Төреғали Тәшеновтің өлеңдері
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Тәшенов Төреғали Әліпұлы
Тӛреғали Тәшенов Таңдамалы ӛлеңдер жинағы
ШЫҢҒЫС ХАН. БҦХАРАЙ – ШӘРІПТІҢ БАС МЕШІТІНДЕ
Қаузасам қадым заман хатыменен: Жаралған Күн нұрынан, заты ерен, – Бұхарай – шҽріптің бас мешітіне Шыңғыс хан кірді, – дейді, – атыменен. Аруақты жерден үркер ат тұяғы, Құранмен жазып қойған хат, – сияғы. – Құдайдың жердегі үйі, - десе: – Бұған Қалайша, - дейді Қаған, – Хақ сияды?! – Кҿгінде Бұхараның жаңа Ай туған – Алдияр! - дейді Имам, – сҿз дҽл айтылған. Бірақ та, сыймаса Хақ мешіт-үйге, Кішкентай жүрекке ол қалай сыйған?!. Қағандай сҿзге тұрған дүр ҿтпеген, Атынан түсіпті іле ізетпенен. Мінберге жоғарырақ шығып сосын, Барақат байтақ жұртқа тілепті ерен.
– Жерде – мен, Кҿкте – Тҽңірі қалауы бұл! Басынан Бұхараның ауады түн. Күнҽһар қауымның қақ тҿбесіне Түсірген Жаратқанның зауалымын! ...Уҽжін айтты солай ашып елге, Ақша бұлт жүреді еріп асыл ерге. «Алланың досы!», – деп хақ ҽулиелер Жеткенше иіледі басы жерге. Шақырып шейх, мүршит, машайықты, Илҽһи нұрынан хан масайыпты. «Бір діннен бір дінді артық қоймаңдар! – деп, Бұхарлық бойсұндырды халайықты. Ҿзінің болды басқан құт қадамы, Жығылды сҽждеге айтып «Субхана...»-ны... ...Қағанға – Хақтан тауфиқ тіледі имам Дұғада – жұма күнгі құтпадағы.
...Мешіт пен синагога, пұтхананы Тең кҿрген Шыңғыстайын тұтқа кҽні?! Қағанның қадап кеткен қағидатын, Қайтейік, бұл адамзат ұқпады ҽлі... БОСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҤНІ. ЖАЛҒЫЗДЫҚ. (Тҽуелсіздік алдындағы елең-алаң)
СССР – жоқ! Қалайша?! (Жан-халім ұқ!) Тұрып қалдым аң-таң боп, сҽл қамығып. Жалтақтаймын жан-жаққа, бір-ақ сҽтте Үйсіз қалған адамдай, аңтарылып. Бақ па, сор ма?! – басымнан ұшқан бүгін, (Жарты жолда қалғандай басқан жүгім). Ұшарымды – білмеймін – қонарымды, Осындай ма ең, оңай ма ең, БОСТАНДЫҒЫМ!?. Ұқтырып тұр шыққан Күн, аспан нені?! – Қарап тұрып кҿзіме жас келгені... Ескі үйімнің есігі мҽңгі жабық. Жаңа үйім жоқ... О, Құдай, ескер мені... 1991 жыл
АЛАКӚЛМЕН СЫРЛАСУ
Еңкілдеп келіп Ебінің желі соққасын, Алакҿл, ой-хой, толқыды дейсің, Хаққа шын. Жосытып кҿшін, шалқуын-ай жарықтық, Ағытып қойып алаңсыз Жоңғар қақпасын. Кҿк қарлығаш – кҿк кҿлден ілген несібе, Жақындай беріп жалт беріп ақты есіле. Реликт шағала реттеп жүргендей, Толқынның тілін – келтірген кҿлді нҽшіне. ...Кҿкке ынтық кҿл ме, кҿлге іңкҽр, ҽлде ғарыш жақ, Жіберді бірі шҿкімдей бұлтпен жазып хат. Алуан сырлы алаша түзген ақшамда, Алакҿл десе, ала кҿл екен анық, хақ. ТҤРКІСТАНМЕН ТАБЫСУ немесе ӘЗІРЕТ СҦЛТАН РУХЫМЕН ТІЛДЕСУ
Тыңда мені, Тҿрт қақпалы Түркістан! Қос қақпалы Қожа Ахмет! Алты ғасыр арбауына шыдаған, Тҿрт бұрышын кҿк перісі сұраған, Қабырғасын Қызыр-Баба сылаған Қасиетті Кҿк Күмбез, Тұрсың ба, Уа, дін-аман! Алыстан Хақ дем берген, Арыстан Баб тең кҿрген, Аса пірлер жол берген, Мүсҽпірге қол берген, Халайықты меңгерген, Машайықты жҿн кҿрген, Шҽрбат ішкен ҽздермен, Шарап ішкен Шілтенмен Ҽзіреті Сұлтан ҚОЖА АХМЕТ, Құзырыңа келген — мен... Ҽзелден-ақ дара отау Алпыс мың бар бұлағы, Ақ тасы бар қыналы, Пҽк тҽніңнің тұрағы, Ҽз жаныңның шырағы — Ҽуеніңе Қаратау Тҿңкеріліп тұрады.
Уа, дүр текті Асыл жан, Тҽуап еттім жасымнан, Санама ектім сыр түюлі тасыңнан. Дҽруіштей дҽргейіңе бас ұрған, Хақ дидарын кҿрердеймін жасырған, Алдым босап арқаннан, Кҿшім босап кҿгеннен, Құлыптаулы қырық қақпам ашылған. Маңдай алды қас бетіңе жел ҿпкен Түзік қатар салған мырза теректен Уілдеген үн естимін ерек мен. Жанын жыққан Биігіне қалаған, Шырқау асып шығып кеткен Санадан Үкі құс боп жеткен сен бе дана жан?!. Бауырына Бұхараны балаған, Серігіне Самарқанды санаған Сендей кентті таба алам ба даладан — Асық еткен жеріме гүл ЖаҺанды, Нҽсіп еткен тҿріме Алла Тағалам!
Уа, тыңда, Бай ҿлке ұлыс — байтағым! Жатсынып жоқ қайтарым, Сақсынып бар айтарым: Қаншама жыл ғаріп болып саф ділге, Арып-талып жеткен кезде ақ күнге, Қарсы қойып қауымыңды хақ дінге, Ұрпағымды ұйытпасын жат кірме. Далам үшін жолын кесіп Тауымның, Күлше салман керсеніне кҽуірдің. Тілің менен жырың жҽне діліңе Қоса тұт деп түзу дінін Тҽңірдің, Тҿрт тараптан түгел қостым түркі ұлын Тоғысында ғасырлар мен дҽуірдің. Беу, тыңдағын, Тҿрт қақпалы Түркістан!
Қос қақпалы Қожа Ахмет! Салғаным — зікір, Айтқаным — шүкір, Ойлағаным — пікір, Қорыққаным — күпір болсын, Қолда ҿзің Хазірет! Ақтың құлын тҽлім ет! Хақтың нұрын жаныма ек! Бұрдым жүзімді, Ҿптім ізіңді, Ҽзиз жолыңды тұттым, Ғибадат орныңды құштым, Миуалы бағыңа шықтым, Мүбҽрак қолыңды қыстым, Қабыл ет!.. ЖЫЛҚЫ МІНЕЗ Қазаққа жылқы мінез қанмен келген, Шұрқырап табысатын ҽудем жерден. Ат мінсем – арқаланып шыға келем, Керіліп одан бетер керген кеудем. Ҽуелде жылқы кҿкте жаратылған, Жазылған болуға ердің қанатынан. Ер-тоқым, ерге қажет жарағымен Жерге дайын күйінде қаратылған.
Жан қиған Жаббар үшін жылқы-жаным, Жалына жаққан Тҽңір нұр-шырағын. Жалқы күй, жұпар иіс, сұлу ҽйел Жүйріктей тарқата алмас жан құмарын. Ант еткен Аллам ҿзі шапқан атпен, Жарысқан жауға қарсы атқан оқпен. Жалғанның жалғандығын қайран да жұрт Жылқының жанарынан жаттап ҿскен. Білінген қыр астынан қасқа демі, Табаны бір тимеген тасқа тегі, Серті үшін мерт болған атты ойласаң, Ұшына сақалыңның жас келеді.
ВАРШАВА САЗДАРЫ
2008 жылы Еуропаның ең кҿне қалаларының бірі – Польшаның мҽдени астанасы Краковте болғанымда, ескі қаланың жүрегі – Мариат соборын (Мариацкий костелі) тамашаладық. Бүгінде 25 қабат үйден де биігірек үлкен мұнараның шырқау басындағы терезе сағат сайын ашылып, кезекші адам керней тартады. Соңынан жердегілерге қол бұлғайды. Сол кҿрініске қаптаған ағылшындармен, немістермен қатар тұрып куҽ болдық. Кҿзі нашарлау адамдар сол биіктегі терезенің ашылғанын кҿрмеуі де мүмкін. Ал 1241 жылы Бату ханның сұрмергені ҽлгі терезеден кҿрінген кернейшіні дҽл кҿздеп құлатыпты. Сҿйтіп, керней сазы орта жолдан үзілген. Бүгінде күн сайын сағат 12-де аталған шіркеу мұнарасынан үзіліп қалған кҿне ҽуенді Польшаның жалпыұлттық радиосы мемлекеттік дҽлме-дҽл уақыт есебінде бүкіл елге таратады.Тарих мұнымен бітпепті. Біз куҽ болған кҿрініс тҿменде жыр боп туған кемінде екі оқиғаға себепші болған.
Ерттеп мініп «Боингті» есік пен тҿрдей, Ендік пенен бойлықты кесіп мен теңдей, Бату ханның ізімен Польшаға кірдім, Татр1 тауында тұлпарын кҿсілткен ердей. Кезінде күркір үнінен жаңғырған далам, Қақпасын қымтап ертерек қам қылған ғалам. Краковтың кҿк тасын тұяқпен турап, Поляктың паң қаласын даң қылған қаған. Шындығын шерлі тарихтың шыңғырған жаям: Мариат Соборын туралап мыңғырған ноян, Корольдіктің күн шықпай күлін суырып, Пандарды – құл, Панилерді күң қылмағы аян. Жасанған жаудан жарақты жұлқына шабар, Жандҽрменде бермек боп жұртына хабар, Шіркеудің шырқау басынан жез керней тартқан Кезекші... қандай поляк ұлтына адал!
Тартқаны-ай садақ бар күшін жиып бір ноян... Биік мұнарадан сұр жебе тиіп құлаған Музыкантты ойлады муаззин1 ғой деп, «Азаншыны атқан оңбас», - деп Ырымшыл қаған. Бұрқ ете түсті тарихтың шаңды жотасы, Мергеннің қалды жазылып мҽңгі қатасы. Кернейдің үні кенеттен үзілген кезде Ҽуеде қалған дірілдеп... соңғы нотасы. Алмайтын – жауы, қалмайтын қамалы – шабар, Батудың Батыс біржола боданы болар... Қаһарлы ханнан тұрғанда қалтырап Рим, Қарақорымнан жеткен-ді қаралы хабар. Шыңғыстың тағы бос қапты, Ҿгедей ҿліп, Ҿкінді Бату Отырған тҿбедей болып. Ат басын бұрып амалсыз, Алғызды кері Аламан қолын жүйткіген жебедей тҿніп.
Польшаның содан басынан тайды да бағы, Ғасырлар бойы қиналды қайғыда жаны. Толғанып шалдар мынадай тоқтамға келді: «...Ұлы храмнан кернейші жай құламады. Бостандыққа ие боп бүтіндей аймақ, Тҽуелсіздік ошағы түтіндей алмақ, - Шыңғыс ханның елінде егер де біреу Үзілген сазын кернейдің бітірсе жалғап». Мұра боп қалған Темірге Шыңғыс хан тағы, Білетін соны бір поляк сыр тұспалдады. Керней тартты кҿгілдір күмбезіне шығып, Ҽзірет Сұлтанның ҽз шаһар Түркістандағы. Тарихтың жылжып, сол екен, баспалдақтары, (Азанның осы емес пе аспандық мҽні!) Мың тоғыз жүз он сегізінші жылы Польшаға келді кенеттен бостандық таңы.
Самарқан шҽрі – Темірдің Отаны болған. Соғыстың кезі – сұм фашист қаһары жауған. Солдаттарына Польшаның сыр айтқан былай Самарқанның шалдары сақалын сауған: «Болмайды күнҽ білгенге бұдан зор асқан, Батыста (кез ол хан Бату ұрандап шапқан) Бір муаззин-кернейші дұғада тұрып, Ҿліпті сарбаз оғынан Тұраннан шыққан. Аластау үшін Алланың азабын бізден...», ...Самарқанның ғажайып ажарын түзген Регистанда бір поляк жез керней тартып, Бабасының жалғады азанын үзген... Ақсақалдардың айтқанын растап тағы, Гитлер ҿліп, Польшаның Туы асқақтады. «Түркістанның тҽубешіл кҿгіне сіңіп, Тыйылған, - дейді осылай, – ғарасат қаны».
...Тарихтың үрлеп күлдегі жыр қылған шоғын Уытты тілді уақыт құл қылған момын. Ырымдап мен де кҿрсем бе... Римге қарай Батудың, бҽлкім, жалғармыз қырқылған жолын... 1 Татр –Карпат тауы 1 Муаззин – Азаншы
ҚАРАТАУ
Біресе кҿк мұнартып, Біресе қоңыр тартып, Құбылған қайран тауым Шоқтығы артық. Тепсінген Теріскейдің рухындай, Тұр ҽ-неу ҿр ашуың кҿкті шарпып. Мен үшін асқар шыңың – Аршыдайын, Кҿрінер құзың биік – Күрсідейін. Үзілмес мұңың мың жыл жырласа да Сүрінбес жүз жырау мен мың сүлейің. Құзыңнан құлжа атқан Ҽліп мерген, Ҽжімің миллион жылмен ҽдіптелген. Тірілген қадым заман шежіресі Таңбалы тасқа шеккен қаріптерден. Қаратау – Созақтың керме қасындай, Аспан мен Жер жаралғанда Ортасында қалған Ашылмай – Құдайдың қайғысы тұнған қара тасындай...
*** Адамдар асығады, Алла асықпайды. Ҽркімнің кеудесінде қасық қайғы. Талабың тассын қанша, Талайыңнан Алмассың, ала алмассың асып бҽйгі. Сырыңды ҿлтірсең де ішіңдегі, Тіріліп, бір күн шағар, түсін, сені. Қасірет – таба алмасаң тілейтінін Талпынған кеудеңдегі құсың нені... Келмесе ҿмірімнің ҿлең хошы, Бұйырған тағдырыма кҿнем де осы. Сыз да емес, мұз да емес, жүрегімді Жауратқан – жапырақтың кҿлеңкесі...
ӚРТ ІШІНЕН АМАН ШЫҚҚАН ГҤЛДЕЙМІН
Күнде, мейлің, Міне, мейлің, Күл, мейлің! Ҿрт ішінен аман шыққан гүлдеймін. Талайсыздан тай торысы Тҽңірдің, Қоғамның қой торысы боп жүр деймін... Кей үмітім – мезгіл ұрған ҿкпеден, Күн асты емес, кҿң астында кҿктеген... Бақ деген – бір бақа айғырдың қасқасы, Бұрыс қонып, дұрыс ойға шҿкпеген. Шалмаса да жиі шабыт – шабан кер, Менің кеудем – жазылмаған кҽлам-шер. Кеңдігінен кемдік кҿріп жүретін Маған емес, Маңдайыма сҽлем бер!.. Түсін бермес, Іші түгіл, жазған бас, Жер қозғалар – Тҿреғали қозғалмас. *** Не десең о де мұнымды, Адамнан қашып, Ағашқа шақтым мұңымды. Бірінің де таппадым тілін тірінің, Ҿзіме аян – кҿңілім неден суынды.
Адамды қойшы, Құдаймен жүрмін келіспей, Тҽңірдің ісін терістей берем, кері істей. Мейірін Кҿпке, Пейілін Кҿкке бермеген Тек ҿзім білем кеудеме қатқан берішті, ей! ...Кҿр, ішпей!.. Сірі жұрнақ қалды ма сері күннен, Соншалықты кеткенім кері мүлдем, Құрығанда – қалдым ғой қара басып, Алла түгіл адамға кҿрінуден. Керегі жоқ енді маған мақтау мен даттаудың да, ҿзімді-ҿзім жатқан жоқ ақтау мұнда. Керегі сол – тек қана тыныштық бер, Кҿремін сол – тек қана Хақты алдымда... *** Шағаласы Есілдің, Шарқ ұрып бір кҿсілдің. Танып тұрмын тап басып, Дірілін ақ тҿсіңнің. Шағаласы Есілдің, Байландың да, шешілдің. Еліктіргің келді ме, Ессіз ойнап, есірдің.
Шағаласы Есілдің, Қондырдың да, кҿшірдің. Ҿршеленіп қоймайсың, Бардай қалған ҿшің бір. Шағаласы Есілдің, Емексумен есіл Күн Еңкіш тартып барады, Таңым – тұйық, кешім – мұң. Шағаласы Есілдің, Күйі болмай кҿшімнің, Күні тумай шешімнің, Шаршап тұрмын, кешіргін. 1998 ж. Астана *** Бар болса бала кезім естеріңде, Қыздай боп сынық мінез ҿспедім бе. Қара жер қозғалар-ау, бірақ дағы Қозғалмас Тҿреғали деспедің бе. Туған жер тұнықтықтың кені еді құт, Мен жайлы алаң кҿңіл жоқ еді түк. Ұйыған уыздай ем тыныштықта, Тартыпты негізіне дер еді жұрт.
Бізден де ҿтті ағаттық Айға атылған, Жаңылып жаздым талай жайды атымнан. «Кҿн қатса, қайтып барар қалыбына», Шарасыз қара су да шайқатылған. *** Қысты кҿрем, Тал басында бүріскен құсты кҿрем. Жаңа ғана бұйығып жатқан еді, Жау қуғандай атылып ұшты неден? Қысты кҿрем, Жылы тҿсек, тҽтті ұйқы-түс тілеген. Қатулы аяз биыл тым қысты ерен. Құйылады қыздырып ішті ҿлең... Қысты кҿрем, Қарауытқан қарағай, сұсты емен. Ақ кебінді алаңсыз жатқан дала, Мысалы, ажал еске түсті деген. Қысты кҿрем, Қай-қайдағы есіме түсті неден?.. Не де болса бел будым Жаратқанға, Бір Құдайдан басқа кім күшті деп ең?! Қысты кҿрем...
*** Кҿктем де келер, Кҿкте ҽз жүрер. Күн де мҽз күлер, Үнге наз кірер. Қамдап ел қосын, Таңдап саз түзер. Тойынып жұрттың Тұяғы аз тігер, Иректеп кҿлді Үйрек-қаз жүзер. Тілегім жалғыз, Құдай – ҽз, тілер: Қыстай қинадың, Қыспай жаз жібер... *** Менің ожар ашуымды Сенің аяр күлкің кҿмді. Аштық қысқан бүркітімді Қашып-пысқан түлкің жеңді. Байлап атқан сор ұшына, Қайыра алман бағымды енді, Айдан аттар арман жастық Жайдақ аттың жалында ҿлді. Кҿл шабағын сүйдіретін Нұр шапағы еркелетіп, Үзіп мойнын аққуымның, Жүзді жайын желкен етіп... Тылсым түнде талып кҿрген Түсіме айтар тҿрелік кім: Таңдай болып ағарыппын, Талдай болып кҿгеріппін. ***
Құятын болды-ау жаңбыр шын түнімен, Түрі бар тесілгендей күн түбінен. Тас пісірер тырсылы – мына түрмен, Аспанның болмас бүгін жыртығына ем. Кеше ғана жатқан боп мүйіз кеуде, Жер жарықтық, жұмсарды-ау киізден де. Жаңбыр иіс самалға кеудемді ашып, Кҿпе-кҿрнеу кҿшсем бе күй іздеуге. Есіме алдым несіне ілкі мұңды, Ілуге енді қимаймын кірпігімді. Жарық қылып қояды ҽлсін-ҽлі, Біреу жаққан үн-түнсіз шырпы түнді. Жауынға елтіп жатып дала шайған, Шықпайды туған ауыл таласа ойдан. Сағындым, шалғын иісін – жел ап келер, Жосалы, Шіркейлі мен Қарасайдан.
(Керек қой тҽтті түске алданбауым, Үйдегі ұйықтай берсін қалған қауым). Жүрегімнің басын кеп ұратындай, Сырттағы дүңк-дүңк етіп жауған жауын.
УАҚЫТ ЖЕБЕСІ
Түн – қаққан қазықтай! Қадап басқан қазымыр түн... Санап басып біреу жүр... Кеудемде құс қамалды, Шап беріп ұстап алдым! Тық-тық, тық – тағалы ат Ойнайды «санамақ», Жаңылмай қайырып, Жазады жаңалап. Қыдырған біз ҿкше, Қытықтар қыз ҿкше, Қалмайды қырындап, Ойнайды «тығылмақ». Тұтқындай тұтылған шеңберге, Жүйкемді жалықпай тергеуде, Тынымсыз тұр ырғап – сұр ырғақ! Аңдыған кезекті құрбанын, Асыққан біреудің тынысын, ырғағын, Кеудемді ҿшіге ақтарып, Жаныма жүргенін сұқтана үңіліп Сеземін, тіпті кҿремін. Ҽр басқан қадамы Естілер үкім боп, Тұрғандай «бітір!» деп, Айыр тіл сағат тұр Жүректі шұқып жеп.
НАУРЫЗГҤЛ
Қызуына елтіп ерте кҿктемнің, Қызарды да, шықты күткен кҿптен гүл. Сала берді сабағынан солқылдап, Тарап еді тал бойына кҿктен нұр. Қарап тұрып болар еді жан ғашық, Кірпік ілмей сол түн еді таңға асық. Ерте кҿктем ертеңіне-ақ қағынып, Ерке гүлді... қалды демде қар басып. Кҿктей ұрып ҿтті аямай кҿк мезгіл, Құрбаны боп кетті күштің текке озбыр! Қалды бҽрі деп: «Гүл шешек қағынып, Қатарыңнан тым неге ерте кҿкке оздың?» Бір-ақ түнде сезім кҿлін шайқаған Қар су болып, кҿктем тағы айтады ҽн. Кетті бҽрі ұмытылып, найқалып Наурызгүл шықты бір күн қайтадан!
Басылыпты бойындағы аптығы, Білінеді кҿзге бірден жаттығы. Керегі не жапырағын жайғанмен, Кҿрінбейді алғаш ашқан ақ гүлі. Тоқ сабақты, болып жуан тамырлы, Бейімделген, алмайды енді қағынды. Тіршіліктің түйткілі кҿп, бірақ та Осы гүлдің тағдыры бар кҽдімгі. Қарсаңында ертең ерте кҿктемнің Қайталайды қателігін ҿткеннің. Алданудан аузы қайтіп күймейтін, Сарсаңынан сабақ алмас неткен гүл?! Тірлігінде тосын тағдыр таңдаған, Есі кірмес ессіз гүлге таң қалам.... Тура тартып бара жатқан жоқ па ешкім, Бір шеңберде тұр ма айналып бұл ғалам...
БУЫРҚАНУ
Кҿңілің маған, сеземін, Толмайды, бала, Ақынның жазығы сол – Ақын болғаны ғана! Баулысын қанша Кер заман, кір жұқпайды екен Ақын кҿңіліне Аққудың қауырсынынша! Саздағы шынар Секілді саяқтау біткен Тағдырдың бұл да маңдайға Жазғаны шығар! Тұзағы мықты Жетті ақыр аяңдап маған Абайдан қалған баяғы Ызалы күлкі! Шамдана білер Шын жампоз шабына тисең, Маң далада кім қалды Паң қара мінер! Қайраған тісті Қара үлек – кейіпке еніп, Қотарар кім бар қазандай Қайнаған ішті! Қойқапта жатқан Қара жын қозғалған кезде Белдеспес ешкім бел буып Айқасқа батпан! Булығып жатқан Бұлақтың кҿзін аш, жібер – Кҿресің сосын қандайын Суырылып аққан!
Жапырағы да Дарақтың жетіліп алып, Иіліп сосын тұрмай ма Топырағына! Тасулы, қызба Бура жыр бұйдасын үзді, Қашыңдар кейін, қашыңдар, Ашулы Муза!!!
ЖЕЛТОҚСАН, 1986. НАЗАЛАНУ
I ...Білгін, балақай!
Желтоқсанда аяз салған алақай Алатауды бүлдірген бір ала тай... Темір телпек, жебір жендет Ер тағдырын еткен шақта талапай, Ел намысын қорғап қалған – Түбіт бҿкебай, Қоян малақай. Білгін, балақай! Ал сол кезде Алматыға ауылдан Ұшар едім, бітпей қалған қанат-ай!.. Түк бітірмей жүрсем дағы Сол бір кҿптің ішінде, Болар едім шын бақытты Бір жүргенім үшін де. Арман, Үміт, Қиял, Сенім – Барлығы да бір күнде ҿлді. Пасық қой деп кім ойлаған Погон таққан шіркіндерді. Бебеу қаққан бетке қарап Білмеді ғой іркілгенді, Сҿзбен айту мүмкін емес Сұмдығы асқан құлқын керді.
Жел боп шықты судан ауыр, Сұм жымиыс жарға жықты. Жүзе алмадың, жазылмастай Жара салды арға мықты. Қалай ғана қамдап келген, Білдірмей сұм жолға азықты, Жеңіл еді мұнан салған Жүрегіңе қол-қазықты! Қалай ғана тап басты екен Сендегі ҽлсіз түйме-дақты, Мысқыл күлкі мысық болып Салды тырнақ миға қатты, Құлап түсті қулығынан Қайтып ұшпас күй-қанатты, Сенім! – салған сергелдеңге Осы болса ол – қиға батты! Ұлып тұрды ұлпа жаның, Бұзып кірді-ау күліп тұрып, Шын бейнесін осы жолы Кетті білем шын ұқтырып. Енді қайтып кілт іздемен Қылығына қырық құлып, Жанарынан жасырынған Кҿріп қалдым бүлік – күдік!
Аяр қандай сол күнгі еді Кҿзіндегі жайлаған от, Даяр маңдай болып шықты Тура тиді байлаған оқ. Шаяр таңдай – ащы су да Ап шыға алмас азаптан бұл, Аянғандай нең қалды, ол Жайпап кетті сайлаған оқ!..
ЖАЛҒЫЗ ШАҒАЛА
Толқын кҿк ала Соғар жағаға. Ұшар айналып Жалғыз шағала. ...Суды сабалап, Жетті жағаға. Ҿтті бір толқын, Ҿксіп арада... Толқын жағаға Соқты тағы ала. Үнсіз қанатын Қақты шағала. Құс па шарқ ұрған, Су ма алқынған? Кҿл ме, кеудем бе Кҿкке талпынған? Жалғыз шағала, Айдын кҿк ала. Жабырқап тұрмын Жалғыз... Жағада...
АРЫЛУ
Бал дҽурен шақтың бал демін Жұтып бір жүрген ҽу бастан Сыралғы досым бар менің... Сыр аңдып ҿскен тау-тастан. Жасынан жүрген қой бағып Кҿрсең сол кҿбең қойшыны, Қаларың кҽміл ойға анық, Осы деп түздің ойшылы. Сҿйлемейді бір бет алды, Күлмейді текке, ой, сұмдық, Жіберген таулар қатал ғып, Жіберген дала ойшыл ғып. Қалма сен бұған алаң боп, Бұл емес оның бар үні, Білгенге сақи даламның Сараңдығы емес, бұл – сабыры... ... Қашанғы мынау ҿр кеуде Тау үнсіз сені бағады! Қашанғы бұла кеудеңнен Бұлақтар бұғып ағады! Келердей ұшып бір құсың, Қарайсың тауға бас алмай. Тығылып іштей жүрмісің, Сырыңды, шіркін, аша алмай?
Күш сыймай ҽлде қарыңа, Жазылмай жүр ме тақымың, Не дауа сенің жаныңа, Даланың мылқау ақыны?! Күн сайын кеудең сімірген Жалғыздық күйін жүз рет. Жұлдыздар түнгі сыр ілген – Ішіңе түскен қызыл от. Даланың нҽумез нҽрімен Ойларың кетсе ірілеп, Арылу үшін бҽрінен, Жарылу керек бір рет!
ТОРЫҒУ
Ойлап па едім шығам деп жолға бұлай, Тағдырымның тап болдым толғағына-ай. Екібастан момынның ұрпағы едім, Қолда аруақ, алдымен оңда Құдай! Осылай деп бетке алғам Алматыны, Мектеп, сабақ – бҽрі де қалды ақыры. Бірі кем қырық жаста, үш баламен... Қиын заман, қалмаған ақша құны... Қырық жаста жан болдық – жоқ тұрағы, Жоқ жанында белгілі тоқтың ҽні. Сҽл иілсең біткені, онан сайын Илегісі иттердің кеп тұрады. Құрсын бүйтіп қырықта қырды асқаным, Қайтіп, қалай, білсең ғой мұң басқанын. Миығынан бір күліп ҿте шығар Толып-болған кешегі құрдастарым.
Кейінгілер кҿкке кҿз сүзген кілең Ҿздерінен санай ма бізді енді кем. Танымаған болады ағаларым, Таныса да, үмітін үзген білем. Пұл бола алмай, құл болған заманаға, Ҿкпелеме, іні дос, бұл ағаңа? – Қос қоғамның ҿтпелі ҿтінде қап, Құрбан болған жастығы ҿліарада. Ауылға түптің түбі қайтам ақыр, Тағдырым, тас кҿшеде шайқала тұр... Алматы кеп алты ҿлең жазбасам да, Күн сайын газетте елге айтам ақыл. Бір қол сілтеп бүгінгі құндылыққа, Бассам деймін кей-кейде «жындылыққа». Бұл заман – басқа заман, ақша заман, Ерте туып, кеш қалған бізді ұғып па?!
Ұқсаған патша жаста соқыр құлға, Кім зҽру дейсің мендік қотыр мұңға. Жыламайтын біздерге қайдағы емшек?! Осы мен ҽлде жылап отырмын ба? ...Келеді тыпырлаумен кҿш-тұяғым, Астынан шықпайды үні бес қияның. Жұтылып бара жатып сұр тасқынға, Кҿріп қап Алатауды, ес жиямын.
ҚАЙРАН ШЕШЕМ
I «Құдайым, мұнша неге ғаріп еттің, Жетпіске келмей жатып ҽрі кеттім. Қу жаным шығар емес, қозғалмайтын Қу тҽнді келсін қанша тҽрік еткім. Тілеуші ем деп денім сау күнімде алғын, Бір аяқ, бір қол, қызыл тілімді алдың. Алашағың болса тек ҿзімнен ал, Артымда аман болсын құлындарым». Осылай айтар едің жылағанда Тілің болса... Жүрмес пе ең дін аманда, Он балаңа ҿлгенше тілей бермей, Құдайдан сҽл ҿзіңе сұрағанда. Тиді деп қара қазақ баласына, Қалдың ба қожа ҽкеңнің наласына. Кҿрместен босағаңды кҿрге кірген Не дейін Қасым қожа нағашыма.
Қозғалмай үш жыл жату – азап қандай?! Құдай-ау, не жазды анам азаптардай. Таймаған сонда дағы тҽубесінен, Құлыңның кҿр ісіне ғажаптанбай? Перзент боп қаратпаған, қарамаған, Халімді түсіне бер қара да, адам! «Жаман биең берсін, – деп, – жақсы құлын», – Қамыққандай қалып ең, ана, маған? Нең қалды ҿлмегенде... Нем қалды кҿмбегенде... Қайран, шешем! Үш жыл жатты – үш күнгідей болмады, Қайран, Анам! – Кетті ҿмірден ол дағы. Аман ҿту ауыр азап-сынақтан, – Осы екен ғой бұл ҿмірдің бар мҽні. Таппай шарлап Жер мен Кҿктің арасын, Енді кҿзден ыстық жас боп тамасың. Ауыртпалықты ҿзіңмен бар сыпырып Ап кеттің ғой ақыретке, анашым...
ҚАРАШАҢЫРАҚ (Ностальгия) Сартап болған шегедейін сүйегі, Ҿз қолымен ҽкем салған үй еді. Дүниеге он баланы ҽкелген Босаға еді, құтхана еді киелі. Ҿзгереді бҽрі де ҿмір кҿшінде, Ҽке-шешем келіп ортақ шешімге, Үй жанынан салды жаңа баспана, Қоңыр күзде кҿшіп бардық, есімде. Ақ шатырлы үй, бар жаңа там атағы, Бҽрі жақсы, тек бір нҽрсе батады. Бір мен емес, үйдегілер түс кҿрсе, Бар оқиға ескі үйде ҿтіп жатады. Кҿрдім бірде кҿне жұртты түсімде, Тҿрт қабырға құлазыған пішінде. Опырайып құлапты ішке тҿбесі, Азынаған жел ұлиды ішінде.
Енді бірде тұр тҿбесін сүйіп кҿк, Қабырғасы сала берген биіктеп. Айнадай ғып жалтыратып қойыпты, Жаңбыр жаңа ҿткен деймін құйып кеп. Қысқаша айтсам, жоқ кҿңіліміз жайланған, Барлық қызық қап қойғандай, қайран мҽн, Түсімізден шықпай қойды туған үй, Ҽлдеқашан мал қораға айналған. Жиырма жыл ма, ҿткен кезде бір заман, Аруақтар болсыншы деп ырзадан, Қораға кеп шешем иіс шығарсын, Түтін шықсын мұздай суық мұржадан... Уақытқа қоятұғын бар ма айып, Озар жалған, тозар бҽрі қартайып. Қазақы там, құлады да бір күні, Қақ жартысы қалып қойды қалқайып.
...Неге керек кҿздің жасы құр тыйған?! Қоржын тамның бала құсап бұртиған Сұр кесегін сүйіп тұрмын сыртынан Сабан ұшы ҽр жерінен қылтиған.... *** Саған деген жүрегіме қонып түн, Саған қарсы жылдар бойы жорттым. Бұ дүниенің... о дүниеге ақысы кетпейді екен, жетпейді емес. Соны ұқтым. Кектенумен ҿтті қанша есіл күн, Кеш те болса кіргеніне есімнің Шүкір деймін... бұл аз күндік жалғанда, Кешірмейтін не бар дейсің... кешірдім. Кешіргін... ***
Ештеңе ҿзгерген жоқ, Ештеңе ҿзгермейді де! Ештеңе ҿзгермесін Кҿз кҿрмейді неге?! Адам да, қоғам да сол, Іші емес, сырты ҿзгерген, Қашсаң да құтылмайсың, Қу мен сұм, қырт-ездерден. Ештеңе ҿзгерген жоқ, Ештеңе ҿзгермейді де! Ендеше ҿз-ҿзін адам Үмітпен тізгіндейді неге?!. *** Ақындарға ермеңдер. Құран аятынан. Ілікпе қыз Ақынның тұяғына, Зымиян да осылар, зиялы да. Мұқағали. Бар мҽнісін біледі оның бір Алла, Анық жол жоқ күдік пенен күмҽнға. «Ақындарға, – аятты бұл, – ермеңдер», Құдай бекер түсірмеген Құранға. Ақындар ма – Қауымдар ол адасқан, Алланы айтып Жынмен ауыз жаласқан. Жерде жатып Аспанда Аймен таласқан,
Ұлымен де, ұрымен де санасқан, Бас қосылса, мас болып тек тарасқан, Ҿлеңімен ҿзіне-ҿзі бал ашқан. Тұнық суды тұмандатып ҽдейі, Тҿндіретін ашық күнде қара аспан. Сүйетұғын дауыл менен жауынды, Жай отырмай жынды қылар сауыңды, – Ҿзі ғана ҿлсе адасып жақсы ғой, Адастырып ҿледі олар қауымды. Не демеді, шіркін, ауыз талай кер, (Бір Абайдан бері қарай санай бер) Шайыр кҿрсе шайтандайын шошынып, Ақындарды ақымаққа балайды ел. Соның бірі мына мен деп есепте, – (Ал ендеше таспен ат та, кесекте) Тірісінде түсіп жүрген тозаққа, Таңылатын ҿлсе дағы ҿсекке.
Ақында бір ақың бардай, болмадың, (Бір-ақ сҿзге сыйдырған ғой бар мҽнін) «Айтқанын қыл, – дегенді айтқан мен емес, – Істегенін істеме, – деп, – молданың». ... Құран айтса, Қасарыспа, «Жҿн», – деңдер! «Ақындарға ерме...» десе, – Ермеңдер! (Ҿлеңін сүй, ҿзін сүйе кҿрмеңдер) Ұққын бірақ: Қасиетті Құранда: «Ақындарға, – деген сҿз жоқ, – сенбеңдер». ...Бақыттылар – пайғамбарға ергендер! Бақыттылар – ақындарға сенгендер!..
ҤШКІРУ
Кҿктен болды ма? Жерден болды ма? Күннен болды ма?
Түннен болды ма? Күлден болды ма? Судан болды ма? Таң алакеуімнен болды ма? Тал түстен болды ма? Екінтіден болды ма? Бейуақтан болды ма? Күнбатыстан болды ма? Күншығыстан болды ма? Сұм тілден болды ма? Сұқ кҿзден болды ма? Жаман қоңсыдан болды ма? Жылан қамшылардан болды ма? Су жағалай отырғандардан болды ма? Ҽуеге ұшқандардан болды ма? Ұшқан құстан болды ма? Жүгірген аңнан болды ма? Түрілген іргеден болды ма? Ашылған түндіктен болды ма? Уілдеген үкіден болды ма? Кҿрсұңқылды байғыздан болды ма? Таудан болды ма? Тастан болды ма? Астан болды ма? Настан болды ма? Оңынан болды ма? Солынан болды ма? Тҿбеден болды ма? Табаннан болды ма? Ту сыртынан болды ма? Қарсы алдынан болды ма? Толған Айдан болды ма? Құйрықты жұлдыздан болды ма? Қараусыз қорымнан болды ма? Қой баспас орыннан болды ма? Шүңірек кҿз кемпірден болды ма? Шоқша сақал шалдан болды ма? Жалғыз талдан болды ма? Ғайыптан болды ма? Жазмыштан болды ма? Кҿрген түстен болды ма? Керуен кҿштен болды ма? Кірген кештен болды ма? Теріскейден болды ма? Күнгейден болды ма?
Кезбе желден болды ма? Шеменшерден болды ма? Сыңсыған шиден болды ма? Сынық күйден болды ма? Кҿне жұрттан болды ма? Кҿшкен бұлттан болды ма? Қарс айырылған құсадан болды ма? Ҿзек жарған ҿксіктен болды ма? Жалқы түп жусаннан болды ма? Ерек түп ерменнен болды ма? Мұздаған ошақтан болды ма? Қаңсыған қазаннан болды ма? Құбылған оттан болды ма? Шоршып ойнаған шоқтан болды ма? Қара қобыздан болды ма? Мыс сырнайдан болды ма? Аузы түкті кҽуірден болды ма? Адасқан доңыздан болды ма? Сылдырмақ шеңгелден болды ма? Жалғыз аяқ сүрлеуден болды ма? Керегенің кҿзінен болды ма? Кезегеннің кезінен болды ма? Қолтығын сҿкпеген құлыннан болды ма? Бауырын жазбаған ботадан болды ма? Қағыс тиген қатадан болды ма? Ҽйел берген батадан болды ма? Шапшып аққан қаннан болды ма? Теріс атқан таңнан болды ма? Мағырыптан машырыққа кҿш! Машырықтан мағырыпқа кҿш! Сүф, сүф…
*** Жер мен Кҿкті қамтыған аят, Он сегіз мың ғаламды шарпыған аят, Торғай су ішіп болғанша Күткен аят, Таза сүттен аят, Алпыс екі тамырымды иіткен аят, Атамның сақалынан жас болып Сорғалаған аят, Тҿбе құйқамда шымырлап, Жон арқамда жорғалаған аят, Қырағаты келгенде Қымырандай құйылған аят, Шарапаты Екі дүниеге дүниеге бұйырған аят, ...сыйынған Аят!!!
ҚАМШЫ ТАРТУ
Ҿзегі бар ҿр қамшы, Он екі таспа ер қамшы, Шемен қатқан шер қамшы, Тобылғы сап тер қамшы, Алты тұтам ат қамшы, Жеті тұтам жар қамшы, Қара басы хан қамшы, Жыланбауыр сары қамшы, Жігіт болсаң жанға алшы! Сұр жыланға серт болған, Ер ұланға дерт болған, Екі бүктеу шарт болған, Екі тартпас мҽрт болған, Сүйек сабы нарт болған, Сүйір ұшы шалт болған, Талмау тұстан таңдаған, Даулау тұстан аңдаған, Қоңсысы – қоныш наз қамшы, Туысы – тізе ҽз қамшы!
Бастықпаған асауын Баса тартып жіберген, Құдай қосқан қосағын Қоса тартып жіберген, Тіл алмаған тентегін Тіле тартып жіберген, Кҿңілі түссе келгенін Күле тартып жіберген, Иесі болған дүр қамшы! Киесі болған пір қамшы! Қара бұрым хас қамшы, Сері бұрым сес қамшы, Мен салмадым, сен салшы...
ДУЭТ
Желге ойнайды жас дарақ, Бірге ойнайды қос шабақ. Теңге үзеді толқыннан, Діріл қағып қос шанақ. Желге айтады жас дарақ, Суға айтады қос шабақ. Жел мен суға жеткізбес Қиял жүйрік – қос қанат. Айға шапқан ақ шабақ – Асыр салған ақ тамақ, Күнге шапқан қос шабақ – Күлім қаққан қас-қабақ. Жел кетті боп сасқалақ, Гүл кетті боп ұшқалақ. Күндегіден ашқарақ Сезім шіркін – басқарақ. Айдын болды ақ парақ, Айбын болды шапқан ат. Қара судан қармақтың Қайғым болды қапқаны-ақ. Желге ойнайды жас дарақ, Суда ойнайды қос шабақ. Жел мен су боп қауышқан Сен екеуміз – қос қарақ. *** Түнгі ала аспан нұр сеуіп, Бір жауып, бір ашылар. Кҿрпе бұлтты бір теуіп,
Ақбақай Ай қасынар... Қозғау салып кҿңілге, Қоятын тек аңсатып Құштарлық қой ҽлі де Жүрген мені шаршатып. Түнде отырып алады Кірпігімнің шетіне. Айдан ыршып қонады Алтын қоңыз бетіме...
АДЫРАСПАН
Ассалаумағалейкум, Адыраспан, Ем-дәріге жіберді Омар, Оспан. Халық өлеңі. Ассалаумағалейкум, Адыраспан, Армысың, қасиеттім қадірі асқан! Алдыңа қол қусырып, тҽжім еттім, Қылығым болса кешір, Тҽңірі, астам. Ассалаумағалейкум, Адыраспан, Қалт айтпас неткен дана халық асқан: «Аластап жібер, – деген, – түтініңмен, Жер болса, жын иектеп, пері басқан». Ассалаумағалейкум, Адыраспан, Жер тозып кеткенімен, азып аспан, Гүл жарып ниет-дұға арқасында, Тұрсың ба, қасиеттім, қажымастан?! Адыраспан...
ОРАМАЛ
Мазаң үнмен тырна қатар тізді кҿп, Барады ұшып кҿңіл тҿрін сүзгілеп. Жаңа жуған орамалды жаюлы Баяу ғана желпіп ҿтті күзгі леп. Жайбарақат жаюменен тілегін, Бояуы оңа бастаған-ау, білемін. Жасырады шаршы орамал жалаудай Жайып тұрар бір кездегі гүл ҿңін. Түні бойы кҿз жасымен шайылып, Жаңа ғана ілінгендей жайылып. Қайта-қайта бір ұшын жел қайырып, Жұлқылайды тастайтындай айырып. Тҿкті жаңбыр... тентек тамшы жиі атты, Сынық кҿңіл терезеге құлапты. Кҿрінеді кеппей қалған орамал Жылатып ап, жұбатпаған сияқты.
ТАУЫС
Бір ғажап құс бұзды менің ұйқымды, Қай күні еді, хайуан бақтан кҿріп ем. Сірҽ, мұнда ҽкелінген сиқырлы Сонау алыс Шын-Машынның елінен. Сұлу сынды етегіне сүрінген, Перғауындай тым тҽкаппар, ұзын, тік. Шабыт ашар ерекше бір дірілмен Шекесіне қадаған гүл үзілтіп. Сорғып аққан сырғасы бар құлақта, Суреттеуге сүйрік тілің жетпеген. Оны қойшы, осыншалық бірақ та Жаратқаннан жасандылық күтпеп ем. Мына жұмбақ жаратылыс қалайша Бір ҿзіне қиған мұнша байлықты? Мына құстың сұлулығы алайда Қарап тұрып жүрегімді айнытты. Бақыт құсы іздеп жүрген халықтың Осы болса кҿрдім, кҿңілім басылды. Маған мұндай артық, асқан бақыттың
Керегі жоқ, айналдырар басымды. Айтар болсам (ұзын сҿздің қысқасы), Тұрғанымен қанаттыға түрі ұқсап, Кҿрген сайын күмҽнданам құсқа осы, Тұрады ылғи кҿңіліме күдік сап. Сүйсінбедім, сенемісің сҿзіме, Тауыс құсты жоқпын ҿзім ұнатқан. Күнҽкардай кҿрінеді ол кҿзіме, Қуылған құс секілденіп жұмақтан.
*** Сағынтып сар даланың Сары шоқы, селіңгір белі, Жоталы шығып ем жонға Жорғамен тҿгілдіргелі; Дҽл мұндай кҿк сағым дала, Кҿп болды, кҿрінбеп еді, Жетеді кҿк тамыр бойлап Кҿк кҿлдің кҿгілдір демі; Кеудеме кҿк желік кіріп, Дедім де: «Кҿріңдер мені!», Елемей екі кҿзімді Ескен жел егілдіргені, Ат терін аямай тҿктім, Жіберіп ерімді ілгері, Қазақтың бір қарап қалды Тіріліп кемінде ҿлгені... Дҽл мұндай кҿк сағым дала, Кҿп болды, кҿрінбеп еді, Жүйріктің жалынан жазсам, Жолында кҿміңдер мені!
СУРЕТ
Айлы түн – ақ жал арғымақтардай, Айдын кҿл – жатқан жарқырап маңдай… Сар дала жақтан сұлуша есіп, Сыпайы ғана салқын аққандай; Дүлейдің шоғы – үрейдің оғы Қып-қызыл жұлдыз балқып аққандай, Жалғыздың мұңы – байғыздың үні Жаныңды бір сҽт қалтыратқандай…
КҤЗГІ ЖАҢБЫР
Сілтеп жатыр қара жаңбыр бетке айтып, Қыздыратын жапырақ жоқ жатқа айтып. Жақ ашпайды жонын тҿсеп жауынға Жалаңаш тал басындағы бақ қайтып. Ұрып жатыр ұры жаңбыр ұйқассыз, Ұзатуда соңғы гүлін қимас түз. Бетон үйдің бет-жүзіне қарата Бір-ақ құйды кҽрі жынын жинап Күз. Оқ тигендей оқыс тентек пергіш кеп, Шықты түгел терезені түйгіштеп. Жарысынан жаңылдырып жаңбырды, Тҿкті қайта ҽкете алмай жел күштеп. Іліп қойып желге жасын қақтырған, Суыруда аспан асты ақ қырман. Шымшық-шиқыл шығады ҽлсіз, ҽрең деп Аман қалған ала тасыр шапқыннан.
Тамшыларды тұрақ таппай баз кешкен Кері теуіп қуады асфальт саз бетпен. Шабыт ашып, шашыратып, адуын Аспан жерге жаңбыр жырын жазды ҿктем.
ҚАРАБҦЛАҚ ЖАЗЫ
Ауыл іші. Жалпақ жаз Баса алмай тұр мамырлап. Түгел дүние байтақ, мҽз, Толықсиды жан ырғап. Баппен маңғаз жүгіріп, Су ағады иректеп. Жаздың иісін сіміріп, Сүңгіп ойнар үйрек кҿп. Тамызда ауыл ерек, кҿр, Тамып тұрған наздай-ды, Тал түсте тал-теректер Жасыл шоқ боп маздайды. Қарлығаштар ҿбектер Жағы талмай жаз жайлы. Жырлағанда жүректер Жарыла бір жаздайды. Кҿлдей тҿсі жайқалған, Тау айнадай жарқырар. Кҿк сағым – ну шайқалған, Кемерінен артылар. Кҿлкіп толған сезім бұл, Етек-жеңін жимаған. О, жаз – жалған Кҿзімнің Шарасына сыймаған... *** Қандай тұнық таңғы Арыс, Жанға құяр жайлы ағыс. Толқындары – толғаныс.
Сыбдыр-сыбдыр ну қамыс – Су тҿгілмес ырғалыс, Салған ирек суда құс. Арасында нар қамыс – Атан ұрған жолбарыс, Аңыз емес, болған іс... Жел тұрды ма – ал жарыс, Жосылатын зар қағыс, Жоқ бұл күнде, қалды алыс... *** Жаздың иісін жапырақ Жүзіп жүріп, құныға сіміреді. Жасыл шуы жамырап, Бірін-бірі жаратып, үзіледі. Қарлығашым – қиялым, Аңсап ұшып бір сезім бұлқынады. Ҿзекті ҿртеп алыста арнасына Сағыныштың сыймайды бұлқып ҽні. 1980. *** Шуылда, терек, шуылда, Шуылдап жайған сырың ба? Иілгін, бірақ жығылма, Шуылда, терек, шуылда! Тыншығың келсе аз ғана, Жҿні бар желдің қыстарлық! Ұлылық деген сол ғана – Ҿмірге деген құштарлық! ***
Кҿкжиекте кҿлкілдейді кҿк сағым, Дүниенің нұрға толы табағы – Кемерінен асып белге ауса Күн Кҿсегенің кҿк жонына тамады. Кҿк бояулы бар табиғат ішпей тоқ, Жасыл шоқ боп жапырақтар жанады. Тал түстегі кҿрген тҽтті түстей боп, Жаз қызығы жанарымда ағады. *** Құлдилап енді бірде кҿкке ҿрлеген Қыранның қанатында кҿк терлеген. Қанатын қарға емес ол тек сермеген, Сұңқар ол қос шеңгелін кек кернеген. Қыранның білінеді сесі кҿктен, Сусылы қанатының есіп ҿктем. Қырандай жүйіткіген желге қарсы Күндерім еске түсті-ау, есіл, ҽттең!..
Шілде айы. Шіліңгір күн. Шыған дала, Шекені шағады күн шыдамды ала. Суырып Күн астынан кҿк қайрағын, Сырғиды сынаптайын қыран дара.
ЕРЕГЕС
Қайнайды ыстық аңызақ, Маздайды Күн сҽулесі. Таудың сусып жазыла Жаздайды аппақ сҽлдесі. Табандары тілініп, Жүрмей қалды арықтар, Кҿлеңкеге тығылып, Бүлкілдейді лақтар. Шегірткелер ыршып, Тынбайды ызың-ҽуресі. Түңіліктен тік түсіп, Сынбайды Күн сҽулесі. Сая таппай құрисың Кҿлеңке етер басыңа, Сіңіп кетер Күн иісі Жейдең менен шашыңа. Ерегессең ерегес, О, шілденің аптабы, Жырлағаным – сен емес, Алатаудың ақ қары *** Тарту күшін керемет Қандай қуат бҿгемек: Тамшы асығар теңізге, Отқа ұшар кҿбелек. Айтып-айтпай не керек, Бізден енді не кҿмек: Тамшы тамды теңізге, Отқа оранды кҿбелек.
Не хабар жоқ, не дерек, Ғайып болдың, не керек... Мазалайды тек мені Сауал «неге?», «негелеп?». *** Кҿрпе бұлтты Күн тілді. Күліп түсті күй түрлі. Күміс кҿзе шағылып, Сынып түсті сиқырлы. Түңлікті тұрып қыз түрді, Нұр жамырап ұмтылды. Ұрыншақ жел ұмсынды, Қытықшыл қыз қымсынды... Қажытып ой күнсіңді, Буады бұлт тылсымды. Тҿгіп саумал қуаныш, Жыртық аспан сілкінді. Жетім қырға нұр сіңді Шолақ сай да құлшынды, Жамау жерді құрақ бұлт Қисық пішіп, жыр қылды. *** Күркіреп дауыл соқса бір, Сатырлап жаңбыр құйса ғой. Жазылар еді бас та ауыр, Құрыспас еді қымтап ой. Дауыл жоқ соғар жыны ұстай, Жауын жоқ, тұр бұлт жуыспай.
Қайтеді шекең тырыспай, Қарадай қойса жыр ұшпай?! Білсең айт емін, досым-ай, Тосын ой, бҽлкім, қалғуда. Тұрмайтын ба еді осылай Тымырсық дауыл алдында.
ТАУ ЖЫРЛАРЫ
Таудың тарғыл тасын жалап кҿріп пе ең, Жалап кҿрші, сыздап тұр... Тағдыр, мені шыңға шығар, құз қаптыр, Дүниеге қарап салқын қабақпен Отырайын қырандарша мұздап бір. Таулар менің қатпарындай миымның Таусылмайтын ұңғылы мен шұңғылы. Шың-шекенің кернеп сыйымдылығын, Солқылдатып теседі ойлар бұрғылы. Жазу үшін мидың құрыс-тырысын Жүгіремін бұлаққа бар арыны, Реттейді қан-тамырдың жүрісін Қасиетті тау суының сарыны. Қара шыңдар қасқияр, Секілді бір бас қияр. Қылыш-қия тауларым Жанарыңнан жас тыяр. Қара шыңдар қасқияр, Бір қарап-ақ ес жияр. Ірілігі таулардың Жанарыңа жас жияр.
ТҤНГІ ҚҦС
Тастағандай тұмшалап қараңғылық, Қарауытқан нҽрседен алам күдік. Қозғала алмай орнынан тұрған сынды, Қорқынышын қойнына далам бүгіп. Қап-қара бұлт жылжиды алға асыға. Жалғыз жұлдыз, жерге ол да тамды асыға. Тыныштықты пергілеп қанатымен, Жайғаса алмай жатыр құс тал басына. Қарасаң-ақ секілді тұншығатын, Қара түнге тесіліп кім шыдасын. Қорғалақтап ҽлдебір қорқыныштан, Тыпыршыған құс та ҽлгі тыншыды ақыр.
АПТАП
Бір жұтатын зар болып қара суға, Тілім құрғап, ой-санам адасуда. Тартысады кҿл мен шҿл алма-кезек Бар мен жоқтың беймҽлім арасында. Тұншығамын қарадай шыдамыма, Қаншаға ҽлі білмеймін шыдарыма. Жанарыма жан терім жас боп шығып, Тұрып қалды, сҽл ғана құлады да... Жаңбыр жуған дейді екем тереземді, Қол созымда кҿремін кҽрі ҽжемді, Сүт ҽкеле жатады күйбең қағып, Кеберсіген жіпсітіп кенеземді. Біткені ме, бҽрінің бекері ме, Тұрам деймін, алмаймын кҿтеріле. Талай болды шыққалы марқұм ҽжем, Жете алмайды сүрініп етегіне. Бір шҿкім бұлт тамбады, таямады, Жаныма ешкім келген жоқ аяп ҽлі, Мен бұл жолға шыққалы талай болды,
Кҿрінбейді не басы, не аяғы... Қилы түске түнімен ұйып қатты, Жаным менің жай тауып ұйықтапты. Кешкен ҿмір – кҿрген түс, бір аунап ап, Жатам шертіп жалғанның күйін тҽтті. ТҤС ЖОРУ Зояға Басқалармен бағы қалың Теңеліпті терезем. Шарықтапты шаңырағым, Кеңейіпті керегем. Арнап маған тігіліпті Алты қанат ақ отау – Сүйегі асыл, сырлы уықты Зерлі жабдық, жібек бау. Ҽлем сынды ҽдібі гүл – Босағам тұр бақ қауып. Тарту сыйын Тҽңірінің Түгел жүрмін атқарып. Мазақ қылар мұнша Құдай, Мен түс кҿрдім, сенер ме ең: Бір шыны аяқ тұр сары май, Иістеніп кҿгерген.
Ширыққанмен шыдам енді, Татымайды тұз-үміт. Сезім-сезік шыға келді Сары майдай бұзылып. Сұйық жолым болар ма екен, Сыйым кемдеу жігітпін. Сартап болып солар ма екем Сабағында үміттің. Тынбас, сірҽ, мені жықпай, Қойды ҿзіне жақын ғып, Жанымды осы жегі құрттай Жеп бітер ме ақындық? Сары ауру ма торыған кеп, Сағыныш па, сарғайтар? «Түс толқиды, жорыған жҿн Жақсыға тек» (Халық айтар). Сары май ол біткен іріп – Сарқылғаны сары уайым. Ақ отау ол күткен үміт – Ашылғаны маңдайым. Аумин! 1991.
ТҤНГІ ҚИЯЛ
Жұлдыз ойға шырмалып кҿп, Жатам кейде қалғымай, Түн ұйқымды ұрланып кеп Бағады ылғи аңдып Ай. Алтын сҽуле тереземнен Жүзіме үнсіз құйылып, Сиқырлы ою шегер еді, Зерлі жібін иіріп. Кҿкейімнен кетпей қойды Толған Айдың бейнесі. Ысырсам да жетпей қойды Жігерімнің пердесі... Кезіп жалғыз түн ішінде Келердей бір тосқаны, Түнеп шығар қуыс іздеп, Қыдыратын бақшаны. Шертіп піскен аунақшып Ай, Қып-қызыл боп домалап, Тҿніп ішке жүр бата алмай, Тереземді жағалап... Түн жақты да бұлт ішінде Жарқ еткізіп шырпысын, Қойнымнан Ай үркіп ұшты, Қып-қызыл боп үрпісі. Кҿзімді ашсам: ала бҿтен Толықсыған ажары. Жаңа ауып барады екен Жүзімнен Ай назары.
Қиял-қалам, о, шіркін-ай, Қайда жету арманға?! Не жетсін сол сылқым Айды Бір аунатып алғанға!.. БІР СҦЛУҒА Мағжанша Айналайын, Аймалайын. Күлімдеші, «Күнім» деші. Сүйріктейін Тілің берші, Ақ жүзіңнен Алмадайын! Қылдай белің, Удай демің. Кҿзің қандай, Сҿзің балдай. Құшағыңа ал, Тҿзімді алмай. Неткен аппақ, Қудай едің! Бал құшайын, Жай құшағың. Жансыншы жан, Талсыншы тҽн. Тулап-тасып Қалсыншы қан, Тоймай ыстық, Сүйші, жаным! Күнім, айым, Еркетайым, Талсын білек, Қансын тілек, Күйге толып, Бірге соғып, Арада тек Қалсын жүрек! *** Лебізі – Лебі есіп тұрған Ғарыштық Ғажайып демнің, Құмарлық Қасынан жүрмес Тұмарлы Тазалық кҿрдім.
Арқада Бұрымы шалқып, Алдында Нұры жүр шарпып. Жүргені – Жүзгендей жүзім, Қинайды Құрығыр қалқып. Жаралған Жан-тҽні гүл-гүл, Айта алсам, Арқалы жыр бұл. Жасырған Түбіне шырақ Шашының ҽр талы бір-бір... Сүйсем де Сүйегім қанбас, Ҿлтірді Ҿткір жүзі алмас. Қызға бітпейтін Қаншырдай басын Қаз мойыннан Қағып алмасам болмас...
ЖАҢБЫР АЛДЫНДА
(Пейзаж) Бура бұлттар езгендей Бұла ағаштың еңсесін, Ҽлденені сезгендей Тарылады жер тҿсі. Ұшар басы теректің Бұлтты ауырлап тұрғандай. Кҿкке емінген үміттің Қалған бҽрі ырғалмай. Жалбыз иісін жаңбырдың Бұрқыратып, жарықтық, Тау жуына бастады, Кҿпіршітіп қарық қып. Тас атқанға тарылмас Салмағы ауыр қара су Тамшылармен қағысып, Жылдамдатты ағысын. Су ұстатпай құйрығын, Ағыл-тегіл құйды күн. Жуып-шайып барлығын, Тҿкті күздің жаңбыры.
ҚАРАҒАЙДЫҢ ҦШАР БАСЫ
Шіркін-ай, деуші ем кҿрсем мен Қарағайлардың ұшар бастарын теңселген, Арман ғой шіркін, қарағайлармен ҿлшенген. Қасқайып Күнге тік тұрып ҿлер иілмей, Қарағайларды сағынып жүрмін сенсең мен! Қай жаққа тартсын сапарларымның бір ұшы Қарағайлардың ұшар басына байланған. Шыға алмай жүрмін осынау енді байламнан. Қарсы ақсам ылғи қара жердің бір бұрышы Қуана билеп, қарағайлармен қоса айналған. Биіктік дейтін дерт болып маған жабысқан, Жүре алмай жүрген кездерімде де күліп шын, Жіберді демеп сұсымен жасқап алыстан Қарағайлардың ұшар бастары үмітшіл.
Тұңғиықтарға сүйрелеп ылғи кешкілік, Жаныма менің тереңдік дейтін дерт салған Қара аспанға ылғи қарағай қақтым сес қылып Ұшар бастарын ҿрт шалған.
ДАЛАНЫҢ ТЕНТЕК ҚҦЙЫНЫ
(Ностальгия) Бүгінде кетті-ау бұйырмай Құйынға қарсы ұшатын күндер құйындай. Уақыт солай қалады екен-ау жиылмай, Құйынмен бірге жүретін едік құйын боп, Қара сирақтар жиылып алып бірыңғай. Сол күндер ерте қалды екен неге тыйылып, Бҽрінен маған қиыны, Шақырсам болды, келетін еді жүгіріп Даланың ерке құйыны. Ауылдың үстін басатын борап жиылып, Құйынмен бірге кетер ек үйге құйылып, Қалатын сонда сыйынып қайран қарттарым, Құйын-уақыт ұшырып бҽрін кеткен бе? Қағынған қулар құрт-майын қармап кеткенде, Құйындай бізді үйіріп қуып тығатын, Құйын боп біраз ұйытқып сонсоң тынатын...
Мезгілдің қалай ҿткені солай сезілмек, Бір кезде маған тиісер еді-ау ҿзі іздеп, Құйын-уақыт тұра ма кетпей байланып, Басымнан қашан кепкімді кеткен ұшырып, Ҿтетін болған алыстан енді айналып, Бүгінде маған қарамай... ...Кетті ғой бҽрі жоламай.
ҚҦМЫРСҚАҒА
Уа, Құмырсқа, атың енген Құранға, Сүлейменге таптатқан жоқ бір Алла! Тау мен теңіз шҽк келтіріп, шаршапты, Пірҽдарым, сендегі шек – шыдамға. Тақ Сүлеймен қолын кері қайырған Сенің де жоқ сүйген құлдан айырмаң. Илеуіңе иген басын Хазірет, Хақ Тағала хабар беріп жайыңнан. Уа, Тақсырым, Тура жолды жұртыңнан... Тағзым еткен Тҽңіріге мұртыңнан, Тарап жатыр дүниеге тағылым Білім жиған біттҽй бітім – тұрқыңнан.
ЖАЛҒАН-АЙ...
Хас сұлудың қайқиып Қасындай боп Ай туып аспанда, Самал желдің сыбырлап Сырын жайған түн ұрлап қашқанда, Кҿкте бұлттар айналып Кҿңіл шіркін жайланып жатқанда, Құшағымды ашып айқара, Қараушы ем жатып шалқалап аспанға. Жұлдыздар кҿкте жымыңдап Биіктен сонау тұрса ымдап шақырып, Жапырақтар күбірлеп, Жүгірісер дірілдеп ақырын. Кең пейілімен қарық қып Тау тұратын, жарықтық, кҿлденең, Терек-талдар ұялшақ Тербелетін би аңсап желменен, Болмысқа бар сырды ашып Болатынмын шын ғашық арман-ай, Куҽсі сол шақтардың – Күнҽсіз жаз, мақпал түн, толған Ай. *** Кҿсем қағып кҿк жүзінде сырғанар,
Кҿктің құсы, кҿк тұңғышы – тырналар. Кҿк суырған, кҿп суынған кҿзіммен Күтіп жүрмін кҿктем жақтан бір хабар. Тірлігіме тіреу болған бұл бір сын, Қайран, жүрек, ғашық жанға ділгірсің, Маңған бұлттан мағына іздеп жүргенде Мазақ қылып кеткен шығар, кім білсін?.. Алғы күннен алау үміт үзбеумен, Жылынады шыны кҿз бен мұз кеудем, Жапырақтың кҿлеңкесі түссе де Жаурайтұғын жүрегіңді іздеумен... Кҿсем қағып кҿк жүзінде сырғанар, Кҿктің құсы, кҿк тұңғышы – тырналар. Кҿк суырған, кҿп суынған кҿзіммен Күтіп жүрмін кҿктем жақтан бір хабар. *** Сағымдай еріп сар дала, Жазылып жатқан қыр мынау. Жүректі қағып құр ғана, Жазылмай жүрген жыр мынау.
Қыздырды бүгін қырды Күн, Жоғалды кҿзден жылап қар. Бой бермей үзіп шылбырын, Суырылып шықты бұлақтар. Дҿңгелеп дүние, түз-қырат, Даланы бір от маздатты. Жусанның иісі бұрқырап, Сағынышымды боздатты... Шыға алмай қалған бозторғай, Шырмалып күйге мың бұрау, Жазылып жатқан қыр мынау, Жазылмай жүрген жыр мынау.
ЫМЫРТ ӘУЕНДЕРІ
I Айнала тылсым сыбырлап, Жапырақ кетті тыншымай. Еркімді алды түн ұрлап, Телміріп үнсіз сыршыл Ай. Айнала сыбыр кҿшеді, Қадалып қалды Ай да тым. Ұры жел суық еседі: «Арбалдың, – деп, – ойлы ақын». II Тұнжырап қоп-қою желекті Қара тал үріккен ұйлығып, Басын ҿрт жалаған теректі Сүйрейді тойымсыз тұңғиық. Алыстан бақаның құрылы Тынбайды құлаққа сыр құйып, Жұлдыздың дірілі, жапырақ қыбыры Ҽсершіл жаныма қалды ұйып. *** Толған Ай тасаланып бұға берді, Сұлқ түсіп сынған кҿрдім шұбар ҿңді. Соншалық сұқтанып ем, бұртиып қап, Буалдыр бұлтқа сүңгіп, мұнарға енді. «Сұлудай сұлап түскен сынап ерді, Жатыр ма жастығында жылап енді», –
Дегенше, жас баладай жайнаң қағып, Жарқ етіп нұрлы жүзі шыға келді.
ЖЕКЕ ШУМАҚТАР
*** Сиқырланып сынай қарап қалғаны, Сияқтанар қылымсыған құрғыр қыз. Сезіп-болжап тағдырыңды алдағы, Есебіне ап қойған бҽрін сұм жұлдыз. *** Келіп едім бір таудың жақпарына, Кҿрейін деп үңіліп тас жанына, Кҿзіме оны кҿшіріп үлгергенше, ол Жазып алды мені ішкі қатпарына. *** Шыбын жан-ай шырағданға шырмалған, Шын сүюден қорыққандар құр қалған. Махаббатқа мысал бол деп жаратқан Шырақ пенен кҿбелекті бірге Аллам. *** Мен оңаша тойлаймын жеңісімді, Тыныштықтан табам тек келісімді. Жан жуытқым келмейді маңыма ешбір, Жалғыздықты жаратам пері сынды.
*** Жолдас болып кҿріп едім ірімен, Сол ірінің болып шықтым бірі мен. Арыстан боп кҿріп едім бір рет, Тышқан-тірлік тыншытпады түнімен. *** Махаббат па? Дҽл басып айта алмаймын, Кереметін ішкі ойым айтар дҽйім. Бар болса да ол – жаныңа артар уайым, Жоқ болса да – үнсіз ол тартар қайғың. *** Түнерсем – онда жүрекке алғаным жүк артып, Толғағы жетпей тумайды жыр да құмартып. Ҿткінші бұлттан ҿтірік сеуіп ҿтетін Жауа алмай жүрген қара бұлттарым мың артық. *** Бағыштаған Алланың атына ізгі, Тастағам жоқ дұғамнан атыңызды, Зары ащы, зҽрі ҿткір ұрғашының Тең кҿрмедім біріне затыңызды.
*** Аспан – шетсіз, шексіз ойдан жаралған, Мың сан үміт, сансыз қиял, сан арман. Кҿкіректен қайнап шыққан қаншама ой Кҿкжиекке сіңіп үнсіз жоғалған.
ӘЗ НАУРЫЗ
I Наурыз, наурыз – наз үлгі, Жерге жасыл жаз үлгі. Жақсылықты жаһанға Жайып келші бар ізгі. Наурыз, наурыз – наз бҿлек, Наурыздағы саз да ерек. Жанарыңда, жаныңда Жарқылдайды жаз кенет. Наурыз, наурыз – наз қайың, Қаңқылдаса қаз дҽйім, Кҿлбей ұшқан тырналар Келген айтып мҽз жайын. Наурыз, наурыз – нұр шыбық, Нұр бетіне тұр шығып. Бүрленуде бұтақтар, Түрленуде тіршілік. II Жылып күн, жон мен жота жасап қалды, Желменен желбіретті масақтарды. Арыған алты ай қыстан ала жамбыз Жел кеулеп жібітуде қасат қарды. Наурыз бұл назы бҿлек, сазы да ерек, Жаныңның жарқылдайды жазы кенет. Маңырап, кҿкке созса қой тұмсығын, Ҽуенің жүріп ҿткен Ҽзі, демек.
Наурыз бұл нұрлы бояу, наз үнділік, Жазуды жерге жасыл жаз үлгі ғып. Ҿзіңмен жер бетіне жедел басып, Жайылсын бар ізгілік, ҽзиз ғұрып.
ЭКСПРОМТТАР
- Кҥз
Күз де келді, Үзбек енді Жапырақты талдағы, Түз-белеңді Іздеп енді Ҽуре болма жаздағы.
Күз де келді, Тізбеленді Тырна қатар сап құрып. Түздегі елді Күздеуге енді Жатыр түгел жаптырып...
- Жалған
О, Жалған... Кҿңілім қалған, Кҿзім талған,
Кҿрген түстей Артта қалған, Жырдай қысқа жаттап алған, Боқ та арман Болған, О, Жалған!..
- Тән мен жан
Сағасына бұлақтың Шайып алсаң тҽніңді, Жағасына құрақтың Жайып алсаң жаныңды,
Денең кеңіп, сҿгіліп, Таралар қан бойыңа, Ҿлең болып ҿріліп, Оралар ҽн ойыңа.
- Сҥрбойдақ
Асылы бар – маймақ қыз, Ал сұлулар – қаймақсыз, Асқан жігіт отыздан Дейді солай: Бойдақпыз.
- Жаңбыр алдында
Құйды білем алыстағы тауға күн, Құбыла жақ қыл ішегін қағады. Алтын жіппен атын жазып Алланың, Артынша аспан, айхай, зікір салады.
- Кӛктем мен кӛңіл
Кҿзіме құйып жап-жасыл, Кҿктем тұр ұйып таңда асыл. Кҿктен бір алып күш-қуат Кҿңілім енді самғасын.
- Шҥкірлік
Айға қарап ақырдым, Күнге қарап кіжіндім, Желге қарап жекірдім, Кҿлге қарап түкірдім. Қара жердің бетінде Сонда да аман, бүтінмін, Аллаға айтам шүкір мың!
- Ғашықтық
Сен маған кҿп қарамашы, Тасып боп қалам. Сен маған кҿп қарамашы, Ғашық боп барам. Сен маған кҿп қарамашы, Күлімдесем де, «Гүлім» десем де, «Сүйем» деп, «Күнім» десем де.
Сен маған кҿп қарамашы, Кҿп қарамашы, Ҿтінем, қайтесің салып араға «ащы». ...Жанымды жараламашы, жараламашы...
- Дала
Жүректе шер қала ма, Сағымдай ерсем Осынау сар далаға, Сағынбай кҿр, сен! Сҽл шықсам іздейді далам, О, далам, сенен Үмітін үзбейді балаң, От алам сенен...
- Бір ән
Бір ҽн бар менде айта алмай жүрген, Айта алмасам да қайта алмай жүрген, Кҿкірегімнен қусам да қанша, Күркіреп қарсы қайта айдап енген, Алатау, Арқа, Атыраудан асып, Қайыратұғын Алтайдан бермен, Бір ҽн бар менде айта алмай жүрген...
- Ғазиз дҥр
Қайран да қайран ғазиз дүр, Айтып болмас наз үн бір. Жарғақ құлақта қалғанша, Жүрекке барып жазылғыр.
- Шырғалаң
Молдаларың мен деген теріс оқыр, Қарғаларын жемдеген ел іші отыр. Қандаланы кҿрмеген ері соқыр. Шырғалаңы меңдеген кҿні қотыр Қыр-даланы кез кеген бҿрі шоқыр...
- Мезгіл
Ауған бұлттай,
бұзылған кесенедей, Бура мезгіл бізден де кҿшеді ме, ей! Баяғы бүгінгідей кҿрінгенмен, Бүгінгі бола қоймас
кешегідей.
- Рух
Мен мені кҿрдім. Тарс ұмытып Жердегі ҽбігерді, Түу-у биіктен ҿзіме ҿзім қарадым ҽрлі-берлі... Аңсағаным – Аспан ҽлемі екен, Асқан ҽдемі екен, Асқақ ҿлең екен... Рухы бастап қара Жерді тастап қайтып бҽрі келеді екен...
- Ӛлең
Қажылыққа ниет еткен
құмырсқадай, Бетке алдым Қағбасын Ҿлеңнің! «Жеткізер, - деме, - бұл жүріс қалай?» Жете алмасам жолда ҿлермін.
- Жалғыздық
Кешір, құсым, кеш, мендей Жаралы ма ең жалғыз қалған, кҿшке ермей. Асау толқын ала қашты, дес бермей. Адамша сен қарағанда бұрылып, Аққу құсым, ештеңені ескермей, Бірге жүзіп кеткім келді, сескенбей!
РУХ
Аспан ертең айнитындай шамасы, Жай бұл емес жайбарақат қарасы, Айыр ҿркеш шолақ қасы шаншылып, Ерсі киген оғаш бҿрік алшы ғып, Тымырсықта түріп апты жағасын, Қиырда бір қисық сапты қамшы бұлт! Жалаң қаққан жаушы хабар үркітіп, Алыс аспан тосын ойын тұр күтіп. Бұлт күдікті бір бүлікті қылғысы Келгендей ме – кҿкті басып тұр мысы, Күле алмайды, келсе де Жер күлгісі. Аспан-ашу! Ҽлі-ҽзірге тұр алыс, Тұр ҽзірге пысса дағы шыдап іш. Ал биікте жүріп жатыр ұлы ағыс! Тау менен тас тұрған ҽлем сұлық бар, Жел де, су да, жапырақсыз шыбық-тал Бҽрі демде айырылып ырықтан, Қалғандай бір
күйге түсіп кіріптар, Күмілжитін секілді, ал: Шетсіз-шексіз кеңістікте рақатқа шомылып, Тартысуда, шарпысуда РУХТАР!
ХАКІМ АБАЙ, КІМ ЕДІҢ?!
Хакім Абай! Қатар тұрса хақ мұсылман Құнанбай, Ат қасында кҿрінер ең құнандай. Құрығанда – оза шауып қор болдың, Құнанбайдың заманында туа алмай. Сен – үзілген нұр-тамшы ұжмақ самалдан, Қалам атты хикметтен пана алған, Суарылып илаһи бір шабытпен, Ибраһимнің дұғасынан жаралған. Қинағаны – қазағыңның ен дерті, «Сыймағаны» – қажы ҽкеңнің кең бҿркі. Желбуаздар жуан шал ғып жіберген, Ҽйтпегенде кімнен еді кем кҿркің? Кҿз жібертіп кемел сонша биіктен, Кем-кетікке келіспес қып шүйілткен, Кҿзі ашылған кҿкірегің кінҽлі, Күліп ҿтпей, күйіп ҿлсең күйіктен.
Аңсағаның – тақуалық тірлікте, Қанша амалың – жеткізбесе бірлікке. Ол да сенің берген батаң, сақалы Шҽкҽрімнің жеткен болса кіндікке. Қатар тұрса хақ мұсылман Құнанбай, Ат қасында кҿрінер ең құнандай. Құрығанда – оза шауып қор болдың, Құнанбайдың заманында туа алмай.
ШЕРЛІ ШОҚАЙ
(Ыстының ұстыны болған Шоқай датқаның рухына арнадым) Қарадан хан боп туған Шоқай датқа, (Қайран ер қисын жерін қалай жатқа) Қамдасып Қаратауда Хан Кенемен, Қол бастап, қондырыпты талайды атқа. Қарына қару іліп, қаймықпастан Жауына қарсы шапқан атойлап та. Қыдыңдап қырда Қоқан «Құдиярлап», Ораған ол кезде орыс маңайды отқа... Қас жауын қасарысқан мысы басып, Дұшпаны келе алмапты маңайлап та. Сҿзбенен бір-ақ ауыз билік айтып, Топ жарып шыққан екен талай сапта. Датқаның дархандығын кҿре алмаған Жел ауыз жүгіртіпті талай саққа; Арманы – кҿзін құрту есіл ердің, Алғызып алтын тақты сарай жаққа.
...Қайла жоқ, Қоқан жаққа Шоқай барған, Алты атан аруаққа атай барған. Тҽу етіп Баба Түкті Шашты Ҽзізге, Бабата, Түркістанға жолай қонған. Ол заман шаңдақ қылып шаһарларды, Қоқанның құдіреттен басы айналған. Күйзелтіп қарашаны зекет, салық, Қамығып құм ішінде жылай барған. Ҿтті ғой онан бері талай жалған, Кетті ғой адастырып талайды арман. Сүрініп сол сапардан салқам Шоқай, Аузына алдыменен Құдайды алған. Датқаның үзеңгісін кетіпті улап, Қоқанның қу жансызы жанай барған. Қабағы Қаратаудың қарс жабылып, Заматта Сырдың суы лайланған... Қарамас кім ақылды, кім арамға, Ажал да, біле білсең, сын адамға. Қағысып қан майданда қас жауымен,
Ҿлгені жақсы еді ғой ұлы алаңда. Денесін дерт шалғанын білді датқа, Ауылдан атшаптырым ұзағанда. Болар іс болғаннан соң не шығады, Кҿз жасты кекпенен құр бұлағанда? Қу жанын ойлаған ба құл аманда, Шырқырар шыбын жаны шыдағанда. Қап-қара тұла бойы кеткен күйіп, Білмепті қасындағы бір адам да. Сар желіп, суыт жүріп отырыпты, Жақ ашпай, сыр білдірмей сұрағанға. Алаштың ардагері не ойлады екен Арқаға бір-ақ жетіп құлағанда...
Ҿмірден осындай шоң Шоқай да ҿткен, Ҿтіпті онан бері сан ай, кҿктем... Атаңнан бҿз қалғанша сҿз қалсын де, Шен таққан тозбады ма талай шекпен. Бұл күнде ел билеген сол датқаның Таласқан тұр күмбезі арай кҿкпен. Тереңнен толғап айтар не десе де, Жанассаң жақсылармен тарайды ҿкпең Бұл ҿзі бұрынғыдан келе жатқан Естіген ҽңгіме ғой талай кҿптен:
Ердені Сандыбайдың Наймандағы,- Ту тҿсі Сарыарқаның жайланғаны. Аузынан ақ май аққан аға сұлтан, Атағы асып тұрған Айдан да ҽрі. Екі ауыз лебізіне ел ынтық боп, Қат болып тұрған кезде тамбай қаны, Қапыда қаза тауып жалғыз ұлы, Бір күнде қуарыпты жайған бағы. Қырық күн бас кҿтермей жатыпты ерің, «Бағымның басы осы, - деп, - байланғаны». Жақсыға жалғыз ауыз жауап қатпай, Бос қайтқан барған елдің сан қаймағы. Алыстан ат сабылтқан Шоқай дағы Қазаны естіген соң қалмай жаны. Қасына ертіп қыпшақ Досбол биді, Тірелген қаралы үйге маңдайлары.
Қамшыдан қол, кетпеген тақымы ерден, Шұбар тҿс, шынжыр балақ, халқын емген, Күйіктен жер бауырлап бас кҿтермей, Бүк түсіп жатыр екен батыр Ерден. Бір демде шҿгіп қапты қайран шҿгел, Жер жұтып жалғыз ұлын артына ерген. «Уа, Ерден! Кҿтер басыңды жерден! Ҿлмейтұғын пенде жоқ, Ҽкең Сандыбай да ҿлген, Оны мына Шоқай кҿрген. Ҽулие болсаң Ерден, Кҿтер балаңды кҿрден!» - Шоқай датқа қасында Досбол бимен, Дүрсе қоя беріпті салған жерден. Екпіні екеуінің ес жиғызып, Сұлтанның кҿтерілген басы жерден. Жарты ауыз жүйелі сҿз жасын тыйған, Жаралған нар емес пе заты кеңнен. Бабаға басын иген басу айтқан Арнайы ат терлетіп алыс елден.
Ҿмірден осындай дүр Шоқай да ҿткен, Ҿтіпті онан бері сан ай, кҿктем... Атаңнан бҿз қалғанша сҿз қалсын де, Шен таққан тозбады ма талай шекпен. Бұл күнде ел билеген сол датқаның Таласқан тұр күмбезі арай кҿкпен. Жайғасқан тұғырына тірісінде-ақ, Даланың дҽу ұлдары дана-ай неткен! Ұлы арманын ұзатып үрметіне, Ұрпағына қарай да қарай кеткен...
ЖАҚҦТТАЙ ІЗІ ЖИДДАДА
Кіл дұшпандары – ұмтылған мың тұстан бҽрі Басында болдың биліктің Түркістандағы. Қазақтың қайран Нҽзірі, кем емес атың Иранның Нҽдір шахынан бір мысқал дағы. Тұлғалы терең ҿзіңдей ер ҿскен-ді ұлттан, Қазақтың тұңғыш елшісі ең Кеңестен шыққан. Елу жыл бойы естіртпей есіміңді де, Ҽсіре қызыл ерлерім елестен қорыққан. Кім ілікпеді заманның шүріппесіне, Оқ ізін салды сенің де ұлық тҿсіңе. Аманат еттің арманды алғы ғасырға, Атылып кетіп, амал жоқ, қырық бесіңде. Гүл жарып шҿлде, кҿктеген құм – далада арман, Жыр болып сҿзің жақұттай Жиддада қалған. Сусаған елге нҽр берген сендей есімді Сталин болып сұлатқан сұм ғана жалған.
Септігің тиді сегіз жыл саудтықтарға, Алыптық деген жатады-ау жарықтық қанда. Мҽскеуден бензин жеткізіп, бҽдҽуилердің Май құйып бердің шамына, малынтып нұрға. Байлыққа бҿккен бүгінгі Саудтың елі – Жаһанды жатыр жарылқап жарықтың кені. Сен жасап кеткен еңбектің ҿтеуі шығар, Шейхтар жатса кҿрсетіп алыптық енді. Не жетсін ҿмір сүргенге нық басып елмен, Бекімей жатыр ҽлі де ықтасын – іргем. Генерал Сабыр, суретші Орал інілерің де Сырт қалып қойды сен құсап сыртта ҿсіп-ҿнген. Кіл дұшпандары – ұмтылған мың тұстан бҽрі – Басында болдың биліктің Түркістандағы. Қазақтың қайран Нҽзірі, кемдігің жоқ-ты Иранның Нҽдір шахынан бір мысқал дағы.
С. СЕЙФУЛЛИННІҢ ТҤРМЕДЕ ТҤСКЕН ЕҢ СОҢҒЫ СУРЕТІНЕ
Қабағын қату қақ жарған қаяу, Қиямет түні қалса да таяу, Қарысып, күтпей адамнан аяу, Қан басқан қыран кҿздерімен Қарайды ол ояу! Сақал-мұрт ҿскен, Сарсаң қасіреттен... Кҿкейді тескен Кҿркің қайда кеткен? Ой, есіл Сҽкен! Ой, асыл Сҽкен! Арманда кеткен, Жалғаннан ҿткен, Артыңда-ау, ҽттең, Жар қалды-ау ҿпкен! Жау қалды-ау тепкен! Арылып болып ыза мен кектен, Салқын, сабырлы, ешкімге ҿкпелеместен Отырған жүзің — кетпестей естен, Шықпастай түстен! Жиналған жаққа белгісіз, Қиналған шаққа тҿзгісіз, Қайран ер кесіп айтатын! Кҿретін азабың ба еді, Ҿзіңнің қазағың да еді, Несін айтасың?! Сырлы сҿзіңе ҿшіккен, Нұрлы кҿзіңе ҿшіккен,
Салған Айға ауыз, Құтын ап халықпен ойнаған, Шұқылап алыппен ойнаған Қай жауыз! Сағат-бұйрығын тұр күтіп... Қанат-құйрығы қырқылып, Жұлынғанымен қауырсындары, Сақтап тҽкаппарлығын, Басынан аттап бҽрінің Ұшқалы отыр тау қыраны!
СЕРГЕЙ ЕСЕНИННІҢ ПОРТРЕТІНЕ
Ей, орыстың ерке ақыны, қалайсыз, Тіршілікті тҽтті мұңға балайсыз. Жұрт жабылып жуасыта алмаған, Жанарымен мас адамның қарайсыз. Тҽттіге де, ащыға да қанбаған, Тегі мұңшыл жүзіңізге таң қалам. Сіз итті де алдамапсыз, сонда да Ит-адамдар ізіңізден қалмаған. Сізді армансыз жүзді дейді, Есенин, «Неге ерте ҿмір үзді, – дейді, – Есенин?». Артық кетсем кешіріңіз... құрметпен қол қоюшы – Тҿреғали Тҽшенин.
АҚЫН МОНОЛОГЫ
Төлеген Айбергеновке Демедім қайда асығам, Жағыма ұштым қалаған. Теңіз бе мынау тасыған, Оған да жоқпын қараған. Демедім қалай басылам, Оған да жоқпын қараған, Бұрылмай ҿттім қасынан, Бірін де жоқпын санаған. Шарасымен-ақ кҿзімнің Дүниені мынау аунаттым. Демімен мынау сезімнің Теңізді шайқап жарға аттым. Жалғызсырар деп жалғыздан Айды да барып құштым мен. Жерге түсті ме жалғыз дҽн, Оны да тістеп ұштым мен. Жаңбыр да болып тҿктім мен, Ащы тер болып ақтым мен. Найзағай болдым кҿк тілген, Жұлдыз да санап жаттым мен. Бой бермей ақыл-санаға, Жүректі қайда салмадым. Талпынып қанша жағаға, Алқынды қанша арманым.
Жыр толып кейде кҿзіме, Ҿзіме қарсы жүрдім мен. Бақытты білдім сезіне Жасынан кҿздің іркілген. Басылған тулап тамырым, Түсінгем ақыры ҿзім де, Таулардың ұлы сабыры Тоқтатқан мені кезінде...
ҚЫЗЫЛ ЕТІК
Қылығымен тентектеу бұзып ҿтіп, Жүретұғын етегін ұзын етіп, Қара қыз-ай секеңдеп басатұғын, Киіп алып кішкентай қызыл етік. Кіп-кішкентай ҿзі де, аяғы да, (Еркін ҿскен даланың саяғы ма?) Жалт етеді бір сезім, оны кҿрсем, Баяғыда жоғалған, баяғыда. Жарасады қиқарлау қылығы да, Желбіреген желбегей тұлымына. Жарасады тентектеу кҿздеріне Тұнып тұрған тұңғиық сыры мына. Сезсем де мен ҿтірік сезбедім бе, Ҿзімді ҿртеп жүрген бұл ҿз демім бе? Ол бар жерде, ҽйтеуір, кҿрінеді Еркелігі жасанды ҿзгенің де. Қайтып басам сезімді жаңа қызған, Қайтсем мынау кҿңілді алағызған. Кҿріп болдым ҿз басым кҿресіні, Шынашақтай осы бір қара қыздан.
Бір күн ыстық боп кетті бір күнімнен, Сыймай шығар бір түні сыр тілімнен. Қайтсем екен, қара қыз, сірҽ, сені, Алып кетем алысқа бір күні мен. Қылығымен тентектеу бұзып ҿтіп, Жүретұғын етегін ұзын етіп. Қара қыз-ай секеңдеп басатұғын, Киіп алып кішкентай қызыл етік.
ШЫНДЫҚ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ
– Шындықтың ауылы қайда?! Шындықтың ауылы қайда?! Айтыңдаршы маған сол шындықтың ауылын, Кҿтерейін сонан соң бар ҿмірдің ауырын, – Деп жылайтын бір қарт байғұс еңіреп, Бҿтелкемен «тілдескен» соң кеңірек. Шындық қайда?! Айтпайсыңдар, түсінем... Сол шындықты бҿтелкенің ішінен, Сарқып ішкен сұра мына кісіден! – Дейтін шалым шақырып ап қасына, Жүз грамды құюшы еді «басыма», Ал сонан соң... сҿйлеуші еді ашына... Жалған айтып, белгілі ғой жақпасым, Мықты болсаң, бұрмай кҿрші ат басын, Бір шишаңа бүткіл мына тірлікті Сыйғызып-ақ жіберген соң қақпасың! Шындық қайда?! Айтпайсыңдар, түсінем... Сол шындықты бҿтелкенің ішінен, Сарқып ішкен сұра мына кісіден! Шалға қайтіп шындық тауып берем мен, Шындық іздеп, шындап ішіп кҿрем мен. Сол шындықты енді таптым дегенде, Мас боп қалып, таба алмай-ақ келем мен.
ТҤН БАЛАСЫ, СУ АНАСЫ
(Баллада) Жұлдыз жайнап, Ай толысқан кез еді, Гүр-гүр етіп тасиды тау ҿзені. Жолаушының астында аты – арғымақ, Жас баласын келе жатыр алдына ап. Гүр-гүр етіп ақ кҿбігін атқылап, Тасып жатыр киелі су – Кҿкбұлақ. Түн баласы тұңғиыққа тартады, Су анасы тереңге ҽнін сарқады. Су перісін шошытып ат тұяғы, Қара суды қақ ортадан қияды. Су – қара күш, тілсіз, тылсым диірмен – Албырт жасты айналдырып үйірген. Керек оған періштенің жүрегі, Жас ҽйел мен жас бала – оның тілегі. Шайқалады қара судың қаймағы, Қара бұлтқа жасырынды Ай да ҽні, Су – бура күш, қанталаған Ай кҿзі Бір жарқ етіп кҿрінді де, тайды ҿзі.
Кішкене қыз шошып жаман шар-р етті, Селк етті ҽке: «Қандай ғана нҽлет-ті». Сулығымен дереу басын бүркеді, Дір-дір етіп сонда да қыз үркеді. Бір нҽрсені мұрша болмай байлауға, Жолаушы да жетті ауылына – жайлауға. Шошынады сҽби жылап «ҽне» деп, Шошайтады саусақтарын «бҿ-бҿ» деп. ... Түніменен қолға тұрмай «бҿ-бҿ» – леп, Таң саз бере ұшпаққа ұшты ол, не керек... Жұлдыз жусап, Ай тыныққан кез еді, Тасиды... жоқ... басылды тау ҿзені.
ҒАШЫҚ ЖАНҒА ХАТ
(Баллада) Жапа — сізден, тағы бізден махаббат Хорезми. Кҿше толы кҿзге ілмей кҿп адамды, Кесіп ҿтіп жүрмеп пе ек кең алаңды. Кҿркем еді сондағы бой-басыңыз Байлай салған үшкілдеп орамалды. Таппай жүрген кҿңіліме тиянақ түк, Сала берген сол кеште ұялап құт. Абай, Жамбыл, Мұхтардың ескерткішін Бір айналып шыққанбыз зиярат қып. Сақтамассың қалай сол сырды есіңде, Мінҽжат қып монумент іргесінде, Тҽуелсіздік тұғырын қазық етіп, Бірге тұрдық президиум мінбесінде. Тиіп тҿрден қызылды-жасылға орын, Кезегендей кҿргенсіз асылға оғын: «Жарқылдаған жарнама, кҿзге кҿмес Барыс мінген бабамыз қасында оның.
Жалтылы арзан шығатын алдан арбап, Жарнама-ҿмір бҽрін де жаулар, алдап. Киелі зат кҿрінер кҿзге күңгірт, Таза тұрар тасада, талғап алмақ...», — Деп едіңіз торлап кҿз шарасын мұң, Сізді бірі санағам сол асылдың. Биікте ойдың бет қойып тереңіне, Тұрған едік мұң болып тарасу шын... Шіркін, мына дүниенің ғажабы аз ба-ай, Мен Тҽңірді таныдым жаңа, жазбай! «Жылытыңыз жаңбырдан!» — деп ҿзіңіз Тығылдыңыз бауырыма бала қаздай. Ұрымтал тұс — уақыт ұтары кҿп, Уысымда жүзім жүз, жұқа жүрек. Оңашада от кеудем отықпаған Құлын демді құныға жұтады кеп.
Түсте емес, ҿңде бас шын түйіскен, Бір қолшатыр астында кіл сүйіспен Тұрған едік, тҿбеден нұр себелеп, Бас айналып балауса шырша иістен. Табыстырған кҿктемде тағы бізді Айта алдық па арманның ҽнін ізгі? Түскенім бар кенеттен ҽбігерге, Жылыта алмай жаураған жаныңызды. Даусыңызға дірілді бір ағын кеп, Ҿксік үнмен айттыңыз былайын деп: «Ҿмір қандай қатал, ҽ, тұрғанымды... Жылай алмай, келсе де жылағым кеп». Жалғыз мұңлық сізбісіз жаны жылау, Жұбататын жақынның ҽні мынау. Қайтсем екен қаншыр бас, қағілез ҿң, Менің торы, қысық кҿз аруым-ау!
Дегем жоқ-ты Сізді іштей шын жылатам, «Неден жаздым?» деп болам қынжыла таң. Сҿз бұйдасын жанымның жалғасам да, Жетелер ем мен сені, мұңлы ботам. Жанның қойса талпынтып құсын іштен, Тағдырдың бұл сізге арнап ісі пішкен. Қара жердің үстінде қандай қиын, Кҿк аспанның ҿңінде түсініскен. Түсінген жан табылып, тосын емі, Сезімдерден сұңғыла шошыр еді. Үпелегін қамыстың үзбей сабар Үр қызының үрдісі осы ма еді?! Осы ма ҽлде киелі ғашық ғұрып, (Бҽлкім, кімге кҿрінер жасық қылық) Беліңізге бір бұрау жете алмадым, Бетіңізге бетімді басып тұрып.
Шағала мҽз болатын кҿл құшқанда, Шайқы кҿңілім озатын сол құстан да. Діліңіздің дірілін дҿп басушы ем, Жанарымыз ойда жоқ шарпысқанда. Шамырқантып шабыттың басар демін, Қайдағыға шарқ ұрып қашар кҿңіл. Қара ағаштың қабығын аршығандай, Қара қыздың қабағын ашар ма едім!.. Алматының аспаны үдеріп сҽт, Алай-түлей бұлт кҿшкен, түнеріп бақ. Күре жолдың бойында түн ішінде Сіз тұрдыңыз таксиге шығарып сап. Кетті сол сҽт Құдайдың күні құйып, (Кетіп барам қалайша тірі қиып) Жер-дүние жылап сап шығарғандай, Ағыл-тегіл жаңбырдың жырына ұйып.
«Қош» дей бергем кҿлікке жанығам деп, Дҿп тигенін сездім сол дарығанда от. Жабысыппыз жаңылмай жалқы сҽтте, Есімде ҽлі ернімді қарыған шоқ. Жалған дүние, жалт беріп алдайды арман, Аздан соң-ақ алыстап самғай барғам. Бір-ақ түнде қыс түсіп, білесіз бе, Ертеңіне қала аппақ қарға айналған...
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру