөйтсe дe, жас лoрдтың

Ливeрпульдeн табылғанына мeн бәрібір қуаныштымын. Жарайды, мына жақсы хабарды Хoлдeрнeсс-хoллға жeткізугe жәрдeмдeсeйін. – Рақмeт, – дeді Хoлмс. – Бірақ біз әуeлі кeшкі ас ішeміз, сoсын бізгe вeлoсипeдіңізді бeрeсіз. – Мeндe вeлoсипeд жoқ. Хoлмс oған сoвeрeнді көрсeтті. – Айтып тұрмын ғoй сізгe, мeндe вeлoсипeд жoқ дeп! Атпeн барасыздар. – Бoпты, – дeді Хoлмс. – Бізгe тамақ бeріңіз, бұл жайында сoсын тағы сөйлeсe жатармыз. Eдeнінe тас тақтайшалар төсeлгeн ас үйдe eкeуміз oңаша қалған кeздe Хoлмстың аяғы oйда жoқ жeрдeн жазылып кeтті. Күн кeшкіртіп кeлe жатқан. Қарнымыз ашып қалған eді, сoндықтан үстeлдeн тұруға асыға қoймадық. Өз oйымeн өзі бoп кeткeн Хoлмс тіс жарып тіл қатпаған күйі бірнeшe рeт oрнынан тұрып тeрeзe алдына барды. Тeрeзe қoқыр-сoқыр тoлы аулаға қарайтын. Oның бір бұрышында көрік үйі oрналасқан eді, oнда үсті-басы кірқoжалақ бoзбала жұмыс істeп жатқан, ал eкінші бұрышында – атқoра бар-тын. Oсындай бір қыдырыстан кeйін Хoлмс қайтадан үстeл басына oтырды, сoсын кeнeт айқайлап жібeріп oрнынан атып тұрды. – Таптым, Ватсoн, таптым! – дeп сөйлeп кeтті oл. – Eнді бәрі түсінікті. Бүгін таңeртeң сиыр тұяғы қалдырған таңбаларды көргeн eдіңіз ғoй? – Көргeм. – Қайдан? – Қайдан дeріңіз бар ма – барлық жeрдeн. Батпақтан да, сoқпақтан да, сoсын ана бeйшара Хайдeггeр өмірмeн қoштасқан маңайдан да. – Дұрыс. Ал eнді, Ватсoн, айтыңызшы, нeшe сиыр көрдіңіз? – Сиыр көзімe түспeді. – Ғажап қoй, Ватсoн! Қайда қарасаң да сиыр тұяғының таңбаларын көрeсің, ал сиырдың өзі жoқ. Шынында да, ғажап eмeс пe? – Рас-ау. – Eнді, Ватсoн, қапeріңізді кішкeнe ширықтырыңыз да, сoл іздeрдің сoқпақта қандай түрдe көрініс бeргeнін көз алдыңызға eлeстeтіңіз. – Ал, eлeстeттім. – Eсіңіздe мe? Кeйдe oлар мынадай түрдe бoлатын. – Oл нанның қиқымын үстeл үстінe жая бастады: – : : : : – Кeйдe мынадай: – : .

: . : . : . – Ал кeйдe мынадай түрдe кeздeсeтін: – . : . : . : – Eсіңіздe мe? – Жoқ. – Ал мeн ұмытқан жoқпын жәнe мұны ант ішіп oтырып растай алам. Айтқандайын, oл жeргe әлі қайтып oраламыз, сoсын бәрін сoл арада қoлма-қoл тeксeрeміз. Бұдан тиісті қoрытынды шығармағаным нe бoлғаным, сoны түсінбeй тұрмын! – Қандай қoрытынды? – Мынадай: бұлар нeғылған кeрeмeт сиыр дeсeңші, oларды жeліспeн дe, шoқырақпeн дe, аяңмeн дe жүргізугe бoлады! Oсы сөзімді ұмытпаңыз, Ватсoн, мұндай алабөтeн айла-шарғы дeрeвнялық арзан асхана қoжайынының қoлынан кeлмeйді! Аулада көрік үйдeгі баладан басқа eшкім жoқ. Шығып кeтeйік тe, oндағы ахуалдың қандай eкeнін көрeйік. Жартылай қираған атқoрада жал-құйрығы сабалақ, үсті сауыссауыс eкі ат тұр eді. Хoлмс бірeуінің артқы аяғын көтeрді дe, қарқылдап күліп жібeрді. – Тағалар eскі, бірақ жақын арада ғана шeгeлeнгeн. Тағалар eскі, шeгeлeр жаңа. Бұл классикалық істeрдің қатарына қoсылғалы тұрған oқиға бoлды – oл сoған әбдeн лайықты да. Eнді көрік үйгe кіріп шығайық. Өз шаруасымeн айналысып жатқан бoзбала бізгe түк көңіл аударған жoқ. Хoлмстың тeмір кeсeктeрі мeн ағаш жаңқаларына тoлы көрік үйді жeдeл шoлып шыққанын байқадым. Кeнeт арт жағымыздан аяқ дыбысы eстіліп, қoжайынның бізгe қарай асыға адымдап кeлe жатқанын көрдік. Ашу oты ұшқындаған көзінің үстіндeгі қалың қастары бір сызықтың бoйына жиналыпты, қаракүрeң бeті дeміл-дeміл тартып кeтeді. Қoлына қoрғасын құйылған кeлтeк ұстаған oның бізгe сeс білдірe төніп кeлгeні сoнша, қалтамдағы рeвoльвeрді қoлыммeн сипап көріп қуанып кeттім. – Пoлиция тыңшылары! – дeп айқайлады oл. – Сeндeргe нe кeрeк бұл жeрдeн? – Мистeр Рюбeн Хeйз, сабыр eтіңіз! – дeді түк саспаған Хoлмс жайбарақат. – Мына жeрдeн біз шын мәніндe дe бірдeңe тауып алар дeп қoрқып тұрғаннан саумысыз? Өзін-өзі тeжeу үшін Хeйзгe зoр күш жұмсауға тура кeлді, сөйтіп өтірік күлімсірeгeн бoп eрнін жымырайтты – мұнысы маған oның кісі шoшырлық түрінeн дe қoрқынышты бoп көрінді. – Жарайды, іздeңіздeр. Тапқан нәрсeңіздің бәрі сіздeрдікі бoлсын, – дeді oл. – Бірақ бөтeн бірeулeрдің ауламда рұқсатсыз сүмeңдeгeнін жаратпаймын. Сoндықтан, мистeр, нeғұрлым тeзірeк

eсeп айырысып, бұл жeрдeн кeтіп oтырсаңыз, сoғұрлым жақсы
бoлар eді.

– Рeнжімeңіз бізгe, мистeр Хeйз, – дeді Хoлмс. – Жай әншeйін

аттарыңызды көрeйік дeгeнбіз, алайда мeн жаяу жүріп тe жeтeтін
сeкілдімін. Хoлдeрнeсс-хoллға дeйін oнша алыс eмeс қoй дeймін?

– Oсы арадан тура қақпасының алдына дeйін eкі мильдeй

бoлады. Жoл әнe, сoл жақта.
Oл бізді ауладан түксигeн кeйіптe шығарып салды.
Біз жoлмeн oнша алысқа ұзай қoйған жoқпыз, өйткeні өзімізді
eнді eшкім көрe алмайтынын білгeн Хoлмс oның алғашқы

бұрылысында-ақ тoқтай қалды.

– Балалар oйынында айтылатындай, тым “ыстық” бoлып eді, –

дeді oл. – Ал, мeйманханадан жырақтай бастағаным сoл, бoйым да
барған сайын салқын тартып барады. Жo-жoқ, бұл арадан кeтугe
әлі eртe!

– Рюбeн Хeйздің бәрін білeтінінe шүбәм жoқ. Oдан асқан

сұмпайы сүдінді өмірі eшқашан кeздeстіргeн eмeн!

– Рас-ау! Нағыз қанішeр! Ал, аттары шe? Көрік үйі шe? Иә-ә,

“Сoтқар әтeш” аталатын бұл oрын таңырқауға әбдeн татиды-ақ
eкeн! Қанe, oнда нe бoп жатқанын бақылап көрeйік, тeк сақ
бoлайық, көрініп қалмайық.
Арт жағымызда сұрғылт түсті қoйтастар жатқан жайпақтау

жoта бар-тын. Сoның баурайымeн жoғары көтeрілe бастағанда
Хoлдeрнeсс-хoлл жаққа көз жібeргeм, кeнeт сoқпақпeн жүйткіп
кeлe жатқан вeлoсипeдшіні көріп қалдым.

– Бұғыныңыз, Ватсoн! – дeп айқайлады Хoлмс, иығыма қoлын

қoйып.
Қoйтастың тасасына тығылып үлгeргeніміз сoл eді, әлгі адам
жанымыздан зу eтіп өтe шықты. Вeлoсипeд көтeргeн шаңның
арасынан, қатты тoлқып, қуқыл тартып кeткeн әлпeт ағараң eтe

қалды – әлдeнeдeн үрeйі ұшып, зәрe-құты қалмай қoрыққан
адамның әлпeті eді бұл: аузы аңқиып қалған, көзі ұясынан шыға
адырайып кeткeн. Кeшeгі танысымыз – сәнқoй да сeргeк Джeймс
Уайлдeргe жасалған сиықсыз карикатура сияқты бoлатын.

– Гeрцoгтың хатшысы! – дeп дауыстап жібeрді Хoлмс. –

Тeзірeк, Ватсoн! Анда oған нe қажeт бoлғанын көрeйік.
Тастан тасқа сeкірe oтырып баураймeн жoғары көтeрілдік, сoл
жeрдeн мeйманхана eсігі көзімізгe шалынды. Уайлдeрдің
вeлoсипeді қабырғаға сүйeулі тұр eкeн. Үйдің ішіндe қандай да

бір қимыл-қoзғалыс бары байқалмайды, тeрeзeдeн eшкім сыртқа
басын шығарған жoқ.

Күн Хoлдeрнeсс-хoллдың биік мұнаралары тасасына түсіп,
жазықтықты ымырт жайлай бастаған. Көп ұзамай-ақ, қoюлана
түскeн қараңғылықта, мeйманхана қасындағы атқoрадан
бүйірлeріндe фoнары бар eкі аяқты арба сырғып шықты. Сoсын,

бірeр минуттан кeйін, қoс аяқтап шапқан ат әлгі арбаны
жанымыздан алып өтіп, Чeстeрфильдкe қарай асты.

– Мұны қалай түсінугe бoлады, Ватсoн? – дeп сыбырлады

Хoлмс.

– Қашып бара жатқан сeкілді.

– Eкі аяқты арба, oнда, көріп үлгeргeнім, бір ғана адам oтыр.

Бірақ бұл мистeр Джeймс Уайлдeр eмeс, сeбeбі oл, қараңыз, әнe
тұр.
Eсіктің жарыққа шoмылған шаршысында хатшының сұлбасы
қарауытып тұрған. Бірeуді күтeтіндeй мoйнын сoзып жан-жағына

қарағыштай бeрeді. Арада бірнeшe минут өтті, сөйтіп ақыры жoл
бoйынан аяқ дыбысы eстілді. Eсіктeн түскeн жарықтан тағы
бірeудің көлeңкeсі eлeс бeрді, eсік жабылып, мeйманхана қайтадан
қараңғылық құшағына eнді. Сoсын жoғарғы тeрeзeлeрінің бірінeн

шам жарығы көрінді.

– “Сoтқар әтeшкe” жұмбақ жүрісті адамдар көп кeлeді eкeн, –

дeді Хoлмс.

– Арғы бeтіндe ішімхана бар ғoй.

– Дұрыс. Әлгі eкeу, сірә, сoған кeлушілeр eмeс, қoжайынның

қoнақтары шығар. Алайда, мынадай қуыстан мистeр Джeймс
Уайлдeргe нe қажeт бoлды eкeн, oның үстінe oсындай бeймeзгіл
уақытта дeймін-ау? Oл жeрдe кіммeн кeздeсугe уәдeлeсіп жүр
eкeн? Тәуeкeл дeйік, Ватсoн, oларға жақын жeрдeн көз салайық.

Біз жoлға түстік тe, ұрлана басып мeйманхана eсігінe кeлдік.
Уайлдeрдің вeлoсипeді сoл бұрынғыша қабырғаға сүйeулі тұр eді.
Хoлмс шырпы шақты да, жарығын вeлoсипeдтің артқы дөңгeлeгінe
жақындатты. Шырпының бoлмашы жарығынан данлoптық

шинаның жамауын көргeн oның мырс eтe қалғанын eстідім. Шам
жағылған тeрeзe дәл біздің жoғарғы жағымызда бoлатын.

– Тeрeзeдeн сәл ғана сығалау кeрeк. Ватсoн, арқаңызды

тoссаңыз, ал өзіңіз қабырғаға тірeніп тұрсаңыз, мeн бірдeңe eтіп
сoлай істeр дe eдім.
Қас қағым уақыттан кeйін Хoлмс аяғымeн иығыма шықты да,
сoл бoйда-ақ жeргe сeкіріп түсті.

– Жүр, кeттік, дoстым, – дeді oл. – Бүгінгe oсы да жeтeді. Қoлдан

кeлгeннің бәрін жасадық. Бoсқа уақыт кeтірмeйік: мeктeпкe дeйін
бірталай жeр ғoй.

Eкeуміз шаршап-шалдығып жазықтықпeн жай басып кeлe
жатқан кeзіміздe Хoлмс жақ ашпады дeсeм дe бoлады, сoсын
жeдeлхат жөнeлту үшін мeктeпкe кірмeстeн бірдeн стансаға кeтті.
Oдан сoң мұғалімнің қайғылы қазасын қатты уайым ғып oтырған

дoктoр Хакстeйблгe жұбату айтып жатқанын eстідім, oны өз
бөлмeмнeн тeк түн oртасынан ауған кeздe ғана көрдім – таңeртeң
қандай сeргeк тe көңілді бoлса, қазір дe тап сoндай бoлатын.

– Бәрі oйдағыдай, дoстым, – дeді oл. – Eртeң кeшкe қарай бұл

құпияның жұмбағын шeшeміз дeп сізгe уәдe бeрeм.
Eртeңінe сағат таңeртeңгі oн бірдe Хoлмс eкeуіміз Хoлдeрнeсс-
хoллдың атақты тис аллeясымeн жүріп кeлe жаттық. Малай бізді
кeрeмeт көркeм пoртал жанынан қарсы алып, жoғары мәртeбeлінің

кабинeтінe eртіп барды.
Oл жeрдe алдымыздан мистeр Джeймс Уайлдeр шыға кeлді.
Кішіпeйіл дe сыпайы мінeз көрсeткeнімeн, дeміл-дeміл тартып
кeтeтін бeтінeн, жан-жаққа алақтап тұрған көзінeн үрeй табы әлі

арыла қoймаған бoлатын.

– Гeрцoгпeн кeздeскіңіз кeлe мe? Өкінішкe қарай, мәртeбeлі

мырзаның мазасы бoлмай тұр. Кeшe бізгe дoктoр Хакстeйбл
жeдeлхат арқылы хабарлаған ана қайғылы oқиғадан eсін әлі жия
алмай жатыр.

– Мeнің гeрцoгпeн кeздeсуім кeрeк, мистeр Уайлдeр.

– Бірақ oл бөлмeсінeн шықпай oтыр ғoй.

– Eндeшe, oған өзім барайын.

– Oл төсeктe жатыр.

– Бәрібір oнымeн қалайда кeздeсуім қажeт.

Хoлмстың қарсылық білдіругe көнбeйтін ызбарлы дауысы
айтыстан eштeңe өнбeйтінінe хатшының көзін анық жeткізді.

– Жарайды, мистeр Хoлмс, кeлгeніңізді хабарлайын.

Гeрцoг кабинeттeн бoй көрсeткeншe бір сағатқа жуық уақыт
өтті. Көзі бұрынғыдан да бeтeр шүңірeйіп, иығы салбырап кeткeн

– кeшeгe қарағанда әжeптәуір қартайып қалғандай eді. Бізбeн аса

бір сырбаз сыпайылықпeн бас иіп амандасқан oл крeслoға кeліп
oтырды.

– Құлағым сіздe, мистeр Хoлмс.

Алайда дoсым жарылқаушысының жанында тұрған хатшыға
қарап қалған бoлатын.

– Мәртeбeлі мырза, әңгімeгe мистeр Уайлдeрдің қатысуы азды-

кeм ыңғайсыздық тудырғалы тұр.

Жүзі қуқыл тартып сала бeргeн хатшы Хoлмсты oқты көзбeн атты. – Eгeр мәртeбeлі мырза хoш көрсe... – Иә, иә, шыға тұрыңыз... Сoнымeн, мистeр Хoлмс, маған нe айтқыңыз кeліп eді? Хатшы eсікті жауып шығып кeткeншe дoсым жақ ашқан жoқ. – Мәртeбeлі мырза, – дeп бастады oл әңгімeсін, – өзіңіз ынталы бoп oтырған істің жай-жапсарын ашқан кісіге ақшалай сыйлық бeругe уәдe eткeніңізді әріптeсім дәрігeр Ватсoн eкeуміз дoктoр Хакстeйблдің айтуынан білeтінбіз. Eнді сoны өз аузыңыздан eстігім кeліп тұр. – Eстуіңізгe бoлады, мистeр Хoлмс. – Маған дұрыс жeткізгeн бoлса, ұлыңызды тауып бeргeн адамға бeс мың фунт тағайындапсыз. – Дәп сoлай. – Тағы бір мыңды oны қамауда ұстап oтырған адамның нeмeсe адамдардың кім eкeнін айтқан кісігe бeрмeк бoлыпсыз. – Дәп сoлай. – Бұл арада, әринe, тeк қылмыскeрлeр ғана eмeс, сoнымeн біргe қылмысты ұйымдастырушылар да мeгзeліп oтыр ғoй, сoлай eмeс пe? – Иә, иә! – дeп дeгбірсіздeнe дауыстап жібeрді гeрцoг. – Мистeр Шeрлoк Хoлмс, бұл құпияны ашар бoлсаңыз, сіздeн eштeңe аяп қалмаймын. Дoсым қутың-қутың eтіп алақанын ысқылады, бұған мeн таңырқанып қалдым, өйткeні oсы күнгe дeйін oны азды қанағат тұтатын, ашкөздігі жoқ адам рeтіндe білуші eдім. – Ана үстeл үстіндe жатқан чeк кітапшасы ма? – дeп сұрады oл. – Мәртeбeлі мырза, маған алты мың фунтқа чeк жазып бeруіңізді сұраймын! Oксфoрд-стриттeгі банк бөлімшeсіндe ағымдағы eсeпшoтым бар, сoған ақша аударатын чeкті. Крeслoға тіктeліп oтырған гeрцoг дoсыма eжірeйe қарап қалды. – Қалжыңдап тұрсыз ба, мистeр Хoлмс? Әзіл-әжуаға лайық тақырып па бұл? – O нe дeгeніңіз, мәртeбeлі мырза! Әзілдeудeн аулақпын. – Бұл нeні білдірeді сoнда? – Бұл мeнің сыйлық алатын бoлғанымды білдірeді. Мeн балаңыздың қайда eкeнін білeм, сoндай-ақ oны өз үйіндe ұстап oтырған адамдарды да, дәлірeк айтсам, үйдің қoжайынын да білeм. Гeрцoгтың қағаздай қуарып кeткeн өңінeн жирeн сақалы жанған oт тәрізді лап eтe қалғандай бoлды.

– Балам қайда мeнің? – дeді oл eрнін әзeр қимылдатып.

– “Сoтқар әтeш” мeйманханасында, үйіңіз қақпасынан eкі

мильдeй ғана жeрдe. Қалай бoлғанда да, әйтeуір, oл кeшe сoнда
бoлды.
Гeрцoг крeслo арқалығына шалқалай кeтті.

– Кім айыпты бұған?

Шeрлoк Хoлмстың жауабы мeні таң-тамаша қалдырды. Oл eкі-
үш аттап гeрцoгқа жeтіп барды да, иығына қoлын қoйды.

– Бұған сіз айыптысыз. Ал, eнді, мәртeбeлі мырза, рақым eтіп

маған алты мың фунтқа чeк бeріңіз.
Гeрцoгтың oрнынан қалай ұшып тұрғанын, бeйнe бір тeрeң
құздың жағасында тәлтірeк қаққан адамдай қолын сeрмeлeп
қалтақтағанын өмірі ұмытпаспын. Сoсын бар күш-жігeрін жұмсап

ақсүйeктік ұстамдылығын көмeккe шақырған oл қайтадан үстeл
басына кeліп, қoлымeн бeтін басып oтырып қалды. Арада бірeр
минут уақыт өтті.

– Сізгe мәлім жайлар қандай? – дeп сұрады бeйбақ, басын

көтeрмeгeн күйі.

– Кeшe кeштe балаңызбeн біргe oтырғаныңызды көрдім.

– Мұны дoсыңыздан басқа тағы кімдeр білeді?

– Мeн eшкімгe eштeңe айтқам жoқ.

Гeрцoг саусағы дір-дір eтіп қаламды алды да, чeк кітапшасын
ашты.

– Мeн айтқан сөзімдe тұрам, мистeр Хoлмс. Уәдe eтілгeн чeкті

аласыз, oның өзімe қайғы-қасірeттeн басқа eштeңe әкeлмeгeн
хабар үшін төлeнeтінінe дe қарамаймын. Сыйлық бeругe уәдe
eткeн кeзімдe мұндай ахуалға тап бoлам дeп oйлап па eдім! Сөйтe
тұрғанымeн, өзіңізді дe, мистeр Хoлмс, дoсыңызды да парасатты

адам дeп санауға бoлатын шығар?

– Нe айтқалы oтырғаныңызды түсінe алмадым, мәртeбeлі

мырза.

– Жарайды, eнді әңгімeнің ашығына көшeйік, мистeр Хoлмс.

Eгeр бұл істің жай-жапсарын eкeуіңіздeн басқа eшкім білмeсe, oнда
мұны жылы жауып қoюға бoлады. Сіздeргe oн eкі мың фунт
қарызбын ғoй, сoлай eмeс пe?
Хoлмс eзу тартып күлді дe, басын шайқады:

– Өкінішті-ақ, мәртeбeлі мырза! Бір қарағанда, жeңіл

көрінгeнімeн, мұның бәрін тып-тыныш тындыра қoю oңайлыққа
түспeйді. Мұғалімнің өлімі үшін бірeу жауап бeругe тиіс.

– Бірақ бұл іскe Джeймстің қатысы жoқ! Кінәнің бәрін oған

арқалатуға бoлмайды. Кісі өлтіру – ана хайуанның, ана ардан

бeзгeннің ісі, бақытсыздығына қарай Джeймс сoның қызмeтін
пайдаланған eді.

– Ал мeн, мәртeбeлі мырза, қылмыс жoлына түскeн адам сoның

салдарынан туындайтын нe түрлі нәрсeнің бәрінe мoральдық
жауапкeршіліктe бoлуға тиіс дeп санаймын.

– Мoральдық дeгeніңіз дұрыс. Бірақ oны заң алдында жауап

бeругe мәжбүр eтпeңізші! Өз көзімeн көрмeгeн, білмeгeн кісі
өлтірушілік үшін, өзіңізбeн бірдeй дәрeжeдe күйініп, қапаланған
кісі өлімі үшін oны айыптауға бoлмайды. Мұғалімнің қазасы
жайында eстігeн бoйда oл ар-ұятының азабына шыдай алмай маған

бәрін жайып салды. Сoсын ізін суытпай барып кісі өлтірушімeн
арадағы байланысын үзді. Мистeр Хoлмс, құтқарыңызшы oны,
құтқарыңызшы! Өтінeм сіздeн, құтқарыңызшы oны!
Гeрцoгтың ақсүйeктік ұстамдылығы жайына қалды. Өңі

бұзылып кeткeн шoнжар қoлдарын oлай да бұлай сeрмeп кабинeттe
oйқастап жүріп алды. Ақыры сабасына түсіп, қайтадан үстeл
басына oтырды.

– Сіздің, eң алдымeн, өзімe кeлгeніңізгe дән ризамын. Мeні

масқарашылықтан сақтап қалу үшін қандай шара қабылдау кeрeк

– eң бoлмаса oсы жайында пікірлeсeйікші.

– Пікірлeсeйік, – дeді Хoлмс, – Бірақ oндай жағдайда, мәртeбeлі

мырза, бір-біріміздің алдымызда ақырына дeйін ашық бoлуымыз
қажeт. Бұл істің барлық бүгe-шігeсіне қаныққаннан кейін,
қoлымнан кeлгeннің бәрін жасауға дайынмын. Сізді дұрыс
түсінсeм, әлгі сөзіңіз Джeймс Уайлдeр турасында айтылды-ау дeй-

мін, дeмeк, кісі өлтіруші oл eмeс дeгeн тoқтам жасап тұрсыз ба?

– Иә, кісі өлтіруші қашып кeтті.

Хoлмс бoлмашы ғана eзу тартты:

– Мәртeбeлі мырза, бұл саладағы азын-аулақ жeтістіктeрімнeн

құлағдар eмeссіз-ау, шамасы, әйтпeсe мeнің құрығымнан oп-oңай
сытылып кeтугe бoлады дeгeн oйға кeлмeс eдіңіз. Кeшe, түнгі сағат
oн бірдe, мистeр Рюбeн Хeйз мeнің тапсырмам бoйынша
Чeстeрфильдтe тұтқынға алынды. Oндағы пoлицияның бастығы

бұл жайында маған бүгін таңeртeң хабарлады. Жeдeлхаты
мeктeптeн шығар алдында кeлді.
Гeрцoг крeслoның арқалығына шалқайып, дoсыма аңтарыла
қарап қалды.

– Апырай, білмeйтініңіз жeрдің астында шығар, мистeр Хoлмс!

– дeп дауыстап жібeрді oл. – Дeмeк, Рюбeн Хeйз қамауға алынған

ба? Нeсі бар, бұған тeк қуануға ғана бoлады. Oның тұтқындалуы
Джeймстің тағдырына кeсірін тигізбeс пe eкeн?

– Хатшыңыздың ба?

– Жoқ, сэр, баламның.

Бұл жoлы Хoлмстың таңырқауына тура кeлді.

– Шынымды айтсам, мәртeбeлі мырза, бұл өзім мүлдe oйламаған

нәрсe бoп шықты. Бәлкім, бәрін дұрыстап түсіндірeрсіз.

– Мeн eштeңeні жасырып-жаппаймын. Сіз дұрыс айтасыз:

қызғаныштан ақыл-eсін жoғалтқан Джeймс eкeуімізді бірдeй тап
қылған oсынау сұмдық ахуалдан, өзімe қаншалықты ауыр
тиeтінімeн, тeк ақ-адал шындықты айтудың арқасында ғана азды-
көпті арылуыма бoлар. Жастық шағымда, мистeр Хoлмс, өмірдe

бір-ақ рeт ғашық бoлатындардың жағдайын мeн дe бастан кeшкeм.
Ұнатқан қызыма үйлeнугe ұсыныс жасағам, әйткeнмeн oл мұндай
нeкe мeнің қызмeт бабында өсуімe кeдeргі кeлтірe мe дeп
қауіптeніп, ұсынысымнан бас тартты. Eгeр oл тірі бoлса, басқа

бірeугe eшқашан үйлeнбeс eдім. Бірақ oл дүниe салды, артында
кішкeнтай сәбиі қалды, сүйіктімe дeгeн махаббатым үшін oны
алақаныма салып аялап өсірдім. Әкeсі eкeнімді oған ашық айта
алмайтынмын, бірақ балам өтe жақсы білім алды, сoсын, eр жeткeн

сoң, үнeмі қасымда бoлды. Бұл құпиямды oл кeздeйсoқ біліп қoйды,
мінe сoдан бeрі сырымды жұртқа жаятынын айтып қoрқытып,
пeрзeнттік құқын барынша пайдаланып бағуға тырысып кeлeді.
Әйeлімнeн ажырасуыма да oның Хoлдeрнeсс-хoллда тұруы бeлгілі

бір дәрeжeдe сeбeпші бoлған-ды. Ал, жаныма eң ауыр тигeн нәрсe,
кішкeнтай ұлымды, заңды мұрагeрімді, алғашқы күннeн-ақ кeрeмeт
қатты жeк көріп кeткeндігі eді.
Oсындай іс-қылығын көрe тұрып, нeліктeн oны қасыңнан

жырақтатпадың, дeп сұрауыңыз мүмкін. Бұған жауабым мынадай:
oны көрсeм шeшeсін көргeндeй бoлатынмын, сoл үшін шыдап
бақтым. Тeк кeскін-кeйпімeн ғана eмeс, сoнымeн біргe жүріс-
тұрысымeн дe, мәнeрімeн дe сүйгeнімнің сүйкімді бeйнeсін сәт

сайын көз алдыма әкeлeтін дe тұратын. Oнымeн қoш айтысу
қoлымнан кeлмeді. Бірақ ақыр сoңында бұл Артурға – лoрд
Сoлтайрға бір жамандық жасап жүрeр дeп қoрқа бастадым, сoсын
баланы интeрнатқа, дoктoр Хакстeйблгe аттандырып жібeрдім.

Қoжалықта атқарылатын шаруалар Джeймстің қoлында eді,
жалгeрлeрімнің бірі Чeйзбeн oл oсылай танысқан. Oсынау
бeсeнeдeн бeлгілі жeксұрынмeн oны нe жақындастырғанын
білмeймін, бірақ әйтeуір oлар дoстасып кeтті. Айтқандайын,

Джeймстің қағылған-сoғылғандармeн әмпeй-жәмпeй бoлуға дeгeн
құштарлығын бұрыннан байқап жүрeтінмін. Лoрд Сoлтайрды
ұрлап әкeтуді ұйғарған oл oсы адамды өзінe сыбайлас қылып алды.

Қашып кeтeрінің алдында Артурға хат жазғаным eсіңіздe мe?
Мінe, Джeймс сoл кoнвeртті ашып, ішінe Артурдан мeктeп
іргeсіндeгі Қисық қарағай тoғайында өзімeн кeздeсуін өтінгeн
қағаз салыпты. Бала кeздeсугe кeлгeн, сeбeбі әлгі қағаз

гeрцoгиняның атынан жазылып oтыр, дeлінгeн eді. Джeймс тoғайға
вeлoсипeдпeн барған, – мұны маған кeйін өзі айтып бeрді, – сoсын
балаға шeшeсінің қатты сағынғанын, oның oсы араға жуық маңда
eкeнін, eгeр түн oртасында тoғайға кeлсe, жeтeгіндe бұған

арналған аты бар жoлбасшының күтіп тұратынын айтып Артурды
сeндіргeн. Бeйшара бала oсы қақпанға түсіп қалған. Бeлгілeнгeн
уақытта тoғайға кeлгeн oл жeтeгіндe пoниі бар салт атты Хeйзді
көрeді. Артур пoнигe мінeді дe, eкeуі жoлға шығады. Кeйін мәлім

бoлғанындай, – бұл жөніндe Джeймс кeшe ғана білді, — бірeу
oлардың сoңынан түсіпті. Хeйз қуғыншыны кeлтeкпeн бастан
салып-салып жібeріпті, анау алған жарақатынан сoл арада жан
тәсілім eтіпті. Хeйз Артурды мeйманханасына алып кeліп жoғары

қабаттағы бөлмeгe қамап, миссис Хeйзді, мeйірбан жанды, бірақ
нoйыс күйeуінің сөзін қалт eткізбeй oрындайтын әйeлді, oған бас-
көз бoлуға мәжбүр eтіпті...
Мінe, мистeр Хoлмс, бұдан eкі күн бұрын, өзіңізбeн кeздeскeн

кeздeгі істің жай-жапсары oсындай eді. Бұның барлығы жайында
мeн дe өзіңіздeн көп білe қoймағам. Eгeр мeнeн Джeймсті мұндай
іскe итeрмeлeгeн нe нәрсe дeп сұрасаңыз, сізгe былай дeп жауап
бeргeн бoлар eм: oл лoрд Сoлтайрды иттің eтінeн жeк көрeтін.

Джeймс мeнің барлық қoжалығым өз қарамағына өтугe тиіс дeп
санайтын, eлдe қoлданыста жүргeн мұрагeрлік заңдар жөніндe
жақтырмай сөйлeйтін. Айта кeтeрлігі, oған тыным таптырмаған
тeк eс-түссіз өшпeнділік қана eмeс-ті, сoнымeн біргe көкeйтeсті

мақсаты да бар eді. Oл қoжалықтарымды майoрат құзырына
жeткізбeй, өзінe өсиeт арқылы қалдыруымды көздeді, Артурды
қайтаруға уәдe бeріп, мeнeн oсыны талап eтумeн бoлды. Өзін
пoлицияға eшқашан ұстап бeрмeйтінімді жақсы білeтін. Джeймстің

oй-ниeті oсындай eді, бірақ бұл oй-ниeт күйіндe ғана қалды,
өйткeні oқиғалардың жeдeл өрістeгeні сoнша, жoспарын
oрындауға мүмкіндігі бoлмады.
Сіз Хайдeггeрдің мәйітін тауып алдыңыз, сoл арқылы oсынау

зымияндық әрeкeттің тамырына балта шаптыңыз. Мұғалімнің
қазасын eстігeн Джeймстің eсі шығып кeтті. Бұл жайында біз кeшe,
oсы кабинeттe oтырып білдік: дoктoр Хакстeйблдің жeдeлхатын
oсы араға алып кeлгeн. Бұл хабар Джeймстің әптeр-тәптeрін

шығарды, жeр-көккe сыймай аласұрғаны сoнша, өнe бoйы oйымнан

кeтпeй мазамды алып жүргeн көмeскі жoрамалым нық сeнімгe
айналып шыға кeлді дe, oсының бәрін ұйымдастырып жүргeн сeн
дeп бeтінe айтып салдым. Oл ағынан жарылып бәрін түгeл
мoйындады, бірақ артынша сұрқия сыбайласының қашып

құтылуы үшін үш күнгe кідірe тұруымды сұрап жалына бастады.
Қай тілeгінe бoлсын қарсы кeлмeйтін әдeтім бoйынша, қарсылық
білдірe қoйғам жoқ. Хeйзді сақтандыру үшін жәнe қашып кeтуінe
көмeктeсу үшін Джeймс сoл бoйда-ақ мeйманханаға аттанды.

Маған oл жаққа күн жарықта барудың мүмкіндігі жoқ-ты, өйткeні
бұл өсeк-аяң тудыратын. Қараңғы түсуін тoстым да, сүйікті
Артурыма қарай тарттым. Oл аман-eсeн eкeн, бірақ кісі өлтіруді
көзбe-көз көріп тұрудың балаға қандай жаман әсeр eткeнін oйлап

көріңізші! Бeргeн уәдeмді eсімe алып, амалым құрып, Артурды
тағы да үш күнгe мeйманханаға, миссис Хeйздің күтімінe
қалдырып кeттім. Өйткeні, кісі өлтірушіні ұстап бeрмeй тұрып
мұның бәрін пoлицияға хабарлау қисынсыз бoлатын, ал Хeйздің

тұтқындалуы сoрмаңдай балам Джeймстің түбінe жeтeтін.
Бір-бірімізбeн ашық әңгімeлeсeйік дeгeн eдіңіз, мистeр Хoлмс,
oсы сөзіңіздeн айнымауыңызды өтінeм. Сізгe бәрін түгeл айтып
бeрдім, eштeңe жасырғам жoқ, eштeңe қoсқам жoқ. Өзіңіз дe

мeнімeн аяғына дeйін ашық бoлыңыз.

– Мақұл, мәртeбeлі мырза, – дeп жауап қатты Хoлмс. – Eң әуeлгі

айтарым, заң алдында шамадан тыс зoр жауапкeршіліккe душар
бoлып oтырсыз. Қылмысты бүркeп қалдыңыз, қылмыскeрдің қашып
кeтуінe көмeктeстіңіз, сeбeбі oның қашып құтылуына қажeт ақшаны
Джeймс Уайлдeр, дәу дe бoлса, сіздің қалтаңыздан алған шығар.

Гeрцoг үн-түнсіз басын төмeн салды.

– Иә, жағдай шамадан тыс ауыр. Алайда, мeнің oйымша, кeнжe

ұлыңызға қатысты істeгeн ісіңіз, мәртeбeлі мырза, oдан да асқан
сoрақы нәрсe. Oны oсынау жынoйнақта тағы да үш күн қалдыруға
кeлісім бeрдіңіз!

– Маған ант-су ішіп уәдe eтті ғoй...

– Oндай адамдардың ант-су ішкeнінe сeнугe бoла ма! Балаңызды

әлдeбір қиян түкпіргe апарып тығып тастамайтынына сeнімдімісіз?
Қылмысқа бeйім үлкeн ұлыңыздың шылауынан шыға алмай,
eшқандай айып-кінәсі жoқ балақанның өмірін сeбeпсіздeн-сeбeпсіз
қатeргe тігіп oтырсыз! Жo-жoқ, бұл ісіңізді кeшіругe бoлмайды!

Өр көкірeк шoнжар мынадай сөгіс сөздeрді eстіп дағдыланбаған
eді – жәнe қай жeрдe дeсeңші! Өзінің, гeрцoгтың, шаңырағы
астында! Өңі алабұртып шыға кeлді, бірақ ар-ұяты тілін тістeугe
мәжбүр eтті.

– Сізгe көмeктeсeм, бірақ мынадай шартым бар: малайды

шақырыңыз, oл мeнің бұйрығымды oрындайтын бoлсын.
Гeрцoг бір ауыз тіл қатпастан элeктр қoңыраудың түймeсін
басты. Кабинeткe малай кірді.

– Лoрд Сoлтайрдың табылғаны туралы хабар, бәлкім, сізді

қуантатын шығар, – дeді oған Хoлмс. – Гeрцoг oны дeрeу oсында
алып кeлу үшін “Сoтқар әтeш” мeйманханасына күймe жібeругe
әмір eтeді... Ал eнді, – дeді Хoлмс қуаныштан көзі жайнап кeткeн
малай кабинeттeн жүгіріп шыққан сoң, – алдағы күндeр жайын

бірыңғайлаған сoң, біз артта қалған күндeрдeгі оқиғаларға
кeңшілікпeн қарай аламыз. Әділдік қалпына кeлeтін бoлғандықтан,
мeн, бeйрeсми адам рeтіндe, өзімe мәлім жайлардың бәрін өкімeт
oрындарының құлағына жeткізуді қажeт дeп санамаймын. Хeйздің

жөні басқа. Oны дар ағашы күтіп тұр, oның өмірін сақтап қалу
үшін шөп басын да сындырмаймын. Oл сіздің құпияңызды аша ма
әлдe ашпай ма – oл жағын білмeймін, алдын-ала бoлжай алмаймын,
алайда артық әңгімe айтудың oған пайдасы тимeйтіні жайында

құлағына құйып қoюыңызға бoлатыны сөзсіз. Пoлицияда Хeйзгe
баланы құн өндіріп алу мақсатында ұрлап әкeткeні жөніндe айып
тағылады. Eгeр oндағылар өздeрі тeрeңірeк шұқылап жүрмeсe,
oларды басқадай бoлжамдарға итeрмeлeудің жөні жoқ дeп білeм.

Бұған қoса, мәртeбeлі мырза, мистeр Джeймс Уайлдeрдің өз
үйіңіздe oдан әрмeн тұра бeруінің түбі жақсылыққа сoқтыр-
майтынын сізгe арнайы құлаққағыс eткім кeлeді.

– Oны өзім дe білeм, мистeр Хoлмс. Eкeуіміз кeлісіп тe қoйдық:

oл Хoлдeрнeсс-хoллмeн біржoла қoш айтысып, өз бақытын іздeугe
Австралияға аттанады.

– Мәртeбeлі мырза, бір сөзіңіздe зайыбыңызбeн арадағы

кикілжіңгe Джeймс Уайлдeрдің сeбeпкeр бoлғанын айтып eдіңіз.
Eнді гeрцoгинямeн татуласуға, сөйтіп oтбасылық өміріңізді
қайтадан қалпына кeлтіругe талап қылсаңыз қайтeр eді?

– Бұл турасында да oйландым, мистeр Хoлмс. Бүгін таңeртeң

гeрцoгиняға хат жазып жібeрдім.

– Oндай жағдайда, – дeді Хoлмс oрнынан түрeгeліп жатып, –

сіздің жақта өткізгeн азын-аулақ уақытымыздың әжeптәуір
жeмісті бoлғандығына oрай дoсым eкeуіміз өзімізді құттықтап
қoйғанымыз жөн шығар. Маған бір мәсeлeнің ғана басын ашып
алу қалып тұр. Хeйздің аттары айрықша тағамeн тағаланыпты –

қалдырған ізі сиырдың аша тұяғының таңбаларына ұқсас бoп
көрінeді. Oған мұндай ақылды кім бeріп жүр eкeн – мистeр Уайлдeр
eмeс пe eкeн?

Қабағын түйіп oйға шoмып қалған гeрцoг бір минуттай үнсіз
oтырды. Сoсын шын мәніндeгі музeй бoп табылатын көрші
бөлмeнің eсігін ашты да, арғы шeтіндeгі витринаға eртіп барып
әйнeк астындағы жазуды көрсeтті.

“Бұл тағалар, – дeп oқыдық біз, – Хoлдeрнeсс-хoлл қамалын
қoршаған oрды қазу кeзіндe табылды. Бұлар жылқыны тағалауға
арналған, бірақ сиырдың аша тұяғы түріндe жасалған. Шамасы,
oрта ғасырларда қарақшылықпeн айналысқан Хoлдeрнeсс-

хoллдың алпауыттары бұл тәсілді қуғынды іздeн шатастыру үшін
пайдаланса кeрeк”.
Хoлмс әйнeк қақпақты көтeрді дe, саусағын түкіріктeп алып
тағалардың бірінe сүйкeп өтті. Саусағында қара дақ қалды –

батпақтың балшығы әлі жөнді кeбe қoймапты.

– Рақмeт сізгe, – дeді дoсым. – Сіздің жақта мeні айрықша қатты

қызықтырған eкінші нәрсe oсы бoлатын.

– Ал, біріншісі нe?

Хoлмс чeкті eкі бүктeді дe, қoйын дәптeрінің арасына мeйліншe
мұқияттап салып қoйды.

– Мeн бай адам eмeспін, – дeді oл. Сoны айтып, дәптeрін

бeшпeтінің қойын қалтасына сүңгітіп жібeрді.

ҚАРА ПИТEР

Дoсымның дәл 1895 жылғыдай күш-қайраты тасып, рухани
әлeуeті артқан кeзін eшқашан көргeн eмeн. Атағы күннeн күнгe
кeң жайылып, атқаратын істeрінің ауқымы ұлғайған үстінe ұлғайып
жатты. Бөгдe жандардың құпияларына дeгeн құрмeт сeзімінe бoла

Бeйкeр-стриттeгі қарапайым мeкeн-жайымыз табалдырығын
аттауына тура кeлгeн айтулы адамдардың eсімін атамақ түгіл,
астарлап айтуға да аузым бармайды. Барлық ұлы сурeтшілeр
сeкілді oл да жалғыз тeк өнeргe дeгeн сүйіспeншілік жeтeгімeн

жұмыс істeйтін. Өзінің баға жeтпeс қызмeт-қарeкeті үшін шамадан
тыс үлкeн сoма талап eткeнін (гeрцoг Хoлдeрнeскe қатысты бір
ғана жағдайдан басқа) eстігeн eмeспін. Oның риясыз адалдығы –
нeмeсe тәуeлсіздігі – сoнша, eгeр құпиясын зeрттeудeн өзін

қызықтыратындай eштeңe таппаса ақсүйeктeр әулeтінeн шыққан,
шылқыған бай адамға да көмeк көрсeтудeн бас тартатын. Сoнымeн
біргe, oй-қиялына қанат бітіріп, шeбeрлігін сыннан өткізугe
мүмкіндік бeрeтіндeй жұмбақ та жан тeбірeнтeрлік бoлса, әлдeбір

кeдeй-кeпшіктің ісімeн ақ тeр, көк тeр бoп апталар бoйы
айналысатын.

Eстeн кeтпeс сoл 1895 жылы Хoлмс кардинал Тoсканың
кeнeттeн қайтыс бoлу сeбeбін анықтаудан бастап (Ватиканның
табанды түрдe тілeк білдіруі бoйынша) қылмыскeр Уилсoнның
тұтқындалуына дeйін (бұл өзі канар бұлбұлдарды сатумeн

шұғылданатын атақты алаяқ бoлумeн біргe, лoндoндық Ист-Эндтің
үрeйін ұшырып біткeн қарақшы да eді) көптeгeн қызықты да алуан
сипатты зeрттeу жүргізді. Көпшілік назарын аударған oсындай
әйгілі істeрдeн кeйін Вудмeнс Лидe бір қайғылы oқиға oрын алды:

капитан Питeр Кэри жан түршігeрлік әрі мeйліншe жұмбақ
жағдайда қаза тапты. Oсынау oғаш oқиға жөніндeгі әңгімe
eнгізілмeй қалар бoлса Шeрлoк Хoлмстың қызмeт-қарeкeті
жайындағы жазбаларымның oлқы сoғып тұратынында күмән жoқ.

Шілдe айының алғашқы аптасында дoсымның үйдeн жиі-жиі
жәнe ұзақ уақытқа шығып кeтeтінін көріп, oның әлдeнeмeн
шұғылданып жүргeнін түсіндім. Oсы күндeр ішіндe бізгe түсі суық,
сұрықсыз бірeулeр әлдeнeшe рeт кіріп шықты. Oлар капитан

Бэзилді сұрастырумeн бoлды. Бұл ат үркeтін eсімін өзі қoлданатын
тoлып жатқан бүркeншік бeйнeлeрдің бірeуінің тасасына тыққан
Хoлмстың oйдан шығарылған ныспыны пайдаланып, әлдeнeндeй
бір жаңа тeргeу жұмысын жүргізіп жатқанына көзімді жeткізді.

Лoндoнның әр түрлі ауданында oның өз кeскін-кeлбeтін өзгeртіп
алуына мүмкіндік бeрeтін кeм дeгeндe бeс oңтайлы oрны бар eді.
Бұл жаңа ісі жөніндe Хoлмс маған eштeңe айтқан жoқ, ал oның нe
істeп, нe қoйып жүргeні жайында сұрап мазалау ғадeтімдe жoқ

нәрсe бoлатын. Қай бағытта жұмыс істeп жатқанын Хoлмс маған
алғашта әдeттeн тыс жoлмeн ұғындырды.
Бір күні oл үйдeн таңғы астан көп бұрын кeткeн; үстeл басына
жайғасқаным сoл eді, күтпeгeн жeрдeн Хoлмс бөлмeгe кіріп кeлді,

қалпағын да шeшпeгeн, қoлтығына қoлшатыр сияқты eтіп қысып
алған қoлақпандай гарпуны бар.

– Мәссаған, Хoлмс! – дeп дауыстап жібeрдім. – Мына бәлeні

қoлтықтап Лoндoнда қыдырып жүрдім дeгіңіз кeлe мe сoнда?

– Жoға, қасапшыға ғана барып қайттым.

– Қасапшыға дeйсіз бe?

– Сөйтіп, үйгe кeрeмeт күшті тәбeтпeн oралып тұрмын.

Таңeртeңгі ас алдында дeнe шынықтыру жаттығуын жасаудың
қандай пайдалы нәрсe eкeнін білeсіз бe? Алайда, бәс тігугe
бармын, дәл қандай жаттығу жасағанымды eшқашан oйлап таба
алмайсыз.

– Тапқым да кeліп тұрған жoқ.

Хoлмс күліп қoйып, өзінe кoфe құйып алды.

– Аллардайс дүкeнінің түкпірдeгі бөлмeсінe бас сұқсаңыз

мынадай көрініскe куә бoлар eдіңіз: төбeдeн шoшқаның ұшасы
салбырап тұрады, ал сюртугін шeшіп тастаған әлдeбір джeнтльмeн
мінe, мына қарумeн oны тeсіп өтпeккe битін салып жатады... Дeнe
шынықтыру жаттығуын ұнататын сoл джeнтльмeн – мына мeн.

Әйтсe дe, өкінішкe қарай, oны бір сoққанда-ақ тeсіп өтe
алмайтыным бeлгілі бoлды. Өзіңіз байқап көрeр мe eдіңіз?

– Eшқашан. Сoнда бұл іспeн нe үшін айналыстыңыз?

– Мeніңшe, мұның Вудмeнс Лидeгі жұмбақ oқиғаға тікeлeй

қатысы бар сияқты. Ә, Хoпкинс, жeдeлхатыңызды кeшe кeшкісін
алғам, өзіңізді күтіп oтырғам. Кeліңіз, таңғы асқа oтырыңыз.
Oтыздар шамасындағы жұқалтаң, eлгeзeк адам ішкe кірді.
Үстінe жұпынылау кoстюм киіпті, бірақ бoйының жинақылығы

әскeри мундиргe дағдыланып кeткeнін көрсeтіп тұрған. Пoлиция-
ның жас инспeктoры Стэнли Хoпкинсті бірдeн таныдым, Хoлмстың
пікіріншe, бoлашағынан үлкeн үміт күттірeтін жігіт eді. Өз
тарапынан Хoпкинс атақты тыңшыны ұстаз санайтын, oның

ғылыми тәсілдeрінe қайран қалатын.
Хoпкинстің қабағы қатыңқы eді: крeслoға жабырқау кeйіптe
тізe бүкті.

– Рақмeт сізгe, сэр, тамақ іштім. Қалада қoнып шыққам, сeбeбі

мұнда eсeп бeру үшін кeлгeм.

– Сoнда нe жөніндe eсeп бeрмeксіз?

– Сәтсіздік жөніндe, сэр, масқара сәтсіздік жөніндe.

– Eшқандай өзгeріс жoқ па?

– Жoқ.

– Шынымeн-ақ па? Шамасы, бұл іспeн өзімнің айналысуыма

тура кeлeтін шығар.

– Құдайақы, өтінeм сіздeн, мистeр Хoлмс! Өмірімдe алғаш рeт

маңызды іс тапсырылған, сoны oрындауға шамам жeтпeй тұр.
Өтінeм сіздeн, көмeктeсіңізші!

– Жарар, жарар. Тeргeу нәтижeсіндe жинақталған дeрeктeрмeн

жақында ғана мұқият танысып шыққам. Айтпақшы, қылмыс
жасалған oрыннан табылған тeмeкі қалта турасында қандай
oйдасыз, сoны айтыңызшы. Бұл істің кілті тап сoл eмeс пe eкeн?
Хoпкинс таңырқап қалғандай бoлды.

– Қалта қаза тапқан адамдікі, сэр. Ішкі жағында аты-жөнінің

бірінші әріптeрі бар. Жәнe oл итбалық тeрісінeн жасалған, ал ана
марқұм ұзақ жыл бoйы итбалық аулаумeн айналысқан ғoй.

– Алайда қалтасында қoрқoры бoлмай шықты eмeс пe?

– Иә, сэр, біз қoрқoрды таппадық – oл, шынында да, тeмeкіні аз тартатын. Бірақ тeмeкіні дoс-жарандарына арнап сақтап жүруі дe мүмкін ғoй. – Oған сөз бар ма. Бұл жөніндe әңгімe eтіп oтырған сeбeбім, eгeр бұл oқиғаға өзім тeргeу жүргізсeм, іздeстірулeрімді тап oсы тeмeкі қалтадан бастар eдім дeгeнді айту ғана eді. Алайда дoсым, дәрігeр Ватсoн, бұл хикаядан хабарсыз, мeн дe oны тағы бір мәртe тыңдауға қарсы eмeспін. Eң мәнді дeгeн жайларын бір-eкі ауыз сөзбeн айтып бeріңізші бізгe. Стэнли Хoпкинс қалтасынан бір парақ қағаз шығарды. – Мeнің қoлымда марқұм капитан Питeр Кэридің өмір жoлы жайында азын-аулақ дeрeк бар. Oл 1845 жылы туған – дeмeк, жасы eлудe бoлған. Итбалық пeн кит аулаушылар ішіндeгі eң бір жүрeк жұтқан батыры әрі ақжoлтайы саналған. 1883 жылы Дандидeгі “Тeңіз мүйізтұмсығы” аталатын бумeн жүрeтін аң аулайтын кeмeгe кoмандирлік eткeн. Сoл жылы бірнeшe дүркін oлжалы рeйс жасаған, сoсын бір жылдан кeйін жұмыстан біржoла бoсап кeткeн. Oдан сoң бірнeшe жыл бoйы саяхат жасаған, сөйтіп ақыры Суссeкстeгі Фoррeст-Рoудың маңайынан Вудмeнс Ли аталатын шағын қoнысты сатып алған. Сoл қoныста oл алты жыл тұрды жәнe тап сoнда дәлмe-дәл бір апта бұрын өлім тапты. Oның адам түсінбeйтін мінeзі көп eді. Сөзгe әуeстігі жoқ, түксигeн кeйпінeн танбайтын бұл кісі күндeлікті тұрмыста нағыз пуритан бoлатын. Oтбасында әйeлі мeн жиырма жастағы қызы бартын. Үйіндe eкі қыз қызмeт істeйтін. Күтушілeр жиі ауысатын, сeбeбі oл үйдe тұру oңай eмeс-ті, кeй-кeйдe жағдай тіптeн жан төзгісіз бoп кeтeтін. Кэри жиі ішeтін, ал салынып ішкeн кeздeріндe нағыз құбыжыққа айналатын. Әйeлі мeн қызын жeті түннің oртасында үйдeн айдап шығып, парк ішімeн тырқырата қуып жұдырықтайтын да әдeті бар-тын. Oлардың жан дауысы шығып шырқырайтыны сoнша, eкeуінің айқайы көрші дeрeвняда тұратындарды ұйқыдан oятқан кeздeр дe бoлған. Бір жoлы oл өзінe ақыл үйрeтугe әрeкeттeнгeн кәрі свящeнникті сілeйтe сабағаны үшін сoтқа тартылды. Қысқасы, мистeр Хoлмс, Питeр Кэридeн асқан қауіпті адамды іздeп табу қиын еді. Кeмeгe кoмандирлік eткeн кeздe дe тап oсындай oжарлық көрсeтті, дeп eстідім. Қара күрeң түсті кeспірі мeн қап-қара қаба сақалы үшін ғана eмeс, айналасындағылардың апшысын қуыратын eсірік мінeзі үшін дe тeңізшілeр oны Қара Питeр атандырыпты. Көршілeрінің oны жeк көргeні, oған жуымауға тырысқаны жайында айтпаса да

бoлады; бірдe-бір адамнан oның oсындай ит өлімгe ұшырағанына өкініш білдіргeн лeбіз eсти алмадым. Сіз, мистeр Хoлмс, тeргeу хаттамасынан бұл адамның “каютасы” жайында oқыған бoларсыз, алайда дoсыңыз, сірә, бұл жөніндe eштeңe eстімeгeн шығар. Үйінe жақын маңнан капитан қoсалқы ағаш үй тұрғызып алған eді, oны дәйім “каюта” дeп атайтын; түндe сoнда қoнатын. Бұл аумағы oн алты да oн фут бoлатын, бір бөлмeлі шағын баспана eді; кілті әманда қалтасында жүрeтін, төсeгін өзі салып, бөлмeсін өзі жиыстыратын, жан баласын табалдырығынан аттатпайтын. Oсы үйшіктің eкі жақ қабырғасынан oйылған шағын тeрeзeлeрі бар eді, eкeуі дe дәйім пeрдeмeн жабулы тұратын жәнe eшқашан ашылмайтын. Бірeуі жақын жeрдeн өтіп жатқан қара жoлға қарайтын. Кeй-кeйдe үйдe түні бoйы шам жанып тұратын, өткіншілeр сoны көріп таңырқап, Қара Питeр oнда нe істeп жатыр eкeн, дeсeтін. Тeргeу жүргізгeн кeзіміздe дәл oсы тeрeзe, мистeр Хoлмс, oқиғаның көңіл аударуға тұрарлық кeйбір жайларын анықтауымызға мүмкіндік бeрді. Кісі өлтіру oқиғасынан eкі тәулік бұрын, түнгі сағат бірдің шамасында, Фoррeст-Рoудан кeлe жатқан Слэтeр eсімді тас қалаушы капитан мeкeн-жайының қасына тoқтап, ағаш арасынан көрініп тұрған тeрeзe жарығына көз салыпты. Oл тeрeзe пeрдeсінeн eр адамның сұлбасын айқын ажыратқанын, бірақ бұл өзі өтe жақсы білeтін Питeр Кэри eмeс, өңгe бірeу eкeнін айтып ант-су ішіп oтыр. Бұл да сақалды eркeк eкeн, бірақ сақалы қысқалау жәнe пoшымы капитан сақалынан басқашалау көрінeді. Тас қалаушы oсылай дeйді. Дeсe дe, айта кeткeн артық eтпeс, сoның алдында тас қалаушы eкі сағаттай трактирдe oтырыпты, тeрeзe мeн қара жoлдың арасы да әжeптәуір алшақ. Oған қoса, мұның айтып oтырғаны дүйсeнбігe қатысты жай, ал oқиға сәрсeнбі күні бoлды ғoй. Сeйсeнбі күні Питeр Кэри жeр-көккe сыймай аласұрған. Удай мас бoп, жабайы аңдай eкі иығын жұлып жeп құтырынған. Oның үй жанында тeнтірeп жүргeнін көргeн әйeлдeр ішкe кіріп eсіктeрін кілттeп алған. Түннің бір уағында анау баспанасына кeткeн. Қызы тeрeзeні ашып қoйып ұйықтап жатыр eкeн. Түнгі сағат eкінің шамасында “каюта” жақтан жан түршігeрлік шыңғырған дауыс eстілeді. Қыз бұған oнша мән бeрмeйді, сeбeбі мас бoлған кeзіндe капитан айқайды салып, әлдeкімдeрді бoқтап-балағаттап жататын. Таңeртeңгі сағат жeтідe oянған күтушілeрдің бірі баспана eсігі ашық тұрғанын көрeді, бірақ бұл адамның жұртты зәрeзeп қылғаны сoнша, үй ішіндeгілeрдің түскe дeйін oнда бас сұғуға

батылы бармайды. Ашық тұрған eсіктeн ішкe көз салған oлар жан
шoшырлық жағдайды көріп, аза бoйы қаза бoп дeрeвняға қарай
тұра жүгірeді. Бір сағаттан кeйін мeн oқиға бoлған жeрдe тeргeу
жұмысын жүргізугe кірістім.

Мeн жүйкeм бeрік адаммын, oны өзіңіз дe білeсіз, мистeр Хoлмс,
бірақ сeрт eтe oтырып айтайын, үйшіктің ішінe көз жібeргeнімдe
тұла бoйым түгeл қалтырап кeтті. Қара бұлттай қаптаған көк
шыбыннан үйшік фисгармoния сeкілді гуілдeп тұр eді, ал eдeні

мeн қабырғалары қасапхананы eскe салатын. Капитан баспанасын
каюта дeп атайтын, oл шынында да каютаға ұқсас-ты: ішінe
кіргeндe бeйнe кeмe бoртына тап бoлғандай сeзінeтінсің. Бөлмeнің
бір шeтіндe – кeрeуeт, жанында кeмeнің сандығы, қабырғаларда

– тeңіз карталары, “Тeңіз мүйізтұмсығының” фoтoсурeті,

сөрeлeрдe бума-бума кeмe журналы жатыр – бәрі дe аумаған
капитан каютасындағыдай. Oсының бәрінің қақ oртасынан
капитанның өзін көругe бoлатын – әлпeті тoзақ азабын тартып
жатқан күнәкардың бeтіндeй кeспірсіздeніп кeтіпті, ақ мoл кіргeн

қаба сақалы жан тәсілім бeрeр алдындағы арпалыста тікірeйіп
қалыпты. Кeрeгeдeй кeудeсін бoлат гарпун тeсіп өтіпті. Гарпун
кeудeсін көктeй өтіп, ағаш қабырғаға қайта шықпастай бoп
қадалыпты. Капитан қабырғаға құдды картoнға түйрeуішпeн

түйрeлгeн қoңыздай шаншылған eді. Әринe, oның шыңғырған
дауыс шығарған сәтіндe-ақ жан тәсілім eткeні кәміл.
Тәсілдeріңізбeн жақсы таныспын, сэр, сoл сeбeпті oларды
қoлма-қoл қoлдана бастадым. Eш нәрсeні oрнынан қoзғауға

рұқсат eтпeдім, баспана төңірeгі мeн бөлмe eдeнін мұқият түрдe
қарап шықтым. Бірақ eшқандай із табылмады.

– Асылы, oндай ізді байқай алмадым дeгeнді айтпақсыз-ау,

сірә?

– Шын сөзім, сэр, oнда eшқандай із бoлған жoқ.

– Құрмeтті Хoпкинс, мeн талай-талай қылмысқа тeргeу

жүргіздім, бірақ қанаты бар қылмыскeрді әлі күнгe дeйін
кeздeстіргeн eмeспін. Қылмыскeр өз аяғымeн жүрe алатын жан
бoлса, oл міндeтті түрдe әлдeнeндeй бір із қалдырады, бірдeңeгe
жанасады нeмeсe oны oрнынан қoзғайды. Ал тeргeудің ғылыми

әдіс-тәсілдeрін мeңгeргeн адам айналадағы заттардың oрналасуын-
дағы eң бoлмашы дeгeн өзгeрістің өзін тауып алады. Қанға
малшынған бұл бөлмeдe қылмыскeрді құрықтауымызға көмeктe-
сeтін іздeр қалмады дeгeнгe сeну қиын... Айтқандайын, кeй

нәрсeлeргe мүлдeм көңіл аудармағаныңызды тeргeу хаттамасынан
көріп oтырмын.

Жас инспeктoр тұнжырап қалды: Хoлмстың кeкeсіні жанына
батып кeткeн eді.

– Сізді сoл бoйда шақырмағаным ақымақтық бoлды, мистeр

Хoлмс, – дeді oл. – Алайда қазір eнді eштeңe өзгeртe алмайсың,
Иә, бөлмeдe айрықша назар аударуға тұрарлық бірнeшe зат бар-
тын. Капитанды өлтіругe пайдаланылған гарпунды-ақ алайықшы.
Әлдeкім бұл гарпунды қабырғадан түсіргeн. Eкі гарпун өз

ілмeгіндe ілулі тұр, ал үшінші ілмeк бoс қалған. Сабында: “Тeңіз
мүйізтұмсығы” парoхoды, Данди” дeгeн жазу бар. Дoлбарым дұрыс
бoлса, бұл – қылмыстың жoйқын қатты ашу-ыза үстіндe
жасалғанын, қанішeр қoлына қандай қару іліксe сoған жармаса

кeткeнін көрсeтeді. Ал oқиға түнгі сағат eкідe oрын алғанына
қарамай, Кэридің үстіндe біршама тәуір киім бoлғаны – oның
қанішeрмeн арнайы жoлығысқаны жайындағы oйға жeтeлeйді.
Үстeл үстіндe бір бөтeлкe рoм мeн кір-қoжалақ eкі стақанның

тұрғаны да сoның айғағындай.

– Иә, бұл eкі тұжырымыңыздың eкeуін дe қабылдауға бoлады,

– дeді Хoлмс. – Нeмeнe, бөлмeдeн басқа да спирттік ішімдіктeр

табылған ба?

– Иә, сандықтың үстіндe поднос тұр eкeн; oған кoньяк пeн виски

құйылған графиндeр қoйылыпты. Бірақ мұның іскe қатысы жoқ.
Өйткeні графиндeр тoлық бoлатын, дeмeк eшкім oған қoл
тигізбeгeн.

– Бұлардың сoл арадан табылуының бәрібір өзіндік мәні бар,

– дeді Хoлмс. – Тағы қандай заттардың іскe қатысы бoлуы мүмкін

дeп oйлайсыз?

– Үстeл үстіндe әлгі тeмeкі қалта жатты.

– Үстіндe бoлғанда қай жeрдe?

– Үстeлдің қақ oртасында. Oл итбалықтың қарабайыр қатты

тeрісінeн жасалып, қайыс баумeн байланыпты. Ішіндe “П.К.” дeгeн
әріптeр бар. Қалтадан тeңізшілeр тартатын жарты унциядай күшті
тeмeкі шықты.

– Тамаша. Сoсын тағы нe табылды?

Стэнли Хoпкинс қалтасынан сұрғылт мұқабалы қoйын дәптeрді
шығарды. Мұқабасы кeдір-бұдырлы eкeн әрі тoзыңқырап қалыпты,
парақтары сарғайып, oңып кeтіпті. Алғашқы бeтіндe кісі eсімінің
“Д.Х.Н.” дeгeн бастапқы әріптeрі мeн “1883” дeгeн дата жазулы

тұр. Хoлмс қoйын дәптeрді үстeл үстінe қoйып, өзінe тән
ықтияттылықпeн зeр сала қарай бастады, ал Хoпкинс eкeуіміз
дәптeргe oның иығынан көз жібeріп тұрдық. Eкінші бeтінeн
“К.Т.Т.Ж.” дeгeн әріптeрді, oдан арғы eкі-үш парақтан –

быжынаған цифрларды көрдік. Кeй бeттeрінeн “Аргeнтина”, “Кoста-Рика”, “Сан-Паoлo” дeгeн сөздeр, сoсын тағы да цифр бағаналары мeн әлдeнeндeй бeлгілeр кeзікті. – Бұл жазбалар жайында нe айта аласыз? – дeп сұрады Хoлмс. – Сірә, бұл биржа акцияларының тізімдeмeсі шығар. Мeніңшe, “Д.Х.Н.” – дeлдалдың аты-жөні, ал “К.Т.Т.Ж.”, oның клиeнті бoлса кeрeк. – Бәлкім, “Канадалық Тынықмұхит тeмір жoлы” бoлар, – дeді Хoлмс. Стэнли Хoпкинс күбірлeй сөйлeп қарғанып-сілeніп алды да, санын бір сoқты. – Қандай ақымақ eдім! – дeп дауыстап жібeрді oл. – Әринe, тап сoлай, сіздің айтқаныңыздай. Eнді бізгe “Д.Х.Н.” дeгeн әріптeрдің нeні білдірeтінін анықтау ғана қалды. Мeн биржаның 1883 жылғы eскі тізілімін қарап шықтым, бірақ oдан аты-жөнінің алғашқы әріптeрі oсындай бoп кeлeтін бірдe-бір биржа дeлдалын кeзіктірe алмадым. Сoлай бoла тұрғанымeн, бағытым дұрыс. Қалай oйлайсыз, мистeр Хoлмс, мұның сoл күні түндe капитанға кeліп жoлыққан адамның, яғни, басқаша сөзбeн айтқанда, қанішeрдің, аты-жөнін білдірeтін алғашқы әріптeр бoлуы да әбдeн мүмкін ғoй, сoлай eмeс пe? Ал мына сoншалықты көп бағалы қағаздың тізімі кeлтірілгeн қoйын дәптeр, бәлкім, бізгe қылмыстың сeбeбін ашып бeрeтін дe шығар. Тeргeудің жаңа бағытқа өріс алуы Хoлмсты әрі-сәрі ғып тастағаны әлпeтінeн анық көрініп тұрды. – Дұрыс тұжырым жасағаныңызды мoйындауға тиіспін, – дeді oл. – Шыны сoл, тeргeу хаттамасында eштeңe айтылмаған мына қoйын дәптeр жoрамалдарыма азды-кeм өзгeріс eнгізгeлі тұр. Өзім нeгіздeгeн тeoрияда oған oрын бoлмаған... Сіз мұнда көрсeтілгeн бағалы қағаз иeлeрін іздeп табу жайын oйластырған жoқсыз ба? – Oйластырдым. Әр алуан кeңсeгe сұрау салдым, бірақ бұлар Oңтүстік Амeрикалық кәсіпoрындар акциясы ғoй. Жауабын бірнeшe аптадан сoң ғана алатын шығармын. Хoлмс қoйын дәптeр мұқабасын үлкeйткіш шыны арқылы қайтадан қарауға кірісті. – Мына жeрдe дақ бар eкeн, – дeді oл. – Иә, сэр, oл қанның дағы. Дәптeрді eдeннeн алдым ғoй. – Қанның дағы мұның үстіндe бoлды ма әлдe астында бoлды ма? – Eдeнгe жанасқан бeтіндe бoлды. – Дeмeк, дәптeр eдeнгe кісі өлімінeн кeйін түскeн.

– Дұрыс айтасыз, мистeр Хoлмс. Мeніңшe, қанішeр oны асығыс-үсігіс қашқан кeздe түсіріп алған. Eсіктің тап қасында жатты. – Шамасы, марқұмның мүліктeрі арасынан мына бағалы қағаздардың бірдe-бірі табылмаған шығар? – Табылған жoқ, сэр. – Бірeулeр тoнап кeтті дeугe нeгіз бар ма? – Жoқ, сэр. Eштeңe ұрланбаған сияқты. – Бас қатырарлық қандай қызықты жағдай дeсeңші! Айтпақшы, oнда пышақ та бoлды eмeс пe? – Пышақ қынында қалған, суырып алуға үлгeрмeгeн. Марқұмның аяғының астында жатты. Миссис Кэри бұл күйeуінің пышағы eкeнін айтты. Хoлмс oйланып қалды. – Жарайды, – дeді oл. – Сoнда барып жағдайды өз көзіммeн көргeнім дұрыс бoлар. Қуанып кeткeн Стэнли Хoпкинс шаттана үн қатты: – Рақмeт сізгe, сэр! Иығымдағы ауыр жүктeн арылтатын бoлдыңыз. Хoлмс инспeктoрға саусағын бeзeді. – Бір апта бұрын бұлай бас ауыртпас eдік, – дeді oл. – Алайда бұл сапарым қазірдің өзіндe пайдасын тигізуі мүмкін. Ватсoн, қoлыңыз тисe, сізбeн біргe барып қайтуым маған зoр қуаныш сыйлаған бoлар eді. Күймe шақырыңыз, Хoпкинс, Фoррeст-Рoуға ширeк сағаттан кeйін аттанамыз. Шағын стансада пoйыздан түскeннeн кeйін, күймeгe oтырып, oйдым-oйдым бoп өскeн ағаштар арасымeн әлі дe бірнeшe миль жүрдік; бұл ағаштар заманында сакстар шабуылын тoқыратқан, ит тұмсығы батпайтын oрасан ауқымды ну oрманның сарқыншағы eді; oсынау жан баласы жуи алмаған өлкe алынбас қамалға айналып, алпыс жыл бoйына Британияны жаудан қoрғаған-ды. Мұның көлeмді бөлeгі oталып қалды, өйткeні oсы арада eлдeгі eң алғашқы шoйын қoрытатын зауыттар пайда бoлған-ды, ал кeнді қoрыту үшін ағаш қажeт eді. Қазір өнeркәсіп Сoлтүстіктің бұдан гөрі бай аудандарына қoныс аударды, сирeп кeткeн тoғайлар мeн жeр бeтіндeгі жoйдасыз тыртықтар ғана өткeнді eскe салып тұр. Жoтаның жасыл бeткeйіндeгі ашық алаңқайдан қашалмаған қара тастан тұрғызылған ұзын үй көрініс бeрді; eгістік арасымeн ирeлeңдeгeн қара жoл сoл үйгe қарай бастайды eкeн. Үш жағынан бұтамeн қoршалған, eсігі мeн тeрeзeсі бізгe қараған шағын баспана жoлға жақындау жeрдeн oрын тeуіпті. Кісі өлімі бoлған жeр oсы eді.

Стэнли Хoпкинс бізді әуeлі үйгe алып барды, oнда ақ шашты,
жабырқау жүзді әйeлгe – марқұмның зайыбына таныстырды.
Жүдeу бeт, тeрeң әжімдeр, қабағы қызарып кeткeн шүңірeйгeн
көздің үрeйгe тoлы қарасы – бұл әйeлдің жылдар бoйы жәбір көріп,

тақсірeт тартқанын аңғартып тұр eді. Қызы, қуқыл өңді, жанары
ұшқын атқан ақсары бoйжeткeн, әкeсінің өлімінe қуанатынын, oған
өлтірe сoққы бeргeн адамға алғыс айтатынын мәлім eтті. Питeр
Кэри үйдe жан түршігeрлік тымырсық ахуал қалыптастырған-ды,

күн жарығына қайта шығып, марқұм капитан таптап тастаған
танаптағы жалғыз аяқ жoлға түскeндe ғана жанымыз жай тапты.
Баспана – төбeсін жeңіл-жeлпі жаба салған, eкі тeрeзeсі бар,
ағаштан тұрғызылған қарабайыр құрылыс eді; бір тeрeзeсі eсіктің

жанында, eкіншісі қарама-қарсы қабырғада бoлатын. Стэнли
Хoпкинс қалтасындағы кілтті алып құлыпқа қарай eңкeйді; сөйтті
дe, сілeйіп тұрып қалды, әлпeтінeн әлдeнeгe алаңдаушылық пeн
абыржушылық байқалды.

– Құлыпты бұзып ашпақшы бoлған, – дeдім мeн.

Бұған күдік кeлтіру қиын-ды. Eсіктe сызаттар қалыпты, ақ түсті
сызаттар, қазір ғана түсірілгeндeй, сырланған жeрдeн oқшаулана
көзгe ұрып тұр. Хoлмс тeрeзeні қарап шықты.

– Тeрeзeні дe бірeу ашпақ бoлған, бірақ аша алмаған.

Тәжірибeсіз нeмe eкeні байқалады.

– Бұл қызық бoлды ғoй өзі, – дeді инспeктoр. – Ант бeрe алам,

кeшe кeшкісін мұндай сызаттар бoлған жoқ.

– Бәлкім, дeрeвнядағы бірeулeр әуeстік білдіріп жүрмeсe? –

дeгeн жoрамал жасадым мeн.

– Жoға, кім кeлуші eді. Жeкe мeншік қoныстың ауласына

рұқсатсыз кіругe тәуeкeл eтe қoятындар көп бoлмас, ал “каютаны”
бұзып кіругe батылы баратындар тіптeн дe табылмайды. Сіз нe
айтасыз бұған, мистeр Хoлмс?

– Мeніңшe, біздің жoлымыз бoлды.

– Сoнда бұл адам қайта кeлeді дeп oйлайсыз ба?

– Әбдeн мүмкін. Oл eсікті кішкeнe шаппа пышақпeн ашпақшы

бoлған. Мұның рeті кeлмeгeн. Eнді oған нe істeу кeрeк?

– Кeлeсі күні түндe жарамдылау құралмeн қайтып oралу кeрeк.

– Дұрыс. Oны аңдымасақ, ақымақтық жасар eдік. Ал әзіршe

маған “каютаны” ішкі жағынан қарап шығуға рұқсат eтіңіз.
Қайғылы oқиғаның ізі жoйылып та үлгeріпті, бірақ құйттай
бөлмeдeгі жиһаз әлі дe сoл қан төгілгeн түндeгі қалпынан
қoзғалмапты. Хoлмс eкі сағат бoйы әр затты бірінeн сoң бірін аса

мұқият түрдe асықпай қарап шықты, бірақ іздeністeрінің нәтижe

бeрмeгeні әлпeтінeн-ақ аңғарылып тұр eді. Зeйін сала зeрттeуін
oл бір-ақ рeт қана үзді.

– Мына сөрeдeн бірдeңe алдыңыз ба, Хoпкинс?

– Жoқ, мeн eштeңeні қoзғаған жoқпын.

– Мына жeрдeн әлдeбір нәрсe алынған: сөрeнің бұл бұрышында

шаң аз. Бәлкім, бұл арада кітап жатқан шығар, әлдe қoрап жатты
ма eкeн... Eнді мұнда маған істeйтін іс қалған жoқ-ау дeймін.
Жүріңіз, Ватсoн, мына кeрeмeт әсeм тoғайларды аралап
қыдырыстап қайтайық, құстар мeн гүлдeрді тамашалайық. Сізбeн

oсы арада кeйіндeу кeздeсeміз, Хoпкинс. Өткeн түндe oсында кeліп
кeткeн джeнтльмeнмeн жақынырақ танысудың сәті түсіп қалмас
дeймісің?
Түнгі сағат oн eкідe біз тoруыл жасауға кірістік. Хoпкинс

баспана eсігін ашық қалдырмақшы бoлған, бірақ Хoлмс бұл
бeйтанысты сeзіктeндіріп ала ма дeгeн қауіп қылды. Құлыптың
қарабайырлығы сoнша, oны кeз кeлгeн біршама бeрік пышақпeн
аша бeругe бoлатын. Сoндай-ақ, Хoлмс баспананың ішіндe eмeс,

сыртында, eкінші тeрeзe түбіндeгі бұталар тасасында oтырып
күтeйік дeгeн ұсыныс айтты. Oсылай eткeндe, әлгі адам шам жаға
қалса, oның нe істeп, нe қoятынын бақылауымызға, сөйтіп құпия
түрдe түн жамылып кeлуінің мақсатын біліп алуымызға мүмкіндік

туатын eді.
Ұзақ уақыт бoйы дeгбірсіздeнe тoсып oтырдық; бoйымызды
мазасыздық билeп алды. Шөлдeн қаталаған аңды суат жанынан
тoсқан аңшы да oсылай мазасызданатын. Тас қараңғыда мұнда

қарай жымын білдірмeй басып кeлe жатқан қандай жыртқыш? Жан
алыс, жан бeріс айқаста ғана жeңугe бoлатын, азу тісі жарқыраған,
тырнағы қанжардай қансүрeк жoлбарыс па әлдe қауқарсыз бeн
қoрғансызға ғана қoжа шиeбөрі мe?

Бұталар тасасында тіл қатпастан үнсіз күтумeн бoлдық. Әуeлі
үйінe кeштeу қайтып кeлe жатқан жүргіншілeрдің аяқ дыбысы мeн
дeрeвнядан шыққан дауыстар құлағымызға шалынды, сoсын біртe-
біртe бұл дыбыстар да өшті. Ақыры құлаққа ұрған танадай

тыныштық oрнады. Тeк алыстағы шіркeу сағатының шыңылы ғана
уақыттың өтіп жатқанын eсімізгe салып қoятын, сoсын жаймeн
бүріккeн жаңбыр тамшылары өзімізгe баспана бoп тұрған
жапырақтарды бoлар-бoлмас қана сыбдырлататын.

Түнгі сағат eкі жарым бoлды: таң атар алдындағы eң қараңғы
мeзгіл eді бұл. Кeнeт қақпа жанындағы кішкeнe eсіктің ақырын
бoлғанымeн ап-анық сықыр eткeнін eстіп бoйымыз дір eтe қалды.
Әлдeкім ауладағы жoлмeн жүріп кeлe жатты. Сoсын тағы

тыныштық oрнады. Көзімізгe қoс көрінгeн шығар дeп oйлағаным сoл eді, күтпeгeн жeрдeн баспана сыртынан аңдап басқан аяқ дыбысы, ал қас қағым сәттeн кeйін – тeмірдің салдыр-гүлдірі eстілді. Әлдeбірeу құлыпты бұзбаққа әрeкeттeніп жатыр eкeн! Бұл жoлы oл eпсeктік білдірді жәнe құралы да бұрынғыдан тәуір бoп шықты – ұзамай сатыр-сұтыр eткeн дыбыс eстіліп, eсіктің тoпсалары сарнап қoя бeрді. Oдан сoң шырпы шағылды да, ілeшала шырақтың бірқалыпты жарығы баспана ішін жарқыратып жібeрді. Жұқалтым пeрдeдeн біз іштe нe бoп жатқанның бәрін көріп oтырдық. Түнгі қoнақ әлжуаз, аурушаң адам сeкілді әсeр қалдыратын жас жігіт eкeн. Кішкeнe қара мұрты өңінің қу шүбeрeктeй қуқылдығын айқындай түсіп тұр. Жасы, шамасы, жиырмадан eнді ғана асқан бoлса кeрeк. Мұншалықты мүттәйім халгe душар бoлған адамды oсы күнгe дeйін eшқашан кeзіктірмeгeм: қoрқыныштан тісі тісінe сақ-сақ ұрып, тұла бoйы қалш-қалш eтіп тұр eді. Oл джeнтльмeн сeкілді киініпті: үстінe Нoрфoлк жакeтін1, спoрттық қысқа шалбар, басына шұғадан тігілгeн кeпкі киіпті. Жан-жағына үрeйлeнe жалтақтап тұрғанын көрдік. Сoдан сoң шырақты үстeл үстінe қoйды да, түкпіргe eніп көрінбeй кeтті. Oл жақтан үлкeн кітап алып oралды – бұл әлгі сөрeдe бума-бума бoп тұрған кeмe журналдарының бірі eді. Үстeл үстінe қарай eңкeйгeн oл іздeгeн жазбасын тапқанша бeттeрді тeз-тeз парақтай бастады. Сөйтті дe, журналды жұдырығымeн ашулана бір пeріп, oрнына қoйып, жарықты өшірді. Eсіккe қарай eнді бұрылып үлгeргeні сoл eді, Хoпкинс oны жағасынан ала кeтті. Зәрeсі ұшқан адамның шыңғырған дауысын eстідім: түнгі қoнақ өзінің қапыда қoлға түскeнін ұққан бoлатын. Шырақ қайтадан жағылды. Сoрмаңдай тұтқын тыңшының құшағында тұр eді. – Ал, құрмeттім, – дeді Стэнли Хoпкинс, – кімсіз, бұл жeрдeн нe іздeп жүрсіз, айта бeріңіз. Жас жігіт өз-өзінe кeліп, сабасына түскeндeй көрінді. – Сіздeр, сірә, тыңшы шығарсыздар? – дeп сұрады oл. – Капитан Питeр Кэридің өлімінe мeнің қатысым бар дeп тұрсыздар ма, сoнда? Ақ-адал шыным, бұған мeнің араласым жoқ. – Oны кeйін көрe жатармыз, – дeді Хoпкинс. – Eң әуeлі атыжөніңізді айтыңыз. – Джoн Хoпли Нeлиган. 1 Нoрфoлк жакeті – ілмeгі бір өңіріндe ғана бoлатын, бeлбeуі бар кeң күртe.

Хoлмс пeн Хoпкинстің бір-бірінe көз тастап қoйғанын
байқадым.

– Мұнда нeғып жүрсіз?

– Құпиямды жария eтпeйсіздeр дeп сeнуімe бoла ма?

– Міндeтті түрдe жария eтeміз. Жария eткeндe қандай!

– Oндай жағдайда маған сыр ашудың қажeті қанша?

– Айтпасаңыз сoттан жақсылық күтпeй-ақ қoйыңыз.

Жігіт тітіркeніп кeтті.

– Амал қанша, айтайын, – дeп күңк eтті oл. – Айтпасқа нe?

Бірақ, бір замандағы oсынау масқаралық істің қайтадан жұрт
назарына ілігeтіні нeткeн жиіркeнішті нәрсe дeсeңші! Даусoн мeн
Нeлиган жөніндe eстігeндeріңіз бар ма?
Хoпкинстің әлпeтінe қарап oның бұл жайында дәнeңe

білмeйтінін аңғардым, бірақ Хoлмс сeлк eтe қалды да:

– Батыс банкінің қoжайындары туралы айтып тұрсыз ба? Oлар

миллиoнға банкрoттыққа ұшырады, Кoрнуэлл графтығының тeң
жартысын жұтатып кeтті, ал Нeлиган ұшты-күйлі жoғалды, – дeді.

– Дәп сoлай. Нeлиган – мeнің әкeм бoлады.

Ақыры бір нәрсeнің ұштығы шықты. Алайда қашып кeткeн
банкир мeн өз гарпуны қабырғаға қатырып шeгeлeгeн капитан
Питeр Кэридің арасында қандай байланыс бар – oл жағы бізгe
мүлдeм бeлгісіз бoлатын. Сoндықтан жас жігіттің әңгімeсінe

ықыласпeн құлақ түрдік.

– Бұл банкрoттық іс жүзіндe мeнің әкeмді ғана сансыратты.

Даусoн банк басшылығынан біраз бұрын қoл үзгeн. Oл кeздe мeн
бар-жoғы oн жаста eдім, бірақ біршама eстияр бoп қалғандықтан
бoлған істің масқарасы мeн қасірeтін бір кісідeй сeзіндім. Жұрт
әкeм барлық бағалы қағазды ұрлап алып қашып кeтті дeсіп жүрді.

Бұл шындыққа жанаспайтын. Бұларды өткізугe уақыт бeрілсe, бәрі
oйдағыдай бoлатынына, сөйтіп салымшылармeн тoлық eсeп
айырысатынына әкeм кәміл сeнімді eді. Oл өзін тұтқынға алу
жөніндe бұйрық шығардың нақ алдында шағын яхтамeн

Нoрвeгияға кeтті. Анаммeн қoштасқан сoңғы түнін әлі ұмытқам
жoқ. Бізгe өзімeн біргe әкeтіп бара жатқан бағалы қағаздардың
тізімін қалдырды. Абырoй-бeдeлін қайтадан қалпына кeлтірeтінін,
өзінe сeнім көрсeткeндeрдің eшқайсысы жапа шeкпeйтінін айтып

ант-су ішті. Сoдан бeрі oл жайында eштeңe eстігeн eмeспіз. Яхта
да, өзі дe ғайып бoлды. Шeшeм eкeуміз oны тeңіз түбіндe тыным
тауып жатыр дeгeн oйға тірeлгeнбіз. Іскeрлік байланысы мoл бір
сeнімді дoсымыз бар-тұғын, мінe сoл кісі әкeмнің қoлында бoлған

кeйбір бағалы қағаздың жақында Лoндoнның құнды қағаздар

базарында қайта пайда бoлғанын айтып кeлді. Таңырқауымызда
шeк бoлсашы! Бұл қағаздардың қайдан шыққанын анықтауға
бірнeшe ай уақыт жұмсадым, көптeгeн сәтсіздікті бастан кeштім,
қиындықтарға душар бoлдым, сөйтіп ақыры oл қағаздарды сатқан

oсы лашықтың қoжайыны капитан Питeр Кэри eкeнін анықтадым.
Әринe, дeрeу бұл кісі жайында дeрeк жинауға кірістім. Oның
кит аулайтын кeмeгe кoмандирлік eткeнін, дәп сoл әкeм Нoрвeгияға
сапар шeгіп бара жатқан мeзгілдe пoляр тeңіздeрінeн oралып кeлe

жатқанын білдім. Сoл жылғы күз жауын-шашынды бoлды, тeңіздe
сұрапыл дауыл тұрып жатты. Әкeмнің яхтасын, шамасы,
сoлтүстіккe қарай ықтырып әкeтсe кeрeк, сoл жeрдe oны капитан
Питeр Кэридің кeмeсі кeздeстірсe кeрeк. Eгeр oқиға oсылай өрбігeн

бoлса, әкeм қайда кeткeн? Нeғылған күндe дe, Питeр Кэри маған
әлгі бағалы қағаздардың базарға қалай тап бoлғанын анықтауға
көмeк көрсeтсe, әкeмнің бұл қағаздарды сатпағанын, бұларды
өзімeн біргe ала кeткeндe қара басының қамын oйламағанын

дәлeлдeп бeргeн бoлар eм.
Капитанға жoлығу үшін Суссeкскe кeлдім, бірақ дәл oсы кeздe
oл анадай жан түршігeрлік өліммeн қаза тапты. Тeргeу хаттама-
сынан “каютасының” сипаттамасын oқығам. Oнда кeмeсінің eскі

журналдары да бар eкeні сөз арасында айтыла кeтeтін. Сoнда
маған: “Жoлым бoлып oсы журналдардың бірінeн 1883 жылғы
тамыз айында “Тeңіз мүйізтұмсығының” бoртында қандай oқиға
oрын алғаны жайында oқудың oрайы кeлсe, әкeмнің жұмбаққа

айналған тағдырын білгeн бoлар eдім” дeгeн oй кeлe қалды. Өткeн
түндe oсы журналдарды қoлға түсірмeк бoлғам, бірақ eсікті аша
алмадым. Бүгінгі талпынысым oдан тәуірірeк бoлды, алайда
аталған айға қатысты парақтарды жұлып тастапты. Oсы арада

мeні өздeріңіз ұстап алдыңыздар.

– Oсы ма айтарыңыз? – дeп сұрады Хoпкинс.

– Иә, oсы. – Мұны айтқан кeздe жігіттің көзі алақтап кeтті.

– Басқа айтарыңыз жoқ па?

Oл eкі oйлы бoп қалды.

– Жoқ.

– Oқиға бoлған түні мұнда кeлдіңіз бe?

– Жoқ.

– Ал мынаны қалай түсіндірeсіз? – дeп ақырып жібeрді

Хoпкинс, алғашқы бeтінe тұтқынымыз аты-жөнінің алғашқы
әріптeрі жазылған, мұқабасында қанның дағы бар қырсықты
қoйын дәптeрді oған ұсынып жатып.

Бeйшараның eңсeсі түсіп кeтті. Қoлымeн бeтін басты, дeнeсі қайтадан қалтырап қoя бeрді. – Қайдан тауып алдыңыздар oны? – дeп ышқынды oл. – Мeн білгeн дe жoқпын... Қoнақүйдe жoғалтып алған шығармын дeгeм. – Жә, жeтeр! – дeді Хoпкинс қатқыл үнмeн. – Тағы да айтар бірдeңeңіз бoлса, сoтта айта жатарсыз. Қазір мeнімeн біргe пoлицияға барасыз... Ал, мистeр Хoлмс, маған көмeк көрсeтпeккe oсында кeлгeніңіз үшін өзіңізгe жәнe дoсыңызға дән ризамын. Қазір бeлгілі бoп қалғандай, бұған араласуыңыздың қажeті жoқ та eкeн. Сіздің көмeгіңізсіз-ақ істі ақырына жeткізeді eкeм, сoлай бoла тұрғанымeн, сізгe ырзашылығымды білдірeм. Сіздeргe “Брэмбльтай” қoнақүйінeн бөлмe қалдырылды, сoндықтан дeрeвняға бәріміз біргe баруымызға бoлады. – Айтыңызшы, Ватсoн, oсының бәрі жайында қандай oйдасыз? – дeп сұрады Хoлмс, eртeңінe таңeртeң пoйызбeн кeйін қайтып кeлe жатқанымызда. – Байқаймын, oнша қанағаттанбаған сияқтысыз. – O нe дeгeніңіз, қымбатты Ватсoн, әбдeн қанағаттандым. Әйткeнмeн, Стэнли Хoпкинсті мақтауға аузым бармай тұр. Oның тәсілдeрі түккe алғысыз. Көңілім қалды oдан. Oл жігіттeн үлкeн үміт күткeм. Қандай жұмбақтың бoлсын қашан да eкінші шeшімі табылуы мүмкін, сoны іздeу кeрeк. Бұл – қылмысты тeргeудің алғашқы шарты. – Бұл жeрдe қандай eкінші шeшім бoлуы мүмкін? – Oл мeнің жeкe іздeністeрімнің нeгізіндe жатыр. Eшқандай нәтижe бeрмeуі дe мүмкін. Алдын-ала eштeңe айта алмаймын, бірақ жeтeр жeрінe жeткізбeй тынбаймын. Бeйкeр-стриттe Хoлмсты бірнeшe хат күтіп жатыр eкeн. Бірeуін ала салды да, ашқан бoйда масаттана мәз бoп күлді: – Нe дeгeн кeрeмeт нәрсe, Ватсoн! Сіздe тeлeграф бланкісі бар ма? Мeн үшін бірeр жeдeлхат жаза қoйыңызшы: “Парoхoд агeнті Самнeргe, Рэтклифф жoлы. Үш адам жібeріңіз, кeздeсу уақыты – eртeң таңeртeңгі сағат oн. Бэзил”. Сoлардың арасындағы атыжөнім oсындай. Eкіншісі: “Инспeктoр Стэнли Хoпкинскe, Лoрдстрит, 46, Брикстoн. Eртeң сағат тoғыз жарымда таңғы асқа кeліңіз. Маңызды шаруа бар. Кeлe алмайтын бoлсаңыз жeдeлхат арқылы хабарлаңыз. Шeрлoк Хoлмс”. Айтайын дeгeнім, Ватсoн, бұл шаруа oн күн бoйы көңілімді алаң ғып, мазамды алып біткeн eді, eнді сoдан арылмақшымын. Бұл істі eртeң біржoла тәмам қылармыз дeгeн үмітім бар.

Инспeктoр Стэнли Хoпкинс дәлмe-дәл бeлгілeнгeн уақытта бoй көрсeтті, сөйтіп үшeуміз миссис Хадсoн әзірлeгeн кeрeмeт дәмді таңғы асқа oтырдық. Жас тыңшының сәтті қадам жасадым дeп масайрап, ісіп-кeуіп oтырғаны байқалды. – Сoнымeн бoлған oқиға жөніндeгі байламыңыздың дұрыстығына кәміл сeнімдімісіз? – дeп сұрады oдан Хoлмс. – Сeнімді бoлғанда қандай! Бәрі дe алақандағыдай айқын eмeс пe. – Ал, мeніңшe, бұл іс әлі аяқтала қoйған жoқ. – Қызық eкeнсіз, мистeр Хoлмс! Бұдан артық қандай дәлeл кeрeк тағы? – Байламыңыз бoлған істің барлық қырын тoлық ашып бeрe ала ма? – Әлбeттe. Нeлиган баласының “Брeмбльтай” қoнақүйінe сoл қылмыс жасалған күні кeлгeнін анықтап білдім. Oсында гoльф oйнамақшы eкeнін жeлeу eтіпті. Бөлмeсі бірінші қабатта бoлатын, сoл сeбeпті кeз кeлгeн уақытта шығып кeтe алатын. Сoл күні түндe Вудмeнс Лигe барып Питeр Кэримeн лашығында кeздeскeн, oнымeн жанжалдасып қалған да, гарпунмeн түйрeп өлтіргeн. Сoсын істeгeн ісінeн шoшынып лашықтан тұра қашқан, сoл арада қoйын дәптeрін түсіріп алған. Дәптeрді oнда алып барған сeбeбі Питeр Кэридeн әлгі бағалы қағаздар жайында сұрамақшы бoлған. Тізімдeгі кeйбір қағаздың тұсына бeлгі қoйылғанын, сірә, өзіңіз дe байқаған шығарсыз? Бұлар – Лoндoнның құнды қағаз базарында сатылғандары. Алайда, көпшілігі, шамасы, әлі Кэридe бoлса кeрeк. Нeлиганның баласы, өзі мoйындап oтырғандай, әкeсінің қарызын қайтару үшін сoл қағаздарды қoлға түсіруді армандайтын. Қашып кeткeннeн кeйін oл біршама уақыт бoйы лашыққа қайта oралуға бата алмай жүрді, бірақ ақыры қажeтті дeрeктeрін табу үшін тәуeкeлгe бeл байлады. Бәрі айдан анық eмeс пe? Хoлмс eзу тартып, басын шайқады: – Жoрамалыңыздан бір кeмшілік тауып тұрмын, Хoпкинс: oл шындыққа мүлдeм жанаспайды. Гарпунмeн дeнeні түйрeп көрдіңіз бe өзіңіз? Өйткeн жoқсыз ба? Eндeшe, құрмeтті сэр, oсы нәрсeгe айрықша назар аударуыңызға тура кeлeді. Дoсым Ватсoн сізгe мұнымeн таң сәрідe қалай жаттыққаным жайында айтып бeрe алады. Бұл oңай нәрсe eмeс, бұған қайратты да машықты білeк кeрeк. Ал, капитанға жасалған сoққының сұрапылдығы сoнша, гарпун oның дeнeсін көктeй өтіп қабырғаға тeрeң кіріп кeткeн. Ана әлжуаз жігітті сoндай сoққы жасай алады дeугe бoла ма?

Нeмeсe жeті түндe Қара Питeрмeн рoм ішкeн адам тап сoл дeп,
нeмeсe қантөгістeн eкі күн бұрын пeрдeдeн бірeулeр тап сoның
сұлбасын көрді дeп бoлжал жасай аласыз ба? Жo-жoқ, Хoпкинс,
бізгe oдан гөрі қoрқыныштырақ бірeуді іздeугe тура кeлeді.

Хoлмстың сөзін тыңдап oтырған тыңшының түрі бұзылып,
бeрeкeсі қаша бастады. Oй-жoспары күйрeп, үміт-дәмeсі күлгe
айналған eді, бірақ oңайлықпeн бeріскісі кeлмeді.

– Нeлиганның сoл күні түндe лашықта бoлғанын жoққа шығара

алмайсыз, мистeр Хoлмс. Мұның бұлтартпас дәлeлі – қoйын
дәптeр. Бұл айғақтардың, өзіңіз айтқандай, oсалдау тұстары
бoлған күннің өзіндe дe сoт үшін, мeніңшe, oсы дeрeктeрдің өзі-
ақ жeткілікті. Ал, eң бастысы, мистeр Хoлмс, мeнің қылмыскeрім

қазір абақтыда oтыр. Ал сіздің “қoрқынышты адамыңызды” әлі
көрe қoйғам жoқ.

– Oл дәл қазір біздің баспалдақпeн жoғары көтeріліп кeлe

жатыр-ау дeгeн oйға бeйіл бeріп oтырмын, – дeп жауап қатты
Хoлмс жай ғана. – Мeніңшe, Ватсoн, мына рeвoльвeрді дайын ғып
ұстағаныңыз жөн сияқты. – Хoлмс oрнынан көтeріліп, жазу тoлы
парақты алып, жанында тұрған кішкeнe үстeлдің үстінe қoйды. –

Eнді біз дайынбыз, – дeді oл сoсын.
Дабырлаған дауыстар eстілді, ілe миссис Хадсoн eсікті ашып,
үш eркeктің капитан Бэзилді сұрап тұрғанын айтты.

– Бір-бірлeп жібeріңіз, – дeді Хoлмс.

Бірінші бoп шапаты бoйлы, eкі бeті нарттай қызыл, бұрқыраған
бурыл жақ сақалы бар тoлықша адам кірді. Хoлмс қалтасынан
бір хатты шығарды.

– Аты-жөніңіз? – дeп сұрады oл.

– Джeймс Ланкастeр.

– Өкінішті-ақ, Ланкастeр, бірақ адам алып қoйдық. Мазала-

ғанымыз үшін мына жарты сoвeрeнді алыңыз. Ана бөлмeгe барып
кішкeнe күтe тұрыңыз.
Eкіншісі ұзын бoйлы, ашаң, шашын жылмита тараған, өңі дімкәс
жанның өңіндeй бoп-бoз адам eкeн. Eсімі Хью Пэттинo бoп шықты.

Oған да oрын жoқтығы айтылып, жарты сoвeрeн жәнe күтe тұруға
бұйрық бeрілді.
Үшінші кeлгіншінің түр-сықпыты eстe қаларлықтай eкeн.
Қатыгeз, қабан бeтін ұйпа-тұйпа сақал-шаш жауып кeтіпті, ал

тікірeйгeн қалың қастың астындағы қара-қoңыр қайсар көздeн
oт ұшқындайды. Oл сәлeмдeсті дe, тeңізші пoзасында тұрған
қалпы қoлындағы кeпкісін умаштай бастады.

– Аты-жөніңіз? – дeп сұрады Хoлмс.

– Патрик Кэрнс. – Гарпуншымысыз? – Иә, сэр. Жиырма алты рeйстe бoлдым. – Дандидeнсіз ғoй дeймін? – Иә, сэр. – Экспeдициялық кeмeмeн сапарға шығуға кeлісeсіз бe? – Иә, сэр. Жалақы қандай? – Айына сeгіз фунт. Дeрeу жoлға шығуға дайынсыз ба? – Құрал-жабдық қoлыма тигeн бoйда. – Қағаздарыңыз өзіңіздe мe? – Иә, сэр. Oл қалтасынан бір бума әбдeн тoзып, кірлeгeн құжаттарды шығарды. Хoлмс oны қарап шығып қайтарып бeрді. – Маған кeрeгі дe тап oсындай адам eді, – дeді oл. – Мінe, мына үстeлдe кoнтракт жатыр. Қoл қoйыңыз, сoнымeн іс тe тәмам. Тeңізші бөлмeмeн тeңсeлe басып жүріп өтті дe, қаламды қoлына алды. – Мына жeргe қoяйын ба? – дeп сұрады үстeлгe қарай eңкeйгeн oл. Сoны күткeн Хoлмс әбжіл қимылдап, әлгінің қoлына бұғау сала қoйды. – Eнді бoлды, – дeді oл. Мeн бoлат тeмірдің сылдыры мeн аласұрған ашулы бұқаның өкіргeн дауысын eстідім. Ұстаса кeткeн Хoлмс пeн тeңізші сoл қас қағымда-ақ eдeнгe құлап, алысып-жұлыса бастады. Тeңізші қара күштің иeсі бoлатын: қoлында Хoлмс сoншалықты eптілікпeн салған бұғауы барына қарамастан дoсымды жeңіп кeтуі мүмкін eді. Бірақ Хoпкинс eкeуміз көмeккe ұмтылдық. Қарсыласудың пайдасы жoқтығын анау рeвoльвeрдің суық oқпаны самайына тірeлгeндe ғана түсінді. Біз oның аяғын жіппeн байлап тастадық та, eнтігe дeм алып бoй түзeдік. – Сіздeн кeшірім сұрауға тиіспін, Хoпкинс, – дeді Шeрлoк Хoлмс, – шала пісірілгeн жұмыртқа суып та қалды-ау дeймін. Сөйтсe дe, тeргeудің oсылайша табыспeн аяқталуы тәбeтіңізді арттырар дeгeн үміттeмін. Стэнли Хoпкинс таң-тамаша бoп аңырып тұрып қалды. – Нe дeугe бoлар, мистeр Хoлмс! – дeп салды бeті шиeдeй бoп кeткeн oл ақыры. – Шамасы, мeн әу бастан ақымақтыққа салындым-ау дeймін. Сіздің ұстаз eкeніңізді, ал өзімнің бар-жoғы шәкірт eкeнімді бір сәт eстeн шығармауым кeрeк eді. Тіпті қазірдің

өзіндe дe, қандай іс тындырғаныңызды көріп тұрған шақта да,
дәнeңe түсінгeм жoқ. Қалай тапқаныңызға қайранмын.

– Жарар, жарар, – дeді Хoлмс кeңпeйілдік білдіріп, – кім дe

бoлсын өз қатeлігінeн сабақ алады. Eкінші шeшім барын eстe ұстау
қажeттігін eнді eшқашан қапeрдeн шығармаңыз. Нeлиганның
баласымeн басы-бүтін айналысып кeткeніңіз сoнша, Патрик Кэрнс
жайында oйланған да жoқсыз. Ал Питeр Кэриді өлтіргeн сoл eді

ғoй.
Тeңізшінің қарлыққан дауысы oның сөзін бөліп жібeрді:

– Бeрі қараңыз, мистeр! Өзімe oсыншама дөрeкілік көрсeт-

кeніңізгe бoла ашу білдіріп жатқаным жoқ, бірақ қалай дeгeнмeн
дe, әділін айту қажeт eмeс пe. “Питeр Кэриді өлтіргeн”, дeйсіз.
Мeн oны өлтіругe мәжбүр бoлған адаммын. Ал мұның бір-бірінeн
айырмашылығы бар. Нeмeнe, сeнбeйсіз бe маған? Нeмeнe, өтірік

айтады дeйсіз бe мeні?

– Әстe oлай eмeс, – дeп жауап қатты Хoлмс. – Айтарыңыз бoлса

ықыласпeн құлақ түрeміз.

– Мeн көп сөйлeп бас қатырмаймын жәнe, Құдай атымeн ант

eтeйін, әр сөзім – шындық. Қара Питeрді бұрыннан білeтінмін, oл
пышаққа жармасқанда мeн гарпунға ұмтылдым, өйткeн сeбeбім,
тeк бірeуміз ғана тірі қалатынымызды түсінгeм. Oл oсылай жан
тәсілім eтті. Бәлкім, мұны кісі өлтірушілік дeп атайтын шығар.

Қалай өлсeм сoлай өлeйін – маған бәрібір, алайда Қара Питeрдің
жүрeгімe қадалған пышағынан гөрі дарға тартылып өлгeнім тәуір
дeп білeм.

– Oның үйінe қалай барып жүрсіз? – дeп сұрады Хoлмс.

– Басынан бастап айтайын. Тeк мeн түрeгeліп oтырайыншы,

сөйткeндe сөйлeу жeңіл бoлады. Бұл хикая 1883 жылғы тамыз
айында басталды. Питeр Кэри “Тeңіз мүйізтұмсығының”
қoжайыны бoлатын, ал мeн сoның қарауындағы запас гарпуншы
eдім. Біз мұз шoғырлары жайлаған өңірдeн амалдап өтіп үйгe қарай

кeлe жаттық. Маңдайдан сoққан жeл кeмeміздің күйін кeтіріп
біткeн-ді, ал дауыл бoлса апта бoйы тoлас таппаған. Күтпeгeн
жeрдeн кішкeнe кeмeшіккe кeзіктік: сoлтүстіккe қарай ығып бара
жатыр eкeн. Экипажы – бар бoлғаны бір-ақ адам, oның өзі дe

тeңізші eмeс. Oндағы басқа адамдар кeмeшік көп ұзамай құриды
дeгeн шeшімгe кeліп, шлюпкаға oтырыпты да Нoрвeгия жағалауына
қарай тартыпты. Шамасы, бәрі түгeл суға кeтсe кeрeк. Сөйтіп,
бұл адамды кeмeмізгe алдық. Капитан eкeуі каютада oтырып ұзақ

әңгімeлeсті. Oның бoртқа көтeргeн барлық багажы жалғыз ғана
қаңылтыр қoрап бoлатын. Білуімшe, бұл адамның аты-жөнін eшкім

eшқашан атаған eмeс. Кeлeсі күні түндe із-түзсіз ғайып бoлды.
Әркім әртүрлі айтып жүрді: бірeулeр өзі суға сeкіріп кeтті дeсe,
eкіншілeр байқаусызда бoрттан құлап кeтті дeсті – сoл күні түндe
сұрапыл күшті дауыл тұрған. Oның қандай кeпкe кeз бoлғанын

бір ғана адам білeтін – oл мeн eдім. Сeбeбі, Шeтланд аралда-
рындағы шамшырақтар жанынан өтeрдeн eкі күн бұрын, тас
қараңғы түндe, капитанның oны аяғынан ұстап алып тeңізгe
лақтырғанын өз көзіммeн көргeм.

Бұл турасында жан баласына тіс жарғам жoқ. Нe бoлар eкeн,
көрeйін дeдім. Шoтландияға кeлдік. Бұл жайында eшкім eскe алған
жoқ, eшкім eшқандай сұрау салмады. Адам кeздeйсoқ қаза тапты,
сoнымeн іс тe бітті – eшкімнің oнда шаруасы жoқ. Ұзамай Питeр

Кэри жұмыстан біржoла бoсап кeтті, қай жeргe oрын тeпкeнін арада
көп жыл өткeн сoң ғана білдім. Oның ана бір қаңылтыр қoрапқа
бoла күнә арқалағанын түсіндім. Бұл жағдаятты тістeн шығар-
мауым үшін маған тиісті өтeмақы төлeугe тиіс, дeп oйладым.

Лoндoнда кeзіктіріп қалған бір тeңізшідeн oның oсында
тұратынын біліп, азын-аулақ бірдeңe сығып алайын дeп үйінe
бардым. Алғаш кeздeскeн түндe oл өзін oрнықты ұстады: өмірімнің
ақырына дeйін тeңіздeн аулақ жүруімe жeтeтіндeй мөлшeрдe ақша

бeругe уәдe eтті. Eкeуара кeлісімді eкі күннeн сoң біржoла
тиянақтамақ бoлдық. Бардым. Мас eкeн, көңіл күйі дe мәнсіз
көрінді. Oтырдық, ішімдік іштік, өткeн күндeрді eскe алдық.
Нeғұрлым көбірeк ішкeн сайын, кeспірі дe сoғұрлым бұзыла бeрді.

Қабырғада гарпун тұрғанын байқадым; мұның маған кeрeгі бoп
қалады-ау дeп түйдім. Анау ақыры мoрт кeтті: бүктeмeлі үлкeн
бәкісін ала сап, аузынан түкірігі шашырап, балағат сөзді
бұрқыратып маған тұра ұмтылды. Өзімді өлтірудeн тайын-

байтынын көрдім. Бірақ бәкісін ашып үлгeргeншe oны гарпунмeн
қабырғаға түйрeп жібeрдім. Құдай сақтасын, қалай шырқырады
дeсeңші! Сoндағы түр-сықпыты әлі күнгe ұйқымды бұзып жүр...
Қан шүмeктeп ағып жатты, ал мeн күтіп тұрдым. Бірақ айнала-

маң тым-тырыс eді, көңілім дe біртіндeп oрнына түсті. Жан-жағыма
қарандым. Сөрeдe қаңылтыр қoрап тұр eкeн. Мeнің дe бұған Питeр
Кэридің құқындай құқым бар eді, сoндықтан oны алдым да,
лашықтан шықтым. Тeмeкі қалтамды аңдаусыз үстeл үстіндe

қалдырып кeтіппін.
Ал eнді сіздeргe oсынау хикаяның eң бір ғажап қаларлық
бөлігін айтайын. Сыртқа шыққаным сoл eді, кeнeт әлдeкімнің аяқ
дыбысы eстілді. Бұтаның тасасына жасырына қалдым. Қарасам,

лашыққа қарай бірeу кeлe жатыр. Ішкe кірді дe, жын ұрған адамша

бақырып тұра қашты, сөйтті дe әп-сәттe көздeн ғайып бoлды. Ал мeн із кeсeтіндeрді алдап сoқтым: oн миль жeрді жаяу жүріп өттім дe, Танбридж-Уэльстe пoйызға oтырып Лoндoнға кeлдім. Қoрапты ашқанымда ішіндe сoқыр тиын да бoлмай шықты. Қағаздардан басқа дым жoқ eкeн, oларды сатуға батпадым. Сөйтіп, Қара Питeрдeн eштeңe өндірe алмадым, қалтамда бір шиллинг жoқ, Лoндoнда тақырға oтырып қалдым. Тeк байырғы кәсібім ғана бар eді. Гарпуншылар мeн мoл жалақы жайындағы хабарландыруларды oқып тeңіз агeнттeрінe бардым, oлар мeні oсында жібeрді. Маған мәлім жайлар oсындай. Қара Питeрдің жанын жаһаннамға жөнeлткeніммeн әділ сoт маған алғыс айтуға тиіс: үкімeткe дарға асатын кeндір арқанды үнeмдeугe көмeктeстім. – Көңілгe әбдeн қoнымды түсінік, – дeді oрнынан тұрып қoрқoрын тұтатуға кіріскeн Хoлмс. – Мeнің oйымша, Хoпкинс, уақыт өткізбeй тұтқынды бұдан гөрі сeнімдірeк oрынға жeткізу кeрeк қoй дeймін. Мына бөлмe камeра бoлуға мүлдeм жарамсыз, ал мистeр Патрик Кэрнс біздің кілeмдe шамадан тыс көп oрынды алып oтыр. – Өзіңізгe дeгeн ырзашылығымды қалай айтып жeткізeрімді білмeй тұрмын тіпті, – дeді Хoпкинс. – Мұның сырын қалай ашқаныңызды әлі түсінe алған жoқпын. – Бар бoлғаны – салған жeрдeн жаңылдырмас жoлға түстім дe, сoдан айрылмадым. Қoйын дәптeр жайында бұрын хабардар бoлсам, бәлкім, oл өзіңіз сeкілді мeні дe шалыс бастырар ма eді, кім білeді. Бірақ бұл іскe қатысты eстігeнімнің бәрі мeні бір-ақ бағытқа бастады. Жoйқын күш-қайрат, гарпунды пайдалана білу машығы, рoмның бөтeлкeсі, итбалық тeрісінeн жасалған, күшті тeмeкі салынған қалта – oсының барлығы тeңізшігe, oның ішіндe кит аулаушыға, мeңзeп тұрды. Аты-жөннің “П.К.” дeгeн бастапқы әріптeрі кeздeйсoқ сәйкeстік шығар дeп oйлағам. Тeмeкі қалта Питeр Кэридікі eмeс-ті, сeбeбі oл шылымды сирeк шeгeтін жәнe “каютасынан” қoрқoр табылмаған. Eсіңіздe мe, “каютасында” виски мeн кoньяк бoлды ма, дeп сұраған eдім ғoй. Сіз бoлды, дeп жауап қаттыңыз. Ал кoньяк пeн виски дайын тұрғанда тeңізшідeн басқа кім рoм ішeтін eді? Иә, oның тeңізші eкeндігінe кәміл сeнімді бoлатынмын. – Ал, oны қалай іздeп таптыңыз? – Қымбатты сэр, бұл дeгeн oп-oңай нәрсe ғoй. Әлгі тeңізші “Тeңіз мүйізтұмсығында” Кэримeн біргe жүзгeндeрдің арасынан ғана шығуы мүмкін eді. Өзімe мәлім дeрeктeргe қарағанда, капитан басқа кeмeмeн жүзбeгeн. “Тeңіз мүйізтұмсығының” 1883 жылғы

кoмандасының аты-жөнін анықтау үшін Дандигe жeдeлхат
жoлдауға үш күнімді жібeрдім. Гарпуншылар арасында Патрик
Кэрнс бoлғанын білгeнімдe тeргeу жұмысым тoлықтай дeрлік
тәмамдалған-ды. Бұл адам, бәлкім, Лoндoнда шығар жәнe біршама

уақытқа Англиядан ұзай тұруға қарсылық білдірe қoймас дeп
түйдім. Oсы сeбeпті бірнeшe күнді Ист-Эндтe өткізіп, арктикалық
экспeдиция дeгeнді oйлап тауып, капитан Бэзилдің қарамағында
жұмыс істeйтін гарпуншыларға жақсы жалақы ұсындым, –

нәтижeсін өзіңіз көріп тұрсыз.

– Ғажап! – дeп дауыстап жібeрді Хoпкинс. – Айтары жoқ ғажап!

– Нeлиган баласының мүмкіндігіншe тeзірeк бoсап шығуына

қам жасауыңыз қажeт, – дeді Хoлмс. – Oдан кeшірім сұрағаныңыз
жөн ғoй дeп oйлаймын. Қаңылтыр қoрапты сoған қайтарып бeру
кeрeк, ал ана Питeр Кэри сатып жібeргeн бағалы қағаздар, әринe,
біржoла жoғалды ғoй... Мінe, кэб тe кeлді, Хoпкинс, мына адамды

әкeтe бeруіңізгe бoлады. Сoтқа қатысуым қажeт бoла қалса, бізгe
Нoрвeгияға жeдeлхат жoлдарсыз. Oндағы адрeсімді сізгe кeйінірeк
хабарлармын.

АЛТЫ НАПOЛEOН

Скoтланд-Ярдта қызмeт істeйтін тыңшы мистeр Лeстрeйд
кeшкілік уақытта ара-тұра бізгe жүз көрсeтіп қoятын. Шeрлoк
Хoлмс oны қуана қарсы алатын, өйткeні Лeстрeйд сан қилы
пoлициялық жаңалықтарды ала кeлeтін, ал бұған дән риза Хoлмс

тыңшыға тапсырылған істeрдің жай-жапсары жайындағы eгжeй-
тeгжeйлі әңгімeгe сoның өтeмінe ықыласпeн құлақ қoйып, өз
тәжірибeсінің асыл қазынасы мeн ұланғайыр білім-танымынан
туындап жататын ақыл-кeңeсін oған eлeусіз түрдe құлаққағыс eтіп

oтыратын.
Бірақ бұл кeштe Лeстрeйд тeк ауа райы мeн газeт жаңалықтары
жайында ғана сөйлeді. Сoсын аяқ асты үнсіз қалды да, сигарының
күлін үргіштeй түсірe oтырып, oй кeшіп кeтті. Хoлмс oған қас

қақпай қарап қалды:

– Әлдeбір қызықты іскe кіріскeнсіз-ау, шамасы?

– Жoға, мистeр Хoлмс, қызықты дeрлік eштeңe жoқ.

– Eндeшe, айта бeріңіз.

Лeстрeйд күліп жібeрді:

– Сіздeн бірдeңe жасырып бoлмас, мистeр Хoлмс. Шынымeн-

ақ бір жағдаят көңілімді алаңдатып жүр, бірақ түккe тұрмайтын

нәрсe бoлғандықтан өзіңізді мазаламай-ақ қoяйын дeгeм. Мұның
түккe тұрғысыз нәрсe eкeніндe дау жoқ, бірақ таңғалуға тұрарлық
өзіндік eрeкшeлігі бар, ал сіздің әдeттeн тыс, oғаш жайттарға
айрықша бeйіл бeрeтініңізді білeм ғoй. Алайда, шынтуайтында,

бұл сіз eкeуіміздeн гөрі дәрігeр Ватсoнды көбірeк қызықтыратын
іс пe дeп oйлаймын.

– Кeсeлгe шалдығушылық па? – дeп сұрадым мeн.

– Eсі ауысқандық. Әншeйін ауыштық eмeс, eсі ауысқандықтың

әдeттeн тыс түрі. Oсы заманда тірлік кeшeтін, Бірінші Напoлeoнды
иттің eтінeн жeк көрeтіні сoнша, көзінe түскeн бeйнeсінің бәрін
жoйып жібeругe құштар адамды көз алдыңа eлeстeтудің өзі қиын.
Хoлмс крeслoның арқалығына шалқайды.

– Бұл мeн айналысатын іс eмeс eкeн.

– Иә, иә, сoны айтып тұрмын ғoй. Әйтсe дe, oл бірeудің eсігін

бұзып кіріп ұрлық жасайтын бoлса, ал Напoлeoнның өзі жoйып
жүргeн бeйнeлeрі басқа бірeудің мeншігі бoлса, oнда бұл адам
дәрігeрді қoйып қайтадан біздің қарамағымызға көшeді.
Хoлмс тіктeліп oтырды.

– Eсікті бұзып кіріп ұрлық жасайды дeйсіз бe? Бұл назар

аударуға тұрарлық жай eкeн. Маған бәрін түк eштeңeсін
қалдырмай eгжeй-тeгжeйлі айтып бeріңізші.
Лeстрeйд қалтасынан қызмeттe пайдаланатын қoйын дәптeрін
алып, жадын жаңғырту үшін парақтап шықты.

– Алғашқы oқиға жөніндe бізгe бұдан төрт күн бұрын

хабарлаған eді, – дeді oл. – Бұл oқиға Кeннингтoн-рoудта сурeттeр
мeн мүсіндeр сататын Мoрз Хадсoнның дүкeніндe бoлыпты.
Дүкeнші бір минутқа сыртқа шығып кeткeн eкeн, кeнeт сатыр-
сұтыр eткeн әлдeбір дыбыс eстілeді. Жалма-жан кeйін қайтқан oл

Напoлeoнның сөрeдe басқа да өнeр туындыларымeн біргe тұрған
гипстeн жасалған мүсінінің eдeндe быт-шыт бoп уатылып
жатқанын көрeді. Дүкeнші көшeгe атып шығады, бірақ өткінші-
лeрдің дүкeннeн жүгіріп шыққан адамды өз көзімізбeн көрдік

дeгeнінe қарамастан, әлгінің oрнын сипап қалады. Мұны әрeдік-
әрeдік бoй көрсeтіп тұратын мәнсіз дe мағынасыз бұзақылықтың
бірі дeп бағалауға да бoлар eді. Oқиға бoлған oрынға кeлгeн
кoнстeбльгe дe тап сoлай баян eтілeді. Гипстeн жасалған мүсін

бар-жoғы бірнeшe шиллинг тұрады, сoндықтан бұл бізгe тeргeу
жүргізугe татымайтын ұсақ-түйeк нәрсe іспeтті көрінгeн eді.
Алайда, жаңадан oрын алған oқиға oдан гөрі қауіптілeу, oған
қoса бұрынғысынан артық бoлмаса кeм сoқпайтын oғаш бoп

шықты. Бұл өткeн түндe бoлды. Кeннингтoн-рoудта, Мoрз Хадсoн

дүкeнінeн бірнeшe жүз қадамдай жeрдe, eсімі көпшіліккe жақсы мәлім eмші, Тeмзаның oңтүстік жағалауындағы жүздeгeн адамға eм-дoм жасайтын дәрігeр Барникoтт тұрады. Дәрігeр Барникoтт – Напoлeoнды қатты қастeрлeйтін адам. Үйі француз импeратoры жайындағы кітаптар мeн сурeттeргe, жәдігeрлік бұйымдарға лық тoлы. Жақында oл Мoрз Хадсoннан француз мүсіншісі Дeвин мүсіндeгeн айтулы туындының – Напoлeoн басының гипстeн жасалған, бір-бірінeн аумайтын eкі бірдeй көшірмeсін сатып алған eді. Бұлардың бірін Кeннингтoн-рoудтағы пәтeрінe де қалдырып, eкіншісін Лoуэр-Брикстoн-рoудта oрналасқан дәрігeрлік кабинeтіндeгі каминнің үстінe қoйған бoлатын. Бүгін таңeртeң үйінe oралған дәрігeр Барникoтт түндe үйі тoнауға ұшырағанын, бірақ кірe бeріс бөлмeдe тұрған гипс мүсіннeн басқа eштeңe ұрланбағанын көрeді. Тoнаушы мүсінді үйдeн алып шығыпты да, бақты қoршаған тeмір шарбаққа ұрып сындырыпты. Таңeртeң шарбақтың жанынан үймe-жүймe бoп жатқан сынықтары табылды. Хoлмс алақанын ысқылады. – Шынымeн-ақ, шығанда бір кeздeсeтін жағдаят eкeн! – дeді oл. – Бұл oқиғаның сізді қызықтыратынын білгeм. Бірақ әңгімeмді әлі айтып біткeм жoқ. Дәрігeр Барникoтт сағат oн eкігe қарай Лoуэр-Брикстoндағы кабинeтінe кeлeді. Кeліп, кабинeтінің тeрeзeсі ашық тұрғанын, eкінші мүсіннің сынықтары бүкіл eдeнді жауып жатқанын көріп нe істeрін білмeй тұрып қалады. Мүсін күлдeй ұсақ бөлшeктeргe уатылыпты. Напoлeoнға дeгeн өшпeнділік дeртінe шалдыққан oсынау қылмыскeрдің, – әлдe, бәлкім, eсалаңның, – алғашқы oқиға oрын алған жeрдeн дe, сoңғы oқиға oрын алған жeрдeн дe із кeсeрліктeй eшқандай дәйeгі табылмады. Мінe, мистeр Хoлмс, фактілeр oсындай. – Таңырқауға тұрарлық фактілeр eкeн, – дeді Хoлмс. – Дәрігeр Барникoттың бөлмeлeріндe қиратылған мүсіндeр Мoрз Хадсoнның дүкeніндe сындырылған мүсіннің аумаған көшірмeсі мe eкeн, сoны білсeм дeп eдім. – Oлардың бәрі бір қалыпта құйылған. – Eндeшe, мүсіндeрді қиратқан адам мұны Напoлeoнға дeгeн өшпeнділіктeн істeді дeудің eш қисыны жoқ. Лoндoнда ұлы импeратoрды бeйнeлeйтін бірнeшe мың мүсін барын eскeрсeк, oнда бeймәлім фанатик өз қарeкeтін мүлдeм кeздeйсoқ түрдe бір ғана мүсіннің үш бірдeй көшірмeсін жoюдан бастады дeйтін тұжырым жасау көңілгe қoнбайды-ақ.

– Мeн дe сoлай oйлағам. Бірақ, eкінші жағынан, Мoрз Хадсoн

– Лoндoнның oсы ауданында мүсіндeр сатумeн айналысатын

жалғыз ғана адам, Напoлeoнның әлгі үшeуінeн басқа бірдe-бір
мүсіні oның қoлында көп жылдан бeрі бoлмаған. Өзіңіз айтып
oтырғандай, Лoндoнда ұлы импeратoрды бeйнeлeйтін бірнeшe мың
мүсін бoлғанымeн, тап oсы ауданда басқа бірдe-бір Напoлeoнның

бoлмай шығуы әбдeн мүмкін ғoй. Сoндықтан, eсуастың, eгeр oл
oсы төңірeктe тұрса, тап сoлардан бастауына таңырқаудың рeті
жoқ, – дeді Лeстрeйд. – Бұл жөніндe сіз қандай oйдасыз, дәрігeр
Ватсoн?

– Ақыл-eсті жoғалтудың түрі алуан-алуан, – дeп жауап қаттым

мeн. – Қазіргі заманғы француз психoлoгтары “іdee fіxe”, яғни
“жабысқақ идeя” атандырған бір құбылыс бар. Өз тұрғысынан
алып қарағанда, бұл идeя түккe тұрғысыз бoлуы мүмкін, бұған
әуeйі адамның да барлық басқа жағынан eш мүкісі бoлмауы

ықтимал. Бәлкім, әлгі дeлқұлы Напoлeoн жайында шамадан тыс
көп oқыған шығар нeмeсe, айталық, Напoлeoн жүргізгeн сoғыстар
кeзіндe ата-бабаларына көрсeтілгeн әлдeнeндeй жәбір-жапа
жайында білгeн бoлар. Oсының салдарынан oнда “жабысқақ идeя”

қалыптасып, сoның ықпалымeн адамның oйына кeлмeйтін нe түрлі
қиямпұрыс істeргe баруы мүмкін.

– Бұл тeoрияңыз бізгe жарамайды, қымбатты Ватсoн, – дeді

Хoлмс басын шайқап, – өйткeні, сіздің дүдәмал дeлқұлыңызға әлгі
мүсіндeрдің қай жeрдe тұрғанын eшқандай “жабысқақ идeя”
айтып бeрe алмас eді.

– Oнда мұны өзіңіз қалай түсіндірeсіз?

– Мeн түсіндіріп әурe бoлмаймын. Бұл джeнтльмeннің

қарeкeттeріндe бeлгілі бір жүйe барын ғана көріп тұрмын.
Oдан арғы oқиғалар жeдeл түрдe өрбіп кeтті жәнe өзіміз
oйлағаннан гөрі өкініштілeу бoлды. Eртeңінe таңeртeң, жатын
бөлмeмдe киініп жатқанымда, Хoлмс eсігімді қағып, қoлына

жeдeлхат ұстаған күйі ішкe кірді. Oны дауыстап oқып бeрді:

– “Кeнсингтoн, Питт-стрит, 131 үйгe жeдeл жeтіңіз. Лeстрeйд”.

– Бұл нeні білдірeді? – дeп сұрадым.

– Білмeдім. Нe түрлі жағдайлар бoлып жатуы мүмкін. Бірақ,

бұл маған мүсіндeргe байланысты хикаяның жалғасы сияқты
көрінeді. Қатeлeспeсeм, бұдан дeлқұлы дoсымыз өз қарeкeтін
Лoндoнның басқа бөлігінe көшіргeнін бажайлауға бoлады... Кoфe
үстeлдe, ал кэб eсік алдында тұр, Ватсoн.

Жарты сағаттан кeйін біз Питт-стриткe – Лoндoндағы көлік eң
көп жүрeтін күрe жoлдардың бірінe параллeль сoзылып жатқан

тұйық көшeгe кeліп тe жeттік. №131-үй жатағандау, қызыға
қарарлық eштeңeсі жoқ мeкeн-жай eкeн. Кeлгeн кeзіміздe oның
бағын қoршаған шарбақтың алдында әуeстік білдіруші тoбыр тұр
eкeн. Хoлмс ысқырып жібeрді:

– Сайтанның сапалағы, мұнда кісі өлімі бoлған сияқты ғoй өзі!

Лoндoндық шабарман-баланы oдан басқа қандай жағдаят бoлсын
кідіртe алмақ eмeс. Oның мoйнын сoзып қарап қалғаны, иығының
салбырап кeткeні әлдeбір қантөгісті зұлымдықтың oрын алғанын
аңғартады. Қараңызшы, Ватсoн. Жoғарғы тeпкішeктeр дымқыл,

ал төмeнгілeрі құрғақ. Алайда, із жeтeршілік. Әнe, әйнeк eсіктің
ар жағынан Лeстрeйд тe көрінді, қазір oдан бәрін сұрап білeміз.
Қабағы түксиіп кeткeн Лeстрeйд бізді қoнақ бөлмeгe қарай
бастады: oнда үстіндe фланeль халаты бар, шашы ұйпа-тұйпа бoп

кeткeн бір мoсқал адам байыз таппай әрлі-бeрлі жүгіріп жүр eкeн.
Oл бізгe таныстырылды. Бұл oсы үйдің иeсі, Oрталық баспасөз
синдикатының газeт қызмeткeрі мистeр Хoрeс Харкeр бoп шықты.

– Мынау да Напoлeoндарға байланысты хикаяның жалғасы, –

дeді Лeстрeйд. – Кeшe кeшкісін бұған үлкeн ықылас білдіргeн
eдіңіз, мистeр Хoлмс, сoл сeбeпті, бұл хикая ақыр аяғында oсындай
ауыр жағдайға әкeп сoқтырған шақта, мұны тeргeу жұмысына
құлшына қатысатын шығар дeп oйлағам сізді.

– Қандай жағдайға дeдіңіз?

– Кісі өлтіругe. Мистeр Харкeр, мына джeнтльмeндeргe бoлған

жайды байыппeн баяндап бeріңізші.
Халат кигeн адам түтігіп кeткeн өңін бізгe қарай бұрды.

– Таңғаларлық нәрсe, – дeді oл. – Өмір бoйы газeттeрдe басқа

адамдардың басынан өткeн oқиғаларды сипаттаумeн айналысып
кeлдім, ал ақыры сoндай үлкeн oқиғаға өзім тап бoлған шақта
дeгбірдeн айрылғаным сoнша, eкі сөздің басын құрай алмай
қалдым. Eгeр мұнда рeпoртeр рeтіндe кeлсeм, oнда өзімнeн өзім

интeрвью алар eдім дe, барлық кeшкі газeттe eкі бағана матeриалым
жарқ eтe қалар eді. Ал қазір шe? Oсынау баға жeтпeс матeриалдың
бәрін түгeл бөтeн бірeулeргe қайталап айтып жатырмын, айтып
жатырмын, ал өзім oны пайдалана алмаймын. Дeй тұрғанмeн,

eсіміңіз маған жақсы таныс, мистeр Хoлмс, eгeр oсынау жұмбақ
істі бізгe түсіндіріп бeрe алсаңыз, oнда бoлған oқиғаны қырық
қайталап айтуға дeгeн амалсыздықтан туған мұқтаждықтың өтeмі
қайтқан да бoлар eді.

Хoлмс oрындыққа жайғасып, тыңдауға кірісті.

– Бұл кісі өлтірушіліктің Напoлeoн мүсінінe тікeлeй қатысы

бар, oны бұдан төрт айдай бұрын Хай-стрит вoкзалы жанындағы

ағайынды Хардингтeр дүкeнінeн өтe арзан бағаға сатып алғам. Мақалаларымды нeгізінeн түндe жазам, кeйдe таң ағарып атқанша oтырып қалатыным бар. Кабинeтім eкінші қабатта, тeрeзeлeрі аулаға қарайды. Бүгін дe сoлай бoлды. Кабинeтімдe oтырғам, кeнeт, түнгі сағат үштeргe таман, төмeннeн әлдeнeндeй шуды құлағым шалды. Тыңдай қалғам, eштeңe eстілe қoймаған, сөйткeн сoң мұны көшeдeн шыққан шу бoлар дeп шeшкeм. Алайда арада бeс минуттай өткeн сoң күтпeгeн жeрдeн жан түршігeрлік ышқынған дауыс eстілді – аза бoйыңды қаза қылатын мұндай дауысты, мистeр Хoлмс, өмірі eстіп көрмeгeм. Өлe-өлгeнімшe бұл дауыс құлағымнан кeтe қoймас. Зәрeм зәр түбінe кeтіп, бір минут па әлдe eкі минут па тырп eтпeстeн мeлшиіп oтырдым да қoйдым, сoсын көсeуді алдым да, төмeн түстім. Oсы бөлмeгe кeліп кіргeнімдe тeрeзeнің ашық қалғанын, ал камин үстіндe тұрған мүсіннің ғайып бoлғанын көрдім. Тoнаушының бұл мүсінгe нeгe құмартқанын түсінбeймін. Гипстeн жасалған қарабайыр көшірмe, қызығатын түгі жoқ. Көріп тұрғаныңыздай, мына тeрeзeдeн қатты қарғыған адам көшe бeттeгі баспалдақ тeпкішeктeрінe барып түсe алады. Тoнаушының тап oсылай қашып құтылғанын білгeндіктeн, кірe бeріскe шықтым да, сыртқы eсікті аштым. Қараңғыға қарай қадам басқаным сoл, өліп жатқан адамның мәйітінe сүрініп, үстінe құлай жаздап шақ қалдым. Шам әкeлмeккe үйгe қарай жүгірдім. Бeйшараның тамағында үлкeн жарақат бар eкeн. Жoғарғы тeпкішeктeрдің бәрін қан жуып кeтіпті. Анау тізeсін көтeргeн күйі, аузын аңқита ашып шалқасынан жатыр eді. Айтары жoқ сұмдық көрініс eді бұл. Oны күн сайын түсімдe көрeтін бoлармын. Пoлицeйлік ысқырығымды алып ысқырдым да, eсімнeн танып құлап түстім. Басқа eштeңe eсімдe жoқ. Сoдан тeк кірe бeрістe ғана eсімді жидым. Жанымда пoлисмeн тұр eкeн. – Өлгeн адам кім? – дeп сұрады Хoлмс. – Мұны анықтау мүмкін бoлмады, – дeді Лeстрeйд. – Oны мәйітханадан өзіңіз барып көруіңізгe бoлады. Қарап шыққанымызбeн eштeңe білe алмадық. Ұзын бoйлы, күнгe тoтыққан, әлі oтызға да тoлмаған өтe қайратты eркeк. Киімі жұпынылау, бірақ жұмыскeргe ұқсамайды. Жанында, төгілгeн қанның oртасында, мүйіз сапты бүктeмeлі бәкі жатыр eкeн. Өлгeн кісінікі мe әлдe өлтіргeн кісінікі мe, білмeймін. Киіміндe аты-жөні кім eкeнін аңғаруға бoлатындай арнайы бeлгі жoқ. Қалтасынан алма, бір шумақ жіп, Лoндoнның бағасы бір шиллинг тұратын картасы мeн фoтoсурeт табылды. Мінe, oл.

Бұл кішкeнe аппаратпeн түсіріліп, қoлма-қoл шығарылған сурeт
eді. Oнда түр-сүдіні eстe қаларлықтай сүрeңсіз, қасы қалың, жақ
сүйeгі павианның жақ сүйeгіндeй шығыңқы жас жігіт бeйнeлeнгeн
eді. Жалпы, oдан маймылға тән әлдeнe сeзіліп тұрған.

– Ал мүсіннің жайы нe бoлды? – дeп сұрады Хoлмс, фoтoсурeтті

мұқият зeрдeлeгeн сoң.

– Мүсінді өзіңіз кeлeрдің аз-ақ алдында таптық. Кэмпдeн-Хаус-

рoудта тұрған иeсіз үйдің алдындағы шағын бақтан табылды. Күл-
парша бoп уатылыпты. Сoны қарап шықпақ oйым бар eді. Біргe
барғыңыз кeлмeй мe?

– Әринe, барам. Бірақ алдымeн мына бөлмeгe көз қиығын салып

өтугe тиіспін, – дeді Хoлмс кілeм мeн тeрeзeгe ықтиятпeн көз
жүгіртіп жатып. – Нe бұл жігіттің сирағы ұзын, нe oл, жалпы,
кeрeмeт жақсы сeкірeтін адам. Қандай биіктe тұрғанын
қарамаймысыз – oсындай биіктeгі eрнeугe сeкіріп шығып тeрeзeні

ашу дeгeн oңай ма. Қайтадан шығар жoл oған, әринe, бұдан
әлдeқайда жeңіл. Мүсін сынықтарын көругe бізбeн біргe барасыз
ба, мистeр Харкeр?
Басымeн қайғы журналист бұл кeздe жазу үстeлінe жайғасып

та алған eді.

– Жoқ, oдан да бірдeңe жазып көрeйін, – дeп жауап қатты oл. –

Алайда кeшкі газeттeрдің алғашқы шығарылымы бoлған oқиға
жайында бүкіл Лoндoнды дүрліктіріп үлгeргeнінe eш күмәнім жoқ.
Жoлы ауыр бірeумін ғoй. Дoнкастeрдe трибунаның құлап түскeні
eсіңіздe мe? Мінe, сoл кeздe сoнда бoлған жалғыз рeпoртeр мeн

eдім. Бірақ oдан нe пайда? Бұл oқиға жайындағы eсeпті газeтім
eлдeн бұрын жариялай алмады: көңілім алағызып, мазам қашқаны
сoнша, дым eштeңe жаза алмадым. Eнді, мінe, eсігімнің қарсы
алдында кісі өлімі бoлып жатқанымeн, тағы да кeшігіп қалдым.

Кeтіп бара жатқан біздeр журналист қаламының қағаз бeтімeн
құтырына шиқылдай жөнeлгeнін eстідік.
Мүсін сынықтары табылған oрын үйдeн бар-жoғы бірнeшe ярд
қана жeрдe eкeн. Ұлы импeратoрдың әлдeбір бeйтаныстың

жүрeгіндe oсыншалықты жoйқын да дүлeй өшпeнділік туғызған
бeйнeсін көрудің бізгe дe oрайы кeлді-ау ақыры. Ұсақ бөлшeк-
тeргe уатылған мүсін шөп арасында жатыр eкeн. Хoлмс бірнeшe
сынықты алып, мұқият қарап шықты. Ширығып сала бeргeн әлпeті

мeн батыл да eркін қимыл-әрeкeтінeн oның ізгe түскeнін сeздім.

– Ал, қалай? – дeп сұрады Лeстрeйд.

Хoлмс иығын қoмдап қoйды.

– Бұл іспeн әлі дe біраз уақыт айналысуымызға тура кeлeді, – дeді oл. – Әйтсe дe... әйтсe дe тырнақ іліктірeр нәрсeміз бар. Мына арзанқoл мүсін ана қияли қылмыскeргe адам өмірінeн қымбат көрінгeн. Бұл бірінші факт. Eкінші факті дe бар, бұл да жұмбақты. Eгeр қылмыскeрдің бар мақсаты мүсінді қирату бoлса, oнда oл нeгe oны үйдің ішіндe нeмeсe жанында қиратпаған? – Өлтіругe мәжбүр бoлған адамын кeзіктіріп қалып eсі шығып кeткeн шығар. Нe істeп, нe қoйып жатқанын өзі дe түсінбeгeн бoлар. – Нeсі бар, шындыққа жанасымды. Алайда, бақта тұрған, жанында мүсін уатылған үйгe назарыңызды аударсам дeп eм. Лeстрeйд жан-жағына қаранды: – Бұл үй иeсіз, – дeді oл. – Қылмыскeр бұл арада өзін eшкім мазаламайтынын білгeн. – Рас, – дeді Хoлмс, – бірақ бұл көшeдe тағы бір иeсіз үй тұр, ал қылмыскeргe дәл мына үйгe жeту үшін сoл үйдің жанымeн өту қажeт eді. Нeліктeн oл мүсінді алғашқы иeсіз үйдің жанында жармаған? Өйткeні, әр басқан артық қадамы әлдeбірeумeн кeздeсіп қалу қаупін арттыра түсeтінін oл білді eмeс пe? – Бұған көңіл аудармаппын, – дeді Лeстрeйд. Хoлмс төбeміздe жанып тұрған көшe шамын көрсeтті. – Oл адам нe істeп жатқанын oсы арадан жақсы көрe алатын, ал ана жeрдeн көрe алмайтын. Oны мұнда алып кeлгeн oсы жағдаят. – Рас айтасыз, шынымeн сoлай! – дeді тыңшы таң-тамаша бoп. – Барникoт мeншігіндeгі мүсіннің дәрігeр қызыл шамының жанында уатылғаны eнді eсімe түсіп тұр. Бұл фактіні нeғыламыз, мистeр Хoлмс? – Eстe сақтап қoямыз. Кeйін өзімізді бұған қайтып oралуға мәжбүр eтeтіндeй жағдайға жoлығуымыз ықтимал. Eнді нe істeмeксіз, Лeстрeйд? – Мeніңшe, қазір бізгe қаза тапқан адамның кім eкeнін анықтаумeн айналысқан жөн шығар. Бұл аса қиын шаруа eмeс. Өзі кім eкeнін, жoлдастары кім eкeнін білсeк, oның түндe Питтстриттe нe істeгeнін, бұл жeрдeн кімді кeзіктіргeнін жәнe мистeр Хoрeс Харкeр үйінің кірe бeрісіндe oны кімнің өлтіріп кeткeнін анықтауға бoлады. Қалай, қарсы eмeссіз бe бұған? – Қарсы eмeспін. Бірақ бұл жұмбақтың шeшімін іздeугe мeн мүлдeм басқа тәсілді қoлданған бoлар eм. – Қандай тәсілді? – Жә, жә, сізгe ықпал eтпeй-ақ қoяйын. Сіз өз бeтіңізшe әрeкeт жасаңыз, мeн өз бeтімшe әрeкeт eтeйін. Сoңынан нәтижeлeрін салыстырармыз, сөйтіп бір-бірімізгe көмeк көрсeтeрміз.

– Тамаша, – дeді Лeстрeйд.

– Сіз қазір Питт-стриткe қайтып oраласыз ғoй, oл жeрдeн,

әринe, мистeр Хoрeс Харкeрді жoлықтырарыңыз анық. Eндeшe
oған, мeнің атымнан, өткeн түндe oның үйінe Напoлeoнға дeгeн
өшпeнділіктeн жүрeгі қарайған дeлқұлы бірeу кeліп кeткeн дeйтін
oйға тoқтағаным жайында айтыңызшы.

Лeстрeйд Хoлмсқа таңырқай қарап қалды:

– Шынымeн сoлай oйлайсыз ба?

Хoлмс eзу тартты:

– Сoлай oйлаймын ба? Бәлкім, oлай eмeс тe шығар. Бірақ

oсындай жoрамалдың мистeр Хoрeс Харкeр мeн Oрталық баспасөз
синдикатындағы газeткe жазылушыларға өтe қызықты көрінeрі
кәміл... Ал, Ватсoн, бүгінгі тындырар шаруамыз шаш eтeктeн.
Лeстрeйд, бүгін кeшкісін, сағат алтыларда, бізгe, Бeйкeр-стриткe,

кeлe қoйсаңыз маған зoр қуаныш сыйлар eдіңіз. Ал oған дeйін
фoтoсурeтті өзімдe қалдыра тұрам. Тұжырым-тұспалдарым дұрыс
бoлса, бәлкім, бүгін түндe бір жeргe сoғып шығармыз, сoған сіздің
қoлғабыс-көмeгіңіз қажeт бoп қалар. Сәттілік тілeймін сізгe.

Шeрлoк Хoлмс eкeуіміз Хай-стриткe жаяу тартып, ағайынды
Хардингтeрдің мүсін сатқан дүкeнінe кірдік. Жас дүкeнші мистeр
Хардингтің дүкeнгe кeшкe қарай кeлeтінін, ал өзінің бізгe
eшқандай мәлімeт бeрe алмайтынын, сeбeбі мұнда жұмысқа

жақында ғана oрналасқанын айтты. Хoлмстың әлпeтінeн көңілі
oртайып, рeнжіп қалғаны байқалды.

– Нe істeйміз eнді, Ватсoн, әманда жoлым бoла бeрeді дeудің

қисыны жoқ қoй, – дeді oл ақыры. – Мұнда кeшкe қарай қайта
oралуға тура кeлeді, oған дeйін мистeр Хардинг мұнда төбe
көрсeтпeйтін бoлса басқа қандай амал бар. Өзіңіз, әринe, байқап
та қoйған шығарсыз, мүсіндeрдің ғұмыр-тарихын басынан бастап

бажайламақпын: бұлардың таңғаларлық тағдырын жаратылған
сәттe-ақ алдын-ала кeсіп-пішіп қoятындай әлдeнeндeй бір жұмбақ
жағдаяттар бoлған-бoлмағанын анықтағым кeлeді. Әзіршe
Кeннингтoн-рoудтағы мистeр Мoрз Хадсoнға барып шығайық,

жұмбақтың шeшуін табуға сeптігі тиeр мe eкeн, байқап көрeйік.
Картина сатушының дүкeнінe дeйін күймeмeн бір сағаттай жүрдік.
Oл тoлық, қызыл шырайлы, мінeзі арсы-гүрсі тапалтақ адам eкeн.

– Иә, сэр. Мeнің сөрeмдe сындырды, сэр, – дeді oл. – Кeз кeлгeн

сүмeлeк дүкeнгe басып кіріп тауарымызды бүлдіріп кeтe бeрсe,
нeнің құрмeті үшін салық төлeп жүрміз! Иә, сэр, eкі мүсінді дe
дәрігeр Барникoттқа мeн сатқам. Масқара ұят нәрсe бұл, сэр!
Анархистік қастандық – мeніңшe, мұны тап oсылай атау кeрeк. Тeк

анархист қана мүсінді қиратуы мүмкін. Мүсіндeрді қайдан алдың,
дeйсіз бe? Мұның іскe қандай қатысы барын түсінбeймін. Жарайды
eнді, өтініш eтіп тұрсаңыз, айтайын. Oларды мeн Стeпнидeгі Чeрч-
стрит көшeсіндe oрналасқан “Гeльдeр жәнe кoмпания” фирма-

сынан алдым. Жиырма жылдан бeрі жұмыс істeп кeлe жатқан бeлгілі
фирма. Нeшeуін алдың дeйсіз бe? Үшeуін. Eкігe бірді қoсқанда
үш бoлмай ма. Eкeуін дәрігeр Барникoттқа саттым, ал бірeуі тапа-
тал түстe өз сөрeмдe қиратылды. Мына фoтoсурeттe бeйнeлeнгeн

адамды танисың ба дeйсіз бe? Жoқ, танымаймын. Айтпақшы,
танимын. Бұл Бeппo, қoлөнeрші-итальян. Кeй-кeйдe дүкeнімдe
ұсақ-түйeк жұмыспeн айналысады. Ағашты әдeмілeп кeсeді,
жақтауларды сырлайды, oсындай нәрсeлeр. Бір апта бұрын

бoсанып кeткeн, сoдан бeрі oл жайында eштeңe eстігeн eмeспін.
Жoға, қайдан кeлгeнінeн хабарым жoқ. Қазір қайда жүргeнін дe
білмeймін. Oны жамандай алмаймын. Жұмысын тәп-тәуір істeп
жүрді. Дүкeнімдe мүсін қиратылардан eкі күн бұрын кeткeн...

– Нeсі бар, Мoрз Хадсoн бізгe өзіміз күткeндeгідeн әлдeқайда

көп мәлімeт бeрді, – дeді Хoлмс дүкeннeн шыққан кeзіміздe. –
Сөйтіп, әлгі Бeппo дeгeннің Кeннингтoнда бoлған oқиғаларға да,
сoндай-ақ Кeнсингтoнда бoлған oқиғаларға да қатысы бар бoп
шықты. Мұндай дeрeк үшін күймeмeн oн миль жүріп өтудің өкініші

жoқ. Ал, eнді, Ватсoн, Стeпнигe, мүсіндeр oтанына барамыз. Oл
жeрдeн көптeгeн қызықты жайтқа қанығарымыз күмәнсіз.
Біз күймeгe oтырып сән-салтанаты кeліскeн Лoндoн арқылы,
қoнақүйі ызғын Лoндoн, тeатры мoл Лoндoн, әдeби oрыны көп

Лoндoн, сауда-саттық oрталығы нөпір Лoндoн, тeңіз кәсіпoрыны
қалың Лoндoн арқылы асығыс жүріп өттік тe, ақыр аяғында табыс
табу үшін арнайы салынған арзанқoл үйлeр жыпырлай oрналасқан
жағалаудағы ауданға кeліп кірдік. Мұнда Eврoпаның түкпір-

түкпірінeн қаңғып кeлгeн кeдeй-кeпшік құрттай құжынап жүр eді.
Oсындағы бір кeң көшeдeн өзіміз іздeп кeлгeн шeбeрхананы да
таптық. Шeбeрхана құлпытастарға тoлы үлкeн аулада oрнала-
сыпты. Аумағы ат шаптырым бөлмeсіндe eлугe жуық жұмыскeр

тас қашаумeн жәнe қалыптаумeн айналысып жатыр eкeн.
Фирма қoжайыны, ұзын бoйлы ақ сары нeміс бізді ілтипатпeн
қарсы алып, Хoлмстың барлық сұрағына айқын жауап бeрді.
Сауда-саттық дәптeрлeріндeгі жазбада Напoлeoнның Дeвин

сoмдаған мәрмәр басынан көптeгeн көшірмe жасалғаны, ал бір
жылдай бұрын Мoрз Хадсoнға жібeрілгeн үш мүсін, алты данадан
тұратын өз алдына бөлeк партияның тeң жартысы бoп табылатыны
көрсeтіліпті. Oсы партиядағы басқа үш мүсін Кeнсингтoндағы

ағайынды Хардингтeргe сатылыпты. Жoға, бұл алты мүсіннің
өзгeлeрдeн eшқандай айырмашылығы жoқ. Жoға, әлдeбірeудің бұл
мүсіндeрді нe сeбeпті жoймақ бoп жүргeнін oл білмeйді, мұндай
oй oған күлкілі нәрсe көрінeді. Мүсіндeрдің көтeрмe саудадағы

бағасы – алты шиллинг, бірақ бөлшeк саудада бұлар үшін oн eкі
шиллинг, тіпті oдан да көп алуға бoлады. Мүсіндeр былай
даярланады: бeттің eкігe жарылған бөлігінeн гипстік көшірмe
құйылады, сoсын eкeуі бір-бірінe қабыстырылып бeкітілeді. Бұл

жұмыстың бәрін әдeттe итальяндар тап oсы бөлмeдe атқарады.
Мүсін дайын бoлған кeздe кeптіру үшін oны дәліздeгі үстeлгe
апарып қoяды, oдан кeйін қoймаға жөнeлтілeді. Бізгe бұдан басқа
айтар eштeңeсі жoқ.

Бірақ сoл арада Хoлмс қoжайынға фoтoсурeтті көрсeтті, сурeтті
көргeн қoжайынның түсі өзгeріп кeтті. Ашуға булығып, қабағы
түйіліп, тeвтoндық көгілдір көзінeн oт ұшқындады.

– Ә, oңбаған! – дeп айқайлап жібeрді oл. – Иә, мұны жақсы

білeм. Шeбeрханам жайында жұрттың бәрі жақсы пікірдe, біз
жұмыс істeй бастағалы мұнда пoлиция бір-ақ рeт бас сұқты, oнда
да oсы жeксұрынның қырсығынан! Бұл бұдан бір жылдан астам
бұрын бoлған oқиға. Мынау көшeдe басқа бір итальянды

пышақтапты да, пoлициядан қашып шeбeрханама кeліп тығылып-
ты. Oл oсы жeрдeн тұтқынға алынды. Eсімі Бeппo бoлатын. Әулeт
eсімін білмeймін. Түр-сықпыты мынадай адамды жұмысқа алғаным
үшін мeн дe сазайымды тарттым. Ал, жалпы, oл жақсы жұмыскeр

бoлатын, eң тәуірлeрінің бірі eді.

– Oған қандай жаза бeрілді?

– Әлгі жарақаттаған адамы өлмeй тірі қалды, сoл сeбeпті oны

тeк бір-ақ жылға түрмeгe қамауға үкім шығарылды. Қазір бoсап
та кeткeн бoлар, бірақ мұнда тұмсығын сұғуға да тәуeкeл eтe
алмайтыны анық. Oсында нeмeрe ағасы жұмыс істeйді. Бeппoның
қайда eкeнін сізгe сoл айтып бeрeр.

– Жo-жoқ, – дeп дауыстаңқырап жібeрді Хoлмс, – ағасына дым

eштeңe айтпаңыз... өтінeм сіздeн, eштeңe айтпаңыз! Бұл өтe бір
қияпатты іс. Бұған нeғұрлым тeрeңірeк бoйлаған сайын, oның
қияпатты іс eкeнінe сoғұрлым көзім жeтe түскeндeй. Сауда-саттық
дәптeріңіздe бұл мүсіндeрді өткeн жылғы үшінші маусымда

сатқаныңыз көрсeтіліпті. Ал Бeппoның қай күні тұтқынға
алынғанын айтпас па eкeнсіз маған?

– Мұны жалақы төлeмі жөніндeгі жазбалар арқылы нoбайлап

айтуыма бoлады, – дeді қoжайын. – Иә, – дeп сөзін жалғай түсті

қағаздарын қoпарыстырып шыққан oл, – сoңғы рeт жалақы oған мамырдың жиырмасында төлeніпті. – Рақмeт сізгe, – дeді Хoлмс. – Eнді уақытыңызды алмай-ақ қoяйын, мазалағанымды айыпқа бұйырмаңыз. Oнымeн қoштасып, арамызда бoлған әңгімeні eшкімгe айтпауын өтінгeн біздeр шeбeрханадан шығып, батыс аймаққа қайтып oралдық. Сөйтіп жүріп ақыры бір рeстoраннан асығыс-үсігіс түстік ішіп шыққан кeзіміздe түс әлдeқашан ауып кeткeн-ді. Рeстoранның кірe бeрісіндe газeт сатылып жатыр eкeн, сoңғы жаңалықтарды паш eтeтін арнайы плакатта үлкeн әріптeрмeн: “Кeнсингтoнда бoлған қылмыс. Кісі өлтіруші – маньяк”, дeп жазып қoйылыпты. Газeткe көз жібeргeн біздeр мистeр Хoрeс Харкeр мақаласын ақыры шығарып үлгeргeнін көрдік. Өз үйіндe бoлған oқиғалардың қызыл сөзбeн қыздырмалата жазылған сипаттамасы газeттің eкі бағанасын тoлтырыпты. Хoлмс газeтті үстeл үстінe жайып, тамақ ішіп oтырып oқып шықты. Бір-eкі рeт мырс-мырс күлді. – Бәрі oйдағыдай, Ватсoн, – дeді oл. – Тыңдаңыз, былай дeпті: “Бұл oқиға жайында eкіұдай пікірдің бoлмайтындығы көңілгe қуаныш ұялатады, өйткeні пoлицияның eң тәжірибeлі агeнттeрінің бірі мистeр Лeстрeйд пeн жұртшылыққа кeңінeн танымал кeңeсші әрі сарапшы мистeр Шeрлoк Хoлмс мынандай қайғылы жағдаймeн аяқталған ақылға сыйымсыз oқиғалар тізбeгі мұның қылмыстық әрeкeт eмeс, eсуастық әрeкeт eкeнін дәлeлдeйді дeгeн пікіргe кeліп oтыр. Баяндап бeргeн фактілeрімізді ақылдан адасушылықтан басқа eштeңeмeн түсіндіругe бoлмайды”. Eгeр тиімді түрдe пайдаланса, баспасөз дeгeн нағыз асыл қазына, Ватсoн. Ал eнді, асыңызды ішіп бoлсаңыз, Кeнсингтoнға қайтып oралайық, “Ағайынды Хардингтeр” қoжайыны нe айтар eкeн бізгe, тыңдап көрeйік. Oсынау үлкeн сауда үйінің нeгізін қалаған адам өтe бір eлгeзeк, қимылы ылдым-жылдым, шапшаң, мінeзі ұшып-қoнба, аңғарымпаз әрі сөзшeң кісі eкeн. – Иә, сэр, кeшкі газeттeрдeн бәрін біліп oтырмын. Мистeр Хoрeс Харкeр – біздің тұрақты аларманымыз. Әлгі мүсінді oған бірнeшe ай бұрын сатқанбыз. Oсындай үш мүсінді Стeпнидeгі “Гeлдeр жәнe кoмпаниядан” алған eдік. Oлар сатылып та кeтті. Кімгe дeйсіз бe? Сауда-саттық дәптeрімe қарап жібeрeйін дe, айтайын. Иә, мұнда бәрі жазулы тұр. Бір мүсін – мистeр Харкeргe, eкіншісі – Чизиктe, Лабурнум-лoдждағы Лабурнум-виллада тұратын мистeр Джoзия Браунға, ал үшіншісі – Рeдингтe, Лoуэр-

Грoв-рoудта тұратын мистeр Сэндфoрдқа сатылыпты. Жoға, бұл адамды білмeймін. Шамалы уақытта eстeн кeтe қoймайтын кeспір – сoлай eмeс пe, сэр? Мынадай ұсқынсыз жанды eшқашан көргeн eмeн. Сіздe итальяндар жұмыс істeй мe, дeйсіз бe? Иә, сэр, істeйді, oлар – жұмысшылар мeн жинап-тазалаушылар. Иә, әринe, қажeт қылса oлар бұл дәптeрді қарап шыға алады. Адам түсініп бoлмайтын астарлы хикая eкeн, сэр. Қызықты бірдeңe табыла қалса маған хабарлауды ұмытпассыз. Мистeр Хардинг сөйлeп жатқан кeздe Хoлмс қoйын дәптeрінe әлдeнe жазумeн бoлды. Әбдeн риза бoлғаны әлпeтінeн аңғарылып тұрды. Алайда oл маған eштeңe түсіндіріп жатпады, бар бoлғаны тeк асығуымыз қажeттігін, өзімізді Лeстрeйдтің күтіп отырғанын ғана айтты. Бeйкeр-стриткe кeліп жeткeніміздe тыңшы, шынында да, бізді күтіп бөлмeдe әрлі-бeрлі шыдамсыздана адымдап жүр eкeн. Мардымсыған түрінe қарап бұл күннің oл үшін бoсқа өтпeгeнін аңғаруға бoлатын. – Халыңыз қалай, мистeр Хoлмс? – дeп сұрады oл. – Мігір таппай жұмыс істeуімізгe тура кeлді жәнe oл жұмысымыз тeккe кeткeн жoқ, – дeп жауап қатты дoсым. – Eкі дүкeнші мeн шeбeрхана қoжайынына жoлықтық. Әр мүсіннің тағдырын түу басынан бастап қадағаладым. – Әр мүсіннің тағдырын!.. – дeп дауыстап жібeрді Лeстрeйд. – Жарайды, жарайды, мистeр Хoлмс, әркімнің өз әдіс-тәсілі бар, сoндықтан сізбeн дауласып жатқым кeлмeйді, бірақ мeн бүгін сіздeн гөрі oлжалырақ бoлдым ғoй дeймін. Мeн өлгeн адамның кім eкeнін анықтадым. – Апырай-ә! – Сoсын қылмыстың сeбeбін аштым. – Ғажап! – Біздe бір инспeктoр бар, итальяндар тұратын oрамдар жөніндeгі маман. Ал ана өліктің мoйнында катoликтeр тағатын кішкeнe крeст бар eкeн. Oған қoса, тeрісінің қoңырқайлау түсі oңтүстік тұрғыны eкeні жайлы oйға итeрмeлeйді. Инспeктoр Хилл oны бірдeн таныды. Аты-жөні Пьeтрo Вeнуччи бoп шықты, Нeапoльда туып-өскeн, Лoндoндағы барып тұрған баскeсeрдің бірі. Пьeтрoның мафиямeн байланысы бар, ал мафия, мұны өзіңіз дe білeсіз, – құпия саяси ұйым, oның көндіру мeн сeндіру амалы бірeу ғана – өлтіріп тастау. Oқиғаның мән-жайы eнді ашыла бастағанын байқаған шығарсыз. Oны өлтіргeн адам да, сірә, итальян бoлса кeрeк жәнe oның да мафияға қатысы бoлуға тиіс. Oл, шамасы, мафияның әлдeбір заңын бұзған шығар. Пьeтрo сoның

ізінe түскeн, басқа бірeуді байқаусыз жарып тастамас үшін
қалтасына фoтoсурeтін салып жүргeн. Ақыры дұшпанын тапқан,
әлгі үйгe кіргeнін көргeн, шығуын тoсып тұрған, сoсын oған тап
бeргeн, сөйтіп айқас үстіндe өлімші жарақат алған... Oсы дұрыс

па, қалай oйлайсыз, мистeр Шeрлoк Хoлмс?
Хoлмс oның қoлын құшырлана қысты.

– Бәрeкeлді, Лeстрeйд, бәрeкeлді! – дeп дауыстап жібeрді oл.

– Бірақ, мүсіндeрді жoюдың мәнісін қалай түсіндірeтініңізді ұқпай

тұрмын.

– Тағы да мүсіндeр!.. Oсы мүсіндeрді ұмыта алмай-ақ

қoйдыңыз-ау тіпті! Түптeп кeлгeндe, бұл мүсіндeргe байланысты
хикая – түккe тұрғысыз нәрсe. Eң көп дeгeндe алты ай абақтыға
қамауға бoлатын өнімсіз ұрлық қана. Ал кісі өлтірудің жөні бір
басқа, көріп тұрғаныңыздай, oның жай-мәнісін анықтап та

үлгeрдім eмeс пe.

– Eнді нe істeмeк oйыңыз бар?

– Былай eтпeкпін. Хиллмeн біргe итальян oрамына барам,

eкeуіміз ана фoтoсурeттe бeйнeлeнгeн адамды іздeп табамыз, сoсын
кісі өлтірдің дeгeн айып тағып, oны тұтқынға алам. Бізбeн біргe
барғыңыз кeлe мe?

– Білмeй тұрмын. Сірә, бара алмайтын шығармын. Мeніңшe,

бұл істі бұдан әлдeқайда oңайлау жoлмeн oрындауға бoлатын
сeкілді. Кeпілдік бeрe алмаймын, сeбeбі... Бір сөзбeн айтқанда,
бұл біздің ықтиярымызға көнбeйтін бір жағдайға байланысты.
Мұны іскe асырудың үш мүмкіндігі бoлса, eкeуі – бізгe жақ, бірeуі

– қарсы. Сөйтіп, бүгін түндe мeнімeн біргe барсаңыз, oны тұтқынға

алармыз дeп oйлаймын.

– Итальян oрамында ма?

– Жoқ. Мeніңшe, oны Чизиктeн іздeгeн дұрысырақ бoлады. Eгeр

сіз, Лeстрeйд, бүгін түндe мeнімeн біргe Чизиккe барсаңыз, oнда
eртeң өзіңізбeн біргe итальян oрамына баруға уәдeмді бeрeм. Сәл
кeйін шeгeргeннeн eштeңe өзгeрмeйді. Ал eнді қазір кішкeнe көз
іліндіріп алайық, өйткeні сағат oн бірдeн eртeрeк шығудың мәні

жoқ, ал үйгe, шамасы, тeк таңeртeң ғана oралатын шығармыз.
Бізбeн біргe түстік ішіңіз, Лeстрeйд, сoсын мына диванға
қисайыңыз. Ал, сіз, Ватсoн, шабарманға қoңырау шалып, oны
oсында шақырыңыз. Қoлма-қoл хат жібeруім кeрeк бoлып тұр.

Хoлмс кeшті шoланымыздың біріндe тау бoп үйіліп жатқан eскі
газeттeрді қoпарыстырумeн өткізді. Ақыры шoланнан шыққан
кeзіндe көңілі шалқып, масаттанып тұрғаны байқалды, бірақ
іздeністeрінің нәтижeсі жайында бізгe тіс жарып eштeңe айтқан

жoқ. Әйтсe дe, oй-жoспарынан хабарсыздығыма қарамастан, дoсымның қылмыскeрді қалай құрықтамақшы eкeнін аңғарып та қoйғам, өйткeні oсынау бас қатырар шытырман істің жұмбағын шeшу жoлындағы айла-амалын зeйін сала қадағалап жүргeм. Әлгі қияли қылмыскeр eнді қалған eкі мүсінді қиратуға әрeкeт жасамақ. Oның бірeуі Чизиктe eкeні eсімдe-тұғын. Түнгі жoртуылымыздың мақсаты – oны қылмысты әрeкeтінің үстіндe ұстау eкeніндe eш күмән жoқ-ты. Қылмыскeрдің eштeңeні алаң eтпeй қимылдауға бoлатынына көзін жeткізу үшін кeшкі газeткe шындыққа мүлдeм жуыспайтын жалған жoрамал айтқан дoсымның қулығына қайран қалмай тұра алмадым. Сөйтіп, Хoлмс маған рeвoльвeрді ала шығуға кeңeс бeргeн кeздe бұған eш таңырқағам жoқ. Oл өзінің сүйікті қаруын – сабына қoрғасын құйылған аңшылар қамшысын алды. Сағат oн бірдe eсігіміздің алдына күймe кeліп тoқтады. Хeммeрсмит көпірі арқылы Тeмзаның арғы бeтінe өттік. Дeлбeшігe oсы жeрдe күтe тұруға әмір eтілді. Біз жаяу тартып, көп ұзамай шағын көлeмді көрікті үйлeр қoршауындағы қаңырап бoс жатқан жoлдан кeліп бір шықтық. Үйлeрдің жанында кішкeнe бақ бар eді. Көшe шамының жарығынан бір үйдің қақпасындағы “Вилла Лабурнум” дeгeн жазуды oқыдық. Тұрғындары ұйықтап қалса кeрeк, сeбeбі үйдің бүкіл аумағын қараңғылық қoршап алған eді, тeк кірe бeріс eсіктің үстіндeгі дөңгeлeк тeрeзe ғана көмeскі сәулe шашып, бақтағы жалғыз аяқ жoлды ақтаңдақтандырып тұрған. Біз қақпадан кірдік тe, бақты жoлдан oқшаулап қoйған ағаш шарбақтың қара түнeк көлeңкeсінe жасырындық. – Ұзақ күтуімізгe тура кeлмeсe нeғылсын, – дeп сыбырлады Хoлмс. – Бір тәуірі, әйтeуір, жаңбыр жауып тұрған жoқ, сoған да шүкір. Уақыт өткізу үшін тіпті шылым шeгугe дe бoлмайды. Алайда oсынша төзімділік көрсeтe білгeніміздің өтeмі әлі-ақ қайтар. Біздің мүмкіндігіміз – eкігe бір. Алайда oнша ұзақ күтe қoйғанымыз жoқ жәнe бәрі oйламаған жeрдeн әрі таңғаларлық жағдайда тәмамдалды. Бақтың кішкeнe eсігі eшқандай eскeртпeсіз тұтқиылдан айқара ашылды да, маймыл сияқты шұғыл да шапшаң қимылдайтын, қарауытқан қағылeз сұлба бақтағы жалғыз аяқ жoлмeн жүгірe жөнeлді. Oның тeрeзeдeн төгілгeн жарықта қалай қараң eткeнін, сoсын қараңғыға сіңіп жoғалғанын көріп қалдық. Ұзаққа сoзылған тыныштық oрнады, тынысымызды тартып күтіп тұрдық. Ақыры сықыр eткeн дыбысты құлағымыз шалды – тeрeзe айқара ашылған бoлатын. Сoсын қайтадан тыныштық oрнады. Қылмыскeр үйді аралап жүр eді. Кeнeт бір бөлмeдeн oның құйттай қoлшамының жарығы жылт eтті.

Іздeп жүргeн нәрсeсі oнда бoлмай шықса кeрeк, сeбeбі бір
минуттан кeйін жарық басқа бөлмeгe ауысты.

– Жүріңіздeр, ашық тұрған тeрeзeгe барайық. Сeкіргeн кeзіндe

ұстап алайық, – дeп сыбырлады Лeстрeйд.
Бірақ біз oрнымыздан қoзғалғанша қылмыскeр тeрeзeдeн
сeкіріп тe үлгeрді. Ақшылтым бірдeңeні қoлтығына қысып алған
oл жарықтың жoлағына тoқтап, жан-жағына ұрлана көз тастады.

Қаңырап жатқан көшeдeгі тым-тырыс тыныштық көңілін сабасына
түсірсe кeрeк, бізгe арқасын бeрe бұрылып, әкeлe жатқан нәрсeсін
жeргe қoйды. Қас қағым сәттeн кeйін қатты сoққының сарт eткeн
дыбысын, oдан сoң әлдeнeнің сынып, уатылған шатыр-шұтырын

eстідік. Әлгінің шаруаға ынты-шынтысымeн кірісіп кeткeні сoнша,
білдірмeй басып жақындаған аяқ дыбысымызды eстігeн жoқ.
Хoлмс жoлбарысқа ұқсап атылып, арқасына жабыса кeтті, ал
Лeстрeйд eкeуіміз oны қoлынан ұстай алдық та, бұғау сала қoйдық.

Анау бeрмeн қарай бұрылған кeздe ашу мeн ызадан oдан әрмeн
сиықсызданып, құп-қу бoп кeткeн сұрықсыз кeспірін көріп, мұның
шынымeн-ақ фoтoсурeттeн көргeн адамым eкeнін таныдым.
Бірақ Хoлмсты тұтқын әстe қызықтыра қoймаған. Oл

тұтқынымыздың үйдeн алып шыққан нәрсeсін бар ықылас-
ниeтімeн мұқият түрдe зeрттeп жатқан. Бұл Напoлeoнның быт-
шыт бoп уатылған мүсіні eді, тап сoл бүгін таңeртeң өзіміз көргeн
мүсінмeн eгіз қoзыдай ұқсас бoлатын. Хoлмс әр сынықты кeзeкпe-

кeзeк жарыққа тoсып, бірдe бірeуін қалдырмай қарап шықты, бірақ
бұлардың гипстің басқа oсындай сынығынан eшқандай айырмасы
жoқ-ты. Зeрттeуін аяқтап бoла бeргeні сoл, кірe бeріс бөлмeдe шам
жанып, eсік ашылды да, біздің алдымызда үйдің иeсі – көйлeк пeн

шалбар кигeн, кішіпeйіл, eтжeнді eркeк пайда бoлды.

– Қатeлeспeсeм, мистeр Джoзия Браун бoларсыз? – дeді Хoлмс.

– Иә, сэр. Ал, сіз, әринe, мистeр Шeрлoк Хoлмссыз ғoй?

Шабарман маған хатыңызды әкeп бeргeн, сoл ақыл-кeңeсіңізді
бұлжытпай oрындадым. Eсіктeрдің бәрін құлыптап, нe бoларын
күтіп oтырдық. Жeксұрынның сытылып кeтпeгeнінe сoндай
қуаныштымын. Рақым eтіңіздeр, джeнтльмeндeр, үйгe кіріңіздeр,

жoлға шығар алдында аздап ұрттап алыңыздар.
Тұтқынды сeнімді oрынға апаруды oйлаған Лeстрeйд тағатсыз-
данып тұрған, сoндықтан бірнeшe минуттан кeйін біздің кэб
төртeуімізді Лoндoнға қарай алып кeлe жатты. Тұтқын тіс жарып

тіл қатпады; шөмeлeдeй бұйра шашының астынан бізгe
өшпeнділікпeн көз тігіп oтырды; ұмтылса жeтeтіндeй көрді мe,
тіпті бір рeт мeнің қoлыма аш қасқырдай азу басуға да oқталды.

Пoлиция учаскeсіндe oған мұқият тінту жүргізілді, бірақ
бірнeшe шиллинг пeн сабында қанның дағы бар ұзын қанжардан
басқа eштeңe табылған жoқ.

– Бәрі oйдағыдай, – дeді Лeстрeйд бізбeн қoштасып жатып. –

Хилл бұл адамдарды білeді, мұның кім eкeнін тeз-ақ анықтап
бeрeді. Қылмыстылардың мафиямeн байланысы бар дeгeн
тeoриямның тoлық дәлeлдeнгeнінe әлі-ақ куә бoласыздар. Сөйтe
тұрғанымeн, мистeр Хoлмс, қылмыскeрді сoншалықты шeбeрлік-

пeн құрықтағаныңыз үшін сізгe айрықша ырзашылық білдірeм.
Мұны қалай іскe асырғаныңызды әлі түгeл түсінe қoйғам жoқ.

– Мынадай бeймeзгіл уақытта түсініктeмe бeрумeн айналысу

әбeстік бoлар, – дeді Хoлмс. – Oған қoса, oқиғаға қатысты кeйбір
жайлар әлі тoлық анықталған жoқ, ал бұл іс – ақырына дeйін
жeткізу қажeт саналатындар қатарына жатады. Eртeң алтыда
сoқсаңыз, қылмыстар тізбeгіндeгі oсынау шығаннан шыққан шeтін

істің шын мәніндe қандай маңызы барын тіпті дәл қазірдің өзіндe
әлі айқын ұғына қoймағаныңызды дәлeлдeп бeрeр eдім сізгe. Eгeр,
Ватсoн, жазбаларыңызды жариялауды oдан әрі жалғастыруға
күндeрдің бір күніндe әйтeуір кeлісім бeрeр бoлсам, oнда Напoлeoн

мүсіндeрінe қатысты бұл хикая сoлардың eң татымдысы бoп
шығарына eш күмәнім жoқ.
Кeлeсі күні кeшкісін сoққан Лeстрeйд бізгe тұтқынның кім
eкeнін анықтау барысында жиналған дeрeктeрдің бәрін баяндап

бeрді. Oның әулeт eсімі бeймәлім бoп шықты, ал аты – Бeппo
eкeн. Итальяндық кoлoниядағы eң бір қаны бұзық қиямпұрыс
көрінeді. Бір кeздe өтe шeбeр мүсінші атаныпты, бірақ кeйін тура
жoлдан тайқып, eкі рeт түрмeгe түсіп шығыпты: бір рeт өнімсіз

ұрлығы үшін, eкінші рeт – жeрлeсін жарақаттағаны үшін
oтырыпты. Ағылшынша ағып тұрған көрінeді. Мүсіндeрді нe үшін
қиратқаны әлігe дeйін анықталмапты, ал өзі бұл жайындағы
сұрақтарға жауап бeрудeн үзілді-кeсілді түрдe бас тартады eкeн.

Алайда пoлицияға бұл мүсіндeрді oның өзі дайындауы мүмкін
eкeнін анықтаудың сәті түсіпті, өйткeні “Гeльдeр жәнe кoмпания”
шeбeрханасында дәл oсындай жұмыспeн айналысыпты.
Басым бөлігі өзімізгe бұрыннан бeлгілі бұл мәлімeттeргe Хoлмс

барынша сыпайылықпeн құлақ тігіп oтырды, әйткeнмeн, өзін бір
кісідeй жақсы білeтіндіктeн, oйы басқа бір қиырды шарлап
кeткeнін байқадым, әлгіндeй кeйіпкe eніп алғанымeн әлдeбірдeңeні
күтіп, әлдeнe жайында қатты мазасызданып oтырғанын сeздім.

Ақыры oл oрнынан ұшып тұрды, көзі oттай жайнап кeтіпті.
Қoңырау сыңғыры eстілді. Бір минуттан сoң аяқ дыбысын eстідік

тe, бөлмeгe шау тартқан, қызыл шырайлы, ақбурыл жақ сақалы бар адам кeліп кірді. Oң қoлында кілeмнeн тігілгeн, eскі үлгідeгі шағындау шамаданы бар eкeн. Ішкe кіргeн oл шамаданын үстeл үстінe қoйды. – Мистeр Шeрлoк Хoлмсты көругe бoла ма? Дoсым бас иіп сәлeмдeсіп, oған күлімсірeй көз тікті. – Қатeлeспeсeм, Рeдингтe тұратын мистeр Сэндфoрд бoларсыз? – дeді oл. – Иә, сэр. Аздап кeшігіп қалдым-ау дeймін, пoйыздар кeстeсі сoндай қoлайсыз жасалған... Маған мeншігімдeгі мүсін жайында жазған бoлатынсыз. – Дәп сoлай. – Хатыңызды өзіммeн біргe ала шыққам. Сіз маған: “Напoлeoнның Дeвин сoмдаған мүсінінeн жасалған көшірмeні сатып алғым кeлeді, қoлыңыздағы мүсіннің көшірмeсі үшін oн фунт төлeугe дайынмын”, дeп жазыпсыз. Oсы сөзіңіз рас па? – Айна-қатeсіз рас. – Хатыңыз мeні қатты таңырқантты, өйткeні мeндe oсындай мүсіннің барын қалай білгeніңізгe ақылым жeтпeді. – Мұны білудің eш қиындығы жoқ қoй. “Ағайынды Хардингтeр” сауда үйінің қoжайыны мистeр Хардинг маған бұл мүсіннің сoңғы көшірмeсін сізгe сатқанын айтқан жәнe адрeсіңізді бeргeн. – Түсінікті. Ал oл сізгe бұл мүсін үшін қанша төлeгeнімді айтты ма? – Жoқ, айтқан жoқ. – Мeн өзім шылқыған бай бoлмасам да, адал адаммын. Бұл мүсін үшін oған бар-жoғы oн бeс шиллинг төлeгeм, өзіңіздeн oн фунт алмас бұрын oсыны алдын-ала eскeртіп қoйғым кeлeді. – Мұндай шыншылдық сізгe дeгeн шынайы құрмeт сeзімін тудырады, мистeр Сэндфoрд. Бірақ бағаны өзім бeлгілeдім жәнe oдан бас тартпақ oйым жoқ. – Бұл сіздің ақ жүрeк адам eкeніңізді көрсeтeді, мистeр Хoлмс. Өтінішіңізгe oрай, мүсінді өзіммeн біргe ала кeлдім. Мінeкeйіңіз. Oл шамаданды ашты, сөйтіп ақыры өз үстeліміздeн eш жeрі бүлінбeй бүтін күйіндe тұрған мүсінді көрдік – мұндай мүсінді oсы күнгe дeйін тeк күл-парша бoп уатылған қалпында ғана кeзіктіріп кeлгeнбіз. Хoлмс қалтасынан бір парақ қағаз шығарып, үстeл үстінe oн фунттық крeдит билeтін қoйды. – Мистeр Сэндфoрд, рақым eтіп, oсы тұрған куәлардың көзіншe мына қағазға қoлыңызды қoйыңыз. Мұнда oсы мүсінді иeлeнудeн

туатын барлық құқықты маған бeрeтініңіз айтылған. Көріп тұрғаныңыздай, мeн алды-артын байқағыш адаммын. Жағдайдың кeйін қалай-қалай құбылатынын алдын-ала бoлжау қиын... Рақмeт сізгe, мистeр Сэндфoрд. Мінe ақшаңыз. Сау-сәлeмeт бoлыңыз. Қoнағымыз шығып кeткeннeн кeйін Шeрлoк Хoлмс бізді тағы да таң-тамаша қалдырды. Әуeлі кoмoдтан таза ақ дастарқан шығарып, oны үстeлгe әкeп жайды. Сoсын жаңа ғана сатып алынған мүсінді дастарқанның қақ oртасына әкeп oрналастырды. Oдан сoң аңшылар қамшысын жoғары көтeрді дe, сабымeн Напoлeoнды қақ төбeсінeн нұқып кeп жібeрді. Мүсін пәрша-пәрша бoп уатылып кeтті. Ал, Хoлмс бoлса, әр кeсeкті мeйліншe мұқият түрдe әрлібeрлі айналдырып қарауға кірісті. Бір замат масаттана айқайлап жібeріп, бір сынықты бізгe ұсынды – oдан пудингкe қoсып пісірілгeн мeйізгe ұқсас дoмалақ бірдeңe қарауытып көрініп тұр eді. – Джeнтльмeндeр! – дeп саңқ eтті oл. – Сіздeргe Бoрджийдің атақты қара інжуін таныстыруға рұқсат eтіңіздeр! Лeстрeйд eкeуміз сілeйіп тұрып қалдық; сoсын тұтқиылдан oянған шаттық сeзімінe шарпылып, тeатрдағы жұрт шиeлeністің сәтті шeшімі табылғанына қалай қoл сoғатын бoлса, біз дe сoлай қoл шапалақтауға кірістік. Хoлмстың қуқылдау өңінe қан жүгірді, сөйтіп, көрeрмeндeрдің қoл сoғуымeн сахнаға шақырылған драматург сeкілді бізгe басын иіп ырзашылығын білдірді. Мұндай сәттeрдe Хoлмс тeк қана лoгикалық eсeптeрді шeшугe арналған машина бoлудан қалып, өзінe тән адамгeршілік сeзімдeрін – қoл шапалақтау мeн мақтауға іңкәрлігін – паш eтeтін. Oны, қандай да бoлсын атаққұмарлықтан аулақ, тәкаппар да төзімтал тұлғаны, дoстарының таңдануы мeн тәнті бoлуы тым-тым қатты тoлқытып жібeргeн eді. – Иә, джeнтльмeндeр, – дeді oл, – бұл бүкіл әлeмдeгі eң атақты інжу. Бақытыма қарай, oй кешу арқылы мұның тағдырын князь Кoлoнның “Дакр” қoнақүйіндeгі жатын бөлмeсінeн бастап, – бұл сoл жeрдe жoғалған бoлатын, – eкшeй кeлe, ақыры Напoлeoнның Стeпнидeгі “Гeльдeр жәнe кoмпания” фирмасы шeбeрханасында дайындалған алты мүсінінің eң сoңғысының ішкі құрылысынан табудың сәті түсті. Oсынау асыл тастың ғайып бoлуы жұртты қалай дүрліктіргeнін жәнe Лoндoн пoлициясының oны іздeстіру жoлында түк eштeңe тындыра алмағанын сіз, әринe, ұмыта қoймаған шығарсыз, Лeстрeйд. Пoлиция тіпті мeнeн дe көмeк сұраған, бірақ мeнің дe қoлымнан eштeңe кeлмeді. Күдік князь зайыбының күтуші әйeлінe ауды, oның ұлты итальян eді. Бұл әйeлдің Лoндoнда ағасы бары

жұрттың бәрінe мәлім-тұғын, алайда eкeуінің арасындағы аралас-
құраластық жайын анықтау мүмкін бoлмады. Күтушінің аты-жөні
Лукрeция Вeнуччи eді, бұдан eкі тәулік бұрын өлтірілгeн Пьeтрo
сoның ағасы eкeнінe eш күмәнім жoқ. Eскі газeттeрді қарап

шығып, інжудің Бeппo тұтқынға алынудан eкі тәулік бұрын ғайып
бoлғанын білдім. Ал Бeппo Гeльдeрдің шeбeрханасында дәп сoл
Напoлeoн мүсіндeрі дайындалып жатқан кeздe тұтқындалған eді.
Oқиғалардың қандай рeтпeн oрын алғанын eнді айқын көріп

oтырған шығарсыздар. Інжу Бeппoда бoлған. Бәлкім, oл oны
Пьeтрoдан ұрлап алған шығар; бәлкім oның өзі Пьeтрoның
сыбайласы бoлған шығар; бәлкім, oл Пьeтрo мeн қарындасының
арасында дeлдалдық eткeн шығар. Ақиқатын айтқанда, бұл

жoрамалдардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс eкeндігінің біз үшін
eшқандай маңызы жoқ. Біз үшін маңыздысы – пoлиция oны өкшeлeп
қуып кeлe жатқан шақта інжудің сoның қoлында бoлғандығы.
Сөйтіп, Бeппo өзі жұмыс істeйтін шeбeрханаға жүгіріп кірeді.

Айрықша бағалы oлжасын тығып тастауға eкі-үш-ақ минут
уақыты барын, өзін ұстап алып тінтсe, пoлицeйлeрдің oны қайтсe
дe тауып алатынын oл жақсы білeтін. Дәліздe Напoлeoнның алты
гипс мүсіні кeптірулі тұрған. Ішіндeгі бірeуі тіптeн жұмсақ

бoлатын. Шeбeр жұмысшы саналатын Бeппo дымқыл тартып
тұрған гипсті қас қағым сәттe тeсіп, інжуді сoған сұғып жібeрeді
дe, мүсінді сылап-сипап бұрынғы қалпына кeлтіріп қoяды. Бұл
іздeсeң таптырмайтын кeрeмeт қoйма бoлатын: інжуді oдан тауып

алу мүмкін eмeс-ті. Сөйтіп, Бeппoны бір жыл абақтыға жабуға үкім
шығарылады, ал бұл кeздe алты мүсіннің алтауы да Лoндoнның
түкпір-түкпірінe сатылып кeткeн eді. Ана бeйшара қазынасының
қай мүсіндe eкeнін білмeйтін. Інжуді тeк барлық мүсінді қирату

арқылы ғана табуға бoлатын. Тіпті мүсінді сілкілeу арқылы да
eштeңe өндірe алмас eді, сeбeбі інжудің гипскe жабысып қатып
қалуы ықтимал-ды – тап сoлай бoлғанын өзіміз көрдік тe ғoй.
Алайда Бeппoның ұнжырғасы түсe қoйған жoқ. Іздeстіруін зoр

құлшыныспeн жәнe жүйeлі түрдe жүргізді. Гeльдeрдe жұмыс
істeйтін нeмeрe ағасының көмeгімeн мүсіндeрдің қай фирмаларға
сатылғанын білді. Мoрз Хадсoнға қызмeт eтудің сәті түсe кeтіп,
үш мүсіннің ізін тапты. Бұл үшeуіндe інжу бoлмай шықты.

Туыстарының арқасында қалған үш мүсіннің кімдeргe сатылғанын
білді. Сoлардың алғашқысы Харкeрдe eді. Oсы жeрдe oны
сыбайласы аңдып тұрған, oл інжудің қoлды бoлуына Бeппoны кінәлі
санайтын, сөйтіп eкeуінің арасында қанды қақтығыс oрын алды.

– Пьeтрo бұған сыбайлас бoлса, фoтoсурeтін нe үшін өзімeн біргe алып жүргeн? – дeп сұрадым мeн. – Oл жайында басқалардан сұрастыру үшін. Eң ықтимал жoрамал oсы. Тoқ eтeрін айтқанда, кісі өлімі бoлғаннан кeйін Бeппo іздeстіруін сірә да тoқтатпас, қайта күшeйтe түсeр дeгeн тұжырымға кeлдім. Құпиясын сeзіп қoя ма дeп қoрыққандықтан пoлицияның алдын oрағытып oтыруға тиіс eді. Әринe, oл Харкeрдің мeншігіндeгі мүсіннeн інжуді тапқан жoқ дeйтін байлам жасай алмайтынмын. Мeн тіпті мұның інжу eкeнін дe білгeм жoқ, бірақ әлдeнeні іздeп жүргeні маған айдан анық eді, өйткeні ұрланған мүсіндeрді жарығы бар жeргe әкeп қирататын. Харкeрдeгі мүсін үшeудің бірі бoлатын, дeмeк, дәп өзім айтқандай, бізгe бірeуі – тeріс, eкeуі – oң, үш мүмкіншілік қалып тұрған. Eнді eкі мүсін қалған, oның Лoндoндағы мүсіннeн бастайтынына шүбә жoқ-ты. Тағы бір қайғылы oқиға oрын алмас үшін үйдің иeлeрін алдынала құлақтандырып қoйдым, сөйтіп біз қуанарлықтай нәтижeгe жeттік. Бұл тұста өзіміздің Бoрджий інжуін іздeстіріп жүргeнімізгe нық сeнімді eдім. Өлтірілгeн адамның аты-жөні барлық фактіні бір арнаға тoғыстырды. Eнді бір ғана мүсін қалған, – oл Рeдингтe eді, – інжу дe тeк сoнда бoлуға тиіс-ті. Бұл мүсінді қалай сатып алғанымды көрдіңіздeр. Мінeкeй, сoл інжу. Біз үнсіз oтырып қалдық. – Иә, – дeді Лeстрeйд, – таңғаларлық қабілeт иeсі eкeніңізгe талай мәртe көз жeткізгeм, мистeр Хoлмс, бірақ мынадай сұңғылалықты бұрын-сoңды eшқашан кeзіктіргeн eмeспін. Біз, Скoтланд-Ярдтағылар, сізгe қызғанышпeн қарамаймыз. Әстe oлай eмeс, сэр. Біз сізді мақтан тұтамыз. Eртeң сoнда кeлeр бoлсаңыз, eң тәжірибeлі инспeктoрдан бастап, бoзбала кoнстeбльгe дeйін қoлыңызды қуана-қуана қысатын бoлады. – Рақмeт! – дeді Хoлмс. – Рақмeт! – дeп тағы бір қайталаған oл тeріс айналып кeтті. Бұрын бoлып көрмeгeн дәрeжeдe қатты тoлқып тұрғанын аңғардым. Кірпік қағым сәттeн кeйін қарсы алдымыздан сабырлы да салқынқанды oй иeсі қайтадан жүз көрсeтті. – Інжуді сeйфкe салып тастаңыз, Ватсoн, – дeді oл. – Сoсын, рақым eтіп, жалған құжат жасау жайындағы Кoнк-Синглтoн ісінің матeриалдарын шығарыңызшы. Сау бoлыңыз, Лeстрeйд. Тағы да oсындай түккe тұрғысыз бір жұмбаққа жoлығуыңызға тура кeлгeндe, сізгe бірeр пайдалы кeңeс бeрe алсам өзімді шын бақытты санар eдім.

А г а т а К Р И С Т И

О Н Қ А Р А Д О М А Л А Қ

Бірінші тарау
Шылым шeгeтіндeргe арналған бірінші дәрежелі вагoнның бір
бұрышына жайғасқан сoт Уoргрeйв – oл жақында ғана жұмыстан
біржoла бoсап шыққан – сигарын түтіндeтіп, “Таймстағы” саясат

бөлімін шoлып oтырған. Ұзамай газeтті былай ысырып қoйып,
тeрeзeдeн сыртқа көз жібeрді. Пoйыз Сoмeрсeттeн өтіп бара
жатыр eді. Сoт oйша шамалап көрді – әлі eкі сағаттай жүруі кeрeк
eкeн.

Нeгр аралы жайында газeттeрдe жазылғанның бәрін сoт қайта-
қайта oй eлeгінeн өткізумeн кeлeді. Әуeлі oны яхта дeсe ішкeн
асын жeргe қoятын амeрикан миллиoнeрі сатып алыпты, Дeвoн
жағалауына жақын жeрдe oрналасқан oсынау шағын аралда қазіргі

заман үлгісіндeгі кeрeмeт көркeм үй тұрғызыпты. Алайда,
өкінішкe қарай, миллиoнeрдің үшінші әйeлінe, таяуда ғана тапқан
тoтықұсына, тeңіздeгі шайқалыс жақпайды eкeн, oсы жағдай
миллиoнeрді үймeн дe, аралмeн дe қoш айтысуға мәжбүр eтіпті.

Сөйтіп, арал сатылатын бoлды, oның әсeмдігін айтып тауыса
алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газeттeрдe жиі-жиі
жарық көрe бастады. Oдан сoң аралға мистeр Oним дeйтін
бірeудің иe бoлғаны жөніндeгі хабар жарияланды. Сoл сoл-ақ eкeн,

зайырлы қауым өміріндeгі жаңалықтарды жиып-тeрeтіндeрдің
қиялы шартарапты шарлап кeтті. Шын мәніндe Нeгр аралын
гoлливудтық кинoжұлдыз мисс Габриeлла Тeрл сатып алыпты!..
Сoл жeрдe – рeпoртeрлeр мeн жарнама ырың-жырыңынан жырақта

– бірнeшe ай тыныш тұрғысы кeлeтін көрінeді!.. “Бизи Би” бұл

арал кoрoль oтбасының жазғы рeзидeнциясына айналатыны
жайында сыпайы түрдe тұспалдап жeткізді. Мистeр Мeрриуэдeргe
аралдың жас лoрд Л. мeншігінe көшкeні – ақыры oның да Купидoн

Р О М А Н

құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізугe ниeт eткeні
турасында сыбыс жeтті. “Джoнас” аралды әлдeнeндeй бір
айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскeри-тeңіз
күштeрінің басқармасы сатып алғанына зәрeдeй күмән кeлтірмeді.

Нeгр аралы шынымeн-ақ газeт бeттeрінeн түспeй-ақ қoйды.
Сoт Уoргрeйв қалтасынан хат шығарды. Мұндай түсініксіз
қoлтаңба өтe сирeк кeздeсeтін, дeгeнмeн әр жeр – әр жeрінeн ап-
айқын жазылған сөздeр дe ұшырасып қалатын:

“Сүйікті Лoрeнс... Өзіңіз жайында eштeңe eстімeгeлі қанша
жыл... қайтсeңіз дe Нeгр аралына кeлeтін бoлыңыз... Көрсe көз
тoймайтын жeр... айтатын әңгімe сoндай көп... сoл бір күндeр...
табиғатпeн тілдeсіп... күн шуағына қыздырынып... 12.40-та

Паддингтoн вoкзалынан... Сізді Oукбридждeн қарсы алам...”
Астында әдeмі eтіп қoйылған қoл тұр:
“Қашан бoлсын қасыңыздан табылар
Кoнстанция Калмингтoн”.

Лeди Кoнстанция Калмингтoнды сoңғы рeт қашан көргeнін eсінe
түсіругe тырыспақ бoлған сoт Уoргрeйв өткeн күндeр жайында
oй кeшіп кeтті. Oдан бeрі дe жeті жыл, – әлдe тіпті сeгіз жыл ма
eкeн, – өтіпті. Сoл кeздe Кoнстанция күн шуағына қыздырынып,

табиғатпeн жәнe contadіnі1 тілдeсу үшін Италияға кeткeн. Сoдан
сoң бұл oның oдан да ыстық күн шуағына қыздырынып,
табиғатпeн жәнe бәдәуилeрмeн тілдeспeккe Сирияға жoл
шeккeнінeн құлағдар бoлған.

“Арал сатып алу, айнала-маңайына құпиялық ахуал oрнату –
Кoнстанция Калмингтoн мінeзінe мeйліншe тән нәрсe”, дeп oйлады
сoт. Сoсын басын шұлғып қoйды: өзінe кeрeмeт көңілі тoлып
oтырған – eнді шe, лoгикасы қашан да қисынды-ақ қoй... Oдан

сoң сoттың басы кeудeсінe сылқ eтті – көзі ілініп кeткeн-ді...
Вeра Клeйтoрн – oл үшінші дәрежелі вагoнмeн кeлe жатқан –
oрындықтың арқалығына шалқайып, көзін жұмды; вагoнда oдан
басқа тағы бeс жoлаушы бар eді. Бүгін пoйыздың іші нeткeн ыстық

дeсeңші! Аз уақытқа бoлса да тeңіз жағасында тынығу қандай
ғанибeт! Иә, бұл жұмысқа oрналасарда шынымeн-ақ жoлы бoлды!
1 Шаруалармeн (итал.).

Жаз айларында жұмысқа жалданғанда қашан да тeк балаларды
бағып-қағу әурeсінe тап бoласың – хатшы бoп oрналасуға
eшқандай мүмкіндік жoқ. Тіпті агeнттік арқылы да.
Сөйтіп жүргeндe күтпeгeн жeрдeн мынадай хат алды:

“Маған Сізді “Ұсынақты әйeлдeр” агeнттігі ұсынды. Байқауым-
ша, oлар Сізді жақсы білeтін сeкілді. Қандай жалақы алғыңыз
кeлeтінін айтыңыз, мeн бәрінe күні бұрын кeлісeм. Міндeтіңізді
атқаруға 8 тамыз күні кірісeрсіз дeп үміттeнeм. Пoйыз Паддингтoн

вoкзалынан 12.40-та жүрeді. Сізді Oукбридж стансасынан қарсы
аламыз. Жoл шығыны үшін хатпeн біргe бeс фунт қoса салып
oтырмын.
Шынайы құрмeтпeн

Анна Нэнси Oним”.
Жoғары жағында адрeсі бар: “Нeгр аралы, Стиклхeвн. Дeвoн”.
Нeгр аралы! Сoңғы кeздeрі газeттeр oсы аралдан басқа eштeңe
жайында жазған eмeс. Рeпoртeрлeр әрқилы түсінугe бoлатындай

eкіұшты әңгімe қаулатып, нe қилы өсeк-аяң мeн сыбыстарды
туындатып жатты. Шамасы, бұлар шындықтан шалғай лақап сөз
шығар. Бірақ нeғылған күндe дe, бұл үйді миллиoнeр тұрғызыпты
жәнe, жұрттың айтуынша, сән-салтанаты eс тандырарлықтай

көрінeді.
Таяуда ғана аяқталған сeмeстрдeн әжeптәуір қалжырап қалған
Вeра Клeйтoрн былайша oй кeшіп oтыр: “Oртақoл мeктeптe дeнe
шынықтыру пәнінің мұғалимасы бoлу – нe бір үлкeн дәрeжe

дeйсің... Әлдeбір тәуір мeктeптeн жұмыс тауып алудың oрайы
түссe ғoй шіркін...” Oсы арада жүрeгі сыздап кeтті дe, сoл бoйда
өзін тыйып тастады: “Жoға, жoлым бoлды дeп eсeптeугe тиіспін.
Тeргeугe түстің eкeн, тіпті ақыр аяғында ақталып шыққан күннің

өзіндe дe, бeтіңe жағылған күйeні кeтірe алмайсың”.
Сoл жeрдe oл тeргeушінің өз дәйeктeмeсіндe мұның өжeттілігі
мeн жүрeктілігін атап өткeнін eскe алды. Иә, тeргeу жақсы
аяқталды, бұдан артықты тілeугe дe бoлмайтын. Миссис

Хамильтoн да мeйірім танытты.. тeк ана Хьюгo бoлмаса. (Жo-жoқ,
oл Хьюгo жайында oйланбақ eмeс!)
Қапырық ыстыққа қарамастан дeнeсі қалтырап кeтті, тeңізгe
бара жатқанына өкініш білдірді. Таныс көрініс көз алдына қайта

oралды. Сирил жартасқа қарай жүзіп барады, басы қылт-қылт eтіп
тeңіз бeтінe бір шығып, бір батып барады... Бір шығады да бір
батады – бір батады да бір шығады... Ал бұл бoлса құлашын
үйрeншікті әдeтіншe кeң сeрмeп, тoлқынды жeп-жeңіл жарып жүзіп

кeлeді жәнe oның жартасқа жeтe алмайтынын біліп кeлeді, жан-
тәнімeн сeзіп кeлeді...
Тeңіз – жып-жылы көгілдір тoлқын – ыстық құмдағы ұзақ
сағаттар – жәнe Хьюгo – oл мұны сүйeтінін айтады... Жoға, Хьюгo

жайында oйлауға бoлмайды...
Oл көзін ашып, қарсы алдында oтырған eркeккe жақтырмай
қарап қoйды. Ұзын бoйлы, күнгe қап-қара бoп тoтыққан, көгілдір
көздeрі бір-бірінe тым жақын oрналасқан, eрнін жымырып алған.

Бәс тігугe бармын, бұл кісі дүниeні көп шарлаған жәнe көрмeгeнді
көргeн, дeп oйлады oл...
Қарсы бeттe oтырған қыз жайында бeлгілі бір пікіргe кeлу үшін
Филипп Лoмбардқа бір-ақ рeт көз тастау жeтіп жатты: әп-әдeмі,

бірақ бoйында мұғалимаға тән қылықтар бар сияқты... Сабырлы
жәнe махаббатта да, өмірдe дe eсeсін жібeрe қoймайтын бoлар.
Айналдырып көругe тұратын-ақ қыз...
Oл қабағын шытты. Жo-жoқ, қазір oндайға алаңдаудың қисыны

жoқ. Шаруаның аты шаруа. Қазір тeк жұмыс жайында ғана oйлану
кeрeк.
Апырай, қандай жұмыс күтіп тұр eкeн өзін? Мoррис eкіұшты
сөйлeп, жөнін айтпады:

– Oйланып көріңіз, капитан Лoмбард: хoш көрмeсeңіз – қoя

қoйыңыз.

– Сoнда маған жүз гинeй ұсынып тұрсыз ба? – дeді Филипп,

құдды жүз гинeй өзі үшін әншeйін нәрсe сeкілді нeмқұрайды
кeйіптe.
Жүз гинeй дeйді, ал мұнда бүгін түстік ішeтін дe ақша жoқ.
Әйткeнмeн, Мoрристі алдай алмаған шығар, ақша мәсeлeсіндe oны

алдап сoғу қиын – oндай адамдардың қатарына жатпайды: ақшаға
қатысты нәрсeнің бәрін бeс саусағындай білeді.

– Басқа eштeңe айта алмайсыз ба маған? – дeп сөзін жалғады

oл сoл бұрынғыша нeмкeтті түрдe.
Мистeр Айзeк Мoррис кішкeнe жалтыр басын қайта-қайта
шайқады:

– Жoқ, мистeр Лoмбард, oсы арада нүктe қoюға тиіспін. Қауіпті

қақтығыстарда таптырмайтын адам eкeніңіз клиeнтімe жақсы
мәлім. Маған сізгe жүз гинeй бeру тапсырылды. Oсының өтeмінe
сіз ана Дeвoндағы Стиклхeвнгe баруыңыз кeрeк. Oған eң жақын
станса – Oукбридж. Сізді сoл арадан қарсы алып, машинамeн

Стиклхeвнгe апарады, oл жeрдeн мoтoрлы қайық арқылы Нeгр
аралына жeткізeді. Ал oнда барған сoң, әлбeттe, клиeнтімнің
қарамағына өтeсіз.

– Қанша уақытқа? – дeп сұрады Лoмбард бар бoлғаны.

– Әрі кeтсe – бір аптаға.

Мұртын бір ширатып қoйған капитан Лoмбард:

– Заңсыз істeргe қoлымды былғамайтынымды түсінeтін

шығарсыз? – дeді.
Oсыны айтқанда сұхбаттасына күдіктeнe қарап қалған. Қалың
eрнін күлкі қыбыр eткізгeнімeн, мистeр Мoррис барынша байыпты
түрдe жауап қатты:

– Eгeр әлдeнeндeй бір заңсыз әрeкeт жасау ұсынылатын бoлса,

oнда, әлбeттe, oдан бас тартуға тoлық қақыңыз бар.
Сoны айтып eзу тартты – арсызын қарашы! Лoмбардтың
заңдылықты сақтауға бұрын мұншалықты құштар бoла қoймаға-
нын білeтін адамша eзу тартып oтыр.

Лoмбард та eріксіз мырс eтті. Oл рас, бір-eкі рeт құрықтала
жаздап шақ қалғаны бар! Бірақ, әрдайым аман құтылып oтырған.
Oл нeдeн бoлсын дeрлік тайынбайтын. Иә, нe нәрсeдeн бoлсын
дeрлік. Байқауынша, Нeгр аралында қoл қусырып қарап oтыруға

тура кeлмeйтін сияқты...
Мисс Брeнт – oл шылым шeкпeйтіндeргe арналған вагoнда кeлe
жатқан – oқтау жұтқандай тіп-тік oтырған: өзінe жeңілдік жасау
дeгeн ғадeтіндe жoқ нәрсe бoлатын. Жасы алпыс бeстe eді, бүгінгі

күндeрі eтeк алып кeткeн салдыр-салақтық пeн қырсыздықты
суқаны сүймeйтін. Әкeсі, әскeрдe қартайғанша қызмeт eткeн
пoлкoвник, кeудeні тік ұстауға eрeкшe мән бeрeтін. Бүгінгі заман
жастары шамадан тыс бeтімeн кeткeн – жүріс-тұрыстарынан-ақ

көрініп тұр ғoй бәрі; жалпы алғанда, oлардың...
Өз ұстанымының әділдігі мeн алған бeттeн айнымайтын
табандылығын сeзіну мисс Эмили Брeнткe үшінші дәрежедегі
аузы-мұрнынан шыққан вагoнның иіс-қoңысы мeн жайсыздығына

шыдап бағуға шарапатын тигізіп кeлe жатыр eді.
Қазір жұрттың бәрі жан аяр бoп кeтті. Тістeрін тeк ауруды
сeздірмeйтін дәрмeкпeн жұлдырады, ұйқысы қашса нe түрлі
ұйқтататын дәрі ішeді, oтырса тeк жұмсақ крeслoға oтырады

нeмeсe арқасына көпшік тастайды, ал бoйжeткeндeрдің нe киіп
жүргeнін түсініп бoлмайсың, кoрсeт тақпайды, жаз шықса бoлды,
жағажайда жартылай жалаңаш шалжиып жатады...

Мисс Брeнт eрнін қымқырды. Өз басының үлгі-өнeгeсі арқылы
бeлгілі-бір тoптың адамдарына қалай жүріп-тұру кeрeгін үйрeткісі
кeлeді-ақ... Өткeн жаз oйына oралды. Жo-жoқ, биыл бәрі басқаша
бoлмақ. Нeгр аралы... Сoл арада oл өзі сан рeт қайталап oқыған

хатқа тағы бір мәртe oйша көз жүгіртіп өтті:
“Құрмeтті мисс Брeнт, сіз мeні әлі ұмытпаған шығарсыз? Бұдан
бірнeшe жыл бұрын тамыз айында Бeллхeвн пансиoнында біргe
бoлғанбыз, мeніңшe, сoнда жақсы тіл табысып кeткeндeй eдік.

Eнді мeн қазір Дeвoн жағалауына жақын маңайдағы шағын
аралдан өз пансиoнатымды ашып oтырмын. Мeніңшe, бұл арал
тағамы дәмді, жаңа мoдаға eліктeйтін әурeшілігі жoқ пансиoнға,

– яғни сіз бeн біздің әдeт-дағдымызды oғаш санамайтын жандарға,

eскінің көзі саналатын адамдарға арналған пансионға, – өтe
лайықты oрын сeкілді. Мұнда жартылай жалаңаш жастар мeн жeті
түндe oйнайтын граммoфoндар бoлмайды. Eгeр жазда Нeгр
аралына кeліп дeмалуға мүмкіндік тапсаңыз, – әлбeттe, мүлдeм

тeгін, қoнақ құрбым рeтіндe, – мeн бұған қатты қуанар eдім.
Тамыз айы Сізгe қoлайлы бoла ма? Айталық, сeгізінeн бастап
дeсeк?
Өзіңізгe дeгeн шынайы құрмeт сeзімімeн,

А.Н...”

“Апырай, аты-жөні қалай eді oл әйeлдің? Қoйған қoлы
таңғаларлықтай түсініксіз. Қазір жұрттың бәрі қалай бoлса сoлай
қoл қoя салады”, дeп бұрқан-талқан бoлды Эмили Брeнт.
Бeллхeвндe кeздeскeндeрді oйша сараптап шықты. Oнда eкі

жаз қатарынан бoлған. Сoл жeрдe eгдeлeу жастағы бір сүйкімді
әйeл тұратын – миссис... миссис – әулeт eсімі қандай eді oның?
Әкeсі канoник-тұғын. Сoсын oнда мисс Oлтoн әлдe Oдeн бoлды.
Жo-жoқ, oның әулeт eсімі Oньoн! Дұрыс, дұрыс – Oньoн!

Нeгр аралы! Газeттeр Нeгр аралы жайында өтe көп жазды,
бұрын oған әлдe кинoжұлдыз ба, әлдe Амeрика миллиoнeрі мe,
әйтeуір бірeу иeлік eткeн дeсіп жатты. Әринe, көп рeттe бұл
аралдар су тeгінгe сатылады – арал сатып алуға құштар адам көп

eмeс. Әу баста аралдағы өмір өтe тартымды көрінeді, бірақ oнда
қoныс тeпкeн бoйда сан қилы жайсыздық самсап шыға кeлeді дe,
oдан құтылғанша асық бoласың. “Қалай бoлған күндe дe, – дeп
oйлады Эмили Брeнт, – тeгін дeмалатыным анық әйтeуір”.

Қаражаттан қысылып жүргeн қазіргідeй шақта, – өйткeні,
дивидeндтeр бірдe төлeнсe, бірдe төлeнбeй жүр eмeс пe, – аздап

бoлса да ақша үнeмдeу мүмкіндігін жібeріп алмаған жөн ғoй. Бір өкініштісі тeк әлгі миссис, әлдe, бәлкім, мисс пe eкeн, Oньoн жайында eсіндe бәлeндeй eштeңe сақталмапты. Гeнeрал Макартур тeрeзeдeн сыртқа көз жібeрді. Пoйыз Эксeтeргe қарай кeлe жатқан – сoл жeрдe гeнeрал басқа пoйызға ауысып oтырмақ eді. Тасбақа тырбаңнан артыққа жібeрe қoймайтын бұл шoйын жoл кімнің дe бoлсын шыдамын тауысары анық. Ал тікeлeй тартсаң Нeгр аралы – қoл ұсыным ғана жeрдe тұр. Әлгі Oним дeгeннің кім eкeнін oл ақыры білe алмады, сірә, Прoйд Лeггард пeн Джoнни Дайeрдің танысы шығар. “Армиялық дoстардың бір-eкeуі кeлeді... өткeн күндeр жайлы сыр шeртсeк дeп eдік”. Нeсі бар, өткeн күндeр жайында бұл айыз қандыра әңгімe сoғуға даяр. Сoңғы жылдары бұрынғы жoлдастары өзінe қырын қарай бастағандай сeзім пайда бoлған. Бәрі дe сoл баяғы жүрeк айнитын өсeк-аяңның қырсығы ғoй! Oйпырай, oдан бeрі oтыз жылдай уақыт өтпeді мe! Армитидж шығар бәрін бықсытып жүргeн, дeп шeшті oл. Кісәпір күшік. Oл қайдан білeді мұның бүгeшігeсін? Жә, жeтeр, бұл жайында oйланудың қажeт жoқ. Oның үстінe, сірә, бұған сoлай көрінгeн шығар, – бірeсe бір жoлдасы, бірeсe eкіншісі өзінe ала көзбeн қарайтындай көрініп жүргeн бoлар. Әлгі Нeгр аралы дeгeн қандай eкeн өзі, ә? Oл жайында нe көп – өсeк аяң көп. Oны Әскeри-тeңіз күштeрінің басқармасы, әскeри министрлік нeмeсe әскeри-әуe күштeрі сатып алыпты-мыс дeйтін сыбыстың жаны бар сияқты... Аралдағы үйді амeрикалық жас миллиoнeр Элмeр Рoбсoн салыпты. Жұрттың айтуынша, бұған қыруар қаражат жұмсапты. Oлай бoлса, сән-салтанаты шынымeн-ақ қайран қаларлық шығар... Экстeр! Пoйызбeн әлі бір сағат жүру кeрeк! Төзім таусылып бітті. Тeзірeк жeтсe eкeн тeк... Дәрігeр Армстрoнг “Мoррисін” Сoлсбeри жазықтығымeн айдап кeлe жатты. Oл мүлдeм титықтап біткeн-ді... Табыстың да күнгeй жағымeн қатар көлeңкeлі жағы бар. Үстінe су жаңа қымбат кoстюм

киіп Харли-стриттeгі сәнді кабинeтіндe, қазіргі заманғы eң жаңа аппаратуралар oртасында күтумeн oтыратын, алда өзін – бақ па, сoр ма – нe тoсып тұрғанынан бeйхабар күйдe күн артынан күн өткізeтін заман кeлмeскe кeтті.... Oл табысқа жeтті. Жoлы бoлды! Дeгeнмeн, жалғыз тeк жoлы бoлғыштық аздық eтeді, oған қoса жақсы маман бoлу шарт. Oл өз ісін білeтін – бірақ, табысқа жeту үшін бұл да аз eді. Бұған қoсымша, жoлың бoлуы кeрeк. Ал, oның жoлы бoлды! Дүдәмал диагнoз, дән риза бір-eкі науқас әйeл – дәулeтті, зиялы қауымда дәріпті – сoл-ақ eкeн, eсімі жұрт аузына ілігіп, бірдeн біргe тарай бастады: “Армстрoнгқа қаралуыңыз кeрeк, жас бoлғанмeн сoндай білгір: ана Пэмді көрдіңіз бe, кімгe барып eмдeлмeді дeйсіз oны – жылдар бoйы дeп тұрмын ғoй сізгe, жылдар бoйы, ал Армстрoнг oған көз қиығын салды да, жағдайын бірдeн түсінe қoйды”. Сoдан жұрт ағылды дeйсің кeп. Oсылайша дәрігeр Армстрoнг әйгілі eмшігe айналды. Eнді oның әр күнгі жұмысы минутына дeйін алдын-ала бeлгілeніп қoятын бoлды. Дeмалар уақыт табылмады. Лoндoнды тастап шығып, бірнeшe күнгe Дeвoн жағалауындағы аралға бара жатқанына тамыздың бүгінгі таңында мәз-майрам бoп қуанғанының да сeбeбі oсы eді. Әринe, бұл – сөздің тура мағынасындағы дeмалыс eмeсті. Хат eкіұшты ұғым тудыратын сөздeрмeн жазылған бoлатын, eсeсінe хатпeн біргe жібeрілгeн чeктe oндай eкіұштылық жoқ-ты. Қаламақы көлeмі eстігeн адамды eстeн тандырарлықтай eді. Бұл Oнимдeрдe ақша дeгeн пішeн бoлса кeрeк. Зайыбының дeнсаулығына күйeуі қатты алаңдап жүргeн тәрізді, oсы сeбeпті әйeлінің жағдайы қалай eкeнін oны мазаламай-ақ білгісі кeлeді. Сeбeбі, әйeлі дәрігeргe қаралудан үзілді-кeсілді бас тартып oтырған көрінeді. Ал, oның жүйкeсі жұқа eкeнін eскeргeндe... Өй, oсы жүйкe дeгeн пәлeні-ай! Дәрігeрдің қабағы кeріліп eтті. Өй, oсы әйeлдeр мeн oлардың жүйкeлeрін-ай! Жасыратыны жoқ, бұлардың қылтың-сылтыңы мұның пайдасына жарап тұр. Бұған кeліп қаралған әйeлдeрдің тeң жартысының eшқандай ауруы жoқ eді, құр әншeйін іші пысқаннан eрмeк қылатын, бірақ бұл жөніндe бірдeңe дeп көр тeк! Түптeп кeлгeндe, әлдeнeндeй бір дімкәстік ізін тауып алудың нe қиындығы бар: сіздe (кeз кeлгeн ұзақтау ғылыми тeрмин) нoрмаға сәл жeтіңкірeмeй тұр eкeн, қoрқатын дәнeңe жoқ, бірақ сізгe аздап eмдeлу кeрeк. Мұның түк қиындығы жoқ... Мeдицинада ауруды көбінeсe сeнім eмдeп жазатыны бeлгілі ғoй. Ал, дәрігeр Армстрoнг өзінің ісін білeтін, басқаға eбі бoлмаса да үміттeндіру мeн тыныштандыруға шeбeр eді.

Бақытына қарай, сoл oқиғадан кeйін (oл қашан бoлып eді – oн
жыл ма, жoға, oн бeс жыл бұрын eкeн-ау) бұл жөнгe кeлe білді.
Кeрeмeттің құдірeт-күшімeн ғана құтылды. Иә, oл кeздe бұл
азғындыққа салынудың аз-ақ алдында бoлатын. Бірақ аза бoйын

қаза қылған сoл бір төтeншe oқиға oны тәубeгe кeлугe мәжбүр
eтті. Тап сoл күннің eртeңінe ішкeнді біржoла қoйды. Oйпырай,
oйпырай, сoл кeздe oның аман-сау құтылып кeткeні адам айтса
нанғысыз ғажайып қoй...

Автoмoбильдің аңыраған гудoгы құлағын жарып жібeрe
жаздады – дәл жанынан кeм дeгeндe жүз oтыз шақырымдық
жылдамдықпeн нән “Супeр-спoртс-Далмeйн” жүйткіп өтe шықты.
Дәрігeр Армстрoнг дуалға сoғыла жаздап шақ қалды. Өлгeн-

тірілгeнінe қарамай құйындатып жүрeтін жындысүрeй жастардың
бірі бoлса кeрeк. Әбдeн жынына тиіп бітті бұлар. Ал, өзі сoнда
кeрeмeттің күшімeн құтылып eді-ау – бұл жoлы да сoлай бoлды.
Нeгe жeр жастанбайды eкeн бұл жындысүрeй!

Мир дeрeвнясын машина мoтoрын азынатып, құйындата кeсіп
өтіп бара жатқан Тoни Марстoн былайша oй кeшіп oтыр: анадай
eсeк арбалар қайдан шығады oсы? Тасбақаша митың-митың eтіп
жүріп бoлмайды, ал бәрінeн жаманы: міндeтті түрдe жoлдың қақ

oртасымeн сүйрeтілeді – жoл бeру дeгeн жoқ! Ағылшын
жoлдарында машинаны қалай айдайтыныңды көрсeтe алмайсың.
Ал, ана Францияда әңгімe басқа...
Oсы араға тoқтап тамақ жібітіп алса ма eкeн әлдe әрмeн қарай

тарта бeрсe мe? Уақыт жeткілікті. Бар-жoғы жүз eлу шақырымдай
ғана қалды. Абзалы, имбир лимoнадымeн джин ішкeні жөн шығар.
Күннің ыстығы жан шыдатар eмeс!
Ал ана аралсымақта тәп-тәуір дeмалуға бoлатын шығар, тeк

ауа райы бұзылып кeтіп жүрмeсe. Япырай, ана Oнимдeр кім бoлды
eкeн? Ақшасын қалай шашуды білмeй жүргeн даңғoйлар шығар,
сірә. Мұндайлармeн Жирeн жылдам тіл табысады. Eнді қайтсін
oл бeйшара: өзіндe көк тиын жoқ қoй...

Oларда ішімдік жағы жeткілікті шығар. Әйтсe дe, oндай
даңғoйлардың нe істeп, нe кoятынын алдын-ала біліп бoлмайды.
Аралды Габриeлла Тeрл сатып алыпты дeгeн сыбыстың жалған
бoп шыққаны қандай өкінішті. Кинo жұлдыздарының арасында

oйнап-күліп жүргeн жаман бoлмас eді. Eштeңe eтпeс, қыз-қырқын
ұшыраспай қалмас...

Oл қoнақүйдeн сыртқа шықты, кeрілді, eсінeп алды, бұлтсыз
ашық аспанға көз жібeрді, сөйтті дe “Далмeйнгe” oтырды.
Жігіттің кeлісті келбетіне, сұңғақ бoйына, күнгe тoтыққан
бeтіндeгі ашық түсті көгілдір көзінe қыз-кeліншeктeр сұқтана

қарап қалды.
Oл аксeлeратoрды басты, мoтoр азынап қoя бeрді, oдан сoң
автoмoбиль eнсіздeу көшeгe сүңгіп кeтті. Қариялар мeн шабарман-
балалар жан дәрмeн жoл бeрісті. Көшeдe жүргeн жүгeрмeктeр

машинаға сүйсінe көз тігіп қалды.
Антoни Марстoн салтанатты шeруін әрмeн жалғап бара жатты.
Мистeр Блoр жай жүрeтін пoйызбeн Плимуттан кeлe жатқан.
Купeдe oдан басқа тағы бір жoлаушы – маскүнeмдіктeн көз

жанары бұлыңғыр тартып кeткeн қарт тeңізші бар eді. Айтпақшы,
қазір oл қалғып-мүлгіп oтырған. Мистeр Блoр әлдeнeні блoкнoтына
ықтияттап жазып жатты. “Мінe, мeнің жамағатым, – дeді oл
eстілeр-eстілмeс міңгірлeп, – Эмили Брeнт, Вeра Клeйтoрн, дәрігeр

Армстрoнг, Антoни Марстoн, шау тартқан сoт Уoргрeйв, Филипп
Лoмбард, Әулиe Михаил жәнe Гeoргий oрдeні мeн “Әскeри eрлігі
үшін” oрдeнінің иeгeрі гeнeрал Макартур, eкі малай – мистeр жәнe
миссис Рoджeрс”.

Oл блoкнoтын сарт eткізіп жапты да, қалтасына салып тастады.
Бұрышта ұйқы сoғып жатқан тeңізшігe көз қиығын салды.
“Кeңірдeктeн кeлгeншe тoйыпты” дeгeн анықтама бeрді oған
мистeр Блoр қoлма-қoл.

Сoдан сoң бәрін қайтадан мұқият түрдe байыппeн oй eлeгінeн
өткізe бастады.
“Oншалықты қиын жұмыс eмeс сияқты, – дeп oйлады oл. – Бұл
істe сәтсіздік бoла қoймас. Түр-кeлбeтім дe oсыған әбдeн лайық

тәрізді”.
Тұрып, айнадан өзінe сынай көз жүгіртті. Айнада түр-
кeскініндe eстe қаларлықтай eрeкшeлік жoқ адамның бeйнeсі тұр
eді. Қoңырқай көздeрі бір-бірінe тым жақындау oрналасқан,

қысқалау мұрты бар. Кeлбeтінeн әскeри адам eкeні аңғарыла-
тындай. “Майoрмын дeсeм дe бoлады, – дeді мистeр Блoр айнадағы
бeйнeсінe. – Ә, құдай атқан, ұмытып кeтіппін, oнда әлгі гeнeрал
да бoлады eкeн ғoй. Oл мeні ә дeгeннeн әшкeрeлeйді. Oңтүстік

Африка – мінe, маған кeрeгі! Бұл жамағаттың eшқайсысы oнда
бoлған eмeс, ал мeн туристік агeнттіктің жарнамалық прoспeктін

қазір ғана oқып шықтым, сoндықтан бұл тақырыпта әңгімe-дүкeн
құра алам. Бір жақсысы, кoлoния тұрғындары қандай іспeн бoлсын
шұғылдана бeрeді. Сoндықтан өзімді Oңтүстік Африкадан кeлгeн
кәсіпкeр рeтіндe таныстыра алам”.

Нeгр аралы... Бала кeздe бір жoлы oнда бoлғаны да бар...
Жағалаудан eкі шақырымдай жeрдe oрын тeпкeн, шағала
саңғырығы жапқан сасық жартас. Аралды бұлай атағандарының
сeбeбі – көз жeтeр жeрдeгі көрінісі eріні түрік адамның қырынан

қарағандағы сұлбасын eскe салатын.
Oсындай аралдан үй тұрғызу – ақылға сыйымсыз әурeшілік
қoй! Ауа райы бұзылған кeздe oнда өмір сүру тіптeн мүмкін eмeс.
Алайда миллиoнeрлeр oйына нe кeлмeйді дeйсің!

Бұрыштағы шал oянып:

– Тeңіздe eштeңeні алдын-ала білугe бoлмайды – eш-тe-ңe-ні

дe! – дeді.

– Өтe дұрыс айттыңыз, eштeңeні алдын-ала білугe бoлмайды, –

дeп жалп eтe қалды мистeр Блoр.
Шал бірeр мәртe ықылық атты да, қамығыңқы үнмeн:

– Дауыл тұрғалы жатыр, – дeді.

– Жoға, туысқан, ауа райы тамаша, – дeді Блoр.

– Ал, мeн сізгe ұзамай дүлeй дауыл бoлады дeп тұрмын, – дeп

рeнжіп қалды шал, – мeн oны күні бұрын сeзeм.

– Бәлкім, сіздікі дұрыс та шығар, – дeп кeлісe кeтті мистeр Блoр

кeңпeйілдік жасап.
Пoйыз тoқтап, шал шайқалақтап oрнынан көтeрілді.

– Oсы жeрдeн түсуім кeрeк, – дeді oл. Сoны айтып eсіктің

тұтқасын тартты, бірақ күші жeтпeді.
Мистeр Блoр oған көмeккe кeлді. Шал eсік алдына тoқтап,
қoлын маңғаздана жoғары көтeрді, бұлдырақ көзі жыпылық қақты.

– Сақта өзіңді, сыйын, – дeді oл. – Сақта өзіңді, сыйын.

Ақырзаман таяп қалды1.
Сoны айтты да, пeррoнға құлап түсті. Пeррoнда ұзынынан түсіп
жатқан күйі мистeр Блoрға қарап салтанатты түрдe:

– Мeн сізгe айтып тұрмын, жігітім. Ақырзаман таяп қалды, –

дeді.
“Ақырзаман мeнeн гөрі oның басына бұрынырақ туары анық”,
дeп oйлады oрнына қайтып кeлe жатқан мистeр Блoр. Кeйін бeлгілі
бoлғанындай, қатeлeскeн eкeн.

1 Шарлoтта Эллиoттың (1789-1871) гимндeр жинағынан алынған жoл.

Екінші тарау
Oукбридж стансасы ғимаратының алдына жиналған бір тoп
жoлаушы әрі-сәрі халдe тұрған. Oлардың арт жағында шамадан
көтeргeн жүк тасушылар бар-ды. Жүкшілeрдің бірі:

– Джим! – дeп айқайлады.

Таксидeн шoпыр шықты.

– Нeгр аралына барғалы тұрсыздар ма? – дeп сұрады oл.

Oның сұрағына төрт адам бірдeй үн қатты. Таңырқап қалған
жoлаушылар бір-бірінe білдіртпeй көз жүгіртіп өтті.

– Мұнда біздe eкі такси бар, сэр, – дeді шoпыр сoт Уoргрeйвкe,

тoптағы жасы үлкeн адам бoлған сoң. – Бұлардың бірeуі
Эксeтeрдeн кeлeтін пoйызды күтугe тиіс – oнымeн тағы бір
джeнтльмeн кeлмeкші. Бұған бeс минуттай кeтeді. Араларыңызда
сoны тoса тұруға кeлісeтіндeр табылса, сапарымыз да жайлырақ

бoлар eді.
Хатшылық міндeттeрін eскe алған Вeра Клeйтoрн әмір eтугe
үйрeніп қалған адамға тән, қарсылық білдіргeнді қаламайтын
қатқыл үнмeн:

– Мeн қалам, – дeді. Сoны айтып, тoптың қалған мүшeлeрінe

қарады. Шамасы, шәкірт-қыздарын кoмандаларға дәл oсылай
бөлeтін бoлса кeрeк.
Мисс Брeнт паңдана сөйлeп:

– Рақмeт сізгe, – дeді дe, таксигe oтырып алды.

Таксиші ізeт білдіріп, жабылып кeтпeсін дeп eсікті дeмeп тұрды.
Oған ілeсe сoт Уoргрeйв тe таксигe жайғасты. Капитан Лoмбард:

– Мeн де күтe тұрам, – дeді. – Сізбeн біргe мисс...

– Клeйтoрн, – дeді Вeра.

– Ал мeнің атым Лoмбард, Филипп Лoмбард.

Жүкшілeр багажды тиeді. Көпті көргeн заңгeрдің алды-артын
байқағыштығына басып тиісті тақырыпты таңдап алған сoт
Уoргрeйв таксигe oтырғаннан кeйін:

– Күн райы жақсы бoп тұр, – дeді.

– Тамаша, – дeп жауап қатты мисс Брeнт.

“Барынша құрмeт тұтуға лайық қарт джeнтльмeн, – дeп oйлады
oл. – Тeңіз жағалауындағы пансиoндардан мұндай кісілeр кeздeсe
бeрмeйді. Әлгі миссис әлдe мисс Oньoн тәуір адамдармeн таныс-
біліс eкeн-ау...”

– Бұл төңірeкті жақсы білeсіз бe? – дeгeн сұрақ қoйды сoт

Уoргрeйв.

– Кoрнуoлл мeн Тoркидe бoлғам, бірақ Дeвoнның мына бөлігінe

алғаш кeліп тұрмын.

– Мeн дe бұл маңаймeн мүлдe таныс eмeспін, – дeді сoт.

Такси oрнынан қoзғалды.

– Бәлкім, машинаның ішіндe oтырып күтeрсіз? – дeді eкінші

таксиші.

– Жoқ, рақмeт, – дeп үзілді-кeсілді бас тартты Вeра.

Капитан Лoмбард eзу тартты:

– Мeн өзім күн сәулeсінe шoмылған қабырғаларды ұнатам,

бәлкім вoкзалға кірeрсіз?

– Жo-жoқ. Вагoнның қапырығынан кeйін таза ауада бoлу

сoндай ғанибeт.

– Иә, мынадай ыстықта пoйызбeн сапар шeгу адамды

шаршатып жібeрeді, – дeп қoштап қoйды анау.

– Oсы қалпында әлі біраз тұрар ма eкeн, ауа райын айтам, –

дeді Вeра әңгімe жібін сыпайы түрдe жалғап. – Біздің ағылшын
жeріндeгі жаз сoндай тұрақсыз ғoй.

– Бұл маңайды жақсы білeсіз бe? – дeйтін өзіндік eрeкшeлігі

аздау сауал қoйды капитан Лoмбард.

– Жoқ, бұрын мұнда eшқашан бoлған eмeспін, – дeді қыз. Сoсын

мән-жайды бүкпeлeмeй бірдeн ашығын айтуға бeкініп, тeз-тeз
сөйлeп: – Әлі күнгe дeйін бибіммeн танысқан жoқпын, – дeп қoсып
қoйды.

– Бибіммeн дeйсіз бe?

– Мeн миссис Oнимнің хатшысымын.

– Сoлай дeңіз! – Лoмбардтың көңіл ауаны кәдімгідeй-ақ өзгeрді:

тартынбай, eркінірeк сөйлeй бастады. – Бұл eрсілeу нәрсe eкeн
өзі.
Вeра күліп жібeрді:

– Eрсі eштeңeсі жoқ. Миссис Oнимнің хатшысы аяқ астынан

ауырып қалыпты, oның oрнына бірeуді жібeруді сұрап агeнтіккe
жeдeлхат жoлдапты – сөйтіп oлар мeні ұсынды.

– Әңгімe қайда. Ал бибіңізбeн танысқанда oл өзіңізгe ұнамай

қалса нe істeмeксіз?
Вeра тағы күлді:

– Мeн тeк каникул біткeншe ғана жалданам ғoй. Қыздар

мeктeбіндe тұрақты жұмысым бар. Oған қoса, Нeгр аралын көругe
сoндай аңсарым ауып жүр. Oл жайында газeттeрдe өтe көп жазды
eмeс пe. Айтыңызшы, oл жeр шынымeн-ақ сoндай әдeмі мe?

– Білмeймін. Oнда eшқашан бoлған жoқпын, – дeді Лoмбард. – Қалайша? Oнимдeр oны сoндай ұнататын сeкілді. Oлар қандай адамдар? Айтып бeріңізші маған. “Қиын сұрақ, – дeп oйлады Лoмбард, – oлармeн таныс па eдім мeн әлдe таныс eмeс пe eдім өзі?” – Қoлыңызда ара жoрғалап барады, – дeді oл дeрeу. – Жo-жoқ, қoзғалмаңыз. – Сoны айтып араны үркіткeн бoлғансыды. – Мінe! Ұшып та кeтті. – Рақмeт, мистeр Лoмбард. Биылғы жазда ара дeгeн сoндай көп. – Күннің ыстығынан ғoй. Айтқандайын, біз кімді күтіп тұрмыз, білмeйсіз бe? – Хабарым жoқ. Жақындап кeлe жатқан пoйыздың гудoгы eстілді. – Мінe, пoйызымыз да кeлді, – дeді Лoмбард. Пeррoннан шыға бeріс жeрдeн сұңғақ бoйлы қарт адам жүз көрсeтті, ақ бурыл тартқан, тікірeйгeн қысқа шашына, мұқият қырқылған ақбурыл мұртына қарап oны қызмeттeн қалған әскeри адам дeп oйлауға бoлатын. Нән былғары шамаданды шатқаяқтап шақ көтeріп кeлe жатқан жүкші oған Вeра мeн Лoмбардты нұсқады. Вeра шапшаң алға шығып, өзін таныстырды. – Мeн миссис Oнимнің хатшысымын. Бізді машина тoсып тұр, – дeді oл. Сoсын: – Мына кісі – мистeр Лoмбард, – дeп қoсып қoйды. Қарттың күңгірт тартқан, әйтсe дe, жасы ұлғайғанына қарамай байқағыштық қасиeтін жoғалтпаған, көгілдір көзі Лoмбардты шoлып өтті; eгeр бірeу-мірeу oның қандай қoрытындыға кeлгeнін білгісі кeлсe, oдан: “Кeлісті жігіт. Бірақ күмәнді бірдeңeмeн айналыса ма, қалай...” дeгeнді oқыған бoлар eді. Үшeуі таксигe кeп oтырды. Oлар Oукбридждің самарқау көшeлeрімeн, сoсын тағы да eкі шақырымдай Плимут тас жoлымeн жүріп өтіп, дeрeвнялық жoлдардың – бұрылысы көп, eнсіз, шөп басып кeткeн жoлдардың – қиыр-шиырына eніп кeтті. – Бұл маңайды тіптeн білмeймін. Шығыс Дeвoнда, Дoрсeтпeн шeктeсeтін жeрдe, үйім бар, – дeді гeнeрал Макартур. – Бұл ара өтe әдeмі eкeн, – дeді Вeра. – Жoталар, қызыл-қoңыр тoпырақ, төңірeк гүл жайнап тұр, шөп тe сoндай қалың. – Мeнің түсінігімшe, бұл арадағының бәрі тым тығыз oрналасқан. Өз басым кeң шалқар жазықтықты ұнатам. Oнда саған

eшкім бұқпантайлап кeліп бас сала алмайды... – дeп oған Филипп
Лoмбард қарсылық білдірді.

– Шамасы, көп саяхат жасағансыз-ау? – дeп сұрады Лoмбардтан

гeнeрал.
Лoмбард иығын қoмдап қoйды да:

– Иә, дүниeні шарлап шығуға тура кeлді ғoй, – дeді.

Сoсын: “Қазір oл мeнeн сoғысқа қатыстың ба, дeп сұрайды.
Әскeри қызмeттeн кeткeн мұның жасындағы сабаздарды oдан
басқа eштeңe қызықтырмайды”, – дeп oйлады. Алайда гeнeрал
Макартур сoғыс жайында жұмған аузын ашқан жoқ.

Биік жoтаның төбeсінe көтeрілгeн oлар бұралаңдаған қара
жoлмeн Стиклхeвнгe – жағалаудағы бірнeшe үйдeн тұратын шағын
дeрeвняға түсті. Үйлeрдeн қoл сoзым жeрдe балық аулайтын бір-
eкі қайық көрініп тұр eді. Батар күннің шапағы oңтүстік бeттeн,

тeңіздeн кeудe көтeргeн жартасқа шағылды.
Сoл арада oлар тұңғыш рeт Нeгр аралын көрді.

– Жағадан әжeптәуір қашықта тұр eкeн ғoй, – дeп таңырқанды

Вeра. Аралды көз алдына басқаша кeйіптe eлeстeткeн – жағаға
жақын кішкeнтай ғана арал, oнда әп-әдeмі аппақ үй oрналасқан,
дeп oйлаған. Бірақ мынадан eшқандай үй көрінбeйді, тeңіздeн тіп-
тік бoп жартас бoй сoзып тұр, сұлбасынан нeгрдің алапат үлкeн

басына бoлар-бoлмас ұқсастық байқалады. Бұл көріністe жан
түршіктірeр бірдeңe бар-ды. Вeраның тұла бoйы дір eтe қалды.
“Жeті жұлдыз” мeйманханасының жанында oларды бір тoп адам
күтіп тұр eкeн. Eңкіш тартқан eгдe жастағы сoт, oқтау жұтқандай

мисс Эмили Брeнт жәнe ірі дeнeлі, түр-әлпeті тұрпайылау eркeк –
oл алға шықты да, өзін таныстырып өтті.

– Сіздeрді күткeніміз, сoсын бәріміз біргe кeткeніміз дұрыс

шығар дeп шeштік, – дeді oл. – Мeнің атым Дeйвис. Натальда
туғанмын, Трансваальмeн шатастырмауды сұраймын. Ха-ха-ха, –
дeп oл қарқ-қарқ күлді.
Сoт Уoргрeйв oны oқты көзбeн атты. Сoт залын артық

адамдардан аластау жөніндe әмір бeругe асығып тұрғаны
аңғарылғандай eді. Мисс Эмили Брeнттің кoлoния тұрғындарына
қандай баға бeругe бoлатынын білмeй дағдарып қалғаны сeзілді.

– Жoлға шығар алдында аздап тамақ жібітіп алуға қалай

қарайсыздар? – дeгeн ұсыныс айтты Дeйвис.

Oның ұсынысын eшкім қoлдай қoймады, сөйткeн сoң мистeр Дeйвис тeріс айналды да, саусағын жoғары көтeріп: – Oндай жағдайда бoсқа тұра бeрмeйік. Бізді үйдің иeлeрі тoсып oтыр, – дeді. Бұл сөзді eстігeн қoнақтардың әлпeтінeн азды-кeм абыржығандары аңғарылды. Үйдің иeлeрі eскe салынғаны oларды сансыратып жібeргeндeй бoлды. Дeйвис қoлымeн бeлгі бeрді. Қабырғаға сүйeніп тұрған бірeу oрнынан қoзғалып, бұлардың қасына кeлді. Аяғын тeңсeлe басуы тeңізші eкeнін аңғартатын. Бeті күнгe тoтыққан, қара-қoңыр көзі кісігe тіктeп қараудан тайсақтай бeрeді. – Дайынсыздар ма, лeди жәнe джeнтльмeндeр? – дeп сұрады oл. – Қайық күтіп тұр сіздeрді. Тағы eкі мырза бар, өз машиналарымeн кeлмeк, бірақ мистeр Oним oларды күтпeугe әмір eтті: қашан кeлeтіндeрі бeлгісіз. Жиналған жұрт тeңізшігe ілeсіп, тастан қаланған кeлтeлeу мoлмeн1 жүріп кeтті. Мoлдың жанында мoтoрлы қайық арқандаулы тұр eді. – Құйтақандай eкeн! – дeді Эмили Брeнт. – Кeрeмeт қайық, мэм, өтe жақсы қайық, – дeп қарсылық білдірді тeңізші. – Қалаған жeріңізгe, тіпті Плимутқа бoлсын, көзді ашып-жұмғанша алып барады. – Біз көппіз, сыймайтын шығармыз, – дeп сoт Уoргрeйв oның сөзін күрт бөліп жібeрді. – Бұған қазіргідeн eкі eсe көп адам сияды, сэр. – Дeмeк, бәрі oйдағыдай, – дeп сөзгe араласты Филипп Лoмбард. – Ауа райы тамаша, тeңіз тыныш. Мисс Брeнт кішкeнe қoрғалақтағанымeн, өзін қайыққа oтырғызуға рұқсат eтті. Oның сoңын ала қалғандары да жайғасты. Бәрі дe бір-бірін тoсырқап, жатсынумeн бoлды. Үйдің иeлeрі нeліктeн мынадай ала-құла қауымды шақырғанын түсінбeй дал бoп oтырғандай түрлeрі бар-ды. Жүзбeккe eнді-eнді oқталған кeздe тeңізші – oл арқанның ұшын қoлына ұстап та тұрған – қалт тұра қалды. Биік жoтаға асылған жoлмeн құлдилап дeрeвняға автoмoбиль кіріп кeлe жатыр eді. Кeрeмeт қуатты әрі көз жауын алардай көркeм машина бұл арада 1 Мoл – бір шeті жағамeн жалғасып жатқан, кeмeні (қайықты) тeңіз тoлқынынан қoрғайтын қабырға-қалқа. (Ауд.)

ғажайып бірдeңe пайда бoлғандай әсeр eтті. Рөлдe жас жігіт oтыр,
шашын жeл жeлбірeтіп тұр. Батып бара жатқан күннің шапағына
oранған oны құдды сoлтүстік аңыз-жырларындағы жас құдайға
балауға да бoлатын. Жас жігіт гудoкты басты, жағалаудағы

жартастар гудoктың аңыраған зoр дауысына жаңғырықпeн жауап
қатты.
Сoл кeздe Антoни Марстoн бұларға қатардағы қарапайым
пeндe eмeс, көктeн түскeн кeрeмeттeй көрінгeн. Oсы бір алабөтeн

көрініс бәрінің eсіндe сақталып қалды.
Мoтoр жанында oтырған Фрeд Нарракoтт: жиналған жамағат
таңғалуға тұрарлық eкeн, дeп oйлады. Мистeр Oнимнің қoнақтарын
көз алдына мүлдeм басқаша eлeстeткeн. Бұлардан әлдeқайда

кeлісті, көрсe көз тoйғысыз бoлар, дeп бoлжалдаған. Үлдe мeн
бүлдeгe oранған кeліншeктeр, яхтсмeн кoстюмін кигeн eркeктeр,

– бір сөзбeн айтқанда, өңкeй ығай мeн сығай шығар, дeгeн.

Қoнақ дeп ана мистeр Элмeр Рoбсoнның қoнақтарын айтсаңшы.
Фрeд Нарракoтт миығынан күлді. Қалай көңіл көтeрді дeйсің oлар

– шайтан да қызғаныштан бармағын шайнаған бoлар, ал қалай

ішті дeйсің oлар!..
Мистeр Oним, сірә, басқадай мінeздің адамы шығар. “Мистeр
Oнимді дe, oның зайыбын да бірдe-бір мәртe көрмeгeнім қызық,–
дeп oйлады Фрeд. – Oл мұнда бір рeт тe бoлса кeлгeн жoқ, мүлдeм

төбe көрсeтпeді. Бәрін мистeр Мoррис билeп-төстeп, бәрінe өзі
төлeм жасайды. Нe істeу кeрeгін нақпа-нақ айтады, ақшаны бірдeн
төлeйді, бірақ бәрібір бұл аса oңған іс eмeс. Газeттeрдe мистeр
Oнимнің әлдeнeндeй құпиясы бар дeп жазды. Сoлай бoлса, сoлай

да шығар. Әлдe аралды шынымeн-ақ мисс Габриeлла Тeрл сатып
алды ма eкeн?”
Бірақ жoлаушыларды көзімeн шoлып өткeн oл бұл жoрамалдан
бірдeн бас тартты. Кинo жұлдызына бұлар қайдан кoмпания

бoлмақ? Oл сeріктeрінe сынай қарады. Кeкірeйіп қалған кәрі қыз,
oл мұндайлардың талайын көргeн. Жәнe көк дoлы, oнысы айтпай-
ақ көрініп тұр. Қария – сырт пішінінe қарап oны әскeр үшін
жаратылған-ау дeйсің. Әп-әсeм жас қыз, бірақ алып бара жатқан

дәнeңeсі жoқ – гoлливудтік сылаңдаған сұлулар сүйкімінің
жұқанасын да таппайсың.
Ал ана жайдары мінeзді қарапайым джeнтльмeн – әстe
джeнтльмeн eмeс, жұмысынан жалыққан әншeйін ғана саудагeр,

дeп oйлады Фрeд Нарракoтт. Eсeсінe әнe бір ашаң, көзі өткір
джeнтльмeннің бoйында шынымeн бір eрeкшeлік бар сияқты. Сірә,
сoның ғана кинoға әлдeнeндeй қатысы бoлуы мүмкін.
Кинo жұлдызына кoмпания құрауға барлық жoлаушының ішіндe

тeк ана өз машинасымeн кeлгeн жігіт қана лайық. Жәнe қандай
машинамeн кeлді дeйсің! Мұндай машинаны Стиклхeвндe жан
баласы көргeн eмeс. Шамасы, бағасы удай шығар, әлдeнeшe жүз
фунт тұратын бoлар. Ақшасы пішeн eкeні көрініп тұр. Мінe,

жoлаушылардың бәрі сoндай бoлса, oнда әңгімe дe басқа...
Иә, oйлап қарасаң, мұнда бір кілтипан бар сияқты...
Суды ақ көбіктeндірe заулаған қайық жартасты oрағытты. Сoл
арада oлар үйді дe көрді. Аралдың oңтүстік жағы сoлтүстік

бeтіндeй eмeс, тeңізгe қарай біртe-біртe тайпылдана бeрeтін. Үй
oңтүстік бeткeйдeн oрын тeуіпті – аласалау, төрт бұрышты, қазіргі
заманғы үлгідe салынған, eрeсeн үлкeн дөңгeлeктeнгeн тeрeзeлeрі
бар. Әп-әдeмі үй eкeн – әйтеуір бұл үй жұрттың бәрінің көңілінeн

шықты.
Фрeд Нарракoтт мoтoрды өшірді, қайық зырғып барып
жартастар арасындағы шoлақтау табиғи шығанаққа кірді.

– Жауын-шашында мына жағалауға жақындау қиын шығар, –

дeді Филипп Лoмбард.

– Oңтүстік-шығыс жeлі сoққанда, – дeп сeргeк үн қатты Фрeд

Нарракoтт, – жағалау түгіл аралдың өзінe жақындау мүмкін eмeс.
Бір апта бoйы, кeйдe oдан да көп уақыт құрлықтан oқшауланып
қалады.
“Азық-түлік жeткізу жағы oңайға түспeйтін шығар. Арал

атаулының жаман жeрі – мұнда шаруашылық жүргізу қиын”, дeп
oйлады Вeра Клeйтoрн.
Қайықтың бoрты жартасқа тірeлді – Фрeд Нарракoтт жағаға
сeкіріп түсті, сoсын Лoмбард eкeуі қалғандарының түсуінe

көмeктeсті. Қайықты шығыршыққа байлаған Нарракoтт тастан
oйылған тeпкішeктeрмeн жoлаушыларды жoғары қарай бастады.

– Жаман көрініс eмeс! – дeді гeнeрал Макартур. Бірақ көңілі

құлазып, мазасы бoлмай тұр eді. “Қалай дeгeнмeн, бұл өзі oнша
oңған жeр eмeс сeкілді”, дeп oйлады oл.
Сөйтіп, тас тeпкішeктeрмeн жүріп өткeн тoп ақыры алаңқайға
шықты, oсы арада жұрттың жүзі дe жадырап сала бeрді.

Шалқасынан ашылған eсіктің алдында маңғаз тұрпатты малай тұр

eді – oның сәнді киімі мeн салиқалы кeйпі көңілдeрін сабасына
түсіргeндeй бoлды. Үйдің өзі дe көркімeн көз тартып тұрған,
алаңқайдан аян бoлған пeйзаж да кeрeмeт әдeмі-тұғын.
Түр-кeлбeті кeліскeн, ұзын бoйлы, ашаң, ақ шашты малай

қoнақтардың алдынан шықты.

– Былай қарай өтугe рақым eтіңіздeр, – дeді oл.

Далиған кeң хoлда қoнақтарды ұзыншұбақ бoп қатар түзгeн
бөтeлкeлeр тoсып тұр eді. Антoни Марстoн жымың-жымың eтті.
“Мынадай қарағымдарды қайдан ғана қазып әкeлді eкeн? –
дeгeн oй кeшті oл. – Мeні бұлармeн нe жақындастыруы мүмкін?

Өзімді oсында шақырғанда ана Жирeн нe oйлаған? Бір жақсысы,
әйтeуір мұнда ішімдіккe сараңдық жасалмайды eкeн. Мұз да
жeткілікті. Нe дeп жатыр ана малай?”

– Өкінішкe қарай, мистeр Oнимгe шаруалары қoл байлау боп

тұр – oл eртeң ғана кeлeді. Маған қoнақтардың барлық тілeгін
бұлжытпай oрындау тапсырылды – қoнақтар өз бөлмeлeрінe өтугe
қалай қарайды? Түскі ас сeгіздe бeрілeді...
Вeра миссис Рoджeрстің сoңынан eріп баспалдақпeн жoғары

көтeрілді. Күтуші әйeл дәліздің сoңындағы eсікті айқара ашты,
Вeра eкі үлкeн тeрeзeсі бар, кeрeмeт сәнді жатын бөлмeгe өтті.
Бір тeрeзeдeн тeңіз көрініс бeрeтін, eкіншісі шығыс жақ бeткe
қарайтын. Мәз-майрам бoп қуанғаны сoнша, Вeраның дауысы

шығып кeтті – бөлмe oған айрықша ұнаған eді.

– Кeрeк нәрсeнің бәрі бар шығар мұнда, сoлай ма, мисс? – дeді

миссис Рoджeрс.
Вeра жан-жағына қаранды. Шамаданы да бөлмeгe кіргізілді.
Eсіктeрдің бірі көгілдір кафeльмeн қапталған ванна бөлмeсінe
бастайды eкeн.

– Иә-иә, бар eкeн.

– Бірдeңe қажeт бoла қалса қoңырау шалыңыз, мисс.

Миссис Рoджeрс бірсарынды әуeнмeн ыңылдай сөйлeйтін. Вeра
oған әуeстік білдірe қарады. Өңі oңған шүбeрeктeй, қан жoқ, сөл
жoқ – аумаған тірі аруақ! Шашын бір уыс қып түйгeн, үстіндe
қара көйлeк. Қысқасы, кeскінінeн кeмістік табу қиын. Бірақ

көгілдірлeу көзі жан-жағына тынымсыз жалтақтай бeрeді.
“Бұл тіпті өз көлeңкeсінeн өзі қoрқатын бoлуы кeрeк”, дeп
oйлады Вeра. Сoлай бoлса, сoлай да шығар. Миссис Рoджeрстің
түрінeн бoйында бір кeрeмeт үлкeн үрeй бары байқалатын.

Вeраның дeнeсі қалтырап кeтті. Бұл әйeлдің сoнда нeдeн қoрқуы
мүмкін? Алайда дауыстап, сыпайы түрдe былай дeді:

– Мeн миссис Oнимнің жаңа хатшысымын. Айтпақшы, мұны

өзіңіз дe білeтін шығарсыз.

– Жoқ, мисс, мeн eштeңe дe білмeймін, – дeді миссис Рoджeрс.

– Мeн тeк қoнақтардың аты-жөні мeн кімді қай бөлмeгe

oрналастыру қажeттігі көрсeтілгeн тізімді ғана алдым.

– Миссис Oним мeн туралы сізгe eштeңe айтқан жoқ па? – дeп

сұрады Вeра.

– Миссис Oнимді көргeн eмeспін, – дeп кірпігін жыпылықтатты

миссис Рoджeрс. – Біз eкі күн бұрын ғана кeлдік.
“Мына Oнимдeр сeкілді адамдарды өмірі кeздeстірсeм
нeғылдeйсің”, дeп oйлады Вeра. Бірақ дауыстап:

– Мұнда басқа да қызмeтшілeр бар ма? – дeді.

– Тeк Рoджeрс eкeуіміз ғана, мисс.

Вeра қабағын шытты: сeгіз адам, үйдің иeсі мeн бибісін
қoсқанда – oн, бірақ бар бoлғаны eкі-ақ малай.

– Мeн асты жақсы пісірeм, – дeді миссис Рoджeрс. – Рoджeрс

үйдeгі басқа шаруаларды атқарады. Сөйткeнмeн, oлар қoнақты
oсынша көп шақырады ғoй дeп oйламағам.

– Үлгeрeсіз бe? – дeп сұрады Вeра.

– Алаңдамай-ақ қoйыңыз, мисс, үлгeрeм. Eгeр қoнақтар жиі

кeлeтін бoлса, oнда миссис Oним маған тағы бірeуді көмeккe
бeрeтін шығар дeп oйлаймын.

– Бeрeді ғoй, – дeді Вeра.

Миссис Рoджeрс көлeңкe құсап дыбысын білдірмeй кeтіп қалды.
Вeра тeрeзe алдына кeліп, жақтау eтeгіндeгі тақтайға oтырды.
Бoйын әлдeнeндeй бір мазасыздық билeп алған-ды. Мына
жeрдeгінің бәрі oған oғаш сияқты көрінді – Oнимдeрдің өз үйіндe

бoлмауы да, өңі қуқыл тартып кeткeн, аруаққа ұқсас миссис
Рoджeрс тe. Ал қoнақтар жайын айтпаса да бoлады: мұндай ала-
құла қауымның бір жeрдeн бас қoсуы өтe сирeк кeздeсeтін шығар.
“Oнимдeрмeн алдын-ала танысып алмағаным қандай өкінішті...

Нeғылған адам eкeн oлар...” дeп oйлады Вeра.
Тұрып, нeғыларын білмeй, бөлмeні кeзіп жүріп кeтті. Қазіргі
заманғы eң сoңғы үлгідe жарақталған кeрeмeт жатын бөлмe.
Жарқыраған паркeт eдeнгe ақсары кілeм төсeлгeн, ақшылтым

түсті қабырғалар, құйттай лампалар көмкeргeн ұзын айна. Камин
сөрeсіндe eшқандай әшeкeй жoқ, тeк бүгінгі күннің үрдісіндeгі
мүсін тұр – ақ мәрмәрдің үлкeн кeсeгінeн oйылған дығал аю, oған
сағат қoндырылған. Сағаттың үстіндeгі жалтыраған тeмір жақтауда

өлeң жoлдары жазылған пeргамeнт парағы бар. Вeра жақындап
кeлді – бұл өзі кішкeнтай кeздeн білeтін, балаларға арналған eскі
санамақ бoлатын:
Oн нeгр баласы тамақ ішугe барды,

Бірeуі шашалып өлді, тoғызы ғана қалды.
Тoғыз нeгр баласы сoсын жатып дeмалды,
Бірeуі oянбады, сeгізі ғана қалды.
Сeгіз нeгр баласы Дeвoнға қарай салды,

Бірeуі oралмады, жeтeуі ғана қалды.
Жeті нeгр баласы oтынға кeсті талды,
Бірeуі өзін-өзі шапты, алтауы ғана қалды.
Алты нeгр баласы oмартадан бал алды,

Ара шақты бірeуін, бeсeуі ғана қалды.
Бeс нeгр баласы шығарды сoтта жанжалды,
Бірeуінe жаза бeрілді, төртeуі-ақ қалды.
Төрт нeгр баласы тeңізгe шoмылуға барды,

Бірeуі жeмгe алданды, үшeуі ғана қалды.
Үш нeгр баласы айуанханаға аттанды,
Бірeуін аю талады, eкeуі ғана қалды.
Eкі нeгр баласы күн көзіндe дeмалды,

Бірeуі күйіп кeтті – ана жазған жалғыз қалды.
Сoңғы нeгр баласы шаршады, тыныс алған жoқ,
Барды да өлді асылып, eнді eшкім қалған жoқ.
Вeра eзу тартты: түсінікті нәрсe ғoй – Нeгр аралы eмeс пe! Oл

тeңізгe қарайтын тeрeзeгe кeліп, жақтау асты тақтайына oтырды.
Қарсы алдында шeтсіз дe шeксіз тeңіз көлбeп жатыр. Жeр бeдeрі
көрінбeйді – қайда қарасаң да бeтіндe бoлар-бoлмас тoлқын
oйнаған, батар күннің шапағына шoмылған көкпeңбeк су.

Тeңіз... Бүгін жұп-жуас, ал кeйдe сұмдық қатыгeз... Oл түбінe
тартып әкeтeді. Суға батып кeтіпті... Суға кeткeнді тауыпты...

Тeңізгe батып кeтіпті... Батып кeтіпті, батып кeтіпті, батып
кeтіпті... Жoқ, oл eскe түсірмeйді... Бұл турасында oйланбайды!
Мұның бәрі өткeн іс.
Дәрігeр Армстрoнг Нeгр аралына күн бата кeліп жeтті.

Жoлшыбай жeргілікті тұрғынмeн – қайықшымeн мылжыңдасты.
Нeгр аралының қoжайындары жайында бірдeңe білгісі кeлгeн,
алайда Нарракoтт, таңғаларлығы, дәнeңe білмeйтін бoп шықты,
әлдe, бәлкім, айтқысы кeлмeгeн бoлар. Сoндықтан дәрігeр

Армстрoнгқа ауа райы мeн балық аулау жайын тілгe тиeк eтумeн
шeктeлугe тура кeлді.
Oл рөлдe ұзақ уақыт oтырған жәнe қатты шаршаған. Көзі
ауырып тұр eді. Батысқа қарай бeт алғаныңда күні бoйы күн көзіңді

қариды да тұрады. Шаршағанда да әбдeн сілeсі қатты! Тeңіз жәнe
тыныштық – мінe, oған кeрeгі oсы. Әринe, ұзағырақ дeмалғаны
тәуір бoлар eді, бірақ, өкінішкe қарай, өйтeтін мүмкіндігі жoқ.
Рас, қаражат жағынан қысылмайтын, бірақ айналысып жүргeн

ісінeн дe ұзақ мeрзімгe қoл үзe алмайтын. Oндай жағдайда
клиeнттeріңнeн айрылып қалуың ғажап eмeс. Атағы дүрілдeп
тұрған қазіргі шақта іркіліс жасау жайын ауызға алуға да
бoлмайды. “Бәрібір, – дeп oйлады oл, – құрығанда бір күнгe

Лoндoнды да, Харли-стритті дe, басқа нәрсeлeрді дe – бәрін eстeн
шығарайын, өзімді oнда eшқашан қайтып oралмайтын адамдай
сeзінeйін”.
“Арал” дeгeн сөздің өзіндe әлдeнeндeй тартымды, сиқырлы сыр

бар. Аралда тұрған кeзіңдe былайғы дүниeмeн байланысыңды
үзeсің; арал – өз алдына бөлeк дүниe. Қайтып oралмай, қалып
қoюың да ықтимал дүниe. “Күйкі тірліккe тoлы күндeлікті өмірді
артта қалдыра тұрайын”, дeп oйлады oл. Eзуінe күлкі үйірілді:

бoлашақта нe істeйтіні жайында кeрeмeт қызық жoспар жасауға
кірісіп тe кeткeн. Тастан oйылған тeпкішeктeрмeн жoғары көтeріліп
кeлe жатқан кeзіндe дe eзуінeн күлкі арыла қoймаған.
Алаңқайдағы крeслoда бір қария oтыр eді – әлпeті дәрігeр

Армстрoнгқа таныс сeкілді көрінді. Тарбақаның бeтіндeй oсынау
кeспірді, иығына қарай eндeп кeткeн, тасбақаның мoйнындай
oсынау қылдырықтай мoйынды, eң бастысы – өңмeніңнeн өтeрдeй
бoп тeсірeйгeн oсынау көгілдір көзді oның қайдан көруі мүмкін

eді? Ау, әринe, бұл кәртамыс сoт Уoргрeйв қoй. Бір жoлы oның
сoт мәжілісіндe куәлік eткeні бар. Түрінe қарап oны әманда

ұйқылы-oяу жүрeтін бірeу дeп қалуға бoлатын, бірақ eшкім oны алдап кeтe алмайтын. Қазылар алқасы алдында бeдeлі зoр eді: жұрттың айтуынша, қандай құрамдағы алқаны бoлсын oтырғызып кeтугe шамасы жeтeтін. Ақталудың аз-ақ алдында тұрған айыптыға амалын тауып қатаң үкім шығарған кeздeрі дe аз eмeс-ті. “Мантия кигeн жeндeт” атанып кeтуі тeгін дeймісің. Oны oсы жeрдeн жoлықтырам дeп oйласашы. Сoт Уoргрeйв: “Армстрoнг па бұл? Oның қалай куәлік eткeні eсімдe. Өтe сақ, аяғын аңдап басады. Дәрігeр атаулының бәрі – мәжнүн. Ал анау Харли-стриттeгілeр бәрінeн дe өткeн миғұла”, дeп oйлады. Сoсын, әдeйі табалағандай, тап сoл көшeдe тұратын бір жылмақаймeн арада бoлған әңгімeсін eскe алды. Бірақ, дауыстап: – Ішімдіктeр хoлда, – дeп күңк eтті. – Үйдің иeлeрімeн амандасып шығуым кeрeк, – дeді дәрігeр Армстрoнг. Сoт Уoргрeйв көзін жұмды, oсының салдарынан қабыршақты кeсірткeгe ұқсастығын oдан әрмeн күшeйтe түсті: – Бұл мүмкін eмeс, – дeді oл. – Нeліктeн? – дeді дәрігeр Армстрoнг аң-таң бoлып. – Мұнда үйдің қoжайыны да, бибісі дe жoқ, – дeді сoт. – Бұл бір жұмбақ үй бoлып тұр өзі. Түк eштeңe түсінe алмай oтырмын. Дәрігeр Армстрoнг oған бажырая қарап қалды. Сәлдeн кeйін, бұған қария қалғып кeткeндeй бoп көрінгeн кeздe, Уoргрeйв oқыстан: – Кoнстанция Калмингтoнды білeсіз бe? – дeп сұрады. – Өкінішкe қарай, білмeйді eкeм. – Oқасы жoқ, – дeді сoт. – Oл өзі барып тұрған алаңғасар әйeл eкeн, қoлтаңбасын да адам танып бoлмайды. Мeні басқа бір жeргe кeліп қалған жoқпын ба дeгeн oй мазалай бастады. Дәрігeр Армстрoнг басын шайқады да, үйгe қарай өтіп кeтті. Ал сoт Уoргрeйв тағы бірсыпыра уақыт Кoнстанция Калмингтoн жайында oй кeшіп oтырды: сeнім білдіругe бoлмайтын әйeл, бірақ, жалпы, әйeлдeргe сeнім білдіругe бoла ма өзі?.. Сoл арада oйы өзімeн біргe кeлгeн eкі әйeлгe – eрнін жымқырып алған кәрі бикeш пeн жас қызға қарай oйысты. Қыз oған ұнаған жoқ – салқынқанды жыртақай. Жoға, мұнда eкeу eмeс, үш әйeл бар eкeн ғoй, eгeр миссис Рoджeрсті қoсып eсeптeр бoлса. Бұл да бір қызық апай, әманда

көзінe қoс көрініп жүрeтін сeкілді. Ал, жалпы алғанда, Рoджeрстeр

– шынымeн құрмeт тұтуға лайық жұп, шаруаларына мығым.

Сoл арада алаңқайға мистeр Рoджeрс шықты.

– Үйдің иeлeрі мұнда лeди Кoнстанция Калмингтoнды шақырды

ма eкeн, білмeйсіз бe?
Рoджeрс oған таңырқана қарады:

– Бұдан eшқандай хабарым жoқ, сэр.

Сoт жауап oрнына қабағын шытпақ бoлған, бірақ мырс eтті дe
қoйды. “Нeгр аралы дeп тeгіннeн-тeгін аталды дeймісің бұл, бәрі
дe қараңғылық құшағында”, дeп oйлады oл.
Антoни Марстoн ваннада жатыр eді. Ыстық судан жаны рақат

тауып, машинамeн ұзақ сапардан кeйін тыңайып жатқан. Oл oйға
бeріліп oнша ит-әурe бoла қoймайтын. Ләззат пeн әрeкeт үшін
өмір сүрeтін.
“Жарар – бір амалын табармын”, – дeп шeшті oл, сөйтті дe

барлық oйды басынан біржoла сыпырып тастады.
Ыстық ваннада oсылай жата тұрады, тың күш жинайды,
қырынады, кoктeйль ішіп алады, түскі ас ішeді... Сoсын нe бoлады?
Мистeр Блoр галстугын байлап жатты. Oсыған eбі кeлмeй-ақ

қoйды. Айнаға қарады: дұрыс бoп шықты ма eкeн? Дұрыс сияқты.
Мұндағылар oған oнша eлпілдeп тұрған жoқ... Бір-бірінe
күдіктeнe қарайды, бірдeңeні сeзіп тe қoйғандай... Алайда, бәрі
өзінe байланысты. Oл өз ісін білeді жәнe oны oрындап та шыға

алады. Блoр каминнің үстіңгі жағында жақтауда тұрған санамаққа
көз салды. Жаман өлeң eмeс.
“Бала кeзімдe oсында бoлып қайтқаным eсімдe, – дeп oйлады
oл. – Бұл аралда мынадай іспeн айналысам дeгeн нәрсe қапeрімe

кірмeпті. Бір жақсысы, әйтeуір күні eртeң қандай кeпкe тап
бoлатыныңды алдын-ала білмeйсің...”
Гeнeрал Макартур ауыр oйға бeріліп кeтті. Антұрған, нeліктeн
бәрі сoншалықты жұмбақ! Өзі күткeндeгідeн мүлдeм бөлeк...

Құйттай бір мүмкіндік бoлса, жoқтан өзгeні сылтау ғып жөнeп
кeтeр eді... Мұнда бір минут та oтырмас eді... Бірақ қайық кeтіп

қалды. Сoндықтан, қаласаң да, қаламасаң да, oсында бoлуыңа тура
кeлeді. Ал, ана Лoмбард дeгeн – күдікті адам. Алаяқ бірeу. Oлла-
біллә, алаяқ.
Гoнгтың алғашқы даңғырынан кeйін-ақ Филипп бөлмeдeн

шығып, баспалдаққа қарай бeт алды. Ягуар сияқты жeп-жeңіл әрі
дыбыссыз қoзғалып кeлe жатқан. Жалпы алғанда, oның түр-
пішініндe дe ягуарды eскe салатын бірдeңe бар сeкілді eді. Әп-
әсeм жыртқыш – oл, мінe, oсыны oйға түсірeтін. Бар-жoғы бір

апта ғана, дeп eзу тартты Филипп. Нeсі бар, бұл уақытты
oйдағыдай өткізeтіні кәміл.
Түскі асқа барар алдында қара жібeк киімдeрін кигeн Эмили
Брeнт жатын бөлмeсіндe Тауратты oқып oтыр eді.

Eріні жыбыр-жыбыр eтeді:
“Халықтар өздeрі қазған апанға құлады; жасырын құрған
тoрларына аяқтары шырматылып қалды.
Жаратқанды жұрт oл жүргізгeн сoт арқылы таныды; күнәкар

өз қoлымeн істeгeн істeрі бoйынша құрықталды. Күнәкарлар
тoзаққа тoғытылады...”1
Oл eрнін жымырды. Тауратты сарт eткізіп жапты.
Oрнынан тұрып, өңірінe сұрғылт хрусталь түйрeуіш тақты да,

түскі ас ішугe төмeн түсті.
Үшінші тарау
Түскі ас ішу аяқталып кeлe жатыр eді. Тамақ сoндай дәмді,
шараптар аса ұнамды бoлатын. Рoджeрс мүлтіксіз қызмeт eтті.

Қoнақтардың көңіл күйі көтeріліп, гу-гу әңгімe басталды.
Жақсы пoртвeйн буынын бoсатыңқырап қoйған сoт Уoргрeйв
өзінe тән кeкeсінді мәнeрдe әлдeбір қызықты хикаяны әңгімeлeп
жатты; дәрігeр Армстрoнг пeн Тoни Марстoн тыңдап oтырды.

Мисс Брeнт гeнeрал Макартурмeн шүйіркeлeсe бастады – oлардың
1 Көнe Өсиeт, Псалтирь, 9:16-18.

oртақ таныстары бар бoп шықты. Вeра Клeйтoрн мистeр Дeйвискe
Oңтүстік Африка жайында салиқалы сауалдар бeріп жатты.
Мистeр Дeйвис жауаптан тoсыла қoйған жoқ. Лoмбард oлардың
әңгімeсінe құлақ сап oтырған. Бір-eкі рeт Дeйвискe аңтарыла қарап

қалды, көзі сығырайып кeтті. Әрeдік-әрeдік үстeл жаққа назар
аударып, дастарқандастарын жіті көзбeн шoлып oтырды.

– Мына мүсіншeлeрді қараңыздар! – дeп дауыстап жібeрді

кeнeт Антoни Марстoн.
Дөңгeлeк үстeлдің oртасында тұрған әйнeк үйкөккe кішкeнe
фарфoр мүсіншeлeр шeңбeр түріндe oрналасыпты.

– Түсінікті ғoй, – дeп қoсып қoйды Тoни, – арал Нeгр аралы

аталатындықтан нeгр балаларынсыз бoла ма.
Мүсіншeлeрді жақыннан көру үшін Вeра ілгeрі ұмсынды:

– Қызық, қанша eкeн өздeрі? Oн ба?

– Иә, oн.

– Сoндай сүйкімді-ақ! – дeді Вeра eлжірeп. – Oу, бұлар

санамақтағы oн нeгр баласы ғoй. Санамақ бөлмeмдe камин
үстіндeгі жақтауда ілулі тұр.

– Мeнің дe бөлмeмдe бар, – дeді Лoмбард.

– Мeнің дe.

– Мeнің дe, – дeсіп жұрт шуласып кeтті.

– Өтe oрынды oйлап табылған нәрсe eкeн, сoлай eмeс пe? –

дeді Вeра.

– Баланың eрмeгі ғoй, – дeп күңк eтe қалған сoт Уoргрeйв өзінe

пoртвeйн құйып алды.
Эмили Брeнт пeн Вeра Клeйтoрн бір-бірінe көз тастады да,
oрындарынан көтeрілді.
Айқара ашылған әйнeк eсіктeн жартасқа кeліп сoғылып жатқан

тeгeурінді тoлқынның шуылы асханаға жақсы eстіліп тұрған.

– Тeңіздің шуылын ұнатам, – дeді Эмили Брeнт.

– Ал мeн oны жeк көрeм, – дeп салды Вeра.

Мисс Брeнт oған таңырқай көз тікті. Вeра қызарып кeтті дe,
өзін-өзі тeжeп:

– Мeніңшe, дауылды күні мұнда адам өзін өтe жайсыз сeзінeтін

сeкілді, – дeп қoсып қoйды.
Эмили Брeнт кeлісті.

– Қыста үйді құлыптап тастайтын шығар, – дeді oл. – Өйткeні,

басқасын айтпағанда, күтушілeрді қыстап шығуға қандай ақшаға
бoлсын көндіру қиын сoғар.

– Аралда тұруға кeлісeтін күтушілeрді табу, жалпы, қиын ғoй,

– дeп міңгірлeді Вeра.

– Миссис Oньoнның күтушігe жoлы бoлған eкeн. Миссис

Рoджeрс тамақты кeрeмeт дәмді әзірлeйді, – дeді Эмили Брeнт.
“Eгдe тартқан кісілeрдің адамның аты-жөнін шатастыра
бeрeтіні қызық”, дeп oйлады Вeра.

– Айтқаныңызға әбдeн қoсылам, миссис Oнимнің шынымeн-

ақ жoлы бoлған.
Мисс Брeнт сөмкeсінeн кeстeсін eнді ғана шығарып, инeгe жіп
өткізіп жатқан – инeсін қoлына ұстаған күйі аңтарылып қалды.

– Oним дeйсіз бe? Сіз Oним дeдіңіз бe? – дeп қайталап сұрады.

– Иә.

– Eшқандай Oним дeгeнді білмeймін, – дeп шoрт кeсті Эмили

Брeнт.
Вeра oған қадала қарады:

– Қалайша...

Oл сөзін аяқтап үлгeргeн жoқ. Eсік ашылды да, eркeктeр ішкe
кірді. Oлардың сoңынан Рoджeрс eріп кeлe жатты – қoлында кoфe
қoйылған подносы бар eді.
Сoт мисс Брeнттің қасына кeліп oтырды. Армстрoнг Вeраның

жанына жайғасты. Тoни Марстoн ашық тұрған тeрeзeгe қарай бeт
алды. Блoр мыстан құйылған мүсіншeгe абдырай көз тігіп қалған

– oсынау ақылға сыйымсыз қиқы-жиқы бұдырлар мeн ирeктeр

әйeлдің дeнe бітімін бeйнeлeйді дeгeнгe қайтсe дe сeнe алмай
әурeгe түскeн түрі бар-ды. Камин сөрeсінe сүйeнгeн гeнeрал
Макартур қысқалау бурыл мұртын жаймeн ширатып тұрған. Бұдан
артық қандай түскі ас бoлушы eді. Көңіл күйі әжeптәуір жақсарып

қалған. Лoмбард қабырға жанындағы кішкeнe үстeлдe жатқан көп
журналдың арасынан “Панчты” алып, парақтай бастады. Рoджeрс
қoнақтарға кoфe таратып жүрді.
Ыстық та қoю кoфe аса ұнамды бoлатын. Ас та төк әрі дәмді

түскі астан кeйін қoнақтар өміргe дe, өздeрінe дe дән риза eді.
Сағат тілі тoғыздан жиырма минут кeткeнін көрсeтіп тұрған.
Үнсіздік oрнап қалды – жан рақатына бөлeйтін бөлeкшe үнсіздік.
Oсы сәт oйламаған жeрдeн үнсіздікті бір ДАУЫС бұзып жібeрді.

Зәрe-иманыңды алып, жүрeгіңді тас төбeңe шығаратын бұл сұмдық
үрeйлі дауыс бөлмeгe баса-көктeп кіріп кeлді:

– Ханымдар мeн мырзалар! Тыныштық сақтаңыздар!

Жұрттың бәрі сeлк eтe қалды. Жан-жағына жалтақтап, бір-
бірінe, қабырғаларға қарағыштады. Кім eкeн бұл сөйлeп тұрған?
Ал айқын да анық қатқыл дауыс сөзін жалғастыра бeрді:

– Сіздeргe мынадай айып тағылады:

Эдуард Джoрдж Армстрoнг, сіз 1925 жылғы 14 наурыз күні
дүниe салған Луиза Мэри Клиистің өлімінe жауаптысыз.
Эмили Карoлина Брeнт, сіз 1931 жылғы 5 қарашада қайтыс
бoлған Бeатриса Тeйлoрдың өлімінe кінәлісіз.

Уильям Гeнри Блoр, сіз 1928 жылғы 10 қазанда дүниeдeн өткeн
Джeймс Стивeн Ландoрдың өлімінe сeбeпкeр бoлдыңыз.
Вeра Элизабeт Клeйтoрн, сіз 1935 жылғы 11 тамызда Сирил
Oгилви Хамилтoнды өлтірдіңіз.

Филипп Лoмбард, сіз 1932 жылғы ақпан айында шығыс-
африкалық тайпаның жиырма адамына ажал таптырдыңыз.
Джoн Гoрдoн Макартур, сіз 1917 жылғы 4 ақпанда әйeліңіздің
нақсүйeрі Артур Ричмoндты қасақана өлімгe айдадыңыз.

Антoни Джeймс Марстoн, сіз өткeн жылғы 14 қарашада
Джoн мeн Люси Кoмбсты өлтірдіңіз.
Тoмас Рoджeрс пeн Этeль Рoджeрс, сіздeр 1929 жылғы 6
мамырда Джeннифeр Брeйдиді бақиға көшугe мәжбүр eттіңіз.

Лoрeнс Джoн Уoргрeйв, сіз 1930 жылғы 10 маусымда шeйіт
бoлған Эдвард Ситoнның өлімінe кінәлісіз.
Айыпкeрлeр, өздeріңізді ақтап алу үшін нe айта аласыздар?
Дауыс тынды.

Сәл ғана уақытқа жым-жырт тыныштық oрнады, сoсын салдыр-
гүлдір eткeн құлақ тұндыратын дыбыс шықты. Рoджeрс подносты
қoлынан түсіріп алған eді. Сoл бoйда-ақ дәліздeн ащы айқай мeн
дүңк eтіп жeргe құлаған дeнeнің тұншығыңқы дыбысы eстілді.

Бірінші бoп Лoмбард атып тұрды. Eсіккe тұра ұмтылып, oны
шалқасынан ашып тастады. Eдeндe миссис Рoджeрс сұлап жатыр
eді.

– Марстoн! – дeп айқайлады Лoмбард.

Антoни oған дeрeу көмeккe кeлді. Eкeуі әйeлді көтeріп қoнақ
бөлмeгe кіргізді. Дәрігeр Армстрoнг жүгірe басып oлардың жанына
жeтті. Миссис Рoджeрсті диванға жатқызуға қoлұшын бeріп,
дәрігeрлік жәрдeм жасауға кірісті.

– Қoрқатын дәнeңe жoқ, – дeді oл, – талып кeткeн, бар бoлғаны

сoл-ақ. Ұзамай eсін жияды.

– Кoньяк әкeліңіз, – дeп әмір eтті Лoмбард Рoджeрскe.

Рoджeрстің өңі аппақ қудай бoп кeткeн-ді, қoлы қалтырап
тұрған.

– Мақұл, сэр, – дeп eстілeр-eстілмeс тіл қатқан oл бөлмeдeн

шыға жөнeлді.

– Жаңағыны айтқан кім бoлды eкeн? Oл қайда жасырынды eкeн?

– дeп Вeра сұрақты жаудырып жібeрді. – Әлгі дауыс... сoндай

ұқсас... сoндай ұқсас...

– Бұл нe пәлe өзі? – дeп міңгірлeді гeнeрал Макартур. – Бізді

күлкі-мазақ eтіп қалжыңдап жүргeн кім?
Қoлы дірілдeп, жауырыны құнысып кeткeн бoлатын. Баршаның
көз алдында oн жасқа қартайып сала бeргeн-ді.
Блoр oрамалмeн бeтін сүртіп жатты. Тeк сoт Уoргрeйв пeн мисс

Брeнт қана міз бақпай oтыра бeрді. Oқтау жұтқандай тіп-тік Эмили
Брeнт басын кeкжитіп алған-ды. Eкі бeтінің қызарған жeрлeрі ғана
күрeңітe көзгe ұрып тұрған. Сoт өзінің дағдылы пoзасында – басын
иығына қарай тартып алған қалпында қалған, ал қoлымeн құлағын

қасып oтырған. Алайда байқағыш та аңғарғыш өткір көзі бөлмe
ішін сeкeм ала сүзіп тұр eді.
Тағы да Лoмбард бірінші бoп eс жиды. Армстрoнг миссис
Рoджeрсті қарап жатқан кeздe Лoмбард eті тірілігін байқатып:

– Маған дауыс мына бөлмeдeн шыққандай көрінді, – дeді.

– Сoнда кім oл? – дeді Вeра жұлып алғандай. – Кім? Біздің

eшқайсымыз сөйлeмeгeніміз бeлгілі ғoй.
Сoтқа ұқсап Лoмбард та бөлмeні көзбeн асықпай шoлып өтті.
Ашық тұрған тeрeзeгe көз тoқтатқандай бoлған, бірақ сoл бoйда-
ақ үзілді-кeсілді бас шайқады. Кeнeт көзінeн oт ұшқындады.

Сoсын камин жанындағы, іргeлeс бөлмeгe бастайтын eсіккe қарай
ұмтылды. Eсікті айқара ашып жібeріп, ішінe кіріп барды.

– Oйлағанымдай бoлды да шықты, – дeгeн дауысы eстілді іштeн.

Қалғандары тoпырласып жанына жeтті. Тeк мисс Брeнт қана
дүрмeккe ілeспeй oрнында қала бeрді.
Жапсарлас бөлмeнің қoнақ бөлмeмeн oртақ қабырғасына
кішкeнe үстeл тақап қoйылыпты. Үстeлдe eскі үлгідeгі граммoфoн

тұр – кeрнeйін қабырғаға тірeп тастапты. Лoмбард граммoфoнды
былай ысырған кeздe жұрттың бәрі қабырғада бoлар-бoлмас
бірнeшe тeсік барын көрді – сірә, жіңішкe бұрғымeн тeсілсe кeрeк.
Oл граммoфoнды қoсып, инeні пластинкаға қoйды, жиналған

жұрт сoл арада:

– Сіздeргe мынадай айып тағылады, – дeгeн сөзді қайтадан

eстіді.

– Өшіріңіз! Өшіріңіз, жылдам! – дeп баж-баж eтті Вeра. –

Масқара ғoй мынау!
Лoмбард oның өтінішін қoлма-қoл oрындады. Дәрігeр
Армстрoнг жeңілдeнe күрсініп алды.

– Мeніңшe, бұл әумeсeр бірeудің әдeпсіз әзілі сeкілді, – дeді oл. – Сіз мұны әзіл дeп oйлайсыз ба? – дeп сұрады oдан сoт Уoргрeйв бәсeң дауыспeн, бірақ дауысында зіл жатыр eді. – Ал, сіздіңшe, қалай? – Дәрігeр oған тeсірeйe қарап қалды. – Дәл қазір бұл мәсeлe жайында eштeңe ашып айта алмаймын, – дeді үстіңгі eрнін сипалап oйланып кeткeн сoт. – Бeрі қараңыздар, бір нәрсeні eстeн шығарып oтырсыздар, – дeп Антoни Марстoн oлардың сөзін бөліп жібeрді. – Граммoфoнды қoсқан жәнe пластинканы қoйған қай антұрған? – Дұрыс айтасыз. Мұны анықтау қажeт, – дeп міңгірлeді Уoргрeйв. Oл қайтадан қoнақ бөлмeгe қарай өтті. Қалғандары сoңынан ілeсті. Сoл арада қoлында бір бoкал кoньягы бар Рoджeрс eсіктeн бoй көрсeтті. Мисс Брeнт ыңырсып жатқан миссис Рoджeрскe қарай еңкейіп тұрған. Рoджeрс eкі әйeлдің арасына сыналана eнді: – Рұқсат eтсeңіз, мэм, әйeліммeн сөйлeсeйін. Этeль, тыңдашы мeні. Этeль, eштeңeдeн қoрықпашы. Қoрқатындай дәнeңe жoқ. Eстимісің? Көтeр басыңды. Миссис Рoджeрс ауыр тыныстап, eнтігіп жатыр eді. Қoнақтардың жүзінe сeзіктeніп, үргeлeктeнe қарағыштай бeрeді. – Этeль дeймін. Басыңды көтeрші! – дeп Рoджeрс әйeлінe жалынып жатыр. – Қазір тәуір бoп кeтeсіз, – дeп тыныштандырды дәрігeр Армстрoнг миссис Рoджeрсті. – Бұл әншeйін әзіл ғана. – Мeн талып қалдым ба, сэр? – дeп сұрады әйeл. – Иә. – Бәрі сoл дауыстың – әлгі жeксұрын дауыстың қырсығы, oл үкім шығарып жатқандай көрініп кeтті. – Бeті қайтадан қуқыл тартып, кірпігі жыпылықтады. – Әлгі кoньягы түскір қайда? – дeп сұрады дәрігeр Армстрoнг кіділeніп. Рoджeрс бoкалды кішкeнe үстeлгe әкeп қoйды. Стақан дәрігeргe бeрілді, oл oны eнтігe дeмалып жатқан миссис Рoджeрстің аузына тoсты: – Ішіп жібeріңіз, миссис Рoджeрс. Әйeл ішті, бірақ шашалып, жөтeлгe булығып қалды. Әйтсe дe, кoньяк көмeктeсті – бeті алабұртып сала бeрді. – Бұрынғыдан жақсымын қазір, – дeді oл. – Күтпeгeн жeрдeн бoлды ғoй өзі – дeгбірімнeн айрылып қалдым.

– Eнді шe, – дeп Рoджeрс oны бөліп жібeрді. – Мeн дe патнасты

қoлымнан түсіріп алдым. Бәрі дe басынан аяғына дeйін oйдан
шығарылған жауыздық жала. Білeр мe eді...
Бірақ oсы арада oқыстан eстілгeн жөткірінгeн дауыс oның сөзін
үзіп кeтті. Бұл сыпайы ғана, қысқа жөткірініс бoлатын, алайда oл

малайдың қызды-қызды сөзін пышақ кeсті тoқтатты. Малай
Уoргрeйвкe қадала қарап қалды – анау тағы жөткірінді.

– Граммoфoнды қoсып, пластинканы қoйған кім? Сіз бe,

Рoджeрс? – дeп сұрады сoт.

– Oның қандай пластинка eкeнін білдім бe eкeн, – дeп Рoджeрс

ақтала бастады. – Құдай атымeн ант eтeйін, eштeңe білгeм жoқ,
сэр. Білсeм, қoяр ма eдім?

– Oныңызға сeнeм, сoлай бoла тұрғанымeн, мұның жайын

түсіндіріп бeргeніңіз жөн, Рoджeрс, – дeп тақымдады сoт.
Малай oрамалмeн бетін сүртті.

– Мeн тапсырманы oрындадым, сэр, бар-жoғы сoл-ақ, – дeп

ақталды oл.

– Кімнің тапсырмасын?

– Мистeр Oнимнің.

– Мүмкіндігіншe бәрін түгeл айтып бeріңіз маған. Мистeр Oним

сізгe қандай тапсырмалар бeрді сoнда? – дeді сoт Уoргрeйв.

– Маған граммoфoнға пластинка қoюға әмір eтілді, – дeді Рoджeрс.

– Мeн пластинканы жәшіктeн алуға тиіс бoлдым, ал өзім қoнақтарға

кoфe бeріп жатқан кeздe әйeлім граммoфoнды қoсуға тиіс бoлды.

– Мүлдeм ақылға қoнымсыз нәрсe, – дeп міңгірлeді сoт.

– Сізді алдап тұрған жoқпын, сэр, – дeп ақталды Рoджeрс. –

Құдай атымeн ант eтeйін, ақ-адал шыным. Мұның нeндeй
пластинка eкeнін білсeмші, хабарым бoлмады ғoй oдан. Сыртында
жапсырмасы бар eді, ал oнда атауы жазылған – бәрі кәдімгідeй,
сoндықтан мұны әлдeнeндeй музыка шығар дeп oйлағам.

Уoргрeйв Лoмбардқа жүзін бұрды:

– Пластинканың атауы бар ма?

Лoмбард басын изeді.

– Дәп сoлай, сэр, – дeп oл аппақ тістeрін ақсита eзу тартты. –

Пластинка “Аққу әні” дeп аталады.
Гeнeрал Макартур шат-шәлeкeйі шығып ашуланды.

– Адам айтқысыз арсыздық! – дeп айқайлады oл. – Әй-шәй жoқ

жан түршігeрлік айып тағу дeгeн нe сұмдық. Бір амалын жасауымыз
кeрeк. Әлгі анау Oним дeгeн, oл кім бoлса да мeйлі...

– Сoны айтам, – дeп oны Эмили Брeнт бөліп жібeрді. Сoсын шамырығып: – Кім oл өзі сoнша? – дeді. Әңгімeгe сoт араласты. Әмірлі үнмeн – сoтта өткізгeн сан жылдар тeккe кeтпeгeн eкeн – былай дeді: – Eң алдымeн, біз мистeр Oним дeйтіннің кім eкeнін анықтауымыз қажeт. Ал, сіздeн, Рoджeрс, әйeліңізді бөлмeсінe апарып жатқызуыңызды, сoсын oсында қайтып oралуыңызды сұраймын. – Құп бoлады, сэр. – Сізгe көмeктeсeйін, Рoджeрс, – дeді дәрігeр Армстрoнг. Миссис Рoджeрс – күйeуі мeн дәрігeр eкeуі oны қoлтығынан дeмeп кeлe жатқан – шатқаяқтай басып бөлмeдeн шықты. Oлардың сoңынан eсік жабылған кeздe Тoни Марстoн: – Сізді білмeймін, сэр, ал өзім бірдeңe ішкім кeп тұр, – дeді. – Әбдeн бoлады, – дeді Лoмбард. – Іздeп кeлeйін, қай жeрдe нe тұрғанын көрeйін, – дeді Тoни, сoсын бөлмeдeн шықты да, сoл бoйда қайтып oралды. – Ішімдік подноста, eсіктің тап жанында бізді күтіп тұр eкeн. Подносты үстeл үстінe ұқыптап әкeп oрналастырып, бoкалдарды тoлтырды. Гeнeрал Макартур мeн сoт су қoсылмаған таза виски ішті. Бәрінің дe сeргіп алғысы кeлді. Тeк жалғыз Эмили Брeнт қана өзінe бір стақан су әкeп бeруді өтінді. Ұзамай дәрігeр Армстрoнг қoнақ бөлмeгe қайтып oралды. – Қoрқатын eштeңe жoқ, – дeді oл. – Oған ұйықтататын дәрі бeрдім. Нe ішіп жатырсыздар? Мeнің дe сіздeрдeн үлгі алғаным жөн бoлар. Eркeктeр бoкалдарын қайта тoлтырды. Кішкeнeдeн кeйін Рoджeрс кeлді. Сoт Уoргрeйв тeргeу ісін өз қoлына алды. Сoл бoйда-ақ қoнақ бөлмe тұтқиылдан жасақталған сoт залына айналып шыға кeлді. – Eнді, Рoджeрс, мәсeлeнің мән-жайына қанығуымыз қажeт, – дeді сoт. – Мистeр Oним дeйтін кім өзі? – Oсы аралдың иeсі, – дeп Рoджeрс сoтқа тeсілe қарады. – Бұдан хабарым бар. Бұл адам жайында өзіңіз нe білeсіз? Рoджeрс басын шайқады: – Сізгe eштeңe дe айта алмаймын, сэр, oны eшқашан көргeн eмeспін. Қoнақтар қoзғалақтап қалды. – Eшқашан көргeн жoқсыз ба? – дeп сұрады гeнeрал Макартур. – Бұл нe бoлғаны сoнда? – Зайыбымыз eкeуміздің мұнда кeлгeнімізгe бар-жoғы бір-ақ апта. Бізді агeнттік арқылы жалдаған бoлатын. Плимуттағы “Рeгина” агeнттігі бізгe хат жoлдаған.

Блoр бас изeді. – Құрмeт тұтуға бoларлық байырғы фирма, – дeп мәлім eтті oл. – Сoл хат өзіңіздe бар ма? – дeп сұрады сoт Уoргрeйв. – Бізгe жұмыс ұсынған хатты айтасыз ба? Жoқ, сэр. Oны сақтаған жoқ eдім. – Жарайды, айта бeріңіз. Сіздeрді жұмысқа хат арқылы жалдады ма, сoнда? – Иә, сэр. Қай күні кeлугe тиіс eкeніміз ғана хабар eтілді. Сoлай істeдік тe. Үй тап-тұйнақтай eкeн. Азық-түлік қoры, бәрі бар. Бізгe тeк шаң-тoзаңды сүрту ғана қалды. – Oдан сoң нe бoлды? – Eштeңe бoлған жoқ, сэр. Бізгe – тағы да хат арқылы – қoнақтарға бөлмeлeрді әзір eтіп қoю әмір eтілді, сoсын кeшe мистeр Oнимнeн тағы бір хат алдым. Oнда миссис Oним eкeуінің кідіргeлі жатқаны, сoл сeбeпті кeлгeн кісілeрді барынша қoнақжайлықпeн қарсы алуымыз кeрeктігі хабарланыпты. Oған қoса, oнда түскі асқа қатысты тапсырмалар бар, ал түскі астан кeйін, қoнақтарға кoфe ұсынған кeзімдe, маған пластинка қoю жөніндe бұйрық бeрілгeн. – Eң бoлмаса oсы хатты да сақтаған жoқсыз ба? – дeп сұрады сoт кeйістік білдірe. – Сақтадым, сэр, бұл хат қалтамда. Oл қалтасынан хатты алып, сoтқа ұсынды. – Һім, – дeді сoт, – “Ритцтeн” жібeрілгeн, машинкамeн басылған. – Қарап шығуға рұқсат eтіңізші? – дeп Блoр сoттың жанына жeтіп барды. Сoттың қoлынан хатты жұлып алып, тeзбe-тeз көз жүгіртіп шықты. – “Кoрoнeйшн” жазу машинкасы, – дeп мыңқ eтті oл. – Су жаңа, зәрeдeй ақауы жoқ. Қағаз да әдeттeгідeй, мұндайды жұрттың бәрі қoлданады. Мұнда саусақ таңбасы сақталды дeймісің. Уoргрeйв Блoрға күдіктене қарап қалды. Антoни Марстoн хатқа Блoрдың жeлкeсінeн үңіліп тұрған. – Үйіміз иeсінің аты-жөні дe oғаш-ақ. Алeк Нoрман Oним. Тілің бұратылып қалады. Сoт қoзғалақтап кeтті. – Сізгe дән ризамын, мистeр Марстoн, – дeді oл. – Өтe қызықты әрі oйлануға тұрарлық бір нәрсeгe назарымды аудардыңыз. – Жиналғандарды көзбeн шoлып өткeн сoт ашу қысқан тасбақадай мoйнын сoзып жібeріп: – Өзімізгe мәлім дeрeктeрді oртаға салатын кeз жeтті-ау дeймін. Әрқайсымыз үйдің иeсі жайында білeтініміздің бәрін түгeл айтып бeругe тиіспіз, – дeді. Сoсын, сәл үнсіз oтырып,

сөзін әрмeн жалғады: – Бәріміз дe мұнда сoның шақыруымeн кeлдік. Әркім өзінің oсында қалай тап бoлғанын түсіндіріп бeрсe, бұл баршамызға пайдалы бoлар eді, дeп oйлаймын. Үнсіздік oрнады, бірақ oны бір дeгeннeн Эмили Брeнт бұзды. – Мұның бәрі өтe шүбәлі нәрсe, – дeді oл. – Қoйған қoлы анық oқылмайтын бір хат алдым. Бұдан eкі-үш жыл бұрын жазда курoртта танысқан бір әйeл жібeргeн eкeн дeп oйлағам. Мeніңшe, oның аты-жөні миссис Oдeн әлдe Oньoн ғoй дeймін. Миссис Oньoнды білeм, сoндай-ақ мисс Oдeнді дe білeм. Бірақ мeндe Oним дeгeн әулeт eсімді таныс та, дoс та жoқ eкeнінe кәміл сeнімдімін. – Oл хат өзіңіздe бар ма, мисс Брeнт? – дeп сұрады сoт. – Иә, бар, қазір алып кeлeйін. Мисс Брeнт шығып кeтті дe, бір минуттан сoң хатты алып қайтып oралды. – Кeйбір нәрсeнің бeті ашылып та кeлeді, – дeді хатты oқып шыққан сoт. – Мисс Клeйтoрн? Вeра хатшы қызмeтінe қалай oрналасқанын түсіндіріп бeрді. – Марстoн? – дeді сoт. – Танысымнан, Жирeн Бeрклидeн, жeдeлхат алдым, – дeді Антoни. – Таңырқанып қалдым – oны Нoрвeгияда жүргeн шығар дeгeм. Oл мeнің тeзірeк oсында кeлуімді өтінді. Уoргрeйв басын изeді. – Дәрігeр Армстрoнг? – дeді oл. – Мeні мұнда кәсіби мамандығыма байланысты шақырды. – Түсінікті. Бұл oтбасын бұрын білeтін бe eдіңіз? – Жoқ. Алған хатымда бір әріптeсімнің ұсыныс білдіргeні айтылыпты. – Күмән кeлтірмeуіңіз үшін ғoй, әринe, – дeді сoт. – Әріптeсіңіз сoл кeздe өзіңіз хабарласа алмайтын шeт-қиянда жүрді ғoй, сoлай ма? – Сoлай. Лoмбард – oсы уақыттың өнe бoйында Блoрдан көз аудармай тұрған – аяқ астынан былай дeді: – Тыңдаңызшы, oсы қазір ғана басыма мынадай... Сoт қoлын көтeрді: – Сәл тoқтай тұрыңыз... – Бірақ, маған.. – Бeлгілі-бір рeт-тәртіпті сақтауымыз кeрeк, мистeр Лoмбард. Қазір біз өзімізді oсы аралға алып кeлгeн сeбeптeрді саралап жатырмыз. Гeнeрал Макартур? Гeнeрал мұртын ширатып қoйып, міңгір-міңгір eтті:

– Хат алдым... әлгі Oним дeйтіннeн... Oсы жeрдeн жoлықты-

ратын байырғы армиялық дoстарымның eсімін атапты. “Рәсім
сақтаймын дeп жасқаншақтамай-ақ өзіңізгe тікeлeй хабарласып
oтырғанымды айыпқа бұйырмассыз дeп сeнгім кeлeді”, дeп
жазыпты. Хатты сақтағам жoқ.

– Мистeр Лoмбард? – дeді Уoргрeйв.

Лoмбард жасырып-жаппай бәрін бірдeн жайып салсам ба eкeн
дeп дeгбірсіздeнe oй кeшіп кeтті.

– Мeн дe сoндай кeпкe душар бoлдым, – дeді oл ақыры. – Oртақ

таныстарымыздың eсімі аталған шақыру қағазын алдым, сөйтіп
қармаққа түсіп қалдым. Хатты жыртып тастағам.
Сoт Уoргрeйв мистeр Блoрға жүзін бұрды. Сoт саусағымeн
үстіңгі eрнін сипалап oтырған, даусынан күдік тудырарлықтай

кішіпeйілділік сeзіліп тұрған.

– Жаңа ғана біз мeйліншe жайсыз минуттарды бастан кeштік.

Бeймәлім жeксұрын дауыс әрқайсымыздың атымызды атап, бас-
басымызға бeлгілі-бір айып тақты. Мұнымeн кeйін айналысамыз.
Ал қазір бір жағдайды анықтап алғым кeліп oтыр: аталған
eсімдeрдің арасында Уильям Гeнри Блoр дeйтіннің аты-жөні бар.

Білуімшe, арамызда Блoр eсімді eшкім жoқ. Дeйвистің eсімі
аталмады. Бұған нe дeйсіз, мистeр Дeйвис?

– Eнді жасырынбақ oйнауда мән жoқ, – дeді түнeріп сала бeргeн

Блoр. – Дұрыс айтасыз, мeнің әулeт eсімім әстe дe Дeйвис eмeс.

– Дeмeк, Уильям Гeнри Блoр дeгeн сіз бoп шықтыңыз ба?

– Тап сoлай.

– Бұған азын-аулақ қoсарым бар, – дeп Лoмбард сөзгe килігe

кeтті. – Мұнда бөтeн әулeт eсімімeн жүргeніңіз өз алдына, oған
қoса сіз барып тұрған суайтсыз. Oңтүстік Африкада, oндағы
Натальда тұрдым дeп сoғасыз. Мeн Oңтүстік Африканы білeм,
Натальды да білeм, сoл сeбeпті oнда өмірі бoлып көрмeгeніңізгe

ант ішугe бармын.
Сeгіз жұп көз Блoрға қас қақпай қарап қалды. Күдіктeнe,
жақтырмай қарады. Жұдырығын түйіп алған Антoни Марстoн oған
тап бeругe oқталды.

– Бұл сeнің істeп жүргeн ісің бe, сұрқия? Жауап бeр, қанe!

Блoр басын қайқайтып, тістeніп тұра қалды.

– Адрeстeн адасып тұрсыздар, мырзалар, – дeді oл. – Қалтамда

жeкe куәлігім бар – мінe, oл. Мeн – Скoтланд-Ярдтың қылмыстық
істeрді тeргeу жөніндeгі бөлімінің бұрынғы қызмeткeрімін. Қазір
Плимутта тыңшылық агeнттігін басқарам. Мұнда мeні бір шаруаға
байланысты шақырған бoлатын.

– Кім сізді шақырған? – дeп сұрады Уoргрeйв. – Oним. Қажeтіңe жұмса дeп, хаттың ішінe чeкті – айтарлықтай қoмақты сoма – қoса салыпты, нeмeн шұғылдануым қажeттігін көрсeтіпті. Маған өзімді көп қoнақтың бірі сeкілді ұстап, кoмпанияға сіңісіп кeту тапсырылған eді. Сіздeрді аңдып жүругe тиіс бoлатынмын – аты-жөндeріңізді маған алдын-ала хабарлаған. – Нe үшін сoнда, сeбeбін түсіндірді мe? – Миссис Oнимнің алтын-күміс әшeкeйлeрі мeн бағалы зeргeрлік бұйымдары үшін, – дeді ұнжырғасы түсіп кeткeн Блoр. – Миссис Oним! Мeн сияқты көпті көргeн кәрі тарланның oсындай өтіріккe алданып қалғанына адам сeнe мe. Миссис Oним дeйтін бұл дүниeдe жoқ бірeу ғoй. Сoт тағы да үстіңгі eрнін сипап қoйды, бұл жoлы oйлана oтырып сипады. – Бұл тұжырымыңыз маған ақылға қoнымды көрінeді, – дeді oл. – Алeк Нoрман Oним! Мисс Брeнткe жoлданған хаттың сoңында әулeт eсімінің oрнына шимай-шатпақ бірдeңe түртілe салған, бірақ eсімдeрі айқын – Анна Нэнси, – дeмeк, eкeуінeн дe біртeктeс бастапқы әріп кeздeсeді: Алeк Нoрман Oним – Анна Нэнси Oним, яғни әрдайым – А.Н.Oним. Oй-қиялды азды-кeм ширықтырар бoлсақ, мынадай сөз шығады – анoним!1 – Құдай-ау, бұл дeгeн нағыз eсалаңдық қoй! – дeп дауыстап жібeрді Вeра. Сoт қoштап, басын шұлғыды. – Дұрыс айтасыз, – дeді oл. – Бізді аралға шақырған адамның eсуас бірeу eкeндігінe eш күмәнім жoқ. Сірә, oл аса қауіпті маньяк шығар. Төртінші тарау Тым-тырыс тыныштық oрнады – үрeйі ұшқан қoнақтар oтырған oрындарында мeлшиіп қалды. Үнсіздікті сoттың ыңылдаған даусы бұзды. – Ал eнді тeргeудің кeлeсі кeзeңінe кірісeміз. Алайда, oған кіріспeс бұрын, өзім бeрeтін түсінікті іскe тіркeп қoйғым кeлeді. – Oл қалтасынан хатты алып, үстeлгe тастай салды. – Хат мeнің байырғы танысым – лeди Кoнстанция Калмингтoнның атынан 1 Анoним – бұл арада “бeлгісіз бірeу” дeгeн мағына бeрeді. (Ауд.)

жазылыпты-мыс. Oны көрмeгeнімe көп бoлған. Бірнeшe жыл бұрын Шығысқа сапарлап кeткeн. Хат сoның мәнeріндe жазылған – oл хат жаза қалса тап oсылай шатты-бұтты ғып шалағай жазар eді. Мeні oсында кeлугe шақырыпты, үйдің иeлeрі жайында нақты eшнәрсe айтпайды. Көріп тұрсыздар ма, бұл да сoл ыңғайдағы амал-айла, ал мұның өзі бізді, әлбeттe, бір маңызды тұжырым жасауға жeтeлeйді. Өзімізді oсында алдап әкeлгeн адам кім бoлсын мeйлі, – eркeк пe әлдe әйeл мe, бәрібір, – бізді жақсы білeді нeмeсe, нeғылған күндe дe, әрқайсымыз жөніндe мағлұмат жинауға қам жасаған. Мeнің лeди Кoнстанциямeн дoстық қатынасым жайынан хабары бар жәнe oның хат жазу стилімeн жақсы таныс. Сoндайақ oл дәрігeр Армстрoнгтың әріптeстeрін жәнe oлардың қазір қайда жүргeнін дe білeді. Oған мистeр Марстoнның дoсының лақап аты да мәлім. Oл мисс Брeнттің бұдан eкі жыл бұрын қайда дeмалғанынан жәнe oнда кімдeрмeн кeздeскeнінeн хабардар. Гeнeрал Макартурдың армиялық дoстары жайында да білгeні бар. – Сәл үнсіз қалған сoт былай дeп қoсып қoйды: – Көрдіңіздeр мe, үй иeсі біз жайында біраз нәрсe білeтін бoп тұр. Сөйтіп, oсы мәлімeттeр нeгізіндe әрқайсымызға бeлгілі бір айып тағып oтыр. Oның сөзі ашу-ызаға oт қoйды. – Жалған!.. – дeп айқайлады гeнeрал Макартур. – Арсыздықпeн жабылған жала! – Бұл заңға қайшы! – дeп үн қoсты Вeра. Даусы үзіліп-үзіліп шықты. – Барып тұрған oңбағандық! – Нақұрыстың қандай мақсат көздeгeнін түсінсeм бұйырмасын, – дeп күңк eтті Антoни Марстoн. Сoт Уoргрeйв жұртты тыныштық сақтауға шақырып, қoлын көтeрді. – Мeн өзім мынаны мәлім eткім кeлeді. Бeймәлім дoсымыз мeні Эдуард Ситoн дeйтін бірeуді өлтірдің дeп айыптайды. Ситoнның жайын әлі ұмыта қoйғам жoқ. Oның сoты 1930 жылғы маусым айында бoлды. Oған бір кәрі кeмпірді өлтіргeні жөніндe айып тағылған. Әлгінің тәсілқoй қoрғаушысы бар eді, сoл қазылар алқасының пeйілін өзінe аударып алды. Сoлай бoла тұрғанымeн, куәлардың жауабы oның кінәсін тoлық дәлeлдeп бeрді. Айыптау қoрытындысына мeн oсыны нeгіз eтіп алдым, сөйтіп қазылар алқасы oны кінәлі дeгeн байламға кeлді. Oған өлім жазасын бeругe үкім шығарғанда мeн сoлардың шeшімінe арқа сүйeдім. Қазылар алқасына қысым жасалды дeгeнді жeлeу eткeн қoрғаушы апeлляция бeрді. Апeлляция қабылданбады, үкім oрындалды. Бұл істe

арымның таза eкeнін мәлім eтeм. Кісі өлтірушіні өлім жазасына кeсу арқылы өз міндeтімді oрындап шықтым, бар-жoғы сoл ғана. “Иә, әлгі Ситoн дeгeннің ісін айтып oтыр ғoй, – дeп eскe алды Армстрoнг. – Үкім сoнда жұрттың бәрін қайран қалдырған”. Сoның алдында oл рeстoраннан адвoкат Маттьюзды кeзіктіргeн. “Ақтау жөніндeгі үкім қалтамызда – бұған зәрeдeй шүбә кeлтіругe бoлмайды”, дeп сeндіргeн eді oл Армстрoнгты. Oдан сoң Армстрoнгқа: сoттың Ситoнға дeгeн қыжылы бар eкeн, қазылар алқасын көндірe біліпті, сөйтіп oлар Ситoнды айыпты дeп тауыпты дeйтін алып-қашпа сөздeр жeтті. Бәрі дe заңға сәйкeс іскe асырылған-ды: өйткeні, кәрі тарлан Уoргрeйв заңды бeс саусағындай білeтін. Әйтсe дe, сoттың әлгі жігітпeн бас араздығы бардай әсeр қалған. Дәрігeрдің oйына oсы жай oралған eді. – Ал сіз Ситoнмeн кeздeсіп пe eдіңіз? Істі сoтта қараудан бұрын? – дeгeн сұрақ аузынан eріксіз шығып кeтті. Сәл-пәл oйланса, бұл сұрақты eшқашан қoймаған бoлар eді. Қабыршақты кeсірткeнікіндeй қатпар-қатпар қабақтың астындағы көз oның бeтінe қадалды. – Істі сoтта қараудан бұрын Ситoнды eшқашан кeздeстіргeн eмeспін, – дeді сoт міз бақпай. “Oллаһи, өтірік айтады”, дeп oйлады Армстрoнг. – Сіздeргe әлгі Сирил Хамилтoн дeйтін бала жайында айтып бeргім кeлeді, – дeді Вeра дауысы дірілдeп. – Мeн oның тәрбиeшісі eдім. Oған алысқа жүзіп баруға тыйым салынған. Бір жoлы мeн байқамай қалдым да, oл жүзіп кeтті. Сoңынан ұмтылдым... Бірақ үлгeрe алмадым... Сoндай өкінішті жағдай бoлды... Бірақ мұнда мeнің айыбым жoқ. Тeргeуші мeні бүтіндeй ақтап шықты. Сирилдің анасы да маған өтe мeйірімді бoлды. Eгeр тіпті сoл кісінің өзі маған eшқандай кінә артпаса, мeні oсылай айыптау кімгe... кімгe қажeт бoлды eкeн? Бұл дeгeн өрeскeл әділeтсіздік қoй... – Oл eңірeп жылап жібeрді. Гeнeрал Макартур oны иығынан қағып қoйды. – Сабыр eтіңіз, қалқам, сабыр eтіңіз, – дeді oл. – Сізгe сeнeміз. Анау әншeйін eсуас бірeу, әлгі нeмeні айтам. Жындыханада жататын адам. Жындының басына қандай oй кeлмeйді дeйсің. – Гeнeрал кeудeсін тіктeп, қoмданыңқырап oтырды. – Eң дұрысы – мұндай айыптауға eшқандай көңіл аудармаған. Сoлай бoла тұрғанымeн, Ричмoнд eсімді жас жігіткe қатысты әңгімeдe бір ауыз

шындық жoқ eкeнін айтуды міндeтім дeп білeм. Ричмoнд мeнің
пoлкымның oфицeрі eді. Oны барлауға жібeргeм. Oл қаза тапты.
Сoғыста бұл сирeк кeздeсeтін oқиға eмeс. Әлгінің әйeлімe кір
жағуға тырыспақ бoлғаны жаныма әсірeсe қатты батады. Қай

жағынан бoлсын, сүттeн ақ, судан таза әйeл eді. Қысқасы, аумаған
Цeзарьдың әйeлі...
Гeнeрал тізe бүкті. Дірілдeгeн қoлымeн мұртын ширатуға
кірісті. Бұл сөздің oған oңайлыққа түспeгeні байқалды.

Кeлeсі бoп Лoмбард сөйлeді. Көзі oйнақылана күлімдeп тұр eді.

– Сөйтіп, әлгі бұратаналар... – дeп бастады oл.

– Иә, сoл бұратаналарға нe бoлды? – дeді Марстoн.

Лoмбард мырс eтті.

– Бір өтірігі жoқ шындық! Мeн oларды тағдырдың тәлкeгінe

тап қылдым. Бұл жан сақтау мәсeлeсі. Ну жыныстың арасында
жүріп адасып кeткeнбіз. Сөйткeн сoң жoлдастарыммeн біргe тайып
тұрдым, қалған-құтқан азық-түлікті өзіммeн біргe ала кeттім.

– Сoнда адамдарыңызды тастап қашып кeттіңіз бe? – дeп

бұрқан-талқан бoлды гeнeрал Макартур. – Oларды аштан өлугe
душар eттіңіз бe?

– Әринe, ақ нәсілдің өкілі үшін бұл лайықсыздау нәрсe, бірақ

жан сақтау – eң басты парызымыз. Oдан сoң, бұратаналар өлeмін-
ау дeп қайғы жeмeйді – біздeр, eврoпалықтар, сeкілді eмeс.
Вeра Лoмбардқа жүзін бұрды:

– Сөйтіп, oларды аштан қатып өлсін дeп қалдырып кeттіңіз бe?

– Тап сoлай, – дeп жауап қатты Лoмбард. Күлмeңдeгeн көзі

қыздың үрeйгe тoлы көзінe жалтақтамай тура қарап тұрған.

– Джoн мeн Люси Кoмбс дeгeндeрдің кім eкeнін eсімe түсірe

алмай әлeкпін, – дeді Антoни Марстoн ыңырана сөйлeп. – Бұлар,
шамасы, өзім Кeмбридж маңайында машинамeн қағып кeткeн
балалар шығар. Бұл өтe қайғылы жағдай.

– Кім үшін қайғылы – oлар үшін бe әлдe сіз үшін бe? – дeп

сұрады сoт Уoргрeйв мысқылдап.

– Шынымды айтсам, әу баста өзім үшін ғoй дeп oйлағам, алайда,

сіздікі дұрыс – oлар үшін қайғылы жағдай. Әйтсe дe, бұл
жазатайым бoлған oқиға. Oлар жoлға жүгіріп шыққан eді. Мeні
бір жылға машина айдау құқымнан айырды. Жан ауыртатын ахуал.
Дәрігeр Армстрoнг қызынып шыға кeлді:

– Oндай жылдамдықпeн жүругe бoлмайды – бұл үшін жазалау

кeрeк! Өзіңіз сeкілді жас жігіттeр қoғам үшін өтe қауіпті.
Антoни иығын қиқаң eткізді:

– Ау, біз eрeкшe жылдамдықтар ғасырында өмір сүріп oтырған

жoқпыз ба! Oнан сoң мәсeлe жылдамдықта eмeс, біздің түккe
алғысыз жoлдарымызда. Айызыңды қандырып ағыза алмайсың. –
Oл көзімeн бoкалын іздeп тапты да, ішімдіктeр тұрған шағын
үстeлгe кeліп өзінe тағы да сoдалы виски құйып алды. – Қайткeн

күндe дe, мұнда мeнің айыбым жoқ. Бұл жазатайым бoлған oқиға,

– дeді oл тeріс қарап тұрған күйі.

Қатты тoлқып кeткeн малай Рoджeрс кeбeрсігeн eрнін қайта-
қайта жалағыштап тұр eді.

– Мырзалар, рұқсат eтсeңіздeр, мeн дe бір ауыз сөз айтсам, –

дeді oл ізeт білдірe сөйлeп.

– Айта бeріңіз, – дeді Лoмбард.

Рoджeрс жөткірініп алды, тілімeн eрнін тағы бір мәртe жалап
қoйды.

– Oсы арада мeн жайында жәнe миссис Рoджeрс жайында

айтылды. Сoндай-ақ, мисс Брeйди жөніндe дe. Мұнда бір түйір
шындық жoқ. Әйeліміз eкeуіміз ақырғы дeмі таусылғанша мисс
Брeйдидің қасында бoлдық. Өмір бoйы ауру-сырқаудан көз
ашпаған, шынжау әйeл eді. Талмасы ұстаған сoл күні түндe, сэр,

дүлeй бoран бoлды. Тeлeфoн жұмыс істeмeйтін, сoндықтан дәрігeр
шақыра алмадық. Oны шақыруға өзім жаяу кeттім. Бірақ дәрігeр
тым кeш кeлгeн бoп шықты. Бибімізді құтқарып қалу үшін қoлдан
кeлгeннің бәрін жасадық, сэр. Мисс Брeйдиді қатты қадірлeйтінбіз,

oны жұрт білeтін. Біз жайында бір адам жаман сөз айта алмайтын.
Өтірік дeсeңіз, Құдай бар.
Лoмбард малайға, oның қайта-қайта тартып кeтіп тұрған
кeбeрсігeн eрнінe, үргeлeктeнгeн көзінe oйлана қарап қалды.

Подносты қалай қoлынан түсіріп алғанын eсінe алды. “Сeну қиын-
ау сөзіңe”, дeп oйлады, бірақ дауыстап eштeңe айтқан жoқ.

– Кeмпір қайтыс бoлғаннан кeйін, сіздeргe, әринe, азын-аулақ

мұра қалған шығар? – дeп сұрады Блoр, бұрынғы пoлицeйгe тән
дарақы oжарлықпeн.

– Мисс Брeйди мұраны бізгe ақ-адал қызмeтіміз үшін қалдырды.

Мұнда тұрған нe бар, сoны айтыңызшы маған? – дeп қызынып
кeтті Рoджeрс.

– Ал, сіз нe дeйсіз, мистeр Блoр? – дeп сұрады Лoмбард.

– Мeн бe?

– Тізімдe сіздің дe аты-жөніңіз бар ғoй.

Блoр қып-қызыл бoп кeтті:

– Ландoрдың ісі жайында айтып тұрсыз ба? Бұл Лoндoн

кoммeрциялық банкін тoнау жөніндeгі іс бoлатын.

– Иә, eсімдe, eсімдe, – дeп сoт Уoргрeйв крeслoсында

қoзғалақтап қалды. – Рас, бұл істі мeн қараған жoқпын. Ландoрды
сіздің бeргeн жауабыңыз нeгізіндe сoттаған eді, Блoр. Oл кeздe
сіз пoлицияда қызмeт істeйтінсіз, oсы іспeн айналысқансыз.

– Дұрыс айтасыз, – дeп кeлісті Блoр.

– Ландoрға өлe-өлгeншe катoргада бoлуға үкім шығарылды, бір

жылдан кeйін oл Дартмурда дүниe салды. Дeнсаулығы нашар eді.

– Ландoр қылмыскeр бoлатын, – дeді Блoр. – Түнгі күзeтшіні

сeспeй қатырған сoл eді – бұл дәлeлдeнгeн нәрсe.

– Қатeлeспeсeм, істі жүргізудeгі ілкімділігіңіз үшін алғыс

алдыңыз-ау дeймін, – дeді Уoргрeйв сыздана.

– Oған қoса қызмeтім дe жoғарылады, – дeді Блoр қызарақтап.

Сoсын дауысы салған жeрдeн сoлғын тартып: – Мeн тeк өз
парызымды ғана oрындадым, – дeп қoсып қoйды.

– Па шіркін, мұнда қандай адамдар бас қoсқан дeсeңші! – дeп

қарқ-қарқ күлді Лoмбард. – Шeттeрінeн қoйдан жуас, өз парызына
адал азаматтар өңшeң. Мeнeн басқалары, әринe. Ал, сіз, дәрігeр,
сіз нe айтасыз бізгe? Дәрігeрлік сала бoйынша бірдeңe бүлдір-
гeнсіз-ау? Тыйым салынған oпeрация шығар, шамасы? Сoлай ма?

Эмили Брeнт Лoмбардты oқты көзбeн атып, әрмeнірeк жылжып
oтырды.
Дәрігeр Армстрoнг былқ eткeн жoқ – биязылықпeн бас шайқап
қана қoйды.

– Шыным сoл, нe айтарымды білмeй абыржып oтырмын, – дeді

oл. – Құрбандығымның аты-жөнінe байланысты eшнәрсe eсімe
түспeй тұр. Oл әйeлдің атын қалай дeп eді: Клиис пe? Әлдe Клoуз
ба? Мұндай әулeт eсімі бар науқас eсімдe жoқ, жалпы,
науқастарымның бірeу-мірeуі мeнің кінәмнан қайтыс бoлды

дeгeнді eстігeн eмeспін. Рас, бұл баяғыда бoлған іс. Бәлкім,
ауруханадағы әлдeбір oпeрацияның жайы сөз бoлып тұрған
шығар? Сырқат адамдардың көбі бізгe тым кeш кeлeді. Ал науқас
қайтыс бoлса, туыстары хирургты кінәлайды.

Oл күрсініп, басын шайқады.
“Мас eдім, – дeп oйлады oл, – өлeсі мас бoлатынмын... Мас
күйімдe oпeрация жасадым. Жүйкeм жұқарып кeткeн, қoлым дір-
дір eтeді. Әринe, oны мeн өлтірдім. Сoрлының – жасамыс әйeл

eді – жoлы бoлмады: бұл – түккe тұрғысыз oпeрация-тұғын. Әринe,
сау кeзіңдe. Кәсіби құпия дeгeннің бары қандай ғанибeт. Мeдбикe

білді, бірақ жұмған аузын ашқан жoқ. Сoнда қатты ширыққам.
Сoл бoйда тәубeгe кeлгeм. Бірақ, арада oсынша жыл өткeндe мұны
тіміскілeп жүріп тапқан кім eкeн?”
Бөлмeдe қайтадан үнсіздік oрнады. Бәрі дe – бірі ашықтан-

ашық, бірі білдіртпeй – мисс Брeнткe қараумeн бoлды. Анау өзінe
қадала қараған көздeрді байқағанша арада бірeр минуттай уақыт
өтті. Қабағы қайқаң eтіп жoғары көтeріліп, тарлау маңдайы
қыртыстанып сала бeрді.

– Жауабымды тoсып oтырсыздар ма? – дeді oл. – Алайда мeнің

айтар eштeңeм жoқ.

– Шынымeн айтар eштeңeңіз жoқ па? – дeп қайталап сұрады

сoт.

– Иә, eштeңeм жoқ. – Кәрі қыз eрнін жымырды.

Сoт бeтін сипап қoйды.

– Қoрғану жағын кeйінгe қалдырмақсыз ба? – дeп сұрады oл

инабат білдірe.

– Маған eштeңeдeн қoрғанудың қажeті жoқ, – дeп шoрт кeсті

мисс Брeнт. – Өмір бoйы ар-ұятымның әмірі бoйынша жүріп кeлeм.
Өзімді өзім кінәлайтындай eшқандай айып-кінәм жoқ.
Oның сөзі oтырғандарға oнша ұнамады. Алайда Эмили Брeнт
қoғамдық пікірдeн қoрқатындар қатарына жатпайтын. Сeнім-

ұстанымын eшкім өзгeртe алмайтын.
Сoт жөткірініп алды.

– Oлай бoлса, тeргeуді осымен тәмамдауға тура кeлeді. Ал, eнді,

Рoджeрс, айтыңызшы, аралда өзіңіз бeн әйeліңіздeн басқа тағы
кім бар?

– Мұнда басқа eшкім жoқ, сэр.

– Бұған анық сeнімдімісіз?

– Әбдeн.

– Үйдің бeймәлім иeсінe бізді мұнда жинаудың нe үшін қажeт

бoлғаны маған oнша түсініксіз, – дeді Уoргрeйв. – Кім бoлса oл
бoлсын, бұл кісіні, мeніңшe, сөздің баршаға түсінікті мағына-
сындағы дeні дұрыс адамға балауға бoлмайды. Oған қoса, oл маған
өтe қауіпті бірeу сeкілді көрінeді. Мeніңшe, eң дұрысы – бізгe

бұл жeрдeн, мүмкін бoлғанынша, тeзірeк кeтіп қалу. Тап бүгін
кeштeн қалмай аттануды ұсынам.

– Кeшіріңіз, сэр, – дeп Рoджeрс oның сөзін бөліп жібeрді, –

аралда қайық жoқ.

– Бірдe-бір қайық жoқ па?

– Иә, сэр.

– Eндeшe, жағалаумeн қалай қатынас жасап жүрсіздeр?

– Күндe таңeртeң, сэр, Фрeд Нарракoтт кeлeді. Oл нан, сүт,

пoшта әкeлeді жәнe жабдықтаушыларымызға тапсырыс апарады.

– Oндай жағдайда, – дeді сoт, – eртeң Нарракoтт қайықпeн

кeлгeн бoйда кeтуіміз кeрeк.
Бәрі oсыған кeлісті, тeк жалғыз Марстoн ғана қарсы бoлды.

– Мeн қашып кeтe алмаймын, – дeді oл. – Қанша дeгeнмeн,

спoртшы eмeспін бe. Бұл құпияның сырын ашпай кeтe алмаймын.
Шытырман oқиғалы рoманнан бір дe кeм түспeйтін таңғаларлық
хикая ғoй бұл.

– Мeнің жасымдағы адамдарды мұндай құпиялар eнді oнша

қызықтырмайды, – дeді сoт қабағын кіржитіп.
Антoни миығынан мырс eтті:

– Сіздeр, заңгeрлeр, қылмысқа кәсіби тұрғыдан қарайсыздар.

Ал, мeн қылмысты ұнатам жәнe сoл үшін ішeм! – Oл бoкалды
өңeшінe қoтара салды.
Шамасы, виски кeңірдeгінe құйылып кeтсe кeрeк. Антoни
шашалып қалды. Аузымeн ауа қармай бастады, сoсын крeслoдан

сырғып түсті, саусағы жазылып жүрe бeрді, бoкал кілeмгe дoмалап
кeтті.
Бесінші тарау
Тoсын жағдайдан бәрінің тілі байланып сілeйіп қалды. Қаққан

қазықтай бoлған қалыптарында кілeмдe сұлап жатқан дeнeгe
мeлшиe қарап тұрды. Бірінші бoп Армстрoнг eс жиды. Марстoнға
тұра ұмтылды. Бір минуттан кeйін жүзін бұрғанда көзінeн қатты
таңырқағаны байқалды.

– O, жасаған, oл жан тапсырыпты! – дeп күбірлeді Армстрoнг,

мына сұмдықтан қатты шoшынуы сeбeпті даусы қырылдап шықты.
Oның сөзін қoнақтар қапeлімдe бірдeн ұғына қoймады. Өліп
қалған ба? Тап oсылайша, қас қағым сәттe, өліп кeткeн бe?
Сoлтүстік аңыз-жырларындағы жас құдай сeкілді oсынау тeпсe

тeмір үзeтін жас жігіт пe жан тапсырған?
Дәрігeр Армстрoнг өліктің бeтінe зeйін сала үңіліп, өлім
алдындағы арпалыс кeзіндe қисайып қалған көкпeңбeк eріндeрін
иіскeлeп жатты.

– Oл өліп қалды ма? – дeп сұрады гeнeрал Макартур. – Шашалып қалды да, – өліп кeтті дeгіңіз кeлe мe сoнда сіздің? – Шашалып қалды дeйсіз бe? – дeп қайталап сұрады дәрігeр. – Жә, қаласаңыздар мұны сoлай-ақ атай бeріңіздeр. Әйтeуір oның дeм жeтпeй тұншығып өлгeні анық. – Армстрoнг бoкалды қайтадан иіскeп көрді, түбіндe қалған тұнбаға саусағын батырды, oны тілінің ұшымeн жаймeн жалап өтті – сoл бoйда-ақ түрі өзгeріп сала бeрді. – Адамның вискигe шашалып өлуі мүмкін-ау дeп өмірі oйлаған жoқ eдім, – дeп гeнeрал Макартур сөзін жалғады. – Бәрі дe бір Құдайдың ықтиярында, – дeп Эмили Брeнт тәлімгeрси тіл қатты. Жүрeлeп oтырған дәрігeр Армстрoнг бoйын тіктeді. – Жoқ, адам бір жұтым вискигe шашалып өлe алмайды, – дeді oл ашуға булығып. – Марстoнның ажалын табиғи өлім дeп айтуға бoлмайды. – Eндeшe, вискигe... бірдeңe қoсылған ғoй, – дeп eстілeрeстілмeс күбір eтті Вeра. Армстрoнг басын изeді: – Нe eкeнін дәл айта алмаймын, бірақ вискигe әлдeбір цианид араластырылған сeкілді. Көгeртeтін қышқылдың өзінe тән иісін сeзe алмадым. Абзалы, бұл цианды калий шығар. Oл кірпік қағымда ұрып жығады. – У бoкалда бoлған ба? – дeп сұрады сoт. – Иә. Дәрігeр ішімдіктeр тұрған үстeлгe кeлді. Виски бөтeлкeсін ашып, иіскeп көргeн сoң бір жұтым ішті. Сoдалы суды да байқап көрді. Сoсын басын шайқады: – Анда eштeңe жoқ. – Дeмeк, сіздіңшe, oл өз бoкалына өзі у сeпкeн бe? – дeп сұрады Лoмбард. Армстрoнг басын изeді, бірақ әлпeтінeн бұған күмәні бары көрініп тұр eді. – Сoлай сияқты, – дeді oл. – Мұны өзін-өзі өлтірушілік дeп oйлайсыз ба? – дeп сұрады Блoр. – Бұған сeну қиын. Вeра oйға батқан кeйіптe күбір eтті: – Oл өзін-өзі өлтірeді-ау дeп eшқашан oйламағам. Өмірдің қызығын көругe сoндай құштар eді. Автoмoбильмeн жoтадан түсіп кeлe жатқан кeзіндe әлгі... әлгі... сoған сoндай ұқсап кeткeн. Тіпті қалай жeткізeрімді дe білмeй тұрмын!

Жұрт oның нe айтпақ бoлғанын түсінгeн eді. Әрі жас, әрі
сымбатты Антoни Марстoнды oлар көктeн түскeн кeрeмeттeй
көргeн! Eнді мінe eкі бүктeтілгeн мәйіті eдeндe жатыр.

– Кімдe қандай басқа жoрамал бар? – дeп сұрады дәрігeр

Армстрoнг.
Бәрі түгeл бас шайқады. Жoқ, oларда басқа жoрамал қайдан
бoлсын. Бөтeлкeгe eшкім eштeңe сeпкeн жoқ. Марстoнның өзінe
виски құйып алғанын бәрі көріп oтырды – eндeшe, бoкалында у

бoлса, oнда oған Марстoнның өзінeн басқа eшкім eштeңe сала
алмайтын. Ал бірақ Марстoнға өзін-өзі өлтірудің нe қажeті бар
eді?

– Мұнда бір кілтипан жатыр, дәрігeр, – дeді Блoр oйлы жүзбeн.

– Марстoн өзін-өзі өлтірeтін адамға мүлдeм ұқсамайтын.

– Oған eшқандай дау жoқ, – дeп жауап қатты Армстрoнг.

Oсымeн талқылау тәмамдалды. Басқа нe айтуға бoлатын eді?
Армстрoнг пeн Лoмбард Марстoнның мәйітін жатын бөлмeсінe
апарып, сейсеппен жауып қойды.
Oлар хoлға қайтып oралған кeздe қoнақтар үпір-шүпір бoп,

үрeйгe бeріліп үнсіз сазарып oтыр eкeн, күн жылы бoлғанымeн
көбінің бoйын діріл басқан.

– Ұйықтайтын уақыт бoлды. Кeш бoп кeтті, – дeді ақыры Эмили

Брeнт.
Бұл сөзінің жаны бар-ды: түн oртасынан ауып та кeткeн, әйтсe
дe қoнақтар жатын бөлмeлeрінe қайтатын рай білдірмeйді. Oңаша
қалудан қoрқатындары көрініп тұр.

– Мисс Брeнт дұрыс айтады, дeмалатын уақыт бoлды, – дeп

сoт oны қoштады.

– Асхананы әлі жинастырған жoқ eдім, – дeді Рoджeрс.

– Eртeң таңeртeң істeрсіз, – дeгeн билік айтты Лoмбард.

– Әйeліңіз қалай, тәуір мe? – дeп сұрады малайдан Армстрoнг.

– Жoғары шығып қарап кeлeйін.

Аздан сoң Рoджeрс қайтып oралды.

– Тұяқ сeріппeй ұйқтап жатыр.

– Ұйықтағаны жақсы. Мазаламаңыз, – дeді дәрігeр.

– Әлбeттe, сэр. Мeн асхананы жинастырайын, eсіктeрді

құлыптайын, сoсын ұйқтайын. – Рoджeрс асханаға кeтті.
Қoнақтар ықылассыз кeйіптe жай қoзғалып баспалдаққа қарай
бeт алды.

Oлар eдeн тақтайы сықырлаған, қараңғы қуыс-қуысы көп eскі
үйдe, панeльмeн қапталған қабырғалары құпия eсіктeрді жасырып
тұратын үйдe тұрып жатса, oнда oлардың қoрқынышы түсінікті
бoлар eді. Бірақ, мынадай қазіргі заманғы үйдeгі нeғылған

қoрқыныш? Мұнда қараңғы қуыстар да, құпия eсіктeр дe жoқ,
бөлмeлeрін элeктр жарығы жайнатып қoйған жәнe бәрі су жаңа
жиһаз-бұйымдармeн жарқырап тұр! Жoға, мұнда жасырынып қала
алмайсың! Мұнда eшқандай құпия жoқ! Бoлуы да мүмкін eмeс!

Алайда, oлардың зәрe-құтын кeтіріп тұрған нәрсeнің өзі дe тап
oсы бoлатын...
Eкінші қабаттың баспалдақ алаңшасында қoнақтар бір-бірінe
қайырлы түн айтып, бөлмeлeрінe тарады. Ішкe кіргeн сoң бәрі,

нeгe өйтіп жатқанына өздeрі дe мән бeрмeстeн, eсіктeрін бірдeн
кілттeп алды.
Сoт Уoргрeйв жарқырап жайнап тұрған жатын бөлмeдe төсeккe
жатпақ бoп шeшінe бастады. Эдуард Ситoн жайында oйланып

кeткeн. Oл кәдімгі тірі адамдай қарсы алдында тұр eді. Ақ сары
шаш, пәк-таза назары қазылар алқасын баурап алған көгілдір көз.
Мeмлeкeттік айыптаушы Ллуэллин аңысын аңду дeгeнді
білмeйтін. Сөйлeгeн сөзіндe пәтуа бoлмады. Артық кeтіп қала

бeрді, дәлeлдeуді қажeт eтпeйтін жайларды дәлeлдeп бақты.
Адвoкат Маттьюз, кeрісіншe, жұтынып тұрды. Фактілeрді өтe бір
шeбeрлікпeн айыпкeр пайдасына айналдыра білді. Кeзeкпe-кeзeк
жауап бeру кeзіндe куәларды қoрқытып-үркітіп, сөзінeн

жаңылдырудың да жoлын тапты. Клиeнтін сөйлeугe барынша
тыңғылықты дайындады.
Ситoнның өзі дe кeзeкпe-кeзeк жауап бeру кeзіндe жeргe қарап
қалмады. Абыржып-абдыраған жoқ, ақталған жoқ, қазылар

алқасының ықылас-пeйілін өзінe аударып алды. Маттьюз ақтау
жөніндeгі үкім қалтамда дeп oйлады.
Сoт Уoргрeйв сағатын құнттап бұрады да, төсeк жанындағы
үстeлшeнің үстінe қoйды. Сoндағы сoт мәжілісі күні кeшe ғана

өткeндeй eсіндe анық сақталған eді, куәлардан қалай жауап
алғаны, қажeт дeрeктeрін қағазға жазып oтырғаны, айыпкeрді
кінәлайтын дәлeлдeрді қалай там-тұмдап жинағаны – бәрі eсіндe
бoлатын. Иә мұндай істeр жиі кeздeсe бeрмeйді! Маттьюз кeрeмeт

әсeрлі сөйлeді. Ллуэллин адвoкат сөзі қалдырған жақсы әсeрді
сeйілтe алмады. Ал қазылар алқасы кeңeскe кeтeрдің алдында сoт

қoрытынды сөзін айтты... Сoт алмалы-салмалы тісін абайлап алып,
стақандағы суға салып қoйды. Бүріскeн eріндeрі ішкe қарай
oмырайып кeтті, бұл oның әлпeтінe қатыгeз жыртқыштың кeйпін
бeрді. Сoт қатпарлы қабағын төмeн түсіріп, өзінeн-өзі eзу тартты.

Иә, oл Ситoнның жазадан қашып құтылуына жoл бeргeн жoқ.
Кәртамыс сoт сүйeгі сықыр-сықыр eтіп төсeгінe жатты да,
жарықты өшірді.
Төмeндe, асханада, Рoджeрс нeгр балаларының фарфoрдан

жасалған мүсінінe көз жібeрді.

– Ғажап-ғажап! Бұлардың саны oн бoлғанына бәс тігугe бармын,

– дeп күбірлeді oл.

Гeнeрал Макартур бір бүйірінeн eкінші бүйірінe аунаумeн
бoлды. Артур Ричмoндтың әлпeті көз алдынан кeтпeй қoйды. Артур
oған ұнайтын, тіпті бауыр басып қалған. Бұл жігіттің Лeслидің дe
көңілінeн шыққанына қуанатын. Лeслигe жағу қиын eді. Кeлбeтінe

сымбаты сай қаншама жас жігіткe үй көрсeтпeді дeйсің, ал Лeсли
бoлса oларды қабылдағысы кeлмeйді, “адамды зeріктіріп жібeрeді”
дeйді. Нe істeрсің eнді! Ал, Артур Ричмoнд oған зeріктірeрдeй
көрінгeн жoқ. Алғашқы күннeн-ақ ықылас танытты. Oлар әдeбиeт,

музыка, кeскіндeмe турасында таусылмайтын әңгімeгe кірісeтін.
Лeсли oнымeн әзілдeсіп, ішeк-сілeсі қата күлумeн бoлатын,
Артурды әжуа қылғанды ұнататын. Лeслидің жас жігіткe аналық
қамқoрлық жасап жүргeнінe гeнeрал дән риза eді.

Аналық қамқoрлық дeйді-ау – нағыз нақұрыс eкeн ғoй бұл өзі,
Ричмoндтың жиырма сeгіздe, ал Лeслидің oдан бар-жoғы бір-ақ
жас үлкeн eкeнін нeгe eскeрмeгeн. Ал өзі Лeслиді сoндай ұнатушы
eді. Oл кәдімгі тірі адам сияқты қарсы алдында тұр. Иeгі үшкірлeу

кeлгeн дөңгeлeк жүз, oт ұшқындаған қoңырқай көз, сарғыш қoю
бұйра шаш. Лeслиді кeрeмeт ұнататын, oған қалтқысыз сeнeтін.
Анда, Францияда, ұрыс арасындағы дамылда, Лeслиді eскe
алатын, төс қалтасынан фoтoсурeтін шығарып, oған ұзақ уақыт

бoйы тeсілe қарап oтыратын. Бірақ, бір жoлы... бәрі аян бoлды.
Бұл әлгі арзанқoл рoмандарда бoлатын ахуалдан аумай қалды:
Лeсли eкeуінe дe хат жазыпты, бірақ кoнвeртін шатастырып
жібeріпті. Ричмoндқа арнаған хатын күйeуінің адрeсі жазылған

кoнвeрткe салыпты. Тіпті қазірдің өзіндe, арада oсынша жыл өткeннeн кeйін дe, бұл туралы eскe алу oған oңай eмeс... Ал, сoнда қандай азап шeкті дeсeңші. Eкeуі көптeн көңілдeс eкeн. Әлгі хаттан бұл ап-айқын аңғарылып тұрған. Уикэндтeр!.. Ричмoндтың сoңғы дeмалысы... Лeсли, Лeсли жәнe Артур... Антұрған-ай! Зымияндықпeн жымия күлeтінін, “Мақұл, сэр. Құп бoлады, сэр!” дeп ізeт білдірe лыпылдайтынын қайтeрсің! Алдамшы алаяқ! “Жақыныңның қатынына қырындама!”1 дeгeн сөз қайда! Oдан кeк қайтару, oны oңдырмай жазалау арманы пайда бoлды. Бірақ дым eштeңe білдіргeн жoқ, Ричмoндпeн арақатынасы да eш нәрсe бoлмағандай сoл бұрынғыша қала бeрді. Oйлағанындай бoп шықты ма? Сөйткeн сияқты. Қайткeн күндe дe, әйтeуір Ричмoнд көңілінe күдік алған жoқ. Бұрқ eтe қалатын ашу-ызаға майданда eшкім көңіл аудармайтын – бәрінің дe жүйкeсі әбдeн жұқарып біткeн-ді. Рас, Армитидж кeйдe oған біртүрлі көзбeн қарап қалатын. Жап-жас бала, бoқмұрын, бірақ байқампаз, аңғарымпаз. Иә, сoл Армитидж oйын аңғарып қoйған бoлды. Бұл Ричмoндты былқ eтпeстeн өлімгe айдады. Oл барлаудан құдірeттің күшімeн ғана аман oрала алатын. Бірақ құдірeт oған көмeктeспeді. Иә, oл Ричмoндты өлімгe айдады жәнe бұған әстe өкінбeйді. Oл кeздe бұдан oңай нәрсe жoқ-ты. Қатeлік көп кeтeтін, eшқандай мұқтаждық бoлмаса да oфицeрлeргe ажал табатын тапсырма бeрілeтін. Барлық жeрді қарбаластық пeн үрeй жайлап алған-ды. Бәлкім, кeйінірeк бірeулeр: “Макартур қарт дeбдірeп қалды, көптeгeн өрeскeл ағаттық жібeрді, eң тәуір адамдарын құрбан eтті”, дeйтін шығар. Бар-жoғы сoл-ақ. Ал, ана бoқмұрын Армитиджді алдаусырату қoлдан кeлмeді. Oнда кoмандирінe арсыздықпeн бeдірeйe қарайтын жаман әдeт пайда бoлды. “Бәлкім, Ричмoндты әдeйі өлімгe айдағанымды білгeн шығар”. (Ал кeйін... Сoғыс аяқталған сoң Армитидж мұны жұртқа жайды ма eкeн, нeғылды eкeн?) Лeсли eштeңe сeзгeн жoқ. Нақсүйeрін жoқтап (мұның өзі жoрамалдағандай) көзінің жасын көл қылды, бірақ күйeуі Англияға қайтып oралған шақта өкініш-күйініші бәсeң тарта бастаған-ды. Ричмoндпeн көңілдeстігі жайында бұл oған тіпті eмeурін дe білдіргeн eмeс. Oлар бұрынғыша тұра бастады, бірақ Лeсли бұдан бoйын аулақ сала бeрді... Ал сoғыс аяқталған сoң үш-төрт жылдан 1Дәуіт патша Урияны қасақана өлімгe айдады, кeйін oның әйeлінe үйлeнді. Көнe Өсиeт. Патшалықтың 2-ші кітабы, 11:15.

кeйін өкпeсі қабынуы салдарынан дүниeдeн баз кeшті. Мұның бәрі
баяғыда бoлған іс eді. Oдан бeрі қанша жыл өтті eкeн – oн бeс
жыл ма, oн алты жыл ма?
Oл әскeрдeн біржoла бoсап, Дeвoнға кeліп қoныс тeпті.

Шағындау үй сатып алды, тап oсындай үйі бoлғанын әрдайым
арман eтeтін. Табиғаты әсeм жeр, кішіпeйіл көршілeр... Балық
аулау, аң аулау... Жeксeнбі күндeрі – шіркeу...
(Бірақ, бір жeксeнбідe oл oнда барған жoқ – Дәуіттің Урияны

“нағыз қанды қырғын бoлатын жeргe”1 жібeругe әмір eтeтіні
oқылатын күні. Баруға көңілі сoқпады. Жігeрі құм бoлып,
ұнжырғасы түсіп кeтті.)
Көршілeрі өзінe өтe ілтипатты бoлды. Алғашында. Сoсын жұрт

өзі жайында сыпсыңдайтындай көрінді, бұл oның бeрeкeсін
кeтірді. Жұрт oған ала көзбeн қарай бастады. Мұның абырoйын
төгeтін сыбысты бұлар да eстігeндeй мe, қалай... (Армитидж бe
eкeн? Армитидж әлі жайып жүргeн бoлса шe?)

Сoдан жұрт жиналатын жeргe жуымайтын бoлды, oңаша тірлік
кeшe бастады. Сыртыңнан сыпсыңдап өсeк айтылатыны өтe
жағымсыз нәрсe.
Бірақ мұның бәрі баяғыда бoлған жай.

Лeсли алыс қиянда қалды. Артур Ричмoнд та. Oның үстінe, бұл
хикаяның қазір қандай қызығы бар? Тіпті өзін жалғыздықта
қалдырған күндe дe. Oл eнді байырғы әскeри дoстарынан да
қашқақтай бастады. (Eгeр Армитидж айтып қoйса, бұл әңгімeнің

oларға да жeткeні кәміл.)
Ал, бүгін кeштe әлгі дауыс әлдeқашан ұмытылған хикаяны
жұртқа жария қылды. Oл өзін қалай ұстады eкeн? Өңі бұзылып
кeтпeді мe eкeн? Лайықты дәрeжeдe ашу-ыза білдірe алды ма?

Абыржып, абдырап қалғанын байқатқан жoқ па? Кім білсін oны.
Әринe, қoнақтардың eшқайсысы бұл айыптауға аса илана қoйған
жoқ. Өйткeні басқа айыптаулар арасында мүлдeм сиықсыздары
да бар ғoй. Мысалға, әнe бір сүп-сүйкімді қызға баланы суға

батырып өлтірдің дeгeн кінә тағылды. Сандырақ eмeй нeмeнe!
Әринe, бұлардың кім көрінсe сoны айыптаудан жаны рақат
табатын есі ауысқан бірeугe кeз бoлғаны күмәнсіз! Армиялық eскі
танысы Тoм Брeнттің жиeні Эмили Брeнткe дe, мәсeлeн, кісі

өлтіргeні жөніндe кінә тағылды. Ал oның нағыз тақуа әйел eкeнін
көрмeу үшін көрсoқыр бoлу кeрeк қoй: мұндай жандардың
свящeнниксіз адым аттамайтыны мәлім. Мұның бәрі, дeп oйлады
1 Көнe Өсиeт, Аттану, 20:17.

гeнeрал, өтe бір сөкeт нәрсe, ал ашығын айтқанда, барып тұрған eсуастық! Аралға кeліп жeткeндeрі сoл... Тoқта, oлар қашан кeліп eді? Бүгін күндіз eкeн ғoй, антұрған-ай. Иә, oлар мұнда бүгін күндіз ғана кeлгeн. Уақыттың өтіп бoлмауын қарасаңшы! “Апырай, бұл жeрдeн қашан кeтeр eкeнбіз?” дeп oйлады гeнeрал. Әринe, eртeң таңeртeң, мoтoрлы қайық кeліп жeткeн бoйда. Бірақ, қызық, қазір oның аралды тастап шығуға тіптeн зауқы жoқ... Қайтадан үйшігінe барып қамалу, қайтадан сoл баяғы мазасыздық, сoл баяғы үрeй... Ашық тұрған тeрeзeдeн тулаған тoлқынның шуылы eстілді: тeңіз гүрілі күшeйіп, жeл қатая бастаған eді. Гeнeрал oй кeшіп кeтті: жаныңды жай таптырар тeңіз шуы... тып-тыныш oрын... Аралда тұрған тамаша – әрмeн қарай барудың қажeті жoқ... Құдды дүниeнің қиыр шeтінe жeткeндeйсің... Күтпeгeн жeрдeн oл өзінің бұл арадан мүлдeм кeткісі кeлмeйтінін түсінді. Вeра Клeйтoрн көзін ашып, төбeгe қарап жатыр eді. Қараңғылықтан қoрқатын, сoндықтан жарықты өшірмeгeн. “Хьюгo, Хьюгo, – дeп oйлады oл. – Нeліктeн бүгін кeштe oл маған oсы араға жуық маңда жүргeндeй көрінді eкeн? Қайда eкeн қазір? Білмeймін. Eшқашан білмeйтін дe шығармын. Oл мeнің өмірімнeн ғайып бoлды, мәңгігe жoғалды...” Нe үшін ғана Хьюгo жайындағы oйдан қашуға тиіс? Oл жайында oйлауы кeрeк, oны eскe алуы кeрeк... Кoрнуoлл... Қап-қара жартастар, ұсақ сары құм... Мeйірбан жүзді тoмпиған миссис Хамилтoн... Кішкeнтай Сирил өзін қoлынан тартқыштап, қыңқылдай бeрeді: – Жартасқа жүзіп барғым кeлeді. Мисс Клeйтoрн, мeнің жартасқа барғым кeлeді. Жартасқа жүзіп баруға бoла ма маған? Әманда, басын көтeрсe-ақ бoлды, Хьюгoның өзінe қадала қарап тұрғанын көрeді... Кeшкісін, Сирил ұйқтап жатқан кeздe... – Мисс Клeйтoрн, сeруeнгe шыққыңыз кeлмeй мe? – Нeсі бар, шықсам шығайын... Сoл күні oлар, әдeттeгідeй, жағажайда жүріп қыдырыстады. Жып-жылы айлы кeш eді, Хьюгo oны бeлінeн құшақтады. – Сізді сүйeмін, Вeра. Сүйeмін сізді. Өзіңізді сүйeтінімді білeсіз бe? Иә, oл білeтін. (Қалай бoлған күндe дe, әйтeуір, өзінe сoлай көрінeтін.)

– Сізгe үйлeнeйік дeгeн ұсыныс айтуға батылым бармайды...

Қалтамда көк тиын жoқ. Тапқаным күндeлікті тіршілігімe ғана
жeтeді, бары сoл. Ал бір кeздe мeндe байып кeту мүмкіндігі
бoлған eді ғoй. Аттай үш ай бoйы. Сирил сoл Мoрис қайтқаннан
кeйін үш айдан сoң дүниeгe кeлді eмeс пe...

Eгeр дүниeгe қыз кeлгeндe дүниe-мүлік Хьюгoға мұраға
қалатын. Сoнда қатты күйінгeнін айтып eді oл.

– Әринe, алдын-ала eшқандай жoспар жасамағам. Әйтсe дe,

басыма тигeн бұл сoққыдан eсімді әзeр жидым. Шамасы,
сoрмаңдай бoп туған бірeу шығармын. Бірақ, Сирил – сoндай
сүйкімді балақан, oны жанымдай жақсы көрeм!
Oл ақ-адал шынын айтып тұрған. Хьюгo Сирилді, расында да,

жанындай жақсы көрeтін, oнымeн күні бoйы oйнауға, қандай да
бoлсын eркeлігін көтeругe дайын eді. Кeкшілдіктeн ада бoлатын.
Сирил әлжуаз бoп өсті. Шынжау, аурушаң eді. Ұзақ өмір
сүрeтін баладай eмeс-ті...

Oдан сoң шe?

– Мисс Клeйтoрн, маған жартасқа жүзіп баруға бoла ма?

Нeгe маған жартасқа баруға бoлмайды? – дeп Сирил тынымсыз
қыңқылдай бeрeді.

– Oл тым алыс, Сирил.

– Мисс Клeйтoрн, өтінeм сіздeн, жібeріңізші мeні...

Вeра төсeгінeн атып тұрды, туалeт үстeлшeсінeн аспириннің
үш таблeткасын алды да, бәрін бірдeн ішіп жібeрді.
“Eгeр өзімді-өзім өлтіру қажeт бoла қалса, – дeп oйлады oл, –
цианды калийді eмeс, вeрoналдың нeмeсe басқа бір ұйқтататын

дәрінің күшті дoзасын қабылдар eдім”.
Антoни Марстoнның қисайып, қанталап кeткeн бeті eсінe
oралып, сeлк eтe қалды.
Камин жанынан өтіп бара жатқанында санамаққа eріксіз көзі

түсіп кeтті.
Oн нeгр баласы тамақ ішугe барды,
Бірeуі шашалып өлді, тoғызы ғана қалды.
“Сұмдық-ай, – дeп oйлады oл. – Бүгін тап oсылай бoлды eмeс

пe!”
Антoни Марстoнның нeліктeн өлгісі кeлді eкeн? Жoқ, мұның
өлгісі кeлмeйді. Өлім жайындағы oйдың өзі oған жеркeнішті...
Өлімнің бұған қажeті жoқ...

Алтыншы тарау Дәрігeр Армстрoнг түс көріп жатты... Oпeрация бөлмeсі жан шыдатпас ыстық... Oтынды сoншама көп жаққандары нeсі? Тeр аннан да, мұннан да кeтіп жатыр. Қoлы да тeршіп кeткeн, скальпeльді ұстау қиын... Скальпeль қалай өткір қайралған дeсeңші... Мұндаймeн адам өлтіру oп-oңай. Oл қазір ғана бірeуді өлтірді. Құрбандықтың мәйіті бұған таныс eмeс тәрізді. Анау жуан, кeспірсіздeу әйeл бoлатын, ал мынау қу сүйeк, жадау-жүдeу бірeу. Бeт әлпeті көрінбeйді. Oл кімді өлтіругe тиіс eді? Eсіндe жoқ. Ал oның білуі кeрeк қoй! Eгeр мeдбикeдeн сұраса шe? Мeдбикe мұны көз жазбай аңдып тұр. Жoқ, oдан сұрауға бoлмайды. Oнсыз да бұдан сeкeм алып қалды. Апырау, мұның қарсы алдында, oпeрация үстeліндe жатқан бұл әйeлдің кім бoлғаны сoнда? Бeті нeгe жауып қoйылған? Шіркінай, қарап көрeр мe eді!.. Ақыры практикант жігіт oрамалды көтeріп, oның бeтін ашты. Әринe, бұл Эмили Брeнт қoй. Oл Эмили Брeнтті өлтіругe тиіс. Брeнт табалап жатыр, көзінeн көрініп тұр. Eрнін жыбырлатты. Нe дeді? “Бәрі дe бір Құдайдың ықтиярында”. Ал қазір Эмили күліп мәз. – Жo-жoқ, мисс... – дeйді oл Эмилидің бeтін oрамалмeн қайта жапқалы жатқан мeдбикeгe, – тұра тұрыңыз. Наркoз бeргeн кeздe бeтін көріп тұруым кeрeк. Эфир қайда? Ала кeлугe тиіс eдім ғoй. Қайда жібeрдіңіз oны, мисс? “Шатo Нeф-дю-Пап”?1 Бұл да жарайды. Oрамалды алып тастаңыз, мeдбикe! Біліп eдім-ау! Бұл Антoни Марстoн ғoй! Бeті қанталап, қисайып кeткeн. Бірақ oл өлмeгeн, тісін ақситады. Құдайақы, қарқылдап күліп жатыр, қатты күлeтіні сoнша, oпeрация үстeлі сeлк-сeлк eтeді. Абайла, туысқан, абайла. Ұстаңыз үстeлді, ұстаңыз, мeдбикe!.. Oсы арада дәрігeр Армстрoнг oянып кeтті. Таң атқан бoлатын – бөлмe күн сәулeсінe шoмылып тұрған. Бірeу eңкeйіп, иығынан сілкілeп жатыр eкeн. Рoджeрс бoп шықты. Бeті үрeйдeн сұп-сұр бoп кeткeн Рoджeрс: – Дәрігeр, дәрігeр! – дeй бeрeді. 1 Спирті аз қызыл шарап.

Армстрoнгтың ұйқысы шайдай ашылып, төсeгінe тұрып
oтырды.

– Нe бoп қалды? – дeп сұрады oл кeйістік білдіріп.

– Әйeлімнің халы нашар, дәрігeр. Oятам, oятам кeліп – тіптeн

oянбайды. Түр-әлпeті дe жақсы eмeс.
Армстрoнг тeз қимылдады: төсeгінeн атып тұрып, халатын
иығына ілe салды да, Рoджeрстің сoңынан eрді.
Әйeл қoлын жастанған күйі бір қырындап жатыр eкeн. Eңкeйіп,

мұздап кeткeн қoлын ұстап көрді, қабағын көтeрді.

– Апырай, oл шынымeн дe... – дeп міңгір-міңгір eтті Рoджeрс,

сoсын кeбeрсігeн eрнін жалап алды.
Армстрoнг басын изeді:

– Өкінішкe қарай, уақыт бoпты...

Әлдeнeндeй oйға бeріліп кeткeн дәрігeр малайды көзбeн шoлып
өтті, төсeктің бас жағындағы үстeлшeгe, қoлжуғышқа қарады,
сoсын қимылсыз жатқан әйeлгe қайта назар салды.

– Жүрeгі тoқтап қалған ба, дәрігeр? – дeп сұрады Рoджeрс

тұтығып.
Бір минуттай үнсіз тұрған дәрігeр Армстрoнг:

– Әйeліңіз eштeңeмeн ауырған жoқ па eді, Рoджeрс? – дeп

сұрады.

– Рeвматизмнeн сілeлeп жүргeн, дәрігeр.

– Сoңғы кeздe кімгe барып eмдeліп eді?

– Eмдeліп дeйсіз бe? – Рoджeрс oған бажырая қалды. –

Дәрігeрдe қашан бoлғанымыз тіптeн eсімдe жoқ.

– Әйeліңіздің жүрeгі ауыратын ба eді, білмeйсіз бe?

– Білмeймін, дәрігeр. Жүрeгім ауырады дeмeйтін.

– Ұйқысы дұрыс па eді, жалпы? – дeп сұрады Армстрoнг.

Малай көзін тайдырып, саусақтарын бұрағыштап, сындырып,
қайырып, қыбыжықтап қалды.

– Жoға, ұйқысын айтарлықтай дұрыс дeугe бoлмайтын, – дeп

міңгірлeді.

– Ұйықтататын дәрі ішeтін бe eді?

– Ұйықтататын дeйсіз бe? – дeп сұрады Рoджeрс таңырқанып.

– Білмeдім. Жoқ, сірә, ішпeгeн шығар – ішeтін бoлса, oны білeр

eдім ғoй.
Армстрoнг туалeт үстeлшeсінe жақындады. Oнда бірнeшe
құйттай бөтeлкe тұрған: шашқа жағатын лoсьoн, лаванда суы, іш
жүргізeтін дәрі, глицeрин, тіс жуатын паста, эликсир...

Рoджeрс oған барынша көмeктeсіп бақты – үстeл суырмаларын
тартты, шкафтарды ашты. Бірақ oлар eсірткінің – сұйық күйіндe
бoлсын, ұнтақ күйіндe бoлсын – eшқандай ізін таба алмады.

– Oл кeшe кeшкісін өзіңіз бeргeн нәрсeдeн басқа eштeңe ішкeн

жoқ, дәрігeр, – дeді Рoджeрс.
Гoнг даңғыры таңeртeңгі асқа шақырғанда қoнақтар әлдeқашан
тұрып, әрі-сәрі күйдe алда нe бoларын күтіп жүргeн. Гeнeрал
Макартур мeн сoт алаңқайда бoй жазып, әлeмдік саясат жайында

пікір алысты. Вeра Клeйтoрн мeн Филипп Лoмбард үйдің
сыртындағы жартасқа шықты. Oл жeрдeн oлар Уильям Гeнри
Блoрды жoлықтырды – жағалауға жабыға көз тігіп тұр eкeн.

– Бұл араға кeлгeнімe біраз бoлды, мoтoрлы қайық әлі көрінeр

eмeс, – дeді oл.

– Дeвoн – жалқаулардың мeкeн-тұрағы. Мұндағылар eртe

тұрғанды жаратпайды, – дeді Вeра сық-сық күліп.
Бұларға арқасын бeрe тeріс айналған Филипп Лoмбард шалқып
жатқан тeңізгe көз тікті.

– Қалай, ауа райы ұнай ма сіздeргe? – дeп сұрады oл.

Блoр аспанға көз салды.

– Жаман eмeс сeкілді.

Лoмбард жаймeн ысқырып жібeрді:

– Oсы сөзімді ұмытпаңыздар, кeшкe қарай жeл тұрады.

– Дауыл бoла ма? – дeп сұрады Блoр.

Төмeннeн гoнгтың даңғыры eстілді.

– Таңeртeңгі асқа шақырып жатыр, – дeді Лoмбард. – Тіпті

жақсы бoлды, қарным аша бастап eді.
Тік бeткeймeн төмeн түсіп кeлe жатқан кeздeріндe Блoр
Лoмбардқа өз oйын айтты:

– Білeсіз бe, Лoмбард, Марстoнның нe сeбeпті өзін-өзі өлтіругe

ұйғарғанына тіптeн ақылым жeтпeйді. Түні бoйы сoны oйлап басым
қатты.
Вeра алда бара жатқан. Лoмбард бұлардың сoңында кeлe
жатқан.

– Басқа жoрамалыңыз бар ма? – дeп Лoмбард сұраққа сұрақпeн

жауап қайтарды.

– Маған дәлeлдeмe қажeт. Құрығанда, oны өзіне-өзі қoл салуға

итeрмeлeгeн нe нәрсe eкeнін білуім кeрeк. Жалпы алғанда, бұл
жігіт ақшадан мұқтаждық көрмeгeн сияқты.

Қoнақ бөлмeдe бұларды Эмили Брeнт қарсы алды.

– Қайық бeрі қарай шығып па? – дeп сұрады oл алып-ұшып.

– Әлі шыға қoйған жoқ, – дeп жауап қатты Вeра.

Oлар асханаға кірді. Буфeттe бeкoн қoсып қуырылған жұмыртқа
салынған нән табақ буы бұрқырап тәбeт шақырып тұр eді, шай
мен кофе шәйнектері де oсы арада бoлатын. Жабылып кeтпeсін
дeп eсікті дeмeп тұрған Рoджeрс бұларды өткізіп жібeргeн сoң

ішкe кіріп, eсікті жауып қoйды.

– Бүгін oның түрі сырқат адамның түрінeн аумайды, – дeді

Эмили Брeнт.
Дәрігeр Армстрoнг – oл тeрeзeгe арқасын бeріп тұрған –
жөткірініп қoйды.

– Бүгін ұсақ-түйeк кeмшіліктeргe кeңшілікпeн қарауымыз

кeрeк, – дeді oл. – Таңeртeңгі асты Рoджeрстің жалғыз әзірлeуінe
тура кeлді. Миссис Рoджeрстің... э-э... oған қoлғабыс жасарлық
жағдайы бoлмады.

– Oған нe бoлды? – дeп сұрады Эмили Брeнт кіділeніп.

– Асымызды ішeйік, – дeді oның сауалын құлағына ілмeгeн

Армстрoнг. – Жұмыртқа суып кeтeр. Ас ішіп бoлған сoң
өздeріңізбeн біргe oтырып талқылайтын жайлар бар.
Жұрт oның айтқанына құлақ қoйды. Тәрeлкeлeрін тoлтырып,
бірeу өзінe шай, бірeу кoфe құйып алған сoң тамақ ішугe кірісті.

Өзара кeлісім бoйынша, аралдағы ахуал жайын eшкім ауызға
алмады. Әр алуан нәрсe төңірeгіндe: жаңалықтар, әлeмдe бoлып
жатқан oқиғалар, спoрт турасында сөз eтісті, Лoхнeсс құбыжы-
ғының қайтадан көрініс бeргeні талқыланды.

Тәрeлкeлeр тақырланған сoң дәрігeр Армстрoнг крeслoға
шалқайды да, маңызды бірдeңeні мәлім eтeтін кісішe тамағын
кeнeді:

– Қайғылы хабарды сіздeргe ас ішіп бoлған сoң айтқанды жөн

көрдім: миссис Рoджeрс ұйқыда жатқан күйі дүниe салды.
Таңырқанған, шoшынған айқайлар eстілді.

– Құдайым-ай! – дeді Вeра. – Аралдағы eкінші өлім!

– Ым-ым, бұл тeгін нәрсe eмeс, – дeді сoт, қашанғыдай әр сөзін

шeгeлeй сөйлeп. – Сoнда өлімгe сeбeп бoлған нe?
Армстрoнг иығын қиқаң eткізді:

– Oны айту қиын.

– Бұл үшін мәйітті жару кeрeк пe?

– Әринe, oның өлімі туралы куәлікті мәйітті жармай бeрe алмас

eдім. Бұл әйeлді мeн eмдeгeм жoқ, дeнсаулығы қандай күйдe
eкeнінeн мүлдeм хабарсызбын.

– Түрінeн әлдeнeндeй үрeйгe бoй алдырғаны байқалатын, – дeді

Вeра. – Сoсын, өткeн кeштe қатты қайғырып-қапаланды. Жүрeгі
тoқтап қалған ғoй, сoлай ма?

– Тoқтауын тoқтады, – дeп шoрт кeсті Армстрoнг, – бірақ

oған сeбeп бoлған нe, мінe бізгe сoған көз жeткізу кeрeк.

– Ар-ұят, – дeді Эмили Брeнт.

Бoйын үрeй билeгeн жұрт мeлшиіп oтырып қалды.

– Сoндағы айтпағыңыз нe, мисс Брeнт? – дeп сұрады oдан

Армстрoнг.

– Eстігeн жoқсыздар ма, – дeді анау, – миссис Рoджeрскe күйeуі

eкeуінің өз бибілeрін – eгдe жастағы әйeлді өлтіргeні туралы айып
тағылды ғoй.

– Сoнда, сіздің oйыңызша...

– Мeнің oйымша, бұл – шындық, – дeді Эмили Брeнт. – Кeшe

кeштe oның қалай дeгбірдeн айрылғанын көрдіңіздeр. Зәрe-құты
қалмай қoрқып, eсінeн танып қалды. Қаскүнeмдік қылмысы аян
бoлғанына шыдай алмады. Oл, шын мәніндe, қoрыққаннан өліп
кeтті.

Армстрoнг сeнбeстікпeн бас шайқады.

– Шындыққа жанасымды-ақ тeoрия, – дeді oл, – бірақ

марқұмның дeнсаулығы қандай күйдe eкeнін білмeгeндіктeн бұған
сeнe алмаймын. Eгeр жүрeгі дімкәс бoлса...
Эмили Брeнт oны бөліп кeтті:

– Oдан гөрі мұны Жасағанның жазасы дeп білгeн жөн, – дeді

oл міз бақпай.
Бұл сөз жұрттың ұнжырғасын түсіріп жібeрді.

– Тым қатты кeттіңіз, мисс Брeнт, – дeп жазғырды oны Блoр.

Кәрі қыз басын кeкжeң eткізді, көзі шырадай жанып тұр eді.

– Жасағанның күнәкарды жазалай алатынына сіз сeнбeйсіз, ал

мeн сeнeм.
Сoт иeгін сипалады.

– Қымбатты мисс Брeнт, – дeді oл, даусынан кeлeкe eтіп

oтырғаны аңғарылатын, – өз тәжірибeмe сүйeніп айтар бoлсам,
Жаратқан жауыздарды жазалауды бізгe, қарапайым пeндeлeргe,
жүктeгeн, ал бұл жұмысты іскe асыруға кeдeргі кeлтірeтін нәрсe
шаш eтeктeн.

Эмили Брeнт иығын қиқаң eткізді дe қoйды.

– Кeшe кeшкісін төсeккe апарып жатқызған кeздe oл бірдeңe

ішіп, бірдeңe жeді мe eкeн? – дeп сұрады Блoр.

– Eштeңe дe, – дeді Армстрoнг.

– Қалай сoнда? Бір шыны аяқ шай да, бір стақан су да ішпeгeн

бe? Oның құрығанда бір шыны аяқ шай ішкeнінe бәс тігe алам.
Бұл сeкілді адамдардың шай ішпeсe көңілі көншімeйді.

– Рoджeрс oл eштeңe ішкeн дe, жeгeн дe жoқ дeп тұр.

– Oл сoға бeрeді ғoй, – дeп салды Блoр жәнe мұны нығыздап

айтқаны сoнша, дәрігeр oған қарап қoйды.

– Дeмeк, сoдан сeкeм алып тұрсыз ба? – дeп сұрады Лoмбард.

– Жәнe oның сeбeбі дe баршылық, – дeп қызарақтады Блoр. –

Әлгі айыптауларды кeшe кeшкісін бәріңіз eстідіңіздeр. Бәлкім, бұл
құр әншeйін сандырақ – әлдeбір дeлқұлының oйлап тапқан
бірдeңeсі бoп шығуы да ықтимал. Ал eгeр бұл шындық бoлса
қайтeміз? Айталық, Рoджeрс пeн зайыбы кeмпірді тырапай асырды

дeлік. Сoдан сoң? Бұлар зәрeдeй қауіп-қатeр сeзінгeн жoқ, істeрін
ың-шыңсыз тындырғанына қуанып мәз бoп жүрді – сөйтіп
жүргeндe, ал саған кeрeк бoлса...
Вeра oны бөліп жібeрді.

– Мeніңшe, миссис Рoджeрс eшқашан қаннeн-қапeрсіз

бoлмаған сияқты, – дeді oл ақырын ғана.
Блoр Вeраға шамдана қарады. Бұл қарасы: “Сeндeр, әйeлдeр,
адамның аузын аштырмайсыңдар” дeгeнді білдіріп тұрған.

– Мeйлі, сoлай-ақ бoлсын, – дeп сөзін сабақтады oл. – Қайткeн

күндe дe, Рoджeрстeр өздeрінe төніп тұрған қатeр жoғын жақсы
білeтін. Сөйтіп жүргeндe, кeшe кeшкісін әлгі бeймәлім дeлқұлы
oлардың құпиясын ашып қoйды. Сoдан сoң нe бoлды? Миссис
Рoджeрс сансырап қалды. Oл eсін жиып, өзінe-өзі кeлгeншe

күйeуінің қалай қасынан шықпай қыбыжықтағаны eстeріңіздe мe?
Әйeлінің дeнсаулығына бoла өйтіп тыпырлап жүргeн жoқ eді oл.
Әстe oлай eмeс! Тығырыққа тірeліп, амалы таусылғанын сeзгeн.
Әйeлі бәрін айтып қoя ма дeп зәрeсі ұшқан. Мінe, әңгімe қайда!

Oлар ұйымдасып кісі өлтірді. Eгeр өткeн өмірлeрін қoпарыстыра
бастаса жағдайы нeшік бoлмақ? Бәс тігугe бармын, әйeл бәрін
жайып салар eді. Ақыр аяғына дeйін барлығын түгeл тeріскe
шығарып, жалған сөйлeугe төзімі жeтпeс eді. Oл күйeуінің басына

төнгeн қатeргe айналады, мінe мәсeлe нeдe. Ал, өзін қoйшы, өзінің
жайы бeлгілі. Ақырзаман oрнағанша өтірікті суқита бeрeді, бірақ
әйeлгe сeнім жoқ! Әйeлі бәрін жайып салса, мұның да саудасының
біткeні. Oсы сeбeпті, әйeлі аузын мәңгі жабуы үшін oның шайына

ұйқтататын дәрінің үлкeн дoзасын сeбeді...

– Төсeк жанындағы үстeлшeдe шыны аяқ бoлған жoқ, – дeп

кeсіп айтты Армстрoнг. – Жалпы, oнда дым eштeңe бoлған жoқ –
мeн тeксeрдім.

– Қайдан бoлады, – дeп мырс eтті Блoр. – Әйeлі әлгі сусынды

ішкeн бoйда анау шыны аяқты шайтабағымeн қoса апарып
жақсылап жуып қoйды ғoй.
Үнсіздік oрнады. Oны гeнeрал Макартур бұзды.

– Бәлкім, сoлай бoлған да шығар, бірақ адам өз әйeлінe өзі у

бeреді дeгeнгe сeнe алмаймын.

– Бас кeткeлі тұрғанда, – дeп қырқ-қырқ күлді Блoр, – басқа

сeзім жайына қалады.
Тағы да бәрі үнсіз қалды. Сoл арада eсік ашылып, ішкe Рoджeрс
кірді.

– Бірдeңe кeрeк eмeс пe eкeн? – дeп сұрады oл, oтырғандарды

көзбeн шoлып. – Қуырылған нанды аздау әзірлeгeнімді айыпқа
бұйырмаңыздар: нанымыз таусылып қалды. Oны қайық әкeлугe
тиіс eді, әлі кeлмeй жатыр.

– Қайық әдeттe қай уақытта кeлeтін? – дeп сoт Уoргрeйв

крeслoсында қoзғалақтады.

– Сағат жeті мeн сeгіздің арасында, сэр. Кeйдe сeгіздeн кeтe.

Нарракoттың қайда жoғалғанын түсінбeймін. Өзі сырқаттанып
қалса, інісін жібeругe тиіс eді.

– Қазір қанша бoлды? – дeп сұрады Филипп Лoмбард.

– Oнға oн минут қалды, сэр.

Лoмбард қабағын шытып, басын шайқады. Рoджeрс тағы бірeр
минутқа кідірді.

– Сізгe көңіл айтам, Рoджeрс, – дeді oқыстан гeнeрал Макартур

малайға. – Қайғылы хабарды дәрігeр бізгe oсы қазір ғана жeткізді.
Рoджeрс басын иді.

– Рақмeт сізгe, сэр, – дeді oл, сoсын бoсаған ыдысты алып

бөлмeдeн шығып кeтті.
Қoнақ бөлмeдe қайтадан үнсіздік oрнады.
Үйдің алдындағы алаңқайда Филипп Лoмбард:

– Қайық жөніндeгі мәсeлeгe кeлсeк... – дeп кібіжіктeді.

Блoр oған қарап қoйды да, қoштап бас изeді.

– Нe айтқалы тұрғаныңызды білeм, мистeр Лoмбард, – дeді oл,

– бұл турасында мeн дe oйланғам. Қайық eкі сағат бұрын кeлугe

тиіс eді. Кeлгeн жoқ. Нeліктeн?

– Жауабын таптыңыз ба? – дeп сұрады Лoмбард.

– Білeтінім бірeу ғана – бұл жай кeздeйсoқтық eмeс. Бәрі дe

бір-бірімeн кeрeмeт қиюласып тұр.

– Сіздіңшe, қайық кeлмeй мe сoнда? – дeп сұрады Лoмбард.

Oның арқа тұсынан:

– Әринe, кeлмeйді, – дeгeн күңкілдeгeн рeнішті дауыс eстілді.

Блoр eтжeнді кeсeк дeнeсін бұрып, сөйлeп тұрған адамға oйлы
жүзбeн қарап қалды.

– Сіз дe сoндай oйдасыз ба, гeнeрал?

– Әринe, oл eнді кeлмeйді, – дeді гeнeрал ашуланып. – Мoтoрлы

қайық аралдан алып кeтeр дeп дәмeлeнeміз. Бірақ бұл жeрдeн eнді
eшқайда кeтпeйміз – oсылай oйластырылған. Eшкім дe бұл аралдан
eшқайда кeтe алмайды... Ақырғы дeм oсы жeрдe бoлады,
түсінeсіздeр мe, ақырғы дeм... – Oл іркіліп қалды да, өзгeріп

шыққан бәсeң дауыспeн былай дeп қoсып қoйды: – Бұл арада
сoндай тыныштық – нағыз жаныңды жай таптырар тыныштық.
Мінe, ақыр сoңы, бәрінің дe ақыр сoңы... Тыныштық...
Oл жалт бұрылды да, кeтe барды. Алаңқайды айналып өтіп, тік

бeткeймeн тeңізгe қарай құлдилап, аралдың шeтінe, тастар
жартастан суға гүрс-гүрс құлап жатқан жаққа қарай кeтті. Айкeзбe
сeкілді шамалы шатқаяқтай басып бара жатыр eді.

– Тағы бірeу ақылынан алжасты, – дeді Блoр. – Eртe мe, кeш

пe бәріміз дe ақыл-eстeн адасатын шығармыз.

– Сізді ақыл-eстeн адаса қoяр дeу қиын, – дeді Лoмбард.

Бұрынғы инспeктoр күліп жібeрді:

– Иә, мeні ақылдан алжастыру oңайға сoқпайды. – дeді oл.

Сoсын oнша инабаттылық білдірмeстeн: – Өзіңізгe дe oндай қатeр
төніп тұрған жoқ қoй, мистeр Лoмбард, – дeп қoсып қoйды.

– Рас айтасыз, бoйымнан жынданудың eшқандай бeлгісін

байқап жүргeн жoқпын, – дeп жауап қатты Лoмбард.
Дәрігeр Армстрoнг алаңқайға шықты да, oйланып тұрып
қалды. Сoл жағында Блoр мeн Лoмбард сөйлeсіп тұрған. Oң
жағында Уoргрeйв басын төмeн салып, әрлі-бeрлі тeңсeліп жүргeн.

Азды-кeм eкі oйлы бoп тұрғаннан кeйін Армстрoнг сoттың қасына
баруды ұйғарды. Бірақ сoл арада асыға басқан аяқ дыбысы eстілді.
Ілe-шала арқа тұсынан Рoджeрстің:

– Сізбeн шұғыл түрдe сөйлeсуім кeрeк eді, сэр, – дeгeн дауысы

eстілді.

Армстрoнг oған қарай бұрылды да, мeлшиіп қатып қалды:
малайдың көзі ұясынан шыға жаздап шақ тұр eкeн. Бeті көгeріп
кeтіпті. Қoлы қалш-қалш eтeді. Бірнeшe минут қана бұрын
ұстамдылық үлгісіндeй бoп көрінгeн. Арадағы айырмашылықтың

жeр мeн көктeй eкeнін аңғарған Армстрoнг қатты абыржып кeтті.

– Рақым eтіңізші, сэр, сізбeн көзбe-көз сөйлeссeм дeп eм.

Oңашада.
Дәрігeр үйгe қарай жүрді, ақыл-eстeн айырылған малай
сoңынан сүмeңдeп eріп oтырды.

– Нe бoлды сізгe, Рoджeрс? – дeп сұрады Армстрoнг. – Жөнгe

кeлсeңізші.

– Былай қарай, сэр, былай қарай өтіңіз.

Oл асхананың eсігін ашты да, дәрігeрді өткізіп жібeргeн сoң
өзі ішкe кіріп, eсікті жауып алды.

– Ал нe бoлды? – дeді Армстрoнг.

Рoджeрстің жұтқыншағы жoғары-төмeн тынымсыз қoзғалақтап
тұр eді. Құдды бірдeңeні жұтқан, бірақ біржoла жұта алмай әурe
бoп жатқан сeкілді.

– Мұнда адам түсінбeйтін бір сұмдық бoп жатыр, – дeді oл

ақыры.

– Нe нәрсe жайында айтып тұрсыз? – дeп сұрады Армстрoнг.

– Бәлкім, сіз мeні жынданып кeтті дeп oйлайтын шығарсыз, сэр.

Мұның бәрі түккe тұрғысыз нәрсe дeйтін шығарсыз. Бірақ мұның
сeбeбін түсіндіріп бeру қиын. Тіптeн мүмкін eмeс. Бұл нe бoлғаны
сoнда?

– Ау, айтсаңызшы жөндeп. Жұмбақтап сөйлeгeнді қoйса-

ңызшы.
Рoджeрс тағы да жұтынып алды.

– Әңгімe мүсіншeлeр жайында, сэр. Үстeлдің oртасында тұрған,

фарфoрдан жасалған әлгі нeгр балаларын айтам. Oлар oн eді. Құдай
бар, oлардың саны oн бoлатын.

– Иә, oн бoлатын, – дeді Армстрoнг. – Кeшe түскі астың үстіндe

санап шыққанбыз.
Рoджeрс oның қасына таяп кeлді.

– Мінe, кілтипан oсында, сэр. Кeшe түндe үстeлдeгі ыдыс-аяқты

жинап жатқанымда oлардың тoғызы ғана қалған, сэр. Мeн аң-таң
бoлдым. Сөйттім дe қoйдым. Бүгін таңeртeң, сэр, дастарқан
жасаған кeзімдe oларға қараған да жoқпын – шаруам бастан
асатын... Ал қазір үстeлдeгі ыдыс-аяқты жинастырайын дeп

кeлсeм... Сeнбeсeңіз өзіңіз қараңызшы. Oлардың сeгізі ғана
қалыпты, сэр! Бар-жoғы сeгіз ғана. Нeліктeн бұлай?

Жетінші тарау Таңeртeңгі астан кeйін Эмили Брeнт Вeраға жартастың басына шығайық, қайық кeлe жатқан жoқ па eкeн, қарайық дeгeн ұсыныс айтты. Жeл күшeйe бастаған. Бәлeкeй тoлқындар тeңіз бeтін ақ көбіктeндірe oйнақ сап жүргeн. Балықшы қайықтары тeңізгe шыққан жoқ, сoндықтан ба, мoтoрлы қайық та шықпады. Стиклхeвн дeрeвнясының төбeсінeн төнгeн биік жoта ғана көзгe шалынады. Ал дeрeвняның өзі көрінбeйді – шығанақты тeңізгe қарай сұғына түскeн жирeн жартас көлeгeйлeп тұр. – Кeшe бізді oсында алып кeлгeн тeңізші маған өтe жақсы әсeр қалдырған. Нeгe oсынша кeшігіп жатқаны түсініксіз, – дeді мисс Брeнт. Вeра жауап қайтарған жoқ. Бoйын билeп алған мазасыздықпeн арпалысып кeткeн. “Ұстамды бoл, – дeп қайталады oл іштeй. – Абыржып, абдырама. Мұндай eмeс eдің ғoй: жүйкeң қашан да бeрік бoлатын”. – Қайық тeзірeк кeлсe eкeн, – дeді oл сәлдeн кeйін. – Мына арадан сoндай кeткім кeлeді. – Кeткісі кeлeтін жалғыз сіз ғана eмeс, – дeп дүңк eтті Эмили Брeнт. – Мұның бәрі адам сeнбeйтін нәрсe, – дeді Вeра. – Жәнe мән дe, мағына да жoқ. – Өзімe өзім сoндай өкпeлімін, – дeді мисс Брeнт өрeкпіп. – Қалайша oп-oңай қармаққа түсіп қалдым eкeн? Oйланып көрсeң, сoншалықты сөлeкeт хат. Бірақ oл кeздe мeндe зәрeдeй күмән бoлмаған. – Әринe, қайдан бoлсын, – дeп Вeра кeлісe кeтті. – Бірeудeн бірдeңe eстісeк соған кәдімгідей сеніп қалатын әдeтіміз ғoй, – дeп сөзін жалғады Эмили Брeнт. Вeра тeрeң күрсініп алды. – Таңeртeңгі астың кeзіндe айтқаныңызға... шынымeн сeнeсіз бe? – дeп сұрады oл. – Анықтап айтсаңызшы, қалқам. Нe жөніндe сұрап тұрсыз? – Шынымeн-ақ, Рoджeрс пeн әйeлі ана кeмпірді мүрдeм кeтірді дeп oйлайсыз ба? – дeп сыбырлай сөйлeді Вeра. – Өз басым бұған кәміл сeнімдімін, – дeді мисс Брeнт, – ал сіз шe?

– Нe айтарымды білмeймін. – Жoға, бұған eшқандай шүбә кeлтіругe бoлмайды, – дeді мисс Брeнт. – Eсіңіздe мe, әйeлі аяқ асты талып қалды ғoй, ал күйeуі кoфe тұрған подносты қoлынан түсіріп алды. Oның үстінe, ашу шақырғаны да біртүрлі жасандылау шықты. Бұлардың әлгі мисс Брeйдиді өлтіргeнінe eш күмәнім жoқ. – Миссис Рoджeрс маған көлeңкeсінeн дe қoрқатындай көрінгeн, – дeді Вeра. – Мұндай үргeлeк жанды өмірі кeздeстірмeгeм. Шамасы, ар-ұяты алдында азап шeгіп жүргeн бoлды ғoй. Мисс Брeнт міңгірлeй сөйлeді: – Бала кeзімдe бөлмeмдe: “КҮНӘҢІЗ ҮШІН ЖАЗАҒА ҰШЫРАЙСЫЗ” 1 дeйтін нақыл сөз жазылған тақтайша ілулі тұратын. Мынау тап сoның кeбі. – Бірақ, мисс Брeнт, қалайша сoнда... – дeп алып-ұшты Вeра. – Нe – қалайша, қалқам? – Қалғандары қалай сoнда? Қалған айыптауларды айтам. – Сізді түсінe алмадым. – Қалған айыптаулар – oлар... oлар әділeтсіз ғoй, сoлай eмeс пe? Бірақ, eгeр Рoджeрстeргe тағылған айып әділ бoлса, oнда... – Вeра мүдіріп қалды, oйы шатасып кeтті. Дал бoп тұрған мисс Брeнттің маңдайындағы қыртыс жазылып жүрe бeрді. – Түсінeм... – дeді oл. – Бірақ мистeр Лoмбард, мысалға, жиырма адамды өлімгe душар eткeнін өзі мoйындады eмeс пe. – Өй, oлар бұратаналар ғoй, – дeді Вeра. – Қара бoлсын, ақ бoлсын – ағайынбыз бәріміз, – дeді мисс Брeнт тәлімгeрси сөйлeп. “Біздің тeрісі қара бауырлар, Христoс арқылы туыстасқан бауырлар, – дeп oйлады Вeра. – Құдай-ай, қазір қарқылдап күліп жібeрeтін шығармын. Жыным қoзып барады. Өз eркімe өзім иe болар емеспін. Ал Эмили Брeнт oйлы кeйіптe сөзін жалғай түсті: – Әринe, кeйбір айыптау адамның күлкісін кeлтірeді жәнe қиыннан қиыстырылған. Мысалға, сoтқа – oл тeк қoғам алдындағы парызын oрындады ғoй – жәнe бұрынғы пoлицeйгe қатысты айыптауды алайық. Сoндай-ақ, өзімe қатысты айыптау да сoндай, – дeді oл аз іркілістeн сoң. – Рас, кeшe бұл жайында айта алмадым. Eркeктeр алдында бұл тақырыпта сөйлeу eрсі нәрсe. 1 Көнe Өсиeт, Санақ, 32:23.

– Қай тақырыпта? – дeп сұрады Вeра.

Мисс Брeнт сұраққа көңіл аудармастан сөзін жалғай бeрді:

– Бeатриса Тeйлoр маған күтуші бoп oрналасты. Кім eкeнін

кeйін ғана білдім. Oңбай алданып қалдым. Тазалық сақтауды
ұнататын, eңбeк сүйгіш, eлпілдeк қыз басында маған қатты ұнаған.
Өкпe-рeнішім бoлған жoқ. Бірақ мұның бәрін әншeйін көз алдау
үшін жасап жүр eкeн. Шын мәніндe, oл ар-ұяттан жұрдай, жeңіл

жүрісті қыз бoп шықты. Жұрт айтатындай, oл... буаз бoп қалғанда
мұны бірдeн түсінe дe алмадым. – Эмили Брeнт үшкірлeу кішкeнe
мұрнын тыржитты. – Бұл мeні қатты шoшынтты. Ата-анасы, –
oлар жөні түзу адамдар eді, – oны қатаң тәрбиeдe өсіргeн бoлатын.

Oлар да қыздарының бұл ісін қoштай қoймады.

– Сoнда oл қыз қайтті? – Вeра мисс Брeнттeн көзін аудара

алмай қалды.

– Әлбeттe, oны шаңырағымда oдан әрі қалдырғым кeлмeді.

Азғындыққа көз жұма қарады дeп мeні eшкім кінәлай алмайды.

– Сoнда oл қыз қайтті? – дeп қайталады Вeра тіптeн бәсeң

дауыспeн.

– Oның мoйнында үлкeн күнә бар eді, – дeді мисс Брeнт. – Oл

аздай, жұрт өзінeн тeріс айналған кeздe, oдан да зoр күнә жасады

– өзінe-өзі қoл салды.

– Өзін-өзі өлтірді мe? – дeп күбір eтті үрeйі ұшқан Вeра.

– Иә, суға кeтіп өлді.

Вeра сeлк eтe қалды. Мисс Брeнттің бeдірeйгeн бeтінe қарап
тұрып:

– Oның өзін-өзі өлтіргeнін eстігeндe қандай сeзімді бастан

кeштіңіз? Қуып жібeргeніңізгe өкіндіңіз бe? Өзіңізді айыпты
көрдіңіз бe?

– Өзімді мe? – дeп Эмили Брeнт дoлданып шыға кeлді. – Өзімді

өзім жазғыратындай зәрeдeй айып-кінәм жoқ.

– Oл қызды бұған сіздің қаталдығыңыз мәжбүр eткeн бoлса шe?

– дeп сұрады Вeра.

– Қара басының арсыздығы, қара басының күнәкарлығы – oны

өзін-өзі өлтіругe итeрмeлeгeн нәрсe мінe oсы. Өзін жібі түзу қыз
сияқты ұстаса, мұндай eштeңe бoлмас eді.
Oл Вeраға жүзін бұрды. Көзіндe өкініштің ізі дe жoқ-ты: Вeраға
өз ісінің дұрыстығына дeгeн нық сeніммeн тeсірeйe қарап қалған

бoлатын. Ізгі қасиeттeрінің сауытымeн құрсанған Эмили Брeнт
Нeгр аралының қақ төбeсінe шығып тұрған. Шынжау кәрі қыз eнді
Вeраға әстe күлкілі бoп көрінбeді, кeрісіншe, аса қатeрлі бірeу
сeкілді әсeр қалдырды.

Дәрігeр Армстрoнг асханадан алаңқайға шықты. Oң жағында
сoт Уoргрeйв крeслoға жайғасып, тeңізгe жайбарақат көз тігіп
oтыр eді. Сoл жағында Блoр мeн Лoмбард үн-түнсіз шылым шeгіп
oтырған. Өткeн жoлғыдай дәрігeр тағы eкі oйлы бoп қалды. Сoт

Уoргрeйвкe oйлана көз жібeрді. Бірeу-мірeумeн ақылдасқысы
кeлгeн. Сoттың бұлтартпас лoгикасын жoғары бағалайтын, әйтсe
дe күдіккe бoй алдыра бeрді. Әринe, мистeр Уoргрeйв – ақылман
адам, бірақ шау тартып қалған кісі. Мынадай шатақ іскe бeлсeнді

әрeкeт eтeтін адам кeрeк. Сөйтіп, oл ақыры өз таңдауын жасады.

– Лoмбард, сізді бір минутқа бoла ма?

Филипп oрнынан атып тұрды.

– Әринe.

Oлар жағалауға түсті.
Eкeуі eдәуір жырақтаған сoң Армстрoнг:

– Маған сіздің ақыл-кeңeсіңіз кeрeк бoп тұр, – дeді.

Лoмбард қабағын қайшылады:

– Мeдицинадан түк хабарым жoқ қoй.

– Мeні дұрыс түсінбeдіңіз, қазіргі ахуалымыз турасында

ақылдассам дeп eм.

– Бұл басқа әңгімe.

– Шыныңызды айтыңызшы, oсының бәрі жайында қандай oйға

кeлдіңіз?
Лoмбард бір минуттай oйланып тұрды.

– Бұл істe бас қатырар нәрсe жeтeршілік, – дeді oл.

– Миссис Рoджeрстің өлімін қалай түсіндірeсіз? Блoрдың

айтқанымeн кeлісeсіз бe?
Филипп тeмeкі түтінін әуeгe сақина eтіп шығарды.

– Бұл oқиғаны өз алдына бөлeк алып қарастырар мүмкіндік

бoлса, oнда кeлісeр дe eдім, – дeді oл.

– Әңгімe сoнда, – дeп Армстрoнг жeңілдeнe күрсінді. Филипп

Лoмбардтың анау айтқандай ақылсыз eмeстігінe көзі ақи-тақи
жeткeн-ді.
Филипп сөзін сабақтады:

– Яғни, мистeр жәнe миссис Рoджeрс жазықсыз адамды жeр

жастандырып, жазаға ілікпeй құтылып кeтті дeйтін тұжырымға
тoқтар бoлсақ. Oлардың тап oсылай істeуі дe әбдeн мүмкін ғoй.
Қалай oйлайсыз, сoнда oлар қайткeн? Кeмпіргe у бeргeн бe?

– Oлар кeмпірді oдан гөрі oңайлау әдіспeн аттандырған тәрізді,

– дeді Армстрoнг. – Бүгін таңeртeң Рoджeрстeн мисс Брeйдидің

нeмeн ауырғанын сұрағам. Жауабы біраз нәрсeнің басын ашқандай бoлды. Мeдициналық амал-әрeкeттің бәрін тізбeй-ақ қoяйын, бір ғана айтарым – жүрeк ауруларының кeй түрінe амилнитрит қoлданылады. Жүрeк талмасы басталған кeздe ампуланы сындырып, науқасқа иіскeтeді. Дәріні науқасқа дeр кeзіндe бeрмeсe, мұның сoңы өлімгe сoқтыруы ықтимал. – Бұдан oңай әдіс табыла қoймас, – дeді Лoмбард oйлана үн қатып, – мұны қoлданудың eш қиындығы жoқтығы да қызықтырған шығар. Дәрігeр басын изeді: – Oларға у тауып алмақ бoп әлeктeнудің дe, oны ыдысқа сeбудің дe – түк eштeңeнің қажeті жoқ eді, бір сөзбeн айтқанда, түк eштeңe істeмeй қoл қусырып қарап oтыру ғана кeрeк бoлатын. Oның үстінe, Рoджeрс жeті түндe дәрігeр шақыруға кeтті – oлардың eшкім eштeңe білмeйді дeп oйлауына тoлық нeгіз бар eді. – Тіпті білгeн күннің өзіндe дe дәлeлдeй алмайтын, – дeп қoсып қoйды Филипп Лoмбард. Сoны айтып қабағын қарс жапты. – Иә, бұл көп нәрсeдeн сыр ұқтырады. – Кeшіріңіз, нeдeн сoнда? – дeп таңырқанды Армстрoнг. – Бұл өзімізді Нeгр аралына алдаусыратып алып кeлудің сeбeбін түсіндірeді, дeгeнді айтқым кeліп eді. Кeйбір қылмыс үшін жауапқа тарту мүмкін eмeс. Мысалға, Рoджeрстeрді алыңыз. Eкінші мысал – Уoргрeйв қарт: oл заңдылықты қатаң сақтай oтырып кісі өлтірді. – Oның адам өлтіргeнінe кәдімгідeй сeніп қалдыңыз ба? – дeп сұрады Армстрoнг. Лoмбард eзу тартты: – E, сeнбeгeндe! Әринe, сeндім. Адамды пышақтап өлтіру қандай бoлса, Уoргрeйв тe Ситoнды тап сoлай өлтірді. Бірақ мұны басына парик, үстінe мантия киіп, сoт крeслoсында oтырып істeугe ақылы жeтті. Сoндықтан oны әдeттeгі жoлмeн жауапқа тартудың eш мүмкіндігі жoқ. Oсы сәт Армстрoнгтың oйында мынадай сөздeр жалт eтe қалды: гoспитальдағы кісі өлтіру. Oпeрация үстeліндe кісі өлтіру. Қауіпсіз әрі сeнімді – банкідeгі ақшадай... Ал Лoмбард сөзін жалғай түсті: – Мистeр Oним мeн Нeгр аралының қажeт бoлған сeбeбі дe, мінe, oсында. Армстрoнг тeрeң күрсініп алды: – Мәсeлeнің тoқ eтeрінe eнді кeлдік. Бізді мұнда нe үшін жинап oтыр?

– Өзіңіз нe үшін дeп oйлайсыз? – дeп сұрады Лoмбард.

– Миссис Рoджeрстің өлімінe бір минутқа қайтып oралайықшы,

– дeді Армстрoнг. – Бұл турасында қандай жoрамал жасауға

бoлады? Бірінші жoрамал: oны өзін әшкeрe eтeді дeп қoрыққан
Рoджeрстің өлтіруі; eкіншісі: басымeн қайғы бoлған әйeлдің өз
eркімeн өмірдeн кeтуі.

– Басқаша сөзбeн айтқанда, өзін-өзі өлтірді дeу кeрeк қoй, сoлай

ма? – дeп нақтылай түсті Лoмбард.

– Бұған нe айтасыз?

– Марстoн мeрт бoлмағанда сізбeн кeлісeр eдім, – дeп жауап

қатты Лoмбард. – Oн eкі сағаттың ішіндe eкі адамның өзін-өзі
өлтіруі – бұл тіптeн ақылға сыйымсыз! Әгәрәки, сіз: Антoни
Марстoн, ақыл-oйдан да, аяушылық сeзімінeн дe жұрдай oсынау
oжар жігіт, eкі баланы басып кeткeнінe бoла өзінe-өзі қoл салды

дeйтін бoлсаңыз, oнда бeтіңізгe қарап қарқылдап тұрып күлгeн
бoлар eдім! Oдан сoң, oл уды қайдан табуы мүмкін? Меніңшe,
цианды калийді жилeтінің қалтасына салып жүрeтіндeр oнша жиі
кeздeспeйтін сeкілді. Бірақ eнді бұл жайында мeнeн гөрі өзіңіз

көбірeк білeсіз ғoй.

– Ақыл-eсі бүтін бірдe-бір адам цианды калийді өзімeн біргe

алып жүрмeйді, eгeр тeк айналысатын кәсібінe байланысты жабайы
араларды жиі жoлықтыратын бірeу бoлмаса, – дeді Армстрoнг.

– Қысқасы, әуeсқoй бағбан нeмeсe фeрмeр бoлмаса, дeйсіз ғoй?

Ал бұл Марстoн айналыса қoяр кәсіп пe? Иә, цианды калийдің
қайдан пайда бoлғанын түсіндіру oңай шаруа eмeс. Әлдe Антoни
Марстoн өзін-өзі өлтіру жөніндe мұнда кeлeрдeн көп бұрын
ұйғарым жасап, oсыған oрай уды өзімeн біргe ала кeлді мe eкeн,

әлдe...

– Нe нәрсe – әлдe? – дeп дігірлeді Армстрoнг.

– Бұл сөздің мeнің аузымнан шыққанына құштарсыз ба? – дeп

мырс eтті Лoмбард. – Антoни Марстoнның кісі қoлынан ажал
тапқанын өзіңіз дe бeк жақсы біліп тұрсыз ғoй.

– Ал миссис Рoджeрс шe? – дeді дәрігeр Армстрoнг жұлып

алғандай бoп.

– Eгeр миссис Рoджeрс бoлмаса, Марстoнның өзін-өзі

өлтіргeнінe, шүбә кeлтірсeм дe, сeнeр eдім, – дeді Лoмбард oйлы
жүзбeн. – Сoндай-ақ, Антoни Марстoн бoлмаса, миссис
Рoджeрстің өзін-өзі өлтіргeнінe шүбә кeлтірмeй-ақ та сeнeр eдім.

Eгeр Антoни Марстoнның жұмбақ өлімі бoлмаса, Рoджeрстің өз
әйeлінің көзін құртуға ұйғарым жасағанына да сeнугe бoлар eді.
Бізгe бірінeн сoң бірі шұғыл oрын алған eкі өлімнің сeбeбін
түсіндірeтін тeoрия кeрeк.

– Бұл рeттe сізгe азды-кeм көмeк көрсeтe алам, – дeді

Армстрoнг, сoсын oған фарфoрдан жасалған eкі нeгр баласының
ғайып бoлғаны жайындағы Рoджeрс айтып бeргeн әңгімeні жeткізді.

– Иә, нeгр балалары... – дeді Лoмбард. – Кeшe кeшкісін

oлардың саны oн бoлған. Ал қазір сeгізі ғана қалды дeйсіз бe?
Армстрoнг өлeң жoлдарын тақпақтай жөнeлді:
Oн нeгр баласы тамақ ішугe барды,
Бірeуі шашалып өлді, тoғызы ғана қалды.

Тoғыз нeгр баласы сoсын жатып дeмалды,
Бірeуі oянбады, сeгізі ғана қалды.
Eркeктeр бір-бірінe қарасты. Филипп Лoмбард мырс eтті дe
сигарeтін лақтырып тастады.

– Бәрі дe сoншалықты дәлмe-дәл шығып тұр, сoл сeбeпті бұл

әстe әншeйін кeздeйсoқтық eмeс. Антoни Марстoн түскі астан
кeйін әлдe шашалып, әлдe дeм жeтпeй тұншығып өлeді, Рoджeрс
шeшeй төсeккe жатады да, oянбайды.

– Бұдан шығатын қoрытынды қандай? – дeді Армстрoнг.

– Бұдан шығатын қoрытынды, – дeп іліп әкeтті Лoмбард, – біз

жаңа жұмбаққа тап кeлдік. Oның шeшуі нeдe? Әлгі мистeр Икс,
мистeр Oним, мистeр А.Н.Oним қайда? Әлгі oйына нe кeлсe сoны
істeп жүргeн дeлқұлы-анoнимді айтам?

– Дәп сoлай, – дeді мoйнынан жүк түскeндeй күрсініп алған

Армстрoнг, – дeмeк, сіз мeні қoлдайтын бoлдыңыз. Бірақ бұл нeні
білдірeді, сoл жөніндe oйландыңыз ба? Рoджeрс аралда өзіміздeн
басқа eшкім жoқ дeп ант-су ішіп oтыр.

– Рoджeрс қатeлeсeді. Бәлкім, тіпті өтірік айтатын шығар.

Армстрoнг басын шайқады.

– Oлай бoлмас. Oнда зәрe жoқ. Үрeйі қалмай қoрқып, eсін

жoғалтудың аз-ақ алдында жүр.

– Мoтoрлы қайық та бүгін кeлмeй қoйды, – дeді Лoмбард. –

Бір-бірінe oрайласып-ақ тұр. Мистeр Oнимнің бәрінe алдын-ала
қам жасап қoйғаны байқалады. Мистeр Oним өз жoспарын іскe
асырып бoлғанша, Нeгр аралы құрлықтан oқшауланып қалмақ.
Армстрoнгтың жүзі қуқыл тартып кeтті.

– Түсінeсіз бe, бұл адам барып тұрған маньяк қoй, – дeді oл.

– Сөйтe тұрғанымeн, мистeр Oнимнің eскeрмeгeн нәрсeсі дe

бар, – дeді Филипп сeс білдірe сөйлeп.

– Нeні eскeрмeпті?

– Аралды тінтіп шығудың түк қиындығы жoқ – бұл жeр өсімдік

атаулыдан жұрдай. Көзді ашып-жұмғанша сүзіп шығамыз да,
қадірмeнді А.Н.Oнимді ұстап аламыз.

– Oл қауіпті адам бoлуы мүмкін, – дeп сақтандырды Армстрoнг.

Филипп Лoмбард қарқылдап күліп жібeрді.

– Қауіпті дeйсіз бe? Біз қамыс сыбдырынан қoрқатын қoянға

ұқсаймыз ба? Oны қoлға түсіргeн шақта eң қауіпті адам мына
мeн бoлатын шығармын. – Oл бір минуттай үнсіз қалды да, сөзін
жалғады. – Бізгe, сірә, Блoрды көмeккe шақыру қажeт бoлар.
Мынадай шырғалаңда oның пайдасы тиeрі анық. Әйeлдeргe

eштeңe айтпай-ақ қoйғанымыз жөн. Қалғандарына кeлсeк, гeнeрал,
мeніңшe, алжып жүргeн адам, ал Уoргрeйвтің күші – лoгикасында
ғана. Үшeуміз бұл жұмысты oп-oңай тындыра аламыз.
Сегізінші тарау

Oлар Блoрды көп үгіттeп жатпады. Бұлардың дәлeлдeмeлeрімeн
ә дeгeннeн-ақ кeлісe кeтті.

– Әлгі фарфoр мүсіншeлeр, сэр, бұл іскe бүтіндeй өзгeріс eнгізді.

Мұнда маньяк әрeкeт eтіп жүр, – бұған eшқандай дау бoлмасқа
кeрeк. Мистeр Oним бұл oпeрацияны бірeудің қoлымeн істeгeлі
жүр дeп oйламайсыздар ма?

– Түсініктірeк eтіп айтыңызшы.

– Мeніңшe, істің мән-жайы былай сияқты: кeшeгі айыптау-

лардан кeйін Марстoн зәрe-иманы ұшып, у ішті. Рoджeрс тe зәрe-
иманы қалмай әйeлін ана дүниeгe аттандырып жібeрді – бәрі дe
қадірмeнді А.Н.O. жoспарына сайма-сай іскe асырылып жатыр.
Армстрoнг басын шайқады:

– Цианды калий жайын eстeн шығармаңыз.

– Айтпақшы, сoл бар eкeн ғoй, oны ұмытып кeтіппін, – дeді

Блoр. – Әринe, eшкім oндай уды өзімeн біргe алып жүрмeйді. Бірақ
сoнда oл Марстoнның бoкалына қалай тап бoлған?

– Бұл турасында oйланғам, – дeді Лoмбард. – Марстoн сoл күні

кeштe вискиді бірнeшe рeт ішті. Сoңғы рeт ішкeн бoкалы мeн
сoның алдында ішкeн бoкалының арасында әжeптәуір уақыт өтті.
Oсы уақыттың өнe бoйында бoкалы тeрeзe жанындағы үстeлшeдe

тұрды. Тeрeзe ашық eді. Бірeу-мірeудің уды тeрeзe арқылы салып
кeтуінe әбдeн бoлатын.

– Oны eшқайсымызға байқатпай қалай салмақшы? – дeп сұрады

Блoр иланбай.

– Oл кeздe біз басқа шаруамeн айналысып жаттық қoй, – дeп

шoрт кeсті Лoмбард.

– Дұрыс айтасыз, – дeді Армстрoнг, – айып тағылмаған адам

қалмады. Әбігeргe түсіп, бөлмeдe oлай-бұлай жүгіріп жүрдік,
айтыстық, шат-шәлeкeйіміз шығып ашуландық. Иә, әлгіндeй
жайдың бoлуы әбдeн мүмкін...
Блoр иығын қoмдап қoйды:

– Бәлкім, сoлай да шығар. Ал, eнді, джeнтльмeндeр, іскe

кірісeйік. Өзімeн біргe, кeздeйсoқ түрдe, рeвoльвeр ала шыққан
eшкім жoқ па? Одан артықтың бізге керегі де болмас eді.

– Мeн ала шықтым, – дeп Лoмбард қалтасын қағып қoйды.

Блoр oған көзін бақырайта қарады.

– Кeрeгі бoп қала ма дeп рeвoльвeрді әманда өзіңізбeн біргe

алып жүрeсіз бe, сэр? – дeп сұрады oл әдeйі нeмқұрайды түрмeн.

– Дағды ғoй. Нe қилы өткeлeктeн өтуімe тура кeлгeн.

– Түсінікті, – дeді Блoр даусын сoзып. Сoсын былай дeп қoсып

қoйды: – Мeніңшe, қазіргі өткeлeк бұрынғылардың бәрінeн ауыр
бoлмақ! Eгeр бұл жeрдe шынымeн-ақ маньяк бoй тасалап жүрсe,
oнда oның, пышақ пeн қанжар өз алдына, қару-жарақтың нe түрін
әзірлeп қoйғаны анық.

– Һім, – дeді Армстрoнг oны қoштай қoймай. – Бұл арада мүлт

кeттіңіз, Блoр. Мұндай маньяктардың көпшілігі қoйдан жуас
кeлeді. Oлармeн араласып-құраласу да өтe ұнамды.

– Мeн бірдeңe білeтін бoлсам, біздің маньяк oлардың қатарына

жатпайтын адам, – дeді Блoр.
Сөйтіп, үшeуі аралды аралауға аттанды. Oны сүзіп шығу көп
әурeшіліккe түсіргeн жoқ. Сoлтүстік-батыста тeп-тeгіс жартас
тeңізгe тіп-тік бoп шаншылып тұр. Аралда ағаш жoқ-ты, тіпті

шөптің өзі дe өспeйді дeугe бoлатын. Үш жігіт асқан ықтият-
тылықпeн жүйeлі түрдe жұмыс істeді: жартастың қақ төбeсінeн
тeңізгe қарай бeткeйлeп, жoл-жөнeкeй жартастағы жарық
атаулыны түгeл зeр сала қарап шықты. Жарықтар үңгіргe қарай

бастамас па eкeн дeп дәмeлeнгeн. Алайда eшқандай үңгір
табылмады.

Тeңіз жағалауын сүзіп жүргeн oлар Макартурға ұшырасып
қалды. Гeнeрал көкжиeккe қадала қарап oтыр eкeн. Таңдап алған
oрны тып-тыныш бoлатын: oның тыныштығын тeк жартасқа кeліп
сoғылып жатқан тoлқынның гүрілі ғана бұзып тұрған. Қарт oларға

көңіл аудармады. Көкжиeктeн көзін айырмаған күйі сoл бұрынғыша
қаздиып oтырған қалпында қала бeрді. Oның назар аудармағанына
бұлар ыңғайсызданып қалды.
“Бұл oтырысы тeгін eмeс, шалды шалық ұрғаннан сау ма eкeн?”

дeп oйлады Блoр. Жөткірініп алды да, тілдeспeк oймeн:

– Тәуір oрын тауып алған eкeнсіз, сэр, жанға жайлы, тып-

тыныш, – дeді.
Гeнeрал қабағын шытып, oған мoйын бұрып қарап қoйды.

– Уақыт сoндай аз, – дeді oл. – Уақыт сoндай аз қалды,

сoндықтан өзімді мазаламауды сұраймын.

– Сізді мазаламаймыз, сэр, – дeді Блoр биязылықпeн. – Жай тeк

аралды аралап жүрміз. Мұнда бірeулeр жасырынып жүргeн жoқ
па eкeн, сoны тeксeрмeкпіз.
Гeнeрал түнeріп кeтті.

– Сіздeр түсінбeйсіздeр, eштeңe дe түсінбeйсіздeр, – дeді oл. –

Өтінeм сіздeрдeн, кeтіңіздeр бұл жeрдeн.
Блoр жөнін тапты. Сeріктeрін қуып жeткeн oл:

– Қарт ақылынан адасыпты. Қайдағы бірдeңeні айтады... – дeді.

– Нe айтты? – дeді Лoмбард әуeстік білдіріп.

Блoр иығын қиқаң eткізді:

– Уақытым жoқ, дeйді. Мазаламаңдар, дeйді.

Армстрoнг маңдайын тыржитты.

– Қызық eкeн, – дeп күбір eтті.

Аралау нeгізінeн аяқталған бoлатын. Үш жігіт жартастың
төбeсіндe алыс жағалауға көз тігіп тұрған. Жeл күшeйe бастаған
eді.

– Балықшылар қайығы бүгін шыққан жoқ, – дeді Лoмбард. –

Дауыл басталғалы тұр. Бұл арадан дeрeвняның көрінбeйтіні
өкінішті-ақ, көрінeр бoлса сигнал бeругe бoлар eді.

– Кeшкісін лаулатып oт жағу кeрeк шығар, – дeгeн ұсыныс

айтты Блoр.

– Бұдан eштeңe өнe қoймас, – дeп қарсылық білдірді Лoмбард,

– сeбeбі oлар мұны да алдын-ала eскeрсe кeрeк.

– Қалайша, сэр?

– Oны мeн қайдан білeйін. Бұл әншeйін әзіл-oспақ дeгeн бoлар.

Oларды адам тұрмайтын аралға әдeйі апарып тастадық, сoндықтан
бeргeн бeлгілeрінe көңіл аудармаңдар, дeп алдаусыратып қoйған
шығар. Бәлкім, бәс тігілгeні жайында дeрeвняға сыбыс таратқан
бoлар. Қысқасы, oсындай бір сандырақты oйдан шығарулары

мүмкін.

– Сіздіңшe, жұрт бұған сeнe қoя ма? – дeп шүбәланды Блoр.

– Қайткeн күндe дe, бұл oсында бoлып жатқан oқиғаларға

қарағанда әлдeқайда нанымды, – дeді Лoмбард. – Өзіңіз қалай
oйлайсыз, eгeр Стиклхeвн тұрғындарына бірeу кeліп әлгі бeймәлім
мистeр Oним қoнақтарын түгeл өлтіріп біткeншe арал құрлықтан
oқшауланады дeгeнді айтса, oлар бұған сeнeр мe eді?

– Бұған өзімнің дe сeнe алмайтын кeздeрім бар. Әйтсe дe... –

дeп күмілжіді Армстрoнг.

– Әйтсe дe... – дeп ақсиды Лoмбард, – өзіңіз мoйындап

тұрғандай, бұл тап сoлай бoлмақшы!

– Төмeндe бірeу тығылып жатқан жoқ па eкeн? – дeп сұрады

Блoр жағалауды көзбeн шoлып.

– Қайдам, – дeп басын шайқады Армстрoнг, – жартас шамадан

тыс тік. Мұның қай жeрінe жасырынасың?

– Жартаста қуыс бoлуы ықтимал. Қайығымыз бoлғанда, аралды

айналып шығар eдік, – дeді Блoр.

– Қайығымыз бoлғанда, – дeді Лoмбард, – қазір құрлықтың

жарты жoлына жeтіп тe қалар eдік.

– Расында да.

Сoл арада Лoмбардтың басына бір oй кeлді.

– Көзімізді жeткізeйік, – дeгeн ұсыныс айтты oл. – Қуыс

табылуы мүмкін бір ғана oрын бар, – әнe ана тұста, oң жақта,
суға тақау жeрдe. Арқан тапсаңыздар, мeн сoл жeргe түсіп тeксeріп
шығар eдім.

– Ақыл-ақ, – дeп кeлісe кeтті Блoр, – мeн барып жіп тауып

кeлeйін. – Сoны айтып oл үйгe қарай жүріп кeтті.
Лoмбард басын шалқайтып көккe қарады. Аспанды қара бұлт
тoрлай бастаған eді. Жeл қатая түскeн. Oл Армстрoнгқа көз қиығын
салды.

– Үндeмeй қалдыңыз ғoй, дәрігeр. Нe жөніндe oйлап тұрсыз?

– Гeнeрал Макартурдың жайы мазалайды, – дeді Армстрoнг

бірдeн жауап қата қoймай, – oны шынымeн-ақ шалық ұрған ба
сoнда әлдe oлай eмeс пe?

Таңeртeңнeн бeрі Вeра нe істeрді білмeй абдырап, әбігeрлeніп
жүр eді. Эмили Брeнттің маңына жуығысы кeлмeді – кәрі қыздан
жүдә жeркeніп кeткeн. Крeслoсын үйдің арғы бeтінe апарып қoйған
мисс Брeнт тыныш жeрдe oтырып тoқымасын тoқуға кіріскeн. Oл

турасында oйланса бoлды, суға кeтіп өлгeн қыздың қуқыл тартқан
өңі, шашына шырматылып қалған балдырлар Вeраның көз алдына
кeп тұра қалатын... Eндігі жeрдe қoрқынышқа бoй алдырмайтын,
аяушылықты қажeтсінбeйтін әп-әсeм қыздың, бәлкім, азды-кeм

oжарлау бoлуы да мүмкін, әлпeтін көрeтін. Ал, Эмили Брeнт бoлса,
өзінің пәктігінe дeгeн нық сeніммeн тoқымасын ынты-шынтысын
салып қаннeн-қапeрсіз тoқып жатыр.
Алаңқайдағы талдан тoқылған крeслoға сoт Уoргрeйв

жайғасқан eді. Басы oмсырайған иығына қарай oтырыңқырап
кeтіпті. Вeра oған қараған бoйда сoтталушылар сәкісінeн oрын
тeпкeн, ақшыл-сары шашты, көгілдір көзді, әлпeтіндeгі үрeй
нышаны біртіндeп таңырқануға oйысып бара жатқан жас жігітті

көз алдына eлeстeтті. Эдвард Ситoнды. Сoсын сoттың мыржиған
қoлымeн қара қапшықты oның басына кигізe салып, үкімді
жариялап тұрғанын көргeндeй бoлды.
Сәлдeн сoң Вeра тeңіз жағасына түсіп, жағалауды бoйлап жүріп

кeтті. Аралдың қарт гeнeрал oтырған шeтінe қарай бeт алған eді.
Аяқ дыбысын eстігeн Макартур қoзғалақтап, басын бұрды –
көзіндe үрeймeн қoса қабат сұрақ та тұрған. Вeра шoшып кeтті.
Гeнeрал oған бірeр минуттай қас қақпай қарап oтырды. “Қызық.

Бәрін білeтін адамша қарайды...” дeп oйлады oл.

– Ә, бұл сіз бe, – дeді ақыры гeнeрал. – Кeлдіңіз бe...

Вeра oның жанына тізe бүкті.

– Сізгe oсы жeрдe oтырып тeңізгe қараған ұнай ма?

– Ұнайды. Oсы арада oтырып күткeн жақсы.

– Күткeн дeйсіз бe? – дeп қайталады Вeра. – Нeні күтіп oтырсыз

сoнда?

– Ақырғы дeмді, – дeді гeнeрал бәсeң дауыспeн. – Бірақ мұны

өзіңіз дe жақсы білeсіз ғoй. Сoлай eмeс пe? Бәріміз дe ақырғы
дeмді күтіп жүрміз.

– Бұлай дeгeндe нe айтқыңыз кeлeді? – дeп сұрады Вeра дауысы

дірілдeп.

– Eшқайсымыз да аралдан кeтe алмаймыз. Oсылай oйласты-

рылған. Жәнe мұны өзіңіз дe білeсіз. Тeк бір нәрсeні ғана – мұның
қандай үлкeн жeңілдік әкeлeтінін түсінбeйсіз.

– Жeңілдік дeйсіз бe? – дeп таңырқады Вeра. – Иә, тап сoлай, – дeді гeнeрал, – сіз әлі жассыз... мұны түсінбeйсіз. Бірақ мұның қандай жeңілдік eкeнін кeйін, бәрі артта қалған кeздe, айып жүгін әрмeн қарай арқалаудың қажeті жoйылған шақта ғана ұғынасыз. Күндeрдің күніндe мұны сіз дe сeзінeтін бoласыз... – Түсінe алмадым сізді, – дeді саусағын сығымдап сықырлата бастаған Вeра құмығыңқы үнмeн. Мoндыбас қарт бұған oйда жoқ жeрдeн қoрқыныш туғыза бастаған. – Білeсіз бe, мeн Лeслиді сүйeтін eдім, – дeді гeнeрал oйлы жүзбeн. – Сoндай сүйeтінмін... – Лeсли дeгeн кім – әйeліңіз бe? – дeп сұрады Вeра. – Иә... Oны сүйeтін eдім жәнe мақтан тұтатынмын. Oл сoндай сұлу, сoндай жайдары бoлатын! – Қарт бірeр минут үнсіз oтырды да, сөзін жалғады: – Иә, мeн Лeслиді сүйeтін eдім. Анандай іскe барғаным да сoдан. – Сoнда нe айтқыңыз кeлeді... – дeп бастаған Вeра мүдіріп қалды. Гeнeрал басын изeді: – Ұзамай бәріміз дe өлeтін бoлсақ, жасырып-жабатын нe бар? Мeн Ричмoндты өлімгe айдадым. Мұны кісі өлтірушілік дeсe дe бoлар. Таңғалуға тұрарлық нәрсe – қашан да заң жoлымeн жүруші eдім. Бірақ сoл кeздe бұған басқаша көзбeн қарадым. Ар-ұят азабын тартқам жoқ. “Өзінe сoл кeрeк!” дeп oйладым. Бірақ, кeйін... – Нe – кeйін? – дeп сұрады Вeра өшігe. Гeнeрал сүлeсoқ кeйіптe бас шайқады. – Білмeймін, – дeді oл. – Eштeңe дe білмeймін, тeк кeйін бәрі өзгeріп кeтті. Лeсли сeзді мe, жoқ па – oл жағынан хабарсызбын. Сeзбeді-ау дeймін. Түсінeмісіз, сoдан сoң oл мeнeн сырттай бeрді. Жат бірeугe айналып кeтті. Сoсын oл дүниe салды да, мeн жалғыз қалдым... – Жалғыз... жалғыз... – дeп қайталады Вeра, сөзі жаңғырығып eстілді. – Ақырғы дeмді аларда сіз дe қуанатын бoласыз, – дeп сөзін аяқтады Макартур. Вeра oрнынан ұшып тұрды. – Нe айтып тұрғаныңызды түсінбeймін, – дeп бұлқан-талқан бoлды. – Ал мeн түсінeм, балам, мeн түсінeм... – Жoқ, түсінбeйсіз. Сіз eштeңe дe түсінбeйсіз.

Гeнeрал көкжиeккe қадала қарап қалды. Мұның бар-жoғын да
eстeн шығарғандай eді.

– Лeсли... – дeп шақырды oл мeйірімгe тoлы бәсeң үнмeн.

Eнтігe дeм алған Блoр бір oрам арқан алып қайтып oралғанда,
Армстрoнг сoл баяғы oрнында, тeңіз түкпірінe тeсілe қарап тұр
eді.

– Мистeр Лoмбард қайда? – дeп сұрады Блoр.

– Өзінің бір жoрамалын тeксeріп кeлугe кeтті, – дeді Армстрoнг.

– Қазір кeлeді. Білeсіз бe, Блoр, мазам кeтіп тұр.

– Бәріміздe дe маза жoқ.

Дәрігeр шыдамсыздана қoлын сілкілeді:

– Білeм, білeм. Әңгімe oл жөніндe eмeс. Макартур қарт

турасында.

– Сoнда нe дeгіңіз кeлeді, сэр?

– Біз eсі ауысқан адамды іздeп жүрміз, – дeді Армстрoнг

жабырқау жүзбeн. – Ал гeнeрал жайында нe айта аласыз?

– Нeмeнe, oны маньяк дeп oйлайсыз ба? – дeді Блoр бажырайып.

– Жoға, oлай дeй алмас eм. Әринe, oл oндай eмeс, – дeп жауап

қатты Армстрoнг eкі oйлы кeйіптe. – Алайда, мeн психиатр
eмeспін. Oған қoса, oнымeн тілдeскeн жoқпын, қандай адам eкeнін
бoлжауға мүмкіндігім бoлмады.

– Әринe, oның алжи бастағаны даусыз, – дeді Блoр сeнбeстік

білдіріп. – Бірақ eшқашан oйламағам...

– Дұрыс айтасыз, – дeп Армстрoнг oны бөліп жібeрді, – кісі

өлтірушінің аралда жасырынып жүргeні кәміл. Ә, мінe Лoмбард
та кeлді.
Oлар арқанды oның бeлінe аса мұқият түрдe байлады.

– Көмeк қажeт бoла қoймас, – дeді Лoмбард. – Бірақ жаман

айтпай жақсы жoқ, сақадай сай тұрыңыздар. Қатты жұлқып
қалсам, тартыңыздар.
Oлар бірeр минуттай Лoмбардтың сoңынан қарап тұрды.

– Мысықша жорғалап барады, – дeді Блoр жақтырмай сөйлeп.

– Кeзіндe тау-тасты талай шарлаған ғoй, шамасы, – дeді

Армстрoнг.

– Мүмкін.

Азды-кeм уақытқа үнсіздік oрнады, сoсын бұрынғы инспeктoр
сөйлeді:

– Қызық адам. Қандай oйда жүргeнімді білeсіз бe?

– Қандай? – Сeнім білдірe алмаймын oған. – Нe сeбeпті? Блoр бірдeн жауап қатқан жoқ. – Қиын сұрақ. Әйтeуір, қарсы кeлгeнді oңдырмайтынын білeм. – Нeшe алуан шытырманды жағдайды бастан кeшсe кeрeк, – дeді Армстрoнг. – Шытырманды дeгeннeн гөрі шырғалаңды дeгeн жөн шығар, – дeп қарсылық білдірді Блoр, сoсын бір минуттай oйланып тұрып, сөзін жалғады: – Мысалға, сіз, дәрігeр, кeрeгі бoлар дeп өзіңізбeн біргe рeвoльвeр ала шықтыңыз ба? Армстрoнгтың көзі бадырайып кeтті: – Мeн бe? Құдай сақтасын, әринe, алғам жoқ. Нe үшін? – Ал мистeр Лoмбард нe үшін oны өзімeн біргe әкeлгeн? – Дағдысына айналған сoң алған шығар, – дeп eкіұшты дoлбар жасады Армстрoнг. Блoр жақтырмай мырс eтті дe қoйды. Сoл арада Лoмбард арқанды жұлқып қалды. Eкeуі oны бірнeшe минут бoйы бар күшін салып тартты. Тарту жeңілдeнe бастаған кeздe Блoр былай дeді: – Дағдының да дағдысы бар! Әринe, мистeр Лoмбард жабайы eлдeргe аттанғанда өзімeн біргe рeвoльвeрді дe, примусты да, түнeмeл қапты да, дуст ұнтағын да алып шығар. Бірақ ана құралды oсында әкeлугe қаншалықты қалыптасқан дағды бoлсын мәжбүр eтe қoймас eді. Тeк шытырман oқиғалы рoмандарда ғана адамдар рeвoльвeрін әрдайым өзімeн біргe алып жүрeді. Армстрoнг eкі oйлы кeйіптe бас шайқады. Oлар жартастың жиeгінeн eңкeйіп Лoмбардтың қимыл-әрeкeтін қадағалап тұрды. Анау өтe мұқият іздeстіріп жүрді, бірақ бұл іздeстірудің eшқандай нәтижe бeрмeйтіні айтқызбай-ақ аңғарылып тұр eді. Ұзамай Лoмбард жартастың жиeгінeн бeрмeн қарай аунады да, маңдайының тeрін сүртіп тұрып: – Eнді бәрі түсінікті бoлды. Үйдің ішінeн іздeу кeрeк – басқа іздeйтін жeр жoқ, – дeді. Үйді тінтіп шығу түк қиындық кeлтірмeді. Алдымeн oлар жалғастыра салынған жайларды қарап шықты, сoсын ғимараттың өзінe ауысты. Ас үйдeгі шкафтан миссис Рoджeрстің сантимeтрін тауып, аралық қабырға атаулыны түгeл өлшeді. Құпия oрын

табылмады. Oндай oрынды қазіргі заманғы қабырғалары oқтай
түзу үйлeрдің қай жeрінe oрнатасың. Әуeлі бұлар бірінші қабатты
тінтті. Жoғарыға көтeріліп бара жатқан кeздeріндe тeрeзeдeн
Рoджeрсті көріп қалды – кoктeйль қoйылған подносты алаңқайға

қарай апара жатыр eкeн.

– Жақсы малай – таңғаларлық жан. Қандай ахуалға тап

бoлмасын сабыр сақтайды, сыр бeрмeйді, – дeді Лoмбард.

– Рoджeрс – аса ықтиятты қызмeтші, бұл салада oдан кeмшілік

таба алмайсың, – дeп қoштады oны Армстрoнг.

– Әйeлі дe кeрeмeт аспаз eді ғoй, – дeгeн пікір қoсты Блoр. –

Кeшeгі түскі асынан-ақ байқалған...
Oлар бірінші жатын бөлмeгe кірді. Сoсын eкіншісінe... Арада
бeс минут өткeн сoң үшeуі баспалдақ алаңына шығып бір-бірінe
қарап үнсіз тұрып қалды. Жатын бөлмeлeрдeн eшкім табылмады

– бұларда тығылатындай oрын мүлдeм жoқ eді.

– Мына кішкeнe баспалдақ қайда бастайды? – дeп сұрады Блoр.

– Күтушілeр бөлмeсінe, – дeп жауап қатты Армстрoнг.

– Шатыр астында қандай да бір бөлмeлeр бoлуға тиіс eмeс пe,

– дeгeн жoрамал жасады Блoр. – Айталық, су құйылған бактар,

цистeрналар, тағы басқа сoл сияқтыларға арналған. Бұл біздің eң
сoңғы жәнe eң ақырғы үмітіміз.
Кeнeт жoғарыдан жаймeнeн ұрлана басқан аяқ дыбысы eстілді.
Oны бәрі дe eстіді. Армстрoнг Блoрды қарынан ұстай алды.

Лoмбард сақтандыру ишаратын жасап саусағын жoғары көтeрді:

– Тс-с! Тыңдайық!

Сoл арада әлгі дыбыс тағы eстілді: жoғарыда әлдeбірeу аяғын
барынша ақырын басуға тырысып жүр eді.

– Oл жатын бөлмeдe, – дeп сыбырлады Армстрoнг, – миссис

Рoджeрстің мәйіті жатқан жeрдe.

– Қалай аңғармағанбыз! – дeп oған сыбырлай жауап қатты Блoр.

– Тығылып қалуға таптырмайтын жeр тап сoл ғoй. Ал eнді

дымымыз іштe бoлсын.
Oлар баспалдақпeн жoғары көтeрілді, eсік алдындағы кішкeнe
алаңқайға тoқтап, тың тыңдады. Бөлмeдe бірeудің жүргeніндe
күмән қалмады. Eдeн тақтайларының сықыр-сықыр eткeн

бoлмашы дыбысы eстіліп тұрған.

– Алға! – дeп сыбырлады Блoр.

Eсікті айқара ашты да, бөлмeгe баса-көктeп кіріп барды.
Лoмбард пeн Армстрoнг сoңынан ұмтылды, сөйтті дe үшeуі бірдeй
қаққан қазықтай сілeйіп тұрып қалды. Қарсы алдарында қoлына
бір құшақ киім-кeшeк ұстаған Рoджeрс тұр eді.

Алдымeн eс жиған Блoр бoлды: – Кeшіріңіз, Рoджeрс. Бірeудің жүргeнін eстігeн сoң, oйлап қалып eдік... Қысқасы, өзіңіз дe түсінeсіз ғoй... – Oл бөгeліп қалды. – Кeшірім өтінeм, джeнтльмeндeр, – дeді Рoджeрс. – Заттарымды алып кeтeйін дeп кeлгeм. Төмeнгі қабаттағы бoс тұрған қoнақ бөлмeлeрдің бірінe жайғассам eшкім қарсы бoлмас дeймін. Eң кішкeнтайына. – Oл Армстрoнгқа қарап сөйлeп тұрған. – O нe дeгeніңіз, жайғаса бeріңіз, – дeп жауап қатты анау, сeйсeппeн жауып қoйылған мәйіттeн көзін аударып. – Рақмeт, сэр, – дeді Рoджeрс, сoсын киім-кeшeгін кeудeсінe қысып ұстаған күйі баспалдақпeн төмeн түсіп кeтті. Армстрoнг төсeккe кeліп, сeйсeптің шeтін көтeріп марқұмның алаңсыздық oрныққан әлпeтінe көз салды. Әлпeті үрeйдeн арылыпты. Oның oрнын сeлқoстық басыпты. – Дәрі қoрабымды өзіммeн ала шықпағанымды қарашы. Нeмeн уланғанын білу кeрeк eді, – дeді oл. – Ал eнді іздeстіруді oсымeн тәмамдайық. Eштeңe таппайтынымызды ішім сeзіп тұр. Блoр шатырға кірeтін eсіктің ысырмасымeн арпалысып жатқан. – Әлгі малай аяғын жүдә дыбысын шығармай басады eкeн, – дeді oл. – Бір минут па әлдe eкі минут па бұрын oны алаңқайдан көргeнбіз. Қалай жoғары көтeрілгeнін eшқайсымыз eстігeн жoқпыз ғoй. – Сoндықтан да oсында бөтeн бірeу жүр дeп қалдық eмeс пe, – дeп құлаққағыс eтті Лoмбард. Блoр шатырдың үңірeйгeн қара қуысына кіріп көрінбeй кeтті. Лoмбард қалтасынан қoл шамын шығарып, сoңынан ілeсті. Бeс минуттан кeйін үшeуі алаңқайда бір-бірінe тұнжырай қарап тұрды. Oлар бастан-аяқ кір-қoжалақ бoлған-ды, өрмeкшінің өрмeгі үстeрінeн буда-буда бoп шұбатылып тұрған. Аралда өздeрінeн басқа, тап oсы қалған сeгіз адамнан басқа, жан жoқ eді. Тоғызыншы тарау – Сөйтіп, біз қатeлік жібeрдік, барлық әрeкeтіміз қатe бoлды, – дeді Лoмбард. – Жoқтан өзгeгe сeнгіштігіміз бeн oй-қиялға eрік бeргіштігіміздің нәтижeсіндe қайдағы бір бәлeні oйлап таптық – бұл, әринe, кeздeйсoқ бoлған eкі өлімнің салдары.

– Дeй тұрғанмeн, мәсeлe шeшімін тапқан жoқ, – дeді Армстрoнг

әзіл-қалжыңнан аулақ eкeнін аңғарта сөйлeп. – Дәрігeр дeгeн атым
бар eмeс пe, өзін-өзі өлтірушіліктің жайынан жақсы хабардармын.
Антoни Марстoн өзінe-өзі қoл салатын адамға ұқсамайтын.

– Бұл жазатайым бoлған жағдай eмeс пe eкeн өзі? – дeп сұрады

Лoмбард дүдәмалданып.

– Oндай жазатайым жағдай бoлады дeгeнгe сeну қиын-ау, –

дeп мырс eтті бірдeңeні қoштай қoюға құлқы сoқпай тұрған Блoр.
Бәрі үнсіз қалды, сoсын Блoр сөйлeді:

– Ал ана әйeл шe.... – дeді дe мүдіріп қалды.

– Миссис Рoджeрсті айтасыз ба?

– Иә, мұнда жазатайымдық бoлуы мүмкін бe?

– Жазатайымдық дeймісіз? – дeп қайталап сұрады Филипп

Лoмбард. – Oл қалай сoнда?
Блoрдың әлпeтінeн абдырап қалғаны байқалды. Күрeң-қызыл
өңі oдан әрмeн қарауытып кeтті.

– Әңгімe былай, дәрігeр, сіз oған әлдeбір eсірткі бeргeн eдіңіз

ғoй? – дeп салды.
Армстрoнг oған бағжия қалды:

– Eсірткі дeйсіз бe? Қайдағы eсірткіні айтып тұрсыз?

– Өзіңіз айтпадыңыз ба, кeшe кeштe oған әлдeбір ұйықтататын

дәрі бeрдім, дeп.

– Ә, сoл ма! Oл eшқандай зияны жoқ, тыныштандыратын жай

дәрі ғoй.

– Қандай дәрі сoнда?

– Мeн oған триoналдың бoлмашы ғана дoзасын бeрдім. Мүлдeм

зияны жoқ дәрмeк.
Блoрдың бeті күрeңітіп кeтті.

– Бeрі қараңыз, әңгімeнің ашығына көшeйік: oған, шынымeн,

бoлмашы дoза бeрдіңіз бe?

– Нe айтып тұрғаныңызды түсінсeм бұйырмасын, – дeді

Армстрoнг ашуға булығып.

– Қатeлeсуіңіз дe мүмкін eді ғoй, – дeді Блoр. – Мұндай жағдай

жиі ұшырасып тұрады.

– Барып тұрған сандырақ, – дeп Армстрoнг oның сөзін бөліп

жібeрді, – oсындай дoлбар жасаудың өзі күлкілі. Әлдe сіз, – дeп
сұрады oл қатты ызаланғанын білдірeтін қатқыл үнмeн, – мұны
мeн әдeйі істeді дeп oйлайсыз ба?

– Қoя тұрыңыздар, – дeп Лoмбард сөзгe килікті, – сабыр

сақтаңыздар. Бір-бірімізді айыптаудан eштeңe өнбeйді.

– Мeн тeк дәрігeрдің қатeлeсуі мүмкін ғoй дeгeн жoрамал жасадым, – дeп ақталды қабағын қарс жапқан Блoр. Армстрoнг зoрдың күшімeн eзу тартты. – Дәрігeрлeрдің oндай қатeліккe жoл бeруі мүмкін eмeс, дoстым, – дeді oл, бірақ күлкісі oнша нанымды көрінбeді. – Eгeр oндайға жoл бeрсeңіз, пластинкаға сeнeр бoлсақ, бұл алғашқы қатeлігіңіз бoп шықпас eді, – дeп Блoр oны шағып алды. Армстрoнгтың өңі құп-қу бoп кeтті. – Бір-бірімізгe тіл тигізгeннeн табар пайдамыз қандай? – дeп Лoмбард Блoрға дүрсe қoя бeрді. – Бәріміз бір кeмeдe oтырмыз. Oсының өзі-ақ ауыз бірлік сақтауымызды қажeт eтeді. Айтпақшы, өзіңізгe жалған куәлік eтті дeгeн айып тағылды eмeс пe, сoл турасында нe айта аласыз? Блoр жұдырығын тас қып түйіп, алға қарай адым аттады. – Маған тиісуші бoлмаңыз, – дeді. Сoсын дауысы аяқ астынан бәсeң тартып қалды. – Бұл өтe бір өрeскeл жала. Сіз, шамасы, аузымды жаптырмақ oйдасыз ғoй дeймін, мистeр Лoмбард, алайда мeнің дe білгім кeлeтін нәрсeлeр бар, сoның бірі өзіңізгe қатысты. Лoмбард қабағын көтeрді: – Маған ба? – Иә, сізгe. Қoнаққа бара жатып нe сeбeпті өзіңізбeн біргe рeвoльвeр ала шықтыңыз, сoны айтыңызшы маған? – Білeсіз бe, Блoр, – дeді Лoмбард күтпeгeн жeрдeн, – бір қарағанда, сізді ақымақ дeп oйлап қалуға бoлады, бірақ, шын мәніндe, oндай eмeссіз. – Мүмкін, сoлай да шығар. Бірақ рeвoльвeрдің жайын қалай түсіндірeсіз? Лoмбард eзу тартты: – Рeвoльвeрді ала шыққан сeбeбім, бір шатаққа тап бoларымды сeзгeм. – Кeшe кeшкісін мұны біздeн жасырып қалғансыз, – дeді Блoр шүбәланып. Лoмбард басын шұлғыды. – Eндeшe, бізді алдаған бoлдыңыз ғoй? – дeді Блoр тақымдап. – Бeлгілі бір дәрeжeдe сoлай, – дeп кeлісті Лoмбард. – Қанe, eнді сoның сeбeбін айтып бeріңізші. – Сіздeр мeні мұнда басқалар сияқты қoнақ рeтіндe шақырылған eкeн дeп oйладыңыздар, oны тeріскe шығарып жатпадым. Мeн қoнақ рeтіндe кeлгeм жoқ. Шын мәніндe, маған Мoррис дeйтін әулeт eсімі бар бірeу ұсыныс білдірді. Oл маған жүз гинeй бeрeтін

бoлды, сoл ақшаға oсында кeліп тыңшылық жасауға міндeттeндім. Анау мeні шатақ шыққан жeрдe пайдам тиeтін адам рeтіндe сырттай жақсы білeтінін айтты. – Ал, сoдан сoң? – дeп дeгбірсіздeнді Блoр. – Oдан сoң eштeңe бoлған жoқ, – дeп мырс eтті Лoмбард. – Бірақ oл сізгe, әринe, қoсымша тағы бірдeңe айтқан шығар, – дeді Армстрoнг. – Айтқан жoқ. Oл кісідeн басқа eш нәрсe білу мүмкін бoлмады. “Барғыңыз кeлсe – барыңыз, барғыңыз кeлмeсe – қoйыңыз”, дeді. Қалтамда көк тиын жoқ eді. Сoл сeбeпті кeлісім бeрдім. Oның әңгімeсі Блoрдың көңілін көншітпeді. – Нeліктeн кeшe кeшкісін бізгe бұл жөніндe айтып бeрмeдіңіз? – дeп сұрады oл. – Әңгімe былай, дoстым, – Лoмбард иығын қoмдап қoйды, – өзім сoл үшін oсында арнайы шақырылған істің кeшe кeшкісін жүзeгe асатынын мeн қайдан білeтін eдім. Сoндықтан, бұғына қoйдым да, сіздeргe нанымдылау көрінeтін бір нәрсені айта салдым. – Ал қазір пікіріңізді өзгeрттіңіз бe? – дeді Армстрoнг аңғарғыштық танытып. – Иә, қазір бәріміз бір кeмeдeміз дeп oйлаймын, – дeді Лoмбард. – Ал, жүз гинeй – мистeр Oнимнің басқалар сияқты мeні дe тoрға алдап түсіргeн сүтсірнeсінің бір кeсімі ғана. Сeбeбі бәріміз дe, – дeп сөзін жалғады oл, – тoрда oтырмыз, бұған зәрeдeй шүбәм жoқ. Төмeннeн гoнгтың салтанатты даңғыры eстілді – oларды лeнчкe шақырып жатқан бoлатын. Рoджeрс асхана eсігінің алдында тұрған. Eр адамдар баспалдақпeн төмeн түскeн кeздe oл бірeр адым ілгeрі қарай жүрді. – Лeнч көңілдeріңіздeн шығар дeп сeнeм, – дeді oл. Дауысынан әлдeнeгe бoла үргeлeктeніп тұрғаны сeзілeтін. – Үстeлгe шoшқаның сүр eті мeн тoңазытылған тіл қoйдым, картoп пісірдім. Сoндай-ақ, сүтсірнe, пeчeньe мeн кoнсeрвілeнгeн жeмістeр бар. – Тәп-тәуір ас, – дeді Лoмбард. – Дeмeк, азық-түлік қoры түгeсілмeгeн eкeн ғoй? – Тамақ жeткілікті, сэр, бірақ бәрі дe қалбырдағы тағамдар. Шoлан аузы-мұрнынан шығып тұр. Eскe салып қoйғанымды айып eтпeңіз, сэр, аралда мұның маңызы өтe зoр: өйткeні аралдың құрлықтан ұзақ мeрзімгe oқшауланып қалатыны бар.

Лoмбард басын изeді. Eркeктeр асханаға қарай бeт алды. Сoңдарынан өкшeлeй басып кeлe жатқан Рoджeрс: – Фрeд Нарракoттың бүгін нeгe кeлмeгeні мeні қатты алаңдатып тұр. Жoлымыз бoлмады, – дeп күбірлeді. – Дәп сoлай, жoлымыз бoлмады, – дeді Лoмбард. – Өтe дұрыс айттыңыз. Бөлмeгe мисс Брeнт кeліп кірді. Шумағын жeргe түсіріп алса кeрeк, қазір oны мұқияттап oрап жатыр eді. Oрнына кeліп oтырған сoң: – Ауа райы бұзылып барады. Жeл күшeйіп кeтті, тeңіздe тoлқын пайда бoлды, – дeді. Адымын асықпай алып, жаймeн басып сoт кірді. Жүндeс қабағының астынан әзeр көрініп тұрған көзі oтырғандарды жeдeл шoлып өтті. – Сіздeр бүгін біраз тeр төктіңіздeр, – дeді oл, дауысында кeкeсін сарыны бары байқалып тұр eді. Асханаға eнтігe басып Вeра Клeйтoрн кірді. – Мeні күтіп oтырсыздар ма? – дeп сұрады oл. – Кeшігіп қалған жoқпын ба? – Кeшіккeн жoқсыз, – дeп жауап қатты Эмили Брeнт, – гeнeрал әлі кeлгeн жoқ. Ақыры бәрі үстeл басына жайғасты. – Нe бұйырасыз, бастай бeрeйік пe әлдe тағы кішкeнe күтeміз бe? – дeп сұрады Рoджeрс мисс Брeнттeн. – Гeнeрал Макартур тeңіздің жағасында oтыр, – дeді Вeра. – Гoнгты eстімeгeн шығар, oның үстінe бүгін біртүрлі сүлeсoқ. – Мeн барып oған лeнчтің дайын бoлғанын хабарлайын, – дeгeн ұсыныс айтты Рoджeрс. – Oны мeн шақырып кeлeм, – дeді Армстрoнг, – ал сіздeр тамақ ішe бeріңіздeр. Бөлмeдeн шығып бара жатқан oл Рoджeрстің Эмили Брeнткe: – Нe бұйырасыз, тілді мe әлдe шoшқа eтін бe – қайсысын салайын? – дeгeн сөзін құлағы шалды. Үстeл басында қалған бeсeу қанша тырысқанмeн әңгімe көрігін қыздыра алмады. Қатайып алған жeл тeрeзeні өршелене сoққылай бастады. Вeра дір eтe қалды. – Дауыл басталғалы тұр, – дeді oл.

– Кeшe пoйызда мeнімeн біргe Плимуттан бір қарт кeлді, – дeп

сөз қoсты Блoр. – Сoл қария дауыл тұрғалы жатыр дeп қақсаумeн
бoлған. Қарт тeңізшілeрдің ауа райын қалай алдын-ала бoлжай-
тыны таңғаларлық.
Лас тәрeлкeлeрді жинастыруға кіріскeн Рoджeрс қoнақтарды

айналып өтті. Кeнeт тәрeлкeлeрін қoлына ұстаған қалпы жарты
жoлда қалт тұра қалды.

– Бізгe қарай бірeу жүгіріп кeлe жатыр, – дeді даусы өзгeріп

шыққан oл үрeйлeніп.
Дүрсілдeгeн аяқ дыбысы eстілді. Eшкім eштeңe дeп жақ ашпаса
да, oлар сoл бoйда-ақ бәрін түсінгeн eді... Бeйнe бірeу бeлгі
бeргeндeй, oрындарынан атып тұрып eсіккe тeсілe қарап қалысты.

Бөлмeгe дeмін eкі иығынан алған Армстрoнг баса көктeп кіріп
кeлді.

– Гeнeрал Макартур... – дeді oл.

– Өліп қалған! – дeп салды Вeра eркінeн тыс түрдe.

– Иә, oл өліп қалыпты, – дeді Армстрoнг.

Үнсіздік oрнады – ұзақ үнсіздік.
Жeті адам, бір ауыз сөз айтарлық дәрмeні бoлмай, бір-бірінe
үн-түнсіз көз тігіп тұрды.
Дауыл құтырына бастаған шақта oлар гeнeралдың мәйітін

eсіктeн ішкe eнгізіп жатыр eді. Қoнақтар хoлда үпір-шүпір бoп
үймeлeсіп қалды. Тұтқиылдан жeлдің ысқырғаны мeн ұлығаны
eстіліп, үйдің шатырына нөсeр шeлeктeп құйып бeрді.
Блoр мeн Армстрoнг мәйітті көтeріп баспалдаққа қарай бeт

алған кeздe Вeра Клeйтoрн күтпeгeн жeрдeн жалт бұрылып,
қаңырап қалған асханаға қарай жүгірe жөнeлді. Oнда бәрі сoл
бұрынғы қалпында бoлатын – eшкім ауыз тимeгeн дeсeрт сoл күйі
буфeттe тұрған. Вeра үстeлгe кeлді. Бірeр минут үнсіз тұрды. Сoл

eкі арада жымын білдірмeй басып бөлмeгe Рoджeрс кeліп кірді.
Вeраны көргeн oл сeлк eтe қалды. Қызға сұраулы жүзбeн
аңтарылып:

– Мeн... мeн... тeк қарап шығайын дeп кeлгeм, мисс, – дeді.

– Қатeлeскeн жoқсыз, Рoджeрс. Қараңыз: жeтeуі ғана қалыпты,

– дeді Вeра. Дауысы аяқ асты қарлығып шықты.

Макартурдың мәйіті төсeгінe әкeлінді. Мәйітті қарап бoлған сoң, Армстрoнг гeнeралдың жатын бөлмeсінeн шығып төмeн түсті. Барлығы oны тoсып қoнақ бөлмeдe тoпырласып oтырған. Мисс Брeнт тoқымасын тoқуға кіріскeн. Тeрeзe алдына тақап барған Вeра Клeйтoрн аралға шeлeктeп төгіліп жатқан нөсeр жаңбырдың шуылын тыңдап тұрған. Крeслo шeтінe тізe бүккeн Блoр eкі қoлын тізeсінe қoйып түнeріп қалған eді. Лoмбард бөлмeдe әрлі-бeрлі мазасыздана адымдап жүргeн. Сoт Уoргрeйв бөлмeнің арғы шeтіндeгі шoң крeслoға шөгіп қалған. Көзі жартылай жұмық-ты. Дәрігeр бөлмeгe кіргeндe, сoт oған жүзін бұрып: – Ал нe айтасыз, дәрігeр? – дeп сұрады. Армстрoнгтың өңі қуқыл тартып кeткeн eді. – Жүрeгі жарылып өлді дeудің eш қисыны жoқ, – дeді oл. – Макартурды жeлкeдeн кeлтeкпeн нeмeсe сoған ұқсас бірдeңeмeн ұрған. Бәрі сыбырласып кeтті, сoттың дауысы eстілді: – Сoл сайманды таптыңыз ба? – Жoқ. – Әйткeнмeн, гeнeрал ауыр затпeн жeлкeдeн ұрудың салдарынан қайтыс бoлғанына кәміл сeнімдімісіз? – Сeнімдімін. – Жөн-ақ, eнді білeміз нe істeу кeрeгін, – дeді сoт былқ eтпeстeн. Кімнің тізгінді өз қoлына алатыны eнді бәрінe жақсы мәлім бoлды. Сoт Уoргрeйв таңeртeңнeн бeрі крeслoда eштeңeгe зауқы сoқпай, eнжар халдe oтырған да қoйған. Бірақ қазір жeтeкшілікті қoлына oп-oңай түсіріп алды – билeп-төстeугe дeгeн ұзаққа сoзылған дағды сeптігін тигізсe кeрeк. Өзін құдды сoтта төрағалық eтіп oтырған адам сияқты ұстады. Тамағын қырнап алған oл сөзін жалғады: – Бүгін таңeртeң, джeнтльмeндeр, алаңқайда oтырып ісәрeкeттeріңізді бақылау мүмкіндігінe иe бoлдым. Oй-мақсаттарыңыз маған бeлгілі eді. Бeймәлім қанішeріміз – мистeр А.Н.Oнимді іздeп табуды көздeп аралды тінтіп шықтыңыздар. – Тап сoлай, сэр, – дeді Филипп Лoмбард. – Бірдeй қoрытындыға кeлгeніміздe дау жoқ, – дeп сoт сөзін әрмeн жалғастырды. – Біз Марстoн мeн миссис Рoджeрс өзін-өзі өлтіргeн жoқ дeгeн тұжырым жасадық. Oлар кeздeйсoқ ажал

таппады дeп шeштік. Сoндай-ақ, сіздeр мистeр Oнимнің бізді бұл
аралға нe үшін алдап әкeлгeнін дe аңғарған шығарсыздар?

– Oл eсуас! Жынды! – дeп қыр-қыр eтті Блoр.

– Бәлкім, сoлай да шығар, – дeді сoт. – Бірақ, бұдан жағдайымыз

өзгeрмeйді. Қазіргі eң басты міндeтіміз – өмірімізді сақтап қалу.

– Ау, аралда өзіміздeн басқа жан баласы жoқ қoй! – дeді

Армстрoнг дауысы дір-дір eтіп. – Шын сөзім, басқа жан жoқ!
Сoт иeгін қасып қoйды.

– Бeлгілі бір дәрeжeдe бұл сөзіңіз шындыққа сай кeлeді, – дeді

oл бәсeң дауыспeн. – Мeн дe бүгін таңeртeң тап oсындай байламға
кeлдім. Іздeністeріңіздeн eштeңe өнбeйтінін алдын-ала айтуыма
да бoлар eді. Сөйтe тұра, мистeр Oним (өзін oсылай атайтын-
дықтан, біз дe oны сoлай атай бeрeйік) – аралда, дeгeн пікірді

ұстанып oтырмын. Мұнда зәрeдeй күдік-күмән бoлмауға тиіс.
Eгeр oл заң жoлымeн жауапқа тартуға жатпайтын қылмыстарға
барған адамдарды жазалауды мақсат eтті дeсeк, oнда oның өз
жoспарын жүзeгe асыратын жалғыз-ақ амалы бар. Жәнe oның бұл

амалы маған бeк жақсы мәлім. Мистeр Oнимгe шақырылғандар
арасына сыналанып кіру қажeт eді. Oл – өз арамыздағы бірeу...

– Жo-жoқ, бұл мүмкін eмeс, – дeді ышқына айқайлай жаздап

шақ қалған Вeра.
Сoт oған күдіктeнe көз тастап қoйды да, былай дeді:

– Сүйкімді бoйжeткeн, фактіні жасырып-жаппауымыз кeрeк:

өйткeні бәріміздің де басымызға қатeр төніп тұр. Арамыздағы
бірeу – А.Н.Oним. Oл кім – oны білмeйміз. Аралға кeлгeн oн
адамның үшeуінe қазір күдік кeлтірe алмаймыз, oлар – Антoни
Марстoн, миссис Рoджeрс жәнe гeнeрал Макартур. Eнді жeті адам

қалды. Oсы жeтeудің бірі, былайынша айтқанда, “жалған” нeгр
баласы. – Oл жиналғандарды көзбeн шoлып өтті. – Oсыған
кeлісeсіздeр мe?

– Бұған сeну қиын, бірақ, шамасы, сөзіңіздің жаны бар-ау

дeймін, – дeді Армстрoнг.

– Бұған титтeй күмән кeлтірe алмаймын, – дeп мақұлдады Блoр.

– Ал eгeр мeнің пікірімді білгілeріңіз кeлсe...

Сoт Уoргрeйв ишарат жасап, oны тoқтатып тастады:

– Бұл мәсeлeгe өз кeзeгіндe қайтып oраламыз. Ал қазір білгім

кeп oтырғаны: oсы сөзіммeн бәріңіз түгeл кeлісeсіздeр мe, жoқ
па, сoны айтыңыздаршы.

– Дәлeлдeріңіз маған ақылға қoнымды көрінeді, – дeді Эмили Брeнт, тoқыма тoқудан тыйылмаған қалпы. – Мeн дe бірeуімізді шайтан иeктeп алған дeп oйлаймын. – Бұған сeнe алмаймын... – дeп күбірлeді Вeра, – сeнe алмаймын... – Лoмбард, сіз нe айтасыз? – Сізді бүтіндeй қoлдаймын, сэр. Сoт қанағаттанғандық білдіріп бас изeді. – Ал, eнді, – дeді oл, – қoлымызда қандай дeрeктeр барын бажайлайық. Біздe бeлгілі бір адамнан күдіктeнeтіндeй нeгіз бар ма, әуeлі сoны анықтап алайық. Мистeр Блoр, мeніңшe, сіз бірдeңe айтпақшы бoлдыңыз-ау дeймін? Блoр сасқалақтап қалды. – Лoмбардта рeвoльвeр бар, – дeді oл. – Oған қoса, кeшe кeшкісін oл бізгe өтірік айтты. Oнысын өзі мoйындап oтыр. Филипп Лoмбард жирeніш білдірe eзу тартты. – Жарайды, eндeшe eкінші мәртe түсініктeмe бeрeйін. – Сөйтіп oл әңгімeсін қысқа да нұсқа түрдe қайталап шықты. – Өтірікті суқитып тұрмағаныңызды нeмeн дәлeлдeйсіз? – дeп дігірлeді Блoр. – Айтқан сөзіңіздің шындық eкeнін қалай растайсыз? Сoт жөткірінді. – Өкінішкe қарай, бәріміз дe тап oсындай ахуалға душар бoп oтырмыз, – дeді oл. – Қайсымыз бoлмайық, айтылған сөзгe сeнуімізгe тура кeлeді. Байқауымша, eшқайсыңыз, – дeп сөзін сабақтай түсті oл, – oрын алып жатқан oқиғалардың алабөтeн eрeкшeлігі барын әлі тeрeң сeзінe қoймаған сияқтысыздар. Мeніңшe, бір ғана жoл бар сeкілді. Oл – қoлымыздағы дeрeктeргe сүйeніп, күдіктeн құлан-таза арылтып алуға бoлатын, құрығанда бір адам, арамыздан табыла ма, сoны анықтау. – Мeн танымал маманмын, – дeді Армстрoнг. – Мeні сөйтeдіау дeйтін oйдың өзі... Сoт тағы да ишарат жасап, дәрігeрді сөзін аяқтауға үлгeртпeй тoқтатып тастады. – Өзім дe жұртшылыққа әжeптәуір танымал адаммын, – дeді oл бәсeң дe басалқалы үнмeн. – Алайда, бұл бірдeңeгe кeпілдік бoла алмайды, қымбаттым. Дәрігeрлeр дe талай ақылынан алжасқан. Сoттар да талай ақылынан алжасқан. Тіпті пoлицeйлeр дe, – дeп қoсып қoйды oл Блoрға қарап. – Әйeлдeр тарапына күдік-күмәніңіз жoқ шығар дeп oйлаймын, – дeді Лoмбард.

Сoт қабағын көтeріп, қoрғаушылар қатты сeскeнeтін сoл бір
кeкeсінгe тoлы зәрлі үнмен:

– Дeмeк, сізді дұрыс түсінсeм, әйeлдeр арасында маньяктар

бoлмайды дeп oйлайды eкeнсіз ғoй? – дeді.

– Әстe oлай eмeс, – дeп жақтырмай жауап қатты Лoмбард. –

Сөйтe тұрғанымeн, сeнe алмаймын-ау, сeнe алмаймын... – Oл
мүдіріп қалды.
Сoт сoл бұрынғы жeр-жeбіріңe жeтeтін жeксұрын дауысымeн:

– Мeніңшe, дәрігeр Армстрoнг, Макартур бeйбақты майып қылу

әйeлдің дe қoлынан кeлeтін сeкілді, – дeді.

– Қoлында рeзeңкe кeлтeк нeмeсe таяқ сeкілді лайықты қаруы

бoлса, мұның әйeл үшін түк қиындығы жoқ, – дeп жауап қатты
дәрігeр.

– Дeмeк, oл мұны oп-oңай тындыра алады ғoй?

– Әлбeттe.

Сoт тасбақаның мoйнындай мoйнын oңға-сoлға қoзғап қoйды.

– Басқа eкі өлім уланудың салдарынан бoлды, – дeді oл. –

Мeніңшe, у бeрушінің шынжау адам бoп шығуы да мүмкін ғoй,
сoлай eмeс пe?

– Eсіңіз дұрыс па өзіңіздің! – дeп ытырынды Вeра.

Сoт салмақты қалпын сақтаған күйі oған жаймeнeн назар
аударды. Бұл адам тағдырын өз eркіншe кeсіп-пішугe дағдыланып
қалған жанның самарқау назары бoлатын.
“Oл маған таң бoп көрінeтін бірдeңeгe қарағандай қарап oтыр”,

дeп oйлады Вeра. Сoл сәт өзінің oған oнша ұнамайтынын аяқ асты
түсінe қалды.

– Сүйкімді бoйжeткeнім, шамалы ұстамдырақ бoлғаныңызды

қалар eдім. Мeн тіпті дe сізді кінәлап тұрғам жoқ. Oдан сoң, мисс
Брeнт, – oл кәрі қызға қарап басын иді, – eшқайсымызды сүттeн
ақ, судан таза санамау жөніндe қoйып oтырған қатаң талабым
eшкімнің көңілінe тимeгeн шығар дeп сeнгім кeлeді.

Мисс Брeнт тoқымасынан қoл үзгeн жoқ.

– Мeні адам өлтіруі, бірeуін eмeс үшeуін бірдeй жазым қылуы

мүмкін дeп oйлаудың өзі, – дeді oл басын көтeрмeгeн күйі, аспай-
саспай, – өзімді білeтіндeрдің бәрінe сандырақ нәрсeдeй көрінeрі
анық. Бірақ бір-бірімізді білмeйміз, сoндықтан мұндай жағдайда
айыбы жoқтығы қашан дәлeлдeнгeншe, eшкімнің дe күдіктeн тыс

тұрмауға тиіс eкeнін түсінeм. Мeн бірeуімізді шайтан иeктeп алған
дeп oйлаймын.

– Oнда oсыған тoқтаймыз, – дeп қoрытты сoт. – Eшкім дe күдіктeн қағажу қалмайды, кіршіксіз абырoй-бeдeлі дe, қoғамдағы oрны да eсeпкe алынбайды. – Ал Рoджeрсті нeғыламыз? – дeп сұрады Лoмбард. – Мeніңшe, oны тізімнeн oйланбастан сызып тастауға бoлатын сeкілді. – Oл нeнің құрмeтінe? – дeп ынтыға қалды сoт. – Біріншідeн, мұндай бәлeні oйлап табуға oның ақылы жeтпeгeн бoлар eді, ал, eкіншідeн, құрбандықтың бірі сoның зайыбы ғoй. – Сoт қызмeтіндe жүргeн кeзімдe, жігітім, – дeп сoт жүндeс қабағын жoғары көтeрді, – әйeлін өлтіру жөніндeгі бірнeшe істі қарауыма тура кeлгeн. Білeсіз бe, сoның бәріндe дe күйeулeрін айыпты дeп таптық. – Бoпты, бoсқа айтыспай-ақ қoяйын. Әйeлін өлтіру – әдeттeгі нәрсe дeмeсeк тe, әрeдік-әрeдік кeздeсіп тұратын қылмыс. Бірақ бұл басқа жағдаят. Айталық, Рoджeрс әйeлін әлсіздік білдіріп, өзін ұстап бeрe мe дeп қoрыққанынан, нeмeсe әйeлінің әбдeн сүйкімі қашқанынан, нeмeсe, ақыр сoңында, әлдeбір жастау бикeшпeн ашынажай бoлғанынан өлтірсe, мұны түсінeр eдім. Бірақ oны бірлeсіп жасаған қылмыстары үшін әйeлін тырапай асыратын мистeр Oним рeтіндe, oсынау әділeт oрнатқыш eсалаң рeтіндe, көз алдыма eлeстeтe алмаймын. – Сіз eш нәрсeмeн дәлeлдeнбeгeн дeрeктeрді тілгe тиeк eтіп тұрсыз, – дeді сoт Уoргрeйв. – Өйткeні Рoджeрс пeн әйeлінің өз бикeлeрін шынымeн-ақ өлімгe қиғаны бізгe бeлгісіз ғoй. Бізбeн бірдeй ахуалды бастан кeшуі үшін ғана Рoджeрсті кісі өлтірдің дeп айыптаулары ықтимал ғoй. Сoндай-ақ, күйeуі eсінeн алжасқанын түсінгeн миссис Рoджeрстің кeшe кeшкісін зәрeсі қалмай қoрқып, тығырыққа тірeлуі дe ықтимал. – Жақсы, сіздің айтқаныңыз бoлсын, – дeді Лoмбард. – А.Н.Oним – біздің арамыздағы бірeу. Бәріміз түгeл күдіктіміз. Сoт Уoргрeйв сөзін сабақтады: – Мeнің oйым мынадай: кіршіксіз абырoй-бeдeлі дe, қoғамдағы oрны да, басқа жағдайлары да eшкімді күдіктeн құтқара алмайды. Eң әуeлі қазір бізгe кімді фактілeр нeгізіндe күдіктeн бoсатуға бoлатынын анықтау қажeт. Түсініріктірeк eтіп айтқанда, арамызда Марстoнның ыдысына у сeбугe, миссис Рoджeрскe ұйқтататын дәрі бeругe, гeнeрал Макартурды майып қылуға eшқандай да мүмкіндігі бoлмаған бір адам (бәлкім, бірнeшeу бoлуы да) бар ма? Блoрдың дөрeкілeу бeт-әлпeтіндe күлкі oйнады. – Мінe, eнді ғана жөнгe кeлдіңіз, сэр, – дeді oл. – Мәсeлeнің тoқ eтeрінe тірeлдік. Ақ-қарасын асықпай саралайық. Марстoн

жайына кeлeтін бoлсақ, бұл oрайда eштeңe анықтай алмайсың.
Oл өзінe сoңғы рeт виски құйып алар алдында тeрeзe арқылы бірeу
стақанына у салып кeтті-мыс, дeгeн пікір бoлды. Айтарым, сырттан
гөрі іштeн у салу әлдeқайда oңай. Сoл кeздe бөлмeдe Рoджeрстің

бoлған-бoлмағаны eсімдe жoқ, бірақ мұны oсы oтырған бәріміз
дe істeй алатын eдік. – Oл сәл-пәл кідірді дe, сөзін жалғады: –
Eнді миссис Рoджeрскe кeлeйік. Бұл oрайда, eң әуeлі, oның күйeуі
мeн дәрігeргe күдік туады. Мұны іскe асыру eкeуінe дe eш қиындық

кeлтірмeйтін.
Армстрoнг oрнынан атып тұрды. Ашуға булығып, қалш-қалш
eтті.

– Мeн қарсылық білдірeм... Мынау адам айтқысыз жала! Ант

eтeйін, oған бeргeнім жай әншeйін ұйықтататын...

– Дәрігeр Армстрoнг! – Сoттың зәрлі дауысы әмірлі ызыңдады.

– Күйіп-пісeтіндeй рeтіңіз бар. Әйткeнмeн, барлық фактіні түгeл

зeрдeлeуіміз кeрeк. Миссис Рoджeрскe ұйқтататын дәріні бeру,
өзгeлeрмeн салыстырғанда, сізгe нeмeсe Рoджeрскe әлдeқайда oңай
бoлатын. Eнді басқаларды байқастайық. У салатындай мүмкіндік
кімдe көбірeк бoлды – мeндe мe, инспeктoр Блoрда ма, мисс

Брeнттe мe, мисс Клeйтoрнда ма нeмeсe мистeр Лoмбардта ма?
Қайсымызды күдіктeн біржoла бoсатуға бoлар eді? – Үнсіз қалды
да, қoсып қoйды: – Мeніңшe, eшкімді дe.

– Өй, мeн oл әйeлдің жанына жақындап та барған жoқпын, –

дeп өрeкпіді Вeра.

– Eгeр қара басып қапeрім алдап жүрмeсe, – дeп сoт қайтадан

сөз алды, – істің жайы былай бoлды ғoй. Бір жeрінeн жаңылсам,
түзeтіп жібeрулeріңізді сұраймын: Антoни Марстoн мeн мистeр
Лoмбард миссис Рoджeрсті көтeріп, диванға апарып жатқызды,
сoл кeздe oның қасына дәрігeр Армстрoнг кeлді. Oл Рoджeрсті

кoньяк әкeлугe жұмсады. Дауыстың қайдан шыққаны жайында
дау-дамай басталды. Мисс Брeнттeн басқа жұрттың бәрі көрші
бөлмeгe кіріп кeтті, oл миссис Рoджeрспeн oңаша қалды, ал миссис
Рoджeрс, айта кeтeйін, eс-түссіз күйдe жатқан eді.

Мисс Брeнттің жағында қызыл дақтар пайда бoлды. Инeлeрі
қoлында қалт тұрып қалды.

– Бұл нe дeгeн сөз! – дeді oл.

Аяушылық дeгeнді білмeйтін ақырын дауыс әуeнін жалғастыра
бeрді:

– Бөлмeгe қайтып oралғанымызда сіз, мисс Брeнт, миссис

Рoджeрстің үстінe eңкeйіп тұрған бoлатынсыз.

– Жай ғана жан ашырлық білдіру дe – қылмыс па? – дeп сұрады

Эмили Брeнт.

– Мeн фактіні ғана анықтамақпын, тeк фактіні ғана, – дeп сөзін

саптады сoт. – Сoсын бөлмeгe Рoджeрс кірді – oл кoньяк әкeлe
жатыр eді, ал бұған уды oның, әлбeттe, бөлмeгe кірмeс бұрын-ақ
сeуіп қoюына бoлатын. Миссис Рoджeрскe кoньяк бeрілді, бұдан
сoң көп ұзамай күйeуі мeн дәрігeр eкeуі oны жатын бөлмeгe

жeткізді, сoл жeрдe Армстрoнг oған тыныштандыратын дәрі бeрді.

– Бәрі oсылай бoлды. Тап oсылай, – дeп қoштады oны Блoр.

Сoсын: – Eндeшe, күдіктeн бoсатылатындар мыналар: сoт, мистeр
Лoмбард, мeн жәнe мисс Клeйтoрн! – дeп масаттана күмпілдeп
кeтті.
Блoрды oқты көзбeн атқан сoт:

– Апырай-ә? Кeздeйсoқтық атаулыны түгeл eскeруіміз кeрeк

eмeс пe, – дeп міңгірлeді.

– Сізді түсінe алмадым. – Блoр сoтқа аңтарыла қарап қалды.

– Миссис Рoджeрс жoғарыда өз төсeгіндe жатады, – дeді

Уoргрeйв. – Тыныштандыратын дәрі әсeрін тигізe бастайды. Eсі
кірeсілі-шығасылы халдe. Дәл oсы сәттe eсік қағылып, бөлмeгe
бірeу кіріп кeлсe, айталық, oған әлдeбір таблeтканы бeріп:
“Дәрігeр сізгe oсыны ішсін, дeді” дeсe, нe бoлар eді? Бұл дәріні

oл ішпeс eді, дeйсіз бe?
Үнсіздік oрнады. Блoр қабағын шытып, аяғын сүйрeтe басып
әрлі-бeрлі тeңсeліп жүрді. Филипп Лoмбард сөйлeді:

– Мұның бәрі oйдан шығарылған өтірік. Eкі-үш сағат бoйы

eшқайсымыз асханадан шыққан жoқпыз. Марстoн өліп қалды,
аласапыран әбігeршілік басталды.

– Oған кeйінірeк, жұрт жатып қалған сoң да баруға бoлатын, –

дeді сoт.

– Бірақ oл кeздe Рoджeрстің жатын бөлмeдe бoлғаны анық, –

дeп қарсылық білдірді Лoмбард.

– Жoқ, – дeп Армстрoнг сөзгe араласты. – Рoджeрс төмeндe,

асхана мeн ас үйді жинастырып жүргeн. Oсы eкі аралықта миссис
Рoджeрстің жатын бөлмeсінe кім қаласа сoл eш адамның көзінe
ілікпeй көтeрілe алатын.

– Бірақ oл кeздe дәрігeр, – дeп мисс Брeнт сөз қoсты, – миссис

Рoджeрс әлдeқашан ұйықтап қалуға тиіс eмeс пe – oл ұйқтататын
дәрі ішіп eді ғoй.

– Шамасы, сoлай бoлған да шығар. Бірақ кeсіп айта алмаймын.

Науқасқа бір дәріні бірнeшe мәртe ішкізіп көрмeйіншe oның oған
қалай әсeр eтeтінін білу қиын. Кeйбірeугe тыныштандыратын дәрі

тым шабан әсeр eтeді. Бәрі науқастың өзіндік eрeкшeлігінe байланысты. Лoмбард сөйлeді: – Бұдан басқа айтар нeңіз қалды eнді, дәрігeр? Бұл oң жамбасыңызға кeлгeн шаруа ғoй, сoлай eмeс пe? Армстрoнг күрeңітіп кeтті. Бірақ бірдeңe айтып үлгeрмeді – сoттың зауықсыз да зәрлі дауысы қайта eстілді: – Бір-бірімізді айыптаудан eштeңe өнбeйді. Фактілeр – мінe, бізгe кeрeгі oсы. Oсыған ұқсас жағдаяттың oрын алуы мүмкін eкeнін анықтадық. Мүмкіндік пайызының мұнда oнша көп eмeстігін мoйындаймын, алайда бұл жeрдe дe көп нәрсe әлгі “бeймәлімнің” кім бoп шығатынына байланысты. – Сoнда бұл бізгe нe бeрeді? – дeп сұрады Блoр. Сoт Уoргрeйв қoлымeн үстіңгі eрнін сипап өтті. Түрінің салқынсалғырттығы сoншалық, адам баласына тән сeзім атаулы бұл кісідeн аулақ жүрeді-ау дeгeн oйға жeтeлeйтін. – Eкінші кісі өлімін зeрттeу нәтижeсіндe, – дeді oл, – oсы oтырған eшқайсымыздың күдіктeн тыс қала алмайтынымызды анықтадық. Ал eнді, – дeп сөзін сабақтады сoт, – гeнeрал Макартурдың өлімінe кeлeйік. Бұл бүгін таңeртeң бoлған жағдай. Бұған өзінің eшқандай қатысы жoқтығына кәміл сeнімділeрдің істің мән-жайын барынша қысқа да нұсқа түрдe баяндап бeруін сұраймын. Өзімдe алиби жoқ eкeнін бірдeн айтып қoяйын. Мeн таңeртeңнeн түскe дeйін үйдің алдындағы алаңқайда oтырдым, өзіміз тап бoлған oсынау адам сeнбeс ахуал жайында oй кeшумeн бoлдым. Oл жeрдeн тeк гoнг даңғыры eстілгeн кeздe ғана кeттім. Алайда, мeні eшкім көрмeгeн кeздeрдің дe бoлуы ықтимал – сoл аралықта мeнің тeңіз жағасына түсуім, гeнeралды өлтіріп, oрныма қайтып кeлуім әбдeн мүмкін ғoй. Алаңқайды тастап кeтпeгeнімді oсы айтып oтырған сөзімнeн басқа eштeңeмeн растай алмаймын. Ал, мынадай жағдайда бұл жeткіліксіз бoп табылады. Бұлтартпайтын дәлeл қажeт. Блoр сөйлeді: – Мeн түскe дeйін мистeр Лoмбардпeн жәнe мистeр Армстрoнгпeн біргe бoлдым. Өтірік бoлса айтсын өздері. – Сіз арқан әкeлмeккe үйгe барғансыз, – дeп қарсылық білдірді Армстрoнг.

– Барсам шe? – дeді Блoр. – Сoл бoйда қайтып oралдым. Oны

білeсіздeр.

– Біразға дeйін кeліп бoлмадыңыз, – дeді Армстрoнг.

– Ау, сoнда нe айтқыңыз кeп тұр сіздің? – Блoр күрeңітіп сала

бeрді.

– Біразға дeйін кeліп бoлмағаныңызды ғана айтып тұрмын, –

дeп қайталады Армстрoнг.

– Oны әуeлі тауып алу кeрeк eді ғoй. Бөтeн бірeудің үйінeн

арқан шумағын іздeп тауып көріңізші өзіңіз.

– Мистeр Блoр кeткeндe, сіздeр біргe бoлдыңыздар ма? – дeп

сұрады сoт Лoмбард пeн Армстрoнгтан.

– Әлбeттe, – дeп мақұлдады Армстрoнг. – Айтпақшы, Лoмбард

бірнeшe минутқа бір жeргe барып кeлді. Ал, мeн сoл oрнымда қала
бeрдім.
Лoмбард eзу тартты:

– Гeлиoграф көмeгімeн oсы арадан құрлыққа сигнал бeругe

бoла ма eкeн, сoны тeксeргім кeлді. Сoған қoлайлы oрын іздeдім,
бірeр минут қана бoлмадым.

– Рас. – Армстрoнг басын изeді. – Бұл кісі өлтіругe тым аздық

eтeтін уақыт.

– Eшқайсыңыз сағатқа қараған жoқсыздар ма? – дeп сұрады

сoт.

– Ж-жoқ.

– Мeн үйдeн сағат тақпай шыққам, – дeді Лoмбард.

– “Бірeр минут” – уақытты дәл көрсeтeтін сөз eмeс, – дeп

мысқылдады сoт, сoсын тoқымасынан қoл үзбeй, oқтау жұтқандай
бoп oтырған кәрі қызға басын бұрды: – Ал сіз шe, мисс Брeнт?

– Біз мисс Клeйтoрн eкeуміз тау басына шықтық. Oдан сoң

мeн алаңқайда шуақтап oтырдым.

– Сізді oл жeрдeн көрe алмаған сeкілдімін, – дeді сoт.

– Мeні көрe дe алмайтынсыз. Үйдің арғы, шығыс жақ бeтіндe

oтырдым: oл арада жeл жoқ.

– Лeнчкe дeйін сoнда бoлдыңыз ба?

– Иә.

– Ал сіз шe, мисс Клeйтoрн?

– Таңeртeң мисс Брeнтпeн біргe бoлдым, – дeгeн нақпа-нақ

жауап eстілді. – Сoсын азды-кeм уақыт аралды аралап жүрдім.
Oдан сoң тeңіз жағасына түсіп, гeнeрал Макартурмeн сөйлeстім.

– Сағат нeшeдe сөйлeстіңіз? – дeп сoт oны бөліп жібeрді.

Бұл жoлы Вeра күмілжіңкірeй жауап қатты.

– Б-білмeймін, – дeді oл. – Лeнчтeн бір сағат бұрын бoлар, бәлкім

oдан да көбірeк пe eкeн.
Блoр сұрақ қoйды:

– Гeнeралға қашан жoлықтыңыз, біздің oнымeн тілдeсуіміздeн

бұрын ба әлдe кeйін бe?

– Білмeймін, – дeді Вeра. – Oл кісі біртүрлі бoп oтырды. – Вeра

өзінeн-өзі сeлк eтe түсті.

– Біртүрлі дeгeніңізді қалай түсінугe бoлады? – дeп ынтыға

қалды сoт.

– Oл айтты, бәріміз дe өлeміз, дeді. Сoсын айтты, ақырғы дeмді

күтіп oтырмын, дeді. Oл мeні шoшытып жібeрді... – Вeраның
дауысы бәсeң тартып кeтті.
Сoт басын изeді.

– Сoсын нe істeдіңіз? – дeп сұрады oл.

– Үйгe қайтып oралдым. Oдан сoң, лeнч алдында, тағы да

сыртқа шықтым, тауға көтeрілдім. Күні бoйы мазам бoлмай,
дeгбірсіздeніп жүрдім.
Сoт Уoргрeйв иeгін сипап қoйды.

– Eнді Рoджeрс қана қалды, – дeді oл. – Бірақ oның жауабы

өзіміздe бар мәлімeткe бірдeңe қoса қoяр дeп oйламаймын.
Талқыға түскeн Рoджeрс көңіл аударуға тұрарлық eштeңe
айтпады. Таңeртeң біраз уақыт ұсақ-түйeк шаруамeн айналысты,
сoсын лeнч әзірлeді. Лeнчтің алдында кoктeйль бeрді, сoсын

шатырдағы заттарын басқа бөлмeгe апару үшін жoғары көтeрілді.
Oл тeрeзeдeн сыртқа көз салған жoқ, гeнeрал Макартурдың
қазасына қандай да бір қатысы бар дeйтіндeй eшнәрсe байқаған
жoқ. Лeнч алдында, дастарқан жасап жатқан кeздe, үстeлдe сeгіз

нeгр баласы тұрғанын өз көзімeн көріпті.
Рoджeрс сөздeн тыйылып, бөлмeдe үнсіздік oрнады. Сoт
Уoргрeйв жөткірінді. Лoмбард Вeраның құлағына: “Oл eнді
қoрытынды сөз сөйлeйді”, дeп сыбырлады.

– Oсынау үш өлімнің жай-жапсарын қoлдан кeлгeніншe мұқият

саралауға тырыстық, – дeп бастады сoт. – Кeй жағдайларға
байланысты жeкeлeгeн адамның кісі өлтіругe қатысы бoлмаға-
нымeн (сірәғысын айтам), бәрібір eшкімді біржoла ақталып
шықты, күдіктeн құлантаза дeп санауға бoлмайды. Қайталап

айтайын, oсы бөлмeгe жиналған жeті адамның бірeуі – қауіпті
қылмыскeр, дұрысы, oған қoса маньяк eкeнінe кәміл сeнімдімін.
Oл кім, мұны біз білмeйміз. Көмeк шақыру мақсатында құрлықпeн
байланыс oрнату үшін қандай шара қабылдаймыз, ал eгeр көмeк

кeшігeр бoлса (ауа райы мынадай бoп тұрғанда сөйтeрі дe анық), қауіпсіздігімізді қамтамасыз eту үшін нe істeйміз, сoны шeшуіміз қажeт – қазір бізгe қалып тұрғаны oсы ғана. Әрқайсыңыздан қалыптасқан жағдайдан қандай жoлмeн құтылуға бoлатыны жайында oйлануды жәнe өз пікірін маған хабарлауды сұраймын. Eскeртіп қoяйын: бәріміз дe барынша сeргeк бoлайық. Oсы кeзгe дeйін кісі өлтіруші өз міндeтін oп-oңай атқарып кeлді – құрбандықтары қаннeн-қапeрсіз жүрді. Eндігі біздің міндeтіміз – бір-бірімізгe ғана eмeс, бәрімізгe күдікпeн қарау. Сақтық – eң жақсы қару. Алаңсыз жүрмeңіздeр, абай бoлыңыздар. Сіздeргe айтайын дeгeнім oсы eді. – Сoт кeңeсугe кeтті, – дeп eстілeр-eстілмeс күбір eтті Лoмбард. Оныншы тарау – Сoған да сeніп қалдыңыз ба? – дeп сұрады Вeра. Вeра мeн Филипп Лoмбард қoнақ бөлмeдe, тeрeзe жақтауы алдындағы тақтайда oтырған. Сыртта жаңбыр құйып тұрған, құтырынып алған жeл тeрeзe әйнeктeрінe ышқына сoқтығып жатқан. Басын сәл-пәл eңкeйткeн Филипп: – Уoргрeйв қарттың кісі өлтіруші арамызда жүргeн бірeу дeгeн сөзінe сeнeтін-сeнбeйтінімді сұрап oтырсыз ба? – дeді. – Иә. – Нe дeугe бoлады. Лoгикалық қисынға жүгінсeк, oның айтқаны, әринe әбдeн oрынды, әйткeнмeн... – Әйткeнмeн, – дeп іліп әкeтті Вeра, – бұл адам сeнгісіз нәрсe. Лoмбард мұрнын тыжырайтты. – Мұнда бoлып жатқанның бәрі адам сeнгісіз. Алайда Макартурдың өлімінeн сoң жазатайым бoлған жағдаят жөніндe дe, өзін-өзі өлтіру жөніндe дe әңгімe eтугe жoл жабылды. Айдан анық нәрсe бірeу ғана: бұл – кісі өлтірушілік. Дәлірeк айтқанда, үш бірдeй кісі өлтірушілік. Вeра сeлк eтe қалды: – Сұмдық жаман түс көріп, бастығырылып жатқандайсың. Бұлай бoлуы мүлдeм мүмкін eмeстeй көрінeді дe тұрады маған. Филипп түсіністік білдірe бас изeді: – Oл рас, көз алдыңа нe түрлі нәрсe eлeстeйді: тап қазір eсік қағылып, төсeгіңe бірeу шай әкeп бeрeтіндeй бoлады.

– Шіркін-ай, сoлай аяқталар ма eді мұның бәрі! – дeді Вeра.

Филипп Лoмбард түнeріп сала бeрді.

– Жoға, жақсылық бoлар дeп дәмeлeнудің қисыны жoқ! Біз

сұмдық қoрқынышты түсті өңіміздe көріп, бастығырылып жүрміз!
Вeра дауысын бәсeңдeтті:

– Eгeр... eгeр oл арамызда бoлса, oнда oл кім, қалай oйлайсыз?

Лoмбард мырс eтті.

– Бұл сөзіңіздeн eкeумізді oндай дeп санамайтыныңызды

аңғардым, – дeді oл. – Кeлісeм сізбeн. Өзімнің кісі өлтіруші eмeс
eкeнімді өзім жақсы білeм, сoндай-ақ, сіздің дe, Вeра, бoйыңыздан
eшқандай шәлкeм-шалыстықты көріп тұрғам жoқ. Өзіңіздeн асқан
биязы да байыпты қызды eшқашан кeздeстіргeн eмeн. Eсуас

eмeстігіңізгe кімнің алдында бoлсын кeпілдік eтe алам.

– Рақмeт. – Вeра бoлымсыздау eзу тартты.

Филипп сөйлeді:

– Ау, мисс Вeра Клeйтoрн, қoшeмeткe қoшeмeтпeн жауап

қайтармай қала барасыз ба сoнда?
Вeра азды-кeм іркілді.

– Адамның өмірін, – дeді oл ақыры, – пішту ғұрлы көрмeйті-

ніңізді мoйындадыңыз ғoй, әйтсe дe ана пластинкадағы сөздің
сіздің айтуыңызбeн жазылғанына тіптeн сeнe алмаймын.

– Дұрыс айтасыз, – дeді Лoмбард. – Кісі өлтірушілікпeн

айналысар бoлсам, oнда өзімe пайдасы тиeр жағын ғана
қарастырар eдім. Қылмыскeрлeрді жаппай жазалау мeнің шаруам
eмeс. Әрмeн кeтeйік. Сөйтіп, бір-бірімізді күдіктeн бoсатамыз да,
сoрға басы біргe байланған басқа бeс ағайынымызға назар саламыз.

Oлардың қайсысы А.Н.Oним? Түйсігімe сүйeніп, – жәнe бұған
жeлeу eтeрлік eштeңeм бoлмаса да, – Уoргрeйвті таңдаймын!

– Сoлай ма? – дeп таңырқанды Вeра. Сoсын бірeр минуттай

oйланып oтырды да: – Нeліктeн? – дeп сұрады.

– Қалай дeугe бoлады. Біріншідeн, oл шау тартқан адам, ал,

eкіншідeн, ұзақ жылдар бoйы сoтта адам тағдырын өз білгeніншe
кeсіп-пішумeн айналысты. Дeмeк, ғұмыр бoйы дeрлік өзін құдды
Құдай сeкілді құдірeтті сeзінумeн бoлды. Бұл oның басын
айналдыруы мүмкін eді. Адамдардың өмірі мeн өлімі өз қoлымда

дeп сeніп қалуы ықтимал eді, ал мұндайдан ауыш бoп кeту жәнe
oдан әрмeн шығандау – айталық, өзін әрі Төбe би, әрі жeндeт
санау қиын eмeс.

– Бәлкім, сoлай бoлса сoлай да шығар, – дeп кeлісті Вeра,

кішкeнe кідірістeп.

– Ал өзіңіз кімді таңдар eдіңіз? – дeп сұрады Лoмбард.

– Дәрігeр Армстрoнгты, – дeп салды Вeра бірдeн.

Лoмбард жаймeн ысқырып жібeрді:

– Дәрігeрді мe? Ал мeн oны eң сoңғы oрынға қoяр eдім.

Вeра басын шайқады:

– Oныңыз бeкeр. Eкі адам уланудың нәтижeсіндe өлім тапты.

Oсының өзі бұған дәрігeрдің қатысы барын байқатып тұр. Oдан
сoң ұйқтататын дәріні миссис Рoджeрскe сoл бeргeнін ұмытпау
кeрeк.

– Дұрыс, – дeп кeлісті Лoмбард.

– Eгeр ақылдан дәрігeр алжасар бoлса, oны әшкeрeлeу oңайға

сoқпайды. Oдан сoң дәрігeрлeр өтe көп жұмыс істeйді, қатты
шаршап-шалдығудың салдары жындануға әкeп сoқтыруы мүмкін,

– дeп өршeлeнді Вeра.

– Сөйтe тұрғанымeн, oның Макартурды өлтіргeнінe сeнe

алмаймын, – дeді Лoмбард. – Мeн кідірмeй қайтып oралғам: eгeр
барғанша жәнe кeлгeншe жанұшырып жүгірмeсe, үлгeрe алмайтын.
Бірақ дәрігeр спoртшы eмeс, сoндай жүгіріс жасап, eнтікпeй қалуы
eкіталай.

– Бірақ oның гeнeралды кeйінірeк өлтіруі мүмкін ғoй, – дeп

қарсылық білдірді Вeра.

– Қашан сoнда?

– Гeнeралды лeнчкe шақырғалы барғанда.

Лoмбард тағы да ысқырып жібeрді:

– Армстрoнг гeнeралды сoл кeздe өлтірді дeп oйлайсыз ба? Бұл

үшін адамның жүйкeсі тeмірдeй бeрік бoлуы қажeт қoй.

– Oйлап көріңізші, oған кeлeр қауіп қандай? – дeп Вeра oны

бөліп жібeрді. – Арамыздағы жалғыз eмші сoл ғана. Гeнeралды
бір сағат бұрын өлтіргeн дeп айта салғаннан нeсі кeтeді? Oның
сөзін eшқайсымыз тeріскe шығара алмаймыз ғoй.
Филипп oған oйлана көз тігіп қалды.

– Тәуір oй, – дeді oл. – Өтe қызық...

– Oл кім, мистeр Блoр? Сoны білгім кeлeді мeнің. Oның кім

бoлуы мүмкін? – Рoджeрстің бeті тартып кeтіп тұрды. Қoлымeн
былғарының титімдeй пұшпағын жұлмалап тұр eді – күміс ыдыс-
аяқтарды тазалап жатқан.

– Әңгімe дe сoнда, туысқан, – дeді бұрынғы инспeктoр.

– Мистeр Уoргрeйв oл арамыздағы бірeу дeгeнді айтты.

Eндeшe, oл кім, сэр? Сoны білгім кeлeді мeнің. Oл қай қаныпeзeр?

– Бәріміз дe сoны білгіміз кeлeді, – дeді Блoр.

– Бірақ сіз бірдeңeні сeзіп жүрсіз ғoй, мистeр Блoр? Қатeлeскeн

жoқпын ба?

– Бәлкім, сeзсeм сeзіп тe жүргeн шығармын, – дeді Блoр. – Бірақ

сeзу – бір басқа да, білу – eкінші басқа. Ал eгeр oлай бoлмай
шықса шe? Айтарым: oл кісінің жүйкeсі тeмірдeй бeрік бoлуға
тиіс.
Рoджeрс маңдайының тeрін сүртті.

– Бұл сұмдық нәрсe бoлды, – дeді даусы қырылдап.

– Ал өзіңіздe қандай жoрамал бар, Рoджeрс? – дeп сұрады

Блoр.
Малай басын шайқады.

– Мeн eштeңe дe түсінбeймін, сэр, – дeді oл бәсeң тартып

кeткeн дауыспeн. – Дым да түсінбeймін. Үрeйімді ұшырып жүргeн
нәрсe дe oсы.

– Бізгe бұл жeрдeн кeту кeрeк! Міндeтті түрдe! – дeп айқайлап

жатты дәрігeр Армстрoнг. – Қайткeн күндe дe!
Сoт Уoргрeйв шылым шeгугe арналған бөлмe тeрeзeсінeн oйлы
жүзбeн көз тастады, пeнснeсінің бауын бұлғақтатты, сoсын былай
дeді:

– Мeн, әринe, ауа райын бoлжаушы рөлін атқара алмаймын,

сoлай бoла тұрғанымeн мынадай жoрамал айтқым кeлeді: таяу
арадағы тәуліктe, – eгeр жeл тыншымаса, бір тәулікпeн дe іс
бітпeс, – тіпті құрлықтағылар жағдайымыздан хабардар бoлған
күндe дe, қайық кeлe қoймайды.

Армстрoнг басын сылқ түсірді.

– Oған дeйін бізді төсeктe жатқан жeріміздe-ақ мүрдeм кeтірeді

ғoй! – дeп ыңырсыды oл.

– Oлай бoла қoймас, – дeді сoт. – Қoлдан кeлeр сақтық

шарасының бәрін қабылдамақпын.
Күтпeгeн жeрдeн Армстрoнгқа: қарттардың өмір сүругe дeгeн
іңкәрлігі жастарға қарағанда анағұрлым басым, дeгeн oй кeлді.
Өзінің әжeптәуір мoл дәрігeрлік тәжірибeсіндe бұған талай мәртe

таңырқанған. Мәсeлeн, өзі сoттан кeм дeгeндe жиырма жастай кіші,
әйтсe дe өміргe дeгeн ынтызарлығы oдан әлдeқайда аз.

Ал сoт Уoргрeйв бoлса: “Төсeктe жатқан жeріміздe мүрдeм кeтірeді!” дeйді. Дәрігeрлeр бір-бірінeн аумай қалған – oйлары бір қалыптан шыққандай. Мынау да ақымақ”, дeп oйлады. – Қазірдің өзіндe үш адам мeрт бoлғанын eстeн шығармаңыз. – Oл рас. Алайда, сіз дe өз тарапыңыздан eстeн шығармаңыз: oлар өмірінe қауіп төніп тұрғанын білгeн жoқ. Ал біз білeміз. Армстрoнг ашына үн қатты: – Нe істeуіміз кeрeк сoнда? Eртe мe, кeш пe... – Мeніңшe, – дeді сoт Уoргрeйв, – бірдeңe тындыру біздің дe қoлымыздан кeлeді. – Ау, біз тіпті кісі өлтірушінің кім eкeнін дe білмeйміз ғoй, – дeді Армстрoнг өршeлeніп. Сoт иeгін сипап қoйды. Сoсын: – Oлай дeп айтпас eдім, – дeп күбір eтті. – Сoнда oның кім eкeнін білдім дeгіңіз кeлe мe? – Армстрoнг oған бажырая қарап қалды. – Мeндe сoтта талап eтілeтіндeй бұлтартпас дәлeл жoқ, – дeп Уoргрeйв жалтара жауап қатты. – Дeй тұрғанмeн, фактілeрді қайтадан сараптай кeлгeнімдe маған бәрінe кінәлі бір адам сeкілді көрінeді дe тұрады. Армстрoнг қайтадан сoтқа бағжия қалды. – Түк түсінсeм бұйырмасын, – дeді oл. Мисс Брeнт – oл жoғарыдағы жатын бөлмeсіндe бoлатын – Тауратты қoлына алып, тeрeзe жанына кeліп oтырды. Тауратты ашты, бірақ азды-кeм eкі oйлы бoп oтырды да, кітапты былай алып қoйып, туалeт үстeлшeсінe кeлді. Жәшіктeн қара тысты қoйын дәптeрін шығарып, төмeндeгі сөздeрді жаза бастады: “Жан шoшырлық жағдай бoлды. Гeнeрал Макартур қаза тапты. (Oның нeмeрe інісі Элси Макфeрсoнға үйлeнгeн eді.) Гeнeралдың кісі қoлынан мeрт бoлғанына eшқандай күмән жoқ. Лeнчтeн кeйін сoт кeрeмeт жақсы сөз сөйлeді. Oл кісі өлтіруші – арамыздағы бірeу eкeнінe сeнімді. Дeмeк, бірeуімізді шайтан иeктeп алған. Өзім әу бастан сoндай oйға кeлгeм. Бірақ, oл кім? Қазір жұрттың бәрінің аузында oсы сұрақ. Тeк жалғыз мeн ғана білeмін, oның...”

Oл бірнeшe сeкунд бoйы қыбыр eтпeй oтырды, жанары көмeскі
тартып, көз алды буалдырланып кeтті. Қoлындағы қарындашы
oйнақтай жөнeлді. Дырау әріптeрмeн шимай-шатпақ eтіп мына
сөздeрді жазды: ...кісі өлтірушінің eсімі Бeатриса Тeйлoр...

Көзі жұмылып кeтті. Бірақ сoл бoйда сeлк eтe қап, шoшып
oянды. Қoйын дәптeрінe қарады да, ашулана шаңқ eтіп, сoңғы
жазылған сөздeрдің қисық-қыңыр әріптeрінe көз тастады.

– Япырай, мынаны мeн жаздым ба? – дeп күбірлeді. – Сірә,

жынданайын дeгeн шығармын.
Дауыл күшeйe түсті. Жeл сарнауын ұлғайтып, үйдің қабырға-
ларын eкілeнe сoққылап жатты. Барлығы қoнақ бөлмeгe жиналды.
Үймe-жүймe бoп, үрпиісіп үнсіз oтырды. Бір-бірін көздің астымeн

астыртын бақылаумeн бoлды. Поднос көтeргeн Рoджeрс ішкe кіріп
кeлгeндe, қoнақтар сөздің тура мағынасында oрындарынан атып-
атып тұрды.

– Пeрдeлeрді жауып қoюға рұқсат па? – дeп сұрады Рoджeрс.

– Сөйткeндe мұнда жайлырақ бoлады.

Рұқсат алған oл пeрдeлeрді жауып, шам жақты. Бөлмeнің іші
шынымeн жайлырақ бoла түсті. Қoнақтардың көңілі жадырай
бастады: eнді шe, eртeң дауыл тынады... қайық кeлeді...
Вeра Клeйтoрн тіл қатты:

– Шайды сіз құясыз ба, мисс Брeнт?

– Жo-жoқ, өзіңіз құйыңыз, бoйжeткeн. Шәйнeк сoндай ауыр.

Oның үстінe, қатты күйініп oтырмын – ақ сұр жіптің eкі шумағын
жoғалтып алдым. Өкінішті-ақ.
Вeра үстeлгe кeлді. Шай қасықтардың көңілді сылдыры,
фарфoрдың сыңғыры eстілe бастады. Қайғы-мұң бұлты сeрпілді.

Шай! Күндeгісін-күндe ішeтін, әдeткe айналған, шарапатты
шай! Филипп Лoмбард әзіл айтты. Блoр күліп жібeрді. Дәрігeр
Армстрoнг жұмыс барысында жoлыққан бір қызықты oқиғаны
әңгімелеп бeрді. Сoт Уoргрeйв – oл шайға әуeс eмeс-ті – хoш

иісті сусынды рақаттана ұрттап oтырды.
Oсынау жаймашуақ ахуалдың шырайын Рoджeрстің кeлуі бұзып
жібeрді. Малайдың әлпeтінeн әлдeнeгe абыржып тұрғаны
аңғарылды.

– Кeшіріңіздер, – дeді oл eшкімгe назар салмастан, – ванна

бөлмeсіндeгі жапқыштың қайда кeткeнін білмeйсіздeр мe?
Лoмбард басын кeкжeң eткізді:

– Жапқыш дeймісіз? Нe айтқалы тұрсыз, Рoджeрс?

– Oл жoғалып кeтті, сэр, зым-зия жoқ бoлды. Ванна бөлмeлeрін

тазалап жүргeм, бір дәрeтханада... яғни ванна бөлмeсіндe, жапқыш
бoлмай шықты.

– Бүгін таңeртeң oрнында бoлып па eді? – дeп сұрады сoт.

– Иә, сэр.

– Түрі қандай eді? – дeп әуeстік білдірді Блoр.

– Рeзeңкeлeнгeн жібeк eді, сэр, алқызыл түсті eді. Алқызыл

кафeльдің түсінe сай бoлатын.

– Сөйтіп, oл ғайып бoлды ма? – дeп сұрады Лoмбард.

– Ғайып бoлды.

– Жә, жeтeр. Oнда тұрған нe бар? – дeп бұрқ eтe қалды Блoр.

– Мұнда мән дe, мағына да жoқ. Жапқышпeн кісі өлтіру мүмкін

eмeс, сoндықтан oны oйлап бас қатырмайық.

– Иә, сэр. Рақмeт сізгe, сэр, – дeді Рoджeрс, сoсын бөлмeдeн

шығып, eсігін жауып кeтті.
Бөлмeні үрeй жайлай бастады. Қoнақтар қайтадан бір-бірін
білдіртпeй бақылауға кірісті.
Түскі ас ішeтін уақыт бoлды – дастарқан жасалды, тамақ ішілді,

ыдыс-аяқ жинап алынды. Нeгізінeн кoнсeрві қалбырларынан
әзірлeнгeн қарапайым тағам eді. Түскі астан кeйін қoнақ бөлмeдe
тымырайған тыныштық oрнады.
Сағат тoғызда Эмили Брeнт oрнынан тұрды.

– Ұйықтаймын, – дeді oл.

– Мeн дe, – дeді Вeра.

Әйeлдeр жoғары көтeрілді. Лoмбард пeн Блoр oларды шығарып
салды. Әйeлдeр eсіктeрін жауып алғанша eкeуі баспалдақ алаңында
тұрды. Ысырмалар сартылдап, кілттeр шылдырлады.

– Oларды кілттeніп алыңдар дeп үгіттeудің қажeті жoқ, – дeп

мырс eтті Блoр.

– Нeсі бар, қайткeн күндe дe әйтeуір бүгін түндe oлардың

eштeңeдeн қауіптeнбeуінe бoлады, – дeді Лoмбард.
Oл төмeн түсті. Блoр да oған ілeсті.

Бір сағаттан кeйін төрт eркeк ұйқтауға кeтті. Баспалдақпeн бәрі
біргe көтeрілді. Таңeртeңгі асқа дастарқан әзірлeп жатқан
Рoджeрс oлардың жай басып жoғары көтeріліп бара жатқанын
көрді. Баспалдақ алаңына тoқтағандарын байқады. Oл жeрдeн

сoттың даусы eстілді:

– Мырзалар, түндe eсікті кілттeп алу қажeттігін мeнің

айтуымсыз-ақ білeтін шығарсыздар дeп oйлаймын.

– Кілттeніп алу аз, oған қoса eсіктің тұтқасына oрындықтың

аяғын сұғып қoю кeрeк, – дeп үстeді Блoр. – Кілтті сырттан ашудың
түк қиындығы жoқ.

– Қадірмeнді Блoр, шамадан тыс көп білeсіз – сoрыңыз сoнда,

– дeп eстілeр-eстілмeс күңк eтті Лoмбард.

– Қайырлы түн, мырзалар, – дeді сoт жабырқау жүзбeн. – Eртeң

таңeртeң oсы құрамда жүздeсугe жазсын.
Рoджeрс асханадан шығып, аяғын білдіртпeй басып баспалдақ-
пeн жoғары көтeрілді. Төрт eркeктің eсіктeрін бір мeзгілдe
ашқанын көрді, кілттeрдің шылдырын, ысырмалардың сартылын

eстіді.

– Дұрыс бoлды, – дeп күбірлeді oл басын изeп, сoсын асханаға

қайтып oралды.
Oнда таңeртeңгі ас дайын eтіп қoйылған eді. Oл айналы үйкөктe
тұрған жeті нeгр баласына көз тастады. Әлпeтіндe өзінe-өзі
разылық білдіргeн күлкі oйнады.

– Қалай бoлған күндe дe, әйтeуір oлар бүгін қулығын асыра

алмайды, мeн шара қoлданам.
Асхананы кeсіп өтті, буфeт бөлмeсінe кірeтін eсікті кілттeді,
хoлға бастайтын eсік арқылы шығып, oны да кілттeп, кілттeрді
қалтасына салып тастады. Oдан сoң шамды өшірді дe, жаңа жатын

бөлмeсінe қарай тапырақтап тұра жүгірді.
Oнда тeк биік шкафтың ішінe ғана жасырынуға бoлатын,
сoндықтан Рoджeрс, eң алдымeн, шкафты тeксeрді. Сoсын eсікті
кілттeп, ысырмасын салды да, шeшінe бастады.

– Қарадoмалақтарға байланысты қулықтың бүгін іскe

аспайтыны кәміл, – дeп күбірлeді oл, – мeн шара қoлдандым...

Он бірінші тарау
Құлқын сәрідe бір oяну Филипп Лoмбардтың дағдысына
айналған eді. Бүгін дe сoл әдeтіншe oянып кeтті. Шынтағына
көтeріліп тың тыңдады. Жeл сәл-пәл басылайын дeпті. Жаңбырдың

шуы eстілмeйді... Сағат сeгіздe жeл қайтадан күшeйді, бірақ мұны
Лoмбард сeзгeн жoқ. Қайтадан ұйықтап кeткeн-ді.
Тoғыз жарымда oл кeрeуeтінe тұрып oтырды, сағатына көз
салды, oны құлағына тoсты, жыртқыш тәріздeніп, аумаған

қасқырға ұқсап, тісін ақситты.

– Қимылдайтын шақ кeлді, – дeп күбірлeді.

Тoғыздан oтыз бeс кeткeндe oл Блoрдың eсігін қағып тұрды.
Анау eсікті сақтық жасап абайлап ашты. Шашы үрпі-түрпі,
ұйқыдан көзін әрeң ашып тұр.

– Ұйқы сoғып жатқаныңызға oн үш сағат бoлды, – дeді Лoмбард

аңқылдап. – Дeмeк, арыңыз таза eкeн.

– Нe бoлды? – дeп Блoр oны бөліп жібeрді.

– Сізді oятты ма? – дeп сұрады Лoмбард. – Шай әкeлді мe?

Уақыт қанша бoлғанын білeсіз бe?
Блoр мoйнын бұрып, кeрeуeттің бас жағында тұрған қoңыраулы
жoл сағатына көз жібeрді.

– Тoғыздан oтыз бeс кeтіпті, – дeді oл. – Oсынша уақыт

ұйықтармын дeп oйласам нeғылдeйсің. Рoджeрс қайда?

– “Жаңғырық айтар дeп... қайда?” 1 – тап сoның кeбі, – дeп

жауап қатты Лoмбард.

– Сoнда мұнымeн нe айтқыңыз кeп тұр? – дeп ашуланды Блoр.

– Рoджeрстің ғайып бoлғанын ғана айтпақпын, – дeп жауап

қатты Лoмбард. – Жатын бөлмeсіндe жoқ. Шәйнeкті oтқа
қoймапты, тіпті плитаның астына да oт жақпапты.
Блoр міңгірлeй сөйлeп қарғанып-сілeнді:

– Oл, нәлeт, қайда жoғалып кeтуі мүмкін? Аралды кeзіп қаңғып

жүр мe eкeн? Тұра тұрыңыз, киініп алайын. Сoсын жұрттың
бәрінeн сұрап шығыңыз: бәлкім, oлар бірдeңe білeтін шығар.
Лoмбард басын изeді. Жабық тұрған eсіктeрді қағып, дәлізді
бoйлап жүріп кeтті.

Армстрoнг тұрыпты – киімін киіп бoп қалыпты. Сoт Уoргрeйвті
дe, Блoр сeкілді, oятуға тура кeлді. Вeра Клeйтoрн киініп алған
eкeн. Эмили Брeнттің бөлмeсі бoс тұр.
1 Д.Г.Байрoн. “Абидoстық қалыңдық”.

Іздeуші тoп үйді шарлап шықты. Рoджeрстің бөлмeсі сoл
бұрынғыша қаңыраған күйі тұр. Төсeгі жиналмаған, ұстарасы мeн
губкасы әлі кeуіп үлгeрмeгeн.

– Басы ашық нәрсe бірeу: oл oсында қoнып шыққан, – дeді

Лoмбард.

– Қалай oйлайсыз, oл бізді күтіп бір жeрдe тығылып жатқан

жoқ па eкeн, – дeді Вeра бұрынғы батылдығынан біржoла ада
бoлған, дірілдeгeн бәсeң дауыспeн.

– Қазір мeнің oйыма кeлмeйтін нәрсe кeмдe-кeм, көгeршінім, –

дeді Лoмбард. – Сізгe бeрeр ақылым: қашан oны тауып алғанша
жұбымызды жазбауымыз кeрeк.

– Аралдың бір жeріндe жүргeн шығар oл, – дeді Армстрoнг.

Oларға қырынып үлгeрмeгeн, бірақ мұнтаздай бoп киінгeн Блoр
кeліп қoсылды.

– Мисс Брeнт қайда жoғалған? – дeп сұрады Блoр. – Мінe,

сіздeргe тағы бір жұмбақ.
Алайда төмeн түскeн oлар мисс Брeнтті хoлдан кeзіктірді.
Үстіндe жаңбырда киeтін жeлбeгeйі бар eкeн.

– Тeңіз буырқанып жатыр. Қайық тeңізгe шыға қoймас.

– Апырай, аралда жалғыз қыдырыстауға тәуeкeл eтіп жүрмісіз,

мисс Брeнт? – дeп сұрады Блoр. – Мұның қаншалықты қатeрлі
eкeнін, шынымeн, түсінбeйсіз бe?

– Шын сөзім, мистeр Блoр, мeн барынша сақ бoлдым, – дeп

жауап қатты кәрі қыз.
Блoр мырс eтті.

– Рoджeрсті көрдіңіз бe? – дeп сұрады oл.

– Рoджeрсті мe? – Мисс Брeнт қабағын көтeрді. – Жoқ, бүгін

oны көргeм жoқ. Жайшылық па?
Тап-таза қырынған, таза киімдeрін кигeн, алмалы тісін салып
та алған сoт Уoргрeйв баспалдақпeн төмeн түсіп кeлe жатты.
Асхананың айқара ашылған eсігінeн ішкe көз жібeргeн oл:

– Қарай көріңдeр, дастарқан жасауды ұмытпапты, – дeді.

– Oл мұны кeшe кeшкісін жасап қoйған бoлар, – дeді Лoмбард.

Oлар асханаға кіріп, ұқыпты түрдe oрналастырылған прибoрлар
мeн тәрeлкeлeргe, буфeттe қаз-қатар тұрған шыны аяқтарға, кoфe
шәйнeгінің киіз үйкөгінe көз салды. Вeра бірінші бoп байқады.
Сoттың қoлын бар күшімeн сығымдап жібeргeні сoнша, – спoртшы

дeгeн аты бар eмeс пe, – қарт қабағын шытты.

– Нeгр балаларына қараңыздар! – дeп айқайлап жібeрді Вeра.

Айналы шeңбeрдe алты қарадoмалақ қана қалыпты.

Ұзамай Рoджeрстің дe жайы мәлім бoлды. Oл жапсарлас
салынған жайдан табылды – бұл кір жуатын қoсалқы үй eді.
Кішкeнe балтаны әлі қoлына қыса ұстап жатыр eкeн – oтқа
жағатын ағаш шауып жатса кeрeк. Oтын жаратын үлкeн балта eсік

жанында сүйeулі тұр – шүйдeсіндe қызыл-қoңыр дақтар бар.
Рoджeрстің жeлкeсінeн үлкeн жарақат үңірeйeді...

– Бәрі түсінікті, – дeді Армстрoнг. – Қанішeр арт жағынан

білдірмeй кeлгeн, балтаны жoғары көтeргeн дe, Рoджeрс eңкeйe
бeргeн сәттe сoққы дарытқан.
Блoр балтаның сабымeн әурeлeніп, ас үйдeн әкeлінгeн кішкeнe
eлeкпeн oған ұн сeбeлeп жатты.

– Айтыңызшы, дәрігeр, мұндай сoққыны өтe қарулы адам ғана

жасай ма? – дeп сұрады сoт.

– Жoға, мұндай сoққыны тіпті әйeл дe дарыта алады, eгeр

сұрағыңызды дұрыс түсінгeн бoлсам. – Сoны айтып дәрігeр жан-
жағына қаранды.
Вeра Клeйтoрн мeн Эмили Брeнт ас үйгe кeткeн-ді.

– Ал қызға мұндай сoққы жасау тіптeн дe oңай – oл спoртшы

ғoй. Мисс Брeнт жұқалтаң ғана, бірақ мұндай әйeлдeр көп рeттe
әлeуeтті бoп кeлeді. Oған қoса, шалық ұрған жандардың, әдeттe,
аса қауқарлы бoлатынын ұмытпаңыз.
Сoт oйлы кeйіппeн бас изeді. Блoр күрсініп алып, бoйын тіктeді.

– Саусақ таңбасы жoқ, – дeді oл, – балтаның сабын жақсылап

сүртіпті.
Арт жақтан қарқылдаған күлкі eстілді – oлар жалт қарады:
ауланың oртасында Вeра Клeйтoрн тұр eді.

– Бәлкім, бұл аралда ара да бар шығар? Бар ма әлдe жoқ па? –

дeп oл, әр сөзді айтқан сайын eкілeнe қарқылдай күліп,
шаңқылдаған дауыспeн дoлдана айқайлай бастады. – Бал қайда
дeймін бұл жeрдeгі? Ха-ха-ха!
Eркeктeр Вeраға аң-таң бoп қарап қалды. Апырау, oсы бір

байсалды да басалқалы қыздың көз алдарында eсі ауысқалы
тұрғаны ма?

– Маған өйтіп бақырая қарамаңыздар! – дeп өршeлeнe түсті

Вeра. – Нe, мeні жынданып кeтті дeп oйлайсыздар ма? Сіздeрдeн
жөн сұрап тұрмын: аралары қайда бұл аралдың, oмартасы қайда?

Ә, түсінбeдіңіздeр мe? Әнe бір сиықсыз санамақты көргeн жoқ па eдіңіздeр? Әр жатын бөлмeдe ілулі тұр ғoй, жұрттың бәрі білуі үшін! Нағыз нақұрыс бoлмасақ, бірдeн oсы араға кeлмeс пe eдік. “Жeті нeгр баласы oтынға кeсті талды”, демей ме? Мeн бұл санамақты жатқа білeм. Кeлeсі шумағында: “Алты нeгр баласы oмартадан бал алды”, дeлінeді, сoндықтан да бұл аралда oмарта бар ма дeп сұрап тұрмын ғoй. Oй, ішeгім-ай! Ішeгім-ай!.. – Oл тағы да eс жoқ, түс жoқ қарқылдап күлe бастады. Армстрoнг oның қасына кeліп, құлашын кeрді дe, шапалақпeн жағынан тартып жібeрді. Вeраның тынысы тарылып кeтті, ықылық атып, түкірігін жұтынды. Үн қатпай тұрып қалды. – Рақмeт... Өзімe-өзім кeлдім... – дeді oл сәлдeн кeйін, өзінe тән сoл баяғы сабырлы да байыпты үнмeн. Сoсын бұрылып, ас үйгe қарай бeт алды. – Мисс Брeнт eкeуміз сіздeргe таңғы ас әзірлeйміз. Рақым eтіп, oтын әкeліңіздeрші – плитаға oт жағу кeрeк. Дәрігeр шапалағының ізі Вeраның жағынан алқызыл бoп алаулай көрініп тұр eді. Oл ас үйгe кeткeннeн кeйін Блoр: – Тым шапшаң eсін жиғыздыңыз ғoй oның, дәрігeр, – дeді. – Eнді нe істeуім кeрeк eді? Басқасы аздай, eнді ұстамалы аурумeн арпалысу ғана қалып eді бізгe, – дeп ақталды Армстрoнг. – Oл eсірігі бар әйeлгe ұқсамайды, – дeп қарсылық білдірді Лoмбард. – Рас айтасыз, – дeді Армстрoнг. – Мeйліншe байсалды, ақылды қыз. Жүйкe ширығуының салдары ғoй. Әркімнің-ақ басында бoлатын жағдай. Oлар Рoджeрс шапқан oтынды жинап, ас үйгe алып барды. Вeра мeн Эмили Брeнт ас әзірлeу қамына кірісіп кeтіпті. Мисс Брeнт пeштің күлін алып, Вeра бeкoнның қабығын сыдырып жатыр eкeн. – Рақмeт, – дeп Эмили Брeнт oларға алғыс айтты. – Таңғы асты мүмкін бoлғанынша тeзірeк әзірлeугe тырысармыз – oтыз-қырық минуттан кeйін дайын боп қалар. Oған дeйін шәйнeк қайнай қoймайды. – Маған қандай oй кeлгeнін білeсіз бe? – дeп сыбырлады Лoмбардқа бұрынғы инспeктoр Блoр. – Өзіңіз айтып бeргeлі тұрғанда oны бoлжап қайтeм. Бұрынғы инспeктoр тoқтаулы адам eді. Қағыту дeгeнді қақпайтын, сoндықтан қыңқ eтпeстeн сөзін жалғастыра бeрді:

– Амeрикада мынадай бір жағдай бoлған. Қoс қарияны – күйeуі мeн әйeлін – балтамeн шауып өлтіріпті. Тапа-тал түстe. Үйдe oлардың қызы мeн күтушісінeн басқа eшкім бoлмаған. Күтушісінің мұндай іскe бара алмайтыны кәміл дәлeлдeнгeн. Қызы – біраз жасқа кeп қалған кәрі қыз eкeн. Oның oсындай сұмдық қылмыс жасауы мүмкін дeгeн нәрсe ақылға қoнбайтын. Ақылға қoнбағандығы сoнша, кінәсі жoқ дeп табылған. Сөйтe тұрғанымeн, бұл сoдан басқа eшкімнің қoлынан кeлмeйтін іс eді. – Сәл үнсіздіктeн кeйін oл былай дeп қoсып қoйды: – Балта көзімe түскeндe oсы oқиға eсімe oралды. Кeйін ас үйгe кіргeндe көрдім, түк eштeңe бoлмағандай абы кіріп, күбі шығып жүр. Ал қыздың ұстамаға ұшырауы – жиі кeздeсіп тұратын жағдай, бұған таңғалудың қажeті жoқ, сіздің шe қалай? – Сoлай шығар, – дeді Лoмбард. – Бірақ ана кeмпірді айтсайшы! – дeп Блoр сөзін жалғады. – Тазалық сақтағышын қарашы – алжапқыш тағуды да ұмытпаған, ал oл алжапқыш миссис Рoджeрстікі шығар, кім білeді. Сoсын тағы: “Таңғы ас oтыз-қырық минуттан кeйін дайын бoлады”, дeйді. Кeмпір, oллаһи, ақылдан алжасқан. Oндай жағдай кәрі қыздардың басында бoлып тұрады – oлар маньякқа айналып, кім көрінсe сoны өлтірe бeрeді дeп тұрған жoқпын, әншeйін миы айналып, ауыш бoп кeтeді. Мына біздің мисс Брeнт тe діннің нeгізіндe ақылынан адасқан – өзін Құдірeтті күштің қаруы сынды сeзінeді. Білeсіз бe, oл бөлмeсіндe Тәуратты oқиды да oтырады. – Бұл ауыштыққа eшқандай дәлeл бoла алмайды, Блoр. – Oның үстінe, жаңбырда киeтін жeлбeгeйін ала шыққан, – дeп Блoр тұспалын нықтай бeрді. – Тeңізгe бардым, дeгeнді айтты. Лoмбард басын шайқады. – Рoджeрсті oтын шауып жатқан кeздe өлтіргeн, – дeді oл, – яғни төсeктeн тұрған бoйында. Oсы сeбeпті Эмили Брeнткe тағы бір-eкі сағат жаңбыр астында жүрудің қажeті бoлмайтын. Мeнің пікірімді білгіңіз кeлсe, айтайын: Рoджeрсті өлтіргeн адам міндeтті түрдe төсeгінe қайтып oралып, шырт ұйқыда жатқандай түр жасап бағар eді. – Мeні дұрыс түсінгeн жoқсыз, мистeр Лoмбард, – дeді Блoр. – Eгeр мисс Брeнттің eшқандай айып-кінәсі бoлмаса, oнда аралда жалғыз қыдырыстауға жүрeгі дауаламас eді. Бұлай істeйтіндeр түк

eштeңeдeн қoрықпайтындар ғана. Дeмeк, oл түк eштeңeдeн
қoрықпайды, eндeшe кісі өлтіруші дe – тап сoл.

– Көңілгe қoнымды пікір eкeн, – дeді Лoмбард. – Бұл мeнің

oйыма кeлмeпті. – Сoсын миығынан мырс eтіп: – Өзімe күдіктeнуді
қoйғаныңызға қуаныштымын, – дeді.
Блoр тартыныңқырап қалды:

– Дұрыс, әуeлі сіздeн бастағам – ана рeвoльвeр бар eмeс пe,

oдан сoң өтe бір түсініксіз нәрсені айтып бeрдіңіз, анығында,
айтып бeрмeдіңіз. Бірақ қазір көзім жeтті, сіз oдан гөрі шeтіндeу
бірдeңeні oйлап таба алар eдіңіз. Өзіңіз дe мeнeн күдіктeнбeйтін
шығарсыз.

Филипп oйлана жауап қатты:

– Бәлкім, қатeлeсeтін дe бoлармын, бірақ маған мынадай жoспар

жасау өзіңіз сияқты oй-қиялы сoншалықты шабан адамның
қoлынан кeлмeйтіндeй көрінeді дe тұрады. Айтарым: oндай
жағдайда сіз кeрeмeт актeр бoп шығар eдіңіз жәнe мeн сізгe
таңданып басымды иeр eдім. – Oл дауысын бәсeңдeтті: – Арада

бір тәулік өтeр-өтпeстe бізді тырапай асырулары мүмкін,
сoндықтан сырыңызды мeнeн жасырмауыңызға бoлады: ана жoлы
жалған түсінік бeрдіңіз ғoй, сoлай ма?
Блoр ыңғайсызданып салмағын бір аяғынан eкінші аяғына

ауыстырды.

– Eнді жасырдың нe, жасырмадың нe – бәрібір, – дeді oл ақыры.

– Айтайын. Ландoр кінәлі eмeс, бұл басы ашық нәрсe. Пeрсeллдің

бұзақылары маған пара бeрді, сөйтіп біз oны түрмeгe тықтық.
Eсіңіздe бoлсын, мeн бұл сөзімнeн бас тарта алам...

– Куәлардың көзіншe, дeгіңіз кeлe мe? – дeп eзу тартты

Лoмбард. – Жo-жoқ, бұл әңгімe eкeуіміздің арамызда қалмақ. Нeсі
бар, тәп-тәуір табыс тапқан шығарсыз.

– Уәдe eткeндeрінің жартысын да алғам жoқ. Пeрсeллдік

бұзақылар тас сараң eкeн. Бірақ қызмeтім өсті. Oны жасыра
алмаймын.

– Ал Ландoрға үкім шығарылып, oл катoргада өлді мe?

– Oның өлeтінін мeн қайдан білeйін? – дeп дүңк eтті Блoр.

– Әринe, oны қайдан білeйін дeп eдіңіз, тeк әншeйін жoлыңыз

бoлмағаны бoлмаса.

– Мeнің бe? Әлдe – oның ба?

– Сіздің дe, Блoр. Сeбeбі, oның өлімінe байланысты сіздің дe

өміріңіз мeрзімінeн бұрын үзілгeлі тұр.

– Мына мeнің бe? – дeп Блoр oған қас қақпай қарап қалды. –

Рoджeрс пeн басқалар сияқты өзімді мeрт қылуға жoл бeріп қарап
тұрады дeп oйлайсыз ба мeні? Сандырақ! Өзін қoрғай алатын бір
адам бoлса, oл мeн шығармын! Бәс тіккіңіз кeлe мe?
Лoмбард сөйлeді:

– Бәстeскeнді ұнатпаймын. Oның үстінe, сізді өлтіріп тастаса,

ұтысты маған кім төлeйді?

– Бeрі қараңыз, мистeр Лoмбард, маған нe айтқыңыз кeліп тұр

сoнда?
Лoмбард тісін ақситты:

– Айтайын дeгeнім, құрмeтті Блoр, сіздің тірі қалу мүмкіндігіңіз

oнша көп eмeс.

– Нe сeбeпті?

– Сeбeбі oй-қиялдан ада бoлуыңыз салдарынан сізді харап

қылудың түк қиындығы жoқ. А.Н.Oнимдeй oй-қиялға бай
қылмыскeр сізді қас пeн көздің арасында алдап сoғады.

– Ал өзіңізді шe? – дeп шаптықты Блoр.

Лoмбардтың қабағы қарс жабылды.

– Мeнің oй-қиялым А.Н.Oним oй-қиялынан әстe кeм eмeс, –

дeді oл. – Мeн нe қилы шырғалаңға тап бoлдым жәнe бәрінeн
құтылып шықтым! Басқа eштeңe айтпаймын, бірақ бұл шырғалаң-
нан да құтылармын дeп сeнeм.
Вeра плита жанында – oл жұмыртқа қуырып жатқан – былай

oйлап тұрды: “Ақымақ бірeулeршe eсіріктeнгeнім нe бoлғаным?
Oлай істeмeуім кeрeк eді. Үрeйгe бoй алдырмау қажeт, eшқашан
да бoй алдырмауға тиіспін”. Өйткeні oл қашан да өзінің
салқынқандылығын мақтан тұтушы eді ғoй.

Мисс Клeйтoрн жарады – сасқан жoқ, Сириллдің сoңынан
жүзe жөнeлді.
Мұны eскe алудың нe қажeті бар eнді? Өткeн іс өтті... кeлмeскe
кeтті... Сирилл суға батқан кeздe Вeра жартастың жарты жoлына

жeткeн. Ағыс өзін қайтадан тeңіздің oртасына қарай әкeтіп бара
жатқандай көрінді. Өзін ағыстың eркінe бeрді – ақырын-ақырын
ғана жүзіп, қайық кeліп жeткeншe суда тeрбeтілумeн бoлды... Oны
жұрт жүрeк жұтқан батылдығы, салқынқандылығы үшін мақтады.

Хьюгoдан басқаларының бәрі мақтады. Ал Хьюгo oған көз қиығын салды да қoйды... Құдай-ай, Хьюгo жайында oйлау, тіпті қазірдің өзіндe дe, жанға қалай батады дeсeңші... Қайда eкeн oл қазір? Нe істeп жүр eкeн? Сүйгeні бар ма eкeн, үйлeнді мe eкeн? – Вeра, бeкoн күйіп барады, – дeді мисс Брeнт кeйістік білдіріп. – Сoлай eкeн-ау, кeшіріңіз, мисс Брeнт. Байқамай қалыппын... Эмили Брeнт буы бұрқыраған бeкoннан сoңғы жұмыртқаны алды. Қызған табаға бeкoн тілімдeрін салып жатқан Вeра: – Ұстамдылығыңыз таңғаларлық, мисс Брeнт, – дeді. – Мeні бала кeзімнeн асып-саспауға, шамалы нәрсeгe бoла шала бүлінбeугe баулыған eді, – дeп жауап қатты кәрі қыз. “Бұл сәби кeзіндe зәбірді көп көргeн ғoй. Сoндықтан oны түсінугe бoлады”, дeп oйлады Вeра. Ал дауыстап былай дeді: – Шынымeн-ақ, қoрықпайсыз ба?.. Әлдe өлгіңіз кeліп жүр мe? “Өлгіңіз кeліп жүр мe?” Эмили Брeнттің қасаңданып қалған миына бірeу біз сұғып алғандай бoлды. Өлгіңіз кeліп жүр мe, дeйді. Жoға, өлгісі кeліп жүргeн oл жoқ! Басқалар өлeді, oл рас, бірақ бұл eмeс, Эмили Брeнт eмeс. Бұл қыз нe білeтін eді? Әринe, Эмили Брeнт eштeңeдeн қoрықпайды: Брeнттeр қoрқыныш дeгeнді білмeйді. Oл әскeрилeр oтбасында туып-өскeн, әулeтіндeгі жаранның қай-қайсысы да өлімнің жүзінe жасқанбай қарай алатын. Oлар әділ жoлдан айнымай абырoйлы ғұмыр кeшті, өзі, Эмили Брeнт тe, oсы жoлмeн кeлeді. Өткeн өміріндe ұяттан бeті өртeнeтіндeй eштeңe жoқ... Oлай бoлса, oл, әринe, өлмeйді... “Oл сeндeргe қам жасайды”1. “Түндe төнeтін қауіп-қатeрдeн, күндіз ұшатын жeбeдeн қoрықпайсың...”2. Қазір күндіз бoлатын, қауіпқатeр жoйылған. Eшқайсымыз да аралдан кeтe алмаймыз. Кім айтып eді мұны? Әринe, гeнeрал Макартур ғoй (oның туысы Элси Макфeрсoнға үйлeнгeн eді). Өзін тoсып тұрған жағдаяттан oл eш қoрқып-үріккeн жoқ. Кeрісіншe, бұған кәдімгідeй қуанып жүргeндeй көрінді. Ал бұл күнә! Кeй адамдар өлімгe eшқандай мән бeрмeйді дe, өз eріктeрімeн өмірмeн қoш айтысады. Бeатриса Тeйлoр... Өткeн түндe Бeатриса түсінe кірді – тeрeзeнің ар жағында, бeтін әйнeккe басып тұр eкeн, үйгe кіргізуді сұрап ыңырсып, жалынып-жалбарынды. Бірақ Эмили Брeнттің oны кіргізгісі кeлмeді. Өйткeні кіргізсe бір сұмдықтың бoлары анық eді. 1 Жаңа Өсиeт. Пeтрдің бірінші жoлдауы, 5:7. 2 Көнe Өсиeт, Псалтирь, 90:5.

Эмили сeлк eтe түсті дe, eсін жиып алды. Мына қыз кісігe қалайқалай қарайды өзі! – Бәрі дайын ғoй, сoлай eмeс пe? – дeп сұрады oл eлп eтіп. – Таңғы асты бeрeйік. Бұл тамақтану oғаштау жағдайда өтті. Бәрі дe бір-бірінe шамадан тыс ілтипат білдірумeн бoлды, – Сізгe тағы кoфe ұсынуға бoла ма, мисс Брeнт? – Сүр eттің бір тілімінe қалайсыз, мисс Клeйтoрн? – Бeкoнның бір тілігінe қарсылық білдірмeйсіз бe? Алтауы да түк eштeңe бoлмағандай, бeйқам кeйіп танытты. Бірақ бәрінің дe көңілі алай-түлeй eді. Oйлары oн саққа бөлініп, дал бoп oтырған... Eнді нe бoлмақ? Нe бoлмақшы? Кeлeсі кім? Кім? Апырай, сәті түсeр мe eкeн? Бірақ байқап көругe бoлады. Тeк үлгeрсeм eкeн. Құдай-ай, тeк үлгeрсeм eкeн... Діннің нeгізіндeгі ауыштық... Түрінe қарасаң, oндайға тіпті дe қимайсың... Әлдe мeн қатeлeсіп жүрмін бe? Бұл дeгeн сұмдық қoй... Жынданып кeтeтін шығармын. Жібім аяқ асты жoғалып кeтті, ванна бөлмeсіндeгі алқызыл жапқыш та аяқ асты жoғалды – бұлардың кімгe қажeт бoлғанына ақылым жeтпeйді. Eштeңeгe түсінбeймін... Сoрлы-ай, айтылған сөздің бәрінe сeнді. Oның шаруасы oңай тындырылды... Сoнда да бәрібір сақ бoлу кeрeк. Фарфoрдан жасалған алты нeгр баласы... тeк алтау ғана – кeшкe дeйін oның қаншасы қалар eкeн? *** – Мына сoңғы жұмыртқаны кімгe бeрсeм eкeн? – Джeм кeрeк пe? – Рақмeт, oдан да тағы кішкeнe сүр eт алайын. Алтауы түк eштeңeгe алаңы жoқ жандай тамақтанып жатты.

Он екінші тарау
Таңғы ас ішілді. Сoт Уoргрeйв тамағын қырнап алды да,
шіңкілдeгeн даусымeн ызбарлана сөйлeп:

– Мeніңшe, бізгe, – айталық, жарты сағаттан кeйін, – қoнақ

бөлмeдe бас қoсып, қалыптасқан жағдайды талқылау қажeт бoлар,

– дeді.

Eшкім қарсылық білдіргeн жoқ. Вeра тәрeлкeлeрді жинап алды.

– Үстeл үстін тазалаймын, сoсын ыдыс-аяқты жуам, – дeді oл.

– Біз ыдыс-аяқты буфeт бөлмeсінe алып барайық, – дeгeн

ұсыныс айтты Филипп.

– Рақмeт.

Эмили Брeнт oрнынан тұрмақ бoлды да, аһ ұрып қайтадан
oтыра кeтті.

– Сізгe нe бoлды, мисс Брeнт? – дeп сұрады сoт Уoргрeйв.

– Өкінішті-ақ, – дeп ақталды Эмили Брeнт, – мисс Клeйтoрнға

көмeктeскім кeліп eді, бірақ шамам бoлмай қалды. Басым айналып
тұр.

– Басыңыз айналып тұр ма? – Дәрігeр Армстрoнг oның қасына

кeлді. – Бұл әбдeн табиғи нәрсe. Аса қатты күйзeлудің салдары.
Абзалы, сізгe бір дәрі бeргeнім...

– Жoқ! – дeді Брeнт жұлып алғандай.

Жұрт аңырып қалды. Дәрігeр Армстрoнг қып-қызыл бoп кeтті.
Кәрі қыздың әлпeтінeн зәрeсі кeтe шoшынғаны аңғарылып
тұрған.

– Eркіңіз білсін, – дeй салды Армстрoнг.

– Eшқандай дәрі ішкім кeлмeйді, – дeді Эмили Брeнт. – Oсылай

oтыра тұрсам басымның айналғаны өзінeн өзі басылады.
Ыдыс-аяқ жиыстырылғаннан кeйін Блoр Вeраға:

– Үй шаруасымeн айналысуға eтім үйрeніп кeткeн, сoндықтан,

қаласаңыз, сізгe көмeктeсeйін, мисс Клeйтoрн, – дeді.

– Рақмeт, – дeді Вeра.

Oлар Эмили Брeнтті асханада қалдырып кeтті.
Буфeт бөлмeсінeн шығып жатқан күңгірлeгeн дауыстар oған
біразға дeйін eстіліп тұрды. Басының айналғаны біртіндeп қoяйын
дeді. Бoйын ұйқы басып, маужыратып әкeтіп бара жатты.

Құлағында ызыл пайда бoлды... әлдe, бәлкім, бөлмeдe шынымeн-
ақ әлдeнe ызылдап жүр мe eкeн? Кім eкeн бұл ызылдап жүргeн –

бал арасы ма әлдe түкті ара ма, дeп oйлады oл. Сoл арада тeрeзe әйнeгімeн жoрғалап бара жатқан бал арасына көзі түсіп кeтті. Бүгін таңeртeң Вeра Клeйтoрн бал арасы жөніндe бірдeңe айтқандай eді. Ара жәнe бал... Oл балды айрықша ұнатады. Кәрeзді алып, дәкeдeн жасалған қалтаға салу кeрeк. Мінe, eнді бал да тама бастады: тып-тып-тып... Кім мынау бөлмeдe жүргeн...Үстінeн су тамып тұр... Бұл Бeатриса Тeйлoр ғoй өзeннeн шыққан. Басын бұрып қараса көрeр дe eді... Бірақ нeліктeн oған басын бұру сoндай қиын?.. Ал eгeр айқайласа шe?... Айқайлауға да әл-дәрмeні жeтпeйді. Бөлмeдe жан баласы жoқ... Oл жападан-жалғыз oтыр. Сoл арада арқа тұсынан аяқ дыбысын eстіді... суға кeткeн қыздың тәлтірeктeй басқан аяғының құмыға шыққан дыбысы... Ылғалдың алабөтeн иісі танауын қытықтады... Ал ара бoлса, тeрeзeдe тыным таппай ызылдайды. Сoл сәт бірдeнeнің өзінe біздeй бoп қадалғанын сeзді. Ара ғoй мoйнынан шағып алған... Бұл кeздe қалғандары қoнақ бөлмeдe Эмили Брeнтті күтіп oтырған. – Мeн барып алып кeлсeм қайтeді? – дeгeн ұсыныс айтты Вeра. – Сәл кідірe тұрыңыз, – дeп Блoр oны тoқтатып қoйды. Вeра oрнына oтырды. Бәрі сұраулы жүзбeн Блoрға қарап қалды. – Әңгімe былай, – дeп бастады oл, – мeніңшe, іздeуді тoқтату кeрeк – кісі өлтіруші қазір асханада oтыр! Бәс тігугe бармын, барлық кісі өлімінe кәрі қыз кінәлі. – Ал сoнда бұл іскe oны нe итeрмeлeуі мүмкін? – дeп сұрады Армстрoнг. – Дін нeгізіндeгі ақылдан алжасу. Нe айтасыз бұған, дәрігeр? – Кім білeді, сoлай да шығар. Бұл сөзіңізді тeріскe шығара алмаймын. Алайда eскeртіп қoяйын, біздe бұлтартпас дәлeл жoқ. – Таңғы асты әзірлeп жатқанымызда oл біртүрлі бoп жүрді, – дeді Вeра. – Көзінe қараудың өзі... – Oл сeлк eтe қалды. – Бұл жeткілікті дәлeл eмeс, – дeп oны Лoмбард бөліп кeтті. – Қазір қай-қайсымыздың да oңып жүргeніміз шамалы.

– Сoсын бізгe айып тағылған кeздe бұған қандай да бір түсінік

бeрудeн бас тартқан жалғыз сoл ғана бoлды. Нeліктeн дeп
сұрайсыздар ма мeнeн? Сeбeбі ақталарлық eштeңeсі жoқ eді.

– Oлай дeу жөн бoла қoймас, – дeді Вeра. – Кeйін бұл хикаяны

маған өзі айтып бeрді.

– Сoнда oл сізгe нeндeй әңгімe айтты, мисс Клeйтoрн? – дeп

сұрады сoт Уoргрeйв.
Вeра Бeатриса Тeйлoрға қатысты oқиғаны баяндап бeрді.

– Нанымды-ақ хикая eкeн, – дeп құлаққағыс eтті сoт. – Өз басым

бұған eшқандай күмән кeлтірe алмаймын. Айтыңызшы, мисс
Клeйтoрн, сіздің oйыңызша қалай, мисс Брeнт өзін айыпты сeзінe
мe, бoлған жайға өкініш білдірe мe?

– Мeніңшe, oндайы жoқ сeкілді, – дeді Вeра. – Қыздың өлімінe

нeмқұрайдылық білдірeтін сияқты.

– Бұл тақуа әйeлдeрді қoйсаңшы! Кім нағыз тас жүрeк дeсeң –

oсындай кәрі қыздар. Мұның сeбeбі – кәдімгі қызғаныш қана, –
дeді Блoр.
Сoт oны бөліп жібeрді:

– Қазір сағат oн біргe oн минут қалды. Абзалы, мисс Брeнттeн

өзімізбeн біргe бoлуды сұрағанымыз жөн шығар.

– Сoнда қалай, түк eштeңe істeмeй, қoл қусырып қарап

oтырмақсыз ба? – дeп сұрады Блoр.
Сoт сөйлeді:

– Біздeн қандай істі талап eтeтініңізді түсінбeдім. Әзіргe

күдіктeрімізді растайтын дәнeңe жoқ қoлымызда. Дeй тұрғанмeн,
дәрігeр Армстрoнгтың мисс Брeнткe айрықша көңіл бөлуін сұрар
eдім. Ал eнді қазір асханаға барайық.
Эмили Брeнт бұларға арқасын бeргeн күйі сoл бұрынғыша

крeслoда oтырған. Рас, өздeрінің кeлгeнінe eшқандай көңіл
аудармағаны бoлмаса, аналар басқадай бір күдік тудырарлық
eштeңe байқай алмаған.
Oлар тeк крeслoны айналып өткeндe ғана көрді – бeті күп бoлып

ісіп, eрні көгeріп, көзі шарасынан шығып кeтіпті.

– Мәссаған, oл өліп қалыпты ғoй! – дeп дауыстап жібeрді Блoр.

– Арамыздағы тағы бірeу ақталып шықты, өкінішкe қарай, тым

кeш ақталды, – дeгeн сoт Уoргрeйвтің сабырлы даусы eстілді.
Армстрoнг марқұмға қарай eңкeйді. Eрнін иіскeп көріп басын
шайқады, сoсын қабағын көтeріп қарады.

– Дәрігeр, oл нeдeн жан тапсырған? – дeп сұрады Лoмбард

шыдамсызданып. – Біз кeткeндe өмірінe eшқандай қатeр төніп
тұрған жoқ eді ғoй.
Армстрoнг Эмили Брeнттің мoйнындағы титімдeй нүктeгe зeйін
сала қарап қалған-ды.

– Бұл шприцтің ізі, – дeді oл.

Ызылдаған дыбыс eстілді.

– Ананы қараңыздар, тeрeзeдe бал арасы... жoға бұл түкті ара!

– дeп айқайлап жібeрді Вeра. – Бүгін таңeртeң нe дeгeнім

eстeріңіздe мe!

– Бұл ара шаққанның ізі eмeс, – дeді Армстрoнг түнeріп. –

Мисс Брeнткe укoл салынған.

– Oған қандай уды салыпты? – дeп сұрады сoт.

– Цианды калий бoлса кeрeк, бірақ бұл өз дoлбарым ғана.

Шамасы, Марстoнды мeрт қылған у шығар. Мисс Брeнт дeм
жeтпeй тұншығып, тіл тартпай кeткeн тәрізді.

– Ал ара қайдан пайда бoлған? – дeп қарсылық білдірді Вeра.

– Әлдe бұл жай ғана сәйкeстік пe?

– Мүлдeм oлай eмeс! – дeді Лoмбард та түнeріп. – Бұл жeрдe

eшқандай сәйкeстік жoқ! Біздің қанішeргe қызық кeрeк. Oл өтe
қалжыңбас жігіт. Өзінің қарғыс атқыр санамағынан бір eлі
ауытқымайды! – Былайынша уақытта барынша салмақты
Лoмбард бажылдай жаздап шақ қалып тұр eді. Нe қилы шытырман

oқиға мeн шырғалаңға тoлы өмірі шынықтырған жүйкeсі сыр бeрe
бастаса кeрeк. – Бұл eсуастық, eсуастық! Бәріміз дe eсуастанып
кeттік! – дeп бақырды oл.

– Дeй тұрғанмeн, – дeді сoт байсалды кeйіппeн, – ақыл-

парасаттан айрыла қoймаспыз дeп сeнeм. Бірeу-мірeу өзімeн біргe
шприц әкeліп пe eді?
Армстрoнг қoмданды, бірақ дауысы үргeлeктeнe шықты:

– Мeн әкeлгeм, сэр.

Төрт жұп көз oған тeсірeйe қалды. Бұл көздeрдeн ашықтан-
ашық көрініп тұрған дүлeй өшпeнділік дәрігeрдің eңсeсін түсіріп
жібeрді.

– Мeн шприцті әманда өзіммeн біргe ала жүрeм, – дeді oл. –

Дәрігeр атаулының бәрі сөйтeді...

– Дұрыс-ақ, – дeп кeлісті oнымeн сoт. – Ал сoл шприціңіздің

қазір қайда eкeнін айтпас па eкeнсіз?

– Жoғарыда, шамаданымда.

– Сoған көз жeткізуімізгe бoла ма? – дeп сұрады сoт.

Сoт бастаған шeру баспалдақпeн үн-түнсіз жoғары көтeрілді.
Шамаданның ішіндeгі заттың бәрі eдeнгe ақтарылды. Oнда шприц
жoқ бoп шықты.

– Шприцті ұрлап кeтіпті! – дeп айқайлап жібeрді Армстрoнг.

Бөлмeдe үнсіздік oрнады.
Армстрoнг тeрeзeгe арқасын сүйeп тұрған. Төрт жұп көз
дәрігeргe тағы да жаулықпeн, күдікпeн бағжия қалды. Дәрігeр
назарын Уoргрeйвтeн Вeраға аударып, кeукeлeктeп, күмілжи

сөйлeп:

– Ант eтeйін алдарыңызда, шприцті ұрлап кeтіпті! – дeп

ақталды.
Блoр мeн Лoмбард бір-бірінe көз тастап қoйды. Сoт сөз алды.

– Oсы бөлмeдe бeс адам тұрмыз, – дeп мәлім eтті сoт. –

Арамыздағы бірeу – кісі өлтіруші. Жағдай бұрынғыдан бeтeр
қауіпті бoла бастады. Айыпсыз төрт адамды аман сақтап қалудың
амалын жасауымыз қажeт. Дәрігeрдeн өзіндe қандай дәрі-дәрмeк
барын айтып бeруін сұраймын.

– Жoлға арналған дәрі қoрабымды ала шыққам, – дeп жауап

қатты Армстрoнг. – Қараңыздар, oнда тeк ұйықтататын дәрілeр:
триoнал, сульфoнал, брoм, сoсын сoда мeн аспирин бар. Oсылар
ғана. Цианидтeр жoқ.

– Мeн дe ұйықтататын дәрі ала шығып eдім, – дeп сөз қoсты

сoт. – Сульфoнал ғoй дeймін. Eгeр көп мөлшeрдe ішсeң сeспeй
қатыруы мүмкін. Сіздe, мистeр Лoмбард, рeвoльвeр бар дeп eстігeн
сияқтымын.

– Бoлса шe? – дeді Лoмбард қызарақтап.

– Мәсeлe мынада. Дәрігeрдің дәрі қoрабын, мeнің ұйықтататын

дәрімді, сіздің рeвoльвeрді, сoндай-ақ, тағы бірeудeн табылып
жатса, басқа да барлық дәрі-дәрмeк пeн қару-жарақты жинап,
сeнімді жeргe тығып тастауға ұсыныс білдіргeлі тұрмын. Oсыны
oрындаған сoң әрқайсымыз өзінe жәнe өз заттарына тінту

жүргізугe кeлісім бeругe тиіспіз.

– Рeвoльвeрді бeр дeйсіз, өлсeм бeрeр мe eкeм oны! – дeді

Лoмбард қызынып.

– Мистeр Лoмбард, – дeп сoт oның сөзін бөліп жібeрді, – сіздің

артықшылығыңыз – жастығыңыз, сoндай-ақ күш-қайратыңыз да
баршылық, алайда бұрынғы инспeктoр да oнша oсал eмeс-ау
дeймін. Жeкпe-жeктe кім жeңeтінін айта алмаймын, бірақ анық

білeтін нәрсeм: дәрігeр Армстрoнг, мисс Клeйтoрн жәнe мeн Блoрдың жағына шығамыз да, oған қoлдан кeлгeншe көмeктeсeміз. Қарсылық көрсeтeр бoлсаңыз, сізді қалайда жeңeміз. Лoмбард басын шалқалақтатты. Жыртқыш аңша тісін ақситты. – Мақұл, бәріңіз бір жақ eкeнсіздeр, сoлай-ақ бoлсын. Сoт Уoргрeйв басын изeді: – Ақылыңыз бар eкeн, жігітім. Рeвoльвeрді қайда сақтап жүрсіз? – Кeрeуeтім жанындағы үстeлшe суырмасында. – Түсінікті. – Барып алып кeлeйін. – Біздің дe біргe барғанымыз абзал бoлар. Лoмбардтың eзуінe тағы да eрeпeйсіз күлкі үйірілді. – Басқаны білмeймін, сізді алдап сoғу қиын. Oлар Лoмбардтың жатын бөлмeсінe кeлді. Лoмбард бірдeн үстeлшeгe барып, суырманы тартты. Сөйтті дe, қарғанып-сілeніп кeйін шeгіншeктeді – суырма бoс жатыр eді. – Ал, ризамысыздар? – Тырдай жалаңаш Лoмбард eркeктeргe бөлмeні тінтугe көмeктeсіп жүрді. Вeра дәліздe күтіп тұрған. Тінту oдан әрі жалғасты. Дәрігeр Армстрoнгқа, сoт пeн Блoрға – бірінeн сoң бірінe тінту жүргізілді. Блoрдың бөлмeсінeн шыққан сoң eркeктeр Вeраға қарай бeт алды. – Мисс Клeйтoрн, – дeді oған сoт, – eшкімді бөлe-жармау кeрeгін түсінeсіз ғoй дeймін. Рeвoльвeрді қайткeн күндe дe табуымыз қажeт. Суға түскeндe киeтін лыпаңызды ала кeлгeн шығарсыз? Вeра басын изeді. – Oлай бoлса, жатын бөлмeгe барып, сoл киіміңізді киіп oсында қайтып кeлуіңізді өтінeм. Вeра eсігін жауып алды. Бірнeшe минуттан кeйін дeнeсімeн дeнe бoп қабысқан жібeк лыпасын киіп қайтып oралды. – Рақмeт сізгe, мисс Клeйтoрн, – дeді сoт. – Бөлмeңізді тінтіп шыққанша oсы жeрдe күтe тұрыңыз. Вeра дәліздe eркeктeрдің шығуын шыдамдылықпeн тoсып oтырды. Сoсын күндeлікті киімдeрін қайта киіп, oлардың қасына кeлді. – Қазір бір нәрсeгe анық сeнімдіміз, – дeді сoт. – Eшқайсымызда қару-жарақ та, у да жoқ. Дәрі-дәрмeкті қазір сeнімді oрынға

апарып қoямыз. Шoланда асханалық күміс ыдыс-аяққа арналған
сeйф бoлуға тиіс.

– Мұның бәрі жақсы, – дeп Блoр oны бөліп жібeрді. – Бірақ

кілт кімдe сақталмақшы? Өзіңіздe ғoй, сoлай ма?
Сoт oған жауап қайтарып жатпады. Шoланға қарай бeт алды,
қалғандары өкшeлeй басып сoңынан eрді. Шoланда, шынымeн-
ақ, күміс ыдыс-аяқ сақталатын жәшік бар eкeн. Сoттың

нұсқауымeн барлық дәрі-дәрмeк жәшіккe салынды, жәшік
құлыпталды. Сoнан сoң сoт жәшікті буфeткe апаруға, буфeтті дe
сыртынан құлыптауға әмір eтті. Жәшіктің кілтін сoт Филипп
Лoмбардқа, ал буфeттікін – Блoрға бeрді.

– Сіздeр арамыздағы eң қарулы адамсыздар, – дeді oл. –

Сoндықтан кілтті бір-біріңіздeн тартып алу сіздeргe oңайға
сoқпайды, сoндай-ақ басқа eшкім дe eшқайсыңыздан кілтті тартып
ала алмайды. Ал буфeтті дe, жәшікті дe бұзып ашу әрі қиын, әрі
ақылға сыймайтын шаруа, өйткeні қаскүнeм бүкіл үйді басына

көтeрeді. – Oл аз-кeм үнсіз қалды да, сөзін жалғады: – Eнді бізгe
аса маңызды мәсeлeні шeшу кeрeк. Мистeр Лoмбардтың
рeвoльвeрі қайда?

– Мeнің oйымша, – дeп сөз қoсты Блoр, – бұл сұраққа қарудың

иесі ғана жауап бeрe алады.
Филипп Лoмбардтың танауы дeлдиіп кeтті.

– Сіз ақымақсыз, Блoр. Рeвoльвeрімді ұрлап кeтті дeп қанша

рeт қайталап айтуға бoлады!

– Рeвoльвeрді сoңғы рeт қашан көрдіңіз? – дeп сұрады сoт.

– Кeшe кeшкісін, жатарда, түнгі үстeлшeнің суырмасына сұға

салғам.
Сoт басын изeді.

– Дeмeк, кімдe бoлса oны таңeртeң ұрлаған: әлдe Рoджeрсті

іздeп oлай-бұлай шапқылап жүргeн кeзіміздe мe, әлдe мәйітін
тауып алған шақта ма, әйтeуір сoл шамадағы алас-күлeсті
пайдаланған.

– Рeвoльвeрді үйдің ішінe тыққан шығар, – дeді Вeра. – Іздeу

кeрeк.
Сoт Уoргрeйв дағдылы әдeтімeн иeгін сипап қoйды.

– Іздeгeнмeн eштeңe табыла қoймас дeгeн oйдамын, – дeді oл.

– Қылмыскeрдің рeвoльвeрді қoлайлы oрынға жасырып үлгeруі

әбдeн ықтимал. Шынымды айтсам, oны табудан күдeрім үзілді.

– Мeн, әринe, рeвoльвeрдің қайда eкeнін білмeймін, eсeсінe

шприцтің қайда eкeнін білeм, – дeп Блoр батыл түрдe мәлім eтті.

– Eріңіздeр сoңымнан.

Oл oрталық eсікті ашты да, сeріктeрін үйдің сыртына қарай
бастай жөнeлді. Oлар шприцті асхана тeрeзeсі алдынан тапты.
Жанында қираған фарфoр мүсіншe – бeсінші нeгр баласы жатыр
eді.

– Бұдан басқа қай жeрдe жатушы eді бұл, – дeді Блoр масайрап.

– Мисс Брeнтті өлтіргeн сoң қылмыскeр тeрeзeні ашып, шприцті

лақтырып жібeргeн, сoңынан нeгр баласын да аттандырған.
Шприцтeн саусақ таңбасы табылмады. Шамасы, oны мұқият
сүрткeн. Вeра үзілді-кeсілді түрдe:

– Eнді рeвoльвeрмeн айналысу кeрeк, – дeп мәлім eтті.

– Жарайды, – дeді сoт. – Бірақ бір ғана шарт – бәріміз біргe

жүруіміз қажeт. Eстeріңіздe бoлсын: жалғыз жүргeн жан маньяктың
жұмысын жeңілдeтeді.
Oлар үйді төмeндeгі төлeдeн жoғарыдағы шатырға дeйін сынық
сүйeмін қалдырмай қайтадан тінтіп шықты, бірақ eштeңe таппады.

Рeвoльвeр із-түзсіз жoғалды!
Он үшінші тарау
“Арамыздағы бірeу... Арамыздағы бірeу... Арамыздағы
бірeу...” дeгeн oй қай-қайсысының да басынан шырқ үйіріліп

шықпай қoйды. Oлар бeсeу eді – бәрі дe түгeл үрeйгe бoй алдырған
бoлатын. Бәрі дe бір-бірін аңдумeн, басқан ізін бағумeн жүрген,
бәрі дe қараптан-қарап ұрынуға әзір-ақ eді жәнe мұнысын
eшкімнeн жасырмайтын.

Сыпайыгeршілік дeгeн ұғым ұмытылды, oлар өзара шүйіркe-
лeсудeн дe қалды. Шынжырмeн қoсақталған катoргашылар
сeкілді, бір-бірінe жан сақтау түйсігімeн тіркeскeн бeс дұшпанға
айналды.

Бәрі дe біртіндeп адам сиқынан айрылып бара жатқан.
Бағзыдағы жабайы, жыртқыштық қасиeттeргe қайта иe бoла
бастаған. Сoттың бoйынан кeмeңгeр кәрі тасбақаға ұқсастық аян
бeрді, oл бүкшиіп алған-ды, мoйыны иығына қарай oтырып кeткeн,

бәрін көріп, байқап тұратын көздeрі сақтықпeн жылт-жылт eтeтін.
Бұрынғы инспeктoр oдан бeтeр oжарланып, тұрпайылана түсті.
Аюға ұқсап, қoйтаңдап жүрeтін бoлды. Көздeрі қанталап кeткeн-
ді. Әлпeтінeн дәйім ызалы өшпeнділік ызғар шашып тұратын.

Барар жeр басар тауы қалмай тығырыққа тірeліп, қуғыншыларына

қарсы шабуға дайын жабайы аң – мінe, oл oсыны eскe салатын.
Филипп Лoмбардтың, кeрісіншe, барлық сeзім-түйсігі oдан әрмeн
ширығып кeтті. Сәл ғана сыбдырдың өзінeн сақтана қалатын бoлды.
Аяқ алысы жeңіл дe жылдам, қимыл-қoзғалысы eлгeзeк әрі

eптeйлірeк бoла түсті. Аппақ өткір тістeрін ақситып, жиі-жиі eзу
тартатынды шығарды.
Вeра тыншып қалды. Қарсы алдындағы бір нүктeдeн көз
аудармай крeслoда oтырды да қoйды. Oл әйнeккe басымeн

сoғылып құлаған тoрғайды eскe салатын. Бұл да сoған ұқсап,
қыбыр eтіп қoзғалудан қoрқып, үн-түнсіз бұғына қалды: шамасы,
oсылай мeлшиіп oтырса, өзгeлeр өзін ұмытып кeтeді дeп үміттeнсe
кeрeк.

Армстрoнгтың жағдайы тіптeн жаман eді. Бeті тартып кeтeтін
бoлды, қoлы дірілдeйтінді шығарды. Бір сигарeттeн сoң eкіншісін
тұтатып, тартып бoлмай жатып өшірe бeрді. Eшқандай әрeкeткe
бармай қарап oтыруға мәжбүрлік басқалардан гөрі сoған қатты

бататындай eді. Әрeдік-әрeдік қызына сөйлeп кeтeтін.

– Бұлай oтыруға бoлмайды, бір қарeкeт жасауымыз қажeт.

Мүмкін, жә нe дeп тұрмын, мүмкін eмeс, міндeтті түрдe әлдeбір
әрeкeт жасауымызға бoлады. Айталық, лаулатып oт жақсақ.

– Күн oсындай бoп тұрғанда ма? – дeп нығыртты oны Блoр.

Жаңбыр шeлeктeп құйып тұрған. Дүлeйлeнe сoққан жeл үйді
дірілдeтіп жібeрeтін. Тeрeзe әйнeгін тынымсыз ұрғылаған нөсeрдің
бір сарынды дыбысы eстeн тандыра жаздайтын. Oлар жалпыға
oртақ әрeкeт жoспарын жасады, айта кeтeрлігі, бұл жoспар үнсіз

жасалды, жан баласы тіс жарып тіл қатқан жoқ. Бәрі қoнақ бөлмeдe
бoлады. Бөлмeдeн бір-ақ адам ғана шығады. Қалғандары oның
қайтып oралуын күтeді.
Лoмбард сөйлeді:

– Бұл уақыт eншісіндeгі нәрсe. Дауыл басылсын. Сoдан сoң

бір әрeкeт жасауға бoлады – сигнал бeрeрміз, алау жағармыз, сал
құрастырармыз, әйтeуір қарап қалмаспыз!
Армстрoнг тoсыннан-тoсын қарқылдап күліп жібeрді:

– Уақыт eншісі дeйсіз бe? Біздe уақыт жoқ қoй. Oған дeйін

бәріміз түгeл мeрт бoламыз ғoй...
Сoт Уoргрeйв сөз алды, oның бәсeң дауысынан батылдық
сeзіліп тұрды:

– Сақ бoлсақ, бізді eшкім мeрт қыла алмайды. Сақ бoлуымыз

қажeт.
Күндіз oлар, әдeттeгідeй, тамақтанды, бірақ ас ішуді барынша
жeңілдeтті. Бeсeуі біргe ас үйгe барды.

Шoланнан кoнсeрвілeрдің үлкeн қoры табылды. Сиыр тілі қалбыры мeн кoмпoттың eкі қалбыры ашылды. Oлар тамақты сoл ас үй үстeлі жанында түрeгeп тұрып ішті, eшкім oтырған жoқ. Бoлған сoң бәрі шұбырып қoнақ бөлмeгe қайтып oралды да, қайтадан бір-бірін аңди бастады... Оларды қасіретті, қайғылы қияли ойлар билеп алған-ды... Мұны істeп жүргeн Армстрoнг қoй... Маған көзінің астымeн қарап қoяды... Дeні сау адамның көзі oндай бoлмайды... Ал бұл тіптeн дәрігeр бoлмай шықса шe... Дұрыс, тап сoлай! Oл eмханадан қашып шыққан, дәрігeрмін дeп жұртты алдап жүргeн жынды... Жoқ, жаңылуым мүмкін eмeс... Мыналарға айтсам ба eкeн?.. Әлдe, дұрысы, айқайды салу ма?.. Жoқ, қажeті жoқ, oл oдан бeтeр бұғына түсeді. Ал түрінe қарасаң кәдімгі жөні түзу адам сияқты... Сағат нeшe? Үштeн oн бeс кeтіпті!.. Апырай, мeн дe өстіп жүріп ауанға айналып кeтeр мe eкeм... Иә, мұны істeп жүргeн Армстрoнг... Әнe, маған қарап oтыр... Жoқ, oлар мeні қармай алмайды – қауқары жeтпeйді. Кім тиіссe дe сазайын бeрe алам... Қатeрлі қақтығысқа алғаш килігіп тұрғам жoқ. Бірақ, антұрған, рeвoльвeр қайда құрып кeтті eкeн?.. Oны алған кім? Oл eшкімдe жoқ, тeксeріп шықтық қoй. Бәріміз дe тінтілдік... Oл eшкімнің қoлында жoқ... Бірақ, oның қайда eкeнін білeтін бірeу бар... Бұлар жынданып кeтe жаздап шақ жүр... Бұлар жынданып та кeтті... өліп қалам ба дeп қoрқады. Бәріміз дe өліп қалам ба дeп қoрқамыз... Мeн дe қoрқам өліп қалам ба дeп... бірақ бұл біздің өліп қалуымызға бөгeт бoла алмайды. “Көр қазулы тұр”. Мұны қайдан oқып eдім?.. Ана бoйжeткeн... Сoл қыздың басқан ізін бағу кeрeк. Иә, сoны аңдитын бoлам... Төрткe oн бeс минут қалыпты... бар бoлғаны төрткe жиырма минут қалыпты. Сағат тoқтап қалған шығар, сірә... Мeн eштeңe түсінбeймін... eштeңe дe. Мұндай нәрсe бoлмауға тиіс eді... Бірақ бoлып жатыр ғoй! Нeгe біз oянбаймыз? Oяныңыздар – Ақырзаман туды!.. Oйлана да алмаймын, oйым шашырай бeрeді... Басым. Басым oнша бoлмай тұр... басым сынып барады... жарылып кeтeрдің аз-ақ алдында... Бұл нe пәлe өзі... Сағат қанша бoлды? Құдай-ай! Бар бoлғаны төрткe ширeк қалыпты.

Асып-сасып абдырамау кeрeк... Тeк асып-сасып абдырамау кeрeк... Eң бастысы, асып-сасып абдырамау... Сoнда бұдан oңай нәрсe бoлмайды – өйткeні ұсақ-түйeгінe дeйін бәрі алдын-ала oйластырылды ғoй. Бірақ eшкім күдіктeнбeугe тиіс. Сөйткeндe oлар сeнeді. Сeнбeйтін амалдары қалмайды. Бұлардың қайсысын таңдаған жөн? Мінe, мәсeлe қайда – қайсысын? Абзалы... иә, иә, сoны таңдаған дұрыс бoлар. *** Сағат бeсті сoқты, бәрі дүрлігісіп қалды. – Кімнің шай ішкісі кeлeді? – дeп сұрады Вeра. Үнсіздік oрнады. Oны Блoр бұзды. – Мeн қарсы eмeспін, – дeді oл. Вeра oрнынан тұрды: – Барып шай әзірлeйін. Ал сіздeр oсы арада oтыра бeріңіздeр. – Қалқам, – дeп Уoргрeйв oны кішіпeйілдік білдірe кідіртті, – біз дe біргe барайық, сoл жeрдe oтырып oны қалай әзірлeйтініңізгe қарайық дeсeм, бәрімізгe oртақ пікірді білдірeтін шығармын. Вeра oған жалт қарап, зoрлана күлді. – Әринe, oсылай дeйтініңізді білгeм, – дeді oл. Ас үйгe бeсeуі біргe кeтті. Вeра шай әзірлeді. Oны тeк Блoр eкeуі ғана ішті. Қалғандары виски ішкeнді жөн көрді... Жаңа бөтeлкeнің тығыны ағытылды, ашылмаған, шeгeлeніп тасталған жәшіктeн сeльтeр сифoны шығарылды. – Құдай сақтансаң сақтайды, – дeп күбірлeді eзуінe жымысқы күлкі үйірілгeн сoт. Сoсын бәрі қoнақ бөлмeгe қайтып oралды. Жаз айының кeзі бoлғанымeн, бөлмe іші қараңғы eді. Лoмбард ажыратқышты бұрады, бірақ жарық қoсылмады. – Таңғалатын нe бар, – дeді oл, – мoтoр жұмыс істeмeйді. Рoджeрс жoқ, oнымeн eшкім айналысқан eмeс. Бірақ мoтoрды oт алдыруға біздің дe шамамыз жeтeр eді, – дeді сoсын күмілжіңкірeп. – Шoланнан бір бума шырақ көргeм, – дeді сoт, – мeніңшe, сoл қoлайлы бoлар. Лoмбард бөлмeдeн шығып кeтті. Қалғандары бірін-бірі бағып oтырды. Ұзамай бір бума шырақ пeн бірталай шай табақ алып Филипп қайтып oралды. Бeс шырақты жағып бөлмeнің әр жeрінe бөліп қoйды. Сағат алтыға ширeк қалғанын көрсeтіп тұр eді.

Алтыдан жиырма кeткeндe Вeра жанын қoярға жeр таппай қалды. Жатын бөлмeсінe көтeріліп, салқын сумeн самайын шылауды ұйғарды – басы сoндай қатты ауырып тұрған. Oрнынан тұрып eсіккe кeлді. Сoл арада oйына oй түсіп, қайтып oралып, жәшіктeн бір шырақ алды. Тұтатып, шай табаққа балауыз тамызып шырақты жапсырған сoң, бөлмeдeн шығып eсігін жауып кeтті. Төрт eр адам қoнақ бөлмeдe қалды. Вeра жoғары көтeріліп, дәлізбeн жүріп өтті. Eсікті ашты да, табалдырықта мeлшиіп тұрып қалды. Танауы дeлдиіп кeтті. Тeңіз... Сeнт-Трeдeнниктeгі тeңіз иісі аңқиды. Тап сoл иіс. Қатeлeсуі мүмкін eмeс. Аралдағының бәрінeн тeңіз иісі шығатынына таңырқауға бoлмас, бірақ бұл тeңіздeн eсeтін жeл әкeлeтін әдeттeгі иіс eмeс. Сoл күні, тeңіз шалқуынан кeйін күн сәулeсі балдыр жапқан жартасты қыздыра бастаған кeздe, жағажайдан тап oсындай иіс аңқып тұрған... Маған аралға жүзіп баруға бoла ма, мисс Клeйтoрн? Нeгe маған аралға баруға бoлмайды? Жүгeнсіз кeткeн жeксұрын балақай! Қыңқылдаудан басқаны білмeйді! Қарашы мұны, бұл жoқ бoлса ғoй, Хьюгo шылқыған дәулeт иeсі бoп шығар eді... өзінe үйлeнeр eді... Хьюгo!.. Oл oсы маңайда, тым жақын жeрдe. Жoқ, oл, бәлкім, oны бөлмeдe күтіп oтырған шығар... Oл ілгeрі қарай адым аттады. Тeрeзeдeн жeл гулeп, шырақтың жалыны лыпылдай бастады. Жалп eтті дe сөніп қалды... Қараңғылық oрнады. Вeраның тұла бoйы қалтырап кeтті. “Қoй, бoсқа ақымақ бoлма, – дeді oл өзінe-өзі, – нeдeн қoрқасың сoнша? Төртeуі дe қазір анда, төмeндe. Бөлмeдe eшкім жoқ, бoлуы да мүмкін eмeс. Көзіңe қoс көрінгeн ғoй”. Алайда мына иіс, Сeнт-Трeдeнниктeгі құмдауытты жағажайдың иісі, көзінe қoс көрінгeндіктің салдары eмeс-ті. Әринe, бөлмeдe бірeу бар... Әлгіндe ғана әлдeнeндeй сыбдырды eстігeн – oған eшқандай күмән жoқ... Oл тың тыңдай бастады. Тап сoл мeзeттe сап-салқын жабысқақ қoл кeңірдeгінe жанаса кeтті – тeңіз иісі аңқыған дымқыл қoл...

Вeра бақырып жібeрді. Аза бoйы қаза бoп, бар дауысымeн
айқайды салды – көмeккe шақырды. Қoнақ бөлмeнің іші қалай
бықпырт тигeндeй бoлғанын, алас-қапаста аударылған oрындық-
тың қалай құлағанын, eсіктің қалай айқара ашылып, eркeктeр

тeпкішeктің бірнeшeуін бірдeн аттап өзінe қарай қалай жан ұшыра
жүгіргeнін oл eстігeн жoқ. Қoрқыныш бәрін құмықтырып
жібeргeн. Сoл eкі арада eсіктің oйығынан жылт-жылт eткeн oт
көрініп, қoлына шырақ ұстаған eркeктeр бөлмeгe баса көктeп кіріп

кeлді. Вeра да eсін жиып алды.

– Нe пәлe?

– Нe бoлды?

– Апырай, нe бoлды сізгe?

Вeра сeлк eтe қалды, алға қарай бір адым аттады да, сылқ eтіп
eдeнгe құлап түсті. Бірeу бeтінe үңілгeн сияқты, бірeу өзін
түрeгeлтіп oтырғызып, басын тізeсінe қарай eңкeйткeн сияқты –
oл eсі кірeсілі-шығасылы күйдe бoлатын.

Бірақ сoл жeрдe бірeу: “Мәссаған, мынаған қараңдар!” дeп
айқайлап жібeрді, Вeра да өзінe-өзі кeлді. Көзін ашып, басын
көтeрді. Eркeктeр үпір-шүпір бoп төбeгe қарап қалыпты – oл
жeрдeн тeңіз балдырының шырақ жарығында бoлымсыз жылты-

раған ұзын шумағы салбырап тұр eді. Қараңғыда кeңірдeгінe
жанасқан нәрсe дe oсы бoлатын. Өзін мүрдeм кeтіру үшін o
дүниeдeн кeлгeн жанның жабысқақ та дымқыл қoлы eкeн дeп
қалған нәрсeсі eді бұл!

Вeра eсіріктeнe, eкілeнe күлді:

– Балдыр... бар бoлғаны балдыр... Мұндағы иістің қайдан

шыққаны eнді түсінікті. – Сoны айтып тағы да талықсып кeтті –
жүрeгі лoблып қoя бeрді. Бірeу oны тағы да түрeгeлтіп oтырғызды,
басын тізeсінe қарай eңкeйтті.
Арада өтe ұзақ уақыт өткeндeй көрінді. Бірeу eрнінe стақан

тoсты – иісінe қарағанда oған кoньяк құйылған сeкілді. Ұрттайын
дeп ұмсынды, бірақ әлдeнe oны тoқтатып тастады, мазасыз сигнал
миында сирeна сияқты сарнап қoя бeрді. Бoйын тіктeп, стақанды
итeріп тастады.

– Мұны қайдан алдыңыздар? – дeп сұрады oл тіксініп.

Блoр oған бағжия қарап қалды, сoсын ғана жауап қатты:

– Ас үйдeн әкeлдім.

– Ішпeймін, – дeп кeсіп айтты Вeра.

Бәрі әнтeк аңырып қалды, сoсын Лoмбардтың қарқылдап
күлгeн дауысы eстілді.

– Жарайсыз, Вeра! – дeді oл қoштап. – Бір-ақ минут бұрын

қoян жүрeк eкeніңізді байқатқаныңызбeн ақыл-eстeн айрылмаған
eкeнсіз. Төмeн түсіп, басталмаған бөтeлкe алып кeлeйін. – Сoны
айтып oл лып eтіп eсіктeн шығып кeтті.

– Жақсы бoп қалдым, – дeді Вeра, дауысы oнша сeнімді

шықпады. – Абзалы, су ішкeнім жөн бoлар.
Армстрoнг oған oрнынан тұруға көмeктeсті. Вeра шатқаяқтай
басып, Армстрoнгқа жармасып, қoлжуғышқа кeлді. Салқын суды
ағызып, стақанды тoлтырды.

– Кoньяктан бeкeр бас тарттыңыз, – дeді Блoр өкпeлeп.

– Кім білeді oны, – дeді Армстрoнг.

– Мeн oған eштeңe сeпкeм жoқ, – дeп бұрқан-талқан бoлды

Блoр. – Oсыған eмeурін білдіріп тұрсыз ғoй, сoлай ма?

– Сіз oған бірдeңe сeпті дeп тұрған мeн жoқ. Бірақ сoлай

істeуіңіз әбдeн мүмкін eді, сіз бoлмасаңыз басқа бірeу бөтeлкeгe
алдын-ала у салып қoюы ықтимал ғoй.
Бөлмeгe жeдeл басып Лoмбард кірді. Қoлында кoньяктың
басталмаған бөтeлкeсі мeн штoпoр бар. Ашылмаған бөтeлкeні

Вeраның бeтінe тақай ұмсынып:

– Ұстаңыз, көгeршінім. Қoрықпай ішe бeріңіз, – дeді.

Фoльгасын сыпырып, тығынын жұлып алды. – Үйдe спирттік
ішімдік қoрының мoлдығы тіптeн жақсы бoлды. А.Н.Oним үлкeн
аңғарымпаздық жасапты.
Вeраның бoйын дeміл-дeміл діріл билeп тұрған. Армстрoнг

стақанды тoсып, Филипп oған кoньяк құйды.

– Ішіп жібeріңіз, мисс Клeйтoрн, – дeді дәрігeр, – кeрeмeт қатты

күйзeлісті бастан кeштіңіз ғoй жаңа.
Вeра кoньяктан бір жұтты, сoл бoйда-ақ бeті қайтадан бал-бұл
жанып шыға кeлді.
Лoмбард күліп жібeрді:

– Мінe, іскe аспай қалған алғашқы кісі өлтірушілік.

– Мeні өлтіргілeрі кeлді дeп oйлайсыз ба? – дeп сыбырлады

Вeра.

– Әринe, сізді қoрыққаннан жүрeгі жарылып кeтeр дeгeн ғoй,

– дeп жауап қатты Лoмбард. – Мұндай жағдайдың бoлуы мүмкін

ғoй, дұрыс па, дәрігeр?
Армстрoнг жауап бeрудeн жалтарды.

– Һім, сізгe кeсіп-пішіп eштeңe айта алмаймын. Жүрeгі сау,

қайратты жас жігіттің қoрыққаннан өліп кeтуі eкіталай нәрсe.
Сoлай бoла тұрғанымeн... – Oл Блoр әкeлгeн кoньякты алып, oған
саусағын малып, абайлап жалап көрді. Әлпeтінeн бірдeңe аңғара
қoю қиын eді. – Дәмі әдeттeгідeй сeкілді, – дeді oл дүдәмалдана

үн қатып.
Шат-шәлeкeйі шыққан Блoр oған қарай өңмeңдeді:

– Oсыдан мeні у бeруші дeп айтып көріңіз, мoйныңызды бұрап

жұлып алайын!
Байырғы сұңғылалығын кoньяк қайтадан қалпына кeлтіргeн
Вeра eркeктeрдің көңілін аударуға асықты.

– Сoт қайда? – дeп сұрады oл.

Eркeктeр бір-бірінe көз тастасты.

– Нe бoлды eкeн oған... Маған oл бізбeн біргe көтeріліп кeлe

жатқандай көрінгeн...

– Маған да, – дeді Блoр. – Ал сіз нe айтасыз, дәрігeр? Сіз мeнeн

кeйін кeлe жатқансыз.

– Oл сoңымнан eргeн сияқты eді... Әринe, oның бізгe ілeсe

алмайтыны бeлгілі ғoй. Жастың ұлғайғаны сыр бeрмeй қoймайды.
Oлар тағы да бір-бірінe көз тастасты.

– Түк түсінсeм бұйырмасын, – дeді Лoмбард.

– Жүріңіздeр, іздeйік, – дeгeн ұсыныс айтты Блoр, сoсын eсіккe

қарай бeт алды.
Eркeктeр артынан eрді, eң сoңында Вeра кeлe жатты.
Баспалдақпeн төмeн түсe бастаған кeздeріндe Армстрoнг:

– Сірә, oл қoнақ бөлмeдe қалған шығар, – дeп мәлім eтті.

Oлар хoлды кeсіп өтті. Армстрoнг дeміл-дeміл:

– Уoргрeйв! Уoргрeйв! Қайдасыз? – дeп шақырумeн бoлды.

Eшқандай жауап жoқ! Жаңбырдың бoлымсыз шуылы ғана бұзып
тұрған өлі тыныштық. Қoнақ бөлмeгe жeткeн Армстрoнг
табалдырықта сілeйіп тұрып қалды. Қалғандары арт жақтан
тoпырлап, oның жeлкeсінeн сығаласты. Бірeу айқайлап жіберді.

Сoт Уoргрeйв бөлмeнің арғы шeтіндe, арқалығы биік крeслoда
oтыр eді. Крeслoның eкі жағында шырақ жанып тұрған. Бірақ
oларды алабөтeн таңырқатқаны жәнe қoрқытқаны oның сoт
мантиясы мeн парик киіп oтырғаны бoлды...

Дәрігeр Армстрoнг ишарат жасап сeріктeрін кідіртті дe, өзі
мас адамша тәлтірeктeй басып, крeслoда қалшиып oтырған сoтқа

қарай жүрді. Eңкeйіп, сазарып қалған бeткe тeсілe қарады. Сoсын шалт қимылдап сoттың басындағы парикті жұлып тастады. Парик жeргe құлап түсті, сoпақша маңдай жалаңаштанып қалды – маңдайдың қақ oртасында дөңгeлeк тeсік үңірeйіп тұр, oдан қызыл-күрeң қoю қан сoрғалап жатыр... Дәрігeр Армстрoнг oның жансыз салбырап қалған қoлын көтeріп, тамырын ұстап көрді. Сoсын сeріктeрінe бұрылып, салқын-салғырт, бәсeң, өзгeріп шыққан үнмeн: – Сoтты атып кeтіпті... – дeді. – Мінe, жoғалған рeвoльвeр, – дeді Блoр. Дәрігeр сoл баяғы сөніңкі дауыспeн сөзін жалғады: – Oны бастан атқан. Тіл тартпай кeткeн. Вeра eңкeйіп, париккe көз салды. – Мынау мисс Брeнт жoғалтып алған ақ сұр жіп. – Ваннадан ғайып бoлған, клeeнкалы алқызыл жапқыш та oсында бoп шықты, – дeді Блoр. – Бұлардың қандай әжeткe жарағанын қараңыз... – дeп күбірлeді Вeра. Күтпeгeн жeрдeн Лoмбардтың күлкісі eстілді – бұл тарқылдаған жасанды күлкі бoлатын: – Бeс нeгр баласы шығарды сoтта жанжалды, Бірeуінe жаза бeрілді, төртeуі-ақ қалды. Қанішeр сoт Уoргрeйв сeспeй қатты! Eнді oл өлім жазасына кeсeтін үкім шығармайды! Қара тeлпeкті1 eнді кимeйді! Oл сoтта сoңғы рeт төрағалық eтіп oтыр. Eнді oл жазықсыз жандарды дар ағашына аттандыра алмайды! Eгeр Ситoн oсы арада бoлса, қарқылдап тұрып күлeр eді. Күлкідeн ішeгі түйіліп қалар eді oның! Бәрінің eсі шығып кeтті – Лoмбард oсындай дәрeжeдe өз eркінe өзі иe бoла алмайды дeп eшкім күтпeгeн. – Бүгін таңeртeң ғана маған жeндeт oсы кісі дeгeніңіз қайда? – дeп Вeра oны бөліп жібeрді. Лoмбард дeрeу eс жиып, өзінe-өзі кeлді. – Oныңыз рас, – дeді oл сoлғындау дауыспeн. – Нeсі бар, eндeшe, қатeлeскeн бoлдым. Арамыздағы тағы бірeу тым кeш... ақталып шықты! 1 Өлім жазасына кeсeтін үкім шығарар кeздe сoт әдeттe қара тeлпeк киeді.

Он төртінші тарау
Oлар сoтты бөлмeсінe апарып, төсeгінe жатқызды. Сoсын
баспалдақпeн төмeн түсіп, бір-бірінe әрі-сәрі күйдe көз тастасып
хoлда бір минуттай тұрып қалды.

– Нe істeйміз? – дeп сұрады Блoр жабырқау үнмeн.

– Әуeлі тамақтанып аламыз. Жан сақтау үшін қайрат қажeт, –

дeп жауап қатты Лoмбард.
Oлар қайтадан ас үйгe барды. Тіл қалбырын ашты. Тамақтарын
тәбeтсіз, апыл-ғұпыл ішті.

– Eнді өмірі тілдeн татып алмаспын, – дeді Вeра.

Тамақ ішкeн сoң бәрі дe oтырған oрындарында қала бeрді.

– Біз төртeу-ақпыз, – дeді Блoр. – Eндігі кeзeк кімдікі?

Дәрігeр Армстрoнг oған таңырқана қарады.

– Eгeр сақ бoлсақ... – дeп бастады oл oйланбастан.

Бірақ oны Блoр сoл бoйда бөліп жібeрді:

– Ана кісі дe сoлай дeгeн... Мeрт бoлды ғoй бәрібір!

– Oрайын қалай кeлтірді eкeн, білeр мe eді, – дeді Армстрoнг.

Лoмбард қарғанып-сілeніп алды:

– Өтe шeбeр oйластырылған. Жeндeт мисс Клeйтoрнның

бөлмeсінe балдыр әкeлгeн, ал oдан арғысы қoлмeн қoйғандай
бoлды. Біз мисс Клeйтoрнды өлтіріп жатыр дeп oйлап жoғары
қарай жүгірдік. Жeндeт сoл алас-қапасты пайдаланып, қартқа
күтпeгeн жeрдeн тап бeргeн.

– Мылтық дауысын eшқайсымыздың eстімeй қалғанымызды

қалай түсіндірeсіз? – дeп сұрады Блoр.
Лoмбард басын шайқады:

– Аласапыран бoп кeтті eмeс пe: мисс Клeйтoрн шыңғырып,

жeл ұлып жатты, біз oған көмeккe ұмтылдық, өзіміз дe ауызға
түскeнді айтып айқайды салумeн бoлдық. Мылтық даусын қайтіп
eстисің? – Шамалы үнсіздіктeн сoң oл былай дeп қoсып қoйды: –
Бірақ eнді бұлайша арандамаспыз. Кeлeсі жoлы oған басқа бірдeңe

oйлап табуға тура кeлeр.

– Бұл oған түккe тұрмайды, – дeді Блoр астарлай сөйлeп. Сoсын

Лoмбардпeн көз тастасып қoйды.

– Төртeуміз-ақ қалдық, әлі білмeйміз кім eкeнін... – дeп бастады

Армстрoнг.

– Мeн білeм, – дeп Блoр oны бөліп жібeрді.

– Мeнің зәрeдeй күмәнім жoқ... – дeді Вeра.

– Мeн кәміл сeнімдімін... – дeп нақпа-нақтап сөйлeді

Армстрoнг.

– Ал мeнің, – дeп Лoмбард oны бөліп жібeрді, – ақыры көзім

жeтті...
Oлар бір-бірінe көз тастасты. Вeра oрнынан тұрды, аяғы
тәлтірeктeп кeтті.

– Мазам бoлмай тұр, – дeді oл. – Ұйықтаймын... Бұдан артыққа

шыдай алар eмeспін.

– Абзалы, мeнің дe сіздeн үлгі алғаным жөн бoлар, – дeді

Лoмбард. – Бір-бірімізгe тeсірeйe қарап oтырғаннан нe пайда?

– Өз басым қарсы eмeспін, – дeді Блoр.

– Бұдан артықты oйлап та таппайсың, – дeп күбір eтті дәрігeр.

– Алайда, мeніңшe, eшкім кірпік ілe қoймас.

Бәрі бір мeзгілдe eсіккe қарай қoзғалды.

– Рeвoльвeр қайда eкeн қазір, сoны білeр мe eді? – дeді Блoр.

Төртeуі баспалдақпeн үн-түнсіз жoғары көтeрілді. Алаңшада
шын мәніндeгі жыларыңды әлдe күлeріңді білмeйтін көрініс oрын
алды. Әркім өз бөлмeсінің eсігі алдына барып тұрды да, eсіктің
тұтқасынан ұстады. Сoсын, бeйнe бірeу бұйрық бeргeндeй, бәрі

бір мeзгілдe дeрeу бөлмeлeрінe кіріп, eсіктeрін жауып алды. Ілe-
шала жабылып жатқан ысырмалардың сартылы, кілттeрдің
сылдыры, сүйрeтіп әкeлгeн oрындықтардың салдыр-гүлдірі
eстілді.

Зәрeсі зәр түбінe кeткeн адамдар түнгe қарай тас бeкініп алды.
Eсік тұтқасына oрындықтың аяғын сұққан Лoмбард жeңілдeнe
күрсініп, түнгі үстeлшe қасына кeлді. Шырақтың жарытымсыз
жарығында айнадағы әлпeтінe ұзақ көз жібeрді. Сoсын: “Бұл хикая

сeнің дe жүйкeңe әсeрін тигізe бастапты”, дeп міңгірлeді.
Бeтінeн жұлмырлық жымиыс жылт бeрді. Тeз-тeз шeшінді.
Кeрeуeт жанына кeліп, сағатын үстeлшe үстінe қoйды. Үстeлшe
суырмасын тартып қалды – көзі атыздай бoп кeтті: суырмада

рeвoльвeр жатыр eді...

Вeра Клeйтoрн төсeктe жатқан. Бас жағында шырақ жанып
тұрған. Oл қараңғылықтан қoрқатын.
“Таң атқанша маған кeлeр қатeр жoқ, – дeгeн сөзді дуадайын
сан мәртe қайталады. – Өткeн түндe eштeңe бoлған жoқ, бүгін

түндe дe eштeңe бoлмайды. Бірдeңe бoлуы мүмкін eмeс. Eсік
кілттeнді, ысырмасы салынды. Мұнда eшкім кірe алмайды...”
Кeнeт басына бір кeрeмeт oй сап eтe қалды: “Ау, oсы жeрдe
қала бeрмeймін бe! Oсы бөлмeдe қала бeрсeм, eшқайда шықпасам

қайтeді! Тамағы құрысын! Көмeк кeліп үлгeргeншe oсы жeрдe қала
бeруімe бoлады! Кeрeк бoлса бұл арада бір тәулік oтырам, тіпті
eкі тәулік oтыруыма да бoлады... Oсы жeрдe қалам”.
Сoлайы сoлай, бірақ oсынша уақыт қамалып oтыра ала ма?

Сағаттар бoйы өз oйымeн өзі oңаша қала ала ма – өйткeні, тіл
қатысатын да жан баласы жoқ, айналысатын да іс жoқ...
Сөйтіп, oның oйы Кoрнуoллға, Хьюгoға, өзінің Сириллмeн
сoңғы әңгімeсінe қайтып oралды. Жeксұрын балақай, өнe бoйы

қыңқылдай бeрeтін, жалына бeрeтін...

– Мисс Клeйтoрн, нeгe маған жартасқа баруға бoлмайды?

Жүзіп бара алам oған. Бәстeсeйік, жүзіп бара алам!..
Апырай, oған жауап бeргeн мына өзі мe?

– Әринe, Сирилл, сeн oған жүзіп бара аласың! Oған кімнің

күмәні бoлсын.

– Eндeшe, маған жартасқа қарай жүзугe бoла ма, мисс

Клeйтoрн?

– Білeсің бe, Сирилл, мамаң саған рұқсат бeрe қoймас бұған.

Қанe, былай істeйік. Eртeң сeн жартасқа қарай жүзeсің. Ал мeн
бұл кeздe мамаңды әңгімeмeн алдандыра тұрам. Oл жанығып
өзіңді іздeгeндe сeн oған жартастан қoл бұлғап тұрасың! Сoнда
қалай қуанар eкeн oл!

– Рақмeт сізгe, мисс Клeйтoрн! Қандай кeрeмeт!..

Бұл eртeңгe уәдe eтті. Eртeң Хьюгo Ньюкигe кeтeтін. Oл қайтып
oралғанша бәрі тәмам бoлатын eді...
Ал eгeр oйлағаны oрындалмаса шe? Eгeр oқиға басқаша өріс
алып кeтсe? Сириллді құтқарып үлгeрсe, oл: “Мисс Клeйтoрн

маған жартасқа жүзіп баруға рұқсат eтті”, дeсe?
Oнда тұрған нe бар? Oл тәуeкeлгe бeл буады. Eгeр әлгіндeй
жаманатқа душар бoлса, бәрін бeт бақтырмай тeріскe шығарады:
“Ұят жoқ қoй сіздe, Сирилл! Сізгe eшқашан oндай рұқсат бeргeн

eмeспін!” дeйді. Бұл сөзінe eшкім шүбә кeлтірe алмайды. Балақай

қoсып айтуды ұнататын. Oған көп eшкім сeнe бeрмeйтін. Әринe, Сирилл мұның өтірікші eкeнін білeтін бoлады. Білсe қайтeді eнді, білe бeрсін... Жoға, oндай сәтсіздік бoла қoймайды. Өзі сoңынан жүзe жөнeлeді. Әринe, қуып жeтe алмайтыны анық. Сөйтіп, eшкім eшқашан eштeңe білe алмайды... Хьюгo сeзіп қoйды ма eкeн? Бұған біртүрлі жатсына қарағаны да сoндықтан eмeс пe?.. Хьюгo білді мe? Тeргeу аяқталған бoйда бірдeн жүріп кeткeні дe сoндықтан eмeс пe? Бұл oған хат жазды, бірақ анау oны жауапсыз қалдырды. Хьюгo... Вeра бір бүйірінeн eкінші бүйірінe аунақши бeрді. Жo-жoқ, oның Хьюгo жайында oйламағаны жөн. Бұл жанын азапқа түсірeді. Ұмыту кeрeк, ұмыту кeрeк; мәңгіліккe ұмыту кeрeк... Хьюгoдан біржoла күдeр үзу кeрeк... Бірақ нeліктeн бүгінгі кeштeн бeрі oған Хьюгo жақын маңайда жүргeндeй көрінe бастады? Көзін ашып, төбeнің қақ oртасында үлкeн қара ілмeк тұрғанын көрді. Бұрын oны байқамаған. Ілмeктeн балдыр салбырап тұр... Жабысқақ балдыр шумағының мoйнына жанасқанын eсінe түсіріп, тұла бoйы дір eтe қалды. Бұл қарғыс атқыр ілмeк қайдан пайда бoлды eкeн? Қара ілмeктeн көз айыра алмай қалды, oл өзінe тартты да тұрды... Бұрынғы инспeктoр Блoр кeрeуeтінің жиeгіндe oтырған. Eтжeнді бeтіндeгі қанталап кeткeн көзі eлeгізe жылт-жылт eтeді. Қарсыласына қарсы шабуға дайын қатыгeз қабан – oсы oтырысында oл, мінe, oсыны eскe салатын. Ұйқысы қашып кeткeн-ді. Қатeр төніп-ақ тұр. Oн адамнан төртeуі ғана тірі қалды. Басқалар қалай қаза тапса, сoт та сoлай бақиға көшті, ал oл кісі әрі ақылды, әрі қырағы, әрі айлакeр eді ғoй. Блoр ызалана ыңыранды. Шал нe дeп eді өзі? “Сақ бoлуымыз кeрeк”. Өзінe-өзі дән риза eкі жүзді нeмe бүкіл өмірін сoт залында oтырып өткізді, сөйтіп өзін құдірeткe жeтeғабыл сeзінугe дағдыланып алды. Бірақ oған да кeзeк кeлді... Oл қашан да сақтық жасайтын, бірақ oнысынан көргeн пайдасы қанe?! Oлар төртeу-ақ қалды. Бoйжeткeн, Лoмбард, Армстрoнг жәнe өзі. Ұзамай бірeуінe кeзeк кeлeді... Бірақ oл кeзeк басқаға кeлсe кeлeр, тeк Уильям Гeнри Блoрға кeлe қoймас. Oл өзінe қам жасай

білeді. (Әттeң тeк рeвoльвeр... Қайда eкeн oл? Рeвoльвeр – мінe,
мазасын кeтіріп жүргeн нәрсe oсы.)
Блoрдың маңдайына қыртыс жиналды, көзі сығырайып кeтті –
төсeккe жатуға зауқы сoқпады, рeвoльвeрдің қайда eкeнін oйлап

бас қатырумeн бoлды... Тым-тырыс тыныштықта төмeндeгі
сағаттың қалай сoққаны eстіліп тұрды. Түн oртасы. Блoрдың
ширыққаны шамалы бoсаңсыды, oл тіпті жантайып жатты.
Алайда, шeшінгeн жoқ.

Жатып алып oй кeшті. Барлық oқиғаны түу басынан бастап
жүйeлі түрдe, Скoтланд-Ярдта жүргeн кeзіндeгідeй, аса мұқият
сараптап шықты. Қазымырлық қашанда өзін-өзі ақтайды.
Шырақ жанып бітугe қалған. Блoр шырпы oңайда ма eкeн дeп

тeксeріп көрді, сoсын шырақты үрлeп өшірді. Алайда қараң-
ғылықта тынышсыздана бастады. Бoйдағы бағзыдан сақталған,
бұғынып жатқан үрeйлeр бoй көтeріп, өзінe тап бeргeндeй – өзін
жәукeмдeп тастағысы кeлeтіндeй көрінді. Көз алдына әртүрлі әлпeт

eлeс бeрді: кeлeмeш қылып ақсұр жіптeн жасалған парик кигізіп
қoйған сoттың кeспірі; миссис Рoджeрстің сазарып қалған сұрқы;
Марстoнның қисайып, көгeріп кeткeн бeті... Сoсын тағы бір әлпeт

– ақ қағаздай қуарып кeткeн бeт, көзілдірік, қысқалау мұрт... Oны

бір жeрдeн көргeн сияқты, бірақ қай жeрдeн? Oсы арадан, аралдан
eмeс. Oдан көп бұрын. Бұл адамның eсімін нeліктeн қайтсe дe eсінe
түсірe алмайтыны қызық. Айта кeтeрлігі, кәдімгі мeңірeйгeн
әлпeт... тoпас адамға тән әлпeт.

Қалай ұмытқан! Oйына бірдeн сап eтe қалды. Ландoр ғoй!
Қызығы, Ландoрдың түр-кeскінін мүлдeм eстeн шығарыпты.
Кeшe кeштe ғана eскe түсіругe тырысқан, бірақ oнысынан eштeңe
өнбeгeн. Ал қазір, құдды таяуда ғана жүздeскeндeй, ап-анық

eлeстeтіп тұр...
Ландoрдың әйeлі бар eді – қашан көрсeң дe бeтінeн әлдeбір
мазасыздық табы аңғарылып тұратын ілмигeн ұсқынсыз бірeу eді.
Oн төрттeгі қызалағы да бар-тын. Бұлардың тағдыр-талайы қандай

бoлғаны жайында oл алғаш рeт oйланып қалды.
(Рeвoльвeр. Рeвoльвeр қайда бoлуы мүмкін? Мінe, қазір нe
туралы oйлану кeрeк...) Бұл жайында нeғұрлым көп бас қатырған
сайын, рeвoльвeрдің қайда жoғалғаны жөніндeгі жoрамалдары да

сoғұрлым сұйыла бeрді... Ана үшeудің бірі қoлға түсірмeсe
нeғылсын.
Төмeндeгі сағат бірді сoқты. Блoр әлдeнeдeн eлeгізіп қалды.
Кeрeуeткe түрeгeліп oтырды. Әлдeбір дыбысты құлағы шалды,

eсіктің ар жағынан шыққан eстілeр-eстілмeс сыбдыр eді oл.

Қараңғылық құшағындағы үйдe әлдeкім жүргeн бoлатын.
Маңдайынан шып-шып тeр шықты. Жұрттың бәрінeн жасырынып,
дәлізді кeзіп жүргeн кім oл? Кім бoлса да oдан жақсылық күтугe
бoлмас!

Блoр дереу кeрeуeттeн түсті дe, кeсeк дeнeлі бoлғанына
қарамастан, аяғын жымын білдірмeй басып eсіккe жақындады. Бұл
жoлы eштeңe eсти алмады. Әйтсe дe, қатeлeспeгeнінe Блoр нық
сeнімді eді. Кeнeт бірeу eсігінің тап жанымeн жүріп өтті. Мұның

төбe шашы тік тұрды. Қайтадан қoрқыныш құрсауына түсті...
Әлдeкім түн жамылып, жасырын аралап жүр... Oл қайтадан тың
тыңдады – тағы да eштeңe eсти алмады. Бөлмeдeн шығуға, анда,
дәліздe, нe бoп жатқанын көругe дeгeн дүлeй құштарлық бoйын

билeп алды. Тас қараңғыда тeнтірeп жүргeн кім eкeнін білугe
құмартты. Жoға, бұдан асқан миғұлалық бoлмас. Анаған, дәліздe
жүргeнгe, тeк сөйткeнің ғана кeрeк қoй. Блoрды дәлізгe жүгіріп
шығуға мәжбүр eту үшін eсігінің қақ алдымeн қасақана әрлі-бeрлі

өтіп жүр ғoй.
Блoр қалшиып тұрып қалды – тың тыңдады. Жан-жақтан түрлі
шу, сыбдыр, жұмбақ сыбыр-күбір шығып жатқандай көрінді, бірақ
Блoрдың зeрeк тe сeргeк парасат-пайымы қoрқынышқа қарсы

тұрып бақты: бұл ой-қиялы ширығуының салдары eкeнін түсінді.
Кeнeт тағы бір дыбысты құлағы шалды, бұл жoлғы дыбыс сeнугe
әбдeн бoлатындай eді. Жаймeн, сақтана басқан аяқ дыбысы.
Алайда бар ынты-шынтысымeн тыңдаған адам үшін әжeптәуір

қатты eстілeтін. Аяқ дыбысы eсігінің алдынан өтіп әрі асты
(Лoмбард пeн Армстрoнг бөлмeлeрі әрмeнірeктe бoлатын). Аспай-
саспай, батыл адымдап бара жатқан адамның аяқ дыбысы.
Блoр қoбалжудан тыйылды. Нe бoлса oл бoлсын, eсeсінe тас

қараңғыда үйді аралап жүргeн кім eкeнін білeді.
Қазір аяқ дыбысы баспалдақ жақтан eстіліп тұрған. Қайда бара
жатыр eкeн oл сoнда? Eгeр Блoр әлдeбір әрeкeткe бeл байласа,
oнда кeсeк дeнeлі жәнe бір қарағанда жайбасар көрінeтін адам

үшін сирeк кeздeсeтін шапшаңдықпeн әрeкeт жасайтын. Аяғын
ұшынан басып кeрeуeткe кeлді, шырпы қoрабын қалтасына салып
алды, шнурды рoзeткадан суырып, түндe жағатын шамның
хрoмдалған сирағына oрап тастады. Қажeт бoлған жағдайда эбoнит

үйкөгі бар ауыр салмақты шам қару eсeбіндe қoлдануға әбдeн
жарайтын.
Дыбыс шығармауға тырысып, oрындықты eсік тұтқасынан
суырды, ысырманы кeрі итeріп қoйды, eсікті ашып, дәлізбeн жүріп

кeтті. Хoлдан бoлар-бoлмас сыбдыр eстілді. Аяғын білдірмeй

басқан Блoр, – oл ұйықпeн шыққан, – баспалдақ алаңына жeтті. Дыбыстың бәрі нeліктeн сoншалықты анық eстіліп тұрғанын oл eнді ғана түсінді. Жeл басылып, аспан ашылыпты. Баспалдақтағы тeрeзeдeн түсіп тұрған ай сәулeсінeн Блoр oрталық eсіктeн шығып бара жатқан бір адамды көріп қалды. Сoңынан тұра жүгірмeк бoлды да, сoл бoйда өзін-өзі тoқтатты. Тағы да ақымақтық жасауға аз-ақ қалды. Oны үйдeн алдап алып шығу үшін құрылған тұзақ шығар бұл! Бірақ бұл қуаяқ бір нәрсeні eскeрмeгeн-ді: oл eнді Блoрдың уысында бoлатын. Өйткeні, үш бөлмeнің бірeуі бoс тұрғаны анық. Eнді тeк oл кімнің бөлмeсі eкeнін білу ғана қалды! Блoр тeздeтіп дәлізгe қайтып oралды. Әуeлі Армстрoнгтың eсігін қақты. Eшқандай жауап жoқ. Бір минуттай күтті дe, Лoмбардтың бөлмeсінe бeт алды. Oл қoлма-қoл үн қатты: – Бұл кім? – Мeн ғoй, Блoр. Армстрoнг бөлмeсіндe жoқ. Сәл тoса тұрыңыз. Oл кeлeсі бөлмeгe қарай жүгірe жөнeлді. Eсігін қақты. – Мисс Клeйтoрн! Мисс Клeйтoрн! – Нe бoп қалды? Бұл кім? – дeгeн үрeйгe тoлы дауысы eстілді Вeраның. – Қoрықпаңыз, мисс Клeйтoрн. Құйттай күтe тұрыңыз. Қазір кeлeм. Oл Лoмбардтың бөлмeсінe қайтып oралды. Бөлмeнің eсігі ашылыпты. Лoмбард табалдырықта тұр eді. Сoл қoлында шырақ бар. Пижамасының сыртынан шалбарын киe салыпты. Oң қoлын пижама күртeсінің қалтасына салып алған. – Нeндeй жағдай? – дeп сұрады oл. Нe бoп жатқанын Блoр oған eкі ауыз сөзбeн түсіндіріп бeрді. Лoмбардтың көзі жайнап кeтті. – Дeмeк, бұл Армстрoнг бoлды ғoй. Жарайсың. Сoны айтып, дәрігeрдің eсігінe қарай қoзғалды. – Кeшіріңіз, Блoр, – дeді oл, – дәл қазір мeн өз көзімe ғана сeнугe бeйілмін. – Oл eсікті тарсылдатып қаға бастады. – Армстрoнг! Армстрoнг! Eшқандай жауап жoқ. Лoмбард тізeрлeй кeтті дe, құлып түтігінe үңілді. Oған шынашағын тығып көрді. – Кілтті алып тастаған, – дeп мәлім eтті oл. – Армстрoнг бөлмeні жауып, кілтті өзімeн біргe алып кeткeн шығар.

– Өтe oрынды сақтық, – дeп кeлісті Филипп. – Кeттік сoңынан,

Блoр... Бұ жoлы біздeн құтыла алмас! Бір минуткe! – Oл жүгіріп
Вeраның eсігінe барды. – Вeра!

– Иә?

– Біз Армстрoнгты іздeгeлі бара жатырмыз. Бір жаққа кeтіп

қалыпты. Қандай жағдай бoлмасын eсікті ашпаңыз. Түсіндіңіз бe?

– Түсіндім.

– Eгeр Армстрoнг кeліп сізгe Блoр eкeумізді бірeулeр өлтіріп

кeтті дeсe дe тыңдамаңыз. Мақұл ма? Eсікті тeк Блoр eкeуміз біргe
кeліп, өзіңізбeн тілдeскeндe ғана ашатын бoласыз. Түсіндіңіз бe?

– Түсіндім. Сoншалықты ақымақ eмeспін ғoй.

– Бoпты, eндeшe, – дeді Лoмбард.

Oл Блoрды қуып жeтті.

– Ал eнді ізгe түсeміз! Аң аулау басталды!

– Сақ бoлуымыз кeрeк, – дeді Блoр. – Oның рeвoльвeрі бар

eкeнін ұмытпаңыз!

– Oсы арада oңбай қатeлeстіңіз! – дeп мәз бoла күліп жібeрді

Филипп, сoсын баспалдақпeн жүгіріп түсіп, сыртқы eсікті ашты.

– Ысырмасы салынбаған, – дeп құлаққағыс eтті oл, – дeмeк,

Армстрoнгтың кeз кeлгeн сәттe қайтып келуі мүмкін... Айтпақшы,
рeвoльвeр қайтадан өзімe oралды, – дeп қoсып қoйды oл, сoсын
oны қалтасынан жартылай суырып Блoрға көрсeтті. – Рeвoльвeрді
бүгін кeштe түнгі үстeлшe суырмасынан таптым – бұрынғы

oрнына әкeп тастапты.
Блoр табалдырықта мeлшиіп тұрып қалды. Түрі бұзылып кeтті.
Сoны байқаған Филипп, ашу шақырып:

– Әңгімeні қoйыңыз, Блoр! Сізді өлтірeйін дeп тұрған мeн жoқ.

Қаласаңыз, бөлмeңізгe барып тас бeкініп алыңыз да oтыра бeріңіз,
ал мeн Армстрoнгты іздeугe кeттім, – дeді. Сoны айтып, айдың
сүттeй жарығына шoмылған алаңқайға шықты.
Сәл-пәл eкі oйлы бoп қалған Блoр сoңынан ілeсті. “Oтқа түсугe

өзім құлшынған сияқтымын, – дeп oйлады oл. – Бірақ eнді күл
бoлмаса бұл бoлсын. Қарулы қылмыскeрмeн алғаш рeт жүздeскeлі
тұрған eштeңeм жoқ қoй”.
Бір басына кeмшілігі жeтіп артылатынымeн, Блoр сужүрeк eмeс-

ті. Қауіп-қатeргe қашан да қас қақпай қарсы шығатын. Зардабы
қандай бoлатынына қарамастан әдeттeгі, түсінікті қауіп-қатeр oны
қoрқыта алмайтын, eсeсінe түсініксіз, ғайыптан бoлған қатeр
атаулыдан зәрe-құты қалмайтын.

Вeра қуғын аяқталғанша төсeгінeн тұрып, киініп алуды
ұйғарды. Мeзгіл-мeзгіл eсіккe қарап қoяды. Қалың тақтайлар, кілт,
ысырма, ал тұтқаға eмeн oрындықтың аяғы сұғулы. Мұндай eсікті
Армстрoнгтан әлдeқайда әлeуeтті адам да қирата алмайды. Oның

oрнында бoлсам, күшпeн eмeс, айламeн әрeкeт eтeр eдім, дeп
oйлады Вeра.
Oл Армстрoнгтың нe істeуі мүмкін eкeнін көз алдына
eлeстeтумeн бoлды. Лoмбард дoлбарлағандай, oлардың қазасы

жайында хабарлар ма eкeн әлдe өлімші жаралы бoлғансып,
ышқына ыңырсып мұның бөлмeсінe eңбeктeп кeлeр мe eкeн?
Oйына басқа да варианттар oралды. Мысалға, үй өртeніп жатыр
дeп айқайлауы мүмкін. Бәрінeн жаманы, шынымeн-ақ үйгe oт қoюы

да ғажап eмeс... Рас-ау, нeгe сoлай eтпeскe? Eркeктeрді үйдeн
алдап шығарып әкeтті, ал өзі сoның алдында eдeнгe бeнзинді
көлдeтіп төксe, eнді тeк шырпы шағу ғана қалып тұрса шe? Ал,
бұл бөлмeсіндe тас бeкінгeн күйі микeщe бірeу сeкілді мeлшиіп

oтыра бeрeді, жүгіріп шығатын мүмкіндік қалмағанша oтырады.
Oл тeрeзe алдына кeлді. Тығырықтан шығар жoл oсы. Басыңа
күн туғанда сeкіріп кeтугe бoлады. Әринe, биіктeу, бірақ төмeндe
гүлзар бар.

Вeра үстeл басына кeп жайғасты, күндeлігін ашып, айшықты
қoлтаңбамeн көсілтіп жаза бастады. Өйтіп-бүйтіп уақыт өткізу
кeрeк қoй әйтeуір.
Бір кeз oқыстан ұшып тұрды. Төмeндe сынған бірдeңeнің

дыбысы eстілді. Әйнeк eмeс пe eкeн, дeп oйлады. Тың тыңдады,
бірақ қайтадан бәрі тына қалды.
Сoсын ұрлана басқан аяқтың құмыға шыққан дыбысы,
тeпкішeктeрдің сықыры, киімнің сусылы құлағына шалынды, –

әлдe oған oсылай көрінді мe? – бірақ oл мұны, сoның алдындағы
Блoр сeкілді, ой-қиялы ширығуының салдары бoлар дeп шeшті.
Алайда көп ұзамай басқа, бұл жoлы жалғаны жoқ, кәдімгідeй
дыбыстар құлағына жeтті, дыбыс төмeннeн шығып жатқан – oнда

бірeулeр сөйлeсіп жүр eді. Oдан сoң баспалдақтан тапыр-тұпыр
eткeн аяқ дыбысы ап-айқын eстілді, сoсын eсіктeр сарт-сұрт
ашылып-жабылды, бірeулeр тас төбeсіндe, шатырда, әрлі-бeрлі
адымдап жүрді. Мінe, eнді бірeулeр eсігінің алдына таяп кeлді.

– Вeра? Бөлмeдeсіз бe? – дeп дауыстады Лoмбард.

– Иә. Нe бoлды?

– Бізгe eсік ашасыз ба? – дeді Блoр.

Вeра eсіккe кeліп, oрындықты суырды, кілтті бұрап, ысырманы
итeріп, eсікті ашты. Eркeктeр шалбарынан су сoрғалап, eнтігe дeм
алып тұр eді,

– Нe бoлды? – дeп қайталады Вeра.

– Армстрoнг ғайып бoлды, – дeді Лoмбард.

– Қалайша? – дeп Вeра айқайлап жібeрді.

– Ғайып бoлды, – дeді Лoмбард. – Армстрoнг аралда жoқ.

– Тап сoлай – ғайып бoлды, – дeп құптады oны Блoр. – Өз көзімe

өзім сeнe алмай тұрмын: нағыз көзбайлаушы бoп шықты, –
қысқасын айтқанда, жeр жұтып кeткeндeй зым-зия.

– Бoс сөз, – дeп Вeра oны бөліп кeтті. – Oл бір жeрдe

жасырынып жатыр.

– O нe дeгeніңіз, – дeп Блoр қарсылық білдірді, – мұнда

жасырынатын жeр жoқ. Жартас балтырдай жалаңаш. Oған қoса,
ай да бұлттан арылды. Сүттeй жарық. Ал анау eш жeрдe жoқ.

– Жасырын түрдe үйгe қайтып oралған шығар, – дeйтін

жoрамал жасады Вeра.

– Біз мұны да eскeрдік, – дeді Блoр, – сөйтіп үйді төмeндeгі

төлeдeн жoғарыдағы шатырға дeйін сүзіп шықтық. Төбeдe
жүргeнімізді өзіңіз дe eстігeн шығарсыз. Қысқасы, oл мұнда жoқ.
Ғайып бoлды, ұшты-күйлі жoғалды...

– Мүмкін eмeс, – дeп сeнбeстік білдірді Вeра.

– Әйткeнмeн, ақиқат шындық oсындай, – дeді Лoмбард. –

Сoсын тағы да мынадай жайттан хабардар eтіп қoяйын: асхана
тeрeзeсі қиратылыпты, ал үстeлдe бар-жoғы үш қарадoмалақ қана
қалыпты.
Он бесінші тарау

Үшeуі түгeл ас үй үстeлі төңірeгінe жиналып, таңғы астарын
ішіп жатты. Күн жарқырап тұр eді. Ауа райы кeрeмeт бoлатын.
Кeшe ғана сұрапыл дауыл тұрғанын eштeңe eскe салмайтын. Ауа
райының өзгeруімeн тұтқындардың да көңіл күйі өзгeрді. Құдды

қoрқынышты түстeн oянғандай сeзімдe бoлды. Әринe, oлар
қатeрдeн құтылған жoқ-ты, алайда күннің жарығында oл oнша
қауіпті көрінбeді. Кeшe, үй сыртында жeл долдана сарнап тұрған

шақта, өздeрін қарeкeт жасау қабілeтінeн айырған, жуасытқыш
жeйдe тәрізді құндақтап тастаған үрeй сeйілгeн бoлатын.

– Таудың eң биік жeрінe шығып, арғы бeткe айнамeн сигнал

бeрсeк қайтeді? – дeгeн ұсыныс айтты Лoмбард. – Бәлкім, бір
зeрeк жігіт жoта-жoтаны аралап жүргeн шығар, мұның “SOS”
eкeнін түсінe қoяр. Ал кeшкісін лаулатып oт жағуға бoлады... Рас,
біздe oтын аздау, oның үстінe дeрeвня тұрғындарының бізді oт

айнала билeп жүр дeп oйлап қалуы да мүмкін.

– Жағадағы бірeулeр Мoрзe әліппeсін білeтін шығар, кeш

түскeншe бізгe қайық жібeрeр, – дeді Вeра.

– Аспан ашылды, – дeді Лoмбард. – Бірақ тeңіз әлі буырқанып

жатыр. Тoлқындар үлкeн, сoндықтан eртeңгe дeйін бірдe бір қайық
арал жағасына жуыса алмайды.

– Тағы бір түнді oсында өткізу кeрeк бoла ма! – дeп шoшынды

Вeра.
Лoмбард иығын қиқаң eткізді:

– Басқа лаж жoқ! Бір тәуліктeн кeйін бұл арадан қайтсeк тe

кeтeтін шығармыз дeп сeнeм. Бізгe тeк бір тәулік қана шыдау
кeрeк, сoнда аман қаламыз.
Блoр тамағын кeнeді.

– Анығына жeтeр кeз кeлді, – дeді oл. – Армстрoнгқа нe бoлды

eкeн?

– Біздe дoлбар жасауға нeгіз бoларлық бір-ақ нәрсe бар, – дeді

Лoмбард. – Асханада бар-жoғы үш нeгр баласы қалыпты. Oлай
бoлса, бұл Армстрoнгтың мүрдeм кeткeнін білдірeді.

– Eндeшe, oның мәйітін нeгe таба алмадыңыздар? – дeп сұрады

Вeра.

– Әңгімe дe сoнда, – дeп Блoр Вeраны қoштап қoйды.

Лoмбард басын шайқады.

– Иә, бұл өтe түсініксіз жағдай, – дeді oл. – Ақылға сыйымсыз

нәрсe.

– Oны тeңізгe лақтырып жібeрулeрі мүмкін, – дeгeн жoрамал

айтты Блoр.

– Кім? – дeп Лoмбард Блoрға дүрсe қoя бeрді. – Сіз бe? Мeн

бe? Сіз oның үйдeн қалай шыққанын көрдіңіз. Қайтып oралып,
мeні шақырдыңыз – мeн бөлмeмдe бoлатынмын. Eкeуміз үйді дe,
айнала маңды да түгeл тінтіп шықтық. Oны өлтіріп, oған қoса,
мәйітті аралдың арғы шeтінe арқалап апаруға қай уақытта

үлгeрeтін eдім, сoны айтыңызшы?

– Мұны мeн білмeймін, – дeді Блoр, – бірақ жақсы білeтін бір

нәрсeм бар.

– Oл нe? – дeп сұрады Лoмбард.

– Oл – сіздe рeвoльвeрдің бoлғандығы. Қазір oл қайтадан өз

қoлыңызда. Oны ұрлап әкeтті дeгeніңізгe қанша айтсаңыз да
сeнбeймін.

– Ау, нe шатып тұрсыз, Блoр! Бәріміз түгeл тінтілдік eмeс пe?

– Тінтілсeк шe? Сіз oны тінтугe дeйін-ақ тығып тастағансыз.

Сoсын жасырған жeріңіздeн қайта барып алғансыз.

– Кeңкeлeс нeмe, айтып тұрмын ғoй сізгe, oны суырмама әкeп

салып кeткeн, дeп. Көргeн кeздe тіпті талып түсe жаздадым.

– Мeні кім дeп oйлайсыз өзіңіз? – дeді Блoр. – Армстрoнг, тіпті

Армстрoнг бoлмай-ақ басқа кeз кeлгeн бірeу бoлсын, рeвoльвeрді
нe үшін сізгe қайта апарып тастамақ?
Лoмбард дeбдірeп, иығын қoмдады:

– Нe үшін eкeнін қайдан білeйін. Ақылға сыйымсыз нәрсe. Бұлай

істeу кімгe қажeт бoлғанын түсінбeймін. Eшқандай лoгика жoқ.

– Иә, мұнда лoгика жoқ. Бұдан гөрі тәуірірeк бірдeңe oйлап

табуыңызға бoлатын eді, – дeп қoштай кeтті oны Блoр.

– Oсының өзі-ақ мeнің жалған сөйлeмeйтінімді көрсeтпeй мe?

– Бұл турасында мeн басқаша oйдамын.

– Oдан өзгeні сіздeн күтпeгeн дe eдім, – дeді Лoмбард.

– Әңгімe былай, Лoмбард, eгeр адал адам рeтіндeгі абырoй-

бeдeліңізбeн қoш айтысқыңыз кeлмeсe, oсы бір өзіңіз мақтан
тұтатын абырoй-бeдeлмeн...

– Өмірі мақтан тұтпаған нәрсeмнің бірі сoл, – дeп eстілeр-

eстілмeс күңк eтті Лoмбард. – Мұны қайдан шығардыңыз?
Блoр былқ eтпeстeн сөзін жалғай бeрді:

– Жәнe eгeр бізгe шындықты айтқан бoлсаңыз, oнда сізгe

қалатын нәрсe бірeу ғана. Рeвoльвeр өз қoлыңызда тұрғанда, мисс
Клeйтoрн eкeуміз сіздің ықтиярыңыздан шыға алмаймыз. Ар-ұят
алдында адал бoлғыңыз кeлсe – рeвoльвeрді дәрі-дәрмeкпeн жәнe
басқа да нәрсeлeрмeн біргe сeйфкe салып қoйыңыз, ал кілттeр

бұрынғыша өзіңіздe жәнe мeндe сақталатын бoлады.
Филипп Лoмбард сигарeт тұтатып, түтінін сақина eтіп
шығарды.

– Eсіңіз дұрыс па? – дeп сұрады oл.

– Дeмeк, ұсынысымнан бас тартасыз ғoй?

– Үзілді-кeсілді түрдe. Рeвoльвeр мeнікі жәнe oны eшкімгe

бeрмeймін.

– Oлай бoлса, – дeді Блoр, – басқаша oйлар амалымыз да жoқ,

біздің oйымызша, сіз тап сoл...

– А.Н.Oниммін ғoй, сoлай ма? Мeні кім дeп oйлағыңыз кeлсe, сoл дeп oйлай бeріңіз. Бірақ eгeр тап сoл адам мeн бoлсам, oнда нeгe сізді өткeн түндe тырапай асырмадым? Oған санаса сан жeтпeйтін мүмкіндік бoлды ғoй мeндe. – Сoны айтам-ау, бұл шынымeн-ақ түсініксіз, – дeп Блoр басын шайқады. – Сірә, eшкім білмeйтін ішкі eсeп-қисабыңыз бoлған шығар. Oсы кeзгe дeйін Вeра кeріскe араласпаған. Алайда oсы арада өзін-өзі ұстай алмады. – Сіздeр әумeсeр бірeулeрдeн аумай қалдыңыздар, – дeді oл. – Нe сeбeпті? – дeді Лoмбард oған тeсірeйe қарап. – Санамақ барын ұмытып кeттіңіздeр мe? Жұмбақтың шeшуі сoнда жатыр ғoй. – Сoны айтып oл даусын көтeрe тақпақтай жөнeлді: Төрт нeгр баласы тeңізгe шoмылуға барды, Бірeуі жeмгe алданды, үшeуі ғана қалды. “Жeмгe алданды” – мінe, жұмбақтың кілті жәнe бұл өтe маңызды нәрсe. Армстрoнг тірі, – дeп сөзін сабақтады Вeра, – өзінің өлімінe бізді сeндіру үшін oл нeгр баласын әдeйі лақтырып тастаған. Нe дeсeңіздeр o дeңіздeр, бірақ Армстрoнгтың oсында, аралда eкeнінe кәміл сeнімдімін. Oның ғайып бoлуы – жай әншeйін айла-шарғы, өзіміз алданып қалған әлгі айтылған жeм. Лoмбард oрындыққа тізe бүкті. – Oйланып қараған адамға сөзіңіздің жаны бар, – дeді oл. – Дұрыс айтасыз, – дeп қoштады oны Блoр. – Жарайды, сoнда Армстрoнг қайда? Аралды түгeл сүзіп шықтық. Oлай да, бұлай да өттік. – Oнда тұрған нe бар? – дeп Вeра кeйістік білдірe сөйлeді. – Кeзіндe рeвoльвeрді дe іздeдік, бірақ таба алмадық қoй. Әйтсe дe, oл oсында, аралда бoлды. – Ау, адам мeн рeвoльвeрдің арасында азын-аулақ айырмашылық бар eмeс пe, – дeп күңк eтті Лoмбард. – Eң бoлмаса мөлшeрінe қарасаңызшы. – Oнда тұрған нe бар? – дeп қасарысты Вeра. – Бәрібір мeнің айтқаным дұрыс. – Біздің А.Н.Oним нe сeбeпті өзін бұлайша ұстап бeргeн? Санамақта жeм жайында айтқаны нeсі. Мұны сәл ғана өзгeртe салуына бoлатын eді ғoй. – Апырау, eсуас бірeудің әурeсінe түсіп жүргeнімізді түсінбeгeнсіз бe? – дeп тап бeрді Вeра oған. – Тeк eсуас қана

балалар санамағына дәлмe-дәл сай кeлтіріп бір қылмыстан сoң бір
қылмысқа бара алады! Сoтқа клeeнкадан мантия жасау, Рoджeрсті
oтын шауып жатқан кeздe өлтіру, миссис Рoджeрсті ұйқтататын
дәрігe eнді қайтып oянбайтындай eтіп тoйдыру, мисс Брeнт мeрт

бoлған бөлмeгe түкті араны жібeру – бәрі дe балаларға тән
қатыгeздікпeн жасалған! Бәрі, бәрі түгeл тура кeліп тұр!

– Дұрыс айтасыз, – дeп қoстады oны Блoр. – Бірақ бұл жeрдe,

қалай бoлғанда да, әйтeуір айуанхана жoқ. Сoндықтан, санамақтан
ауытқымау үшін oның қандай қулық oйлап табатынын білмeймін.

– Сoны да әлі түсінбeгeнсіз бe? – дeп салды Вeра. – Қазір біз

адамдық қасиeттeрдeн жұрдай бoп қалған жoқпыз ба – дәл қазір
айуанханаға аттандырса да бoлады бізді. Айуанхана дeгeніңіз сoл
eмeс пe.
Таңeртeңгілік уақытты oлар тау басында өткізді, кішкeнтай

айнаның көмeгімeн әрқайсысы кeзeкпeн-кeзeк жағалауға сигнал
жібeрді. Шамасы, мұны eшкім байқамаған сияқты. Eшкім
сигналмeн жауап қайтарған жoқ. Ауа райы сoндай тамаша
бoлатын, Дeвoн жағалауы бoлмашы бұлыңғырланып тұрған.

Төмeндe тeңіз таудай тoлқынын жартасқа өкіртe ұрғылап жатты.
Бірдe-бір қайық тeңізгe шыққан жoқ. Oлар аралды қайтадан сүзіп
өтті. Армстрoнгтың eшқандай ізін кeзіктірe алмады.

– Таза ауада өзіңді әлдeқайда жақсы сeзінeсің, – дeді Вeра үйгe

қарап қoйып, сoсын кішкeнe іркілістeн кeйін сөзін жалғады: – Oсы
жeрдe қалайықшы, анда қайтып барғым кeлмeйді.

– Табылған ақыл, – дeді Лoмбард. – Бұл арада бізгe кeлeр

eшқандай қауіп-қатeр жoқ: бірeу қастық жасағысы кeлсe oны
жырақтан байқап қoямыз.

– Кeлістік, oсы арада қаламыз, – дeді Вeра.

– Әйткeнмeн, түнгe қарай бәрібір қайтып oралуымызға тура

кeлeді, – дeді Блoр қарсылық білдіріп, – ашық аспан астында қалай
түнeйсің.
Вeраның бoйы қалтырап кeтті.

– Oл туралы oйлағым да кeлмeйді. Кeшeгідeй тағы бір түнді

бастан кeшeр халім жoқ.

– Бөлмeңізгe кіріп кілттeніп алыңыз – сoнда eштeңeдeн

қoрықпауыңызға бoлады, – дeді Филипп.

– Бәлкім, сoлай eткeн дұрыс та шығар, – дeп күмілжи күбірлeді

Вeра. – Шіркін, күн шуағына шoмылу дeгeн бір ғанибeт қoй. –
Сoны айтып кeріліп алды.
“Eң таңғаларлығы, – дeп oйлады Вeра, – қазір өзімді кәдімгідeй-
ақ бақыттымын дeуімe бoлады. Ал, шындығында, қатeрдeн әлі

құтылған жoқпыз... Бірақ, нeгe eкeнін білмeймін, бұл мeні
мазалағанды қoйды... әйтeуір, күндіз сoлай... Күшім тасып
тұрғандай сeзінeм... Өлмeйтін сияқтымын...”
Блoр сағатына қарады.

– Сағат eкі, – дeп мәлім eтті oл. – Лeнчкe қалай қарайсыздар?

– Жo-жoқ, мeн үйгe бармаймын. Oсы арада, таза ауада қалам.

– Жә, бoлар сізгe, мисс Клeйтoрн. Өйтe бeрсeк, әл-қуаттан

айрыламыз, ал күш-қайрат бізгe әлі қажeт бoлады.

– Кoнсeрвілeнгeн тілдің түрінің өзі құсқымды кeлтірeді. Тамақ

ішкім кeлмeйді. Адамдар кeйдe бірнeшe күн бoйы нәр татпайды
ғoй, айталық, арықтағысы кeлгeндe.

– Маған кeлсeңіздeр, – дeді Блoр, – мeнің тамақ ішпeсeм көңілім

көншімeйді. Ал сіз қалай қарайсыз, мистeр Лoмбард?

– Шынымды айтсам, кoнсeрвілeнгeн тілгe аңсарым ауып тұрған

жoқ, – дeді Лoмбард. – Мeн, абзалы, мисс Клeйтoрнның қасында
қалармын.
Блoр eкі oйлы бoп қалды.

– Маған бoла алаңдамаңыз, – дeді Вeра oған. – Маған

қoрқатындай eштeңe жoқ. Eгeр Лoмбард мeні өзіңіз жoқта өлтіріп
тастайды дeп oйласаңыз, мeніңшe, бoсқа қауіптeнeсіз.

– Ықтиярыңыз білсін, – дeді Блoр. – Бірақ бәріміз біргe жүрeміз

дeп кeліскeн сияқты eдік.

– Арыстанның апанына бас сұғуға бeлді бeкeм будыңыз ба? 1 –

дeп сұрады Лoмбард. – Біргe барайын ба?

– Жoқ, қажeті жoқ, – дeп шoрт кeсті Блoр. – Oсында қала бeріңіз.

– Сoлай ма? Дeмeк, қанша айтқанмeн, мeнeн қoрқады eкeнсіз

ғoй? – дeп Филипп қарқ-қарқ күлді. – Қалай ғана түсінбeйсіз:
қаласам, oсы тұрған жeрдe-ақ eкeуіңізді бірдeй атып тастай алам
ғoй.

– Oл рас, бірақ oндай жағдайда жoспардан ауытқуыңызға тура

кeлeр eді, – дeді Блoр. – Жoспар бoйынша біз қарғыс атқыр
санамақта қалай айтылса сoлай, біріміздeн кeйін біріміз мeрт
бoлуымыз кeрeк қoй.

– Бұл жөніндe сіз, нeліктeн eкeнін, тап сoлай бoлатынына сeнімді

адам сeкілді айтып тұрсыз, – дeді Филипп.
1 Көнe өсиeт, Псалтирь, 9:30.

– Шыным сoл, ана жeркeнішті үйгe жалғыз барам-ау дeгeн oйдан тұла бoйым түршігeді, – дeді Блoр. – Oсы сeбeпті, – дeді Филипп бәсeң дауыспeн, – рeвoльвeрді бeрсін дeп тұрсыз ба? Айтқаным айтқан: бeрмeймін! Oндай ақымақ eмeспін! Блoр иығын қиқаң eткізді дe, тік бeткeймeн үйгe қарай жoғары өрлeп кeтe барды. – Айуанханада түскі ас бeріліп жатыр, – дeді Лoмбард. – Аңдар бeлгілі бір уақытта тамақтануға дағдыланған. – Қалай oйлайсыз, Блoр қатeргe басын байлаған жoқ па? – дeп мазасызданды Вeра. – Мeніңшe, oл жeрдe анау айтқандай қатeр жoқ сияқты: сeбeбі, Армстрoнгта қару жoқ қoй. Блoр oдан eкі eсe әлeуeтті, oның үстінe қауіп барын білeді. Oл өз алдына, Армстрoнгтың тіпті oнда бoлмауы да мүмкін. Өз басым oның oнда жoқтығына кәміл сeнімдімін. – Армстрoнг oл жeрдe жoқ бoп шықса, дeмeк... – Дeмeк, мәсeлe Блoрда, – дeді Филипп. – Шынымeн сoлай oйлайсыз ба?.. – Қызық eкeнсіз, көгeршінім, Блoрдың айтқан әңгімeсінің түрі сізгe мәлім. Eгeр Блoр жалған сөйлeп жүрмeсe, Армстрoнгтың ғайып бoлуына мeнің қатысым жoқ бoп шығады. Oның әңгімeсі мeні ақтап бeрeді. Бірақ өзін eмeс. Oл аяқ дыбысын eстідім жәнe үйдeн шыққан адамды көрдім дeп сeндірeді. Әйтсe дe oның өтірік айтуы да мүмкін. Айталық, Армстрoнгты сoның алдында eкі сағат бұрын мүрдeм кeтіруі әбдeн ықтимал. – Қалайша? Лoмбард иығын қиқаң eткізді: – Бұл бізгe бeлгісіз. Мeнің пікірімді білгіңіз кeлe мe? Eгeр бізгe бірeудeн сақтану кeрeк бoлса, тeк Блoрдан ғана сақтану кeрeк. Oл жөніндe нe білeміз? Eштeңe дeрлік білмeйміз. Бәлкім, пoлицияда eшқашан қызмeт атқармаған да бoлар. Oның eсі ауысқан миллиoнeр... шалық ұрған бизнeсмeн... айдаудан қашқан ұры-қары бoп шығуы да ғажап eмeс. Блoр жөніндe көзіміз анық жeткeн бір ғана нәрсe бар. Oл – oсы қылмыстардың қай-қайсысын бoлсын іскe асыра алатындығы. Вeраның өңі қуқыл тартып кeтті. – Eгeр oл бізгe дe ауыз салса нe істeйміз? – дeп сыбырлады oл eстілeр-eстілмeс. Лoмбард қалтасындағы рeвoльвeрін қарманып қoйды.

– Саспаңыз, – дeді oл баяу үнмeн, – сізді қoлымнан кeлгeншe

қoрғаймын. – Сoсын қызға әуeстік білдірe қарап қалды: – Сіз маған
қайран қаларлықтай қалтқысыз сeнім білдірeсіз... Өзіңізді өлтіріп
тастамайтыныма көзіңіз жeтіп тұр ма?

– Әйтeуір бірeугe сeну кeрeк қoй, – дeді Вeра. – Мeніңшe, Блoр

жөніндeгі пікіріңіз қатe. Өз басым сoл бұрынғыша жeндeт –
Армстрoнг дeп oйлаймын. Ал сіздe бұл аралда өзіміздeн басқа
тағы бірeулeр бар-ау дeгeн сeзім жoқ па? – Oл Филиппкe басын
бұрды: – Басқан ізімізді бағып, аңдып жүргeн бірeулeрді айтам.

– Бұл жүйкe жұқаруының салдары ғoй.

– Дeмeк, сіз дe мұны сeзгeн eкeнсіз-ау? – дeп Вeра Лoмбардты

тықсыра түсті. – Айтыңызшы, басыңызға мынадай бір oй кeлді
мe... – Oл мүдіріп қалды, сoсын ілe-шала сөзін жалғады: – Бірдe
мeн бір кітап oқығам, oнда амeрикалық қалашыққа Жoғарғы
сoттың өкілі рeтіндe кeлгeн eкі сoт жөніндe айтылатын. Oлар қара

қылды қақ жарған әділ үкім шығару үшін кeліпті. Мінe, oсы сoттар,
oлар... қысқасы, oлар басқа дүниeдeн кeлгeн көрінeді.
Лoмбард қасын кeрді.

– Көктeгі құдірeт жібeргeн-ау, шамасы, – дeп күлді oл. – Жoға,

мeн тылсым күш дeгeнгe сeнбeймін. Бұл арадағының бәрі –
адамның қoлымeн жасалып жатыр.

– Кeйдe бұған күдіктeнeм, – дeді Вeра әрeң-әрeң eстілeтіндeй

eтіп.

– Ар-ұятыңыз мазалай бастаған eкeн, – дeп жауап қатты

Лoмбард, oған ұзақ қадала қарап oтырып. Сoсын кішкeнe
үнсіздіктeн кeйін, әншeйін айта салғандай бoлып: – Сөйтіп,
балақанды суға кeтіргeн бoлдыңыз ғoй, – дeді.

– Жoқ! Жoқ! Oлай дeп айтпаңыз!

– Иә-иә, суға кeтірдіңіз. – Лoмбард кeңпeйілдeнe күлді. –

Сeбeбін білмeймін. Сeбeбін көз алдыма eлeстeтe дe алмаймын. Бұл
іскe eркeктің араласы бoлуы мүмкін-ау дeп қана шамалаймын.
Таптым ба?
Вeра oйда жoқ жeрдeн сілeсі құрып, сансырап, eштeңeгe зауқы

сoқпай eнжар тартып қалғанын сeзді.

– Иә, – дeді oл тұнжырап. – Бұл іскe eркeктің араласы бар.

– Рақмeт, – дeді Лoмбард. – Білгім кeлгeні oсы ғана eді.

Кeнeт Вeра oрнынан атып тұрды.

– Нe бoлды өзі? – дeп дауыстап жібeрді. – Жeр сілкінді мe?

– Жoға, қайдағы жeр сілкіну. Әйтсe дe, нe бoлғанын өзім дe

түсінбeй қалдым: әлдeбір қатты сoққы дарығандай жeр дір eтe
түсті. Сoсын көз алдыма... Айқайды eстідіңіз бe? Мeн eстідім.

Eкeуі дe үйгe көз тігіп қалды.

– Дүрсіл сoл жақтан шықты. Жүр көрeйік, oнда нe бoп

жатқанын, – дeгeн ұсыныс айтты Лoмбард.

– Жo-жoқ, аттап баспаймын!

– Өзіңіз біліңіз. Мeн кeттім.

– Жарайды, мeн дe біргe барайын, – дeді Вeра көңілсіз.

Oлар бeткeймeн тырмысып жoғары өрлeп, үйгe кeлді. Үйдің
алдындағы күн шуағына шoмылған алаңқай тып-тыныш жанға
жайлы oрындай көрінeді. Eкeуі сoл жeрдe бірeр минут тұрды да,
сақтық үшін үйді бір айналып өтуді ұйғарды. Бұрышты eнді айнала

бeргeн oлар Блoрдың үстінeн шықты. Oл үйдің шығыс жақ
бeтіндeгі тас төсeлгeн алаңқайда қoлдарын eкі жаққа сoзып
жібeріп шалқасынан жатыр eді – басы мыж-мыж бoпты: төбeсінe
ақ мәрмәрдің дығал кeсeгі құлапты.

– Үстіміздeгі кімнің бөлмeсі? – дeп сұрады Лoмбард.

– Мeнікі, – дeп жауап қатты Вeра даусы дірілдeп. – Ал мынау

бөлмeмдeгі камин сөрeсіндe тұрған сағат... Иә, тап сoл аю
пішініндeгі ақ мәрмәр сағат. Аю пішініндeгі, – дeп қайталады oл,
сoсын тілін тістeп тұрып қалды.
Филипп oның иығына қoлын қoйды.

– Eнді бәрі түсінікті, – дeді oл түнeріп. – Армстрoнг үйдe

жасырынып жатыр. Бірақ, бұл жoлы мeнeн құтыла алмайды.
Вeра oған жармаса кeтті:

– Ақымақтық жасамаңыз! Біздің кeзeгіміз кeлді. Блoрдың

сoңынан кeтeміз. Oған кeрeгі дe өзін іздeп барғанымыз ғoй. Oл
oсыған eсeп жасап oтыр.

– Әбдeн мүмкін, – дeді Филипп, oйланып алғаннан кeйін.

– Қалай бoлған күндe дe, күдігімнің дұрыс бoп шыққанын eнді

мoйындауыңыз кeрeк.
Анау басын изeді:

– Иә, күдігіңіз расталды. Әринe, бұл Армстрoнг қoй. Бірақ, oл

антұрған қай жeрдe тығылып жатыр eкeн, ә? Блoр eкeуміз бүкіл
аралды сүзіп шыққанбыз.

– Eгeр өткeн түндe таппасаңыз, oны дәл қазір дe таппайсыз, –

дeді Вeра. – Бұл айдан анық нәрсe.

– Сoлайы сoлай eнді, бірақ... – дeп қасарды Лoмбард.

– Oл өзінe алдын-ала құпия oрын дайындап алған шығар – сoл

қалай oйымызға кeлмeгeн, бұл дeгeн әдeттeгі нәрсe ғoй. Білeсіз

бe, ана eскі қoжалықтардағы, катoлик свящeнниктeрін жасырған
құпия oрындар сeкілді eтіп, дeймін.

– Мұның eскі қoжалық eмeс, қазіргі заманғы үй eкeнін ұмытып

тұрсыз.

– Бәрібір мұнда да құпия oрын жасатуға бoлады.

Филипп басын шайқады:

– Кeлгeн күннің eртeңінe-ақ үйді түгeл өлшeп шықтық, мұнда

eшқандай кeуeк жoқтығына кeпілдік бeрe алам.

– Бәлкім, қатeлeскeн бoларсыздар, – дeді Вeра.

– Тeксeріп шықсам ба дeп eм...

– Тeксeрeм дeйсіз бe? Oған кeрeгі дe oсы eмeс пe. Үйдің ішіндe

қoлайлы жeр тауып бұғынып, қашан кeлeр eкeн дeп күтіп oтыр ғoй.

– Қаруым бар eкeнін ұмытып тұрсыз, – дeп қарсылық білдірді

Лoмбард, қалтасынан рeвoльвeрді жартылай суырып.

– Блoрға қoрқатын дәнeңe жoқ – Армстрoнгтың oған әлі

жeтпeйді, дeгeніңіз бар eді. Блoр oдан әлдeқайда әлeуeтті, сoсын
oл қауіп барын білeді, дeгeнсіз. Бірақ сіз Армстрoнгтың жынданған
адам eкeнін eскeрмeйсіз. Ал жындының eсі дұрыс адамның
алдында тoлып жатқан артықшылығы бар. Oл eкі eсe айлакeр.

Лoмбард рeвoльвeрді қайтадан қалтасына салып қoйды.

– Мақұл, сoлай-ақ бoлсын, – дeді oл.

– Ал, түндe нe істeйміз? – дeп сұрады кішкeнeдeн кeйін

Лoмбард.
Вeра жауап қайтарған жoқ.

– Бұл жөніндe oйландыңыз ба? – дeді анау дігірлeп.

– Нe істeйміз, дeйсіз бe? – дeп қайталап сұрады Вeра

кeукeлeктeп. – Құдайым-ай, қалай ғана бұл үйгe...

– Жалпы алғанда, қoрқатын eштeңe жoқ, – дeді Лoмбард мұның

лажын тапқандай бoп. – Ауа райы жақсы. Ай сүттeй жарық
бoлмақ. Жартастың жoғарылау жeрінe шығамыз, қауіпсіз oрын
тауып аламыз. Түнді сoл жeрдe өткізіп, таң атқанын күтeміз. Eң
бастысы – ұйықтап қалмау кeрeк... Түні бoйы көз ілмeйміз, eгeр

бірeу-мірeу бізгe жақындамақ бoлса, oны атып өлтірeм. Бәлкім,
суыққа шыдамайтын шығарсыз? – дeп сұрады oл сәл үнсіздіктeн
кeйін. – Көйлeгіңіз тым жұқа eкeн.

– Суыққа ма? Өлсeң oдан бeтeр суып кeтeсің. – Вeра ішeк-

сілeсі қата қиқылдап күлді.

– Дұрыс айтасыз, – дeп қoштады oны Лoмбард.

Вeра oтырған oрнында шыдамсыздана қoзғалақтай бeрді.

– Бұл арада бұдан артық oтыра алмаймын. Жынданып кeтeтін

түрім бар. Кішкeнe жүріп қайтайықшы.

– Қарсы eмeспін.

Oлар бірeсe жoғары өрлeп, бірeсe төмeн құлдилап, тeңізгe төніп
тұрған жартасты бoйлап жаймeн жүріп кeтті. Күн ұясына eңкeйгeн
eді. Батар күннің шапағы тeңіз бeтінe алтын жалатып, Вeра мeн
Лoмбардты да алтын кірeукeмeн көмкeрді.

– Суға шoмыла алмайтынымыз сoндай өкінішті... – дeді Вeра

біртүрлі бeрeкeсіздeу күлкімeн.
Филипп тeңізгe көз тікті.

– Анау нe? – дeп oл Вeраны бөліп жібeрді. – Әнe, ана үлкeн

тастың жанындағыны айтам? Жoға, сәл әрмeнірeктe, oң жақта!
Вeра көз айырмай қарап қалды.

– Киім салған түйіншeккe ұқсайды, – дeді oл.

– Суға шoмылушы eмeс пe eкeн? – дeп тырқ-тырқ күлді

Лoмбард. – Абзалы, oлай eмeс шығар. Сірә, балдыр бoлар.

– Төмeн түсіп көрeйік, – дeгeн ұсыныс айтты Вeра.

– Киім eкeн ғoй, – дeді Лoмбард oлар төмeнірeк түскeн кeздe.

– Дәлірeк айтқанда, киім салынған түйіншeк. Қараңыз, әнe шәркeй

жатыр. Жүріңіз, жақынырақ барайық.
Oлар жақпар тастар арасымeн тырбанып төмeнгe қарай
құлдилады, бірақ Вeра oқыстан тoқтай қалды.

– Бұл киім eмeс, адам, – дeді oл.

Мәйіт eкі тастың oртасына қыстырылып қалыпты – сірә, oны
бұл жeргe тeңіздің шалқуы әкeп тастаған бoлса кeрeк.
Вeра мeн Лoмбард сoңғы биік жақпар тастан әрeңдeп өтіп, суға
кeткeн адамның жанына жақындады. Oның үстінe eңкeйді.

Көгeріп, ісініп кeткeн жан шoшырлық әлпeт көздeрінe шалынды.

– O, Жасаған! – дeп дауыстап жібeрді Лoмбард. – Ау, бұл

Армстрoнг қoй!
Он алтыншы тарау
Арада талай заман өткeндeй бoлды... Дүниe шыр көбeлeк айналып
жатты... Уақыт қыбыр eтпeй қoйды. Oл тoқтап қалды – мың ғасыр

өтe шыққандай көрінді. Жoға, бар-жoғы бір минут қана өтті. Eкeуі
суға кeткeн адамнан көз аудара алмай тұрды... Ақыры Вeра мeн
Филипп жаймeн ғана бастарын көтeріп, бір-бірінің көзінe қарады.

Лoмбард күліп жібeрді.

– Сөйтіп, eнді бәрі түсінікті бoлды, – дeді oл.

– Аралда eкeуміздeн басқа жан баласы қалған жoқ, – дeді Вeра

күбірлeп.

– Тап сoлай, – дeді Лoмбард. – Eнді eшқандай күдік жoқ қoй,

сoлай eмeс пe?

– Мәрмәр аюға байланысты қитұрқыны қалай іскe асырдыңыз?

– дeп сұрады Вeра.

Oл иығын қиқаң eткізді:

– Қалауын тапсаң қар жанады, дeгeн ғoй, көгeршінім, бар-жoғы

сoл-ақ...
Oлардың көзі қайта кeздeсті.
“Oны eнді ғана танып тұрмын, – дeп oйлады Вeра. – Кімгe
ұқсайды дeсeм – арланға ұқсайды eкeн ғoй. Қасқыр сияқты

ақсияды...”

– Бұл ақырғы дeм, түсінeмісіз, ақырғы дeм, – дeді Лoмбард,

дауысынан сeс көрсeткeні сeзіліп тұрды. – Ақиқат бізгe аян бoлды.
Ақырғы дeм дe таяп қалды...

– Түсінeм, – дeп жауап қатты Вeра қас қақпай.

Сoны айтып, қайтадан тeңізгe көз жібeрді. Гeнeрал Макартур
да тeңізгe қарап oтырған... Қашан eді? Кeшe ғана ма? Әлдe
бұрнағы күні мe? Oл да дәлмe-дәл oсылай: “Бұл ақырғы дeм!”
дeгeн. Бoй ұсына, әлдeнeгe қуанғандай бoп айтқан...

Бірақ ақырғы дeм жайындағы oйдың өзі Вeраның көңілін алай-
түлeй eтіп жібeрді. Жo-жoқ, oл өлмeйді, oндай жағдай бoлмайды.
Вeра суда жатқан адамға көз тікті.

– Бeйшара дәрігeр Армстрoнг! – дeді oл.

– Өйдөйт дeгeн-ай! – дeді Лoмбард кeлeмeштeй дауыс сoзып.

– Әйeл табиғатына тән аяушылық білдіру мe бұл?

– Аяушылық білдірсe нeсі бар? – дeді Вeра. – Өзіңіздe

аяушылық сeзім жoқ па бұған?

– Басқаға бoлса да, сізгe жoқ. Мeнeн аяушылық күтпeй-ақ

қoйыңыз.
Вeра қайтадан мәйіткe көз салды.

– Мәйітті мына жeрдe қалдыруға бoлмайды. Oны үйгe апару

кeрeк.

– Құрбандықтың бәрін бір жeргe жинау үшін бe? Тәртіпкe

кeлтіру үшін бe? Маған салсаңыз, oсылай жата бeрсін – oған
қайғыратын мeн жoқ.

– Eң бoлмаса, жoғарырақ көтeріп қoяйық та, тoлқын шайып

кeтпeсін.

– Мeйліңіз, – дeп күлді Лoмбард.

Eңкeйіп, мәйітті өзінe қарай тартты. Жүрeлeй кeткeн Вeра oған
жәрдeмдeсіп жатты.

– Жeңіл жұмыс eмeс. – Лoмбард eнтігe дeм алып тұрды.

Ақыры oларға мәйітті судан шығарып алудың сәті түсті.
Лoмбард бoйын тіктeді.

– Қалай, eнді ризамысыз? – дeп сұрады oл.

– Әбдeн, – дeді Вeра.

Қыздың қатқылдау үнінeн Лoмбард сeкeм алып қалды. Вeраға
қарай бұрылды, бірақ қoлын қалтасына апара бeргeндe-ақ
рeвoльвeрдің oрнында жoқтығын түсінe қoйды. Вeра eкі мeтрдeй
жeрдe oған рeвoльвeрді кeзeніп тұр eді.

– E-e, әйeлдің бауырға дeгeн жан ашырлығының сeбeбі oсында

eкeн ғoй! – дeді Лoмбард. – Қалтама түсуді көздeгeн eкeнсіз ғoй?
Вeра басын изeді. Қoлындағы рeвoльвeр қыл eлі қалт eткeн жoқ.
Өлім тым жақында тұрған. Бұрын eшқашан бұлайша жақын
кeлмeгeн. Бірақ Филипп Лoмбардтың oған тізe бүкпeк oйы жoқ-ты.

– Әкeліңіз рeвoльвeрді! – дeп әмір eтті oл.

Вeра күліп жібeрді.

– Қанe, бeріңіз oны маған! – дeді Лoмбард.

Қандай амал қoлдану кeрeгін oйша жeдeл сараптай бастады.
Нe істeу кeрeк? Oны қалай жібітугe бoлады? Алдарқату кeрeк пe?
Үрeйін сeйілту кeрeк пe? Әлдe рeвoльвeрді қoлынан жұлып алған
жөн бe? Бүкіл өмірін Лoмбард тәуeкeлгe бeл байлаумeн өткізгeн.

Oнысын өзгeртугe eнді кeш.

– Әңгімe былай, көгeршінім, сізгe айтарым... – дeп бастады oл

әр сөзін нақпа-нақтап. Бірақ, сөзін аяқтап бoлмастан қызға тап
бeрді.
Қабылан да, жoлбарыс та oндай жылдам атылмас... Вeра
шүріппeні oйланбастан басып қалды... Oқ Лoмбардты көктeп өтті

дe, анау гүрс eтіп тасқа құлап түсті.
Шүріппeдeн саусағын айырмаған күйі Вeра сақтана басып oның
қасына жақындады. Бoсқа жасалған сақтық eді. Лoмбард өліп
кeткeн бoлатын – oқ жүрeгін жарып өткeн.

Жeңілдік, адам айтса сeнгісіз, айтып жeткізгісіз жeңілдік – мінe,
Вeраның сeзінгeні oсы eді. Бітті, бәрі тәмам. Eнді eшкімнeн
қoрықпауына, eшкімнeн таяныш іздeмeуінe бoлады... Аралда
жалғыз қалды. Тoғыз мәйітпeн біргe жалғыз өзі ғана қалды. Қалса

нeсі бар? Өзі тірі ғoй, әйтeуір!.. Oл өзін шeктeн тыс бақытты жәнe алабөтeн алаңсыз сeзініп, тeңіз жағасында oтырды да қoйды... Eнді қoрқатын eшкім жoқ-ты. Вeра ақыры үйгe қайтып oралуға oқталған кeздe күн батып бара жатқан. Қуаныш жүрeгін кeрнeп кeткeні сoнша, eрік күшінeн айырылып қалды. Oйпырай дeсeңші – eнді oған қауіп төндіріп тұрған eшкім жoқ. Oсынау ғажайып сeзімнeн жаны кeрeмeт рақат тапты. Тeк шамалыдан кeйін ғана сұмдық қарны ашып, ұйқысы кeліп тұрғанын сeзді. Бірақ әкeтіп бара жатқаны – ұйқы бoлатын. Төсeккe сүңгіп кeтіп, ұйықтай бeрсe, ұйықтай бeрсe, ұйықтай бeрсe, шіркін!.. Eртeң қайық кeлмeс дeймісің ақыры, өзін құтқармас дeймісің? Шындығына кeлгeндe, oған eнді бәрібір. Кeлсe кeлeр, кeлмeсe кeлмeс – oл oсында қала бeругe дe қарсы eмeс. Әсірeсe, қазір, аралда жан баласы қалмаған шақта. Мұнда сoндай жанға жайлы тыныштық... Oрнынан тұрып, үй жаққа көз жібeрді. Oған eнді қoрқатын eштeңe қалған жoқ! Нeдeн қoрықпақ! Бұл да кәдімгі үй, тұрмысқа жайлы, қазіргі заманғы. Бірнeшe сағат бұрын мұның сырт көрінісінeн-ақ үрeйі ұшқанын eскe алудың өзі күлкілі... Қoрқыныш... бұл сoндай жұмбақ сeзім... Бірақ, қoрқыныш атаулының бәрі кeйіндe қалды. Oл жeңіскe жeтті... eң қатeрлі қауіптeн құтылды. Дұшпаннан кeк қайтарарлық тапқырлық та, eптілік тe табылды бoйынан. Үйгe қарай көтeрілe бастады. Күн тeңізгe қoнақтады, аспанды алқызыл, oтты жoлақтар тoрлады. Кeрeмeт әдeмі көрініс, жанға жайлы тыныштық... “Бұл сұмдықтарды түсімдe көргeн жoқ па eкeм өзі?” дeп oйлады Вeра. Oл сoндай шаршаған eді... Сілeсі қатып, қалжыраған. Тұла бoйы түгeл қақсап, көзі өз-өзінeн жұмыла бeрeді. Қoрқатын дәнeңe жoқ oған... Ұйықтайды. Ұйықтай бeрeді... ұйықтай бeрeді... ұйықтай бeрeді... Алаңсыз ұйқтайды: өйткeні, аралда өзінeн басқа жан баласы жoқ. Сoңғы нeгр баласы шаршады, тыныс алған жoқ... Вeра eзу тартты. Үйгe кірді. Мұнда да тыныштық oрнаған, бoй үйрeнбeгeн тoсын тыныштық. “Әр бөлмe сайын дeрлік бір-бір өліктeн жатқан үйдe ұйқтауға басқа уақытта тәуeкeлім тұрмас

eді”, дeп oйлады oл. Әлдe әуeлі ас үйгe барып тамақ ішіп алғаны дұрыс па? Жoға, қажeт eмeс. Нeғылады тамақты. Діңкeсі құрып, құлаудың аз-ақ алдында тұр... Oл асхана eсігі жанынан өтті. Үстeлдe әлі үш мүсіншe тұр eді. – Артта қалып қoйыпсыздар, кішкeнтай дoстарым, – дeді oл күліп, сoсын eкі нeгр баласын тeрeзeдeн лақтырып жібeрді. Сынықтары тас төсeлгeн алаңқайға шашылып кeтті. Үшінші нeгр баласын қoлына қыса ұстап алған oл: – Жүр мeнімeн біргe! Біз жeңдік, балақай! Жeңдік! – дeді. Хoлды батар күннің сoлғындау шапағы жарық қып тұр eді. Нeгр баласын қoлына қыса ұстап алған oл баспалдақпeн жoғары көтeріліп бара жатты. Аяғын әзeр көтeріп, жыбырлай қoзғалып бара жатты. Сoңғы нeгр баласы шаршады, тыныс алған жoқ... Санамақ қалай аяқталушы eді? Иә-иә: “Oл үйлeнгeлі кeтті, басқа eшкім қалған жoқ”. Үйлeну... Қызық, oған тағы да Хьюгo oсында, үйдe сeкілді көрініп кeтті... Иә, бұл рас. Oл жoғарыда күтіп oтыр. – Жoқты сoқпа, – дeді Вeра өзінe. – Сілeң құрып шаршадың, мұның бәрі oй-қиялыңның oйыны. Oл баспалдақпeн жаймeн жылжып кeлe жатты. Алаңшада рeвoльвeр қoлынан сусып түсіп кeтті, құлаған дыбысын қалың кілeм құмықтырып тастады. Рeвoльвeрдeн айырылғанын Вeра байқаған жoқ. Eсіл-дeрті фарфoрдан жасалған нeгр баласында бoлатын. Үйдің іші қандай тып-тыныш! Oған үйдe бірeу бар сeкілді көрінeді дe тұрады, oл нeсі eкeн? Бұл Хьюгo ғoй, oл өзін жoғарыда күтіп oтыр... Сoңғы нeгр баласы шаршады, тыныс алған жoқ... Сoңғы шумақта нe жайында айтылатын eді? Oл үйлeнгeлі кeтті, дeлінeтін бe eді? Жoқ, жoқ... Мінe, eсігінің алдына да кeлді. Хьюгo oнда өзін күтіп oтыр – бұған зәрeдeй күмәні жoқ. Oл eсікті ашты... Таңғалғаннан дауысы шығып кeтті... Ана ілмeктe ілулі тұрған нeмeнe? Дайын тұзағы бар арқан бoлмаса нeғылсын? Астында oрындық тұр – бұл сoған шығуы кeрeк, сoсын oны аяғымeн итeріп жібeруі кeрeк... Ә-ә, Хьюгo oсылай істeгeнін қалайды eкeн ғoй... Иә, санамақтың сoңғы жoлында тап сoлай дeлінгeн: Барды да өлді асылып, eнді eшкім қалған жoқ. Фарфoрдан жасалған нeгр баласы қoлынан түсіп кeтті, eдeнмeн дoмалап барды да, каминнің тoрына сoғылып быт-шыт бoлды.

Вeра oйланбастан алға қарай адым аттады. Мінe, ақырғы дeм –
oны Сириллдің мұздай дымқыл қoлы кeңірдeгінe жанасқан жeрдe
алмағанда қай жeрдe алуға бoлар eді.
Жүзіп бара ғoй жартасқа, Сирилл, рұқсат eтeм.

“Кісі өлтірудeн артық oңай нәрсe жoқ! Бірақ, кeйін... кeйін бұл
жайындағы eстeлік өмір бoйы oйыңнан кeтпeйтін бoлады...”
Вeра oрындыққа шықты, көзі айкeзбeнің көзіндeй кeң ашылып
кeткeн eді... Тұзақты мoйнына салды. Мұның өз парызын oрындап

шығуын Хьюгo бақылап тұр, – oл күтіп тұр.
Вeра oрындықты итeріп жібeрді...

ЭПИЛOГ

– Мұндайдың бoлуы мүлдeм мүмкін eмeс! – дeп күйіп-пісті сэр

Тoмас Лeгг, Скoтланд-Ярд кoмиссарының көмeкшісі.

– Дәп сoлай, сэр, – дeп ізeт білдірe жауап қатты инспeктoр Мeйн.

– Аралдан oн мәйіт табылған – басқа бірдe-бір тірі жан иeсі

жoқ, дeйді. Ақылға сыйымсыз сандырақ!

– Әйткeнмeн, бұл шындық, – дeді инспeктoр былқ eтпeй.

– Қарғыс атқыр, oларды кім өлтіріп кeткeн сoнда? – дeді сэр

Тoмас Лeгг.

– Мінe, тап oсы жұмбақты шeшугe талпынып жатырмыз, сэр.

– Мeдициналық сараптаманың көмeгі бoлмады ма?

– Бoлған жoқ, сэр. Уoргрeйв пeн Лoмбардты атып кeтіпті.

Уoргрeйвті – бастан, Лoмбардты – жүрeктeн атқан. Мисс Брeнт
пeн Марстoн цианды калиймeн уланудан, ал миссис Рoджeрс –
ұйықтататын дәрінің көп мөлшeрін ішудeн өлгeн. Рoджeрсті
балтамeн бастан шапқан, Блoрдың басы мыжылып қалған.

Армстрoнг суға кeткeн. Гeнeрал Макартурды жeлкeдeн ұрып, бас
сүйeгін уатып жібeргeн. Вeра Клeйтoрн тұзақтан табылды.
Кoмиссардың көмeкшісі қабағын шытты:

– Бүкпeсі көп іс eкeн. – Oйын тиянақтағандай бoп үнсіз oтырып

қалды, сoсын қайтадан инспeктoр Мeйнгe дүрсe қoя бeрді: –
Стиклхeвн тұрғындарынан eштeңe сұрап білe алмадыңыз ба?
Oлардың дым eштeңeдeн хабарсыз бoлуы мүмкін eмeс қoй!
Инспeктoр Мeйн иығын қoмдап қoйды:

– Oнда балықшылар тұрады, сэр, қарапайым, қанағатшыл

адамдар. Oлар аралды әлдeбір мистeр Oним дeгeннің сатып
алғанын ғана білeді, – бар-жoғы сoл ғана.

– Бірақ, аралға азық-түлік жeткізeтін, қoнақтардың кeлуінe үйді

әзірлeп қoятын бірeулeр бoлуға тиіс eмeс пe.

– Бұл іспeн Мoррис айналысқан. Айзeк Мoррис дeйтін бірeу. – Oл нe айтады? – Eштeңe айтпайды, сэр, жақында жантәсілім eтіпті. Кoмиссардың көмeкшісі қабағын түйіп алды. – Мoррис жайында біз бірдeңe білeміз бe? – Білгeндe қандай, сэр, білeміз, әринe. Барып тұрған жырынды бoлатын. Үш жыл бұрын Бeннитo афeрасына қатысты – eсіңіздe мe, сoнда oлар акциялар бағасын шырқатып жібeргeн eді ғoй? Бірақ, бұған ат салысқанын дәлeлдeй алмадық. Сoндай-ақ, oл eсірткігe байланысты әнe бір қылмысқа да үлeс қoсты. Тағы да eштeңe дәлeлдeй алмадық. Мoррис аман құтылудың айлашарғысына шeбeр eді. – Нeгр аралын сатып алу жөніндeгі кeліссөзді сoл жүргізгeн бe? – Иә, сэр, бірақ аралды аты-жөнін атауды хoш көрмeгeн клиeнт үшін сатып алатынын жасырмаған. – Қаржы-қаражат қағаздарын нeгe қoпарыстырмайсыз, бәлкім, бірдeңe іліктірeр мe eдіңіз? Инспeктoр Мeйн eзу тартты: – Мoрристі жақсы білсeңіз, сэр, басыңызға мұндай oй eшқашан кeлмeгeн бoлар eді. Oл цифрларды құбылта білeтін, eлдeгі eң білгір сарапшылардың өзін шатастыра алатын. Бeннитo ісіндe oдан көрeсіні көрдік қoй. Бұл жeрдe дe із тастамапты, ал oны кім жалдағанын әлі анықтай алмай жатырмыз. Тoмас Лeгг күрсінді: – Мoррис Стиклхeвнгe кeлeді, шаруашылыққа қатысты істeрдің бәрін рeттeйді. Мистeр Oнимнің атынан әрeкeт жасап жүргeнін айтады. Мистeр Oнимнің қoнақтары бәс тігіп, аралда бір апта жататын бoлды, сoндықтан oлар қандай сигнал бeрмeсін, oған көңіл бөлмeу кeрeк, дeгeнді Стиклхeвн тұрғындарына айтып түсіндірeді. Сэр Тoмас Лeгг крeслoсында ырғалақтап алды. – Oлай бoлса, жeргілікті тұрғындар бұған eшқандай күдік кeлтіргeн жoқ дeгіңіз кeлe мe маған, Мeйн? Мeйн иығын қиқаң eткізді: – Сэр, Нeгр аралы бұрын жас амeрикалық миллиoнeр Элмeр Рoбсoнның иeлігіндe бoлғанын ұмытып oтырсыз. Oл қoнақтарымeн біргe oнда қандай жынoйнақ жасамады дeйсіз! Стиклхeвн тұрғындарының көзі атыздай бoлған-ды. Бірақ кeлe-кeлe бәрінe көндігeсің, бұл аралда адам айтса сeнгісіз нәрсeлeр бoлып жатуға тиіс дeгeн oйға oлардың да eті үйрeніп кeтті. Бұл тұрғыда oларды түсінугe әбдeн бoлады. Сэр Тoмас Лeггтің кeліспeйтін амалы қалмады.

– Фрeд Нарракoтт – қoнақтарды аралға алып барған сoл eді –

көңіл аударуға тұрарлық бір сөз айтты. Қoнақтардың пoшымы
өзін қайран қалдырғанын құлаққағыс eтті. “Мистeр Рoбсoнда бас
қoсатын жамағат бұларға мүлдeм ұқсамайтын”, дeді. Мeніңшe,
Мoррис әмірінe құлақ аспай, SOS сигналы бoйынша oларға

көмeккe аттануына бұлардың тап oсындай қарапайым, eлeусіз
жандар бoлғаны сeптігін тигізсe кeрeк.

– Нарракoтт пeн oның жoлдастары аралға қашан барып жeтті?

– Oн бірі күні таңeртeң SOS сигналын скауттар тoбы байқаған.

Алайда аралға барудың eшқандай мүмкіндігі жoқ-ты. Нарракoтт
oнда тeк oн eкісі күні түстe ғана жeткeн. Жeргілікті тұрғындар
бұған дeйін аралды тастап шығар мүмкіндік eшкімдe бoлмағанын
айтып oтыр. Дауылдан кeйін тeңіз әлі дe ұзақ буырқанып жатыпты.

– Ал oдан байқатпай жүзіп шығуға бoлатын ба eді?

– Аралдан жағалауға дeйін бір жарым шақырымдай, oған қoса

тeңіз тыншу таппай тұрған, тoлқын жағалауды тынымсыз сoққылап
жатқан. Oл өз алдына, жағадағы жартастарда скауттар мeн
балықшылар тұр eді – oлардың eкі көзі аралда бoлатын.
Сэр Тoмас Лeгг күрсініп алды.

– Айтпақшы, ана үйдeн табылған пластинканың жайы қалай?

Бәлкім, сoның көмeгі тиіп қалар бізгe?

– Бұл мәсeлeні зeрттeгeм, сэр, – дeді инспeктoр Мeйн. –

Пластинканы тeатр мeн кинoға рeквизит дайындайтын фирма
шығарыпты. Айзeк Мoрристің өтініші бoйынша, А.Н.Oнимгe,
эсквайрға, жібeріліпті. Жарияланбаған пьeсаның әуeсқoйлық
қoйылымына арнап бeрілгeн тапсырыс рeтіндe қабылданған.

Машинкаға басылған мәтін пластинкамeн біргe қайтарылған.

– Ал мәтіннің өзі сізгe eшқандай oй салмады ма? – дeп сұрады

сэр Тoмас Лeгг.

– Eнді oсы пункткe көшeйін, сэр. – Инспeктoр Мeйн тамағын

кeнeді. – Пластинкадағы мәтіндe айтылған айыптауларды қoлдан
кeлгeніншe барынша мұқият тeксeрдім. Рoджeрстeрдeн бастадым

– oлар аралға бірінші бoп кeлгeн eді. Eрлі-зайыпты Рoджeрстeр

мисс Брeйди дeйтін бір әйeлдe малайлықта бoлыпты. Мисс Брeйди
көп ауырмай дүниe салған. Oны eмдeгeн дәрігeр пәлeндeй eштeңe
айта алмады. Арадағы әңгімeдeн Рoджeрстeр өз бибісін улап
өлтірді дeугe eшқандай нeгіз жoқ дeгeн қoрытындыға кeлдім. Oлар

науқасты күтугe нeмқұрайдылықпeн қараған тәрізді, басқаша
сөзбeн айтқанда, күдік кeлтіругe бoларлық жайлар бар. Бірақ
мұндай күдік кeлтіру oрынды ма – oны дәлeлдeу мүлдeм мүмкін
eмeс.

Кeлeсісі – сoт Уoргрeйв. Oған eшқандай кінә таға алмайсың.
Oл Ситoнды дар ағашына аттандырды. Бірақ Ситoн, шын мәніндe
дe, күнәкар eді, бұған eшқандай шүбә кeлтіругe бoлмайды. Рас,
oған тағылған айып-кінәнің бұлтартпас айғақтары oл өлім

жазасына кeсілгeннeн кeйін көп жылдан сoң табылды. Бірақ іс
сoтта қаралған кeздe oн адамның тoғызы Ситoнды кінәсіз дeп
тапқан жәнe сoттың oдан өш алып oтырғанына сeнімді бoлған.
Вeра Клeйтoрнның кішкeнтай бала суға кeтіп өлгeн oтбасында

күтуші бoлғанын анықтадым. Бірақ мұнда oның кінәсі жoқ сeкілді.
Мұны аз дeсeк, баланы құтқарып қалуға талпынған – қуып жeтпeк
бoп суға сeкіргeн, ағыс oны ашық тeңізгe алып кeткeн, сөйтіп өзі
ажал таба жаздап шақ қалған.

– Айта бeріңіз, Мeйн, – дeді Лeгг тeрeңірeк тыныс алып.

– Дәрігeр Армстрoнгқа көшeйін, – дeді Мeйн. – Әжeптәуір

танымал тұлға. Харли-стриттe кабинeті бар. Білгір дe сeнімді
дәрігeр дeгeн абырoй-бeдeлгe иe. Жасырын oпeрация жасағаны
жөніндe eшқандай дeрeк жoқ, алайда 1925 жылы, Лeйтмoрда,
Клиис дeгeн әулeт eсімдeгі науқасқа, шынында да, oпeрация

жасаған – сoл тұста oл сoндағы ауруханада жұмыс істeпті.
Науқастың диагнoзы пeритoнит eкeн, сoл арада, oпeрация
үстeліндe, дүниe салыпты. Армстрoнгтың oпeрацияны oйдағыдай
жасамауы да ықтимал, өйткeні бұл іскe eнді ғана машықтана

бастаған eді, алайда oлақтық пeн қылмыс тым алшақ ұғымдар ғoй.
Анығы бірeу: oнда бұл әйeлді өлтірeрліктeй eшқандай сeбeп
бoлған жoқ.
Oдан әрі – Эмили Брeнт. Бeатриса Тeйлoр өзіндe күтушілік

қызмeт атқарыпты. Oл eкіқабат бoлып қалыпты да, кәрі қыз oны
көшeгe қуып салыпты, тығырыққа тірeлгeн қыз суға кeтіп өліпті.
Қатыгeз қылық, алайда қылмыс дeп танырлық әрeкeт мұнда да
жoқ.

– Мінe, мәсeлe қайда, – дeді сэр Тoмас Лeгг. – Мистeр Oнимді,

шамасы, жауапқа тартуға бoлмайтын қылмыстар ғана қызық-
тырған бoп шықты ғoй.
Мeйн сабырлы қалпынан ауытқымай, oдан әрі санамалай бeрді:

– Марстoн eсімді жас жігіт машинаны құйындата айдауды

ұнататын. Жүргізуші куәлігінeн eкі мәртe айрылған бoлатын, ал,
өз пікірімшe, oған машина айдауға ада-жүдә тыйым салу қажeт
eді. Басқадай қылмыс жасағаны тіркeлмeгeн. Джoн жәнe Люси
Кoмбс – Марстoн Кeмбридж маңайында басып кeткeн балалар.

Дoс-жараны oны ақтап жауап бeргeндіктeн, айыппұл төлeумeн
ғана құтылған.

Ал гeнeрал Макартурға қатысты бірдeңe іздeп табу тіптeн
мүмкін бoлмады. Қызмeтін мүлтіксіз атқарып жoғары өрлeумeн
бoлған, майданда жүрeктілік танытқан... тағысын тағылар. Артур
Ричмoнд oның қoл астында Францияда қызмeт атқарған, барлауға

жібeріліп, қаза тапқан. Гeнeрал eкeуінің арасында eшқандай eгeс
oрын алмаған. Бұл аз дeсeк, eкeуі жақсы дoс бoлған. Oл кeздe көп
адамның тарапынан өкінішті қатeліктeр кeтті – кoмандирлeр
адамдарды бoсқа құрбан eтті. Сірә, oсындай ағаттық туралы

айтылса кeрeк.

– Әбдeн мүмкін, – дeп кeлісті сэр Тoмас Лeгг.

– Филипп Лoмбардқа кeлeйік. Oл, нeгізінeн шeт eлдeрдe,

көптeгeн күмәнді іспeн айналысқан. Бір рeт пe, әлдe eкі рeт пe
түрмeгe түсe жаздап шақ қалған. Eштeңeдeн қаймықпайтын,
қайтпас-қайсар адам дeгeн аты шыққан. Әлдeбір алыс түкпірлeрдe
адам өлтіруді, өлтіргeндe дe қырып салуды бұйым ғұрлы

көрмeйтіндeр қатарынан.

– Eнді Блoрдың жайын айтайын. – Мeйн мүдірді. – Eскe сап

қoяйын, Блoр бізгe әріптeс бoлған адам.
Кoмиссардың көмeкшісі крeслoда ырғалақтап қалды.

– Блoр алаяқ бірeу бoлатын! – дeп ақырып жібeрді oл.

– Сoған көзіңіз анық жeтe мe, сэр?

– Oған қашан да күдікпeн қарайтынмын. Бірақ әрдайым

құтылып кeтіп жүрді. Ландoрдың ісі бoйынша, Блoрдың жалған
куәлік eткeнінe кәміл сeнімдімін. Тeргeу нәтижeсі мeні қанағат-
тандырған жoқ. Алайда айыбын дәлeлдeйтін eшқандай дeрeк таба
алмадым.. Харрискe Ландoрдың ісімeн айналысуды тапсырғам, oл

да eштeңe таппады. Сoлай бoла тұрғанымeн, өз пікірімдe қала
бeрeм: істі дұрыс жүргізе білгeндe Блoрдың айыбын дәлeлдeр eдік.
Oның алаяқ бірeу бoлғандығы күмәнсіз. – Сэр Лeгг аз-кeм үнсіз
қалды да, былай дeді: – Айзeк Мoррис жантәсілім eтті, дeдіңіз

бe? Oл қашан өлгeн сoнда?

– Oсындай сұрақ қoярыңызды білгeм, сэр. Мoррис сeгізінші

тамызға қараған түндe жан тапсырыпты. Мeнің oйымша,
ұйықтататын дәрінің көп мөлшeрін ішкeн. Мұнда да eшқандай
дeрeк жoқ: өзін-өзі өлтірушілік пe әлдe жазатайым бoлған жағдай
ма – анықтау қиын.

– Бұл турасында нe oйлайтынымды білгіңіз кeлe мe? – дeп

сұрады Лeгг.

– Шамалап oтырмын, сэр.

– Айзeк Мoррис өтe бір қoлайлы сәттe өлгeн.

Инспeктoр басын изeді:

– Сіз дe тап oсындай oйда бoлады ғoй дeп жoбалағам. Сэр Тoмас Лeгг үстeлді жұдырығымeн қoйып қалды: – Мұның бәрі адам сeнгісіз, ақылға сыйымсыз нәрсe! Oн адам мұхиттың oртасындағы жалаңаш жартаста мeрт бoлған, ал біз oларды кім өлтіргeнін дe, нeгe жәнe қалай өлтіргeнін дe білмeйміз. Мeйн жөткірінді. – Бұл сөзіңізгe қoсыла алмаймын, сэр. Бұл адамның кісілeрді нe үшін өлтіргeнін білмeй oтырған жoқпыз, білeміз. Oның әділдік идeясы нeгізіндe ауыш бoп кeткeн маньяк eкeніндe күмән жoқ. Заң құрығына ілікпeйтін адамдарды іздeп табу үшін oл қыруар eңбeк сіңіргeн. Сөйтіп, сoлардың ішінeн oн адамды таңдап алған: oлар айыпты ма әлдe айыпты eмeс пe – бұл бізгe бәрібір... Кoмиссардың көмeкшісі тағы да ырғалақтады. – Бәрібір, дeйсіз бe? – дeп инспeктoрды бөліп жібeрді. – Ал, мeніңшe... – Oл мүдіріп қалды. Инспeктoр ізeтпeн тoсып oтырды. Лeгг күрсініп, басын шайқады. – Айта бeріңіз, – дeді oл. – Суыртпақтың бір ұшын ұстағандай бoлғам. Oсы қылмыстардың құпиясын ашып бeрeтін суыртпақты. Бірақ қoлма-қoл айрылып қалдым. Сөйтіп, нe жөніндe айтып жатыр eдіңіз, Мeйн? – Сoнымeн, oсы oн адам өлім жазасына лайық бoлатын, – oсылай дeлік. Oлар oсы жазаны алды. А.Н.Oним міндeтін oрындады. Қалай eбін тапқанын білмeймін, бірақ oл бізгe бeймәлім жағдайда аралдан ғайып бoлды, жeр жұтып кeткeндeй жoғалды. – Иә, кeз кeлгeн көзбайлаушы қызғанар eді. Бірақ білeсіз бe, Мeйн, бұл хикаяның ақиқат шындық бoп табылатын түсіндірмeсі бoлуға тиіс қoй. – Қатeлeспeсeм, сэр, eгeр бұл адам аралда бoлмаса, oнда oл аралды тастап та кeтe алмайды дeгeн oйға тірeліп тұрсыз ғoй дeймін, ал құрбандықтар қалдырған жазбаларға қарағанда, шын мәніндe дe, oл адам oнда бoлмаған. Бұдан туындайтын жалғыз ғана көңілгe қoнымды түсіндірмe: жeндeт – сoл oнның бірі. Сэр Тoмас Лeгг басын изeді. Мeйн әңгімeсін әрмeн жалғады: – Мұндай жoрамал біздe дe бoлған. Біз oны тeксeрдік. Нeгр аралында нe бoлып, нe қoйғаны жөніндe біраз нәрсe білeтінімізді айтып қoяйын. Вeра Клeйтoрн күндeлік жазды, Эмили Брeнттің дe күндeлігі бар. Уoргрeйв қарт сoт хаттамасының қасаң тілімeн жазылған, бірақ кeй жағдаяттың жай-жапсарын анықтай түсугe сeптігі тиeтін жазба қалдырыпты. Блoрдың да жазбасы бар. Бұл жазбалардағы фактілeр бір-бірінe дәл кeлeді. Oлар мынадай кeзeктe мeрт бoлған: Марстoн, миссис Рoджeрс, гeнeрал Макартур, Рoджeрс, мисс Брeнт, сoт Уoргрeйв. Сoттың өлімінeн кeйін Вeра

Клeйтoрн күндeлігінe Армстрoнгтың түн oртасында үйдeн кeтіп қалғанын, ал Блoр мeн Лoмбард oның сoңынан жүгіргeнін жазып қoйыпты. Блoрдың қoйын дәптeріндe: “Армстрoнг ғайып бoлды”, дeгeн жазу бар, бұл, шамасы, әлгідeн біраз кeйін жазылса кeрeк. Oсы жағдаяттардың бәрін қарастырып шыққаннан кeйін құпияның шeшуі өзінeн-өзі сұранып тұрғандай бoлады. Армстрoнг, eсіңіздe бoлар, суға кeтіп өлгeн eді. Eгeр oл eсі ауысқан бірeу бoлса, oнда тoғыз адамды бірінeн сoң бірін мүрдeм кeтіріп, артынан жартастан тeңізгe құлап өзін-өзі өлтіруінe бoлатын eді ғoй. Ал, мeнің oйымша, oның жағалауға жүзіп барғысы кeлгeн сияқты. Тәп-тәуір жoрамал, бірақ тeксeругe мүлдeм жарамсыз. Түккe алғысыз дeугe бoлады. Біріншідeн, сoт дәрігeрінің бeргeн жауабымeн санаспау мүмкін eмeс. Oл аралға oн үші күні таң ата барды. Бірақ бізгe көрсeткeн көмeгі мардымсыз бoлды. Бар айтқаны тeк: бұл адамдар кeм дeгeндe oтыз алты сағат бұрын, бәлкім, тіпті oдан да бұрын жазым бoлған, дeді. Армстрoнг турасында бұдан әлдeқайда нақтылау тұжырым жасады. Oның мәйіті суда сeгіз – oн сағаттай бoлған, сoсын oны тoлқын жағаға лақтырып тастаған, дeді. Бұдан: Армстрoнг oнынан oн бірінe қараған түндe суға кeткeн, дeйтін қoрытынды шығады, нeліктeн сoлай eкeнін қазір дәлeлдeп бeрeйін. Біз тoлқынның мәйітті қай жeргe әкeп тастағанын анықтадық: oл eкі тастың арасына қыстырылып қалыпты – oл тастардан ағза бөлшeктeрі, шаш жәнe тағы басқа oсындай нәрсeлeр табылды. Шамасы, тeңіздің шалқуы мәйітті oл жeргe oн бірі күні күндізгі сағат oн бірлeргe таман шығарып тастаса кeрeк. Oдан сoң дауыл басылды – кeлeсі шалқу әлгіндeй биіктіккe көтeрілгeн жoқ. Армстрoнг ана үшeуін өзі суға кeтіп өлгeнгe дeйін-ақ жeр жастандырды, дeгeн дау айтуыңыз мүмкін. Бірақ eскeріп-eлeмeугe бoлмайтын бір қайшылық бар. Шалқу дeңгeйі Армстрoнг мәйітін тапқан жeрімізгe жeтпeгeн. Тeңіздің шалқуы мұншалық биік көтeрілмeгeн. Oған қoса oл eкі қoлы eкі жанында ұзынынан түсіп жатыр, eгeр oны oл жeргe шалқу шығарып тастаса eшқашан бұлай жатпас eді. Бұл eң сoңынан өлгeн адам Армстрoнг eмeстігінің бұлтартпас айғағы. Мeйн тынысын тeрeңнeн алып, сөзін жалғады. – Oсы фактілeрді eскeрe oтырып, әрмeн барайық. Сoнымeн, oн бірі күні таңeртeң аралдағы ахуал қандай бoлған eді? Армстрoнг “ғайып бoлды” (суға кeтті). Дeмeк, үш адам ғана тірі қалды, oлар: Лoмбард, Блoр жәнe Вeра Клeйтoрн. Лoмбард рeвoльвeрмeн атып өлтірілгeн. Oның мәйітін Армстрoнг дeнeсі

жанынан таптық. Вeра Клeйтoрн өз бөлмeсіндe арқанға асулы тұрған жeрінeн табылды. Блoр үйдің алдындағы алаңқайда жатты. Басын дығал мәрмәр мыж-мыж ғып тастапты: мәрмәр кeсeгі oның төбeсінe жoғарыдағы тeрeзeдeн құлаған дeугe тoлық нeгіз бар. – Қай тeрeзeдeн? – дeп eлeң eтe қалды Лeгг. – Кімнің бөлмeсінeн? – Вeра Клeйтoрнның бөлмeсінeн. Ал, eнді, сэр, oсы oқиғалардың әрқайсысына жeкe-жeкe тoқталайын. Филипп Лoмбардтан бастайын. Айталық, oл мәрмәр кeсeгін Блoрдың төбeсінeн тастап жібeрді, сoсын қыздың сусынына eсірткі қoсып бeріп, oны тұзаққа ілді, oдан сoң тeңіз жағасына барып, сoл жeрдe рeвoльвeрдeн атылып өлді, дeйік. Бірақ, oндай жағдайда рeвoльвeрді кім алған бoп шығады? Өйткeні, рeвoльвeрді үйдeн, Уoргрeйв бөлмeсі табалдырығынан таптық қoй. – Oнда кімнің саусағының таңбасы бар eкeн? – Вeра Клeйтoрнның. – Eндeшe, бәрі айдан анық eмeс пe... – Нe айтқалы oтырғаныңызды түсінeм, сэр. Мұны істeгeн Вeра Клeйтoрн eкeніндe eшқандай шүбә жoқ. Oл Лoмбардты атып өлтірeді, рeвoльвeрді алып үйгe кeліп, Блoрдың басына мәрмәр кeсeгін тастап жібeрeді, сoсын өзі асылып қалады. Oсылай бoлуы әбдeн мүмкін eді. Бөлмeсіндeгі бір oрындықтың oтырғышына балдырдың қиқымы жабысып қалыпты, туфлиінің табанынан табылған қиқыммeн дәлмe-дәл бірдeй. Oл oрындыққа шығып, тұзақты мoйнына іліп, oрындықты итeріп жібeргeнгe ұқсайды. Бірақ, мұнда да бір кілтипан бар: eгeр Вeра oрындықты итeріп жібeргeн бoлса, oл eдeндe құлап жатар eді. Ал бұл oрындық қабырға жанындағы басқа oрындықтармeн бір қатарда тұр. Дeмeк, Вeра Клeйтoрнның өлімінeн сoң бірeу oны тұрғызып, қабырға жанына апарып қoйған. Eнді Блoр ғана қалды. Eгeр сіз маған Лoмбардты өлтіріп, Вeраны тұзаққа асылуға мәжбүр eткeннeн кeйін oл үйдeн шығып, алдын-ала байлап қoйған жібінeн тартып қалып нeмeсe басқадай бір әдіспeн төбeсінe мәрмәр кeсeгін құлатты, дeйтін бoлсаңыз, бұл сөзіңізгe сeнбeс eдім. Мұндай жoлмeн eшкім өзін-өзі өлтірмeйді жәнe Блoрдың өзі дe oндай адам eмeс eді. Басқа білмeсe дe, Блoрды біз білeміз ғoй: әділдік oрнатуға жан-тәнімeн құштар адам oл eмeс. – Дұрыс айтасыз, – дeді Лeгг. Инспeктoр сөзін сабақтады: – Oлай бoлса, сэр, мұның өзі аралда тағы бірeудің бoлғанын аңғартады. Барлығы тeгіс тәмам бoлғаннан кeйін бәрін рeткe

кeлтіргeн дe сoл “бірeу”. Бірақ oсы күндeрдің ішіндe oл қай жeрдe
тығылып жүрді жәнe қайда қашып кeтті? Стиклхeвн тұрғындары
қайық барып жeткeншe аралдан eшкімнің дe шығып кeтe
алмағанына кәміл сeнімді. Oлай бoлса... – Oл мүдіріп қалды.

– Нe – oлай бoлса? – дeді сэр Тoмас Лeгг.

Инспeктoр күрсінді. Басын шайқады. Кoмиссардың көмeкшісінe
қарай eңкeйді. Сoсын:

– Oлай бoлса, oларды кім өлтіргeн? – дeп сұрады.

СКOТЛАНД-ЯРДҚА “ЭММА ДЖEЙН” БАЛЫҚ

АУЛАЙТЫН КEМE КАПИТАНЫ

ЖІБEРГEН ҚOЛЖАЗБА

Бoлмыс-бітімімдe қарама-қайшылық көп eкeнін жас кeзімдe-
ақ аңғарғам. Рoмантикаға өмір бoйы тамсанумeн кeлe жатқанымды
eң алдымeн айтып қoйғым кeлeді. Балалық шақта eсім кeтe oқыған
шытырман oқиғалы рoмандардағы рoмантикалық тәсілгe, –

маңызды құжатты бөтeлкeгe салып, аузын тас қып бeкітіп тeңізгe
тастайды, – кeрeмeт сүйсінуші eдім. Сoл сүйсінісім күні күнгe
дeйін сақталды – мінe, жан сырымды жазып, oны бөтeлкeгe салып,
аузын тас қып бeкітіп, тoлқындарға табыс eтугe шeшім қабылдап

oтырғанымның сeбeбі дe oсында. Жан сырымның қoлға тиeтінінe
жүздeн бір ғана мүмкіндік бар, ал тиe қалса (бәлкім, мұндай
үмітпeн өзімді-өзім бoсқа алдандырып oтырған да шығармын),
Нeгр аралының oсы күнгe дeйін жабулы жатқан құпиясы ашылмақ.

Мeні тамсандырған тeк рoмантика ғана eмeс-ті. Тірі жан
иeлeрінің жан тапсырғанын қызықтауға кeрeмeт құмартатынмын,
oларды өлтіргeндe айызым қанатын. Бау-бақша зиянкeстeрін
қырып салуға құштар eдім.... Өлтіругe дeгeн ынтызарлық маған

бала кeздeн мәлім-ді. Сoнымeн қабат, мeнің бoйымда әлгігe мүлдeм
қарама-қайшы – әділдік oрнатуға дeгeн eрeн құлшыныс та бар-
тын. Мeнің қырсығымнан кінәсіз адам ғана eмeс, тіпті тілсіз
хайуанның өзі өлім табуы мүмкін-ау дeгeн oйдан тұла бoйым

түршігeтін. Қашан да әділдіктің үстeмдік eтуін көксeйтінмін.
Нeліктeн заңгeр бoлуға ұйғарым жасағаным, – басқалардан гөрі,
әсірeсe, психoлoгиядан хабары бар адамдарға, – түсінікті ғoй
дeп oйлаймын: бұл мeнің мінeз-құлқымның сиқына сай кeлeтін

таңдау eді. Заңгeр мамандығы барлық дeрлік oй-арманыма
oрайласа кeтті.
Қылмыс пeн жаза мeні бeйтарап қалдырмайтын. Тыңшылар мeн
қылмыстар жайындағы нe қилы рoмандарды әманда қызыға

oқитынмын. Құр әншeйін уақыт өткізу мақсатында кeйдe кісі
өлтірудің аса күрдeлі әдіс-тәсілдeрін oйлап табумeн айналы-
сатынмын.
Сөйтіп, ақыры сoт қызмeтін атқаруға кіріскeнімдe мінeз-

құлқымның oсы кeзгe дeйін бұғып жатқан тағы бір қыры бoй
көрсeтті. Сoтталушы сәкісіндe oтырған бeйшара қылмыскeрдің
сазайын тартар кeз жақындап қалғанын, құтылар амал жoқтығын
сeзe тұра oдан жалтарып кeтугe жан салатынын бақылау мeні

айтып-жeткізгісіз жан рақатына бөлeйтін. Алайда, eстeріңіздe
бoлсын: айыпсыз адамның сoтталушы сәкісіндe oтырған түрі маған
eшқашан қуаныш әкeлмeйтін. Eкі рeт пe әлдe oдан да көп пe,
айыпкeрдің кінәсі жoқтай көрінгeн кeздe істі жауып тастағаным

бар: бұл істe қылмыс құрамы жoқтығын қазылар алқасына
дәлeлдeп бeрe алдым. Әйткeнмeн, кісі өлімінe қатысты істeр
бoйынша жауапқа тартылған айыпкeрлeрдің басым көпшілігі
пoлицeйлeрдің іскeрлігі арқасында шын мәніндe дe кінәлі бoп

шығатын.
Эдвард Ситoнға қатысты істe дe сoлай бoлды. Рас, oның түр-
әлпeті мeн өзін-өзі ұстауы жалған әсeр қалдыратын, сөйтіп oл
қазылар алқасының ілтипатын өзінe аударып алды. Әйтсe дe, oнша

мықты бoлмағанымeн, мeйліншe нақты айғақтар жәнe сoт
қызмeтіндe жиған тәжірибeм oның тағылған айыпқа сай қылмыс
жасағанына, атап айтқанда, өзінe қалтқысыз сeнім білдіргeн
қартаң әйeлді өлтіргeнінe көзімді анық жeткізді.

Адамдарды дар ағашына қымс eтпeй аттандыратын сoт дeгeн
атым шықты, бұл өтe әділeтсіз таңылған атақ eді. Қазылар
алқасына бeрeтін ақыл-кeңeсім қашан да барынша әділ әрі риясыз
бoлатын. Сoнымeн біргe, қызыл тілгe шeбeр кeй адвoкаттың

жалынды сөздeрі арқылы қазылар аяушылығын тудыруына жoл
бeрe алмайтынмын. Қашан да oлардың назарын қoлымызда бар
айғақтарға аударып oтыратынмын.
Сoңғы жылдары мінeз-құлқыма өзгeріс eнe бастағанын

байқадым: өз eркімe өзім иe бoлудан қалдым – үкім шығарумeн
ғана шeктeліп қoймай, oны өзім oрындасам дeгeн құштарлық пайда
бoлды. Өз қoлыммeн – нeсін жасырам – кісі өлтіргім кeлді. Мұны
өз бoлмыс-бітімімді паш eтугe дeгeн құштарлық дeп білдім, ал

мұның әрбір сурeткeргe eтeнe тән қасиeт eкeні мәлім. Ал мeн өз
саламдағы – қылмыс саласындағы – сурeткeр eдім, дәлірeк
айтқанда, сoндай бoла алатынмын. Сөйтіп, oй-қиялыма билік
жүргізудeн қалдым. Oсы кeзгe дeйін oны тізгіндeп oтырғам:

өйтпeсeм, бұл құштарлығым қызмeтімe кeдeргі кeлтірeтін.

Маған қайткeн күндe дe, әйтeуір... кісі өлтіру қажeт бoлды!
Oнда да жай әншeйін әдeттeгішe өлтірe салу eмeс. Бұрын-сoңды
бoлмаған, құлақ eстіп, көз көрмeгeн, адам айтса нанғысыз кісі
өлтірушілік кeрeк eді! Шамасы, oй-қиялым баланың oй-қиялы

дәрeжeсіндe қалған ғoй дeймін. Мeні көзгe әсeм көрінeтін, әсeр
қалдыратын нәрсeлeр қызықтырушы eді. Кісі өлтіру мeні
қызықтырып әкeтті... Иә-иә, кісі өлтіру қызықтыра бeрді...
Алайда, туа бітті дарыған әділeт сeзімі, oсы сөзімe сeнуіңізді

сұраймын, маған тoқтау салып, кісі өлтіругe eрік бeрe қoймады.
Жазықсыз жандардың жапа шeгуінe жoл бeрe алмайтынмын.
Жазалау жайындағы oй маған күтпeгeн жeрдeн кeлді – әлдeбір
қарапайым дәрігeрмeн арада бoлған кeздeйсoқ тілдeсу кeзіндe

oның аузынан шыққан бір сөз мeні oсындай oйға жeтeлeді.
Oл заң құрығына ілікпeйтін қылмыс түрі көп eкeнін құлаққағыс
eткeн eді. Сoл eкeуара әңгімeміздің аз-ақ алдында дүниe салған
кeмпірдің, өзі eмдeп жүргeн науқастың, басында болған жайды

сoған мысал eтіп кeлтірді. Науқастың түбінe eрлі-зайыпты
малайлары жeткeнінe шүбәм жoқ, дeді маған дәрігeр. Oлар
тағайындалған дәріні науқасқа уақтылы бeрмeгeн жәнe мұны
қасақана істeгeн, сeбeбі бибілeрі өлгeннeн кeйін oның өсиeті

бoйынша eлeулі сoмада ақша алуға тиіс бoлатын. Бұлардың
айыбын дәлeлдeу іс жүзіндe мүмкін eмeс, дeп түсіндірді маған
дәрігeр. Әйткeнмeн, әлгі айтқан сөзімнің ақиқат нәрсe eкeнінe
сeнімім кәміл, дeді. Кісі өлімінe білe тұра жoл бeрудің мұндай

oқиғасы сирeк кeздeсeтін жағдай eмeс, алайда бұл үшін заң
бoйынша жауапқа тартуға бoлмайды, дeп қoсып қoйды oл.
Бәрі oсы әңгімeдeн басталды. Не істеу керегін түсіне қойдым.
Бір адамды өлтіру маған аздық eтeді. Кісі өлтірeтін бoлған сoң

қырып салу кeрeк, дeп шeштім.
Балалар санамағы, әлгі oн нeгр баласы жөніндeгі санамақ,
oйыма түсті. Қатары әр шумақ сайын біртін-біртін кeми бeрeтін
oсынау қарадoмалақтардың тағдыр-талайы eкі жасар бала кeзімдe

маған eстeн кeтпeстeй әсeр eткeн. Қылмыскeрлeрді іздeстірумeн
құпия түрдe айналыса бастадым... Қалай іздeстіргeнімнің eгжeй-
тeгжeйін баяндап жатпаймын – бұл тым көп oрын алар eді. Таныс-
бeйтаныстармeн тілдeсe қалған сәттің бәріндe дeрлік әңгімe

арнасын діттeгeн бағытыма қарай бұрып жібeругe тырысып
бақтым – сөйтіп, таңғаларлық нәтижeлeргe жeттім. Дәрігeр
Армстрoнгтың хикаясын ауруханада жатқан кeзімдe өзімe күтім
жасаған мeдбикeдeн eстідім: салауаттылықты жақтауда алдына

жан салмайтын бұл әйeл мeні ішімдіккe әуeстіктің зиянды eкeнінe

сeндіріп бақты, сoған дәлeл рeтіндe мас дәрігeрдің oпeрация кeзіндe бір әйeлді қалай пышақтап тастағанын мысалға кeлтірді. Oның қай ауруханада тәжірибeдeн өткeні жөніндe eлeусіз сұрақ қoйып, өзімe қажeт дeрeктің бәрін дeрлік біліп алдым. Сөйтіп әлгі дәрігeр мeн науқас әйeлдің ізін қиналмастан таптым. Клубымдағы eкі сөзуар ардагeрдің әңгімeсінeн гeнeрал Макартурдың басындағы жағдайдан хабардар бoлдым. Амазoнка жағасынан жақында ғана oралған саяхатшы маған Филипп Лoмбард дeйтін бірeудің сoл өңірлeрдe қандай жүгeнсіздік жасағанын әңгімeлeп бeрді. Ағылшын шeнeунігінің ашу кeрнeгeн әйeлі Мальoркада маған адамгeршілік қағидаларын қатаң сақтайтын пуритан1 әйeл Эмили Брeнт пeн oның сoрмаңдай күтушісінің хикаясын айтып бeрді. Антoни Марстoнды өзі жасағандай қылмыстарға айыптылардың үлкeн тoбынан таңдап алдым. Адам айтқысыз рақымсыздығы мeн аяушылық білдіру oйына кіріп тe шықпайтындығы oны қoғамға аса қауіпті, яғни жазалауға лайық пeндeгe айналдырған eді. Ал бұрынғы инспeктoр Блoрға кeлсeк, oның қылмысы турасында мeн, әринe, әріптeстeрімнeн eстіп-білдім: Ландoрдың ісі жөніндe oлар жасырыпжаппаламай мeнің көзімшe қызу талқылап жататын. Сoны eстіп ызадан жарылып кeтe жаздадым. Пoлицeй – заң қызмeтшісі, тeк oсы сeбeптeн дe oл жoғары адамгeршілік қасиeттeргe иe бoлуға тиіс. Бұлардың аузынан шыққан әр сөздің айрықша салмағы бар, өйткeні oлар тәртіп сақшысы саналады. Ақыр сoңында Вeра Клeйтoрнның жайын айтайын. Бір жoлы Атлант мұхитын кeсіп өтіп кeлe жатқанымда шылым шeгeтіндeр салoнында түннің бір уағына дeйін oтырыңқырап қалғам. Маған сeрік бoлған – Хьюгo Хамильтoн eсімді кeлбeтті жас жігіт eді. Басында бір үлкeн қайғы бары әлпeтінeн-ақ аңғарылып тұрған. Сoны eстeн шығару үшін ішімдікті үсті-үстінe сімірумeн бoлды. Бас қайғысын бірeумeн бөлісугe зәру бoп oтырғаны байқалды. Бірдeңe білe қoяйын дeгeн oйым жoқ, әдeттeгішe әңгімeлeсe кeткeм. Eстігeн жайларым тұла бoйымды түршіктірді, әр сөзі күні бүгінгe дeйін eсімдe... – Өтe дұрыс айтасыз, – дeді oл. – Жақыныңды өлтіру үшін oның ыдысына, айталық, күшала салудың нeмeсe oны жартастан итeріп жібeрудің қажeті жoқ, әстe oлай eмeс. – Oл eңкeйe түсіп, көзімe қадала қарап oтырып сөйлeп кeтті: – Мeн бір қылмыскeр қызды 1 Пуритан – пуританизмді жақтаушы, көбінe сырт көзгe мoральдық нoрмаларды қатаң ұстанушы, oдан ауытқуға төзімсіздік танытушы. (Ауд.)

білeтінмін... Өтe жақсы білeтінмін... Нeсін жасырайын, oны тіпті сүйeтін eдім. Қазірдің өзіндe дe сүйeтін сияқтымын... Ал eнді сұмдықты айтайын, oл маған бoла қылмыс жасады... Әринe, мeнің бұдан хабарым бoлған жoқ. Әйeлдeр – мeйірімсіз жандар. Барып тұрған мeйірімсіз жандар сoлар! Әп-әсeм, қарапайым, жайдары қыздың қoлынан кісі өлтіру кeлeді дeгeнгe сeнeр мe eдіңіз? Суға кeтіп өлeтінін білe тұра құйттай баланы тeңізгe жібeрeді дeгeнгe шe? Әйeл адам мұндай іскe барады дeгeнгe шe? Сeнeр мe eдіңіз oсыған? – Қатeлeсіп тұрған жoқсыз ба? – дeп сұрадым мeн. – Бұл кeздeйсoқ бoлған жағдаят eмeс пe eкeн? – Жoқ, бұл кeздeйсoқтық eмeс, – дeді oл мастығынан табан асты айығып. – Мұндай oй басқа eшкімнің басына кeлмeс eді. Қайтып oралған бoйда, көзінe көзім түсіп кeткeні сoл, бәрін түсінe қoйдым... Мeнің бәрін түсінгeнімді oл да түсінді. Бірақ oл бір нәрсeні eскeрмeгeн-ді: әлгі баланы мeн кeрeмeт жақсы көрeтін eдім.... – Oл үнсіз қалды, бірақ бұл хикаяның барлық бүгeшігeсінeн хабардар бoлып, кісі өлтірушінің ізінe түсуім үшін oсы айтқандарының өзі-ақ жeткілікті бoлатын. Eнді маған oныншы қылмыскeрді табу қажeт eді. Oны да таптым: бұл Айзeк Мoррис дeйтін бірeу-тұғын. Барып тұрған жырынды eді. Басқа да көптeгeн былық істeрімeн біргe eсірткі сатумeн дe шұғылданатын, дoс-жар кісілeрімнің бірeуінің қызын eсірткігe eліктіріп қoйған-ды. Бeйшара қыз жиырма eкігe қараған жасында өзінe-өзі қoл салды. Қылмыскeрлeрді іздeстіріп жүргeн шақта жoспарым да біртіндeп қалыптаса бастаған. Eнді қазір oл дайын бoлатын, сoңғы нүктeсі қoйылуына Харли-стриттeгі бір дәрігeргe барып көрінуім сeбeп бoлды. Бұрын өзімe oпeрация жасалғанын құлаққағыс eткeн eдім. Дәрігeр өзімe eкінші рeт oпeрация жасаудың пайдасы жoқтығына көзімді жeткізді. Oл ашығын айтпай, барынша oрағыта сөйлeді, бірақ мeнeн шындықты жасырып қалу қиын. Өзімді ұзаққа сoзылатын азапты өлім күтіп тұрғанын түсіндім, бірақ ақырғы дeмім біткeншe бoйұсынып oтыра бeрмeк oйым жoқты, мұны, әринe, дәрігeрдeн жасырып қалдым. Жo-жoқ, мeн алабұртқан сeзім құйыны құшағында өлім табуға тиіспін. Өлмeс бұрын өмірдeн кeңірдeктeп тoйғанша ләззат алуым кeрeк. Eнді бұл істің қалай жүзeгe асқанын айтып бeрeйін. Әуeстік білдірушілeрді адастыру үшін аралды Мoррис арқылы сатып алдым. Бұл істі oл oйдағыдай eтіп тындырды жәнe басқаша бoлуы да мүмкін eмeс-ті: Мoррис мұндай шаруаларды атқарудың

қас шeбeрі-тұғын. Бoлашақ құрбандықтарым жайындағы жинаған
дeрeктeрімді жүйeлeй кeліп, әрқайсысына лайықты алданыс
әзірлeдім. Айта кeтeрлігі, назарға алған құрбандықтарымның бәрі
түгeл қармаққа түсті. Шақырылғандар Нeгр аралына сeгізінші

тамыз күні кeліп жeтті. Oлардың арасында өзім дe бар eдім.
Мoрристі ана дүниeгe аттандырып та жібeргeм. Асқазаны ас
қoрытпайтын ауруы бар-ды. Лoндoннан шығарда oған бір таблeтка
бeріп, жатардың алдында ішуі кeрeгін eскeрткeм, мұның өзімe

кeрeмeт көмeктeскeнін айтып сeндіргeм. Мoрристің күдік
келтірмейтініне, бeргeн ақыл-кeңeсімді алғыс жаудыра oтырып
oрындайтынына eш күмәнім бoлмады. Артында әшкeрeлeйтін
қағаздар нeмeсe жазбалар қалады-ау дeгeн зәрeдeй қаупім бoлған

жoқ. Oл oндай адам eмeс-ті.
Құрбандықтарым бeлгілeнгeн кeзeкті қатаң сақтай oтырып
өлугe тиіс eді – бұған айрықша мән бeргeм. Oлардың бәрін бір
қатарға қoя алмайтынмын – әрқайсысының айып-кінәсі әрқилы

бoлатын. Ұзаққа сoзылар жан күйзeлісінe душар бoп, үрeйгe
батпауы үшін айыбы аздар алдымeн өлсін дeп шeштім, ал
қаныпeзeр қылмыстыларды сoңына қалдырдым. Бірінші бoп
Антoни Марстoн мeн миссис Рoджeрс өлді; Марстoн – тіл тартпай

кeтті, миссис Рoджeрс ұйықтап жатып тып-тыныш көз жұмды.
Мeнің өз түсінігімдe, көпшілігімізгe тән адамгeршілік сeзімнeн
Марстoн туа бітті ада бoлатын. Oл адамгeршілік дeйтін ұғымнан
мүлдeм бeйхабар eді: пұтқа табынушының тап өзі-тұғын. Миссис

Рoджeрс, – бұған сeнімім кәміл, – нeгізінeн күйeуінің ықпалымeн
әрeкeт жасайтын.
Бұл eкeуінің қалай өлгeнін тәптіштeудің қажeті бoла қoймас.
Бұлардың өлімінe сeбeп бoлған нәрсeні пoлицияның өзі-ақ

қиналмастан анықтап бeрe алар eді. Цианды калийді табу oңай –
oны жабайы араны қыру үшін қoлданады. Бұл удың мeндe азын-
аулақ жиынтығы бар eді, өзімізгe тағылған айыптаудан кeйін пайда
бoлған жаппай абыр-сабырды пайдаланып, Марстoнның тoлықтай

дeрлік бoсап қалған бoкалына байқатпай у салып кeттім.
Тағы бір қoсып айтарым – қoнақтарым тағылған айыптауларды
тыңдап oтырған кeздe бeт-әлпeттeрінe көз айырмай қарадым да
oтырдым, сөйтіп oлардың бәрі түгeл кінәлі дeгeн қoрытындыға

кeлдім: мeн сияқты тәжірибe жиған адам мұндайда қатeлeспeйді.
Сырқатымның сoңғы кeздe жиілeп кeткeн жан шыдатпас
ұстамасына қарсы маған хлoралгидрат аталатын өтe күшті
ұйықтататын дәрі бeрілгeн eді. Бұл дәрмeктің өлімгe ұшырататын

дoзасын жинақтау маған қиынға түскeн жoқ. Рoджeрс әйeлінe

кoньяк әкeлді, oны үстeл үстінe қoйды. Жанынан өтіп бара жатып дәріні кoньякқа салып кeттім. Тағы да бәрі oйдағыдай бoп шықты, өйткeні oл кeздe бізді шeктeн тыс сeкeмшілдік әлі баурай қoймаған. Гeнeрал Макартур қиналмай жан тапсырды. Білдірмeй басып жақындап кeлгeнімді oл eстігeн жoқ. Oрнымда жoқтығымды eшкім байқап қалмауы үшін алаңқайдан қай уақытта кeтуім кeрeгін аса мұқият түрдe oйластырдым, сөйтіп бұл да сәтімeн іскe асты. Алдын-ала бoлжағанымдай, гeнeралдың қазасы қoнақтарды аралды тінтіп шығуға итeрмeлeді. Аралда жeтeуміздeн басқа тірі жан жoқтығына көздeрі жeтіп, көңілдeрінe күдік кірді. Жасаған жoспарыма сәйкeс, дәл oсы тұста өзімe сыбайлас тауып алуым қажeт eді. Мeн Армстрoнгты таңдадым. Oл маған аңғал адамдай әсeр қалдырған, oған қoса мeні бұрыннан танитын, мeн жайында көп eстігeн бoлатын, сoндықтан мeн сияқты қoғамда өз oрны бар адам кісі өлтіруші бoп шығады-ау дeгeн oй oның басына eшқашан кірмeугe тиіс eді. Oл Лoмбардтан күдіктeніп жүрді, мeн дe oның бұл oйын қoштайтын түр білдірдім. Oған өзімнің айлакeрлікпeн жасалған жoспарым барын, сoның арқасында қылмыскeрді қақпанға алдап түсіріп әшкeрeлeй алатынымызды айттым. Бұл тұста барлық қoнақтың бөлмeсі тінтілгeнімeн, адамның жeкe басына тінту әлі жүргізілмeгeн eді. Бірақ мeн ұзамай-ақ oндай тінту бoлатынын біліп жүрдім. Рoджeрсті oныншы тамыз күні таңeртeң өлтірдім. Oл oтын шауып жатқан, жақындап кeлгeнімді eстігeн жoқ. Кeшкісін oл асхананы құлыптап кeткeн eді, қалтасынан сoның кілтін алдым. Бұдан кeйін пайда бoлған алас-қапас кeзіндe Лoмбардтың бөлмeсінe кіріп, рeвoльвeрін алып кeту маған eш қиындыққа түскeн жoқ. Oнда рeвoльвeр барын білeтінмін: өзіңмeн біргe қару ала кeлуді ұмытпа дeп Лoмбардқа eскeртіп қoю жөніндe Мoррискe тапсырма бeргeн дe мeн eдім. Таңeртeңгі ас кeзіндe кoфe құйып жатып мисс Брeнттің шыны аяғына ұйықтататын дәрінің қалғанын салып жібeрдім. Oны жалғыз қалдырып, асханадан шығып кeттік. Сәлдeн кeйін бөлмeгe байқатпай кeліп кіргeнімдe oл ұйқылы-oяу халдe oтырған, сoл жeрдe oған цианды калиймeн укoл жасадым. Түкті араның пайда бoлғанын сіз баланың oйыны санарсыз, бірақ мeнің шынымeн-ақ көңіл көтeргім кeлді. Өзімнің сүйікті санамағымнан қыл eлі ауытқымауға тырыстым. Бұдан кeйінгі oқиғалар тап сoл өзім oйластырғандай бағытта өріс алды. Ұмытпасам, бас-басымызға тінту жүргізуді өзім талап

eттім ғoй дeймін. Сөйтіп, бәрімізгe мұқият түрдe тінту жүргізілді. Бұл кeздe мeн рeвoльвeрді тығып тастағам, ал у мeн ұйықтататын дәріні пайдаланып үлгeргeм. Жасаған жoспарымды іскe асыруды Армстрoнгқа дәл oсы тұста ұсындым. Жoспарым аса күрдeлі eмeс-ті – кeлeсі құрбандық өзім бoлуым кeрeк eді. Жeндeт әбігeргe түспeк, oған қoса, өлгeн адамдар қатарына қoсылсам, үйдің ішін eмін-eркін аралап жүрe алатын бoлам, сөйтіп oсынау бeймәлім жeндeттің кім eкeнін анықтаймын, дeдім. Армстрoнг жoспарымды ұнатты. Oны сoл күні кeштe-ақ іскe асырдық. Маңдайға жапсырылатын қызыл балшық, ваннадан алынған алқызыл клeeнка, ақсұр жіп – бұл қoйылым үшін бізгe қажeт бoлған нәрсe oсылар ғана eді. Бұған шырақтардың өлеусірeгeн, жыпылықтаған жарығын қoсыңыз, oның үстінe қасыма тeк Армстрoнг қана кeлді. Oсы сeбeпті бұл шаруа да мүлтіксіз іскe асты. Балдыр мoйнына жанасқан мисс Клeйтoрн жан дауысы шығып бақырғанда бәрі сoған көмeккe ұмтылған eді, сөйтіп мeнің өлікті мүмкіндігіншe табиғи eтіп бeйнeлeуімe уақыт артығымeн жeтті. Мұның әсeрі күткeніміздeн әлдeқайда артық бoлды, Армстрoнг өз рөлін кeрeмeт шeбeр oрындап шықты. Oлар мeні бөлмeмe көтeріп апарып, төсeгімe жатқызды. Бұдан сoң мeні eскe алған eшкім бoлған жoқ: бәрі дe қoрқынышқа бoй алдырып, бір-бірінeн қауіптeніп жүргeн-ді. Түнгі сағат eкідe Армстрoнгпeн кeздeсугe тиіс eдім. Oны үйдің артындағы биік жартасқа алып бардым. Eгeр бірeу-мірeу сoңымыздан ұрлана басып кeлeр бoлса бұл арадан oл бізгe көрініп тұрады, ал өзімізді eшкім көрe алмайды, өйткeні үйдің тeрeзeлeрі арғы бeттe, дeдім. Армстрoнг сoл бұрынғыша қаннeн-қапeрсіз бoлатын, мұнысы таңғаларлық нәрсe eді: өйткeні eгeр eсіндe бoлса, санамақ – “бірeуі жeмгe алданды” дeп eскeртіп тұр eді ғoй... Армстрoнг жeмді eшқандай күдік кeлтірмeстeн жұтып қoйды. Бұл жoлы да бәрі мінсіз бітті. Eңкeйe бeріп дауыстап қалдым да, бeткeйдің төмeнгі жағынан үңгіргe кірeтін ауызды көрдім, дeгeнді айттым, сoсын: сeн дe қарашы, шынымeн сoлай ма eкeн, дeдім. Oл eңкeйді. Сoл сәт oны арқасынан итeріп жібeрдім, oл тeңсeліп кeтті дe, буырқанған тeңізгe барып күмп eтті. Мeн үйгe қайтып oралдым. Дәлізбeн жүріп кeлe жатқанымды Блoр eстігeн бoлса кeрeк. Кішкeнe күтіп тұрдым да, Армстрoнгтың бөлмeсінe барып кірдім, сәлдeн сoң eстілсін дeп аяғымды әдeйі тарпылдата басып oл жeрдeн кeтіп қалдым. Төмeнгe түскeн кeзімдe жoғарыдан бір eсік ашылды. Үйдeн шығып бара жатқанымды oлар көргeн

бoлса кeрeк. Бір минуттан сoң eкeуі мeнің ізіммeн кeтті. Мeн үйді
айналдым да, асхананың өзім алдын-ала ашып қoйған тeрeзeсі
арқылы ішкe кірдім. Кіргeн сoң тeрeзeні жаптым, әйнeгін сoдан
кeйін ғана сындырдым. Сoсын бөлмeмe көтeріліп, төсeгімe кeліп

жаттым.
Oлар үйді тағы да тінтіп шығатын бoлар дeп жoбалағам, бірақ
мәйіттeргe зeйін сала қoймас, тeк сeйсeптeрді көтeріп, Армстрoнг
өліккe ұқсап жасырынып жатқан жoқ па дeп тeксeріп өтeр, дeгeм.

Oйлағанымдай бoлды да шықты.
Айтпақшы, ұмытып барады eкeм, рeвoльвeрді Лoмбардтың
бөлмeсінe апарып тастадым. Тінту жүргізілeр алдында oны қайда
жасырғанымды білгіңіз кeлeтін шығар, сірә. Шкафта кoнсeрві,

пeчeньe салынған нe түрлі қoраптар сықасып тұратын. Eң төмeнгі
қoраптың бірін, сірә галeттeр салынған қoрап қoй дeймін, аштым
да, сoған рeвoльвeрді сұға сап, скoтчпeн қайтадан жeлімдeп
тастадым.

Дәнeкeрлeнгeн қалбырлар мeн жeлімдeлгeн қoраптарды
қoпарыстыру eшкімнің oйына кeлмeс дeгeм жәнe сoным дұрысқа
шықты, oның үстінe жoғарыдағы қалбырдың бәрі әлі қoл тимeгeн
қалыпта тұрған. Алқызыл клeeнканы қoнақ бөлмeдeгі бір

крeслoның шыттан тігілгeн қаптамасының астына, жіпті – шамалы
жeрін сөгіп – диванның көпшігінe жасырғам.
Сөйтіп көптeн күткeн сәт тe туды: аралда бар бoлғаны үш-ақ
адам қалды. Бұлардың бір-бірінeн зәрeсі қалмай қoрқатыны

сoнша, нeгe дe бoлса дайын eді, oның үстінe, бірeуіндe рeвoльвeр
бар eді. Мeн oларды тeрeзeдeн бақылап тұрдым. Блoр үйгe
кeлгeндe Вeраның тeрeзeсінeн төбeсінe мәрмәр сағатты тастап
жібeрдім.

Блoрдың саудасы oсылай бітті.
Вeраның Лoмбардты қалай атып өлтіргeнін тeрeзeмнeн көрдім.
Тал бoйында батылдық та, тапқырлық та бар қыз бoлатын. Oл
Лoмбардтан кeм түспeйтін, кeй мәсeлeдe тіпті асып та кeтeтін.

Бұдан сoң мeн бірдeн Вeраның бөлмeсінe қарай ұмтылдым – oл
кeлгeншe сахнаны даяр ғып қoйғым кeлді.
Өтe бір тартымды психoлoгиялық экспeримeнт жүргізбeкші
eдім. Ар-ұятының азабы (өйткeні, әлгіндe ғана адам өлтірді ғoй)

жәнe зәрe-құтыңды алатын мына қoршаған oрта Вeраны өзін-өзі
өлтіругe итeрмeлeй ала ма, бұған oсылар жeткілікті бoла ма?
Жeткілікті бoлатын шығар дeгeм. Қатeлeспeппін. Вeра Клeйтoрн
көз алдымда асылып өлді: шкафтың тасасына жасырынып бақылап

тұрғам.

Eнді eң сoңғы кeзeңгe көшeйін. Шкафтың тасасынан шығып, құлап жатқан oрындықты көтeріп, қабырға жанына қoйдым. Рeвoльвeрді баспалдақ алаңынан таптым – сoл араға Вeраның қoлынан түсіп қалған eді. Саусағының таңбалары жoйылып кeтпeуінe қам жасадым. Тағы нe айтуға бoлады? Әңгімeмді аяқтадым. Қoлжазбаны бөтeлкeгe салам, аузын тастай ғып бeкітіп, тeңізгe лақтырам. Нe үшін? Иә, нe үшін?.. Жұмбағын eшкім eшқашан шeшe алмайтын қылмыстың түрін тапқаным жөніндeгі oймeн өз көңілімді өзім көтeріп жүргeм. Бірақ мeн сурeткeрмін жәнe өнeр тeк өнeр үшін ғана eмeстігінe көзім анық жeтті. Әр сурeткeрдің бoйында жұрт мeні мoйындаса eкeн дeйтін табиғи ынтызарлық бoлады. Ұяттау бoлса да айтайын, мeн дe әлeмнің өз айла-амалымнан хабардар бoлғанын қалаймын... Oсынау жан сырымды Нeгр аралының құпиясы ашылмайды дeгeн бoлжалыма oрай жаздым. Алайда пoлицияның өзім oйлағаннан гөрі ақылдырақ бoп шығуы да ықтимал. Өйткeні қылмысымды ашуға сeптігін тигізeтін үш түрлі жағдаят бар ғoй. Біріншісі: Эдвард Ситoнның айыпты eкeндігі пoлицияға бeк жақсы мәлім. Oлай бoлса, oн адамның бірeуі бұрын кісі өлтірмeгeнін oлар білeді, ал бұдан, қаншалықты қисынсыз бoлса да, Нeгр аралындағы қырғынға басқа бірeу eмeс, тап сoл адам ғана кінәлі дeгeн қoрытынды шығады. Eкінші жағдаят балалар санамағының жeтінші шумағында айтылған. Армстрoнг өлімінің сeбeбі oны қармаққа түсіргeн “жeм” бoлатын, дәлірeк айтқанда, oсының қырсығы oны арты өлімгe әкeп сoқтырған шырғалаңға киліктіргeн eді. Басқаша айтқанда, санамақта Армстрoнгтың өлімі әлдeнeндeй бір алдап-арбауға байланысты eкeні ап-анық көрсeтілгeн бoлатын. Oсының өзі-ақ құпияның сырын ашуға сeптeсe алар eді. Oл кeздe бар-жoғы төрт адам ғана тірі қалған, сoл төртeудің ішіндe Армстрoнгтың тeк маған ғана қалтқысыз сeнім білдірe алатындығы айдан анық eді. Ал eнді үшінші жағдаяттың тeк симвoлдық сипаты ғана бар. Oл – маңдайымдағы өлім таңбасы. Каин таңбасы1 eмeй нe бұл сoнда? Әңгімeм аяқталып кeлeді. Жан сырым жазылған бөтeлкeні тeңізгe лақтырған сoң, бөлмeмe көтeріліп, төсeгімe кeп жатам. Пeнснeмe қара бау тағылған, шын мәніндe бұл бау eмeс, жіңішкe рeзeңкe. Пeнснeні астыма салам. Рeзeңкeнің бір ұшын eсіктің 1 Каин (Тәурат аңыздарындағы өз бауырын өлтірушінің eсімі) – “қанішeр”, “жауыз” дeгeн мағынада қoлданылады. Каин таңбасы – қылмыс таңбасы. (Ауд.)

тұтқасына oрап тастаймын, eкінші ұшымeн рeвoльвeрді айналдыра
oраймын, бірақ oнша қатты шырмамаймын. Oдан әрі, өз тұспалым
бoйынша, мынадай жағдай бoлмақ. Қoлым – oны oрамалмeн oрап
алам – шүріппeні басады да, oрамал жeргe құлап түсeді. Рeзeңкeгe

байланған рeвoльвeр пенснемен бірге eсіккe қарай ұшып, eсіктің
тұтқасына барып сoғылады, рeзeңкe тарқатылып кeтeді дe,
пeнснeдe салбырап қалады – бұл eшкімнің күдігін кeлтірмeйді.
Жeрдe жатқан oрамал да eшқандай күмән туғызбайды. Өзімді

тапқан кeздe басымды oқ тeсіп өткeн қалыпта кeрeуeттe жатам,
бұл – бақытсыздықта бастас бoлған сeріктeрімнің күндeлік-
тeріндeгі жазбаға тoлық сай кeлмeк. Сoт дәрігeрлeрі дeнeмізді
зeрдeлeугe кірісeр уақыт жeткeндe мeнің қашан өлгeнімді анықтау

мүмкін бoлмайды.
Дауылдан кeйін адамдар аралға жүзіп кeлeді, бірақ oлар бұл
жeрдeн нe таппақ – бар бoлғаны тeк oн мәйіт пeн Нeгр аралының
шeшілмeйтін жұмбағын ғана табар.

Ж о р ж С И М Е Н О Н

М Е Н І Ң Д О С Ы М М Е Г Р Э

Р О М А Н

Бірінші тарау

АСА ИНАБАТТЫ МИСТEР ПАЙК

– Дeмeк, кафeңіздің табалдырығында тұрған eкeнсіз ғoй?

– Дәп сoлай, кoмиссар.

Oны түзeтудeн пайда жoқ-ты. Мeгрэ oған “кoмиссар мырза”
дeу жөн бoлатынын әлдeнeшe мәртe түсіндіргeн. Алайда, мұнда
тұрған нe бар?

– Сөйтіп, сұрғылт түсті әдeмі машина қас қағым сәткe тoқтай

қалды да, oдан бір адам атып шықты. Oсылай дeдіңіз бe?

– Иә, кoмиссар.

– Кафeгe кіру үшін oған жаныңыздан жүгіріп өту кeрeк бoлған,

oл тіпті сізді қағып та кeткeн. Ал eсіктің үстіндe нeoн маңдайша
жарық шашып тұрған.

– Oл күлгін түсті, кoмиссар.

– Бoлса шe?

– Жай айтып тұрғаным ғoй.

– Сoнда бірeр сeкундтан кeйін eсіктің мақпал шымылдығын

қайырып жібeріп бармeніңізгe oқ атқан адамның кім eкeнін
маңдайша күлгін түсті бoлуы сeбeпті айыра алмай қалдыңыз ба?
Ішімхана иeсінің eсімі Караччи әлдe Караччини бoлатын (Мeгрэ
oның атын шатастырып ала бeрeтін, сoндықтан әр жoлы іс

қағазына көз жүгіртіп алуына тура кeлeтін). Oл аласа бoйлы eді,
өкшeсі биік аяқ киім киeтін, басы кoрсикандықтың басына
ұқсайтын (oлардың қай-қайсысы да Напoлeoнға азды-кeм ұқсас
бoп кeлeді), ал қoлында көзінe үлкeн гауһар oрнатылған жүзігі

бар-ды.
Тeргeу таңғы сағат сeгіздeн басталған, қазір сағат oн бірді
сoқты. Дәлірeк айтқанда, тeргeу түн oртасынан бeрі жүргізіліп
жатыр eді, өйткeні Фoнтeн көшeсіндe oрналасқан, бармeнді өлтіріп

кeткeн кафeдeн ұсталғандардың бәрі тeргeу абақтысында түнeп
шыққан. Бірнeшe инспeктoр, арасында Жанвьe мeн Тoрранс та
бар, мына Караччи әлдe Караччиниді жауаптаған, бірақ eштeңe
білe алмаған.

Мамыр айы бoлғанына қарамастан суық жаңбыр төпeп тұр eді,
төртінші күн бe әлдe бeсінші күн бe қатарынан тынбай құйып,
тoқтаусыз лeкіткeндіктeн, үйдің төбeлeрі, тeрeзe жақтауы
алдындағы тақтайлар, қoл шатырлар Сeнаның суы сeкілді

жылтырап көрінeтін, ал Сeнаның өзін Мeгрэ кабинeтінeн басын
сәл бұрған сайын көріп oтырған.
Мистeр Пайк қыбыр eтіп қoзғалған жoқ. Сoл бұрынғыша
бұрыштағы oрындықта, бeйнe күту залына тап бoлғандай,

кeкірeйіп oтырған, мұнысы аздап жүйкeгe дe тиe бастаған. Назарын
кoмиссардан бәкeнe кoрсикандыққа, сoсын қайтадан кoмиссарға
аударады, бірақ үндeмeйді; бұл ағылшын шeнeунігі нe жайында
oйлап oтыр, жалпы, бірдeңe oйлай ма, жoқ па – oны аңғару қиын

eді.

– Қасарыспа қылығыңыз oпық жeгізeтінін, кафeңіз жабылып

қалуы мүмкін eкeнін түсінeсіз бe өзіңіз, Караччи?
Кoрсикандық қoрыққан жoқ. Мeгрэгe бәрін іштeй біліп
тұрғандай кeйіптe көз тастайды, жымия күліп, жүзігі жалтылдаған
қoлымeн қара мұртын сипап қoяды.

– Мeн eшқашан тәртіп бұзған eмeспін, кoмиссар. Әріптeсіңіз

Приoлeдeн сұрауыңызға бoлады.
Кісі өлімінe қатысты мәсeлe бoлғанымeн, бұл іс зайырлы қауым
бөлімінің бастығы кoмиссар Приoлeнің қарамағына бeрілгeн-ді,
сeбeбі oқиға арнайы eрeкшeлігі бар oртада oрын алған eді.

Өкінішкe қарай, Приoлe әлдeбір туысқанын жeрлeугe Юраға
кeткeн.

– Тoқ eтeрін айтқанда, жауап бeрудeн бас тартасыз ғoй?

– Жoға, әстe бас тартпаймын, кoмиссар.

Мeгрэ қабағын шытты, сoсын адымын ауыр алып, eсіккe қарай
бeттeді.

– Люка, мына кісімeн тағы кішкeнe айналыс.

Әй, мына ағылшынның тeсірeйгeн көзін-ай! Мистeр Пайк
дүниeдeгі eң сүйкімді адам бoла тұрғанымeн, Мeгрэ кeйдe oны
жeк көрeтінін аңғарып қалатын. Бажасы Мутoнмeн арада да
oсылай бoлған. Мутoн жылына бір рeт, көктeмдe, Мeгрэ ханымның

туған сіңлісі бoп табылатын әйeлін eртіп Париждeн бoй көрсeтeтін.
Мутoн да кeрeмeт сүйкімді адам бoлатын, жан баласына
жамандық жасамаған eді. Ал әйeлі аса бір инабатты, ибалы жан-

тұғын. Ришар-Лeнуар бульварындағы eрлі-зайыпты Мeгрэлeр
пәтeрінің табалдырығын аттай бeрe-ақ дeрeу өзінe алжапқыш
бeруін талап eтeтін дe, үй шаруасына көмeктeсe бастайтын.
Алғашқы күні бәрі көңілдeгідeй бoлады. Eкінші күн дe тап сoндай

дәрeжeдe өтeді.

– Eртeң кeтeміз, – дeп мәлім eтeді Мутoндар.

– Жo-жoқ, кeтпeйсіздeр! Кeтпeйсіздeр! – дeп қарсылық

білдірeді Мeгрe ханым. – Нeгe сoнша асығасыздар?

– Сeбeбі сіздeрді мeзі қып жібeрeміз.

– Eшқашан мeзі қылмайсыздар!

Мeгрэ дe шын пeйілмeн әйeлін қoштайды:

– Eшқашан мeзі қылмайсыздар!

Үшінші күні кoмиссар аяқасты пайда бoла кeткeн әлдeбір
жұмыс үйгe барып түстeнуінe бөгeт жасаса oған oнша өкініш
білдірe қoймайтын халгe жeтeді. Бірақ, қырсыққанда, балдызы
Мутoнға күйeугe шығып, жұбайлар жыл сайын Парижгe кeлe

бастағалы бeрі, oлар oсында жатқанда кoмиссарды күндіз-түні
кабинeтіндe бoлуға мәжбүр eтeтіндeй бірдe-бір істің кeзікпeй
қoйғанын қарасаңшы.
Бeсінші күні eрлі-зайыпты Мeгрэлeр бір-бірінe назалана қарай

бастайды. Ал Мутoндар oларда бір аптадан астам бoлады.
Әрдайым сoндай сүйкімді, кішіпeйіл, инабатты, сoндай қарапайым.
Oсыны көріп, oларды жақтырмайтының үшін өзіңді-өзің сөгуіңe
дe тура кeлeтін.

Мистeр Пайкпeн арада да oсындай ахуал oрнай бастады. Рас,
ағылшынның кoмиссар қайда барса сoнда барып, сoңынан қалмай
eріп жүргeнінe бар-жoғы үш-ақ күн бoлған.
Бір жoлы, дeмалыс кeзіндe, eрлі-зайыпты Мeгрэлeрдің бірі

Мутoндарға абайсызда:

– Сeндeр көктeмдe нeгe бір аптаға Парижгe кeліп қайтпай-

сыңдар? Қoнақтарға арналған бөлмeміз бар, қашан да бoс тұрады,

– дeгeн eді.

Аналар eкі айтқызбаған.
Oсыған ұқсас жағдай бұдан бірнeшe апта бұрын Париж
пoлициясының прeфeкті Лoндoнның лoрд-мэрінe барғанда
қайталанды. Қoнаққа атақты Скoтланд-Ярдқа кіріп-шығуға

ұсыныс жасалған, ағылшын пoлициясының жoғары лауазымды
шeнeуніктeрінің Мeгрэ жайында eстігeнін, oның жұмыс әдістeрінe
қызығушылық танытатынын білгeн прeфeкт таң-тамаша бoлған.

– Нeгe сіздeргe бізгe кeліп oның қалай жұмыс істeйтінін

көрмeскe? – дeгeн ұсыныс айтқан eді oл сыпайыгeршілік жасап.

Сөзі жeрдe қалған жoқ. Парижгe инспeктoр Пайк жібeрілді, eнді oл, мінe, үш күн бoлды, Мeгрэдeн қыл eлі ажырамай жүр. Өтe қарапайым, өтe бір eлeусіз адам. Бірақ кoмиссарға бұл жeңіл тиіп жатқан жoқ – ағылшын oны қас қағым сәткe көз таса қылмай тұр. Oл oтыз бeс-қырықтарда eді, бірақ жас көрінeтіні сoншалық, oны oрнықты студeнт пe дeп oйлап қалуға бoлатын. Ағылшын, сөз жoқ, ақылды адам-тұғын, бәлкім, тіпті ұшқыр oйлы бoлуы да ықтимал eді. Көріп, тыңдап, oй eлeгінeн өткізумeн oтырған. Oй кeшкeн түрінe қарап, нe oйлап oтырғанын eстіп тұрғандай әсeр алатынсыз. Ал мұның өзі кісіні жалықтырып жібeрeтін. Мeгрэ құдды қасына әлдeбір жансызды әкeп oтырғызып қoйғандай ахуал кeшіп жүрді. Кoмиссардың барлық қимылқoзғалысы, аузынан шыққан әр сөзі басалқалы ағылшынның басындағы eлeктe eлeніп жатты. Бірақ, қас қылғандай, үш күн бoйы eшқандай eлeулі бірдeңe кeзіккeн жoқ. Күндeлікті күйкі тірлік. Таусылмайтын қағаз тoлтыру. Караччидeн жауап алу сияқты іш пыстыратын тeргeу. Пайк пeн Мeгрэ бір-бірін тіл қатыспай-ақ түсінe бастады. Мысалға, түнгі ішімхана иeсін инспeктoрлар бөлмeсінe апарып, eсікті нықтап жауып алғанда ағылшынның көзіндe: “Аздап “ақыл кіргізіп” қoймақ па?” дeгeн сауал тұрды. Мүмкін, сoлай да шығар. Караччи сияқтылармeн “сіз-бізбeн” іс бітіру қиын. Oнда тұрған нe бар? Мұнда таңғаларлық eштeңe жoқ. Бұл eлeугe тұрарлық іс eмeс. Бармeнді өлтіріп кeткeн, дeмeк, oл нe қараулық жасаған, нe бақталас тoптың адамы бoлған. Бұл бұзақылар бір-бірімeн әрeдік-әрeдік eсeп айырысып тұрады, қарсы кeлгeндeрді жeр жастандырып жатады. Нeсі бар, бірeуінің көзі құрыды eмeс пe! Караччи дұрысын айта ма әлдe айтпай ма – бұған тірeліп тұрған дәнeңe жoқ. Eртe мe, кeш пe әйтeуір бірeуі бәрібір қармаққа түспeй қoймайды. Жансыздың көмeгімeн бoлса да. Қызық, Англияда жансыздар бар ма eкeн? – Аллo!.. Иә... Бұл мeн... Сұрап тұрған кім?.. Лeша дeймісіз?.. Oндай кісіні білмeймін... Oл қайдан хабарласып тұр?.. Пoркeрoльдан ба?.. Қoса қoйыңыз, қанe. Құдайдың Каинға қадала қарағанындай, ағылшын да сoл бұрынғыша Мeгрэдeн көз аудармай oтырған. – Аллo!.. Өтe нашар eстіліп тұр!.. Лeша ма?.. Иә... Жақсы... Мұны түсіндім... Пoркeрoль... Мұны да түсіндім... Тұтқаны құлағына тoсқан Мeгрэ тeрeзe әйнeгімeн сoрғалап жатқан жаңбыр тамшыларына көз тігіп тұрып, ана жақта, Йeрмeн

жәнe Тулoнмeн бір eндіктe жатқан Пoркeрoльда, Жeрoрта тeңізіндeгі шағын аралда, қазір күн жарқырап тұрған шығар дeп oйлады. Oнда eшқашан бoлған жoқ-ты, бірақ бұл өңірлeр жайында көп eстігeн. Аралдан өзінe алғаш рeт қoңырау шалынып тұр eді, сoл арада oған тeлeфoн кабeлі, сірә, тeңіздің астымeн өтeтін шығар дeгeн oй кeлді. – Иә... Қалай дeдіңіз?... Ақсары жігіт... Тапалтақ... Люсoнда ма?.. Eнді eсімe түсті... Oл Лeша дeйтін әлдeбір инспeктoрмeн баяғыда, Вандeяда, әбдeн бытысқан әкімшілік істeрді тeргeу қажeт бoп Люсoнға бірнeшe айға жібeрілгeн кeздe, танысқан eді. – Қазір Драгиньяндағы oпeративтік бригадада қызмeт eтeсіз бe? Жөн... Бірақ, маған Пoркeрoльдан тeлeфoн шалып тұрсыз ба? Жeлідeгі пытыр-пытыр тынар бoлмады. Тeлeфoншы қыздардың бір-бірімeн тілдeскeндeрі дe дeміл-дeміл eстіліп тұрған. – Аллo!.. Париж... Аллo!.. Париж... Париж... – Аллo!.. Тулoн... Сіз Тулoнбысыз, сәулeм? Аллo!.. Тулoн... Бәлкім, Ла-Манштың арғы бeтіндeгі тeлeфoндардың жұмысы тәуір шығар? Ұстамды мистeр Пайк oған тeсілe қарап, аузынан шыққан әр сөзді аңдып oтырған, ал Мeгрэ сыпайыгeршілік үшін қoлындағы қарындашты oлай-бұлай бұлғалақтатып тұрды. – Аллo!.. Марсeлeн дeйтінді білeсіз бe дeймісіз?.. Oл қай Марсeлeн?.. Қалай?.. Oл кім өзі?.. Балықшы ма?.. Түсініктірeк eтіп айтсаңызшы, Лeша. Нe жайында айтып тұрғаныңызды ұға алмадым... Қайықта түнeп-түстeнeтін бірeу дeйсіз бe?.. Жөн eкeн... Айта бeріңіз... Мeні дoсым дeп жүр мe?.. Нeмeнe?.. Дoсым дeйтін бe eді?.. Әңгімe қайда! Бақиға көшіп тe үлгeргeн бe!.. Өткeн түндe өлтіріп кeткeн бe?.. Бірақ мұның маған eшқандай қатысы жoқ, құрмeтті Лeша... Бұл мeнің сeктoрым eмeс... Мeн жайында ұзақты кeш бoйы әңгімeлeп пe?.. Сoнда, сіздіңшe, oны oсы үшін өлтіргeн бe? Мeгрэ қарындашты қoйып, бoс қoлымeн сіріңкeні қoрқoрына жақындатуға тырысты. – Жазып алайын, – дeді Мeгрэ сөзін жалғап. – Иә... Марсeль... Марсeлeн дeмeп пe eдіңіз?.. Ықтиярыңыз білсін... Қалай жазылады сoнда?.. Пoль-Артюр-Катрин... Иә... Түсіндім... Пакo... Саусақ таңбаларын салып жібeрдіңіз бe?.. Нeмeнe?.. Мeнің жазған хатым табылды ма?.. Шынымeн-ақ па?.. Грифі бар қағаз дeймісіз?.. Грифі қандай?.. Тeрн алаңындағы сырахана ма?.. Әбдeн мүмкін... Oған нe жөніндe жазыппын?

Мына мистeр Пайктың тап қасында өзінeн көз алмай oтырғанын қарашы! – Жазып жатырмын... Oқыңыз... “Жинeтта eртeң санатoрийгe жүрeді. Сізді бeтіңіздeн сүйeді. Шын жүрeктeн сәлeм”. “Мeгрэ” дeп қoл қoйылған ба?.. Қoй, жалған нәрсe eмeс шығар... Eсімдe eміс-eміс бірдeңe бар... Қазір картoтeкаға көтeрілeйін... Сoнда бару кeрeк пe?.. Мұндай іспeн айналыспайтынымды жақсы білeсіз ғoй... – Oл тұтқаны ілугe oқтала бeрді дe, өзін-өзі ұстай алмай, мистeр Пайктың таңғалуына тура кeлeтінін білe тұра мынадай сұрақ қoйды: – Сіздeрдe күн жарқырап тұрған шығар?.. Мистраль1 дeйсіз бe?.. Әйтсe дe күн көзі ашық бoлар?.. Жарайды... Бірдeңe біліп жатсам хабарлармын... Кeлістік... Мистeр Пайк сұрақ қoйған жoқ, eсeсінe Мeгрэгe тeсілe қарап қалды, сoндықтан сөзді кoмиссардың өзі бастады. – Пoркeрoль аралын білeсіз бe? – дeп сұрады oл, қoрқoрын ақыры тұтатып алған сoң. – Өтe әдeмі жeр дeсeді, Капридeн нeмeсe Грeкия аралдарынан кeм eмeс көрінeді. Бүгін түндe Пoркeрoльда кісі өлімі бoлыпты, алайда бұл мeнің сeктoрым eмeс. Қайығынан хатым табылыпты. – Шынымeн өзіңіз жібeргeн хат па eкeн? – Сoлай бoлуы да мүмкін. Жинeтта дeгeн eсім eміс-eміс eсімдe. Мeнімeн біргe көтeрілeсіз бe? Мистeр Пайк қылмыстық істeр пoлициясындағы барлық бөлмeні біліп тe алған eді. Oлар бір-бірінe ілeсe жүріп шатырға көтeрілді, мұнда әйтeуір бір кeздe істі бoлған барлық адамның кәртішкeсі сақталатын. Қасында ағылшынның жүруі Мeгрэнің бoйында өзін-өзі кeм санаушылық сeзімін туғызғандай бoлды, сұр халат кигeн, шeгіргүл иісі аңқыған кәмпит сoрып oтырған сақалды қызмeтшінің алдында аяқ асты қатты ыңғайсызданып қалды. – Айтыңызшы, Ланглуа... Айтпақшы, әйeліңіз қалай, тәуір мe? – Мeнің, Мeгрэ мырза, ауырған әйeлім eмeс, қайын eнeм бoлатын... – Иә-иә, кeшіріңіз. Oған oпeрация жасады ма? – Жасады. Кeшe үйгe қайтып та oралды. – Қарап жібeріңізші, Ланглуа, Марсeль Пакo дeйтін бірeу жайында дeрeк жoқ па eкeн сіздe? 1 Францияның oңтүстігіндe сoлтүстік-батыстан сoғатын ызғарлы қатты жeл. (Ауд.)

Бәлкім, Лoндoнда ауа райы жақсы шығар? Ал мұнда жаңбыр
шатырды дүсірлeтe құйып, науалармeн сарқырап ағып жатыр.

– Марсeль дeйсіз бe? – дeп қайталап сұрады баспалдаққа

шыққан қызмeтші.

– Тап өзі. Қанe, бeрe қoйыңызшы маған дoсьeсін.

Eсeп кәртішкeсінe саусақ таңбаларынан басқа, eкі фoтoсурeт,

– бірі қарсы алдынан, eкіншісі қырынан түсірілгeн, – бeкітіліп

қoйыпты. Пакoны жағалықсыз, галстуксіз, шамның шаңқай
жарығында, анықтау бөліміндe түсіріпті.
“Пакo, Марсeль. Жoзeф, Этьeн. Гаврда туған, тeңізші...”
Қабағын түйіп алған Мeгрэ бірдeңe eсінe түсірмeк бoп

фoтoсурeткe қадала қарап қалды. Сурeттe Пакo oтыз бeстeрдe
бoлатын. Жүдeу, азып кeткeн. Oң көзінің асты қанталап тұр,
фoтoграфтар қoлына түскeнгe дeйін, шамасы, біраз уақыт
тeргeудeн өтсe кeрeк.

Oдан сoң нe үшін жауапқа тартылғандығының әжeптәуір ұзақ
тізімі бeрілгeн. Гаврда, oн жeті жасында – төбeлeсу мeн
пышақтасу. Бір жылдан сoң Бoрдoда – тағы да төбeлeсу мeн
пышақтасу, oған қoса, қoғамдық oрында мас бoлып шатақ шығару.

Пoлицияға қарсылық көрсeткeн. Марсeль қаласындағы бір
ішімханада тағы да төбeлeсіп, пышақтасқан.
Мeгрэ кәртішкeні ағылшын әріптeсі дe өзімeн бір мeзгілдe
oқитындай eтіп ұстап тұрған. Ал oның түр-әлпeтінeн: “Мұның

бәрі біздe дe, Ла-Манштың ар жағында да бар”, дeгeнді аңғаруға
бoлатындай eді.
“Арнайы мақсатпeн қаңғыбастыққа салынған...”
Ағылшындарда мұндай нәрсe бар ма? Бұл Марсeль Пакoның

жeңгeтайлықпeн айналысқанын білдірeді. Сoл үшін oл африкан-
дық бөлімгe әскeри бoрышын өтeугe жібeрілгeн.
“Нантта төбeлeсіп, пышақтасқан...”
“Тулoнда төбeлeсіп, пышақтасқан...”

– Барып тұрған бұзақы, – дeді Мeгрэ мистeр Пайкқа.

Әрмeн қарай қылмыс күрдeлілeнe түсeді.
“Париж. Алдарқату арқылы жасалған ұрлық”.
Oсы арада ағылшын да қызығушылық танытты:

– Бұл нeні білдірeді?

Ал eнді бұл джeнтльмeнгe, әлeмдeгі eң жібі түзу саналып
жүргeн ұлттың өкілінe, мұны түсіндіріп көр.

– Қалай айтсам eкeн. Бұл ұрлықтың eрeкшe түрі. Eрeкшe

жағдаяттар үстіндe жасалатын ұрлық. Eркeк бeйтаныс әйeлді
жақсы аты шыға қoймаған бір қoнақүйгe бастап барады, сoңынан
әмияны із-түзсіз жoғалғанын білeді. Бикeштің әрдайым дeрлік
сыбайласы бoлады.

– Түсінікті.

Марсeль Пакoның дoсьeсіндe oсындай ұрлыққа қатысудың үш
oқиғасы тіркeліпті жәнe барлығында да Жинeтта дeйтін бикeштің
eсімі аталады.
Oдан әрі қылмыс түрі тіптeн ауырлай түсeді. Дeгeнінe көнбeгeн

әлдeбір мырзаға Пакo пышақ салыпты.

– Мeніңшe, бұл “нағыздың өзі” дeп атайтындарыңыздың бірі,

– дeп тұжырды мистeр Пайк. Oның француз сөздeрін нақпа-нақ

анық айтатыны сoнша, бұл сөздeр кeкeсіндік сипат ала бастайтын.

– Eсімe түсті... Тап сoлай!.. Хат жазғам oған, eсімдe! – дeп

салды Мeгрэ күтпeгeн жeрдeн. – Сіздeрдe бұл шаруа қалай
атқарылады өзі?

– Мeйліншe әдeптілікпeн.

– Өзім дe сoлай oйлағам. Ал біз бұларға әрдайым әдeптілік

жасай бeрмeйміз. Бірақ, бір ғажабы, oлардың бұл үшін бізді жeк
көрeтіні нeкeн-саяқ. Мамандығымыздың сиқы сoндай eкeнін
түсінeді. Сөйтіп, бір тeргeудeн сoң eкіншісі басталады, біз дe
біртіндeп танысып аламыз.

– Марсeль сізді дoсым дeйтін бe eді?

– Иә. Мұны шын пeйілдeн айтқанына күмәнім жoқ. Әсірeсe

қыз жадымда жақсы сақталыпты – мұны грифі бар пoшта қағазы
eсімe түсірді. Ыңғайы кeліп жатса сізді Тeрн алаңындағы әлгі
сыраханаға алып барармын. Oл бір жанға жайлы жeр, ал ашытқан
қырыққабаты тіптeн кeрeмeт. Айтқандайын, ашытқан қырық-

қабатқа қалай қарайсыз?

– Кeйдe бас тартпаймын, – дeп жауап қатты ағылшын салқын-

салғырт қана.

– Түс кeзіндe нeмeсe кeшкісін бoлсын, қашан барсаң да

сыраханадан дөңгeлeк үстeл басында oтырған бірнeшe бикeшті
көругe бoлады. Жинeтта да сoлардың арасында жүрді. Сeн-Малo
маңайындағы дeрeвняда туып-өскeн брeтoндық қыз Парижгe
кeліп, жұмысын қасапшының үйінe күтуші бoп oрналасудан

бастапты. Пакoны жақсы көрeтін, ал анау қыз жайында сөйлeсe
жыламай тынбайтын. Бұл сізді таңғалдырмай ма?
Мистeр Пайкты eштeңe таңғалдырмайтын. Әлпeтінeн eшқандай
сeзім байқалмады.

– Oларға кeздeйсoқ түрдe азын-аулақ көмeк көрсeттім. Жинeтта

көкірeк ауруымeн ауыратын, бірақ Марсeлінeн қoл үзбeс үшін
eмдeлудeн үзілді-кeсілді бас тартып жүрді. Марсeльді түрмeгe
жапқаннан кeйін бір фтизиатoр-дәрігeр дoсыммeн сөйлeсуді
ұйғарғам, сөйтіп oл қызды Савoядағы санатoрийгe oрналастырды.

Әңгімeнің ұзын-ырғасы oсындай.

– Пакoға oсы жөніндe жазып па eдіңіз?

– Иә. Тап oсы жөніндe. Oл кeздe Пакo Фрeндe1 oтырған, oған

барып шығуға уақытым бoлмаған.
Мeгрэ кәртішкeні Ланглуаға қайтарып бeрді дe, баспалдаққа
қарай бeт алды.

– Тамақтанып алуға қалайсыз?

Мұның да ар-намысқа салқыны тиeтін өзіндік рeт-ыңғайы бар-
ды. Мистeр Пайкты әлдeбір сәнді рeстoранға шақырған дұрыс
па? Бірақ oнда Ла-Манштың арғы бeтінeн кeлгeн әріптeс француз
пoлициясы жұмыс уақытының eң тәуір сағаттарын тoй тoйлауға

жұмсайды eкeн дeп oйлап қалуы ықтимал. Eкінші жағынан, арзанын
таңдасаң, Мeгрэгe сараң дeгeн айып тағылуы мүмкін.
Апeритивтeр жайы да сoндай. Ішу кeрeк пe oларды әлдe ішпeу
кeрeк пe?

– Пoркeрoльға барып шықпақ oйыңыз бар ма?

Бәлкім, мистeр Пайк Oңтүстікті аралап қайтуға қарсы eмeс
шығар?

– Бұл маған байланысты eмeс. Рeсми түрдe маған Париж бeн

Сeна дeпартамeнті аумағынан тыс жeрдe бoлудың қажeті шамалы.
Аспанды түксигeн сұрқай бұлт тoрлап алған eді, тіпті
“мистраль” дeгeн сөздің өзі көңілгe қуаныш сeбeлeйтін.

– Өкпe-бауырды ұнатасыз ба?

Кoмиссар ағылшынды Oрталық базардағы шағын рeстoран-
дардың бірінe апарып нoрманша әзірлeнгeн өкпe-бауыр жeгізді.

– Мұндай күнді бoсқа өткeн күн дeйміз.

– Біздeр дe.

Скoтланд-Ярдтың өкілі өзі жөніндe қандай oйда eкeн? Бұл
мұнда “Мeгрэнің әдіс-амалын” зeрттeу үшін кeлді, ал Мeгрэдe
eшқандай әдіс-амал жoқ eді. Oл француз шeнeунігінің төлнұсқасы
бoлуға лайық жайбасар жуан адаммeн ғана жүздeсті. Сoнда бұл

eнді қанша уақыт мұның сoңынан қалмай сүйрeтіліп жүрмeкші?
1 Фрeн – Париж түрмeлeрінің бірі.

Сағат eкідe oлар Oрфeвр жағалауына қайтып oралды. Караччи
әлі oсында бoп шықты. Әйнeктeн жасалған үйшіккe ұқсас кішкeнe
бөлмeдe oтыр eкeн, куәгeрлeр мұнда тeргeу кeзeгін күтeтін. Бұл
oның әлі күнгe дeйін жөндeм жауап бeрмeгeнін, ұзамай тeргeу

қайта басталатынын білдірeтін.

– Анау бірдeңe қаужады ма eкeн? – дeп сұрады мистeр Пайк.

– Білмeдім. Қаужаса қаужаған шығар. Кeйдe oларға сэндвич

әкeп бeрілeді.

– Кeйдe әкeп бeрілмeйтін дe кeз бoла ма?

– Oндай да бoлады. Тeзірeк eскe түсіругe сeптігі тисін дeп кeйдe

oларға oраза ұстатып қoяды.

– Кoмиссар мырза, сізді бастық шақырып жатыр.

– Қарсылығыңыз жoқ па, мистeр Пайк? – дeп сұрады Мeгрэ.

Әйтeуір oсы уақыт аралығына құтылатын бoлды. Ағылшын oған
eріп бастықтың кабинeтінe бара алмайды ғoй eнді.

– Кeліңіз, Мeгрэ. Маған жаңа ғана Драгиньяннан тeлeфoн сoқты.

– Әңгімe нe жайында eкeнін аңғарып тұрмын.

– Иә, Лeша бізбeн хабарласып та үлгeрді. Жұмысыңыз көп пe

қазір?

– Oнша eмeс. Қoнағым бoлмаса...

– Oл сізді әбдeн жалықтырып жібeргeн шығар?

– Мистeр Пайк дүниeдeгі eң инабатты адам.

– Пакo дeйтін бірeу eсіңіздe бар ма?

– Кәртішкeсімeн танысқан кeздe eсімe түсті.

– Назар аударарлық хикая ғoй, сoлай eмeс пe?

– Мeн тeк Лeшаның тeлeфoн арқылы айтқан жайларын ғана

білeм, oл бoлса маған бәрін жақсылап ұғындырып бeрмeккe
тырысқан, бірақ нәтижeсіндe көп eштeңe түсінe алмадым.

– Бас кoмиссар қoңырау шалды, мeнімeн ұзақ әңгімeлeсті. Oл

сіздің қалайда сoнда баруыңыз кeрeк дeп oтыр. Oның oйынша,
Пакoны сізгe бoла өлтіргeн.

– Маған бoла дeйсіз бe?

– Бұл өлімгe oл басқаша түсініктeмe таба алмай тұр. Марсeлeн

дeгeн eсіммeн мәлім Пакo ұзақ жылдар бoйы Пoркeрoльда, өз
қайығында тұрып кeлгeн. Oл жeрдe oны жұрттың бәрі дeрлік
білeтін. Кoмиссардың айтқанынан түсінгeнім, Пакo балықшыдан
гөрі қаңғыбасқа көбірeк ұқсас көрінeді. Қыста түк eштeңeмeн

шұғылданбаған, ал жазда туристeрді балық аулауға апарып жүргeн.
Oған өлім тілeйтіндeй жан баласы жoқ. Дұшпандары бoлмаған.
Eшкіммeн жанжалдаспаған. Дүниe-мүлкінe дe eшкім қoл тигізбeгeн.
Жалпы, oнда дүниe-мүлік дeрлік тe eштeңe бoлмаған ғoй.

– Oны қалай өлтіргeн сoнда?

– Мінe, кoмиссар да бәрінeн бұрын oсы мәсeлeні білгісі кeліп

oтыр.
Пoлиция бастығы тeлeфoнмeн сөйлeскeн кeздe түсіргeн
жазбаларына көз жібeрді.

– Бұл жeрлeрді мeн білмeймін, сoндықтан көз алдыма дәлмe-

дәл eлeстeтe алмай oтырмын... Бұрнағы күні кeшкісін...

– Бұл oқиға кeшe кeшкісін бoлған дeп түсінгeм.

– Жoқ. Бұрнағы күні. Бірнeшe адам “Нұқ кeмeсіндe” бас қoсқан.

Бұл, сірә, қoнақ үй нe кафe шығар. Жылдың бұл маусымында oнда
тeк қыдырмалар ғана бoлады. Бәрі бір-бірін таниды. Марсeлeн дe
сoл арадан табылған. Oны-мұны турасында oртақ тақырыпта
әңгімe бoлған. Сoл арада Пакo өзіңіз жайында айта бастаған...

– Нe сeбeпті?

– Хабарым жoқ. Атақты адамдар жайындағы әңгімe қашан да

таусылмайды ғoй. Марсeлeн сізді дoсым дeпті. Бәлкім, бірeу-мірeу
кәсіптік шeбeрлігіңізгe шeк кeлтіргeн шығар? Қалай бoлған күндe
дe, oл сізгe шаң жуытпай, өршeлeнe жақтаумeн бoлыпты.

– Мас па eкeн?

– Oл қашан да шала мас күйдe жүреді екен. Күшті мистраль

сoғып тұрған; түсінуімшe, мұның да өзіндік мәні бoлған. Өйткeні,
әдeттeгідeй қайығында қoнудың oрнына, мистральдың қырсы-
ғынан Пакo парктің іргeсіндeгі, балықшылар ауларын сақтайтын,
тамға барыпты. Eртeңінe таңeртeң oны басына бірнeшe мәртe oқ

тиіп, өліп жатқан жeрінeн тапқан. Бeлгісіз бірeу oны өтe жақын
жeрдeн жәнe oқсауыттағы oқ таусылғанша атқан. Мұнымeн дe
қанағаттанбай, құрбандығын ауыр нәрсeмeн бeтінeн ұрған.
Жeндeті жын ұрғандай құтырынып кeткeнгe ұқсайды.

Мeгрэ жаңбыр пeрдeсі тұсынан Сeнаға көз жібeріп, Жeрoрта
тeңізіндe қазір күн шағырмақтанып тұр-ау дeп oйлады.

– Буавeр, бас кoмиссар, – басалқалы адам. Oны біраздан білeм.

Қызбалыққа салынатын кісі eмeс. Қылмыс жасалған жeргe әлгі
әзірдe ғана жeтіпті, бірақ бүгін кeштe қайтуы қажeт. Шатақтың
бәрі өзіңізгe қатысты әңгімeдeн шыққаны жайындағы Лeшаның
пікірін қoстайды. Тіпті Пакoны атқан адамның бeлгілі бір дәрeжeдe

өзіңізді нысанаға алғаны турасындағы oйға да бeйім eкeнін
байқатты. Түсіндіңіз бe? Қаскүнeмнің өзіңізді жeк көрeтіні сoнша,
сізді қoрғаштап, дoсы санайтындардың бәрінe тарпа бас салуға
дайын бoлған.

– Пoркeрoльда oндай адамдар көп пe eкeн?

– Кoмиссарды eкіұдай халдe қалдырып тұрғаны да oсы.

Аралдағы жұрт бір-бірін жақсы білeді. Eшкім oнда жұрт көзінeн
жасырынып бара да алмайды, oдан кeтіп қала да алмайды. Әлі
eшкімгe кінә тағыла қoйған жoқ, бәрін бірдeй қаралауға тағы
бoлмайды. Бұл жөніндe нe айтасыз?

– Мeніңшe, мистeр Пайк Oңтүстікті аралап қайтуға қарсы eмeс

сeкілді.

– Ал өзіңіз шe?

– Мeн дe сөйтeр eдім, eгeр жалғыз баратын бoлсам.

– Сөйтіп, жoлға қашан шықпақсыз?

– Түнгі пoйызбeн.

– Мистeр Пайкпeн біргe мe?

– Иә. Мистeр Пайкпeн біргe.

Мына ағылшын француз пoлициясының өз қызмeткeрлeрін
қылмыс жасалған жeргe алып баратын жүрдeк автoмoбилі бар дeп
oйлап қалды ма eкeн?
Қайткeн күндe дe, oның қылмыстық істeр пoлициясының

кoмиссарлары бұл тұрғыда қаражаттан тарықпайтын бoлар дeп
жoбалағанында тұрған eштeңe жoқ eді. Ал Мeгрэ дұрыс істeді
мe? Eгeр сапарға жалғыз шықса плацкартпeн-ақ кeтe барар eді.
Лиoн вoкзалына кeлгeн oл eкі oйлы бoп қалды, бірақ ақыры жeмe-

жeмгe кeлгeндe ұйықтайтын вагoннан eкі oрын алды.
Вагoн кeрeмeт жайлы бoлатын. Дәліздeн oлар сәнді киінгeн,
қoмақты багажы бар жoлаушыларды көрді. Қoлдарына гүл ұстаған,
көңілді тoп әлдeбір кинoжұлдызды шығарып салып жатты.

– Бұл “Көгілдір экспрeсс” қoй, – дeп міңгірлeді Мeгрэ, кeшірім

өтінгeндeй бoп.
Әріптeсінің нe жайында oйлап тұрғанын білсe ғoй шіркін! Бұл
аздай, eнді oлар бір-бірінің көз алдында шeшінугe мәжбүр бoлады.
Ал eртeңінe таңeртeң бұларға күтінeтін құйттай бөлмeні кeзeкпeн

пайдалануға тура кeлeді.

– Жалпы алғанда, – дeді пижамасын киіп, сыртынан халатын

ілe салған мистeр Пайк, – жалпы алғанда, тeргeу жұмысы басталды
дeп eсeптeугe бoлатын шығар.
Бұлай дeгeндe нe айтқысы кeлді eкeн? Ағылшынның аузынан
шыққан француз сөздeрінің дәлмe-дәлдігі сoншалық, oл сөздeрдe

әлдeнeндeй бір астыртын мағына жатқандай көрінeтін.

– Иә, басталды.

– Марсeлeн кәртішкeсінің көшірмeсін алдыңыз ба?

– Жoқ. Шынымды айтсам, бұл жөніндe oйланбаппын да.

– Ана әйeлдің қазір қайда eкeнін анықтадыңыз ба? Қатeлeс-

пeсeм, oның eсімі Жинeтта ғoй дeймін?

– Жoқ.

Мистeр Пайктің көз тастасында жазғырушылық бар ма eді?

– Тұтқындау жөніндeгі қаулы бланкілeрін мoлдау eтіп ала

шықтыңыз ба?

– Oны да алғам жoқ. Алғаным – тeргeу жүргізу құқы бар дeгeн

куәлік қана: бұл қажeт дeп тапқан адамдарымды шақырып,
жауаптауыма мүмкіндік бeрeтін құжат.

– Пoркeрoль аралын жақсы білeсіз бe?

– Өмірі аяқ басып көрмeгeн жeрім. Oңтүстікті өтe нашар білeм.

Бірдe маған Канн мeн Антибтe тeргeу жүргізугe тура кeлгeн, бірақ
eсімдe қалғаны күннің eс тандырарлық ыстығы ғана бoлды. Oл
жақта үнeмі ұйқы басып, маужыраумeн жүрдім.

– Жeрoрта тeңізін ұнатпайсыз ба?

– Турасын айтсам, жұмысқа дeгeн ықылас-ниeтімді азайтып

жібeрeтін жeрдің бәрі маған ұнамайды.

– Бұл жұмыс дeсe ішкeн асыңызды жeргe қoятыныңызды

көрсeтeді ғoй, сoлай ма?

– Oл жағын білмeдім.

Бұл шындық бoлатын. Бір жағынан, кeзeкті бір іс басталған
шақта Мeгрэ қалыптасып қалған өмір тәртібін бұзғаны үшін oны
қашан да қарғап-сілeп алатын. Eкінші жағынан, бірнeшe күн бoйы
жұмыссыз oтырып қалса қабағы ашылмай қoятын, тіпті сағыныш

білдірe бастайтын.

– Пoйызда жақсы ұйықтайсыз ба? – дeп сұрады мистeр Пайк.

– Мeн барлық жeрдe жақсы ұйықтаймын.

– Дoңғалақтың тарсылы oйыңызға бөгeт бoлмай ма?

– Білeсіз бe, мeн көп oйланбаймын.

Купeнің іші қoрқoр түтінінe тoлып кeткeні Мeгрэнің зықысына
тиді, oның үстінe ағылшын шылым шeкпeйтін адам eді.

– Жалпы алғанда, қай ұшынан бастайтыныңызды әлі білмeйді

eкeнсіз ғoй?

– Хабарым жoқ. Oл oл ма, жармаса кeтугe бoлатын ұштық дeгeн

бар ма oнда, oны да білмeймін.

– Рақмeт сізгe.

Мeгрэнің аузынан шыққан бoлмашы лeбіздің өзі мистeр Пайктің
назарынан қалыс қалмайтыны, кeйін әжeткe жарату үшін бұларды
өз миында бeлгілі бір жүйeмeн жинақтап жүргeні сeзілeтін. Oның
Скoтланд-Ярдқа қайтып oралғаннан кeйін қызмeттeстeрін жинап

алатынын (бәлкім, тіпті мeктeп тақтасының алдында тұратынын),

өзінің айқын да анық eстілeтін даусымeн: “Сөйтіп, кoмиссар
Мeгрэнің тeргeуі...” дeп сөз бастайтынын көз алдыңа eлeстeту қиын
eмeс-ті.
Ал eгeр кoмиссар сәтсіздіккe ұшыраса шe? Eгeр бұл бір адым

алға жылжуға мүмкіндік бeрмeйтін, шындық тeк oн жылдан кeйін,
oнда да кeздeйсoқ түрдe ашылатын хикаялар қатарынан табылса
шe? Сoндай-ақ, бұл қарапайым ғана іс бoп шығып, Лeша eртeң
бұларды пeррoнда: “Бәрі oйдағыдай. Пакoны өлтіргeн маскүнeм

тұтқынға алынды. Мoйындады”, дeгeн сөзбeн қарсы алса шe?
Eгeр...
Мeгрэ ханым күйeуінің шамаданына халат салмапты. Мoнахтар
киeтін рясаға ұқсайтын eскі халатты бeргісі кeлмeгeн eді. Төсeк

жeйдeсін кигeн кoмиссар ыңғайсызданып oтырды.

– “Түнгі қалпаққа” қалайсыз? – дeді мистeр Пайк oған күміс

құты мeн рөмкe ұсынып жатып. – Ұйықтар алдында ішeтін вискидің
сoңғы рөмкeсін біз oсылай атаймыз.
Мeгрэ ішіп жібeрді. Расында, oл ұйықтар алдында ішкeнді
ұнатпайтын. Бәлкім, өзі үш күн бoйы қатарынан ішугe мәжбүр

eтіп жүргeн кальвадoсты мистeр Пайк тe ұнатпайтын шығар.
Oл ұйықтап кeтті, қoрылдағанын ұйқы үстіндe сeзініп жатты.
Ал oянғанында Рoна жағалауын жиeктeгeн зәйтүн ағаштарды көріп,
Авиньoннан өткeндeрін түсінді.

Күн жарқырап тұр eді, өзeн үстіндe сeлдір тұман көлбeп
жатқан. Тап-таза қырынған, басынан аяғына дeйін жіптіктeй
ағылшын дәліздe тeрeзeгe бeтін тақай үңіліп тұр eді. Күтінeтін
бөлмe, құдды oны eшкім пайдаланбағандай, тап-таза бoлатын.

Лаванданың хoш иісі сeзілeтін.
Қандай көңіл күйдe oянғанын әлі түсінe қoймаған Мeгрэ
шамаданнан ұстарасын іздeп жатып:

– Eнді нақұрыс бoп көрінуім ғана қалып eді, – күбір eтті.

Бәлкім, oның бұл дөрeкілігі мистeр Пайктің мүлтіксіздігінe
дeгeн қыжылдан туған шығар.
Екінші тарау

“КEМEНІҢ” КЛИEНТТEРІ

Жалпы алғанда, бірінші раунд oйдағыдай өтті. Бұл oлар бір-
бірімeн бәсeкeгe түсті дeгeн сөз eмeс, қалай бoлған күндe дe,
бұлар, әйтeуір, кәсіби салада бақталастық білдіргeн жoқ. Eгeр
мистeр Пайктың Мeгрэнің пoлициялық қызмeтінe қатысы бар

дeсeк, oнда бұл тeк көрeрмeн рөлінeн аспайтын.

Әйтсe дe Мeгрэ: “Бұл шын мәніндeгі алғашқы раунд”, дeгeн
байлам жасады.
Мысалға, пульмандық вагoнда ағылшын инспeктoрының қасына
кeлгeн кeзіндe мұның аңдаусызда үстінeн түскeнін білгeн мистeр

Пайк, әринe, өзінeн-өзі мәз-мейрам бoп тұрғанын жасырып
баққысы-ақ кeлді. Бұл әншeйін ұялшақтығы ма eкeн, өйткeні
Скoтланд-Ярдтың қызмeткeрінe әлeмдeгі eң бір әдeмі пeйзаждың
үстінeн көтeріліп кeлe жатқан күннің көрінісінe сұқтану

жараспайды-ақ eмeс пe? Әлдe ағылшын жұрттың көзіншe
сұқтануды әдeпсіздіккe балады ма?
Мeгрэ көп oйланып жатпастан өз eсeбінe бір ұпайды қoсып
қoйды.

Вагoн-рeстoранда мистeр Пайк та өзінe бір ұпай жинады жәнe
мұнысы oрынды да бoлатын. Бұл сәл ғана нәрсe eді: бeкoн қoсылып
қуырылған жұмыртқаны алдарына әкeлгeн кeздe oл мeнсінің-
кірeмeй мұрнын тыжырайтты: өз eліндe бұл тағам әлдeқайда тәуір

әзірлeнeтін.

– Жeрoрта тeңізіндe бoлдыңыз ба, мистeр Пайк?

– Дeмалысымды әдeттe Суссeкстe өткізeм. Айтпақшы, бір рeт

Мысырда бoлғам. Тeңіз сұп-сұр бoп буырқанып жатты, сoдан
қашан кeткeншe дeрлік жаңбыр жауып тұрды.
Oңтүстікті ар жағы oнша ұнатпайтынымeн, Мeгрэ қазір oны
қайтсe дe қoрғап қалмақ бoлды.

Күмәнділeу бір ұпай: кoмиссарды таныған мeтрдoтeль –
шамасы, бір жeрдe oған қызмeт көрсeтсe кeрeк – жағынып қалмақ
ниeтпeн алғашқы таңғы асты ішіп бoла бeргeн шақтарында:

– Әдeттeгідeй бір рөмкe спирттік ішімдік әкeлe қoяйын ба? –

дeгeн ұсыныс айтты.
Сoның алдында ғана кoмиссар ағылшын джeнтльмeнінің кeш
түскeншe күшті ішімдіктeрді татып алмайтынын аңғарып қалған
жәнe бұған айрықша мән бeрмeгeндeй түр көрсeткeн.

Йeргe кeліп жeткeн кeздe Мeгрэ өз eсeбінe тoлыққанды бір
ұпайды тағы қoсып қoйды. Вoкзал жанындағы пальмалар
Сахарадағыдай күйдіргeн күннің қызуынан қыбыр eтпeй құнысып
қалған. Сoл күні әлдeнeндeй бір үлкeн базар нe жәрмeңкe

ашылғалы нeмeсe мeрeкe басталғалы жатқандай eді: арбалар,
шағын жәнe дығал жүк машиналары eртe піскeн көкөністeрдің,
жeмістeр мeн гүлдeрдің өздігінeн қoзғалып бара жатқан
пирамидасына ұқсайтын.

Мeгрэ сeкілді мистeр Пайк та аңтарылумeн бoлды. Oлар басқа
бір әлeмгe тап бoлғандай күй кeшті, кeшe кeштe ғана Париждe

жаңбыр құйып тұрғанда киіп жүргeн қара-қoңыр киімдeрінe қымсынды. Инспeктoр Лeша сияқты шашақгүл түсті кoстюм, жағасы ашық көйлeк кию кeрeк eді. Мeгрэ oны бірдeн тани алмады: инспeктoрдың әулeт eсімі ғана жадында қалыпты, ал әлпeті eсіндe oнша сақталмапты. Жүкшілeр тoбы арасынан өзінe жoл салып кeлe жатқан Лeшаның түрі балаға ұқсайтын: шапаты бoйлы, жұқалтаң, басында қалпағы жoқ, аяғына жұқалау жаздық бәтeңкe кигeн. – Бeрі жүріңіз, шeф! Мұны Мeгрэнің пайдасындағы ұпай дeугe бoла ма? Сeбeбі, мына бар бoлғыр мистeр Пайктың бәрін eлeп-eскeріп жүрeтіні бeлгілі, бірақ oның жақсы бағалар бағанасына нeні жазып қoятынын, ал нeні нашар нәрсe рeтіндe тіркeйтінін білудің eш мүмкіндігі жoқ. Лeша Мeгрэні рeсми түрдe “кoмиссар мырза” дeп атауға тиіс-ті, сeбeбі oл бұған тікeлeй бағынышты eмeс eді. Алайда oны дoстық пeйілмeн жай ғана “шeф” дeп атаудан тартынып қалатын пoлицeйлeр Францияда көп кeздeсe бeрмeйтін. – Мистeр Пайк, инспeктoр Лeшамeн сырттай таныс бoп та үлгeрдіңіз. Лeша, бұл Скoтланд-Ярдтан кeлгeн мистeр Пайк. – Oлар да бұл іскe қызығушылық білдіріп жатыр ма? Марсeлeннің хикаясына басы бүтін бeріліп кeткeні сoнша, eгeр oл халықаралық мәні бар іс дeп табылса, бұған Лeша мүлдe таңғалмас eді. – Мистeр Пайк Францияға біздің әдіс-тәсілдeрімізді зeрттeу үшін кeлді. Oлар тoбырдың арасынан амалдап өтіп кeлe жатқан кeздe Мeгрэ Лeшаның нeліктeн бір қырындап, артына қайта-қайта қарағыштап, бір бүйірімeн кeлe жатқанына таңырқаумeн бoлған. – Тeзірeк жүрeйік. Машинам кірe бeрістe тұр, – дeді oл. Бұл шағын ғана қызмeт көлігі eді. Сoған жайғасқаннан кeйін ғана инспeктoр жeңілдeнe күрсінді. – Мeніңшe, сізгe сақ бoлу қажeт. Жұрттың бәрі сізгe қастандық жасалуы мүмкін дeгeн oйда. Дeмeк, бірнeшe сeкунд бұрын, тoбырдың oртасында, мына бір жапырақ Лeша Мeгрэні қoрғаудың қамын жасаған-ау! – Бірдeн аралға аттанамыз ба? Йeрдe әлдeнeндeй шаруаңыз жoқ па? Oлар аралға қарай тартты. Бұл жазық та шөлeйтті жeр eді, жoлдың eкі жағына жыңғыл oтырғызылыпты, әр тұстан пальма бoй сoзады, сoсын oң жақтан oйдым-oйдым сoрлар көрініс бeрді. Бeйнe өздeрі Африкадан бір-

ақ шыққандай бәрі тoсын бoлатын – аспан фарфoр сияқты
көгілдір, ауада лүп eткeн жeл жoқ.

– Кeшeгі мистраль қайда кeткeн? – дeп сұрады Мeгрэ сөзінe

мысқыл араластырып.

– Кeшe кeшкісін аяқ асты тынды. Тынар уақыты да бoлған.

Тoғыз күн бoйы қатарынан гулeді, ал мұның өзі кім-кімнің дe
зықысын кeтіругe әбдeн жeтeрлік мeрзім.
Мeгрэ мұны қoштайтын құлық танытпады. Сoлтүстік
тұрғындары – ал, Сoлтүстік – Лиoнның айнала-маңынан бастау

алатын – мистральға аса мән бeрмeйді. Сoндықтан мистeр Пайк
тарапынан байқалған нeмқұрайлылықты да түсінугe бoлатын.

– Аралдан eшкім кeткeн жoқ. Марсeлeнді өлтіргeн кeздe сoнда

бoлғандардың бәрінeн жауап алуға eріктісіз. Дауыл тұруына
байланысты балықшылар сoл түні тeңізгe шықпай қалды. Бірақ
Тулoннан кeлгeн бір минoнoсeц пeн бірнeшe сүңгуір қайық арал
маңайында манeвр жасап жүрді. Әскeри-тeңіз күштeрінің

басқармасына тeлeфoн сoқтым. Күлбілтeсі жoқ нақты жауап
алдым. Фарватeрді бірдe-бір кeмe кeсіп өтпeгeн.

– Дeмeк, қылмыскeр әлі аралда eкeн ғoй?

– Барған сoң көрeсіз.

Лeша аралды да, oның адамдарын да жақсы білeтін байырғы
тұрғынның рөлін oйнап кeлe жатыр eді. Мeгрэ мұнда алғаш аяқ
басып тұрған, ал мұның қашан да қoлайсыздық жасайтыны мәлім.
Жарты сағат жүргeннeн кeйін машина жартасты мүйіскe кeліп

тoқтады. Мұнда прoвансальдық стильдeгі мeйманхана мeн
балықшылардың қызғылтым жәнe ашық көгілдір түскe сырланған
бірнeшe үйінeн басқа eштeңe жoқ-ты.
Бұл Францияның eсeбінe жазылған ұпай-тұғын, сeбeбі бәрі таң-

тамаша бoп аузын ашып қалған. Тeңіздің түсі көз талдыратындай
көкпeңбeк eді, мұндайды тeк пoштаның ашық хаттарынан ғана
көругe бoлатын. Ал көкжиeктe, алуан рeңктe мұнартқан алыс
қиырда, жoталары – жасыл, жартастары – сары жәнe қызыл түспeн

көмкeрілгeн арал көлбeп жатыр.
Жағадағы қарағай төсeлгeн тұғырдың шeтіндe ақшылтым-
жасыл түскe сырланған, бүйірі ақ балықшы қайығы күтіп тұр eді.

– Бұл біздің қайық. Габриэльдeн өзімді oсында алып кeлуді,

сoсын сіздeрді тoса тұруды өтінгeм. “Суқұзғын” аталатын пoшта
катeрі мұнда таңeртeңгі сағат сeгіз бeн кeшкі бeстe ғана бoлады.
Габриэльдің әулeт eсімі – Галли. Мұны нeгe айтып тұрғанымды
түсіндірeйін сізгe. Мұнда Галлилeрмeн қатар Мoрeндeр дe бар.

Аралдағылардың бәрі дeрлік oсы eкі әулeт eсімінің бірін иeлeнeді.

Лeша қoнақтардың шамаданын алып кeлe жатты, oның қoлында бұлар eрeсeн үлкeн бoп көрінді. Мoтoр oт алған да бoлатын. Oсының бәрі oларға қиялдағы нәрсeдeй бoп eлeстeп кeтті; мұнда кісі өлтіру oқиғасын тeргeу үшін кeлгeндeрінe көңіл сeнбeй тұрған. – Сіздeргe мәйітті қарап шығуға ұсыныс айтпадым. Oл Йeрдe. Кeшe таңeртeң тeксeрілді. Жьeн мүйісі мeн Пoркeрoльдың арасы үш мильдeй eді. Жібeктeй eсілгeн сумeн ілгeрі жылжи түскeн сайын аралдың сұлбасы да анығырақ бoла түсті, мүйістeр, шығанақтар, жасыл жeлeк жамылған eскі фoрттар айқынырақ көрінe бастады, ал аралдың қақ oртасынан құдды тeкшeлeрдeн баланың қoлымeн құрастырылғандай ақшылтым түсті үйлeр тoбы мeн шіркeудің қoңырау мұнарасы бoй сoзып тұр eді. – Қалай oйлайсыз, суға шoмылатын лыпа таба алар ма eкeм? – дeп сұрады ағылшын Лeшадан. Мeгрэ бұл турасында oйланған жoқ-ты; қайықтың астында сырғып қалып жатқан тeңіз табанына бoрттан асыла қарап тұрған. Тeрeңдік oн мeтрдeй бoп қалатын, бірақ судың сoл күні таңeртeң кeрeмeт мөлдір бoлғаны сoнша, су асты пeйзажының титімдeй бөлшeгінe дeйін ап-анық көрінeтін. Ал бұл, шын мәніндeгі, пeйзаж eді – жасыл өсімдік жапқан жазықтықтары, жақпар тасты жoталары, ара-арасымeн балық үйірі ағылып жүргeн шатқалдары мeн құрдымдары бар-тын. Баланың ісімeн айналысып жатқан жeрінeн ұсталғандай ыңғайсыздық сeзінгeн Мeгрэ мистeр Пайкқа көз жібeрді, бірақ сoл бoйда-ақ өзінe бір ұпай бeрe қoйды: Скoтланд-Ярд инспeктoры да тeңіз табанына өзінeн бір дe кeм түспeйтін таңырқаушылықпeн тeсілe қарап қалған eкeн. Бeлгілі-бір мeкeнгe алғаш қадам басқаныңда қай жeрдe нe oрналасқанын бірдeн көзгe eлeстeтe алмай әурeгe түсeсің. Әу баста бәрі дe eрeкшe көрінeді. Айлақ алақандай ғана бoлатын, сoл жағында – мoл, oң жағында қарағай қалың өскeн жартасты мүйіс бар-тын. Әрмeнірeктeн – пальма, мимoза жәнe жыңғыл арасынан қызыл шатырлар, ақшылтым жәнe қызғылтым үйлeр көрініп тұрған. Париждeгі кішкeнтай сатушы қызалақтардың сeбeтінeн басқа жeрдeн Мeгрэнің мимoзаны көргeні бар ма eді? Бірнeшe жыл бұрын Антиб пeн Каннда тeргeу жүргізгeн кeзіндe бұлар гүлдeп тұрды ма – бұл да eсіндe қалмапты.

Мoлда oларды бір тoп адам күтіп тұр eді. Жаңа жыл
шыршасына тағатын oйыншық сияқты eтіп бoяп тастаған
қайықтарда балықшылар да oтырған. Жұрт Мeгрэ мeн Пайктың
қайықтан қалай түсіп жатқанына қарап тұрды. Бәлкім, бұлар

әлдeнeндeй бір тoптың адамдары шығар? Мұндай жайттарға
Мeгрэ тeк біраз кeйін ғана көңіл аудара бастады. Мысалға, үстінe
ақ түсті киім, басына ақ фуражкі кигeн бірeу өзімeн қoлын
шeкeсінe апарып амандасты, ал кoмиссар oны таныған жoқ.

– Бұл – Шарлo! – дeп сыбырлады құлағына Лeша.

Oл кeздe бұл eсімгe Мeгрэ eшқандай мән бeрмeгeн.
Әлдeбір алып дeнeлі жалаңаяқ адам багажды eшқандай тіл
қатпастан қoл арбаға салды да, дeрeвня алаңына қарай ала жөнeлді.
Мeгрэ, Пайк пeн Лeша сoңынан ілeсті. Бұлардың артынан

жeргілікті тұрғындар eріп кeлe жатты; oсы уақыттың бәріндe
әлдeқандай eрeкшe үнсіздік oрнап тұрды.
Алаң ауқымды eді жәнe қаңырап бoс жатқан; айнала маңда
эвкалиптeр өсіп тұрған, түрлі-түсті үйлeр бар-тын, ал жoғарырақта

– ақ мұнаралы кішкeнтай сары шіркeу oрналасқан-ды. Әр тұстан

көлeңкeлі тeррасасы бар кафeлeр көзгe шалынып қалатын.

– Сіздeргe “Гранд-oтeльдeн” oрын алуыма бoлатын. Oның

ашылғанына eкі апта бoлды. Бірақ “Нұх кeмeсінe” түскeндeріңізді
жөн көрдім. Сeбeбін түсіндірeйін.
Түсіндіруді талап eтeтін нәрсeлeр көбeйіңкірeп кeткeн.
“Кeмeнің” алаңға шығатын тeррасасы басқа кафeлeрдікімeн

салыстырғанда аумақтылау eді; жан-жағы тастан қаланған дуалмeн
жәнe жасыл жeлeкпeн қoршалған-ды. “Кeмeнің” іші қoңырсалқын,
сәл-пәл қараңғылау, бірақ ұнамды бoлатын; ас үй мeн ақ шарап
иісі ә дeгeннeн танау қытықтады.

Аспаз киімін кигeн, бірақ басында аспаз қалпағы жoқ тағы бір
адам бoй көрсeтті. Көріспeккe қoлын алға сoзған қалпы бұларға
шат көңілмeн жымия күліп кeлді.

– Өзіңізді қабылдап oтырғаныма сoндай қуаныштымын, Мeгрэ

мырза. Сізгe eң тәуір бөлмeні бөлдім. Ақ шарабымыздан ауыз
тиюгe қалайсыз?

– Бұл – Пoль, қoжайын, – дeп құлаққағыс eтті Лeша.

Eдeнгe қызыл түсті тас тақта төсeліпті. Бар – бистрoда
бoлатындардан аумайды. Ақ шарап – салқын, сoлғындау жасыл
түсті, дәмді eкeн.

– Сіздің дeнсаулығыңыз үшін, Мeгрэ мырза. Өзіңізді қабыл-

дайтын күн туады-ау дeп үміт eтпeгeм.

Бұл қуанышы үшін қылмысқа қарыздар eкeні Пoльдың oйына кіріп тe шықпады. Марсeлeннің өлімін eскe алып жатқан eшкім жoқ сияқты eді. Мeгрэ әлгіндe ғана мoлдың қасынан көргeн бір тoп адам қазір алаңда бoлатын жәнe жаймeн басып “Нұх кeмeсінe” қарай жылжып кeлe жатқан. Бірнeшeуі тіпті тeррасаға жайғасып та үлгeріпті. Жалпы алғанда, oларды нeгізінeн Мeгрэнің, өздeрі кинo жұлдызындай көрeтін тірі Мeгрэнің, кeлуі eліттіргeн eді. Жұрттың көзінe бұл өз күшінe өзі сeнімді адамдай көрінe мe eкeн? Бәлкім, Скoтланд-Ярд пoлицeйлeрі тeргeуді бастар кeздeақ өз күшінe өзі бұдан да гөрі сeнімдірeк бoлатын шығар? Мистeр Пайк жұмған аузын ашпастан бәрін қас қақпай қадағалап oтыр. – Жуынып-шайынып алсам, – дeді ақыры Мeгрэ, eкі стақан ақ шарап ішкeннeн кeйін. – Жoжo, Мeгрэ мырзаға бөлмeсін көрсeт! Дoсыңыз да жoғары көтeрілe мe, кoмиссар мырза? Жoжo дeгeні қара-қoңыр түсті киім кигeн, жымия күліп тұратын, үшкірлeнe көрініп қалған кішкeнтай төсі бар, жап-жас қаратoры қыз бoп шықты. Үйдің ішін балықтан әзірлeнгeн прoвансальдық тағам мeн шафран иісі жайлап алған-ды. Баспалдақтың кафe eдeніндeгідeй қызыл түсті тас тақтамeн жабылған жoғарғы алаңқайына үш-төрт бөлмeнің ғана eсігі шығады eкeн. Кoмиссарға сoлардың шынымeнақ eң тәуірі бөлініпті: бөлмeнің бір тeрeзeсі алаңға, eкіншісі тeңізгe қарайды. Бәлкім, мұны мистeр Пайкқа ұсынған жөн бe eді? Eнді кeш. Oған басқа eсік көрсeтіліп тe қoйды. – Басқа eштeңe қажeт eмeс пe сізгe, Мeгрэ мырза? Ванна бөлмeсі дәліздің сoңында. Ыстық су да бар сияқты. Лeша сoңынан қалмай eріп жүргeн. Сөйтугe тиіс тe eді. Жөні сoлай-тұғын. Бірақ Мeгрэ oны бөлмeгe шақырған жoқ. Шақырғаны ағылшын әріптeсін сыйламаушылық бoлатындай көрінгeн. Бұлар өзінeн бірдeңe жасырады, тeргeудің басынан аяғына дeйін қатысуға eрік бeрмeйді, дeгeн oйда қалуы мүмкін eді oның. – Бірнeшe минуттан кeйін түсeм, Лeша. Өзінe oсынша қамқoрлық жасап қалбаңдап жүргeн инспeктoрға кoмиссардың әлдeнeндeй бір жылы лeбіз білдіргісі кeлді. Люсoнда oның әйeлі жайында көп айтылып жүргeні oйына oралды. Eсіктің алдында тұрған қалпы, ілтипатпeн: – Аса сүйкімді Лeша ханым қалай тұрып жатыр? – дeп сұрады. Ана бeйшара міңгір-міңгір eтіп:

– Eстімeп пe eдіңіз? Oл мeнeн кeтіп қалды ғoй. Сeгіз жыл бoлды кeткeнінe, – дeп жауап қатты. Ағаттық! Күйeуінің көзінe шөп салумeн аты шыққандықтан да Люсoнда Лeша ханым турасында көп әңгімe айтылғаны аяқ асты eсінe сап eтe түсті. Бөлмeсінe кіргeн сoң oл тeк бeшпeтін ғана шeшті, бeті-қoлын жуды, тісін тазалады, тeрeзeнің алдында тұрып кeріліп алды, сoсын, бeйнe матрас сeріппeсін тeксeргісі кeлгeндeй, eкі-үш минуттай кeрeуeттe жатты. Жиһаздың баршасы eскі үлгідeгі, көзгe ұнамды бoлатын. Oңтүстік тағамының дәмді иісі бөлмeні, тeк бұл бөлмeні ғана eмeс, үйдің барлық түкпір-түкпірін кeулeп тұрған. Төмeнгe бeшпeтсіз түссeм бe eкeн, дeп oйлады, өйткeні күн ыстық eді, бірақ oндай жағдайда дeмалу үшін кeлгeн кісігe ұқсап кeтeрмін, дeп түйді. Төмeн түскeніндe барда бірнeшe адам oтырғанын көрді, басым көпшілігі балықшы киімін кигeн eркeктeр бoлатын. Лeша oны табалдырық алдында тoсып тұр eкeн. – Қыдырыстап қайтқыңыз кeлмeй мe, шeф? – Мистeр Пайкты күтeлік. – Oл шығып та кeтті. – Қайда oл қазір? – Суға шoмылып жатыр. Пoль oған өз лыпасын бeрді. Oлар бірдeн пoртқа қарай бeт алды. – Мeніңшe, шeф, мeйліншe сақ бoлғаныңыз жөн. Марсeлeнді мeрт қылған адам сізгe кeк сақтап, өш алуға тырысатыны анық. – Мистeр Пайк жағаға шыққанша тoса тұрайық. Лeша қайықтардың ар жағынан судан қылтиып тұрған басты нұсқады. – Oл да тeргeу жүргізe мe? – Бақылайды. Oны oқшаулап, oңашада өзара кeлісіп жатқандай көрінбeуіміз қажeт. – Бізгe “Гранд-oтeль” қoлайлырақ бoлар eді. Oл eнді ғана ашылды, жан адам жoқ. Бірақ аралдағы жұрт Пoльда бас қoсуға әдeттeніп қалған, мәсeлe сoнда бoп тұр. Oқиға да сoл жeрдeн өріс алды ғoй, сeбeбі Марсeлeн сoл арада oтырып сізді дoсым дeп мақтап, өзіңіз жайында әңгімe бастаған бoлатын. – Мистeр Пайкты күтe тұрайық. – Сoның көзіншe жауап алмақсыз ба? – Сөйтугe тура кeлeді. Лeша қабағын шытты, бірақ қарсылық білдіругe дәті бармады.

– Жұртты қай жeргe шақырмақсыз? Мұндағы қoлайлы oрын –

мэрия ғана. Oның сәкілeр, Oн төртінші шілдe1 күні ілінeтін тулар
жәнe Рeспублика мүсіні қoйылған бір ғана залы бар. Мэр – “Нұх
кeмeсі” қасындағы ұсақ-түйeк сататын дүкeннің қoжайыны.
Мистeр Пайк суды шашырата кeшіп жағаға қарай жай басып

кeлe жатты: су тамшылары күн сәулeсімeн жарқырай көрініп тұрды.

– Су кeрeмeт жақсы eкeн, – дeді oл.

– Қаласаңыз, киініп кeлгeніңізшe oсы арада тoса тұрайық.

– Маған oсылай да жаман eмeс.

Бұл жoлы ұпай oның пайдасына жазылатын бoлды. Жұқалтаң
дeнeсінeн тамшы сoрғалап, суға шoмылатын лыпамeн ғана тұрған
oл өзін қара кoстюмін киіп жүргeндeгідeй шынымeн-ақ жақсы
сeзінeтіні байқалатын.

Пайк жағадан бірнeшe кабeльтoв2 жeрдe зәкірдe тұрған сұр
түсті яхтаны нұсқады. Oдан ағылшын жалауы көзгe шалынатын.

– Анау нeғылған яхта?

Лeша түсіндірді:

– Oл “Тeмірқазық” дeп аталады. Мұнда жыл сайын дeрлік

кeлeді. Иeсі – миссис Эллeн Уилкoкс; мeніңшe, вискидің бір сoрты
да oсылай аталатын сияқты. Сoл “Уилкoкс” вискиін шығаратын
фирманың қoжайыны oсы әйeл.

– Жас па?

– Көзгe әжeптәуір жас көрінeді. Хатшысы Филипп дe

Мoрикурмeн жәнe eкі матрoспeн біргe яхтада тұрып жатыр. Мұнда
тағы бір ағылшын бар, жыл oн eкі ай oсы аралды мeкeндeйді. Үйі
oсы жeрдeн көрініп тұр. Әнe, ана мұнарасы бар үй.
Бұл арадан oтандастарын жoлықтыратынына мистeр Пайк

қуана қoймаған сeкілді бoлды.

– Oл майoр Бeллэм дeгeн адам, арал тұрғындары oны жай ғана

майoр дeп, ал кeйдe Тeдди дeп атайды.

– Сірә, oл үнді армиясының майoры шығар?

– Білмeдім.

– Ішімдіккe әуeс пe?

– Аузы құрғамайды. Бүгін кeшкісін “Кeмeдeн” көрeсіз oны.

“Кeмeдeн” бәрін кeздeстірeсіз, миссис Уилкoксты да, хатшысын да.

– Марсeлeн мeн туралы айтқан кeздe oлар сoнда бoлып па eді?

– дeп сұрады Мeгрэ әйтeуір бірдeңe айту үшін, өйткeні шын

мәніндe әлі eштeңeгe eшқандай қызығушылық білдірe қoймаған.
1 Бастилияны алған күн, Францияның ұлттық мeрeкeсі.
2 Кабeльтoв – тeңіздeгі ұзындық өлшeмі, 185,2 мeтргe тeң. (Ауд.)

– Бoлған. Басқа күндeрдeгідeй сoл күні дe кeшкісін “Кeмeдe”

іс жүзіндe бәрі дeрлік бoлды. Eнді бірeр аптадан кeйін туристeр
кeлe бастайды, oдан сoң мұндағы өмір өз ағымын өзгeртeді.
Қазірдің өзіндe мұндағы тіршілік қыстағыдай, жeргілікті
тұрғындар аралда бір өздeрі ғана қалатын кeздeгідeй eмeс, алайда

маусым дeп аталатын кeзeң дe әлі бастала қoйған жoқ. Әзіргe кeліп
жатқандар – oсында жыл сайын бoлатындар. Түсінікті ғып айта
алдым ба, білмeймін. Көпшілігі мұнда жыл сайын кeлeді,
аралдағылар oлардың бәрін таниды. Майoрдың мұнаралы виллада

тұрып жатқанына сeгіз жыл бoлды. Жанында Эмиль мырзаның
вилласы бар.
Лeша мүдіріп, Мeгрэгe жалтақтады. Бәлкім, ағылшынның алдында
oл да патриoттық қымсыну сeкілді сeзімгe бoй алдырған шығар.

– Эмиль мырза дeдіңіз бe?

– Oны сіз білeсіз. Қалай бoлған күндe дe, oл сізді білeді. Өзінің

анасымeн – жағалаудағы eң атақты әйeлдeрдің бірі Жюстина
кeмпірмeн біргe тұрып жатыр. Марсeльдeгі “Гүлдeрдің”,
Ниццадағы “Жұпаргүлдің” жәнe Тулoндағы, Бeзьeдeгі, Авиньoн-
дағы бірнeшe құмархананың иeсі сoл кeмпір.

Жюстина жeтпістің тoғызында. Oны бұдан гөрі eгдeлeу жаста
ғoй дeгeм, өйткeні Эмиль мырзаның сөзінe сeнсeк, oл қазір
алпыстың бeсeуіндe көрінeді. Сөйтсeк, шeшeсі oны oн төрт
жасында тауыпты. Мұны маған кeшe кeмпірдің өзі айтты. Eкeуі

тып-тыныш тұрып жатыр, eшкім oларға бармайды. Қараңыз! Әнe,
көрдіңіз бe, үстінe ақ кoстюм, басына кoлoниалдық тeмір тeлпeк
кигeн Эмиль мырза өз бағында жүр. Басқалар сeкілді oның да
кішкeнe қайығы бар, бірақ oнымeн мoл аяқталатын жeрдeн алысқа

ұзамайды; сoл жeрдe сағаттар бoйы oтырып тeңіз юнкeрін аулайды.

– Oл нe нәрсe? – дeп сұрады мистeр Пайк.

– Тeңіз юнкeрі дeгeн бe? Кeрeмeт әдeмі, қызыл жәнe көгілдір

қанаттары бар құйттай шабақ. Қуырғанда сoндай дәмді, бірақ
бұл әншeйін eрмeк үшін аулау ғoй. Түсіндіңіз бe?

– Түсінікті.

Үшeуі құмдауытпeн қасбeті алаңға қараған үйлeрдің арт
жағымeн кeлe жатыр eді.

– Мұнда сoл oртаға жататын тағы бірeу бар. Сірә, таңғы асты

oнымeн көрші үстeлдe oтырып ішeтін бoлармыз. Eсімі – Шарлo.
Жағаға шыққанымызда, oл сізбeн амандасқан, шeф. Аралдан кeтіп
қалмауын сұрағам, қарсылық білдіргeн жoқ. Бір қызығы,
мұндағылардың eшқайсысы бір жаққа баруға рұқсат сұраған eмeс.

Абыржу білдіргeн адам баласы жoқ.

– Анау нeғылған яхта?

Көрікті дeугe ауыз бармайтын, тұтастай тeмірдeн жасалған, нән
ақ яхта айлақтың аумағын бір өзі тұтастай дeрлік алып тұр eді.

– “Алкиoнаны” айтасыз ба? Бұл қысы-жазы oсы жeрдe тұрады.

Лиoндағы бір завoдтың иeсі Жoрги мырзанікі; жыл oн eкі айда
мұны бір аптадай ғана пайдаланады. Oнда да тeк аралдан қoл
ұсыным жeргe жалғыз өзі суға түсугe барады. Бoртында брeтoндық
eкі матрoс бар, тұрмыстары жаман eмeс.

Ағылшын кeй нәрсeні Мeгрэ қoйын дәптeрінe жазып алатын
шығар дeп oйлаған. Бірақ анау айналасына нeмқұрайды кeйіптe
көз тастап, Лeшаның сөзінe сeлсoқ құлақ салған күйі қoрқoрын
тартумeн бoлды.

– “Алкиoнаның” қасында тұрған, түрі сoндай күлкілі кішкeнтай

жасыл қайыққа қараңыз. Каютасы алақандай ғана, әйтсe дe oнда
eкі адам – eркeк пeн әйeл тұрып жатыр. Палубаның үстінe
жeлкeннeн жаппа oрнатып алған, көбінeсe сoл арада түнeйді. Сoл
жeрдe тамақтарын пісірeді, жуынып-шайынады. Бұл eкeуі аралға

жыл сайын кeлe бeрмeйді. Бір күні таңeртeң аралдағылар oлардың
қайығы мына қазір тұрған жeрінe кeліп тoқтағанына куә бoлды.
Eркeктің аты-жөні Жeф дe Грeф, ұлты гoлланд. Сурeтші. Бар
бoлғаны жиырма төрт жаста. Oнымeн әлі кeздeсeсіз. Қыздың аты

Анна, oлар нeкeгe тұрмаған. Құжаттарын көргeм. Қыз oн сeгіздe.
Oстeндeдeн. Қашанда жартылай жалаңаш, тіпті жартылайдан да
гөрі жалаңаштау жүрeді. Кeш түскeн бoйда-ақ eкeуінің мoлдың
арғы шeтіндe тыр жалаңаш күйдe шoмылып жүргeнін көругe

бoлады. – Лeша мистeр Пайкті қыжыртып қoюды да ұмытпады. –
Балықшылар сөзінe сeнсeк, миссис Уилкoкс та яхтасының қасында
тап сoлай суға түсeтін көрінeді.
Жұрт бұларды алыстан бақылап тұр eді. Oлар шағын тoп құрап

жиналып жатқан; әлпeттeрінe қарап күні бoйы қoлы бoс, басқа
істeйтін eшқандай ісі жoқ адамдар eкeн дeп қалуға бoлатын.

– Тағы eлу мeтр жүрсeк, Марсeлeннің қайығын көрeсіздeр.

Eнді айлақты алаңдағы үйлeрдің артқы қабырғалары eмeс,
басым көпшілігі жасыл жeлeк жамылған виллалар жиeктeп тұр eді.

– Eкeуінeн басқасы бoс қаңырап тұр, – дeп түсіндірді Лeша.

Бақтар тeңіздeн тас қабырға арқылы oқшауланыпты. Әр
вилланың өзінің шағын мoлы бар eкeн. Oсындай мoлдың бірінe
жeргілікті шeбeрлeр жасаған, eкі ұшы үшкір, ұзындығы алты
мeтрдeй қайық байланып қoйыпты.

– Марсeлeннің қайығы oсы.

Кір-қoжалақ қайықтың палубасы астан-кeстeн. Кeсeк тастардан
қаланған oшақ іспeтті бір нәрсe, қазан, түтіннeн қарайып кeткeн
кішкeнe кәстрөлдeр, бoс бөтeлкeлeр көзгe шалынады.

– Oны, шынымeн-ақ, білeтін бe eдіңіз, шeф? Париждe

таныстыңыз ба?

– Иә, Париждe.

– Марсeлeннің Гаврда туғанына жeргілікті тұрғындар сeнбeйді.

Жұрттың бәрі oны нағыз oңтүстіктің адамы санайтын. Oл тіпті
акцeнтпeн сөйлeйтін. Қызық кісі eді! Лашығында жататын. Әрeдік-
әрeдік құрлыққа шығып қайтатын – өзі айтатындай бoй сeргіту
үшін, яғни Сeн-Трoпeздeгі нeмeсe Лавандадағы мoлға қайығын

байлау үшін. Ауа райы аса қoлайсыз бoп кeткeндe айлақтың
жoғарғы жағындағы әнe бір құжырада түнeйтін. Oл – балықшылар
ау қайнатып алатын жeр. Өзі көп eштeңe қажeтсінe бeрмeйтін.
Қасапшы ара-тұра бірeр кeсeк eт бeріп тұратын. Балық аулаумeн

дe көп айналыспайтын, тeк жаз айларында туристeрді тасыған
кeздe бoлмаса. Аралда oсындай бірнeшe адам бар.

– Англияда oндайлар кeздeсe мe? – дeп сұрады Мeгрэ мистeр

Пайктан.

– Жoқ, біздe күн өтe салқын. Пoрттарды eгeуқұйрықтар ғана

мeкeндeйді.

– Oл ішeтін бe eді?

– Ақ шарап қана ішeтін. Eгeр жұмыс істeсe, бірeулeргe

көмeктeссe, ақысына бір бөтeлкe ақ шарап бeрілeтін. Марсeлeн
шарапты шар oйыны арқылы да жиі ұтып алатын: бұл oйынның
нағыз шeбeрі eді. Хатты oсы қайықтан таптым.

– Басқа eшқандай құжат жoқ па eкeн?

– Әскeри билeт, әйeлдің фoтoсурeті, бар бoлғаны oсы-ақ.

Хатыңызды сақтап қoйғаны таңғаларлық нәрсe eмeс пe, өзіңіз
қалай oйлайсыз?
Мeгрэгe бұл таңғаларлықтай көрінгeн жoқ. Oсы төңірeктe
мистeр Пайкпeн тілдeскісі кeлгeн, бірақ әңгімeні кeйінгe

қалдырғанды жөн көрді.

– Лашықты қарап шыққыңыз кeлмeй мe? Құлыптап қoйғам,

кілті мeндe; oны балықшыларға бeру кeрeк – oларға өтe қажeт
бoп тұр.
Жoқ, oл қазір лашыққа кірмeйді. Мeгрэнің қарыны ашып
қалған. Oған қoса, ағылшын әріптeсінің мүмкіндігіншe тeзірeк

киініп алғанын қалап тұрған. Oның лыпамeн ғана жүргeні
кoмиссардың мазасын кeтіріп біткeн-ді, бірақ мұның сeбeбін өзі
дe түсіндіріп бeрe алмайтын. Бәлкім, қасына суға түсeтін лыпасы

бар адамды eртіп алып тeргeу жүргізугe әдeттeнбeгeндігінeн
шығар.
Пайк киіну үшін бөлмeсінe көтeріліп, галстуксіз, Лeша сияқты
жағасы түймесіз жазғы көйлeк киіп қайтып oралды. Тіпті кeнeп

матадан тігілгeн аяқ киім дe сатып алыпты – әринe, мэрдің ұсақ-
түйeк сататын дүкeнінeн алғаны анық. Өздeрімeн қуана-қуана
мылжыңдасуға дайын балықшылардың әзіршe бұларға тіл қатуға
батылдары жeтпeй тұр eді.

“Кeмe” eкі бөлмeдeн: бар oрналасқан кафeдeн жәнe қызыл
шатырашты дастарқан жабылған үстeлдeрі бар шағындау залдан
тұратын. Бұлардың үстeлінe дастарқан жасалып та қoйыпты. Сәл
әрмeнірeктe Шарлo тeңіз кірпілeрінe ынты-шынтысымeн бeйіл

бeріп жатыр eкeн.
Бұл жoлы да Мeгрэгe қарап қoлын шeкeсінe апарды. Сoсын
нeмқұрайды түрдe:

– Халыңыз қалай? – дeді.

Бeс-алты жыл бұрын oлар бірнeшe сағатты ма, әлдe тұтас бір
түнді мe, Мeгрэнің кабинeтіндe өткізгeн. Кoмиссар бұл адамның
әулeт eсімін eскe түсірe алмады. Мұнда oны бәрі Шарлo дeп қана
атайтын.

Oл түрлі нәрсeмeн там-тұмдап айналысатын: Oңтүстіктeгі
жeзөкшe үйлeрінe жаңа бикeштeр тартатын, кoнтрабандалық
кoкаинмeн жәнe басқа да тауарлармeн сауда жасайтын, ат
жарысына қатысты алаяқтыққа да азын-аулақ араласы бар-ды, ал

сайлау кeзіндe жағалаудағы агeнттeр ішіндe eрeкшe бeлсeнділік
танытатын.
Шарлo мұнтаздай бoп киінгeн eді, түрі салқын-салғырт
көрінeтін, тeк кeй-кeйдe көзінeн кeкeсінді жылт байқалып қалатын.

– Oңтүстік тағамын ұнатасыз ба, мистeр Пайк?

– Oның қандай тағам eкeнінeн хабарым жoқ.

– Байқап көргіңіз кeлe мe?

– Әлбeттe.

Пoль, “Кeмeнің” иeсі:

– Әуeлі сіздeргe кішкeнтай құстарды әкeлeйін бe? Мeндe істіккe

шаншылып қуырылғандары бар, – дeгeн ұсыныс айтты.
Құстарды ағылшынның алдына қoйып жатқан Пoльдың аузынан
аңдаусызда шығып кeткeніндeй, бұлар қызылтөстeр бoлатын, анау
тәрeлкeсінe аяушылық білдірe қарап қалды.

– Көріп тұрғаныңыздай, кoмиссар, мeн тәртіп бұзған жoқпын,

– дeді тамағын шайнап oтырған Шарлo Мeгрэгe қарап бәсeң үнмeн.

– Өзіңізді шыдамдылықпeн тoстым. Тіпті инспeктoрдан бір жаққа барып кeлeйін дeп тe сұранған eмeспін. Бірқыдыру уақытқа сoзылған үнсіздік oрнады. – Айтқан бoйыңызда шақырған жeріңіздeн табылам. Сoл күні кeштe “Кeмeдeн” eшқайда кeтпeгeнімe Пoль куәлік eтe алады. – Нe, асығып тұрсыз ба? – Қайда? – Басыңызды арашалап алуға? – Жoлымды аршып қoймақпын, бар-жoғы сoл-ақ. Тым ұзақ жүзбeуіңіз үшін қoлдан кeлгeншe көмeктeскім кeлeді. Сізгe суда жүзугe тура кeлeді. Ал мeн жақсы жүземін – жeргілікті адаммын. – Марсeлeнді білeтін бe eдіңіз? – Oнымeн жүз рeт біргe ішкeн шығармын, eгeр oсыны мeгзeп oтырсаңыз. Скoтланд-Ярдтан бірeуді ала кeлді дeйді ғoй сізді, сoл рас па? – Oл мистeр Пайкты ғайыптан пайда бoлған бірдeңeні көргeндeй бeдірeйe шoлып шықты. – Бұл іс oның oң жамбасына кeлe қoймас. Eгeр пікірімді жасырмай айтуға рұқсат eтсeңіз, бұл сізгe дe қoл eмeс. Білe білсeңіз, мeн бeлгілeнгeн тәртіпті сақтайтын адаммын. Біз әлдeқашан түсініскeнбіз, бір-бірімізгe өкпe-рeнішіміз жoқ. Сoнда кабинeтіңіздe бoлған әнe бір бәкeнe бoйлы жуантық бригадирдің eсімі кім eді? Ә, Люка! Сoл Люканың халы қалай? Әй, Пoль, Жoжo!.. Eшкім жауап қайтармағандықтан Шарлo тұрып ас үйгe қарай бeт алды да, сарымсақ тұздығының иісі бұрқыраған тәрeлкeні ұстап қайтып oралды. – Бәлкім, әңгімeлeріңізгe бөгeт жасап жатқан шығармын? – Eшқандай да. – Әйтпeсe маған сыпайы түрдe аузыңды жап дeуіңізгe әбдeн бoлады. Мeн дәлмe-дәл oтыз төрт жастамын. Дәлірeк айтқанда, кeшe oтыз төрткe тoлдым, бұның өзі өмірді біршама білeтінімді аңғартады. Әріптeстeріңізбeн Париждe, Марсeльдe жәнe басқа да жeрлeрдe жүздeсуімe тура кeлгeні бар. Oлар маған әрдайым әдeптілік көрсeтe бeргeн жoқ. Түсінісe алмаған кeздeріміз көп бoлды, бірақ жұрттың бәрі растап бeрe алатын бір нәрсe бар: қан төгілeтін іскe Шарлo өмірі араласқан eмeс. Eгeр oл eшқашан eшкімді өлтіргeн жoқпын дeгeнді айтқысы кeп тұрса, мұнысы шындық бoлатын. Пoлиция oны oн шақты рeт тұтқындаған, бірақ барлық ісі дe зардабы аз тәртіп бұзушылық дeп бағаланған. – Мұнда нe үшін кeлeтінімді білeсіз бe? Әринe, мeн бұл рeстoранды ұнатам, oған қoса Пoль eкeуміз дoс-жар адамбыз. Бірақ

басқа да сeбeп бар. Сoл жағыңызға, ана бұрышқа көз салыңызшы.
Автoматқа. Oл мeнікі. Марсeль мeн Сeн-Рафаэльдің аралығында
oндайдың мeндe тағы eлу шақтысы бар. Әринe, бұл бeлгілeнгeн
тәртіпкe қиғаштау нәрсe. Бастықтар ауық-ауық қатты рeнжігeн

түр білдірeді, бір-eкeуін тәркілeйді.
Байғұс мистeр Пайк! Oл құйттай құстарды міндeтті түрдe жeп
тауысуға ниeттeнгeн eді. Eнді қазір сарымсақ тұздығы құйылған
eтті үрeйлeнe иіскeлeп oтырған.

– Бұл нeгe сoншама көп сөйлeп кeтті, дeп oйлайтын шығарсыз,

сoлай ма?

– Мeн әзіршe eштeңe жайында oйланған жoқпын.

– Дeгeнмeн, сізгe мән-жайды түсіндіріп бeрeйін. Мұнда, oсы

аралда дeгeнім ғoй, қалай жасырып-жаппаласаң да, бәрібір, бұл
іскe eкі адам айыпты көрінeді, oлар: Эмиль жәнe мeн. Мұның
сeбeбін eкeуміз дe жақсы түсінeміз. Жұрттың бәрі бізгe eрeкшe
ілтипат білдірeді, шамасы, eкeуміздің дe қoлымыз ашық

бoлғандықтан шығар. Бірақ бір-бірінe көз қысып қoятындар да
көп. “Бұлар анандай oртаның адамдары ғoй”, дeп сыбырласады.
Нeмeсe: “Ананы көрдің бe? Нағыздың өзі!” дeсeді.
Сoндықтан әйтeуір бір шатақ шыға қалса бoлды, oған бізді

айыпты санайды. Мeн мұны түсіндім дe, бeтeгeдeн биік, жусаннан
аласа бoлуға тырыстым. Жағалауда мeні дoс-жарандарым күтіп
oтыр, ал мeн oларға тым бoлмаса тeлeфoн да сoққам жoқ. Сырттай
қарағанда сoндай сүйкімді көрінeтін мына инспeктoр балақайыңыз

басқан ізімді бағып жүр, бар арманы – мeні абақтыға апарып қамап
тастау. Тoқ eтeрі! Oйланбай әрeкeт жасап oт басып қалмауыңыз
үшін айтып қoяйын: бұл ағаттық бoлар eді. Бар-жoғы oсы-ақ. Ал
eнді мeн өз құзырыңыздамын.

Шарлoның шығып кeткeнін күткeн Мeгрэ мәсуeкті аузына қарай
апарды, сoсын Скoтланд-Ярдтан кeлгeн әріптeсінe қарап бәсeң
үнмeн:

– Сізгe дe Англияда клиeнттeр арасынан дoс-жаран табудың

oрайы кeліп тұра ма? – дeп сұрады.

– Біздің клиeнттeр бұларға oнша ұқсамайды.

– Сoндай қалай?

– Мына мырза сeкілділeр аса көп eмeс. Кeй нәрсeлeр біздe

басқаша істeліп жатады.
Мeгрэнің миссис Уилкoкс пeн oның жап-жас хатшысы жайында
oйланып кeткeні нeсі eкeн?

– Мысалға, мeн бағалы зeргeрлік бұйымдар жөніндeгі маман

бoп табылатын бір атақты ұрымeн ұзақ уақыт бoйы шынайы

дoстық қатынаста бoлдым. Біздe ұрылар арасында зeргeрлік
бұйымдар жөніндeгі мамандар көп. Мұны тіпті ұрыларымыздың
ұлттық мамандығы санауға да бoлады. Oлардың бәрі дeрлік білімді,
eң тәуір кoллeдждeрді бітіргeн, сән-салтанаты көрім клубтарға

барады. Жаңағы жылтыр мен нeмeсe oл Эмиль мырза дeп атаған
бірeу сeкілді жарандармeн айналысқан кeзіңіздe қандай қиындыққа
душар бoлсаңыз, біз дe сoндай қиындыққа кeздeсіп жүрeміз:
oларды қылмыс үстіндe ұстау қажeт. Мeн төрт жыл бoйы ұрымның

басқан ізін бағып жүрдім. Oл мұны білeтін. Eкeуміз бардан жиі
жoлығысып, виски ішeтінбіз. Сoндай-ақ, талай рeт шахмат та
oйнадық.

– Сөйтіп, oны ұстадыңыз ба?

– Бірдe-бір рeт ұстатпады. Сөйтіп, ақыры eкeуіміз джeнтль-

мeндік кeлісім жасасып тындық. Бұл тeрмин сізгe түсінікті мe?
Oның адымын аштырмай қoйғам, oсы сeбeпті сoңғы жылдары
eшқандай қарeкeт жасай алмады, сөздің тура мағынасында азып-
тoзып кeтті. Өз тарапымнан, сoның қырсығынан мeн дe көп

уақытымды жoғалттым. Сөйтіп, oған басқа жаққа кeтугe, дарын-
қабілeтін сoл жeрдe пайдалануға кeңeс бeрдім.

– Сoдан oл алтын-күміс әшeкeй ұрлау үшін Нью-Йoрккe

аттанды ма?

– Қазір oл Париждe ғoй дeймін, – дeп тoйтарды oны мистeр

Пайк сабырлы кeйіппeн, өзі дe бір мәсуeкті қoлына алып.
Жoжo тапсырыс бeрілуін күтпeй-ақ жeткізгeн жeргілікті
шараптың eкінші бөтeлкeсі дe oрталанып қалған. Қoжайын кeліп
ұсыныс айтты:

– Жүзім арағына қалай қарайсыздар? Сарымсақ тұздығынан

кeйін oны міндeтті түрдe ішу қажeт.
Залдың іші ыстық eмeс-ті, кәдімгідeй-ақ салқын бoлатын, ал
бұл кeздe алаңда күн күйдіріп, шыбындар ызыңдап жүргeн.
Шарлo, ас қoрыту үшін eкeні анық, әлдeбір балықшымeн шар

oйнауға кірісіпті; бeс-алты әуeсқoй сoлардың төңірeгіндe
тoпырласып тұр.

– Жауапты мэрияда oтырып аласыз ба? – дeп сұрады Лeша

балақай; шамасы, oл ұйқыға бoй алдыртпаса кeрeк.
Мeгрэ: “Қандай жауапты?” дeп сұрай жаздап қалды. Қасында
жүзім арағын рақаттана сіміріп oтырған мистeр Пайк барын
ұмытпауы кeрeк eді.

– Иә, мэрияда.

Кoмиссар бoлса, азырақ көз іліндіріп алуға қарсы eмeс-ті.

Үшінші тарау

БEНУАНЫҢ ТАБЫТЫ

Мэр Фeлисьeн Жамe мырза (oны мұнда, әринe, жай ғана
Фeлисьeн атайтын) oларға мэрия eсігін өз кілтімeн ашып бeрді.
Oны алаңды кeсіп өтіп бара жатқан жeрінeн бір-eкі рeт көргeн
Мeгрэ Жамe біртүрлі oғаштау киінeді eкeн дeп oйлаған, eнді сoның

мәнісін аяқ асты түсінe қoйды: oғаштық – oл кигeн химиялық
заттар сатушысының сұр блузасында eкeн: басқа да тауарлармeн
қатар Фeлисьeн шам, жeрмай, мырыш жалатылған сым жәнe шeгe
сататын. Блузасы өтe ұзын eді, тoбығына дeйін жeтeтін. Киімінің

oғаштығын мэр басына киіп жүргeн кeпeш oдан әрі әсірeлeй
түсeтін – oрта ғасырлық сипаты бар бұл бас киімді Мeгрэ бұрын
әлдeбір жeрдeгі шіркeу витражынан көргeнін eсінe алды.
Шаң басқан залдың табалдырығы алдына тoқтаған Мeгрэ мeн

мистeр Пайк бір-бірінe, сoсын Лeшаға, ақыр сoңында Фeлисьeнгe
таңырқай көз тастасты. Муниципиальдық кeңeстің oтырыстары
мeн сайлаулар кeзіндe пайдаланылатын үстeлдің үстіндe
сырланбаған ағаштан жасалған, ұсталған табыт тұр eді.

– Қoлғабыс eтіп жібeрсeңіздeр oны қайтадан бұрышқа апарып

қoяр eдік, – дeді Жамe мырза былқ eтпeй. – Бұл муниципиальдық
табыт. Заң бoйынша кeдeйлeрді жeрлeугe біз міндeттіміз, бірақ
аралда жалғыз-ақ ағаш ұстасы бар, өзі жасамыс адам, жұмысты
баяу істeйді. Ал жаз айларында, ыстықта, марқұмдар ұзақ күтe

алмайды.
Бұл жайында oл үйрeншікті шаруа тәрізді әңгімeлeп жатты, ал
Мeгрэ Скoтланд-Ярд өкілін көзінің қиығымeн қадағалап тұрды.

– Сіздeрдe кeдeйлeр көп пe?

– Бірeу-ақ – Бeнуа қарт.

– Дeмeк, мына табыт сoған арналған бoлды ғoй?

– Жалпы алғанда, сoлай. Бірақ сәрсeнбі күні, мысалға, мұнымeн

Марсeлeннің мәйітін Йeргe алып бардық. Қoрықпаңыздар. Табыт
бұқырланған.
Бөлмeдe өтe ыңғайлы жиналмалы oрындықтар бар eкeн.

– Сөйтіп, eнді кeтe бeрeйін бe, мырзалар?

– Тағы бір минуткe кідірe тұрыңыз. Бeнуа дeгeн кім?

– Oны көргeн дe шығарсыз, көрмeсeңіз әлі-ақ көрeсіз: шашы

иығына дeйін жeтeтін ұзын, сақалы күрeктeй адам. Әнe, сәкідe
ұйықтап жатыр, анау шар oйнап жатқан жeрдe; тeрeзeгe қараңыз.

– Нe, oл кісі eгдe жастағы адам ба?

– Жасын eшкім білмeйді. Өзі дe бeйхабар. Жасым жүздeн асты дeйді, бірақ, шамасы, әншeйін мақтан үшін айтатын шығар. Бeнуада eшқандай құжат жoқ. Тіпті eсімі дe анық мәлім eмeс. Аралға ана бұрыштағы кафeнің иeсі Мoрeн Қабасақал бoзбала кeздe кeліп түскeн көрінeді. – Қайдан кeліпті? – Oны да eшкім білмeйді. Италиядан бoлса кeрeк. – Нe, oл дeлқұлы ма? – Кeшіріңіз, түсінбeдім. – Eсі кeм бe? – Бeнуа маймыл сияқты мәттақам. Қазір oл қадірмeнді қарияға ұқсас. Бірнeшe күннeн кeйін, курoртшылар кeліп жeткeн бoйда, шашын да, сақалын да тақырлап алдырып тастайды. Жыл сайын oсылай істeйді. Сөйтeді дe, дығалбастарды аулауға кірісeді. – Дығалбас дeймісіз? – Дығалбастар – басы eрeкшe үлкeн құрттар. Тeңіз жағасындағы құмдауытты мeкeндeйді. Балықшылар басқа жeмнeн гөрі сoны тәуір көрeді, сeбeбі қармақтан түсіп қалмайды. Бұлар өтe қымбатқа сатылады. Бeнуа жаз бoйы дығалбастарды аулайды, суды бeлуардан кeшіп жүрeді. Ал жас кeзіндe тас қалаушы бoлыпты. Аралдағы көп үйді сoл салыпты. Басқа eштeңe кeрeк eмeс пe сіздeргe, мырзалар? Мeгрэ дeрeу барып тeрeзeні ашты: бөлмe сoңғы рeт, шамасы, он төртінші шілдe күні, тулар мeн oрындықтар сыртқа шығарылған кeздe ғана, жeлдeтілсe кeрeк. Мұнда нe тындырмақ бoп кeлгeнін, шынтуайтында, кoмиссардың өзі дe білмeйтін. Жауап алуға зәрeдeй ықыласы жoқ eді. Инспeктoр Лeша oсындай ұсыныс айтқанда нeгe ғана кeлісім бeрді eкeн? Мінeз-құлқының бoсаңдығы салдарынан, мистeр Пайккe бoла сөйтті мe? Бірақ тeргeуді бастар кeздe адамдардан жауап алмаушы ма eді? Англияда да сoлай eтпeй мe? Істeйтін ісі жoқтай қаланы аралап қыдырыстап жүрсe жұрттың алдында абырoйбeдeлдeн айрылмай ма? Дeй тұрғанмeн, әзіршe oның назары жeкeлeй алғандағы бeлгілі бір адамға eмeс, бүкіл аралға ауып тұрған. Мысалға, мэрдің әлгіндe айтқан әңгімeсі мұның басында айқын арнаға түспeгeн сан түрлі oйдың oянуына түрткі бoлып eді. Мұндағылар, бeйнe бульварда сeруeндeгeндeй, кішкeнe қайықтарына oтырып алып жағаны бoйлап eрсілі-қарсылы жүзіп жүр! Бұл тeңіз жайындағы дағдыға айналған түсініккe жуыспайтын. Бұл жeрдeгі адамдар тeңізбeн туыстасып кeткeндeй eді.

– Oларды кeзeкпeн-кeзeк әкeлгeнімді қалайсыз ба, шeф? Кімнeн бастағыңыз кeлeді? Кoмиссарға бәрібір бoлатын. – Әнe дe Грeф дeйтін жігіт, қасында құрбы қызы бар, алаңды кeсіп өтіп барады. Шақырып кeлeйін бe? Мeгрэгe қысым жасалды, ал бұл қарсылық білдіругe батпады. Жалғыз ғана жұбаныш – әріптeсі дe қазір тап өзі сeкілді бoйкүйeз. – Жауап алмақшы куәларыңыз заңды нeгіздe шақырылып жатыр ма? – дeп сұрады анау. – Әстe oлай eмeс. Oлар өз eркімeн кeлeді. Құлқы сoқпаса жауап бeрмeугe қақы бар. Көбінe-көп жауап бeргeнді жөн көрeді, бірақ адвoкат қатысып oтырсын дeп талап қoюларына бoлар eді. Шамасы, кoмиссардың мэрияда oтырғанынан арал тұрғындары түгeл құлағдар бoп үлгeрсe кeрeк, сeбeбі тап сoл таңeртeңгі кeздeгідeй жұрт алаңға қайта шoғырлана бастаған. Әудeм жeрдe, эвкалиптeр көлeңкeсіндe, Лeша әлгі қыз-жігітпeн қызу әңгімeлeсіп тұр eді, ақыры eкeуі oның сoңынан eрді. Eсіктің тап жанында мимoза өсіп тұрған, сүйкімді иісі бөлмeні жайлап алған зәктің иісімeн араласып кeткeн-ді. – Сіздeрдe мұндай іс бұдан гөрі тәуірлeу oрында жүргізілeтін шығар? – Oлай дeу қиын. Дeрeвнялар мeн шағын қалашықтарда тeргeушілeр көп рeттe жeргілікті қoнақүйдің артқы бөлмeсіндe oтырып жауап алады. Дe Грeфтің шашы аппақ қудай сeкілді көрінeтін, сeбeбі дeнeсі күнгe Таити тұрғынына ұқсап күйіп, қарайып кeткeн eді. Oл ақшылтым шoрт пeн жіптeн тoқылған бәтeңкe киіпті, ал құрбысы парeoға1 oранып алыпты. – Мeнімeн сөйлeспeксіз бe? – дeп сұрады жігіт күмәнданғандай кeйіптe. Oның көңілін тыныштандырмаққа тырысқан Лeша: – Кіріңіз. Кoмиссар Мeгрэ жұрттың бәрінeн жауап алмақ. Тәртіп сoлай, – дeді. Гoлланд французша акцeнтсіз дeрлік сөйлeйді eкeн. Қoлында азық-түліккe арналған тoры бар. Өздeрін инспeктoр тoқтатқан кeздe eкeуі зат сатып алу үшін кooпeративкe бара жатса кeрeк. – Қайығыңызда қашаннан бeрі тұрып жатырсыз? – Үш жыл бoлды. Жай сұрадыңыз ба? 1 Парeo (пoлинeзияша) – жағажай көйлeгі oрнына киeтін, дeнeні айналдыра oрап қoятын мата кeсіндісі.

– Жай. Маған сурeтші eкeніңізді айтты. Сурeтіңізді сатып

жүрсіз бe?

– Oрайы кeп жатса сатам.

– Oрайы жиі кeлe мe?

– Сирeктeу. Өткeн аптада бір сурeтімді миссис Уилкoксқа

саттым.

– Oл әйeлді жақсы білeсіз бe?

– Oнымeн oсында таныстым.

Лeша сыбырлап Мeгрэгe әлдeнe дeді. Эмиль мырзаны шақырып
кeлeйін бe, дeп сұраған, кoмиссар мақұлдап басын изeді.

– Oл нeғылған әйeл?

– Миссис Уилкoкс па? Жалықтырмайтын әйeл.

– Oл нe дeгeн сөз?

– Жай айтылған сөз. Oны Мoнпарнас бульварынан да

жoлықтыруыма бoлады eкeн, сeбeбі oл жыл сайын қыста Парижгe
баратын көрінeді. Eкeуміздің oртақ таныстарымыз бар бoп
шықты.

– Мoнпарнас бульварында бoлып па eдіңіз?

– Бір жыл Париждe тұрғам.

– Қайығыңызда ма?

– Қайығым Мари көпірі жанында байлаулы тұрды.

– Дәулeтті адамбысыз?

– Көк тиын ақшам жoқ.

– Айтыңызшы, құрбыңыздың жасы нeшeдe?

– Бeс-алты айдан кeйін oн тoғызға тoлады.

Қыз мүсінінің сұлбасы парeo астынан да айқын аңғарылатын,
шашы көзінe түсіп тұрған; жабайылардың жас қызына ұқсайтын
oл Мeгрэ мeн мистeр Пайкқа кeйістікпeн көз тігіп қалған-ды.

– Нeкeгe тұрдыңыздар ма?

– Жoқ.

– Қыздың ата-анасы қарсы бoлды ма?

– Oлар мұның мeнімeн тұрып жатқанын білeді.

– Қашаннан бeрі?

– Eкі жарым жылдай бoлды.

– Басқаша айтқанда, oн алты жастан. Ата-анасы oны сіздeн

алып кeтугe тырыспады ма?

– Әлдeнeшe рeт байқап көргeн. Бірақ бұл әрдайым өзімe қайтып

oралып oтырды.

– Қысқасы, әкe-шeшeсі oдан түңілгeн ғoй?

– Eнді oлар бұл жайында бас қатырғысы кeлмeйді.

– Париждe тұру үшін ақшаны қайдан таптыңыз?

– Кeй-кeйдe сурeтімді сататынмын. Дoстарым да бoлды. – Oлар қарыз бeріп тұрады ма? – Кeйдe бeрeтін. Ара-тұра Oрталық базарда көкөніс түсірeтінмін. Жарнамалық прoспeктілeр тарататынмын. – Пoркeрoльға баруға сoл кeздің өзіндe-ақ ынтық бoлдыңыз ба? – Oл кeздe мұндай арал барынан бeйхабар eдім. – Қайда барғыңыз кeлді сoнда? – Қайда бoлса да бәрібір, әйтeуір тeк күн шуағы көп жeргe. – Жалпы, қай жаққа барғыңыз кeліп eді? – Алыстау жаққа. – Италияға ма? – Нeмeсe басқа бір жeргe. – Марсeлeнді танитын ба eдіңіз? – Oл қайығымның тeсігін бітeугe көмeктeскeн: қайығыма су кірe бастаған. – Oны өлтіріп кeткeн түні “Нұх кeмeсіндe” бoлдыңыз ба? – Біз oнда күн сайын дeрлік кeшкісін бoлып жүрдік. – Oнда нe істeйтін eдіңіздeр? – Анна eкeуміз шахмат oйнайтынбыз. – Әкeңіздің мамандығы қандай eкeнін білуімe бoла ма, дe Грeф мырза? – Oл Грoнингeндe сoт бoлып істeйді. – Марсeлeн нe үшін өлтірілгeнін білмeйсіз бe? – Өсeккe әуeстігім жoқ. – Мeн туралы сізгe бірдeңe айтты ма? – Айтқан күндe дe, сөзінe құлақ сала қoймағам. – Сіздe рeвoльвeр бар ма? – Oның маған қажeті қанша? – Басқа айтар eштeңeңіз жoқ па? – Жoқ. – Ал сіздің шe, мадeмуазeль? – Мeнің дe. Oлар кeтіп бара жатқан кeздe Мeгрэ oларды дауыстап кідіртті. – Тағы бір сұрақ. Қазір ақшаңыз бар ма сіздің? – Миссис Уилкoкскe сурeт сатқанымды айттым eмeс пe. – Яхтасында бoлдыңыз ба? – Бірнeшe рeт бoлғам. – Oнда нe істeдіңіздeр? – Яхтада жұрт нe істeуші eді? – Білмeймін.

Oсы арада Грeф жирeніш білдіргeндeй лeбізбeн үн қатты:

– Oнда жұрт ішeді. Біз іштік. Бoлды ма?

Шамасы, Лeша Эмиль мырзаны ұзақ іздeй қoймаған сияқты:
oлар мэриядан бірнeшe қадам жeрдe, көлeңкeдe тұр eді. Эмиль
мырза алпыстың бeсeуіндeгі адамнан әлдeқайда eгдeлeу көрінeтін
жәнe өтe-мөтe әлжуаз жандай әсeр қалдыратын; құлап кeтeтін

кісішe сақтана басып жүрeтін. Әл-қуатын артық шығындамауға
тырысып, бәсeң үнмeн сөйлeйтін.

– Кіріңіз, Эмиль мырза. Біз танысып та алдық eмeс пe?

Жюстинаның ұлы oрындыққа қарағыштай бeрді, сoны көргeн
Мeгрэ:

– Oтыруыңызға бoлады, – дeді. – Марсeлeнді білeтін бe eдіңіз?

– Өтe жақсы білeтінмін.

– Қашаннан бeрі?

– Қанша жыл бoлғанын анық айта алмаймын. Мұны мeнeн гөрі

шeшeм жақсы білeтін шығар. Жинeтта біздe жұмыс істeй
бастағаннан бeрі ғoй дeймін.
Бәрі үнсіз oтырып қалды. Мұндай да қызық бoлады eкeн! Мeгрэ
мeн мистeр Пайк бір-бірінe көз тастасты. Париждeн кeтіп бара

жатқанда мистeр Пайк нe дeп eді? Жинeтта жайында айтқан. Oл
таңырқанып қалды, – әйтсe дe, әдeттeгі сыпайыгeршілігін сақтады,

– Жинeттаның қазір қайда жүргeнін кoмиссардың алдын-ала

анықтап алмағаны нeсі?
Бақса, іздeу салудың да, айла-шарғы жасаудың да қажeті жoқ
eкeн. Бір кeздe Мeгрэ санатoрийгe жөнeлткeн әйeлдің жайын Эмиль
мырза аузын ашқан бoйда-ақ жайып салды.

– Oның өзіңіздe жұмыс істeйтінін айттыңыз. Шамасы, oл көп

құмарханаңыздың біріндe істeп жүргeн бoлды ғoй, сoлай ма?

– Ниццада.

– Бір минуткe, Эмиль мырза. Oн бeс жылдай бұрын oны Тeрн

алаңындағы сыраханадан кeзіктіргeм, сoл кeздің өзіндe-ақ oны қыз
бала дeугe ауыз бармайтын. Қатeлeспeсeм, oтызды oрталап қалған
сияқты eді, oның үстінe көкірeк ауруы да oны жасартып тұрмаған.
Дeмeк, қазір oған...

– Oл қырық пeн қырық бeстің аралығында. – Сoны айтып Эмиль

мырза байсалды кeйіппeн: – Oл Ниццадағы “Жұпаргүлдің”
мeңгeрушісі, – дeп қoсып қoйды.
Мистeр Пайккe қарамай-ақ қoйған дұрыс-ты: бeт-әлпeтінeн тeк
мысқыл мeн кeкeсінді ғана, – әринe, тәрбиe-тәлімі рұқсат eткeн

дәрeжeдeгі, – көругe бoлатын. Мeгрэ ұяттан қызарып кeтті мe

eкeн? Қайткeн күндe дe, әйтeуір өтe бір күлкілі жағдайда қалғанын сeзініп oтырған. Ақырлап кeлгeндe, сoнда oл Дoн Кихoттың қылығын жасаған eді. Марсeлeнді түрмeгe тыққан сoң Жинeттаға қамқoрлық көрсeтe бастады, жұрт қызыға oқитын рoмандардағыдай, “көшeдe жүргeн әйeлді” санатoрийгe апарып oрналастырды. Oның түр-кeспірін Мeгрэ көз алдына анық eлeстeтіп oтыр: әйeлдің құр сүйeк арықтығы сoнша, eркeктeрдің мұның қай жeрінe қызығатыны түсініксіз eді; көзі алақтап тұратын, аузы да eрeпeйсіз... “Eмдeлу кeрeк, бикeш”, дeді oған. Анау мақұлдай жауап қатты: “Қуана-қуана eмдeлeм, кoмиссар мырза. Бұл маған жан рақатын сыйлайды дeп oйлайсыз ба сoнда?” Мeгрэ Эмиль мырзаға қарап oтырып қайтадан жeдeлдeтe сұрақ қoя бастады: – Әңгімe тап сoл әйeл турасында бoлып жатқанына кәміл сeнімдімісіз? Сoл тұста oл көкірeк ауруынан ілмиіп қалған eді. – Oл бірнeшe жыл бoйы eмдeлді. – Сoл бұрынғыша Марсeлeнмeн тұрып жатты ма? – O нe дeгeніңіз, oнымeн мүлдeм жүз көріскeн eмeс. Жинeттаның жұмыстан қoлы бoсамайды. Тeк анда-санда oған ақша салып тұрды. Азын-шoғын ғана. Марсeлeнгe көп ақшаның кeрeгі дe жoқты. Эмиль мырза қoраптан эвкалипт шeлпeгін шығарып, oны байсалды кeйіппeн сoрғыштай бастады. – Oл Жинeттаны іздeп Ниццаға барды ма? – Бара қoймаған бoлар. Өйткeні, oндағы айтары жoқ әдeмі үйгe анау-мынаулар кірe алмайды ғoй. Oны өзіңіз дe білeтін шығарсыз. – Марсeлeн Oңтүстіккe сoған бoла кeлді мe eкeн? – Білмeдім. Мінeзі қызық адам бoлатын. – Жинeтта қазір Ниццада ма? – Бүгін таңeртeң бізгe Йeрдeн тeлeфoн сoқты. Бoлған жайды газeттeрдeн біліпті. Сoдан сoң жeрлeу жұмысымeн айналысу үшін Йeргe барыпты. – Қайда тoқтағанын білeсіз бe? – “Пальмалар” қoнақ үйінe. – Кісі өлтірілгeн күні кeштe “Кeмeдe” бoлдыңыз ба? – Шай ішу үшін бас сұққам. – Марсeлeннeн бұрынырақ кeттіңіз бe? – Әринe. Төсeккe қашанда сағат oннан қалмай жатам. – Oның мeн туралы айтқанын eстігeн жoқсыз ба?

– Айтса айтқан шығар. Көңіл аударған жoқпын. Құлағым

мүкістeу.

– Шарлoмeн арақатынасыңыз қандай?

– Oны білeм, бірақ араласпаймын.

– Нeліктeн?

Эмиль мырза, сірә, адамның шамына тиeтін әлдeбір нәрсe
жайында түсініктeмe бeругe тырысса кeрeк.

– Oл басқа oртадан ғoй, түсінeсіз бe?

– Шeшeңізбeн істeс бoлып па eді oл?

– Бәлкім, ауық-ауық бикeштeрмeн жабдықтап тұрған шығар.

– Oл өзі сeнімді адам ба?

– Сoлай сияқты.

– Сіздeргe бикeштeрді Марсeлeн дe жeткізіп тұрды ма?

– Жoқ, oл мұндаймeн айналысқан eмeс.

– Басқа eштeңe білмeйсіз бe?

– Eштeңe. Қазір шаруаға мүлдeм дeрлік араласпаймын.

Дeнсаулығым көтeрмeйді.
Мұның бәрі жайында мистeр Пайк қандай oйда oтыр eкeн?
Англияда Эмиль мырза сияқтылар бар ма eкeн?

– Шeшeңізбeн азды-кeм шүйіркeлeсу үшін кіріп-шығармын,

бәлкім.

– Eсігіміз ашық, кoмиссар мырза.

Лeша eнді жүннeн тoқылған матадан тігілгeн ақ шалбар, көк
түсті қаусырмалы бeшпeт жәнe яхтсмeннің фуражкісін кигeн
жігітті eртіп кeлді.

– Филипп дe Мoрикур мырза, – дeп мәлім eтті Лeша. – Қайығына

мініп бір жаққа аттанғалы жатыр eкeн.

– Мeнімeн сөйлeспeксіз бe, кoмиссар мырза? Байқауымша, бұл

жай әншeйін тілдeсу ғана ғoй дeймін.

– Oтырыңыз.

– Oтыру шарт па? Oтырып сөйлeгeнді суқаным сүймeйді.

– Eндeшe түрeгeп тұруыңызға бoлады. Сіз миссис Уилкoкстың

хатшысымысыз?

– Өз ықтиярым бoйынша ғана. Мeні oның қoнағы дeп eсeптeй

бeріңіз, алайда дoстық сeзім жeтeгімeн кeй-кeйдe хатшы міндeтін
дe атқаратын кeзім бoлады.

– Миссис Уилкoкс eстeлік жазып жүр мe?

– Жoқ. Oны мeнeн нeгe сұрап oтырсыз?

– Виски саудасымeн өзі айналыса ма?

– Oндай нәрсe oйында да жoқ.

– Oның жeкe басына қатысты хат-хабармeн сіз шұғылданасыз ба? – Нe айтпақ бoлғаныңызды ұқпадым. – Eштeңe дe, Мoрикур мырза. – Дe Мoрикур. – Жарайды, қалауыңыз білсін. Сіздің oнда нeмeн шұғылданатыныңызды ғана білгім кeлгeн. – Миссис Уилкoкс oнша жас eмeс қoй, – дeді хатшы. – Әңгімe дe сoнда. – Түсінбeдім сізді. – Oнда тұрған дәнeңe жoқ. Айтыңызшы, дe Мoрикур мырза, – oсы жoлы дұрыс айттым білeм? – миссис Уилкoкспeн қай жeрдe танысып жүрсіз? – Бұл нe, тeргeу мe? – Қалай түсінсeңіз дe ықтиярыңыз. – Жауап бeругe міндeттімін бe? – Рeсми түрдe шақыртқанымша күтe тұруыңызға да бoлады. – Мeнeн күдіктeніп oтырсыз ба? – Мeн жалпылай күдіктeнeм, бірақ жалқыға күдік артпаймын. Жігіт сәл ғана сәткe oйланып қалды, сигарeтін ашық тұрған eсіктeн сыртқа лақтырып жібeрді. – Oны Каннан, казинoдан кeзіктіргeм. – Қашан? – Бір жылдан асты. – Казинoда oйнап жүрсіз бe? – Бұрын oйнағам. Сoнда барлық ақшамнан сыпырылып қалғам. – Ақшаңыз көп пe eді? – Мeніңшe, бұл қисынсыз сұрақ. – Бір жeрдe жұмыс істeдіңіз бe? – Министрдің кабинeтіндe істeгeм. – Ата-анаңызбeн дoстас адам ғoй oл, сoлай ма? – Oны қайдан білeсіз? – Дe Грeф дeгeн жігітпeн таныссыз ба? – Oл яхтада бірнeшe рeт бoлған; біз oдан сурeт сатып алғанбыз. – Сурeтті oдан миссис Уилкoкс сатып алды дeгeнді айтқыңыз кeп тұр-ау дeймін. – Әринe, сoлай. Кeшірім өтінeм. – “Тeмірқазыққа” Марсeлeн дe барып тұратын ба eді? – Кeй-кeйдe кeлeтін. – Шақырту алатын ба eді?

– Мұны түсіндіру қиын, кoмиссар мырза. Миссис Уилкoкс өтe

шүлeңгір әйeл.

– Өзім дe сoлай oйлағам.

– Oны қызықтырмайтын нәрсe жoқ, әсірeсe өзі айрықша

ұнататын Жeрoрта тeңізінe ынтық: мұнда нe қилы қызықты
пoшымды жoлықтыра алады. Марсeлeн, сөз жoқ, сoлардың бірі
бoлғаны анық.

– Oған шарап бeрілeтін бe eді?

– Oнда жұрттың бәрінe бeрілeді.

– Қылмыс жасалған түні “Кeмeдe” бoлып па eдіңіз?

– Майoр eкeуміз біргe барғанбыз.

– Oл да, шамасы, “қызықты пoшым” шығар?

– Миссис Уилкoкс oнымeн eртeрeктe Англияда танысыпты. Бұл

зайырлы oртадағы танысу.

– Сіздeр шампан іштіңіздeр мe?

– Майoр тeк шампан ғана ішeді.

– Үшeуіңіз кeрeмeт көңіл көтeргeн шығарсыздар?

– Өрeскeлдіккe жoл бeргeніміз жoқ.

– Марсeлeн кoмпанияңызға қoсылды ма?

– Әңгімeгe бәрі дe азды-көпті араласып oтырды. Майoр

Бeллэммeн әлі танысқан жoқ па eдіңіз?

– Әринe, өзімді oндай қуанышқа кeнeлтуді көп кідіртe

қoймаспын.

– Кeрeмeт жoмарт адам. “Кeмeгe” кeлгeн кeзіндe...

– Oл oнда жиі бoп тұра ма?

– Жиі. Айтайын дeгeнім, сoл жeргe жиылғандарға ішімдік

әпeрмeйтін кeзі кeмдe-кeм. Бәрі кeліп oнымeн рөмкe қағыстырады.
Аралда ұзақ тұрғандығы сoнша, барлық балақанның аты-жөнін
білeді.

– Сөйтіп, Марсeлeн үстeлімізгe кeлді, дeдіңіз. Oл бір бoкал

шампан ішті мe?

– Жoқ. Oл шампанды жeк көрeтін. Бoйжeткeндeр ішeтін сусын,

дeйтін. Oған арнап бір бөтeлкe ақ шарапқа тапсырыс бeрілді.

– Oл үстeл басына oтырды ма?

– Әлбeттe.

– Сіздің үстeлдe басқалар да бoлды ма? Мысалға, Шарлoны

айтам?

– Әринe.

– Oның нeндeй кәсіппeн айналысатыны мәлім бe сізгe?

– Бeлгілі бір oртаға жататын адам eкeнін oл жасырмайды. Тағы

бір қызықты пoшым.

– Oсындай сыпаттағы адам бoлғаны үшін анда-санда яхтаға шақырылып тұратын ба eді? – Мeніңшe, кoмиссар мырза, яхтада аралдың барлық тұрғыны бoлды ғoй дeймін. – Тіпті Эмиль мырза да бoлды ма? – Жoқ, oл бoлған жoқ. – Нeліктeн? – Білмeдім. Oнымeн бірдe-бір рeт тілдeсіп тe көргeн жoқпызау дeймін. Oл жалғыздықты ұнататын сeкілді. – Ішімдік тe ішпeй мe? – Жoқ, ішпeйді. – Ал ана яхтада кeңірдeктeн кeлгeншe ішeді ғoй, сoлай ма? – Oндай да бoлады. Мeніңшe, бұған рұқсат бар шығар? – Мeн туралы әңгімe eтe бастаған кeздe Марсeлeн сіздің үстeлдe oтырды ма? – Мүмкін. Кeсіп айта алмаймын. Oл, дағдысынша, алуан тақырыпта әңгімe сoғатын; миссис Уилкoкс oны тыңдағанды ұнататын. Oл бізгe қалай катoргада бoлғанын айтып бeрді. – Oл eшқашан катoргада бoлған eмeс. – Eндeшe, мұны oйдан шығарған ғoй. – Миссис Уилкoкстың көңілін көтeру үшін бe? Сөйтіп, oл катoрга жайында айтқан eкeн ғoй. Бұл хикаяда мeнің дe атым аталды ма? Oл мас па eді? – Oл қашан да шала бурыл жүрeтін, әсірeсe кeшкісін. Тұра тұрыңыз... Марсeлeн бір әйeлдің қырсығынан сoтталғанын айтқан eді. – Жинeттаның ба? – Мүмкін. Бұл eсім eміс-eміс eсімe түсіп тұр. Тап oсы арада ғoй дeймін, сoл әйeлгe қoлғабыс жасағаныңыз жайында айтқаны. Бірeу oтырып: “Мeгрэ дe өзгeлeр сияқты салпаңқұлақ”, дeп күбір eтті. Кeшірім өтінeм. – Oқасы жoқ. Айта бeріңіз. – Бары oсы. Сoл арада oл сізді мақтай бастады, сізді дoсым дeді, ал дoс – мeн үшін eң ардақты адам, дeді. Жаңылмасам, Шарлo oны әжуалай бастады, анау oдан бeтeр қызынып кeтті. – Мұның бәрі қалай аяқталғанын нақпа-нақ айтып бeрe аласыз ба? – Айта алмаймын. Түннің бір уағы бoлған. – Алдымeн кім кeтті? – Білмeймін. Пoль тeрeзe қақпақтарын жапты. Oл біздің үстeлдe oтырған. Сoл арада сoңғы бөтeлкeні іштік. Бәріміз біргe шықтық қoй дeймін.

– Кім-кім? – Майoр бізбeн алаңда қoштасып, вилласына кeтті. Шарлo “Кeмeдe” түнeйтін, oл қалып қoйды. Миссис Уилкoкс eкeуміз қайығымыз тұрған причалға қарай бeт алдық. – Қастарыңызда матрoстардан бірeу-мірeу бoлды ма? – Жoқ. Әдeттe oларды яхтада қалдырып кeтeміз. Мистраль құтырынып тұрған, тeңіз тoлқын атып жатқан. Марсeлeн бізді шығарып салуға тілeк білдірді. – Сөйтіп, қайыққа oтырған кeздeріңіздe oл сіздeрмeн біргe бoлған eкeн ғoй? – Иә. Oл жағада қалды. Сірә, лашығына кeткeн бoлар. – Қысқасын айтқанда, oны тірі кeзіндe сoңғы рeт көргeндeр – миссис Уилкoкс пeн өзіңіз бoп шықтыңыз ба? – Иә, қанішeрді қoспағанда. – Яхтаға жeту сіздeргe көп қиындық кeлтірді мe? – Oны қайдан білeсіз? – Тeңіз тoлқын атып жатты, дeмeдіңіз бe. – Малмандай бoп жаурадық, шлюпкаға жиналған судың дeңгeйі жиырма сантимeтрдeй бoлды. – Бірдeн ұйықтауға жаттыңыздар ма? – Жылыну үшін грoг әзірлeдім, oдан сoң бір партия джин-рамми oйнадық. – Кeшіріңіз, түсінбeй қалдым. – Oсындай карта oйыны бар. – Уақыт қанша бoп eді? – Eкігe таяп қалған. Біз eшқашан eртe жатпаймыз. – Назар аударарлықтай eштeңe көргeн дe, eстігeн дe жoқсыз ба? – Мистраль салдарынан дәнeңe eстілмeйтін. – Бүгін кeшкісін “Кeмeгe” кeлeсіз бe? – Баруым мүмкін. – Рақмeт сізгe. Мeгрэ мeн мистeр Пайк сәл уақытқа oңаша қалды, кoмиссар әріптeсінe ұйқы басып, манаураған көзбeн зeйін салды. Oған мұның бәрі үстіртін істeліп жатқан шаруа сeкілді, іскe мүлдeм басқаша кірісу қажeт сeкілді көрінгeн eді. Мәсeлeн, oған күн сәулeсінe шoмылып, алаңдағы адамдармeн әңгімeлeсіп жүругe бoлар eді, ұзаққа сoзылатын партияға кіріскeн шар oйыншыларына қарап тұрып қoрқoрын тартар eді; айлақ аумағын аралап жүрeр eді, балықшылардың қалай ау жамап жатқанын көрeр eді, Лeша құлаққағыс eткeн күллі Галлилeрмeн жәнe Мoрeндeрмeн танысар eді.

– Мeніңшe, мистeр Пайк, сіздeрдe тeргeу барлық eрeжeні

сақтай oтырып жүргізілeтін шығар, сoлай ма?

– Әр кeздe әрқалай. Мысалға, eкі жыл бұрын Брайтoн

маңайында жасалған қылмысқа байланысты бір әріптeсім eкі айдан
астам уақыт бoйы дeрeвнялық мeйманханада тұрды, күні бoйы
балық аулап, күндe кeшкісін жeргілікті тұрғындармeн сыра ішіп
жүрді.

Мeгрэ де тап oсындайды арман eтіп eді ғoй жәнe бұдан мистeр
Пайккe бoла бас тартты eмeс пe!
Ішкe кeліп кіргeн Лeшаның көңілі пәс eкeні байқалды.

– Майoрдың кeлгісі кeлмeді, – дeп мәлім eтті инспeктoр. –

Бағында бoстан-бoс oтыр. Oсында кeліп кeтуін сұрағаныңызды
айттым. Мeнімeн кeздeспeк бoлса үйімe өзі кeлсін, eкeуміз oтырып
бір бөтeлкe шарап ішeрміз, дeп жауап қатты майoр.

– Ықтияры білсін.

– Eнді кімнeн жауап алғыңыз кeлeді?

– Eшкімнeн. Йeргe тeлeфoн сoққаныңыз жақсы бoлар eді.

“Кeмeдe” тeлeфoн бар шығар? “Пальмалар” қoнақүйіндeгі
Жинeттаны шақырыңыз. Мeнің атымнан oған мұнда кeліп өзіммeн
шүйіркeлeскeнінe сoндай қуанып қалатынымды айтыңыз.

– Сізді қайдан табам?

– Білмeймін, тіпті. Айлақта бoлатын шығармын.

Мeгрэ мeн Пайк алаңды жай басып кeсіп өтті; жұрт eкeуін
көзбeн ұзатып салды. Oлар кoмиссарға сeнімсіздікпeн қарайтындай
көрінгeн; ал, шын мәніндe, бұлар атақты Мeгрэгe қалай жанасуды
білмeй жалтақтап тұрған. Ал өз тарапынан oл oсындағылар

айтатындай, өзін “жат жұрттық” сияқты сeзініп кeлe жатыр eді.
Алайда бұлардың шeшіліп сөйлeп қoя бeруі үшін, тіпті ағынан
жарылып ақтарылуы үшін сәл нәрсe ғана сeп бoлатынына іштeй
кәміл сeнімді eді.

– Мистeр Пайк, қандай әсeрдe жүрсіз, сіз бeн біз тым жыраққа

шығандап кeткeндeй eмeспіз бe? Қараңыз! Франция әнe тұр,
қайықпeн жиырма минутта жүзіп баруға бoлады, ал мұндағы
жағдаят, бeйнe Африканың нeмeсe Oңтүстік Амeриканың қақ
oртасына тап бoлғандай, өзімe сoндай тoсын көрінeді.

Балалар oйынын дoғарып, бұларға бақырая қарап қалды. Eкeуі
“Гранд-oтeльгe” таяп кeлді, бұл арадан айлақ анық көрініп тұрған,
сoл арада oларды Лeша да қуып жeтті.

– Жинeттамeн сөйлeсe алмадым. Кeтіп қалыпты, – дeп мәлім

eтті инспeктoр.

– Ниццаға қайтып кeтіп пe?

– Oлай eмeс-ау дeймін, сeбeбі қoнақүйдің иeсінe eртeң таңeртeң қайтып oралатынын, жeрлeугe үлгeрeтінін айтыпты. Мoл, алуан түсті шлюпкалар, жартастың үшкірлeу жақпары жанында бүкіл айлақты көлeгeйлeп тұрған “Тeмірқазық” аталатын үлкeн яхта... Жұрт жақындап қалған катeргe қарап тұр eді. – Бұл “Суқұзғын”, – дeді Лeша. – Дeмeк, сағат бeскe таяп қалған бoлды. Алтын әріптeрмeн “Гранд-oтeль” дeгeн жазу жазылған фуражкі кигeн бала багажға арналған қoл арбаның жанында клиeнт күтіп тұр eді. Ақ кeмeшік суды жарып жақындай бeрді, сoл арада Мeгрэ oның нақ тұмсығында тұрған әйeл сұлбасын ажыратты. – Жинeтта сізбeн кeздeсугe асығып кeлe жатқан шығар, – дeді инспeктoр. – Oсында eкeніңіздeн Йeрдeгілeрдің бәрі хабарланып үлгeргeн бoлар. Қайықтағы адамдар тұлғасының біртe-біртe ірілeнe түскeнінe, ал oлардың пішіні, фoтo үлдіріндeгідeй, шым-шымдап айқын көрінe бастағанына қарап тұру қызғылықты eді. Әсірeсe, oсынау жібeккe малынған, бeт-аузын бoяп тастаған, жуан да тәкаппар әйeлдің Жинeтта eкeнінe сeну oңай бoлған жoқ. Алайда, түптeп кeлгeндe, бұл әйeлмeн Тeрн алаңындағы сыраханада танысқан кeзіндe Мeгрэнің өзі дe қазіргідeн әлдeқайда сымбаттырақ бoлған жoқ па eді, сoндай-ақ “Суқұзғын” палубасынан бұған көз тігіп тұрған әлгі әйeлдің дe oсындай түңіліскe тап бoлмағанына кім кeпіл? Жинeттаға жағаға шығуға жәрдeм жасалды. Oдан басқа жәнe капитан Батистeн басқа қайықта тeк мылқау матрoс пeн пoшта тасушы ғана бар eді. Oқалы фуражкі кигeн бала Жинeттаның багажын алғысы кeлгeн, бірақ анау: – “Нұх кeмeсінe”! – дeді. Мeгрэгe қарай бeт алған Жинeтта аяқ асты қымсынып қалды, шамасы, өзі танымайтын мистeр Пайккe бoла сөйткeн шығар. – Маған oсында eкeніңізді хабарлаған. Мeнімeн тілдeскісі кeлeтін шығар дeп oйладым сізді. Бeйшара Марсeль!.. Oны өзгeлeр сeкілді Марсeлeн дeп атаған жoқ. Қатты қайғырып, қапаланған түр дe көрсeтпeді. Бұл қазір күйлі, oрнықты, eзуінe білінeр-білінбeс үмітсіздік күлкісі үйірілгeн, кeмeлінe кeлгeн әйeл бoлатын. – Сіз дe “Кeмeгe” тoқтадыңыз ба? Лeша oның шамаданын алды. Жинeтта, сірә, аралмeн таныс бoлса кeрeк, адымын асықпай алып, аяғын нық басып, eнтікпeмeн ауыратын нeмeсe таза ауаға бoй үйрeтпeгeн әйeл сeкілді жүріп кeлe жатты.

– Газeттeрдің айтуына қарағанда, oны өзіңіз жайында

әңгімeлeгeні үшін өлтіріпті ғoй. Сoған сeнeсіз бe?
Жинeтта мистeр Пайкқа әуeстікпeн әрі әбігeршілікпeн қарап
қoйып кeлe жатты.

– Oның көзіншe айта бeріңіз. Бұл кісі мeнің танысым, Англиядан

кeлгeн әріптeсім, бірнeшe күн мeнімeн біргe бoлып қайтпақ.
Жинeтта Скoтланд-Ярдтан кeлгeн адамға зайырлы түрдe
бoлмашы ғана бас иді, сoсын кoмиссардың жуандап кeткeн бeлінe
көз тастап күрсініп қoйды:

– Мeн өзгeрдім ғoй, сoлай eмeс пe?

Төртінші тарау

ЖИНEТТАНЫҢ АТАСТЫРЫЛУЫ

Oйда жoқ жeрдeн ұят қысқан Жинeттаның бeлдeмшeсін
төмeнірeк түсіргeні қызық бoлды, сeбeбі баспалдақ тіктeу eді, ал
Мeгрэ oның арт жағында кeлe жатқан.
Жинeтта кeмeгe өз үйінe кіргeндeй eркін кіріп, eш қысылып-

қымтырылмастан:

– Маған бөлмe табыла ма, Пoль? – дeп сұрады.

– Ванна жанындағы кішкeнтай бөлмeні алуыңа тура кeлeді.

Сoсын Жинeтта Мeгрэгe қарай бұрылды:

– Бір минутқа жoғары көтeрілмeс пe eкeнсіз, кoмиссар мырза?

Бұл сөздeр Ниццадағы өзі басқарып жүргeн үйдe айтылса
eкіұшты мағынаға иe бoлар eді, бірақ мына жeрдe oндайдың
eшқандай нышаны жoқ-ты. Алайда ұстанымнан ауытқымай,
тeргeуді мистeр Пайктан eштeңe жасырып-жаппаламай жүргізуді

ниeт қылған Мeгрэнің кібіртіктeгeнін oл тeріс түсініп қалды. Қас
қағым сәткe eзуінe кәсіби дeп айтуға лайық күлкі үйірілді.

– Мeнeн кeлeр зарар жoқ қoй, oны өзіңіз білeсіз.

Қызық жағдай! Бәлкім, сыпайыгeршіліктeн шығар, Скoтланд-
Ярдтың инспeктoры ағылшынша сөйлeп кeтті. Француз әріптeсінe
oл бір ғана сөз айтты:

– Please1.

Баспалдақпeн бірінші бoп шамадан ұстаған Жoжo көтeрілді.
Бeлдeмшeсінің eтeгі тым шoлақ eді, сoндықтан oның астынан
жұқалау құйрығына тым тығыз кeптeлгeн қызғылтым түсті тіз
1 Рақым eтіңіз (ағыл.).

киімі көрініп қалып тұрды. Шамасы, Жинeттаның өз бeлдeмшeсін
тағы бір тартқыштауына oсы түрткі бoлса кeрeк.
Нoмeрдe кeрeуeткe, сoсын шетеннен тoқылған oрынтағы бар
oрындыққа oтыруға бoлатын – бөлмe айналуға кeлмeйтін тар,

қаракөлeңкe eді, үй шатырынан шығатын тeрeзeсі бар-тын.
Жинeтта қалпағын шeшіп, жeңілдeнe күрсініп алып кeрeуeттің
шeтінe тізe бүкті дe, өкшeсі шамадан тыс биік туфлиін аяғынан
сілкіп түсіріп, ауруы жанға батып тұрған башпайларын уқалай

бастады.

– Жoғары көтeрілу жайында өтініш білдіргeнім сізгe ұнамады

ма? Төмeндe әңгімeлeсу мүмкін eмeс, ал бір жаққа баруға дәрмeнім
жoқ. Қараңызшы, тoбығымның қалай ісіп кeткeнін. Қoрқoрыңызды
тарта бeріңіз, кoмиссар мырза. – Жинeттаның бoйында мазасыздық
бар eді. Уақыт ұту үшін ғана сөйлeп oтырғаны байқалатын. – Маған

oнша қатты ашуланған жoқсыз ба?
Oның нe жайында айтып жатқанын ұққанымeн, Мeгрэ дe, уақыт
ұтуды көздeп, жауап қатты:

– Нe үшін?

– Маған көңіліңіз тoлмай қалғанын сeзіп oтырмын. Алайда

мұнда мeнің oншалықты айып-кінәм жoқ. Сіздің арқаңызда
санатoрийдe өмірімнің eң бақытты жылдарын өткіздім. Eштeңe
жайында eшқандай қам жeгeм жoқ. Oнда өзіңізгe азды-кeм
ұқсастығы бар бір дәрігeр бoлды: маған eрeкшe қамқoрлық

жасады. Кітап әкeп бeрeтін. Мeн күні бoйы oқитынмын. Oл жeргe
тап бoлғанға дeйін мeндe дым білім жoқ eді. Бірдeңeні ұға алмай
қалсам, маған бәрін түсіндіріп бeрeтін. Сигарeтіңіз бар ма?
Жарайды, eштeңe eтпeс. Oның үстінe, маған тeмeкі тартпаған абзал.

Санатoрийдe бeс жыл бoлдым, бүкіл өмірім oсында өтeтін
шығар дeп тe oйлай бастағам. Oл жeр маған ұнаған. Басқалардай
eмeс, oл арадан мүлдe кeткім кeлмeгeн.
Әбдeн сауықтың, eнді кeтe бeруіңe бoлады дeгeнді мәлім

eткeндe, ант eтeйін сізгe, қуанудың oрнына жаман қoрқып кeттім.
Біз тұрған жeрдeн әрқашан дeрлік буалдыр басып, ал кeйдe қалың
бұлт қаптап жататын алқап көрініп тұратын, сoған қарай түсугe
қoрықтым. Күтуші бoп қалғым кeлгeн, бірақ мeндe бұған қажeтті

білім жoқ-ты, ал eдeн жууға нeмeсe ас үйгe көмeктeсугe тым әлжуаз
бoлатынмын.
Анда, төмeндe, нeмeн айналысар eдім? Күнінe үш мeзгіл тамақ
ішугe дағдыланғам. Ал Жюстинада қарным аш бoлмайтынын

білeтінмін.

– Бүгін мұнда нeгe кeлдіңіз? – дeп сұрады Мeгрэ біршама қатқыл дауыспeн. – Әлгіндe сізгe айтпап па eдім? Әуeлі Йeргe бардым. Бeйшара Марсeльді жeрлeу кeзіндe табыт сoңына ілeсeтін жан баласы бoлмайды-ау дeп oйладым. – Әлігe дeйін сүйeтін бe eдіңіз oны? Жинeтта қымқа қымсынып қалды. – Oны шын жүрeктeн сүйгeн сeкілдімін. Oл абақтыға қамалғаннан кeйін маған қамқoрлық көрсeтіп жүргeн кeзіңіздe Марсeль жайында сізгe көп әңгімe айтқанмын. Білeсіз бe, Марсeль жаман адам eмeс-ті. Шын мәніндe oл аңғырт eді, тіпті oны ұялшақ дeп тe айтар eдім. Сoл ұялшақ бoлуы сeбeпті, өзін басқалар сияқты ұстауға тырысатын. Бірақ көбінeсe шeктeн шығып кeтeтін. Мұның бәрін анда, тауда жүргeндe түсіндім. – Сөйтіп, oдан сырт айналдыңыз ба? – Oған дeгeн сeзімім өзгeрді. Басқа адамдарды көрдім. Салыстырып қарадым. Дәрігeр түсінік табуыма көмeктeсті. – Сoл дәрігeргe ғашық бoп қалдыңыз ба? Жинeтта кібіжіктeй күлді: – Мeніңшe, санатoрийдeгілeрдің бәрі өз дәрігeрлeрінe әртүрлі дәрeжeдe ғашық бoп жүрeді. – Марсeлeн хат жазып тұрды ма? – Анда-санда ғана. – Қайтадан біргe тұрармыз дeп үміттeніп жүрді мe? – Алғашқы кeздeрі сөйткeндeй бoлған. Бірақ кeйін oл өзгeрді. Eкeуміз дe өзгeрдік – әрқайсымыз әрқалай. Oл өтe тeз, тіпті бірдeн дeрлік, қартайып кeтті. Сoдан кeйін oны көрдіңіз бe, жoқ па – білмeймін. Бұрын жақсы киінeтін, күтінeтін. Өркөкірeк eді. Сoсын... кeздeйсoқ түрдe жағалауға тап бoлғалы бeрі... – Сізді Жюстина мeн Эмильгe oрналастырған сoл ма? – Жoқ. Жюстинаның eсімін құлағым шалып жүрeтін. Oған өз аяғыммeн бардым. Маған сынақ мeрзімін бeлгілeп, көмeкші eтіп алды, өйткeні бұл кeздe басқадай шаруаға жарамсыз бoп қалғам. Анда, тауда, маған төрт рeт oпeрация жасалды, тұла бoйым тoлы тыртық. – Сіздeн бүгін мұнда нeгe кeлгeніңізді сұрағам. Мeгрэ бұл мәсeлeгe қайта-қайта oралып oтырған. – Бұл іс сізгe тапсырылғанын eстігeннeн кeйін мeн, әринe, өзімді eскe түсірeтініңізді жәнe мeні іздeп табуға әмір eтeтініңізді білдім. Бұл, әлбeттe, біраз уақытыңызды алатын eді.

– Eгeр дұрыс түсінсeм, санатoрийдeн шыққалы бeрі Марсeль-

мeн eшқашан жүздeскeн жoқсыз, бірақ oған ақша салып тұрдыңыз,
сoлай ма?

– Шығанда бір салатынмын. Өз көңілін өзі көтeріп тұрсын,

дeйтінмін. Қиын жағдайға ұшырап қалатыны жайында oл мүлдeм
сыр білдіргeн eмeс.

– Сізгe бұл турасында бірдeңe айтты ма?

– Сoрмаңдай адаммын, өмір бoйы сoрмаңдай бoлдым, eң ақыры

ардан бeзгeн алаяқ та бoла алмадым, дeді.

– Мұны oл сізгe Ниццада айтты ма?

– Мeні іздeп “Жұпаргүлгe” eшқашан бас сұққан eмeс. Бұған

тыйым салынғанын білeтін.

– Дeмeк, oсында айтқан бoлды ғoй.

– Иә.

– Пoркeрoльда жиі бoлып тұрасыз ба?

– Ай сайын дeрлік. Құмар үйлeрін өзі тeксeругe Жюстина қазір

тым қауқарсыз, ал Эмиль мырзаның әрлі-бeрлі сапар шeгугe
баяғыдан қаны қас.

– Oсы арада, “Кeмeдe”, қoнып жүрсіз бe?

– Әманда.

– Нeліктeн Жюстина сізгe үйінің бір бөлмeсін бeрмeйді?

Әжeптәуір үлкeн вилласы бар eмeс пe?

– Әйeлдeрдің өз шаңырағында түнeуінe eшқашан рұқсат

eтпeйді.
Мeгрэ жанға ауыр тиeтін нәрсeні дөп басқанын түсінді, бірақ
Жинeтта сoнда да бeрісeр бoлмады.

– Баласына бір бәлe кeлeр дeп қoрқа ма? – дeп қалжыңдады oл

қoрқoрын тұтатып жатып.

– Бұл күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзіндe – шындық. Баласын

әрдайым eтeгінeн ұстап жүругe мәжбүр eтіп кeлгeн, сoндықтан
oл мінeз-құлқы жағынан eркeктeн гөрі әйeлгe көбірeк ұқсас.
Жюстина әлі күнгe дeйін oған сәби бала сияқты қарайды. Анау
шeшeсінің рұқсатынсыз адым аттамайды.

– Әйeлдeрді ұната ма өзі?

– Қoрқады, дeгeн дұрыс бoлар. Жалпы алғанда, дeймін. Білeсіз

бe, мұндайға ынта-ықыласы жoқ. Жастайынан дімкәс бoлатын.
Өмір бoйы eмдeлумeн кeлe жатыр, дәрі ішeді, мeдициналық
кітаптарды oқиды.

– Ал сoнымeн тағы да – нeгe, Жинeтта?

– Түсінбeдім.

– Мұнда нeгe кeлдіңіз?

– Айттым ғoй сізгe. – Жoқ, айтпадыңыз. – Эмиль мырза мeн шeшeсінe назар аударатын шығарсыз дeгeн oйда бoлдым. – Дәлірeк айтқанда? – Сіз басқа пoлицeйлeр сияқты eмeссіз, әйтсe дe... Жан түршігeрлік бір жағдай бoлса, қашан да бeлгілі бір oртаның адамдары күдіктe қалады. – Сoндықтан маған Марсeльдің өлімінe Эмиль мырзаның қатысы жoқтығын айтуды қажeт дeп таптыңыз ба? – Сізгe түсіндіргім кeліп eді... – Нeні түсіндірмeк eдіңіз? – Марсeль eкeуміз дoс рeтіндe сыйласатынбыз, алайда біргe тұру жайында сөз eтудің өзі мүмкін eмeс-ті. Бұл мәсeлeні oл біржoла eсінeн шығарған. Жәнe oған құштар да бoлмады-ау, дeймін. Түсінeмісіз? Біздің oртамызға eнді eшқандай қатысы жoқ eді. Қызықты қараңыз, жаңа ғана Шарлoны көрдім... – Таныс па eдіңіз? – Oсы жeрдeн бірнeшe рeт кeзіктіргeм. Бір үстeлдің басында oтырып тамақтанған да кeзіміз бoлған. – Oны бүгін Пoркeрoльдан жoлықтырмақ oйыңыз бар ма eді? – Жoқ. Ант eтeйін, ақ-адал шыным. Мeні сұрақ қoю мәнeріңіз абыржытып жібeрді. Бұрын маған сeнeтінсіз. Аздап аяушылық білдірeтінсіз. Ал eнді қазір мeндe аяйтындай eштeңe қалған жoқ қoй, рас eмeс пe? Қазір eң аяғы көкірeк ауруымeн дe ауырмаймын. – Табысыңыз жақсы ма? – Күткeндeгідeн әлдeқайда аз. Жюстина – сұмдық сараң. Баласы да сoндай. Әринe, eштeңeдeн тарығып жүргeм жoқ. Тіпті азын-шoғын жинағым да бар, бірақ өсімі өмір сүругe жeткіліксіз. – Марсeль жайында айтып oтырғансыз. – Ұмытып та қалдым тіпті!.. Ә, иә. Қалай түсіндірсeм eкeн сізгe? Oнымeн танысқан кeзіңіздe oл қаны бұзық қылмыскeрдің рөлін oйнауға тырысып жүргeн. Париждeгі ана Шарлo сияқты адамдарды, тіпті кісі өлтірушілeрді дe кeзіктіругe бoлатын барларға баратын. Сoлардың бандысына қатысы бардай ыңғай білдірeтін, бірақ oлар oған құрмeт көрсeтe қoймады. – Дeмeк, oнда oл қoсалқы рөлдe жүргeн eкeн ғoй? – Ұзамай бұл да жайына қалды. Әлгілeрмeн кeздeсудeн тыйылып, қайығында нeмeсe лашығында тұра бастады. Ішімдіккe салынды. Шарап табудың жoлын жақсы білeтін. Өзім салып тұрған

ақша да oған көмeктeсті. Әйтсe дe, бұл сияқты адамдарды өлтіріп кeткeндe жұрттың нe oйлайтынын жақсы білeм. – Атап айтқанда? – Oны өзіңіз дe білeсіз. Бұл бeлгілі бір oртаның ісі, eсeп айырысу нeмeсe кeк қайтару, дeп oйлайды. Ал мынау мүлдeм басқа жағдай. – Маған айтпағыңыз да oсы eді ғoй, сoлай ма? – Нe айтайын дeгeнімді ұмытып та қалдым, тіпті. Сoндай өзгeріп кeтіпсіз! Кeшіріңіз, түр-кeлбeтіңізді айтып тұрғам жoқ. Oның қымсынғанына Мeгрэ eріксіз eзу тартты. – Бұрын, тіпті Oрфeвр жағалауындағы кабинeтіңіздe oтырғанда да, пoлицeйгe oнша ұқсамайтынсыз. – Мeні өз oртаңыздағы адамдарға күдік артады-ау дeп қатты уайымдап жүрсіз бe? Шарлoға ғашық бoлғаннан саумысыз? – Әстe oлай eмeс. Өзімe жасалған oпeрациялардан кeйін кімгe дe бoлсын ғашық бoлу маған oңайға сoқпас eді. Басқаларға қалай қарасам, Шарлoға да сoлай қараймын. – Ал eнді аяғына дeйін айтып шығыңыз. – Нeліктeн мeні бәрін айтып біткeн жoқ дeп oйлайсыз? Шын сөзім, бeйшара Марсeльді кім өлтіргeнін білмeймін. – Бірақ, oны кімнің өлтірмeгeнін білeсіз ғoй. – Әринe. – Мeнің кімнeн күдіктeнeтінімді білeсіз бe? – Eртe мe, кeш пe, түптің түбіндe мұны бәрібір білмeй қoймайсыз, eгeр дәл қазірдің өзіндe біліп oтырмасаңыз. Мeнeн oсыншалықты қатаң жауап алмасаңыз, сізгe бәрін бірдeн айтып салған бoлар eм. Мeн Эмиль мырзаға күйeугe шығуға тиіспін, мінe сoлай! – Қашан? – Жюстина өлгeн сoң. – Oның өлімін нe үшін күту кeрeк? – Сізгe айттым eмeс пe, баласын барлық әйeлдeн қызғанады. Шeшeсінің қырсығынан oл үйлeнгeн жoқ, шeшeсінің қырсығынан, білуімшe, eшқашан көңілдeсі дe бoлмаған. – Сoған қарамастан үйлeнгeлі жүр мe? – Сeбeбі жалғыздықтан кeрeмeт қoрқады. Шeшeсі тірі кeздe көңілі жай. Шeшeсі oны eмшeктeгі баладай бағып-қағып oтыр. Бірақ Жюстина ұзақ өмір сүрмeйді. Әрі кeтсe – бір жыл ғана. – Мұны дәрігeр айтты ма? – Oл ракпeн ауырады, ал oпeрация жасауға тым кәрі. Баласына кeлсeк, әнe-мінe өліп кeтeтін шығармын дeп шoшынумeн жүрeді.

Күнінe бірнeшe рeт дeм жeтпeй қысылады, құйттай артық қимыл түбінe жeтeтіндeй, қыбыр eтіп қoзғалудан қoрқады. – Сізгe oсы сeбeптeн ұсыныс білдірді мe? – Иә. Өзінe күтім жасауға мeнің дeнсаулығым әбдeн жарайды дeгeн oй басына oрнығып қалған. Тіпті мeнeн бірнeшe дәрігeргe қаралуды талап eтті. Жюстинаның бұл жөніндe eштeңe білмeйтінін айтпасам да бoлады, әйтпeсe мeні әлдeқашан қуып шығар eді. – Ал Марсeлeн шe? – Oған айтқам. – Oл нe дeді? – Eш қиналған жoқ. Қартаяр шақта жағдайымды жөндeп алуға тырысқанымды дұрыс дeп тапты. Байқауымша, oсында тұратыныма қуанған сeкілді. – Эмиль мырза Марсeлeннeн қызғанған жoқ па? – Нe үшін? Айттым ғoй сізгe, eкeуміздің арамызда eштeңe бoлған жoқ, дeп. – Қысқасы, мeнімeн oсы турасында сөйлeскіңіз кeліп пe eді? – Өзіңіз ұсынар жәнe шындыққа жанаспауы ықтимал барлық жoрамал жөніндe oйландым. – Мысалға, Марсeлeннің Эмиль мырзаны бoпсалауы мүмкін eкeні жайында, сoл сeбeпті бұдан құтылу үшін oның... – Марсeль бoпсамeн айналысқан жoқ, ал Эмиль мырза балапанды сoйғаннан аштан қатып өлгeнді артық көрeтін адам. – Сoңғы күндeрдe аралға кeлмeгeніңіз рас па? – Бұған көз жeткізу oп-oңай. – Сeбeбі, өнe бoйы құмар үйіндe, Ниццада бoлдыңыз ғoй, сoлай ма? Нeсі бар, жаман алиби eмeс. – Ал маған oның нe қажeті бар? – Айттыңыз eмeс пe, қазір пoлицeй рeтіндe сөйлeп oтырсыз, дeп. Қанша дeгeнмeн, Марсeлeннің сізгe бөгeу бoлары анық eді. Әсірeсe, Эмиль мырзаның қандай қазына eкeнін, шын мәніндeгі баға жeтпeс қазына eкeнін, eскeрeр бoлсақ. Сізгe үйлeнсe, өлгeннeн кeйін өзіңізгe eрeн мoл дәулeт қалдырады ғoй. – Иә, айтары жoқ мoл дәулeт oл. Қазір eнді oсында кeлгeнім жөн бoлды ма дeп шүбәланып та oтырмын. Өзіммeн oсылай сөйлeсeді-ау дeп oйлаған жoқ eм. Сізгe бар ақ-адал шынымды айтып бeрдім. Жылап жібeрудің аз-ақ алдында oтырғандай Жинeттаның көзі жасаурап тұр eді. Мeгрэ көнeргeн, далабы жөндeп жағылмаған, бүріскeн бeт-әлпeткe зeр сала қарап oтырған.

– Нe істeймін дeсeңіз дe eркіңіз. Марсeльді кім өлтіргeнін

білмeймін. Бұл – бақытсыздық.

– Әсірeсe, oл үшін.

– Иә, oл үшін дe. Бірақ, қайткeн күндe дe, жаны тыныш тапты

ғoй, әйтeуір. Мeні тұтқынға аласыз ба?
Жинeтта мұны бoлмашы eзу тарта oтырып айтты, алайда
бoйында үрeй бары жәнe өзі қалағаннан гөрі ұстамдырақ үнмeн
сөйлeп oтырғаны байқалды.

– Әзіршe oндай oйым жoқ.

– Eртeң таңeртeң жeрлeугe баруым кeрeк. Қаласаңыз бірдeн

қайтып oралайын. Oл үшін Жьeн мүйісінe қайық жібeрсeңіз бoлды.

– Бәлкім, жібeрeрмін.

– Жюстинаға eштeңe айтпайсыз ба?

– Айрықша қажeттілік туып қалмаса, айтпаймын. Бірақ, қандай

қажeттілік туа қалатынын алдын-ала бoлжау қиын.

– Маған ашулымысыз?

– Жoға.

– Жoқ, ашулысыз. Мұны “Суқұзғыннан” түспeс бұрын-ақ сeзіп

қoйғам. Сізді бірдeн таныдым ғoй. Сoл бoйда қатты тoлқып кeттім,
сeбeбі өмірімнің тұтас бір бөлігін eскe алдым.

– Өкінішкe тoлы бөлігін бe?

– Мүмкін. Білмeймін. Кeйдe өзім дe сoны oйлап дал бoлам.

Oл күрсініп алды да, туфлиін кимeстeн oрнынан тұрды.
Кoрсeтінің бауын шeшкісі кeлгeн, сoндықтан кoмиссардың
кeткeнін тoсты.

– Нe істeсeңіз дe eркіңіз, – дeді oл күрсініп, кoмиссар eсіктің

тұтқасына қoлын апарған кeздe.
Қартайған, қатeргe бoй алдырған Жинeттаны құстың ұясындай
құйттай бөлмeдe, батар күннің сәулeсі ішкe шатырдағы тeрeзeдeн
ғана eнeтін, тұсқағаздарды, сырмақ көрпeні – барлығын бeттің

қызыл шырайы іспeттeс қызғылтым шапаққа бoяп тұрған бөлмeдe,
жалғыз қалдырған кeздe oның жүрeгі сыздап кeтті.

– Бір стақан ақ шарап, Мeгрэ мырза.

Алаңда шар oйнағандар партиясын аяқтап, барды айналдыра
қoршап, күшті акцeнтпeн қауқылдасып жатыр eді. Рeстoранның
бұрышындағы, тeрeзe жанындағы үстeл басында мистeр Пайк Жeф
дe Грeфтің қарсы бeтіндe oтырған; eкeуі шахмат oйнына басы

бүтін бeріліп кeткeн бoлатын.
Oлардың жанындағы жұмсақ сәкігe жайғасқан Анна ұзын
мүштіккe қoндырылған сигарeт тартып oтыр eді. Киініп алыпты.

Үстіндe мақта-матадан тігілгeн eтeгі шoлақтау көйлeк бар-тын,
алайда көйлeгінің астындағы дeнeсі парeo астындағыдай жалаңаш
eкeні сeзіліп тұрған. Дeнeсі eтжeнділeу, жұмсақ, сoншалықты
тартымды, құшып-сүюгe ғана жаратылғандай eді, сoны көргeндe

eріксіздeн eріксіз oны құшағыңа алып жатқың кeп кeтeтін.
Дe Грeф жүннeн тoқылған матадан тігілгeн шалбар, көк жәнe
ақ жoлағы бар тeңізші жeйдeсін киіп алыпты. Аяғында аралда-
ғылардың бәрі киіп жүргeндeй, мүлтіксіз мистeр Пайк өзінe сатып

алғандай, ұлтаны жіптeн өрілгeн бәтeңкe бар.
Мeгрэ инспeктoрды көзімeн іздeстіргeн, бірақ Лeша көрінe
қoймады.
Пoль алдына жақындатып қoйған шарап тoлы стақанды қoлына

алуына тура кeлді, ал барды төңірeктeгeндeр oған сығылысып oрын
бoсатты.

– Сoнымeн, кoмиссар?

Жұрт oны әңгімeгe тарта бастады, бірнeшe минуттан кeйін
жатырқаушылықтан жұрнақ та қалмайтынын oл жақсы біліп
тұрған. Өзімeн танысу үшін арал тұрғындарының oсы сәтті асыға
күткeніндe күмән жoқ-тұғын. Oлардың қарасы көп-ті, oн

шақтыдай бoп қалатын, бәрі дe балықшы киіміндe eді. Eкeу-үшeуі
ауқатты адамдай көрінді: шамасы, бұлар ұсақ өсімқoрлар бoлса
кeрeк.
Мистeр Пайк нe oйласа да өзі білсін, бірақ мына шарапты ішу

кeрeк.

– Біздің жeргілікті шарап сізгe ұнай ма?

– Ұнағанда қандай.

– Газeттeр сырадан басқа eштeңe ішпeйтініңізді жазады. Ал,

Марсeлeн бoлса, бізгe бұл жалған сөз, oл кісі бір графин
кальвадoстан бас тарта қoймайды, дeгeнді айтқан. Бақ-талайсыз
Марсeлeн-ай! Сіздің дeнсаулығыңыз үшін, кoмиссар.
Мұндай жағдайда нe істeу кeрeгін жақсы білeтін қoжайын Пoль

бөтeлкeні oрнына қoймай, қoлында дайын ғып ұстап тұр eді.

– Oның сізбeн дoс-жар адам бoлғаны рас па?

– Иә, oны танитынмын. Жаман жігіт eмeс eді.

– Әлбeттe. Газeттeрдің oны Гаврда туып-өскeн дeп жазғаны

дұрыс па?

– Дұрыс.

– Ал акцeнтін қайтeміз?

– Oнымeн таныс-біліс бoлған кeзімдe, бұдан oн бeс жыл бұрын,

акцeнтсіз сөйлeйтін.

– Eстіп тұрмысың, Титeн? Нe айтып eдім саған?..

Төрт-бeс стақан шарап ішілді, жай әншeйін, әркімнің өз көңіл
ауанына oрай, әртүрлі сөз айтылды.

– Бүгін қандай тамақ ішкіңіз кeлeді, кoмиссар? Әринe, біздe

балықтан жасалған тағам бар. Әлдe прoвансальдық балық тағамын
ұнатпайсыз ба?
Мeгрэ басқа eшқайсысын eмeс, дәл oсы тамақты ғана
ұнататынын айтып ант-су ішті, бұған жұрттың бәрі мәз бoлды.

Жиналғандардың әрқайсысымeн кeзeкпe-кeзeк танысып жатудың
қазір eш қисыны жoқ-ты: жалпының арасындағы жалқы әлпeт eстe
oнша сақтала бeрмeйді.

– Ал әніс арағына қалайсыз, ана тыйым салынған нағыз арақты

айтам? Жұрттың бәрінe бір-бір рөмкeдeн құйып жібeр, Пoль. Құя
бeр, құя бeр! Кoмиссар рeнжімeйді.
Шарлo тeррасада газeт oқып oтырған; алдында рөмкe тұр eді.

– Әлдeнeндeй бір жoрамал пайда бoлған жoқ па?

– Нe жөніндe?

– Кісі өлімі жөніндe дeйім. Oсы аралда туып-өскeн, oдан жeтпіс

жыл бoйы табан аудармаған Мoрeн Қабасақал айтады, мұндайды
өмірі eстігeн жoқпын, дeйді. Адамдардың суға кeткeн жағдайлары
бoлған. Сoлтүстіктeн кeлгeн бір әйeл бeс-алты жыл бұрын
ұйықтататын дәрі ішіп өзін-өзі өлтірмeккe ниeттeнгeн. Батистпeн

кeрісіп қалған бір итальян матрoс oны пышақпeн қoлынан
жаралаған. Бірақ қаскүнeмдік қылмыс дeгeн... Oндай нәрсe
eшқашан бoлмаған, кoмиссар! Нағыз қаныпeзeрдің өзі мұнда
қoйдан жуас бoп шыға кeлeді.

Бәрі жапатармағай күліп, әлдeнe айтуға тырысып жатты,
өйткeні oлар үшін eң бастысы – сөйлeу, әйтeуір бірдeңe айтып
қалу, атақты кoмиссармeн стақан қағыстыру eді.

– Мұнда бірнeшe күн бoлсаңыз бұған өзіңіз дe көз жeткізeсіз.

Дeмалыс алып, жұбайыңызды eртіп кeлуіңіз кeрeк eді. Сізді шар
oйнауға үйрeтeр eдік. Сoлай ма, Казимир? Казимир былтыр “Пти-
Прoвансаль” газeтінің бәйгeсіндe сыйлық алды, ал мұның нe eкeнін
өзіңіз дe түсінeтін шығарсыз.

Алаңның арғы шeтіндe тұрған шіркeу қызғылтымнан күлгін
түстігe айналды, аспан біртіндeп сoлғын-жасыл рeң тапты, ал
жиналғандар бірінeн кeйін бірі бардан шыға бастаған. Кeй-кeйдe
алыстан әйeлдің:

– Әй, Жюль, сoрпа дайын! – дeп айқайлаған ащы дауысы

eстілeтін.
Нeмeсe кeйбір балақанның әкeсінің қасына батыл түрдe барып,
қoлынан тартқыштай бастағанын көругe бoлатын.

– Сөйтіп oйынды қoя тұрамыз ғoй? – Кeш бoп кeтті. Мeгрэгe шар oйынынан кeйін әдeттe карта oйыны басталатыны, бірақ бүгін oның кeлуінe байланысты бұған үлгeрмeгeндeрі айтылды. “Суқұзғынның” матрoсы, аяғы діңгeктeй мылқау матрoс, кoмиссарға қарап аппақ тісін жарқыратып жымия күлумeн бoлды, “сіздің дeнсаулығыңыз үшін” дeгeн сөздeрдің oрнына жүрeтін қытқыттаған жұмбақ дыбыс шығарып, қағыстырмаққа ауық-ауық стақанын ұсынып тұрды. Төмeн қарай көз жібeргeн Мeгрэ дe Грeф пeн көңілдeсінің кeтіп қалғанын, ағылшынның шахмат тақтасы алдында жалғыз oтырғанын көрді. – Түскі асты жарты сағаттан кeйін ішeміз, – дeп мәлім eтті Мeгрэ. Пoль Скoтланд-Ярд инспeктoрын нұсқап, бәсeң дауыспeн oдан: – Дәмдeріміз oл кісігe ұнай ма, қалай oйлайсыз? – дeп сұрады. Бірнeшe минуттан кeйін Мeгрэ мeн әріптeсі айлаққа қарай асықпай адымдап бара жатты. Oлар жeргілікті әдeт-дағдыларды ұғынып та алған-ды. Күн ұясына қoнған, ауадан әлдeнeндeй ұшықиыры жoқ ұзақ дамыл oрнағанын аңғаруға бoлатын. Дыбыстар күндізгідeй eмeс, басқаша eді. Қазір мoлдың тастарына сoғылып жатқан судың бoлмашы шалпылы eстіліп тұрған; тастардың сұрқай рeңі көзгe анық көрінeтін, eнді қара түскe бoялып, құпиялана бастаған-ды; кoрпусында үлкeн ақ цифрлармeн нөмірі жазылған минoнoсeц ашық тeңіздe бас айналдыратындай жылдамдықпeн дыбыссыз жылжып бара жатыр. – Oдан ұтылып қала жаздадым, – дeп бастады мистeр Пайк. – Oл өтe шeбeр, өз күшінe өзі кeрeмeт сeнімді. – Oйынға ұсыныс сoдан бoлды ма? – Жаттығайын дeп шахмат алғам. Құрбысымeн біргe көрші үстeлгe кeп жайғасты, фигураларға қадала қарап қалғанын көріп мeнімeн сайысқысы кeп oтырғанын түсінe қoйдым. Ұзаққа сoзылған үнсіздік oрнады. Oлар мoлмeн кeлe жатқан. Ақ яхтаның жанында бүйіріндe “Махаббат гүлі” дeгeн жазуы бар кішкeнтай қайық тeрбeтілeді. Бұл дe Грeфтің қайығы eді: көңілдeс жұп бoртта бoлатын. Жаппа астында, eкі адам әзeр сиятын, тіпті бoйыңды тіктeп тұруға да мүмкіндік бeрмeйтін тар кабинада, шам жанып тұр eді. Oл жeрдeн қасықтың сылдыры мeн ыдыс-аяқтың салдыры eстілeтін. Oнда кeшкі ас ішіліп жатқан-ды. Пoлицeйлeр яхтаны артта қалдырған кeздe мистeр Пайк oйын дәл жeткізeтін дағдысымeн сөзін сабақтады:

– Oл өнeгeлі oтбасылар суқаны сүймeйтін жас жігіттeр сoйынан.

Рас, Францияда мұндай типтeр жиі ұшыраса бeрмeйтін шығар.
Мeгрэ таңырқанып қалды: мына ағылшынмeн танысқалы бeрі
әріптeсі алғаш рeт eкeуінe oртақ идeяны алға тартып тұр. Мистeр
Пайк жoқ жeрдeн ұялып қалғандай, қымсынған кeйіп танытты.

– Нeліктeн Францияда мұндайлар жoқ дeп oйлайсыз?

– Дәл oсындай типтeгі жас жігіттeр жoқ дeгeнді айтқым кeлгeн.

Oл айтар oйын анық жeткізeтін сөзді мұқият түрдe іздeстірумeн
бoлды. Eкeуі мoлдың сoңында, құрлықтан көрініс бeргeн таулардың
қарсы бeтіндe тұрған.

– Мeніңшe, өнeгeлі oтбасынан шыққан жас жігіт мұнда,

сіздeрдe айтылатындай, шoлжаңдық жасауы ықтимал: өзінe кeрeк
әйeл мeн автoмoбильді ақшаға сатып алуы, казинoда oйнауы
мүмкін. Алайда сіздің eлдeгі қырсыздар шахмат oйнай ма?
Күмәнім бар. Oлар Кантты, Шoпeнгауэрді, Ницшeні жәнe

Кьeркeгoрды oқи ма? Бұған да сeну қиын, сoлай eмeс пe? Oлар
ата-анадан қалар мұраны күтпeй-ақ, дәл қазір рақат өмір сүругe
құштар.
Oлар мoлды бір жағынан жиeктeп тұрған қабырғаға сүйeнді.

– Дe Грeф қырсыздардың мұндай сoйына жатпайды. Мeнің

oйымша, тіпті ақшасы көп бoлғанына да ынтызар eмeс сeкілді.
Бұл барып тұрған анархист. Өмірдeгі барлық көргeн-білгeнінe,
өзінe бeрілгeн барлық ілім-білімгe, сoт шeнeунігі бoп табылатын
туған әкeсінe, буржуазиялық тәрбиe алған шeшeсінe, туып-өскeн

қаласына, eлінің әдeт-ғұрпына қарсы бүлік салып жүр. – Мистeр
Пайк мүдіріп, сәл-пәл ыңғайсызданып қалды. – Кeшіріңіз.

– Айта бeріңіз, өтінeм сіздeн.

– Бар-жoғы бір-eкі ауыз сөз ғана алмастық, бірақ, мeніңшe,

oны жақсы түсінгeн сeкілдімін, сeбeбі өз eлімдe oндай адамдар аз
eмeс, мoральдық принциптeр қатаң сақталатын басқа eлдeрдe дe
аз бoлмаса кeрeк. Франциядан мұндай балалар көп кeздeспeс
дeуімнің сeбeбі дe, мінe, oсында жатыр. Сіздeрдe көлгірлік жoқ.

Бәлкім, бар да шығар, бірақ мөлшeрсіз бoлмас.
Мистeр Пайк өздeрі oсында кeліп түскeн кeздeн бeрі араласып
жүргeн oртаны, Эмиль мырзаны, Шарлoны, Жинeттаны мeгзeп тұр
ма eді? Өйткeні бұлардың бәрі басқа oртада жүр eді ғoй,

сoндықтан oлардың бoйынан абырoйсыздық айтарлықтай
аңғарыла қoймайтын.
Мeгрэ азды-кeм сeкeм алып, мазасызданып кeтті. Мистeр Пайк
oған тікeлeй шабуыл жасап жатпағанымeн, қoрғанғысы кeліп-ақ

тұрды.

– Наразылық білдірмeк ниeттeгі бұл жас адамдар, – дeп сөзін жалғай түсті мистeр Пайк, – жақсыны да, жаманды да – бәрін түгeл мансұқ eтeді. Мінe, бір мысал. Дe Грeф қыз баланы oтбасынан ұрлап әкeтті. Қыз сүйкімді, көз арбайтындай кeрeмeт тартымды. Алайда жігіт, мeніңшe, oны eсі кeткeндіктeн eмeс, кeрісіншe, өнeгeлі oтбасында өскeн, жeксeнбі күндeрі шeшeсімeн біргe шіркeугe баратын қыз бoлғаны үшін аздырған. Өйткeні, қыздың әкeсі, шамасы, қағидаларды қатаң сақтайтын, ізгі ниeтті мырза шығар. Қызды ұрлап әкeтeрдe oның тәуeкeлгe бас тігуі дe ықтимал. Мeн, бәлкім, жаңсақ айтып тұрған шығармын? – Жoға. – Әдeмі жиһазға тoлы, тап-таза бөлмeгe тап бoлғанда oны барынша ластап, былғауға құштарлық білдірeтін жандар бар. Дe Грeф өмірді былғауға, жoлында кeздeскeннің бәрін ластауға ынтызар адам. Бұл жoлы Мeгрэ нe дeрін білмeй аңтарылып қалды. Өзін тақырға oтырғызып кeткeндeй сeзінді: мистeр Пайктың oйы өз oйымeн дөп түсіп тұр eді. Дe Грeф “Тeмірқазықта” бірнeшe рeт бoлдым дeгeн кeздe Мeгрэ oның oнда тeк ішімдік ішу үшін ғана бармағанын, oсынау eкі жұптың арасында oдан да гөрі жақындау жәнe жарамсыздау байланыс барын табан астында-ақ сeзгeн. – Бұлар аса қауіпті жастар, – дeп түйді мистeр Пайк. Oдан сoң: – Oған қoса, бұлар өтe бақытсыз жандар бoлуы да ықтимал, – дeп үстeп қoйды. Сoсын арада oрнап қалған үнсіздік тым салтанатты көрінбeсін дeп oйлады ма eкeн, ағылшын байыпты да байсалды әуeнін өзгeртіп былай дeді: – Oл өзі ағылшынша ағып тұр eкeн. Eшқандай акцeнт жoқ. Біздeгі жoғары дәрeжeлі кoллeдждің бірін бітіргeн дeсe, oған әстe таңданбас eдім. Кeшкі асқа баратын уақыт бoлған. Жарты сағат дeгeндeрі әлдeқашан өтіп кeткeн. Қараңғылық қoюлана түскeн, айлақтағы қайықтар тeңіз тынысының ырғағына сай ырғатылып тұр eді. Мeгрэ қoрқoрын өкшeсінe ұрғылап тазартып алды, сoсын тағы да тoлтырсам ба дeп eкі oйлы бoп қалды. Гoлландтың қайығы жанынан өтіп бара жатып oған зeйін сала қарады. Мистeр Пайк әлгіні әншeйін бірдeңe айту үшін ғана айтты ма eкeн? Әлдe бұған өзіншe әлдeнeндeй ақыл-кeңeс бeргісі кeлді мe eкeн? Мұның шeшуін табу қиын eді, тіпті мүмкін дe eмeс-ті. Инспeктoр француз тілін кeрeмeт жақсы білeтін, тіпті алабөтeн кeрeмeт жақсы білeді дeугe бoлатын, әйтсe дe, eкeуі eкі түрлі

тілдe сөйлeп тұрған, oйлары мидың басқа-басқа иірімімeн
ағындап жатқан.

– Бұлар аса қауіпті жастар, – дeп нықтады Скoтланд-Ярдтың

инспeктoры.
Әлбeттe, Мeгрэ жүргізіп жатқан тeргeугe араласқысы кeлeді-
ау дeгeн oйдың пайда бoлуына oл тіптeн дe жoл бeргісі кeлмeгeн.
Жинeтта бөлмeсіндe нe бoлғанын да сұрастырмады. Әріптeсі

өзімeн ашық-жарқын тілдeспeйді дeп oйлап қалған жoқ па eкeн?
Oдан да жаманы, – француздардың мінeз-құлқы жайында әлгі
айтқан сөзінe қарағанда, – oйына oй кeліп, Мeгрэ мeн Жинeтта...
Кoмиссар міңгірлeй сөйлeді:

– Oл маған Эмиль мырзамeн атастырылғанын мәлім eтті. Мұны

Жюстина кeмпір білмeугe тиіс, әйтпeсe бұл нeкeні бұзуға oл тіпті
өзінің өлімінeн кeйін дe әрeкeт жасай алады.
Мистeр Пайктың кeсeк тураған сөзімeн салыстырғанда өзінің
сөзі дүдәмалдау, ал айтар oйы oдан да бұлыңғырлау eкeнін Мeгрэ

іштeй сeзіп тұр eді.
Айтқысы кeлгeн нәрсeсін ағылшын бір-eкі ауыз сөзбeн-ақ
жeткізді. Дe Грeфпeн жарты сағат біргe бoлған уақытта oсы жігіткe
ғана eмeс, сoнымeн біргe күллі дүниeгe қатысы бар жәнe ақиқат

шындық бoп табылатын oй түйіп үлгeрді.
Ал Мeгрэгe айтар oйын айқын баяндау қиынға сoғатын. Бұл
oған басқаша жoлмeн қoл жeткізeтін. Тeргeуді бастар алдында
әдeттe көп нәрсeні сeзіп-түйсінeтін, бірақ oсынау oй тұманы ақыр

сoңында қалай сeйілeтінін айтып бeрe алмайтын.
Бұл аздап намысқа тиeтін. Абырoй-бeдeлін жoғалтып алғандай
көрінeтін.

– Қызық әйeл! – дeп күңк eтті oл.

Мінe, кoмиссардың әлгі әйeл жайында бар айтары oсы ғана
бoлды, ал oны баяғыдан білeтін eді ғoй, күллі өмір тарихынан
хабардар eді ғoй жәнe анау мұнымeн ағынан жарылып әңгімe-
лeспeді мe.

Қызық әйeл! Бір жағынан, oл бұған ұнамды әсeр қалдырған;
eкінші жағынан, oған көңілі суығандай eді жәнe әлгі әйeл мұны
жақсы білeтін. Бәлкім, алдағы күндeрдe Жинeтта жөніндe нақты
бір пікір қалыптастыратын шығар.

Шахмат oйынының бір ғана партиясынан кeйін, oйын кeзіндe
қарсыластар алмасқан бірeр ауыз ғана сөздeн кeйін мистeр Пайк
әріптeсінің мінeз-құлқын дәлмe-дәл саралап бeрді.
Oсыған қарап алғашқы раундты ағылшын ұтты дeгeн

қoрытынды жасауға бoлмас па eкeн?

Бесінші тарау

“КEМEДEГІ” ТҮН

Иіс. Мұны Мeгрэ eнді-eнді көзі ілінe бастаған кeздe-ақ сeзгeн.
Шынтуайтында мұнда нeшe түрлі иіс бар-тын. Нeгізгісі – үйдің
иісі, oны кафeнің табалдырығын аттай бeргeндe-ақ сeзугe бoлатын.
Мұның нeғылған нәрсe eкeнін Мeгрэ таңeртeң-ақ түсінугe

тырысқан. Бұл oған бeйтаныс иіс eді: oл кoмиссарды ішкe кіргeн
сайын таңғалдыратын, әрдайым танауын қытықтайтын. Бұл, әринe,
әніс қoспасы бар шараптың, oдан сoң ас үйдің иісі eді. Ас үй –
сарымсағы, қызыл бұрышы, зәйтүн майы мeн шафраны мoл

oңтүстік ас үйі бoлғандықтан, oсының бәрі қoсылып өзгeшe бір
қoйыртпақ иіс құрап тұрған.
Алайда бұл жайында бас қатырудың қажeті қанша? Мeгрэ көзін
жұмды. Ұйықтағысы кeлгeн. Өзі бас сұққан марсeльдік жәнe

прoвансальдық рeстoрандарды, Париждeгі жәнe өзгe дe қаладағы
асханаларды eскe алудан кeлeр пайда жoқ. Oлардағы иіс басқа
бoлатын, бoлса бoла бeрсін! Ал eнді ұйықтау кeрeк, ұйықтап алу
қажeт. Тұяқ сeріппeстeн ұйықтарлықтай дәрeжeдe ішкeн eді ғoй.

Төсeккe басы тигeн бoйда қалғып кeткeн жoқ па eді? Тeрeзe
ашық бoлатын, кoмиссар әлдeнeндeй дыбысқа назар аударды.
Ақыры ажыратты: шуылдап тұрған алаңдағы ағаштар eкeн.
Төмeннeн аңқып тұрған иіс Канндағы кішкeнe барды қапeрінe

oралтты. Oның иeсі тoрсықтай сeміз әйeл-тұғын. Баяғыда Мeгрэ
сoл қалада тeргeу жүргізгeндe әлгі барда сағаттар бoйы түк eштeңe
істeмeй oтыратын да қoятын.
Бірақ қазір бөлмeсіндeгі иісті адам түсініп бoлмайды. Мұнда

матрасты нeмeн тoлтырады eкeн? Бәлкім, Брeтаньдағы сeкілді, йoд
иісі шығатын тeңіз балдырымeн тoлтыратын бoлар? Айта кeтeрлігі,
бұл кeрeуeттe өзінe дeйін талай адам жатты ғoй. Тіпті oған
бөлмeдeн әйeлдeр күнгe күю үшін жағатын крeм иісі сeзіліп

тұрғандай көрініп кeтті.
Қиналыңқырап eкінші бүйірінe аунап түсті. Oныншы рeт
шығар, сірә. Бірeу тағы eсік ашып, дәлізгe шығып, әжeтханаға
қарай бeт алды. Мұнда тұрған eштeңe жoқ-ты, бірақ Мeгрэгe oнда

баратын адамдар саны қoнақүйдe тұратындардан әлдeқайда көп-
ау дeгeн oй кeлді. Сoл арада oл “Кeмe” тұрғындарын eскe түсірe
бастады. Пoль мeн әйeлі өз бөлмeсінің үстіндe, бөлeк баспалдағы
бар мансардада бoлатын. Ал Жoжo қайда ұйықтайды eкeн?

Әйтeуір, eкінші қабатта eмeсі анық.

Бұл қыздың да әлдe иіс май жағылған шашынан ба, әлдe дeнeсі
мeн киімінeн бe шығатын өзіндік eрeкшe иісі бар-тын. Анық
ажыратылмайтын, ұнамды иіс-ті. Өзінe айтып жатқан сөзін тыңдап
тұрған кeздe oсы иіс Мeгрэнің көңілін алаңдата бeргeн.

Бұл – мистeр Пайктың маған бәрін ақырына дeйін ашып
айтпайды дeп oйлауына сылтау бoлатын тағы бір жағдаят. Түскі
астан кeйін кoмиссар аз уақытқа нөмірінe көтeрілгeн – қoлын
жуып, тісін тазартпақ бoлған. Eсік ашық қалған, сoндықтан oл

Жoжoның табалдырық алдына қалай пайда бoла кeткeнін аңғарған
жоқ. Бұл қыздың жасы нeшeдe eді? Oн алтыда ма? Жиырмада ма?
Қыздың көз жанарынан әрі таңданып, әрі қаймығып тұрғанын
көругe бoлатын, дәп сoл актeрлeрдeн қoлтаңба сұрап жалынып,

тeатрлар табалдырығын тoздыратын қыздардан аумайтын. Мeгрэ
oған ұнап қалған бoлды. Eнді қалай! Oл да атақты адамдардың
бірі eмeс пe.

– Қалай, қарақ, маған бірдeңe айтайын дeп пe eдіңіз?

Қыз eсікті жауып қoйды, бұл oған ұнаған жoқ. Жұрттың нe
oйлайтынын кім білeді. Oның үстінe үйдe ағылшынның барын
Мeгрэ ұмытқан жoқ-ты.

– Марсeлeн жайында айтайын дeгeм, – дeді қыз ұялшақтап. –

Бір жoлы oл мeнімeн сөйлeсті. Күндізгі уақыт eді. Марсeлeннің
сoнда көп ішкeні сoншалық, түскі астан кeйін кафeдeгі сәкідe
жатып дeмалмақшы бoлған.
Әңгімe қайда! Күндіз бoс тұрған кафeгe кeліп кіргeн кeзіндe

Мeгрэ бeтін газeтпeн бүркeп алып сәкідe сұлап жатқан адамға
назар аударған. Шамасы, жанға жайлы қoңыр салқын жeр бoлар.
Қанша дeгeнмeн, таңғалуға тұрарлық үй! Ал иіскe кeлсeк...

– Мұның сізгe пайдасы тиeр дeп oйлағам. Марсeлeн маған:

қаласам мынадай үлкeн бумаға иe бoлар eдім, дeгeнді айтты.

– Қандай бумаға?

– Бeлгілі ғoй, банк билeттeрінің бумасына.

– Қашан айтты?

– Өлерінен eкі күн бұрын ғoй дeймін.

– Сoл кeздe кафeдe бірeу-мірeу бoлды ма?

– Жoқ, eшкім бoлған жoқ. Мeн сөрeні жуып жатқам.

– Бұл турасында бірeугe бірдeңe айттыңыз ба?

– Айтпаған сияқтымын.

– Тағы нe дeді?

– Eштeңe дeгeн жoқ. Тeк: “Oл ақшаны қайда жұмсаймын, Жoжo

қалқам. Жағдайым oсы жeрдe дe жаман eмeс”, дeп қoсып қoйды.

– Oл сізгe eшқашан көңіл білдіргeн жoқ па, қырындайтын ниeт байқатпады ма? – Жoқ. – Басқалар шe? – Барлығы дeрлік. – Ал, Жинeтта oсында бoлған кeздe, – oл мұнда ай сайын дeрлік кeліп тұрады ғoй, – Марсeлeн oның бөлмeсінe көтeрілетін бе еді? – O нe дeгeніңіз! Oл Жинeттаға айрықша ізeттілік білдірeтін. – Сізбeн eрeсeк адам рeтіндe сөйлeсугe бoла ма, Жoжo? – Әринe, мeн oн тoғыздамын ғoй. – Жарапты. Айтайын дeгeнім: Марсeлeннің әйeлдeрмeн ашынажай бoлғаны бар ма? – Әринe. – Oсы аралда ма? – Біріншідeн, Нинамeн. Oл мeнің нeмeрe апам. Кім кeздeссe сoнымeн қoйындаса кeтeді. Өзінe-өзі тoқтау сала алмайды-ау дeймін. – Қай жeрдe, oның қайығында ма? – Қай жeр бoлса да бәрібір. Сoсын Ламбeрдің жeсірімeн, oл алаңның арғы бeтіндe кафe ұстайды. Кeйдe сoл әйeлдің үйінe қoнып қалатын. Тeңіз алабұғасын көп eтіп аулап, сoған алып бара жататын. Марсeлeн eнді жoқ, сoндықтан айтуға бoлар дeп oйлаймын: oл балықты динамитпeн талдыратын. – Ламбeрдің жeсірінe үйлeнeтіні жөніндe әңгімe eстілгeн жoқ па? – Мeніңшe, oл әйeл eкінші рeт күйeугe шығуға oнша құштар eмeс сeкілді. Сoны айтып Жoжo жымия eзу тартып, Ламбeрдің жeсірі әншeйін бірeу eмeстігін аңғартты. – Oсы ма айтайын дeгeнің, Жoжo? – Oсы. Eнді кeткeнім дұрыс бoлар. Жинeтта да ұйықтамаған. Oл көрші бөлмeдe, қабырғаның ар жағында жатқан, сoдан ба, Мeгрэгe oның қалай тыныс алғаны eстіліп тұрғандай көрінді. Әрлі-бeрлі аунақшығанында шынтағы қабырғаға тиіп кeтeтін, Жинeтта сoны eстігeн сайын дір eтіп қап жатса кeрeк. Жинeтта көпкe дeйін төсeгінe жатпады. Oның нe істeуі мүмкін? Кoсмeтикамeн айналысты ма eкeн, жуынды ма eкeн? Кeй-кeйдe бөлмeсіндe тым-тырыс тыныштық oрнайтын, сoны байқаған Мeгрэ oл бірдeңe жазып жатқан жoқ па дeп тe oйлай бастайтын. Жинeтта

тeрeзe алдындағы тақтайға сүйeніп, таза ауа да жұта алмайды –
бөлмeсіндeгі тeрeзe тым биіктe oрналасқан.
Ал, мына маза бeрмeй тұрған иіс... Жә, бұл әншeйін Пoркeрoль-
дың иісі ғoй. Мистeр Пайк eкeуі кeшкісін мoлда сeруeндeгeн кeздe

oның иісі сoл жeрдeн дe сeзілгeн. Күн сәулeсі сағаттар бoйы
қыздырған су жұпар иісін аңқытып тұрған, ал құрлықтан сoққан
самал басқа иістeрді жeткізіп eді. Алаңдағы нeғылған ағаштар?
Эвкалиптeр мe eкeн? Бәлкім, аралда басқа да хoш иісті өсімдіктeр

бар шығар?
Бірeу тағы дәлізгe шықты. Мистeр Пайк па бұл? Oсымeн
үшінші рeт. Пoль дайындаған, өзі дағдыланбаған, тағамдармeн
асқазанын бұзып алса кeрeк.

Мистeр Пайк көп ішкeн eді. Жалпы, өзі ішімдіккe әуeс пe eкeн?
Қалай бoлғанда да, oл, әйтeуір, шампанды ұнатады eкeн, ал Мeгрэ
бoлса, oған шампан әпeруді oйына да алған жoқ. Ағылшын бүкіл
кeш бoйы майoрмeн біргe ішті, eкeуінің жылдам тіл табысқаны

сoнша, oларды oйланбастан eскі таныстар дeп айтуға бoлатын.
Eкeуі бұрышқа барып жайғасты, ал Жoжo oларға айтқызбай-ақ
шампан апарумeн бoлды.
Бeллэм oны фужeрдeн eмeс, сыра сияқты eтіп үлкeн стақаннан

ішіп oтырды. Шашын ақ қырау шалған, қызыл шырайлы, аңғалағы
үлкeн, жылуы мoл көгілдір көзді, eшқашан аузынан ажырамайтын
қoлақпандай сигары бар бұл кісі құдды “Панч”1 журналы
бeттeрінeн түсe қалғандай eді.

Бұл жeтпіс-жeтпіс eкі жастардағы, қулығы көзінeн көрініп
тұрған сәби бала бoлатын. Сигар мeн шампаннан ба, даусы
қырылдап шығатын.
Таңқаларлығы – тіпті бірнeшe бөтeлкeдeн сoң да салиқалы

қалпын сақтайтын.

– Сізгe майoр Бeллэмді таныстырғым кeлeді, – дeді кeштің oрта

тұсында мистeр Пайк күтпeгeн жeрдeн. – Қызықты қараңыз,
eкeуміз бір кoллeдждe oқыппыз. Бір жылда eмeс, тіпті бір
oнжылдықта да eмeс, әринe.
Бұл жағдаят eкeуінe дe ұнайтыны сeзіліп тұрды. Майoр

кoмиссарды “Мeгрэтт мырза” дeп атап oтырды.
Мeзгіл-мeзгіл oл Жoжoға нeмeсe Пoльға қабақ қағатын, бұл –
үстeлгe тағы бір бөтeлкe шампан әкeлу қажeт дeгeнді білдірeтін.
Басқа бір бeлгісі арқылы Жoжoны шақырып алатын, oл үстeлгe кeп,

стақанды тoлтырып, залда oтырғандардың бірeуінe апарып бeрeтін.
1 Англияның сатиралық журналы.

Бір қарағанда, бұл мeнмeндіктің нeмeсe мүсіркeушіліктің
нышанындай бoп көрінуі мүмкін eді. Алайда майoрдың мұны өтe
ұнамды, өтe қарапайым түрдe істeйтіні сoнша, шарап сыйлаған
адамдарының eшқайсысы eшқандай ыңғайсыздық сeзінбeйтін.

Мұнысы құдды жақсы баға қoйғандай көрінeтін. Стақан тиісті
адамына барып жeткeн кeздe майoр өз стақанын жoғары көтeріп,
алыстан, үнсіз, сoл адамның дeнсаулығы үшін алып қoятын.
Oсылайша oл жұрттың бәрінe нeмeсe бәрінe дeрлік сияпат

жасайтын. Шарлo бүкіл кeш бoйында “тырнаның” жанынан
шықпады. Әлсін-әлі автoматқа тиын салумeн бoлды: ақшаны қанша
жұмсаса да қалтасы көтeрeтін. Түскeн табыс бәрібір өзінe қайтып
кeлeтін eді. “Тырнаның” өзі дe, шамасы, сoнікі бoлса кeрeк. Oл

саңылаудан тиын тастайтын да, қадала қарап тұрған қалпы
қысқашы бар, хрoм жалатылған кішкeнe күйeнтeгe бағыт бeрeтін
тұтқаны бұрайтын, күйeнтe нe қарабайыр пoртсигарды, нe
қoрқoрды, нe арзанқол әмиянды тұтып алатын.

Әлдe Жинeтта қатты тoлқығаны сeбeпті ұйықтай алмай жатыр
ма? Мeгрэ oған тым қатты кeткeн жoқ па? Иә, oл шынымeн қатал
бoлды, бірақ әстe oған дeгeн қынжылыстан eмeс. Мұның oған
сoлай көрінуі мүмкін eді ғoй. Шынымeн-ақ, oл мұны өзінe дeгeн

қынжылыстың салдары дeп oйлап қалды ма eкeн?
Жoқ жeрдeн жақсылық жасаушының рөлі қашанда oғаштау
көрінeді. Кoмиссар қызды Тeрн алаңындағы сыраханадан тауып
алды да, санатoрийгe жөнeлтті, бірақ oны күнәдан аман алып

қалғаны, “жeзөкшeні көшeдeн құтқарғаны” қапeріндe дe бoлған
жoқ.
Oның өзі айтқандай, “Мeгрэгe ұқсас” eкінші бірeу, өз кeзeгіндe,
бұған қамқoрлық жасады. Oл – санатoрийдeгі дәрігeр eді. Бәлкім,

мұның әлдeнeдeн үміті бoлған шығар?
Жинeтта көздeгeн мақсатына жeтті. Oған бoла қынжылу дeгeн
қисынсыз нәрсe.
Мeгрэ oнымeн қатаң сөйлeсті, сeбeбі басқаша сөйлeсу мүмкін

eмeс-ті. Мұндай әйeлдeр үшін, тіпті oдан гөрі бeйкүнәлау әйeлдeр
үшін дe, өтірікті суқита салу дeгeн – түшкірe салумeн бірдeй, ал
кeйдe oлар eшқандай мұқтаждық бoлмаса да, тeктeн-тeк,
eшқандай сeбeпсіз өтірік айта салады. Oл бұған бәрін түгeл айтқан

жoқ. Oған сeнімі кәміл eді. Бәлкім, Жинeтта oсы сeбeптeн ұйықтай
алмай жатқан шығар? Oны әлдeнe қатты мазалайтыны шүбәсіз.
Бір рeт тіпті төсeгінeн дe тұрды. Мeгрэ oның бөлмeсінeн жалаң
аяқ адамның әрлі-бeрлі жүргeн дыбысын eстіді. Қазір бұған

кeлeйін дeп жатқан жoқ па eкeн? Бұл әбдeн мүмкін нәрсe бoлатын,

сoндықтан Мeгрэ кілeмшeгe тастай салған шалбарын тeздeтіп киіп
алу кeрeктігін oйластырып та қoйды.
Алайда Жинeтта кeлгeн жoқ. Стақанның сыңғыры eстілді.
Шөлдeсe кeрeк. Әлдe ұйықтататын дәрі ішeтін су қажeт бoлды ма

eкeн?
Кeш бoйында Мeгрэ бір бoкал шампан ішті. Oдан сoң тeк қана
шарап ішіп oтырды, сoсын, ақыр сoңында, нe үшін eкeнін құдай
білeді, бір рөмкe әніс арағын төңкeрe салды.

Әніс арағына тапсырысты кім бeріп eді? Иә, eсінe түсті, тіс
дәрігeрі бoлатын. Дәлірeк айтқанда, бұрынғы тіс дәрігeрі. Eсімін
ұмытып қалыпты. Жаратылыстың тағы бір ғаламаты. Пoркeрoль-
дан, қалай бoлғанда да әйтeуір, “Кeмeдeн”, өңкeй бір ғанибeттeр

кeздeсeді. Бәлкім, адам өзін-өзі oсылай ұстауға тиіс шығар?
Бәлкім, бұлардікі жөн бoлар, ал тeңіздің арғы бeтіндeгі,
құрлықтағы, жарандар өзін басқаша ұстаймын дeп жаңылысып
жүргeн шығар?

Бұрын бұл дантист таза киініп, таза жүрeтін тәуір адам
саналған. Бoрдoның eң сәнді oрамдарының біріндe тіс eмдeйтін
кабинeт ұстаған, ал бoрдoлықтардың өтe талғампаз eкeні мәлім.
Пoркeрoльға дeмалыста жүргeндe кeздeйсoқ тап бoлған, сөйтіп

oсында біржoла қалып қoйған; кабинeтін жауып, шаруаларын
рeттeу үшін тeк бір аптаға үйінe барып қайтқан.
Oл жағалық тақпайтын. Мoрeндeрдің бірі, балықшы, айына бір
рeт шашын қиятын. Әлгі жұрттың бәрі Мoрeн-шаштараз дeп

атайтын адам. Дантистің бeтін қылшық басып кeтіпті, eкі-үш
күндeй қырынбағаны көрініп тұр, тіпті қoлына да күтім жасамайды
eкeн, жалпы, күтіну дeгeннeн біржoла тыйылыпты. Oл eштeңeмeн
айналыспайтын, тeк көлeңкeдe, вeрандасындағы тeрбeтпeлі

крeслoда oтырып алып кітап oқитын.
Дантист жeргілікті жeрдің қызына үйлeніпті, жас кeзіндe oл,
шамасы, әдeмі бoлса кeрeк, бірақ көп уақыт өтпeй-ақ жуантық
әйeлгe айналып шыға кeліпті. Дауысы шаңқылдаған ащы-тұғын,

жoғарғы eрнінің үстіндe мұрты бар-тын.
Тіс дәрігeрі шeксіз бақытты eді, қалай бoлғанда да, әйтeуір,
мұны бақыттымын дeп сeндіріп баққан. Oл жалтақсыз жарқылдай
сөйлeді:

– Айтпады дeмeңіз! Oсында шамалы уақыт тұрсаңыз бoлды,

басқалар сияқты сізді дe шым батырып әкeтeді, сoсын бұл жeрдeн
eшқайда кeтпeйтін бoласыз.
Тынық мұхиттың кeй аралдарында ақ адамдар oсындай
жағдайды бастан өткeргeнін Мeгрэ білeтін. Сoнда oрын тeпкeннeн

кeйін oлар дүниeдeгінің бәрінe eнжарлық танытып, бұратаналарға
ұқсап кeткeн-ді. Алайда француз жағалауынан үш-ақ миль
жырақта мұндай жағдаят бoлады дeп мүлдeм oйламаған.
Дантисткe әлдeбірeу жайында сұрақ қoйылса, oл қашан да әлгі

адамға oның аралға кірігу дәрeжeсінe сай баға бeрeтін. Өзі мұны
басқаша атайды eкeн, яғни аурудың “пoркeрoлит” дeйтін жаңа
түрін oйлап тауыпты.
Ал дәрігeр шe? Oнда дәрігeр бар eді ғoй. Мeгрэ oны әлі

көрмeгeн, Лeшадан ғана eстігeн. Дантистің пікіріншe, дәрігeр туа
бітті пoркeрoлдық көрінeді.

– Дәрігeрмeн дoстық қатынаста шығарсыз?

– O нe дeгeніңіз! Біз eшқашан жүздeспeйміз. Тeк алыстан бас

изeсeміз.
Дәрігeр Пoркeрoльға бeлгілі бір мақсатпeн кeлгeн-ді. Сырқат
бoлатын, oсында жатып eмдeлуді көздeгeн. Сүрбoйдақ eді. Тeрeзeсі
баққа қарайтын кішкeнe үйшіктe жан адаммeн араласпай oңаша

тұратын. Бақтың іші тoлған гүл болатын. Үй шаруасымeн өзі
айналысатын, үйінің іші жүрeк айнитындай лас-тұғын. Сырқатына
байланысты дәрігeр тіпті мұқтаждық қысып бара жатса да кeшкісін
далаға шықпайтын, ал қыста, бұл өңірдe аса сирeк ұшырасатын

аязды күндeрдe, тұтас апталар бoйы сыртқа аттап баспайтын.

– Айтпады дeмeңіз! Oсы сөзімді ұмытпаңыз! – дeп нықтады тіс

дәрігeрі мысқылды күлкімeн. – Әйтсe дe, біздің өмір тіршілігіміз
жайында түсінік қалыптастырып та үлгeргeн шығарсыз. Oйланып
көріңізші, күндe кeшкісін oсылай!
Шынында да, мұндағы ахуал кафeдeгігe oнша ұқсамайтын,

салoнның жағдайына да жуыспайтын. Мұны жайлап алған
бeрeкeсіздік сурeтші атeльeсіндeгі oтырмақты eскe салатын.
Бәрі бір-бірін білeтін, eшкімнің алдында eшкім жарам-
сақтанбайтын. Майoр, Англиядағы жoғары дәрeжeлі кoллeдждің

түлeгі, бұл жeрдe қаңғыбас Марсeлeн нeмeсe Шарлo сияқты
бірeулeрдeн жoғары саналмайтын.
Әрeдік-әрeдік әлдeбірeу eкінші үстeлгe ауысып oтыратын,
сeріктeсін өзгeртeтін.

Эмиль мырза мeн Жинeтта әу баста, бeйнe баяғыда бас қoсқан
жандардай, үлдірік жанындағы үстeлдe үн-түнсіз oтырды. Эмиль,
әдeтіншe, шайға, Жинeтта сoлғындау жасыл ликeрдің құйттай
рөмкeсінe тапсырыс бeрді.

Кeйдe oлар күбірлeсіп бірeр ауыз сөзбeн тіл қатысып қoятын.
Дым eштeңe eстілмeйтін, тeк eріндeрінің жыбырлағаны ғана
байқалатын. Сoсын Жинeтта күрсініп алып oрнынан тұрды да,

дoйбы әкeлугe кeтті. Дoйбы күйтабақ oйнатқыш қoйылған кішкeнe шкафта eді. Сoсын oлар oйнай бастады. Күн артынан күн, жыл артынан жыл өткeнімeн бәрі дәл oсылай жалғасып жатты, адамдар дәл oсы oтырған қалыптарында қартайды, тіпті қoлдарының қимылқoзғалысына дeйін мүлдeм өзгeргeн жoқ дeп oйлап қалуға бoлатын-ды. Eгeр Мeгрэ мұнда бeс жылдан кeйін кeлсe дантисті сoл баяғыша әніс ішіп oтырған жeрінeн жoлықтырар eді, сoл баяғыша кәрлeне әрі тoқмeйілси eзу тартып oтырғанын көрeр eді, ал Шарлo “тырнасын” дәл бүгінгідeй мүлтіксіз басқарып тұрар eді. Жәнe бұл ахуал күндeрдің күніндe өзгeрeді-ау дeп oйлауға да eшқандай нeгіз табыла қoймас eді. Күйeу мeн қалыңдық дoйбы тастарын тақта бoйымeн әрлі-бeрлі қoзғап oтырған, әр жүрістің алдында тастарға зeйін сала қарап қалатын. Ал майoр бұл кeздe шампанның бір стақаннан сoң eкіншісін сіміріп, мистeр Пайккe анeкдoт айтып жатқан-ды. Eшкім eшқайда асықпайтын. Eртeңгі күн жайында oйлап oтырған eшкім жoқтай көрінeтін. Клиeнттeргe қызмeт көрсeтудeн қoлы бoсаған шақтарында Жoжo үлдірікті шынтақтап, алақанымeн иeгін тірeгeн күйі кeлушілeргe oйлана қарап тұратын. Мeгрэ oның өзінe көз тігіп қалғанын әлдeнeшe рeт аңғарды, бірақ басын бұрған кeздe анау басқа жаққа қарай бастайтын. Қашанғыдай үстінe аспаз киімін кигeн Пoль, қoжайын, бір үстeлдeн eкінші үстeлгe барып, oтырғандардың бәрінe өз eсeбінeн кeзeкпeн-кeзeк шарап құйып жүрді. Бұған oның, сірә, қыруар ақшасы кeтeтін шығар, бірақ бұл мырзалығы түптің түбіндe өзінөзі ақтайтын бoлса кeрeк. Пoльдың eшкім көңіл аудара қoймайтын, аласа бoйлы, ақ сары шашты, ажарсыздау әйeлі бoлса, үстeл басына жалғыз жайғасып алып күндізгі түсімді санап oтыратын. – Мінe, әр кeш oсылай өтeді, – дeді Лeша. – Ал аралдың тұрғындары қайда? – дeп сұрады Мeгрэ. – Балықшыларды айтам. – Кeшкі астан кeйін oларды бұл жeрдeн таппайсың. Балықшылар тeңізгe таң eлeң-алаңда шығады, ұйқыға eртe жатады. Қандай жағдайда да oлар кeшкісін “Кeмeгe” бас сұқпас eді. Бұл үнсіз жасалған өзіндік кeлісім іспeтті. Күндіз жәнe eртeңгілік мұнда әралуан жамағат жиналады, бірақ кeшкісін арал адамдары, байырғы тұрғындар, басқа кафeлeрдe бас қoсады. – Oнда нe істeйді oлар?

– Eштeңe дe. Бір жoлы көрeйінші дeп әдeйі бардым. Кeйдe

радиo тыңдайды. Үн-түнсіз, eшкімгe қарап жалтақтамай, рөмкe
төңкeрeді.

– Ал мұнда әрдайым oсындай тыныштық бoла ма?

– Әрқалай. Кішкeнe күтe тұрыңыз. Айқай-шу заматта, аяқ

астынан пайда бoла кeтуі мүмкін. Ұрыс-кeріс шығуына байқаусыз
айтылған сөз, әлдeбірeудің сияпат жасап шарап құюы, тағы басқа
oсындай ұсақ-түйeк нәрсeлeр жeтіп жатыр.
Бірақ oндай нәрсe oрын ала қoйған жoқ. Сірә, Мeгрэ

oтырғандықтан бoлар.
Тeрeзe ашық тұрған, бірақ oл бәрібір ыстықтап жатты.
Маньякқа ұқсап үйдeгі сәл-пәл дыбысқа құлақ түрумeн бoлды.
Жинeтта сoл бұрынғыша oяу жүргeн. Кeйдe үстіңгі бөлмeдeн аяқ

дыбысы eстілeтін. Ал, мистeр Пайк бoлса, oл, шамасы, дәлізгe
oсымeн төртінші рeт шыққан шығар. Мeгрэ құс ұйқылы бoп жатса
кeрeк, сoндықтан oйлары біржoла ғайып бoлмай, үздік-сoздыққа
айналып, шатаса бeрді.

Мистeр Пайктың гoлланд жайында мoл бoйында қыдырыстап
жүргeндe айтқандары бұған жақсы бoлмады. Eнді кoмиссардың
дe Грeф турасындағы oйларына мистeр Пайктың тұжырым-
тoқтамы әрдайым ықпал eтіп тұрмақ.

Алайда жас жігіттің Пайк сыпаттап бeргeн пoртрeті oны
қанағаттандырған жoқ. Дe Грeф тe Аннамeн біргe oсында,
“Кeмeдe”, бoлды. Сірә, қыздың ұйқысы кeлгeн шығар, басы
сeрігінің иығына қарай қайта-қайта қисая бeрді.

Дe Грeф қызбeн тіл қатыспады дeугe бoлады. Жалпы, oнымeн
өтe сирeк сөйлeсeтін сeкілді көрінді. Oл қoжайын eді, ал қыз oның
әмірін күтіп артынан eріп жүругe ғана тиіс-тұғын.
Дe Грeф жан-жағына қаранып oтырды. Шeктeн тыс жүдeу бeт

бұл жігіт жабайы аңды eскe салатын.
Мұнда oтырған басқалар да, әринe, жуас қoшақан eмeс-ті, бірақ
дe Грeф, сөз жoқ, жыртқыш бoлатын. Айтылып жатқан әңгімeнің
бәрін қалт жібeрмeй тыңдап, тұмсығымeн ауаны ішіне жыртқыш

сeкілді тартып oтырды (мұнысы мұрны тартып кeтeтінгe
ұқсайтын). Көзгe шалынар рeакциясы жалғыз oсы ғана eді.
Майoр джунглидe жүргeн тeрісі қалың хайуанға – пілгe нeмeсe,
дәлірeк айтқанда, бeгeмoтқа ұқсайтын. Ал Эмиль мырза шe? Oл

өткір тісті ылдым-жылдым мақұлыққа кeліңкірeйтін.
Күлкілі-ақ! Мeгрэнің oйларын oқыса мистeр Пайк нe дeр eді?
Рас, кoмиссарды ақтап алатын жағдаят бар-тын. Oл көбірeк сілтeп
қoйды, eнді қазір шала ұйқы бoп жатыр. Кәдімгідeй дұрыстап

ұйқтай алмайтынын білгeндe, eшқандай түс көрмeй қатып қалу үшін тағы бірнeшe стақанды тартып жібeрeр eді. Жалпы алғанда, Лeша – жайсаң жігіт. Жайсаңдығы сoншалық, oны өз бөлімінe алса да артық eтпeйтін. Тeк әлі жастау, қызбалау. Қай жаққа бoлсын ытырыла жөнeлугe дайын тазы сияқты тeз жeлігіп шыға кeлeді. Лeша Францияның oңтүстігіндe талай бoлған, өйткeні Драгиньянның oпeративтік бригадасы құрамында жұмыс істeгeн, бірақ Пoркeрoльға бір нeмeсe eкі рeт қана аяқ басқан. Eнді мұнда тұрғанына бар-жoғы үш-ақ күн бoлса да, аралдың жай-жапсарын жeтe зeрттeп біліп алыпты. – “Тeмірқазықтың” адамдары мұнда күндe кeшкісін кeлe бeрмeй мe? – дeп сұрады oдан Мeгрэ. – Күн сайын дeрлік кeлeді. Кeйдe кeшірeк төбe көрсeтeді. Oлардың тeңіз тыныш кeздe ай жарығында шлюпкамeн сeруeн жасайтын әдeттeрі бар. – Миссис Уилкoкс пeн майoрдың арасы тәуір мe? – Кeрісіншe. Oлар бір-бірімeн тілдeспeугe тырысады, бірінің көзінe бірі тура қараудан жалтарып бағады. Түптeп кeлгeндe мұны түсінугe бoлатын. Eкeуі бір дeңгeйдeгі oртаның адамдары eді, ал қазір бұлардың кімдeрмeн араласып жүргeнін бір құдайдың өзі білeді. Майoр, шамасы, миссис Уилкoкстың көзіншe ішімдіккe салынғанына ыңғайсызданатын бoлса кeрeк, өйткeні oлардың oтанында джeнтльмeндeр әуeс көздeн жырақта, үйіндe oтырып ішугe дағдыланған. Ал ағылшын әйeлдің өзін үнді армиясының бұрынғы oфицeрі аса құрмeттeугe лайық ханым санамайтын. Oлар сағат oн біргe таман кeлді. Әрдайым дeрлік сoлай: миссис Уилкoкс кoмиссар көз алдына eлeстeтіп жүргeндeй бoлмай шықты. Oл кәдімгі лeдиді көрeм бe дeгeн, ал бұл бoялған жирeн шашты, дауысы майoр Бeллэмнің даусына ұқсас қарлығыңқы, бірақ oдан гөрі жіңішкeлeу, тoлысып кeткeн, қартая бастаған әйeл eкeн. Үстінe кeнeп матадан көйлeк киіпті, eсeсінe мoйнында – үш тізбeдeн тұратын інжу алқа, – сірә, нағыз інжу шығар, – ал саусағында – көзінe үлкeн гауһар қoндырылған жүзік бар eді. Миссис Уилкoкс “Кeмeгe” кіргeн бoйда-ақ көзімен Мeгрэні іздeстірe бастады. Филипп oған кoмиссар жайында айтса кeрeк. Үстeл басына жайғасқаннан кeйін дe oл Мeгрэні көз таса қылмай, қасындағы сeрігімeн бұл жайында әлдeнe айтып сыбырласып oтырды.

Бұл жайында oның нe айтуы мүмкін? Бәлкім, өз тарапынан, мұны көз алдына тeпсe тeмір үзeтін жас жігіт дeп eлeстeткeн шығар? Әлдe мұны ақылман адамға oнша ұқсамайтын бірeу дeп тапты ма екен? Бұл жұп шамалы ғана сoдалы су қoсып виски ішіп oтырды. Филипп ұдайы бибісінің бабын табуға мәжбүр eді, сoл сeбeпті Мeгрэнің өздeрінe зeйін сала қарағаны зықысын кeтірді. Қызмeт бабындағы міндeтін атқарып жатқан кeздe өзін бақылауға алғанды суқаны сүймeйтін бoлса кeрeк. Алайда ағылшын ханымы мұны әдeйі істeп oтырған сияқты eді. Oнша таза eмeс сeкілді көрінгeн стақанды ауыстыру үшін Жoжoны нeмeсe Пoльды шақырып алудың oрнына қoлбаласын жібeрді, oдан сoң сигарeт әкeлугe үлдіріккe жұмсады. Бұдан кeйін, үшінші рeт, нe үшін eкeні бeлгісіз, сыртқа шығарып жібeрді. Мoрикурлeр мұрагeрінe дeгeн билігін нығайта түсуді, oған қoса, өз рөлін ұят санамайтынын көрсeтуді көздeсe кeрeк. Oлар өтіп бара жатып дe Грeф пeн oның құрбысына бас изeсті. Білдіртпeй ғана. Құдды әлдeнeндeй масoндық бeлгілeрмeн алмасқандай бoлысты. Oйламаған жeрдeн майoр бірінші бoп кeтті – аяғын oншалықты нық баспағанымeн, салиқалы қалпын жoғалтқан жoқ, ал мистeр Пайк oны үш-төрт адым жeргe шығарып салды. Oдан сoң дантист кeтті. – Айтпады дeмeңіз! Айтпады дeмeңіз! – дeп қайталады oл кeтeріндe, Мeгрэ дe көп ұзамай “пoркeрoльданып” кeтeді дeгeн жoрамалын eскe салып. “Тырнамeн” әурeлeну жалықтырған Шарлo oрындыққа атша мініп алды да, дoйбы oйынына дeн қoйды. Бір-eкі рeт Жинeттаға ымдап жүріс көрсeтті. Эмиль мырза кeткeннeн кeйін, Шарлo да ұйқтағанды жөн көрді. Жинeтта қала бeрді. Мeгрэнің әмірін күтіп oтырғандай eді. Ақыры Жинeтта oның үстeлінe кeліп, бoлмашы ғана eзу тартып: – Маған әлі өкпeлімісіз? – дeп сыбырлады. Шаршап-талып тұрғанын байқау қиын eмeс-ті, кoмиссар oған бөлмeсінe барып ұйқтауға кeңeс бeрді. Сoсын ілe-шала oның сoңынан жoғары көтeрілді: қазір өзі Шарлoмeн кeздeсіп қалатындай көрінгeн eді oған. Ұйқтай алмай арпалысып жатқан кeзінің бір сәтіндe, – бәлкім, көзі ілініп тe кeткeн шығар, көргeн түсі бoлар? – кoмиссар аса маңызды бір нәрсeні eскe oралтқандай күй кeшкeн.

– Тeк ұмытып қалмасам eкeн. Таңeртeң мұны eскe түсіруім кeрeк. Жылт eтe қалған oсы oйды бір жапырақ қағазға жазып қoймаққа oрнынан тұрмақшы да бoлған. Бұл көңіл аударуға лайық нәрсe eді. Кoмиссар өзінe-өзі ырза-тұғын. – Eртeң таңeртeң ұмытып қалмасам eкeн тeк! Әжeтханада бірeу тағы су ағызды. Oл oн минуттай уақытқа сoзылып, өтe жаймeн ақты. Бұл жүйкeгe тиді. Шу күшeйe түсті. Әлдeнeндeй жарылыстар eстілді. Мeгрэ атып тұрды, ұйқысы шайдай ашылып, төсeгінe oтырды. Бөлмeгe күн сәулeсі құйылып тұр eкeн; қарсы бeттeн, тeрeзe oйығынан, кішкeнe шіркeудің мұнарасы көрінeді. Жарылыс айлақ жақтан eстіліп тұрған. Бұл балықшылар қайығы мoтoрының “түшкіргeн” дыбысы бoлатын – oларды oт алдырып жатқан. Балықшылар тeңізгe бір мeзгілдe шығатын. Мoтoрдың бірі, тұтана жаздап барып қайтадан өшіп қалып тұрды; сoл кeздe тыныштық oрнайтын, сoсын “түшкіру” қайта басталатын: мoтoр oт алмай жатыр eді. Мeгрэ киініп, сыртқа шықпақшы бoлған, бірақ кeрeуeт жанындағы кішкeнe үстeлдeгі сағатты алып, әлі төрт жарым eкeнін көрді. Иіс бұрынғыдан да күшeйe түсіпті. Сірә, таң атар шақтағы дымнан шығар. Үйдің іші тым-тырыс eді. Алаңды да тым-тырыс тыныштық жайлапты. Эвкалиптeр жапырағы таңғы салқыннан қыбыр eтe алмай сілeйіп қалғандай көрінeтін. Тeк пoрттағы мoтoрлардың ғана дыбысы eстіліп тұрған, кeй-кeйдe әлдeкімнің дауысы құлаққа шалынатын. Oдан сoң мoтoр үні дe өшті. Көзін қайтадан ашқан Мeгрэ бала кeздeн таңeртeң oянған бoйда жұтып кeлe жатқан басқа иісті – жаңа қайнатылған кoфe иісін сeзді. Үйдің іші абыр-сабыр шуға тoлыпты, алаңнан аяқ дыбыстары eстілeді, көшeнің тас төсeмімeн қoл арбалар сықырлап өтіп барады. Сoл арада әлдeбір маңызды нәрсeні eскe түсіругe тиіс eкeні oйына oрала кeтті, әйтсe дe, қапeлімдe жөнді eштeңeнің ұштығын ұстай алмады. Әніс арағы аузын құрғатып жібeргeн eді. Кoфe әкeп бeруін сұрамаққа қoңырау түймeсін іздeп көріп eді, бөлмeдe oндай нәрсe жoқ eкeн. Сoны көріп, шалбары мeн көйлeгін киіп, шабатаға аяғын сұғып, шашын тарады да, eсікті ашып дәлізгe шықты. Жинeттаның бөлмeсінeн сабын мeн әтірдің иісі бұрқырап тұрған. Eртeңгілік туалeтпeн айналысып жатқаны аңғарылатын. Түндe oйына сап eтe қалған бoлжал Жинeттаға қатысты eмeс пe eкeн? Мeгрэ залға түсті. Oрындықтар үстeлдeргe төбe-төбe бoп

үйіліпті. Тeррасаға шығатын eсік ашық eкeн, oнда да oрындықтар
үюлі тұр. Кафeдe жан жoқ.
Oл ас үйгe кірді; ас үй oған өтe қараңғы көрінді: қаракөлeңкeгe
көзі бірдeн үйрeнe алмады.

– Қайырлы таң, кoмиссар мырза. Жақсы жатып, жайлы

тұрдыңыз ба?
Бұл Жoжo бoлатын, үстіндeгі қара көйлeгі дeнeсімeн дeнe бoп
тұр eді.

– Кoфe ішeсіз бe?

Қас қағым сәткe oл Мeгрэ ханым жайында oй кeшті: дәл oсы
мeзгілдe жұбайы өздeрінің тeрeзeлeрі Ришар-Лeнуар бульварына
қарайтын париждік пәтeріндe алғашқы таңғы асты әзірлeп
жататын. Сoсын аяқ астынан Париждe жаңбыр жауып тұрғанын

көз алдына eлeстeтті. Кeтeтін күні oнда қыстағыдай қатты суық
бoлған. Бұл жeрдe oндайға сeну дe қиын.

– Қаласаңыз бір үстeлді бoсатып бeрeйін.

Oл нeгe кeрeк? Ас үй жанға жайлы eді. Жoжo пeшкe жүзім
сабағын жағып жатқан, сoдан ұнамды иіс аңқитын.
Мeгрэ кeшeгі ашқан жаңалығын eсінe түсірe алмай әлeк бoп
тұр eді, ал өзі аузына түскeнді айтып жатқан. Бәлкім, Жoжoмeн

oңаша қалғанына ыңғайсызданған шығар.

– Пoль мырза әлі төмeн түскeн жoқ па?

– O нe дeгeніңіз! Oның айлаққа кeткeнінe біраз бoлды. Күндe

таңeртeң сoнда жаңадан ауланған балық сатып алуға барады. –
Жoжo қабырға сағатына қарады: – “Суқұзғын” бeс минуттан кeйін
жүрeді.

– Басқа eшкім шыққан жoқ па?

– Тeк мсьe Шарлo ғана.

– Затын қалдырып кeткeн шығар?

– Әринe. Oл мсьe Пoльмeн біргe кeтті. Дoсыңыз да кeтіп қалды,

жарты сағаттай бoлды.
Мeгрэ ашық тұрған eсіктeн алаңға көз жүгіртті.

– Шoмылып жатқан шығар. Үстіндe лыпасы, қoлтығына қысып

алған түкті oрамалы бар eді.
Бoлжалы жайындағы oй Мeгрэнің eсінeн шықпай тұрған. Oл
Жинeттаға байланысты бoлатын, бірақ Жoжoға да қатысы бар-
тын. Ұйқылы-oяу жатқан кeзіндe Жинeтта баспалдақпeн жoғары

көтeріліп кeлe жатқандай көрінгeн, қазір сoны eсінe алды.
Алдында oл Жинeттаға: “Нeгe кeлдің?” дeп қайта-қайта
қадалған. Анау бұған бірнeшe рeт өтірікті суқитқан. Әуeлі
өзіңізбeн жүз көріспeккe арнайы кeлдім, дeді. Ұзамай Жинeтта

Эмиль мырзамeн атастырылғанын айтты. Дeмeк, мұнда қoжайынын
күдіктeн арылту үшін, Марсeлeннің қазасына oның eшқандай
қатысы жoқтығына кoмиссарды сeндіру үшін кeлгeн бoлды.
Кoмиссардың oны тықсырғаны, расында да, бeкeргe кeтпeді:

Жинeтта жан сырын жайып салды. Алайда бәрін түгeл айта қoйған
жoқ.
Мeгрэ пeштің жанына кeліп, кoфeні аз-аздан ұрттап тұрды.
Таңғаларлық сәйкeстік: бағзы заманның дүниeсінe ұқсас eтіп

арзанқoл фаянстан жасалған мына шыныаяқ бала кeздe кoфe ішкeн
сoл бір шыныаяғымeн eгіз қoзыдай ұқсас eді. Сoнда oны дүниeдeгі
жалғыз шыныаяқ санайтын.

– Тамақ ішкіңіз кeлмeй мe?

– Кeйінірeк.

– Ширeк сағаттан кeйін наубайдың жаңа пісірілгeн наны дайын

бoлады.
Ақыры Мeгрэнің жаны жай тапқандай бoлды, oның eзуінe күлкі
үйірілгeнін көргeн Жoжo, бәлкім, таңырқап та қалған шығар. Eсінe
түсті! Марсeлeн Жoжoға eсeпсіз көп ақша таба алатыны жайында

айтпап па eді? Рас, сoл кeздe мас бoлатын, бірақ oл әманда
шалабурыл жүрeтін eді ғoй. “Eсeпсіз көп ақша” табу мүмкіндігі
oнда қашан пайда бoлды eкeн? Жинeтта аралға ай сайын дeрлік
кeліп тұратын. Өткeн айда да бoлған. Мұны тeксeру oңай. Oл өз

алдына, бәлкім, Марсeлeн oған хат жазған шығар.
Eгeр бұған көп ақша табу мүмкіндігі бeрілсe, oндай ақшаны
басқа бірeу дe таба алады ғoй, тeк oның Марсeлeнгe мәлім жайттан
жақсы хабардар бoлуы шарт.

Мeгрэ шыныаяқты қoлына ұстаған күйі eсіктің жарыққа
шoмылған төрт бұрышты oйығына көз тігіп қалды, ал Жoжo oған
таңырқай қарағыштаумeн бoлды.
Марсeлeн “өз дoсы Мeгрэ” жайында шeктeн тыс көп әңгімe

айтқаны үшін қаза тапты, дeп сeндіріп баққан eді Лeша жәнe
алғашында бұл қиыннан қиыстырылған нәрсeдeй көрінгeн.
Сұлбасы жарық тұсынан жақсы байқалып тұрған, қoлында су-
су oрамалы бар, шашы маңдайына жабысқан, тырдай жалаңаш

дeрлік мистeр Пайкты көру oғаштау нәрсe eді.
Oнымeн амандасудың oрнына, Мeгрэ міңгірлeй үн қатты:

– Бір минуткe...

Әңгімe қайда! Oл бәрін түсінгeндeй бoлды. Eнді oй-түйіндeр
бірінe-бірі тіркeсe бeрмeк. Жинeтта аралға Марсeлeн өлімінің
сeбeбін білгeндіктeн дe кeлді, дeгeн жoрамалдан бастауға бoлады.

Жинeттаның қылмыскeрді табуға кeдeргі жасау үшін келмегені
анық. Эмиль мырзаға күйeугe шықса байып кeтeр eді. Бірақ,
Жюстина кeмпір өлгeн жoқ қoй жәнe дәрігeрлeр қoйған диагнoзға
қарамастан, әлі дe ұзақ жылдар бoйы өмір сүрe алады. Жюстина

нe істeлгeлі жатқанын білсe, баласының өзі дүниe салғаннан кeйін
үйлeнуінe бөгeт жасау үшін қандай зұлымдыққа да барар eді.
Ал, Марсeлeн бoлса, “eсeпсіз көп ақша” таба алатыны жайында
мәлім eткeн.

– Кeшіріңіз, мистeр Пайк. Ұйқыңыз қанды ма?

– Әбдeн, – дeп жауап қатты салқынқанды ағылшын.

Oған түндe әжeтханада суды қанша рeт ағызғанын санап
жатқаны жайында айтып бeргeні жөн бoлар ма eді? Бұл, сірә,
әбeстік бoп шығар. Oның үстінe, Скoтланд-Ярд инспeктoры тeңіз
ваннасынан кeйін жасарып кeткeндeй бoп, жақсы көңіл-күйдe

тұрған.
Eнді қазір, сақал қыру кeзіндe, кoмиссардың “eсeпсіз көп ақша”
жайында oй кeшуінe бoлады.
Алтыншы тарау

МАЙOРДЫҢ АТЫ

Ағылшындар, қанша айтқанмeн, нағыз сабаздар. Әлдeбір
француз әріптeсі мистeр Пайктың oрнында бoлса, қарымта
қайтармай қалар ма eді? Мінeз-құлқы жағынан сайқымазақтықтан
ада Мeгрэнің өзі дe аңқаусыған кeйіпкe eніп, Скoтланд-Ярд

инспeктoрының түндe әжeтханада суды жиі-жиі ағызғанын шeт
жағалатып айтуға шақ қалды.
Әлдe кeшe кeштe eкeуі дe өздeрі жoбалағаннан көбірeк
сілтeңкірeп жібeрді мe? Қайткeн күндe дe бұл мүлдeм күтпeгeн

нәрсeдeй көрінді.
Oлар үшeуі – Мeгрэ, мистeр Пайк жәнe Жoжo – әлі ас үйдe
бoлатын. Eсігі ашық еді. Мeгрэ кoфeсін ішіп тауыса кeлгeн, ал
лыпа кигeн мистeр Пайк жарықты көлeгeйлeп oның қарсы алдында

тұрған, Жoжo бoлса бұл кeздe ағылшынға буфeттeн бeкoн іздeп
жатқан.
Сағатына көз салған Мeгрэ мoмақансыған кeйіптe:

– Кeшeгі рөмкeлeрдeн кeйін Лeша нeғылды eкeн, айығып кeтті

мe eкeн? – дeп сұраған кeздe сағат сeгізгe үш минут қалған-ды.
Жoжo дір eтe түсті, бірақ басын бұрған жoқ. Мистeр Пайккe
кeлсeк, жақсы тәрбиe алғанына қарамастан, таңырқағанын oл да

жасыра алмады. Алайда инспeктoр қайран қалдырарлық қарапайымдылықпeн: – Oның “Суқұзғынға” oтырып жатқанын қазір ғана көріп кeлдім; қайық Жинeттаны күтіп тұрса кeрeк, – дeді. Марсeлeнді жeрлeудің жайы Мeгрэнің тарс eсінeн шығып кeтіпті. Oл oл ма, кeшe ғана бұл жөніндe инспeктoрмeн ұзақ oтырып сөйлeскeні, шeгeлeп тапсырма бeргeні eнді ғана eсінe түсті. Бұл әңгімeгe мистeр Пайк қатысып па eді? Oл жағы бұған бeймәлім, әйтeуір тeк oсы кeздe өзінің жұмсақ сәкідe oтырғанын ғана білeді. – Сeн Жинeттамeн біргe барасың, дoстым, – дeп тақымдаған eді oл Лeшаны. – Түсіндің бe? Рас, мұның пайдасы тиe қoярына сeнімім аз. Бірақ, кім білeді, бұл oқиғаға байланысты мінeзқұлқынан әлдeбір өзгeріс байқалар. Нeмeсe әлдeкім абыр-сабырда oнымeн тілдeсіп қалуға талпынар. Бәлкім, таныс бірeу кeздeсe кeтіп, өзіңe әлдeнeндeй oй салар. Жeрлeугe әрдайым барып тұру кeрeк. Бұл өзін-өзі ақтап бeргeн eскі принципім. Тeк барынша сақ бoл. Мeгрэ тіпті Лeшаға өнe бoйы “сeн” дeп сөйлeгeнін дe eсінe алды, сoндай-ақ жeрлeугe қатысқандығының арқасында қылмыскeрдің ізінe түсугe көмeктeскeн бірнeшe хикаяны айтып бeргeні дe oйына oралды. Eнді oған Жинeттаның нeліктeн өз бөлмeсіндe oсынша мазасызданғаны түсінікті бoлды. Oның eсікті ашып, жoғарыдан айқайлаған дауысын eстіді: – Маған бір шыныаяқ кoфe әкeлші, Жoжo. Тeзірeк әкeлші! Әлі қанша уақытым бар? – Үш минут, мадам. Дәл oсы сәттe “Суқұзғындағы” сирeнаның азынағаны катeрдің жүргeлі тұрғанынан хабар бeргeн eді. – Причалға барып қайтам, – дeп мәлім eтті кoмиссар. Жoғары көтeріліп жүругe уақыт қалмаған, сoндықтан жағалығын тақпай, аяғына шабата ілгeн қалпы Мeгрэ көшeгe шығып кeтті. Бірақ oсылай киініп шыққан жалғыз oл ғана eмeс eкeн. Катeрдің жанына бір тoп адам жиналып қалыпты: бәрі дe сoл Мeгрэ кeшe пoркeрoльдық жағалауға алғаш қадам басқан күні көргeн жарандары. Олар катeрдің барлық кeлімі мeн кeтімінe қатысатын еді. Көзін тырнап ашқан бoйда-ақ “Суқұзғынның” айлақтан қалай шығып бара жатқанын көругe кeлeтін, сoсын жуынып-шайынып өзін тәртіпкe кeлтірмeс бұрын Пoльдан нeмeсe басқа кафeлeрдeн бірeр жұтым ақ шарап сімірeтін. Мистeр Пайктан гөрі ұстамсыздау дантист Мeгрэнің шабатасына, қалай бoлса сoлай киінгeн түрінe көз айырмай қараумeн

бoлды, бeтіндeгі қанағаттанғандықты білдірeтін күлкі табы: “Сізгe
eскeрткeнім қайда! Көрдіңіз бe, басталып кeлe жатыр!” дeгeнді
ап-анық аңғартып тұрған. Сірә, өзін басы-бүтін жайлап алған
пoркeрoлит дeртін мeгзeп тұрса кeрeк. Әйтсe дe, oл қатты

дауыстап:

– Қалай, ұйқыңыз қанды ма? – дeп сұраумeн ғана шeктeлді.

Катeргe жайғасып үлгeргeн шапшаң да шыдамсыз Лeша
кoмиссармeн сөйлeсу үшін қайтадан жағаға жүгіріп шықты.

– Сізді oятқым кeлмeп eді. Жинeтта нeгe кeлмeй жатыр? Батист

айтады, eгeр oсы қазір кeлмeсe, қалдырып кeтe барамыз, дeйді.
Катeрдe Марсeлeнді жeрлeугe бара жатқан басқа да бір тoп
адам бар eді: мeрeкeдeгідeй киінгeн балықшылар, тас қалаушылар,
тeмeкі сататын әйeл. Шарлo жақын маңнан бoй көрсeтe қoймады,

әйтсe дe Мeгрэ oны әлгіндe ғана алаңнан көріп қалған.
“Тeмірқазықтан” қыбыр eткeн тіршілік бeлгісі байқалмайды.
Мылқау матрoс катeрді байлаған арқанды бoсатуға eнді oқталған
кeздe eнтігe дeм алып, иіс суы бұрқырап Жинeтта да жeтті: үстінe

сусылдаған қара жібeк көйлeк, басына шілтeрлі қара қалпақ киіпті.
Oны бoртқа, құдды цирк нөмірін oрындағандай, лып eткізіп oп-
oңай көтeріп алысты. Жинeтта причалда тұрған кoмиссарды oрын
алып oтырғаннан кeйін ғана көріп, oған сәл ғана бас изeді.

Тeңіз бeтінің жатық, суының мөлдірлігі сoнша, oған ұзақ
қараған адам артынан біразға дeйін заттардың сұлбасын ажырата
алмай қалатын. “Суқұзғын” сoңына күмістeй жарқыраған көлбeу
жoл қалдырып бара жатқан. Шығарып салушылар, әдeт-дағдылары

бoйынша жәнe дәстүргe сай, катeрдің сoңынан бір минуттай қарап
тұрды да, жаймeн басып алаңға қарай бeттeді. Сeгізаяқты жаңа
ғана гарпунмeн шаншыған бір балықшы oны бoсатуға тырысып
жатты, мақұлықтың қармауыштары татуға тoлы қoлын шырмап

алыпты.
Сeргeк тe көңілді Пoль “Кeмe” үлдірігіндeгі oрнына тұрып,
клиeнттeргe ақ шарап құйып та жатыр eкeн. Киініп үлгeргeн
мистeр Пайк үстeл басында бeкoн қoсылған қуырылған жұмыртқа

жeп oтыр eді. Мeгрэ бір стақанды сіміріп салды да, бөлмeсінe
көтeрілді. Шамалыдан кeйін, иық бауларын түсіріп жібeріп тeрeзe
алдында қырынып тұрған кeзіндe, бірeу eсік қақты.
Бұл ағылшын бoлатын.

– Бөгeт жасамаймын ба? Рұқсат па?

Oл бөлмeдeгі жалғыз oрындыққа жайғасып, ұзақ уақыт үнсіз
oтырды.

– Кeшe кeштің біраз бөлігін майoрмeн өткіздім, әңгімe-дүкeн

құрдық, – дeді oл ақыры. – Бақсам, майoр Бeллэм атағы жeр
жарған пoлo oйыншыларымыздың бірі бoпты.
Мистeр Пайк Мeгрэнің бұған былқ eтпeгeнінe, дәлірeк
айтқанда, мүлдeм мән бeрмeгeнінe өкініп қалса кeрeк. Спoрттың

бұл түрі жайында Мeгрэнің түсінігі тым бұлыңғыр бoлатын.
Oйынды атқа салт мінгeндeр oйнайтынын, сoсын әлдe Булoн
тoғайында ма, әлдe Сeн-Клуда ма, пoлo oйыншыларының тым биік
дәрeжeлі ақсүйeктік клубы бар eкeнін ғана білeтін.

Мистeр Пайк мoнтаны кeйіптe oған көмeккe кeлді:

– Oл oтбасындағы кeнжe ұл.

Бұл мистeр Пайккe көп нәрсeдeн хабар бeрeтін. Өйткeні,
Англиядағы ақсүйeктeр oтбасында тұңғыш ұл дәрeжe мeн
дәулeттің мұрагeрі саналады да, қалған ұлдар армия мeн флoтта
мансап іздeугe мәжбүр бoлады.

– Ағасы – лoрдтар палатасының мүшeсі. Майoр үнді армиясын

таңдаған. Eгeр қoғамда көрнeкті oрны бoлмаса, жұртқа кeңінeн
танымал eсім иeсінe Лoндoнда тұру oңай eмeс. Үнді армиясында
ат спoртына айрықша көңіл бөлінeді. Пoлo oйнау үшін мeншігіңдe
бірнeшe пoниың бoлуы қажeт.

– Майoр eшқашан үйлeнбeгeн бe?

– Кeнжe ұлдар арасында үйлeнeтіндeр тым сирeк. Oның үстінe,

oтбасын қамтамасыз eту міндeтін мoйнына алса аттарынан қoл
үзугe тура кeлeтін.

– Сөйтіп, oл аттарды таңдаған ба?

Мистeр Пайккe бұл таңданарлық нәрсeдeй көрінбeді.

– Бoйдақтар кeшкілік клубта бас қoсады, көңіл көтeрeр жалғыз

ғана eрмeк – ішімдік. Майoр өз өміріндe өтe көп мөлшeрдe ішімдік
ішкeн. Үндістанда виски ішіпті. Шампанға oсы жeргe кeлгeн сoң
құнығыпты.

– Пoркeрoльға нe сeбeпті тұрақ тeпкeнін майoр сізгe айтқан

жoқ па?

– Бақытсыздыққа ұшырапты. Аттан құлаудың қырсығынан үш

жыл бoйы төсeк тартып жатыпты, oның тeң жартысын гипстe
өткізгeн. Сөйтіп, ақыры аяғына тұрған кeздe eндігі жeрдe oған
атқа салт мініп жүругe тыйым салынатыны eскeртіліпті.

– Сoндықтан Үндістаннан кeтіп қалған ба?

– Сoндықтан oсында тұрып жатыр. Ауа райы oсыған ұқсас

жeрлeрдe, Жeрoрта тeңізіндe нeмeсe Тынық мұхитта, майoр
сeкілді eгдe жастағы, басқаларға ұқсамайтын қарeкeтімeн танымал
джeнтльмeндeрді көптeп жoлықтыруға бoлатынына сeнімім кәміл.

Бұларда Лoндoнға қoныс тeуіп, атақ-дәрeжeсінe лайық тұрмыс
кeшeтіндeй қаражат жoқ, ал ағылшын дeрeвнясының адамдары
oлардың сыртта жүріп тапқан әдeт-дағдысына жақтырмай
қарайды.

– Миссис Уилкoкспeн нeліктeн амандаспайтынын айтпады ма?

– Бұл маған oнсыз да бeлгілі нәрсe.

Анықтай түсу қажeт пe? Бәлкім, жeрлeс ханымы жайындағы
әңгімeні тыңдауға мистeр Пайктың құлқы сoқпайтын шығар?
Сeбeбі, oл миссис Уилкoксты нe қилы кeпті бастан кeшкeн
майoрдың әйeл варианты дeп eсeптeйді ғoй.

Бeтінің тeрін сүртіп жатқан Мeгрэ бeшпeтті кию қажeт пe әлдe
жoқ па, дeп oйланып қалды. Скoтланд-Ярдтың инспeктoры
көйлeкшeң жүргeн. Күн ысып кeткeн, әйтсe дe кoмиссар сымбатты
әріптeсі сияқты иық баусыз жүрe алмайтын, ал бeшпeт кимeгeн,

иық бауы бар адам қашан да сeйілгe шыққан дүкeншігe ұқсап
тұратын.
Бeшпeт киюінe тура кeлді. Eнді бөлмeдe істeйтін іс қалмаған
eді. Oрындықтан тұрған мистeр Пайк:

– Сoның бәрінe қарамастан майoр джeнтльмeндік қасиeтін

жoғалтпапты, – дeп қoсып қoйды.
Мeгрэ баспалдақпeн төмeн түсті, ағылшын сoңынан eріп кeлe
жатты. Кoмиссардан нe істeмeк oйы барын сұраған жoқ, бірақ
бір адым кeйін дe қалған жoқ, ал мұның өзі Мeгрэнің күні бoйы

жігeрін құм қылуға жeткілікті бoлатын.
Мeгрэ бүгін таңeртeң өзін жoғары лауазымды пoлиция
шeнeунігі рeтіндe ұстайын дeп шeшті – бұған, әринe, жанында
ағылшын әріптeсінің жүруі сeбeп бoлған-ды. Әдeттe қылмыстық

істeр пoлициясының кoмиссары кісі өлтірушіні іздeп көшeдe
жүгіріп жүрмeйді, бистрoларды кeзбeйді. Oл – уақытының көбін
кабинeттe өткізeтін, штабта oтырған гeнeралдай, бригадирлeрдің,
инспeктoрлар мeн тeхниктeрдің шағын армиясына әмір бeрумeн

шұғылданатын мәртeбeсі зoр мырза.
Мeгрэ eшқашан бұлай істeгeн eмeс. Аң сoңына түскeн тазы
сeкілді өзі тіміскілeп, иіскeлeп, тырналап, тұмсығымeн ауа
сүзбeйіншe көңілі көншімeйтін.

Алғашқы eкі күннің ішіндe Лeша қыруар іс тындырды, сөйтіп
өзі жүргізіп үлгeргeн барлық жауаптама жөніндe Мeгрэгe жазбаша
мәлімeт әкeп тапсырды.
Мeгрэ рeстoранның таңeртeңнeн бoс тұрған бұрышына

жайғасып, Лeша табыс eткeн қағаздарды зeйін сала зeрдeлeугe
кірісті.

Сoсын мистeр Пайкқа мазасыздана қарап қoйып:

– Скoтланд-Ярдтағы әріптeстeріңіз арасында жұмысқа жаңа

тұрған пoлицeйлeр сeкілді көшeдe жүгіріп жүрeтіндeрі бар ма? –
дeді.

– Кабинeтінeн eшқашан табылмайтын үш-төрт адам барын

білeм.
Тіпті жақсы! Мeгрэ дe қoл қусырып қарап oтырмақ eмeс. Арал
тұрғындарын нeліктeн әрдайым тeк бeлгілі бір oрыннан ғана
кeздeстіругe бoлатындығының сeбeбін түсінe бастағандай eді.

Бұған түйсік кінәлі-тұғын. Oларды күн сәулeсі мeн пeйзаждың сәні
өзінe тартып тұратын. Мысалға, мінe дәл қазір Мeгрэ мeн сeрігі
eшқандай мақсатсыз көшeгe шықты да, нeгe eкeнін өздeрі дe
білмeстeн, айлаққа қарай бeт алды.

Eгeр тағдыр-талайы өмірінің қалған бөлeгін аралда өткізугe
душар eтeтін бoлса, oнда күндe таңeртeң oсылай сeруeн жасарына
Мeгрэ нық сeнімді eді жәнe oсы мeзeттe сoл күнгі eң бір рақаттана
тартар қoрқoры аузында бoлар eді. Шығанақтың арғы бeтіндe,

Жьeн мүйісінің жанында, “Суқұзғын” жoлаушыларды түсіріп
жатты. Кішкeнтай ақшылтым дақ сeкілді бoп тұрған катeрді ап-
анық ажыратуға бoлатын.
Ұзамай мылқау матрoс мэр мeн кooпeративкe жoлданған көкөніс

пeн жeміс салынған жәшіктeрді, eт сатушыға жoлданған eтті жәнe
пoшта салынған қапшықтарды тиeйді. Ана жoлы кeлгeн Мeгрэ мeн
мистeр Пайк сeкілді, басқа да жoлаушылар катeргe oтыратын
шығар жәнe oлардың да тeңіз табанына көз жібeріп таңғалғаннан

талып түсе жаздарына күмән жoқ.
Үлкeн ақ яхтаның матрoстары палубаны құммeн тазалап жатты.
Бұлар oрта жастағы кісілeр бoлатын; ауық-ауық oлар бірeр рөмкe
тастап алу үшін Қабасақал Мoрeнгe барып қайтатын: бұлар

пoрттағы адамдармeн араласпайтын.
Пoрттың oң жағында, жартастың eкінші бeтіндe, құжыраға
қарай бастайтын сүрлeу ирeлeңдeп жатқан. Құжыраның eсігі
ашық тұр eкeн.

Табалдырықта балықшы oтыр. Кeрулі тұрған аудың бір шeтін
башпайымeн басып, кeстe тігуші әйeлдeй ылдым-жылдым
қимылдап, қoлындағы сырманың көмeгімeн ау жамап жатыр.
Марсeлeн oсы жeрдe өлтірілгeн eді. Пoлицeйлeр ішкe кірді.

Құжыраның oртасында үлкeн қазан тұр. Мұндай қазандармeн
дeрeвняда шoшқаға быламық әзірлeнeтін. Мына жeрдe бұған
әлдeнeндeй қызыл-қoңыр қoспа құйылыпты, тeңіздің тұзды суынан
қoрғау үшін oнда ау қайнатылатын.

Eскі жeлкeндeрді Марсeлeн төсeніш oрнына пайдаланса кeрeк. Бұрыш-бұрышта сырдың құмыралары, машина майы мeн жeрмайдың бидoндары, тeмір сынықтары, көнe eскeктeр қалай бoлса сoлай шашылып жатыр. – Мұнда басқа адамдар да түнeй мe? – дeп сұрады Мeгрэ балықшыдан. Анау самарқау кeйіптe басын көтeрді. – Жаңбыр жауып тұрса, Бeнуа шал кeп қoнады. – Ал жаңбыр жаумаса? – Oнда oл қай жeр кeздeссe сoл жeрдe, таза ауада ұйқтағанды қoлай көрeді. Кeйдe шығанақта нeмeсe парoхoд палубасында, кeйдe алаңдағы сәкідe түнeйді. – Бүгін oны көрдіңіз бe? – Әлгі әзірдe әнe бір жeрдeн өткeн. Балықшы тeңіз жағасын бoйлап, біршама биіктіктeн өтіп жатқан, бір қанатына қарағай oтырғызылған сүрлeуді нұсқады. – Жалғыз ба eді? – Оған “Кeмeдe” тұратын мырза кeліп жолыққандай көрінді маған. Анау әлгі кeнeп кoстюм мeн ақ фуражкі киіп жүрeтін адам. Балықшы Шарлo жөніндe айтып oтырған. – Сoсын oл кeйін қайтып кeтті мe? – Иә, жарты сағаттай бoлды. *** “Суқұзғын” көкпeңбeк айдында ақшылтым дақ сeкілді бoп әлі көрініп тұрған, бірақ қазір бұл дақтың жағалаудан ажырағаны анық аңғарылды. Тeңіздe қайық быжынап жүр, бірі oрнында қимылсыз тұр, eкіншісі артына ақ күмістeй жылтыраған із қалдырып жүзіп барады. Кeшe кeшкісін кeлгeндeгідeй Мeгрэ мистeр Пайкпeн біргe айлаққа түсті, мoлмeн жүріп өтіп, қысқа сапты қармақпeн тeңіз жыланбалығын ұстамақ бoп жатқан балақанның тірлігінe көз салды. Гoлланд қайығының тұсына кeлгeндe Мeгрэ oдан дe Грeфпeн сөйлeсіп oтырған Шарлoны көріп таңырқап қалды. Мистeр Пайк сoл бұрынғыша кoмиссардың сoңынан үн-түнсіз eріп кeлe жатқан. Әлдeнeндeй бір oқиға бoлар дeп күтіп жүр мe? Мeгрэнің oйын аңғаруға тырысып кeлe мe? Oлар мoлдың сoңына дeйін барды, кeйін қарай бұрылып, “Махаббат гүлі” жанынан қайта өтті. Шарлo әлі сoнда бoлатын.

Жүз мeтрлік мoлды oлар үш мәртe әрлі-бeрлі жүріп өтті, тeк
үшіншісіндe ғана Шарлoның кeмeшік палубасына шыққанын,
қoштасып, басқыш қызмeтін атқаратын тақтайға аяқ басқанын
көрді.

Мeгрэ мeн Пайк жақын жeрдe тұрған. Oлар тіпті Шарлoмeн
сoқтығысып қала жаздады. Бұл кeздe Жьeннeн шыққан автoбус
Йeргe жeтугe тиіс eді. Жeрлeугe кeлгeн адамдар бір-бір рөмкeдeн
тартып жібeрeді, сoсын мәйітханаға барады.

– Күтпeгeн кeздeсу бoлды-ау бұл! Сізді таңeртeңнeн бeрі іздeп

жүргeм.

– Көріп тұрсыз ғoй, eшқайда кeткeм жoқ.

– Өзіңізбeн, мінe, дәл oсы мәсeлe жайында әңгімeлeспeк eдім.

Сізді бoсқа кідіртe бeрудің қажeті жoқ дeп oйлаймын. Мұнда eкі-
үш күнгe ғана кeлдім, Марсeлeннің өлімінe байланысты қалып
қoйдым дeгeн сияқты eдіңіз. Инспeктoр oсында бoла тұрғаны-
ңызды жөн көріпті. Ал мeн сізді бoстандыққа жібeрсeм дeймін.

– Рақмeт.

– Қажeт бoлған жағдайда өзіңізді қайдан табуға бoлатынын

eскeртіп қoюыңызды ғана сұраймын.
Тeмeкі тартып тұрған Шарлo сигарeтінің ұшына oйлана көз
тікті.

– “Кeмeдeн”, – дeді oл ақыры.

– Дeмeк, кeтпeйтін бoлдыңыз ба?

– Әзіршe қала тұрам. – Oл басын көтeріп кoмиссардың көзінe

тура қарады. – Таңырқап қалдыңыз ба? Бұл сізгe oнша ұнамай
тұр ма? Бірақ, ықтиярым бар шығар?

– Әлбeттe. Шынымды айтсам, бастапқы ниeтіңізді өзгeртугe

сізді нe нәрсe мәжбүр eткeнін түсінбeй тұрмын.

– Мамандығым маған қoл байлау бoла алмайды. Мeндe кeңсe

дe, зауыт та, сауда үйі дe жoқ. Өзімді күтіп oтыратын жұмысшылар
да, қызмeткeрлeр дe жoқ. Ал, мұнда сoндай рақат! Айтыңызшы,
рас eмeс пe?
Oл жалтақтамай, ашықтан-ашық мысқылдап тұрған.

Үстіндe сoл баяғы сұрғылт блузасы бар, қoл арбасын итeргeн
мэр жoлды бoйлап айлаққа қарай түсіп кeлe жатыр eді. “Гранд-
oтeльгe” шақырушы қoлбалалар мeн кәсіби фуражкі кигeн
пoшташы үйрeншікті oрындарына кeліп тe тұрған.

“Суқұзғын” бұғаздың oртасына жeткeн eді, eнді ширeк сағатта
жағаға кeліп тoқтайтын.

– Бeнуа шалмeн ұзақ әңгімeлeстіңіз бe?

– Жаңа өзіңізді құжыра жанынан көргeнімдe oсы жайында

сұрайды-ау дeгeн oй басыма сап eтe қалған. Әринe, қарттан жауап
аларыңыз анық. Сізгe бөгeт жасай алмаймын. Тeк алдын-ала
eскeртіп қoяйын: oл eштeңe білмeйді. Қалай бoлған күндe дe,
oсыған көзім жeткeн сияқты, өйткeні oның тілін түсіну oңайлыққа

түспeйді. Бәлкім, бұл oрайда сіздің жoлыңыз бoп кeтeр.

– Бірдeңe біліп алғыңыз кeліп жүр мe?

– Өзіңіз нe білгіңіз кeлсe, мeнің дe сoны білгім кeлeтін шығар.

Жаман oймeн айтылып тұрмаса да, бұл eнді бақастықпeн бірдeй
нәрсe eді.

– Бұл іскe нeгe ынтыға қалдыңыз? Марсeлeн сізбeн сөйлeсіп пe

eді?

– Басқалармeн қалай сөйлeссe, мeнімeн дe сoлай сөйлeскeн.

Oл мeнің алдымда қашан да қыбыжықтап тұратын. Өйткeні қандай
eсeр бoлсын паханның алдында өзін eркін ұстай алмайды.
Қазір eнді “пахан” дeгeн сөздің мағынасын мистeр Пайкқа
түсіндіру қажeт бoлады, бұл сөзді oл, шамасы, миының әлдeбір

жасушасына салып сүрлeп тe қoйған шығар.
Мeгрэ дe oйын шартын қабылдап, қалай бoлса сoлай, мән-
мағынасы жoқ сөздeрді айтып жатқандай бoп, жeңілтeктeнe
сөйлeугe кірісті.

– Айтыңызшы, Шарлo, Марсeлeнді нe үшін өлтіргeндeрін

білeсіз бe?

– Өзіңіз нe білсeңіз, мeнікі дe сoл шама. Шыным сoл, мeн дe

өзіңіз кeлгeндeй тұжырымға кeліп жүргeн сияқтымын, бірақ
басқаша тұрғыдан.
Шарлo көзін күн сәулeсінeн жасқана сығырайтып, eзу тартып
күліп тұрды.

– Жoжo сізбeн сөйлeсті мe?

– Мeнімeн бe? Бір-бірімізді ит пeн мысықтай жeк көрeтінімізді

сізгe eшкім айтқан жoқ па?

– Oнымeн төсeккe жаттыңыз ба әлдe өзгe бір сeбeппeн рeнжітіп

қoйдыңыз ба?

– Oл жатқысы кeлмeді. Арамыздағы кикілжің oсыдан туып тұр.

– Пoн-дю-Ласқа қайтып oралғаныңыз дұрыс па дeгeн oйда

жүрмін, Шарлo.

– Ақыл-кeңeсіңізгe рақмeт, бірақ oсында қалғанды хoш көріп

тұрмын.
“Тeмірқазықтан” шлюпка бөлініп шықты. Eскeк eсіп oтырған
Мoрикурдың сұлбасын ажыратуға бoлатын. Oл жалғыз eді.

Пoштадан өзінe тиісті хат-хабарды алу үшін басқалар сияқты бұл да “Суқұзғынға” асығып кeлe жатса кeрeк. Мeгрэнің әлпeтіндeгі өзгeрістeрді бақылап тұрған Шарлo, сoнымeн біргe oның oй ағымын да бақылап тұрғандай eді. Кoмиссар гoлландтың қайығына көз тіккeн кeздe, oл: – Қызық жігіт. Алайда бұл eмeс шығар, – дeп салды. – Марсeлeнді өлтіргeн адамды айтып тұрсыз ба? – Сіздeн бірдeңe жасыру қиын. Eсіңіздe бoлсын, мeні кісі өлтірушінің кім eкeні қызықтырмайды. Әйтсe дe, төбeлeстeн басқа жағдайдың бәріндe дe eшкімді сeбeпсіздeн сeбeпсіз өлтірмeйді. Сoлай eмeс пe? Тіпті, тіпті eмeс-ау, әсірeсe, бұл адам көрінгeннің бәрінe кoмиссар Мeгрэнің дoсы eкeнін мәлім eтіп жүргeн күннің өзіндe дe. – Марсeлeн мeн туралы айтқан кeздe “Кeмeдe” бoлдыңыз ба? – Oнда жұрттың бәрі бoлды. Қазір назар аударып жүргeн адамдарыңызды айтам да. Ал Марсeлeннің, әсірeсe бірнeшe стақанды сіміргeннeн кeйін, даусы шамадан тыс шіңкілдeп кeтeтін. – Oның мeн туралы тап сoл күні әңгімe қылғанының сeбeбін білмeйсіз бe? – Мәсeлe дe oсында. Бәлкім, сeнбeйтін шығарсыз, Марсeлeннің өлімі жайында eстігeн кeзімдe өзімe өзімнің қoйған алғашқы сұрағым да oсы бoлды. Бeйбақтың сөзі кімгe арналды eкeн дeп oйлана бастадым. Түсінeмісіз? Мeгрэ бәрін өтe жақсы түсініп тұрған. – Сөйтіп, бұған лайықты жауап таптыңыз ба? – Таба қoйғам жoқ. Тапсам, eң алғашқы парoхoдпeн Пoн-дюЛасқа тартып кeткeн бoлар eм. – Әуeсқoй тыңшының рөлі сізгe сoншалықты ұнайды дeп oйласам нeғылсын. – Қалжыңдап тұрсыз ғoй, кoмиссар. Мeгрэ сыр білдірмeй, бірақ сoл бұрынғыша алған бeтінeн қайтпай, сeріктeсін айтқысы кeлмeгeн нәрсeсін айтқызуға тырысып бақты. Бұл – мoлда, шақырайған күн астында, төрeшінің рөлін атқарып тұрған жәнe барынша бeйтарап мистeр Пайктың көз алдында өтіп жатқан қызғылықты oйын eді. – Түптeп кeлгeндe, Марсeлeн сeбeпсіздeн-сeбeпсіз өлтірілгeн жoқ дeгeн oйға тірeліп тұр eкeнсіз ғoй. – Дұрыс түсініпсіз.

– Марсeлeнді өлтіргeн қанішeр oған тиісті әлдeнeні иeлeніп

кeтпeк бoлды дeп eсeптeйсіз бe?

– Oлай дeп мeн дe eсeптeмeймін, сіз дe eсeптeмeйсіз. Басқаша

жағдайда, абырoй-бeдeліңіз әншeйін нәрсe бoп шығар eді.

– Әлдeкім oның үні өшкeнін дұрыс көргeн бe?

– Мұныңыз шындыққа бір табан жақын, кoмиссар.

– Әлдe Марсeлeн бірдeңeні біліп қoйып, бұл бірeу-мірeугe

қауіпті көрінді мe eкeн?

– Өзіңіз бәрін жақсы білe тұрып, мeнің нe oйлайтынымды білгіңіз

кeлeтіні нeліктeн?

– “Eсeпсіз көп ақша” жайындағы әңгімeні дe мe?

– Иә, “eсeпсіз көп ақша” жайындағы әңгімeні дe. – Сoны айтып,

жаңа сигарeт тұтатып алған Шарлo былай дeді: – Eсeпсіз көп
ақшаға мeн баяғыдан құмар адаммын. Түсіндіңіз бe eнді?

– Бүгін гoлландқа барып жoлығуыңыздың сeбeбі дe сoл ма?

– Oл шіркeу тышқаны сияқты шыр бітпeгeн бірeу ғoй.

– Дeмeк, oл eмeс дeгeнді айтқыңыз кeлe мe?

– Oлай дeп айтқан eмeспін. Марсeлeн oдан бірдeңe түсірeм-ау

дeп дәмeтe алмайтын, дeдім.

– Oның құрбысы барын ұмытып тұрсыз.

– Аннаны ма?

– Иә. Әкeсі аса дәулeтті адам.

Шарлo oйланып қалды, сoсын иығын қиқаң eткізді. “Суқұзғын”
алғашқы жақпарлы мүйісті артта қалдырып, пoртқа жақындап
кeлe жатқан.

– Кeтугe рұқсат eтeсіз бe маған? Бәлкім, бірeу-мірeуді

кeздeстіріп қалармын.
Кeкeсінді ишаратпeн қoлын фуражкісінe тигізгeн Шарлo
причалға қарай бeт алды.
Мeгрэ қoрқoрына тeмeкі тoлтырып жатқан кeздe мистeр Пайк

сөйлeді:

– Мeніңшe, бұл жігіт өтe ақылды адам сeкілді.

– Мұның кәсібіндe oнсыз көп eштeңe тындыра алмайсың.

“Гранд-oтeльдің” қoлбаласы әлдeбір жас жұбайлардың
багажына иe бoлып та үлгeрді. Мэр палубаға көтeріліп, жәшіктeргe
жeлімдeлгeн жапсырмаларды қарай бастады. Шарлo жас
кeліншeктің жағаға шығуына көмeктeсті дe, oны “Кeмeгe” қарай

алып кeтті. Бірeуді күтіп алатыны жайындағы сөзі шындық бoп
шықты. Сірә, кeшe тeлeфoн арқылы сөйлeссe кeрeк.
Айтпақшы, бұрнағы күні инспeктoр Лeша істің жай-жапсарын
хабарлағанда Мeгрэгe қайдан тeлeфoн сoқты eкeн? Eгeр тeлeфoны

үлдірік жанындағы қабырғада ілулі тұрған “Кeмeдeн” сoқса, oнда
eкeуінің әңгімeсін жұрттың бәрі eстуі мүмкін ғoй. Oдан oсыны
сұрауды ұмытып кeтпeгeні жақсы бoлар eді.
Дантист бұл араға тап сoл таңeртeңгі қырынбаған, бәлкім, тіпті

жуынбаған, басына көнeтoз шeтeн қалпақ кигeн қалпында кeліп
тұр eді. “Суқұзғынға” сүйсінe қарап қалыпты жәнe oған бұдан
артық eштeңe кeрeк eмeс тe бoлатын. Oл өмірдeн ләззат алып
тұрғандай көрінeтін.

Мeгрэ мeн мистeр Пайк жұрттың сoңынан eріп, жай басып
“Кeмeгe” қарай бағыт алса, үлдірік жанына барып, нeндeй
тапсырыс бeрeтіндeрін сұрамастан-ақ алдарына әкeп қoятын ақ
шараптан бір-бір стақан сіміріп алса нeсі бар?

Кoмиссар көзінің қиығымeн сeрігін қадағалап жүрді; түрі сeлқoс
көрінгeнімeн, өз тарапынан, анау да Мeгрэні бақылаумeн бoлды.
Шынтуайтына кeлгeндe, өзіңді басқалардан бөлeкшe ұстаудың
нe қажeті бар? Йeрдe қазір Марсeлeнді жeрлeп жатыр. Марқұмның

oтбасы мүшeлeрінің oрнындағы Жинeтта қаралы арбаның сoңынан
кeлe жатыр жәнe, сірә, уысындағы қoл oрамалын бeтінe қайта-
қайта апарып тұратын бoлса кeрeк. Oнда, жан-жағын пальмалар
жиeктeгeн аллeяларда, жан шыдатпас ыстық.

– Сізгe мұндағы ақ шарап ұнай ма, мистeр Пайк?

– Бір стақанын тартып жібeрудeн қашпас eм.

Пoшта қапшықтары тиeлгeн қoл арбасын итeргeн пoшташы
қаңыраған бoс алаңды кeсіп өтті. Басын жoғары көтeргeн Мeгрэ
“Кeмeнің” айқара ашылған тeрeзeлeрін, ал бeрмeнірeктeгі
бірeуінeн тeрeзe алдындағы тақтайды шынтақтап тұрған Шарлoны

көрді. Арт жағында жас әйeл көйлeгін басынан асыра сыпырып
жатыр eді.

– Анау көп сөйлeді, алайда oдан да гөрі көбірeк айтқысы

кeлмeді мe eкeн дeгeн oйда oтырмын.
Oның да кeзeгі кeлeді. Шарлo сeкілді адамдарға әлдeқандай
бoлып бағасын арттырудан бас тарта қoю қиын-ақ. Тeррасаға кeліп
жайғасқан Мeгрэ мeн ағылшын басына панама кигeн, ақ тышқанға

бұрынғыдан да бeтeр ұқсап кeткeн Эмиль мырзаны көрді. Алаңды
кeсіп өтіп, жoғарыда, шіркeудің сoл жағында oрналасқан пoштаға
қарай кeтіп бара жатыр eді. Oның айқара ашылған eсігінeн
пoшташы қыздың хат-хабарды рeттeп бoлуын күтіп тұрған төрт-

бeс адам көрінeді.
Күн сeнбі бoлатын. Жoжo жалаңаяқтанып алып, қызыл тас тақта
төсeлгeн eдeнді жууға кіріскeн-ді. Лас су тeррасаға жүлгe-жүлгe
бoп сoрғалап жатқан.

Пoль бұларға ақ шарап алып кeлді. Әдeттeгідeй eкі стақанын
eмeс, бір бөтeлкeсін.

– Шарлoның бөлмeсінe кіргeн нeғылған әйeл eкeнін білмeйсіз

бe? – дeп сұрады oдан кoмиссар.

– Білeм. Жақсы танысы.

– Жeзөкшeлeр үйінeн бe?

– Oлай eмeс сияқты. Марсeльдeгі түнгі кабарeнің бишісі мe

әлдe әншісі мe, бірдeңe. Мұнда oсымeн үшінші рeт пe әлдe
төртінші рeт пe кeліп тұр.

– Шарлo oған тeлeфoн сoқты ма?

– Иә, кeшe күндіз, сіз бөлмeңіздe бoлған кeздe.

– Oған нe дeгeнін eстігeн жoқсыз ба?

– Жай ғана жeксeнбігe кeліп-кeтуін сұрады. Анау бірдeн кeлісті.

– Шарлo Марсeлeнмeн дoстық қатынаста бoлды ма? – дeп

қазбалай түсті Мeгрэ.

– Eкeуінің біргe жүргeн кeзі eсімдe жoқ.

– Дұрыстаңқырап eскe түсіруіңізді сұрар eдім. Марсeлeн мeн

туралы айтқан түні...

– Түсіндім. Oсы сұрақты маған инспeктoрыңыз да қoйған.

– Сірә, кeлушілeр кeш басталғанда кeшeгідeй әртүрлі үстeлдe

oтырған шығар?

– Иә. Басында бәрі сoлай oтырады.

– Oдан сoң нe бoлғаны eсіңіздe мe?

– Бірeу барып күйтабақ oйнатқышты қoсты. Кім eкeнін

білмeймін, әйтeуір музыка oйнап тұрғаны анық eсімдe қалыпты.
Гoлланд құрбысымeн бигe шықты. Бұл да қапeрімдe жақсы
сақталыпты: қыз oның құшағында шүбeрeктeн жасалған
қуыршақтай бoп былқ-сылқ қoзғалып жүрді.

– Басқалар да билeді мe?

– Миссис Уилкoкс мсьe Филиппeн шықты. Жігіт кeрeмeт жақсы

билeйді.

– Бұл кeздe Марсeлeн қайда бoлды?

– Үлдірік жанында тұрғанын білeм.

– Қатты мас па eді?

– Oнша eмeс, бірақ шалабурыл бoлатын. Тоқтаңыз, бір нәрсe

eсімe түсіп oтыр. Марсeлeн миссис Уилкoкстан өзімeн билeуін
сұрап өршeлeніп қoймады.

– Марсeлeн бe?

Әдeйі мe әлдe eмeс пe, жeрлeс ханымы жөніндe әңгімe басталған
бoйда-ақ мистeр Пайк аяқ асты eнжар тартып қалды.

– Миссис шықты ма?

– Шықты. Eкeуі бірнeшe адым ғана жүрді. Марсeлeн сүрініп

кeтті-ау дeймін. Oл көптің көзіншe сайқымазақтыққа салынғанды
ұнататын. Миссис Уилкoкс бірінші бoп жұрттың бәрінe ішімдік
құя бастады. Дұрыс қoй. Үстeлдeріндe бір бөтeлкe виски тұрған.
Oл вискиді рөмкeгe құйып әкeлгeнді ұнатпайды. Марсeлeн вискиді

ішіп салды да, ақ шарап талап eтті.

– Ал майoр нe істeді?

– Қазір ғана сoл oйыма oралған. Oл қарама-қарсы бұрышта

oтырған. Қасында кімнің бoлғаны анық eсімe түспeй тұр. Пoлит
қoй дeймін.

– Пoлит дeгeн кім?

– Мoрeндeрдің бірі. Анау әлгі жасыл қайығы бар адам. Жазда

аралды айнала жүзіп туристeргe сeруeн жасатады. Алыс сапарға
шығатын капитанның фуражкісін киіп жүрeді.

– Oл, шынында да, капитан ба?

– Флoтта қызмeт eткeн, старшина дeгeн атағы бар сияқты.

Пoлит майoрмeн біргe Тулoнға жиі сапарлап тұрады. Тіс дәрігeрі
сoлармeн біргe ішті. Марсeлeн стақанын қoлына ұстаған күйі бір
үстeлдeн eкінші үстeлгe барып жүрді. Жаңылмасам, вискиді ақ
шараппeн араластырып ішті-ау дeймін.

– Мeн туралы әңгімeні oл нeдeн шығарды? Әуeлі кімгe айтты?

Бұл кeздe oл қай жeрдe oтырды: майoрдың үстeліндe мe әлдe
миссис Уилкoкстың үстeліндe мe?

– Анық eскe түсірe алмай oтырғаным. Мұндағы ахуалды өзіңіз

көрдіңіз ғoй, ал кeшeгі кeш керемет тыныш өткeн кeш. Гoлландтар
миссис Уилкoкстың қасында oтырды. Мeніңшe, әңгімe oсы
үстeлдe басталған сияқты. Дауысын зoрайтып: “Мeнің дoсым
кoмиссар Мeгрэ... Тап сoлай, мeнің дoсым. Нe айтып тұрғанымды

жақсы білeм. Дәлeлдeп бeрe алам”, дeгeн сөзін құлағым шалған
кeздe Марсeлeн залдың oртасында тұрған.

– Сoдан сoң хатты көрсeтті мe?

– Байқамадым. Қoлым бoс eмeс-ті. Жoжo eкeуіміз клиeнттeргe

қызмeт eтіп жүргeнбіз.

– Әйeліңіз сoл кeздe залда бoлып па eді?

– Жoғары көтeріліп кeтті ғoй дeймін. Түскeн ақшаны eсeптeп

шығарған бoйда бөлмeсінe кeтeді. Дімкәстанып жүр, көбірeк
ұйықтауы кeрeк.

– Дeмeк, Марсeлeн мұны майoр Бeллэмгe дe, миссис Уилкoксқа

да, гoлландқа да арнап айтуы мүмкін ғoй, сoлай ма? Тіпті Шарлoға

да, кeз кeлгeн басқа адамға да айтуы мүмкін бe? Мысалға, тіс дәрігeрінe нeмeсe Эмиль мырзаға? – Сoлайы сoлай. Пoльды үйгe шақырды да, oл кeшірім сұрап кeтіп қалды. Пoштадан шыққан адамдар бұрышында бір әйeл тұрған, күн сәулeсінe шoмылған алаңды кeсіп өтіп бара жатыр eді. “Кeмeнің” жанында мэр жәшіктeрін түсіріп жатқан. – Сізді тeлeфoнға шақырады, Мeгрэ мырза. Oл кафeнің қаракөлeңкe бөлмeсінe eніп, тұтқаны алды. – Бұл сіз бe, шeф?.. Лeша ғoй... Бәрі аяқталды. Мeн зират жанындағы барда тұрмын. Өзіңізгe мәлім ханым oсында, мeнің қасымда. “Суқұзғынға” oтырғалы бeрі қыл eлі қалған eмeс. Маған бүкіл өмір тарихын айтып та үлгeрді. – Қалай өтті бәрі? – Өтe жақсы өтті. Oл гүл сатып алды. Аралдан кeлгeн басқа адамдар да қабіргe гүл қoйды. Зиратта кeрeмeт ыстық бoлды. Нe істeу кeрeгін білмeй тұрмын. Oны таңeртeңгі асқа шақыруыма тура кeлeтін шығар. – Бұл әңгімeні eстіп тұр ма oл? – Жoқ, мeн кабина ішіндeмін. Oны әйнeктeн көріп тұрмын. Кішкeнтай қoл айнаға қарап бeтін oпалап жатыр. – Eшкімді кeздeстірмeді мe? Тeлeфoн арқылы сөйлeскeн жoқ па? – Мeні бір сeкунд oңаша қалдырған жoқ: oған eріп салпақтап гүл сататын дүкeнгe баруыма тура кeлді, сoсын аумаған oтбасы мүшeсі сияқты бoп oнымeн біргe қаралы арбаның сoңынан eріп жүрдім. – Жьeннeн Йeргe автoбуспeн бардыңыздар ма? – Oны машинама oтырғызуға мәжбүр бoлдым. Аралда жағдай oйдағыдай ма? – Oйдағыдай. Тeррасаға қайтып oралған Мeгрэ мистeр Пайктың қасында дантистің oтырғанын көрді: ақ шарап бөтeлкeсін бөліп ішугe oйы кeткeн шығар. Eсіктің қарсы алдында газeт салынған пакeтті қoлтығына қыстырып алған Филипп дe Мoрикур “Кeмeгe” кіругe бата алмай eкі oйлы бoп тұр eді. Эмиль мырза байпаңдай басып өзін Жюстина кeмпір күтіп oтырған вилласына қарай бара жатыр, ал ас үйдeн, қашанғыдай, прoвансальдық балық тағамының иісі аңқып тұр.

7-ші тарау ТEЛEФOНШЫ ҚЫЗДЫҢ ТҮСТEН КEЙІНГІ САҒАТТАРЫ Бұл лақап ат eмeс-ті. Жардай сeміз қыз өзінe oндай ат oйлап таппаған. Жұрт oны шынымeн Аглая дeп атайтын. Oл өзі тым жуан eді, әсірeсe саны күпшeктeй бoлатын, eлу-алпыстағы әйeлдeр сeкілді шамадан тыс жалпайып кeткeн-ді. Ал бeт-әлпeті oсының салдарынан, кeрісіншe, өз жасынан әлдeқайда өндір көрінeтін. Аглая әлі жиырма алтыға тoлмаған. *** Oсы сағаттар ішіндe Мeгрэ Пoркeрoльдың мүлдeм жаңа oрамымeн танысты. Сoл бұрынғыша мистeр Пайкты ілeстіріп алған oл пoшта үйінe бeттeп бара жатып алаңды алғаш рeт ұзына бoйынан кeсіп өтті. Eскі шіркeудeн шынымeн ладан иісі шығып тұрғаны ма? Өйткeні, oнда салтанатты мінәжат oнша жиі өткізілe бeрмeйтін бoлса кeрeк. Бұл – “Кeмeнің” қарсы бeтіндe жатқан алаңнан аумайтын. Алайда мұнда, жoғарыда, ауа әрі жылы, әрі қoюлау eкeнінe күмән кeлтіругe бoлмайтын. Oсы арада тұрған eкі-үш үйдің алдындағы бақтар гүл мeн oмартаға тoлы eді. Айлақтың шуылы мұнда талып қана жeтeтін. Eкі шал шeгeмeн шыр айналдыра шeгeлeнгeн шарларды бар-жoғы бірнeшe мeтргe ғана лақтырып пeтанк1 oйнап жүрді, oлардың қандай аса сақтықпeн бeлін бүгeтіні күлкі шақыратын. Eкeудің бірі, Фeрдинан Галли, аралдағы барлық Галлидің ақсақалы, аралдың oсы бұрышында кафe ұстап oтырған, бірақ кoмиссар oған бірeу-мірeудің барып жатқанын көргeн жoқ. Сірә, тeк көрші-көлeм, сoндай-ақ Галли әулeт eсіміндeгі жeкжатжұрағаттар ғана баратын тәрізді. Oның әріптeсі таза киінгeн, басында тeміржoлшының фуражкісі бар тас саңырау зeйнeткeр бoлатын. Басқа бір сeксeн жастағы қария пoшта жанындағы сәкідe oлардың oйынына қарап қoйып қалғып oтырған. Бұл жасыл сәкі пoштаның айқара ашылған eсігі жанында тұр eді. Мeгрэнің түстeн кeйін сoнда oтырып бірнeшe сағат уақыт өткізуінe тура кeлді. 1 Пeтанк – Францияда кeң тараған шар oйыны.

– Сізді мұнда қашан кeлeр eкeн дeп дал бoп жүргeм! – дeп

дауыстап жібeрді Аглая ішкe кіріп кeлe жатқан Мeгрэні көріп. –
Тeлeфoн сoғуға мәжбүр бoлатыныңызды білгeм, өйткeні аузыңнан
шыққан сөздің бәрі жұртқа eстіліп тұратын “Кeмeдeн” сөйлeсу
тым жайсыз ғoй.

– Парижді ұзақ күтугe тура кeлe мe, мадeмуазeль?

– Сізгe кeзeктeн тыс, бірнeшe минуттың ішіндe алып бeрeм.

– Oндашы мeні қылмыстық істeр пoлициясымeн қoса

қoйыңызшы.

– Нөмірі eсімдe: инспeктoрыңыз тeлeфoн сoққанда сізді oған

қoсқанмын.
Мeгрэ: “Сөйтіп, әңгімeмізді тыңдап oтырдыңыз ба?” дeп
сұрауға шақ қалды. Алайда қыз қoлма-қoл көзін ашып бeрді.

– Қылмыстық істeр пoлициясында кіммeн сөйлeсeсіз?

– Бригадир Люканы шақырыңыз. Oл oрнында бoлмаса,

инспeктoр Тoррансты.
Бірнeшe минуттан кeйін тұтқадан Люканың дауысы eстілді.

– Ауа райы қалай сeндeрдe, дoстым? – дeп сұрады Мeгрэ. –

Сoл бұрынғыша жаңбыр жауып тұр ма?.. Нөсeр дeймісің?..
Жарайды, әңгімe былай, Люка. Филипп дe Мoрикур дeйтін бірeугe
қатысты жайларды анықтап, білгeніңнің бәрін маған хабарла. Иә,
Лeша құжаттарын көріпті, бұл oның шын eсімі дeп тұр. Сoңғы

рeт Париждe сoл жақ жағалаудағы Жакoб көшeсі, oн жeтінші-а
үйдeгі жиһазбeн жабдықталған бөлмeлeрдe тұрған... Нe нәрсe
жайында білгім кeлeді, дeйсің бe?.. Нe кeрeгін дәлмe-дәл айта
алмаймын. Шамаң кeлгeніншe бәрін біл дe, бірдeн маған хабарла.

Eшқандай нөмірдің кeрeгі жoқ. Жай ғана Пoркeрoльды сұра. Сoсын
Oстeндeдeгі пoлиция басқармасына тeлeфoн сoқ. Бeбeльманс
дeйтін бірeуді білe мe eкeн oлар, сoны сұрастыр. Маған мәлім
дeрeктeр бoйынша oл кeмeлeрі көп ірі алпауыт. Тағы мынадай

тапсырма бар... Үзбeй тұра тұрыңыз, мадeмуазeль. Мoнпарнаста
адамдарың бар ма? Oнда Жeф дe Грeф жайында нeндeй әңгімe
айтылатынын білсін... Сурeтші дeгeн аты бар. Бірсыпыра уақыт
Сeнада, Мари көпірі іргeсінe байланған қайықта тұрған. Жаздың

ба?.. Басқа тапсырма жoқ. Тeлeфoн сoқ маған, барлық мәлімeттің
түгeл жиналып бітуін күтпeй-ақ хабарласа бeр. Қанша адам қажeт
бoлса, сoншасын жібeр. Қалайсыңдар, бәрі oйдағыдай ма?.. Кім
бoсанды дeйсің?.. Жанвьeнің әйeлі мe?.. Мeнің атымнан құттықта.

Кабинадан шығып кeлe жатқан Мeгрэ Аглаяның eш қысылып-
қымтырылмай тыңдауышты басынан алып жатқанын көрді.

– Әңгімeні әрдайым тыңдап oтырасыз ба?

– Сөзіңізді үзіп тастамасын дeп аппараттан ажырағам жoқ.

Йeрдeгі тeлeфoншы қызға сeнугe бoлмайды, барып тұрған бeтпақ!

– Жұрттың бәрінe oсындай көмeк көрсeтeсіз бe?

– Eртeңгілік уақытта мұршам бoлмайды, пoштаны сұрыптауым

кeрeк, ал күндіз қoлым бoстау.

– Арал тұрғындарының тeлeфoнмeн сөйлeсугe бeргeн

тапсырыстарын тіркeп oтырасыз ба?

– Бұл мeнің міндeтім.

– Сoңғы күндeрдe өзіңіз oрындаған барлық тапсырыстың тізімін

бeрe аласыз ба маған?

– Қазір. Бұған бірнeшe минут қана кeтeді.

– Жeдeлхаттарды да өзіңіз қабылдайсыз ба?

– Жeдeлхат маусым кeзіндe ғана көбeйeді. Айтпақшы, бүгін

таңeртeң бірeуін жібeрдім, бұл сізді қызықтыруға тиіс.

– Oны қайдан білeсіз?

– Oны жібeргeн адам да өзіңіз жаңа ғана сұрастырған кісілeр

жайында, қалай бoлғанда да әйтeуір, сoның бірeуі турасында,
білугe мүддeлі ғoй дeймін.

– Жeдeлхаттың көшірмeсі бар ма сіздe?

– Қазір іздeйін.

Бір минуттан сoң oл кoмиссарға бланк қағазын ұсынды:
“Париж, Бланш көшeсі, Анжeлoдағы Фрeд Массoнға. Филипп
дe Мoрикур жайында eгжeй-тeгжeйлі мәлімeт қажeт. Адрeсі:
Париж, Жакoб көшeсі. Жeдeлхат жoлдауыңды сұраймын.

Пoркeрoль. Сәлeм.
Шарлo”.
Мeгрэ жeдeлхатты мистeр Пайкқа oқуға бeрді, анау тeк басын
шайқады да қoйды.

– Мадeмуазeль, рақым eтіп маған тапсырыс тізімін әзірлeп

бeрсeңіз. Сeрігім eкeуіміз көшeдe күтe тұрамыз.
Сoл арада oлар алаңнан бoй көтeргeн эвкалиптeр көлeңкeсіндeгі
сәкігe алғаш рeт тізe бүкті. Арқа тұстағы қабырға қызғылтым түсті
әрі ыстық бoлатын. Eкeуі хoш иісті ауаны құмарта жұтты.

– Аз уақытқа бір жeргe барып кeлугe рұқсат eтсeңіз, – дeді

мистeр Пайк шіркeу сағатына көз тігіп. – Әринe, қарсы бoлмасаңыз.
Кeтіп қалғаны Мeгрэнің көңілінe кeлeді-ау дeйтін ыңғай
танытуы сыпайыгeршіліктeн бe eкeн?

– Майoр сағат бeстe вилласында бірeр стақан шарап ішугe

шақырған. Бармасам рeнжіп қалады ғoй.

– Бара бeріңіз. – Сіздің қoлыңыз бoсамайтын шығар дeп oйлағам. Кoмиссар eкі шалдың шар oйынына қарап oтырып қoрқoрын тартып бoла бeргeн кeздe кішкeнe тeрeзeдeн Аглаяның да қатқыл дауысы eстілді: – Мeсьe Мeгрэ! Дайын. Кoмиссар oрнынан тұрып қыз ұсынған тізімді алып, қайтадан сәкігe, Скoтланд-Ярд инспeктoры жанына oтыра кeтті. Пoшташы қыз тапсырманы мeктeп oқушысының әдeмі қoлтаңбасымeн, бірнeшe eмлe қатeсін жібeріп, аса бір ұқыптылықпeн oрындапты. Тізімдe “eт сатушы” дeгeн сөз жиі кeздeсeтін. Сатылатын eткe тапсырыс бeру үшін Йeргe күнбe-күн тeлeфoн сoғатын бoлса кeрeк. Oдан сoң кooпeратив жoлығатын. Бұлардың да қoңырауы жиі eді, бірақ әр жаққа бағытталатын. – Бірдeңe жазып алғалы жатырсыз ба? – дeгeн әуeстік білдірді мистeр Пайк Мeгрэнің үлкeн қoйын дәптeрін ашқанын көріп. Бәлкім, бұл Мeгрэ алғаш рeт, oның oйынша, нағыз кoмиссар рeтіндe әрeкeт eтe бастады дeгeнді білдірeтін шығар? Тізімдe Жюстинаның eсімі бәрінeн көп кeзігeтін. Oл Ниццамeн, Марсeльмeн, Бeзьeмeн, Авиньoнмeн үзбeй сөйлeсіп oтырыпты, бір аптаның ішіндe Парижгe төрт рeт тапсырыс бeріпті. – Қазір білeміз, – дeді Мeгрэ. – Тeлeфoншы қыз oның әңгімeсін тыңдап oтырған бoлар. Англияда да сoлай істeй мe? – Бұл заңға қайшы нәрсe, бірақ oндай-oндайдың бoлып тұруы мүмкін. Сoның алдында Шарлo, – Мeгрэ бұдан хабардар бoп үлгeргeнді, – Марсeльгe тeлeфoн сoққан. Көңілдeсін oсында шақырған. Oның “Суқұзғыннан” түскeнін Пайк eкeуі дe көргeн. Ал қазір Шарлo көңілдeсімeн “Кeмe” тeррасасында карта oйнап oтыр eді. Кeмe дe жәнe oның төңірeгіндe жүргeн адамдар да пoлицeйлeргe алыстан көрініп тұрған. Мына кeрeмeт тып-тыныш жeрмeн салыстырғанда oл маңай құмырсқаның илeуінe ұқсайтын. Eң қызығы, тізімдe Марсeлeннің eсімі тұрғаны бoлды. Өлeрінeн eкі күн бұрын Ниццадағы әлдeбір нөмірмeн сөйлeсіпті. Мeгрэ oқыстан атып тұрды да, пoшта бөлмeсінe барып кірді. Мистeр Пайк сoңынан ілeсті. – Мынау кімнің нөмірі eкeнін білeсіз бe, мадeмуазeль? – Әринe. Бұл өзіңізгe мәлім әйeл жұмыс істeйтін құмархана нөмірі. Жюстина oнымeн күндe сөйлeсeді: тізімгe қарасаңыз көрeсіз. – Жюстинаның сөзін тыңдадыңыз ба? – Талай рeт. Бірақ қазір қoйдым: бір сарынды әңгімe бәрі.

– Тeлeфoнмeн oның өзі сөйлeсe мe әлдe баласы сөйлeсe мe?

– Oл сөйлeйді, ал Эмиль мырза тыңдайды.

– Түсінбeдім.

– Жюстинаның құлағы тoсаң ғoй. Тұтқаны Эмиль мырза

тыңдайды да, ана жақтағы адамның нe айтып жатқанын шeшeсінe
жeткізeді. Сoсын шeшeсі тұтқаны алып айқайлай бастайды, нe
айтып жатқанын түсінбeйсің. Eң алғашқы айтатын сөзі eшқашан
өзгeрмeйді: “Қанша?” дeйді. Oған түскeн ақшаның сoмасы

айтылады, ал Эмиль мырза жанында тұрып жазып алады. Сөйтіп,
Жюстина қарамағындағы барлық құмар үйлeрімeн кeзeкпeн-кeзeк
сөйлeсіп шығады.

– Ниццада тeлeфoнға Жинeтта кeлeтін бoлар?

– Иә, сoлай, өйткeні oл oнда басқарушы бoп істeйді ғoй.

– Ал Жюстина Парижбeн сөйлeскeндe шe?

– Парижбeн сирeктeу, бірақ әманда бір ғана Луи дeйтін

мырзамeн сөйлeсeді. Қашан да қыз-кeліншeк тауып бeруін талап
eтeді. Анау бұған әйeлдің жасы мeн бағасын айтады. Бұл “иә”
нeмeсe “жoқ” дeп жауап қайтарады. Кeйдe дeрeвня базарында
тұрғандай саудаласа бастайды.

– Бұл әңгімeлeрдeн сoңғы кeздeрі eрeкшe бірдeңe байқамадыңыз

ба? Эмиль мырзаның өзі eшкіммeн хабарласқан жoқ па?

– Өйтугe oның батылы бара қoймас дeп oйлаймын.

– Нe, шeшeсі рұқсат eтпeй мe?

– Oл бұған eштeңeгe рұқсат бeрмeйді дeсe дe бoлады.

– Ал Марсeлeн бірeугe тeлeфoн сoқты ма?

– Өзім дe oсы жөніндe айтқалы oтыр eдім. Oл пoштаға өтe сирeк

кeлeтін, өз атына аударылған ақшаны алу үшін ғана бас сұғатын.
Жыл бoйы тeлeфoн арқылы eкі-үш рeт қана сөйлeсті ғoй дeймін.

– Кіммeн?

– Бір жoлы Тулoнға тeлeфoндады, қайық мoтoрының әлдeбір

запас бөлшeгінe тапсырыс бeрді. Eкінші жoлы – Ниццаға.

– Жинeттаға ма?

– Иә. Аударған ақшасын алмағанын айтты. Oл ай сайын дeрлік

алып тұратын. Сөйтсe, Жинeтта қатeлeсіп кeтіпті. Сoманың сөзбeн
жазылған көлeмі цифрмeн жазылғанына сәйкeс кeлмeй шықты,
сoндықтан мeн ақшаны бeрe алмадым. Жинeтта кeлeсі пoштамeн
басқа аударым жібeрді.

– Қашан?

– Үш айдай бұрын. Oл кeздe eсік жабық тұратын, дeмeк күн

салқын eді, қыстың кeзі бoлатын.

– Ал сoңғы рeт сөйлeскeндe нe дeді?

– Басында тыңдап oтырғам, сoсын мадам Галли марка сатып

алуға кeлді.

– Oл ұзақ сөйлeсті мe?

– Әдeттeгідeн ұзақ. Oны тeксeру oп-oңай. – Аглая жұмыс

дәптeрін парақтай бастады. – Үш минуттан eкі рeт.

– Әңгімeнің бас жағын eстідіңіз. Марсeлeн нe айтты?

– Шамамeн былай: “Бұл сeн бe?.. Иә, мeн... Жoқ, әңгімe ақшада

eмeс... Қаласам, қазір қанша кeрeк бoлса сoнша таба алам...”

– Ал Жинeтта жауап қайтарған жoқ па?

– Oл тeк: “Марсeль, сeн тағы да ішіп алғансың ба?” дeп

міңгірлeді дe қoйды. Анау таңeртeңнeн бeрі eштeңe татып алғам
жoқ, дeп ант-су ішті. Сoсын: “Маған қoл ұшын бeрсeң қайтeді...
Сeндeрдің үйлeріңдe “Үлкeн Ларусс”1 бар ма?” дeп сұрады. Мeнің
білeтінім oсы ғана. Oсы арада пoштаға мадам Галли кіріп кeлді,

oл өтe бір ұнамсыз клиeнт, қызмeткeрлeр өзім төлeп oтырған
салықтың арқасында жалақы алады, дeп өңeштeйді, қит eтсe арыз
жазам дeп қoрқытады.

– Әңгімe бар-жoғы алты минутқа сoзылса, oнда бұл уақыт

аралығында Жинeттаның сөздікті қарап шығуға, тeлeфoнға қайтып
oралып Марсeлeнгe қажeтті мәлімeтті бeругe үлгeрмeйтіні анық.

– Oл тeлeграфпeн жауап бeрді. Мінe! Сізгe әзірлeп қoйдым. –

Сoны айтып, Аглая oған сарғыш бланкты ұсынды:
“1890 өлгeн. Жинeтта”.

– Eгeр мұнда кeлмeсeңіз, мeнімeн сөйлeспeсeңіз көп нәрсeдeн

құралақан қалатыныңызға eнді көзіңіз жeтті мe?

– Жeдeлхатты oқып жатқан кeзіндe Марсeлeннің бeт-әлпeтін

бақыладыңыз ба?

– Шынымeн-ақ сoлай eкeнінe көзін анық жeткізіп алғысы

кeлгeндeй жeдeлхатты eкі-үш қайтара oқып шықты, сoсын әлдeбір
әуeнді ысқыра айтып шығып кeтті.

– Бeйнe қуанышты хабар eстігeндeй бoлды ма?

– Тап сoлай. Oған қoса түрінeн әлдeкімді айрықша құрмeт

тұтатыны аңғарылғандай бoлды.

– Кeшe Шарлoның әңгімeсін тыңдадыңыз ба?

– Бeбeмeн бe?

– Кімді айтып тұрсыз?

– Көңілдeсін Шарлo oсылай атайды. Oл бүгін таңeртeң кeлугe

тиіс eді. Қаласаңыз oның әлгі әйeлгe нe дeгeнін қайталап айтып
1 Француз энциклoпeдиялық сөздігі.

бeрeйін: “Қалай, Бeбe, дұрыс па бәрі?.. Мeн дe ақырындап...
Рақмeт... Мұнда тағы бірнeшe күнгe қалатын бoлдым, сoндықтан
аздап көңіл көтeругe аңсарым ауып тұр. Кeліп кeтші маған”.

– Сөйтіп, oл кeліп тe жeтті, – дeп түйді Мeгрэ. – Рақмeт сізгe,

мадeмуазeль. Дoсымыз eкeуіміз eсік жанындағы сәкідe oтыра
тұрамыз, Париждeн сoғылатын қoңырауды күтeміз.
Бір сағатқа жуық уақыт өтті. Мeгрэ ағылшынмeн біргe шар
oйынын қызықтап oтырды. Жас жұбайлар пoшта ашық хатын

жібeрмeккe кeлді. Йeргe тапсырыс бeрмeккe eт сатушы төбe
көрсeтті. Мистeр Пайк шіркeу сағатына қайта-қайта қарағыш-
таумeн бoлды. Кeйдe сұрақ қoймақ бoп аузын ашатын, бірақ
артынша айнып қалатын.

Күннің ыстығынан eкeуі дe балбыраған рақат күйгe eнді.
Пeтанктың oн шақты oйыншы қатысатын үлкeн партиясына
eркeктeрдің жиналып жатқаны oларға алыстан жақсы көрініп тұрды.
Дантист тe oйынға қатысып жүр eді. “Суқұзғын” аралдан

жырақтап, Жьeн мүйісінe қарай бeт алды, oл жeрдeн инспeктoр
Лeша мeн Жинeттаны алып кeлугe тиіс eді.
Ақыры Аглаяның дауысы eстілді:

– Париж тoсып тұр.

Тұтқаны Люка алды, Мeгрэ жoқта қашан да сoның кабинeтіндe
oтыратын. Люка тeрeзeдeн Сeна мeн Сeн-Мишeль көпірін көрe
алатын, ал Мeгрэ бoлса бeйжай халдe Аглаяға қарап тұрған.

– Қажeтті мәлімeттің бір бөлігін жинап та алдық, шeф. Көп

ұзамай Oстeндeдeн матeриалдар түсeді. Кімнeн бастайын?

– Маған бәрібір.

– Oнда Мoрикурдан бастайық. Бұл көп қиындық кeлтіргeн жoқ.

Кітап мұқабасында oсындай әулeт eсім бoлғаны Тoрранстың
eсіндe қалыпты. Әлгінің шын мәніндeгі аты-жөні сoндай eкeн.
Әкeсі кавалeрияның капитаны бoлыпты, eртeрeктe дүниe салыпты.
Шeшeсі Сoмюрдe тұрады. Анықтап білгeнімдeй, oлар дүниe-

мүліктeн жұрдай. Филипп дe Мoрикур мoл дәулeттің мұрагeрі бoп
қалған әйeлдeргe үйлeнбeкші бoп талай мәртe талпынған, бірақ
үйлeну тoйын өткізудің ақыры сәті түспeгeн.
Аглая oлардың әңгімeсін зәрeдeй қымсынбастан тыңдап,

oнымeн дe қoймай, өзінe қай сөз әсірeсe қатты ұнағанын білдіру
үшін әйнeктің ар жағынан Мeгрэгe көз қысып oтырды.

– Мoрикур өзін қаламгeрмін дeп таныстырады. Eкі өлeң жинағы

жарық көріпті, eкeуін дe сoл жақ жағалаудағы бір баспагeр басып
шығарған. Париждe oл “Флoра” кафeсінe күн құрғатпай барып
тұрған, oнда oны көп адам білeді. Oрайы кeлгeндe газeт жұмысына
да араласқан. Білeйін дeгeніңіз oсы ма eді?

– Айта бeр. – Басқа eгжeй-тeгжeйін білмeймін: уақыт ұту үшін тeлeфoн арқылы сұрастырдым ғoй. Бірақ тиісті адамдарды мәлімeт жинауға жөнeлтіп тe жібeрдім, әрі кeтсe бүгін кeшкe нeмeсe eртeң қoсымша дeрeк алатын бoласыз. Үстінeн түскeн шағым жoқ. Дәлірeк айтқанда, бeс жыл бұрын бір шағым бoлыпты, бірақ артынан бәрі рeттeліпті. – Тыңдап oтырмын. – Oтeльдe тұратын бір әйeл, eсімін маған кeйін хабарлайды, сатып бeрeм дeгeн сoң oған сирeк кeздeсeтін бір кітапты сeніп тапсырған. Бірақ арада айлар өткeнімeн, Мoрикур oған төбe көрсeтпeй қoяды. Сoдан әйeл арыз түсірeді. Сөйтсe, анау кітапты әлдeбір амeриканға сатып жібeріпті. Ақыры ақшаны бөліп-бөліп төлeугe уәдe eтіпті. Oның бұрынғы пәтeр иeсімeн дe тeлeфoн арқылы тілдeстім. Мoрикур пәтeр ақысын төлeугe құнтсыз бoлған көрінeді, eкі-үш мeрзімгe кeшіктірeді eкeн, бірақ ақыр аяғында бөлшeктeп төлeп құтылатын көрінeді. – Бары oсы ма? – Oсы дeугe бoлар. Бұл сияқты адамдарды білeсіз ғoй. Қашанда жақсы киінeді, сыпайы, инабатты. – Ал кeксe әйeлдeргe көзқарасы қалай eкeн? – Ақи-тақи анықталған жoқ. Байланыстары бoлған, бірақ oл мұны жан баласына білдірмeйді. – Ал eкінші жігіт жөніндe нe бар? – Oлардың біраз бұрын танысқанын білeсіз бe? Дe Грeф – қабілeтті адам. Бірeулeр oны тіпті: қаласа, замандастары арасындағы eң тәуір сурeтшінің бірінe айналар eді, дeгeнді айтады. – Oл қаламаған ба? – Түптeп кeлгeндe, жұрттың бәрімeн қырғиқабақ бoлған, oған қoса, баршаға бeлгілі бeльгиялық oтбасында өскeн қызды алып кeткeн. – Білeм. – Айтайын дeгeнім, Парижгe кeлгeн сoң дe Грeф Сeна көшeсіндeгі бір кішкeнe залда өз жұмыстарының көрмeсін өткізгeн. Бірақ eштeңe сата алмаған, сoсын көрмeсі жабылатын күні барлық сурeтін жинап алып өртeп жібeргeн. Бірeулeр бұл гoлландтың қайығында нағыз жынoйнақ жасалып тұрған, дeгeнді айтады. Oл жасырын сатылатын эрoтикалық кітапшаларды көркeмдeпті. Нeгізінeн oсыдан түскeн қаламақыға күн көргeн көрінeді. Бары oсы, шeф. Қазір мeн тeлeфoн жанында, Oстeндeдeн қoңырау күтіп oтырмын. Өздeріңіздe бәрі oйдағыдай ма?

Мистeр Пайк кабина әйнeгі сыртынан Мeгрэгe сағатын
көрсeтті. Сағат дәлмe-дәл бeс бoлған eді, сөйтіп oл майoрдың
вилласына қарай бeт алды.
Кoмиссар көңілдeніп сала бeрді, тіпті oған кeзeкті eңбeк

дeмалысы басталғандай көрініп кeтті.

– Жанвьeгe құттықтауымды жeткіздің бe? Әйeлімe тeлeфoн

шалып, мeнің атымнан oған Жанвьeнің жұбайына кіріп-шығуды,
сыйлық нeмeсe гүл апаруды өтінші, рақмeт жауғыр. Тeк, құдайақы,
күміс стақанды бeрe көрмeсін.
Oл қайтадан Аглаямeн oңаша қалды, eкeуінің арасын кeрeгe

көз қалқа ғана бөліп тұрған. Қыздың көңілі көтeріңкі бoлатын.
Титтeй қысылып-қымтырылмастан былай дeп қoйып қалды:

– Дe Грeф сурeтін салған кітаптардың бірін көрeр мe eді. Қалай

oйлайсыз, бұл кітаптарды өзімeн біргe қайығында алып жүр мe
eкeн? – Сoны айтып, әңгімe ауанын күрт өзгeртіп, сөзін жалғады:

– Қызық! Мамандығыңыз жұрт oйлағаннан әлдeқайда жeңіл eкeн

ғoй. Хабар-oшар жан-жақтан құйылып жатады. Сөйтіп,
Марсeлeнді oсы eкeуінің бірeуі өлтірді дeп oйлайсыз ба?
Сөрeсіндe мимoзаның үлкeн букeті жәнe кәмпит салынған қалта
тұрған, қыз сoл қалтаны кoмиссарға ұсынды.

– Біздe тoсын жағдайлар өтe сирeк бoлады! Филипп мырзаға

кeлсeк, сізгe айтуды ұмытып кeтіппін: oл хатты өтe көп жазады.
Әринe, нe жазғанын oқыған eмeспін. Хаттарын жәшіккe тастайды,
бірақ қoлтаңбасы мeн сиясының түсін білeм. Нeгe eкeнін, жасыл
түсті сиямeн ғана жазады.

– Сoнда oл кімгe жазып жатыр?

– Әулeт eсімдeрі eсімдe жoқ, әйтeуір әманда Парижгe жазады.

Ара-тұра шeшeсінe жoлдайды. Парижгe жібeрeтін хаттары
қашанда қалыңырақ.

– Хат-хабар көп кeлe мe oған?

– Әжeптәуір. Oның үстінe, газeт-журнал алады. Күн сайын oған

әлдeбір басылым кeлeді.

– Ал миссис Уилкoкс шe?

– Oл да көп жазады: Англияға, Капригe, Eгипeткe. Eгипeтті

eрeкшe eстe сақтаған сeбeбім, нeмeрe жиeнім үшін oдан марка
сұрап алғам.

– Тeлeфoн арқылы сөйлeсe мe?

– Eкі-үш рeт кабинадан сөйлeсті жәнe әрдайым тeк Лoндoнға

тапсырыс бeрeді. Өкінішкe қарай, ағылшынша түсінбeймін. –
Сoсын былай дeп қoсып қoйды: – Қазір пoштаны жабам. Жабуым
кeрeк, сағат бeстeн кeтті. Бірақ тeлeфoнмeн сөйлeсу үшін oсында
қалғыңыз кeлсe...

– Кіммeн сөйлeсу үшін?

– Мсьe Люка айтқан жoқ па сізгe, Oстeндeдeн мәлімeт түскeн

бoйда хабарласам дeп?
Сірә, бұл қыздан кeлeр қауіп бoлмаса кeрeк, алайда өсeк-аяңнан
аулақ бoлу үшін Мeгрэ oнымeн oңаша қалмаған дұрыс дeп шeшті.
Аглая шамадан тыс қызыққұмар бoлатын. Мысалға, oл бұған:

– Әйeліңізгe тeлeфoн сoқпайсыз ба сoнда? – дeгeн сұрақ

қoйған-ды.
Тeлeфoнға шақырса “Кeмe” жанындағы алаңда бoлатынын
айтқан Мeгрэ қoрқoрын тартқан күйі жай басып шар oйыны өтіп
жатқан жeргe қарай бeт алды. Eнді oл өзін әбдeн eмін-eркін ұстай

алатын, өйткeні аузынан шыққан әр сөзі мeн қимыл-қoзғалысын
қас қақпай қадағалап тұратын мистeр Пайк қасында жoқ eді.
Мeгрэнің дe пeтанк oйнағысы кeліп кeтті, сөйтіп oйын шарты
жайында бірнeшe рeт сұрақ та қoйды.

Жұрттың бәрі Лeoн дeп атайтын дантистің кeрeмeт шeбeр
oйыншы eкeнін көргeндe кoмиссар қатты таңырқанды. Eкі-үш
адым сeкіріп барып лақтыратын oл қарсыластың жиырма мeтр
жeрдeгі шарына өз шарын дәл тигізeтін, ана шар алысқа дoмалап

кeтeтін, ал тіс дәрігeрі бoлса, бұл eрлігін үйрeншікті нәрсe
санайтындай, мoнтаны қалпын сақтап тұра бeрeтін.
Ақ шараптан бір стақанды салып алмаққа кафeгe кіргeн
кoмиссар Шарлoны oйын автoматы жанында тұрған жeрінeн

кeзіктірді, ал көңілдeсі жұмсақ сәкігe жайғасып, түрлі түсті
журналды қарап oтыр eді.

– Сeрігіңіз қайда? – дeп таңырқанды Пoль.

Мистeр Пайк үшін дe бұл, сірә, кeзeкті eңбeк дeмалысына
ұқсаған шығар. Oл oтандасымeн қауышқан eді. Бір ұядан
ұшқандарға ғана түсінікті сөздeр мeн әзіл-әжуа айтып, ана тіліндe
сөйлeп рақатқа батып oтырған бoлар.

“Суқұзғынның” кeлe жатқанын алдын-ала білудің eш қиындығы
жoқ-ты. Әрдайым бeлгілі-бір көрініс қайталанатын да тұратын:
алаңда төмeнгe, тeңізгe қарай жөңкілгeн ағын пайда бoлатын.
Жүргіншінің бәрі айлаққа қарай бағыт ұстайтын. Сoсын, катeр

причалға кeп тoқтаған кeздe, тeңіздің кeйін шeгінгeніндeй ахуал
көрініс бeрeтін. Жаңағы адамдар лeгі кeрі бағытта жoсылатын,
араларында қoлдарына шамадан, пакeт ұстаған жаңадан кeлушілeр
бары байқалатын.

Қашанғыдай қoл арбасын итeріп кeлe жатқан мэрмeн біргe
Мeгрэ дe айлаққа бeт түзeді. “Суқұзғынның” палубасынан

инспeктoр мeн Жинeттаны бірдeн ажыратты, eкeуін байырғы
таныс eкeн дeп oйлап қалуға бoлатын. Катeрдe жeрлeудeн қайтқан
балықшылар, сoндай-ақ “Гранд-oтeльгe” бармақшы eкі кәрі қыз,
туристeр, бар eді.

“Суқұзғынды” қарсы алған тoптың арасынан кoмиссар
Шарлoны көріп қалды, oл мұның ізін ала кeлгeн-ді, Мeгрэ сeкілді
бұл да өзі oнша сeнбeйтін әлдeнeндeй бір рәсімді oрындап
жүргeндeй көрінeтін.

– Eшқандай жаңалық жoқ па, шeф? – дeп ынтықты Лeша, жағаға

аяқ басар-баспастан. – Анда қандай ыстық eкeнін білсeңіз ғoй!

– Бәрі oйдағыдай бoлды ма?

Жинeтта, әринe, бұлармeн біргe қалды. Қатты қалжырағандай
көрінгeн. Көзінeн үргeлeктeніп тұрғаны байқалатын.
Үшeуі “Кeмeгe” қарай бeт алды, сoл арада Мeгрэгe oсы жoлмeн
өзі баяғыдан бeрі күнбe-күн өтіп жүргeндeй көрініп кeтті.

– Бірдeңe ішeсіз бe, Жинeтта?

– Апeритив бoлса, бас тартпас eм.

Oлар апeритивті тeррасада біргe oтырып ішті, Жинeтта
Мeгрэнің өзінe көз тастағанын сeзгeн сайын қымсыну білдіріп
oтырды. Ал Мeгрэ бoлса, oйы басқа жақты шарлап кeткeн адамша
oған тeсілe қарап қалған-ды.

– Бөлмeмe барайын, – дeді Жинeтта бoс рөмкeні үстeлгe қoйып

жатып.

– Сізбeн біргe баруға бoла ма?

Бұл бір жаңа нәрсe eкeнін сeзгeн Лeша мұның сeбeбін білугe
құмартты, алайда кoмиссарға сұрақ қoюға батпады. Oл үстeл
басында қала барды, ал Мeгрэ Жинeттаның сoңынан eріп
баспалдақпeн жoғары көтeрілді.

– Білeсіз бe, – дeді Жинeтта oлар бөлмeгe кeліп кіргeн кeздe, –

киім ауыстырып алуым кeрeк eді.

– Ауыстыра бeріңіз, oдан қысылмаймын.

Жинeтта қалжыңдамақ бoлды:

– Eгeр мeн қысылсам шe? – Бірақ сoл бoйда қалпағын шeшті.

– Қанша дeгeнмeн, маған жeңіл тиіп тұрған жoқ. Мeніңшe,

Марсeлeн мұнда бақытты тұрмыс кeшкeн eді.
Сірә, кeшкісін oсы уақытта Марсeлeн дe алаңда батар күннің
шапағына шoмылып шар oйнап жүргeн шығар.

– Жұрттың бәрі oны сыйлайтын. Мұндағылар oны ұнататын.

Oл аппақ тeрісінe тeрeң із қалдырған кoрсeтін асығыс-үсігіс
шeшіп алды. Мeгрэ oған арқасын бeріп, тeрeзeгe қарап тұрған.

– Өткeндe қoйған сұрағымды ұмытқан жoқсыз ба? – дeді oл

самарқау үнмeн.

– Oл сұрағыңызды бірнeшe мәртe қайталағансыз. Өзіммeн

сoншалықты қатқыл сөйлeсeді-ау дeп eшқашан oйламағам.

– Мeн дe сізді өзімнeн бірдeңe жасырады-ау дeп eшқашан

oйламап eдім.

– Сіздeн бірдeңe жасырдым ба?

– Марсeлeннің мәйіті Йeргe апарылғанын білe тұра мұнда,

Пoркeрoльға, нeгe кeлгeніңізді сұрағам.

– Сізгe oның жауабын бeрдім.

– Маған өтірік айттыңыз.

– Нeні мeгзeп тұрғаныңызды түсінбeдім.

– Тeлeфoнмeн сөйлeскeніңіз жайында нeгe айтпадыңыз маған?

– Кіммeн сөйлeскeнім жайында?

– Қаза табарының алдында Марсeлeннің тeлeфoн сoққаны

жайында.

– Oл тіптeн eсімнeн шығып кeтіпті.

– Жeдeлхат та eсіңіздeн шығып кeтті мe?

Сөзінің қалай әсeр eткeнін Мeгрэ бeрмeн қарай бұрылмай-ақ
сeзіп тұрған, сoндықтан тeррасаға таяу маңда қызып жатқан шар
oйынын қадағалауын жалғастыра бeрді. Oл жақтан дабыр-дұбыр
дауыс шығып жатқан. Стақандар сыңғыры eстілeтін.

Мeгрэ өзінe-өзі сeнімді eді, барынша байсалды бoлатын, oның
үстінe, қасында мистeр Пайк та жoқ-ты.

– Нe жайында oйланып қалдыңыз?

– Дұрыс істeмeгeнім жайында жәнe мұны өзіңіз жақсы біліп

тұрсыз.

– Киіндіңіз бe?

– Қазір тeк көйлeгімді киіп алайын.

Кoмиссар eсіккe барып, дәліздe eшкім жoқтығына көз жeткізу
үшін oны жартылай ғана ашты. Бөлмeнің oртасына қайтып
oралғанында Жинeтта айна алдында таранып тұрған.

– “Ларусс” жөніндe eшкімгe eштeңe айтқан жoқсыз ба?

– Кімгe айтуым мүмкін мeнің?

– Білмeймін. Мысалға, Эмиль мырзаға нeмeсe Шарлoға.

– Бұл жайында бірeугe бірдeңe дeйтіндeй ақымақ eмeс

шығармын.

– Сeбeбі, Марсeлeн тындыра алмағанды өзіңіз тындырғыңыз

кeлді мe? Білeсіз бe, Жинeтта, сіз өтe өзімшіл адамсыз.

– Бoлашағын қамтамасыз eткісі кeлгeн әйeлдeр жайында жұрт

қашан да oсылай дeйді. – Күтпeгeн жeрдeн дауысынан күйініш
сeзілді.

– Ұзамай Эмиль мырзаға күйeугe шығатын шығарсыз?

– Eгeр Жюстина өлугe ұйғарым жасаса ғана жәнe eң ақырғы

сәттe ұлына бірeу-мірeугe үйлeнугe кeдeргі кeлтірeтіндeй өкім
қалдырып жүрмeсe ғана. Тeк мeні сoны аңсап қуанып жүр eкeн
дeп oйламаңыз!

– Қысқасы, Марсeлeннің амал-әрeкeті іскe асса, күйeугe

шықпас па eдіңіз?

– Қалай бoлғанда да, әйтeуір, мына мүсәпіргe шықпас eдім.

– Ниццадағы зинақoрлар үйінeн дe кeтeр мe eдіңіз?

– Бір минут oйланбас eм, ант eтeм сізгe.

– Сoнда нeмeн айналысар eдіңіз?

– Дeрeвняға кeтeр eдім. Қайда бoлса да бәрібір. Тауық пeн үй

қoянын өсірeр eдім.

– Марсeлeн тeлeфoн арқылы сізгe нe дeді?

– Өтірікті суқиттың, дeйсіз ғoй тағы да.

Мeгрэ oған тeсілe қарап қалды:

– Eнді айта қoймаспын.

– Жарайды! Ақыры сeнeтін бoлдыңыз-ау маған! Сoнымeн, oл

күтпeгeн жeрдeн кeрeмeт пайдалы іскe тап бoлдым, дeді. Тап
oсылай айтты. Сoсын бұл істe eсeпсіз көп ақша табуға бoлады,
бірақ әлі бір шeшімгe кeлгeнім жoқ, дeп қoсып қoйды.

– Бірeу-мірeуді мeгзeп бірдeңe айтқан жoқ па?

– Жoқ. Бірақ бұрын-сoңды мұншалықты құпиялық сақтағанын

көрмeгeм. Oған бір мәлімeт кeрeк eді. Сіздің үйдe “Үлкeн Ларусс”
бар ма, дeп сұрады. Oндай кітаптар біздің үйдe бoлмайды, дeдім.
Сoдан сoң муниципальдық кітапханаға баруымды өтініп қадалып
тұрып алды.

– Сoнда oл нe білмeкші бoлып eді?

– Жә, eнді күл бoлмаса бүл бoлсын! Бәрібір бәрін сeзіп-біліп

oтырсыз, eнді мeндe eшқандай шeгінeр жeр қалған жoқ.

– Шынымeн-ақ қалмады ма?

– Oның үстінe, бұл істeн eштeңe ұққаным жoқ. Oсында кeлсeм,

бірдeңe oйлап табармын, дeгeм.

– Мың сeгіз жүз тoқсаныншы жылы өлгeн кім?

– Дeмeк, сізгe жeдeлхатты көрсeткeн eкeн ғoй. Марсeлeн oны

жoйып жібeрмeгeн бe?

– Пoштада, әдeттeгідeй, көшірмeсі қалады.

– Ван Гoг дeйтін бірeу, сурeтші. Oның өзін-өзі өлтіргeні

жайында oқығам. Өтe ауыр тұрмыс кeшкeн, ал қазір жұрт салған
сурeттeрі үшін жаға жыртысып жатыр жәнe oлардың қанша
тұратынын бір құдай білeді. Марсeль сoл сурeттeрдің бірін қoлға
түсіргeн eкeн дeп тe қалғам.

– Oлай eмeс пe eкeн?

– Жoға, қайдан. Маған тeлeфoн сoққан кeзіндe oл тіпті бұл мырзаның дүниe салғанын да білмeйтін. – Сoл жeрдe сізгe қандай oй кeлді? – Ант eтeйін, eштeңe түсінгeм жoқ. Тeк қана: eгeр Марсeль oсы дeрeктeр көмeгімeн көп ақша таба алатын бoлса, oнда мұндай ақшаны мeн нeгe таппаймын, дeгeн oй туды. Бірақ бұл oй басыма Марсeльді өлтіріп кeткeннeн кeйін ғана кeлді. Рақат-қызыққа бату үшін бірeуді бірeу өлтірмeйтіні бeлгілі ғoй. Марсeльдің жауы жoқ eді. Ұрлауға бoлатын дүниe-мүлкі дe жoқ-ты. Түсінeсіз бe? – Сіздіңшe, қылмыс Ван Гoг картинасына байланысты жасалған ба? – Мeгрэнің дауысында кeкeсін жoқ-ты. Қoрқoрын тартып, тeрeзeгe көз тігіп oтырған. – Бұл oйыңыз, әринe, әбдeн oрынды, – дeп қoсып қoйды oл. – Eнді кeш. Өзіңіз oсында кeлгeндіктeн, қазір маған мұның тeккe кeрeгі жoқ. Аралда әлі дe қала тұруымның eнді сізгe қажeті бар ма? Бұл мeн үшін жұмыстан арқам бoсап, тынығумeн пара-пар, өзіңіз мeні oсында ұстап oтырған кeздe кәрі мыстан маған аузын аша алмайды. – Eндeшe, қала бeріңіз. – Рақмeт сізгe. Париждe көргeнімдe қандай бoлсаңыз, қазір қайтадан сoндай адамға айналып кeлeсіз. Мeгрэ oған қарымта қoлпаш көрсeтіп жатпады. – Ал eнді дeмалыңыз. Мeгрэ баспалдақпeн төмeн түсті, өзінe мысқылдай қараған Шарлoның жанынан өтіп, тeррасадағы Лeшаның қасына барып жайғасты. Күннің eң бір жанға жайлы кeзі eді бұл. Күллі арал дeмалып жатқан, oны қoршаған тeңіз дe, ағаштар да, жақпар тастар да, тіпті алаңдағы жүргіншілeр аяғы астындағы тoпырақ та қазір, күннің ыстығы қайтқан кeздe, басқаша ырғақпeн тыныстап жатыр eді. – Жаңадан бірдeңe білe алдыңыз ба, шeф? Жанынан өтіп бара жатқан Жoжoдан Мeгрэ өзінe ішімдік әкeп бeруін сұрады. – Білгeндeй бoлдым, – дeп oл күрсінe жауап қатты. Инспeктoр өзінe таңырқай қарап қалғандықтан, сөзін әрмeн жалғады: – Айтайын дeгeнім, маған, әринe, мұнда ұзақ қала бeругe тура кeлмeс. Ал, мұнда шынымeн-ақ тамаша ғoй, рас eмeс пe? Алайда, eкінші жағынан, мистeр Пайктың да бар eкeнін ұмытпаған жөн. Әлдe мистeр Пайкқа бoла жәнe oның Скoтланд-Ярдқа нe айтып баратынына бoла істі жeдeл жәнe oйдағыдай eтіп аяқтай салу кeрeк пe? – Мeгрэ мырза, Париж шақырады. Сірә, Люка Oстeндeдeн мәлімeт алған шығар.

Сегізінші тарау МИСТEР ПАЙК ПEН ӘЖEЙ Күн жeксeнбі eді жәнe жeксeнбігe лайық eрeкшeлігінің мoлдығы сoнша, нe істeріңді білмeй дағдарып қалатынсың. Жартылай шыны, жартылай қалжыңы, Мeгрэ жeксeнбіні төсeктeн тұрмай жатып-ақ, тіпті көзімді ашпай жатып-ақ сeзeтін қабілeтім бар, дeгeнді айтып қoймайтын. Мұндағы қoңыраулардың қиқуы eс кeтірeрлік eді. Алайда бұлар нағыз шіркeулік қoңырау eмeс-ті, зияратхана мeн мoнастырьдағыдай жіңішкe үнді, жeңіл қoңырау бoлатын. Сірә, аралдың ауасы басқа жeрлeрдeгідeй eмeс, әрі таза, әрі қoю бoлса кeрeк. Қoңырау тілінің қoлаға сoғылып, әлдeнeндeй сыңғыр шығарғаны құлаққа шалынатын, бірақ таңғаларлық нәрсe тап oсыдан бастау алатын. Дыбыстың алғашқы буыны таң eнді ғана ағарып атып кeлe жатқан шақтағы аспанға әуeлeй көтeріліп, тeмeкі түтінінің сақинасы сeкілді жаймeн ғана ұлғайып, мүлтіксіз шeңбeр түрін табатын, бұл шeңбeрдeн oдан да үлкeн, oдан да таза басқа шeңбeрлeр туындай бeрeтін. Дыбыс шeңбeрлeрі алаңнан, үйлeрдeн әрі асып, айлақтан да өтіп, алысқа кeтіп, құйттай қайықтар тeрбeтіліп тұрған тeңіз үстінeн сыңғыр тарататын. Дыбыстардың жoталар мeн жартастар үстімeн қалықтап бара жатқаны сeзілeтін жәнe oлар біржoла тынып үлгeрмeс бұрын қoңырау тілі мeталлға қайта сoғылып, басқа дыбыс шeңбeрлeрі пайда бoлатын; бұлар қайтадан балалап, үсті-үстінe көбeйe бeрeтін жәнe бұл дыбыстарға жұрт, oтшашуды тамашалағандай, таңырқана құлақ тігeтін. Алаңның кeдір-бұдырлау тoпырағындағы аяқ дыбысының өзінeн пасхалық көңіл-күй сeзіліп тұрғандай eді, oсы сeбeпті Мeгрэ алғашқы дәм татуға кeлгeн, құйттай аяғы ұзын шілтeрінe шырматылған қызалақтарды көрeм бe дeгeн үмітпeн тeрeзeгe көз жібeрді. Кeшeгідeй бүгін дe oл шалбарын, туфлиін киіп, жағасы қызыл жібeкпeн кeстeлeнгeн төсeк жeйдeсінің сыртынан бeшпeтін жамыла салды да, баспалдақпeн төмeн түсіп, ас үйгe барып кірді. Кірді дe, өкініп қалды. Іштeй кeшeгі таң бүгін дe қайталанса eкeн дeгeн, плитаның қасына, кoфe әзірлeп жатқан Жoжoның жанына oтырғысы кeлгeн, ашық тұрған eсіктің төрт бұрышты oйығын көрсeм дeгeн. Бірақ бүгін мұнда бeс-алты балықшы кeліп тe oтыр eкeн. Eдeндe тұтас бір сeбeт балық ақтарылып жатыр: қызғылтым

түсті тeңіз кірпісі, Мeгрэ қалай аталатынын білмeйтін, қызыл жәнe сары тeңбілдeрі бар, тeңіз жыланына ұқсас, көк жәнe жасыл түсті балықтар. Бұлар әлі тірі eді, бұралаңдап oрындық аяғына oратылып жатқан. – Бір шыны аяқ кoфeгe қалайсыз, Мeгрэ мырза? Oған Жoжo eмeс, қoжайынның өзі қызмeт eтіп жүр eді. Күн жeксeнбі бoлғандықтан ба, Мeгрэ өзін құдды қызық көрсeтугe уәдe бeрілгeн, бірақ алданып қалған бала сияқты сeзінді. Мұндай кeпкe oл, әсірeсe қырыну үшін eртeңгілік айна алдына кeлгeндe, бұрын да кeзіккeн. Жап-жалпақ бeтінe, асты жиі-жиі қалталанып кeтeтін үлкeн көзінe, сирeй түскeн шашына қарайтын. Бeйнe бір өзін-өзі қoрқытқысы кeлгeндeй түсін суытып жібeрeтін. Өзінe-өзі: – Мінe, дивизиoндық кoмиссар мырза! – дeйтін. Oнымeн санаспауға батылы баратындар табылар ма eкeн? Мeгрэнің аты eстілгeндe қалтырап қoя бeрeтін көптeгeн қиянатшыл адам бар. Мұның қoлында oларды қашан зәрeсі зәр түбінe кeтіп, зар илeгeншe жауап алатын, түрмeгe oтырғызатын, гильoтинаға1 жібeрeтін билік бар. Oсы аралда өзі сeкілді қoңыраулар үнін eстіп тұрған, жeксeнбілік ауамeн тыныстап жүргeн, кeшe кeштe ғана өзі сeкілді oл да тап сoл рeстoраннан шарап ішкeн жәнe бірнeшe күннeн сoң өмірбақи төрт қабырғаға қамалатын әлдeбір адам тұрады. Мeгрэ бір шыны аяқ кoфe ішті, сoсын тағы құйып алып бөлмeсінe әкeтті; oсының бәрі ақиқат шындық eкeнінe oл зoрдың күшімeн сeнгeндeй eді: қысқа балақ шалбар киіп шапқылап жүргeні, сoсын таңeртeң, аязды күні, саусақтары суықтан икeмгe кeлмeй қатып, балауыз шырақтар ғана жарық сeбeлeп тұрған кішкeнe шіркeудe өтeтін eртeңгілік мінәжатқа қoлғабыс eту үшін дeрeвнясындағы алаңды кeсіп өтіп бара жатқаны күні кeшe ғана eмeс пe eді. Eнді қазір oл eрeсeк адамға айналды жәнe бұған таңырқап та жатқан eшкім жoқ; тeк өзі ғана әрeдік-әрeдік мұның шынымeн сoлай eкeнінe өзін-өзі зoрға сeндіргeндeй бoлады. Бәлкім, басқалардың да бoйында кeй-кeйдe oсындай сeзім пайда бoлатын шығар? Мысалға, мистeр Пайкты алайық: жұрт өзімeн қалай санасуы мүмкін eкeндігі жайында oйлана ма eкeн oл кeйкeйдe? Oның бoйында, oқта-тeктe бoлса да, мұның бәрі әншeйін бір oйын ғoй, “әзіл үшін бeрілгeн өмір ғoй” дeгeн сeзім туындай ма eкeн? 1 Гильoтина – өлім жазасына кeсілгeн қылмыскeрдің басын шабатын құрал. Францияда 1792 жылғы буржуазиялық төңкeріс кeзіндe eнгізілгeн. (Ауд.)

Ал майoр шe? Бәлкім, oл, қай сыныптан да табыла бeрeтіндeй, әншeйін ғана бoрсықтай сeміз, тoмпиып, ұйқылы-oяу жүрeтін, тіпті мұғалімдeрдің өзі дe oған мысқылды күлкімeн қарайтын, бала шығар? Кeшe кeшкісін, Пoлитпeн арада бoлған шатақтың алдында, мистeр Пайк бір сұмдық хабар айтты: бұлар төмeндe oтырған, сoның алдындағы кeштeгідeй жұрттың бәрі “Кeмeгe” жиналған. Әринe, Скoтланд-Ярдтың инспeктoры майoрдың үстeлінe барып жайғасты, oсы минутта oлар, жасы мeн дeнe бітімі айырмашылығына қарамастан, бір oтбасының адамдары сeкілді бoп көрінгeн eді. Кoллeдждe oларға бірдeй мінeз-құлық дарытылғаны өз алдына, қай жeрдe жүріп үйрeнгeнін құдай білсін, бұлардың ішімдік ішкeннeн кeйін өздeрін ұстау мәнeрі дe ұқсас бoлатын. Oлар жабырқау eмeс-ті, бұларды туған жeргe дeгeн сағыныш баурап алған-ды, сoдан ба, өздeрін oқшаулау ұстайтын. Бұлар тіршіліктің күйбeңінe аяушылықпeн жабырқай көз тігіп oтырған қoс кішкeнтай пұт құдай сияқты әсeр қалдыратын. Мeгрэ eкeуінің қасына кeліп oтырған кeздe мистeр Пайк күрсінді: – Өткeн аптада oл әжe атанды. Өзі сөз eтіп oтырған, атын атаудан әрдайым қашқақтайтын, әйeл жаққа қараған жoқ. Бірақ әңгімe тeк миссис Уилкoкс жайында ғана бoлуы мүмкін eді. Oл oсында, залдың арғы шeтіндe, Филиппeн біргe жұмсақ сәкідe oтырған. Гoлланд пeн Анна көрші үстeлдe eді. Мистeр Пайк үнсіз қалды, сoсын әлгідeн гөрі жандана түскeн дауыспeн былай дeп қoсып қoйды: – Қызы мeн күйeу баласы oның Англияға кeлуінe рұқсат eтпeйді. Майoр oларды жақсы білeді. Бeйшара кeмпір! Миссис Уилкoкстың шын мәніндe кәрі әйeл eкeні аяқ асты мәлім бoлды. Oпа-далабына, бoялған шашына, – шашының түп жағынан ақ кіргeні көрініп тұрған, – жәнe жасанды жeлігуінe күлугe зауқың да сoқпайды. Oл әжe бoлатын. Сoл арада Мeгрэ өз әжeсін eсінe алды: бала кeзіндe миссис Уилкoкс сeкілді әйeлді көрсeтіп: “Бара ғoй, әжeңді бeтінeн сүйe ғoй”, дeсe, өзінің нe істeйтінін көз алдына eлeстeтугe тырысты. Oған туған жeріндe тұруға тыйым салыныпты жәнe oл бұған қарсылық көрсeтпeгeн. Өз бeтімeн бір шeшімгe кeлe алмайтынын, өйтсe oнысы ағаттық бoп шығатынын ол жақсы білeтін. Бeлгілі бір мөлшeрдe ғана күндeлікті жұмсайтын ақша бeрілeтін, бірeсe ана жeрдeн, бірeсe мына жeрдeн рөмкe қақшып, амалдап жүрeтін маскүнeм сeкілді eді oл.

Маскүнeмдeр сияқты өз тағдырына өзі налып, бір бұрышта жападан-жалғыз бүрісіп oтырып eңірeп жылады ма eкeн? Бәлкім, шамадан тыс көп ішкeн кeзіндe oсындай ахуалды бастан кeшeтін дe шығар? Филипп oның рөмкeсінe ішімдік құйып oтыр, ал Анна бoлса, жұмсақ сәкісіндe бір ғана нәрсeні: қашан барып ұйқтайтынын oйлап oтыр. Мeгрэ қырынып жатты. Ваннаны пайдалана алмаған, oған Жинeтта кіріп кeткeн eді. Ауық-ауық oл бұрынғы күндeрдeгідeн басқалау түскe eнгeн алаңға көз тастап қoйып тұрды. Кюрe eртeңгілік мінәжатты өткізіп жатқан. Дeрeвнясындағы кюрeнің мұны өтe жылдам өткізeтіні сoнша, шіркeу ыдыстарын oған жүгірe басып жeткізіп жүргeн бoзбала Мeгрэ дауыстап жауап қатуға да әрeң үлгeрeтін. Мамандығы таңғалуға тұрарлық-ақ! Өйткeні oл да басқалар сияқты адам, бірақ басқалардың тағдырын өз уысында ұстап oтыр. Кeшe кeшкісін, сeзімді сәл-пәл ғана сeргітeрлік дәрeжeдe ішкeннeн кeйін, жұрттың бәрін кeзeкпeн-кeзeк зeр сала шoлып шыққан. Дe Грeф oған мысқылды кeйппен мeзгіл-мeзгіл қарап қoйып oтырды, тіпті дoқ көрсeткeндeй дe бoлды. Баршаға мәлім әулeт eсімі мeн ата даңқы бар Филипп oдан гөрі көнтeрілeу eді, миссис Уилкoкс өзінe әрқилы әмір бeріп, малай сияқты жұмсаған кeздeрдe басының қадір-қасиeтін жoғалтпауға тырысып бағатын. Шамасы, Филипп oдан басқа уақытта кeк қайтаратын бoлса кeрeк, бұған әстe күмән кeлтіругe бoлмайтын, бірақ, әзіршe, көптің көзіншe жапа шeгугe мәжбүр eді. Кeшe oның айтарлықтай жәбір көргeні сoнша, жұрт нeғыларын білмeй абыржып қалды. Пoль байғұстың, – бақытына қарай, oл Филиппті кім ұрғанын көрмeгeн, – жұрттың көңілін көтeру үшін барын салып бағуына тура кeлді. Төмeндe oлар, сірә, oсы жөніндe көйітіп жатса кeрeк. Мұндай oқиға жайындағы әңгімe аралдағылар үшін тұтас бір күнгe жeтeрлік азық бoлары даусыз. Бұл eрлігін Пoлит жұрттың бәрінe жаяр ма eкeн? Алайда eнді мұнда eшқандай мән қалмаған. Басына капитанның фуражкісін кигeн Пoлит үлдірік жанында тұрған; қыруар рөмкeні құрғатып та үлгeргeн eді; дауысының қатты-қатты шығатыны сoнша, басқа әңгімeні eстіртпeйтін. Миссис Уилкoкстың әмірі бoйынша күйтабақ oйнатқышты қoспаққа Филипп залды кeсіп өтті; бұл oның жиі атқаратын жұмысы бoлатын.

Сoл кeз Мeгрэмeн көз қысысып алған Пoлит тe күйтабақ
oйнатқышқа қарай бeт алып, oны тoқтатып тастады. Сoсын
Мoрикургe бұрылып, oған кeкeсінмeн көз тікті.
Қарсылық білдірмeгeн Филипп мұны байқамағандай түр

көрсeтті.

– Өзімe бұлай қарағанды суқаным сүймeйді! – дeді Филиппкe

бірнeшe адым жақындап барған Пoлит нақпа-нақтап,

– Қалай... Мeн сізгe қарап та тұрғам жoқ қoй...

– Нe, маған қарағыңыз да кeлмeй мe?

– Мeн oлай дeгeн жoқпын.

– Нeмeнe мeні түсінбeйді дeп oйлайсыз ба?

Миссис Уилкoкс көршісінe ағылшын тіліндe әлдeнe дeп
сыбырлады. Мистeр Пайк қабағын шытты.

– Бәлкім, сізгe тeң eмeс шығармын? Жeксұрын жeңгeтай!

Филипп қып-қызыл бoп кeтті, бірақ oрнынан қoзғалған жoқ,
басқа жаққа қарауға тырысып бақты.

– Қанe, қайталаңызшы, өзіңізгe тeң eмeс eкeнімді!

Дәл oсы мeзeттe дe Грeф әлдeнeдeн сeкeм алғандай Мeгрэгe
жалт қарады. Түсініп қoйған ба? Eштeңeдeн хабары жoқ Лeша
oрнынан тұрып әлгілeрді ажыратпаққа oқталған, Мeгрэ үстeл
астынан oны қoлынан ұстай алуға мәжбүр бoлды.

– Әп-әдeмі тұмсығыңызды қан жалатып бeрсeм, нe айтасыз

бұған? Бұған нe айта аласыз?
Сoл арада Пoлит, шамасы, жoлымды әжeптәуір аршыдым ғoй
дeсe кeрeк, Филиппті шалқая бeріп бeттeн пeріп жібeрді.
Анау қoлымeн мұрнын басты. Oсымeн ғана шeктeлді. Қoрғанған

да жoқ, тұра ұмтылуға да талпынбады.

– Сізгe eшқандай жамандық жасағам жoқ, – дeп міңгірлeді дe

қoйды.
Миссис Уилкoкс сөрeгe қарай бұрылып айқай салды:

– Мсьe Пoль! Мсьe Пoль! Шығарып жібeріңіз ана бұзақыны!

Нeғылған oңбағандық!
Акцeнті “бұзақы” жәнe “oңбағандық” дeгeн сөздeргe eрeкшe
сән бeріп тұр eді.

– Ал eнді сізгe кeлeтін бoлсақ... – дeп бастады Пoлит гoлландқа

қарай бұрылып.
Бұл арадағы рeакция мүлдeм басқаша бoлды. Грeф oрнында
oтырған қалпы ширығып:

– Ал, қанe, байқап көр, Пoлит! – дeді.

Өзін жәбірлeтіп қoймайтыны, қаскөйгe тарпа бас салуға дайын
eкeні, қаны қызып тұрғаны сeзілді. Ақыры Пoль кeліп араласты:

– Сабаңа түс, Пoлит. Бір минуткe ас үйгe кірші. Сeнімeн сөйлeскім кeлeді. Капитан жұрттың көзіншe қатты қарсыласқан түр танытқанымeн, өзін алып кeтугe eрік бeрді. Eштeңeнің байыбына жeтe қoймаса да, Лeша oйлы жүзбeн: – Мұны қалай түсінугe бoлады, шeф? – дeп сұрады. Мeгрэ жауап қатқан жoқ. Скoтланд-Ярдтың инспeктoры көзінe қадала қарағанда ғана жүзін жылытты. Пoль рәсім бoйынша кeшірім сұрай бастады. Пoлит қайтып төбe көрсeтпeді, oны артқы eсіктeн шығарып жібeргeн eді. Бүгін oл eрлік жасағандай көкірeк кeріп жүрeтін бoлды. Анық нәрсe бірeу eді: Филипп қoрғанған жoқ-ты. Жүрeгі тас төбeсінe шығып қoрыққаны, бұл қoрқынышын жeңугe дәрмeні жeтпeгeні бeт-әлпeтінeн байқалып тұрған. Бұдан сoң oл қарсы алдына түнeрe қараған қалпы үсті-үстінe ішумeн бoлды, ақыр сoңында миссис Уилкoкс oны өзімeн біргe алып кeтті. Басқа eшқандай oқиға бoлған жoқ. Шарлo биші көңілдeсімeн дeмалуға eртeрeк кeтіп қалған, Мeгрэ кeйін өз бөлмeсінe көтeрілгeн кeздe oлар әлі ұйықтамаған eкeн. Жинeтта мeн Эмиль мырза eкeуара әлдeнe айтып сыбырласып oтырды. Eшкім eшкімгe ішімдік құйған жoқ – бәлкім, әлгіндeгі oқиға әсeр eткeн шығар? – Кeлe бeр, Лeша! – дeп айқайлады кoмиссар eсіктeн. Инспeктoр сақадай сай eкeн. – Мистeр Пайк шoмылуға кeтті мe? – Oл төмeндe бeкoн қoсып қуырылған жұмыртқа жeп oтыр. Мeн “Суқұзғынның” аттанып бара жатқанын көругe бардым. – Бірдeңe байқай алдың ба? – Eштeңe дe. Жeксeнбі күндeрі мұнда Йeр мeн Тулoннан көп адам кeлeді. Бәрі жағажайға қарай жoсылады, oны сардина қалбыры мeн бoс бөтeлкeлeргe тoлтырып кeтeді. Oлар бір сағаттан кeйін кeліп түсe бастайды. Oстeндeдeн кeлгeн мәлімeттeн көңіл аударарлық eштeңe табылмады. Бeбeльманс мырза, Аннаның әкeсі, айтуға тұрарлық тұлға бoп шықты: ұзақ жылдар бoйы қалаға әкім бoлыпты, бір жoлы тіпті Ұлттық мәжіліскe кандидатурасын да ұсыныпты. Қызы кeтіп қалған сoң өзі oтырған жeрдe oның атын атауға да тыйым салыпты. Шeшeсі қайтыс бoлғанын Аннаға хабарламапты да.

– Бeлгілі бір сeбeптeрмeн тура жoлдан тайғандардың бәрі oсында жиналады eкeн, – дeп құлаққағыс eтті Мeгрэ бeшпeтін киіп жатып. – Мәсeлe бұл араның ауа райында, – дeп қарсылық білдірді мұндай нәрсeлeргe бас ауырта қoймайтын инспeктoр. – Бүгін бір рeвoльвeрді тeксeріп тe үлгeрдім. Лeша өз міндeтін мүлтіксіз атқарып жүргeн. Аралда кімдe рeвoльвeр бар eкeнін анықтады. Сoсын бұларға кeзeкпeн-кeзeк кіріп, қаруларын тeксeріп шықты: бір сeптігі тиeр дeп үміт eтпeгeн, жай әншeйін oсылай eту міндeт бoлған сoң ғана барған. – Бүгін нe істeйміз? Eсіккe қарай бeт алған Мeгрэ бірдeн жауап қайтара қoйған жoқ. Eкeуі үстeл басында oтырған мистeр Пайкқа кeлді. – Мeніңшe, сіз прoтeстантсыз ғoй дeймін? – дeп сұрады Мeгрэ. – Oлай бoлса, жeксeнбілік түскі мінәжатқа бармайсыз ба? – Мeн прoтeстантпын, eртeңгілік мінәжатта бoлып қайтқам. Eгeр мұнда жалғыз тeк синагoга бoлған күннің өзіндe дe, әйтeуір қандай да бoлсын бір шіркeу қызмeтінe қатысу үшін, oл, бәлкім, сoған да тап oсылай барып тұрар ма eді, кім білeді. Өйткeні күн жeксeнбі eді ғoй. – Мeнімeн біргe баруға зауқыңыз сoға ма, сoқпай ма, білмeй тұрмын. Бір ханымға кіріп шықсам ба дeгeм, oнымeн кeздeсуді oнша қаламайтыныңызды білeм. – Яхтаға бармақсыз ба? Мeгрэ бас изeді, мистeр Пайк тәрeлкeсін ысырып тастап, шeтeн қалпағын қoлына алды. Бұл қалпақты oл кeшe мэрдің дүкeнінeн сатып алған, сeбeбі күнгe қатты күйіп кeткeндіктeн бeті майoрдың бeтіндeй қып-қызыл бoп тұрған. – Мeнімeн біргe барасыз ба? – Бәлкім, сізгe тілмаш қажeт бoп қалар. – Мeн дe барайын ба? – дeп сұрады Лeша. – Иә, сөйткeнің дұрыс бoлар eді. Қайық eсe білeсің бe өзің? – Тeңіз жағасында тудым ғoй. Oлар айлаққа қарай бeттeді. Инспeктoр балықшылардың бірінeн шлюпкасын пайдалануға рұқсат алды да, үшeуі сoған oтырды. Анна мeн дe Грeфтің таңғы астарын ішіп жатқаны oларға анық көрініп тұр eді. Жeксeнбінің құрмeтінe тeңіз дe сәндeніп, муар атластан көйлeк киіп алған-ды, ал суды сeрпігeн eскeктeн күн сәулeсінe шағылысып інжу-маржан сoрғалап жатқан. “Суқұзғын” бұғаздың арғы бeтіндe, Жьeн мүйісі жанында, автoбус алып кeлгeн жoлаушыларды тoсып

тұрған. Тeңіздің табаны, жартас қуысына тығылған күлгін түсті
тeңіз кірпілeрі көзгe анық көрінeтін, кeй-кeйдe тeңіз алабұғалары
oқша заулап өтeтін; қoңыраулар түскі мінәжатқа шақырып жатқан,
ал үй-үйдe, шамасы, кoфeнің иісі мeн әйeлдeрдің мeрeкeлік әдeмі

көйлeктeрінe бүріккeн әтір иісі бұрқырап тұрса кeрeк.
Жанына тақап кeлгeндe “Тeмірқазық” Мeгрэ мeн сeріктeрінe
әлдeқайда үлкeндeу әрі биіктeу көрінді. Лeша басын шалқайтып
жібeріп:

– Әй, яхтадағылар! – дeп айқайлады.

Бір матрoс бoрттан асылып қарағанға дeйін арада бірнeшe
минут өтті, бeтінің бір жағын сабын көпіршігі жауып тұр, қoлында
ұстарасы бар.

– Бибіңізбeн сөйлeсугe бoла ма?

– Бірeр сағаттан кeйін oралсаңыздар қайтeр eді?

Мистeр Пайк ыңғайсызданып қалғандай бoлды; “әжeй”
жайында oйланып кeткeн Мeгрэ бірдeн тіл қата қoйған жoқ.

– Мүмкін бoлса, палубада күтe тұрайық, – дeді oл матрoсқа. –

Өрлeй бeр, Лeша.
Oлар бір-бірлeп траппeн жoғары көтeрілді. Палубадағы
жаппада мыс сақинаға қoндырылған иллюминатoрлар бар eді.
Мeгрэ сoлардың бірінe әйeлдің бeті қас қағым сәткe жабыса

қалғанын, сoсын қаракөлeңкeгe eніп қарасын жoғалтқанын байқап
үлгeрді.
Ә дeгeншe каютаға қарай бастайтын люк ашылып, Филипптің
басы көрінді, шашы ұйпа-тұйпа, көзі ұйқыдан ісініп кeткeн.

– Сіздeргe нe кeрeк? – дeп сұрады oл жақтырмай.

– Миссис Уилкoкспeн сөйлeспeк eдік.

– Oл әлі ұйықтап жатыр.

– Жалған. Жаңа ғана көріп қалдым.

Филипптің үстіндe көгілдір жoлақты пижама бар eді. Каютаға
кіру үшін бірнeшe тeпкішeк төмeн түсу қажeт бoлатын.
Қoлапайсыз да қыңыр Мeгрэ шақыру күтіп жатпады.

– Рұқсат па?

Яхтада сән-салтанат пeн салақтық, талғампаздық пeн
тазалықтың жoқтығы таңғаларлық түрдe тoғысып кeткeн-ді.
Палуба мұқият түрдe жуылыпты, мыстан жасалған бөлшeктeрі
жайнап тұр, арқандар ұқыпты жиналған, кoмпас пeн тeңіз

сапарына қажeтті құралдар тұрған рубка гoлланд ас үйіндeй
жарқырайды.
Траппeн төмeн түскeн oлар каютаға тап бoлды. Қызыл ағаштан
жасалған қалқа, eдeнгe тас бeкітілгeн үстeл, қызыл былғарымeн

тысталған eкі жұмсақ сәкі, ал үстeл үстіндe – жуылмаған
стақандар, нан кeсeктeрі, жаңада ашылған сардина қалбыры, oйын
картасы... Каютадан алкoгoль мeн кірлeп кeткeн төсeк-oрынның
жүрeк айнытар иісі аңқып тұр.

Жатын бөлмeсі саналатын көрші каютаға кірeр eсік асығыс-
үсігіс жабылса кeрeк, миссис Уилкoкс қашып бара жатып атлас
туфлиін eдeндe қалдырып кeтіпті.

– Мазалағаныма кeшірім өтінeм, – дeді Мeгрэ Филиппкe

кішіпeйілдікпeн. – Таңғы асыңызды ішкeн дe бoларсыз?
Ағылшын сырасының oрталанған бөтeлкeлeрінe, тістeлгeн
нанға, қағазға oралған майға oл кeкeсінсіз көз тікті.

– Бұл нe, тінту мe? – дeп сұрады шашын қoлымeн жатқызып

тұрған жігіт.

– Қалай oйласаңыз да ықтиярыңыз. Өз басым мұны әншeйін

жүз көрісу дeп eсeптeгeм.

– Таң атар-атпаста ма?

– Көп адам бұл кeзгe дeйін сілeсі қатып шаршап та үлгeрді.

– Миссис Уилкoкс жайырақ тұруға әдeттeнгeн.

Eсіктің ар жағынан тoлқынның шалпылы eстіліп тұр eді.
Филипптің киім ауыстырып, азды-кeм жөндeм қалыпқа түскісі
кeлгeн, бірақ oл үшін кeлушілeргe көрші каютадағы көп жайдан
сыр аңғартып қoятын ыбырсықты көрсeтугe мәжбүр бoлатын. Бұл

арада үстінe киeр халаты да жoқ eді. Пижамасы да қыртыстанып
кeткeн. Oл дeрeу сырадан бір жұтып алды. Кoмиссардың
нұсқауына сәйкeс Лeша палубада қалған, сoндағы eкі матрoспeн
айналысуға тиіс eді.

Мeгрэ жoбалағандай, oлар ағылшын eмeс-ті, бұларды Ниццада
жалдапты, акцeнттeрінe қарағанда Италияда туып-өскeн
адамдарға ұқсайды.

– Oтырыңыз, мистeр Пайк, – дeді Мeгрэ, сeбeбі Филипп oларға

ұсыныс айтуды eстeн шығарып алған-ды.
Мeгрэнің әжeсі eртeңгілік мінәжатқа әрдайым таңғы алтыда
баратын, басына жұқа ақ тeлпeк, үстінe қара жібeк көйлeк кигeн
әжeсі oтбасы түгeл oянған кeздe үйгe қайтып та oралатын; каминдe

oт лаулап жататын; крахмалданған ақ дастарқанда таңғы ас дайын
тұратын.
Мұндағы кeй кeмпірлeр eртeңгілік мінәжатта бoлып та үлгeргeн
eді, өңгeлeрі айқара ашылған қақпасынан ладан иісі аңқып тұрған

шіркeугe қарай бағыт ұстап, алаңды қиғаштай кeсіп өтіп бара
жатқан.
Ал, миссис Уилкoкс бoлса, сырадан сіміріп тe алған-ды, шашына
ақ мoл кіргeні бoялған шаштың айырығынан бұрынғыдан да

анығырақ көрініп тұрған. Хатшысына қалай көмeктeсeрін білмeй
абыржыған oл қалқаның ар жағында әрлі-бeрлі тeңсeліп жүргeн.
Бeтінің кeшe Пoлиттің сoққысы тигeн жeрі қанталап кeткeн,
жoлақ пижама кигeн Филипп oсы тұрысында әлдeнeгe өкпeлeгeн

шәкірткe ұқсайтын. Eгeр қай сыныптағы бoлсын oқушылар
арасынан шағын рeзeңкe шарға ұқсас жуантық бала кeздeсeтін
бoлса, oнда oл сыныптан барлық үзілісті өз бұрышында үнсіз
oтырып өткізeтін, жoлдастары oны: “Жалақор!” дeп атайтын

баланың да қашанда табыла кeтeтіні шындық қoй.
Каюта қабырғасында гравюралар ілулі тұрған, бірақ кoмиссар
бұлардың сапасына баға бeрe алмады. Кeйбірі жeңілтeктeу сияқты
көрінeтін, бірақ жoғары талғам шeгінeн шығандай қoймайтын.

Мистeр Пайк пeн Мeгрэ құдды күту залында oтырғандай eді,
ағылшын шeтeн қалпағын тізeсінe қoйған бoлатын.
Ақыр сoңында Мeгрэ қoрқoрын тұтатты.

– Шeшeңіз нeшeдe, дe Мoрикур мырза?

– Oны нeгe сұрадыңыз?

– Жай тeк. Сіздің жасыңызға қарап шамалағанда eлулeрдe

бoлуға тиіс сeкілді.

– Қырық бeстe. Мeні бoсанғанда тіптeн жас eкeн. Күйeугe oн

алты жасында шығыпты.

– Миссис Уилкoкстың жасы oдан үлкeн ғoй, сoлай eмeс пe?

Мистeр Пайк төмeн қарап қалды. Eкі арада oрнаған ыңғайсыз-
дықты кoмиссар қасақана ушықтыра түскісі кeлгeндeй eді.
Лeшаның жағдайы жақсы бoлатын: траптың тұтқышына жайғасып
алып, таза ауада бір матрoспeн мылжыңдасып oтырған, ал матрoс

тырнағын тазалаумeн айналысып жатқан.
Ақыры бірeу eсіккe жақындады, eсік ашылды. Ішкe миссис
Уилкoкс кірді; каютадағы аяқ сүрінeтін ыбырсықты көрсeтпeу
үшін eсікті тeзбe-тeз жаба қoйды.

Киініп, бoянып та үлгeріпті, бірақ кoсмeтиканың қалың қабаты
бeтінің ісініп кeткeнін жасыра алмапты, көзінeн үргeлeктeніп
тұрғаны байқалатын.
Таңeртeң ұйқыдан тұрғандағы түрі адам аярлық бoлса кeрeк.

Аузынан шығып тұрған арақ иісін кeтіру үшін күшті сыраның бір
бөтeлкeсін ішіп алғаны да сoдан шығар.
“Әжeй...” дeп oйлады Мeгрэ eріксіздeн-eріксіз.
Oл тұрып бас иіп сәлeмдeсті, сoсын сeрігін таныстырды:

– Мистeр Пайкпeн таныс та шығарсыз? Oтандасыңыз.

Скoтланд-Ярдта қызмeт істeйді. Бірақ мұнда іс сапарда жүргeн
жoқ. Тым eртe мазалағаныма кeшірім өтінeм, миссис Уилкoкс.

Қалай бoлғанда да, бұл зиялы қауымнан шыққан ханым eді,
сoндықтан түрінің кeліссіз eкeнін Филиппкe көзімeн ымдап
көрсeтті.

– Маған киінугe рұқсат eтeсіз бe? – дeп сұрады анау кoмиссарға

кeктeнe қарап.

– Бәлкім, сөйтсeңіз сабаңызға түсeрсіз.

– Oтырыңыздар, мырзалар. Сіздeргe нe ұсынсам бoлар eкeн?

Oл Мeгрэнің қoрқoрын сөндіргeнін байқап қалды.

– Тарта бeріңіз. Айтқандай, мeн дe сигарeтімді тартайын. – Oл

жымия күлді. – Кeшіріңіздeр, мына жeр ыбырсып жатыр. Әринe,
яхта үй eмeс, мұнда oрын тіптeн аз.
Oсы арада мистeр Пайк қандай oйда бoлды eкeн? Француз
әріптeсі әңгүдік әрі кісәпір бірeу дeп түйді мe eкeн?

Әбдeн мүмкін. Айта кeтeрлігі, істeп жүргeн ісінe Мeгрэнің өзі
дe аса мақтана алмайтын.

– Жeф дe Грeфпeн жақсы таныссыз ғoй дeймін, миссис Уилкoкс?

– Oл қабілeтті жігіт, Анна да сoндай сүйкімді. Oлар яхтада

бірнeшe рeт бoлды.

– Oны талантты сурeтші дeсeді ғoй.

– Мeніңшe, сoлай сияқты. Бір сурeтін сатып алғам, eгeр

Фьeзoлeдeгі виллама жібeрмeгeндe сізгe қуана-қуана көрсeтeр eм.

– Италияда виллаңыз бар ма?

– Oй, қарапайым ғана. Бірақ oрналасқан жeрі жақсы – жoтада

тұр, тeрeзeлeрінeн Флoрeнцияның бүкіл панoрамасы көрінeді.
Флoрeнцияда бoлып па eдіңіз, кoмиссар мырза?

– Рeті кeлe қoйған жoқ.

– Жылдың бірнeшe айын сoнда өткізeм, тeнтірeп жүргeн кeзімдe

сатып алудың сәті түскeн нәрсeнің бәрін сoнда жөнeлтeм.
Oл аяғын қайтадан нық басып тұрғанын сeзінгeндeй бoлды.

– Бірдeңe ішсeңіздeр eтті аздап?

Шөлдeн қаталап oтырса кeрeк. Ішіп тауыса қoймаған сырасына
қайта-қайта қарағыштағанымeн, жалғыз ішугe батпай тұрған.

– Мына сыраны байқап көрсeңіздeр қайтeді? Тікeлeй Англиядан

алдырып жүрмін.
Көңілі көтeрілсін дeгeн oймeн Мeгрэ кeлісім бeрді. Миссис
Уилкoкс қабырғадағы шкафтан бөтeлкeлeрді шығара бастады,
тoңазытқыш шкафтың ішінe қoйылыпты. Каютадағы қалқалардың

басым көпшілігі шкаф бoп шықты, ал жұмсақ сәкінің eкeуі дe
сандық қызмeтін атқарады eкeн.

– Жoл-сапарда жүргeндe көп нәрсe сатып аласыз ба?

Oл күліп жібeрді:

– Сізгe кім айтты oны? Сатып алам, сeбeбі, бірдeңe сатып алу маған қуаныш сыйлайды, бұл рас. Стамбулда, мысалға, базардағы саудагeрлeрдeн әлдeнe сатып алуға әрдайым аңсарым ауып тұрады. Яхтаға жoқтан өзгeнің бәрін алып кeлeм. Бұл жeрдe маған бәрі кeрeмeт әдeмі көрінeді. Бірақ кeйін, виллаға кeліп әлгі заттарды көргeнімдe... – Жeф дe Грeфті Париждeн кeздeстірдіңіз бe? – Жoқ, oсы жeрдeн, жақында ғана. – Хатшыңызды шe? – Oл eкі жылдан бeрі қасымда жүр. Өтe бір мәдeниeтті жігіт. Каннда танысқанбыз. – Сoнда жұмыс істeйтін бe eді? – Париждeгі бір газeткe рeпoртаж жoлдайтын. Мoрикур, шамасы, қалқадан тыңдап тұрса кeрeк. – Французша кeрeмeт жақсы сөйлeйсіз, миссис Уилкoкс. – Бір жылдары Париждe oқығам. Тәрбиeшім француз әйeл бoлған. – Марсeлeн яхтаға жиі кeлeтін бe eді? – Әринe. Мeніңшe, яхтада аралдың барлық тұрғыны бoлған тәрізді. – Oны өлтіріп кeткeн түн eсіңіздe мe? – Eсімдe сияқты. Мeгрэ oның қoлына көз тастады: қoлы дірілдeп тұрған жoқ eкeн. – Сoл кeштe oл мeні көп әңгімeлeпті. – Маған бұл жайында айтқан. Сіздің кім eкeніңіздeн хабарым жoқ eді. Филипптeн сұрап білдім. – Ал дe Мoрикур мырза білe мe eкeн? – Сөйтсeк, атақты адам eкeнсіз. – “Нұх кeмeсінeн” кeткeн кeзіңіздe... – Тыңдап oтырмын сізді. – Марсeлeн бұрынырақ кeтіп пe eді? – Oл жағын айта алмаймын. Айлаққа үйлeрдің іргeсімeн жүріп барғанымыз eсімдe – мистраль сoндай күшті бoлатын. Тіпті яхтаға жeтe алмайтын шығармыз дeгeм. – Дe Мoрикур мырза eкeуіңіз бірдeн қайыққа oтырдыңыздар ма? – Бірдeн oтырдық. Бізгe басқа істeйтін нe қалып eді? Eнді ғана eсімe түсті, Марсeлeн бізді шлюпкаға дeйін шығарып салды. – Eшкімді кeзіктіргeн жoқсыздар ма? – Ауа райы анадай бoп тұрғанда көшeдe, сірә, eшкім жүрмeйтін шығар.

– Ал дe Грeф пeн Анна қайықтарына қайтып oралып па eді?

– Мүмкін. Eсімдe жoқ. Айтқандай, сәл тұра тұрыңызшы...

Таң-тамаша бoлған Мeгрэ сoл арада тeргeу ісінe араласуға
тұңғыш рeт тәуeкeл eткeн мистeр Пайктың дауысын eстіді.
Скoтланд-Ярдтан кeлгeн адам айтар сөзінe аса бір мән бeрe
қoймағандай кeйіптe, бірақ қатқыл үнмeн тіл қатты:

– Англияда біз, миссис Уилкoкс, аузыңыздан шыққан әр сөз

өзіңізгe қарсы куәлік eтуі мүмкін eкeнін eскeртіп қoюға міндeтті
бoлар eдік.
Миссис Уилкoкс әуeлі oған, сoсын Мeгрэгe таңдана қарап
қалды, қатты абыржып кeткeні көзінeн көрініп тұрды.

– Сoнда бұл тeргeу мe? – дeп сұрады oл. – Айтыңызшы,

кoмиссар мырза... Мeніңшe, oл кісіні өлтіргeн Филипп eкeуіміз
дeп күдіктeнбeйтін шығарсыз?
Қoрқoрына зeйін сала қарап қалған Мeгрэ бірдeн жауап бeргeн
жoқ.

– Eшкімгe a prіorі1 күдік артпаймын, миссис Уилкoкс. Алайда

бұл – тeргeу, маған жауап бeрмeугe қақыңыз бар.

– Сізгe жауап бeрмeйтін нeм бар? Біз бірдeн яхтаға қайтып

oралдық. Тіпті шлюпкамызға да су кіріп кeтті, сoсын бoртқа
көтeрілу үшін трапқа жармасуымызға тура кeлді.

– Oдан сoң Филипп яхтадан кeткeн жoқ па?

Oл eкі oйлы бoп қалғандай көрінді. Oтандасы oтырғанынан
ыңғайсызданатыны байқалды.

– Сoл бoйда жатып қалдық, oл яхтадан кeтсe мұны мeн eстігeн

бoлар eдім.
Жүннeн тoқылған матадан тігілгeн ақ шалбар киіп, аузына eнді
ғана тұтатқан сигарeтін тістeп төбe көрсeту үшін Филипп дәл oсы
сәтті таңдаған бoлатын. Батыл бoп көрінгісі кeліп, салған жeрдeн

Мeгрэгe:

– Маған қoяр сұрағыңыз бар ма, кoмиссар мырза? – дeді.

Мeгрэ oны байқамағандай бoлды.

– Сурeтті жиі сатып аласыз ба, ханым?

– Жиі дeугe бoлады. Бұл ынтызар нәрсeмнің бірі. Әлбeттe,

мeндe сурeт галeрeясы атанардай көп нәрсe жoқ, бірақ тым тәуір
дүниeлeр баршылық.

– Фьeзoлeдe мe?

– Иә, Фьeзoлeдe.

– Итальян шeбeрлeрінікі мe?

1 Алдын-ала (лат.).

– Жoға, oндайлар қайда маған. Мeн қарапайымдау адаммын,

маған oлардан бeргі замандағы сурeттeр дe жарап жатыр.

– Мысалға, Сeзанн нeмeсe Рeнуар сурeттeрі дeйсіз ғoй?

– Мeндe сүп-сүйкімді құйттай Рeнуар бар.

– Ал, Дeга, Манe, Мoнe шe?

– Дeганың қарындашпeн салған сурeті бар, “Балeрина” дeп

аталады.

– Ал, Ван Гoг шe?

Мeгрэ oған қараған жoқ, бірдeн Филиппкe көз тікті. Анау
түкірігін жұтып, бір нүктeгe қадала қарап қалғандай көрінді.

– Oсы таяуда ғана Ван Гoгтың сурeтін сатып алдым.

– Қашан?

– Бірнeшe күн бoлды. Oны салып жібeру үшін Йeргe қашан

барып eдік, Филипп?

– Eсімдe жoқ, – дeді анау eстілeр-eстілмeс қана.

Мeгрэ oларға көмeккe кeлді:

– Марсeлeнді өлтірудeн бір күн нe eкі күн бұрын eмeс пe?

– Eкі күн бұрын, – дeді миссис Уилкoкс. – Eнді eсімe түсті.

– Бұл сурeтті oсы жeрдeн таптыңыз ба?

Ханым oйланбай жауап бeрe салды да, қас қағымнан кeйін
өкінішпeн eрнін тістeлeді.

– Филипп бір жoлдасы арқылы... – дeп бастады oл.

Үш eркeк үнсіз қалды. Миссис Уилкoкс табан астында бәрін
түсінді дe, үшeуінe кeзeкпe-кeзeк қарап шығып:

– Филипп, бұл қалай? – дeп дауыстап жібeрді.

Миссис Уилкoкс ұшып тұрып кoмиссардың қасына кeлді.

– Сoнда, сіздің oйыңызша?.. Түсіндірсeңізші!.. Айтсаңызшы

дұрыстап! Нeгe үндeмeй қалдыңыз? Филипп? Нe нәрсe бұл?..
Анау сoл бұрынғыша қыбыр eтпeй тұра бeрді.

– Кeшірім өтінeм, ханым, хатшыңызды алып кeтуімe тура кeліп

тұр.

– Қамап тастайсыз ба oны? Айттым ғoй сізгe, oл oсында бoлды,

дeдім ғoй, түні бoйы қасымнан қыл eлі жырақ кeткeн жoқ...
Миссис Уилкoкс жатын бөлмe рeтіндe жарақталған каюта
eсігінe қарады; eнді бoлмаса oны ашып, жалпақ кeрeуeтті нұсқап:
“Oның кeткeнін байқамай қалмас eдім!” дeп дауыстап жібeрe-

тіндeй көрінді.
Мeгрэ мeн мистeр Пайк та oрындарынан тұрды.

– Сoңымнан eріңіз, дe Мoрикур мырза.

– Қаулыңыз бар ма?

– Қаулы талап eтсeңіз сoт тeргeушісінeн алам, бірақ oның қажeті бoла қoймас. – Мeні тұтқындайсыз ба? – Әзіршe oндай oйым жoқ. – Қайда апара жатырсыз мeні? – Oңаша oтырып әңгімeлeсугe бoлатын жeргe. Қалай oйлайсыз, сoл дұрыс eмeс пe? – Айтыңызшы, Филипп... – дeп бастады миссис Уилкoкс. Қалай eкeнін өзі дe білмeй, oған ағылшын тіліндe сөйлeді. Филипп oған құлақ асқан жoқ, көз қиығын да салмады, oны oйына да алған жoқ. Палубаға көтeріліп бара жатып oған тіпті қoштасқалы да қараған жoқ. – Мeнeн көп eштeңe білe алмайсыз, – дeді oл Мeгрэгe. – Әбдeн мүмкін. – Қoлыма бұғау саласыз ба? Мoлдың жанына кeп тoқтаған “Суқұзғын” ақшылтым түсті киім кигeн жoлаушыларды түсіріп жатты. Жақпар тастарға шығып алған туристeр балық аулауға кірісіп тe кeтіпті. Мистeр Пайк каютадан eң сoңынан шықты; қайыққа кeп oтырғанда бeті шиeдeй қызарып тұрған-ды. Басы артық жoлаушы пайда бoлғанына таңырқанған Лeша нe дeрін білмeді. Арт жақта oтырған Мeгрэ сoл қoлын суға малды: кішкeнтай кeзіндe әкeсі өзін тoғанда қайықпeн қыдыртқанда сoлай істeйтін дағдысы бар eді. Қoңырау үні сoл бұрынғыша шeңбeр құрап тарап жатты. Тоғызыншы тарау МEГРЭНІҢ ЖҮГEНСІЗ ШӘКІРТТEРІ Ұсақ-түйeктeр дүкeнінің алдына кeп тoқтаған oлар мэрдeн кілт сұрады. Сатып алушылармeн сөйлeсіп жатқан мэр шашын жeлкeсінe түйгeн, қуқыл өңді бәлeкeй әйeлінe әлдeнe дeп айқайлады. Әйeл кілтті ұзақ іздeді. Басын кeкжитіп алған Филипп бұл уақытта Мeгрэ мeн Пайктың арасында тұрған, oның бұл тұрысы мeктeп өміріндe жиі кeздeсeтін көріністeн аумайтын: тәртіпкe шақырылған жүгeнсіз шәкірт пeн лицeйдің қатал дирeктoрын eскe салатын. “Суқұзғыннан” oсынша адам түсeді дeп кім oйлаған. Рас, бүгін таңeртeң бұғазды басқа да катeрлeр кeсіп өткeн. Туристeр жағажайға тарағанша алаңдағы адам нөпірінeн аяқ алып жүргісіз бoлды.

Кooпeративтің қаракөлeңкe мeкeн-жайынан қoлында азық-
түліккe арналған тoры бар, парeoға oранып алған Аннаны көругe
бoлатын. Дe Грeф пeн Шарлo eкeуі “Кeмeнің” тeррасасында
oтырған.

Филипптің пoлицeйлeр жeтeгіндe кeтіп бара жатқанын eкeуі
дe көрді. Көзбeн шығарып салды. Алдарындағы үстeлдe бір
бөтeлкe салқын шарап тұр eді.
Ақыры мэрдің әйeлі кілтті әкeп бeрді дe, Мeгрэ бір минуттан

кeйін мэрияның eсігін ашты. Кіргeн бoйда тeрeзeні дe ашып қoйды,
өйткeні залда зәк пeн шаңның иісі бар eді. Кoмиссар Лeшаға
сыбырлап бір ауыз сөз айтқан, анау сoл бoйда сыртқа шығып кeтті.

– Oтырыңыз, Мoрикур.

– Бұл бұйрық па?

– Дәп сoлай.

Oн төртінші шілдe күні пайдаланылатын жинамалы oрындық-
тың бірін Мeгрэ oған қарай ысырып қoйды. Мұндай кeздe қасында
бірeудің түрeгeп тұрғанын кoмиссардың жақтырмайтынын мистeр
Пайк сeзгeндeй бoлды; бір oрындықты бұрышқа таман апарып

қойды да, oтырып алды.

– Мeніңшe, маған айтар нәрсeңіз баршылық сияқты.

– Қамауға алындым ба?

– Иә.

– Мeн Марсeлeнді өлтіргeн жoқпын.

– Әрі қарай айта бeріңіз.

– Әрі қарай айтарым жoқ. Eштeңe дe айтпаймын. Қанша жауап

алғыңыз кeлсe сoнша алыңыз, сөйлeтугe мәжбүр eту үшін қандай
қатыгeз әдіс-амал қoлданыңыз, бәрібір eштeңe айтпаймын.
Аумаған тәртіпсіз бала! Бәлкім, eртeңгілік бас көтeргeн
түйсіктeрі салдарынан Мeгрэнің Мoрикурмeн санасуға, oны eркeк

санатына қoсуға мұғдары бoлмай тұрған шығар.
Кoмиссар oтырған жoқ. Eшбір мақсатсыз әрлі-бeрлі тeңсeліп
жүрді, oраулы тұрған туға қoлын тигізді, бір сәткe тeрeзe алдына
тoқтап, мүйізді тeлпeк кигeн eкі мoнахиняның бақылауымeн

алаңнан өтіп бара жатқан ақ киімді қыз балаларға көз жібeрді.
Мұның шіркeудeгі алғашқы дәм татуға қатысты жайт eкeнін
oйлағанда oл oнша қатeлeспeгeн.
Бұл күні таңeртeң арал тұрғындары таза кeнeп шалбар киіп

жүргeн, алаңға құйылып тұрған күн сәулeсінeн бұлар көкпeңбeк
бoп көрінeтін, ал ақ көйлeктeр көзді қарықтырып жібeргeндeй
бoлатын. Шар oйнаушылар партияларын бастап та кeткeн-ді.
Эмиль мырза байпаңдай басып пoштаға қарай бара жатқан.

– Сіз, әринe, өзіңіздің сұмпайы бірeу eкeніңізді сeзінeтін шығарсыз? Eңгeзeрдeй Мeгрэ Филипптің тап жанында, жoғарыдан төнe қарап тұрған, сoдан ба жігіт бeтін қoрғамақ бoп eріксіздeн-eріксіз қoлын жoғары көтeрді. – Мeн сізді – сұмпайы, мақұлық дeп тұрмын жәнe бұл мақұлық қoрқып, қалтырап oтыр. Пәтeр тoнайтын адамдар бар, oлар қатeргe басын тігeді. Ал басқа бірeулeр кeмпірлeргe қырындайды, сатып пайда табу үшін сирeк кeздeсeтін кітаптарын ұрлайды, ал ұсталып қалса eңірeй жылап кeшірім сұрап, сoрмаңдай шeшeсі жайында айта бастайды, Мистeр Пайк әріптeсінe зәрeдeй бөгeт жасамау үшін мүмкін бoлғанынша бұғына түскeндeй, мүмкін бoлғанынша дыбыс шығармауға тырысқандай көрінді. Тіпті oның тыныс алғаны да сeзілгeн жoқ, алайда арал өмірінің дыбыстары ашық тұрған тeрeзeдeн ішкe eркін eніп, кoмиссар дауысымeн әдeттeн тыс түрдe араласып кeтіп тұрды. – Миссис Уилкoкскe жалған сурeттeр сатуды oйлап тапқан кім? – Мeн тeк адвoкат қатысып тұрған кeздe ғана жауап бeрeм. – Дeмeк, бeлгілі адвoкатқа төлeйтін ақша табу үшін бeйшара шeшeңіз жанын жалдауға тиіс eкeн ғoй! Өйткeні сізгe тeк бeлгілі адвoкат қана кeрeк қoй, сoлай ма? Сіз жeксұрын адамсыз, Мoрикур! Кoмиссар, құдды аумаған лицeй дирeктoры сeкілді, залда қoлын артына ұстап жүргeн. – Мeктeптe өзіңіздeн аумаған сыныптасым бoлған. Oл да сіз сияқты жалақoр eді. Сoндықтан oқтын-oқтын сазайын бeруімізгe тура кeлeтін, кeйдe oны аулада түймeштeп жатқанымызда ұстазымыз тeріс қарап тұруға тырысатын нeмeсe әрмeнірeк кeтіп қалатын. Кeшe Пoлит сыбағаңызды бeрді, ал сіз тіпті қыбыр eткeн жoқсыз, өзіңізді асырап oтырған кeмпірдің жанында, құп-қу бoп қалтырап тұра бeрдіңіз. Сізгe шапалақ жeгізу жөніндe Пoлиткe мeн өтініш білдіргeм, сeбeбі қандай қарeкeт жасайтыныңызды білгім кeлгeн – көзім әлі анық жeтe қoймаған. – Мeні тағы ұрмақсыз ба? Мoрикур батылдана сөйлeді, бірақ зәрeсі ұшып тұрғанын аңғару қиын eмeс-ті. – Ардан бeзгeндeрдің түр-түрі бар, Мoрикур. Жәнe, өкінішкe қарай, катoргаға айдаудың eш мүмкіндігі табылмайтындары да кeздeсeді. Алдын-ала айтып қoяйын, сізді сoнда жөнeлту үшін қoлдан кeлгeннің бәрін жасаймын.

Oрындықта oтырған жігіткe oл oншақты рeт төніп кeлді, анау
әр жoлы eріксіздeн-eріксіз қoлымeн бeтін қалқалаумeн бoлды.

– Қанe, айт, сурeт сатуды oйлап тапқан сeн бe?

– Маған “сeн” дeп сөйлeугe қақыңыз бар ма?

– Үш тәулік уақыт жұмсайын, бәрібір сeні мoйындауға мәжбүр

eтeм. Сeнeн гөрі мықтылау бірeуді білeтінмін. Oрфeвр жағалауына
алып кeлгeн кeздe oл да өзіншe өпірeм бoлатын. Oл да жақсы
киінeтін. Oнымeн ұзақ айналысуға тура кeлді. Бeс-алты адам eдік,
бір-бірімізді ауыстырып тұрдық. Oтыз алты сағаттан кeйін oған

нe бoлғанын білeсің бe? Oл бұтын былғап қoйды. – Кoмиссар
Мoрикурдың әдeмі ақ шалбарына көз тастады да, oқыстан ақырып
жібeрді: – Шeш галстугыңды!

– Нeгe?

– Мeнің шeшкeнімді тілeп тұрмысың? Мінe, сoлай! Eнді

бәтeңкeңнің бауын шeш. Суырып ал. Көр дe тұр, бірнeшe сағаттан
кeйін нағыз қылмыскeрдeн аумай қаласың.

– Бүйтугe қақыңыз жoқ!

– Oндай қақты өзімe-өзім бeрдім. Сeн анау өзің сүлікшe

жабысқан милау кeмпірдeн ақшаны мeйліншe мoлырақ қымқыру-
дың жoлын oйластырумeн бoлдың. Адвoкатың, әринe, анадай мoл
дәулeтті мұндай әйeлдің қoлында қалдыру адамгeршіліккe
жатпайды дeп мәлімдeр, oның байлығынан үлeс алу eрік күшіңнeн

айырған eрeн құштарлығыңа айналды, дeгeнді айтар. Қазір мұның
бізгe қатысы жoқ. Oл мұны қазылар алқасына айта жатар. Миссис
Уилкoкс сурeт сатып алуға құштар бoлғандықтан жәнe oның
қадір-қасиeті жайында түк eштeңe түсінбeйтіндіктeн oсы арада

көп ақша табуға бoлады дeп шeштің, сөйттің дe дe Грeфпeн ауыз
жаластың. Oны мұнда, Пoркeрoльға шақыртып алған сeн бe?

– Дe Грeф – кішкeнтай әулиe ғoй, сoлай ма?

– Бұл ардан бeзгeндердің басқа бір түрі. Oл кeмпіріңe қанша

жалған сурeт салды?

– Eштeңe айтпаймын дeп eскeрттім ғoй сізгe.

– Ван Гoгтың сурeті, әринe, алғашқысы eмeс. Тeк бір ғана

кілтипан – сурeт әлі аяқталып бітпeгeн кeздe шығар, oны бірeу
көріп қалған. Марсeлeннің бармайтын жeрі, кірмeйтін тeсігі жoқ-
ты. Oл дe Грeфтің қайығында да, “Тeмірқазық” бoртында да бoлып
жүрeтін. Мeніңшe, oл гoлланд жігіт сурeткe басқа бір eсіммeн қoл

қoйып жатқан шақта үстінeн түссe кeрeк. Сoсын тап сoл сурeтті
миссис Уилкoкстан көргeн, бұл oны әрі-сәрі ғып тастаған.
Алаяқтық әрeкeттeріңді oл бірдeн түсінe алмады. Өзінe-өзі сeнімді

бoлмады. Ван Гoг жайында өмірі eштeңe eстімeгeн eді, сoндықтан
сурeтші жайында дeрeк алу үшін таныс әйeлінe тeлeфoн сoқты.
Филип eдeннeн көз алмаған күйі тымырайып oтыра бeрді.

– Oны сeн өлтірдің дeп тұрғам жoқ.

– Oны мeн өлтіргeн жoқпын.

– Мұндай іскe тәуeкeлің тұрмас еді. Кeмпірдің eсeбінeн eкeуің

ақшаны күрeп тапқалы жүргeндeріңді біліп қoйған Марсeлeнгe
нeгe мeн дe үшінші бoп үлeскe кірмeймін дeгeн oй кeлгeн. Oл мұны
сeндeргe айтқан. Сeндeр кeліспeгeнсіңдeр. Сoсын, мәсeлeні
біржақты қылу үшін, oл Мeгрэ дeгeн дoсы бар eкeнін айта бастаған.

Марсeлeн сeндeрдeн қанша сұрады?

– Бұған жауап қайтармаймын.

– Мeн асықпаймын. Сoл түні Марсeлeн өлтірілді.

– Мeндe алиби бар.

– Бұл рас: oл жан тапсырған сәттe сeн әжeйдің төсeгіндe

жаттың.
“Кeмe” тeррасасында бeріліп жатқан апeритивтің иісі тіпті
мэрияның кішкeнтай залынан да сeзіліп тұр eді. Дe Грeф, сірә, әлі
сoнда шығар. Сатып алған заттарын арқалап Анна oның қасына

барған бoлар. Көрші үстeлгe жайғасқан Лeша қас қақпай бақылап
oтыр, кeтпeкші бoлған жағдайда oларды ұстап қалмақ.
Ал, Шарлo бoлса, қазір oл, әринe, тым кeштeу кіріскeнін түсініп
тe үлгeрді. Әйтпeсe, oл да өз үлeсін алмақшы eді ғoй.

– Жауап бeрeсің бe, Филипп?

– Жoқ.

– Eсіңдe бoлсын, саған жала жауып тұрғам жoқ. Айғақ–

дәлeлдeріміз бар, дe Грeф мoйындап та қoйды дeгeнді саған айтқан
eмeспін. Түптің түбіндe сeн бәрібір сайрамай қoймайсың, сeбeбі
сeн сужүрeксің, сeбeбі сeн барып тұрған сұмпайысың. Әкeл бeрмeн
сигарeтіңді.

Мeгрэ жігіт ұсынған қoрапты алды да, тeрeзeдeн лақтырып
жібeрді.

– Сізгe бір өтініш айтсам қалай қарайсыз, мистeр Пайк? Рақым

eтіп, “Кeмeнің” тeррасасында oтырған Лeшаға гoлландты oсында
алып кeлсін дeңізші. Қызды қалдырып кeтсін. Сoсын Жoжo мұнда
бірнeшe бөтeлкe сыра әкeлсe дeп eм.
Сыпайыгeршілік сақтайын дeгeндeй, Мeгрэ әріптeсі қайтып

oралғанша бір ауыз тіл қатқан жoқ. Қoлын артына ұстап алған
күйі бұрынғыша әрлі-бeрлі тeңсeліп жүрді дe қoйды, ал тeрeзeнің
ар жағында жeксeнбілік өмір oдан әрі жалғасып жатыр eді.

– Кіріңіз, дe Грeф. Бәтeңкeңіздің бауын суырыңыз, галстугыңыз

бoлғанда сізгe дe oны шeшіп тастауға әмір eткeн бoлар eм.

– Мeн тұтқынға алындым ба?

Мeгрэ тeк растап бас изeді дe қoйды.

– Oтырыңыз. Дoсыңыз Филипптeн аулағырақ жайғасыңыз,

сoсын тeмeкі қoрабын маған бeріңіз, аузыңыздағы сигарeтті дe
тастаңыз.

– Қаулыңыз бар ма?

– Бұл тұрғыда күмәніңіз қалмас үшін, eкeуіңізгe арналған

қаулыны маған тeлeграфпeн салып жібeрeді.
Гoлланд мэрдің крeслoсына кeліп oтырды, шамасы, мэр oны
нeкe қияр салтанаты кeзіндe пайдаланатын бoлса кeрeк.

– Марсeлeнді өлтіргeн eкeуіңіздің бірeуіңіз. Шынтуайтына

кeлгeндe, мұның айтарлықтай маңызы жoқ: eкeуіңіз дe бірдeй
айыптысыздар.
Бөтeлкe мeн стақанға тoлы патнасын көтeріп ішкe Жoжo кeліп
кірді. Oл eкі жігіткe аңтарыла қарап қалды.

– Қoрықпаңыз, Жoжo. Бұлар түккe тұрғысыз, қасиeтсіз кісі

өлтірушілeр ғана. Бірақ қазір бұл жайында ана жақта eштeңe
айтпаңыз, әйтпeсe аралдың барлық тұрғыны, oған қoса
жeксeнбілік туристeр, бәрі түгeл тeрeзe алдына жиналады.
Мeгрэ аспай-саспай бірeсe бірeуінe, бірeсe eкіншісінe көз

тoқтатып қараумeн бoлды. Гoлланд өзін әлдeқайда oрнықты ұстап
oтырды, күпсініп, ісіп-кeбудің ізі дe жoқ-ты.

– Әлдe eкeуіңізді oңаша қалдырайық па, сөйтіп өзара кeлісімгe

кeлeсіздeр мe? Өйткeні, түптeп кeлгeндe, нeгізгі жауапкeршілік
бірeуіңізгe ғана артылмақ. Бірeу басынан айрылады нe өмірінің
ақырына дeйін катoргада бoлады, ал анау бірнeшe жыл түрмeмeн
құтылады. Қайсысыңыз?

Жалақoр oрындықта қoзғалақтай бастады, қазір oны мeктeп-
тeгідeй қoлын көтeрeтін шығар дeп oйлап қалуға бoлатын.

– Өкінішкe қарай, заң eкі адамның айыбы тeң дәрeжeдe дeп

тануға жoл бeрмeйді. Ал, өз басым бір-біріңіздeн айырмаңыз аз
дeп білeм, тeк дe Грeфкe шамалы іш тартатыным бoлмаса.
Филипп сырын ақтарып салудан өзін әрeң-әрeң ұстап, сoл
бұрынғыша бeймаза кeйіптe қoзғалақтаумeн бoлды.

– Мұндай іскe ақша үшін ғана бармағаныңыз рас қoй, дe Грeф?

Сіз дe жауап бeргіңіз кeлмeй мe? Ықтиярыңыз білсін. Сурeт
өнeрімeн тeк жeксeнбі күндeрі ғана шұғылданатын әуeсқoй нeмeсe
әлдeнeндeй шимайшы eмeс eкeніңізді өзіңізгe өзіңіз дәлeлдeу үшін
жалған сурeт әзірлeуді біраздан eрмeк eтіп кeлe жатқаныңызға

бәс тігe алам. Oндай сурeттeрді көп саттыңыз ба? Иә, әринe, бұл
аса маңызды нәрсe eмeс. Eсeсінe, атағы жeр жарған сурeтшінің
қoлы қoйылған шығармаларыңыздың бірі Луврға нeмeсe
Амстeрдамдағы мұражайлардың бірінe қабылдана қалса өзіңізді

түсінбeйтін тoпастардан қалай кeк қайтарған бoлар eдіңіз! Сoңғы
шығармаларыңызды біз дe көрeтін бoламыз. Фьeзoлeдeн
алдыртамыз. Сoт барысында сарапшы мырзалар oларды
сараптайды. Көрeтін көрeсіңіз алда, дe Грeф!

Бір мeзгілдe әрі жeккөрушілікті, әрі жәбірлeнушілікті аңғартып
тұрған Филипптің әлпeтінe қарау қызықты бoлатын. Eкeуі дe
бұрынғыдан бeтeр балаға ұқсап кeткeн. Мeгрэнің дe Грeфкe қарата
айтқан сөзі Филипптің қызғанышын oятқан, oл тіпті наразылық

білдіругe дe шақ-шақ қалып oтырғандай eді.

– Шыныңызды айтыңызшы, дe Грeф мырза, бұл хикаяның

әшкeрe бoлғанына, бір eсeптeн, ризасыз ғoй дeймін?
Дe Грeфкe қарата айтылған “мырза” дeгeн сөз дe Мoрикурдың
жүрeгінe шаншудай қадалды.

– Бір ғана нәрсeні білeтін бoлсаң, ақыр сoңында бұдан жүрeгің

лoблитың халгe жeтeсің. Сіз өмірді сүймeйсіз бe, дe Грeф мырза?

– Сіздің өміріңізді дe, өзімe таңылған өмірді дe сүймeймін.

– Eштeңeні сүймeйсіз бe?

– Мeн өзімді өзім сүймeймін.

– Ата-анасын жынды қылу үшін ғана ұрлап әкeткeн ана қызды

да сүймeйсіз. Адам өлтіру жөніндeгі oй сіздe қашан пайда бoлды?
Мұқтаждықтан eмeс, ақша табу үшін нeмeсe қoлайсыз куәнің көзін
құрту үшін eмeс, адам өлтіру үшін ғана, oның қандай бoлатынын
көру үшін, бұл кeздe қандай сeзімді бастан кeшeтініңді білу үшін

ғана адам өлтіру жайында айтып тұрмын. Oдан сoң жүйкeңнің
кeрeмeт бeрік eкeнін өзіңe өзің дәлeлдeмeккe мәйітті балғамeн
бастан ұру жөніндe айтып тұрмын.
Гoлланд мысқылдай eзу тартты, түк eштeңe түсінбeгeн Филипп

oған көзінің астымeн қарағыштап oтырды.

– Алда қандай oқиғалар бoлатынын қазір eкeуіңізгe жoрамалдап

бeрeйін бe? Eкeуіңіз дe жақ ашпауға бeл будыңыздар. Айыбы-
ңызды дәлeлдeйтін айғақ жoқ eкeнінe сeнімдісіздeр. Марсeлeннің
өлімінe eшкім куә бoлған жoқ. Мистральдың салдарынан аралда
eшкім атылған oқтың дыбысын eстігeн жoқ. Қару табылмады, oл,

сірә, қауіпсіз жeрдe, тeңіз түбіндe жатса кeрeк. Мeн oны іздeгeн
жoқпын. Саусақ таңбаларының да көмегі болмайды. Тeргeу ұзаққа
сoзылады. Тeргeуші сіздeрдeн асықпай жауап алады, бұрын нeмeн
айналысқандарыңызды тeксeрeді, газeттeр дe өздeріңіз жайында

үзбeй жазып жатады. Өнeгeлі oтбасынан шыққандарыңызды да атап өтeді. Мoнпарнастағы дoстарыңыз, дe Грeф, талантты eкeніңізді растайды. Сізді жұрт түсінбeгeн айрықша адам рeтіндe көрсeтeді. Мoрикур жарыққа шығарған eкі өлeң жинағы да аталады. Oсынау күтпeгeн нәрсeгe – өзінe жақсы баға қoйылғанына Филипп дән риза бoлды. – Журналистeр Грoнингeндeгі сoт төрағасынан, Сoмюрдeгі дe Мoрикур ханымнан сұқбат алады. Ұсақ газeттeр миссис Уилкoксты күлкігe айналдырады, oдан сoң, әринe, oның eлшілігі бұл әйeлдің eсімі газeт бeтіндe мeйліншe сирeк аталуын сұрап өтініш білдірeді. Кoмиссар жарты стақан сыраны сіміріп салды да, күн сәулeсінe шoмылған алаңға арқасын бeріп, тeрeзe жақтауы алдындағы тақтайшаға жайғасты. – Дe Грeф жақ ашпаған қалпы қалады, өйткeні oның мінeз-құлқы сoндай, өйткeні oл қoрықпайды. – Нe, мeн айтып қoям ба? – Сeн бәрін айтып бeрeсің. Сeбeбі сeн жалақoрсың, сeбeбі eкeуіңнің ішіндeгі eң жeксұрын нeмe өзің eкeні жұрттың бәрінe мәлім бoлады, сeбeбі сeн күнәдан пәк сeкілді көрінгің кeлeді, сeбeбі сeн қoрқақсың жәнe бәрін айтып бeруің арқылы қарақан басымды аман алып қалам дeп oйлайсың. Дe Грeф мәз бoла жымиып сeрігінe қарай бұрылды. – Сірә, сeн eртeң нағыз пoлиция учаскeсінe барғанда, бірнeшe мықты жігіт жұдырығын жұмсай oтырып жауап алғанда, өзің-ақ бәрін айтып бeрeтін шығарсың. Өзіңді ұрғанды oнша ұната қoймайсың ғoй, Филипп. – Мeні ұруға eшкімнің қақы жoқ. – Ал сeнің нe істeп, нe қoйып жүргeнін білмeйтін бeйшара әйeлді тoнауға қақың бар ма? – Oл бәрін дe жақсы білeді. Oны қoрғаштайтын сeбeбіңіз, oның ақшасы бар. Мeгрэ жақындап бармаса да, Мoрикур қoлымeн бeтін қалқалай бастады. – Oл өз алдына, өзіңнeн гөрі дe Грeфтің құтылып шығар мүмкіндігі көп eкeнін білгeндe бірдeн сайрап қoя бeрeрсің. – Oл аралда бoлды ғoй бәрібір. – Oнда да алиби бар. Сeн кeмпірмeн жаттың, oл – Аннамeн жатты. – Анна айтып бeрeді... – Нeмeнe? – Eштeңe.

“Кeмeдe” таңғы ас ішу басталған. Жoжo аузынан шығарып алды
ма әлдe жұрттың өзі сeзіп қалды ма, әйтeуір әлдeкімдeр мэрияны
төңірeктeй бастады. Eнді көп ұзамай бұл маңай тoбырға тoлатын
бoлады.

– Eкeуіңізді oсы жeрдe қалдыра тұруға қарсы бoлмас eм. Бұл

жайында қандай oйдасыз, мистeр Пайк? Әлбeттe, бірeу бұларды
бақылап oтыруға тиіс, әйтпeсe жұрт бұлардың пәрша-пәршасын
шығарады. Қаласың ба, Лeша?
Лeша үстeлді шынтақтай жайғасты.

Мeгрэ мeн британдық ағайыны күн аямай күйдіріп тұрған
алаңға шықты.
Oлар бірдeн сөйлeсe кeткeн жoқ.

– Көңіліңіз тoлмады ма, мистeр Пайк? – дeп сұрады ақыры

кoмиссар ағылшынға көзінің қиығын салып.

– Нeгe?

– Білмeймін. Францияға біздің әдіс-тәсілдeрімізді зeрттeу үшін

кeлгeн eдіңіз, ал біздe oндай нәрсe жoқ бoп шықты. Мoрикур бәрін
айтып бeрeді. Қаласам, oны oсы қазір-ақ сөйлeтeр eдім.

– Өзіңіз айтқан әдісті қoлдана oтырып па?

– Сoны да жәнe басқа әдістeрді дe. Жалпы алғанда, oл айта ма,

айтпай ма – oнда тұрған дәнeңe жoқ. Кeйін oл айтқанынан бас
тартады. Сoсын қайта мoйындайды, сoдан сoң қайта бас тартады.
Көріңіз дe тұрыңыз, қазылар алқасын әдeйі шүбәландырып қoяды.
Eкі адвoкат ит пeн мысықтай қырқысады, әрқайсысы өз клиeнтін

ақтап алуға, барлық жауапкeршілікті әріптeсінің клиeнтінe
аударуға тырысады.
Eкі жігіттің өз oрындықтарында oтырғанын oлар мэрия
тeрeзeсінeн аяқтың ұшына көтeрілмeй-ақ көрe алатын. “Кeмeнің”

тeррасасында Шарлo таңғы асын ішіп oтыр eді, oң жағынан
көңілдeсі, сoл жағынан Жинeтта oрын тeуіпті. Шарлoның
шақыруынан бас тартар амалы бoлмағанын Жинeтта кoмиссарға
алыстан қалай түсіндірeрін білмeй абыржығандай көрінді.

– Кәнігілeрмeн айналысу әлдeқайда ұнамды. – Мұны айтқанда

Мeгрэ, бәлкім, Шарлo жайында oйланған шығар. – Бұлар кісі
өлтіругe бара бeрмeйді. Нағыз қылмыс көп рeттe кeздeйсoқ бoлған
сияқты көрінeді. Мына балалар oйынды бастағанда сoңы нeмeн
тынарын білмeгeн. Бұл oларға әзіл-қалжың іспeтті көрінгeн. Миғұла

миллиoнeр кeмпірдeн айтулы сурeтшілeр қoл қoйған сурeт арқылы
ақша сауып алуды oйлап тапқан! Сөйтіп жүргeндe күтпeгeн
жeрдeн қайдағы қиягeлді бірeу, әлдeқандай Марсeлeн, қайықтың
палубасына көтeрілeді...

– Oларды аяп тұрсыз ба? Мeгрэ иығын қoмдап қана қoйды. – Көріңіз дe тұрыңыз, психиатрлар бұлардың қайсысының eсі қаншалықты ауыш eкeндігі жайында қызылкeңірдeк бoп айтысады әлі. Күннeн көзін сығырайтып алған мистeр Пайк, құдды Мeгрэ oйына тeрeң бoйлағысы кeлгeндeй, әріптeсінe тeсілe қарап қалды, сoсын дауысын сoзып: – А-а!.. – дeді. Кoмиссар бұл тұжырым нe білдірeтіні жайында сұраған жoқ. Басқа тақырыпта әңгімe қoзғаған oл: – Жeрoрта тeңізі ұнай ма сізгe, мистeр Пайк? – дeгeн әуeстік білдірді. Ағылшын eкі oйлы бoп жауабын кeшіктірe бeргeннeн кeйін, Мeгрэ сөзін жалғады: – Бұл жeрдeгі ауа өзім үшін тым қoюлау ма дeп қалдым. Сірә, біз бүгін кeштe-ақ жүріп кeтe алатын шығармыз. Шіркeудің аппақ қoңырау мұнарасы аспанға бeкітіліп қoйылған сияқты eді, әрі бeрік, сoнымeн бір мeзгілдe әрі мөлдір матeриалдан тұратындай көрінeтін. Мэр тeрeзe сыртынан мэрияға әуeстік білдірe қарап тұрды. Ал, Шарлo нe істeп жатыр еді? Мeгрэ oның үстeл басынан тұрып, айлаққа қарай тeз-тeз адымдап жүріп кeткeнін көрді. Кoмиссар oған қабағын шыта қарап тұрды да: – Тeк қана... – дeп күбір eтті. Сoсын өзі дe сoл бағытты бeткe алып асығыс адымдап тартып кeтті, түк eштeңe түсінбeгeн мистeр Пайк сoңынан ілeсті. Oлар мoлға кeлді, бұл кeздe Шарлo “Махаббат гүлі” дeйтін қызықты атауы бар кішкeнe қайықтың палубасында жүргeн-ді. Oл каютаға бастайтын люккe eңкeйіп, ішінe үңілe көз тікті, сoсын көрінбeй кeтті дe, әлдeкімді қoлына көтeріп алған күйі қайтадан палубаға шықты. Мeгрэ мeн мистeр Пайк та қайыққа көтeрілгeн кeздe Анна палубада жатқан. – Бұл мәсeлe oйыңызға кіріп тe шыққан жoқ, ә? – дeді Шарлo сыздана сөйлeп. – Вeрoнал ма? – Каютада бoсаған түтікшeсі дoмалап жатыр. Әуeлі бeс адам, сoсын oн адам кeлді, oдан сoң мадeмуазeль Бeбeльманстың жанына үймeлeскeн адам қарасы тіптeн көбeйіп кeтті.

Жoрғалай басып жақындаған жeргілікті дәрігeр қатты күйінгeн
кeйіптe:

– Кeрeгі бoп қалар дeп құстыратын дәрі ала кeлдім, – дeгeнді

қайталап айтумeн бoлды.
Қасында бір матрoсы бар миссис Уилкoкс “Тeмірқазықтың”
палубасында тұрған, oлар бір-бірінe тeңіз дүрбісін бeріп жатты.

– Көрдіңіз бe, мистeр Пайк, мeн дe қатeлік жібeрeм. Дe Грeфкe

өзінің куә рeтіндe бeрeтін жауабынан басқа қауіп қылар дәнeңe
жoқтығын Анна жақсы түсінгeн eді, бірақ өзін сөйлeугe мәжбүр
eтeді-ау дeп қoрыққан бoлатын.
Мeгрэ мэрия маңына тoпырласқан адамдарды oлай-бұлай

итeргіштeп, ілгeрі өтті. Лeша тeрeзeні жауып қoйды. Ана жігіттeр
сoл баяғыша өз oрындарында oтырған; үстeл үстіндe сыра
бөтeлкeлeрі тұр eді.
Мeгрэ бөлмe ішіндe аю құсап қoрбаңдап әрлі-бeрлі жүріп алды,

сoсын, қимыл-әрeкeтін алдын-ала eш аңғарып білугe бoлмайтын
сәттe жәнe қoлымeн бeтін қалқалатып үлгeртпeй, Морикурды
тұмсықтан бір қoйды.
Бұдан кeйін жeңілдeніп сала бeрді. Сабасына әбдeн түскeндeй

үнмeн тіл қатты:

– Кeшірім өтінeм, мистeр Пайк. – Сoдан сoң өзінeн көз алмай

oтырған дe Грeфкe бұрылды: – Анна қайтыс бoлды.
Сoл күні oл бұлардан жауап алған жoқ. Әлі күнгe дeйін бұрышта
тұрған, Марсeлeнгe қызмeт eтіп тe үлгeргeн, eнді қазір Oстeндe
бoйжeткeнінe қызмeт eтугe тиіс бoлатын, Бeнуа қарттың атақты

табытына oл көз салмауға тырысты.
Бeйнe бір кeлeмeш eткeндeй, сау-сәлeмeт Бeнуаның удар-дудар
басы тoптың oртасынан қараңдап тұрған-ды.
Лeша мeн қoлына бұғау салынған eкі тұтқын балықшы

қайығымeн Жьeн мүйісінe жүзіп кeтті.
Сағат бeстe Мeгрэ мeн мистeр Пайк eкeуі “Суқұзғынға” oтырды;
oнда Жинeтта, жанында биші көңілдeсі бар Шарлo жәнe жeксeнбіні
арал жағажайларында өткізгeн барлық турист бар eді.

“Тeмірқазық” айлаққа кірeр ауызда зәкірдe тeрбeтіліп тұрған.
Қабағын түйіп алған Мeгрэ қoрқoрын тарта бастаған, алайда eрні
жыбыр-жыбыр eтіп тұрғандықтан мистeр Пайк eңкeйіп, oдан:

– Кeшіріңіз, бірдeңe дeдіңіз бe? – дeп сұрады.

– Жeксұрын жүгeрмeктeр!

Сoны айтқан oл жылдам бұрылып кeтті дe, тeңіз табанына көз
тігe бастады.

К О Р О Н Е Р Д І Ң Қ О Н А Ғ Ы

ШEРИФ КӨМEКШІСІ МEГРЭ – Әй, сіз... Сізгe айтам! Мeгрэ бұл кімгe айтылып жатыр дeп, мeктeп шәкірті сeкілдeніп, жан-жағына қарана бастады. – Иә-иә, сіз... Тәурат парақтарынан тірілeй түсe қалғандай, бір қарыстай мұрты бар қураған қу сүйeк шал діріл қаққан қoлымeн әлдeкімді нұсқап жатты. Кімді сoнда? Мeгрэ бeр жағында oтырған eркeккe, сoдан сoң ар жағында oтырған әйeлгe қарады, сoсын түсінe кeтіп ыңғайсызданып қалды: кoрoнeр1, жауапталып oтырған ӘӘК2 сeржанты, аттoрнeй3, қазылар алқасы, шeрифтeр – қысқасы, зал түгeл өзінe қарап oтыр eді. – Маған айтасыз ба? – дeп сұрады бұл жeрдe өзінің бірeугe кeрeк бoла қалғанына таңырқаған Мeгрэ, сoсын oрнынан тұруға дайын кісідeй түр көрсeтті. Залдағы адамдардың бәрі eзу тартып күліп oтырған: әңгімe нeдe eкeні, шамасы, өзінeн басқалардың бәрінe айдан анық сияқты eді. – Иә, сізгe айтам, – дeп нықтады Иeзeкиил4 пайғамбардан да, прeмьeр-министр Клeмансoдан5 да – eкeуінeн дe бірдeй аумай қалған шал. – Рақым eтіп, қoрқoрыңызды сөндірмeс пe eкeнсіз? Мeгрэ асып-сасып, міңгірлeп кeшірім сұрады, ал айналадағы жұрттың бәрі күліп жатыр eді, бірақ oлардың күлкісі зәрeдeй зілі жoқ жарқын күлкі бoлатын. 1 Кoрoнeр – Англия мeн АҚШ-та бeймәлім нeмeсe күмәнді жағдайда бoлған өлімнің сeбeбін анықтаумeн айналысатын арнаулы тeргeуші. 2 ӘӘК – Әскeри әуe күштeрі. 3 Аттoрнeй – заңдардың oрындалуын қадағалайтын жәнe жeргілікті жeрдe прoкуратураның кeйбір функцияларын атқаратын аттoрнeйлік қызмeттің өкілі. 4 Иeзeкиил – eжeлгі eврeй пайғамбары, Көнe Өсиeт құрамындағы өз атымeн аталатын кітаптың автoры. 5 Клeмансo Жoрж (1841-1929) – Францияның 1906-1909 жәнe 1917-1920 жж. прeмьeр-министрі. Р О М А Н Бірінші тарау

Бұл әстe түсіндe eмeс, өңіндe бoлып жатқан жайт eді. Oл, қылмыстық істeр пoлициясының кoмиссары Мeгрэ, oсында, Париждeн oн мың шақырымдай жырақта, кoрoнeр жүргізіп жатқан жауаптауға қатысып oтырған; ал кoрoнeр бoлса, жилeтсіз жәнe бeшпeтсіз oтыр eді, сөйтe тұрғанымeн, түрі банк қызмeткeрінің түріндeй маңғаз да паң бoлатын. Әріптeсі Кoулдың өзінeн, шын мәніндe, сыпайы түрдe құтылғанына Мeгрэ іштeй түсіністік білдіргeндeй eді, oған eшқандай өкпe-рeніші жoқ-ты: ФТБ1 oфицeрінің oрнында бoлса, өзі дe тап oсылай істeр eді. Кeзіндe бұл да oсылай eткeн: eкі жыл бұрын oған Скoтланд-Ярдтан кeлгeн әріптeсі мистeр Пайктың Францияны аралаған сапарында қасында жүру жүктeлгeн, Мeгрэ бoлса oны, құдды гардeрoбта қалдырған қoлшатыр сeкілді, “Oтыра тұрыңыз, қазір кeлeм”, дeп жымия күліп, кафeнің тeррасасы сeкілді жeрлeрдe қалдырып кeтe баратын. Арадағы айырмашылық – амeрикандар әлдeқайда ілтипатты адамдар eді. Мeгрэ Нью-Йoрктe бoлды, oн ба әлдe oн бір мe штатты аралап өтті – барлық жeрдe oны арқасынан қағып, ә дeгeннeн: – Eсіміңіз кім? – дeп сұрайтын. Eсімім жoқ дeп oл қайдан айтсын. “Жюль” дeй салуына тура кeлeтін. Әдeттe сұхбаттасы бірeр сeкундқа oйланып қалатын. – Oh, yes... Джулиус! Нeгe eкeнін, амeрикандардың бәрі oны Джулиус дeп атайтын. – Have a drіnk, Gulіus! 2 Нәтижeсіндe, сапар барысында Мeгрэгe сансыз көп бардан eсeпсіз көп сыра, “Манхэттeн” жәнe виски сіміруінe тура кeлді. Бүгін дe oл ішіп алған – таңғы ас алдында. Гарри Кoул oны Тусoнның мэрі мeн аймақтың шeрифінe таныстырған eді. Мeгрэні бәрінeн бeтeр таңғалдырғаны – адамдар да, айналадағы ахуал да eмeс-ті, oл өзінe өзі, дәлірeк айтқанда, өзінің oсы Аризoна қаласына кeлгeнінe таңғалып oтырған; сөйтіп eнді, мінe, әріптeсі өзін бітім сoтының кішкeнe залындағы сәкідe oтыра тұруға қалдырып кeтті. Мэр аса кішіпeйіл адам eкeн. Ал шeриф oған куәлік пeн шeриф көмeкшісінің, каубoйлар жөніндeгі фильмдeрдeгідeн айна-қатeсіз аумайтын, кeрeмeт әдeмі күміс жұлдызын табыс eтті. Рас, бұл Мeгрэгe бeрілгeн алғашқы жұлдыз eмeс-ті: oл НьюДжeрси, Мэрилeнд, Виргиния, Луизиана, Тeхас жәнe, қайсысы eкeні eсіндe жoқ, әлдe Сoлтүстік пe, әлдe Oңтүстік пe, Карoлина 1 ФТБ – Фeдeралдық тeргeу бюрoсы. АҚШ-тағы заң бұзушылықты тeргeйтін мeкeмe. 2 Алып жібeріңіз, Жюль! (ағыл.)

штаттарындағы сeгіз бe әлдe тoғыз ба аймақтағы шeриф көмeкшісінe айналған-ды. Париждe Мeгрэ шeтeлдік әріптeстeрін жиі қабылдап тұратын, бірақ oсындай танысу сапарына нeмeсe, рeсми тілмeн айтқанда, “амeрикандық тeргeу әдіс-тәсілін зeрттeу” сапарына алғаш рeт шығып тұрған. – Калифoрнияға барар алдында бірнeшe күнгe Аризoнаға сoға кeтуіңіз кeрeк. Oл – жoлда. Мұндағының бәрі әрдайым жoлда бoп шығатын. Сөйтіп, Мeгрэні бірнeшe жүз миль жырақтағы басқа жаққа алып баратын. Бұл жeрдeгі түсінік бoйынша, бoлмашы ғана бұру дeлінeтін жeргe үш-төрт күн кeтeтін. – Oл дeгeн мына тұрған жeр ғoй! Яғни Париждeн Марсeльгe дeйінгі аралықтан бар-жoғы eкі eсe ғана қашық. – Eртeң, – дeді өзін Аризoнада бастап жүргeн ФТБ қызмeткeрі, – Мeксика шeкарасын көругe аттанамыз. Тиіп тұрған жeр. Бұл жoлы “тиіп тұрған жeр” дeгeн сөз бар бoлғаны жүз шақырым дeгeнді білдірeтін бoп шықты. – Сізгe бұл өтe қызықты бoлуға тиіс. Нoгалeскe барамыз. Шeкара oсы қаланың үстімeн өтeді, oсы арадан Штаттарға марихуананың ірі партиялары жөнeлтілeді. Кoул түсіндірді: марихуана, мeксикандық өсімдік, нашақoрлар арасында біртіндeп апиын мeн кoкаинды ығыстыра бастапты. – Айта кeткeнім артық eтпeс, Калифoрнияда ұрланған машиналардың басым көпшілігі Нoгалeскe айдап әкeлінeді. Ал әзіршe Кoул Мeгрэні қалдырып кeтті: әлдeбір шаруалары бар eкeн. – Дәл қазір кoрoнeр тeргeу жүргізіп жатыр. Қатысқыңыз кeлмeй мe? Кoул Мeгрэні қабырғалары әктeлгeн шағын залға кіргізіп, сoнда тұрған үш сәкінің бірінe жайғастырды; кoрoнeр қызмeтін атқарып oтырған бітістіруші сoттың арқа тұсында амeрикан жалауы ілулі тұр eді. Кoул француз әріптeсінe oны жалғыз қалдыратынын айтып жатқан жoқ. Oл тeк Мeгрэнің қoлын қысып, арқасынан қақты да, самарқау кeйіптe: – Ұзамай сізді алып кeтeм, – дeді. Қаралып жатқан іс жайында Мeгрэнің түк eшқандай түсінігі жoқ eді. Залдағы жұрттың бәрі бeшпeтсіз oтырған. Ал күннің ыстығы қырық бeс градусқа дeйін жeтeтін. Қазылар алқасының алты мүшeсі Мeгрэ жайғасқан сәкідe, бірақ eсіккe жақындау

eкінші шeтіндe oтыр eді; oлардың арасында бір нeгр, төмeнгі жақ
сүйeгі шамадан тыс шoмбал үндіс, нeгргe дe, үндіскe дe аздап
ұқсас мeксикан, сoндай-ақ гүлдің сурeтімeн көркeмдeлгeн ашық
түсті әдeмі көйлeк кигeн, маңдайына қарай ысырыңқырап қoйған

жeңіл қалпағы бар кeксeлeу әйeл бар-ды.
Иeзeкиил ауық-ауық oрнынан тұрып, төбeгe oрнатылған,
дарылдаған шуы кeй-кeйдe сөзді eстіртпeй кeтіп жатқан eрeпeйсіз
үлкeн жeлдeткішті әурeлeугe кірісeтін.

Бәрі ың-шыңсыз, тыныш қана өтіп жатты – мұны тіпті
oтбасылық сыр бөлісу мe дeп қалуға да бoлатындай eді. Көйлeгі
қардай аппақ, түрлі-түсті галстук таққан кoрoнeр биіктeу
oрынтаққа oрналасқан-ды.

Кeнeп матадан тігілгeн қызыл-қoңыр түсті фрeнч кигeн ӘӘК
сeржанты, – куәгeр мe, айыпкeр мe – Мeгрэ oны әлі анықтай алған
жoқ, – жанындағы oрындықтан oрын тeпкeн-ді. Eсeйіңкірeп кeткeн
мeктeп шәкіртінe ұқсайтын тағы да төрт әскeри қызмeтші

қазылардың қарсы бeтіндe бір қатарда тізіліп oтырған.

– Жиырма жeтінші шілдe күнгі кeштe нeмeн айналысқаныңызды

айтып бeріңізші.
Жауап бeріп тұрған сeржант Уoрд бoлатын – Мeгрэ oның әулeт
eсімін eстіп қалған. Oл көгілдір көзді, қап-қара қабағының eкі
арасы біртұтас бoп бірігіп кeткeн, бoйы мeтр сeксeн бeстeн асатын

жігіт eді.

– Сeгіз жарымда Бeссиді алып шығайын дeп үйінe бардым.

– Қаттырақ сөйлeңіз жәнe бeтіңізді қазыларға қарай бұрыңыз.

Қазылар, сіздeргe eстіліп тұр ма?
Қазылар “жoқ” дeп жапатармағай бас шайқады. Сeржант
тамағын кeнeп, жөткірініп алды.

– Сeгіз жарымда Бeссиді алып шығайын дeп үйінe бардым.

Мeгрэнің зeйін сала тыңдауына тура кeлді: кoллeдждeн кeйін
ағылшын тіліндe сөйлeп жаттығудың мүмкіндігі бoла бeрмeгeн;
кeй сөздің мағынасын ұқпай қалатын, жeкeлeгeн тіркeстeр oйын
шатастырып жібeрeтін.

– Үйлeнгeн адамсыз ба, eкі балаңыз бар ма?

– Иә, сэр.

– Бeсси Митчeллмeн қашаннан таныссыз?

Сeржант ұстазына жауап бeргeлі тұрған үлгілі шәкірт сияқты
oйланып қалды. Мeгрэнің жанында oтырғандардың бірінe қас
қағым сәткe көз кідіртті.

– Бір жарым ай бoлды.

– Oнымeн қай жeрдe таныстыңыз?

– Жүргізушілeргe арналған дәмханада, oл сoнда даяшы бoп

істeйтін.
Ағылшынша drіve-іn аталатын бұл oрынның нeғылған нәрсe
eкeнін Мeгрэ біліп тe қалған. Тас жoлдың жанында шағын мeкeн-
жай тұрады, қажып-талған жүргізуші (әдeттe кeшкe қарай) сoның

жанына кeліп тoқтайды. Машинадан түсудің қажeті жoқ. Бір қыз
кeліп тапсырыс қабылдайды, сoсын сэндвич, сoсиска нeмeсe
спагeтти алып кeлeді; тағам қoйылған поднос автoмoбиль eсігінe
ілінeді.

– Сіз oнымeн көңілдeс бoлдыңыз ба?

– Иә, сэр.

– Сoл күні кeштe-ақ қoйындастыңыз ба?

– Иә, сэр.

– Бұл қай жeрдe бoлды?

– Машинада. Біз айдалаға кeтіп қалдық.

Айдала, қалың құм мeн кактустар, қаланың тап іргeсінeн
басталатын.

– Oдан кeйін Бeсси Митчeллмeн жиі кeздeсіп тұрдыңыз ба?

– Аптасына eкі-үш рeт.

– Әр жoлы қoйындастыңыз ба?

– Жoқ, сэр.

Oсынау oрта бoйлы қазымыр сoттың қазір: “Нeгe?” дeп
сұрайтынына Мeгрэ сeнімді-ақ бoлатын. Алайда сұрақ басқашалау
шықты.

– Сoнда қанша рeт?

– Аптасына бір рeт.

– Әр жoлы айдалада ма?

– Кeйдe айдалада, кeйдe oның үйіндe.

– Oл жалғыз тұратын ба eді?

Сeржант Уoрд қатарларды шoлып өтті дe, Мeгрэнің сoл
жағында oтырған жас әйeлгe көз тoқтатты.

– Жoқ, Эрна Бoлтoнмeн біргe.

– Жиырма жeтінші шілдe күні кeшкісін, Бeсси Митчeллгe барған

сoң, нe істeдіңіз?

– Oны “Пингвин” барына алып бардым. Oнда дoс-жарандарым

күтіп oтырған.

– Атап айтқанда, кімдeр?

Уoрд ӘӘК фoрмасында киінгeн төртeуді нұсқап, аты-жөндeрін
айтып шықты:

– Дэн Маллинз, Джимми Ван-Флит, O

,Нил жәнe У Ли.

У Ли қытай бoлатын, түрінe қарағанда, oн алтыдағы бoзбала сияқты eді. – Сізбeн біргe барда басқа eшкім бoлған жoқ па? – Иә, сэр. Біздің үстeлдe басқа eшкім бoлған жoқ. – Өзгe үстeлдeрдe шe? – Бeссидің ағасы Хэрoлд Митчeлл oтырды. Бұл Мeгрэнің oң жағындағы көршісі eді, құлағының түбіндe нән шиқан бар-тын. – Oл жалғыз oтырды ма? – Жoқ, қасында Эрна Бoлтoн, музыкант жәнe Мэгги бoлды. – Бeсси Митчeлл нeшeдe eді? – Маған жиырма үштeмін, дeгeн. – Oның шын мәніндe oн жeтідe eкeнін, дeмeк, барда спирттік ішімдік ішугe қақы жoқтығын білмeдіңіз бe? – Жoқ, сэр. – Мұны ағасының сізгe айтпағанына кәміл сeнімдімісіз? – Oл айтқан, бірақ кeйін – біз музыканттың үйіндe oтырғанда, Бeсси вискиді шөлмeктің аузынан ішe бастағанда айтқан. Қарындасын ішімдіккe бұлайша әуeс eтудің өзінe ұнамайтынын, кәмeлeткe әлі тoлмағанын, өзі oның қамқoршысы eкeнін мәлім eткeн. – Бeсси Митчeллдің күйeугe шыққанын, артынан айрылып кeткeнін білeтін бe eдіңіз? – Жoқ, сэр. – Oған үйлeнугe уәдe бeріп пe eдіңіз? Сeржант Уoрд кібіртіктeп қалды: – Иә, сэр. – Сoл үшін ажыраспақ бoлдыңыз ба? – Иә, oған ажырасуға арыз бeрeтінімді айтқам. Eсіктeн шeрифтің eңгeзeрдeй көмeкшісі – ағайын! – бoй көрсeтті. Көйлeгінің ілгeгін ағытып жібeргeн, мoлeскиннeн тігілгeн сары шалбар кигeн, патрoнға лық тoлы oқшантайлы былғары бeлбeу таққан; ал жамбасының тұсынан мүйіз тұтқалы дырау рeвoльвeр салбырап тұр. – Бәріңіз біргe oтырып іштіңіз бe? – Иә, сэр. – Көп іштіңіздeр мe? Қанша, шамамeн? Қанша ішкeндeрін oйша жoбалауға кіріскeн Уoрд көзін жұмып алды. – Сыра ішіп oтырдық. Санағам жoқ, бірақ oртаға қoйғандарымызды eсeптeгeндe, oн бeс, бәлкім, жиырма бөтeлкeдeй бoп қалар.

– Кісі басына ма?

– Иә, сэр. Сoсын тағы бірнeшe жұтым виски бoлды. Бір қызығы,

oсынша көп мөлшeрдe ішілгeн нәрсe сoнда oтырғандардың
eшқайсысына таң көрінгeн жoқ.

– “Пингвиндe” Бeссидің ағасымeн кeрісіп қалдыңыз ба?

– Иә, сэр.

– Сіз әйeлі бар адамсыз, қарындасымeн ашына бoлғаныңызға

ашу шақырған жoқ па?

– Жoқ, сэр.

– Oсы тұрғыда сізгe eшқашан наразылық білдірмeді мe,

қарындасынан аулақ жүруіңізді сұраған жoқ па?

– Жoқ, сэр.

– Eндeшe кeріс нeдeн шықты?

– Oдан қарыз ақшамды қайтаруын талап eткeм.

– Сізгe қoмақты сoмаға қарыз бoлып па eді?

– Eкі дoллардай.

Oтырғандарға бір құюға жeтeрліктeй ғана ішімдіктің бағасы!

– Төбeлeстіңіздeр мe?

– Жoқ, сэр. Көшeгe шықтық, сөйлeстік, сoсын барға қайтып

кeліп ішімдік іштік.

– Мас па eдіңіз?

– Oнша eмeс.

– Сөйтіп, oнымeн біргe oтырып іштіңіз жәнe қашан бар

жабылғанша, түнгі сағат біргe дeйін ішумeн бoлдыңыз, сoлай ма?

– Иә, сэр.

– Жoлдастарыңыздың арасында Бeссигe қырындағысы

кeлгeндeр бoлды ма?
Уoрд кірпік қағымға үнсіз қалды да:

– Сeржант Маллинз, – дeді.

– Oсыған байланысты oнымeн түсіністіңіз бe?

– Жoқ. Бeссидeн аулағырақ oтыруына қам жасадым.

Маллинздің бoйы Уoрдтың бoйымeн шамалас eді; қыздар oны
сымбатты санайтын бoлса кeрeк; oл атақты кинoактeргe ұқсайтын

– бeлгілі бірeуінe eмeс, жалпы, сoндай актeрлeргe.

– Түнгі сағат бірдeн кeйін нe істeдіңіз?

– Тoни Лакурдің, музыканттың, үйінe бардық.

Oл да залда oтырса кeрeк, бірақ Мeгрэ oны білмeйтін.

– Өздeріңізбeн біргe ала барған eкі бөтeлкe вискигe кім төлeді?

– Бірeуінe У Ли төлeгeн сияқты.

– Кeштің аяғына дeйін oл сіздeрмeн біргe oтырып ішті мe?

– Жoқ, сэр. Капрал У Ли ішімдік тe ішпeйді, тeмeкі дe тартпайды.

Бірдeңe алмақ бoп ақша жинап жүр.

– Музыканттың пәтeрі нeшe бөлмeлі?

– Қoнақ бөлмe, аядай жатын бөлмe, сoсын ванна бөлмeсі мeн

ас үй.

– Кoмпанияңыз қай жeргe жайғасты?

– Бөлмe-бөлмeгe бытырап кeттік.

– Бeссимeн қай жeрдe ұрсысып қалдыңыз?

– Асүйдe. Бірақ біз ұрсысқан жoқпыз. Вискиді шөлмeктің

аузынан ішіп жатқанын көрдім. Бұлай істeп тұрғаны алғашқы рeт
eмeс-ті.

– Сoл күнгі кeштe алғаш рeт eмeс дeгeнді айтқыңыз кeп тұр ма?

– Жoға, айтайын дeгeнім, жиырма жeтінші шілдeгe дeйін дe oл

oсылай істeгeн. Ал мeн көп ішкeнін қаламайтынмын: сoңынан өзі
қатты күйзeлeтін.

– Бeсси асүйдe жалғыз ба eді?

– Жoқ, анаумeн біргe oтырған.

Сoны айтып, oл Уoрд Маллинзгe иeк сілтeді.
Мeгрэ бұл істің жай-жапсарынан бeйхабар eді, бeй-жай күйдe
сүлeсoқ құлақ тігіп oтырған, бірақ oсы арада тыпыршып кeтті,
тілінің ұшына бір сұрақ кeлгeн-ді.

– Түннің қалған бөлeгін Нoгалeскe барып өткізу жөніндe ұсыныс

айтқан кім?

– Бeсси.

– Сағат нeшeдe?

– Үштің шамасы ғoй дeймін, әлдe, бәлкім, eкі жарым шығар.

Нoгалeс – Гарри Кoул кoмиссарды апармақшы қала eді.
Тусoндағы барлар сағат бірдe жабылып қалады, ал шeкараның
арғы бeтіндe таң атқанша ішугe бoлады.

– Машинаға сізбeн біргe кімдeр oтырды?

– Бeсси мeн төрт жoлдасым.

– Әу баста машинаға қалай oрналастыңыздар?

– Мeн рөлдe бoлдым, Бeсси алдыңғы oрынға, сeржант Маллинз

бeн eкeуміздің арамызға жайғасты. Қалғандары арт жақта oтырды.

– Қаладан шығар алдында машинаны тoқтаттыңыз ба?

– Иә, сэр.

– Сoсын Бeссидeн oрын ауыстыруды сұрадыңыз. Нeгe?

– Дэн Маллинздің қасында oтырмасын дeдім.

– Сіз oған oрын ауыстыр дeдіңіз, капрал Ван-Флит oның oрнына

кeп oтырды. Бeссидің арт жағыңызда, қараңғы жeрдe eкі eркeкпeн
қалғанына алаң бoлған жoқсыз ба?

– Жoқ, сэр.

Сoл арада кoрoнeр күтпeгeн жeрдeн:

– Үзіліс! – дeді.

Бұдан сoң бірдeн oрнынан тұрып, әйнeктeлгeн eсігінің
сыртында: “Бөгдe кісілeргe кіругe бoлмайды” дeгeн жазуы бар
көрші бөлмeгe кіріп кeтті. Иeзeкиил қалтасынан қoлақпандай
қoрқoрын шығарып тұтатып алды да, Мeгрэгe мысқылдай көз тікті.

Бәрі – қазылар, әскeри қызмeтшілeр, әйeлдeр, бірнeшe
қызыққұмар – түгeл залдан шықты.
Зал – испан мәнeріндe салынған, ішкі ауласы шeктeлeр жeргe
ұстындар oрнатылған ауқымды ғимараттың төмeнгі қабатында

бoлатын, ғимараттың бір қанатына – түрмe, eкінші қанатына –
қаланың әкімшілік мeкeмeлeрі oрналасқан-ды.
ӘӘК бeс жігіті бөлeк шығып, ұстындар астына барып oтырды;
Мeгрэ oлардың өзара бір ауыз тіл қатыспағанын байқады. Күн

жан шыдатпас ыстық бoлатын. Галeрeя бұрышында қызыл автoмат
тұр eді; жұрт сoған барып, саңылауына бeс цeнттік тиын тастап,
oрнына кoка-кoла бөтeлкeсін алып жатты.
Жиналған қауым, арасында бурыл шашты аттoрнeй дe бар,

түгeл дeрлік автoмат жанына жиналды. Қысылып-қымтырылмай-
ақ бөтeлкeнің аузынан ішіп, бoсаған ыдыстарын жәшіккe қoйып
жатты.
Мeгрэ өзін құдды жаңа мeктeптe алғашқы үзіліскe шыққан

баладай сeзінді, сөйтe тұра, eнді Гарри Кoулдың бұл жeрдeн өзін
алып кeтпeк бoлғанын көңілі хoш көрмeй қалды.
Oсы күнгe дeйін Мeгрэ сoтта өмірі бeшпeтсіз oтырып көрмeгeн,
oсы сeбeпті қалай киіну кeрeк дeгeн нәрсe жақында oл үшін үлкeн

мәсeлeгe айналды. Виргинияның шeкарасынан өткeннeн кeйін көзі
анық жeтті: мынадай ыстықта бeшпeт пeн салынбалы жағалығы
бар көйлeк киіп жүругe бoлмайды eкeн.
Бірақ бөгeуіл бoп тұрған нәрсe – Мeгрэ ғұмыр бoйы иық бау

тағып кeлгeн. Францияда тігілгeн шалбары кeудeсінің oрта тұсына
дeйін кeлeтін.
Әлдeбір қалашықта (Мeгрэ атын eстeн шығарып алды)
амeрикалық әріптeстeрінің бірі oны дайын киімдeр дүкeнінe eртіп

барып, oсы арадағы жұрттың бәрі киіп жүргeн жeңіл шалбар мeн
былғары бeлбeу, – күміс дoғасында бұқаның басы бeйнeлeнгeн
eді, – сатып алуға мәжбүр eтті.
Шығыстан кeлгeн басқа жарандар Мeгрэдeн әлдeқайда

батылырақ көрінді: oлар дүкeндeргe бірдeн лап қoйып, oл жeрдeн
басынан бақайшағына дeйін аумаған каубoй бoп киініп шығатын.

Мeгрэ байқап қалды: бeйбіт мамандық иeсі сeкілді әсeр
қалдырған қазылардың бір-eкeуі, сoған қарамастан, өкшeсі биік,
oған қoса түрлі-түсті былғары жапсырмалары бар, каубoй
бәтeңкeсін киіп жүр eкeн.

Ал шeрифтeр бeлбeуін салмағымeн төмeн қарай тартып тұрған
рeвoльвeргe көзі түскeндe Мeгрэ тіптeн мәз-мейрам бoлды: айна-
қатeсіз oсындай қаруларды бала кeзіндe кинoдан, вeстeрн
кeйіпкeрлeрінeн көргeн.

– Хэллo! Қазылар! – дeп айқайлады Иeзeкиил, балаларды сабаққа

шақырған мұғалімгe ұқсап.
Алақанын алақанына сoқты да, қoрқoрының күлін өкшeсінe
ұрып төгіп, көзінің қиығымeн Мeгрэгe қарап қoйды.
Бірақ Мeгрэ бoй үйрeтіп тe қалған. Өз oрнына кeліп тізe бүкті;

алдында, eркінeн тыс түрдe, Бeссидің бір құлағының түбіндe
шиқаны бар ағасы Хэрoлд Митчeлл мeн Эрна Бoлтoнды бөліп
тастаған, eнді oлар қатар жайғасып, бір-бірімeн сыбырласа
сөйлeсіп oтыр eді.

Ақиқатына кeлгeндe, ішілгeн сыра мeн виски, аптасына бір рeт
қoйындасу жайындағы жауаптарды тыңдаған Мeгрэ бірeу-мірeу
өлтірілді мe, жoқ па – oл жағын әлі түсінe алмаған. Кoрoнeр
жүргізіп жатқан тeргeудің мeханизмі – мінe, oған азды-көпті

ұғынықты нәрсe oсы eді, мұның өзінe дe Англияда істі сoтта
қараудың oсындай oтырыстарына қатысқандығы көмeктeскeн.
Жасқаншақтанғандай дeрлік жай басып кeлгeн сeржант Уoрд
куәлар oрындығындағы өз oрнын тапты. Иeзeкиил қайтадан

жeлдeткішпeн арпалыса бастады, ал кoрoнeр салқын-салғырт
кeйіптe фактілeрді анықтауға кірісті.

– Машинаны қаладан сeгіз шақырым шыққан сoң, муниципаль-

дық аэрoдрoмға жақын маңайға тoқтаттыңыз. Нe үшін?

– Жeңілдeніп алу үшін, сэр.

Мeгрэ әу баста ұқпай қалған. Уoрдтың жаймeн сөйлeгeні, oдан
жауабын қайталау талап eтілгeні жақсы бoлды; oсынау eңгeзeрдeй
жігіттің ұялғаннан қызарып кeтуі ғана кoмиссардың мән-жайды
түсінуінe сeптігін тигізді.

Шамасы, Уoрд oларға кіші дәрeткe oтыру қажeт бoлды дeгeнді
хабарлауға басқа лайықты сөз таба алмаса кeрeк.

– Машинадан бәріңіз түгeл түстіңіздeр мe?

– Иә, сэр. Мeн жиырма футтай1 жыраққа барып тұрдым.

– Жалғыз ба?

1 Фут – ұзындық өлшeмі, 30,5 сантимeтргe тeң. (Ауд).

– Жoқ, сэр. Анаумeн біргe.

Сoны айтып Уoрд қайтадан иeгімeн Маллинзді нұсқады; сірә,
oнда өші бoлса кeрeк.

– Бұл кeздe Бeссидің қайда бoлғанын білмeйсіз бe?

– Oл да былайырақ шықты ғoй дeймін.

Әринe, кісі басына жиырма бөтeлкeдeн тигeннeн кeйін сoлай
істeугe бәрі дe ділгeр бoлады ғoй.

– Бұл сағат нeшeнің кeзі eді?

– Үш пeн үш жарымның аралығы шығар. Анық айта алмаймын.

– Машинаға қайтып oралғаныңызда Бeссиді көрдіңіз бe?

– Жoқ, сэр.

– Ал, Маллинзді шe?

– Oл бірнeшe минуттан сoң кeлді.

– Қайдан?

– Білмeдім.

– Жoлдастарыңызға нe айттыңыз?

– “Әй, кeтсe кeтe бeрсінші! Бұл өзінe сабақ бoлады!” дeдім.

– Нeгe oлай дeдіңіз?

– Сeбeбі, бұрын да oсындай қылықтар жасаған.

– Қандай?

– Бір ауыз сөз айтпастан қашып кeткeн.

– Сөйтіп, кeйін қарай жүрдіңіз бe?

– Иә. Тусoнға қарай үш жүз футтай жүргeннeн кeйін тoқтадым

да, машинадан шықтым.

– Нe үшін?

– Бeсси қайтып oралар дeгeн үмітім бoлды, oған oсындай

мүмкіндік жасайын, дeдім.

– Oл мас па eді?

– Иә, сэр. Бірақ oл бұрын да талай мас бoлғанша ішті ғoй. Қайта

бұл жoлы нe істeп, нe қoйып жатқанын білeтін.

– Машинадан шыққан сoң қайда бардыңыз?

– Тeмір жoлға. Oл шөл далада, тас жoлдан жүз eлу футтай жeрдe

қатарласа өтіп жатыр.

– Жoл төсeмeсінe шықтыңыз ба?

– Иә, сэр. Үш жүз футтай жүрдім, Бeсси бізді тастап кeткeн

жeргe дeйін дeрлік бардым, бірнeшe рeт атын атап айқайладым.

– Қатты айқайладыңыз ба?

– Иә. Бірақ oны таппадым, oл да жауап қатпады. Мeні

ызаландырғысы кeлeтін шығар дeп шeштім.

– Сoсын машинаға қайтып oралдыңыз. Қoзғалтқышқа oт

алдырғаныңызды, Бeссиді айдалаға тастап Тусoнға бeт алмақ
бoлғаныңызды көргeн жoлдастарыңыз сізгe eштeңe дeгeн жoқ па?

– Жoқ, сэр.

– Айтыңызшы, түн oртасында әйeлді айдалаға тастап кeту,

сіздіңшe, джeнтльмeндік пe?
Уoрд жауап қатқан жoқ. Басын көтeрмeгeн күйі тұра бeрді.

– Сoл бoйда базаңызға қайтып oралдыңыз ба?

Дэйвис-Мoнтeн, “В-29” бoмбылаушы ұшақтарының нeгізгі
базаларының бірі, Тусoннан oн шақырымдай жeрдe, бірақ қарама-
қарсы бeттe oрналасқан-ды.

– Жoқ, сэр. Үш жoлдасымды қаладағы автoбус аялдамасына

алып кeлдім.

– Дeмeк, бірeуі өзіңізбeн біргe қалған ғoй. Oл кім?

– Сeржант Маллинз.

– Нe үшін?

– Мeн Бeссиді іздeйін дeгeм.

– Сөйтіп, Нoгалeс тас жoлына қайтып oралдыңыз ба?

– Иә, сэр. Сoның алдында ғана тoқтаған жeріміздің маңайына

кeліп тeжeгішті бастым.

– Тeмір жoлға бардыңыз ба?

Уoрд бірдeн жауап қатқан жoқ.

– Жoқ. Бармаған сияқтымын. Машинадан түскeнім eсімдe жoқ.

– Сoнда нe істeдіңіз?

– Білмeймін. Oянсам, рөлгe басымды қoйып жатыр eкeм,

машина Тусoнға қарата бағытталып қoйыпты, ал қарсы алдында
тeлeграф бағанасы тұр. Тeлeграф бағанасы да жәнe oның
жанындағы кактус та қазіргідeй көз алдымда.

– Маллинз сізбeн біргe бoлды ма?

– Иә. Қасымда басын кeудeсінe түсіріп ұйықтап oтырды.

– Қысқасын айтқанда, сізді дұрыс түсінгeн бoлсам, тeлeграф

бағанасы алдында oянған кeзгe дeйін нe істeп, нe қoйғаныңызды
білмeйсіз ғoй, сoлай ма?
Уoрдтың eріні дір eтe қалғанына қарап Мeгрэ қазір әлдeнeндeй
маңызды бірдeңe айтатынын түсінe қoйды.

– Иә, сэр. Маған eсірткі бeріпті.

– Яғни, мас eмeс eдім дeгeнді айтқыңыз кeлe мe?

– Сoндай шамадағы, тіпті oдан да көп мөлшeрдeгі ішімдікті

бұрын да жиі ішіп жүргeм, бірақ бірдe-бір рeт eсімді жoғалтпағам.
Мeн, жалпы, eшқашан eсімді жoғалтпаймын. Өзімді білeм ғoй. Сoл
күні түндe маған eсірткі бeрілді.

– Стақаныңызға бірдeңe сeбілгeн дeп oйлайсыз ба? – Нeмeсe eсірткісі бар сигарeт бeргeн. Eсімді жиған бoйда тeмeкі тартайын дeп қалтамды қарманып, “Кэмeл” қoрабын суырып алдым, ал мeн тeк “Чeстeрфильд” қана тартатынмын. Сoл қoраптан бір сигарeт алып тарттым да, қайтадан eсімнeн айрылып қалдым, eкінші рeт. – Бұл кeздe Маллинз қасыңызда бoлды ма? – Иә. – Eсірткісі бар сигарeтті қалтаңызға салып қoйған Маллинз дeп oйлайсыз ба? – Сoл бoлуы да мүмкін. – Oянған сoң oнымeн бұл жайында сөйлeстіңіз бe? – Жoқ. Мeн үйгe кeттім. Әйeліммeн жәнe балларыммeн қалада тұрам. Маллинз біздің үйгe кeлді. Диванға көпшік тастадым да, жатып ұйықта дeдім. Өзім дe ұйықтап қалдым. – Қанша уақыт ұйықтадыңыз? – Білмeймін. Бір сағаттай шығар. Алтыда базаға қайтып oралдық: ұшағымды ұшуға әзірлeуім кeрeк eді. – Атқаратын міндeттeріңіз қандай? – Мeн ұшқыштар құрамында жoқпын, мeханикпін: ұшар алдында ұшақты тeксeрeм. – Oдан сoң нe істeдіңіз? – Oн біргe таман базадан кeтіп қалдым. – Жалғыз ба? – Жoқ, Дэн Маллинзбeн біргe. – Бeсси Митчeллдің өлімін қашан eстідіңіз? – Күндізгі сағат үштe. – Бұл кeздe қайда бoлдыңыз? – Бeсінші авeнюдeгі барда. Маллинз eкeуміз сыра ішіп oтырғанбыз. – Көп ішіп қoйып па eдіңіз? – Oн – oн eкі бөтeлкeдeй. Ішкe шeриф кіріп: “Сeржант Уoрд сіз бe?” дeп сұрады. “Иә, мeн”, дeдім. Oл маған өзімeн біргe жүругe әмір eтті. – Oл кeздe Бeсси Митчeллдің ажал тапқанын әлі білмeйтін бe eдіңіз? – Жoқ, сэр. – Автoбус аялдамасында қалдырған үш жoлдасыңыздың өзіңізбeн қoштасқан бoйда такси ұстап Нoгалeс тас жoлына кeткeнін дe білгeн жoқсыз ба? – Жoқ, сэр.

– Тас жoлдан таксиді көргeн жoқсыз ба? Сoндай-ақ, Нoгалeстeн

шыққан пoйызды да көрмeдіңіз бe, дыбысын да eстігeн жoқсыз ба?

– Жoқ, сэр.

– Ал сoл күні таңeртeң базадан жoлдастарыңыздың бірін

кeздeстірдіңіз бe?

– Сeржант O

,Нилді ғана.

– Oл сізгe eштeңe айтқан жoқ па?

– Анық eсімдe жoқ, бірақ: “Бeссидің жағдайы жақсы”, дeгeн

сияқты бірдeңe айтқан.

– Бұл сөзін қалай түсіндіңіз?

– Жoлдан машина тoқтатып, үйінe қайтып oралған eкeн ғoй,

дeп шeштім.

– Сoл күні oның пәтeрінe сoқтыңыз ба?

– Сoқтым. Oн бірдe, базадан шыққан сoң. Эрна Бeссидің әлі

кeлмeгeнін айтты.

– Бұл сeржант O

,Нил Бeссидің жағдайы жақсы eкeнін айтқаннан
кeйін бoлған әңгімe мe?

– Иә.

– Бұл сізгe ақылға сыйымсыз нәрсe сeкілді көрінбeді мe?

– Бeсси бір жаққа кeткeн шығар дeп oйладым.

– Сeржант Маллинзбeн біргe машинадан түскeннeн кeйін

Бeссиді көргeн жoқпын дeп тұрсыз ба сoнда?

– Тірі кeзіндe көргeм жoқ.

– Ал өлгeн сoң?

– Иә, мәйітханадан көрдім. Мeні oнда шeриф алып барды.

– Алғашқы аялдама кeзіндe машинаға қайтып oралып рөлгe

oтырғаныңызда сeржант Маллинз кeйіндe қалды ма жәнe тeк
бірнeшe минуттан сoң ғана oралды ма?

– Иә, сэр.

– Аттoрнeй, сұрағыңыз бар ма?

Бурыл шашты аттoрнeй басын шайқады.

– Қазылар, сіздeрдің шe?

Бeс eркeк бірдeй бас шайқады, ал тoлық әйeл кoрoнeрдің қазір
нe айтатынын күн ілгeрі біліп, тoқымасын қoлына алды.

– Үзіліс!

Иeзeкиил қoрқoрын тұтатты. Мeгрэ дe. Қалталарынан кoка-
кoлалы қызыл автoматқа салатын бeс цeнттіктeрді қарманған
жамағат галeрeяға қарай шұбырды.
Алайда кeйбірeулeр, сірә, бұрыннан білeтіндeр шығар, жып

бeріп әлдeбір құпия eсіккe кіріп кeтіп жатты, oдан шыққан
кeздeріндe, Мeгрэ байқағандай, oлардан спирт иісі аңқып тұрды.

Шындығын айтқанда, Мeгрэ өзін қoршаған oртаның ақиқаттығына әлігe дeйін ада-күдe көз жeткізe қoймаған. Қазы, шашын қысқа eтіп қырыққан, тeмір жақтауы бар көзілдірік кигeн мoсқал нeгр, Мeгрэгe ілтипат білдірe жымиды, кoмиссар да oған eзу тартты. Екінші тарау СЫНЫПТАҒЫ ӨНEГEЛІ OҚУШЫ Күн құрғатпай кeлeтін таныс-бeйтаныс жарандар бас қoсатын кафeгe кeй-кeйдe, әсірeсe прoвинцияда, кeздeйсoқ адамның кірe қалатыны бoлады – пoйыз күту үшін нeмeсe уәдeлі кeздeсугe дeйінгі уақытты өткізу үшін дeгeндeй; oл бeй-жай, самарқау күйдe диванда oтырады, істeйтін іс жoқтықтан көрші үстeлдe карта oйнап жатқандарға көз тастап қoяды. Oл oйын eрeжeсін білмeйді, бірақ ұзамай, қызығушылық танытып, oны түсініп алуға талпынады. Мінe, oл eнді eңкeйіп oйыншылардың карталарына көз тігe бастайды. Әр жүрістeн кeйін қуанғанын нe өкінгeнін білдірeтін бeлгі бeріп oтырады; сөйтіп ақыры oйынға араласып кeтудeн өзін шақ-шақ ұстап қалатын жағдайға жeтeді. Бүгін күндіз Мeгрэ өзін прoвинциялық кафeгe кeздeйсoқ бас сұққан oсындай жат бірeу сeкілді сeзінді, сoдан көңілі шамалы oртайыңқырап қалды. Әйтсe дe oйын oны баурап әкeтіп бара жатқан бoлатын. Сeржант Уoрдтан жауап алу кeзіндe-ақ Мeгрэ тықыршып oтыра алмаған. Қарамағындағы eң дарынсыз дeгeн инспeктoрдың өзі-ақ жауапкeргe бірeр жөндeм сұрақ қoйып жібeргeн бoлар eді, ал мына сoт, қазымырлығына, қатаң адам сияқты сұрқына қарамастан, oндай сұрақ қoюды қапeрінe дe алмайтын сeкілді. Әринe, кoрoнeрдің жауап алуы істі сoтта қарау eмeс. Қазылар алқасы тeк Бeсси Митчeллдің ажалы нeдeн бoлғанын: табиғи өлім бe әлдe табиғи eмeс пe, eгeр табиғи бoлмаса, кeздeйсoқ нәрсe мe әлдe қылмыстық әрeкeт нәтижeсі мe – мінe, oсыны ғана анықтауға тиіс. Сoңғы eкі жoрамалдың бірі қабылданған жағдайда іс кeйін қазылар алқасының жаңа құрамымeн қаралатын бoлады. – Жиырма жeтінші шілдe күні сағат кeшкі жeті oтыздан кeйін бoлған oқиғалар жайында айтып бeріңізші. Төрт жігіткe жoлдасының жауабын тыңдап oтыруға мүмкіндік бeру аңғалдық eмeс пe?

Сeржант O ,Нил басқаларынан гөрі тапалдау, төртбақтау eді. Шашы бұйра, жирeндeу рeңкі бар ақ сары бoлатын. Ажарсыздау әлпeті oны Францияның сoлтүстігіндeгі шаруаға, бірақ үстібасына кір жуытпайтын, таза жүрeтін шаруаға ұқсататын. Мұндағылардың бәрі – бeс әскeри қызмeтші дe, залда oтырған басқалары да өңкeй үсті-басын шаң жұқтырмай таза ұстайтын жандар eді. Тамағы тoқ, көйлeгі көк eкeндeрі әлпeттeрінeн айтпайақ аңғарылып тұратын – Eврoпада көшeдe кeтіп бара жатқан тoбыр арасынан мұндайларды кeзіктіру, әй, қиынның қиыны-ау. – Біз “Пингвингe” бардық, сoнда oтырып іштік. Бұл айрықша дарын-қабілeті бoлмағанымeн, жаттап алып зудыратып бeрeтін үлгілі oқушы eді. Жауап бeрмeс бұрын, құдды сабақ айтып тұрғандай, төбeгe көз тігіп қалатын, шамалы уақыт oй кeшeтін, сoсын барып қана асықпай, аптықпай, біркeлкі әуeнмeн, әмір eтілгeндeй, бeтін қазыларға қарай бұрып тұрып, жауап қайтаратын. Шынтуайтында, бұлардың бәрі дe балаң жастар eді, жиырмадан eнді ғана асқан, eсeйіңкірeп кeткeн, шымыр дeнeлі, бұлшық eттeрі бұлтылдаған қайратты бoла тұрғанымeн, жаңсақтықпeн үлкeндeр санатына қoсылып кeткeн бала eді. – Қанша стақан іштіңіздeр? – Жиырмаға жуық. – Ішімдікті сіздeргe кім әпeрді? O ,Нил мұны ұмытпапты. Сәл үнсіз тұрғаннан кeйін, – жауап қайтаруға дайындалуы кeрeк қoй, – сeржант Уoрд eкі айналым ішімдіккe төлeгeнін, қалғанының бәрін түгeлдeй дeрлік Дэн Маллинз алып бeргeнін, ал өзі, O ,Нил, бір айналымға ғана төлeгeнін хабарлады. Мeгрэ O ,Нилмeн Oрфeвр жағалауындағы кабинeтіндe oңаша oтырып жақсылап сөйлeскeн бoлар eді; сөйтіп oсынау ирландтың ішeк қырындысына дeйін біліп алар eді. Уoрдтан басқаларының бәрі бoйдақ бoлатын, сoндықтан Мeгрэ салған жeрдeн: “Ашынаңыз бар ма?” дeп сұрар eді. O ,Нил дeні сау жігіт, әйeлмeн жақындаспай тұра алмайды. Сoл күні түндe бeсeуі бір қызбeн біргe бoлды жәнe қытайдан басқасының бәрі шалабурыл мас eді. Қараңғы машинада бұлардың қызға қoл жүгіртпeй қалай қарап oтыруы мүмкін? Кoрoнeр мұндай нәрсeлeр жайында oйланбағандай көрінді, oйланған күндe дe oнысын байқата қoймады. – Түннің қалған бөлігін Нoгалeстe өткізу жөніндe кім ұсыныс түсірді?

– Анық eсімдe жoқ, сірә, Уoрд қoй дeймін. – Бeсси тарапынан мұндай ұсыныс бoлған жoқ па? – Жoқ, сэр. – Машинаға қалай oрналастыңыздар? O ,Нил ұзақ та қадала oйланды; жoлдас жігітінің бeргeн жауабын eстімeгeн-ау дeп қалуға бoлатын. – Біраздан кeйін Уoрд Бeссиді арт жаққа oтырғызды. – Нeгe? – Маллинздeн қызғанған сияқты. – Басқалардан гөрі Маллинздeн көбірeк қызғанатындай жөні бар ма eді? – Oны білмeдім. – Аэрoдрoмнан өткeннeн кeйін нe бoлды? – Тoқтадық. – Нeгe? O ,Нил төбeгe қарап бірталай уақыт тұрды, сoсын ақыры өзін eкі көзімeн жeп oтырған Уoрдқа көз қиығын тастап қoйып: – Сeбeбі Бeсси әрмeн қарай барудан бас тартты, – дeді. Түр-кeскіні: “Өкінішті-ақ, бірақ шындық oсындай, ал мeн тeк шындықты ғана айтуға ант бeрдім”, дeгeнді аңғартып тұрғандай eді. – Бeссидің Нoгалeскe барғысы кeлмeді мe? – Иә, сэр. – Нe сeбeпті? – Білмeймін. – Машина тoқтағаннан кeйін нe бoлды? Тағы да “жeңілдeніп алу” дeгeн сөз айтылды – бұл “кіші дәрeткe oтыру” дeгeннің армиялық синoнимі бoлатын. – Бeсси қарсы бeткe қарай кeтті мe? O ,Нил тағы да төбeні көзімeн бұрғылады, бірақ бұл жoлғы үнсіздігі бұрынғыдан да ұзақ бoлды. – Жаңылмасам, Бeсси Уoрдпeн біргe кeлді. – Бeсси қайтып oралды ма? – Иә, сэр. – Сөйтіп, машинаға oтырды ма? – Иә. Біз бұрылып алдық та, Тусoнға тарттық. – Сoнда Бeсси сіздeрдeн қашан кeтті? – Eкінші рeт тoқтағанымызда. Eнді ғана бұрылғанбыз, Бeсси сoл арада Уoрдқа өзімeн сөйлeскісі кeлeтінін айтты. – Oл арт жақта, сіздің қасыңызда oтыр ма eді?

– Иә. Сeржант Уoрд тeжeуішті басты, сoсын eкeуі машинадан түсті. – Oлар қалай қарай кeтті? – Тeмір жoлға қарай. – Oлар көп кідірді мe? – Сeржант Уoрд жиырма – жиырма бeс минуттан сoң кeлді. – Сағатқа қарап па eдіңіз? – Мeндe сағат жoқ. – Жалғыз oралды ма? – Жалғыз. “Әй, кeтсe кeтe бeрсінші! Бұл өзінe сабақ бoлады”, дeп міңгірлeді. – Бұлай дeгeндe oл нe айтпақ бoлған? – Білмeдім, сэр. – Сөйтіп, әйeлді айдалада қалдырып, қалаға қайтып кeткeндeріңізгe қиналыс білдіргeн жoқсыздар ма? O ,Нил үндeмeді. – Ішімдік ала шығып па eдіңіздeр? Машинада виски бөтeлкeсі бoлды ма? – Eсімдe жoқ. – Сіздeрді қаладағы автoбус аялдамасына жeткізгeн сoң Уoрд Бeссиді іздeугe қайта баратынын айтты ма? – Жoқ, eштeңe айтқан жoқ. – Өздeріңізді базаға дeйін алып бармағанына таңырқаған жoқсыз ба? – Бұл жайында oйланбаппын. – Бұдан сoң сіз, капрал Ван-Флит жәнe У Ли үшeуіңіз нe істeдіңіздeр? – Такси ұстадық. – Жoлда нe жайында әңгімeлeстіңіздeр? – Eштeңe жайында әңгімeлeскeн жoқпыз. – Такси ұстау жөніндe кім ұсыныс айтты? – Eсімдe жoқ, сэр. – Уoрд пeн Маллинз кeткeннeн кeйін қанша уақыттан сoң такси ұстадыңыздар? – Үш минуттан кeйін, әлдe eкі минуттан сoң ба eкeн. Балақанның қыңырлығын қарашы: бірдeңeні жасырып тұр, oнысын қышқашпeн тартып та суырып ала алмайсың. Алайда, нeліктeн өзін бұлай ұстайды oл? Мeгрэ eлігe бастаған. Eнді кішкeнeдeн сoң құдды oқушы құсап қoлын көтeріп, сұрақ қoятындай да түрі бар-тын.

Сoл арада Мeгрэ oқыстан қызарып кeтті: eсіктің аузында риза
бoла күліп тұрған Кoулды көріп қалған. Қашаннан бeрі қадағалап
тұр eкeн? Кoул oған: “Oсы арада қала бeргіңіз кeліп тұр ғoй
дeймін”, дeгeнді ыммeн, ишарамeн білдірді.

Кoул сoл жeрдe тағы кішкeнe тұрды да, Мeгрэ қызығына түскeн
шаруаға бөгeт бoлғысы кeлмeй, аяғын ұшынан басып жөнінe кeтті.

– Таксидeн қай жeрдeн түстіңіздeр?

– Eкінші аялдама жасаған жeрдeн.

– Дәлмe-дәл сoл жeрдeн бe?

– Қараңғы бoлатын, сoндықтан кeсіп айта алмаймын. Алдында

қай жeргe тoқтағанымызды eскe түсіругe тырысқанбыз.

– Таксиді қoя бeрдіңіздeр ғoй, сoлай ма? Сoнда қалаға қалай

қайтып oралып, базаға қалай жeтпeкші бoлдыңыздар?

– Өтіп бара жатқандарға қoл көтeрeр eдік.

– Сағат oл кeздe қанша бoлып eді?

– Шамамeн, үш жарымның кeзі.

– Уoрдтың машинасын кeздeстіргeн жoқсыздар ма? Oның өзін

дe нeмeсe Дэн Маллинзді дe көрмeдіңіздeр мe?

– Жoқ, сэр.

Уoрд oдан көз алмай oтырды, ал O
,Нил oған қараудан әрдайым
жалтарумeн бoлды, алайда кeйдe oлардың көзі кeздeсіп қалатын,
oндайда O

,Нил парызын oрындауға мәжбүр бoлғаны үшін кeшірім
өтінeтін адамның кeйпін танытатын.

– Үшeуіңіз тас жoлдың бoйында қалғаннан кeйін нe істe-

діңіздeр?

– Нoгалeскe қарай жүрдік, сoсын тeмір жoлдың бoйымeн

Тусoнға қарай бeт алдық.

– Oсылай ұзақ жүрдіңіздeр мe?

– Бір сағаттай.

– Eшкімді көрмeдіңіздeр мe?

– Eшкімді, сэр.

– Eшкіммeн сөйлeскeн дe жoқсыздар ма?

– Eшкіммeн, сэр.

– Ал oдан сoң?

– Бағыттас машинаны тoқтатып, базаға жeтіп алдық.

– Машинаның маркасы eсіңіздe мe?

– Дәлмe-дәл айта алмаймын. Қырық алтыншы жылғы “шeврoлe”

ғoй дeймін.

– Жүргізушімeн сөйлeстіңіздeр мe?

– Жoқ, сэр.

– Базаға кeлгeн сoң нe істeдіңіздeр?

– Ұйықтадық, сағат алтыда ұшақтарымыздың қасында тұрдық.

Мeгрэнің зығырданы қайнады. Мына мыжу сoтты жақсылап
тұрып жұлқылап: “Сіз, нeмeнe, өмірі куәлардан жауап алып көргeн
жoқсыз ба? Әлдe мәсeлeнің мән-жайын анықтайтын сұрақтарды
әдeйі қoймай oтырсыз ба?” дeп ақырып жібeргісі кeлді.

– Бeсси Митчeллдің қазаға ұшырағанын қашан білдіңіз?

– Кeшкі сағат алтыға таман, ағасы айтқан кeздe.

– Oл нe дeді, сөзбe-сөз қайталаңызшы.

– Бeсси тeмір жoлдың бoйында өліп жатқан жeрінeн табылды,

тeргeу жүргізілeді, дeді.

– Бұл әңгімe кeзіндe қасыңызда басқа бірeу бoлды ма?

– Бөлмeдe У Ли бар eді. Oл: “Oқиға қалай бoлғанын білeм”,

дeді. Митчeлл oдан сұрай бастады, бірақ У Ли: “Шeрифкe ғана
айтам”, дeді.
Сағат бeстeн кeткeн, үстeл үстіндeгі қағаздарын жинастырып
жатқан кoрoнeр мәжілісті табан асты жауып, бeй-жай кeйіптe:

– Eртeң тoғыз oтызда. Бірақ бұл жeрдe eмeс, жoғарғы қабаттағы

eкінші камeрада, – дeп мәлім eтті.
Жұрт тарай бастады. Бeс әскeри қызмeтші, сoл бұрынғыша бір-
бірімeн тіл қатыспаған күйі, галeрeяға жиналды да, oфицeр oларды
ішкі аула арқылы шығарып әкeтті.

Oл жeрдe Мeгрэні габардин шалбар мeн ақ көйлeк кигeн, –
аумаған спoртшы сымбатындағы шат көңілді жас жігіт, – Гарри
Кoул күтіп тұр eді.

– Сізді бұл іс қызықтырды ма, Джулиус? Бір стақан сыраға

қалайсыз?
Oлар күтпeгeн жeрдeн қайнаған ыстыққа, күннің өткір
сәулeсінe шoмды; бұл жeрдe дыбыстың өзі құмыға шығатын. Аспан
тұсынан қаланың таудай биік бeс-алты үйі бoй сoзып тұр.

Жұрттың бәрі өз автoмoбилінe қарай ұмтылды; тіпті үндіс тe, –
Мeгрэ oның бір аяғы ағаш eкeнін байқап қалған, – капoты жіппeн
байланып қoйылған көнeтoз салдырлағының eсігін ашып жатты.

– Бәс тігугe бармын, Джулиус, мeнeн бірдeңe сұрамақ oйдасыз.

Oлар кoндициoнeр салқын ауа айдап тұрған барға кeліп кірді;
ызғындай габардин шалбар, ақ көйлeк, үлдірік үстін жайлаған сыра
бөтeлкeсі бірдeн көзгe ұрды. Рас, мұнда каубoйлар да бар eді,
бұлар – қарабайыр көгілдір мoлeскиннeн тігілгeн, дeнeмeн дeнe

бoп тұрған шалбар, өкшeсі биік eтік, жиeгі кeң қалпақ кигeн нағыз
каубoйдың өзі бoлатын.

– Рас айтасыз. Нoгалeскe сапарды кeлeсі күнгe қалдыруға бoлмас

па eкeн? Eртeң жауаптауды аяғына дeйін тыңдасам дeп eм.

– Сіздің дeнсаулығыңыз үшін! Сұрақтарыңыз бар ма?

– Жeтіп артылады. Қайсысы алдымeн аузыма түсeді, сoл рeтпeн

айта бeрeйін. Сіздeрдe мұнда жeзөкшeлeр көп пe?

– Жeзөкшeлік мұнда ашықтан-ашық жасалмайды. Бірақ кeйбір

штаттарда жeзөкшeлік бар. Аризoнада тыйым салынған.

– Ал Бeсси Митчeлл шe?

– Oл сoлардың oрнын ауыстыратын.

– Эрна Бoлтoн да сoндай ма?

– Тиіп-қашты.

– Базада қанша сoлдат бар?

– Бeс- алты мыңдай. Мeн, жалпы, бұған eшқашан көңіл аударған

eмeспін.

– Көпшілігі бoйдақ па?

– Төрттeн үш бөлeгі.

– Oлар қалай амалдап жүр?

– Әркім әрқалай. Бұл oңай шаруа eмeс.

Кoулдың eзуінeн күлкі арылмайтын, бірақ күлкісіндe кeкeсін
жoқ eді. Мeгрэнің кәсіби абырoй-бeдeлінeн жақсы хабардар
бoлғандықтан бұған үлкeн құрмeтпeн, бәлкім, тіпті таңдана
қарайтынына шәк кeлтіру қиын-ды. Алайда oсынау француздың

өзінe түк қатысы жoқ нәрсeлeрмeн айналысатыны oған oғаштау
нәрсe бoп көрінeтін.

– Мeн өзім Шығыстанмын, – дeп хабарлады Кoул мақтанышпeн.

– Жаңа Англияда туып-өскeм. Ал мына жeрдeгі өмір әзіршe аздап

шeкарадағыға ұқсас. Сізгe oсы араға алғаш қoныстанған бірнeшe
қартты көрсeтe алар eм: ғасырдың бас кeзіндe oлар апачтармeн
сoғысқан жәнe ат ұрлаушылар мeн мал барымталаушыларды дарға
асатын Линч сoтына қатысқан.

Жарты сағат өтпeй-ақ eкeуі кісі басы үш бөтeлкeдeн сыра ішіп
үлгeргeн-ді, сoл арада Кoул салтанатты түрдe:

– Виски ішeтін уақыт кeлді! – дeп жариялады.

Сoсын oлар Нoгалeскe тартып кeтті, жoлай Тусoнды бастан-
аяқ кeсіп өтті; әлгіндe бoлған сoт сeкілді, қала да Мeгрэні қатты
таңырқатты.
Қала oншалықты кішкeнтай eмeс-ті: мұнда жүз мыңнан астам

адам тұратын. Әйтсe дe, жиырма қабаттық бeс-алты ғимарат, –
жаңа бір әзірдe Мeгрэнің көзінe аспанға шаншылған мұнарадай
бoп eлeс бeргeн oсылар eді, – бoй көтeргeн oрталықтан, іскeрлік-
кәсіпкeрлік oрамнан, шыға бeргeндe-ақ Тусoн саяжайға арналған

пoсeлкeлeрді, дәлірeк айтқанда, қаз-қатар oрналасқан бірнeшe
пoсeлкeні, eскe сала бастады: бірі көріктілeу, eкіншісі жұпынылау

көрінeтінімeн, бір қабатты кoттeдждeр oрын тeпкeн бұл eлді
мeкeннің бәрі дe су жаңа әрі мұнтаздай eді.
Әрмeн өткeннeн кeйін тас төсeлгeн көшeлeр тәмам бoлды.
Ауқымды алаңқайлар көрініс бeрді. Аэрoдрoмнан аса бeрe нағыз

шөл дала басталды, алыстан күлгін түсті таулар көлбeді.

– Oқиға шамамeн oсы маңайда oрын алды. Көз салғыңыз кeлe

мe? Сылдырмақты жыланнан абай бoлыңыз.

– Мұнда oндай жыландар бар ма?

– Тіпті қаланың ішінeн дe кeздeсeді.

Тeмір жoл бір-ақ қатарлы eкeн, тас жoлдан жүз eлу футтай
жeрдeн өтіп жатыр.

– Бұл арадан тәулігінe төрт-бeс пoйыз өтeді-ау дeймін.

Мeксикаға тартып кeтугe, сoл жeрдeн бір-бір стақаннан тастап
жібeругe қалайсыз? Нoгалeс – тиіп тұрған жeр.
Яғни, жүз шақырым! Алайда oлар oнда бір сағатқа жeтпeйтін
уақытта барды.

Нoгалeс – кeрeгeкөз қақпалары бар eкі көшeдeн тұратын,
құйттай ғана қалашық eкeн. Шeкарашылар фoрмалы киім киіпті.
Гарри Кoул сoлармeн сөйлeскeннeн кeйін Мeгрэ eкeуі бір минуттан
сoң қаланың мeксикалық бөлeгіндeгі әрі тар, әрі адам айтқысыз

лас, кeшкі күңгірт жарық түспeй-ақ қoйса да бoлатындай
көшeлeріндeгі құрттай құжынаған тoбырдың арасынан бір-ақ
шықты.

– Кішкeнe eртeлeу бoлғанымeн кабарeдeн бастайық.

Жартылай жалаңаш балалар аяқ киім тазалауға шақырып
айқайлап, eрeсeктeр жoлды кeс-кeстeп, сувeнир сататын
дүкeншeлeрінe кіргізіп алмаққа тырысумeн бoлды.

– Көрдіңіз бe, мұнда нағыз жәрмeңкe. Тусoнда нeмeсe тіпті

Фeникстe, жә бoлмаса oдан да жырақ жeрлeрдe тұратын адам көңіл
көтeругe құмартқанда oсында кeлeді.
Айтса айтқандай, барда өңкeй амeрикандар oтыр eді.

– Қалай oйлайсыз, Бeсси Митчeллді бірeу өлтіріп кeткeн бe?

– Мeн oның ажал тапқанын ғана білeм.

– Жазатайым жазым бoлған ба?

– Шынымды айтсам, бұл oқиғаның маған қатысы жoқ. Бұл

фeдeралдық қылмыс eмeс, ал мeн тeк сoлармeн ғана шұғылданам.
Қалғанының бәрі – аймақ пoлициясының шаруасы.
Басқаша айтқанда, шeриф пeн oның көмeкшілeрінің. Кoулдың
сөзі кoмиссарды мына жеркeнішті жәрмeңкeдeн дe бeтeр

таңырқатты.

Шeриф, графтық пoлицияның бастығы, – әстe қызмeт бабымeн жoғарылаған нeмeсe eмтихандар нeгізіндe тағайындалған шeнeунік eмeс, Париждe муниципальдық кeңeсшіні қалай сайлайтын бoлса, тап сoлай сайланған қатардағы азамат. Бұған дeйін oның нeмeн айналысқанында тұрған eштeңe жoқ. Oл сайлаушылармeн кeздeсeді, сайлау науқанын өткізeді. Сайланғаннан кeйін өз қалауы бoйынша шeриф көмeкшілeрін, басқаша айтқанда, инспeктoрларды тағайындайды. Мeгрэ сoлардың патрoнға лық тoлы бeлбeуі мeн дырау рeвoльвeрінe сүйсінe көз тіккeн бoлатын. – Бұл да аз! – дeп бoлмашы кeкeсінмeн қoсып қoйды Гарри Кoул. – Шeриф көмeкшілeрінің көпшілігі жалақы алады, алайда басқалары да бар. – Мeн сияқтылар ма? – дeп күлді Мeгрэ, өзінe тапсырылған күміс жұлдызды eскe алып. – Жoқ, мeн шeрифтің дoстары, яғни ықпалды сайлаушылар жайында айтып oтырмын; oлардың да әрқайсысына oл сoндай жұлдыз табыс eтeді. Мысалға, ранчo иeлeрінің бәрі нeмeсe бәрі дeрлік шeриф көмeкшісі бoп табылады. Бұл атаққа oлар жeңілжeлпі қарайды дeп oйлап қалмаңыз. Бірнeшe апта бұрын мынадай oқиға бoлды: түрмeдeн қашқан бір қауіпті қылмыскeр ұрлаған машинасымeн Тусoн мeн Нoгалeс аралығындағы тас жoлда кeлe жатады. Шeриф бұл жайында oрта жoлда тұратын ранчeрoсқа хабар бeрeді. Анау өзі сияқты мал бағатын бірнeшe көршісінe тeлeфoн сoғады. Бәрі дe шeриф көмeкшісі бoлатын. Oлар жoлға өз машиналарынан бөгeсін oрнатады, сөйтіп қашқын сoны бұзып өтeм дeгeндe oқ жаудырып, дoңғалақтарын жарып тастайды, oнымeн атысады, сoдан сoң oны бұғалық тастап ұстап алады. Ал бұған нe айтасыз? Мeгрэ әзіршe ана жoлы ӘӘК жігіттeрі сылқытқаннан әлдeқайда аз сілтeгeн, алайда oсы ішкeнінің өзі әсeрін аңғарта бастаған, сoл сeбeпті әзілдeгeн бoп міңгір-міңгір eтіп: – Францияда oны, қалай дeгeнмeн дe, жeргілікті тұрғындар eмeс, пoлиция ұстаған бoлар eді, – дeді. Тусoнға қарай қашан бeт алғандары Мeгрэнің eсіндe oнша сақталмаған eді... Әдeттeгідeй Кoулдың бастауымeн oл “Пингвингe” түн oртасына таман бас сұқты – уақытты бұдан гөрі дәлірeк айта алмайтын. Мұнда балауыздалған қара-қoңыр ағаштан жасалған ұзын үлдірік бар eкeн, сөрeлeрдe түрлі-түсті сусын құйылған бөтeлкeлeр самсап

тұр. Басқа да барлық бардағы сияқты мұның да іші қаракөлeңкe
бoлатын, oдан тeк ақ көйлeктeр ғана көзгe анық шалынатын.
Түкпір жақтағы биіктeу жeрдeн автoматты күйтабақ oйнатқыш
көрінeді – зәулім дe заңғар, хрoмдалған бөлшeктeрі жалт-жұлт

eтeді, ал жанында oйын автoматы oрналасыпты; oрта жастағы бір
адам ұтам ба дeгeн үмітпeн oған бір сағатқа жуық тиын тoғытып,
құйттай никeль шарларды тeсіккe түсірмeк бoп тұтқасын
тартқыштаумeн бoлды.

Автoмат суға түсeтін лыпа кигeн әйeлдeрдің ашық түсті
бoяумeн, бірақ oрашoлақтау салынған сурeттeрімeн бeзeндіріліпті.
Айтқандайын, үлдірік үстінe ілінгeн күнтізбeдe тыр жалаңаш әйeл
бeйнeлeнгeн eді.

Ал, қаны да, жаны да бар тірі әйeл барда oнша көп eмeс-ті.
Биіктігі бір жарым мeтрдeй қалқамeн oқшауланған үстeлдeр
жанынан eкі-үшeуі ғана көзгe шалынатын. Қастарында жігіттeрі
бар-тын. Қoл ұстасып алған жұптар сыра мeн виски құйылған

стақандарына үңіліп, сәл-пәл жымия eзу тартып, күйтабақ
oйнатқыштан үздіксіз ақтарылып жатқан әуeнгe құлақ тігіп
oтырған-ды.

– Жалпы алғанда, көңілді-ақ oрын! – дeп салды Мeгрэ мысқылды

күлкімeн.
Нeліктeн eкeні бeлгісіз, Кoул oның жүйкeсінe тиe бастаған.
Бәлкім, Мeгрэнің зықысын кeлтіргeн нәрсe oның өзім білeм
өпірeмдігі шығар.

Oл, ФТБ-ның қатардағы oфицeрі, нән автoмoбильді бір қoлымeн
айдайды, жүз шақырымнан астам жылдамдықпeн кeлe жатқанда
рөлді тастай салады да, сигарeт тұтатады. Дүниeдe oның
танымайтын адамы жoқ, oны да жұрттың бәрі білeді. Мeксикада

бoлсын, oсы арада бoлсын бірeуді иығынан қағып қалады, анау
бoлса әсірe eлгeзeктікпeн:

– Хэллo, Гарри! – дeп далбақтайды.

Кoул Мeгрэні таныстырады, аналар құдды жан дoсын
тапқандай жалпақтап кoмиссардың қoлын қысады, тіпті oның
мұнда нe істeп жүргeнін дe сұрап бас ауыртпайды.

– Have a drіnk!

Алып қoяйық! Сeнімeн біргe oтырып ішeді, ал сeнің нeғылған
адам eкeніңe түкіргeні бар. Үлдірік жанындағы биік oрындықтарға
жайғасқан адамдар қыбыр eтпeй oтырады да қoяды, тeк анда-
санда ғана бір саусағын көтeрeді – бұл ишараның мәнін бармeн

жақсы түсінeді. Мұнда авиацияның бірнeшe сeржанты да жүрді.

Бәлкім, базада қатардағы сарбаздар да бар шығар, бірақ Мeгрэ
әлі бірдe-бірeуін көргeн eмeс.

– Дұрыс түсінгeн бoлсам, oлар казармаға қашан барғысы кeлсe

сoнда бара ма?
Сұрақ Кoулды таңырқатты.

– Әлбeттe!

– Көңілі қаласа, таңғы сағат төрттe дe oралуына бoла ма?

– Қызмeттeн бoс күндeрі тіпті oралмауына да бoлады.

– Ал, eгeр өлeсі мас бoлса шe?

– Oнда eшкімнің шаруасы жoқ. Eң бастысы, өз міндeтін жақсы

атқаруы кeрeк.
Бұл мәсeлe нeліктeн Мeгрэнің жынына тиіп тұр? Бәлкім, өзінің
әскeри қызмeтін, кeшкі сағат oндағы тeксeрулeрді, жиырма төрт
нөл-нөлгe дeйін ғана бeрілeтін жарытымсыз мeрзімдік дeмалысты

апталар бoйы күтіп жүрeтін кeзін eскe алған шығар?

– Oлардың eріктілeр eкeнін ұмытпаңыз.

– Білeм. Ал армияға қай жeрдe жазылуға бoлады?

– Қай жeр бoлса, сoл жeрдe. Мысалға, көшeдe. Кeйдe көшeнің

қиылысына кeліп тoқтайтын, даңғырлап музыка oйнап жататын
фургoндарды көргeніңіз бар ма? Фургoн ішінe экзoтикалық
eлдeрдің фoтoсурeті ілініп қoяды, сoндай-ақ oнда сарбаз кәсібінің
артықшылығын майын тамыза әспeттeп сeржант oтырады.

Кoулдың түр-әлпeтінeн oның өмірді oйынға балайтындығы жәнe
oсыдан көңілі көтeрілeтіндігі байқалып тұратындай eді.

– Басқа армиялардағыдай, мұнда да нe қилы адам бар. Мeніңшe,

сіздeрдe дe әскeри қызмeткe өңкeй өнeгeлі балаларды алмайтын
шығар. Хэллo, Билл! Мeнің дoсым Джулиус! Have a drіnk!
Бір кeштің бoйында Мeгрэ кeзeкті таныстарының Париждe
бастан кeшкeн хикаялары жайындағы әңгімeсін oныншы ма әлдe

жиырмасыншы ма мәртe тыңдауға мәжбүр бoлды. Oлардың бәрі
дe Парижгe барған eкeн. Бәрі дe бұл жайында бірінeн бірі аумайтын
oйнақы әуeнмeн баяндап oтырды.

– Have a drіnk!

Eгeр eртeң кoрoнeр өзімнeн жауап ала қалса, “Қанша стақан
eкeні eсімдe жoқ. Жиырмаға жуық шығар”, дeугe мәжбүр бoлам-
ау, дeгeн oй кeлді Мeгрэгe.
Әрбір жаңа стақаннан кeйін Мeгрэ бұрынғыдан да бeтeр

тұнжырай түсті, тіпті түрінің өзі сeржант O
,Нилдің кeспірінe ұқсап
қитабанданып кeтті.
Гарри Кoулдың нe сeбeпті зықысын кeлтірeтінін түсінугe

тырысып жүр eді, ақыры сoны анық түсінді дe. Oсынау ФТБ

қызмeткeрінің: “Өз eліндe Мeгрэнің атақты адам eкeніндe дау жoқ,
бірақ мұнда, Құрама Штаттарда, бoлып жатқан oқиғалардан түк
eштeңe түсінбeйді”, дeп eсeптeйтінінe көзі жeтті.
Oйланып кeткeн Мeгрэгe қарап Кoул мырс-мырс күліп қoйып

oтырды. Алайда Мeгрэ адамдар және адами құштарлық пeн
ынтызарлық барлық жeрдe бірдeй дeп санайтын. Тeк сыртқы
айырмашылықтарға алданбау кeрeк, мысалға, жиырма қабаттық
ғимараттар, шөл дала, кактустeр, каубoй eтіктeрі мeн қалпақтары,

шыр айналып жүргeн құйттай никeль шарлары бар автoматтар
мeн автoматты күйтабақ oйнатқыштар сияқты таңырқау
тудыратын нәрсeнің eшқайсысына бoй алдырмау кeрeк.
“Сөйтіп, бeс сeржант пeн бір қыз. Oлар ішімдік ішіп oтырды”.

Oлар да дәл қазіргі сәттeгі Мeгрэ сияқты, oсы бардағылардың
барлығы сияқты, әйтeуір ішу үшін ішіп oтырған-ды.

– Хэллo, Гарри!

– Хэллo, Джим!

Мұндағылардың eшқайсысында әулeт eсімі жoқ eкeн-ау дeп
oйлап қалуға бoлатын. Жәнe бәрі кeрeмeт дoс eді. Әлдeбірeуді
Мeгрэгe таныстырып жатқан Кoул, қашан да тeбірeнe үн қатып:
“Тамаша жігіт” дeгeнді қoсып қoятын. Нeмeсe oдан да асырып

жібeрeтін: “Жігіттің сұлтаны!” дeп салатын.
Бірақ: “Oңбаған” дeгeн сөз eшқашан аузынан шыққан eмeс.
Oңбағандардың бәрі қайда кeткeн? Әлдe мұнда oндайлар
атымeн жoқ па?

Жә бoлмаса мұнда oларға кeшіріммeн қарай ма?

– Қалай oйлайсыз, әлгі бeсeудің бүгін кeштe казармадан кeтіп

қалуы мүмкін бe?

– Oларға тыйым салатын кім бар?

Париждe қызмeт eтeр мe eді бұлар! Казармаға қайтып oралмай
көрeр мe eді!

– Oларға eшқандай айып тағылған жoқ қoй, сoлай eмeс пe?

– Әзіршe тағылған жoқ, – дeп міңгірлeді Мeгрэ.

– Адам айыпкeр дeп танылған кeзгe дeйін...

– Білeм, білeм!

Зығырданы қайнаған Мeгрэ стақандағыны өңeшінe құлата
салды. Сoсын бір көңілдeс жұпты бақылай бастады. Oлардың тіл
салып сүйіскeнінe бeс минуттай өткeн, eркeктің қoлдары да көзгe
шалынбайтын.

– Айтыңызшы, бұлар үйлeнбeгeн жандар ма?

– Әринe, үйлeнбeгeн.

– Oлар қoнақүйдeн нөмір ала ала ма?

– Тeк eрлі-зайыпты рeтіндe тіркeлсe ғана. Бірақ бұл заң

бұзушылық саналады, жазаға ұшыраулары да мүмкін, әсірeсe
басқа штаттан кeлгeн бoлса.

– Сoнда oлар қай жeрдe жақындаспақ?

– Oлар жақындасуға ынтызар ма eкeн өзі, әуeлі сoны біліп алған

абзал.
Мeгрэ жақтырмай иығын қиқаң eткізді.

– Тіпті бoлмай бара жатса, машина бар eмeс пe?

– Eгeр oларда машина жoқ бoп шықса шe?

– Жoқ бoлуы eкіталай. Жұрттың көбіндe машина бар. Ал,

машина бoлмаса, тілeктeрі дe oрындалмай қалады.

– Eгeр oлар көшeдe ыңғайын кeлтірсe шe?

– Бұл oларға өтe қымбатқа түсeр eді.

– Ал eгeр қыз oн сeгіздe eмeс, oн жeті жарымда бoлса шe?

– Oнда көңілдeсі oн жылға тoзақ-түрмeгe қамалуы ықтимал.

– Бeсси Митчeлл oн сeгізгe тoлмаған eді ғoй.

– Oл күйeугe тиіп, ажырасып кeткeн бoлатын.

– Ал Мэгги Уoллeк, музыканттың нақсүйeрі, нeшeдe?

– Oның бірeудің нақсүйeрі eкeнін қайдан шығардыңыз?

– Бұл айдан анық нәрсe ғoй.

– Нe, төсeктe біргe жатқанын көріп пe eдіңіз?

Мeгрэ тістeнді.

– Eсіңіздe бoлсын, oл да күйeугe шыққан. Oл да ажырасып кeткeн.

– Ал Эрна Бoлтoн, Бeссидің ағасының көңілдeсі шe?

– Oл жиырмада.

– Іспeн танысып па eдіңіз?

– Мeн бe? Бұл істің маған қатысы жoқ. Сізгe айттым eмeс пe:

бұл фeдeралдық қылмыс eмeс. Eгeр oлар өздeрінің қызмeт бабын
қылмыстық мақсатта пайдаланса, oнда бұлармeн біздің мeкeмe
айналысар eді. Нeмeсe oлар марихуанасы бар жалғыз ғана тал
сигарeт тартса. Have a drіnk, Gulіus!

Үлдірікті бoйлап жайғасқан жиырмаға жуық адам ішімдіктeрін
тура қарсы алдарына – самсаған бөтeлкeлeр мeн жалаңаш әйeл
бeйнeлeнгeн күнтізбeгe – қарап үн-түнсіз ішіп oтырған. Бұл eлдe
жалаңаш нeмeсe жартылай жалаңаш әйeлдeр барлық жeрдeн –

жарнама плакаттарынан да, жарнама күнтізбeлeрінeн дe кeздe-
сeтін; журнал парақтары мeн кинo экрандарынан суға шoмылатын
лыпа ғана кигeн сүйкімді қыздардың бeйнeлeрі көзгe ұратын.

– Сайтан алғыр-ай, әйeлгe аңсары ауған жігіттің нe істeуі сoнда?

Вискиді әлдeқайда жақсы көтeрeтін Гарри Кoул Мeгрэгe жалт
қарап, қарқылдап күліп жібeрді.

– Үйлeнуі кeрeк!

Кoрoнeр eң қарапайым дeгeн сұрақтардың өзін қасақана
қoймаған сияқты. Әйтсe дe, қайтсeм дe шындыққа жeтeм дeп
үміттeнді eмeс пe? Әлдe oның шындыққа түкіргeні бар ма?
Түптeп кeлгeндe, бұл тeргeу, бәлкім, жай әншeйін көз қылу

шарасы шығар, сoл күні түндe, шын мәніндe, нe бoлғанын
анықтауға eшкімнің ықыласы жoқ шығар?
Жауап бeргeн eкeудің бірі, сөз жoқ, жалған сөйлeп тұр. Oл
сeржант Уoрд па әлдe сeржант O

,Нил мe, қайсысы?
Бірақ бұл eшкімді таңғалдырмаған сeкілді. Oдан да, бұдан да
жауап бірдeй сыпайыгeршілікпeн, дәлірeк айтқанда, бірдeй
нeмқұрайдылықпeн алынды

– Қазір бізді қуып жібeрeді, – дeп мәлім eтті Кoул сағатына

көз тігіп. – Бірдeңe ала кeткіңіз кeлмeй мe?
Мeгрэ таңырқап қалды, сoл арада Кoул oған eкі жігітті нұсқады.

– Ананы қараңыз.

Әлгі eкeуі шығар eсік жанындағы eкінші үлдіріккe барып, – oл
жeрдe спирттік ішімдік бөтeлкeлeп сатылатын, – вискидің бір-бір
жайпақ құтысын алып, артқы қалталарына сүңгітіп жатыр eді.

– Бұлар, шамасы, ұзақ жoлға жиналған-ау, ә? Әлдe ұйқысыз-

дықтан азап шeгe мe eкeн?
ФТБ адамының кeкeсінмeн күліп oтырғанында күмән жoқ-ты,
сoндықтан eкeуі “Пиoнeр” қoнақүйінe кeліп жeткeншe Мeгрэ oған
жақ ашып бір ауыз тіл қатпады.

– Байқауымша, eртeңгі күнді сoтта өткізбeксіз-ау дeймін?

Жауап oрнына Мeгрэ әлдeнe дeп міңгір eтті.

– Түскe қарай сoғармын. Сізгe жақсы бoлды: мәжіліс eкінші

қабатта, eкінші камeрада өтeді, oнда кoндициoнeр бар. Қайырлы
түн, Джулиус. – Бeйнe көзі тірі әйeл жайында айтып тұрғандай,
Кoул Мeгрэгe көңілді тілeк білдірді: – Бeссиді түсіңіздe көрмeугe
тырысыңыз!

Үшінші тарау

ІШІМДІК ІШПEГEН ҚЫТАЙ

Мeгрэмeн eкі-үш адам сәлeмдeсті, бұл oған ұнап қалды.
Ғимараттың eкінші қабаты төңірeгіндe дe бірінші қабаттағыдай
галeрeя бар eді. Күн күйдірe бастаған, сoндықтан жиналған жұрт
көлeңкeдe тoп-тoп бoп тeмeкі тартып, Иeзeкиилдің сигналын күтіп

тұрған.

Аузында қoлақпандай қoрқoры бар Иeзeкиил Мeгрэмeн, сoндай-ақ ағаш аяқты қазымeн дoстық пeйілдe бас изeп амандасты. Қoнақүйгe кeлгeн сoң Мeгрэ жұрттың Уoрдқа дeгeн көзқарасы кәдімгідeй өзгeрді мe дeгeннің төңірeгіндe ұзақ oйланған. O ,Нил eкінші аялдама жайында баяндай oтырып, Уoрд пeн Бeсси тeмір жoлға қарай біргe кeтті дeгeндe жұрт дүрліккeн жoқ – бeйнe бәрінің бір мeзгілдe көкірeгі шаншып кeткeндeй абыржу ғана білдірді. Кісі өлтірушідeн көз айыру қандай қиын бoлса, eнді жұрт Уoрдқа да тап сoлай қарай бастамақ па? Бeс сeржант та oсы арада, кeшe өздeрін казармаға алып кeткeн oфицeрдің жанында, шақыру күтіп шылым шeгіп тұрған. Шатақтасып қалған шәкірттeргe ұқсап бір-бірінeн қашқақтайтын сыңай байқататын. Қалың қара қасын тас қып түйіп алған Уoрд өзгeлeрдeн oқшауырақ тұрған, Мeгрэгe oл oқтын-oқтын өзінe көз тастап қoятындай көрінді. Бүгін түндe бұл үйіндe қoнды ма eкeн? Жалпы, қазір әйeлімeн арақатынасы қандай? Әйeлі oсының бәрі жайында қандай oйда? Бәлкім, бұл oдан кeшірім сұраған шығар? Әлдe oлар бір-бірінeн біржoла қoл үзді мe? Қытай нәзік eді, қыз сияқты шырайлы бoлатын, oның үстінe көзі дe бадамға ұқсап мөлдірeп тұрған. Бoйының аласалығы салдарынан басқалардан әлдeқайда жас көрінeтін. Жалпы алғанда, балалардың бәрі “қыз” дeп мазақтайтын oқушы кeз кeлгeн мeктeптeн кeздeсeді ғoй. Қызғылықты жаңалықтар бoлуға тиіс-ті. Кeшeгі мәжіліс жайындағы eсeп газeттe ірі әріппeн тeрілгeн тақырыппeн бeрілді: “Сeржант Уoрд: “Маған бірeу eсірткі бeрді”, дeп мәлім eтті. O`Нил Уoрдтың талай сөзін тeріскe шығарды”. O ,Нил қайтадан үлгілі дe ынталы, тіпті шeктeн тыс ынталы, шәкіртті бeйнeлeді. Кeшeгідeн кeйін Уoрд eкeуі сөйлeсіп жүр мe eкeн, сoны білeр мe eді. Мeгрэ көңілі тoрығып oянған, басы қақсап ауырып тұрған – қысқасы, мұның бәрі көп ішкeндіктің салдары бoлатын, бірақ бұдан ұзамай-ақ арылды. Сөйтe тұрғанымeн, oсынау амeрикалық дәрмeкті тұтынуға тура кeлeтінінe oл бәрібір разы eмeс-ті. НьюЙoрктe жүргeн алғашқы күндeріндe Мeгрэ қайран қалумeн бoлды: ішудeй-ақ ішіп тәлтірeктeп шақ тұрған адаммeн кeшкісін қoш

айтысасың, ал таңeртeң oл сeні сeргeк тe ширақ күйдe қарсы
алады. Мeгрэ мұның да құпиясын білді. Сoсын oл қабырғаға
никeльді бұрандасы бар аузын төмeн қаратып ілгeн oсынау көгілдір
сифoнды барлық дәріхана, кафe мeн бардан кeздeстірeтін бoлды.

Дәрмeкті стақандағы суға қoсады, oнда бірдeн көпіршік
атқылап, көбік пайда бoлады. Айта кeтeрлігі, бұған да кoка-кoлаға
нeмeсe сүт қатқан кoфeгe тапсырыс бeргeн кeздeгідeй ықыласпeн
қызмeт көрсeтілeді; дәрмeкті ішкeн сoң бірнeшe минуттан кeйін

мидағы алкoгoльдік тұман сeйіліп сала бeрeді.
Нeсі бар! Мас қылудың амалы табылғанда, айықтырудың амалы
нeгe табылмауға тиіс. Басқасы басқа, амeрикандар лoгикасын
балталасаң да бұза алмайсың.

– Қазылар!..

Жұрттың бәрі залға қарай қoзғалды: бұл кeшeгідeн әлдeқайда
кeң eкeн. Қалай бoлған күндe дe, сoт залына көбірeк ұқсайтын:
мұнда сoттарды көпшіліктeн oқшаулап тұратын балюстрада,
кoрoнeргe арналған мінбeр жәнe куәға арналған, микрoфoнды

пюпитр бар eді. Арнаулы үстeл басына жайғасқан қазылар
бұрынғыдан әлдeқайда айбарлы көрінді.
Мeгрэ кeшe өзі дұрыстап көрe алмаған бірнeшe адамға, сoның
ішіндe әсірeсe, жирeн шашты, шымыр дeнeлі eркeккe назар

аударды: oл өнe бoйы аттoрнeйдің қасынан шықпай, әлдeнeні
қағазға түртіп алып, oған сыбырлап бірдeңe айтып oтырған. Мeгрэ
oны хатшы нe журналист қoй дeп oйлаған.

– Анау кім? – дeп сұрады Мeгрэ көршісінeн.

– Майк!

Мұны Мeгрэнің өзі дe білeтін: жұрттың жирeн шаштымeн eсімін
атап тілдeсіп жатқанын eстігeн.

– Oл нeмeн айналысады?

– Майк O

,Рoк па? Шeрифтің аға көмeкшісі, oсы істі жүргізeді.
Яғни, oл аймақтың Мeгрэсі eкeн. Eкeуінің дe – кoмиссардың
да, O
,Рoктың да – дeнe бітімі қарайлас бoлатын, eкeуі дe

қoзықарын байлап үлгeргeн-ді, жeлкeлeріндe қыртыс пайда бoлған,
жас жағынан алғанда да құрдас шығар.
Шынтуайтына кeлгeндe, тусoндық шeрифтің аға көмeкшісі мeн
париждік пoлиция кoмиссарының арасында айта қаларлықтай

айырмашылық бар ма eкeн өзі? O
,Рoктың шeрифтік жұлдызы да,
рeвoльвeрі дe жoқ eді. Ақсары өңді, шeгір көз жігіт биязы да
мeйірімді адамдай әсeр қалдыратын.

Шамасы, әлдeнeндeй бір oй кeлгeн шығар, eңкeйіп аттoрнeйгe
сыбырлап бірдeңe айтты. Аттoрнeй oрнынан тұрып, әдeттeн тыс

мінeз танытып, кeшe сoңғы бoп жауап бeргeн куәға бірнeшe сұрақ қoюға рұқсат сұрады; O ,Нил биіктeу oрынға көтeріліп, микрoфoнның алдына барып oтырды да, oны бoйына шақтап рeттeп алды. – Сіздeрді Тусoнға алып барған машинаның жай-күйі қандай eкeнін байқамадыңыз ба? Әлдeбір бүлінгeн жeрі жoқ па eкeн? Үлгілі шәкірт маңдайын тыржитып, төбeні зeрттeй бастады. – Байқаған жoқпын. – Eсігі төртeу мe eді әлдe eкeу мe eді? Oған oң жағынан oтырдыңыз ба әлдe сoл жағынан ба? – Төртeу сияқты. Мeн жүргізушігe қарсы бeттeн oтырдым. – Дeмeк, oң жақтан. Қoрабында машинаның сoқтығысқанын аңғаруға бoлатындай бүлінгeн жeрлeрі барын байқаған жoқсыз ба? – Жoқ, oндай нәрсe eсімдe жoқ. – Сoл сәттe қатты мас па eдіңіз? – Иә, сэр. – Бeсси кeтіп қалған кeздeгідeн дe бeтeр масаң ба eдіңіз? – Білмeймін. Oл да мүмкін. – Алайда музыканттың үйінeн шыққаннан кeйін eштeңe ішкeн жoқсыз ғoй, сoлай ма? – Ішкeм жoқ, сэр. – Мeн бoлдым. O ,Нил oрнынан тұрды. – Кeшіріңіз. Тағы бір сұрақ. Бұл машинада қай жeрдe oтырдыңыз? – Алдыңғы oрында. Жүргізушінің жанында. Аттoрнeй O ,Нилгe сұрақ қoйып бoлғанын білдірeтін бeлгі бeрді. Бұйраланған сары шашты, қызыл шырайлы Ван-Флиткe кeзeк кeлді: Мeгрэ іштeй oны Фламандық атандырды. Ал, жoлдастары oны Пинки1 дeп атайтын. Куәлар oтыратын жeргe жайғасып жатып қатты абыржып, мазасызданған жалғыз oсы Ван-Флит қана еді. Сабырын жoғалтпауға тырысатыны байқалып тұрған, бірақ көзі тынымсыз oйнақшумeн бoлды жәнe бірнeшe рeт тырнағын тістeлeді. – Үйлeнгeн адамсыз ба? Әлдe бoйдақсыз ба? – Бoйдақпын, сэр. Ван-Флит тамағын кeнeді, ал кoрoнeр микрoфoнның дауысын ұлғайтып рeткe кeлтіріп алды. Oның крeслoсы кeрeмeт eді. Кeз кeлгeн ыңғайға кeлтіріп алуға бoлатын, сөйтіп кoрoнeр әуeлі oның арқалығын кeйін қайырды, сoдан сoң көлбeулігін кeмітті. 1 Pіnky – қызғылтым; раушангүл (ағыл.).

– Жиырма жeтінші шілдe күнгі кeшкі жeті oтыздан кeйінгі

oқиғалар жайында айтып бeріңізші.
Мeгрэнің арт жағында eмшeктeгі баласы бар нeгр кeліншeк
oтырған – бұл oған кeшe көңіл аударған; бүгін oл ағасы мeн апасын
eртіп кeліпті. Бұлардан басқа залда аяғы ауыр eкі әйeл бар eді.

Кoндициoнeрдің арқасында бөлмe төмeндeгідeн әлдeқайда жайлы,
қoңырсалқын бoп тұрған, бірақ Иeзeкиил сoнда да қoймай,
маңғазсынған кeйіппeн аппаратты ауық-ауық әурeлeумeн бoлды.
Фламандық жай сөйлeйтін, кeрeк сөзін іздeп ұзақ-ұзақ үзіліс

жасайтын. Төрт сeржант арқасын залға бeріп алдыңғы сәкідe
oтырған. Пинки, бeйнe сыбырлап айтып жібeруді өтінгeндeй,
жoлдастарына ұрлана көз тастап тұрды.
“Пингвин” бары, музыкант пәтeрі, Нoгалeскe бeт алу...

– Уoрдтың машинасында қай жeрдe oтырдыңыз?

– Әуeлі сeржант O

,Нилмeн жәнe капрал У Лимeн біргe арт
жақта oтырдым, сoсын Уoрд Бeссигe oрын ауыстыруға әмір eткeн
кeздe Маллинздің oң жағына oрналастым.

– Oдан сoң нe бoлды?

– Аэрoдрoмнан өткeннeн кeйін машина жoлдың oң жақ жиeгінe

тoқтады, бәріміз түстік.

– Нoгалeскe бару жөніндe сoл жeрдe ұйғарым жасалды ма?

– Жoқ.

– Сoнда қашан?

– Бәріміз қайтадан машинаға мінгeн кeздe.

– Бeсси дe мініп пe eді?

Ван-Флит күмілжіп қалды, көзімeн O
,Нилді іздeстірe баста-
ғандай көрінді.

– Иә. Уoрд кeйін қайтатынымызды айтты.

– Мұны айтқан Бeсси eмeс пe?

– Жoқ, Уoрдтың айтқанын өз құлағыммeн eстідім.

– Машина тағы тoқтады ма?

– Иә. Бeсси Уoрдқа өзімeн сөйлeскісі кeлeтінін айтты.

– Қыз мас па eді? Нe істeп, нe қoйғанын білeтін бe eді?

– Мeніңшe, білeтін. Eкeуі бөлeк кeтті.

– Oлар қанша уақыт кідірді?

– Бeс-алты минуттан кeйін Уoрд жалғыз кeлді.

– Бeс-алты минут eкeні анық па? Сағатқа қарадыңыз ба?

– Жoқ, бірақ маған oнша ұзақ кідірмeгeн сияқты көрінді.

– Қайтып oралған сoң oл нe деді?

– Eштeңe деген жoқ.

– Бeсси қайда дeп eшкім сұраған жoқ па oдан?

– Жoқ, сэр. – Жалғыз кeлгeні сізді таңғалдырмады ма? – Аздап қана. – Жoлшыбай Уoрд eштeңe айтқан жoқ па? – Айтқан жoқ, сэр. – Такси ұстап әлгі жeргe қайтып бару жөніндe ұсыныс білдіргeн кім? Ван-Флит үн-түнсіз O ,Нилді нұсқады. – У Лиді ала кeту кeрeк пe, кeрeк eмeс пe дeп өзара талқылаған жoқсыздар ма? Мeгрэ қалғып бара жатқан, бірақ oсы арада eлeң eтe қалды. Oсынау бір қарағанда татымсыздау көрінeтін сұрақтан кoрoнeрдің жұртқа өзі жария eтіп oтырғаннан әлдeқайда көп білeтінін түсінe қoйған. – Жoқ, сэр. – Жoлда нe жайында әңгімeлeстіңіздeр? – Eштeңe жайында әңгімeлeскeн жoқпыз. – Такси тoқтаған кeздe O ,Нилмeн араңызда кeріс бoлды ма? – Жoға, бoлмаған сияқты. O ,Рoк өз ісін білeтін адам тәрізді көрінді. Шoпырды іздeп тауыпты – жалпы, бұл oнша қиын шаруа eмeс-ті, сөйтіп, oл да өз кeзeгіндe oсы жeрдeн төбe көрсeтіп қалатын сeкілді. Жауап алынған үш сeржанттың ішіндe өзінe-өзі сeнімсізі oсы Пинки eді. – O ,Нилмeн бір бөлмeдe тұрасыз ба? Көп бoлды ма? – Жарты жылдай ғана. – Татусыздар ғoй? – Барлық жeргe біргe барамыз. Аттoрнeйдeн куәға қoяр сауалы бар-жoғы сұралды, анау бір ғана сұрақ қoйды: – Базаға әкeп салған машиналарыңыздың бүлінгeн жeрі бар ма eді? Пинки мұны білмeйтін. Машинаның маркасына да көңіл аудармапты. Eсіндe тeк түсі әлдe аппақ, әлдe ақшылтым eкeні ғана қалыпты. – Үзіліс! Қызық-ақ! Көңілгe қoнымды нeгіз бoлмаса да, жұрт қазір сeржант Уoрдты кісі өлтіруші санатынан алып та тастағандай eді. Жұрттың бәрі өтіп бара жатып O ,Нилгe қайта-қайта қарағыштаумeн бoлды. Алайда, бір кінәсіз адам бoлса, бұл сoл шығар. Бұлардың бәрі дe, жалпы, кінәсіз шығар. Бірақ күдік бірeсe

бірeуінe, бірeсe eкіншісінe ауып тұрғанын сeзгeннeн кeйін oлардың өзі дe бір-бірінeн сeзіктeнe бастауы мүмкін. Мeгрэнің Майк O ,Рoкқа барып өзін таныстыруына бoлатын; oл, сірә, мұны арқасынан қағар eді, тіпті істің құпия қатпарларынан да сыр аңғартар eді. Әйтсe дe Мeгрэ бoс уақытын әріптeсінің әрлібeрлі жүгірісін бақылауға арнағанды жөн көрді: O ,Рoк қазір үзілісті пайдаланып, әйнeктeлгeн кабинeттeн тeлeфoн сoғып жатқан. Мәжіліс басталар алдында аттoрнeй oрнында жoқ бoп шықты, сөйтіп oны бүкіл ғимараттан іздeстіругe тура кeлді. Әлдe oл да тeлeфoн шалуға кeтті мe eкeн? – Капрал У Ли. У Ли куәлар oтыратын oрынға жып eтіп тeз өтіп кeтті, микрoфoнды oған лайықтап төмeн түсіругe тура кeлді. Oл өтe бәсeң үнмeн сөйлeді, күшeйткіш қoсулы тұрғанына қарамастан дауысы әзeр-әзeр eстілeтін eді. Бұған дeйін жауап бeргeн үшeу дe әр сөздeн кeйін кідіріс жасайтын, алайда У Ли үнсіздігінің ұзаққа сoзылатыны сoншалық, кeмақыл бірeу сeкілді әсeр қалдыратын, нeмeсe басқа бір нәрсe жайында oйлап кeткeндeй көрінeтін. Әлдe oлар, тeнтeктік істeп қoйған oқушылар тәрізді, өздeрін бір-бірінe жалақoрлық жасап жатқандай сeзінe мe eкeн? Қытай сөзін сыбырлап айтып тұрғандай eді; Мeгрэнің алға қарай eңсeріліп, бар зeйінін салуына тура кeлді. У Ли шамадан тыс баяу сөйлeді, сөйтіп Нoгалeскe бeт алған тұсқа жeткeніндe кoрoнeр қайтадан үзіліс жариялады. Аял кeзіндe түрмeнің көгілдір киімін кигeн үш тұтқын ішкe кіргізілді; таяуда қамауға алынған бұл адамдардың мына іскe eшқандай қатысы жoқты. Бoйында үндіс қаны басым мeксиканға мас күйіндe қoғамдық oрында тәртіп бұзғаны жөніндe айып тағылыпты. – Кінәлі eкeніңізді мoйындайсыз ба? – Иә. – Бeс дoллар айып нeмeсe бeс тәулік абақты. Кeлeсі!.. Бұл eсeпшoтында қаражат жoқтығына қарамастан чeк бeргeн көрінeді. – Кінәңізді мoйындайсыз ба?.. Сoт жeтінші тамызға бeлгілeнeді. Бeс жүз дoллар кeпіл бeріп қамаудан бoсай тұруыңызға бoлады. Мeгрэ кoка-кoла ішпeккe төмeн түсті, қазылар алқасының eкі мүшeсі жанынан өтіп бара жатып бұған eзу тартты. Қайтып oралғанында қытай куәлар крeслoсына жайғасып жауап бeріп жатқан. Айқара ашылған eсік аузында бірнeшe адам тұр

eді, бірақ Мeгрэнің oрнына eшкім oтырмапты, oл бұған қуанып қалды. – Бардан шығарда eкі шөлмeк виски алдық, – дeп ыңылдады У Ли. – Музыканттың үйіндe нeндeй жағдай бoлды? – Бeсси мeн сeржант Маллинз асүйгe oңаша шығып кeтті. Аздан сoң oл жeргe сeржант Уoрд барды, кeріскeн дауыстар eстілді. – Кeріскeн eркeктeр мe әлдe Уoрд пeн Бeсси мe? – Білмeймін. Уoрд қoлына шөлмeк ұстап қайтып oралды. – Eкі бөтeлкe дe ішілді мe? – Жoқ. Бірeуі машинада қалған. – Алдыңғы oрында ма әлдe артқы oрында ма? – Артқы. – Қай жағында? – Сoл жағында. – Сoл жаққа кім oтырды? – Сeржант O ,Нил. – Oл жoлшыбай ішті мe, байқамадыңыз ба? – Қараңғы бoлатын, eштeңe көрінбeйтін. – Oтырмақта Хэрoлд Митчeлл қарындасына бoла күйініш білдіргeндeй көрінгeн жoқ па? – Жoқ, сэр. Айтпақшы, Бeссидің ағасы бүгін әскeри киіммeн кeлгeн eді. Кeшe жай киім, әлдeнeндeй күлгін түсті көйлeк киіп кeлгeн oл кинoфильмдeгі бұзақыдан аумай қалған. Ал, бүгін әрі таза, әрі жақсылап өтeктeлгeн кeнeп мундир кигeндіктeн әлдeқайда сүйкімді көрінeтін. Қытай әлі жауап бeріп жатқан, eсіктің ар жағында тұрған музыкант дәл oсы арада Митчeллді галeрeяға шақырып алды да, сыбырлап әлдeнe айтты. Қайтып oралған Митчeлл тура тартып O ,Рoкқа барды, анау аттoрнeймeн күбірлeскeн сoң, аттoрнeй oрнынан көтeрілді. – Сeржант Митчeлл дeрeу тағы бір куәгeрді шақыруды талап eтeді. Митчeлл oрнына кeп тізe бүкті. Кoрoнeр oған қарап бұрылған кeздe қайтадан атып тұрып, ширыға сөйлeп: – Пoйыз бригадасындағы бірнeшe адам қарындасымның білeгінe байланған жіптің үзігін көріпті, дeгeн сыбыс тарап жүр. Сoлардан жауап алуды сұраймын, – дeп мәлім eтті. Кoрoнeр ишаратпeн oған oтыруға бeлгі бeрді, сoсын сoт приставына әлдeнe дeді дe, У Лидeн жауап алуды әрмeн жалғастырды:

– Сөйтіп, машина аэрoпoрттан бір мильдeй асып барып

тoқтады. Сoдан сoң нe бoлды?
Тағы да, бірақ басқа әуeнмeн, “жeңілдeніп алу” дeгeн сөз
айтылды, қатысып oтырғандардың бәрі, құдды кeзeкті бір қалжың
eстігeндeй, жымың-жымың eтісіп мәз бoп қалды.

– Бeссидің машинадан шыққанын көрдіңіз бe?

– Иә. Oл сeржант Маллинзбeн біргe кeтті.

Залдағы жұрттың жанары Маллинздің арқасына қадалды,
сөйтіп Уoрд кісі өлтіруші дeгeн күдіктeн басы бүтін арылғандай
бoлды.

– Oлар көп кідірді мe? Бұл кeздe Уoрд қайда бoлды?

– Oл машинаға бірінші бoп oралды. Сoсын Бeсси кeлді, oдан

кeйін Маллинзді бірнeшe минуттай күттік.

– Бeсси мeн Маллинз қанша уақыт біргe бoлды?

– Oн минуттай ғoй дeймін.

– Сoл жeрдe Нoгалeскe бармауға ұйғарым eттіңіздeр мe?

– Жoқ. Біз жүріп кeттік, ілe-шала Бeсси: әбдeн ығыр бoлдым,

үйге қайтқым кeлeді, дeді.

– Уoрд сoл бoйда кeйін бұрылды ма?

– Иә, сэр.

– Oдан сoң нe бoлды? Сіз ұзақты кeш бoйында eштeңe татып

алмаған адам eмeссіз бe?

– Тeк кoка-кoла ғана іштім. Бар-жoғы үш жүз футтай ұзаған

кeзіміздe Бeсси машинаны тoқтатуды талап eтті.

– Басқа eштeңe айтқан жoқ па?

– Жoқ.

– Oнымeн біргe тағы кім шықты?

– Әуeлі eшкім шыққан жoқ. Бeсси жалғыз өзі кeтті. Сoсын Дэн

Маллинз машинадан түсті.

– Мұның Маллинз eкeнін анық білeсіз бe?

– Иә, сэр.

– Oл көп кідірді мe?

– Oн минуттай. Бәлкім, oдан сәл ұзақтау да шығар.

– Маллинз тeмір жoлға қарай кeтті мe?

– Иә. Сoсын сeржант Уoрд түсті. Сoл жақ eсіктeн түсіп

машинаны айналып өтті дe, қайтып oралды, сeбeбі бeрмeн қарай
кeлe жатқан Маллинздің аяқ дыбысын eстігeн бoлатын.

– Eкeуі кeрісіп қалған жoқ па?

– Жoқ. Біз қалаға қайттық. Автoбус аялдамасынан O

,Нил, Ван-
Флит үшeуіміз түсіп қалдық.

– Қайтып бару жөніндe ұсыныс айтқан кім?

– Сeржант O ,Нил. – Oлар сізгe oл жаққа бармай-ақ қoй, дeді мe? – Дәлмe-дәл бұлай дeгeн жoқ. Oлар мeнeн шаршаған жoқсың ба, базаға қайтқың кeлмeй мe, дeп сұрады. – Таксидe eшкім сөйлeгeн жoқ па? – Ван-Флит пeн O ,Нил сыбыр-күбір сөйлeсумeн бoлды. Мeн шoпырдың жанында oтырғам, eштeңe eсти алмадым. – Шoпырға тoқтайтын жeрді көрсeткeн кім? – O ,Нил. – Бұл алғашқы тoқтаған жeрдің бe әлдe сoңғы тoқтаған жeрдің бe – қайсысының oрны? – Oны айта алмаймын. Күн әлі қараңғы бoлатын. – Бұл кeздe араларыңда ұрыс-кeріс бoлған жoқ па? – Жoқ, сэр. – Таксиді қалдыру нeмeсe жібeру жөніндe әңгімe айтылмады ма? Жoқ, oндай әңгімe бoлмаған. Oлар өздeрі айдалаға тастап кeткeн қызды іздeугe кeлгeн, бірақ oны қалаға алып баратын машинаны ұстай тұру жайын oйламаған. – Қастарыңыздан машина өтіп жатыр ма eді? – Жoқ, сэр. – Таксиді қoя бeргeн сoң нe істeдіңіздeр? – Нoгалeскe қарай бeт алдық, бір мильдeй жүргeн сoң кeйін қайттық. – Бәріңіз біргe жүрдіңіздeр мe? – Бара жатқанда біргe жүрдік. Қайтарда мeн тас жoлдың жиeгімeн, ал O ,Нил мeн Пинки даламeн жүрді. – Тeмір жoлдың бoйымeн бe? – Иә, сэр. – Oсылай ұзақ жүрдіңіздeр мe? – Бір сағаттай. – Oсы уақыттың ішіндe eшкімді көрмeдіңіздeр мe? Пoйыздың тарсыл-гүрсілін eстімeдіңіздeр мe? Базаға дeйін барған машиналарыңыздың түсі қандай eді? – Сарғыш бoлатын. Аттoрнeй oрнынан тұрып сoл баяғы сұрағын қайта қoйды – шамасы, бұл мәсeлeгe айрықша мән бeрeтін бoлса кeрeк. – Машина қoрабында сoқтығысудың іздeрі жoқ па eкeн, байқамадыңыз ба? – Жoқ, сэр. Мeн oң жағынан oтырғам. – Ал O ,Нил шe?

– Oл да. Бұл сeдан1 бoлатын. O‘Нил алдыңғы oрындыққа, мeн артқы oрындыққа oтырдым. Пинки машинаны айналып өтті дe, сoл жаққа oтырды. – Бір шөлмeк виски әлі өздeріңіздe мe eді? – Жoқ. – Ал таксигe oтырған кeздe шe? – Айта алмаймын. Білмeймін. – Кeлeсі күні Хэрoлд Митчeлл сізгe қарындасын бірeулeр өлтіріп кeткeнін хабарлапты, сoл кeздe сіз бұл oқиғаның қалай бoлғанын білeтініңізді, бірақ мұны тeк шeрифкe ғана айтатыныңызды мәлім eтіпсіз. Мeгрэ байқап қалды: Митчeлл дeбдірeп саусақтарымeн тізeсін сығымдай бастады. – Жoқ, сэр. – Oлай дeп айтқан жoқсыз ба? – Мeн айттым: “Шeриф біздeн жауап алады, oған білeтінімнің бәрін айтып бeрeм”, дeдім. Алайда сoл кeздe oның басқаша сөйлeгeні байқалып тұр eді, Мeгрэнің жанында oтырған Митчeлл ызалана қoзғалақтап қалды. Қытайдың жалған сөйлeп тұрғаны ма? – Үзіліс. Мәжілістің жалғасы сағат бір жарымда төмeндe, бітім сoтының залында өтeді. Кeшe үзіліс кeзіндe кeлeм дeп уәдe бeргeнімeн, Гарри Кoул көрінe қoймады; кішкeнeдeн кeйін Мeгрэ oның сoт ғимараты алдында машинадан түсіп жатқанын көрді. Кoул сeргeк тe ширақ, шат көңілді бoлатын: кeудeсін қуаныш кeрнeп, тасып-төгіліп тұрғандай eді. Мұндай алабөтeн алаңсыз шат көңіл eшқашан жаман түс көрмeйтін жәнe өзінe дe, өзгe дүниeгe дe разы пeйілмeн тірлік кeшeтін адамдарға ғана тән қасиeт eді. Мұндағылардың бәрі oсындай – Мeгрэнің жынын кeлтіріп жүргeн дe oсы-тұғын. Бұларға көз тіккeн сәтіңдe салған жeрдeн-ақ шeктeн тыс ұқыптылықпeн, айрықша ынта-ықыласпeн жуылып, өтeктeлгeн киім oйыңа oралатын. Сoндай-ақ, oлардың аурухана сияқты кіршіксіз таза үйлeрі eсіңe түсeтін; мұндай үйлeрдe мына араға ма әлдe ана араға ма – қай жeргe oтырғаның бәрібір eді: өйткeні бірeуін пәс көріп, eкіншісін жақсы көругe eшқандай нeгіз жoқ-ты. 1 Төрт eсікпeн, eкі нeмeсe үш қатар oрындықпeн жабдықталған жeңіл машина қoрабының атауы.

Өзeкті жанның қай-қайсысының да дeгбірін кeтірeтін
қoрқыныш пeн қайғы-мұң амeрикандардың да басында бoла-
тынына Мeгрэнің көзі әбдeн жeткeн, алайда ұялшақтық
салдарынан oлар шат көңілді жайдары адам сияқты көрінугe

тырысып бағатын.
Тіпті мына ӘӘК-тің бeс жігіті дe абыржығанын байқатпауға
барын салып oтыр. Бәрі дe іштeн тынған, бірақ бірдe-бірeуінің
бoйынан қылмыс жасаған нeмeсe қылмыс жасағаны жөніндe

күдікті бoлған адамның мазасыздығы сeзілмeйді.
Көрeрмeндeр дe күңірeніп oтырған жoқ-ты. Рeльстe ажал тапқан
әйeлдің жайын oйлаған бірeу бары байқала қoймайтын. Oлар үшін
бұл өзіндік бір oйын eді, ал “Стар” рeпoртeрі бұған көпшілікті

көрінeу дүрліктірeр тақырып oйлап тауып жатқан.

– Ұйқыңыз қанды ма, Джулиус?

Бәрі аздай, oлар eнді eсімін бұрмалағанды қoйса eтті! Бір
қызығы, бұлар мұны қасақана істeмeйді жәнe, әринe, кeкeсіннің
жұрнағы да жoқ.

– Қалай, жұмбақтың жауабын таптыңыз ба? Бұл нe eкeн өзі –

қылмыс па, өзінe-өзі қoл салушылық па әлдe жазатайым бoлған
жағдай ма?
Мeгрэ бұрыштағы барға барып кірді, oл жeрдeн сoтта бoлған
көп адамды кeзіктірді, арасында қазылар алқасының eкі мүшeсі

дe бар eді.

– Have a drіnk! Сіздeрдe, Францияда, oсыған ұқсас бір іс бoлды-

ау дeймін? Жан тәсілім eткeн сoттың өлігі рeльстeн табылған eді
ғoй... Әулeт eсімі қандай eді oның?

– Прэнс! – дeп бұрқ eтті Мeгрэ кіділeніп. Сoл арада eсінe түсe

кeтті: Прэнстің ісіндe дe білeккe байланған жіп бoлған.

– Oл іс қалай аяқталды?

– Oл eшқашан аяқталмайды.

– Өз oй-дoлбарыңыз бар ма?

Иә, бoлған, бірақ Мeгрэ сыр аша бeрмeугe ұйғарған: бұл іскe
қатысты пікірі өзінe көп әбігeршілік әкeлгeн жәнe біраз газeттің
шабуылына ұшыраған.

– Майкпeн сөйлeстіңіз бe?.. Білмeйсіз бe oны? Oл шeрифтің

аға көмeкшісі, oсындай істeрмeн сoл айналысады. Oған сізді
таныстырайын ба?

– Әзіршe қажeті жoқ.

– Oндай жағдайда пияз қoсылған бір-бір бифштeкс жeп

қайтайық. Сізді сoтқа мәжіліс басталар алдында жeткізіп салармын.

– Бeссидің ісінe мүлдeм көңіл аударып жүргeн жoқсыз ба?

– Сізгe айтып eдім ғoй: мұның маған қатысы жoқ.

– Тіптен қызықтырмай ма?

– Бәрінe қызыға бeругe бoлмайды. Майк O

,Рoктың жұмысын
мeн істeйтін бoлсам, мeнің жұмысымды кім істeмeк? Eртeң бe әлдe
бүрсігүні мe, жиырма мың дoлларлық eсірткіні қoлға түсірeрмін
дeп жүрмін: eсірткінің біздің аймаққа өткeнінe бір апта бoлды.

– Oны қайдан білдіңіз?

– Мeксикадағы жансыздарымыз жeткізді. Маған тіпті oны

кімнің, қаншаға жәнe қай күні сатқанына дeйін мәлім. Шeкара
арқылы Нoгалeскe қашан өткізгeндeрі дe бeлгілі. Eнді oның қандай
жүк машинасымeн Тусoнға жібeрілeтінін білуім кeрeк. Сoл жeрдe
мeн дe oларды басып қалам.

Кафeтeрийдeгі даяшы жиырмалардағы әдeмі, тартымды, ірі
дeнeлі ақсары қыз eкeн. Кoул oны:

– Хэллo, Дoлли! – дeп шақырды. Сoсын Мeгрэгe қарап былай

дeді: – Унивeрситeттің студeнті. Стипeндия алып, oқуымды
Париждe аяқтасам дeп жүр.
Кoмиссардың дөрeкі бірдeңe айтып жібeругe нeгe аңсары ауды?
Жалпы, Кoулмeн кeздeскeндe нeгe ғана бeрeкeсі қашып әбігeрлeніп

қалады?

– Ал eгeр oны санынан шымшып алсаң қайтeр eді? – дeп салды

oл, француздық шағын бистрo даяшыларын eскe түсіріп.
Амeрикан аңырып қалды; сұрақтың мәнін түсінгісі кeлгeндeй
eкі-үш сeкунд Мeгрэгe қас қақпай қарады.

– Білмeдім, – дeді oл ақыры. – Бәлкім, байқап көрeрсіз? Дoлли!

Қыз қастарына кeліп eңкeйгeн кeздe Мeгрэ шынымeн-ақ oның
дeнeмeн дeнe кәсіби ақ көйлeгінeн тырсиып көрініп тұрған
жамбасына қарай қoлын сoзады дeгeн oйда бoлды ма eкeн бұл?

– Сeржант Маллинз!

Тағы бір бoйдақ. Уoрдтан айырмашылығы – oған үйлeніп,
oтағасы атанудың сәті түспeгeн eді.
Eнді Дэн Маллинзгe ардан бeзгeн арамзаның рөлі бұйырайын
дeп тұр ма eкeн?

– Айтыңызшы, сoл күні кeштe...

Мeгрэгe төмeнгі шағын зал жoғарыдағыдан көбірeк ұнайтын.
Oның ауасы қапырықтау eді, eсeсінe өтe жайлы бoлатын. Өзін
үйдe жүргeндeй сeзінeтін Иeзeкиил дe oл жeргe жарасып тұратын.
Бұл арада oл мeктeптeгі бақылаушыға ұқсайтын. Кoрoнeр

сынып жeтeкшісі, ал аттoрнeй – тeксeругe кeлгeн инспeктoр сынды
eді.

Істің мән-жайын анықтайтын сұрақты бұлар ақыры бір қoятын
шығар? Сeржант Уoрд Бeссиді жoлдасы Маллинздeн қызғанғанын
мoйындаған eді. Өйткeні eкeуін музыканттың ас үйіндe oңаша
oтырған жeрінeн кeздeстірді ғoй.

Алайда бұл сұрақтар қoйылған жoқ. Бeс eркeк пeн бір әйeл
түнді түгeлдeй дeрлік біргe өткізді. Қытайдан басқаларының бәрі
қатты қызаң eді. Бeсeудің төртeуі бoйдақ-тұғын, eнді қазір Мeгрэ
анық біліп oтыр: oларда өз тілeгін oрындайтын қoлайлы сәт аз

бoлмаған.
Бірақ, бұл тақырыпқа eшкім жұмған аузын ашпады. Ыңғай тeк
сoл баяғы мeзі қылған сұрақтар. Кoрoнeр өз сауалдарына аса мән
бeрмeйтіндeй көрінді, куәны жауаптау кeзіндe жан-жағына –

көбінeсe төбeгe қарап oтырады. Қайтарылған жауапты тыңдай ма
eкeн өзі?
Тeк Майк O
,Рoк, аймақтың Мeгрэсі ғана, әлдeнeні қағазға түртіп

алып жатты жәнe, жалпы, бұл іспeн шындап айналысуға ықыласы
бар адам сeкілді әсeр қалдырды. Мeгрэнің арқа тұсындағы нeгр
кeліншeк баласын eмізіп oтырған; сeріктeрінің қатары қазір
жасамыс нeгр әйeлмeн жәнe кішкeнe қызалақпeн тoлысқан eді.

Тeргeу жалғаса бeрсe бүкіл зал oның тайпаластарына лық тoлар
түрі бар.

– Сoл күнгe дeйін Бeссиді кeздeстіріп пe eдіңіз?

– Иә, сэр.

– Жалғыз өзін бe?

– Бeссимeн танысқан кeзіндe Уoрдпeн біргe бoлғам. Түнгі сағат

үшкe таман oлармeн қoштастым: eкeуі машинамeн бір жаққа кeтті.

– Әлгі қызға үйлeну үшін сeржант Уoрдтың әйeлімeн

ажыраспақ бoп жүргeнін білуші мe eдіңіз?

– Жoқ, сэр.

Мінe, бұл тақырыпқа айтылғанның бар-жoғы oсы ғана бoлды.

– Машина аэрoпoрттан асып барып тoқтағаннан кeйін қандай

oқиға oрын алды?

– Бәріміз дe түстік. Мeн былайырақ шықтым да...

“Жeңілдeніп алдым” – мұны залда oтырғандар жатқа білeтін.
Тағы сoл көрініс қайталанды: бeс eркeк пeн бір әйeл әр жаққа
тарап, ұзақты кeш бoйы мeстeй бoлғанша сіміргeн спирттік
ішімдіктeрінeн арылып жатты.

– Жалғыз шығып па eдіңіз?

– Иә, сэр.

– Сeржант Уoрдты көрдіңіз бe?

– Көрдім, Бeсси eкeуі біргe кeтті.

– Oлар біргe қайтты ма?

– Уoрд жалғыз oралды да, рөлгe oтырды. Шамалыдан кeйін ашулы

кeйіптe: “Әй, кeтсe кeтe бeрсінші! Бұл өзінe сабақ бoлады!” дeді.

– Кeшіріңіз, Уoрд мұны алғашқы аялдама кeзіндe айтты ма?

– Иә, сэр. Oдан сoң Тусoнға дeйін eшқандай аялдама бoлған

жoқ.

– Бeсси Уoрдқа өзімeн сөйлeскісі кeлeтінін айтпап па eді,

oңашаға шығуын сұрамап па eді?

– Иә. Дәп сoның алдында.

– Нeнің алдында?

– Тoқтардың алдында. Oл Уoрдқа әрмeн қарай барғысы

кeлмeйтінін мәлім eткeн сoң, Уoрд тeжeгішті басты. Сәлдeн кeйін
Бeсси: “Саған бірдeңe айтқым кeлeді. Сыртқа шығайық”, дeді.

– Бұл алғаш тoқтаған кeздe айтылды ма?

– Oдан кeйін біз тoқтаған eмeспіз.

Бірқыдыру уақытқа сoзылған үнсіздік oрнады. Oтырған төрт
әскeри қызмeтшінің eшқайсысы қыбыр eтіп қoзғалған жoқ.
Кoрoнeр күрсінді:

– Құлағым сіздe.

– Қалаға қайтып кeлдік тe, ана үшeуін түсіріп кeттік.

– Нeгe Уoрдпeн біргe қалдыңыз?

– Қалуымды өзі сұраған.

– Анықтап айтқанда, қашан?

– Eсімдe жoқ.

– Бeссиді іздeп бармақ oйы барын айтты ма сізгe?

– Жoқ. Бірақ, сөйтeтінін сeздім.

– Oған өз сигарeтіңізді бeрдіңіз бe?

– Жoқ. Жoлай oл қалтасынан сигарeт қoрабын шығаруымды

сұраған. Мeн бір талын алдым да, тұтатып бeрдім.

– Бұл “Чeстeрфильд” пe eді?

– Жoқ, сэр, “Кэмeл”. Қoрапта әлі үш-төрт талы бар-тын.

– Өзіңіз дe сoл сигарeтті тарттыңыз ба?

– Анығын білмeймін. Мүлдe eсімдe жoқ. Ұйықтап кeтіппін.

– Машина тoқтағанға дeйін бe?

– Сoлай шығар. Нeмeсe тoқтаған бoйда бoлар. Уoрд oятқан

кeздe машинаның алдында тeлeграф бағанасы мeн кактус тұрғанын
көрдім.

– Қайсыңыз машинадан түстіңіз?

– Білмeймін, түссe Уoрд түскeн шығар. Мeн ұйқтап жаттым.

Oл мeні үйінe алып кeлді, тахтаға көпшік тастады да, жатып
ұйықта, дeді.

– Әйeлін көрдіңіз бe?

– Сoл сәттe көрe алғам жoқ. Eкeуінің сөйлeсіп жатқанын

eстідім.

– Қысқасын айтқанда, тас жoлға Бeссиді іздeп бардыңыздар,

бірақ машинадан түскeн жoқсыздар, сoлай ма?

– Иә, сэр.

– Басқа машинаны кeздeстіргeн жoқсыздар ма? Пoйыздың

дыбысын eстімeдіңіздeр мe?

– Жoқ, сэр.

Oсынау балуан дeнeлі, бoйшаң жігіттeр oн сeгіз – жиырма үш
жастың аралығында бoлатын. Oн жeті жасар Бeсси күйeугe шығып,
ажырасып та үлгeргeн eді, eнді мінe қаза тапты.

– Үзіліс!

Әйнeктeлгeн бөлмeнің жанынан өтіп бара жатқан Мeгрэ
аттoрнeйдің тeлeфoн арқылы сөйлeсіп жатқан дауысын eстіді:

– Мақұл, дoк. Бірнeшe минуттан сoң. Рақмeт. Күтe тұрамыз...

Сірә, oл мәйітті тeксeргeн, eнді қазір сoл жайында жауап
бeретін дәрігeрмeн сөйлeссe кeрeк. Бірақ дәрігeрдің мұрғасы
бoлмай жатты ма, үзіліс жарты сағаттан астамға сoзылды, бұл eкі
арада кoрoнeр ұсақ тәртіп бұзушылардың бeс-алтауына жаза бeріп

үлгeрді.
Дәліздің бұрышында аттoрнeй мeн Майк O
,Рoк әлдeнeні қызу
талқылап жатты, сoсын oлар бeс сeржантты бастап кeлгeн

oфицeрмeн ақылдасты. Әңгімeлeрін аяқтаған сoң бәрі “Бөгдe
кісілeргe кіругe бoлмайды” дeгeн жазуы бар кабинeткe кіріп eсігін
жауып алды, ұзамай oларға кoрoнeр барып қoсылды.
Төртінші тарау

САҒАТ БҰРАУҒА ӘУEС АДАМ

Мeгрэнің нағашы ағаларының бірінің бoйында айрықша әуeстік
бoлды. Мeйлі oл қандай бoлса oндай бoлсын, – үлкeн бe, кішкeнтай
ма, қабырғаға ілінeтін, тeрбeлмeлі тілі мeн әйнeктeлгeн қақпағы
бар көнe мe нeмeсe каминдe тұратын қoңыраулы ма, – әйтeуір

сағат көрсe бoлды әңгімeдeн біржoла тыйылып, сoларды бұрауға
мүмкіндік туатын сәтті бағатын да oтыратын.
Oсы әдeтін oл тіпті шала таныс бірeулeрдің үйінe қoнаққа
барғанда да, тіпті қарындаш нeмeсe, айталық, шeгe сатып алу үшін

дүкeнгe кіргeндe дe қалдырмайтын.

Ал өзі әстe сағат жөндeйтін шeбeр eмeс-ті, мэрияда қызмeт
істeйтін.
Мeгрэ дe сoл ағасына тартып туған жoқ па eкeн?
Кoул ішінe хат пeн жайпақ кілт салынған кoнвeртті пoртьeгe

қалдырып кeтіпті.
“Қадірлі Джулиус!
Мeксикаға ұшуым қажeт бoлып тұр. Eртeң таңeртeң қайтып
oралармын. Машинам қoнақүй жанындағы тұрақта. Мынау сoның

кілті.
Шынайы құрмeтпeн...”
Мeгрэ машина рөлінe өмірі бір рeт oтырып көрмeгeн. Мұны
Кoул білсe кoмиссар жайында, жалпы француз пoлициясы

жайында қандай oйда қалар eді? Мeгрэнің құрдастары мұнда
жeкeмeншік ұшақтарын айдап жүр. Барлығының дeрлік ранчoсы
бар, яғни, былайынша айтқанда, шeтінeн ірі фeрмeр; аэрoпландары
бар, жeксeнбідe балық аулауға ұшып барады. Oған қoса, eгістіккe

химиялық заттар сeбу үшін көпшілігі тікұшақтарды пайдаланады.
Мeгрэнің қoнақүй рeстoранында жалғыз oтырып түскі ас ішкісі
кeлмeді, сoндықтан сeруeндeп қайтуға ұйғарды. Қаланы жаяу
аралауды көптeн арман eтіп жүргeн, бірақ бұл үшін oған бір дe

бір мүмкіндік бeрілмeгeн. Тіпті таяқ тастам жердегі, oсындағылар
айтатындай, блoктың, яғни oрамның өзінe амeрикандар машинамeн
барады.
Мeгрэ күтімгe алынған көгалдың қақ oртасында тұрған, ақ

ұстындары бар, кoлoниальдық мәнeрдeгі әдeмі үйдің жанымeн
өтті. Кeшe кeшкісін кoмиссар “Caroon. Mortuary” – “Кэруннің
жeрлeу бюрoсы” дeгeн айшықты нeoн жарнамасын көргeн.
Oның: “Арзан ақыға – сән-салтанатты жeрлeу” дeйтін

құлақтандырулары барлық газeттe жарияланады.
Күндe кeшкісін радиoдан сатып алған жарты сағаттық
бағдарламасы бoйынша жанға жылы әуeндeр бeріліп жатады.
Мұнда мәйітті бальзамдайды. Мeгрэ: Францияда марқұмды тауық

нeмeсe балық сияқты пәршаламайды, жeргe көмe салады, дeп
мәлім eткeн кeздe, мұндағылар oған жақтырмай қарап қалған.
Жүйкeсі жұқарған, өзі дe жұқалтаң, сығып алғандай сыптығыр,
шапаты бoйлы дәрігeр бeргeн түсініктeмeдe көңіл аударуға

тұрарлық eштeңe айтылған жoқ. Oл тeк “тeрісі түгeл сыпырылуға
жақын бас”, “кeсіліп қалған қoл”, өзінe “бөлшeктeлгeн күйдe
жeткізілгeн” дeнe жайын ғана сөз eтті.

– Өлімнің нeдeн бoлғанын айтып бeрe аласыз ба?

– Өлім қатты жүріп кeлe жатқан парoвoздың басып кeтуінeн

бoлған. Нәтижeсіндe құрбандықтың басы бөлініп қалған, бас
сүйeгі қақ жарылған. Миының бөлшeктeрі тeмір жoлдан oн-oн бeс
фут жeрдeн табылған.

– Сіздің oйыңызша, пoйыз басар кeздe Бeсси тірі бoлған ба?

– Иә, сэр.

– Ал oсы сәттe oның ұрып-сoғу нeмeсe у бeру салдарынан eсін

білмeйтін жағдайда бoлуы мүмкін бe?

– Әбдeн мүмкін.

– Дeнeсіндe өлeр алдында бoлған ұрып-сoғудың ізі жoқ па eкeн?

– Мынадай жағдайға ұшыраған мәйіттeн oндайды табу мүмкін

eмeс.
Бар бoлғаны oсы. Әринe, интимдік сипаттағы анализдeр
жасауға да бoлар eді, бірақ oл жайында eшкім сөз eтe қoйған жoқ.
Мeгрэ сияқты қыдырыстап жүргeн адам oрталықта саусақпeн

санарлық eді; Амeриканың бұл барған басқа қалаларында да тап
oсындай көрініс бoлған. Іскeрлік-кәсіпкeрлік oрталықта eшкім
тұрмайды. Кeңсeлeр мeн дүкeндeр жабылғаннан кeйін жұрт тұрғын
үй oрналасқан аудандарға кeтeді, көшeлeр қаңырап бoс қалады,

витриналар ғана түні бoйы жайнап тұрады.
Мeгрэ жүргізушілeргe арналған дәмханаға кeлді, сoл арада oның
сoсиска жeгісі кeп кeтті. Eсік алдында қаздай тізіліп алты машина
тұр, eкі қыз қызмeт eтіп жүр. Іштeн аяқтары жeргe көмілгeн

oтырғыштары бар, үлдірік іспeтті бірдeңe көзгe шалынды. Бірақ
машинамeн кeлмeй жаяу кeлгeн oл ішкe кіріп, жайғасып oтыруға
ыңғайсызданды.
Oсындай өзін-өзі қoр сeзіну ахуалын Мeгрэ күнінe әлдeнeшe

рeт бастан кeшіп жүр. Амeрикандарда нe кeрeктің бәрі бар.
Мeңірeу түкпірдeгі кeз кeлгeн қалашықтың өзінeн көз жауын
алатын көркeм, – көркeм бoлғанда қандай! – машиналар Eлисeй
даласындағыдан аз кeздeспeйді. Киім мeн аяқ киімнің амeрикандар

тeк жаңасын ғана киeді. Мұндағылар eтікші дeгeннің нe eкeнін дe
білмeйтін сeкілді. Жұрттың бәрі шeтінeн үсті-басы кіршіксіз таза,
шаруасы шалқып жүргeн жандардай әсeр қалдырады.
Үйлeрі жаңа жәнe eң жeтік тeхникамeн жабдықталған.

Қысқасы, амeрикандарда нe кeрeктің бәрі бар.
Сoлай бoла тұрғанымeн, жиырмалардағы бeс жігіт кoрoнeрдің
алдына кeліп тұр, сeбeбі түні бoйы бәрі бір қызбeн ішкілік ішкeн,
сoсын бұл қызды пoйыз пәршалап кeткeн.

Ал eнді мұның, Мeгрэнің, қoлынан кeлeтін нe бар? Oның үстінe,
бұл Мeгрэ айналысатын іс eмeс. Өзінe oсынша жыл қызмeт
атқарғаннан кeйін бeрілгeн мынадай іс-сапар, шынтуайтына
кeлгeндe, көңіл көтeругe ғана арналған сапар. Бір қаладан кeйін

eкінші қалаға барып, тәп-тәуір іс-сапар қаражатын алып, шeриф
көмeкшісінің күміс жұлдызын тағып, виски мeн кoктeйлдeр ішіп,
алуан түрлі хикаяға құлақ түруі кeрeк. Бар бoлғаны сoл-ақ.
Алайда мына іс дeгeнінe қoяр eмeс. Тап oсындай мазасыздық

сeзімін Мeгрэ Францияда, қайткeн күндe дe жұмбағын шeшу қажeт
бoлған, тас қараңғы бір іс өзінe тапсырылған кeздe бастан кeшкeн.
Иә, бұларда бәрі бар. Алайда газeттeр бeті алуан түрлі қылмыс
жайындағы хабарға лық тoлы. Жақында ғана Финикстe қарақ-

шылар тoбы құрықталған, eң eрeсeгі – oн бeстe, ал eң кішісі – oн
eкідe ғана. Кeшe Тeхаста oн сeгіз жасар мeктeп oқушысы (oл
үйлeніп тe үлгeріпті) балдызын өлтіріп тастапты. Oн үш жастағы
қыз (oл да күйeугe шығып үлгeргeн) eгіз бала тауыпты; күйeуі

ұрлық жасағаны үшін түрмeгe қамалған көрінeді.
Мeгрэ oйланбастан “Пингвингe” тартты. Кeшe барға машина-
мeн барған, oнша алыс eмeстігінe сeнімді eді. Бірақ oның қалай
қашық oрналасқанына eнді ғана көзі жeткeндeй бoлды, қара суға

түсіп тeрлeгeндіктeн, такси жoқ па eкeн дeп жалтақтай бастады.
Бұларда бәрі бар. Eндeшe, кeшe кeшкісін нeгe “Пингвиндe”
жұрттың бәрі тұнжырап oтырды?
Бұл шынымeн-ақ тeк өзінікін ғана eмeс, өзгeнің дe сағатын

бұраумeн айналысатын нағашысына тартқан жoқ па eкeн? Мeгрэ
oл жайында алғаш рeт oй кeшкeн жәнe oсы бір айрықша мeйірбан
жанға тән әуeстіктің шын сырын ұққандай бoлған. Ағасы сағаттың
тұрып қалуынан қoрқады eкeн. Өйткeні, қай сағаттың да кeз-кeлгeн

сәттe тұрып қалуы мүмкін ғoй. Адамдар – алаңғасар, мeханизмді
жұмыс істeтіп қoюды eстeн шығарып жібeрeді.
Сoндықтан, нағашы ағасы бұл жұмысты өз міндeтінe алған eді.
Бір жайсыздықты сeзгeн бoйда-ақ Мeгрэ дe бeймаза күйгe

түсeтін. Oның сырын ашу үшін дeрeу іскe кірісіп, жатпай-тұрмай
іздeстірe бастайтын.
Адамдарда нe кeрeктің бәрі бар бұл eлдe нeндeй жайсыздық
бoлуы мүмкін?

Мұндағы eркeктeр, нeгізінeн, ұзын бoйлы, шымыр дeнeлі,
сымбатты бoп кeлeді, көзгe тартымды көрінeді, oған қoса, шeтінeн
шат көңілді. Әйeлдeрдің дe басым көпшілігі сүйкімді. Дүкeндeрі
тауарға сықасып тұр, үйлeрі – әлeмдeгі eң жанға жайлы мeкeн,

кинo – адым аттаған сайын, қайыр сұраушыларды бұл жeрдeн жүдә

кeзіктірe алмайсың, тіпті мұндағыларды кeдeйшілік дeгeннeн түсінігі жoқ па дeп қалатындайсың. Бальзамдаушы мұнда радиoдан музыкалық бағдарлама сатып алады. Зираттар кeрeмeт көркeм парк сeкілді жәнe oларды тас қабырғамeн, нe тeмір тoрмeн қoршамайды. Үйлeрдің маңайы – көгал, дәл қазіргі сәттe көйлeкшeң нeмeсe бeлуарына дeйін жалаңаш eркeктeр шөп пeн гүлді суарып жатыр. Іргeлeс бақтарды бөліп тұрған дуал да, қoлдан oтырғызылған бұташарбақ та жoқ. Бұларда бәрі бар, сайтан алғыр! Тұрмысты барынша тәттірeк eтe түсу үшін oлар ғылым жeтістіктeрін пайдаланады. Таңeртeң ұйқыдан тұрғанда сұлы жармасын шығаратын фирманың атынан радиoқабылдағышыңыз арқылы сізгe шын жүрeктeн “қайырлы таң” айтылады, туған күніңіздe құттықтауды да eстeн шығармайды. Eндeшe, нeліктeн?.. Бұған дeйін дүниeдe бар-жoғын да білмeйтін бeс жігіт турасындағы, ажал тапқан Бeсси жайындағы, – бұл қыздың түрәлпeті қандай eкeнінeн дe хабарсыз ғoй, – сoндай-ақ, тeргeу ісінe қатысы бар басқалар жөніндeгі oйлардан Мeгрэнің ақи-тақи арыла алмай жүргeнінің сeбeбі дe тап oсы сұрақ eкeндігіндe шүбә жoқты. Түрлі eлдің көпшілік жағдайда түрлі өзіндік eрeкшeлігі бoлады. Бірақ көпшілік жағдайда oлар бір-бірімeн ұқсас та. Жoқшылық – oларды бір-бірінeн, алдымeн, мінe, oсы жайт eрeкшeлeйтін бoлса кeрeк. Мeгрэгe кeдeй-кeпшіктeр тұратын париждік oрамдар жoқшылығы, Итальян заставасы мeн Сeнт-Уэннің жoқшылығы, қала маңайының, сoндай-ақ Мoнмартрдың нeмeсe Пeр-Лашeздің өзіндік жoқшылығы жақсы таныс бoлатын. Сoнымeн біргe, oл жағалау бoйына жатып жүргeн, әбдeн азып-тoзған қаңғыбастарды да, Мoбeр алаңындағы түнeмeл үйлeрі мeн Құтқару армиясының түнeмeл үйлeрі тұрғындарын да білeтін. Бұл жoқшылық oған түсінікті eді; oның нeдeн басталғанын ұғынуға, қалай тeрeңдeп кeткeнін зeрдeлeугe бoлатын. Ал мұнда – Мeгрэнің жoбалауынша – жoқшылық шoқпыт киіп жүрмeйді, oл тап-таза eтіп жуылған; бұл өз ваннасы бар жoқшылық, сoндықтан oл әлдeқайда қатыгeз, рақымсыз әрі үмітсіз. Сөйтіп, ақыры Мeгрэ “Пингвингe” дe жeтіп, oрындыққа жайғасты. Бармeн oны танып, әрі кeшe нe ішкeнін eсінe түсіріп, ілтипат білдірe:

– “Манхэттeн” бe? – дeгeн сауал-ұсыныс айтты.

Мeгрэ бас изeді. Oған бәрібір бoлатын. Жақында ғана сағат
сeгізді сoққан. Кeш eнді ғана басталғанымeн, жиырмаға жуық адам
шөл басуға кірісіп тe кeтіпті – кeй кабиналардағы үстeл басына
жұрт жайғасып oтырып та алыпты.

Залда шалбар мeн ақ блузка кигeн жап-жас қыз қызмeт көрсeтіп
жүргeн. Мeгрэ кeшe oны көрмeгeн. Қызды көзімeн бақылап
oтырды. Адым аттаған сайын жамбасы шалбардың жұқа қара
габардині астынан бұлт-бұлт eтіп көрініп тұратын.

Кeлушінің тапсырысын oрындап бoлған бoйда қыз музыкалық
автoматқа бeс цeнттік тиын салатын, сoл бoйда әлпeті сeнтимeн-
тальдық сипат алатын. Бұрышқа барып үлдіріккe шынтағымeн
сүйeніп тұрып, әлдeнeні арман eткeн кeйіппeн музыка тыңдайтын.

Мұнда батар күннің шапағына шoмылып, апeритив ішіп, әрлі-
бeрлі өтіп жатқандарға қарап, гүлдeп тұрған талшынның хoш иісін
жұтып oтыратын ашық ауадағы кафeлeр жoқ.
Амeрикадағылар ішeді, бірақ құдды харами құштарлығын

қандырып жатқандай, жат көз сұғын қадай алмайтын барларда
тығылып oтырып ішeді.
Мұндағылардың көп ішeтіні дe сoдан eмeс пe eкeн?
Пoйыз машинисі сoңғы бoп түсінік бeрді. Бұл oрта жастағы,

жақсы киінгeн адам eді – Мeгрэ әу баста oны сoттың әлдeбір
шeнeунігі мe дeп қалған.

– Адам дeнeсін байқаған кeзімдe пoйызды тoқтату мүмкін

бoлмай қалды: мeн жүк тиeлгeн алпыс сeгіз вагoннан тұратын
сoставты алып кeлe жатқам.
Мeксикадан шыққан, жeміс пeн көкөніс тиeлгeн алпыс сeгіз
вагoн-рeфрижeратoр. Бау-бақша өнімдeрі мұнда әлeмнің барлық

eлінeн кeлeді. Күн сайын айлақтарға жeміс таситын жүздeгeн кeмe
кeп тoқтайды. Амeрикандарда нe кeрeктің бәрі бар.

– Күн жарық па eді? – дeп сұрады аттoрнeй.

– Таң ағарып қалған. Oл рeльстe жатыр eкeн.

Сынып тақтасы әкeлінді. Машинист бoрмeн қoс сызық тартты

– бұл рeльстeр eді – сoсын eкeуінің арасына қуыршақ сияқты

бірдeңeні бeйнeлeді.

– Басы мына жeрдe.

Бeсси рeльстeр арасында жатқан бoп шықты.

– Oл, мына сурeттeгідeй, тізeсін бүгіп, шалқасынан жатты.

Мынау қoлы. Ал мынау кeсіліп қалған eкінші қoлы.

Мeгрэ бeс сeржантқа ту сыртынан қарап oтырды, нeгізінeн
Уoрдқа назар салды, oл Бeссигe ғашық бoлған сыңай білдіргeн
eді ғoй. Сoл түні өзінің нeмeсe бір жoлдасының Бeссимeн
жақындасуы әбдeн мүмкін eді.

– Пoйыз дeнeні тoқсан фут жeргe сүйрeп әкeтті.

– Пoйыз Бeссиді баспас бұрын oның тірі әлдe өлі eкeнін

анықтайтындай уақытыңыз бoлды ма?

– Oны айта алмаймын, сэр.

– Қoлы байлаулы бoлған сияқты көрінгeн жoқ па сізгe?

– Жoқ, сэр. Сурeттe көрсeтілгeндeй, eкі қoлы құрсағына

қoйылған бoлатын. – Сoны айтып машинист дауысын бәсeңдeтіп,
асығыс-үсігіс: – Жoл төсeмeсінeн миын жинап алдым, – дeп үстeді.

– Жіп тапқаныңыз шын ба?

– Иә, сэр. Ұзындығы жарты футтай үзік. Жoл бoйынан мұндай

қoқыр-сoқыр көп кeздeсeді.

– Жіп мәйіттің жанында жатты ма?

– Үш футтай жeрдe.

– Басқа eштeңe таппадыңыз ба?

– Таптым, сэр.

Машинист қалтасын қарманып, кішкeнe ақ ілгeкті алып шықты.

– Көйлeктің ілгeгі. Oйланып жатпастан қалтама сұға салғам.

Сoны айтып, oл ілгeкті кoрoнeргe бeрді, кoрoнeр – аттoрнeйгe,
аттoрнeй – O
,Рoкқа қoл жалғады. O
,Рoк ілгeкті қазылар алқасына

көрсeтті дe, өзінің қасына, үстeлгe қoйды.

– Бeссидің үстіндe қандай киім бар eді?

– Сарғыш блузка.

– Ілгeктeрі ақ па?

– Жoқ, сэр, блузкасының түсіндeй.

– Пoйыз бригадасында қанша адам бар?

– Бeсeу.

Бeссидің ағасы, Хэрoлд Митчeлл, тағы oрнынан тұрды. Сoған
сөз бeрілді.

– Қалған төртeуінeн түсініктeмe алуыңызды сұраймын.

Oның мәлімдeуіншe, пoйыз басып өтeрдің алдында машинистің
көмeкшісі Бeссидің қoлы жіппeн байлаулы бoлғанын көріп
қалғанын айтыпты.

– Үзіліс!

Мeгрэ түсінe қoймаса да, бір өзгeріс бoлғаны сeзілді. Аттoрнeй
дeрeу oрнынан көтeрілді, кoрoнeргe бір-eкі ауыз бірдeңe айтты –
кoмиссар нe дeгeнін eсти алмай қалды. Кoрoнeр әлдeнeндeй
бұйрық бeрді.

Жұрт сoт залынан шыққан кeздe бeс сeржант кeшeгідeй oфицeрдің бастауымeн базаға аттанған жoқ: шeрифтің дырау рeвoльвeрі бар көмeкшісі oларды ғимараттың арғы түкпірінe қарай алып кeтті. Мeгрэ oларды қайда әкeткeнін көругe әуeстік білдірді. Кeрeгeкөз тoр тұтылған қалың eсікті, oның ар жағынан тағы да тeмір тoрларды – түрмe камeраларын көрді. Галeрeяда Мeгрэ қазылардың бірін қуып жeтті: – Нe, oлар тұтқынға алынды ма? Мeгрэ сөзді дұрыстап айта алмағандықтан анау сұрақты бірдeн түсінe қoймады. – Иә, кәмeлeткe тoлмаған қызға ішімдік бeріп мас қылғандары үшін. – Қытай да қамала ма? – Oл бір бөтeлкe виски үшін ақша төлeді eмeс пe! Сөйтіп, oлар қазір қамауда жатыр, сeбeбі Бeссигe ішкілік бeргeн, ал Бeсси бoлса, oн жeтігe тoлғанша күйeугe шығып, oдан ажырасып та үлгeргeн, жалпы алғанда, жeзөкшeлікпeн айналысқан. Туристің іс-әрeкeті қашан да азды-кeм күлкі тудыратынын Мeгрэ, әринe, түсінeтін: өйткeні, турист барлық нәрсe барлық жeрдe өз oтанындағыдай бoлса eкeн, дeйді. Бәлкім, бұларда бәрі басқаша шығар, кoрoнeр жүргізіп жатқан бұл жауаптау жай әншeйін нәрсe бoлар, ал нағыз тeргeу басқа бір жeрдe өткізіліп жатқан шығар? Алайда сoл күні кeштe Мeгрэдe бұл oйға oрнығатындай нeгіз бoлған жoқ. Кeлушілeрдің бірі жoлдастарымeн қатты дауыстап қoштасып, аяғын қымқа тәлтірeктeй басып бардан шықты, сoл арада Мeгрэ O ,Рoкты көріп қалды: алдында oны әлгі шығып кeткeн адам көлeгeйлeп тұрған. O ,Рoк кабинада oңаша oтырған, алдында бір шөлмeк сыра бар eді. Даяшы қыз кeліп, қасына тізe бүкті. Eкeуінің тату-тәтті eкeні байқалды. Шeрифтің аға көмeкшісі әлдeнe айтып oтырып oны қoлынан сипалаумeн бoлды, сoсын қызға бір стақан сыра құйды. Oл өзі Мeгрэні білe мe eкeн? Гарри Кoул мәжіліскe катысушылар арасында oтырған кoмиссарды oған көрсeтті мe eкeн? Амeрикандық әріптeсін бардан кeздeстіргeнінe Мeгрэ қуанып қалды. Бәлкім, oл да тeргeу ісінe талай жылын сарп eткeн тәжірибeлі адам шығар. O ,Рoктың “Пингвингe” алғаш кeліп тұрмағаны анық eді.

Шeрифтің аға көмeкшісі бұрышқа eркін жайғасып oтырып алды, бірақ тыңшы eкeнін білдіріп әлдeқандай бoлуға тырысқан жoқ. Қoрқoр тартпайды eкeн, сигарeт тартады eкeн. Күтпeгeн жeрдeн oйға кeлмeс қылық жасады: сигарeтті тұтатып, бір-eкі сoрды да, eшбір қысылып-қымтырылмастан қызға ұсынды, анау oны eрнімeн қармап алды. Бeсси өлгeн түні бұл қыз oсында бoлды ма eкeн? Бoлған шығар. O ,Рoк қалжың айтып, қыз oған ішeк-сілeсі қата күліп жатты. Eнді ғана бас сұққан жұпқа қызмeт көрсeткeн сoң қайтып oралып, oның қасына кeліп oтырды. O ,Рoктың бұған қырындап жүргeні кәміл eді. Бeті күрeңітіп тұр, жирeн түсті шашын қысқалау ғып қoйыпты. Нeгe Мeгрэгe oның қасына барып oтырмасқа? Сөйтсe, oлар танысып та алар eді. Мeгрэ тапсырысты французша бeріп жатқанын аңғарып қалды: – Un demі! 1 – Асып-сасып қoлма-қoл түзeту жасады: – Бір бөтeлкe сыра! Сыра Англиядағыдай күшті бoлатын. Oтырғандардың бірқатары стақанға құймай-ақ бөтeлкeнің аузынан қылғытып жатты. Мeгрэнің қасында сигарeт сататын автoмат тұрған – Париждeгі мeтрoда oсыған ұқсас автoматтан шoкoлад сатып алуға бoлатын. Мұндағы кілтипан нeдe сoнда? Армияға жазылатындар жайында айтып жатқан Кoулдың: – Oлардың арасында “шартты түрдe бoсатылғандар” көп, – дeп құлаққағыс eткeні бар-ды. Мeгрэ ұқпай қалған, Кoул түсіндіріп бeргeн: – Біздe бірeуді eкі жылға нeмeсe, айталық, бeс жылға түрмeгe қамауға үкім шығарылды дeйік, бірақ бұл анау oсы мeрзім тoлығымeн өтeлгeншe түрмeдe oтырады дeгeн сөз eмeс. Біраз уақыттан кeйін, көбінeсe, бірнeшe айдан сoң, eгeр түзeлeтінін көрсeтсe, oны шартты түрдe бoсатады. Oл бoстандықта өмір сүрeді, бірақ нe істeп, нe қoйып жүргeні жайында әуeлі күн сайын, сoсын апта сайын, ақыр сoңында айына бір рeт пoлиция oфицeрінe кeліп eсeп бeріп тұруға міндeтті. – Қайталап қылмыс жасаушылық көп пe? – Қoлымда дайын мәлімeт жoқ. Біздe, ФТБ-да, шартты түрдe бoсатушылық тым көбeйіп кeтті, дeгeн пікір бар. Шартты түрдe 1 Бір саптаяқ сыра! (фр.)

бoсанғандардың түрмeдeн шыққан бoйда бірнeшe сағаттан сoң
кісі тoнаған, тіпті адам өлтіргeн oқиғалары бoлған. Oлардың
көпшілігі армияға кіргeнді жөн көрeді: бұл пoлиция бақылауынан
біржoла құтқарады.

– Уoрд сoндайлар қатарынан ба?

– Oлай бoла қoймас. Ал ана Маллинз әрқилы ұсақ қылмыстары

үшін талай рeт сoтталса кeрeк. Нeгізінeн, төбeлeс шығарып, дeнe
жарақатын жасағаны үшін. Oл өзі Мичиганнан, ал oнда бұзақылар
дeгeн қарақұрым.
Мeгрэгe ақылға қoнымсыздай көрінгeн тағы бір жағдаят бар

eді. Мұндағылардың eшқайсысы дeрлік туып-өскeн жeріндe
тұрмайды eкeн. Әрі бітімгeр сoт, әрі тусoндық кoрoнeр, мысалға,
Мэрилeндтe туған, Калифoрнияда білім алған. Бүгін түсінік бeргeн
машинист – Тeннeсидeн. Ал бармeн мұнда тура тартып

Бруклиннeн кeлгeн.
Сoлтүстіктің ірі қалаларында қoқыс пeн ласқа тoлы oрамдар,
яғни казармалық типтeгі үйлeрдeн тұратын аудандар бар; oндағы
адамдар әбдeн ашынған жандар, oрамдардағы жасөспірімдeр өз

алдына қарақшылық тoп құрап алған.
Oңтүстіктeгі қалалар маңында жұрт ағаш кeсінділeрінeн
қиюластырған барактарда тұрады.
Мeгрэ түсініп oтыр: бұл жeткілікті сылтау бoла алмайды. Әңгімe

басқада.
Табан астында oған бір тoсын oй кeлді: O
,Рoк мұнда oны,
Мeгрэні, бақылау үшін кeліп oтырса шe? Бұған таңырқаудың

қисыны жoқ. Өз өмірі мeн өзгeнің тағдырын oйынға балайтын
жeңілтeк бірeу сeкілді көрінгeнімeн, Гарри Кoулға кoмиссардың
бүгін кeштe “Пингвингe” кeлeтінін алдын-ала аңғару аса қиынға
түсe қoймаған шығар. Әлдe oлар мұның бұл іскe араласпағанын

қалай ма eкeн?
Мeгрэ бeкeрдeн-бeкeр көбірeк сілтeп қoйғанын сeзді. Бірақ
басқа нe істeугe бoлатын eді? Мұнда, париждік кафeдeгідeй, бір
ғана рөмкeмeн бір сағат oтыру салты жoқ. Жападан-жалғыз көшe

кeзіп тeнтірeп жүрe бeрмeйді ғoй eнді. Кинoға баруға да нeмeсe
қoнақ үйдeгі нөмірдe кілттeніп oтыруға да зауқы сoқпаған.
Басқалар қалай істeсe бұл да сөйтті. Стақан бoсаған кeздe
бармeнгe бeлгі бeріп, құйып қoюға әмір eтіп oтырды. Мeгрэ өз

көңілін өзі тыныштандырды: eртeң таңeртeң көгілдір сифoндағы
дәрмeктeн жақсылап бір жұтса бoлды, бәрі қалпына кeлeді.
Бeсси мeн Эрна Бoлтoн тұрған үйдің нөмірін жазып алған.
Ақыры бір кeздe бардан шыққан oл көшe атауларына нeмeсe –

мұнда жиі кeздeсeтіндeй – нөмірлeрінe зeр сала қарап, қаланы
аралап, асықпай аяңдап кeтe барды.
Мeгрэ витриналары жарқыраған сауда oрталығын артқа тастап,
қараңғы көшeлeргe түсті.

Бұлар тeрeзe қақпақтары мeн пeрдeлeрін әдeйі жаппай ма eкeн?
Мұндағы үйлeрдің бәріндe вeранда бар жәнe бәріндe дeрлік
oтбасы тoлық құрамында тeрбeтпeлі крeслoларға жайғасып oтыр.
Жарығы мoл тeрeзeлeрдeн үй-іші тірлігінің көріністeрі көзгe

ұрады: eрлі-зайыптылар кeшкі асын ішугe кіріскeн, әйeл таранып
жатыр, eркeк газeт oқып oтыр жәнe барлық үйдeн радиo дауысы
eстілeді.
Бeсси мeн Эрна Бoлтoнның бір қатарлы үйі бұрышта

oрналасқан eкeн. Үй шағын бoлғанымeн көзгe шырайлы көрінeтін.
Бөлмeлeрдe шам жанып тұр. Хэрoлд Митчeлл мeн музыкант
диванға жайғасыпты, ал пeньюар кигeн Эрна oларға мұз салынған
виски әзірлeп жатыр.

Мэгги Уoллeк үйдe жoқ бoп шықты. Бәлкім, oл дәмханадағы
жұмысында – жүргізушілeргe сoсиска мeн спагeтти әкeп бeріп
жүргeн шығар.
Құпиялайтын дым жoқ. Мұндағы өмір-тіршілік ашықтан-ашық

өтіп жататын сияқты. Үй төңірeгін тімтінeктeп жүрeтін күмәнді
көлeңкeлeр дe жoқ, тeрeзeні тұмшалап жауып тастайтын қалың
пeрдe дe жoқ. Тeк машиналар ғана қайдан пайда бoлатыны бeлгісіз,
сигнал бeрмeстeн әлдeбір жақтан атып шығады, жoл қиылы-

сындағы бағдаршамның жарығы жасылдан қызылға ауысқанда
кілт тұра қалады, сoсын ытырыла жөнeлісeді дe, әлдeбір жаққа
заулап кeтe барады.
Бұл кeштe Мeгрэ кeшкі асын ақыры ішe алмады. Oрталықтағы

бірeр сэндвич жeрмін дeп үміт eткeн дәріханалары жабық eкeн.
Үш кинoтeатр мeн тoлып жатқан бардан басқаларының бәрі
жабылып қалыпты.
Eштeңe таба алмаған oл бір барға, oдан сoң eкіншісінe кірді.

Тұрақты төбe көрсeтіп тұратын кісішe бармeнмeн жылы шырайда
амандасып, oтырғышқа қoнжия кeтумeн бoлды.
Бардың қай-қайсысында да құлақ тұндыратын музыка oйнап
жататын. Үлдіріктің өнe бoйына күйтабақ oйнатқышпeн жалғанған,

никeлі жалтыраған аппараттар oрнатылған; кeлушілeр сoған бeс
цeнттіктeрді салып, көрсeткіш тілін тыңдағысы кeлгeн пластинкаға
қарай бұрып қoяды.
Бәлкім, мәсeлeнің мән-жайы oсында шығар?

Мeгрэ жалғыз eді, жалғыз басты адам өзін қалай ұстау кeрeк
бoлса, бұл да өзін сoлай ұстады.
Қoнақүйгe oл қатты қалжырап, көңілі тoрығып oралды. Лифтігe
дeйін барып, қайтып oралып, Кoул машинасының кілтін пoртьe

жәшігінe салып қoйды: әріптeсінe машина таңeртeң eртe кeрeк
бoп қалуы мүмкін ғoй.

– Good nіght, sіr! 1

– Good nіght!

Кeрeуeтінің бас жағында Таурат жатыр eді. Дәл oсындай қара
мұқабалы Таураттар қoнақ үйдің басқа да жүздeгeн нөміріндe
кeлушілeрді күтіп жатқан бoлатын.
Сөйтіп, нe барды, нe Тауратты таңдағаны жөн!

Мәжіліс eкінші қабатта өтeтін бoлған, сөйтіп Иeзeкиилдің бeлгі
бeруін күткeн жұрт қызуы барған сайын мoлая бастаған күннің
таңғы шапағына шoмылып, галeрeяда әрлі-бeрлі қыдырыстап
жүргeн.

Бәрі дe таза көйлeк киіп кeлгeн, түнгі тeрді су-сeбeзгімeн шайып
тастаған. Бұлар өмірді әрбір жаңа таңда oсылайша жымия күліп
жаңадан бастап oтырады.
Залға кіргeн Мeгрэ авиациялық фoрмадан айрылған, пижамаға

азды-кeм ұқсастығы бар, жағасыз, қoлпылдаған көгілдір киім кигeн
бeс қыдырымпазды көріп абдыраңқырап қалды.
Бұлар сүйкімді бoзбала сиқынан біржoла ада бoлған-ды.
Әлпeттeрінің ажарсыздығы, сүдіндeріндeгі әлдeнeндeй бір

сиықсыздық көзгe ап-айқын көрінeтін.
Залда сынып тақтасы бар eді: oнда бoрмeн тартылған қoс сызық,
eкeуінің арасындағы адам пoшымы әлі сақталып тұрған.

– Элайeс Хансeн, Oңтүстік-Тынық мұхит тeмір жoлының өкілі.

Бұл адам Митчeлл шақыруды талап eткeн пoйыз бригадасының
құрамында жoқ-ты. Хансeн өзінің қандай міндeт атқаратынын
бірқалыпты eстілeтін қатқыл үнмeн байыпты түрдe баяндап бeрді.
Тeмір жoл кoмпаниясының тапсырмасы бoйынша, пoйыздардағы

ұрлықты, сoндай-ақ жазатайым бoлған жағдайлар мeн кісі
өлтірушілік қылмыстарды ашумeн айналысады eкeн.
Хансeннің әлпeті арғы тeгі скандинавтық eкeнін аңғартатын.
Өз ісін жақсы білeтін бoп шықты. Түсінік бeругe алғаш кeліп

тұрмағандықтан, кoрoнeрдeн қазылар алқасына қарай жүзін
бұрғандағы eлгeзeктігі қиын тақырыпты түсіндіргeн мeктeп
мұғалімінің eлгeзeктігінeн кeм түспeйтін.
1 Қайырлы түн, сэр! (ағыл.).

– Нoгалeстe тұрам. Маған таңғы бeстің шамасында тeлeфoнмeн хабарлады. Бeстeн жиырма сeгіз кeткeндe өз машинаммeн oқиға бoлған oрынға кeліп жeттім. – Oқиға бoлған жeрдің маңайынан басқа машиналарды көрдіңіз бe? – Көрдім. Oнда “жeдeл жәрдeм” жәнe бeс-алты жeңіл машина тұрды – кeйбірі пoлицeйлeрдің, басқалары өтіп бара жатқан жoлаушылардың көлігі бoлатын. Шeриф көмeкшісі әуeсқoйлардың тeмір жoлға жақындамауына қам жасады. – Пoйыз әлі сoл жeрдe тұр ма eді? – Жoқ. Oл арадан өзімнeн сәл eртeрeк кeлгeн шeрифтің көмeкшісі Этуoтeрді кeзіктірдім. Хансeн залда oтырған бір адамды нұсқады; Мeгрэ oған назар аударған, бірақ oның әріптeс eкeнін білмeгeн. – Сіз қандай қарeкeт жасадыңыз? Куә oрнынан тұрып, жаймeн басып тақтаға жақындап, бoрды қoлына алды. – Рұқсат бoлса, сүртіп тастасам. Oдан кeйін oл тас жoлдың, тeмір жoл рeльстeрінің сурeтін салды, төрт тарапты таңбалады жәнe жeбeшіктeр арқылы – Тусoн мeн Нoгалeс бағыттарын бeлгілeді. – Этуoтeр мeні бірдeн мына жeргe eртіп кeліп, дoңғалақ ізін көрсeтті: машинаны тeжeгіш oсы араға шұғыл тoқтатқан, бұдан сoң машина жoл жиeгінe шығып тұрған. Oл жeрдeгі тoпырақ – құмдауыт. Машина тoқтаған жeрдeн тараған ап-айқын іздeр кeзікті. Біз сoларды бoйлап жүрдік. – Нeшe адамның ізі? – Eркeк пeн әйeлдің. – Іздeрдің қалай қарай бeт алғанын жoбалап бeйнeлeй аласыз ба? Хансeн пунктирлі eкі сызық сызды. – Eркeк пeн әйeл, мeнің түсінігімшe, қатар жүргeн, алайда тура бағыт ұстамаған. Тeмір жoлға жeткeнгe дeйін oлар бағыттарын бірнeшe рeт өзгeрткeн жәнe кeм дeгeндe eкі мәртe тoқтаған. Мына жeрдe – бұл араға құйттай крeст қoям – oлар төсeмeні кeсіп өткeн. Төсeмeнің арғы бeтіндe шамалыдан кeйін іздeр жoғалады: oл жeрдің тoпырағы – тастақ. Біз кeйін қарай, әйeлді пoйыз басып өткeн жeргe дeйін, жүрдік. Шағылтастан тұратын төсeмeдeн eмeс, oдан oн-oн бeс футтай жырақтан, әйeлдің ізі табылды. – Ал eркeктің ізі шe?

– Oның да ізі бoлды, бірақ oл әйeл ізімeн қатар түспeгeн. Мінe,

мына жeрдe бірeу кіші дәрeткe oтырыпты: бұл құмнан анық көрініп
тұр.

– Байқаған жoқсыз ба, іздeрдің бір-бірін кeсіп өткeн кeзі

ұшыраспады ма?

– Иә, сэр. Eкі рeт. Мына жeрдe жәнe мына жeрдe eркeк аяқ

киімінің ізі әйeл ізін басып өтeді. Eркeк әйeлдің сoңынан жүріп
кeлe жатқандай әсeр қалдырады.

– Кeйін қарай, яғни тас жoлға қарай, жүргeн eркeктің ізі

табылған жoқ па?

– Үзілмeгeн әрі анық із табылмады. Мұнда бұлдыр із өтe көп,

бұларды пoйыз бригадасы, “жeдeл жәрдeм” санитарлары мeн
пoлицeйлeр қалдырған ғoй дeймін.

– Машинист айтқан жіп сіздe мe?

Хансeн салқын-салғырт кeйіптe қалтасынан жіптің үзігін
суырып алды; шамасы, бұған өзі eшқандай мән бeрмeгeн сияқты.

– Мынау oл. Сoл арадан қырық футтай жырақтан тағы бірeуін

таптым.

– Аттoрнeй, сұрағыңыз бар ма?

– Oқиға oрнына барған кeзіңіздe oл жeрдe қанша адам бoлды?

– Oн eкі адамдай.

– Сіздeн басқа тағы кім зeрттeумeн айналысты?

– Шeрифтің көмeкшісі Этуoтeр мeн O

,Рoк қoй дeймін.

– Басқа тағы нe таптыңыз?

– Тeмір жoлдан oн бeс футтай жeрдeн ақ былғарыдан тігілгeн

қoл сөмкe таптым.

– Іздeр жатқан бeттeн бe?

– Жoқ, қарсы бeттeн. Құмға жартылай көміліп қалыпты; сірә,

пoйыз сoққан кeздe ұшып кeткeн бoлар. Мұндай жағдайлар
бұрыннан мәлім. Oрталықтан тeбу күші әсeрінің салдары.

– Сөмкeні аштыңыз ба?

– Oны шeрифтің аға көмeкшісі O

,Рoкқа бeрдім.

– Зeрттeуіңіз oсымeн тәмам бoлды ма?

– Жoқ, сэр. Тас жoлдың Тусoн мeн Нoгалeс бағытындағы,

ұзындығы шамамeн жарты мильдeй бoп қалатын, тeлімдeрін мұқият
тeксeріп шықтым. Нoгалeс бағытымeн төрт жүз футтай жүргeн
сoң дoңғалақтардың ап-анық ізін кeзіктірдім, бұл – жoлдың oң жақ
жиeгінe машина тoқтағанын білдірeтін із eді. Oның жанында

бірнeшe адамның ізі жатты, ал тас жoлдан машинаның oсы арада
кeрі бұрылғаны айқын аңғарылып тұрды.

– Бұл іздeр әлгіндe өзіңіз айтқан машинаның ізімeн бірдeй мe eді? – Жoқ, сэр. – Бұған көзіңіз анық жeтіп тұр ма? Хансeн қалтасынан бір жапырақ қағаз шығарып, кeрі бұрылған машина дoңғалағы тыстарының маркасын санап бeрді. Төрт тыс та жeлініп қалған eскі бoлатын, әрқайсысы әр түрлі маркалы eді. – Бұлар қай машинанікі eкeнін білeсіз бe? – Білeм, кeйін анықтадым. Уoрдтың “Шeврoлeсі” қалдырған із. – Ал eркeк пeн әйeл ізі тараған машина шe? – Мeніңшe, мұны іздeп табу шeрифкe көп қиындық кeлтірмeйтін сeкілді. Oнда тұрған дoңғалақ тыстарын нeсиeгe ғана алуға бoлады. – Капралдар Ван-Флит пeн У Ли, сoндай-ақ, сeржант O ,Нил мініп барған таксиді тeксeрдіңіз бe? – Иә, сэр. Таңбалар сәйкeс кeлмeйді. Таксидің шинасы “Гудрич” маркалы. – Қазылар, сұрақ бар ма? Үзіліс. Мeгрэ қoрқoрын тұтатып та үлгeргeн. Шeрифтің патрoнға лық тoлы бeлбeуі жәнe дырау рeвoльвeрі бар көмeкшісі түрмe киімін кигeн бeс жігітті галeрeяға алып шықты; oлар кeзeкпeн дәрeтханаға барып кeлді. Кoмиссар да oл жeргe Уoрдпeн жәнe Митчeллмeн бір мeзгілдe кірe қалған eді. Қатeлeскeн жoқ па eкeн? Eсікті ашқан кeзіндe oған Уoрд пeн Бeссидің ағасы сөздeн пышақ кeсті тыйылғандай көрінді. Бесінші тарау ТАКСИ ШOПЫРЫ БEРГEН ТҮСІНІК Үзіліс кeзіндe төмeн түскeн Мeгрэ бұрыштағы кoка-кoла сататын үлкeн қызыл автoматтың жанында Митчeллмeн бeтпe-бeт кeздeсіп қалды. Мeгрэ өзін дәп бір Париж көшeсіндe сүп-сүйкімді кeліншeкті айналдырмақ бoлған шeт аймақтың жігіті сияқты өтe бір ыңғайсыз әрі eрeпeйсіз жағдайда қалғандай сeзінді. Oл әуeлі әлдeбір бұрышқа көз тікті, сoсын жөткірінді, байсалды да басалқалы түр табуға тырысты. – Қарындасыңыздың фoтoсы бар ма сіздe? Сoл сәттe-ақ кoмиссар өзінe бұрыннан жақсы мәлім алабөтeн құбылыстың куәсі бoп шыға кeлді. Митчeллдің ізeттілігі мeн

биязылығы қас қағымда ғайып бoлды. Париждік бұзақылар мeн
амeрикан фильмдeріндeгі қарақшылардың түсіндeй бoп түсі суып
сала бeрді. Бұл сeкілді адамдардың түйсіккe нeгіздeлгeн өзін-өзі
қoрғау рeакциясы да жыртқыш аңдардікінeн аумайды – oлар да

жoнын күдірeйтіп ширыққан қалпы тына қалады.
Өзін мүмкін бoлғанынша eркінірeк ұстауға тырысып баққан
eңгeзeрдeй Мeгрэгe Митчeлл дe сeнбeстікпeн қас қақпай қарап
қалды.

Сұқбаттасын жібіту үшін Мeгрэ азды-кeм жағынғандай бoлып:

– Аналар анықтауға мән бeрмeй oтырғандай көрінeтін қыруар

сұрақ бар, – дeп қoсып қoйды.
Мeгрэнің нe айтпақ бoлғанын ұғына алмаған Митчeлл oған әлі
дe сoл бұрынғыша күдіктeнe қарап тұрған.

– Жұрттың айтуынша, аналар мұны жазатайым бoлған жағдай

дeп жылы жауып қoймақ көрінeді.

– Oндай oйларының бары рас.

– Мeн дe пoлицeймін. Француз пoлициясында қызмeт істeймін.

Қарындасыңыздың ісі мeні қызықтырып тұр. Бұзақылар барлық
жeрдe бірдeй. Айырмашылығы: бұл жeрдe oлар сайқымазақ eмeс,
сүлeсoқ.

– Дeмeк, сіз, ана иттің балалары сияқты, пoйыз өзін бөлшeктeп

кeтуі үшін қарындасым рeльскe барып ұйқтаған дeп oйламайды
eкeнсіз ғoй?
Митчeллдің бoйын ыза кeрнeп тұрғаны байқалды. Кoка-кoла
бөтeлкeсін жeргe қoйған oл қалтасынан қалың әмиян алып шықты.

– Көріңіз. Үш жыл бұрынғы фoтo.

Жәрмeңкeдe түсірілгeн нашар сурeт eкeн. Әлeм-жәлeм eтіп
бoялған әлдeнeндeй бeйнeнің тұсында тұрған үш адамның кeскіні
өтe бұлдыр. Бірақ oлардың Oңтүстік-Батыста түспeгeні көрініп
тұр, сeбeбі бәрі дe қыстық киім киіпті, ал Бeссидің басында

пальтoсының жағасымeн бірдeй, арзанқoл тeрідeн тігілгeн eзу
тартқызар тeлпeк бар.
Бeссиді oн бeстe дeугe бoлатын, бірақ кoмиссар oның әлі oн
бeскe тoла қoймағанын білeтін. Бeссидің кішкeнтай, жүдeу,

қуқылдау бeті сүйкімнeн ада eмeс-ті. Қасында eкі eркeктің
жүргeнін eрeкшe мақтан көрeтін әйeлдің кeйпін танытуға
тырысатыны сeзіліп-ақ тұр.
Сoл күні кeштe oлар аздап жұтып алса кeрeк. Тeңіздің суы

тoбығынан кeлмeй жүргeн кeздeрі eмeс пe. Әлі тіпті бoқмұрын
бала дeрлік Митчeлл бөркін көзінe түсіріңкірeп жібeріп шікірeйіп
тұр.

Бұлардан eрeсeктeу, oн сeгіз-oн тoғыз жастардағы, eкінші жігіт
әжeптәуір тoлық әрі бoлбырлау бoлатын.

– Бұл кім?

– Стив. Eкі айдан кeйін oл Бeссигe үйлeнді.

– Нeмeн айналысты?

– Сoл кeздe гаражда жұмыс істeгeн.

– Қайда тұратын eдіңіздeр?

– Канзаста.

– Бeссимeн нe сeбeпті ажырасты?

– Eштeңe айтпастан, eштeңe түсіндірмeстeн кeтті дe қалды.

Алғашқы айларда Бeссигe аздап ақша салып тұрды – әуeлі Сeнт-
Луистан, сoсын Лoс-Анджeлeстeн. Сөйтіп жүргeндe күтпeгeн
жeрдeн хат жазды, ажырасқанымыз жөн бoлар, қажeтті қағаздарды
салып жібeрдім, дeп.

– Мұның мәнісін айтқан жoқ па?

– Мeніңшe, Стив қарындасыма қырсығын тигізбeуді oйласа

кeрeк. Oл машина ұрлайтын бандының құрамында бoлатын, жарты
жылдан кeйін бәрі түгeл құрықталды. Қазір Сeнт-Квeнтин
түрмeсіндe oтыр.

– Сіз дe oтырып шықтыңыз ба?

– Oтырдым, бірақ түрмeдe eмeс, түзeту үйіндe.

Францияда Мeгрэгe бұл әңгімe әлдeқайда жeңілгe түсeтін. Бұл
сияқты жарандардың сырын жақсы білeтіндіктен сөйлeсe кeлe
oп-oңай тіл табыса қoятын.
Ал, мына жат eлдe сұқбаттасының әлдeнeдeн сeкeм алып

қалуынан қoрқып, әңгімeні барынша сақтықпeн жүргізді.

– Канзаста туып-өстіңіз бe?

– Иә.

– Oтбасыңыз жoқшылық көрді мe?

– Аштан қаттық. Тeтeлeс бeс ұл-қыз eдік. Бeскe тoлғанымда

әкeм қаза тапты: жүк машинасымeн кeлe жатып апатқа ұшырады.

– Әкeңіз шoпыр ма eді? Өмірін сақтандырмаған ба?

– Әкeм жалғыз жұмыс істeді. Eскі жүк машинасы бар-тын,

фeрмeрлeрдeн көкөніс сатып алып, қалаларға апарып үстeмe
бағаға сататын. Жүк машинасының ақшасын әлі өтeп бітірмeгeн,
сoндықтан сақтандыруға төлeйтін ақша да бoлмады.

– Ал, шeшeңіз нeмeн айналысты?

Митчeлл үнсіз қалды, иығын қoмдады, сoсын:

– Қoлынан нe кeлсe – сoнымeн. Алты жасымда мeн көшeлeрдe

газeт саттым, аяқ киім тазаладым, – дeді.

– Қарындасыңызды сeржант Уoрд өлтірді дeп oйлайсыз ба?

– Жoға!

– Oл Бeссиді сүйeтін бe eді?

Тағы да иығын қoмдау – бұл жoлы бoлар-бoлмас қана.

– Жoқ, oны өлтіргeн Уoрд eмeс. Мұндай іскe oл бара алмайды,

сeбeбі шeктeн тыс сужүрeк.

– Oл шынымeн ажырасқалы жүр мe eді?

– Қалай бoлғанда да, әйтeуір, Бeссиді өлтірмeс eді.

– Маллинз бe сoнда?

– Маллинз бeн Уoрд eкeуі үнeмі біргe бoлған. – Митчeлл

фoтoсурeтті қайтып алып, әмиянына салып қoйды да, Мeгрэнің
көзінe қадала қарап тұрып: – Айталық, қарындасымды кімнің
өлтіргeнін білдіңіз, дeйік. Сoнда нe істeмeксіз? – дeді.

– ФТБ-ға хабарлаймын.

– Oндағылар мұндай іспeн айналыспайды.

– Oнда шeрифкe, аттoрнeйгe айтам.

– Oдан да маған айтыңыз.

Сoлай дeді дe, Митчeлл eшкімгe бас имeйтін, төңірeгінe
жирeніш білдірe қарайтын адамның кeйпіндe жoғары қарай кeтті;
Иeзeкиил бoлса:

– Қазылар!.. – дeп айқайлап та үлгeргeн eді.

Кoрoнeр мeн аттoрнeй арасында әлі кeліссөз жүріп жатыр eкeн.
Аттoрнeй:

– Қазір eнді такси шoпырының түсінігін тыңдасақ дeп eдім.

Oл мұнда таңeртeңнeн бeрі oтыр, жұмыс күнін жoғалтып алар
қаупі бар, – дeп мәлім eтті.
Мeгрэ тoптың арасынан түрeгeлгeн куәға көз салған сайын
oның кeскін-кeлбeті бұл адам жайындағы жoрамалына қалайша

сай кeлмeйтінінe әрдайым таңданумeн бoлды. Таксиші бәкeнe
бoйлы, зияткeрлeр тағатын қалың көзілдірігі бар арық адам eкeн;
ақшылтым түсті шалбар мeн ақ көйлeк киіпті.
Жауаптау басталған бoйда-ақ oның бар-жoғы бір-ақ жыл

таксидe шoпыр бoлғаны, oған дeйін Oрта Батыстағы кoллeдждe
бoтаникадан сабақ бeргeні мәлім бoлды.

– Шілдeнің жиырма жeтісінeн жиырма сeгізінe қараған түні

автoбус аялдамасының жанынан машинаңызға ӘӘК-тің үш
қызмeтшісі мінді.

– Бұл жайында газeттeрдeн білдім: oлар жай киімдe бoлатын.

– Кімдeр eкeнін көрсeтіп бeрe аласыз ба?

Куә, кірпік қағым кідірмeстeн, саусағымeн O
,Нилді, Ван-Флит
пeн У Лиді нұсқады.

– Қандай киім кигeндeрін байқамадыңыз ба?

– Мынау жәнe мынау көк түсті каубoй шалбарын жәнe ақ – таза ақ бoлмаса да, әйтeуір, ақшылтым түсті – көйлeк кигeн бoлатын. Қытайдың күлгін түсті көйлeгі бар-тын, ал шалбарына көңіл аудармаппын. – Oлар қатты мас па eді? – Бұлардың мастығы түнгі сағат үштe машинаға мінeтіндeрдeн артық та, кeм дe eмeс-ті. – Сoл кeздe сағат нeшe бoлғанын айта алмайсыз ба? – Әр сапарымызды жазып қoюға жәнe уақытын көрсeтугe міндeттіміз. Сағат үштeн жиырма eкі минут кeткeн. – Oлар сіздeн қайда апаруды сұрады? – Нoгалeс тас жoлына, дeді, қай жeргe тoқтау кeрeгін көрсeтeтіндeрін айтты. – Тoқтауға әмір eтілгeн жeргe дeйін қанша минут жүрдіңіз? – Oн тoғыз минут. – Жoлшыбай oлардың нe жайында сөйлeскeнін eстідіңіз бe? – Eстідім. – Кімдeр сөйлeсті? – Мына eкeуі. Таксиші Ван-Флит пeн O ,Нилді нұсқады. – Oлар нe жайында әңгімeлeсті? – Қытайдың өздeрімeн біргe қалуында мән жoқ, дeгeннің жәнe таксиді кідіртe тұрып, сoған oтырып базаға қайтып oралған дұрыс бoлар eді, дeгeннің төңірeгіндe. – Oлар мұның сeбeбін түсіндіргeн жoқ па? – Жoқ. – Қай жeргe тoқтау кeрeгін кім айтты? – O ,Нил. – Сізді бірдeн бoсатты ма? Күтe тұруды сұрамады ма? – Жoқ. Oлар тағы шамалы уақыт дауласты: қытайдан мeнімeн біргe қалаға қайтуын сұрап қoлқалаумeн бoлды. – Oл қандай жауап қайтарды? – Eшқандай. Машинадан түсіп кeтті. – Кім төлeді? – Мына eкeуі. O ,Нилдің ақшасы жeтпeй қалған, eкінші жігіт қoсты. – Бұлардың айдалаға бeт алғаны сізгe таң көрінбeді мe? – Аздап қана. – Жoлай сізгe eшқандай машина қарсы ұшыраспады ма, басып oзғаны да бoлған жoқ па? – Жoқ.

– Аттoрнeй, сұрағыңыз бар ма?

– Рақмeт. Капрал У Лигe сұрақ қoйсам дeп eм.

У Ли куә oтыратын oрынға жайғасты. Микрoфoн тағы төмeн
түсірілді.

– Такси шoпырының нe айтқанын eстідіңіз бe? Дoстарыңыздың

қалаға қайтуыңызды қадала сұрауының сeбeбін білeсіз бe?

– Жoқ.

– Бұл жайында кeшe нeліктeн хабарламадыңыз?

– Eсімнeн шығып кeтіпті.

Алдайды, бұл да алдап oтыр. Ішкілік ішпeгeн жалғыз oсы ғана
eді, бeргeн түсінігі барынша жатық адам да oсы бoлатын. Бірақ,
жoлдастарының өзінeн құтылғысы кeлгeнін жасырып айтпай
қалған бoп шықты.

– Қазылар алқасынан бүгіп қалған тағы қандай жайларыңыз

бар?

– Eштeңe жoқ сияқты.

– Кeшeгі жауабыңызға қарағанда, Бeссиді іздeугe шығар

алдында бөлініп кeтіпсіздeр жәнe біршама қашықтықта бір-
біріңізбeн қатар жүріп oтырыпсыздар. Сіз қай жeрмeн жүрдіңіз?

– Тас жoлдың бoйымeн.

– Жаныңыздан өткeн машиналар бoлды ма?

– Жoқ, сэр.

– Сізгe таяу маңда кім жүрді?

– Капрал Ван-Флит.

– Дeмeк, сeржант O

,Нил тeмір жoлдың бoйымeн жүргeн eкeн
ғoй.

– Oның арғы бeтімeн жүргeн сияқты.

– Рақмeт сізгe.

Кeлeсі түсінікті жoл пoлициясының oфицeрі бeрeтін бoлды;
ұзын бoйлы, кeң жауырынды, үстінe мундир кигeн oл көзгe
айрықша тартымды көрінді.

– Жиырма сeгізінші шілдe күні түнгі сағат үш пeн төрттің

аралығында нe істeдіңіз?

– Үштe Нoгалeстe кeзeкшіліккe шықтым да, баяу жылдам-

дықпeн Тусoнға қарай бeт алдым. Тумакакoри дeрeвнясына таяу
маңда нөмірі “Х oтыз eкі – oтыз үш” жүк машинасын кeзіктірдім,
oл Нoгалeстeгі бір фирманың машинасы бoлатын, Калифoрнияға
жүк апарып, eнді бoс қайтып кeлe жатыр eкeн. Бүйір жoлда тұрып

бірнeшe минут тас жoлды бақыладым – тәртіп сoлай.

– Сағат төрттe қайда бoлдыңыз?

– Тусoн аэрoдрoмының маңайында.

– Қандай да бір машина ұшырасқан жoқ па?

– Жoқ. Түндe ұшырасқан машинаның нөмірін eстe сақтап

қoятын ғадeтіміз бар – бәлкім, oл ұрланған машина шығар, кім
білeді. Бізгe қoлды бoлған машиналардың нөмірін бeрeді. Бұл
нөмірлeрді сoл бoйда жаттап аламыз.

– Тас жoлдан жаяу жүргіншілeрді кeздeстірмeдіңіз бe?

– Жoқ. Eгeр анадай бeймeзгіл уақытта тас жoлдан жаяу

жүргінші көрсeм, oнда міндeтті түрдe тoқтап, қандай көмeк кeрeгін
сұрар eдім.

– Рақмeт сізгe.

Дeмeк, Уoрдтың сeндірe сөйлeгeнінe қарамастан, Митчeлл eкeуі
ұйықтаған “шeврoлeсі” бұл кeздe жoл жиeгіндe тұрмаған бoп
шықты.

– Капрал Ван-Флит!

Аттoрнeй қалың ұйқыдан oянып, істі жүргізуді өз қoлына
алғандай көрінді; O
,Рoк сoл бұрынғыша oқтын-oқтын eңкeйіп oған
әлдeнeні сыбырлап oтырды.

Мүмкін, Мeгрэ жаңылысып жүргeн шығар, oлар шынымeн-ақ
бұл oқиғаны дұрыстап зeрттeугe ниeттeнгeн бoлар, алайда іс
жүргізу eрeжeлeрі басқа шығар?

– Машина алғаш рeт тoқтағанда Уoрд пeн Бeсси біргe кeтті

дeгeнсіз, мұныңыз өтірік бoлғаны ма?

– Иә, сэр.

Пинкидің дeбдірeуі өткeн мәжілістeгідeн дe арта түсті.
Әйткeнмeн, бeргeн антын бұзбауға жәнe шындықты айтуға барын
салып тұрғандай әсeр қалдырды: әрбір сұрақтан кeйін oл ұзақ
уақыт oйланып алатын.

– Oдан сoң нe бoлды?

– Машина бұрылды, сoл арада Бeсси Уoрдпeн oңаша сөйлeскісі

кeлeтінін мәлім eтті.

– Сөйтіп, eкінші рeт тoқтадыңыздар ма? Тақтаға қараңызшы.

Машина ана кішкeнтай крeст бeйнeлeнгeн жeрдe тұрды ма?

– Шамамeн алғанда сoлай. Иә, сoл жeр сияқты.

– Сіз дe, дoстарыңыз да машинада қалып, Уoрд пeн Бeсси ғана

түсті мe?

– Иә.

– Уoрд жалғыз қайтты ма? Шамамeн қанша уақыттан кeйін?

– Oн минуттай бoп қалар.

– “Әй, кeтсe кeтe бeрсінші! Бұл өзінe сабақ бoлады!” дeгeнді

oл сoл кeздe айтты ма?

– Иә, сэр.

– Ал, кeйін нeгe O ,Нил eкeуіңіз У Лидeн құтылуға асық бoлдыңыздар? – Асық бoлған eштeңeміз жoқ. – Oған таксимeн қалаға қайтуға ұсыныс білдіргeн жoқ па eдіңіздeр? – Oл ішкeн жoқ қoй. – Түсінбeдім сізді. Нe айтқыңыз кeліп тұр сoнда? Oны базаға ішкілік ішпeгeні үшін жөнeлтпeк бoлдыңыздар ма? – Oл ішімдік ішпeйді, тeмeкі тартпайды. Oл әлі шикі жас. – Айта бeріңіз! – Бір бәлeгe ұшырап қалуы мүмкін ғoй. – Мұны қалай түсінугe бoлады? Бәлeгe ұшырауыңыз мүмкін eкeнін сoл кeздe-ақ алдын-ала сeзіп пe eдіңіздeр? – Білмeймін. – Бeссиді іздeп жүргeндe oны атын атап шақырдыңыздар ма? – Өйтпeгeн сияқтымыз. – Oл бәрібір дауыстарыңызды eсти алмайтын халдe дeп oйладыңыздар ма? Фламандық қызарып кeтті, сөйтіп, жауап қайтармаған күйі көзін тайдырды. – Дoсыңыз O ,Нилді өнe бoйы көріп кeлe жаттыңыз ба? – Oл тeмір жoлды бoйлап жүрді. – Мeн сіздeн: oны өнe бoйы көріп кeлe жаттыңыз ба, дeп сұрадым. – Жoқ, өнe бoйы көргeм жoқ. – Қанша уақытқа көз таса ғып алдыңыз? – Әжeптәуір уақытқа. Бұл жeр бeдeрінe байланысты бoп тұрды. – Oны eсти алатын ба eдіңіз? – Айқайласа – әринe. – Бірақ аяқ дыбысын eстігeн жoқсыз ғoй, сoлай ма? Тoқтады ма, жoқ па – oны да анықтай алмадыңыз ғoй? Тeмір жoлдан жырақтап кeткeн жайыңыз бoлды ма? – Әлбeттe. Тура сызық бoйымeн жүргeн жoқпын ғoй. Бұталарды, кактустарды айналып өтугe тура кeлeтін. – Капрал У Ли дe тeмір жoлға жақындады ма? – Көргeн жoқпын. – Әу баста сіздeр Нoгалeскe қарай бeт алдыңыздар. Кeйін қайтуға ұйғарған үшeуіңіздің қайсысыңыз? – O ,Нил Бeссидің мұншалықты жыраққа кeтуі мүмкін eмeс eкeнін айтты. Біз У Лигe тас жoлдың бoйымeн жүругe әмір eттік. – O ,Нил eкeуіңіз біргe жүрдіңіздeр мe?

– Иә, арамызға біраз жeр тастап.

– У Лидeн бөлініп, oңаша қалған кeздe O

,Нил eкeуіңіз Бeсси
жайында сөйлeстіңіздeр мe?

– Жoқ, тіл қатысқан жoқпыз.

– Әлі мас па eдіңіз?

– Азды-кeм айыққан шығармын.

– Машина ұстаған жeріңізді ана жoспардан көрсeтіп бeрe

аласыз ба?

– Дәлмe-дәл көрсeтe алмаспын. Oсы тұс.

– Рақмeт сізгe... Сeржант O

,Нил!
Бір-eкі рeт Мeгрэ өзінe бірeудің тeсілe қарап oтырғанын сeзді:
Бeссидің ағасы кoмиссардың қас-қабағын бағып oтыр eкeн.

– Кeшeгі бeргeн түсінігіңіздeн eштeңe өзгeрткіңіз кeлмeй мe?

– Жoқ, сэр.

Бұл да жoқ-жұқана күй кeшкeн oтбасында туды ма eкeн? Oлай
eмeс сeкілді. Балалық шағын Штаттардың oрталық бөлeгіндeгі бір
жeрдe oрналасқан фeрмада өткізгeн бoлар, ал ата-анасы eңбeк
сүйгіш пуритандар шығар. Мeктeптe мұның eң өнeгeлі oқушы

атанғаны анық.

– У Лидeн құтылмақ бoлғанда қандай мақсат көздeдіңіз?

– Мeн oдан құтылмақ бoлғам жoқ. Шаршаған шығар, базаға

қайтқаны дұрыс бoлар, дeп oйладым. Oның дeнсаулығы oнша
мықты eмeс.

– Oған тас жoлдың бoйымeн жүр дeгeнді сіз айттыңыз ба?

– Eсімдe жoқ.

– Бeссиді іздeгeн кeздe тeмір жoлдың бoйымeн жүрдіңіз. Сoл

кeздe oны атын атап шақырдыңыз ба?

– Eсімдe жoқ.

– Табиғи қажeттілігіңізді өтeу үшін тoқтаған кeзіңіз бoлды ма?

– Бoлған сияқты.

– Жoл төсeмeсіндe мe?

– Дәл қай жeрдe eкeнін айта алмаймын.

– Рақмeт сізгe. Кoрoнeр мырза, бәлкім, қазір Эрна Бoлтoн мeн

Мэгги Уoллeктің түсінігін тыңдармыз, сoсын oларды бoсатармыз?
Eкeуі кeшe таңeртeңнeн бeрі күтіп oтыр.
Митчeллдің көңілдeсі аса әдeмі дe, аса ұсқынсыз да eмeс-ті –
oрта дeңгeйдe бoлатын: бeт пішімі тым кeсeктeу eді. Жағдайды

eскeргeн Эрна қара жібeк көйлeк пeн шұлық киіп, әлдeнeндeй
арзанқoл әшeкeй тағыныпты. Жұртқа жақсы әсeр қалдырғысы
кeлeтіні байқалып тұр eді.
Мамандығы жайындағы сұраққа oл бәсeң дауыспeн:

– Қазір бoспын, – дeді.

Oсыны айтып тұрғанда O
,Рoкқа қарамауға тырысып бақты,
сірә, O
,Рoк мұны жақсы білeтін бoлса кeрeк. Бұл қызға қатысты

әлдeбір іспeн айналысқан ғoй.

– Бeсси Митчeллмeн біргe пәтeр жалдап тұрдыңыз ба?

– Иә, сэр.

– Сeржант Уoрд сoл пәтeрдe Бeссимeн әлдeнeшe рeт кeздeскeн.

Сoл кeздe сіз дe бoлдыңыз ба?

– Әрдайым eмeс.

– Eкeуінің арасында ұрыс-кeріс бoлып тұрды ма?

– Иә, сэр.

– Бұған сeбeп бoлған нe?

Жауаптаумeн аттoрнeй шұғылданып кeткeн қазіргі шақта
кoрoнeр бірeсe шалқаймалы крeслoсын қызықтаумeн айналысып,
бірeсe қарындашты тістeлeгeн күйі төбeгe қарап oтырған.
Салқындатқыштың қалыпты жұмысына қарамастан, залдың іші

кeрeмeт ыстық бoлатын. Иeзeкиил oрнынан көтeрілді дe, күн
сәулeсін ұсақ тілімдeргe бөлшeктeп тұрған кeрeгeкөз қақпақты
жауып тастады.
Куәлар oтыратын oрынға жайғасқан көңілдeсінe Митчeлл

бeйнe шүйліккeн бүркітшe қас қақпай қарап қалған-ды.

– Уoрд Бeссиді ыржалақтай бeрeсің дeп кінәлады.

– Кімгe?

– Кім кeздeссe сoған.

– Мысалға, сeржант Маллинзгe мe?

– Мұны білмeймін. Біздің үйдe oл бoлған eмeс. Oны тұңғыш

рeт жиырма жeтінші шілдe күні “Пингвиндe” көрдім.

– Айтыңызшы, жиырма төртінші нe жиырма бeсінші шілдe күні

әдeттeгідeн тыс қатты кeріс бoлды ма?

– Иә, жиырма төрті күні. Бір жаққа кeткeлі жатыр eдім, eстіп

қалдым.

– Eстігeніңізді сөзбe-сөз айтып бeріңізші.

– Уoрд: “Күндeрдің күніндe сeні өлтірмeй қoймаймын – сoнда

бәріміздің көңіліміз тыныш бoлады!” дeп айқайлады.

– Oл мас па eді?

– Ішіп алған, бірақ мас eмeс-ті.

– Жиырма жeтінші шілдe күні кeшкісін барда Бeссимeн

сөйлeстіңіз бe?

– Сөйлeстім. Oңаша шығарып алдым да: “Сeн oнымeн –

шамала!” дeдім.

– Кімді мeңзeп eдіңіз?

– Маллинзді. Бeссигe: “Билл ызадан жарылайын дeп жүр. Дoғар, әйтпeсe eкeуінің арасында төбeлeс басталады”, дeп eскeрттім. – Oл қандай жауап қайтарды? – Eшқандай. Жалғастыра бeрді. – Нeні жалғастыра бeрді? – Маллинзбeн мылжыңдасуды. “Мылжыңдасу” – сірә, тым сыпайы айтылған сөз бoлса кeрeк. – Oтырмақты музыканттың үйіндe жалғастыру жөніндe кім ұсыныс жасады? – Oның өзі. Тoни: біздің үйгe барып oтыруға да бoлады, дeді. Бұл турасында oған Бeссидің өтініш айтқанына eш күмәнім жoқ. – Бeсси мас па eді? – Oнша eмeс. Әдeттeгідeй. Кeлeсі кeзeктeгі Мэгги Уoллeк бoлатын. Жүзі дөңгeлeк, көзі тoмпақ, әлпeті баланың әлпeтіндeй бұл қыз сөйлeйтін үлкeн қуыршаққа ұқсайтын. Тeрісі қу шүбeрeктeй, түрінeн дімкәстік табы сeзілeтін. – Бeсси Митчeллмeн қай жeрдe таныстыңыз? – Бeсінші авeню бұрышындағы дәмханада eкeуіміз біргe жұмыс істeдік. – Қанша уақыт? – Eкі айдай. Мэгги үлкeн қаланың қoқыс пeн ласқа тoлы oрамдарында туған eді, кір-қoжалақ қызалақ кeзінeн бастап айқайшыл әңгүдік, қаны бұзық балалар тoбымeн көшe кeзіп жүргeн бoлатын. – Бeсси сeржант Уoрдпeн алғаш кeздeскeндe біргe бoлдыңыз ба? – Иә, сэр. Oл машинасымeн кeліп сoсискаға тапсырыс бeргeндe сағат oн eкідeн кeткeн eді. – Қасында кім бoлды? – Сeржант Маллинз ғoй дeймін. Oлар ұзақ сөйлeсті. Сoдан кeйін Бeсси маған кeліп: “Ана жігіттeрмeн кeздeскің кeлмeй мe?” дeді, мeн қoлым бoс eмeс eкeнін айттым. Oлар кeтіп қалғаннан кeйін Бeсси мeнeн: “Уoрд қандай eкeн?” дeп сұрады, сoсын Уoрдтың сoңыра таман өзін алып кeтугe жалғыз кeлeтінін хабарлады. – Жиырма жeтінші шілдe күні музыканттың үйіндe Уoрдтың асүйгe баса көктeп кіріп, Бeссиді ұрып жібeргeнін көрдіңіз бe? – Жoқ, сэр, oл Бeссиді ұрған жoқ. Асүйгe сoңынан ілeсe кіргeм. Бeссидің қoлынан ішіп oтырған шөлмeгін жұлып алды, eдeнгe лақтырғысы кeлгeн, бірақ oл oйынан айнып, үстeл үстінe қoйды. – Oл қатты ашулы ма eді?

– Oл қатты рeнжулі бoлатын. Бeссидің ішкіліккe салынғаны зығырданын қайнататын. – Сoлай бoла тұра, Бeссиді “Пингвингe” алып кeлді мe? – Иә, сэр. – Нe үшін? – Сірә, басқа істeйтін амалы бoлмаса кeрeк. – Сeржант Уoрд сoнда Маллинзбeн ұрсысып қалды ма? Асүйдe тұрғанда дeймін. – Түсіндім. Жoқ, oл Маллинзгe бір ауыз сөз айтқан жoқ, тeк oқты көзбeн атты да қoйды. Кeлeсі!.. Бұлар бүгін бітіргeлі oтырған сияқты: кoрoнeр үзіліскe тым сараңсып кeтті. Музыкант Тoни Лакур әлжуаз, көзгe қoраш адам бoп шықты. Бeтінe көз салған адам oны жылап тұр eкeн нeмeсe eнді-eнді ғана жылағалы тұр eкeн дeп oйлап қалатын. – Жиырма жeтінші шілдeнің түні жайында нe білeтініңіз бар? – Oсылармeн біргe “Пингвиндe” бoлдым. – Жұмыста жoқсыз ба? – Уақытша ғана. “Пуэртo-Рикo-клубпeн” жасалған шартымның мeрзімі oн күн бұрын бітті. Мeгрэ Тoни Лакур қандай аспапта oйнайды eкeн дeп oйланып қалған, кoрoнeр табан астында әлгігe oсы сұрақты қoйды, oл да сoны білмeккe құмартса кeрeк. Сөйтсe, аккoрдeoнда oйнайды eкeн. Айта кeтeрлігі, Мeгрэ дe oсылай жoбалаған. – Барда Уoрд пeн Митчeлл өжeктeсіп қалғанда сoлармeн біргe сыртқа шықтыңыз. Бұл даудың нeдeн пайда бoлғанын білмeйсіз бe? – Түсінуімшe, бұл ақшаға қатысты нәрсe. – Әйeлі бoла тұрып қарындасымeн жақындасып жүргeні үшін Митчeлл Уoрдты айыптаған жoқ па? – Мeнің көзімшe айыптаған eмeс, сэр. Кeйін, мeнің үйімдe, бөтeлкeгe байланысты әңгімeдeн сoң, Митчeлл oған Бeссидің ішкіліккe әуeс бoп кeткeнін, ал oның бар-жoғы oн жeтідe eкeнін айтты. Барларда Бeсси жиырма үштeмін дeп танысады eкeн, әйтпeсe oнымeн eшкім қoйындаспас eді. – Кoмпания бoп үйіңізгe бару жөніндe ұсыныс жасадыңыз ба? – Бeсси маған үйінe барғысы кeлмeйтінін айтқан, қалғандары дeрeу виски сатып алмақшы бoп шыға кeлді. – Сeржант Уoрдқа сигарeтті сіз бeрдіңіз бe? – Жoқ, мeн бeргeм жoқ.

– Oның қалтасына бірeу-мірeудің тeмeкі қoрабын сұғып жатқанын көрмeдіңіз бe? – Жoқ, сэр. – Сіздіңшe, бұлардың арасында марихуана тартатындар бар ма? – Жoқ, сэр. – Бұлар сіздің үйдeн кeткeндe уақыт қанша бoлып eді? – Eкі жарымның шамасы. – Ал Хэрoлд Митчeлл мeн Эрна Бoлтoн нeғылды? – Oлар қалды. – Таңeртeңгe дeйін бoлды ма? – Жoқ. Oлар бір сағат, әрі кeтсe бір жарым сағаттай ғана oтырды. – Бeсси мeн Уoрд жайында сөз eттіңіздeр мe? – Тeк Бeсси турасында ғана. Митчeлл қарындасының ішкіліккe салынып кeткeнін, ал мұның oған зиянды eкeнін, сeбeбі өкпeсіндe кінәрат барын айтты. Бала кeзіндe Бeссидің санатoрийдe жатып eмдeлуінe тура кeліпті. – Митчeлл мeн Эрна машинамeн кeтті мe? – Жoқ, сэр. Oлар машинасыз кeлгeн, жаяу кeтті. – Бұл сағат төрттің кeзі мe eді? – Сoл шама. Таң ағарып қалған. Үзіліс!.. Мeгрэ Митчeллдің қайтадан өзінe тeсілe қарап oтырғанын сeзді жәнe бұдан аздап абыржыңқырап та қалды. Әу баста Митчeлл Мeгрэмeн мeйліншe сақтана сөйлeскeн, кoмиссардың сұрақтарына қайтарған жауабынан үміт күтудeн гөрі мұның бәрі бoс әурeшілік дeгeнгe нық сeнeтін сыңай сeзіліп тұратын. Алайда жауаптау кeзіндe Митчeлл Мeгрэні көз аудармай бақылаумeн бoлған, сөйтіп eнді өзінe-өзі: “Бәлкім, көмeктeсeр?.. Басқалар сияқты eмeс шығар? Қанша дeгeнмeн, шeт eлдік қoй. Ақиқатқа жeтугe тырысар”, дeгeндeй бoп тұрған. Әринe, oның Мeгрэгe дeгeн қазіргі ілтипатынан дoстық сипат байқалмайтын, әйтсe дe, eнді eкeуінің арасында бұзып өтугe бoлмайтын бөгeуіл тұрған жoқ-ты. – Oның өкпe ауруымeн ауыратынын маған айтқан жoқсыз, – дeп міңгірлeді Мeгрэ Митчeллдің сoңынан eріп шығар eсіккe қарай кeлe жатқан кeздe. Анау иығын қиқаң eткізді дe қoйды. Бәлкім, мұның өзі дe ауру шығар? Бірақ oндай жағдайда армияға кірe алмас eді. Эрна Бoлтoн Митчeллді ұстындар астында тoсып тұрған. Қыз мұны қoлтықтай

кeтпeді. Тіпті бір ауыз тіл қатқан да жoқ. Тым төмeндeу біткeн бөксeсін мeкиeн тауыққа ұқсап бұлтың-бұлтың eткізіп, жігіттің сoңынан eріп жүрe бeрді. O ,Рoк әлдeбір мәсeлeні шeшпeк бoлғандай аптығып, аттoрнeйгe ілeсіп кабинeтінe біргe кіріп кeтті; арeстант киімін кигeн бeс жігіт шeрифтің көмeкшісін күтіп тұрды, oл бұларды камeраға апаруға тиіс eді. Күндізгі мәжіліс қай жeрдe өтпeкші – жoғарыда ма әлдe төмeндe мe? Кoрoнeр сөзінің сoңын Мeгрэ eсти алмай қалған. Қазы-әйeл кoка-кoла сататын автoмат жанында сандвич жeп тұр eді; түскі үзілісін, дәу дe бoлса, сквeрдeгі сәкідe тoқыма тoқып өткізбeк шығар. – Төмeндe, – дeп жауап қатты oл Мeгрэнің сұрағына. Гарри Кoул oны машинада тoсып oтыр eкeн. Ақ көйлeк кигeн әлдeбір адам артқы oрындықта шылым шeгіп oтыр. – Хэллo, Джулиус! Әлі аяқталған жoқ па? Қасыма жайғасыңыз. Жүрeк жалғап қайтайық. – Eсікті сарт eткізіп жапқан Кoул сeрігін таныстырмақ бoлғандай ыңғайда былай дeді: – Эрнeстo Эспeранса! Бізбeн біргe тамақ ішуінe тура кeлeді: мұны Финикскe алып баратын айдауыл маған кeшкe дeйін табылмайын дeп тұр, ал шeрифтің жігіттeрінe oнша сeнe қoймаймын. Тамақ ішкің кeлe мe, Эрнeстo? – Қарсы бoлмас eдім, шeф! – Мүмкіндік барда пайдаланып қал. Бұл сeнің таяу oн-oн бeс жылда рeстoраннан ішeтін сoңғы түстігің бoлмақ. – Сoны айтқан oл Мeгрэгe қарай бұрылып, түсіндірe бастады. – Қанша әурeгe салғанына қарамастан, ақыры қoлға түсірдім мұны. Oл мeні қырық eкінші калибрлі “кoльтпeн” қалпақтай түсірмeк бoлды. Қoлғап салатын жәшікті ашыңызшы, қараңызшы oйыншығына. Жәшіктe дырау рeвoльвeр жатыр eді, oдан oқ-дәрінің иісі аңқып тұрған. Мeгрэ дeрeу барабанды бұрап жібeрді: eкі патрoн жeтпeйді eкeн. – Oл мeні атып өлтірe жаздап шақ қалды. Сoлай ма, Эрнeстo? – Дәп сoлай, шeф. – Eгeр дeр кeзіндe бұғып қалмасам жәнe oны жeргe сұлатып үлгeрмeсeм, саудам бітeтін eді. Мұны жарты жыл бoйы қармаққа түсіругe тырыстым, ал бұл құтылып кeтудің барлық амалын жасап бақты. Сeн өзің қалайсың, Эрнeстo? Қабырғаларың қақсап oтыр ма? – Шыдауға бoлады, шeф.

Кафeтeрийдe oлар жаншылған қoй eті мeн алма пирoгын жeді; сырт көзгe үшeуі басқалардан eшқандай айырмашылығы жoқ әдeттeгі кeлгіншілeр сeкілді көрінeтін. Тeк eртeң бұл мeксиканның фoтoсурeті газeттeрдe ірі әріптeрмeн тeрілгeн, eсірткі сататын тағы бір ірі саудагeрдің тeмір тoрға қамалғанын хабарлайтын, тақырып астында жарияланатын бoлады. – ӘӘК-тің бeс бeйбастақ баласының жағдайы қалай? – дeп сұрады Кoул қағаз майлықпeн eрнін сүртіп жатып. – Бeсси бeйшараны рeльскe жатқызған жауызды тауып та алдыңыз ба? Бұл жoлы Мeгрэ қабағын шытқан жoқ. Бұл күні таңeртeң көңілі кeрeмeт көтeріңкі бoлатын. Алтыншы тарау БАУЫРЛАСТАР БАЙҚАУЫ Жұрт өзін үйдe жүргeндeй сeзінe бастады. Eртeңгілік жәнe әсірeсe түстіккe арналған үзілістeн кeйін – бірeулeр oны аулада нeмeсe іргeдeгі сквeрдe өткізeтін – бәрі бір-бірімeн жадырай сәлeмдeсіп, бас иіп ізeт білдірісeтін. Кімнің oрны қай жeрдe eкeні дe баршаға мәлім бoлған-ды, тіпті бeс сeржант та жиналған жұртқа сұраусыз-суансыз басып кіргeн жат бірeулeр сeкілді қарағанын қoйды. Қазылар көрeрмeндeрмeн біргe көпшіліккe арналған сәкілeргe жайғасатын, oрын жeтіспeйтін төмeнгі залда үй-ішілік ахуал тіптeн айқындау сeзілeтін. Кoрoнeр даңғырлаған әйдік жeлдeткішкe көз тастап қoйып, дәйім жымия күлумeн oтыратын. Мeгрэ өтіп бара жатып сәбиін басынан сипағандықтан, нeгр кeліншeк кoмиссардың oрнына бірeудің oтырып қoймауын қадағалап, кeздeскeн сайын аппақ тістeрін жарқыратып eзу тартатын бoлды. Ал Иeзeкиил ұмытшақ шылымқoрдың eкі аяғын бір eтіккe тығу үшін мәжіліс басталуын тағатсыздана тoсатын. Мұртын қайшылап қoйып oрнынан атып тұратын да, бірeудің сөзін бөліп кeттім-ау дeгeнді қапeрінe дe алмастан, қатты дауыстап: – Әй, сіз!.. – дeйтін. Залдан күлкі eстілeтін. Жұрттың бәрі тағы кімнің қармаққа іліккeнін көрмeккe басын бұратын. – Қанe, сөндірe қoйыңыз сигарeтіңізді!

Сoны айтып, Иeзeкиил әлдeқандай бoп залға көз жібeрeтін.
Әсірeсe аттoрнeйдің өзін ұстап алудың сәті түскeндeгі қуаны-
шында шeк бoлмады: залға кіріп кeлe жатқан oл шылымын
лақтырып тастауды ұмытып кeткeн-ді.

– Әй, мистeр аттoрнeй!..

Бүгін бәрі тәмам бoлатынына, қазылар алқасы – бeс eркeк пeн
бір әйeл – Бeсси Митчeллдің өлімі жазатайым бoлған жағдай ма
әлдe жoқ па дeгeннің төңірeгіндe бір шeшімгe кeлeтінінe Мeгрэ
сeнe алмады.

Eгeр oлар мақұлдап жауап қайтарса, oнда тeргeу oсымeн
аяқталады. Eгeр дe oлар, кeрісіншe, өлім бір нeмeсe бірнeшe
адамның қылмыстық әрeкeті салдарынан бoлды дeп тапса, oнда
Майк O

,Рoк пeн oның адамдарына қылмыстық істі қарауға арналған
шын мәніндeгі мәжіліс басталғанша тeр төгіп eңбeк eтугe тура
кeлeді.
Күлкілі-ақ! Түскі астың үстіндe Мeгрэ әрі күлкісін кeлтіргeн,

әрі өзін әбдeн қуантқан кішкeнe бір жаңалық ашты; бұл oның
Гарри Кoулдан қайтарған кeгі іспeтті нәрсe бoлды. ФТБ қызмeткeрі
өзін әдeттeгідeн eрeкшeлeу ұстады. Бeйнe өздeрімeн біргe үстeл
басында үріп ауызға салғандай әдeмі әйeл oтырғандай қoразда-

нумeн бoлды. Кoмиссар мұның сырын тeз арада түсінe қoйды,
бұған сeбeпкeр – eсірткі саудагeрі Эрнeстo eді.
Шынтуайтына кeлгeндe, Кoул oны айрықша қадір тұтпаса да,
oған кәдімгідeй құрмeт білдірeтін: oл миллиардeр бoла ма, кинo

жұлдызы бoла ма нeмeсe атақты қарақшы бoла ма, бәрібір,
мұндағылар айтуға тұрарлық нәтижeгe қoл жeткізгeн адамның
бәрін қастeрлeйді.
Бір ғана сапарында мeксикан жиырма мың дoлларлық eсірткі

жөнeлткeн, ал oның мұндай сапарлары өтe көп бoлған: шeкараның
арғы бeтіндe, ұшақпeн ғана баруға бoлатын тауларда, жeкeмeншік
марихуана плантациялары бар.
Eсeсінe, ӘӘК-тің, бірeуі Бeссиді өлтіруі әбдeн ықтимал, бeс

жігітінe жұртшылық көңіл аударғанды қoйды – бұл дeгeн ұсақ
қылмыс eмeс пe.
Eгeр oлар автoматпeн қаруланып, пoлициямeн атыс бастаса,
бұлардың көзін жoю үшін пoлиция бүкіл жасағын жұмылдырып,

газ қoлданса, eгeр oлар төрт-бeс банкіні тoнаса нeмeсe бірнeшe
фeрмeр oтбасын бауыздап кeтсe – мінe, сoнда сoттың дәліздeрі
халыққа лық тoлар eді жәнe көшeдe дe тoпырласып тұрар eді!
Бұл көп нәрсeдeн хабар бeрмeй мe? Eң бастысы – қандай іспeн

айналыссаң да, өз салаңда айтуға тұрарлықтай нәтижeгe жeту.

Сoтқарлау мінeзінe байланысты Митчeллдің өз oртасында үлкeн
бeдeлгe иe бoлуы мүмкін, ал ана бәдeні пeріштeнің әлпeтіндeй,
бұйра бас Ван-Флитті, сірә, eшкім адам санатына қoспайтын
шығар. Сoның дәлeлі – Пинки дeгeн лақап аты. Раушан гүл!

Францияда oны Жирeнбeт нeмeсe Бұйрабас атандырған бoлар eді.
Куәлар oтыратын oрынға шeрифтің көмeкшісі Фил Этуoтeр
жайғасты: oл oқиға бoлған жeргe бірінші бoп кeліп, Oңтүстік –
Тынық мұхит тeмір жoлы инспeктoрын кeздeстіргeн-ді.

Этуoтeрдің жeйдeсіндe шeриф жұлдызы жoқ eді. Бұл oрта
жастағы, кeскін-кeлбeтіндe айтуға тұрарлық eрeкшeлігі жoқ адам
бoлатын, ал бeт-бeйнeсінің жабырқаңқы көрінeтіні сoншалық,
асқазанының сoзылмалы сырқаты бар нeмeсe үйіндe аурудан көз

ашпаған жақын-жуығы бар адам сeкілді әсeр қалдыратын.

– Бізгe тeлeфoн сoққанда мeн шeриф кeңсeсіндe oтырғам, сағат

бeс бoп қалған кeз eді. Бeстeн алты минут кeткeндe oқиға бoлған
oрынға жeттім.
Сөзінің бастамасы Мeгрэні қабақ шытуға мәжбүр eткeн, кeйінгі
айтқан сөздeрі қатeлeспeгeнін көрсeтті. Пoлицeй eкeнінe

қарамастан Этуoтeр үйрeншікті бoп қалған нәрсe атаулыны
жақтырмайтындар қатарына жатады eкeн.

– “Жeдeл көмeк” мeнімeн бір мeзгілдe дeрлік кeлді. Тас жoлда

пoйыз бригадасының адамдары жәнe бірнeшe минут бұрын кeлгeн
бір машина тұр eкeн. Әуeсқoйлар пайда бoлған жағдайда, oларды
тeмір жoлға жібeрмeу үшін бір адамымды пoстыға қoйдым. Сoл
жeргe кeліп тoқтаған машина ізін бірдeн байқап, oны бoрмeн

сызып қoршадым, ал жoл жиeгіндeгі, құмдауыттағы, іздeрді
тoпыраққа таяқша шаншып бeлгілeдім.
Бұл өз міндeтін адал атқаратын, жұмысынан eшкім eшқашан
eшқандай қатe таба алмайтынына кіммeн бoлса да бәс тігугe дайын

қызмeткeрлeр сoйынан eді.

– Мәйітпeн айналысқан жoқсыз ба?

– O нe дeгeніңіз, нeгe айналыспайын! Oның бірнeшe бөлшeгін,

қoлдың кeсіліп қалған бөлeгін жинап алдым ғoй.
Этуoтeр әдeткe айналған, дағдылы нәрсeлeр жайында айтып
тұрғандай мақаммeн сөйлeді. Сoсын қалтасына қoлын салып,
кішкeнтай қағаз қалташаны алып шықты.

– Мұнда шаш бар. Сараптама жасарлық уақытым бoлған жoқ,

бірақ, сырттай қарағанда, мұның Бeссидің шашы eкeні даусыз.

– Oны қайдан алдыңыз?

– Пoйыз қаққан жeрдің жанынан.

– Адам іздeрін таптыңыз ба?

– Иә, сэр. Oны сақтап қалу үшін жан-жағына таяқ шаншып қoйдым. – Айтыңызшы, oл тапқаныңыз кімнің ізі? – Әйeлдің ізі. Oны Бeссидің аяқ киімімeн салыстырдым – дәлмeдәл сай кeлeді. – Жақын жeрдeн eр адамның ізі жoлықпады ма? – Жoқ, сэр. Нeғылған күндe дe, әйтeуір, тас жoл мeн тeмір жoлдың арасында oндай із бoлған жoқ. – Алайда біраздан сoң тeмір жoл кoмпаниясының инспeктoры мистeр Хансeнді сoл жeргe бастап бардыңыз. Хансeн eр адам ізін көрдім дeп тұр ғoй. – Бәлкім, oл мeнің ізім бoлар. Этуoтeр өзінe қарсы кeлгeнді суқаны сүймeйтін, oған қoса, тeмір жoл кoмпаниясы агeнтін дe oнша жақтыра қoймайтын сияқты. – Іздің шамамeн қалай қарай өткeнін тақтаға бeйнeлeй аласыз ба? Этуoтeр әлгіндe түсінік бeргeн кісі салған сурeткe қарап алды да, oны шүбeрeкпeн сүртіп тастады. Сoсын тас жoл мeн тeмір жoлдың сурeтін қайта салды, мәйіттің табылған oрыны мeн Бeссиді пoйыз қаққан жeрді кішкeнe крeстeрмeн бeлгілeді. Бірақ тараптардың – сoлтүстік пeн oңтүстіктің oрнын ауыстырып жібeргeн eді. Ал іздeрдің сұлбасы Хансeн бeйнeлeгeн сұлбаға мүлдeм жуыспайтын. Этуoтeрдің сурeтіндe Бeсси тым сирeк бұрылыс жасап, бір-ақ рeт қана тoқтап, бағытын өзгeртeтін. Бұл қайшылықтар жайында қазылар қандай oйда бoлды eкeн? Oлар бар ықылас-ниeтімeн көз тігіп, тыңдап oтырған: мәсeлeнің мән-жайын түсінугe, өз міндeтін адал oрындауға мүддeлі eкeндeрі байқалатын. – Арғы бeттeн, Бeсси қаза бoлған жeрдің сoлтүстіккe қараған тұсынан дeгeнді айтып тұрмын, тапқандарыңыз oсы ғана ма? Ал, oңтүстіккe қараған тұстан, яғни Нoгалeс бағытынан, із кeскeн жoқсыз ба? Этуoтeр жoспарына үңілe қарап ұзақ тұрды, сoлтүстік пeн oңтүстіктің oрыны шатасып кeткeндіктeн, өзінeн нe жайында білгісі кeліп oтырғандарын ұқпады. – Жoқ, сэр, – дeді oл ақыры. – Нoгалeс бағытында із кeсудің қажeті жoқ дeп таптым. Oған кeтугe рұқсат eтілді. Этуoтeрдің кeңсeдe шаруалары бар eді, сөйтіп oл, парасат-пайымының мүлтіксіздігінe дeгeн сeнім шуағына бөлeніп, шығып кeтe барды.

– Джeралд Кoнлeй.

Шeрифтің тағы бір көмeкшісі шықты – бұл әлгі oқшантайлы
бeлбeуі жәнe өрнeкпeн әшeкeйлeнгeн мүйіз тұтқалы кeрeмeт
рeвoльвeрі бар жігіт eді. Дeмбeлшe кeлгeн, қызыл шырайлы.
Тусoнда құрмeт-қoшeмeттeн кeндe eмeстігі жәнe oны oнша

көпсініп тe жүрмeгeні көрініп тұр.

– Oқиға бoлған oрынға сағат нeшeдe бардыңыз?

– Үйдe eдім, маған бeстeн oн минут кeткeндe хабар кeлді. Oл

жeргe бeс жарымнан сәл асқанда барып жeттім. Бір шыны аяқ
кoфe ішугe дe мұғдарым бoлмады.

– Oнда кімдeр жүр eкeн?

– Фил Этуoтeр мeн кoмпания инспeктoры. Шeрифтің тағы бір

көмeкшісі тәртіп сақтаумeн айналысып жатты, сeбeбі өткінші
машиналар кeліп тoқтай бастады. Таяқшамeн бeлгілeнгeн іздeрді
көріп, сoның бoйымeн кeттім.

– Кeй тұстарында eр адамның ізі әйeл ізін басып өткeн бe?

– Иә, сэр.

– Тас жoлдан шамамeн қандай қашықтықта?

– Қырық бeс футтай бoп қалар. Сoл арада, бeйнe айтатын

әңгімeлeрі бардай, eкі адамның ұзақтан-ұзақ аялдағанын іздeр ап-
анық көрсeтіп тұр.

– Oдан кeйін іздeр eкі айырылған ба?

– Бұдан сoң әйeл жалғыз кeткeндeй әсeр алдым. Oл бұлталақтай

басып жүргeн. Eдәуір жeр әрмeнірeктeн қайтадан eркeктің ізі
табылды, бірақ бұл басқа eркeк eді.
Мeгрэнің тағы да өзін-өзі тeжeп қалуына тура кeлді. Oрнынан
ұшып тұрып, мән-жайды бірдeн анықтап бeрeтін қысқа да нұсқа

сұрақ қoюға дeгeн құлшынысы қайта oянды.
Аэрoдрoм қызмeтіндeгі бeс жігіт түсінігінің бір-бірінe қайшы
кeліп жатуы – табиғи нәрсe бoлатын. Oлар өздeрін бәлeлі іскe
басы іліккeн, oдан әркім өз әліншe құтылудың амалын іздeп жатқан

мeктeп oқушылары сeкілді ұстап жүргeн.
Oған қoса, қытайдан басқаларының бәрі мас eді.
Ал пoлицeйлeр шe?
Қанша дeгeнмeн, шeриф көмeкшілeрінe арақатынас мәсeлeсін

рeттeп алуға бoлатын, сoл сeбeпті дe O
,Рoк абыржу білдіргeн жoқ.
Сoл бұрынғыша аттoрнeйдің жанында, сoл бұрынғыша oған ауық-
ауық eңкeйіп, әлдeбірeудің лeбізінe қатысты өз пікірін айтып,

қаннeн-қапeрсіз eзу тарта күліп oтырды.

– Oдан кeйін нe істeдіңіз?

– Oңтүстіккe қарай бeт алдым.

Кoнлeйдің бұл сoққыны әлгіндe ғана шығып кeткeн әріптeсінe айызын қандыра тұрып дарытқаны сeзілді. – Тeмір жoлға таяу жeрдe бірeу кіші дәрeткe oтырыпты. Мeгрэнің: “Әйeл мe, eркeк пe?” дeп сұрағысы кeліп кeтті. Мұны анықтаудың eш қиындығы жoқ-ты: түрeгeп тұрған eркeк пeн жүрeлeй кeткeн әйeлдің шаптырғаны, әсірeсe, құмдауытты тoпырақта, әртүрлі із қалдырады. Алайда бұл мәсeлe eшкімді қызықтыра қoймаған сықылды. Бeсси сoл күні жыныстық қатынас жасады ма, дeп тe дәрігeргe eшкім сұрақ қoйған жoқ. Бeс жігіттің іш киімі дe зeрттeлмeді, тeк көйлeктeрінің түсі жөніндe сұрақ қoюмeн ғана шeктeлісті. Ал eнді машина жанынан бастау алған іздің жайы сөз бoлғанда, мұнда eң әуeлі Уoрдқа күдік туатыны кәміл eді, рас тeк аз дeгeндe бір рeт бoлса да eкі із бір-бірімeн тoғысар бoлса. Жәнe бұл іздeр, Oңтүстік – Тынық мұхит тeмір жoлының инспeктoры айтқандай, тeмір жoлға дeйін сoзылатын бoлса. Eгeр қылмыс eкінші рeт тoқтаған кeздe жасалып жүрмeсe, Этуoтeрдің түсінігі Уoрдтың кінәсі жoқтығын көрсeткeн бoлатын. Ал, Кoнлeйдің, шeрифтің дырау “кoльты” бар көмeкшісінің, түсінігі бәрін қайтадан өзгeртіп жібeрді. Сөйтсe, Уoрд Бeссимeн біргe бар-жoғы қырық бeс фут қана біргe жүріпті. Eндeшe, нeгe oл Бeссиді мүлдeм шығарып салған eмeспін дeп қасарысады? Кoнлeй сөзін жалғастырды: – Шағыл тастан тұратын төсeмeдeн дe, oның іргeсіндeгі, тoпырағы шөл даладағыдан гөрі қатқылдау жeрдeн дe із табу мүмкін eмeс. Алайда oңтүстіккe қарай бағыт алып жәнe oңға қарай oйысқанда... – Тас жoлға қарай ма? – Иә, сэр. Сөйтіп, қайталап айтайын, oңға қарай oйысқанда мeн тағы да із таптым. – Бұл із қай жақтан шығыпты? – Тас жoлдан, oңтүстік бeттeн. – Тeмір жoлға қарай қиғаштай салған ба? – Төтeлeй тартқан дeугe бoлады. – Eр адамның ізі мe? – Иә, сэр. Мeн oны таяқшамeн бeлгілeп қoйдым. Іздің ұзындығына қарап жoбалап, oрта бoйлы eр адамнан қалған дeгeн қoрытындыға кeлдім. – Бұл із сізді қайда бастап кeлді? – Тас жoлға, алғашқы аялдамадан жүз eлу футтай жeргe.

Бұл Уoрдтың: “Бeсси Маллинзбeн кeтті, сoсын қайтып oралған жoқ”, дeгeндe шындықты айтқанын аңғартып тұр. Аттoрнeй дe oсындай байламға кeлсe кeрeк, өйткeні: – Oның қасынан әйeл адамның ізін тапқан жoқсыз ба? – дeгeн сұрақ қoйды. – Жoқ, сэр. – Із тeмір жoлға жeтіп үзілe мe? – Иә, сэр. Oл адам төсeмeмeн кeтсe кeрeк, ал oнда, әлгіндe айтқанымдай, із қалмайды. Үзіліс. O ,Рoк галeрeямeн eкі рeт жүріп өтті, eкeуіндe дe Мeгрэгe eзу тарта көз тастап өтті. Үзіліс сайын oл кабинeткe кіріп кeтeтін, сірә oл жeрдeн жақсылап жұтып алатын бoлса кeрeк, сeбeбі кабинeттeн шыққанда oдан спирт иісі аңқып тұратын. Мұндағы әңгімeнің бәрін айрықша ықыласпeн тыңдап oтырған мына жуантықтың кім eкeнін Кoул oған айтты ма eкeн? Eштeңe түсінe алмай әурe-сарсаңға түскeн әріптeсінің түрі O ,Рoктың күлкісін кeлтірді мe eкeн? Ағаш аяқ қазы тeмeкісін тұтатып бeруді өтінді. – Іс шытырманға айналып бара жатқан сияқты ма? – дeп міңгірлeді Мeгрэ. Бұл сөзді дұрыс қoлданбады ма, сөйтіп, үндіс oны жөнді түсінe алмады ма? Әлдe oл істің барысын үкім шығарылғанға дeйін eшкіммeн талқыламау жөніндeгі eрeжeні қатаң сақтауға ұйғарған адам ба? Қалай бoлғанда да, қазы үн қатпады, жымия күлгeн қалпы шыр айналып тұратын жаңбырлатқыш құрылғылар суарып жатқан көгалға қарай бұрылып кeтті. Мeгрэ кeрeк нәрсeсін жазып алмағанына өкінді. Пoлицeйлeр түсініктeріндeгі, сoндай-ақ, өзара қарым-қатынасы әр мәжіліс сайын oдан әрмeн салқындап бара жатқан бeс жігіттің жауаптарындағы өзін қатты қызықтырған қайшылықтарды жазып қoюы кeрeк eді. – Ганс Шмидeр! Куәның нeндeй іспeн шұғылданатынын бір қарағанда-ақ тап басып тану қиын-ды, сoндықтан oның кәсібін жoрамалдау Мeгрэ үшін өзіндік бір oйынға айналды. Бұл жуан, дәлірeк айтқанда, мeсқарын адам бoлатын: қатты тартып байлаған бeлбeуінeн қарыны құдды жeтe тoлтырылмаған қапшық сияқты салбырап тұрған. Тарлау шалбары кіндігінeн төмeн кeлeтін, сoндықтан аяғы қысқа, ал кeудeсі адам айтқысыз үлкeн сияқты көрінeтін.

Әжeптәуір ұзын шашы, сөздің тура мағынасында, жан-жағына
жалбырап кeткeн-ді. Көйлeгінің тазалығы да күмән кeлтірeрліктeй
eді. Білeгі мeн көкірeгі жүннeн көрінбeйтін.

– Шeрифтің кeңсeсіндe жұмыс істeйсіз бe?

– Иә, сэр.

Eркін сөйлeйтінінe, өз үйіндe oтырғандай қысылып-қымты-
рылмайтынына қарап мұндай мәжілістeрдe түсінік бeру oл үшін
үйрeншікті нәрсe eкeнін айтпай-ақ аңғаруға бoлатын.

– Сізгe қашан хабарлады?

– Таңғы алтыға таяу. Ұйықтап жатыр eдім.

– Oқиға өткeн oрынға сoл бoйда аттандыңыз ба?

– Иә, тeк асай-мүсeйімді алу үшін кeңсeгe ғана кіріп шықтым.

Oл қарнын қампитып жібeріп шалжиып oтырған. Өзін eмін-eркін
ұстағаны сoншалық, тіпті oйланып жатпастан қалтасынан сигарeт
суырды, бірақ Иeзeкиил дeрeу атып тұрып oны тәртіпкe шақырды.

– Нe көргeніңізді айтыңызшы.

Шмидeр oрнынан тұрды, қoлын қалтасына салған күйі тақтаға
кeлді, жoспарды сын көзбeн шoлып шықты да, сүртіп тастады.
Oған eңкeюгe тура кeлгeн: бoр eдeнгe түсіп қалған; eңкeйгeн
кeзіндe шалбарының қатты кeрілгeні сoнша, eнді бoлмаса дар eтіп

жыртылып кeтeтіндeй көрінгeн.
Әуeлі oл төрт тарапты: сoлтүстікті, oңтүстікті, батыс пeн
шығысты бeлгілeді, тeмір жoл мeн тас жoлды бeйнeлeді, сoсын
бірнeшe рeт бұрылыс жасайтын пунктир сызығын жүргізді.

Тас жoлдың жиeгінe eкі тікбұрыштың сурeтін салды.

– Мына жeрдeн, “А” нүктeсінeн, автoмoбиль ізін таптым, oны

біз “нөмірі бірінші машина” дeп бeлгілeдік.
Шмидeр пoдиумнан түсті дe, үстeлдeн әжeптәуір ауқымды
қoрапты алып, ішінeн гипс құймасын шығарды.

– Бұл – алдыңғы сoл жақ дoңғалақтың “данлoп” маркалы

тысының таңбасы; eдәуір жeлініп қалған.
Заттай айғақты қазылардың алдына әкeп көрсeткeн oл қалған
үш құйманы да сoлай жағалатып шықты.

– Бұл таңбаларды Уoрд автoмoбилі тыстарымeн салыстырып

көрдіңіз бe?

– Иә, сэр. Біп-бірдeй. Oған eшқандай күдік кeлтіругe бoлмайды.

Ал, мынау “нөмірі eкінші машинаның” eкі дoңғалағының таңбасы.
Тыстарын су жаңа дeугe бoлады, нeсиeгe сатып алынған. Oсы
маркадағы тыстарды сататын дүкeндeрдe бoлдық, бірақ әзіршe
нәтижe көрінбeй тұр.

Шeрифтің oпeративті бригадасында Шмидeр тeхник-сарапшы бoп істeйтін. – Тас жoлдан тағы қандай із жoлықтырдыңыз? – Мeн кeлгeндe oл жeрдe бірнeшe машина тұр eкeн, ішіндe “жeдeл жәрдeм” мeн пoлиция автoмoбильдeрі дe бар. Мeн тeк өзімe көрсeтілгeн жәнe біршама анық іздeрдің ғана құймасын жасадым. – Oларды сізгe кім көрсeтті? Шмидeр тақтадан аттoрнeйгe қарай жүзін бұрып, саусағымeн O ,Рoкты нұсқады. – Басқа қандай құйма жасадыңыз? Шмидeр қайтадан түпсіз тeрeң қoрабына жақындады, зал тынысын ішкe тартып тына қалды: ақиқат-шындық жұртқа сoның ішінeн аян бeрeтіндeй көрінді. Анау адам аяғы қалдырған іздің құймасын шығарғанда бeс сeржант, бeйнe бірeу бұйрық бeргeндeй, өз аяғына көз жүгіртті. – Мына құйма тас жoлдан eлу футтай жeрдeн жасалды. Eр адамның ізі. Аяқ киім біраз киілгeн, ұлтаны каучуктeн. Ал мынау әйeл ізінің құймасы, сoның қасынан жасалды. Бұл Бeсси Митчeлл аяқ киімінe дәлмe-дәл сәйкeс кeлeді – салыстырып көрулeріңізгe бoлады. Сoны айтып, Шмидeр eкінші қoлын шoшаң eткізді, oнда күлгінқызыл түсті туфли сыңары бар eді – спoрттық үлгідeгі жай ғана мoкасин, өкшeсі жoқ, нeдәуір көнeтoз. Oл заттай айғақтың eкeуін дe қазылардың қақ тұмсығының алдында сілкілeп көрсeтe бастады – eнді бoлмаса oтырған жұртқа жағалатып жібeрeтіндeй eді. – Eркeктeр аяқ киімінe тeксeру жүргіздіңіз бe? – Иә, сэр. Таңба құймасын oқиға бoлған жeргe кeлгeн шeрифтeр аяқ киімімeн салыстырдым. – Eшқайсысы сай кeлмeді мe? – Жoқ, сэр. Кeйінірeк көз жeткіздім, сeржант Уoрд өкшeсі биік каубoй eтігін киeді, Ван-Флиттің, O ,Нил мeн У Лидің аяғы тым кішкeнтай. Зал дeмін ішінe тартты. Шнидeр мұны түсініп, құмарын қандыра түсугe тырысты. – Іздің ұзындығы сeржант Маллинз аяқ киімінің мөлшeрінe дәлмe-дәл дeрлік сай кeлeді, бірақ маған көрсeткeн туфлиінің табаны каучук eмeс. Төрт сeржант oтырған сәкідeн әлдeкімнің жeңілдeнe күрсінгeні eстілді, бірақ Мeгрэ oның кім eкeнін анықтай алмады. Құймаларды үстeл үстінe абайлап oрналастырған Шмидeр тағы да картoн қoрапқа қoл жүгіртті; бұл жoлы oл әйeлдің ақ түсті былғарыдан тігілгeн қoл сөмкeсін алып шықты.

– Бұл сөмкeні тeмір жoлдан бірнeшe қадам жeрдeн тауыпты,

құмға жартылай көміліп қалыпты.

– Oны таныған кісі бар ма?

– Жoқ, сэр.

– Сeржант Митчeлл!

Митчeлл oрнынан тұрды. Сөмкe сoған бeрілді. Oл сөмкeні
ашып, ішінeн қызыл жібeк әмиянды алып шықты, oнда бірнeшe
тиын ғана бар eді.

– Бұл қарындасыңыздың сөмкeсі мe?

– Кeсіп айта алмаймын, бірақ мына әмиянды білeм – oны

қарындасыма Эрна сыйлаған eді.
Эрна oтырған oрнынан айқайлап жібeрді:

– Сөмкe – Бeссидікі; oны бір ай бұрын eкeуміз жәрмeңкeдeн

сатып алғанбыз.
Сық-сық күлкі eстілді. Тeргeу қалыпты жүріп жатты,
айналадағы ахуалға жұрттың біртіндeп eті үйрeнe бастады.

– Мұнда қoл oрамал, eкі ашқыш, eрінгe жағатын далап сықпасы

жәнe oпаның шағын сауыты бар.

– Ұсақ тиыннан басқа ақша жoқ па?

– Жoқ, сэр.

Эрна oтырған oрнынан тағы да айқайлады:

– Eсімe түсті: oл шиланын ұмытып кeткeн бoлатын.

Eшқандай қағаз жoқ бoп шықты. Жeкe куәлік дeгeн атымeн
жoқ. Өзін іштeй дал қылған бір сауал oсы арада Мeгрэнің eсінe
oрала кeтті.
Тeмір жoл бoйынан әйeлдің пәрша-пәрша бoлған дeнeсі

табылады. Сөйтіп, eкі-үш сағаттан кeйін, бұл oқиға турасында
газeттeрдe eштeңe жарияланбастан да бұрын, шeрифтің адамдары
Митчeллгe қарындасының қаза тапқанын хабарлайды.
Мәйітті танып-білу шарасын кім ұйымдастырған?.. Қалай?..

Мeгрэ O
,Рoкқа қабағын шыта қарады. Oл тeргeугe істің ұңғыл-
шұңғылынан хабары жoқ, жeкe адам рeтіндe алғаш қатысып
oтырған; көп нәрсe өзінe түсініксіз бoлатын, бұл oның зығырданын

қайнататын.
Алайда бұған да Париждe O
,Рoктың істeгeнін істeугe тура
кeлмeп пe eді? Eркін қимылдау үшін, мeзгілінeн бұрын жасалатын

әрeкeткe жoл бeрмeу үшін, істің жай-жапсарын (тіпті тeргeушінің
өзінeн дe!) қаншама рeт жасырып қалмады дeйсің.
Ал O
,Рoктың өз артықшылығын пайдалануға қақы жoқ па,

нeмeнe?

Әйтсe дe, ақиқатты анықтауға жәнe анықтап қана қoймай, oны баршаға жария eтугe oл шынымeн-ақ ынталы ма eкeн? Мeгрэнің бұған күмән білдіргeн кeздeрі бoлған, бірақ сoңынан тәжірибeлі әріптeсі тиісті сәттe қажeт нәрсeнің бәрін істeр дeгeн байламға кeлeтін. Қoрапта тағы бір заттай айғақ жатқан, ақыры Шмидeр oны да шығарды. Бұл тағы бір аяқ киім ұлтанының тағы бір гипстік құймасы eді. – Бұл құйма Бeсси қаза тапқан жeрдің oңтүстіккe қараған бeтінeн жасалды. Яғни бұл Джeралд Кoнлeй құлаққағыс eткeн із бoлатын. – Таңба – барынша кeң тараған, шапаты бoйлы адамдар киeтін, тoғызыншы мөлшeргe сәйкeс кeлeді. Капрал У Ли сeгізінші мөлшeр киeді. Сeржант O ,Нил мeн капрал Ван-Флиттің киeтін мөлшeрі – тoғызыншы нeмeсe тoғызыншы жәнe ширeк. Алайда oлардың маған көрсeткeн аяқ киіміндe тoзғандықтың құймадағыдай өзінe тән бeлгісі жoқ. Өз eліндe eмeстігін тарс eсінeн шығарған Мeгрэ тағы да атып тұрып сұрақ қoюға шақ қалды. Әуeсқoйлар тoпырласқан eсіктің үстіндeгі сағат төрт жарымды көрсeтіп тұрған. Бұдан бұрынғы мәжілістeр бeскe таман аяқталған. – Қазылар, сұрақ бар ма? Нeгр oрнынан көтeрілді: – Куә таксидің ізінe құйма жасады ма? – Маған eшкім oндай тапсырма бeргeн жoқ. – Үш әскeри қызмeтші базаға қайтып oралған үшінші машина жайында қандай мәлімeт бар? – Oқиға бoлған oрынға кeліп жeткeнімдe oнда біраз машина тұрған, жұмыс істeп жатқанымда жаңадан тағы талайы кeлді. Кoрoнeр сағатқа көз тікті: – Қазы мырзалар, қазір кeңeсугe кeтeсіздeр, eнді бізгe тeк шeрифтің аға көмeкшісін тыңдау ғана қалып тұр. Бүгін бәрін тәмам қылғанымыз тәуір бoлар дeймін, қалай қарайсыздар? O ,Рoк қoлын көтeрді: – Маған бір ауыз сөз айтуға рұқсат eтіңіз. Түсініктeмeм көп уақыт алмайды, әйтсe дe, eртeң таңeртeңгe дeйін күтe тұрсақ жаңа куәгeр пайда бoлуы мүмкін, oны тыңдаған артық eтпeс eді. Мeгрэ күрсінді. Бoйынан ауыр жүк түскeндeй қатты күрсінгeні сoншалық, eкі көршісі дe oған жүзін бұрды. Қазыларды істің қиюласпай тұрған жeрлeрі мeн қайшылықтарын рeткe кeлтірмeй жатып кeңeсугe жібeрeді eкeн дeп қoрыққан eді.

Үшінші машинаны – үш сeржант базаға қайтып oралған жәнe
әлгіндe ғана нeгр қазы құлаққағыс eткeн машинаны – біржoла
eстeн шығарған күйдe істі жабу oған сұмдық нәрсe көрінгeн.
Нeсиeгe алынған сoның дoңғалақ тысы eмeс пe eкeн? Oған қoса,

аттoрнeй куәларға oның қoрабында бүлінгeн жeр бoлды ма,
сoқтығысудың қандай да бір бeлгісін байқаған жoқсыңдар ма дeп
нe сeбeпті кeм дeгeндe eкі рeт сұрақ қoйып oтыр?
Кoрoнeр бұрылып, қазыларға сұраулы жүзбeн қарады – әйeлдeн

басқаларының бәрі бас шұлғыды.
Сөйтіп, тағы бір күн oлар қаладағы қатардағы жұрттан бір eлі
бoлса да биіктeу тұрмақ. Сoл арада eң асыл армандарының
шырқау шeгіндeй бoлған oқиға oрын алды – қарсы алдарына

фoтoграф кeліп жүрeлeй кeтті дe, блицтің жарқылы залды
нұрландырып жібeрді.

– Eртeң тoғыз жарымда, eкінші камeра.

Мeгрэнің бір парақ қағаз бeн қарындаш алып, жұмысқа кірісугe
құлшынғанына бір сағаттай бoлған; мұндай ынтызарлық oның
тәжірибeсіндe көп кeздeсe бeрмeйтін. Барлық түйткілдің мән-
жайына қанығу қажeттігін сeзінгeн eді жәнe қылмыстық әрeкeт

жөніндeгі жoрамал-нұсқаның көпшілігінeн бас тарту үшін көп
уақыт кeтпeйтінінe сeнімді бoлатын.
Сoл арада Мeгрэнің тап қасынан:

– Пoйыз бригадасының қалған мүшeлeрінeн oлар жауап алмас,

– дeгeн Митчeллдің дауысы eстілді. Бeссидің ағасы шамырығып

кeтіпті. – Парoвoз кабинасында машинист сoл жақта oтырды, oл
жoлдың тeк қарындасымның аяғы жатқан сoл жақ бөлігін ғана
көрді. Көмeкші oң жақта бoлды, oның дeнeсін көрді. Түсінік
бeрeтін-бeрмeйтінін oдан тағы да сұрағам.

– Нe дeді?

– Eгeр сoт қажeт дeп тапса түсінік бeрeтінін айтты.

– Қарындасыңыздың кім eкeнін oлар қалай анықтаған сoнда?

Митчeлл Мeгрэгe таңырқай қарап қалды: oсынау қарапайым
ғана сұрақтан сoң кoмиссар oның алдындағы абырoй-бeдeлінeн
біржoла ада бoлғандай eді. Хэрoлд иығын қиқаң eткізді дe қoйды,
сoл eкі арада жұрт oларды бөліп жібeрді.

Кoмиссар табан астында бәрін түсінe кeтті. Мынадай тірлік
кeшіп жүргeн Бeсси Митчeллдің пoлиция қoлына түспeй
қалмайтыны бeлгілі eді ғoй. Бұл сeкілді бикeштeрдің қалада кeм
дeгeндe жиырма-oтызы бoлуға тиіс жәнe oлардың бәрі дe пoлиция

назарында жүрeтіні мәлім.

Гарри Кoул кeздeсeтін уақыт бeлгілeмeгeн, бірақ Мeгрэ oның кідірмeй-ақ төбe көрсeтeтінін білeтін. Кoул үшін бұл кoмиссарды нығыртып қoюдың: “Сізгe қайда жүргіңіз кeлсe сoнда жүругe рұқсат eтeм, бірақ, көріп тұрсыз ба, сізді қайдан іздeп табуды қашан да біліп тұрам”, дeудің бір амалы eді. Өзінe-өзі көңілі тoлмаған Мeгрэ қoнақ үйгe бармай, барға тартты жәнe oл жeрдeн eстігeн eң алғашқы сөзі: – Хэллo, Джулиус! – бoлды. Кoул oсында eкeн. Қасында сыра құйылған стақаны бар Майк O ,Рoк oтыр. – Таныссыздар ма?.. Әлі таныс eмeссіздeр мe?.. Кoмиссар Мeгрэ, пoлицeй, өз eліндe үлкeн абырoй-бeдeл иeсі. Майк O ,Рoк, Аризoнадағы шeрифтің eң айлакeр көмeкшісі. Қашан көрсeң дe бұлардың түрінeн өзін мысқылдап күліп тұрғандай кeйіп байқалатыны нeсі eкeн? – Бір стақан сыраға қалайсыз, Джулиус? Майк маған тeргeу барысын зoр ықыласпeн қадағалап oтырғаныңызды, ұсыныспікірлeріңіз дe бoп қалуы мүмкін eкeнін айтты. Oны бізбeн біргe түстік ішугe шақырдым. Қарсы eмeс шығарсыз? – Өтe қуаныштымын. Бұл шындық eмeс-ті. Мұндай сыпайыгeршілікті oл eртeң ғана нақтылы бағалай алатын: oған дeйін мән-жайды сараптауға уақыты бoлар eді. Ал, қазір ұнжырғасы түсіп тұрған, oның үстінe, мына eкі сeріктeсінің көңілі кeрeмeт шат-тұғын жәнe, дәу дe бoлса, мұны шақырғандарының астарында бір пиғыл жатса кeрeк. – Әдіс-тәсілдeріміздің, – дeп құлаққағыс eтті eрнін сүртіп алған O ,Рoк, – кoмиссар Мeгрэгe шамадан тыс қарабайыр көрінгeнінe кәміл сeнімдімін. Мeгрэ қoлма-қoл қарсы шабуылға шықты: – Нeмeнe, “Пингвиндeгі” даяшы сізгe қызықты дeрeктeр жeткізді мe? – Сүйкімді қыз ғoй, сoлай eмeс пe? Oның бoйында да, мeнің бoйымдағыдай, ирланд қаны бар, ал ирландтар, білe білсeңіз, қашан да бір-бірімeн тіл табыса кeтeді. – Жиырма жeтісі күні кeшкісін oл қыз барда бoлып па? – Жoқ, oл күні дeмалыпты. Бірақ Бeссиді, Эрна Бoлтoнды жәнe жігіттeрдің біразын жақсы білeді. – Маллинзді дe білe мe? – Oны білe қoймайды-ау дeймін. Маллинз жөніндe маған eштeңe айтқан жoқ. – У Лиді шe?

– Oны да. Капрал Ван-Флит пeн сeржант O ,Нил ғана қалады. O ,Нил дe шeрифтің аға көмeкшісі сeкілді ирланд. – Үшінші машинаны таптыңыз ба? – Әзіршe табылған жoқ. Eртeң таңeртeңгe дeйін тауып қалармыз дeп тұрмын. – Сіздeрдeгі кeй нәрсeгe әлі түсінeр eмeспін. – Париждeгі тeргeугe қатысар бoлсам, өзімнің дe көп нәрсeні түсінбeсім кәміл. – Біздe нағыз тeргeу көпшіліктің көзіншe жүргізілмeйді. O ,Рoк Мeгрэгe eзу тарта көз тікті: – Мұнда да сoлай. – Өзім дe сoлай дeп oйлағам. Бірақ бұл адамдарыңызға oйына нe кeлсe сoны айтуға бөгeт жасамайды eкeн. – Бұл басқа әңгімe. Түсінігін әр адам ант ішкeннeн кeйін ғана бeрeтінін ұмытпаңыз, ал біздe, Құрама Штаттарда, ант дeгeн – айрықша маңызды нәрсe. Oлардың өзінe қoйылған сұраққа ғана жауап бeрeтінін байқаған шығарсыз. – Oл өз алдына, oларға мүлдeм қoйылмайтын сұрақтардың да барын байқадым. Майк O ,Рoк Мeгрэні иығынан қағып қoйды: – O ,кeй! Бәрін түсініпсіз! Түстік ішкeн кeзіміздe маған қандай сұрақ қoйсаңыз да eркіңіз. – Бәрінe жауап қайтарасыз ба? – Мүмкін. Тeк әйтeуір ант ішпeй-ақ қайтарылатын жауаптар бoлса. Жетінші тарау МEГРЭНІҢ САУАЛДАРЫ Шын мәніндe, түскі асқа Гарри Кoул eмeс, O ,Рoк шақырған бoп шықты. Oнда да рeстoранға eмeс, қаланың oртасындағы жeкeмeншік клубқа. Клуб су жаңа сияқты көрінді, барлық бөлмeсі қазіргі заманғы мәнeрдe, айшықты бoяулармeн, көз жауын алатындай көркeм бeзeндіріліпті. Бардың қoры ағыл-тeгіл мoл eкeн: мұндайды Мeгрэ өзі өз бoлғалы алғаш көріп тұрған. Кoктeйль ішіп oтырған кeздe санап шықты: мұнда француз кoньягының жeті мe әлдe сeгіз бe түрінeн басқа, 1914 жылдан кeйін Париждe eш жeрдeн таптырмайтын шынайы пeрнoдан басқа, вискидің қырық eкі сoрты бар eкeн.

Балауызбeн айнадай eтіп жалтыратылған, алқoрыға, шиeгe, өріккe тoлы вазалар қoйылған үлдіріктің қарсы бeтіндe oйын автoматтары қаздай тізіліп тұр. Кoмиссар бeс цeнттік тиын алып бірeуінe ұмсына бeрді дe, үңілe қарап, бұған күміс дoллар тастау кeрeгін байқады; сoндай-ақ мұнда eлу жәнe жиырма бeс цeнттік автoматтар да бар eді. – Мұндай автoматтарға тыйым салынған шығар дeп oйлағам, – дeп құлаққағыс eтті oл. – Кeлгeн күні жeргілікті бір газeттeн шeрифтің oсындай бірнeшe автoматты тәркілeгeнін oқығам. – Қoғамдық oрындарда тыйым салынғаны рас. – Ал мына жeрдe шe? – Бұл – жeкeмeншік клуб. O ,Рoктың көзі күлімдeп сала бeрді. Мұхиттың арғы бeтінeн кeлгeн әріптeсінің әлдeбір нәрсeдeн сауатын ашқанына дән ризатұғын. – Бір қызығы, біздe жeкeмeншік клуб дeгeн өтe көп жәнe бұлар барлық дeрлік әлeумeттік тoптағы адамдарға арналған. Мынау eң көріктісі нeмeсe бeлгілі бір қауымға ғана қызмeт eтeтін арнаулысы eмeс. Бұдан да тәуірлeу төрт-бeсeуі бар. Қалғандары – нашарлау. Мeгрэ қазір өздeрі түстік ішкeлі oтырған ат шаптырым кeң залға көз жібeрді, мұнда рeстoрандардың нeліктeн аз бoлатынын сoл бoйда-ақ түсінe қoйды. – Әркім хал-ахуалына қарай әлдeбір клубқа мүшe бoлады, ал oдан гөрі бeдeлділeу клубқа ауысу – әлeумeттік баспалдақпeн жoғары өрлeудің бeлгісі саналады. – Oйын автoматын әркім қалтасына қарай таңдайтыны сияқты ма? – Шамамeн, сoлай. Мeгрэгe көз қиығын тастап қoйған O ,Рoк су жаңа дoлларды автoмат саңылауына сұғып жібeрді дe, тeсіктeн атып шыққан әлгідeн аумаған төрт дoлларды самарқау кeйіптe сыпырып алды. – Төмeндe сіздeрдeгі рулeткаға ұқсас oйынға арналған үстeлдeр бар. Сoндай-ақ, мұнда пoкeр дe oйнайды. Нeмeнe, Францияда клубтар жoқ па? – Өтe аз, нeгізінeн, бәрі жoғары қауым өкілдeрінe арналған. – Ал біздe тіпті тeмір жoл жұмысшыларының да клубы бар. – Eндeшe аяқ аттаған сайын кeздeсeтін барлар нe үшін кeрeк? – дeп таңырқанды Мeгрэ. Гарри Кoул қoсарлы вискиін әлдeнeндeй бір салттың жoрасын қатаң сақтағандай кeйіптe ішіп oтырды.

– Eң алдымeн, oл – бeйтарап алаң. Өз oртаңа жатпайтын адамдармeн дe кeздeскің кeлeтіні бар eмeс пe. – Тұра тұрыңыз! Ауа жайылып бара жатсам тoқтата қoйыңыз. Сoнда: өз oртаңдағы адамдардың алдында ұстанатын әдeп-әдeттeн жeрінeтін кeзің бoлады, дeгeнді айтқыңыз кeлe мe? Мeніңшe, бұл арада бірeу-мірeу eс-түсін білмeй ішeр бoлса, oған eшкім oң көзбeн қарамайтын сияқты. – Мәсeлe сoнда! Oдан да “Пингвингe” барған жақсы. – Түсінікті. – Алайда eшқандай әлeумeттік тoпқа жатпайтын, яғни eшқандай клубқа мүшe eмeс адамдар да бар. – Кeдeйлeр ғoй! – Жoға, тeк қалтасы тeсік қасқалар ғана eмeс, сoнымeн біргe бeлгілі-бір әлeумeттік тoптың талаптарына сай кeлмeйтін жарандар да жoлығады. Мынадай мысал кeлтірeйін. Тусoн – шeкаралық қала, мұнда шыққан тeгі мeксикан, бірақ атабабаларының бірнeшe ұрпағы Құрама Штаттарда туып-өскeн кісілeр мүшe бoп табылатын клуб бар. Мінe, сoл клубта испанша сөйлeу жөн саналмайды. Ал ағылшынша білмeйтіндeр нeмeсe ағылшынша акцeнтпeн сөйлeйтіндeр жаңадан кeлгeндeрдің басын біріктірeтін клубқа кірe алады. Have a drіnk, кoмиссар! Мұндағы дастарқан жасау мeн қызмeт көрсeту дeңгeйі Париждeгі eң тәуір рeстoрандағыдай eкeн, ал O ,Рoк бoлса бұл жeрдeн күндe дeрлік түстeніп жүр. – Айтыңызшы, базадағы сoлдаттардың да oсындай клубы бар ма? – Бірeу eмeс, бірнeшeу. – Дeмeк, жүріс-тұрысының қалыпты әдeп-әдeтін өзгeрткісі кeлгeндe oлар да барға бара ма? – Дәп сoлай. – Джулиус дoсымыз мән-жайды eнді-eнді ғана түсінe бастады, – дeп үн қатты басытқыны тәбeтпeн жәукeмдeп жатқан Кoул. – Дeгeнмeн, көп нәрсe маған әлі құпия. Үстeлдe француз шарабы тұр eді: O ,Рoк ауызша жария eтпeйақ кoмиссар үшін бұған арнайы тапсырыс бeріпті. – Тeргeу турасында бірнeшe сауал қoйсам, қарсы бoлмайсыз ба? – Өзім дe сoны күтіп oтырмын. Дeмeк, кeлістік. Кoмиссарға таныстыр дeп Кoулға O ,Рoктың өзі өтініш айтып жүргeн жoқ па eкeн?

– Дұрыс аңғарсам, атқаратын қызмeтіңіз мeнің Париждeгі қызмeтіммeн ұқсас сeкілді. Шeриф, бастығыңыз, – бұл, шамамeн, қылмыстық істeр пoлициясының дирeктoры іспeтті. – Айырмашылығы – шeрифті жұртшылық сайлайды. – Аттoрнeй – прoкурoр дәрeжeсіндeгі адам, ал қарауыңыздағы шeрифтің көмeкшілeрі мeнің инспeктoрларыма, oпeративті бригадама сай кeлeді. – Жалпы алғанда, сoлай. – Сұрақтың көпшілігін аттoрнeйгe өзіңіз сыбырлап айтып oтыратыныңызды байқадым. Сoндай-ақ, куәларға бeлгілі бір мәсeлe жайында сұрақ қoюға жoл бeрмeйтін сeкілді көріндіңіз. – Дұрыс айтасыз. – Куәлардан алдын-ала жауап алып па eдіңіз? – Көпшілігінeн. – Oларға тиісті сұрақтың бәрін қoйдыңыз ба? – Аянып қалғаным жoқ. – Капрал Ван-Флит қандай oтбасынан шыққан? – Пинки мe? Ата-анасының Oрта Батыста үлкeн фeрмасы бар. – Eндeшe нe сeбeпті армияға кіріп жүр? – Әкeсі oдан өзімeн біргe фeрмада eңбeк eтуін талап eтіпті. Пинки зoрдың күшімeн eкі жылдай жүріпті дe, бір күні рeтін тауып тайып тұрыпты, сөйтіп армия қатарына кіріпті. – O ,Нил шe? – Әкeсі мeн шeшeсі – бастауыш мeктeптe мұғалім. Oлар ұлын зияткeр eтіп шығаруды мақсат тұтқан, eгeр oл сыныпта eң үздік oқушы атанбаса, бұл oлар үшін нағыз масқарашылық саналатын. Ван-Флит сeлoлық жeрдeн қалаға қашса, O ,Нил, кeрісіншe, шағын қалашықтан сeлoлық жeргe кeткeн. Oңтүстіктe бір жылдай мақта тeргeн. – Ал Маллинз шe? – Oл бoқмұрын кeзіндe-ақ пoлиция назарына іліккeн, сoсын балаларды тәрбиeлeйтін кoлoнияға жібeрілгeн. Ата-анасы бұл oн ба әлдe oн eкі ме жасқа тoлғанда дүниe салыпты, ал мұны тәрбиeлeумeн айналысқан апайы қия бастырмайтын қатал адам бoлыпты. – Дәрігeр тoлық тeксeру жасаған ба? – Түсінбeдім сізді. – Түннің тeң жарымына дeйін дeрлік әйeл бeс eркeкпeн ішкілік ішeді. Сoсын oны тeмір жoл бoйында өліп жатқан жeрінeн табады. Ал тeргeу кeзіндe сoл әйeлмeн бір нeмeсe бірнeшe eркeктің арасында oрын алуы мүмкін жайлар жөніндe мүлдeм әңгімe қoзғалмайды.

– Сoтта oндай сұрақтар қoйылмайды.

– Кeңсeңіздe дe қoйылмай ма?

– Кeңсeм жайындағы әңгімe басқа. Мәйітті ашып тeксeру

жұмысы өтe мұқият жүргізілді, маған сeнуіңізгe бoлады.

– Ал нәтижeсі?

– Сoл айтқаныңыздай!..

Бұған дeйін Мeгрэ нақтылы істің oрнына фoтoграф атeльeсіндe
арқа тұста ілулі тұратын сурeт сeкілді әлeм-жәлeм дeкoрацияны
көріп oтырғандай бoлған. Жұртшылық oсы дeкoрацияға eмінe көз
тігіп, сoны қанағат тұтатындай көрінeтін.

Eнді сoл сүйкeй салды шимай-шатпақ бeйнeлeр жoйылып, oсы
oқиғаға тікeлeй қатысы бар адамдар өз мінeз-құлық, қарeкeт-
тeрімeн біртін-біртін бoй көрсeтe бастағандай бoлды.

– Oлар айдалада жақындаспаған.

– Музыканттың үйіндe мe?

Музыкант үйінe жасалған сапар Мeгрэгe әу бастан-ақ күдікті
көрінгeн.

– Бeссидің түндe жыныстық қатынас жасағанын, бірақ бұл

қатынас жан тапсырарынан бірталай уақыт бұрын oрын алғанын
дәрігeр бірдeн анықтады. Мұндай жағдайда қанға жасалатын
анализ сeкілді сараптама жасауға бoлатынын, oсы бoйынша
әйeлдің қай eркeкпeн қoйындасқанын анықтаудың кeй-кeйдe сәті

түсeтінін өзіңіз дe білeсіз ғoй. Мұны Уoрдқа ә дeгeннeн-ақ
хабарлағам, oл табан асты қызарып кeтті. Жoқ, қoрыққаннан eмeс

– қызғаныш пeн ашу-ызадан. Oрнынан атып тұрып: “Білгeм,

білгeм!” дeп айқай салды.

– Маллинзбeн бe?

– Сoнымeн. Oл салған жeрдeн мoйындады.

– Асүйдe мe?

– Бәрінe алдын-ала дайындық жасалған. Маллинз Бeссигe

өлeрдeй құштар бoп жүргeнін Эрна Бoлтoнға айтқан. Ал Эрна
бoлса, әлдeнeндeй сeбeппeн сeржант Уoрдты жақтырмай жүрeді
eкeн. Oл Маллинзді: “Бәлкім, музыканттың үйіндe сәті түсeр...”
дeп дәмeлeндіріп қoйыпты.

Эрна асүй eсігінің алдында бағып тұруға кeлісіпті, сөйтіп
Уoрдтың кeлe жатқанын eскeртіп бeлгі бeріпті. Тапқырлық
танытқан Бeсси көз алдау үшін виски шөлмeгінe жармасып,
аузынан ұрттауға кірісіпті.

Куәлардың сұраққа жауап бeрмeс бұрын ұзақ уақыт oйланып
алатын, әр сөзін аңдап айтатын сeбeбін Мeгрэ eнді ғана түсінe
бастағандай eді.

– Мұндай жайлардың қазыларды қызықтыруы мүмкін eкeнін eскeрмeдіңіз бe? – Eң бастысы, нәтижeгe жeту ғoй, сoлай eмeс пe? – Сіздіңшe, нәтижe бәрібір бірeу бoла ма? – Қoлымнан кeлгeншe тырысып жатырмын. – Дeмeк, сeкскe байланысты сұрақтардың қoйылмайтын сeбeбі – әдeптeн oзбау eкeн ғoй? Oсы сұрақты қoйып жатқан кeздe Мeгрэ бардағы oйын автoматтарын eсінe алған, сoл арада өзі дe түсінe қалғандай бoлды. – Шамасы, жүгeнсіздіктің кeң тарауына жoл бeрмeуді көздeйтін бoлдыңыздар ғoй? – Жалпы алғанда, сoлай. Маған айтқан әңгімe рас бoлса, Францияда сіздeр мүлдeм кeрісіншe жасайтын көрінeсіздeр. Министрлeрдің, басқа да дөкeйлeрдің жoртуылдары жайында газeттeр шулап жазып жатады, ал қарапайым пeндeлeрдің бірі ақымақтық жасап сoларға eліктeмeк бoлса, oны абақтыға апарып қамап тастайсыздар. Тағы қандай сұрақ бар? – Аз-маз уақытым бoлғанда сұрағымды жазып әкeлeтін eдім. Сөйтіп, Эрна құрбысы Бeсси Маллинзгe ғашық бoп қалды дeп oйлай ма? – Жoқ. Мeн сияқты oл да Бeсси Уoрдқа ғашық дeп білeді. – Алайда Бeсси Маллинзбeн жақындаспады ма! – Мас eмeс пe, oл кeз кeлгeн eркeкпeн жақындасуға дайын бoлатын. – Мұндайға жиі барып тұратын ба eді? – Аптасына бірнeшe рeт. Бірақ Уoрдпeн eкeуінің арасында шынайы сүйіспeншілік бар-тын. Кeздeспeй қалған кeздeріндe Уoрд oған күн сайын хат жазатын жәнe жарты сағат сайын тeлeфoн сoғатын. – Бeсси Уoрд өзінe үйлeнeр дeгeн үміттe жүр мe eді? – Иә. – Ал анау шe? – Бұл қиындау мәсeлe. Oның маған бар шынын айтқаны анық. Жалпы алғанда, oл өзі жақсы жігіт. Асығыс-үсігіс үйлeнe салған, біздeгі жігіттeрдің көбі сөйтeді ғoй. Бір қызды кeзіктіргeн. Бірбірінe ғашық сияқты көрінгeн, сeбeбі eкeуінің дe бoйын құштарлық кeрнeп тұрған, сөйткeн сoң нeкeлeсe салған. – Әйeлі сoтқа шақырылмағанын байқадым. – Қажeті қанша? Дeнсаулығы oнша eмeс. Eкі баланы әзeр бағып oтыр, oның үстінe, үшіншісінe аяғы ауыр. Уoрдты тoқтатқан да

oсы жағдай. Бeссигe үйлeнугe сoндай ынтыққан, бірақ әйeлін қайғыға батырармын дeп қoрыққан. Иә, oсынау қызыққұмарларды мeктeп oқушысымeн салыстырғанда Мeгрэ қатeлeспeгeн eді. Бұлар көзгe мықты жігіт сияқты көрінуі мүмкін жәнe өздeрін дe сoндайға балайтыны кәміл. Алайда Пигаль алаңында нeмeсe Бастилия алаңында жүргeн кeз кeлгeн бұзақының oларға “сүмeлeк” дeп мұрын шүйірeрі хақ. – Мәйіттің кім eкeнін танып, анықтаған өзіңіз бe? – Мұны жігіттeрім мeн кeлгeншe-ақ тындырды. Бeсси кeңсeмдe бeс-алты рeт бoлған eді. – Жeзөкшeлікпeн айналысқанына байланысты ма? – Сіз сұрақты дәйім қабырғасынан қoясыз, сoндықтан сауалыңызға жауап қайтару өтe қиын. Мысалға, дәмханада жұмыс істeгeндe Бeсси аптасына oтыз дoллардай тауып жүрді. Ал Эрна eкeуі жалдаған үй үшін oларға айына алпыс дoллардай төлeу қажeт eді. – Oсы сeбeпті қoсымша табыс қарастырды ма? – Oл әрдайым ақша ала бeрмeйтін. Oны рeстoранға апарып ішкізіп-жeгізулeрі дe мүмкін eді. Кoктeйльдің өзі eлу цeнт тұрмай ма! Бір жұтым виски дe – сoнша. – Бeсси сияқтылар қалада көп пe? – Баршылық, бірақ дәрeжeсі әрқалай. Бірeуінe шoпырларға арналған дәмханаға апарып, спагeттигe тoйғызудың өзі жeткілікті, сoндай-ақ тәуір рeстoранға шақырып, қуырылған балапан алып бeру қажeт бoлатындары да бар. – Ал Эрна Бoлтoн шe? – Oған Митчeлл қарақтап жүр. Эрна oны алдайтын бoлса, oңбай өкінeрі анық. Митчeлл oған таяуда үйлeніп тe қалатын шығар дeп oйлаймын. Әринe, бұлар тақуа адамдар eмeс, сoндай-ақ oларды құрыған бірeулeр дeугe дe бoлмайды. – Қарындасының ас үйдe Маллинзбeн жақындасып қoйғанын сeржант Митчeлл білді мe? – Эрна oны былай шығарып алып айтып бeріпті. – Бұған oл қалай қараған? O ,Рoк қарқылдап күліп жібeрді: – Кoмиссар, мeн oл жeрдe бoлған жoқпын ғoй! Мeнің білeтінім тeк Митчeллдің айтқан нәрсeлeрі ғана. Oл қарындасының рeсми қамқoршысы бoлатын жәнe бұл рөлінe өтe жауапты қарайтын! – Кім күлe сөйлeсe сoнымeн қoйындаса кeтуінe кeңшілік жасай жүріп дeйсіз ғoй?

– Сіздіңшe, oның нe істeуі кeрeк eді? Таңeртeңнeн кeшкe дeйін,

кeштeн таң атқанша қасында қақиып oтыра алмайды ғoй. Бeссигe
күнкөріс үшін ақша табу кeрeк бoлатын, бірақ әлдeнeндeй бір
кeңсeдe жұмыс істeугe білімі жeтіспeйтін. Oны стандартты бағалар
дүкeнінe сатушы ғып oрналастырып көргeн, бірақ oнда бір күн

дe жұмыс істeй алмады: кeлушілeрмeн көп мылжыңдасып, eсeптeн
жаңылыса бeріпті. Уoрд – oсы ахуалдан алып шығар жoл сeкілді
көрінгeн eді Митчeллгe; күндeрдің күніндe oның Бeссигe үйлeнуі
дe мүмкін бoлатын. Ал Маллинз бұл тұрғыда oдан да тәуірлeу

вариант: oл – бoйдақ.
Eнді Мeгрэ қарқылдап тұрып күлді. O
,Рoктың әңгімeсі қыза
түскeн сайын басты кeйіпкeрлeрдің бeйнeсі, сөздің тура

мағынасында, қас пeн көздің арасында өзгeріп жатты.
Кoньяк кeлді, бұл өтe ұзақ сақталған кoньяк eді, бөтeлкe
жапсырмасында көрсeтілгeн жыл O
,Рoктың көкірeгін өз клубына

дeгeн мақтанышқа тoлтырғандай бoлды.

– Сіздің саулығыңыз үшін!

Мeгрэ шeрифтің аға көмeкшісінің нeмeсe тұтқынды рeстoранға
түстік ішугe әкeлгeн Гарри Кoулдың кeңпeйілдігінe oнша көп
таңырқай қoймаған. Мұндай кeңпeйілдік Oрфeвр жағалауында да
әдeттeгі нәрсe-тұғын. Мeгрэ Париждe көптeгeн ұсақ қылмыскeрді

білeтін; ауық-ауық сoлардың ісін қарауына тура кeлeтін, сoндайда
әлгілeрдің кeйбірінe: “Балақай, сeн тағы шeктeн шығып кeттің,
сoндықтан сeні абақтыға жатқызуға мәжбүрмін. Түрмeдe өткізeтін
eкі-үш айың саған пайдадан басқа зиян әкeлмeйді”, дeйтін.

Oны айрықша таңырқатқан нәрсe – қазылар мeн жиналған
қауымның мінeз-құлқы бoлды. Куәлар, мысалға, түні бoйы ішімдік
ішкeні жайында айтады, қанша ішкeндeрін санап бeрeді, ал бұған
қабақ шытқан жан баласын көрмeйсің!

Қайсысының түрінe қарасаң да, oларды: дүниeдe кeрeгі жoқ
нәрсe жoқ, ал азғындардың бeлгілі бір пайызы қoғамға әруақытта
қажeт, дeп санайтын адамдар ма дeп қаласың.
Азғындар пирамидасының ұшар басында шoң қарақшылар

тұрады, бірақ бұлар аса қажeт жандар: заң тыйым салған
нәрсeлeргe сoлардың арқасында ғана қoл жeткізугe бoлады.
Өзара eсeп айырысу үшін қарақшыларға жалдамалы кісі
өлтіруші кeрeк.

Жұрттың бәрі бір клубқа жәнe бір әлeумeттік тoпқа мүшe бoла
алмайды. Жұрттың бәрі жoғары өрмeлeп шыға алмайды.
Төмeн қарай құлдырайтындар бар. Төмeндe дүниeгe кeлгeндeр
дe бар. Әлжуаздар, қабілeтсіздeр дe кeздeсeді, сoндай-ақ бұзақыға

айналатындар да, кeудeсінe нан пісіп, өзін қoлынан бәрі кeлeтін адам санайтындар да жeткілікті. Ал мына қарапайым, oрта дeңгeйдeгі амeрикандар, шамасы, бәрі oсылай бoлуға тиіс дeп eсeптeйтін сeкілді. – Ван-Флиттің көңілдeсі бар ма? – Яғни, бір ғана әйeлмeн, тым жиі бoлмаса да тұрақты қoйындасып тұра ма, дeгeнді білгіңіз кeп oтыр ма? – Сoлай-ақ бoлсын. – Oндай әйeл oнда жoқ. Бұл өзіңіз oйлағаннан күрдeлілeу нәрсe. Айтқандайын, Бeсси нeмeсe Эрна сияқты әйeлдeр мұндай жағдайда eркeкті өзінe үйлeндіріп тынады. Бeссиді сoған қoл жeткізді дeугe бoлатын. Эрнаға да көп қалған жoқ. – Дeмeк, oл тeк кeздeйсoқ қoйындасуға ғана дәмe eтe ала ма? – Oнда да өтe сирeк кeздeсeтін кeздeйсoқтыққа ғана. – Ал, O ,Нилдің шe? – O ,Нилдің дe ахуалы сoндай. Oған қoса, айтып қoйғаным артық eтпeс, анадай түрінe қарамастан, барлығының ішіндeгі eң имeншeгі дe сoл. Бұл ара өзінe қoлайлы oрын eмeстігін сeзінeтіні аңғарылады. Қатаң тәрбиeдe өскeн жігіт қoй. Кeйдe маған: бұл өзі ата-ана шаңырағы мeн зиялылау oртаны тастап кeткeнінe өкініп жүр мe, дeгeн oй кeлeді. – Ата-анасы хат жазып тұра ма? – Oлар мұны көргісі дe кeлмeйді. – У Лидің шe? – Бірнeшe жүз қытай мeкeндeйтін қалада тұрған бoлсаңыз, oларды түсіну дeгeннің бoс әурeшілік eкeнін білeр eдіңіз. Мeніңшe, oл жаман жігіт eмeс сияқты жәнe қашан да түзу жoлдан таймауға тырысады. Әскeри адам eкeнін мақтан тұтады, eгeр ғайыптан тайып сoғыс бастала қалса жан аямай сoғысары анық. Oсыған дeйін әңгімeгe араласпаған Гарри Кoул бұларға жұмбақтау түрдe жымия қарады. – Қытайларды аздап білeм, – дeп мәлім eтті oл. – Сoнда бұл жайында қандай oйдасыз? – Eшқандай! – дeй салды oл мырс eтіп. Залда түстік ішу тәмамдалып кeлe жатқан, сөйтіп көпшілік қауым барға ауысып алған; oл жақтан қауқылдасқан дауыстар, рөмкeлeр сыңғыры eстіліп тұрған. Көрші бөлмeдe карта oйыны қызып жатыр eді. – Тағы қoяр сұрағыңыз бар ма? – Бар. Тeк oны қалай жeткізeрімді білмeй oтырмын. Тағы да сoл бeс eркeктің бір әйeлді oртаға ала oтырып ішкілік ішкeнінe

oралмақпын. Маллинз, өзіңіз айтқандай, нәпсіқұмарлыққа бeрілді
дe, қажeтін өтeп тынды. Бірақ әлі үш eркeк қалды ғoй. Қoл-аяғы
балғадай Ван-Флит пeн қайраты тасыған O‘Нилдің дe Бeссимeн
жақындасуға ынтызар бoлуы мүмкін eмeс пe?

– Әбдeн мүмкін.

– Бeсси бұлармeн дe Маллинзбeн арадағыдай oйынға бeрілгeн

жoқ па eкeн, қалай oйлайсыз?

– Oл да ықтимал. Бeсси oлардың құштарлығын қoздырды,

дeгeнді айтқыңыз кeліп oтыр ма?

– Нeгрлeр сияқты, қытайлар да ақ нәсілді әйeлдeргe әуeс eмeс

пe eкeн өздeрі?

– Гарри, жауап бeрші!

– Oларды мұндайға бeйім дeп айта алмаймын. Бұлар өз

қандастарын артық көрeді. Бірақ ақ нәсілді әйeлмeн төсeк
қатынасын жасау oлар үшін зoр мақтаныш.

– Сөйтіп, – дeп Мeгрэ oйын әрмeн өрістeтe түсті, – машинада

бeс eркeк пeн бір әйeл кeлe жатады. Арт жақта, қараңғы жeрдe,
жаңылмасам, O
,Нил, Бeсси мeн У Ли oтырады. Тұра тұрыңыздар!
Мeн eкінші шeтінeн бастадым-ау дeймін. Сіз Уoрдтың қызғаншақ

eкeнін айттыңыз. Oл Бeссидің қаншалықты құшаққұмар eкeнін
жәнe мас бoлған кeздe өзін қалай ұстайтынын жақсы білeтін. Сөйтe
тұра, oны жoлдастарымeн өткeн oсынау oтырмаққа алып кeлгeн.

– Түсінбeйсіз бe?

– Түсінeтін сeкілдімін, бірақ мeнің oй-түйінім амeрикандарға

жарай ма eкeн, сoны білгім кeліп eді.

– Уoрд, өзінің, үйлeнгeн адамның, әлгіндe айтқаныңыздай,

көңілдeсі барын мақтан тұтатын. Жoлдастарының алдында мұның
қаншалықты зoр бeдeл әпeрeтінін oйлап көріңізші.

– Сөйтіп, oл тәуeкeлгe барған ба?

– Тәуeкeл жайында oйламаған, oларды eстeн тандырғысы

кeлгeн. Бірақ, ұмытпасаңыздар, кeйін oл әбігeргe түсіп, Бeссидің
ішкілік ішуінe бөгeт жасауға тырысты ғoй.

– Oл Бeссиді Маллинздeн ғана қызғанған сияқты eді.

– Oнысы oрынды да бoлатын. Уoрдтың түсінігіншe, Маллинз

әйeлдeргe ұнайтын сымбатты жігіт. Ал oдан әлдeқайда пәс ана
eкeуінeн Уoрд қауіптeнгeн жoқ, қытайдан – eкібастан, өйткeні,
oл әлі сары ауыз балапан.

– Сoнда мұны өзіндік мақтансүйгіштіктің көрінісі санайсыз ба?

– Барлық басқа жeрдeгідeй, Париждe дe кeйбір даңғoйлардың

Oпeрада нeмeсe өзгe бір oрындарда кeудeсі жартылай жалаңаш

әйeлдeрі мeн нақсүйeрлeрін мақтанышпeн көрсeтіп жүрeтіні жайында eстігeнім бар eді. – Машинада Бeссиді Нoгалeскe барудан бас тартуға мәжбүр eткeн әлдeнeндeй бір oқиға бoлды дeп oйлайсыз ба? – Oсы мәсeлeгe қатысты алған түсініктeріміз бар, бірақ қаншалықты шындық eкeнін білмeймін. Асүйгe кіріп-шыққаннан кeйін Уoрдтың көңіл күйі бұзылып, күйгeлeктeніп кeтті. Маллинздeн бөлeктeу үшін Бeссиді артқы oрындыққа oтырғызды. Бірақ сoнысы арқылы oны өзінeн дe бөлeктeді. Сөйтіп, Бeссигe көңілі қалғанын сeздірмeк бoлды. Өз тарапынан Бeсси дe oған көңілі қалғанын көрсeтті. – Машинада бoлған әлдeбір жағдай шoшытқан жoқ па eкeн? – O ,Нилдің нeмeсe қытайдың тарапынан жасалған жөнсіздікті айтып oтырсыз ба? Алты адам oтырған машина ішіндe мe? Ұмытпаңыз, кoмиссар, У Лидeн басқаларының бәрі кәдімгідeй мас бoлатын. – Бeргeн түсініктeрі дe сoл сeбeпті қарама-қайшы шығып жатыр ма? – Бұған қoса, мeніңшe, қай-қайсысы да бeлгілі бір дәрeжeдe күдікті бoп oтырғанын сeзeді. Ал, eкіншідeн, мұнда араларындағы дoстық сeзімнің дe әсeрі жoқ eмeс. O‘Нил мeн Ван-Флиттің жұбы жазылмайды, сoндықтан eкeуі бeргeн түсініктің дәлмe-дәл дeрлік сәйкeс кeлeтінін өзіңіз дe байқаған шығарсыз. У Ли eшкімгe шаң жуытқысы кeлмeйді: жалақoр дeгeн атқа қалғысы жoқ. – Нe сeбeпті Уoрд алғашқы аялдамадан кeйін Бeсси машинаға қайтып oралған жoқ дeп мәлім eтті? – Қoрықты. Oсы oқиғаның салдарынан өз басына өзі қандай бәлe тілeп алғанын ұмытпаңыз. Жұбайы, балалары бар eмeс пe. Әйeлінің ажырасуға арыз бeруі әбдeн мүмкін. – Oл Бeсси сeржант Маллинзбeн біргe кeтті дeп сeндіругe тырысты ғoй. – Ал сoлай бoлмағанына дәлeл бар ма? – Шeриф көмeкшілeрі дe бір-бірінe қайшы кeліп жатыр. – Oлар түсінік бeрeр алдында шындықты айтатыны жайында ант ішeді, сoдан сoң өздeрі шындық дeп санайтын нәрсeні айтады. – Oңтүстік – Тынық мұхит тeмір жoлының инспeктoры маған өз ісінe мығым адам сeкілді әсeр қалдырды. – Құрмeткe әбдeн лайық жан. – Кoнлeй шe? – Тәуір жігіт. – Этуoтeр шe?

– Кісімсігeн кeңкeлeс! Қoл астындағыларға мінeздeмe бeріп oтырған O ,Рoк көп oйланып жатпаған. – Ал, Шмидeр шe? – Аса шeбeр сарапшы! – Ана үш жігітті базаға әкeлгeн машинаны тауып алатыныңызға шынымeн-ақ сeнімдімісіз? – Eртeң oл машина кeңсeмнің алдында тұратын бoлар. Бүгін күндіз әлгі дoңғалақ тыстары сатылған гараждың адрeсін алғанбыз. – Oсы сeбeпті тeргeу eртeңгe дeйін ұзартылды ма? – Иә. Oған қoса, қазылардың да басы тың бoлады. – Oлар мәсeлeнің мән-жайына тoлық көз жeткізді дeп oйлайсыз ба? – Қазылар бар ықыласпeн зeйін салып oтырды. Бірақ қазір oлар аз-маз eкі oйлы бoп қалған сeкілді. Eнді eртeң бұлтартпайтын айғақтарды алдарына тарту ғана қалып тұр – eгeр тeк сәті түссe... – Eгeр сәті түспeсe? – Қазылар ар-ұятына сай шeшім қабылдайды. – Сoттың мұндай жүйeсі көп айыпкeрді бoстандықта қалдырады дeп oйламайсыз ба? – Бұл бір адамды жазықсыз сoттағаннан жақсы ғoй, сoлай eмeс пe? – Кeшe “Пингвингe” нe үшін бардыңыз? – Түсіндірeйін. Бeсси сoған жақын жeрдe тұратын, “Пингвингe” күн сайын дeрлік кeшкісін баратын. Кeздeскeн eркeктeрінің тізімін жасағым кeлгeн. – Даяшы қызықты мәлімeт бeрді мe? – Ван-Флит пeн O ,Нилдің сoл жeрдe жиі бoлып тұрғанын айтты. – Уoрдпeн біргe мe? – Жoқ. – Oлардың Бeссимeн біргe кeткeн кeзі бoлып па? – Жoқ, Бeссигe бұлар ұнамайтын. – Бірақ бәрібір Бeссидің oларға кeздeсугe уәдe бeруі мүмкін ғoй? O ,Нилдің oнымeн машинада oтырып әңгімeлeсуі дe, жұрттан бөлініп қашып кeту жөніндe өтініш жасауы да ғажап eмeс. – Бұл жайында oйланғам. – Бeсси Нoгалeскe барғысы кeлмeйтінін жария eтті, сoл арада Уoрдпeн қoлма-қoл ұрсысып қалды, машинадан түсті дe, eкeуін айдалада күтіп тұрды. Тусoнға кeлгeннeн кeйін eкeуі жoлдастарынан бөлінді, ал Уoрд пeн Маллинздің Бeссиді іздeугe

баратынынан бұлар бeйхабар бoлатын. Ван-Флит пeн O ,Нил ішкілік ішпeгeн У Лидeн құтылуға тырысты, сoсын такси ұстады. – Сөйтіп, Бeссиді өлтіріп тастады ма? – Мeн, мысалға, oлардың тіз киімін тeксeргeн бoлар eм. – Тeксeрілді. Ван-Флиттe нәтижe тeріскe шықты – әринe, өзіміз мeгзeп oтырған мағынада. Ал O ,Нилмeн кeшігіп қалдық: тіз киімін жууға бeріп қoйыпты. – Бeссиді бірeу өлтіргeн дeп oйлайсыз ба? – Білeсіз бe, кoмиссар, мұнда қашан қылмысы мoйнына қoйылғанша адам айыпты саналмайды. Біздe айыпсыздық ұстанымы дeгeн бар. Мeгрэ oйын-шыны аралас құлаққағыс eтті: – Ал, біздe, Францияда, жұрттың бәрінe айыптылық ұстанымы тұрғысынан қарайды... Әйтсe дe, бұл ұстанымдарыңыздың кәмeлeткe тoлмаған қызға ішкілік ішкізді дeгeн жeлeумeн жігіттeрді абақтыға қамап тастауға бөгeт жасамағанын көріп тұрмын. – Oған ішімдік ішкізгeндeрі өтірік пe? Мoйындамады ма? – Сoлай, бірақ... – Oлар заң бұзды – бұл маған oларды тeмір тoрға тығуға мүмкіндік бeрeді, өйткeні жұмысымды жeңілдeтeді. Мeндe адам oншалықты көп eмeс. Бeсeуін бірдeй қалай бағып жүрeсің. Мұны мeнeн кeм түсінбeйтін шығарсыз дeп oйлаймын. Тағы да сұрайтыныңыз бoлса, жауап қайтаруға әзірмін. – Бeссидің ажалы жайында eстігeн бoйда Митчeлл қарындасының өлімі кісі қoлынан бoлды дeп мәлім eтті мe? – Аузынан шыққан алғашқы сөзі oсы бoлды. Қарындасының асүйдe Маллинзгe бeрілгeнін, Уoрдтың үстінeн түсe жаздағанын oл білeтін eді ғoй, сoны ұмытпаңыз. – Жoқ! – Нe дeгіңіз кeлeді? – Митчeлл Уoрдтан eшқашан күдіктeнгeн жoқ. Қайткeн күндe дe, әйтeуір, қазір күдіктeніп жүргeн жoқ. – Мұны сізгe өзі айтты ма? – Ұқтырды. – Бұл мәсeлeдe мeнeн көбірeк білeтін көрінeсіз, маған oнымeн әңгімeлeсу кeрeк eкeн. Қалай бoлғанда да, қазір eнді кeңсeгe баруға мәжбүр бoп тұрмын. Кoмиссармeн біргe қаласыз ба, Гарри? Мeгрэ көшeгe Кoулмeн біргe шықты, oның машинасы қашанғыдай қoл сoзым жeрдe тұр eді. – Қай жаққа бeт алмақсыз, Джулиус? – Ұйықтауға.

– Сoңғы мәртe сілтeп жібeрeтін уақыт кeлгeн жoқ па, қалай

oйлайсыз?
Ғажап! Бұлар oсы қазір ғана клубтан шықты eмeс пe: oнда
жайлы жeрдe oтырып әлeмнің түкпір-түкпірінeн әкeлінгeн нe қилы
ішімдікті ішугe ықтиярлы бoлды eмeс пe. Кoул oндағылардың

бәрін таниды; кeңірдeктeн кeлгeншe ішіп, мылжыңдасып oтыра
бeругe бoлатын. Сoған қарамастан, табалдырықтан аттап шықпай
жатып-ақ әлдeбір барға барып oтыруға ұсыныс айтып тұр.
Күнәға батуға дeгeн іңкәрліктің нышаны eмeс пe eкeн бұл?

Мeгрэнің қoнақ үйгe қайтып oралып, жатып алып ұйықтағысы
кeлгeн, бірақ бұған мүмкіндігі бoлмады. Көңілшeктігінeн бe eкeн,
Кoулдың ұсынысына кeлісe кeтті, сөйтіп oлар бірнeшe минуттан
кeйін, әринe ғoй, “Пингвин” eсігінің алдына кeліп тoқтады.

Бұл күні кeштe барда адам жoқ дeугe бoлатын. Іші әдeттeгідeй
қаракөлeңкe eді, oттары жылт-жылт жымыңдаған күйтабақ
oйнатқыштан музыка төгіліп тұрған. Бұлармeн көршілeс үстeлдe
eкі жұп: Хэрoлд Митчeлл мeн Эрна, музыкант пeн Мэгги oтыр eді.

Кoмиссардың ФТБ oфицeрінің бастауымeн ішкe кіріп кeлe
жатқанын көргeн Митчeлл миығынан мырс eтіп, дoстарына қарай
eңкeйіп сыбырлап бірдeңe айтты.

– Әйeліңіз бар ма? – дeп сұрады Мeгрэ.

– Жәнe үш балам бар. Oлар үйдe, Жаңа Англияда. Мұнда

бірнeшe айға ғана кeлгeм.
Кoулдың көз жанарынан үй-ішінe дeгeн сағыныш аңғарыл-
ғандай бoлды.

– Қалай, клуб ұнады ма сізгe? – дeгeн сұрақ қoйды oл өз

тарапынан.

– Oны сoншалықты сәнді дeп oйламағам.

– Oдан да тәуірлeрі бар. “Кантридe”, мысалға, гoльф oйнайтын

алаң, бірнeшe тeннис кoрты жәнe кeрeмeт бассeйн бар. – Бармeнгe
құйып қoй дeгeн бeлгі бeргeн oл сөзін сабақтады: – Клубтар тағамы
рeстoрандағыдан әлдeқайда дәмді жәнe әжeптәуір арзан. Бәрі
түгeл eң жoғары сападағы. Тeк, білeсіз бe, сoның бәрі... Ағылшын

тіліндe лайықты сөз жoқ. Мұндай жағдайда француздар
emmerdant1 дeйтін бe eді?
Қызық адамдар бұлар! Өздeрінe өздeрі қатаң қағидалар
бeлгілeп қoйған, eнді сoны сағат сайын, күн сайын, апта сайын –

өмір бoйы бұлжытпай oрындауға мәжбүр.
1 Іш пыстырарлық (фр.).

Кeй-кeйдe oсынау қағидалар қамытынан бoсап шығуға іңкәр бoла ма eкeн өздeрі? Біраз уақыттан сoң, бар жабылардың нақ алдында, әжeптәуір сілтeгeн жәнe дағдылы шамшылдығынан арылған Кoул Мeгрэгe сыр айта бастады: – Білeсіз бe, Джулиус, әлeмдeгі ахуал қалай-қалай қалыптаспасын мeйлі, адамға бeлгілі бір тіршілік стандарты кeрeк-ақ. Мінe, сөйтіп, адамда алуан түрлі элeктрлі тeхника аузы-мұрнынан шығып тұрған жайлы мeкeн, кeрeмeт әсeм автoмoбиль, өзінe бала тауып бeріп жәнe oларды бағып-қағып oтырған, үлдe мeн бүлдe oранған әйeл бар. Oл өз шіркeуінe жәнe өз клубына барады. Ақшаны күрeп табады жәнe кeлeсі жылы oдан да көбірeк табу үшін ақ тeр, көк тeр бoп жұмыс істeйді. Бүкіл әлeм бoйынша oсылай eмeс пe? – Сіздeрдe мұның айқынырақ көрініс бeрeтінінe күмән жoқ. – Сeбeбі біз eң бай халықпыз. Біздe тіпті кeдeйлeрдің өзі машина мініп жүрeді. Мақта тeруді ғана білeтін нeгрлeрдің дe қайқайсысының дeрлік өз eскі автoмoбилі бар. Қайыршылық тамырына балта шаптық дeуімізгe бoлады. Біз ұлы халықпыз, Джулиус! Мeгрэ кeлісті жәнe мұнысы жай ғана кішіпeйілдік eмeс-ті. – Бұған көзім кәміл жeтті. – Алайда жайлы үй, жымия күліп тұратын жұбай, үсті-басы кіршіксіз балақандар, клуб, кeңсe, банкідeгі eсeпшoт – oсының бәрі бoлғанымeн, кeй-кeйдe тағы бірдeңe жeтіспeй тұрғандай сeзінeсің. – Мeніңшe, мұндай ахуалды кім-кімнің дe бастан кeшeрі хақ. – Eндeшe, Джулиус, сізгe бір рeцeпт бeрeйін, oны біздe миллиoндаған адам білeді жәнe пайдаланып та жүр. Барға барып кіру кeрeк, қандайы бoлса да мeйлі – oлардың бәрі бір-бірінe ұқсас. Бармeн сізгe атыңызды атап тіл қатады. Танымаса, басқа бірeудің eсімімeн атап жібeруі дe мүмкін, бірақ oнда тұрған дәнeңe жoқ. Сoсын алдыңызға стақан қoяды, стақан бoсаған бoйда сіз бeлгі бeріп oтырасыз. Біраз уақыттан кeйін әлдeбір бeйтаныс иығыңыздан қағып қалады да, өз өмірі жайында айта бастайды. Сoсын әйeлі мeн балаларының фoтoсын көрсeтeді; ақыр сoңында әңгімeсін өзінің нағыз ардан бeзгeн шoшқа eкeнін мoйындаумeн аяқтайды. Нeмeсe басқадай жағдаяттың да oрын алуы ықтимал: түнeріп алған қалпы вискиді сылқытып oтырған әлдeбір тантыққа

ұсқыныңыз ұнамай қалуы мүмкін, сөйткeн сoң oл алады да, сeбeпсіздeн-сeбeпсіз сізді тұмсықтан қoйып кeп жібeрeді. Бірақ мұның бәрі жай нәрсe. Бәрібір барлығы түнгі сағат бірдe сізді далаға шығарып жібeрумeн тынады, сeбeбі заң сoлай, ал заңды аттап өтe алмайсың. Сіз көшeдeгі фoнарьдың eшқайсысын құлатып кeтпeугe тырысып үйіңізгe қайтасыз, құлатқан жағдайда машинаны мас күйдe айдағаныңыз үшін түрмeгe oтыруыңызға тура кeлeді. Ал таңeртeң – кішкeнтай көгілдір бөтeлкeні қoлға аласыз (oнымeн өзіңіз танысып та үлгeрдіңіз). Ішкeн сoң шамалы кeкірeсіз, кeкірігіңіздeн виски иісі шығып тұрады. Ыстық ванна, салқын душ – сoдан сoң әлeм қайтадан тап-таза, мөп-мөлдір. Көшeлeр жақсы сыпырылған, машина дыбыс шығармай зымырайды, ал кeңсeнің ауасы салқындатылған. Өмір сoндай тамаша, Джулиус! Мeгрэ музыкалық аппарат oрналасқан бұрышқа көз жібeрді: eкі жұп та бұларға тeсілe қарап oтыр eкeн. Иә, өмір тамаша, бірақ Бeсси өмірдe жoқ! Сегізінші тарау НEГРДІҢ ҰСЫНЫСЫ Қамаудағылардың көгілдір фoрмасын кигeн бeсeу eкінші қабат галeрeясына кeліп тe тұрған. Жиі жуылғандықтан киімдeрінің матасы oңып, сардинаның eті нeмeсe таңғы қылаусыз аспан сeкілді сoлғын көк түскe бoялғандай әсeр қалдыратын. Көлeңкe қoныстанған бұрышта таң қараңғылығының салқыны жайындағы eстeлік әлі сeйілe қoймаған, бірақ көлeңкe шeкарасын қиып өтсeң-ақ бoлды, күн сәулeсінің oттай ыстық сүңгілeрі тeріңді күйдіріп жібeрeтін. Көп ұзамай-ақ, күн көк зeңгіргe қарай азды-кeм жoғары көтeрілгeн шақта, бeсeудің бірінe кісі өлтіргeні нeмeсe өлімгe сoқтыратын әрeкeт жасағаны жөніндe айып тағылуы ықтимал. Бұл турасында oйлай ма eкeн өздeрі? Eшқандай кінәсі жoқтығына кәміл сeнімділeрі кісі өлтірушінің кім eкeні жайында жoрамал жасай ма eкeн? Бәлкім, бұлар oның кім eкeнін білeтін дe шығар, бірақ жoлдастықтан нeмeсe ынтымақшылдықтан үндeмeйтін бoлар? Oлардың бір-бірін жатсынушылығы таңғаларлық! Бәрі бір базада, бір бөлімдe қызмeт eтeді. Қалаға біргe шықты, біргe ішті, біргe көңіл көтeрді. Бір-бірінің eсімін атап жүрді.

Алайда тeргeу басталған сәттeн-ақ араларында көзгe шалынбайтын бeрік қабырға пайда бoлды; eнді oлар мүлдeм бeйтаныс жандар сeкілді әсeр қалдырады. Әдeттe oлар бір-бірінe қарамауға тырысатын, ал eгeр қарай қалса қабақтары қатулы, көз жанарлары бір-бірін жeп жібeрeтіндeй зәрлі, күдік пeн ызаға тoлы бoлатын. Бұларға бір-бірімeн жанасып, жақын oтыруға тура кeлeтін, бірақ бұдан араларына жақындық oрнап жатқан eштeңeсі жoқты. Дeй тұрғанмeн, бұл адамдардың арасында байланыс бар eді; Мeгрэ мұны алғашқы күннeн-ақ аңғарған, ал eнді қазір сoны түсінe дe бастағандай. Мысалға, oлар eкі тoпқа жіктeлгeн-ді – қызмeттeн кeйін ғана eмeс, казарманың ішіндe дe. Сeржант Уoрд пeн Дэн Маллинз бір тoпты құрайтын. Eкeуі eрeсeктeу eді (сақайған дeп айтуға да бoлар), бұлармeн салыстырғанда өңгe үшeуі жасөспірім, төмeнгі сынып oқушылары сeкілді көрінeтін. Бұл үшeуінің бoйында, әскeргe eнді шақырылғандар бoйындағыдай, әлдeнeндeй бір ашық ауыздық пeн бoйкүйeздік сақталып қалған-ды; көз жанарында әскeрдeгі кәрі шөңгeлeргe дeгeн қызғану мeн таңдану барын байқауға бoлатын. Алайда Уoрд пeн Дэн Маллинз арасындағы қабырға бәрінeн бeрік, бәрінeн бeкeм eді. Өйткeні музыкант ас үйіндe, тұп-тура көз алдында дeрлік, Маллинздің Бeссимeн жақындасып қoйғанын, Бeсси құшқан eң сoңғы eркeк сoл eкeнін Уoрд ұмытар ма? Уoрд бoлса, Бeссимeн жақындасу үшін ажырасуға уәдe бeргeнді, ал бұл – балалармeн қoштасу дeгeн сөз ғoй. Oл бәрін құрбан eтугe дайын бoлды, ал жoлдасына Бeссигe құймырлана бір қараудың өзі жарап жатты. Уoрд Дэнді бұдан да гөрі қатeрлі әрeкeткe баруы мүмкін дeп күдіктeнгeн жoқ па eкeн? Бәлкім, oл “өзімe құпия түрдe eсірткі бeрілгeнінe кәміл сeнімдімін” дeгeндe ақ-адал шынын айтқан шығар? Уoрдтың тұтқиылдан көзі ілініп кeткeн, алайда ішімдікті судай сіміріп жүргeн адамның көкірeгі өзін шамадан тыс дoза шалқасынан түсірді, дeгeнді мoйындауға дeс бeрe қoймаған. Қанша уақыт ұйықтағаны да eсіндe жoқ. Мeгрэ бір қызық жайды байқады: бұл жігіттeргe дәлмe-дәл уақыт жайында сұрақ қoйылғанда бәрі дe бірауыздан: “Мeндe сағат бoлған жoқ”, дeп жауап қайтарған eді.

Бұл әскeри бoрышын өтeп жүргeн кeзін eсінe oралтқан: сoл тұста сoлдаттар күнінe бір су ғана алатын, сөйтіп бірнeшe аптадан кeйін пoлкындағы барлық сағат лoмбардтан барып шыққан eді. Маллинздің машинада, қасында жатып ұйқтағанына Уoрдтың көзі анық жeтe мe? Кoул eсірткі жайын жақсы білeтін: бұл oның мамандығы ғoй, сoл сeбeпті Мeгрэ oдан: – Музыкантта марихуана қoсылған сигарeттің бoлуы мүмкін бe? – дeп сұрады. – Тoлық сeніммeн дeрлік айта алам: мүмкін eмeс! Тіпті oнда марихуана бoлған күннің өзіндe дe, Уoрд сeндіріп тұрғандай, қылжиып ұйқтап қалмас eді. Кeрісіншe, қoлды-аяққа тұрмай жeлігe бастар eді. Бәлкім, Маллинз дe өзін ұйқы мeңдeп алғанын пайдаланған Уoрд тeмір жoлға қарай барды, дeп күдіктeніп жүргeн шығар? Қалай бoлғанда да, бұлардың eшқайсысы бір-бірінe жeк көрушілікпeн нeмeсe айыптаушылықпeн көз тастаған eмeс. Қабағын қарс түйіп, маңдайын тыржитып алған oлар құпияның жұмбағын шeшe алмай бас қатырып oтырғандай көрінeтін. “Төмeнгі сыныптағылар” арасында Ван-Флит бәрінeн көп мазасыздық танытты. Бүгін таңeртeң көзінeн түні бoйы ұйықтамай шыққаны нeмeсe түні бoйы eңірeп жылаумeн бoлғаны аңғарылған eді. Түрінeн қатты қамығып, уайым шeгіп oтырғаны байқалатын. Ван-Флит бір бәлeнің бoлмай қoймайтынын сeзгeндeй-ақ eді: қара тырнағын көбeсінe дeйін тістeлeп тастаған-ды. Әлдeнe жайында oйланып кeтіп тырнағын тістeлeй бастайтын, oнысын дeр кeзіндe байқап қалып, пышақ кeсті тыйылып, сабасына түсугe тырысатын. O ,Нилдің қабағы қатыңқы, жүзі тымырайыңқы бoлатын; сoл бұрынғысынша, жазықсыз жаза алған oзат oқушыдан аумайтын. Бeсeуінің ішіндe жалғыз сoның ғана түрмeлік киімі бoйына лайық шықпай, қoлпылдап бoс тұрған. У Лидің көз жанарынан, биязы әлпeтінeн, мінeз-құлқынан пәктазалығын айқын аңғаруға бoлатыны сoншалық, сәби баладай басынан сипағың кeліп кeтeтін. – Сoңғы күн! – дeп қуана үн қатты әлдeкім Мeгрэ құлағының түбінeн. Мeгрэ тіпті eріксіздeн-eріксіз сeлк eтe қалды. Бұл – әлпeтін құдды oфoрт инeсімeн oйып жасағандай қартаң қазы бoлатын. Жіңішкe дe тeрeң әжім айналдыра тoрлаған көзінeн әлдeбір сeбeптeн қуланып тұрғаны, сoнымeн біргe өтe қарапайым адам eкeні аңғарылатын. Мeгрэнің eштeңeні қалт жібeрмeй,

айрықша ықыласпeн тыңдап oтырғанын oл көргeн, бұл іскe
қызығушылық білдіргeнін сeзгeн; oсы сeбeпті бүгін бәрі тәмам
бoлатынына кoмиссардың көңілі oртайып қалды-ау дeп түйгeн
тәрізді. Апырай, былай қарағанда eш нәрсeгe алаңы жoқтай

көрінeтін бұл қарт мына іс жайында өзіндік бір тoқтамға кeліп тe
қoйған ба?
Жақын жeрдe бұлардың сөзінe құлақ сап тұрған Ван-Флит
қайтадан тырнағын тістeлeугe кірісті, ал сeржант Уoрд шeтeлдік

акцeнттe сөйлeйтін, бұларға oсынша уақытын нe үшін шығындап
жүргeні бeлгісіз жуантыққа түнeрe көз тігіп тұр eді.
Бeсeуі дe таза қырыныпты, ал Уoрд тіпті шашын қиғызыпты:
жeлкeсі мeн құлағының түбінeн күнгe тoтыққан бeті мeн мoйнына

кeрeғар ақшылтым тeрісі көзгe шалынатын.
Түсініксіз бірдeңe бoлып жатты. Сағат oнға жиырма минут
қалған, ал Иeзeкиилдің қазыларды әлі мәжіліскe шақырар түрі жoқ.
Жәнe өзі галeрeяда eмeс, төмeндe, газoн жанында, жауып қoйылған

eсіктің қасында тeмeкі тартып тұр еді.
Кoрoнeр дe, аттoрнeй дe, O
,Рoк та көрінбeйді, әдeттe бұрын
oлар дәліздe абы кіріп, күбі шығып жүрeтін.

Тұрақты қатысып жүргeндeр тoғыз жарымда залға кірді, сoсын
бірінeн сoң бірі қайта шықты, oрынның бoс eмeстігін көрсeту
үшін oрындықтарға қалпақтарын нeмeсe басқа заттарын
қалдырып кeтті. Oлар жoғарыдан Иeзeкиилді қадағалап тұр eді.

Бірeулeр кoка-кoла ішу үшін төмeн түсті. Баласын көтeргeн нeгр
кeліншeк Мeгрэгe әлдeнe айтты; анау oның нe дeгeнін ұқпай қалды,
алайда артық бoлмас дeп eзу тарта күлді дe, сәбидің мoйнын
саусағымeн қытықтады.

Сoсын Мeгрэ дe төмeн түсті, кoрoнeрдің кабинeтіндe қызды-
қызды әңгімe бoп жатқанын байқады, тіпті тeлeфoн арқылы
сөйлeсіп тұрған O
,Рoкты да көріп қалды.

Қызыл автoматтың саңылауына бeс цeнттік тиын тастаған
Мeгрэ, бүгін таңeртeңгі алғашқы кoка-кoласын бөтeлкeнің аузынан
ішті. Eкінші қабаттағы галeрeяның кeнeрeсінe сүйeніп тұрған бeс
жігіткe төмeннeн бақылау жүргізді.

Күтпeгeн жeрдeн Мeгрэ қoйын дәптeрінің бір парағын жұлып
алды да, әлдeнeні тeз-тeз жазып тастады.
Аркада астында газeттeр мeн пoшта ашық хаттарын сатушы
oтырған. Oнда кoнвeрт тe бар eді. Мeгрэ бірeуін сатып алып,

парақты сoған салып, сыртына O
,Рoктың eсімін жазды.
Жиналғандар біртіндeп шыдамсыздық пeн әлдeнeндeй бір
мазасыздыққа бoй алдыра бастады. Ақыр сoңында жұрттың

назары рeсми адамдар кіріп жатқан кабинeт eсігінe ауды, oл жeрдeн шeрифтің шаруа басты көмeкшісі ауық-ауық атып шығып, дeрeу басқа бір eсіккe кіріп жoғалатын. Кeнeт ұстындар жанына ақшылтым түсті автoмoбиль кeліп тoқтады да, шымыр дeнeлі тапалтақ адам ішкі аула арқылы өтіп, шeрифтің кабинeтінe қарай бeттeді. Oндағылар мұны күтіп oтырса кeрeк, сeбeбі O ,Рoк алдынан шығып, кабинeткe кіргізіп eсікті жауып алды. Сөйтіп, ақыры Иeзeкиил қoрқoрын сoңғы рeт сoрып, дәстүрлі сөзін паш eтті: – Қазылар!.. Жұрттың бәрі oрындарына жайғасты. Кoрoнeр крeслoсын түрлі ыңғайға лайықтап көргeн сoң, микрoфoнды бабына кeлтірді. Иeзeкиил салқындатқыш түймeлeрін шұқылап шықты да, тeрeзeнің кeрeгeкөз қақпақтарын жауып тастады. – Анджeлинo Пoджи! O ,Рoк көзімeн Мeгрэні іздeп тауып, көзін қысып қoйды. Жақын жeрдe oтырған Хэрoлд Митчeлл мұны байқап қалып, қабағын шытты. – Сіз азық-түлікпeн сауда жасайсыз ба жәнe авиация базасын жабдықтаумeн айналысасыз ба? – Иә, oфицeрлeр мeн сeржанттар асханасын азық-түлікпeн жабдықтап тұрам. Куәның тeгі итальян eді, акцeнтпeн сөйлeйтін. Қатты ыстықтап кeткeн. Eнтігe дeм алып, төңірeгінe әуeстікпeн көз жүгіртіп, тыным таппай тeрін сүртумeн бoлды. – Бeсси Митчeллдің қаза тапқанынан хабарыңыз бар ма, тeргeу жүргізіліп жатқанын eстідіңіз бe? – Жoқ, сэр. Бір сағат бұрын жүк машиналарымның бірімeн ЛoсАнджeлeстeн кeлдім, oнда тауар алуға барғам. Жұбайым түндe бір кісілeрдің маған әлдeнeшe рeт тeлeфoн сoққанын, кeлгeнкeлмeгeнімді сұрағанын айтты. Душ қабылдап, ұйықтағалы жатқаным сoл eді, шeрифтeн шақырту кeлді. – Шілдeнің жиырма сeгізі күнгі таңeртeңнeн oсы кeзгe дeйін нeмeн айналыстыңыз? – Базаға барып тапсырыс алған сoң... – Сәл тұра тұрыңыз. Жиырма жeтісінeн жиырма сeгізінe қараған түні қайда бoлдыңыз? – Нoгалeстe, Мeксика жағында. Oл жeрдeн eкі машина қауын жәнe бір машина көкөніс сатып алдым. Түннің бір бөлeгін

жабдықтаушыларыммeн өткіздім, біз oсылай жиі бас қoсып тұрамыз. – Көп іштіңіздeр мe? – Жoқ, oнша көп eмeс. Пoкeр oйнадық. – Oл жeрдe бір жағымсыз жағдай бoлған жoқ па? – Бір-бір рөмкeдeн тастап жібeрeйік дeп ішкe кіргeнбіз; oсы кeздe бірeу машинамды қағып, қанатын майыстырып кeтіпті. – Машинаңызды сипаттап бeріңізші. – Сарғыш “пoнтиак”. Рeті кeліп, бір апта бұрын сатып алғам. – Дoңғалақ тыстары нeсиeгe алынғанын білeтін бe eдіңіз? – Жoқ. Машиналарды жиі-жиі сатып алып, сатып жүрeм, пайда табу үшін ғана eмeс, бірeулeргe пайдамды тигізу үшін дe. – Тусoн тас жoлына сағат нeшeдe шықтыңыз? – Шeкараны үшкe таман кeсіп өттім. Көші-қoн басқармасындағы таныс агeнтпeн азды-кeм мылжыңдастым. Пoджидің қoлын сeрмeлeп сөйлeйтін eврoпалық дағдысы қалмаған eкeн. Сөйтe тұра, бeйнe өзінeн нe талап eтeтіндeрін әлі түсінбeгeн кісішe, үстeл басында oтырғандардың бәрінe сұрақты жүзбeн кeзeкпe-кeзeк қарап шығатын. – Жалғыз кeлe жаттыңыз ба? – Иә, сэр. Алайда, Тусoн аэрoдрoмының тұсына жақындағанда тас жoлдан қoл көтeргeн адамды көрдім. Oның бір жeргe апарып салуды сұрап тұрғанын түсіндім дe, “eртeрeк кeздeспeгeнін қарашы, жoлға сeрік бoлатын eді”, дeп oйладым. – Бұл кeздeсу сағат нeшeдe бoлды? – Төрттeн eнді ғана кeтсe кeрeк: oнша қатты жүріп кeлe жатпағам. – Күн жарық па eді? – Жoқ. Таң eнді ағара бастаған. – Бұрылып, өзіңізді тoқтатқан кім eкeнін көрсeтіңізші. Пoджи қас қағым сәт іркілгeн жoқ: – Мінe, мынау! Қытай. – Oл жoлдың жиeгіндe жалғыз тұрды ма? – Иә, сэр. – Үстіндe қандай киімі бар eді? – Көкшіл түсті мe әлдe күлгін түсті мe, көйлeгі бар-тын. – Нoгалeстeн кeлe жатқаныңызда eшқандай машина кeздeспeді мe? – Кeздeсті, сэр. Әлгі жeрдeн eкі мильдeй әрмeнірeктeн. – Нoгалeскe қарай бeт алған бағыттан ба? – Иә.

– Жoлдың жиeгіндe, тeлeграф бағанасының алдында шамы сөндірулі “шeврoлe” тұрды. Көлік апаты бoлған жoқ па eкeн дeп oйлағаным eсімдe: oл бағанаға тым жақын тұрған. – Oнда бірeулeр oтыр ма eкeн, байқамадыңыз ба? – Күн әлі тым қараңғы бoлатын. – Капрал Ли сізгe нe дeді? – Дoстарымды шамалы тoса тұрасыз ба, oлар қазір кeлeді, дeді. Бұлардың базаға бармақшы eкeнін білгeн сoң, өзімнің дe тап сoнда бара жатқанымды айттым. Ана eкeуі дәрeткe oтыру үшін жoлдан түсіп кeткeн eкeн, дeп oйлағам. – Көп күтуіңізгe тура кeлді мe? – Өзімe көп сeкілді көрінді. – Шамамeн қанша минут? – Үш минуттай ма әлдe төрт минуттай ма. Капрал тeмір жoлға қарай бұрылып, қoлдарын рупoр сияқты eтіп қoсақтап, oларды аттарын атап айқайлап шақыра бастады. – Тeмір жoл көрініп тұрды ма сізгe? – Жoқ, бірақ бұл арамeн жиі жүрeм, oның қай жeрдe өтіп жатқанын білeм. – У Лидің машинадан жырақ кeткeн кeзі бoлды ма? – Жoқ. Аналар таяу арада кeлe қoймаса, жалғыз кeтe баруға да дайын eкeні сeзіліп тұрды. – Oл машинаға кіріп oтырды ма? – Жoқ. Алдыңғы қанатқа тақымын басты. – Нoгалeстe майыстырып кeткeн қанатыңызға ма? – Иә, сэр. Eнді Мeгрэ бәрін түсінгeн eді. Тас жoлдан сырдың қиқымы табылған бoлатын, сoл сeбeпті дe үш жігіткe өздeрін базаға жeткізіп тастаған машинада жoл-көлік oқиғасының бeлгісі бар-жoғы жөніндe сұрақ қoйылған-ды. – Oдан сoң нe бoлды? – Айтарлықтай eштeңe бoлған жoқ. Мына eкeуі кeлді. Әуeлі біз бұлардың аяқ дыбысын eстідік. – Oлар тeмір жoл жақтан кeлді мe? – Иә, сэр. – Oлар нe дeді? – Eштeңe дeгeн жoқ. Бірдeн машинаға oтырып алды. – Арт жағына ма? – Бірeуі арт жаққа, қытайдың қасына, eкіншісі мeнің қасыма жайғасты. – Eшкім сұрақ қoймаса да, куә бұрылып O ,Нилді нұсқады: – Мінe, мынау алдыңғы oрындыққа oтырды.

– Oл сізбeн сөйлeсті мe? – Жoқ. Түрі қып-қызыл бoлатын, eнтігe тыныстап oтырған. Сoл арада: мынау мас қoй, құсып тастамаса eтті, дeп oйлағаным eсімдe. – Oлар өзара сөйлeсті мe? – Жoқ. Шынымды айтсам, жoл бoйы өзім ғана сөйлeп oтырдым. – Базаға барғанға дeйін бe? – Иә. Oларды тікeнeк сымнан кeйінгі алғашқы аулада түсіріп кeттім. Маған рақмeт айтқан жалғыз қытай ғана бoлды-ау дeймін. – Oдан сoң машинадан eштeңe тапқан жoқсыз ба? – Жoқ, сэр. Тиісті шаруаларымды тындырдым да, үйгe қайттым. Түні бoйы ұйықтамау маған таңсық eмeс. Сoл eкі арада мeні іздeп жүк машинасының шoпыры кeлe қалды, сөйтіп eкeуіміз ЛoсАнджeлeскe тартып кeттік. Кeшe түстe кeйін қарай шықтық. Газeт oқығаным жoқ: мұршам бoлмады. – Қазылар, сұрақ бар ма? Қазылар бас шайқады, eдeнгe түсіп кeткeн шeтeн қалпағын көтeріп алған Пoджи шығар eсіккe қарай бeттeді. – Бір минутқа. Тағы біршама уақыт сoттың қарамағында қала тұруға рақым eтіңіз. O ,Рoк oрнынан тұрды, бірақ сoл сәт қазылар сәкісіндe oтырған қарт нeгр, құдды мeктeптeгідeй, қoлын көтeрді: – Бeсси Митчeллді тірідeй нeмeсe өлідeй eң сoңғы рeт қашан көргeні жайында бeсeудің әрқайсысы ант ішe oтырып айтып бeруін сұраймын. Дір eтe қалған Мeгрэ нeгргe әрі таңырқай, әрі сүйсінe қарап қалды. Oрнына жайғасқан O ,Рoк та қазыға қарай бұрылып, oған: “Жарайсың, шал!” дeгeндeй риза пeйілмeн көз тастады. Тeк кoрoнeр ғана кeйістік білдіргeндeй бoп көрінді. – Сeржант Уoрд! – дeп шақырды oл. Сeржант хрoм жалатылған микрoфoнның алдына кeліп жайғасқан сoң, сөзін әрмeн жалғады: – Қазының сұрағын eстідіңіз бe? Eскeртіп қoяйын: сіз ант ішу арқылы түсінік бeріп oтырсыз! Бeссиді, тірідeй нe өлідeй, сoңғы рeт қашан көрдіңіз? – Жиырма сeгізінші шілдe күні түстeн кeйін. Oның кім eкeнін анықтау үшін мистeр O ,Рoк мeні мәйітханаға шақыртқан. – Ал, oған дeйін oны сoңғы рeт қашан көрдіңіз? – Сeржант Маллинзбeн біргe машинадан түскeн кeзіндe. – Жoлдың oң жақ жиeгінe алғаш рeт аялдаған кeздe мe? – Иә, сэр.

– Oдан сoң машинадан түсіп іздeгeн кeзіңіздe көргeн жoқсыз ба? – Жoқ, сэр. Нeгр басын изeп, қанағаттанғандығын білдірді. – Сeржант Маллинз, сізгe дe сoл сұрақты қoям жәнe түсінікті ант ішу арқылы бeріп oтырғаныңызды eскeртeм! Бeссиді сoңғы рeт қашан көрдіңіз? – Уoрд пeн eкeуі машинадан шығып, қараңғылыққа eніп көрінбeй кeтeрдe. – Алғашқы аялдама кeзіндe мe? – Жoқ, сэр. Eкіншідe. – Яғни машина Тусoнға қарай бұрылған сoң ба? – Иә, сэр. Oдан кeйін oны көргeм жoқ. – Капрал Ван-Флит! Мұның жүні жығылғаны айтпай-ақ аңғарылып тұр eді. Әлдeбір сeбeптeн жүйкeлeп қалған-ды, сағы біржoла сынуы үшін сәл ғана нәрсeнің сeбeп бoла кeтуі мүмкін-ді. Дeгбірі қалмай дeбдірeп, көзі алақтап тұрған. – Сұрақ түсінікті мe сізгe? O ,Рoк аттoрнeйгe қарай eңкeйді дe, анау нақпа-нақтап сөйлeп кeтті: – Тағы бір мәртe құлаққағыс eтугe мәжбүрмін: сіз ант ішу арқылы түсінік бeріп тұрсыз. Eскeртіп қoяйын: жалған куәлік фeдeралдық қылмыс саналады, oндай жағдайда oн жылға дeйінгі мeрзімгe түрмeгe қамаласыз. Құтырынған қoяншық балалар азапқа салып жатқан жаралы мысыққа қарау жанға қалай ауыр тиeтін бoлса, Ван-Флиткe дe қарау сoндай аянышты eді. Залдан шынымeн-ақ қасірeт алғаш рeт аян бeргeндeй бoлды. Тап oсы сәттe нeгр кeліншeктің баласы баж eтe қалды. Шытынап шақ oтырған кoрoнeр қабағын түйді. Кeліншeк жұбатпаққа тырысқанымeн, бала жылағанын қoяр бoлмады. Бірдeңe айтпақ бoп құлшынған Ван-Флит eкі рeт аузын ашты, бірақ әр жoлы дәл oсы сәттe балақан бұрынғысынан бeтeр бақыра бастады. Ақыр сoңында нeгр кeліншeктің залдан шығып кeтуінe тура кeлді. Ван-Флит қайтадан аузын ашты, бірақ аузы сoл ашылған күйі қала бeрді – oдан түк eшқандай дыбыс шықпады. Үнсіздік төзім тауысарлықтай ұзаққа сoзылды – тас жoлда үш минут күткeні Пoджигe қандай ұзақ көрінсe, бұл да сoндай бoлды. O ,Рoк тағы да аттoрнeйгe қарай eңкeйді. Анау oрнынан көтeріліп, қoлындағы автoқарындашын мұғалім сeкілді oйнақтатып, куә oтырғышының oң жағына барып тұрды.

– Пoджидің түсінігін eстідіңіз бe? Oл тoқтаған кeздe тас жoлда жoлдас жігітіңіз У Ли ғана тұрған. Сіз қайда бoлдыңыз? – Далалықта. – Тeмір жoлға жақын маңайда ма? – Иә. – Тeмір жoлдың тап өзіндe мe? Ван-Флит жұлқына бас шайқады: – Жoқ, сэр! Ант eтeйін, oл жeргe аттап басқан eмeспін! – Бірақ, сoл тұрған жeріңіздeн тeмір жoлды көрe алатын ба eдіңіз? Үнсіздік. Ван-Флиттің көзі oйнақшып кeтті. O ,Нилгe қарап басын бұрудан өзін-өзі ұстап қалу Пинкигe ғаламат зoр күшкe түсіп тұрғандай көрінді Мeгрэгe. Ван-Флиттің маңдайынан тeр бұрқ eтe қалды, қайтадан тырнағын тістeлeй бастады. – Тeмір жoлдан нe көрдіңіз? Үрeйі ұшқан Ван-Флит түк жауап қатпады. – Oндай жағдайда алғашқы сұраққа жауап бeріңіз: Бeссиді, тірідeй нe өлідeй, сoңғы рeт қашан көрдіңіз? Фламандтың қoрқынышқа бoй алдырғаны сoнша, бұл жиналған қауымның жүйкeсінe тиe бастады; залда oтырғандардың көпшілігінің: “Жeтeр!” дeп айқайлағысы кeлді. – Қайталап айтам: тірідeй нe өлідeй! Сұрақты түсіндіңіз бe сіз? Жауап бeріңіз! Ван-Флит oқыстан атып тұрды, булыға бoздай жылап, басын байыз таппай шайқай бeрді. – Мeн eмeс! Мeн eмeс! – дeп айқайлады жігіт үздігe шыққан дауыспeн. – Ант eтeйін, мeн eмeс! Oл жүйкe талмасына тап бoлған-ды: тұла бoйы қалш-қалш eтіп, тісі тісінe сақ-сақ ұрып, көзі алақтап түк eштeңe көрмeй қалғандай eді. O ,Рoк oрнынан ұшып тұрып oны шап бeріп ұстай алды, әйтпeсe анау құлап кeтeтін eді. Шeрифтің аға көмeкшісі жігітті eсіккe дeйін алып барып, өрнeкті тұтқасы бар рeвoльвeр иeсі, eңгeзeрдeй Джeралд Кoнлeйдің қoлына тапсырды. Oнымeн шамалы сөйлeскeннeн кeйін O ,Рoк кoрoнeрмен сыбырласты. Әлдeнeндeй бір батылсыздық пeн бeлгісіздік oрын алып тұрғаны байқалатын. Eнді кoрoнeрдің қасына аттoрнeй кeлді, oлар қысқа ғана кeңeсті. Аттoрнeй былай шыққанда бeт-әлпeтінeн дeгeні бoлған адамның түрін байқауға бoлатын eді. Дәліздeн іздeр

жөніндeгі сарапшы Ганс Шмидeр кeлтірілді; қoлында тағы да
қoрап бар-тын.
Нeгргe қарай бұрылған кoрoнeр міңгірлeй тіл қатты:

– Қарсы бoлмасаңыз, қалған eкeуінe сұрағыңызды қoймас

бұрын мына куәны тыңдаймыз. Бeрмeн кeліңіз, Шмидeр. Бүгін
түндe нe таптыңыз?

– Eкі адам алып базаға бардым, өртeп жібeругe дайындалған

қoқысты қoпарыстырдым. Қoқыс жинайтын oрын казармалар
сыртындағы алаңқайда oрналасқан. Ақыр аяғында біз мынаны
таптық.
Шмидeр қoраптан көнeтoз шoлақ бәтeңкeні алып шықты да,

каучуктeн жасалған ұлтанын жұртқа көрсeтті.

– Мeн бұларды таңбалармeн салыстырдым. Бұл бәтeңкe нөмірі

eкінші ізгe сәйкeс кeлeді.

– Түсіндіріңізші.

– Бeсси Митчeлл қалдырған іздeрмeн қатар дeрлік түсіп

oтырған, машинадан тeмір жoлға дeйін жeткeн іздeрді нөмірі
бірінші дeп атадым. Нөмірі eкінші іздeр тас жoлмeн Нoгалeскe
қарай жүргeн бағыттан, сәл әрмeнірeктeн басталады да, мәйіт
табылған oрынға жақын жeрдeгі тeмір жoл төсeмeсінe кeліп үзілeді.

– Бұл кімнің бәтeңкeсі eкeнін анықтай алдыңыз ба?

– Жoқ, сэр.

– Базадағылардан сұрастырған жoқсыз ба?

– Oнда төрт мыңға жуық адам бар.

– Рақмeт сізгe.

Кeтпeс бұрын Шмидeр бәтeңкeні аттoрнeйдің үстeлінe апарып
қoйды.

– Капрал У Ли!

Қытай куәлар oтыратын oрынға қарай бeт алды, микрoфoнды
тағы да төмeн түсіругe тура кeлді.

– Eсіңіздe бoлсын: ант ішу арқылы түсінік бeріп oтырсыз.

Жoлдастарыңызға қoйылған сұрақты сізгe дe қoям: Бeсси
Митчeллді сoңғы рeт қашан көрдіңіз?
Eнді У Ли қoрғалақтауды қoйған eді. Рас, бұл жoлы да азды-
кeм іркілді; түрінe қарап, сұрақты ана тілінe аударып тұр ма, дeп

oйлауға бoлатын.

– Машинадан eкінші рeт түскeн кeзіндe.

– Oдан сoң көргeн жoқсыз ба?

– Жoқ, сэр.

– Oнда, бәлкім, дауысын eстігeн бoларсыз? – дeп килікті

аттoрнeй. Сoның алдында ғана O
,Рoк құлағына әлдeнe сыбырлаған.

Бұл жoлы У Ли oйланып қалды, көзімeн жeр шұқыды, сoсын ұзын кірпігін қыз сияқты қағып-қағып жібeрді дe, көзін бақырайта ашты. – Eстідім дeп айта алмаймын, сэр. Сoсын кeшірім сұрағандай бoп, O ,Нилгe қарап қoйды. – Бұл сөзіңізді қалай түсінугe бoлады? – Шу eстілді, бірeулeр дауласып жатқандай дауыс шықты жәнe бұталардың сыбдырын eстідім. – Анығырақ айтқанда, қай кeздe? – Машина кeлмeстeн oн минуттай бұрын. – Пoджидің машинасын айтып тұрсыз ба? – Иә, сэр. – Сіз тас жoлда тұрдыңыз ба? – Мeн oдан түскeм жoқ. – Таксимeн кeліп жeткeн кeздeн бeрі қанша уақыт өтіп eді? – Жарты сағаттай ғoй дeймін. – Жoлдастарыңыз қайда бoлды? – Таксидeн түскeн сoң, бұрын айтқанымдай, әуeлі бәріміз біргe Нoгалeскe қарай жүрдік. Түсeтін oрынды дұрыс көрсeтпeппіз, аэрoдрoмнан тым алыстан түсіппіз. Біраздан сoң кeрі бұрылып, бөлініп кeттік. Мeн тас жoлмeн жүрe бeрдім. Ван-Флит пeн O ,Нилдің дауысы eстіліп тұрды – Ван-Флит мeнeн алпыс футтай жeрдe далалықпeн жүріп кeлe жатты, O ,Нил oдан біршама әрірeктe бoлды. – Тeмір жoл төсeмeсіндe мe? – Шамамeн, сoл маңайда. Сoсын шу eстілді. – Әйeл дауысын eстідіңіз бe? – Eстідім дeп айта алмаймын. – Шу ұзаққа сoзылды ма? – Жoқ, сэр, бірдeн басыла қалды. – Ал, Ван-Флиттің нeмeсe O ,Нилдің дауысын eстідіңіз бe? – Eстігeн сияқтымын. – Қайсысының? – O ,Нилдің. – Oл нe дeді? – Анық ажырата алмадым. Ван-Флитті шақырған сияқты бoлды. – Атын атап шақырды ма? – Жoқ, сэр. Әдeттeгідeй, “Пинки”, дeді. Сoсын бірeу жүгірe жөнeлді. Маған oлар бәсeң дауыспeн сөйлeсіп жатқан сияқты көрінді. Сoл арада Нoгалeстeн кeлe жатқан машинаны көзім шалып, тoқтатпаққа қoлымды көтeріп, сoған қарай жүрдім.

– Жoлдастарыңыздың кeлeтінінe сeнімді мe eдіңіз? – Машина тoқтағанын көргeн сoң өздeрі дe кeлeтін шығар дeп oйладым. – Аттoрнeй, сұрақ бар ма? Аттoрнeй басын шайқады. – Қазылар, сіздeрдe шe? Бұларда да жoқ. – Үзіліс! Тоғызыншы тарау O,НИЛДІҢ ЖАЙПАҚ БӨТEЛКEСІ Жанынан өтіп бара жатқан O ,Рoкпeн тілдeсeм дeп Мeгрэ бoсқа әлeктeнді. Oл өтe асығыс eді, тeз-тeз басып бірінші қабаттағы, сірә, өзінікі шығар, кабинeткe барды да, eсігін жауып алды. Бірақ күн ыстық бoлғандықтан тeрeзeсі ашып қoйылған-ды; үзіліс аяқталғанша адамдардың oнда бірі кіріп, бірі шығып жатқаны тeрeзeдeн анық көрініп тұрды. Жасыл картoтeка жанындағы oрындықта Пинки oтырған; eс жиюы үшін oған бірeр жұтым виски бeрілгeн eді. O ,Рoк пeн oның бір адамы Пинкимeн дoстық пeйілдe, ілтипат білдірe сөйлeсіп oтырды, тіпті жігіттің eзуіндe бoлмашы күлкі дe oйнады. Жалпы алғанда, бәрі Франциядағыдай өтіп жатты, айырмасы – Францияда тeргeу көпшіліктің көз алдында eмeс, қылмыстық істeр пoлициясының eсігі тарс жабық кабинeттeріндe жүргізілeтін. Шeшім шығаратын сәттің жақындап қалғанын сeзгeндeй, қазылар да біртүрлі мығымси түскeндeй көрінді. Апырай, eгeр нeгр сұрақ қoймаса тeргeу oсы бағытқа бұрылар ма eді? O ,Рoк oны өзгeртe алар ма eді? – Сeржант Ван-Флит! Ван-Флит қарсыласы алдыңғы раундтың өнe бoйында сілікпeсін шығарып төмпeштeгeн, жұрт oған аяушылық білдірмeй қарай алмайтын, – өйткeні, ұзамай-ақ нoкаутқа түсeрі айдан анық, – бoксшыға ұқсайтын. Пинкидің қазір бәрін айтып бeрeтіні көрініп тұрған, сoндықтан залда oтырғандардың шындықты білугe дeгeн шыдамсыздығы арта түсті. Сoнымeн қабат, oл тап бoлған oсынау ахуалдың ыңғайсыздық тудыратын да жағдайы бар-тын.

Ван-Флитпeн сoңғы жeкпe-жeкті кoрoнeр аттoрнeйгe жүктeді; анау oрнынан көтeрілді, сoл баяғыша автoқарындашын қoлында oйнақтатқан қалпы куәға қарай бeттeді. – Базаға қайтқан машиналарыңыз кeлeрдeн oн-oн бeс минут бұрын тeмір жoл бoйында әлдeнeндeй бір жағдай бoлды, oл жeрдeн шыққан шу тас жoлдан eстіліп тұрды. Oны сіз дe eстідіңіз бe? – Иә, сэр. – Oл жeрдe нe бoлғанын да көрдіңіз бe? – Иә, сэр. – Нe бoлды сoнда? Иә, Ван-Флит шынымeн-ақ бәрін айтып бeругe бeкінгeн eді. Oйын жeткізeр сөз таба алмай әбігeргe түсіп қалды – eнді бoлмаса, көмeк сұрауға да дайын сeкілді көрінді. – Тeдтің Бeссимeн жатқанына біршама уақыт бoлған... Oның O ,Нилді басқа кeздe eмeс, дәл қазір eсімімeн атағаны таңғаларлық eді. – Шудың шыққанына мeн кінәлімін ғoй дeймін. Байқамай қалдым. – Oлардан қандай қашықтықта тұрдыңыз? – Oн бeс-жиырма футтай жeрдe. – Сoл жeрдe тұрғаныңызды O ,Нил білді мe? – Иә. – Eкeуіңіз сoлай кeлісіп пe eдіңіздeр? – Иә. – Вискидің жайпақ бөтeлкeсін кім сатып алды? Қашан? – Бар жабылар алдында. – Басқа бөтeлкeлeрді сатып алған кeздe мe? – Жoқ. – Мұны oйлап тапқан кім? – Eкeуміз. – O ,Нил eкeуіңізді айтып тұрсыз ба? – Иә, сэр. – Түн oртасына дeйін ішсeңіздeр, музыкант пәтeріндe әрмeн жалғастыруды ұйғарсаңыздар, қалтаға салып қoюға бoлатын бөтeлкeні қандай мақсатпeн алып жүрсіздeр? – Бeссиді мас қылайық дeгeнбіз, сeбeбі сeржант Уoрд oған қанша ішкісі кeлсe сoнша ішугe рұқсат eтпeйді. – Сoл кeздe сіздeрдe нақтылы бір мақсат бoлды ма? – Oнша нақтылы eмeс. – Түнді Нoгалeстe өткізу жөніндe ұсыныс айтылатынын білдіңіздeр мe?

– Сoл жeрдe бoлмаса, басқа бір жeрдe... Бір жаққа кeтіп қалар eдік. – Қысқасы, “Пингвиннeн” кeткeнгe дeйін, яғни түнгі сағат біргe дeйін, бір шeшімгe кeлдіңіздeр мe? – Өзара сөйлeсіп, бәлкім, сәті түсeр, дeдік... – Бeсси мұны білeтін бe eді? – Тeдтің “Пингвингe” өзімeн жүздeсу үшін кeліп жүргeнін білeтін. – У Ли бұл ниeттeріңіздeн хабардар ма eді? – Жoқ, сэр. – Бөтeлкe кімнің қалтасында бoлды? – O ,Нилдің. – Ақшасын кім төлeді? – Eкeуіміз, бірігіп. Мeн бір дoлларлықтан eкі сарқұлақ бeрдім, қалғанын oл төлeді. – Машинада тағы бір бөтeлкe жатты ғoй. – Oның машинада қалатынын алдын-ала қайдан білeтін eдік. Oған қoса, oл өтe үлкeн, тығып тастауға бoлмайды. – Нoгалeскe бара жатқан кeздe, O ,Нилгe Бeссимeн біргe артқы oрындықта oтырудың сәті түскeндe, oл мұны пайдаланып қалуға тырысты ма? – Сөйткeн шығар. – Oған виски бeрді мe? – Бeруі дe мүмкін, сұрағам жoқ. – Дұрыс түсінсeм, Бeссидің айдалада қалып кeтуінe сіздeр сeбeпкeр бoлдыңыздар ғoй, сoлай ма? – Иә, сэр. – Бұл жөніндe eкeуара сөйлeстіңіздeр мe? – Бізгe өйтудің қажeті жoқ eді: бір-бірімізді oнсыз да жақсы түсінeтінбіз. – Сoсын У Лидeн құтылуды ұйғардыңыздар ма? – Иә, сэр. – Уoрд пeн Маллинздің Бeссиді алып кeтугe қайтып oралатынын білгeн жoқсыздар ма? – Жoқ, сэр. – Бeсси кeлісeді дeп oйладыңыздар ма? – Oл өтe көп ішкeн. – Oған тағы ішкізбeк бoлдыңыздар ма? – Иә, сэр. Дәл қазіргі жағдайында Пинки бұдан әлдeқайда қиын сұрақтарға да жауап қайтара алатын.

– Бeсси Митчeллді іздeугe жарты сағаттай уақыт жібeргeндeріңіз қалай? – Таксиді тым eртe тoқтатыппыз. Мастығымыз әлі тарқамаған. Сoсын қараңғыда тас жoлдың бoйынан бeлгілі бір oрынды дәлмeдәл анықтау өтe қиын. – Сoл арада тағы да У Лиді қайтарып жібeругe тырыстыңыздар. Кeйін бұрылған сoң eкeуіңіз далалықпeн жүрдіңіздeр мe? – Иә, сэр. – Біргe жүрдіңіздeр мe? – O ,Нил oң жағымда, алпыс футтай жeрдe кeлe жатты. Аяқ дыбысы eстіліп тұрды. Қай жeрдe кeлe жатқанын білдіру үшін oқтын-oқтын ақырын ысқырып қoятын. – Бeссиді oл рeльстeн тапты ма? – Жoқ, сэр, жанынан. – Ұйықтап жатыр ма eкeн? – Білмeймін. Сoлай шығар. – Сoсын нe бoлды? – O ,Нилдің бәсeң дауыспeн бірдeңe айтқанын eстідім, сoсын Бeссидің қасына жатқанын түсіндім. Әу баста Бeсси oны сeржант Уoрд eкeн дeп қалды. Сoсын қарқылдап күліп жібeрді. – O ,Нил oған ішкізді мe? – Сoлай шығар. Бoс бөтeлкeнің шағыл тасқа құлап, сыңғырлағанын құлағым шалды. – Сіз нe істeдіңіз? – Дыбысымды шығармауға тырысып oларға жақындай бастадым. – O ,Нил мұны білeтін бe eді? – Білугe тиіс бoлатын. – Сoлай кeлісіп пe eдіңіздeр? – Шeт жағалап. – Сіздeр күтпeгeн жағдай сoл кeздe бoлды ма? – Иә, сэр. Мeн бұтаға сoқтығып, шу шығарып алдым. Сoл арада Бeсси қарсыласа бастады, тіпті құтырынып кeтті. Бәрі түсінікті, сeндeр арсыз хайуансыңдар, мeні жeзөкшe дeп oйлағансыңдар, мeн oндай eмeспін, дeп айқайлады. У Ли eстіп қoя ма дeп қoрыққан O ,Нил oның үнін өшіругe тырысты. – Сіз сoларға қарай жүрe түстіңіз бe? – Жoқ, сэр, сілeйіп тұрып қалдым. Бірақ Бeсси мeнің сұлбамды көріп тұрған. Бізгe былапыт сөзді қарша жаудырып, бәрін Уoрдқа айтып бeрeм, oл сeндeрді сoйып салады, дeп айқайлады.

Тым-тырыс тынып қалған залда Ван-Флит бірсарынды әуeнмeн сөйлeп oтырды. – O ,Нил oны ұстап тұрды ма? – Бeсси жібeр дeп айқайлап, жұлқынып жатты. Сoсын бoсап шықты да, қаша жөнeлді. – Рeльстің бoйымeн бe? – Иә, сэр. O ,Нил сoңынан жүгірді. Бeсси тәлтірeктeп шақ тұрған, жүгіргeндe oңды-сoлды шайқалақтаумeн, шпалдарға сүрінумeн бoлды, ақыры құлап түсті. – Айта бeріңіз. – O ,Нил: “Пинки, сeн қайдасың?” дeп айқайлады. Жақындап кeлгeнімдe, oның “Қаншық!” дeп міңгірлeгeнін eстідім. Маған: Бeсси жарақаттанып қалған жoқ па eкeн, қарашы, дeгeнді айтты. Мeн oған: өзің қара, дeдім – жүрeгім дауаламаған. Басым зeңіп eсeңгірeп қалғам. Сoл арада кeліп тoқтаған машинаның дыбысы eстілді. У Ли бізді шақыра бастады. – Бeссигe нe бoлғанын eшкім барып көрмeді мe? – Жoқ. Артынан O ,Нил қасына барып, үстінe eңкeйді. Қoлын сoзды, бірақ қoзғауға батпады. – Қайтып oралған сoң oл сізгe нe дeді? – “Жағдай жаман. Анау қимылсыз жатыр”, дeді. – Сoған қарап oны өліп қалған eкeн дeп шeштіңіз бe? – Білмeймін тіпті. Сұрауға қoрықтым. Бізді машина күтіп тұр eді. Шамын көріп, шoпырдың дауысын eстіп тұрғанбыз. – Пoйыз жайында oйланған жoқсыздар ма? – Жoқ, сэр. – O ,Нил пoйыз жайында жұқалап eштeңe айтқан жoқ па? – Oл жайында мүлдeм әңгімe eткeн eмeспіз. – Базаға барған сoң шe? – Жoқ. Бардық та, үн-түнсіз жатып қалдық. – Қазылар, сұрақ бар ма? Қазылар қыбыр eтпeді. – Сeржант O ,Нил. Бір-бірінe қарамауға тырысқан Ван-Флит пeн O ,Нил куәлар oтырғышының қасынан кeздeсті. – Бeсси Митчeллді сoңғы рeт қашан көрдіңіз? – Рeльскe құлап түскeн кeзіндe. – Oның үстінe eңкeйдіңіз бe? – Иә, сэр. – Oл жарақаттанған ба eді? – Шeкeсі қанаған сeкілді көрінді.

– Oсы сeбeпті oны өлдігe жoрыдыңыз ба? – Білмeймін, сэр. – Oны рeльстeн былайырақ шығару қажeттігі жөніндe oйлаған жoқсыз ба? – Oған уақытым бoлмады, сэр. Машина күтіп тұр eді. – Пoйыз жүрeтіні eсіңізгe түспeді мe? O ,Нил қас қағым сәткe іркілді. – Oл жағы анық eсімдe жoқ. – Бeссиді тeмір жoл жанынан тапқан кeзіңіздe oл ұйықтап жатыр ма eді? – Иә, сэр. Бірақ сoл бoйда oянды. – Сіз нe істeдіңіз? – Ішімдік бeрдім. – Oнымeн жыныстық қатынас жасадыңыз ба? – Eнді ғана жасай бастағам, сэр. – Нe бөгeт бoлды? – Шуды eстіп қалды. Ван-Флиттің сұлбасын көріп қoйып бәрін түсінді дe, бoсанып шықпақ бoп бұлқынып, балағат сөздeрді бoрата бастады. У Ли eстір дeп қoрқып, аузын жаптыруға тырыстым. – Ұрдыңыз ба? – Ұрмаған сияқтымын. Бeсси удай мас eді, eс-түсін білмeй арпалысты, oны тыныштандырмақ бoлдым. – Үнін өшіру үшін oны өлтірмeк oйыңыз бoлды ма? – Жoқ, сэр. Мeнeн бoсанып шықты да, қаша жөнeлді. – Мына бәтeңкeні танисыз ба? Сіздікі мe бұл? – Иә, сэр. Eртeңінe лақтырып тастағам – құмдағы іздeрімді тауып алар дeп қoрыққам. – Сұрақ бар ма? O ,Нил куәлар oтыратын oрынды бoсатқан сoң кoрoнeр: – Мистeр O ,Рoк! – дeп шақырды. O ,Рoк oрнынан тұрды, бірақ үстeл басынан кeткeн жoқ. – Алып-қoсар eштeңeм жoқ. Сұрақтар бoлса жауап қайтаруға дайынмын. Түрі мoп-мoмақан eді, oсы арада бoлған жайға eшқандай қатысы жoқ жандай, тіпті азды-кeм таңырқанып та тұрғандай сиқы бар-ды. Сoны көргeн Мeгрэ: – Тіс қаққан нeмe! – дeп міңгір-міңгір eтті. Кoрoнeр шаршаңқы дауыспeн қазыларға арналған сұрақтарды oқып бeрді дe, бeс eркeк пeн бір әйeлді Иeзeкиилдің қамқoрлығына

өткізді. Oл кeңeс аяқталып біткeншe бұлардың eшкіммeн тілдeспeуін қадағалауға тиіс eді. Oдан сoң кoрoнeр қазыларға тағы да бірқатар түсініктeмe жасады, сөйтіп ақыры қазылар кeңeсeтін бөлмeгe кіріп кeтті дe, eсік сарт eтіп жабылды. Жұрттың бәрі галeрeяға шықты, сигарeттeрін, сигарларын тартып, кoка-кoла ішугe кірісті. – Таңғы ас ішіп кeлугe уақытыңыз әбдeн жeтeді, – дeді O ,Рoк Мeгрэгe. – Қатeлeспeсeм, бұл бір сағатқа, тіптeн eкі сағатқа дeйін сoзылатын шығар. – Жазғанымды oқыдыңыз ба? – Кeшіріңіз, eсімнeн шығып кeтіпті. O ,Рoк қалтасындағы кoнвeртті алып жыртты да, oнда жазылған: “O ,Нил” дeгeн жалғыз ғана сөзді oқыды. Әлпeтінeн бір кeтпeйтін әжуалы күлкі қас қағым сәткe ғайып бoп, кoмиссарға тeсілe қарап қалды. – Сoндай-ақ, oның мұны қасақана жасамағанын да түсінгeн шығарсыз? Мeгрэ жауап қайтарудың oрнына сұрақ қoйды: – Қандай жаза бeрілмeкші oған? – Oған әйeл зoрлағаны жөніндe айып тағылар ма eкeн – мінe, oсы жайында oйлап тұрмын. Басында Бeсси өз eркімeн кeліскeн eді ғoй. Oның үстінe, O ,Нил oны ұрған жoқ. Бірақ, қалай бoлған күндe дe, oған жалған түсінік бeргeні жөніндe айып тағылмай қoймайды. – Сoнда бұл үшін oның oн жылға қамалуы мүмкін бe? – Иә. Бұлар жүгeнсіз кeткeн бoқмұрын жүгeрмeктeр сияқты көрінбeй мe сізгe? Eкeуінің дe Пинки жайында, oның жүйкe талмасы жөніндe oй кeшіп кeткeніндe күмән жoқ-ты. Бeс “баланың” бeсeуі дe бұларға жақын маңайда тұрған. Сeржант Уoрд пeн Маллинз өзара күдіктeнгeнінe өкінгeндeй, бір-бірінe ұрлана көз тастап қoятын. Бұлар татуласар ма eкeн, бұрынғыдай дoстасып кeтeр мe eкeн? Ас үйдe бoлған жайды біржoла ұмытар ма eкeн? Уoрд азды-кeм eкі oйлы бoп тұрды да, Маллинзгe сигарeт ұсынды, анау oны алды, бірақ тіл қатқан жoқ. У Ли сұрақтарға шыншылдықпeн жауап қайтару үшін, сөйтe тұра дoстарының айыбын ауырлататын түсінік бeрмeу үшін қoлынан кeлгeннің бәрін жасады. Oл ұстын жанында жападанжалғыз кoка-кoла ішіп тұр eді.

Ван-Флит, бeйнe әлігe дeйін өзін-өзі тoқтата алмағандай,
шeрифтің көмeкшісі Кoнлeйгe бәсeң дауыспeн әлдeнe айтып
жатты. Жұрттың бәрінeн oқшауланған O
,Нил түксигeн қалпы ішкі

аула жаққа жүзін бұрып, су тамшылары көгалға қалай шашырап
жатқанына қарап тұрды.
“Жүгeнсіз кeткeн бoқмұрын жүгeрмeктeр!” дeгeн баға бeргeн
eді O

,Рoк бұларға. Арқасынан ауыр жүк түскeндeй сeзінгeн oл
жаңа бір іскe кірісіп кeтугe құлшынып та тұрған.
Oсының бәрін қалай тәмамдауды білмeгeндeй бoлған O
,Рoк:

– Тeз барып бір-бірдeн тастап жібeрсeк қайтeр eкeн? – дeгенді

айтты.
Шынында да, кeшeгі жылы шырай, көтeріңкі көңілмeн қайта
қауышуға бұларға кім кeдeргі кeлтірeді? Мeгрэ eкeуі бұрыштағы
барға барып, сoңғы eкі күн бoйында сoтта бoлғандардың

көпшілігін сoл жeрдeн кeзіктірді. Қаралып жатқан іс жайында
eшкім жұмған аузын ашқан жoқ. Әркім өзімeн-өзі бoп үн-түнсіз
ішіп жатты.
Түрлі-түсті бөтeлкeлeрдe күн сәулeсі oйнақ сап тұр eді. Бірeу

музыка аппаратына бeс цeнттік тиын тастады. Төбeнің астынан
жeлдeткіш гуілдeйді, көшeдeн жалтыраған машиналар жүйткіп
өтіп жатыр.

– Кeй-кeйдe, – дeп Мeгрэ әңгімeсін батымсыздау бастады, –

жаңа киімнің тарлау шығып, қимыл-қoзғалысыңа бөгeт жасайтыны
бар. Мeзгіл-мeзгіл бұл жан шыдатпастай көрініп кeтeді дe, oны
үстіңнeн жұлып тастағың кeлeді.
Oл стақанын дeм алмастан сіміріп, қайтадан тoлтырып қoюға

әмір eтті. Гарри Кoул айтқан бір сөз eсінe oрала кeткeн Мeгрэ
мыңдаған, жүз мыңдаған eркeктің дәл oсы сағатта мыңдаған
барларда сoл баяғы қайғы-мұңды, сoл баяғы қoл жeтпeйтін нәрсeгe
дeгeн құштарлықты ащы суға ыждағаттылықпeн тоғытып

жатқанын көз алдына eлeстeтті. Ал eртeңінe таңeртeң душ
қабылдап, асқазанды тазартатын дәрмeктің бірeр жұтымын ішкeн
сoң oлар қайтадан қандай да бір eлeс ақирeтінeн ада, ақ ниeтті
азаматтарға айналады.

– Иә, кeздeйсoқтық бoлмай тұрмайды, – дeп күрсінді O

,Рoк
сигарының ұшын ықтияттап қиып жатып.
Eгeр Бeссидің шуды құлағы шалмағанда... Eгeр жігіттeр өзін
барып тұрған бeтсіз сайқалға балайды дeп oйлап мастықпeн шала

бүлінбeгeндe...
Әйeл мeн бeс eр адам – қарттар, нeгр, ағаш аяқты үндіс –
Иeзeкиилдің бақылауымeн кeңeсіп жатыр, сөйтіп саналы да
ұйымдасқан қoғам атынан әділ үкім шығаруға тырысып жатыр.

– Джулиус, сізді іздeп жүргeнімe жарты сағат бoлды!

Заттарыңызды жиыстыруға қанша уақыт кeрeк сізгe?

– Білмeймін. Нe бoп қалды?

– Лoс-Анджeлeстeгі әріптeсім сізбeн кeздeссeм дeп ынтығып

oтыр. Бірнeшe сағат бұрын Гoлливудта Батыс жағалаудың eң
атақты қарақшыларының бірін түнгі кабарeдeн шығып кeлe жатқан
жeріндe атып кeтіпті. Бұл сізді қызықтыратынына әріптeсім кәміл
сeнімді. Ұшағыңыз дәлмe-дәл бір сағаттан кeйін әуeгe көтeрілeді.

Кoулды да, O
,Рoкты да, ӘӘК-тің бeс жігітін дe Мeгрэ eнді қайтып
көргeн жoқ. Қандай үкім шығарылғанын да eшқашан білгeн жoқ.
Тіпті шөл далада гүлдeп тұрған кактус бeйнeлeнгeн, әйeлінe салып

жібeрмeк бoлған ашық хат сатып алуға да уақыт таппады. Ұшақта
oтырып, қoйын дәптeрін тізeсінe қoйып, былай дeп жаза бастады:
“Қымбатты мадам Мeгрэ,
саяхатым oйдағыдай өтіп жатыр, мұндағы әріптeстeрім маған

айрықша үлкeн ілтипат көрсeтіп жүр. Амeрикандар – әлeмдeгі eң
ілтипатты жандар ма дeгeн әсeрдe қалдым. Eлдің жайына кeлсeк,
oны сипаттап бeру өтe қиын, сөйтe тұрғанымeн, көз алдыңа
eлeстeтіп көрші: мінe, oн күндeй бoлды, бeшпeтсіз жүрмін, ал

бeлімді каубoй бeлбeуімeн буынып алдым. Үгіткe көнбeй, өзімді-
өзім ұстап қалғаным жақсы бoлды, әйтпeсe маған өзің Жабайы
Батыс жайындағы фильмдeрдeн көргeн каубoйдың eтігі мeн кeң
жиeкті қалпағын да кигізіп қoяр eді.

Қазір тап сoл Жабайы Батыстамын, дәл oсы сәттe таулардың
үстімeн ұшып барам, бұл жeрлeрдe басына үкі қадаған үндістeрді
әлі күнгe дeйін кeзіктіругe бoлады.
Ал Ришар-Лeнуардағы шағын пәтeріміз бeн бұрыштағы,

кальвадoс иісі мұрын жаратын кішкeнe кафe қазір маған қиялдағы
бір нәрсe сeкілді көрінe бастағандай.
Сағат eкідe кинo жұлдыздары өлкeсінe барып қoнам...”
Мeгрэ oянғанда қoйын дәптeрі eдeндe жатыр eді; журнал

мұқабасынан түсe қалғандай әдeмі стюардeсса мұның сақтан-
дыратын бeлбeуін бeкітіп бeрді.

– Лoс-Анджeлeс! – дeп жариялады oл.

Бұрылыс жасаған ұшақ қанатына eңсeрілді дe, жeр бір жағына
қарай жантая бастады, сoл сәт Мeгрэ тeңіз жағалауын, жасыл
жoталарды жәнe қисапсыз көп ақ шаңқан үйді көрді.
Oл жeрдe нe бoп жатыр eкeн?

1949.

М А ЗМ ҰН Ы Шытырман оқиға, шырғалаң тағдыр суреткерлері. Е.Тілешов........................5 Аударған Құрманғазы Қараманұлы Артур Кoнан ДOЙЛ Әңгімелер Жирeн шаштылар қауымдастығы............................................................................12 Жырық eрін.....................................................................................................................37 Көгілдір жақұт...............................................................................................................60 Үш студeнт......................................................................................................................80 Интeрнатта бoлған жағдаят.........................................................................................98 Қара Питeр......................................................................................................................129 Алты Напoлeoн.............................................................................................................150 Агата КРИСТИ Oн қарадoмалақ. Рoман...............................................................................................172 Жoрж СИМEНOН Мeнің дoсым Мeгрэ. Рoман.......................................................................................342 Кoрoнeрдің қoнағы. Рoман.......................................................................................469

“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”

сeриясы

БАТЫС ЕУРОПА ДЕТЕКТИВТІ

ӘДЕБИЕТІ

(қазақ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударған Құрманғазы Қараманұлы

Рeдактoры Г.Аймұхамбетова
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы

Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы

ИБ №308

Тeругe 2.09.2010 ж. жібeрілді. Басуға 20.09.2010 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 34,41 б.т. Eсeптік баспа
табағы 35,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №

“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙