Ревизор
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
5 перделі комедия
(Аударма. А.С. Пушкиннен)
Қатысушы адамдар
1. Антон Антонович
Сквозник-Дмухановский — дуанбасы.
2.Анна Андреевна - қатыны.
3. Марья Антоновна — қызы. 4. Лука Лукич Хлопов - мектептердің үстінен қараушы. 5. Қатыны. 6. Аммос Федорович Ляпкин-Тяпкин — судья. 7. Артемий Земляника — игілік (қаріп-қасерлер) орындарының қамқоры. 8. Иван Кузьмич Шпекин — пошта бастығы. 9. Петр Иваныч 10. Петр Иваныч қала алпауыттары. 11. Иван Александрович
Хлестаков — Петербор чиновнигі. 12. Осип — оның күтушісі. 13. Христиан Иваныч Гибнер - уездік дәрігер. 14. Федор Андреевич Люлюков отставкадағы чиновник 15. Иван Лазарыч Растаковский 16. Степан Иваныч Коробкин 17. Степан Ильич Уховерто в - пристав. 18. Свистунов 19. Пуговицын 20. Держиморда 21. Абдуллин — саудагер. 22. Февронья Петровна
Пошлепкина — ұста қатыны. 23. Унтер-офицер қатыны. 24. Мишка — дуанбасының күтушісі. 25. Трактир қызметшісі.
БІРІНШІ ПЕРДЕ
(Дуанбасының үйі) Бірінші көрініс
Дуанбасы, игілік орындардың қамқоры, мектептер бастығы, судья, дәрігер, пристав, екі квартальный. Дуанбасы. Мырзалар, мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақыртып едім, бізге ревизор келе жатыр.
Аммос Федорович. Қай ревизор?
Артемий Филиппович. Қандай ревизор?
Дуанбасы. Петербордан келе жатқан ревизор. Астыртын, жасырын жарлығы да бар дейді.
Аммос Федорович. Мәссаған!
Артемий Филиппович. Жайбарақат жатыр ек, ал енді!
Лука Лукич. Ой құдай-ай! Жасырын жарлығы тағы бар!
Дуанбасы. Құдай білдіргендей, бүгін түні бойы, түрі жаман екі егеу құйрық түсімнен кетсінші. Аллаһәкбар-ай, өмірі мұндай тышқанды көрген емен! Добалдай, қап-қара, келді де иіскелеп-иіскелеп кетіп қалды. Артемий Филиппович, әлгі өзіңіз білетін Андрей Иваныч Чмыхов кәне, мен соның хатын оқимын сіздерге. Оның жазып отырғаны мынау: "Сүйікті достым, бөлем" (деп көзін хатқа жүгіртіп міңгірлеп кетеді) "және сені хабарландырайын" ... Aллa! Міне: "Саған білдірмек хабарым: жоғарыдан жарлығы бар бір төре келеді. Біздің губернияны, әсіресе, біздің уезді қарамақшы. (Бір саусағын жоғары шошайтады.) Ол өзін жай адаммын десе де, мен мына деген сенімді адамнан естідім... Мен білемін ғой, сен де күнәдан мұнтаздай жан емес ең, өйткені, ақылды адамсың ғой, құдайдың беріп тұрған несібінен кім қашады..." (Тоқтап қалады.) Бұл жері әншейін екен..."сақ болғаның жон, үйткені, бір күні көз байлаушыдай сап ете түсер, тіпті, келіп алып бір жерде тығылып жатпағанын кім біледі... Кеше мен..." Бұл жерде үй ішінің жайын сөйлеп кетеді... Міне, жұмыстың түрі!
Аммос Федорович. Рас, түрі сондай жат, тым жат екен, тегін емес қой. Лука Лукич. Неге бұл, Антон Антоныч, неліктен, бұл бізге, неге ревизор келеді? Дуанбасы. Негесі бола ма? Тағдыр да (күрсінеді), бұған дейін құдай қағас қып, өзге қалаға кетіп жүруші еді. Кезек бізге де келгені. Аммос Федорович. Антон Антоныч, мұнда бір нәзік, саяси мән бар-ау деп ойлаймын. Бұл былай болу керек: Россия... Иә... соғыспақ болған ғой, міне, сондықтан патшаға қырындық жоқ па екен, білейік деп, министрлер астыртын төре жіберген ғой. Дуанбасы. Әй, тәйір-ай! Ақылды адам да қайдағы жоқты сандырақтайды екен, уездік қалада не қылған қырындық, шекарадағы ау бұл?! Осы арадан ұдайымен үш жыл шапсаң да, шет жұрттың бір де біріне жетіп көрші. Аммос Федорович. Жоқ, мен сізге айтайын, сіз не етіп, не, не қылмасаңызшы. Ұлықтың бір түрлі нәзік несі болады: алыс-жақынына қарамай, олар жіпке тізе береді. Дуанбасы. Тізсін, тізбесін, мен сіздерді хабарландырдым, мырзалар! Көздеріңе қараңдар, мен өз тұсымнан көр-жер бұйрық қып отырмын. Сендерге де маслихат етем. Әсіресе, Артемий Филиппович, сізге! Келген төре, сөз жоқ, сіздің қарамағыңыздағы игілік орындарына көз салады. Соның үшін сіз бәрін де ретке салып қойыңыз. Аурулар үйде жүргендей, көмірден шыққан ұстарадай боп тұрмасын, қалпақтары таза болсын.
Артемий Филиппович. Ол онша қиын емес, таза қалпақ кигізуге де болар. Дуанбасы. Ия, және кровать сайын қасына тақтай қағып, латынша немесе басқа бір тілде жазып қойылсын... Христиан Иваныч, бұл сізге жататын іс. Кімнің қашан ауырғаны, айы, күні... Бәріде болсын. Ауруларың тым ащы темекі тартады. Кіріп келгенде еріксіз түшкіресің. Бұ да жақсы емес. Темекінің неғұрлым азы жақсы. Ауруды жөнді қарамайды екен, дәрігері дым білмейді екен деп кетіп жүрмесін. Артемий Филиппович. О! Ем-дом жөнінде Христиан Иваныч екеуміздің өз шарамыз бар: табиғатқа жақын бола берген сайын жақсы болады. Қымбат дәріні біз қолданбаймыз. Кісі деген өлейін десе онсыз да өледі, жазылайын десе онсыз да жазылады және Христиан Иванычтың олармен ұғысуы да қиын, орысша бір ауыз тіл білмейді ғой... Христиан Иваныч. (Әлде "и " - ге, әлде "е " - ге ұқсаған бір дыбыс шығарады.) Дуанбасы. Аммос Федорович, сіз де мекемеңізге көз салғаныңыз жөн. Ана біреу арызшылар отыратын ауыз үйге күзетшілеріңіз балапандарын шулатып қаз қамап қойыпты. Аяғыңның астында сумаңдап жүргені. Шаруаға айналу кімге болса да дұрыс нәрсе, күзетшілерге де қаз асырауға болады. Бірақ ондай жерде ұстау әнтек ыңғайсыз. Бұрын да сізге айтпақшы едім. Есімнен шыға береді. Аммос Федорович. Ә, олай болса, оның бәрін бүгін ас үйге шығартайын. Бәлкім, бүгін біздікіне қонаққа келерсіз. Дуанбасы. Және мекемеңізде боқтан өзгенің самсып үюлі тұратыны жаман. Дәл қағаз салған шкафтың үстінде аңшының қамшысы түр. Сіздің аңшы екеніңізді де білем, сонда да қамшыны әзір ала тұрған мақұл, ревизор кеткен соң орнына қайтадан ілерсіз. Және де заседателіңіз... Әрине, ол өзі көзі қарақты адам. Бірақ, өзінен арақ дүкенінен жаңа шыққандай бір жаман иіс мүңкіп тұрады. Бұ да жақсы емес, мұны да айтайын деп ұмытып кетіппін. Ол өзі сүйегіме біткен иісім дейді, одан құтылуға ем бар ғой, оған пияз, не сарымсақ немесе басқа бірдеңе же деу керек. Христиан Иваныч та дәрі-дәрмек береді.
Христиан Иваныч. (Манағы дыбысын тағы шығарады.) Аммос Федорович. Жоқ, оның ол иісін кетіруге мүмкін емес, бала күнінде әжесі мертіктіріп алса керек, содан сол арақ иісі шығып жүретін болыпты. Дуанбасы. Әншейін ескерткенім ғой. Ішкі тәртіп жайынан, әлгі Андрей Иваныч хатында айтқан күнәлар туралы бәлен дей алмаймын. Оны айтудың да жөні жоқ. Азды-көпті күнәсіз адам кемде-кем ғой. Адамды құдайдың жаратуы солай ғой. Волтерианцтер бұл жөнде бос сөйлейді. Аммос Федорович. Антон Антоныч, күнә деп нені айтасыз? Күнәнің де күнәсі бар. Пара алатынымды мен жасырмаймын, бірақ, не алады десеңізші? Тазының күшігін алам. Бұның жөні басқа.
Дуанбасы. Күшік болсын, басқа болсын, әйтеуір пара ғой.
Аммос Федорович. Жоқ, Антон Антоныч, олай емес, мәселен біреу бес жүз сомдық ішік алса, қатыныма деп шөлі алса... Дуанбасы (кимелеп). Тазының күшігін алғаның не керек, оның есебінде құдайдың барлығына сенбейсің? Өмірі шіркеуге басынды сұқпайсың. Мен ең құрығанда дініме берікпін. Шіркеуге жексенбі сайын барамын... Ал сендер ше? ... Сендерді мен білемін. Дүниенің жаралғанын сөз қыла бастасаңыздар, кісінің төбе шашы тік тұрады.
Аммос Федорович. Бірақ өз-өзімнен,өз ақылыммен жеттім ғой.
Дуанбасы. Кейде көп ақылдың болғанынан да болмағаны тыныш. Шынға келгенде, уез соты жайын, мен әншейін айтып жатырмын, анығында онда кім барады дейсің? Ол құдайдың өзі пана боп тұрған бір тәуір орын ғой. Ал, Лука Лукич, мектептерді қарастыратын сіз ғой, әсіресе, оқытушылар туралы сіз қам жеу керек. Олардың тәрбие көрген оқымысты адамдар екеніне де талас жоқ. Бірақ, кейбірінің оқымыстыларға қас, жат мінездері бар. Атын ұмытып тұрмын, әне бір жалпақ беттеріңіз сабақ берерде, бет-аузын бір бүйтіп алмаса, көңілі көншімейді. (Бет-аузын қисаңдатады.) Сүйтеді де сақалын сипауға кіріседі. Әрине, шәкірттеріне өйткені оқа емес қой, ол енді керек те шығар, ол арасын мен білмеймін. Бірақ, өзіңіз ойлаңыз, келген ұлыққа сүйтіп бет-аузын тыржитып, сақалын сипалай берсе, сайтан біледі, не боларын. Лука Лукич. Оны мен қайтейін? Оған талай айттым. Әнеу күні төреміз келгенде, мен көрмеген бір тыржиюды тағы тауып алды. Ол оны жүрегінің жұмсақтығынан істегенін қайдан білсін, жас буынға азат пікірді неге егеді деп, мені кеп сөкті. Дуанбасы. Тарих оқытушыларыңыз туралы да айтуға міндеттімін. Оның оқымысты екені де, қайдағы-жайдағы мағлұматты жинағаны да рас. Бірақ, сабақты түсіндірем деп, қызып кеткенде, ес-түсін білмейді. Бір күні сабағын тыңдағаным бар. Ассириялықтар, вавилондықтар жайынан сөйлегені кішкене иман-тараз еді. Ал, Ескендір Зұлқарнайынға қалай жетті, солай, құдай душар қылмасын, мен өрт шығып қалды ма екен деп едім, орнынан атып тұрып, орындықты еденге құлаштап тұрып беріп еді кеп, әрине, Ескендірдің ер болғаны да рас, бірақ орындықты қиратып не керегі бар? Қазынаға зиян ғой! Лука Лукич. Ия, ол қызу адам, мен өзіне талай ескерттім... "Қалай десеңіз де, ілім үшін жанымды аямаймын" дейді, не дерсіз? Дуанбасы. Рас, бұ да бір тағдырдың сыры, ақылды адам не маскүнем болады, әйтпесе бет-аузын құбылтқанда иманың түршігеді. Лука Лукич. Құдай ілім жөнінде қызмет қылдырмасын, бәрінен қорқасың, әркім бір килігеді, бәрі де ақылды болып көрінбек болады. Дуанбасы. Ол оқа емес-ау, әлгі астыртын қудай ұрғанды айтсайшы, бір күні қапылыста келіп қап: "Е, шырақтарым, мұнда екенсіңдер ғой, мұндағы судья кім?" - "Ляпкин-Тяпкин". — "Келтір бермен Ляпкин-Тяпкинді. Ал, игілік орындардың қамқоры кім?" -"Земляника". - "Алып кел мұнда Земляниканы" — десе, міне, пәле сонда ғой!
Екінші көрініс
Бұрынғылардың үстіне пошта бастығы кіреді
Пошта бастығы. Мырзалар-ау, келе жатқан қандай төре?
Дуанбасы. Естіген жоқсыз ба?
Пошта бастығы. Конторға Петр Иваныч Бобчинский келіп, содан жаңа ғана естідім.
Дуанбасы. Ал, немене? Бұл туралы сіз қалай ойлайсыз?
Пошта бастығы. Қалай ойлайтыны бар? Түрікпен соғыс болады.
Аммос Федорович. Екеуміздікі бірдей шықты. Мен де солай ойлап ем.
Дуанбасы. Е, екеуіңіз де төбесінен дәл түсіпсіз!
Пошта бастығы. Рас, түрікпен соғысады, бәрін бүлдіріп отырған француз. Дуанбасы. Ең пәлесі түрікпен соғыс! Түрікті емес, тура бізді оңдырмайды. Бұл айдан жарық, менде хат отыр.
Пошта бастығы. А, онда түрікпен соғыс болмағаны.
Дуанбасы. Немене, Иван Кузьмич, сіз қалайсыз?
Пошта бастығы. Менің не қалайымды сұрайсыз? Өзіңіз қалайсыз, Антон Антоныч?
Дуанбасы. Менің не қалайым болады? Қорқыныш жоқ, азырақ неткен болмаса... Менің қысылатыным саудагерлер. Қара халық, мені қатты болды деп айтады-мыс. Біреуден бірдеңе алсам, құдай біледі-ау, жек көргендіктен емес. Ал, мен ше ... (қолтығынан ұстап былай таман апарып) ал мен, әлде біреу шағым қылды ма екен деп те ойлап тұрмын. Әйтпесе, ревизордың бізде не ақысы бар? Бері қараңыз, Иван Кузьмич, бәріміздің пайдамыз үшін, конторға келген, кеткен хатты, азырақ бүйтіп ашып оқуға болмас па екен? Шағым ба екен, жай хат па екен, жоқ болса, қайта жабыстырып қоясыз ғой. Жапсырмай тапсырса да оқасы не? Пошта бастығы. Білмеп, білем... Оны үйретпей-ақ қойыңыз, ондайды өзім де істеп жүрмін. Сақтық үшін емес, таңсық үшін: дүниеде қандай жат хабар болып жатқанын білуге жаным құмар. Мен сізге айтайын, хатты оқу тамаша қызық нәрсе. Кейбірін оқығанда, жаның рақаттанады, сондай неше түрлі қызық жайлар болады. Алатын тәлімің қандай?.. Тіпті Мәскеудің газетінен де зор! Дуанбасы. Ал, немене? Петербордан әлде бір төре келеді дегенді оқыған жоқсыз ба? Пошта бастығы. Жоқ, Петербор төресі жайынан түк жоқ. Кастрома, Саратов төрелері туралы көп әңгіме бар. Не керек, хаттарды оқымайсыз, талай тамашалар бар. Жақында бір офицер, жолдасына бір тойды суреттеп жазыпты. Өте бір қызық, тіпті жақсы... Жан досым! Мен күнде аспанда жүргендеймін; қыз көп, күй ойнайды, туымыз жоғары деп келеді. Уай, несін сұрайсыз, ол хатты сақтап қойдым, керек болса оқып берейін. Дуанбасы. Ой, кәзір оған уақыт жоқ, сүйтіп, Иван тыңдағаным бар. Ассириялықтар, вавилондықтар жайынан сөйлегені кішкене иман-тараз еді. Ал, Ескендір Зұлқарнайынға қалай жетті, солай, құдай душар қылмасын, мен өрт шығып қалды ма екен деп едім, орнынан атып тұрып, орындықты еденге құлаштап тұрып беріп еді кеп, әрине, Ескендірдің ер болғаны да рас, бірақ орындықты қиратып не керегі бар? Қазынаш зиян ғой! Лука Лукич. Ия, ол қызу адам, мен өзіне талай ескерттім... "Қалай десеңіз де, ілім үшін жанымды аямаймын" дейді, не дерсіз? Дуанбасы. Рас, бұ да бір тағдырдың сыры, ақылды адам не маскүнем болады, әйтпесе бет-аузын құбылтқанда иманың түршігеді. Лука Лукич. Құдай ілім жөнінде қызмет қылдырмасын, бәрінен қорқасың, әркім бір килігеді, бәрі де ақылды болып көрінбек болады. Дуанбасы. Ол оқа емес-ау, әлгі астыртын құдай ұрғанды айтсайшы, бір күні қапылыста келіп қап: "Е, шырақтарым, мұнда екенсіңдер ғой, мұндағы судья кім?" — "Ляпкин-Тяпкин". — "Келтір бермен Ляпкин-Тяпкинді. Ал, игілік орындардың қамқоры кім?" — "Земляника". — "Алып кел мұнда Земляниканы" — десе, міне, пәле сонда ғой!
Үшінші көрініс
Бұлардың үстіне Добчинский мен Бобчинский кіреді, екеуі де ентіккен.
Бобчинский. Керемет оқиға!
Добчински. Күтпеген хабар!
Бәрі. Немене? Немене?
Добчинский. Күтпеген хабар!
Бобчинский (сөзін бөліп). Петр Иваныч екеуміз гостиницаға кіріп келсек...
Добчинский. Е, қоя тұрыңыз деймін, Петр Иваныч, мен айтайын.
Бобчинский. Е, жоқ, сабыр етіңіз, мен айтайын... Кішкене, кішкене... Сіздің сөзіңіз де менен көрі не ғой.
Добчинский. Сіз енді шатастырып түгел айта алмайсыз.
Бобчинский. Түгел айтам, құдай біледі, түгел айтам. Жалғыз-ақ сіз бөгет қылмаңызшы, тақсырлар-ау, марқамат етіңізші, Петр Иванычқа бөгет қылма деңізші. Дуанбасы. Япыр-ай! Айтыңдаршы, құдай үшін немене, жүрегім тулап барады, отырыңыздаршы, мырзалар, орындық алыңыздар! Петр Иваныч, міне, сізге орындық. (Бәрі екі Петр Иванычты қамалай отырысады.) Ал не? Немене? Бобчинский. Кішкене, кішкене, мен бәрін де рет-ретімен... Сізден қалай айрылдық солай, әлгі манаты бір хатты алып, сіздің кішкене, ажарыңыз бұзылды ғой, я содан кейін мен жүгіріп, тәңір жарылқасын, Петр Иваныч, сөзді бөлмей тұра тұрыңызшы, мен бәрін, бірін қалдырмай айтып берейін! Мен содан кейін жүгіріп, Коробкиндікіне бардым. Коробкиндікіне барсам, үйінде жоқ екен, содан шығып Растаковскийдікіне бұрылмайын ба? Онда барсам, о да жоқ екен. Содан шығып мына Иван Кузьмичтікіне кіріп, сіздің манағы жаңа хабарыңызды айтып, жаңа ғана шығып келе жатқанымда, жолда Петр Иванычқа жолықтым.
Добчинский. Самса сататын буткенің қасында...
Бобчинский. Самса сататын буткенің қасында Петр Иванычқа жолыққан соң, Антон Антоныч бір сенімді адамнан хат алыпты, сондағы жаңа хабарды естідің бе дедім. Бақсам, Петр Иваныч менен бұрын сіздің әлгі Авдотья дейтін, аспапшы қыз бар ғой, не жұмысқа барғанын білмеймін, сол Филипп Антонычтікіне барған екен, содан естіпті...
Добчинский (сөзін бөліп). Француз арағын құятын күбі шелекке барыпты. Бобчинский (оның қолын сермеп жібереді). Француз арақтың күбі шелегіне барыпты. Міне, сонымен Петр Иваныч екеуміз Почечуевтікіне бардық... Енді сіз, Петр Иваныч, тәңір жарылқасын, кішкене сөзді бөлмей тұра тұрыңызшы... сабыр етіңізші... Почечуевтікіне келе жатқанда, жолда Петр Иваныч айтты: трактирге кірсек қайтеді; менің қарнымның... таң атқалы дәнеңе жеген жоқ едім, тарным қоңыл-тақсып келе жатқаны... деді. Ия, Петр Иванычтың қарны... "Трактирге бүгін жаңа балық келді, содан кішкене тамақтанайық" деді... Гостиницаға кіруіміз-ақ мұң екен, жалма-жан бір жас жігіт...
Добчинский (сөзін бөліп). Келбеті жап-жақсы, киімі төре емес, жай адамша. Бобчинский. Келбеті жап-жақсы, киімі жай адамша. Бөлмеде олай бір, бұлай бір аяндап жүр. Түрінде бір түрлі пайымдылық, дидары, қылығы, міне жері (маңдай тұсын қолымен бұрғылап), бәрі-бәрі де мол. Мен сезгендей-ақ Петр Иванычқа: "Мынау сірә тегін емес-ау" дедім. Я сөйткенше болмады, Петр Иваныч қолымен ымдап, трактирдың бастығы әлгі Власты шақырып алды. Оның өзінің жақында қатыны ұл тауыпты, баласы ойнақшып тұр, о да әкесіне трактирші болар. Сол Власты шақырып ап, Петр Иваныч: "Мына жас жігіт кім?" деп ақырын сұрамасын ба. Влас: "Бұл", деді... енді кішкене, Петр Иваныч, жаңсақтатпай тұра тұрыңызшы, бұл жерін сіз айта алмайсыз, құдай біледі айта алмайсыз; сіз сызғырып кетесіз, мен білем ғой, сіздің бір тісіңіздің ақауы бар. Бұл жас жігіт төре, деді. Петербордан келеді. Аты-жөні Иван Александрович Хлестаков, деді. Өзі Саратов губерниясына бара жатыр, деді. Мінезі бір түрлі жат адам, келгелі екі жұма боп барады. Трактирден ешқайда бармайды, бәрін қарызға алады, бір тиын төлегісі келмейді, деді. Со сөзді маған қалай айтты, солай құдай есіме сала қойды. "Е" дедім Петр Иванычқа.
Добчинский. Жоқ, Петр Иваныч, "е" деген мен емес пе ем?
Бобчинский. Әуелі сіз айттыңыз, сонан соң мен айттым ғой, Петр Иванычпен екеуміз қосылып "е" дедік. Баратын жері Саратов губерниясы екен, мұнда бостан-бос жатып құтырып кетіп пе дедік. Ия, ал әлгі төренің өзі осы.
Дуанбасы. Кім? Қай төре?
Бобчинский. Әлгі өзіңіз хабарын алған төрені, ревизорды айтам.
Дуанасы (қорқып). Не дейсіңдер? Жаратқан-ау, ол емес.
Добчинский. Сол, сол, әрі ақша төлемейді, әрі ешқайда бармайды, сол емей кім дейсіз? Жол қағазында Саратовқа барады депті. Бобчинский. Сол, құдай біледі, сол. Бір түрлі байқағыш, қадала қарайды. Біз Петр Иванычпен екеуміз балық жеп отыр едік, Петр Иванычтың қарны қоңылтақсыған соң... ол келіп, біздің тәрелкемізге қадала қарай қалып еді, менің тіпті зәрем ұшып кетті. Дуанбасы. Ой, жасаған-ай! Кешіре көр біздей күнәһар бәндеңді, онда қайда тұрады екен?
Добчинский. Сатының астындағы бесінші нөмірде тұрады.
Бобчинский. Былтырғы, әлгі жолаушы офицерлер төбелесетін нөмірде.
Дуанбасы. Көптен мұнда ма екен?
Бобчинский. А, екі жұмадай болыпты.
Дуанбасы. Екі жұма (теріс қарап), әкем-ау, көкем-ау, жар бола көр, әулиелер демей көр. Бұл екі жұманың ішінде унтер-офицердің қатынына дүре соғылды. Арестанттарға азық берілмеді. Көше толған арақ, кабак, боқтық, масқара! Қорлық-ай, қорлық. (Басын құшақтай алады.) Артемий Филиппович. Енді қайттік, Антон Антоныч? Түгелімізбен гостиницаға бару керек. Аммос Федорович. Жоқ, жоқ! Әуелі басшыларды, дін басыларды, саудагерлерді жіберу керек... Дуанбасы. Жоқ, жоқ, жоқ, өзіме қоя беріңдер, талай қиын-қыстау жерлерден аман өтуші ем. Тіпті алғыс та алушы ем, бу жолы да құдай жар болар. (Бобчинскийге қарап.) Сіздер жас кісі дедіңіздер ме? Бобчинский. Жас жігіт, жиырманың не үшеуінде, не төртеуінде. Болса одан сәл артық болар. Дуанбасы. Онысы бір тәуір екен. Жастың сырын тезірек білесің ғой. Пәле, кәрі шөгел ғой. Жастың тетігі сыртында. Мырзалар, сіздер өз жұмыстарыңды қамдай беріңіз, мен өзім жалғыз немесе мына Петр Иванычпен болса да жөнелейін. Екеуміз қыдырып жүріп кірген кісі боп, жолаушылардың қамын жеген боп барайық. Уай, Свистунов!
Свистунов. Не бұйырасыз?
Дуанбасы. Бар дереу приставка... тұра тұр, немесе маған керек екенсің. Анда біреуге айт, тез барып маған приставты алып келсін, өзің мұнда кел. (Кварталшы сасқалақтап тұра жүгіреді.)
Артемий Филиппович. Жүрелік, Аммос Федорович, шын пәле боп жүрмесін. Аммос Федорович. Сіз неден қорқасыз? Ауруларыңа таза қалпақ кигізе салсаң болғаны да. Артемий Филиппович. Қайдағы қалпақ, ауруларға бүгін сұлы көже берілмек еді. Ал бізде сенек біткен капуста сасып жатыр, мұрын жарады. Аммос Федорович. Бұ жағына келгенде мен тиышпын, айтты-айтпады, уездік сотқа кім келеді дейсіз? Ал, әлде бір қағазға көзі түсіп кетсе, өзі де атып шығар. Міне мен сот болғалы он бес жыл болды. Баяндама хатқа қалай көзім түсті ме, ә деп (қолын бір сілкіп) қолды бір-ақ сермеймін. Петр Иванычқа: "Мынау сірә тегін емес-ау" дедім. Я сүйткенше болмады, Петр Иваныч қолымен ымдап, трактирдың бастығы әлгі Власты шақырып алды. Оның өзінің жақында қатыны ұл тауыпты, баласы ойнақшып түр, о да әкесіне трактирші болар. Сол Власты шақырып ап, Петр Иваныч: "Мына жас жігіт кім?" деп ақырын сұрамасын ба. Влас: "Бұл", деді... енді кішкене, Петр Иваныч, жаңсақтатпай тұра тұрыңызшы, бұл жерін сіз айта алмайсыз, құдай біледі айта алмайсыз; сіз сызғырып кетесіз, мен білем ғой, сіздің бір тісіңіздің ақауы бар. Бұл жас жігіт төре, деді. Петербордан келеді. Аты-жөні Иван Александрович Хлестаков, деді. Өзі Саратов губерниясына бара жатыр, деді. Мінезі бір түрлі жат адам, келгелі екі жұма боп барады. Трактирден ешқайда бармайды, бәрін қарызға алады, бір тиын төлегісі келмейді, деді. Со сөзді маған қалай айтты, солай құдай есіме сала қойды. "Е" дедім Петр Иванычқа.
Добчинский. Жоқ, Петр Иваныч, "е" деген мен емес пе ем?
Бобчинский. Әуелі сіз айттыңыз, сонан соң мен айттым ғой, Петр Иванычпен екеуміз қосылып "е" дедік. Баратын жері Саратов губерниясы екен, мұнда бостан-бос жатып құтырып кетіп пе дедік. Ия, ал әлгі төренің өзі осы.
Дуанбасы. Кім? Қай төре?
Бобчинский. Әлгі өзіңіз хабарын алған төрені, ревизорды айтам.
Дуанасы (қорқып). Не дейсіндер? Жаратқан-ау, ол емес.
Добчинский. Сол, сол, әрі ақша төлемейді, әрі ешқайда бармайды, сол емей кім дейсіз? Жол қағазында Саратовқа барады депті. Бобчинский. Сол, құдай біледі, сол. Бір түрлі байқағыш, қадала қарайды. Біз Петр Иванычпен екеуміз балық жеп отыр едік, Петр Иванычтың қарны қоңылтақсыған соң... ол келіп, біздің тәрелкемізге қадала қарай қалып еді, менің тіпті зәрем ұшып кетті. Дуанбасы. Ой, жасаған-ай! Кешіре көр біздей күнәһар бәндеңді, онда қайда тұрады екен?
Добчинский. Сатының астындағы бесінші нөмірде тұрады.
Бобчинский. Былтырғы, әлгі жолаушы офицерлер төбелесетін нөмірде.
Дуанбасы. Көптен мұнда ма екен?
Бобчинский. А, екі жұмадай болыпты.
Дуанбасы. Екі жұма (теріс қарап), әкем-ау, көкем-ау, жар бола көр, әулиелер демей көр. Бұл екі жұманың ішінде унтер-офицердің қатынына дүре соғылды. Арестанттарға азық берілмеді. Көше толған арақ, кабак, боқтық, масқара! Қорлық-ай, қорлық. (Басын құшақтай алады.) Артемий Филиппович. Енді қайттік, Антон Антоныч? Түгелімізбен гостиницаға бару керек. Аммос Федорович. Жоқ,жоқ! Әуелі басшыларды, дін басыларды, саудагерлерді жіберу керек... Дуанбасы. Жоқ, жоқ, жоқ, өзіме қоя беріңдер, талай қиын-қыстау жерлерден аман өтуші ем. Тіпті алғыс та алушы ем, бұ жолы да құдай жар болар. (Бобчинскийге трап.) Сіздер жас кісі дедіңіздер ме? Бобчинский. Жас жігіт, жиырманың не үшеуінде, не төртеуінде. Болса одан сәл артық болар. Дуанбасы. Онысы бір тәуір екен. Жастың сырын тезірек білесің ғой. Пәле, кәрі шөгел ғой. Жастың тетігі сыртында. Мырзалар, сіздер өз жұмыстарыңды қамдай беріңіз, мен өзім жалғыз немесе мына Петр Иванычпен болса да жөнелейін. Екеуміз қыдырып жүріп кірген кісі боп, жолаушылардың қамын жеген боп барайық. Уай, Свистунов!
Свистунов. Не бұйырасыз?
Дуанбасы. Бар дереу приставка... тұра тұр, немесе маған керек екенсің. Анда біреуге айт, тез барып маған приставты алып келсін, өзің мұнда кел. (Кварталшы сасқалақтап тұра жүгіреді.)
Артемий Филиппович. Жүрелік, Аммос Федорович, шын пәле боп жүрмесін. Аммос Федорович. Сіз неден қорқасыз? Ауруларыңа таза қалпақ кигізе салсаң болғаны да. Артемий Филиппович. Қайдағы қалпақ, ауруларға бүгін сұлы көже берілмек еді. Ал бізде сенек біткен капуста сасып жатыр, мұрын жарады. Аммос Федорович. Бұ жағына келгенде мен тиышның айтты-айтпады, уездік сотқа кім келеді дейсіз? Ал, әлде бір қағазға көзі түсіп кетсе, өзі де атып шығар. Міне мен сот болғалы он бес жыл болды. Баяндама хатқа қалай көзім түсті ме, ә деп (қолын бір сілкіп) қолды бір-ақ сермеймін. Оның ішіндегі шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін Сүлеймен пайғамбарың да айыра алмас. {Судья, игілік орындарының қамқоры, мектептердің бастығы, пошта бастығы келе жатқан кварталшымен соқтыға-моқтыға есіктен шығады.)
Төртінші көрініс
Бобчинский, Добчинский, кварталшы.
Дуанбасы. Немене? Арба даяр ма?
Кварталшы. Даяр!
Дуанбасы. Бар, көшеге шық. Жоқ, тоқта, бар, әп кел!.. Өзгелерің қайда? Жалғыз сен ғанамысың? Прохоров та мұнда болсын деп едім ғой. Ол қайда?
Кварталшы. Прохоров жай бір үйде. Бірақ, қазір әжетке жарамас.
Дуанбасы. Қалай, не қылып?
Кварталшы. Сол, таңертең сілейте мас қып алып келді, үстіне екі күбі су құйылды, әлі айыққан жоқ. Дуанбасы (басын құшақтап). Әй, құдай-ай, ұмтыл көшеге тезірек. Жоқ, жоқ, жүгір әуелі бөлмеге, есіттің бе, әпкел қылышым мен жаңа қалпағымды. Көне, Петр Иваныч, жүрейік.
Бобчинский. Мен де, мен де... Мені де ала барыңыз, Антон Антоныч. Дуанбасы. Жоқ, жоқ, Петр Иваныч, болмайды, лайықсыз және арбаға да сыймайсыз. Бобчинский. Оқа емес, оқа емес, мен, тек қораз, қораз құсап арбаның артынан жүгіріп отырам ғой, маған тек кішкене тесіктен, есіктен сығалап... Оның неткенің көріп тұрсам болғаны ғой... Дуанбасы (қылыш алып, кварталшыға қарап). Жүгір дереу, онбасыларды алып, әрқайсысы не алсын... Еһ, қылышым да айғыз-айғыз, ант ұрған Абдул саудагер, дуанбасының қылышы тозғанын көре тұра, жаңа қылыш та жібермейді. Ой, сайқал халық-ай, зәлімдер! Әлде етек астынан арыз дайындап жатпағанын кім біледі? Әрқайсысы қолдарына бір-бір көше... Алсын... түу... шайтан... көше емес. Бір-бір сыпыртқы алсын, барлық трактирге баратын көшені тап-таза қып сыпырсын. ,Ұқтың ба? Сен көзіңе қара, сен, сен, білем мен сені. Сен олармен келіскенсің. Қонышыңа жасырып, күміс қасықты тығып қайтасың. Байқа, менің құлағым сақ. Купец Черняевқа не қылғаныңды білесің бе, а? Ол саған мундирге екі кез қылуға ал десе, сен тобымен алып кетіпсің. Байқа, бойына шақтамай аласың, бар!
Бесінші көрініс
Бұлардың үстіне пристав кіреді.
Дуанбасы. Степан Ильич? Құдай үшін, айтыңызшы, қайда жоғалып кеттіңіз? Мұныңыз не?
Пристав. Мен осы қақпаның сыртында ғана едім.
Дуанбасы. Ал, бері қараңыз, Степан Ильич! Петербордан төре келіпті, сіз қандай жарлық бердіңіз? Пристав. Сол өзіңіздің бұйыруыңызша кварталшы Пуговицыңды онбасыларға қосып, тратуар тазалауға жібердім.
Дуанбасы. А, Держиморда қайда?
Пристав. Держиморда өрт сөндіретін моржаға мініп кетті.
Дуанбасы. Прохоров мас па?
Пристав. Мас.
Дуанбасы. Сіз оны қалай байқамадыңыз?
Пристав. Құдай білсін, кеше қаланың сыртында төбелес болып, тәртіп орнатуға сонда барып еді, содан мас боп қайтты. Дуанбасы. Тыңдаңыз, бүйтіңіз, кварталшы Пуговицының бойы зор ғой, ол көпірде тұрып тәртіп сақтасын. Етікшінің жанындағы дуалды дереу құлатып, орнына саламнан қарақшы қойылсын. Қала жаңа планмен түзетіліп жатқанға ұқсасын. Тегі солай құлатылғандар көп болса, дуанбасы іскер екен деп ойлайды. Ой, әттеген-ай, мен ұмытып кетіппін-ау, сол қораның жанында қырық арбадай боқтық жатыр еді, құдай-ау, неткен былапыт қала. Бір жерге я бір ескерткіш орнатсаң, я бір жай дуал салсаң болғаны, қайдағыны қайдан әкеп төгіп тастайтынын білмейсің. (Күрсінеді.) Ал келген төре солдаттардан "ризасыңдар ма?" деп сұрай қалды бар ғой: "Бәріне ризамыз, ваше благародие" десін. "Риза емеспін" дейтіні болса, кейін риза еместің әкесін танытармын. Oh, oh, oh, күнәміз бастан асып жатыр. (Қалпағым деп қалпақтың қабын қолына алады.) Тек құдай тағала аман өткізсін. Ондай күн болса, жолыңа бұрын жақпаған шырақ жағар ем. Әрбір сұм саудагер басына үш пұт балауыз шамнан салық салар ем. Ой, құдай-ай, құдай-ай, жүрейік, Петр Иваныч. (Қалпақ орнына қабын кимек болады.)
Пристав. Антон Антоныч, мұныңыз қалпақ емес, қабы ғой.
Дуанбасы (қабын лақтырып жіберіп). Қабы болмақ түгіл, сайтаны болсын. Егер игілік мекемесінің жанындағы шіркеу неге соғылмаған деп сұрай қалса! Шіркеуге ақша берілгеніне бес жыл болды ғой, ұмытпай айтып қой. Жаңа салып жатқанда өртеніп кетті десін. Мен бұл туралы рапорт та түсіргем. Кім біледі, біреуі сандырақтап "басталған да жоқ" деп салар. Және Держиморда жұдырықты бет алды жұмсай бермесін де. Тәртіп жөні осы деп, жазығы барға да, жоққа да сілтеп, көзін шоқпардай қып қоятыны болатын. Жүрейік, жүрейік, Петр Иваныч! (Кете түсіп қайтып келеді.) Ал, көшеге жалаңаш шықпасын. Ол иттер ішіне дым кимей көйлектің сыртынан мундир кие салатыны болатын. (Бәрі кетеді.)
Алтыншы көрініс
Анна Андреевна мен Марья Антоновна жүгіріп кіреді.
Анна Андреевна. Қайда, әлгілер қайда? Әй, жасаған-ай (терезені ашып), әй, әй деймін, Антоша, Антон! (.Жыпылдата сөйлейді.) Бәрі сенен, бәрін қылған сен, "түйреуішім", "шашпауым" деп күн ұзын айналдырып... (Әйнекке жүгіріп барып дауыстайды.) Антон! Қайда кеттің? Қайда? Немене? Келді ме? Ревизор? Мұртты ма? Мұрты қандай?
Дуанбасы. Қоя тұршы, Машенька! Қоя тұр.
Анна Андреевна. Қоя тұр! Міне, қызық. Қоя тұр, қоя тұрың керек емес. Маған бір-ақ ауыз сөз керек: полковник пе өзі, ә? (Тыржиып.) Кетіп қалды. Тұра тұр, асықпа, есіне түсірермін. Бәрі мынадан. "Маматай, маматай, тұра тұр, шашымды артынан түйрейін, кәзір, қазір" деп болсыншы. Міне, саған, "кәзір" міне, түгін де білмей қалдық. Бәрі сенің қылымсығаныңның қырсығы! Пошта бастығы келді деп ести қап еді, айна алдында, ал кеп қылтыңда, ал кеп сылан. Біресе мына жағы, біресе ана жағымен қырындап, өзіне құмар деп мардамсиды. Ол саған пысқырмайды да, сырт айналсаң бетін тыржитады. Марья Антоновна. Маматай, қайтеміз енді? Бәрі бір, екі сағаттан соң, бәрін де білеміз. Анна Андреевна. Екі сағаттан соң? Қатқаныңның басы. Ой, шіркіннің жауабы-ай! Бір айдан соң білеміз деп неге айтпайсың. (Әйнекке асылып тұрып.) Әй, Авдотья! Ә? Немене? Сен естідің бе, Авдотья, келген кім екен? Естігем жоқ! Есер күң, қолын сілтейді. Сілтей берсін, сұрап қалсаң етті. Соны біле алмағаның. Есіл-дертің күйеу ғой, а? Тез жүріп кетті? Арбасының артынан жүгірсең етті. Бар, бар, жылдам, есіттің бе, жүгір, үш, сұрап қал, қайда барады екен, жақсылап сұра! Келген кім екен, келбеті қандай, естідің бе? Тесіктен сығала, бәрін біліп кел, көзі қандай екен, қара ма, көк пе екен. Біл де дереу қайт, естідің бе? Тезірек, тезірек, тезірек, тезірек! (Шымылдық түскенше тезірек деп айғайлап тұрады, шымылдық түскенде екеуі де әйнек алдында тұрып қалады.)
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру