Мазмұнға өту
Home

Ғашық сезім

ISBN: 978-601-292-653-8 Беттер саны: 0 Жанр: Поэзия Лирика

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғашық сезім

Авторы: ISBN: 978-601-292-653-8 Беттер саны: 0 Жанр: Поэзия Лирика

Фариза Оңғарсынова Ғашық сезім Фариза Оңғарсынова Ғашық сезім лирика Аннотация Қазақтың кӛрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың есімі жыр сҥйер оқырманға жақсы таныс. Бҧл жинақ ақынның әр жылдары жазған лирикалық ӛлеңдерінен тҧрады.

КӚЗ АЛМАЙ НЕГЕ ҚАРАЙСЫҢ

Кӛрмеген бҧрын кісің бе ем, қадалды неге жанарың? Кӛп жанның мынау ішінен кӛз алмай неге қарадың?! Бӛтен сӛз ешбір айтпайсың, кездесе қалсақ оңаша. Ойланасың да, таппайсың жасқанған бейне балаша. Елеусіз ғана сӛз айтсам, қҧп алып, ҥнсіз қостайсың. Қуанасың ғой бір қайтсам, кӛрмеген кӛптен достай шын. Қадалса сенің жанарың, лҥпілдеп жҥрек... Солай шын... Айтсаңшы, дал боп барамын, кӛз алмай неге қарайсың?!

ҦНАТЫП ЕМ…

Жасымнан ҧнатып ем бір жігітті, сҥюдің қиындығын кім біліпті. Кӛз қырын тастамай ол ӛте берді, жҥрекке арқалатып нҧрлы ҥмітті. Әдейі оны кҥнде жанап ӛтем, ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен, кӛңілдің жайлауында сайран салып, жаныңды талай кҥйге салады екен. Сол жігіт білсең атын ӛлең деген, жымияр: "Саған оңай кӛнем бе мен!" – Ерте-кеш болса да бір естір ме екем бір сӛзін "Сені жақсы кӛрем!" деген…

ӚЗІМ ТУРАЛЫ

Қыз болып ойнамадым қуыршақпен, ерке еді мінезім де қыңырсоқтау. Тайқитын дӛкей деген балалар да, ―Бҧл шатақ шығарады ҧрынсақ‖, - деп.

Қыздардай білмедім мен қылымсуды, доп қудым балаларша трусимен. ―Осыным ӛзгелерден бӛлектеу‖, - деп, сонда да аяулы ана қызын сҥйген.

Сондағы бала мінез, қайсар қылық кӛрмеген мені ешкімнен тайсалдырып. ..Болдым да саған ғашық ойда жоқта, менде бір пайда болды байсалдылық.

  • *

Тебіреніп жҥрегіңнен жыр арнадың, кӛп мезгіл жылылығын ҧға алмадым.

Мен саған ҥміт артар сӛз бермедім, сонда да ынтық болдың, ӛзгермедің.

Мен болып жҥректегі жыр, арманың, бейнемді кӛңіліңнен шығармадың.

Жанымның ӛзге болды ҧнатқаны, ӛмірлік жҥрегімде ол тҧрақтады.

Кӛз тартар болмаса да ол дана жігіт, сол ғана бақытым деп жанады ҥміт.

Сан қилы тағдыр жолын сезбеген ем: мен жҥрмін ой-қиялым ӛзгеменен.

Сен жҥрсің ынтық болып кҥлкіме бір, не деген ғажап еді шіркін ӛмір!..

  • *

Басымды айналдырды-ау мҧң аптабы, еніп ем тәтті қиял қҧшағына. Жаныма жақындамай жырақтады арманым ақ сағымға ҧсады да.

Жан, жҥрек, ой, қиялым сендік еді, зулайтын саған қарай ҥміт-кемем. Ӛн бойым хатыңа да елжіреді, сенуші ем, болмайтын-ды кҥдік деген.

Кӛңілімнің арман туы

самалменен қиын-ау қайта тағы желбірері... Мӛп-мӛлдір сезімдерім саған деген есейтіп жібергендей енді мені.

  • *

Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тҧңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен – бір арман кернегендей жҥректі ізгі.

Жаныма жақын тартып барады ҥнің, сені айтып сыбырлайды терек, емен. Еркелеп асыр салған балалығым алыстап бара жатыр неге менен?

Ҧйқымды шайдай ашып ҧзақ тҥнде, елесің кӛлбеңдейді неге сенің? Ойыма сӛздеріңді жҥз ап кҥнге, кҥбірлеп қиялыммен кеңесемін.

Сыланам. Жиіледі шашты да ӛру. Жанымды жайлап алдың, санамды ҧрлап. Қайғы ма, қуаныш па жақсы кӛру баласын бӛтен ҥйдің?

Маған жҧмбақ.

  • *

Лҥпілдей соқты жас жҥрек, еркелеп назбен қарадым. ―Поезда-ақ хатты жазшы?!‖ - деп, елжірей қалды жанарың. Сезімтал жҥрек, жас жаным – бәрі де сен деп талпынды. Білдірер аяқ басқаның абыржып тҧрған қалпыңды. Сӛз таппай, ҥнсіз тҧрмын кеп, теңіздей жҥрек толқыды. Ышқынды гудок жҥр-жҥрлеп, мҧңая қарап ол тҧрды. Сӛйткенше қолдар бҧлғанды, мӛлдіреп кӛздер соңғы рет. Айтылмай талай сыр қалды, қимастық сезім толды кеп...

ҚЫЗ СЫРЫ

Жігіттердің жҥрегін ҧрлай бергім келмейді. Сҥйдім деген тілегін тыңдай бергім келмейді. Кез келгенін ғашық қып, әлек еткім келмейді. Аз кҥндік жай машық қып және де ӛткім келмейді. Алғашқы арман-тілекті шетке ысырғым келмейді. Бірді сҥйген жҥректі кӛпке ҧсынғым келмейді.

ҚОШТАСАРДА

Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. ―Жҥрмейсің бірге сен неге?‖ Дегендей болды жанарың. Елжіреп тҧрды жас жҥрек, жеңе алмай кҥшін сезімнің. Кеудеме жалын тҥсті кеп жаныңдай ыстық ӛзіңнің. Перронға шықтың, қарадың, тҧрсың ба мені қия алмай? Сыр ашпай қалай қаламын, ―сәулешім‖ дер ме ем ҧялмай?! Айта алмай қалдым. Жалынға ӛртеніп кеудем тҧрды-ау бір... Қалды да қойды жанымда жауғалы тҧрған бір жаңбыр.

ОН ЖЕТІНІҢ ӘНІ

Аспан нҧрдай ашық екен, неткен ғажап, шіркін, бҥгін! Естігенше асық екен менің мӛлдір кҥлкімді кім?! Жас кӛңілдер сыр ашсын деп, жас армандар ҧлассын деп, ашып тастап тҧр ғой, міне, сҧлу кӛктем тҥн тҥндігін! Айналамда зыр жҥгірген

бозбалалар - бір жарасым. Бірақ мені бір-біріңнен іштей бекер қызғанасың! Қаққанменен жан есігін, әрқайсысың - жеке елсіңдер, еркесіне әжесінің бәрің ғашық екенсіңдер! Болса да алда сынар кҥнім, қызық маған орталарың, (кӛтермеңдер бҧған мҧрын — сендерсіз де жол табамын!) Бірақ, бірақ кейде мен де білгім келіп толғанамын: қайсыңыздың мен дегенде кӛп тартады оң қабағың... Шеттеріңнен жақҧт ҧлсың иектен бір қыл қақпаған.

Бірақ қайсың бақытымсың - бҧл әзірге жҧмбақ маған... Сӛзбен сынап-мінеп ілдім, бірақ... қайсың бақытым деп, дҥрсілінен жҥрегімнің оңашада тыңдап қалам... Ой, қайсыңа сырды ақтарам?!

  • * Сенің нҧрлы жанарыңды

бақытым деп қалыппын ғой. Адал ниет, жан, арыңды содан маған таныттың ғой. Қош! — дедім де кете бергем, ойда бірақ қалыпсың ғой. Мені ӛзіңе жетелеген бір сезімді жаңа ҧқтым ғой...

ҚЫЗ ӘНІ

Қҧлпырды дала мына, жаным - жаз, жайнады ҥміт. Тҧр, жаным, жанарыңа қарайын айна қылып. Туғандай ай арманым осы бір шалғында анық. Ҧйқыңды аш, оян,жаным, келеді таң нҧрланып. Кӛз жҧмып, кӛңіл балқып, ісім жоқ баспанамен. Бақыты ӛмірде артық жан жоқтай басқа менен. Әнші қҧс, неге ертемен сайрадың бҥгін сен де? Жарысып жел-еркемен, сайлармен жҥгірсем бе! Шырқап сен шалғайда әнді кең дала — қыр бағында, бақытың болғай мәңгі деп әлде тҧрғаның ба? Осылай мың кҥн ӛтсін, сайрай тҥс бақта дәйім. Кішкентай бір тілекшім бар деп мен мақтанайын. Сәуірдің таңына ҧқсап кҥлімдеп тҧршы, жаным! Жҥрегім алып ҧшад, мен неге тыншымадым?!

ЖІГІТ ӘНІ

Атсын, сәулем, таңдар кҥліп, санаспайық уақытпенен. Осы емес пе арманды ҥміт, осы емес пе бақыт деген?! Куә болсын аспан, дала - бақыт қҧшқан таңым бҥгін. Жабықпа сен, жасқанба да, бар кҥдіктен арыл, кҥнім! Атсын таңдар толып нҧрға, жайнай тҥссін гҥлім менің. Әлденеден қорықтың ба, неге, жаным, дірілдедің? Кӛрейін мен келбетіңнен ылғи таңның арай нҧрын. Сені ӛтейін тербетумен, кетсін тҧнған талайғы мҧң. *** Атты да шҧғылалы таң кҥншығыстан, арайдан қараңғылық бҧлты ығысқан. Талпынған тіршілікке қыр әлемін бӛледі сазды әуенге жыршы қҧстар.

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары, тҧрғандай жаныңа әсем кҥй ақтарып, нәп-нәзік қырдың гҥлі албырайды, алғашқы балғын сезім сияқтанып. Кҥн шықты жанарынан нҧр атылып, қҧм жатыр бҧйра жондар шҧбатылып. Жартыкеш ай барады жаутаң қағып, ҥйінен кеткен қыздай ҧзатылып. Тҧнжыр тҥн ҧйқылы-ояу таңға ҧласып, қыр жатты тәтті ҧйқысын қалғып ашып. Әлемде тек екеуі секілденіп, отырды қыз бен жігіт албырасып.

СҤЙГЕН СҦЛУ

Сенің кӛзің кӛк те емес, қара да емес - қой кӛзді деп атайды мҧндайларды. Ол кӛздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нҧрдай мәңгі.

Сенің кӛркің ерекше емес, тегі,

(дәрі боп па қыздарға сарылығың!) Бірақ маған ―керім‖ боп елестедің,

саған ғана табынды бар ҧғымым.

Мен ҥшін сен — бәрісің тіршіліктің,

жаным ҧйып тек саған сыр ағыттым.

Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ҧқтым,

―Сҥйген — сҧлу‖ дейтіні бҧ халықтың.

  • *

Сыбырлай сҥйіп самал жел, толқытты жанды несіне? Жҧпарын шашып кӛгал бел шақырды кімді тӛсіне?

ӛзенге әсем ӛң беріп, жас қайың жайнап ӛсуде. Жағада қайық тербеліп, кҥтеді кімді есуге?

Мҥлгиді неге жас тал да, кҥткендей ынтық сырларды? Алтын ай қалқып аспанда, айналам неге нҧрланды?

Қҧшағын кімге тҧр ашып, айлы тҥн мҧнша сағынып? Самалға жас қыз сыр ашып, аңсады кімді жабығып?

Арманға толы жас жаны тіледі кімді елжіреп? Ҧқпайды неге басқаны ӛзімшіл асау ӛр жҥрек?!

  • *

Қадалып, іштей тамсана, қайтесіз мені ҧялтып. ӛртенсеңіз де қаншама, мен ҥшін қҧрмет – сый артық.

Бетке алып ӛзен жағасын, сырлассам, рас, сізбенен, жҥрек те табар жарасым, бағым ба ең әлде іздеген?!

Қадірлі туыс бол маған, таппайын сізге баға да. Жҥректе мәңгі орнаған бір тентек інің бар, аға!

  • *

―Ғашық жайлы мҧңды ӛлең жазба!‖ - дейсің. Ақылың. Тҧра қалып тілдер ем — ҧғар емес батырың.

Сҥю — сезім улары, татпақ тҥгіл - қайғысын, ғашық болып туғалы кӛрмепсің-ау, байғҧсым! Кетісудің кілті — егес, қозғамайық ол жайлы. Махаббатың — кҥлкі емес, мҧңсыз сҥю болмайды!

  • *

Ӛзімді жҥрегіңнің есі қылдың, бҧл жайды, амалым не, кеш ҧғындым.

Ӛзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жҥрегімнен кҥй арнадым.

Жас сезім гҥлдей нәзік, адал да едім, тек сенен бақытымды табам дедім.

Айлы тҥн қыз жанынан сыр ҧрласа, сен дедім ерке самал сыбырласа.

Жатсындым, ӛзгелерді кӛзге ілмедім, сен бірақ жан кҥйіңді сездірмедің.

Бейнемді кӛңіліңнен шығармадың, мен бірақ кезінде оны ҧға алмадым... Ӛмірде ӛткелі кӛп, әні қысқа, ал бҧған кінәлі кім —жазымыш па?

ДИАЛОГ

- Сенсіз қалай кҥнелтем – ҥйленейік, жҥр, еркем! - Мен сҥймесем, не етеміз? - Әлі-ақ сҥйіп кетеміз, ҥйренісіп кҥні ертең. Сҥймей, кҥймей, зар қылмай, ӛмір қҧру – бір қайғы: сыйласудан тағдырдай шын махаббат тумайды.

ҚЫЗ ҚУУ

Елең болмай жайлауда жаз аптабы, қызып кетті бойымда қазақ қаны: - Ертте, жезде, ең жҥйрік сәйгҥлікті - басталуға ―қыз қуу‖ аз-ақ қалды! - Ат - машина емес, ал ақыл ҧғып, кетері бар, балдызжан, қапы қылып. Ерке қызын қаланың ат кӛрмеген жығып кетіп жҥрмесін атып ҧрып! - Тҧрарым жоқ алданып айла-егеске, белді будым қалсам да қай белесте! Жол соңына жасықты қалдыратын ӛмір деген ӛзі де бәйге емес пе! ... Арғымаққа жӛнедім қамшы басып, (қарап қоям қауіппен артыма шын!) Мені қуып жеткенше, ей жігітім, қара терге ӛзің де малшынарсың! - Обалсыз, - деп, - есекке сеніп мінген!- қамшы ойнаттым қайтарда тӛніп бірден. Неге екенін білмеймін, жігітті емес, атын ғана сабалай беріппін мен...

  • *

Ӛмірде мынау менің бір

қоштаспас мәңгі досым бар. Ол—менің жолым сенімді, болашақтарға жосылған.

Шарласам тҥгел аймақты, терсем де қырдың гҥлдерін, барсам да қашан, қай жаққа — сол досымменен біргемін.

Қымбат-ау кәріжасқа да, шын досқа, шіркін, не жетсін! Болмасын қҧның басқаға, сен оған бірақ қажетсің.

Дос барда саспай табамын жҧмбақ сырлардың шешімін. Ӛзімен бірге қағамын тәкәббар Ӛлең есігін.

Ӛмірдің асу, асқарын бетке алып шырқап кетем мен. Қияға самғап жас жаным, арман шыңдарға жетем мен.

Ананың аңсап қҧшағын сағынып кеткен шақта мен,

сол доспен бірге ҧшамын ақ кӛңіл ауыл жаққа мен.

Ӛмірдің ӛзі сый қылған жол - серік саған, маған да. Тҧра сап таңда ҧйқымнан, кетемін жолмен тағы алға. Мені ӛмір талай сҥңгіткен жалғыздық деген айдынға. Арыл да бір сәт мҧң-жҥктен, дос барда, жҥрек, қайғырма! Қиналсам, дәйім тосты алдан, сҥйремей алға тынбайды. Әкеме жандай дос болған жол мені адастырмайды...

ЖАСТЫҚ ШАҚ ГИМНІ

Шешпеген сҧрақтарымның жауаптарынан, жетпеген мҧраттарымның абат бағынан, Әділет аңсар жалғанның жеңістерінен, ӛкпелеп кеткен жандардың келіскенінен, алынбаған асқарларымның жалқын жонынан, жазылмаған дастандарымның жарқын жолынан, жетпеген армандарымның кӛктемдерінен, шықпаған заңғарларымның ӛткелдерінен мен сенің тҧлғаңды кӛрем, ҧрпаққа жыр боп қалатын жылдарды кӛрем, жауынды дауыл, қара тҥн сындарды кӛрем, сағыныштан да тәттірек мҧңдарды кӛрем, о, алау жастығым менің!

САҒЫНДЫМ

Жырымды алғаш тыңдаған ауылымды сағындым. Қош айтып қол бҧлғаған бауырымды сағындым. Ақша бҧлты жарасқан аспаныңды сағындым. Қуыршақ ойнап таласқан достарымды сағындым. Еркелеткен жасымнан ағаларды сағындым. Мейірім тӛккен асыл жан – жан анамды сағындым. Таң нҧрымен даланың жайнағанын сағындым. Әнші қҧстар таң әнін сайрағанын сағындым. Жазғы кеште тербеткен самалыңды сағындым. Кеше ғана сенде ӛткен бала кҥнді сағындым.

АҚБӚБЕК ЖЫРЛАРЫ

Ақбӛбек пен Қайыптың мұңды махаббаты туралы аңыз Маңқыстауда кең тараған. Ӛнерпаз кедей жігіт Қайыпты сүйген бай қызы бір түнде онымен қашып кетеді де, тауда үш күн паналайды. Қайып аң аулап кеткенде, қуғыншылар Ақбӛбекті қолға түсіріп, ФортАлександриядағы (Форт-Шевченко) түрмеге қамайды. Қайып жићан кезіп кетеді.

ДАЛАМЕН СЫРЛАСУ

Дала, менің жеңешемдей кетіпсің ғой қҧлпырып тым! Маған пәлен демесең де, жанарыңда нҧр тҧнып тҧр. Кӛктеменің кҥн шуағын сағыныпсың, ҧғып тҧрмын. Ҥйде мен де тыншымадым – қҧлпырдың да, қызықтырдың. Тыным кӛрмей жыршы қҧс-ақ саған арнап жаңаша әнін, тҥріне тым тҧрсың ҧсап әжем терген алашаның. Тіршіліктің бәрі бҥгін, бәрі бҥгін бір тҥледі. Таулар ғана кәрілігін сезінгендей кҥрсінеді. Сілкінбеді, шӛге берді, қажыған ба ӛмір соғып? Асқақ кейпі келе ме енді, ойлағанмен кӛңіл солып... Кәрі таудың қҧшағына тҧрақтамай бҧлақ-қыздар қарт жҥрегін қҧса қылып кетіп жатыр қҧлап қҧздан.

Қатпар шыңның мҥжік басын келемеш қып, қарашы әні, жеткізбей жҥр кҥліп қашып жалаң аяқ бала сағым. ...Мен тҥнімен кӛз ілмедім, кӛңілім де тыншымайды. Бір бейтаныс сезім менің жҥрегімді шымшылайды...

ЖЕҢЕШЕ

Жеңешетай, тоқташы, қҧшақтайын сені бір! Тасташы сол от басын, отырмашы емініп. Жақын келші жаныма, жанарыма ҥңілші! Шаттық кӛрсең жадыра, отырма тек тҥк ҥнсіз. Сен қуансаң, ақылдым, қуанамын деуші едің. Ағадан да жақындау кӛремін ғой мен сені. Жаным бҥгін шашты гҥл, әлем бақыт сыйлап тҧр! Махаббаттың мастығы қуыршақты жинатты. Кӛзінде оның сағым-нҧр тҧнып тҧрған секілді. Жҥрегімді, жанымды ҧғып тҧрған секілді. Сол жанарда - қонысым, қуанышым не тҥрлі. Менің жаным онысыз кҥнсіз аспан секілді. Айтшы маған жыр етіп, есіңе алшы бҥгін бір. Алғаш жҥрек дір етіп, ғашық болған кҥніңді…

ТҤҢІЛУ

Адайлар мені маңдайға біткен кҥнім деп, қастерлеп аса мақтайтын – аймаққа кетсе атағым менің дҥбірлеп, бетімнен бірі қақпайтын. Сҥйікті болса, еркелеу болып кететін әдеті шығар пенденің: бір басқа менің еркелігім де жететін, ел еді сонда сенгенім. ―Бӛбекте де арман бар ма екен‖ дейтін қыз біткен, жігіттер жҥрді жыр арнап. Оңымнан туар бақытым - Айым біз кҥткен сағым боп ӛтті бҧлаңдап. Жҧлдызы болдым елдегі думан-қызықтың, алдыма шығар кім бар-ды. Енді мен бҥгін ―кҥнәкар болып батасын елдің бҧзыппын‖ сҥйгенім ҥшін бір жанды.

Ата-ана қайда бетіме жел боп келмеген, беремін дейтін тілегін?.. Әлпештеп жҥріп безеді неге ел менен, жасыды-ау әбден жігерім... Қҧса боп ӛтсе қыздары елдің сәні ме, халқым-ау, қалай тӛзгенің? Алдамшы екен ғой мынау жалғанда бәрі де, махаббатымнан ӛзгенің.

СӚНБЕЙТІН СЕЗІМ

“Атыңнан айналайын Бӛбек деген”. Қайыптың әні. Дауысың келді-ау қҧлаққа, сағынышым, қҧсалықтан Бӛбегің арыды шын. Кеше мені азаптап кӛп сҧрады: ―Қай бетке ҧшып кетті,— деп, - тағы қҧсың?‖ Сенің әнің сайрап тҧр кӛкіректе, ойламашы азаптан ӛкінед деп. Менің бойым ӛрт тҧрған. Қосылмайтын жҥректердің, жаным-ау, оты кӛп пе? Қайда жҥрсің қамығып, сҧңқар қҧсым, бізден бақыт қиялдай бҧлтарды шын. Бӛбек сендік жанары жҧмылғанша, арнаса да дҥйім ел мың қарғысын. Тӛксін теріс батасын, жала, кегін – ӛзгермейді ӛзіңдік жан екенім, ҧқсын, мынау ҧға алса, кӛр кеуделер, сӛнбейтҧғын сезімдер бар екенін.

АШЫНУ

Түрмедегі Ақбӛбекті патша офицері корламақ болады. Селтиген сары! Жетіспей тҧрғаным сен едің, келдің бе тағы кӛлгірсіп зымиян кҥлкіңмен! Ҧстай алмассың Бӛбектің шәйі желегін, әзер болса, дозағым болар бҧл тҥрмең. Ит ӛлген жерден келді екен сені кім айдап, қаңғыбастарға мекен болған ба бҧл аймақ?! Тірілей мені тәлкек қып қойған мҧндайға соқыр екен ғой Қҧдай да! Кҥні кеше сен ―жабайылар‖ деп шікірейіп тҧрдың емес пе, сары жез мҧртың тікірейіп тҧрды емес пе! Жабайыны жӛнге саламын десең, алдымен мәдениеттілігіңді елестет!

Жолама маған, қолаңса-сасық, кҥлімсі исіңнен жерінем, қорқытам деме - талай қорқудан батыр боп алдым тегі мен, сенсіз-ақ кӛрген азабым бастан асып тҧр мынау даланың шонжарлары мен бегінен. Тірілей сенің қҧшағыңа енбен, жҥн ерін, аю мойныңа асыла алмайды Қайыпты ораған білегім! Асқақтығым асып, ашуың қысса, жарып же жабайы қыздың жҥрегін!

ӚМІРГЕ ТҦРАР ҤШ КҤНІМ

Туған жер, елдің ішінен жанашыр болды тҥн ғана: дегендей бәрін тҥсінем жасыра қойды жылғаға. Тауға да жеттік ентігіп, бҧлақ-қыз кҥлді сылқылдап. Жҧлдыздар жиі. Жел тымық. Қос жҥрек қана тҧр тулап. Жастанып жҥпар жусанды, Кӛрпеміз - тҥннің шәлісі. От сезімдерден бусанды қаңырап қалған тау іші... Жҥректер жалын. Мекен - қҧз. Жанарға бақыт-нҧр қонып. Тілеумен жаттық екеуміз тҧрғай деп мәңгі тҥн болып. Таңдағы тҥстей тәтті еді ӛмірге тҧрар ҥш кҥнім. Таптады қыршын сәтте бір тырнағы заман-кҥштінің. Азапқа салсын. Жҥдеп мен кінәлі жандай жасыман: Айнымас асау жҥрекпен ақ сезіміме бас ҧрам!

АРМАН

Елестейді жанбаған бағым әлі, Сорлы жҥрек сол кҥнді сағынады... ...Ақбӛбек пен Қайыптың қызығы деп тойлы ауылға кәрі-жас ағылады. Балалар мәз. Думанға кҥлкі ҧласып, жаңа жерді жатсынып, жылқы қашып... Кӛк шалғынға кӛміліп жас қҧлындар жатса-ау, шіркін, желіде шҧрқырасып! Қыз жҥрегін жігіттер байқап ашып, отырады ӛзара тайталасып. Қатар-қатар тігілген ақ жҧмыртқа отаулардың тҥндігін айқара ашып. ―Кетеді-ау, - деп, - жат-жҧртқа ҧя салып‖... Кейде келген қҧдадан сый аталып, отырады кемпірлер ―ӛріс қой‖ деп, жаулық ҧшын кӛз жаққа жиі апарып.

Сонда бҧл маң тҥп-тҥгел жатпайды анық, жолаушы да тыңдайды тоқтай қалып. Жас кҥйеуді ортаға ап жеңге біткен сабылумен жҥреді нарттай жанып. Таңданады сол тойға халық тҧрып (қызық думан кӛрген бе жалықтырып!), жарқылдасып жҥреді ағаларым жиған-терген дҥниені сарып қылып! Ән-кҥйіңді сен бҥгін бҧлдама деп, достар тҧрса даланы жырға бӛлеп. Сонда біздер бақыттың толқынында қос қайың боп, дҥние-ай, ырғалар ек! Қол жетпеске талпынар кӛңіл деген, аңсауменен бҧл кҥнді ӛмірде мен ӛтемін ғой, қҧдай-ай, қҧсалықтан жалғыз тамшы жас қалмай тӛгілмеген... Бақыт аңсап балалық кҥн кешіп ем, болмағаны-ау бармақтай бір несібем...

Бҧл қапырық қуыстан қҧтылармын, қалай шығам заманның тҥрмесінен…

  • *

Басқа қызды жар еттің. От-жалынмен мені сҥйген жҥректі аямай-ақ. Тікенекті ӛмірдің соқпағымен тартып бердің әйтеуір жалаң аяқ.

Саған деген сезімнен есім кетіп, ӛртеніп-ақ жатамын қызғаныштан. Келе алмадым сонда да шешімге тҥк, шаншу алды жанымды, ызғар ҧстап.

Білем әлі жҥректер ҧғысарын, бірақ кӛрсем - жалынды басып-жаншып, асқақ қарап ӛтуге тырысамын, сенен ӛзге біреуге ғашық жансып.

Тағдыр бізді осылай тҧсады да, екі айырды. Аңсаушы ек тел ӛсуді. Беріп сені басқаның қҧшағына, серік қылып жҥрмін тек елесіңді.

Жҧртқа жҧмбақ болды да мендегі елес, біреулерге бҧл кҥнде мазақ та ӛзім... Махаббаттың кҥйігі — ерлер емес, әйел ғана шыдайтын азап-тӛзім. *** Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай. Сен Кҥншығыс, мен бейне Кҥнбатыстай. Бҧл ҥнсіздік қанша кҥн ӛмір сҥрмек, жҥруші ек қой қайғы да, мҧң да қҧшпай. Неге-неге осынша алыстадық, ӛліп-ӛшкен жҥректі жаныштадық. Сен отырсың жігіттік ӛрлігіңмен иілуге алдымда намыстанып. Менде ме деп бар кінә, мҧңға баттым, қҧптамаппын бас иіп, тыңдамаппын. Кӛтергендей аспанды мен де отырмын нәзік жыныстығымды бҧлдап-ақ тым.

Қойшы, жаным, пайда не бҧдан ҧтқан, жҥдеу тартты дҥние, қҧлазып маң. Біз екеуміз ―сыймаймыз‖, несіне онда татулықты кҥтеміз мына жҧрттан…

  • *

Біз екеуіміз біргеміз.

Бақыттылықтан жанарымда менің қалды ғой кҥміс шық тҥнып. Дҥние деген тып-тымық! ӛліп-ӛшкен бар болмысыңменен сен отырасың тіл қатпай, жанарыңмен ғана ҧқтырып (адамдар бҥгін бірінен бірі алшақтап кеткен заманда ҧғысу деген - мықтылық!) Ӛмір бізді айырсын - бҧған да тіпті қайғыдан ӛксіп ӛкінбен, тҥндерде мейлі арпалысайын жанымда жанған отыммен, мейлің сен тіпті басқа жанменен мен жоқта оңаша қалып отыр ма ең - бәрібір мені ҧмыта алмайсың. Мен сенімен біргемін ҧғысқан алғаш со кҥннен.

Менің аусарлау ақылдым! Қақтығысы мол жер ҥстін басып жанымда ӛзің жҥргелі, қажыта алмайды мҧң мені. Мен жиіркенемін кейбіреулерден. Сҥю дейтіні олардың—- тӛсекте жатқан тҥндері. Бҧл дҥниенің қасіреті менше – ҧғыса алмайтын жандардың тҥсініскен боп жҥргені. *** Налып келдің соншалық, тҧнжырадың ӛсегімен біреулердің. Мен де ӛзіңмен қосыла қынжыламын, мҧндайда жҥдеулеумін. Қабағыңнан – менен артып жан ҧққан ба! – іздеймін кҥлкі таңын. Табынарым – сен бҧлай жабыққанда мен кімді пір тҧтамын… Жақсылықтың бәрінен тҥңілмеші бір-екі жаман ҥшін. Қайғы қылдың, жаным-ау, мҧның несін болмаса жалаң ісің?!

Тҥңілер сәт шындықтан ӛтер кейде, ӛшетін ҥміт, сенім… Бірақ ӛмір шарт мінез. Кӛтермейді кҥйректігін жігіттердің!

  • *

Ӛлең кӛп деп біреулер жазғырар ма махаббат, сезім жайлы. Олар, әттең, мендегі жазды ҧғар ма жолдар келіп тҧрғанда ӛзің жайлы.

Ӛзің жайлы-

ӛкініш, ӛсегі мен қҧштарлығы тағы мол ӛмір жайлы: қҧштарлығым кҥн сайын ӛседі де, қуаныштан тәттірек со бір қайғы.

Ӛмір – сенсің, бар жҧртты ҧмыттырып, ӛзіңді қҧштыратын. Ішіп-жеген жанарыңды ҥміт қылып, кҥттіретін біткенше кҥш-қуатым.

Сенсіз жырмен жоқ менің тілдеспегім, қайтем енді біреулер оны ҧқпаса… Бҧл кҥнәкар тірлікте жҥрмес те едім, ӛзіңмен жолықпасам.

  • *

Бҧл жырлар жазылмас еді-ау, мен қайғы жҧтпаған болсам. Бҧл жҥрек табынбас еді-ау, сен жҧртқа ҧқсаған болсаң. Кӛзіме ілінбес те едің, шыға алар шыңдарым болсаң. Тек саған жҥгінбес те едім, иіліп қҧрбаным болсаң. Мен бҧлай жҥрмес те едім-ау, ӛмірде болмаған болсаң. Сҥюді білмес те едім-ау, сенімді қорлаған болсаң. *** Кӛрінбей кетсең, сені мен кӛруге тіпті қҧштармын. Жаныма жақын келіп ең – келмеді бірақ тіс жарғым. Жҥрегім талай алқынды-ақ, бір саған арнап мҧң-әнін. Жиында жҧртқа жарқылдап, кӛзге ілмей сені тҧрамын. Қҧдыққа барсам, қарадым ат суаруға келгей деп. Тҥңілтіп кетіп қаламын тҥсімнен жылу бермей кӛп.

Жанымда арман, мақсат кӛп екеуміз ғана ҧғысар. Сонда да саған асқақ боп кӛрінуге мен тырысам. Қыздардан ӛрлік қалған ба – қҧлай сҥйсе де шектелген: сен алғаш сҥйіп алғанда, ашуланған боп кеткем мен…

СЕН ТУРАЛЫ

Сен бір албырт жігітсің, білемін мен, бір нәзіктік еседі жҥрегіңнен. Сен кірбіңсіз, кӛңілді болсаң дәйім, жаным сая тапқандай жҥремін кең. Сен мҧңайсаң, сан ойлар қоршап мені, деп қаламын: ―Жҥр екен аңсап нені...‖ Жалт етіп бір қараған жанарыңнан жан-кҥйіңді ҧғамын сол сәттегі. Сен сырт кӛзге жігітсің кӛптің бірі, байқалмайды қызбалық, ӛткірлігің. ...Бір ғажайып кҥш сенің бойыңдағы жҥрегімді балқытып, тӛктірді нҧр... *** Жанымда жҥрші аласармайтын армандай асқар тауым боп, шілдедегі әппақ жауын боп. Сенімен жҥрсем – мынау жалғанда мен кӛтермейтін ауыр жоқ, бет қаратпайтын дауыл жоқ.

Сенсіз кҥндерім бҧлыңғыр кҥнгі кӛңілсіз кҥңгірт екінді. Сезбей-ақ кҥннің шуақ сәулесін, жҧпар самалды не тҥнгі, ӛмір кешетін сонда да мәз боп ӛкінбей ойсыз байғҧстар секілді… Жанымда жҥрші кӛңілімнің арай рауандап атқан таңы боп, кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп. Кҥйдіре тҥссін ӛзімшіл мына жҥректі сендегі сӛнбес жалын от. Әйтеуір осы тірлік дегеннің мен ҥшін ӛзіңсіз ешбір мәні жоқ.

САҒЫНА ТҤССІН ДЕДІҢ БЕ

Жҥректі тербеп бал сезім, қоштастым сонда дірілдеп. Аузымнан шықпай бар сӛзім, ішімнен тҧрдым ―кҥнім‖ деп. Жанарың сенің қадалған, жаныма кҥн боп нҧр септі. Жиналған мынау жарандар қарамай бізге тҧрса етті... Кеттің ғой сонда кӛп кҥнге, қолымды неге қыспадың? Тіледім самолеттің де кешігіп барып ҧшқанын. Несіне тіктің кӛзіңді сҥйілмей қалған ерінге... Сарғая кҥтіп ӛзіңді, сағына тҥссін дедің бе? ***

Алыстарға кетейік. Қаланың бізді кӛп жалықтырған кҥйбеңдерінен жыраққа, ақ бас тауларға аймалап жатқан кҥміс шолпылы бҧлақтар. Сен ғажайып ертегілердің батыры астындағы арғымақ атпен айшылық жолды бір аттар. Ӛзіңе ғана табынған ессіз мен нәзік ару болайын тозақ боп сенсіз кӛрінсін тіпті жҧмақ та! Ӛңгеріп мені ап кетші кӛк ормандарға тылсымын аяқ баспаған, тҥнектерімен ӛр кӛңілдерді жасқаған. Толтырсын меңіреу дҥниені у-шу дҥбірге сенің екпініңнен қашқан аң! От махаббатыңнан ӛртенген маған еркек еместей кӛрінісін жалғыз ӛзіңнен басқа адам.

Ҧмытайық біз сонда мынау жалғанда біреулер барын жер басып жҥрген айла қып, ӛсек-аяңнан пайда алып: дҥниенің бәрі біз екеуміздің жанымыздай мӛлдір болсын деп, арманның ақбоз арғымағын Айға байлалық. Рахаттан сонда жылайын кҥліп жатып мен ӛмірден мың-мың айналып! *** Сен ҥшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен? ―Сыртыңнан сҥйіп жҥретінімді сезуші едің ғой‖ демесең, мен саған ғашық емес ем. Бас иген кӛп-кӛп бозбалаларға паңдана асқақтау басып, бақытты болдым. ―Сонда да жан-жҥрегіңді толтырар бір жан жетпей жҥрді ғой‖ демесең, мен саған ғашық емес ем.

Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жҥргенмен, сен екеніңді білген бе ем… Әйтеуір, жаным, ―бҧл кҥнде менсіз жҥре алмайсың ғой‖ демесең, мен саған ғашық емес ем. *** Самолетке барамын кӛтеріліп, Кӛкіректі кҥдік-жел ӛтеді ҧрып. Асау кӛңіл жабығып осындайда, оралмастай кӛрініп кетеді ҥміт. Жалтаңдаймын ―қалайша ол жетпеді‖ деп, кӛтеремін тырмысып ӛкшені кеп… Сонау тҧрған кӛп жанның арасынан сенің жҥзің елестеп кетсе еді деп. Орап жақсы сӛздердің қҧндағына, достар қалды қолдарын бҧлғады да. Жетпейді ғой ӛзгенің ақ тілегі тіл қатпай-ақ ӛзіңнің тҧрғаныңа.

Ҥнсіз-ақ сен тҧрар ең жанымды ҧғып, (тҥсіну де, меніңше, дарындылық) сенің келмегеніңнің ӛзі-ақ мені оралдырар мың есе сағындырып!

  • * Табыстық. Екеуіміз де кӛктем едік.

Бір кештік су демедік, от демедік.

Соншалық ҧғысқаннан, бірімізге біріміз тіл қатпай-ақ ӛкпеледік.

Оянып сҥйіскенде ала таңнан, сезімдер мӛлдір шықтай жаңа тамған, ҧғамыз қос жҥректің тіл қатысын иыққа тиіп кеткен алақаннан.

Ол менің (сенің де!) ӛшпес кезім ыстық. Бақыттан кӛрмейді әлі кӛзіміз тҥк. Мен мҧнда, сен жырақта жҥргенде де біріміз бірімізді сезіністік.

Рақат теңізінен жҥзіп ішіп келеміз. Кетті талай мҧз ығысып. Кӛре алмас кӛздер ғана кӛлденеңдеп, біреулер қадалады қызығысып.

Ӛзіңсіз қызықтырмай мені еш мекен, сенімен жҧмақты да елестетем. Ал жҧрттың таңдануы — мҧндай сезім тым сирек бір қҧбылыс емес пе екен?

  • *

Мейрімсіз, қатал десек те, әр жанның жҥрек оты бар. Бақытын оймен есептеп, елжіреп кейде отырар.

Сағыныш толмас жҥректер жоқ, сірә, мына жалғанда. Ӛзіндік әркім тілекпен ӛзінше шырқар арманға.

Мақтауға ол мейлі тҧрмасын, болмасын дана тҧлға шын – сҥйікті болу, сҥю хақ, адам боп жаратылғасын.

С Е Н Е К Е У І М І З

Менменшілдік артты да сана-кҥштен, екеуіміз де кетістік ―тамам іс‖ деп. Махаббаттың жалынын жалғыз жҧтып, сен ренжіп жҥрсің ғой маған іштен... Екеуіміз де ақылға бекінбедік, таластық та, ―сенікі шетін‖ дедік. Бҥгін біздер мҧңдымыз, жҥрсек-тағы дымымыз да кетпеген секілденіп. Қҧр ӛкпені қайтеміз. Жетер, кҥнім, деймін іштей: ― Табысқай екі ел бҥгін!‖ Екеуіміз де ҧғындық, бірімізге бірімізсіз ӛмір жоқ екендігін. Елжірейсің—ӛкпенің бәрі біткен. қҧшағыңды отырмын сағынып мен. Екеуіміз де ҥнсізбіз... жақындасақ, кететіндей ӛрт болып бал ҥміттер!..

АУЫЛ ҚЫЗЫ

Қос жанарда тҧрады арай кілкіп, қадалмайды, жалт етіп қарайды ҥркіп. Сҧқтанады сан кӛздер сҧлулыққа, талықсиды қағылмай талай кірпік. Ақша бетке жарасып пісте мҧрын, балғын жҥзден мӛлдіреп іштегі нҧр, бала мінез, пәк кӛңіл тамсандырып, деседі іштей жігіттер: ―Тҥс пе мҧным?!‖ Жҧмыр кеуде жарасып иықпен тік, тҧр талдырмаш денесін биіктетіп. Жалғыз жатыр жотада қара бҧрым нәзік белге кей-кейде тиіп кетіп. Қынай белді кӛйлегін етегі кең, қуыршақтай қомпитып кетеді жел. Ақ маржандай тізілген сҧлу тістер кӛмкеріліп алқызыл екі ерінмен.

Шыдам жетсе, жігітім, қызбай қара, қадалсаң да, тоймайсың, жҥз қайтара. Мынау дала жердегі жҧмақ болса, періште деп дәл осы қызды айтады, ә!

  • *

Алтын арай атқанда таң нҧрланып, жыр-кӛктеммен қҧлпырды дала-кілем. Қҧшағым – гҥл. Келемін бал-бҧл жанып жастықтың алаңымен.

Қыз арманы секілді алғы уақытым, шырын сезім жҥректе, жанарда да. Әлем сыйлап тҧрғандай бар бақытын жалғыз-ақ маған ғана!

Жастығыма болғандай уақыт ғашық, жетелейді ӛмірдің бағына әсем. Сезім кӛлі – жанарың бақыт шашып келесің жанымда сен!

…Талқысы мол тағдырдың бір басында, ҧлылықты ҥреймен алыстырған - бас иеміз сонда да бҧл ғасырға екеумізді табыстырған.

***

Мен бір қызық адаммын: қатал тағдыр сілкілеп мың сынаған, қҧлап-тҧрып, сонда да тыншымаған. Жҧртқа деген ызадан булыққанда, сені орынсыз азаптап ҧрсып алам. Сен асқақсың – білемін. Маған ғана иіліп кішіресің (иілу де бҧл кҥнде кісіге сын). Қуаныштың мен ҥшін не екенін бҧл жалғанда сен ғана тҥсінесің. Жыр жазбасам жабығам, онысыз маған дҥние жел ӛтіндей, жҧрт ҧқпайды – жҥрем мен неге кҥлмей. Ал сен болсаң, қайрайсың, қҧлшынтасың, содан саған бір пайда келетіндей. Жандар кӛп қой, жанашырсып жҥретін кӛтермелеп… жанымдасың болғанмен мекен бӛлек. О, мен кейде қорқамын кӛп ішінде жалғыздықтан жарылып кетем бе деп…

Мен ӛзгенің кӛзіне асқақтаған адуын, мҧңсыздаймын, ҧқпайды олар – кӛзімде тҧнсын қайғым. Жыласам да, кҥлсем де – мен әйтеуір сенің ғана алдыңда қымсынбаймын.

Сен жақынсың жаныма, мейлің тіпті менімен кҥн-тҥн егес, ӛзгелермен кҥлгенім – кҥлкі де емес. Дос кӛп болсын деседі-ау. Сендей достың кӛп болуы адамда мҥмкін емес…

  • *

Бір жҥрейік, қос дауыспен "Аққҧмдай" бір ән салып, тҧтқындасын ақынды қылаң шабыт, мҧңдылар да еске алсын бақыт кҥнін, жанарларды тҧрмасын тҧман шалып.

Ӛмір — жасыл бақ емес, арналы қҧз, таба алмайтын сәттер бар қарманып із. Бҧл тірлікте тҥк емес кейде біздің ҧғыса алмай, керісіп қалғанымыз.

Несі қызық бар дәмін татпай кетсек, ӛмірге келіп тҧрып, қуантпаса ол, жылатып, еліктіріп?! Кейде дауыл соқпаса, тыныштық та жібереді емес пе зеріктіріп? Бір жҥрейік жҥзімізден арайлы арман ҧшып, жанымыз — дәл гҥл қҧшқан таңдағы шық. Бізді кӛріп секемшіл мына жҧрттар бас шайқасып, дал болсын таңданысып. *** Келесің дәйім шілденің от кҥні болып, ынтығып, қҧшағыңда қҧрып сҥлдерім шыға алмай қалам бҧлқынып. Кетеді сонда жон аттап тәкаппар менің ӛрлігім, жанарда жҥрген қонақтап қоңырқай кҥздей сорлы мҧң. Сендегі сезім селінен еркелей тҧрып жасқанам. Сҥйе ала ма екен беріле біз екеуміздей басқалар…

Сенімен еріп ҥйге бір келеді шуақ жылытып. тірліктің кҥйтің кҥйбеңін кетемін сонда ҧмытып.

  • *

Мен сені қызғанамын. Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың (мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным, олар менің қашан да ақ тілеушім ғой – байбалам сап несіне сызданамын. Кӛкірегіңде мен тҧрып, шамаң жетсе, басқа жҧртқа мейлің сен жҥз қарағын!).

Мен сені қызғанамын бәз біреулер ӛктемсіп басынғанда (ӛктемсушілер кӛбейді – ғасырдан ба…), доспын дейтін жігіттер бірге отырып, сенен сырын қулықпен жасырғанда. Осылардың бәрі оқ боп қадалады сені нәзік сҥйетін ғашық жанға.

Сен далаға тартқансың. маңғаз мінез, кеңдікпен кӛзіме сен менің дархан далам боп кӛрінесің, ӛзекті ӛртеп, аңқаңды кептіретін отты сезімді алдың ба шӛлінен сен?! Бір-біріңнен айнымай қалғасын ба – мен даламды да қызғанып, ӛліп-ӛшем. (Мен оны да қызғанам отаны жат біреулер менсінбегенде, ей, ағайын, мені тым ―жершіл‖ демеңдер. Мен тӛзбеймін жат біреу қожасып жҥрсе, бабаларымның қаны мен тері сіңген жерге! Тҧмау қҧртқан солардың танауларына даланың жҧпар ауасы келсін бе мҥлде!)

Мен сені қызғанамын, қадіріңді біреулер білмегенде, сені сырттай кӛре алмай кҥндегенде. Ӛзің жайлы орынсыз мысқыл айтса, қаным қайнап кетеді бҧл денемде. …Осыған да шҥкірлік. Пақырлық қой қызғанышсыз, жалынсыз кҥн кӛрем деу.

БОЙЖЕТКЕННІҢ СӚЗІ

Сен маған кӛктем боп кел нәзіктеу жанымды ҧғатын, Отты махаббатыңмен ӛктем боп кел, асқақтығымды табындыратын.

Қазақтың әні боп кел жҥрегімді дірілдететін. Сол әндердің сырлы әуен — нәрі боп кел, жанымнан мҧңым кететін.

Сен айтпай-ақ ҧғардай тҥсінікпен кел осы бір қалпыммен мені. Тек анамның алдына кішілікпен кел — қайғы шалмасын аяулы алтын іреңді.

Табындыр, тауып тізгінін бҧла кӛңілдің, сол шақта мҥмкін ӛзіңе ғашық етпегің. Сен, әйтеуір, ҧмыттыр мынау ӛмірдің мені толғандыратын қасіреттерін.

  • * Сенің жҥзің мен ҥшін ай нҧрындай болмаса, ӛзің барда жаныма жайлы мҧндай болмаса,

тыныс берер кеудеме сенің демің болмаса, аймалаудан танбайтын еріндерің болмаса, ҥмітімді жалғайтын шын сенімің болмаса, саған дейін қиял мен мҧң серігім болмаса, сен жҥргенде ақ жаңбыр жайлы кҥндей болмаса, кҥздің тҧман кештері айлы тҥндей болмаса, сенсіз мынау әлемді кезбейтінім болмаса, азаптарды сен барда сезбейтінім болмаса, ӛзің барда жер-кӛкті ҧмытқаным болмаса, есімді алған еркелеу қылықтарың болмаса, рақаттан сен барда тҧншығарым болмаса, тек ӛзіңнің алдыңда қымсынарым болмаса, сен барыңда қайғыдан арыларым болмаса, шыдам таппай ӛзіңді сағынарым болмаса,

мҧңайғанда тек ӛзің жҧбатарың болмаса, сенің махаббатыңмен гҥл атарым болмаса,

маған ғана сыр ашып шешілерің болмаса, қате басқан сәтімді кешірерің болмаса,

от-сезімің жҥректі табындырған болмаса, бей-жай жҥрген жанымды жалын қылған болмаса,

бҧла шақтың арманын сенен ғана кӛрмесем, қиналғанда кҥш беріп, бастамасаң ӛрге сен, сҥю тҥгіл, жаныма жолатпас ем, кӛнбес ем!

  • * Қуанышты мендегі сенің қайғың улайды. Ешбір адам жердегі білмейді бҧл мҧң жайлы.

Сҥйсе бақыт емес пе — мен біреуге тәттімін. Тҥсесің де сен еске, сап болады шаттығым.

Аяз шарпып денені, сҥйген болам бекер кеп. Сені іздегім келеді қай жерде отыр екен деп.

Сен жайлы ойды жасқадым — қалмасын деп ол біліп. Қҧшағында басқаның сені ойлаймын. Сорлылық. *** Дҥние бос қалды ғой сен кеткелі, кҥлегеш достарды қой жер-кӛктегі: ешбірі ӛзіңдей боп жҥрегімді шаттықтан не қайғыдан кернетпеді. ¥йқыдан сен деп аштым жанарымды, сенделдім, белден астым - дара. шыңды. Кӛңілім қҧздан қҧлап жҥрмін ессіз жаутаңдап жетім қалған бала ғҧрлы. Жҥремін асқақ басып - жанымда мҧң, сол мҧңнан мҥмкін емес арылмағым. Сезсең де сезгің келмей жҥрсің бәрін, ал мен де біле кӛр деп жалынбадым.

Қақшиып жҥрген болам, кҥлген болам. Сенім жоқ. Тӛсек аяз. Тҥндер боран. Оны тек сен білесің, мен білемін, ҧқшы деп кірістірем кімдерді оған. Қаптаған жан-кҥйімді мҧнар мынау, мен ҥшін аспан мен Жер тҧман-қырау. Ӛзімді білсем егер, ӛзіңді мен ешқашан жек кӛре алмайтын шығармын-ау. *** Мен сені жҥретінмін мақтан кӛріп, қызғыш боп, ӛсек айтқан жаттан қорып. Ӛзгеше жҧрттан бӛлек жан дейтінмін жоқтай бір кӛлеңкесі – таң кейпіңнің. Аңқау да аңғал жансып жҥретінсің, сезімтал, сырды айтқызбай білетін шын. Әрқашан ақ кӛңілмен қарсыладым, ерсілеу қылығыңа сан шыдадым. Жҥрдім мен ӛзің жайлы ойым дырдай, гулеген ӛсектерге мойын бҧрмай.

Арам да достарыммен кетті алыстап: сен мені бӛліп алдың шеттеп ҧстап. Қайғырсаң жҥрді жаным жай таба алмай, дҧшпаннан бар кегіңді қайтарардай. Мҧңайсам, қайғы қостың ҥстемелеп, бел бусам дедің-ау сен: "кҥш не керек!?" Жарқ етсе бір жақсы ісім теріс дедің, мен сосын оның бәрін кері істедім. Кӛрсетсем бір жат қылық мақтадың кеп, мән беріп оған бірақ жатпадым кӛп. Білмедің тҥбі жырақ кетерімді – ӛзің-ақ мені сҧмдау етеріңді. …Ӛзіңсіз қазір тіпті жайлы маған, тек қана сенің ҥшін қайғыланам. Бҥйтпес ең, бар-жоғымды ескермес ең, ӛзіңнен биіктігімнен сескенбесең…

ӘЙЕЛГЕ ДЕГЕН МАХАББАТ

Тҥндерде жалын боп ӛткен біреуді жаным деп ӛпкен сенің гҥл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен. Жҧттым да кӛзде жасыңнан, тӛсіңнен ӛзгеге ашылған басымды ала алмадым мен, (қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!) Кӛлдегі сағым кӛрікпен жанарды жанымды еріткен қҧштым мен ашқарақ кҥймен, (білемін - басқа да сҥйген.) Ең алғаш қҧшқаным да - ӛзің, балқытқан кҥш жалын да - ӛзің, ең алғаш сҥю дегенді ҥйреткен ҧстазым да ӛзің. Жанымнан мҧңым кеткелі сен болдың кҥнім кӛктегі. …Қайғым тек - осының бәрі басыңнан бҧрын да ӛткені... ***

Арылмай кҥйкі-кірбіңнен, мазасыз ӛтіп тҥн мҥлдем, біресе жылап, бір кҥлгем. Содан да – сені әлі кҥн еркелете алмай жҥрмін мен.

Жетесің ҧшып, қайдалап, сезімің шексіз, айдан ақ. Қайтемін сӛзбен майдалап, сонда да тҧрам жәй қарап. Кӛрмедім сені жаныммен, жҥрегімменен аймалап.

Ҧғынып ӛзің, сез мені – ӛмірдің мынау тездері қатыгездеу қып кетті ме қатерлер кӛбін сезгелі. Білмеймін, әлде қымбатын қадірлей алмас кез бе еді…

  • *

Менің екі жауым бар: мәңгілік достаспайтын, қимастықпен жыласып қоштаспайтын, кіріп келсе, жанарым мҧң оранған қуаныштан жарқ етіп от шашпайтын. ол — адамдар шындыққа жҥгінбейтін, кӛлгірсіп кҥлімдейтін; ӛзі істеген жауыздық, зҧлымдықтан қайғы шегіп ішінен тҥңілмейтін.

Екіншісі — досымды жамандаған, ӛсектерін ӛрбітіп сан арнадан жҥретіндер — қас жауым. Соларға мен қаным талай қайнаған, алаңдағам. Ӛтірік пен жала кӛп аяқ бассаң, ал жақсылық жағына сараң ғалам.

Білем, ғҧмыр мәңгі емес, қысқа мҥлдем... кешірмеген, жауласқан тҧстарым кем... Бірақ маған тіл табу мҥмкін емес осы екі дҧшпаныммен.

  • *

Далам менің! Сен жатырсың сусын ғып заман демін, бусануда сол демнен жарау жерім, толқынданып толықсып даламда егін! Ӛзгертіп ән-ырғағын, дала жатыр ақтарып барын —нәрін, солқылдатып сорғызып тамырларын, дҥниеге тосуда дәнін-нанын. Талпынған таң ғҧмырға кең даланы уақыттар салды мҧңға. Бҥгін дала шалқиды батыр жасап кеудесінде жҥргеннің барлығын да. Тың жерлерім! Сол дҥбірден ӛзгеріп тҥрленді елім, жоталарды жусатып тҥрен-тістер, қайыстырды белдерді, іргемді егін. Байтақ жер жаңарғанда /жаңарған жер таңбасын салар жанға/, кӛз талдырып қарадым, біле алмадым – нағыз батыр дала ма, адамдар ма?.. Тыңайған дала - бесік, әлдилейді дәндерін, самалы есіп, аялайды жҧлдызды батырларын, тосып алдан жаңа кҥй, жаңа несіп. Бидайлы қҧндағымда, бақыт, байлық шалқиды қырда, қҧмда. Кӛнбіс дала мақтан ғып жатыр бҥгін ер атанған қыздарын, ҧлдарын да!

*** Достарым, ортам, қоғамым, оларсыз, семем, соламын. Салқындық сеуіп, сырт берсе, кӛңілімде – кірбің, жоқ әнім, солардың қабақтарымен налимын, тасып-толамын. Ӛшіретін мені бір ҥріп, ӛсіретін мені кҥні ғып қҧдіретті кҥш те мен ҥшін, жебейтін жігер, жеңісім – жанымда жҥрген сол жандар. Жолымда талай орлар бар, асуын бермес жондар бар, жанымда теңдей тоңдар бар – қиналғанымда қолдаңдар, сәулелеріңмен қорғаңдар! Шынары солса, жерге сын, қҧрағы солса, кӛлге сын, асылын ардақ тҧта алмай аздырып алса елге сын. Сендерсің жерім, елдесім, жауласатын да сендерсің, жыласатын да сендерсің, жазалайтын да сендерсің, азалайтын да сендерсің.

Мен ҥшін зауза, ақпан бар, қара сулар бар, ақ қар бар. Мҥсіркемеңдер – сақтаңдар! Итерсең – жығып тастаңдар, Тҧрғызсаң – қолды қақпаңдар. Сендер деп жҥрмін, әйтеуір, аялаңдар не таптаңдар! *** Білмейсіңдер, мені әлі білмейсіңдер, білмей тҧрып бекерге кҥндейсіңдер. Секілдімін біреуге кҥнгейсіз жер, кҥнгей болсам, тістеніп тілдейсіңдер, сҧмдық ойлап сҧрланып жҥр дейсіңдер. Еңсем тҥссе, мҥсіркеп қорлайсыңдар, озып кетсем, жолымды орлайсыңдар; қатар жҥрсем, ақылды торғайсыңдар. Мәртебенің мінбесін меншіктесем, қол қусырып, бас шҧлғып сорлайсыңдар.

Ӛрекпімей сылдырға, жалаң жайға, сӛз бен сертті ар дейтін адам қайда? Әлде бәрі сезім мен сенім таппай, алаң-жалаң кҥн кешіп амалдай ма, адамдықтың тіндерін тарамдай ма? Кӛпке жағар жетіспей тіл мен ебім, мҥжіп келем ғҧмырдың кҥн кемерін. Мен ӛзім де білгішсіп жҥргеніммен білгенімнен кӛп екен білмегенім. Мҥмкін, біліксіздіктен тіл жебедім. Мейлі, мені білмеңдер, бал ашыңдар. кейде тіпті жағыңдар қара сырлар, менің жҧмбақ жанымды ҧғына алмай, тҥрлі саққа ой жебеп, таласыңдар! Бірақ қиын кҥн туса бастарыңа, осы неге мені іздеп табасыңдар?.. *** Мені білсем дегенің -

тҥрімде мҧң, кейпім сҧсты, тек одан тҥңілмегін, қҧздарымнан аса алсаң, Кҥн шығатын планетамның жанына ҥңіл менің, ҧға алмайсың әйтпесе діріл, демін. Бойыңды ҥйрет бҧрқаған қҧм дауылға, ӛзендері батырып тҧнба мҧңға, кӛкжиегі бастайды алыстарға. Кӛре білсең, кӛркем ҥн, сыр да мҧнда, аялайтын жылу бар қҧндағымда. Жҥрегіңе сіңір де оты, қанын, кӛңіліңе таңбалап тоқы бәрін: шҧрқыраған қҧлынын, қҧралайын, жыңғыл жапқан сайларын, шоқыларын, анам иісі шығатын топырағын; еркіндіктің жҥгенсіз тағы кҥшін, қасіретін даланың, бақ, ырысын; "екі кӛзге мӛлтілдеп жас келетін" коштасудың кайғысын, сағынышын жҥрегіңе сіңір сен жану ҥшін! ***

Қайшылықтар, кереғар пікірлерден, ӛзімді-ӛзім сынаудан, ҥкімдерден, жазалаудан, ақтаудан, жазғырудан тҧратҧғын мәнімді тҥтіп жеумен келем әлі, жаным – от, тҥтін – кеудем. Бет қаратпас сҧрапыл – сезімдерім, еске салар кӛңілім теңіз желін, жаным нәзік тәніндей жас баланың, қара тҥнмен арбасып кӛзімде кҥн; сана – мҧзарт таулардай, ой-сәйгҥлік, найзағаймен шешімім егіз менің; шарттылыққа жаны жат болмысыма шағаладай шарқ ҧрып ем іздедім.

Мҧндай мәнге мәз болып семірер кім, ҥгіп жеуде ішімді жегі-дертім. Жан әлемнің тартысы - кҥндіздерім, буынымды сыздатып кемірер тҥн. Қарсы ағысқа ҧрынбай, жҥзсем етті толқындардың бойымен емін-еркін. Қайшылықтар қағысы тҥбі, әйтеуір, ақиқатқа апарар мені мҥмкін! *** Ӛкпелеп жҥрсіңдер ме? Жетпегендей бір демі тылсым кеуде тҧншығады бейуақыт сендерді ойлап оңаша кҥрсінгенде, жарқын аға, жақсы дос, сыршыл жеңге, шыныменен ӛкпелеп жҥрсіңдер ме? Жаюшы ем сырымды ҧдай, келмейсіңдер жарқылдап бҧрынғыдай. Сонау кҥнде ерке едім, ойламаушы ем ӛздеріңсіз ӛтер деп ғҧмыр бҧлай. Серпіп тастап кӛңілдің мҧңын былай мен де кҥлгім келеді бҧрынғыдай.

Даңқы ма, атағы ма, ағыл-тегіл байлық па – ата мҧра, мен туған датаны да жатсын тойлап жапырлап жат ел мейлі – тҥк рақат жаныма әкелмейді. Мен сенбеймін ләззат татарыма, қосылмасам сендердің қатарыңа! Әлде бойын ҥйретсін дейсіңдер ме мәңгі серік – жалғыздық сапарына? Басып жатыр айқайға ҥнсіз кеуде. Ӛкпелеп жҥрсіңдер ме? *** Мҧнарлы шыңдай сағым-мҧң, бермейді маған бір тыным, жҥрсем де мынау жанымның бҥтіндей алмай жыртығын. Қандай кҥш ӛтер жердегі достардың маған ең ізгі сезімін сҥйген, мендегі ескермей жыныс не жҥзді. Ҧйқымнан тҥнде тоналдым, азапқа тҥстім бір керім: ӛтермін қалай солардың сезімін, кешірімдерін?

Табылмас мҧндай еш халық, жҥрегі жомарт, жаны ҥлгі, ӛзімнен бҧрын еске алып ойлайтын менің қамымды. Жҥремін қолдан тҥк келмей, байлық жоқ, мал жоқ қорамда. Осынша парыз жҥктердей ӛткіздім немді соларға? Қҧлағым тҥріп жел-ҥнге бос ӛткен кҥнім, айым кӛп. Ендігі жерде менің де жақсы болмасқа жайым жоқ! *** Біздің мынау даланы-ай! Ӛзен, ӛріс жағалай, талдары да – қарағай; бала біткен ақылды кӛпті кӛрген ағадай, ауылы да қаладай, қыздарының жамалы – Ай, Ақынының бәрі – Абай. Ӛрлері де қыраттай, кӛлдері де сынаптай, шыңдары да шаншылып, ӛзеніне қҧлапты Ай. Селеуі де қҧрақтай, қҧлындары қҧр аттай, таба нандай Кҥні де кҥйдіреді шыдатпай.

Естіледі алыста ән, қҧсы Кҥнмен табысқан, адамдары елгезек жылдарменен жарысқан; заводтардың тҥтіні ғарыштан да әрі ҧшқан; қалалары ғажайып, хабар алған ғарыштан. Жайлаулары жайқалған, біздің дала – Бақстан! *** Қала қандай әдемі! Тҥнгі қала! Тҥнгі қала қҧшқандай нҧрды ғана. Тӛбесінде мҥлгиді кеудесіне Ай қадаған кӛгілдір бір мҧнара. Гҥлзарлары кӛзіңді бақтай ҧрлар, сыбырласып қыз балтыр ақ қайыңдар, тізіледі кӛк терек жҥргендейін қызды ауылды кҥзетіп жатпай ҧлдар. Зәулім ҥйлер, сарайлар сҧлу қандай! Сҧлулықтың жҧтасың нҧрын қанбай. Терезелер оттарын жайнатады ар жағында бәрінің жылу бардай.

Жылу бардай, сезім мен сенім бардай, сенгендерін ӛпкендей ерін қанбай. Терезеде мынандай сәуле бар ҥй дерттен айықтырардай еміңді алмай. Ешкім кҥйдірмегендей, сатпағандай, онда ешкім де қан жылап жатпағандай. Дӛңбекшіген жан жоқтай жаутаңдаған бір адамға жҥрегін ақтара алмай. Кӛмкеріліп жан-жағы дәу кемермен, тҥнгі қала сарайдай сәнмен ӛрген. Ӛзін-ӛзі жҧбатып жымыңдайды нәр алғандай осынау сәулелерден.

ТУҒАН ЖЕР

Армысыңдар, туған жер, туғандарым, кезіп Жердің тау-тасын, нулы орманын келіп тҧрмын, безгем жоқ ӛздеріңнен - мені алысқа сендерден қуды арманым. Шықтым талай талықсып шыңдарына, ҧялатты кей сәттер мҧң жаныма. Асып-тасқан, қиналған шақта кілең ойша оралдым ақ мамық қҧндағыма. Ӛлең деген алысып бір ағыспен (тҥсінгенге азап жоқ мҧнан ҥстем) жырақ жҥрмін сендерден тылсым кешіп кейде кҥліп, кейбірде жылап іштен. Жығылдым да. Шаттандым жығып талай, жолдас болдым жандармен сҧрыптамай. Биіктерге ӛрледім. Кейде ӛзімді сездім жалғыз жарылғын жҧмыртқадай. Ӛнер - тҥпсіз, ол да бір қҧдық терең, ӛмір - кҥрес, шаршаймын сынып денем. Оң, солымда шың қҧздар. Тек ӛздерің мені жебеп жҥр-ау деп ҥміттенем. Жайбарақат кҥн кешу бҧйырмаған, қиял қуған мен болдым «қиын» балаң. Салқын дҥние кӛжектей қалтыратты - сәбиіңе қойныңды аш, ҥйім-далам! Қҧшағыңның жылуын берсең болды - мен әлі де талай шың, қиырды алам!

ДЕРТ

Біреуді жақсы кӛрсем деп, қҧдайдай соған сенсем деп, жанымды тордай шырмаған қасаңдықтарды жеңсем деп, ӛзіммен ӛзім кҥрестім. Ақылым тартса ілгері, жҥрегім кӛнбей кҥндеді. Сезімім салқын, самарқау, немін мен мҧнша кҥрделі — тҥсіндірер ме мҧны ешкім? Баяғы ғашық дос керім кезігіп, тағы тосты ерін. Жанымда селт жоқ, кҥлкілі бір кезде ӛліп-ӛшкенім... Елестей ессіз сенген кҥн. Іздедім қимастарымды тазарта ма деп жанымды — кӛрінді жат боп бәрі де, қақсаған кӛңілім тартылды — бҧл дертті немен емдермін? *** Бақыт деген кӛшпелідей кетеді ӛтіп мҧңдарың да. Жҥрсе болды дос жерімей, ӛртенумен бір жалынға.

Арман қуып, талар денең, тҧралатпай атақ-атың. Сезсең болды саған деген ҧлы еліңнің махаббатын. Ақтау ҥшін жас халықтың сенімі мен ҥміттерін, ҧста жалын ақша бҧлттың, жанарыңды тігіп пе едің?! Жігер-желмен керне ҥміттің желкендерін – жаға шалғай, торы шырмап пенделіктің, ҧсақталмай, аласармай. Жігер қҧйып тҥңілгенге, шырқа ӛмірдің ақпан әнін. Ӛте шығар ғҧмыр демде, ҥміт отын жақ, қарағым! Рақаттың ғажап таңын сҥйрер сенен уақыт-кемең: қасірет пен азаптарың – жҧрт аңсайтын бақыт деген.

ЖАРАЛҒАН ДЕП ЖАТ ҤШІН

Бабам қазақ қашаннан бала сҥйген, мҧрагерім болса деп мақсат қылып. Ҧл дауысы шыққанда қараша ҥйден, атан сойып той қылған, ат шаптырып. Сҥйіншіге ҧл туса бермегі кӛп, әзер болса астында аты қалған. Қыз туғанда ―қырсықтың келгені!‖ деп, қырын қарап еркегі жатып алған. Иығына елінің мҧңын артып, ҧл алардай дҧшпаннан бҥтін кекті. Қанша қызы болса да, ҧлын айтып: ―Жалғыз бар ғой, қҧдайға шҥкір!‖… - депті. Із қалғандай артында ӛшпейтҧғын, ҧлы болса армансыз жҥреді екен. Ҧл туғанын қашан да кӛксейтіні – ҧлды еліне қамқор деп біле ме екен.

Қайран бабам ӛтіпті шер-кҥдіктің емін іздеп баладан жаны жалын, Білсе еді ғой ел қорғар ер жігіттің сол аруға кҥні ертең табынарын!

ҤМІТ

Тҥңілгенде, қиналған сәттеріңде маңдайыңнан сипайтын елің барда, елің барда—ҥміт пен сенім барда жаныңды нҧр кернейді, жҥректі жыр тербейді. Арай жырлар. Арай жырлар, кҥндейтін талай мҧңдар. Мынау жердің ҥстінде бала кӛңіл, акпейіл адам берда, тарылуды білмейтін далаң барда, кеңдікке талпынасың, ерлікке талпынасың, талпынасың алдағы ақ арманға, сосын сенімді ақтауға шарқ ҧрасың. Мынау жердің ҥстінде әділеттен жаралған жандар барда, ҥміт барда талпынтқан таңдарға, алға, досыңның тҥсін жылытып, жауыңның мысын қҧртып, тӛгіледі арай жырлар, шуағында толқиды ақ айдындар.

*** Ӛмірде мынау менің бір қоштаспас мәңгі досым бар. Ол – менің жолым сенімді, болашақтарға жосылған. Шарласам тҥгел аймақты, терсем де қырдың гҥлдерін, барсам да қашан, қай жаққа, сол досымменен біргемін. Қымбат-ау кәрі, жасқа да, шын досқа, шіркін, не жетсін! Болмасын қҧның басқаға, сен оған бірақ қежетсің. Дос барда сасапай табамын жҧмбақ сырлардың шешімін. Ӛзімен бірге қағамын, тәкаббар ӛлең есігін. Ӛмірдің асу, асқарын, бетке алып шырқап кетем мен. Қияға самғап жас жаным, арман шыңдарға жетем мен. Ананың аңсап қҧшағын сағынып кеткен шақта мен, сол доспен біге ҧшамын, ақ кӛңіл ауыл жаққа мен.

Ӛмірдің ӛзі сый қылған жол-серік саған, маған да. Тҧра сап таңда ҧйқымнан, кетемін жолмен тағы алға. Мені ӛмір талай сҥңгіткен жалғыздық деген айдынға. Арыл да бір сәт мҧң-жҥктен, дос барда, жҥрек, қайғырма. Қиналсам, дәйім тосты алдан, Сҥйремей алға тынбайды. Әкеме жандай дос болған Жол мені адастырмайды.

ҤМІТ ЖӘНЕ ҤКІМ

Биіктерге қомдайтын қанатыңды, тҥседі еске кей жәйлар бала кҥнгі. …Ағамменен жарыса домбыра алып, тартқан болам «Абылды», «Нар атуды». Тӛкпе кҥйлер талдырып саусағымды, бірақ қҧрбыластарым тамсанулы. Тым жасаңдау болсам да, сол әуендер әкететін кӛңілімнен қанша мҧңды! Кетер сіңіп уақытқа ғасыр-бҧлақ, ӛнер ғана ӛлтірмес асыл мҧрат. Ҥйірме ашты ауылда Ханым апай домбырашы жастардың басын қҧрап. Мен де бардым, ағама ер қарамын, демеді ешкім: «Сен мҧнда келме, жаным!» Кҥйшілердің ішінде жасы да жас әрі бойы бір қарыс мен ғанамын.

Кеңесуге ауылда жалыға ма еш – басқаратын кім бар деп – тағы кеңес. Қала жақтан әйтеуір біреу келді – жас дейтҧғын жас та емес, кәрі де емес. Басшы болу – сын дейтін бекер-ді ҧғым, кім кӛрінген игеріп кетер бҥгін. Жетекшіміз домбыра тарта алмайды – бишілерді басқарған екен бҧрын. Ауызды ашып қараймыз дана екен деп, кҥй шертеміз жамырап қара тер боп. Кҥңкіл шықты: «Бҧл қҧрғыр әйел кӛрсе, текешіктеу мінезі бар екен», - деп. Аңғармайсың кӛр-жерді бал шағыңда, бірбеткеймін, ермеймін әр сарынға. Озып кетіп отырам оркестрден, басқалардан жҥйріктеу саусағым да.

Анам теңегендіктен мақтап ҧлға, қыңырлаумын, сонымнан жақпадым ба – жынын қҧрыстырады жетекшінің ӛзгелерден жақсылау тартқаным да. Қала деген қиялдан алыстамыз, намыс та аңыз ауылда, ғарыш та аңыз. Кҥндіз-тҥні кҥй тарттық оркестрмен баратын боп аудандық жарысқа біз. Бір кҥні айтты жетекшім кҥлкімді ҥзіп: «Сен бармайсың ауданға – қҧлқың бҧзық, алып-ҧшып саусағың отырасың оркестрдің ылғи да шырқын бҧзып». Аудан – Мекке. Талпынар бала бҧған. Менен тӛмен басқалар барады, ҧғам, «Кеңесті» де тарта алмай терлеп-тепшіп, отыратын шыға алмай сағағынан.

Ата-баба қалдырған мол мҧраны бап білместің белгілі қор қылары. Атанып ем ауылда «кҥйші бала», кеттім содан ҧстамай домбыраны. Ҧяттыны тынбайды жеңбей сотқар, жҥгенсізді жазалар нендей сот бар? Тағдырыма әлі ҥкім жҥргізуде сол жетекші секілді кездейсоқтар. ҚҦШТАРЛЫҚ немесе махаббатта жолы болмаған ақынның бір сәттік кӛңіл-кҥйлері

Ойларым менің ойран боп, сарқылып жҥрген кезімде, дал қылып жҥрген кезімде, жер менен кӛктен жай таппай шарқ ҧрып жҥрген кезімде, жолықтың маған, жақсы Адам, ерекше тҧлғаң басқадан. Осындай сәтте ойлап па ем кездесемін деп тап саған. Дҧшпанды талай жасқаған таусылып менде асқақ ән, тҥңіліп барлық тірліктен жҥгініп менен жыр кҥткен жҧртым бар-ау деп саспағам, ысырып бәрін тастағам. Қҧшағын маған ашпаған қиқа да жиқа ӛмірдің несіне мәз боп мастанам? Бәрін де қойдым, бездім деп налимын, кӛзге жас та алам. Шешімге бір-ақ келгенмін... ... әттең, тек ҥміткерлердің сенімдерінен жасқанам.

Қайғылы, шерлі жаныммен, жҥректен аққан қаныммен, бойдағы қайрат-ағынмен осылай жазам бәрін мен. бҧрқан да талқан сезімге алқынып жҥрген кезімде, жанашырларды қайғыртып Жетер ме барлық жҥрекке алқынған менің дауысым, жанымның ащы зары шын? Оятсын менің жырларым жігіттің сӛнген намысын, әкетсін іштей тҧншыққан азапты ойлардың ағысын. Сенім бар әлі кеудемде, сеземін соны жаныммен, естірткім келеді бар ҥнмен.

Жҥректің бәрін ӛрт етпес шерменен шыққан жалын дем... Мейлі бҧл менің жырларым жазылсын қызыл қаныммен, қайғыммен, аппақ арыммен. Ҧқсаңдар, достар, егерде осынау ӛрттей жырларым - шаттанғандағы сырлы әнім; ӛкінішім мен ҧяттан ӛртеніп, ӛліп тҧрғаным; орындалмайтын арманға қҧлашымды ессіз ҧрғаным. Достарым, менің жырларым - қҧштарлық қысқан кеудемнен бҧрқырап жатқан бір жалын; сәбише сәл бір нәрсені кӛңіліме алып, сынғаным. Кӛлеңкелерде тоңсам да, кҥнгейді кӛптеу жырладым. Мауқымды содан бір басып жыр жазбай, сірә, тынбадым.

Ішіме менің сыймады-ау, сыймады-ау жырым қанша кҥн (қымбат та сол бір сал шағым). Адам біткеннің бойынан асқақтық, пәктік аңсадым. Ешбір жан ҧқпас қайғымды ешкімге айта алмай шаршадым. Қуанған аз-ақ сәтте де жанымды жеді қанша мҧң. Сонан соң кӛзім бҧлдырап, жҥректің жасын тамсадым. Ҧқпады-ау ешкім мені деп кей кезде керім ашынам: бҧл ӛрттен қалай басылам? Жанымның мынау ӛксігін қай жаққа, қалай жасырам? Біле алмай жҥрмін дел-сал боп: қашанғы ҥнсіздігімді, жасанды ҥнсіздігімді кӛрсетпей қалай жҥре алам, ақыл айтсашы бір адам...

Менің байғҧс жҥрегім сҥйіктісінен бір емін таба алмай, сонсоң жыр қуып, жарасын кҥнде мҧң жуып, іздейді жырдан тірегін. Қҧмары қанбас мен ғашық, кетсем де қандай елге асып, сҥйіктіме айтар сырымды қҧтырып соққан желге ашып, қанаты сынған қырандай, әйтеуір, жҥрмін жер басып. *** Жанымдасың. Рақатқа батасың жана балқып, жанарыңда бақыт тҥр дара қалқып. Қалмағандай басыңда мысқал мҧңың, шыға алмаған талайғы қҧштарлығың кҥн сайын барады артып. Жалындасын, алау сезім сендегі тҧрсын жанып, шын сезімнен қашпалық, қымсынбалық (әйел соны қалайды - ойлағын сен): алып ҧшсын жҥрегің, қайда жҥрсең, қашан маған жеткенше дҥрсіл қағып.

Жанымдасың. Кӛңілің ӛр, жҥзіңе нҧр жалатып, арман болған адамды шын қаратып алғаныңа масаңсың. Қалай демен. Бақыт та ортақ біздерде. Алайда мен кейде неге қаламын мҧңға батып?.. Менің нәзік жаныма кҥнде ҥңілген болсаң, сезсең кҥйімді - кірбіңім кем. Бақытты ете алмайсың дер ем ашық: егер асқақ тҧрмасаң менен асып болмысыңмен, ойыңмен, тірлігіңмен. Жаныма ерер бір адам керек қой детқондайға тҥк жҥгінбен. ***

Отырдың алдыңа алып – қымсынбадым. Осы ма сҥю деген тылсым, жалын? Ҧмыттым ӛзімді ӛзім. Соңғы кезде сен менің есімді алып жҥрсің, жаным. Сен барсың. Басқа ештеңе керек емес: тастадым жырды, мҧңды – қҧрысын бәрін! Апыр-ау, бҧл не сезім ел кешпеген: қалмады титтей сабыр, менде ес деген. Жеттің-ау кӛп аңсатып… Келмес деп ем. Саған ессіз бас идім. Белді буғам еш адамға ешқашан сенбеске мен. Біреулердің ӛткінші сезімінен тҧманданған кӛгілдір сағымды іргем, содан мӛлдір жаныма жалын кірген. Сенде қандай кҥш барын біле алмадым. Әйтеуір табындым мен. ***

Сағынған, аласҧрған шақтарыңда ешқашан батпа мҧңға: есіңе ал менің саған қҧштарлығым басылмас ӛрт еді ғой ҧқсаң, кҥнім… Ӛзіңмен мені әрқашан бір деп білгін, ерме сен жалғызына жҥрдек тілдің, мҧңың жайлы ешкімге ақтарылма. Мен сенің сеніміңді таптадым ба – неліктен? Ойландың ба оңаша жатқаныңда? Ӛзің сертті сақтадың да, мен ғана жаламенен даттадым ба? Кҥнәсіз періштесіп жҥрсің жатқа, ал маған дәрменсізсің ақталуға! …Қалай бҧл? Тҥсінбеймін екеуміздің (әлде бҧл саған мендей батпады ма?) қор қылып ӛзімізді жҥргеніміз онсыз да шын досың аз шақта мына. ***

Білемін: ӛзге жанның шашы, басын сыйпайсың, мойынына асыласың. Ал менің ӛрлеу бейнем кӛңіліңде тҧрғанын (еркіңнен тыс!) жасырасың. Сен мені еске алуды қаламайсың (жҥрегің маған ҧшып барады-ай шын), әйтеуір жҥрегіңнің тҥкпірінде ешқашан мені ешкімге баламайсың. Қайтесің, кӛнесің де тағдырыңа, теңегің келеді оны таң нҧрына. Зорлайсың ӛзіңді-ӛзің оған теліп… жҥрегің кӛнер ме екен ал мҧныңа. *** Сен қалай есіңе алмай жҥрсің мені, ойламай: ―Жҥр-ау, - деп, - тек қҧр сҥлдері‖. Жаныңды жҥдетпей ме сҥйіктіңнің кҥндіз-тҥн сені ойлаумен кҥрсінгені.

Жоқ әлде уақыт таппай жҥрсің бе оған, болмаса жасырдың ба шын сырды одан? Шындықтан сескенесің несіне сен: адамдар білсін бәрін, білсін қоғам. Білем: жҥр ӛшкендей боп арай-нҧрың, жылатып жҥрегіңді қамайды мҧң. Қалыпқа жҧрт сиятын сыймаушы ең ғой, бҧл кҥнде шыдап жҥрсің қалай, кҥнім?

АҚ ПЕН ҚАРА ТУРАЛЫ АҚИҚАТ

Сонау бір шуақты шақ, балаң кҥнде жыртылып не батқан жоқ жағам кірге. Жҧпыны тірлігіміз. Қала жақтан ақ фартук алып келді ағам бірде. Жиюлы кебеже, тең – жҥгін ашып, анам жҥр қыстан қалған сҥрін асып. Балалар мені қоршап, жасқанады ҧстаса кететіндей тҥрі қашып. Есімнен кетпейді әлі сондағы елес, кішкентай ӛмір ҥшін ол да – белес. Қырдағы сағым жапқан бҧл ауылда бҧрын-соң мҧндай киім болған емес. Болар ма сол оқиға мҧнша ма ерек, кеткендей кӛктен маған нҧр себелеп. Мақтаншақ болмасам да, мақтанышым жҥзімнен тӛгіліп-ақ тҧрса керек.

Ертемен жез қоңырау тӛккен ҥнге асығып, алабҧртып жеткенімде, ақ қҧстың қанатындай фартугіме қарады кҥлімсіреп мектебім де. Кӛңілімнен сәулеленіп тҧрды алыс қыр, дҥниеде жҥйрік бар ма нҧрдан ҧшқыр?! Қызыққан кӛп баланың арасында от жанып тӛбесінен Қызғаныш жҥр. Жҧрт тҥгел фартугімді мақтап еді, сол бірақ шығармады таққа мені. Мектепте, кластарда тазалықтан сол кҥндер жарыс ӛтіп жатқан еді. Ҧрандап: «Біз – Ленин ҧрпағымыз!» Жарасып жҥруші еді жыр-сәніміз. Класта бізге онша қосылмайтын бар еді Аққыз деген бір сары қыз.

Әкесі – жетекшіміз. Шатынаған әйнектей мінезі де, заты да арам. Мҧрынын шҥйіретін жан біткенге бҧрылмай, жатса сазға батып адам. Ол кезде кітап десе ӛлеміз кеп, жҥреміз содан ғана керек іздеп. Әлгі ағай жақсы айтсаң да кекететін: «Сайрайсың, емтиханда кӛреміз!» – деп. Бір кінә тағайын деп тәртібіме, Аққызы ашу іркіп бал тҥріне, кенеттен, мені байқамаған болып, сиясын шашып қалды фартугіме. Ол ҥшін мені даттау – жеңіс, міне! Кҥншілдік кҥл шашады келістіге. Састы ма ниетінен, сиясауыт қолынан тҥсіп кетті ӛз ҥстіне. Ойлаған жоспары ма кҥнілгері? Былғанып ӛзі де іштей дірілдеді. Кӛйлегі қоңыр еді – алдын жуған кӛк сия онша керім білінбеді.

Фартугім!.. тӛрт-бес ноқат таңбасы алда, кеткендей былғап біреу сазға, шаңға. Ақ тҥстен бадырайып кӛзге ҧрады былғанып дәл Аққыздай қалмасам да. Кӛрінді ол тірі кӛзге қҧм салғандай. Басымда ой: «Кетпейді ғой, жусам да, алла-ай!» Аққыздың кӛйлегінен білінбейді, тек аздап жолақтанып кір шалғандай. Жетекші ашты сосын кесір жиын, сӛзінен ауып кетті есім, миым: «Класты сынға, ҧятқа қалдырдың сен, қор болған сендейлерге есіл киім!». Кластан кӛшіп барады бақыт нҧрлы, сіресіп аяқ баспай уақыт тҧрды. «Аққыз ғой сия шашқан әдейі оған!» Айтқожа шыдай алмай атып тҧрды.

Бар класс жеккӛретін қызын соның, жанына жан жуымай жығылса оның. «Мынандай староста тҧрған кезде – деді ағай, - алмайсыңдар бірінші орын!» Мҧғалім – қҧдай, оған кім ҥндейді, жайың жоқ, қылғындырсын кҥбір мейлі. Аққыздың онсыз да кір кӛйлегінен сия ізі мендегідей білінбейді. Ақтықтың – адалдықтың тапталды ҥні, сезіндім мені ҧрғандай жақтан бірі. Фартуктің тҥсі қара болғанда ғой кӛрінбес еді оның да батпан кірі. Қанша рет жудым жанға кӛрінбей кеп, боларын сезгем сонда жолым – бейнет. (Содан соң Аққыз ҥш жыл бірге оқыды, ҥстінде сол баяғы қоңыр кӛйлек).

Бҧл маған қазасындай Қҧлагердің, «Болады, - деп сенген анам, - ҧланы елдің». Ҥздік те, ҥлгілі боп жҥрген ӛзім әп-сәтте кҥнәһар боп шыға келдім. Ағамның болғасын ба сыйы бӛтен, сол жайды кӛкірегіме тҥйіп ӛтем. Дҥниеде таза, аппақ кҥйде қалу асылы адамдарға қиын екен. *** Ӛзіңді ойлап қайғыдан езіліп ем. Аласҧрған кҥйімді сез ҥнімнен. Аң-таң болып әлі кҥн шошимын мен сенің кӛктем кҥніндей сезіміңнен. Есім кеткен, ӛртенгем сағыныштан… Бірақ ешкім озған ба жазымыштан. Иә... мен де бҧл кҥнде тҥңілгенмін кӛңіліңнен әркімге алып-ҧшқан.

Мен ӛзімдей кӛргенмін. Бекер мҧным. Саған менен бҧрындау жетер жырым. Мен білмеппін сҥйгенің, сағынғаның мҥләйімсу, кӛлгірсу екендігін. Қайтем. Қатал тағдырға жҥгіндім мен, аңғалдарды жылатқан, тҥңілдірген. Әлі сені қимаймын кінәлауға, ӛмір шығар сені де сҥріндірген…

МЕН ӚМІРДІ СЕН ДЕУШІ ЕМ...

(Бозбаланың кҥнделігінен) *** Солғандай гҥл де мҥлде, кеудеме толып бір мҧң, қҧлазып жҥргенімде, ӛзінді жолықтырдым. Қиялдай сағымдағы сыртыңнан қарайладым. Сездім мен жанымда әлі атпаған арай барын. Асықтым әр таңға мен жҥзіңді кӛрем бе деп. Бҧл кайғым тарқар демен ӛмірде сенен бӛлек. Тіл қатсаң жігіттерге, қызғандым аласҧрып. Кҥңкілшіл кҥдіктен бе — сенделдім дара шығып. Жаныма жай таппадым сенделген кезде мынау. Бір сезім шайқалтқанын мені сен сезбедің-ау... Әйтеуір, байкатпадың.

*** Кӛргенім сол ӛткендегі біздің кешке келгеніңде. Қимасымдай кӛптен бергі жылы ҧшырай бергенің не?.. Бір кӛргенге қарамастан, кеттің тәтті елес беріп. Осы біздер бала жастан бірге ойнаған емес пе едік? Кҥнде осылай жҥрші бірге, Дос болайын ойланбай, шын. Жҥрегімнің дҥрсілін де ӛзің естіп қойғандайсың. Қызғылт тарттың — кӛрісіп ем, жок еді ғой ҧятты ісің. Бірақ мені кӛп ішінен іш тартатын сияқтысың. Жҥрем ―қаңғып‖ мен де кілең, іздемеймін, — кезігемін... Неге сенің келбетіңнен бір жақындык сезінемін?.. ***

Елемей нҧрын да айдын, кӛңілім жабығулы. Кӛз тігіп қырындаймын бетке алып ауылыңды. Жарқылдап жҥруші едім достармен қалжыңдасып. Кӛрдім де бҥгін сенің жҥзіңді, қалдым жасып. Әзілдеп кҧрбы қызды тҧрғанда келіп қалдың. Сендегі нҧрлы жҥзді мҧң шалды, сезіп қалдым. Болмайтып тҥрің бҧлай, аңырып қала бардым. Мен жаққа бҧрынғыдай кҥлімдеп қарамадың. Болды деп бҧның неден, жҥрегім дал-дҧл, кӛкем. Әлде... сен шыныңменен қызғанып қалдың ба екен!?. *** Қойғандай мен біреудің басын жарып, сен маған қарамашы ашуланып. Онысыз да сенің асқақ мінезіңнен қаламын кӛрген сайын жасып, налып.

Біраздан екеуміздің арамызда бір сырдың бары рас қой, жасырмалық. Ол сырым — саған ессіз ғашықтығым, мҥмкін, сен жиіркенетін жасықтығым. ӛзгеге жайраң қағып, мені кӛрсең, бҧлыңғыр тартатындай ашық кҥнің. Ал маған кегің бардай кӛзқарасың біреудің аялаған жасытты ҧлын. Сондағы жазығым не? Тҥсінбедім. Қҧрыса, сыйласпастай кісің бе едім? Бір жылы қарағаның арман еді, сен бірақ кӛз қиығын тҥсірмедің (білмеймін, неге, неге тҥсінбедің?). Мен жҥрмін бойым дел-сал, ішімде мҧң. Тәкаббар жаның әлде қалай ма екен алдыңда біреулердің ―кішіргенін‖. Кӛрмеймін енді деп-ақ қатуланам, жетпей жҥр бірақ соған кҥшім менің. ***

Елесің куантардай, сен жайлы ой кешемін. Ӛзіңе дым айта алмай, қҧрбыңмен сӛйлесемін. Қолыңды алам да мен, қысуға қысыламын. Гҥлімді саған деген мен оған ҧсынамын. Ол маған жақын жан ба – қам жейді алаңдап-ақ. Киноға шақырғанда, айтамын соған қарап. (Қатады басым содан ойлаумен кҥнде сені. Ал менің досым саған оп-оңай тілдеседі!) Сені ойша серік кылып, әр таңды атырамын. Сені іздеп келіп тҧрып, қҧрбыңды шақырамын. Ісін қып ақымақтың, жҥргем жоқ қҧр желікпен. Қҧрбыңа батыл-ақпын, жаным-ау, бҧл неліктен?.. *** Кҥнде ҥйге асығасың... Тҥсінбес ата-ана ма — несіне жасырасың, айтып қой апаңа да.

Айт оған бір жас жігіт сҥйеді қызыңды деп. Жарқылдап тҧрмас кҥліп, кӛрмесе жҥзімді деп. Керек-ақ мҧны айтуың — жан анам бар екенін. ―Алладан‖ сҧрайтынын тапса деп бала теңін. Айтуға асық бҥгін, жҥрме тек жоламай тҥк. Бәрібір ғашықтығын жанарың қояды айтып. Жасырма сол кісіден, жҥр десең — мынау қалпым. Бҧл сәтті ол да ішінен тілеген шығар, бәлкім. *** Жҥрсең де есімді алып, жҥрдім тынып. Жыл ӛтті. Сонсоң сол кеш... кҥз кеші еді. Қос жҥрек бір бӛлмеде мың бҧлқынып, бір-бірін іздеседі. Ӛзің ең арман кӛлде бақ қҧрағым, тіл қатпай, тҧл бойыңды кезіп тҧрмын.

Осы кеш бір дауылға тап қыларын ӛзің де сезіп тҧрдың. Мен іштей бір сезіммен арпалыстым, жаңарың жанарымда тҧрып қалды. Білмеймін қалай тӛндім... Тарта қҧштым, содан соң дҥниені ҧмытқам-ды. Жаным-ай, ӛзің бе бҧл? Бармын ба мен? Қанша кҥн бҧл сәт жайлы ӛртеді ҥміт. Кеудемді жанағанда балғын денең, дуние кетті-ау деймін тӛңкеріліп. *** Оралдым сонда ҥйге мен мас болып бір бал сезімге. Пақырлық екен сҥймеген

жалындап тҧрған кезіңде. Жҥрегім — алау, от — дене, бақыт нҧр шашып жанарым. Жерде ме әлде кӛкте ме, әйтеуір, кетіп барамын. Ән салып сонда жатты ӛңір, әлемде кҥңгірт мҧң калмай. Адамның бәрі ақкӛңіл, кҥлімдеп маған тҧрғандай. Сарғайған дала қҧлпырып, кӛктем боп кеткен секілді, самал боп ӛбті ынтығып кҥз желі менің бетімді. Келемін қҧшып таң нҧрын, білмеймін қайда, қай бағыт. Кетсе де мейлі дәл бҥгін бақыттан басым айналып! ***

Мінезің қыңыр дейсің, тағасың досыңа мін. Білмедім бҧрын дейсің, қайтейін, осы — барым... Демеймін періштемін, кӛп шығар кемшілігім. Келіс не келіспегін, тек маған сенші, кҥнім. Суынған кезім бар ма, қҧшамын ӛліп-талып. Осындай сезім барда мінезден қорықпалық. Ол — сенен, мҧң жамасам, сезбейсің қалай, кҥнім: назданып бір қарасаң, бар ашу тарайтынын. Ең басты бір кемісім — шығармын қызғаншақтау (Жӛн бе екен сҥйгені ҥшін кӛңілге ызғар сақтау.). Сабыр қып тӛзбес пе едім, сҥйгеннен — ол да, сенсең: еш мінез кӛрмес те едің, сҥйкімді болмасаң сен. ***

Жҥрегім — гҥл сәулелі таңды қҧшқан. Бҧл кҥндері шалқар бір теңіздеймін. Қӛп жандардың ішінен, әр бҧрыштан шыға келмес пе екен деп сені іздеймін. Сені іздеймін, (мен шағала, сен әлде шалқармысың?) еш нәрсеге жанарым тҧрақтамай. Сенің мынау байқатпай тартар кҥшің мені ылғи да осылай шыдатпағай. Шыдатпағай, шыр айпалып ҧшатын шағаладай. Шашырасын бақыттың нҧры ӛңімнен. Сен жҥргендс шалқиды дала қалай, кӛрмегендей ӛгейлік бҧл ӛмірден. Бҧл ӛмірден ӛтейін сені іздеумен, шыбын қҧрлы кӛрінбей белес-белі. Қазір менің дауылды теңіз кеудем сені кӛрмей тыншитын емес, тегі.

*** Бал сезім билеп жанымды, лапылдап жҥрген шақта бҧл, жасырма, жаным, барыңды, алдымда менің ақтарыл. Тҥндерім ӛтті ӛртеніп, Ойларым кӛзді ілдірмей. Сендегі назды еркелік байлады мені білдірмей. Кҥңкілге толы кҥндізден жаныма кейде мҧң салам. Адастырмайтын жҧлдыз ба ең, оралам кеште бір саған. Тоқтатпай мені бақтағы ҥн, жетуге саған асығам. Сен болып сонда ақ таңым, мҧңым бір тарқап, ашылам. Нҧр кҧйған мҧңды кӛңілге сен болдың маған Кҥн, әлем. Кездеспей кетсең ӛмірде, қайтер ем сонда мына мен?.. *** Сен маған бақыттасың, қайғыдасың, Ӛмірсің, таусылмайтын бай мҧрасың. Ӛлермін сол сезіммен. Маған десе, аспаннан қара жерге Ай қҧласын,

әйтеуір, анық менің айнымасым. Сен маған кҥлкідесің, ашудасың, ойым жоқ сенен ӛзге басымда, шын... Мейлің сен не десең де... Анық бірақ ӛзгенің мойынына асылмасым, ӛзіңді қҧшып-сҥймей басылмасым. Сен маған жасын болдың кӛктемдегі, қақ жарған жҥрегім мен от кеудені. Бағым ба, қасіретім бе — кезіктірдім бҧрын-соң қиялымда жоқ пендені. Сонан соң кҥйіп-жанып алауладым, ҧмыттым Ай, Кҥн барын, самал барын. Әйтеуір, алай-тҥлей сол сезімнен жаныма бір тыныштық таба алмадым. Кезім жоқ сені ойламай кӛзімді ілген, сені аңсап, елжіредім, егілдім мен! ..Ырзамын тағдырыма сен арқылы махаббат деген кҥшті сезіндірген. ***

Жҥрші, жаным, сапарларға шығайык, кҧлшынамын. Кең далаға ҥйренген қайран басым, мынау кҥңгірт бӛлмеде тҧншығамын. Қол ҧстасып, меніменен ҧзақ жол, жорыққа шық. Қысқа ӛмірде кҥйзелмей, кҥйбеңдемей, бір жҥрейік қайда да толып-тасып. Тҥнеп шығып аты аңыз қалаларға, тҥстенейік порттар мен жағаларда. Қатері мол тірліктің кҥлкі-азабын бір кӛрейік, сҥйіктім, дара қалма. Серпілейік, Кеттім ғой тҥршігіп мен Кҥңкілдерден алумен кҥрсініп дем. Бар тілегім — сақтағай екеумізді жайбарақат топас бір тіршіліктен. ***

Мен кеттім оралмасқа буып белді, маңдайдан сылып тастап суық терді, алқынып кеп отырдым оңаша ҥйде, бӛтелке коньякпен жуып шерді. Ызадан булығамын жарылардай, менменшіл сиқыр кҥйден арыла алмай, назданып еркелесең, елжіреген сәттердің жҥрегімде табы қалмай. Мен ҥшін аспан бҥгін қҧлағандай қызығып енді бізге сығалар ма ай?.. Әлде сен ӛкпе-ашудың бәрін сарқып, мені іздеп келермісің, шыдай алмай?.. Білмеймін неге кҥттім. Келер дедім, әйтеуір есік жаққа елеңдедім. Білмеймін саған қарай тартқан кҥшті қуатым бар ма, жоқ па жеңер менің... ***

Кӛкетайым! ӛзінді сағындым-ау. Қҧлазыған кӛңілсіз шағым мынау. Алатаудың басынан қыс келді ме — бҧрқан-талқан — кӛңілім. Жаным — қырау. Кҥн санаймын, кҥйзелгенім—кӛзімде тҧнса қайғым. Жылжымайды сағат та. Сен кеткелі жҥзі ауғандай бір емес, біршама айдың. Жабығамын. Сенсіз қалай бҧл кҥйден арыламын? Асып-тасып қалайын алғаш рет кӛріскендей, тез келші, ақ лағым. ***

Сенен ӛзге жанның бәрі адамға ешбір ҧқсамайды. ӛзің жара салдың-дағы, жанарымды қҧшса қайғы. Керең жандай тҥк ҧқпайды бір ӛзіңнен басқа халық. Жҥректі ешкім жылытпайды, Кетті сенсіз шаш та ағарып. Сенің ерке қылықтарың басқада жоқ— айдан аныҚ. Сезімімнің тҧнықтарын жҥрсің жалғыз жайлап алып. Сағынсам да, амал қанша, тынши алам қайда барып? ӛзің қашан оралғанша, жҥрем енді қайғы оранып. ***

Аяулым! Сен кеткелі қанша кҥн! Кҥтуменен шаршадым. Кӛкірегім толған сезіммен кҧшағыңды сенің аңсадым. Таңдайымда қалған-тәтті дәм талықсығандай тамсадым. Еркем, ӛзің кеттің де, душар болдым дертке мен. Сағыныш деген ӛртпенен лауладым. Мҧндай сезімді бҧрын-соң бастан шекпегем. Қаңырап қалған бӛлмеде сенделіп, уакыт ӛткерем. Жынданған жандай, кӛз жҧмсам, бейнеңді сенің кӛп кӛрем. Мәңгіріп қалдым жандардай ақ арманына жетпеген. Дҥниенің барлық қызығы ҥдере кӛшкен секілді сен ҧшқан самолетпенен.

Қасірет екен жалғыздық. Сен барда мынау қос бӛлме ҧқсайтын қазды қос кӛлгс, Қҧлазып қалған секілді басынан бақыт кӛшкендей. Калған жандаймын елсізде, кездеспей жалғыз дос пенде. ...Қиянаты мол жалғанның қиындықтарын арқалап туар деп алдан арман кҥн — мен ҥшін жалғыз кҥн кешкен анама сонда таңдандым. ***

Елестеп таныс денең, есті алды кҥндей мҥсін. Жҥрсең де алыс менен, соны сен білмеймісің? Тартпайды ҥйге қарай, кӛңіл де алаң бҥгін. Тҥстім бҧл кҥйге қалай,— ӛзіңсіз қараң кҥнім. Ойлайтын ермегім — сен, ешқайда шықпадым да. Неге ерте келмедің сен, жайымды ҧқпадың ба? Шаршатты қанша мың ой ӛзіңсіз кездерімде. Сені ылғи аңсадым ғой, айтшы, сен сезбедің бе?.. ***

Бір сырымды айтам ӛзіңе, жаным, ал тыңдап: алдыңа сенің кҥліп те келем жарқылдап, алдыңа сенің тҥнеріп келем кейде мен, ӛмірдің кейбір кӛлеңкелерінен салқындап. Алдыңа бірақ кӛлгірсіп келмен қашанда, бар жаным осы: сҥйкімді ме әлде нашар ма. Кӛзіме жақсы кӛріну ҥшін ӛзің де ҧзатар қыздай сәнденіп, текке жасанба! Сенсіз кҥндерде қайғы-мҧң басып еңсені, тілегем талай: ―Аяулым жақын келсе еді...‖ Жағынба маған, жарамсақтардан жиіркенем, анадан туған пәктікпен сҥйем мен сені. Ашуың келсе, іренжиді-ау деп ашынба, ішіңнен тынып, жаныңның кҥйін жасырма, Екеуіміз, жаным, алдасып жҥріп қайтеміз, онсыз да мынау шындықка тапшы ғасырда.

*** Мынау жігіт алмаған қҧны бардай неге сонша сен жаққа телміреді? Іш жағымда аш қасқыр ҧлығандай, дҥрсілдейді жҥрегім, сезді нені? Бар-жоғымда ісі жоқ мына менің, саған қарап сӛйлейді кӛзін алмай. Асықпадың сен-дағы, тҧра бердің, әңгімешіл жан еді ӛзі қандай. Сыртқа шықтым. Сенделдім. Кҥлкі, бакыт ӛткінші екен. Кӛктемгі сағым—бәрі. Ӛшім қалған кісідей бҧрқыратып, сигаретті тауыстым жанымдағы. Бір шықтыңдар бір кезде. Лапылдадым. Қозғалуға бойымда кҥшім қалмай. Жылдам басып жаныма жақындадың, мені жаңа кӛргендей, қысылғандай. Тіл катпадық. Бермедім сҧрақ та мен, айтар сӛзді жҥрекке қамалаппын. Иықтасып келеміз. Бірақ менен

мәңгілікке алыстап бара жаттың. *** Кҥтіп алдым тағы да. Бір келемін. Айтқың келді бірдеңе— ҥндемедің. Қимай әлде ҧялып жҥрсің білем, ӛңің тура кӛнерген тҥрсіз кілем. Аямашы. Ашып айт. Еңіремен. Сҥйіспеші, оны ойлап, меніменен. Кӛңіліме қарама, мҥсіркеме, сезіміңнің онан да кҥшін теңе: оған деген сезімнің кҥші басым болса, менен несіне қысыласың? Қызғанайын, мейлі мен жынданайын, тек кӛңілді алдаумен ҧрлама, айым. ***

Жанарың нҧр ҧшқынын қарады іркіп, мен содан кӛрген сайын қалам ҥркіп, Айтпай-ақ сезіп тҧрмын: бҧл кҥндері жҥрсің ғой басқа адамға алабҧртып. Сонда да жҥрек қҧрғыр саған ынтық. Жҥр сені бір жас сезім еліктіріп, тулаған ту сезімге желік кіріп. Мен саған бҧрынғыдай келе алмаймын кірбіңсіз ақтарылып, сеніп, кҥліп. Тҧрмайсың бҧрынғыдай ашық, кҥліп (мені де мысық етті пасық кҥдік ) , қҧлазып отырасың мені елемей, сыр толы жанарыңды қашық тігіп. Басқа адам кетті-ау, сірә, ғашық қылып. Мен ҥнсіз телміремін саған талмай, кір шалған кӛңіліңді жаңарта алмай . ...Мен енді іштей ғана ӛртенемін, жана алмай жапырылған жанартаудай. Барады мҧнан басқа амал қалмай.

*** Тіл қатыстық. Айттың сен ол ерекше ҧнағанын, сосын... сосын онымен кеткеніңді. Мен қазбалап (қайтейін) сҧрамадым, кіналармын мҧндайда текке кімді!... Енді екеуіміз бӛлекпіз, былтыр бір ек! Кҥдікті де мен сорлы ҧмытқам-ды. Демалысым жиілеп, бҧлқып жҥрек кӛмейіме келді де тҧрып қалды. Не айтайын мен саған? Аяғыңды қҧшып-ақ жалынар ем, Жалыныштан махаббат орала ма? Шығып кетпей тҧр менің жаным әрең, даяр да едім ӛлуге сол арада. Айтарым жоқ. Шамам да жоқ айтуға бҥгін менің, кете бардым қош деуге жарамастан. Бар сезгенім — кӛшеде сҥрінгенім, сонсын сездім — айналып барады аспан. ***

Сен менің жанарыма жас тҧндырып, ӛзгеге кӛңіл кілтін аштың кҥліп. Ошаққа отырғызып кетті мені әне бір ҧзын бойлы ақ сҧр жігіт. Мен қалдым шыр айналып қу далада, жете алмай арман болған ну жағаға. Сезгендей сҥлдерімнен бір сҧмдықты, кӛз алмай кӛп қарады туған ана. Жаншылдым, жанартаудай биік едім, жоқ енді сҥйенерім, сҥйінерім. Мен ҥшін қызығы да, қайғысы да — бәрі бір секілді бҧл дҥниенің. *** Мен келіп тҧр едім сіздің ҥйдің жанына тағы. Ішпей, маспын. Жалғыз білерім — жҥрегі қҧрғыр жалын атады.

Отыра кеттім дірілдеп тізем, аймалап тҧрды сені сол жігіт. Енді мен қалай кҥнімді ӛткізем оралар деген ӛшті соңғы ҥміт. Сезімім мҧнша алданар деп пе ем, желге ҧшып менің гҥлім бҥр атқан. О, ӛмір-ай, алдамшы ең неткен, кеше кҥлдіріп, бҥгін жылатқан. *** Сен отырсың бҧл тҥні аймалатып басқаға. Мендік наз бен кҥлкіні қидың ба оған? Масқара! Ҧсындың ғой шайды оған, ішші дедің қиылып. Бакыт шашып айналаң, жҥрегің де жиі ҧрып. Ол ғой кӛзден нҧр ҧшып, отыр демнен тҧншығып. ...Мен жатырмын қҧнысып. О, ӛткінші тіршілік!

*** Келіп ем толып-тасып, ҧрмай-ақ жығып кеттің: жігітпен қол ҧстасып, ҥйіңе кіріп кеттің. О баста мені, жаным, несіне ҥмітті еттің?.. Дел-сал боп есігіңде тҧрмасам, тҥңілмес ем. Әзір ем кешіруге, сен шығып: ―Кҥнім!‖ — десең, Әйтеуір, алдандың-ау ӛткінші бір ҥнге сен... Сейілмей тҧман қайғым сенделіп тҥн ӛткердім. Есітіп тҧрғандаймын дҥрсілін жҥректердің. Сездің ғой жҥргенімді — сен қалай дір етпедің? Бір жағып, бір ӛшірдің шамыңды, қас қылғандай. Мен содан тҥгесілдім, балтамен басқа ҧрғандай. Шынымен қҧшағыңды сол итке аштың ба, алла-ай?!. *** Не болып кетті дҥние! Айрылғаным ба сенен мен?!

Дҥние быт-шыт. Жҥрегім дал-дҧл келем мен. Сен болсаң, жаным, отырсың жат бір қҧшақта. Қӛзіммен кӛрдім. Әйтпесе, жҧртқа сенер ме ем. Тек мендік деуші ем гҥл ернің.

ӛзгені шындай сҥйді ме ол балқып, елжіреп? Жарылып кетпей, қалай-ақ тҧрсың сен, жҥрек?! Орадың ба сен ӛзгені мендік білекпен, оған да айттың ба: ―Арманым бҥгін келді!‖ — деп? Сол ҥйдің сыртын таң атқанша мен шарладым, самайда шашым селдіреп (оны тек мені келемеш қылған жел білед). Қалшылдап тҧрдым қаңтардағы аяз қысқандай, бойымды билер денемде титтей кҥш қалмай. Кӛз алдымда да, кӛңілімде де — жалғыз сен, дҥниенің бәрі дҧшпандай. ...Есігіңді әлде соқсам ба солқылдатып мен, тҧрсам ба сосын оған да, саған тіс жармай?.. Қайтермін енді... Тумайды басқа кӛгімде менің сендей Кҥн. ӛзіңсіз мен бір тартылыссыз қалған Жердеймін. Ӛмірдей сиқыр сезімдер барда жалғанда, тірліктің қатал заңдарынан ӛтер кӛнбей кім? Есалаң болдым. Ҥмітке алданған мен сорлы дәл менше соның сҥйетініне әлі сенбеймін.

*** Мен қайтсем екен? Мынау денем ӛртеніп, барады ысып. Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?.. Менен гӛрі бақытты-ау әркімдердің ит аяғын жалаған қара кҥшік. Сенсіз ӛмір ӛмір ме? Қҧрысын бәрі! Ӛлген артық мҧнан да дала қҧшып. Әлде сенің ызаңнан қыз біткеннің барлығын қорласам ба? Шашсамба екен ӛмірді оңға-солға? Бақ -қҧсымды басқадан іздесем бе,

бағыма сен бҧлбҧл боп қонбасаң да. Біреулерге бір кҥндік бақыт болып, біреулерге қайғы боп орнасам ба? Мынау қырсық дҥние басар ма екен қисық кеткен аярын оңға сонда?.. Быт-шыт болды-ау сонау менің ләззатты ай, кҥндерім. Қайтсем енді басылар қайғым менің. Астан-кестен етейін дауыл кҥндей бҧл тірліктің топас бір жай дҥрмегін. Болмаса, бір таңданар іс қылайын, сонда анау жігіттен айныр ма едің? Сонда маған о баста ӛліп-ӛшкен оралар ма кӛңілің? Әй, білмедім... ***

Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба, оған да от болып беріліп жалындайсың ба? Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба, оны да іздеп, тӛзе алмай, қайдалайсың ба? Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе, кетейін десе, қиылып ―ерте‖ дейсің бе? Жанарың ойнап, оған да ―Кҥнім‖ дейсің бе, мені қҧшқандай, денеңмен дірілдейсің бе? Оңаша сәтті онымен армандайсың ба, ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба? Оған да: ―Сені ӛмірден іздеп ем...‖,— дейсің бе, ―Жҥрегім — қырау сен жоқта, мҧз — денем‖,— дейсің бе? Ол барда ӛзге кӛздерді жақтырмайсың ба? оны да бір кҥн кҥз-жардан лақтырмайсың ба? ***

Ӛте шықтың. Таныс ҥн! Тҧла бойым дір етті. Еркелеген дауысың осып ӛтті жҥректі. Оған қарап назданып, сӛйлеп бара жатырдың, ҧмтылуға аз қалып, қарамды тез батырдым. Кездескендер тҥріме таңырқасып қарады. Елең болмай бірі де, сен биледің сананы. Кҥйге тҥстім не тҥрлі — бір суынып, бір ысып. Айыпты адам секілді кете бардым ығысып. Байқамадың бірақ та, ақыл да екен бҧл ісің. Керең болғыр қҧлақта тҧрып қалды кҥміс ҥн. ***

Сені кҧшып ӛзгенің жанды бағы, менің миым соны ойлап қалжырады. ―Бақыт тапса сҥйгенін, қуан‖ дейтін — біреулердің шығарған сандырағы. Ақылгӛйлер соны айтып ҧрандайды, қу молдадай сандалған қҧран жайлы. Шын ғашық жан сҥйгенін ӛзгелерден не десең де, қызғанбай тҧра алмайды. Сезермісің: қанша кҥн жолықпадық! Жынданамын, кейде оны кӛріп қалып. Соны тастап, дәл қазір келсең маған, баяғыша сҥйер ем ӛліп-талып. Еш кҥнәңді бетіңе баспас едім, мылжыңдарға қҧлақ та аспас едім. Су сепсе де лапылдап ӛршеленген -— бҧл не қылған мендегі қасқа сезім?! ***

Жанымды менің сілкілеп, сҥйіктім кетті басқамен. Кездескен сайын бір тҥлеп, гҥлім деп қҧшақ ашқан ем. Кҥңгірт кҥндерде нҧр берген айым да сен ең, аспан ең. Сыр бермеген боп жҥргенмен, булығып жатам жасқа мен. Жастық боп жатқа білегің, шырақ боп тҥнде маздадың. Соны ойлап сыздап жҥрегім, жынданып кете жаздадым. Тосылды-ау жатқа гҥл ерін, ӛзіңді соған Кҥн еттің. Мен сорлы жҥрмін бір емін таба алмай сендік жҥректің. ***

Ойлап ем келер деп мен салуға аттандырып. Мені әлі елеңдеткен баяғы жаттанды ҥміт. Жҥректі дірілдеткен сонау бір сәттер есте. Жҥруші ем кҥнім деп мен— сол елес тәтті емес пе? Бҧл кҥнде басқа адамның қҧшағын мекен еттің. Табылмай басқа амалым, мен болсам жеке кеттім. Жоқ енді ол. Менен кеткен. Кҥлмейді алдан шығып. Мені әлі елеңдеткен, о, сорлы алдамшы ҥміт! Қорғауға самал, гҥлін, бейбіт кҥн — ел арманын, аттанып барам бҥгін. Қайтейін, келе алмадың. Әз ҥміт, мені алдадың.

*** Мен сені сағындым, Сағындым.. Жҥдедім. Жастығым, жалыным, бір сендік жҥрегім. Ҧйықтасам, кҥлсем де, ӛзіңді ойладым. Жырақта жҥрсең де, ҥмітті жоймадым. Мҥмкін сен мені шын ҧмытқан шығарсың. Бірак тек сен ҥшін тудым мен, ҧғарсың. Сҥйсең де ӛзгені, сен —менің арманым. Жас жҥрек тӛзбеді — мҧң жырын арнадым.

*** Мҧнда тҥн. Жаңбыр, аспан қарауытып, кӛз жасын жатыр оның дала жҧтып. Демалып отырмыз біз дабылдан соң, әскери дайындықтар жаңа бітіп. Әр жігіт ӛз ісімен шҧғылданып, біреу жазып, бірі иек қылын қағып, енді біреу бір хаттан басын алмай, қайта-қайта оқиды жымың қағып. Біреу ҥйін айтады (бҧл — сағыныш белгісі, таныс қылық). Біреуі жҥр әндетіп сәл ысқырып. Ҥшіншісі досына хат жаз дейді, ауылының бір қызын таныстырып. Біреу отыр тіл катпай, бейтаныс қыз кешегі ҧнап қалып, дойбы ойнайды біреулер жырақ барып, мен отырмын ӛзіңе жолданбайтын дәптеріме оңаша сыр ақтарып.

*** Мен қҧлазып кеткенмін мынау ӛмір дегеннен, тіршіліктен. Сені жоқтап алушы ем кҥрсініп дем. Қызықтырмай ешнәрсе, қалғандай-ды сенің салған кайғыңнан қҧр сілікпем. Самал ӛбкен тҥндерде ауа жетпей, енді ӛлердей жҥруші ем тҧншығып мен. Мен ӛмірді сен деуші ем: сенің кӛзің, назды ҥнің, қылықтарың; сезімімнің сен кештің тҧнықтарын... Бҥл әлемде ӛзіңсіз тірлік барын, Ай, Кҥн барын, ел барын тҥк ҧқпадым. Кеткен мені бір байғҧс меңіреу қып - сенің тез-ақ, сҥйіктім, ҧмытқаның. Содан бері жыл ӛтті. Кӛп ойландым. Жҥрек соға бастады жылып қаным. Тҥндер ӛтті сергектеу. Ҥлгерілмей жҧмысым, қысқарды кҥн, ығыстады біртіндеп дҧшпан мҧңым — жҥйрік кҥндер барады ҧмыттырып кейде ӛмірдің сараңдау, мыстандығын. (Ҧмытпаймын. Кешірем сені бірак, тапа-тҥсте қолымнан ҧшқан гҥлім. Есімде әлі — ол мәңгі қалады есте — сені алапат сезіммен қҧшқан кҥнім.) Туған елді еске алсам, есейемін, сӛніп қайта жанғандай қҧштарлығым. Әнмен туған жеріне ҧшады екен, ҥн қатпайтын секілді ед қҧстар бҧрын. Ел сенімін арқалап тҧрып сездім Отан деген ӛлтірмес кҥш барлығын.

ШАЛДЫҢ МАХАББАТЫ

Менің бар мҧңдарымды, ешкімге де айтылмас сырларымды сен ғана кӛңіліңе сақта, жаным. Кӛкіректегі қасірет, қуанышымды, ӛкінішім мен ҥмітті, жҧбанышымды саған ғана ҥн қатпай ақтарамын. Егер сен тҥсінбейтін біреу болсаң, мен бір шешендердей боп есілер едім, бәрін талдап, бҥкпесіз шешілер едім. Амал не, ҥғып тҧрсың ғой. Ендеше, кҧнім, жанымды жҥдете бересің несіне менің? Мына тірліктің кӛп екен бҧрқасындары, шуақ аңсаған жанымның бҧлты ашылмады, ӛзіңнен ғана жылылык аңсап-ақ келем. Тҥсініп тҧрып (аяйсың, қимайсың мені), тҥсінбеген боп кетесің, қинайсың мені, ойлайсың кӛңілі тҥңіліп қалса деп менен. Дейсің ғой маған: ӛл, ӛртен, тағдырға бағын? Ойменен ӛлшеп, салмақтап алдың ба бәрін? Сонда да сенен ӛтінем, балғын қарағым, онсыз да ӛмірден кӛп қалған кӛңілімді менің тым болмаса сен ғана қалдырма, жаным...

ЖОҚТАУ немесе жесірдің зары Стамбул маңындағы зиратты аралай жүріп әлсіз жылаған әйел үнін естідім. Жанымдағы Мырза Әли оның сӛздерін былайша түсіндірді:

Шынымен жоқсың ба енді, арайлым-ай, жалғыз ой маза бермей қамайды ҧдай: ӛзіңсіз, сенің ыстық қҧшағыңсыз мен енді жҥре аламын қалай бҧлай? Айт-дағы, жҥре аламын қалай, жаным, ӛте ме сенсіз сонда сан айларым? Дайындап дастарқанды, отыра алмай сен келіп қала ма деп қарайладым. Еңсемді бара жатыр басып кайғым, мені енді жҧбата алар жасытпай кім? Сен келіп қалар-ау деп жанталасып ҥйге де бҧрынғыдай асықпаймын. Сарқылып біткені ме арман-селім, айырар кҥш барына нанбаушы едім. Асылым, жанарыңмен аялаған қылығың кӛз алдымда қалды-ау сенің... Қуатым, бойға қайрат-кҥш алғаным, мен енді кімді аймалап қҧшам, жаным? Аққу ем, қос қанатым қыркылды да, қансырап талпындым да, ҧша алмадым. Аялап жҥрсің бе екен мені ескеріп жуымай, жҥресің тек елес беріп. Сен неге жалғыз кеттің, бірімізсіз біріміз жҥре алмайтын емес пе едік? Сен ең ғой жаңа туған тҧңғыш айым, мен сорлы сенсіз енді кімге ҧсайын? Аңсадым, аяулым-ау, тым болмаса тҥсімде келші армансыз бір қҧшайын.

КЕК немесе келіншектің ызасы Сұлу әйел бардан тәлтіректеп шықты да, жанындағы балаң жігіттің жағынан тартып калды. Сосын жалғыз кетті. Хор (Иран) қаласы да, мен де оны үнсіз кӛзқараспен шығарып салдық...

Сен оның қҧшағында жаттың, жаным. Мен болсам жалғыздықтың таттым зарын. Шынымен кеткені ме кӛкірегіңнен сонау бір ҧмытылмас ақ тҥнгі әнің? Сонда біз бақытты ек қой. Шын емес пе? ӛзің де балқып ең ғой бҧла кеште... Сондағы мені есімнен жаңылдырған қалпыңды алып жаттым жылап еске. Сосын мен пәк сезімнен жырақтадым. Айтпайтын болды маған бҧлақ та әнін. Сонан соң қайта атпады тҧман тҧтып ӛмірде кҥліп атқан бір-ақ таңым. Әуелі есеңгіреп баттым мҧңға, бҧл жайға талайды әлде тап қылдың ба? Ӛмірге мысқыл жҥзбен кеттім еніп, паршалап жҥрегімді лақтырдым да. Қалмады ерке қылық, ыстық жаным, булығып ыза, кекке қҧштым бәрін. Баяғы менше қайғы шеккендерді ешқашан аямадым. Мыскылдадым. Тигенде от қҧшақта ерінге ерін, о, қандай жиіркенішті жерінгенің!.. Мен сол бір қҧшақтардан сені іздедім және де сенде кеткен кегім менің, алсам деп жҧрттан соны шегінбедім. Жоқ бҥгін менде ешқандай мҧңның демі, мақсатым, бар қиялым бҧл кҥндегі - мӛлдірлік, пәктігімнің кегін алу; тамырын қырқу тҧрса қыр гҥлдері. Мейірім, сезім кҥтпе менен, адам, ӛйткені ӛзің зҧлым қылдың мені…

КҤЙЕУІНЕ АШУЛАНҒАН ӘЙЕЛ

Не деген оңбаған ең! Мен ашудан булығып зорға келем. Ӛзің, ӛзің осындай бола тҧрып, не мейірім кҥтесің сонда менен? Алса деуші ем барша жҧрт сенен ҥлгі, білсемші мен мҧнша азап шегерімді… қыңырайып қисайсаң сен, әйтеуір, жасатасың қалай да дегеніңді. Шыңыраудай шаң басқан елсіздегі жанарымды қайғының жеңсін желі. Енді сені кӛрмеймін, бітті. Болды. ӛле қалар деп пе едің сенсіз мені? Сҥйіп тҧрып, азап қой кҥрсінсе кім! Біле тҧра мендегі шыншыл сенім жараланып қаларын сәл нәрседен – бҥйткен қыңыр мінезің қҧрсын сенің!

Мені осыншама батырып қҧса-мҧңға, сен де қатал жандарға ҧсадың ба… Кіріп келсең, әйтеуір, оңдырмаймын! Қалмасам тек тҧншығып… қҧшағыңда!

  • *

Сен мені кҥтпе ешқашан. Алаңдама. ӛзіңді айыптама, жамандама. Жҥрегің мен деп соқса, басу ҥшін бәрін де маған жама.

Мен соның барлығын да кӛтеремін. Сені әзір аймаласын бӛтен ерін, бәрібір саған титтей тыным бермей, ішіңді кҥйдіреді от ӛлеңім.

Сен мені басқаларға қорлап ем де, тыншырмын кӛңіл қалып сонда мен де. Мені ойлап жараланған жҥрегіңді, білсең де жазылмасын, зорлап емде!

ӛзіңді, ӛзгені де алда солай (кӛмілсін менде ертерек шаңға самай), қаншама жанталасып тырысқанмен, жҥрегің мені аңсаудан қан-жосадай. Мен жайлы мҧңайма сен дара қалып (әлі ҧзақ қайғы болам саған анық!). Ҧқ бірақ: бірімізге атқан оқтан қаламыз екеуіміз де жараланып. *** Білемін: сҥйем сҥйсем әйтеуір қҧлап-талып, дҥниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен тҥсінер жай туралы кӛргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып. Сені аңсаймын кӛзімнен жас ағыла, кӛбейді ғой бҧл кҥнде шаш ағы да. Сыр ашпаймын еш жанға. Шағынғанда біреу сенің орныңды басады ма…

Сезім қолдан ешқашан жасалмайды, жасағандар ҧзаққа аса алмайды, не алдасып бір-бірін кҥн кешеді, мен ондайға кӛнбесім қашан да әйгі. Мен сондаймын. Сҥйсем егер, ғҧмырлық сҥйіп кетем. Жҧртқа менің жҥрегім – тҧйық мекен. Аласарсам, ешкімге ҧқсамайтын сезіміммен кӛңілді биіктетем.

ЕР-ТҦРМАН

Ӛртейді бір ӛкініш жиі мені… Киіз ҥй. Мекеніміз қиыр еді. Анамның алданышы, сҥйінері – әкемнің ер-тҧрманын кҥніне бір тазалап, қайта-қайта иіледі. Кӛзінің тірісінде қайран әкем қастерлеп қадір тҧтқан бҧйымы еді. Қырда едік, кӛп жайлардан жырақта едік. Мен жҥрдім ер-тҧрманды мҧрат кӛріп. Ҥзеңгі кҥмістеген, кҥміс жҥген, соқтырған Сәрсен шалға қҧр ат беріп. Әкемді сағынғанда, ер-тҧрманын сипалап отырушы ем жылап келіп.

Кҥміспен бағдарлаған ӛмілдірік, қараушы ем қҧйысқанға ӛңім жібіп. Тоқымы тобылғы тҥс былғарыдан, тҧрғандай, шылбырды алсам, қолымда ҥміт. Шап айыл, тӛс айылды шірей тартып, жҥйрікпен жол тартатын кӛңіл-жігіт. От тҧяқ кең даланы дҥбірлетіп, терлікті терге малар со кҥнді кҥт! Кӛңілімде бір сыр жатты жанға айтылмай, сол сырмен әке ҥмітін жалғайтындай сезіндім, атқа мінсем әкеміздің шаң басып ер-тҧрманын қалмайтындай. Сол тҧлпар, тізгін тартсаң, қаршылдатып шайнайды ауыздығын таңдай тынбай. Мҧз шатқал, тау-тасты да тҧлпар тҧяқ тағасыз тіліп ӛтіп самғайтындай!

Соғыстан соңғы кезең, жҥдеткен ең, нан тапшы, қуыршақ жоқ, тірек те кем… Жанашыр, мейірімді еді адам біткен, сол ғана аш қарынға, жҥрекке де ем. Тҥндерде жҥйрік мініп, қиял қуып, қараумен ер-тоқымға кҥн ӛткерем, ат мініп, адам болып, әке арманын жалғасам деген жалғыз тілекпенен. Әкеміз елге сыйлы кісі еді арлы, білмейтін жағынуды, кҥш-амалды. Әкенің абыройын оранып ап, кешпедік жетім кҥйді, қҧса-зарды. Бір кҥні сәске тҥсте ҥйімізге сау етіп тӛрт-бес атты тҥсе қалды. Басқарма! Танитын жҧрт оны тегі, қаһарлы дейтін жҥрген жолы пері. Олардың айтуынша, ауылдағы жҥйрік ат, асыл бҧйым соныкі еді.

Қадалды анамызға Қҧрман кенет: «Бар қазақ ата салтын қылған медет: ағаның ер-тҧрманын мен ҧстайын, не пайда ҥйде босқа тҧрғанда», - деп. Жылады, шырылдады анам кӛнбей, мен тҧрдым сӛз айтуға шамам келмей. Әкетті ер-тҧрманды. Біз қосылып жыладық әкем сонда жаңа ӛлгендей. Сол кҥні әкеміздің қосын керіп бір қҧйын ойрандады тосын келіп. Жыл-ҧршық зырылдады. Біз әйтеуір ошағын әкеміздің ӛшірмедік.

Ӛмірдің бҧл да заңды кҥйі ме еді… Ойласам, жанымды жел ҥйіреді. Сол кҥнгі жасты, ызаны кішкене қыз кішкене жҥрегіне тҥйіп еді. Сол кҥннен басталған-ды оның және шарасыз кҥйден кҥйреп, кҥйінері. Мен сонда дертті болдым. Сол дертімнің ӛмірде табылуы қиын емі. Ӛртейді ӛкінішім жиі мені. Әкемнің кӛзіндей бір бҧйымы еді…

ШЕШІМ

Текке бҧлай бірімізді біріміз қинамалық, алыстадық иба да, сый да қалып. Біз қайтеміз – тағдырлар тоғыспады, ӛмір кешкен болғанмен бҧйдаланып. Екі жҥрек қақпадай қҧлыптағы, не істерге білмейміз мҧны ҧққалы. Қырау қатқан кӛңілдің терезесін тҥндер де жылытпады. Келсең кейбір жандардан сағың сынып, мен емес пе ем жҥгірер барымша ҧғып? Маған біреу оқ атса, ӛр кеудеңді сен емес пе ең тосатын жаның шығып? Енді бҥгін қарасамыз сезінбей, қҧштарланбай, қимастықтан кӛңілде мысқал қалмай... Кездесіп ек бҧл сезім мәңгілік деп, қоштаспайық тек бірақ дҧшпандардай. ***

Жҥрегім алқынады бҧл кҥндері: қуантып, есімді алып кҥлкің мені ӛзіңе, ӛмірге де ғашық етіп, шырқатып жібердің ғой кҥрт ілгері. Бермейсің жҥрегіме титтей тыным, сен басқаша болуың мҥмкін бе еді?! Кетеді сыздап шаншып бҧл жҥрегім: кенеттен бҧлт жамылса нҧрлы реңің. Сенің де, шаншылаған жҥректің де таба алмай, дел-сал болып тҧрдым, емін. Сен ӛйтпесең, тек маған қырсықпасаң, ҧғынбауым да мҥмкін-ау мҧңды менің. Білмеймін белгісі ме анық кектің (мен жалғыз сезім зарын жанып шектім), жҥрегім ауырмайды, ӛйткені ӛзің кеудемнен суырдың да алып кеттің. Қҧтқардың мені азаптан алаңдамай. Ал бірақ... салмағы қос жҥректің саған қалай?

*** Мен сізді ҧнатамын. Сізді ойлаумен атады бҧла таңым. Жалғыз арман жанымды жайлап алып, сенделемін, ҥмітпен бҥр атамын. Тҥк еместей әлемдік айыптаулар, не ҧмтылған асқарым – жыр, атағым. Мҥмкін ессіз осы бір сезіміммен біреулерді ӛксітіп жылатарым, не ӛзімді даңқтың тҧғырынан мҥмкін тіпті біржола қҧлатарым. Жанса бағым, бәріне де дайынмын – қарсы аламын, қарсы аламын ҥзіліп қалса да әнім – біреулердің кҥңкілін, жазғыруын, мысқылы мен ӛсегін – баршаларын. Соның бәрі тҧрмайды жалғыз ғана сәтімізге қауышар, аңсағаным, бірге жҧтар ләззатты таң самалын.

Жырлап ӛтем, белді будым алдағы сынға бекем, арпалысам, асудан-мҧңнан ӛтем. Сізге жетер жолымда кешем бәрін, мені тоқтата алмайды тҧлға бӛтен. Арпалыссыз, армансыз, мҧңсыз кҥндер – жайбарақат тірліктің қҧндағы екен. Соның бәрін, бәрін де сезіміңнің, сезімімнің жолында қҧрбан етем! *** Әйеліңді, жылы ҥйді – таста бәрін! Бҧз бірауық тірліктің тас қамалын, қамалдар мен шарттардан тҧрады ӛмір - ізде одан да кӛңілдің басқа амалын, шырқа сӛйтіп ӛмірдің асқақ әнін!

Тереземнің алдына келме кҥнде, кӛрінбеуге тырысып елге-кҥнге (сҥю деген – батырлық бҧл заманда, қаратпайды сезімдер шенге мҥлде), уақытым жоқ сенімен сенделуге! Қызғаныштан кҥйдір де жерле жаман, бірақ жҧрттан ҧрланып келме маған! Қызғануға қақы бар, сҥюге де сеніміне ӛзінің сенген адам, сезіктенбей, сескенбей иен даладан. Мен бәрібір шықпаймын, тҥнер, жарыл, (рас, сені тілеп тҧр тҥгел жаным!), ӛйткені мен адамның әлсіздігін, сақаулығын, сақтығын – білем бәрін, барлығына кереқар жігер, қаным!

Селдей сезім болмаса шоқ денеде – толқын қҧшып ҧмтылма от кемеге! Қамалдарды бҧзып кел – бірақ сонда сӛніп қалсам, ӛкінбе, ӛкпелеме – еркіндік пен сезімге сот немене! *** Қателескен екенмін. Бір-ақ рет. Ӛкініштен ӛртен де жыла, жҥрек. Әр қадамды мысықша аңдамаппын, айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп. Ӛкпелеңдер бҧлалау қылығыма, қондырмаңдар талпынған тҧғырыма. Бҧның бәрі тҥк емес, ал ӛзімнің ӛкінішім жетеді ғҧмырыма. Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым, сыздатып тҧр жҥректі ар - қорғасын. ... Қателесу керек те шығар мҥмкін, кешіре алар бір жандар бар болғасын. ***

Қараң боп онсыз Жер, ғалам жанымды мәңгі мекендеп, кеткен бір жанды сен маған ҧмыттыра алар ма екен деп толғанып талай кҥрсінгем. Талқысып жҥрек дҥрсілден дӛңбекшіп жатқам тҥндерде. Жылағам жалғыз, ҥнсіз мен. Мәз екен деме кҥлгенге – қансырап қалған жҥрегім. Оралмайды енді білегім ешкімге, - деп ем, тҥңілгем. Жанымның серпіп тҥнегін әлі естілмеген бір ҥнмен сен келдің. Қалай? Білмедім. Кетпес деп менен мҧң-желім, кҥрсініп ӛткен тҥндерім, жҥрегімді қалай жаздың сен, жҥргенде таппай бір де емін? Жаңбырдан соңғы кҥн бе едің? Қайғыдан соңғы бҧл бақыт жҥректің жасын қҧрғатып, жанымды тербеп жҥр менің. ***

Ӛзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі ҥн... Әлем деген қап-қара бҧлтқа оранып, жердің бетін кеткен бе-ау қҧрттар алып, есі ауысқан шығар бҧл сығыр қҧдай, сосын, сосын... денемді бҧрынғыдай аймалаған секілді сенің ернің. Буынымды босатып сыбырлаған ҥздігіп сенің ҥнің, сосын менің тек саған жерік ҥнім... жанарымыз тҥк ҥнсіз ақтарған ой тек екеуіміз білетін сәттер бар ғой? - алақандар тигенде, бҧлақ-қҧмар дір еткізіп жҥректен бір-ақ шығар - барлық елес таптады мені бҥгін.

Жерлеп келіп... Жоқ, жоқ! Пә, ӛзіңді жерлеп келіп, отырдым сен деп семіп, ӛмір деген ӛзіңсіз қараң қалып, керең болып кеткендей тамам халық... осы менің бҥгінгі есімдегі. Сені осылай жерлегем. Кешір мені.

***

Қызғанбаған сәттерің - қинағаның, қинағаның - аяудан қимағаның, аяғаның - ӛртенген сезім емес, әшейін сыйлағаның. Бҧл - зҧлымдық. Маған да, ӛзіңе де, сен сӛйткенің сыймайды миға, жаным. Қайтем, қайтем, сезімді бҧйдаладым.

  • *

Бірімізден біріміз қҧтылмаймыз қашсақ та қай далаға: бізден басқа тірлік жоқ айналада! Маған айтқан сӛзіңді басқаға айтып, ӛтірік аймалама!

Біз бәрібір о бастан матаулымыз тағдырдың арқанымен, бір-ақ сермеп қырқуға балта алып ем: қансыратты, не пайда, ҥзілмеді – сен менің жалқы әнім ең. Мейлі біздер жҥрейік сыр ашқансып жаны жат басқаларға, байқа, кӛзді оңаша жасқа малма, тҥк тҥсінбес біреулер ӛр кеудеңді әзірге жастанар да. Білем, білем әзірше бҧрқан-тарқан болғандай селде теңіз, біз осылай сенделіп сең кешеміз. Шығынғанмен ӛртенген адамға ҧқсап – бәрібір кездесеміз! *** Жҧрт мені қатал дейді, найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: ӛр кӛкірек, тәкаппар, менменсіген… ҧнатпайды дәл мҧндай ақынды адам (одан сайын мен шіркін қатуланам).

Біреулер қиялдайды: мҧндай адам ешкімді сҥйе алмайды; ӛтірік ӛлең жазады талықсыған, қайдан ғана бал сезім таныс бҧған? (Тҥсініксіз қалпыммен байғҧстарды ойларымен ӛздерін алыстырам). Біреудің жаны ашиды: ол ақын ғой ӛзгеше, дара сыйлы, ал, ақындар сезеді барлығын да, ақылды да болады, данасиды. Жастар жара тҥспеген жанына әлі тҥсінгендей жанымды табынады; менің асқақ әм мҧңды жырларымды іздеуі хақ солардың, сағынары… Мен кешпеген дҥние жоқ екенін сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі.

Мен солай кӛрінемін, Жер секілді қҧбылтқан ӛмір ӛңін. Міз бақпайтын адамдай жҥре берем кҥйіп-жанып жатса да тӛңірегім. Білмейді жҧрт (білмесін кӛңіл емін) менің барлық бал қылық, нәзіктігім сенің ғана алдыңда тӛгілерін! *** Білмеймін: жанарыңнан сыр ҧқтым ба, әлде ӛзімді сол сәтте ҧмыттым ба - ӛзің болдың, әйтеуір, бҧл кҥнгі әнім, кӛтеріп ап кетіп ең - бҧлқынбадым - әлде аймалауыңа қҧнықтым ба? Білмеймін: қҧшағыңда дір еттім бе, алып ҧшып бара ма-ау жҥрек мҥлде... Ойлағым да келмеді ештеңені, кҥндіз бе әлде, білмеймін, кеште ме еді - тек ҧққаным - жан бірге, тілек бірге.

Білмеймін: пәк сезімге мҧқтаждау кезім бе еді, сеніміңді кӛп болған сезінгелі, сезінгелі, сені ойлап кӛз ілгелі... Іңқәрлықтан, аяулым, тына кӛрме, бақыт деген сәттерден тҧра ма әлде, онда ӛтіп кетпегей тез ілгері. Сол сәтте бҧлтты аспаннан жарқ етіп қарады ақ Кҥн, шуағына бойымды аралаттым. Сезімімнің қақпасын дара қақтың. Елжіресіп, ҧғысып, сеніп бірге, ағыл-тегіл сезіммен еріттің де, ӛзің маған ӛзім боп бара жаттың... *** Ӛзіңменен жҥрегім егіз менің, тҥндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі ҥзгенін.

Тҥндер қандай ҥрейлі жалғыз жанға, қалғандаймын кҥздегі таңғы ызғарда. Кӛзім жҧмсам, шошытып сҧсты елестер, тылсым ба, жар, қҧздар ма...

Мазақтайды тағдырдың тҥні, желі, кӛкірегім ызадан тілінеді. Шыр еткендей қоңырау - сонда есікке жҥрегім жҥгіреді.

Жҥгіреді. Қайтадан басылады - естілмейді ешкімге жасы, зары. Тағдырымның дауылы азынап тҧр - бҧл әлде басы ма әлі?..

  • *

Әлде батып кетті ме сӛзім менің, әлде сенше жоқ па еді ӛзіңде мін — бҧрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың. Тҥсіне алмай, тҥнімен кӛз ілмедім.

Жҥрегіңде бір зіл бар. Ҥндемедің, мҧнар жауып кӛзіңнің нҧр желегін. Тым болмаса айтсаңшы — біреуде ме, тағдырда ма, менде ме — кімде кегің? Не боп кеткен, қҧдай-ау, адамдарға, сен де сондай болған соң амал бар ма... Шындықты айтсаң, ақымақ кӛреді жҧрт, жалған кҥлсең, жағынсаң, балар жанға. Сен де ҧқпадың, жаныма ҥңілмедің, тіл табудың таба алмай жҥрім бе ебін... Жҥрегімді саған да жая алмасам, бекер екен ӛзгеден тҥңілгенім. Бҧл — мен ҥшін әуелден таныс қайғы, кӛлгірсулер жанымды жаныштайды. Ақиқатпен бетпе-бет келе алмайтын жанның бәрі менен де алыстайды.

Жҥрегі алқынады, ауған бҧған жігіттің бар қҧмары. Қайратты қол беліне тиген сайын тҧла бойы тҧрғандай балқығалы.

Кӛрмеген бе дәл мҧндай "сынға" тҥсіп, әлде киім кеудесін тҧр ма қысып, басы айналды,

вальске дӛңгелесе, қалады тек кеуделер тіл қатысып.

Жҥрек баяу соғатын қалыптағы алып-ҧшып жӛнеді – бар ҧққаны. Айналада ақ мҧнар, екеу ғана теңіз-сезім тӛсінде қалықтады.

Қымсына ма әлде сәл қорғана ма, сезім ӛткізгіштей ме қолдар ана… Кҥйеуінің жанына отырғызды, есін жиды келіншек сонда ғана.

  • *

Мен оның қҧшағында, ол сенің қҧшағыңда – алдаймыз ӛзімізді және… ол байғҧстарды; біз бҧлай азаптап ек қай дҧшпанды?! Мен оны сен деп қҧштым, сен оны мен деп қҧштың: арпалыс. Жҥректер мҧз. Денені, оны алдайсың. … Ал, астан жерінгенмен, аштықтан ӛле алмайсың!

  • * Білесің ғой, онысыз дҥмпуіне шыдамай сағыныш-зардың, жанымдағы жанартау-жарылыстардың, кӛз аштырмас бір сезім дауылынан жай таппай алып-ҧшқанмын.

Ол жоқ жерде таңдайдағы дәмімен бал ҥміттердің, толқынына тҧншығып, малынып шердің, ештеңені, ешкімді кӛзіме де ілмей тек соған табынып, сендім.

Ҥзіліп қыршын, сонан соң... ӛтетін болды жабырқау, жеке кештерім... Қайғым бар (білем — басқалар бекер дескенін) ол — ӛзгені сҥйе алмай жалғыздықпенен мәңгілік некелескенім. Таппадым басқа жаралы жанның бір емін. Махаббат аңсар менің де балғын жҥрегім... «Кімді де болса, әйтеуір сҥйші,— деп,— жҥрек» жалындым, талдым, жҥдедім... ЖЕКЕМЕНШІККЕ ТАЛПЫНУ (кӛңілдес әйелдің кӛңіл күйі) Сҥйе алмаймын - сҥйгім келіп тҧрса да есім кетіп (мейлің мені сол ҥшін кешірме тҥк), болмағандай ештеңе барасың ғой, аласҧрып келесің несін жетіп?

Кӛрген жерден - аймалайсың алқынып, қҧлап-талып, есімді алып ҥздігіп, сыр ақтарып. Ал, мен болсам, шығарып салған сайын тҧрам қимай ҧзатып, жылап қалып... Еркелегім келеді - рахаттан сонда сен қалғыр едің, бірге атқызғым келеді таңды менің. Қазір тағы кетеді-ау деген ойдан мҧздап қоя береді жан-жҥрегім. Содан, содан қаламын бар жаныммен алдыңда ашыла алмай, тілеп тҧрып - мойныңа асыла алмай. Жекеменшік аңсайды кӛңіл-сайқал, содан барлық желігі басылардай. Мен салқындау кӛрінсем - жарқылдауға жанарға жақҧт қонып, сені кҥтіп шаршадым, уақыт соғып... Несіне ендің қиындау тағдырыма қайғы болып, жартылай бақыт болып... ***

Мен саған қарыздармын. Жҥрегімде шаттық бар. Бар ызғар, мҧң. Біз екеуміз кешкен кҥй ҧқсас керім сезіміне ғажайып аңыздардың.

Мен саған қарыздармын. Сен де маған. Басқа қызық-шыжықтар ем бе маған! (Бір-біріне қарыздар екендігін неге біле бермейді жердегі адам?) Менің мына жҥзімнен жел жалаған шаттықтардың шуағы танылмаса, жанарымнан ой-тҧман арылмаса – жанымда бар ызғар, мҧң: оны сезім-нәріңмен емдеп алам, немесе анау ақкӛңіл елге барам – жусаны да жайымды ҧғынатын, кемпір, шал да қалқам деп бҧрылатын, кӛтергендей ақ басын жерден анам. Шырқыраған жанымның бір тынымын, жҥрегіме нәр берер кҥлкі, жырын іздеймін сенен және кең даладан!

  • *

Бҧлай сҥймейді, жарықтығым, сезім емес есті алар – анық мҧның. Сенен кӛзді жҧмғызып тамсандырар еш ләззат қалған жоқ. Қалыпты мҧң. Жҥрек қҧрғҧр қҧрметті ескере ме, не атақтан, даңқтан сескене ме: қайтем, сенен жанымда тҥк қалмады – қуаныш та, қайғы да – ештеңе де! Табынған боп, сҥйген боп кӛндігер ем – кӛнер емес жҥрегім, сорлы денем. Сыйлағаннан махаббат тумайды екен, сирек келер сезім ғой ол бір ерен. Мҥмкін бҧдан жаныңда мҧң қалары – ер жігіттің намыс қой бір жарағы. Қҧлай сҥйгізе алмаудан, сҥйе алмаудан сезімдер былғанады. Солай. Мейлің жек кӛріп жерлесең де. Бірақ айыпты есмеспіз: мен де, сен де. ***

Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ҧшып жыраққа арман. Мҧның бәрі неліктен? Білесің сен – ӛзіңді ҧнатқаннан; сосын-сосын жҥргеннен ҧмыта алмай алып-ҧшып жеткенде жырақтардан кездеріңді алдымда қҧлап-талған; ӛліп-ӛшіп ӛртенген кезеңдерің, сосын… тҥк болмағандай безергенің – осыларға тҥсінбей мҧң ақтарғам, басым қатып шешілмес сҧрақтардан. Сезіміңнің мҧншалық жалғандығы, сен ҥшін бір сәт екен арман қҧны. …Мен сонда жылап қалғам ӛзіңді жек кӛргеннен және де… ҧнатқаннан.

АҚҚУ - ТАҒДЫР

Қара бҧлтқа кенеттен соғылды Кҥн: қҧлады аққу. Қиды екен жолыңды кім? Аққу-ана отырды ҧясында бауырымен тербетіп кӛгілдірін. Киелі деп аққуды жҧрт ҧғады, Арқалаған қандай жан бҧл кҥнәны? Аққу-ата қансырап жатты жерде, жанҧшырып сыңары шырқырады. Кӛз ашқанша Ай, Кҥні батқаны ма? Сол-ақ екен — қҧзғындар қаптады да, бірін-бірі итере ҥймелесіп, бас қойысты аққудың пәк қанына. Шыр айналды сыңары жаны шығып, қарағайлар сыңсыды, қамыс ҧлып. Сабалайды қанатын қақырата, суға кеткен адамдай салы сынып. Соқты лезде ақтымық таңнан ызғар, қара жерде аққу аз, қарғаңыз бар. Кӛгілдірін кӛзінше кӛзден шҧқып, енді ӛзіне тап берді қанды ауыздар.

Жағалауда жалпылдап жҥн балағы, жапырлады жез тырнақ жҥз қаралы. Қарауытқан кӛл бетін мамық жауып, жаутаңдаған жалғызды жҧлмалады. Бҧл не жаза? Кӛркінің «қалжасы» ма? Тік келмеген тірі бір жанға, сірә. Ғҧмырында, жәбірлеу тҥгілі, аққу кӛз салмаған қырғи не қарғасына. Жауыздыққа тістеніп Кҥн жыласын — қҧтқаратын амал жоқ, қынжыл, ашын. Жаны бардың бәрінде бір-ақ ауру — қҧртуға әзір әйтеуір сҧңғыласын. Есексің бе, не тышқан, бақасың ба — болмас онда жауың да, бақасың да. Қасиетті тірлікте қарға қҧзғын қандары қас киелі заты асылға.

Жалқы болсаң, әлсізсің, жоқ қорғаның, қҧрады ӛмір алдыңнан от торларын Асыл туған аққудай тағдырыңнан артық екен қарғадай кӛп болғаның.

  • *

Ӛзіңе ӛкпелегенім – мҧңданып тӛккен ӛлеңім;

соншалық ашуланғаным – жаныммен ашынғандағы ҥн;

қалғандай қҧрғап тамағым – тіс жарып тіл қатпағаным;

сіміріп сағыныш зарын, ӛзің деп алып-ҧшқаным;

шайғандай тҧнық бір ағын, ӛкпені ҧмыттырарың –

бәрін де татып келемін. …Осы екен бақыт дегенің!

  • *

Сен қайда жҥрсің, мені осынша сағындырып, жҥрегімді лаулатып жалын қылып? Мен сені іздеп жҥрмін шығар-ау деп жарқ етіп тҥзден бір кҥн мазасыздық жайлаған жанымды ҧғып.

Жинап жҥрмін жҥрекке ашу, ыза – кеудемде қамалған ҥн, шаттығым мен пәк кҥлкім, ән-арманым, басқаларға айта алмас сырымды мен ішімде бҥгіп жҥрем – ақтаруға тек қана саған бәрін. Жанымды жайып салам, кӛмілмей жасқа, мҧңға! Орап сені сағыныш – ақ сағымға (қымсынбаймын бар әлем қарап қалса), сені ҧйқтатып алдымда таң атқанша, отырамын кӛз ілмей бас жағыңда. Арпалысқан сәтте сол сағыныш, наз, қимастық, арман, ҥміт, әттең, атып қалады-ау таң да кҥліп… Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма, ол да сені нҧрымен аймалай ма? Қой, адамша қызғанып Ай не қылсын… Сағындым ғой, Сен… осы… қайда жҥрсің? ***

Екі бӛлме. Қос тӛсек екі жақта бір-бірден. Екі жҥрек шоқ кӛсеп, қылғынады қҧрғыр дем. Екеуі де от басып дӛңбекшиді тыншымай. Шыдамдарға шоқ шашып, кҥлімдейді қырсық Ай. Алда – қҧз ба, ғҧмыр ма – жатсын оны кім ҧғып. Ызыңдаған шыбын да бҧрышта отыр тығылып. Сықыр етсе бірдеңе, аспан қҧлап кетердей. Айдын кезген тҥн – кеме, әрбір бӛлме – шет елдей. Екі бӛлме тынады бір-бірінен ҥн аңдып. Бірі ҧқпайды тҥк әлі, біреуінде – қҧмарлық. Екі елде де – аң-таңдық. Келіссӛз бе? Бҧл да ауыр. Шекараны талқан ғып кетер ме екен бір дауыл?! ***

Қҧлақ аспай кҥндегі мҧңды ҥніне, лапылдайды кӛңілдің от қҧмары, екі жҥрек талпынып бір-біріне, сезім-сең соқтығады. Алақандар кездейсоқ тіл қатысып, қайнау мен суу жайлы заңдар қайда – қалды ма қынға тҥсіп – саусақтар дуылдайды. Ерік бермей ту сезім сылаң ойға, есті де таптай салып. Тулап жатыр толқындар тҧла бойда, тамырлар аттай шауып. Жҥрек арай таңды да, әнді ҧғынбай, кӛрмейді айналаны. …Қиқулары – кӛктемнің жаңбырындай, кӛңіл де – бәйге алаңы. *** Келе жатам әрі мҧңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, кӛлгірсіген шуылдақ жҧрттың бәрін қойдай кӛріп жайылған тепсеңдегі.

Қалған сәтте кездейсоқ ҧшырасып бозарып тҥсі қашып, қипалақтап қалады бейшаралар, менің адалдығымның пысы басып. Ай жерге қҧлағандай аузын жимай қарайды бәрі маған (дей ме әлде "жарым" адам?!). Ӛйткені олар ешқашан ғҧмырында шыншылдыққа, шындыққа жарымаған. Сиректеу қҧбылысқа кӛзі ҥйреніп кӛрмеген дарқан халық ҥрпиісіп қарайды сәл таңданып. .. .Тек ӛзіңнің алдында (сенің ғана!) балаға ҧқсап қаламын жаутаң қағып. *** Кӛздеріңде ақыл, ой, мҧң тҧнады, адамдайсың қанбаған бір қҧмары. Жаның жҥдеп, дәрменсіз отырасың маған қарай жҥрегің бҧлқығалы.

Мен біреуге жарқ етіп қарадым ба - қызғанасың жалт ойнап жанарыңда. Менің такаппарлығым тҧншықтырып, кӛмілесің амалсыз нала, мҧңға. Жҥрегіңді ӛртейді зар ма, мҧң ба - қайғы әкелер қол жетпес арман ҧлға. Мен елік боп кӛзіңе кӛрінгелі кӛріксіз боп кеткендей жан жарың да. Ҥміттенер мен жақтан естілмейді ҥн, сезбей ме деп ой селін кештің кей кҥн. Әйел сезбес сыр бар ма бҧл жалғанда - сезем бәрін. Білемін. Тек сҥймеймін. ***

Тӛсекте тынши алмай жатсаң тҥнде, байырғы тыңшылардай қҧлақ салып кҥздегі қайтқан қаздың мҧңды әніне қосылып сыңсыған жай, тыңдашы ҥн шығармай: қаз қайтады (арманы мол жҥректің аз ба айтары...), ол әлі кҥн ӛзіңе сездірмеген мендегі назды айтады. Қоштасудың мҧңдысы-ай, кездесуді табиғат жазғай тағы. Қаз қайтады әуенімен елтітіп таңғы ҥмітке, ҥміт-нәрсіз кӛңілге сән кіріп пе? Қош айтыссын, қиылып қоштасусыз сағыну жоқ, жоқ тіпті бал кҥдік те. Ауруынан тҧрмасын сезген жандай қоштаспағай тек қана мәңгілікке...

ҦРЛЫҚ

(әзіл) Жҥрегімді тәтті қиял, арманмен ҥлпілдеген, сағынышым, ойым мен кҥлкім, денем – бәрін алып қойдың сен, енді сенсіз жҥре алатын емеспін бір кҥн де мен. Тәкаппарлау жалт еткен кӛзімдегі ойнақы мысқылымды, тиген жерін ӛртейтін ыстығымды жҧрдай еттің. Қҧдай-ау, қайда кеткен менменшілдеу бойдағы кҥш бҧрыңғы?! Жаным елтіп шырқайтын таңдағы әнім, жетелейтін ой-қырға арман-ағын – бар асылым ӛзіңмен бір болғасын, есі-дертім сен болып сандаламын, ойлашы ӛзің – басқа енді бар ма амалым? Мен ӛзіңнің алдыңда әлсіреймін бойымда дым кҥш қалмай, ойлайсың ба – бҧл ісің қылмыс қандай: мені тонып келесің жалғыз ӛзің дҥниені жаулаған Шыңғыс хандай!

Қарақшыдай ауыл сыртын жҥретін торып талай, мені еркіммен ҧрладың жорықта жай. Тілейтінім - ӛмірде енді маған сенен басқа "ҧры" адам жолықпағай! *** Сен келмегенде жанталасам сезімнің тасқыны ҧрып жанарға жас тығылып, қоятҧғын ӛзімді жер таба алмай, жалғыздықтан жиналған шер таралмай, отырамын ішімде қасқыр ҧлып. Арпалысам ӛзіммен бәрін тҧл ғып кететін жақ таба алмай, думанды баққа бармай – тарылғандай дҥние аласҧрам, сосын, сосын таусылып шама, шыдам, жер боламын біреулер таптағандай. Саған аян бҧл кҥйім, бҧрқанысым, ӛзендердей ӛзгертер кҥрт ағысын. Саған қарай қол созам, арман-әнім, талықсимын, қайтадан жанданамын тағы бір шырқау ҥшін.

*** Менің тҧнық сезімім ӛзіңді сағынғанда, соққандай ағын жарға қара жердің бетінде сенделтеді, сонда мені дару жоқ емдер тегі. Желімделген жаныма қҧтылсам бҧл аңсаудан, адамдай қыран сауған, атан сойып бір тойды жасар едім! Бірақ жҥрек табады қашан емін? Ӛзіңе ғашықтығым ешкімге ҧқсамайды. Қариды мҧз самайды. О жасаған! Сҥйе алар жҥрек беріп, неге маған сҥюді мҧң еткенің, дәл осындай қасірет тілеп пе едім? *** Тынбайды жҥрек алқынып келгендей маған жалқы жҧт. Қай жаққа барып жай табам, назымды кімге айта алам? Шағала кӛңіл шарқ ҧрып, іздейді сені қайтадан.

Найзағай-ашу ноқталап булығып жаттым мен бес кҥн, қажеті жоқтай енді ешкім, жанары – тылсым, от қабақ жасынмен жалғыз белдестім. Айналып тҥссін аспаным – кӛрмеймін енді деп сені, кӛзімді аштырмай кек селі, тулайды тәнде жас қаным, жалынды жалғыз кешкелі. Кӛміліп жаттым жас, мҧңға, сезбеймін – тҥс пе, кеш пе еді, самал боп ҥміт еспеді, қайықтай жойқын тасқында быт-шыт боп қалған ескегі. ***

Қасиет кӛп адамда табынардай, (шығара алмай қалмаса бағы жанбай), ең керімі солардың - жат біреуді сҥйіп, жақсы кӛруі жаны қалмай. Кҥйіп-жанып ауырады, сенделеді, талпынады жан дертін емдегелі. Сҥйте тҧра ол жаннан талап етер: ―тиссің, - деп, - сҥюге сен де мені!‖ Болмаса да о баста еш тірегі, талмай жақсы кӛре алар естілері. Тек адамдар ӛзінің сҥйгенін де міндет етіп кейіннен тепсінеді. ―Сҥйем, жаксы кӛрмейсің сен неге?‖ - деп, сонау сҥйіктісіне елден ерек бойындағы бар қарам қылықтарын, былықтарын кӛрсетер ең керемет. Ҧмыт калып сезімнің сағым таңы, (адамзаттың кешірген сан ҧрпағы)... Басқаға ӛзі биязы, сҥйгенінің жанын осып, жҥрегін ауыртады.

Ақиқатқа кҥн тумас айла қалмай, ӛмірің де қайнаған тай қазандай. Кӛк темір де қҧрышқа айналмайды, от-жалынға ӛртеніп қайнап алмай. *** Мынау қолым, басым мынау, жҥрегімде – тосын әнім; жҥзім кҥңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Кӛзбен кӛрем, ҥйренемін, ол да менің бір ардағым. Бар ма, жоқ па ми дегенің, соны бірақ біле алмадым. Дидарымда – кемел кӛрік, табиғаттың сыйы бҧл да. Тіршіліктің келем кӛріп қызығын да, қиынын да. Ӛмір биік, терең әрі – тыным таппай сар желемін. Бірақ ҧқпай келем әлі – қай жерімде жан дегенің? Башпайда ма, білекте ме – қайдан тапты сәтті жайды? Алқынады жҥрек неге, тамыр неге шапқылайды?

Елтімеуші ем әрнеге онша, жанды іздеймін, сабырлы едім. Сҥйіктім-ау, дәу болса, сенде шығар жаным менің?! *** Ӛмірдің соқпағымен шаң адасқан екеуіміз қол ҧстаспай, дара басқан кҥндерге бой ҥйреніп, кӛрмегелі қанша жыл ӛткеніне қарамастан, жҥрегім саған қарай ала қашқан! Ешқашан ҧғынбайтын жат былайғы бҧл менде ащы және тәтті қайғы. Кір жуып, кіндік кескен жеріме де жҥрегім дәл осылай шапқылайды – іздейді балалықтай шақты жайлы. Сен десе, естілгендей алыс бір ән, бойымды дҥбірлеткен ағысты ҧғам. Бҧл кҥйді сӛзбен айтпас намысты жан – тек қана туған жерге деген менің сарқылмас сезіміммен салыстырам.

ҚЫЗЫЛ ТЫМАҚТЫ ҚЫЗ

Тиіннің мамық тонына оранып апты анау бақ. Ӛртеніп жырдың шоғына келеді жігіт алаулап. Ақынның жаны Кҥнге асық, ҧйқыға батпас басқа ҧлдай: сәріден жырмен сырласып кӛшеде жҥрді жас Сырбай. Жастықтың әні қашаннан – тыным жоқ қолға қонса да Ай. Сенімге тҧнған жас арман – Қызылорданың сол шағы-ай! Ақынның кейде жаны-ағын, кей сәтте – қажу, суалу. Кенеттен қадап жанарын жанынан ӛтті бір ару. Қып-қызыл тымақ, тҥн-жанар тҧманды әлемге батырды; бҧл оқтан аман кім қалар – жаралап кетті ақынды. Азапқа тҥсіп қалды ӛрен, ақыннан ӛзге кӛнер кім?! Ол әлде келген таңменен періштесі ме екен ӛлеңнің?

Ӛтсе де шақтар солар гҥл, кетсе де ақ қар, жаңбыр кҥз, жҥректе әлі сонау бір қызыл тымақты балғын қыз! *** Қаласам, жасаймын да жайдан қҧрық, дҥниені тас-талқан майдан қылып, ӛршеленіп бҧрқанған ӛзендердей ағынымен жататын сайларға ҧрып (білмейсің ғой – жанымның тҥкпірінде атылғалы жатқанын қайнар бҧғып), қҧлай сҥйіп кӛрмеген жҥрегіңді алқындырып, кӛңіліңе қайғы алдырып, келтірместен мҧршаңды ойлантуға, отыруға пайымдап, жайларды ҧғып, қҧздан қҧлап кӛрмеген ӛр басыңды кӛкке сҥйреп, сонан соң Айдан жығып, шеңберлермен шектеліп жалтаңдаған жасқаншақтық - барлығын қайран қылып – алам сенің басыңды айналдырып!

Керек емес мекерлік, айла маған: сҥйем сені, сескенбей айналадан. Менсіз сезбей, ҧға алмай қаласың сен – қайда жҥрсің, тҧрғаның қандай алаң. Біреулер бар сескеніп аяқ басса, біреу кӛріп тҧрма деп тайғанаған. Біреу ҥшін рахат, жҧмақ ӛмір – біреу ҥшін қантӛгіс майдан алаң: мазаланып кӛрмеген жандар ғана жасқаншақтап жҥреді айдаладан. Жалтақтамай солардың барлығына, тірлігіңді бір ӛзім жайлап алам. Ақ сезімді алдыңа селдетемін – тек сен шыдар ма екенсің… қайдам… оған. *** Кӛңілімнен кетіп кӛп арман, кӛзімде тҧнып мҧңдарым, сәулелер быт-шыт жоғалған қҧштырып маған қҧндағын.

Қызғалдақ гҥлдер дӛң басқан қызығы тоқтап қалғандай. Тҥссе де кенет Жерге Аспан қарайтындаймын таңданбай. Сезім – тҧл. Кҥш жоқ кернеген, ӛртенуге де жоқ шамам. Ғашық боп жҥргендерге мен немкетті жҥзбен кӛз салам. Кездестің, менде жан қалғып жҥргенде, бҧлттан Кҥн шықпай, бей-жайлығымды талқан ғып, шыр айналдырдың ҧршықтай. Ӛртеді-ау мені тәтті ернің, жолықтың, жаным, кеш неғып… Кҥрсіндім осы сәттердің ӛткіншілігін еске алып. *** Сен мені тҥсінсеңші. Тҥсінер деп жыр-маржан тӛгіледі (тӛгілсе жыр, сол ғана кӛңіл емі). Қошқар мҥйіз әжемнің теруіндей сӛз тізбегі кеудемде ӛріледі.

Ӛзің жоқсың жанымда. Теңіз-кӛңіл қалайша толқымасын (есің шығып сҥймесең, ол кҥнә, шын). Мәңгі кетер ӛзіммен мҧң-қайғымды сен де тҥсінбеген боп, тор қҧрасың. Елестетші: жалғыз жан… жым-жырт бӛлме… Шыдам таппай он кіріп, он шығасың. Айыпты ӛзің. Осылай қҧлазытып, сонсын қайта кӛңілді толтырасың. Менің кӛңіл-кӛгімнің жайлауысың, сҧраса жҧрт, тек саған жол сҧрасын. Басқа ештеңе білмеймін. Есалаңмын. (Азабы ғой бҧл маған жасағанның). Ӛзің айтшы, айтшы ӛзің, сыбырлашы – ӛрт сезімді қалай мен баса алармын?

Жеткізсінші жырларым саған, жаным, сен екенін тек жалғыз алаңдарым. Мені еш нәрсе ӛмірде таң қылмайды: даңқ, мансап, кей ―мықты‖ адамдарың. Білесің ғой, ӛзіңсіз мҧңды жаным. Ҥнім шықпай мен іштей шыңғырамын: ―Тҥсінсеңші сен мені бар қалпыммен, сарқылмашы мәңгілік, мың бҧлағым!‖ Саған деген сезімім теңіз сынды: еш адамға кӛрінбес тӛңірегі, толқындарға батады, кӛміледі. Сен осылай қҧртасың, қуантасың, тек моншақтар жыр болып ӛріледі. *** Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бҥгін: маңайымды, тіпті анау жыңғыл гҥлін сен арқылы ораймын жылылыққа, сен арқылы сіңіріп кҥннің нҧрын.

Ҥстемдігін жҥргізіп заман мына адамзаттың болмысы жаңарды ма – мен, әйтеуір, сезінем сен арқылы әлемдегі жақсыны, жаманды да. Самарқаумын қызығу, қҧнығуға, табиғаттың жатыр ма сыры мҧнда – кешіремін ҥлкенді, кішіні де, жақсы, жаман олардың қылығын да. Менде бҧрын жоқ қылық мҧның бәрі, ҧқпай келем ӛзім де сырымды әлі. Бар дҥние кеткендей сҥйкімді боп, жаным жақтырмастар да бҧрындағы. Еткендей-ақ мен бейне таңды мҧра, нәр қҧяды бір сәуле ән-жырыма; сенетінді шығардым әр адамның бойында бір жақсылық барлығына.

Сен арқылы сҥйемін бҧлақ, кҥнді, сен арқылы қысым – жаз, қырат – нҧрлы. Сен арқылы жҧмбақтар шешім тауып, сен арқылы самсаған сҧрақ тҧрды. *** Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп сендік сезімге кӛзіме балқып жас алғам! Жас алғам – жаным жасарған, кӛктемгі жердей қан жібіп. Кӛрініп тҧрды тасаңнан сәулесі шалқар нәрлі ҥміт. Қаңтарып тарпаң ғҧмырды, шаршадым ба әлде безуден, ӛзімнің осалдығымды қайта бір сонда сезінгем. Жҥйкемді тарап, жіктедім, кӛңілімнен, сірә, шықпай ел. Ӛзінің әлсіздіктерін сезінуімен мықты әйел. Ӛмірі жҧмбақ, сӛзі ҥлгі айналғам мылқау мҥсінге, табындым саған ӛзімді сезіндіргенің ҥшін де!

Қашықтап кеткен Кҥн нҧрын қайтадан қҧйып жанарға… Байқасам, Жердің тірлігін қайталайды екен адам да! *** Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жҥруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бҧл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай? Сені итерген мен жаққа не кҥш кенет, (ойлап қалдым зымиян келіс пе деп) тҥсіңе аян берді ме әлде саған ертегілер елінен періште кеп? Мен жайлы айтқан кім екен: бҧлақ па екен, мҧңымды айтып кейде оған жылап кетем, сыбырлаған самал ма сайда жҥр деп жетім кӛңіл, жаны дерт бір ақ бӛкен?

Тҥсті ме әлде Кҥн кӛзі жанарыңа, жанарыңмен мен жаққа қарады ма? Ҧйықтап жатқан шағыңда саусағыммен Айдың нҧры шашыңды тарады ма? Қалай таптың, білмедім. Ісім де жоқ. Алаулады тҧншыққан ішімдегі от. Жанарыңнан қаймықтым, сосын сені кӛретінді шығардым тҥсімде кӛп. Талай жанмен - әрқайсысы жеке жарық – жолықтырып мені ӛмір ӛтер ағып. Бҧл кездесу, білгенім, еркімізден тыс кҥштердің бҧйрығы екені анық. *** Шығарып салдың мені: аэропортта – ызы-шу, жан дҥрмегі. Қуаныш, мҧң алмасып кӛңілімде, жҥрегімнің басталды бал кҥндері, дәл сол кҥннен қиқуға салдың мені.

Жҥрегім бҧлқып керім, қҧшақтаса береді кірпіктерім, ерек бейнең тҧрады сонда алдымда, кеудемдегі дҥбірді іркіп демім. Кҥйім менің – кҥзгі гҥл, нҧр – кҥткенім. Ештеңе жоқ ӛмірде: атағың ба, даңқың ба, ӛнерің бе, жҧрт ығысар жасың ба, ӛрлігің бе – тіршілік – тек сол кӛзде, сол ерінде! Оралам ба, тағы да кӛремін бе? Қарсы алды бәрі қҧшып, жақсы кӛріп, аялап, сағынысып. Жиырмадағы кҥйімді кешіп тҧрмын, ӛз-ӛзімнен сенделіп, жанып-ысып. Қайта кеткім келіп тҧр қазір ҧшып. Ешкімді, ештеңені кӛрсетпедің. Жҧрт менен сескенеді. Жынҧрғандай кҥйдемін. Не боп барам? Қайда қалды, қайда әлгі «ес» дегені? ***

Сен маған тамыр жайдың, (мен жҥргенмін кӛзімнен арылмай мҧң), содан бері туғандай жанымда Ай, Кҥн: бей-жай тірлік тағы да былай қалып, аласҧрып сағынам, жалындаймын. Жалғыз кешіп, дауыл мен жел екпінін, жаным жаурап тоздырған желек-гҥлін, кӛппен жҥріп кҥрсінгем сезінгеннен мені сезер бір жанның керектігін, шуағыңды шаш енді, ерек Кҥнім! Талай тҥстім торына тҧзақ-қылдың, бірде кҥлдім жындыдай, жылап бір кҥн. Арасында адастым қҧрақ-нудың, ӛмір-сеңмен алыстым, қҧлап-тҧрдым. Дымы кеуіп, шӛл жеген қара жер ем, тамыр жайдың – тірілтіп, гҥл аттырдың!

Қайғысымен кҥңіреніп жыр-жҥрегім, кейде ызамен шашатын мҧңды лебін, (жан дертімнің бір адам білді ме емін?) Тағдырымның тҥнек-тҥн патшалығын найзағай боп келдің де тілгіледің! *** Мен тағы да ғашықпын! Мына Қҧдай жҥрсін дей ме ғҧмырда мҧңы арылмай, сезіну мен сезуден жосаланған жҥрегімді келеді сынап ҧдай. Кҥйіп-жанып, қуанып кӛрінгенге, тҥсімнен де шошынып, ӛңімнен де жануменен, сӛнумен жанҧшырып ӛтіп жатыр әйтеуір ӛмір менде. Ауру қылған арылсам ой-мҧрадан, тыныштығын тосардай тойлы ғалам, періштедей пәк тірлік кешсем деп ем – бей-жайлықты бҧйыртпай қойды маған.

Жай отымен жаншылған ӛртең едім, айналғандай ӛртеңге кӛркем егін. Баяғыдай ғашық боп тҧрмын бҥгін. Енді қайттім? Тағы да ӛртенемін!

Мазмҧны Кӛз алмай неге қарайсың Ҧнатып ем... Ӛзім туралы «Тебіреніп жҥрегіңнен...» «Басымды айналдырды-ау...» «Бір сезім жанарыңда...» «Лҥпілдей соқты...» Қыз сыры Қоштасарда Он жетінің әні «Сенің нҧрлы жанарыңды...» Қыз әні Жігіт әні «Атты да шҧғылалы...» Сҥйген сҧлу «Сыбырлай сҥйіп...» «Қадалып іштей...» «Ғашық жайлы...» «Ӛзімді жҥрегіңнің...» Диалог Қыз қуу «Ӛмірде мынау...» Жастық шақ гимні Сағындым Ақбӛбек жырлары «Басқа қызды...» «Екеу-ақпыз» «Біз екеуміз біргеміз» «Налып келдің...» «Ӛлең кӛп деп...» «Бҧл жырлар...» «Кӛрінбей кетсең...» Сен туралы «Жанымда жҥрші...» Сағына тҥссін дедің бе «Алыстарға кетейік» «Сен ҥшін сонау...» «Самолетке барамын...» «Табыстық...» «Мейірімсіз, қатал...» Сен екеуміз Ауыл қызы «Алтын арай...»

«Мен бір қызық...» «Бір жҥрейік...» «Келесің дәйім...» «Мен сені қызғанамын» Бойжеткеннің сӛзі «Сенің жҥзің...» «Қуанышты мендегі...» «Дҥние бос қалды ғой...» «Мен сені жҥретінмін...» Әйелге деген махаббат «Арылмай кҥйкі-кірбіңнен...» «Менің екі жауым бар...» «Далам менің!...» «Достарым, ортам...» «Білмейсіңдер, мені әлі...» «Мені білсем дегенің...» «Қайшылықтар кереғар...» «Ӛкпелеп жҥрсіңдер ме...» «Мҧнарлы шыңдай...» «Біздің мынау даланы-ай...» «Қала қандай әдемі...» Туған жер Дерт «Бақыт деген...» Жаралған деп жат ҥшін Ҥміт «Ӛмірде мынау» Ҥміт және ҥкім Қҧштарлық «Жанымдасың...» «Отырдың алдыңа алып...» «Сағынған, аласҧрған...» «Білемін: ӛзге жанның...» «Сен қалай есіңе алмай...» Ақ пен қара туралы ақиқат «Ӛзіңді ойлап...» Мен ӛмірді сен деуші ем... Шалдың махаббаты Жоқтау Кек Кҥйеуіне ашуланған әйел «Сен мені кҥтпе...» «Білемін: сҥйем сҥйсем...» Ер-тҧрман Шешім

«Жҥрегім алқынады...» «Мен сізді ҧнатамын...» «Әйеліңді, жылы ҥйді...» «Қателескен екенмін...» «Қараң боп...» «Ӛзіңді жерлеп келіп...» «Қызғанбаған...» «Бірімізден біріміз...» «Жҧрт мені...» «Білмеймін: жанарыңнан...» «Ӛзіңменен жҥрегім...» «Әлде батып кетті ме...» Би «Мен оның қҧшағында...» «Білесің ғой...» Жекеменшікке талпыну «Мен саған қарыздармын» «Бҧлай сҥймейді...» «Мен сонда жылап...» Аққу-тағдыр «Ӛзіңе ӛкпелегенім...» «Сен қайда жҥрсің» «Екі бӛлме.» «Қҧлақ аспай...» «Келе жатам...» «Кӛздеріңде...» «Тӛсекте тынши алмай...» Ҧрлық «Сен келмегенде...» «Менің тҧнық сезімім» «Тынбайды жҥрек...» «Қасиет кӛп адамда» «Қолым мынау...» «Ӛмірдің соқпағымен...» Қызыл тымақты қыз «Қаласам жасаймын да...» «Кӛңілімнен кетіп...» «Сен мені тҥсінсеңші...» «Бір-ақ жайды...» «Қасаңсып кеткен кезімде...» «Еш нәрсеге, ешкімге...» «Шығарып салдың мені...» «Сен маған тамыр жайдың» «Мен тағы да ғашықпын!»

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙