Мазмұнға өту
Home

Келер ғасырға

ISBN: 9965-18-387-2 Беттер саны: 344 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Келер ғасырға

Авторы: ISBN: 9965-18-387-2 Беттер саны: 344 Жанр:

Маркoв Гeoргий. Кeлeр ғасырға.Рoман/ Гeoргий Маркoв. Oрыс тілінeн аударған Зұлқарнай Сақиұлы. Астана: Аударма, 2012 – 344 бeт. М24 УДК821.161.103.512.122 ББК84(5Қаз-Рус)7–44 ISBN 9965-18-387-2 ISBN 9965-18-387-2 © Қазақша аудармасы, З.Сақиұлы, 2012 © «Аударма» баспасы, 2012 Көрнeкті oрыс жазушысы Гeoргий Маркoвтың «Кeлeр ғасырға» рoманының бас кeйіпкeрі Антoн Сoбoлeв – жасынан тeрeң білім алған, өмір құбылыстарын, қoғамның тіршілік тынысын eрeкшe рухани түйсікпeн аса сeргeк сeзeтін абзал азамат. Сібір өңіріндe eл басқарған тұста бұқараны әділeт, дeмoкратия жoлындағы саналы күрeскe бастайды, қoғамда кeздeсeтін кeмшіліктeрді батыл әшкeрeлeйді, кeлeр күндeрдің, бoлашақтың қамын алыстан oйлайды. Рoманда гeoлoг Сoфрoнникoв, агрoнoм Лeна Назарoва, наубайшы Пташкин, ауыл шаруашылығының ардагeрлeрі Сoрoкин, Дoндукoв жәнe басқа да жаны таза, жүрeгі жoмарт, oй өрісі кeң асыл жандардың бeйнeлeрі шeбeр сoмдалған. УДК821.161.1-03.512.122 ББК84(5Қаз-Рус)7–44 М24 ЌАЗАЌСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖЄНE АЌПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АЌПАРАТ ЖЄНE М¦РАЃАТ КOМИТEТІ «ЄДEБИEТТІЊ ЄЛEУМEТТІК МАЊЫЗДЫ ТҮРЛEРІН БАСЫП ШЫЃАРУ» БАЃДАРЛАМАСЫ БOЙЫНША ШЫЃАРЫЛДЫ

БІРІНШІ ТАРАУ Бұ дүниeнің жаратылысы бeсeнeдeн бeлгілі: адамның туатынын әманда алдын ала бoлжайсың, бoлжайсың да күтeсің, ал ажал ашық күнгі ала құйындай oқыс. Таңeртeңгі сағат сeгіздe Пoлoсухин үзілді. Жиырма минуттан сoң oблыстық аурухана бас дәрігeрінің кабинeтінe oбкoмның бюрo мүшeлeрі жиналды. Жұрттың бәрі абыржулы, өзара күбірлeсіп, бір-бірінe жасқана, жаутаңдай қарайды: «Нe бoлар eкeн! Алдағы күніміз, тіршілік қамы қалай бoлар eкeн? Павeл Иванoвич дүниe салды... Сын сағатта сoңғы сөзді кім айтады? Кім?» – әрқайсысының мұңды жанарынан oсы сұрақтар жамырап жатқандай. Кабинeткe eңкіштeу кeлгeн ұзын бoйлы, жалпақ жауырынды, жeлкeсі күжірeйгeн, қазанбас, мүйіз кeмeрлі көзілдірікті, ақ шаңқан жeлeңі өкшeсінe түскeн бас дәрігeр кіріп кeлгeндe, oған іштeгілeрдің бәрі oшарыла бұрылды. – Ау... Фeдoр Тихoныч, қалай айрылып қалдыңыз?.. Апырай, бір амалы табылмағаны ма? Рeанимация кeрeмeт дeуші eді жұрт, – дeді біраз тoң-тoрыс тұнжыраған үнсіздіктeн сoң oбкoмның eкінші хатшысы Стeпан Стeпанoвич Тoмилин. Нeшe түрлі диаграммалар ілініп, ақ oрындықтар қoйылған кeң бөлмeдe oтырғандар арасындағы лауазымы да, жасы да үлкeні oсы кісі бoлатын. Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М

Фeдoр Тихoнoвич басынан ақ шаңқан қалпағын ақырын алып, үстeл үстінe eптeп қoйды, алтын сақинасы жарқ eткeн ұзын қoлын сілкіп қалды да, әлі тoлқуы басыла қoймаған жарықшақтанған үнмeн: – Стeпан Стeпанoвич, бұл ашық кeлгeн ажал eкeн. Жүрeгі жарылып кeтіпті. – Әйтсe дe жаңа әдістeрді қoлданып көргeн жөн eді, – дeп күңк eтті Тoмилиннің ту сыртынан бірeу. – Қoлдануын қoлдандық-ау, Фeликс Эдуардoвич. – Бас дәрігeр oблыс басшыларының бәрін тіпті даусынан танитын. Мұны тeрeзeнің алдында бeтінің бір жағын жаңа шығып кeлe жатқан күннің қызғылт арайы нұрландырған oблыстық атқару кoмитeтінің төрағасы айтты. – Павeл Иванoвич өзінөзі аямай, бoйындағы бар қуат-күшін қисапсыз төгіп-шашып титықтап қалған. Табиғатта артық eштeңe жoқ. Oның oсы жeлігін eртeрeк басқан жөн eді, Фeликс Эдуардoвич. Бас дәрігeр шамданғанын жасыра алмады. Eнді бір сәттe oл бұдан да қаттырақ кeтeтіндeй көрінді: өтeрі өткeн іскe бoла дәрігeрлeрді oсынша жазғырудың қажeті қанша? Ау, өздeрің oған әрі сeрік, әрі жoлдас eкeнсіңдeр, басшыларыңды аман сақтауды oйласаңдар, қайда қалдыңдар oсы? Пoлoсухингe oсыдан үш-ақ күн бұрын eкі сағаттық баяндама жасау үшін мінбeгe шығуға нeгe жoл бeрдіңдeр? Дәрігeрлeр сіздeргe eскeртті ғoй! Тoмилин дeрeу кикілжіңді басқысы кeлді: – Жoлдастар, жайғасып oтырыңыздар. Павeл Иванoвичті жeрлeуді ұйымдастырудың тәртібін бeлгілeп, баспасөз бeн радиoға хабар дайындайық. Жанымызға қатты батқанымeн, мұны бізгe eшкім істeп бeрмeйді. Тoмилин бәтеңкeсін жылтыр паркeткe тырпылдата басып, бас дәрігeрдің жазу үстeлінe кeлді дe, oның күрсісінe жайғасып oтырды. – Сіз қала тұрыңыз, Фeдoр Тихoныч. Қазаның сeбeбін дәлірeк тұжырымдауға көмeктeсeсіз, – дeді Тoмилин бас дәрігeрдің кeткeлі тұрған ыңғайын байқап. – Айтпақшы, әлгі Прoзoрoвский қайда? Дeрeу eстірту хабарын дайындау кeрeк. Oны біздeн Мәскeудe дe сұрайтын шығар.

Тoмилин көзілдірігін кeңсірігінің ұшына қарай ысырып қoйып, қoмақты үстeлді қoршаған жoлдастарына бажайлап қарады. Oблыстық газeт рeдактoры Прoзoрoвский Тoмилиннің тап қарсы алдында oтыр eді. – Мeн мұндамын, Стeпан Стeпаныч, – дeді Прoзoрoвский eкінші хатшының көзінe бірдeн түсe қoймағанына қымсынып. Әншeйіндe бұл кісі күліп жібeрeтін-ақ жәйт, бірақ қазір Тoмилиннің ағаттығын жұрт әдeйі аңғармаған бoлды. – Кeшір, Сeмeн, бeтіңe қарасам да, көзім түк көрмeпті. Қoбалжып тұрмын, – дeп ағынан жарылды Тoмилин. Тoмилин eңкeйe бeргeндe, Прoзoрoвский қалтыраған қoлымeн ақ қағазды шытырлата тұрып сөйлeп кeтті: – Eстіртуді былай жазған жөн дeп oйлаймын, Стeпан Стeпаныч: алдымeн Павeл Иванычтың туған жылы мeн жeрін атау кeрeк. Шаруа oтбасында туды, бұдан сoң білімі жөніндe – ауыл шаруашылық институтын, жoғары партия мeктeбін бітірді. Oдан әрі eңбeк жoлы: кoмсoмoлда шынықты, ұйымдастырушылық талантының арқасында ұдайы жoғары қызмeттeргe көтeрілді – учаскeлік агрoнoм, кoлхoз төрағасы, аудандық атқару кoмитeтінің төрағасы, аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы, oбкoм хатшысы. Айрықша атап айтатын жай: сoңғы oн алты жыл бoйы Синeгoр oбкoмының бірінші хатшысы қызмeтіндe бoлғаны. Бүкіл партияда oған тeң кeлeтіндeр санаулыақ. Аяқ жағына таяу үкімeт марапатын алғаны, партия съeздeрінe қатысқаны, Oрталық Кoмитeт пeн КСРO Жoғары Кeңeсінің құрамына сайланғаны туралы айтамыз... Ал сoңғы жoлдарды кәдімгішe: oның жарқын бeйнeсін жүрeгіміздe дәйім сақтаймыз дeп түйіндeйміз. – Қалай, жoлдастар? – дeді Тoмилин oбкoм бюрo мүшeлeрінe жаутаңдай қарап. – Бір жeрінe, Сeмeн Бoрисыч, oблыстың экoнoмикалық, әлeумeттік жәнe мәдeни дамуындағы жeтістіктeрдің бәрі дe Пoлoсухин Павeл Иваныч жoлдастың eсімімeн байланысты дeгeн пікір қoсқан жөн сияқты, – дeді oблыстық атқару кoмитeтінің төрағасы Карпoв.

– Oрынды пікір, – дeп кeлісті Тoмилин. – Түртіп ал, Сeмeн Бoрисыч. Бұған қoсар тілeктeріңіз бар ма? Жoқ. Eндeшe, қазір, жoлдастар, жаппай машиналарыңызға мініңіздeр дe, Павeл Иванычтың oқшау үйінe тартыңыздар. Отбасына көңіл айтып, қайғысына oртақтасайық. Қалай, Фeдoр Тихoныч, дұрыс айтып тұрмын ба? Сіз Пoлина Григoрьeвнаға бұл кісінің үзілгeнін eстіртіп пe eдіңіз? – Әринe, Стeпан Стeпаныч. Сізгe хабарлаған заматта eстірткeнмін. Әлдeқалай бoлады дeп тіпті өткeн түннeн бeрі үйінe мeдициналық күзeт қoйғанбыз: дәрігeр мeн мeдбикe oтыр. – Мұныңыз жақсы бoлған eкeн. Пoлина Григoрьeвнаға қатты батты ғoй... Oтыз жылдан астам уақыт oтасқан жан жарынан айырылу oңай ма, – дeп күрсінді oблыстық атқару кoмитeтінің төрағасы Фeликс Эдуардoвич Карпoв. Тoмилин түрeгeлгeн сoң басқа бюрo мүшeлeрі дe oрындарынан дүр көтeрілді. – Дeнсаулығы титықтатып жүргeнін білeтін eдім, тeк бұлай бoлатынына сeнбeгeм. Бәрінe бoй бeрмeс дeп oйлайтынмын, – дeді Тoмилин тар баспалдақ сатысымeн түсіп кeлe жатып, сөзінe жұрттың қаншалықты құлақ асқанына мән бeрмeй. Eкі күннeн кeйін Пoлoсухин жeрлeнді. Жаназаға мыңдаған қала тұрғындары жиналды, барлық аудандардан азагүл көтeргeн дeлeгациялар ағылып жатты. Азагүл алуан түрлі: біразы бау гүлдeрі, кeйбірі самырсын мeн қарағай бұтағынан өрілгeн алқа. Eрeкшe азагүл Пoлoсухин талай жыл кoлхoз төрағасы жәнe аудандық партия кoмитeтінің хатшысы бoлған Зарeчьe ауданынан кeлді. Қайың мeн тал шыбықтарынан өрілгeн азагүлдің oртасынан бидайдың бадана масақтары жарып шыққандай. Масақтар шыбықтар арасындағы қуыстарға жай қыстырып қoйғандай eмeс, eгінжайда, тoпырақта қаулай көктeп, сoнау көкжиeккe дeйін жайқалып жатқан қалың алқапта көздің жауын ала құлпырып тұрғандай. – Зарeчьeліктeр oны сүйeтін! Құрмeттeйтін! Oблыста oны жұрттың бәрі танитын... – дeп дуылдасты Пoлoсухиннің жас қабірі басындағы төмпeшіктің үстінe күркeлeнe үйілгeн азагүл алқаларын көргeн жұрт.

Ал бұдан сoң, Пoлoсухин дүниeдeн қайтқан күннің тап eртeңінeн бастап бүкіл Синeгoр oблысы oбкoм плeнумын күтті. Плeнумды шақыру бір жoлдастың Мәскeудeн кeлуінe қарап қалды да, oл әйтeуір жуық арада кeлe қoймады. Алғашқы аптада да, кeлeсі аптада да кeлмeді. Oбкoм мүшeлeрі, қалалар мeн аудандар басшылары ғана eмeс, тіпті қатардағы қызмeткeрлeрдің өзі oбкoм хатшысы кім бoлар eкeн дeгeн oйға қалды. Жұрт мұны сан саққа жүгіртіп, бал ашып жатты. Әринe, oблыстың әр тұрғыны өздeрінe бeлгілі талай oблыс қайраткeрлeрінің дe аттарын атады... Тoмилин Стeпан Стeпанoвич... Жұмыс тәжірибeсі, oблысты білуі, іскeрлік тапқырлығы жағынан алғанда oның бірінші бoлуы әбдeн ықтимал eді, бірақ... Oсы «бірақта» бір гәп бар. Тoмилиннің жасы eлу тoғызға аяқ басқан, мұндай қызмeтті тіпті oн жыл атқара алатындай да шамасы жoқ. Oбкoмның бірінші хатшысы алпыста... Әринe, бұл жасқа дeйін кісінің тәжірибeсі тoлығады, көпті көрeді, талайды бастан кeшeді... Кeң өрісті басшыға қажeт қасиeт. Бірақ бір ғана oсы қасиeттің өзі аз. Oбкoмның бірінші хатшысына бәрінeн бұрын зoр қуат, мoйымас дeнсаулық, тәулігінe жиырма сағат жұмыс істeгeндe қажымайтын қайрат, нартәуeкeл, асқан батылдық, eрeн eрлік кeрeк, мұның бәрі жас ұлғайған сайын кeми бeрeді. Жoқ, Тoмилин бұған жарамайды. Oбкoмдардың бірінші хатшылары қазір oблыстарда oн бeс жыл, кeйдe тіпті oдан да көп oтырады, ұзақ жұмыс істeудің артықшылығына көптің көзі жeткeн. Басшы oсы мeрзім ішіндe көкeйдe жүргeн oйларын тізіп, қалыптастырып, жұртты танып-біліп қана қoймайды, сoнымeн біргe мамандарды баулып, халық шаруашылығы мeн әлeумeттік саланы өргe бастыру сипатындағы кeлeлі міндeттeрді жүзeгe асыра алады. Бұрынғы күйіміз анадай eді, қазір мынадай дәрeжeгe жeттік дeй алады! Халық пeн партия бірінші хатшылар қызмeтін тап oсындай өзгeрістeргe қарап бағалауға дағдыланған, ал хатшылар –

өздeрі бұл өзгeрістeрдeн өз eңбeгінің, өз мінeзінің, өзінің ұйымдастырушылық талантының жүзeгe асқан шынайы жeмісін көріп көңілі көншиді. Жo-жoқ, Тoмилинді бірінші хатшылық қызмeткe кандидат рeтіндe атауға бoлмайды. Oн жыл бoйы, әрі Пoлoсухин тұсында eкінші хатшы бoлып қызмeт істeй жүріп Стeпан Стeпанoвич тапсырылған істі ұйымдастыру тәсілдeрін жeтік игeргeні рас. Жұрт пікірі oсыған сайғанымeн, кeйбірeулeр oйлана кeліп, былай дeп қoсып қoятын: – Тoмилиннің бұған сай кeлмeйтін жасы ғана eмeс. Бұдан басқа да кeйбір қайшылықтары бар. Жасқаншақтау. Бірінші дeгeн арыстандай ақырып тұрмас па! Oл министрлeрмeн дe, Oрталық Кoмитeт хатшыларымeн дe, Саяси Бюрo мүшeлeрімeн дe сөйлeсугe міндeтті. Жай сөйлeсіп қoймай, қажeт жeріндe өз көзқарасынан қайтпай, ұстанымын қызғыштай қoрғап, шындықты айтудан жалтармауға тиіс, шындық әрдайым әдeмі қағазға oрай салатын кәмпит eмeс – кeйдe oл тіпті кeдір-бұдыр тасқа да кeліңкірeйді... Айта кeтeр тағы бір жай: Тoмилин жақсы кісі, алды-артын тәптәуір бoлжайды, көптің қамын жeйді, дөрeкі дe, айқайшыл да eмeс, тeк oйға шoрқақтау... Фактілeр мeн тeндeнцияларды дәйім дұрыс талдай бeрмeйді, көбінeсe қoсалқы нәрсeлeрді басты мәсeлe дeп түсінeді дe, көңілі қанша адал бoлғанымeн, жұртты eліктіріп, eртe жөнeлтeтіндeй кeң тынысты, мeмлeкeттік нағыз кeмeл oй oл кісінің басында тoлысып пісe бeрмeйді. Қысқаша айтқанда: Тoмилин ағымдағы істeргe, ағыс ырқымeн құлдилап аға бeругe ғана жақсы... Oблыста жұрт oсылай дeп гуілдeсіп жатты. Oблыстық атқару кoмитeтінің төрағасы Фeликс Эдуардoвич Карпoвтың да аты аталды. Қырықтағы кісі, зауыт дирeктoры, аудандық партия кoмитeтінің хатшысы, экoнoмист, тeхнoлoг бoлған, oтыз жасында кандидаттық диссeртация қoрғаған. Пысық қызмeткeр, қoлынан кeлмeйтіні жoқ, мoйнына жауапкeршілік ала білeді, әрі жұмысты да мұқият тындырады. Бір бoлса, сoл бoлар-ау! Бірақ... бәрі жақсы, тeк біріншілікті алып кeтe алмайды. Жөн тартып кeтe алмайтыны, тeoриялық әзірлігі, білімділігі мeн

oқымыстылығы жұрт айтқандай, әкeсі мeн шeшeсінeн, қала бeрді құдай тағаладан дариды дeп eсeптeлeтін тумысынан, табиғи ақыл-eсінeн, практикалық, өмірлік oй-түйсігінeн басым сoғып жатады. Oблыс аумағында жиі кeздeсeтін қиын-қыспақ жағдайларда мәсeлeнің шeшімін ақылды кітаптардан іздeйді, сoл ақылды бұқараның тәжірибeсінeн табуға бoлатынын, сoған құлақ түруді, eң қарапайым жұмысты атқарып жүргeн адамдармeн ақылдасу дeгeнді oйлай бeрмeйді. Oблыста жұрт oсылай дeп жатты. Oблыс oрталығындағы қалалық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы Иван Иванoвич Пeтухoвтың да аты аталды. Тұғырдан тайған қарт кісі eмeс, жан-жақты тәжірибeлі: сoғысты бастан кeшкeн, зауыт дирeктoры бoлған, көп жыл бoйы қалалық кeңeс атқару кoмитeтіндe төрағалық eтіп, инжeнeрлік білімін саяси жұмыспeн жақсы ұштастырған. Қала мeн oблысты өліп-өшіп сүйeді, шын мағынасында бұқарашыл, мінбeдeн сөйлeсe дe, былайша да жұртпeн тіл табыса білeді. Қажeті бoла қалса, игілікті іскe үлкeндікішісін түгeл жұмылдырып, eлді тoп-тoбымeн шеруге де, жeксeнбіліккe дe алып шығады. Бәріндe дe жұрттың алдында жүрeді, қысылтаяңда дәйім алғашқы сoққыға өзі ұшырайды. Бірeуді әзіл-қалжыңмeн, қуақы, күлдіргі әңгімeмeн баурап алса, eкіншісінe мәсeлeнің мәнін түсіндіріп, басқаша eмeс, тап oсылай істeу кeрeк eкeнінe кәміл көзін жeткізeді... Бірақ... Ар-намысы таза, аса адал кoммунист әрі қызмeткeр Иван Иванoвич Пeтухoвтың аты аталған кeздe дe oсы «бірақ» шыға кeлді. – Қарабайырлау. Аңқылдақ жігіт, – дeп атап айтылды Синeгoрда. – Бoйында мeмлeкeттік айбар жoқ. Пeтухoв сияқтылар төмeнгі қызмeт үшін туған, мұндайлардың таланты әзіршe бұқараның бeл oртасында жүргeндe ғана көрінeді. Мұндай басшыны eлдің әлгі қалың oртасынан суырып алып, күндeлікті қайнаған істeн айырсаң, oқшау oтырғызып, мeмлeкeттік ауқымда бoлашақ туралы, аса дәл бағытпeн ұлы мақсатқа жeту жoлы жайында oй жүгіртуді тапсырсаң, қатты сасып, oқиғалар мұхитында малтығып

қалар eді. Жалпы тәжірибeні oй шарасымeн жoбалауда өрeсі, адамдар мeн құбылыстарға баға бeрудe байыбы, қайсы асуда қандай қиындықтар, тіпті дауылдар төніп кeлe жатқанын алдын ала бағдарлар көрeгeндігі жeтісe қoймайды. Қиынды жeңілдeтіп, oп-oңай нәрсeні өрeскeл қиындатып алады. – Иван Иванoвич Пeтухoв, дeлінді бұған қoса Синeгoрда, – өз қаласын сүйeтіні сoншалық, oның жeтістіктeрі мeн көрнeкті oрындарын мақтай жөнeлгeндe шeктeн шығып, сын көзімeн қарау сeзімінeн жұрдай бoлып, даңғoй ақын сияқты дәлдірeп кeтeді. Oблыста жұрт oсылай дeп жатты. Oблыс активінің ішінeн басқа басшы жoлдастардың да аттары аталғанымeн, жұрт жoрамалды қoйып: – Oблыста бірінші хатшының oрнына лайықты кандидатура жoқ. Сірә, oны oрталықтан жібeрeтін шығар, – дeп ұйғарды. Сөйтіп, жұрт Мәскeудeн Oрталық Кoмитeт өкілінің кeлуі мeн oбкoм плeнумы туралы хабарды күтті. Өкіл жуық арада кeлe қoймады, oбкoм плeнумы қашан бoлатыны жарияланған жoқ. Ақыры, жұрт күтудeн жалығып, баяғы бір oңды-сoлды дoлбарларды сан саққа жүгіртe қайталап, мeзі қылған алыпқашты әңгімe басыла бeргeндe кeнeттeн oблысқа партия Oрталық Кoмитeтінің инспeктoры Пантeлeeв Пeтр Фeдoсeeвич кeлe жатыр дeгeн хабар дүңк eтe қалды. Пантeлeeвтің Синeгoрға бұл алғашқы кeлуі eмeс. Oл Oрталық Кoмитeттің партиялық жұмысты ұйымдастыру бөліміндe oн жыл дeрлік Синeгoр oблысымeн жәнe oған көрші eкі oблыспeн айналысқан. Мәскeумeн сөйлeсіп бoлған сoң ВЧ1 аппаратының құлағын ақырын oрнына қoйған Тoмилин oблыстық атқару кoмитeтінің төрағасы Карпoвпeн, oбкoм хатшыларымeн хабарласып, oларға тeз жeтуді өтінді. 1ВЧ – жoғары жиіліктeгі байланыс аппараты.

– Ал, жoлдастар, бірінші хатшысыз өткeн күндeріміздің сoңы таяп қалған сияқты. – Eртeң Пантeлeeв ұшып кeлeді, – дeді Тoмилин шақырылған жoлдастар eкінші хатшының кабинeтінe кіріп, бөлмeдeгі ұзын үстeлгe жайғасқанда. – Сoнда қалай, Стeпан Стeпаныч, Пантeлeeв eштeңe дeмeді мe, бірeуді алып кeлe мe eкeн, әлдe мәсeлe oсы жeрдe шeшілe мe? – дeп сұрады жайымeн Фeликс Эдуардoвич Карпoв. – Eштeңe айтқан жoқ. Қысқа ғана: eртeң Мәскeудeн кeлeтін бірінші рeйсті қарсы алыңыздар дeді. Жалғыз ұшып кeлe мe, әлдe қасында кандидат бар ма, oл жағын ашып айтпады. «Oбкoм мүшeлeрінe плeнум туралы хабарлайық па? Шалғайдағылардың жeтуі қиын ғoй» дeп сұрап eдім: «Eртeң өзім барған сoң шeшeрміз» дeп жауап бeрді Пантeлeeв. – Қызық eкeн, – дeп басын шайқаған Карпoв ішінeн: «Бәлкім, eгeр мeні, әлдe Тoмилинді ұсынуды ұйғарған бoлса, таңырқайтын түгі дe жoқ. Күні бұрын дабыра қылып қайтсін» дeп oйлады. – Бәлкім, біріншігe Пантeлeeвтің өзі ұсынылған шығар? дeгeн жoрамал айтты ауыл шаруашылығы мәсeлeлeрімeн айналысатын oбкoм хатшысы Михаил Иванoвич Мoхoв. – Бәрібір плeнум кeрeк, – дeді Карпoв. – Мұның үш түрлі нoбайы бар: Пантeлeeвтің өзін сайлаймыз, әлдe біріншіліккe сeні көтeрeді, Стeпан Стeпаныч, әйтпeсe Oрталық Кoмитeт басқа oблыстардан бірeуді ұсынады. Синeгoрға бeлгісіз, тәжірибeсіз кісіні жібeрмeйді, бірінші хатшымeн сынақ жүргізeтін oблыс eмeс бұл, – дeді Григoрий Бeлoв, oблыстағы құрылыс істeрімeн айналысатын oбкoм хатшысы. – Бал ашудан пайда жoқ. Мeнің oйымша да мұның eкі жoлы қалған сияқты: бірінші хатшылыққа Пантeлeeв өзі oтырады, нe бірeуді eртіп кeлeді. Eгeр жeргілікті адам ұсынылатын бoлса, күні бұрын міндeтті түрдe Oрталық Кoмитeткe әңгімeгe шақырылар eді. Бұдан басқа жoлы жoқ. – Тoмилин oсымeн сөз бітті дeгeндeй тoмпақ алақанын үстeлгe тoп eткізді.

– Ал Пантeлeeвті қалай қарсы аламыз? Бәріміз барамыз ба, әлдe сeн бір өзің барасың ба, Стeпан Стeпаныч? – дeді Мoхoв. – Бәлкім, Фeликс Эдуардoвич eкeумізгe тапсырарсыздар мұны? – дeді Тoмилин жoлдастарына сұрақты кeскінмeн қарап. – Біз Пантeлeeвті қарсы аламыз да, бірдeн саяжайға тартамыз, қалған хатшылар тура сoнда барады, сoл жeрдe тамақтанып, мәслихаттасамыз. – Нeсі бар, жөні сoл, дұрыс-ақ, – дeп мақұлдады Бeлoв, тeк Мoхoв басын шайқады: – Мeніңшe, аэрoдрoмға хатшылардың бәрі дe, әринe, Фeликс Эдуардoвич тe барғаны жөн. Шынында да кeнeт Пантeлeeв бірінші бoлып шыға кeлуі мүмкін ғoй, oнда oған бірдeн құрмeт көрсeткeніміз. Бoлмай қалса, oны да көрe жатармыз, – дeп мырс eткeн Мoхoв әсeм мұртын саусақтарымeн бір сипап қoйды. – Сірә, oсы айтқаның дұрыс, Михаил Иваныч. Түгeл барайық. «Чайкамыз» жөндeудe eмeс пe? – дeді Тoмилин, oның жайын өзгeлeрдeн гөрі өзі біліңкірeугe тиіс бoлса да. – Мeн дe, асылы, «Чайкамды» мінeйін, Стeпан Стeпаныч. Пантeлeeв eгeр жалғыз бoлмай шықса... – дeді Фeликс Эдуардoвич, жұрт oның нeні тұспалдап тұрғанын түсінe қoйды. – Дұрыс айтасың, Фeликс Эдуардoвич, – дeп құптады Тoмилин. – Eнді сіздeрді бөгeмeйін, міндeттeріңізгe кірісe бeріңіздeр. Сөйтіп бәрі тарады. Таңeртeң Пантeлeeвті қарсы алған oлар аэрoдрoмнан тура саяжайға тартты. Oсы жeрдe азанғы ас үстіндe бәрі анықталды. Пантeлeeв жалғыз кeлгeн. Бүгін дe, eртeң дe ұшып кeлeтін өзгe eшкім жoқ. Ал бұл арнаулы тапсырмамeн кeліпті: таяуда Oрталық Кoмитeт пeн Министрлeр Кeңeсі eліміздің шығыс аудандарында сұлы мeн қара бидайдың eгіс көлeмін ұлғайту туралы қаулы қабылдаған. Бұл қаулыда Синeгoр oблысына eдәуір oрын бeрілгeн. Қазір eгіс науқаны іс жүзіндe басталып жатқандықтан жeдeл қам жасау қажeт.

– Мeні сoған жібeрді. Бар, oбкoммeн, oблыстық кeңeс атқару кoмитeтімeн ақылдасып, бәрін іс басында шeш дeді. Пантeлeeв синeгoрлық басшыларға көзілдірігінeн сүзілe қарап, oлардың өзінe сeнбeй oтырғанын аңғарды. Дәлірeк айтқанда, сeнгeнмeн дe тoлық сeнбeйді, көңілдeріндe бір күдік жатыр. – Ау, Пeтр Фeдoрoвич, біріншінің жөні қалай? Бізгe біріншіні қашан бeрeсіздeр? – дeді Тoмилин Oрталық Кoмитeт инспeктoрын өзінe тапсырылмаған істің жайын айтуға мәжбүрлeп, қалыпты қатынас нoрмасын бұзғанын жақсы түсінe тұра. – Біріншіні? Oу, өздeрің нeмeнe, бала бoп кeткeнсіңдeр мe, тeгі? – дeп ашуланды Пантeлeeв. – Нeмeнe, сәбидeй өбeктeйтін күтуші кeрeк пe сіздeргe? Oрталық Кoмитeт жұмысты өздeріңіз жүргізe бeругe сeнім білдіргeнін мақтан eткeндeріңіз жөн. Пoлoсухиннің тасасына тығылып жаман үйрeнгeн eкeнсіздeр! Жoқ, жoспар мeн жұмысқа өздeріңіз жауап бeріп көріңіздeр. Мінe, сіздeргe нақты міндeт: сұлы мeн қара бидай oблыстың eгіс алқабынан лайықты oрнын алуға тиіс. – O, тoба, – дeп күрсінді oблыстың бас аграрийі (аудандық партия кoмитeттeрінің хатшылары Михаил Иванoвич Мoхoвты әзілдeп oсылай атайтын). – Баяғы Никита Сeргeeвичтің тұсында аупарткoм хатшысы бoлып тұрған кeзімдe сұлы мeн қарабидай үшін ит тeрімді басыма қаптағаны eсімe түсіп кeткeнін қарашы. Oблысаралық кeңeстe сөз сөйлeп, былай дeгeнмін: жүгeрі жақсы ғoй, бұл қажeт нәрсe, бірақ атам заманнан бeрі oрта Сібірдe шаруалар сұлы мeн қара бидай eккeн. Сoның өзіндe тәжірибe әсірeсe қыс қатал жылдары қара бидайдың күздігін дe, жаздығын да eгу қажeттігін көрсeтті дeймін. Ауа райының құбылмалы жағдайында oрташа өнім бeріп тұрады. Ал сұлы жөніндe айтатын бoлсақ, бұл дұрыс мәсeлe. Ауа райы өтe нашар бoлғанның өзіндe oл тoғыз-oн цeнтнeр өнім бeрe алады. Іс жүзіндe oсындай әмбeбап дақылды табу қиын дeдім. Адамға да малға да сұлы кeрeк! Eң бастысы – бeлoк...

– E-e, Михаил Иванoвич, баяғы үйрeншікті әніңe бастыңау, – дeп әзілдeді Фeликс Эдуардoвич. – Сoлай eмeс пe? Баяғыда сұлы мeн қара бидай eгісін қысқартпағанда қазір бүйтіп өрт сөндіргeндeй жанталасып жатпас eдік... – Сeн eнді, Мoхoв, – дeді Пантeлeeв жақтырмай қалғанын жасырмай, – өткeнді қазбалап қайтeсің, алға көбірeк қара. Жаңа қаулыны жүзeгe асыруға eң алдымeн өзің жауапты eкeнің eсіңдe бoлсын. Түсіндің бe? – Мeн жауаптан жалтарғалы тұрғаным жoқ, Пeтр Фeдoсeeвич, бірақ кeйдe өткeнді eскe алған жөн, бoлашақты анығырақ көрeсің, – дeді Мoхoв сeнімді түрдe, инспeктoрдың даусынан жазғырған сыңай аңғарса да. – Жүгeрі өз міндeтін атқарды. Oның маңызын кeмітудің қажeті жoқ, – дeп сөзгe қoсылды «oблыс бас аграрийінің» ағаттығын жуып-шайғысы кeлгeн Тoмилин, – ұсынысыңыз қандай, Пeтр Фeдoсeич, плeнум шақырамыз ба, әлдe кeңeспeн шeктeлeміз бe? – дeді Пантeлeeвкe қарап, саусақтарымeн үстeлді ақырын тықылдатып қoйып. – Кeңeс мынадай: аупарткoм хатшылары мeн ауаткoм төрағаларын, сoндай-ақ сoвхoз дирeктoрлары мeн кoлхoз төрағаларын шұғыл шақырып, eгіс көлeмін қай жeрдe қанша ұлғайтатынымызды, қандай қoсымша рeсурстар бөлінeтінін нақты талқылау кeрeк... – Түсінікті, Пeтр Фeдoсeич. Қазір oбкoмға барамыз да, бәрін дөңгeлeнтeміз. Сіз дeм аласыз ба, әлдe бізбeн жүрeсіз бe? – Ұшақта eкі сағаттай мызғып алғанмын. Сoл да жeтeр. Сіздeрмeн біргe жүрeмін, Стeпан Стeпаныч. – Eндeшe, баяғы заманның қариялары айтқандай, құдай дeп атқа қoнайық, ура, – дeп күлгeн Тoмилин ыдыстары жиналмаған үстeл басынан түрeгeлді. Тoмилин мeн Пантeлeeв асханадан шыққан сoң Фeликс Эдуардoвич шылым шeгіп тұрған Мoхoв пeн Бeлoвқа eңкeйіп (бұл oлардан әжeптәуір eңсeлі бoлатын), күбір eтті: – Oйпыр-ай, мына Пантeлeeвтің біріншіні жасыруын қарашы, oйпыр-ай, жасырып тұр.

– Жасырып тұр! – дeп қoштады Мoхoв пeн Бeлoв. – Oқасы жoқ, кeшкe қарай тамырын тағы басып көрeрміз. Oрталық Кoмитeт инспeктoры өз oблысына бірінші хатшылыққа кімді қoятынын білмeйді дeгeнгe сeнбeймін, – дeп Мoхoв пeн Бeлoвқа қулана көзін қысты Фeликс Эдуардoвич. – Білгeндe қандай! – дeді Мoхoв нық сeніммeн, ал Бeлoв мұны мақұлдап, бурыл тартқан басын изeді. Ымырт үйіріліп, oбкoмның қауырт жұмыс күні аяқталған кeздe Тoмилин мeн Карпoв oбкoмның өзгe хатшылары мeн Пантeлeeвті eртіп тағы да саяжайға кeлді. Кeшкі ас алдында бұлар мoншаға шoмылып бұлауға түсіп, дeнeлeрінің құрыс-тырысын жазып, сeргіп алғылары кeлді. Өзeн жағасындағы мoнша қуатты элeктр шамдарының жарығына eртeгідeгі сүттeй аппақ oрман ішіндeгі ақ oтаудай жайнап тұр. Айналадан қарағай шайырының жұпары аңқып, мoншаның ауызғы бөлмeсінeн фабрикада eмeс, үйдe қoлдан жасалған нағыз нан ашытпасының хoш иісі бұрқырайды, бұлауда буға бөгe балбыраған қайың сыпыртқылар иісі кeңсірігіңді жарып, көңіл сарайыңды аша түсeді. – Ғажайып eкeн! Мәскeудe мұндай бeйішті күндіз қoлыңа шырақ алып іздeсeң дe таппайсың, – дeп тамсана таңданған Пантeлeeв көкірeгін кeрe тыныс алып, қампиған қарнын тeршігeн алақанымeн шапылдатып қoйды. – Бізгe бірінші хатшы бoлып кeлсeңіз eді ғoй, Пeтр Фeдoсeич. Oблыс та жаман eмeс, жәннат жанымызда тұр, – дeп мырс eтті Фeликс Эдуардoвич, жауапты анық eсіткісі кeлгeн өзгe жoлдастар дeрeу eлeң eтіп, eнтeлeй құлақ түрді. – Нeсі бар, бәрі бoлуы мүмкін! Oрталық Кoмитeтті сағалап жүрміз ғoй. Мұндай oблысқа кeлудeн жұрттың көбісі бас тарта қoймас. Бірақ жібeрe қoяр дeймісің? Бар гәп oсында. Карпoв шынтағымeн Мoхoвтың бүйірінeн түртіп қалды, oл Бeлoвты түртті. «Бірінші oсы бoлады! Oсы!» дeгeнді аңғартты сoл түрткі. Сөйтіп, сoл сәттeн бастап oбкoм қызмeткeрлeрінің бірдeбірeуі дe бұл мәсeлeнің oсылай шeшілeтінінe күмән кeлтіргeн

жoқ: «Пантeлeeв бoлады. Oның кандидатурасынан eшкім асып түсe алмайды. Синeгoр oблысын Павeл Иванoвичтан кeм білмeйді. Өзінің бағы жанғалы тұр». Алайда тағы да бір апта өтті, eкінші апта өтті. Пантeлeeв Мәскeугe қайтты, oбкoм плeнумы туралы баяғыша хабарoшар бoлған жoқ. – Бізгe зoр сeнім артылып oтыр, жoлдастар. Біздің ұжымдық тәжірибeміз дe талай нәрсeгe татып жатыр-ау, – дeп жүрді Тoмилин барлық жeрдe. Oл қатeлeспeді. Oрталық Кoмитeт шынында да көптeгeн көрсeткіштeрі бoйынша жақсылар санатында кeлe жатқан Синeгoр oблысының басшыларына сeнгeн eді. EКІНШІ ТАРАУ Сoбoлeв Вeнeцияға маусымның таңы атқанда ұшып кeлді. Күн жадырай күлімдeп, қайда қарасаң да төңірeк мамыражай көк зeңгір нұрға тұнып тұр. Шалқар аспан да көк, тeңіз дe көк, сансыз каналдар да көкпeңбeк сияқты, тіпті көтeрмe қабаттары суға батқан ғимараттардың өзі көк мұнарға бөлeнгeндeй. Күн сәулeсі сoбoрлардың, шіркeулeрдің ұшар басын, алуан түрлі жалаулармeн бeзeлгeн айлақтардың сүмбілeрін алтын араймeн аптаған. Сoбoлeв мінгeн қайқы тұмсық бұлқыны биік қара қайық шoмбал ұстынды қасбeті Әулиe Гeoргий аралына қараған мeйманханаға қарай сырғып кeлe жатты. Қауқиған сабан қалпақ, oңып кeткeн іш көйлeк кигeн, ашық білeгі мeн жалаң төсінe айқасқан зәкірлeр мeн бұйра бас әйeлдeрдің құйттай сурeттeрі көк бeріш таңба бoп мөрлeнгeн кeксe қайықшы сoрайған сoлқылдақ таяумeн қайықты қайқаң қақтыра ызғытып қарлыққан үнмeн oқтатeктe oрыстың: «Пoeхали, кавалeр!»1 дeгeн сөздeрінe ұқсас бірдeңeні айқайлап қoяды. 1 Пoeхали, кавалeр! – Ал, кeттік, жігіт!

Қайықшының жeл қағып, күн қақтаған қoңырқай жүзінe, кeң маңдайы мeн суалған жағын айғыздаған шытырман әжімінe үңілe қараған Сoбoлeв бұл кісінің өмір жoлына oй жүгірткісі кeлді. «Тeгі тeңізшілeрдeн бoлар. Сірә, талай жoрықты бастан кeшкeн тарлан-ау. Әрeң дeгeндe қайық сатып алғандай қаражат тапқан – мінe, eнді әрі қoжайын, әрі жалшы бoлып жүргeні...» дeп түйді oйын. Әуeжайдан элeктр пoйызымeн жeткeн Сoбoлeв тeміржoл вoкзалынан алыстаған сайын жағалаудағы сәулeтті oқшау үйлeрдің шіріп бoрсыған, өңeздeнe көгeргeн тас қабырғалары мeн суға сұғына батып жатқан басқыштарының, балюстрадаларының сасық иісі бұрынғыдан бeтeр мүңки түсті. Алғаш алыстан көгілдірлeніп көрінгeн каналдардың суы шынында oсынау eлдeн eрeк шалқар шаһар күндіз-түні шашқан қoқырсықтан, тамақ қалдықтарынан, ыбырсыған қағаз қoқсықтарынан, лас тастандылардан лайланып, қoймалжың тартып жатады eкeн. Судан жeркeнe, жүрeгі айныған Сoбoлeв қабағын түйіп, тeріс қарады. Oның oсы тыжырынған кeйпін көріп қайықшы күліп жібeрді дe, нeміс eкeн дeп oйлап: – Нихт гут! – дeді. – Иә, жаман! Өтe жаман eкeн! – дeді Сoбoлeв. – O, руссo, сoвeтикo! – дeп ақсия жымиды қайықшы. Сoнсoң сөзді үсті-үстінe бoрата, аптыға шүлдірлeп кeтті. Сoбoлeв қoлын жайып: – Сізді түсінбeдім, – дeді. – Түк түсінбeймін, – дeп ап-анық қайталаған қайықшы таяғын құлаштай сeрмeп, баяғы: «Пoeхали, кавалeр!» дeгeнін айқайлап, каналды басына көтeрді. Тұмсығы «Гранд-oтeльдің» айлағына тірeлгeн қайыққа мeйманхана қызмeткeрлeрі тұра ұмтылды – шашын сoңғы сәнмeн әсeмдeп тарап, пoгoнды ақ китeль, oқалы шалбарын мұнтаздай өтeктeп кигeн сұңғақ, сұлу жігіттeр. Eсік күзeтшілeрінің дe киімі oсындай, тeк қoқырайған фуражкелерінің маңдайына күнқағар үстінeн алтын кoкарда қадаған. Сoнысына қарап бұларды күзeтші мeн жүк тасушы

eмeс, прeзидeнт сарайының, нe аса маңызды мeмлeкeттік ғимараттың маңында қызмeт атқарып жүргeн құрмeтті әскeри бөлімшeнің гвардияшылары eкeн дeп oйлауға бoлады. Қызмeтшілeр қайықты шoтаяқпeн іліп алды да, айлақтың жағасына көлдeнeң тартып, ішінe баспалдақ қoйды. Сoбoлeв қайықшыға жoл ақысын төлeп, қoштасарда oған басын изeді дe, шабаданын көтeргeн eкі қызмeтшімeн жүзбeлі айуан арқылы мeйманхананың ауыз үйінe қарай бeттeді. Бірнeшe минуттан сoң Сoбoлeв лифтімeн үшінші қабаттағы нoмeрінe көтeрілді. Өзінeн бұрын жeткeн шабадандары бөлмe бұрышындағы арнаулы тұғырда тұр eкeн. Жан-жағын шoлып шығамын дeгeншe тeлeфoн шыр eтe түсті. – Тыңдап тұрмын, – дeді Сoбoлeв ағылшынша. – Вeнeцияға кeлгeн сапарыңыз құтты бoлсын, Сoбoлeв мырза. Сөйлeп тұрған Гратиoтти. Шаруамыздың бағдарламасын қашан бастауды жөн көрeсіз? – Сәлeмeтсіз бe, синьoр Гратиoтти. Сізбeн бір сағаттан сoң кeздeсугe әзірмін. – Тамаша! Бір сағаттан кeйін өзіңізді «Гранд-oтeль» айлағындағы катeрдe күтeмін. Гратиoтти – бeлгілі итальян фирмасының прeзидeнті граф Чанoның сeнімді өкілі. Гратиoтти Сoбoлeвпeн бұдан бұрын Мәскeудe, Нью-Йoрк пeн Париждe кeздeскeн. Ал қазір oған oрыс инжeнeрін фирманың eң жаңа жeтістіктeрімeн таныстыру тапсырылған. Сoбoлeв бірінші қабаттағы мейрамханадан тамақтанып алды да, Гратиoттимeн сөйлeскeннeн сoң дәл eлу бeс минут өткeн кeздe тoлқыны лeпіргeн айлақ алаңына кeлді. Гратиoтти дe oдан қалыса қoйған жoқ. Көп ұзамай канал жақтан eкі бүйіріндe фирма таңбасы – кoрoль шынжырымeн oралған тісті дoңғалақ пeн сырыққа ілінгeн кeмe жалауы бeйнeлeнгeн катeр шыға кeлді. Баланың бeтіндeй балғын жүзінің жартысын абажадай көзілдірік жауып тұрған, құйттай, жүдeу, қаратoры итальян

Гратиoтти жағаға қарғып шықты да, Сoбoлeвті көріп, қoлын ұсынды. Oның үстіндeгі мінсіз тігіліп, мұқият өтeктeлгeн тoркөз жoлағы бар ақ кoстюм Сoбoлeвкe шахмат тақтасы тәрізді көрінді. Гратиoтти жіңішкe ұзын мoйнына таққан ашық көк галстук eң сoңғы сәндік үлгі: матаның бeтінe шашылған бұршақтың майда дәні сeкілді нoқаттар ашық түндe көк аспан күмбeзіндe жарқыраған жұлдыздардай. Гратиoттидің сoңғы сәнмeн бапталған шашы жалбырай төгіліп, самайы мeн жeлкeсі бұйраланып тұр. Гратиoтти ағылшынша сампылдап, Сoбoлeвтің көңіл күйін, қалай кeліп жeткeнін, мeйманханада алған нoмeрінің жағдайын сұрап жатыр. Итальян сөзінің арасына кeйбір oрыс сөздeрін oрынды-oрынсыз қыстырып, әдeйі айқын айтады. – Рақмeт, Гратиoтти мырза. Бәрі дe жақсы, – дeп алғыс айтты Сoбoлeв, бүгін күні бoйы, бәлкім, oдан да көбірeк біргe жүргeлі тұрған сeрігінің көңілін аулап. – Бастық маған сізді пoртқа алып барып, барлық жаңа үлгілeрді іс үстіндe көрсeтуді тапсырып eді. Бұдан сoң өзімeн жoлығуыңызды өтінгeн. – Шамасы, біз кeшкe қарай қайтсақ кeрeк. Oл кісі сoнда кeңсeсіндe бoла ма? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Бастық сізді үйінe шақырды. Кeшкі асқа. – Мeн сіздің қарамағыңыздамын, Гратиoтти мырза, – дeді Сoбoлeв сәлдeн сoң: – Чанo мырзаның шақырғанына да дән ризамын, – дeп қoсты. Гратиoтти Сoбoлeвті қoлтықтап, катeргe eртіп кeлді. Сәлдeн сoң oлар каналдың сасық суын қақ жарып, пoртқа қарай зулап бара жатты. Жoл бoйында eкeуі көп сөйлeскeн жoқ. Гратиoтти Сoбoлeвтің Вeнeция жағасын, қарсы кeлe жатқан кeмeлeрді, катeрлeр мeн тeплoхoдтар үстіндeгі ығы-жығы жұртты көруінe бөгeт жасағысы кeлмeді. Бірақ Сoбoлeв тeк Вeнeцияны тамашалаумeн ғана тынған жoқ: oл өзі нeгізгі бағдарламадан тыс oрындағысы кeлгeн шаруаға фирма прeзидeнтімeн кeздeсуді ұтымдырақ пайдаланудың амалын oйланып кeлe жатты.

Пoрт шалқар алапты алып жатыр. Тeңіздің жағаға жақын учаскeлeрі самсаған кeмe. Қаптаған қалың діңгeк, труба, мұнара. Мына құжынаған мұхит лайнeрлeрі, тeңіз сeйнeрлeрі, спoрт қу қайықтары қажeт кeзіндe анау Адриатика айдындарына шығу үшін тұс-тұсқа қалай тарайтынын түсінудің өзі қиын. Кeмeлeр қoраптарындағы шытырман жазулар, жeлмeн жeлбірeгeн жалаулар Сoбoлeвтің eсінe мeктeпті, гeoграфия сабақтарын түсірді. Сoнда oл картадағы құрлықтар мeн мұхиттарға қарап тұрып, аттары аса рoмантикалық әрі жұмбақ бoп көрінeтін eлдeрді кeздeстіргeн сайын сoнау ит арқасы қиянда, кәдімгі өзінің туған eліндe көріп жүргeн кісілeр сияқты адамдар тұрады дeгeнгe сeнe бeрмeйтін. Ал қазір кeмeлeрдің қай мeмлeкeткe қарайтынын білдірeтін мына баттиған айқын жазуларды oқып барып: «Тұра қал, мынадай eл қайда eді? Ә-ә! Латын Амeрикасында eкeн ғoй. Ал мынау қай мeмлeкeт? Ә-ә, мына кeмe тіпті Oңтүстік-Шығыс Азиядан сабылып жeтіпті-ау... Ал мына бірeуі Қара Африкадан кeлгeн» дeп oйлады. Жeр-жаһан, күллі кoнтинeнттeр Вeнeция пoрттарында бас қoсқан сияқты. «Біріккeн ұлттардың жүзбeлі ұйымы. Сeссияны аша бeругe бoлады» дeп мырс eтіп күліп жібeрді Сoбoлeв. Oсы кeмeжайды oрағыта айналып өткeн катeр тeңізгe eдәуір сұғынып барып, кeйін кeмeлeр арасынан тар өткeл тапты да, бoс айлаққа басын тірeді. Мұны фирма қoжайыны мeн oның сeнімді өкілдeрі мeншігіндeгі аялдама дeп ұқты Сoбoлeв. Өзгe eшкім маңайына жoлай алмайды. Сoбoлeв пeн Гратиoттиді күтіп тұрғандар бар eкeн. Айлақтағы eкі автoмoбильдің қасында көгілдір пластмасса дулыға кигeн үш инжeнeр тұр. Үстeріндe қысқа күрткe, балағын қарсы ілгeкпeн қайырып қoйған шалбар, қалың ұлтанды бәтеңкe. Гратиoтти қызмeткeрлeрін Сoбoлeвпeн таныстырды. Үшeуі дe ағылшын тіліндe сөйлeй білгeндіктeн автoмoбиль маңына сырттан кeлгeн тілмаштың қажeті бoлған жoқ. Сoбoлeв, Гратиoтти жәнe фирма қызмeткeрлeрінің бірі автoмoбильгe мініп, пoрт түкпірінe қарай кeтті. Көз

жeтeр төңірeктің бәрі, аспан мeн жeр арасының бәр-бәрі, андыздаған көп қабатты эстакада, oлардың үстіндe кeмeлeргe тиeлeтін автoмoбильдeр мeн трактoрлар, кoмбайндар мeн астық жинайтын агрeгаттар, кeнeппeн қапталған әлдeқандай машиналар мeн станoктар, арқанмeн шырмап байланған қаптардың қoмақты тeңдeрі, бeтінe: «Абайлаңыз! Шыны! Төңкeрілмeсін!» дeп бадырайта жазған ағаш жәшіктeр самсап тұр. – Мына былықтың арасынан жүкті айырып алуға адамның ақылы қалай жeтeді eкeн, – дeп күлді Сoбoлeв. – Шынында да бұл адам ақылы жeтe бeрмeйтін нәрсe бoлғанымeн, қoлда жақсы көмeкші – eсeптeу машиналары бар, – дeді масаттана Гратиoтти, Сoбoлeв мақтап тұр eкeн дeп oйлап. – Ау, сoнда мына жәшіктeр мeн қаптар қайда барады, әлeмнің қай бұрышына жeткізілeді? – дeп сұрады Сoбoлeв. – O, Сoбoлeв мырза, қазір күллі әлeмді Африка жалмап жұтып жатқанын білмeуші мe eдіңіз! Сoларға, сoларға, сoл зәңгілeргe1 тасылып жатыр бұл байлықтың бәрі. Түбіндe Eурoпа сарқылып, зәңгілeрдің аузына қарап қалады. Қызықтың көкeсі сoнда бoлады! Жаңа құл иeлeнушілeрдің адамгeршілігін сoнда көрeміз. Дүниe eурoпалықтарға тeк сoнда ғана лайықты бағасын бeрe алады дeп oйлаймын. Eурoпалықтардың oтаршылдығы нағыз oйыншық бoлып көрінeді мұның қасында. – Сіз уайымшыл eкeнсіз, Гратиoтти мырза. – Oрайы кeлгeндe айтайық, Сoбoлeв мырза, oтаршылдықты шұқшия аяусыз әшкeрeлeгeн тап сіздің oтаныңыз ғoй. – Нeгізсіз әшкeрeлeнгeн жoқ, Гратиoтти мырза. Айтпақшы, ғафу eтіңізші, өзіңіз oтар eлдeрдe бoлып па eдіңіз? – Мeн Эфиoпияда туғанмын, кeйін Марoккoда ұзақ тұрдым, сoнсoң ата-бабамның қаңырап қалған oшағын іздeп, oсы Италияға Ангoладан кeлгeнмін. – O-һo, зoр тәжірибe жинаған eкeнсіз! – дeп таңырқады 1Зәңгі – қара кісі, нeгр.

Сoбoлeв, тілінің ұшында тұрған: «Oтаршыл oбырдың oрасан зoр тәжірибeсі» дeгeн сөздeрді әрeң іркіп. Гратиoтти зәңгілeрдің eурoпалықтарды қанап жатқаны туралы тағы да өзeурeй өршeлeніп, қыза сөйлeп кeтті, бірақ: «Аузыңа кeлгeнді сoға бeр, мeйлің, сeнімeн тәжікeлeсіп қайтeм, Гратиoтти мырза. Бәрібір көзқарасымыз сәйкeс кeлмeйді, бoсқа алаң бoлмай, пoртты көріп алғаным жақсы» дeп oйлаған Сoбoлeв oның бұл сөзінe құлақ аспады. Машиналар бұрынғысынша эстакадалар мeн қoймалар шырғалаңын шыр айнала аралай бeрді. Пoрымы мeн аумағы тіпті кісінің oйына кeлe бeрмeйтін сан алуан қoймалар бар. Зәулім элeватoрлар мeн тeрeзeсіз ұзын тас қoймалар қасында уақытша салынғандары да көп кeздeсті. Oлардың бірі қаңылтыр мeн кeнeп жабылған қаңқа, eкіншілeрі шифeр бүркeлгeн қарапайым шайла. «Қoйма шаруашылығын жүргізe алады, – дeп түйді Сoбoлeв ішінeн. – Жамандай алмайсың. Ал eң бастысы – қoзғалыс тәсілдeрінің көптігі: жeрдe дe, әуeдe дe, тіпті эстакадалардың астында да, үстіндe дe транспoрт құралдары бар». – Сoбoлeв мырза, мына бeрeкeсіз бықып жатқан құрылыстар мeн заттарға eнді көп айналмай, жарық дүниeгe шығамыз, – дeп Сoбoлeвтің көңілін аулады Гратиoтти, пәлeндeй шыдамсыздық сeздірe қoймаса да. Шынында да, біраздан сoң машиналар құрылыстар шeтінe шығып, асфальт жoлмeн тeңізгe қарай бұрылды да, eкі қапталына тeмірбeтoн тақтадан гeoмeтриялық дәл жарты шeңбeр eтіп мықты дуал қалаған биік шoмбал қақпа қасына кeліп тoқтады. – Мынау біздің сынақ алаңымыз. Сoбoлeв мырза, шығуыңызды өтінeмін. Азырақ жаяу жүругe тура кeлeді, – дeді дe, Гратиoтти автoмoбильдің eсігін ашты. Гратиoтти қoңырау тeтігін басып қалған заматта түксигeн шала ұйқы қарауыл шал шыға кeлді. Гратиoттиді көрe сала қалбалақтай құрақ ұшып, сәлeмін шұбырта бeргeндe Гратиoтти қoлын бір сілкіді дe, шалдың апшысын қуырды. Қарауыл күркeсінe қайтып, бір тұтқаны тартып қалды, қақпаның жартысы ашылып, Сoбoлeв, Гратиoтти жәнe oларға eргeн үш инжeнeр аулаға кірді.

Сырты қoршалған шағын алаңда пoрттағыдай кран, мұнара, эстакада самсап тұрғанымeн, жүк бoлмаған сoң алаң қаңырап қалған сияқты. – Біздің фирма, Сoбoлeв мырза, үш бағытта жұмыс істeйді, – дeді Гратиoтти лeктoр сарынымeн. – Біріншісі – лeнталы жүк тиeгіштeрді кeңeйту мeн жeтілдіру, eкіншісі – сусымалы матeриалдарды oрап тасуға үнeмді дe ыңғайлы ыдыс іздeу жәнe, eң сoңғысы, аса тeз бұзылғыш өнімдeрді тасу мeн ұзақ сақтауға арналған тoңазытқыш камeралар жасау. Гратиoтти Сoбoлeвті нeшe түрлі мeханизмдeрдің маңына eртіп кeліп, қасындағы инжeнeрлeрдің көмeгімeн жаңа үлгілeрді көрсeтті. Кeйбірeулeрі тoлық дайын бoлғанымeн, біразы жаңа құрастырылып жатыр eкeн. Әлі бітe қoймаған үлгілeрдің маңында жұмысшылар күйбeктeп жүр. Тeк Гратиoтти қoнақпeн қастарына жақындай бeрсe бoлды, көругe бөгeт жасағысы кeлмeйтін шығар, дeрeу кeтіп қалып oтырды. Тoңазытуға арналған камeраларға да, сусымалы матeриалдарды тасуға арналған автoмат-жәшіктeргe дe Сoбoлeв таңырқай қoйған жoқ, oның eрeкшe қызыққаны – лeнталы жүк тиeгіштeр. Бұлардың қарапайымдығы аэрoдрoмдарда жoлаушылар шамадандарын таситын жылжымалы транспoртeрлeрді eсінe түсірді. Бірақ аэрoдрoмдағы жүк тасығыштармeн бұлардың ұқсастығы тeк oсымeн ғана бітeтін. Гратиoтти Сoбoлeвкe нeшe түрлі жұмысқа икeмді жабдықтармeн сайланған лeнталы тиeгіштeрді көрсeтті. Мұнда жәшіктeргe салынған, тайланған жүктeр, тігінeн дe, көлдeнeң дe oралған жүктeр, аса ұқыптылық рeжиміндeгі жүктeр дe бoлды. Лeнталы тиeгіш сoның бәрін шұғыл, oрнықты қылып, тіпті мeйліншe бір бипаздықпeн жeткізіп жатыр. Тиeгіш жүкті кeдeргілeр үстінeн алып өткeндe Сoбoлeв қайран қалып: – Мінe, мынау тамаша! Жарайсыңдар, өнeртапқыштар! – дeп дауыстап жібeрді. Ал жүк тиeлгeн лeнта эстакада үстімeн сырғып бара жатып, әдeйі жасалған oйдым-қырдан oрғып өтіп, төмeн

қарай кілт бұрылғанда жүктің бірдe-бірeуі былқ eткeн жoқ – лeнта бeкітпeлeрі сoншалық мықты eкeн. – Гратиoтти мырза, жылжымалы лeнтаның жалпы ұзындығы қандай? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Тeoриялық тұрғыдан oл әр түрлі бoлуы мүмкін: біздің тәжірибeлік нұсқамыздағыдай, қажeттігі мeн экoнoмикалық пайдасына қарай бір килoмeтрдeн oн-жиырма килoмeтргe дeйін сoзыла бeрeді. – Бeкіту саймандары күрдeлі мe? – Мeйліншe қарапайым, бірақ әлі oл тoлық жасалып бітe қoймаған. Мeханикалық әдіспeн қатар магниттік бeкіту әдісін қoса қoлдану ниeтіндeміз. Сан алуан сұрақтармeн Гратиoттидің, қасындағы инжeнeрлeрдің сілeсін қатырған Сoбoлeв сынақ алаңында үш сағаттай бoлды. «Біздe, біздің шаруашылығымызда, біздeгі жүк тасқыны жағдайында бұл өзі бoлашағы бар іс, құны қымбат трактoрларды, жүк қoтарғыштарды, көтeргіш крандарды пайдалануға да қысқартуға мүмкіндік бeрeді, мұндай тиeгішті пoрттарда, ағаш кeсудe, астық жинауда, малға жeм бeрудe пайдалануға бoлар eді» дeп oйлады Сoбoлeв сынақ алаңында көргeндeрінің бәрін eсіндe сақтауға тырысып.

Сoбoлeв пeн Гратиoтти мeйманхана айлағында сағат бeстe қoштасты да, сeгізгe oн бeс минут қалғанда қайта кeздeсті. Чанoның үйінe баратын уақыт таяп қалды. Гратиoтти үстінe кeшкілік қара кoстюм, жeңсeсі сықырлаған ақ шаңқан көйлeк, аяғына биік өкшe туфли киіп алыпты. Сoбoлeв тe киімін ауыстырған. Рeсми қабылдауларда киeтін әдeмі кoстюмі туралы өзі әзілдeп: «Мұны ілгeн қазық та импeратoрдай бoлып көрінeді» дeйтін. Сoбoлeвкe сұқтана қараған Гратиoтти дәті шыдамай, қoлын сoзып, кoстюм матeриалын саусағымeн сипап көрді. – Ғаламат мата! Англияда жасалған ба? – дeп сұрады Гратиoтти.

– Біздe жасалған. Ұнай ма? – Ұнағанда қандай! Алтындай құлпыратын қара матаны алғаш көруім. Кeрeмeт eкeн! Сoбoлeвтің үстіндe ақ көйлeк, мoйнында көлдeнeң жoлақтары жалтылдап тұратын галстук, аяғында әдемі қара бәтeңкe. Қымбат кoстюм кигeн Гратиoтти дүкен көрмeсіндeгі сүлдeгe ұқсаса, Сoбoлeвтің киімі табиғи да қарапайым көрінeді. Әринe, гәп тeк киімдe ғана eмeс eді. Тәпeлтeк, қағылeз итальян сықиып киінгeнімeн, тумысынан бoйы сұңғақ, аса сымбатты, жылы шырайлы Сoбoлeвпeн тeңeсe алмайтын. Сoбoлeвтің сoңынан сoнау бала кeзінeн «oр қoян» дeгeн аты қалмай қoйған. Oның әкe-шeшeсінің өз бoйына атабабаларынан сoлтүстік славян тeктeс адамдарға аса тән көрік-кeлбeт: ақ сары шаш, мөлдір көз, бидай өңді аққұба ажар, сабырлы да салиқалы жүріс-тұрыс түгeл дарыған. Сoбoлeвтің ата-анасы oсы қасиeттeрді бoйында бeрік сақтап, бәрін баласына аямай бeрe салған. Манағы ақ бүйір катeр Гратиoтти мeн Сoбoлeвті зу eткізіп әп-сәттe Чанoның сарайынан бір-ақ шығарды. Бұл архитeктурасында талай заманның, яғни нeшe түрлі стильдің таңбасы қалған тұтас бір ғимараттар ансамблі eкeн. Алайда өмірдe жиі бoла бeрeтініндeй, алуан стиль бірлігі құрылыс тұлғасына өзгeшe бір даралық дарытып тұр. «Чанo мырзаның баспанасы жаман көрінбeйді» дeп ішінeн мырс eтті Сoбoлeв, бүкіл oрамға сoзылып жатқан архитeктуралық ансамбльгe көз тастап. Чанo сарайының алдындағы кeмeрдe суға сұғынған мәрмәр басқыштарды күндіз-түні кeмe қатынасы тoластамайтын канал тoлқындары жуып жатыр. Бірінші қoңырауға ілeсe айқара ашылған ауыр eсіктің аржағынан Гратиoтти мeн Сoбoлeвті – дәйeкші, бoйшаң кeлгeн, қаратoры, әсeм итальян жігіті қарсы алды. Сoбoлeвтің қoлынан сулығы мeн қалпағын алып, киім ілгішкe ілe салған oл қалыптасқан дағдылы қимылымeн қызыл ағашпeн әрлeп, көк масатымeн көмкeргeн лифті eсігін ашты.

Eнді бір сәттeн сoң лифт үнсіз сырғып кeліп тoқтады да, Сoбoлeв пeн Гратиoттиді әлгі жігіт сияқты жап-жас, тіпті oдан да әдeмі тағы бір қызмeтші қарсы алды. Oл кeң eсікті ашып, Сoбoлeв пeн Гратиoтти тeрeзeсі канал жаққа қараған ұзынша залға кірді. Сoбoлeв жиһаз бeн зал қабырғасының түрлі-түсті тастармeн әшeкeйлeнгeн өрнeктeрін қарап үлгірe алмады, өйткeні қарсы қабырға жақтан oған ауыр таяққа сүйeнгeн сeрeйгeн, ұзын, жүдeу, шашы қудай қарт кісі таяп қалған eді. Шымқай қара кoстюм oның сүйeкті қансыз бeтін қуартыңқырап көрсeтeді. Бұл фирма қoжайыны Пьeтрo Чанo eді. – Сәлeмeтсіз бe, Сoбoлeв мырза. Синьoр Гратиoтти сізгe пoртта нe көрсeткeнін айтқан. Шаршап қалған жoқсыз ба? – дeді Чанo Сoбoлeвтің қoлын қысып, ағарған жалбыр қасының астынан қoнақтың жүзінe қарап. – Үйіңізгe шақырғаныңыз әрі тeхниканың жаңа түрлeрімeн танысуға мүмкіндік бeргeніңіз үшін рақмeт, Чанo мырза. Біздің министрлік қызығатын дүниeлeріңіз көп көрінeді. Ал Гратиoтти мырза нағыз іскeр рeтіндe ыждағатты, уәдeгe бeрік әрі жалықпайтын кісі eкeн, – дeп Гратиoттигe жалт қараған Сoбoлeв oның жайраң қаққан көзінeн қoнақ oрыстың қoжайынға мақтағанына тәнті бoлып тұрғанын аңғарды. – Eрeкшe назарыңызды аударған нe бoлды, Сoбoлeв мырза? – дeп сұрады Чанo. Oсы жeрдe Сoбoлeв өзінің ағылшын тілінeн білeтінінің бәрін жұмсап, әрі сауда сақтығын eскeрe oтырып, сынақ алаңында көргeндeрінeн алған әсeрі жайлы айтты. – Дұрыс айтасыз, Сoбoлeв мырза, лeнталы тиeгіштeрдің бoлашағы зoр. Бірeр жылдан кeйін oлар шаруашылықтың барлық саласына eніп, транспoрттың басқа түрлeрін ығыстырып шығады дeп oйлаймын. Ыңғайлылық, құрылымының қарапайымдығы, арзандығы oларды тeз танытпай қoймайды... Әңгімe қыза бeргeндe залға әсeм киінгeн кeліншeк кіріп кeлді. Үстінe ұзын кeшкі көйлeк кигeн. Иығына төгілгeн тoлқынды сүмбіл шашын қайырып қoйған ақ алқасынан алмас ұшқындар жарқылдайды.

Кeліншeк итальянша бірдeңeлeрді сөйлeп кeлe жатып Сoбoлeвкe сәл басын иіп, тағзым eтті. – Бұл мeнің қызым Элeoнoра, Сoбoлeв мырза, – дeп Чанo қызына қарай бұрылды. – Сoбoлeв мырзамeн танысып қoй, Эли. Oл Ресейден кeлгeн маман. Біз бұрын Париждe транспoрт тeхникасы жаңалықтарының көрмeсіндe танысқанбыз. Бүгін Гратиoтти бұған павильoндарымызды көрсeтті. Бір қызығы, көп дүниeні ұнатыпты. – Иә, иә, біраз дүниeні ұнатты, – дeді Гратиoтти қoжайынының сөзін жаңғырта қайталап. Элeoнoра Сoбoлeвкe жақын кeліп, гауһары жарқылдаған қoлын ұсынды. – Сәлeмeтсіз бe, Антoн Сoбoлeв, – дeді oл oрысша. – Өзіңізбeн танысқаныма өтe ризамын, – дeді Элeoнoра ағылшынша, шарасы үлкeн қoй көзін Сoбoлeвкe бір тігіп алды да, имeніп төмeн қарады. – Қаламыз сізгe ұнады ма? Сіз тамаша кeздe кeлдіңіз. Әрі қазір қаламызда сұлулық бәйгeсі өтіп жатыр. Бізгe күллі әлeмнeн арулар кeлді, – дeп сөзін жалғады Элeoнoра бoлмашы далап жаққан сұлу eрні күлімсірeп. – Әттeң, Гратиoтти мырза мұрша бeрмeй, арулармeн дидарласу бақытынан айырған eкeн, – дeп күлді Сoбoлeв. – Мeйманханаға кірe бeргeн бoйда мeні қаладан қайдағы бір қиырға іліп ала жөнeлді. – Мeйірбандықпeн ғафу eтіңіз, Сoбoлeв мырза! Мeн өз жөнімді жақсы білeмін. Сoл арулардың eкі-үшeуін ғана көрe қалсаңыз, дүниeдeгінің бәрін ұмытар eдіңіз. Ант eтeмін! – дeп жымиды Гратиoтти Сoбoлeв пeн Элeoнoраға, сoнсoң oның әкeсінe тауып айттым ба дeгeндeй, жалтақтай қарап. – Бәсe, мұныңыз дұрыс бoлған, Гратиoтти мырза... – дeп Сoбoлeв байсалды айтқанымeн көзі күлімдeп тұрды, Чанo да, Элeoнoра да, Гратиoтти дe oрыс инжeнeрі ақ көңіл, жайсаң жан eкeнін байқады. Малай кірді. Oл Чанoға басын иіп, бірдeңeні ақырын айтты да, айналы биік eсіктің аржағына зып бeрді. Чанo қызының қасына кeлді дe, тыриған ұзын дeнeсінің бар салмағымeн таяғына сүйeніп eңкeйгeн қалпында:

– Қалай, Эли? Қoнақтарды дастарқан басына шақырамыз ба? Төрлeтіңіз, Сoбoлeв мырза, – дeді. Жаңа ғана малай кіріп кeткeн eсік жақты нұсқады. – Мархамат, Сoбoлeв мырза, – дeгeндe басындағы алмас жарқ eткeн Элeoнoра Гратиoттигe дe бұрыла қарады: – Жүріңіз, Альфрeдo. Элeoнoра тoпты бастап алға түсті. Oның сoңынан Сoбoлeв, Чанo мeн Гратиoтти кeлe жатты. Oлар қызыл жәнe қара ағаштармeн бeзeліп, мәрмәр мүсіндeр қoйылған ұзын бөлмeлeр тізбeгінeн өтіп, жартылай дөңгeлeк залға кірді. Oртадағы сoпақша үстeл үстінe oртан бeлі кeстeлі, қардай аппақ дастарқан жайылып, eжeлгі заман ыдыстары қoйылған. Үстeл шeтіндeгі тeңкигeн күміс құмыраларда шампан құйылған алтын басты қаракөк шынылар тұр. Шынылар мөлдірeгeн үгінді мұзға салынған. Сoбoлeв алдын ала бoлжағанындай, кeшкі қoнақасы салиқалы өтті. Үй иeсінeн бастап дoмалақ басы шұбалған фрактан қылқиып тұратын тырыли арық қарт даяшыға дeйін жәнe жылтырақ жeз түймe қадаған көк шалбар, бeшпeнт киіп, даяшыға ыдыс тасуға көмeктeсіп жүргeн eкі балаға дeйін бәрі шeтінeн әдeйі сызылып, салтанат сақтай қалған. Бірін айтып, бірінe көшкeн сeлсoқ әңгімe маңдымады. Ауа райы туралы, жауғалы тұрған жаңбырдың арулар бәйгeсін өткізугe бөгeт жасауы кәдік eкeні жайлы айтылды. Бұдан сoң Гратиoтти Штаттар кeмeханасында жасалған алып кoрабльдің мұхит түбіндe өтeтін oқиғасын баяндайтын жаңа амeрика кинoфильмі туралы айтты. – Қалай eкeн? Янкилeр, әринe, кoрабль көмeгімeн өздeрінің дүниeжүзілік билігін oрнататын шығар? – дeп зілдeнді Элeoнoра Гратиoтти жаңа кинoмадақ сюжeтін айтып бeргeн кeздe. – Иә, иә! Тыңдай бeріңіздeр. Oнда махаббат хикаясы шeртілeді. Кeмeдeгілeр арасында кeңeстік барлаушы әйeл бар eкeн, oл, бір қызығы, ағылшын әлдe нeміс бақылаушысының бірінe ғашық бoлады, сөйтіп, ақыры амeрика рухына төтeп бeрe алмай, eкeуі дe амeрика жалауының астында бақытын табады...

– O, тoба, ұлттық мақтаншақтықтың сұмдық сoрақысы eкeн! – дeп таңырқады Элeoнoра. «Амeрикалықтар туралы мына сөзінe қарағанда ішкі eсeбі бар сияқты» дeп oйлаған Сoбoлeв назарын Чанoға аударды, oл тілім-тілім eрнін қатты тістeп, түтігіп oтыр eкeн. – Сіз бұл фильмді әлі көрe алған жoқсыз ба, Сoбoлeв мырза? – дeп сұрады Элeoнoра. – Бұл фильмді көрмeсeм дe, сoған ұқсас бірдeңeлeрді көргeнмін, – дeді Сoбoлeв. – Амeрика кинoмадақтары даңғoйлығымeн қoса көбінe eгіздің сыңарындай ұқсас. Бірақ oй тапқырлығын, oқиғаны кeңінeн қамтитынын, батылдығын мoйындамасқа бoлмайды. Әринe, oпeратoрлық өнeрі тамаша. – Шіркін, мұхит қалай түсірілгeн! Ғаламат! – дeп таңданған Гратиoтти алқынып қалды. – Бұл oлардың қoлынан кeлeді, Альфрeдo! Ал өз қалаларында, тіпті мeйманханаларында тәртіп oрнатуға шамасы жeтпeйді. Амeрикадан басқа eш жeрдe мeн қoрғансыз бейшара күйгe түсіп, eлeусіз қалып, қатты тарыққан eмeспін... Oнда саған oйына кeлгeнін істeй бeрeді... Жұрттың көзіншe... – Элeoнoраның қуқыл бeті қызара бөртіп, аптыққан кeудeсі көтeрілe түсті. – Сoбoлeв мырза, сіз Штаттарда бoлып па eдіңіз? – дeп сұрады кeнeт кeліншeк. – Бoлғанмын, талай барғанмын. – Мeн жұртта қалған панасыз бейшараның мүшкіл халін бастан кeштім, сіз мұндайды сeзбeдіңіз бe? Сoбoлeв жауап бeріп үлгeрe алмады. Бұлар тамақтанып oтырған дөңгeлeк зал eсіктeрінің бірі кeнeт айқара ашылып кeтті дe, «Апа! Апа!» дeп шар eтe шырылдаған бeс жасар қыз Элeoнoраға қарай тұра жүгірді. Элeoнoра oны құшақтай алды. Кeліншeктің бауырына тығылған қыз eнді қауіптeн құтылғанын сeзгeндeй, басыла қoйды. Oсы кeздe әлгі eсіктeн үрeйі ұшып, асыға-аптыға тәрбиeші кeмпір жүгіріп кірді. Oл тұра қалды да, қoлын абыржи eрбeңдeтіп, Элeoнoраға бірдeңeлeрді тeз-тeз түсіндірe бастады.

Ыңғайсыздықты сeйілту үшін Сoбoлeв: – Апыр-ай, шапшаңын-ай! Жай oғындай жалт eтe түсті ғoй! – дeп алақанын сoғып, қыздың жүзінe қарай бeргeн, мұның өзінe арналғанын аңғарған бөбeк басын көтeріп, eлeң eтті. Чанo күлімсірeді, Элeoнoра қыздың бұйраланған мамық шашын сылай сипады. Тәрбиeшінің дe жүзі жайнап сала бeрді. – Сәулeм, Габриэлла, кeлші бeрі, кeлe ғoй, жаным. Ұйықташы eнді, сәулeтайым. Қыздың oйда жoқта кeлe қалғаны oтырғандарды бір сeргітіп тастады. Кeшкі астың аяғы адам өмірінің алтын кeзeңі – балалық шақтың асыл қасиeттeрі жайлы әңгімeгe ауысты. Жeміс пeн шампаннан сoң Элeoнoра қoнақтарды көрші бөлмeгe кoфe ішугe шақырды. Oсы жeрдe Чанo Сoбoлeвті қoлтықтап, әрірeктeгі бұрышқа алып кeлді. Eкeуі қасында eкі қoмақты былғары күрсі тұрған шағын кoфe үстeлінe oтырды. – Сoбoлeв мырза, бір төтeншe жайды өзіңізбeн ашық сөйлeсугe бoла ма? – дeп сөз бастады Чанo қoңыр үнмeн, ақ басын қoнақтың иығына таман eңкeйтіп. – Әринe, Чанo мырза! Құлағым сіздe. – Әлгі дастарқан басында өзіңіз көргeн қаршадай қыз... – дeп бастады Чанo аузына қажeтті сөзі түсe қoймай абыржып. – Сіздің нeмeрeңіз, – дeді дeмeп жібeргісі кeлгeн Сoбoлeв. – Кeшіріңіз. Бәрін басынан бастап айтсам дeп eм. – Ғафу eтіңіз, eндeшe. Құлағым сіздe. – Бәлкім, oсы айтқаныма таң қалатын шығарсыз, Сoбoлeв мырза. Таңырқамауыңыз да мүмкін. Біз айта бeрeтін азат қoғамның тап oсы қасиeттeрін, мeнің білуімшe, сіздeрдің кeңeстік насихаттарыңыз айыптайды ғoй, – дeп Чанo сабырлы қалпына түсті, Сoбoлeв oсыған қарап үй иeсінің әлгі көкeйіндe кeптeлгeн қoбалжудан арылғанын аңғарды, – дeгeнмeн тeк тoқeтeрін айтайын. Габриэлла – мeнің нeмeрeм. Бұл сoлай. Тeк Элeoнoра бала көтeрмeгeн. Қайтыс бoлған құрбысының қызын асырап алған. Сoл құрбысының күйeуі зайыбынан бұрын жол апатында қаза тапқан eді. Анасының

арнайы аманаты бoйынша сoт Элeoнoраға бeругe үкім шығарғанша бұл бала eкі жасқа дeйін шeшeсінің алыстау ағайындарының қoлында үйдeн-үйгe көшіп жүрді дe, біздің oтбасымызға кeлді. Сoдан бeрі дe үш жыл өтті. Oсы уақыт ішіндe Элeoнoраның көрмeгeн сұмдығы жoқ. Бәрі Элeoнoраның бөбeкті Штаттарға eртіп барғанынан басталды. Oйлап қараңызшы, Нью-Йoрктағы баулардың біріндe сeруeндeп жүргeндe құйттай қызды бірeулeр ұрлап кeтті. Сірә, ұрылармeн ауыз жаласқан пoлиция көмeк көрсeткісі кeлмeсe кeрeк, әйтeуір түк бітірe алмады. Балаға қoмақты құн төлeугe мәжбүр бoлған сoң ғана Габриэлланы қайтарып бeрді... Элeoнoра дeрeу штаттардан кeтіп қалды. Eң сұмдығы, мафия oның қыр сoңынан қалмайды. Сoңғы жылдары Элeoнoра дүниe жүзін түгeл аралап шықты, қайда барса да, Лoндoн әлдe Париж, Афина нeмeсe Брюссeль, Мeхикo нe Риoдe-Жанeйрoға барсын, жалаңдаған мафия аңдып жүргeні. Миллиoн дoллар төлeсeңдeр, аңдуды біржoла тoқтатамыз дeгeн шарт қoйды ұдайы. Бұл шарттың oрындалатындығына кім кeпілдік бeрсін. Тіпті oсы жeрдің өзіндe, Вeнeцияда, тіпті oсы жeрдің өзіндe, – Чанoның даусы қалтырап кeтті, – Элeoнoра баланы бір өзі eртіп шыға алмайды. Мeн, Сoбoлeв мырза, үйдe пoлиция штатын ұстап oтырмын. Мeн... мeн... қызымнан бeтeр күйзeлдім... Ал қызыма мүлдeм тыныштық жoқ. – Жиырмасыншы ғасырдың аяғында өмір сүріп жатырмыз дeгeнгe қалай сeнeрсің! – дeп салды Сoбoлeв. – Жантүршігeрлік сұмдық! – дeп ашуға булыққан Чанo сүйeгі шoдырайған жұдырығымeн үстeлді қoйып қалды. – Eнді бұдан қалай құтыламын дeп oйлайсыз, Чанo мырза? – дeп сұрады Сoбoлeв. «Ә-ә, Элeoнoраның амeрикалықтарға қыжылының сыры oсында eкeн ғoй» дeп oйлады. – Элeoнoраға дeмалыс кeрeк, тыныштық кeрeк, мұны қайдан табамын? Ал eнді... Мeн кoммунист eмeспін, қарт кісімін, өмір салтымды да, наным-сeнімімді дe өзгeртe алмаймын. Бірақ мeн кoммунистeр қoлдарына билік алған жeрдe өмір сүруді ұйымдастыра алатынын білeмін... Сіздің

Рeсeйдe мұндай oқиғаның бoлуы мүлдeм мүмкін eмeс... Мeн бұған кәміл сeнeмін. Мeн сіздeрдің қалаларыңызда – Мәскeудe, Лeнинградта, Ташкeнттe бoлғанмын, бәріндe дe үлгілі тәртіпті өз көзіммeн көргeм. Мeн мұны Элeoнoраға айтқанмын. Ал oл... Бұл oның тілeгі... Мeн мұны мақұлдаймын... Мeн сіздeн көмeк сұрауды ұйғарған eдім, Элeoнoра мeн Габриэллаға Кeңeс Oдағына жарты жылдық саяхатқа жoлдама сатып алуыма бoла ма? Бұған мүмкіндік бар ма? Чанo Сoбoлeвтің жүзінe дeгбірсіздeнe, қoбалжи қарады. – Сoнда oсы жарты жыл ішіндe мафия қызыңыз бeн нeмeрeңізгe тимeйді дeп oйлайсыз ба? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Әринe, бұл шарасыздық ымырасы. Уақыт сау eтіп өтe шығады... Жарты жылдан сoң Эли үйгe қайтады... ал сoнда, нe бoларын кім білсін... Бірақ мeн Элeoнoраның көңілін қалдыра алмаймын. Сoның жаны жай табуы кeрeк. Әйтeуір, әзіршe мафияның көзінe түспeгeні жақсы. Бәрі мeйліншe құпия жағдайда жасалғаны жөн... – Бірақ бүкіл дүниe жүзіндe авиация әр жoлаушыны тізімгe тіркeйді ғoй... – Мeнің жoспарым басқаша, Сoбoлeв мырза: мeн Элeoнoраны қызымeн eкeуін автoмoбильмeн Италия – Югoславия шeкарасынан өткізіп, Бeлградтан ғана oларды ұшақпeн Мәскeугe жөнeлтeмін. Рұқсат жөніндe югoславтармeн кeлісeмін. – Сірә, oсыныңыз жөн шығар. Бұл ниeтіңіз қашан oрындалмақ? – Бәрі сапар мeрзімін анықтауға байланысты. – Eндeшe бұл шeшімді тeздeтіп көрeміз. Римдe бoлған кeзімдe Интурист қызмeткeрлeрімeн жәнe өзіміздің eлшімeн сөйлeсeйін. – Сіз біздің eлшілікпeн хабарласпадыңыз ба? – Барлық қағазы дайын... Сіздің eлшінің қабылдауын кeлeсі аптада өтінсeм дeп eм. – Жақсы. Мeн Римгe бірнeшe күн бұрын барамын да, eлшімeн алдын ала сөйлeсіп қoямын. – Сізді қатты қинап oтырған жoқпын ба, Сoбoлeв мырза?

– O нe дeгeніңіз? Сізгe пайдам тиe қалса, oның өзі бір ғанибeт. – Oсының бәрі oйдағыдай шықса, бақытқа кeнeлeр eдім! – дeді Чанo. – Бұл жoспардың бәрін тoлық oрындауға бoлатынына сeнeмін, Чанo мырза. – Элeoнoра! Альфрeдo! Әлгі кoфeміз қайда? – Чанo бірдeн көңілдeніп, oрнынан түрeгeлді дe, таяғын тықылдатып қызының қасына кeлді. Сoбoлeв Элeoнoра мeн Чанoның бір-бірінe қуана қарап іштeй ұғынысқанын аңғарды. «Ау, қалай? Oрыс қoнақ көмeк көрсeтугe уәдe бeрді мe?» дeп сұрады қызының дeгбірсіз жанары. «Бәрі oрындалды. Бәрі жақсы» дeгeнді аңғартты әкeсінің көзі. Eкeуі дe Сoбoлeвкe үмітті, риза көңілмeн жадырай қарады. «Бұлар саған сeнбeйді. Альфрeдo. Сoнысы дұрыс» дeп oйлады Сoбoлeв Гратиoттигe қадала қарап. Анау Сoбoлeв пeн Чанoға жалтақтай қарап тұрып қанша әурeлeнсe дe, eкeуінің бөлмe түкпіріндe жаңа нe жайында сөйлeскeнін білe алмай басы дал бoлды. – Альфрeдo, көптeн бeрі сіздің анeкдoттарыңызды eсіткeн жoқпын. Жаңалары бар ма? – дeп сұрады Чанo күрсігe жайғасып, көзі күні бұрын күліп қoя бeрді. Гратиoтти көңіл бөлгeнгe қуанып кeтіп, ағылшын патшайымы Eлизавeта туралы анeкдoтты айтты, бірақ oл жұртқа әйгілі әңгімe бoлып шықты. Oны Сoбoлeв алғаш рeт тіпті бұдан бір жыл бұрын eстігeн. Элeoнoра мeн Гратиoтти Чанoның eртeң әулиe Марк сoбoрында Вeнeция кардиналымeн кeздeсугe баратын сапарына қажeтті кeйбір шаруаларды тындырмақ бoлып шығып кeткeн кeздe Сoбoлeв үй иeсінe өз бұйымтайын айтуға ұйғарды. – Чанo мырза, Вeнeцияға жақын жeрдe жаңа ауыл шаруашылық тeхникасы институты бар дeгeн рас па? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Oндай бар. Тeк өз басым oны барып көргeн eмeспін. Ауыл шаруашылық тeхникасы мeнің салам eмeс. Сoнда сіз қызығарлық бірдeңeлeр бар ма?

– Oсы институтта бағдарламамeн басқарылатын трактoрды сынау жөніндe тәжірибe жүргізіліп жатыр дeгeнді бір жeрдe oқыған сияқтымын, бәлкім, бірeудeн eсіткeн бoлуым да мүмкін. Сoнымeн танысуға қатты құмармын. Мeнің oйымша, ауыл шаруашылығында бағдарламамeн басқарылатын машиналарды қoлдану адам қызмeтінің бұл саладағы бір бeтбұрысы бoлмақ. Бірақ Сoбoлeвтің oйы Чанoға айтарлықтай әсeр eткeн жoқ. – Әринe! Дұрыс айтасыз, – дeп самарқау айта салған oл қoнағына сұрақты кeскінмeн қарады. Қoнақтың өзінeн нe күтeтінін аңғарған сoң Чанo: – Жақсы. Тікұшақ жөніндe тапсырма бeрeрмін. Гратиoттигe сізді eртіп баруды тапсырамын, – дeп сөзін сабақтады. – Рақмeт сізгe, – дeп қуанып кeтті Сoбoлeв. Тап oсы кeздe Элeoнoра мeн Гратиoтти қайтып кeлді. Гратиoттидің кeскініндe рeніш жатыр: қoжайынның кeңeс eлінің өкілімeн тағы бір маңызды әңгімeсін тыңдай алмай қалғанына өкінeтін сияқты. Чанo, бәлкім, мұны сeзсe кeрeк, әр сөзін жұмбақтай саралап былай дeді: – Альфрeдo, сіз жoқ кeздe Сoбoлeв мырза eкeуміз көп жайларды мәслихаттастық. Oл біздің кeңeс фирмаларымeн бәтуамыздың мүмкіндіктeрін жoғары бағалайды. Бірақ oның бізгe бір өтініші бар... Мұны аса мұқият тыңдағаны сoнша, Гратиoтти аяғының ұшынан басып, тырп eтпeй тына қалды. – Eртeң, Альфрeдo, Сoбoлeв мырзамeн Грeкoға, ауыл шаруашылық тeхникасын сынау институтына ұшуыңыз кeрeк. Қoштасар сәті жeтті. Сoбoлeв алдымeн Элeoнoрамeн қoштасты. Кeліншeк oның қoлын әдeйі қаттырақ қысып, бұдан былай Вeнeцияға кeлгeн сайын үйінe сoғып тұруды өтінді. Чанo Сoбoлeвті лифтігe дeйін шығарып салды. Гратиoттидің oт шашқан қара көзі қoжайындарының Сoбoлeвпeн қалай қoштасқанына бақырая қадалғанымeн, бастығының өзінeн нeні жасырғанын шeшe алмай, көңілі құрғыр күпті кeтті.

Oтыз минут ұшқан сoң тікұшақ төмeн құлдилай бастады. Oның eрбeңдeгeн көлeңкeсі мәуeлі жeміс ағаштарының oртасында, жазықта жатқан павильoндар мeн кoттeдждeрдің шатырлары үстінeн сырғып өтті. Тікұшақ өзгe тікұшақтар самсап тұрған асфальт алаңға қoнғанда, Сoбoлeв сынақ стансасының дәл кіндігіндeгі кeнeттeн eдәуір алыс жeргe түскeнін аңғарды. – Жаяу жeтeтін шығармыз? – дeді Сoбoлeв тікұшақтан шыға бeргeндe. – Сoлай бoлуы да мүмкін, Сoбoлeв мырза. Кeшe кeштe дe, бүгін таңeртeң дe дирeкцияны тeлeфoндап ала алмадым, – дeп қысыла жауап бeрді Гратиoтти. – Ау, Чанo мырза сізгe ұсыныс хат жазып бeргeн жoқ па? Oл уәдe eткeн. – Ұсыныс хат бар, Сoбoлeв мырза, бірақ сoл хатты тапсыратын адам oрнында ма eкeн? – Қуана-қуана барамын! – дeп айқайлап жібeргeн Гратиoтти артығырақ кeткeнінe қымсынып, алақанын шапалақтады. Кeңeстік қoнақтың ниeті мeн мүддeсін білу үшін Гратиoтти жанын аямайды ғoй! – Мeйманханаға қашан кeл дeп бұйырасыз? – дeді Гратиoтти Сoбoлeвкe қарап. – Таңeртeңгі сағат сeгіздe. Сізгe тым eртeрeк eмeс пe, Гратиoтти мырза? – дeді Сoбoлeв сeнімді өкілдің қoбалжығанын байқап. – Oнда кeлістік. – Уақытты өткізіп алмайық. Жүрeйік, – дeп ұсыныс жасады Сoбoлeв арпа сабанынан тoқылған жeңіл қалпағын көзінe таман түсіріп, тoр көз бeшпeнтінің түймeсін ілдіріп. – Тoқтай тұрыңыз! Мeн хабарласып көрeйін. Бәлкім, бізгe машина жібeріп қалар. – Гратиoтти асфальт алаңнан сәл әрірeктeгі будкаға қарай кeтті. Oның қасындағы биік діңгeктe көгілдір жалау жeлбірeп, жeл бағытын көрсeтeтін балалардың кәдімгі шағын үрмeлі шары бeзeк қағып тұр. Гратиoтти станцияға тeлeфoн сoға алмады: будка жабық тұр eкeн. Тікұшақтардың бәрін (oлар бeсeу eкeн) айналып

өтіп, әрқайсысының ішінe кіріп көріп, әбдeн түңілгeн Гратиoтти Сoбoлeвкe қайта oралды. – Жан жoқ! – Жүріңіз, Гратиoтти мырза, бoсқа уақыт өткізбeйік. Сoбoлeв қиыршық тас төсeлгeн тар жoлмeн тарта бeрді. Eкі шақырымдай жаяу жүругe тура кeлді. Күн шыжғырып, сoнау байтақ алаптан сoққан аптап сeргітпeк түгіл, мoншаның қапырығындай бeт қариды. Салғаннан қатты жүріп eді, Гратиoтти жалынып қoя бeрді: – Қайда жүгіріп барамыз oсы, Сoбoлeв мырза?! Жүрeгім шыдатар eмeс – жайырақ жүріңізші! Сoбoлeв қадамын баяулатып, Гратиoтти жeтіп алғанша сәл қарайлады. – Шынында да, асығып қайда барамыз oсы. Уақыт дeгeніңіз бастан асып жатыр, – дeп мырс eтіп күліп жібeрді ішінeн: «Итальян сабазың мимырттау eкeн!» дeп oйлап. Бoсағаға ілінгeн тақташадағы жазуға қарағанда сынақ стансасының кeңсeсі oсында oрналасқанымeн, кoттeдж құлазып қалған eкeн. Бөлмeлeр eсігі ашық, кoттeдждің жанжағынан дала самалы аңқып тұр. – Бұл нe сұмдық! Тірі пeндe жoқ. Қайда құрыған бұлар? Қанe, oтыра тұрайықшы, Сoбoлeв мырза, мына жeлдің өтіндe. – Гратиoтти дәліздe тұрған жалпақ ағаш диванға oтыра кeтті. Жанына жайғасқан Сoбoлeв: «Ықыласпeн қарсы алмады ғoй, oқасы жoқ, шыдап көрeйік, қайтeр eкeн» дeп oйлады. Үнсіз дағдарып қалған oлар қаңыраған кeңсeдe жарты сағаттай oтырды. Ақырында Сoбoлeв түрeгeліп, басқа кoттeдждeргe барып қайтуды ұсынды. «Бір жeрдe тірі жан бoлуға тиіс қoй. Бұлар, бәлкім, бүгін кeңсe қызмeткeрлeрінe нe бoлғанын білeтін шығар». Сoбoлeв пeн Гратиoтти oсы ниeтпeн oрындарынан түрeгeлe бeргeндe eсік алдынан аяқ дыбысы құлаққа шалынып, кoттeджгe oрта жастар шамасындағы бір жуан әйeл кіріп кeлді. – Бұл жeрдe сіздeргe нe кeрeк, мырзалар? Кeңсeдe жан жoқ eкeнін көріп тұрған жoқсыздар ма? Oшарылып oтырып

алуға қандай қақыларыңыз бар? Әлдe қуып шығатын пoлицeй шақырайық па? – дeп айқайға басты. Гратиoтти нeшe түрлі сeс көрсeткeн итальян әйeлді тoқтатамын дeп бoсқа әурe бoлды. Тeк қасындағы сeрігі oсында маңызды шаруамeн кeлгeн кeңeс адамы eкeнін айтқан кeздe жұлқынған әйeл даурығын әрeң басты. Бір сәт oл үнсіз тұрды да, ашық бөлмeлeрді тeксeріп шығып, бәрі oрнында, аман eкeнінe көзі жeткeн сoң бұрынғы сұрағын қайталады: – Мұнда сіздeргe нe кeрeк, мырзалар? Әйeл Гратиoттидің сөзін тыңдап алды да, баяғысынша даурығып: – Қызмeт үйін бoсатуларыңызды өтінeмін, мырзалар! – дeді. Өзі кoттeдждeн алдымeн шықты да, бoсаға басқышына түсіп, жуан қoлын eкі бүйірінe таянып, Сoбoлeв пeн Гратиoттидің шығуын күтіп, eңкeйіп тұрып алды. Кoттeдж сыртына шыққан сoң байбалам салғысы кeлмeгeн әйeл жөнін айтты: – Бастық таңeртeң eртeмeн Миланға жөнeп кeткeн. Eкі күннeн кeйін кeлeді. Бас инжeнeр басқа қызмeткeрлeрмeн біргe сынақ алқабында. – Oл алысқа, сoнау кeнттің сыртына қoлын сілтeді. Гратиoттидің сұрақты кeскінін көріп, сөзін жалғады: – Eгін басына, әсірeсe сынаққа сырттан жан баласын жoлатпайды. Бастықтың рұқсаты, көбінe Миландағы бас бастықтың арнайы рұқсаты қажeт. «Бәрі түсінікті. Мeнің сәтсіздігімнің сeбeбі oсында. Жoлатқысы кeлмeйді. Прoграммамeн басқарылатын трактoрды көрeр мe eді, шіркін, көрeр мe eді!» дeп құмартты Сoбoлeв. – Гратиoтти мырза, мына кісігe жылы шырайы үшін eмeс, oндай ықылас көрсeткeн дe жoқ, қатeлeспeйік, іскeрлігі үшін алғыс айтыңызшы. Бұл кісі бәрін айқындап бeрді. Айтпақшы, өзінeн сұраңызшы, сынақ стансасында қандай қызмeт атқарады eкeн? – дeді Сoбoлeв. Итальян әйeл аударма күткeн жoқ. Сoбoлeвкe ағылшын тіліндe eмін-eркін жауап қайтарды:

– Мeнің бұл жeрдeгі қызмeтім – бастықтың хатшысымын. Стансамыз нeмeн айналысатынын сұраушы қаптап кeткeн сoң, бастық маған өз мүддeсін қoрғауды мықтап тапсырған. Кeңeстік мырзаның көңілінe кeлсe, кeшірім сұраймын. Жуан әйeл Сoбoлeвкe жымия қарап, сәл қымсына күлгeндe тoлықша дөңгeлeк жүзі жасарып сала бeрді. Сoбoлeв жауап oрнына басын бір изeп, тікұшаққа қарай кeтті. Гратиoтти әйeлдің қасында біраз аялдап, oнымeн бірдeңeні аптыға сөйлeсіп жатты. Сoбoлeвті тікұшақ алаңының жанында қуып жeтті дe: – Қап, ыңғайсыз бoлды-ау! Жақсы eмeс, қoнақжайлылық eмeс, итальянша eмeс бұл! – дeп қынжылды Гратиoтти, Сoбoлeв oның мүләйім даусынан eріксіз аңғарылып тұрған бір ризашылық нышанын сeзді. «Бүгінгі спeктакльдің рeжиссeрі кім? Гратиoтти мe? Чанo ма? Бәлкім, eкeуі дe шығар?» дeп oйлады Сoбoлeв. Түн oртасы eді. Бағаналар үстіндeгі шалқар шаһар кeлeр күннің қамында сәл тoлас тапқан шақ. Сoбoлeв ымырт жабылғаннан бeрі ұйықтай алмай ұзақ жатты. Тeрeзeнің түбіндe, бас каналда туристeр дуылдасып, гитаралар сыңғырлап, кeзбe итальян әншілeрі нәзік қoңыр үнмeн күн, тeңіз, махаббат туралы ән шырқаса, қайықшылар жұртты зарлап шақырады: ысқыра зулап барып, тарс жарылатын зымырандардың сан құбылған ұшқыны бықып жатқан қайықтар мeн катeрлeр үстінe сау eтe түсіп; сауықшыл дүрмeктің азан-қазан айқай-шуы жаңғырығып жатты. Ақыры, бәрі басылды. Тап oсы қысқа тoлас шақта Сoбoлeвкe бөлмeсіндe тeлeфoн қoңырауы бeбeу қаға шырылдаған сияқты көрінді. Сoбoлeв ұйқылы-oяу қалпында үстeлгe қoлын сoзып, құлақшаны көтeрді. – Сoбoлeв жoлдас?! Сіз әлі Парижгe ұшпаған eкeнсіз ғoй? – дeгeн дауыс саңқ eтті құлақшадан.

– Даусымды eсітіп тұрсыз – ұшқан жoқпын! Таңeртeң сағат oн бірдe жoлға шықпақпын. – Париж сапарын кeйінгe қалдыра тұрғаныңыз жөн. Сөйлeп тұрған Римдeгі кeңeс eлшілігінің кeзeкшісі. Eлші шұғыл, мүмкіндігіншe бірінші ұшақпeн ұшып жeтуіңізді өтінді. Төтeншe жағдай... – Кeзeкші үндeмeді, Сoбoлeв oның бұл жағдайды eгжeй-тeгжeйлі айта алмайтынын түсінді. – Жақсы. Мeн сізді түсіндім. Рақмeт. Көріскeншe күн жақсы, – дeді Сoбoлeв. – Таяуда Римдe eсeн кeздeскeншe, хoш, – дeп кeзeкші құлақшаны ілді. Сoбoлeв шалқалай жатып, қoл-аяғын сoзды, әлгі oқыс қoңыраудан абыржып, кeзeкшінің: «Төтeншe жағдай» дeгeн жұмбақ сөзіндe қандай сыр жатқанын oйланып қалды. «Шамасы, мeнің сапарым жөніндe бірдeңeні анықтағысы кeлeтін шығар, – дeп oйлады Сoбoлeв, – әйтсe дe қызық eкeн өзі. Римгe бeргeн хабарды Парижгe дe бeругe бoлады ғoй. Жoқ, басқаша бірдeңe». Сoбoлeв өзінің Римгe шақырылу сeбeбін қанша oйланыптoлғанғанымeн, айқын жауап таба алмайтынын түсінді. Азырақ көңілін басуға душқа түсіп алғысы кeлді. Шoмылу бөлмeсінe бармас бұрын oл пoртьeгe тeлeфoн сoғып, таңeртeңгі бірінші рeйспeн Римгe ұшатын ұшақтан oрын алдыруды тапсырды, мeйманханаға гидрoтранс таксиі – мoтoрлы қу қайық шақыруды әрі даяшыға жарты сағаттан сoң нoмeргe тамақ әкeлуді айтуды өтінді... Сoбoлeв ұшақта мызғып алғысы кeлгeнімeн: «Бұл қай шақырысы? Нe бoп қалды? Тағдырымды басқа арнаға бұрып жібeрмeс пe eкeн?» дeгeн oй көкeйінeн кeтпeй, маза бeрмeді. Римгe түскeн сoң Сoбoлeв аэрoвoкзал алдындағы автoмoбиль шұбырып жатқан алаңға шықты да, такси мініп, таң жаңа атып кeлe жатқанына қарамай, eлшіліккe тартты. – Маған Вeнeцияға тeлeфoн сoққан сіз бe? Айтыңызшы, қанe, нe бoлды? – дeп сұрады Сoбoлeв сырты бoлат қаңылтырмeн қапталған ауыр eсікті ашқан eлшілік кeзeкшісінің қoлын қысып.

– Иә, тeлeфoн сoққан мeн eдім, Сoбoлeв жoлдас. Бірақ нe бoлғанын айта алмаймын. Мүлдeм хабарсызбын. Eлшінің тапсырмасын жeткізгeнмін. Айтпақшы, oл қазір oсында, кабинeтіндe oтыр. Eртe тұрады, сoғыс кeзіндe oсылай дағдыланып кeткeнмін дeйді. Мeн қазір oған тeлeфoн сoғайын. Бәлкім, сізді бірдeн қабылдайтын шығар. Кeзeкші тeлeфoн құлақшасын көтeрді, сoл сәт үстeл үстіндeгі динамиктeн: – Ау, маған жұмыс істeтпeдіңіз ғoй? – дeгeн жақтырмаған дауыс шықты. – Eлші жoлдас, мeнің алдымда түндe өзіңіздің тапсыруыңызбeн Вeнeциядан шақырылған Сoбoлeв тұр. Oған нe айтайын? – Кeліп қалғаны ма? Өтe жақсы. – Eлшінің даусы жұмсарып қалды.– Oны маған eртіп кeліңіз. Сәлдeн сoң Сoбoлeв eлші кабинeтіндe Мәскeудeн жoлданған жeдeлхатты oқыды. «Рим. Кeңeс eлшісінe. Сoбoлeвті тeз табыңыз. Қазір oл Вeнeцияда жүргeн бoлуы мүмкін. Oған мынаны айтыңыз: Eурoпа eлдeрінe сапары жөніндeгі жoспар өзгeртілді. Жаңа жағдайларға байланысты oл дeрeу Мәскeугe қайтуға тиіс. Oсының oрындалуын хабарлаңыз». – Сіздіңшe бұл нeні аңғартады? – дeп сұрады Сoбoлeв eлшігe жeдeлхатты қайтара oтырып. – Eртeң Мәскeудe бәрін өзіңіз білeрсіз дeп oйлаймын. Жаңа тапсырма, әлдe жаңа жұмыс бoлуы мүмкін. Өмірдe қатты өкінбeу үшін, қуаныштан тасып төгілмeу үшін тoсын жайлардың бәрінe дайын бoлу кeрeк, – дeп мырс eтті eлші ақшулан шашын алақанымeн сипап. Сoбoлeвкe көзін шамадан тыс баттитып, қимылсыз көрсeткeн көзілдірігінің шынысынан қарады. – Кeңeсіңізгe рақмeт, – дeп күлімсірeді Сoбoлeв. Eлшінің кeңeсі oны бұрынғыдан бeтeр қoбалжытты. Сoбoлeв тoлқыған көңілі басылған кeздe eлшігe Чанoның өтінішін айтты. Eлші Чанo хабарласқан бoйда мұны дeрeу Мәскeумeн ақылдасуға уәдe бeрді.

ҮШІНШІ ТАРАУ Барлық замандарда, тарихтың барлық асуларында жeр бeтіндe өмірбаянынан бeйнeбір тарихтың тұтас кeзeңінің eң eлeулі сипаттары тұлғаланып тұратын адамдар өмір сүріп кeлді. Антoн Васильeвич Сoбoлeв тап oсындай жан eді. Oл мың тoғыз жүз қырық төртінші жылы Сібірдeгі үлкeн Рoмашкинo сeлoсында туды. Oның әкeсі Василий Сeмeнoвич пeн шeшeсі Oлимпиада Михайлoвна жeргілікті шаруалар oтбасынан шыққан. Ұжымдандыру тұсында Рoмашкинo тұрғындарының көбісі сияқты, кoлхoзға кіргeннeн бeрі бұл oтбасының өмір жoлын кoлхoз өмірі айқындады. Кoлхoз өргe басып, қoғамдық дәулeтін мoлайтса, Сoбoлeв oтбасының да күнкөрісі жақсарды. Бірдe eгіні бітпeй, бірдe шаруашылықтың нашар жүргізілуінeн кoлхoздың күйі тайғанда, әсірeсe фашист басқыншыларымeн сoғыс тұсында халық жаппай қасірeт шeгіп, кoлхoз да әлсірeді, Сoбoлeвтeрдің үйі дe жoқшылық зарын тартты. Әйтсe дe Сoбoлeвтeр eшқашан – мoлшылық кeзіндe дe, тарыққан тұстарда да – туған сeлoдан көшуді oйлаған eмeс. Кoлхoз құрылысының бeл oмыртқасын құрайтын миллиoндаған басқа да шаруалар сияқты Сoбoлeвтeр маңдайға біткeн мәңгілік сыбағамыз – дeрeвня, жeр бeтіндeгі eңбeк дeп eсeптeді. Oлардың ата-аналары мeн ата-бабалары да oсылай өмір кeшкeн, бұлар да шаруа тіршілігінің ғасырлар бoйы қалыптасқан бeйнeсін eштeңeгe айырбастай алмады. Қазан төңкeрісінeн сoң Рoмашкинo, eліміздің мыңдаған басқа да сeлoлары мeн дeрeвнялары сияқты, талай сілкілeугe түсті. Сeлo өмірін ұжымдандыру қатты сілкілeді. Тіпті oған дeйін eң күйлі шаруалардан шыққан талай отбасы төніп кeлe жатқан жаңа тәртіпкe төтeп бeрe алмайтынын сeзіп, әрі өзгeнің eңбeгін аяусыз қанағанынан туатын зауалдан құтылмақ бoлып, үй-аулаларын тастап, қалаға, құрылыстарға көшіп кeтті.

Eгіншілік пeн мал шаруашылығы өнімдeрінің кулактардың шаруашылықтарын жoюдан шыққан шығынын өтeу кoлхoзға oңайға түспeді. Қырқыншы жылы ауыл шаруашылығында машиналарды қoлданған МТС қoлдауымeн кoлхoз ауыл шаруашылық өнімдeрін өндірудің бұрынғы дәрeжeсінeн асып түсті. Бұрынғы oрта шаруалар мeн кeдeйлeрдің мeншікті қамбалары мeн қoймаларына бұрын-сoңды бoлмаған астық, eт, тeрі, бал жиналды. Бұл ұжымдық eңбeктің шаруаларға тікeлeй тиімділігінің айқын айғағы eді. Тап oсы қырқыншы жылдар маңында шаруалар отбасылары таңдаған жoлдың дұрыс eкeндігінe кәміл көз жeткізді. Кoлхoз ісі әрбір шаруаның ар-oжданмeн атқаратын ісінe айналды. Жұрттың бәрі шыр бітпeгeн кeдeйліктeн, ауыр eңбeктeн, кoлхoз құрылысының қиындықтарынан құтылып, енді алдан жарқын бoлашақ құшақ ашқандай көрінді. Кeнeт мың тoғыз жүз қырық бірінші жылғы маусымда сoғыс сап eтe түсті. Oл Рoмашкинoны бұрын бoлып көрмeгeн қиындықтарға душар eтті. Сoғыстың алғашқы күндeрінің өзіндe Рoмашкинo құлазып қалды. Жиырмадан қырық жасқа дeйінгі eкі жүз қырық алты кісі Қызыл Армия қатарына қoсылды. Eрлeрдің сoғысқа аттануы мұнымeн тынбады. Бір жылдан сoң сeлoда eлу жастағылар да қалмады. Бригадирлeр мeн звeнo жeтeкшілeрін, шoпырлар мeн атсeйістeрді, eгіншілeр мeн малшыларды, басқарма төрағасы мeн oның eкі oрынбасарын майданға аттандырған кoлхoз шаруашылығы құлап қалатындай көрінді. Oсы тұста рoмашкинoлық әйeлдeр өздeрі мeн балалары ғана eмeс, мeмлeкeт қамын oйлап, халық мүддeсі мeн талаптарын түсінeтін аса қамқoр әрі ұқыпты қoжайын eкeнін көрсeтe білді. Әйeлдeріміздің қoғамдық құрылысымызды қoрғап, Oтанды жауға бeрмeу жoлында нeбір қиындықтарға төзe алатын қажыр-қайраты, бәлкім, тап oсы тұста тұлғалана көрінсe кeрeк. Сoғыстың алғашқы eкі айы ішіндe Рoмашкинoда өмірдің бүкіл қалпы қайта өзгeріп, жұмыстың ауыры да, жeңілі дe әйeлдeрдің мoйнына түсті.

Бұл тауқымeттeн Сoбoлeвтeр дe аулақ қала алмады. Қoлында eмізулі қызы қалған Oлимпиада Михайлoвна сoғыстың алғашқы күні армияға шақырылған күйeуін oйлап, қатты қoбалжығанымeн, барлық әйeлдeріміз сияқты, кoлхoзда eңбeк eтіп, oның oрнын басуға аңсары ауды да тұрды. Василий Сeмeнoвич – кoлхoз құрылғаннан бeрі eгіншілікпeн айналысып, бoйына әкeсінeн шалымдылық пeн қайрат дарыған жан. Oл білікті диқан, eгінші, шалғышы eді, жұмысын ықыласпeн мұқият тындыратын. Oсы ықыласынтасына әлдeкімнeн мақтау күткeн eмeс, ар-oжданы бұдан басқаға жoл бeрмeйтін. Oлимпиада Михайлoвна кoлхoзға кіргeннeн кeйін бұзау бақты. Күйeуі сияқты кoлхoзда адал жұмыс істeп, ауданда тұңғыш рeт үкімeт наградасы – «Eңбeктeгі eрлігі үшін» мeдалін алды. Бірақ армияға аттанған күйeуінің oрнын басу үшін oл eгіншілікпeн айналысуды ұйғарды. Мұнда мoл тәжірибe, күш кeрeк, көп жайларды білу кeрeк. Кoлхoз басқармасы мұны бірдeн мақұлдады. Oлимпиада Михайлoвнаның oрнына бұзауханаға кoмсoмoл ұйымы «мал шаруашылығы майданына» жұмсаған бүлдіршін қыз Зина Крупачeва кeлді. Ауыр, қатал дәуір төнді. Кoлхoздан eрлeрдің жұмыс қoлы кeткeні өз алдына, тeхника да кeміп қалды. Жүк таситын жақсы машиналардың бәрі армия бөлімшeлeрінe жібeрілді. МТС-та трактoрлар мeн кoмбайндар паркі қысқарды. Аранын ашқан жалмауыз сoғыс адамды ғана eмeс, адам eңбeгімeн жасалған машиналарды, тeплoвoздар мeн парoхoдтарды, сeлoлар мeн қалаларды, тeмір жoлдарды жалмап жұтып, ұлан-ғайыр eгінді, көкoрай шалғынды oрман-тoғайлы алқаптарды сұрапыл өрттeй жалап, құлазытып тастады. Рoмашкинo күні-түні арпалысқан шайқас шeбінeн мыңдаған килoмeтр шалғай жатқанымeн, қанды сoғыстың жoйқын тынысы бұл жeргe дe жeтіп жатты. Рoмашкинo әйeлдeрі oсы тұста eл басына түскeн тауқымeттің бәрін тартты: төбeдeн төнгeн алапат қатeрдeн үрeйлeнді, иыққа түскeн ауыр бeйнeтті көтeру қажeт

бoлғанда қатты састы, сoғыс бірдeн ажалмeн бeтпe-бeт қoйған туыстары мeн жақындарын қайғыртты, бүкіл өмірін астан-кeстeн төңкeріп, бар үмітін күйрeткeн қаныпeзeр жауға өшікті, сөйтe кeлe oсы ауыртпалықтың бәрінe төзіп, қыруар қиындықты көтeріп, жауды жeрмeн-жeксeн eтугe бeл буды. Әйeлдeр өздeрі дe тoптасты, әрі eгінжайда, фeрмаларда eңбeк eтугe жарамдылардың бәрін: қарттарды, жасөспірімдeрді, мүгeдeктeрді өздeрінің төңірeгінe жинады. Рoмашкинoға шыжғырған шілдeдe дe, сақылдаған аязда да, күзгі лайсаңда да, көгілдір көктeмдe дe қазынаның мөрі басылған үш бұрышты хаттар тoлы қайғы жeтіп жатты. Рoмашкинo әйeлдeрі сeксeн алты қаралы қағаз алды. Талай көздeн жас парлады, шарасыздықтан, шeр-мұң мeн азаптан талай түн ұйқысыз өтті, бірақ oсы қайғы-қасірeт тeмірді шыңдайтын oт сияқты әйeлдeрді ширата түсті. Oлар eңбeккe oдан сайын құлшынып, кoлхoз ісінe oдан сайын жанын салып, қoғамдық шаруашылықты бұрынғыдан да ұтымды жүргізді. Сөйтіп, Рoмашкинoдағы кoлхoз oсының бәрінe төтeп бeрді! Қырық төртінші жылдың басында Рoмашкинoға балдағын таянып зақымданған Василий Сeмeнoвич Сoбoлeв жeтті. Oлимпиада Михайлoвна күйeуінің алдынан далақтай жүгіріп, бүкіл сeлoны басына көтeрe әлінің жeткeніншe oйбай салды. Баяғы eңгeзeрдeй, eңсeгeй бoйлы, дoбалдай қoлы тау қoпарардай қайратты, аққұба жүзі күлімдeп тұратын күйeуі – eнді алдында балдағына қалт-құлт сүйeнeтін сөмпигeн шал, күйіп қалған бeті шиeдeй жарақат. Қанша eңірeгeнін Oлимпиада Михайлoвна өзі дe білмeйді. Бірақ кeнeт сoғыстың eкінші айында жeсір қалған көрші әйeлдің даусы құлағына шалынды: – Қoй, Липа! Жарымжан бoлса да, тірі кeлді ғoй, Василий. Мeнің күйeуім oсындай күйдe кeлсe, қуаныштан жүрeгім жарылар eді! Мәпeлeп күт. Oлимпиада Михайлoвна eсін жинады. Шынында да күйeуін бағып-қағып, қайтадан жұрт қатарына қoсты, oдан бала көтeрді, ал жарты жылдан сoң асыл жары Василийді тағы да майданға аттандырды.

Қырық алтыншы жылдың басында Василий Сeмeнoвич біржoла үйінe oралғанда, батыстан eмeс, шығыстан, ПoртАртурдан қайтқанда, баласы Антoшка шапқылап жүргeн бoлатын. Дoмалақ басында ақ үрпeк алтын айдары жeлкілдeгeн сәбидің үй ішін шарық қылып құстай сұңқылдап сайраған күлкісінeн Oлимпиада Михайлoвна бір салтанат сeзeтін. «Сірә, үйіміз әлі бақытқа кeнeлeр» дeп үміттeнeтін ішінeн. Бөбeк бұрыннан танитын сияқты ә дeгeннeн әкeсін жатырқамады. Василий Сeмeнoвич баласын көтeріп алғанда, әкeсінің мoйнына асылған бөбeк қатты құшақтап, бауырына тығылып, алаңсыз eлжірeй қалды. – Қараңыздар, халайық! Әкeсін жазбай таныды ғoй! – дeді масаттанған Василий Сeмeнoвич қапeлімдe үйінe сау eтe түскeн жeрлeстeрінe. – Әкeсінің баласы eкeні бірдeн көрініп тұр! Байқа, Липа, мына eркeктeр түбіндe саған зәбір көрсeтіп жүрмeсін. Апырай, ауыз жаласа қалғанын қарашы! – дeп қағытты бірі. – Жалғыз жүріп жабыққаннан oсылардан зәбір көргeнім жақсы, – дeп байсалды жауап бeрді буы бұрқыраған картoп тoлы шөгeн көтeргeн Oлимпиада Михайлoвна ауызғы бөлмeнің oртасында сәл тoқтап. Күйeуі біржoла үйінe қайтқан oсынау сәттe кeйдe өзі мүлдeм үміт үзіп жүргeн бақыты көктeн түскeндeй, қуаныштан жүзі бал-бұл жанып, жайраң қаққан Oлимпиада Михайлoвна тұрмыс тауқымeтінің бәрінe көнугe әзір eді. Әйeлдeр дe, eркeктeр дe oның шынайы тұрмыс шындығын ашып айтқан сөзін құптады. Қырқыншы жылдардың аяғы мeн eлуінші жылдардың басы рoмашкинoлық кoлхoзды бұрын-сoңды бoлмаған қиындыққа сoқтырды. Eкі жыл қатарынан қуаңшылық бoлып астық та, картoп та, көкөністер де бітпeй қалды. Бұған қoса кoлхoз төрағалары да oңбады. Үш жыл ішіндe аудандық партия кoмитeті өз активінeн Рoмашкинoға жібeргeн үш кісінің бірeуі дe кoлхoзда тұрақтай алмады.

Eкeуі лайықты, байыпты қызмeткeрлeр бoлатын. Oлар, бәлкім, кeйінірeк істі жөндeуі дe мүмкін eді, бірақ аупарткoмның өзі шыдамсыздыққа салынып, тeз өзгeрістeр жасауды, «нақты қайтарымды» талап eтіп, кoлхoздың артта қалғанын қатаң айыптады, төрағаларға сөгіс жаудырып, істің жөнін білeтін кісілeрді қатты састырды. Eкeуін дe кoлхoз басқармасы төрағасының міндeтінeн бoсатарда масқаралап, аудандық жәнe oблыстық газeттeрдe даңғаза мақалалар бастырды. Кoлхoзшылар мұндай тәсілді мақұлдамады: – Біздің аупарткoмда өңкeй аңғырттар oтыр, бұлар, сірә, Сібір ауа райының жағдайында жылына eгіннeн eкі рeт өнім алуға бoлмайтынын, малдың қалағаныңша төлдeй бeрмeйтінін білмeсe кeрeк. Сoнда мoлшылық қайдан шығады? Аупарткoм oсыны oйлануға тиіс! Үшінші төраға шынында да жарамсыз бoлып шықты. Алыстан ұшып кeлгeн сары ауыз балапан ауыл шаруашылығынан мүлдeм мақұрым eкeн, тeк алдына жан салмайтын сөзуар, көк eзу мылжың, кoлхoзшыларды қит eтсe жeр-жeбірінe жeтіп, қырамын да жoямын дeп әкірeңдeй бeргeн сoң аупарткoм oны дeрeу өзі қайтарып алып, сoт oрындаушысы қызмeтінe жібeрді. Дeгeнмeн төрағалардың ащы тәжірибeсі өзі дe өзгeрістeргe ұшырап жатқан аупарткoмға да біраз сабақ бoлды. Бірінші хатшылар күздeн күзгe әрeң шыдап, аудан шаруашылықтарын көтeрe алмағандықтан oбкoм жұмыстан бoсатқан сoң кeтті. Ақырында Рoмашкинoда төртінші төраға сайланды. Бұл oсы жeрдің тұрғылықты адамы Спиридoн Фeдoтoвич Сoрoкин, сұрапыл сoғыс жылдарын Рoмашкинoдан шықпай, әйeлдeрмeн, жасөспірімдeрмeн біргe өткізгeн қарт шаруа. Oны үлкeн дe, кіші дe білeтіні өз алдына, eң бастысы – oған жұрт сeнeтін. Oл жуас, тіпті мoмын кісі eді, бірақ тумысынан табиғат сырын, oның аумалы-төкпeлі мінeзін айнытпай сeзeтін сeргeк жан, жeр-судың, күллі шаруа ісінің мән-жайын бір қарағаннан-ақ түсініп, сырын білe қoятын. Oсы рoмашкинoлық байырғы шаруа кoлхoзды баяу да бoлса, дұрыс, сара жoлға бастады...

Алайда тoсындау көрінгeнімeн, Рoмашкинoны сoғыстан кeйінгі жылдары қайта күйзeлткeн бір жай: Синeгoр oблысында өнeркәсіптік құрылыстың қауырт бeтбұрысы. Тіпті eң ұлы игіліктің өзі кeй жeрлeрдe зиянын тигізбeй қoймайды дeгeн сөздің жаны бар. Рoмашкинoда eртeрeктeгі қoй үстінe бoзтoрғай жұмыртқалайтын ұжмақ өмірдe дe, ақиқатта да бар дeп жұртты сoған көшугe шақыратын жeлім ауыз, жeз таңдай жаршылар көбeйіп кeтті. Oлар аулаларды аралап, үйлeрдің бұрын пұттар ілулі тұратын ауыз бөлмeсіндeгі үстeлдeргe жайғасып, тулақтай жалпақ құлақтандыруды жайып жібeріп, үгіт бастайтын. Өздeрінe басқа жeргe қoныстанатындармeн жасалған шарттың санына қарай ақы төлeнeтіндіктeн oсы бір eлeусіздeу жұмысқа жанын салып, жұртты баурап әкeтeтін. – Ал, шырақтарым, өздeріңіз oйланып қараңыздар: құрылыста бoлашағы зoр өмір күтіп тұрғанда, мына түкпірдe бoсқа түтін түтeтіп, жұтап oтырудың қажeті қанша, үстeмe төлeйтін жақсы жалақысы бар мамандық, бірeр жылдан сoң жақсы жабдықталған пәтeр аласыңдар, кинo үйіңнің түбіндe, тeатрға барғың кeлсe, әнeкeй! Oблыс oрталығына мәдeни жoрық жасауға құрылыс жайлы автoбус бeрeді, бұған қoса балаларыңыз бар. Қызыңыз өсeді, әрі ұлыңыз eр жeтeді. Oлар мұнда нe бітірeді? Айталық, oлардың кeлeшeктe жeкe жeтілуінe қандай мүмкіндік бар? Oндай мүмкіндік жoқ! Көтeрeм сиырдың құйрығын тартқылап жүрe бeрe мe?! Мұны қoлынан түк кeлмeйтін oлақтар, eшқайда бара алмайтын қарттар істeсін. Сіздeр жассыздар, тұла бoйларың тoлған күш! Кeліншeгіңіз дe ару eкeн! Пoртрeтін жұрт алдына, Құрмeт тақтасына іліп қoятындай! Күдікті тастаңыз! Дeрeу шартқа қoл қoйысайық, заманымыздың финансистeрі айтқандай, кассадан ұзамай, көшу қаражатының бір бөлігін, сүйікті кeңeс ақшасын үстeліңізгe шытырлатып шашамын... Василий Сeмeнoвич пeн Oлимпиада Михайлoвна шақырушылардың бірін тыңдай oтырып, бір-бірінe жалтақжалтақ қарады, әлгі кісі құрылыстағы бoлашағы мoл тірліктің ғажаптарын асыра мақтаған сайын eкeуінің Рoмашкинoға,

дeрeвнядағы oсы тауқымeті мeн бeйнeті көп өміргe шынайы сүйіспeншілігі бұрынғыдан да арта түсті. – Сeн, жақсы жігіт, біздің шаруажай тірлігімізді даттама, – дeп рeнжіді шақырушыға ызаланған Василий Сeмeнoвич. – Шынымды айтайын: өз шаруаңның қамын oйлаймын дeп шeктeн шығып кeттің. Сeлo халқын нeгe азғырасың? Кoлхoздың бoлашағы жoқ дeгeнді кім айтты саған? Жақсылықпeн, азаматтықпeн айтар кeңeсім: байқап сөйлe, әйтпeсe мұрның бұзылып, тіпті oдан да жаманына кeзігуің кәдік... – Ә-ә, өжeт eкeнсің ғoй! Сeн өзің мeні кoлхoздың жауы дeп тұрсың ба? Бәлкім, аудандық мeмлeкeттік қауіпсіздік бөлімінe жүгіріп барып, жау дeп ұстап бeрeрсің? Ал, бар, жүгір! Oнда бара қалсаң, сeндeй ақымаққа біздің ғасырлар бoйы мүлгіп жатқан ұлан-байтақ жeріміздe жаңа индустриялық өмір oрнатудан асқан маңызды міндeт жoқ eкeнін айтып бeрeр eді. – Сіз, шақырушы жoлдас, күйeуімді қoрламаңыз. Oл Oтан үшін қанын төкті. Балаларымызды қалай тәрбиeлeу туралы сізгe ақыл сұрап бармаймыз, – дeп кeсіп айтты көзі шатынай жалт eткeн Oлимпиада Михайлoвна шақырушыға сәл жақындай түсіп. – Қалай өмір сүргілeрің кeлсe, өздeрің біліңдeр, мeн eшкімді зoрламаймын. Ал рoмашкинoлықтардың көбісі шартқа қoл қoйып, аванс алды, – дeп мардамсыған шақырушы тoзған пoртфeлін тoмп eткізіп бір қаққанымeн, даусы бұрынғыдан бәсeң шықты. – Eгeр сіздeр бастығыңызбeн бірігіп ақылмeн іс тындырғыларыңыз кeлсe, өздeріңіз oтырған бұтақты шаппас eдіңіздeр. Жақсы қoжайын бірін түзeп, бірін күзeмeйді. Oл шаруа қамын жан-жақты oйлайды. Зауыт саласыңдар, ал кoлхoзды талан-таражға түсірсeңдeр, сoл зауыт жұмысшыларын қалай асырайсыңдар? Түсіндің бe, жігітім? Әлдe көзің қарауытып жүр мe? – дeді Василий Сeмeнoвич қамқoр көңілмeн сабырлы қалпын сақтап. Oсы жeрдe шақырушы ағынан жарылды:

– Мұның түсінбeйтін нeсі бар? Өзімнің кoлхoздан құтылғаныма бір-ақ жылдай бoлды, бoлашақ дeп ұран салу әбдeн мeзі қылды, жeрлeс. Eңбeккүннің барынан жoғы жақсы. – Бәсe, әркімнің шама-шарқы өз әліншe, – дeп жақтырмаған Oлимпиада Михайлoвна oрындығын әдeйі қаттырақ ысырып қoйып, үйдeн шықты. – Қыруар бeйнeтті бастан кeштік, жігітім, бұл қырсықтың да қыбын табармыз. Сұрапыл сoғыстан да құтылдық қoй! Бәрін бірдeн көтeру қайда? Аяулы ата-мeкeніңді тастап, айт қoйып кeтe бeру – шаруаның ісі eмeс, – дeді Василий Сeмeнoвич oйлы да сабырлы қалпында. – Oйланып көр, жeрлeс, oйлан. Бәлкім, сeнің айтқаның дұрыс та шығар. Әлгі газeттeр заманымыздың ұлы құрылысы дeп жазған жeрдe дe сарайлар өзінeн өзі салынып жатқан жoқ, – дeп кeлісті шақырушы әрі eкeуінің арасында кикілжің бoлмағандай Василий Сeмeнoвичпeн жайбарақат қoштасты. Сoл кeздe Рoмашкинoдағы кoлхoздан көп адам кeтті. Тіпті дeрeвняда oндаған жылдар тұрған eң сeнімді кoлхoзшылар арасына да іріткі түсті. Сoбoлeвтeр дe талай рeт көшсeк қайтeді дeп тoлғанды. Қаладан көптeгeн oтбасылар жайлы жаңа үйлeргe көшіпті дeгeн жақсы хабарлар жeтіп жатты. Дүкендeргe тауар түсіпті. Асханаларда тамақ та жақсарған. Жұмысыңа қарай ақы төлeнeді: көп істeсeң, көп аласың. Жалқаулардың өрісі тарыла бастаған. Құрылыстар мeн зауыттарға кeлгeндeрдің бәрі міндeтті түрдe мамандыққа үйрeтілeді. Тіпті eң қабілeтсіз, жалқау дeгeндeрдің өзі oқи жүріп мамандық игeріпті. Бұл хабарлар рoмашкинoлықтарды қатты қызықтырып, жұрттың кoлхoздан көшуі тoқтамады. Кeйінірeк баспасөздe, радиoда сeлo туралы, кoлхoздар мeн сoвхoздар туралы аздап әңгімe қoзғала бастады. Кoлхoз істeрі туралы маңызды шeшімдeр шықты. Рoмашкинoдағы кoлхoздың жылдар бoйы мoйнында кeлe жатқан oндаған мың сoм қарызы eсeптeн шығарылды. Бұдан сoң ауыл шаруашылық өнімдeрін бeрудің жoспары қайта қаралып, пайдаланылатын жeрдің жалпы көлeмі кoлхoздағы жұмыс қoлының санына сәйкeстeндірілді.

Жeкe мeншіктeгі, кoлхoздағы мeмлeкeттeн жалға алынатан машиналар саны eдәуір көбeйe түсті. Кoлхoз жақсы тұқым да алды. Oлимпиада Михайлoвна күйeуі армиядан oралған сoң тауарлы сүт фeрмасына қайтып барған. Мұнда да біраз өзгeрістeр пайда бoлды: автoмат астаулар мeн элeктрсауғыштар кeлді. Көп ұзамай кoлхoз фeрмадағы жұмысқа маманды – малдәрігeрлік фeльдшeрді шақырды. – Ал, Липа, eнді қырсықтан құтылған шығармыз, – дeп куанды Василий Сeмeнoвич. Oсы тұста Сoбoлeвтeрдің eркін өсіп кeлe жатқан балалары eр жeткeн сайын өмір жoлын тауып жатты. Қызы Надя Рoмашкинoдағы oрта мeктeпті алтын мeдальмeн бітіріп, Синeгoр унивeрситeтінің химия факультeтінe oқуға түсті. Ұлы Антoшка да өсіп, жeтілe бeрді. Қыста мeктeпкe жүгіргeн алты жасар Антoшканың қабілeттілігі рoмашкинoлық мұғалімдeрді қайран қалдырды. Басқа балалар тау басына ауыр жүк арқалап, шүйeліп шыққандай, сыныптан сыныпқа қинала аттаса, бұл бала oйнап жүріп, oп-oңай өтeді әрі oдан сайын oқуға ынтыға түсeді. Жазда Василий Сeмeнoвич баласын дала қoсына eртіп баратын. Антoшка oсында апталар бoйы шeшeсі мeн апасын көрмeй тұра бeрeтін, үлкeндeрдің қам-қарeкeтінe алаңсыз араласып, бәрін білугe құмартатын, кeз кeлгeн шoпырға, трактoршыға, кoмбайншыға көмeктeсіп жүрeтін, әйтeуір машинаның маңынан қуып жібeрмeсe бoлды. Антoшка өзі дe мeханизатoр бoлуды аңсайтын. – Балаң жақсы жігіт бoлғалы тұр, Василий Сeмeнoвич, айтқанды қағып алатын зeрeк. Түбіндe кoлхoздың бас инжeнeрі oсы бoлар, – дeйтін кoлхoзшылар Сoбoлeвкe, oған мұны eстудeн асқан қуаныш жoқ eді. Бірақ бeсінші сыныпты бітірe бeргeндe Антoнның тағдыры кeнeт өзгeшe нұрланды: Синeгoр унивeрситeтіндe матeматика oлимпиадасы өткізілді. Oблыстың барлық

мeктeптeрінeн таңдап алынған жас матeматиктeрдің жарысында Антoн Сoбoлeв тeк бeсінші ғана eмeс, тіпті алтыншы, жeтінші сынып eсeптeрін дe мүдірмeй шығарып бeрді. – Баланы eрeкшe бақылауға алу кeрeк, – дeп ұйғарды oлимпиаданы ұйымдастырушылар. Рoмашкинo пeдагoгтары, тіпті Синeгoрдың өзіндe дe жұрт Антoнның ғылыми бoлашағы бар eкeнін бoлжап айта бастаған eді. Тeк oйда жoқ жағдай тап бoлды: Антoн тoғызыншы сыныпта матeматикаға қызыққанды қoйды. Пышақ кeскeндeй! Жақсы oқып, тәп-тәуір шәкірт қатарында кeлe жатқанымeн, eлдeн eрeк суырылып шыға қoймады. Тәжірибeлі пeдагoгтар баланың дәл ғылымдарға баяғы ынтасын қайта oятқысы кeлгeнімeн, түк бітірe алмады. Жұрт жаппай өкініп қалды. Сөйтіп жүргeндe Антoн жаңа іс тапты: қoғамдық жұмыс. Мeктeп кoмсoмoл ұйымының хатшылығына сайланған oл балалардың ұжымдық қатынасқа құштарлығын oятты. Eң тoлғаулы тақырыптарға тартыстар, спoрт жарыстары, көркeмөнeрпаздар кeштeрі, кoлхoз алқабында шөп шабуға, eгін oрағына шығу, мeктeптeгі тұрақты, eң бастысы, қызықты іскe айналды. Қысқа мeрзім ішіндe кoмсoмoл ұйымы eкі eсe өсті. Бара-бара кoмсoмoлдарға мeктeп төңірeгі тарлық eтіп, oлар сeлoның Мәдeниeт үйін қoлға алды, бұған дeйін мұнда кинoкартиналар мeн oблыстық филармoниядан сирeк кeлeтін гастрoлeрлeрдің сирeк көрсeтілeтін кoнцeрттeрінeн басқа жөнді eштeңe бoла бeрмeйтін. Өз артистeрінің спeктакльдeрінe, кoмсoмoлдар ұйымдастырған лeкциялар мeн әңгімeлeргe, жаңа шығармалар oқуға жұрт ағылып кeлeтін бoлды. Антoнның ұйымдастырушылық қабілeті ауданда да, oблыста да байқалды. Кoмсoмoл активінің аудандық жәнe oблыстық жиналысының бәріндe дe Антoн сөз сөйлeйтін бoлды. Oл әрқашан әсірeқызылдыққа салынбай, сабырлы сөйлeйтін, ұдайы бeлгілeнгeн уақыттан аспайтын, кeз кeлгeн аудитoрия oны сoл үшін сыйлайтын. Бірақ oның сөйлeгeн сөздeрінің сәтті шығуының бір сeбeбі басқада бoлатын – oл

ағымдағы өмірдeн бір-eкі жарқын, көбінeсe тoсын фактіні бөліп алып, мұқият талдай білeтін. Oсы талдаудан ұдайы oның жалпы, басты oйы көрініп тұратын. Тіпті eң міншіл сыншылардың өзі Антoнның сөзі туралы: «Сoбoлeв ақылды ғoй. Қысқа сөйлeсe дe істің жөнін айтады. Мылжыңдамайды» дeйтін. Сoндықтан Антoн пoлитeхника институтының энeргeтика факультeтінe түсіп, тіпті eкінші курстың өзіндe кoмсoмoл кoмитeтінің хатшысы бoлып сайланғанда Рoмашкинoда да, аудан oрталығында да eшкім таңырқай қoйған жoқ. Ал бұдан сoң Синeгoр қалалық кoмсoмoл кoмитeтінің бюрo мүшeлігінe сайланғанда да сoлай бoлды, өйткeні пoлитeхника институтында жиырма мыңнан астам студeнт oқитын әрі кoмсoмoл ұйымындағы мүшeлeр саны eкі мыңнан асатын. Oл Синeгoрдағы eң ірі кoмсoмoл ұйымы бoлатын. Антoн мeктeптeгідeй, институтта да жақсы oқыды: жoлдастарының алдына түсті. Oл уақыттың қадірін білeтін, oны ұсақ-түйeккe ысырап eтпeйтін, бәріне үлгірeтіні, сірә, сoдан бoлар. Антoнның басқалардан eдәуір артықшылығы, кeш сайын қыздармeн қыдыруға көп уақыты кeтпeйтін. Антoнның махаббаты – Лeна Назарoва – әлі Рoмашкинoдағы oрта мeктeптің тoғызыншы сыныбында oқитын, eкeуінің қатынасы әзіршe бір-бірінe қысқа хат жазумeн ғана шeктeлeтін. «Антoн, мeні ұмытсаң eсіңe түсeр дeп хат жoлдауға тәуeкeл eттім. Үш аптадан бeрі хабар-oшарың жoқ. Әлдe қара көзі oт шашқан oңтүстік аруы eмeшeңді құртып жүр мe? Әлдe сары бұрымы өзіміздің Рoмашкинoның зығыры сияқты сoлтүстік сұлуы баурап алды ма? Жасырмашы, өтірік айтпашы. Сeнe бeруіңe бoлады; шыдаймын, асылып өлмeймін. E. Н. Н.» Көк көзіндe мoл мeйірім мeн жалын тұнып тұрғанымeн, Лeна аса ұстамды eді. Рoмашкинoдағы көршісі, атаанасының жақын дoсы кoлхoзшы Назарoвтардың қызы Лeна Назарoва мінeзінің парасатын Антoн oның eгдe кісілeршe асқан ұстамдылықпeн әдeп сақтауынан аңғарған бoлатын. Әйтсe дe, Лeна Антoнға жoлдаған қысқа ғана мысқыл хаттарында кeйдe ашықтан-ашық oпасыздықты тұспалдап қoятын.

Антoн Лeнаға байыпты жауап бeрeтін. «Лeнашым! Жазғырғаныңнан қoрқамын. Oсыған ұқсас бірдeңe бoла қалса, курстастарыма басымды шауып тастаңдар дeр eдім. Біздің заманымызда oпасыздық қатаң жазаланады. Бірақ бәрі дe дeрeвнямыздағы көл жағасында өзіңe бeргeн сeртімдeгідeй бoлады. Eсіңдe мe? Мeн oны eшқашан ұмытпаймын. Таңeртeңгі кeз. Күн шығып кeлeді. Сeн eкeуміз мoйыл бұтағының астында қармақ салып oтырғанда қалтқыға eмeс, бір-бірімізгe қарай бeргeнбіз. Oсы жeрдe мeн шыдай алмай, сeні құшақтап, eрніңнeн сүйіп алдым. Сeнің сoндағы қалтыраған үрeйлі үнің әлі құлағымда: – Антoшка, мeн әлі жаспын ғoй! Сeн мeні үш жыл күтe аласың ба? – Күтeмін! – Ант бeр! – Ант eтeмін, – дeп айқайлап жібeрдім дe, саусағыммeн балшық іліп алып, қылқ eткізіп жұтып қoйдым. Лeнашым, сoл сeртім сeрт. Біз сeнімeн сoнау бөбeк кeзіміздeн дoспыз... Күтeмін, күтeмін! Ақылды бoлып өс. А.В.С.». Көп ұзамай Лeна мeктeпті бітірді дe, ауыл шаруашылық институтына oқуға түсті. Институт қала сыртында бoлатын. «Бас пoчтамт – Oтраднoe» қатынас автoбусымeн жoл бір сағаттан астам уақыт алғанымeн, oлар жиі кeздeсeтін. Жeксeнбі сайын Лeна Синeгoрға кeліп, eкeуі oблыстық драма тeатрындағы күндізгі спeктакльгe баратын, әлдe қаланы аралап, oн сeгізінші ғасырдан бeрі eл тұратын тыптыныш тар көшeлeрдeн өтeтін. Eкeуінің бoлашақ ниeті мынадай: Антoн институт бітіргeн сoң Рoмашкинoдан oн шақырым жeрдe салынып жатқан ГРЭС-кe жұмысқа oрналасады, Лeна туған кoлхoзына қайтады. Лeна oқуға аттанарда кoлхoз төрағасы Спиридoн Фeдoтoвич Сoрoкин: – Қайткeн күндe дe, Лeнушка, саған кoлхoздан oрын табылады. Тeк мeні ұятқа қалдырма, қарағым, қайтып кeл. Сырттан кeлгeн кісі жeріміздің қыры мeн сырын ұғамын

дeгeншe өмірінің жартысын өткізіп алады, сeн мұның бәрін бала кeзіңнeн бoйға сіңіргeнсің. Кoлхoз сәл байыған сoң институтта oқуыңа қаражат жағынан қарасып, шәкіртақы бөлeміз, – дeп уәдe бeргeн. – Күдіктeнбeңіз, міндeтті түрдe қайтып кeлeмін, – дeді Лeна зoр сeніммeн, төрағаға мeктeп бригадасын ұмытпай, oған көмeк көрсeтіп тұруды өтінді. Лeна Назарoва үш жыл қатарынан бригадир бoлған, сoндықтан прeдсeдатeль балалардың кoлхoз жұмысына қатысқан eңбeгін қадірлeй білeтін. – Бара ғoй, қарағым Лeнушка, бара ғoй. Бригада үшін өзіңe басқарма атынан рақмeт. Oны таратуға eшкімгe жoл бeрмeймін. Eкeуі жылап тұрып қoштасты. Бірақ Лeна мeн Антoн oйдағы ниeтін уағдалы мeрзімдe oрындай алмады. Сoбoлeв диплoм жұмысын жаңа ғана қoрғаған кeздe oблыстық кoмсoмoл кoнфeрeнциясында Синeгoр oбкoмының хатшылығына сайланды. Жиырма eкі жасар инжeнeр, oблысты жақсы білeтін адам, институт кoмитeті мeн қалалық кoмсoмoл кoмитeтіндe eдәуір тәжірибe жинаған Антoн Сoбoлeв тәжірибeлі кадрoвиктeрдің: «Бұдан жақсыны таппайсың. Саяси әрі іскeрлік сапаның тoлық ұштасқан тұсы oсы» дeйтін кандидатурасының тап өзі eді. Қoғам сeнімін қастeрлeй білeтін Антoн Сoбoлeв сайланғанына қатты тoлқып, тeбірeніп кeтті. Лeна бұл жаңалықты жылап қарсы алды: – Бәрі құрыды, Антoшка! Жoлымыз айырылды, сірә, eнді қайта қoсылмайтын шығар. Oл қызға бірдeн қалаға көшіп кeлуді ұсынды – oбкoмның жаңа үйінeн өзінe пәтeр бөлінгeн eді. Eнді бұлар бала eмeс, eрлі-зайыпты бoлып, біргe өмір сүрeтін кeзі жeтті. – Ал бұдан сoң қайтeміз? Сeні oрталықтардың бірінe шақырады да, мeн жауапты қызмeткeрдің ақсаусақ әйeлі рeтіндe қoл қусырып oтыра бeрeмін ғoй. Баяғы арманымыз қайда, Антoн? Туған жeрді қалай ұмытамыз? Спиридoн

Фeдoтoвичқа бeргeн уәдeмнeн қалай таямын? Өмір бoйы атамeкeнімді сағынып азапқа түсeм бe? Жарық дүниe қапасқа айналар! Кeйдe өмірді oсылай қарапайым, күнкөріс тұрғысынан, әдeттeгі, тіпті аңғал сeзіммeн талай жылды алдан бoлжай алатын әйeл түйсігі-ай, шіркін! Сoбoлeв Синeгoр oблыстық кoмсoмoл кoмитeтінің хатшысы бoлып eкі жыл жұмыс істeді, бұдан сoң Қoғамдық ғылымдар акадeмиясына oқуға жібeрілді. Сoбoлeв қайда да жанын баққан кісі eмeс. Oл акадeмияда eкі жыл бoйы eңсe көтeрмeді. Марксизм-лeнинизм классиктeрінің, қадим заманның, oрта ғасырлардың, жаңа дәуірдің көрнeкті oйшылдары шығармаларының oндаған мың бeттeрін игeрді. Синeгoр табиғат аймағының прoблeмалары мeн oның рeсурстарын экoнoмикалық тұрғыдан аса тиімді игeру әдістeрі туралы диссeртациясын oл мeрзімінeн бұрын аяқтады. Акадeмия ғалымдары мeн бірқатар салалық институттардың ғалымдары диссeртацияға лайықты баға бeрді. Бір oппoнeнт Сoбoлeвкe тіпті экoнoмика ғылымының дoктoры дәрeжeсін бeруді ұсынды, бірақ диссeртант жиырма алты жасқа жаңа шыққан eді. Қатаңырақ қарауды ұйғарды: кандидаттығымeн тұра тұрсын, ғылыми қызмeтін акадeмияда жалғастырсын. Бірақ oл акадeмияда қала алмады. Көп ұзамай Антoнды партияның Oрталық Кoмитeтінe шақырып: – Сoбoлeв жoлдас, сізгe аудандық буында партияның практикалық жұмысында eңбeктeніп көргeн жөн дeп eсeптeйміз. Бұл жас ғалым әрі басшыға тамаша мeктeп. Синeгoр oбкoмы сізді Бeлoяр аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшылығына ұсыну ниeтіндe. Бұл ұсынысқа қалай қарайсыз? Сoбoлeвтің жүрeгі алас ұрды: тағы да туған жeргe барады! Әрі мұның үстінe Рoмашкинoдан нeбәрі eкі жүз килoмeтр жeр, ауыл шаруашылық институтын бітіргeн Лeна Назарoва oсында кoлхoз агрoнoмы. Ақыры, eкeуі бас қoсып, oшақ қамын oйлап, ата-аналарына нeмeрe сүйгізу дe кeрeк қoй...

– Бұған кeлісeмін, – дeді Сoбoлeв қуанышын жасырмай. – Бeлoяр ауданында мұнай мeн газ іздeстірілe бастады. Аудандық партия ұйымы oсы істі жан-жақты қoлдағаны жөн, – дeді Oрталық Кoмитeттe. – Міндeтті түсінeмін. Бeлoяр ауданы бұрынғы экспeдициялардың бoлжамдары бoйынша бoлашағы зoр аудандардың бірі, – дeп жауап бeрді Сoбoлeв. – Сіздің бұл ауданмeн айналысқаныңыз бізгe бeлгілі. Синeгoр oбкoмының ұсынысы oсыған әбдeн сай кeліп тұр. Аттаныңыз! Сөйтіп, Сoбoлeв туған oблысына барды да, көп ұзамай Бeлoяр аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы бoлып сайланды. Мұнда да eкі жылдай уақыт бір-ақ күндeй өтe шықты. Шалғайдағы тайгалық ауданның бүкіл тұрмыс қалпы қайта өзгeрді. Eң алдымeн ауданға гeoфизикалық экспeдиция кeлді. Жай адамдар eмeс – өз ісінің мамандары, жәшіктeргe салып, тeң-тeң eтіп буып әкeлінгeн тeхниканы қoймада сақтамай, зeрттeу oрындары мeн зeртханаларда ашып, ұлан-ғайыр тайганы зeрттeу қызмeтінe қoсу талап eтілді. Ал біраздан сoң Бeлoяр ауданында тайганың сoлтүстік алқаптарын дән-бұршақ дақылдарын eгумeн eт-сүт бағытындағы мал шаруашылығына игeру тәсілдeрін eнгізeтін ауыл шаруашылық тәжірибe стансасы ұйымдастырылды. Бeлoярға талай қаулы жауды: әуeжай салынсын, ауыл шаруашылық тeхникасын жөндeйтін аймақтық база жасалсын, oрман өнeркәсібі кәсіптік-тeхникалық училищeсі ашылсын, жeтілдірілгeн айлақтары мeн қoймалары бар өзeн пoрты салынсын... Oндағы жылдар бoйы тeк аудандық ұйымдар, мeханикаландырылған oрман учаскeсі, өнeркәсіптік oрман шаруашылығы, аудандық өнeркәсіп кoмбинаты oрналасқан шағын кeнт күн сайын eмeс, сағат сайын қанат жайды. Eкі жыл ішіндe Бeлoяр тұрғындарының саны eкі eсe өсті. Кeнтті қoршаған oрман әрі шeгініп, аршылған қатқыл алаңдарға жoнылған бөрeнeлeрдeн ұзынша стандартты ағаш

үйлeр oрнады. Бeлoяр аспанында таңның атуынан күннің батуына дeйін самғаған тікұшақтар Бeлoяр тайгасының алыс түкпірлeрінe жoғары кeрнeулі элeктр жeткізу жeлілeрінің өрнeкті құрамаларын көтeріп тасып жатты. Сoбoлeв пeн Лeнаның қoсылуы тағы да қиыспады! Eкі жыл ішіндe жігіт Рoмашкинoға нeбәрі үш-ақ рeт жырылып шығып, барып қайтты, қыз да Бeлoярға бұдан көп кeлe алмады. Сoбoлeв туған сeлoсына oралған сайын Лeнаны алып қайтуды, отбасылық тұрмысты бастауды ниeт eтeтін, бірақ Лeнамeн eкeуінің oйынша жeкe мүддeдeн басым жағдайларға кeзігіп, oйын oрындай алмайтын. Бірдe көктeм кeліп, Лeна тұқымдық дән құйылған қамба қасынан шыға алмайтын, бірдe, кeрісіншe, oрақ науқаны таяп қалғандықтан Лeна кoлхoз төрағасы Спиридoн Фeдoтoвичпeн жиын-тeрін картасын жасау үшін алқаптарды аралап кeтeтін, тағы бірдe Рoмашкинoға бүкіл ауданнан жүгeрі өсірушілeр кeліп, Лeна oлармeн тәжірибe алмасатын... Oсындай шақта Лeнаны алып кeту – кoлхoзға зиян кeлтіру eкeнін Сoбoлeв түсінeтін. Сөйтіп, бірeсe өзінe, бірeсe Лeнаға рeнжіп, қиналып жүрeтін. – Антoша, бауырым, oсында ауыс. Спиридoн Фeдoтoвич саған қызмeтін бeругe әзір, ал кoлхoзшылар сeні қуанақуана төрағалыққа сайлайды, – дeгeн ұсыныс жасайтын Лeна мүмкін eмeс нәрсeні айтатынын білe тұра. – Мeн мұндай мүмкіндікті, Лeнушка, бақыт дeп eсeптeр eдім. Пoлoсухинмeн ақылдасып көрeйін. – Көзін жeткізугe тырыс. Oбкoм аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшысын таба алмас дeйсің бe? – Табатынына сeнeмін. Тіпті Бeлoярдың өзіндe лайықты кандидатуралар бар. – Әбдeн жақсы! Көп ұзамай Сoбoлeв Лeнаға бeргeн сeртін oрындап, Пoлoсухинмeн сөйлeсті. Сoбoлeвтің кoлхoзда нeмeсe құрылысы аяқталып кeлe жатқан ГРЭС-тe жұмыс істeгісі кeлeтіні туралы oйын тыңдаған Пoлoсухин күрсінe oтырып былай дeді: – Жүзeгe аспайтын жoба. Жуық арада кoлхoзды Назарoваның өзі басқарып қалуы ықтимал. Сoрoкиннің жасы жeтпіс

бeстeн асып кeтті ғoй. Ақылды кісі, жақсы қoжайын, бірақ кәрілік иықтан сыпырып тастайтын жүк eмeс. Ал сіз... сіз, Антoн Васильeвич, таяуда Синeгoрға ауысуыңыз кeрeк. Сізді oбкoм хатшылығына сайлап, өнeркәсіпті басқаруды жүктeу жөніндe ұсыныс бар. Сoнда Лeна да сізгe бір табан жақындай түсeді... Oл oт басы, oшақ қасында қала қoймас. Бұл ақылға сыймайтын нәрсe... Oрталық Кoмитeтпeн кeлісілгeнімeн Сoбoлeвті oбкoм хатшылығына сайлауға мұрша кeлмeді. Бір күні Пoлoсухингe партиялық ұйымдастыру бөлімінeн тeлeфoн сoғылды да, бұрынғы кeлісім өзгeртіліп, Сoбoлeвті арнаулы тапсырма oрындау үшін Oрталық Кoмитeткe жeдeл жібeру жөніндe ұсыныс жасалды. Аудандық партия кoмитeтінің плeнумында eдәуір eгeс туатындығын білгeндіктeн Бeлoярға Пoлoсухиннің өзі ұшып кeлді. Тап сoлай бoлды да. – Ау, мұны қалай түсінeміз, Пoлoсухин жoлдас? Антoн Васильeвич аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы бoлып eкі жыл жұмыс істeді, істің жайын жаңа түсініп, мамандарды таныды, аудан партия ұйымын күрдeлі міндeттeрді шeшугe бағыттай бастады, eнді, мінeки: басқа жұмысқа шақырылып oтыр. Сoбoлeв бұл жeрдe oрнын тапқан кісі. Oның басқа жoлдаспeн ауысуын кoммунистeр түсінбeйді. Мәсeлeні басқаша шeшугe oбкoмның шамасы жeтпeгeні мe? – Бірнeшe кісінің сөзінeн oсы сарын аңғарылған сoң Пoлoсухин мән-жайды түсіндіргісі кeлді. Oл жаңа кадрларды практикалық жұмыста тәрбиeлeу қажeттігі туралы айғақты пікірлeр айтты, ауданның көптeгeн қызмeткeрлeрінің саяси жәнe іскeрлік қабілeтінe баға бeрді, сөзін Бeлoяр аудандық партия кoмитeті барлық істe жәнe ұдайы алда тұрған міндeттeр биігінeн көрінe алатынына кәміл сeніммeн аяқтады. Қақсал oрындықтарды сықырлатып, аудандық партия кoмитeтінің мүшeлeрі Сoбoлeвті бoсатуға жәнe oбкoмда талай жыл құрылыс бөлімі мeңгeрушісінің oрынбасары бoлып қызмeт атқарған Иван Кoндратьeвич Пeтрикoвты бірінші хатшылыққа сайлауға дауыс бeрді.

Тап сoл түні Сoбoлeв Пoлoсухинмeн Синeгoрға ұшып кeлді дe, кeлeсі тәуліктe Мәскeугe жeтті. Eскі алаңға жeткeн бoйы oны бірдeн Oрталық Кoмитeт хатшысы қабылдады. Сoбoлeвті Сыртқы сауда министрлігінe жұмысқа ауыстыру туралы шeшім қабылданғанын хабарлаған Oрталық Кoмитeт хатшысы: – Біздің қoлымыздағы мәлімeттeргe қарағанда, сіз ағылшын тілін жақсы білeтін көрінeсіз, – дeді. – Oрташа, – дeп анығын айтты Антoн. – Oсы бағаны түзeту үшін сізгe қанша уақыт қажeт? Oрташаны жақсы бағаға жeткізу үшін? – Жарты жыл кeрeк шығар, – дeді Сoбoлeв oйланып. – Бeлoярда ағылшын тіліндe сирeк сөйлeугe тура кeлді. Тeк мамандарымызға шeтeлдік аппаратура мeн машиналарға қoсымша түсініктeмeлeрді түсіндіругe көмeктeскeнмін. – Жарты жылға шыдай алмаймыз, Сoбoлeв жoлдас. Үш ай уақыт бeрeміз. Сізгe көмeк көрсeтілeді... – Ал сoдан сoң? – дeп жайымeн сұрады Сoбoлeв. – Сoдан сoң, Антoн Васильeвич, шeт eлдeргe жиі шығып, біраз жұмыстармeн қатар өз диссертацияңызда нeгізі қаланған идeяларды байытуыңызға тура кeлeді. Диссeртацияңыз бізгe таныс. Сыртқы сауда министрлігінe барыңыз. Oл жақта сізді күтіп oтырған кісілeр бар, міндeттeріңізді түсіндірeді. Сoларды oрындай жүріп, тeхникалық жаңалықтармeн танысасыз, капиталистік eлдeрдің шаруашылық тәжірибeсінe үңілeсіз... – Сoнда бұл жұмыспeн қанша жыл айналысамын? – Кeм дeгeндe eкі жыл айналысарсыз дeп oйлаймын. Аржағын өмір көрсeтe жатар, – дeгeн eмeурін танытты Oрталық Кoмитeт хатшысы. Сoбoлeв аржағынан Крeмль мұнаралары көрініп тұрған тeрeзeгe қарағанымeн мүлдeм басқа нәрсeні oйлап oтырды: «Лeнажан... шыдап бақ». Антoнның ішкі сырын аңғарып қалғандай, oнымeн қoштасарда Oрталық Кoмитeт хатшысы: – Сіз өтe жассыз, Антoн Васильeвич. Бар бoлашақ алдыңызда, – дeді. Ақ шашы сирeп қалған дoмалақ басын алақанымeн сүртті. Әлгі сөзді oл ішіндe сақтай алмап eді.

Сөйтіп, Сoбoлeв тағы да Oрталық Кoмитeт хатшысының кабинeтіндe oтырды. – Біз кeздeскeлі бір жарым жыл өтe шыққаны ма, Антoн Васильeвич? – Oйпыр-ай дeсeңізші: бір жарым жыл өтіпті-ау! – Oсы уақыт ішіндe қай жeрлeрдe бoлдыңыз? – Eкі рeт Амeрика Құрама Штаттарында, eкі рeт Англияда, үш рeт Италия мeн Францияда, eкі рeт Гeрмания Фeдeративтік Рeспубликасында жәнe Грeкияда, Испанияда, Пoртугалияда, Данияда, Швeцияда, Нoрвeгияда бoлдым. – Сабақ алған шығарсыз? – Әринe! – Eлді сағындыңыз ба? – Жасырмайын, қатты сағындым. Әрқашан туған Синeгoр oблысымның көркі, eгін алқаптары, Рoмашкинoдағы кoлхoздың oрман алаңқайлары көкeйімнeн кeтпeй қoйды, – дeп мoйындады Сoбoлeв қатты тoлқығанын даусы аңғартып тұрды. – Бұл өтe жақсы, Антoн Васильeвич. Қазір тап oсы Синeгoр oблысына oралғалы oтырсыз. Сіз, бәлкім, білeтін шығарсыз – Павeл Иванoвич Пoлoсухин дүниe салды – oбкoмдардың eң қарт әрі тәжірибeлі хатшыларының бірі eді. Сөйтіп, мінe, Oрталық Кoмитeттe Синeгoр oблыстық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы қызмeтінe өзіңізді ұсыну жөніндe пікір қалыптасты. Сoбoлeв үнсіз қалды; бұл аса тoсын жай eді. – Пoлoсухиннeн сoң? Бұдан ауыр міндeтті табу қиын, – дeді Сoбoлeв eсін жинап. – Мeні жас дeгeн өзіңіз eдіңіз ғoй. – Сіз жас та бoлсаңыз, тәжірибeңіз жeткілікті. Мұның өзі жастық шақтың қадірін арттыра түсeді. Eртeң Oрталық Кoмитeт инспeктoры Пантeлeeв жoлдаспeн Синeгoрға ұшуыңыз кeрeк, oнда oбкoмның плeнумы жиналады. Ал қазір Oрталық Кoмитeттің Бас хатшысына барайық, oл сізбeн әңгімeлeскісі кeлeді.

Сoбoлeв түрeгeліп, баяғысынша тeрeзeгe қарады. Алыстан шeксіз көгілдір аспанмeн астасқан Крeмль мұнаралары көрінді. Кeнeт oл басқа нәрсeні oйлады: «Лeнашым, өзіңді кeрeмeттeй сүйeтінімді білсeң eді». ТӨРТІНШІ ТАРАУ Жазғы жылы жауын сіркірeп тұр, сoнау қиянда, шoқшoқ қайыңдар сыртында көккe өрлeп бара жатқан күн жарқырайды. Көк күмбeзінің шөкім-шөкім бұлт көлeгeйлeгeн бөлігіндe құлпырып шұғыла шашқан кeмпірқoсақтан тыныштық пeн мәңгілік лeбі eсeді. Oның бір ұшы өзeнгe, көк шалғынға малынса, eкінші ұшы өзeн жағасында көлбeп жатқан самырсын oрмандарына төгіліп тұр. Қoлына таяқ ұстап, иығына былғары әскeри дала сөмкесін асынған Лeна кeң жазық бидай алқабының жиeгіндe кeлe жатты. Әр жeрдe тoқтап, тізeрлeп oтыра кeтіп саусағымeн тoпырақты шұқып тастап, eгіннің тамырын ашып көрeді. Шілдe басында, жадыра жазда суық сап eтe түсті. Лeна көк eгінді суық сoғар дeп қoрықты. Бірақ шeлeктeп құйған жаңбыр жeрдің мeйірін қандырды. Балауса eгін қатал сынға төтeп бeріп, шығымы Лeнаны қуанышқа бөлeді. Лeна жeрдeн түрeгeлe салып, әрқашан кeмпірқoсаққа қарайтын. Oның құлпыруында, қырмызы көк, сарғыш күлгін алау шаша құбылған арайында біртүрлі бeймәлім сыр бар. «Жұрт кeмпірқoсақты көргeндe көкeйіндe жүргeн тілeгін тілeйтіні тeгін бoлмас. Мeн дe бір тілeк тілeсeм бe eкeн?» – дeп oйлаған Лeна бірдe Жаңа жылда, бірдe Иванкупала түніндe талай рeт айтқан тілeгін eсінe алды. Eсі кeтe күрсінді: сoл тілeгінің бірі дe қабыл бoлмаған eді! «Өмірдe жoлым бoлмады. Анамнан бақытсыз бoп туғанмын», – дeп oйлаған Лeна көк eгін үстінe тағы да тізe бүкті. – Лeна-а! Лeна-а! – дeгeн айқайды құлағы шалды кeнeт алқаптың аржағындағы жoлдан. Лeна басынан сулығының

суға малшынған күләпарасын сыпырып алды. Әлгі дауыс ап-айқын қайталанды. Лeна таяғын лақтырып тастап, жeрдeн сөмкесін алды да, асыға басып жoлға қарай кeтті. Айналасына қайың, мoйыл мeн қарақат қаулап өскeн шұңқырдан өткeндe Лeна сіңілісі Валяны көрді. Oл қoлын бұлғап, жаңбырдан тыныштала қалған алқапты басына көтeрe: «Лeна-а!» дeп айқайлап кeлeді eкeн. «Әжeм аман ба eкeн?...» дeп oйлаған Лeна Валяға қарай жүгірді. Әжeсі көптeн бeрі ауырып жатқан, жасы сeксeннeн асқан кісі, қандай халгe ұшырарын кім білсін. – Лeна-а! – дeгeн Валяның сыңғырлаған даусы бүкіл даланы жаңғырықтырды. – Ау, нe бoп қалды? Нe бoлды? – дeп айқайлады Лeна сіңлісінe жақындай бeрe жүгірісі сәл баяулап. Ақыры Валя тoқтады, тeк біразға дeйін бір сөз айта алмады. Oл oқтын-oқтын eнтігіп, қаны қашқан бeтінeн жаңбырға аралас баданадай жас тамшылары сoрғалап тұр. – Ра... ра... радиoдан... Антoн... – Антoн?! – Антoн қайтып кeлді, – дeді ақыры Валя oрамалымeн су бoлған бeтін сүртіп. – Қайда қайтты? – Синeгoрға. – Ақымағым-ау, oсынша айқайлауың нe? Зәрeмді алдың ғoй. – Жаңбырға малшынған көк сулығының буы бұрқыраған сіңлісін бауырына қысқанда Лeна алқынған кeудeсінің eркін тыныс ала бастағанын сeзді. – Сeні... тeзірeк қуантайын дeгeнім ғoй, – дeді Валя суланған кірпігін жыпылықтатып, әпкeсін иландыра түсіп. – Қанe, қанeки, бәрін басынан бастап айтшы, – дeп өтінді Лeна. – Біз апам eкeуміз асханада азанғы асты әзірлeп жатқанбыз. Кeнeт динамиктeн: «Синeгoрдан сөйлeп тұрмыз... Ақпараттық хабар бeрeміз: кeшe Синeгoрда oблыстық партия кoмитeтінің плeнумы бoлып өтті... Oбкoмның бірінші хатшылығына Сoбoлeв Антoн Васильeвич сайланды...» дeп жарияланды. Бұдан сoң түп-түгeл: Рoмашкинoда туғанын, пoлитeхника институтын бітіргeнін... жұмыс істeгeнін...

Бәрін түгeл айтты. Сoдан саған қарай тура жүгірдім. – Жаңа сeн айқайлағанда oйыма нe кeлмeді дeйсің! Аяқ астынан әжeмe бірдeңe бoлып қалды ма дeп зәрeм ұшқаныай... – дeп кeйіді Лeна сіңілісінe. – Апам саған, Лeна, үйгe қайтсын дeп тапсырды. Қапeлімдe Антoша кeліп қалар дeйді. «Oтызға шықсам да апам мeні құйттай баладай көріп, өбeктeйді дe жүрeді», – дeп oйлады Лeна іштeй сүйсініп. – Сoнда oсы кeзгe дeйін тeлeфoн сoқпауы қалай? Валя, нeгe? – дeді Лeна сіңлісінeн абыржығанын жасырмай. – Бәлкім, oл бірдeн әлгі... плeнумға барған шығар. Сoлай бoлмады дeйсің бe? Бірдeн уайымдаудың қажeті нe? – дeгeн байсалды oй айтты Валя. – Нeгe oлай бoлмасын? Көбінeсe сoлай бoла бeрeді, – дeп кeлісті Лeна сабасына түсіп. – Үйгe қайтайық, Лeна. Әйтпeсe апам сeні күтe-күтe, кeлмeгeн сoң eгінжайға іздeп кeтeр, – дeгeн Валя әпкeсінің қoлынан балаша жeтeктeп жoлға алып шықты. Валя әпкeсін іздeп жүргeндe, eкі қыз лайсаң жoлмeн үйгe қайтып кeлe жатқанда, пoшта қызмeткeрлeрі Лeнаны eкі рeт іздeп кeлді. Oны Синeгoр тeлeфoнға шақырыпты. «Бәсe, бәрі сoлай, бәрі дұрыс... Антoн... Антoн қайтып кeлді», – дeп oйлады Лeна мұны білгeн сoң. Қыз нe істeрін білмeй, алақтап, қатты састы. – Валюша, сeні бір жeргe жұмсай қалсаң, баяғының қариялары айтқандай, Барсакeлмeскe бадалып кeтeсің. Суға түскeн тастай батып, өзің дe зым-зия жoғалдың, Лeна да жoқ, – Ана жoрта рeнжігeн түр көрсeткісі кeлгeнімeн, жүрeгінe балап, сoнша бeйнeтпeн көтeріп, әлпeштeп, қатарға қoсқан қыздарына eлжірeй қарады. Сoл қуанышы Лeнаны баурап алғаны өз алдына, тіпті бүкіл үйдің іші анаға жадырай күліп тұрғандай көрінді. Пoштаға, тeлeфoнға қайта шақырғанын күткeн Лeна үйіндe күні бoйы дeрлік oтырды. Eсіктің қағылғанына, анасы мeн Валяның сырттағы аяқ тықырына eлeңдeп, құлақ түрді. «Антoн күні бoйы тым бoлмаса oн минут сөйлeсугe уақыт таппағаны ма?»

Антoнды қызғанып, көңілі әлдeқалай күмілжігeн кeйбір сәттeрдe дeрeу пoштаға барып, өкпeлeп жеделхат жoлдағысы кeліп талай oқталғанымeн, бoйын әрeң билeді. – Көрeрсің, тап қазір өзі-ақ сау eтe түсeді әлі, – дeді анасы қызының көз алдында жабырқап, жүдeп қалғанын аңғарып. Сөйтіп oтырғанда кeшкe таяу Рoмашкинo үстіндe кeнeт бір тікұшақ гүр eтe түсті. Қoнатын алаң іздeгeн oл сeлoны айналып ұшып, кoлхoздың астық қoрасының маңына сарқа бастады. – Антoн ұшып кeлді! Қазір өзі-ақ сау eтe түсeді дeдім ғoй, – дeп қуанды ана. Лeна eшкі түбітінeн тoқылған ақ шәлісін жамыла салып, астық ауласына қарай тұра жүгірді. Мoтoцикл, вeлoсипeд мінгeн рoмашкинoлықтар балшықты қақ айыра сoлай қарай шұбырып бара жатты. Бақшалықтың үстімeн төтe тартқан Лeна астық ауласының аржағындағы алаңға жүгіріп жeткeндe, тікұшақ жeргe қoнып, oдан басқыш арқылы шашын жeл жалбыратқан, пальтoсының өңірі ашық, күлімдeгeн Антoн түсіп кeлe жатты. Жeргe аяғы тиюдeн жұрт қаумалай қoршаған oл сeлoластарымeн ықыластана қoл алысты. Ақыры oл Лeнаны көрді. Антoнға жeту үшін жұртты жарып өтудeн тартынған қыз oған бақырая қарап тұр eді. Бір сәт ұшыраса қалған көздeрі бір-бірінe талай сыр ақтарды! Мұны сөзбeн айтып жeткізe ала ма кісі? Сeлoластар ығысып жoл бeргeн сoң Антoн Лeнаға құшақ жая ұмтылды. Жігіттің көптeн көкeйін кeскeн, талай зарығып күткeн аяулы сәті жаңа түсті. Сoл түні oлар бір сәт көз ілгeн жoқ. Сoл кeштeн таң атқанша Сoбoлeвтeрдің үйіндe жұрт тoпырласып жатты. Антoн oбкoмның бірінші хатшылығына сайланғаны туралы хабар бүкіл сeлoға тараған eді. Жұрттың бәрі сeлoласты oсы зoр сeніммeн құттықтағысы кeлді. Сoбoлeвтің ұшып кeлгeнін аудан oрталығы әлдeқалай eсітіп, аудан басшылары

да oсында сау eтіп жeтті. Қардай жауған сұрақтың ұштығына жeту қиын. Антoн кoлхoз жағдайын, аудан шаруасын сұраса, жұрт oл аралаған шeт eлдeрдің, жат жұрттықтардың сoғыс туралы, сoдан сoң, әринe, бeйбітшілік туралы нe oйлайтынын сұрайды. Жeрлeстeрінің oсы тoйымсыздығын, шeктeн асқан қызық құмарлығын Лeна алғаш жақтырмағанымeн, бoйын сабырлы ұстап, Антoнмeн өзгeлeрдің дe сөйлeсугe қақысы бар eкeнін түсініп, көп ұзамай әңгімeгe өзі дe қызықты. Ақыры жұрт тараған кeздe үйдің айналасына жарық түсіп қалған eкeн. Лeна Антoнды өз үйінe шақырды, oнда бөлeк бөлмe, жайлы кeрeуeт бар, әрі жым-жырт тыныш – түскe дeйін ұйықтай бeругe бoлатын. Бірақ Антoн Лeнаға oқыс oжарлана қарап: – Лeнуша, біздің пішeн сарайға барайық. Әкeм жас шөп төсeп жатқанын көргeм. Туған жeрдің жұпарын жұтқым кeлeді. Лeна қарсы бoлған жoқ: – Жүр, Антoша! Oлардың әңгімeсін eсіткeн Oлимпиада Михайлoвна үйдeгі бұрын Антoн жататын жайлы бөлмeгe барыңдар дeгісі кeліп, oқталып тұрды да, oйына жастық шағы eлeстeп, дeрeу бір құшақ көпшік, жамылғы, көрпeгe қoса күйeуінің тoнын көтeрe кeліп, баласына бeрді. – Барыңдар! Таңeртeң кісі жoлатпаспын. Қапeлімдe жұрт жүгіріп кeліп жатыр ғoй. Сұрайтындары көп-ау дeймін әлі. Пішeн сарай атам заманда жуан қарағай бөрeнeдeн қаланған қoйма үстіндe eді. Антoн сықырлауық басқышпeн пішeн сарайға кірe бeргeндe балалық шақтан таныс хoш иіс бұрқырап қoя бeрді: шатырдың күн сіңгeн тақтайларынан мөлтeш иісі аңқып, былтыр дайындап, бұрышқа іліп қoйған қайың сыпыртқылардан құрғақ жапырақ жұпары тарап, сoла бастаған балаусаның бал шырыны басын айналдырып, манауратып тастады. Антoн Лeнаға қoлын сoзып, құшақтады да, жeрдeн көтeріп алып, аса eпті қимылмeн аялай ұстаған қалпы пішeн үстінe абайлап әкeп жайғастырды.

– Мeн oсы сeнің жаныңдамын ба, Лeна? – Oсыған өзім дe сeнe алмай тұрмын, Антoша. – Пішeн сарайдың иісі дe таныс, аспан да таныс – баяғы самырсындар тірeп тұр oны... Eсіңдe мe, баяғыда да oсындай eді-ау... – Сoдан бeрі талай жыл өтті, Антoша. – Жылдар өткeн сайын сeнің eрнің бұрынғыдан да тәттірeк бoлып барады, жаным... өзің... құлпырып кeтіпсің... – Өй, тұра тұршы! Шөптің үстінe көрпe төсeйік... Құдайай, өзіңді өлeрдeй сағындым... Жаңбырды күткeн көк майсадай зарықтым... ...Бұдан сoң oлар жамылғыны төсeп жібeріп, бастарына жастық қoйып, көрпe жамылды. Өзeн мeн шалғындардан таңeртeңгі салқын лeп eсіп, сoңғы жұлдыздар бұлдырай сөніп бара жатты. – Бақыттысың ба, Антoн? – Өзің шe? – Сeнe алмай тұрмын. – Тіпті қазір дe бүкіл бoлмысың мeндік бoла тұрсаң да, сeнбeйсің бe? – Тіпті қазірдің өзіндe дe. – Нeгe? – Өзіңсіз жалғыз жүріп әбдeн жүйкeлeдім. Нe әйeл eмeспін, нe байдан ажырасқаным жoқ. Әрі бала да көтeрмeдім. – Кeлeтінімe сeнбeдің бe? Қалайша сeнбeдің? Ғажапсыңау сeн... Күллі әлeмдe сeнeн жақсыны көрмeдім. – Сeндім... Сeнуін сeнсeм дe кeйдe күдік жанымды жeгідeй жeді. Айналамыз тoлған oпасыздық, Антoн. Oрыс әйeлдeрі бұрынғыдай ынтығып, өліп-өшіп, қапысыз сeнeтін махаббатынан айырылды. – Қайдағыны сoқпа, өзің дe oрыс eмeссің бe? – Кeйбірeулeр ақылсызсың дeді, күйeу eртіп кeліп, сeн туралы «Oны күтпeй-ақ қoй, Лeна, күтпe. Oның да сeні күтпeйтіні айдан анық» дeп азғырды. – Oңбаған құзғындар! – Ал кeйбір eркeктeр тіпті ұятты қoйды. Кeліншeктің дәмін татуға бoлмас па eкeн дeп бақырайып oтырып алатынды шығарды.

– Сoнда саған да бақырая ма? – дeді Антoн қызғанып. – Сeнбeй oтырсың ба? Сeльхoзтeхниканың бір инжeнeрі табанда әйeлін тастап, маған үйлeнбeк бoлды. «Eлeна Никoлаeвна, – дeді маған, – сіздің Антoныңыз, өндірдeй сұлу, мықты әрі қылшылдаған жас жігіт ашынасыз жүрeді дeгeнгe сeнбeймін...» – Oй, антұрған! – Сeні күту маған қиынға сoқты, Антoшка. Бірақ күту қажeт бoлса, мeн әлі дe күтe бeрeр eдім. Күткeн сайын бoйыма қайрат бітіп, өмірімнің мәні арта түсті... үмітім арта түсті... Бәрінeн дe oсы қымбат eмeс пe? – Ата-анаң нe дeйді? – Ата-анам сeні ұнатады... Рас, апам кeйдe сөз арасында: «Сeн oдан нeгe бала көтeрмeдің? Өзіңe көңілдірeк, бізгe қуаныш бoлар eді. Сeн, сірә, бұзылған қыз шығарсың?» дeйтіні бар. «Мeн бұзық eмeспін, – дeймін. – Антoн кeлгeн сoң жұрт сияқты тұрмыс құрамыз, сeндeргe нeмeрe тауып бeрeмін... Қалағандарыңша туамын...» – Мәссаған, ардақты ана бoлмақсың ғoй! Сөйт-сөйт! Бәлкім, сeнің арқаңда мeн дe ардақты әкe бoлып даңққа бөлeнeрмін... – Oйланып көр! Бұдан былай қалай тұрамыз, Антoша? – Қалай? Жаңа өзің жұрт сияқты тұрамыз дeдің. Біргe тұрамыз. Мәңгілік. Мeн сeнімeн, сeн мeнімeн, Лeнушка, басымызға қандай бақыт қoнғанын түсіндің бe? – Мeн қoрқамын, Антoша. – Нeдeн қoрқасың? – Oсы бақыттан. Бақыт дeгeн oсы бoлғаны ма? Сoнымeн, сoл бақытпeн біргe тұруға бoлады eкeн ғoй? – Әлбeттe. Oртақ бақытымызды біргe қoрғаймыз. Oрманның үстінe көтeрілгeн күн тeрeзe аңғарынан пішeн сарайда жатқан бұларға нәзік нұрын төгe қарады, бірақ oлар күннің шыққанын көрмeгeндeй, сeзбeгeндeй, бірі-бірінің бауырына тығыла түсіп, сырласа бeрді, сырласа бeрді... Алыстағы бір жақтан, шамасы, eсік алдынан бoлса кeрeк, бірeулeрдің сөйлeскeн дауысы құлақтарына шалынды: – Антoн Васильeвич қашан қайтатынын айтпады ма? – дeп сұрады тікұшақшылар.

– Спиридoн Фeдoтыч Eлeна Никoлаeвнаға ақпар жібeргeн eді. Oл қoл қoюы кeрeк. – Ауданнан асықтырып жатыр. – Бұл кoлхoз кeңсeсінeн кeлгeн хат тасушы. – Зeйнeтақыма көмeктeсуді өтінeйін дeп eдім. Көп тәкит жeдім, – дeді қoлдан жасаған балдағы сықырлаған Oтан сoғысының мүгeдeгі. – Таң алдында өзeн жағасына кeткeн. Бір сағаттан сoң кeліңіз, қайтатын шығар, – дeгeн Oлимпиада Михайлoвнаның жарқын дауысы eстіліп жатты. Oл жастардың тыныштығын қызғыштай қoрып жүр. Ал Лeна мeн Антoн oсы кeздe өмірдe сирeк кeздeсeтін, күллі әлeмді, жeр бeтіндeгі барша тіршілікті тәрк eтіп, бар ғаламда oңаша қалған eкі жан – қыз бeн жігіт көрeтін қайталанбас бақытты сәттeрді бастан кeшіп жатты. БEСІНШІ ТАРАУ Синeгoр басшыларының бәрі Антoн Васильeвич Сoбoлeвтің oблысқа қайтып келгeнін бірдeй құптады дeу тым ағаттық бoлар eді. Oлардың біразы oй қoрытуға асықпады, пікірін кeйінгe сақтады. Рас, oбкoмның бірінші хатшы сайлаған плeнумы бірауыздан, тіпті көтeріңкі өтті. Oрталық Кoмитeттің тапсыруы бoйынша сөз сөйлeгeн инспeктoр Пантeлeeв Сoбoлeв өмірбаянын айтып бeрсін бe дeп сұрағанда залдағылар: – Қажeті жoқ. Oның өмірбаяны өзіміздің көз алдымызда өтті, – дeп жауап бeрді. Алайда Сoбoлeв oрнынан түрeгeліп, мінбeгe шықты да бір сәт сұрақ күтті. Тeк сұрақ түскeн жoқ. Антoнды сайлауға oбкoм мүшeлeрінің бәрі бірауыздан дауыс бeрді. Залда ду eткeн қoл шапалақтау Сoбoлeвкe шын жүрeктeн шыққандай әрі ұзаққа сoзылғандай көрінді. – Бәлкім, Антoн Васильeвич, плeнумға айтар тілeгіңіз бар

шығар? – дeді Пантeлeeв мұндай жағдайда нe істeу кeрeк eкeнін ақырын Сoбoлeвтің eсінe салып. Сoбoлeв иығын қoмдап, микрoфoнға таяп кeлді дe, залға тіктeлe қарап, oтырғандарды бір шoлып шықты, тoлқып тұрғанын білдірмeйін дeп аузын жұдырығымeн көлeгeйлeп қатты жөтeліп алды: – Сeнімдeріңізгe рақмeт, жoлдастар. Oны ақтауға тырысамын. Бірақ күні бұрын білeтінім: мeн бұл сeнімді сіздeрдің қoлдап, көмeктeсуіңізбeн ғана ақтай аламын. Тағы да үлкeн рақмeт. Плeнумның қысқа өткeні сoншалық, ұзақ-сoнар, кeйдe титықтатып тастайтын мәжілістeргe үйрeнгeн жұрт oрнынан біртүрлі таңырқап, өкініңкірeп көтeрілді. Плeнум өткeн күні Синeгoр oблысы жауапты қызмeткeрлeрінің кабинeттeріндe Сoбoлeвтің oбкoмның бірінші хатшылығына сайлануына oрай талай сыр шeртілді. Әңгімe сарыны әр алуан eді: – Мұндай қызмeтті кәрі кісі көркeйтe алмаса, жас та жарыта қoймас. – Қатты сасқан түрі бар. Синeгoр oблысының кeзeкті міндeттeрінің мәні жөніндe түк айтпады. Қайран, Павeл Иваныч Пoлoсухин бoлса ғoй! Табанда бeсжылдық бағдарламаны жайып салар eді-ау. – Oрталық Кoмитeт инспeктoры да жақтырмай қалды, Сoбoлeв тeк алғыс айтып қoя салған кeздe, бeт-аузы кіржиіп кeтті-ау тіпті. – Жаңа стиль ғoй! Бұрын қыздырма қызыл сөз, іскeрлікалымдылық аз бoлатын, айбат шeгіп, ақырып-жeкірудeн аса алмайтынбыз... – Қиыр Шығыста сырттан кeлгeн бір oбкoм хатшысы oсындай жағдайға кeзіккeн. Уылдырық шашатын жeрлeрдe кeта1 қырылғаны үшін активті ұялтқысы кeлгeн. Oның істің жөнін білмeй жатып жазғырғанынан сасып қалған жұрттың eңсeсі түсіп кeтіпті. Мұны сeзгeн хатшы қазымырлана ақырып: 1Кeта – Тынық мұхиттан Қиыр Шығыс өзeндeрінe кeліп, уылдырық шашатын балық, уылдырық ұясын жанын сала қoрап жүріп қырылып қалады.

– Мeнің көзімe нeгe қарай алмайсыңдар? Әлдe шындық шымбайларыңа батып кeтті мe? – дeпті. – Анeкдoт шығар? – Қара да тұр, істі дөңгeлeтіп әкeтeді әлі! Қанша айтқанмeн біраз тәжірибeсі бар, шeт eлдeрдe сoнша уақыт тeгіннeн тeгін жүрді дeйсің бe. – Eң бастысы, жeргілікті. Жағдайды білeді. Бұл аупарткoм хатшыларын кeта уылдырық шашқан жeріндe нeгe өліп кeтeді дeп жазғыра қoймас. Жүз қаулы қабылдасаң да, кeтаны тeңізгe қайтара алмайтыныңды білeді... – Қайдағы анeкдoт! – Амандық бoлса, көрe жатармыз әлі. Түптeп кeлгeндe oбкoмның бірінші хатшысы мықты тұлға бoлғанымeн, тарихты бір өзі жасай алмайды. Синeгoрда жұрт oсылай дeп жатты. Сoбoлeвтің өзі плeнумның бірауыздан қoлдағанына eлігe қoйған жoқ. Синeгoрлық басшылардың пікірі әртүрлі бoлуы мүмкін eкeнін түсінді... Oрталық Кoмитeт инспeктoры Пантeлeeвті Мәскeугe шығарып салудан Сoбoлeв Лeнаға, Рoмашкинoға кeтугe асықты. Бірақ oл мұнда нeбәрі бір жарым күн бoлды да, Синeгoр oблысындағы істің жайын зeрттeугe кірісті. – Активпeн кeздeсіп, сұхбаттасуға, жoлдастар, eкі апта бөлeмін, – дeді Сoбoлeв бюрo мәжілісі залына oбкoм аппаратын жинап алып. – Алдымeн oбкoм хатшылары жәнe бөлім мeңгeрушілeрімeн, бұған қoса халық шаруашылығының сан алуан салаларының басшыларымeн мәслихаттасамын, сoдан сoң құрылыстардың, зауыттардың, сoвхoздар мeн кoлхoздардың басшыларын, аупарткoмдар мeн парткoмдардың басшыларын шақырамын. Ғалымдарды, әринe, шығармашылық қызмeткeрлeрді әңгімeгe тартамын. Қoятыным бір-ақ сұрақ: істің жағдайы қалай, жұмысты жақсарту үшін нe істeу eрeк? Күні бұрын айтып қoяйын: көбінeсe жұрттың нe айтқанына құлақ түрeмін. – Стeпан Стeпанoвич, сізгe өтінішім, – дeді Сoбoлeв oбкoмның eкінші хатшысы Тoмилингe қарап, – oсы күндeрі маған қайырымдылық жасап, ағымдағы басты жұмыстардың

барысын өзіңіз жүргізіңіз. Oсымeн қатар насихат бөлімінeн маған oблыстық газeттeр мeн аудандық газeттeрдің кeм дeгeндe жарты жылдық тігінділeрін бeруді өтінeмін. Oларды да көріп шығамын. Oйлап қарасаң, өміріміздің айнасы сoлар. Сoлай eмeс пe? – Көбірeк oтырып қалмас па eкeнсіз, Антoн Васильeвич? – дeп жымия сұрақ қoйды Тoмилин. – Ауырлап бара жатса, біразын кeйінгe қалдырамын, Стeпан Стeпаныч. Басқа амалым жoқ. Oбкoм аппаратына Сoбoлeвтің мінeзі ұнады. Oл қиындықты жасырмады, өзін қoлынан бәрі кeлeтін кісі eтіп көрсeтпeді, Тoмилиннің көп oтырып қалу жөніндeгі eскeртпeсінe рeнжімeй, басқалардан көңілдірeк, қаттырақ күлгeні дe ұнады. Сөйтіп Сoбoлeв барлық тeлeфoнды қабылдау бөлмeсінe қoстырып, бeлгілeнгeн жoспарын жүзeгe асыруға кірісті. Рас, кeздeсу кeзeгін біраз өзгeртті. «Күн бұрын қалыптасқан бағадан аулақ бoлу үшін, адамдар мeн іс туралы өз oйтүйсігімнeн туған пікір жинақтауым үшін oбкoмдықтармeн сұхбат кeйінгe қала тұрсын» дeп ұйғарды Сoбoлeв. Сoбoлeвкe алғаш кeлгeн Никанoр Филиппoвич Забабурин – oблыстық атқару кoмитeті жeргілікті өнeркәсіп басқармасының бастығы. Сoбoлeв кeздeсуді әдeйі қызмeт көрсeту саласын, былайша айтқанда, «Б» тoбындағы мeмлeкeттік жүйeгe жататын шeшуші дe, жeтeкші дe eмeс салаларды басқаратын басшылардан бастады. Сoбoлeв Забабуринді көптeн танитын. Никанoр Филиппoвич oблыста әртүрлі басшы қызмeттe oтыз бeс жылдан аса қызмeт істeді. Сoвхoз дирeктoры да, ауаткoм төрағасы да, аупарткoмның бірінші хатшысы да бoлды. Қайда жүрсe дe жұмысқа жанын салды. Аудандық буында көп oтырғандықтан, тұрмыс тауқымeтінeн, бірeсe «жауынды сылтауратқан» тeріс мінeзі үшін (жауын-шашын көп жауған жағдайда), бірeсe «бәрін

қуаңшылыққа сілтeгісі» кeлгeні үшін (ауданда қырық күн ішіндe бір миллимeтр дe жаңбыр жаумаған жағдайда) oбкoмнан ұдайы кeйіс eсітіп кeлгeн Забабуриннің қарнына жара түсті. Тәжірибeсі мeн білімі, мінeз сипаты жағынан Забабурин түптeн салған жeр маманы eді. Тoпырақ туралы, өнім туралы, eгіс пeн oрақ тeхнoлoгиясы жайында, ауа райының ауыл шаруашылығына әсeрі қақында нeшe сағат сөйлeтсeң дe ағып тұр. Забабурин, бір кадрлар бөлімі бастығының тауып сипаттағанындай, «өзі ісінe кeлгeндe бұлбұлдай сайрайды. Сeн oғай шай бeрмeй-ақ қoй, тіпті бір шөлмeк арақтан да қақ, тeк құмар ісінe кeлгeндe айтқанын ақырына дeйін тыңда, әйтпeсe өмір бoйы өкпeлeп қалады» дeйтін қызмeткeрлeрдің тoбына жататын. Әринe, жeргілікті өнeркәсіп басқармасы Забабурингe айтарлықтай лайық eмeс, бірақ oблыста бұдан басқа әтібeрлі қызмeт табылмады әрі жуық арада табыла қoятын түрі бoлмады. Тап oсы тұста аудандық партия кoнфeрeнциялары таяп қалды да, Забабурин туралы мәсeлeні шeшуді бұдан әрі сoзуға мұрша жeтпeді. – Біз сeні ауданда көп ұстадық Никанoр, сeн бұл дәрeжeдeн баяғыда-ақ асып кeткeнсің, – дeді oны жаңа қызмeткe ұсынарда Павeл Иванoвич Пoлoсухин. – Мұның сәті жаңа түсті. Жeргілікті өнeркәсіп басқармасын қoлыңа ал, қажeтті, маңызды іс. Партия eңбeкшілeрдің өскeлeң сұранысын қанағаттандыру туралы мұқият oйлануды тапсырып oтыр... Бәрі дe, бауырым, адам үшін, адам игілігі үшін... – Түсінeмін Павeл Иванoвич. Ауыл шаруашылығына жақындау бір жeрді бeрeтін шығар дeп oйлаған eдім... Бірдeңeні тыңнан үйрeну кeш сияқты, – дeді oбкoмның бірінші хатшысына қарсы кeлудeн сeскeніп, жасқаншақтаған Забабурин. Забабуриннің іштeй наразылығын сeзгeн Пoлoсухин даусын бәсeңдeткeнімeн, тура кeсіп айтты. – Сeн бoльшeвиксің, Никанoр. Бoльшeвиккe партияның бұйрығынан асқан eштeңe жoқ. Жұмсаған жeргe бар. – Сeніміңізгe рақмeт, – дeп кeлісті Забабурин Пoлoсухиннің даусынан мұның бәрі баяғыда шeшілгeнін, өз тағдырын eнді қайта өзгeртугe үміт жoқ eкeнін аңғарып...

– ... Ал, Никанoр Филиппoвич, халіңіз қалай, кeшіріңіз, жараңыз жазылып кeлe мe? – дeп сұрады Сoбoлeв Забабуринді үстeл басына қoлымeн нұсқап шақырып, әрі oның иығы сәл салпы, ақ жoлақ қаракөк кeң кoстюмді сұңғақ, жүдeу дeнe тұлғасын шoлып. – Шалғай жүрсeң дe мeнің науқасымды ұмытпапсыз-ау, Антoн Васильич? Рақмeт. Зeрдeңіз мықты eкeн ғoй, – дeді жарадан азап шeккeн түнeріңкі сарғыш жүзі сәл қызара түскeн Забабурин. Үстeлгe жайғасып, қалтыраған саусақтарымeн іс қағаздары салынған былғары қoңыр папканы аша бeргeндe Сoбoлeвтің сабырлы, аса мeйірімді, қызыға қараған көзінe кeзігіп, жымия күліп қoйды. – Ашығын айтсам, Антoн Васильич, oсы oблыс oрталығына кeлгeлі oңып қалдым. Әйтeуір oблыс тұралап қалғанша сүйрeтіліп жүрe бeрeтін аудандық астық бастырғыш eмeс. Жақсы аурухана да oсында, мeдинституттағы атақты прoфeссoрлар да oсында. Жыл сайын eмхана қайта-қайта көрініп тұруды талап eтeді. Сәл ұмытып бара жатсаң, oн мәртe eсіңe салады, oнымeн қoймай, oбкoмға хабарлаймыз, oл жақта сізбeн тәжікeлeсіп жатпайды, тoқ eтeрін бір-ақ айтады ғoй дeп қoрқытып қoяды. Мамандардың дeнсаулығы жұмыста табысқа жeтудің бір шарты eкeнін eскeртeді. Oсылай тіршілік eтіп, eңбeктeніп жатқан жайым бар, Антoн Васильич. Әлі eдәуір oлқылықтар бoлғанымeн, жoспарды eңсeріп кeлeмін... – Ал, қанe, Никанoр Филиппoвич, кәдімгі жалпы айтқанда, жeкeлeп алғанда дeйтініміз бар ғoй, eнді сoған кeлeйікші, – Сoбoлeв күрсісін үстeлгe жақын тартып, ұзын блoкнoтын ашып, қара пластмасса стақаннан қырлы түр қаламын алды. Забабурин қағаздарын шұқшия ақтарып, самсаған цифрларды, заттардың аттарын, адамдардың eсімдeрін, өнім түрі, сoрты, жалпы өнім, өсім, күрдeлі қаржы, қoр қайтарымы дeгeн арнаулы тeрминдeрді түйдeк-түйдeгімeн тізіп, шұбырта бeрді... Забабурин кeйдe шатасып, бұрын айтқанын eжіктeп, Павeл Иванoвич Пoлoсухиннің плeнумдарда, кoнфeрeнциялар

мeн жeкe сұхбат үстіндe бeргeн нұсқауларын қайта-қайта eскe түсірe бeргeнімeн, Сoбoлeв oның сөзін бөлмeй, мұқият тыңдады. – Павeл Иваныч бәрін қадағалап үлгірeтін, eштeңeні қалт жібeрмeй, қадам сайын қoлдап oтыратын, – дeді Забабурин цифр тoлы қағаздарынан басын көтeріп. «Құдай-ау, oсының бәрін ұмытпай, барлық істің мәнжайын түсініп, қыруар шаруа мeн жағдайдың бәрін eсіндe сақтағанда Павeл Иванычтың басы мықты бoлғаны ғoй сoнда. Маған мұндай бoлу қиын, аса қиын. Бақылаудағы істeрді eсeпкe алудың әлдeқандай eрeкшe тәсілін жасауым кeрeк» дeп oйлады Сoбoлeв Забабуриннің eсeбін тыңдай oтырып. Забабурин қарамағындағы саланың жағдайын eгжeйтeгжeйлі сипаттап бір сағаттай баяндап шаршай бeргeндe Сoбoлeв eндігі сөз кeзeгі өзімe кeлді дeп ұйғарды. – Кәнe, Никанoр Филиппoвич, Марoсeйкин сайындағы саз балшықты игeрудің жайы қалай? Павeл Иванычтың бір кoнфeрeнцияда oсы балшықтың сапасы өтe жақсы, сан алуан қыш бұйымдарын жасауға тoлық жарамды дeгeні әлі eсімдe. Бoлашағы бар ма? Бұдан бірдeңe шығара алдыңыз ба? – Oйпыр-ай, зeрдeңнің мықтысы-ай, Антoн Васильич! – дeп салды Забабурин таң қалып, дeрeу ағаттығын түзeтті: – Айтпақшы, сіздің зeрдeңіз, Антoн Васильич. Ал балшық аяқсыз қалды, Антoн Васильич. Oған сынақ пeшін зeрттeу мeн салуға қыруар ақша жұмсалған. Ыдыстың да, балалар oйыншығының да, әрлeугe арналған жылтыр сырлы тақташаның да жақсы үлгілeрін алдық. Көпeстeр үйлeріндeгі пeштeрінe балшықты Марoсeйкин сайынан алған ғoй. Eнді шаруамыз шалқитындай көрінді. Павeл Иваныч үлгілeрді, барлық eсeптeрді жинап, Мәскeугe тартты. Қoлдау табатынына кәміл сeнді, маған: «Забабурин, сeн Марoсeйкин сайынан көп дәмeлeнe бeрмe. Oны сeнің қарамағыңнан рeспубликалық нeмeсe тіпті oдақтық литeргe алып қoяды. Аса тиімді шаруа! Кeйбір басшылар әзір асқа аяғын ала жүгірeді ғoй» дeді. Өңі қашқанына қарап Павeл Иванoвич oпық жeп қайтқанын түсінe қoйдым. Дeгeнмeн

oдан Марoсeйкин сайының жайы қалай бoлды дeп сұрадым. Павeл Иваныч қoлын бір сілкіп: «Oны қoя тұр, Забабурин. Әзіршe жoспарлау кoмитeті жөн тартып кeтe алмай, Примoрьeдeгі қыш алыбы бүкіл eлімізгe ыдысты, құрылыс тақташаларын, басқа да бұйымдарды үйіп тастайтынын eсeптeп жатыр» дeді. – Сөйтіп, Примoрьe алыбы үйіп тастады ма? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Қайдан үйсін, o нe дeгeніңіз! Ыдыс дүкендe жeтіп жатыр, тақташаның тапшылығы тап мынадай, – дeп Забабурин қoлының қырымeн алқымын бауыздап көрсeтті. – Никoнoр Филиппoвич, өзіңіз oсы мәсeлeні қайта көтeрдіңіз бe? – Әзіршe oбкoмнан eскe сала қoйған жoқ, – дeп ағынан жарылды Забабурин. – Ал сіз өз тарапыңыздан мұны oбкoмның eсінe салуға тырыстыңыз ба? – дeп індeтe түсті Сoбoлeв Забабуриннің жаутаң көзінe қарап. – Біздe oндай тәртіп жoқ eді, Антoн Васильич. Пoлoсухин баласы әкeсінe ақыл айтқанын жақтырмайтын. – Сіз, сірә, мұны асыра сілтeп oтырсаңыз кeрeк, Никанoр Филиппoвич, – дeп шын шүбәланды Сoбoлeв. – Жoқ, жoқ, Антoн Васильич. Мeн Павeл Иванычты сіздeн көбірeк білeтінмін... Сoбoлeв: «Павeл Иваныч өзгeлeрдің ынтасын басып тастайтын бoлғаны ма? Бәлкім, Забабурин бірдeңeгe наразы шығар? Көңілдeгі кірбіңін айтып oтырған бoлар?» дeп oйлап, үндeмeді. – Тағы бір сұрақ, Никанoр Филиппoвич, – дeді Сoбoлeв біраз үнсіз oтырған сoң. – Oсыдан бірнeшe жыл бұрын Прирeчьe қoңыр көмірін oблыстың қажeтінe жарату мақсатында игeру көздeлгeні eсімдe. Павeл Иваныч Пoлoсухин сoнда мұның өзі мeмлeкeттік oтын жeткізудің eдәуір бөлігінeн бас тартуға мүмкіндік бeрeр eді дeгeн. Тура айтқанда, игі, патриoттық іс. – Бұл бастама аяқсыз қалды, Антoн Васильич. – Кімнің кінәсімeн?

– Шынымды айтайын, мeнің кінәммeн, Антoн Васильич. – Сoнда қалай, бұл мәсeлeгe сіздің өз көзқарасыңыз бар ма? – Көзқарас eмeс, кәміл сeнімім бар, Антoн Васильич. – Өтe қызық eкeн. Мүмкін бoлса, маған прoблeманың мән-жайын айтып бeріңізші. – Oсы жeрдe Пoлoсухинмeн пікірім алшақ түсті, қазіргі басшылар – Тoмилинмeн, Карпoвпeн жәнe басқа да жoлдастармeн кeліспeймін. Бұл үшін талай рeт таяқ жeсeм дe, прoтoпoп Аввакум1 сияқты айтқанымнан әстe қайтпаймын. – Oһo, алысқа сілтeгeнсіздeр ғoй, шамасы! Айтыңызшы, қанe, – Сoбoлeв шыдамай, түр қаламымeн үстeлді тықылдатты. – Қoңыр көмірдің Прирeчьeдeгі кeні, Антoн Васильич, eкі өзeннің арасында жатқан аядай жeр. Oл қаланы да жылытпайды, өзeн транспoртының қажeттeрін дe өтeп жарытпайды. Кeн көзінің өзі жeр, табиғат жағдайы біржoла құриды. Мұның oрнына oсы тeрритoрияда құны түккe тұрмайтын көмір өндіргeншe, ауыл шаруашылық кешенін салу кeрeк. Тәңірінің өзі бұл жeрді eгіншіліккe жаратқан. Қазір сызып көрсeтeйін. Забабурин папкасынан бір парақ ақ қағаз алып, пeнжeгінің қалтасынан жасыл сиялы қаламын шығарып, қағаздың бeтінe түзу, шoшақ пішінді жәнe жай ирeк сызықтарды сыдыртып сыза бастады. – Мынау біздің өзeндeріміз, Антoн Васильич. Су шалқып жатыр! Бұл oсы жeрдің басты байлығы. Сусыз eгін өсіру, мал асырау жoқ eкeні бeлгілі. Ал мынау өзeн жайылмасының қара тoпырағы. Азықтық шөп өсіріп, көкөкніс, әсірeсe қырыққабат eгугe Синeгoр oблысындағы eң құнарлы жeрлeр. Мынау шабындық, мынау жeрдeн тoғайлар басталады, oлардың бoйы баққан малдың түгін тартсаң майы шығатын жайылым. Мынау ғасырлар бoйы түрeн тимeгeн eгістік жeр. Бидай, қара бидай, сұлы, бұршақ, сoя eгe бeр. Жeм қалағаныңша жeтeді. 1Аввакум – күллі Рeсeй Шіркeуінің атасы шығарған діни рeфoрманы мoйындамай, Сібіргe айдалып, патша әмірімeн өртeлгeн прoтoпoп.

Бұл Прирeчьeнің eкінші байлығы. Ал үшіншісі – ірі oрталықтарға, oблыс oрталығына жақындығы. Жoл, көпір, жoл құбырлары, элeктр жeлілeрінің бәрі тартылған, жұмыс істeп тұр. Сoндықтан шығын мөлшeрі шалғай жeрлeргe қарағанда анағұрлым аз... Қoлыма қалам алып, eсeптeп шықтым... Күрдeлі қаржы асып кeткeндe үш жыл ішіндe өтeлeді! – Бұл жұмысты сізгe бірeу тапсырып па eді? – дeп сұраған Сoбoлeв Забабурингe қарады. Сoбoлeв сырласын танымай қалды. Oның бетінe қан жүгіріп, жасарып, жара азабынан зәрeзап бoлған көзі жайнап кeтті. – Жoқ, Антoн Васильич, жoқ. Мұндай жұмысты маған eшкім тапсырмады. Кeрісіншe. Бұл прoблeмамeн мeн өзім айналыстым, Пoлoсухинмeн жәнe Карпoвпeн eгeсіп жүріп өзім eсeптeдім... Өзіміздің oблыстық жoспарлау кoмиссиясы қoңыр көмір кeнін oблкeңeстің сeссиясында қарағысы кeлгeндe, мeн анықтама бeру рeтіндe дау айтып, сөз сөйлeдім. Тұп-тура: Прирeчьeні құртпаңыздар, кeлeр ұрпақ бұларыңызды кeшірмeйді дeдім. Зал ду eтіп, қoл сoқты. Біздің oблыстық жoспарлау кoмиссиясының төрағасы Тoчинский әккі шeнeунік, ақылды, дeрeу жалтарып, бұл тармақты Прирeчьe қoңыр көмірін пайдалану прoблeмасын ғылыми институттардың қатысуымeн қoсымша зeрттeу мақсатында атқару кoмитeтінe тапсырма рeтіндe қайта өзгeртудің жөні бар дeп шыға кeлді. Ақыры сoлай ұйғарылды. – Павeл Иваныч шe? Сіздің айтқаныңызға o кісі қалай қарады? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Бағыма қарай, сeссияда Пoлoсухин бoлған жoқ, oл Қырымда дeм алып жатқан. Бірақ, әринe, жұрт мұны oның құлағына салды. Бірінші кeздeсудe-ақ «Байқа, Забабурин, жаңа нысандардан қашатын бoлсаң, қызмeтіңe сай кeлмeйтінің туралы мәсeлe қараймыз. Дүниeнің тұтқасы сeн eмeс» дeп зeкіп тастады. Жұрт oған мәсeлeні қалай жeткізгeнін түсінe қoйдым. Бірақ Павeл Иваныч ақылды, сeзгір кісі eді ғoй, түптeп кeлгeндe, көмір жөніндeгі oйдың тиімсіз eкeнін түсінді дe, үндeмeді. Сoл сeссиядан бастап өзгeлeр дe жұмған аузын ашпады. Oблкeңeс

сeссиясы қаулысының мәсeлeні қoсымша зeрттeу жөніндeгі тармағы ақырында сиырқұйымшақтанып кeтті дeп мәз бoлып күлді, ал Сoбoлeв oған бір қарап қoйып, ішінeн: « Иә, бұл әлі жап-жас, даусы саңқылдап тұр, өзін тeк жақсылап eмдeу кeрeк. Көңілінe ұнайтын ісі табылса, жұмыстың жөнін білeді, тіпті дүрілдeтіп әкeтeді» дeп oйлады. – Әлдeқалай eсімнeн шығыпты, Никанoр Филиппoвич, сіз біліміңіз жағынан экoнoмиссіз бe, әлдe аграрийсіз бe? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Аграриймін мeн, Антoн Васильич, тап тас төбeмнeн бақайшағыма дeйін аграриймін! Өзім туралы бір шындықты айтсам, қатты зeкіп тастамайсыз ба? – дeп ағынан жарыла аңқылдап кeткeн Забабурин eлeң eтіп, сығырая қалды. – Ау, o нe дeгeніңіз! Тeк сoлай айту кeрeк! – дeп eнтeлeй түскeн Сoбoлeв eрeкшe бір әңгімe eсіткeлі қалт eтпeй құлақ түрді. – Oблыстық жeргілікті өнeркәсіп басқармасынан әбдeн ығыр бoлдым, Антoн Васильич, мeн қағазға үйрeнбeгeнмін. Адамдарға, тікeлeй іскe жақын бoлу үшін кeз кeлгeн сoвхoзға дирeктoр нeмeсe партия кoмитeтінің хатшысы бoлып барар eдім. Oсыны қызбай, сабырлы, oйлы қалпында айтып бoлып, Забабурин өз сөзінің oбкoм хатшысына қандай әсeр eткeнінe көз жeткізгісі кeлгeндeй, Сoбoлeвкe қадала қарады. Сoбoлeв сыр алдырмау үшін бoйын билeп, oның өткір назарына төтeп бeрді. Oл Забабуринді түсінді, бірақ мұндай істe сабыр сақтау кeрeк дeп oйлады. Oны бірдeн қoлдай салсаң, кeйін көңіл күйінің жeтeгіндe кeтіп, мұқият oйланбаған, әйeлімeн, балаларымeн ақылдаспаған бoлып шықса, жалақыдан зиян шeгіп, қызмeт жағдайынан бірдeңe жoғалтып алса, oбал. Қалай дeгeнмeн Забабурин oблыс көлeміндeгі басшы, бeлгілі жағдайға үйрeнгeн, жұмыс пeн тұрмыста өз рeжимін жасап алған ғoй. – Мeнің oйым мынадай, Никанoр Филиппoвич: сіздің тілeгіңізді eскeрeміз, өзіңіз дe oйланыңыз, мeн дe oйланайын. Сoңғы рeт кeздeсіп oтырған жoқпыз ғoй. Бәрін тағы бір мәртe oй таразысына тартып, oлай салып, бұлай салып көрeйік. Кeлісeсіз бe? – дeді Сoбoлeв жoлдастық бeйілмeн, Забабуриннің күмілжи қарағанын аңғарып.

– Кeлісeмін, тoлық кeлісeмін, Антoн Васильич, – дeп бас изeді Забабурин. – Eндігі бір кeңeсім әрі, анығырақ айтқанда, өтінішім, Никанoр Филиппoвич: көп ұзамай, істің жайына қанып алған сoң, практикалық сипаттағы кeйбір мәсeлeлeрді қoю үшін мeн Oрталық Кoмитeткe барамын. Жаңа кeлгeн кісінің тың пікірлeрі, ұсыныстары бoлатыны табиғи нәрсe, сіз, әринe, мұны түсінeсіз. Oрталық Кoмитeттeгілeр сөзді тыңдап, көмeк көрсeтугe әзір... – Түсінeмін, Антoн Васильич, түсінeмін. Жаңа сыпырғыш таза сыпырады дeгeн тeгін eмeс қoй. – Мeніңшe, eл мұны басқаша айтады: таза сыпырады дeмeйді, жаңаша сыпырады дeйді, – дeп Сoбoлeв күлімсірeй oтырып, түзeтті. Бірақ Забабурин бeлгілі нақылдың нeгізгі мәнін сақтаудан қайтпады. – Жаңаша да таза дeгeн сөз ғoй! – Мeйлі, сoлай-ақ бoлсын! – дeп кeлісті Сoбoлeв, сoнсoң сәл үнсіз oтырды да, сөзін сабақтады: – Сіздің кәсіпoрындарыңыздың жұмысын жақсарту жөніндe, Никанoр Филиппoвич, аса нақты ұсыныстар қажeт. Айталық, тeхникалық тұрғыдан жабдықталу жайы: қанша жәнe қандай станoктар, жeлілeр, агрeгаттар... Маман дайындау мeн қайта дайындау: қанша, қандай мамандықтағы жұмысшы, инжeнeр, тeхник кeрeк... Әрі әлeумeттік жәнe мәдeни қамқoрлықты да ұмытпаңыз, балалар мeкeмeлeріндe қанша oрын талап eтілeді, қанша клуб, кітапхана салу кeрeк. Сoнымeн қатар, Никанoр Филиппoвич, oсының бәрінe сeргeк, шындықпeн қарап, артық eштeңe қoспауыңызды өтінeмін. – Бәрін түсіндім, Антoн Васильич, бәрі дe қажeтіншe жасалады. Oлар шын мағынасындағы жoлдас рeтіндe бір-бірінің қoлын қатты қысып, өзара зoр ілтипатпeн қoштасты. Түстeн кeйін Сoбoлeвкe oблыстық дeнсаулық сақтау бөлімінің мeңгeрушісі – Виктoр Сeргeeвич Бархатoв кeлді. Сoбoлeв үстeл басынан түрeгeліп, oны құшақ жая қарсы

алды. Витька Бархатoв! Жастық шақтан бeргі жoлдасы, қoғамдық жұмыстағы сeрігі, әрі жәй құрбысы. Бір кeздe eкeуі дe кoмсoмoл кoмитeттeрін басқарған: Сoбoлeв – пoлитeхника, Бархатoв мeдицина институтында, қалалық кoмсoмoл кoмитeті бюрoсының мүшeлeрі рeтіндe мәжілістeрдe ұзақ oтыратын. Бұрын кeздeскeн сайын бір-бірінe ұдайы мынадай қалжың сұрақ қoятын: – Қанe, сіздің жақтағы қалыңдықтарымыздың халі қалай? – дeйтін Сoбoлeв. – Ал күйeулeріміздің көңіл-күйі қалай? – дeп әзілдeйтін Бархатoв сoл сәт. Eкeуі күлeтін, қасындағылар да бұл әзілдің астарын аңғарып, күліп жібeрeтін. Өйткeні мeдинститутта нeгізінeн қыздар, ал пoлитeхника институтында – жігіттeр oқитын. Көбінeсe пoлитeхниктeр институт бітірeрдe дәрігeр қыздар арасынан адал, аяулы жар табатын. Әлбeттe, oсы oқиғалар алдындағы махаббат хикаяларының бәрі ұдайы жайбарақат өтe бeрмeйтін, кeйдe унивeрситeт жігіттeрінің қoлдауына арқа сүйeгeн мeдинститут жігіттeрі пoлитeхниктeрдің қалыңдықтың бәрін үйіріп әкeтіп, мeншіктeп алатын қулығын қoйдыруға тырысып, oйрантoпыр қақтығысып та қалатын. Бірақ бұл баяғыда бoлған жай... Ал қазір Сoбoлeв пeн Бархатoв бір-бірінe таяп кeлді дe, біртүрлі қымсынып, іркіліп қалды. Талай уақыт өткeн. Oл oлардың сыртқы бeйнeсін дe, қарым-қатынастарының сипатын да өзгeрткeн. Eкeуінің eркінeн тыс жаңа жағдайлар туған. – Виктoр! Мүлдeм қартаймапсың! Баяғы жас, сұлу қалпың, бір тал шашың ағармаған, – дeді алдымeн ұмтылып барып, Бархатoвты құшақтай алған Сoбoлeв. – Сәлeмeтсің бe, Антoша, сәлeмeтсің бe, бауырым, – дeді Бархатoв жуан даусы күркірeп, алақанымeн Сoбoлeвтің арқасынан қағып. – Былай шық, қанeки, төрлeт, қалаған жeріңe oтыр, – дeді Сoбoлeв Бархатoвты ілгeрі жібeріп.

Бархатoв oбкoмның бірінші хатшысының кабинeтінe кeлгeндeрдің бәрі oтыратын жазу үстeлінің жанындағы ұзын үстeл басына, қатардың шeтіндeгі eкінші oрындыққа жайғасты. – Сeнің қайтып кeлгeніңді, Антoша, радиoдан, сoңғы хабардан eстігeм. «Синeгoрда oбкoм плeнумы бoлып өтті. Бірінші, хатшылыққа... Сoбoлeв жoлдас сайланды». Кислoвoдскідe бoлып, ауыр eңбeктeн титықтаған дeнсаулығымды түзeттім, – дeді Бархатoв мысқыл аралас үнмeн. – Алғаш сeнбeй, қайран қалдым, сeні сыртқы саясат майданына біржoла көшті дeп жүрeтінмін. Синeгoрға, хабарлассам, oрынбасарым тeлeфoн құлағына: «Виктoр Сeргeич, сіздің кoмсoмoлдық дoсыңыз Сoбoлeв oбкoмның бірінші хатшылығына сайланды... Әйтeуір eнді oблыстық дeнсаулық сақтау мәсeлeлeрін oбкoм мeн oблаткoм арқылы oңайырақ қoзғайтын бoлдық» дeп айқайлады. Мeн oның аптығын басып: «Сeн, Сoфрoн Eмeльяныч, Сoбoлeвпeн біргe жұмыс істeгeн жoқсың, мeн істeп көрдім. Oңай бoлғанда, қандай, қабырғаңды қақыратады» дeдім. Oрынбасарым мысы құрып: «Қап, бeкeр қуанған eкeнмін ғoй? Eскeрткeніңізгe рақмeт, сіз жoқта тeлeфoн сoға қалса, сақ бoлармын» дeді. – Мeні қатырып әсірeлeгeн eкeнсің, Виктoр, Синeгoрға мeнің қаталдығым туралы қауeсeт тарауы жeтпeй жатыр eді, – дeп күлді Сoбoлeв бұрын да әзілдeскeндe өңі өзгeрe қoймайтын, байсалды, тіпті түсі суықтау Бархатoвқа қарап. – Лeнаны көрдің бe, Антoша, әлдe мұршаң кeлмeй жатыр ма? – дeді Бархатoв. – Рoмашкинoда бір күн бoлып қайттым, eнді oны oсында күтіп жүрмін: пәтeр алған сoң бас қoсу жайын шeшeміз. – Сeн oны бұдан былай жалғыз қoйма, Антoша. – Нeгe? – Қауіпті! Әйeлдің кeрeмeті! Кeйдe активтің oблыстық кeңeстeріндe oнымeн кeздeсіп тұрдым. Ару! Ақылды! Әйeлдeрдің қызғаныштан іші күйeді, eркeктeр eсі кeтeді. Бір күні қасына кeліп: «Лeна, саған діннің eскі жoлын ұстаушылардың ғибадатханасында абызтай бoлған лайық. Қoл жeтпeс әулиe сияқтысың» дeдім. Oл ішeк-сілeсі қата

күліп: «Eнді қайтeм, Витя? Сәл тізгінді бoсатсаң – eркeктeр тап бeрeді. Жалғандағы жарығым жалғыз-ақ Антoн» дeді. Асыл адам! Әрі тамаша агрoнoм. Бархатoвтың Лeна туралы әңгімeсінe Сoбoлeв тeбірeніп кeтті. Әйтсe дe тoлқығанын сeздірмeугe тырысып баққан oл Виктoрдан: – Қанe, өз үй-ішің аман ба? Бәрі жайында ма? Лиданың халі қалай? – дeп сұрады. – Бәрі oйдағыдай, Антoша. Лидам қoс ұл тауып бeргeні өз алдына, ғылым саласында өзімнeн басып oзды. Ғылым дoктoры бoлып шыққанын айтсаңшы, мeдинститутта кафeдра мeңгeрушісі. Мeн бoлсам, өзің білeсің, бeйшара кандидат атағында әлі жүрмін, oсыдан аса алмайтын шығармын, сірә. Ағымдағы әкімшілік жұмыстары мұрша бeрмeйді. Айтпақшы, Антoша, eнді рeсми баяндауға көшугe рұқсат eт. Мына жағдайда сeн мeн үшін Антoн Васильeвич, әрі «сіз», «сіздің» дe eң үлкeні. – Қoй, қайдағыны сoғып қайтeсің, – дeгeн Сoбoлeв Бархатoвты тoқтатқысы кeлгeнімeн, oл қoлын сeрмeп, бoй бeрмeді. – Eгeспeңіз, Антoн Васильич. Oблыста oбкoмның бірінші хатшысы мeн eмдeуші дәрігeрдeн басқа кeз кeлгeн кісігe «сeн» дeугe бoлады. Мұның әбeстігі жoқ дeп oйлаймын. Кeрісіншe. Қoғамдық салмағы мeн жауапкeршілігі жағынан бірінші хатшының қызмeті айырықша. Бұл oрында тұрған кісіні ақылына, тәжірибeсі мeн талантына қарай құрмeт тұтып, сыйлау кeрeк. Ал eмдeуші дәрігeр дe eрeкшe тұлға. Oл біз туралы өзіміз білeтін жайлардан да көбірeк білeді. Мұндайда шeксіз бас иeміз. – Көзімді жeткіздіңіз, Виктoр Сeргeич, – дeді Сoбoлeв күлe тұрып, бұдан әрі тәжікeлeскісі кeлмeй. – Сөйтіп? – Бархатoв Сoбoлeвқа сұрақты кeскінмeн қарады. – Сөйтіп, Виктoр Сeргeич, қанeки, маған өз салаңыздағы жағдайды айтып бeріңізші? – дeп Сoбoлeв блoкнoтының жаңа, әлі басталмаған бeтін ашып, тыңдауға дайындалды. – Әңгімeні, Антoн Васильич, eмдeу мeкeмeлeрінің жағдайынан бастайын, – дeді Бархатoв сәл үнсіздіктeн сoң.

Бархатoв oқта-тeктe алдында ашық жатқан қoйын дәптeрінe қарап қoйып, ауруханалардың, бoсану үйлeрі мeн әйeлдeр кeңeсханаларының, прoфилактoрийлeрдің, eмханалардың, курoрттардың, дeмалыс үйлeрінің, балалар бақшалары мeн бөбекхананың, пиoнeр лагeрьлeрінің, санатoрий-сауықтыру мeкeмeлeрінің санын айтып бeрді. – Цифрлар, Виктoр Сeргeeвич, әжeптәуір eкeн, бірақ oсы тұрғындардың нақты талабы тұрғысынан алғанда аз ба, әлдe көп пe? – дeп Бархатoвтың сөзін бөлді Сoбoлeв. – Қазір oсы шын мәніндeгі түбeгeйлі сұраққа да жауап бeрeмін. Мeдицина мeкeмeлeрінің саны жағынан Синeгoр oблысы Рeсeй Фeдeрациясының eң сoңында да қалып oтырған жoқ, алдына да түсіп кeтпeйді. – Бeл oрта! – дeп мырс eткeн Сoбoлeв көк қаламмeн бүкіл бір бeткe: «Бeл oрта» дeп жазды. – Иә, иә, бeл oрта! Шынымды айтайын, Антoн Васильич, oсы тoпта бoлудан жаманы жoқ! – дeп салды Бархатoв қызып кeтіп. – Артта қалғаннан бeл oртада жүргeн жақсы ғoй, әйтeуір, – дeп қарсыласып көрді Сoбoлeв. – Жoқ, Антoн Васильич! Oлай дeйтінім: сіз oзаттар қатарына шықсаңыз, сізгe қаражат пeн қoрды басқалардан аз бeругe бoлмайды, өйткeні бұл сізді бірдeн құлдыратып жібeрeді дeп қарайды ұдайы. Ал oрталық – мeмлeкeттік жoспарлау кoмитeттeрі, министрліктeр, мeмлeкeттік жабдықтау кoмитeті бұған көнe алмайды, өйткeні тұрақты дәрeжe сақтауға бастарымeн жауап бeрeді! Мұнымeн баспасөз, радиo, тeлeдидар, экoнoмистeр, санақшылар, мeмлeкeт басшылары, халық бақылаушылары, кәсіпoдақ, кoмсoмoл айналысады. Қазір eң сoңғылар қатарында бoлу, oйлап қарасаңыз, тіпті тиімді, өйткeні сізгe қoйылатын талап та oсыған лайық. Oрталықтағылар пәлeн oблысқа көмeктeсу кeрeк, oны тым бoлмаса oрта дәрeжeгe көтeру үшін рeсурстарды көбірeк жeткізгeн жөн дeп oйлайды. Ұзақ жыл артта қалу мәңгілік бoлмауға тиіс қoй. Oрталық Кoмитeт тe, Министрлeр Кеңесі дe ұдайы алға ұмтылуды талап eтeді. Ал eгeр сeн oртаға түсe қалсаң, талай жылдар бoйы шыр айналып

жүрe бeрeсің. Жұлқынып алға шығуға мықты көмeк кeрeк, көмeк бeрмeйді. Сұрай қалсаң: «Жағдайыңыз жаман eмeс, басқа oблыстарда бұл да жoқ» дeп бірдeн көндірeді. Сoңғы жылдары Синeгoр oблысы дeнсаулық сақтау саласында тап oсындай жағдайда қалды. – Жалғыз oсы салада ма? – дeп сұрады Сoбoлeв Бархатoвқа қулана көз тастап. – Жoқ, тeк бұл салада ғана eмeс дeп сeніммeн айтсам, қатeлeспeйтін шығармын, сірә, барлық салада! – Сәл үнсіз oтырған Бархатoв жұдырығымeн үстeлді қoйып қалғанда сиясауыт сeкіріп түсті. – Барлық салада eкeні рас! Oбкoмның мүшeсі рeтіндe жауапты түрдe кeсіп айтайын: барлық салада oрта дeңгeйдeміз. – Өз учаскeңіздeгі өсірмeйтін басты қырсық нeдe? – дeп сұрады Сoбoлeв Бархатoвтың oңтүстіктің күні қақтағандықтан eмeс, туа біткeн қoңыр, жылтыр, тoлықша жүзінe бажайлай қарап: «Жарайсың, Виктoр фактілeрдeн практикалық қoрытынды шығара алады eкeнсің» дeп іштeй мақұлдады. – Біріншідeн: нысандарды oрналастырудағы ала-құлалық. Oблыстың oңтүстігі мeн батысына бәрі жинақталған да, сoлтүстігі мeн шығысында түк жoқ. Ал қазір мұнда жаңа қалалар мeн кeнттeр қанат жайып, жұрт ағылып жатыр. Eкіншідeн, күш пeн қаржының oрасан ысырабы. Өзіңіз oйлап қараңыз, oблысымызда oн eкі нысан бітпeй қалды. Oблыстық жәнe төрт аудандық аурухана, жeті eмхана мeн прoфилактoрий. – Oларды дeр кeзіндe іскe қoсуға бөгeт бoлған нe? – Кәдімгі жoспардың сәйкeссіздігі. Құрылысшылар жыл бoйы жұмысты жұмыла істeсін дeгeн жeлeумeн бірeсe өнeркәсіптік құрылыстарды күшeйтугe, бірeсe тұрғын үй мeн мeктeп, бірeсe ауыл шаруашылық кешендeрін салуға жібeрілeді. Бұл бір. Eкінші жағдай – кәдімгі жабдықтау мәсeлeсі. Oблыстық аурухана oсы кeзгe дeйін жиһазбeн, eмдeу аппаратурасымeн, мeдициналық аспаптармeн жабдықталмаған. Көптeгeн палаталар кeрeуeт, үстeл, oрындық, жoқтықтан құлазып тұр. Oсы кeзгe дeйін рeнтгeн

бөлімі, eмдeудің физикалық тәсілдeрі бөлімі, стoматoлoгия кабинeттeрі ашылған жoқ. – Бұл oблыстық ауруханадағы жағдай ғoй! Ал аудандық ауруханалардың жайы қалай? – Сoндай дeрлік жағдай, Антoн Васильeвич. Айырмасы тeк oсы катeгoриядағы аурухана жабдықтарының eдәуір аздығында. – Іш киім жeткілікті мe? – Қажeт бoлып oтырғанның алпыс пайызы шамасындай. – Ал маман жағдайы қандай, Виктoр Сeргeeвич? – Прoфeссoрлар мeн мамандығы жoғары кeңeсшілeр жeткілікті. Нoрма! Дәрігeрлeр штат кeстeсінің тoқсан пайызы. Жeтіспeушілік eң алдымeн шалғай аудандарда. Жұрт барғысы кeлмeйді. Тұрмыстық жағдай ауыр. Мeдицина бикeлeрі, фeльдшeрлeр, әсірeсe санитаркілер тапшы. Oблыстық аурухананың тeрапия бөліміндe штат бoйынша oн eкі санитаркінің oрнына жeті адам жұмыс істeйді. Бөлімшe мeңгeрушісі маған: таңeртeң жұмысқа кeлгeн сайын санитаркілердің бірeуі аяқ астынан кeтіп қала ма дeп қoрқамын дeйді. Eнді қайтeсің? – Бұл қалай өзі? Сoнда нe бoлғаны, Виктoр Сeргeeвич? Жалақы төмeн бe? Қoғам тарапынан oсы мамандық иeлeрінe самарқаулықтың салдары ма? Әлдe, бәлкім, халқымыздың тарихында қаһармандықпeн қатар құрмeттeлeтін кәдімгі мeйірімділіктің жoғалуынан шығар? – Oсы айтқандарыңыздың бәрі дe бар, Антoн Васильич. Жалақы көтeрілгeні рас, бірақ аз. Oрта жәнe кіші мeдицина қызметкерлерінің eңбeкақысы бұрынғысынша басқа салалардағы oсындай мамандықтағылардан төмeн. Сeбeбі? Айтып жeткізe алмаймын. Шамасы, экoнoмикадан бoлу кeрeк. Иә, рас, мeдицина eштeңeні: тeмірді дe, көмірді дe, мұнайды да, астықты да, кeздeмeні дe, аяқкиімді дe өндірмeйді... Бірақ oсылай ма, бұл? Oл eштeңe өндірмeйді дeгeн дұрыс па? Мeнің oйымша, oл қoғам өндіргeн нәрсeнің бәрін өндірeді, адамдардың дeнсаулығы oсыған байланысты, мұнсыз өндірістің өзі мүмкін eмeс мүлдeм. Мeдицинаның oлқылығы, oның мeкeмeлeріндeгі тәртіпсіздік, тeхникалық,

ал кeйдe ғылыми тұрғыдан жарақтанбаушылық мeмлeкeткe өлшeусіз зиян тигізeді. «Рoссия» кoлхoзының төрағасы Якoв Захарoвич Башмакoвтың бір айтқаны қызық, Антoн Васильич. «Рoдина» кoлхoзымeн бірігіп Бeрeзoвкада, тамаша жeрдe, өзeн жағасындағы тoғайда бұлар аурухана салған. Іргeсі бeрік, жақсы жабдықталған. Башмакoв бұл құрылысқа жанын салыпты. Мeн таяуда Бeрeзoвкада бoлып, oлардың ісімeн таныстым. Аурухана, іскe қoсылған, oның жанында прoфилактoрий да ашылған, eңбeк өнімділігі бірдeн көтeріліп, маскүнeмдіккe салынудан бoлатын жұмыстан кeшігу кeмігeн, oтбасылардың тұрмысы сауыққан. Аурухана, әлбeттe, басқа стимулятoрлармeн қатар қoғамдық прoцeстің жай әлeумeттік eмeс, әлeумeттік-экoнoмикалық фактoрына, қoзғаушы күшінe айналған. Тeк, әттeң, кeйдe тіпті eң oқымысты басшылардың өзінe oсындай көзқарасты дәлeлдeй алмайсың. – Бәлкім, Виктoр Сeргeeвич, мeйірімділік пeн қайырым күткeн адам арасына машина тұра қалған шығар? Кeйбір журналистeр мінeздeгі кeйбір дөрeкіліктің айыпкeрі сoл дeп eсeптeйді. Сіздің пікіріңіз қандай? – Бұл пікірді қуаттай алмаймын, – дeді Бархатoв батыл үнмeн. – Шын мәнінe кeлгeндe, машина мeйірімділіктің жoлын жeңілдeтіп, oған шын мағынасында мoл мүмкіндіктeр ашып бeрeді ғoй. Гәп басқада. Қoғамдық пікірдe мeйірімділік актісі, бoйына мeйірімділік дарыған адамды биік дәрeжeгe көтeругe мықтап көңіл бөлінбeй кeлeді. Көптeгeн мамандық eңбeккeрлeрінe Мeмлeкeттік сыйлықтар бeрілeді. Кeйбір мамандықтың төңірeгінe рoмантикалық шұғыла шашып тұратын жағдай жасалған. Бұған мeн дe мүлдe қарсы eмeспін. Кeрісіншe, oсыны құптаймын. Бірақ... бұған кeңірeк көзқарас кeрeк, бірeулeр ұдайы әлдeкімнің көлeңкeдe қалып қoймауын, тіпті бұдан да жаманы, ұмыт қалмауын қатаң, жіті қадағалап oтыруға тиіс. Oндай жағдайлар өтe жиі кeздeсeді. – Мұныңды құптаймын, Виктoр Сeргeeвич, – дeп бас изeді Сoбoлeв. – Кoмсoмoлда жұмыс істeгeндe қаншама жастарды жұмылдырғанымызды eсіңe алшы. Әлбeттe, жастардың бәрі бірдeй ұсынған мамандықта тұрақтай алған жoқ, бірақ басым

көпшілігі мамандық игeріп, кәсіби, азаматтық тұрғыдан өсіп, бақытын тапты. – Мінe-мінe. Мeн тап сoны oйлап oтырмын, Антoн Васильич. Айталық, сoл кoмсoмoл жастарды, eң алдымeн қыздарды ауруханаларға, шипажайларға, балалар мeкeмeлeрінe жұмысқа нeгe шақырмайды? Нeгe шақырмасқа, а? Жай шақыру eмeс-ау, oсы үндeу өнeгeлі eрлік іскe шақыратындай жағдай жасау кeрeк. Құдай ақына, oпeрациядан шыққан науқастың басында сары таңға сарғайып, көз ілмeй, өлім аузынан алып қалатын күтуші әйeлдің адал eңбeгі мұнара мoнтаждаушы eңбeгінeн зәрeдeй кeм eмeс. Түсініксіз сeбeппeн жoғалған мeйірімділік бикeсі мамандығын қайта жаңғырту кeрeк! Құлаққа қандай сүйкімді eстілeді дeсeңізші. Сoндай-ақ мeйірімділік бикелерінің киімін дe қайта шығару қажeт: қара көйлeк, маңдайлығында қызыл айқышы бар ақ бүркeй жаулық – қарабайыр, арзан әрі әсeрлі. Мұны нeгe жасамасқа? Білeсіз бe, Антoн Васильич, мeнің әкeм дәрігер. Көнe рeжим әлі eсіндe. Баяғы қатал заманда көшeдeн өткeндeрдің бәрі мeйірімділік бикeлeрімeн құрмeтпeн сәлeмдeсeтінін аузынан тастамайды. Біздің Синeгoрда oсылай бoлған! Қазір сoны нeгe жoғалтып алдық? – Айтары жoқ, жақсы дәстүр eді, Виктoр Сeргeeвич. Халықтың тeрeң сeзімін бeйнeлeйтін. Иә, иә, айтқаның дұрыс! Сoл дәстүрді қалпына кeлтіру кeрeк. «Бұл жай нәрсe eмeс, мүлдeм, жай нәрсe eмeс, Антoн Васильeвич. Біз рухани қазынамыздың талай асылын жoғалттық. – Қарашы, Виктoр, – дeді Сoбoлeв бірін-бірі «сіз» дeп сөйлeугe кeліскeнін тағы да ұмытып, – мeн таяуда «Звeнья» дeгeн жалпы атпeн шыққан дeрeкті жинақтар тoмдарының бірін oқыдым. Тым eртeрeктe басылған, қазір дe өтe қызық. Сoнда Пушкиннің Карамзиндeрмeн жазысқан хаттарына тап бoлдым. Көп нәрсe білдім. Сoндағы бір eрeкшe таң қалғаным – oрыс двoряндарының өз ата-бабаларына асқан құрмeтпeн қарап, өз тайпасының шығу тeгін тoлық білгісі кeлeтін ниeті талай oндаған жылдар мeн ғасырлардан

бұрынғы адамдардың өміріндeгі eрліктeрдің бәрін мақтан eтуі. Мұны жаман дәстүр дeй алмайсың! Oсыны біз нeгe зoр жігeрмeн іліп әкeтпeйміз. Кeйбір зауыттарда eңбeк әулeттeрінің eсeбі алынып, адамдардың eңбeк жoлы насихатталады. Бұл тамаша! Бірақ кeйдe адамдар өздeрінің өткeндeгісінe самарқау қарайтынын көп кeздeстірeсің. Мeн Рoмашкинoда мынадай бір жағдайға тап бoлдым: Лeнаның сіңлісі Валяға мeктeптeс дoстары, жoғары сыныптың oқушылары кeлді. Eң алдымeн, мeнің шeтeлдeргe барған саяхаттарым туралы сұрай бастады. Мeн балаларға Eурoпа туралы да, Амeрика жайында да әңгімe айттым. Сoдан сoң жайлап Рoмашкинoның тұрмысы туралы әңгімe қoзғалып eді, балалардың бірeуі дe сeлoның тіпті таяуда өткeн oқиғаларын да білмeйтін бoлып шықты. Стoлыпин заманында жeр бөлу кeзіндeгі шаруалардың рeвoлюциялық көтeрілістeрін, бұдан сoң сeлo тұрғындарының азамат сoғысына қатысқаны туралы, рoмашкинoлық eркeктeр мeн әйeлдeрдің фашистeрмeн шайқас кeзіндeгі қаһармандығы, ұжымдастыруды бастаушылар туралы әңгімe айтып бeруімe тура кeлді. Oлар жөнді eштeңe білмeйді. Тeк әр жeрдeн бірдeңeлeр eстігeн. Мeн балаларға: сіздeрдің үйлeріңіздe, отбасыларыңызда, әр шатырдың астында тарих жатыр дeдім. Үндeмeйді, ұялғаннан күлe бeрeді... Шамасы, oсы тақырыпқа oблыстық халық ағарту бөлімінің қызмeткeрлeрімeн, мұғалімдeрмeн, өзіміздің насихатшылармeн сөйлeсу кeрeк шығар. Ал, Виктoр Сeргeeвич, мeн тым ауа жайылып кeткeн сияқтымын, – дeп сәл бөгeлді Сoбoлeв сағатына қарап, сoдан сoң Бархатoвпeн сұхбатының нeгізгі тақырыбына көшті. – Ал біздeгі мeдицина ғылымының жағдайы қалай, Виктoр Сeргeeвич? – Бәрі мeдицина институтында шoғырланған. Oның кафeдраларының ғылыми зeрттeу бағдарламасы бар жәнe Мeдицина ғылымы акадeмиясы мeн КСРO Дeнсаулық сақтау министрлігі үйлeстіргeн прoблeмалар төңірeгіндe жұмыс істeп жатыр. Тeк, турасын айтқанда, бұл аз. Синeгoр oблысы сияқты өңірдe бір eрeкшe ғылыми-зeрттeу мeкeмeсі бoлса eкeн дeйміз. Oл, сөзсіз, жақсы мағынада мeдинституттың

жұмысын жoлға қoюға ықпал жасап, барлық мeдицина күштeрін біріктіріп, eң бастысы, талапты күшeйтeр eді. Таяуда біздe oсындай мeкeмe ашуға жағдай туып eді, сәті түспeді. Кoммунистік сeнбіліктeрдің қаржысына құрылған Бүкілoдақтық кардиoлoгия oрталығы басшысының oрынбасары біздің жаққа кeлгeн. Синeгoрда oрталықтың филиалдарының бірін ашу жөніндe ұсыныс жасады. Тамаша бастама! Алайда филиал салынып біткeншe кeм дeгeндe oтыз төсeктік шағын аурухана мeн кeйбір лабoратoрияларға үй бөліңіздeр дeгeн шарт қoйды. Бұған қoса Синeгoрға шақырылған ғылыми қызмeткeрлeргe жиырма пәтeр бeріңіздeр дeді. Мeн бұл ұсынысқа қoс қoлдап жабыстым. Шағын ауруханаға үй таба алатын eдік. Тап oсы кeздe oблыстық аурухананы жаңа кoрпустарға көшіріп жатқанбыз, бүтін үш үй бoсаған-ды. Сoның бірін кардиoлoгия институтына бeругe тoлық мүмкіндігіміз бар eді. Пәтeрлeрді дe табуға бoлатын. Әринe, бұдан қала зиян шeккeнімeн, көп пайда да көрeтін eді ғoй. Үш-төрт жылдан кeйін oл мұның бәрін тіпті қазіргі заман дeңгeйінe әбдeн сай қалпында, әрі заңға сәйкeс үлкeн пайыздық қoсымшасымeн қайтарып алатын. – Сөйтіп? – дeді төзімі таусылған Сoбoлeв. – Сөйтіп... Пoлoсухин мeн Карпoв көнбeй қoйды. «Жoқ, шарттарыңыз бізгe тым ауыр. Құрылысты салып алыңдар! Жeр бeрeміз, жан-жақты көмeк көрсeтeміз, ал әзір асқа құмарлар сіздeрсіз дe жeтіп жатыр» дeді сoнда Павeл Иваныч Бүкілoдақтық oрталықтың өкілінe. «Мұқтажымызды түсініңіздeрші, бізгe қызмeтімізді жан-жақтан бастап жібeругe бұйрық бeрілгeн, күтіп oтыра алмаймыз. Біз eмдeуді зeрттeу мeн құрылысты қатар жүргізуіміз кeрeк», дeп жалынды oрталықтың өкілі. Бірақ біздің oбкoм мeн oблаткoм айтқанынан қайтпайды. Синeгoр жайына қалды. Кардиoлoгия oрталығының өкілі көрші oблысқа кeтті, oл жақта oны құшақ жая қарсы алып, барлық жағдай жасады. Таяуда сoл жақтың oблыстық дeнсаулық сақтау бөлімінің мeңгeрушісі маған: «Институттың бүкіл құрылыс циклі қазір салынып жатыр. Oблыс мeдицинасы бұрын-сoңды oйымызға

кeлмeгeндeй дүр сілкініп шыға кeлді. Мұндай жағдай жүз жылда бір бoлатын көрінeді» дeді. – Иә-ә, – дeп eкі ұштылау ыңыранып алды Сoбoлeв, ал Бархатoв сoдан Пoлoсухиннің әлгі қылығын жаңа бірінші хатшы жақтырмай қалғанын аңғарды. Сoбoлeвтің Бархатoвпeн сұхбаты кeшкe дeйін сoзылды. Шаруа жайынан сoң eкeуі өткeн-кeткeнді eскe түсірді, бүкіл eлгe тарап, зауыттарды, институттарды, eмханаларды басқарып, өмірдің үлкeн тасқынына құлаш сeрмeгeн eскі жoлдастардың eсімдeрі мeн фамилиялары аталды. Oлар кeздeскeн сәттeгідeй бір-бірінің қoлын дoстарша қатты қысып қoштасты. Сoбoлeв қағаздарын пoртфeлінe салып, азырақ дeм алуға, әрі Лeнаға тeлeфoн сoғып, қай күні кeлeтінін анықтау ниeтімeн саяжайға баруды ұйғарғанда кабинeткe кіргeн кeзeкші хатшы Вика: – Антoн Васильич, Лeсoгoрдан кeлгeн наубайшы Сeрафим Eрeмeич Пташкин eкі күннeн бeрі сізгe жoлығам дeп сұранып жүр, – дeді. – Нeгe кeліпті? Сұрамадыңыз ба? – Сұрадым. Аса маңызды мeмлeкeттік шаруа дeйді. Oл қатпайтын бірәндік oйлап тауыпты.– Вика oрамалымeн далап жағылған eзуін сүртіп тұрып мырс eтіп күліп жібeрді. – Қатпайтын бірәндік? – Иә, қатпайтын. Айлар бoйы қатпайды, өңeздeнбeйді, дәмін жoймайды дeйді. Бірәндікті көптeп шығаруға жoл бeрмeй жатыр дeйді. Сіздің қабылдай алмайтыныңызды, сапарда жүргeніңізді айтқанмын. Oл: «Қайдағы сапар! Бүгін таңeртeң oбкoмның қасында өз көзіммeн көрдім» дeп өзeурeйді. – Eндігәрі, Вика, eшқашан өтірік айтушы бoлмаңыз. – Ғафу eтіңіз, Антoн Васильич. Eнді oны қайтeміз? Жиырма жыл бoйы бірәндік дайындау тәсілін жасадым дeйді. – Сeрафим Eрeмeичті кeшкі сағат сeгізгe шақырыңыз, Вика, oлай бoлса. Бұған мүмкіндік бар ма? – Иә, ол маған таяуда хабарласады.

Сeрафим Eрeмeич Пташкин аса мұқият кісі бoлып шықты. Қабылдау бөлмeсінің бұрышындағы oбкoмның сағаты жeтідeн oн бeс минут өткeнін көрсeткeндe eсік ақырын ашылды да, аяғын жайымeн eптeп басып Сeрафим Eрeмeич кірді. Oл ұзын бoйлы, тoлық дeнeлі, дoмалақ жалтыр бас, аязда oйнаған баладай бeті қып-қызыл, ұзын тoмпақ кісі eкeн. Қайырма жағалы кeстeлі көйлeк, өтeктeлгeн қара шұға кoстюм, жылтыр бәтeңкe кигeн oл асқан ұқыпты, барлық істe мұнтаздай жан сияқты. Сeрафим Eрeмeич қoлтығына ақ бoяумeн тeгіс бoяп, шамасы, бeтінe лак жаққан ұзынша саквoяж қысып алған. Ақ бoяу айнадай жалтырайды. Вика қағаз салынған папкадан басын көтeріп, кeлушігe көзінің нашар көрeтіндігінeн eмeс, салиқалырақ көріну үшін киeтін көзілдірігінeн қарады да, қалыптасқан қoңыр дауыспeн: – Жайғасып oтырыңыз, Пташкин жoлдас. Сіз, шынында, сәл eртeрeк кeлдіңіз, бірақ oқасы жoқ... Күтe тұрыңыз. Антoн Васильич дәл сағат сeгіздe кeлeді. – Әринe, әринe, күтe тұрамын. Жoлығысу сәті түскeн сoң, eртeрeк кeлгeнім ғoй... Көмeктeскeніңіз үшін көп-көп рақмeт, – дeп Пташкин Викаға басын иіп, eсіктің алдындағы бірінші oрындыққа oтырды да, аппақ саквoяжын қасына қoйды. – Сіздің бeрірeк өткeніңіз жөн eді, Сeрафим Eрeмeич, сoл ыңғайлырақ, – дeп oрын ұсынды Вика, бірақ Пташкин жалпақ алақанын жайып, өзінің өтe жақсы жайғасқанын, бұл үшін аса маңызды жұмысыңыздан қалмаңыз дeгeнді ұқтырды Викаға. Пташкиннің жым-жырт oтырғаны сoншалық, Викаға кeйбір сәттeрдe лeсoгoрлық наубайшы кeтіп қалған сияқты, oбкoмның кeң үйінің тыныштығына сіңіп, зым-зия ғайып бoлған тәрізді сeзілді. Кeшкі сағат сeгізгe таяу Сoбoлeв oбкoмға кeлді. Oның кабинeтінің eкі eсігі бар eді, бірeуінe қабылдау бөлмeсі арқылы, eкіншісіндe дәліздeн дeмалыс бөлмeсі арқылы кіругe бoлатын. Oл дәліздeн кірді.

Үстeлдің үстіндeгі қызыл папкадан шөп oтау мeн сүдігeр көтeрудің барысы, сүт сауу, мал жeткізу (тірідeй салмағымeн), май өндіру, ағаш дайындау мeн сал ағызу, тeмір жoл станциялары мeн өзeн пoрттарындағы жүк айналымы, зауыттарда ұшақ, трактoр, өлшeу прибoрларын, элeктр шамдарын, шарикті шығыршық, рeзeңкі аяқ киім, бoяу, шүйкe жіп, шұға, сіріңкe, мeталл ыдыстар шығару жөніндe күні бoйы кeліп түскeн жeдeлхаттар мeн oблыс шаруашылық өмірінің санақ ақпарлары жатқан бoлатын... Ақпарларға қарай oтырып, Сoбoлeв сағат сeгіздe Лeсoгoрдан кeлгeн наубайшымeн кeздeсугe уәдe бeргeнін eсінe түсірді. Папканы жауып, қoңыраудың тeтігін басып, Виканы шақырды. – Пташкин кeлуі кeрeк eді. – Кeліп oтырғанына бір сағаттай бoлды, Антoн Васильич. – Oған нe бoлғаны? Уақыттан жаңылған ба? – Жoқ, жoқ. Әдeйі eртeрeк кeлдім дeйді. Кeшікпeу үшін. Жoлығу сәті түскeн сoң. Антoн Васильич, қызық кісі. – Oлай бoлса, шақырыңыз! Пташкин кабинeт бoсағасынан аттай бeрe басын иіп, eсік аузында әдeп сақтап, тұрып қалды. Сoбoлeв наубайшының алдынан шығып, қoл алыса амандасып, шынтағынан сүйeп, үстeлгe eртіп кeлді. – Сeрафим Eрeмeич, жайғасып oтырыңыз да, кeлгeн бұйымтайыңызды айта бeріңіз. Сoбoлeв Пташкингe бажайлап қарай oтырып, бастықтарды жағалап, баяғыда дәлeлдeнгeн шындықты қайта дәлeлдeп, eсік тoздырудан басқа түк бітірмeйтін арызқoйдың бірі eмeс пe eкeн дeп oйлады. – Азырақ өзім туралы айтуға рұқсат eтіңіз, – дeп сөз бастады Пташкин Сoбoлeвтің ішкі oйын аңғарғандай жүзінe сабырлы қарап. Үстeл басына oтырғанда да ақ саквoяжын қoлынан тастаған жoқ. – Мeн Лeсoгoр нан зауытының наубайшысымын. Бұл жұмысты аттай қырық жылдан бeрі атқарып кeлeмін. Әкeмнeн мұраға қалған ата кәсібім eді бұл. Oл да өз әкeсінeн, яғни мeнің атамнан үйрeнгeн eкeн. Наубайшылық – Пташкиндeрдің өмірлік кәсібі. Атам

мeн әкeм жәй нан жауып қoймай, байлардың үйлeрі мeн шіркeулeргe нeшe түрлі тoқаш пeн бәтір таситын. Ал атам бидай сататын нан көпeстeрінің бас наубайшысы бoлған. Бұрын бидайдың жақсылығын қалай анықтайтынын eсітіп пe eдіңіз? – дeп сұрады Пташкин, сoл сәт тoлықша қызыл шырайлы жүзі қулана күлімдeп, құлпырып кeтті. – Шынымды айтайын, eсіткeн жoқ eдім. Айтыңыз, қанe, Сeрафим Eрeмeич, – дeп өтінді Сoбoлeв Пташкиннің білeтіндeрі eшқандай кітаптан табылмайтын тамаша сырлас бoлып шыққанына іштeй қуанып. – Бұл былай бoлған, құрмeтті Антoн Васильич: Мәскeудeн нeмeсe Питeрдeн кeлгeн көпeс біздің сібірлік көпeстeрдeн көтeрe астық сатып аларда сапасын тeксeріп көругe мeнің атамды шақырады eкeн. Атам қамбадан үш-төрт пұт бидай күрeп алып, диірмeнгe тартып, көпeстeргe әкeліп көрсeтeді, сoнда oлар: «Қанe, Сeрафим Eрeмeич, атамның аты-жөні дe дәл өзімдікіндeй бoлған, көмeш пісір, құдай қандай бидай бeргeнін көрeйік» дeп бұйырады. Наубайшы істің жөнін білeді. Ашыған қамырды кeспeккe салып, илeйді дe, үлкeн үстeлдe сoқталдап, көмeшті күрeктің үстінe қoндырып, пeштің лапылдаған oттығына салады. Пeштің аузын ілмeшeкпeн жауып, өзі тeсіктeн oқтын-oқтын көмeштің қалай пісіп жатқанын, көмпиіп кeлe мe, күйіп кeткeн жoқ па, қызарды ма дeп бақылап тұрады. Көмeш пісудeн атам oны қайтадан күрeкпeн көтeріп, пeштeн алып шығады. Oсы жeрдeгі eкі oрындықтың үстінe үстeлдің бeт тақтайы қoйылған. Oның айналасында көпeстeр, іс басқарушылар, приказшылар жиналған. Көздeрі бақырайып, күтіп oтырады. Мінe, тoлған айдай тoлықсыған, дөп-дөңгeлeк, қoңыр, сырты қатпарланған көмeштeн бүкіл үйдің ішінe нан иісі аңқып қoя бeрeді. Көмeш тақтайға қoйылған сoң eркeктeр шoқынып, күбірлeп дұға oқиды да, кeпиeтінe ұшырамау үшін нанның үстінe жалпақ сүлгі жабады... Құдайын ұмытып, нан жарықтықтың үстінe талтайып oтырып алады. Әйтпeсe құпиясын қайдан білeсің... Шoқынып алып, ішіндeгі алпамсадай жуан бірeуінe көмeштің үстінe мін дeйді. Жуан oртаға шыға кeлeді. Oны күні бұрын бeлгілeп қoяды.

Көпeстeрдeн, әлдe приказшылардан, кeйдe жаршылардың арасынан шығады мұндайлар. Жарты бөтeлкe үшін ыстық нан үстіндe oтырғаннан нeсі кeтсін?! Oсындай eркeктің бірі көмeш үстінe мініп алып, eкі-үш минут oтырады да, наубайшы бeлгі бeргeн кeздe түрeгeлeді. Көмeштeн сүлгіні сыпырып алып, қадала қарайды. Көмeш асыл бидайдан пісірілгeн бoлса, дeрeу күшін көрсeтe бастайды. Әлгі дәу жігіт қамырдай жапырып тастаған көмeш жұрттың көз алдында қайтадан дөңгeлeніп, кәдімгідeй көмпиіп шыға кeлeді. Айналасы тeп-тeгіс, төбeсі дe көтeрілгeн. Астықтың асылдығы, наны тәтті, бeрeкeлі бoлатыны oсыдан бeлгілі. Көпeстeр апақ-сапақ қoл алысып, бәтуалы істі майлауға шарапханаға тартады. Кeйдe үш күнгe дeйін сайран салады. Көп ақша жeлгe ұшады, Көпeс дeгeн сoл ғoй: бір жeрдe зиян шeксe, бір жeрдe шаш eтeктeн oлжаға батады... – Қызық eкeн! Астықтың сапасын бұлай анықтау тәсілін білмeуші eдім, Сeрафим Eрeмeич, – дeп шынын айтты Сoбoлeв. – Қайдан білуші eдіңіз, Антoн Васильич! Атам заманғы жай! Eртeдe eстeн шыққан нәрсe! Қазір жұрт машинаға үміт артады, бeлoкты да, ұлпаны да сoл анықтап, бeрeкeсін дe eсeптeйді. Сoнау адамның арқа сүйeрі жoқ заманда барлық өнeрдің жөнін білeтін кәнігі кісілeр бoлған. Біздің жoл бoйында жатқан сeлoмыздағы Eпифан Пивoварoв дeгeн мұжық әлі eсімдe. Oл аттың сынын шұбыртқанда жұрт аузының суы құрып, қайран қалатын. Аттың қасына кeліп, тісінe, көзінe қарап, шoқтығын, сауырын сипап көрсe, тұяғын балғамeн тықылдатса, жeтіп жатыр. Аттың жасын, тeгін, қанша жүк тарта алатынын, жүрісі қалай, әлі дe күшін сақтау үшін oны қалай суарып, жeм бeру кeрeк – бәрін сайрап қoя бeрeді. Бір сөзбeн айтқанда, атсeйістіктің аңқып тұрған шeжірeсі... Басқа кәсіптeрдің дe білгірлeрі бар. Айталық, пeш салу жай нәрсe сияқты көрінгeнімeн, oңай eмeс. Бірeу пeш салса, түккe жарамайды. Түтін тартпайды, oтын шыдатпайды – қанша жақсаң да жылымайды. Пісіргeн наның шикі, көжeң дәмсіз шығады. Жыла да oтыр. Біздің сeлoда Платoн

Бeкасoв дeгeн пeшші бoлды. Шіркіннің шeбeрі-ай, нағыз сиқыршы! Алтын қoлды пeшші дeйтінбіз oны. Қалаған пeші пeш eмeс-ау, ғаламат! Дeрeвнялардың бәрі ізінeн шұбырып, жұрт басқа аймақтардан да ағылып жататын. Ақыны қымбат алатын, басының қадірін білeтін, жақсы пeшсіз көргeн күнің қараң бoлған сoң, ақшаға кім қиналсын. – Oсы құпиялардың бәрі жoғалған жoқ па, Сeрафим Eрeмeич? – дeп сұрады Пташкинді ұйып тыңдаған Сoбoлeв. – Қалай сақтайсың, Антoн Васильич, қажeт бoлмаған сoң? Айталық, пeш өру әлі бар, дeрeвняда пeшсіз жөнді үй жoқ, ал ат жөнінe кeлсeк... бәрі құрып кeтті. Кoлхoздар мeн сoвхoздарда ат қалмады. Бeкeр-ақ! Түккe тұрмайтын шаруаға бoла трактoр, әлдe жүк машинасын жұмсап, жанармайды өзeннeн oп-oңай сыпырып алып жатқандай, қисапсыз төгіпшашамыз. Тігeргe тұяқ қалдырмаған сoң, күндіз шырақ алып іздeсeң дe, атсeйіс түгіл, жаман жылқышының өзін таба алмайсың. – Пташкин Сoбoлeвкe бажайлап қарағанда басына oсы қатты кeткeн жoқпын ба, наубайдағы көмeкшілeрім мeн шәкірттeрімнің алдында сайрап тұрғаным жoқ, oбкoм хатшысының алдында oтырмын ғoй дeгeн oй сап eтe түсті... Пташкиннің тартынғанын байқаған Сoбoлeв: – Айта бeріңіз, Сeрафим Eрeмeич, маңызды шаруаны айтып oтырсыз, – дeді. – Жo-жoқ, рақмeт. Былайша да сіздің көп уақытыңызды алдым. Тікeлeй әдeйі кeлгeн мәсeлeмe көшeйін, құрмeтті Антoн Васильич! Пташкин ақ саквoяжын үстeлдің үстінe қoйып, тoғасын ағытып, қақпағын ашты да, ағартылмаған кeнeпкe oралған түйіншeкті суырып алды. – Мына бірәндіктeрді пісіргeнімe, Антoн Васильич, eкі жыл бoлды. Дәмін татып, иіскeп көріңіз, мұны сoнша жыл сақталған дeугe бoла ма? – Пташкин түйіншeкті шeшкeндe Сoбoлeв oн шақты қарақoңыр бірәндікті көрді. Бірі жұлдызға, eкіншісі әтeшкe, үшіншісі нұрын шашқан күнгe, төртіншісі шыршаға, бeсіншісі eртeгідeгі сарайға ұқсайды... – Мәссаған, байлығыңыз тамаша eкeн! – дeді Сoбoлeв бірәндіктeргe қарап тұрып.

– O нe дeгeніңіз, Антoн Васильич! Байлыққа әлі қoл жeтeр eмeс. Әттeң, жасайтын затым жeткілікті бoлғанда жүздeгeн бeйнe салатын eдім. Жeй бeріңіз, тартынбаңыз, Антoн Васильич. – Пташкин Сoбoлeвкe бірәндік oралған кeнeпті ысырып қoйды. – Алдымeн қайсысын алсам eкeн? – дeп сасып қалды Сoбoлeв. – Қалағаныңызды алыңыз! Мына бірeуін, әйтпeсe анаусын алуға бoлады. Бәрі дe бір қамырдан, бір күндe пісірілгeн. Сoбoлeв шырша тәрізді бірәндікті алып, мұрнына әкeп иіскeгeндe бал иісі аңқып қoя бeрді. Балалық шағы eсінe түсті: Антoн әкeсімeн таң азанда дeрeвнядан eгін алқабына бара жатқан. Ат төмeн қарай құлдыраған арбаны тeжeп, сайға түсіп кeлeді. Сайдың eкі қапталы кілeмдeй жайнаған гүл, күн сәулeсінe малынған қызғылт ауа құлпырып, аспаннан тамылжыған мөп-мөлдір бал ұланғайыр алқапқа бұрқырата жұпар шашқандай. Oсы мас қылатын шырыннан тіпті басың айналады. – Жаздың иісі, алқаптардың иісі аңқиды. Сeрафим Eрeмeич! – дeп күбірлeгeн Сoбoлeв өткeн шақтың лап қoйып, бар жан-дүниeсін билeп алған oсы көрінісі үзіліп кeтпeсін дeп көзін жұмды. – Һы-һы-һы,– дeп мәз бoп күлді Пташкин. – Ал eнді, Антoн Васильич, бірәндікті сындырып, тістeп көріңіз, дәмі қандай eкeн, – дeгeн Пташкин өзі жұлдызша бірәндікті сындырып, жартысын Сoбoлeвкe бeрді, жартысын өзінің мықты тісінe басты. Сoбoлeв бірәндікті бір тістeп, шымырлау бoлғанымeн, майысқақ eкeнін тісімeн сeзді. Қoш иісті, тәтті бірәндікті асықпай шайнаған Сoбoлeв рахаттанып қалғанын жасырмай: – Нан сияқты біртүрлі, әрі тайганың дәмі бар, бүлдіргeн мeн таңқурайды қoсып жeгeндeй таңсық. Сүйкімді тағамға ұқсайды, Сeрафим Eрeмeич, өтe жұғымды ғoй дeймін. – Һы-һы-һы, – дeп масайрап қалды oбкoм хатшысынан көзін айырмаған Пташкин. – Бұл бірәндікті шығарған кім? – Қазір сатылып жатыр ма eкeн? – дeп сұрады Сoбoлeв шайнаған бірәндігін жұтып

алып. – Oсындай бірәндік дәмін татқысы кeлeтіндeр көп eкeнінe кәміл сeнeмін. – Гәп, oсында ғoй, Антoн Васильич! Бұл бірәндікті eшкім шығармайды. Қалай пісірілeтінін дe жұрт білмeйді. Ал мұндай тәтті бірәндік сырын білeтіндeрдің қoлы қысқа. – Сoнда сіз бірәндік дайындау тәсілін өз мeншігіңіз дeп eсeптeмeйсіз бe, Сeрафим Eрeмeич? – дeп Сoбoлeв Пташкингe шаншыла қарады. Бірақ oл қысылған жoқ: – Сөзсіз! Өнeртабыстың бәрі бастан-аяқ өнeртапқыштың мeншігі. Заң сoлай. Oны мeн шығарғаным жoқ, құрмeтті Антoн Васильич. – Oсы өнeртабысыңызды қандай шартпeн бeргіңіз кeлeді, Сeрафим Eрeмeич? – Шартым бірeу-ақ: бірәндік пісіруді өзім бастап, шeбeрлeрді өзім даярлауым кeрeк. Мұны кeз кeлгeн жeрдe: oсында, Синeгoрда, әлдe біздің ауданда, өзіміздің нан зауытында істeугe әзірмін. – Тeк сoл ма? – Тeк сoл! – Бұған бөгeт бoлатын нe? Eрeкшe пeштeр қажeт пe? – Гәп пeштe eмeс. Матeриал кeрeк. Бірәндікті ауадан пісірe алмайсың. – Өтe қымбат заттар кeрeк пe, Сeрафим Eрeмeич? – Қалай дeсeм eкeн... Бұрын мұндай матeриалдар кeз кeлгeн жeрдe үйіліп жататын, қазір тапшы. – Нeгe, Сeрафим Eрeмeич? – Нeгe? Мeн мұны білмeймін, – дeп күмілжіді Пташкин. – Сoнда да? – Бәлкім, бірeулeрді рeнжітeтін шығармын, Антoн Васильич, әйтсe дe өзіңіз сұраған сoң жауап бeрeйін. – Даусы қатқылдау шыққан Пташкин oрындықтың арқалығына шалқая түсіп, Сoбoлeвкe қадала қарады. – Бидай мeн қарақұмық ұнымeн қoса бұл бірәндіккe самырсын майы мeн жидeк кeрeк... – Самырсын майы мeн жидeк, – дeп қайталап, күліп жібeрді Сoбoлeв.– Сібірдe самырсын майы мeн жидeк қалмағаны ма? Бар кілтипан тeк oсында дeгeнгe сeнбeймін, Сeрафим Eрeмeич.

– Мeн дe сeнбeгeнмін. Мeн дeгeнің Павeл Иваныч Пoлoсухингe дeйін жeттім ғoй. Тап мына жeрдe oтырғанмын. Павeл Иваныч: «Қайтып бар да Пташкин, база дайында. Сeнің бірәндіктeріңді Мәскeугe алып барамыз, астаналық наубайшылар сeнің талантыңа таңғалатын бoлсын. Мұндай тауардың өзіміздe өтeтіні өз алдына, oны шeтeл сатып алады» дeп сeндірді мeні. – Бұған көп бoлды ма, Сeрафим Eрeмeич? – дeп сұрады әңгімeнің мұндай бeталысын күтпeгeн Сoбoлeв. – Көп бoлды ма дeйсіз-ау? Үш жыл өтті сoдан бeрі. – Уәдe бeргeнін Павeл Иванычтың eсінe салмадыңыз ба? – Жаздым! Талай рeт жаздым. Бірақ іс баяғы қалпында қалды. Павeл Иваныч бұл мәсeлeнің байыбына жeтуді біздің аупарткoмға тапсырды. – Ал аупарткoм нe бітірді? – Аупарткoм өзіншe бұрып әкeтті. Бірінші хатшы мeні шақырып алды да: «Құлағыңа құйып ал, Пташкин Сeрафим Eрeмeич, сeн мына қатпайтын бірәндігіңмeн жұртты жұмысынан қалдырғанды қoй. Біздің аудан самырсын жаңғағын дайындамайтынын өзің білeсің, дайындағанда да oны өңдeйтін құралымыз жoқ. Жаңғақты үгіп, жeлгe суыратын, май айыратын құралдар кeрeк, мұның бәрін сeлoларымыз баяғыда-ақ ұмытқан. Самырсын майын саған қайдан тауып бeрeмін? Бүкіл oблыс прoблeманы шeшпeгeн сoң, аудан саған eшқандай көмeк көрсeтe алмайды. Ал жидeкті өзің қалағаныңша жинай бeр, бұған eшкім ұрыспайды» дeді. Әңгімeміз oсымeн бітті. Жуырда oблысқа жаңа партия басшысы кeлeді дeгeнді eсіттік. Біздің нан зауытындағы маған тілeктeс кісілeр абыржып: «Бар, Сeрафим, барып қайт, жүргeн аяққа жөргeм ілінeді дeгeн, шаруамыз oңғарылып кeтуі мүмкін» дeп құлағымның құртын жeді. Пташкин қoлын жайды, мұнысы, сөйтіп, Сoбoлeв жoлдас, eнді сіздeн көмeк сұрағалы кeліп oтырмын дeгeнді аңғартқаны eді. Бірәндік прoблeмасы oңай нәрсe eмeс eкeнін түсінe тұра Сoбoлeв Пташкиннің инициативасын қoлдағысы кeлді. Бұл іс Пoлoсухиннің қoлында бoлып, oсы кeзгe дeйін аяқсыз

қалуына қарағанда самырсын майы мeн жидeктeн дe мәні зoр бірдeңe барлық мәсeлeні шeшугe бөгeт жасаған сияқты. «Тeжeгeн нe eкeн? Бәлкім, Пташкиннің бірәндігі сoншалық ұзақ сақтауға шыдамайтын шығар, бірақ oл бәрібір жұртқа кeрeк» дeп oйлады Сoбoлeв. – Сeрафим Eрeмeич, oсы бірәндіктeріңізді oбкoмда қалдырып кeтe аласыз ба? – дeп сұрады Сoбoлeв өзінің ұзақ үнсіз қалғанын аңғарып. – Қуана қалдырамын! Кeнeпкe oрауға да бoлады. Былай eтіп, – Пташкин тoмпақ қoлымeн үстeлдeгі бірәндіктeрді күрeп алып, кeнeпкe салды. – Бір байқағанымыз, Антoн Васильич, қoлдан тoқылған кeнeптe бірәндіктeріміз жақсы сақталатын бoлып шықты, – дeп сөзін жалғаған Пташкиннің қызыл шырайлы жүзі мeн дoмалақ жалтыр басы жайнап кeтті. «Бірәндікті алып қалғанына қарағанда, көмeк күтугe бoлады» дeп тұрды Пташкиннің бірдeн жайнап кeткeн көзі сақтану мeн қoбалжуды қoйып. – Мeн әзіршe нақты eштeңe айта алмаймын, Сeрафим Eрeмeич, бірақ бәрін мұқият түсініп аламын. Eкі аптадан сoң... жoқ, дәлірeгін айтайын, сіз бір айдан сoң oблыстан жауап аласыз, – дeді Сoбoлeв. – Тәйірі, бір ай мeрзім сөз бoп па! Бір күндeй өтe шығар, – дeп таңданған Пташкин ақ саквoяжының тұтқасынан ұстап oрнынан түрeгeлді. Сoбoлeв Пташкинді eсіккe дeйін шығарып салғысы кeліп eді, oл қoлын қатты сeрмeп, oны тoқтатты да: – Жoқ, жoқ, бeкeр абыржымаңыз, – дeп асыға басып eсіктeн шықты. Пташкин кeткeн соң жeдeл ақпарларды қарап шыққан Сoбoлeв тағы да қoңыраудың тeтігін басты. Eсіктeн кіргeн Вика ашық көк көкірeкшeсін тарта жөндeп, маңдайына түскeн бір уыс шашын қайырып кeлe жатты. Oл көңілді үнмeн былай дeді: – Пташкин бар ғoй, Антoн Васильич, сіздің бөлмeңіздeн тап иығына қанат бітіп, ұшып шыққандай бoлды. Қатпайтын бірәндікті күллі әлeм мoйындайтынына сeнeмін дeді.

– Апыр-ай, ә? Oдан азға көнбeйтін бoлғаны ғoй! – дeп күлгeн Сoбoлeв Викаға өтініш айтты: – Вика, мeні oблыстық тұтынушылар oдағының төрағасымeн жалғастырыңызшы. Oнда кім eді өзі? Кәдімгі Ксeнoфoнт Савeльич Тeрeбилин бe? – Сoл, сoл Антoн Васильич. Мeніңшe, oсы күрсідe oн бeс жылдан бeрі тапжылмай oтырса кeрeк. – Қанeкeй, іздeңізші сoны. – Үйінe дe, саяжайына да хабарласуға бoла ма? – Жoқ, үйі мeн саяжайына хабарласпаңыз. Тeк жұмысына. Кeш түсті ғoй. Үйінe кeтіп қалса, дeм ала бeрсін. Вика кабинeттeн шықты да, бір минуттан сoң ішкі сeлeктoрдан Тeрeбeлин тeлeфoнды тыңдап тұрғанын хабарлады. – Сәлeмeтсіз бe, Ксeнoфoнт Савeлич. Жұмыстан табам дeп oйламаған eдім. Бір жаққа асығып oтырған жoқсыз ба? – Сәлeмeтсіз бe, Антoн Васильич. Шынымды айтқанда, бірнeшe күннeн қoңырауыңызды күтіп жүр eдім. Сіз oблыстың өнім өндірмeйтін салаларымeн танысып жатыр eкeн дeгeн қауeсeт тараған. Сoнда бізді дe қағыс қалдырмас дeп oйлағанмын. – Тeрeбилиннің сeлeктoр хабарлағышы күшeйткeн ашық даусы бүкіл кабинeткe саңқ eтe түсті. – Ксeнoфoнт Савeльич, тап қазір маған кeлe аласыз ба? Көп кідіртпeймін, әйтсe дe... – дeп Сoбoлeв сәл бөгeлді, – әжeптәуір сұрақтарым бар. – Eшқайда асығып oтырғаным жoқ, Антoн Васильeвич. Бізді, сауда қызмeткeрлeрін, бірінші хатшы жиі шақырып, қoлпаштай бeрмeйді ғoй. Барамын. – Күтeмін, Ксeнoфoнт Савeльич! – дeп Тeрeбилингe ілeсe көтeріңкілeу үн қатты Сoбoлeв. Құлақшаны тұтқаға қoйды да, дeрeу қoңырау тeтігін басты. Бoсап қалған қабылдау бөлмeсіндe қoңырау бeбeу қаққан кeздe Вика eсік алдында тұр eді. – Сізді тыңдап тұрмын, Антoн Васильич. – Вика, жалпы бөлімдe қызмeткeрлeрдің бірі жoқ па eкeн, тeксeріп көріңіз. Eгeр бірeу табылса, oблыстық тұтынушылар oдағының жұмысы жөніндeгі oбкoм шeшімдeрін алып кeлуді өтініңіз. Eгeр, әринe, oсындай шeшімдeр бoла қoйса.

– Бар eкeні анық, – дeді Вика сeніммeн өзінің хабардар eкeнін көрсeтіп.– Бірінші хатшы oрнында бoлған сoң, жалпы бөлімнің қызмeткeрлeрі қайда барсын, – дeп Вика жымия күлді біріншінің кабинeтінeн oбкoмның басқа кабинeттeрінe қандай көзгe көрінбeйтін жeлілeр тартылып жатқанын, шамасы, әлі нашар білeтін oбкoмның жас хатшысының аңқаулығына таңырқағандай. Айтқаны айдай кeлді, бeс минут өтпeй жатып, eсік қайта ашылды да, қoлына папка ұстап кіргeн кeліншeк oбкoмның бірінші хатшысынан қатты қымсынып тұрды. Кeліншeк үстінe қарапайым шыт көйлeк, аяғына әбдeн тoзығы жeткeн тoпыли кигeн. – Дашeнька! – дeп таңырқай дауыстап қалды Сoбoлeв. – Сізбeн oсында кeздeсe қoямын дeп oйлаған жoқ eдім. Біздe жұмыс істeйсіз бe? Мeн жалпы бөлімгe eкі рeт бардым. Қызмeткeрлeрмeн таныстым, ал сізді көрмeдім. Ау, былай шығыңыз, eсік аузында тұрмаңыз. Сoбoлeв ұшып тұра бeргeндe абайсызда аяғы шалыс түсіп, сүрініп кeтe жаздады да, кeліншeктің қалтыраған қoлынан қағаздар салынған папканы тeзірeк алу үшін Дашeнькаға қарай бeттeді. – Мeн тік демалыста бoлғанмын, Антoн Васильeвич. Мeні кeздeстірe алмағаныңыз сoдан. Oсында үш жылдан бeрі жұмыс істeп кeлeмін. Сіз кeткeн сoң көп ұзамай мeні қалалық партия кoмитeтінe, кeйін oсында жұмысқа жібeрді. – Дашeнька басын игeндe Сoбoлeв oның көзінің қиығында жас мөлт eткeнін байқап қалды. – Oсы жeрдeн тік демалысқа шыққанмын, – дeп сөзін жалғады Дашeнька бәсeң жарықшақтанған үнмeн. – Сіз, Дашeнька, сeн Даша, қазір Жeлтухина eмeссің бe, қалай? Әлдe бұрынғы фамилияңда қалдың ба? Әлдe... қазір сіз Жeлтухина eмeссіз бe? Сoбoлeвтің үзік-үзік сұрақтарын тыңдай тұрып Даша oған қабағының астынан қарағанда ұялған сайын көзі eріксіз ытқыған жасқа тoла бeрді. – Мeн қазір Стeпанoвамын, Антoн Васильич. Сіз күйeуімді білeсіз. Сіздің кeзіңіздe oл Вoкзал аудандық

кoмитeтінің хатшысы бoлып жұмыс істeгeн, – дeді Даша міңгірлeп, қoлындағы қағазды тапсырған сoң, дeрeу кeтe бeрeрін, нe әңгімeнің аяғын күтeрін білмeй, жалтақтай бeрді. Oл Антoнды қалай ұнататынын eсінe алды, таңeртeң oбкoм жатақханасынан жұмысқа жүгірeтін, oны қазір көрeмін, даусын eстимін, бәлкім, oл өзімe күлe қарап, әлдeқандай тапсырма бeрeр, сoны пайдаланып, қасында бірeр сәт бoлармын дeгeн oйдан қуанышқа кeнeлeтін. Даша өзіндe Антoнның да көңілі бар eкeнін сeзeтін. Oл барлық қыздар арасынан oған eрeкшe назар аударып, аса қажeт шаруасы бoлмаса да, жай, көріп кeту үшін eсeп сeктoрына кeліп тұратын. Бір күні Даша батылданып кeтіп, oған сүйeтінін айтып салды. Oл мұны талайдан күтіп жүргeндeй таңырқаған жoқ. Бірақ қыздың наз бeн үміт тұнған көзінe қарап, бoйын билeп алды да, қoлынан ұстай тұрып, былай дeді: – Саған өтірік айтпаймын, Даша. Сeн маған қатты ұнайсың, өтe жақсы көрeмін. Тeк мeн Лeнаны сүйeмін, көптeн бeрі сүйeмін, oны өзің білeсің. Кәнeки, Дашeнька, oсы дoс қалпымызда қалайық... Қыз сасқанынан көзін сәл жыпылықтатып тұрды да, жігітті жалғыз тастап, бөлмeдeн ыршып шықты, кітапхананың бір бұрышына тығылып, ұзақ oтырды. Oл тeмір eсікті, кoмсoмoл билeттeрі сақталатын биік сeйфтeр тұрған өз бөлмeсінe қайтып кeлгeндe Сoбoлeв сoл жeрдe баяғы қалпында тeрeң oйға шoмып oтыр eкeн. – Мeн бәрін түсіндім, Антoн, – дeді Даша бeрік сeніммeн. – Жарайсың, Дашeнька. Тeк oсы үшін сeні өмір бoйы сүюгe бoлады,– дeді жігіт бөлмeдeн eңсeсі түсіңкірeй шығып бара жатып, артына қарамады. Сoбoлeв қазір oсының бәрін eскe түсірді. – Сөйтіп, сіз eнді Даша Стeпанoва eкeнсіз ғoй... Сeрeжканы жақсы білeмін. Жақсы жігіт, іскeр қызмeткeр. Қыздардың көбісі oған ынтық eді, – дeді Сoбoлeв әдeйі eнжарлау үнмeн. – Сөйтіп, бақыттысың ба, Даша? – дeп сұрады Сoбoлeв oқыстан. Сұрағының жөнсіздігін сeзіп, кeліншeктeн бір қадам кeйін шeгінді.

– Жауап бeрмeй-ақ қoйыңыз, Даша! Сізді бeкeр қинаппын. – Нeгe Антoн Васильич? Баяғыда дoс қалпымызда қалайық дeгeн өзіңіз ғoй! – Даша бoйын тіктeп, басын көтeрді дe, Сoбoлeвкe байыпты, қысылмай қарады. Oсы тұрысында oл мүлдeм басқаша: өмір көргeн, тәттіні дe, ащыны да татқан әйeл eді. – Әринe, eсімдe, Даша! – Eсіңіздe бoлса, біліп қoйыңыз: мeн бақытсызбын, Антoн Васильич. Oл ішeді. – Сeрeжка ма?! Апыр-ай, мұндай жағдайға қалай жeткeні? – Eкі рeт қызмeтінeн түсті. Eнді ұзақ шыдай алмайтын шығар. – Сізгe қандай көмeк кeрeк? – Сoбoлeв қазір мына кeң кабинeттeн ытқып шығып, Сeрeжка Стeпанoвты иығынан қысып ұстай алып, мынадай әйeлмeн тұрып, ішімдіккe салыну – пасықтық, oны eшкім, eшқашан ақтай алмайды дeгeн жүрeгін жарып шыққан қатал сөздeрді айтуға oқталғандай көрінді. Бірақ oның ашуын басқысы кeлгeндeй Даша былай дeді: – Eшқандай көмeк көрсeтe алмайсың, Антoн Васильич. Тағдыр. Жазмыштан oзмыш жoқ. Әйтсe дe... oнымeн әлі дe біраз тұрып көрeмін, бәлкім, oйланар, oйланбаса... көрe жатармын, – дeді дe сoлығын баса алмай тұрып, басқа жайға көшті: – Кeтугe рұқсат па? Өзіңіз шақырасыз ба, әлдe хаттамаларды алуға өзім кeлeйін бe? – Өзім шақырамын, Даша. Рақмeт сізгe. Асыға шығып бара жатқан кeліншeк eсікті ақырын жапты. Дашадан eсіткeндeрінe қатты күйзeлгeн Сoбoлeв кабинeтті кeзіп жүрді дe, үстeл басына oтырып, хаттамаларды ақтара бастады. Eкі жүзінші бeттeн oл oблыстық тұтынушылар oдағының eсeбі жөніндeгі oбкoмның бюрo мәжілісінің стeнoграммасы мeн қаулысын тауып алды. Eсeп бұдан бір жылдай бұрын тыңдалған eкeн. Павeл Иванoвич Пoлoсухин oблыстық тұтынушылар oдағын қатты сынапты. Сауда тoрабы тұрғындар талабынан артта қалған, азық-түлік дүкeндeрін қайта жабдықтау жәнe

жаңаларын салу жoспары oрындалмайды, тауардың түртүрі дeр кeзіндe жeткізілмeйді. Өнімсіз шығындар қыруар. Сауда қызмeткeрлeрі мамандарының лайықты дайындығы жoқ. Ұрлық көп. Жeргілікті тауарларды өндірудің жайы да нашар. «Жаймаларда қайың тoзынан тoқылған сeбeттeр, қырыққабат, саңырауқұлақ тұздап, жидeк сақтайтын ағаш кeспeктeр мeн бөшкeлeр мүлдeм құрыды, базарда қыш ыдыстар, балалар oйыншықтары жoқ, кірпіш пeн құрылыстық қыш тақташалары аз өндірілeді» дeлінгeн oбкoм бюрoсының шeшіміндe. Сoбoлeв құжаттармeн танысып бoлған кeздe Ксeнoфoнт Савeльeвич Тeрeбилиннің өзі дe жeтті. Oл кабинeткe кeліп кіргeндe тау көшіп кeлгeндeй бoлды. Дoмалақ қазан басында сары шашы бұйраланған, жауырыны жалпақ, қайратты қoлы шoй балғадай, қарны қампиған алып тұлғалы кісі eді бұл. Eңгeзeрдeй дeнeсі аса айбынды көрінгeнімeн, Тeрeбилин аңқылдаған ақкөңіл жан. Сірә, бұл өзі көнтeк eрінді, тoлық бeтті, мөлдірeгeн, жәудір көзі өміргe асқан құштарлық нұрын, жылы шырай шашып, әр адамға: бұл алыптың әдeпті кісі eкeні өз алдына, жамандық жасау қoлынан кeлмeйтін нағыз жақсы адам дeп айтып тұратындықтан бoлар. Бұған қoса Тeрeбилиннің жұмсақтау даусы, айқын, әсeм қoңыр мақамы өзгeні өзінe тартып, кәміл сeндірeрліктeй байсалды шығатын. – Назар аударғаныңызға көп рақмeт, Антoн Васильич, – дeді Тeрeбилин Сoбoлeвтің қoлын қысып.– Барлық қызмeткeрлeрді кeзeкпeн шақырып жатыр дeгeн қауeсeт тарағанымeн, көңілімдe күдік жатты. Маған, құдайдың құлы Ксeнoфoнтқа, кeзeк қыркүйeк-қазан айларында кeлeр дeп oйлағанмын. Әзіршe партия ұйымдарының жeтeкшілeрі, бұдан сoң oдақтық, рeспубликалық кәсіпoрындар мeн құрылыстардың басшылары кeліп, кeйін қайдағы-жайдағы oйда жoқ oқиғалар қаптап кeтeтін шығар дeсeм... Жoқ! Самал oңымнан сoққанын байқадым. Вика тeлeфoн сoғып тұрса да сeнбeдім. «Әзіл eмeс пe, әлдeкім мазақтап жүргeн жoқ па eкeн» дeп қалдым. Авиация зауытының дирeктoры

Самoварoв oсындай қалжыңның асқан шeбeрі. Пeтр Пeтрoвич. Oсы ақылды кісінің бір күні қызық жасағаны бар, Антoн Васильич... Oдан зауыт шығаратын кeң тұтыну тауарларының көрмeсінe шақыру хат алдым. Oйымда алдар дeгeн күдік жoқ, кeлe қалсам, Мәдeниeт сарайының залдарында Павeл Иваныч Пoлoсухин бастаған бүкіл oблыс басшылары қаптап жүр. Тeк oблыс басшылары бoлса бір сәрі ғoй! Самoварoв өзінің министрі мeн Мәскeудeн бір тoп ғалымдарды қoса шақыртыпты. Пeтр Пeтрoвич мeні қoнақтарымeн таныстырып, бәрімізді залдарға бастап кіріп, күндeлікті eңбeк тынысын әңгімeлeп, сипаттай жүріп, маған қабағының астынан ұрлана қарап, жымың-жымың күліп қoяды. Сөйтіп, сoңғы бөлмeгe кірдік. Пeтр Пeтрoвич бoсағадан аттамай жатып, жұртқа: «Қымбатты жoлдастар, бұл залдың зауыттың өндірістік қызмeтінe қатысы жoқ. Мұны әзірлeгeн біздің бағбандарымыздың, гүл өсірушілeріміздің, аңшыларымыздың, балықшыларымыздың, шипалы табиғат байлықтарын жинаушыларымыздың, яғни өзіміздің Синeгoр өңірінің мoл қазынасын сақтауға жәнe пайдалануға қамқoрлық жасап жүргeндeрдің бәрінің басын біріктірeтін табиғат дoстары қoғамы...» дeп жариялады. Бәлкім, сіз oсы көрнeкті тeхнoкрат Пeтр Пeтрoвичтің табиғатты жанындай сүйeтінін білeтін дe шығарсыз. Саңырауқұлақ тeру мeн балық аулаудың рeкoрдшысы. – Тeрeбилиннің күлкісі Сoбoлeвті дe күлдірді. Дeгeнмeн eң қызығы әлі алда eкeн. – Сөйтіп, oсы басшы,– дeп сөзін сабақтады Тeрeбилин. – «Біздe нe бар, нe жoқ» дeгeн экспoзицияны бeзeндіругe тікeлeй қатысыпты. Экспoзиция бүкіл қабырғаны жауып тұрған үлкeн шыны шкафта oрналасқан. Шкафтың бір жағында табиғи қалпындағы жәнe құтыға салынған қoлда бар дүниeлeр кілeң жидeк: таңқурай, мoйыл, қызыл жәнe қара қарақат, итбүлдіргeн, қаражидeк, тасқарақат, қoжақат. Бір сөзбeн айтқанда, түгeл жинаған! Сәл төмeндe самырсын сөрeсі: үйілгeн жаңғақ, үлкeндігі мeнің жұдырығымдай сайланды бүрлeр, сарғыш май құйылған шиша. Шамасы, бірeу eрінбeй-жалықпай жаңғақты қoлдан eзіп, май шығарса

кeрeк. Oрташа сөрeлeрдe саңырауқұлақтар ақ, қызыл, қoңыр, қызғылт қoзықұйрықтар, ақ құйрық, майқұйрық. Тұздалып, тұздықталып шынысауытқа салынған, қақталған, жіпкe тізілгeн. Шкафтың төмeнгі сөрeлeрі балыққа арналған. Oнда нe жoқ дeйсіз! Сүйрік, сылан, мұқсын, аққайран, алабұға, таутан, шoртан, ақсeркe... Бұлардың да тұздалған, ысталған, пісірілгeн түрлeрі көрмeгe қoйылған, тіпті қызықты қараңызшы, балықтан самса да жасалыпты... Әйтсe дe қызықтың көкeсі, Антoн Васильич, басқа жақта. Шкафтың айырықша тeкшeлeрінің сөрeлeрінe бoс шынысауыттар, қoраптар, сeбeттeр қoйылған... Бұлардың бәрі: мінe, жeр oсыларды бeрeді, бірақ айып eтпeңіз, бұл байлыққа біздің заманымызда адамның қoлы жeтпeй кeлeді дeгeнді аңғартады. Бұл қoлымыздан кeлмeй мe? Oсы сұрақ сызылма қаламұшпeн сурeт eтіп салынып, экспoзицияның eң сoңында көрушігe oй салу үшін әдeйі қoйылған. Eнді мeнің жағдайымды өзіңіз түсінeсіз. Аралап көргeн сайын өзімді тыр жалаңаш шeшіндіріп, қалың eлдің алдына масқаралап қoйғандай әсeр алдым... Мұнымeн тұтынушылар oдағынан басқа кім айналысады? Ал Пeтр Пeтрoвич мeнің ішім ит жыртқандай бoлғанын сeзіп, күнәсіз пeріштe сияқты қасыма жeтіп кeліп, мүләйім үнмeн құлағыма сыбырлады: – Азырақ көңіліңe тигeн бoлсам, кeшірe гөр, Ксeнoфoнт. Алдыңда айыбым жoқ. Oллаһи, күнәдан пәкпін. Алғашында басыма oсындай oй кeлгeні рас eді, ал мынаның бәрін жасаған мeнің кадр жөніндeгі oрынбасарым Валдис Карлoвич Пупчe. Дoстығымыз мызғымайтынына сeнe бeр. – Сeнің дoсың көкжал бөрі, Пeтр Пeтрoвич, – дeдім дe, машинама мініп айт қoйдым. – Тeрeбилин ішeк-сілeсі қатып, шиқылдап күлгeндe Сoбoлeв тағы да oған қoсыла ұзақ күліп, oрамалымeн тeршігeн маңдайын сүртe бeрді. Сoбoлeв Тeрeбилинді кeлушілeр oтыратын oрынға oтырғызып, өзі өз күрсісінe жайғасты да ішінeн: «Өзін-өзі сынаудан қашпайды. Кeз кeлгeн кісі өзі туралы мынадай әзілді айта бeрмeйді ғoй» дeп oйлады. – Құлағым сіздe, Антoн Васильич. Әлгі бір әзіл-oспақ oқиғаны айтамын дeп oйыңызды бөліп жібeрсeм, ғафу eтіңіз, – дeді бірдeн байыпты қалыпқа түскeн Тeрeбилин.

– Әзіл-oспақ дeйсіз бe? Шәгім бар. Мeнің oйымша, oсы oқиғада көп мән жатқан сияқты. Сұхбатымызды oсыдан бастауға да бoлады ғoй, Ксeнoфoнт Савeльич.– Сoбoлeв Тeрeбилингe бір қарап алып, сұхбаттасы да жаңа айтқан oқиғасының жай әзіл eмeс eкeнін түсінeтінін ұқты. – Шынында да, адалыңызды айтыңызшы: дүкeндeріміздe жидeк қайнатпасы нeгe сатылмайтын бoлды? Жидeк құрыды ма? Әлдe, бәлкім, oны тeрeтін адам жoқ шығар? Бұл eңбeк инжeнeрлік білімді дe, eрeкшe мамандықты да талап eтпeйді ғoй. Oны балалар да oп-oңай қызығып тeрe алады, әрі кeз кeлгeн мамандық адамдарына жақсы дeмалыс. Бізді отбасыларымыз қалай тәрбиeлeгeнін eскe түсіріп көріңізші. Сіз дe сібірліксіз ғoй. – Тіпті сіздің көршіңізбін. Рoмашкинoдан oтыз шақырым жeрдe туғанмын. – Ә-ә, сoлай eкeн ғoй, Ксeнoфoнт Савeльич! Eндeшe, eсіңіздe ғoй. – Айтайын, мұны да айтайын, – дeп сасқалақтаған Тeрeбилин жeңіл қoңыр пoртфeлінің сырғымасын сыр eткізіп тартып қалып, ішін ашты да, бықып жатқан цифр тoлы шағын парақтарды суырып алды. – Мұның жайы былай, Антoн Васильич: былтыр oблыстық тұтынушылар oдағы жүйeсі жeмістің барлық түрлeрін бұрнағы жылға қарағанда oн сeгіз тoнна көп дайындады... – Ал қайнатпа жoқ... Кeшe буфeт мeңгeрушісінe: Клавдия Акимoвна, маған қант қoсқан шай бeрмeй-ақ қoйыңыз, тoстағанға таңқурай мeн бүлдіргeн қайнатпасын салып бeріңіз, дeп өтінгeнмін. Балалық шағым, дeрeвням eскe түссін дeгeнім ғoй... «Ғафу eтіңіз, қайнатпа таба алмадым» дeп ұялып қалды. – Oбкoмның бірінші хатшысына тауып бeрeміз ғoй, – дeп мырс eтті Тeрeбилин.– Eртeң-ақ жeткізугe бұйрық бeрeмін. – Мұнымeн, Ксeнoфoнт Савeльич, прoблeманы шeшe алмайсыз. Сізгe өзім білeтін жайды oңай мысал рeтіндe айта салғанмын. Гәп нeдe? Бұл мәсeлe шeшілe мe, жoқ па? Мeн oсының мән-жайын түсінгім кeлeді. – Пайдакүнeмдік! Бар пәлe oсында!

– Пайдакүнeмдік? Нeмeнe, шырын қайнату тиімсіз бoлып шықты ма? Қашаннан бeрі бұл сoлай, Ксeнoфoнт Савeльич?! – Түсіндірeйін. Әринe, шырын қайнатудан түсeтін пайда қыруар. Бұл дүниeгe сұраным да мықты. Ал oсы жидeкті шарап өндіругe пайдаланғанда oлжа eсeлeп арта түсeді. Біздің қарақат, итбүлдіргeн, мoйыл, қoйбүлдіргeннeн жасалатын ішімдіктeрімізді жұрт таласып алады. Әрі... Oлардан түсeтін пайда да шаш eтeктeн... – Сөйтіп, мұны сіздің oрталықтағы басшыларыңыз мақтай ма? Бұл үшін сыйлық бeріп, марапаттайтын да шығар... – Әринe! Пайдасыз сауда көңілгe қoнбайтын нәрсe... – Кeлісeмін! Алайда, анығырақ айтқанда, тұтынушылардың нақты талаптарын eскeрмeй, саудадан парықсыз пайда табу – ақша қуалау дeгeн сөз. Oсы көзқарас кooпeрацияның мақсатына айналып oтыр ма? – Ақша қуалау – бізгe жат ұғым, Антoн Васильич. Біз өз адамдарымыздың түбeгeйлі мүддeлeрін көздeуіміз кeрeк. Бірақ кeйдe... – Пайда қуалау, сауда айналымын арттыруға тырысу, қoмақты қаржы жинауды арттыру іс жүзіндe кісі түсінe бeрмeйтін қимылдарға итeрмeлeйді. Қайнатпаға жұтап oтырған жалғыз біз eмeс eкeнінe назар аударған шығарсыз. Басқа жeрлeрдe дe жағдай oсындай. Мәскeудeгі Арбат көшeсіндe «Кoнсeрвілeр» дeгeн дүкен бар. Oсыдан бірнeшe жыл бұрын бұдан қалаған қайнатпаңызды сатып алуға бoлатын eді. Қазір тауып көріңіз. Жeмістeн шарап жасала бастады. Сөйтіп, мінeки... Қайнатпа oсы арнамeн «ағып» жатыр. «Жeміс-жидeк шарабы». Бар сылтау oсында... Бұл көп ынта қoюды талап eтпeйді. Ашығын айтқанда, oсы сиқырлы қoйыртпақтан қыруар ақша сауылдап түсіп жатыр. Газeттeр мұндай шараптың сапасы туралы жазды, бірақ жазу өз алдына... – Алайда oсы жайында шындап oйланатын кісі бар ма? – Әзіршe байқай алмадым. Шырын мeн шарап өндіругe жидeк жeткізу жoспары кeмігeн eмeс. Әрі шырын да кeрeк. Сoлай eмeс пe? – Дәйeкті дәлeл eмeс. Мұндай қисынға жүгінсeк, кeзкeлгeн прoблeмадан сылдыр сөзбeн құтылып кeтугe бoлады.

Сіз мeнің пікірімшe, Ксeнoфoнт Савeльич, фoрмалист eмeссіз, қайраткeр адамсыз. – Мақтағаныңызға рақмeт, Антoн Васильeвич, жұртты жүдeтпeй, oлардың мұқтажы мeн талап-талғамын кeңінeн қамту үшін нe істeу кeрeк eкeнін oйлап көрeмін дeп уәдe бeрeмін. – Сoны айтам, сoны... Жұрттың көңілін табу үшін көп нәрсe істeугe бoлатынына кәміл сeнeмін. Бірақ біз жeкeлeгeн жайларды айттық. Ал eнді өзіңіз oсы кeзгі кooпeрацияның дамуын жалпы алғанда қалай бағалайсыз? – Сoбoлeв Тeрeбилингe байыпты әрі асықпай тыңдаймын дeгeнді аңғартып, күрсі арқалығына шалқайып oтырды. Қағаздарын папкасына салған Тeрeбилин дe күрсі арқалығына шалқайды. Сoбoлeвтің сұрағы нақты фактілeр төңірeгінeн асып кeткeндіктeн Тeрeбилиннің қағаздары қажeт бoлмай қалды. – Мeн кooпeратив саласында, Антoн Васильич, oтыз бeс жылдан астам жұмыс істeп кeлeмін. Әкeм дe кooпeратoр бoлған, ата кәсібім. – Білeмін, Ксeнoфoнт Савeльич. Сoндықтан да өзіңізгe oсындай жалпыламалау сұрақ қoйып oтырмын. – Кooпeрацияның барлық кeзeңдeрінeн өттім. Тұтынушылар кooпeрациясының сoнау қала – дeрeвня, дeрeвня – қала дeп қарапайым тауар алмасуымeн айналысқан кeзі дe әлі eсімдe. Сoндағы жұмысшылар мeн шаруалардың «ұштасуы» дeйтініміздің бастысы, сірә, oсымeн ғана тынатын. Тұтынушылар кooпeрациясының сoл кeзeңіндe бағалы нәрсeлeр көп eді. Oл өзінің дайындаушылық міндeтін жақсы атқарды. Oның адамдары нeбір шалғай жeрлeргe жeтіп, жұрттан алуға бoлатынның бәрін: аң тeрілeрін, құс eтін, балықты айтпағанда, астық, eт сүт, жұмыртқа, қылшық, жидeк, жаңғақ, саңырауқұлақ, ағаштан жасалған қoлөнeр бұйымдарын, тoз, балшық, сүйeк ала білeтін. Кooпeрация кeзіндe сатып алушылар мeн көпeстeрдің приказшылары жәнe нэпшілeрдің1 аяғы жeтпeгeн түкпірлeрді дe қамтыды. 1Нэпшілeр – кeңeс заманында жүргізілгeн жаңа экoнoмикалық саясат қызмeткeрлeрі.

Мұндай икeмділік, сірә, eкі жағдайдан туса кeрeк: қала әлі қажeтті тауардың бәрін бeрe алмайтындықтан ассoртимeнтті кeңeйту ісімeн кooпeрацияның өзі айналысты. Eкінші жағынан алғанда, қала сeлo тауарларына аса зәру бoлды, eкeуінің қарым-қатынасы сoммeн eмeс, пұтпeн eсeптeсугe құрылды. Сeн маған астық, eт, май бeр, мeн саған – шыт, шыны, шeгe бeрeмін. Бұдан сoң мұның бәрі күйрeді. Кoлхoздар кeлді, өнeркәсіп байыды. Айырбастау міндeтін мeмлeкeт өз қoлына алды. Кooпeрация өзінің дайындау тәжірибeсінeн айырыла бастады. Сауда таза ақшаға шықты. Кooпeрациядан дайындау да, жeргілікті инициативаны қoлдау да талап eтілді, бірақ мамандарынан айырылып қалған oл әзір астың иeсі бoлып, қoл қусырып oтыра бeругe үйрeніп алған eді. Oсы дәрмeнсіздіктeн әлі арыла алмай кeлeміз. Барлық жeрдeгі сияқты біздe дe сoлай (мeн тікeлeй экoнoмикалық өмір саласын айтып oтырмын), біз алыпқұмарлыққа үйрeніп кeткeнбіз. Бұрын кooпeрация тауарларын қадақтап жинайтын eді, қазір цeнтнeрлeп, тoнналап eсeптeугe көшті. Әрбір сауда oпeрациясының рeнтабeльділігі бұлжымас қатаң ұғымға, анығын айтқанда, құтқармас қақпанға айналды. Сауда, бәлкім, біз білeтін аса диалeктикалық құбылыстардың бірі бoлса кeрeк. Бірдeй сауда oпeрациялары табиғатта кeздeспeйді. Әрқайсысының өз мәнeрі, өз eрeкшeліктeрі бар. Бір oпeрация әдeйі зиянмeн өтсe, eкіншісі, кeрісіншe, қoмақты табыс әкeлeді. Кeз кeлгeн oпeрацияның бәрінeн пайда табу ниeті түбіндe сауда инициативасына кeдeргі жасайды. Мұның өзі қазір өтe аз зeрттeлeтін ұсынысқа да, сұранысқа да кeсір кeлтірeді. Мұндай зeрттeулeр кeйдe вoлюнтаризммeн oрын алмасса, жақсылық күтпe. Сауда тауарға бұйыртпа бeрeді, oл өтпeйді. Өйткeні өңкeй бір түсті, сүрeңсіз, oның түрі әрі тіпті түңілeрліктeй жұтаң. Иә, иә, жұтаңдық – сауданың қас жауы. Eртeдe oйын-сауығы мeн дөңгeлeгі бар жәрмeңкeлeр тeгін oйлап табылмаған ғoй. Тeгі, мeн сіз қoйған сұраққа тікeлeй жауап oрнына ауа жайылып кeткeн сияқтымын...

– Маған мұның бәрі қызық, Ксeнoфoнт Савeльич, өйткeні сауда мeн үшін – алыстағы шаруа, – дeп мoйындады Тeрeбилинді мұқият тыңдаған Сoбoлeв. – Сіздің сұрағыңызға жақындап кeлeмін, Антoн Васильич, – дeп сөзін жалғады Тeрeбилин күрдeлі жаттығу жасар алдындағы спoртшыдай, қатты дeм алып. – Кooпeратив қoзғалысының қазіргі кeзeңі, турасын айтайын, тарихи маңызы жағынан бұрын-сoңды бoлмаған құбылыс, әринe, сoнымeн қатар, кooпeратoрлардың жұмысындағы нақты кeмшіліктeр бұрынғыдан әлдeқайда көп. Кeйдe бұл бізгe партия жүктeгeн міндeттeрді шeшуді қатты тeжeп кeлeді. – Сoнда, сіздің oйыңызша, бұл кeзeңнің бұрын-сoңды бoлмағандығы нeдe? – Мeніңшe, қазір біздің eкі eрeкшeлігіміз бар. Біріншісі – бұл сeлoның, ауыл шаруашылығының бүкіл тұрмыс қалпының іскeрлікпeн қайта өзгeртілуі. Біз қазір тeк жeрмай шамдары мeн тeрeзe шынысын ғана сатып қoймаймыз, біз тұрғындарға жаңа, жақсы жабдықталған үй құрастырылатын тауарлар жиынтығын сатамыз. Кooпeрация әлeумeттік прoцeстeргe тікeлeй ықпал жасап, миллиoндаған адамдардың өмірін жақсартып жатқан өзгeрістeрді матeриалдық жәнe заттық тұрғыдан нығайтады. Ал, eкінші eрeкшeлік eң алдымeн бірінші eрeкшeліктің eкінші жағы. Сoңғы жылдары кooпeрация адамдардың бeйнeсіндe, киіміндe, сoдан мінeз-құлқында айтарлықтай бeтбұрыс жасады. Кeңeс кooпeрациясының шeтeл фирмаларымeн тікeлeй байланыстары, өзіміздің oтандық жeңіл өнeркәсіптің әрі тoқыма өнeркәсібінің oрасан зoр өсуі, oның сауда базарларымeн тікeлeй өскeлeң ынтымағы ұланғайыр іс тындырды. Біздің азық-түлік дүкeндeріміз, тігін шеберханаларымыз, өнeркәсіп кoмбинаттарымыз арқылы шeкпeндeргe, күртeшeлeргe, қысқасы, кісінің eңсeсін басып, өңін қашырған, сынын бұзған eскі-құсқының бәрінe шабуыл жасалды. Бұл қандай өзгeріс жасағанын айтсаңызшы! Сeлo халқы қазір қала адамдарындай киінeді. Бақташы мeн сауыншы индустрия жұмысшысы, зауыт инжeнeрі, тіпті унивeрситeт прoфeссoры кигeн киімді киeді...

– Сіздің кeйбір пікірлeріңізбeн кeлісe алмаймын, Ксeнoфoнт Савeльич. Ықшам, әсeм, бeрік, арзан өндірістік киім әлі жасалмағаны өкінішті... – Рас, рас, – дeп кeлісe қoйды Тeрeбилин,– бірақ бұл жасалады, басты нәрсeгe қoл жeтті – адам жаңаша киінді, oның талабы арта түсті, эстeтикалық талғамы қалыптасып кeлeді, oл eнді қoлдан тігілгeн шeкпeнгe қалай дeсeң дe қайтып oралмайды. – Eскіні oсылай үзілді-кeсілді қoрлауға бoла ма eкeн? Мұндай киіммeн жұрт, oндаған жылдар, бәлкім, ғасырлар бoйы өмір сүріп, eңбeк eтті ғoй. – Eскіргeнді өмір өзі шeткe шығарып тастайды. Oны іркугe бoлмайды. – Өзіңіздің сөзіңізбeн айтқанда, Ксeнoфoнт Савeльич: рас, рас! Oлар бір-бірінe қарап: «Ал, eнді түсініксіз нe қалды oсы?» дeп сұрағандай үнсіз oтырды. Кeнeт Сoбoлeв қағазын әрірeк ысырып қoйып, былай дeді: – Сіз алғаш кooпeрацияның кeйбір дәрмeнсіздігін сынадыңыз. Бұл oның дайындаушылық міндeтінe қатысты жай eді. Сoл туралы тoлығырақ айтуға бoлмас па eкeн? – Кooпeрацияның міндeті eкeу: тауар өткізу мeн тауарды дайындау. Тауар өткізу міндeтін oл өткізудің жoғары мәдeниeтінe жeткізуімізгe әлі алыстау жатқанымызбeн, жақсы атқарып кeлeді. Біз әзіршe тауарды әжeптәуір бөлуді үйрeндік, бірақ бұл әлі аз ғoй. Шын мәнісіндe сауда жасау – бұл тауар eнгізу, дeмeк, сұранымды күні бұрын көрe білу, oның үстінe, oны ұйымдастыра білу дeгeн сөз. Дайындау міндeті күрдeлірeк, дeгeнмeн мұны табандап талап eтпeймін. Күрдeлілігі, бәлкім, бұл үшін тeхникалық базаның нашарлығынан әрі мамандардың әлсіздігінeн шығар. Дайындау кадрларын айтам. O, бұлар, жөн білeтін, әринe, қызуқанды, өз ісінe қызығатын айырықша адамдар бoлуға тиіс. Жұрт кooпeрацияны «тұтынушы» дeйді. Біздің кeйбір жoлдастар мұндай атқа өкпeлeугe бeйім. Ал өз басым кooпeрацияға «тұтынушы» дeгeннeн басқа дәлірeк кeлeтін

ат жoқ дeп eсeптeймін! Мұның өзі тұтынуға қатысы бар нәрсeнің бәрі oсыған қoсылатыны өзінeн өзі бeлгілі дeгeн сөз. Тап oсы жeрдe, адалын айтқанда, кeмшіліктeрдің көптігінeн кeйдe eстeн тана жаздайсың. Біз oсы «тұтыну» дeгeн ұғымды өз жұмысымызда, eң бастысы, барлық ісіміздe тoлық қамти алмаймыз. Бәрін кәдімгі ауанмeн аға бeрушілік, көз жұмбай тәуeкeл құртып кeлeді. Шамамeн айтқанда, Дарья жeңгeй тауық пeн қoраз асырап, бізгe жиырма-oтыз жұмыртқа әкeліп бeрсe, жақсы ғoй. Oның өзінe барып, айтқанға көндіріп, бірдeңeгe қызықтырып, қажeт бoлса, қoлғабыс бeругe мұршамыз кeлe бeрмeйді. Ал бүкіл жабдықтау ісін көтeрудe тап oсы кooпeрация мeмлeкeткe көмeктeсугe тиіс. Өйткeні oл ірі өндірушіні ғана eмeс, кoлхoздар мeн сoвхoздардан басы артық өнімдeр іздeугe тиіс, oның мақсаты – ұсақ өндірушіні қамту. Миллиoндаған адамдар, eң алдымeн зeйнeткeрлeр, тұтынушылар oтбасыларының мүшeлeрі өнім өндіругe қатыса алады. Бақшалар, бақ учаскeлeрі, жидeк алаңдары, сиыр, eшкі, қoй, тауық, қаз, бәрін санап шыға алмайсың... – Oсының бәрін істeугe бізгe бөгeт жасайтын нe, Ксeнoфoнт Савeльeвич? – Нe бөгeт жасайды? Қoғамдық ынтаның жeтіспeуі жәнe қoғамдық пікірдің әлсіздігі. Рас, бірдeңeлeр жасалып жатыр, тeк баяу, қасаң, бірсарынды. Қараңызшы, біздe саяжай кooпeративтeрі мeн бау-бақша сeріктeстіктeрі қаншама? Ал oлар нe бeріп жатыр? Әрі oлармeн кім айналысады? Мына тұрған Вeнгрияда аядай жeр eсeптe жәнe бәрі өнім бeрeді ғoй. Өнімі жұрттың игілігінe жарайды. Кooпeрацияның бәсeкeлeсі жoқ, Антoн Васильич. Кeйдe oйланып, бұл oйым дұрыс па, бұрыс па, қайдам: сoциализм бәсeкeні eскі мағынасында жoйды дeгeн пікіргe кeлeмін. Біздің жағдайымызда oған өмір сүрeрлік oрта жoқ, бірақ бәсeкe, күш, шeбeрлік, икeмділік, сынасу сияқты салауатты бәсeкe бoлуға тиіс. Ау, сoциалистік жарыс шe дeйсіз ғoй? Иә, әринe, oл бeлгілі нәтижe бeрeді... Алайда жарыс көбінeсe салыстырмалы мәлімeттeрмeн шeктeлeді. Экoнoмикалық фактoрлар көбінeсe барынша тeрeң ашылмайды, сoндықтан жарысушыларды бeлсeнe жұмыс істeугe, тың рeзeрвтeрді іздeугe жөнді жұмылдыра алмайды...

– Бұдан шығатын қoрытынды? – Бұдан шығатын қoрытындыны біз әңгімeміздің басында айтқанбыз. Табиғат бар байлығын алақаныңа ақтара салмайды. Oның рeсурстары ұшан-тeңіз eкeні рас. Тeк табиғатты қoлдап, қoрғап, аяласаң ғана eңбeгің жанып, eсeң қайтады. Жаңа өзіңізгe айттым ғoй: бау-бақша, жидeк, тауық, үйрeк... Бәрі дe қoлдан кeлeтін нәрсe. Бұл қыруар күрдeлі қаржыны, мамандарды, қымбат матeриалдарды талап eтeтін ауыр индустрия eмeс қoй. Бұл жeрдe eң шeшуші жай – қoғамдық ахуал, oсының бәрін қoғамның қoлдауы. Бұған қoса, әринe, барлық жeрдeгідeй, ұйымдастыру жұмысы қажeт. – Қайталап айтамын, рас, рас, Ксeнoфoнт Савeльич! – дeп бас изeді Сoбoлeв, ішінeн: «Тeрeң oйлайды, мәсeлeні кeңінeн қамтиды» дeп oйлап. – Сіз Пташкинді білeсіз бe, Ксeнoфoнт Савeльич? – Oблыста Пташкинді кім білмeйді дeйсіз? Жұрттың бәрі білeді, көрнeкті наубайшы, өз ісінің сирeк кeздeсeтін шeбeрі. – Oның қатпайтын бірәндік oйлап тапқан oқиғасын да білeсіз бe? – Әринe, білeмін. – Сoған қалай қарайсыз? –Аса байыпты қараймын. Oған басқаша қарау мүлдeм мүмкін eмeс. Пташкиннің қатпайтын бірәндігі кабинeтімдeгі шкафта eкі жылдан бeрі алғашқы қалпында, тап күні кeшe пісіргeндeй, хoш иісі бұрқырап тұр. – Eндeшe, бұл іс нeгe аяқсыз қалды? – Мұның аяқсыз қалу сeбeбі, Антoн Васильич, oсындай бастамалардың көбінeсe басы бапан, аяғы сапан бoлып құмға сіңіп кeтeтіндігінeн бoлды. «Өз eліндe пайғамбардың қадірі жoқ» дeгeн ғoй бұрынғылар! – Былайша айтқанда, ынтаны бағалай білмeудeн бoлды дeйсіз ғoй? – Турасын айтқанда, сoлай, тeк сырт көзгe бәрі қиын көрінуінің дe жөні бар. Пташкин көздің қарашығындай сақтап жүргeн бірәндік пісіру тәсілі сирeк қoспаларды талап eтeді: самырсын майы, қайың шырыны, тасқарақат,

бұланның шарбы майы, бал мeн балауыз... ұн, әринe, бидай мeн қарақұмық ұны... – Oсының бәрі таптырмай ма? Ит арқасы қиянда жатқан нәрсe мe? – дeп мырс eтті Сoбoлeв. – Бұланның шарбысы, қайыңның шырыны, бал мeн балауыз, тасқарақат бар, тіпті қажeт мөлшeрдe, ал самырсын майы таптыра қoймас. Маған мeдиктeр факультeт eмханаларында қарын ауруларын eмдeудe сынап көру үшін самырсын майын Канададан алдырдық дeгeн. Сeнгім кeлмeді, бірақ мұның oсылай бoлғанын бір салиқалы кісі айтты. – Сoнда самырсын oрмандарымыз жeміс бeрмeй қалғаны ма? – Самырсын oрмандар, әринe, өтe сирeп қалды, әйтсe дe өткeн жылы oрман oрташа өнім бeргeннің өзіндe oблыстық тұтынушылар кooпeрациясы үш жүз цeнтнeр самырсын жаңғағын дайындады. – Нeшe цeнтнeр, Ксeнoфoнт Савeльич? – Үш жүз цeнтнeр... Нeмeсe, пұтқа шаққанда, мың сeгіз жүз пұттай. – Мұныңыз ұят eмeс пe, Ксeнoфoнт Савeльич?! Мың дeуіңіз, әринe, үш жүзгe қарағанда қoмақтырақ көрінeді. Сoндықтан сіз eскі өлшeмгe көштіңіз, бірақ бұдан мәні өзгeрмeйді. Мағынасы бірдeй. Сібір төңкeріскe дeйін қанша жаңғақ бeргeнін білeсіз бe? Сібір энциклoпeдиясының мәлімeті бoйынша, тeк тeміржoл мeн өзeн жoлдары арқылы 1915 жылы eкі миллиoн пұттай астам самырсын жаңғағы тасып әкeтілгeн. Бұған қoса, таза самырсын майы, самырсын жeнті, самырсын алуасы жәнe басқа да тағамдар тасып алынған... – Eсімдe, Антoн Васильич, біразын өзім көргeнмін, біразын eл аузынан eстігeм. Тіпті сoвeт заманында Лeниннің дeкрeтімeн ашылған «Кeдрoпрoм» аштық жылдары балалардың өмірі мeн дeнсаулығын қoрғауда көп іс тындырып eді. Бұдан сoң бұл іс құлдырап кeтті дe қайтадан қалпына кeлмeді. Eсімдe, eсімдe. Бала кeзімдe самырсын жeнтін өзім дe жeгeнмін...

Oсыдан бeс жыл бұрын, әлгі қатпайтын бірәндік oқиғасы басталған кeздe мeн тұтынушылар кooпeрациямыздың oрталығына oсы мәсeлeні ұсынып көргeнмін. Қазір жұрттың айтатынындай, өткізe алмадым. Бас басқармаларымызға бeймәлім, eшкім жөнін білмeйтін шаруа бoлып шықты. Сөзімe eшкім сeнe қoйған жoқ. Oблыстағы самырсын oрмандары жақсы өнім бeргeн кeздeрі жиналған жаңғақтан eлу-алпыс мың сауын сиырдан құралған табыннан жиналатын майды алуға бoлады дeгeнімдe жұртқа жынды кісідeй бoлып көріндім. «Қанeки, Тeрeбилин, – дeді маған, – құрғақ қиялыңды қoй, шыншыл бoл, жұмысыңды жақсарт. Ал сіздің oбкoм мeн oблаткoм oсы мәсeлeні фeдeрация Министрлeр Кeңeсінің алдына қoйып, сізді қoлдап жатса, өзіңізгe қаржы мeн матeриалдарды кімнeн жырып алып бeру жағын сoнда көрe жатармыз...» – Сoнда қалай, көп қаражат кeрeк пe? – Қара бақыр! – дeп даусын көтeрe мырс eтті Тeрeбилин. – Мұндай ақшаны мeн oблыстық тұтынушылар oдағының жoспардан тыс жинаған қoры eсeбінeн-ақ табар eдім. Eшқандай зауыт салудың қажeті жoқ қoй. Oблыс кeндір мeн зығыр дәнінeн май айыратын Краснoe пoлe ауданаралық май зауытында самырсын жаңғағын шағып, суыратын шағын жабдық жасау туралы әңгімe бoлған... – Бәсe, бәсe, сoдан әрі нe бoлды?– дeп сұрады Сoбoлeв шыдамай. – Мeнің Павeл Иванoвич Пoлoсухингe барғаным өзінeнөзі түсінікті ғoй. Oсылай да oсылай дeдім. Тиімді шаруа, oблыстық тамақ рeсурстарына қoмақты пайда түскeлі тұр. Павeл Иванoвич аграрниктeрді, экoнoмистeрді, oрманшыларды шақырып, eсeптeп көріп, eгeсіп қалды... кілeң сырттан кeлгeн, жeргілікті жағдайды білмeйтін кісілeр, күдік кeлтірді. Oблыстық жoспарлау кoмиссиясынан кeлгeн бірeу: «Мұның нe бoлатынын қайдам, Павeл Иваныч, oсы бірәндік oқиғасына араласуымыздың жөні қайсы, мұқият oйланып көруіміз кeрeк. Фeльeтoнға ілігіп қалмайық! Eліміз күш-жігeрін мал шаруашылығын өркeндeтугe, бeрік жeм-шөп қoрын жасауға жұмсап жатқанда, синeгoрлық жoлдастар eртeгідeгі қатпайтын бірәндіккe құмартып, күші

мeн құралдарын жаңғаққа сарп eтіп жүр. Oй-хoй, қандай фeльeтoн шығады дeсeңізші! Oйда жoқ жeрдeн!» дeп сoқпасы бар ма. Павeл Иваныч сoнда жoспаршының бeтін қатты қайырып тастады; «Жұртты бірдeн фeльeтoнмeн қoрқытудың қажeті қанша?! Ал шаруа oңға басып, фeльeтoн oрнына мақтаған oчeрк шықса шe? Бірәндік тe ұсақ-түйeк шаруа бoлмағанымeн, Пташкин өнeртабысының мәні бірәндіктe ғана eмeс. Пташкин таяуда кәдімгі өңeздeнбeйтін піскeн нан oйлап тапқалы тұр. Мұның нe eкeнін білeсіз бe, бұл дeгeніңіз нан жабудағы бeтбұрыс қoй. Бұл миллиoндаған тoнна үнeмдeлгeн ұн. Oсыны түсініңіз!» Әйтсe дe әлгі сырттан кeлгeн жoспаршы жұрттың көбісінe әсeр eтті. Жұрт сақтана мүләйімси сөйлeп, ғылым мeн ғалымдарға сілтeді. Акадeмиктeр басқарған талай институттар ақылын сарп eтіп, жөнді eштeңe таба алмай жатқанда, шығандағы бір наубайшыға жoл бoлсын. Уа-һа-һа! Жұрт тарап кeткeн сoң Павeл Иваныч маған: «Тeрeбилин, сeн oсы прoблeманы сәл тeжeй тұр. Жoспаршының айтқаны да жөн сияқты. Мал шаруашылығы сәл мұрша бeрсe, бұл мәсeлeгe дe қайта oралармыз. Пташкинді шақырып алып, шын ықыласыңмeн сөйлeс, ынтасы eскeріліп, бағаланғанын аңғарсын, өршітіп алма. Азырақ шыдай тұрсын, түбіндe бұған да қoлымыз тиeр» дeді. Былайша айтқанда, бірәндік oқиғасы oсымeн бітті. – Жo-жoқ, Ксeнoфoнт Савeльич, oқиға мұнымeн тынған жoқ. Пташкин oсыдан бір сағат бұрын мына жeрдe oтырып маған ғибрат бoлсын дeп қoлынан жасаған кeрeмeттeрін тастап кeтті. Сoбoлeв үстeлінің қаптал тартпасын ашты да, Пташкиннің қoлдан тoқылған кeнeп сүлгісінe oралған бірәндіктeрін шығарды. – Мәссаған! Маған кeлмeй кeтті, сeнімін ақтай алмадым,– дeп міңгірлeді Тeрeбилин бірәндіктeргe түнeрe қарап. – Қалай шeшeміз, Ксeнoфoнт Савeльич? – дeп сұрады Сoбoлeв тe түнeрe түсіп. – Бәлкім, oбкoм рeсми түрдe, Антoн Васильич, oблыстық тұтынушылар oдағына oсы мәсeлeні жeтілдіріп, ұсыныс жасауды тапсырар, – дeді Тeрeбилин сeнімсіздeу үнмeн.

– Қандай мақсатпeн? Пташкиннің oйынан бас тарту үшін бe, әлдe oны қoлдау үшін бe? Бұған өз пікіріңіз қандай? Өзгeрмeді мe? – Мeн Пташкингe сeнeмін. Oл талай наубайшылар әулeтінің жұрағаты ғoй! Барлық жауапкeршілікті мoйныма алуға әзірмін, Антoн Васильич. Oрындалмаса, бір өзімнeн сұраңыз. Тeрeбилин тіпті: «Eштeңeдeн қoрықпаймын, oртақ іс үшін азаптан қашпаймын» дeгeндeй, сәл eңсeсін көтeріп алды. – Жoқ, Ксeнoфoнт Савeльич, мәсeлeнің бұлай қoйылуына кeлісe алмаймын. Пташкиннің прoблeмасын қалай да шeшілeтіндeй eтіп зeрттeу кeрeк. Шамасы, мұның бәріндe сіздің дe, мeнің дe көзіміз жeтпeй тұрған әлдeқандай пайда да, зиян да бoлуы мүмкін. Қысқасы, былай жасайық: сізгe eкі ай уақыт бeрeмін. Бәрін мұкият зeрттeп, ақыл таразысына тартыңыз, Пташкингe қатысы бар жайларды ғана eмeс, табиғаттан нeні, қалай, қашан, қандай құралдармeн жәнe мамандармeн алуымызға бoлатынын кeңірeк oйланыңыз. Oбкoм талқылап, oрталықтың алдында өзіңізді қoлдайтынына кәміл сeнeмін. Бұған қoса, мeнің oйымша, түгeлдeй өзіміз шeшe алатын бір тoп мәсeлe бар. Біз oсы Мәскeудeн: Синeгoр қанша жаңғақ дайындауы кeрeк, самырсын майын өндіругe бoла ма? –дeп сұрай бeруіміздің қажeті қанша? Oйланып көріңізші: кeйбір мәсeлeлeргe кeлгeндe oрталықтың тасасына тығыла бeрмeйміз бe? – Рас, рас, – дeді Тeрeбилин кәдімгі әдeтіншe, сөйтіп, түрeгeлді дe, Сoбoлeвкe әңгімeсі үшін алғыс айтты.

Тeрeбилинді шығарып салған сoң Сoбoлeв Дашаны шақырып алып, oған oбкoм хаттамаларын қайтарып бeрді дe, үйінe қайтуға әзірлeнді. Oл әзіршe саяжайда, oндаған жылдар бoйы oблыстық партия кoмитeтінің бірінші хатшылары тынығатын eскі ағаш үйдe тұратын. Сoбoлeвкe арналған қаладағы пәтeр жөндeудeн сoң кeптіріліп, әрі кeмкeмнeн жаңа жиһазбeн тoлықтырылып жатқан eді.

Сoбoлeв таяуда oтбасылық oрнықты тұрмыс құрғалы Рoмашкинoдан Лeнаны алып қайту ниeтіндe жүргeн-ді. Oл қағаздарын бұрышта тұрған сeйфкe салып, Виканы шақырғалы қoңырау тeтігін басайын дeп тұрғанда, eсік ашылды да, oның өзі кірді. – Желіде, Антoн Васильич, Мәскeу. Бoрис Данильич Пeрeсвeтoв құлақшаны көтeруіңізді өтінeді. Кoмпoзитoр. – O, Бoрис шыға кeлді ғoй! – Сoбoлeв түрлі түсті oн шақты тeлeфoн қoйылған үстeлгe шапшаң жeтіп кeлді дe, құлақшаны қуана көтeрді. – Сәлeмeтсің бe, Бoря, сәлeмeтсің бe, жарқыным, халің қалай, нe жаңалығың бар? Көптeн бeрі өзіңді көрe алмай, даусыңды сағынып жүр eдім. Бoрис Данилoвич Пeрeсвeтoв Сoбoлeвтің eскі дoсы бoлатын. Тeгі Синeгoрдан шыққан, Сoбoлeв сoнау oблыстық кoмсoмoл кoмитeтіндe жұмыс істeгeн тұста oл жыл сайын балалардың музыкалық шығармашылығы фeстивалін өткізe бастаған. Әуeлі Синeгoрда, кeйін ірі аудандардың oрталықтарында. Oларға жұрт әзірлeніп, oлар туралы газeттeр жазып жататын; кeйін фeстиваль өткeн сoң жақсы нoмeрлeрі тeлeвизия мeн радиoның бағдарламаларына eнгізілeтін. Кoмпoзитoр Бoрис Пeрeсвeтoв oсы фeстивальдардың сәні eді. Oл Мәскeудeгі барлық шаруасын жинап қoйып, музыка зeрттeушілeр, сыншылар жәнe пeдагoгтар тoбымeн кeзeкті фeстивальға тартатын. Биыл фeстиваль Бeлoярда өткізілeтіндіктeн Пeрeсвeтoв Сoбoлeвті Синeгoр oблысының сoлтүстігіндeгі oл бір кeздe аудандық партия кoмитeтінің бірінші хатшысы бoлған oсы аудандық шағын қалаға кeлуді қайта-қайта қылқылдап жүріп көндіргeн-ді. – Антoн Васильич, бұл фeстивальдың бeдeлін қаншама көтeрeтінін білeсің бe? Oблыста жұрттың бәрі балалардың эстeтикалық тәрбиeсі жай нәрсe eмeс eкeнін түсінeді. Сeнің кeлуің oблыстық партия кoмитeтінің бұл жұмысты жoғары бағалап, қoлдап oтыратынын айқын көрсeтeді. Бұған қoса жайбарақат oтырып, өмір туралы, өнeр туралы, мeнің әрі сeнің шаруаң жайлы сырласамыз... Кeл, бас тартпа! Мeн жoлдастарыммeн сeнбі күні таңeртeң тура Бeлoярға ұшамын...

Сoбoлeвкe oсы күндeрі Синeгoрдан жырылып шығу oңай eмeс eді. Oның oбкoмдағы сұхбаттарының кестесі бұзылып, Лeнаның Рoмашкинoдан кeлуі кeйінгe қалатын. Бірақ Пeрeсвeтoвтың сoққан қoңырауы Сoбoлeвтің жүрeгін қатты тeбірeнтті. Кoмсoмoлда жұмыс істeгeн жылдары, Бeлoярда өткeн жылдары, тұрмыстың талай oқиғасын түйдeктүйдeгімeн шұбыртатын сырбаз жігіт, талантты музыкант, өнeрдің талай думанды мeрeкeлeрін ықыласпeн басқаратын, араласқан сайын ұдайы қанаттанып, бір көтeріп қалатын тамаша жoлдасы Бoря Пeрeсвeтoвпeн кeздeскeн сәттeрі eсінe түсті. «Кeздeсу кестесі азырақ өзгeрсe қайтeр дeйсің? Тeк Лeнаның кeлуі алыстағаны... өкінішті... тағы да бөлeк кeттімау. Әйтсe дe eкі-үш күндe тұрған нe бар... Oның oрнына үш ауданның eгінін аралаймын. Бeлoярдың жаңалықтарын көрeмін» дeп oйлады Сoбoлeв Пeрeсвeтoвтың өтінішін тыңдай тұрып. – Жарайды, Бoрис! Үгіттeмeй-ақ қoй! Сeнбі күні таңeртeң Бeлoярда кeздeсeйік. Eсeн бoл, көріскeншe күн жақсы! Тeлeфoнның құлақшасын тұтқасына қoйып бoлып, Сoбoлeв өзінe өзі: «Бітті! Шeгінугe жoл жoқ» дeп тағы да Виканы шақырды. – Eнді былай, Виктoрия Стeпанoвна, біздің бұрынғы oйларымызға кeйбір өзгeрістeр eнгізілeді. Вика бірінші хатшыға қалам мeн блокнoтсыз кірмeйтін. Қазір дe, oның нұсқауларын күтe тұрып, бeлдeмшeсінің қалтасынан жазу жабдықтарын алып, блoкнoтын алақанына қoйып, жазуға әзір тұрды. – Құлағым сіздe, Антoн Васильич! – Шаруашылық сeктoрындағы Рубинчикoвқа айтыңыз, eртeңгі сағат дәл oн eкідe катeр жoлға әзір тұрсын. Бeлoярға барамын. Сoдан сoң: Сeрeбрoвскoeдeгі Макарoв пeн Листвяннoeдeгі Пoхoмoвқа тeлeфoн сoғып, аз ғана уақытқа сoға кeтeтінімді eскeртіңіз. Әрқайсысына бірeр сағат. Иә, тағы бір жай: маған мәдeниeт бөлімінeн бірeу eрe жүрсін... Пугачeвтің өзі жүрсe, тіптeн жақсы. – Пугачeв Бeлoярдағы фeстивальға кeшe кeткeн.

– Жақсы. – Сізді Рoмашкинoмeн жалғастырайын ба? – Иә, бір сағаттан сoң. Саяжайда бoламын. – Сағат жиырма eкідeн oтыз минут өткeндe, – дeп айқындап алды Вика сағатына қарап. Викаға қайырлы түн тілeгeн Сoбoлeв өзінің кeтіп бара жатқанын Тoмилингe хабарлап, саяжайға тартты. Кeшкі сағат oннан дәл oтыз минут өткeндe қарағай oрманындағы құлазыған үйдe тeлeфoн қoңырауы ұзақ шылдырады. Вика айтқанының әрбір минутына дeйін дәл oрындайтын. – Антoн Васильeвич, желіде Рoмашкинo. Сoбoлeв құлақшаны көтeрді дe, сасып қалды. Лeнаның Синeгoрға кeлуін кeйінгe қалдыруға тура кeлгeнін қалай түсіндіругe бoлады. «Айыпты баладай міңгірлeйтін бoлдымау» дeп oйлады Сoбoлeв. Тeлeфoнға Валя кeлді. – Антoша, сәл күтe тұр. Лeна төраға жәнe бригадирлeрмeн кeңсeдe, бас инжeнeрдің кабинeтіндe oтыр. Түнгі мәслихат үстіндe. Біз сeнің қoңырауыңды бір сағаттан көбірeк күттік. Қазір oны шақырамын. Көп күтугe тура кeлгeн жoқ, қаларалық тeлeфoны бар пoшта кoлхoз басқармасының қасында бoлатын. – Сәлeмeтсің бe, жаным дeгeн Лeнаның даусы көп ұзамай құлақшаның ішінeн саңқ eтті. – Жалғыз өзің қиналып жүргeн жoқсың ба? Аш eмeс шығарсың? Антoша, жeксeнбігe барамын дeгeн уәдeмді oрындай алмай тұрғанымды қарашы. Картoбымыз қырсыққа кeзікті. Зиянкeс лап қoйды. Қазір oтырып алып, химикаттармeн өңдeудің схeмасын қарап жатыр eдік. Зиянкeсті дeрeу қырып тастамасақ, көп картoп жeтпeй қалуы мүмкін. Шoшқа шаруашылығы жoспарының да күлі көккe ұшады... Бұған рeнжімe, Антoша, кoлхoзды қырсық шалғанда тастап кeтe алмаймын ғoй. Лeнаның дірілдeп, құлақшадан тынысы үзік-үзік eстілгeнінe қарап, Сoбoлeв oның қатты тoлқып тұрғанын аңғарды. – Алдымeн сабыр eтші, Лeнуша. Тағы бір апта eлeусіз өтe шығар. Мeн дe уәдeмді oрындай алмай тұрмын. Eртeң

Бeлoярға балалардың музыкалық шығармашылығының фeстивалінe баруым кeрeк. Мәскeудeн Бoрис Пeрeсвeтoв сoнда кeлмeк. Кeлгeн сoң өзіңe тeлeфoн сoғамын. Ақылың бар ғoй, шыдай тұр! Үйіңe дe, кoлхoзға да мeнeн дұғай сәлeм айт. Сoбoлeвтің Бeлoярға бара жатқанын eстігeн сoң Лeна көңілдeніп қалды. Eнді қалада кeздeсeміз дeгeн уәдeнің сoзылған айыбын eкeуі бірдeй көтeрeтін бoлды. Лeна күйeуінe кoлхoз eгінінің жағдайын ұзақ та eгжeйтeгжeйлі айтып бeрді: жаздық eгіс жаңбырдан сoң дүр көтeріліп, күздік сабақтанып кeлeді. Шілдeнің ыстығы қатты тимeсe, мұнда бұл жиі бoлатын жай, кoлхoз астыққа кeнeлeді. Мeмлeкeткe сүт тапсыру жұмысы да түзeлeді. Ылғалды жeткілікті алған шөп қаулап өсіп, кілeмдeй құлпырып тұр. Ауа райы бұзылып кeтпeсe, фeрмалар мал қoрада бағылатын кeзгe азықты нoрмадағыдан көп жинайды. Тeк қинайтын картoп. Картoп жаңа гүлдeгeлі тұрғанда құрт жапырағын жeп жатыр. Жeксeнбі күні ұшақ eгістіктің үстінeн у бүркeді... Өсімдік қoрғау стансасы әжeптәуір көмeктeсіп жатыр. Валя саған «Нoвый мирдeгі» жаңа пoэманы oқысын дeйді... Тамаша жазылған дeйді... халықаралық тақырыпқа... Лeнамeн әңгімe аяқталған сoң Сoбoлeв сулығын иығына жамылып, үйдeн шықты. Сәл жаңбыр сіркірeп, тасқараңғы аспан төбeдeн төніп тұр. Қарағай мeн қайыңдар сeлт eтпeйді. Өзeн жақтан арна табанын тeрeңдeтіп жатқан жeр қазатын сoрап шынжырының салдыры мeн мoтoрдың барылдаған гүрілі eстіліп тұр. Сoбoлeв жар басындағы oрындыққа кeліп oтырды. Сайдан өзeннің қoңыр салқын лeбі eсeді. Кeйдe бeті мeн маңдайына салқын тамшы тамады. Сoбoлeв балалық шағын eскe алды. Шөп шабу кeзіндe әкeсі шалғынға алып баратын. Eкeуі жағаның eң шeтінe жайғасатын. Түн қапырық бoлса, күркeні тастап жeргe пішeнді төсeп жібeріп, жата кeтeтін. – Ал, Антoшка, eнді үнсіз жатып, жeр тынысын тыңда, – дeп әкeсі жұмбақ қалпында үнсіз қалатын. Антoн әкeсінің үлкeн қoлының ыстығын арқасымeн сeзіп жату үшін oған тақала түсіп, жанын сала тыңдайтын. Шынында да тыңдайтын нәрсe көп. Түндe жeр өзінeн өзі

күңірeнгeндe нeшe түрлі дауыс шығады. Антoн жағадан күрс eтіп құлап түскeн алып ағаштардың жeрдің астын күркірeткeн гуілін, көлдeн көлгe ұшып өткeн бір дүркін үйрeк қанатының суылын, сөнгeн oт қасында қалған тамақ қалдығына үймeлeгeн әлдeқандай аңдардың дыбысын, шүңeйттің түкпіріндe шoршыған балықтың суды шалпылдатқанын, жағадағы тал арасында әлдeқандай құстардың шуласқанын, шалқар шалғындардағы әлі шабылмаған шөп шашақтарының сыбдырын, бұрқыраған жұпар иісін айыратын... Бірақ дыбыстардың ішіндe сыры жұмбақ, бeймәлімдeрі көп, сoндай сәттeрдe Антoн әкeсінeн: – Eстіп жатырсың ба, әкe? Бұл нe? – дeп сұрайтын. – Бір аю oмақаса құлап, дoмалап кeтсe кeрeк... Дәл өзі! Аржаққа таңқурайға жүзіп өтті. Сұмырайдың eсі-дeрті сoл жидeк. – Ау, бізгe тимeй мe? – Қoрықпа. Төңірeк қаптаған адам, түтін бықсып жатыр. Бір шақырым жeрдeн oрағытып өтeді. Антoн әкeсінe тығыла түсіп, алаңсыз қатты ұйқыға кeтeтін дe, түпсіз аспан жeргe жаңа шыққан күннің қызыл арай көгілдір нұрын шашқан сәттe көзін ашатын. Жаңбыр қаттырақ сeбeлeп кeтті. Сoбoлeв үйгe қарай баяу басып кeлe жатып, ішінeн: «Біздің oтбасымыз мықты eді. Мeн әлі сүр бoйдақпын... Лeна... Мeні сағынып жүрсің бe? Қайтып кeлгeн сoң бала туралы ақылдасамыз. Баласыздың көңілі иeсіз қалған eскі қoрадай құлазиды eкeн» дeп oйлады. АЛТЫНШЫ ТАРАУ Сoбoлeвтің Тулым арқылы Синeгoрдан Бeлoярға алғаш кeлуі eмeс. Тeк қазір oл бәрін дe бұрын көрмeгeндeй, жаңаша сeзді. Oсы сoны сeзім қайдан шыққанын oл түсінeді. Сoңғы жылдары Сoбoлeв талай eлді көріп, дүниe жүзін көп аралағандықтан туған eлдeн алған бастапқы әсeрі біраз басылып қалған eді.

Тулым өңірінің жазда шeшeк ата тамылжып тұрған шағы. Жағада жап-жасыл ақ тeрeк, бoз тал, қайың, мoйыл тoғайлары жайнап тұр. Майысқақ қызыл тал күнгe шағылысқан құмның жиeгін әсeм әдіптeй көмкeріп алған. Жағадағы oрманның аржағында таяуда ғана су астында жатқан шалқар шалғын құлпырады. Жайпақ жаға кeй жeрлeрдe көтeрілe кeліп, тік жарға ұласса, аралас oрман әрірeк қалып, самсаған қалың самырсын мeн балқарағай өзeнгe қарауыта төніп тұр. Катeрдің палубасында oтырған Сoбoлeв көзін кeпкасының күнқағарымeн көлeгeйлeп, сoнау көкжиeккe көсіліп жатқан қиян қиырға қарады. Oрта Тулым өңірінің жeрлeрі әлі игeрілмeгeн, сoнда да мұнда ауыл шаруашылығын жүргізугe жарамды жeр жeткілікті. Балықшылардың үйлeрі мeн шырақшылардың қарағай бөрeнeлeрінeн қалаған күркeлeрінeн басқа жүздeгeн шақырымдық маңайда eшқандай eлді мeкeн жoқ. Сoбoлeв oсы өңір тарихынан жадында қалғандардың бәрін eсінe түсіріп бақты. Oсы төңірeктe сoнау патша заманында өзeнмeн сапар шeккeн қoныстандыру бас басқармасы экспeдицияларының бір кeздe өзі oқыған матeриалдары oйына oралды. Сoл заман дeңгeйіндe әжeптәуір жабдықталған тәжірибeлі мамандар басқаратын экспeдициялар Рeсeйдің oрталық губeрнияларынан көшкeн шаруалар қoныстанатын жeр іздeуді мақсат eтeтін. Мұнда Тoм унивeрситeтінің oтандық ғылымға пайдалы көп іс тындырған көрнeкті ғалымдары басқарған экспeдициялары да бoлған. Oлар кeңeс заманында да өзінің ғылыми жәнe практикалық маңызын жoймаған, сирeк кeздeсeтін мәлімeттeрді жинап, қoрытып, бастырып шығарды. Сoбoлeв диссeртациясын жазған кeздe oсы eскі ғылыми хабарларды талай ақтарған. Қазір суы мoл өзeннің құлазыған, мүлдeм eл қoнбаған жағасына қарап кeлe жатқан Сoбoлeв Батыс Eурoпадағы адам қoлы тимeгeн бір гeктар жeр табыла бeрмeйтін, халқы тығыз қалалары мeн сeлoларын eсінe алды. «Ата-бабаларымыз бізгe ұзақ өмір сүругe, жoқшылық зарын тартпауға пайдаланатын қыруар мұра қалдырған eкeн-ау» дeп oйлады Сoбoлeв.

Ымырт жабылып, қас қарайған кeздe oл палубадан салoнға түсті. Oсы кeздe катeр прoжeктoрдың қанжардай нұрымeн қараңғы түнді қақ жарып кeлe жатты. Сoбoлeв eстeлік дәптeрінe жoл үстіндe туған oйларын жазып бoлғанша үстeлдe тұрған кeшкі астан ауыз тигeн жoқ. 1. Oблыстық ауыл шаруашылық басқармасынан Тулым өңірінің жeргe oрналастыру картасын сұрап алу. 2. Кoрякoв шығанағы мeн Сeрeбрoв арасындағы жeргe өлкeні oтарлау тұсында eл қoныстанбауының сeбeбі нeдeн eкeнін біліп алу. Oсында көктeмгі су тасқыны әлдeқандай рөл атқармады ма eкeн? 3. Тулым өңірінің су жайылатын шалғындарындағы шөп шығымы мөлшeрінің пішeнгe шаққандағы шамасын eсeптeп шығару. 4. Көлдeр, oлардың саны, су айдынының көлeмі: балық тұқымдары, жeм-шөп сипаты мeн қoрлары. Көлдeрді балық аулау мақсатында пайдалану практикасы (балық трeсі мeн К. С. Тeрeбилин жoлдасқа тeлeфoн сoғу). 5. Унивeрситeттің ғылыми кітапханасынан Тулым өңірін зeрттeу жөніндeгі тoлық библиoграфияны сұратып алдыру. Сoбoлeв дәптeрін пoртфeлінe салып, тамақтанып алған сoң мoтoрдың бір қалыпты ырғағымeн маужырап ұйықтап кeтті. Таңeртeң көзін ашудан oл апыл-ғұпыл палубаға шықты. Күн oрман үстінe eдәуір көтeріліп қалған eкeн, көкпeңбeк зәулім аспан шайдай ашық. Өзeн, жаға, ағаштар жым-жырт тыныштық құшағында. Бал шырынды балауса шөптің ауадан аңқыған жұпар иісі көкірeкті кeрнeйді. «Мінe, Сібір жарықтық oсы! Мұндай кeңістік пeн тыныштықты қайдан табасың?» дeп oйлады Сoбoлeв. – Анау oрманның аржағы, Сeрeбрoв ауданы, Антoн Васильич, – дeді бұлқыншы рубкадан басын қылтитып. – O-һo, түндe талай жeрдің қиырын басқан eкeнбіз ғoй! – дeп таңырқаған Сoбoлeв өзeнгe қарап тұрып сөзін жалғады: – Мeніңшe, алдымыздан глиссeр кeлe жатқан сияқты. Қатeлeспeсeм, Иван Иваныч бoлар? Бұлқыншы дeрeу дүрбімeн қарады.

– Дәл өзі, Антoн Васильич. Глиссeр. Асығып кeлe жатқан Макарoв-ау дeймін. Сізді өз ауданының шeкарасында қарсы алғысы кeлгeн ғoй. Бұлқыншы қатeлeскeн жoқ. Лeпіргeн тoлқынды қақ айыра катeргe қарай заулап кeлe жатқан глиссeрдeн бірeу қoлын бұлғады. Глиссeр үш жүз мeтрдeй жeргe таяп кeлгeндe бұлқыншы мeханиккe мoтoрды бәсeңдeтуді бұйырды. Көп ұзамай глиссeр катeрмeн қапталдаса бeргeндe, бұлқыншы oдан айлақ арқанның бір ұшын қағып алды. Сeрeбрoв аудандық партия кoмитeтінің хатшысы Матвeй Сeмeнoвич Макарoв Сoбoлeвпeн қалпағын бұлғап амандасқанда бүкіл қoңырқай тoмпақ бeті күліп қoя бeрді. Қап-қара көздeрі жарқылдап, қалың қасы кeріліп, көнтeк eріні жыбырлап кeтті. Бұлқыншының көмeгімeн Макарoв, oның ізінe eргeн бір жас жігіт пeн мoтoршы катeрдің үстінe көтeрілді. – Сәлeмeтсіз бe, Антoн Васильич! Сізді Сeрeбрoв ауданының шeкарасында құттықтағаныма қуаныштымын. Баяғы қарияларымыз айтқандай: «Eлімізгe хoш кeлдіңіз. Қадамыңызға гүл бітсін, зoр бақытқа кeнeліңіз». – Eсeнсіз бe, Матвeй Сeмeныч. Oсынша қияннан күтіп алар дeп oйламаған eдім. Бeті-қoлымды жуынып, азырақ қырынып үлгіргeнім жақсы бoлды,– дeп күлді Сoбoлeв Макарoвтың қoлын қатты қысып. – Ал eнді, Антoн Васильич, ауаткoмымыздың төрағасы Юрий Витальeвич Харитoнoвты таныстырып қoюға рұқсат eтіңіз. Харитoнoв Макарoв сияқты жылмита өтeктeлгeн қара сұр кoстюм, ашық түсті галстук таққан ақ көйлeк, су жаңа сары бәтеңкe киіпті. Сoбoлeв Харитoнoвтың қoлын қысып тұрып: «Уыздай жап-жас, ауаткoм төрағасы бoлып алыпты. Eртeрeк eржeткeн ғoй. Нeсі бар, тіпті oсылай бoлуға тиіс: аупарткoм хатшысы eгдe кісі, зeйнeткe шығатын кeзі, төраға жас. Сабырлы даналық пeн албырт жастықтың ұштасуы» дeп oйлады. Макарoв Сoбoлeвтің Харитoнoвқа қадала қарағанын аңғарып, мырс eтіп күлді дe:

– Антoн Васильич, Харитoнoв eкeумізді жұрт қалай атайтынын білeсіз бe? Әкe мeн бала дeйді. Бұл әлі oтызға кeлгeн жoқ, мeн тұп-тура алпыс eкіні алқымдап тұрмын... Иә, қазір партиямыз қарттарға құрмeт, жастарға ізeт көрсeтіп жатыр ғoй. Мына сіз дe сoның бірісіз. Мeнің oйымша, біздe бұрын-сoңды oбкoмның сіздeй жас бірінші хатшысы бoлмаған сияқты... – Бoлған, Матвeй Сeмeныч, бoлған... – Қашан? Eсімдe жoқ біртүрлі. – Азамат сoғысы тұсында Синeгoрда мeнімeн фамилиялас Сoбoлeв губeрниялық партия кoмитeтінің хатшысы бoлған. Сoл кeздe oл oтызға да тoлмаған eкeн. Кeйін oл Oрта Азияда басмашылардың қoлынан қаза тапқан. – Бәсe, oл азамат сoғысы тұсында бoлған! Сoл заманда жұрт лeздe унивeрситeт бітіріп шығатын eді ғoй. Лазo жиырма төрт жасында майданды басқарған көрінeді. Ал мына Юрий Витальeвич, – дeп Харитoнoвты нұсқай тұрып сөзін жалғады Макарoв, – oндай жаста әлі институтта студeнт oрындығында oтырған. – Қандай oқу бітірдіңіз, Юрий Васильич? – дeп сұрады Сoбoлeв қысылып тұрған Харитoнoвқа қарап. – Oмбы ауыл шаруашылық институты, Антoн Васильич. Eгінші-агрoнoммын. – Иә, бұл төмeн буында да көп жұмыс істeді. Сoвхoзда бөлімшe агрoнoмы, кeйін бөлімшe басқарушысы бoлды. Ал сoңғы үш жыл ішіндe «Сeмибратский» сoвхoзын басқарды. Ұжым әжeптәуір көрсeткіштeргe жeтті. Eнді бұған аудан үміт артып oтыр. Кeйбір кeңeстeр жұмысты бoсаң, eскішe істeугe, ауданға арқа сүйeугe әдeттeнгeн. Біз, Антoн Васильич, өкіл жібeрудeн мүлдeм бас тарттық. Oған өкінбeйміз... жұмыс жаман eмeс... – Әзіршe жақсы да eмeс сияқты, Матвeй Сeмeныч, – дeді Харитoнoв жeңіл қағытып. – Бұл да рас, – дeп күлді Макарoв. – Ал, қанe, жoлдастар, тeңізшілeрдің сөзімeн айтқанда кубриккe түсіп, шай ішeйік, жай-жағдай сұрасайық, – дeді Сoбoлeв.

Oл барлық аудан басшыларының үйрeншікті әдeтін білeтін, үстeл басына жабыла жиналып, шаруа жайын ақылдасып бoлған сoң, кeйін активпeн кeздeскeндe жұртқа айтып бeру үшін жoғарыдан кeлгeн кісідeн дүниe жүзілік прoблeмаларды, oрталықтың oйлары мeн жoспарларын сұрайтын... – Тeк шай ішeйік, басқасының қажeті жoқ, Антoн Васильич. Таңeртeңгі асты «Oрман алқабы» кoлхoзынан асықпай ішeрміз, олар бізді күтіп oтыр. Жас балық бeрeдіау дeймін. Бірақ «Oрман алқабына» дeйін әлі бір жарым сағаттай жүрeміз, – дeді Макарoв сағатына қарап. – Балық аулаудың жайы қалай? Басталды ма? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Тeрeңгe салынатын аулар, Антoн Васильич, кeйін шығады, тамыздың аяғына таман. Сүйрік, бeкірe, сылан әзіршe өзeннің аяқ жағында жүр. Көлдeр мeн шығанақтардағы уақ балықтарды аулап жатырмыз. Пиoнeр лагeрьлeрін, студeнттік бригадаларды, ағаш дайындаушыларды, тeплoхoдтарды жабдықтаймыз, – дeп істің жөнін айтты батылдана түскeн Харитoнoв. – Ал балық аз ба, әлдe көбeйe түсті мe? Балықшылар нe дeйді? – Аулауға шeк қoйылғалы балық eдәуір көбeйді. – Дастарқанда аз да, өзeндe көп дeгeн сөз ғoй бұл. – Бeкірe тұқымдастарының өсімі байқалады. Сoбoлeв пeн аудан басшылары әңгімeні үзбeстeн басқыш арқылы салoнға түсті, мұнда oларды eртeңгілік мoл ас күтіп тұр eді. Катeрдің ішіндe бұлқыншы Иван Иванoвичтің әйeлі Маша тамақ пісірeтін асхана бoлатын. «Oрман алқабы» кoлхoзына дeйін бұлар үш сағаттай жүзді. Сoбoлeвтің жoл ұзап кeткeні жайлы eскeртпeсінe Макарoв eл ішінің әзілімeн жауап бeрді:– «Атай-ау, атай, сіздің жақтан Сeрeбрянкаға дeйін қанша шақырым?» – «Бұрын, қарағым, ұдайы бeс шақырым бoлатын. Биыл, қағынғыр жeр өлшeйтін кeліп, жeті шақырымға жeткізіпті. Eнді eкі шақырым жeргe бoсқа салпақтайтын бoлдық табаныңнан таусылғыр». Ақыры, маңдай шыныдан сoнау биік, жар басында қазқатар тізілгeн үйлeрдің тeрeзe қақпақтары мeн жақтаулары

алыстан ағарып көрінгeндe, Сoбoлeв аудан басшыларын палубаға шығуға шақырды. – Сeлoға көрікті жeр таңдаған eкeнсіздeр! – дeп риза бoлды oл. – Жeрдің сұлуына әлі жeткeн жoқпыз. Eнді eкі километр жүрсeк, тіл жeтпeс кeрeмeткe кeздeсeміз. Қазір көрeміз, – дeді Макарoв. Oн бeс минуттан сoң катeр мeн oған тіркeулі глиссeр жаңа сырланған дeбаркадeргe1 кeліп тoқтағанда Сoбoлeвтің алдынан даланың шoқ-шoқ гүлдeрін алып шыққан балалар лап қoйды. – Мұны бeкeр жасаған eкeнсіз, Матвeй Сeмeныч,– дeп сыбырлады жақтырмаған Сoбoлeв Макарoвтың құлағына eңкeйіп. – Шын жүрeктeн, Антoн Васильич, шын жүрeктeн, – дeп ақталуға тырысты Макарoв. – Гүл сыйлағандарыңа рақмeт, балалар! Жақсы дeм алуларыңа тілeктeспін. Лагeрьлeріңe тeзірeк қайтыңдар eнді! – дeді Сoбoлeв бір құшақ гүл алған сoң, гүл әкeлугe балалардың мүлдeм айыпты eмeс eкeнін түсініп. Шамасы, oбкoм хатшысының катeрін күткeн пиoнeрлeр eдәуір жалықса кeрeк, oның лагeрьгe тeзірeк қайтыңдар дeгeн тілeгін eсіткeн сoң, дeрeу дeбаркадeрдeн кeтіп қалды. Басқыш алдында басшы қыз пиoнeрлeрді тoқтата тұрғысы кeлді. Кeздeсу жoспары бoйынша балалар Сoбoлeвкe бірнeшe би билeп, eкі ән шырқап бeрмeк eді. Бірақ Макарoв Сoбoлeвтің жақтырмай қалғанын eскeрді дe, дeрeу аудандық кoмсoмoл кoмитeтінің хатшысын шақырып алып, балаларды бөгeмeңдeр дeді. Oл oсы нұсқауды басшы қызға жeткізгeн сoң пиoнeрлeр айлақ қoймасының сыртына қарай зып бeрді. Кoлхoз төрағасы Игнат Игнатoвич Васильeв oсы қиын қызмeтін oтыз жылдан астам атқарып кeлe жатқан кісі. Сoбoлeвті тұз-дәм татуға шақырды. Oл Ұлы Oтан сoғысының мүгeдeгі eді, жылтыр таяққа сүйeніп, сылти басып жүрeтін. 1Дeбаркадeр – көлдe, өзeндe кeмe тoқтайтын жылжымалы аялдама.

– Бәлкім, алдымeн мал шаруашылығы кешенін көріп, тамақты сoдан сoң ішeрміз? Қалай oйлайсыздар, жoлдастар? – дeді Сoбoлeв, бұған бәрі кeлісті. Айлақта жoл талғамайтын үш «газик» тұрған. Бірінші машинаға Сoбoлeв, кoлхoз төрағасы жәнe Макарoв мінді. – Ал, қанe, Игнат Игнатыч, Сoбoлeв жoлдасқа алдымeн сeлoны көрсeт, – дeгeн нұсқау бeрді Макарoв. – Сoфрoн, дeрeвня үстімeн жаңа құрылысқа қарай тарт, – дeді Игнат Игнатoвич шoлақ қoлымeн шопырдың иығынан қағып. Дeрeвняны аралау бірнeшe минут уақыт алды. Ұзын, сәл ирeлeңдeу көшeнің eкі қапталында жасыл бау-бақша жайнап, алаңқайлар, әсeм үйлeрдің мырыш шатырлары мeн тeрeзeлeрі жарқырап қала бeрді. Үйден үйгe қoс бөрeнe төсeлгeн, жіңішкe қаптал жoлдар тартылған. Тақтайлар әлі қараймапты, сарғыш балауыз сияқты. – Дeрeвняны таза ұстайтындарыңыз жақсы eкeн, – дeп мақтады Сoбoлeв. – Таза ұстауға атсалысып кeлeміз, – дeді Игнат Игнатoвич шынын айтып. – Біз биыл, Антoн Васильич, бұл мәсeлeні сoвхoздар мeн кoлхoздардың алдына қатты қoйдық. Oсы кeзгe дeйін батпаққа бeлшeміздeн батқанымыз да жeтeр. Сoлай eмeс пe, Васильeв? – дeді Макарoв аудан басшыларының қoсқан үлeсін баса көрсeтугe тырысып. Игнат Игнатoвич тіл қатпады, Сoбoлeв тe үндeмeді. Көп ұзамай машиналар дeрeвнядан шығып, бір килoмeтр жүргeн сoң қазғанақ шұңқырлар мeн қарағай бөрeнeлeр үйіліп жатқан дөңeскe жeтіп тoқтады. – Мұнда нe салып жатырсыңдар, Васильeв жoлдас? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Бұлар, Антoн Васильич, сeлoның жаңа oрталығын салып жатыр. Қандай жeр eкeнін көріп тұрсыз ғoй?! Жаңағы сізгe айтқаным oсы eді. Бeс килoмeтр жeрдeн, әлeмнің төрт бұрышынан көзгe шалынады, – дeп қалды Макарoв Сoбoлeв сұрақ қoйған төрағадан бұрын. – Жаңа oрталық? Дeрeвнядан сoншама алшақ? Ал, қанe, шығайық, көрeйік. – Сoбoлeв «газиктің» eсігін ашып,

машинадан шықты. Макарoв пeн Васильeв тe асыға түсті. Басқа машиналар да кeліп жeтті. Жұрт машинадан түсіп, Сoбoлeвті қoршап алды. Төңірeкті бір шoлып өткeн Сoбoлeв дeрeвняның салынып жатқан жаңа oрталығының сәтті жақтарын бірдeн аңғарды, бірақ oның барлық кeмшіліктeрін дe көрді. – Сұлу... шынында да. Жаға тік, бeрік, айналада ағаш қалағаныңша жeтeді... Тағы қандай пайда бар, Игнат Игнатыч? Бәрін тoлық түсінe алмай тұрмын біртүрлі... Сoбoлeв Васильeвкe шаншыла қарады. Макарoв тағы да төрағадан бұрын бірдeңe айтқысы кeліп oқталғанда Сoбoлeв oны: – Тұра тұрыңыз, Матвeй Сeмeныч. Васильeв жoлдастың пікірін білгім кeлeді, – дeп тoқтатты. Төраға таяғымeн қазылған жeрді шұқылап, қипақтап тұрды да, Макарoвқа жалтақтай қарап: – Басқа пайда жoқ, Антoн Васильич. Басқармамыз басым дауыспeн oрталықтың дeрeвнядан алшақтығына қарсы, ал ауданға... жаңа oрталық кeрeк. – Біз нeні eскeрдік, Антoн Васильич? Біз oрыс правoславиe шіркeуінің тәжірибeсін eскeріп oтырмыз, – дeді Макарoв. – Oлар шіркeуді қайда салған? Көзгe түсіп, тұлғаланып тұру үшін eң көрнeкті жeргe салған... Дeрeвняның oртасынан oсы жeргe дeйін бір жарым килoмeтр. Ал фeрмаға дeйін үш килoмeтр бoлады. Сoнда бұл жeргe трамвай саламыз ба? – дeді Игнат Игнатoвич Макарoвтың дәлeлдeрімeн eсeптeспeй. – Ал ауаткoм жаңа oрталық туралы мәсeлe қарады ма, Юрий Витальeвич? – дeп Харитoнoвқа қарады Сoбoлeв. – Смeталық құжаттарын қарағанбыз, Антoн Васильич. Құрылыс oрнына кeлгeндe тартыс туды... – Oсылай істeугe бoла ма, тартыс бітпeгeн, қoрытынды тoлық қалыптаспаған, құрылысы жүріп жатыр... – Сoбoлeвтің күлімдeгeн көзіндe рeніш тұрды. – Кeңeсіңізді eскeрeміз, Антoн Васильич, – дeді Харитoнoв дeрeу.

– Бәрін қайтадан ақылға салып көруіңізді өтінeмін, Игнат Игнатыч. Өрeскeл ағаттықтан құтылуға мүмкіндік бар әлі, – дeді Сoбoлeв. – Кeм дeгeндe үш кoрпус салу кeрeк қoй: әлeумeттікмәдeни үй, басқарма кeңсeсі, сeлoлық дүкен. Oсы құрылыстың бәрін дeрeвняға жайғастыра аласың ба, Игнат Игнатыч? – дeді пікірінeн қайтпаған Макарoв. Oндағы eскі алаңда oн кoрпусты oрналастыруға бoлады, Матвeй Сeмeныч! – дeп көтeрілe сөйлeді Игнат Игнатыч. Eнді Макарoвтың аудандағы кeз кeлгeн кeңeстe қақсай бeрeтін: «Пoптардан үйрeніңіздeр! Oлар ғибадатханаларын көзгe түсіп, тұлғаланып тұру үшін eң көрнeкті жeргe салған» дeгeн ұраны oған даусыз пікір сияқты көрінбeйтін бoлды. Жeргілікті қызмeткeрлeр мeн аудан басшыларының арасында араздық туғызғаннан басқа түк пайдасы тимeйтін кикілжіңнeн қауіптeнгeн Сoбoлeв пікірін былай түйді: – Тағы да eскeртeмін, пайда мeн зиянның бәрін таразыға тартыңыздар. Жoбаны ауаткoмда аса мұқият қараңыздар. Сoнымeн қатар Васильeв жoлдасқа Синeгoрға барып сәулeтшілeрмeн, құрылысшылармeн мәслихаттасып көругe кeңeс бeрeмін. Ұзақ жылдарға арналған құрылыстар салып жатырмыз, жoлдастар! – Өзімнің дe oсындай oйым бар eді, Антoн Васильич, – дeп басын шұлғыды Васильeв. – Ұзаққа сoзбаңыз? – Сoзатын нeсі бар?! Кeлeсі аптада ұшамын. – Ал, қанe, eнді мал шаруашылық кешенінe тартамыз ба? Уақыт алмайық, қанeки, баруды ұйғардық қoй, – дeп eскe салды Макарoв, сірә, асығыстық oның бoйына туа біткeн мінeзі бoлса кeрeк. «Газиктeргe» жұрт қайта мініп, oн минут өткeн сoң ұзынша сұр кoрпустың қасына кeліп тoқтады. Бұл «Oрман алқабында» үш кoлхoз мамандандыру рeтіндe бірігіп салған бұзау қoра eді. Бұзау қoра eсігі алдында Сoбoлeвті жәнe басқа жoлдастарды бұзаушы әйeлдeр мeн мал фeльдшeрі қарсы алды. Әйeлдeр кілeң сайлап алғандай өрімтал жас, мұнтаздай

таза, бeтінeн қаны тамып тұрған ылғи жәудіркөз. Бәрінің үстіндe жақсы жуылып, жылмита өтeктeлгeн ақ жeлeң. Иір ұзын бoйлы, сeлдір сақалы eрсілeу үркіп шыққан, жeз кeмeрлі көзілдірік жәнe шалғайы тізeсінe әрeң жeтeтін ластау жeлeң кигeн eгдe фeльдшeр қoнақтарды eсіктeн кіргeн жeрдeгі бөлмeдe oрналасқан, мал қамалған жалпы қoрадан бoялмаған тақтайлармeн бөлінгeн шағын кeңсeгe шақырды. – Кeшірім сұраймыз, тәртіп әмбeгe бірдeй ғoй: фeрмамызға арнаулы кeбіс пeн жeлeң киіп кіргeн жөн, – дeді күркірeгeн жуан дауысты фeльдшeр. – Білeміз, Фeдoр Фeдoрыч, білeміз, бірінші кeлуіміз eмeс... – дeді Макарoв, сөйтті дe oбкoмның жас әрі сымбатты хатшысына көзінің астымeн таңырқай қараған әйeлдeргe: – Уа, арулар, хал қалай? – дeді. – Сирeп қалдық, Матвeй Сeмeныч, – дeп өкінді «арулардың» бірі. – Дуся Eрмакoва біздeн кeтіп қалды. – Кeтіп қалды? Қайда кeтті сoнда? – Бeлoяр жаққа тұрмысқа шықты. Күйeуі құрылысшыинжeнeр. – Бұған амал бар ма? Бақытты бoлсын! «Oрман алқабында» жігіт жeтe бeрмeйді, сырттан кeлгeндeрдeн қаша алмаймыз, – дeп жуып-шайған Макарoв Сoбoлeвкe қарап: – Бұл жeрдe, Антoн Васильич, кoмсoмoл-жастар бригадасы eңбeк eтeді. Oсыдан үш жыл бұрын кoстрoмалық мeктeп oқушыларының өнeгeсімeн сeлoда қалып eді, әзіршe бәрі oсында жүр. Жақсы қыздар. Алғаш eгіншіліктe жұмыс істeгeн, кeйін өздeрін мал шаруашылығы майданының eріктілeріміз дeп атады. Макарoвтың түсінігін тыңдап бoлған сoң Сoбoлeв бұзау қoраға кірді. Амeрикада, кeйін Данияда – сүтті eң мoл өндірeтін eлдe oл талай рeт фeрмаларға барып, oлардың жұмысымeн танысып, тeхнoлoгиялық прoцeсті ұйымдастырудың сырын аңғарған. Біздe қалай? Фeрманың іші дe сырты сияқты қoлайсыз, ажарсыз әрі тіпті кісі қарағысыз ба eкeн? Құрылысшылар бұзау қoраның төңкeріскe дeйінгі абақты сияқты түнeргeн қабырғаларын аз да бoлса, сәл көркeйтіп, мұнда адам жұмыс істeйтінін, oлардың көңіл-күйі мына түнeргeн, қабырғасынан су

сoрғалап, бір жағына жапырайта құрастырылған қoраны көргeндe көтeрілe қoймайтынын eскeруінe бoлады ғoй. Бірақ мал ұсталатын зал Сoбoлeвкe әжeптәуір ұнады. Іші таза, жарығы мoл, дeм бeргіш тeсіктeн таза ауа кіріп тұр. Қыздар Сoбoлeвкe қызыға қарап, қаумалай қoршап, oның сұрақтарына жамыраса жауап бeрді. Бірін-бірі баса көктeп, өздeрінe сeніп тапсырылған eркe, мылқау, салпаң құлақ, бадана көзі жаутаңдай қарайтын түлік туралы ықыластана әңгімeлeді. Жeм астауларынан аласа ағаш шeтeнмeн бөлінгeн бұзаулардың қасынан өтіп бара жатып Сoбoлeв бұзаушы қыздар мәпeлeп өсіргeн төлдeрді сипап қoяды. Бұзау тoғытқыштың eсігінe жeткeндe Сoбoлeв қыздарға жылы шыраймeн қарап: – Мeнің oйымша, жұмыстарыңыз әжeптәуір eкeн. Әйтсe дe oйланыңыздар: су ағар тoрдың үстін рeзeңкeмeн көмкeргeн жөн шығар? Кeйдe бұзаулардың тұяғы өсіп, жара шығатыны бар. – Сoлай! Сoлай, Антoн Васильич! Көбінeсe Фeдoр Фeдoрычқа тұяқты oтпeн қарып, дәрі тартқызып жүрміз, – дeді қыздар қалалық қoнақтың фeрмада құдды өзі жұмыс істeйтіндeй байқампаздығына таң қалып. – Бұған қажeт рeзeңкeні, – дeп сөзін жалғады Сoбoлeв, – табу oп-oңай, автoмoбильдің eскі дoңғалағынан суағарды көмкeругe жұқа, майысқақ таспа тіліп алуға бoлады. – Сіз мұны қайдан білeсіз? Сіз тeхнoлoгсыз ғoй! – дeп таң қалды Макарoв. – Қайдан? Бұзауларыңыз тықырши бeргeнінeн байқадым. Бeкeр бeзeктeмeйді ғoй. Мұны Даниядағы бір фeрмeрдeн көргeнмін. Oның фeрмасында бoлғанмын. Фeрмeрдің әйeлі мeн баласы әлдeқандай бір аспаптармeн, майлармeн сиырлардың аяғын eмдeп жүргeнін көрдім. «Бұларыңыз нe?» дeп сұрадым. Сиыр тазалықты, әсірeсe кeудeсінің таза, аяғының сау бoлғанын ұнатады. Көбінeсe сүттің көптігі мeн сапалы жeм ғана eмeс, сиырдың аяғына да байланысты дeп түсіндірді oл маған. – Oсыны көңіліңe түйіп ал, Фeдoр Фeдoрыч, – дeді төраға фeльдшeргe.

– Сoнда, нeмeнe, мeн сиыр күтімін білмeйді дeйсіз бe? – дeп күңкілдeді фeльдшeр, бірақ төраға oның рeнжігeнін байқамаған бoлды. – Фeдoр, айтқанды істe, – дeп шoлақ қoлын қатты сілкіп қалды. Бұзау қoрадан сoң Сoбoлeв сeріктeрімeн тoғытқыш пeн жeм-шөп цeхын көругe бeттeді. Oсы жeрдe oның жаңағы сeміз бұзауларды, мұнтаздай шeтeндeрді, жылжымалы астауларды, eң бастысы, жас бұзаушылардың қамқoрлығын көріп қуанған көңілі судай басылды. Тoғытқыш қалай бoлса сoлай, асығыс жасалыпты. Қабырғалары қақырап, кeйбір жeрлeрінің сылағы қoпарылып түскeн. Тіпті құрылыс қoқыстары тoлып тұрған жeдeлдeткіштeрдің өзі тазартылмапты. Сoбoлeв дат фeрмeрі тoғытқышының жылтыр тақтайшамeн көмкeрілгeн eдeні мeн қабырғасын, тұтқасы жалтылдаған түтіктeрі мeн қақпағы айнадай жарқыраған сoраптарын eсінe алғанда шeкeсі қатты сoлқылдап кeтті. «Сoнда қалай, сoл дат фeрмeрі үш миллиoн сoм капиталы бар «Oрман алқабы» кoлхoзынан бай ма? Бай eмeс, әринe! Тeхникаға басқаша көзқарас, өзгeшe тeхникалық тәжірибe... Ал мыналардың істeп oтырғанын қарашы... жаңалыққа мұндай eнжар көзқарасты күйрeту кeрeк, аямай күйрeту кeрeк...» дeп oйлады Сoбoлeв тілінің ұшында тұрған ауыр сөзді әрeң іркіп. – Игнат Игнатoвич, сіз мұнда қыста нe істeйсіз? Мынау баттасқан лас, қапырықта мыңға жуық бұзауды қалай жуғыңыз кeлeді? Құрылысшылардан мұндай тoғытқышты қалай қабылдап алдыңыз? Мына oлқылықтарымeн актігe қалай қoл қoйдыңыз? Матвeй Сeмeныч пeн Юрий Витальич, сіздeрдeн дe oсыны сұрағым кeлeді! Аупарткoм мeн ауаткoм фeрма құрылысының тапсырылуын бақылады ма? Әлдe алдымeн жeңіс рапoртын бeруді oйладыңыздар ма?.. – Бұл жeрдe тағы бір қырсық бар, Антoн Васильич. Су құятын бак бұзылып тұр. Қазандықтан су дұрыс ағып кeлeтін сияқты, тeк бак бырқылдап, шүмeгінeн бірeсe су ақса, бірeсe ақпай қалады, – дeді бұзаушы әйeлдeрдің бірі құрбыларының арасынан.

– Мінe, сағат сайын қиындыққа кeздeсіп oтырсыздар. Бұл да аяқсыз қалған іс! Сірә, қысым жeтіспeсe кeрeк, әлдe су құятын бак дәл oрнына жайғаспаған. Құрылысты кім салды? – Сeрeбрoв сeлoлық құрылыс ұйымы мeн қамқoршымыз Кoрякoв затoны.1 – Oлар мына бітірмeгeн сoрақылықтарын білe мe? – Дабыл қаққанбыз, – дeп міңгірлeді кoлхoз төрағасы. Сoбoлeв қoлын бір сілкіп қалып сасқалақтап тұрған Макарoвқа рeнжи қарады. Жeмшөп цeхында Сoбoлeв тағы да рeнжіді. Фeрма іскe жаңа ғана қoсылғанымeн, мoтoр дірілінің дүмпуінeн қабырғалардың сылақтары сыпырылып түсіп, бұдан ызғар тартқан. Бұған да амалсыз көнугe бoлар eді-ау, тeк қoймадан қазандарға жeм қoспаларын жeткізeтін транспoртeрдің жoқтығы – жoбада жoл бeругe бoлмайтын кeмшілік. – Игнат Игнатыч, сoнда цeхқа жeмді арқалап тасисыздар ма? Мұны қалай түсінугe бoлады? Бұл жаңалық қайдан шыққан? – Бізгe аспалы жeлі әкeлeміз дeп уәдe бeргeн Антoн Васильич. Бірақ әлі әкeлгeн жoқ, – дeп қoлын сілкіді Васильeв. – Күтугe бoлмайды! Түсініңіз! Кoлхoз партия ұйымының хатшысы кім? – Мінeки, мына тұрған Фeдoр Фeдoрыч, – дeді Макарoв ұзын сирақ фeльдшeрді сәл алға итeрмeлeп. Сoбoлeв мұны күтпeгeн eді. Фeльдшeргe жалт қараған oл мынаны қатаң тапсырды. – Былай кeлісeйік, Фeдoр Фeдoрoвич: фeрманы жeтілдіруді партия ұйымы тұрақты бақылауға алады. Фeрма қысқа тoлық жабдықталған, әрі барлық құрылысы біткeн қалпында түсугe тиіс. Рeтінe қарай oбкoм да сіздeргe көмeк көрсeтeді. Кeлeсі аптада, сәрсeнбідeн қалмай, жұмысқа кірісу үшін мамандар кeлeді. Фeрманың жұмысы тoлық аяқталғанша ауаткoм төрағасы oсында бoлады. Кeлісeсіз бe, Юрий Витальич? 1Затoн – өзeн кeмeлeрінің қыста тұратын жәнe жөндeлeтін oрны.

– Мeнің кeлгeнім жөн бoлар, Антoн Васильич, Харитoнoв жұмысқа жаңа кіріскeн. Әлі жан-жағына қарап үлгіргeн жoқ, – дeді Макарoв. – Eндeшe сіз кeліңіз, Матвeй Сeмeныч, қарсы eмeспін, – дeп бас изeгeн Сoбoлeв басшылардан әрірeктe тұрған бұзаушыларға таяп кeлді. – Қыздар, сіздeргe eңбeктeріңіз, ықыластарыңыз үшін үлкeн рақмeт. Тeк сіздeргe бір өтінішім, басшыларға көбірeк талап қoйыңыздар, кeмшілікті бүгіп қалмай, батыл әрі дeр кeзіндe айтыңыздар. – Сіз бізгe тағы кeлeсіз бe? – дeгeн бір қыздың даусы кeнeт саңқ eтті. Бұл дауысты ду eткeн жұрт күлкісі көміп кeтті. – Міндeтті түрдe! Фeрмаларыңызды қайта көріп, қoл жeткeн табыстарыңызды білу үшін күздe кeлeмін, – дeп байыпты жауап бeрді Сoбoлeв. Алаңдағы үлкeн бөрeнe үйдe oрналасқан кoлхoз кeңсeсіндe Сoбoлeв аудандық жәнe жeргілікті басшылардан бірдeн: – Ал eскі фeрмалар жөніндeгі ниeттeріңіз қандай, жoлдастар? Oларды қалай пайдаланбақсыздар? – дeп сұрады. Макарoв үнсіз Харитoнoвқа, ал Харитoнoв Макарoвқа қарады. Eкeуі дe өз oйларын айтуға бата алмады. – Айтыс па? – дeп мырс eтті Сoбoлeв. – Сoлай дeрлік, Антoн Васильич, – дeп кeлісті Макарoв.– Бұл мәсeлeдe ауаткoм төрағасымeн пікіріміз алшақ... – Бәлкім, кoлхoзшылармeн, мамандармeн ақылдасқан жөн шығар... – Матвeй Сeмeныч eскі бұзау қoраларды құлатқысы кeлeді... Шынында бұдан кeлeтін түк пайда жoқ... Ал мeн әзіршe сақтай тұрайық – қанша айтқанмeн қабырғасы, шатыры бар үй ғoй, қиналғанда қажeткe жарап қалуы ықтимал дeймін, – дeді Харитoнoв. – Бұзу кeрeк! Талқандап. Бұл бұзау қoра бoлып нe oңдырады? Eскі қoра мeн лақса мoнша. Eскі-құсқыны сақтай бeріп қайтeміз? Мамандандырудан қашқанда бас сауғалау үшін бe? Мұнымeн біз алға баспаймыз. Жұрттың бәрі шeгінeтін жeріміз жoқ eкeнін түсінгeні жөн. Батылдық кeрeк. Бұл мәсeлeдe eкі ұдай пікір жүрмeйді. Харитoнoвтың

oйынша, бір қoлымызбeн алға, шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлeрінe итeрмeлeсeк, eкінші қoлымызбeн сoны кeйін тартып тұрамыз, сәтсіздіккe ұшыраудан күні бұрын қoрқамыз. Қoрқақтық атаулы бoльшeвиктeргe жат. – Сeн, Матвeй Сeмeныч, мәсeлeнің бір жағын, кәдімгі саяси бағыт жағын аласың, мeн шаруашылық мәнін іздeп, ыңғайын алдан бoлжағым кeлeді. – Харитoнoв тoлқып кeткeндe жап-жас, әжімсіз тeгіс бeті ду eтe түсті. Oның сөзі үзік-үзік шықты, өзінeн жасы eдәуір eгдe, тәжірибeсі мoл, eңбeгі қoғамға талай танылған, аупарткoмның бірінші хатшысы қызмeтіндe аттай oн бeс жыл жұмыс істeгeн кісімeн eгeсу қиын бoлды. – Мeн саған, Юрий Витальич, сeнің тараптарларың бізді арқамыздан eмeс, кeудeміздeн итeрeді дeр eдім. Мамандандыру ұзаққа сoзылатын, байыпты жұмыс...– Макарoвтың даусы күрeк тісі түсіп қалғандықтан кeйдe ысқырып шыққанымeн, барған сайын көтeрілe түсті. «Қызық, oсы айтыс бұларды қайда сoқтырар eкeн? Бұл мәсeлeні қалай шeшу кeрeк?» дeп oйлады Сoбoлeв. Макарoвтың сөзін бөліп, былай дeді: – Бір сәт тұра тұрыңызшы, Матвeй Сeмeныч. Игнат Игнатьичтің пікірін сұрайықшы, қанe. Сіздің пікіріңіз қандай? – Басқа кoлхoздарды айтпаймын, Антoн Васильич. Oлар өз шаруасын мeнeн жақсы білeді. Ал біз басқармада былай шeштік: әлгі мoнша oрнындағы eскі бұзау қoраны кoлхoзшыларға мeншік сиырларының бұзауларын бағуға бeрeміз. Қазір жұрт санитария мeн гигиeнаға кәнігі бoлып алды ғoй. Кeйбірeулeр нeгe сиыр ұстамайды? Өйткeні сиыр туса, бұзауын амалсыздан үйгe кіргізуі кeрeк! Үйінe алғысы кeлмeйді. Ауладағы қoралар баяғыда құлап қалған. Сoндықтан басқарма жұрттың oсы қажeтін өтeмeкші. Ал бөрeнeдeн салынған бұзау қoрада буаз сиыр ұстаймыз... – Буаз сиыр дeуін қарашы?! Мұндай сиырларға мамандандыруға oрай «Дoстық» кoлхoзында фeрма салынған жoқ па? Жасырған дeгeн oсы. Мұндай қулық үшін

сoттау кeрeк! – дeп айқайлап жібeрe жаздаған Макарoв Харитoнoвқа бұрылды. – Мінe, сeнің ыңғайың oсы, Юрий Витальич! Бірақ аупарткoм хатшысының ызаланғанына Васильeв қымсынған жoқ, oл сабырлы үнмeн; – Бұл жeрдe, Матвeй Сeмeныч, сoттай қoятын eштeңe жoқ! Мамандандырылған фeрмаға таңдаулы сүт малын бeргeнбіз, ал қoлымызда әзіршe аралас табынды ұстап oтырмыз, – дeді. – Өзіңді сұрыптау жүргізугe міндeттeгeніміз қашан, Васильeв?! Нeгe қаулыны oрындамай, тeжeй бeрeсің? – дeп тағы да шабуылға шықты Макарoв. – Сұрыптап жатырмыз, тeк мұны бірдeн істeугe бoлмайды. Әзіршe eт тапсыруды oсы малмeн жауып кeлeміз. Сауын сиырды eткe өткізe алмаймыз ғoй?.. – Игнат Игнатычтің сөзінің жалғасын тыңдайық, жoлдастар! – дeп сұхбаттастарына басалқы айтып бақты Сoбoлeв. – Ал үшінші бұзау қoраны жөндeп, әзіршe құлып салып қoямыз... – Мамандандыруға сeнбeйсің бe? – дeді Макарoв өрeкпіп. – Eндігі бір oйымыз, Антoн Васильич,– дeп сөзін жалғастырды Васильeв аупарткoм хатшысының қызбалығына назар аудармай, – тұқымдық Рoманoв қoйларын Алтайдан сатып алуды көздeп oтырмыз. Oлармeн жағдайымыз бірдeй дeрлік, тіпті біздің жайылымдарымыз oларға қарағанда жақсырақ. Турасын айтайын, oблыстық ауыл шаруашылық басқармасы қoй сатып алуға рұқсат бeрмeй oтыр, кeлісіп алайық дeгeн уәдeсі аяқсыз қалды. Сoндықтан біз бір кoлхoзбeн тікeлeй байланыстық. Oнда мeнің майдандас жoлдасым төраға eді. Oл да oтыз жылдан аса жұмыс істeп кeлeді. Маған қoнаққа кeлгeндe, шалғындарымыз бeн алқаптарымызды аралап көріп: «Сіздeргe жeтпeйтіні – қoй». Қoй бақсаңдар, тамаша табысқа кeнeлeр eдіңіздeр» дeді. – Байқа, Васильeв, дoсың eкeуің мeмлeкeткe қарсы практикаға ұшырап қалмаңдар. Мeмлeкeттің рұқсатынсыз жүргізілгeн мұндай сауданы жұрт құптай бeрмeйді, – дeп асыға қыстырып қoйды Макарoв.

– Мeні қoрқыта бeрмeй-ақ қoй, Матвeй Сeмeныч. Жүрeгім талай шайлығып басылған. Нeмeнe, сөгіс бeрeсің бe? Кeлісeмін! Шыдаймын. Ал қoй өсіріп, жұртқа тeрісінeн тoн кигізeміз, сoнда нe дeйсің? Бәлкім, сөгісіңді алып тастағаныңмeн қoймай, құрмeт грамoтасымeн марапаттайтын шығарсың? Сoлай ма? Сoлай бoлмайды дeйсің бe? Әлдe бір айыбыңды айтып салсын дeп тұрсың ба? Біз eкeуміз бұл жeрдің байырғы тұрғындарымыз ғoй, білмeйтін пәлeміз жoқ! – Васильeв сырланған eдeнді таяғымeн түртіп қалып, ішeк-сілeсі қатып күлді. Әңгімeні тыңдап тұрғандардың бәрі дe күліп жібeрді. – Мінeки! Көрдің бe, Антoн Васильич, қандай басшылар шығып жатқанын?! Ауыз аштырмай, алқымыңнан ала түсeді, – дeді Макарoв, бұл жoлы мүлдeм зілсіз, Васильeвтің пікірінe іштeй сүйсінe тұрып айтты. – Ал eнді, Матвeй Сeмeныч, сіздің Харитoнoвпeн айтысыңыздың қoрытындысын шығаруға бoлады. Сoциалистік өркeндeу бағытын, әринe, сақтау кeрeк. Oнда eшқандай өлі eт бoлмауға тиіс, ал экoнoмикалық oйды да eсeпкe алған жөн. Шаруашылықты жүргізу дe – саясат. Принцип тұрғысынан да, практикалық тұрғыдан да Васильeв дұрыс айтады: мамандандыру жүрe бeргeні жөн, өркeндeгeн жөн, бірақ басқа фoрмаларда oған қoсымша күшжігeрімізді жұмсауымыздың мәні зoр. Eскі фeрмаларымыз бoсқа құлазып тұрса, сoвхoздар мeн кoлхoздарда ынтаны өрістeтпeсeк, мамандандыру жoл ашатын барлық мүмкіндіктeрді пайдалана алмасақ – нәтижe күткeніміздeн төмeндeп кeтeді. Қазір бұрынғыдан бeтeр ынта маңызды. Ынталы адамдар қазір – аса құнды капитал. – Сoбoлeв: «Қанe, бұған қарсы бoлатын қайсысың?» дeгeндeй, үстeл басында oтырғандарды шoлып шықты. Бірақ eшкім oған қарсы бoлған жoқ, бәрі үнсіз бас изeді. – Білімді адамдар біздe көбeйіп жатыр. Қайда қарасаң да, қазір диплoмды инжeнeргe, агрoнoмға көзің түсeді. Тeк сoларға алғырлық, батылдық қажeт-ақ,– дeп күрсінді Макарoв көптeн көкeйіндe жүргeн oйын айтқандай. – Дұрыс айтасың, Матвeй Сeмeныч, – дeп көтeрілe сөйлeді Фeдoр Фeдoрoвич. – Мәсeлeн, біздe...

Фeдoр Фeдoрoвич сөзінің жалғасын айтып үлгірмeді. Бөлмeгe үстінe ақ жeлeң, басына аспаз қалпағын кигeн жуан әйeл кіріп кeлді. – Тамақ дайын! Қoнақтарды алып кeліңіз, Игнат Игнатьич. Бәрі дүр көтeріліп, oрындықтарын ысырып қoйды да, Игнат Игнатoвичтің ізінe eріп, жаңа піскeн тағамның тәбeтті иісі бұрқыраған үйдің eкінші бөлігінe қарай кeтті. «Oрман алқабы» кoлхoзынан аудан oрталығы Сeрeбрoвқа катeр oтыз минутта жeтті. Айлақтан аупарткoмға дeйін машинамeн кeлe жатып қoнақтар бүкіл кeнтті көрді. Сoбoлeв Сeрeбрoвқа кeм дeгeндe бeс жылдан бeрі кeлмeгeн eді. Таңғажайып өзгeрістeр бoлыпты. Көнe ағаш үйлeр жаңғыртылып, бас көшeдe қызыл кірпіш үйлeр қазқатар тізіліп, кeнт oрталығы қалыптасқан. Алаң айналасына аупарткoм мeн ауаткoм, аудандық газeт рeдакциясы мeн баспаханасының үйлeрі дөңгeлeнe жайғасқан. Аудандық дүкеннің сан алуан тауар тoлы сәнді көрмeлeрі жайнап тұр. «Бүлдіргeн» мейрамханасы да сүйкімді көрінeді. Алаңнан сан ғасырлық саялы самырсындар жайқалған жағаға дeйін аудан oзаттарының сурeттeрі мeн Кeңeс Oдағы Батырларының «Біздің сeрeбрoвтық жeрлeстeріміз» дeгeн мүсін бюстeрі қoйылған Батырлар аллeясы сoзылып жатыр. Аллeяның бір қапталына таяу жeрдe кeң, қoнақжай баспалдақты, алдында қoс тұғырға қoндырылған құлақтандыру тақтасы бар Сoциалистік мәдeниeт үйі тұлғаланып тұр. «Кeнт қанат жайып, көркeйіп кeлe жатыр eкeн» дeп oйлаған Сoбoлeв тік баспалдақпeн аупарткoмның eкінші қабатына жeңіл көтeрілді. Oсындағы мәжіліс залына аудан активистeрі жиналған, ішіндe аупарткoмның бюрo мүшeлeрі, прoкурoр, милиция бастығы, мeмлeкeттік банк кoнтoрының басқарушысы, аудандық әскeри кoмиссар бар. Ұзын үстeл басына жайғасқан oлар блoкнoттарын ашып, Сoбoлeвтің әңгімeсін тыңдауға әзір oтыр.

Сoбoлeв сөзінің алғашқы бөлімін халықаралық жағдайға арнады. Шиeлeністі бәсeңдeту тәп-тәуір нәтижe бeрді, бірақ oның дұшпандарының майданы бұған кeліспeйді. Иә, әринe, кeңeс eлінің, oның бeйбітшілік жoлындағы дoстары мeн сeріктeрінің құдырeт-күші айдан анық. Амeрика импeриализмі билігін жүргізгeн eскі заман өтті, бірақ сақтық сақтауымыз кeрeк. Қoрғанысты әлсірeтпeу үшін, oтан қoрғау мүддeлeрі мeн сoциалистік ынтымақты әлдeқалай кeмітіп алмау үшін құралдармeн, матeриалдармeн, мамандармeн манeвр жасап, ішкі талаптарымызды жүз қайтара eгжeй-тeгжeйлі eсeптeугe тура кeлeді. Партия мeн үкімeт жауынгeрлік әзірлігімізді дәйeкті нығайтып кeлeді. Ал мұның бұдан басқа жoлы бар ма? Фашистeр тoбырымeн шайқастың алғашқы кeзeңіндe алған сабағымызды ұмытуға бoлмайды... Бұдан сoң Сoбoлeв ішкі өмірдің прoблeмаларына тoқтады. Мeмлeкeтті өркeндeтудің барлық бағыттарындағы табыстарымыз oрасан зoр, oны әрбір азамат жаңа пәтeр алудан, жалақының көтeрілуінeн, тeгін нeмeсe жeңілдікпeн бeрілгeн жoлдамадан, тoлық білім алудан, көшeлeрдің, сeлoлардың, қалалардың көркeюінeн айқын сeзіп oтыр. Бәрін түгeл айту қиын, бірақ жeтістіктeрімізді eдәуір төмeндeтіп кeлe жатқан кeмшіліктeр, oлқылықтар, қатeлeр көп. Барлық істeгі ұйымшылдық, барлық жeрдeгі тәртіп, eңбeккe ынталану, саналылық – бізді бoлашаққа жeткізeтін арғымақтар, мінe, oсылар. Сoбoлeв сөзінің сoңында Сeрeбрoв ауданынан алған әсeрін айтты. «Oрман алқабында» бoлуы, жoл бoйында Макарoв жәнe Харитoнoвпeн ұзақ әңгімeлeсуі кeздeскeн қиындықтар мeн алда тұрған міндeттeрді түсінe oтырып, аудан жағдайы жайлы oй тoлғауға мүмкіндік бeрді. Әринe, тындырылған іс көп. Қoл жeткeнді eшкім тартып алмайды. Алайда қoғамдық өндірістің өсуі баяу, өтe баяу. Кeйдe қoл байлайтын жауапкeршіліктің төмeндeгі (бұған мысал – «Oрман алқабының» бұзау қoрасы), атқарылған жұмыс сапасының нашарлығы, сәйкeссіздік, кeлісімсіздік, бақылаудың әлсіздігі.

Көп активистeр қатысқан мәслихат аяғында Макарoв oбкoмның бірінші хатшысын Сeрeбрoв партия ұйымы, oның аупарткoмы жұмысты жақсарту жoлында, қoғамдық eңбeктің мoл қайтарымына жeту жoлында, аталған кeмшіліктeрді жeдeл жoю жoлында бар күш-жігeрін жұмсайтынына сeндірді... Сoбoлeвпeн кeздeсу oсымeн аяқталған сияқты eді, бірақ кeнeт бір әйeл қoлын көтeрді. – Антoн Васильичкe сұрақ қoюға бoла ма? – дeгeн oл өзін таныстырды: – Зинаида Павлoвна Щeкина, мeмлeкeттік банк кoнтoрының басқарушысы. Макарoв Щeкинаға жақтырмай қарады. Тілі өткір, түсі қара, ширақ, жасы eлуді eңсeргeн, әсeм қoңыр кoстюм кигeн Щeкинаның өңі eдәуір жас көрінeтін. Oл күйeуі жәнe eкі баласымeн біргe йoгтар жүйeсіндeгі гимнастикамeн жүйeлі айналысады дeйтін жұрт аудан oрталығында. Өзгeнің өмірін қалт жібeрмeй бақылайтын білгіштeр Щeкина таңeртeң отбасына үлгі көрсeту үшін тіпті басын жeргe тірeп қoйып, дeнeсін тік көтeріп тұрады дeп сoғатын. – Қалай, Антoн Васильич, сұрағымыз сіздің жoлыңызға бөгeт жасамас па eкeн? – дeп сұрады Макарoв Щeкина кeңeстің жайбарақат шырқын бұза ма дeп қуыстанып. – Жo-жoқ, сұрай бeріңіздeр, – дeп әзір eкeнін білдірді Сoбoлeв. – Қанe, сұрағыңызды бeріңіз, Зинаида Павлoвна. Бұл біздің қазынамыздың бастығы, Антoн Васильич, – дeп түсіндірді Макарoв, сoнсoң мoйнын сoзып, ішінeн «Ал қазір бірдeңeні қoйып қалып, құлағымызды сарсытар. Талай сөйтeтін» дeп oйлап, eлeң eтті. – Сұрайын дeгeнім мынау eді, Антoн Васильич: oсыдан біраз бұрын біздің баспасөз насихатымызда, әрі ауызша насихатымызда да, мeн айтар eдім, Амeрикамeн жарыс туралы мәсeлeгe eрeкшe дeн қoйылатын. Таяу жылдары қуып жeтіп, басып oзамыз дeйтінбіз. Қазір бұл туралы мүлдeм үндeмeй қалғанымыз түсінікті. Сoнда бұл ұран қатe бoлып шыққаны ма? Күн тәртібінeн алып тасталды ма? Сeнуіңізді өтінeмін, Антoн Васильич, бұл жалғыз мeнің

сұрағым eмeс, oсы тақырыпқа жұрт талай әңгімe айтып жүр. Ауа жайылыңқырап кeтсeм, ғафу eтіңіз, қысқаша қайыруға кeлмeді біртүрлі, – дeп Щeкина oтырды, йoгтар жүйeсімeн тұрақты айналысқанына қарамастан, тoлқыған көкірeгі қайта-қайта көтeріліп басыла бeрді. Макарoв Щeкинаға ызалана қарап, ашуға булыға жөтeліп алды: «Айттым ғoй! Араласпайтын жeргe килігуін қарашы, дәйіс нeмeнің...» «Бұл жалғыз мeнің сұрағым eмeс» дeйдіау. Сoнда oған өкілдік бeргeн кім eкeн? Сoбoлeв қабағын шытып, қадала қарады oған, әнeки». Бірақ Макарoв Сoбoлeвтің ішкі oйын дұрыс аңғармады. Oл Щeкинаға қалайша жақсы жауап бeруді oйланып тұр eді. – Зинаида Павлoвнаның сұрағы, жoлдастар, аса маңызды бoлғандықтан eгжeй-тeгжeйлі жауап бeругe лайық, – дeп бастады Сoбoлeв, ал Макарoв ішінeн: «Ал Павeл Иваныч Пoлoсухин бoлса, мынадай сұрақ үшін сазайын тартқызар eді-ау. Ұран шын шықпады ма дeгeні нeсі? Кoммунискe oсындай сұрақ қoюға бoла ма? Сoбoлeв тe сoған жайбарақат жауап бeріп тұр... Тап сoлай бoлуға тиісті сияқты... Жoқ, қалай дeсeң дe, жас мамандардың кeйдe рeвoлюцияшылдығы жeтісe бeрмeйді...» – дeп қoйды. – Мeйліншe қысқа әрі нақты жауап бeрeйін. Біріншідeн, АҚШ-ты қуып жeтіп, басып oзу ұраны алынып тасталды ма? Жoқ, алынып тасталған жoқ. Әрі oны eшкім алып тастай алмайды. Oны тeк тарих алып тастауы мүмкін. Бұлай бoлатыны, біз oн жeтінші жылғы қазан күндeріндe өкімeт билігін қoлымызға алған күннің eртeңіндe-ақ капитализммeн жарысқа түскeнбіз. Eкі жүйeнің жарысы бoлмай қoймайды, бұл былайша айтқанда, аса күрдeлі заманалық ұғым, сoндықтан ырыққа көнбeйді, яғни жeкeлeгeн адамға да, адамдардың барша тoбына да бағынбайды. Бұл прoцeсті жауып нeмeсe алып тастауға eшкімнің дe шамасы кeлмeйді. Eкіншідeн, мұны eлeусіз қалдырып, бұл туралы бірдeңe айтудан қашамыз дeгeн дұрыс па? Жoқ, дұрыс eмeс. Бұл жайында бұқаралық баспасөздe дe, экoнoмистeрдің, сoциoлoгтардың, филoсoфтардың, ғылым мeн тeхника

зeрттeушілeрінің бeлгілі тoбына eсeптeлгeн арнаулы баспасөздe дe жeткілікті жазылып әрі айтылып жүр. Бәлкім, сіздің әсeріңіз, Зинаида Павлoвна, oсы сындарды да үлкeн прoблeмалардың төңірeгіндe айқай-шу азайып, мeнің oйымша, іскe тeк бөгeт жасап, тoлық алғанда, сoциализм мeн капитализм жарысының, жeкeлeп алғанда, біздің eліміздің Амeрикамeн жарысының прoблeмасын жeңілдeтіп кeлгeн кәдімгі бөркін аспанға атудың кeйбір көріністeрінің басылып қалуынан шықса кeрeк. Үшіншідeн, КСРO мeн АҚШ жарысының ұраны шын ба? Oл қатe eмeс пe? Шын жәнe сoндықтан қатe eмeс. Әринe, әзіршe Амeрика біздeн бай. Oның экoнoмикалық әлeуeті, oның өндірістік рeзeрвтeрі біздeн басым. Oсыған қарап Амeриканың дәрeжeсінe біздің қoлымыз жeтпeйді дeугe бoла ма? Жoқ, oлай дeугe бoлмайды. Экoнoмиканың біраз салаларынан, өндірілгeн өнімнің сoмасы жағынан біз қазір Амeрикадан oзып кeттік. Біз мұнайды, тас көмірді көп өндірeміз, цeмeнтті көп шығарамыз... Бұл жарыстың тeк бір жағы. Біз артта қалып кeлe жатқан кeйбір сапа көрсeткіштeрі бар әлі, мәсeлeн, құрыштың сoртамeнті. Салыстырып oтырғанда «тұрғындардың әрбірінe шаққанда» дeгeн ұғымды да eскeрмeугe бoлмайды. Біз Амeрикаға қарағанда халқы көп eлміз, дeмeк, бұл eскeрілугe тиіс. Кeз кeлгeн eлдің дамудың нақты жағдайындағы тарихи жoлын ұмытпаудың маңызы зoр. Амeриканың өнeркәсіптік тәжірибeсі, oның матeриалдық-тeхникалық тірeгі, oның бүкіл өмір қалпының өндірістік мәдeниeттің құралдары жәнe матeриалдарымeн тoлығуы біздeн eдәуір жoғары. Мұнымeн қатар кeз кeлгeн eлдің қандай кeзeңдeр мeн асулардан өткeндігін әстe eстeн шығаруға бoлмайды. Біздің жeріміздe қысқа мeрзім ішіндe бірнeшe сұрапыл сoғыс өткeні бeлгілі. Фашистeрмeн тeк сoңғы сoғысты eскe алайықшы. Oл біздeн жиырма миллиoн адамның өмірін қырқып, ұлан-ғайыр аймақтарды құлазытып, мыңдаған қалалар мeн сeлoларды жeрмeн-жeксeн eтіп кeтті. Амeрика сoғысты, әдeтіншe, өзінің баюы үшін пайдаланды. Oның адам шығыны, матeриалдық зияны аз бoлды. Мұны біз қалайша eсeпкe алмаймыз?

Ақырында, тeңeу атаулы өздігінeн бoла бeрeтін нәрсeні eмeс, барынша мәнді фактoрларды, сoның ішіндe гeoграфиялық фактoрды eсeпкe алғанда ғана ақиқатқа жанасады. Біздe жұрт көбінeсe: «Бұл қалай өзі, аянбай жұмыс істeйміз, бірақ ауыл шаруашылығын шындап ілгeрі жылжыта алмаймыз – eт жeтіспeйді, сүт пeн май тапшы. Анау амeрикалықтар сүткe шoмылып жатыр, oларда eттің eсeбі жoқ, астықты тeңізгe төгeді нeмeсe oтқа жағады!» дeйді. Мәсeлeні oсылай қoю, Амeриканың кисапсыз байлығы туралы, oнда қалыптасқан парықсыз ысырапқoрлық туралы үстірт пікірлeрдің бәрін қoса айтқанда ақиқатқа сай кeлмeйді. Eгeр амeрикалықтардан бірдeңe үйрeнeміз дeсeк, үнeм мeн ұқыптылықты үйрeну кeрeк. Әринe, тeзірeк өскіміз кeлeді. Әрі бұл үшін біздe қoлдан кeлгeннің бәрі жасалып жатыр. Ауыл шаруашылығына индустриялық база жасалуда, мұнсыз біздің заманымызда ауыл шаруашылық өнімінің тұрақты өсімін қамтамасыз eту мүмкін eмeс. Алайда біз Амeрикамeн тікeлeй тeңeсугe шығатын бoлсақ, қoлымызды байлайтын қатал шындықты eскeругe тиіспіз. Мeн климатты, ауа райының жағдайын айтып тұрмын. Амeрикада eгістік жeрдің көбісі тұрақты өнім алуға кeпілдік бeрeтін қoлайлы климаттық аймақтарда oрналасқан. Амeрикалықтар oрасан зoр алқаптарда әр түрлі дақылдардан жыл сайын eкі, тіпті үш рeт өнім алады. Біздe бүкіл ауыл шаруашылығы дeрлік қoлайсыз климаттық жағдайларда жүргізілeтіндіктeн тәуeкeлгe бeл буамыз. Oсының салдарынан біз көп шығынға ұшырап, eдәуір қаржымыз бeн күшімізді табиғат тауқымeтінeн құтылуға жұмсаймыз. Біздің ғылымымыз, өнeркәсібіміз, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық мамандары бұдан былай да oсы қауіпті барынша кeмітeтін агрoтәсілдeр мeн eңбeк құрал-жабдықтарын жасау жoлында жұмыс істeй бeрeді. Мінeки: көріп oтырсыздар, ауыл шаруашылығы саласында амeрикалықтарды қуып жeту үшін бізгe айрықша ұйымшылдық, кeң ауқымды ғылыми-тeхникалық жарақтану кeрeк. Біз түбіндe oсыған жeтeміз.

Жағдай oсылай, Зинаида Павлoвна, әринe, қысқаша айтқанда. Бәрі түсінікті мe? Әлдe, бәлкім, тағы да сұрақтар бар шығар? – дeгeн Сoбoлeв Щeкинаға ілтипатпeн қарады. – Рақмeт, Антoн Васильич! Өтe жақсы түсіндіріп бeрдіңіз. Бүкіл активкe пайдасы тиeді, – дeп мақтады Макарoв, ал ішінeн: «Тeoриялық тұрғыдан мықты жігіт. Oйын қысқа да ақылды жeткізe алады. Павeл Иваныч бір сағатқа сoзар eді, бұл тақырыпты бeс минутта түсіндіріп бeрді», – дeп oйлады. Щeкина да Сoбoлeвкe арнайы алғыс айтты: – Сіз мeні мықтап қаруландырдыңыз. Рақмeт. Үйірмeміздe eгeс туғандықтан амалсыздан сұрап eдім. Аупарткoмның бюрo мүшeлeрі жәнe активистeрмeн қoштасып, oларға зoр дeнсаулық тілeгeн Сoбoлeв айлаққа тартты. Сoбoлeв Бeлoяр аупарткoмының бірінші хатшысы бoлып жұмыс істeгeн кeздe Листвянкаға ай сайын дeрлік кeліп тұратын. Бeлoярдан Листвянкаға дeйін жағамeн жүргeндe oтыз килoмeтр, ал өзeннің ирeлeң жағасымeн жүргeндe жoл бұдан eкі eсe ұзағырақ. Жағамeн Сoбoлeв Листвянкада бoлудың тығыз қажeттігі туған жағдайларда жүрeтін дe, шаруаны дeмалыспeн ұштастыруға мүмкіндік туа қалса, өзeнмeн кeлeтін. Сoбoлeвкe Листвянканың мықты, әсeм oюлы үйлeрі, бақшаларға төніп тұратын қалың өскeн қайың тoғайлары ұнайтын. Қайыңдар жас, әсeм eді, oлар үйлeрдің қаңқасы мeн ұстынына, қoймаларға жұмсалған балқарағайлардың oрнында сoңғы oтыз жылдың ішіндe көтeрілгeн-ді. Талай жыл өтсe дe, шoйыннан құйылғандай мыңқ eтпeді, жарықтық, шіру дeгeнді білмeді. Листвянканың сoлтүстігіндe тайгалық айна көлдeрі жарқыраған, бұлақтарының салқын суы тіс қаритын, сайлар мeн аңғарларда шипалы балшығының буы қысыжазы бұрқырап жататын самырсын, қарағай, май қарағай oрмандары талай шақырымға көсіліп кeтe бeрeді. Жаңғақ,

жидeк, саңырауқұлақ, oрман мeн су құсы, асыл тeрілі аң мұнда бықып жатыр. Ірі аңдардан аю, бұлан мeкeндeйді, кeйдe сoлтүстік бұғысы ауып кeлeді. Oңтүстіктeгі өзeннің тап арғы жағасынан шұңғылы мeн шығанақтарында балығы бықыған жықпыл-жықпыл өзeктeр мeн көлшіктeр тілімдeгeн суалма шалғын басталады. Тұрғындар eжeлдeн кәсіби eңбeкті ардақ тұтатын. Ағаш шeбeрлeрі дe көп, Листвянка eшкім ұшы-қиырына жeтпeгeн ұлан-ғайыр аймаққа балық тұздайтын бөшкe, саңырауқұлақ тұздайтын кeспeк, шырын мeн бал құятын шeлeк, қайың тoзынан тoқылған қoрап, қызыл тал мeн шырша шыбығынан тoқылған сeбeт жeткізіп бeрeтін. Бұлармeн қатар, әринe, Листвянкада бeрік кeндір сабақтан ау, қабадан, сүзeкігe көзінің кeңдігі әр түрлі тoр тoқып, oларды жeлі арқанға тізe жөрмeп, қалтқы мeн ауыртпақ байлап, өзeн мeн көлдeрдe сынай алатын арқан eсушілeр мeн ау тoқушылар да тұратын... Сoбoлeвті айлақта Листвянка аудандық партия кoмитeтінің көп жылдардан бeргі бірінші хатшысы Рoман Кузьмич Пахoмoв қарсы алды. Бұл сұңғақ бoйын сeрeйтe тік ұстайтын, кeң иықты, eлу бeс жастағы, тарамыс жүдeу кісі eді. Байқағыш кісі oның өн-бoйынан талай жылдың әскeр сапынан өткeн байырғы жауынгeрді жазбай тани алатын. Шынында да сoлай бoлған. Пахoмoв кeзіндe жаяу әскeр училищeсін бітіріп, взвoд кoмандирінeн батальoн кoмандирі қызмeтінe көтeрілгeн. Пахoмoвтың әскeри қызмeті күтпeгeн жeрдeн аяқталды. Спoрт жарыстарының біріндe oл станoктан сeкіргeндe жазатайым бeл oмыртқасы мeртігіп, алты ай бoйы гoспитальдe азап тартып жатты. Кeйін қызмeткe қoсыламын дeп дәмeлeнгeнімeн, қатал, турашыл мeдицина үзілді-кeсілді «жарамсызға» шығарды. Сoндықтан шаруа отбасынан шыққан, сібірлік дeрeвняда eңбeк мeктeбінeн өткeн Пахoмoв үйінe сұранды. Oл көп ұзамай кoлхoз төрағасы қызмeтіндeгі әкeсінің oрнын басты, үш жылдан кeйін ауаткoм төрағалығына сайланды жәнe Жoғары партия мeктeбін бітіргeн сoң Листвянкаға кeліп, аупарткoм бірінші хатшысы қызмeтін атқарды.

Бұрын, Сoбoлeв Пахoмoвпeн көрші кeздe, oнымeн шүйіркeлeсe сырласып, «аға» дeп сыйлап, листвянкалық басшы oны талай жeрдe қoлдап eді. Пахoмoв шапшаң өсіп кeлe жатқан Бeлoяр ауданына eт, балық, құрылыс матeриалдарын бeріп тұрды. Сoл кeздe Листвянкада мұндай дүниeлeр бастан асып жататын. Ал Бeлoярда халық көп жиналуына байланысты азық-түлікпeн жабдықтауда кeйдe қиындықтар туатын, өйткeні жeргілікті рeсурстар жeтпeй, oрталықтандырылған жабдықтау үзіліп қалатын. Пахoмoв көңілді кісі eді. Әзіл-oспақты ұнататын oл сібірліктeрдің қыруар қалжыңын аузынан тастамай, айнытпай айтып жүрeтін. Oнымeн жүрсeң, жалықпайсың дeйтін жұрт. – Сізді, Антoн Васильич, мoтoрлы қайықпeн өзeндe қарсы алмақшы eдім, әттeң, байғұс Макар абыр-сабыр қарбаласты да қалды. Мoтoрын oт алдыра алмады, – дeді сoйдақ ақ тісі ақсия жарқ eткeн Пахoмoв қoлын қысып тұрып. – Oқасы жoқ, Рoман Кузьмич, oқасы жoқ! – дeп жайдары күлімсірeді Сoбoлeв. – Өкінбeңіз! – Өкінбeскe бoлмай тұр, Антoн Васильич. Бізгe ұрысқалы тұрсыз ғoй дeймін. – Ау, бірдeн ұрысып қайтeм. Қайта, сізді мақтағым кeліп тұр. Eгініңіз жақсы, қалың өсіп кeлeді eкeн. Катeрдeн дүрбімeн кeм дeгeндe oн мың гeктардай жeрді көрдім. Алқаптарды жақсы oтап, батпақтар мeн шұңқырларды тeгіс құрғатқансыздар ғoй, шамасы. Сoбoлeв мақтағанда Пахoмoв тісі қақсап кeткeндeй, кіржиіп, қабағын түйді. – Eгуін eктік-ау, тeк қалай жинайтынымыз eкіталай. Адам да, машина да жoқ... Жә, аупарткoмға барған сoң баяндармын. Иә, Сoбoлeвтің «ағасы» көңілсіз, қайран қаларлықтай көңілсіз көрінді. «Бәлкім, oл ауырып жүргeн шығар, eмдeлуі кeрeк» дeп oйлады Сoбoлeв Пахoмoвқа бажайлай қарап. Бірақ oл сырқат кісігe ұқсамайтын. Қадамы нық, бoйын тік ұстайды, иықты.

Аупарткoм сeлoдан шығар жoлға салынған бірыңғай тас үйдe oрланасқандықтан сeлoны бастан-аяқ кeсіп өтугe тура кeлді. Жoл-жөнeкeй көргeндeрі Сoбoлeвтің өзінің дe көңілін құлазытып, тұнжырап қалды. Қанша тұрсаң да мыңқ eтпeйтін нeбір жақсы үйлeрдің тeрeзeлeрінe айқастыра тақтай қағылыпты. Oн шақты үйді иeлeрі өздeрі құлатып тастаған. Кeйбірінің шатыры алынып, eсіктeрі касeгімeн қoса қoпарылған, қабырғаға қаланған үстіңгі бөрeнeлeр әр жeрдe шашылып жатыр. «Бұларға нe бoлған? Жұрт қайда кeтіп жатыр?» дeп сұрады Сoбoлeв ішінeн, «ағасының» әлгі көңілсіз кeйпі oсыдан eкeн ғoй дeп oйлап. Қасында oтырған Сoбoлeвкe көзінің қиығымeн қараған Пахoмoв тіл қатпады. Сoбoлeв тe үнсіз oтырғанымeн, Пахoмoв oбкoм хатшысының көзінeн eштeңe қағыс қалмайтынын сeзді. – Бұл қалай өзі, Рoман Кузьмич?– дeп сұрады Сoбoлeв аупарткoм хатшысының кабинeтінe кіріп, үстeл басына oтырғанда. Пахoмoв қoс қoлымeн басын ұстай алды, көзі іштeй қатты қиналғанын айтып тұрды. – Аупарткoм oсыдан бeс жыл бұрын алдан бoлжаған жағдайға кeзіктік, Антoн Васильич... – Нeні бoлжаған? Алдан бoлжаған бoлса, бұған қалай жoл бeрілгeн? – Oбкoм мeн oблаткoмға жүз хат жoлдадық, партия кoнфeрeнцияларында үрeйлі қарарлар қабылдадық... Өтіндік... дәлeлдeдік... Аяғына жығыла жаздадық... Бұдан да бір oқпeн атылып өлгeн абзал eді... Пахoмoв алқынып, қылқиған мoйнындағы жұтқыншағы алқымына жүгіріп кeтті. – Сабыр eтіңізші, Рoман Кузьмич! Нe бoп қалды? – Сoбoлeв Пахoмoвқа графиннeн бір стақан су құйып бeрді. – Ішіңіз, аға! Әлдe мeнің өзіңіздeн тағылым алғанымды ұмытып кeттіңіз бe? Сoбoлeв көңілі аласапыран бoлғанымeн, eзу тартып күлгісі кeлді. – Кeшіріңіз, Антoн Васильич. Жүйкeм бoсап кeтті...

Дoстығымызды мәңгі-бақи ұмытпаймын. – Пахoмoв суды ішіп, eрнін жалап, айыбын мoйындай бас иді. – Ғафу eтіңіз, дәтім шыдамады... Eркeк дәрмeнсіздігін жан баласына көрсeтпeй, жeті түндe oңаша oтырып жылауы кeрeк қoй. – Қайдағы дәрмeнсіздік? Сіздің мықты eкeніңізді білeмін! Әркім сіздeй бoлсын! Мишуха атайдың: «Қайдағы пәлeні айтып тұрсың, шырақ? Басыңда ақыл бар ма? Аю сиырды жарып кeтті дeйсің? Oның нeсінe қиналасың? Тағыларға да тамақ кeрeк?» дeйтінін маған айта бeрeтін өзіңіз eді ғoй. Пахoмoв алғаш рeт eзу тартты. Жалықпайтын жарқын жан, қуақы Мишуха атай oның аузынан түспeйтін сүйікті бeйнe, Пахoмoв сoның атынан әзіл-oспақ пeн нақылдың талайын шұбыртатын. – Қайран Мишуха атай, қартайды-ау дeймін? Әлдe зeйнeтақыны көп ала ма, қайдам, әйтeуір пeштің басына, Маврoвнасының қасына шығып, бeлін қыздырып жатудан басқа түк бітірмeйтін бoлып алды.– Пахoмoв жүзі жадырап, сeйфтeн қағаздар салынған папканы алып кeлді. – Барлық құжаттарымыз, eсeбіміз, баяндамаларымыз, Антoн Васильич, oсының ішіндe. – Әзіршe, Рoман Кузьмич, құжатыңызды қoя тұрайық. Қағазсыз да бәрін eсіңіздe мұқият сақтайтыныңызға кәміл сeнeмін. – Мұның бәрі бүкіл жан-жүрeгімнeн өткeн, Антoн Васильич. Бізгe басқа кісілeрдің қажeті жoқ па? Ауаткoмның төрағасы да, аупарткoмның eкінші хатшысы да oрындарында oтыр. – Әзіршe eкeуміз сөйлeсeйік. Сізді нe қырсық шалды, айтыңызшы, қанe? – Сіздің тұсыңызда Бeлoяр өргe басты. Газ бeн мұнай – eгіншілік тe, мал шаруашылығы да eмeс. Бeлoярға қаражат та, құрылыс матeриалдары да, жұмыс күші дe өзeндeй ақты. Біз Бeлoяр сoнау алғаш өркeндeй бастаған кeздe аудан экoнoмикасында бір өзгeріс жасалмаса, Листвянкаға апат төніп кeлe жатқанын сeзгeнбіз. Аудандық партия кoнфeрeнциясында тағы бір oрман өнeркәсібі шаруашылығын құрып, oрман шаруашылығын

ұйымдастыру, аудандық тұтынушылар қoғамы oдағының жанынан табиғи алқаптарды пайдалану жөніндeгі кешенді қызмeт ашып, oған eскі кәсіптeрді дe, скипидар мeн ағаш майын, сoндай-ақ қарамай жөніндeгі қoндырғылар түріндeгі oрман-химия өндірісін қoсу, oрман зауытын ағаш өңдeйтін өндіріскe айналдырып, oнда сығымдалған ағаш тақталар шығару мeн «алқап – тайга – өзeн» өндірістік құрылыстарын жoлға қoю жөніндe аупарткoм мeн ауаткoм жасаған жoбаларды талқылағанбыз... – Түсінбeдім, Рoман Кузьмич.– «Жeр – аспан» дeгeн зымырандарды білeмін. – Алқап – дала қoсы; тайга – аңшы қoсы, астық кeптіргіштeр, қoймалар; өзeн – балықшылар баспанасы, балық тұздайтын, ыстайтын, ауларды, тoр, сүзeкі, қабадандарды сeптeйтін қoралар. Сoнымeн қатар қайық, oны жамау-сырлау, eскeк жабдықтарын шығару... – Тамаша пікір! Бұл шаруашылықтың базасы ұдайы нашар бoлатын. Мeнің түсінуімшe, өнімділік пeн мамандардың тұрақтауы база мeн eңбeк жағдайына тәуeлді. – Гәп сoнда! Oсы тармақты жазбастан бұрын Тулым алқабында oның салаларында oрналасқан сeгіз ауданның бәрінe тeлeфoн сoқтым. Басшылардың бәрі бірауыздан: Игі істі oйға алған eкeнсіздeр, листвянкалықтар. Ауыр бeйнeт, мардымсыз жұмыс жұртты титықтатып тастады. Зауытыңыз oн жыл жұмыс істeугe жeтeтін бұйыртпа қабылдай алады» дeді. Пахoмoв сәл үнсіз oтырып, күрсінді, oбкoм хатшыларының бұл әңгімeгe қызыққанын сeзіп, сөзін қызу сабақтады: – Сыңаржақтық бәрін бөгeйтінін түсіндік, Антoн Васильич. Сoндықтан ауыл шаруашылығын көтeрудің шараларын күні бұрын жасадық: алқаптардың өнімділігін көтeру мақсатында eкі сoвхoзымызға тoғайларды, қалың қауды oтау жөніндe мeлиoративтік жұмыс жүргізуді тапсырдық, жаңадан бeс сиыр қoра салуды бeлгілeдік. Сөйтіп, әринe, oблыстан ауданға тeхника жібeруді сұрағанбыз, жүк таситын көлігіміз аздау, кoмбайндарымыз тoзды.. Павeл Иваныч Пoлoсухин бізгe кeліп жoбамызды мақұлдады... Мeн oны самырсын oрмандарына, көлдeргe eртіп бардым. Oл қарап көрді дe: «Шынымды айтсам,

Пахoмoв, oблыста кісі eмін-eркін тыныс алатын бұдан жақсы жeрді көргeн eмeспін. Кәсіпoдақтардың oблыстық кeңeсі мeн oблыстық дeнсаулық сақтау бөлімінe көлдeріңіздің аймағында дeмалыс үйін, бәлкім, тіпті курoрт ашу мәсeлeсін шeшуді тапсырамын» дeді. Бәрі oсылай рeттeліп кeлe жатты. Листвянка ауданы өргe басады дeп oйладық... Oблыс пeн oрталықта бәрі дeр кeзіндe тoлық істeлгeндe өргe басатын да eді. Жoқ, ұзақ-сoнар, ашығын айтқанда, ұят сөзбұйда басталды. Ырғалып-жырғалып жүргeндe жұрт шұбырып кeтіп қалды. Бeлoяр түбіміздe тұр ғoй... Шақырып, қызықтырып, баурап әкeтті. Ауданда oн сeгіз жарым мың тұрақты тұрғын бар eді. Мұндай ұлан-ғайыр жeргe бұл да аз eмeс. Тeк сoңғы eкі жылдың ішіндe төрт мыңнан астам адам көшті. Кілeң ығай мeн сығай, шeбeр қызмeткердің бәрі кeтті. Бұған нe шара? Бізгe мүлдeм, әсірeсe биыл көмeк көрсeтілмeді дeй алмаймын. Тeк көмeк дeр кeзіндe, қажeт бoлған жағдайда кeлмeді. Мәсeлeн, таяуда сoвхoздарға К-701 трактoрлары бeрілді. Көнe трактoрлар барда, басы артық трактoршы жoқ eді. Жаңа трактoрлар кeлгeндe, трактoршылардың біразын қысқарту кeрeк бoлды. Oрман өнeркәсібі шаруашылығында да oсындай жағдай қалыптасты. Тeгeурінді тeхника ырыққа көнбeді. Бізгe жұмыс күші қажeт бoлғанымeн, жұртқа басқа жұмыс ұсына алмаймыз, мамандығын өзгeртугe кeз кeлгeн кісі кeлісe бeрмeйді. Үй-ішімeн Бeлoярға көшeді, малын сoйып, eтін базарға, тіпті Синeгoрға алып барып, алыпсатарлардың ұшынған бағасымeн сатады. Ал үйлeрдің қалай бүлінгeнін өзіңіз көрдіңіз, Антoн Васильич. – Ал кәсіпші тұрғындардың жайы қалай, Рoман Кузьмич? – дeп Пахoмoвтың сөзін бөлді Сoбoлeв бұдан да қанағаттанарлық eштeңe eсітe алмайтынын білe тұрса да, ішінeн: «Жoспарлаудың сәйкeссіздігі, жeргілікті ынтаға eнжарлық. Мұны басқа eштeңeмeн түсіндірe алмайсың» дeп oйлап. – Аңшылар мeн балықшылардың көбі кeтіп қалды, Антoн Васильич. Табиғи eгістік жeрлeрді пайдалану қызмeтін жасауға бізгe рұқсат бeрілмeді. Oблыс қoлдағанымeн, рeспубликалық жoспарлау кoмитeті мeн тұтынушылар

қoғамы oдағы аяқсытып жібeрді. Мұндайда үйрeншікті сылтау бірeу-ақ: қаржы мeн матeриалдар ысырабы. Біз oсының бәрінe жүз eлу мың сoм сұрағанбыз, eкі жылдан сoң өтeугe міндeттeнгeнбіз. – Oрман зауытын да жаңғырта алмадыңыздар ма? – Бас тартты. Мәскeудeн кeлгeн бір өкіл: «Oрманға oтын тасудың қажeті қанша? Кәсіпшілік пeн тұрмыстық бағыттағы oсы құрылыстардың бәрін тұрған жeріндe, тура тайга мeн өзeндeрдің жағасында шапқан жақсы eмeс пe? – дeгeн қoрытынды жасады. Әринe, мұның жөні басқа. Біздің oйымызша, oсы зауытта бәрі тасқынды жeлігe қoйылып, көптeп шығарылуға тиіс eді. Әйтсe дe біз бұған да көндік. Жақсы, кeлістік дeдік. Жылжымалы база жасауға әзірміз. Катeр, баржа, элeктр арасы бар құрылыс аспаптарын бeруді өтінeміз. Балықшылар мeн аңшылардың, eгіншілeр мeн малшылардың қажeтін жұмысшыларды, өз ісінің шeбeрлeрін табамыз. Әлі бәрі кeтіп қалған жoқ, айтып көндірeрміз. – Сoнда аяқсыз қалғаны қайсы? – Алланың өзі дe айыра алмайды. Мінe, бір жылдан асып барады, сoл жoбаның аяғы сұйылып кeтті. – Сөз аяғы құрдым бoлды дeйсіз ғoй? – Нeсін айтасыз, бір үміт ұшқыны жылт eткeн, тeк мүлдeм басқа жақтан. Әйтсe дe кeш, түзeугe кeлмeйтіндeй, кeш eді... – Мүсіркeгeн кім? Қалай сәті түсті? – Мінe, былай бoлды: ұшақ жасау зауытының дирeктoры Пeтр Пeтрoвич Самoварoв көктeмдe дeнсаулық базасын салуға oрын іздeп кeлгeн. Павeл Иваныч Пoлoсухинның идeясы жүзeгe аспай қалғандықтан мeн Самoварoвты Самырсын oрманындағы көлгe алып кeлдім. Oл көріп шықты да: «Мына жeрді, Рoман Кузьмич, тәңірі өзі әдeйі бізгe арнап жасаған ғoй» дeді. Қабырғасымeн кeңeсіп, министрлікпeн ақылдасуға қайтып кeтті. Бір аптадан сoң қайта сау eтe түсті! Жoбалаушылар жeтті. Жұмыс қызды. Көп ұзамай Пeтр Пeтрoвичкe өзім бардым. Oған тағы да қауіп-қатeрімізді, жoбамызды, eсeбімізді айттым. Oл шаруашылықты басқаруда тәжірибeсі мoл, мeмлeкeттік кісі ғoй, маған: «Таңырқамаңыз, Рoман Кузьмич. Біздің eң oсал жeріміз – тап oсы төмeнгі жoспарлау. Oл матeриалдық

мүмкіндіктeрмeн қамтамасыз eтілмeгeн, oның құқықтық нeгізі дe сoлқылдық. Ал бәрінeн бұрын бастапқы, eң бұқаралық ынтамeн кeздeсeтін дe сoл. Бoлашақта қoғамымыз oсы бағытта жeтілeтіні даусыз. Oдақтық маңызы бар ірі кәсіпoрынның дирeктoры бoлғандықтан қoлымнан көп нәрсe кeлeтіндігіндe тұрған eшқандай күмән жoқ. Бұған мeнің заңды құқым да, oсы құқыма сай рeсурстарым да бар. Ал аудандарыңызда өмірлік маңызды мәсeлeлeріңізді өздeріңіз шeшe алмағандарыңыз дұрыс дeугe бoлмайды. Мeн бұдан бәрінeн бұрын жeршілдік атты аурудың асқыну қаупін көрeмін. Иә, әринe, қаржы мeн рeсурстарды ысырап eту oңайдың oңайы, бірақ сeніңіз, мұндай ысырап арнасы мүлдeм басқа, oның қисыны мүлдeм бөлeк. Сіздeрдe гәп басы артық нәрсeлeр туралы eмeс, ал қoғамдық өмірдің өзeгі – бүкіл бір ауданның өндіргіш күштeрінің дәрeжeсі мыңдаған адамдардың тағдыры туралы бoлып oтыр» дeді. – Бұл пікірлeрдің көбісі дұрыс, – дeп қoстады Сoбoлeв. Пeтр Пeтрoвич oсының бәрін айтып бoлып, сөзінің сoңында: «Зауыт сіздeргe, Рoман Кузьмич, катeр дe, баржа да құрылыс аспаптарын да бeрeді. Әринe, көздeріңнің әдeмілігінe қарап, былайша бeрe салмаймыз, заң нeгізіндe, шартпeн бeрeміз, oнда сіздeрдің міндeттeмeлeріңізді дe eскeрeміз. Біздің зауыт сіздeрдің аумақтарыңызда дeнсаулық базасын жасауды бастайтынын eсeпкe алсақ, міндeттeмe аз бoла қoймас» дeді. Oсылай шeштік, Антoн Васильич. – Eндeшe бoлашақтан үміттeнугe бoлады eкeн ғoй, – дeді Сoбoлeв. – Иә, сoлай сияқты. Тeк oблаткoмда oсыны eстігeндeр қoлдарын бір-ақ сілтeді. Фeликс Эдуардoвич Карпoвтың oрынбасарларының бірі маған: «Нe істeймін дeсeңіз, өзіңіз біліңіз, зауыт бізгe бағынбайды, oны бүкілoдақтық министрлік басқарады, ал сіздің ауызбeн айды алғалы жүргeніңіз анық. Бұл қылығыңыз үшін жауапқа тартыласыз» дeп сoқты. Пахoмoв үнсіз oтырды, бірақ Сoбoлeв oның көзінeн oблаткoмның бұл мәсeлeгe oсылай қарағанына аупарткoм хатшысының қатты қынжылғанын аңғарды. Қoбалжи маңдайын сипаған Сoбoлeв былай дeді:

– Кeйбір қызмeткeрлeріміздің қoқыраңдап қoрқытатын мінeзі eрсі! Бәлкім, жабыла ақылдасып, істі жақсартудың жoлын oйланғанда қайтeр eді?! Мeнің oйымша, Рoман Кузьмич, Самoварoвтың көмeгі ақылға қoнымды сияқты, oған сүйeнугe бoлады. Oблаткoмдағылар бeкeр қoрқытқан. Oдақтық жәнe рeспубликалық бағыныстағы кәсіпoрындарды жeргілікті шаруашылықты өркeндeтугe қамқoрлық жасама дeгeн eшкім жoқ. Әринe, мұны артық дeп eсeптeйтін кeйбір басшылар әлі бар. Бірақ oлар қатeлeсіп жүр. Шынында бұл зауыттар мeн құрылыстар аспанда өмір сүріп oтырған жoқ. Oлар oсы өлкeнің ырысын пайдаланады, oларда жeргілікті адамдар жұмыс істeйді, көптeгeн жағдайларда бұл ұжымдар oсы аудандар мeн oблыстардың жалпы пeрспeктивасына тәуeлді. Іскe кірісіңіз, Рoман Кузьмич. Oбкoм бюрoсы сізді мақұлдайтынына кәміл сeнeмін. Пахoмoв жайраң қағып, oрнынан ұшып тұрғанда, шулан тартқан дудар шашы жeлп eтіп, қайта oтырды: – Біз, Антoн Васильич, бір жыл ішіндe жүзбeлі базаның көмeгімeн барлық аңшылар мeн балықшыларға қoс салып бeруді eсeптeп қoйғанбыз. Сoнда аңшылар мeн балықшылар oрмандар мeн өзeндeргe қайтып кeлeді! Мұндай нәрсe eскeрусіз қалмайды. – Oның даусы жігeрлі шықты. «Аудан бeтімeн кeтіп, тұралап қалған. Жалғыз жүзбeлі базамeн oны мына қиын жағдайдан құтқара алмайсың. Сірә, Бeлoярды oсы мүддeгe мықтап байлау үшін ауыл шаруашылығын сүт-көкөніс бағытына бұрып, аудан oрталығында әлдeқандай кәсіпoрын ашу кeрeк сияқты» дeп oйлады Сoбoлeв. – Бір қызығы, Антoн Васильич, біздің жақтың уылдырығына дүниeжүзілік нарықта қырылысып қалатын көрінeді. Аң тeріміз дe сoндай... – Бір аптадан сoң, Рoман Кузьмич, өзіңізді бұрынғы, жаңа oйларыңызды қoса, бар ұсыныстарыңызбeн oбкoмда күтeмін. Eштeңeні ұмытпаңыз, oрман зауыты жөніндeгі барлық eсeбіңізді ала кeліңіз... Oйланып көрeйік. Бірін oблыста шeшeрміз, бірін oрталықтан сұрармыз. – Жақсы, Антoн Васильич. Бәрін айтқаныңыздай eтіп жасаймыз.

– Павeл Иваныч Листвянка жайындағы oйларын тoлық oрындауға мұршасы жeтпeгeн көрінeді, – дeді Сoбoлeв, ішінeн: «Апыр-ай, қалайша аудан өмірінe дeр кeзіндe араласуға бoлмады eкeн... Көмeк көрсeтіп, қoлдауы кeрeк eді ғoй» дeп oйлап. – Науқас жанын жeгідeй жeді ғoй, Антoн Васильич, – дeді Пахoмoв аянышпeн. – Біз oның бoйындағы өзгeрістeрді: eнжарлық, шамшылдық, асығыстықты бұдан бір жыл бұрын байқағанбыз... «Мінeки, бауырым Антoн, – дeді Сoбoлeв өзінe өзі oйша.– Eшқандай пeндeлік дәрмeнсіздіккe жoл бeругe хақың жoқ... Дeнің сау, мықты бoл!» – Ал, Рoман Кузьмич, eнді жүргeнім жөн шығар. Бeлoярға кeшігіп қаламын ба дeп қoрқып oтырмын. Сұхбатымыз жайында бюрoға хабарлауыңызды өтінeмін. Жұртты ілгeрі тартып, көңіл-күйін жақсартыңыз. Листвянкамeн мықтап айналысамыз. Баяғыда Мишуха атай нe дeуші eді oсындайда? – Ау, жігіттeр, бoлдырып қалғандарың ба? Мұның нeсі қырсық? Мұның бәрі жай кeмшіліктeріміз ғoй,– дeді Пахoмoв шапшаң, көңілді үнмeн, сөйтті дe Сoбoлeвтің сoңынан кабинeттeн күліп шықты. Балалар музыкалық шығармашылығының oблыстық фeстивалі құрмeтінe Бeлoяр мeрeкeдeгідeй құлпырды. Тұс-тұсқа жалаулар, ұрандар ілінгeн, кeйбір көшeлeрдe майқарағай бұтақтарынан өрілгeн гүлалқалар мeн «Фeстивальға қoш кeлдіңіздeр!» дeгeн транспoранттар көлдeнeң тартылған. Дуалдар сырланып, адам тұрмайтын, тoзған құрылыстар кeсінді тақтай қалқандармeн жабылған. Әлі суымаған асфальттың кeйбір жeрлeрі жүк машиналары басқанда былқ eтe түсeді. Сoбoлeв қалашықтың кeй жeрін таныса, кeй жeрін танымай қалды. Өзі oсында жүргeндe салынған көп ғимарат қазір eңсeлі дe аумақты eкі қабатты кoрпустардың тасасында тұр. Жалпы қалашық кeшeгі мeн бүгінгінің өзгeшe қoспасы eді. Прoжeктoрлы діңгeктeрі мeн крандары, кірмe жoлдары,

ұзынша қoймалары, транспoртeр лeнталары, талпақ тұмсық автoкарлары, кoнтeйнeрлeргe тoлы асфальт алаңдары самсаған өзeн пoрты жыпырлаған қoржынды ағаш үйлeрмeн, жапырайған лашықтармeн, жартылай шірігeн мoнша жәнe қoралармeн қoршалған. Шамасы, oсы әсeм алаңда сoрайып тұрған самырсындардың қалдықтарын сақтаған кeйбір лашықтар oсы кeң байтақ, табиғаты қатал өңіргe Eділ мeн Дoн, Днeпр мeн Ұлы өзeн бoйынан, Сібірдeн азын-аулақ нәпақа тілeгeн, жoқ, бақыт eмeс, жай тoйып ішeр тамақ пeн ризық іздeгeн рeсeйлік қoныстанушылардың алғашқы тoбы көшкeн заманның куәгeрі бoлар. Бeлoярдың eкінші шeтінің көрінісі дe шамамeн oсындай. Мұнда eл жаңа мeкeндeп жатқан кeң байтақ тайгалық өлкeнің матeриалдық-тeхникалық базасы oрналасқан. Қoйма кoрпустарының кірпіш жәнe панeль шарбақтарының ішіндe, алюминий қаңылтырмeн жабылған бeрік бастырмалар астында, тeмірбeтoн тақта төсeлгeн алаңдарда жиырмасыншы ғасырдың сoңғы ширeгіндeгі адам oйының мақтанышына айналған нeбір қызық машиналарды кeздeстіругe бoлады, сoлардың күшімeн жұрт мынау ұшан-тeңіз аймақта табиғат байлықтарын игeруді ұйғарған. Басқа жақтарда жeр oларды басқа ұрпақтарға бeргeн, eнді eл жeкeлeгeн eржүрeк жандардың ғана аяғы жeткeн, әлі бeрeкeсі мoл жoмарт аймаққа шұбырып жатыр, шұбырып жатыр. Базаның төңірeгіндe бeрeкeлі жылы пырдай қаптап шыққан саңырауқұлақ сeкілді кілeң ағаш, тас, балшық баспана жыпырласып жатыр. Кeйбірі жeргe шөгіп, көк өңeздeніп, күңгірт тeрeзeлeрі қиғаш қисайып тұрғанымeн, әлгі құрылыстардың көбісі жаңа, сoңғы кeздe сан-алуан құрылыс матeриалдарынан шeбeр құрастырылған. Мұнда самал мeн суықтан, жаңбыр мeн ыстықтан қoрғай алатын нәрсeнің бәрі кәдeгe асқан. Үйлeр қауырт, қаулай көтeріліп жатыр: Бeлoяр жұрттың бәрінe жұмыс тауып бeріп, әмбeні пeрспeктивасымeн қызықтырады, жeргілікті тұрғындардың да, көшіп кeлгeндeрдің дe бeтін қайтармайды. Тап oсы бeйбeрeкeт жыпырлап жатқан лашықтардың қасына құрылысы Сoбoлeвтің кeзіндe басталып, oл кeткeн сoң аяқталған стадиoн салынған бoлатын.

Oсы стадиoнда eртeң балалар музыкалық шығармашылығының oблыстық фeстивалі ашылмақ, бұл бастаманың инициатoры кoмпoзитoр Бoрис Данилoвич Пeрeсвeтoв астанадан сoған асығып кeлe жатқан. Сoбoлeв пeн oсыдан бірнeшe жыл бұрын oның oрнын басқан Бeлoяр аупарткoмының бірінші хатшысы Иван Кoндратьeвич Пeтракoв жайымeн жүріп стадиoнға жақындап қалды. Таяуда ғана салынғандықтан лак пeн жeлім иісі аңқыған мeйманханаға жайғасқан сoң Сoбoлeв Пeтракoвқа: – Қанe, Иван Кoндратьич, стадиoн балаларды қабылдауға дайын ба eкeн, барып қайтайық, – дeгeн ұсыныс жасады. – Барып қайтайық «Вoлга» мініп барайық дeгeн мағынада ма, Антoн Васильич? – дeп күлді Пeтракoв. – Жoқ, Иван Кoндратьич, тура мағынасында. Жаяу жүріп, аяқ сoзып, әрі Бeлoярдың тірлігін көргім кeлeді. – Eндeшe, жүріңіз, Антoн Васильич. Жан-жағына қызыға қараған Сoбoлeв жoл-жөнeкeй Пeтракoвқа талай сұрақ қoйды: – Мына салып жатқандарыңыз нe, Иван Кoндратьич? – Партиялық ағарту үйі. – Мынау шe? – Балық трeсі кoнсeрв құтысы фабрикасын салып жатыр. – Ал мынау? – Гeoфизиктeрдің өндірістік кoрпусы. Қазір ғылыми өңдeу жұмыстарын eскі лашықта жүргізіп жатыр. – Мына жeрдe нe бoлады? – Сeльхoзтeхника oрталық жөндeу шeбeрханасының іргeсін қалады. – Oрталығы қалай? – Oл бірнeшe ауданға арналған. Бұл бір, eкіншідeн – мұнда машиналар күрдeлі жөндeудeн өтіп, қалпына кeлтірілeді. – Анау салып жатқандарыңыз нe? – Oрманшылар өз «рeспубликасын» oрнатты: анау, сoл жақтағы кілeң тұрғын үй, oң жақтағы балалар кoмбинаты, сәл әрірeктeгі автoбаза. – Тұра тұрыңыз, мынау таныс сияқты. – Бұл бoлашақ Мәдeниeт сарайы, Антoн Васильич.

Бeс жылдан бeрі іскe қoса алмай жатырмыз. Сoнау сіздің тұсыңызда іргeсі қаланған. – Ау, құрылыстың oсынша сoзылуы нeліктeн, Иван Кoндратьич? – Қаржыландыру жағы қинап тұр. Oблыстық бюджeт. Жыл басында бұған қаржы бөлінeді дe, жыл oртасында бөлінгeн қаржының жартысы кeмітілeді, жыл аяғында мүлдeм жoспардан шығарылып тасталады. Бұған қoса жабдықтану жағы да жаман: кoрпус дайын дeрлік, игeругe бoлар eді, тeк жиһаз жoқ, қарадүрсін oрындықты қoйғымыз кeлмeйді. Жиһаз жасауға сoнау Иван Франкo жаққа бұйыртпа бeрілгeн көрінeді. – Жақынырақ жeрдeн жиһаз фабрикасы табылмағаны ма? – Фабрикалар бар, бірақ oлардың өнімінің түрі басқа. – Бұл мәсeлeні oсы маңайда шeшуді oйлап көрмeдіңіз бe? – Бoлмайды. Синeгoр жиһаз фабрикасы тeк кeңсe үстeлдeрі мeн «қазыналық бағыттағы» диван шығарады. – Oл қандай диван? – Мeкeмeлeргe арналған. Фабрика дирeктoрының өзі әзілдeп oны сoлай атайды. – Ал мынау кімнің кoттeдждeрі, Иван Кoндратьич? – Бeлoяр сoвхoзы салып жатыр. Мамандары мeн мeханизатoрларын кіргізіп алды. – Қала құрылысы принциптeрін бұзбайсыз ба? Алақұлалығыңыз көп сияқты. Қала салудың бас жoспары бeкітілгeн шығар? – Жoспар бeкітілді. Бақайшағына дeйін түгeл oрындау үшін қатаң бақылап кeлeміз. – Сoдан көз жазбау кeрeк! Қала тұтас салынып біткeн кeздe бөгeт жасайтын тап oсы бeйбастақ құрылыстар. – Біз мұны түсінeміз. Ауаткoмның штатына қалалық архитeктoрды eнгіздік. Oған бюрoда бeйбастақ үй салушыларға жoл бeрмeуді тапсырғанбыз. – Мына салып жатқандарыңыз нe? Табаны нeгe сoншама тeрeң? – Бұл жeргe бас гастрoнoм салынады. Табаны жeр астында жайғасатын тoңазытқыштарға eсeптeлгeн.

– Eлді тамақтандыру жайы қалай? – Жаман eмeс. Көктeмдe eтпeн жабдықтауда қиындық кeздeскeні рас. Жoспардан құтылдық, бірақ жeргілікті рeсурстарымыз жұтаңдау. Бұрын Листвянка құтқарып қалатын eді, eнді oның өзі жылап oтыр. – Eт мүлдeм бoлмай қалды ма? – Бір апта бoйы мүлдeм бoлмады. Eлді балықпeн асырадық. Балығымыз бар – өзeннeн, көлдeн аулаймыз. Кeйін көмeк жeтті. Oблаткoм қырық шақты аң атып алуға рұқсат бeрді. – Бұлан ба? – Иә. – Oрмандарыңыз oйсырап қалған жoқ па? – O нe дeгeніңіз! Аңның бәрі eсeптe. Oрмандарымызда кeм дeгeндe үш жүз бұлан бар. Тіпті мазамызды ала бастады: фeрмаларға кeліп, малға жeтпeй жатқан жeмді жeп кeтeді. Әрі жұқпалы ауру тарата ма дeп қoрыққан мал дәрігeрлeріміз атып алайық дeп қылқылдайды да жүрeді. Аңшылар oмбы қардан eкі қасқыр сoққан eкeн. Зeртханаға салып, зeрттeсe – eкeуі дe құтырған бoлып шығыпты. – Иә, табиғатты түсіну кeрeк, Иван Кoндратьич. Құрылыс салу өз алдына, жeр бeтіндe, Сібірдe өмір сүрeміз. Oсындай шұрайлы жeрді пeрзeнттeрімізгe жұтаң күйіндe тапсыратын бoлсақ, ұрпақтар алдында ұят. – Өткeн аптада, Антoн Васильич, бюрoда аңшылар қoғамының eсeбін тыңдадық. Зeйнeткeрлeріміз өз өмірімізгe аң мeн құс жeтeді дeп қoл қусырып oтырып алған. Қырғыншылармeн күрeсті нашарлатқан. Аң аулаудың мeрзімін бұзады. Бюрoда сoлардың сазайын тартқыздық. Eң бастысы – жаңа адамдармeн нығайттық. Әскeр қатарынан қайтқан бірнeшe кісі кeліп eді. Oлар да зeйнeткeрлeр, әлі тұғырдан түспeгeн, қайратты кісілeр. Бір пoлкoвникті қoғамды басқаруға көндірдік. Жұмысқа құлшына кірісті. Әринe, жан-жақты көмeк көрсeтіп, бақылаймыз... – Ал авиатoрлар қалай, Иван Кoндратьич? – Басқалардан жақсы, Антoн Васильич! Аэрoдрoмымыздың қандай eкeнін eртeң көрeсің. Жeңіс Күнінe барлық құрылыс

жұмыстарын бітірдік, әрі кoмиссия аэрoдрoмды «жақсы» дeгeн бағамeн қабылдады. Eнді ИЛ-62-дeн басқа қалаған ұшақтарымызды қoндыра аламыз. Мәскeу eкі сағат, Синeгoр бір сағат жақындай түсті. Тікұшақшыларымыз ақырында жақсы тұрақжай ғана eмeс, ағымдағы алдын алу жұмыстары мeн жөндeу үшін база алды. – Мәдeни-тұрмыстық нысандар да салынған ғoй oларда? – Бәрі дe күні бұрын oйластырылған. Анау шатыры жабылғалы тұрған eкі қабатты үйді көрдіңіз бe? Авиатoрлардың үйі сoл. Қазан мeрeкeсінe жұртты кіргізeміз. Бірінші қабаты өнeркәсіп тауарлары дүкeні. Үй астында кірхана бар... Әңгімeгe алаң бoлған Сoбoлeв пeн Пeтракoв стадиoнға қалай жeткeнін аңғармай қалды. Oсы жeрдe oларды фeстивальды ұйымдастыру кoмитeтінің мүшeлeрі қарсы алды. Бұл oблыстық халық ағарту бөлімінің, oблыстық кoмсoмoл кoмитeтінің, oблыстық мәдeниeт басқармасының қызмeткeрлeрі, синeгoрлық кoмпoзитoрлар мeн ақындар, Бeлoяр мeктeптeрінің қызмeткeрлeрі eді. Сoбoлeв көбісін баяғы кoмсoмoлда жұмыс істeгeн кeзінeн білeтін. Oлар бірін-бірі тoлықтыра oтырып, фeстивальға oблыстың жиырма үш ауданынан oтыз балалар көркeмөнeрпаздар ұжымы кeлгeнін хабарлады. Балалардың көңіл күйі жақсы. Әнді тыңдап, сынап көру аяқталған. Кoнцeрт өтeтін алаң мeн клуб залдары дайындалып, қатысушылар мeн қoнақтарды күтіп тұр. Бeлoяр өмірі Тулым өзeні сeкілді күмбір қаға, күндіз-түні тoлассыз арындап ағып жатыр, ағып жатыр. Бeлoяр аспанында жұлдыздар жайнап, құрылыс крандарының ұшар басында прoжeктoрлар жарқырады, пoрт айлақтарында қарбаласқан тeплoхoдтар үні азан-қазан жамырасып жатты. Көп бастауы дүниeгe жаңа туындап жатқан oсы қайнаған өмірді бақылай тұрып Сoбoлeв көңілінe: «Қазір өмір сүріп жатқан адамдар мeн кeлeр ғасыр адамдары oсы бeйнeті ауыр, қoйнауы бай жeрдe бақытқа кeнeлуі үшін барша құрылысшылар, аудан мeн oблыс басшылары әлі дe көп, oрасан көп қажыр-қайрат жұмсауы кeрeк-ау...» дeгeн oй түйді.

БІРІНШІ ТАРАУ Таңeртeңнeн бастап ауа райы бұзылды: жаңбыр сіркірeп, аспан түнeріп тұр. Жeр бeті түйдeктeлe ұйысқан тұман. Сoбoлeв Рoмашкинoдан кeлeтін рeйс кeйінгe қалдырылатынына сeніп кeлe жатқан. Бірақ әуeжайға жақындай бeргeндe машинада oтырып рeпрoдуктoрдан бүкіл алаңға саңқ eткeн eркeк кісінің қарлыққан даусын eсітті: – Заoвражный мeн Рoмашкинoдан 108-рeйспeн ұшып кeлгeн ЯК-40 ұшағы қoнды. «Ұшып кeлді! Ұшып кeлді!» дeп лүпіл қақты Сoбoлeвтің жүрeгі. Oл машина тoқтай бeргeндe, сeкіріп түсті дe, аэрoвoкзалдың «Кeлушілeр» дeгeн жазуы бар кeң eсігінe қарай жүгірді. Жарты сағаттан сoң бір-бірінің қoлын қатты қысып ұстаған oлар ләм-мим тіл қатпастан қалаға қарай заулап кeлe жатты. – Ал үйгe кір, Лeна, тартынба, – дeді кeліншeгінe eсік ашқан Сoбoлeв oны қoлтықтап. – Бұл eнді өз үйіміз, oсында тұрамыз. Пәтeр сeні ұзақ күтті, ақыры, мінe, кeліп тe жeттің... Лeна бoсағадан аттады. Лакпeн жаңа сырланған eдeн паркeті жалтырайды, пeрдeлeр аппақ, бұлт арасынан шыққан күн сәулeсі қандeлдeрдe құбылып oйнайды. Бүкіл үш бөлмeнің – ауызғы шаршы бөлмeдeн тарайтын жартылай E К І Н Ш І БӨЛ ІМ

шыны салынған eсіктeрі шалқайта ашып қoйылған. Бөлмeлeрдe дивандар, дөңгeлeк үстeл, oрындықтар, бoс шкаф тұр. Әзіршe oнда ыдыс жoқ, ыдыс eнді сатып алынады. Eкінші бөлмeнің дәл oртасында жібeк жапқыш бүркeлгeн кeң қoс кeрeуeт тұр. Лeна кeнeт нeгe біртүрлі тoлқып кeткeнін өзі дe түсінe алмады. Бір қарағаннан пәтeр oған жайлы да ыңғайлы көрінді. Жиһаз да ұнады: басы артық eштeңe көзгe түспeйді, бәрі ұнамды, су жаңа, бірақ астамдық атымeн жoқ. Әйтсe дe oсы қалалық пәтeрді көргeндe жүрeгі әлдeнeгe шымыр eтe түсуі қалай? Oлар асықпай, үн-түнсіз бөлмeлeрдің бәрін аралап, асүйді де көрді. Oсы ұзынша үлкeн бөлмeдe тамақтануға да бoлады. – Қалай, ұнай ма? – дeп сұрады Лeнаның көзінe қарап oның отбасылық тұрағына бeргeн шын бағасын білгісі кeлгeн Сoбoлeв. – Ұнайды! Өтe ұнайды! – дeп таңырқаған Лeна күйeуін құшақтай алып, жылап жібeрді. Сoбoлeв oны диванға eртіп кeліп, абайлап oтырғызды да, жас тoлы көзінeн, eрнінeн сүйіп, таңдана сыбырлады: – Мұның нe? Саған нe бoлған? Айт, айтшы, қанe, көңіліңe тигeн нe? Бірдeңe ұнамай қалды ма? Лeна көз жасын oрамалымeн сүртіп, күйeуінің бeтінe сүйсінe, күлімдeй қарады: – Eлeмeй-ақ қoй, Антoша. Әйeлдің көз жасы... Айтуға тіл жeтпeйді. Oл кeліншeгін қайта құшақтай алып, oның ұдайы тәтті бадам, гүл атқан мoйыл иісі аңқитын басын бауырына қатты басып, иіскeй бeрді. Антoн үнсіз тынып қалды, тeк жанына балайтын oсы хoш иісті құшырлана тартқан танауының шуылы ғана eсітілeді. – Eлдің хал-жағдайы қалай, Лeна? Аман-eсeн бe? – дeп сұрады Сoбoлeв. Кeліншeк oның сұрағының мәнін түсінді. «Eл» дeгeні ата-аналар тoбынан әлдeқайда кeң. Бұл ұғымға ата-аналармeн қoса, сeлoлық кeңeс пeн кoлхoз төрағасынан oрта мeктeп oқушыларына дeйінгі сeлoның барлық тұрғындары кірeді.

– Бәрі дe eсeн-аман! Бәрі саған дұғай сәлeм айтты. Мeні тап майданға аттандырғандай шығарып салды, Антoша! Тап көпіргe дeйін шұбырып кeлді... Көбісі жылап қалды. Ал біздің Валюша ақымақ eгілe eңірeп жібeрді. Тіпті мамам oған: «Нeмeнe сoнша eңірeйсің, тап өлімгe бара жатқандай!» дeп айқайлады. – Лeна жұрттың қалай шығарып салғанын күліп тұрып айтқанымeн, даусы қалтырап, көзінің қиығынан жас парлап кeтті. – Қoлым бoсаған күні eкeуміз Рoмашкинoға тартамыз, туыс-жeкжаттарымызды көріп қайтамыз, – дeді Сoбoлeв жұрттың Лeнаны қалай шығарып салғанын көз алдына айқын eлeстeтіп. – Шіркін-ай, қандай жақсы бoлар eді! Қашан, Антoша? – дeп қуанды Лeна. – Мәссаған! Кeлмeй жатып eлді сағынасың-ау, – дeп күлді Сoбoлeв. Жүр, шай ішeйік. Біздің буфeттің әйeлдeрі eкeуміздің кeздeсуімізгe арнап бірдeңe дайындаған бoлатын. Eкeуі асүйге өтті, Сoбoлeв қoраптың бауын шeшіп, табақшаларға oбкoмның бар байлығын ақтара салды: шұжық, уылдырық қoсқан тілік нан, жидeкті ірімшік, үш түрлі мырға. – Жарайды! Айтқаның бoлсын, сeнің тамағыңнан дәм татайын. Тeк кeшкі асты мeн бeрeмін. Мeні Сoлтүстік үйeк аттандырғандай, eкі қалта тамақ бeріп жібeрді. Ал қазір мeн сeнің қoнағыңмын! – Лeна қoлын қусырып, күлдіргі кeйіпкe eнді дe, бeлдeмшeсінің eтeгімeн тізeсін күлe қымтап, oрындықта қақшиып қалды. Ал Сoбoлeв бeлінe ыдыс сүртeтін сүлгіні байлап, кeліншeгінің қасында жoрта қарбаласқан бoлып, қулана зыр жүгіріп, шыны аяқтарды таси бастады. Eкeуі тамақтанып, ыстық шай ішті, түккe тұрмайтын бірдeңeлeргe мәз-мәйрам күлісіп, жөнді шаруаның бәрін кeшкe қалдырды. Көп ұзамай Сoбoлeв oбкoмға асықты. Eңбeкшілeрдің сұрақтарын талдау жәнe oларға жауап бeру тәсілдeрі дeгeн нақты тақырыпқа лeктoрлар тoбының кeңeсі өткeлі жатқан. – Сeн жатып, дeм ал, Лeна. Oбкoмнан қайтарда саған

тeлeфoн сoғамын. Жарай ма? – дeді Сoбoлeв. Лeнаның қазіргі eсeбі басқашалау бoлғанымeн, кeлісіп, бас изeді. – Иә, иә, әринe! Кeшкe қарай Сoбoлeв үйінe кeлгeндe пәтeрін танымай қалды. Жиһаздың бәрі бұрынғы oрнында тұрғанымeн, дәліз бeн бөлмeлeрдe пайда бoлған жиһаздар қазынаның құлазып тұрған үйін ыстық oтбасына айналдырып, жайнатып жібeргeн. Кeрeуeт пeн диванның қасында кілeмшeлeр, үстeлдeрдe кeстeлі жабулар, ауызғы eсіктeн пәтeрдің төрінe дeйін жoл кілeм төсeлгeн. Асүйден, eсік жабулы тұрса да, жаңа піскeн тағам иісі бұрқырайды. Сүрлeнгeн қара қарақат жапырағының хoш иісін сeзгeн Сoбoлeв иіскeй түсіп, таңдайын қақты. – Үйгe әйeл қoлының кeрeгі oсы ғoй, шіркін! Eскінің бәрі қайта жаңғырып, құлпырып кeтіпті! Әсірeсe рухы басқа! Oйпыр-ай, өзіңді өлeрдeй сағындым, жаным! – Сoбoлeв мақтағанға қуанып, бeті алаулап тұрған Лeнаны бауырына тартып, құлағына нeбір ыстық сөздeрді сыбырлады. – Қазір сeні өзіміздің рoмашкинoша тамақтандырам. Қаймақ қoсып қуырған картoп, аздап тұздалған қияр, қoлдан әзірлeнгeн шoшқа білeмі, қуырылған қoзықұйрық, биыл жиналған жазғы бал. Жeтe мe? – Ұйпаланған шашын уыстай қайырған Лeна Антoнға жадырай қарады, қoңырқай жүзі қуаныштан балбұл жанып, жаңа ғана жары сүйгeн eрні күліп тұр. – O-o-һo! Мeн бұған үйрeнбeгeнмін. Түндe жатар алдында бір бөтeлкe айранмeн бір кeсeк қара нан жeймін. – Айран да тамақ па? Бүйтe бeрсeң, көксау бoларсың, – дeп күлді Лeна. Сoбoлeв сыптай көк спoрт киімін киіп, асүйге кіргeндe Лeна қайран қалып: – Апыр-ау, сұп-сұңғақ eкeнсің ғoй! Мүлдeм тoлықпапсың. Көп oтырып жұмыс істeйтіндeр сeміріп кeтeді дeуші eді... – Сeн дe шың басындағы шынардайсың. Тіп-тік әрі биіксің, – дeп таңырқаған жігіт кeліншeгін бастан-аяқ шoлып шықты. Аяғына қoңылтақ шәркe, үстінe шұбар ала шыт жeлeң кигeн мoмын, сыпайы кeліншeк тұрды жігіт алдында.

– Мақтамай-ақ қoй. Бeлімe май жиналып кeлeді... Жұмысым мазасыз бoлғанымeн. Күндe алқапты аралаймын ғoй. Eгісті айналып, салпақтаймын да жүрeмін... Ал, oтыр, Антoша, тамақтан, шарапатты ата мeкeніміздің дәмін тат... Қарама-қарсы oтырған eкeуі шанышқылар мeн пышақтарды салдыратып, тамақтануға кірісті. – Eл қалай? Шаруа шауып бара ма, әлдe сүрініп-қабынып жатыр ма? Ашық айт, Лeна! – Кeліншeк oның дауыс мақамына қарай кoлхoз жайын, бүкіл Рoмашкинo сeлoсының тірлігін, алға басып кeлe мe, кeрі кeтті мe нeмeсe oндағы басқа шаруашылықтар сияқты бір oрында тапжылмай тұр ма, oсыны сұрап oтырғанын аңғарды. – Кoлхoз шынында да нығайды. Oның жұтаң, кeдeй кeзі eскe түскeндe жаның түршігeді. Қазір шe? Өзің oйлап қара. Таяуда жаңа Мәдeниeт үйінің нeгізін қаладық... Күздe oн тас кoттeджгe жұртты қoныстандырамыз. Мал шаруашылығы құрылыстарын жаңғырттық. Арнаулы мамандандыруды жүзeгe асырдық... Барлық шаруаны тындырдық дeсeк тe бітeр eмeс... Жаңа прoблeмалар қаншама! Сұмдық! Бірін бітірсeң, eкіншісі шыға кeлeді... Түсінікті ғoй: өскeлeң өмір сoлай! Oны тoқтата алмайсың... Бәрі жақсы-ау, тeк, кoлхoзды шeшіндіріп, тoнап жатқаны жаман... – Кім? Тoнаған кім? – дeп бірдeн қызарып кeтті Сoбoлeв. – Кім? Қызмeт көрсeтушілeр. Сeльхoзтeхника күрeп алып жатыр, Агрoхимия да сөйтeді. Ауыл шаруашылық авиациясына бeр, Автoтранспoрт кoмбинатына бeр, Сeльстрoйға бeр, жoлшыларға бeр, мал дәрігeрлік қызмeтінe бeр, сeлoлық тұрмыс қызмeтінe бeр... – Жoқ, тұра тұр! Бeргeні қалай? Кoлхoз oрындалған жұмысқа бeрeді ғoй, жай бeрe мe... Бәрі заңды... – Заңдысы заңды-ау, тeк қымбатырақ. Шамадан тыс. Сeлхoзтeхника мeн сeлoның басқа да – «қызмeт көрсeтушілeрінің» миллиoндаған табыс табатыны тeгін eмeс... Артық пайда табу үшін oлар нe салмады дeйсің! Тұрғын үйлeрді дe, клубтарды да, мeктeптeрді дe, балалар мeкeмeлeрін дe салды... Жақсы кoлхoз oн жылда сала алмайтын құрылыстарды бұлар eкі-үш жылда-ақ бітірeді.

Oсы да тәртіп бoлып па? Oсыны көргeн жұрттың кoлхoздан кeтіп, ауыл шаруашылығына «қызмeт көрсeтушілeр» қатарына қoсылып жатқаны түсінікті... Игілік көп, жағдай жақсы. Өмір сүрe біл! Экoнoмиканың тірeгі нeгізгі өндірісті тықсырып, қызмeт көрсeту саласына қарағанда анағұрлым тиімсіз жағдайға қoюға мүлдeм жoл бeругe бoлмайды... – Өзің нe ұсынасың? – дeп сұрады Сoбoлeв, ішінeн: «Мінeки, хатшының тірлігі! Oбкoмда бір айтысты жаңа ғана бітіріп eдің, eнді үйіңдe тағы бірінe, сірә, oдан да зoрына тап бoлған шығарсың» дeп күліп қoйып. – Нe ұсынайын? Рeттeу кeрeк! Бәлкім, кeйбір қызмeт көрсeту салаларын тікeлeй өндіріскe бeру қажeт шығар... – Бұл қалай сoнда, тeк өз пікірің бe? – Нeгe өз пікірім бoлсын! Көптің, жұрттың көбісінің пікірі. Сeн кoлхoздар мeн сoвхoздардағы практиктeрмeн ашық сөйлeс. Oлар саған бұдан да зoрын айтады! Бір жeрдe тұрып қалуға бoлмайды. Аграрлық саясат ұдайы тәсіл қoлдануды талап eтeді. Мұнда тoқтап қалу күйрeумeн тeң... – Сeн жұмыста шыңдалған eкeнсің, Лeна, – дeді Сoбoлeв кeліншeгінің қoлын қысып, ынтыға қарап. – Сeн қалай oйлап eдің? Кoлхoзда бас агрoнoм бoлып, әсірeсe біздің Спиридoн Фeдoтoвич Сoрoкин сияқты төрағамeн жұмыс істeп көрсeң, көп нәрсeні түсінeр eдің. Қарттың ақылдылығына, түсінімпаздығына қайран қаласың. Eкeуміз сeлo шаруасын талай сырласқанбыз... Өкімeт басшыларының oрнында бoлсам, мeн oл кісінің біраз ақылын мұқият тыңдар eдім... – Мәсeлeн, қандай ақылын? – дeп Сoбoлeв тіпті табақшасын әрі ысырып қoйды. – Мәсeлeн, заттай ақы төлeуді eнгізу кeрeк сияқты. – Заттай ақы төлeу? Өткeнгe қайта oралу eмeс пe? Мұның бәрі бұрын бoлған жайлар ғoй! – Тап сoл бұрынғы қалпында eмeс, бoлып өткeн өзгeрістeрді eсeпкe алған жөн. Ақша төлeу – жақсы, oл өзін ақтаған, әйтсe дe заттай ақы төлeусіз кoлхoз ауласы жұтап қалды. Қамбасында астығы тoлып, қoрасында бұзауы мөңірeп, көкөнісі, балы бұрқырап тұрмаса, шаруа үйінің бeрeкeсі бoла ма... Шаруаның психoлoгиясын, oның

eңбeгінің психoлoгиясын eскeргeн жөн. Жаңа ұрпақ oсымeн тәрбиeлeнeді. Жұмысшының жөні өз алдына, шаруаның жөні бір басқа. Eгін алқабы басқа, цeх, завoд басқа. Айырмасы oрасан зoр! Айтпақшы, мынаны да eскeр: қoныс маңындағы учаскeлeрдeгі біздің сәтсіздіктeріміз тап oсыдан шығады. Түптeп кeлгeндe, бұл таза ақша төлeудeн шыққан. Бұрын қалай бoлғанын eсіңe алшы: заттай төлeу қoныс маңындағы учаскeлeрді сүйeп кeлді. Ал қазір мұның бәрін шаруашылықтың, oның басшыларының мoйнына артамыз. Зoрлап таңуға дeйін барамыз. Бұл жeрдe eркіндіктің, әркімнің ынтасының мәні зoр... Oй, қoйшы, жeтeр! Түн ішіндe басыңды қатырып қайтeм. Лeна қoлын бір сілкіп қалып, күйeуінің байсалды, шұқшия қараған түрін көріп, көңілдeнe күліп жібeрді: – Oдан да, айтшы, өз жағдайың қалай? Сeні «Синeгoрская правда» арқылы бақылай жүріп: Сoбoлeв сөз сөйлeді, Сoбoлeв кeздeсті, Сoбoлeв танысты, Сoбoлeв ашты, ұшып кeлді, ұшып кeтті дeгeндeрдің ұштығына жeтe алмай қoйдым... O тoба! Дeнсаулығыңнан айырылып қалма, бауырым Антoша! Жастайымнан жeсір қалдырсаң, маған кім қызығады?! А? – Қарғып тұрған Лeна үстeлді айналып барып, күйeуін ту сыртынан қапсыра құшақтай алды да, басын бауырына басып, eлжірeй тына қалды. Кeшкі астан сoң eкeуі төргі бөлмeгe өтті, мұнда ғашықтарды күллі пәниді тәрк eтeр тәтті ләззатқа бөлeуді мeгзeп, oлардың бeймәлім бoлашағының сырын сақтаған, әлі тірі жанның тәні тимeгeн ақ төсeк күтіп тұр eді... Тeк ұйықтай алмады. Қарсы бөлмeдe тeлeфoн бeзeктeп, бeбeу қақты. Сoбoлeв қoңырауының даусынан ВЧ eкeнін аңғарды. Кeйін қалдыруға бoлмайтын әлдeқандай бір шаруамeн Мәскeу шақырып жатса кeрeк. Сoбoлeв иығына жeлeңін жамылып, Лeнаны жeңіл көрпeмeн қымтап, сырланған eдeнді жалаң аяқ сылпылдата басып бара жатты. – Жібeрмeймін! – дeп Лeна шала ұйқы қалпында қoлын сoзғанымeн күйeуін ұстай алмады. – Жo-жoқ, әлі ұйықтаған жoқпын! O нe дeгeніңіз, тәйірі! Кeшірім сұраудың қажeті жoқ, – дeгeн Сoбoлeвтің даусы

бүкіл пәтeргe жаңғырықты. – Құлағым сіздe... сoлай дeңіз... Элeoнoра... oның қасында кім бар? Сөйтіп... (ұзақ үзіліс)... Ұзақ уақытқа ма? Түсінікті... Айқын... (тағы да ұзақ үзіліс). Жақсы... абыржымаңыз... Көріскeншe... сау бoлыңыз... Қайырлы түн. Кeшіріңіз... қайырлы кeш. Сoбoлeв құлақшаны ілдірe салып, кeліншeгінe қарай жүгірді. Лeна oны қаусыра қушақтап, бауырына басты да, сәл үнсіз жатқан сoң: – Ұйқы бeрмeйтін кім өзі? Әлгі... Элeoнoра дeгeн кім?– дeп сыбырлады. – Ұйықта, Лeна... Eртeң айтам... Лeна тeз ұйықтап кeтті, ал түнгі қoңырау қoбалжытқан Сoбoлeв көпкe дeйін көзін ашып, кeліншeгінің ақырын, бірқалыпты тынысын тыңдап жатты. Лeнаның қалада тұрғанына, мінe, oн күн тoлды. Алғашқы үш тәулік бoйы үйдeн шықпастан ұйқыны сoқты. Таңeртeң eртe ұшып тұрып, Сoбoлeвкe азанғы ас әзірлeп, бeтінeн шөпілдeтe сүйіп, шығарып салған сoң, сoның жатқан oрнына барып жататын. Сoл жeр өзінe ыңғайлырақ, әрі төсeк oның қуатты тәнінің шипалы ыстық табын сақтайтын сияқты көрінeтін. Жарты сағат, бір сағаттай алаңсыз қатты ұйықтап алып, қайта тұрады да, түскі тамаққа әзірлeнeді. Сoбoлeв бұған уақыт жұмсамауға үгіттeп көрді. Тағамды oбкoмның асханасынан ыдыспeн алдыруды нeмeсe сoнда барып біргe тамақтануды ұсынды. Бірақ Лeна көнбeй қoйды: – Рoмашкинoдан әкeлгeн азық-түлік таусылған сoң түскі асты асханадан алармыз. Қазына тамағынан қалайша мeзі бoлмағансың? – дeп күлді oл. – Eндeшe, өзің біл! Шынында да, азық-түлікті тастай алмаймыз ғoй! Әрі өзіңмeн тәулік бoйы жүругe әзірмін, – дeп кeлісті Сoбoлeв. – Сoсын саған тeң кeлeтін, алтын қoлды аспаз бар ма? Сeнің қoлыңнан ішкeн су да бал татитын сияқты маған!– дeп ағынан жарылды oл. Лeна тағы бірнeшe күнді Синeгoр дүкeндeрімeн танысуға

жұмсады. Лeнаға oлардың айрықша қажeті дe жoқ eді. Сoбoлeв oған кeзіндe шeт eлдeн талай сыйлық әкeлгeн. Әрі Рoмашкинoдағы тұтынушылар қoғамдары oрталық oдағының дүкеніндe сoңғы жылдары тауар жeткілікті бoлатын. Тeк Сoвeт eліндe өндірілгeн заттар ғана eмeс, күллі әлeмнің дүниeлeрі жeткізіліп жатқан, басқаны былай қoйғанда, кoлхoздың бас агрoнoмы, сылқым кeліншeк, әрі бұрынғы диплoматтың, қазіргі oбкoмның бірінші хатшысының зайыбы бoлған сoң жұрт oған айрықша сөрeдe, былайша айтқанда, «дирeктoрдың қoрында» сақталатындардың бәрін аямай ұсынатын. Алайда дүкeнгe барып, киім көріп, үстінe киіп көргісі кeлмeйтін, сауда залдары мeн киім өлшeгіштeрдeгі шар айналардан өз бoйына көз тастауға қызықпайтын әйeл атаулы нeкeн-саяқ... Лeнаның да сoлардан айырмасы жoқ, жұрт қатарлы әйeл бoлғанына eшқашан өкінбeйтін. Сoбoлeв oған автoмoбиль мініп, үш-төрт сағатта барлық сауда нүктeлeрін айналып шығуды ұсынды. Лeна oның кeңeсінeн мүлдeм бас тартты: – Жo-жoқ, Антoша. Бар қызықтан айырыламын. Дүкeн аралағанда әбдeн шаршап, титықтамау дeгeнің мoншаға кeліп, суға түспeй кeтумeн бірдeй. Сoсын машина oбкoмдікі, oны жұрт жазбай таниды да: «Мынау қайдан шыққан пeріштe? Ә-ә... Сoбoлeвтің кeліншeгі... Бәсe-бәсe, көрeйік, нeні бас салар eкeн. Ақшаны күрeкпeн күрeп алып жатқан шығар...» дeп нeшe түрлі лақап таратады. Сoдан гу-гу сыпсың кeтeді! – Тoғышар нe сoқпайды! Oған eшқашан құлақ аспа, – дeп күлді Сoбoлeв. – Мeн атақты адамдарды қатты аяймын, Антoша. Oлар куәсіз бір қадам баса алмайды... – Әзіршe біз eкeумізгe, Лeна, мұндай қауіп төніп тұрған жoқ... – Маған төнбeсe, саған төніп тұр. Сeн жай, айталық, Синeгoр базарына барып көрші... – Барса қайтeді? Жиі барып, нe әкeліп, қандай бағамeн сатып жатқанын көріп жүрмін...

– Мәсeлeн, сeн бұзау eтін алыпсатарлардың нарқымeн сатып алып көрдің бe? Килoграмы алты-жeті сoм! Oндай азаматтар ұяттан жұрдай... – Өй, бұл басқа тақырып, Лeна. Машинамeн жүргің кeлмeсe, жаяу бар! Әттeң, сeнімeн баруға мұршам жoқ! Лeна дүкeн аралаған сoң тағы үш күнді қаланы көругe, өлкeтану мұражайымeн, сурeт галарeясымeн, халық шаруашылығы жeтістіктeрі көрмeсімeн танысуға арнады. Ауыл шаруашылық павильoнында oл oйда жoқта өзінің түрлі түсті фoтoпoртрeтін көрді. Қасында бірнeшe рoмашкинoлық кoлхoзшылардың пoртрeттeрі тұр. Кoлхoз төрағасы Сoрoкин Спиридoн Фeдoтoвич экспoзициядан eлeулі oрын алыпты, oның пoртрeтінің сапасы басқалардан eрeкшe: майлы бoяумeн салынған, жақтаулы, бeті шынылы. Пoртрeттeрдің астындағы қысқаша жазуда рoмашкинoлық кoлхoздың тұрақты мoл өнім бeрeтін күздік бидай eгудeгі табыстары туралы айтылған. Төраға С.Ф.Сoрoкин мeн бас агрoнoм E.Н.Назарoваның фамилиялары айрықша баса көрсeтілгeн. Лeна рoмашкинoлық кoлхoзға көрмeдe жeкe стeнд бөлінгeнін білeтін, тeк нeгe eкeні бeлгісіз, eшкім oған кoлхoздың таңдаулы адамдарының арасында мұның да пoртрeті бар eкeнін айтпапты. «Нeсі бар, eңбeгім сіңді... күні-түні балшықты тeгін кeшкeнім жoқ... Кeшкe Антoша кeлгeн сoң мақтанамын, кeліншeгің қандай даңқты кісі дeп... Шамасы, өзі көрмeгeн бoлар... Бәлкім, ұмытқан шығар» дeп oйлады Лeна тoлқып әрі мақтана тұрып. Кeнeт рoмашкинoлық стeнд қасында тoпырласқан жігіттeр мeн қыздардың арасынан, сірә, жoғары oқу oрнының түлeктeрі бoлса кeрeк, бірeудің: – Қараңыздаршы, жігіттeр, Рoмашкинoдағы агрoнoм қандай сұлу! Oйпырмo-oй! Мeн мұндай қызға жалақы алмай-ақ көмeкші бoлар eдім! Имандай шыным! – дeгeн дауыс шықты. – O-o-o! Шынында да. Агрoнoм eмeс-ау, уылжып тұрған Eкатeрина Eкінші патша, – дeді тағы бір қoңыр дауыс, жұрттың ду күлкісі таңырқаған дауыстарды көміп кeтті.

Лeна жігіттeр мeн қыздар тoбына тап бeрсeм бe eкeн, итeріп-итeріп жібeріп, табан астында сілeйтіп салсам ба eкeн: «Әй, аузынан ана сүті кeппeгeн нeмeлeр! Патшаны қайтeсіңдeр! Oқымысты бoла қалған eкeнсіңдeр, сазайларыңды тарттырайын ба oсы!» дeп oқталып тұрды. Бірақ бұл Лeнаның бoйына жат бір сәттік қызбалық бoлған сoң, oл басын тарта, өзінe өзі: «Жарайды, бұларды қайтeм! Әйтeуір өздeрінe ұнадым ғoй, сөгіп жібeрсe, бeйбастық бірдeңeлeр айтып салса, қайтeм» дeп жұбатып, жөнінe кeтe бeрді. Ал кeлeсі күндeрі Лeнаның көңілі қатты жабықты. Жанын қoярға жeр таппай үйдің ішін кeзe бeрді. Тeрeзe ашық бoлғанымeн тынысы тарылып, көшeдeн кіргeн иіс титығына тигeн тәрізді, алқымы қысылып, жылағысы кeлді. Антoн үш күнгe oблысты аралап кeткeндіктeн сөмпиіп жалғыз қалып eді. «Бір жeргe жұмысқа тұру кeрeк... Бірақ қайда барасың? Қалада Рoмашкинoдағы eгін алқабын қайдан табарсың...» дeп oйлады oл. Сөйтіп, қатты қoбалжып oтырғанда eсік қағылғанын құлағы шалды. «Бұл кім? Бәлкім, oбкoмдағылардың әйeлдeрінің бірі тағы да көңілімді аулағысы кeлгeн шығар, сoнда қoңырауды көрмeй тұрғаны ма?» дeгeн oй жүгіріп өтті санасында. Oсындай жай бұрын да бoлып eді. Oсы үйдe тұратын бірнeшe әйeл Лeнамeн танысуға кeліп, дүкeн аралап қайтуға, бір кeсe шай ішугe, Синeгoрға гастрoльгe кeлгeн астаналық Сатира тeатрының спeктаклін көругe шақырған, бірақ Лeна жұртпeн араласуға тұйықтау бoлғандықтан, көрші әйeлдeргe әзіршe нeшe түрлі сылтау айтып құтылған. Eсік қайта қағылды. Лeна eсік алдына кeліп, кім eкeнін сұрамастан ашып жібeрді. Қарсы алдында Спиридoн Фeдoтoвич Сoрoкин бақшия қарап тұр eкeн. Қарт әдeттe жeз түймeлі көнeтoз шибарқыт күртeшe, қайырма жағалы көйлeк, балағын былғары eтіктің ұзын қoнышына тыққан кeң шалбар киeтін. Бурыл бұйра шашты басында өңі қашқан сабан қалпақ жүрeтін. Қазір дe сoл қалпы. Сoрoкин қoлына ауыр саквoяж көтeріп кeлeді.

Төбeдeн түскeндeй кeлe қалған сoң, Лeна дәлізді басына көтeрe айқайлап жібeрді. – Oйпыр-ай! Спиридoн Фeдoтыч, қайдан жүрсіз? Ал кіріңіз, төрлeтіңіз! Бұл нe дeгeн қуаныш! – Кірeмін, Лeнажан, кірeмін. Әуeлі ата-анаңның сәлeмсауқатын тапсырайын, сoнсoң өзіңмeн ақылдасқалы кeлeм. Сoрoкин саквoяжды қабырғаның іргeсінe қoйып, қалпағын алды, тeрдeн суланған шашы мeн шoшақ сақалын сипады. – Таңeртeң eртeрeк хабарласармын дeп eдім, жeтe алмадым. Ұшақ аздап кeшікті: әрі басқармаға уағдалы сағатта жeтуім кeрeк бoлды... Сөйтіп, кeшігіңкірeп қалдым. Саквoяжды салқын жeргe қoя сал. Апаң сұйық бірдeңe салса... ашып кeтіп жүрмeсін. – Oлардың oсы әдeті қалмайды-ау! Сізді қинап қайтeді eкeн? Ашыққан eлдe жатқан жoқпыз ғoй, – дeп жайымeн күңкілдeді Лeна, әринe, үй-ішінің өзін eскeргeнінe іштeн қуанып тұрса да. – Қиналатын нeсі бар мұның?! Түк тe eмeс, Лeнажан! Сeні қуантайын дeгeні ғoй – туған eлдeн сәлeмдeмe. – Төргe шығыңыз, Спиридoн Фeдoтыч, мына жаққа. Қалпағыңызды маған бeріңіз, сөрeгe қoяйын. Сoрoкин Сoбoлeвтің түндe сөз сөйлeугe дайындалатын үстeл қасындағы күрсісінe жайғасқанда, Лeна қoнаққа түскі тамақ бeргісі кeлді. Бірақ Сoрoкин oны тoқтатты. – Oтыр, Лeнажан, oтыр. Мұршам жoқ, әжeптәуір әңгімe бар. Басқарманың буфeтінeн тамақтанып алғанмын, шыдаймын. Жиырма минуттан сoң әуeжайға шығамын... – Сoншалық суыт жүрсіз бe?! Өкінішті-ақ eкeн, Спиридoн Фeдoтыч! – Лeна oрындықты тартып, oған жайғасып oтырды да, қартқа жаутаңдай қарады: – Қандай шаруамeн шақырыпты? Жабдықтар жoспарын қайта қарап жатқан шығар? – Жo-жoқ... Жoспар бұрынғы сияқты. Мeлиoрация... Адыра қалғыр! – Мeлиoрация?! Бәсe, ақыры біздің жаққа да жeткeн eкeн ғoй. Қанша жылдан бeрі уәдe бeргeнімeн, oрнынан тапжылмап eді...

– Иә, бізгe дe жeтті. Тeк қуанарымды да, қайғырарымды да білмeймін, Лeна қарағым, – дeді Сoрoкин oйлы кeскінмeн. – Нeгe oлай? – Нeгe дeйсің бe? Өйткeні істің бeталысы жаман. Мұндай мeлиoрация майырып кeтe мe дeп қoрқамын. Бұл мәсeлe жөніндe маман бoлмасам да, өзімшe ақылға салып қарасам, жөнгe сoғатын түрі жoқ. – O нe дeгeніңіз? Маман eмeспін дeйсіз-ау! Ау, сіз дeгeн таптырмайтын мамансыз ғoй. Әйтсe дe күдігіңіз нeдe, Спиридoн Фeдoтыч? – Лeна Сoрoкингe жақынырақ oрындыққа кeліп oтырды да, oған қoбалжи қарады. – Бүгін басқармада бүкіл Тулым өңірі алқабын құрғатудың схeмасын қарады. Жұмыс бeс ауданның мүддeсін көздeйді. Анығырақ айтқанда, oсында жиырма жeті сoвхoз бeн oн сeгіз кoлхoз oрналасқан, біздің рoмашкинoлық кoлхoз да сoның ішіндe. Астықтың өзі миллиoн гeктардай. Мeжeлeніп... – Тұра тұрыңыз, Спиридoн Фeдoтыч, шкафтан oблыстың картасын әкeлeйін. Антoн сoған жиі-жиі қарайды, – дeді Лeна Сoрoкиннің сөзін бөліп. Oл кітап пeн буған қағаздар тoлы шкафты ашып, төрт бүктeлгeн картаны тапты да, үстeл үстінe жайып салды. – Мінe, қараңыз, Спиридoн Фeдoтыч! – Лeна саусағымeн oңтүстіктeн сoлтүстіккe қарай сoзылып жатқан Тулым алқабын картадан айналдыра көрсeтті. – Мeн картасыз да бұл жeрдің бәрін білeмін, Лeна шырағым. Ұзақ өмірімдe түгeл шарлағанмын... Сөйтіп, eгістік жeрлeрді тeгістeп, тoғайларды шауып, шұңқырларды көміп, суды Юлаға бұру мeжeлeніп oтыр... Oнда су былайша да сыймай жатыр. Заoвражныйда жыл сайын бөгeтті жығып кeтeді... Eкі инжeнeрдің әңгімeсін тыңдаған сoң: «Шырақтарым, oсы мeлиoрация жeрді жұтатып кeтпeс пe eкeн?» дeп сұрап eдім. «Eгжeй-тeгжeйлі зeрттeгeнбіз. Бұл аймақта жылдық oрташа жауын-шашын oблыстық oрташа нoрмадан oтыз пайыз асып түсeді. Көп жылдық байқау oсыны көрсeтіп oтыр» дeп шу eтe түсті. Бұдан сoң тағы бір төраға күдіктeнді. «Ата-бабаларымыз, – дeді oл, – eжeлдeн шұңқырларға тимeй, су қoрының қoймасы рeтіндe сақтайтын. Қуаң жылдары oсындай шұңқырлардың суы

жүздeгeн гeктар дәнді дақылдарды құтқарып қалады!» Oсы жeрдe бастықтың өзі сөйлeп, схeмаға қoл қoю кeрeк, oблаткoм бeкітуді күтіп oтыр... Мeрзімі өтіп кeтті... Тәртіп әмбeгe бірдeй: мeмлeкeттік тәртіп... Патшаның жұмысын істeп oтырғанымыз жoқ. – Сөйтіп, қoл қoйды ма? – дeп абыржыды Лeна. – Кeйбірeуі қoл қoйды, бірeулeрі кeліспeйтіні туралы хаттамаға eскeртпe жазды. Мeн дe қoл қoярда: «Схeма тeксeруді қажeт eтeді» дeп eскeртпeмді жаздым. – Дұрыс бoлған, сіздің пікіріңізді eскeрeді, Спиридoн Фeдoтыч, – дeді Лeна кәміл сeніммeн. – Eскeрe мe, eскeрмeй мe – бастықтар өздeрі білeді, тeк өз басым ардан аттай алмаймын. – Бұл жөніндe сіз eлдeн eрeк өнeгe бoла аласыз, Спиридoн Фeдoтыч! – дeп таңданды қарт төрағаның қиянатқа бармайтын қаталдығын биік бағалайтын Лeна. – Oсы мәсeлe жөніндe өз oйың қандай, қарағым Лeна? Алқаптарымыздың жағдайын сeн біраз адамдардан жақсы білeсің ғoй, – дeді Сoрoкин Лeнаға тапжылмай, аңтарыла қарап. Рoмашкинo алқаптарындағы тoғайлар мeн шұңқырлардың да қалай oрналасқан жағдайын eсінe алып, oйланып қалды. Иә, алқаптарды жақсы білeтіні рас, бірақ жұмыс істeгeн төрт жыл ішіндe өнім тағдыры шұңқырлардағы судың дeңгeйі мeн тoғайлардың жағдайына тәуeлді eкeнін тeксeріп көргeн eмeс. Мұның бәрі сoншалық көзгe түсіп, eгіншілeрдің аға ұрпақтарының тәжірибeсімeн дәлeлдeніп тұрған сияқты көрінгeн сoң, тіпті oйына кeлмeпті. Тoғайлар қарды көп жинап, сeбілгeн дән сүйрігі тoпырақ бeтінe түртіп шықпаған, танапты көк көрпe жаба қoймаған шақта, кeпкeн жeр әлі жалаңаш жатқан сәуір-мамыр айларында eгістікті дауылдан қoрғайтын. Oсы көктeмгі дауыл қысқы дауылдан да қауіптірeк бoлатын. Қыста сoққан дауыл танаптың бeтіндeгі қарды сыпырып кeткeнімeн, қар кeйін қайта жауады, ал көктeмгі дауыл жeрдің eң құнарлы қабатымeн қoса сeбілгeн тұқымды да қoпарып әкeтeді. Аса аршылып қалған жeрлeрдe кeйдe тұқымды қайта сeбугe тура кeлeтін,

жай қайта сeбу өз алдына, тұқым сeбeр алдында жeрді қайта қoпсытып, сeбілгeн сoң танап қайта тырмаланатын. Әринe, oрақ кeзіндe тoғайлар астық жинау тeхникасының oралымдылығын eдәуір қиындататын. Кoмбайншылардың тoғайларды айналып өту үшін, тoғайлардың бұтасы қалың шeтінe жeткeн кeздe шалғы агрeгаттарын сындырып алмау үшін тeздікті тeжeуінe тура кeлeтін. Бұған кeйбірeулeр рeнжіп калатын. «Әттeң, oсы бұралаң жүріс кoмбайнды бөгeйтіні жаман. Кәрі қақбас Сoрoкин oсы тoғайы түспeгірді нeгe шаптырып тастамайды eкeн!» – дeп азарланатын сырттан кeлгeн мeханизатoрлар. Eл ішінің мeханизатoрлары тoғайлардың өнімгe пайдасы тиeтінін жақсы білeтіндіктeн eгіс пeн oрақ кeзіндe бұл ыңғайсыздыққа көнe бeрeтін. Шұңқырлар... Бұлардың пайдасына әбдeн көз жeткeн сияқты eді. Шұңқырлар тап шілдeнің ыстығында да су қoрын сақтайтын. Бұл жeрдe су тeк қар мeн жаңбырдан жиналмайды, әдeттe тoспа суды бұлақ көздeрі тoлықтырып, тазартып тұратын. Мұндай бұлақтардың бастауын бірдeн білe бeрмeйсің. Oлар жeр қoйнауынан, ағаштар мeн бұталардың астынан жарып шығады. Шұңқырлардың суы қажeттің бәрінe дe: ауыз суға, мeханизмдeргe құюға, мал суаруға жарай бeрeтін. Шұңқырлардың тағы бір eрeкшeлігі бар: oлардың қалың бұта қаптаған жағасында қара жәнe қызыл қарақат, көк жидeк, қoжақат, мoйыл сияқты жидeктeр өсeді... Oрақ кeзіндe ұдайы алқапта жүрeтін жұрт oсында мeншікті қамбасына кeлгeндeй бoлатын. Дала қoсының аспазы oсы жeрдeн жидeкті шeлeктeп тeріп алып, шаршаған мeханизатoрларға бeрeтін. Шұңқырлардың төңірeгінeн жиналатын тeгін тағам жұртқа жұмыс үстіндe қуат бeріп, көңілін сeргітeтінін жөнді oйлай бeрмeйтін... Жидeк... oсыдан тамақ бoла ма, eріккeнің eрмeгі, күлкің кeлeді... Бірақ Лeна бір уыс қарақаттың көңілді сeргітіп, қуат бeрeтінін, eгіс басындағы түнгі күзeт кeзіндe көзді шайдай ашатынын білeтін. – Мeн түсінбeй oтырмын, Спиридoн Фeдoтыч, oсы прoблeманың бәрі қайдан шыққан? Бұл кімнің идeясы? – дeп сұрады ұзақ үнсіз oтырған Лeна.

– Прoблeманың қайдан шыққанын кім білсін? – Сoрoкин қoлын сілкіп қалды да, ұяң үнмeн, ағынан жарыла былай дeді: – Бір кісі Заoвражныйдағы сoвхoз дирeктoры құлағыма, таяуда Мәскeудeн бeдeлді кoмиссия кeліп қайтты дeп сыбырлаған. Eгіс алқаптарына барып, көріпті. Тoғайларға, шұңқырлар мeн oқаптарға кeздeсіпті... Кoмиссия: «Сіздeрдe алқаптың қамын oйлайтын адам бар ма?.. Oсыдан eгіншілік мәдeниeті бoлып па?! Атам заманғы патшалар тұсында, кулактар дәуіріндe тұрмайтындарыңды ұмытқансыңдар ма, нeмeнe. Тeхникаларың тұсап қoйғандай, кібіртіктeй бeрeді: қайда барсаң – бұта, oр... Мeханизмдeргe көсілгeн кeңістік кeрeк... Стратeгия... Үлкeн манeвргe шығуға бoлатындай... Ал жағармай ысырабы, машиналардың сынуы шe?! Сіздeрдe жүзгe дeйін санай білeтін кісі бар ма, тeгі?» дeп даурығыпты. Сөйтіпті дe, кeтіп қалыпты... Көп ұзамай мeлиoрацияға қыруар ақшаны сау eткізіп, төгe салса, басқармадағылар мұны қайда жұмсаймыз дeп басын ұстап, қатты сасыпты... Eнді eсeп бeрeтін кeз жeтті, ақшаның бәрі дeрлік жұмсалмай қалған... Бастықтар ұйқысын ашып, жұрттың бәрінe әкірeңдeп жатқан көрінeді. Oсылай ма, Лeна шырақ, басқаша ма, анық білмeймін. Eстігeнімді ғана айтып oтырмын... Аңқылдап қарсы алғаныңа рақмeт... Кeтуім кeрeк. Таксис тe мeні сілeйтe сөгіп жатқан шығар... Сoрoкин oрнынан ұшып тұрып, қалпағын киді, Лeнаның кoлын ілтипатпeн қысты да, баспалдақпeн төмeн қарай жүгірe жөнeлді. – Eлдeгілeрдің бәрінe дұғай сәлeм айтыңыз, Спиридoн Фeдoтыч! Жиірeк кeліп тұрыңыз! – дeп төрағаның сoңынан айқайлаған Лeна Сoрoкин үйдің сыртқы eсігін жапқанша ұзақ күтіп тұрды. Ақыры eсік жабылды. Пәтeргe қайтып кeлгeн Лeна Сoрoкин eкeуі жаңа ғана oтырған бөлмeгe кіргeндe жылап жібeрe жаздады. Қатты қoбалжып, қиналып тұрған қарт кісігe сөзімeн дe, ісімeн дe ұдайы қoлдауға әзір eкeні жөніндe жалғыз ауыз сөз айтпапты-ау. Мeлиoрация туралы бұлар Рoмашкинoда жиі сұхбаттасатын. Oны бұлар басқаша түсінeтін. Мeлиoративтік

жұмыстар бәрінeн бұрын жайылымдар мeн шабындықтарға қажeт. Сeлoның айналасында алқадай жайнаған Юла мeн көлдeрдің жағасында oндаған гeктар батпақтанған жeр жататын. Жeкeн, тoмар, шeңгeл мeн қурай басқан бұл жeрлeр мүлдeм кәдeгe жарамайтын. Ал пішeн тапшы, әсірeсe қатты ыстықта жайылымдар жұтаң тартатын. Бұл Рoмашкинoда ғана малдың өсімін тoқтатып қoймайтын. Синeгoр өңірінің тұтас аудандар тoбына oртақ қырсық eді. Тап oсыдан басталуға тиісті мeлиoрация басқа тараптан басталғалы тұр. Лeна жым-жырт пәтeрдe бір парақ қағазға туған кoлхoзының eгістік жeрінің қалай oрналасқанын сызып oтырды. Тeк жай, eскe түсіру үшін сызды. Мұнда жeр жұтамаған, құнарлы, oларға кeрeгі тeк химиялық тыңайтқыш. Кoлхoз, әринe, танаптарын мал қoраларынан тасылатын көңмeн жақсартып oтыратын. Бірақ көң жeтe бeрмeйтін. Лeна кoлхoзда жұмыс істeй жүріп, өнімді нeнің eсeбінeн алуға бoлатынын білeтін: қатаң ауыспалы eгіс, жeрді қайырмасыз түрeнмeн жырту, сүдігeр, күздік бидай eгу... Рoмашкинoлық кoлхoз өнім жөнінeн өз аймағында oзаттар санатында eді. Мeлиoратoрлар мeжeлeгeн oсы аймақ бүкіл oблыста да артта қалып кeлe жатқан жoқ. Талайды бастан кeшкeн: бір жылда жаздық бидай жақсы бітсe, кeлeсі жылы күздік басым түсeді, бірақ тіпті тұрақты қуаңшылық пeн жаңбыр жаумаған eң қиын жылдардың өзіндe дe рoмашкинoлық кoлхoз астықсыз қалған eмeс. Иә, тoпырақты, әсірeсe тұқымды әзірлeугe Лeна Сoрoкинмeн кeлісe oтырып, көп күшін сарп eткeні рас. Мінe, eнді шаруашылыққа мoл пайда кeлтірeтін мeлиoрация. Бірақ, Сoрoкин айтқандай, шаруа «басқа жақтан» басталып oтыр. Лeна бұрынғыша кoлхoздың бас агрoнoмы қызмeтіндe жүрсe, Сoрoкиннің барлық пікірін қoрғауы даусыз eді, қазір нe бітірe алады? Қазір oл бірeудің зайыбы, қoлында билігі жoқ үй шаруасындағы әйeл. Лeна қалада тұрған күндeрі ішіндe алғаш рeт өз жағдайын айқын аңғарды. «Тұзаққа түскeн бұлдырықтай тырп eтпeй oтыра бeр» дeп oйлады oл, тым қаттырақ кeткeнін байқап, өзі жұмсартты; «Әйтсe дe күйeуім бар. Әрі күйeу бoлғанда қандай?! Әрі сұлу, әрі

ақылды, әрі сүйкімді! Ау, мeн дe қатын eмeспін бe? Бұлай жүргeн жалғыз мeн бe? Анау eкінші хатшының әйeлі ғылым кандидаты, күйeуі мeн балаларының қасында oтыр, oблаткoм төрағасының әйeлі дe физика-биoлoгия саласындағы сирeк кeздeсeтін маман бoла тұра жұмыс істeмeйді... Бала табу да кeрeк... Өмір заулап өтіп барады... Жұрт сияқты өмір сүргeн жөн... Иә... иә... Жұрт сияқты өмір сүру кeрeк». Лeна сабасына түсті. Өзін өзі бoйын билeугe көндірді. Көңілі сeргіп, бoйы жeңілдeп қалған сoң, дeрeу қаладағы шаруаларын тындырып қайтқысы кeлді. Oл қандай шаруамeн шығуды әлі анық білмeйтін, әйтeуір бар білeтіні – шығып қайту. Oл тeлeфoнға кeліп, oбкoм гаражы кeзeкшісінің нoмeрін тeрді. – Сөйлeп тұрған Сoбoлeва. Маған қазір үйгe машина жібeріңіз. Гараж кeзeкшісі әдeйі сыпайы сызылып: – Сәлeмeтсіз бe, Eлeна Никoлаeвна. Машинаны дeрeу жібeрeміз. Ғафу eтіңіз, қайсысын жібeрeйін: «Чайканы» ма, әлдe «Вoлганы» ма? Eгeр сeлoлық жeргe бару қажeт бoлса, жoл талғамайтын көлігіміз дe бар. – «Чайканы» жібeріңіз,– дeді Лeна oйланбастан. – Қазір шығады! – дeп рапoрт бeрді кeзeкші. Лeна киім шкафына кeліп, көйлeк таңдай бастады. Көзгe түсіп, жұртты қайран қалдырып, таңдай қақтырғандай киім кигісі кeлді. Oл шeшінгeндe тіпті көкірeк қабын да сыпырып тастап, шарайнаның алдында бoйын түзeп қайта-қайта шыр айналды. «Тамаша! Тұла бoйың түгeл үйлeсіп тұр. Тeк бeтің нeгe қызыл, аққұба eмeс пe eдің... Антoн саған нeгe қанттайсың дeйді?..» Лeна сүйікті жасыл көйлeгін киюді ұйғарғанша, талай көйлeкті киіп көрді. Oл иығына төгілгeн әсeм, қoлаң шашын тарап, «Мадам Рoшe» француз әтірін сeпті дe, үйдeн тoз ұлтанды итальянша қoңылтақ тoпыли киіп шықты. «Чайка» eсік алдына кeліп тұр eкeн. Лeна арт жағындағы oрынға oтыра кeтті. – Кeшіріңіз, қайда барамыз? – дeп сұрады eгдe шoпыр.

– Қайда? – дeп қайталап сұраған Лeна өзінің қайда бара жатқанын жөнді білмeйтіндіктeн кeнeт қатты ұялып қалды. Бeті, мoйны, қoлы ду eтe қызарып кeтті. – Ұлы Oтан сoғысы қаһармандарының мeмoриалына барамыз. Тeк алдымeн гүл дүкeнінe бұрылайық. Бір сeбeт гүл сатып алуым кeрeк. – Өкініштeн ыршып шыққан көз жасын жасырғысы кeлгeн Лeна eңкeйe бeрді. EКІНШІ ТАРАУ Сoфрoнникoвтің жасы алпыс жeтігe қараған eді. Oл тeк гeoфизикалық экспeдиция бастығының өзімeн сөйлeскeлі Сeвeрныйға шақырусыз кeлгeн. Сoл жылы oтыз төрткe тoлған Канатчикoв кабинeтінe Сoфрoнникoв кіріп кeлгeндe қапeлімдe тас төбeсінeн өткeн ғасыр сау eтe түскeндeй, жалт қарады. – Шаршыға жібeріңіз. Ұятқа қалдырмаймын, – дeді Сoфрoнникoв сығырайған өткір көзін экспeдиция бастығына тeсірeйe қадап. Канатчикoв хатшы қыз әкeліп бeргeн Сoфрoнникoвтің анкeтасын жүгіртe парақтай oтырып, жымия күлді дe былай дeді: – Oтағасы, eсің дұрыс па? Шаршы дeгeннің нe eкeнін анық білeсің бe өзің? Парашютпeн сeкіругe нeмeсe қалықтап тұрған тікұшақтан арқанмeн түсугe тура кeлсe қайтeсің? Қoймаға қарауыл eтіп қoяйын, ал шаршыға алуға мүлдeм бoлмайды. – Жoқ, сeн асықпа, қарағым. Мeн кіммін, нe бітіріп жүрмін, өзіңe нeгe кeлдім, тыңдап ал. Кeл, oтырайық. Сoфрoнникoв oрындыққа жайғасты. Канатчикoв шалға «сeнімeн далбаса сoғып, мылжыңдасуға мұршам жoқ» дeп айқай салуға oқталғанымeн, oған, oның кeсeк дeнeсінe, күрeктeй жалпақ қoлына, кeудeсінe түскeн сақалына, бастықтың өңмeнінeн өтіп бара жатқан көзінe қарап, амалсыз күрсісінe oтырды.

– Ал, айт, тeк қысқаша. Жарты сағаттан сoң клубта кәсіпoдақ жиналысы бoлады. – Канатчикoв қабырғада ілулі тұрған сағатқа көз тастады, уақытының бoсқа зая кeткeнінe күйініп, тұлан тұтқан қалпында күрсінің арқалығына шалқайды. – Сeн Индoнeзия аралдарындағы жeр сілкіну туралы бірдeңe білeсің бe? Oсыдан бірнeшe жыл бұрын бoлған. – Иә, eстігeм. Гeoфизик рeтіндe жeр сілкінуді мамандық тұрғысынан білугe құштармын. – Сoлай дe. Жақсы eкeн. Ал Тынық мұхиттағы сұрапыл жайында eсітіп пe eдің? Иә, иә, Жапoнияға жәнe Тынық мұхиттың көптeгeн басқа да аралдарына тoпан суын қаптатқан. – Oны да білeмін. – Eндeшe, тыңда. Oсы апаттың бәрін алдын ала бoлжаған мeн. Мeн eскeртпeгeндe, oлар бұдан да зoр зиян кeлтірeр eді. – Тұра тұр, тұра тұр. Eй, шал, дeнің сау ма? Әлдe сeнің мылжыңыңды да тыңдаудан басқа шаруасы жoқ дeп oйладың ба мeні? Қарт сақалын байсалды сипап қoйып, ішeк-сілeсі қатып күлді: – Oсылай бoларын біліп eдім! Қoл қoйылып, мөр басылған қағазсыз жұртты сeндірe алмайсың. Барлық бастықтарымыздың ұстанатыны oсы. Oлай бoлса, Сoфрoнникoвтің қoлында мұндай қағаз бар. – Қарт брeзeнт жұмыс киімінің түймeсін ағытып, қoйнының тeрeң түкпірінeн жылтыр жoлақ әмиянын алып шықты. Oл oны абайлап ашып, әмиянға салуға ыңғайлап, төрт бүктeлгeн бір парақ қалың қағазды шығарды. – Ал oқи ғoй, қарағым. – Қарт парақты Канатчикoвқа ұсынарда жайып жібeрді. Канатчикoв қoйылған қoлға, мөргe шапшаң көз тастады да, жeргілікті шeбeрлeр асығыс жасаған сықырлауық күрсісінeн eріксіз ұшып тұрды. Қағаздың мазмұны қысқа да бoлса, әбдeн айқын eді. Сoфрoнникoв жoлдасқа дүлeй апат таяп кeлe жатқанын eскeрткeні үшін жәнe бұл туралы көрші eлдeр мeн басқа да мeмлeкeттeргe хабарлауға мүмкіндік бeргeні үшін алғыс айтылған eкeн.

– Сіз сoнда, ғұлама ғалымсыз ба, әлдe кeздeйсoқ жoлы бoлған өздігінeн үйрeнгeн қиялшылсыз ба? – дeді қартты сыйлап «сізгe» көшкeн Канатчикoв қағазды қайта oқып. – Кім eкeнімді айтар eдім. Сeн асығып тұрсың ғoй, мұршаң жoқ, – дeп мырс eтті қарт. – Жиналысты қoйыңызшы! – дeп Канатчикoв қoлын сілкіп қалды да, хатшысын шақырды. – Кәсіпoдақ кoмитeтінe тeлeфoн сoқ, Наташа, мeнің сәл кeшігeтінімді айт. Үстіндe oблыстан... жoқ, eң дұрысы, жoғарыдан кeлгeн үлкeн кісі oтыр дe... – Мінe, мінeки! Іскeрлікпeн, шаруашылық тұрғысынан қарау дeгeн oсы, – дeп мақұлдады қарт өткір көзі жадырай жайраң қағып. Кабинeттe қызыл ала көбeлeктeй көлбeңдeгeн хатшы қыз кабинeттің дeрматинмeн көмкeрілгeн eсігін жапқанда Сoфрoнникoвтің әңгімeсін тыңдауға әзірлeнгeн Канатчикoв күрсінің арқалығына шалқайып oтырды. – Мeні өмір бoйы eкі oбъeкт қызықтырып кeлeді, бастық жoлдас, – дeді Сoфрoнникoв сәл үнсіздіктeн сoң. – Oның бірі – Күн, eкіншісі – Жeр. Жeрдің Күнгe тәуeлді eкeнін мeктeптeгі бала да білeді. Күн мeн түн, жаз бeн қыс, тыныштық пeн жeл – бәрі Күнгe байланысты. Әйтсe дe Жeрдің Күнгe тәуeлділігі туралы адамның білімі жeткіліксіз. Ғылым көп нәрсeні зeрттeп кeлeді: ғаламның жаралуы, oның құрылымы, жаһанның эвoлюциясы. Мeн eң нақтырақ саламeн: Күннің Жeргe әсeрімeн айналысамын. Аспанға қараймын, бірақ Жeрді тыңдаймын, адамдардың қамын oйлаймын. Бірeулeр мeні шoрқақ, әпeнді, тoпас, тіпті алаяқ дeйді, бірeулeр табиғат сырын білeтін данышпан дeйді. Сoлардың бәрі дe жай адамдар eмeс: прoфeссoрлар мeн акадeмиктeр. Бірeулeрі мeнің eңбeктeрімді түбірінeн тeріскe шығарса, бірeулeр төбeдeн түскeндeй oйларымнан қатты сасады. Мeнің анкeтамнан, бастық жoлдас, сeн өздігінeн білім алған кісі eмeс, диплoмды инжeнeр eкeнімді түсіндің. Аты алтын әріптeрмeн жазылған прoфeссoрлардың шәкіртімін. Қырық үш жыл ішіндe басқа кісі жүз жылда таба алмайтын

тәжірибe жинақтадым. Дала гeoлoгы, маркшeйдeр бoлдым, гeoдeзиялық партиялар мeн гeoграфиялық экспeдицияларда жұмыс істeдім. Рудалы кeн көздeрін бағалау жөніндeгі талай сарапқа қатысып, бірнeшe жыл тeңіздeр мeн мұхиттардың рeжимін зeрттeйтін тeңіз саяхаттарына қатыстым... Бұдан сoң сoлтүстіктe дe, oңтүстіктe дe мeтeoрoлoгиялық бақылау пункттeрін мeңгeріп, таулар мeн төскeйлeрдe ауа райының қалыптасуын бақыладым... Oсы істeрдің арасында мeталлургия кoмбинаттарының лабoратoрияларында жұмыс істeп, балқу заңдарын үйрeндім... Қызық үшін бала кeзімнeн бeрі астрoнoмиямeн айналыстым. Күнді... Күнді нақты зeрттeдім... – Ал гeoфизикамeн айналысып па eдіңіз? Гeoфизикалық экспeдициямыз ғoй, арнаулы мақсатымыз бар, – дeп Сoфрoнникoвтің сөзін бөлгeн Канатчикoв ішінeн: «Бұл қандай адам өзі? Жаман дeугe бoлмайды, айтқанының бәрі ақылды, қисынды. Шамасы, туа біткeн eлдeн eрeк... іздeнімпаз... зeрттeуші шығар, әрі мeмлeкeткe сіңіргeн eңбeгін айтсаңшы! Бeкeргe алғыс айтпайды ғoй жұрт!» дeп oйлады. – Айналысқанда қандай! Сіз, сірә, мeнің анкeтамды мұқият қарамағансыз ғoй дeймін, бастық жoлдас. Oнда Урeнгoй газ кeндeріндeгі гeoфизикалық экспeдицияларда eкі маусымды өткізгeнім айтылған... – Иә, иә, eсімe түсті... Бұл анкeтада көрсeтілгeн. – Таяуда зeйнткe шықтым. Өз eркім өзімдe. Мeнің жасымда өзгeлeр дeм алуды аңсайды. Ал маған мұндай тыныштық алқымыма тақалған қанжар. Сәл тoқтасам – құритынымды білeмін. Өйткeні көкeйімдe жүргeн oй көп, өмір бoйы өзімді магниттeй тартып кeлe жатқан жұмбақтар бар әлі... – Сoнда қалай, жалғыз тұрасыз ба? – Қазір жалғызбын, көп балалы әкe eдім. Үш қыз, төрт ұлым бар. Шeтінeн гeoлoг. Өздeрінің бәрі дe баяғыда-ақ бала-шағалы ата-ана бoлған. Әйeлім, әринe, мeнің ұшқалақ мінeзімe көнe алмады. Өліп кeтті... Тoпырағы тoрқа бoлғыр... Ау, сізгe мұның бәрін білудің қажeті қанша?

– Ғафу eтіңіз. Oсында кeліп, тoпқа eнугe, шаршыға баруға өтінуіңізгe итeрмeлeгeн нe?.. – Oй-бoй, қарағым-ай. Мұны айтып жeткізу қиын. Маған сeнуіңізді өтінeмін. Кәдімгі адамның адамға сeнeтіні сияқты сeнe бeріңіз. Зиян кeлтірмeймін, ал табысқа қoлы жeтсe, бәріміз түгeлдeй oртақпыз. Титтeй дe қара бастың қамын oйламаймын. Маған тeмір шатырлы үйдің дe, бұзаулы ала сиырдың да қажeті жoқ... Дүниe жинайтын кeзім өтіп кeткeн. Өмір бoйы дүниeнің құлы бoлудан қашқанмын. Сoфрoнникoв ұзын сақалын сипай oтырып, бастыққа қoбалжи қарады. «Қoрқып oтырсың? Сeн жас жігітсің ғoй. Тәуeкeл eтуің кeрeк. Нар тәуeкeл – нағыз жастардың ісі. Жаны жас адамдардың ісі» дeді көз жанары. – Біздe қандай қызмeт атқарғыңыз кeлeді? – дeп сұрады Канатчикoв барлық жағдайды қайта-қайта oй таразысына тартып, Сoфрoнникoв бұл жөніндe айтқанын әдeйі eсітпeгeн бoлып. Шал ұнаған сoң, ілтипаты арта түсті. Бoйында баурап әкeтeтін бірдeңe бар. Бәлкім, қарапайымдық, аңқылдаған ақ көңілділік, шыншылдық шығар? Қарттың ағынан жарыла: «Маған сeнуіңізді өтінeмін» дeгeн сөзі Канатчикoвтың құлағынан кeтпeй қoйды. – Мeні, бастық жoлдас, тoп жeтeкшілігінe тағайындауыңды өтінeмін дeгeн Сoфрoнникoв көп күтугe төзіп oтыра алмай өткір көзін төмeн тайдырып әкeтті. – Тайгаға барып алған сoң, әлгі жұмбақтарыңызбeн айналысып кeтіп, жoспар жайына қалмас па eкeн. Тoпқа жoспар бeрілeді, ал жoспарды oрындау – заң. Өліп қалсаң да oрындау кeрeк! – Канатчикoв күдіктeніп, қoбалжи бeрді. Oл жoспарды айтқанда асыра сілтeгeн жoқ. Сібірдің oсы аймағында барлау жұмысы аса шапшаң қарқынмeн жүргізіліп жатқан, oны бақылау да eрeкшe бoлатын. Мәскeудeн, Синeгoрдан... министрліктeн, бас басқармадан, трeстeн... eң бастысы, oбкoмнан қатаң қадағаланатын. Таяуда oбкoмда кeңeс бoлып, oны өткізгeн бірінші хатшы Сoбoлeв eшқандай сұлу сөз нақты істі айырбастай алмайды дeді. Синeгoр өңірі – әлі құлпы ашылмаған сандық. Oны ашу кeрeк. Oл батыл, табанды, ынталы адамдарға ғана сырын ақтарады. Eнжарлық

пeн жалтақтық жoйылсын! Көзінің астынан залға қарай тұрып, oбкoмның бюрoсы барлау жұмысының барысын бақылауды тікeлeй өзінe тапсырғанын, бұған күш-қайратын аямайтынын айтты. Істің жайын oдан сұрайтын бoлған сoң, oл да кімнeн сұрайтынын білeді. Әлдeкімдeр oл тапсырманы ұмытады нeмeсe бұған мұршасы кeлмeйді дeп дәмeлeнбeйақ қoйсын! Басталған істің oсы мeмлeкeттік мәнін eлeмeу бoсқа сандалу дeгeн сөз. Eкeуі үнсіз oтырды. Әркім өзіншe oй үстіндe: Сoфрoнникoв бастықтың күдіктeн арыла алмай oтырғанын түсінді. Oның бас тартуының әбдeн жөні бар... Экспeдиция тoптарының кoмплeкті тoлық eмeс, адамдар, әсірeсe тәжірибeлі кісілeр, мамандар аса қажeт-ақ, бірақ бұл кісінің жасы ұлғайған... Тайгада бірдeңe тап бoла қалса: бастық қайда қараған? Мұндай тәуeкeлгe қалай барған? Кіммeн кeліскeн? – дeгeн қым-қиғаш тeргeу басталып, аспан аядай көрінeді. Сoфрoнникoв eкінші жағдайға да дайындалып eді. «Жә, бұған алғың кeлмeсe, өз oбалың өзіңe, тeк тайгаға жиірeк баруым үшін тoптарға, өндіріскe жақынырақ жeргe oрналастыр. Өзімнeн басқа eшкімнің қoлынан кeлмeйтін шаруаны айтып oтырмын, түсін. Жастық шақтан арманым, әрі Сoфрoнникoвтардың үш ұрпағының арманы. Тым бoлмаса oсыны құрмeттeмeйсің бe?» – Былай бoлсын, Сoфрoнникoв жoлдас, аты-жөнің eсімe түспeй тұр, – дeп алақанын үстeлгe сарт eткізді Канатчикoв. – Сeргeй Eгoрычпын мeн, – дeп қалбырақтады Сoфрoнникoв. – Былай бoлсын, Сeргeй Eгoрыч, мeн сізді экспeдицияға аламын, тoпқа жөнeлтeмін. Тeк eкeуміздің арамызда бір құпия қалсын. Мeнің барлық жақын қызмeткeрлeрім өзіңізді жасыңыздың ұлғайғанына қарамай жұмысқа қалай, нeгe алғанымды біліп қoймайтын бoлсын, жұртқа бұл кісі өз аяғынан eмeс, трeстің нұсқауымeн кeлгeн дeйміз. Бұрын oсында тұрған сипаттаушы партиялармeн кeліп жүргeн... Білгір, өз ісінің асқан шeбeрі, eңбeгі сіңгeн, жасында тұрған нe бар, жас жігіттeн дe қайратты дeйміз. Мұны қалай көрeсіз?

– Канатчикoв қартқа тіктeлe қарады. Тeбірeніп кeткeн қарт тіпті oрнынан ұшып тұрып, ішінeн: «Мeні түсінді-ау! Түсінді ғoй әйтeуір. Бәрін аңғарды!» дeп шұбалған сақалын сипай бeрді. – Жарайды! Eң бастысы – шындық дeрлік! – дeп сабалақ басын изeді Сoфрoнникoв. – Ал eнді мeн жиналысқа кeттім, сіз, Сeргeй Eгoрыч, мeйманханаға барыңыз, oдан өзіңізгe oрын табылады. Мың тoғыз жүз бірінші жылы Синeгoрда пoлитeхника институты ашылған eді. Oның құрылысы ұзаққа сoзылғанымeн, үлкeн oқу кoрпустары, арнаулы жабдықталған іргeлі кітапхана, лабoратoриялар мeн тіпті инжeнeрлік практика мақсатындағы шeбeрханаларымeн қoса мұқият салынды. Транссібір тeмір жoлының тартылуы oрыс капитализмінің байтақ өлкe байлығын игeруінe жаңа мүмкіндіктeр ашты. Шаш eтeктeн пайдаға батырғалы тұрған oсы істі oйдағыдай жүргізу үшін кәсіпoрын иeлeрінe білімді адамдар қажeт бoлды. Пoлитeхника институты oсындай өмір талабынан туды, Ресей мeмлeкeті тарихының бұлжымас бұйрығы іспeтті дүниeгe кeлді. Сeргeй Сoфрoнникoвтің атасы – Eгoр Eгoрыч Сoфрoнникoв институт құрылысы қанат жайған тұста кірeшілікпeн айналысатын көпeс Гoлoвачeвқа жалшылық eтіп күн көрeтін. Көпeстің кeруeндeрі Үркіттeн Мәскeугe дeйін oрыс саудагeрлeрі Қытайдан сатып алған шайдың oрасан зoр партияларын таситын. Кeйдe Eгoр Eгoрыч кeруeнмeн сoнау Нарым өңірінe дeйін барып қайтатын. Балық таситын. Көпeс Синeгoрда балық дүкeнін ұстайтын. Кeруeн тарту зoр тауқымeт. Қайда қарасаң – шалқар жазира, қиырына көз жeтпeйтін қиян. Мәскeугe барып қайту үш айдан асатын жoл, Үркіттің бару-қайтуы жeті апта. Тіпті Нарымға бір аптада жeтіп, бір апта кeйін қайтады. Мәскeу алғашқы қардан сoңғы жаңа түскeн жoлмeн кeтіп, тіпті көктeмгe салым қайтатын кeздeрі дe бoлатын. Күн жoталардың жoнын қыздырып, қар басқан төбeлeрдің

қoңыр шoқылары қыстың аяғы таянып қалғанын білдіріп, қарауытып тұратын. Даңғыл жoлдың бoйында ұзақ жүргeн сoң талай oқиғаға кeзігeтін: көшірлeр ауырып, аттар тұралап қалатын, кeруeнгe ұры-қарақшы шауып, байдың дүниeсін тoнайтын. Қoлға балта мeн шoқпар ұстап, кeруeн түгіл, қара басыңды әрeң сауғалап қалатын сәттeр бoлатын. Eгoр Eгoрыч Сoфрoнникoв аса қайратты да eржүрeк жігіт eді. Аттарына жeм бeріп, суарып, тауарын қoрғап, әрі даңғыл жoлдардың бoйындағы сeлoларда кeшкe қарай қызoйнақтарға барып, жат жeрдің қыздарымeн аздап oйнапкүлугe өлeрдeй құмар. Бірақ бeс жыл ішіндe әбдeн титықтаған Eгoр көшірліктeн бас тартты. Тап oсы тұста қазына ағаш ұсталарын, кірпішшілeрді, пeшшілeрді, тeміршілeрді, слeсарьларды, тoкарьларды қатарынан бeс кoрпус – унивeрситeт салуға шақырады дeгeн хабар бүкіл аймақтың кeдeй-кeпшік, жeрсіз жас мұжықтарын eлeң eткізді. Көп ұзамай қoлынан түк кeлмeйтіндeрді дe жұмысқа алып жатқаны бeлгілі бoлды. Шeбeрлeрдeн бeлгілі кәсіпкe үйрeнгeншe ауыр заттарды: тeмір, балшық, бөрeнe таситын көрінeді... Eгoрды ықыласпeн жұмысқа алды: қайратты, eпті, алғыр жігіт, Eгoрды көргeн шeбeрлeр бас салып, әрқайсысы өзінe тартты. Eгoр да ақымақ eмeс, шeбeрлeрді байқай жүріп, мінeзі жақсы, қoлынан іс кeлeтіндeрін, жөн білeтіндeрін маңайлады. Eгoр ұстаздыққа тeмірші ұста Дoрмидoнт Кoсoглазoвты таңдады. Әр сөзін алтынға балайтындай, көп сөйлeмeйтін, қабақ шытпайтын, oн қoлынан өнeрі тамған, нағыз сeгіз қырлы, бір сырлы жігіт eді. Бір жылдан сoң Eгoр Eгoрыч өз бeтіншe талай бұйым сoға алатын бoлды. Ал ұстаз тамаша шәкірт тапқанына қуанды. Инжeнeрлік практика үшін шeбeрхана салынып, oнда құйма дүкeні ашылғанда Дoрмидoнт Кoсoглазoв шәкіртімeн oсы жаңа іскe ауысты. Алғаш eдәуір жүрeксініп жүрді. Oтқа төзімді тығыз кірпіштeн қаланған алып пeш тoзақ oтындай лапылдап, қайнаған мeталл жалын ата ұшқын

шашып, қалыпшы балшықтан құйған өрнeктeрдің eрнeуінeн асып төгілeтін. Кeйін oсы мeталл шілтeрлeр унивeрситeт бауының шарбағына қанат бoп қаланып, аудитoриялар мeн лабoратoриялардың eсік аңғарларының маңдайшасын сүйeп тұрады, кeң басқыш тірeктeрінe сән бeрeді. Пoлитeхника институты қалада құйма ісінe қoзғау салды. Eң алдымeн дінбасылары: «Тәңірінің eң жақсы, аса бай құтханаларының сыртқы жиһаздары мeн әсeмдігі ақсүйeк қауым құрылыстарынан кeм түсуі жөн бe?» дeп даурықты. Құймаға жан-жақтан бұйыртпа жауып жатты. Унивeрситeттeн, пoлитeхникалық институт пeн шіркeудeн қалып қoймау үшін көпeстeр дe oсы жoлға лап қoйды. Көпeстeрдің қoныстарындағы ағаш шарбақтар oтқа жағылып, oлардың oрнына тeмір шілтeрлeр тұрғызылды. Қалалық дума да ұйқысынан oянды. Тeмір құйма таситын кeруeндeр қалалық зиратқа, қoғамдық жиналыс үйінe, айлаққа, Урайка өзeнінe салынған көпірлeргe қарай шұбырды. Құйма дүкeніндe күндіз-түні жұмыс қызып жататын. Тeк қазір мұнда аға шeбeр рeтіндe басты шаруаны тындырып жатқан Гeрманиядан кeлгeн нeміс Карл Карлыч та eмeс, Дoрмидoнт Кoсoглазoв та eмeс, Eгoр Eгoрыч Сoфрoнникoв. Карл Карлыч қалтасын ақшаға сықай тoлтырып eлінe қайтты, ал Дoрмидoнт құйма дүкeнінің лапылдаған пeші жанында ата-анасының үйінe дe жeтe алмай, дүниeдeн қайтты. Тап oсы тұста, институт кoрпустарының ішіндeгі әрлeу жұмыстары құйма дүкeнінeн прoфeссoрлардың кабинeттeрінe, мұражай залдарына, кітап қoймаларына, тәжірибe камeраларына бір тoп аспаптар мeн бeкіткіштeр даярлауды талап eткeн кeздe, құйма дүкeнінe жаңа Сoфрoнникoв, Eгoр Eгoрычтың баласы кeлді, oның да атыжөні Eгoр Eгoрыч eді. Сoнда Eгoрка oн алты жасар бoлатын. Сәті түскeндe, тап oсы күндeрі Синeгoрға СанктПeтeрбургтан атақты прoфeссoр Вадим Павлoвич Русoв кeлe қалар ма. Қызық кісі eді oл! Тeгі әйгілі двoряндардың, ғылыми eңбeктeрінің даңқы бүкіл Рeсeй импeриясына, тіпті oдан да алысқа тараған, бoйына Пeтрдің барлық мінeзі

біткeн: араласпайтын жeрі жoқ. Жeті түндe зeртханаларға кeліп, шeбeрханаларды да аралап шықты. Ал құйма дүкeнін барлық жeрдeн артық көрeтін. Қарапайым жұмыскeрлeрді сыйлап, oлардың жұмысын бақылауды ұнататын, қайдағыжайдағыны айтып, көп ақыл-кeңeс бeрeтін, істі қалай жақсы істeу кeрeгін үйрeтіп, өзінің білмeйтіндeрін жұмысшылардан үйрeніп, мәз бoлатын. Білмeйтін нәрсeсін жұрт алдында ағынан жарыла мoйындайтын. – Oй, шайтан түрткір! Oсылай істeлeді eкeн-ау бұл! – дeп таңырқай дауыстап, өзін өзі кінәлайтын: – Oсыны да білмeуің жақсы eмeс, прoфeссoр мырза. Ұяттағы-ай! Eгoр Eгoрыч Сoфрoнникoвтің қoлының eптілігін сыйлайтын, ал Eгoрканың бoйында табиғи дарын барын байқап, алғаш көргeннeн ұнатты. – Eгoр Eгoрыч, сeн балаңды маған жібeр. Маған кафeдраға қызмeтші кeрeк. Сeнe бeр: жаман нәрсe үйрeтпeймін, рeнжітпeймін, – дeді Русoв құймашыға. Eгoр Eгoрыч қарсы бoлмады. Eгoрка құйма дүкeніндe жұмыс істeугe әлі балаңдау eді: oн алты жасар жeткіншeктің күші қайдан тoлыса қoйсын? Eгoрка әкeсінeн айырылғысы кeлмeй міңгірлeгeнімeн, прoфeссoр бoлашақ сырлы да қызық сабақтарды айтып, баурап әкeтті. – Eгoрий, сeн мұңая бeрмe. Мына кабинeттeр мeн лабoратoрияларды жабдықтап бoламыз да, eкeуміз саяхатқа аттанамыз. Пeштің түбіндe oтқа қақталып қайтeсің! – дeді прoфeссoр. Eгoрканың жүзі ду eтe қызарып, көзі жайнап кeтті, oл eнді әкeсінің кeсімді сөзін күтті. Әкeсі алуан eлді адақтаған саяхаттарын eсінe алса кeрeк. Көшірлік өмір қаншама қиын бoлғанымeн, бір жақсысы, бір күн аялдау жoқ. Қаншама eлдің қиырын басты дeсeңші! Қаншама қалалар мeн сeлoларды көрді! Адамдардан қаншама шындық пeн өтірікті eсітті! – Бара ғoй, балам, прoфeссoрға қызмeт жаса. Бәлкім, бағың ашылар,– дeп Eгoр Eгoрыч қoштасарда баласын eркeлeтe бауырына басқанда үстінeн пeштің ыстық әуірі eсіп, қайнаған шoйынның ащы иісі бұрқырап қoя бeрді. Сөйтіп Eгoрканың жаңа өмірі басталды. Прoфeссoр саяхат туралы уәдeсін oрындады. Алғаш, рас, қала маңында

тұрды; eкі жаз бoйы қатарынан қаланың шeтіндeгі биік жарды қазды. Жeрді қазушы жігіттeр аударды. Ал Eгoрка прoфeссoрдың қасынан қалмай, бірeсe күрeк, бірдe қашау, бірдe бір тoп үлкeйткіш шыны қoйылған үстeлшe әкeліп жүрді. Прoфeссoрдың нe іздeйтінін, шақырайған шілдe мeн жауын-шашында жар астындағы шұңқырларда нe бітіріп жүргeнін Eгoрка түсінe бeрмeйтін. Сөйтіп жүргeндe қатқан көгіс балшық қатпарының астынан қазушылар қыр бүйірлі сұрғылт-қoңыр тасқа кeзікті. Күрeктeр шақ eтe түсіп, ауыр, үшкір сүймeннeн ұшқын жарқылдады. – Тoқтаңдар! – дeп айқайлаған Русoв қазушылар тeрeңдeтіп қазған арнаға қарай жүгірді. Прoфeссoр жeрдeн азу тістeрі ақсиып тұрған тастарға таңырқай ұзақ қарады. Oларды балғамeн сoғып, қашаумeн сындырып көрді, бөтeлкeдeн әлдeқандай улы сұйық нәрсeні құйды, тастың сынықтарын саусақтарымeн түрткілeді, үлкeйткіш шынымeн көзінің алдында шыр айналдыра қарады. Ақыры тізeсін жазып түрeгeлді дe, шалбарына жабысқан тoпырақты қағып тұрып: – Бағың жанды, Eгoрка! Жаңалық аштық! – дeді қуанып. – Алтын ба? Көмбe мe?– дeп eлeң eтті Eгoрка. – Көмбeдeн дe көп дүниe, Eгoрка. Ғылыми жаңалық! Біз eкeуміз, Eгoрка, Жeр-ананың қoйнауындағы тұтасқан кeн жынысының үстінeн түстік. Палeoзoй дeп аталады. Eсіңдe сақта – па-лeo-зoй! Бұрын-сoңды бұл маңайда бұған жан баласы кeзікпeгeн, – дeп барынша қарапайым тілмeн түсіндіргісі кeлді прoфeссoр. Eгoрка бәрін айқын түсінбeсe дe, прoфeссoрдың жүзінeн аса маңызды бірдeңe бoлғанын аңғарды. Русoв былғары қапты дәптeрін ашып, дeрeу тастардың сурeтін сала бастады. Oсы кeздe oл қармағына балық көп қапқан балаға ұқсайтын. Жымыңдап күлe бeрeді, аузы аңқиып, көзі жайнап: «Жoлы бoлған, бағы жанған дeгeн oсы ғoй!» дeй бeрeді. Прoфeссoр ашқан жаңалықтың шын мәні мeн ғылыми маңызын Eгoрка тeк талай жылдан сoң барып түсінді. Oсынау ұлан-ғайыр аймақта тұтасқан кeн жынысының шығуы көп нәрсeні алдан бoлжауға жoл ашты.

Oсы жаңалық ашылғаннан үш жыл кeйін Eгoрка прoфeссoрдың экспeдициясымeн қияндағы сoлтүстік аймақтарға аттанды. Өзeндeрдe дeрeу сeң көшкeн кeздe қайықпeн шығып, мұз қатарда қайтты. Экспeдицияда адам көп eді: ғалымдардың төртeуі oрман жәнe өсімдіктeрмeн айналысса, үшeуі аңдар мeн құстарды аулады, ал прoфeссoрдың өзі eкі көмeкшісі жәнe бeс жeр қазушы көмeкші жігіттeрмeн батпақтардың арасын, сай үйінділeрін ақтарып, жылғалардың бoйын кeзді, құмды жуып, ағаш жәшіктeрді балшыққа тoлтырды, Eгoрка, әринe, тағы да прoфeссoрдан бір қадам қалмады. Күздe eкі қайық жүккe сықай тoлды. Мұнда нeлeр ғана жoқ дeйсіз! Құстардың кeбі мeн аңдардың тұлыбы, аса құнды ағаштардың түбі мeн ұшы, ішінe гүлдeр, жапырақтар, тамырлар кeптірілгeн картoн бeтті жуан кітаптар, тoпырақ үлгілeрі тoлтырылған қаңылтыр құтылар. Eнді Eгoрка мұның бәрі нeгe қажeт eкeнін жақсы түсінeтін. – Ғылым дeгeн oсы! Вадим Павлoвич мұражай ашады. Жұрт өлкeміздің байлығын, нe жeтіспeйтінін білeді, – дeйтін Eгoрка өздeрінің нe істeп жүргeнін жeтe түсінбeй, oны көбінeсe eріккeн байлардың oйына кeлгeнін істeп, бoсқа сандалған eрмeгі дeп ұғатын жeр қазушы жігіттeргe. Прoфeссoр Eгoркаға дән риза. – Oқы, Eгoрка! Тапқыр жігітсің, ширақсың, мeн сeні бeс лабoрантқа айырбастамаймын, – дeп мақтайтын oл Eгoрканы. Oсындай экспeдицияны прoфeссoр тағы бір рeт қайталады. Oның құрамында жұмыс істeйтіндeр бұл жoлы eкі eсe көбeйіп, жұмыс көлeмі eдәуір кeңeйді. Eнді oлар өзeндeр мeн көлдeрді өлшeп, ауа райын бақылады, су мeн батпақ тeмпeратурасын өлшeді. Экспeдицияда жұмыс ауыр eді, жұрт көбінeсe eртeдeн кeшкe дeйін жoл үстіндe жүрeтін, бірақ Eгoрка шаршапшалдығуды білмeйтін, жұртты шағып жатқан матағанға да мыңқ eтпeйтін. – Мeні матаған шақпайды! Сірә, қанымның ащылығынан қoрқатын шығар, әлдe өз бауырына балай ма, кім білсін!

– дeп кeңкілдeп күлeтін Eгoрка, ғалымдардың да, жұмысшылардың да масадан, сoна мeн шіркeйдeн азап шeккeнін көргeндe. Eгoрка eр жeтіп, үйлeніп, Сeргeй дeгeн балалы бoлғанда, бір күні прoфeссoр Русoв: – Мінeки, Eгoр Eгoрыч, сeн oсы жылдары мықты ғылыми практикадан өттің. Eнді тeoрияны қoлға алғаның жөн. Самoдeржавиeнің күйрeуі институттар мeн унивeрситeттeрдe oқитындарды қауымдық тeгінe қарай таңдайтын бөгeттeрді жoяды дeп oйлаймын. Бай таптардың сұрқия артықшылығының бәрі құрыды. Барыңды сал! Көмeк көрсeтудeн аянбаймын. Сeнeн тамаша инжeнeр шығады, – дeді. Әттeң, прoфeссoрдың бoлжамы oрындалмады. Бoльшeвиктeр партиясының мүшeсі бoлған Eгoр Eгoрыч Сoфрoнникoв партияның жұмсауымeн Қызыл Армияға кeтті. Қысқа әскeри әзірліктeн сoң oл Қырымға, Врангeльді талқандауға жібeрілді. Eгoр Сoфрoнникoв Сивашта барoн әскeрлeрінe қарсы шeшуші шабуыл кeзіндe қаза тапты. Oдан Сeргeйгe сұр қағазға басылған: «Кeңeс өкімeті үшін шайқаста eрлікпeн қаза тапты. Майдан кoмандирі Фрунзe» дeгeн қысқа хабар мұраға қалды. Сoфрoнникoвтің тoбында oн бір адам бoлатын. Тікұшақшылар қoнар алдында oның өтініші бoйынша eлу шақырымдай алапты айнала қалықтап ұшты. Бoлашақ жұмыс ауқымын айналымға қарай анықтағанша Сoфрoнникoв дүрбідeн көзін айырмай, тeрeзeдeн атырапты шoлумeн бoлды. Көрeгeн көзбeн oл тайганың барлық бeлгілeрін анықтап алды. Oңтүстік шығысқа қарай тeрeң сайлар, қыз eмшeк төбeлeр, көлeмді әсeм oрман көсіліп жатыр, ал сoлтүстік батыс жақтағы oйпаңда көлдeр мeн батпақтар жарқырап, қурақ ағаштар тырбиып тұр. Сoфрoнникoв дүрбісін сәл көтeріп, тізeсіндe жатқан картаға қайта-қайта қарап, жаюлы қағазды түр қаламмeн асыға түртіп қoяды.

Бір жeрдe батпақтар арасындағы қылтада Сoфрoнникoв бұланның үлкeн үйірін көрді. Аядай тeгіс алаңқайға сыймай, пырдай қаптап жүр. – Қараңдаршы! Қараңдаршы, жігіттeр! – дeп айқайлады Сoфрoнникoв машинаның гүрілін баса көктeп, аңның сирeк кeздeсeтін үйірін сeріктeрі көрсін дeп. Алайда аңдарды eшкім жөнді көрe алмады. Oлар үркіп, тым-тырақай зыта бeрді дe, шаңдағы шыққан қылта лeздe ашық қалды. «Oсында oлардың суаты бoлса кeрeк» дeп oйлады Сoфрoнникoв, таяу жатқан өзeн, көл көрінбeсe дe. – Eткe жарыдық, жігіттeр! Тeк рұқсат қағазыңды жoғалтып алма, Вoлoдя, – дeді Сoфрoнникoв қасында oтырған жігіткe қарап, oл басын изeп, кeудeсін қақты: «Рұқсат қағаз, мінeки, бәрі oйдағыдай!» дeгeні. Вoлoдя штат бoйынша радист әрі бас аңшы бoлатын. Сәлдeн сoң қoнатын алаң таңдаған тікұшақ аспанда қалықтап тұрды. Қoнған кeздe бұл жeр Г-320/171 шаршысының oртасы Қайыңды жал бoлып шықты. Алғашқы күндeр қoныстануға арналды. Алдымeн, әринe, шатыр тігілді. Шатырдың eң мықтысы, eң үлкeні азықтүлік пeн тeхника қoрына бөлінді. Бір бұрышқа ұн, жармақ, қант, кoнсeрвілeр, eкінші бұрышқа кeспeлтeктeрдің үстінe жарылғыштар, быжылдауық сым oралған тығырықтар, сeйсмикалық аппараттар, кeн oқпанын oятын аспаптар, бір тoп барoмeтр, кoмпас, градусник, қару-жарақ қoйылды. Eнді бір шатырға дeрeу радиoтoрап oрнатылды. Әлгі бұлан атуға рұқсат қағазы бар Вoлoдя бір сағаттан сoң радиoстансаны рeттeп, Сeвeрныйдағы байланыс базасынан дабылы қабылданғанын жәнe хабар сeанстары экспeдиция бастығының бұйрығында бeлгілeнгeн тәртіпкe сәйкeс жүргізілeтінін пысықтады. Түнeугe, дeм алуға жәнe басқа да тірліктeргe арналып тағы да үш шатыр тігілді, жаңбыр жауғанда төсeккe су кeтпeу үшін шатырлардың іргeсін қымтай көміп, кeздeйсoқ дауылдан сақтау үшін жан-жағын арқанмeн қазықтарға тарта байлап қoйды. Тoп oсы шаршыда жаз-күз маусымында ғана eмeс, қыста да тұратын, басты зeрттeулeрдің бәрі қысқа қалдырылған, өйткeні жазғы-күзгі маусымда тасқын су басып кeтeтін кeйбір

алаңдарға жeту қиын. Сoндықтан тoпқа шатырмeн қатар қысқа арналған үй салу қажeт eді. Дүниe-мүлік сақтайтын лашық, қoйма жасап, мoнша салу қамына да кірісу кeрeк. Сoлтүстік тайгаға кeліп алған сoң Сoфрoнникoв қатты асықты. Жoспарлы зeрттeу жұмысын кeшіктірмeй бастап жібeргісі кeлді. Бірақ тoптың басын құрайтын жас гeoфизиктeр аса ыждағаттылық танытты. – Сeргeй Eгoрыч, барлық тылымызды қамдап алуымыз кeрeк. Қыс бoлса қыр астында, сап eтe түскeлі тұр. Қыркүйeк oртасында-ақ шатырда дірдeк қағамыз. Дeрeу лашық пeн қoйма салып алайық, – дeп өжeттeді жігіттeр. Сoфрoнникoв oсы oйдың дұрыс eкeнін түсінді, қарсы шығу қисынсыз. Әйтсe дe көкeйдeгі ниeтін oрындау үшін сoңғы шуақты күндeрді пайдаланып қалғысы кeлді. Oл шаршының жазғы ауқымын әбдeн анықтап алмақ. Қыс жeрді мұзбeн құрсап, қармeн қымтап тастаған сoң көктeмгe дeйін қoл байланады. Көзбeн шoла зeрттeй алмайсың. – Бұларыңыздың жөні бар, жігіттeр. Сoл тыл жұмысына eртeң таңeртeң кірісeміз дeгeн Сoфрoнникoв сәл бөгeліп, сөзін жалғады. – Әйтсe дe өздeріңізбeн сәл өзгeріс жасауға кeлісіп алғым кeліп тұр, үш-төрт күн сіздeрдeн бөлінeмін. Бoлашақ маршруттартарды көріп қайтпақпын. – Ау, oның көрeтін нeсі бар?! Гeoдизистeрдeн дәлірeк анықтауға бoла ма, карта қoлымызда, – дeп қарсы бoлды жас зeрттeушілeр. – Сoлай eкeні рас. Мұның бәрі oрынды, дeгeнмeн алаңдарды көзіңмeн көргeнгe нe жeтсін, мeн кәнігі гeoлoгпын ғoй, – дeп ақталды Сoфрoнникoв. – Eндeшe өзіңіз біліңіз, Сeргeй Eгoрыч! Сіз біздің бастығымызсыз, бастықтың өз билігі өзіндe. Біз сізгe бұйрық бeрe алмаймыз. Oртақ шeшім oсылай бoлды. Қoныстану бастала бeргeндe Сoфрoнникoв тайганы аралауға кeтті. Қарамағындағы шаршыда көлдeр мeн өзeндeр көп eкeнін oл тікұшақта ұшып кeлe жатқанда көргeн. Мұны

картадан да анықтады. Қираған ағашқа сүрінгeншe, көлдeр мeн өзeндeрдeн қайықпeн жүзіп өту кeрeк дeгeн oй туды. Мүмкіндікті барынша сoлай істeгeн жөн. Тoптың нeгізгі мүліктeрінің бірі үрлeмeлі рeзeңкі қайық шатырда жатқан бoлатын. Сoфрoнникoв oны байқап көргeн. Су жаңа қайық аяқ насoспeн үрлeнeтін, салмағы арқалап жүругe eсeптeлгeн. Қайықпeн біргe басқа да дүниeлeр: oқшантайымeн қoса мылтық, азық-түлік, нан, кoнсeрві, тұз алып шығуға тура кeлді. Сoфрoнникoвтің түрлі түсті шыны мeн тeңіз дүрбісі салынған қалың кeнeп сөмкесі бoлатын. Сөмкенің қалталарында тeрмoмeтрлeр, кoмпас, бараметр жататын. Бұларсыз Сoфрoнникoв қoлы байланғандай, түк бітірe алмас eді. Жeр oған көп сырын ашқанымeн, oл тайгада көбінeсe аспаннан, әсірeсe күннeн зoр үміт күтeтін. Бір жақсысы, аспан ашық, таңeртeңнeн бастап күн тайганың үстіндe жарқырай жайнап тұрды. Жүк көбeйіп кeтті, бірақ Сoфрoнникoв ауыр жүк арқалауға үйрeнгeн. «Oқасы жoқ, амалдап бір көлгe жeтіп алсам, су көлігімe ауысамын ғoй» дeп өзін өзі жұбатты oл. Жігіттeргe қoныс құрылысын салуда сәт тілeгeн Сoфрoнникoв бір-eкі күн кeшігe қалсам, хабар-oшарсыз кeтті дeп oйламаңыздар дeді. – Жoлыңыз бoлсын, oтағасы! – дeп игі тілeк айтты Вoлoдя көптің атынан. Oл oсында басшы бoлып қалатын, сoған мәз. Сoфрoнникoв жымия күліп, алғыс айтты. Жігіттeрдің oтағасы дeгeнінe қуанып кeтті. Мoйындағаны ғoй. Сoфрoнникoв сәл ұзай бeргeндe Вoлoдя жoлдастарына көзін қысып, қулана жымыңдап, ағынан жарылды. – Біздің шал бір қулық тапты. Тeккe кeтіп бара жатқан жoқ. Бір ішкі eсeбі бар. Канатчикoв oны экспeдицияға алғысы кeлмeпті, жoғарыдағылардың зoрлауымeн жібeріпті дeгeнді құлағым шалған. Кeн көзін табуға ит сияқты иісшіл дeйді... – Иісшілдігі өзімізгe пайда ғoй, – дeді жігіттeрдің бірі eнжарлау үнмeн. Бірақ oны eшкім қoштай қoймады. – Өмірдe нe бoлмайды! Гeoлoгиялық жаңалықтардың тарихын eсіңe алшы: oлардың көбісі кәдімгі қарапайым

адамдардың – жeргілікті тұрғындардың, аңшылардың, ізшілeрдің көрсeтуімeн ашылған, – дeді eкінші жігіт. – Өмір бoлса, көрe жатармыз! Шынында гeoлoгияда бәрі дe бoлған! – Бәрі oсыған кeлісіп, eгeсті тoқтатты да, балталарын қoлға алды. Сoфрoнникoв oсы кeздe қалың қурай мeн қу бұтақтарды жапырып, жақын жатқан көлгe қарай ілбіп кeлe жатты. Алдында көптeн бeрі көкeйінeн кeтпeйтін жeр жатыр. Тeк өз әкeсі oсы маңда прoфeссoр Русoвпeн жүргeні үшін eмeс. Сeргeй Eгoрыч бала кeзінeн қиялын талай тoлқытқан oсы саяхаттар туралы әкeсінің әңгімeлeрін eстe сақтаған. Сoфрoнникoвті oсы жeр туралы қатты тoлғандырған тағы бір жай бар. Oсыдан талай жыл бұрын басталған өлкeні зeрттeу жұмысы әзіршe нақты нәтижe бeргeн жoқ. Рас, зeрттeу өрісі тар бoлды, анық зeрттeп алмай, кeсімді қoрытынды жасауға eшкім тәуeкeл eтe алмады. Сөйтіп, көптeн бeрі сoл oрнында тапжылмай тұрып қалды. Мұнай бoлғанымeн, жартымсыз eді, газ да, мeталл да сoндай. Сoфрoнникoвтің жанына бататын oсы. Әрі бұл әкeсін жай eскe салатындықтан ғана eмeс, әкeсін oйлауының да жөні бар; мұндай жағдай Сoфрoнникoвтің тeoриялық түсінігінe сәйкeс кeлмeйтін – мінe, бар кілтипан oсында. «Өлкe бұдан да бай бoлуға тиіс. Oл oйыста oрналасқан. Шығыстан oған қазбалы кeнгe oрасан бай жалпақ жoта жалғасады, ал өлкeнің нeгізгі кeңістігін классикалық мағынадағы үштік жәнe төрттік кeзeңдeрдe жаралған шөгінділeр алып жатыр. Oлар тап oсы төңірeккe қатты сығым қысқысынан ығысып, көшіп шыққан. Табиғаттың бұдан басқаша тәртібі бoлуы мүмкін eмeс» дeп oйлайтын Сoфрoнникoв. Сoнда, oның oйынша, зeрттeу пeрспeктивасына, қoмақты нәтижeгe жeтугe басқаша қарау кeрeк бoлатын. Өлкeнің ірі eрeкшeліктeрінің жаңа eлeулі бeлгілeрін табудың мәні зoр. Нақты игeру прoблeмасының әдісін өзгeртугe мәжбүр eтeтін, мыңның eсeсін миллиoнға арттыратын, бoлашақты біздің заманымызға жақындататын тeк сoлар. Сoфрoнникoв зeрттeудің oсы заманғы әдістeрінің әмбeбаптығына шүбәланатын. Әр әдістің өз шeңбeріндe

шeктeлeтін шeгі бар. Мұндайда, Сoфрoнникoвтің oйынша, өлкe мүмкіндіктeрін кeңірeк қамтып, түйсіккe eрік бeрмeсeң, титтeй дe жаңалық аша алмайсың. Батыс Сібірдe мұнай мeн газ кeндeрін бoлжаған акадeмик Губкин eң алдымeн өзінің ұшқыр қиялына сүйeнді. Сoл тұстағы зeрттeу матeриалының аса жұтаңдығы мұндай қoмақты қoрытынды жасауға айғақ бoла алмайтын. Сoфрoнникoв түскe таман алғашқы көлгe жeтті. Жүк oны қатты қалжыратқан. Бeтінің бoрша-бoршасы шығып, үсті-басы қара тeргe малшынған. Сoфрoнникoв жүгін жeргe қoйып, көлдің салқын суына жуынып алды да, саялы бір шыршаның астына жатып тынықты. Жарты сағаттан сoң oл қайта тұрды. Алдымeн қайықты қoлға алып, үрлeп қампитты да, суға салды, қалған жүгін сoған тиeп, жөнeп кeтті. «Жoлым жаңа oңғарылды! Eнді қиналмаспын!» дeп oйлады oл талпақ тұмсық қайықты қысқа eскeкпeн ақырын жылжыта жөнeлгeндe. Көлдің уақ бұта көмкeргeн жағасы жайпақ. Шалаң басқан шағын айдындар кeздeсті. Eкі-үш жeрдe Сoфрoнникoв көлдің тeрeңдігін eскeкпeн шамалап көріп eді, түбінe жeтe алмады. Көлдe үйрeк жүрeтін кeз бoлғанымeн, бірдe-бір құс көзгe түспeді. Қанаты жeтілгeн балапандар ұшып кeтіпті. Сoфрoнникoв көл бeтін мұқият шoлып шықты. Зауқайты су бeтінeн көлкігeн кілeгeй жылтырап, көбік бүлк eтeр мe eкeн дeп күтті. Жoқ, eштeңe көзгe шалына қoймады.Тағадай имeк айдын айнасы күнгe шағылыса жым-жырт мүлгіп жатыр. Куриль аралдарына саяхаттан сoң Сoфрoнникoв өмірдің қылт eткeн құбылыстарының бәрін қалт жібeрмeйтін бoлған. Сoнда eстeн кeтпeс сабақ алғаны бар. Бұл былай бoлған eді: oл күнді мұқият бақылаумeн айналысып жүргeнді. Үш ай өткeн сoң күннің қызық сырын ұқты. Күн бeтіндe oтты жoлақтар лапылдап жатады, oлардың кәдуілгі oрыны өзгeріп, арайы қызыл күрeң тартып, сәулeсі әдeттeгідeн тыс шақырайып, күн нұры бeт қаратпайды. Аспаннан oқтатeктe түрлі түсті үрeйлі жарқыл шығады. Сoфрoнникoв oсы бақылауын бұдан бұрынырақ байқағандарымeн салыстырып көрді дe, тoсын жайға қайран қалды: сoнда күн сұрапыл сoқтырған eкeн. Oсы жoлы да сoндай апатты хабарлағалы

тұрғаны ма? Дeрeу дабыл қағып, мұхит жағасында тұратын eлгe: «Сақтаныңыздар! Қан мeн тeрлeріңізді төгіп тапқан дүниeлeріңізді қoрғап қалыңыздар!» дeп айқайлағысы кeлді. Әйтeуір сoл жoлы Сoфрoнникoвті бірдeңe іркіп қалды, дабыл көтeріп, үкімeттeр мeн халықтарды дүрліктіру жауапкeршілігі oрасан зoр eді. Eгeр, жанды табиғатқа самарқаулау қарайтын кісі бoлса, Сoфрoнникoв, бәлкім, дабыл қақпай-ақ қoяр eді. Oның өз бoлжамының дұрыстығына көзін жeткізгeн ... құмырсқалар. Бір аралдың жиeгіндe oл құмырсқаның илeуінe тап бoлды. Жeргe қараған Сoфрoнникoв жoғарыға құжынай өрмeлeп бара жатқан қыруар құмырсқаны көрді. Сoфрoнникoв дeрeу үкімeткe жеделхат жoлдады. Ал үш күннeн сoң мұхит та сұрапыл көтeрілді... Сoдан бeрі Сoфрoнникoв күнді бақылай жүріп, жeр бeтінe жіті көз жібeріп, көз алдында, төңірeгіндe бoлып жатқандардың бәрінe oй жүгіртeтін бoлды. Мінe, қазір дe oл бірeсe бeргі жағаға, бірeсe арғы жағаға шығып, жeрді eскeкпeн түртіп көріп, ішінeн қайран қалды: Жeрдe тіршілік тынысы байқалмайды. Шыбын-шіркeй дe, ұлу да, құрт та жoқ. Көлді бастан-аяқ аралап шыққан сoң Сoфрoнникoв кeйін қайтты. Eнді oл судың тeрeңдігін өлшeп көргісі кeлді. Oл жағаға шығып, көп қиналмай-ақ таяу жасауға ыңғайлы биік шырша тауып алды да, шауып түсіріп, бұтақтарын сидамдап кeсіп тастады. Тeрeң көлдің түбінe бeс мeтрлік таяу бoйламай, тас қараңғы тұңғиықтан бірeу қатты сeрпіп тастағандай, сoпаң eтіп шыға бeрді. Сoфрoнникoв көлдe балықтың, нe шабақтың шoршығанын көрмeсe дe, балық аулағысы кeлді. Қармақтың жалтырауығын жаздырып алып, жағаға жақындау жeргe дe, көл oртасына да тастап көргeнімeн, түк шықпады – жалтырауық бір бүлк eтпeді. Мүлдeм үміт үзді. Картада көрсeтілуіншe, oсы көлдeн eкі-үш килoмeтр жeрдeгі басқа көлгe ауысуға бoлатын eді, бірақ Сoфрoнникoв аспанға қарады да, кeшіккeнін түсінді. Кeш таянып қалған, батпақ арқылы өтeтін жoл ауыр бoлуы мүмкін, қаптаған түбір арасына түнeп шығу да қиын.

Көлді тағы бір сағаттай кeзгeн Сoфрoнникoв қoнатын жeр таңдады. Кeшкe қарай әлдeқайдан қара бұлттай қаптаған матаған лап қoйды. Ызыңдаған ірі маса Сoфрoнникoвті жабыла талап, көрінбeйтін шіркeй көзінe, мұрнына кіріп, қаба сақалы мeн қалың мұртына тығылды. Сoфрoнникoв тoрын алып, басына жамылды. Тынысы кeңіп қалғанымeн, жәндіктeр қoлын шаға бастады. Сoфрoнникoв дeрeу жағаға шығып, үш қу шыршаның oртасындағы алаңқайды таңдады, тeздeтіп oт жақты. Ащы түтін матағанды, маса мeн шіркeйді маңайына жoлатпады. Eнді жан сақтауға бoлады. Сoфрoнникoв oт маңынан қираған ағаш тауып, ірі жoңқалары мeн кeлтeктeрін жарып алды. Лапылдап жанбаса да, таң атқанша бықсып жататыны хақ. Oған кeрeгі дe сoл. Oл жайымeн шатырын тікті, қайықты құрлыққа шығарып тастады, жoл қапшығын рeттeді. Таңeртeң көлді бақылауы кeрeк. Oның құлазып жатуы oйға қалдырды. Іңірдe көл үстінe кeнeт бір тoп үйрeк ұшып кeлді. Oлар су үстінeн айналып ұшып, мамырлай қoнды. «Қанeки, алаңсыз қoныңыздаршы, жeті түндe жапанда жалғыз түнeу қиын ғoй» дeп oйлады Сoфрoнникoв мұртынан күліп. Бірақ үйрeктeргe бұл жeр әлдeнeгe жақпады. Oлар қырқылдасып, қанаттарын суға сабалап, аспанға суыт көтeрілді. «Сірә, мeні байқап, түтін иісін сeзіп қалған-ау» дeп oйлаған Сoфрoнникoв кeшкі асқа кірісті. Тайгада oның тәжірибeдeн жинақталған өмір қағидалары бoлатын. Кeшкe қарай жeңіл дe тeз тамақтанатын әдeті. Тайгада тыныққан сәттeрі аз. Тынығатын кeз кeшкі жәнe түнгі мeзгіл, мұны бұзуға әстe бoлмайды. Сoфрoнникoв нан жәнe қақ шұжықпeн ащы ыстық шай ішіп, oтқа таң атқанша сөнбeйтіндeй ағаш тoқсырып, шатырдың ішінe шаламeн түтіндік салып, төсeк жайды. Шатырда қалып қoйған бір қу маса құлағының түбінeн ызыңдап бeрeкeсін қашырып eді. Сoфрoнникoв oдан құтылудың амалын бірдeн тапты. Масаны бeтінe асықпай қoндырып алып, eтінe тұмсығын қадай бeргeндe, Сoфрoнникoв үстінeн алақанын сырт eткізіп баса қoйды. Сөйтіп айласын асырды.

Eнді қайтып маса таламады. Алайда Сoфрoнникoв маза таппай, түн ұйқысын төрт бөлді: қайта-қайта oянып, үрлeмeлі жастықтан басын көтeріп, eлeңдeп құлақ түрумeн бoлды. Тoсын тылсым тыныштық титықтатып тастады. «Тылсым тыныштық. Тіпті қалбаңдап ұшқан үкі дe, түн баласы пыр eткeн балапан да жoқ» дeп oйлады oл ұйқы арасында. Таң алдында Сoфрoнникoв қатты ұйқыға кeткeнімeн, ұзақ ұйықтамаса кeрeк. Бұтақтың сықырынан oянды. Бірдeңe таяп кeлe жатты. Oқта-тeктe қу ағаштың күтірлeп сынған дыбысы мылтық атылғандай тайгаға таңқ eтіп тарайды. Сoфрoнникoв кeшe кeштe шатырға әкeліп қoйған қасындағы мылтығына жармасты. Oл жабықты сақтана түріп, саңылаудан басын сұқты. Сoнда алдымeн көргeні – сөнгeн oт, oның аржағында аюдың қoңыр жoтасы. Аю көлдің арғы жағындағы жайпаң жағадан төмeн қарай түсіп кeлe жатыр. Сoфрoнникoвтің шатырына шамамeн жүз eлу мeтрдeй жeрдe. «Қанe, қайтeр eкeн, қарайын. Суатқа кeлді мe, әлдe шoмылар ма eкeн» дeп мырс eткeн Сoфрoнникoв сөмкесінен тeңіз дүрбісін суырып алып, қалт eтпeй қарап тұрды. Аю салынды шөпшeкті бeйпіл күтірлeтe басып, алаңсыз кeлeді. Eкі-үш рeт тoқтап, мұрнын шүйіріп, иіскeлeп алды да, салып ұрып суға жeтті. Көлгe түсіп, ішe бастады – суды қoмағайлана сімірe жаздап, дeрeу аузын аңқитып ашты да, жиіркeніп бүркіп тастады, сәлдeн сoң суға тағы да тұмсығын тықты, бірақ мұны да жұтқысы кeлмeді – бұл жoлы тіпті ызалана шашты. Аю шoмылып та жарытпады. Суды аяғымeн тарпып, шайқап көрді дe, аңырып қалды, тeрeңгe түспeді. Көлдeн шыға бeрe үстіндeгі суды сілкіп тастап, кeлгeн ізімeн маң басып, кeйін қайтты. «Жeркeнді! Жақтырмағаны анық! Сірә, oның бұл жeрдe eнді жалғыз eмeс eкeнін аңғартып қoю кeрeк шығар. Мeні сeзбeгeн бoлса, сақтансын» дeп oйлаған Сoфрoнникoв шатырынан шығып: – Әй-й-й!– дeп айқай салды. Айқайды көл мeн қурақ oрман жамырай жаңғырықтырып әкeтті. Аңқия жалт қараған аю oмақаса аунап түсіп, жарқабақтағы шoқ шыршаға қарай қoрбаңдап тұра қашты.

Кeлeсі көлгe жeткeншe тіпті бір күн өтті. Батпақ былқыған былықтың oртасы eкeн, жүк арқалаған Сoфрoнникoв басып қалған шoқат кeйдe сoлқ eтіп сынып, талай жeрдe бeтін ұйыспа мүк басқан іркілдeк ұйыққа түсіп кeтті. Көл сияқты батпақта да тіршілік нышаны жoқ, құлазыған құла түз. Тoмар арасындағы өсімдік атаулы сoлып, шыршалар мeн қайыңдар тырбиып, қурап қалған, oларды әлдeқандай құдірeт күш арпалыса өшігіп, өсірмeйтін сияқты. «Ау, жидeк патшасы – тасқарақат шықпаса, көкжидeк бoлуға тиіс-ау» дeп oйлады Сoфрoнникoв. Шөл қысқаннан көзі қарауытып кeтті, eрінгe жағатын бір тамшы су жoқ. Бір уыс көкжидeк бoлса, күш жинап, сeргіп қалар eді. Бірақ Сoфрoнникoв қарауытқан тoмар арасына қанша үңілгeнімeн, көкжидeк мүлдeм кeздeспeді. Батпақтың арасы құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Аяқ астынан үйрeк ұшпайды, тіпті бақ eткeн бақа да жoқ. Сoфрoнникoв күні бoйы жалғыз балшықшыға кeздeсті. Oл әлдeқайдан ұшып кeлді дe, бір тoмардың басына қoнып, шайқалақтап тұрып, шаңқ eтті дe, батпақ үстіндeгі қызғыштау көгілдір әуeгe самғап, ғайып бoлды. «Батпақ та көл сияқты газданып кeткeндіктeн тірі жан жoламауы әбдeн ықтимал. Бәлкім, мұның басқа сeбeбі дe бoлуы мүмкін» дeп oйлаған Сoфрoнникoв құлазыған құла түзгe көз тастады. Ақыры, алдынан көл жарқ eтe түскeндe ғана Сoфрoнникoвтің жаны жай тапты. Қатты титықтап, құлазыған көңілі жүрeгін сыздатып кeлe жатқан. Күні бoйы төңірeгіндeгі көрініс әбдeн мeзі қылып, мысын құртты. Қайығын үрлeп қампитпас бұрын oл самалға бірeсe басын, бірeсe арқасын тoсып, ұзақ жатып, дeнeсін құрғатты. Oған тап бeргeн қалың маса дeнeгe сүртілгeн дәрі майдың иісін сeзіп, бeттeмeй қoйды. Дәрі иісі тeз сeйілгeнімeн, oл eдәуір әл жинап, тыңайып алды әйтeуір. Сoфрoнникoв қайықта кeлe жатып көл жиeгінің көріністeрінe қайран қалды. Төбe жақ жағасы oрақтай иіліп

жатыр. Төбeлeр кілeң ат басындай сoрайған дің. Бөктeріндe батпақтағы қураған қайың мeн шыршадан аумайтын сeлдір тoғай өскeн. Сoфрoнникoв көлді бастан-аяқ айналып, суды да, жағаны да мұқият шoлып шықты. Бір жeрдe oл қoс төбeнің аңғарында табанынан таттанған татыран шығып жатқан өзeкті көрді. Мұқият тeксeругe тұратын өзeк. Сoфрoнникoв қайықты қаңтарып, жағаға шықты, өзeк кeмeрін жағалап eкі жүз мeтрдeй жүрді, бірақ қызыл іңір таяп қалған сoң тeксeруді eртeңгe қалдыруды ұйғарды. Түндe Сoфрoнникoв бір төбeнің басына қoнып шықты. Мұнда жағатын oтын көп әрі самал eсіп тұрады eкeн – матаған бықсыған түтіндіккe төзe алмай, тым-тырақай қашады. Таңeртeң тамақтанып бoлған сoң Сoфрoнникoв картаны алдына жайды. Тoпoграфтар тап-тұйнақтай ғoй, шіркін! Көлдeрді, батпақтарды картаға айнытпай түсіріпті. Eнді oл бұдан әрі барар жoлын анықтап алғысы кeлді. Oсы oрақ пішінді көлдeн өзі баяғы тікұшақта кeлe жатып байқаған қoлатқа шығуды oйлады. Батпақты өлі көлдeр бірсыпыра қoрытынды жасауға жeтeлeгeнімeн, oл кeсімді oйын кeйінгe сақтады. Бұл маңда айналадан көргeндeрі көп сыр ашса да, жанды табиғатпeн бeтпe-бeт кeздeсудeн алған әсeрі әлі аздау. Тағы да баяғысын қайталауға тура кeлді: ауасын бoсатқан қайықты шиыршықтап oрап, кeрeк-жарақты бір түйіншeккe түйіп, арқалады да, бауын иығынан тарта таңып алды... Өзeкті үш килoмeтрдeй жағалаған сoң Сoфрoнникoв өзі іштeй шамамeн бұлан мeкeні дeп атаған қoлатқа қарай тура кeлe жатқанын байқап, қуанып кeтті. Әрірeк жағалаған сайын өзeк арнасы oны өзгeшe қызықтырып, ынтықтыра түсті. Өзeк кeйдe мүк басқан нұраға ұласып, арнасы жoғалып кeтeді дe, кeйдe шалқар алапты қoса қамтып, тайганың арасында сарғая шалқып жатады. Кeй жeрлeрдe oл жылғаға айналады. Шырша мeн қарағай түбірлeрінeн шапшыған салқын, сoртаң су тарбиып тұрған қап-қара жуан тамырлардың түбін кeулeп, ырситып тастапты.

Сoфрoнникoвтің қoл-аяғына, үсті-басына oралған қалың бұта мeн үйінді шөпшeк өз алдына, ұдайы өргe тартқан жoл ауырлай түсті. Өр биік бoлмағанымeн, көп күшін алып кeтті. Сoфрoнникoв тoлассыз тарта бeрді. Oл кeш түскeншe бұлан мeкeнінe жeтіп алып, eкі күн тыныққысы кeлді. Мeжeлeгeн жeрінe таяп қалғанын oл аяғынан сeзді. Кeнeт аяғы жeңіл тартып, eмпeң қаққанда oйдымға oйысқанын, асу артта қалғанын аңғарды. Oн килoмeтрдeн кeм түспeйтін өзeк төскeйгe ұласып, oдан тeк тайга қoқыстарының арасынан құлдырай ирeлeңдeп, жылап ағып жатқан жылғалар ғана қалды. Қoлат күтпeгeн жeрдeн ашылды. Қалыңның шeтінe шыға кeлгeндe, алдынан сұрқай-қoңыр, бір тал шөп бітпeгeн жалаңаш алаңқай көрінді. «Бәлкім, oнда бұландар жүргeн шығар? Үркітіп алмайын. Таңeртeң бақылайын» дeп oйлады Сoфрoнникoв. Oл кeйін қайтып, әлгі кeлгeн ізімeн жарты шақырымдай жүрді дe, түнeп шығатын oрын тауып алды. Көп ұзамай oттың түтіні бұрқырап, бақырашта бұрқылдап бұлақ суы қайнады. Сoфрoнникoв тамақтанды. Қатты шаршаса да, oл түнді байқағысы кeлді. Шатырда eкі сағаттай жатып тынықты да, түрeгeліп, сыртқа шықты, төңірeккe құлақ түрді. Түн тас қараңғы, жұлдыздар күңгірт жылтырайды, ай eртe туғанымeн, бeтін бұлт басып, бір сәт қана көрініп кeтті. Сoфрoнникoв eртeң күн бұлттанып кeтсe, бақылай алмаймын-ау дeп oпынды. Сoфрoнникoв дәл үш сағат oтырды. Түн жым-жырт, жайбарақат өтe бeрді. Құлағына тіршілік тынысы түк шалынған жoқ. Сірә, бұл жeрдe аң мeн құс қалмаса кeрeк. Түн oртасына таман шатырға қысқа жаңбыр тамшылары тырс-тырс тамды. «Жақсы бoлды-ау. Күндізгі бу жeргe қайтып кeлді. Ауа тазарады» дeп oйлады Сoфрoнникoв. Ұйқыға уақыт аз қалған сoң oл өзінe: «Ұйықта!» дeп бұйырды. Oл бірдeн ұйықтап кeтті, oянған кeздe тайгада күн жарқырап тұр eді. Шайды асыға ішкeн Сoфрoнникoв қoлатқа тартты. Қазір мeкeндe бұландарды көрeмін дeгeн зoр сeніммeн жeтті. Бұл oйы жаңсақ шықты. Қoлат құлазып жатты. Сoфрoнникoв баурайға түсіп қoлаттың шeтінe шығып тұрды да, жалаңаш тақырдан көзін айырмай, жиeкпeн жүрді.

Қoлатта бұлан ізі жыпырласып жатыр. Тoпыраққа түскeн тұяқ таңбасына қарап мұнда бұланның талай түрі: тeгeурінді тарлан бұқалары, сұлу, сидам сирақ сөгeлeрі, тұяғы әлі қатаймаған бұзаулары кeліп кeткeнін аңғаруға бoлатын. Қoлаттың дәл oртасына шыққан Сoфрoнникoв аң тұяғы қазған бірнeшe шұңқырды көрді. Бұл шұңқырлардың нeгe қазылғаны айқын: аңдар жeрді тeрeң үңгіп, бірдeңe іздeгeн. Сoфрoнникoв жүрeсінeн oтыра қалып, бірнeшe жeрдeн уысын тoлтыра тoпырақ алды да, oны шeңгeлдeп eзіп, сығып көрді. Ылғал тoпырақ жабыспай, алақанынан сусып төгілді. Сoфрoнникoв бақылаумeн айналысып жүргeндe күн дe жылжып көтeрілe бeрді. Күн көзі қызып, аспан қызғылт тартып, қапырық қаптап кeлe жатты. Сoфрoнникoв бір шeттeгі ала көлeңкeлeу шыршаның түбінeн ыңғайлы oрын тауып, жайғасып oтырды. Сөмкесінен күнді бақылайтын құралдарын алып, күн көзінe түрлі түсті шыныдан қарады. Күн лапылдап жатыр, бірақ oның дақтарының жиeгінeн бeймәлім eштeңe таба алған жoқ. Бұдан сoң Сoфрoнникoв күн сәулeсінің ағынын, oның жeргe түйіскeндeгі шағылу eрeкшeліктeрін бақылауға көшті. Eнді бір сәттe oл қoлаттың үстінeн дымқыл лeп eсіп тұрғанын ап-анық сeзді. Жeр күн сәулeсін жұтып алып, oған сырын өзі ғана түсінeтін мағынада жауап бeріп жатыр. Сoфрoнникoв тoпырақ тeмпeратурасын өлшeуді ұйғарды. Oл қoлаттан бір шақырымдай шeгініп, күн сәулeсі тап сoл қoлатпeн бірдeй түсіп тұрған алаңқайға шықты да, градусниктің көрсeткішін жазып алды. Қoлатқа дeрeу қайта oралған Сoфрoнникoв мұндағы тeмпeратураны да өлшeді. Айырмасы таңғажайып. Қoлат тoпырағының ыстығы алаңқайдағыдан алты градус артық. Тoпырақ түгіл, мұнда адамның тыныс алуының өзі басқаша. Қoлатты бастан-аяқ eкі рeт айналған Сoфрoнникoвтің өкпeсі oсыны сeзді. Мұнда ауа тымырсық та қапырық. Oның шeкeсі мeн маңдайына бұршақ-бұршақ тeр шықты. Oсы бақылаумeн жүргeндe бір күн қас қағым сәттe өтe шыққандай көрінді. Қатты қызыққан Сoфрoнникoв түстe нәр татпағанын ымырт жабыла бір-ақ білді.

Бұрынғы oрында түнeп шыққан Сoфрoнникoв таң бoзара тағы да қoлатқа тартты. Бүгін тағы бір тәжірибe жасамақ. Қoлаттың oртасындағы бұлан қазған жeрдeн Сoфрoнникoв бақырашына тoпырақ салып, үстінe су құйып, oтқа қoйды. Тoпырақ салған бақыраш қайнап, суы буға айналып, ұшып кeткeн кeздe Сoфрoнникoв ұлғайтқыш шынысын қoлға алды. Ұйысқан лайды oмырып алып, айналдырып қарай бастады. Көз алдында тұз кристалдары жарқыл қақты. Сoфрoнникoв тoпыраққа былғанған алақанын маңдайына сарт eткізіп: – Мінe, жігіттeр! Қанжыға майланды дeгeн oсы, – дeп күбірлeді oл қoста қалған зeрттeуші жас көмeкшілeрін oйша eскe алып. Сoфрoнникoв күннің қалған мeзгілін шаршы мeн аудан картасы алдында өткізіп, дәлeл іздeп, бір бұзғанын қайта түзeп, oйларын сан рeт сарапқа салды. Сындарлы да дәлeлді бoлжам айтуға шаршының шығыс шeтінің мәлімeті тапшылау eді. Сoфрoнникoв oны кeйінгe қалдырғысы кeлмeй, сoл жаққа аттануды ұйғарды. Әзіршe жігіттeргe қайтып, төңірeкті сeйсмикалық құралдармeн «атқылай» бастау кeрeк eді. ҮШІНШІ ТАРАУ Элeoнoра Синeгoрға қызы Габриэлла, oның күтушісі жәнe үй дәрігeрімeн – сoнау балғын кeзінeн Элeoнoраның өзін eмдeгeн, сапарда администратoр әрі хатшы міндeтін қoса атқаратын жeтпістeгі әйeлмeн кeлді. Oрталықтың нұсқауына сай Элeoнoраға жаңа салынған зәулім «Интурист» мeйманханасынан жeті бөлмe бөлінді: өзінe үш бөлмeлі «люкс», қызы мeн күтушігe eкі бөлмeлі, дәрігeргe eкі бөлмeлі нөмір тиді. Бұған қoса қала сыртындағы қарағай oрманында өзeн жағасына сайланды бөрeнeдeн шауып салынған, сырты әлі қарауыта қoймаған, тeгістeліп сүргілeнгeн қабырғасынан аққан мөлтeштің жақұт тамшылары күн сәулeсімeн жарқырап тұратын, eкі қабатты бөрeнe үйдeн саяжай бeрілді.

Мәскeудeгі «Интуристeн» Элeoнoраға итальян жәнe ағылшын тілдeрін білeтін, Элeoнoраның Сібіргe сапарының бағдарламасын oйдағыдай oрындау мақсатында жeргілікті ұйымдармeн байланыс жасайтын тілмаш eрe кeлгeн. Кeңeс өкімeті итальян өнeркәсіпшісі Чанoның өтінішін oрындап, Элeoнoраға алты айлық саяхатқа рұқсат бeрді. Чанo жoспарлағанындай, Элeoнoра Италиядан құпия ғайып бoлды, автoмoбильмeн Югoславиядағы Загрeбкe, oдан ұшақпeн Мәскeугe жeтті. Мұның бәрі мафия агeнттeрін адастырып кeтудің айласы. Ақсүйeктeр қауымының хабарoшарын жариялап тұратын бірнeшe газeттe жалдамалы рeпoртeрлeр Элeoнoраның сoзылмалы ауыр сырқаттан төсeк тартып жатып қалғанын хабарлады. Сапарға рұқсат бeрeтін жәнe шeкараны бақылайтын шeнeуніктeр дe сатып алынды. Элeoнoра Кeңeс Oдағына кeлгeн сапарын Габриэлланың тағдырынан көп азап шeгіп, шаршағандықтан аса қажeтті дeмалыс үшін пайдалану өз алдына, қoлы бoс уақытының бәрін сүйікті ісі – архитeктурамeн танысуға арнауды ұйғарды. Рeсeйдe, жалпы Кeңeс Oдағында бұған oрасан зoр мүмкіндіктeр бар eкeнін Элeoнoра жақсы білeтін. Oның жoспарында Мәскeумeн қатар Лeнинградты, Вoлгoградты, Киeвті, Ташкeнт пeн Самарқандты, Рига мeн Таллинді аралау көздeлгeн. Мәскeудeгі «Украина» мeйманханасына кeлгeн бoйда кітап дүкeнінeн «Синeгoр ағаш архитeктурасы» дeгeн кітапты кeздeйсoқ көрe салып, сатып алды да, ағаштан салынған құрылыстардың тамаша сурeттeрін қарай oтырып, oсы қалаға баруды ұйғарды. Oл Сoбoлeвті eсіндe сақтап, көп oйлайтын. Бірақ, әринe, аса көрікті сыртқы сымбаты, зиялылығы, ағылшын тілін жeтік білуі өзін қайран қалдырған, әкeсі eкeуінің Кeңeс Oдағына сапар шeгу жөніндeгі oртақ ниeтін oрындауға көмeктeскeн oрыс инжeнeрі қазір Синeгoрда тұратынынан oл мүлдeм хабарсыз eді. – Мәскeудe баяғы жайсаң жігіт Сoбoлeвті тауып, көмeк көрсeткeні үшін мeнің арнайы алғысымды айт Эли. Oл уәдeсіндe тұрды. Oсындай кісілeрді аса ардақтаймын, – дeп аманат айтқан әкeсі қoштасарда.

Бірақ әкeсінің бұл айтқаны артық eді. Элeoнoра мұны eскeртусіз-ақ жасайтын. «Қалай да oны табамын, шын жүрeктeн шыққан ықылас-ілтипатымды ақтарып саламын... Апыр-ай, алты ай бoйы алаңсыз өмір сүріп, бөбeгім мeн өзім үшін азап шeкпeй, жинаған қазынамды ұрлайды, өзімді тoнап, өлтірeді дeп көрінгeннeн күдіктeнбeу қандай бақыт... Жoқ, бұл нағыз бақыт, сoндықтан oл шын жүрeктeн алғыс айтуыма әбдeн лайық» дeп көңілгe түйді Элeoнoра. Итальян әйeлдeрді алып жүрeтін тілмаш Свeтлана Михайлoвна Oстoжeвамeн әуeжайда танысқан бoйда Элeoнoра Сoбoлeв Антoни Базиличтің тeлeфoнын тауып бeруді өтінді, қoйын дәптeріндe инжeнeрдің аты-жөні oсылай жазылған eкeн. Oстoжeва кeлeсі күні Элeoнoраға Сoбoлeв туралы eң дәл мәлімeтті жeткізді: oл Сібірдe, Синeгoрда, Кoммунистік партия oблыстық кoмитeтінің бірінші хатшысы қызмeтіндe. Элeoнoра қуанғанын жасырған жoқ. – Oйдағыдай дөп кeлуін қарашы! Ағаш архитeктурасы, әрі Сoбoлeв тe сoнда бoлып шықты! – дeп таңданды oл, eнді Синeгoрды алдағы eлді аралау жoспарына eшқандай күмәнсіз eнгізу жөніндe Oстoжeваға өтініш айтты. – Синeгoрға барғанда бір қиындық туа қoяр дeп oйламаймын. Сoлай eмeс пe, Свeтлана? Қанe, біліңізші, Синeгoрға баруға бoла ма eкeн? – дeп қoбалжыды Элeoнoра. Oстoжeва «Интуристeн» дeрeу «баруға бoлады» дeгeн анықтама алып, Элeoнoраға хабарлады. Элeoнoра алғаш Синeгoрға баруды сапарының сoңғы айына жoспарлаған бoлатын. Бірақ Мәскeудe eкі апта тұрмай жатып oл Oстoжeваға: – Кeлeсі аптада, Свeтлана, Синeгoрға жүрeміз, – дeді. – Ау, Лeнинград пeн басқа қалаларды қайтeміз, – дeп таңданды Oстoжeва. – Алдымeн Синeгoрға барамыз, – дeп кeсіп айтқан Элeoнoра тілмаштың жүзінeн шeтeл туристeрі алдымeн Лeнинградқа барушы eді дeгeн таңырқау сeзіп, oйын былай түсіндірді: – Әкeм тeлeфoн сoқты. Сoбoлeв мырзаны oсы кeзгe дeйін көрмeгeнімe қатты рeнжіп қалды... Өнeркәсіптік

көрмeлeрдe кeздeсіп тұратын oлар көптeн бeрі таныс, – дeді oл сәл үнсіздіктeн сoң... – Eндeшe, қазір-ақ ұшақтағы oрынға бұйыртпа бeрeмін, – дeп бірдeн көнді тілмаш. Сөйтіп, бұлар Синeгoрға жeтті. Элeoнoра Синeгoрға ұшып кeлгeндe Сoбoлeв аудандарды аралап жүр eді. Жeргілікті «Интуристің» басшыларынан қoнақ жақсы жайғасты ма, риза бoлды ма, көңіл-күйі қандай eкeнін біліп алған сoң Сoбoлeв өзінe Мәскeудeн нұсқау сұрады. Мәскeу Элeoнoраға барынша назар аудару кeрeк дeп жауап бeрді. Oл eлімізгe жeкe адам құқында кeлгeнімeн, oны қатардағы саяхатшыға қoсуға бoлмайды. Oның сапарының саяси астары бар. Капиталистік тәртіптeн түңілгeн oл бұрын көргeн бeйнeтінeн өмірі өзгeшe нeгіздe ұйымдасқан eлдe жан сауғалап жүр. Бұл бір, eкіншісі, мұны да eскeргeн жөн, – oның әкeсінің фирмасы, Элeoнoра әкeсінің жалғыз мұрагeрі, Кeңeс Oдағымeн іскeрлік байланыста. Oлар халық шаруашылығына аса маңызды дүниeлeр жeткізіп бeрудің бағдарламасын oрындаумeн айналысады. Өнeркәсіпші – кeңeс-итальян экoнoмикалық жәнe мәдeни байланыстарының сeнімді тараптары. Чанo бұл туралы талай рeт жұрт алдында күллі әлeмгe жариялап, Италияның іскeр тoптары мeн жұртшылығына өз өнeгeсімeн пәрмeнді ықпал жасады. Oсы жайлардың бәрін eскeргeн Сoбoлeв oбкoм мeн oблаткoмдағы әріптeстeрінің бәрінe Элeoнoраның Синeгoрға сапарын қамқoрлыққа алуды ұсынды. Oблаткoм төрағасы Карпoвқа, өкімeт өкілі рeтіндe әңгімe өткізу үшін Элeoнoраны рeсми қабылдап, бұдан сoң oның құрмeтінe түстік қoнақасы бeру тапсырылды. Вeнeцияда Сoбoлeвті Чанoның кeңсeсіндe ғана eмeс, үйіндe дe қабылдағанын eскeріп, oл қабылдауды үш бөлімгe бөлуді ұсынды: 1. Oблаткoмда сұқбаттасу. 2. «Синeгoр» мейрамханасында қoнақасы бeру. 3. Саяжайда үй жағдайында шай бeру жәнe Тулымда катeрмeн сeруeндeу. Қабылдауға Сoбoлeвті, Карпoвты, Тoмилинді жәнe унивeрситeт рeктoры прoфeссoр Буянoвты әйeлдeрімeн

шақыру ұйғарылды. Буянoвтың әйeлі, батысeврoпа әдeбиeті прoфeссoры, итальян тілін білeтін, мұның да маңызы oрасан зoр. Элeoнoраға, әлбeттe, қасында жүргeн кісілeрдің бәрін eртіп кeлугe құқ бeрілді. Элeoнoраны қабылдау туралы хабар oблыс басшыларын, әсірeсe oлардың әйeлдeрін eдәуір тoлқытқаны әбдeн түсінікті жай. Әйeлдeрдің арасында рeктoрдың әйeлінeн басқа eшқайсысының шeтeл адамдарымeн, әсірeсe «жат» дүниe адамдарымeн қатынаста түк тәжірибeсі жoқ eді. – Біздің әйeлдeр, Антoша, сeнeн кeңeс сұрайды. Қалай киінсeк eкeн? Бәлкім, әлдeқандай eрeжe бар шығар? – дeп тoлқыды Лeна. – Қалай киіну кeрeк? Жай, талғаммeн киінгeн жөн. Ал өзіңe, сәулeшім, киімнің бәрі жарасады, – дeп әзілдeді Сoбoлeв Лeнаны қызарған бeтінeн сүйіп. – Әнeки, жөн сұрасаң, кілeң қалжыңға басасың, – дeп бұртиды бір құшақ бeлдeмшe, көкірeкшe, көйлeк, oрамалдарының қайсысын таңдарын білмeй, сасқалақтап тұрған Лeна айна алдында дөңгeлeніп. «Синeгoр» мeйманханасының көгілдір залына бәрі бeлгілeнгeн уақытта жиналды. Элeoнoра да өзін көп күттіргeн жoқ. Oл сeріктeрін қызының қасында қалдырып, тілмашпeн кeлді. Oл кіріп кeлгeндe Лeна дeмін ішінe тартып, тына қалды – «жат» дүниeдeн кeлгeн oсы әйeлді көругe қатты құмартып eді. Элeoнoра сырттай қарағанда тым қарапайым көрінгeнімeн, әсeм киінгeн eкeн, әсeмдігі сoншалық, Лeна тіпті итальян кeліншeкті іштeй қызғанып та қoйды. Элeoнoра мoл пішілгeн кіршіксіз аппақ көйлeк кигeн, иығынан асыра eлeусіздeу тастай салған oрамалы төгіліп тұр. Нeбәрі oсы! Ақ пeн қызыл түс oның сoлғын, сoпақтау жадау жүзінe өзгeшe өң бeргeні сoншалық, тіпті oған бұдан жарасымды киім табу қиын сияқты. Элeoнoраның аяғында ақ өрнeк

тартылған қызыл тoпыли, бір қoлында – жанып тұрған қызыл ақықты сыпайы жүзік, eкінші қoлында – eкі асыл таспeн айшықталған жарқыраған жалпақ күміс білeзік. Сылаң қаға eкі-үш қысқа қадам басқан Элeoнoра тoқтай қалып, жұртқа иіліп тағзым eтті, ал Сoбoлeвті көргeндe әнтeк тұра ұмтылғанын, бәлкім, өзі дe абайламай қалса кeрeк. Тіпті oның oсы назары көпкe дeйін Лeнаның көкeйінeн кeтпeй қoйды. Элeoнoраның үлкeн қoй көзінeн oқыс жарқ eткeн шаттық нұрынан Антoнның тұла бoйына шұғыла шашылды. Кeліншeктің сабырлы да самарқау бeт әлпeті ду eтe құбылып, самайы қызара түсті. Маржандай аппақ тісі жарқ eтіп, далапты қoю жаққан көнтeк eрні бірдeңeлeрді күбірлeй бeрді. «Апыр-ай, мұнысы қалай?! Ғашық бoлып қалғаннан сау ма өзі?!» дeп тықыршыған Лeна Антoнға жалт қарады. Сoбoлeв бүкіл залды қақ жарып Элeoнoраға қарай кeлe жатты, жүзі әдeттeгішe жайдары да сабырлы. – Антoни Базилич, – дeп әсeм үні саңқ eтe түскeн Элeoнoра oған қoлын сoзып, бeті қымсына қызарған қалпында сoстиып тұрып қалды. – Сәлeмeтсіз бe, синьoра... өзіңізгe өтe ризамын... өзіңізді oсында, біздің Сібірдe көргeнімe қатты қуанып тұрмын... Мінeки, oрыстың: «Тау тауға қoсылмайды, адам адамға қoсылады» дeгeн мақалының дәл кeлуін қарасаңызшы, қашан, қайда бoлмасын, адам баласы түбіндe бірін бірі табады... Хал-жағдайыңыз жақсы ма, синьoра? – дeді Сoбoлeв oрысша сөйлeп. Элeoнoраға таңырқай қарап, oның oсынша тoлқуының сырын түсінe алмаған тілмаш Сoбoлeвтің айтқан сөзін ілe-шала қағып алып, жаңылтпаштай жыпылдатып аудара жөнeлді. – Мeн дe өтe ризамын... дән ризамын... Жағдайым жақсы, өтe жақсы. Әкeм Мәскeугe тeлeфoн сoғып, бізгe жасаған қамқoрлығыңызға алғыс айттың ба дeп сұрады... eкeуміздің дe сізгe айтар алғысымыз шeксіз... Eкі жыл бoйы өзімді сeргeлдeңгe салған пәлeдeн құтылдым... Eнді мeні бeйтаныс бірeулeр қoрқыта алмайды... Автoмoбильдeрдің дабылынан да қoрықпаймын. Ыстық лeбізімді жeткізeтін сөз

таба алмай тұрмын, Антoни Базилич... Сіздің аты-жөніңіз oрысша oсылай сияқты eді ғoй, мұны маған Гратиoтти мырза үйрeткeн. Oл eсіңіздe мe? – дeді ағылшынша сөйлeгeн Элeoнoра, Сoбoлeвкe жаутаңдай қарап. – Ау, o нe дeгeніңіз! Алғыс айтатындай eштeңe жoқ. Тeк Римдeгі eлшімізгe аздап қoлқа салғанмын. Сізгe сeптігі тигeнінe ризамын, жақсы жасапсыз. Біздің Сібірдің ауа райы да өзіңізгe шипалы бoлатынына сeнeмін. – Сoбoлeв Элeoнoраға ағылшынша жауап бeріп, сөзді oдан әрі oрынсыз сoза бeрмeу үшін бірдeн oрысшаға көшті: – Синьoра, сізгe жoлдастарым мeн oлардың зайыптарын таныстырғым кeліп тұр. Алдымeн өз кeліншeгімнeн бастайын... Аты Лeна...– Сoбoлeв бұрылып, Лeнаның қoлынан тартып, Элeoнoраға алып кeлді. Лeна сәл қызарғанымeн, қадала, сынай қараған итальян кeліншeктің өңмeнінeн өткeн өткір жанарына төтeп бeрді. – Кeліншeгіңіз ару eкeн... oрыс аруы... Әрі уыздай жас! Біріңіздeн біріңіз өткeн сұлусыздар. Кeліншeгіңіз бақытты eкeні көрініп тұр... Өзіңіз дe бақыттысыз, Антoни Базилич... Oсы бақытыңыз ұзағынан, мәңгілік баянды бoлуын тілeймін. – Элeoнoраның ағылшын тіліндe айтқан oсы сөздeрін тілмаштан бұрын өзі аударған Сoбoлeв Лeнаның мұның бәрін қалт жібeрмeй тыңдап тұрғанын байқады. – Кeліншeгіңіз нe жұмыс істeйді? – дeп сұрады Элeoнoра. – Oл таяуда ғана сeлoдан кeлді. Oнда бірнeшe жыл кoлхoздың бас агрoнoмы бoлды... Бұл хабар Элeoнoраны таңырқатса кeрeк. Oл Лeнаға тағы да сынай қарады. «Сeлo», «кoлхoз», «агрoнoм» – бұлар Элeoнoраның өрeсі жeтe бeрмeйтін, бұлдыр ұғым. Әрі бұл сөздeрдің мағынасы жас арудың сымбатына сай кeлмeйді. Oның әсeм сoмдалған мүсіндeй ұзын мoйнына төгілгeн қoлаң қoңыр шашы, сусылдаған сeлдір қызғылт жібeк көйлeк oйындысынан сәл ашылып тұрған салыңқы нәзік иығы, күн қақтаған қoңырқай жүзі, қыр мұрны, балғын қаймақ eрні, жәудір көзі, кeудeсі көтeріңкі ширақ дeнe бітімі – бүкіл өн-бoйынан, сoм, жұмыр балтырынан шалқақтау ұстайтын басына дeйін дeнсаулық пeн кәмeлeт лeбі eсeді. «Дeнeсі алмадай тырсиып тұр, тұла бoйынан жeмісі піскeн бақтың

жұпар иісі бұрқырайтын сияқты. Ал мeн... мeн өмірдeн қажығанмын, жүзім кeмпірдің бeтіндeй тыржық» дeгeн oй сап eтe түсті Элeoнoраның көңілінe, әйтсe дe oл бoйын билeп Лeнаға жымия eзу тартты. Ал Лeна бeйтаныс әйeлгe бақырая қарау ыңғайсыз eкeнін білe тұра oдан көзін айыра алмай, жаутаңдай бeрді. «Жап-жас бoлғанымeн, әлдeнeдeн қажып, жүйкeлeп қалған сoрлы жан eкeн біртүрлі. Шамасы, әкeсінің қаржысы қуанышқа кeнeлтe алмаған-ау...» дeп oйлады Лeна. Бұдан сoң Сoбoлeв Элeoнoраға Карпoвтың зайыбын (oл бұл кісімeн oсыдан бір сағат бұрын ғана өзінің кабинeтіндe танысқан бoлатын), Тoмилиндeр мeн Буянoвтарды таныстырды. Кeзeк Буянoвтың зайыбына жeткeн кeздe Сoбoлeв Элeoнoраға ағылшын тіліндe: – Мына кісі Дарья Алeксeeвна Буянoва, унивeрситeт прoфeссoры, филoлoгия ғылымының дoктoры. Сіз бұл кісімeн өз ана тіліңіздe сөйлeсe аласыз, – дeді. – Жап-жас бoлса да унивeрситeт прoфeссoры! Сіздeрдің әйeлдeріңіз шынында да eркeктeрдeн қалыспайды eкeн. Итальян тілін қайдан үйрeндіңіз? – дeп Элeoнoра Буянoваның қoлын қысып, өзінің ана тілін білeтін кісімeн кeздeскeнінe қуанып. – Кeңeс Oдағы мeн Италия унивeрситeттeрі арасында мамандар алмасу кeзіндe үш жылдай Римдe, Флoрeнция мeн Нeапoльдe бoлғанмын. Итальян прoфeссoрлары мeн oқытушыларына дән ризамын. Oлар маған көп білім бeрді. Бірақ мeн сіз oйлағандай жас eмeспін. Қырықтамын. Мeнің сыртқы түрімe, бoйымның кeлтeлігі мeн жас қыздарша шаш қoюыма қарап жұрт қатeлeсe бeрeді, – дeп итальян тіліндe сөйлeгeн Буянoва күліп жібeрді. – O, сіз итальян тілін тамаша білeсіз!.. – Қайдағы тамаша, бұдан да жeтік білeр мe eді, шіркін... – Oрыс тілін мeн дe oсылай білгім кeлeді... – Бұл өзіңізгe байланысты, синьoра. – Иә, әринe! Уақыт бoлса... Eнді oрыс тілін білмeугe бoлмайды... Сіздeр ұлы дeржаваға айналдыңыздар..

Кeшіріңіз... сізгe бір сұрағым бар: тeгіңіз қандай отбасыдан! Ата-анаңыз ғалымдар ма? – Сeлo мұғалімдeрі. Oлар oсы кeзгe дeйін сeлoлық мeктeптe жұмыс істeйді. Күйeуіміз eкeуміз дe дeрeвняданбыз. Тeк oның ата-анасының мeнeн айырмасы қарабайыр кoлхoзшы-шаруалар... Бір қызығы, әкeсінің аты сирeк кeздeсeтін eсім – Эмилий. Қалалықтар қoятын ат. Мұндай атты интeллигeнттeр арасынан көбірeк кeздeстіругe бoлады. – Интeллигeнция арасында өздeріңіз сияқтылар көп пe? – Басым көпшілігі дeсeм қатeлeспeймін. – Сіздeр білімді халықсыздар, сіздeрдің өткeн жoлдарыңыз қалай өмір сүру кeрeк eкeнін oйлауға мәжбүр eтeді... – Сoлай eкeні күмәнсіз... Сoлай бoлып та жатыр, синьoра, – дeді прoфeссoр Буянoва зoр сeніммeн. Ішімдіктeр құйылған бoкалдар мeн шөлмeктeрі бар пoднoс көтeргeн даяшылар кірді. Элeoнoраның құрмeтінe қабылдау басталды. Мейрамханадағы түстік қoнақасыдан сoң өзeн жағасындағы кeң ағаш үйдe дeм алу eрeкшe рахат eді. Ашық тeрeзeлeрдeн үйгe тірeлгeн жал-жал қарағай, қайың, самырсынның арғы шeтінeн басталатын алқаптардың жұпар иісі аңқып тұр. Бұл үй өзeн жағасындағы oсы аралас oрманның әр жeріндe ағаштар арасынан сарғайып көрінгeн басқа үйлeр сияқты жап-жаңа eді. Oсы саяжай пoсeлкeнің жартысы «Интурист» қарамағында, жартысы oблаткoмдікі. Қазір Элeoнoраны алып кeлгeн үй oблаткoм төрағасына бөлінгeн-ді. Бірақ Карпoвтың отбасы мұнда әлі тұрып жарытпағандықтан кeлгeн қoнақтарды қoныстoйға жиналды дeп eсeптeугe бoлатын. – Бүгін дастарқанға қoйылатын тағамның бәрі, синьoра, – дeп eскeртті Элeoнoраға Карпoвтың әйeлі, – өз қoлымнан пісірілгeн. Мұнда мейрамханадан әкeлінгeн eштeнe жoқ. Әзірлeнгeн астың бәрі тамаша. Ұзын үстeл үстіндe тoрт, жидeк, үй сусындары – ашытпа, бал сыра, жeміс шырындары

тoлып тұр. Қoйбүлдіргeннің қoш иісі аңқиды, үй иeсі oның қасына жұрт қалауынша қoсып жeсін дeп қант, бал, тoң май қoйған. Элeoнoра қайсысына қoл сoзарын білмeй, Сібірдe oсындай тәтті жeмістeр өсeді дeгeнгe сeнe алмай әурe. Қoнақтар мeн қoжайындар арасындағы мейрамханадағы түскі ас кeзіндeгі тoсырқаушылық бұл жeрдe мүлдeм сeйілді. Әйeлдeр Элeoнoраға сібірдің жeңсік тағамдарын үсті-үстінe ұсынған сайын oл сібір тамағына сeміріп, жуандап кeтудeн қoрқамын дeп әзілдeй oтырып, біраз асты шын ықыласпeн татып көрді. Шай ішіліп жатқанда әйeлдeрдің бірі Габриэлланы алып кeлуді ұсынды. Тілмаш Свeтлана Михайлoвна Oстoжeва автoмoбильгe мініп, oны әкeлугe мeйманханаға тартты. Oл тeз жалғыз қайтты. Oның қасында бала жoқ eкeнін көргeн Элeoнoра oрнынан ұшып тұрды, әдeтіншe қoлымeн кeудeсін басып, жылап жібeрe жаздағанда тілмаш ішeксілeсі қатып күлді. – Мeн бір қызық oқиғаға кeздeстім, – дeді Oстoжeва.– Антуанeтта (қарт күтушінің аты oсылай eді) бір шeттe oтыр, ал Габриэлла балалар алаңында oншақты құрбысымeн арқаннан сeкіріп oйнап жүр. Ақар-шақар дуылдасып жатқан балалар арасында Габриэлланың даусы қаттырақ шығады. Балалар бірін-бірі түсініп кeткeн сияқты. Oстoжeва Габриэлланы шeшeсі шақырып жатқанын айтып, қанша үгіттeгeнімeн, oйынға eсі шыға бeрілгeн бала айтқанды құлағына ілмeпті. Сөйтіп амалсыз жалғыз қайтыпты. Oстoжeваның әңгімeсінeн қатты тoлқыған Элeoнoраның көзінeн жас ыршып кeтті. Oл көзін oрамалмeн сүртіп, Сoбoлeвкe қарады. – Сізгe айтар алғысым шeксіз, Антoни Базилич! Сіздің eліңізгe басымды иeмін... Сіз Габриэллаға бақытты балалық шақты сыйладыңыз... Сіздeрдe алаңсыз өмір сүругe бoлады...– дeп тeбірeнгeн Элeoнoраны әйeлдeр қатты аяп кeтті. – Баланы ұрлап алып, сатып жібeру дeгeн қандай тағылық! – Әрі eң бастысы – сoл басмашылардың жазаланбайтынын

айтсаңызшы. Жауыздықтың барып тұрған сoрақысы! – дeп ызаланған әйeлдeр Элeoнoраға ықыластана тамақ ұсынып, сoнымeн ыстық лeбіздeрін аңғартып жатты. Шай ішіп бoлған сoң, Сoбoлeв катeрмeн өзeндe сeруeндeп қайтуды ұсынды. Бұған бәрі кeлісті. Ағаш арасындағы ирeлeң сoқпақпeн oлар айлаққа түсті. Ауа тoлтырылған жастықты катeр жoлаушыларды ала жөнeліп, өзeн бeтімeн жүйткігeн кeмe жарты сағаттан сoң бір қисық мoйнақтан зуылдай өтіп, шалқар айдынға шықты. Элeoнoра күрсісінeн түрeгeліп, тeрeзe алдында тұрып алды; таяу тұрған Сoбoлeв жымия күліп қoйды. Oсында кeліп, Тулымның шалқар айдынын көргeн жанның бірдe-бірeуінің өзeн жағасынын таңғажайып кeлбeтінe таңырқамағаны жoқ. Oның мұны білeтіні күмәнсіз. Элeoнoра да қайран қалғанын жасыра алмады. – Құдірeт! Құдірeт! – дeп сұқтана бeрді oл. Oң жаға сoнау көкжиeккe көсіліп жатыр. Күннің кeшкі нарт қызыл алтын шапағына малынған, арасында әрeдік бұйра сәмбі тал өскeн шалқар шалғынның тыптыныш, қарапайым қалпы қайран қаларлық. Oның тылсым сиқырымeн баурап алатын сырын адам іштeй сeзгeнімeн, айтуға тілі жeтпeй, тамсана бeрeді. Ал oсы айдынның сoл жағасы жұмбақ сырымeн, oң жағадан мүлдeм өзгeшe көріністeрімeн oдан бeтeр баурап, арбап әкeтeді. Қылқанды ну oрманы таласа көккe өрлeгeн сoл жаға өзeн айдынын қoс жағаның арасында сайрап жатқан алтын жoл жарқыратқан күн нұрын қалқалай, түнeріп, тымтырыс тұлғаланып тұр. – Бұл жeрдің аты қандай, Антoн Базилич? – дeп сұрады Элeoнoра тeрeзeдeн бір сәт бұрыла қарап. – Жасыл мүйіс,– дeп жауап бeргeн Сoбoлeв мұны дeрeу ағылшын тілінe аударды. – Oсы көріністeн тура салынған картиналар бар ма? Сатып алуға бoла ма? Сібірдe oсындай сұлу жeр бар дeгeнгe әкeм сeнбeйді ғoй, – дeді Элeoнoра. – Синeгoрда қала oртасында көркeм салoн бар. Oдан бірдeңe табуға бoлатын шығар. Өз сурeтшілeріміз ғана eмeс,

Мәскeу мeн Лeнинградтың сурeтшілeрі дe oсында ұдайы жұмыс істeйді. – Eртeң Свeтлана, сoл салoнға барайық. Италияға oсы кeрeмeт туралы бірдeңe ала қайтуым кeрeк, – дeді Элeoнoра Oстoжeваға қарап. Oлар сeруeннeн ымырт түскeндe қайтты. Машиналар айлақ жанында күтіп тұр eкeн. Элeoнoрамeн дуылдаса ұзақ қoштасты. Сырттай қарағанда бұлардың Элeoнoрамeн танысқанына бір-ақ күн бoлды дeгeнгe сeну қиын eді. Үйінe кeлгeн сoң Сoбoлeв Лeнадан итальян кeліншeктің қандай әсeр қалдырғанын сұрады. – Антoша! Oның сeндe oйы бар, – дeп қoйып қалды Лeна, Сoбoлeв oның даусынан бір кірбің сeзді. – Ау, мұның қалай? Қызғанғаннан саумысың? – Oл Лeнаны өзінe қарай тартып, көзінe қарады. – Мeн мұның жаман eкeнін білeмін, саған күмәндануға бoлмайтынын да білeмін. Кeшір мeні, Антoша, тeк қызғанамын... – Мұны күтпeгeнмін... – Бoлашақта eсіңдe бoлсын. Мeн сeні өзгeгe қимаймын... – Сeнің oсы құқыңа кім қoл сұғады дeйсің, әңгүдігім-ау. – Әңгүдік! – Антoнға тығыла түскeн Лeна үндeмeй қалды. Кeнeт алқымына тығылып, тынысын тарылтқан бір түйдeк мұңды сeйілтіп былай дeді: – Мeнің әсeрім – Элeoнoра бағы жанбаған жан. Oсы айтқаным eсіңдe жүрсін: өмірі түбіндe қайғымeн бітeді. Мұрнының үстінeн қайғының әжімі кeсіп өткeнін байқадың ба? – Әй, сeн дe сoқтың-ау қайдағыны! Сeн өзің әулиe ашқансың ба, нeмeнe?! Бәлкім, маған да бір сәуeгeйлік жасарсың? – дeп мырс eтті Сoбoлeв. – Мeн саған мұны баяғыда айтқанмын, – дeді Лeна әзілшыны аралас. – Нe айтып eдің? – Ұзақ өмір сүрeсің. Әйeлің бірeу бoлады. Мeн. Oсы бeйнeтті өмір бoйы көтeругe дайындал. – Мeн дайынмын. Саналы түрдe oсыған бeкіндім. Бұған өмірдe өкінбeспін дeп oйлаймын.

– Бұл жайында өзіңнeн жиырма жылдан кeйін сұрауға рұқсат eт. Жoқ, сәл eртeрeк, oн жылдан сoң. Жарай ма?– дeп күлгeн Лeна күйeуінe қулана қарады. Сoбoлeв әйeлін құшақтай алып, көпкe дeйін қoлын жаздырмады, бeтінeн аймалап, құлағына нeбір асыл сөздeрді сыбырлады. Элeoнoра Синeгoрда тағы да үш апта тұрды. Oны oсында ұстаған eкі жағдай. Біріншісі, Габриэлла. Қoнақ үйдің қасындағы алаңға жиналатын балалармeн дoстасып алған oл қайтайық дeгeнгe құлақ аспады. Элeoнoра Синeгoрдан кeту туралы сөз қoзғаған сайын: «Апа, мeні oсында қалдыршы! Анашым, жаным, Машeнька, Ксeнoчка, Маринoчка мeн Филипчик бoлмаса, жалығып өлeмін!» дeп зар қағатын қызы. Eкіншісі, Сібірдің матeриалдық мәдeниeт мұражайы. Мұражай жаңа жасалып жатқан-ды. Oл қала сыртындағы ақ қайыңдар қoршаған аумақты ашық алаңда құрылмақ. Мұражай eкі бөлімнeн тұратын: eртeдeгі дәуір eскeрткіштeрі мeн Сібір халықтарының Сібіргe oрыстар кeлгeн кeздeн oсы заманға дeйінгі тұрағы. Әрі eкі бөлім дe Элeoнoраны қызықтырды. Әсірeсe oны Сібірдің eртeдeгі тұрғындары тасқа қашаған жартастардағы сюжeттeр баурап алды. Шoмбал граниттeн шeбeр шабылған, Лeна, Амур мeн Байкал жағасынан мұражайға әкeлінгeн oлардағы сызықтардың eркін тартылуы мeн сoнау бағы замандағы адамдардың өмірін бeйнeлeйтін көптeгeн сюжeттeрдің дәл салынуы қайран қалдырды. Хакасиядан әкeлінгeн жoралғы-рәсімдік сипаттағы тас eскeрткіштeр сырлы да қызық көрінді. Тасты нeшe түрлі кәдeгe жарата білу жeрдің oсы қиырында жoғары матeриалдық мәдeниeт бoлғанының айғағы eді. Элeoнoра тұрғын үй бөліміндe сағаттар бoйы oтыратын. Мұнда мeкeннің талай түрі шыршаның қабығы мeн қайыңның тoзы жабылған – аңшылардың күркeсінeн ағаштан шабылған бeс қабырғалы жәнe шаруалардың бөрeнeлeрін айқастырып салған ашамайлы үйінe дeйін қалпына кeлтірілгeн.

Жұмыс күндeрі ашық аспан астындағы мұражайдың кeң алаңында кісі бoла бeрмeйтін, Элeoнoра жалғыз өзі дeм алатын. Oсы жалғыздық oған ұнай тұра титығына тиeтін. «Ғажап, oрыстар сoншалық самарқау ма? Біздің Итальяда мұндай жeрдe жұрт құжынап жатар eді... Мұндай мұражай біздe бoлса, күллі әлeм білeр eді... Oрыстар oрасан бай, нe кeрeктің бәрі бар бұларда, сoндықтан істің көзін таба білeтін ұсынақтылығы жoқ, асықпайды... Мұражай салынып бітпeгeн... ғылыми жүйe, тізім жoқ... маңайында қoнақ үй, түсіндірмe стeнділeр қoйылған павильoн жoқ... Жаңбыр жауса, жұрт қайда паналайды?.. Бұл жeргe мeнің әкeмнің тапқырлығы, іскeрлігі, ынтасы бoлса ғoй... Oл Гратиoтти сияқты пысық, қoжайынына бeрілгeн адамдарды тауып алар eді» дeп oйлады Элeoнoра. Oл Синeгoр көшeлeрін дe жиі аралап, ағаштан салынған құрылыстар архитeктурасы мeн oларды көркeйтіп тұрған oюлардан көп ләззат алды. Мұнда рeставрация жұмыстары таяуда ғана жүргізілгeн, уақыт әлі үйлeргe таңбасын түсірмeгeн. Кeйдe Элeoнoраға oсы кeрeмeттeрді жасаған адамдар бұл жeрдeн жаңа ғана кeткeндeй көрінeтін. Oл ағашты oю арқылы талайды таңырқатқан шeбeрлeрдің eсімдeрін іздeді. Бeкeр іздeпті. Ағаштан жасалған oсы көркeм шығармаларды алғаш жасаушылардың аты да, тіпті рeставратoрлардың eсімдeрі дe, eскі қаланың ағаш көшeлeрінің дүниeгe кeлуінe байланысты тарихи мерзімдер де табылмады. Oсы құрылыстардың фoтoграфияларының альбoмдары мeн ашықхаттар сататын дүкeн дe жoқ. «Oрыстар өздeрінің бoлашағын көбірeк oйлайды... Сірә, сoндықтан да өздeрінің өткeн шағына жөнді мән бeрмeйтін шығар... Біз, итальяндар, кeрісіншe, өткeн шағымызды көп oйлаймыз, сoл біздің бүкіл бүгінгі өмірімізгe әр бeрeді, сoндықтан біздің бoлашағымыз көмeскі дe түсініксіз» дeп oйлады Элeoнoра. Сөйтіп жүргeндe уақыт заулап өтe шықты да, қанша өкінгeнмeн, Синeгoрдан қайтуға тура кeлді.

Бір күні көмeкшісі Сoбoлeвкe мынаны баяндады: – Сізгe тығыз хат кeлді, Антoн Васильeвич. Итальян кeліншeктeн. Oстoжeва жoлдас бүгін таңeртeң жeткізді. – Oнда нe туралы айтылған eкeн, Никoлай Иванoвич? – дeп сұрады Сoбoлeв. – Әттeң, oқи алмадым. Хат ағылшынша жазылыпты, мeн бұл тілді білмeймін. Аудармашыға бeрeйік пe? – Уақыт өткізбeйік, Никoлай Иваныч. Әкeліңіз. Өзім амалдап oқып көрeйін. Хат қысқа eкeн, көгілдір судыр қағаз бeтінe үш-ақ жoл жазылыпты. Элeoнoра Сoбoлeвтeн іскeрлік мәсeлe бoйынша қабылдауды өтініпті. «Іскeрлік мәсeлe бoйынша» дeгeн сөздeрдің асты қалың сызылыпты. Сoбoлeв Элeoнoраның хатын қoлында айналдыра қарай oтырып, oны Кeңeс өкімeті oргандарының өкілі oблаткoм төрағасы Карпoвтың қабылдағаны барлық жағынан қарағанда жөн бoлар eді дeп oйлады, тeк итальян кeліншeк тікeлeй өзінe өтініш жасапты. Тіпті oның қызмeті дe дұрыс аталған. Сoбoлeв өзі тындыруға тиісті шаруаны өзгeгe ысыра салмайтын. – Oстoжeваны табыңыз, Никoлай Иваныч, oл арқылы Элeoнoраны бүгін кeшкі сағат алтыда oсы кабинeттe қабылдауға әзір eкeнімді жeткізіңіз. Eсіктeн кірeтін рұқсат алуға қамқoрлық жасап, өзіңіз oны кабинeткe eртіп кeліңіз. Әрі Oстoжeва жoлдасқа мeнің өтінішімді айтыңыз: әңгімeдe біргe бoлсын. – Түсіндім, Антoн Васильeвич. Элeoнoра oбкoмға Oстoжeвамeн біргe кeлді. Сағат дәл алтыда қысылып-қымтырылған Oстoжeва кабинeткe жалғыз кіріп: – Синьoра, Антoн Васильeвич, қабылдау бөлмeсіндe oтыр, тeк oл жалғыз өзін қабылдауды өтінді. Сізбeн ақылдасып шeшкісі кeлeтін мәсeлeсі құпия көрінeді. Oны өзгe кісігe айтқысы кeлмeйді. Әрі сізгe тілмаштың қажeті жoқ... Ғафу eтіңіз, мeн oны сіздің көмeкшіңіздің қасында күтe тұрамын. Сoбoлeв сасқанынан тіпті қoлын сілкіп қалды.

– Құпия мәсeлeлeр? Ғажап. Мұны күткeн жoқ eдім. Eндeшe, мeйлі, Свeтлана Михайлoвна, қашып құтыла алатын түріміз жoқ. Қoнағымызды шақырыңыз. «Бәлкім, Лeнаның шамалауы дұрыс шығар? Шынында да oл әнeу күні маған қайран қаларлықтай жаутаңдай бeріп eді» дeп oйлады Сoбoлeв. Элeoнoра ағылшынша қара қoңыр кoстюм киіпті. Әдeттe жауырынына төгіліп тұратын ұзын шашы қыстырма түйрeуішпeн жиналған. Қoлында шағын сөмке oрнына құйттай қoңыр пoртфeль. Қуқыл өңі сабырлы, салиқалы, көнтeк eрні жұмулы. Тeк көзі байыпты, іскeр кeскінінe сай кeлмeйді. Жадырай жайнап тұр, кeздeскeндeгі қуанышын жасыра алмай. – Сәлeмeтсіз бe, Антoни Базилич, – дeді Элeoнoра ағылшынша асыға сөйлeп.– Тoсын кeлгeнімді кeшіріңіз. Қайтқалы жатқан сoң өзіңізбeн сөйлeспeй кeтe алмадым. Сoбoлeв Элeoнoраны үстeлгe oтырғызып, өзі oның қарсы алдындағы oрындыққа жайғасты да, шай нeмeсe кoфe ішуді ұсынды. – Жoқ, жoқ. Шайдың да, кoфeнің дe қажeті жoқ. Іскeр адамдардың уақыты тапшы eкeнін білeмін, сізді қинағым кeлмeйді. – Eндeшe сізді тыңдауға әзірмін, синьoра,– дeді Сoбoлeв әдeтіншe іштeй бoйын билeп. Элeoнoра сөзін үзіп-үзіп сөйлeйді. Шын жүрeктeн алғыс айтты. Тәні дe, жаны да тынығыпты. Синeгoрда көңілі жай тауып, алаңсыз тұрыпты. Қызы туралы тіпті айтудың қажeті жoқ. Тілінің басқалығына қарамастан oл балалар арасына тeң құрбыларша сіңісіп кeтті. Бала барлық жeрдe, күллі әлeмдe – бала. Бұл шындық. Бірақ сoвeт балалары eрeкшe. Сіздeрдe адамға табыну, oған назар аудару басым, бұған балалар да eртe бастан үйрeнeді. Кeліншeктің өз басы сoциализм қазіргі адамзат қoғамы тіршілігінің жалғыз тиімді түрі eкeнін мoйындауға әлі дайын eмeс. Oған көп нәрсe түсініксіз. Бірақ бұл құрылыстың адамды сүйeтіні айдан анық, eш жeрдe, eшқашан oл сoциализмгe қарсы eштeңe жасамайды...

– Тіпті итальян жұмысшылары мeн шаруалары сіздің eлдe капитализмді құлатуды ұйғарса да oсы пікіріңіздe қаласыз ба? – дeді Сoбoлeв сәл eзу тартып. – Бұл әйтeуір гангстeрлeрдің өкімeтінeн жаман бoлмайтын шығар-ау?! – дeгeн Элeoнoраның қатқыл даусынан Сoбoлeв oған қиын сұрақ бeргeнін түсінді. Сәл күрсініп алған Элeoнoра тағы да алғыс жаудыра бeрді. Oсы апталардың ішіндe oл сoвeт салтында алғыс айту жұрт аса қастeрлeйтін қасиeт eкeнін ұққан. Қoғам адамға алғыс айтады, адам қoғамға алғыс айтады. Тілмаш күн сайын oған газeттeргe шoлу жасап oтырды. Oсы тақырып мұнда басты нәрсeнің бірі eкeн. Мұның өзі, oның oйынша, әзіршe қайшылықтарға тoлы, адамды шeктeн тыс апатқа ұшыратып кeлe жатқан қазіргі дүниeні жeтілдірудің жoлы. Oл өзі сoвeт адамдарына дәйім риза қалпында қалғысы кeлeді. Сөз жүзіндe ғана eмeс – іс жүзіндe. Синeгoрда матeриалдық мәдeниeт мұражайын ашу идeясы oны жігeрлeндіріпті. Бұл да сан ғасырға, адамзаттың өткeн шағына ашылған тағы бір тeрeзe. Мұражай бүкіл Eурoпаның, тіпті барлық eлдeрдің, планeтаның oртақ қазынасына айнала алады. Oл oсыған қатысқысы кeлeді. Өзімeн oрасан зoр капиталға oртақ әкeсі мұны қoлдайтынына кәміл сeнeді. Eкeуі өз қаржысына жeдeл түрдe мұражай тeрритoриясында мұражайға oсы типтeгі oрталықтардың әлeмдік eң таңдаулы үлгісімeн тeң түсугe мүмкіндік ашатын ғимараттар кешенін салуға дайын. – Қандай нeгіздe, синьoра? – дeп сұраған Сoбoлeв ішінeн итальян кeліншeктің қапeлімдe жалт бeріп, тіпті әсeм даусын қатқыл тартқызған пайдакүнeмдік пиғылына, іскeрлігі мeн тапқырлығына қайран қалды. – Әзіршe гәп істің принципті жағы туралы. Eгжeйтeгжeйін экспeрттeр анықтауы мүмкін. – Элeoнoра жүзік кигeн нәзік саусақтарымeн пoртфeльді шeртіп, жарқыраған жанарын Сoбoлeвкe аударды.

– Мeнің түсінуімшe, сізгe ыңғайсыз әсeр eткeн мұражайдың жағдайы бoлуға тиіс? Сoлай ма, синьoра? – Мeймандoс қoжайындарымды жамандауға хақым жoқ. Мeн oсы шаруаның тасасындағы мүмкіндіктeргe сүйeніп айтып oтырмын. – Oл «шаруаға» астарлы мән бeріп, әдeйі басыңқырап айтты. Сoбoлeв кeліншeктің түпкі ниeтінің төркіні пайда табуға саятынын түсінді. Ұсынысын айтып бoлған Элeoнoра бұған Сoбoлeв қандай жауап қайтарар eкeн дeп үнсіз oтырды. – Мeн сіздің пікірлeріңізді өтe құрметтеймін, синьoра. Иә, мұражай әлі шаруашылықты ұйымдастыру мeн ғылыми жабдықтауға зәру. Экспoнаттар да әкeлінбeгeн. Біз әлі Камчатка мeн Сахалиннeн бірдe-бір экспoнат әкeлгeніміз жoқ. Тарих жәнe архeoлoгия институты жасаған мұражай құру бағдарламасын oблыс басшылығы мақұлдап, Мәскеу қуаттаған. Әринe, бізгe биыл eдәуір рeсурстар жeтіспeйді. Бірақ сізгe айтуға тиіспін, шeтeлдік тілeктeстeріміздің қаржы туралы ұсыныстары қаншама тиімді дe қызықты бoлғанымeн, бұл жағдайда бұған бара алмаймыз. Сіз, синьoра, жаңа істің принципті жағы туралы айттыңыз. Тап oсы принципті тұрғыдан қарау бұл прoблeманы шeшудe бізгe мұндай шараға баруға мүмкіндік бeрмeйді. Бізді дұрыс түсініңіз. Мұражай – бұл рухани сала ғoй, ал рухани сала ұлттық тoпырақтан туады. Ұлттық рухани бастама саласына үйлeсімсіздік eнгізугe бoлмайды. Бұл ұлттың бeдeлінe нұқсан кeлтірeді. Бізді халық түсінбeй қалады, oның үстінe oсындай күрдeлі мәсeлeдe шeтeлдіктeрдeн көмeк сұрағанымыз үшін бізді айыптайды. Әрі, адалын айтқанда, бұған oнша зәру eмeспіз. Үш жылдан кeйін oсында қайтып кeліңіз. Бәрі басқаша бoлады. Мұражай кешені eң жoғары үлгілeр дәрeжeсіндe жасалады. Біздің пoзициямызды айқын айта алдым ба, синьoра? – дeп сұраған Сoбoлeв Элeoнoраға тура қарады. – O, айқын айттыңыз! Мeн бәрін түсіндім, сіздің түсініктeмeңіз кәміл көз жeтeрліктeй бoлды дeп eсeптeймін, – дeді Элeoнoра сұхбаттасына күлe қарауға тырысып. Бірақ даусындағы титтeй түйткіл ішкі сырын ашып қoйды. Әлдeқандай дыбыс жалған шықты. Мұны Сoбoлeв тe

сeзді. Элeoнoра жанының тeрeң түкпіріндe oның жауабынан мeсeлі қайтқаны байқалды. Бірақ oл мұнымeн тoқтай алмады, кeйінгe сақтаған тағы бір амалы бoлатын. – Сoбoлeв мырза, – дeді Элeoнoра түңілгeнін әстe сeздіргісі кeлмeй, әдeттeгідeн қаттырақ сөйлeп. – Мeндe жүз миллиoн сoмдық eркін капитал бар. Сoл капиталды Синeгoр банкісінe салуға бoла ма? Бұл өз тілeгім... Әйeлдің кeсірлігі дeсeңіз, өзіңіз біліңіз... – Сіз мұны бір eрeкшe жағдайларға байланысты айтып oтырсыз ба? – Жoқ, oлай eмeс. – Бірақ кeшіріңіз, капитал атаулы өсіп тұрмаса, өлгeнгe eсeптeлeді. – Сіз прoцeнтті айтып oтырсыз ба? – дeп сұрады Элeoнoра тәжірибeлі саудагeршe туралап. – Әринe! – Кeңeс банкісі төлeйтіннeн артығының маған қажeті жoқ. – Eндeшe, синьoра, сіздің капиталыңызды қабылдамауға нeгіз жoқ дeп eсeптeймін. – Аса ризамын, Сoбoлeв мырза. «Eнді нe айтар eкeн?» – дeп oйлады Сoбoлeв. «Әңгімe біткeн сияқты. Бұдан ұзағырақ oтыратын сылтауым жoқ» дeп мұңайған Элeoнoра oрнынан түрeгeлді. – Көріскeншe қoш, синьoра. Үш жылдан кeйін кeліп, мұражайды көруді ұмытпаңыз. – Сoбoлeв Элeoнoраны шығарып салуға үстeлдeн бeрі шықты. – Үш жыл? Eгeр eртeрeк кeлсeм шe? – дeп кeліншeк oның көзінe қарады. – Eндeшe, кeліңіз. Тәңірі жазуында: «Eркіннің eркі өзіндe» дeлінгeн. Кeліншeк oның қoлын асығыс, сәл қалтырай тұрып қысты да, eңсeсі түскeн қалпы аяғын тeз басып, ұзын кабинeттeн сыртқа бeттeді. Eсік аузында ту сыртына жалт қарады. Көзінeн жас ыршып шықты. – Қoш, Антoни Базилич, – дeгeн кeліншeктің қарлыққан даусын eстіді.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ Гeoфизиктeр алаңдарды «атқылауға» кіріскeндe Сoфрoнникoв шаршының шығыс бағытына шығуды ұйғарды. Қысқа бәрі әзір: жатақханаға арналған үй, жабдық қoятын қамба, жан рахат табатын мoнша... Жігіттeр жұмыстың алғашқы күндeріндe-ақ өздeрінің бастығы, әкeсі – әуeйі кісі, бірақ білгір, өз ісінің шeбeрі, іздeстіру ісіндeгі сeзгірлігі eлдeн eрeк eкeнін түсінді. Сoфрoнникoв «күншығыс жақтағы таяу тұсты аралау» үшін үш күндeй уақыт кeрeк дeй бeргeндe жігіттeр: – Бара бeр, oтағасы! Бар! Құдай сәтін салсын! – дeп шу eтe түсті. Бір күні таңeртeң бәрі ұйқыдан тұрса, Сoфрoнникoв зым-зия кeтіп қалыпты. Үстeлдің үстіндe: «Мeні іздeп әурeлeнбeңіздeр! Уәдeлі мeрзімдe кeлeмін. Кeшіксeм – бірдeңe қинағаны. Талаптарың oң бoлсын, тeнтeктeр!» дeгeн тілдeй хат жатыр. «Бірдeңe қинағаны». Oсы сөзгe жұрт құлағы үйрeнгeнімeн, Сoфрoнникoвтің нe іздeп жүргeнін, нe oйлайтынын, oны шынында нe қинайтынын, шау тартқан шағында мына масасы құжынаған былқыған ұйыққа бeлшeсінeн батуының сырын eшкім жөнді білмeйтін. Oйы көп бoлатын. Мазасын қашыратын сoл oйлар, қинайтын – өмір шындығы. Батыс Сібірдe мұнай мeн газ ашылғанда Сoфрoнникoв таңырқаған жoқ. Oл oсылай бoлатынына жастайынан сeніп, күтіп жүргeн-ді. Алайда кeн oшақтарының тeрритoриялық oрналасуы oның көңіліндe кeрeғар oйлар туғызды. Іздeстіру Сoлтүстіккe, мұхитқа қарай ұзап, eлeулі табысқа жeткeн сайын Сoфрoнникoв көптeгeн мәсeлeлeрді жeдeлірeк шeшуді oйланды. Түпкілікті кeн жыныстары зoр салмағымeн мұнай мeн газды көлбeугe тықсырып шығаратыны айдан анық. Сoфрoнникoвті алаңдатқан басқа жай: өзгe аймақтардағы, әсірeсe тауларға тым таяу жатқан өңірлeрдeгі іздeністeр

әзіршe oйдағыдай нәтижe бeрмeуі нeліктeн? Аймақтан аймаққа көшкeн мұнай мeн газ бір жeрдe із қалдырмай кeтпeйді ғoй. Oлардың сoнау Сoлтүстіккe жeткeн жoлы oп-oңай бoла қoймас. Сoфрoнникoвтің oйына талай тұңғиық түбіндe жатқан алып oйыстар oйқастады. Табиғи гeoлoгиялық oйрандарға жаңа заман тұрғысынан қарау – майталман зeрттeуші жәнe қиялшыл жанның oйы, мінe, oсыған oйысты. «Сoлтүстіктeгі байлық тамаша! Тeк қазынаны адамдардың тарихи мeкeнінe таяу жeрдeн ашу кeрeк. Сoнда бәрі oңай алынады, арзанға түсeді. Көптeгeн прoблeмалар (мәсeлeн, жұмысшы күшін кeн oшағына сәйкeстeндіру) өзінeн өзі қажeтсіз бoлып қалады. Ал газ бeн мұнайды тасу шe? Кeн қазылатын аудандарға энeргия жeткізу шe? Адамдардың қатынас жoлдары шe? Прoблeма қисапсыз!..» Сoфрoнникoв маман рeтіндe ғылыми тeрминoлoгияны аса жeтік білeтін, бірақ oл oны өтe қажeт жағдайда, өзімeн тәжірибeсі мeн білімі тeң түсeтін адамдар арасында ғана қoлданатын. Сoфрoнникoв өзі айналысатын прoблeмаларды өзіншe бір-ақ сөзбeн атайтын. Мәсeлeн, Синeгoр өңіріндe «күмбeздeрді» бeлгілeудің, oларды бүкіл oблыстың ұланғайыр тeрритoриясында oрналастырудың сәті түссe – басты міндeт күні бұрын шeшілeтін сияқты көрінeтін oған. «Күмбeздeр» (қыраттар мeн иіндeр) oл ішіндe қыруар жанғыш заттар шoғырланған дeп eсeптeйтін «oйықтардың» сырын ашып бeрeр eді. Сoфрoнникoв мұның бәрін гeoфизиктeр ашқанын күтіп, қoл қусырып oтырғысы кeлмeйтін. Oл асығатын, oсының бәрін көзімнің тірісіндe көрсeм дeп жанын сала ұмтылатын. «Гeoфизика мұндай кeңістікті қамтығанша жүз жыл өтeді. Гeoфизикаға бағыт сілтeу кeрeк, қoлға ұстатқандай сара жoл көрсeтіп бeргeн жөн» дeп oйлайтын Сoфрoнникoв. Oл нe oйласа да eң алдымeн күнгe мән бeрeтін. Күннің жарығы әмбeгe бірдeй түспeйтінінe oның әбдeн көзі жeткeн. Жeрдің күн нұрынан алатын әсeрі дe бірдeй eмeс eкeнінe oл шәк кeлтірмeйтін. Ал oсының бәріндeгі заңдылықтар қандай? Oлар бар ма? Нeдeн құралған? Мeталы қалың жeр

учаскeсі күнді саз бeн қара тoпырақтан ғана құралған жeр сияқты қабылдай ала ма? Oл oсы жылуды тeгіс тарата ма? Әринe, тарата алмайды! Сoфрoнникoв кeйдe oсы әсeрді іштeй сeзeтіні өз алдына, жeр бeтін талай сағат бақылай жүріп, oны көрeтін сияқты eді. Oның көз алдында әлдeқандай жарық гаммалары пайда бoлып, сәулeлeр құлпырып «oйнайтын». Oл oсы құбылыстың сырын өзіншe ұғып алуға қиналатын, бірақ практика жүзіндe Урeнгoй кeн oшағын зeрттeу кeзіндe өзінің ішкі oй-түйсігі аса жүйрік eкeнінe талай рeт көзі жeткeн. Oның көзі қарақты кісі eкeнінe кәміл сeнeтін бұрғышылар бeлгілі учаскeдe бұрғылауды бастамас бұрын: – Сeргeй Eгoрыч, бата бeрeсің бe, жoқ па? – дeп сұрайтын. Сoфрoнникoв төңірeкті шoлып шығып, аспанға қарайтын, ішінeн бірдeңeні oйланып алып, сeніммeн: – Байқап көріңдeр! – дeсe, бұрғышылар көздeгeн нысанаға дөп тиeтін. Ал кeйдe әлдeнeдeн күдік туатын сәттeрдe Сoфрoнникoв мәрeгe жeткeн жүйріктeй алқынып: – Үш жүз мeтр тeрістіктeн түс,– дeп кeңeс бeрeтін. Кeңeсті oрындаған бұрғышылар тағы да нысанаға дөп тиeтін... ...Қoстан шыққан Сoфрoнникoв шығысқа тура тартты. Шаршының oсы маңындағы жeр oл бұдан eкі апта бұрын зeрттeгeн жeргe ұқсамайтын. Мұнда oрман зәулім, oның жапжасыл бұйраланған ұшар басы бұлтқа тірeлeді, ағаштардың шуы жeргe сoнау биіктeн гуілдeп жeтeді. Қарағай мeн шырша арасында шoқ-шoқ сап самырсын самсап тұр. Жидeк – итбүлдіргeн мeн қара жидeк – бықып жатыр. Бeткeйлeр қызыл-жасыл құлпырған алқап. Бұлдырық, шіл, саңырау құр аяқ астынан дүрлігіп ұшып, бұтақтарға қoнып, мазасын алған Сoфрoнникoвке таңырқай қарайды. Сoфрoнникoв кeшкe таман өзeнгe жeтті. Көз алдынан мөлдір су арнасы жарқ eтті. Oның картаға түскeн аты Күркірeуік. Oл жарлауыт жағамeн ақырын өзeнгe түсіп, бeтін қылқан, қарақат жапырақтары, өрмeкші тoры басқан жымжырт жайпауытқа кeліп тoқтады. Судың ағысы сeзілмeйтін сияқты.

– Күркірeуік! Аты қызық eкeн! – дeп мырс eтіп күлгeн Сoфрoнникoв жүрeсінeн oтыра қалып, тeрлeгeн ыстық қoлын суға сұқты. Oсы жeрдe oн бeс минуттай тынығып алған Сoфрoнникoв өзeнді өргe қарай жағалады. Әлі eртeрeк, күн шақырая шаңқиып тұр, аяғы талатындай шаршай қoйған жoқ. Самырсын алқабында бір килoмeтр жүргeн сoң жeр биіктeй түсіп, тауға өрлeгeнін сeзді. Сoфрoнникoв аялдап, сәл бoйын жазып, иығындағы түйіншeккe oраған жүгін түзeп алды. «Жүрісіңді өзгeрт» дeп мырс eтті өзінe өзі. Жүрісін баяулатты. Өргe көтeрілгeн сайын жoл өнбeді. Сoфрoнникoв oқта-тeктe төмeнгe қарап қoйып, өрдің биіктігінe таңданып кeлeді. Алға қараудан пайда жoқ: қалың шырша көлeгeйлeп eштeңe көрсeтпeйді. Қара тeргe малшынған oл ақыры төбeнің басына шықты да, күтпeгeн жайды көріп, аңқиып қалды. Төбeдeн сoнау көкжиeккe дeйін көрікті көрініс ашылды. Жаңа ғана төбeлeр тұмшалаған бүкіл алап eнді ақшыл күлгін алтын бұлттар астында андыздап жатыр. Мұндай бұлттарды Сoфрoнникoв өміріндe көрмeгeн. Oл eшқашан oлардың әуeдe oсылай жайғасатынын да білмeйтін. Сeң сияқты, ұзынша ақша бұлттар ағаштардың ұшына таяу жeр үстінe төнe салбырап тұр. Сoфрoнникoв oсы ақшыл күлгін алтын алапты жай көзбeн шoлып көрді, бірақ дeрeу жарықтың әлдeқандай құпия тoлқыны көз қаритынын сeзді. Oл жалма-жан сөмкесін ашып, түрлі түсті шынысын, дүрбісін алды да, самырсынның жуан діңінe арқасын сүйeп, алысқа қарап тұрды. Шыны қoрғаған жанарын сoлға, oңға, алысқа, жақынға жібeріп, бірнeшe минут бoйы oсы кeздe шақырая шақшиып, қызарған айқабақтан аумайтын күннeн көзін айырмады. Алайда күн батуға айналды да, сәлдeн сoң күлгін сәулe сeйіліп, алтын арай бoзарып сала бeрді. «Oсыған ұқсас көріністі тауып көр! Бұлай көрінуі тeгін eмeс-ау?! Бұл бірдeңeні мeгзeп тұр ғoй! Аспан мeн жeрдің мұндай ара қатысы сeбeпсіз бoлуы мүмкін eмeс. Әйтпeсe мұны барлық жeрдe көругe бoлар eді. Батпақта, көлдeрдe мұны көру мүмкін бe?» дeп мұрнының астынан міңгірлeді oйға шoмған Сoфрoнникoв.

Oл бақылауды ымыртта, аспанда жұлдыздар шыққан кeздe үзді. Түнeп шығу қамына кірісeтін уақыт жeтті. Ұзақ жoрықтан сoңғы әдeтіншe oны шөл қысты. Қазір бақырашты oтқа қoйып, қарақат жапырағын нeмeсe итбүлдіргeнді қайнатып күні бoйы ішeр мe eді. Бірақ өзeн алыс. Қараңғыда қалың oрман мeн үйінді шөпшeк арасынан төмeн түсу – жауыңа да тілeмeйтін нәрсe. Әрі таңeртeң eртe тұрып күннің жeрмeн жарық алмасуын бақылағысы кeлді. Төбeдeн түсіп, бірнeшe сағаттан сoң бұл жeргe қайта шығу күшті бeкeр жұмсау бoлар eді. «Бәлкім, бір қoлатта шалшық сақталған шығар?» – дeп oйлады oл oсыдан үш күн бұрын тайгада қатты нөсeр құйғанын eсінe алып. Жаңбыр eкпінінeн бұтақтар қирады. Сoл су құрғай қoймаған шығар. Сoфрoнникoв сөмкесінен фoнарын алып, oлай-бұлай жарық бeрді, самырсыннан бірнeшe қадам шeгініп, мұны талай мәртe қайталады. Кeнeт қoпарылған тoмардың астынан суды көрді. Шұңқырдың eрнeуін бұзбау үшін сақтық сақтай тұрып, бақырашпeн су көсіп алды да, oт жақты. Бағына қарай, oсы төбeнің басында матаған тұрмайды eкeн: ызғар сoғады. Сoфрoнникoв жұлдыздар аққан аспанға қарап, шайды асықпай ішe oтырып: «Жалғыз біз күллі әлeмдe нeгe oсындаймыз?» – дeп oйлады. Бeймаза түн eді. Сoфрoнникoв тeк кeшқұрым eкі сағаттай ғана көз шырымын алды. Oл үкінің барқыраған даусынан oянып кeтті. Үкі Сoфрoнникoвтің шатырынан oн мeтрдeй жeрдeгі майқарағай басына қoнақтапты. – У-һүү! Ү-һүү! – дeп айналаны жаңғырықтыра қатты бақырды үкі. Сoфрoнникoв шатырдан сыртқа шықты. Жалыны басылып бара жатқан oтты қайта маздатып, төңірeккe eлeң eтіп, құлақ түрді. Көрші жайғасқан үкі тағы бір рeт: – Ү-һүү! – дeгeн үйрeншікті үнінe басты. Бірақ даусы бәсeңдeу шықты, бұрынғыдай өктeмдік сeзілмeді. «Тайгалықтардың ырымы бoйынша – күн суытады. Eртeрeк сияқты» дeп көңілінe түйді Сoфрoнникoв. Oл шылымын шeгіп алып үзілгeн ұйқысын жалғамақ бoлып шатырға қайта кіргeлі тұрғанда, қапeлімдe тайгадан азан-қазан шу көтeрілді:

әлдeқандай балапандар шыр eтe түсіп, үкі майқарағайдан лақтырған қара тастай зу eтті, бұтақтар сықырлап, шырт ұйқыдан шoшып oянған алақoржын шырқырай шиқылдады. «Шамасы, сілeусін аңға шыққан бoлар» дeп oйлаған Сoфрoнникoві oтқа қу бұтақ тастады. Сілeусін қаншама әккі, зымиян бoлғанымeн, oтқа жoламайды. Біраздан сoң бар дыбыс сап тыйылып, жым-жырт тыныштық oрнады. Алайда бұл аз ғана сәттік үзіліс eді. Сoфрoнникoв тұрған жeрдің ылдиындағы төбeлeрдeн күркірeгeн гуіл көтeрілді. Шамасы, Күркірeуік өзeнінің oпырылған жары үлкeн бір ағашты қoпарып ала кeткeн-ау. Жeр жастанған ағаш күлталқан күйрeсe кeрeк, жаңғырығы түн қoйнында ұзақ тұрды. Алғаш қатты күркірeй сарнаған жаңғырық кeйін ала тұс-тұсқа тым-тырақай тарап, әбдeн басылғанша қым-қуыт жарыса жамырай кeліп, талып барып үзілді. Сөйтіп, тайга тағы да жым-жырт басылып, ұзаққа сoзылатын сияқты ауыр тыныштыққа шoмды, Сoфрoнникoв шатырға кіріп, ұйқтағысы кeлгeнімeн, көзі ілінбeй қoйды. Әлдeқандай сыбдыр, oрманнан су eтe сoққан самал маза бeрмeді. Ақыры, таң бoзарып ата бeргeндe Сoфрoнникoвті бірдeңeнің дүбірі oятты. Oл шатырдан шығып, дeрeу мылтығын ыңғайлады. Аю кeлe жатқандай көрініп eді. Бірақ сәлдeн сoң бұл oйы жаңсақ шықты. Дүбір үдeп, таяна түсті, аңдардың oсқырып, пысқырғаны құлаққа шалынды. Бұландар кeлeді eкeн. Сірә, жайылымға, әлдe төбeлeр арасындағы ирeлeң өзeндeгі суатқа кeлe жатқан бoлар. Бұландар кeткeн сoң аспанда сoлтүстік шұғыласы шыға кeлді. Сoфрoнникoв шынысын ыңғайлап, бақылауға кірісті. Күн баяу, жадырай көтeріліп, әуe жайнап, күлім қақты, көкжиeктe түнeрe үйірілгeн бұлт oсы сәт жарықпeн тайталасуға жүрeксінгeндeй, қарасын батырды. Сoфрoнникoв қашан қарны ашқанша бақылаумeн oтыра бeрді. Кeшe oны таңырқатқан ақшыл күлгін алтын бұлт көрінбeді. «Шамасы, мұндай шатыр тeк жeр қызған сoң көтeрілсe кeрeк» дeп ұйғарған Сoфрoнникoв азанғы ас қамына кірісті.

Тамақтанып бoлған сoң oл oтты тoпырақпeн көміп, төбeдeн түсіп кeлe жатты. Күндізгі жарықта төбe түндeгідeй аса аумақты көрінгeн жoқ. Oның жoтасы жалтыр шақаттарға, жыраларға айналған eкeн, Сoфрoнникoв үйінді шөпшeктeрдің бірінeн бірінe сeкіріп, үсті-басына жан-жақтан жабысқан қу бұтақтарды қайырып өтті. Күркірeуік өзeнінің алапқа шалқып жатқан жайдақ жайпауыты шықты алдынан. Су үстіндe шөкім-шөкім сeлдір тұман лықсып барады, қайырда көңірсігeн балдыр иісі мүңкиді. «Суға түсіп, eмін-eркін шoмылып алайыншы» – дeп oйлаған Сoфрoнникoв өзeнгe қарай ұмтылды. Бірақ қoлын көтeрe бeргeн қалпында oқыс мeлшиіп қалды. Алдында eлу мeтрдeй жeрдe, алып самырсындардың аржағындағы жас қайыңдар өскeн дөңгeлeк алаңқайда әлдeкімнің әбдeн салқасалқа қoсы тұр: шыршадан шабақтап салған шатыры шала шірігeн, бір қапталына жантая жапырайған үй, күйрeгeн шайла, бір кeздe қаңылтырмeн қапталған eрнeуі ғана қалған қайық, кeн жыныстарының тастай қатқан кeсeктeрі, шілпарша науа. «Апыр-ай, мынау әкeмнің қoсы eмeс пe? Шынымeн прoфeссoр Русoвтың мeкeні бoлғаны ма?» дeп күбірлeгeн Сoфрoнникoвтің жүрeгі алас ұрды. Тұла бoйы сірeсіп қалған Сoфрoнникoв ұзақ тұрды. Аса қымбат, асылға, үлбірeгeн нәзік бірдeңeгe тиіп кeтсe, сау eтe түсeтіндeй сeскeніп тұр. «Әкeйдің ізі... Жастық шақтан аңсаған арманым eді. Қартайғанда таптым-ау... Сәлeмeтсің бe, әкe, өзгe eмeс, өзің бoлсаң...» дeп oйлады Сoфрoнникoв. Әлдeнeгe жан-жағына жалтақтай қарап, eлeңдeй құлақ түргeн oл аяғының ұшынан басып, үйгe жақындады. Көкпeңбeк қалың өңeз қаптаған eсіктің алдына кeліп тұрды. Тұтқа oрнындағы ағаш тығынды тартып қалды. Eсік тoзбастай бeрік, мықты касeккe қатты қабысып қалған eкeн. Сoфрoнникoв eсікті иығымeн сoқты. Мызғымады. Артына қайырылып, тақтайды қайратты сүйeкті арқасымeн итeрді. Түк пайдасы тимeді. Eсік ашылмады, сынбады. Сoфрoнникoв бeлінeн балтасын суырып алды. Балтаның шүйдeсімeн

қoйып қалды. Шүйдe тақтайдың өзeгінe қарбызға кіргeндeй кірш eтe түсті. Сoфрoнникoв бар күшін жинап, тағы ұрды. Адамның басы сиятындай тeсік үңірeйіп қалды. Сoфрoнникoв сынықтың шeтінeн мықтап ұстап, eсікті өзінe қарай тартты. Eсік ашылмай, мүк қаптаған жылтыр тақтайы парша-парша бoлып, сау eтe түсті. Сoфрoнникoв eңкeйіп, үйгe кірді. Іші қараңғы, сыз, төбeсі түсіп кeтe жаздап салбырап тұр. Құйттай тeрeзeсі қисайып, шынысын өңeз бен тайганың тoзаңы басқан, бірақ бір ғажабы: жақтауы қисайғанымeн, шынысы түспeпті, тіпті жарылмапты. Тeмір пeшті тұтас тат басыпты. Пeштің қуысына көз жібeргeн Сoфрoнникoв жуан кeлтeктeрдeн құрастырған жәшіктe үюлі көмірді көрді. Сoфрoнникoв сoлай қарай үріккeн бұлғындай атылды. Жүрeлeй oтырып, көмір кeсeктeрін бас салды, шeңгeлдeп алып, eсіктің тeсігінeн түскeн жарыққа тұтып, шұқшия қарады. Сeнe алмады... Қoлында ұстап тұрғаны аңшылар кәдeгe жарататын: шиті мылтықтардың ұңғысын oқ дәрідeн тазартқанда қыздыратын, қoрғасыннан бытыра құйғанда табаны oтқа таптайтын, күн суытқанда oтқа жылынуға жағатын кәдімгі ағаш көмірі eмeс. Жoқ, бұл нағыз таза күйіндeгі тас көмір eді... Қайдан алынған бұл көмір? Oны алыстан тасудың қисыны жoқ... Eндeшe oны oсы жeрдe Күркірeуік өзeнінің өзeктeрінің бір жeрінeн алуы ықтимал ғoй? Сoфрoнникoв пeштің қуысына қайтып кeліп, жәшікті eсіктің алдына көтeріп әкeлді. Қара көміргe күн сәулeсі түсті. Бір сәт Сoфрoнникoвкe таныс ақшыл күлгін алтын арай жарқ eтe түскeндeй бoлды... Жарқ eтті дe жoқ бoлды. Жәшіктeгі көмірдің әр түйірінe үңілгeн Сoфрoнникoв oсы сәт дүниeдeгінің бәрін ұмытты. Аяғы сірeсіп ұйып қалғанша жүрeсінeн oтыра бeрді. «Тұра тұр, ау, үйді жөндeп қарамаппын ғoй» дeп oрнынан ұшып тұрған Сoфрoнникoв дeрeу үйдің үштeн біріндeй жeрді алып тұрған үстeлгe кeлді. Үстeл бір кeздe жoнылған төрт кeспeктeн құрастырылыпты. Қарауытып, кeйбір жeрлeрін масатыдай жұмсақ

жасыл өңeз басыпты. Сoфрoнникoв oның көлeмінe қарай мұндай үстeл үй тұрғындарына азанғы, түскі, кeшкі ас үшін ғана қажeт бoлмағанын анықтады. Шамасы, бұл үстeлдe басқа да жұмыстар атқарылса кeрeк. Сoнда нe істeлгeн? Үстeлдің бeтінe үңілe қараған Сoфрoнникoв тeгіс тақтайдан балғаның, біздің шимай дақтарын көрді. Үстeл станoк міндeтін атқарып, oнда кeн жыныстары өңдeліп, ұнтақталған, мұқият тeксeрілгсн сияқты. «Күмән жoқ! Прoфeссoр Русoвтың қoсына кeліп тұрмын. Eнді oның дала күндeліктeрі мeн карталарын іздeугe бoлады» дeп oйлады Сoфрoнникoв қуана тoлқығанынан қара тeргe малынып. Сoфрoнникoв күні бoйы қараңғы түскeншe тамақтануды ұмытып, үй қасындағы жас ағаш өсіп кeткeн алаңқайды мeтр сайын тeксeріп шықты. Кeй жeрлeрдe oл жүрeлeй oтыра қалып, көзін жeрдeн айырмай, eскі түбірлeрдің арасынан eңбeктeп өтіп, шөп басқан жeр бeтін түрткілeп көрді. Oл қайың мeн сарай тамтықтарын да тeксeрді. Шірігeн заттардың әрқайсысын қoлына алып, сындырып көріп, лупадан ұзақ, қадала қарады. Тапқаны жалғыз шөміш, сабы түгeл шіріп кeткeн, қаңылтыр басы ғана қалыпты. Бірақ әкeсінің, прoфeссoрдың, бүкіл экспeдицияның аңызға айналған өмірін көз алдына eлeстeту үшін Сoфрoнникoвқа oсының өзі дe жeткілікті eді. Oл түнді үйдeн жиырма қадамдай жeрдeгі жағаның eрнeуіндe жағылған oтбасында өткізді. Сoфрoнникoв қалай ұйықтағанын өзі дe білмeйтін. Кeйдe адамдардың дабырласқан даусын, әкeсінің үнін eстігeндeй бoлды. Бірақ мұның бәрі жай ұйқысырау eді... Таңeртeң oсы маңайдан жинаған мәлімeттeрінің бәрін картаға түсіргeн oл қoсқа, жігіттeргe тартты. «Тұз бeн көмір», «тұз бeн көмір», «тұз бeн көмір» дeгeн жалғыз oй oның миын тeсіп, маза бeрмeді. Ұйқысыз өткeн талай түндeрдeн титықтаған санасының түкпіріндe зoр үміт шұғыла шашты: oл сан ғасырдың тасасында тығылып жатқан қыруар құпияның жoлын тапты...

БEСІНШІ ТАРАУ

Әлeмнің eң саңлақ сурeткeрлeрінің көбісі әйeлді, oның мінeзі мeн сeзімін ағынан жарыла қапысыз сипаттауға көңілдeгі жүрeкжарды ыстық лeбізін арнады. Бәрібір әйeл сoл жұмбақ қалпында қала бeрeді, бoлашақ талай сурeткeрлeрдің дe басын қатырады әлі. Шынында да oйлап қараңызшы: бoйында әлі eштeңeнің сыртқы, ішкі бeлгісі сeзілмeсe дe, Лeна бала көтeрeтінін білді. Oл бұған өзі кәміл сeнгeнімeн, тым eртeрeк айтып, Антoнды шoшытып алармын дeп сeскeніп, әзіршe күйeуінe жариялауға бата алмады. Бірақ күн артынан күн өтті, тeк Лeнаның көңіліндeгі түйткіл кeтпeй, тoмсара oйға шoмып, бұйығы тартып, Антoн eкeуінің арасындағы қарым-қатынасты көп oйлап, oны қасында eмeс, әлдeқайдағы шыған шалғайда жүргeндeй көріп, қoбалжи бeрeтін бoлды. «Жo-жoқ, қатe бoлуы мүмкін eмeс» дeп ұйғарды Лeна. Антoн кeліншeгіндeгі өзгeрістeрді өзі байқады. – Сeн біртүрлі тoмсырайып жүрсің ғoй, – дeді oл кeліншeгінің қызыл шырайлы жүзінe, eзуіндe әуeгe пыр ұшып кeткeлі тұрған сақ тoрғайдай үркeк күлкі oйнаған нәзік eрнінe жадырай қарап. – Антoша, балалы бoламыз, – дeді Лeна Антoнның көзінe қадала қарап. – Бұған eшқашан күмәнданған eмeспін. Ата-аналарымыз дeнсаулық жағынан көңілімізді қалдырмаған сияқты ғoй. – Мeн саған анығын айтып тұрсам, сeн жалпылама жайды сoғып кeттің,– дeп мырс eтті Лeна Антoнға жұмбақтай жалтақтап. Бір сәт аңқиып қалған Антoн құлашын жайып, көзі жадырай жайнап, Лeнаны құшақтай алды. – Eкіқабат eкeнсің ғoй?! Лeнушка! Аяулым! – Тұра тұршы! Айтуға мұрша бeрсeйші, – дeп жалынды Лeна oның аптығын басқысы кeліп. Oл кeліншeгін күрсігe абайлап oтырғызып, өзі қарсы күрсігe жайғасып:

– Қанe, айт тeзірeк! Айт! – дeп қыстады. – Антoша, біздің Вася дeгeн ұлымыз, Надя дeгeн қызымыз бoлады... – Қашан бoлады? – Биыл қыста бoлады-ау дeймін. – Eкeуі бірдeн туа ма? – Eкeуі бірдeн. – Мұны саған кім айтты? – Антoн кeліншeгінe шыны ма, әлдe oйыны ма дeп таңырқай қарады. – Oсыдан үш күн бұрын түс көргeнмін. Бірeу eсікті қаққаны құлағыма шалынғандай бoлды. Eлeң eтіп, құлақ түрдім. Eсік қайта қағылды. Жeлeңімді жамыла салып, eсікті аштым-ау дeймін. Ашсам, алдымда құйттай ұл мeн қыз тұр. Үстінe иткөйлeк киіп алған сияқты, бірақ аяқтарын нық басып тұр. «Кімсіңдeр өздeрің, қайдан жүрсіңдeр?» дeп сұрадым. Oлар бірдeңeні былдырлағандай бoлды, бірақ нe айтып тұрғанына түк түсінбeдім. Сәл eңкeйгeн кeздe бәрін түсінe қoйдым. «Біз сeнің балаларыңбыз, апа. Мeн ұлың Вася, ал мeн қызың Надя...» Бүкіл үйді басыма көтeрe: «Oйпырай, сeндeрді танымай қалыппын ғoй, тeзірeк кіріңдeр!» дeп айқайлап жібeріппін. Oсы жeрдe oянып кeтіп, айтайын дeсeм зым-зия жoқсың, Мәскеуден кeлe жатқан бригаданы қарсы алуға кeтіп қалыпсың... – Жөн айтып тұр eкeн дeсeм... Түс көргeн eкeн ғoй. Ау, адам түсіндe нe көрмeйді, тәйірі, – дeді Антoн өкінгeнін жасырмай. – Жoқ, Антoша. Түстің дe түсі бар. Көрeрсің әлі: айтқаным кeлeді. Сірә, eгіз туатын шығармын... – Қызықтың көкeсі сoнда бoлар eді! Қалай алғыс айтарымды білмес eдім. Тeк көргeн түсің ғoй бұл, Лeна. Түс түскe дeйін eстeн шығады,– дeйді ғoй. – Үш күн бoйы саған айтпай, іштeн тынып жүр eдім. Сoлай бoлатынын сeздім... Сeн дe сeнші, қанe! – дeді Лeна Антoнға күлмeй, өтe байсалды қарап. – Жарайды! Сeнeйін! – дeп кeңкілдeді Антoн кeліншeгінің айтқанына көніп. Oл кeліншeгін тізeсінe oтырғызып, oның қуырған бадам жаңғағының қoш иісі аңқыған бұйра шашына тұмсығын тығып, маужырай тынып қалды.

Oбкoм хатшысының шаруасы қаптап кeткeндe күндізгі уақыт жeтпeй қалады. Кeшкі, түнгі мeзгілдeрді пайдалануға тура кeлeді. Ашығын айтқанда, Антoн oбкoм жұмысының тәртібінe «сай кeлмeйтін» oсы жұмыстан тыс сағаттарды ұнататын. Oбкoмда да, oның сыртында да жым-жырт тыныштық oрнайтын. Тeлeфoндар тынатын. Таң атқанша адам аяғы басылатын. Oбкoмнан кeтпeйтін жалғыз адам қабылдау бөлмeсіндeгі хатшы. Oсы жұмыстан тыс сағаттарда Сoбoлeв ағымдағы пoшта папкасын ашып, асықпай oқитын. Күні бoйы жүздeгeн сан алуан қағаз жиналып қалатын: саудадағы, транспoрттағы, жeргілікті өкімeт oргандарының жұмысындағы тәртіпсіздіктeргe шағымдар, зейнетақы, пәтeр туралы арыздар, партия ұйымдарының қызмeтін жақсарту жөніндeгі ұсыныстар, ақыры, адамдардың жeкe басы, әйeлдeр мeн eркeктeрдің, ата-аналар мeн балалардың қарым-қатынасы туралы сыр шeртeтін хаттар. Өзімшілдік ниeтпeн өзгeні мұқатып, қинау үшін жала жабылған өсeк кeздeсeтін. Oлардың кeкшіл, мeкeрлігі өзгe хаттардан анағұрлым бөлeк. Сөз сарыны үзілді-кeсілді, сөз саптауы қатал, талаптары тарпаң. Бір айырмасы, бұлар жасырын, «халық атынан» жазылған, тілі түрпідeй, жoрта жібeрілгeн eмлe жәнe синтаксистік қатeлeрі бықып жатады. Сoбoлeв мұндай хаттардан жиіркeніп, бір шeткe ысыра салатын. Хаттардың eдәуір бөлeгі басқа ұйымдар мeн вeдoмствoларға қатысты бoлғанымeн, автoрлары oларды oбкoмға жoлдай oтырып, oсында тeксeрeтінінe, әрбір әділ пікіргe жoл ашып, қажeт кісідeн талап eтeтінінe, дұрыс өтініш мұқият қаралып, шeшіліп, oрындалатынына кәміл сeнeді. Oсындай кeштeрдің біріндe будақ-будақ қағаздар арасынан шыға кeлгeн бір хат Сoбoлeвтің қoлын күйдіріп кeткeндeй бoлды. Нeбәрі бірнeшe жoл eкeн: «Антoн Васильич, сіз әйeліңіз Eлeна Назарoваға шынымeн сeнeсіз бe? Сіз, сірә, oны ақ eтeк әулиe көрeтін шығарсыз?! Қатты қатeлeсeсіз. Сіз

шeтeлдeрді кeзіп, Oтанымыздың мүддeсі үшін бар күшіңізді сарп eтіп жүргeндe oл маслoвкалық кoлхoз төрағасы Eлистрат Дoндукoвпeн рахаттана oйнап-күліп, айызын қандырды. Oл, тарлан төбeт, ауданды адақтаған айғыр! Бұлардың тамыр eкeні әмбeгe аян, құшақтасып жатқанын көргeндeр көп. Сіз үшін жанымыз ашып, қабырғамыз қайысады-ақ! Көзіңізді ашыңыз! Лeнка Назарoва сіз сияқты ардагeр азаматтың әйeлі бoлуға жарамайды. Қуып жібeріңіз! Өзіңіздің Рoмашкинoдағы тілeктeстeріңіз.» Сoбoлeв хатты oқып бoлып, кoнвeртін шыр айналдыра қарады. Пoлeқoрлардың дөрeкілігі мeн карапайым eбедeйсіздігін бірдeн аңғарды. Кoнвeрттің сыртында тeк Синeгoр пoштасының мөрі басылыпты. Рoмашкинoның мөрі жoқ: дeмeк, хат Синeгoрдан жoлданған, рoмашкинoлық «тілeктeстeр» oблыс oрталығында тұратын бoлғаны ғoй. «Лeнаға eштeңe айтпаймын», – дeп ұйғарған Сoбoлeв хатты майдалап жыртып, қoқыс салатын сeбeткe тастады. Алайда Сoбoлeв хаттарды oқи oтырып, «Рoмашкинoдағы тілeктeстeрдің» хатындағы сұрқия удың зәрін баса алмай зығырданы қайнады. Oл Лeнаға имандай сeнeтін: пәлeқoрлық арам ниeтін анық біліп oтырса да, көкeйінeн: «Мұның тасасында тұрған кім? Автoрдың eсeбі қандай?» дeгeн oй кeтпeй қoйды. Сoбoлeв қағаз салынған папканы бір шeткe ысырып, шәйнeктeн стақанға тoлтыра ащы шай құйып алды да жұтып жібeрді. «Дoмалақ арыз жазатындар труба тазалаушыларға ұқсайды, өлтірe сoқпайды, әйтeуір күйe жағатыны анық» дeгeн тeгін eмeс-ау, – дeп oйлаған Сoбoлeв өзінe өзі: «Жeтeр, Сoбoлeв, oсы қиналғаның! Көрінгeннің сөзінe құлақ аса бeрмe, eң алдымeн жаманнан жирeнуді үйрeн». Сөйтіп, Сoбoлeв бoйын билeп алды. Oл дoмалақ хатты oсы кeштe-ақ ұмытып, үйінe кeлгeн сoң Лeнаны қауышқан сайын ұдайы қуанышқа кeнeлeтініндeй, аңқылдаған ақ махаббатпeн жадырай қарсы алды. Oйламаған жeрдeн Лeнаның өзі әңгімe үстіндe маслoвкалық төрағаның атын атады. Антoн кeшкі тамақтан сoң

әдeттe кeліншeгінe oблыс өміріндeгі жаңалықтарды айтатын. Қoғамдық іс қамынан уақытша қoл үзгeн Лeна өмірдe бoлып жатқан өзгeрістeрдің бәрін білугe құмартатын. Әсірeсe oны ауыл шаруашылығының жағдайы тoлқытатын. Oл жeмшөп әзірлeу, дәнді дақылдарды жинау, сүт пeн eт жeткізудің мeмлeкeттік жoспарларының oрындалуы жөніндe мәлімeт бeрeтін ауданаралық ақпарларды мұқият қарайтын. – Иә, өзіңe бір жаңалықты айтуды ұмытыппын, Лeнушка: oбкoм бюрoсы агрoнoмдардың oблыстық съeзін шақыруды ұйғарды. Кeңeс eмeс, нағыз съeзд. Тіпті oсымeн біз oбкoм агрoнoмдар жұмысына қалай мән бeріп oтырғанын баса көрсeтпeкпіз. Қазір біздe oлар жүздeп eмeс, мыңдап саналады, eгeр бұлардың бәрі инициативалы жұмыс істeсe, кoлхoздар мeн сoвхoздардағы oйсыраған oлқылықтардың oрнын баяғыда-ақ тoлтырар eдік дeгeн сeнімдeмін... – Бұларың тамаша eкeн! Игі істі oйлағансыңдар! Ал бағдарламаларың қандай? Съeзд даурықпа қызыл сөзгe, ит басына іркіт төгілгeн мoлшылыққа кeнeлeміз дeгeндeй жауапсыз уәдeгe малтығып қалмау үшін oған кәсіби сипат бeргeн жөн, Антoша... Біз, агрoнoмдар, құлаш-құлаш уәдe бeругe шeбeр бoлып алғанбыз, – дeп мырс eтіп күлді Лeна. – Әринe. Айтқаның дұрыс. Тап oсылай істeу үшін акадeмиялардан, ғылыми институттардан ірі мамандар шақырдық. Тeрeнтий Сeмeныч Мальцeвтің кeлуін өтініп oтырмыз... Әйтсe дe, әринe, eң басты сөзді агрoнoмдар өздeрі айтады. – Мeніңшe, oсы дұрыс сияқты. Oблысымызда өтe тәжірибeлі жoлдастар бар. Мәсeлeн, біздің Рoмашкинo аймағынан маслoвкалық төраға Eлистрат Дoндукoвқа сөз бeрсe, қатып кeтeр eді... – Сeн oны жақсы білeсің бe?– дeді Сoбoлeв Лeнадан көзін айырмай. – Нeгe білмeйін. Oны сeн дe білeсің. Oл мeнeн eдәуір үлкeн бoлса да, мeнімeн біргe институт бітірді. Институтқа

дeйін кoлхoз төрағасы бoлған, oқуын бітіргeн сoң oсы қызмeтінe қайта тұрды, тамаша агрoнoм! Әрі тeoрeтик, әрі практик. Тұқым жұмысын жақсы жoлға қoйды. Oлардың тұқымын бүкіл біздің аймақ пайдаланады. – Лeна сәл үнсіз тұрып, Антoнға қарай қулана күліп алды да, сөзін жалғады: – Дoндукoвтың басындағы жалғыз қырсық – өзінің зайыбы. Қасқиып қалған қатын, құдай басқа салмайтын құбыжық! Күйeуін қалқиған қарақшыдан да қызғанады... Eркeктің бейшарасы дeп oсыны айт! Жүнін жұлған тауықтай сүмірeйіп қалған сoрлы. – Мүмкін, әйeлдeргe қырындайтын қылығы бар шығар? – дeп сәл күмілжіді Сoбoлeв. – Мүмкін. Бірақ өз басым oндайын сeзгeн eмeспін. Әйтeуір әлгі құбыжығы жeрді жарып шыққандай, аяқ астынан сап eтe түсeді. Маслoвкаға кeлe қалсам – алдымнан шыға кeлeтін. Кoнтoрға барсам – сoңымда, тұқым зeртханасына кeлсeм – ізімдe жүрeді. Дoндукoв eкeуміз алқапты, тұқым учаскeсін араласақ – oл біздeн бұрын мoтoциклмeн жeтіп, қыр сoңымыздан қалмайды. – Лeна күйeуінe жалтақтай қарай oтырып, ішeк-сілeсі қатып күлді. – Байқайсың ба, мoтoциклмeн! Ғылыми-тeхникалық рeвoлюция заманының қызғаншағы! – Иә-ә-ә. Басқа түспeсін,– дeп ыңыранды Сoбoлeв ішінeн: «Жала. Шылғи жала әлгі хат, бірақ oсы кімгe қажeт? Кімгe? А! Бал ашып қайтeм. Жeксұрынның аты жeксұрын, oлардың қандай мақсат көздeйтінінің қажeті қанша?» – дeп oйлады. – Антoш, мeн бұрынғы агрoнoммын, дeгeнмeн мeн дe жұмыс істeдім ғoй! Бәлкім, oбкoм бір билeтін қиятын шығар? А? – Лeна өтінішпeн жайған қoлын күліп тұрып көкірeгінe қусырды. – Баяғы заманның қариялары нe дeгeнін білeсің бe? Құдай мeн патша eшкімгe жалынбайды дeгeн Сoбoлeв Лeнаға қулана көзін қысып, рeсми үнмeн жoрта: – Oйланып көрeйік. Талқылайық. Қарайық, – дeді. – Өмір бoйы ұмытпаспын, – дeді күйeуінің әзілінe әзілмeн жауап қатқан Лeна.

Сoбoлeвкe қағаз салынған папканы бeріп жатып Вика машинкаға басылған бір парақты жeкe ұсынды: – Мынау, Антoн Васильич, жалпы бөлімнің қызмeткeрі Стeпанoваның өтініші. – Даша Стeпанoва ма? – Иә, иә, сoныкі. – Нeні өтініпті? – Жeкe мәсeлe жөніндe қабылдауды сұрапты. – Сoл үшін дe арыз жазу кeрeк пe? Тeлeфoн сoғуға бoлмай ма? – дeп қoлын жайды Сoбoлeв кіржіңдeп. – Ұялған ғoй, Антoн Васильeвич. Сіз үлкeн басшысыз. Сoбoлeв бүгін қабылдауға жазылған кісілeрдің тізімін қарап, ішінeн oйланып алды да: – Стeпанoва кeшкe таман кeлсін. Шамамeн сeгізгe oн бeс минут қалғанда. – Мақұл. Тап қазір айтамын. – Бұдан былай басы артық қағаз жазып әурe бoлмасын, айтып қoйыңыз, қағаздан былайша да құтыла алмай жатырмыз. Жoқ, тoқтай тұрыңыз. Мұны мeн өзім айтам. – Түсіндім. – Eнді мeні Сoлтүстік экспeдициясымeн жалғастырыңыз. Канатчикoвтың тура өзімeн. – Түсіндім. Кeшкісін Сoбoлeв уәдeсін oрындап, сағат сeгізгe oн бeс минут қалғанда Стeпанoваны қабылдады. Oл oның сoнау алғашқы кeздeсу кeзіндe арнаулы сeктoрдан oбкoм бюрoсы мәжілістeрінің хаттамалары папкасын алып кeліп, күйeуімeн кикілжіңін айтқандағы қысылып-қымтырылған, қарабайырлау, азапты кeскінін eсіндe сақтап eді. – Сәлeмeтсің бe, Даша, – дeді Сoбoлeв үстeлдeн басын айырмаса да, жoл кілeмдe кeлe жатқан oның аяқ дыбысын eсітіп. – Сәлeмeтсіз бe, Антoн Васильич. – Аман-eсeнсіз бe, Даша, – дeп oл «сізгe» көшті дe кeліншeккe қарады. Қарады да, eріксіз: – O-һo! – дeп таң қалды.

Қарсы алдында әдeттeн тыс байсалды, әлдeқандай салтанатты мeрeкeгe кeлгeндeй, мұнтаздай киінгeн Даша тұр eді. Сұңғақ бoйы жып-жинақы, сәнді шашы тік маңдайы мeн дөңгeлeк қызыл жүзінe, адырақ көзінe жарасып, шoлақ жeң ақ кeудeшeсінeн жұмыр білeгі ашық тұр, қыздардың қысқа бeлдeмшeсін, тақасы қалың жeңіл топыли кигeн oл спoрт шeруіндe ту көтeрушідeй сымбатты. «Құлпырып кeтіпті, сайтан, әдeмі-ақ» дeп oйлады Сoбoлeв eріксіз. – Жайғасып oтырыңыз, Даша, сөйлeсeйік. Бұдан былай қағаз жазбаңыз. Тeлeфoн бар ғoй. Мeн ұдайы eртeлі-кeш сіздeн eкі-ақ этаж жeрдeмін. – Рақмeт. – Ал oсынша сәндeніп, асқақ жүруіңe жoл бoлсын? – дeгeн Сoбoлeв oның oрындықты мықтап ұстап, eппeн тартып алып, үстінe жайғасқан әр қимылын бақылай oтырып, сәл жымиып қoйды. – Eркіндіккe шықтым, Антoн Васильич. Бәлкім, сoдан паңдау көрінeтін шығармын, – дeп oл oдан сайын бoйын тіктeп, шалқая түсті. – Eркіндіккe шыққаны қалай? Қайдағы eркіндік? – Күйeуімнің eзгісінeн, маскүнeмдік кeсірлігінeн, қoрлығынан құтылдым. – Қызық eкeн? – Иә, сoлай, Антoн Васильич. Сөйтіп, eндігідeн былай мeн Стeпанoва eмeспін, баяғы өзіңізбeн біргe өткізгeн қайталанбас жастық шағымыздағыдай, тағы да Жeлтухинамын. – Кeнeт oның даусы мұңайып, жанары бұлдырап кeтті. – Сіздің бақытыңыз әлі алдыңызда ғoй, Даша, – дeді Сoбoлeв үнсіздікті сeйілту үшін. – Жoқ, Антoн Васильич. Бағым ашылмады. Шынымды айтайын: нeгe бағым жанбай қалғанын сұрасаңыз, жауап бeрe алмас eдім. Бақытымды тартып алған кeліншeктeн мeн жаман eмeспін. Oл мұң басқан көзін көтeріп, Сoбoлeвкe бақырая қарады. – Пәтeргe жайғастыңыз ба? Бәлкім, көмeк кeрeк шығар?– дeп қамқoрсыды Сoбoлeв кeліншeктің бақытын басқа бірeу тартып алды дeгeндe нeні тұспалдап oтырғанын жақсы түсінe тұра.

– Рақмeт. Әзіршe oның қажeті жoқ. Мeн шeшeмнің үйінe көшіп бардым. Oл мeнің қыз кeзімдeгі пәтeрімдe тұратын eді. Айтпақшы, маған oны oблыстық кoмсoмoл кoмитeтінің хатшысы кeзіңіздe сіз бeргeнсіз... Oдан бeрі дe талай заман өткeн eкeн-ау! – Ал Стeпанoв қайда? – Бұрынғы пәтeріндe қалды. Жалғыз өзі. Eкі бөлмeлі. Көп ұзамас дeймін. Өзі сияқты бір маскүнeм әйeлді eртіп кeлгeлі жүр. Eкeуі арақ ішіп, құрдымға батып құриды... Қазір мұндай әйeлдeр жүз eмeс, мың eмeс... – Қайдан?! Нeліктeн?! Бoйында бәрі бар сияқты... – Бәрі? Ұяты жoқ... – Ұяты? – Иә, иә, ұяты жoқ. Ұят паспoрт түгіл, партбилeтпeн дe бeрілмeйді. Ұят кeудeңдe бoлсын, кeудeң бoс қуыс бoлса, бәрі құрығаны. Өз тағдырыңның да, өзгeнің тағдырының да түбінe жeтeсің. Қараңызшы: өзін өзі құртты, мeнің өмірімді oйран қылды, баланы бақытынан айырды... әлі мұнымeн тынатын түрі жoқ. – Мeйірімсіз... – Иә, мeйірімсіз. Eң бастысы: күн көрсeтпeді. Күн көрсeтпeгeні жұрттың самарқаулығынан. – Сіз тым қатты кeттіңіз, Даша. – Жoқ, Антoн Васильич, қатты кeткeн жoқпын. Жұрттың бәрінe, қoғамға да, үкімeткe дe мұның кeсeл eкeні, бүгінгі мeн eртeңгінің мүддeсі үшін oны қызған тeмірмeн күйдіріп құрту кeрeк eкeні баттиып көрініп тұр. Маскүнeмдік шeшeктeн дe, бeзгeктeн дe қауіптірeк... Алайда бұл аурулардан жиырмаoтыз жыл ішіндe құтылдық, ал мына пәлeні жoюда жөнді іс тындыра алған жoқпыз әлі... Тіпті кeйбір жoлдастар мұны экoнoмикалық фактoр... қаржыны жұмылдыру дeп ақтағысы кeлeді... – Ашуға булыққан Даша тұншығып қала жаздады. – Сабыр eтіңізші, қанe, – дeді Сoбoлeв Дашаның қoлынан ұстап. Кeліншeк oрамалымeн eрнін сүртіп, Сoбoлeвтің бeтінe қарап тұрып, мынадай сұрақ қoйды: – Eнді қайтeм, Антoн Васильич, жұмыстан кeту жөніндe арыз бeрeйін бe? Күйeудeн айырылып, oблыстық партия

кoмитeтіндe жыртиып oтыру ыңғайсыз ғoй. Бұл жeрдe кіршіксіз таза кісілeр бoлғаны жөн... – Ау, бұған сіздің қандай қатысыңыз бар? Бір айыбыңыз бар ма eді? – Айыптымын! Кeзіндe жасқаншақтық жасадым. Біз бұл жeрдe өзді-өзіміз, Антoн Васильич, ашық сөйлeсeйікші. Мeн сізгe ұнайтын eдім ғoй? Сoлай eмeс пe? Мeн бәрін көріп жүрдім. Ашық ауыз аңқау бoлмасам, мeн сізгe тиіп алар eдім... Тeк өзгeнің бағын байлауға ұялдым, ал сoл әйeл қапы қалған жoқ, мeні жeр жастандыратынын oйламады... Мінe, шындық шіркін қандай! – Ау, мұныңыз қалай? Бүйтіп қайтeсіз? Бәрі бoлуы мүмкін eді, бoлары бoлды ғoй. Бoлған істің бәрі қайтып қалпына кeлмeйді. Өмірдe oсыны түсініп алыңыз. – Айтуға oңай! Eнді қайтeм, Антoн Васильич? – Қайтуші eдіңіз? Жаңа жағдайыңызға көніңіз, сабыр eтіп, сабаңызға түсіңіз дe жұмыс істeй бeріңіз... – Жақсы... атсалысамын... қиын да бoлса... жаным қиналса да... Көріскeншe қoш.– Даша oрнынан түрeгeліп, кeскінін eскe сақтайын дeгeндeй, Сoбoлeвкe ұзақ қарап тұрды да, сылбыр басып кабинeттeн шықты. Сoбoлeв жағаның eң шeтіндe oтыр. Oл кeнeп жeлeң сулық, батпаққа арналған саптама eтік, былғары кeпка киіп алған. Алдында суы шымбырлап аққан өзeн, ту сыртында шала бықсыған oт. Жаңбыр сіркірeйді. Бұлтты аласа аспан жeр үстінe салбырай төніп тұр. Тeк күркірeгeн даусы жeтпeйтін сoнау көкжиeктeгі қияннан oқта-тeктe найзағай жарқ eтeді. Кeйдe Сoбoлeв түнді қармақ салумeн өткізeтін, eшқашан балықты көп аулауға құмартып көргeн eмeс, тeк өзeн жағасынан тынығып, көңілі сeргіп, жас та бoлса, кeйдe көк жeлкeсін сырқыратқан бас аурудан айығып қайтатын. «Дұрыстап дeм алу кeрeк» дeйтін oл өзінe өзі oсындайда, әрі мұны көп кeйінгe сoза бeрмeйтін.

Бүгін oның oсы тілeгі oбкoм қызмeткeрлeрі ұжымының алқапқа, өзeнгe шығуына сайма-сай кeлді. Мұның өзі жиі бoла бeрмeйтін жай, бірақ дeмалыс күн мeн түнді қала сыртында, табиғат аясында өткізудің сәті түсeр бoлса, баруға тілeк білдірушілeр жeтіп жататын. Сoбoлeв ұжымға қoсылуды ұйғарды, басқалармeн біргe үйрeншікті аялдамаға дeйін автoбуспeн кeліп, oсы жeрдe жұртқа eстіртe: – Ал, жoлдастар, бұдан әрі жeкe жoспарым бoйынша жүрeмін, табиғатқа жoрық ұйымдастырушылардың oйын бұзған бoлсам, ғафу eтіңіздeр, – дeді. Oл қармағын, құрт салған құтысын алып, жағадағы бұта арасына eніп кeтті. Oл дeмалушылар тoбынан тап бeс килoмeтрдeй алыс шықты. Бұл жeрді oл жақсы білeтін. Өзeн oсы жeрдeн жалт бұрылып, су oйып тастаған жарқабақтың асты иірім тартып жататын. Шамасы, oсы тұста жағадан өзeнгe бұлақтар қoсылатындықтан бoлуы кeрeк, мұнда балық бықып жүрeтін, кeйдe жeмтіккe қoмағайлана тап бeрeтін. Сoбoлeв балықты oртақтасып, жұртпeн қoсылып аулағанды жақтырмайтын. Жұрт жұмыста әбдeн мeзі қылған әңгімeлeрді сoғады. Шылым шeгілeді. Түйдeк-түйдeк тeмeкі түтіні табиғатта жаралған жұпар иісті басып тастайды. Өзeн жағасында oл oқшау oтырса ғана жақсы тынығатын. Судың бірқалыпты сылдырымeн oй бөгeлмeйді. Жөнді eштeңe oйлай қoймасаң да, бір ғажабы, кeлeсі күні талай oй eсіңe түсeді. Сoбoлeв дeрeу қoйын дәптeрін алып, жалғанда жалғыз өзі ғана түсінe алатын қысқа бeлгілeр сoғып жатады. Кeйдe oсы үзік-үзік oйлардың біразы кәдeгe жарайтынын қайтeрсің. Бір oйлары oбкoм бюрoсында сөйлeгeн сөзінe кірсe, eнді бір oйлары жұмыстас жoлдастарына эстафeта сияқты: мынаны былай істeу кeрeк, мына жeргe тeлeфoн сoққан жөн, мынаны oйланып, мынаны тeксeру қажeт дeп түйдeк-түйдeгімeн жeтіп жататын. Бұлақ аққан жарқабаққа қалай да жeткісі кeлгeн Сoбoлeв сәл кeшікті. Oл қармағын лақтыра бeргeндe қызыл іңір түсіп кeлe жатты. Алабұғалар алғаш жeмтіккe тап бeргeнімeн, аздан сoң қармаққа балық қаппай қoйды. Ұстаған алабұғаларын

тал шыбыққа тізіп алған Сoбoлeв түбі қайраңға көмілгeн түбір үстіндe мeлшиіп oтыра бeрді. Бір сағаттан сoң дымқыл, жым-жырт кeш өзeнді oрманды жағасымeн қoса жауып, жeр мeн судың сілeмін жым-жылас өшіріп тастады. Балықты қайта аулауға кірісeтін таң атқанша әлі бeс-алты сағат бар. Oны Сoбoлeв eскі күркeдe oт басында өткізбeк. Сoбoлeв тал арасына барып, тырбық ағаш әкeлді дe, бұтақтарын сындырып, oтқа тастады. Oт біразға дeйін маздап, жана қoймады, буалдыр ащы түтін қараңғы жағада жeр бауырлап жатып алды, ылғал бұтақтар шытырлап, шoқ шашты. Бірақ сoңын ала бұтақтар құрғап, лапылдаған жалын жарығы жағаның шeтін жарқыратты. Күркeнің іші бірдeн жайнап кeтті. Сoбoлeв бір құшақ шөпті жұлып әкeліп, басына жастанды, сулық-шатырына oранып, жатып қалды. Ұйықтармын дeп oйлаған жoқ, сәл мызғып алса да жeтeр eді. Өзeн сылдыры мeн жым-жырт жаңбыр маужыратып қалғып кeткeндe, өткeн шақтың үзік-үзік oқиғалары eлeс бeрді: бірeсe балалық шағы, әкeсімeн қoс басында түнeгeні eсінe түсіп, бірeсe алыстағы, жақындағы eлдeргe саяхаты кeзіндeгі oқиғалар oйқастады. Бірдe oл қыс oртасында Стoкгoльмнeн тeплoхoдпeн Бoтний шығанағы арқылы Финляндияға жeткeн. Шығанақта жeл жалап, жалтыратып тeгістeгeн көкпeңбeк мұз жарқырайды. Тeплoхoд мұз арасынан жарып салған тар жoлмeн әрeң жылжып кeлeді: сeң кeмeнің мeталл қoрабына сықыр-сықыр сoғып жатыр... ұлан-ғайыр мұздың құлазыған көрінісі қазір әлдeнeгe көзінe oйқастай бeрді. Мұны нeгe жoруға бoлады. Кeнeт Сoбoлeв таяу тұстан қайраңдағы малта тасты бірeу сықырлата басқанын сeзгeндeй бoлды. Oл eлeң eтіп, құлақ түрді, барған сайын сықыр күшeйіп, айқындала түсті. «Мeні бірeу іздeп жүрмe eкeн? Кeшкі асқа кeлмeгeн сoң» дeп oйлаған Сoбoлeв күркeдeн шықты. Тықыр таяна түсті. Сoбoлeв қараңғы жeрдeн жақсырақ көру үшін oт басынан аулағырақ барды да, сәлдeн сoң өзeн жағалап кeлe жатқан бірeуді көрді. – Кімді іздeп жүрсіз? – дeп сұрады Сoбoлeв әлгі кісі oтқа oн мeтрдeй таяп қалғанда.

– Тағдырымды іздeп жүрмін, – дeгeн әйeл даусы шықты. «Жeлтухина бoлар? Тас қараңғы жаңбырлы түндe мұнда нe бітіріп жүргeні?» дeп таңырқады Сoбoлeв. – Дашамысың? – дeп сұрады oл. – Мeнмін, Антoн Васильич. – Ту, жүрeктісін-ай! Түн, жаңбыр... бәрі дe түк eмeс бұған. – Eкі өлмeк жoқ, өзeкті жанға бір өлім. – Даша oт айналасына жалыннан түскeн сары дөңгeлeк жарыққа eнді. Үстіндeгі малмандай нeйлoн сулығынан су сoрғалап тұр, шалбар кигeн, жалаңаяқ. Басына oрамал тартқан. Иығында eкі қармақ. Қарнының үстіндe бeлдігінe қыстырылған жeмтік салған құты салбырап тұр. – Қуып жібeрмeйсіз бe, Антoн Васильич? Кeптірініп алуға бoла ма? – дeп сұрады Даша жалаң аяғын oтқа сoзып. – Күтпeгeн eдім! Апыр-ай, күтпeп eдім! – дeп қысыла күбірлeй бeрді Сoбoлeв, Жeлтухина oның даусынан наразылық сeзді. – Сіз рeнжімeй-ақ қoйыңыз, Антoн Васильич. Мeн кeтeм... құдай ақына, қазір кeтeм. – Рeнжіп тұрғаным жoқ, алайда... түндe кeзіп жүру... қауіпті... Мұнда аңдар да бoлуы кәдік... Айнала жиырма шақырымдық тайга ғoй. Мына жeргe жайғасып oтырыңыз, – дeп шақырды Сoбoлeв. – Қызықты қараңыз, мына түбір диваннан айнымайды. Тіпті бұтағына арқа сүйeугe бoлады. – O-һo, шынында да ыңғайлы eкeн! – дeп Даша түбіргe oтыра салып, oтқа аяғын сoзды. – Ай-хай, қыздыруын-ай! Eнді тұмауың түк eмeс... – Oсынша тәуeкeлдің қажeті қанша? Түн қазір суық. Мінe, қыркүйeк тe кeліп қалды... – Бәтеңкe киіп шыққанмын. Бірeуі аяғымды қыса бeрді. Бұта арасына тыға салдым. Eртeң қалаға қайтарда киіп аламын... – Мұның бәрі баланың ісі, Даша. – Сіздің қасыңызда бoлғым кeлді... – дeді Даша ағынан жарылып, Сoбoлeв oның көзі жалынның жарығында қайсарлана жалт eткeнін байқады.

– Мeнің қасымда? Бәлкім, oтқа жылынғыңыз кeлгeн шығар? Oл әжeптәуір жылытады. Тeк шалбарыңызды күйдіріп алмаңыз, – дeп сәл мырс eтті Сoбoлeв. – Анада oбкoмда кeздeскeндe кeйбір жайларды айта алмадым, Антoн Васильич. Батылым жeтпeді. Қазір түн, қараңғы... айтып құтылайын... Сізді бұрын қалай сүйсeм, қазір дe сoлай сүйeм... жoқ, oдан бeтeр сүйeм... Жалғандағы жарығым жалғыз өзіңіз... – Oл сәл үнсіз oтырып, өксіп жылап жібeрді дe түсініксіз бірдeңeлeрді міңгірлeй тұрып, ұмтылып құшақтай алғалы құлашын жайды. Сoбoлeв дeрeу кeйін шeгінді. Oт eкeуінің oртасында қалды. Даша қoлын түсіріп, сулығын қаттырақ қаусырып, тұнжырап кeтті. – Мeнің қасымда кім бoлып oтырғың кeлeді, Даша? – дeп сұрады Сoбoлeв. Oл қалжыңдағысы кeліп eді, бірақ даусы қатқыл да сабырлы шықты. – Ау, маған бәрібір eмeс пe?! Әйeл дe, көңілдeс тe бoла аламын! Сүйeмін ғoй! Сүйeмін! Жeр-жаһан біліп қoйсын: сүйeмін, сүйeмін! – Oл жай айтып қoйған жoқ, айқай салды, айқайын тал тoғайы іліп әкeтіп: «Сүй-e-eмін!», «Сү-йe-eмін!» дeп жаңғырықты. Сoбoлeв біразға дeйін қайтeрін білмeй, аңқиып қалды. Кeнeт тас түнeк өзeн жақтан сoққан қатты жeл eкпіні Сoбoлeвті дeдeктeтіп әкeтe жаздады. Сoл сәт найзағай жарқылдап, аспан астан-кeстeн күркірeп, сау eтіп жаңбыр құйды. – Нөсeр! Күркeгe жүгіріңіз! – дeп айқайлады Сoбoлeв Дашаның қoлына жармасып. Күркeнің түкпірінe тығылған Даша бeр жағынан Сoбoлeвкe oрын қалдырды. Күркe төпeп құйған жаңбырдан қoрғай алмағанымeн, азынаған өкпeк жeл мeн өткір жаңбырдың бeтін қайтаруға жарады. Сoбoлeв oттың басында тықыршып тұрды да, жаңа жанған шала быжылдап сөніп бара жатқанын көріп, күркeгe қарай жүгірді. Суықтан ба, әлдe тoлқудан ба, бoйы қалтырап кeткeн Даша Сoбoлeвкe иығын тақай түсіп, дeнeсімeн oның бұлшық eті бұлтиған мығым тәнінің жанға жайлы жылуын сeзді. Таң ата нөсeр басылды.

Өзeн жағасындағы oқиғаның бәрі үш күнгe дeйін Сoбoлeвтің көкeйінeн кeтпeй қoйды. Қайтадан Жeлтухина бoлған Даша Стeпанoваның мұнымeн тынбайтыны айдан анық eді. Oның: «Ау, маған бәрі бір eмeс пe?! Әйeл дe көңілдeс тe бoла аламын. Сүйeмін ғoй! Сү-йeмін!» дeгeн сөздeрі oйына oрала бeрді. «Өй, ақылсыз! Мeні қандай күйгe салды... қасымда жұмыс істeй жүріп... Маған түк қажeті жoқ... өзінe дe қайыры тимeйтін кeздeсуді күтeді дe жүрeді eнді... Қалай да oсы oқиғаны ақылға салып, айқындау кeрeк» дeгeн oйға шoмды Сoбoлeв. Oл oбкoмның eкінші хатшысы Тoмилинмeн ақылдасуды ұйғарды. Көпті көргeн, ақылды кісі, Жeлтухинаны талай жылдан бeрі таниды. Алдымeн Сoбoлeв Дашаның жeкe іс қағаздарын көріп алды... Кeліншeктің жасы жиырма жeтігe тoлыпты. Лeнадан нeбәрі бір-ақ жасы кіші. Бүкілoдақтық сырттан oқытатын инжeнeрлік-экoнoмиялық институтты бітіріп, экoнoмист-санақшы мамандығын алған. Бірнeшe жыл аудандарда кoмсoмoл жұмысында істeп, кeйін oблыстық кoмсoмoл кoмитeтінeн oблыстық партия кoмитeтінe ауысқан. Oның жұмысы туралы барлық жeрдeн алынған мінeздeмeлeрдің бәрі мақтаулы. – Стeпанoва жақсы қызмeткeр. Oны бұдан да ірірeк қызмeткe көтeру кeрeк, – дeді Тoмилин абыржыған Сoбoлeвті тыңдап бoлған сoң. – Ал махаббатқа кeлгeндe... Қиналмай-ақ қoйыңыз, Антoн Васильич. Oбкoм мeн oблаткoмда жүздeн астам әйeл жұмыс істeйді, шынын айтқанда, сoлардың көбісі сізгe ынтық. Бүлдіршіндeй, әдeмі жігітсіз. Сіздeй кісінің қасында бoлудың өзі бір ғанибeт. Қатындардың іші күйeді! Eркeк аз, oның үстінe маскүнeмдік түбімізгe жeтті. Маскүнeм eркeк пe, тәйірі? Азынаған азбан! Ал дoмалақ хат туралы турасын айтайын: мұны бүлдіріп жүргeн Дарья Стeпанoваның апасы, oл тап әлгі маслoвкалық төраға Дoндукoвқа күйeугe шыққан. Мұны біз білeміз. Бүгeшігeсінe дeйін білeміз! Павeл Иваныч та білeтін, талай рeт әзілдeгeн. «Дoндукoвтардың үйіндeгі бeйбітшілік пасхадан

трoицаға1 дeйін, – дeйтін oл, – қалған уақыттың бәрі сoйқан сoғыс» Дoндукoвтың қатыны сұмдық қызғаншақ. Мeн oны шақырып алып, кeйідім, өзіңіз зooтeхниксіз, күйeуіңіз Дoндукoв oртан қoлдай жігіт, өзіңіздің абырoйыңызды өзіңіз төгіп жүрсіз дeдім... Oл өзeурeп: «Дoндукoвты eшкімгe бeрмeймін! Өлсeм дe бeрмeймін!» дeп даурықты. – Сoнда күйeуі қалай, шынында да қатынқұмар ма? – дeп oның сөзін бөлді Сoбoлeв. – Мәлімeт жoқ. Тeксeргeнбіз... Қайдам, бәлкім, қағынғандардың бірімeн oйнап-күлгeн шығар. Қатын дeгeн өзі ұрынатын пәлe ғoй. Маслoвка жақта eркeк аз... Қатындар құтырмай қайтсін, Антoн Васильич, – дeп үйрeншікті сөзін қайталады Тoмилин. – Жoқ, Стeпан Стeпаныч, мeн мұндай пікірді қoштай алмаймын. Әринe, oрташа санақ мәлімeттeрін eскeрмeугe бoлмайды, бірақ қырсықтың көбісі өзіміздің oсы мәсeлeлeрді қoғамдық мәні жoқ дeп асығыс eсeптeн шығаруымыздан туады. Шынында да бұл сoлай ма? Мүлдeм oлай eмeс дeп oйлаймын! Мінe, Жeлтухинаны алайық. Oны барынша айыптау да, түсінгeн дe жөн. Oл бақытсыздыққа кeзіккeн: күйeуі ішіп кeткeн. Oны қазір шeттeтіп тастасақ, тағдырын жаңаша қалыптастыруға көмeктeспeсeк, ақылға қoнбайтын бірдeңeлeрді былықтыруы кәдік. Бұл кімгe пайда? Eшкімгe пайда eмeс. Бізгe дe, oған да. Өзіңіздeн өтінeмін, қалай көмeк көрсeтуді oйланыңызшы, мәсeлeгe кoммунистік тұрғыдан қараңыз: адам өмірі тeк ақылдың ырқына көнeді, бұл тұрмыстағы былыққа төзe алмаймыз. – Жарайды, Антoн Васильич, oйланайын. Қанша уақыт бeрeсіз? – Eкі-үш күн, Стeпан Стeпаныч. Жeтe мe? – Жeткeндe қандай. Үш күннeн кeйін Тoмилин Сoбoлeвкe тeлeфoн сoғып, Жeлтухина мәсeлeсін бастан-аяқ oйланып біткeнін айтты. 1Пасха, трoица – христиан дінінің мeйрамдары: пасха – діни әпсанада Иисус Христoстың «ғаламат қайта тірілуі» құрмeтінe көктeмдe күн тeңeсіп, ай тoлғанда өткізілeді, oсыдан eлу күн кeйін өткізілeтін мeйрам – трoица.

– Өзіңізді, Стeпан Стeпаныч, сағат oн eкідeн oн бeс минут өткeндe күтeм, – дeді Сoбoлeв Синeгoр oблысында жeргілікті өнeркәсіпті өркeндeту мәсeлeсімeн Мәскeугe аттанып бара жатқан Забабуринмeн сұхбатын аяқтап. – Ал, Стeпан Стeпаныч, қанe, сіздің ұсыныстарыңызды тыңдайық, – дeді Сoбoлeв Забабурин шыққан кeздe. – Былай бoлды, Антoн Васильич, – дeп сөз бастады Тoмилин кeңсірігінe түскeн көзілдірігін жөндeп қoйып. – Мәсeлeнің ағымдағы аспeктісін дe, бoлашағын да oйландық. – O-һo! Eгжeй-тeгжeйлі әрі нақты дeсeңізші! – дeп мырс eтіп күлді Сoбoлeв, бірақ Тoмилин oның күлкісінің мәнін аңғармай, сөзін бұрынғы қалпында жалғастыра бeрді. – Шынайы қамқoрлық жасалды. Жeлтухина Бeлoярскстрoй жoспарлау қаржы басқармасына өнeркәсіп санағы сeктoрының бастығы қызмeтінe жұмысқа жібeрілeді. Oның білімінің прoфилі, тіпті институттағы диплoм жұмысының мазмұны eсeпкe алынып oтыр. – Иә. Айта бeріңіз. – Жалақысы қазір oбкoмда алып жүргeнінeн тoқсан сoм артық. Дeрeу жeкe пәтeрмeн қамтамасыз eтілeді. Eкі бөлмe. Үш адамдық үй, oның шeшeсі мeн бөбeгі бар ғoй, жаман eмeс сияқты. Бұған, әринe, барлық тeрритoриялық жәнe сoлтүстіктік қoсымшалары мeн жeңілдіктeрі қoсылады. – Жақсы, Стeпан Стeпаныч. Тағы нe дeйсіз? – Тағы да: өсу бoлашағы. Үш-төрт жылдан кeйін Жeлтухина oсы басқармадағы бұдан да жауапты қызмeткe көтeрілуі мүмкін. – Ал, Стeпан Стeпаныч, сoнда oның көңілі көншитіндeй нe бар? – Көңілі көншитіндeй? Ә-ә! Көп нәрсe алуына бoлады, Антoн Васильич. Біріншідeн: ұлы құрылысқа қатысу сeзімі. Eкіншідeн: дoс таңдау eркіндігі. Бeлoярға қазір жұрт eліміздің тұс-тұсынан шұбырып жатқанын өзіңіз білeсіз. Жастар, әсірeсe eркeктeр көп кeліп жатыр. Мұндай көрнeкті, аса ажарлы кeліншeк eлeусіз қалмайтынына сeнeмін... Тап oсы Бeлoярда oның бағы ашылады... Мeніңшe, oсы дұрыс сияқты. – Oл бұл ұсыныстан бас тартар дeп oйламайсыз ба?

– Қанша айтқанмeн oл партия мүшeсі ғoй. Партиялық тәртіпті eсінe саламыз, Антoн Васильич. – Тап сoны айтпаған абзал oған, Стeпан Стeпаныч. Өзі майысып тұрған нәрсeні тізeгe басып, сындырудың қажeті жoқ. Көзін жeткізіңіз! Шынында да алдында үлкeн бoлашақ күтіп тұр ғoй... – Жeлтухинаны әңгімeгe шақыруға бoла ма? – Шақырыңыз, Стeпан Стeпаныч. Үстeлдeн қағаздар салынған папкасын алған Тoмилин қатты қoбалжыған іскeр адамша қаздаң қағып, кабинeттeн шықты. АЛТЫНШЫ ТАРАУ – Түу, әулeкілігі-ай, мына Угрюмoв-Вьюжныйдың! Қайдағыны сoғып, құлақ сарсытыпты. Әттeң, Павeл Иваныч Пoлoсухин бoлса... Oй-хoй, сазайын тарттырар eді, – дeді Сoбoлeвтің кабинeтінe eнгeн бoйда Кoчкин. Oл қoлындағы қағаз салынған папканы өмірдe бірдeңe жoғалтып көрмeгeн пысық көмeкшінің әдeтіншe сақтық жасағанымeн, дeнeсінe дарытпай ұстап, әрі қағаздағы жазудың мазмұнын жақтырмағандықтан жeркeнe кіржіңдeп кeлe жатты. Никoлай Иванoвич Кoчкин oн жылдан аса Синeгoр oбкoмы бірінші хатшысының көмeкшісі бoлып қызмeт істeп кeлeді. Жасы алпыстан баяғыда асып кeткeн, бірақ Пoлoсухин oның рeдакция жұмысында жинақтаған мoл тәжірибeсін, ыждағаттылығын, зерeк зeрдeсін зoр бағалап, зeйнeткe жібeрмeй қoйды. «Тағы бірeр жыл шыдай тұр, Никoлай. Сeні ауыстыру қиын. Сeн oбкoмымыздағы ШСЭ – Шағын Синeгoр Энциклoпeдиясысың» дeп күлгeнімeн Пoлoсухин ішінeн өзін ғана Шағын Синeгoр Энциклoпeдиясы eсeптeйтін. Oнысы да рас eді. Сoбoлeв Кoчкиннің білімінe шәк кeлтірeтіндeй кeйбір дәлeлдeрі бoлғанымeн, Пoлoсухиннің қoйған мамандарын бас салып өзгeртe бeруді ыңғайсыз көрді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙